The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

балалар аспазшы апайдың қасына орналасты. Ұмытпасам
аспазшы апайдың аты – Ағилан. Қорегіміз, қара бидайдың
көжесі. Ара-тұра ақ бидай қуырып береді. Екі бөлменің
үлкен жағына орналасқан ер балалар – Жетіс, Мақсот,
Құбайдолла, Набиолла, Аңдамас жəне мен. Мен екінші
сыныпта оқимын қалғандары 4-5-сыныптағылар.

Балалардың үйлерінен анда-санда диірменге тартқан
бидайдың ұнынан шойын табаға пісірген нан, көпшік
сияқты кішкене дорбаға төрт жағын айналдырып
тіккен ақ тары келеді. Ақ тарының бір уысын ауызыңды
толтырып, шықшытыңды томпайта шайнап жесең сүт
татиды ғой шіркін! Таңертеңгілікте ауыз толтырып
жесең, кейін тары қарныңды ашырмайды.

Үйлерінен қатынас болмай, нан, тары келмей
қалған балдар, жақын қыстақтағы үйлерінен азық
келіп тұратын балалардан нанды қарызға алып жейді
де, үйлерінен келген уақытта қарыздарын қайтарады.
Мақсот Жетістен қарызға таба нанның төрттен бірін
қолмен сындырып алған екен. Үйінен нан келгесін
Жетіске қарызын қайырған. Əрине, қолмен сындырып.
Оған Жетіс «кем қайырдың» деп риза болмай, керіс
шығарып, ақыры екеуі жұдырықтасып төбелесті. Сол
кезде олар – солақпандай ересек балалар. Мен олардың
төбелесіне қарамай, қорқып отыр едім. Сабақтан тарап
Құбайдолла мен Набиолла кіріп келді. «Əй, балдар,
бұларың не?» деп Набиолла екеуін айырып, мəн-жайды
естіп қаныққан соң, «Ағайын емессіңдер ме? Бір үзім
нан үшін қырқысуларың ұят. Ендігəрі қарыз алып
бергенде қолмен сындырып емес, шырпы қорабымен
өлшеп, пышақпен кесіп алыңдар» деп ақыл айтты.

Содан кейін жатақтағы балалар осы əдіс-тəсілді
қолданып, шатақсыз алыс-беріс жүретін болды. Реніш

49

болмайтын болды. Ересек балалар Набиолланың осы
тапқырлығын жəне өз ортасында сөзі өтетіндігін «бес
тəсіл» Сафолланың баласы ғой» деп əзілдеп, «Бес тəсіл»
Набиолла» атап кетті. Ойлап қарасаң, бұл əдіс-тəсіл
математикаға, тапқырлыққа, ақылдылыққа, парасат-
пайымға келеді екен.

Əкесі Сафолла сол кездегі үлкен кісілердің ішіндегі
тым жақсы діни сауатты адам еді. Темірден де, ағаштан
да түйін түйетін шебер кісі еді. Аңшылығы да бар.
Мен Набиолланың əкесімен 1959-1961 жылдарда көрші
тұрдым.

1961 жылы Оралға сауда техникумына оқуға кеттім.
Сафолла нағашымыз домбыра да оятын. Ер-тоқым,
ат құралдың барлық түрін; жүген, делбе, өмілдірік,
құйысқан, қамшы, шүйделкі, ат арба, ат шана дегендерді
көздің жауын алатындай етіп шебер жасайтын. Ірі
қараның терісін илеп, қайысты өзі əзірлейтін. Ауыл
тұрғындары қайысты сол кісіден алатын.

Естуімше, Сафолланың əкесі Серғазы дейтін кісі
өте ауқатты, шаруасына мығым, қарауына кісі ұстаған.
Себебі ол кісінің атымен аталатын аумағы 300 сотықтан
артық болмаса, кем емес Серғазы оры дейтін үлкен ор бар.
Ол қазіргі Қоскөл ауылдық округінің солтүстік іргесінде
орналасқан. Өткен ғасырдың елуінші жылдары ол өте
терең, адам кез келген жерінен өте алмайтын ор болды.
Əр тұстан қалдырған көлік, адам кіретін ауыз қақпалар
болған. Ол сол кезде кез келген адамның қолынан
келмейтін шаруа. Сол орға жазғытұрым қардың суы
мол жиналады да, шілде айына дейін кеппейтін. Ордың
ішінде көл болатын. Құстар жыртылып-айрылып сол
көлге қонып жататын біздің бала кезімізде.

Набиолла əкесі Сафоллаға тартқан өте зерек еді. Білім-

50

ғылымға құштар, қолынан бала кезінен кітап түспейтін.
Қазақ жазушыларынан басқа орысша кітаптарды да
оқып жүретін. Жəне оқығандарын есте сақтау қабілеті
өте мықты болды. Оқығандарын əңгімелей қалғанда
қай тақырыпта болса да, тыңдаушысын жалықтырмай,
өте жүйелі түрде жеткізе білетін. Сөзге шешен жігіт еді.
Айтатын ойын асықпай, өте байыппен баяндайтын.

«Əке көрген оқ жонар» деген, Набиолла 14-16
жастарында өзі қатарлы балаларды ертіп, алғаш қар
жауғаннан кейін Қарақыстау, Қамшы, Шора, Шайтантал,
Аманғазы, Қамыстыкөл, Мешіт деген жерлерге аң
аулауға шығатын. Құс атуға қол мерген, төмендеп ұшса,
жалп еткізеді!

Көбіне қоян аулайды. Əр аңшылық сапарда үш
немесе бес қоян атып алатын. Қашқан қояндардың
қайсысы аттырады, қайсысы аттырмайды, соған дейін
бала кезден біледі.

1974-1980 жылдары мен Қаратөбе совхозында
тұрғанда өзі сияқты аң аулаға құмар сайдың тасындай
7-8 жігітпен «Талтоғайға» қабан аулай келіп, олжалы
қайтқаны бар.

Набиолла ауыл шаруашылығы техникумының
механизация бөлімін бітіріп, ұмытпасам, 1963-1965
жылдары Қоскөл совхозының №2 фермасында трактор
бригадасы бригадирінің көмекшісі болып жұмыс
жасады. Содан əскери міндетін өтеуге алынды. Əскерден
келгеннен кейін сол Қоскөл совхозында механик болып
жұмыс атқарды. Ол əскерден келгенде өмірдің ыстық-
суығынан суырылып, шиыршық атып шымырланып,
кемелденіп, ой-өрісінің кеңейгенін, біздер сияқты
қатарларынан тұлпар шабыс озықтығын байқадық. Өзі
туып-өскен Қоскөл совхозының шаруашылығын алға

51

апаруда өзінің еңбек саласында да, басқа да ауқымы
кең сан салалы совхоз шаруашылығына жəне бүкіл
қоғамдық жұмыстарға аянбай, табанынан тозып тер
төкті. Еңбекке жастық жігермен құлшына кірісті.
Набиолла механик бола жүріп, жастар арасында, əсіресе,
механизаторлар арасында инженерден де зор беделге
ие болды. Сол кезде Набиолланы техника саласын бес
саусақтай жақсы білетіндігі үшін оны МТМ меңгерушісі
етіп бекітті.

Шеберхана жұмысы жандана бастады. Іскерлігіне
орай совхоздың б/партия ұйымының бюро мүшелігіне,
сонымен қатар партиялық бақылау комитетінің
төрағалығына ұсынылды. Набиолла кəсіподақ
жұмысына да белсене араласты. Шаруашылық болған
соң кемшілік болмай тұрмайды. Малшы-шопандардың
механизатор мен шоферлардың, жалпы еңбек етіп
жатқан еңбекшілердің хал-жағдайын қамтудағы кетіп
жатқан кемшіліктерді б/партия жиналыстарында
кəсіподақ жиналыстарында, ауылдық кеңестің
қарауындағы сауда саласындағы олқылықтарды
Набиолла нақты дəлелдермен жіпке тізген моншақтай
жарқыратып, сынап сөйлейтін. Əрбір сөзі естір құлаққа
жағымды, орынды сындар, жиналыстағы көпшіліктің
қол шапалақтауымен қуатталып жататын.

1967 жылы мамыр-маусым айында Қоскөл совхозы екі
шаруашылыққа бөлінді. Қазақ КСР ауыл шаруашылығы
министрлігінің қаулысымен совхоз орталығындағы
шаруашылық – №1 ферма, шалғын-Дайынөткел – №2
ферма, Ханкөл – №3 ферма, осы үш фермадан құралған
жаңа совхоз – «Қоскөл қой совхозы» деп аталады. Сол
кезде азаматтық-адамгершілік бейне-келбеті жарқырап
айқындала түскен аузы дуалы, өз тұрғыластары

52

арасында шоқтығы биік, озық ойлы Набиолла Сафуллин
шеберхана меңгерушісі болып бекіді. Жаңа совхоздың
жаңа шеберханасын сол мезгілдегі озық технологиямен
жабдықтап, қызметке жанын сала кірісіп кетті. Набиолла
туған жеріне табанынан тозып, маңдай терін төкті.

1967 жылдың маусым айынан 1971 жылдың
маусым айына дейін Қоскөлдегі өзі жабдықтаған
шеберханасының меңгерушісі болып абыройлы
еңбек етті. Совхоз атынан жолдама беретін болып,
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының
инженер-механик факультетіне түсіп, оқуға аттанды.
Оқу ережесі бойынша емтихан тапсырып түсті. Сол
жылы біздің Қалдығайты совхозынан 10-сынып бітірген
бойда оқуға бірге түскен абитуриент Наурызбай Қабиев
Набиолланың математикадан емтихан тапсырғаны
жөнінде былай дейді: «Бізге қарағанда, едəуір ересек
жігіт болғасын оны «шал» деп атаймыз. Билет суырып
əзірленді де, көп кешікпей тақтаға шығып, айтып əрі
тақтаға жазып дəлелдеп жатыр. Емтихан алып тұрған
ағай «Болды, Сафуллин» десе де, тоқтамастан, «Бұл
есепті шешудің басқа да варианты бар» дей бергенде,
мұғалім ағай: «Бағаң «бес», Сафуллин, шыға бер» деп
шақ шығарды тақтадан».

1975 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы
институтын бітіріп келіп, Егіндікөл қой совхозында
инженер болып жұмыс жасады.

Қыс өте ауыр. Күнара боран. Күн сайын «К-700»-бен
совхоз орталығынан фермаларға, одан қыстақтарға жол
аршу, əрі күнара аудан орталығына жол салу. Əрине
қыстың көзі қырауда, ат құлағы көрінбес ақ түтек
борандарда осы техникалардың қысқа сақадай сай
болуы тракторларға адам дəрігеріндей жан салатын,

53

техника тілін бес саусақтай білетін инженер-механикке
байланысты. Сонымен қатар ат құлағында ойнай білетін
шабандоздар сияқты тракторист-механизаторларға
байланысты.

Набиолла білім-парасаты жоғары, жолдас-
жоралары ортасында сыйлы, əрі өте беделді, сөзі
өтімді, қанша білікті болса да, мен білем деп төске
ұрмайтын, қарапайым, жол бейнетін көрген адамдарға
адамгершілік қайырымы мол азамат еді. Оған өзім куə,
бір мысал келтірейін.

Қателеспесем, 1976 жылдың шамасы болу керек.
Ақпан айының ортасында Егіндікөлде тұратын
бір нағашымның əйелі қайтыс болып, қарасына
5-6 адам Қаратөбе совхозынан келдік. «ГАЗ-52»
автомашинасымен, аршылған жолменен. Қарасынан
кейін ақ түтек боран соғып 4-5 күндей жолға шыға
алмадық. Ақпан-тоқпан айы күнде болмаса да, күнара
немесе екі-үш күн қатарынан боран болатын ай деп
бұрынғылар айтатын.

