© «Қазығұрт» баспасы», 2013 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) М 14 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған жəне ой-пікірлерін топтастырған Тоқтар Бейісқұлов, профессор, Қазақстан Əлеуметтік академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан гуманитарлық академиясының академигі, Қазақстан тарихи-ағарту «Əділет» қоғамы Басқармасының мүшесі. Майлин Б. М 14 Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2013. Т. 13: Құжаттар, деректер, пікірлер / құрастырған Т.Бейісқұлов. – 384 бет. ISBN 978-9965-22-448-5 Бұл 13 томға да Б.Майлиннің заңғар тұлғасы, мол адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттері жан-жақты, асқан ілтипатпен, зор құрметпен əңгімеленген мақалалар, жарияланымдар құрастырылып енгізілді. Əдептіліккежүгінген Т.Бейісқұлов өзінің зерттеу еңбектерінің бірнешеуін ғана бұл томның соңына енгізіпті. УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) ISBN 978-9965-22-448-5 (Т.13) ISBN 9965-22-011-5
5 Рəзия РҮСТЕМБЕКОВА Б.МАЙЛИННІҢ ПЬЕСАЛАРЫ Бейімбет Майлин – қазақ совет драматургиясының іргетасын қалаушылардың ең көрнекті өкілдерінің бірі. Аз жылдар ішінде-ақ ол ірілі-уақты жиырмаға жуық пьеса жазды. Оның драматургиядағы алғашқы қадамы шағын формада басталады: Тілге тиек болар тырнақалдысы «Неке қияр». Драматург «Неке қиярда» феодалдық əдетсалтқа қарсы тұрып, бас бостандығы үшін күрескен Зəуре сияқты қазақ қызының образын сахнаға шығарды. Сөйтіп, ескіліктің шырмауынан шыға алмай тағдырға мойынсұнған қыздарды бас бостандығы күресіне шақырды. Ескі салтпен күресте оларға совет заңы əрқашан қорғаныш болатындығын көрсетті. «Неке қиярда» автор ескі əдеттің құрсауын бұзып шыққан Зəуре сияқты қыздарды үлгі етіп ұсынса, ендігі бір пьесаларында сол əйелдердің ерлермен қатар жаңа социалистік құрылысқа араласқанын көрсетті. Оған «Протокол» атты бір актылы пьесасы дəлел. Оқиға желісі автордың «Күлтай болыс», «Раушан коммунист» əңгімелерімен өзектес. Пьесадағы басты тұлға – Зүкен. Раушан, Күлтайлар басынан кешкен қиыншылықты Зүкен де өткереді. Зүкенді əуелде «бай қайнағалары» əйел деп менсінбей оған мысқылмен қарайды. Пьеса соңында Зүкен жолындағы қиыншылықтарды жеңіп, жаңағы мысқылшыларға өз күшін танытады. Суреттеліп отырған кезең ауылды советтендіру дəуірі. Пьеса тақырыбы өте құнды. Шығармада көркемдік пен композиция жағынан
6 кемшіліктері болғанмен, автор басты тұлға Зүкенді жаңа құрылыстың белсенді қайраткері ретінде дұрыс көрсете алған. Драматургтің шағын пьесаларында терең қамтып, үлкен суреткерлікпен жазған тақырыбы сол кезде күн тəртібіне қойылған колхоздасумен байланысты. Мысалы, «Келін мен шешей», «Жасырын жиылыс» пьесаларын алайық. «Келін мен шешейде» автор колхозға жат элементтерді əшкерелеу арқылы еңбекшілерді қырағылыққа шақырады. Ал, «Жасырын жиылыста» Бейімбет колхоздасу дəуірінің бір кезеңін суреттейді. Бұл пьеса Майлиннің шағын пьесаларының ішіндегі күрделісі жəне кейіпкерлер характерлерінің даралығын суреттеу, оқиға құрылысын жасау, психологиялық шиеленістерді шешу жағынан қызықтысы. Отызыншы жылдардағы шағын пьесалардың олқылығының бірі кейіпкерлер диалогтерінің əлсіздігі болатын. Майлин диалог жасаудағы шеберлігін шағын пьесаларында танытты. Бұған ұзақ баяндаулар орнына нақтылы əрекет арқылы сахналық көркем шешім тауып берген «Неке қиярдағы» Жəлен мен Зəуре арасындағы диалогтар жəне «Жасырын жиылыстағы» диалог арқылы шебер бейнеленген психологиялық көріністер дəлел. Мұнда кейіпкерлердің мінездері олардың оқиғаға араласуы арқылы жəне өзара қақтығысуы нəтижесінде ашылады. Жазушының тағы бір ерекшелігі – ол шағын пьесаларында композиция құру шеберлігін көрсетіп, шығарманың оқиғасын бір қазықтың төңірегіне топтастыра білді. Б.Майлиннің ірі туындыларынан алғашқы баспа бетін көрген «Көзілдірік» (1929 ж.) «Көзілдірік» үш перделі комедия. Тақырыбы – ауылды советтендіру. Мұнда болыстыққа əртүрлі жолмен өтіп алған бұрынғы бай мен оның құйыршықтары əшкереленеді. Пьеса мазмұны сол кезең үшін аса бағалы болғанымен, Б.Майлиннің драмалық үлкен шығарма жазуда əлі ысыла қоймағандығы пьесаның композициясынан, конфликті құруынан, кейіпкерлердің образдарынан аңғарылады. Б.Майлиннің драматургияның ірі саласында үлкен суреткерлігін танытқан пьесасы «Майдан». «Майдан» пьесасында
7 келісімге келмейтін екі таптың күресін көреміз. Майданның бір жағында іргесі сөгіліп, үміті қырқылған, күні өткен бай табының қалдығы мен оның шашбауын көтерушілері Бекболат, Мамық, Жұмағұл, Есен, Көдебайлар, екінші жағында совет өкіметі арқасында теңдікке қолы жеткен Досан, Орынбай, Ержан, Дəурен, Зəуре сияқты кедейлер тобы. Осы топтардың арасындағы тартыс шығарманың негізгі өзегі. Автор ұнамды образдардың ой-санасының өсу жолын, мінездерінің қалыптасуын сол кезеңге сəйкесті шығуға күш салған. Орынбай, Досан, Зəуре, Ержандар тап күресіне бұрыннан араласып ысылған адамдар емес, бəрін де сол дəуірдегі тап тартысы сахнаға шығарған күрес ерлері, күні кешегі Бекболаттың батрактары. Драматург олардың күресте шынығып өскенін нанымды жеткізе білген. Бұл кедейлердің əрқайсысының өзіне лайықты өсу жолдары бар. Пьесада ерекше атап өтетін образ Зəуре. Ол сауатын ашқан партия мүшесі. Сонда Зəуре драматургтің шағын пьесасы «Протоколдағы» Зүкеннің толысқан, есейіп, ысылған жалғасты бейнесі. Майлиннің «Майданындағы» жағымсыз топтардың өкілдері де нанымды болып шыққан. М.Əуезов Қазақстан жазушыларының I съезінде «Драмалық құрылыс жағынан Бейімбет пьесалары біздегі үлгі беріп отырған пьесалар. «Майдан» айналасында талай «Майдандар туады» деген еді. Б. Майлиннің «Талтаңбайдың тəртібі» атты сатиралық комедиясы да сол отызыншы жылдарға тəн оқиғаға арналған. Автор колхоздасу дəуіріндегі «шаш ал десе, бас алатын». əпербақан, жалған өкілдердің сорақы істерін əшкерелейді. Пьесадағы бастыобраз Талтаңбаев «зорлау, əкімшілікжасау», əдістерін қолданады. Негізгі тартыс осы образдың айналасында құрылған. Дұшпандар тобына қарсы күресіп жүргендер бұрынғы партизандар, совет өкіметін орнатуға қатысқандар, колхоз мүшелері Жанбол, Ақсүйрік, комсомолдар Қамза, Жұпар, Қайдар т.б. Драматург жағымды топты суреттегенде, əсіресе, əйелдер тобынан Ақсүйрік образын шеберлікпен бейнелеген. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру процесін
8 таптық күрес тұрғысынан көрсету арқылы Бейімбет осы шығармасының саяси маңызын онан əрі жоғары көтерді. Б.Майлин драматургиясында елеулі тақырыптың бірі халқымыздың басынан кешкен ауыр күндердің тарихымен байланысты болып келеді. Он алтыншы жылғы көтеріліске арналған «Жалбыр», азамат соғысынан бастап ауылдағы кедейлердің жеңісіне арналған «Біздің жігіттер», халық батыры Аманкелді жайында Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған «Аманкелді» пьесаларын атауға болады. Б.Майлиннің аса зер салып көп жазған тақырыбы əйел тағдыры. Бұл тұрғыда «Шұға» аттымузықалық драманыатап өткен жөн. Шұға сүйген жігіті Əбішпен қосыла алмайды. Бұлардың басындағы күй С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Ахмет пен Қамар тағдырына ұқсас. Қамар əділетсіздікке қарсы əрекет жасамай дəрменсіздік көрсетсе, Шұға өзінің бас бостандығы үшін күресе біледі. Ол озбыр əкесіне де қарсы күреседі. Ақыры у ішіп өледі... Өз өлімімен сол үстем тапқа лағнет қарғысын айтады. Трагедиялық коллизияны бұл жерде автор оқиғаның заңды дамуынан əкеліп шығарады. М.Горький пьеса туралы пікірінде совет драматургиясының идеялық-тəрбиелік маңызын атап көрсетумен бірге драмалық шығарманың негізгі қазығы конфликтіде, ол конфликті əр түрлі характерлердің қақтығысынан туып жату керек десе, Б.Майлин пьесаларынан бұл талаптарды айқын аңғарамыз, Б.Майлиннің драматург ретінде күшті қалам қайраткері екендігін танытатын бір шеберлігі диалогтарды əр характерге, өмір сүрген ортасына, психологиясына лайықты даралап бере білуінде. Мысалы, «Талтаңбайдың тəртібінде» колхозшы əйел Ақсүйрікті алсақ, оның сөздерінен өткір мінезді, пысық, колхозжұмысына берілген əйелдің қимылы, бет əлпеті көз алдыңа елестейді. Ал Бəкен мінезі Ақсүйрік мінезіне мүлде қарама-қарсы. Оның сөздерінен ынжық, қорқақ, бірақ адал адамды көреміз. Драматургтің басқа пьесаларындағы характерлер де көбінесе осындай шебер əдіспен көрсетіледі. Майлин творчествосының өзіндік бір ерекшелігі – жазушының күшті юморы. Бұл юмор жағымсыз типтер – бай,
9 молдалар мен талтаңбайларды суреттеуде айқын көрінеді. Осыларға мінездеме бергенде ащы əжуə, мысқыл орын алса, жағымды кейіпкерлердің күлкі шақыратын мінезқылықтарын жеңіл юмормен сипап өтеді. Тағы бір көңіл аударарлық ерекшелік – бір кейіпкерді бірнеше шығармада қатыстыру арқылы соның тұтас толық образын жасау. Кейбір кейіпкерлер жазушының очерк, фельетондарында, əңгімелеріндегі геройлар пьесаларында тұтас, толық образ болып қалыптасады. Мысалы, «Протоколдағы» Зүкен, «Жасырын жиылыстағы» Рахила, Несібелі, «Майдандағы» Зəуре жəне тағы басқалар. Б.Майлин пьесаларынан халқымыздың басынан өткен қиын белестердің картинасын, ұлы табыстарын көреміз жəне осыған сəйкес жаңа қоғамның құрылысшысы еңбекшілердің санасының эволюциясын байқаймыз. Драматург өзінің пьесаларымен қазақ театр өнерінің дамуына мол үлес қосты. Б.Майлин пьесалары өз дəуірінің келелі мəселелерін кең қамтыған көркем туындылар. Оның «Жалбыр», «Шұға», «Майдан», тағы басқа драмалық ірі шығармалары қазақ театрларына əлі де қажетті асыл қазына болса керек-ті. «Қазақ əдебиеті» газ., 1965 ж., 14 мамыр.
