151 адамгершілігін тағы да аша түсті. 1934 жылы, бір күні сол баяғы Тайлақбай Алыбаев Алматыға келді. Коммунистік журналистер институтында оқып жүрген Оспанбайды тауып алады. Бұл Би-ағаңның «Шұғасы» театрда зор табыспен қойылып жатқан тұсы екен. Астана халқы мен келімдікетімділердің оны құмарта көріп, тамсана мақтап жүргенін естіп, Тайлақбай: «Мені қайтсең де сол театрға алып бар» деп талап қояды. Оспанбай демалыс күні оны ертіп барады. Барса, билет сатылып біткен, касса жабық. Енді олар театр қасындағы, ішінде қымыз, кəуəб сататын орын бар паркке кіреді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» демекші, дəл осы жерде Би-ағаң, қасында бəйбішесі бар, кездесе кетеді. Ол сұлу мұртты Тайлақбайды бірден тани қояды, орнынан ұшып тұрып, қос қолын уыстай ұстап, ағасындай амандасады. Тайлақбай да «Шұғаны» көре алмай кетем бе деп өкініп ем, өзіңізге кездесіп, көңілім жай тапқанын қарашы» деп жабыса қалады. Би-ағаң ел-жұрттың жай-күйін сұрап, аз шүйіркелескеннен кейін, бұларды ертіп барып, құрметті қонақтар отыратын орындарға орналастырады. Профессор Б.Кенжебаевтың естелігіне қарағанда, Биағаң газет, журнал редакцияларында басшы болып отырып та, қарауындағыларға бұйыра сөйлеп, өктемдік көрсетпеген. Ол өлең, фельетон, əңгіме жазудан гөрі, бас мақала жазуды қиынсынады екен. Сонда қызметкерлерін шақырып алып бұйырмай, өзі бөлімдерді аралап жүріп, əркімнен «Бас мақала жазшы!» деп өтінеді екен. Бұл да оның адамды сыйлауы, қарапайымдылығы ғой. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» демекші, бірде фельетонист Аманғали Сегізбаев əзіл-шыны аралас сықақ заметкажазып, онда Бейімбет түнде түс көріпті. Түсінде бір жылдық бас мақала жазылып, үстелінің үстіне үйіліп қалыпты. «Енді, шетінен алып пайдалана берем ғой» деп қуаныпты деп мысқылдапты. Ұлықтылығына лайық осындай кішіктігі үшін сөз зергерін əркім-ақ жанына жақын көрген, жүрегінің төрінен орын берген. Бұған бір кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің қызметкері Жұмаш Еленовтің жұбайы Ə.Еленованың:
152 «Бейімбетұсталғанкездежігіттерқаттыкүңіренді. Соқталдай азаматтардың кейбірі редакцияда отырып «Нақақтан күйдіңау» деп жылағаны есімде» деген сөзі тағы дəлел. Би-ағаңнан табар екінші бір тағылым – еңбекшілдік, тапсырылған істі тиянақты етіп тындыруға бар күш-қуат, жігерді сарқа жұмсау, арып-аштым, шаршап-шалдықтым демей, тынбай тіршілік ету. Ол өз кезеңіне қарай еңбек мəдениетін, еңбек жағдайын талап етіп жатпаған. Үйде де, түзде де, көлік күтіп отырған жерде де қағазын жайып, қаламын алып, жаза беретін болған. Еңбектен еріну, тірліктен жеріну дегенді білмеген. «Өкіметтің жұмысы деп өлемізбе? Былтырғыдан қалған жұмыс жоқ қой, бір бітер» деп, еш кез керенаулыққа салынбаған. Сондықтан да Бейімбет сонау «Айқапта» жұмыс істеген кезден бастап, «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы болғанғадейінжурналистік, баспагерлік, қоғамдықжұмыстан ешуақыт бос болмаған. Сөйте тұра қаншама көркем дүние тудырып тастағанына таңқаласың. Ол бір күнін, бір сағатын бос өткізіп алудан қорқып, арпалыса асыққан сияқты, ол үшін кешігу келмеске кетумен бірдей көрінген тəрізді. Бап талғамай, өзіне бір ерекше жағдай талап етпей, қалт еткен минут тапса, қолына қалам алған Ғ.Мүсіреповтің «Совет дəуірінің барлық күнделігін қағазға түсіріп қалдырған – Бейімбет» деуі де – Би-ағаңның зор еңбекшілдігін атап айтқаны. Өр ақын Ғафу Қайырбековтің: Өлшеуге болса батырларменен ерлікті, Өлшеуге болса, ұраныменен елдікті, Сонаубір күнде өрісін созған өнердің Өлшеуге болар Бейімбетпенен кеңдікті. Даладай үнсіз, тауыңдай биік сол ағаң, Дамылсыз жазып кітаптан сарай қалаған, – деген жыр жолдары да Бейімбеттің зор еңбеккерлігін, сол еңбектің мол жемісін паш етеді. Тарлан таланттан табар тағы бір тағылым – үкімет, мемлекет, ел-жұрт тарапынан тапсырылған іске деген
153 жауапкершілік. Ол еш кез өз міндетін, айналасындағы адамдар тілегін əйтеуір орындай салуды, жүрдім-бардым істей салуды қасиет деп білмеген. Бұл оның əрбір қимыл-əрекетінен, жазу-сызуынан айқын аңғарылады. Көркем шығарма түрінде де, баспасөз жанрларында да тудырған туындыларын иін қандыра, дəмін кіргізе, ойға қондыра жазған. Бір істі қолға алса, «бəрекелді» дегізерліктей етіп, тындырымды, сапалы етіп істеген. Осыны замандастары да, көз көрген қызыметтес болған адамдар да айтады. Тыңдап көрейік! Мұхаметжан Қаратаев: «Осы арада үлгі ретінде Биағаның... үздік бір қасиетін айта кетуді қажет деп білемін. Ол кісі газет нөмірін өз көзімен бастан-аяқ оқып шықпай жібермейтін. Салақтық, еріншектік, ұқыпсыздық дегендеріңіз оған мүлдем жат қылықтар еді. Еңбеккерлік, жауаптылық, мұқияттылық оның бүкіл творчествосының мəдени салты еді». Жауапкершілікті сезіну – арлыазаматтың, ұяттыадамның, иманды кісінің белгісі. Бүгінгі егеменді ел болып, өтпелі кезеңнің дағдарысынан тəуелсіз мемлекетімізді аман алып шығу күресінде Бейімбеттің осы қасиеті бəрімізге де қажетақ. Əрқайсымыз да отырған орнымызда жауапкершілікті қатты сезініп, өз міндетімізді атқаруда шегедей нық, тас түйін болсақ зор жеңіс, мол жеміске қол жетері хақ. Дарын иесінен дəстүр етіп алар төртінші тағылым – тақ құмар болмау, бақ құмар болмау. Ол еш кез лауазым қумаған, бастық болуды қаламаған. Жоғарыдан зорлаумен редактор, оның орынбасары болғанда да, жұмыс тізгінін басқаларға беріп қойып, өзі ағалық етіп, ақылшы болып қана отырған. Ол күн-түн демей, талықсымай, талмаусырамай еңбек еткенде, атақ, даңққа ие болайын, награда алайын деген есеппен еңбектенбеген. Ешкімнен сый-сияпат дəметпеген. Ғ.Мүсіреповтың айтуынша, «Кресло адамды көркейтпеуі керек, адам креслоны көркейту керек... Жақсы ұғымдағы мансап – егер ол халыққа қызмет істейтін болса, адамгершілікке үлкен сын! Ол дəрежеден шыға алмаған мансап – өзінің де, өзгенің де соры». Бейімбет осыны жете түсінген, қатты ұстанған. Ол тек халқына адал қызмет етуді, елі үшін еңбек
154 етуді асқақ мақсат еткен. Ақын сөзімен қайталап айтсақ, Бейімбеттің: Шаруасы жоқ даңқпен де мақтанмен, Қозғалмайтын дүние тулап жатқанмен. Ол өзінің тарих тапсырған міндетін Атқару үшін асықты тұрып ақ таңмен. (Ғ.Қайырбеков). БелдіжазушыБейімбет берер бесінші тағылым – жастарға деген қамқорлық, жас буынға деген мейірмандылық, шарапаттылық. Оған өзімнен басқа өспесін, өзге мендей білмесін, болмаса, өзіме ғана болсын, басқаға болмасын деген қара ниеттілік мүлде жат. Ол үнемі жас таланттарды тəрбиелеумен, өрге сүйреумен, қазақ əдебиетіне, өз қатарына əкелумен айналысқан. Бұл орайдағы Би-ағаңның, кредосы, «Ұядан жаңа ұшқан көк қанат балапан қандай болса, қолына жаңа қалам ұстаған жас та сондай, аржағында өнері болса, ондай жасты қолдап, көтермелеп жіберу керек. Тырнақалды шығармасын ерінбей өңдеп, қырнап, сырлап жіберсем, ендігі жолы өзі əріқарай тəй-тəй басып жүріп кетеді» екен. Мариям Хакімжанова: «Би-аға талай өлеңдерімді шəй үстінде қарап, жақсы жерін көтере, жаман жерін күмілжи оқыр еді. «Сөздің асылын, түсініктісін ізде, айтам деген ойыңа лайықты сөз таппасаң, ол өлең болмайды» деуші еді. 1930 жылдың февраль айының басынан бастап «Əйел теңдігі» журналына үйренуші болып қызметке орналастым. Бұл жерге орналасуыма да Би-ағаң көп жəрдемін тигізді. Сол жылдың март айынан бастап «ҚазПИ-дің жанынан алты айлық кешкі сауат ашу мектебі ашылатынын естіп, Би-ағаға барып, соған түскім келетінін айттым. Ол кісі менің оқимын дегеніме сондайлық қуанып кетті. Келесі күні Өлкелік əйелдер бөліміне ертіп барып, оқуға түсу үшін жолдама алып берді. Сөйтіп мен күндіз қызмет істеп, кешінде оқитын болдым... «Жақсыдан шарапат» дегендей, асыл ағаның осындай қамқорлығы, алуан түрлі айтқан ақылдары, творчестволық көмектері, сілтеген дұрыс бағыты менің өсу жолыма əсерін тигізген болатын».
155 Əдебиетіміздің алыбынан алар алтыншы тағылым – қызғаншақ болмау, қатарлас қаламгерлердің шыққан биігіне бейтарап қарамау, алған асуына іштарлық қылмау, яғни, басқа таланттар табысына қуана білу. Осы – көп азаматтың қолынан келмейтін қасиет. Ондайлар біреудің табысын танығысы келмей, пендешілікке салынып, өсек айтады, күңкіл қылады. Бейімбет осы бишаралықтан биік тұрған. Қаламдастар қарымына шын жүректен аңқылдай қуанған. I.Жансүгіровтің «Дала», «Құлагер» поэмаларыныңқұдіретіне құлдық ұрған, олардың татымына таңдай қағып, тамсанған Бейімбет енді бізге өлең жазуды қою керек. Ілиястың жанында ақынмын деу қиын. «Дария қасынан құдық қазбақ жоқ» дегенді айтыпты. Бұл жөнінде Ғ.Мүсірепов былай деп жазды: «Білмеймін. Бейімбеттің солай дегенін естіген емеспін. Дей қалған күнде де, онысы өзін кеміткендік емес, талантты тани білуі болса керекті. Жақсыны тани білетін жүрек оның кеудесінде үнемі лүпіл қағып тұратын. Менің де əдебиетпен айналысуыма Би-ағаңның ықыласы жəрдем еткенін айтып та, жазып та жүрмін ғой». Біздіңше, «Желтұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» демекші, айтылмаса əлгі пікір тарамайды, айтылған. Тек оны Ғабең айтқандай түсініп, солай ғана бағалаған жөн. 1936 жылы Сəкеннің қаламгерлік қызметінің 20 жылдығы аталып өтті. Ол орден тақты, шығармашылығы биік бағаланды. Бейімбет бұған да алақайлап, ағынан жарыла қуанды. «Қызыл сұңқарды» былай құттықтады: «Көркем сөз шебері, сеніңеңбегіңменжақынтанысқаным 17-іншіжылдың басы еді. Қазақ ақындарының жас-кəрісі боп «ұлтым», «қазағым» деп қақсай бастағанда сенің шығармаң да бір өзгешелік болып еді, ол – «кедей» деген сөзге бөленгендік. Əлі есімде, түнгі ауылдың тұншыққан сарынын суреттеген бір шығармаң сол жылы «Абай» журналының ең ақтық бетіне басылып еді. «Абай» журналының сол санында басқа қандай шығарманың басылғаны ешкімнің есінде жоқ шығар, бірақ сенікі ұмытылмастық. Үркітіп апарып, ең ақтық бетке басуларында көп мəн бар секілді еді.
