The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by nagashbay.kuralay, 2023-11-24 04:53:53

Шұғаның белгісі

Шұғаның белгісі

351 жақты жағымды қырларын ашып көрсетуге күш салады. Мына төмендегі сөздерінен сол пейілін аңғару қиын емес. «Бейімбет Майлинді Сəкен Қостанайдан Орынборға 1923 жылдың аяқ кезінде шақырып алды да, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке орналастырды. Бейімбет те ірі журналист еді. Оның да алдынан газет-журналдардың материалдары бұрқырап өтіп жататын. Ажарсыздау қоңыр бұжыр кескінді, таңқылау келте мұрынды Бейімбет, сол жақ сұік саусағымен ұзындау шашын дамылсыз бұрап, үстіңгі еті томпақтау көзін қағазға жасаурата төндіруден жалықпайтын. Кеңседе ұзақ отыратын ол, қарап үлгере алмаған материалдарын пəтеріне алып кетіп, ертеңіне ертемен даяр қып əкелетін. Ауыл өмірінен, əсіресе, кедейлер тұрмысынан білетіні көп Бейімбет, Орынборға келерден бұрында бұл тақырыпқа көптеген шығарма жазған кісі. Келгеннен кейін тіпті лекітіп, өлеңдерді, фельетондарды, əңгімелерді үсті-үстіне бұрқыратып төпеп жіберді. Ол өте шапшаң жазатын адам еді. Жазушылық, редакторлық жұмыстары керемет көп бола тұра, Бейімбет баспаханаға да күніне əлденеше рет баруға ерінбейтін. Бейімбет кісімен ұрыса білмейтін өте момын мінезді адам да. Əдебиеттік айтыс-тартыстарға ол еш уақытта араласпайтын. Əрі ісі, əрі мінезі жаққан Бейімбетті Сəкен өте жақсы көріп, жылы леппен үнемі «Мырқымбай» деп атайтын. Сəкенде ұнатпаған адамын тұрпайы тілмен сөгіп, ұрсып тастайтын əдет болушы еді. Осы мінезін ол ешбір жағдайда Бейімбетке қолданбайтын, сыпайылықтан əрі аспайтын. Бейімбет те Сəкенді аса сыйлайтын. 1936 жылы Сəкеннің əдебиеттік қызметіне жиырма жыл толуын тойлағанда, Бейімбеттің «Социалистік Қазақстан» газетінде Сəкен туралы аса жылы түрде жазылған мақаласы оның. Сəкенді шын сүйетін жастық жүрегінен шыққан», – дегені алғашқы пікірлерінің бірі. С.Мұқановтың 1960 жылы, Б.Майлин ақталғаннан үш жылдан соң «Досыма хат» деп Үмітбай Балқашовқа жазған жоғарғы мақаласында («Өсу жолдарымыз» кітабы, 1960 ж., 662-663 б.б.) біраз қасиеттерін ашып көрсетіпті.


352 1965 жылы Б.Майлиннің туғанына 70 жыл толуы кең түрде аталып өтті. Əсіресе, Қостанай елі ерекше құрмет көрсетіп, маңызды шаралар ұйымдастырды. Жерлес алып жазушыға арналған бұл ұлан-асыр тойға С.Мұқанов бастаған бір топ жазушылар, өнер адамдары қатысты. Бейімбеттің жұбайы Гүлжамал да болды. Олар бірнеше кездесулерге барып, бағалы, тартымды естеліктер айтты. Бұл салтанатты мерекеге Бейімбеттің «Ғалия» медресесінде бірге оқыған достары башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш, татар ақыны Хасан Туфан да келіп, жүрекжарды сөздерімен адал да ақ пейілдерін білдірді. Қостанайдағы шұға зауытының мəдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, бірінші сөз С.Мұқановқа берілді. Ол көркем əдебиет саласында ширек ғасыр еңбек еткен, қаламынан туған шығармалар ұлан-байтақ, барлық жанрда жазған, қазақтан шыққан ең үлкен, ең пайдалы жазушылардың бірі, қазақ əдебиетінің алдыңғы қатарынан орын алды деген толғанысын ақтара сөйлеп, Б.Майлинді Қостанай облысындағы көп өзендердің басын қосқан ең зор Тобыл өзеніне теңеді. Осымен шектеліп қалмай, С.Мұқанов əр кез Б.Майлин туралы ағынан жарылып жазып жүрді. Бəріне тоқталу мүмкін болмағандықтан, біреуін, артық болмас деп, толығырақ бергенді жөн көрдім. «Бейімбет Майлин туралы аз сөз. ҚазАПП-ты ұйымдастырушылардың, оның платформасына қол қоюшылардың бірі болғаны жоғарыда айтылды. Орынборлық дəуірде де көріп, істес болып жүргенмен, Бейімбетті менің жақын тануым – Қызылорда дəуірі. Мен Қызылордаға 1926 жылы келсем, Бейімбет Қызылордаға өткен жылы республикалық мекемелермен бірге көшіп, орнығып қалған екен. Оның қазірде көзі тірі əйелі – Гүлжамал, ол кезде жас келіншек. Ауылда туып өскен, газет оқырлық қана сауатты, мінезі ақ-жарқын, «қазақы» аталатын бұл əйелді, Бейімбет Қостанайдағы туған елінен, Қызылордаға келе алдырыпты. Бірер баланың анасы болып қалған Гүлжамал, қазақы жеңге ретінде, ойын-күлкіге


353 де жақсы, дастарқаны да кең, асы да мол, сондықтан, Бейімбет тұратын пəтер күн сайынғы қонақтан арылмайды. Газет-журналдарда өлеңдері, фельетондары, очерктері жиі басылатын, өлеңдерінің жəне əңгімелерінің жинақтары көлемді кітап болып басылған Бейімбет, қаражат жағынан мол тұрады. Сондықтан, Қызылорданың бағасы арзан қойынан (үш сомнан бес сомға дейін), Бейімбеттің үйі күн ара біреуін сояды деуге болады. Күн сайынғы мол қонақ, ол қойдың етін бір асқаннан қалдырмайды. Ет пен қымыздан, бауырсақтан басқа тамақ, ол кездегі қазақ қызметкерлерінің үйінде қолданылмайды. Бейімбеттің өзі сырашылдау кісі. Егер қостаушылар болса, қымыз орнына сыраны сіміреді де отырады. Жасау-жиһазды Бейімбет үйі жинаған емес. Төсек-орыннан басқа жалғыз мүлік – Гүлжамалдың төркіні берген, орта мөлшерлі, əдемі түкті кілем. Бірер кроваттан басқа мебель оның үйінде болмайды. Асты жерге жайған дастарқанда ішеді. Ыдыс-аяқтары да жобалғы. Бейімбеттің өзі қалаша, бірсыдырғы тəуір киінеді. Гүлжамал қазақылау, сыпайы ғана киінеді. Идеологиялықжағынан Бейімбетжазушылық өмірбаянының алғашқы адымынан-ақ кедейшіл демократ. Бұлай болуы жалпы өмірбаянына байланысты. Өзінің жəне оны білетіндердің айтуынша, Бейімбет қазіргі Қостанай облысының «Таран» аталатын ауданында, Аят өзенінің жағасында, «Шаңқан» аталатын төбенің етегінде туған. Кейін оның бір псевдонимі –«Шаңқан» болуысодан көрінеді. Бейімбеттің əкесі – Жармағамбет Майлыұлы, аңшылықпен күнелтетін жарлы жігіт екен. Бейімбет əкесінің он тоғыз жасында туады. Баласына алты ай толғанда Жармағамбет өледі. Елдің аңызында, аңшы Жармағамбет аққуды атып алады да, «қасиетті құстың кепиетінен өледі»... Күн көрісі нашар Жармағамбет еліндегі Мұқамжар деген байға жалданып, революцияға дейінгі өмірлерін соның есігінде өткізеді. Бейімбеттің шешесі сол байдың сауыншысы болады. Бейімбет те бала шағында осы байдың қой-қозысын бағатын малайы (жалшысы) болады. Кейін оның псевдонимі «малай» болуы содан екен.


354 Мұқамжардың ауылында жəдит мектебі болған. Бейімбет алғашқы сауатын содан ашады да, одан əуелі көршілес Троицк қаласындағы медресе – Расулиядан, одан кейін, Уфадағы медресе – Ғалиядан оқып, татарша орта білім алады. Содан кейін ауыл арасында мұғалім болып жүргенде, февраль революциясы жасалады. Бұл арада бір айта кететін нəрсе, байшылы болсын, демократы болсын, орысша я татарша оқығаны болсын, революциядан бұрынғы қазақ интеллигенциясының ішінде «миллəтшіл» болмағаны кемде-кем. Сонда олардың «миллəтшылдық» деп отырғаны – «ұлт». Бірақ, ол кезде, «миллəтшылдық» – «ұлтшылдық» мағынасындақолданылған жоқ, «халықшылдық» яғни «туған халқын сүю, соның мұңмұқтажын ойлап, отарлық халдан, ұлт теңсіздігінен шығару, азаттыққа жеткізу, шаруасын, мəдениетін өркендету» мағынасында қолданылады. Осындай демократтың ішінен, өзгелерін былай қойғанда, Октябрь революциясын қазақтан алғашқабылдаған, соныңжолыменбұлтарыссызілгерібасқан Сəкен Сейфуллин де революциядан бұрын «миллəтшілер» ауқымынан аса алған жоқ, оған «Өткен күндер» есімді бірінші өлеңдер жинағы куə. Бейімбеттің миллəтшылдығы Сəкеннен гөрі қалыңдау болды. Оның себебі – əдебиеттің алғашқы адымдарында, Бейімбеттің Орынборда шығатын «Қазақ» газеті арқылы көтерілуінде еді. Бұл газетті шығарушылар жəне Октябрь революциясына дейін басқарушылар, кейін «алашорда» көсемдерінің қатарында болған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов екені мəлім. Бұл газет бетінде, Бейімбеттің «Мұқтаждық» аталатын өлеңі 1915 жылы жарияланды. Мазмұны – ауыл кедейінің кедей семьядан шыққан оқуға талабы бар жастың күн көрісі жағынан халының өте ауырлығы, аңсаған мақсатына жете алмауы. Осы сарын Бейімбеттің революцияға дейінгі жазған өлеңдерінің бəрінде де бар. Сонымен қатар Бейімбет қазақтың Октябрь революциясына дейін қалам сілтеген ағартушылары сияқты, шығармаларында қазақ қоғамының өміріндегі үш нəрсеге үнемі қарсы болып отырады: бірі –


