201 Гүлзия ПІРƏЛИЕВА БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ БЕЙНЕЛІ ШЕБЕРЛІГІ Психологиялық орта, кейіпкерді белгілі бір іс-əрекетке алып келетін ондағы көңіл-күй көріністері шығарманың сюжеттік желісін жандандырып, эстетикалық құндылығын арттыруда көркемдік, психологиялық қызмет атқаратыны ақиқат. Біз оған Б.Майлин шығармаларындағы психологиялық талдау өнерінің бір тармағы – психологиялық орта мен пейзаж, интерьер мен заттар əлемі т.б. секілді көркемдік көріністерді талдау барысында көз жеткізе түсеміз! Б.Майлин кейіпкерлерінің дені кедейлер болғандықтан олардың өмір сүрген ортасы, киген киімдері, ұстанған заттары да сол шамада болатын. Сондықтан да оның кейіпкерлері тар, лас, тозығы жеткен кеңістікте өмір сүреді. Бір туындыдан екінші туындыға көшіпжүретін кедейлер Б.Майлин үшін үлкен образдық мағынаға ие. «Раушан коммунистің» мөрі, «Айшаның қара шелегі», «Дайрабайдың сиыры», Байқан молданың тасбиғы, Күлпаштың тар лапасы, Егеубайды естен тандырған «сексен сомы» т.б. міне, солардың айғағы. Б.Майлин кейіпкерлеріне тəн шегіне жеткен кедейлік олардың өмірін де, соған лайық тұрмыс-тіршілігін де, характерін де сомдап береді. Мысалы, «Сексен сом» атты əңгімесіндегі Егеубайдың жанын неге сексен сом жей берді. Автор оны былайша суреттейді: «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жерге түсіп кетті. Өзі безгек болған кісідей қалтыранып, аузы жыбырлап қайта-қайта «сексен сом» деп айта берді... Тынымбай аң-таң. Егеубайдың неден сасқаны оған жұмбақ, басқа бір пəле болып қалды ма деп ол шегіне берді»... «...тесік-тесік лапаста тұратын, құлап жатқан қорасы бар, «тұттай жалаңаш балалары бар» Егеубай үшін сексен сом салық оңай ма? Бұл сексен сом оның жаны, ақша сұрай келген делегаттар жан алатын əзірейіл секілденуі де сондықтан сенімді: «Күлпаш» атты əңгімесіндегі кедейшіліктің кейпі бұдан да жаман. «Үстіндегі өрім-өрім болған соң əр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның
202 сыртында тозығы жетіп, тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік, тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып бүк түсіп баласы Қали жатыр». Əңгіменің басталуында-ақ кейіпкердің жұпыны тірлігі, адам төзгісіз аштығы олардың ұстанған заттары мен киімдерінен көрініп тұр. Күлпаштың аянышты тағдырына тағы бір қайғылы қасіретті жамаған да осы аштықтың кесірі. Күйеуі мен сырқат баласын тастап, бір байға тоқалдыққа көнген Күлпаш одан да сорақы жоқшылықтың, əсіресе, бауыр еті баласы мен қосылған жары Мақтымнан айрылып, ауыр күнəнің азабын тартады. Б.Майлин шығармаларындағы кеңістікті шектеп тұратын көркемдік элемент образы – осындай тар лапастар, тозығы жеткен киімдер, қырық жамалған киіз үйлер, сынық ыдыстар секілді, т.б. толып жатқан заттар əлемі кейіпкердің аянышты тағдыры мен тірлігінің, тұрмысының, тіпті оның табиғатының символдық белгілері, жан-дүниесінің психологиялық жағдайын əшкерелейтін өмір белгілері. Сондықтан да Б.Майлиннің заттық əлемі жекелендірілмейді, ол көбіне көпке, жалпы кедейлер тағдырын, өмірін, тұрмысын анықтайтын заттар болып келеді. Б.Майлин кейіпкер өмірінің маңызын ашатын тұрақты заттық детальдарды жиі қолданады. Айталық, Егеубайдың да, Күлпаштың да, Айшаның да, Дайрабайдың, т.б. толып жатқан кедейкейіпкерлердің үйлері де, киімдері де, олар ұстанған заттары да, қора-қопсылары да бəрі-бəрі бір-біріне ұқсас, біріненбірі ауысқандай тұрақты заттық детальдар болып табылады. Сондай-ақ олардың интерьерлері де біртекті, шегіне жеткен қайыршылықты танытады. Мұндағы тұрақты бөлшектер əлгіндегі аталған жыртық киімдер, тар лапастар, сынық ыдыстар, т.б. Мысалы, «Кедей теңдігі» əңгімесінде малайдың образы былай беріледі: «Самаурынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп үсті-басы далба-далба бір жігіт отыра кетті». Шоқпақ бұжыр қара, қолы тілім-тілім жыртық, байдың малайы екенін адам айтпай-ақ, пішінінен,
203 отырыс-тұрысынан білінеді. «Шапайдың хатында: Қатынға шəй қойдырып, жамаулы кеседен ыстық шəйді ұрттай отырып хатымды жазуға кірістім» дейді. Міне, осы екі үзіндіде психологиялық микро-элементтер елеусіз ғана баяндалады, бірақ, осы тұрмыстық детальдар (малайдың кір киімі мен жамаулы кесе) кейіпкерлердің тым жұпыны тірлігін паш етеді. Б.Майлиннің шығармаларындағы тұрмыстық заттық əлем, ондағы əрбір деталь – кейіпкердің ішкі əлемін ашуда, адам жаратылысының, түйсігінің небір қатпар қырларын, құпия сырларын əшкерелеу үшін əдейі алынған жəне ішкі иірімдерге енудің бірден-бір жолы, соның көркемдік тəсілі болып табылады. Жазушы əңгімелеріндегі жанрлық-түрлік қасиетке ие болған, сондай дəрежеге көтерілген көркемдік заттық деталь – «Қара шелек», «Сары тон», «Шапайдың хаты», т.б. болып тақырыптық деңгейге көтерілді. Майлинде зат адамды алмастырмайды, бірақ, ол зат сол адам үшін оның табиғатын, характерін, болмыс-бітімін, бүкіл тағдырын шешетін бірден-бір көркемдік деталь болып кейіпкер образын ашып тұрады. Жоғарыда аталған əңгімелердегі əрбір зат кейіпкерлердің бүкіл болмысын сол күйінде бедерлеп, бейнелеп береді. Жəне жазушының əңгімелеріндегі заттық əлем-поэтикалық ойдың үзіліссіз жұмыс істейтін материалы ретінде көрінеді. Ол əңгіменің сюжеттік желісін одан əрі үзбей жалғастыра отырып, өзі арқылы үлкен əлеуметтік-экономикалық, философиялық ой түйеді. Сондай-ақ, шығармада өз орны табылмай, ол көрінбейді жəне ол ешқандай көркемдік қызметте атқармайды. Ал Б.Майлинде бірде-бір артық-ауыс артық сөз, артық деталь не бір қызмет атқармайтын басы артық зат атаулы болмайтыны əуелден-ақ белгілі. Жазушы қазақтың сөз өнеріне, əсіресе, прозаға қарапайым халықтың ауызекі тілін (разговорный) енгізген жəне олар қарапайым емес, соншалықты қарапайымдылығына, ел арасындағы ауыз екі сөздің қаймағыбұзылмаған таза құрылысына, типтікжаратылысына қарамай, соншалықты сөлді, соншалықты шымыр да шынайы, тірі (живой) сөз өрнегін өзіндік болмыс-бітімімен,
204 тек ауылдың қазақы адамдарының тіліне тəн өрнектеп бере білген сұңғыла суреткер. Ол қаншалықты қарапайым болған сайын соншалықты стильдік, көркемдік, эстетикалық құндылығы құнарлы екендігін естен шығаруға болмайды. Суреткер сөзге қандай сараң болса, онда қолданатын əрбір детальға да соншалықты сараң. Оның шашылып жатқан ойы жоқ, шалыс басқан артық ауыз сөзі жоқ. Керек болмаса, бір ауыз артық сөз де, артық затта шығармада көрінбейді. Міне, Б.Майлиннің ешкімге ұқсамайтын стильдік, көркемдік, суреткерлік ерекшелігі де осында жатқан секілді. Б.Майлин үшін зат айрықша мəнге толы: оның шығармаларында қолданылған зат (вещь) кейіпкердің табиғатын, мінез-болмысын, əлеуметтік тұрмысын тап басып ашып беріп отырады. Стильдің көркемдігін анықтайтын заттық деталь кейіпкердің көркем образын да, ішкі жандүниесін де, түйсіктегі құпия қатпарларды да тереңнен танып, жан-жақты ашуға көп көмегін тигізеді. Мысалы, «Айранбай» атты əңгімесінде кейіпкердің кім екендігі бірден-ақ көзге ұрады: «Айранбайдың үйіне кіріп келгенде-ақ нендей кəсіппен айналысатыны беп-белгілі. От басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары, қайыстың қиқымы, біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық қоқырсып жатыр». Осындағы аталған əрбір заттық деталь Айранбайдың кəсібінен сыр берсе, екіншіден, оның сіңірі шыққан кедейлігін де көрсетеді. Сондай-ақ, мұндағы тізілген тұрмыстық заттардың қоқырсып жатуы да өзінше бір көркемдік қызмет атқарып тұр. Ол үйдің де, оның иесінің де ластығынан сыр бергендей. Кедейлікке ластық қосылса онда адамның кейпінен де, үйінен де көріктің, көңіл-күйдің кеткендігін көрсетпей ме? Ондай адамда не ұсқын болсын? Автор бұл ойын Айранбайдың əйелі Раушанның киімін бейнелегенде оданда əрмен əжуалай, əрлендіре түседі: «Үстінде түйін-түйін көйлектің жұрнағы бар. Аяғында шарық етік, басында заты ақ болса да, кірмен баттасқан қырық құраулы бөкебайы бар, даулы екпініне, ашулы сөзіне қарағанда Айранбаймен өштескен, кезі келгенде өшін алайын деген адамның түрі бар».
205 Міне, осындағы əрбір тұрмыстық заттық деталь – кейіпкердің табиғатын, əлеуметтік тұрмысын, адами болмысын тап басып бейнелеуде басты көркемдік құрал болып табылады. Бейімбет өз кейіпкерлерінің өміріне, күнделікті тұрмысынатікелейқатыстытұрмыстықортаны, ондағықолданылатын əрбір заттық детальды олардың ішкі өміріне еркін енудегі, олардың түйсіктеріндегі тылсым сырлар мен құпияларды ашудағы символдық астармен айрықша көркемдік бөлшек ретінде бейнелейді. Жəне олардың бəрі шегіне жеткен қайыршылықты, жан-дүниесіндегі жүйесіздікті бейнелейді. Өміріне көңілі толмаған кейіпкер киіміне, өз үйіне, күйеуіне, жалпы өз ортасына қалай көңілі толсын?! Осының бəрі əлгіндегі заттық əлем арқылы əшкереленеді, бағаланады, тереңдетіле талданады. «Қара шелек» əңгімесі «ə» дегеннен осы қара шелектің шежіресінен басталады: «Əңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кəстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді». Оқиғаны баяндағанда көпірме сөз жоқ, төтесінен тура оқиғаға тікелей қатысты жəйді ғана бейнелейтін Бейімбет осы алғашқы жолда-ақ Айшаның кім екендігін, оның өмірдегі болмыс-бітімін, ары бар, намысы бар, ешкімнен ештеңе сұрағысы келмейтін тектілігі бар, өз заты мен өз қадірін кім көрінгеннің алдында түсіргісі келмейтін кесектігін, жинақтығын, күтімділігін, бірін мыңға балап ұстайтын ұқыптылығын айқындап береді. «Сол қара шелегін қара басып Қожағұлдың қара тоқалына қалай беріп қойғанына қайран. Өйткені, оның басы қара шелектен гөрі бір айдан бері үй бетін көрмеген күйеуі Бірмағамбетті ойлап «күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырын суарса да» есіл-дерті сол болып мəн бермегенінен болып шықты. Есілдерті күйеуінде болмағанда, ақылы сау, көңілі тоқ кезі болса атасының басындай сақтап жүрген, өзін талай көршілерінің алдында кішірейткен қара шелегін берер ме еді?» Бұл жер-
206 де жазушы əлгі суреттеуі арқылы Айшаның жан күйзелісін, ішкі жан-дүниесіндегі ала-құйын сезім сапырылысын, ай сергелдеңін, беймаза көңілін тап басып бейнелеумен қатар, қара шелектің Қара тоқалдың қолына қалай кеткенінің себепсалдарын да астарлай жеткізіп отыр. «...Айша шыдай алмай, үйінен шыға жүгірді. Екі үйдін арасына жалданып тұрған қарға тізесінен батып малтықты. Оған да тоқтаған жоқ, қара тоқалдың үйіне жеткенше, қара шелекті көргенше асықты». Əдеби-көркем шығармада кейіпкердің психологиялық образын сомдауда сүбелі үлес атқаратын заттық деталь – қара шелек – Айшаның табиғатын, жан күйзелісін, сол сəттегі сезімдік-эмоционалдық, психологиялық құбылыс жағдайын əсерлеп, үдемелеп, сыртқы психологиялық көріністер арқылы (жүгіру, алшну, құласа да, қарамай жүгіре беру), шарықтау шегіне жеткізе суреттейді, автор. Б.Майлиннің көркем сөз өнерінің шебері, зергері болуымен қатар, кейіпкер табиғатын, характерін, психологиясын ашу үшін психологиялық прозаға тікелей қатысты, оның тұтқасын ұстап тұратын көркемдік тəсілдерге де көп көңіл бөліп, кеңінен, қолданылғанына куə боламыз. Əсіресе, кейіпкердің жан-дүниесіне тереңдеп бару үшін алынатын көркемдік заттық, тұрмыстық детальдар (оқиға өтер орта, кейіпкерлер киімі, тұрмысы, қолданылатын заттары, ауыз екі сөздері, олардың əрқайсысына тəн өзіндік ой-өрісі, ішкі монологтары, түс көру тəсілдері, іс-əрекеттері, жүрістұрыстары, көзқарастары, емеурін-ишаралары, ешкімге ұқсамайтын қылықтары т.б.), бəрі өзіндік психологиялық микроталдау жүйесін құрайды. Бұлардың бəрі Б.Майлиннің əңгімелерінде, жалпы көркем прозасында көрнекі орын алған. «Айша босағаға қараса, екі бүктеліп, түбі аламайымен сөгіліп, қара шелек жатыр! Жаны шығып кете жаздады. Жалма-жан шелекті алып, қара тоқалға жіберіп ұрды. Ызаланып көзінен жасы ыршып-ыршып кетті». Осындағы кейіпкердің кенеттен бұрқ еткен ашу-ызасы, яғни, адамның ішкі сезімсерпілісінен сол сəтте сыртқа сезілер, ырықсыз түр-