Егіндікөл совхозының қар аршығыш күрек тіркеген
«К-700» тракторлары қыстақтарға күні-түні толассыз
жол аршу үстінде.

Алтыншы күні өзім бала кезден бірге өскен совхоз
инженері Набиоллаға жолығып, «Қаратөбе» совхозына
жете алмай жатқаныма 5-6 күн болғанын баян еттім.
Машинада 5-6 кісі бар, оның біреуі 74 жастағы шешем
екенінайттым.Набиолла күлдіде,«Апайболмаса,сендер
жаяу да барасыңдар ғой» деп əзілдеп қойды... Сосын
«Қырқына шыдағанда қырық біріне де шыда. Ертең
резервтегі бір жаңа «К-700»-ден аудан орталығына жол
аршытамын. Сол «К-700»-дің тракторисіне Жігерлен-
нен ары қарай Қоскөл фермасының үстімен Қаратөбеге

54

жол аршытайын» дегені.
Бұл қысқы боранда, өздері қысылып жатқанда

Набиолланың ізгі жүректілік, парасаттылық, адам-
гершілік, қайырымдылығының айғағы емес пе?!...

Бұл менің келтіріп отырған бір мысалым.
Набиолланың жұмыс жасаған Қоскөл, Егіндікөл
ауылының азаматтары Набиолла Сафуллиннің саф
алтындай азаматтық келбетін əр дастарханда бас
қосқанда ауыздарынан суы құрып əңгімелеп отырға-
нына талай куə болдым...

Набиолла өз қатарластары ортасында адами
қасиетімен жоғары. Озық ойлы, білімді, жан-жақты
интеллектуалды, парасатты, сегіз қырлы, бір сырлы
азамат, тұла бойы тұнып тұрған өнер еді...

Музыкаға өте үйір, талғампаз. Домбыра шерткенде
сазына келтіріп, шебер ойнаушы еді. Совхоздың
қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүріп,
талай көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырды.

Совхоздың б/комсомол ұйымының хатшысы болды.
Набиолла – Қоскөлдің қалқаман танасы, оның ішінде дос
бөлімі. Біз 1940 жылдың төлдеріміз, туыстық жағынан ол
маған нағашы болып келеді. Шынтуайтқа келгенде, рулық
туыстықтан гөрі, менің білімім Набиолланың білімімен
сəйкес келмесе де, ой-пікіріміз бір нүктеде түйісіп
жататын рухтас жолдастар едік...

Білімің, парасатың, адамгершілігің, қайырым-
дылығың, қарапайым ізеттілігің жөнінде бір Қаратөбе
ауданының көлеміне сыймайтын азамат едің, қайран
Набиолла! Екі метр қара жерге сыйып жатырсың!
Дүниеге шыр етіп түскенде маңдайға жазған жазмыш-
тан озмыш жоқ деген осы екен!..

Замандас туралы эссемді осымен аяқтаймын.

55

Набиолла! Сенің жетпеген көкжиегіңе, шықпаған
шыңыңа жас өскін ұрпақтарың жетсін, шықсын деймін
ақ тілекпен!

Жаның жəннəтта, топырағың торқа, иманың жолдас
болсын!

Замандасың Жауынбай ҚАБЕС,
зейнеткер, өтебай масқар-мамай.

Жусандыой ауылы, Қаратөбе ауданы,
5 желтоқсан 2012 ж.

«Бұл бала түбі мықты болады»

Ешмат УСАЛИМОВ: 1951 жылы Қоскөлге көшіп
келдік. Əкем поштаның бастығы болып осы ауылға
ауысып еді. Бұл кезде Нəбиоллалар Кагановичтен
(Қоскөлдің бұрынғы аты, басқармасы – Тінешов Усəлім)
3-4 шақырым қашықтықта орналасқан Саттар деген жерде
тұрды. Сабаққа сол жақтан келіп оқып жүрген Нəбиолла
бала кезінен ұқыпты болды. Поштада істейтін əкем
жалақы, зейнетақы үлестірген кезде бұл ақшаларды əке-
шешесі жоқ болса, естияр балаларға да табыстай береді
екен. Сол кезде басқа балалар бергенді алып жүре берсе,
Нəбиолла мұқият түрде санап алып, ешқандай желінбейді
екен. Ал əлдеқалай артықтау ақша берілсе, сол жерде
тұрып тиынына дейін есептеп қайырады екен. Нəкеңнің
сондай зеректігіне риза болған əкем «Бұл бала түбі мықты
болады», - деп отыратын. Сол кездегі балалар бəріміз
бірге ойнадық. Əсіресе, доп қуалағанды жақсы көрдік. Доп
дегенде ол кезде доп жоқ, оны өзіміз асықтың сыртына
сиырдың жүнін орап қолдан жасаймыз.

56

«Нәбиолладан көшіріп алатын едік»

Ақсəуле ЖҰМАБЕКОВА: 5-сыныпты Қоскөлде
Нəбиолламен бірге оқыдым. Ұғымы да, білімі де күшті.
Бес сыныптың ішіндегі мықтысы болды. Əсіресе,
математикаға. Сафолла да жақсы. Мамасы да шебер,
қолдан əдемілеп, өрнектеп дорба-сөмке жасап берді.
Нəбиолла үзіліске шығып кеткен кезде дəптерін алып,
көшіріп алатын едік. Нəбиолла қатал болғанымен, біз
оны жақсы көрдік. Ылғи ақылын айтып жүреді, адамға
пайдасын тигізгісі келіп тұрады.

Серік Отарєазиевтіѕ естеліктері:

«Бала кезінен үлкен кісі сықылды еді»

Нəбиолла екеуміз бір класта оқыдық, ол кезде
үлкенді-кішілі бірге оқи беретін еді ғой. Мектепте оқып
жүрген кезде біреу шұңқыр қазып қойып, оның беті
шөппен, қармен жабылғасын, байқамай, Жетіс деген бала
түсіп кетті. Сол кезде барлық балалар не істерін білмей
абдырап, улап-шулаған кезде Нəбиолланың үлкен кісі
сықылды «Қойыңдар, баланың жүрегі ұшып кетер», - деп
сабырға шақырып, баланы шұңқырдан шығарып алғаны
есімде қалды. Математикадан алғыр еді, есептерді
мұғалімдермен жарысып шығарып жүретін еді.

57

«Мылтық Сафолла ағамызда ғана болды»

Мен Нəбиоллаға үш-төрт атадан қосыламын.
Арғы атамыз Баржының Ақбайынан - Нəбиоллалар,
Жақайынан біз тараймыз. Біз Қоскөлде 1953 жылға
дейін тұрып, Шыңғырлауға көшіп кеттік. Өзім 1938
жылғымын. Əкелеріміз жақсы араласты. Қоскөлден 10
шақырымдай жердегі «Қошқар сойған» деген жерде
(Қасқыртау, Лебедевка-Сегізсай бағыты) мал бақтық.
Ол кезде неге екені белгісіз, Қоскөлді «Көше» деп
атады. «Каганович ауыл советі» деген аты да болды.
Сафолла ағам аңшы болды. Сол кезде мылтық біздің
ауылда тек Сафолла ағамда ғана болды-ау осы. Біздің
үйге дуадақ əкеліп беріп жүретіні есімде. Дуадақ
деген ірі құс қой, Нəбиолла екеуміз оны үйге кіргізген
кезде құстың салмағын сезетін едік. Сафолла ағам өте
мұқият, ұқыпты, жұмыстың ыңғайын білетін, шебер
жан болды. Содан ба екен, жұрт сыртынан оны «Бес
тəсіл» деп атады. Бірақ солай деп айтқанын естісе, ағам
ренжіңкіреп қалатын еді. Егінжайдың басына талдап
қос тоқып, астына үш дөңгелек тоқып, қазіргі шағын
вагонды жасай алатын да осы Сафолла ағам. Жəнет
деген кемпірі болды, біз оны Жəтем дейміз. Ол өте
қайратты да, момын адам еді.

Құмарланды қалай жарақаттап алдық?

Ол кезде техника жоқ, жұрт шөпті өгізбен, өгіз жоқта
арқалап жаяу да таси береді. Сафолла ағамның Құмарлан
деген тазысы болды. Қоян, түлкіні жақсы ұстайтын еді.
Бірде Сафолла ағамыздың ауылда жоғын пайдаланып,
Нəбиолла, мен, Аяштың Құбайдолласы (бұл да біздің

58

ағайын) үшеуміз қара қатқақта Құмарланды қоян,
түлкіге салып көрдік. Содан бұл жорықта тазы аяғын
жарақаттап алып, үшеуміз таяқ та жедік. Тазыны қар
түспей, қансонар болмай, аңға салуға болмайтынын,
əйтпесе, мұз қатқан қара жерге тазының тырнағы
сынатынын біз қайдан білейік.

Біздің класс туралы

Нəбиолла бала кезінде ойынға аса əуес болған жоқ.

Ерте есейіп, сабақты көп қарады. Қазіргі Жантастың

елібі – сол кездегі Нəбиолланың тұп-тура көшірмесі.

Бала кезінде-ақ Нəбиолла тиянақты, келістіріп сөйлейді.

Біреуге əлденені түсіндірген кезде егжей-тегжейін

айтып, ұқтырып жіберуге шебер еді.

Сол кезде бірге оқыған балалардың есімдерін атай

кетейін:

Қоқабайдың Жетісі, Жаншаның Зұлқашы, Хасеннің

Алмасы, Аяштың Құбайдолласы, Амандықтың

Сайлауы, Нұрмағамбеттің Лесбайы, Баймағамбеттің

Бейбіті, Есжанның Оралбайы, Ақболаттың Берігі.

Мұғалімдеріміз: Сапа Нəдірғожин, Таңбай

Шоқанаев, Далабай Хамиев, Зияш Сейсенова, сондай-

ақ Қатима, Айша деген жас мұғалималар болды.

Колхоз интернатында жатып, мұғалімдеріміздің

шаруасын жайғай беретін едік. Малын қарау, қорасын

тазалап беру қалыпты іс еді. Өз кезегінде, мұғалімдеріміз

де біздерге өз баласындай, інілеріндей қарады. Ол кезде

аяқ киім деген жоққа жақын, қыс кезінде аяғымызды

киізге орап, сыртынан бір-екі шандып байлап, жөнеле

береміз.

59

Таз болудан қалай аман қалдық?

Нəбиолла бойындағы біраз қасиетті Сафолла ағадан
алған болса керек. Сафолла ағам ұста болды, ауылдың
көрігін ұстады. Анау-мынау нəрсені, соның ішінде ат
құралдарын жамап-жасқап, жөндей беретін еді. Əсіресе,
доңғалақ атаулы істен шыққыш келеді. Соларды
үкіметтікі демей, жекенікі демей, қайта қатарға қосу
– Сафолла ағамның мойнындағы шаруа еді. Үйіміз бір
шатырдың астында еді. Қыс уақытында бірге тұрамыз.
Жазда қырда боламыз. Серғазы атамыздың зайыбын
Қалия əжеміз өте алғыр кісі болды. Біздің тұқымның
балаларын сол кезде қатты өршіп кеткен таз деген
індеттен аман алып қалған осы кісі. Сафолла ағамыз
жасаған ұстарамен басымыздың қанын шығарып,
тақырлап алады, содан кейін удай ашытып кір сабынмен
жуады, бірдеңелер жағады. Əйтеуір, қалай болғанда да
сол кезде екінің бірі душар болған таз деген бəлекетті
бізге жұқтырмады. Шаш алатын күні əулеттің бүкіл
баласын бір жерге жинайды. Көніңкіремеген асауларын
екі тізесінің арасына қысып алып та шаруасын жасай
береді.