10 Темірғали НҰРТАЗИН БЕЙІМБЕТ Б.Майлиннің өмірі мен творчествосы əр мезгілде, əр дəрежеде зерттеліп, сын тезіне түсіп келеді. 20-жылдарда сын жеке шығармалары төңірегінде болды. Жазушы шығармаларын сол кездегі көлемінде түгел қамтуды көздеген сын санамалы (М.Бейсенұлы, С.Садуақасұлы), Ғ.Тоғжановтың кітабындағы пікірлер («Əдебиет жəне сын мəселелері, 1929 ж). Б.Майлин шығармаларын түгел зерттемеген, атүсті, сыңар-жақ, кінəлау нысанасындағы сын еді. Соның нəтижесінде жазушы турасында дұрыс ұғым құралмай, оқушытеріс түсініп, жаңсақ қорытындыжасарлық жағдай туды. 30-жылдарда Б.Майлин жайлы сын əрқилы еді. Бірқыдыру əділ сындар болды. (С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, М.Əуезов, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, Е.Ысмайылов, З.Кедрина, Қ.Өтепов, С.Ерубаев). Ұшқары, ұстамсыз солақай сындар да болды, (Р.Уəлиахметовтің, т.б. сындары). Б.Майлинді кең зерттеу 1956 жылдан бері кең өріс алды... Газет, журналдарда көптеген мақалалар жарияланды, диссертациялар жазылып, қорғалып жатыр. Оқулықтарда, Академияның Қазақ совет əдебиетіне арналған очеркінде Майлин творчествосы дербес тарауда талданады. Зерттеушілер (Қ.Жармағанбетов, Т.Қожакеев, Б.Наурызбаев, Р.Рүстембекова, Б.Кенжебаев, Т.Кəкішев, С.Ордалиев т.б.) жазушыны жұртшылыққа таныту жолында бірсыпыра еңбек істеді. Бұлар үлкен жазушының əдеби мұрасын, өмірін тереңдей тануға қызмет істеп жатқан пайдалы еңбектер. Дегенмен, зерттеулерде елеулі кемшіліктер бар. Майлин өмірі туралы мəліметтер əрқилы, жалпы аймағы белгілі дерек жайында болмашы мəліметке сүйеніп, əртүрлі тұжырым жасау бар. Зерттеушілер көбіне, жазушының талай жарияланып, жұртқа əйгі болған шығармаларын төңіректей беріп жүр. Қаламгердің қаламынан шыққанды ірісін-ұсағын, зор маңыздысын, жұпыны-шағынын, фельетон, очерк,
11 заметкаға дейін түгел жинамайынша, түгел білмейінше тұжырымды пікір айту мүмкін емес. Майлин творчествосын жан-жақты қамтып, ғылыми зерттеу бірден бола қоймайтын, түбегейлі, қат-қабат қиын міндет. Оны əрсалада істеп жүрген əдебиетшілер күш қосып тыңдыруға тиіс. «Қазақ совет əдебиеті тарихының очеркінде» Б.Майлин «Ғалияда» 1913-1914, 1914-1915 оқу жылдары оқыған делінген. С.Ордалиев, Б.Майлин «Ғалияда» 1913 жылдың күзінде түсті, «алты айдан кейін тұрмыс жағдайының нашарлығынан, оқуға қаражаты болмай, 1914 жылдың басында» еліне келіп мұғалімдік істеді, дейді. С.Ордалиевтің пікірінше, «Медреседе оқу мерзімі бес жыл болады», Т.Əбдірахманова: «Бейімбет «Ғалияда» небəрі төрт ай ғана оқып науқас болуы себепті шығып кеткен... орыс тілін 1919-1920 жылдары өздігінен оқып үйренеді», – дейді. Зерттеушілердің кейбірі: Б.Майлин орысша оқымаған, орыс классиктерімен совет тұсында ғана танысқан, «Шұғаның белгісі» 1914-1915 ж.ж. жазылып, «Садақ» қолжазба журналында басылған жоқ, 1919-1920 жылдары жазылды деген пікірді қуаттап жүр (Т.Əбдірахманова, т.б.). Жазушының оқуы, алғашқы творчестволық қадамы жайында əртүрлі пікір айтушылар Б.Майлиннің 1931 ж. «Жаңа əдебиетте» (6-7 номер) жарияланған мақаласына сүйеніп жүр. Онда автор «Арғынбай Хажы медресесінде... екі жыл болдым», «Ғалияда» төрт ай оқып, ауырып шығып кеткенмін», – дейді. Ол орысшаны да февраль революциясынан кейін оқып хат таныған, əңгіме жазуды 18-19 жылдардан бастаған секілді. Жазушының өзі туралы өз қолымен жазғаны – ең тыңғылықты дерек; зерттеуші соған сүйенуі керек. Алайда, осыталассызқағиданыБ. Майлинніңөмірбаянымен, оқуымен байланысты аздап бұзып, автордың жоғарыда келтірген мақаладағы деректеріне біраз түзету енгізуді орынды, тіпті қажет деп табамыз. Бұлайша батыл қадам жасағанда біз автордың басқажердежарияланған деректеріне, жазушының «Ғалияда» бірге оқыған Башқұрт ақыны Сайфи Құдаш пен қазақ журналисі Абдырахман Мұстафинның деректеріне жəне бірқыдыру басқа мəліметтерге сүйенеміз.
12 «Ғалия медресесінде тіл мен əдебиет оқытушысы болып істеген Ғалымжан Ибрагимов бізге кластан тыс тілеген тақырыпқа шығарма жазуға тапсырды. Мен өзім «Сабантойы алдында» атты кішкене хикаясымақ бірдеме жаздым. Ал Бимұхамбет «Шұғаның белгісі» деген бір хикаясын тапсырды. Бұл хикаяны ол бұрын жазды ма, əлде тапсырынды бойынша жазды ма – оншасын білмеймін. Хикаяға Ғалымжан Ибрагимовтың қандай баға бергені де жадымда сақталмапты». Сайфи Құдаш екінші кітабында «Ғалияда» басқа табиғи-ғылыми пəндермен қатар, орыс əдебиеті, орыс тілі оқылғанын айтады. «Мұнда шəкірттер өздерін еркін ұстайды, музыка аспаптарында ойнайды, өлең айтады, театрға барып тұрады. Əркім өзінің мүмкіндігіне қарай киінетін. Шəкірттер орысша ұзын ғып шаш қоюшы еді. Оқуға зауқың соғады екен, – медресенің кітапханасында орыстың жəне татардың жазушыларының кітаптары, шығыс классиктерінің еңбектері бар. Орыс, татар, араб тілдерінде газет, журналдар да жеткілікті болатын». Бұл мəліметтер «Ғалия» медресесінің ғылыми дəрежесі жақсы болғанын шəкірттерге терең де жан-жақты білім беруді көздегенін дəлелдейді. Россиядағы шығыстық халықтар үшін ол кезде орыс əдебиетін, мəдениетін, тілін тереңдей білудің, игерудің ерекше маңызы бар-ды. Орыстың прогрессивтік мəдениеті арқылы бұратана елдердің арасына революциялық идеяның тарау мүмкіндігі бар еді. Осы жағдайларды ескерсек, «Ғалияда» орыс əдебиеті мен орыс тілінің қалаулы дəрежеде оқытылуы игі нəрсе болған. Сайфи Құдаштың келтірген мəліметтеріне қарағанда, «Ғалия» медресесіне Россиядағы революциялық идеяның белгілі дəрежеде əсері болғаны байқалады. ...Əке-шешесінен қаршадайынан айырылып, жетім қалған Б.Майлиннің ағайындарының аз-маз көмегіне сүйеніп, аулында болыстағы медреседе, «Уазифада», «Ғалияда» оқуы, «Ғалияда» қолжазба «Садақ» журналының редакторы болуы, журналдың үш номерінде «Шұғаның белгісі» повесін жариялауы – ой жүгіртіп терең толғануға тұрарлық факторлар. Атақты қоғам қайраткері, ағартушы Ыбырай
13 Алтынсаринның ұзақ жыл оқу-ағарту игілігінің ұрығын кең шашқан Торғай, Қостанай аймақтарында мектептердің болуы, оларда Бейімбет секілді жетімдердің де тынымсыз оқып жүруі – заңды нəрсе. Алайда солардың бəрінде жаңа сыр барын арнайы еске салуорынды. Солмектептерде оқуғаБейімбеттейлердіңқолы жетуі де, «Уазифа», «Ғалия» мектептері де 1905 жылғы орыс революциясының жемісі болатын. В.И.Лениннің айтуынша: «1905 жыл – Шығыс тапжылмастығының, ақырының басы» еді. Оны қалың бұқара сезген де, танып ажырата қойған да жоқ-ты. Бірақ қала-даланың бəрінде дауылдай қимыл, талап мол еді. Оны тоқтатар ешқандай құдірет жоқ-ты. Үзбей оқыған, тынбай əрекеттенген, қажымай ізденгендер бəрін ажыратып таныған кезде, нысаналарын бағдарлап, сара жол сызған кезде жойқын өзгерістер болатыны даусыз еді. Сондықтан «Ғалия» секілді қоғамдық күресті үлкен жолдан бұрыстау тұрған оқу орындарында да революциялық жұмыстардың ірге жаюына таңдануға болмайды. Б.Майлин бала жəне жас өспірім шағында қандай жағдайда қалыптасты? – деген сұраққа: – 1905 жылғы революциядан кейінгі рухани өрлеу жағдайында тəрбиеленді, білім алды, саналанып қалыптасты, деп жауап беру лайық. Ол кездегі қоршаған жағдай сананы зеріктірмей күн сайын тың да, қызық та рухани сыбағалар ұсынып тұрды. «Ғалиядағы» татар, башқұрт шəкірттері «Парлақ» атты ғылыми, əдеби, күлкілі қолжазба журнал шығарып тұрады. Қазақ шəкірттері де қалыспайды. «Парлақ» 1913 жылы шыға бастаса, олар 1914 жылы «Садақ» атты қолжазба журнал шығарады. «Ғалиядағы» жалпы тəртіп бойынша «Парлақ» та, «Садақ» та кітапханаға тіркеліп, көпшілік пайдалану үшін оқу залына берілді. «Садақтың» жаңа номері қазақ тілінен қазақ авторы жасаған оқулық шығып, «Ғалияда» қолдануға берілген кезде жарық көреді. Ұлт ала көздігі тез тұтана қалатын патшалық дəуірде татар мұғалімдерінің біразы қазақ тілі оқулықтарын қомсынады, оқудыбұрынғышататартіліоқулығыменжүргізе береді. «Бір топ қазақ шəкірттері, – деп жазады Сайфи Құ-
14 даш, – бұл маңызды мəселені «Қазақ» газетінің бетінде көтерді. Татардың либералдық буржуазиясынық газеті «Уақыт» қазақ шəкірттерінің талабына қарсы шықты». Шəкірттер арасында айтыс ұлғая түседі. Татардың екішəкірті кітапханаға қойылған «Садақты» ала салып айғайлайды: «Мұнда татар медресесі! Қазақ шəкірттері ресми татар тілінде жазатын болсын!» Қазақ шəкірттері жаңағы мінезді өте өрескел деп тауып, «Ғалия» бастықтарына арыз етеді. Асқына бастаған мəселеге Ғалымжан Ибрагимов араласып, жалпы жиналыста баяндама жасайды. Тілдер, тең дəрежеде, дейді ол, əр халық өз тілімен пайдалануға ерікті. Əдеби тіл халықтың рухани талабынан туады. Тереңнен шығып жатқан күшті бұлақты тоқтата алмайсың. Қалай бітесең де, ол тесіп шығып, өзіне арна сала береді. Тіл мен əдебиеттер де сол бұлақ секілді». Жиналыста сөйлеген Бейімбет Майлин, Нұғман Манаев, Жиенғали Тілепбергенов, Ғ.Ибрагимовтың пікірін қолдайды, əділдік үшін рахмет айтады. «Уақыт» пен «Қазақтың» арасындағы айтыспен байланысты жəне «Ғалия» медресесінде қазақ тілін қазақ кітаптары бойынша оқыту мəселелерін ойласу үшін Уфаға «Қазақ» газетінің басшыларының бірі келеді. Оған барып ауызба-ауыз сөйлескені жөнінде Бейімбет Сайфи Кұдашқа қуанышты түрде хабарлайды – «Ғажайып, – деді ол маған қуанышты пікірін білдіре сөйлеп, – Мен жаңа ғана үлкен адамдарға жолығып қайттым. Уфаға біздің «Қазақ» газетінің редакторы келді. Кеше ол қазақ шəкірттерін жинап əңгімелесті. Мені қабылдасаңыз, деп өтініш еттім, ол сөз айтпай қабылдады. Əңгіме менің өлеңдерім туралы болмақ еді. Қонақ үйдегі бөлмесіне барып, Ғалымжан Ибрагимов пен Мажит Ғафуридің отырғандарын көргенімде таңдағаннан көзім шарасынан шыға жаздады. Үшеуі қызу сөйлесіп отыр екен, Отыру қолайсыз екенін сездім, əйткенмен бұрышырақ жерге барып орын алдым. Редактор менімен қазақ жастарының қазіргі назарын аударып жүргенмəселелержайында əңгімелесті, олменің өлеңдерімді «Қазақ» газетінде жариялаймын деді». Б.Майлиннің «Штат» деген өлеңі «Қазақ» газетінде 1914 жылы жарияланған болатын. Сонан бері оқта-текте, əңгіме,