156 Оның бер жағында да... кейбір газет, журналдарымыз сенің шығармаңа шабуылды аз жасаған жоқ. Сені «құбыжық», «жексұрын» шығарамын деп тырбанған «сыншылар» да аз болған жоқ; бірақ сенің... қаламың бұған мұқалмады. Сенің шығармаң миллиондаған қазақ еңбекшілеріне арналған еді, еңбекшілер жұртшылығы сен сияқты пролетариат жазушысын, өз жазушысын тани алды. Сенің шығармаң миллионның қазынасы болды. Саған еліктеп мыңдаған жастар да шықты... 20 жылдық еңбек тойыңдықұттықтаумен бірге, ұлымайданныңжазушыларға жүктеген асқар-алуан міндетін бірге атқарысайық деген сеніммен қолыңды қыстым». Тікелей шығармашылық, шеберлік жағынан да əдебиетіміздің белді «еңбек торысы» Бейімбет мұрасынан табар тағылым толып жатыр. Солардың бірі – ол шағын болмыс-құбылыстан, назар аудара қоймайтын фактіден ел өміріндегі, қоғам мүшелерінің санасындағы елеулі жаңалық, өзгерістерді аңғартып, үлкен əлеуметтік қорытындылар жасайды. Мысалы, жоғарыда аталған «Жамал болыс» очеркінде бір-екі адам кеңсеге келіп, сататын малдарының өздерінікі екенін растап түр-түсін көрсетіп қағаз беруді, өтінеді. Хатшы жазған анықтамаға Жамал қол қойып, қолсандықта сақтаулы тұрған мөрді алып, басып береді. Бұған көз қиығын тастап отырған Би-ағаң осыдан-ақ жаңа заман əкелген бір жаңалықты аңғарады, ел ішіндегі ірі өзгерісті көреді. Ерте кезде мына Жамал тəрізді жандар мөр ұстап, ел басқару жұмысында болмақ түгіл, еске алынып, есепке қосылып, санатқа саналмайтын еді. Ана кішкене сандықта бұрын суыртпақ, қиық, оймақ, ине-жіп сақталушы еді, енді ол кеңес мөрі орналасатын бекем орынға айналған дегенді айтып, осы детальдан-ақ жаңа заман тынысын танытады. «Ауыл жаңа» атты өлеңінде: Жыртық тонды, қара сақал Сөйлеп отыр сымпылдап. Сымпылының түрі басқа, Ауылнайды алқымдап, –
157 деген елеспен-ақ кешегі кедей-кепшіктің санасында ұлы өзгеріс болғанын, оларға тіл бітіп, жөнсіздіктерге қарсы үн шығара бастағанын көрсеткен. Шеберлік саласында Бейімбеттен табар тағы бір тағылым – ол ұлт адамдарының мінез-құлқын, психологиясын зерде көзімен терең бойлап көре білген. Оның кез-келген шығармасын оқысаң, өзіңе таныс «сабаздармен» кездесесің, олардың үйреншікті қимыл-əрекетін көресің, бұрыннан естіп жүрген сөз, пікірін естисің. «Үстінде жыртық шекпені, тымағын теріс айналдырып киіп, жалаң аяқ, терлеп-тепшіп Құлбайжаяу кележатыр еді» дегенді оқығанда, өзімізге таныс, жиі көріп жүрген ауыл кедейі көз алдымызға келе қалады. Психолог қаламгердің əр шығармасын оқығанда-ақ осын дай аянышты тағдырларға тап боласың, бейжай қалдырмас сезімге берілесің, олардың өзегін өртеген өкінішіне бірге өкінесің, қайғы-қасіретіне ортақ боласың, тебіренесің, теңселесің. «Қу дүние-ай кімді жылатпадың, кімді сорлатпадың» дейсің. Сөз зергерінен үйренер жəне бір тағылым небір күйзелісте, күңіреністе мұңаймау, не қилы қиын-қыстау шытырманға түскенде де ем болар, дем берер жылы юмордан айырылмау, күле жүріп күресу. Бұған да дəлел көп. «Талақ» əңгімесінің басында Айдарбектің əйелі Зейнепке қалай ұрынудың ретін таппай «делек танауы делдиіп», «екі көзі құтырған сиырдың көзіндей адырайып» кеткенін көріп бір жымиямыз. Ол əйелін ұрып, ашуын тарқатып алуға сылтау іздеп отырғанда Зейнеп қызы Күлəмзаны итеріп жіберіп жылатып қояды. «Ит, қолыңа ұстаған жалғыз қарғаң, қасқыр құсап қабасың да отырасың» деп, Айдарбек қабағын қыржитып, тістеніп, тұра ұмтылуға оңтайланады. Зейнеп те шыдай алмай, аузынан қағынып, «əдемі қатыныңның балаларын ұрғызбай өсірерсің» деп қалады. Осындай қарсы сөзді күтіп отырған Айдарбек қатынын көк желкеден бір түйіп өтеді. Зейнептің текшелеп ораған күндігі ұшып түседі. Қарсы келмеген оны тағы ұрудың жөнін таппай тұрған байшық «Атаңа нəлет! Қараңды батыр, кет!.. Мен сенен талақ!» деп қалады. Осы елесті көргенде екі жымиямыз.
158 Артынша Айдакең Зейнепке жете алмай, жанасудың жөнін таппай пұшайман болады. Қараңғыда еңбектеп келіп, оның шашына қолы тигенде тұла бойы балқып, не болғанын білмей есеңгіреп қалады. Оянып кетіп, қолын итеріп тастаған Зейнепке «жатайықшы» деп жалынады. Осы тұста жəне жымиямыз. Əңгіме ақырында Айдакең жамағатын өзіне тартып құшақтап қысады. Қатын да қарсыласпай, бұралып барып, оның қойнына кіреді. «Екеуінің де бойлары еріп, еріктері кетіп», жайылып сала береді. Мұны көріп тағы күлеміз. «Айранбай» əңгімесі де осындай жылы юморға толы. Онда «Үстінде түйін-түйін көйлектің жұрнағы бар. Аяғында шарық етік, басында, заты ақ болса да, кірмен баттасқан қырық құраулы бөкебайы бар». Шаңдатқан құйындай екпіндеп, ашулы жүрген еңгезердей бір əйелмен танысамыз. Бұл – Айранбайдың қатыны Раушан. Енді бірде Кемелбайдың жамағаты мен Раушанның омыртқаға таласып жатқанын, «жоғарғы табақтағы кемпірлеу əйелдердің» Кемелбай бəйбішесінің сөзін сөйлеп, «Байғұс, көрген қызылың осыма еді? Енді болмаса өліпсің ғой» деп Раушанға нос бергенін көреміз. Тағы бірде Зейнептің көзіне Айранбай ұрғанда сарт етіп тиген қара қалып түсе қалады. «Сен-ақ қылдың-ау» дегендей, қалыпты жұлып алып лақтырып кеп жіберді. Ол үш аяқты жүк аяқтың үстінде, сексендегі кемпір-шалдай тіс біткені қирап бітіп, қаурап тұрған жалғыз қара абдыраға тарс ете түседі. Етік тігіп отырған Айранбай селк ете қалып, «ит, қират!» дейді. Қақтығыс соңында ерлі-зайыптылар табысып, бір-біріне күлімсіреп қарап отырады. Айранбай: Түбінен терезенің көкек деген, Астымда бір атым бар секектеген, – деп көкек əніне басады. Осы айтылған елестердің бəрінде де жылы юмор жатыр, зілсіз күлкі, болашаққа деген сенім күлкісі жатыр. Уытты сатираға бергісіз, мақтамен бауыздайтын мысқылды
159 күлкі автордың «Қадыр түнгі керемет», «Ел күйеуі», «Құрымбайдың жігітшілігі», «Зəкіржан молда» сияқты көп əңгімелерінде де қалмай ілесіп отырады. Максим Горький Антон Чехов туралы мақаласында «Ол өзі бір түрлі мүлəйім мінезді адам еді. Ол жұртқа «жөндем бол» деп, ашық, тіке, қатты айтуды сүймейтін еді. Ишаратпен-ақ айтсам, жөндем болудың қажет екенін жұрттың өзі де сезер деп білетін. Ол пасықтықты ит етінен жек көрер еді. Сонда да оны... əзілкешше əшейін əзіл етер еді. Оның əңгімелерінің сырты сұлу, сыпайы келер еді. Сондықтан олардың ішкі терең мəні, ішкі ащы зілі болар-болмас қана байқалар еді» деген екен. Біздіңше, Бейімбет юморы жөнінде де осыны айтуға болады. Оның да кекетіп-келемеждеуі сыпайы, сырлы келеді, астарлы мысқылмен, жеңіл юмормен жасырынып тұрады, тілдеуге, жəбірлеуге бармайды. Қарқынды қаламгер қазынасынан қабылдар ендігі бір тағылым – қабілет-қарымын барынша аша білу, адамның ішкі мүмкіншілігін қажетінше толық көрсете алу. Осы жөнінде де Би-ағаң өлмес, өшпес үлгі-өнеге қалдырған. Сан түрлі жанрларда сапалы дүниелер туғызып, адам мүмкіншілігінің молдығын көрсеткен. Өз тəжірибесімен-ақ бір адамның əрі ойлы ақын, əрі əсерлі əңгімеші, əрі дарынды драматург, əрі кең тынысты романист, əрі аңғарғыш очеркист, əрі тілмар фельетонист, əрі майталман журналист бола алатынын дəлелдеген. Сонда да «қос кеменің құйрығынан ұстаған суға кетедінің» кебін кимей, əлгі жаярлардың бəрін де жақсы игерген, бəрінде шеберлік танытқан. Бұл айтқанымыздың растығына үлкен əдебиетші Б.Кенжебаевтың мына пікірі дəлел: «Бейімбет алуан қырлы, ұшқыр қиялды, зор талантты жазушы еді. Оның қаламы əдебиет жанрының бəріне жүйрік те жетік еді. Шығармаларын Бейімбет жоғары идеялы, көркем етіп жазатын еді. Жиырмасыншы жылдары ол белсене жұмыс жасап, өте көп жазыпжүрді. Пьеса, роман да, өлең, поэма да, əңгіме, повесть те, очерк, фельетон да жазды. Фельетонды, тіпті, көпжазды. Оның өлеңдері, əңгімелері мен очерк, фельетондары газетте күн сайын шығып тұратын».
160 Ойымызды жинақтай келіп, қорытып айтсақ, Б.Майлин – өзінің жеке басының азаматтық, адамгершілік қасиеттері жағынан да, шығармашылық, шеберлік үрдістері тарапынан да біздер мен кейінгі ұрпаққа атап-атап айтарлық, масаттана мақтанарлық, əркез үлгі-өнеге тұтарлық, тамсандырып табындырар тағылымдар қалдырған асқаралы заңғар жазушы. «Революцияның алғашқы жылдарын, жаңа экономикалық саясат кезеңін, коллективтендіру тұсын жан-жақты, терең, иланымды суреттеген Майлин замана шежіресін адам тағдыры, мінез-құлқы, қақтығысы, ұғымы арқылы жасаған. Адамның образы, ой мен сезімнің жандылығы Майлин шығармаларын ұзақ жасатады. Мұның кепілі мынада: Майлин шығармасын оқығанда, оның таза əдебиет екенін ұмытасыз. Адамзат өмірін өнер өміріне айналдыру деген сол» (Тəкен Əлімқұлов). Амал не, əдебиет алыбының 100 жылдық мерейтойы тұсында атап айтар бір ақтаңдағымыз бар. Ақталып, ортамызға оралғанына жарты ғасырға жақындаса да, Бейімбеттің газет, журналдарда шашылып жатқан шығармаларын түгел жинап, толық жинағын оқырманға ұсына алған жоқпыз. Негізінен, сонау 30-жылдары басы қосылған дүниелерін ғана қайталап бастырумен қанағат етіп келеміз. Көңілде жүрген тағы бір кірбің – көп жазған жазушының көп қолданған бүркеншік аттарын əлі күнге дейін анықтап ала алғамыз жоқ. Яғни, баспасөзде көміліп жатқан көптеген туындылардың Бейімбеттікі ме, əлде басқанікі екенін жыға танып болғамыз жоқ,Темірғали Нұртазин «Жолаушы», «Көз», «Қара бала», «М», «Б» деген бүркеншік аттар Бейімбеттікі деп кетті. Біздіңше, осы бүркеншік аттармен жарияланған нəрсенің бəрін Б.Майлиндікі дей беруге болмайды. «М» деп қол қойып Мұхтар да, «Қара бала» деп Əбілқайыр Досовта, «Көз» деп Ж.Сəрсековте жазған. Мұндай бүркеншік аттарды əр жерден əркім-ақ пайдаланған. Осы сияқты 20 – 30-жылдардағы «Жаяу» дегеннің өндіріс тақырыбына жазылған көптеген материалын Бейімбеттікті деп жүрміз. Ал Б.Майлиннің өзі 1933 жылы «Өндіріс өмірін суреттеуг мен əлі күнге дейін кірісе алғамын жоқ. Өйткені
əлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ. Жазуымдағы басты кемшілігімнің бірі осы деп білемін» деген. Сонда қалай болғаны, бұл қайшылықты қалай түсіндіреміз? Б.Майлин мұрасын түгел жинап, оның толық жинағын шығарарда осындай күдікті де күңгірт жайлардың басын ашып алу аса қажет. Бұл – кезек күттірмейтін міндет. «Халық кеңесі» газ., 1993 ж., 15 маусым.
162 Сафуан ШАЙМЕРДЕНОВ «ӨРЕҢ ЖЕТСЕ ШЫНДЫҚТЫ АЙТ» МАҚАЛАСЫНАН ...Арба үстінде, машина ішінде, немесе көңілді дастарқан басында адам бір-біріне не айтпайды? Соның бəрін теріп-тізіп, «амалдыңжоғынан», басартау, бараржерқалмағандықтан» газетке жариялау немесе Үш əрпті сұмдық үйдің ұңғытына сүңгітіп жіберу – пəле қуған күйелі қақсалдардың ежелгі кəсібі. Бейімбет, Сəкен, Ілиястар осындай жалалардан кеткен. Кейін 40-жылдардың аяқ кезінде Шəкір Əбенов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Исмайловтардың да абақтыға жабылуы осындай «ауызша айтты» деген жалалардың шырғалаңы. Қажым Жұмалиев тағдыры да ойландырады. Төрт-бес адамды Қалмақан Əбдіқадыров қонаққа шақырады. Дастарқан басында көп оқыған, көп тоқығаны бар профессор Қажым: «Саратов – қазақтың жері. Оның бұрыңғы атыСарытау. Сталинградың да қазақтың жері. Оның бұрыңғы аты – Йарицын қазақтың «Сарысу» деген сөзінен шыққан. Сарысу – өзен аты. Сталинградыңыз сол Сарысу өзенінің Еділге құяр сағасында тұр», – демейме. Бір-екі күн өткеннен кейін сол дастарқан басында болған Жұмағали Сайын Үш əріпке шақырылыпты. Сұрайтыны «Қажым не деді? Саратов пен Царицын туралы айтқаны рас па?». Сондай тік мінез, əділ Жұмағали осы фактіні кейін біз əдебиетке келген кезде де ашына айтып жүрді: «Отырған адам бес-алтау ғана еді, қай иттің жеткізгенін қайдан білейін, ал өзім болсам, ондай əңгімені естіген жоқпын» – дедім», – дегені əлі күнгі біздің құлағымызда. Осы орйда 1964 жылы қайтыс болған Қалмақанның дүниеден өтер алдындағы «Қазақ əдебиетіне» жолдаған бір ауыз сөзі кімді болсын ойландырады: «Атабабаларым кеткен қайтпас сапарға аттанғалы жатырмын. Кезінде қиянат жасаған адамдарым бар еді, солардан кешірім сұраймын. Бақыл болыңдар!» – міне Қалмақанның жантəсілім қылардағы аянышты сөзі.