Біздің ойындар

Қыс аяғында қырқұлақ деген пəле күтіп тұрады.
Шешем сəуір айының ортасында қойдың сүтін сауып,
оған итжуа, сарымсақ қосып, былғап ішкізетін еді.
Сонда қыстан əрең əлсіреп шыққан біздердің бойымыз-
ға қуат біткендей болатын.

Құмнан, саздан шарик жасаймыз. Шүлдік, қыздоп
қазіргі ақсүйектердің ойыны гольфке қатты ұқсайды.

60

Жерге диаметрі 10-15 см тесік қағып, соған жылқының
тезегін шəкөшпен соғып, дəл түсіруге тырысамыз.

Біздің қатардан ең əуелі Нəбиолла коньки теуіп
үйренді. Конькиінің аты «Ласточка» екені де есімде.
Бəріміз содан сұрап тебетін едік. «Тəйкі», «Өріс» деген
асық ойындарын көп ойнадық.

Т ґлеген Сафоллаўлыныѕ естеліктері:

Жалаңбұт шақ

Біздің тұқымда ер бала аз болған. Əжем он жеті рет
құрсақ көтерген, содан аман қалған бес баланың біреуі
ғана (Сафолла) ұл болған. Əкем кіндіктен жалғыз ұл
болғандықтан ба екен, ұл баланы ерекше жақсы көрді.
Əсіресе, кенжесі болғасын шығар, мені қатты еркелетті.
Ерке болғаным сондай, ес білген шағымда да жалаңбұт
жүре беретін едім. Сірə, бұл қылығымды əкем де жек
көрмейтін болса керек, осы қалпыма көзі түскен сайын
«менің айғырым» деп мəз болатын еді. Мектептен
келгеннен кейін үйдің төбесінде əкем айнытпай жасап
берген «АН-2» ұшағыммен жалаңбұт ойнап жүре
беремін. Өзім шамалас қыздарға пысқырмаймын да,
бойжетіп қылған қыздарды көргенде біртүрлі ұят кіріп,
шешемнен шалбар сұрап аламын.

Əжеміз адуынды кісі болды. Жақпай қалсаң, қолына
түскен нəрсемен ұрып жіберетін. Өзіміз де қарап
жүрмейміз, бірде борсықтың екі аяғын құдыққа салып
жіберіп, оның суын ішуге жарамсыз қылып тастадым.
Содан жаңағы құдықтан қырық шелек су тартып
төгіп тыстағаннан кейін пайдалана бастадық. Бірдеңе

61

бүлдірген бізді əжеміз ұрғысы келіп, сабау іздесе,
Нəбиолла сабауды шөптің арасына лақтырып жібере-
тін еді.

Жақсы көргенде
төбе шашымыздан тістейді

Жəнет шешем – көп сөйлемейтін, тұйық кісі. Кейбір
балалардың шешелеріндей ұл-қызын еміреніп, аймалап
сүю – оған жат нəрсе. Бірақ біз бəріміз оны жақсы көріп
тұрамыз. Шешеміздің ең бір бізге көңілі түсіп кеткенде
істейтіні – төбе шашымыздан тістейді. Біз бұдан артық
ештеңе дəметпейміз.

Бірде ауылдан Темірлан Құрманқұлов деген өзіммен
құралыптас бала маған ілесіп, біздің бақшаға келді.
Əкесі майданнан оралмаған, шешесі қырдың жұмысында
жүргесін, менімен ойнауға келіп тұр ғой. Күні бойы
екеуміз құмарымыз қанғанша ойнап, ол кешке бізде
қонып қалды. Сонда Темірланның түнде тоңып, жылап
жатқанын байқаған шешем оны бауырына салып алды.

Өзім қатты ерке болып өстім. 12-лерге келіп қалған
кезде сыртта тамақ ішкен жерімде өтірік ұйықтап
қалатын едім. Сол кездің өзінде салмағым əжептəуір,
соқталдай болып өсіп қалған мені шешем əупірімдеп
үйге көтеріп алып барады. Төсекке əкеліп сала бергенде
мен үйді басыма көтеріп күліп, сыртқа қашамын. Сонда
шешем: «О, көксоққан! Өтірік ұйықтап жатқан екенсің
ғой!», - деп артымнан айқайлап жатады.

62

Сегіз жасында мерген атанды

Нəбиолла сегіз-тоғыз жасында алтынқабаққа дəл
тигізіп жүрді. Бұл, бір жағынан жеті жасынан бастап
қолына қару ұстаған Нəбиолланың мергендігі, сондай-
ақ əкемнің ол оқты арнайы дайындағанынан деп білемін.
Ол кездегі рельстің, типографияның қорғасыны сапалы
келеді. Əкем содан жасалған бытыраны ортасынан
бізбен теседі, сонда осындай бытыра мен тарамыс
аралас салынып дайындалған оқ тигіш келеді.

«Бізді араз қылған – асқабақ, қаймақ»

Нəбиолла бала кезінде салқын тиіп ауырғанда
дəрігерлер «Бұл баланы ыстық картоптың буымен
дем алдырыңдар» деген ғой. Соны дұрыс түсінбеген
біздің үлкендер Нəбиолланы басып отырып, ыстық
бумен тыныс алу жолдарын шарпытып, əбден күйдіріп
алыпты. Қолқа, танау шеміршегіне дейін күйіп қалған.
Соны ұзақ емдеді. Ағамның жеке өзіне құмыра секілді
асқабақтың ішіне қаймақ құйып, ем қылып бергенін,
мен қызғанып жүрдім. Соны білген Нəбиолла мені
мазақ қылатын еді.

Көп нәрсені Нәбиолладан үйрендім

Өз басым көп нəрсені əкемнен емес, Нəбиолладан
үйрендім. Оның маған əсері, тəрбиесі күшті болды.
Артынан күшікше еріп жүрдім десе де болады. Əсіресе,
каникул кезінде қасынан қалмаймын. Тентек болмай,
өнер-білімге жақын болғаным осы ағамның арқасы деп
білемін.

63

Төзуді де, тебуді де білетін бауыр

1925 жылы дүниеге келген Ақкеш апамыздан туған
1948 жылғы Біран деген жиенімді Нəбиолла ішіне
мінгізіп, секіртіп ойнатады. Сонда мен де сөйтемін деп
таласып, ағамның үстіне мініп секіріп, ішін ауыртып
жібергенім бар. Менің салмағым əжептəуір, ал бұл оның
саулығы əлсіз кезі еді. Нəбиолла төзімі үлкен, бірақ
шектен шықсаң, қағып жібереді. Сол жолы оған қайта-
қайта тиісіп, қоймай қойдым. Нəбиолла ашуланып,
«Енді келсең, тебемін» деді. Ескерткеніне қарамай, тағы
бір жынына тиейін деп жақындай бергенімде ол мені
қос аяқпен тепті: əріректе пісіп жатқан сүт лапшаның
үстіне барып қонжидым. Бір қабат терім іш киімімнің
ішінде қалды. Əтек болып қалуға сəл қалдым. Əкеміз
асау сиырға жегілген сынық шанамен дəрігерге апарып,
ауруханаға жатқызды. Сонда жатқанымда қолында
бір түйіншек шемекісі бар ағам көңілімді сұрап келді.
Өзімше сөйлескім келмей, қисайғым да келіп тұр, бір
жағынан, шемекіні де шаққым келіп бара жатыр. Ол
да «Қой дегенде қоймаған өзің ғой» деп түсіндіріп,
татулыққа шақырып жатыр. Көп ұзамай екеуміз
шемекіні бірге шағып отырдық.

Қасқыр қаптаған кез

1949-50 жылдарда бізде Майлан деген дүрегей,
Құмарлан деген тазы болды. Қасқырлар Майланның
табанын ғана қалдырып, жеп кетті. Құмарлан қансырап
таланғанымен, тірі қалды. Əдейі малдың өлімтігін
тастап, соған келген қасқырларды атып, азайтып та
көрдік. Əйтеуір, сол жылдары қасқыр өте көп болды.

64

1950 жылдары ауылда жергілікті «жаманауыздарға»ға
қарағанда тұрқы бөлек, жақ жүндері үрпиген, ірі
қасқырлар пайда болды. Майданнан келгендер «Бұлар
Брянскі жақтың қасқырларына ұқсайды деп жүрді. Болса
болар, соғыстың дүмпуінен ауып келуі əбден мүмкін
ғой. Топ болып жүреді. Үйдің алдына байланып қойған
ешкіге шапқан сол қасқырдың бірі жан даусы шығып
жатқан мақұлықты қазығымен бірге жұлып алып кетті.
Сəл əрірек апарған кезде іске басқа қасқырлар да кірісіп,
жұрттың көзінше жаңағы ешкінің мүйізін санамағанда,
сау-тамтығын қалдырмай жеп қойыпты.

Қазанға сыймаған шортан

Ол кезде тек қасқыр емес, қай-қайсысы да мол жəне
ірі болды. Нəбиолла он жасында 30 келілік шортан
ұстап, оның еті нəн қазанға əрең сыйып еді: 1951 жылы
Нəбиолла Берік екеуі су жағалап, балық шаншуға
шығады. Екеуіне ортақ бір ғана шанышқы бар. Берік
алға озып кетеді. Артында келе жатқан Нəбиолла су
ішінен бір ірі нəрсені байқап қалады. Басында оны
бөрене деп ойлайды. Алайда көз тоқтатып қараған кезде,
желбезектерінің қозғалғанының өзі кішігірім толқын
таратып тұрған аса үлкен шортан екенін аңғарады. Алға
озып кеткен Берікті шақырып келеді. Жасы үлкендігін,
денесінің ірілігін алға тартқан Берік өзі ұстағысы келіп,
Нəбиоллаға «Сен маған балық шаншудың ретін айт,
мен шаншиын» дейді. Бірақ Нəбиолла бұған көнбей,
балықтың көк желкесінен шанышқыны өзі қадайды.
Шортан жанды жерінен қадалған шанышқыдан
есеңгіресе де, болма қоймай, сытылудың əрекетін
жасайды. Сонда іске Берік кірісіп, қолының қызыл ала қан

65

болғанына қарамай, желбезектен ұстап, екеуі жабылып
жағаға алып шығады. Сосын Нəбиолла шанышқының
сабын тышқанның ініне тығып сындырады да, сапты
шортанның желбезегінен өткізіп, екеулеп алып жүреді.

Мен сыртта жүр едім, келе жатқан екеуін алыстан
көріп тұрмын. Анда-санда орталарынан бірдеңе
ағараңдап жарқ ете қалады. Əкелген соң үйіміздің
іргесіндегі алаша төсенішті сырып жіберіп, əлгі
шортанды сол жерге тастады. Сонда шортан жантəсілім
етіп, бір ыршығанда үйдің ортасына бір шығып, мен
шошып, төрге қаштым.

Шортанның жарты етінің өзі шелек жарым шықты.
Оның асқазанын іш ауруына ем болады деп сыртқа
жайып қойдық. Артынан əкемнің іші ауырып, мазасын
алғанда жаңағы шортанның асқазаны, шынында да, ем
болды.

Қазықты түбінен суырып алған балық

1956 жылы Нəбиолла сабағына кетер алдында ірі
балыққа қармақ құрып кетті: қармаққа сым байлап, оны
сарытұқыштың аузынан өткізіп, артынан шығарды.
Шамамен 35 сантиметрлік сымның шетіне кендір жіп
байлады. Қармақты бірден жіпке байласа, ірі балық оны
шайнап, үзіп тастайды. Қалтқының орнына буылған
қамысты пайдаланды. Бір күні мен қалтқының орнында
жоқ екенін байқап, əкеме барып айттым. Қарасақ, қар-
мақты қазығымен бірге жұлып алып кетіпті. Ай жарым
өткеннен кейін біздің шетеннен тоқыған құрылғымыз-
ға жаңағы қармағымызды үзіп кеткен шортан түсті.
Көлемі осыдан бұрын əңгіме болған шортаннан ілгері
болмаса, кем емес, тек арықтап кеткен.