15 мақала хабарлары басылып жүретін «Қазақтың» көрнекті авторларының қатарына кіре қоймағанымен, Майлиинің аты редакцияға белгілі еді. Сондықтан болашақ көрнекті қаламгердің «Садақ» қолжазба журналының редакторы болуы, «Ғалиядағы» қазақ тілі оқулығын пайдалану жөніндегі таласқа белсене қатынасуы, қазақ жастарының алдындағы кезекті міндеттері туралы пікір алысуға қызу араласуы, татардың, россиялық шығыс елдерінің көрнекті ойшысы, жазушысы, ғалымы Ғ.Ибрагимовпен тығыз байланысқа еніп, пікірлесіп жүруі – осының бəрі табиғи, заңды, солай болуға лайық нəрселер еді. Сонымен 1916 жылдар шамасында Б.Майлин мол білім құрап, жазушылықжағынанқазақ, татар, орыс əдебиеттерінің тəжірибесін бірқыдыру пайдаланып, творчестволық жағынан едəуір ысылып үлгерді. Ал, əлеуметтік жағынан өзінің идеялық нысанасын бағдарлап айқындамағанымен, ол заманындағы қоғамдық ұлы қозғалыстың жуан ортасына енді, халыққа қызмет істеуге белсеніп, əлеуметтік үлкен жолға бір жола шықты. Б. Майлин жасында байдың қозысын, қойын бағып, сызға жатып жүріп денесін сан рет суық қармаған болатын. Сол зардап ақыры шығып, ол ауырады. Ол қалпында оқуға болмайтынын көрген соң Сайфи Құдаш пен А.Мұстафиннің айтуына қарағанда, 1916 жылдын февраль-март айлары шамасында «Ғалиядан» кетіп Троицк қаласындағы Бəкір Алдияров деген дəрігерге келіп емделеді. Ол емделе жүріп «Уазифа» медресесінде көктемге дейін оқиды. Бұл арада есте болатын нəрсе: Бейімбет медресе «Ғалияға» біздің əдебиетшілер айтып жүргендей 1913 жылы емес, 1914 жылы түседі. 1913 жылдың күзінен 1914 жылдың көктеміне дейін «Уазифада» оқиды. Жарты жыл емес, бір жарым жыл оқиды. «Ғалияда» оқу бес жылдық емес, алты жылдық. 1916 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың ақырына дейін Б.Майлин ауылда мұғалімдік қызмет істейді. Бұл қызметтен 1918 жəне 1919 жылдары біраз уақыт үзіліс жасап, қайта оралады. Мұғалімдікті, ол əуелі Троицкіге жақын Сарой болысының 4 ауылында жаңадан ашылған мектепте жасайды. Мектептің
16 ашылуына арналып үлкен той болады. Оған Троицкідегі «Уазифа» медресесінде оқитын, көркемөнерге қатысты шəкірттер шақырылады. Олар хор айтады, тақпақ айтады, əдеби шығармаларды көркемдеп оқиды. Ол кезде «Уазифаның» шəкірті Серке Қожамқұлов (қазіргі Қазақстан халық артисі) Бейімбеттің «Мұсылмандық белгісі» деген өлеңін мəнерлеп оқып береді, Келесі жылы Бейімбет Тобыл бойындағы Қарағыз елінде Сағымбаев Нəсілбектің үйінде ашылған мектепте мұғалімболады. 1918 жылдан бастап ол өз елінде, Əйет өзенінің жағасындағы Ақтөбе деген жерде мұғалім болып тұрады. Бейімбетқолыбосуақыттардадашешенсімеген, ешкіммен сөз таластырмаған, жұрттың алдына түсе сөйлемеген, көңіл қазынасы тым мол адамдардың дəстүрін тұтынып, көп жағдайда жақсы-жаман сөзге араласпай, асыл қазынасын тереңіне қымтаған тау биігіндей, үнсіз қалып отырған. Жолдастық бас қосуларда Бейімбет қалың қара шашын үш саусағымен еңбегінен асыра ширата беретін, дейді жолдастары, бірақ көз реңі əрқашан ойлы болушы еді, кезекті шығарманың бірдеңелерін көңілімен жорамалдап, ойымен өзі болып отырғаны байқалушы еді. 1931 жылғы мақаласында («Жаңа əдебиет», № 6-7) жазушы былай дейді: «Жазу соңына түсіп отырған кезім де жоқ, отыруға уақыт та жоқ. «Аттың жалында, атанның қомында» сияқты мұршаң келгенде бір нəрсені жазған боласың, оны өңдеуге, кестесін келтіруге көбіне уақытжоқ». Жазуға арнаулы уақыты болмағаны рас. Б.Майлинді 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде қызметтес болғаннан бері білетін қарт журналист Мерғали Ешмұқамедов газеттің ауыр жұмыс атаулысыүнемі Майлиннің мойнында болғанын айтады. Сондықтан жазушы көптеген редакциялық жұмыстарды алып кетіп, үйінде қызметтен кейін, түнде ұзақ отырып істеуші еді, – дейді ол. 1925 жылы «Еңбекші қазақ» редакциясы Орынбордан Қызылордаға көшіп барғанда Майлинде пəтер болды да, онымен достас көптеген адам үйсіз отырды. Оның екі бөлмелі пəтеріне, ауласының ішіне Садық Нұрпейісов, Аманғали Сегізбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, мен – бəріміз семьямызбен сиысып жаттық, дастарханымыз,
17 шығынымыз бірге болды, көбіне Бейімбеттің мойнында болды. Сонда Бейімбет дөңгелек, жатаған столдың жанында отырып, немесе дастархан үстінде қағазды тізесіне сап жаза беретін, Жұрт шулап жатады, балалары жылап жатады, біреулер қажып ұйықтап қалады, – Бейімбет алаңдамайды, күйісін бұзбастан жұмысын тындыра береді. Осы Ешмұқамедовтың айтқанындай пікірді Б.Майлинмен ұзақ жыл бірге істескен Ж.Еленов, А.Мұстафин, Ж.Сыздықов, марқұм Т.Жароков та айтатын еді. Сол кезде істес болған адамдар. Бейімбеттік оқығанытоқығаны көп білімділігін қазақ əдеби сөзінің шеберленіп қалыптаса қоймаған сол кездің өзінде стилистикалық мақсатқа ойната пайдаланатынын жоғары бағалап, аңыздай əңгімелейді. Журналистер, əдеби қызметкерлер Бейімбет істеген əдеби мекемелерде үнемі сауаттылық мəдениеті орнай қалып отырғанын айтады. Ол Бейімбеттің тек алғырлығынан, істейжүрежазумəдениетіне тезжетілгенінен ғана емес, оқыған кезінде əдеби жазу өнерінің, сауаттылық мəдениетінің дəстүрлі үлкен мектебін өтуінің, жастай əдеттеніп қалыптасуының, сауатты жазу мəдениетінің алғашқы жəне маңызды сатысы деп қарауға əдеттенуінің жемісі деп бағалайды. Бұл жағдай да Б.Майлиннің жазу мəдениетінің құрау жолында орыс мектебінің үлкен көрігінде шыңдалғанын көрсетеді, «Еңбекші қазақта» күн аралата шығармалар жариялап, оқушы миллиондармен көңіл байланысында болып дағдыланған Б.Майлин ауылда ұзақ тұрақтай алмайды, 1923 жылы Қостанайға барып, округтік «Ауыл» газетін шығаруды ұйымдастыруға қатысады. Ауылдан Қостанайға барған бетте Бейімбеттің семьясы ептеп қиыншылық көрген болатын. Гүлжамал бұрын қала бетін көрмеген жан: көк орайы жоқ көшесі де ұнамайды, тысқа шығатын жері де қысаң. «Осының несіне қызықтың, кетейік те!» – деп Бейімбетке қолқа салады, ол көнбеген соң ауылдан келген біреумен баласын алып қайтады. Бірсыпыра уақыт Гүлжамалдың жанында жиі болып, көңілін көтереді. 1926 жылы Б.Майлин зайыбы Гүлжамалмен бірге еліне барып демалуға қамданады. Сол жылы екінші ұлы Мере-
18 ке туған болатын. Қуаныш қойынға симай тұрған кез. Жол билетін алып отырғанда тығыз жұмыс болып, редакция Бейімбетті жібермейді. Гүлжамал екі баласымен елге барып, Бейімбетті қуантайын деген ниетпен: солқылдақ, күймелі пəуеске арба, екі жақсы ат, бес құлынды бие, бірнеше сиыр, бір қора қой, бірнеше кілем, үй-ішіне жиһаздар сатып алады. Гүлжамал таңдап алған болат-білекті екі көк арба мен шөп шабатын машина да үйдің төңірегін көріктендіреді. Істегендердің бəрін игілік деп ұғынған ақ-көңіл Гүлжамал Бейімбетке мақтанып хат жазады. Хатты алған соң Бейімбет өте ренжиді. «Мені сəудегер дейісің бе, – деп жазады ол Гүлжамаға, – əлде капиталист болады деп жүрмісің? Масқаралық жасапсың! Бəрін де сат! Жұртқа тарат! Осы мінезің үшін сенен біржола безуге бармын!». Бейімбет ашуланбайтын еді, деп əңгімелейді Гүлжамал, ашуланса кектеніп қатты ашуланатын. Менің қылығыма күйінгені сонша, – бір мезет мені көрмей кетуге де ойлапты... Ақырыдемалысқа елге келген бетінде Бейімбет Гүлжамалдың сатып алған дүниесін жұртқа тегін таратып береді. Ғ.Мүсірепов Б.Майлинді 1925 жылдан біледі екен. Бейімбет «Еңбекші қазақта» жауапты секретарь кезде бұл Орынбор рабфагында оқи жүре, газетте корректор болыпты. Бейімбет жастарды жазушылыққа тартып, əдеби баулып жүретін кезі екен. Жазатын талабың бар ма? – деп Ғ.Мүсіреповтен сұрайды, – жоқ, – дейді бұл. Бір күні рабфактың коридорында келе жатып Б.Майлиннің бұлар шығарған қабырға газетін оқып тұрғанын көреді. Байқаймын, дейді Ғ.Мүсірепов, менің повесть деген анықтамамен басылған «Теңіз тепкісінде» деген повесімді оқып тұр. Маңдайым тершіп қоя берді! Бұрыла жөнелуге ойладым. Көзі шалып қалды да, Бейімбет мені жанына шақырып: жазатыныңды несіне жасырдың? Мынауың əп-əдемі нəрсе, – деді. Бірер жұмадан кейін Бейімбет қабырға газетін алдырды да, менің повесімді ықшамдап, өңдеп, «Теңіз тепкісінде» деген атпен «Еңбекші қазақтың» 1925 жылғы апрельдегі номерінде жариялады. Содан кейін Бейімбет Қызылордаға көшкен редакциямен кетті, мен Омбыға барып оқуға түстім».
19 Зайыбы Гүлжамал да, достары да Б.Майлиннің өте балажан болғанын айтады. Мереке деген екінші ұлы 1926 жылы өзі партияның кандидаттығынан мүшелікке өткенде туған екен. «Ленин партиясына мүше болуым – үлкен мереке!» – деп ұлының атын Мереке қойыпты. Осы өзімдей жазушы болады деп айтып жүріпті. 30-жылдарда, бұрын да псевдонимдері (бүркеншік аты) көп, жазушы оған псевдонимды тағы үстепті. Сонда жазушылық осы күннен қанына сіңе берсін деп ырымдайды екен. Онысы бекер болмапты. Отан соғысында жараланып қайтып, оңалған сон, Мереке Москвадағы Горький əдебиет институтын бітірді, қазір Алматы киностудиясында сценарий жөнінен редактор. Бейімбеттің балажандығы балаларына да жұғыпты: Мерекенің Болат, Нағима деген екі баласы бар. Бекеңнің үшінші ұлы Еділ (1930 ж. туған) белгілі жағдайлармен бесінші класты ғана бітіріп, 16 жасынан Қарағандыда шахтада істеген екен, қазір Алматының микроауданында электр слесарі. Оның зайыбы Зинайда Егоровна Кузнецованың əкесі құрметті шахтер. Үш баласының (Таня, Жарас, Рүстем) алды мектепте оқиды. Бейімбет кеткенде екі жасар қызы Гүлсім ер жетті, Алматы медицина институтын бітірді. Шұға деген қызы бар, аспирантурада оқиды, диссертациясын жуықтатқан, ұзамай қорғамақ, ресми ғалым болуға таяу жүрген адам. Оның жұбайы Қыдыр Ибраев инженер, гидрогеолог. Гүлжамал жеңгей алпыс бесте, бірақ əлі ширақ, мықты. Бекен кеткен соң бұл кісі де біраз «жолаушылап» қайтқан. Партиямыздың XX, XXII съездері культтың кезіндегі заңсыздықты жойды. Орынсыз жапа шеккендерді ақтап, байсалды өмір арнасына енгізді. Көптеген күрделі шығармаларымен советтік өмірдің сырларын бейнемен ашқан дарынды Б.Майлин əдебиет төріндегі орнын қайта иемденді, оның озық идеялы, сұлу көрікті шығармалары жұртшылықты лəззатқа бөлеп, тіл үйірер татымдысы ретінде жан əлемін оятады. Б.Майлинның есімі де, шығармалары да сыйлы. «Лениншіл жас» газ., 1965 ж., 19 маусым.
20 Ғабдол СЛАНОВ БЕЙІМБЕТ МЕКТЕБІ Биылғы июль айында туғанына жетпіс жылдығы тойланғалы отырған əдебиеттегі бір ағамыз Бейімбет Майлинді көркем қарасөз ұстазы деп қадір тұтпайтыны кемде-кем-ақ шығар. ƏлбеттеБейімбетті əдебиетке əкелгензаманбірбасқада, бүгінгі заманымызмүлдемөзгеше. Алайда ата-анасыз, ата-тексіз ешбір жаратылыс болмайтыны сияқты, бүгінгі əдебиеттегі біздерді жаратушы да Бейімбеттер заманы, өз заманымыз совет заманы. Осы бір ақиқатты ең əуелі ашып алайық. Ал Бейімбет секілді ағаларымыз жарығымен де, қаламымен де совет заманын нығайтуға бойындағы бар қаруын сілтеп өтті. Байқап қарасақ, Бейімбеттер таң алдындағы бейуақыт мезгілдердің де, совет заманының алғашқы ең қиын жылдарының да шежіресін жасап кетіпті. Күні бүгін жазылғанына қырық жылдан асқан «Шұғаның белгісін» оқығанда талай ойдың толғағын кешкендей боласың. Ал, ойланып көрелікші. Кітап бетімен санағанда он бір парақ қағазды толтырған осы əңгімесін Бейімбет жасы жиырмаға жетпей-ақ, медреседе оқып жүріп жазыпты. Жаратылысы қолмен қойған мүсіндей сұлу бітімі мəрмəрдей мөлдір, қазақ ауылының бүкіл бір дəурен құя салған осынау туындыны қанша оқысаң жалығасың ба! Сондықтан əдебиетші ғалымдарымыздың қазақ əңгімесі тақырыпты сөз қозғағанда ең ілкі, бас сыбағаны «Шұғаның белгісіне» лайық табатындары əбден-ақ орынды деп білеміз. Өз дəуірінің əдебиетінде ізі сайрап түсіп, өз бетінше бір жол ашқан, «Бейімбет мектебі» біздің əдебиетте қазір бар ма? Бар болса, қай тұрғыда дамып, өркен жайып барады? Бізді көбіне-көп толғандыратын, міне, осы жай. Əдебиетімізде айрықша орны сайлаулы тұрған қадірмен ағамыздың үлкен мерекесі қарсаңында оның аруағына, рухына бас иіп қана қоймай, «сенің жолыңды тұтынған мынадаймынадай мұрагерлерің бар» десек, асыл ағаға деген ең бір қалаулы сыйымыз осы болар деп отырмыз.