207 де асырылатын қимыл-қозғалыс (шелекпен жіберіп ұруы), сезімдік-эмоционалдық құбылыс (көз жасы), т.б. секілді физиологиялық жəне психологиялық сыртқы көріністер арқылы суреттеліп отыр. М.Ф.Достоевскийдің «все внутреннее должно быть обнаружено в действий» дегеніндей, кейіпкердің жан-дүниесіндегі сезім құбылыстарын, ішкі иірімдерін сол сəтте тосыннан сыр берер сыртқыіс-əрекеттер арқылы бейнелеуді Б.Майлин ерекше құрмет тұта пайдаланады. Сол елеусіз əрекет арқылы Айшаның мінезіндегі дүлей долылықты, еріне, жалпы өз өміріне деген өкпе-наланы да сəтін тауып бұрқ етпе сезім аффектілері арқылы бейнелей білді. Ең бір ерекше назар аударатын нəрсе – Б.Майлин шығармаларындағы заттық əлем, тұрмыстық бөлшек ұсақ əрі қарапайым болса да, кейіпкердің табиғатын, мінезін, ішкі қалтарыстарын, құпия сырларын ашуда, ішкі түйсіктегі қатпарларды бейнелеудегі бірден-бір психологиялық микроталдау əлемін ашатын көркемдік тəсіл, көркемдік əлем болып табылатындығы. Жазушының «Сары ала тон» атты əңгімесінде де сюжет тізгінін – сары ала тон, яғни тұрмыстық деталь қолға алады. Күні кеше Сейпен байдың əкесі Жантай бидің патшадан сыйға алған сары ала тонын байларды конфескелеу кезінде Тұтқыш деген кедейдің киіп алып, бүкіл ауылды аралап шыққаны жайлы жылы юмормен əңгімелейді: «Тұтқыш сары ала тонды киіп, алтын медальды төсіне қадады. Аяғында жыртық етік, басында жалбаланған құлақшын. Өзі жайнаңдап жымың-жымың етеді. Аяғын керіле басып, қараша үйдің жанында отырған бай мен бəйбішенің алдынан кесе көлденеңдей жүреді. Бай бір рет қарады да, басын төмен салды. Бəйбіше жанын тартып сұрланып, көзімен Тұтқышты атып жібергендей болып қарады». Суреткер сыйлы сары ала тонның Тұтқыштың кигендігімен байлардың күні өткендігін символдап астарлай əжуалаумен қатар, Тұтқыштың салтанатты алтын медалі бар сары ала тонға қарама-қайшы «жыртық етік, жалбаланған құлақшынды» яғни оның кім екендігін ескертетін заттық детальды ұмыт қалдырмай контрасты түрде кекесінмен
208 кестелейді. Екі əлем, екі сана, екі дүние қайшылығы осы бір сəтімен туған көркем үзінді арқылы ашылады. Жазушының адам ойына келе бермейтін қарапайым бір тұрмыстық деталь арқылы бүкіл сюжеттің жүгін көтерерліктей кесек эпизод жасау шеберлігіне шаң жұқпайды. Оған дəлел ретінде мына үзіндіні алуға болады: «Боз үйдің жанында ұршық иіріп отырған қатпар бетті сары кемпір ауыр күрсініп көйлегінің жеңімен көзінің жасын сүртті. – Шеше неге жылап отырсың? – деп Қуандық жанына жетіп келді. – Əй, шырағым-ай, не жақсылық бар дейсің, аруақтың иеленген тоны еді, отанымызға бір зияны тиіп жүре ме деп қорқамын, – деді кемпір. Қуандық шек-сілесі қатып күлді». Осы эпизод аруақ сыйлаған аңқау ананың ауыр қайғысы-уайымы арқылы сол кезеңдік психологияны шымшып шенеп отыр. Күлмесіңізге, мырс етпесіңізге мұрша бермейтін бұл тұрмыстық бөлшек өз міндетін мінсіз атқара білген. Жазушы үшін əрбір (деталь), детализация (бөлшектеу) сондықтан да маңызды екендігін аңғартқандай. Б.Майлин тұрмыстық детальды, заттық əлемді əр уақытта көркемдік эстетикалық құндылық ретінде бағалайды. Сол айтқандай, Б.Майлиннің əңгімелерін, жалпы көркем прозасын құрап тұрған жекелеген, қарапайым тұрмыстық детальдар мен заттық əлем бүкіл шығармашылығының мəнмаңызын мəлімдейтіндей, солардың көркемдік тұғырын танытатындай, суреткердің көркемдік шеберлігін ашатындай əсер қалдырады. Б.Майлин өмір сүрген кезеңде жалпы əдебиетте (XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында) детализация, тұрмыстық детальдарды пайдалану, заттық əлемді үлкен бір құбылыс ретінде танып, көркемдік жүйеге ендіру сол кезеңдегі жазушылардың əдеби сынақтарына (эксперименттерге) енді ғана еніп, көркемдік құрал бола бастағанды. XIX ғасырда психологизмнің, психологиялық талдау өнерінің басты өкілдері болған М.Достоевский, Л.Толстой шығармаларындағы материалдық əлемді жан-жақты əрі
209 толық бейнелеу кейін А.Чехов, М.Горький, Бунин, т.б. шығармаларында өзінің жарасымды жалғасын тапты. Ал қазақ əдебиетінде бұл дəстүр Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов шығармаларында қатты байқалды. Мысалы, Б.Майлиннің «Баянсыз бақ» атты əңгімесінде мынадай эпизод бар: «Нұрлыбай сырлы үстелді ұстай да біледі. Үстелдің үсті таптаза болады. Бір жақ бұрышында-кесілмеген, ұсталмаған бірер кітап пен жазу аспабы тұрады. Оған таяу шылым сауыт, күл салғыш болады. Екінші жақ бұрышында – арам өлген сиырдай болып теңірейіп портфелі жатады. Үстел тұрған үй қабырғасында, бұл енді үстелге отырғанда, кісінің қарсы алдынан тұратын кіреукеленген айна болады». Мұндағы əрбір тұрмыстық заттың əрқайсысының егжейтегжейлі ұсақталып баяндалуы кейіпкердің сол кездегі көңілсіз күйінен сыр береді. Мұндай жинақы, ұқыпты ұсталған үстелдің үстінде отырып, жұмыс істеудің өзі бір ғанибет, көңіліңді көтеретіндей. Алайда, олай болмай шықты. Əңгіме кейіпкері « Нұрлыбай судья еді, бүгін орнынан алынды. Балажастан «біреуді жəбірлесе, жылатса, ойран салса, сусыны қанып, құмары тарқайтын сияқты», оның түбінде бір тексеру болып, басқа қонған бақтың баянсыз боларын бұл қайдан білсін? Кейіпкердің осынау ойларының туған жері» – жалтыраған əлгі үстел, осы үстел үстінде отырып, кешегісіне ой жіберген, осы үстел үстінде отырып бақытты, яғни, судья болған шағын, бүкіл өткен өмірін еске алған. Енді жоғарыға арыз жазып, өзін ақтайын десе, жазуға шама жоқ, осы үстелмен бірге басындағы бағы да көзден бұл-бұл ұшып жоғалар түрі бар. Мұндағы үстел кейіпкердің сезімін, оның көніл-күйін, психологиялық жағдайын тап басып білді. Образды ашуға дəнекер болып отыр. Ол сюжеттің дамуына да өзіндік əсерін тигізбей қалған жоқ. Оқиға өтер психологиялық ортаның өзі осы үстел басынан басталды емес пе? Ондағы жоғарыда аталған əрбір зат, тұрмыстық деталь оқиғаға деген автордың көзқарасын білдіріп отыр. Б.Майлиннің қолданып отырған əрбір көркемдік тəсіліматериалдық заттық əлемі, тұрмыстық детальдар, қарапа-
йым əрі ұсақ бөлшектеуден (детализациядан) тұратын көркем эпизодтар, кейіпкердің ішкі жан дүниесін тереңнен танытатын сыртқы психологиялық көріністер, штрихтар, т.б. бəрі психологиялық микроталдау мен психологиялық микроэлементтерді құрап тұр. Əр жазушының кейіпкер психологиясына енуі, оны талдау тəсілі əр алуан. Бірі – М.Ф.Достоевский, Л.Н.Толстой, Ж.Аймауытов, М.Əуезов, Ə.Кекілбаев т.б. секілді тереңдеп жазса, бірі А.Чехов, Бунин, М.Горький, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, А.Сүлейменов т.б. секілді жекелеген материалдық-заттық əлем, тұрмыстық, көркемдік бөлшек (деталь) арқылы-ақ адам-жанының инженері, адамтану ғылымының көсемдері бола береді. Бұл жерде біздің айтпағымыз, Б.Майлиннің кейіпкер образын сомдауда, психологиясын дендеп ашуда көбіне-көп осы тұрмыстық детальдарға, заттық əлемдерге сүйенетіндігі. Солар арқылы өзі сөз етіп отырған ауыл адамдарының психологиясын, ел адамдарының табиғатын, тіршілік-тынысын, ішкі жан-дүниесін ашып бере білетіндігі. Бұл, сірə, жазушының ешкімге ұқсамайтын ерен-ерекшелігі, кəсіби шеберлігі, қаламгерлік даралығы болса керек-ті. «Ахихат» жур., 2003 ж., №11.
211 Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ БИ-АҒАҢ ШЫҚҚАН БИІКТЕР Қазақтың аса ірі қаламгері Бейімбет Майлиннің жүз жылдық мерейтойы тұсында осыдан жиырма жыл бұрын өзім куə болған бір оқиға ойға оралып, көзге елестей береді. 1974 жылдың қоңыр салқын күзгі бір күнінде қызмет орныма Ғабең – Ғабит Мүсірепов, телефон соқты. – Жұмыс көп пе, босай алмайтын боларсың? – Неге, Ғабе? Қажет болсам, қазір-ақ босап шығамын. – Ие, қажет едің. Келсең, асықпайтын болып кел. Санаулы минуттардың ішінде Ғабеңнің кабинетінде, жазу столының қарсы бетіндегі креслода отырдым. – Бейімбеттің сексен жылдығы келе жатыр ғой, одан хабарың бар ма еді? – деді ағамыз дауысын созып сөйлейтін əдетімен. – Естіп жүрмін, Ғабе. – Естісең, сол салтанатты кешті қысқаша кіріспе сөз сөйлеп ашу маған тапсырылған екен. Мына бір оң қолым ауырып, қалам ұстатпай тұрғаны. Сондықтан сенің көмегің керек болатын түрі бар. Ғабең сəл бөгеліп отырды да, бұдан əрі, Би-ағаң жөніндегі бір ойларын ширатып əкетті. – Бейімбет туралы əркімдер жазып жүр ғой. Əлі де жазар. Терісте жазбас. Бірақ ол кісі жөнінде сөз болғанда, айтпасқа болмайтын бір жəйттер бар. Соны біз айтуымыз керек. Ғабеңнің бір тың əңгіме бастағалы келе жатқанын сезгендей, столдың өзім жақ шетіндегі қағаз салатын сауыттан екі жапырақ қиықша алдым да, алдыма қойдым. Сонсоң ескі журналистік дағдымен елеусіздеу қылып қаламымды əзірледім. Ғабең оныма назар аудармастан, сөзін əрі қарай сабақтай берді: – Бейімбет ауызға алынғанда, оның журналист, драматург, прозаик екендігі қатар аталуға керек.
212 Мен мұны ішімнен бірінші пункт деп белгіледім де, қағазға түртіп қойдым. – Мінез жағына келгенде, ондай қарапайым, ондай кішіпейіл адамды мен өмірде көрген емеспін. Более скромного человека просто не придумать, – деп, əлгі пікірін орысша шегелеп өтті. – Ондай еңбекқор адам да болған емес бізде. Ғабең бұл сөздерінде орысшалап қайталады. Менің қиықшама бұл екінші пункт болып түсті. – Журналистік қызмет пен жазушылық еңбекті ұштастырып, қатар алыпжүру – қиыншаруа. Назарың біріне қарай ауыңқырап кетсе, екіншісі опық жеп қалады. Біріншісіне көлеңке түсіреді. Ал Бейімбет болса, газет пен баспаның жұмысына белшеден батып жүргенде, оның көркем прозасында бір мін болмайтын. Осы екі бағыттың дербестігін ол керемет сақтай білді. – Оның жастарға деген жанашырлығы басқа ешқайсымыздың қолымыздан келмейтұғын, – Ғабең өз сөзіне зердесінен дəйек іздегендей сəл кідіріп қалды. – Мен жаспын деген жазушыда одан көмек сұрап бармағаны жоқ болар. Оның өзі де жастарды көп іздеп, тімтініп жүрер еді. Сірə, сол кезде қалам ұстаған жастардың ішінде оның қолы тимегені кемде-кем шығар деп ойлаймын. – Бейімбет советтік дəуірдің шежірешісі еді — Осы тұста Ғабең «летописец» деген сөзді де қосарлап қойды. – Он бесінші жыл мен отыз жетіншінің арасындағы жиырма жыл уақытта он бес шақты кітап жазды. Сонда оның өзі көрген өмірден көрсетпеген, бейнелемеген нəрсесі жоқ. Жаңағы «советтік дəуір» деген ұғымның қалаған мəселесі бойынша одан тиісінше мағлұмат алуға болады. Жазушылық диапазон дегеніміздің өзі де осы емес пе? Бұл пікірін сұрау түрімен аяқтаған Ғабең сонсоң тағы бір тың үрдіске сүрлеу салып өтті. – Бейімбет – ескі тақырыпқа жоламаған жазушы. Біздің бəріміз де қазақтың көркем қара сөзінің тұңғышы – «Шұғаның белгісінен» басталғанбыз. Осыдан кейін Би-ағаңның əдебиет тарихынан алар орнына қарай ойысып келіп, ендігі айтар ойының бір ұшы-
ғын шығарып қойды да басқа бір сауалды көлденең тартты: – Ана бір жылдары Мусоргский туралы киноны көргенің бар ма? – Көргенмін, Ғабе, – дедім мен. – Көрсең, сондағы пікірлес, мақсаттас орыс композиторларын не деп атаушы еді? – «Могучая кучка» дейтін, Ғабе. – Дұрыс сөз. Бірақ əдепкіде Стасовтың аузынан шыққан осы атақ тек сол замандағы орыс музыканттарына, ғана тəн емес еді. Əр халық, əр қоғам заманның күрт өзгерісті тұсында өнердің, ғылым-білімнің əр саласынан осындай мықтылар тобын тудырып отырған. Халықтың рухани өміріндегі дəстүр сабақтастығы, ұрпақ мирасқорлығы деген осыдан келіп шығады. Орыста «созвездие» деген де бір ұғым бар. – «Поэты пушкинской плеяды» деген содан шыққан ғой, – деп мен де бір сөз қостым. – Ие-ие... Бірақ бұл сөздің екінші бір астарын ескеру керек. Темірқазықтай самала бір жұлдыздың айналасында үркердей шүпірлеген көп ұсақ жұлдыздар болады. Жаңағы «плеядаң» соған келеді. Кейінірек жалғыз өзі жарқырап шыққан Лермонтов болмаса, Пушкиннің өз тұсындағы көп ақын сол қошаметші жыпылық жұлдыздар сияқты болатын. Ал біздің «мықтылар» – əрқайсысы өз алдына бір-бір ірі тұлға. Оларды ешкімнің қанжығасына байлай алмайсың. Осыдан кейін үзіліп қалған орысша ойларын бірсыпыра өрбітіп келді де, соңғыпікірін үлкен бір түйінді тұжырыммен тұйықтап барып тоқтады. Жазып алғандарымды үйге барған соң қайтадан көшіріп, машинаға бастырдым да, ертеңіне Ғабеңнің өзіне апарып бердім. Содан кейін өзім туған сəтін көзіммен көріп, құлағыммен естіген лұғатты сөздің жұртқа жария болар кезін асыға күттім. «Қазақ əдебиеті» газ., 1994 ж., 29 шілде.