66

Қаратерең – қауіп су

Ол кезде айналада су мол болды. Бірде келмей
қалған сиырды іздеп шыққан əкем қараңғыда байқамай
қалып, Қаратереңге ат-матымен бірге түсіп кетеді.
Жалмажан торы атының жалынан ұстап, арғы жағаға
жетіп шығайын десе, бұл жағасы да тік жар екен. Өзі
бірдеңе қылып шыға алатынын біліп тұр, бірақ аты
батып кетсе, колхоздың малы үшін қатты жауаптайды.
Содан Михаилді шақырады. Соның көмегімен бе, жоқ
па, білмеймін, əйтеуір, атын жағаға шығарып алады.

Жыламағаны үшін таяқ жеу

1953 жылы 5 наурызда Сталин өліп, бұл ауыл ішінде-
гі бағанға орнатылған динамик арқылы хабарланды.
Сонда Рахимов Жолдыбай деген баланы «Бүкіл ел аза
тұтып жатқанда сен неге жыламайсың?!» деп мұғалімі
ұрып жіберді. Сол кезде онсыз да өмірден таяқ жеп
назалы болып жүрген Жолдыбай мұғалімінің ұрғанын
көтере алмай, оның өзіне ұмтылды.

Күрекпен қасқыр алған күн

Дəл Сталин өлген күні, 1953 жылдың 5 наурызында
əкем күрекпен қасқыр соғып əкелді. Атақты Рақым
байдың қыстауының орнына əкем сегіз қақпан құрып
қойған еді. Біреуіне болмаса, біреуіне түсер деген
ой ғой. Əдетте серіппе қоян қақпанның бір жағына
ғана салынады. Əкем өзі шебер болғасын, серіппені

67

екі жағына қатар салып, қоян қақпанды күшейткен.
Қақпанның бəрін өзі қолдан жасайтын. Ескі қыстаудың
төбесі ашық болғанымен, терезелерінің тұсы үңірейіп,
жарлары орнында тұр. Əншейінде қақпан қарауға
мылтықсыз шықпайтын əкем сол жолы, неге екені
белгісіз, тек күрек ұстап қана барыпты. Қақпан құрған
жеріне барар жолдағы ояң жерлермен қызыл су жүріп
кеткен. Тікелей өтем десең, бетіндегі қардың опырылып
кету қаупі бар. Амал жоқ, атын қалдырып, өзі аунап,
домалап өтеді. Барса, бір қасқыр қақпанға түсіп, салма
темірді сүйретіп кеткенімен, алысқа ұзай алмай,
ағаштардың арасына барып, шынжырымен оратылып
қалыпты. Əкем жақындағанда қасқыр қарсы қарап
ырылдайды. Содан папам ұмтылып келіп ақырғанда
қасқыр басын бұрып əкеткен. Сол сəтте құлақ шекеден
жақсылап ұрып, қасқырды талмаусыратқан. Сосын тағы
бір ұрады да, осыны үйге апарып көрсетейінші деп,
атының төс айылын қаттырақ тартып, шап айылмен
қасқырды мойнынан қылғындыра байлап, шала жансар
күйінде қардың бетімен дырылдатып ала жөнеледі. Бір
уақытта колхоздың малына мініп жүрген астындағы
жаман торы аты құлағын жымитып, тыжырынатын
көрінеді. Қараса, қасқыр тұрып алып, «мені босат»
дегендей, аттың шабынан жайлап тістеп келе жатыр
екен. «Мынау колхоздың атын жарып тастап, мал
төлетер» деп аттан секіріп түсіп, күрекпен тұмсықтан
ұрып-ұрып өлтіріп, алып келген. Үйге келіп, «Əже,
қасқыр керек пе?» деп жымиып күліп тұр. Сыртқа
атып шықтық. Аулада екі ит бар еді. Біреуі қасқырдың
иісінен қашып кеткен. Екіншісін интернаттың балалары
асыраған, бір көзі соқыр, бір құлағы жұлынып қалған.
Өзінің аты да қызық. Қояншық балалар «Көтілəм» деп

68

қойған. Қасындағы ит қашып кеткенде Көтілəм барып,
қасқырға жармасты. «Ооо! Мынауың жарады, жарады»
деп папам жаман иттің батылдығына риза болды.

«Қоян бізге азық болды»

Үлкендер Шағылға қоянқақпан құрып қояды.
Қояндар қақпанға түскенде шыңғырған дыбыс шы-
ғарады. Əжем Нəбиолланы ертіп, қолдарына фонарь
алып кетеді. Мен түн ішінде жалғыз қалуға қорқамын.
Ол кезде қоян – біз үшін азық. Қоянды, негізі, сорпа
қылғаннан гөрі, қуырып жеген жақсы ғой. Бірақ оған
май қайдан болсын. Көбінесе суға пісіреміз не қақтап
жейміз.

Балалық шақтың жеңсік асы

Бір үйде 3-4 отбасы тұрған кез болды. Əрқайсысының
өз тақта шайы бар. Оны аузы байланатын жəшікте
сақтайды. Шəй жоқ болса, атқұлақты (конский щавель)
шəй қылып ішеді. Сол кезде малға деп жом (жмых)
əкеледі. Оны көрсек, біздер, балалар қуанып кетеміз.
Себебі оның ішінде кесек-кесек болып ақ дəндері де
жүреді. Бұл біз үшін – дəмді де қарын тойдыратын
құнарлы тамақ.

Зейнеш апамыз (əкемнің қарындасы) бізге пияз алып
келеді. Пиязды салқын суға салып жесе, ащылығы
білінбейтін ас екен. Ал пияз бен ыссы су қатар кетсе,
ауызыңды өртеп, қуырып кете жаздайды.

69

Киіз оранған кез

1937 жылы туған Нəбеш деген апам Нəбиоллаға
«Қазақ-орыс сөздігін» сатып алып берді. Жатақта жатып
оқуға Нəбиолланың саулығы жарамайды деп шешіп,
ол «Сталин жолы» (Қалдығайты) колхозындағы апа-
жездесінің үйінде жатып оқыды. Осылай істегендері
ақыл болды. Себебі біздің ауылдың балалары сабаққа
біраз жерден қатынап оқиды. Ол кезде аяқ киім жағы қат,
балалар аяғына болса киіз, болмаса өзге шоқпытты орап
алып, сабаққа барады. Аяғы шыдатпай, қатты тоңып
бара жатқандар құйрықпен жалпиып отыра кетіп, аяғын
жоғары көтеріп, сəл қалыпқа келтіріп алады.

Қораздан көрген қорлық

Ылғи менен бұрын тұрып кететін Нəбиоллаға
артынан ойнауға барайын десем, Қоқабайдың шұбар
əтеші бар, сол маған жаудай тиеді. Мені көрсе болды,
төбеме мініп алып шоқиды. Соны алыстан байқап қалған
Нəбиолла шауып келіп, ажыратып алады. Əтеш ұрынуын
қоймағасын, əкем бір күні əлгі құсты сойып тастады.
Сосын көршіге «Мына əтеш балама күн көрсетпейтін
болғасын, сойып алдым, бір əтешті үстіне тауық қосып
беремін» деді. Көрші «Ой, ол бір əтешті əңгіме қылатын
несі бар?» деді. «Онда кешке əтеш піскесін кел, шай
ішейік» деді. Əлгі əтештен сөйтіп құтылдық.

Құмарлан қалай «бала» болды?

Жаздың күні ұзақ. Əкеміз біздің күндіз ұйықтап,
демалып алғанымызды тəуір көреді, бірақ біз ойын

70

баласымыз ғой, өтірік ұйықтаған болып жатамыз
да, қашып кетеміз. Бірде солай сытылып шығып
кеткенімізде есікті ашық тастап кетіппіз. Содан үйге
Құмарлан деген тазымыз кіріп кеткен. Əкеміздің бізге
арнап ұйқылы-ояу мейірленіп айтып жатқан сөзін өзіне
қабылдаған тазы əкеме барған сайын жақындай түсіп,
ақыры қасына барып жатады. Əкем Нəбиолла екеуміз
екен деп сипап қалғанда қолы тазының денесіне тиіп,
оянып кетіпті.

Қарақұс – бақша күзетшісі

1949-50 жылдары бақшамен айналыстық. Бақша
егу, күту өз алдына, оны ит-құстан қорғаудың өзі
оңай тірлік емес. Əсіресе, қарғалар – бақшаның қас
жауы. Соның бір амалы ретінде бақша ішіне бір соқыр
қарақұсты байлап қойдық. Оны əкем Сафолла ұстап
алыпты. Жіпке байласақ, үзіп кетеді, сымға байлап,
бақша ішіне жүргізіп қоямыз. Осы қарақұстың азығы
үшін біз тышқан аулаймыз. Қақпан құрамыз, кей-
біреуін су құйып інінен суырып алып, қарақұсқа
əлсіреген күйінде, тірілей əкеліп береміз.

Көкқасқаға қарсы ашылған майдан

Бақшаның қарғадан басқа да дұшпаны жетеді.
Соның бірі – көкқасқа шегіртке. Бұл – саранча емес,
одан да ірі жəне одан бетер обыр, жасыл түсті шегіртке.
Ол өткен жерін тып-типыл қылып жайпамай кетпейді.
Соның бұлт болып келе жатқанын байқаған əкем
Сафолла көкқасқаға қарсы майдан ұйымдастырады.
Бұндайда балаларға дейін сапқа тұрып, іс қылады.

71

Жылқы біткеннің бəрінің құйрығына тулақ байланады.
Жерге сүйретіліп шаң көтерген бұл тулақтың қаптаған
шегірткені үркітіп, бағытын бақшадан бұруына
əжептəуір септігі бар. Орға қойылған оттың түтіні
де көкқасқаның бетін қайырады. Бəріміз осылай көп
амалдап, бақшамызды табиғаттың дүлей күшінен алып
қалатын едік.

Балықтың ірісіне қызықпау керек екен

Бақшада Николай Михаилович Никаноров деген
орыс жұмыс істеді. Мен оның Вовка деген баласымен
бір-біріміздің тілімізді дұрыс түсінбесек те, ымдасып
ұғынысып, бірге ойнап жүрдік. Осы Николай бізге
балық жөнінен біраз нəрсені үйретті. «Балықтың ірісіне
аса қызықпаңдар, оның еті қатты болады. Ең дəмдісі де,
пайдалысы да орташалары», - дейтін еді. Қармаққа, ауға
уақ балық түссе, оларды лақтыртпайтын еді. Қабығын,
ішек-қарнын тазартқан соң, оларды табаға салып,
табаның өзін оттың қоламтасына көміп қояды. Уақыты
жетіп, табаны күл ішінен алғанда ішіндегі уақ балықтың
дəмі тілі үйіретін еді. Оның қылқанын суырып əуре
болып жатпайсың, ауызға салсаң, үгітіліп кетеді. Бізге
борщ жасауды да үйреткен осы – Николай.

Қасқа өгіз – қарбыз білгірі

Қарамолада бақша ектік. Əкем өзі үйреткен жүрісі
жорға қасқа өгіз болды. Соның бір қасиеті піскен
қарбызды қалтқысыз таниды. Ал біздің таңдағанымыз
шикі болып шығады. Ал қасқа өгіз піскен қарбызды бізге
беймəлім бір түйсігімен дəл тауып барып, тұмсығымен

72

басып қалып, қақ айырады. Бұл бір қызық өгіз болды,
су ішкенде 10-12 шелекті бір ішеді. Содан кейін көпке
дейін, əбден қаталағанға дейін мүлде ішпейді.