355 байлардың кедейлерге қорлығы, екіншісі – діншілдердің қазақ халқын қараңғылыққа шырмауы, үшіншісі – қазақ əйелдерінің əлеуметтік өмірдегі теңсіздігі. Бұның аты – шын мағынасындағы демократизм, шын мағынасындағы тапшылдық. Ар жағы осылай əдемі келген Бейімбет февраль революциясының кезінде біраз адасыңқырайды. «Қазақтың» көсемдерін пір тұтатын олар февральдан кейін, Октябрьге қарсы «алашорда» партиясын құрғанда, бұны «халықтық партия» деп ұққан Бейімбет «алашордасына» деген өлең жазадыда, «алаштың» Семейде шығатын газеті – «Сарыарқада» жариялайды, 1918 жылы, алашорданың Орынборда шақырылған бірінші съзінен кейін, осы съездің қаулысымен, «алаш əскері» құрылғанда, (əрине, большевиктерге қарсы), Бейімбет бұл əскердің Қостанайдағы бөлімшесіне еркімен кіреді, осы тақырыпта «Еліме» деген атпен өлең жазып, ол да «Сарыарқада» басылады. Бұлардың бəрі де саяси жағынан қате өлеңдер. Революцияның алғашқы жылдарында осылайша қателескен Бейімбет, теріс жолға түскенін тез аңғарады да, əйелі Гүлжамалдың жəне біздің адамдардың айтуынша, «алаш əскерінен» ат-матымен қашып, ауыл арасында тығылып жүреді, туған өлкесіне 1919 жылдың күзінде орнаған Совет өкіметінің ағартушылық жəне баспасөздік қызметтеріне белсене араласып кетеді. Сол күндерден бастап, Совет өкіметін, оның қазақ еңбекшілеріне берген бостандығын, социалистік құрылысты қуаттап көптеген өлеңдер жариялайды. Бейімбет шығармаларының осы желісі өмірінің ақырына дейін, яғни 1937 жылы жеке адамды дəріптеу кезінің құрбаны болғанға дейін үзілген жоқ. Мен Қызылордадан 1926 жылдың жазында келгенше, Бейімбеттің баспадан екі кітабы шыққан екен; бірінші – 150 беттік өлеңдері мен поэмаларының жинағы, екіншісі – 61 беттік Күлпаш атты əңгімелер жинағы. Соңғы кітапқа кірген бес əңгіменің «Күлпаш» аттысы ғана 1921 жылы болған аштыққа арналған да, өзгелері ислам дінін əшкерелеу тақырыбына жазылған. Біз бұл жолы əңгімелердің емес,


356 өлеңдер мен поэмалардың жинағына, əсіресе, өлеңдерге қысқаша тоқтаңқырап өтеміз. 1915 – 25 жылдар арасындағы қазақ поэзиясында Бейімбет өлеңдерінің орны ерекше. Осы бір тарихи кезеңде, ауыл кедейінің тұрмысын Бейімбеттен терең ұққан да, терең жырлаған да қазақ ақыны жоқ. Оның кедейлерге қойған аты «Мырқымбай». Мағыналық жағынан: «кедей, Мырқымбай, Бейімбет» үшеуі бір-ақ есім. Бір мазмұнда түйіскен бұл есімдердің жоғарыда атаған он жылдық өмірінен, барлық тіршілігін, мұң-мұқтажын, арманын, ол армандардың қаншасына жетіп, қаншасына жетпегенін, жеке шаруа кезіндегі барлық күшті жəне осал жақтарын түгел көреміз. Шығармаларын осылайша өрбіткен Бейімбет, идеология майданының басқа тартыстарына араласқан адам емес. Бұл майданда, сол кезде жүріп жатқан айтыс-тартыстардың Бейімбет ешқайсысына қатынаспайды, ешбір жиналыста сөйлемейді, бұл тақырыпта ешбір мақала жазбайды, сондықтан ол, салғыласып жататын екі жаққа бірден жағымды; қазақ совет əдебиетінің өзге кадрларының көбінде достары да, дұшпандары да бола жүре, Бейімбетке дұшпандық көрсеткен кісі кездеспейді, оны ұлтшылдар да, советшілдер де «Биеке» деп, үнемі құрметтейді», – деген (Алғашқы адымда. Кітапта: Есею жылдары. 1970 ж. 199 – 205 б.б.) сөздерінен Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы нақты, маңызды мағлұматтар аламыз. Бейімбеттің бейнесі де суреттелген. Бұл Б.Майлиннің тірі кезінде көп араласқан соң, ол туралы Сəбеңнің білгені аз еместігін байқатады. Бірге жүргендердің ішінде осы Сəбең ғана кеңірек жазып кеткен. Оны біз қашанда ескеруіміз керек. Өкінішіміз сол, Б.Майлиннің өмірден ерте кеткені. Аман болғанда тағы да қанша құнды шығармалар жазар еді, айтулы атақтарға ие болар еді. Дегенмен шүкіршілік етеміз. Көзі көргендіктен Сəбең үндемей қалмай, ой-пікірін білдіріп кетті. Əрі өзін биіктен көре алды. С.Мұқановтың қанша сөзге қалып жүрсе де қажымай, талмай еңбектене беріп, үлкен табыстар мен дəрежелерге


357 жеткенін білеміз. 1990 жылғы 22 сəуірде дүниеге келіп, 110 жасқа толған кезде оның Қазақ КСР Халық жазушысы атанғанын, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің əлденеше рет депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқармамүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болғанын зор мақтаныш етеміз. Ол мақтанышымызды 2000 жылы туғанына 100 жыл толу мерекесі ЮНЕСКО дəрежесінде тойлануы үстемелей түседі. Сондай-ақ Абай атындағы республикалық мемлекеттік сыйлықтың жəне Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты болғанын да еске сала кетейік. БЕЙІМБЕТ ПЕН МҰХТАР Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары – төңкеріс, азамат соғысы, жаңа үкімет құрылымдары сияқты қым-қиғаш, аласапыран жүріп жатқан кез. Алашорда сапында да болған Б.Майлин қолдағандығынан «Алашордаға», «Адаспаспыз», «Комиссардың жолдасы» тағы басқа өлеңдерін арнады. Алаш қозғалысының үніндей болған «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Жас азамат» газеттерінде жариялатады жазғандарын. Б.Майлин сол уақыттан біледі екен Мұхтар Əуезовті. Басқалармен бірге екеуі де «Сарыарқа» газетінің жандануына ат салысқан. Олай болса Мұхаң да Бейімбетті ертеден білген. Əлгі газетте Б.Майлиннің «Адаспаспыз» өлеңі мен «Тұяқ өлі кісі» əңгімесі 1917 жылы жарияланған. Ал 1922 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы болып жұмысқа кіріскеннен кейін оның жазғандарын жариялатуына кең жол ашылды. Замандастарының айтуынша, көркем шығармаларды да, публицистикалық жанрларда да бұрқырата жазып, аты кең тараған. М.Əуезов əртүрлі оқуларда жүрсе де, шығармашылыққа ерте кіріседі. Алғашқысы «Дауыл» деп аталған. Артынша


358 «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, 1917 жылы киіз үйді сахна етіп, жұртқа көрсеткен. Іле «Қорғансыздың күні» əңгімесі жарияланған. Сонда ол жиырма жас шамасында екен. «Алаш жастары» одағын құрған. Одан əрі белсенділігі күшейіп, түрлі қызметтер атқара жүріп, ол да өндірте жаза берді. Б.Майлиннің жазғандары жарияланып тұрған «Қазақ тілі» газетінің редакторы да, «Шолпан» жəне «Сана» журналдарының алқа мүшесі де болды. 1923 жылы Ленинград мемлекеттік университетіне түсіп оқығаннан соң жазуды бұрынғыдан да үдетіп, шығармаларын бірінен соң бірін жариялатты. Отызыншы жылға дейін көп жазған оны Б.Майлин жақсы білді. Бейімбеттің де бұл кезге дейін «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі», «Ауыл», «Лениншіл жас», «Еңбек туы», «Жұмысшы», «Қызыл ту» газеттерінде, «Қызыл Қазақстан», «Əйел теңдігі», «Кедей айнасы», «Жаңа əдебиет» журналдарында көптеген əңгіме, фельетон, өлең, мақалалары толассыз жарияланған. 1925 жылы «Ауыл» газетінен «Еңбекші қазаққа» қайта шақырылып, редактордың орынбасары болып тағайындалған Б.Майлин елге кеңінен танымал болып кеткен. Сондықтан екі арыс бір-бірін жақсы білген. Екеуінің бір-біріне сенгеніне сөзжоқ. Осыжерде бір дəлел келтіре кетейік. 2001 жылғы 30 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде М.Əуезовтың «Мені қайда пайдаланбақ?» деген С.Садуақасовқа жолдаған хаты жарық көрді. Ол хат, газетке ұсынған Т.Жұртбай, «Əуезов үйі» ғылыми-мəдени орталығының қолжазба қорында сақтаулы екен. Мұхаң ол хатын бірден С.Садуақасовтың өзіне жібермей, Қызылорда қаласы, Ленин көшесі, №26 үйде тұратын Б.Майлинге жіберіпті. Басына: «Ескерту: Бейімбет! СмағұловСадуақасов жоқ болса Ташкен жіберуіңді сұраймын. Мұхтар. 27.22.27» деп жазыпты да, Смағұлға өзіне қандай жұмыс берілетіні, жазған шығармаларының шығарылуы туралы хатын қосып жіберген екен. Бейімбет хаттытапсырған. СмағұлТашкеннен жауабын жіберген. Сонда басқаға тапсырмай, Бейімбетке өтініш еткені сенгендігі ғой. Нəтижесінде, М.Əуезов 1928 жылы Ташкендегі Орта Азия мемлекеттік университетінің