214 Н.ЖƏРІМБЕТОВА БИ-АҒА МЕН ШОЛПАН ҚЫЗ АЙТЫСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ Бейімбеттің шығармаларын мектептен қара таныған қазақтың бəрі біледі. Уақытысында баспасөз бетін көрген шығармалары, журналистикадағы еңбектері де кейін кітапқа жинақталды. Еңбектерінің зерттелуі де кем емес. Жазушылық қызметі басталған тұстағы замандастарының, қатарластарының естеліктері де көп сыр шертеді. Алайда, Би-ағаның өмірінің кейбір тұстары, əсіресе, балалық, жастық шағы əлі де зерттеле түсуге сұранып тұрғандай, Уақыт бір орнында тұрмайды, ел де, жер де өзгеріске көп ұшырады. Зерттеуге архив материалдарымен бірге онымен қатар жүрген көз көргендердің, елдегі адамдардың шындықты бұлжытпай айтқандары, жердіңөзгереқоймағансыр-сыпатыдакөпқызмет ететінін ешкім жоққа шығара қоймас. Осы тұрғыдан алғанда, Би-аға өмірінің зерттелуі де өзінің момақан мінезіндей үнсіз, біраз жылдарға кенжелеген сияқты. Бейімбеттің Шолпан қызбен айтысының ескі киіздің жұрнағындай болып қолымызға тиюі де осы ойымызды нықтай түскендей. Сонымен, осы жылғы маусым айыйда Лисаков қаласының іргесіндегі Краснооктябрь поселкесінде тұратын Қапыш Наурызбаев ағамыз маған Бейімбеттің Шолпан қызбен айтысынан есінде қалғандарын айтып берді. Бұл айтыс отызыншы жылдардан бұрын, жиырмасыншы жылдардың ішінде болған деп шамалаймыз. Бейімбеттің бозбала кезі болуы да мүмкін. Өзінің бір туысы ішке (Ресейге, Магнитогорск жағына) кетіп қалып, Би-аға қасына ағайыны Аққұлыны жəне Керім деген ат айдаушы баланы ертіп, жолға шығады. Бір ауылдың үстіне келе бергенде құдықтан су тартып жатқан қызға қарай атты бұрғызады Би-ағаң. Құдыққа жақын келгесін ат айдаушы Керімге ана қызға айтып кел деп: «Құдаша, Алтын деген ел боламыз, Саудамен Троицкіге біз барамыз.
215 Меймандос ауылыңызда қандай жан бар? Бүгінше сіздің елге біз қонамыз», – деген бір ауыз өлең үйретіп жібереді. Керімнің өлеңін тыңдап болған соң, қыз арбада отырған екеуге жалт қарайды. Қыздың сұңғыла көңілі мына өлеңнің шапанының етегі жалбыраптұрғанатайдаушыбаладаншықпағанынсезіпқояды. Бұл Жағалбайлылар отыратын ауыл екен. Қыздың аты Шолпан болады. Шолпан да кідірмей, Керімге бір ауыз өлең айтады: «Егер де қонар болсаң ауыл – анау, Қиын ғой меймандос деп үйді санау. Біздің ел алтын, жез деп таңдамайды, Айта бар мырзаларға жалпақ танау». Шолпанның «Жалпақ танау» деп Би-ағаның бəрімізге таныс келте мұрнын меңзеп тұрғаны белгілі. Содан Бейімбет пен Аққұлы екеуі арбадан түсіп, қыздың қасына келеді. Бейімбет мына қыздың Шолпан екеніне көзі жеткесін арбадан түскен еді. Келе өлеңді Би-ағаң өзі айтады: – Құдаша, айтар сөзге ұста екенсіз, Үйде емес, мырзалыққа тыста екенсіз. Адамға көрген жерден мін тағатын, Əдепке, жөн-жосыққа қысқа екенсіз. Осылай құдықтың басында айтыс басталып кетеді. Биағаның уəжді сөзіне Шолпан да дес бергісі келмейді. Ол да жауап қайтарады. Шолпанның осы жауабының алғашқы жолын Қапыш аға есіне түсіре алмады. Шолпан: Алтынның əлде мінсіз күні жоқ па? Жалпағын танауыңның жалпақ демей, Айтатын қыздың, жаным, тілі жоқ па?» – дейді. Əттең, əттең, Қапыш ағаның айтуына қарағанда, ұп-ұзын айтыстың арғы жағы бізге белгісіз. Қапыш аға есінде қалған
216 кейбір қос-қос жолдарды ғана айтты. Шолпан айтыстың бір жерінде Бейімбетті; «Жігітім, тар шалбарды киіп алып, Ағаштай бұтағы жоқ сымпияды», – деп қағытады. Би-аға да Шолпанға сөзін жібермейді: «Қыздарың тері шалбар бұтқа киер, Жазғандар сөйтіп жүріп жұртқа күлер», – дейді. Шолпан Жағалбайлы елінің байлығын айтып мақтанса керек. Сонда Би-аға: «Шалқыған Жағалбайлы елі болсаң. Мал бағып осы арада жүрер ме едің», – дейді. Айтыста, осы бізге белгілі шумақтардың өзінде Бейімбет пен Шолпан бір-бірінің мінін айтып, қағысып отырады. Би-аға айтыста мына ауылдың əлі қол диірменмен отырғанын, Қостанайда жел диірмен барын жəне онда қазақ қыздарының оқып жатқанын, мұнда қыздардың əлі оқымайтынын, əлі қараңғылықта екенін айтатын көрінеді Қапыш ағаның айтуынша. Қолымыздағы дүние түгел сақталғанда қыз бен жігіт айтысының жақсы бір үлгісі болар екен-ау. Үзік-жұлық үштөрт шумағының өзінде екі жастың əп дегеннен найзағайдың жасынындай жарқылдап, сөзбен шалысуы, езу тарттырар қанша юмор, əзіл-қалжың бар. Айналдырған соңғы екі жолдың өзінен Бейімбеттің осы айтыста əлеуметтік мəселелерді, яғни өзінің жанын жеген жайларды айтқаны байқалмай ма? Біз айтыс қолға тиісімен оның ізімен жүріп көруге талаптандық. Бұл айтысты 1959 – 1960 жылдары Бейімбеттің қасында болған АққұлыКемеков Ақтөбе ауылында өздерінің ағайыны (Бейімбеттің жақыны) Бейсектің үйінде, дастарқан
217 басында отырып айтады. Сол дастарқан басында Аққұлымен сол үйге бірге барған Қапыш аға да болады. – Арқаны кеңге тастаушылық қазақтың қанына сіңген қасиет қой. Аққұлыдан неге айтысты жазып алмадыңыз? – деймін Қапыш ағаға өкінішімді жасыра алмай. – Рас, рас, – дейді Қапыш аға да. – Аққұлы ағамен осы Краснооктябрь поселкесінде көрші тұрдық. Айтысты естісімен-ақ келе Ақаңа жазып бер деп қолқа салдым. «Ой, шырағым-ай, мен жатып жаза алмаймын ғой, еңкейтпейді» деді. Өзім ағаш ұстасы болып істейтін едім, қолдағы дүние емес пе, мектеп оқушысының партасына ұқсас стол жасап əкеп бердім. Аққұлы аға «əне жазып берем, міне жазып берем» деп жүргенде бір күні қайтыс болып кетті. Өзі туберкулезбен ауыратын, шалдың шынында мазасы болмаушы еді. Айтыстың жазылмай Қалғанына сыйлас адамның өлгенінен бетер өкінгенім бар. Тіпті көрші тұрамыз ғой, қағаз-қаламымды алып, шалға айтқызып отырып, өзім неге жазыл алмадым екен?.. Бір шумақ өлеңді Керімге үйретіп жібергенде Бейімбет: «қазір көреміз, сол қыз ба, сол емес пе?» депті Аққұлыға. Яғни, Би-аға Шолпан қыздың есімін бұрын естіген. Құдық басында бұлар айтысып жатқанда бала-шаға мұны ауыл ақсақалдарына жеткізсе керек. Ауыл үлкендері «бұл не деген басынғандық, құдық басында айтысқаны несі? Айтысса ауылдың ішіне келіп айтыссын» деп кейіпті. Би-ағалар қайтар жолда ауылға соғатынын айтып кетеді. Бірақ шаруаның ыңғайымен қайтарларында ол ауылдың үстімен жүруге иіні келмей, Троицк жақтағы басқа жолмен кетіп қалады. Шолпанның төркіндері кейін: «біздің апамыз Бейімбетті жеңген» деп мақтаныш етеді екен. – Бірақ Аққұлы аға осы айтыста кімнің жеңіп, кімнің жеңілгені туралы айтпайтын. Айтысқа ішегің қатып, күліпотырып, жеңу-жеңілу дегенді ұмытып та кетесің. Екеуі де жеңген ғой, сірə, – дейді Қапыш аға. Өкінішке қарай, аз уақыттың ішінде біз Шолпан қыз туралы дерек таба алмадық. Қазаношақтың басында жүріп, қараңғылықтың құрбаны болған қазақтың мұңлық
218 қыздары аз ба? Айтыстың бізге белгілі бір-екі шумағынанақ Шолпанның сөздерінің де мірдің оғындай шымыр екенін оқушы байқаған болар. Анау-мынау жəй өлеңші Би-ағамен үзеңгі қағыса ала ма? Шолпан туралы, оның кейінгі тағдыры жайлы деректерді іздестіру алдағы күннің еншісінде тұр. Қапыш ағаның айтуынша, айтыс қазіргі Қарталы станциясынан (Ресейге қарайды) кейінгі қазақ ауылдарының бірінде болған. Бұл ауылдар шамалап қазір де сақталған көрінеді. Мүмкін Шолпанның бір дерегі осы ауылдардан шығып та қалар. Оны іздестіруді алдағы күндерге тапсырамыз. Осы ауылдар тұрған жерлерде бұрын Кіші жүздің Жағалбайлы, Жаппас рулары отырады екен. Шолпанның əкесі осы жерде бір ұрының малын бақса керек. Айтыста Алтын деген елдің аты аталады. Алтын – Жаппастың бір атасы. Жаппастар Сыр бойынан қар ери салысымен көшіп келіп, осында егін салып, оны күзде жинап алады екен. Тіпті, егінін Троицкжағына апарып саудалап, сонан соң қыстауына – Сыр бойына қайта көшіп кететін болған. Мұны құймақұлақ Қапыш аға əжесінен талай естіген. «Біздің аталарымыз да күзде түйесі өліп қалып, осында қалып қойған екен» дейді ол. Бейімбеттің атақты «Шұғаның белгісі» повесінде де Жаппастардың көшіпкеліп жатқаны айтылады емес пе? Би-аға өзінің Қарта Қыпшақ екенін жасырып, қызға əдейі «Алтын» болып тиіседі ғой. Аққұлы атамыз Қапыш ағаға осылай айтады. Енді Аққұлы Кемеков туралы анығырақ білгіміз келіп жолға шыққанбыз. Сапарға тартқан тағы бір себеп – Қапыш аға «Аққұлының төтеншемен, қазіргі кирилицамен де аралас жазылған қолжазба дəптері болды. Онда-жақсы əңгімелер бар еді, Аққұлының əкесі Кемектің де өсиеттері бар. Осы дəптерде аталмыш айтыстың болып қалуы да ғажап емес» деген. Ол кісі Аққұлы қайтыс болғанда осы дəптерді бір туысының алып кеткенін естігенін де ескерткен. Таран аудайындағы «Набережный» совхозында тұратын баласы Дəулетжан əкесінің дəптерін, расында, туыстарының алып кеткенін айтты. Бірақ оны қайтып іздемеген. Аққұлы атамыз Бейімбеттен оқып сауат шақан екен. Өзі де ептеп
өлең жазған, сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу кісі болған. Келін түскен үйлерде айтқан Беташарларының бірі біріне ұқсамайды екен. Қағазға түсіп қалған «Беташарларын», осыдан біраз жыл бұрын қазақтың əдебиеті мен мəдениетінен, тілінен ауылы алыстау Дəулетжанның аузын аңқитып, бір қуаяқ алып кетеді... Бейсек атамыздың кемпірі бүгінде 85 жастағы Құлпы əжеміз де: – Аққұлы сері, ақылды жігіт еді... Өлеңді төгілдіріп, жүйе-жүйесімен айтушы еді. Бейімбетпен бірге жүрген адам ғой – дейді. – Аққұлы атамыз осы айтысты уақытында газет, журналға неге бермеді екен? Қағазға түсіп қалар еді-ау, – деймін Қапыш ағаға. – Бейімбеттің өзі 1957 жылы ақталды. Ал Ақаңдар алғашқы дүмпуден қорқып қалған адамдар ғой, – дейді Қапыш аға. Иə, асықпайтын мінезімізге қазақты қалтыратып кеткен сол дүмпу қосымша болса болған да шығар. Қайтсе де, бір асылдың қолымыздан сусып кеткені өкіндіреді. РЕДАКЦИЯДАН.: Бұл мақалада Би-аға мен Шолпан қыз айтысынан краснооктябрлік Қапыш Наурызбаевтың есінде қалған жұрнағы ғана жарияланып отыр. Кім білсін, ел ішінде бұл айтысты толық немесе жарым-жартылай болса да білетін көнекөз қарнялар табылып қалуы да мүмкін-ау. «Қостанай таңы» газ., 1994 ж., 5 тамыз.