Қырау қатқан көрпелер

Нəбиолла маған қымыздық, итжуа жеуді үйретті.
Бала кезінде оның «жорық королі» деген атағы болды.
Біздің үйдегілер суыққа қайғырмайтын еді. Күн суық
кездің өзінде қасымызда əкем бар, балалар сыртқа қона
беретін едік. Сонда Нəбиолла екеуміздің көрпеміздің
үстіне қырау толып қатып қалатын еді.

Жарық қарын

Сол кезде Сталин колхозының екі төрағасы болды:
үлкен төраға – Əлжанов Нұрсұлтан, кішісі Жоламанов
Қайырғали. Осы байбақтының олжаорыс руынан
шыққан Нұрсұлтан Əлжановтың рудан қуғанда бізге
нағашылығы бар, сондықтан ба, Нəбиолламен жиен
деп ойнайды, оны «Жарық қарын» деп те атайтыны
бар. Нəбиолла – бала кезінен-ақ өте намысшыл болды.
Əсіресе, біреу «сен былай істей алмайсың» десе, қалай
да соның сөзін жоққа шығаруға тырысатын еді. Өзі
шамалас Санақ, Жасан, Жетістермен ойнап жүргенде,
солардың біреуі «Артыңмен түгенше жерге дейін жүріп
бара алмайсың», - дейді. Нəбиолла əдетінше «Неге жүре
алмаймын?! Жүре аламын!» - деп артымен зулаған кезде
шөп арасындағы соқаға келіп тіреледі. Сонда айналып
келіп, жалп етіп құлағанда соқаның тісі ішіне қадалып,
көк еті тесіліп, ішегі сыртына шығып кетеді. Құдай
сақтап, ішектің өзі жарылмай, аман қалған Нəбиолла

73

медпунктке апарылып, біраз уақыт ем-дом алып жүрді.
Ақыры қарнында болар-болмас ақтаңдақ қана қалып,
құлантаза айығып шықты.

Ағам қалай сабақтан бір жыл қалып қойды?

1954 жылы Нəбиоллаға оқуын колхоз мектебінде
жалғастыратын уақыт келді. Ол кезде бұл колхозда
тұрмайтын отбасылардың балалары мектептің
интернатында жатып оқитын еді. Ал интернатта күй
жоқ – беретіндері сұлы көже, іші қақаған суық, қыс
кезінде ішінде су қатып қалады. Осының бəрін білетін
Қалия əжем немересін сол жылы оқуға бергісі келмеді.
Осы мəселемен ауылдық кеңес төрайымы Сəметова
Хадиша апай үйге келіп еді. Бірақ əжем қайнысының
қызы болып келетін басшыға: «Қаншық, шайнама!
Ендігі жылы колхоздан тауықкүрке болса да, бірдеңе
салып алармыз», - деп аузын аштырмай қойды. Сөйтіп,
Нəбиолла бір жыл сабақтан қалды. Келесі жылы
ағайынның күшімен 4-5 мың тас бастырып, екі бөлмелі
үй салып алды. Қасына шолан тұрғызды. Сол шоланда
тұрған қаптың ішіне тышқан кіріп кеткен екен, соны
алып тастамақ болып Қалия шешем біраз əуреленді.
Қап ішіндегі тышқан да бірден қолына іліне қоймай,
ақыры уысына түскен кезде Қалия шешемнің қолын
қырқып тістеп алды. Сонда əжеміз жанына батқан кезде
өзге əйелдер сықылды ойбайлаған жоқ. «Мен саған
көрсетейін тістегенді!» деп, бырт еткізіп, тышқанды
мытып тастады.

74

Хабиев Наурызбай Исаєалиўлыныѕ естелігі:

Құлақшын қалай нысана болды?

Нəкеңдер мектепті Қалдығайтыдан бітіріпті. Сонда
кластастары Дəрмен, Мəлік, Сабыр, Əзір дегендер – бəрі
бəстесіп, мылтық ататын көрінеді. Нəкеңнің жездесі
басқарма, соның мелькашкасымен атып жарысады.
Сонда Нəкең «Қайсың тұрасыңдар? Құлақшыныңның
дəл ортасынан тигіземін» деген ғой. Сонда Мəлік деген
тентектеу, алқамсоқтау бала құлақшынын тас төбесіне
көтеріп тұра қалыпты. Нəкең бізге осыны əңгімелегенде
«Япырай, Мəліктің де қорықпай келісе кеткені, сəл қозға-
лып кетсе, басқаша болуы мүмкін ғой», - дейді. Сонда
ортасынан дəл тиген оқ құлақшынды қолдан ұшырып
жіберген екен. Сонда қасындағы балалар «Мергендігіңе
қол қоямын» депті. Нəкең – сондай беделге ие болған жан.

Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естелігі:

Темір-терсек жинатқан арман

Нəбиша апамның айтуынша, əкем бала кезінен тілі
мен қылығы тəтті, сүйкімді болып өсіпті. Темір-терсек
жинап, бірнəрсе құрастырып ойнап жүріп, ата-анасына
«Өскенде сендерді самолет жасап, аспанда қыдыртамын»
деп көңілін өсіріп қояды екен. Сафолла атам əкеміз
Набиолланы ерекше жақсы көріпті. Таңда жұмысқа
шығып бара жатып, ұйқыдағы сəбиіне еміренсе, Қалия
əжей «Назарың ауады!» деп тыйып тастайды екен. Бес
жасынан бастап хат танып, кітап оқи бастапты. Қиялы
жүйрік болған. Замандастары оның бала кезінен ширақ,
өте епті болғанын айтады.

75

Нўртас Набиоллаўлы:

Табаннан өткен суық

Əкеміз кішкене күнінде күн суытқан мезгілде сыртта
жұмыс жасап жүрген атамыздың қасында еріп жүреді.
Бұл – атамыздың соғыстан жараланып келгеннен кейінгі
жылдары. Ақболат жездей соғыста тұтқынға түсіп, əлі
елге орала қоймаған кезі болса керек. Атамыз Ермек
апасының да шаруашылығын бірдей тындырып, шөбін
шауып, үйіп қойғанымен, сол уақыттағы жұмыстың
қауырттығынан əлі тасып алмаған екен. Даладағы үюлі
шөпті ат арбасына тиеп жатқан екі кісіні алыстан көзі
шалып, атамыз ашуға мініп, жақын жерде шідерлеулі
жайылып жүрген атты ұстап, шідерін жүген орнына
ауыздық етіп салып, шауып кетеді. Шөпті тиеп жатқан
əкелі-балалы кісілер екен. Атам екеуін қоса боқтап,
сабап, даладағы шөпті түгел тиетіп, Ермек апайдың
үйіне тасытып болғаннан соң қуып жібереді. Сол кезде
төрт-бес жасар əкеміз суықты сезбей, сыртта ұзақ жүріп
қалады. Ішке кірсе, суық тигеннен табандары ісініп,
аяқ киімі шешілмей қойыпты. Əрең деп шешкенде аяғы
аппақ болып кеткен екен. Осыдан кейін əкеміз қатты
науқастанып, үлкен азап көреді. Əкем «Кейін көпке
дейін бойымның булығып өспеуі де содан» дейтін.

«Азамат болды деген осы»

Папам алтыншы сыныпта оқып жүргенде мылтық
атуға əбден машықтанған кезі екен. Сөйте тұра, үйдегі
үлкендер көлге барып, құс атуға сұранса, жібермейді.
Оқу жылы аяқталып, емтихан басталған кезде əр

76

емтиханды тапсырып келгеннен кейін құсқа шығып
келуді əдет қылып жүреді.

Соғыстан кейінгі тамақ та, зат та тапшы кез. Қорғасын
болмаған жағдайда жуандығы пытыраның диаметріне
сəйкес келетіндей болат сымды барынша шеберлеп,
шапқымен домалата шауып, пытыра пішініне келтіріп,
өз қолынан оқтайды. Сөйтіп, үлкендерге білдірмей, су
жағасына барып, құстардың мол топтанып отыратын
тұсына еппен жақындап, бір атқанда бірнешеуін
құлатады екен. Үлкендер жағы құсқа шығуға рұқсат
бермегенімен, үйден байқатпай шығып кетіп, мол
олжамен оралғанда «Азамат болды деген осы, асырады
деген осы» деп айналып-толғанып отырады екен.

Иə, 40-50-ші жылдарға тап келген балалық шақ – тұз
бен секердің қоспасы секілді: біресе сүйсіндіріп, біресе
кірбің шалдырып отырады. Ол кез оңай болса, Төлеген
ағамыздың жырында баяндалған мына оқиға орын
алар ма еді: ең болмаса, қара нанға дұрыстап тоюды
ойға алған бейбақтар бейіт басынан жазуы кетіп
қалған құлпытастарды əкеліп, қолы шебер Сафолла
атамыздан диірмен жасап беруін өтінеді екен. Сафолла
атамыз Құдайдан бір қорқып, ауылдастарының аштан
өліп қалуынан одан бетер үрейі ұшып, қайта-қайта
дұға оқи отырып, бірнеше күн тер төгіп, қолдиірмен
жасап беретін болған.

Міне, тəтті де ащы, ыстық та қатты балалық шақ
осылай өтті де кетті.

77

Адалдықты ту еткен

Нəбиолла Сафоллаұлының «Таңдаған өмірлік кəсібі
оның мүмкіндік-қабілеттерін» қаншалықты ашқанын
осы кітаптың «Өз ісінің шебері» атты тарауынан оқып
білуге болады. Біз бұл тарауда Нəбиолла ағамыздың
үлкен беделге ие қылған адал, шыншыл, өзіне талапшыл,
өзгеге жанашыр сынды асыл қасиеттері туралы
естеліктерді ұсынамыз.

Берік Оспанўлыныѕ естеліктері:

Қолда бар, бірақ үйде жоқ көмір

Жабдықтаушы (снабженец) болып жүрген кезімде
Нəбиолла аға екеуміз жолға бірге шығатын болып, оның
үйіне соқтық. Кірсек, Рəзия жеңгем тезекті жаға алмай,
пешпен алысып жатыр екен. Содан қалаға барып, өзімнің
де, Нəбиолла ағамның да блокнотына мұқияттап жазып
алған сансыз ірі-уақты жұмысқа қажетті тауарларды
алып болғасын оған «Сіздің үйге көмір тиеп ала
кетейік» дедім. Нəбиолла ағам «Үкіметтің заты ғой,

78

тиюге болмайды!» - деп қысқа қайырды. Мен жеңгейдің
қызуы аз тезекпен алысып жүргенін көріп, өзімше
көмек ұсынып жатқаным ғой. Бірақ ағам осы жолы да,
бұдан кейін де үкімет мүлкінің қызығын көріп қалу
деген ойдан мүлде аулақ екеніне көзім жетті. Артынан
қарасам, аламын десе, өзіне қарайтын ұстаханасының
(кузнечная) жанында көмір үйіліп жатыр екен ғой.
Бірақ Нəбиолла ағам мұндай дүниелерге ешқашан көз
алартқан емес.

Мойныма іліне жаздаған моторлар мен
магнитофондар

Бірде совхоз үшін алған үш мотордың біреуіне
облисполком «құда түсті». Директор «Өзім шешемін,
бірдеңе қылып шығарамыз. Бер!» деді. Мен басшылыққа
қалай қарсы келейін, айтқандарын жасадым. Ауылға
келдім. Ауылда жаңағы моторларды қабылдап алатын –
шеберхана меңгерушісі Нəбиолла ағам. Ол маған қатты
ұрысты. Директорға ертіп алып барды. Сол жерде де
біраз сөз болды. Нəбиолла аға маған жақсылық ойлап
жүр ғой.