21 Анығын айтсақ, біздің замандағы ауыл шежіресі əлі жасалып болған жоқ. Бірақ, Бейімбеттер бірлі-жарым болғанын, ал бүгінгі жасақтарымыз қару-жарағы сай, қалың шабындыққа үме кезіндегі лек-лек орақшыдай жапырлай қол қойғанын ескерсек, бүгінгі мен келер ұрпақтың тау жыққандай екпініне сенбеске хақымыз жоқ. Əсіресе, ұлттық колорит тауып, ұлттық характер жасауға талпынушылық бар. Бұлардың Бейімбет мектебіне тəн қасиеттері де осында тəрізді. Соның бір мысалына тоқталық... Міне, біздің алдымызда Сайын Мұратбековтің биыл шыққан «Ауыл оты» маздап жатыр. Мұнан бұрын оқыған бағзы бір повестердің «қалыңынан» шыға алмай малтығып, тоңазыған бойымыз «Ауыл отынан» жылынып жадырап бір қалғандай. Саинның əдебиетіміз əлемінде көрінгеніне көп болған жоқ. Бас-аяғы бес-алты-ақ жыл. Оның еңбектері оқырманға көбінесе-ақ «Жұлдыз» бетінен таныс. Жарық көрген очерк, əңгімелерін, тіпті аудармаларын да оқып жүрміз. Тұңғыш жинағына жəне де сыралғымыз. Ал мына екінші жинағына кірген тоғыз əңгімесін түгел оқып ойланғанымызда, жас автордың қаламын бірте-бірте ұштап, тілін де келе-келе ұстартып, табиғи өсіп келе жатқанын білгендей болдық. Бейімбет мектебіндей төсегіжайлыжақсы ұядан көтерілген бір түлек осы секілді. Жинаққа айдар тағылып, ат етіп қойылған «Ауыл оты» деген əңгімесі қарапайым қора күзетшісі Жолбай мен балалы жесір келіншек Əсила арасындағы əдемі сезім күйіне құрылыпты. Жолбай Əсилаға бұрыннан ынтық. Не керек, қыз күнінде талай бозбаланысұқтандырған Əсила Жолбайды көзіне ілген емес. Қалтасына сұққан қолы будыраған ақшаға толып шығатын табыскер Жүніс дегенге күйеуге шықты. Екі жыл отасқанда Əсила ауыл қоғамынан қол үзіп қалды. Ақырында, Əсила өзі сұранып Жүністен ажырап кетті. Жас баласымен жесір отыр. Міне, сол Əсила бүгінде үйінен шықпайды, елге көрінуге бетінен басады. Бір күні түнде сол сұлу келіншек пішен үстінде күзетте отырған Жолбайға өзі келіп бір арқа шөп
22 сұрайды. Əрине, əуелде ынтық адамы қолқалап келсе, Жолбайдың Əсилаға қимайтыны бір арқа шөп пе, арқанын ала салып буа бастайды. Бірақ «кер кеткеннің иті қырын қарай жүгірмей ме» – Əсиланың арқаны үзіле береді. Келіншек шөп қораға жақын жердегі үйіне құр қол қайтып кетеді. Кешікпей колхоз бастығы да, алыстан пішен тартқан шөпшілер де осы қора басында жолығысады. Жолбай бастықтан бір шана шөп сұрап алып, Əсиланың ауласына үйіп, жиып береді. Бəрі бір-ақ кеш. Бір кеште Əсиланың өзіне тəн тəкаббар, əдемі кескіні де, ұлтымызға тəн мінезі, сырына беріктігі де, Жолбай мен ауыл адамдарының адамшылық парасаты да жарқ етіп, көрініп қалды. Айырылысарда Əсила Жолбайдың маңдайынан сүйіп, есігін жауып алды. Өзінің құмар адамы маңдайынан бір-ақ сүйгенде Жолбайдың өнбойына шоқтай қызу тарады. Қам-көңіл келіншектің бойын да ауыл адамдарының қамқорлығы Жылытып көзіне жас келтірді. Бұл да от. Əне түнгі ауыл оты самсап тұр. Жолбайдың күзет үйшігі де буы бұрқыраған, жып-жылы. Қысқасы, ауылда жылуы жоқ бірде-бір бұрыш жоқ. Тек Əсила көңілі мұздаңқырап келгенді. Əлгіде əкелген арқанының қайта-қайта үзіле бергені де сол қыры кеткеннің мағнасын беріп еді. Енді ауыл отынан жылынған соң, ол үйдің ауласы да қаңырап тұрған жоқ. Мағналы кестелер арқылы автор кейіпкерлерінің күйін осылайша бейнелеген. Жақсы-ақ, əдемі. Тек бір ғана жай: Əсиланың ажырасқан күйеуі қалайша оңбаған адам болды? Пысықтығы, табыскерлігі ғана Əсила намысына тигені ме? Айырылысуларына осы ғана ілік болғаныма? Əңгіменің осыбіржеріне ғана күдік келтірмесек, басқа жағының бəрі келісімді. Егер, қағыстырып-соғыстырып пайда тапқанына бола күйеуіненажырасуғабарса, Əсиламінезінжаңа қоғамымызда қалыптаса бастаған ұлттық жаңа характер деуге болып та қалар. Олай болғанда, Əсиланың ашына түсуі керек емес пе еді? Осындай бір характер «Махаббат» атты əңгіме қаһарманы Əсия басында бар. Бойжеткен қызын айттырған біреуге əкесі
23 бергісі келеді. Қызы оған риза емес, ерге шығу əлі ойында жоқ. Бірақ əкесінің: «енді өстіп қартайғанша отыр, менің мойныма масыл болып» деген сөзіне қатты намыстанып, еңбекке араласты. Ноян деген тракторшы жігітпен танысты. Əке сүйіскен екі жастың ынтыққан жолығыс сəтіне сырттай куə болды. Қыздың ата-анаға масыл болуға намыстанып іске кірісуі, қызу еңбек үстінде сүйген жұбын табуы табиғи, қарапайым ғана оқиға секілді. Ал аңғарған адамға осы характерде заман құбылысына лайық жаңа бедер бар секілді. Бір есептен, бұл характерді Əсиланың жалғасы ма деп қалғандайсың. Ол күйеуінің ықпалына еріп колхозда еңбек етуді қойып, от басында отырып қалып еді. Соңынан табыс тапқыш «байының» суық қолдығын білгеннен кейін, өзінің қоғам өмірінен аулақтанып қалғанына да намыстанып, күйеуінен айырылысқан-ды. Бірақ одан кейінгі ашыну əрекеті көрінбей қалып еді. Ал, Əсия əрекет адамына тəн іс етіп, бақытын еңбектен тапты. Махаббаттың – бақыттың ұлы арнасы да сол еңбекте жатыр екен ғой деген түйінге тоқтайсың. «Таңғы шық», «Бекеннің құбылысы», «Жеңеше», «Кəментоғай бұтақтары», «Күзгі бұралаң жол», «Алғашқы қар» деп аталатын əңгімелердің əрқайсысында да тақырыбына лайық дара қасиеттер кездеседі, С.Мұратбековтың əңгімелері қонымды да тартымды, халықтық, партиялық тізгіні берік, ұстамды, байсалды келеді. Тілі дежатық. Тілдің бояуын керекті жерінде ғана жəне де шақтап пайдалана біледі... – Əдебиетке келген жастар тілге ерекше ұқыпты қарамаса болмайды. Бейімбет мектебінен нəр алған жігіттерге тілдегі «майда-шүйде» кінəраттың өзі де жараспайды-ақ. Бұндай тілек өз алдына тұрыпты ғой. Ең негізгі нəрсе – Бейімбетше еңбек ете білуде. Көркем қарасөз тарауындағы шабысын «Шұғаның белгісінен» бастаған Би ағаң ат басын «Азамат Азаматыштай» тұлғалы романға апарып тірегенде, қапылыста мерт кетті. Сонда ол қырық үш-ақ жаста болатын. Ал, қанша том мұра қалдырды? – Орасан мол ғой. Бейімбеттің өзі де, заманы да қайтып оралмас-ау. Бірақ, біздің өз заманымыз, ерекше құнарлы, ұлұғы өз замандаста-
рымыз бар ғой. Замандастарымыз тақырыпты Бейімбетше із қалтыра білсекші! Үміт артқан Сайын, Қалиқан, Жайсаңбек, Ермектер осынау аталы мақсатты барынша тұтынар деп сенеміз. Біз бұл мақаламызда Бейімбет ұясынан түлеп ұшқан бірақ жігіттің бір жинағына ғана тоқталдық. Қадірлі ағамыздың мүшелі тойы тұсында əдебиетші қауымымыздың басқа да ортаға салары болар деген үмітіміз бар. Бейімбет мектебін зерттей түсіп, осы жайдағы ашылмаған тың беттерді аудару шебер ағаның рухына тартқан қолайлы тарту-таралғы болар дейміз. Шамалы қысқарылды «Коммунистік еңбек» газ., 1965 ж., 16 маусым.
25 Темірғали НҰРТАЗИН МАЙТАЛМАН ҚАЛАМ ІЗДЕРІ (Бейімбет Майлиннің повестері туралы) Республика жұртшылығы өлмес өмір жасап, артында мол мұра қалдырған қазақ совет əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Бейімбет Майлиннің туғанына 70 жыл толу мерекесін атап өтуде. Əйгілі жазушының творчестволық үлгілерін саралап талдап сөз ететін ғылми жұмыстардың қажеттілігі де əсіресе бұл күндері айрықша сезіліп тұр. Үлкен жауапкершіліктің біз тек бір-жар белесіне ғана қалам тарттық... Повестерінің саны, сапасы жағынан Б.Майлин əдебиетімізде басты орын ала-алады. Оның жұртқа кең тарап, мəшһүр болған «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Берен», «Асулардан асқанда», «Құсайын Құлбеков», «Əміржанның əңгімесі», «Он бес үй», «Қырманда» повестерімен қатар газет, журналдар бетіне жарияланып, кезінде жұртшылық таныған шығармалары: «Оспан Олжабаев», («Жаңа əдебиет», 1929), «Жастық жалыны» («Жаңа мектеп», 1926, 1927), «Кең атыздың таласы» («Қызыл Қазақстан» журналы, 1927), «Тартыс» («Əдебиет майданы», 1932), «Атылмаған-оқ» («Əдебиет майданы», 1934), «Жалбыр» («Соц. Қазақстан»,1936), «Батыр – большевик Аманкелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған, «(Соц. Қазақстан», «Əдебиет майданы», 1936). Газет, журналдарда жарияланған повестерінің «Жастық жалынынан»1 басқасы аяқталмаған. Бірақ, «Жалбыр» мен «Аманкелді» – арқауы тұтас, сюжет дамуы жүйелі, «Бірінші кітап» деген белгімен шығаруға лайық идеялық-эстетикалық толық ұғым беретін туындылар. Б.Майлиннің он беске тарта повесінің ішінде үшеуі əйелдер өмірінің мəселелерін тербейді. Олар: «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Берен». 1 Кітаптарында «Əдет құшағында» деген атпен жарияланып жүр.