220 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ АТ ДЕГЕН КІМ? АТҚАН КІМ? (Б.Майлин өмірінің ақтаңдақтары) І 1937 – 38 жылдар бірін-біріне атыстырып, шабыстырып, «халық жауы» дегізіп, қазақтың жауқазындай қаулап шыққан биік саналы, беделді асыл азаматтарын бір-бірлеп ұстап, атқанын атып, айдағанын айдап қансыратқан, қоғадай қаусатып, қамыстай қырыққан, дүбірі мен дүрбелеңі жалпақ даланы қара құйын дауылға ораған шырғалаң шақ. Зобалаң сойқанға толы, зорлығы шектен асқан кезең. Адамды адам қасқырдай талаған шақ. Біреудің біреуді аямауы, бірін-бірі құзға құлатуы жыртқыш аңнан да бетер еді. Голощекин тұсында, тіпті одан əлдеқайда бұрын жүргізілген бір-біріне айдап салу, қырғидай қырқыстыру саясаты ел ішіндегі алауыздықты үнемі қоздырып отырды. Голощекин тұзағына түсіп, қармағына ілінгендер одан кейін де арам пиғылдарын жалғастыра берді. Б.Майлинге де сиыр сияқты сүйкеніп, тырнақ астынан кір іздеген сынаушылардың сықсия сығалап, осы қайдан шықты дегендей жала іздеушілердің, өзін Би-аға деп табынып, сыйлап құрақ ұшатын достарының, шығармашылық шəкірттерінің арасынан шыққаны өкінішті-ақ. Ол кездегі өз басының қамы үшін, билікке қол арту үшін оңтайлы əдіс – ақын-жазушы жазбасына үңіліп ұлтшылдық іздеу, байшылдық сарын табу, тарпа бас салып қаралап көрсету. Соны тауып, Көрсетіп, даурыға дəлелдеген болса, тасыңның өрге домалағаны. Ол үшін керек нəрсе – өткенін қазып, қара басының кінəраттарын тауып, қара күйе жағу. «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пəлеге жолығар» дегендей, біреулерге ор қазғандар сол шыңырауға өздері де құлағанын байқамай қалды. Егер олар өздерінің басына да қауіп төнетінін сезсе, қызғануды, көреалмаушылықты,
221 бақталастықты білмейтін, көзге түспей қалам, елеусіз болып жүрем дейтін ойдан өзін аулақ ұстайтын, сыпайы да сырлы мінезбен адал тірлік етіп жүрген Бейімбеттей біртуар адамды арандатар ма еді, қайтер еді? Сəкен, Ілияс, Бейімбеттердің қадыр-қасиетіне көлеңке түсіріп, кінə тағушылар қазір де жоқ емес. Кір жаққысы, ластағысы келеді, қаңқу сөз айтады. Ондайларға, сол алыптарымыздың көрген қасіретін ашып көрсете берсек, жауап сол болар. Б.Майлиннің өмірі, əсіресе, ақырғы кезі толық ашылды десек, ақиқатқа жанаспайды. Біреулер оны білер, енді бірі шет-жағасынан хабардар шығар, ал көпшілік жұрт ештеңе білмеуі мүмкін. Біздер Бейімбеттің қысқа болсада ғаламат еңбекқор да парасатты ғұмырының көп тұстарын əлі ашып көрсете алғамыз жоқ. Əсіресе, түрмеге алып кету, онда кешкен оның күйзеліс күйі мен тартқан азап сəттері, оған басылған қара таңба мен жазалау шешімі, сол шешімнің орындалу əдісі – осындай сан сұраққа жауап іздейтінбіз. Еміс-еміс құлаққа жеткен кейбір шығарып салма деректерді қанағат ете алмайтынбыз. Оның үстінен қозғалған іс те, абақтыдағы өмірі де құпия болып келді. Соңғы кезге дейін, ақталғанына елу жылдан астам уақыт өтсе де, онын репрессия құрбаны болғанын білсек те, қандай үкім шығарылғанын, ол қалай орындалды деген сұрақтарға еш жерден жауап ала алмай, бейхабар келдік. Нақты біліп айта алатын дəйектер қолымызға түспей жүрді. Өйткені оның ісі КГБ архивінде құпия ұсталды, ешкімге берілмеді. Соңғы жылдарда ғана, жариялылықты желеу етіп, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (қазір Ұлттық комитет) мен «Əділет» қоғамы бірлесе отырып, 1937 – 38 жылдары нақақтан құрбан болған ардақты азаматтарымыздың кімдер, қанша екенін, олардың көмілген жерлерін анықтауда біраз жұмыстар жүргізді. Осындай сəтті пайдаланып, Б.Майлиннің көп жыл бойы ешкімнің қолына тимей сақтаулы жатқан ісін алып танысуға өтініш еттік. Бір емес, бірнеше рет өтіндік. Қайта-қайта əртүрлі сылтаулармен бергісі келмеген сыңай танытты. Əрине, жазушының темір тор ішіне қамалып, тар қапаста
222 өткен өмірінің соңғы сəттерінің куəгері МХК-дағы құжаттар еді. Олармен танысу қандай қиын болса, сергелдеңі де одан кем түспеді. Ол бір үлкен əңгіме боларлық, бірақ кедергі жасағандарды кінəлап, түс шайысып жатқаннан келер пайда жоқ, шамшылдыққа бармайық деп білдік. Ақыры, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Б.Майлиннің ісімен танысуыма мүмкіншілік жасады. Бір том болған іс қолыма тиді, алдымда жатты. Екі қызметкер істегі барлық беттерімен, əсіресе, жазушының өзімен жəне куəлермен жүргізілген тексеру протоколымен таныса алмайтынымды ескертті. Бір мезгіл Б.Майлиннің «халық жауы» атанып, темір есіктің ар жағында, түрме бөлмесінің қасаң қабырғаларына көзін сүзіп, қандай жаза алатынын күтіп алты ай шамасында сарылып, сары бөксе болып жатқаны елестеді... Атылғанға дейін не көрді? Қандай ой азабын кешті екен? Түбіне жете алмай кетті-ау ойдың, жазығы не екенін түсіне алмай о дүниеге аттанды-ау! Ой азабынан жан азабы қиын болды ма əлде? Сол алты ай ішінде жүрегін сыздатып, сарсылған санадан арыла алмаған шығар. Жан толқынысы жүйке-жүйесін езгілеп, жанарын кіреукелеп мұң басқанда іштей достарына ренжіп, сенген үкіметіне лағнет айтқан да болар. «Осы жұртқа нежетпейді?» деп қана күйзелетін Бейімбет көңіл сырын, жүрек лүпілін, толқыған сезімін кімге айта алады, кімге ақтара алады енді? Қалжың-əзілі, сыр-сымбаты жарасқан достары Сəкен мен Ілияс болса, олар да миын шағып отыр өзі құсап. Енді оларды көре ала ма, жоқ па? Бірге жүрген біраз адамдардың мақтап жүріп қолтығына кіріп, қалам жəрдемін алып, сəтті кез туғанда жалт беріп, бұрынғы сыйқұрметінен айнып, сатып кеткені жанына батады.«Адам аласы ішінде» дегенге ден қоймапты-ау. Сананы шырмаған түйткілдер, сыңаржақ содыр сөздер, сумаңдаған уытты жала іші-бауырын тілгілейді. Көңілге медет, сезімге демеу етер не қалды? Халқы төбесіне көтеріп-ақ еді, енді соның «жауы» болып шықты. Қайдағы жаумын деп өзегі өртенеді. Қалайша азаматтық ажары айғыздалды. Өмірге құштарлықтың қайнары су сепкендей басылды-ау.
223 Тек медет етері – əдеби ортадағы «жікшілік» ауыруына бой алдырмағаны, қыспақ кезде ешкімді сатпағаны, ұстатып жібермегені, бағзы біреулердің мақталуына, атақ алып, даңққа бөлінуіне, творчестволық өсуіне арам пиғыл көрсетпегендігі, басқаның бағына, аяқ алысына қуанып, таланттың шырайын шығаруға үлесін қосып, үнін өшіріп тұншықтыруға бой алдырмағаны, өмірінде ешбір жанды ренжітіп көрмегені, қатулы қабақ, ашулы рай білдірмегені, бос даурығып, лепіріп, қызыл сөзге əуес болмағандығы. Ендеше, кімге жау? Үкіметке ме? Оған не жамандық істеді? О бастан-ақ теңдікке, бостандыққа қол жеткізді деп мақтап та жазған жоқ па еді? Əр сəтті қадамын насихаттады, олай болса не жазығы бар? Тексеру кезінде, сот үстінде осының бəрі ескеріле ме, жоқ па? Кеңестің кемшіліктерін де жазып еді, сол кесел болып жүрмес пе екен? Бейімбет бойын билеген бір үміт, бір күдік осылай мазалайды. Күдігінен үміті басым, білместік болған шығар, əділетті ақиқатына жететін болар. «Арнаулы» камера бөлмесіндегі жағдай, онда жалғыз отыру адам төзерлік пе? Айналасында тарақандар мен тышқандар өріпжүрсе, іші қараңғыəрі суық болса, сасық иісқоңысы қолқаңды қауып, тынысыңды тарылтса, жүрегіңді лоблытып айнытса, бір жағынан аш-құрсақ отырса, үйінен ешкімді жібермесе, кездестірмесе, тамақ алдырмаса, адам қалай ой тұңғиығына берілмес дейсің? Оның үстіне жалған жаланы мойындату үшін көкала қойдай ғып ұрып-соқса, дүр сілкінер дəрмен қайда? Онан арман ойға батады, одан басқа не келеді қолынан. Бұл тек Б.Майлиннің басынан ғана өткен жағдай емес. Олардың қай-қайсысының да артқан сенімі, күткен үміті ақталмады. Осы пікір Б.Майлин ісімен танысқанымда мүлдем бекіді. Б.Майлиннің ісі бір-ақ том екен, С.Сейфуллиндікі 4 том, I.Жансүгіровтікі 4 том. Бейімбет ісіндегі құжаттар неге аз деген де ой келеді, бірақ жақсы сақталған, оған да шүкір, құртып жіберсе не істер едік?
224 Істің сыртқы мұқабасына көз жүгірттім. (Екі адам екі жағымнан қадағалап тұр). «Дело №11020 По обвинению Майлина Беимбета Джармагамбетовича по ст. 58 п.п. 2, 7, 8, и 11УК РСФСР» деген аты көзіме оттай басылды. Бір сəтке тесіле қалдым. Мұқаба бетіндегі барлық жазуларға көз жүгіртіп жатырмын. Сол жақ төменгі жағында бір штамп басылыпты: «Центральный архив КГБ СССР № 11-413947» деген жазу бар, ол үстінен сызылыпты. Одан төменгі штампта: «Архив КГБ при СМ Каз. ССР. Зарегистрировано в 1957 г. Арх. № 04350» деп жазылған. Бұған қарағанда іс құжаттары жиырма жыл бойы орталықта сақталып, тек 1957 жылы Бейімбет ақталғаннан кейін біздің республикамызға жіберілген деп ойлаймыз. Ал істің 11020-сыншы болуы неліктен деген сұрау тууы да мүмкін. Апыр-ау, Б.Майлинге дейінгі, сол жылдың ішінде ме екен, отырғызылған адамдардың саны он бір мыңнан асып кетіпті. Істің орта тұсына «Особый Архив» деген штамп басылған. Оның астында «Том № 1», «начато 6 октября 1937, окончено 28 ноября 1937», «Количество томов 1» деген жазуларды оқи аласыз. Бұл жерде көретініміз– тексерудің 53 күннің ішінде аяқталғандығы. Содан бастап Б.Майлин тоқсан күндей, яғни үш ай шамасында бостан-бос сарылып, сарғайып жатқан. Əрине, тексеру, тергеу күнде жүргізілмегені кəдік. Күткеннен жаман не нəрсе бар. Адам жанын езгілеп, жегідей жеп бітіреді-ау. Бейімбетке күту де ауыр азап болғанына сөз жоқ. Істің сол жақ шекесінде 1957 жылғы наурыз айында Сидоренко деген кісінің (кім екендігі кейін айтылады - Т. Б.) баяндауы бойынша КСРО Жоғарғы соты Əскери коллегиясынын қайта қараған белгісі бар. Мұқабаның сыртқы бетімен танысып алғаннан кейін ішіне қарай аша бергенімде «Сізге бəрін көрсете алмаймыз, тек мына қағаз салынған жерге дейін» деп тағы да ескертті. «Неге? Біз үшін, көпшілік оқырман үшін Бейімбет Майлиндей адамның өмірінің əрбір сəті, ұсақ-түйек болса да қымбат, құнды» деп көзəйнектен тесірейе, бажырая қарадым. «Солайы-солай ғой, бірақ біздің тəртібіміз бойын-
225 ша хақымыз жоқ, сіз дұрыс түсініңіз» дегендей жауап алдым. «Мейлі» дедім де қыстай берудің жөнсіздігін біле қойдым. Қасымдағы екі адамнын аты-жөнін сұрағам жоқ, оным əдепсіздік болар немесе оларды тергейін деп тұрған жоқпын ғой деп түйдім. Мұқабаның ішкі бетінде қалташа бар екен. Соның ішіне екі фотосурет салынған: бірінде Бейімбет қарсы алдынан, екіншісінде қырынан түсірілген. Тегі түрмеге түскендерді солай екі түрлі кейіпте түсіріп алатын болуы керек. Ол суреттерді бұрын көрген болатынмын, сонда да мұқият қарап қалдым. Соның алдынан түсірілгенінен (5x6) кімді көремін: онда қою кара шашы дударланған, сақал-мұрты өсіңкіреген, жүзі қуқыл тартқан Бейімбет бейнеленген. Көзі бадырайып, от ұшқыны көмескеленген, жақтары мен еріндері ісінген сияқты. Кім білсін, соққы көрді ме, қинау жасалды ма? Кінəңді мойында деп басқа да жанды шығаратын əрекеттер жасалды ма? Ал түрмеге отырғызылғандарды қинауға болатындығы туралы үкімет директивасы бар екендігі ол кезде белгілі еді. «Аса қауіпті қылмыскерлерді жауап алған кезде абақтыда азаптауға болады» деген арнайы бұйрық 1937 жылдың басынан енгізілгенін (Известия ЦК КПСС, 1989, № 3) білмеуі мүмкін емес. Кигені галстуксыз ақ көйлек, көн жағалы ескі сұр пальто. Бейімбет атылғаннан кейін əйелі Гүлжамал түрмеге барғанда шығарып берген оның киімдерінің ішінде осы пальтосы болуы тиіс. Суреттін қашан түсірілгені неғайбыл, ол туралы еш белгі жоқ. Опись бойынша істе он сегіз құжат тігілген. Солардың біразына тоқталайық, сонда Б.Майлинге істелген қиянаттың, оны жазалау үшін ойдан құрастырылған əділетсіз шешімнің қандай жағдайда, қалай жасалғанына көз жеткізе аламыз. «Справка на арест Майлина Б» – оған қол қойған НКВД УГБ (Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының) 4 бөлімі, 7 бөлімшесінің бастығы, мемлекеттік қауіпсіздіктің лейтенанты, оны 1937 жылғы 6 қазан күні Қаз. КСР Ішкі істер халық комиссарының көмекшісі, Мемлекеттік қауіпсіздігінің капитаны бекіткен. Қолымды қақпайлап аттарын жазғызбады. Күні бұрын келісіліпжатқан іс қой, алайда, елге кеңінен таны-
226 мал Бейімбеттей арыстың тағдыры аттарын адам білмейтін қайдағы бір лейтенант пен капитанның қолында болғаны-ау деп күйінбеске амал жоқ. Міне, осы анықтама Б.Майлинді абақтыға тығуға негіз болды, сол күні-ақ зұлымдық ой орындалды. Ертеңіне, яғни 7 қазан күні оған қандай шара қолданылатыны, қандай айып тағылатыны айқындалды. Оны «Постановление об избрании меры пресечении и предьявлении обвинении от 7 октября 1937г.» деген құжаттан оқып, жағамызды ұстадық. «Привлечь в качестве обвиняемого по ст. 58-10-11УК – содержание под стражей в следственной тюрме НКВД КССР» – делініпті. Яғни Қылмыстық кодекстің сол баптары бойынша айыпкер ретінде Қазақ КСР-і НКВДның түрмесінде қамауда ұсталынуы тиіс. Дайындап қол қойған бір кіші лейтенант, ал келісім берген 4 бөлімдегі 7 бөлімшенің бастығы. Тергеу, тексеру басталмай, жүргізілмей жəне аяқталмай тұрып-ақ Бейімбеттің жаназасын шығарып қойыпты. 58-статьяның 10, 11-баптары бойынша кеңеске қарсы үгіт-насихат жүргізгендігі үшін айып тағылған, енді бұдан бас аман қалады деп үміттену бос əурешілік. Кейін айыптары көбейіп, алатын жазасы бұрынғыданда ауырлай түскен. Жалпы 58-статья бойынша контрреволюциялық қылмысқа жатқызылады екен. Енді «Тұтқын анкетасына» тоқталайық. Ол сұрақ-жауап түрінде Б.Майлиннің өз айтуымен толтырылған сыңайлы. Аты-жөні жазылғаннан кейінгі «Туған жері жəне жылы» деген сұраққа, 1894. Қазақ КСР, Қостанай обл. Таранов ауд., «Жалшы селосы» деп жауап жазылған. «Тұрғылықты жері» дегенге «Алматы, Лагерьная көшесі, 44 үй, 3 кор., 20 пəтер» деп көрсетілген. Осы үйде I.Жансүгіровте тұрған, пəтері алты бөлмелі екен. Одан кейінгі сұрақтарға берілген жауаптарда жазушы, баспа қызметкерлері кəсіподағының мүшесі екендігі айтылған. Мынандай əдепсіз сұрақ назарымды аударды: бар заттарыңды (құрылыс, ауыл шаруашылығы құралсаймандары, өңдейтін жердің көлемі, мал саны, салық) қалдырмай атау керек екен. Б.Майлинде ондай байлық
227 қайдан болсын, өмірі кедейліктен құтыла алмаған оған жер, мал, тағы басқасы қайдан бітсін! Жиһаз жинау, байлыққа құнығу – оның мінезіне, ой-санасына жат əдет. «Ештеңем жоқ» деп жауап беріліпті. Анкетада патша əскеріндегі қызметі қандай болғандығы сұралған. Оған берілген жауап – «Қызмет еткем жоқ». Ал «Ақ əскердегі қызметі жəне шені» деген сұрақ қойылған графада «Алашорда отрядының еріктісі, қатардағы» деген сөз еріксіз көңілді елең еткізеді. 1918 жылы А.Байтұрсынұлы Қостанайға келіп, алашорда отряды қатарына жастарды тартқанда Б.Майлинніңде қатардағы жауынгер болып тізімге жазылғаны белгілі. Оныншы жылдары Ахаң басқарған «Қазақ» газетіне өлеңдерін жариялатып, 1914 – 16 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде онымен кездесіп əнгімелескен Бейімбет, əрине, А.Байтұрсынұлын сыйлаған, құрылып жатқан алашордаға үміт арта сенген. Табиғатында халқына қай жақтан жақсылық болса, солай қарай аңсары ауып, икемделетін Бейімбеттің отряд қатарына қосылуы шектен асқан айып бола ала ма, ол заңды құбылыс еді. Егер бұл «кемшілігі» кінəлауға қажет болса, Бейімбеттің Ə.Жангелдин жауынгерлеріне мəдени жəрдемін бергені құптарлық іс деп неге ескерілмеді, неге айыбы жеңілдетілмеді? Бейімбеттің алашордада болуы содырлы сынның да, «халық жауы» деп айыптаудың да бастауына айналып кетті де ақыры қайғылы қазаға апарып соқты. Бірақ, алашорда отрядын ақ əскерге телу еш қисынға жатпайды. Сондықтан сылтау іздеудің бұлда бір əрекеті. «Сыныққа – сылтау» осылай қарастырылатын болуы керек. Орға жығу үшін қандай да бір жиіркенішті жала болса да таңа берсе, мақсаттарына жететінін білген ғой. Осыған орайлас «саяси өткендегісі» деген графада «Алашорда да болдым» деп жазылған. Жазушының атылуының бір себебі де осы. Алашорда да болған деген айыппен қазақтың маңдайына біткен талай зиялы азаматтары құрбан болса, солардың бірі Б.Майлин еді. Бұл графа сол үшін қажет етілген.