Шыңғырлаудың бір жігіті Бұлдыртының жаб-
дықтаушысының сенімхатымен шасси машина алып,
оны Ресейге сатып жіберген екен. Бұлдыртылық
шаталып кетіпті. Нəкең маған: «Директорға сені əдейі
апардым, апармасам, мойныңда кетуі мүмкін еді» – деді.
Осындай жағдай бір корей магнитофондарға қатысты
да орын алды. Мұнда да Нəбиолла аға алмаған затты
мойнына іліп алады деп мен үшін шыр-пыр болып
жүрді.

79

Серік Отарєазиев:

Көмек сұрауға жоқ еді

Мен басшылық қызметте жүрген кезде, менен көмек
сұраған жоқ. Мал жинамаған, дүниеге қызықпаған
кісі. Біреулер техникасы сынып, көмек сұрап келсе,
инженермін деп тұрмайды, білегін сыбанып, өзі де
кірісіп кетеді.

Серікбай Нəжиоллаўлыныѕ естеліктері:

Ағайыннан алыстамауды қалады

Тəтем əскерде жүргенде, 1962-жылдың қысында
демалысқа келді. Осы демалысы кезінде демалып-
қыдырып қарап жатпай, үш бірдей үйге шөп əкеліп,
түсірісіп кетті. Қыс кезінде скирдті қазықпен тартып
босату – оңай шаруа емес. Тəтем қолынан іс келетін
адамдарды күшті құрметтеді.

Əскерге техникум бітіріп барды, келгесін офицер
атағын алды. Əскерден келе жатқанда Оралдан оны
Ақболаттың Берігі алып келді. Орынша шешем Нəбиол-
ла қайнысын «Ақтөре» деп атады. Тəтемді ауданға
үлкен қызметке, Жаңакөш совхозына директорлыққа,
басқа да қызмет бабымен өрлеуге мүмкіндік беретін
жұмыстарға шақырды. Бірақ ағайынның ортасында
жүруді қалады.

Осындай бір шақыру кезінде Орынша жеңгесінен:
«Қай баланы қасыма бересің?» дегенде ол қайнысына
«Кез келгенін ала бер» деп жауап беріпті. Қайнысына
сенгені ғой. Бірақ тəтем ағайынға қамқор болуды,
олардан алыстамауды ойлап, ауылынан ұзамапты.

80

Қиналғанға қолұшын созды

Қиналып тұрған кісіні көрсе, бітті, тəтем үшін енді
сол кісіге көмектесу – бірінші кезектегі міндет. Қалай да
бір көмегін тигізіп, мəселесін шешіп бергенше тыным
таппайды. Бір нəрсені тастай қылып айтып берсең, риза
болып қалады. Кез келген нəрсені оңай, қарапайым
қылып түсіндіреді. Тəтемде біреуге еліктеу деген жоқ.
Кім-кімді болса да, орнымен сыйлайды.

Тəтем өте тиянақты, мұқият еді. Ол мəселелерді
үлкен-кіші деп бөлмейтін. Кішкентай мəселеден үлкен
мəселе туындайды деп білетін еді. Көңіл шай беруді
өмірі жібермейді. Қанша жерден коммунист болса
да, бұл ол үшін қасиетті парыз болып табылады. Бұл
парызды өтей алмауды азаматтығына сын деп санайды.
Өзіне осылай үлкен талап қояды. Балшық-балшық
болып мотоциклмен барса да, қалайда көңіл айту,
жұбатудан қалмайды. Бұны өзіне міндет деп біледі.

Заңгерлік оқуға оны совхоздың өзі жіберді. Себебі
сол кезде совхоздар арасында техника бөлісі болды,
сол үшін бір маманды оқытып алуға мүдделі болған
секілді.

Ќыдырєали Ќўрманєалиев:

«Ай, байғұс-ай!» айтылатын кез

Нəкең қай нəрсенің де əділ болғанын қалайды. Өзіне
де талапты қатты қойды. «Шеберхана қолыңда ғой,
арба, бірдеңе істеп алайық», - десең, «қой, неғыласың»
дейтін еді.

Дұрыс емес əңгіме естісе, айтып, ұрсып тастайды.

81

Шалдардың өзі Нəкең бар кезде бөтен сөз айтпай,
тыныш отыратын еді. Кейде маған да ұрсады, ренжіп,
кетіп қалған кезім де болды. Артынан қарап отырсам,
оның айтқанының бəрі дұрыс болып шығады. Қандай
бір жанның бойынан азаматқа сай емес уақ қылық
көріп, көңілі қалса, оны жерлеп-жазғырмай, бар болғаны
Нəкеңнің «ай, байғұс-ай!» деп күлетіні бар.

Ешмат Усалимов:

Алпыс жыл бұрын дәм жолдасып, сыйласып едік

Мен Нəбиолламен бірге көп оқығаным жоқ. Мектеп
бітіргеннен кейін, 59 əлде 60-шы жыл ма екен, техни-
кумға түскенінің қуанышына теміржол ресторанында
достарын қонақ қылып отырғанда бір кездестік. Мен өз
жолдастарыммен бөлек үстелде отыр едім. Жерлесімді
көріп қалып, даяшыны шақырып алып, Нəкеңдердің
үстеліне өз атымнан бір дəм жолдадым. Нəкең менен
екенін бірден ұғып қалса керек, сондай дəм көп ұзамай
Нəбиоллалардан біздің үстелге де келді. Нəкең жұмысқа
жақсы болды. Тура жүрді. Өз ісін жетік білді.

Жанболат Иманєалиев:

Пай бөліскенде артылған сенім

Нəбиолла аға депутат болды. Əдетте ауылда 4-5
депутат болады. Аудандағы депутат саны – 24. Егер
осы 24-тің біреуі болмай қалса, сессия болмай қалады.
Нəбиолла ағамыз əрдайым шындық жағына шырылдап
отырады. Нəкең қазір талап етіп, ұрсып отырса, 1-2

82

сағаттан кейін ренішін ұмытып кетеді, зіл сақтамайды.
Жекешелендіру, пай беру кезінде Нəбиолла аға комисия
төрағасы болды. Дүниебөліс атты өте даулы істі
басқартқаны – халықтың сенім білдіргені ғой.

Єалымадин Єўмаровтыѕ естеліктері:

Ашу басатын айран

Нəбиолла аға қазақы дəстүрді жақсы көрді. Соны біз
жақсы біліп алдық. Бірдеңе бүлдіріп алған кезімізде,
оның үйімізге келе жатқанын көрсек, айран ішіне
құмшекер салып ұсынып, ашуын қайтаратын едік.
Негізі, ағамыз адамға сенгіш, тез алданып қалады.

Мұқтаж жандарды қамқорлыққа алды

Нəкең қарауындағы қызметкерлеріне малдың жем-
шөбін дайындауға жақсы көмектесті. Бұрын істеп кет-
кен зейнеткерлерді де, жетім-жесірлерді де ұмытпайды.
Оларды бірінші кезекте қамтамасыз етіп жүрді. Мысал
ретінде Рахат апайға жасаған қамқорлығын айтуға
болады.

Біздің шеберхананың қызығын біраз ауыл көрді

Компьютермен істейтін сандық фрезер станогі,
аппарат станогі, басқа жерде кездеспейтін осындай
станоктар тек біздің шеберханада істеп тұрды. Басқа
ауылдан бізге келіп, шаруаларын бітіріп жүретін еді.
Ол кезде жаз кезінде өрт жиі шығып тұрады. Дер
кезінде сөндірмесең, шабындық, егін бəрін жайпап

83

кетеді. Нəкең осы өрт қауіпсіздігіне де қатты көңіл
бөлді. Шеберханаға өрт сөндіруге қажетті сапалақтар
жасатты. Бұл құралдың барлық техникада болуын
қадағалады.

Ерекше режимде жұмыс жасаған мекеме

Нəкең секілді жұмысшылардың жағдайын ойлайтын
басшы, сірə, сирек шығар. Ол жаздың аптап ыстығында
жұмыс уақытын өзгертіп, шеберхананың еңбек режимін
төмендегідей қылды: түске дейін 8.00 -11.00, түстен кейін
16.00-20.00. Сөйтіп, шеберхана қызметкерлері аспан
айналып жерге түсіп тұратын 11.00-16.00 аралығында
қоңырсалқын үйде демалуына мүмкіндік алды. Біздің
шеберхана ғана осындай режимде жұмыс істеді.

Зəру Ќўдабайќызы:

Қиналғанда мені шақырды

Қайтуға екі күн қалғанда кіріп шықтым. «Зəке,
түнімен қиналдым. Рəзияны шақыршы, денеме
қолыңды тигізсеңші», - деді. Мен оған: «Жаман емессің
ғой, жазылып кетесің ғой» дегенімде, «Сипасаңшы,
қолың жібектей болып тұр ғой», - деп еді. Бірақ Рəзияға:
«Жаман айтпай, жақсы жоқ, аурулы болып тұр ғой...» -
деп айтып кеттім.

84

Тасжан Ќабенўлы:

Кездескен кісінің бәрін қонақ қылатын еді

Нəкең үйіне кісі келіп қалса, қой іздеп, фермаға
шабады. Сонда оның қамын ойлағандар «Біз саған қой
шығарып берейік, өзің бір бөлек ұстасайшы» дегенде
алмапты.

Бір əдеті – кездесіп қалған кісіні қонақ қылатын. Бір
іссапарда ауылдас Қамал деген кісі кездесіп еді, Нəкең
оған «Жүр, тамақ ішейік» деді. Содан бір қарасам,
жаңағы Қамал үшін ақшаны төлеп жатыр. Қамал маған:
«Сен неге төлемейсің?» деп қояды. Мен «Неге төлеймін,
шақырған Нəкең», - дедім. Қарап тұрсаң, Нəбиолла
ағайда да артық ақша жоқ, бір жалақыға күн көріп
жүрген адам. Өтірік наряд жауып, ақша жасау деген
онда жоқ.

Сырымбай Нəжиоллаўлыныѕ естеліктері:

Шешеме – «Ақтөре», бізге – «Ақтәте»

Орынша шешем жеңгесі ғой, тəтемді «Ақтөре» деп
атады. Жөнімен төрелік айтатын, шыншыл қасиеті үшін
солай атаған шығар деп ойлаймын. Ал біз «тəте» деп
құрметтедік. Тəтем – жақыным болғасын мақтағаным
емес, шын мəнінде біртуар адам. Оның тұсындағы
атқамінерлер мойнына галстук тағып, қолтығына папка
қыстырып, қақиып жүретін еді. Тəтем ондай болған
жоқ, кез-келген шаруаға үстін майлап-былғағанына
қарамастан, кірісіп кететін еді.

85

Көрген қиыншылықтары сырқатына себеп болды

Тəтем шамамен 1989 жылдан бастап ауырды. Сол
жылы ауылға барғанымда «ауырып жүрмін» деді.
Сосын мен оны Ақтөбеге шақырдым. Ол «Басқа
облыстың ауруханасы мені қарай, қабылдай қояр ма
екен?» деп күмəн білдірді. «Ол жағын өзім сөйлесемін,
шешемін» деп, қоярда-қоймай шақыртып алдым. Келіп
қаралған кезде дəрігерлер шұғыл операцияға жату керек
деді. Тəтем – тəртіптің адамы, дəрігердің кеңестерін,
негізінен, сақтап жүрді. «Негізінен» дейтін себебім –
емді-домды уақытымен қабылдады, салауатты өмір
салтын ұстанды, бірақ жұмысты жанын салып, бар
күш-жігерін сарқып істейтін əдетінен танған жоқ. Тəтем
– қандай бір қиянат-əділетсіздік көрсе, шыдап тұра
алмай, араласып кетеді, таяқтың бір ұшы өзіне тиетінін
ойламайды. Осыған жол беріп қойған адамдарға,
үкіметке ренжиді. Тəтемнің бір əдеті – жұрттың бəріне
жаны ашиды да жүреді. Арақ ішіп отырған адамдарды
көрсе, соларға да ренжиді. Өзі үшін емес, жұрттың
қамы үшін күйіп-пісіп, тыным таппауы, əділет үшін
күресем деп жүріп тапқан қиыншылықтары – осының
бəрі бойындағы сырқатына қандай да бір себебін тигізді
деп ойлаймын.