163 Ағынан жарылған аруақ алдында мен басымды иемін. Бірақ бұл біздің ұлттық психологиямыздағы, ұлттық табиғатымыздағы трагедия екенін тағы да айтпай тұра алмаймын. Қазақта «өкпеге қиса да өлімге қимайды», – деген мақал бар. Бір атым насыбайдан көңілі қалатын қазақ барабара аянбайды: бет тырнасады, жұлқыласады, жанжалдасады, содан кейін бірінің үстінен бірі арызды қойша тоғытады. Ақыры өлімші халге келген кезде «жаздым, жаңылдым» деп бірінің аяғына бірі келіп жығылып, жылап-сықтап, кешірім сұрасып жатады. Мұндай мінезден ада басқа елдер жанжалдаса қалса, өз бағасын біледі, бірінен бірі кешірім сұрасып жатпайды. Соның бір мысалы – кезінде Шығыс Германияда Үш əріпке қызмет жасаған белгілі жазушылардың (бір қызығы, олардың ішінде бірінің үстінен бірі тыңшылық жүргізген ерлі-зайыптылары да бар) моральдық жауапқа тартылып жатуы. Оларды осы секілді қылмысқа итермелеген «социалистік жүйе ғой, кешірім жасайық» дейтін бір неміс жоқ. Ең кереметі, жаңағы тыңшылардың ішнде «мен Орталық Комитеттің нұсқауымен осылай істедім, басқа амалым қалмады, заман солай болды ғой», – деп мүлəйімсіп, кінəні басқаға аударып жатқандарды да таба алмайсың. Ал бізде болса, «өткен іс өтті, біріміздің көзімізді біріміз шұқи беріп қайтеміз, кешірімді болайық», – деп жауырды жаба тоқушылық қанымызға сіңген. Жоқ, істеген қылмысыңды заманға жауып, ақтала алмайсың. Өйткені ол сенің күнəң, өз қылмысың. Айталық, Мұхаметжан Қаратаев пен Ғабит Мүсірепов бір дəуірде өмір сүрген адамдар. Заманның бар талап-салмағы да екеуіне бірдей түскен. Сөйтсе де, Ғабит Мүсірепов уақыттың қақырап тұрған қатерлі де ауыр сəтінде, яғни 1937 жылдың тамыз айының ішінде өткен жазушылардың қалалық жиналысында: «Майлин жау болса, мен де жаумын», – деп жар салған. Сол үшін Ғабең биік лауазымды қызметінен қуылды, партиядан шығарылды. Ал Қаратаев болса орысша, қазақша мақалаларды бірінен соң бірін тоғытып, Бейімбет пен Сəкенді, Ілиясті «халық жаулары» деп ғайбаттап, «əшкерелеп» жатты. Сөйте тұрып енді ол өз естелігінде «ау-
дандық партия комитетінің бюро мəжілісінде Мүсірепов екеумізді партиядан бірге шығарды», – деп жазады. «Суға кеткен тал қармайды» деген міне осы. Қанша жармасса да Қаратаев Мүсіреповке жар бола алмайтынын оның біліп қойғаны жөн. Заманы бір екі жазушының, байқайсыз ба, ісқимылы екі түрлі. Сол себепті, қайталап айтамын, істеген қылмысыңды «заман солай болды ғой» деп ақтай алмайсың. Сол себепті, ондай қылмыстарды жасырмауға тиіспіз, қайта əшкерелеп отыруға тиіспіз. Бұл кейінгі ұрпаққа əрі таным, əрі сабақ. Жастар аға-аталарының не істегенін білулері керек. Сонда ғана өткендегі қылмыстарды қайталамайтын боламыз... «Жас қазақ» газ., 1993 ж., №14-18, шілде.
165 Манаш ҚОЗЫБАЕВ «ҒАСЫР ҚАСЫРЕТІН АРҚАЛАҒАН АРСЫТАР» МАҚАЛАСЫНАН Бейімбет... Би-аға... «Алаш» зиялылары Əлиханның, Ахметтің, Міржақыптың өкшесін баса шығып, 1912 жылдан 25 жыл бойы үзбей қалам тартып, сонау Қостанайдағы төбе басындағы Ақтөбе ауылынан Хан-Тəңірінің шыңына талмай өрмелеп шыққан алып жазушы. Өз халқымен бірге ғасыр қасіретін арқалап, ерінің Мырқымбай санатына жеткенін жырлай кеткен ғасыр шежіресінің бірі, бірі де болса бірегейі. Би-аға «Əміржанның əңгімесінде» «Мені бүлдірген ашу ғой. Мінезім де шатақтау, жоқ нəрсеге кіділенем. Бірақ ұстаған жолымнан тайған емеспін. Мақтанып-ақ айтайын: «Сен осындай босаңдық істедің» – деп ешкім кінəлап көрген емес... «Партияның шын ұлы болсам!» деген тілектен басқаңды білмедім» – деп большевиктік экстремизм індетімен ауырған елді көрсетсе, соның нəтижесі ретінде мына бір ойды алдыңа келтіреді: «Əлдеқайда, белес-белесте, сайдың жықпылдарында, құлаған молаға ұқсап, үңірейіп, түксиген селеу басып бірлі-жарымдаған ескі үйлердің орны жатыр. Бүгін бе, ертең бе, жел үріп, селеу басын тыптипыл ғып жіберуге əзір тұрғандай». Мың даған қазақ ауылдарының тағдыры дəл осындай болмады деп кім айта алады? Не болмаса «Берендегі» автордың мына бір ішкі монологына көңіл бөлейік? «...Бұл қоныстың иесі, ескілікпен өштесіп жаңа өмірге талпынып, ұйымдасып, күш қосқан сонау қалың топтың ішінде ме екен? Əлде өр көкірек өзімшіл, мың тағдырына жалғыз ие болып, жалғанды жалпағынан басып, бұл кездерге келгенде – жалбыр жең мен күс саусақ; өмірдің астын үстіне келтіріп сіліккенде, екпінге шыдамай мына қазылған жолдың топырағындай боп бұрқырап, ұшып, сіңіп, көзден ғайып болды ма екен?» Атақты «қызыл не шолақ белсенді атанған», «асырасілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген жалбыр жең, күс саусақтар осылай болғанын тарих біледі.
166 «Бектепберген мектебі» атты əңгімесінде: «Сол кезде Жəкен дейтін біреу ауылнай болды. Кедейдің баласы еді. Бірақ оңбаған, шіркін сайланып алған соң, көбшігі қисайып кетті» – дейді Қали деген əңгіме қаһарманы. Би-ағаң дəл осындай Голощекин кезінде «көбшігі қисайғандардың» образын қалай берді десеңші! Би-ағаңның шығармасындағы Белденбек молда, Итаяқ би, Тасболат сопы, Боқбасар, Қордабай, Ордабай, Шермек, Борсықбаев, Бұқабаевтар сияқты «елжақсылары» – атқа мінерлері, «мін де шап», асыра сілтеуші, оспадар өкіл Талтаңбай, Желдірбай Жындыбаевтар, қара тобырға айналған ауыл люмпендері Мырқымбай, Айранбай, Талқанбай, Тышқанбай, Тымақбай, Тұтқыш, Көзелқара, Бақа шешей сияқты образдар замана шежіресі емейнемене? «Заманқұбылмалы» дейді қарттар, – деп жазады «Заман» деген əңгімеде Би-ағаң, – құбыла келе түрлі күйлер шығарады. Жұрттың астын үстіне келтіреді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға айналады. Көппен бірге замана шалығы Жайлыбайға да тиді; қоралаған мал бітті, қотандағы қой кетті; мал біткен соң сəн бітіп, əкімдік, биліктің қызығы қалмады». Би-ағаң малдан билік, бастан ерік кеткен замана көрінісін қоралаған 40 млн мал кетіп, қотандағы қой кетіп, мал кеткен соң сəн кетіп, əкімшілік жүйеден, өміршіл биліктен мен кеткен көрінісін тұтас бір тарихи құбылысты жазғаны айғақ емес пе? Би-ағаң сол жұтаң замана көрінісін табиғатты суреттеу арқылы да көз алдыңа əкеледі: «Дала бос. Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып тақырланған жер жүректі тартпайды. Жүрек əлденені іздеген сияқты. Қызықты жаздың құлпырған жерін жоғалтқан секілді. Мынау жол жанындағы жатқан кішкене шалшық су бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны жалбырап жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламаштанып, ұйысқан шалғынның əр жерде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда, бұған көкорай шалғын бітті, кемерден асып су шалқыды деп кім айтар?!» («Құрымбайдың жігіттігі»). Күзгі құлазыған дала, адыра қалған ауыл, Жалбыр жан, құс саусақ, «көбшігі қисайған» жандайшап белсенді, люмпенге айналған халық, елден сəн кетіп, «Қызығы қалмаған
167 əкімшілік билік» – осының бəрі жеке басқа табыну заманасында ұлы жазушыға кешірілмес күнə тағуға жететін еді. Ендеше елдің есі, тарихтың куəгері, зиялы қауымның басы Би-ағаң сияқты арыстарды Сталин құрытпаған болса қалайша қалың халықты қамырша илер еді? Міне осылай, шығармашылығы үлкен саясаттан аулақ көрінген Би-ағаң шын мəнінде сол саясаттың қалың ортасында жүрген зиялы есті топтың көсемі еді. Оның шығармашылығы қазақ əдебиетінің, қазақ мəдениетінің əлемдік өлшемдегі көрінісі. Бір өзі сол 30-жылдардың өзінде-ақ орыс əдебиетінің Гоголін, Чеховын, Лермонтовын, Шолоховын бірге алғанда көз алдыңа əкеледі. Ол қазақ əдебиетінің алыбы санатына жетер жолында өмірден кетті. Ол эпикалық жанрда қалам тартып Л.Толстой дəрежесіне көтерілер жолда қыршын кетті. Берерін бере алмай, тіпті сиясы кеппеген романдарының қол жазбасын бітіріп, оның басылуын көре алмай, арманда кетті. Біз сегіз қырлы, бір сырлы шебер, майталман ақын, дүлдүл, Ғабит аға айтқандай «алыптардың бірі», «нағыз халық жазушысы» бақытсыз елдің маңдайына сыймай ерте кеткен Би-ағаңның шығармашылығын тек ол жазып қалдырған 64 кітаппен ғана емес, ғасыр тауқыметін арқалаған жүгімен, ғасыр қасіретін көтерген мұңымен қоса» бағалауымыз абзал. Шынтуайтына келсек ұлы арыстарға баға берген кезде бұл өлшем де аздық етеді. Сонымен бірге басыбайлы мұратына жете алмай, өз тарихын тұтасынан өте алмай, орта жолдан оралған социализм берген оқып-білім алу, еңбек ету, əлеуметтік қорғаныс, тегін емделу, əйелдер теңдігі, т.б. құқылар да, халқымыздың ғасыр деңгейіне көтерілген осы бір болмысында да арыстардың үлесі бар. Одан қалды ғасырлар бойы арман етіп, тəуелсіз ел боламыз деп алысып өткен арыстардың аруағы алдында бүгінгі біздің тəуелсіздікті баянды ету үшін күресімізде біз XX ғасыр аяғында өмір сүріп жатқан пенделер мəңгі қарыздар екендігімізді лүпіл қаққан жүректің дірілімен түсінуіміз керек. «Егемен Қазақстан» газ., 1994 ж., 12 тамыз.
168 Нағашыбай МҰҚАТОВ БИ-АҒАНЫ БИІКТЕ КӨРЕЙІК Біз жайғасқан жеңіл машина Қостанай қаласынан таңертеңгілік шығып, Таран ауданын бағытқа ала ілгері жүйіткіді. Кеше ашық күн, бүгін мүлде бүлініп, ызғар шашып тұр. Жел күші үдей түскен. Ақпанның адуынды бораны əбден қаһарына мініп алған. Жайшылықта жарқырап жататын тегіс асфальт бетінің біраз бөлігін қар көмкерген. Ондай жерлерге келгенде автомашина жылдамдылығын сəл баяулатып, кəдімгідей күшін жинап, ыңырана, ырғала алға қарай қозғалады. Машина ішінде үш кісіміз. Жүргізуші рульді сығымдай ұстап, əйнектің арғы жағына көз тастап, мығым отыр. Бабындағы темір тұлпарына сенетіндей сыңайы бар. Теледидар операторы М.Есенжолов болса қасындағы камерасын жиі бақылап қойып, ойға шомды. Бəлкім, көрікті бейнекөріністерді қалай ұтымды түсіруге болатыны жайлы қиял жетегінде отырған шығар. Мен де іс сапарға келе жатып іштей күбірлеп, іштей арнамнан асып-тасатын тəріздімін. Бейімбет Майлин. Өлең сөздің қасиетті қайнар бұлағынан мейірлене нəр тартуға құмар қайысқан ел, қалың қазақ тілімен айтар болсақ, біртуар жан – Би-ағаң. Бұл кісінің ерекше есіміне, шынайы əдеби шығармаларына балғын шақтан қанығып, зердемізге тоқып өстік. Жеке кітап, оқулықтардағы өміршең өлеңдерін, əсерлі əңгімелерін айрықша ықыласпен оқып, драмалық туындыларын сахна төрінен телміре тамашаладық. Шындығы туғанына 100-ге толу мерейтойы республикалық деңгейде аталып өткелі отырған жерлес жазушының əр кітабы жылжыған жылдар түгіл, ұзақ ғасырлар бойы алтыннан асыл мұрамызға айналған. Тек қана ауыр жүгін арқамызға аямай артқан нарық заманында рухани байлық, қазына, оны жасаушы жасампаз жандар көзден таса, көңілден алшақ қалмаса қандай ғанибет. Біз Таран ауданы орталығындағы жазушы есімн иеленген мұражай ішін аудан əкімінің орын басары В.М.Мильшин, облыс əкімшілігінің бөлім меңгерушісі Н.Жұмабаев,