359 аспирантурасына қабылданады əрі Қазақ ағарту институтында сабақ береді. Амал не, 1929 – 1930 ж.ж. қазақ зиялыларының басына зобалаң туды. Бұл 1925 жылы республикаға басшы болып келген Голощекиннің келуімен басталды. «Жікшілдікпен» күрес деген ойдан шығарылған науқан өршіді. «Ұлтшыл» деген таңба қоса таңылатын болды. «Байшыл, алашордашыларға» қарсы күрес деген ушықты. «Ескішіл, «керітартпа», «халыққа хат» деген жан түршігерлік сөздер етек алды. «Қазіргі əдебиетіміз негізінде байшыл-ұлтшыл жазушылардың шығармалары алашорда салт-санасын таратыпкелді», «біздіңқазақкөркемəдебиетіндеалашордашылық əдебиет басым» деген Голощекиннің сөздері кейбіреулердің делебесін қоздырып жіберді. Алашорда басшыларын қойып, ақын-жазушылар бір-бірін сынауды үдетті. Сол кездегі баспасөзде жарияланған мақалаларды оқысаңыз, денеңіз түршігеді. М.Əуезовке де, көп болмаса да, тиіп кеткен жерлер бар. Қазақ əдебиетінің байшыл, ұлтшыл жəне еңбекші тапшыл деген екі бағыт бар, соның алғашқысына М.Əуезовты қосса, екіншісіне Б.Майлинді қосқан. Мұхаңды басқа да іліп кеткен жерлер жөн емес. Бірақ бір де бір оң пікір, жылы лебіз кездестірмейміз. Ал мақталып жүрген Б.Майлинді жеңілжелпі сынап кеткен жерлер кездеседі. «Сынаудың əліпбиі» деген мақалада («Еңбекші қазақ» газеті, 1928 ж., 20 ақпан) ел аралағанда бір ауылда мектеп жоқ екенін, оны-мұны сатып тұрған кəперетипті, ел ішіндегі жаңалықтарды жазбаған деп жеңіл-желпі кінə тағыпты. Бір тəуірі Б.Майлинге ұлтшыл, байшыл деген сөз бұған дейін айтылмаған. Бір байқағанымыз, Б.Майлин мен М.Əуезов басқалар сияқты тіл безеп, айтыс-тартыстың желіне бой алдырмай, сабырлы, салмақты ұстанған. Екеуінің басқаларды жағымсыз, жек көрінішті етіп көрсету əдетіне аяқ баспағаны азаматтық белгісіндей көрінеді. Көп кешікпей түрмеге отырғызу, сот процесін жүргізу басталып та кетті. Алашорда қозғалысының белді азаматтарына шүйлікті. Білгір тарихшылардың анықтауына


360 қарағанда, 1928 жылдың аяғында 44 адам буржуазияшыл ұлтшылдар деген айыппен қамауға алынып, сот шешімімен бірнешеуі атылып кетеді де, қалғандарына əр түрлі мерзім беріліп, түрмеге отырғызылды. Осы дабыра жалғаса келе 1930 жылғы қыркүйек-қазан айларында тағы 40 кісіге сондай шара қолданылды. Бұл зобалаңнан М.Əуезовтың аман қалуы екіталай еді. Сол жылы 16 қыркүйек күні ол да тұтқындалады. Тергеу екі жылға созылады. Тек 1932 жылы сəуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Ол енді ашық хат жазып, «өзінің қазақ əдебиетінің тарихы жəне Абай туралы зерттеулерінен, бірнеше шығармаларынан бас тартатынын» мəлімдеген. Ондай қадамға мəжбүр болғандықтан барған. Соған қарамай, кейбіреулер оны іліп кетіп жүрген. Тек, Б.Майлиннің оны даттап, қаралап, жаманатты етіп көрсетуге бармағаны түсіне білгендігін білдірсе керек. Осы жылы-ақ М.Əуезов түрмеден босатылып шығады. Енді Б.Майлиннің басына бұлт үйіріле бастады. Ешқандай айтысқа қатыспаған, ешкімге қылдай қиянат жасамаған оны да тыныш қалдырмай тиісті. 1932 жылғы 14 қаңтарда өткен Өлкелік партия комитетінің III пленумында Голощекин «Қазақ əдебиеті байтұрсыновшылдықпен, аймауытовшылдықпен көбірек былғанған» деп қоламтаның отын үрлеп жіберіп еді, сол əуенді жалғастырушылар болмай қалған жоқ. Алашордашылардан кейінгі лекке тағы ауыз салынды. Солардың бірі – Б.Майлин еді. Осы даурығуға орай Бейімбет ақындығының 20 жылдығы өте қалар ма. Əлі де ҚазАПП айналасындағы сөз безеулер де толастамай жатқан. Б.Майлинге ауыр тиген сындар қандай еді? Төмендегі сөздер оған жеңіл болып па: «Бейімбет əлі күнгі Мырқымбайды колхозға кіргізе алмай жүр», «Бейімбетте кеңеске қарсы шығармалар да жоқ емес», «Алашты, бектік дəуірді, халықшылдық, ұлтшылдықты жыр қылған», «Бейімбет ұлт қозғалысы, ұлтшылдық ағымға кездесті, соныңықпалынаберілді», «ұлтым – қазағым», «алты алашым – арысым», «ұлтым – алашым деген сөздерді ұран қылды» деген тағы басқа сөздер айтып, жер-жебіріне жетті.


361 «БізосыуақытқадейінАбайды, Сəкенніңшығармаларынталдап сынадық. Ертең Бейімбетті қолға аламыз» деп қорқытып қойды. Сөйтіп отызыншы жылға дейінгі оның шығармалары жоққа шығарылды. М.Əуезов артық ауыз сөйлеп, Бейімбетті қоса кінəлаған жоқ па екен деп мұрағатты қанша сүзсек те, ондай жаман əдеттен аулақ жүргенін байқадық. Біле білсек, ол да жанға медет. Желік басылып, саябырсыған соң екеуі де жаңа тыныс алып, көңілдері орнына түсті де, қаламды кең сілтей бастады. Сыңаржақ сындардан сең соққан балықтай есеңгіреп, біраз уақыт жүрдек қаламын шабандатып қалған есесін қайтаруға кірісіп-ақ кетеді. М.Əуезовтың мына сөзіне құлақ түрейікші: «1933 жылы еді. Қазақстанның көркем өнері мен əдебиеті үшін естен кетпестей бір мəжіліс болды. Ол Леон Исаевтың өз кабинетінде шақырылған жиналыс. Мəдениеттің майданына тарихтың өзі салып, «өнер тап, өрге бас, қалуың жетті» деп қанат бітіргелі тұрған күндері еді. Көңілде сондай көтеріңкі күй бар», – деген. Бұл Л.Мирзоян басшы болып келген, Голощекиннің кеткен кезі еді. Жаңа бастық экономикаға ғана емес, əдебиет пен мəдениетке де оң серпін берді. Сондықтан Б.Майлин мен М.Əуезов те қайта рухтанып, қолдарына жаныға қаламдарын ұстады. Бейімбет елді еркін аралап «Алыптарды аралағанда» жинағын шығарады, «Қызыл жалау» романын жазады, «Қоңсылар» атты шығармасын, көптеген əңгімелерін, фельетондарын, мақалаларын жариялатады. «Азамат Азаматыч», «Тартыс» романдары, «Майдан», «Шұға», «Талтаңбайдың тəртібі» пьесалары, «Он бес үй», «Қырманда», оны қайта қарап, үлкен өзгерістер жасап «Кездескендер» деп атаған, «Күлегеш жеңгей», «Оспан Олжабаев» повестері бірінен соң бірі шығып жатты. Поэмалары да бар. «Қазақ əдебиеті» газетінің, «Əдебиет майданы» журналының жарыққа шығарылуына атсалысты. М.Əуезов не істеді дейміз ғой. Жұрт арасына кең тарап кеткен «Айман –Шолпан» пьесасы туды. Оның жалғасындай болып «Түнгі сарын», «Тас түлек», «Ақан – Зайра» пьесала-


362 ры, «Білекке білек», «Үш күн», «Қасеннің құбылыстары», «Шатқалаң», тағы басқа əңгімелері жарық көрді. «Тастүлек», «Ескілік көлеңкесінде», «Қараш-қараш» əңгімелер жинағы да шықты. Əдебиет пен мəдениеттің қарқын алуына Өлкелік комитеттің 1933 жылғы 8 қыркүйекте шығарған «Ұлттық өнерді дамытудың шаралары туралы» қаулысы кең жол ашты. Соған сəйкес қазақ мемлекеттік театрын салу, музыкалық студия ашып, оны музыка театрына айналдыру, қазақ жазушыларының классикалық шығармаларын, постановкаларын, актер кадрларын дайындау, əншілер, бишілер, музыканттар, суырып салма жыршылдардың республикалық слетін өткізу шаралары көзделді. 1934 жылы музыкалық театр ашылды да, Б.Майлин, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов пьесалар жазып беруге кірісті. Театр есігі аналардан тез жазып берген Мұхтардың «Айман – Шолпан» спектаклімен ашылды. Сол жылдың мамыр айында Бейімбеттің «Шұға» атты музыкалық драмасы сахнаға шығарылды. Ал жазда Ғабиттің «Қыз Жібек» спектаклі репертуарға қосылды. Бұл оңды істі жалғастыруға басқа жазушылар да белсене көмектескен. Сол себепті өнер қайраткері Қ.Жандарбековтің «Театр алғаш ұйымдасқан жылдарда байқалатын ерекше бір жай, осы өнер үйінің өсуіне жазушылар қауымы ерекше күш салған болатын» дегені бар. Əсіресе, Б.Майлин мен М.Əуезов театр жұмысын да өздерінің төл ісіндей көріп, бастауында болғандар. Өсе келе М.Əуезов атындағы Еңбек Қызыл ту жəне Халықтар достығы орденді академиялық драма театры дəрежесіне дейін жетіп, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналды. Арыға көз тіксек, сахналық өнерге Бейімбет пен Мұхтардың икемделуі ертеден-ақ басталған. Оған жоғарыда келтірілген 1917 жылы қазақ үйде «Еңлік – Кебектің» сахналап көрсетілуі. Сол тұста Б.Майлиннің талпынысы да назар аударарлық. Мұғалім болып істеп жүрген кезі. 1918 жылы «Əмеңгер» деген пьесасын Қостанайдың əуесқой өнерпаздары сахнаға шығарған, Троицкіде «Кім айыпты?» пьесасы қойылған. Одан əрі бірінен соң бірін жазған шағын пьесаларын əуесқой көркемөнерпаздар сахналап жүрген.