26 «Шұғаның белгісі» повесі 1914 – 1915 жылдан бастап «Ғалия» медресесінде шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналда жарияланған. 1922 жылы повесть Қазақстан аймақтық партия комитетінің органы «Қызыл Қазақстан» журналында басылды. Одан соң жазушының көптеген жинақтарында жəне екі рет көп томдық жинағында шықты. Кейін автор повестен икемдеп пішіп, «Шұға» деген пьеса жазып жариялады. «Шұғаның белгісі» жұрт дағдыланған дəстүрлі əйел теңдігінің көлеміндегі нəрсе емес. Автор мəселені сырттай солай қойып, солай дамытып, сол əйел теңдігіндік көлемде шешкенімен, шығарманың ішкі маңызы əлдеқайда терең, кең, қатпар-қатпар астарлы. Повестің басты тақырыбы, соған орай негізгі идеясы – гуманизм, адамгершілік. Басынан аяғына дейін бұра баспас нақты сюжетке, логикалық оқиғалар ағымына құрылған туынды жанды тербейтін лирикалық сарында шыққан. Оқи отырып көңіліңізбен құлақ қойып тыңдаңыз. Əр сөзінен, əр жолынал нəзік лириканы сезесіз. Ол лирикаға дем беріп, сарқылмас күш дарытып тұрған арқау – гуманизм, адамгершілік. Шығарманың сюжеттік конфликті негізі – трагедиялық. Ғашықтықтың бас тұлғасы Шұға қаза болды, Əбдірахман айдауға кетті, қайтып келгенмен құр сүлдері жүр. Бірақ автор осындай өткір конфликтіні асқындырмай, шеберлікпен шешкен. Шығармада шиеленіскен, адамның жанын түршіктірер мезет, сахна, көрініс кездеспейді. «Шұғаның белгісі» проблеманы саяз қойып, саяз шешкен шығарма емес, өтетіріуақиғаныхалықтықпландажұмсартып шешкен шығарма. Сонымен қатар, мейлінше терең, жер жүзі фольклорында болатындай, зор қорытындылауға, тұжырымға, обобщенияға барады. Қаламгердің суреттеуінде Əбдірахман мен Шұға – аса терең сезімнің, кең зейіннің мейлінше адал да кір шалмас дегдар махаббаттың адамдары. Олар бір-ақ сүйетін, өмірінде шын ықласы мен көңілін, сөзін бір-ақ рет беретін, өмір бұлталағына еріп жанын, арын еш уақытта саудаға салмайтын, адамгершілігі мейлінше жоғары жандар. Бірақ соның
27 бірде біреуі үнді сөзбен, жұртқа жариялай сөйлеген декларациямен жетіп жатқан жоқ. Солардың жанының демімен, арының демімен, ұстамдылығының демімен жұртқа танылып жатыр. «Шұғаның белгісі» көптеп кітап болып шығып, басқа жанрларға көшіп, драмалық жəне опералық сахналарда сан рет қойылып келеді, сындарда, рецензияларда, театрлық шолуларда шығармаға «əйел тақырыбындағы повесть» деген қосымша анықтама қосақталып жүр. Бірақ оның тасасында не сыр барына, ғашығы ұсталып кеткенде Шұғаның қалайша оп-оңай ауруға шалдығып өле қалуының, дəстүрлі əйел тақырыбындағы «Шұға» повесінің көп жылдар бойы өңі қашпай, жұртшылықты сиқырлап тарта беруінің не сыры барына ешкім үңіліп қараған жоқ. Соның бəрінің тасасында қойнау-қойнау, қатпар-қатпар сыр жатыр. Бір мысал. Əбдірахманды пристав ұстап əкеткен соң, Шұға аурулы болып жатып қалады. Əңгімеші Шұғаның көңілін сұрай барады. «Шұға жатыр екен, – дейді əңгімеші, – маған көзі түсіп кетіп, қамықты. – Қарағым! – депшешесі бетінен сүйіп, Шұғаның көзіндегі жасты орамалымен сүртіп алды. ... Шұға шешесіне: – Əже, – деді. – Ау, қарағым. – Мені оңаша қалдыршы... Əңгімешімен сөйлесіп отырып, Шұға өзінің жүрек сырын қысқа сөзбен баяндайды. «– ...Бəріміз де көреміз, ажарыңыз тəуір ғой, жазыласыз, – дедім. – Жазылып керегі не? Бəрібір мен бақытты бола алмаймын». Осы үлкен де, ауыр қорытынды – Шұғаның бұра баспайтын ақтық шешімі. Шұға екі дүркін махаббат болмайды деп қарайды, махаббатсыз өмірде бақыт болады деп ойламайды да. Сондықтан Əбдірахманнан айрылған соң ол өз үкімін өзі қайта қарамастай боп тұжырымдаған. Повесть өте көркем жазылған. «Көркем» деген сөзді мұндай шығармамен байланысты ауызға алғанда,
28 поэзиялық дауылды шалқуларды, ұзақ берілетін ғажайып көркем пейзаждарды, жан-жақты мінездей қадағалайтын психологиялық суреттемелерді бұдан іздеудің қажеті жоқ. Мұнда жолаушының əңгімесі түрінде жазылған повестің кемеліне керліге ұялаған нəзік адамгершілік, гуманизм, лирика бар. Бұл арада тағы бір жағдайды ескерте кетелік. Повесте əйел тақырыбына жазылған көптеген шығармалардағыдай, қалың мал мəселесі, қабаттасып дау шығарып жүрген жасамыс күйеу тобымен кеуделеп, кимелеген елдің атқамінерлері жоқ. Шұғаны да, Айнабайдың қызы Күлзипаны да ешкім айттырмаған, екеуінің де бастары бос. Сонымен повесте махаббат объектісі екеу: Шұға мен Əбдірахман жəне Күлзипа мен Əбдірахман. Гүлзипаның көңілі бар екенін Əбдірахман көлденең адамдардың айтуынан естиді. Бірақ ол қызға ықылас білдірмейді. Қыз əкесі Айнабай – пысық, дəулетті. Оның қызын алып, туысқан болудың тиімді жағы едəуір. Бірақ оның бір де біреуі Əбдірахманның көңіліне əсер етпейді. Ол Шұғаны қалап, көңілімен, өлеөлгенше айнымастай беріле сүйген. Екеуінің махаббаты мызғымас, толқымас, уақыт əсер етіп солғындамас, от жалынды, уытты махаббат. «Шұғаның белгісін» оқығанда мыңдаған көпшілік көңілі көтеріліп, біреуге жақсы қайырым істегендей, немесе өз көкірегіндегі шапағат сезімі таси өскендей болып, тамаша жадырайды. Соның бəрі «Шұғаның белгісі» повесінің игі əсері. Сонымен Б.Майлиннің революцияға дейінгі прозаның ең маңыздысы болған «Шұғаның белгісін» жомарт талантын еркін жұмсап, майталман шеберлікпен тыңғылықтап жасаған. Бұл повесть сол жанырдағы шынайы реалистік тұңғыш туындылардың бірі болуымен ғана емес, асқар таудай өрелі болуымен əдебиетімізде сыйлы орын алып келеді. Жазушының күрделі повесі – «Раушан коммунист». «Оқшаулау» деген атпен алғаш 1923 жылы декабрьде «Ауыл» газетінде (Қостанай окружкомының тілі) басылады. Автор төрт жыл өткен соң шығармасына қайта оралып, «Раушан коммунисті» жаңадан жасайды, толықтыру
29 енгізеді, жөндейді, идеялық-көркемдік жағынан көп өсіреді, сөйтіп «Əйел теңдігі» журналының 1927, 1928 жылғы бірнеше номерлерінде жариялайды. Бірақ автор шығарманы жетілдіре түсу жұмысын доғармайды, «Раушан коммунисті» əлі де жөндейді, соңғы тарауына елеулі толықтыру енгізеді. Ол соңғы нұсқасы кітаптарында басылып жүр. «Раушан коммунист» повесіжазушышығармасында, жалпы қазақ совет əдебиетінде маңызы аса зор, талантты да шебер жазылған, идеялық-көркемдік мəні жоғары шытарманың бірі. Күні кеше ауылда күңдікте жүрген Раушанның көзі ашылып, адам қатарына көтерілуі, өзін еркін адамдармен тең санарлық санаға жетуі, партия-совет орындарының еппен икемдей ілестіруінің арқасында тез оянып, жарыққа, советтік өрге ұмытылып білім алуы, қоғамдық жұмысқа араласуы, ақыры ауыл советтің председателі болып, ауылда саны жұмысын елдің дəстүріне енгізу бағытын да көптеген қызмет істеуі, көрнекті қайраткері болуы – осының бəрі қосақталып келгенде бір адамның басында шағын уақыттың ішінде орындалуы тек ертегіге лайық жойқын ірі оқиғалар. Көлем жағынан повесть – жазушының көптеген басқа шығармалары секілді ықшам. Шығарманы оқып аяқтағанда пəлендей оқыс ештеме бола қоймағандай сезінсің. Бір əйел ауылнай болды. Орынборға барып оқып қайтты, келісе алмай, бірде көз жазып қалған күйеуіне қайта қосылды. Күйеуі өзінің кетіп қалуын, Раушанға күдіктенуін қате деп тапты, кінəсін мойнына алды, енді қалтқысыз оралғанын білдіргісі келгендей көзден жасын төге берді... Бірақ сол советтік күнделікті қарайымның өзінде көңіл көзін тоқтатып қарасаң, əлемді таңдандырар маңыз, мағына бар. Оңы, солын жөнді ажыратып болмаған шала сауатты Раушанның мың-сан өсегімен қаңқуымен, қасастық əрекеттермен жолына бөгет соққан ескі ауылдың ортадан суырылып шығып, мемлекет жұмысына араласуы, келе-келе төселіп мемлекет қайраткері болуы – аңыздай əңгімелеуге лайық оқиға. Повестің тілі көркем, шебер. Кейіпкерлердің көпшілігі тіл жағынан пəлендей даралана қоймағанымен, жанды сах-
30 наларда сөз кестелері нысанаға дөп тиеді, өрнегі əрбір нақты жағдайда шығарманың жанды талабына сəйкес келіп отырады. Повестің композициясы шымыр. Авторлық монологтар, пейзаждық суреттемелер шегіністер жоқтың қасы. Жазушы оқушыны дамып өріс ала бастаған оқиғаның ортасына енгізіп жібереді, драмалық шиеліністердің қызды-қызды қат-қабатына ұшыратады, сонымен көңіл тізгіні босамаған күйінде оқушы шығарманың аяғына бір-ақ жетеді. Жазушының əйел өмірін суреттейтін повестерінің ішінде елеулілерінің бірі – «Берен» (1935). Мұнда басты герой Берен əрқилы жағдайда көрінеді. Автор шығарманы біраз детективтік-қылмыстық, оқушыны абыржыта отыратын өткір оқиғаны араластыра жазады. Повестің сюжеттік басты арқауы Береннің басымен байланысты. Шығармада дара бастық мəселе, əлеуметтік мəселелермен қабаттаса дамып отырады. Қарсыласқан екі топтың бір жағында Құрымбай, Жəукен, Қайролла, Берен, Жəукеннің əйелі Балдай, партия ұясының секретары Əбітай Махмудов, окружком өкілі Нұғман Қанаев, еңбек адамдары, олардың тілектестері. Бұларға қарсы топта – Сержан бай, Əбен молда, Еркінбек бұзық, оның үзеңгілес жолдасы Ерекеш. Байлар тобын астыртын қолдап жүрген ауыл советтің бастығы Асатов Ерғали деген бар. Автор əдебиетте бірсыпыра орын алып келе жатқан əдісті қолданып, шығарманың басына аяғындағы оқиғаның бір көрінісін көшіреді де, оқушыны «күтпеген оқиғалар болып қалуы ықтимал!» деп сақтандырғандай тəсіл жасайды. Мұндай творчестволық оқыс тəсілдерді автор бекерге қолданбайды. Шағын повесте алты-жеті жылдың ішіндегі тарихи даму жолды нақтылы адамдар арқылы көрсетпек. Оқиғаларды бірсыпыра аттамалап көрсеткен автор өмірлік процестің арқауын көңілмен жалғарлық жағдай жасайды. Соның нəтижесінде ауылда байға көзге түрткі болып жүрген етікші Жəукеннің, оның қызы Береннің ауылдағы жұмысқа мұрындық болуы түсінікті де, табиғи құбылыс болып танылады.
31 Автор кейіпкерлерді күшті, қайратты, кесек образ етіп суреттейді. Жасөспірім қыз Береннің түн қараңғысында үйіне күшпен кірген жауды кіндік темірмен ұрып жығуы, ауылдағы науқандарға белсене араласуы, жаңа заманның заңдарының тезірек жүзеге асуына белсене атсалысуы, – қыз характерінің күштілігін дəлелдейді. Жəукен де қайратты кедейдің образын танытатын қажырлы, бетті кейіпкер. Көлемі шағын повесте сырттай ықшам көрінгенімен, проблемалық елеулі мəселелер қойылады, шешіледі. Бұл повесте де автордың зор гуманист, адамгершілік үшін күрескер екенін көреміз. Повестің тілі де стиліне лайық. Реалистік стильді сақтай отыра, жазушы тұтқиылдан түскендей оқиғалардың табиғатын мінездерлік сөз кестелерін жасайды. Еркінбек пен Береннің арасындағы керіс, Ерғали үйіндегі құпия сөздер, Сержан байдың тасалап қойған қазыналы сандығын алуға барғанда Ұрқияның пышақ суыруы – осындай тосын оқиғалармен байланысты сөз кестелері де мұнда өткір, оқыс жайларды аңғартардай. * * * Б.Майлиннің сан жағынан да, көлем жағынан өте мол, идеялық-көркемдік жағынан маңызды да бағалы көптеген шығармалары колхоз тақырыбымен байланысты. Жазушының гуманистігін, адамзатқа, қазақ халқына əрқашан бақытты, игілікті өмір тілегенін, сол өмірді жасаушылардың рухына жігер ұялатып, күрескерлікке баулығанын көптеген туындыларынан көріп келеміз. Біздің сөз етпегіміз колхоз тақырыбына жазылған повестер. Б.Майлиннің колхоз өмірін суреттейтін повесінің ішінде ең маңыздысы – «Əміржанның əңгімесі». Бұл – өте сəтті шыққан, идеялық-көркемдік қасиетімол, еңбекші қарапайым Əміржанның бойындағы əлеуметтік асыл қасиеттер, адамгершілік ізгі мінездер өте шебер, көркем суреттелген шығарма.
32 «Əміржанның əңгімесінде» оқиғаны желілендіріп, баяндайтын басты герой – Əміржан. Оқиғаның арасын дəнекерлейтін бірінші жақтан баяндаушы – автордың өзі. Əміржанның жан құбылысын, оны қандай адамдар қоршайтынын, оларға Əміржанның көзқарасын, олардың Əміржанға қалай қарайтынын, күнделікті өмір ситуациясын, тағы-тағыларды автор баяндауынан білеміз. Жазушы оқиғаны ұсақтап, созып, егжей-тегжейлі тəптіштемейді, төселген үлкен прозашының дəстүрімен іргелі мəселелердің барысын жүйелеп, қалғандарын оқушы өз көңілімен жорып табарлық күйде үзеді. Ал «Əміржанның əңгімесі» сырттай өмірбаян секілденгенімен, өмірбаян емес, самоанализ – өзінің өмір жолын талдау, зерттеу, ешкімнен жасқанбай, ештемені бүкпей өмірбойғы жақсысын, жаманын, күшті жағын, əлсіз жағын таразыға салып салмақтау. «Əміржанның əңгімесі» бізді толғандырады, Абай айтқандай «Жүректің түбіне терең бойлауға», өз өмір жолымыздың кіріс-шығысын есепке алуға, ұстаған бағытымыздың дұрыс-бұрыстығын танып, ажыратуға шақырады. Əміржан өмірінің мəні үлкен. Бұл оның еңбек адамы болғандығынан ғана емес жалпы Əміржандардың өмір жолының əлеуметтік мəнінің ашылуында. Əміржандардың өмірін ардақты еткен совет заманы. Соны елдің алдымен танығандардың бірі – Б.Майлин. Қаламгер танып қана қойған жоқ, қалаулылардың өмірін келістіріп суреттейтін көрік, жарасымдық тапты. Жазушының суреттеуінде Əміржанның өмір жолы аса мазмұнды, мейлінше бай. Бас кейіпкердің өмірбаянын автор таныстыру үшін ғана бермейді, оқушыға бірден-бір өнеге етіп те ұсынбайды, жақсысы мен жаманын шыншылдықпен ашып, тануға, талдауға шақырады. Б.Майлиннің колхоз тақырыбына жазылған шығармаларының ішінде көлем жағынан да маңызы жағынан да бір елеулісі – «Қырманда» повесі. Шығарма 1933 жылы жазылып біткен. Əуелде «Қырман басы» деп аталған повесть егін орағы кезіндегі оқиғаларды суреттейді де, астық үшін күреске жанамалап тап күресінің де араласып шиеленіскенін көрсетеді.