169 халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, ақын А.Шаяхмет, аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі Г.А.Нұржанова, мəдениет қызметкері, жергілікті тілші С.Қарымсақовпен бірге араладық. Мұражай директорының салиқалы сөзіне сүйеніп, экспонаттарға жете зер салғанымызда ұжым мүшелерінің біраз үлгілі істерге ұйытқы болғаны айқын аңғарылды. Реніш туғызар жайлар да жоқ емес. Шағын бұрыштан басқа Б.Майлинге арналған ештеңе назарға ілікпеді. Мұражайдың жазушы есімінде екенін, мерейтойдың қыр астында тұрғанын ескерсек, бұл бағытта əлі қыруар жұмыс көлемін тындыру қажет. Меңгеруші Г.Ə.Мұқашеваның айтуына қарағанда аудан орталығындағы кітапханада сан алуан шаралар жүйелі жүзеге асырылған. Жақын маңда кəсіптік-техникалық білім беру училищесінің №10-шы фермер-ұйымдастырушы мамандарын əзірлейтін оныншы топтың оқушылары арасында, орман шаруашылығында Б.Майлинге арналған көңілді кеш, əсерлі əңгіме болған. Жергілікті талапкер жастар күшімен жазушының «Ауыл мектебі» пьесасы халық назарына ұсынылған. Қазір Би-ағақнын əңгімелері негізінде оқушылар конференңиясын ұйымдастыру тиянақты, іскерлікпен қолға алынуда. Ауданның бүкіл мəдени саласының кең тынысындағы бұқаралық сипаттағы игі істерге тұрақты, белсенді араласатын өнерпаз қарындас, тіл басқармасының бас маманы Г.Т.Құлжанова аруақты атасының «Елге барғанда» деп аталатын əйгілі өлеңін осы бас қосуда мəнерлеп оқып бермекші. Ұлы ұстаз Ыбырайы, шоқ жұлдыз Шоқаны, алып Абайы, біртуар Бейімбеті бар халқымыздың кейінгі буындарыаталар дəстүріне əрқашан берік. Таран ауданыорталығындағыжазушы есіміндегі мектеп директоры Н.А.Петровамен таныстық, есен саулықтан соң тəптіштей əңгімелеп бергеніндей, білім ұясында бүгінгі таңда 960 бала дəріс алуда. Орыс класстарына қазақ тілін үйретіп, Би-ағаң шығармаларын насихаттауда табанды тер төгіп жүрген үлгілі ұстаздардың бірі А.Қаршығақызы. Ол 1980 жылдан бері сабақ жүргізіп келеді. 1990 жылы 9 мамырда өзінің ұйымдастыруымен
170 мектеп ішінен ашылған мұражай-жазушы еңбегіне байланысты əңгіме, сабақ өткізуде өте тиімді. Балғын балалардың жиі бас сұғар мекені іспеттес. Басқаларын бір құдайдың өзі білсін. Таран ауданы орталығындағы мектепте қазақ тілі пəні тəптəуір, мазмұнды өтеді. Біз Ақкенже апайдың шəкірті, 10 класс оқушысы, неміс қызы Элеонора Андреевна Гренцті сабақ үстінде сөзге тарттық. Ол біздің сауалымызға қазақша, емін-еркін, қысылмай жауап қайырды. – Бейімбет Майлин қайда туған? – «Николаев» кеңшары, №2-Ақтөбе бөлімшесінде дүниеге келген. – Кім болған кісі? – Жазушы, ақын, драматург. – Жерлесіміз қанша жасқа толғалы отыр? – Қостанай ғана емес, бүкіл республика 100 жылдық мерейтойын салтанатпен атап өтпекші. Қазақ тілін игеруге икемделіп, сұрағымызға тақылдай жауап берген неміс қызына шын ризашылық білдірдік. Жəне Элеонора сияқты зерек, алғыр шəкірттер қатары біртіндеп молая берсе ғой деп армандадық та. Байырғы «Жалшы», қазіргі «Ақтөбе» ауылы. Шағын поселкенің қақ ортасында қазақ əдебиетінің классигі, көрнекті көркемсөз шебері, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің тастан қашалған мүсіні тұр. Бұл ескерткішке соқпайтын пенде жоққа тəн. Ауыл адамдары, алыстан жолы түскен меймандар, қарымды қаламгер рухымен сырласқандай күй кешіп, бастарын ие тағзым етеді. Өрімдей балалар аяулы аталарының белгісіне жауқазын жас ұрпақ атынан гүл шоқтарын қояды. Оған қоса қысы-жазы мүсін маңын баптап, күтуді де өздерінің тұрақты қамқорлықтарына алған. Кезінде əдебиетіміздің берік ірге тасын өз қолымен қалап, бұл күнде мүсінін, фотосуреттерін, шынайы шығармаларын көңілге медет тұтатын алып ағаның айтулы 100 жылдық мерейтойына дайындық қалай жүргізілуде? Ендігі əңгіме желісін солай қарай бұралық. Жуырда Б.Майлин мерекесіне əзірлік жəне оны өткізу жөніндегі облыстық комиссияның мəжілісі өтіп, онда
171 Ақтөбе поселкесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты облыс əкімінің былтырғы жылғы 7-қыркүйектегі үкімінің орындалу барысы туралы мəселе қаралды. Комиссия төрағасының орынбасары, Таран ауданының əкімі В.А.Комаровтың айтуынша, құрылыс қарқыны тым баяу. «Николаев» кеңшарының директоры В.Ц.Бушкин, №2-бөлімше басқарушысы Е.Ə.Салықовтардың қойын дəптерлеріндегі деректеріне үңілсек, мұнда облыстағы əр аудан, Таран ауданына қарасты он төрт кеңшар бір-бір үйден салулары қажет. Рудный кеңшары қазірдің өзінде тиесілі үйлерін толық пайдалануға берді. Досжанов атындағы кеңшарда үйлер таяуда біржола салынып бітеді, Ауа райының ала-құла, құбылмалы қатаң мінезіне қарамастан Рудный қаласындағы № 1442, Таран ауданы орталығындағы № 1403-жылжымалы механикаландырылған колонналар құрылысшылары клуб, моншаның ірге тасын қалап үлгерді. Ал «Николаев» кеңшарының өзі жаңа үлгідегі үш пəтер салуды көздеп отыр. Бүгінгі күні бөлімшеде 700 ірі қара бағылса, болашақта бұл ауылда 1100 – 1200 малға арналған ауқымды бордақылау алаңының құрылысы салынбақшы. Имандылық, ізеттілік, мұсылмандықтың мейірбанды мекені – Мешіт үйінің қабырғасы да көп ұзамай еңсесін көтеруге тиіс. Несіне жасырайық, жазушы мерейтойына немқұрайлы қарап отырғандар да баршылық. Мəселен Лисаков қаласы, Қарасу ауданы өз үлестеріндегі үйлерді салуға тіпті асықпай отыр. Мақаламыз баспасөзде жарияланып жатқан мезгілде олар шұғыл іске кіріссе, сəт сапар дегеннен басқа не айтайық. Ақтөбеліктерді аса алаңдатып, қатты қинайтын əрине қаржы жағы. Таран ауданы тарапынан 100 мың теңге бөлінген. Бұл өте аз. Есептеп көрсек, клуб, монша, жылу орталығы құрылыстарына ғана 3 жарым миллион теңге ақша қажет екен. Дербес, тəуелсіз мемлекетіміздің, үкіметтің тарапынан тікелей көмек, нақтылы қамқорлық көрсетілмесе, Майлиннің мерейтойына əзірліктің жаппай қозғалысқа айналуы жан қинайтын түрі бар. Мұны бір шеті астанамыз,
172 Алматыдағы жəне облыстағы атқа мінген білікті басшылар дұрыс түсініп, оңды шешімнің қабылдануына, қажетті қаржының тез арада табылуына қолдан келгенше қол ұшын тигізгендері жөн. Бірақ, күдіктен гөрі үміт жақсы қашанда. Халқына аяулы қаламгер тойы егеменді елдің парасатты азаматтарының назарынан тыс қалмас деп кəміл сенеміз. Одақ тұсындағы солақай саясат, төңіректі тұтаса торлаған тоқырау бұлттары есімізден кетер ме? Басқасын былай қойғанда біздің облысымызда қаншама қазақша дəріс беріп, тəрбиелейтін мектеп, бала бақша жабылып қалды. Жалғыз Қостанайдың емес, халқымыздың ірі перзентіне айналған. Би-ағаң туған ауылда бір кезде тоқсан отбасының балалары ойнап күлсе, қазір мектеп, бала-бақшада небары сегіз бала оқып жүр. Қиындығы да жеткілікті. Мектеп сабақ жүргізуге ыңғайлы болғанымен, қазақ тіліндегі кітаптар, методикалық құралдар жетіспейді. Директор Мəриям Жақыпқызы мен мұғалім Сəбира Қайырбекқызы жоспар жасап, ақылдаса отырып, əр сабақты өнегелі өткізуге тырысады. Мүмкін ертеңгі Бенімбет ізін басатындар осы топтың ішінде томпаңдап жүрген болар. Кезекті сапарымызда жазушының туысқандары, ілік-жекжаттарымен де жүздестік. Тобыл поселкесінің тұрғындары Мүгілсім Мəулінбекқызы, немере келіні Жанаргүл Бақбергенова той дүбіріне елеңдеп отырғандарын мақтаныш сезіммен қуана əңгімеледі. Осы поселкедегі қадірменді қарттардың бірі, əлі де қайратты, сексен үш жастағы Бақыт Байкенов Би-ағаңды көзі көрген санаулы адамдардың сапында. – Ертеректе Алматыға оқуға барғанмын. Жазушы халық əртісі, жерлесіміз Е.Өмірзақовтың үйінде кездестім. Жиналғанжерде қазақ зиялыларының бəрі Бейімбеттің əр сөзін қалт жібермей, мұқият тыңдап отыратынын сан мəрте байқадым. Əр кісінің мінез құлқында өзгеге ұқсамайтын ерекшелік болмай ма? Жазушы үйреншікті əдетімен толқынданған шаштарын бір қолымен бұйралап қойып, əсерлі əңгімесін байыпты төгілдіреді екен. Өр кеуде, менмендігі жоқ, мейлінше қарапайым жан сияқты көрінді маған, – дейді Бақыт қария сөз арасында.
Иə, Таран ауданы, «Николаев» кеңшарының Ақтөбе ауылының перзенті Би-ағаның мерейтойы, шынайы шығармасы, тұтас тұлғасы хақында ақтарылар сыр, айтылар сөз əлі ілгеріде. Оның əрбір татымды туындысы тілін, дінін, ұлтын дəріптеген тірі пенде шаңырағындағы кітап сөрелерінен орын алатынына еш күмəн жоқ. Жазушы тойы – жайсаң ел тойы екенін жадымыздан шығармай, айтулы мерекеге сүбелі үн қосалық, ардақты ағайын! Қостанай облысы, Таран ауданы. «Сарыарқа» жур., 1994 ж., №2.
174 Серік ҚИРАБАЕВ ШЫНШЫЛ ЖАЗУШЫ Адам баласы ылғи алға қараумен келеді. Өткен күніне тəубе қыла отырып, ол үнемі жақсылықты ілгеріден күтеді, болашағына сенеді. Əдебиеттің өміршеңдігі де адам табиғатының өмірге деген осы сенімін тани білуімен байланысты. Адамды, оның ісін, рухани биіктігін көркем бейнелей алған əдебиеттің болашағы əрқашан да зор. Ол бүгінгі оқырманына да, кейінгі ұрпақтарға да ой салып, олардыілгері жетелейді, шындық, əділдік үшін күреске тəрбиелейді. Бейімбет Майлиннің жазушылық өнері де, реализмінің өзіндік сыры да осы айтылғандармен тікелей қабысып жатыр. Жасынан еңбекші халықтың тұрмысын, отаршылдық пен ішкі езгінің қабаттасқан ауыртпашылығын көріп өскен ол қажу танытпай, болашаққа сеніммен қарай білді, XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарынан нəр алған, соның əсерімен жазушылық еңбегін бастаған Бейімбеттің алдан күткен үміті де халық аңсаған бостандық идеясымен үндесті. Оның социалистік революцияны қабылдап, жаңа қоғамдық тəртіпке үміт артуының себебі де осында. Ол жаңа қоғамды еңбекшілердің, езілген кедейжалшылардың тілегінде болады деп ұқты. Одан адам баласына ортақ əділдік күтті. Қоғамға осындай үлкен сенім арта отырып, Бейімбет шындықты боямай, жаңаның бəріне бас шұлғи бермей, реалист жазушы есебінде өмірде орын алған ұнамсыз құбылыстарды, халық үмітін алдауға құрылған шындықтың көлеңкелі жақтарын өз шығармаларында үнемі ашып көрсетіп отырды. Адам бойындағы қайшылықты мінездер мен өмірдегі жақсы-жаманның күресін жіті танып, оның диалектикалық байланысын шебер суреттей алған жазушы реализмінің күші де осында болатын. Қазақ даласына советтендіру саясатының бірқатар қиыншылық алып келгені, бұйығы өмір кешкен елдің жаңаны қабылдай алмай оңашалануы, аштық пен ауру жайлаған халық тұрмысы, сондай ортаға жаңа тəртіпті
175 күшпен кіргізіп, оны орнықтырмай жатып ескіні түгел қиратып, аласапыранға жол берген заманның адам басына салған ауыртпашылығы Бейімбеттің алғашқы əңгімелерінің өзінен анық көрінеді. Оның «Күлпашы» – осы тектес шындықты бейнелейтін туындылардың басы саналуға лайық. Онда Бейімбет 1920 – 1921 жылдардағы аштық суретін бір отбасының тағдыры арқылы ашады. Əңгімедегі қайыр сұраудан пайда түспей бұралып өлгелі жатқан Мақтым мен Қалидың аянышты күйі де, оларды қимай, əрі аштық қысып, екінші жағынан жан сақтау үшін бай адамға кету туралы ой басын шырмаған Күлпаштың трагедиясы да психологиялық тұрғыда күшті берілген. Мақтым да, баласы Қали да өледі, бай адамға күйеуге тиіп, ол үйден күйеуі мен баласына тамақ алып жүгірген Күлпаш оларды тірі көре алмай (əкелген тамағын бере алмай) күйінеді. Жазушының суреттеуі бойынша, тірі қалса да, Күлпаш – рухани өлген адам, ол – аштық құрбаны. Оның Жұмағазыға тиюіде өзінің қарабасын сақтау амалы емес, күйеуі мен баласының жолына өзін құрбан етуі, сол екеуіне тамақ тауып беру амалы. Шындықты, адам басына түскен ауыртпашылықты характер арқылы, оның поихологиялық күйзелісі арқылы суреттеуде Бейімбет «Күлпаш» арқылы бір қадам ілгері басты. Осыған жалғас ол «Айт күндері» (1922) атты əңгіме жазды. Мұнда бұрын айтты қызықтап ел қыдырған еркін елдің басына түскен бүгінгі ауыртпашылық – аштық суреті бірнеше эпизодтық суреттемелер арқылы беріледі. Олардан біз малдан айрылып, құрбан шалуға шамасы келмей қалған халықтың көңіл күйін, өкінішін, оларды алдап айтқа союға мал сатып ақша таппақ боп жүрген алаяқтардың бейнесін, айт кезінде өлген адамды «тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты ғой» деп өзін өзі жұбатып отырған надан ұғымтүсінікті танимыз. Ана жылы айтқа жиылған елді қымызға қандырып риза еткен Бəкеннің бүгін қатынымен қайтыс болғанын көреміз. Бəрі де ауыр суреттер. Жазушы заман басқа салған ауыртпашылықпен қоса, барға алданып айт аяғын ойын-тойға айналдырған парықсыздықты да шеней жазады. «Біреуге өлім, біреуге ойын» деген осы да.