363 Комедияныңводевильтүрінде, сықақ-əзілкүлкіменжазылған қысқа пьесалары сол кездің қажетіне, көрермендердің көңілкүйін көтеруге, рухани нəр алуға əбден жарады. Пьесаларын көрсету одан əрі жалғаса келіп, үлкен сахналық театрларға жетті. Сөйтіп, театр өнерінің бастауында екеуінің тұрғаны үлгі-өнегенің белгісі емес пе. Еңбектерідебағаланабастады. Б.Майлингетүрліқызметтер жүктеледі. М.Əуезов қазақ пединститутының оқытушысы, профессоры, Қазақ драма театрының бөлім меңгерушісі қызметтерін де атқарды. 1935 жылы «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен жазушыларды наградтау туралы Қазақстан Орталық атқару комитетінің қаулысы шығып, ол Б.Майлин мен М.Əуезовке де сыйланды. Қатар тізе қосып, əдебиетіміз бен мəдениетіміздің шарықтап өркен жайып дамуына зор үлес қосып жүрген екеуінің бойынан бір ерекшелікті байқайтын сияқтымыз. Бастарына қара бұлт үйіріліп, көңілдері жүдеп, ойлары он саққа ошарылып жүрсе де майыспай, күйректікке салынбай, бекем ұстауы, қаламды тастап кетпеуі мықты күш-қуаттарынан деп білсек керек. Бұл – бір. Екінші, қанша қоңылтақсып жүрсе де, өз дəрежесін, мансабын жоғарылату үшін жалыну, жарамсақтыққа бармауы. Үшінші, өз қара басы үшін басқаларды аяқтан шалып, етектен алып, ғайбаттау, жаманатты етіп көрсетіп, өзін жақсы атты ету сияқты арамзалыққа жоламағандығы. Екеуінің арасында да қырғиқабақтық, алакөздік, ренжісу деген дəлелдер кездеспейді. Қайта бірін-бірін сыйлауы, бағалауы көрініс береді. М.Əуезовтың төмендегі сөздерін оқығанда көңілің көкке көтерілгендей əсерге түсесің: – Дүниежүзілік əдебиеттің барша мəдениеттік дəстүріне сүйенетін реалистік прозамызды жасаған жазушылар – роман жазушылар мен əңгіме жазушылар. Мысалы, қазақ əңгімелерініңасакөркемүлгілеріБейімбетМайлинніңөзгеше мұрасынан табылатын. Бейімбет Майлин əңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары əрдайым нанымды боп шығады. Жəне бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет əңгімелерінің көп топтары революцияның алғашқы


364 жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін Совет дəуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады. (М.Əуезов. 12 том. 1969 ж.) – Оқимыз, үйренеміз, өзімізден ұлттық түр қоса өсеміз. Сол арқылы алдыңғы қатардың шеруіне қосыламыз. Осы бағыттағы драматургияда үлкен ғып бастаған Бейімбет. Драмалық ірі серпіннің басы – «Майдан»... Драмалық құрылыс жағынан алғанда, Бейімбет пьесалары біздегі үлгі беріп отырған пьесалар. «Майдан» айналасында талай «майдандар» туады. Бұл – ірі белгі». (М.Əуезовтың Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы I съезінде драматургия туралы жасаған баяндамасынан). Міне, осы сөздерді түсіндіріп жатпай-ақ қояйық. Басқа да пікірі соған саяды. Шын көңіл, ақ пейіл, сыйластықпен бағалай білу жүрек түкпірінен осылай жарып шықса керек. «Айман – Шолпан» қай жағынан алсаңыз да сол кездегі даусыз сəтте шыққан туынды болған. Бейімбет те ризалық көңілін білдіре алмай қала алмады. Күншілдік, көреалмаушылық, мұқатушылық сияқты жаман əдетке бой алдырмады. Керісінше, зор бағалаған. Театр «Айман – Шолпан» ашылғанда арнайы барып көрген екен. Алған əсерін «Бізде ең іргелі драматург – Мұхтар ғой. Мен оннан артық пьеса жаздым, біріне де көңілім толған емес» деген ғой Ғ.Мүсіреповке. Бақталастыққа салынбай, жақтырмаушылыққа ұрынбай, екеуі де шығармашылық құлшыныспен ерен еңбек етіп жатқанда, саясаттың да, тоғышарлықтың да, қаныпезерліктің де қара құйыны тағы да соқты да кетті. Мен 1937 – 1938 жылдарды еске алып отырмын. Бұл кезеңдегі репрессияның аласапыраны туралы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Қызыл қырғын деп таңбаланып та кетті. Бұл науқанның Б.Майлин мен М.Əуезовке байланысты тұстарына назар аудармасақ, сөзіміз толығырақ болып шықпас. «Социалды Қазақстан» газтінде жарияланған «Екі оқушыға жауабым» деген хат-мақаласында (1934 жыл, 12 маусым) «Сыншы атаулы көп жылдарға дейін мен ту-


365 ралы аузын ашпай келді де, 30-жылы бірден тарпа бас салды. Екпіндері қатаң, өкшелері қисық келді. Менің шығармаларымды сынағанда, менің өз басымның өткендегі кейбір қателіктерімен байланысты сынады. Онымды теріске айналдырмақшыболды», – депжазған еді. Сондағыайтылған пікірлер көңірсітіліп қайта көтерілді. Көре алмаушылар, бақталастар, іші тарлар онан арман қатты кетіп, айтылмаған сөз қалмаған. Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров үшеуі қосақталып сыналды. 1937 жылғы баспасөз беттерін қарап отырсаңыз, кеше ғана қол ұшын созып, қамқор жасап, жазушы қатарына дейін жеткізгендердің өзі дөңайбат көрсеткеніне таңырқамай қарай алмайсың... Зерттеу, анықтаудың нəтижесінде, жалған жалалар жасалған деп қорытынды шығарылды. Қандай жалалар дегенге жауап ретінде сол уақыттағы мақалалардан келтірсек артық болмас. Жұрттың бəрі біле бермейтін де шығар. Тек Б.Майлинге қатысты жерлерін алатын болсақ, соның өзі жүрек шайылтады. Алашордашыларды сынау тағы да өршіді де, оныалашордашыл деп тиісті. ТроцкийдіЛенинмен қатар жазды, ескі тақырыпқа түсіп кетті, идеология жағынан мүлде жат, саяси жағынан қате, көркемдік жағынан құнсыз шығармаларын жинап бастырып шығарды деген сөздермен жұқалай қағытып келеді де, шымбайына қатты бататындай етіп түйрейді. Баспасөздерде құлаш-құлаш мақалалар жарияланып, оларда «қандауыз төбеттер тобы», «зұлым», «екі жүзді», «қаскүнем», «шпион», «фашист», «агент» деген қаралауды оңды-солды сілтеп үрей туғызды. Сонымен қойса жақсы ғой, бірақ біз сұғып жатқандай табалау одан арман өрши түскен. Енді «халық жауы», «буржуазияшыл ұлтшыл», «ұлтшыл фашист», «зиянды контрабанды», «жат элементтер» деп келеді де, оларды құрту керек деген талап қояды. Мұның барлығы Б.Майлинге де қатысты еді, жанын жаралай берді. Бұның ақыры Бейімбетті 1937 жылғы 6 қазанда тұтқындауға себеп болды. Оның алдындаҒ.Тоғжанов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров түрмеге қамалған да еді. Олардан басқалар да


366 отырғызылды. Сонда «Жан иесін бұл заманда жақсылығы үшін қинайды екен-ау», «Қайран, Бейімбет, қиянаттың құрбаны болып кетті ғой. Бұдан артық өкініш, опыныс болар ма?» деген реніштер де туған. «Ақыр заман боларда қарындастан қайыр, қарағайдан шайыр кетер» деген-ау, Б.Майлиннің темір торға түскені аз болғандай, оны «халық жауы» деп шуылдатты. Ол отырғызылғаннан екі күн кейін, яғни 8 қазанда Жазушылар одағында партия жиналысы өтіп, оны партиядан шығару мəселесі қаралған. Сөйлегендер шімірікпей қаралап жатқанда, қорғауға күш салған тек Ғ.Мүсірепов болды. Жиналыс Б.Майлинді халық жауы деп тауып, партиядан шығарумен қоймай, Ғ.Мүсіреповке шүйлікті: «Ол ұдайы халық жауы Майлин туралы сөз бола қалса, Мүсірепов оны жақтай кететін, қанатының астына алатын еді» деп кінə тақты. Одан да көп түйреген сөздер болды. Оны «Түркістан» газетінде басылған «Ғабит қалай аман қалды?» деген мақаламда кеңірек сараптап көрсеткен болатынмын. М.Əуезов бұл алақұйын шақта өзін қалай ұстады дегенге де көңіл аударғанмын. Б.Майлинге жаппаған жала, жақпаған күйе қалмай жатқанда, ол сол дүрмекке қосылып кеткен жоқ па деп күдіктенген едім. Мұрағаттың дүниелерін ақтарып қарағанымызда жоғарыда айтқан отырғызылған азаматтардан кейін М.Əуезовке де бас салып тиіскен. Ұлтшылдықжолдан аумаған, халық жауларымен бірге ұдайы қызмет істеген, оларменжымыбіржанжолдасыболған деп соқтықты. Мұхаң не істеуі керек сонда. Бəрібір халық жаулары дегендерді қосыла төмпештеуге бармады. Басқалардай елігіп желікпеді. «Халық жаулары болуы мүмкін емес, олар ақталады, өйткені олардың өмірі маған қарағанда таза, жарқын емес пе» деген екен. Б.Майлинді əшкерелеу науқанына араласпаған. Партия жиналысында өзіне тіл тигізіп жатқанда, ол «Сейфуллиннің, Майлиннің, Жансүгіровтің контрреволюциялық əрекеттерін білмеймін» деп кесіп айтып, батылдық білдірген. Азаматтық пен адамгершіліктің тамаша үлгісі емес пе бұл. Алайда, амал қанша жалған жаланың құрбаны болып кетті асыл арыстар. 1938 жылғы 27 ақпанда С.Сейфуллин,


367 26 ақпанда Б.Майлинмен І.Жансүгіров ату жазасына кесіліп, үкім орындалды. Тек 1957 жылы олар ақталғаннан кейін анық-қанығына жете бастадық. М.Əуезовтың өз пейілінен айнымай, өмірінің соңына дейін Б.Майлинге деген құрметін сақтауы ризалық сезім ұялатады. Бейімбеттің қызыГүлсіммен бір əңгімелескенімде, «папаң жақсы адам, кейін тарих оны ақтайды» деген Мұқаңның сөзін айтып беріп еді маған. Түрлі қиыншылық көріп, Алматыға келіп медициналық институтта оқып жүргенінде басқалар сияқты М.Əуезов те азық-түлік əкеп беріп тұрған екен. Түн ішінде үйіне де алып кетіп жүріпті. Б.Майлиннің суретін Мұқаң көрсеткен екен Гүлсімге. Өзі он екі жыл балалар үйінде өскен, анасы Гүлжамал сегіз жыл лагерьде болған, бауырлары бытырап кеткен жағдайда жүрген Гүлсімге Мұқаңның көрсеткен ықыласы үлкен демеу еді. Қайран Мұқаң деген өкініш те бір кезде өзекті өртеді. Ақыры қыр соңынан қалмай, сыңаржақ сынға алып, оның өмірден ерте кетуін тездетті демеске амал жоқ. 1961 жылы дүние салғанына, міне, қырық жыл болып кетті. Дегенмен қазақтың екі алып азаматы елінің жүрегінде мəңгі қалатынына сенімдіміз. БЕЙІМБЕТ ЖƏНЕ ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕР Əңгімемізді Ғ.Мүсіреповтың сөзінен бастайық. Ол бірде «Майлиннің қаламгерлік қызметіндегі тағы бір тамаша өзгешелікті таңдана айтпай тұра алмаймын. Бұл – оның əдебиеттегі ұстаздық жəне тəрбиешілік рөлі мен орны жайында. Көркем сөздің көп қырлы зергері, ғажайып стилист болған ол, өзінің тəрбиешілік табиғатына тəн қамқорлығымен əдебиеттің жас күштерін көркемдік шеберлікке баулып шыңдайтын еді. Ол жас таланттарды да соншалық көрегендікпен, аңдағыштықпен тауып ала қоятын. Асылы, біздің, оның замандастарының, қай-қайсысы болсақ та, Бейімбет Майлиннің киелі қолы, яки кереметтей кемел редакторлық қаламы тимей өте алдық демес едік», – деген еді 1974 жылы Б.Майлиннің 80 жасқа толуына орай өткен