33 Бұл негізінде реалистік стильде жазылған. Сонымен қатар шығармада детективтік – қылмысты оқиғалармен байланысты біраз сахналар бар. Колхозға оралған көшпенділермен бірге қулығын ішіне бүгіп келген бұрынғы бай-кулактар қырман басында жаулық əрекет жүргізеді. Тынбай еңбек етіп жүрген қарапайым шаруалар «Малшы» колхозын ілгері бастыру əрекетінде. Олар бірсыпыра жұмыс істеп тастаған. 1933 жылдың көктем егісі ойдағыдай орындалып, егін шығымды болып, орақ жұмысы мен қырмандағы іс қарбалас, қызу жүріп жатыр. Жұрт сол қызу істің қызығында. «Қырманда» повесінде колхозды советтендіру мəселесі, бұқпантайлап жүрген тап жауларының қылмысын ашу, əшкерелеу, колхоздан қуу міндеттері алға қойылады. Кітап бірінші бетінен-ақ келе-келе кектенетін қайшылықпен, конфликтімен басталады да, содан əрі шиеленісе, ұлғая, дами береді. Конфликт жүйе-жүйе. Бірінші, ішкі жауларға қарсы күрес жүргізген адал колхозшылардың, колхоз бастығы Нұртайдың əрекетімен байланысты. Екінші. іске ынталы колхозшылардың керенаулармен, жат ықпалына түскендермен алыса отырып, көпшілікті игілікті іске жұмылдыруларына байланысты. Үшінші, бір кезде бытырап қашып кетіп, қайтып оралған көшпенділерден құралған үлкен қауымның дəстурлі коллектив болып төселуіне байланысты. Осы сюжеттік арқаулар, оқиғалар повесте үнемі шиеленісу, драмалық тартыста көрініп, қызықтырып, ықыласыңды өзіне көгендеп алады. Кейіпкерлердің даралануы да көңілдегідей. Бір мысал: «– Жүсеке, – деді Ертай біраздан кейін, – паспортыңызды көрсетесіз бе? Жүсіп қолын қалтаға салған күйі сəл ойланып тұрды. Кешеден бергі Ертай туралы жұрттың берген мəліметі бір төбе де, Ертайдың шын бейнесі екінші төбе болып шықты. Ертай жұрттың айтқанындай болса, Жүсіп көптің бірі болып сапырылысып кете беруге тиісті еді. Паспортты апарып Ертайдың қолына ұстатқанда Жүсіп «бұғалық мойныма түсті» деген қорытынды шығарып үлгірді. Бірақ бұдан зорын да көріп жүрген адам ғой, «қыспаққа қысылған сайын
34 өрши түсем» деп мақтанатыны да бар еді. Сол қыспақтың бірі осы болды..». Осы секілді бір штрихпен екі бірдей кейіпкердің характерін оңай да келісімді ашатын кезеңдер повесте көп. «Батыр – большевик Аманкелді» – документальдық повесін Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов қосылып жазды. Қазақ совет əдебиетінің екі көрнекті қайраткері үлкен тақырыптың егжей-тегжейін кең де терең зерттеп білу үшін 1932 – 1936 жылдарда Қостанайдың ол кездегі Бетпаққара, Торғай аудандарында болды, Аманкелдінің жерімен, елімен, туғантуысқандарымен жақын танысты, оларды ықылас қоя зерттеп кең танып білді. Қаламгерлер 1916 жылдың сол өлкеде қалай өткенін зерттеді, июнь жарлығының елге істеген əсерін, көтерілістің қалай басталып, қалай дамығанын, Аманкелдінің көтерілісті бастап, ұйымдастыруын, сарбаздар деген атпен жауынгерлер құрап, халықтық əскер дайындағанын тəптіштей жинай білді. Аманкелді көтерілген көпшілікті жалғыз бастаған жоқ, оның құйрық-қанат дегендей жолдастары, достары, ақылдастары болды. Ол ауылдың ескі ықпалдыларының өзіне ықылас білдіргендерінің өзін де сыртқа тепкен жоқ, пайдаланды, большевиктермен байланыс жасады. Жазушылар сол қат-қабат қауымның егжейтегжейімен танысты. Материал мейлінше көбейді. 1934 жылы бұл екі автор «Шабуыл» деген атпен Аманкелді туралы пьесаны тұңғыш рет «Əдебиет майданы» журналында (№ 10) жариялаған болатын. 1935 жылы сол пьесаның аты «Аманкелді» аталып, елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізіледі. Сонымен Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов Аманкелді тақырыбын жанжақты кеңінен игеруді қолға алған еді. «Батыр – большевик Аманкелді» повесі қаламгерлердің сол творчестволық үлкен жұмыстарының бір саласы. Повесть 1936 жылдың көктемінде негізінде жазылып бітеді де, сол жылы август, сентябрь айларында «Социалистік Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде қазақ, орыс тілдерінде жарияланады. Шығарма аяқталған жоқ. Бұл нұсқасы – бірінші кітап дерлік көлемде ғана.
35 Біздің сөз ететініміз жарияланған нұсқасы («Социалистік Қазақстанның» август, сентябрь айларында, «Əдебиет майданы» журналының № 7 – 8, 1936). Бұл нұсқада Аманкелдінің 14 жасынан бастап 1919 жылы «алашордашылардың» қолынан қаза болғанға дейінгі өмірі суреттеледі. Аманкелдінің жүрегіне жасынан-ақ кек ұялайды. Ол біреуге есесін жібере қоятын жан емес. Жолдас қойшыны ертіп, түнде Таубайдың бір қойын сойып боршалайды да, кекпен істегенімді білсін деп, басын апарып байдың керегесіне іліп кетеді. Таубай ертеңінде Аманкелдіні аттың бауырына алып сабайды. Кек үстіне кек жамала түседі. Қарыспа, ешкімнен беті қайтпайтын Аманкелді озбырлармен кектесемін деп, жаны да, тəні де жаралы болып өседі. Бірақ ол нанша иленіп, жасымайды. Содан кейінгі жылдарда талайлармен айқасып, талайлардың бетін қайтарып, өзі сотты болып жеңіле жүре, Аманкелді күресте пісіп шынығады. Елді тітіретіп, ауыл үстемдерін шошындырған қылық – АманкелдініңҚұсбекмырзаныатыпөлтіруі. Біртүндебарымталап алып кеткенжерінен, «Мүйізторысын» (киіктіңмүйізін сатып, мергендік кəсібінің жемісіне алған атын Аманкелді «Мүйізторы» деп атаған) алып келе жатқанда Құсбек мырза топ жігіттермен кезігіп Аманкелдіні қамайды. «– Астыңдағы ат кімдікі? – Менікі. – Сенікі емес, менікі болар! – Сенікі болса, сен мініп жүрер едің ғой! – Түс аттан! – Бұл күнге дейін аттан ешкім түсіріп көрген жоқ еді. – Мен түсірем ендеше! – Кім түскенін көрсетейін!». Осы ерегіс қызуының үстінде Аманкелді Құсбекті атып түсіреді. Мырзаның топ жігіті Аманкелдіге беттей алмай, ығып кетіп отырады. Аманкелді патша приемына жігіт беруге қарсы болады. Осы қарсылығын қанды күрес майдандарда көрсетеді. Аманкелдінің патша əскерлеріне қарсы жүргізген бұл соғыстары қиыншылыққа ұшырап отырғаны белгілі. Патша əскері күшті, қарулы болды, азық-түлікпен, қару-жарақпен
36 қамдау ісі үздіксіз жүріп жатты. Аздаған қару Аманкелдіде де болды. Бірақ ол сап құрған тұрақты əскердікіндей емес, қораш қарулар еді, Аманкелді қолын жабдықтау ісі жоспарсыз, жүйесіз, көтеріліске қатынасқан елдің жақсы ниетықыласына сүйеніп қана жүргізілді. Аманкелді көтерілісіне бұрынғы ру бəсекелігінен арылып болмаған арғындардың бірнеше болыс елі қосылмай, бастартып қалды. Екінші ескеретін жағдай. Патшаның тұрақты əскеріне төтеп бере алмай Қазақстанның жер-жеріндегі көтерілістер жеңілді. Тек Аманкелді бастаған көтерілістің əскері жеңілмеді, қатары ыдырамады. Аманкелді бастаған сарбаздар шын мəнінде революциялық заманның қарулы күрескерлері, таптық майдангерлер болып көрінеді. Олардың жеңілмеуінің түп тамыры сол тəрбиеде екенін повесть жақсы бейнелейді. Октябрь революциясынан кейін Аманкелді бастаған қол социалистік революция армиясының бір саласы болып қимыл жасады. Повесте Торғай даласында, күрес жүргізген Аманкелдінің қолы бір жағынан «алашордашылармен», екінші жағынан, ақ бандалармен кескілесе күрес жүргізіп, талай қанды ұрыстарда жапыра тойтарыс бергені суреттеледі. «Алашордашылар» үшін аса хауіпті күш Аманкелдінің армиясы болады. Олар талай рет күш төгеді, құртып жіберуге талаптанады, бірақ іріктеліп, күрескерлікке ысылған қолға кəр қыла алмайды. Сондықтан олар амал-айла қолданады. Ақыры опасыз, тыңшы Кəрім сияқтылар дегендеріне жетеді, Аманкелді «Алашордашылардың» қолына түсіп, қаза табады. Жарияланған нұсқасында осы кезеңмен үзілетін повесте бірсыпыра принципиалдық мəселе бар. Ол қазақтардың еңбекші бұқарасының беталысымен, бағытымен байланысты. Бұл мəселеге Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов өздерінің повесімен үзілді-кесілді жауап берген. Қазақтың қара бұқарасын паңсыған зиялылар «көң тасыған көк есектер» деп қорлайтын. Екі талай күн туғанда сол «көк есектер» шын даналық көрсетті. Кім кіммен болады?! деген сын сағат туғанда олар революциялық көтеріліспен
37 бірге болды, Аманкелдіні демеген, биік өрге көтерген революциялық үлкен күшпен біте қайнасып кетті. Повесть бұл нұсқасында бас-аяғы толық көмкеріле түгенделген, идеялық-эстетикалық маңызы зор, бағалы шығарма. Мұндай туындының осы күнге дейін газет бетін мекендеп, жеке кітап болып басылмауы келіспейтін жай. Б.Майлиннің «Батыр-большевик Аманкелді» повесімен тақырыптас шығармасы – «Жалбыр». Бұл повесть «Социалистік Қазақстан» газетінде 1936 жылдың сентябрь, октябрь айларында жарияланды. Жалбыр Құдайбергенов – өмірде болған адам, Бейімбетпен жерлес – Дамбар болысынікі. 1916 жылы өз ауданында көтерілісті бастап, Сайым болысты өлтіруге қатысқан. Көтеріліс жеңілген соң, патша үкіметі болысты өлтіруге қолма-қол қатынасқандарды Троицк қаласына апарып дарға асады, соттап, абақтыға алады. Сотталғандардың қатарында Жалбыр да болған. Жалбыр Аманкелдідей зор əрекет істей қоймаған. Алайда ол өте ер, адал, турашыл, кедейлерге қамқор, елдің озбырлығына əрқашан қарсы шыққан қайраткер болған. Сондықтан халық оны дайым жақсы көріп, өздеріне тірек деп таныған. Көтеріліс басталысымен Жалбыр Дамбар болысының жігіттеріне жетекші, ұйтқы болған. Жоғарыда айттық, «Жалбыр» повесі де – аяқталмаған шығарма. Бірақ осы нұсқасында бұл тұтас сюжетті, композициясы жағынан арқауланып дамыған, шымыр туынды. Бұл қалпында тұтас шығарманың бірінші жартысы дерлік күйде. Уақиға суреттелетін кезең – халық өміріндегі көптеген шиеленісті қиын кезең. Қаланың сыртындағытөбеге генералгубернатор Эверсман келіпті. Маңдайында топтанған болыстар. Бір жағынан кимелеп Жалбыр да жетеді. Жиында Сайым сияқты орыс тіліне жетік, білімді, генералмен терезесі тең адамдай сөйлесе алатындар бар. Дүйсенбай болыс сияқты Тəшен тілмаш арқылы ғана сөйлесіп, өзі тілі күрмеліп, аузын аша алмайтындары да бар. Болыстар июнь жарлығын жəне Эверсманның келуін сағына күткендей: «Жігіт береміз!» деп жарыса жамырасады. Сайым болыс: «Бүгін жинап бер десеңіз де беремін!» – деп құлшынады.