176 Аштық қысқан, кем-кетігі көп ауыл өмірінің сүреңсіз жақтары ол кезде аз болмайтын. Бейімбет ел тұрмысының əр қилы жақтарына көңіл аударады. Соның бірі – «Естай аулы» əңгімесі. Бұл – жұқпалы ауру жайлаған ауыл жайлы əңгіме. Дəрігерлік көмек жоқ, адамдары өліп, малбасы азайған ауылда қанша көрік болады дейсіз. Адамдарының көңіл күйі де бəсең. Бас көтерер адамдары кетіп жатыр, сырттан бір көмек іздеп, дəрігер, балгерлерге қаранып, талпынып жатқан ешкім байқалмайды. Тым-тырыс бұйығы, бейқам өмір. Естай қарт қонақтарын жылы қарсы алып, елпектейді. Бірақ оларды күтуге жағдай жоқ. Қонаққа арнап айтылған өлең де өлген жігіттің мұңын шертеді. Ондай өлең де ешкімнің көңілін селт еткізбейді. Осындай бір бейқамдықты «Иелі ауру» əңгімесінен де байқаймыз. Мұнда суреттелетін ауыл адамдары түгелдей көз ауруына шалдыққан. Əуелі мырзаның үйі – бəйбішесі, қызы, кемпірі ауырған. Асы бар үйге жүгіргіш қазақ шетінен содан жұқтырған. Ешбірі дəрігерге көрінбейді. «Ой, шырағым-ай, құдай сəтін салмаса, доктордың қолынан не келеді дейсің. Былтыр Бермағанбеттің баласы да осындай дертке ұшырап, докторға қаратқан екен, сылимын деп көзін ағызып жіберіпті», – деп жұбатады өздерін. Бақсы-балгерлерге көрінуге мырза малын қимайды екен. Ел тіршілігінің жаңарып жатқан өмірден қағыс қалған оқшау тіршілігіне жазушы көңіл аударады. Мұндай шындықтың бір түрі «Таубай» əңгімесіне негіз болған. Аштық тақырыбын Бейімбет кейін де жазды. Ол əр мезгіл қазақ шаруасы өмірінің қиын кезеңдерін еске түсіріп, оны жаңара бастаған тіршілікке қарсы қоя суреттеуге тырысты. «Аштық құрбаны» (1927) əңгімесін ол бір отбасының аштыққа ұшырап, қызын байға тоқалдыққа беру арқылы ғана құтылғанын көрсетуге құрды. Алайда бай қыстан алып шығып, Қайрақбайды да, оның əйелі Шырынкүлді де, жас баласы Таңсықты да аман қалған еңбегіңді ақта деп малға салып қояды. Ақысыз, пұлсыз, аяусыз жұмсайды. Жас тоқал Дəмеш те қорлықта, таяқ астында өмір кешеді. Осы жағдайдан оларды жаңа өкімет құтқарады. Əңгіменің екінші
177 бөлімі Дəмештің Рахила деген жолдас қызына жазған хаты арқылы беріледі. Онда өзінің, ата-анасының, бауырының байдан азат болу жолы, Таңсық екеуінің оқып сауат ашқаны, өзінің Хасен деген жігітке тұрмысқа шыққаны жайлы əңгімелейді. Жазушы əуелде аштық құрбаны болып, үйіші сақтау үшін тоқалдыққа зорға барған қыз тағдырының жаңаша шешілгеніне назар аударады. Аштық өтті. Алайда тұрмыс əлі оңдалған жоқ. Еңбекші елге де, кедейге де теңдік тимеді. Дегенмен өмір сəулесі түсе бастаған. Сол сəулеге қарап ел ілгеріден үміт күтеді. «Кедей теңдігі» əңгімесін (1923) Бейімбет осы идеяға құрған. Əңгіменің бас қаһарманы Бұқабай көптеген қиыншылықтардан, аштықтан құтылып, егіншілікті кəсіп етуге шығады. Алайда, оның еккен тарысының өнімін өкімет алып қояды. Соған қарамастан шыдамды Бұқабай өкіметке жаман сөз айтпайды. «Кедейді теңгереді» дегенге мəзбіз, қашан теңелгенше де байлар жанды шығарып болатын шығар», – дейді. Сеніммен бірге, қаншама лажсыздық жатыр осы сөзде. Бұлжылдарыжазылған Бейімбет əңгімелерінде заманның аласапыран тұсы, жұрттың алды-артын бағдарлауына жол бермей, тіршілікті асты-үстіне шығарып жатқан кезең суреті мол орын алады. Сол аласапыран адам басына ауыртпалық əкеліп, қинап жатыр. Қырмызы мен Қамбар («Қырмызы» əңгімесінде) əп-əдемі, жұбы жарасқан, сүйіскен жастар еді, Қызыл мен ақтың кезек аударыспағында жүріп Қамбар қайтыс болып кетіп, Қырмызы жылап қалды. Жазушы Қырмызы күйінішін, оның жан күйзелісін көрген түсі арқылы, түс көргеннен кейінгі ойлары, естеліктері арқылы шынайы бейнелейді. 20 жылдардың аяғынан басталған колхоздастыру оқиғалары кезінде орын алған асыра сілтеу фактыларын да Беиімбет əңгімелеріне мол пайдаланған. Сол кездегі ел билеу жүйесінде орын алған белсенділіктің халыққа тигізген зəбірзалалын ол əдемі ашып көрсетеді. Бұл тұрғыда жазушының «Қалекеңнің үйінде», «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұқышы», тағы басқа əңгімелері
178 едəуір маңызды. Бұларда өкімет атынан қызмет атқарып жүрген ауыл белсенділерінің нақты бейнелері жасалады. Алғашқыəңгімедегі елдіңқолдағымалынтүгелортақтастыру саясатын жүргізіп жүрген, ыңғайына көнбеген адамдарды «оңшылдық», «солшылдық» дегенайыптауларменқорқытқан Кəреней, кейінгі əңгімелердегі Садуақас пен Мұқыш – заман ауыртпалығын қоюлата түсетін əпербақан типтер. Олар онсыз да жүдеп отырған елді соңғы күнкөрісінен айыру мақсатын көздейтін жат пиғылды жандар. Ең бастысы – олар өкімет, партия атынан сөйлейді. Соларға қарсы күресе отырып, өзінің қара басын, жеке мүддесін қорғаудың еңбекші ел мүддесімен табыстыра білген ауыл кедейлерінің өкілдері де көзге түседі. Олардың ішінде өкілге бар шындықты айтып, əділет жолын түсінуге ұмтылған Қалекең, көк сиырын ортақтасудан арашалап, сол арқылы шаруаның күн көріп отырған жалғыз-жарым малын қорғап қалған Дайрабай сияқты қаһармандар бар. Бұлар – заман шындығын түсіне алмай, екінші жағынан ел басшылығында отырған адамдардың терісжүргізген саясатынан басы шырмалған, əділет, адалдық жолын ұғуға біртіндеп аяқ басқан сауатсыз қалың көптің өкілдері. Жазушы суреттеуінде негізгі шындық осылар жағында, олардың талап-тілегі заман өзгерістеріне үйлесуге тиіс. Бəрі де өкіметке, оның жолына сенеді. Сондықтан күн көрісінен айырмаса болғаны, қалғаны болса, колхозға беруге бейіл. Мұнда Бейімбеттің жаңалыққа деген сенімі жатыр. Шаруаны біріктіру жолымен жарылқаймыз деген ұранды ол да қолдайды. Жазушының образ жасау əдісі əр қилы. Кейде ол ел өмірінің аласапыран тіршілігін суреттей отырып, əділдік пен əділетсіздіктің күресін нақты фактылар арқылы көрсетеді, соған тілектес не қарсылас адамдар əрекетін ашады. «Қалекеңнің үйінде» осы үлгімен жазылған. Əңгімедегі негізгі кейіпкер – Қалекең ауыл өмірінің бар шындығын ашып əңгімелеп, осындағы өзгерістердің сырын түсіндіріп беруді өкілден сұрайды. Өз ұғымының дұрыстығын да, Кəренейлердің іс-əрекетінің халыққа, өкімет жолына да қайшылығын ол сөйтіп ұғынады. Кəренейдің белсенді
179 бейнесі де Қалекең əңгімесі арқылы беріледі. Ал, «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» əңгімесіндегі Дайрабай – нағыз дау-шардың ортасында жүрген тип. Балашағасын асырап отырған жалғыз сиыры – оның жан жарасы. Колхозға мал алу əңгіме болса, ауылда жиналыс болып оған сырттан өкіл қатысса, ол өз мұңын айтпай тұра алмайды, қиналып, ышқынып күн көрісін қорғайды. Жан айғайымен əділет жолын іздейді. Бір əңгімені қайта-қайта қозғауымен тыңдаушыларын мезі қылса да, ол сөйлеуден, дауласудан танбайды. Жалғыз сиырдан айрылған Дайрабайға тағы да астық салығы түсіп, оны төлей алмағаны үшін ол ауданға айдалады. Осылардың бəрі кейіпкердің іс-əрекетін суреттеу жолымен, оның монологымен ашылады. Табиғаты адал Дайрабайдың ыза боп Сейітті сабауы, Күсебайдың атын аударып алуы, түрмені өзі іздеп ауданға келуі, райком хатшысына жолығуы – бəрі де нанымды берілген. Алайда өзі көрген, ауданнан түсініп келген шындығын ол ауылда өткізе алмайды. Оның дауы тынбайтыны да осыдан. «Арыстанбайдың Мұқышы» – фельетон үлгісімен жасалған бейне. Жазушы бірден-ақ оның портретін жасай таныстырып, əрі қарай оның сөзіне, қылығына ауысады. Келген өкілмен өзін «Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын», – деп төсін қағып танысатын ол айтқанымен жүрмесең, мұныңыз «төрешілдік», мұныңыз «оңшыл мен солшылдық» деп қорқыта сөйлейді. Осы мінезі үшін ол ортасынан қуылады. Бейімбет жазушылығының бір ерекшелігі – оның шындықты дəлелді суреттеудің амалы есебінде нақты фактыға көбірек жүгінетіні. Кейде ол құжат тілімен де сөйлейді. Бұл – əдебиетке жат əдіс емес. Орыс классикасында да (С.Щедрин), қазақ жазушыларының (С.Шəріпов) тəжірибесінде де бұл – бұрын қолданылып жүрген əдіс. Мұндай шығармалар, көбінесе, өмір фактысынан алыстамай, очерк тектес болып келеді. Бейімбет əңгімелерінің кейде очерктермен, суреттемелермен араласып жататыны да осыдан. Əпербақандықтың сырын дəлелді ашу үшін мұндай əдісті Бейімбет аталған əңгімелерінде де қолданады.
180 Дайрабай əңгімесінде ол ауыл кедейлерінің жиналып егін салғанын келтіре отырып, сол егіннен өздеріне ештеме тимеген кедейдің мұңын мұңдайды. «Бір кезде егін пісті, – дейді Дайрабай. – Жиналып бір жерден ордық. Бастық. Өлшеп едік, жеті мың пұт астық шықты. Бұған нанарсыз ба? Бұл – кедейдің көрмеген байлығы ғой. Бірақ осы байлықты көз көріп, қолымыз ұстамаған сияқты болды. Оның себебін айтайын, жолдас: жеті мың пұттың ішінен 2500 пұтын алдағы жылға тұқымға деп шығардық (Кейін ол тұқым да жоғалып кетеді. – С.Қ.). 35 процентін «Кəлауния» алды. Ішіп-жеуімізге 12 пұттан тиді деп еді, Қазақстанның тəртібі өзгеше екен, «Қазақстандағы артель мүшелері жылына жеті пұттан ғана алады екен», – деген шықты. «Кедей, жарысасың», – деді. Жарыстық, екі-үш пұттан астық бердік. Осы астықтың ақшасын Күншығыстағы қызыл əскерлерге сəлемдемеге жібердік. Мұны шын жүрегімізбен істедік. Аз нəрсеміздің көпке жарағанына өзіміз мəз болып қалдық. Сөйтіп отырғанымызда, «Сақтық қор» деген шықты. Одан да бастартқан жоқпыз, бердік. Əйтеуір тұқымымыз дайын ғой, ішудің бір жөні болар дедік. Қолдағы азық бітіп қалып еді. Сатып алатын күш қайда? Оның үстіне артеліміздің түрі өзгеріп кетті. Жасыбай былтыр «Кəлаунияға» кіргізгенде, «адам күші мен жұмыс көлігі ортақ болады», – деп еді. Ауданнан бір дудар бас өкіл келіп (өзін «төтенше өкіл» деді ме, бірдеме деп еді), «малың да ортақ, жаның да ортақ, үйің де ортақ», – деп əлекті салды. Бұзау, торпақ та, көк сиыр да ортаға түсіп кетті де барды». Осы бір сөздерден ауыл кедейі тұрмысының нашарлауына себеп болған жалған белсенділердің іс-əрекетімен бірге, соған жол беріп отырған өкімет саясатының солақайлығы да аңғарылмай қалмайды. Халықты жарысқа шақырып, əртүрлі сылтаумен олардың астығын да, малын да алу – партияның ескі əдісі болатын, оның үстіне жоқты табасың деп салық салады. Дайрабай жоғалып кеткен тұқымды қалпына келтіру үшін елге салық салғанын, өзіне 21 пұт тұқым қорын табуға бұйрық болғанын айтады. Малынан, барынан айрылған Дайрабай оны қайдан тапсын. Оның күйетіні де, ызалана-
181 тыны да осыдан. Бейімбет кейіпкерінің характері осындай əділетсіздікке қарсы күрес үстінде қалыптасады. Өмір адамды адалдыққа тəрбиелейді. Жаңа қоғамдық тəртіп те оны қолдайды. Адам табиғаты да адал. Тұнықты лайлап, өзін қоғамға, көпке қарсы қоюшылар адымы да қысқара түскені – Бейімбеттің жазушылық позициясының күшті жағы. Ол жаңаның ескіге қарсы күресін осы тұрғыдан түсінеді. Сұлтанның белсенділік жолмен елден жинап тыққан астығын өкіметтің ұраны бойынша өткізіп жіберіп, аудандағы күйеуіне хат жазған Биғаншаның қылығы («Биғаншаның хаты») бұл тұрғыда ұнамды көрінеді. Адамның өз қателігін өзі түсініп, одан сабақ алып жөнделуге ұмтылуы – жаңа адамның тууы мен қалыптасуының ең маңызды жолы. Жаңа қоғамға керек жаңа адам көктен түспейді, бар адамды жаңа рухта тəрбиелеу керек. Қателігін өзіне сабақ ете отырып, биік адамдық мұраттарға бағыттау қажет. Бейімбет осы жолды ұсынады. Оның шығармаларындағы жаңа типті адамдардың барлығы күрес үстінде шынығып, өседі. Бұл тұрғыда Азаматтың да («Азамат Азаматыч»), Бұзаубақтың да («Қызыл əскердің үйі»), Қамиланыңда («Кеңес ағасы – Қамила»), Жақыптыңда, («Көктеректің бауырында»), Əміржанның да («Əміржаның əңгімесі»), Раушанның да («Раушан коммунист») өсу жолдарында белгілі дəрежеде ұқсастықтар бар. Олар өздерінің ескі ұғым-түсінігін кеңейту, жаңарту жолымен де, ескілік мінез-құлыққа, ескірген салт-санаға қарсы күресе жүріп те, дұшпандарының кедергілерін жеңіп те жаңаға қарай жол табады. Азаматты, Жақыпты, Раушанды, Əміржанды, Қамиланы сүріндіруге ұмтылушылар аз болған жоқ. Олар кейде дұшпандарының сөзіне, алдағанына еріп қателеседі де. Екі қоғам (ескі мен жаңа ) мен қоғамдық тəртіптің адам үшін күресі басталады. Ескілік оны өз уысынан шығармай ұстауға тырысқанмен, жаңалық адамды өзіне тартпай қоймайды. Жаңаның жеңісі осылай басталады. Жаңа адам да осы жолмен туып, қоғамдық тəртіпке, өмірге жаңа көзқарас қалыптасады. Бұл – өмір заңы, диалектикалық күрес заңы. Бейімбет осы шындықты əдемі суреттейді. «Əміржанның
182 əңгімесі» – бұл тұрғыдағы ең қызықты шығармалардың бірі. «Əміржанның əңгімесі» де Бейімбеттің көптеген басқа шығармалары тəрізді, бірінші жақтан айтылады. Автор оқиғаны лирикалық кейіпкердің өзі көрген, сезінген əсері жайлы əңгіме түрінде дамытады. Əңгіме отызыншы жылдары жазылған. Аштық өткен. Ел өзіне-өзі келе бастаған. Коллективтік шаруашылыққа біріккен ауыл тіршілігінде еңбекке ынта күшейе бастағаны байқалады. Лирикалық кейіпкер – өкіл. Колхоз бастығын да орнынан емес, ұста дүкенінен табады. Оның машина жөндеу жұмысына өзі араласып жүрген іс адамы екенін танимыз. Елдің бəрі жұмыста. Жалғыз-ақ жұмыссыз жүрген – Əміржан. Осы жағдайлар өкілдің Əміржанмен əңгімелесуіне, оның бос жүруінің жайын сұрауына негіз болады. Əміржан əңгімесі – дəстүрлі əңгіменің үлгісінде туған. Ол бүкіл өмірінен хабар береді. Жоқшылық көрген кедей баласы екенін, кеңес өкіметінің арқасында азаттыққа қолы жетіп, қызылдардың қатарында оның жеңісін баянды етуге қатысқанын айтады. Кейін ауылды советтендіру жұмысына араласады, осы жолда белсенділік көрсетіп, асыра сілтеу науқандарына қатысады, қызмет бабын пайдаланып, жолсыздықтар жасайды. Осы қылықтары үшін партиядан шығып, қызметінен алынады, əйелімен аралары бұзылып, жаза тартады. Қателігін кеш түсініп, мойындап, қуынып жүрген Əміржанның жоғарыдан хабар күтіп, отбасымен табыса алмай жүрген тұсына өкіл тап келеді. Əміржанның ауылдағықызметі – совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы істің байыбына бармай, ел үстінде қамшы ойнатқан шолақ белсенділіктің үлгісі. Моральдық бейнесі де таза емес. Ауылда олар арақ ішіп, маңына қыз-қырқын жинайды. «Ауданның желіктіруімен біз елді үгіттеп, түсіндіріп істетудің орнына, бел күшке кірістік қой, – дейді ол. – Аудан мыңгектаржоспарберсе, бізекімыңцентнерқыпқабылдайтын болдық. Сосын қайдан өндіретінімізді білмей аласұрамыз... жоқты тап деп, сол көпшілікке сенбеген секілденіп, ертең де, кеш те жиылыс қып сабыламыз да жүреміз».