368 салтанатты жиында («Əдебиетіміздің жарық жұлдызы», «Қазақ əдебиеті» газеті, 1974, 6-желтоқсан). Осы сөздің шын-өтірігіне көз жеткізу үшін дəлелдер іздестіріп, сараптама жасауға біраз уақыт кетірдік. Нəтижесінде, төмендегідей түйінге келдік. Бейімбет жазу айналасындағы жастардың көбіне көмек-жəрдемін аямады, қалам тартқан жастарды баулып өсіруде қыруар еңбек сіңірді, ұлағатты ұстаз болды. Ол журналистиканың да педагогы. Б.Майлиннің редакторлық жұмысының бір ерекшелігі – есімдері елге əйгілі, қалам қайратын берік ұстап, өздеріне шынымен серік еткен ақын-жазушыларды газет-журнал айналасына топтастырғандығында, тартқандығында жатыр. Енді нақты дəлелдерге, шынайы айғақтарға жүгінейік. Сырбаз да шебер суреткер Ғ.Мүсіреповке жасаған қамқорлығы, шығармашылығын шыңдауға еткен əсері туралы жазғаным аз емес. Оны оқырман білетін шығар. Ал одан басқаларға Б.Майлин теріс қарап па, оң шырай білдірмеп пе десек, өйтпеген деуге дəлелдер жеткілікті табылды. Еш жанды алаламапты. Мен профессорлар Т.Нұртазинмен, Б.Кенжебаевпен, белгілі ақындар Ж.Сыздықовпен жəне М.Хакімжановамен көзі тірісінде кездесіп əңгімелескен болатынмын. Олар да Б.Майлиннің жəрдем-көмегі, адамгершілік жүрегі, ақылкеңесімен демберетіндігі, адамға қанат бітіретіндігіжайында сыр шертіп еді. М.Хакімжанова апай Бейімбеттің өзін тауып алып, қол ұшын бергендігі, əкесіндей қамқор жасағандығы жөнінде толғана əңгімеледі. Б.Майлин жиырма сегізінші жылы Қостанай жақты аралады. Ол келген жерге əнқұмар, өнерпаз жандар жиналып сауық кеш өткізетін. Осындай бір кештің кезінде жиналған жастар айтысып, ойын-күлкі өтіп жатады. Олардың біреуі жоқтау айтып, жұртты ұйытып əкетеді. Құлағын түріп, бар ынтасымен тыңдап қалған Бейімбет өлең аяқталғанда: – Қарағым, мына өлеңің жап-жақсы екен. Кімдікі ол? – деп сұрайды.


369 – Мариям деген ақын қызымыз бар. Соныкі ғой. Біз үйреніп алып айтып жүрміз. – Мен жазып алайын, сөздерін айтып жіберші. «Жаңа шыққан жоқтау» деген əлгі өлеңді жазып алғаннан кейін: – Ал, ол Мариям қарындасты қайдан табуға болады? – дейді Бейімбет. Жергілікті əкімшілік орны арқылы оны таптырып алады. – ҚарағымМариям, сеніңжоқтауөлеңіңдіестіпқаттықуанып қалдым, – дейді ол М.Хакімжанова келгенде. – Сенде талант көзі бар. Сол талантың өшіп қалмасын. Ол үшін Алматыға кел, өнер, білім ортасында көп нəрсені үйренесің. Оқу оқығаның да жөн. Өзім көмектесемін, – деп ағалық ақыл береді. М.Хакімжанова келесі жылы Алматыға келеді. Бұл кезде Бейімбет «Əйел теңдігі» журналының редколлегия мүшесі ретінде келіп түскен өлеңдерді қарайтын. Бірде өлеңмен жазылған хатты оқып, өте ұнатады. Авторы кім деп қараса, Мариям Хакімжанова екен. Өлеңнің атын да, ешбір сөзін де өзгертпей журналдың 12 санына жібереді. М.Хакімжанова Алматыға келісімен Бейімбетке барады. Оны жылы шыраймен қарсы алған Бейімбет: – Тағы да жазған өлеңдерің болса, өзіме əкеліп тұр. Мен осы газеттің («Еңбекші қазақтың» – Б.Т.) Əдебиет бөлімінде қызмет істеймін... «Əйел теңдігі» журналының кеңсесі де осы үйдің ішінде. Оларға күн сайын барып тұр, – дейді. Жас Мариям қанат біткендей, қуанышты жүзбен шықты Би-ағадан. «Сол күннен бастап, – деп еске алады. М.Хакімжанова, – Бейімбет ағай маған бір жанашырымдай болып көрінді. Қамқор əке, ақылды аға, қатал ұстаз сияқты ретті жерде көмектесіп жүрді... Биекең талай өлеңімді шай үстінде қарап, жақсы жерін көтере, жаман жерін күмілжи оқыр еді». (Ұмытылмас ұстаз. «Тың өлкесі», 1965 ж. 16 қыркүйек). Ол Мариямның сан өлеңін алдын-ала оқып берді, оны өнер адамдарының басы қосылған жерге, өлең айтып, домбыра шертетін өнер саңлақтарының кештеріне қатыстырып жүрді. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, И.Байзақов,


370 Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ж.Сыздықов, Ə.Мұстафин т.б. адамдар Бейімбеттің үйіне жиналып өткізген өнер кешіне М.Хакімжанова да қатысып, ізгіліктің куəсі болды, тəлімтағылымалды. Бейімбеттің көмегіменМ.Хакімжанова «Əйел теңдігі» журналына үйренуші болып орналасады, одан кейін КазПИ-дің жанындағы алты айлық білім көтеру курсына жолдама алып, оқуға түседі. Қазір М.Хакімжанованың Б.Майлин жөнінде пленкаға жазылған əңгімесі біздің қолымызда сақтаулы. Бір жолы Бейімбет Қарағандыға барады. Мұнда келгелі ол қолына қаламын алып, қойнына кнежкесін салып, дамыл көрмей шахталарды аралайды. Күндіз көмір тресінің адамдарымен, «Қарағанды пролетариаты» газетінің қызметкерлерімен алып шахталардың қойнын кезсе, кешке түрлі кездесулерге қатысады. Түнде ұзақ отырып, құланиектеніп таң атқанша ерінбей-жалықпай жаңа туындыларын жазады. Жас талапкерлер оған жолығып, жазған дүниелерін көрсетіп алғысы да келеді. «Қарағанды пролетариаты» газетінің редакторы Орманбаевтың орынбасары болып істейтін, жас драматург Саттар Ерубаев бір күні: – Би-аға, мына бір киновелламды сізге көрсетіп алайын деп едім. Уақытыңыз болса... Пікіріңізді білсем, – деп келеді. – Жарайды, өзің оқи ғой, – дейді. Саттар киновелла етіп жазған «Менің құрдастарымның» увертюрасы мен кейінгі екі бөлімін оқып береді. – Жақсы-ақ жазылған. Адам бейнелері ерекшелініп көрінеді. Ұшталып қалған тілің де бар. Бірақ, осыны қайта жазсаң қайтеді, – дейді. Саттар қапелімде не дерін білмей, аңтарылып қалғандай еді. – Мынау үлкен шығарма болайын деп тұр. Осыны романға айналдырып көрші, – деп Бейімбет оған үміт арта қарайды. – Жазып көрейін, – дейді көңілі орнына түскен Саттар. – Шығармаң үлкен тартысқа құрылған, ұлттың ажары бар, образы, композициясы, тілі тартымды. Əттең драматургиясы дəрменсіз. Фантастикалық бояу көп. Шұбалаңқы. Схемаға ұрынғансың. Егер осыны сценарий етпей, қайта бір қырнап, романға айналдырса, сөз жоқ, «Менің құрдастарым»


371 темпераменті күшті, эстетикалық əсері мол тамаша туынды болып шығар еді. Тегі сүйткейсің, – деп ақтарылып ақыл береді. Түкке алғысыз ғып тастай ма деп ойлап қалған Саттар үлкен қалам шеберінің жаңа бір ой тастағанын ризалықпен қабылдады. Сөйтіп, «Менің құрдастарым» романы дүниеге келді. Бұл фактіні ақын Өтебай Тұрманжанов та растады. Бейімбеттің «Қазақ əдебиеті» газетінде редактор кезінде ол оның орынбасары болып жұмысты бірге істескен. «Жазушы болады-ау деген жастан өзінің жанын аямайтын, – дейді Өтебай. – «Менің құрдастарым» шағын дүниенің жарыққа шығуына Би-ағадан көп көмек көрдім. Жұрттың бəрі Биағаңдай болсайшы, дейтін еді Саттар Ерубаев марқұм. Үмітті жастардан сырын да, құпиясын да аямайтынын Тайыр екеуміз бірге қызмет істеп жүргенде əбден терең сезіндік. Саттар Ерубаевты ол баласындай жақсы көретін». (Заңғар. «Лениншіл жас», 1974 ж. 30 қараша). Ө.Тұрманжанов өз жазғандарын да Бейімбеттің қолынан бір өткізіп алмай баспасөзге ұсынбайды екен. 1929 жылы «Ауыл тілі» газетінде редактордың орынбасары болып істейтін Б.Майлиннің қолына Ө.Тұрманжановтың өзі жіберген «Таң сыры» атты қолжазбасы келіп түседі. Бейімбет онда баспада да қызмет істейді. Ол қолжазбаны қарап шығып, «ептеп, жұқалап түзетіп» бастыруға өзі əзірлейді. Авторды шарт жасасып, азды-көпті қалам ақысын алсын деп Қызылордаға шақыртады. «Жас талапкердің алғашқы еңбегі деп кешірім жасай да қойған сияқтымыз, – дейді Бейімбет баспаға келіп кездескен Ө.Тұрманжановқа. – Білген адамға бұл əдебиетке жасаған қиянат сықылды. Жас баланы əдебиеттің ішіне тарта түсейік, тəрбиелеп, баули түсейік деген оймен қиянатқа біле тұра барып отырмыз. Ылғи осындай кешірім береді екен деп балаңдыққа салына берме, жігітім», – деген екен. (Заңғар. «Лениншіл жас», 1974 ж. 30 қараша). Ө.Тұрманжанов ұстаз қаламгерден жастардың тырнақалды туындыларын жұмысым бар, мынауыңды қоя тұр деп кері итере салу сияқты кесірлікті бір де бір көрмеген. «Қазақ əдебиеті» газетінің редакторы Б.Майлиннің орынбасары боп жүргенде де ол газет шығару ісіне көп үйренеді,