228 «Əлеуметтік жағдайы» – «кедей батырақ» делінген. Кедеймін десе де мүсіркеулік көрсетілмеді ғой оған. Солар үшін құрылған, олардың «мұңын мұңдап», «жоғын жоқтаған» үкіметтің теріс айналғанын, тым болмаса, кінəңді, егер ондайы шын болса, жуып-шай, ақта деп мүмкіншілік бермегенін қалай түсіне аласың. «Партиялылығы» деген графада «1926 жылдан КП (б) К мүшесі» деп көрсетілген. Оннан астам жыл қатарында болған партиясы да енді оны керек етпеді, қорғап ала алмады. II Партия органдарындағы басшылардың бəрі де коммунист қой, оның ақ-қарасын өзіміз анықтап алайық деп айта алды деймісің. Керісінше оны өз қатарынан аластап, одан құтылғанша асық болды. Оған келтірейік деп отырған бірер құжат дəлел. Біреуі – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институты (бұрынғы аты) архивінен қолыма түскен «Выписка из акта проверки партдокументов коммунистов парторганизации при правлении Союза советских писателей Казахстана». Көшірменің басында «Утверждено на бюро Горкома ВКП (б) 5. IX – 1936 г. Протокол № 95» деп көрсетілген. Бекітілген осы протоколдың 5 пунктінде «Майлин Бейімбет Жармағамбетович» деген жазуды оқимыз. Мұнда Бейімбет партиялылығы тексерілгені сөз болады. Не дейді екен, оқып көрейік: «Учетная карточка подлинная, составлена Кзыл-Ординским Угоркомом, судя по содержанию ее, в 1927 г., дата – 22/11 – 1928 г – поставлена позднее. В партбилете уплата членских взносов с УШ-З1 г. и весь 1932 г. штампом не заверена из-за отсутствия его в ячейке Казиздата. В которой состоял в этот период т. Майлин. Тов. Майлин в 1918 г. состоял в Кустанайском отряде алашординцев и до 1922 г в своих произведениях отражал националистскую идеологию. В последующий период т. Майлин стал на партийные позиции и борется за линию партии.
229 Тов. Майлин является одним из крупнейших писателей Казахстана. В партийной жизни участвует слабо. Считать проверенным. Член бюро Алма-Атинского горкома ВКП (б) Кузич Парторг Абдыкадыров». «Қайда барсаң, Қорқыттың көрі» дегендей, алашорда сапында болуы, ұлттық идеологияны уағыздауы алдынан кескестеп шыға береді. Бірақ, бұл жолы аса ірі жазушы екендігін мойындай келіп, оның партия позициясына түсіп, сол үшін күресіп жүргендігін атап кетіпті. Бұл тұжырым да аныққанығын, жазушының табиғатын терең білмей, көкке қарап отырып айтыла салғандай сезіледі. Қайран қалдыратын бір жағдай – қалалық комитеттің бір жылдан кейін өз пікірінен қайтып, жүз процент теріс аунап шыға келгендігі. Екінші құжат «Выписка из протокола №28 Заседания бюро Алма-Атинского городского комитета ВКП (б) от 22.Х – 1937 года» деп аталады. «О, Майлина Б. Дж.» деген мəселе бойынша Қазақстан КП (б) Алматы қалалық комитетінің бюросы 1937 жылғы 22 қазанда, яғни ұсталғанынан кейін жарты ай өткенде қаулы қабылдайды. «Майлин разоблачен и арестован органам НКВД, как контрреволюционернационалист» дей келіп, «Майлина, как врага народа из рядов партии исключить. Партдокументы за № 1559793, выданные на имя Майлина аннулировать» деген шешім алынған. Қол қойған қалалық парткомитетінің хатшысы Шураков. Сонымен партия өзіне қызмет еткен мүшесін халық жауы деген жаламен келісіп, есептен лақтырып тастады. Бұл бір. Екіншіден, НКВД-ның үстемдігі партиядан асып кеткенін осы факті де айғақтайды. Бұл екі құжатта істе тіркелген. Түрмеде отырған Б.Майлин партиядан шығарылғанынан хабарсыз. Сыртта, жарық дүниеде, ел ішінде не болып жатқанын ол білмейді, əрине. Тергеліп, қапаста қамалып отырған Бейімбет сол қазан айында дүрлігудің шығандап кеткенін ести алмады. Бір ғана мысал. Қазақ КСР-і Орталық атқару комитеті 1937 жылғы 28 қазандағы қаулысымен өз құрамынан халық жауларының бір тобын шығарғанын кім оған айтып берді дейсің.
230 Анкетадағы «Семья құрамы» деген графадан əйелі Майлина Гүлжамал, ер балалары Əуке, Мереке – 13 жаста, Еділ – 6 жаста, қыздары Маулена – 12 жаста, Гүлсім – 3 жаста екенін біле алдық. Бейімбетті тұтқындағандардың, осы құжатты толтырған адамның аты-жөндері жазылмаған. Олар орындаушылар ғана ғой, бірақ бүлдіретіндер сондайлар. «Кім жəне қашан тұтқындады» деген жерге былай деп жазылған: «6 қазан, 1937 ж. ҚКСР НКВД УГР қызметкері». Анкета, неге екені белгісіз, 28 қарашада, яғни тұтқындалғанына 53 күн өтіп, тергеу аяқталғаннан кейін толтырылған. Ұмытшақтықтың салдары ма, кім білсін, ішкі тəртіп бойынша осындай құжатты толтыру міндет болған, сірə. Анкетаны толтырған НКВД УГР 4-бөлімінің төтенше өкілі, лейтенант екен, фамилиясы жоқ, қолы ғана бар. Тұтқынның қолы деген жерге Бейімбет қол қойған сияқты. 1935 жылы толтырылған «Трудовой список» құжатындағы колымен салыстырғанда бір-біріне ұқсамайтындығы байқалады. Өз қолы ма, жоқ па деген күмəн туды көңілде. Келесі тоқталатын құжатымыз – 1937 жылғы 6 қазанда Б.Майлиннің үйінде тінту жүргізудін протоколы. МХК-ның ішкі істер наркомына əкетуге алынған заттар тізімі: 1. № 5031347 паспорты 2. № 1559793 партбилеті 3. № 1707 Жазушылар одағының мүшелік билеті 4. 6 қанар (тюков) қолжазбасы 5. 6 қанар кітаптары 6. 27 фотосурет салынған тері портфелі. Алынған басқа заттарын жазып алудың мүмкіншілігі болмады. Осы дүниелерінің өзі сақталмаған, құртылып жіберілген болуы мүмкін. «Қолжазбалары табыла ма, жоқ па екен?» деп сұрағанымызда тұщымды жауап ала алмадық. «Қанша жыл өтті, осы уақытқа дейін қалай сақталсын, жоғалып кетті ме, құртылып жіберді ме, кім білсін» дегендей болды естігеніміз. Протоколдың көшірмесін алды деген жерде Бейімбеттің фамилиясы жазылыпты. Тінту кезінде балалары ғана болғандықтан бұл құжатқа куəгер адамның аты көрсетілмеген сияқты.
231 Тағы бір құжат – «Протокол допроса». Бұрын кейбір ғалымдар, жазушылар репрессияға ұшыраған бірліжарым зиялылардың істерімен танысып алған соң жазып, басылымдарға жариялатқанынан секемденді ме, сезіктенді ме, ережемізге келмейді дегендей ғып, тергеу жағын көрсетпеуге тырысты. Сол құжат ішінде Б.Майлиннің арызы ма, түсініктемесі ме, əйтеуір пікірі тігілген көрінеді. Бұл туралы бұрын естіген болатынбыз. Онда Бейімбет өзінің кедей-батырақтан шыққанын, алашордаға адасып кіргенін, онысына өкінетінін, халқына ешқандай қастандық жасауды ойламағанын айтып, қателіктерін мойындайтынын жазып, осылардың ескерілуін, өзіне жеңілдік берілуін өтінген сыңайлы. Алайда Бейімбеттің мұндай ақтарылуы ескерілмеуі, тіпті аяқасты етілуі тағдырын одан əрмен тұйыққа тіреді. Қандай да бір сот процесін жүргізу алдында айыпкердің мойнына су құйып, еңсесін басу үшін, əрине, куəлердің дəлелді, жалғанемес, əділкөрсеткенпікірлеріболуыкерек. Ол куəлер сот үстінде де қатысып, айыбын мойнына қойып беруі тиіс. Құжатқа қарағанда Б.Майлиннің ісі бойынша он шақты куəгер тартылған көрінеді. Олардың ішінен I.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, А.Асылбеков, А.Айсариннің аты-жөндерін көзім шалып қалды. Бұлардың қай-қайсысы да Бейімбет Кеңес үкіметіне қарсы күресті, контрреволюциялық əрекет істеді немесе басқа да қылмыстары болды деп куəландырды деуге сенгің келмейді. Ілияс болса құлын-тайдай тебісіп, əзілқалжыңы жарасып, көріспей қалса жылқыдай шұрқырасып табысатын, бір-бірінің жаңа шығармасына баладан əрмен қуанатын дос емес пе онымен. Ол сатқындық жасады деуге ауыз бармайды. Ал Ғаббас болса бұрынырақ екіұшты пікір айтып жүргені болмаса, дəл отыз жетінші жылы басқалар сияқты Бейімбетті халық жауы етіп шығару үшін дабыраға бара қойған жоқ. Қалған куəлер де арамдыққа, арсыздыққа бармаған деп білем. Қайран қалатын бір жəйт бар. Отызыншы жылдың басынан бастап Б.Майлинді сынға алған, «ұлтшыл», «байшыл», «алашордашыл» деп айғайға басқан адамдар куəлікке тартылмағаны қалай? Ал 37 жылы сол кінəларды қоқсытып,
232 содырлы соққыға алып, кеңеске қарсы деп троцкийшілдердің сапында көрсетіп, тыңшылықпен айналысқан етіп даурықтырған, ақыры «халық жауы» деген аса ауыр айып тағып ұстап берген адамдарды неге куə етпеген? Бейімбетті жақсы білетін адамның бірі С.Сейфуллин болса, куəлік беруден ол неге шеттетілді? Ілияс куəгер болғанда, ол неге болмайды? Ал С.Мұқановтың пікірін неге білгісі келмеген? Ар мен адамгершілік қасиет үстемдік алған шығар, құдай сақтағанда, сол бір зарлы-запыран кезде С.Мұқанов ешкімді көрсетпеген, халық жауы еді деп біреудің үстіненарызжазбағанекен. ОныңжұбайыМəриямапайТ.Кəкішевпен əнгімелескенде, «Бұлбейшарабіреудіңүстіненарызжазбаған кісі екен... Сəбит ешкімге əйтеуір бір жақсысы куəлік берген жоқ, соттың бетін көрген жоқ. Беттескендерін көргем жоқ» – депті. С.Сейфуллиннің ісімен танысқан Тұрсынбек ағамыз «Сəкеннің бірде-бір «қылмыскерлермен» де, «куəлермен» де беттеспегенін, тергеу үстінде кездеспегенін алдын ала ескерткен абзал» деген қорытындыға келген («Содырлы сауалдар». «Алматы ақшамы», 1994, 23 мамыр). Б. Майлин «қылмысының» тексерілуі тез аяқталуы бізді де осындай ой түйініне əкелді. Куəлікке Ғ.Мүсірепов те шақырылмайды, өйткені оның қорғап шығатынынан сескенді білем, оның үстіне оны ұстай алмай айырылып қалды. Бірақ, бір ғажабы, тізімге ілінген куəлердің бірде-бірі сот процесіне шақырылмаған, қатыспаған, Б.Майлинмен беттестірілмеген. Енді бір қызығы, С.Сейфуллиннің «кінəсін мойнына қойып» беретін куəлердің ішінде не Б.Майлин, не I.Жансүгіров жоқ. Оларды беттестірмегендері «ақыл» болған, олар бет жыртысып, бір-бірін қаралап, айыптап жатса жақсы, ал өйтпесе ше? Айыптасуға үш дос бармас, демек тергеудің «нəтижесін» бүлдіріп аламыз, құпиямызды сездіріп қоямыз деп қорыққан. НКВД-ға Б.Майлин қармаққа түскен ең ірі балықтай көрінгенмен, оның жуастығын, қарапайымдылығын пайдаланып, «қылмысын» мойындату қиынға түспеген сияқты. Өйткені ол «жұмған аузын ашпайтын, қойдан да қоңыр, қаламынан ел өмірінің нелер ащы-тұщы оқиғалары мар-