183 Шаруаның барын тартып алып, аштыққа ұшыратқан, жаппай қырғынға жол берген саясаттың істі осылай бастағаны баршаға мəлім. Ауыл белсенділерінің ар жағында ауданның үлкен белсенділері отыр. Əміржан да: «Ауданның зіркілдеп отырғанын қайдан білсін... Ауданда Сыздықов сияқты соғылғанның отырғанын қайдан білсін!» – деп, өзін ақтауға келгенде барлық пəлені ауданға жабады. Түптеп келгенде, бұл – елдің ішкі жағдайын ескермей, барлық халыққа, барлық атырапқа ортақ нұсқаумен күштеу жүргізген шолақ саясаттың нəтижесі екеніне күмəнданбайсыз. Бейімбет ашып айтпағанмен, осыған меңзейді. Жазушының адамдар арасындағы жаңа қатынастың түрі есебінде Əміржан мен Рабиғаның отбасылық өмірін алуы да ойлануды қажет етеді. Сүймеген адамына зорлықпен ұзатылғалы жатқан Рабиғаны Əміржан азат етеді де, кейін екеуі сүйісіп қосылады. Алайда Рабиға партияға кірерде (əлі сауаты жоқтығын, өзімен ақылдаспағанын сылтау қылып) Əміржан қарсылық білдіреді. Ал , Əміржанның партиялығы қаралғанда Рабиға оны шығаруға қол көтереді. Екеуінің арасы осыдан ашылады. Бейімбет мұндай қарым-қатынастың себептерін бірсыпыра дəлелдеп көрсетуге тырысады. Оны жəне ер мен əйелдің жаңа заманда біріне бірі тəуелді емес, тең құқықты қарым-қатынасынан тудырғысы келеді. Соған қарамастан «Өкпеге қиса да өлімге қимайтын» ерлі-зайыпты адамдарды басына іс түскенде біріне-бірін қарсы қою жалпы адамдық заңына сиымды келе бермейді. Əңгіме көңілді аяқталады. Əміржанпартияқатарына қайта кіріп, үшінші бригадаға бастық болып кетеді. Рабиғамен табысады. Мұның бəрі өткенге кешіріммен қараған жазушы позициясымен де, ниеті адал ел басқару ісіне араласып көрмеген кедей шаруалардың қателесе жүріп қаз тұра бастағанын құптаған өкімет саясатымен де үндесіп жатыр. Бейімбеттің өмір сүрген дəуірі – əлеуметтік өзгерістерге толы, қоғамдық жүйенің алмасуы іске асқан қайшылықты кезең. Бір тап биліктен құлап, екінші тап оның орнына билікке ұмтылып жатты. Бұрын қолында түгі болмаған кедей-кепшік бəріне ие болды. Алайда олардың билікке
184 жетуі, оны меңгеруі оңайлыққа түскен жоқ. Олар социализмнің негізгі принциптерін де дұрыс ұғынуға жете алмады, тек басқару орындықтарына отырғанына мəз болып, түрлі бұрмалаушылықтарға жол берді. Биліктен құлаған таптың жан беруі де оңай емес еді, олар да онсыз да билік жүргізудің жолын білмей отырған кедейлер өкілдеріне кедергі жасап бақты. Бейімбет шығармаларының негізгі тартысы осы айтылғандардан алынды. Оның еңбектерінің қайқайсысында болсын, кедейлер ортасынан шығып билікке араласқан адамдар тап жауларының астыртын жүргізген қарсылықтарына кездеседі. Солармен алыса жүріп саяси бағытын айқындайды, күресте ысылады, ер жетеді. Бейімбет бұған жаңа адамның өсіп жетілуінің негізгі жолы ретінде қарайды. Азаматтың («Азамат Азаматыч») жолына кедергі болып, оны өз ықпалында ұстауға тырысқан Рақым Шегіров тобы мен оны жақтап өсіруге ұмтылған Алексеев маңындағылардың күресі осыны байқатады. Жақыпты («Көктеректің бауырында») өз ыңғайына көндіріп ұстағысы келген Омар байдың қылығы да осыған ұқсас. Екі кейіпкер де дұшпандарының айлалы қақпанына түсе жаздап барып құтылады. Дос пен дұшпанды айыруға жетеді. Алайда осылай біркелкі тартыстарды əр қилы оқиғаларға арқау ету, тартыстың екі басындағы адамдардың бірін қара, бірін қызыл бояумен бейнелеу – бұл образдарға жазушының идеологиялық жүк артқанын да танытады. Бұл – заманның талабы, таптық күрес өрістеген қоғам идеологиясының мақсат-мұраты, əдебиетке жүктеген міндеті. Бейімбет өмір шындығын байыпты зерттегенмен, тартысты осы міндет тұрғысынан біраз өңдеп, өсіре көрсетеді. Тіпті «Сарымай», «Охрана бастығы» əңгімелерінде де ол ауылдағы мал өнімдері мен астық өнімдерін молайту жолындағы күреске де тап жауларының зиянкестігін қарсы қояды. «Əміржанның əңгімесінде» Лабогрейканың қалқаны сынып ұста дүкеніне əкелінгенде колхоз бастығы Дəуқара: «Сендердің іштеріңде «вредитель» бар», – деп бұрқырайды. Бұрын машина жүргізіп көрмеген елдің іс тетігін білмей сындырып алғанымен есептеспейді. Əрине, бұларды мен жазушының
кінəсі ретінде қараудан аулақпын. Ол – əдебиеттен белсенді таптық көзқарас талап еткен заманның талабы. Осыдан барып Бейімбет шығармаларында жаңа идеяның жазушыны бірсыпыра схемалық образдар жасауға итермелегенін көреміз. Бұл белгі, əсіресе, оның көлемді туындыларында кездесетін қазақ еліне коммунистік партияның өкілі болып келіп, саяси жұмыстар жүргізген типтерде анық танылады. Олардың бейнесінде адамдық мінез-құлықтан, жылы сезімдерден гөрі нұсқау, трибун сыпаты молырақтау. «АзаматАзаматычтағы» Алексеев пен оның жақтаушылары, «Раушан коммунистегі» Мариям бейнесі осындай үлгіде жасалған. Бірақ Бейімбетте мұндай типтер көп емес. Жазушы еңбектерінің негізгі кейіпкерлері жоғарыдан келмейді, халықтың өз ішінен шығады, өмір талқысына түсе жүріп қарапайым адамдар жаңа заманның қаһармандары болып өсіп жетіледі. Жазушы реализмінің күші де осы шындықты тануында. «Қазақ əдебиеті» газ., 1994 ж., 11 наурыз.
186 Серік ҚИРАБАЕВ БЕЙІМБЕТ ТУРАЛЫ СӨЗ Қай заманда болса да суреткер қоғамға, оның тəртіптеріне бас шұлғып отырмаған. Ол қоғамы, заманы жайлы ұғымын, түсінігін көркем бейнелер арқылы ашып, дəуірінің шындығына халық болашақ, адамзат көзімен баға беріп келеді. Қоғам тəртібімен суреткерді тек əдебиетке, өнерге сену, оның өмір танытудағы рөлін мойындау табыстырған. Өйткені, шындық жолы қашанда көркемдікке, əсемдікке апарады, ал əсемдік дегеніміздің өзі – шындық. Бұның бəрін біз коммунистік идеология тұрғысынан түсіндіріп келдік. Біреулерін осы идеологияға жат жазушылар деп бағаласақ, екінші біреулерін Совет заманының жыршысы деп санадық. Творчестволық еңбектің алуан түрлі қыры мен сыры барын ескермедік. Ал, осы идеологиялық бағаны алып тастап, олардың шығармаларын нағыз өмірді танудың көркем-өнерлік сыры тұрғысынан бағаласақ, аталған ағаларымыздың қай-қайсы болса да ұлы суреткерлер болғанына көзіміз жетеді. Қазақ əдебиетіндегі реализмнің ұлы жеңісі осы қаламгерлер еңбектерінен басталады. Олардың жастай елге танылып, классиктер қатарынан орын алуының сыры да осында. Ең бастысы – біздің классиктеріміздің көркемдік мұрасы үлкен адамдық идеяға (революция идеясына емес) негізделген еді. Олар ешқашан өмірді қиратуды мақсат етіп қойған жоқ, жаңартуды, жасауды мұрат тұтты. Ал, олардың шығармаларына негіз болған өмірлік материал өмір сүрген дəуірінің шындығынан алынды. Өз дəуірінен, заманынан, оның шындығынан тыс тұратын ақын да, жазушы да тіпті адам да болмайды. Олардың көзқарасының негізінде сол дəуірмен, уақытпен рухани байланыс жатады. Шындық табиғаты қашанда екі жақты. Ол – əрі шын, əрі шын емес. Шындыққа сүйенген əдебиет табиғаты да солай. Оның шын болатын себебі – ол өз дəуірінің талабы тұрғысынан түсіндіріледі, ал бір дəуір үшін қажетті
187 шындық жалпы адамзат, ұғымы тұрғысынан шын болмай қалуы мүмкін. Өйткені, көркемдік танудың өз заңы, түсінігі, принципі бар. Бізде осы принципке, көркемдікті танудың заңыназорлықкөпжасалды, оныңбəрісаясатқанегізделді. Біз қайткенде əдебиет тілімен социализмнің жеңісін паш етеміз деп тырыстық, оның жаңа адам тəрбиелеудегі ролін ашуға, социализмнің адамдар қоғамындағы ең жоғары, əділетті қоғам екенін дəлелдеуге ұмтылдық. Шын мағынасында бізге қажеті – социализмнің, əсіресе біз орнатқан социализмнің өзі емес, социалистік идеал, əділетті, бақытты өмірді аңсау идеясы еді. Біздің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяға құрылған шығармаларымыз осы принципке арқа сүйеді. Социлистік революциядан біздің классиктеріміздің іздегені де осы болды. Бейімбет – осы сенімге сүйеніп қызмет істеген жазушы. Сенім оның халықтық талантын ұштап, туған халқының мұраты үшін аянбай еңбек етуге бастады. Өмірін қалам қызметіне арнаған ол сол қаламымен ескілікті күйрете сынауда, жаңаны мақұлдауда белсенділік танытты. Оны тек жалаң идеологиялық тұрғыда емес, көркем əдебиет тілімен бейнеледі. Бұл тұс қазақ əдебиетінің рухани бостандыққа шығып, əлемдік əдебиетпен жан-жақты байланысқа түсіп, жанрлық жəне көркемдік ізденістерге бет бұрған кезі еді. Ұлттық əдебиетіміздің осы жолдағы табыстарын орнықтырудағы Бейімбет еңбегі аса зор. Ол қазақ поэзиясының дəстүрлі үлгісін жаңа ізденістермен байытып, жаңа туа бастаған проза мен драматургия жанрларын жетілдіруге үлес қосты. Шағын əңгімені көркемдік биікке көтеріп, повесть, роман сияқты көлемді прозаны қалыптастыруға күш жұмсады. Өмірді терең барлап, очерктер, фельетондар, мақалалар жазды. Киносценарий, операға либретто жазу арқылы ұлттық кино, музыка өнерінің дамуына ат салысты. Балаларға арнап шығармалар жазды, ұлттық баспасөздің алғашқы қаламгері, баспа ісінің ұйымдастырушысы жəне еңбек торысы болды. Осының барлығына Бейімбет өзін аямай, жаны мен қанын төккен. Замандастары оның күндіз редакция жұмысын істеп, бітпегенін үйіне алып кетіп аяқтап,