372 «жоқтан бар ғып, барды нар ғып» шығаратын іскерлігіне сан рет сүйсінеді. Ұзақ жылдар таныс-біліс, жақын дос, жолдас, қызметтес болып Бейімбетпен үнемі араласып жүргендердің бірі профессор Б.Кенжебаев. Ол кісімен 1973 ж. 24 желтоқсанда кездесіп, Бейімбет жайында айтқан тартымды əңгімесін, жылылебізінпленкағажазыпалғанедім. Б.Кенжебаев дарынды қаламгерді қазақ халқының көрнекті, классик жазушысы, əдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі жəне белгілі журналист, қоғам қайраткері ретінде бағалады. Ол Б.Майлиннің өз білгенін біреуге үйретуден, біреуге жақсылық жасаудан тартынбайтын ерекше мінезін де еске түсіре келіп, соларды білгішсініп, артықсып, кісімсіп, істемейтінін атап кеткен еді. Жас ақын-жазушылардың келіп түскен, өзін іздеп келіп оқып берген шығармаларын Бейімбеттің жалықпай мұқият қарап, түзеп отырғанының сан рет куəгері болған еді Бейсекең. Сол кездесуде Б.Кенжебаевтың «Өзіміздің де тырнақалды əдебисын мақалаларымды қарап, түзеп, газет бетінде жариялаған, бізді əдебиет майданына енгізген Бейімбет еді», – дегені əлі құлағымда. Белгілі ақын марқұм Жақан Сыздықовпен кездесіп əңгімелескенім де есімде. Ол кісі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин үшеуі көшеге шығып, қаздай тізіліп кетіп бара жатқанда қызыға, қызғана қарайтындықтарын, үшеуі бір сапта, парад құрып бара жатқандай əсер ететіндігін айтып еді. Бейімбеттің аса бір өзіне жақын тартқан адамы осы Ж.Сыздықов болатын. Жақаң да оны жанындай жақсы көретін. Сондықтан ол ой-пікірін, іштегі сырын бүгіп қалмай Б.Майлиннің 70 жылдығы тойланатын тұста «Қошқар ата» алқабында» (Қазақ əдебиеті, 19.11. 65 ж.), «Досым еді, Биағаң» (Социалистік Қазақстан, 12.10.1965 ж.), «Түлектермен бірге тебіренетін» (Қазақ əдебиеті, 18.12.1965 ж.) мақалаларын бірінен соң бірін жазып республикалық газеттерге жариялатты. Олардың бірінде Ж.Сыздықов «Осы үлкен ағалардың қатарында Би-ағаң мені де қораш көрмей, қомсынбай қадірлейтін еді», – деп жазса, енді бірінде «Бейімбеттің өзіне тəн көрікті қасиеттің бірі – ол əрқашан да жастарды баулуға,


373 жас жазушыларды қанаттандырып, қамқорлық етуге ынтық еді. Редакцияға түскен жастардың өлең, əңгімелерін аса зер сала оқып, өзі жөндеп, түзетіп жарыққа шығаруға асығатын. Редакцияға келген жастарды шын ықыласымен тыңдап, ақыл айтып, келелі кеңес беретін. Кейбір шалғай жерлерден келген өлең, очерктерге жауап ретінде өзі дереу ашық хат жазатын... – Мынау өлеңді алдымыздағы номерден қалдырмай басып жіберу керек. Жас түлектер болашақ əдебиетіміздің ұйытқысы, – деп ескертіп қоятын бізге», – деп жазды. Бейімбеттің қолтығының астында көп жылдар қызмет істеп, талабын шыңдауда үлкен көмегін көрген Ж.Сыздықов республикамыздың белді қаламгерлігінің қатарына қосылды. Бейімбет «Жаңа əдебиет», «Жаршы», «Əйел теңдігі», «Жаңа мектеп» журналдарының маңына жастарды топтастыруға күш жұмсап, Тайыр Жароков, Сағыр Камалов, Зарап Темірбеков, Насыр Ноғаев, т.б. жастарға қамқорлық жасап, редакциядан əртүрлі тапсырма беретін. Мақаншы ауданын аралаған Б.Майлин келгеннен кейін «Мен Семей қаласында Самат Нұржановпен кездестім. Тегі жүдеңкіреп қалғанға ұқсайды. Оны Алматыға шақырып, «Жаршы» журналына орналастыруға уəде беріп кеттім», – деген. Семейде өлең жазып, аудармамен шұғылданатын сол Самат Нұржановқа жол қаражатын жіберіп, Алматыға алдырған, оны үйіне түсіріп, «Жаршы» журналына əдеби хатшы əрі аудармашы қызметіне орналастырған Бейімбет екенін Ж.Сыздықовтың естелігінен білдік. Семейде шығатын округтық «Жаңа ауыл» газетінің редакторы Мансұр Ғатаулинді де Алматыға тартқан Бейімбет. Қызылордалық жас ақындар Қалмақан Əбдіқадыров пен Асқар Тоқмағамбетовті тəрбиелеп шығарды. «Асқар осы бала ма? Жарайсың, сенің «Құлшық» деген ұзақ өлеңіңді басқалы отырмыз газетке, – деп Бейімбет мені тағы бір көтеріп тастады» деуі сондықтан поэзия ақсақалдарының бірі А.Тоқмағамбетовтың. (Солқылдата соғылды бесжылдықтың балғасы. «Лениншіл жас», 1962 ж. 6 қазан). Үлкен дарын иесі, тарлан жазушы Хамза Есенжановтың да алғашқы творчестволық ұмтылысын демеп жіберген де


374 Би-ағаң екен. Студент кезінде Х.Есенжанов «Өлеңтінің жағасында» деген көлемді əңгіме жазды. Оның осы тырнақалды шығармасын Б.Майлин оқып шығып, аздап түзеттіріп, «Жаңа əдебиет» журналына жариялайды (1930 ж., №7). Бұл Х.Есенжановтың «Ақ жайық» сияқты аса құнды да құнарлы туынды жазуға талпынысын демеп, жүрексіне басқан бірінші қадамын ширықтырып жіберген фактінің бірі. Б.Майлиннің осы жəрдемін, қамқор ісін Х.Есенжанов өмірбақи есінде сақтаған. Ол бұл сырын «Ақ жайықтың» жазылу тарихынан» деген мақаласында («Жұлдыз», 1974 ж. №4) ағынан жарылып айтып берді. Б.Майлин дəл танып, дөп басқан талант көзі Х.Есенжанов заманымыздың саңлақ суреткерлері қатарына қосылды, артына өлмейтұғын романдар циклін жазып қалдырды, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері дəрежесіне жетті. Ақын Əбу Сəрсенбаевтың «Кілемші қыз» деген өлеңі тұңғыш рет Бейімбеттің көмегімен журналға жарияланды. (Ақ желкен, ақша бұлт. Мақала сұхбат авторы Д.Қанатбаев, «Қазақ əдебиеті», 10.06.1977 ж.) Б.Майлин ол кезде жас талапкер, қазіргі белгілі ақын, жазушы Дихан Əбілевтің Баянауылдан жіберген «Сырлы шкафтың сыры» əңгімесін біраз өңдеп, 1928 жылы «Жаңа əдебиет» журналына бастырады. (Бес тұлға. Екінші хикая «Би-ағаң», Жұлдыз, 1977 ж. №6). Бейімбетке оқып беріп, ой-пікірін тыңдағанД.Əбілевтің «Кооператив», «Өрбі енді», «Қызыл əскерге» атты өлеңдері де жарық көрді. Ойына нəр, бойына қуат алған, таудай талап ұшқыны алаулаған жас ақын Д.Əбілев «Шалқыма» атты тұңғыш поэмасын өмірге келтіреді. Д.Əбілев Бейімбетті Петропавлға барған отызыншы жылдардағы бір сапарында кездестіреді. Б.Майлин ақын Ғалым Малдыбаевқа да өлең, очеркті қалай жазу жөнінде ақыл-кеңес береді. Əсіресе, ол жаңа қаламгерлерді баулып тəрбиелеу жайына аса ден қояды. Д.Əбілев «Ленин туы» газетінің редакторы Тумыш Сарходжаевқа айтқан Бейімбеттің мына сөзін есіне тұтқан: «Жылт еткен жаңа оттар бар екен облысыңызда. Оның аты жас қаламгерлер. Солардың ошағыңа əкелген отынын ұқсатып пайдалана білуде көп мəн бар. Ол сіздің


375 мүмкіндігіңізде. Жас қаламгерлердің ұйтқысы, балапаннан баулып қыран ұшырар ұясы редакция, газет екенін айтып отырмын... (Сонда)». Міне, бұл факті жоғарыдағы пікірлерді растап, толықтыра түседі. Соны растайтын тағы бір əділ сөзді алайық. 1930 жылдары «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеген Бейсенғали Тəйкімановтың «Шіркін-ай, жастарды жанындай көретін еді ол. Мына Əбділданы, Зейінді, марқұм Саттарды аясына ала беретін еді... Талабы бар жасты Бекеңнің өзі іздеп табатын», – деп толғануы да сондықтан. (Жаңа дəуір жаршысы. «Коммунизм туы» газ., – Шығыс Қазақстан обл., 1965 ж. 19 қараша). Енді өз уақытында белгілі жазушы, жұрт құрметіне бөленген Сейітжан Омаровтың лебізіне көңіл қояйық: Бейімбеттің «Ұядан жаңа ұшқан көк қанат балапан қандай болса, қолына жаңа қалам ұстаған жас та сондай, арғы жағында өнері болса, ондай жасты қолдап, көтермелеп жіберу керек. Тырнақалды шығармасын ерінбей өңдеп, қырнап, сырлап жіберсем, ендігі жолы өзі ары қарай тəй-тəй басып жүріп кетеді», – деген сөзінде ғибрат аларлық, үлгі тұтарлық үлкен жүректің ізгі лебізі еседі», – деді. (С.Омаров. Ұшқан ұя. «Қазақ əдебиеті», 1974 ж. 11 қаңтар). Осы ақыл сөзді зердесіне құйып алған жазушы С.Омаровтың өзі де талай жастарға жəрдемдескенін білеміз. Б.Майлиннің қамқорлығын, ұстаздық өнегесін көргендердің ішінде жазушы Сейітжан Омаровты, ақын Əбділда Тəжібаевты, белгілі артист, Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловты, өнер тарландары Қапан Бадыровты, Елубай Өмірзақовты атап кету керек. 1933 жылғы наурыздың 11-күні «Социалды Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласын Ə.Тəжібаев «Бас жазушымыз Бейімбетке құрмет» деп атаған. Мақала Б.Майлиннің жазу командировкасынан келу құрметіне «Социалды Қазақстан» газеті басқармасы ұйымдастырып өткізген кеш жөнінде болғанмен, шығармашылығының өрісін кең түрде қамтыған. «Бейімбеттей болайық» деген мақаласында да ол сөз шеберінің үлгі етерлік тағы бір қырын ашып берді.