233 жандай мүлтіксіз төгілген Бейімбет Майлин» (Ж. Бектұров) еді. Міне, сондай мінезді адамда Сəкен сияқты білмеймін, көрмедім, жалған деп адуындық танытып, ызалы кейіппен сескенбей жауап беретін асаулық қайдан болсын. Бейімбет өзін ұстауға келгендермен алысып, арпалысып, Мирзоянмен сөйлесемін деп телефонға жармасқан Əбілқайыр Досов, немесе өтірік, жала, тексеріңдер, комиссия құрыңдар деп қасқайып қарсы тұрған Сүлеймен Есқараевтай бола алмайды. Немесе, тіпті Сталиннің өзімен текетірес сөйлесетін Сұлтанғали Қожанов пен Тұрар Рысқұловқа теңелемін деп тарпаңдық таныту ол үшін жөнсіз іс. Сондықтан біршама қинаудан кейін көне кеткен-ау, сірə. Өйткені, түрмеде отыру оған қиямет-қайым тозағыңнан да əрмен. Оны басынан кешкен, көрген ғана біледі. Дəлел ретінде репрессияның ащы дəмін татқан Бекболат Мұстафиннің пікірін алға тартайық: «... Біздерді түннің бір уағында камерадан шақырып алып, жоғарыға тергеуге ертіп апаратын. Онда барғанда есімізден айырылғанша ұрып-соғып, жəбірлеп, жала материал жинау үшін жанымызды қинайтын да, таң ата камераға əкеп тастайтын, күні бойы көз шырымын алуға да рұқсат етілмейтін. Əлі есімде мен отырған 7-інші камера қабырғасында тырнақпен «Іляс» деп жазылған еді. Кейіннен сұрастырып білсем, бір мезгілде үш Ілияс қатарынан түрмеде болған екен..» («Ақын өмірінің ақырғы сəттері». «Халық кеңесі», 1994, 19 наурыз). Қайран, Би-аға, осы қорлықты көріп, жаны қалай күйзелді десеңізші. Бейімбеттің ұзаққа соза бермей, «кінəсін» мойындап, жеңілдік сұрауына бір себеп осы болған ба деп ойлаймыз. Б.Майлинге төне түскен қорғасындай қара бұлт барған сайын қоюлана келіп, оған жағылған қара күйе, сөйтіп, ресми түрде бекітіліп, сот шешімін шығаруға əзір болды. Даурықпалы, сыңаржақ, сындар, не нəрсенің де байыбына бармай, ақ-қарасын ажыратып алмай байбалам салушылардың осынымыздың арты неге апарып соғады деп көңіл жүгіртпегендеріне қайран қаласың. Əйтпесе, ешкімде алты аласы, бес бересі жоқ, ешкімнің шамына тиіп, шымбайына батырып сөз айтпаған, халқы үшін өзін тауға да, тасқа да салған Бейімбеттей адал да арлы азаматты жерден алып,
234 жерге салатын не жөні бар? Мұның бəрі сүттің бетіндегі қаймағын сыпырып алайын деп жалаңдаған жандайшаптарға əзір ас болды, қылғыта салайын деп олар төніп тұрды. Ол үшін бұйрықты күтті. ІІІ Жазушы өмірін қиып, жанын жəһаннамға жіберетін үкім де шықты ақыры. Ол қанқұйлы құжат «Приговор военной коллегии Верховного Суда Союза СССР» деп аталады. КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының көшпелі сессиясының үкімін үштік шығарған екен. Осының өзінен екі нəрсені аңғарамыз. Біріншіден, істі азаматтық сот емес, əскери сот қараған. Бейімбетəскериадамемес, еңадамгершіліксипаттағы мамандықтың иесі болсадағы, қатал шешім жасау жағы ойластырылған, екіншіден, адам тағдырын үш-ақ адамның шешкендігі. Б.Майлиннің өзі қатысқан болуы керек. Ал құжат бойынша не куəлердің, не айыптаушының, не қорғаушының қатысқаны байқалмайды. Коллегия мəжілісі жабық өткен, 1938 жылғы 26 ақпанкүні 12.30 сағатта басталып, 12.45 сағатта аяқталған, небəрі 15-ақ минут уақыт кеткен. Себебін іздейтін болсақ, ол «халық жауларымен» күрестің ВКП (б) Орталық комитетінің 1937 жылғы ақпан-наурызда өткен пленумынан кейінгі аса қатал бет алуына байланысты. Пленум репрессияны қалай жүргізуді анықтап берді. Қылмысты істер сотта емес, «үштік», «екі адам» отырысында немесе айырықша мəжілісте қаралып, тез, қысқа мерзімді уақытта, бірнеше минутта шешілуі тиіс. Сотталғандарда үкіммен келіспей, шағым ету түгіл, кешірім сұрау құқығы да жоқ болды. Демек, он бесақ минутта шығарылған үкім бұзылмай қалады деген сөз, əрі ол тез арада орындалуға тиіс. Сондықтан «Коллегия сессиясы мəжілісінің құрамында «төрағалық етуші дивизиялық əскери юрист (диввоенюрист) ж. Горячев А.Д., мүшелері – бригадалық əскери юристер (бригадвоенюристы) ж. Алексеев Г.А., жəне Микляев А.И., хатшысы – 3 рангалы əскери юрист ж. Шапошников Н.И.» болуына таңдана қоймайсың. Мəжіліс Алматыда өткен.
235 Үкімде əуелі 1894 жылы туған, «Қазақ əдебиеті» газетінің редакторы, КСРО азаматы Б.Майлиннің РСФСР қылмыстық кодексінің 58 – 2, 58 – 7, 58 – 8 жəне 58 – 11 статьясы бойынша қылмыс жасағандығы туралы айыптау ісі қаралғандығы айтылады. Одан əрі оқыған сайын денең түршігіп, аяз қарып тітіркенгендей күйге түсесің: «Алдын-алажүргізілгенжəне сот тергеулерімен Майлиннің 1934 жылдан бастап Қазақ КСРындағы оңшыл-троцкийшіл террористік ұйыммен бір блокта болып, Кеңес үкіметін құлату мақсатымен Қазақстанды қарулы көтеріліс арқылы Кеңес Одағынан бөліп əкетіп, Жапонияның жетекшілігімен қазақ буржуазиялық мемлекетін құруды көздеген контрреволюциялық, буржуазияшылұлтшылдық, көтерілісші-террористік жəне бүлдірушізиянкестік ұйымға қатысқаны, аталған ұйымның қылмыстық мақсатына сəйкес əдебиет саласында зиянкестікпен шұғылданғаны, əдебиетке контрреволюциялық жəне буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарастыенгізуге тырысып, жас кеңес жазушыларын тежеп, ұйымға жаңа адамдарды тартқаны жəне Кеңес үкіметіне қарсы күресудің мəселелері мен əдістері талқыланған оның жиналыстарына əлденеше рет қатысқаны анықталды. Сондай-ақ, 1918 жылдан алашорда деп аталатын контрреволюциялық ұйымның мүшесі болып, Қызыл əскерге қарсы қарулы күреске қатысты», – деген ұзақ жолдарды оқып шыққанша дегбір кетеді. Байқайсыз ба, 7 қазанда 58 статьяның 10,11 баптары бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қаралуы керек еді, енді үкім шығарылғанда 2, 7, 8 баптарықосылып, əрбір сөзі үшін адамның басыкететіндей етіп, қоюланып, ауырлатыпжазған. Жалпылама айыптарды қоса отырып, қалайда ату жазасын берудің амалы іздестірілген. Ұяттан, адамгершіліктен кеткен орындаушылардың көңіл-күйінен жақсылық күту бос əурешілік екен. Репрессияға түскен басқа адамдарға шығарылған үкімдермен салыстырып көрсек, негізінен, олардың мақсаты троцкийшіл террористік ұйыммен бірігіп, Қазақстанда Кеңес өкіметін құлату, сол үшін аса қауіпті ұйым ісіне қатысып, бүлдіруші-зиянкестік əрекеттер жүргізу деп көрсетілген
236 қаралау жып-жылмағай жазылған, бəріндегі сөздер егіз қозыдай өте ұқсас. Сезікті болмасын деген оймен кейбір жерлерін өзгертіп келтіреді. Оның өзін əр адамның қызмет дəрежесіне, бедел-абыройына қарай бейімдеген сияқты. Мəселен, Сəкен, Ілияс жəне Бейімбет үшеуіне шығарылған үкімдерді алып қарастырайық. Қандай өзгешелеу жерлері бар екен? Сəкен 1928 жылдан бастап контрреволюциялық ұлтшыл топтарға жақындасқан, одан арғы жерде буржуазияшылұлтшылдық, көтерілісші-террористік жəне бүлдірушізиянкестік ұйымның құрамына кірген болса, ал Ілияс 1931 жылдан, Бейімбет 1934 жылдан сол ұйымға қатысушы болған. Сəкен 1922 жылданəдебиеттетроцкистікқызметістеп, əдебиет саласында зиянкестікпен шұғылданса, Ілияс жазушылардың арасында іріткі салу, алауыздық тудырумақсатында əдебиетте зиянкестік жұмыс жүргізген, ал Бейімбет əдебиет саласында зиянкестікпен шұғылданған, əдебиетке контрреволюциялық жəне буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасты енгізуге тырысып, жас кеңес жазушыларын тежеген. Көрдіңіз бе, сөздерді қалай-қалай ойнатады, құбылтады. Түп-түбінде үшеуіне берілген жаза бірдей болып шығады. Бейімбеттің зиянкестік жұмысы кемшіліктерді, қателіктерді əшкерелеуі шығар. Берілгені қандайжаза? Арықарайоқиық: «РСФСРқылмыстық кодексінің 58 статьясының 2, 7, 8 жəне 11 баптары бойынша Б.Майлинді қылмыс жасағандығы үшін айыпты деп тауып, қылмыстық кодекстің 319 жəне 320 статьяларын басшылыққа ала отырып, КСРОЖоғарғысотыəскери коллегиясыныңжылжымалы сессиясы үкім шығарды – Бейімбет Жармағамбетұлы Майлинді ең жоғарғы қылмысты жаза – атуға кесті, оның жеке өзінің заттары кəмпескеленеді. Үкім соңғы жəне 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы Кеңес Одағы атқару комитетінің қаулысы негізінде тез арада орындалуы тиіс» – деп төраға жəне мүшелері арбита қолдарын қойыпты. Сол 26 ақпан күні, үкім шығарылысымен Горячев Қазақ КСР ішкі істер халық комиссары Реденске құпия қатынас қағаз жолдайды. Онда: «Аса құпия. Қазақ КСР ішкі істер халық комиссары, Мемлекеттік қауіпсіздігінің 1-ші рангалы комиссары ж. Реденске.
237 Сіздің КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының 1938 жылғы 26 ақпанда болған жылжымалы сессиясының ең жоғарғы қылмыстық жазаға – атуға кесілгендерге шығарған үкімін орындауға нұсқау беруіңізді сұраймын» – делінген де атылатын адамдардың тізімі берілген. Соңына Горячев қол қойған, мөр басылған. Сол жақ жоғарғы бұрыштамасына төменнен жоғары қарата қиғаштай сойдақтатып «Үкім тез орындалсын» деп жазған Қазақстан ішкі істер халық комиссарының орынбасары қол қойып, 26 ақпан деп көрсеткен. Бұл қатынас қағаздың номері 00280238. Атылғандығын білдіретін белгі тізімдегілердің əрқайсысының сол жақ тұсына қойылған. Сөйтіп, бір күнде 37 адам атылды. Амал не, жанға батады, қан тамырыңды солқылдатып, жүрегіңді сыздатады. Бір күнде осынша адамға үкім шығарып, ату керектігін қас-қағымда шешіп, ақпанның көз байланған аязды шағында жалған дүниенің жарық күнімен қоштастырыпты. Құрбандыққа шалу бұл бір күнмен бітпеген. 1938 жыл аса қазалы да азалы жыл. Сол жайындағы Жайық Бектұров ағамыздың толғаныспен сипаттаған жазбасы ешкімді бейжай қалдырмайды деп білеміз. Ол «Қайран абзал ағалар» деген мақаласында «халық жауы» аталып, жалған жаланың кесірінен атылған адамдардың көбінің аты-жөндерін атап келтіріп, «көптеген көрнекті мемлекет, қоғам, əдебиет, ғылым, комсомол, өнер қайраткерлерінің əр түкпірде, əр қараңғы қуыста қаңырап, əлдеқайда сүйектері қаусап қалғандарын сезіп, ішімізге шоқ түскендей, от жанғандай өртеніп, жерден басымызды алмай тұнжырасып жүрдік» деп ашына жазды. («Нəубет», 1990, 150 – 151-б). Қалай үрей туғызбасын, əдебиет жəне мəдениет қайраткерлерімен шектелмей, Орталық партия комитетінің барлық бюро мүшелері мен кандидаттары, Орталық комитеттің көптеген мүшелері, облыстық партия комитеттерінің хатшылары, облыстық атқару комитеттерінің төрағалары, қалалық жəне аудандық партия комитеттерінің барлығы дерлік хатшылары репрессияланды. Олардың бəріне бірыңғай айып тағылған – түрікшіл, ұлтшыл, шовинист, ұлттық уклон т.б.