188 тағы да көркем шығарма жазумен шұғылданғанын айтады. Мұны онымен семьялық жағынан аралас-құралас болған адамдардың бəрі көрген. 1931 жыды «Жаңа əдебиет» журналына берген интервьюінде Бейімбет өзі: «Жазу жұмысына түсіп отырған кезім де жоқ... «Аттың жалында, түйенің қомында» сияқты, мұршаң келгенде бір нəрсені жазған боласың, оны өңдеуге, кестесін келтіруге көбіне уақыт жоқ» депті. Шынында да, Бейімбеттің арнаулы уақыты болмағаны рас. Сонымен бірге мұнда Бейімбетке тəн кішіпейілділіктің, өз ісіне қанағаттанбаудың сарыны бар. Қарапайым адамдар ортасынан шыққан, жоқшылық көріп өскен жазушы барды қанағат тұтып, үлкен лауазым, атақтарға ұмтылмай, сол еңбекші көптің бірі болып өмір кешуді қалаған. Тіпті, ол еңбектері газет-журналдың бетін босатпай, есімі елге таныла бастаған кездің өзінде жалпы жұртқа өзін «Бейімбетпін» деп таныстырудан да қашатын болған. Бейімбеттің əйелі Гүлжамал бірде демалысқа елге барып, біраз мал иемденіп, үйге керек жиһаздар сатып алады. Бейімбет оны естіп, «мені саудагер дейсің бе, əлде капиталист болады деп жүрмісің? Масқаралық жасапсың! Бəрін де сат. Жұртқа тарат. Осы мінезің үшін сенен біржола безуге бармын», – деп қорқытып хат жазыпты. Өзі ақыры, əйелінің артынан елге барып, сатып алған дүниесін жұртқа таратып беріпті. Бейімбеттің қарапайымдылығы оның мінез-құлқында ғана емес, оның еңбектерінде, шығармашылық өнерінде. Халықтың қайнаған ортасынан шыққан ол өзі өмірді терең білген жəне сол білген шындығын жұпыны, қарапайым күйінде əңгімелеп бере салуда шеберлік танытқан. Оның шығармаларында қолдан жасалған не ойдан шығарылған жасандылық жоқ, бəрі де өмір фактыларына сүйенеді. 20 – 30 жылдардағы қазақ ауылының өмірі қандай күрделі, алуан түрлі уақиғаға толы болса, Бейімбет шығармалары да сондай көп салалы, көп тақырыпты. Жазушы үшін жат тақырып жоқ. Ауылды жайлаған мешеулік, надандық, жастардың оқубілімге ұмтылысы, əйелдердің теңдік үшін күресі, советтік шаралар азат етіп, оң мен солын тануға тырысқан кедейлер мен хұқына тежеу түскен бай, дін адамдары, аштық, жеке
189 меншікті күштеп ортақтастыру, тағы басқа сол дəуір үшін не шындық болса, соның бəрі Бейімбет қаламының күшімен əдебиет шындығына айналады. Жазушы уақиғаны тəптіштеп жатпайды – ол əдебиет үшін керек те емес, – оны адам тануға көпір ретіиде пайдаланады. Оның жазушылық нысанасы – Адамды, оның табиғатын, бойындағы өзгерісін, өмір тану жолын ашу. Оның геройлары да осы уақиғаларға қатысты өзін өзі таниды, елді таниды, қоғамдық тəртіпке көзқарасын қалыптастырады. Қоғамдық тəртіптің де адамға ықпалы əр қилы: бірде бауырына тартады, бірде өзінен безіндіреді, өмірдің өзінен де түңілтеді. Осының бəрі – өмір сабағы. Бейімбет үшін қажеті сол. Ол ашқан 20 – 30 жылдардың геройлары – Мырқымбай, Айранбай, Дайрабай, Құрымбай, Раушан, Қамила, Əміржан, Азамат, тағы басқалар осы жолмен өззаманы шындығын танытатын типтер. Бейімбет заман сырын осылардың бойындағы психологиялық өзгерістер арқылы ашады. Бейімбет өз кезінде ауыл жыршысы есебінде танылған. Қазақ аулы – ол үшін таныс, етене, жазбаса тұра алмайтын тақырып. Бұл өзі сол ауыл кедейлерінің ішінен шыққандығынан ғана емес (оның да маңызы зор), ауылды бүкіл қазақ елінің кіндігі, бейнесі деп түсінгендік. Ілияс та даланы бүкіл қазақ жерінің бейнесі деп таныған еді ғой. Сол сияқты Бейімбет те ауылды қазақ халқы деп түсінді. Сондықтан елдегі өзгерістердің бəрін оның ауылдағы көрінісі арқылы таныды. Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бəріміз, Ауыл – дене, біз қозғалтар жанымыз, – деген сөз – оның жазушылық, патриоттық, қазақтық кредосы болатын. Ол геройларды да ауылдан іздеді. Сол арқылы мешеулік жайлаған ауылдың заман ырқымен қозғалысқа түсуін бейнеледі. Мырқымбай теңдікке ұмтылған ауыл кедейі болса, Раушан да етекбасты ауыл əйелдерінің тобын бұзып, қоғамдық іске араласады. Аштықтың азабына
190 шыдамай, күйеуі мен баласын асырау жолына өзін құрбан еткен Күлпаш тағдыры ауылға түскен ауыртпалықты бейнелесе, Дайрабайдың жалғыз сиырын саудаға салып, ел көзіне күлкілі күйге қойған асыра сілтеу науқанының сырын аңғарамыз. Арыстанбайдың Мұқышы мен өкіл Талтаңбаев – сол ауылды қоғаммен тартысқа түсірген жат, белсенді типтер. Осындай алуан түрлі бейнелер ашқан Бейімбет, негізінен, жаңашыл, жаңаны көргіш жазушы. Ол ауыл адамдарының заманының ыңғайымен жолын тауып адаса, қателесе жүріп, біртіндеп көзін ашып келе жатқанын ризалықпен жазады. Табиғатынан реалист жазушы шалқымайды, əсірелемейді, геройларын өз ортасына, өз дəрежесіне лайық дəрежеде ғана жұпыны бейнелейді. Аталған геройлардың ешқайсысы да үлкен қайраткерлікке көтерілмейді, санасына, ақыл-ойына қозғау түсіп, қоғамдағы орнын түсіне бастаған күйде ғана əңгіме желісі үзіледі. Бірақ оқырманның ойына осылардан кейін үлкен қайраткерлер шығады деп сенім ұялайды. Əзірше сауатсыз, аңқау, икемсіздеу, жасқаншақ қазақтың кейін ысылатынына, өсетініне сенгендей боласың. Жаңа қоғам тірегі осылар болмақ. Олардың бойында адамдық қасиет бар. Осылар адам қатарына қосыла алса ғана қоғам пайдалы болмақ, өспек. Осы образдарды жаңаша тану үшін Бейімбет тұрмыстық детальдарды суреттеуге көбірек барады, бірақ оны тұрмыстың егжей-тегжейін қазбалау үшін емес, адам жанындағы бұлқынысты, оның жаңа күйге, əрекетке бет бұруын ашу үшін пайдаланады. Бейімбеттің адам тануының үлкен бір өлшемі – оның үнемі таптық тұрғыдан қарай бермеуі. Əрине кеңестіккоммунистік режимнің күшті кезінде марксизмнің тап туралы, тап тартысы туралы қағидасын берік ұстаған адамның бірі Бейімбет болғаны да жасырын емес. Оған жазушының шыққан ортасы, жоқшылықта өткен кедей тұрмысы да əсер етті. «Кедейге» деген өлеңінде: Сенің зарың зарлайтыным өмірде Сенің арың арлайтыным өмірге.
191 Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін, Белді буғам ауырға да, жеңілге. Сен жыласаң көзден жасым тамшылар, Сен қуансаң, қайғы-шерім аршылар. Айт өлеңді ен даланы күңірентіп, Кеше жүрген қойшы-қолаң, малшылар! – деуіде жайдан жай айтыла салмаған. Ол ауыл байларының құқы тежеліп, кедей-жалшылардың теңдікке ұмтылуына тілектес болды. Соған қарамастан тап тартысының шиеленіскен күндерінде Бейімбет бай-кедей деген ұғымдардың бірн қара, бірін ақ бояумен бояп көрсету жолына барған жоқ. Оның түсінігінде, байдың бəрі жаман емес, кедейдің бəрі де жақсы емес. Олардың бəрі адам. Адамның жақсы-жаманы болады. Кедейлер ішінде де «Сойқанды содырлар» аз емес. Оның осы позициясы шығармаларында мол көрінеді. Олардан кедейлердің барлығының колхозға ұмтылып жатпағанын көреміз. «Жарылқағаның осы болса, мұныңнан аулақ, – дейді бір кедей ауданнан келген өкілге. – Осы күйіміздің өзі-ақ жақсы». («Сот алдында» əңгімесінен). Ауылды советтендіру ісінде қиыншылық көп. Солардың көбі ел ұғымына жат саясатты сырттан күштеп танумен байланысты болып жатыр. Күштеу қашанда асыра сілтеуге апарады. Оның аяғы – аштық, тентіреу, елден, жерден безу. Үлкен суреткер есебінде Бейімбет өзі көрген осы шындықты айналып өте алмайды. Ол қазақ ауылының совет саясатын қабылдауының қиыншылықтарын, бұйығы өмір кешкен елдің жаңаға көндіге алмай оңашалануын, аштық пен ауру жайлаған ел тұрмысын, жаңаны орнықтырмай жатып, ескінің бəрін қиратуға жол беріп, ел ішін аласапыранға толтыру шындығын көптеген шығармаларына арқау етті. Қайткенде де, Бейімбет – өз заманының жыршысы. Ол кездегі күрделі өмір шындығының өзі екі жақты болғаны даусыз. Жаңа қоғам құрудың өзіндік табысы да болды, сəтсіздіктері де аз болған жоқ. Қазақ ауылын социализм жолына бірден күштеп түсірудің эксперименті көпжағынан өзін
192 ақтамады. Əдебиет өмір тəжрибесіне сүйенеді десек, мұның əсерін əдебиет бетіндегі ізденістерден танимыз. Негізгі туындыларында классикалық үлгіге көтерілген Бейімбеттің өмір шындығын кең қамту мақсатымен жасаған эксперименті де аз емес еді. Күштеуге, идеологиялық мақсатқа негізделген шығарма күші қашанда өміршең емес. Өзінің басқа да замандастары сияқты Бейімбет те бұдан сырт қала алмайды. Біз үшін бүгін Бейімбет творчествосының заман қайшылығынан туған мұндай əділетсіздіктері емес, негізгі жазушылық концепциясы мен суреткерлік өнері маңызды. Ол дүниежүзілік озық əдебиет дəстүрінен үйрене отырып, өзіндік жаңа дəстүр қалыптастыруды, адамды тану, оны адамзаттың өмір сүруінің негізгі мазмұны етіп алу – оның жоғарғы, биік жазушылық мұраты болды. Қазақ əдебиетінде жаңа жанрлар туғызып, көркем əңгімені кемелді əдебиет үлгілерінің қатарына қойды. Шағын шығарманың өзімен үлкен өмір шындығын көрсетуге болатынын дəлелдеді. Бұл тұрғыда ол – шын мағынасындағы қазақтың Чехові еді, «таланттылықтың шын белгісі – қысқалық» деген Чехов қағидасын үлгі етіп ұстады. Шындық, асыл тас сияқты, қашанда қымбат. Ал, Бейімбет сияқты шын шебердің қолынан шыққан шындық екі есе қымбаттап шығатынын көреміз. 20 жасында «Шұғаның белгісі» сияқты бір артық сөзі жоқ, махаббат туралы лирикалық дастан жазған Бейімбеттің творчестволық жолында бүгін Мырқымбай туралы өлең-жырлар циклі, «Маржан» поэмасы, «Раушан – коммунист», «Күлтай болыс», «Қызыл əскердің үйі», «Қара шелек», «Ұлбосын», «Көктеректіңбаурында», сияқтыəңгімеповестер, «Азамат Азаматыч» атты роман, «Некеқияр», «Майдан», «Жалбыр», «Талтаңбайдың тəртібі», «Аманкелді» сияқты пьесалар тұр. Олардың əрқайсысы заман шындығын жарқын бейнелеген тұтас бір өмір суреттері. Бейімбет осы еңбектерімен классик. Арамыздан 43 жасында, нағыз талантының толысқан кезінде кеткен Бейімбеттің істегенінен істейтіні көп еді. Оның «Қоңсылар», «Қызыл жалау» деген романдар жазғаны белгілі. Алғашқы романының журнал бетінде жазған
үзінділері ғана қалды. Соңғы роман түгелдей жоғалды. Оны аяқтап, жолдастарына оқығаны жайлы куəлікті Ғабит Мүсірепов беріп еді. Ол өзінің «Біздің Би-аға» атты естелік – əңгімесінде осыныеске алады: «Қызылжалау» деген роман бітіріп еді. 1937 жылы жаздыгүні Ілиястың кабинетінде Сəкен үшеуімізге оқып берді. Сəкен өте қызыға тыңдап отырып еді. Өзгемізден бұрын байлам сөзді де сол айтты: – Жақсы екен, Би-ағасы! Өкірткен екенсің, би-сақал!... Той қылатын роман. Жазушының өзімен бірге романның қолжазбасы да жоғалды. Осы тұста Сəкен, Бейімбет, Ілиястың ұқсас тағдыры тағы да еске түседі. Бірге жасап, бірге жазып, жұбын жазбай, өмірден де бірге аттанған осы достар өз тіршілігінде жылы сөз естімеген, естісе де аз естіген жандар еді. Қатал заман ел еркелерін еркелете білмейді, қайта əр түрлі сылтаулармен бастарынан шоқпар айырмады. Сəкенді «ұлтшыл», «жікшіл», «өркөкірек» деп, Бейімбетті «ескішілсің, ауылды ғана жазасың» деп, Ілиясты «тапшыл емессің» деп сынады. Тіршілігінде де аттары аталмай қалған күндерде халық қадырлы ұлдарын, «Үш арысын» ұмытқан жоқ. Бүгін бұлардың мұрасы сол халқының қолында. Елімен еңіреп табысқан ұлдарының ендігі өмірі ұзақ болғай. «Егемен Қазақстан» газ., 1994 ж., 5 тамыз.