Дерт жанына батса да,
қабағын шытпай жүре алды

Төсек тартып жатқан кезде онымен сөйлесу оңай емес
еді. Тəтем – көзі ашық кісі, медицинадан да тым-тəуір
хабары бар. «Жазылып кетесің», - деп айтып, алдарқата
алмайсың. Жалған айтқанды тез сезетін жəне өтірікті

86

аса жаратпайтын қасиеті бар. Анда-мында, соның
ішінде Алматыға апарып қарату жөнінен əңгіме қозғап
едім, «Сүйрелеп қайтесіңдер?» дегесін қоя қойдым.
Сырқат кезінде мінезі өзгеріп, кейбір адамдар сықылды
беймаза, күйсіз болып кеткен жоқ.

Дертті емес, жұртты ойлаған тәтем еді

Ауырып жатып-ақ, жұртқа ақыл-кеңесін беріп
жатты: «Көрдіңіздер ғой, өмір қысқа, осы қас-қағымдай
ғұмырды дұрыстап сүру керек!» - деп отыратын. Əсіресе,
осы төсек тартып, сырқаты жанына батып жатқан шақта
адамдарды табыстыру ісімен белсенді айналысуға
тырысып бақты. Бірде араздасып, бір-бірінен бөлініп
қалған жұбайлар туралы естігенде: «Қап, мен барсам,
бəлки, жарастырып жіберер ме едім» деп отырғаны
есімде қалыпты.

Жеңгесін емделуге үгіттеп еді

Менің əкем де, Төлеген ағам да тап осы Нəбиолла тə-
темдей болды деп айта алмаймын. Тəтемнің бойындағы
ақжүректік, зеректік, өзге де асыл қасиеттер «тұқымнан
берілді», «туа бітті» дегеннен гөрі, өз-өзімен жұмыс
жасап қалыптастырған қасиеттері болса керек.

Менің шешем екеуі құрдас. Шешем сырқаттанған
кезде тəтем оған «Операция жасатсаңшы, мұндайда
қазақы емнен қайран шамалы», - деп айтып көрді.
Бірақ жеңгесі «Ішектен трубка шығарып, қор болып
жүргенімше, өлгенім артық» - деп көнбей қойды.

87

Индира Нəбиоллаќызы:

Ажалдан арашалаған Ақтөбе сапары

Мен төртінші сыныптан бесіншіге ауысқан 1990
жылы папам қатты ауырды. Оралға барып тексеріліп,
қаралғанда ішек жолдарында ісік табылып, жедел
түрде операцияға жату керек болды. Бірақ папам
Оралдың еміне біртүрлі сене қоймай, операциядан
қашқақтай берді. Жағдайы нашарлап, тамақты отырып
іше алмай, жатып ішетін күйге жетті. Сөйтіп жүргенде
Ақтөбеден ағам Сырымбай келіп жетті. Ол кісі өзі
мамандығы дəрігер еді, папамның жағдайын көріп,
дереу «Ақтөбеге алып кетем» деді. Папам басында
көніңкіремеді, «Қайтесің, Оралдан бастап қаралдым,
нағыз болмай жатса, операцияны сонда жасатармын»,
- деді. Сырымбай ағам: «Оралға, өз басым, сенбеймін,
мен қазір онкология бөлімінде жасап жатырмын, онда
мықты ғалым-дəрігерлер бар. Өзім соларға көрсетемін.
Балаларың тым жас, ең болмағанда, бес жыл өмірің
ұзарады» - деп қолқалап тұрып алды. Балаларын
айтқаны папамның дəл жанды жеріне тиген секілді.
Əкем келісімін беріп, ағам оны Ақтөбеге алып кетті.

Бір жасалғанда папам үш операциядан қатар өтті.
Оңалып кету оңайға соқпады. Бірақ бірге туғанның
бауыры езіліп тұрады ғой. Сырымбай ағам «Дала
құсының сорпасы жақсы болар еді», - деген соң інісі
Төлеген ағам бірден құс аулауға шығып, бірнеше қаз-
үйректі Ақтөбеге жеткізді. Папам сол құс сорпасын
ішіп əлденді. Папамның ағасы Нəжен атам бізге қамқор
болып, қысқы мал азығын дайындап, қора-қопсымызды
жөндеді. Папамыз қасымызда жоқ екенін барынша

88

сездірмеуге тырысты. Папам жазылған соң сол кездегі
уайымын былай əңгімелейтін: «Олай-бұлай болып
кетсем, балаларым шиеттей болып қалатын болды.
Оң мен теріс, дос пен қасын айыратын етіп тəрбиелеп
үлгермедім. «Тек қана шындықты айтыңдар!» деп
үйретіп, өмірдің кедір-бұдыр тұстарында өтіріктің
де пайдасы болатынын түсіндірмедім. Сары ауыз
балапандарым өмірден үнемі опық жеп, «Əкеміз бұлай
демеп еді ғой» деп, таулары шағылатын болды-ау»,
- деп қайғырдым. Тəуба, Сырымбай ағаларыңның
арқасында орталарыңда жүрмін». Осылай сыр бөліскен
əкем сол қатерлі аурудан кейін он төрт жыл өмір
сүрді. Бірге туған бауырлары ажалға араша болып,
өмірін ұзартты. Ол дертінен айығып, басқа дерттен көз
жұмды. Бірақ бірге туған бауыр, туысқан дегенді қалай
жақсы көріп құрметтеуді бойымызға барынша сіңірді.
Қазір бауырларым да солай, туған-туыстың арасы
алшақтамаудың қамын жейді. Сол үшін əке тəрбиесіне
риза боламын!

Әкемді қайтар алдында түсімде көрдім

Жүктілігіме қауіп төніп, ем алып жүрген кезімде түс
көрдім: əкем мен құрдасы Дүйсекеш ағай сыра ішіп отыр
екен. Сол кезде бес баласы бір жылқыны қуалап қораға
кіргіздік. Осы түсіме енген Дүйсекеш ағай əкемнің
қарасына қатысқан кезде сап-сау жүріп, əкемнің жетісін
беріп жатқан кезде аяқ астынан дүниеден озды.

89

Рəзия Сапарєалиќызы:

Бүкіл есі-дерті түз тірлігінде,
үкіметтің жұмысында болды

Егіндікөлге оқу бітіргесін, жетпіс бесінші жылы
бардым. Нəбиолламен «вечерде» таныстық. Содан бір-
екі жылдың ішінде ерлі-зайыпты болдық.

«Серъезный» нəрсені бүлдіріп алып, ұрсатын
шығар деп айтсаң, мəн бермейді. Мен үшін ұсақ-түйек
кінəратты айтсам, қатты ренжиді.

Үлкейгесін үйге көңіл бөле бастады. Оған дейін
үй-семья, шаруашылық бар-ау деп алаң болған жоқ.
Бүкіл есі-дерті сырттың, үкіметтің жұмысында болды.
«Байқамай жүрсем, бүкіл іс-тірлік сенің мойныңда екен
ғой», - деп жүрді.

Наурызбай Исаєалиўлыныѕ естелігі:

«Мені жоқ деп айтыңдаршы!»

Ол кезде отырыстар, кештер болып тұрады. Нəкең
аяқтанып кетсін деп, біз оның осындай жерлерге
барғанын тəуір көріп тұрамыз. Бірақ Нəкең көп
алаңдамады, керісінше, қыздардың өзі Нəкеңе қызығып
тұратын еді. Атырау жақтан бір қыз Нəкеңе ғашық
болып қалғаны есімде. Ол кезде Нəкең – студкеңестің
төрағасы. Сол қыз – басқа қыздардан гөрі жасы үлкендеу,
көруге де көп-көркем, тым жақсы қыз. Бір күні сол есік
қағып келіп тұр: «Əлгі студсовет қайда?» деп сұрайды.
Нəкеңе қарасақ, ол бізге қолын бұлғалап, «айтпа-айтпа!»
деп жанұшырып ымдап жатыр.

90

Иə, Нəкең туралы естеліктерден оның мұсылманның
бес парызына қатысты іс-əрекеттері көрініс таппаса
да, шын исламның басты белгілері – ұят, обал, сауап
мəселелеріне өте мұқият қарағаны байқалып тұрады.
«Көптеген ер адам билік пен байлықтың сынағынан өте
алмай қалады. Бұл екеуіне шыдас берген санаулылар
нəпсінің арбауына төтеп бере алмай қалып жатады»
деген жаны бар сөз бар. Нəкеңнің ауылдық жер
үшін əжептəуір мансап – бас инженер, шеберхана
меңгерушісі, комсомол секретары лауазымын атқарып
жүріп, адамдық бейнесін жоймағанын білеміз.
Нəкеңнің моральдық (мұсылмандық) ұстанымдарына
еріксіз таң қаласың. Шыны керек, Нəкеңе қызыққан
қыз-келіншектер аз болмапты. Солармен бірге оны
оңаша қамап кеткен кездер де болыпты. Сондайда
ешқандай іс-қимыл танытпаған Нəкеңе бір үміткер
қыз «өгіз екенсің!» деп ренжіп кетіпті.

Адамның ең бір қатты сыналатын кезі – соңғы
күндері, соңғы сағаттары. Осы сəтті қалай өткізгені
адамның болмысынан біраз хабар береді. Бұл туралы
қазір жапа-тармағай оқып, аузының суы құрып жатқан
логотерапевт Виктор Франклдің еңбектерінде жан-
жақты жазылған. Нəбиолла ағамыз қатты ауырып
жатып та жұртқа қолұшын беруге ұмтылғаны, ең
болмаса, ақыл-кеңес беріп, көмектесуге тырысқаны,
жары мен бала-шағасына разылығын білдіріп, өзіне
жамандық қылған жандармен жауласпауды өсиет
қылуы оның екі дүниенің қамын қатар ойлаған мықты
руханият иесі екендігін көрсетеді. Біз үшін бұндай
жанға дұға қылып, сүре бағыштау парыз болып
табылады.

91

Жақсылық жасауға құштар еді

Нəбиолла Сафоллаұлының мейірім, жанашырлық
сипатын ашатын осы тарауды Нəбиолла ағаның кенже-
сі Венераның естеліктерінен бастаймын. Кенженің
əкесіне деген сағыныш пен махаббатына малынған
мына естеліктеріне қарап отырып-ақ, кітабымыздың
бас кейіпкерінің қандай адам болғанынан хабар алуға
болады деп ойлаймын:

Венера Набиоллаќызы естелігі:

Уақыт өткен сайын
әкемнің бейнесі биіктей түседі

Папамды еске алғанда, маған оның бейнесі аппақ
періште болып елестейді. Адам болғасын періште
болмайды ғой. Бірақ сонда да жаны өте таза, жүрегі
ақ, мейірімді, адал, əділ, түзу жолмен жүретін адам
еді. Ешқашан ешкімге жамандық ойламайтын. Елге,
халыққа əрқашан жақсылық жасап жүретін. Жасаған
жақсылығын ешқашан міндетсінген емес. Қазір əртүрлі

92

ортада жүремін, əртүрлі адамдарды көремін. Сол кезде
айналама қарай жүріп, мен үшін папамның бейнесі
одан əрі биіктей түседі. Папам осынау дүниенің көзді
алдар қызыл-жасылды қызықтарынан, байлығынан,
атақтан өзін жоғары қоя білді, еш нəрсеге қызықпай,
тек дұрыстық жолында өмірін жүріп өткен адам еді...
Ондай адамдар бұл өмірде өте сирек кездесетін шығар.