38 Жалбыр жігіт беруге қарсы. Үстіндегі киімі сыйықсыз, атарбасы да көз тарта қоймастай қалпымен Жалбыр тепсініп, «Жігіт бермейміз!» деп мықтымсынса, дəл сол жағдайға қиыса қоймас еді. Оның есесіне автор бас кейіпкердің аузына сол жағдайға өте сыйымды сөз салады: «Солдатқа аламын деп тұрғаныңыз қазақтыңжастарыма? Қазақтан солдат алыну себебі не?» деді ол қазақшылап. Сырттан мықтымсу қандай оңай. Жағдайды білмейтін, реализм заңына олақ жазушы губернаторды Жалбырмен біраз айтыстырып жіберуге дейін барар еді. Патшаның жоғары дəрежелі чиновнигі Эверсманға Жалбыр елеулі жан көрінбейді. Генерал автомобилінің басқышына аяғын салған қалпында үнсіз тұрады да, Жалбырға жауап қайырмастан машинасына мініп кетіп отырады. Губернатор жауап берген жоқ, қазақша айтылған сөзді түсінген де жоқ, бірақ автордың суреттеуінде Жалбырдың жігерлене сөйлеген сөзінің ұзын-ырғасын шамалады. Орынбордағы жайлы сарайынан губернатор елді аңсап келмегенін оқушы сезеді. Жалбырға жауап бермеуі де жақтырмайтын қара бұқараның ана жерден де, мына жерден де кекті ашу білдіріп жатқанын көріп, ызамен іші қыж-қыж қайнауының белгісі. Повесть оқиғаның драмалық қайшылығы асқынып, оқиға мейлінше шиеленіскен кезеңді көрсетіп барып үзіледі. Шабуылдаған жігіттер Дүйсенбай болыстың шаңырағын ортасына түсіреді, болыс өзінің тілектестерімен қамысты, сазды көлге бас сауғалайды. Төбе басында отырған Жалбыр əскери операцияны басқарғандай көтерілісшілердің қимылын шашау шығармай басқарып отырады. Патша тыңшыларымен қарулыкүй-даладағыжаңа құрала бастағанкөтерілісшілерденəлдеқайдабасым. Көтерілісшілер жеңілген күні қаладағы революционерлердің үйіне де тінту жүреді, Михаил мен Абдолла тұтқындалады. Бірақ бұл жеңіс уақытша нəрсе екенің əлі бытыранды күрескерлер өз қателіктерінен сабақ алып, қиыншылық жағдайларда шыңдалып, бұдан əлдеқайда күшті майдандасуға дайындалатынында күмəн жоқ екенін көреміз.
* * * Жазушының повесть саласындағы қырлы еңбегіне аяқталмай қалған «Тартысты», 1935 жылы жарияланған «Хат» атты повесін де қосуға болады. Қорыта айтқанда, Б.Майлин əдебиетімізде повесть жағын дамытуда елеулі еңбек сіңірді. * * * Жазушының жақсы повестері жас прозамызға көрнекті, үлгілі туынды болып қосылды. Олардың тақырыптары жаңа, идеясы сара, композициялық пішіндері келісімді, шебер қиюласқан, конфликт негіздерінде дүбірлі ұлы дəуіріміздің күрестіөмірсырларыбар, кейіпкерлерізамандастарымыздың арман-талабын, жан сырын жеткізеді. Б.Майлин күнделікті қарапайым сөздерге поэзиялық, көркемдік қасиеттер дарытты. Қазақтың əдеби тілін байытты. Өз повестерінде шын мəнінде реалист жазушы ретінде көрініп, мəдениетіміздің қажетті төрінен мəңгі орын тепті. «Жұлдыз» журналы.
40 Балтабай АДАМБАЕВ БЕЙІМБЕТ ТОЙЫ Бейімбет атындағыастық совхозының орталығыБейімбет селосының клубына осы жылы 10 июль күні Б.Майлиннің 70 жылдығына арналған салтанатты мəжіліс өтті. Мəжіліске облыстың үш қала (Қостанай, Жітіқара, Рудный), он жеті ауданынан өкілдер қатысты. Мəжілісті Тобыл аудандық атқару комитетінің председателі Хауаз Тəжімакин ашты. С.Мұқанов қысқаша баяндама жасады. Совхоздың парторгы М.Н.Тяпкин, облыстың партия комитетінің секретары М.Ə.Сужиков, башқұрт жазушысы, ақын Сайфи Құдаш, Т.Нұртазин, татар жазушысы ақын Хасан Туфан, Рудный қалалық атқару комитетінің председателі Мальцев, т.б. жолдастар жалынды сөз сөйледі. Бейімбеттің құрбысы, бұрынғы мұғалім, қазір пенсионер Асылбек Ташбаев естелік айтты. Ақын Ғ.Қайырбеков пен Ғ.Жұмабаев Бейімбетке арналған өлеңдерін оқыды. Жиналыстан кейін совхоз орталығына орнатылатын Бейімбет мүсінінің орны белгіленді. Жергілікті өнерпаздар, Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық аудандарынан келген өнерпаздар үлкен концерт берді. Июльдің 11-інде Бейімбет атындағы совхоздың бөлімшесі «Жалшы» қыстағына қарай ел ағылды. Онда Жанкелдин, Аманкелді, Арқалық аудандарынан келген, 14 ақ үй тігілген. Ортасында республика туы желбірейді. Ақтөбенің күзегі аталатын бұл орманның түстігінде Жалтыр көлі жарқырайды. Бір жағы жазық, бір жағы орман – көкорай, жасыл жайлау, жазық. Салтанатты митингіге жоғарыда аталған қонақтар мен аудан өкілінен басқа М.Сужиков, Магнитогорскіден келген ақын Борис Александрович Ручьев жəне жергілікті ақынжазушылар қатысты. Митингіні облыстық атқару комитетінің председателі Г.М.Моторико ашты. Митингіде Сəбең мен Ручьев сөз сөйледі. Бəйге болды, палуандар белдесті, əртүрлі ұлттық ойындар болды. Күндізгі
сағат 3-тен кешке дейін халық серуендеп, жер-жерден келген көркемөнерпаздардың, Қостанай, Рудный қалаларының, Аманкелді, Урицкий аудандары өнерпаздарының өнерін көрді. Əн шырқалып, небір тамаша билер орындалды. Той болған жерде ондаған автодүкендер жұмыс істеді, кітап саудасы қызды. С.Мұқановқа, С.Құдашқа, X.Туфанға т.б. ақынжазушыларға қол қойдырып алушылар мен Е.Өмірзақовтың, С.Қожамқұловтың өнерлеріне қызыға келушілер де есеп болмады. Қостанайда 9 июльде, басталған той 12 июльде Бейімбеттің туып-өскен жері, 20 жылдары «Жалшы» совхозын, «Өнеге» мектебін өз қолымен ұйымдастырған жері – Ақтөбеде аяқталды. Осы 70 жылдық кезінде Қостанай қаласында бір көше, Рудный қаласында бір көше, бір кітапхана Бейімбет атына ие болды. Өзінің туған жеріндегі бұрынғы «Красносельский» совхозының орталығы «Красносельское» селосы Бейімбет атымен аталатын болды. Семиозер ауданындағы қазақ орта мектебі, Тобыл ауданы, Викторовка селосындағы орыс орта мектебі Бейімбет Майлин атымен аталатын болды. Тойға жиналғандарға Бейімбеттің жұбайы Гүлжамал жеңгей, ұлы Мереке мен Еркін, қызы Галя алғыс айтып, аса ризашылықтарын білдірді. Бейімбеттің 70 жылдық тойы халық мерекесіне айналды жəне халықтар достығының үлкен айғағы болды. Қостанай қаласы. «Лениншіл жас» газ., 1965 ж., 18 шілде.
42 Ілияс ОМАРОВ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ХАҚЫНДА БІРЕР СӨЗ Шытырман жағдайда қоғамдық өмірден шатаспай жол табу да оңайлыққа түспейтіні белгілі. Ал, Бейімбет болса, ауыл молдасынан хат танып, онан кейін Уфадағы діни мектептен тəрбие алған кісі ғой. 1905 жылғы революция оған, сөз жоқ, əсерін тигізді. Дауыл дүбірі діни мектептердің де есік-терезесінен еріксіз кіріп, толқымалы ой-пікір болса – сарапқа салуға мəжбүр етті, Бірақ, бұл кездегі Бейімбет əсерлері өзінің көптеген замандастары секілді əлі де бұлдырлау еді. Ежелден ел тұрмысына қанық Бейімбет өз даласындағы індетке айналған кертартпа кеселдерді, солардың себебін əлі терең біле қоймаса да, жан-тəнімен сезінді, сан қилы сорақылықты көрді. Бейімбет, алдымен, кедей-шаруа ақыны. Шаруаға тəн əлеуметтік көз-қарастың ақын шығармаларында үлкен орын алуы табиғи, объективті құбылыс. Ленин: Лев Толстойды орыс революциясының айнасына теңегенде ұлы жазушы шаруаның мүддесін қорғады, сол шаруаға тəн осалдықтар, қайшылықтар Толстой шығармасынан да орын тепті, дейді. Ендеше, Бейімбет шығармаларындағы əлеуметтік мəселелер де осы ұғымнан келіп шығады. Қазақ шаруасының таптық сана-сезімі оянып, өз правосын іске асыра бастағанда Бейімбет те өз тұғырына, поэзия атына мінген кедей ақыны еді. Өйткені, қазақ жеріндегі негізгі тап, негізгі саяси күш кедей-жалшылар болатын. Ақын кедей табын тани білді, сол кездегі əлеуметтік жағдайларға байланысты Бейімбет өмірге де сол тап тұрғысынан қарады. Бейімбет шаруалардың өмірін жақсы біліп қана қойған жоқ, ол сол өмірге үңіле қарап өмір романтикасын, неше алуан конфликтілерін тапты. Өмір құбылыстарын Бейімбет көбінше адам арқылы береді. Əсіресе кедей бейнесін сұрыптап, неше қилы мінездермен, қимылмен, жан құбылыстарымен баяндайды. Бейімбет
43 кейіпкерлерін қайнап жатқан өмірдің ағымынан арашаламай күреске белсендіре кірістіріп отырады. Меніңше жағымды кейіпкерлер туғызу үшін жалғыз ғана оның өмірін, жан-жүйесін біліп қана қою аз, оны жақсы көру, сүю керек. Міне жинақы кедей образы болған əйгілі Мырқымбай осы екі ұғымнан туған. Бейімбет Мырқымбайын өмірден оқшауламайды, əдейі əдемілемейді. Мырқымбай кейде керенау тартып жалқауланады, кейде көк шолағын жегіп, болымсыз еңбектің күйбеңінде жүреді. Кейде – адамшылық арын сақтап, өзінің адамдық атын дəріптеп, кеуде көтереді. Заман ағымы итермелеген Мырқымбай бұрынғыдай қолбаңдамай, жеделдікке бой ұрады, шымырлана береді. Өз тілегі мен ел тілегі қабаттасып оны жігерқайратқа мінгізе бастайды «Бүгін» деген өлеңінде (1923 жыл) Бейімбет Мырқымбайдың көрінісін былай деп суреттейді. «Қуаныштың белгісі бар жүзінде, қайрат, жігер, нық екпін бар сөзінде. «Дүниенің тұтқасымын» деген сөз, ап-анық боп жазулы тұр көзінде» Əрине бұл жеделдік, бұл шымырлық кедейге өзінен өзі келген жоқ еді. Кедейдің қоңын жинау, ең алдымен, қолдағы еңбек қаруына байланысты. Мырқымбай кедейдің жинақы кейіпкері десек, көк шолақ, ағаш соқа – еңбек құралының жинақы көрінісі сияқты еді, Көк шолақ кейде ала атқа айналып егін салатын да, айтқа баратын да жалғыз ат болып келді. Міне, сол ат кейінгі кезде тракторға айналып, ағаш соқа темір соқаға өзгергесін Мырқымбай да жетіледі, Бұрқылдаған трактор Балғадай саусақ бүгіліп, Мырқымбай винтке үңіліп, Тетігін тауып бұрап тұр. («Коллективтің жырын айт»). «Бір есіктің тұтқасынан ұста, бірақ мықтап ұста» деген халықта мақал бар. Сол айтқандай Бейімбет те бір ғана есіктің тұтқасынан мықтап ұстады. Ол кедей есігі еді. Бейімбет кедейге қадаған көзін айырған жоқ. Өмірде болған,
44 толып жатқан өзгерістерді сол кедейді кейпінен қалтқысыз танып, жаңалық тауып отырды. Қоғам өмірі кедейді қайда апарды, қандай сатыға көтерді – соның бəрін шындықпен бейнелеуге тырысты. Бейімбет жасаған кедей бейнесі ірілігімен де көзге түсіп отырады. Бұлар ащы өмірге ызасы ішінде жүрген, адамшылық ары лаулап тұтанған жандар. Мəселен, образдар галереясы: Мырқымбай, Түйебай, Айранбайлар, немесе: Раушан, Рахия, Берен бейнелерінде қайрат, кек, ақ пен қараны айыратын зиректік, ілгері ұмтылдыратын жігер, жеделдік бар. Кедейлердің осы қасиеттері, əсіресе, теңдік алғаннан кейін гүлдене түсті. Ұлы жорық барысында азамат соғысына қатынасып, қан майданда кескілесті. Сол кедейлер арасынан арыстан жүректі, халық қаћарманы Аманкелді батырдың шығуы кездейсоқ нəрсе емес еді. Тап кегі бойын билеген кедейлердің толқындаған қозғалысы Аманкелдіні өсіріп шығарды. Бейімбет қазақ əйелінің типтік бейнесін жасауда тамаша талантын танытты. Əйелдерге тəн сырлы сезімді, осалдық пен ұлылықты, махаббат пен ерлікті, сарқылмас зор күшті табиғи суреттер арқылы шындықпен баяндады. Қарапайым қазақ əйелінде таңқаларлық қаншама ұлы күш, жігер, нəзік сезімдер жатқанын айқын суреттеді. Азамат соғысындағы Бану, кешегі Ұлы Отан соғысында ел батыры болып қаза тапқан Мəншүк пен Əлиялардың ерлік көзінің қайнары деуімізге де болады. Сол секілді, жазушы əңгімелерінде ұшырайтын: махаббат отына жанып кеткен Шұға, сүйгені үшін жанын берген Рəзия, өмір талқысы арқылы шыңдалған Раушан коммунист, Күлтай болыс, «Көк теректің бауырындағы» – Рабиға, «Қара шелектегі» – Айша жəне тағы басқа бейнелер өздеріне ғана тəн, сонымен қатар əрқилы қасиеттерімен қазақ əйелінің типтік бейнелерін толық беретін сияқты. Бейімбетте əдейілеу, асыра мақтау, гипперболизм жоқ. Оның бір кейіпкері табиғи өз орнында, өз ортасынан оншама оқшауландырылмай суреттеледі. Мысалға Раушанды алайық. Ол аңқаулығы мол адам. Күйеуінің таяғын да көтереді. Бірақ оны пысықтандыратын,