194 Серікқали БАЙМЕНШЕ ЖАҢАШЫЛ КӨЗҚАРАС – ЖАНАШЫР КӨЗҚАРАС Филология ғылымының докторы Балтабай Əбдіғазыұлының «Туған əдебиет тарихы жəне жаңа көзқарас» атты проблемалық мақаласы («Егемен Қазақстан», 4.01.2002) шынында да бүгінгі көкейкесті ойларды қозғауымен ерекшеленеді. Əсіресе, əдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар алдында «аса мəртебелі екі міндеттің тұрғанын» нақты дəлелдермен тиянақтауы осы салаға қатысы бар адамдарға ой түсірмей қоймайды. Айтса айтқандай, соның бірі – «бұрын-соңды əртүрлі дəрежеде зерттелген мəселелерге, қаламгерлер шығармашылығына қайта айналып соғып, оларға жаңа заманның, тəуелсіз ой-парасаттың тұрғысынан лайықты бағасын беру» деп білеміз. Мысалға бір кезде «қазақ кеңес əдебиетінің негізін салушылардың бірі» атанған Бейімбет Майлиннің əдебипублицистикалық мұрасын алайық. Сөз өнерінің сахнасына қалам ұстап шыққаннан бастап оның өнерпаздық тұлғасы зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Ұлт зиялыларының басым көпшілігі жазушы шығармалары туралы ой-пікірлерін əр кезде білдіріп отырды. 1924 жылдан жарық көре бастаған осы жарияланымдарды жинақтап көрсек, бұлардың өзі-ақ дербес зерттеу объектісіне айнала алатын шамаға жеткенін аңғарамыз. Сан алуан сападағы, əрқилы жанрдағы зерттеулер, рецензиялар, мақалалар, т.б. Бейімбет Майлин шығармашылығын нақты дəуір аумағында бейнелеп, жазушы хақында белгілі бір шамада жұртшылық пікірінің қалыптасуына негіз қалады, болашақ зерттеулер үшін ұстанатын бағытты, мақсат-міндетті айқындауға ықпал етті. Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды, сол сияқты ғылым да ұдайыізденісте болады, дамиды, жетіледі. Оның үстіне бір кезде бірыңғай идеологиялық талап шеңберінде жазылған еңбектерге қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруі əсер етпей қоймайды. Ал бұл сайып келгенде, бұрынғы өткенді жаңаша
195 байыптауды, алдағы міндеттерді нақты уақыт талабымен үндестіре қарастыруды талап етеді. СондықтанБ.Майлиншығармашылығыныңзерттелужайын зерделей келіп, мұның бірнеше кезеңдерді қамтитынына көз жеткіземіз. Бірінші кезең – 1924 – 1937 жылдар арасы. Егер қазақ əдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу жəне əдебиеттану ғылымының туу дəуірі 1917 – 1937 жылдардағы шығармашылық процестерді қамтитынын (Т.Кəкішев Қазақ əдебиеті сынының тарихы. А.,1994.,3-бет) ескерсек, Б.Майлин шығармашылығы жайындағы жарияланымдардың бірінші кезеңі нақ осы тұстан бастау алатыны дау тудырмайды. Мұның елең-алаңында Қостанайдың «Ауыл» газетінде 1924 жылы жарық көрген Мұхаметжанның (Бейсенұлы) «Ауылдың жүрегі һəм жұлыны», Əбдірахманның (Мұстафин) «Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин». 1925 жылғы «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Малайн – газет қызметкері» атты шағын жарияланымдар, С.Сəдуақасұлының «Лениншіл жас» журналындағы, «Жас қайрат» газетіндегі «Бейімбеттің өлеңдері» деп аталатын дəйектемесі, 1926 жылғы «Жаңа мектеп» журналындағы Т.Шонановтың рецензиясы, 1929 жылғы Ғ.Тоғжановтың «Əдебиет жəне сын мəселелері» кітабында айтылған кейбір ой-пікірлер тұрады. Сондай-ақ партия, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері Л.Мирзоянның, Т.Жүргеновтің, О.Исаевтың, І.Қабыловтың, Қ.Өтеповтің ресми сөздерінде, баяндамаларында жазушының есімі мен шығармалары аталып өтуі, М.Əуезовтің, І.Жансүгіровтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, М.Қайыпназаровтың, С.Ерубаевтың, Р.Жаманқұловтың, Е.Исмайыловтың, Ə.Тəжібаевтың, О.Бековтің, Б.Кенжебаевтың тақырыптық мақалаларында қаламгер қабілетінің жетістіккемшіліктерінің əр қырынан сөз болуы да осы кезеңге тəн. Дегенмен 20-жылдары Б.Майлин шығармашылығы С.Сейфуллин, М.Əуезов, М.Жұмабаев туындылары сияқты сан қилы сараптауларға, айқыш-ұйқыш айтыстарға ұшырай қойған жоқ. Негізінен С.Сəдуақасовтың «Бейімбет – ауыл ақыны», Ғ.Тоғжановтың «Өндіріс орындары-
196 нан, жұмысшылар өмірінен жазылған нəрсені пролетариат əдебиеті деуге болады. Ауыл тұрмысын көрсететін əдебиетті оған жатқызу қате» деген алғашқы тұжырымдары төңірегінде жекелеген рецензенттер жалпылама пікірлерін білдіріп отырды. Осы соңғы сынға байланысты жалпы жазушылардың бойында байқала бастаған бір үрдісті Ғ.Мүсірепов сол кезде дəл аңғартты. Ол Б.Майлиннің «Он бес үй» повесін «жазушының ірі шығармасының бірі» деп бағалай келіп, «Жазушыларымыздың көбі ауылды жазсақ пролетариат жазушысы бола алмай қалады екеміз деп соңғы жылдарда ауылдан мүлде қашуға айналғандары да болды. Ғаббас секілді айранды көжеге қосатын «сыншыларымыз» Белинский мен Марксизмді қосақтап, қобыратты-қобыратты да, жазушыларымызға жөн сілтеудің орнына, дұрыс жолынан теріс жолға түсуге жəрдемші болды. Ауыл арасындағы тап тартысының тақырыбы Қазақстан үшін өте үлкен мəселе екенін жазушыларымызға ұғындырудың орнына, ауыл тақырыбына жазғандар пролетариат жазушысы бола алмайды, пролетариат жазушысы өндірістен ғана шығады, өндірістіжазсаң ғана боласың деді. Бұрын ауыл ішіндегі əйел мəселесін, ауыл кеңесін, қосшы жайын, парақор, атқамінер, байдың қылықтарын күн құрғатпай жазатын Бейімбет осындай қойыртпақ сынның арқасында ауыл тақырыбын қоюға айналған...» деп атап көрсетті. Əдебиет сынының Бейімбетті «əлдиіне алатын» кезі отызыншыжылдардан басталады. Жазушыныңөзі де, «Сыншы» атаулы көп жылдарға шейін мен туралы аузын ашпай келді де, 30-шы жылы бірден тарпа бас салды. Екпіндері қатаң, өкшелері қисық келді. Менің шығармаларымды сынағанда менің өз басымның өткендегі кейбір қаталықтарыма байланыстыра сынады. Өңімді теріске айналдырушылық болды. «Ол кешегі пəленше еді ғой, бүгін неғып мұндай бола қалды, мұнысында бір гəп бар деп сығалады...» деген ойларын жазып қалдырған. Бұған қоғамда, əсіресе жазушылар арасында əрқилы пікірлердің туындауына себепші болған Мансұр (Ғатаулин) мен Бейсенбай Кенжебаевтың жəне
197 Рахым Уəлиахметұлының сын мақалаларын жатқызуға болады. Сол тұстың саяси деңгейімен Бейімбет Майлинге берілген бағаны, бұл субъективті сыни пікірлерді қоғамдағы салауатты күштер қабылдаған жоқ, қолдан келгенше қарсы тұруға тырысты. «Бұл брі саяси жала, əрі ауыр соққы... – деп жазды осы кезде Ғ.Мүсірепов. – Мұны біз əлі түзеткен жоқпыз. Кезінде көпшілік болып мұның қате екенін дəлелдеген қаулымызды «жеке басқарушылық» (единоначалие) жасап Қайыпназаров жолдас басып қалдырды». Зиялы қауымның 1933 жылдың соңына таман «Социалды Қазақстан» газетінде өткізген бас қосу кешінің осы мəселеге арналуы да тегін емес. Оны газет редакторының орынбасары Əйтіке Мусин кіріспе сөз сөйлеп ашып, ал белгілі əдебиетші-публицист Құлмырза Өтепов өз баяндамасында: «Бейімбеттің көркем əдебиеттегі 21 жылдық өмірі, жалпы Қазақстанжұртшылығыныңөсу өміріментығыз байланысты, Қазақстан жұртшылығы қандай асу, қандай тар жол, тайғақ кешу өтсе, Бейімбет те сондай асуларды, кешулерді өтті. Олай болса, өткен жылғы Бейімбетке теріс берілген бағаны өзгерту керек» деді. Мұны І.Жансүгіров, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, І.Қабылов қолдады. Бас қосуға қатысқан Б.Майлиннің өзі болса, бұл лебіздерді «бүкіл Қазақстан кеңес əдебиеті үшін істеліп отырған құрмет деп ұғам» деп шығармашылық жоспарлары туралы баяндады. «Қырман басы» (кейін «Қырманда» деп өзгертілді – С.Б) повесін бітіріп беретінін, «қызыл жалау» атты романға кіріскенін алғаш рет осы жолы жария етті. «Социалды Қазақстан» газетінің 1934 жылғы «Ақындарға ашық хат» айдарымен «Екі оқушының» (Саттар Ерубаев пен Рахымжан Жаманқұлов) хаттарын жариялай бастауы, олардың «Құрметті Бейімбет! Мырқымбай қайда? » деп сөз арнауы – бұл кезеңнің ерекшелікті өзгерісі. «Екі оқушының» ақын өлеңдері жөніндегі пікірлері, əдебиетті түрлендіруге байланысты айтқан ұсыныстары шынайы жанашырлықтан туған, қаламгердің əдебиеттегі орны мен ролін дұрыс бағалауға жол сілтеген ізгі ниетті жарияланым болды.
198 Отызыншы жылдар – Бейімбет Майлиннің өз қолымен жазып қалдырған «Мен қалай жаздым? », «Екі оқушыға жауабым» атты елеулі еңбектері, сондай-ақ «Іскер, байсалды сын керек», «Сəкен! », «Қалам батыры Қалмақан» атты мақалалары жарық көрген кезең. Аталмыш туындыларында Б.Майлин шығармашылық бастауларына ой жүгіртеді, жазушы еңбегін бағалау жөніндегі пікірлерін білдіреді, жазушылық зертханасының сырларынан хабар береді. Жалпыəдеби ортадағыпікірталастан бойын аулақ ұстаған Бейімбет Майлин өзінің əдеби сынға деген көзқарасын, кейбір сыншылардың тақырыпқа тар саяси шеңберде қарайтынын осы кезеңде алғаш рет ашып айтады. «...Бірер жазушыны «ауылды айналақтадың» деу қаншалықты орынды болар екен? «Ауыл», «өндіріс» деп бөлшектеудің керегі болар ма екен?», – дейді ол. «Көп жазасың, көп үңілесің. Баршамыз да солаймыз. Өйткені, үйрене беруіміз керек, əлі балдырғанбыз ғой. Ал бізді үйретер іскер, байсалды сын болса, əлі жоқ. Анығына келгенде, бізде көбінекей сын емес, жеке басының авторға қатынасын білдіретін рецензия ғана баршылық. Жақсы көрсең – жер-көкке сыйғызбай мақтайсың; жек көрсең – жержебіріне жетіп даттайсың. Терең де байсалды сынға зəруміз. Ол бізге қат... », – дейді ол тағы бір мақаласында. Бұл осы кезеңдегі І.Жансүгіровтің: «əдеби сын бізде əзір аз, біздің сынға кірісіп жүргендер əлі үстірт, тайқалақ, орашолақ істеп келе жатыр... » деген пікірімен де үндес жатыр. Жалпы 1924 – 1937 жылдар арасында Б.Майлин шығармалары туралы көп жазылды, əсіресе 1935 – 1937 жылдары оның драмалық шығармаларының Қазақстан сахналарында жиі қойылуына байланысты рецензия, оқырмандар пікірі түріндегі театр сыны өрістеді. Бейімбет Майлин шығармашылығы жайындағы жарияланымдар тарихының екінші кезеңі жазушының «халық жауы» атанып, есімі мен шығармаларын оқуға тыйым салынған 1937 – 1957 жылдарды қамтиды. «...1937 жылдың екінші жартысынан былай қарай ожар ауыздан шығып қалып жүрген қиратқыш сөздер нақты мəнге ие болып, əуелі
199 газет-журнал арқылы көрінді де, абақты-түрмеге жетектеп апаратын құжатқа айналып кете барды. Лай судан балық аулап, бақыт пен шенге белшесінен батқысы келгендердің күні туды» дейді профессор Т.Кəкішев. Бейімбет Майлин ақталғаннан кейін оның мұрасы жайында айтылған бірінші сөз белгілі əдебиетші Қайнекей Жармағамбетовке тиесілі. Ол араға жиырма жыл салып барып халқымен қайта табысқанжазушыныңжаңашығармалар жинағын құрастырды, жинаққа жан-жақты байыпталған маңызды алғысөз жазды. Бұдан кейінгі еңбек – Əбусағит Жиреншиннің орыс тілінде жазылған кітапшасы болды. Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында жазушы шығармаларын негізге алған, жекелеген қырларын нақты объект ретінде зерделеген алғашқы ғылыми диссертациялар туды. Алайда алды өткен ғасырдың 60-жылдары жарық көрген еңбектер Б.Майлин шығармашылығын зерттеудегі нақты дерек көздері болып саналғанымен, бір кезде осы еңбектердің жазылуына негіз болған қоғамдық-саяси талаптар, ұстанымдар қазір өзгерді, ұлттық мəдениет пен əдебиеттің даму тарихының жаңа беттері ашылды, соған орай Б.Майлинге қатысты да бұрын тілге тиек болмаған көптеген жаңа деректер айналымға шықты. Енді біржақты қарастырылып келген жазушы мұрасына тұтастай шығармашылық құбылыс ретінде қарау қажеттігі туындайды. Жəнемұнықазіргі тəуелсіз елімізде қалыптасқан қоғамдық ой-сана, ұлттық таным-түсінік аясында қарастыру қажеттігін өмірдің өзі ұсынып отыр. Демек ғұмыр жеткенше арман-мұратын ақ қағазға айшықтап үлгерген қалам қызметіндегі қаһармандық енді оңды-солды ойнақшытуды тілемейді, керісінше осы күнгі өлшем деңгейіне мұқтаж. Ал мұның бəрі, сайып келгенде Бейімбет Майлиннің шығармашылық өмірбаянын зерттеудің жаңа төртінші кезеңнің тиесілі міндеттер қатарына жатады. Бір мысал. 2000 жылы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы қазақ поэзиясының екі мың жылдық тарихын қамтитын «Екі мың жылдық дала жыры» атты 752 беттік
бірегей антологияны жарыққа шығарды. Онда Заратуштра, Анахарсистен бастап Қайрат Рысқұлбековке дейінгі қазақ ақындарының суреттері, өмірбаяндары жəне бір-екі өлеңі берілген. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы Шəкəрімнен басталады. Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Сəкен, Ілияс, Бернияз, Сəбит..., бəрі-бəрі бар. Бірақ сенсеңіз де, сенбесеңіз де, осы кітапта Бейімбет жоқ! Бейімбет шығармашылығын ақын болып бастап еді ғой, тұмса өлеңдері Ахмет Байтұрсыновтың тікелей ықпалымен «Қазақ» газетінде жарияланғаны қайда? 1925 жылы Смағұл Сəдуақасов «қазіргі тарихты ең алдыңғы қатарлы ақындарының бірі» деп бағалаған Бейімбет емес пе ол? Бар жазығы – «коллективтің жырын айтқаны» ма? 43 жастан асқанша 66 кітапта авторлық құқығын қалдырған Бейімбеттің соңында қалған еңбектерінің тең жартысынан астамы поэзиялық жинақтары емес пе? Оншақты поэма жазғанын қайда қоямыз? Солардың ішінен «Екі мың жылдық дала жырына» кіргізуге тұратын іліп аларлық бір-екі өлең табылмағаны ма? 1930 жылдан кейін өзі де өлеңді сиреткен Бейімбеттің ақындығын мүлде жоққа шығаруға бола ма? Бұл – Майлин поэзиясына арналған ғылыми зерттеу еңбектерін де жоққа шығару болмас па екен?! Міне, ғалым Балтабай Əбдіғазыұлы жазып отырған туған əдебиет тарихын жаңа көзқараспен зейіндеу идеясын, сол сапта тұратын Бейімбет Майлин сияқты қаламгерлер мұрасына да жаңаша қарау – жаны аши қарау, жаңашыл көзқарас – жанашыр көзқарас деп түсінетініміз сондықтан. «Егемен Қазақстан» газ., 2002 ж., 20 сəуір.