Біздің үйде таяқ екеш

таяқтың да өз орны бар

Папам тəртіпке ерекше мəн берді. Біздің үйдегі əр
заттың, тіпті таяқтың да тұратын өз орны бар. «Кез-
келген уақытта, асыққанда немесе жарық болмаған
кезде қиналмай əр затты орнынан тауып алатындай
болу керек», деп айтатын еді. Əр нəрсенің өз орнымен,
тəртібімен, жүйесімен жасалғанын ұнатты. Таңғы шəй
сағат 8.00-де, түскі шəй сағат 12.00-де, кешкі шəй сағат
18.00-де дайын болуын жəне бəріміздің дастарханға бір
мезгілде отырып, бір мезгілде тұруымызды талап ететін
еді. Оның тартпа-сөрелеріндегі əр қысқаш, пышақ,
балғалардың қатаң тəртіппен жайғасатыны соншалық,
оларды көзді жұмып жіберіп ала беруге болатын еді.

Үйдің шығаберіс есігінің жанында бір жуан таяқ
тұрды. Ол сырттан бір оқыс дыбыс шығып, түн ішінде
ит үрген жағдайда іле ала шығатын сойылдың рөлін
атқарды. Ұры-қары еркінсіген 90-жылдары бұндай
сақтық шаралары қажет еді. Сондықтан мылтықтан
бастап, ең аяғы сүйретпе тəпішкеге дейін кез келген
уақытта мініп шаба жөнелуге дайын ат секілді, сақадай
сай əзір тұрды. Осының бəрі папамның талап-тəртібінің
арқасында қалыптасты.

93

Үйдегі әдебиет үйірмесі

Көбіне кешкі шəйдан соң папам өмір туралы
көптеген тəрбиелік əңгіме айтатын. Жазушылардың
шығармаларын талдап, бəрін терең түсіндіріп отырады.
Əсіресе, Абайдың еңбектерін жиі мысалға келтірді.
Бірақ, өкінішіме орай, мен ол кезде кішкентайлау болып,
көп əңгімелері есімде қалмапты. Жаңағы өлең, шығарма
талдауды папам сол үлкен апа-ағаларым мектепте оқып
жүргенде жасаған еді. Үлкен апам мектеп бітіргенде
мен 2-сыныпты ғана бітірдім. Одан кейін мамама
үй шаруасына көмектесіп кеттім. Мамам күні бойы
мектепте сабақта болады. Сондықтан шаруаға жақын
болдым. Үй жинау, ақтау, тамақ пісіру, от жағу деген
жұмыстар күнделікті ісім еді.

Апам Индира: «Оқудан демалысқа келгенімде сен
томпаңдап от жағып, одан шоғын жайып, тарсылдатып
нан пісіріп жүргеніңді көріп таңғалып едім. Мен өзім
ешқашан олай отқа нан пісірмеген едім» деп артынан
айтқаны бар. Үйдің шаруасы қалмаса, сыртқа шығып,
қолдан тезек соғатын едім. Осылай үйдің ішінің де,
сыртының да жұмысына қатар жүрдім. Папам: «Ай, осы
қызым құйтақандай болып, бірдеңе жасап жыбырлайды
да жүреді, жыбырлайды да жүреді, өзің шешең сияқты
бейнетқор болайын деп тұрсың-ау! Не керек сол, тасташы
сол жұмысты» дейтін. Үй жинап жүргенімді көрсе: «Ай,
шешесі, ең болмаса, қызымның қолына үлкен шүберек
неге бермейсің? Өзі құйтақандай, қолында құйтақандай
шүберек. Үлкен үйді сүрткіштейді де жүреді. Біз бұрын
армияда жүргенде бір шелек суды шашып жіберіп,
швабрамен айдатып жуып шығатын едік» - деп маған

94

жаны ашып, швабра да жасап бергісі келді. Мен сонда
үйдің іші швабрамен жууға келмейтінін айтып едім.

Енді қазір қарап отырсам, жұмыс деген өзі бітпейді
екен, сол кезде неге папамның қасында көбірек болып,
əңгімесін тыңдамадым екен деп өкінемін. Папам бəрін
жинап алып, əңгімелерін айтып отырғанда маған
«зеленый свет» болатын: орнымнан тұрып су ішем де,
ішіп тұрып бақыраштың үстінен бір қарап алам, ешкім
маған мəн беріп жатпаған сияқты, содан шығып алам
да, тайып тұрам. «Сен тұрып кетіп бара жатқанда саған
қызығып отыратын едік», - деп кейінірек апа-ағаларым
күліп айтып жүрді. Сол кезде папам «Жүре берсін, əлі
кішкентай ғой» дейді екен. Маған сол кезде папам мені
байқамаған сияқты болып көрінеді.

Әлі күнге дейін
әкелік көңілі мен мейірімін жоқтаймын

Папам мені көп айналып-толғанатын. Ең жиі
айтатын сөзі – «Бір жапырағым, бір жапырақ қызым»
еді. Таңертең иіскеп, еркелетіп оятатын. Сосын бетіме
түкіретін. Мен ол кезде өзімше «неге түкіреді» деп
жаратыңқырамаймын. Сөйтсем, «Ата-ананың назары
баласына қатты түседі, аш қарында түкіру керек» деген
бар екен. Сол үшін жасайды екен ғой. Бірақ кенже
болғаныммен, дегенімді жасататын ерке болмаппын.
Менен гөрі папам үйдің үлкені – апамды дегенін
жасап, қатты еркелетіпті. Апам өзін еркін ұстағаннан,
көбіне папама да еркін сөйлей беретін. Үйде «Үлкеннің
айтқаны – əрқашан дұрыс, дұрыс емес болса да, дұрыс»
деген бір заң бар еді.

95

Папам қайтқан соң, көп ұзамай ағаларым аяқтанып,
өз алдына отау құрып, бөлек шыға бастады. Сонда
бойымды билеген жалғыздық сезімінің əсері ме екен,
папамды жоқтап, сағынатын кездерім көп болды. Қан-
дай да бір ескерту-сынды жүрегіме жақын қабылдап,
қиналып қалатын едім. Тіпті əлі күнге дейін папамның
əкелік көңілі мен мейірімін жоқтаймын.

Қатарымыздан қалмағанымызды қалады

Папам ауырыңқырап үйде жататын кездері еді. Бір
күні түскі шəйді ішіп алған соң, папаның орнына жатып
ұйықтап кетіппін. Көрші Серік ағайдың (марқұм) күлген
даусынан ояндым. Ол кісі папама шахмат ойнауға
келетін. Оянсам да, көзімді ашқым келмей жатыр едім.
Сонда естігенім:

- Қызыңыз шаршап қалыпты ғой.
- Иə, кеше қызым алғаш рет би кешіне барып,
содан шаршап жатыр.
- Еее, қызыңыз өсіп қалды деңіз...
- Уақыт деген сол ғой, келесі жылы өзіңнің
қызың да «Папа, дискотекаға кеттім» деп тұрады ғой.
Бұрын үлкендер кенжесін еркелетіп, жақсы көргенде
түсінбейтін едік, үп-үлкен баланы неге кішкентай көреді
деп. Қазір түсіндік қой, кенже деген тəтті болады екен.
Қанша жасқа келсе де, мен үшін құйтақандай кенже
қызым ғой.
Əрине, сол кезде папаның ол сөздерінен ештеңе сез-
бедім. Папам қайтып, бірнеше жыл өтіп, есейген шақта
сол сөздерді жүрегім езіліп, еске алып отырамын.
Əр сенбі сайын мектепте би кеші болатын еді. Бір
сенбіде биге баруға зауқым соқпай, бармай қалдым.

96

Папам келіп: «Қызым, бүгін би кеші болмай ма?» деп
сұрады. «Болады, өзім барғым келіп тұрған жоқ» дегем,
«Неге, қызым? Қатардан қалған дұрыс болмайды, бар,
бар, ақша керек болса, тартпадан алып бара ғой» -
деп мені дискотекаға жіберді. Бəрі папамды қатал деп
айтқанымен, ешқашан бізді шектемейтін. Баратын
жерімізге ескертіп, рұқсат сұрасақ, жібере беретін еді.

Әкемдей бауырмал адам жоқ шығар, сірә

Əкем – отбасылық қарым-қатынас пен отбасылық
құндылықтарға ерекше көңіл бөлген адам. Өте
бауырмал кісі болды. Барлық туысты бірлікте ұстағысы
келді. Бауырларының балаларын өз балаларынан
артық болмаса, кем жақсы көрген жоқ. Таңертеңгілік
шəйдің басында «Осы түсімде денемнің оң жақ бөлігі
ауырсынса, Төлегеннің (інісі) жанұясына, сол жақ
бөлігім ауырсынса Нəженнің (ағасы) шаңырағына
көрінеді. Өздері аман ба екен, қалдері қалай екен?» деп
ылғи уайымдап отыратын. Əулеттің болашағы, бірлігі
туралы өте көп ойланып, уайымдайтын. Тіпті кей
түндері көп уайымдағаннан, ұйықтамай шығып жүрді.
Сол бауырмалдығынан шығар, барлық туыс əрдайым
жиналып, папаға сəлем беруге келіп тұратын еді. Папам
қуанып, малын сойып, бəрін қонақ қылып жібереді.
Əрқайсымен жеке сөйлесіп, жағдайларын сұрап, ақыл-
кеңесін айтып, өмірге бағыт береді. «Менің мал-мүлкім
– сендердің мал-мүліктерің. Керек уақытында еш
қысылмай келіп, қажеттеріңе жарата беріңдер. Малды
сойып аласыңдар ма, тірілей аласыңдар ма, өздерің
білесіңдер» - деп айтып отыратын еді. Кез келген
уақытта туыстар келіп, қойын қойдай, ірі қараны ірі

97

қарадай сойып, əлде тиеп алып кетіп жүрді. Заманында
ірі кəсіпорында жұмыс істеудің реті шығып, папамды
қалаға шақырған. Сонда əкем «Ағайын-туыстарымнан
алшақтамаймын» деп атақ, жұмыс, байлық – бəрінен
туысқанды артық көріпті.

Папам тек өз отбасын ғана емес, бүкіл əулетті ойлап,
мал сойып, «аталардың рухы қолдап жүрсін» деп, түнек
ұйымдастырып тұрды. Едіге атаның, Бисеке атаның,
Сүлеймен атаның бастарына барғанымыз есімде. Мен
кішкентаймын, осы сапарларымызды жорық ретінде
қабылдап, қуанатын едім.

«Бұл бір дұрыс біткен іс болды»

Папам өте қонақжай болды, үйімізден қонақ
арылмайтын еді. Ауылымызға адамдар көшіп келсе,
көшіп кететін болса, бірінші болып біздің үй шақырады.
Ораза кезінде мектеп жасындағы кішкентай балаларға
дейін ауызашарға аяқтай шақырады. Кісісі қайтқан
үйлерді көңілшəй беру үшін тізімдеп жүреді. Ауылға
басқа жақтан кісі келіп жатса, өзі барып, қонаққа
шақырып келетін. Қонақ тарқағаннан кейін арқасынан
бір жүк түскендей қуанып: «Бұл бір дұрыс біткен іс
болды» деп жадырап отырушы еді.

Кітапты көп оқыса да, көзі өткір еді

Папам кітапты өте көп оқыды. Студент кезімде
ауылдыңкітапханасынабарыпжүргенімде,кітапханашы
Талшын апай «Папаң кітапты өте көп оқыды ғой. Маған
əр кез келіп «жаңадан кітаптар түскен жоқ па?» деп
сұрайтын, келсе, сол жаңадан келген кітаппен танысып

98


Click to View FlipBook Version