376 Ол республика жазушыларын Бейімбет сияқты жастармен кездесуге, олардың өмірін көрсетуге шақырды. «Оның көптің тілімен қызықты өмірін жазған шығармаларын біз еш уақытта есімізден шығармаймыз, – деп жазды Ə.Тəжібаев. – Елімізбен қосыла есейген, өскен, қазіргі жас жазушылардың көбін тəрбиелеп шығарған ұстаздық еңбектерін де айта, қадірлей жүреміз». (Бейімбеттей болайық. «Лениншіл жас», 1935 ж. 30 наурыз). «Ауыл тілі» газетінде жауапты редактордың орынбасары болып істегенде Б.Майлин көңіл бөліп С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ж.Сыздықов, Қ.Əбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов, Ө.Тұрманжанов, А.Сегізбаевтарды тартып, жазғандарынжариялатып отырды. Мысалы, С.Мұқановтың «Есіңе алып жүрмісің», «Қысқы креші», С.Сейфулиннің «Ауыл байғұс мінеки» өлеңдері, І.Жансүгіровтың «Қонақтар мен қожайын» əңгімесі басылды. «Жаршы» журналына редактор болғанда да авторлыққа жоғарыда аталғандардан басқа И.Байзақов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Ə.Тəжібаев, С.Камалов, Т.Жароков, Қ.Жұмалиев, С.Бегалин секілді жас таланттарды тартты. Үлкен ғалым Қ.Жұмалиев те Б.Майлин кездерін есіне алып «Ұлық болсаң, кішік бол» («Жұлдыз» журналы, 1964 ж., №12), «Күй жыршысы» («Жұлдыз журналы, 1966 ж., №9») естеліктерін жазды. Кезінде ол да қамқорын көрген. Біз Қажымның ойына сақтап қалған Б.Майлиннің бірер ғибратты сөзін ғана алайық. – Ақын – жас балаға ұқсас... Сол сықылды ақындар да дүниеге келгенде өз үнін, өз даусын естіртуге, өзінің дүниеге келгенін хабарлауға тырысады. Əр адам əртүрлі. Мінездері де əр басқа. Осыған орай олардың өздерін таныту əдістері де əр алуан. Жалпы жазушыларға, əсіресе, ақындарға тəн мінез – «менмендік» тезірекбілдіругетырысу. Бұлолардыңшығармаларында ғана емес, жайшылықтағы мінездерінен де байқалады. Дарындыларытез түзеліп, өзіндік «менді» қоғамдық, таптық «менге» айналдырады. Ондай ақындар көп кешікпей-ақ танылып, ел жүрегінің жылы жерінен орын алады, – деген.


377 Бұл тұрғыдан өзіндік «мені» барСəкен, Сəбит, Ілиястарды атайды да, «үйренер шəкірт болса, ұстаздарың жоқ еместі» дейді. Қ.Жұмалиев шығармашылығын ақындықтан бастаған. Тіпті «Ерғожа мен Егізбай» деген алғашқы поэмасын жазып Б.Майлинге алып келеді. Бейімбет «Еңбекші қазақ» газетінде поэзия бөлімін басқаратын І.Жансүгіровке жібереді. Ілияс басуға болатынын білдірген. Сол үшін қатты қуанған Бейімбет журналдың екі санында жариялайды. Академиктікке дейін жеткен Мұхамеджан Қаратаевқа да шапағаты аз тимеген. 1927 жылы алғаш көргенде-ақ «Бірдеңе жазсаң, маған əкелерсің. «Еңбекші қазақ» редакциясына əкелсең де, үйге əкелсең де болады... Көп оқы, жақсы оқы» деген екен Б.Майлин. Оған да қол ұшын бергенін айтады. Бірде М.Қаратаев «Қазақ əдебиеті» газетінің редакторы Ғ.Мүсіреповтың «Шұғыла» деген əңгімесі туралы мақала жазады. Оны Би-ағаң оқып құптайды да, газетке жібереді. Б.Майлинніңгазетавторларыментілшілеріндеіздептабудағы, оларға қалтқысыз қамқорлық көрсетудегі, ұстаздық етудегі өнегелі істері ұшан-теңіз. Оның болашақ талант иелерін, қаламының желі бар жастарды баулып, шығармашылық өсуіне еңбек сіңіруі ақ ниет, адал сезімін білдіреді. Б.Майлиннің өзі жұмыс істеген «Ауыл», «Ауыл тілі», «Социалды Қазақстан» газеттері мен «Жаңа əдебиет», «Əдебиет майданы», «Жаршы», «Қызыл Қазақстан» журналдарына ел ішіндегі жас əдеби күштерді, талпынған журналистерді, жазуға ниеті бар тілшілерді топтастыруға қосқан үлесі үлкен. Оның сол қамқорлығын көрген Ғ.Мұқатов, А.Елшібеков, Т.Арыстанбеков, Ж.Еленов, Ш.Қожахметов, М.Ешмұхамедов, Б.Тұлғажанов, Ж.Орманбаев, Н.Рахымбаев, С.Қазбеков, Н.Ерубаев, Ғ.Əміров, М.Рахманов, Б.Тəйкіманов сияқты аты əйгілі журналистер шықты. Олар баспасөзден қол үзбей жүріп жұрттың рухани өсуіне, экономикамыз бен мəдениетіміздің ілгері өсуіне өз үлестерін қосты. Б.Майлин «Ауыл» газетінің жауапты редакторының орынбасары кезінде де жас талапкерлерге үлкен көңіл бөлді. Оларға арнап нежазу керек, қалайжазу керек, не мəселелерге мəн беру қажет екенін түсіндіріп мақалаларын жариялау-


378 мен қатар, хаттар жазды, редакция жұмысына тартты. Оның ұйымдастыруымен «Ауыл» газеті жыл сайын тілшілер съезін шақырып, түрлі түсінік-нұсқаулар беріп отырды. «Қара сөз» жазатын тілшілердің жарысы да өткізіліп тұрды. Кімнің қанша мақала жібергені əр айдың аяғында көрсетілетін болды. Қостанайда бұл кезде Бейімбетпен «Ғалия» медресесінде бірге оқыған Əбдірахман Мұстафин екі класты орыс-қазақ мектебінің оқытушысы, əрі тəрбиешісі болып істеп жүрген. Мектеп редакцияға жақын болды да, ол жиі араласып тұрды. Мақала, хабар жазып жүрді. Бір күні Бейімбет оған: – Сенің қолыңның аздап желі бар, осы оқытушылықты қойып, редакцияға ауыссаң қайтеді, бəрібір жұртшылық жұмысы ғой, – дейді. Əрі-бері толқып, көніңкіремеген Əбдірахманды қояр да қоймай: – «Ауылда» газет жұмысымен таныс адам жоқ. Басқаны қой, редакцияға кел, өзің басқарасың, – деп қолқалады. Сөйтіп, жас журналист Əбдірахман «Ауылға» ауысып, Бейімбеттің қамқорлығымен қызмет істеді. Жанашыр досы Бейімбетпен бірге Əбдірахман кейін – «Еңбекші қазақта» үш жыл тағы қызметтес болды. Сол Əбекең журналистік шеберлігі кемелденген қаламгер ретінде бүкіл республикамызға танылды. Əбдірахман сияқтылардың тірегі де, ұйтқысы да, қамқоршысы да Бейімбет болды. Солардың бірі белгілі журналист Нұршатай Рақымбаев. Ол Арғынбай медресесінде Бейімбетпен бірге оқыған. Қостанай жақта Ақсуат деген жерде мұғалім боп істеп жүрген кезі екен. «Ауыл» газетіне қалай тілші болғандығын айта келіп, ол былай еске алады: «Бейімбет маған ел хабарын үзбей газетке жазып тұруды тапсырды... Ол кезде ауыл арасында почта байланысы жоқтың қасы, сондықтан жазған мақаланы редакцияға өзіміз апарып беріп тұрамыз. Мақаламды берісімен-ақ тексеріп қарай бастайды. Кем-кетігін өзіме көрсетіп, ақылын айтып отырады. Қандай тілші кездессе де, Бейімбет қолдан келген көмегін аямайтын». (Үлкен жүрек. «Тың өлкесі» газеті, 1965 ж., 17 маусым). Ол өзін «Қазақстанның про-