45 өжеттендіретін, ілгері сүйрейтін бір күш бар – ол қоғамдық жауапкершілік. Əншейінде сыпайы, қолы ашық Раушан ауылнай мөріне өте сақ, өйткені ол коммунист Раушанға сеніп тапсырылған көпшілік қоймасының кілті сияқты. Сол себепті, мөрге келгенге жан-жағына салмақпен қарайтын болады. Сол-ақ екен, ол ескі əдетке, күйеуінің суық қабағына көнбей қояды. Раушанның өсуіне, пысуына оның жол жүріп, қала тұрмысын көруі де көп əсер етеді. Кейін елді мəдениетке тартуда, əрине, осы көрген-білгендерінің бəрі оның ойына ұйтқы болады. Сөз жоқ, Бейімбет осындай сенімді көріністерден бастамай, Раушанды іле аспанға көтеріп жіберсе, онысы шындықтан да аулақ болар еді. Бейімбет өз заманын мақтанышпен суреттеді, Тарихи кезеңдердің қайшылықтарын жасырған жоқ. Асыра сілтеушіліктерді, коллективтендіру кезінде болған бұрмалаушылықтарды сыншыл қаламымен өртеп отырды. Асыра сілтеу мен бұрмалау – толқыма жандарды былай қойғанда сол жолда белсенділік қылып жүргендердің өзін де састырды ғой. «Дайрабайдың көк сиыры», «Қара шелек» деген əңгімелерінде Бейімбет сол асыра сілтеушілікті əшкерелей келе, оны кездейсоқ қателік екенін айтып, жалпы шаруалар қауымын коллективтік негізден жеркендірмейді. Заман туғызған кейіпкерлер əр жазушының шығармасында үндесе беретін сияқты. Мысалы «Əміржанның əңгімесіндегі» Əміржанның біраз мінездері М.Шолоховтың Нагульновына ұқсап кетеді. Бұл да Нагульнов сияқты тіке, шартпа-шұрт, қимылы шапшаң бір бет адам. «Мінезім де шатақтау, жоқ нəрсеге кіділенем, Бірақ ұстаған жолымнан тайған емеспін, Мақтанып-ақ айтайын: «сен осындай босаңдық істедің» – деп ешкім кінəлап көрген емес. Менде туыстық, таныстық деген болған жоқ. Кісі ажарына қарамадым. Партияның шын ұлы болсам деген тілектен басқаны білмедім». Шаруаның дүниеқорлығы көп заманнан бері біте қайнасқанқасиеттер. Сол себепті «Қарашелектегі» Айшаның сиырын көксеуі шаруа психологиясына орынды құбылыс. Тіпті колхоз бастығы болып сайланғаннан кейін де Айшаның
46 ұйқылы көзіне: – «Желіні салпылдаған ала сиыры елестеп кеткен тəрізденді», – деп бітіреді Бейімбет əңгімесін. Тағы да М.Шолоховтың Майданниковы есіңе еріксіз түседі. Бейімбет жаңашыл жазушы дейміз. Ескілікке белшесінен батып жатқан елдің жаңалыққа бет бұруы оңай емес. Əдетғұрып тұсаулары, дін шырмауы, арызқойлық секілді індет етектен тартумен болады. Шынын айту керек, жала жабуға, оны ұйымдастыруға бір кезде біздің ағайындарымыз онша олақ та болмаған ғой. Бұл əлі де толық жойылмай келе жатқан кесепат. Міне, Бейімбет шығармаларында осы жəйттер шиеленісіп жатады, «Шұғаның белгісінде» Əбдірахманды «түріктерге жасырын ақша жиып жүр» деп арыз беріп ұстатады. «Рəзия қыздағы» Əлімді де жаламен аттырады. Кейін тап тартысының өршіген кезінде өтірік арыз беру дəстүрлі құралға айналады. Арыз жазбаса басы ауыратын бірлі – жарым ағайындарымыздың бейнесін Бейімбет шығармасынан ап-айқын көреміз. Ол кəдімгі Арыстанбайдың Мұқышы. Өз кінəсін өзгеге аудару, нақақ жала жабу, қит етсе жағымпаздыққа салыну – осы сияқты жиренішті қасиеттерді «жүрегінде» сақтап жүргендерді кездестіргенде жылан көргендей суып қаласың. Ескілік, дін сарындарымен күресуде Бейімбеттің «Талақ» деген əңгімесі еріксіз көңіл аударады. Жұпыны ғана семьяда үш адам бар: мінезі томырық Айдарбек, оның əйелі жəне қуыршақпен əуреленіп жүрген кішкентай Күлəмза. Айдарбек пен Зейнептің отасуының өзі қызық. Бұлар сүттей ұйып отырған жандар емес. Емісеміс жанжал, ұрыс-төбелес араласып, өмірлерінің берекесі де кетіп жүреді. Бірақ, ғажабы кикілжіңдері семья шырқын бұзбайды. Тіпті олардың ойынша, кикілжің де керек сияқты. «...Жетісіне бір ұрысу, ұрысқан сайын ұру – екеуінің ойынша да тұрмыстың заңы, шариғаттың бұйрығы секілді көрінеді... Олай ойлауларына себеп-жайшылықтан көрі, араздасқанның артынан екеуі бірін-бірі айлап-жылдап көрмеген адам секілденіп құшақтайды. Сондықтан, екеуі ашуланысқанда бірін-бірі жəбірлесе де, бірін-бірі көрместік
47 сөз айтса да, ұзамай бір қызғылықты тұрмысқа қайтатындарын сезетін секілденеді». Мінеки осындай қайшылыққа толы өмірді шариғат заңы бұза алмайды. «Талақ» деген шариғат лағнатыдалада қалып, өмір өззаңымен аға береді. Бейімбеттің осы əңгімесі көп нəрсені ойлантады. Біз көбіне семьяның өзара қарым-қатынасы, əсіресе, ерлі-байлы адамдардың қарымқатынасын насихаттағанда бояуын ажарландырып, өмір жолын кедір-бұдырсыз, тақтайдай тегіс етіп, семьяның төбесіне бұлтсыз көгілдір аспанды төндіреміз де қоямыз. Ə, деп қалам сілтегеннен бастап Бейімбет творчествосы сыншыл реализмнің таза бұлағынан нəр алды. Жазушының алғашқыөлеңдерінде, əсіресе ауыл өмірін, табиғат құбылысын суреттеуде Абай жырының сарыны айқын белгі беріп отырады. Шығармаларынданақтылықпенқарапайымдылықжымдасып жатады. Көтеріңкі, елірме оралымдар мұнда кездеспейді. Əсіресе тұрмыс көріністерін ұсақ əңгімелер арқылы беруде Бейімбет үлкен сатыға көтеріле алды. Кейіпкерлерінің мінезқұлқын баяндауда – дəлдік күшті. Таптық көзқарастың сол кездегі салдары болуы керек – бай-молдалардың бейнесін беруде жазушы сөз қолданысында мысқыл-щарж белгі береді. Əрине, ондай қара бояулар жек көрініштіні көрсетудің оңай, солғын түрі ғой. Бірақ та сол кездегі шаруалар көзімен олай қараудың да ерсілігі болмайтын-ды. Бейімбеттің тіл байлығы қарапайым, халық өкілдерінің тіл байлығының елесі. Сол тілді игере білу, қолдана білу Бейімбет шығармаларын өңдендіріп тұрады. Тілдің толығуы, баюы халық тұрмысының өсуөркендеуімен байланысып жатады. Бейімбет «Қуаныш» деген өлеңінде жаз келуін сипаттайды. Табиғатқа да, жəндікке де, адамға да жаз берген қуанышын суреттеуде жаңа теңеулер келтіреді. Оларды шебер қолдану арқылы эпитеттің позитивтік күшін жарқырата түседі. Бүгін желге жұмсақ, майда күш кірді, Бүгін желге жылы шырай түс кірді. «Жаз келет» деп, «жаз келді» деп қаңқылдап,
48 Қатар түзеп көк жүзінде құс жүрді. Бозторғайлар əнге басты шырылдап, Шалшық судан үйрек ұшты пырылдап. Қыстай баққан көтерем тай өрісте, Жуытпайды маңайына қырындап... Сай салдырлап, салдыр-күлдір өзенің, Көкпеңбек су – ел қонатын өзегің. Белес басы күлгір сағым мұнартқан, Қатындар жүр қырдан теріп тезегін. Жоғарыда астын сызған теңеулердің орналасуы, тура жəне жанама мағынасының эмоциялык күші ап-айқын емес пе? Жаңа өмірді жек көрген ызалы байдың сөзін Бейімбет мынадай бір ауыз өлеңмен береді. Қарашы, ай бетіне: нұры қашқан, Қарашы Сарыөзекке: түрі қашқан, Жұлдызы меруерттей сиреп-тозып, Бұрынғы аспан емес мынау аспан. «Шұғаның белгісін» шын мағынасында қазақы əңгіме дер едім. Осы əңгіме басқа жағдайда айтылса, мұндай көркем болып шықпас та еді деген ой келеді. Жазық дала, ен жайлау, сайраған дала құстары, мұнарлы жиегіне көз жетпейтін жазықта жолаушылап келе жатқан екі салтты. Қырсау қара керді тепкілеп келе жатқан əңгімеші, ен далада «Шұғаның белгісі» аталатын жалғыз обашық. Сюжетін былай қойғанда: осының бəрі – қазақ өмірінің нақты елестері. Əңгімеде көптеген, сөз қолдану логикасы күшті тіркестер бар. Оны жазушының əр шығармасынан-ақ кездестіруге болады: «Жайылып біткен шырпыдай бетаузы жүн-жүн болып, өңірейіп Жұматай отыр» («Ел күйеуі». «... Дөңбектей боп семірген биқасап бəйбіше» («Қанды кек»), «Бөтегесі бұлтыйып Ыдырыс отыр» («Қара шелек»). «Сөзімді тыңдаса қайтеді екен деп сен қыдыясың», «... Жоқ нəрсеге кіділенем», («Əміржанның əңгімесі»).
49 Осылар тəрізді толып жатқан сөздер, теңеулер оқырманға жаткөрінбейді. Себебі солсөздердіңастарындағымағыналық күшімол. Бейімбетшығармаларындағытеңеулердіңтабиғаты да өзге. Өмір бойы мал баққан елде малдың қасиеттерін, кейбір көріністерін характерге жапсыру бар. Мысалы, «Талақ» деген əңгімесінде Айдарбектің ашуланған түрін: «Екі көзі құтырған сиырдың көзіндей боп адырайды», – деп суреттейді. «Құрымбайдың жігітшілігіндегі «Құрымбайды: «күйек байлаған қойша мойнындағы қылышы салақтап, винтовкасын сүйретіп», деп баяндайды. Қазақ совет əдебиетінің ірге тасын қаласушылардың бірі болған Бейімбет Майлиннің творчестволық шеберханасы, əрине, бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Себебі ол төл əдебиетімізде өзіндік мектебі, мəнері, шəкірттері бар қаламгер. Бұл бақыт – кезкелген жазушының маңдайына жазыла беретін қасиет емес. Ал, біздің Бейімбет – сондай бақытты қасиеттің адамы. Əдебиет зерттеушілері жəне оның қаламдас ең жақын досы Ғабит Мүсіреповтың айтуына қарағанда, Бейімбет мұрасы он томнан асады. Бұл оның халық қазынасына қосқан зор үлесі екенінде ешкімнің дауы жоқ. Əдебиетіміздегі Бейімбет традициясы ап-айқын болып көрініп жатыр. Өзімен творчество жөнінен бір бағытта (əрине, жазушылық мəнерлері əр басқа) болған Ғабит Мүсіреповтың шығармаларын қазір бүкіл дүние жүзі біледі. Бейімбет традициясын ілгері апарушылар ішінде, өз басым, өнімді сапалы еңбек еткен адамдар деп Сейітжан Омаров пен Ғабдол Сланов, Мұқан Иманжановты білемін. Көп жылдар бойы, осы қаламгерлер бұлт басып кеткен Бейімбет есімін қадірлеп ұстап, оның творчестволық мəнерін ілгері дамытумен болды. Сөз жоқ, қазіргі жас қаламгерлер арасында да Бейімбет ұстаған творчестволық мəнерді дамытып, жетілдіріп, жаңа түр мен мазмұнын қолданыстары арқылы əрлендіріп жүрген жас қаламгерлеріміз бар. Олар өз істерін Бейімбетше сүйіп, халыққа Бейімбетше қызмет етуді абройлы ісіміз деп түсінеді. Мəселен, тамаша дарын нелері Сəкен Жүнісов,
Ақан Нұрманов, Сайын Мұратбеов, Қалихан Ысқақов, Əкім Тарази жəне Жайсанбек Молдағалиевтың туған халқын жырлайтын туындыларын оқығанда жүрекке жылы леп тиіп, іштей марқайып, қуанып қаласың. Биағаң есен-сау болса, бұл жігітерді əдебиеттегі, өмірдегі шəкіртім деуден ұялмас еді-ау деп ойлайсың. Жалғыз оларға ғана емес, жас буын атаулыға: Бейімбет аталарыңша еліңді, жұртыңды сүй, халқыңа сол кісіше қызмет ет, – деген сөздер еріксіз тілге орала береді. «Тың өлкесі» газ., 1965 ж. 24 қазан.