238 Еңіреген ерлеріміздің кінəсіз атылуы ашындыратын да, үрей туғызатын да жағдай. Демограф-ғалым М.Тəтімовтың есептеуінше, КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен жылжымалы сессиясының үкімі бойынша 25 ақпаннан 13 наурызғадейінгі аралықта 631 адаматылғанекен. Олардың түр-түсіне де, қызмет дəрежесіне де, ұлттық ерекшелігіне де қарамаған. Əлгі келтірілген тізімде қазақтар да, орыстар да бар. Оны айтасыз, ұсталып, құрбан болғандардың соңын алып ҚКП (б) Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.И.Мирзоян, екінші хатшысы С.Нүрпейісов, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы О.Исаевта алдыңғыларының кебін киді, жайын құшты. Олар 1938 жылғы мамыр айында тұтқын болып кете барды. Біздің көп мазаланып іздестіргеніміз Б.Майлиннің сүйегінің қайда жатқандығы еді. Өйткені, «қылмыстыларды» қайда атты, өлі денелерін қайда тастады деген сұраққа ешкім жауап бермей, құпия ұстады. Кейбіреулері жөнінде жалған деректер беріп, өтірік мағлұматтар таратты. Мысалы: І.Жансүгіровтың «Өлім туралы куəлігі» Орталық архивте сақтаулы (1368 фонд, 3 опись, 69 іс). Онда Ілиястың 1949 жылғы 19 сəуірде өлгендігі куəландырылған. Өлу себебі жүректің инфаркт-миокардо ауруы деп көрсетілген. Ол жөнінде өлім туралы азаматтық хал актісінің 279 кітабына тиісті жазу істелгені айтылған. Тіркелген жері Алматының Фрунзе аудандық (қазіргі Медеу – Т.Б.) ЗАГС-і екен. Бұл куəлік 1955 жылғы 9 май күні берілген. Кейінгі кезде анықталғанындай, шындықтан алыс осындай мəліметпен I.Жансүгіровтың бала-шағасын, көңілі жақын ағайын-туған, дос-жарандарын алдап, ұзақ жыл бойы сендіріп келген. Ал С.Сейфуллиннің өлімі жөнінде де алыпқашты долбарлар аз болған жоқ. Кейбірде Сəкенді анда көрдім, мында көрдім деу шілер де шықты. Қабірін іздеп Сібір жаққа барып келушілер анық, нақты жерін таба алмай дүдəмал деректермен қайтыпта жүрді. Ілияс пен Сəкен жөніндегі алыпұшпа, сумаңдаған сөздерге сенерін де, сенбесін де білмей, бір ұшынан ұстар
239 дəйек болар ма екен деп Бейімбеттің ұрпақтары да талай мазасыз сəттерді басынан өткізді. Əсіресе, Гүлжамал үмітін үзбей, Бейімбет тірі болса керек деген сезімін жүрегінде сақтай жүріп, жан тəсілім етті. Б.Майлин де ауырып өлді ме, жоқ Сібір жақта сүйегі қурап қалды ма деп біз де ойлайтынбыз. Ендігі көзіміздің жеткені олар Колымаға да, Магаданға да, Печораға да, Иркутскі мен Тайшет түрмелеріне де апарылмаған. Республикамыздың орталығы – қанды қырғын алаңына айналған Алматыда болыпты барлық сойқан. Атылған боздақтардың жерленген жерін іздеп табу туралы ҚазТАГ арқылы төмендегідей ресми мəлімдеме берілді: «Талғар ауданына қарасты «Жаңалық» елді мекенінің жанындағы қырат сайдан көптеген атылған адамдардың мəйіті табылып отыр. Қазіргі қолда бар деректерге қарағанда Алматыдағы НКВД түрмесінде атылып, «Жаңалық» ауылының маңына жасырын көмілген мыңдаған жазықсыз жазаланғандардың ішінде Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин де бар көрінеді. Сəкен Сейфуллин 1938 жылы ақпанның 25-інде, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлин 1938 жылғы ақпанның 26-сында атылыпты». («Ақтаңдақтың тағы бір құпиясы», «Егемен Қазақстан», 1992, 8 сəуір). Осы жерде А.Байтұрсынұлының сүйегі де бар екені шүбə туғызбайды. Зерттеушілердің дəйектемесі бойынша мұнда 2,5 – 3 мың аяулы азаматтарымыз жерленіпті. Жалпы жерленген деп өзімізді өзіміз жұбатып, көңілімізді аулағанымыз болмаса, оларды арулап жерлеген кім бар, ешкім жоқ. Керісінше, арыстардың өздері де, өлік денелері де қорланған. Репрессия қорлығын көргендердің бірі Айтжан Бутиннің айтуына қарағанда түннің бір уағында түрменің белгілі азалы бөлмесінен тарсылдаған мылтық үні естіліп жатады екен («Алматы ақшамы», 1992, 13 сəуір). Апыр-ай, ататын арнайы бөлме болған-ау. Қара керегесін оқ тесіп, шұрқ-шұрқ ойдымға айналғанын көргендер де бар. Куəлендірушілерге сенер болсақ, НКВД тас зынданында атылғандарды үсті брезентпен жабылған мəшинелерге тиеп, Диханбай қыстауындағы сай-салада алдын-ала қазып дайындаған ор-шұңқырларға
240 лақтырып тастап отырған. Кейде жартылай жалаңаш адамдарды əкеліп атқан. Бұдан артық жазықсыздарды қорлау бола ма? Нағылет іс, қарабет қылмыс қой бұл дегің келеді. 1994 жылғы 31 мамыр күні «Əділет» қоғамының ұйымдастыруымен 1938 жылы атылған боздақтардың сүйегі жатқан жерге бардық. Ол – Іле ауданындағы «Жаңалық» ауылына жақын Диханбай деген кісінің қыстауы болған жер, Алматы орталығынан 50, ал шетінен 35 шақырым. Қазір жайдақталып, тегістеліп кеткен. Ал 1938 жылы ол жер жарлауыт болған, бір жағы құламалы жар да, екінші жағы ойпауыт, үсті жалданып жатқан. Атып алып келген адамдарды жардың жал үстінен домалатып тастай берген, жоғарыдан топырақты итеріп жапқан болған. Бұл жерде 1992 жылдан бері 31 мамырда атылғандардың ағайын-туғандары, жора-жолдастары, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысқан еске алу митингісі жыл сайын өткізіліп жүр, ескерткіш ретінде белгі тас қойылған. Жермен жексен болып тұрған ол тас ескерткіш деу ге келмейді, арыстарымыздың алып тұлғаларын елестете де алмайды. Сондықтан бəрінің аттары жазылған үлкен монументті комплекс салынуы көзделгендей еді, бірақ ол іс қолға алынбаған сияқты, ал уақыт болса өтіп жатыр. Соны келесі 1998 жылы көрсек құба-құп болар еді. Саяси қуғын-сүргін көргендерге арнап Алматыда, Қабанбай батыр – Наурызбай батыр – Виноградов көшелері қиылысқан жердегі саябақта пантеон тұрғызу жөніндегі пікір де ресми орындардан қолдауды керек етеді. Бұл мəселе айтылып жүрген, ал Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісұлы «Қасырет құрбандарына» атты мақаласында («Егемен Қазақстан», 1997, 9 қаңтар) айрықша назар аударған. Əркімнің көңілінде жүрген мынандай ой да мазалайды. НКВД кезінде сұр үйдің астында саяси айыпкер деп тапқандарды ататын арнайы бөлме болғанға ұқсайды. Міне, сол жерге көзге көрінер еңселі ескерткіш қойса, оны жұрт көріп жүретін болса, репрессияның зардап-залалын шынайы сезінер еді.
241 Б.Майлин өзіне үкім шығарылып, тағдыры шешіліп, қылкөпірден құлайын деп тұрғанда замандас достары С.Сейфуллиннің бір күн бұрын атылғанын, I.Жансүгіровтың өзімен бір күнде атылатынын қайдан білсін. Түннің бір мезгілінде тас бөлменің сұсты қабырғасына қарап тұрып, шүйдеден кірген оқ маңдайын опырып, қоқыстай лақтыра салатынын сезді ме, сезбеді ме, айту қиын. Білгенде, сезгенде не істейді? Сөйтіп, үкім шұғыл түрде орындалып, сұр үйдің астындағы жасырын қапаста атылды, əдебиет алыптарының бірі Бейімбет Майлин осылай мерт болды. Енді, жоғарыдағы талдау, таразылауымызға сүйене отырып, Б.Майлинді кімнің атқызғаны, кімнің атқаны туралы байлам жасай аламыз. Əрине, əскери коллегияның жылжымалы сессиясын өткізіп, үкім шығарған үштікті, оның төрағасын атарман-шабарман деп кінəлауға болар еді. Үкім тез орындалсын деген бұйрық берген адамды да айыптау керек-ақ. Ал атқан адам, əрине, басқа. Ол, мүмкін, бір лейтенант, не қатардағы қызметкер шығар. Тапсырманы орындап, қолын қанға бояған ондай адамның аты көрсетілмейтін сыңайлы. Ал дəрежесі лейтенанттан жоғары біреу атты деу сенімсіз. Ондайлар «қара жұмыс» істеп, былғанғысы келмейді, бəлкім. Дегенмен, олардың кінəсі жоқ деп ақтай алмаймыз. Бірақ, гəп оларда емес. Өзінің күні үшін, жанын сақтап қалу үшін шешімді, үкімді, бұйрықты орындаушылар ғана олар. Негізгі айыпкер – тоталитарлық, əкімшілікəміршілдік жүйе, билікқұмар басшылық, қыңыр, озбыр жəне соқыр саясат, адам құқын аяққа таптаған заңсыздық. Билікте отырғандар қарала дейді – қаралайды, ат дейді – атады. Атпасаң, өзің атыласың. Кінəлілер – сол кездегі өтпелі заман, елге билік жүргізген, салауаттан, инабаттықтан жұрдай басшылар. Ал Б.Майлиннің аялы алақанының жылуын сезініп, қамқорлығын көргендердің оны жау көрсетіп, дабыра жасап, даурығып жамандағандарына, орға жығуға көмектескеніне не дерсің. Біреулер тілін безеп сынағандарды, сұқ саусағын созып ұстатқандарды, пəк, адал боздақтарды «жау» етіп көрсеткендерді, əділеттілікке жүгінбей, саясаттың қолшоқпары болғандарды, сот үкімін
242 шығарып атқызғандарды, жаны түршікпей атқандарды атап айтудың не қажеті бар деп мүсіркейтін, аяйтын сияқты. Бірақ, олар жалғыз Бейімбет емес, сан мыңдаған арыстарымызды мүсіркемегенін, аярлық сезім білдірмегенін түсінгісі келмейтіндер. Қанша отбасы ойрандалды, əйелдер қосақтарынан айырылып, «итжеккенге» айдалды, құрттапбиттеп өксіді, қанша балалар торғайдай тозып, жылы ұясынан қуылып, біреулердің босағасынан сығалады, тілі мен ділін білмей кетті. Міне, соларға кімнің жаны ашыды, кім жылы жүз көрсетті ? Обал болды-ау деп аяған кім бар? Демек, ашық айтудың айыбы болмаса керек. Ол заңсыз қудалауды, соттатуды, атуды қайталамауды есте ұстау үшін де қажет. Ерте ме, кеш пе ақиқат айтылмай қоймайды. Айыбын сезінген сол кездегі партбюро хатшысы дүние саларынан екі күн бұрын 1964 жылы «Қазақ əдебиеті» газетіне «Ата-бабаларым кеткен қайтпас сапарға аттанғалы жатырмын. Кезінде қиянат жасаған адамдарым бар еді, солардан кешірім сұраймын. Бақыл болыңдар!» деген жазбасын жолдаған екен. Қателескенін мойындап, азаматтық, имандылық танытқан қаламгер кешірілер. Ал кейбір адамдар ол сияқты кешірім сұрап, аршылып алмай кетіп те үлгерді. Соның бəрі бізге, келешек ұрпаққа сабақ боларлық, ой саларлық жағдай. Сол үшін репрессияға 60 жыл толар кезде оның құрбандарын еске алу күнін өткізген жөн болар еді. «Аққа – құдай жақ» дейтін сөз бар. Түбінде əділдік жеңді. Ақиқаты анықталып жатыр. Осы орайда өзіміздің бұрын кездестірген, көңілімізге түйген деректерді алға тартайық. Бəрі бірімен-бірі байланысты нəрсе. Жиырма жыл бойы Бейімбет туралы сарғая дерек күткен Гүлжамалдың, балаларының 1957 жылы ғана көзі ашылғанын айту керек. Сонша уақыт еңсе көтере алмай, əркімге жалтаңдап, мұң мен шер басып жүру оңай ма? Сол 1957 жылы Б.Майлин ақталған. Бұл туралы да істегі құжат назар аударарлық. «Ол «Определение № 4 н – 02821/57 Военная коллегия Верховного суда СССР» деп аталады. Соның көшірмесі қолымызға тиді, Форма №45 екен. Жоғарғы жағында «Құпия» деген жазу бар. Əскери коллегияның
243 мəжілісі 1957 жылғы 16 сəуірде өткен. Төрағалық еткен заң полковнигіКостромин, мүшелерізаң полковнигіДеньдоброг жəне заң подполковнигі Свириденко. Анықтаманың негізгі мазмұнында КСРО Бас прокуроры Б.Майлин ісі бойынша жаңа, бұрын белгісіз болған, жалған сотталғандығын куəлендіретін. (свидетельствуют о необоснованном осуждении) жағдайларға байланысты 1938 жылғы 26 ақпандағы сот үкімін жою жəне қылмыс құрамы жоқ болғандықтан істі тоқтату керек деп тапқан. Бұл жөнінде мəжілісте баяндаған Свириденко жəне əскери Бас прокурордың көмекшісі, заң полковнигі Корюкин екен. Əскери коллегия олардың тұжырымдарын дəлелді деп есептеп, Б. Майлинді ақтау туралы шешім қабылдаған. Сөйтіп, ол мəңгі-бақи ақталды. «Аққа зауал жоқ» деген осы. Біздің парыз – Бейімбеттей біртуар адамның адамгершілік асыл қасиеті мен азаматтық жомарт жанын, ақ пейілі мен адал жүрегін, кішіпейіл кісілігі мен сұлу сыпайылығын, шипалы қолы мен шапағатты қайырымдылығын айта беру, елжұртына жеткізе беру. Ақтау жөнінде шешім шығару үшін, қажеті болмаса да, Бейімбетті білетіндерден 1956 жылы пікір сұралған екен. Істе Ғ.Мүсіреповтің, С.Мұқановтың, Т.Жароковтың пікірлері тігілген сияқты. Олардың көшірмесін алудың сəті түспеді. «Бірақ, біз Ғабеңнің пікірін Мемлекеттік Орталық архивтен тауып алдық. Ол 1864 қордың 1-тізбе, 223 іс, 1-бумасында сақтаулы. Ғ.Мүсірепов өзіне тəн Бейімбетке деген адалдығымен ағынан жарылыпты. Пікір орысша жазылған. Ғабеңнің ойын түсіндіремдеп, жұлмаламай, стилін бұзбай толық келтіруді артық санамадым. Отзыв С писателем-коммунистом Майлиным Беймбетом я познакомился в 1928 г. и до дня его ареста осенью 1937 г. общался с ним достаточно близко, как в творческом, так и бытовом смысле этого слова, четыре года работали вместе в Казиздате, два года – в редакции газеты «Социалистік Казакстан», находясь в то же время в одной литературной организации.
Майлин Беймбет был весьма плодотворным советским писателем. Каждое крупное общественное явление в социалистическом преобразовании Казахстана находило живое отражение в его творчестве. Я мало кого знаю из наших писателей, кто так многосторонне и систематический трудился над тематикой советской современности. Я также не знаю никого из второго поколения казахских поэтов и писателей, которым не помогал бы в его творческом росте. Безропотный труженник советской литературы, он стоял близко к каждому начинающему. Человек крайне скромный и робкий своему личному характеру, Майлин сторонился всяких дрязг и групповщины в литературной среде. Как член партии Майлин всячески и сторонился и группировочной борьбы внутри партии, которая долгое время имело место в Казахстанской парторганизации, тем более он сторонился буржуазно-националистических тенденции в этой борьбе. Честный во всем, что касается общественного долга советского писателя, скромный во всем, что касается личной жизни, большой труженник литературы, Майлин был верным и преданным кадром коммунистической партии. Главный редактор «Ара» («Шмель») писатель МУСРЕПОВ Габит 4 декабря 1956 г. Ғабеңнің бұл пікірінен де «Бейімбет жау болса, мен де жаумын» деп 1937 жылы қызғыштай қорғап, араша түскен принципінен айнымай, ауытқымай тағы да мəрттік танытқанын аңғарамыз. Қысқа да тұжырымды, жылы да дəл мінездемені Ғ.Мүсірепов қалай жазып берген деп таңдай қағасың. Кеңеске, партияға қатысты жерлері болса, ол қасаң заманның табы шығар. Дегенмен, Бейімбеттің ақталуына Ғабең сөзінің септігі тигеніне күмəн жоқ. Дегенмен, мылтық кезеп, шүріппесін басқан қаныпезер безбүйректерге лағнет айтасың. Қалай көзі қиып атты екен дейсің? «Егемен Қазақстан» газ., 1997 ж., 6,7,8, ақпан.