379 летариат жəне шаруа жазушылар одағының мүшелігіне дейін» Бейімбеттің жеткізгенін ақ көңіл, ризалық сезіммен айтып жазды. Н.Рақымбаев сияқты талай тарлан журналистер шығып, кейіннен олардың кейбіреуі аудандық, енді біреулері округтік газеттерді басқарды. Газеттерге тілшілерді тарту мақсатында жазған мақалалары да қыруар. «Ауыл тілшілеріне хат», «Газет ойдан шықпасын», «Тілшілердің есіне», «Тілшілердің ояу болғаны жөн», «Тілші болғысы келгендерге», «Ел тілшілері хаттары», «Тілшілер қаламы», тағы басқа мақалаларында қалай, нені жазу керек, табандылық көрсету қажет екендігінқұлақтарына құю, талпындыру мақсатын көздегені анық. Б.Майлиннің өнер адамдарына да қол ұшын беріп, жəрдем көрсетуі де ерекше. 1923 жылы сəуір айында Е.Өмірзақовқа хат жазып, Орынборда жаңадан ашылған Қазақ халық ағарту институтына түсіп, оқуына жағдай жасап қойғанын айтыпты, соған баруын сұрапты. Институтта оқып шыққан Е.Өмірзақовтың үлкен өнерге жолы ашылды. 1936 жылы Мəскеуде өткен Қазақстан əдебиеті мен мəдениетінің онкүндігіне қатысты. 1937 жылы түсірілген «Амангелді» көркем фильмінде басты роль ойнап, Амангелді батырдың бейнесін сомдады. Одан əрі əртістік қабілетін шыңдай түсіп, жоғары атақтарға жетіп, түрлі сыйлықтарды иеленді. Бейімбеттің ісі бұлақ көзін ашып, арнасын кеңітіп жібергендей еді. Зор дарын Шара Жиенқұлова кейін «Өнерімнің көзін ашқан» деген естелігін жазып, Б.Майлинді атайды да, «Менің артист болуыма ең алдымен Би ағаның үш пьесасындағы («Майдан», «Шұға», «Амангелді») үш түрлі образ үлкен себеп болды, кең жол ашты» деп мəлімдеді. (Бұл естелікті Шара арнайы жазып маған берген еді). Репетиция жүріп жатқанда Бейімбет қатысып, Шараға үнемі ақыл-кеңес беретін болған. Серке Қожамқұловты білмейтін адам кемде-кем шығар. Сахнаның саңлағы еді ғой. Олар өткен ғасырдың басында бірін-бірі білетін. Əртістікке бейім Серағаң сахнадан оның өлеңдерін оқып, пьесаларында ойнаған, араласып жүрген. Жақсы білген соң, Бейімбет туралы ештеңе демей кете алмады. «Бейнесі жүрегімде» деген естелігінде «Бейімбеттің


380 тағы бір ерекшелігі өз туындысынан гөрі жұрттың дүниесіне көп қуанатын, мақтана айтып жүретін. Ол өсіп келе жатқан қазақ интеллигенциясының алғашқы тобын тəрбиелеуге қыруар еңбек сіңірді... Кісіге сенгіш, нанғыш болушы еді... Бейімбет бейнесі менің жүрегімде... Оның ақжарқын бейнесі, кісіге жылы ұшырап тұратын қарапайымдылығы, кең пейілі, ізгі жүрегі мені талай сыннан мүдіртпей өткізген сияқты», – деп ағынан жарылды ол («Жетісу» газеті, 1965 ж., 19 қараша). Оның айтуына қарағанда, К.Байсейітова мен Ш.Жиенқұлованың асқан талантын бірден танып, жауапты рөл бергізген Б.Майлин екен. 1965 жылы Қостанай жақта Б.Майлиннің 70 жылдық тойы өткенде, сонда С.Қожамқұлов та барып қатысқан, сөйлеген. Сөзінің мына жері іші-бауырыңды елжіретіп жібереді-ау. «Е, е, көзі тірісінде Бейімбет кімге жақсылық жасамаған. Ел қамын жеген Едіге еді ғой ол. Бəріміз де оның ағалық ақылын алып, жетілгенбіз. Кімге шарапат-шапағаты тимеген оның. Қайран Бейімбет қиянаттың құрбаны болып кетті ғой... Бұдан артық өкініш, опыныс болар ма?.. Бейімбет Майлин енді бізбен, қазақпен мəңгі бірге, ол енді өлмейді, халқымен бірге жасай береді...» – деген еді тебірене толқып. (Н.Мағзұмұлы. Шуақты күндер шапағы. «Сарыарқа» журналы, 1994 ж., №2). Елубай, Серке, Күлəш пен Шара қатарлы өскен тағы бір əйгілі əртісіміз Қапан Бадыров та Б.Майлин пьесаларында ойнаған. Оның да Қазақ халық ағарту институтына түсуіне үлкен еңбек етіп, көмек берген Бейімбет. Сахнадағы рөлдерді қалай ойнау жөнінде тиімді кеңестерін де берген Қапанға. «Майдан» пьесасындағы Демесін, «Біздің жігіттердегі» – Ақтан болыстың, «Талтаңбайдың тəртібіндегі» аупартком хатшысының, «Амангелдідегі» алаш өкілі Жақастың тағы басқа рөлдерді шығарған Қ.Бадыров. «Бейімбет туралы есте қалған көріністер: көп алдында абыройлы, көрнекті жазушы, əдебиетте орны үлкен еді, – деп жазды ол. – Биағаның жүзі жылы, кішіпейіл, кісіге өте жақын, жақсы адам болатын. Ерекше бойына біткен бір қасиеті – қызмет үстінде өзгеден бөлек жағдай іздемейтін» (Əр сөзі садақ еді. «Қазақ əдебиеті» газеті, 1974 ж., 29 қараша).


Олар қатарлы тағы бір өнер иесі Камал Қарамысов алғаш кездескенде «Сенің талант талабың бар екенін естідім. Өзіңді жақсы ұстайды екенсің. Сенен үлкен артист шығады деп үміт артамыз» деген Б.Майлиннің сөзі төбесін көкке жеткізгендей, мерейін өсіргендей күйге түсіпті, жүрегі аттай тулап, денесінің қан қызуыкернеп кетіпті. Жиырмажасшамасында екен Камал. Ж.Шаниннің шақыруымен, Б.Майлиннің демеуімен, қолдауымен театрдың табалдырығын аттап, үлкен өнер жолына қадам басқанын өмір бойы жадында ұстапты ол. Əңгімемізді түйіндесек, Ғ.Мүсіреповтың толғана шерткен пікірінің, Б.Майлинге берген бағасының жалған еместігіне көз жеткіздік. Бейімбетті білген адамның бір де бірі жаман сөз айтқан емес. Елі бекер төбеге көтеріп, бекер құрметтемепті. Тек, ең масқарасы сол – нақақ жаламен құрбан еткеніміз. Бірақ, Б.Майлин есімі бар қадір-қасиетімен мəңгі өшпейтініне сенеміз. «Үш қоңыр» газ., 2012 ж., 7, 14, 21, 28 наурыз, 4, 11, 18, 25 сəуір, 16 мамыр.


382 МАЗМҰНЫ Рəзия РҮСТЕМБЕКОВА. Б.Майлиннің пьесалары .................................................................................5 Темірғали НҰРТАЗИН. Бейімбет .........................................................................................................10 Ғабдол СЛАНОВ. Бейімбет мектебі ...........................................................................................20 Темірғали НҰРТАЗИН. Майталман қаламгер іздері ..........................................................................25 Балтабай АДАМБАЕВ. Бейімбет тойы ................................................................................................40 Ілияс ОМАРОВ. Бейімбет Майлин хақында бірер сөз ...........................................................42 Темірбек ҚОЖАКЕЕВ. Алыптарды аралағанда .................................................................................51 Қажым ЖҰМАЛИЕВ. Талант əр алуан .............................................................................................57 Темірбек ҚОЖАКЕЕВ. Бейімбет сатирасы .........................................................................................64 3.С.КЕДРИНА. Ұмытылмас есім ............................................................................................77 Жақан СЫЗДЫҚОВ. Отырсың елдің төрінде .................................................................................81 Есмағамбет ЫСМАЙЛОВ. Халық өмірінің зерек жыршысы .................................................................82 Тұрсынбек КƏКІШЕВ. Ұрпақ парызы ................................................................................................85 Бисенғали НАУРЫЗБАЕВ. «Жаңа жанр жалында» атты зерттеу еңбегінен ..........................................87 Файзолла ОРАЗАЕВ. Ортақ тақырып – өзгеше шешім ..................................................................92 Сырбай МƏУЛЕНОВ. Сөз ұстасы ......................................................................................................99 Есмағамбет ЫСМАЙЛОВ. Халық қазынасын жинау жолында .............................................................104 Жайсаңбек МОЛДАҒАЛИЕВ. Азамат суреткер ...........................................................................................106 Мариям ХАКІМЖАНОВА. Би-аға ............................................................................................................112 Тəкен ƏЛІМҚҰЛОВ. Бұйырған несібе ..........................................................................................114


Ғабит МҮСІРЕПОВ. Əдебиетіміздің жарқын жұлдызы ..............................................................118 Бейімбет Майлинге арналады ....................................................................121 Ғабит МҮСІРЕПОВ. Нағыз қазақ жазушысы ..............................................................................122 Сейділда ОРДАЛИЕВ. Ұлы суреткер ...............................................................................................123 Сағынғали СЕЙІТОВ. Бесаспап суреткер .......................................................................................134 Ғабиден МҰСТАФИН: «Өмір сабағы мен ой əуені» сұхбатынан ..................................................138 Тахауия АХТАНОВ. Ұстаз .............................................................................................................140 Темірбек ҚОЖАКЕЕВ. Табындырар тағдырлар ..............................................................................149 Сафуан ШАЙМЕРДЕНОВ. «Өрең жетсе шындықты айт» мақаласынан .............................................162 Манаш ҚОЗЫБАЕВ. «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» мақаласынан ................................165 Нағашыбай МҰҚАТОВ. Би-ағаны биікте көрейік ..............................................................................168 Серік ҚИРАБАЕВ. Шыншыл жазушы .......................................................................................174 Бейімбет туралы сөз ....................................................................................186 Серікқали БАЙМЕНШЕ. Жаңашыл көзқарас – жанашыр көзқарас ..................................................194 Гүлзия ПІРƏЛИЕВА. Бейімбет Майлиннің бейнелі шеберлігі ....................................................201 Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ. Би-ағаң шыққан биіктер ............................................................................211 Н.ЖƏРІМБЕТОВА. Би-аға мен Шолпан қыз айтысы туралы бірер сөз ...................................214 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ. Ат деген кім? Атқан кім? ............................................................................220 Ойрандалған отбасы ...................................................................................245 Тектілік .........................................................................................................255 Бейімбет Майлин қазасының себептері ....................................................271 Шығарма шырайы – қазақ əндері ..............................................................285 Алып тұлғаның əдеби мұрасы ...................................................................296 Алып тұлғалы асылдарымызды ардақтай білейік ....................................302


Кітапты шығаруға жауапты – «Қазығұрт» баспасы ЖШС-нің президенті – Темірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН Көп томдық шығармалар жинағы Он үшінші том Редакторы Ерқанат ҚУАТБЕКҰЛЫ Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ ИБ № 393 Басуға 12.07.2013 жылы қол қойылды. Офсеттік басылым. Қалыбы 84х108 1 / 32. Шартты баспа табағы 20,16 б.т. Тапсырыс № . Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана, баспаның тапсырысы бойынша 20 дана «Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында беттелдi. «Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 522-кеңсе. Телефон (факс): 8(727) 394-42-86 e-mail: [email protected] Тапсырыс берушінің файлдарынан басылып шықты ЖШС РПБК «Дəуір», 050009, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 93а, E-mail: [email protected]


Click to View FlipBook Version