245 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ ОЙРАНДАЛҒАН ОТБАСЫ Халықтың тарихындағы ірі трагедияларды үнемі зердеде ұстау, оның құрбандарына келер ұрпақтың қасиеттеп бас июі тарихи тағлымның ең ұлысы. Себебі, өткен тарих – қатал да шыншыл мектеп, оның аясында ұлы мұраты, болашақ тағдыры үшін күресіп, жанын құрбан еткендер – ізбасар ұрпақтың өнеге-идеалы, тарихи сананы қалыптастырудың тетігі. Биылғы жыл жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. Осыған орай газетіміз қазақ халқының басынан өткен геноцид пен саяси қуғын-сүргіннің қасиетті құрбандарын ұрпақ санасына сіңіру мақсатымен тұрақты, жүйелі түрде мақалалар, естеліктер, құжаттар жариялап отырмақшы. Осы бағыттағы тұңғыш мақала – қазақ əдебиетінің классигі, ұлт мақтаны – Бейімбет Майлиннің рухына бағышталып отыр. 1937 – 38 жылдардағы зобалаңда қанша кəрі-жас, ақ жаулықты ана, желегі желкілдеген қыз-келіншек, балашағаның жетім-жесір қалғанын, жанұялары бұзылып, отбасылары ойрандалып, үйлерінен қуылғанын, түрмеге отырғызылғанын, балалар үйлеріне жіберілгенін, бірсыпыра жанның көшеге қаңғып кеткенін, зар шегіп, аңырап күн кешкенін көрген, білген адамдардың əңгімелеріне құлақ түрсеңіз, төбе құйқаңыз шымырлайды. Сол дəуірде қазақтың маңдайына біткен бірегей перзент Бейімбет Майлиннің үй-іші сондай күйге ұшырады. 1937 жылғы 6 қазан күні түрмеге жабылған Би-ағаны 1938 жылғы 26 ақпанда КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының көшпелі сессиясы ату жазасына кесті. Үкім сол күні-ақ орындалды... Беиімбетті екі адам түн жамылып келіп, қолын артына қайырып, «Қара құзғын» мəшинесіне тығып алып кеткен күннен бастап отбасы шексіз қасіретке душар болды.
246 Бейімбет «Аманкелді» фильмі түсіріліп біткен соң, көңілі алаңдап үйіне тез қайтып кеткен, ал Гүлжамал бір шаруасы болып Қарақастекте қалып қойған. Алып кетуге келгендердің айбат шегіп, өктем сөйлегендерінен шошынған балалардың бірі қыстығып, бірі боздап жылай берген. НКВД адамдары үй-ішінің астан-кестенін шығарады. Бейімбеттің жұмыс бөлмесінен сөрелердегі, жазу үстеліндегі кітаптарды, қолжазбаларды үйме қып жинағаннан кейін екінші жүк мəшинесін шақыртады. Əкесін алып кетісімен, қорыққанынан пəтерден қашып шыққан балаларының үлкені Əукен (16 жаста) көршілердің есіктерін соғып, жылап тұрып көмек сұраған. Бірақ, пəлесі жұғар деген үрей биледі ме, ешкім есігін де ашпаған. Кейбірі «бар, неге келдің?» деп, баланы қуып та жіберген. Ересек Əукен салы суға кетіп, үиіне қайтып, алғаш рет маңдайына тас тигендей сезінді, қатты қапаланды. Ол үйінің ыбырсып, шашылыпжатқанын көрді, қолжазбалар тұрмақ, кітаптарына шейін НКВД қызметкерлері алып кетіпті. Бейімбетті əкетіп бара жатқанда жылаған балаларға, қызы Рəзияның айтуына қарағанда, олар «Не бойтесь, дети. Мы его не тронем. Ваш отец через два дня придет» – деп алдарқатыпты. Үйден шығар кезде Бейімбет бəрінің бетінен сүйіпті де үлкен ұлына: – Əукен, сен баланың үлкенісің ғой. Мына бауырларыңа қамқор бол. Кітаптарымды сақтап жүр, – деген екен. Ертеңіне, 7 қазан күні, ертемен кеткен Əукен шешесін əкеледі. Шырқырап жылап, бір түннің ішінде жетімсіреп қалған Мереке (12 жаста), Рəзия (12 жаста), Еділ (6 жаста) боздап алдынан шыққанда Гүлжамал бір сұмдықтың болғанын жүрегі сезеді. Қайтып келе жатқанда Əукен де жарытып ештеңе дей қоймаған, «Əкем командировкаға кететін болды, сізді шұғыл алып келуге жіберді» деп, жалтара сөйлеген... Бозала таңнан тұрған Гүлжамал Фатимаға барады. Ілиястың да тұтқындалғанына бір жарым айдан асып кеткен. Бейімбетті іздеуге шыққанын айтып, балаларына көз қырын салуын өтінеді.
247 Түрменің қайда екенін білмейтін Гүлжамал көп іздейді. Бір қақпаның алдында бір топ адамдар тұр екен. Сұрастырса, өзі сияқты арыстарынан айырылған, түрме қақпасын торуылдап, қайтсек бір хабар білеміз деген үмітпен жүргендер. Бірақ биік қақпа тарсжабылған, ешкім кіре де алмайды, шыға да алмайды, ешкіммен тілдесу де мүмкін емес. Қарауылдың өзі де сұрағыңа жауап беруге ерінеді. Гүлжамал «енді не істеймін, құдай» деп санасы сарсылып тұрғанда сар-ала киімді офицер шығыпты. Бəрі жапырлап онымен тілдесуге лап қояды. Ол да жарытып ештеңе айтпайды. Гүлжамал түк түсінбеді, бірақ Бейімбеттің осы абақтыға əкелінгенін сезді. Оған да шүкіршілік етті, сөйтіп кешке қарай дымы құрып, дел-сал боп үйіне келді. Үшінші күні төбеден жай түскендей тағы бір қасірет тап болды. Бейімбет отбасы тұрып жатқан төрт бөлмелі үйінен қуып шығарылды. «Мына балалармен қайда барамыз? Шықпаймыз!» деген Гүлжамалды кім тыңдай қойсын. «Босаттың» астына алып, дегбірін кетірді, тілдеп, қоқанлоққы жасады. Құдайдың зарын қылып еді, ол да коменданттың жүрегін жібітпеді. Амал қанша, кешке қарай Ыстықкөл көшесіндегі екі бөлмелі үйдің бір бөлмесіне бес баламен келіп кірді. Бір бөлмесіне төрт баласымен Фатима жайғасыпты. Ал Б.Майлиннің үйіне іле-шала бір жазушы кіріп алды... Гүлжамал бір айдан кейін ғана Бейімбетпен жолықты. Бұл – тергеудің аяқталып қалған кезі. Сірə, тергеушілер өз мақсаттарына жеткен болуы керек. Кездестіргенін қайтсін, көп сөйлестірмеді. Гүлжамал оның үсті-басын, бет-аузын көріп шошып кетеді. Бейімбеттің əлі тірі екендігіне ғана тəуба қылады. Өзін сабырлы ұстаса да, шашын тақырлап алып тастағанын, Бейімбеттің қираған тістерін көріп, «Сұмдық-ай, тістеріңді де сындырыпты, не болды сонша?» – деп сұрайды. Бірге келген тергеуші «Бұл жер курорт емес қой!» деп кекете сөйлейді. Жаналғыш қасыңда отырса, адам ақтарылып сөйлесе ала ма? Бейімбет: – Гүлжамал жылай берме, ұстамды, мықты едің ғой. Балаларға ие бол, ауылға бар, ол жақта жеңілдеу. Менің
248 қолжазбаларымды сақта, əлізаман өзгереді, сонда олар саған керек болады, – деп көңілі бұзылып, мұңайғаннан əріге бара алмаған. Келесі кездесубірайданкейінберілуікерекеді. Үздіктіріп, дəмелендіріп қою қулық болып шықты. Жолықтыруға келіскен күні Гүлжамал екі қызын – Рəзия мен Гүлсімді киіндіріп, тамақ алып түрмеге келеді. Бірақ кездестіруге рұқсат етілмеді. Абақтыға одан соң да жиі келеді, алайда Бейімбеттің жүзін көріп, сөзін ести алмай-ақ қояды. Содан төрт айға жуық уақыт өтеді. Тұрмыс-жағдай ауырлады. Ішерге тамақ, киерге киім тапшы. Азып-тозуға айналды. Ағайын-туысқандардан, дос-жарандардан қайыр жоқ. Сатып тиын-тебен жасайтын мүлкі де жоқ-ты. Би-аға дүниеге қызыққан адам емес, байлық-дəулет жинамаған. Тек Ғабит Мүсірепов жасырын түрде қаражат беріп, көмектескен болады, ол қай жыртығына жетсін. Ауыл жаққа да кетпеді, абақтыда азап шегіп отырған қосағын, жиырма шақты жыл отасқан, ақжарқын, таза көңілмен, сыйластық пейілмен өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізген Бейімбетін қимады. Сөйтіп жүріп 1938 жылғы ақпан айының соңғы күндері де келді. Гүлжамал түрмеге тағы да бет алды. Қақпа алдында «А, құдай, Бейімбетпен кездестіре гөр!» деген тілеу тілеп тұрғанда есікті сықырлатып шыққан түрменің конвойы бір құшақ киім-кешек əкеп береді. – Бұл не? – деген Гүлжамалдың сұрағына: – Күйеуіңіздің киімдері, – дейді ол. – Ау, қарағым-ау, сонда ол не киеді? – деп Гүлжамал аңтаң. Конвой мысқылдап: – Ол енді мемлекеттің киімін киеді, – депті шімірікпестен. Ол күні Гүлжамал жұбайының мерт болғанын білген жоқ. Бейімбеттің түрмеде өзі түгіл, денесі де жоқ екенін ешкім тіс жарып айтпайды. Əйтсе де, секем алған Гүлжамал аңырап келе жатып көптен таныс Əмина Еленованың үйіне соғады. Əминаға шерін төге отырып, құшақтап алып қайтқан Бейімбеттің киімдерін көрсетеді. Б.Майлин ақпанның 26-
249 ында атылса, Гүлжамал соның ертеңіне, яғни, 27 ақпан күні оның киімің алған екен. Уайым-қайғылы күндер өтіп жатты. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, Бейімбеттің ескерткені шынға айналды. «Халық жауларының» əйелдерін де ұстап, темір торлы бөлмелерге тығу басталды. Дел-сал жағдайда жүрген Гүлжамал да тұтқындалды. Сөйтіп, Б.Майлиннің балалары əкеден өлідей, шешеден тірідей айырылып, қаңғып қала берген. Кейінірек белгілі болғанындай, үшеуін панасыз балаларды қабылдау үйіне, ал үш жасқа əлі толмаған Гүлсімді бөбектер үйіне өткізіпті. Əукен далада қалған. Үйлеріне мөр басылып, құлып салынған. СоныменГүлжамалдыңтұтқындалғанкүні – 13 сəуір, 1938 жыл, яғни Бейімбеттің түрмеге түскеніне 189, ал атылғанына 46 күн өткен кез. Аздаған ғана сауаты бар, ауылдан шыққан көнтерілі, орысшаға шорқақ қазақы əйелді ұстап, түрмеге жабу қандай ақылға сияды? Осылай айрандай ұйып отырған өнегелі жанұя, берекелі отбасының ошағын ортасына түсіріп шаңырағын шайқалтып, тоз-тозын шығарды. Гүлжамал жұбайы аманат еткен екі тапсырманы да орындай алмады. «Қолжазбамды сақта», «балаларға ие бол» деп еді. Гүлжамал Майлина РСФСР қылмыстық кодексінің 58- бабы бойынша сегіз жылға кесіледі. Көп ұзамай Қарағанды лагеріне «Алжирге» аттандырылады. Онымен бірге бұл лагерьдің азабы мен ауыртпалығын, қайғысы мен қасіретін тартқан А.Байтұрсыновтың жұбайы Бадрниса, Т.Рысқұловтың – Əзиза, Т.Жүргеновтың – Дəмеш, С.Меңдешевтің – Рəзия, С.Асфендияровтың – Рабиғаханым, С.Қожановтың – Күлəндам, I.Қабыловтың – Айша, С.Садуақасовтың – Елизавета, М.Жұмабаевтың – Зылиха атты əйелдері, тағы басқа мыңдаған əзіз аналар болды. Сол уақыттағы халқының ардақты азаматтарының əйелдері лагерьде адам төзгісіз жағдайда өмір сүрді. Олар қара жұмыс жасады, киім тікті, қой бақты, əйтеуір оларға істетпегені жоқ. Жататын жерлері нардың үсті, иіс-қоңысы мүңкіген барақ үйлер, астыларынан сыз, үстілерінен суық өтеді. Өлген қой-
250 қозы болса, жасырын қуырып жеп, талшық еткен. Ішкендері дəм-сөлі, жылтыраған майы жоқ тамақ. Бəрін де тұманды ой басады, күйеулерінің қайда екенін білмей бастары қатады, балаларының бар-жоғын ойлап күңіренеді. Гүлжамал Алжирдің Купко деген жерінде «жазасын» өтеп, арып-ашып, азып-тозып, құдайға мұң-зарын шағып күн өткізіп жүреді. Əуелде «Кім қой бағады?» дегенде: «Мен бағамын» деп келіскен оның алдына бес жүз қой салып берілген. Қолымнан келетіні осы жұмыс деп білген. Содан бастап, кесікті уақыты біткенше, қысы-жазы қойдың соңында жүрген. Онжетінші жылы еді-ау, оңжақтағы қалыңдығына келген жігітті Гүлжамал алғаш көргенін қалай ұмытсын. Əкесі мен шешесін ерте жалмаған жетім деген сылтаумен Бейімбетке ешкім қызын бермей жүргенде осы Гүлжамал кездесіп еді. Қызды көрген Бейімбет оны ұнатады. «Қалыңдығын келіп алып кетсін» деген хабар жеткен соң Бейімбет қыз ауылына келеді. Сол барғанында Бейімбет той-томалағын өткізіп, Гүлжамалды жар етіп алып қайтты. «О да бір дəурен екен-ау, шіркін!» дегенде Гүлжамалдың көкірегі қақ айырылып кете жаздайды енді. Төрт жыл бойы малдан бір де бір тұяқ шығын қылмай, аман бағып жүр еді, бір күні елу қойды жоғалтып алып сорлағанын айтсаңшы. «Жығылғанға –жұдырық» дегеннің кері келді. Сол кездегі лагерь бастығының «Сенің күйеуің жау, сен де жаулық істедің» дегені жанына қатты батты. Қойды таппасаң, тағы сегіз жыл қосылады деп қорқытқаны зəре-құтын қашырды. «Апыр ау, кесімді мерзімнің жартысын өтеп-ақ едім, аз шыдасам, босап шығамын, балаларымды тауып алам» деп дəмеленіп жүр еді «тағы сегіз жыл жамалса, бір жерде сүйегім қурап қалатын шығар» деп ойлайды. Əйтсе де, мейірімді жақсы адамдар бар екен, бір ауылдың азаматтары жəрдемдесіп, тауып береді. Гүлжамалдың жағдайы əлгідей болғанда, балалары не күйде екен? «Шешемізді алып кеткеннен кейін 15 күн өткен соң мені, Мереке мен Еділді Семей қаласындағы балалар