251 үйіне жіберді, – деп еске алады Рəзия. – ...1940 жылы Мереке екеуімізді балалар үйінен қуып жіберді. Айтатындары сол баяғы «Сендер халық жауының баласысыңдар, бұл жерде сендейлерге орын жоқ» деген зіркілдеу. Біз «басар жеріміз жоқ, ең болмаса, бір жылға қалдырыңыздар» деп қанша жалынғанымызбен директор (орыс əйелі еді) оған тіпті құлақ асқан да жоқ. Содан Мереке екеуіміз «Главмука» фабрика-завод училищесінің мектебін сағаладық. Д.Бедный көшесіндегі 16-шы үйге орналасқан осы оқу орнында (директоры Пименюк) бір жыл оқып, тиісті мамандық алып шықтық. Көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталды. Біз жұмысқа Қарағандыдағы №4 ұн комбинатына жіберу туралы өтініш жаздық. Себебі ол Карлагқа жақын еді» («Əкемді ойлап толғанам». «Қостанай таңы», 1994, 9 шілде). Бұл кезде екеуі Гүлжамалдың қай жерде екенін білетін. Балаларының қайда кеткенін сұрастырып жүріп, біліп алған Гүлжамал 1939 жылдың соңында Семейдегі үшеуіне тілдей хат жібереді. Сонымен Рəзия мен Мереке Қарағандыға келіп, ұн комбинатына жұмысқа орналасады. Ал Еділ Аягөздегі балалар үйіне жіберіледі. Ол одан қашып кетіп, Қарағандыға келеді. Туыстарына қосылады. Көп ұзамай Мереке майданға аттанады. Үйдің тоз-тозы шығып, бəрі бытыраған соң Қостанай жақтағы ағайындарын сағалап кеткен Əукен Семейден бауырларында бір рет болып қайтады. Ол қайтып келіп, қастарында болмақшы еді, бірақ тағдыр оған жеткізбеді. Əскерге алынған оны соғыс басталғанда «халық жауының» баласы деп айыптылар батальонына қосады. Содан ол қайтпады, хабар-ошарсыз кетті. Ал Алматыдағы №3 сəбилер үйіне апарылған Гүлсіммен мен əлденеше рет сөйлестім. Апыл-тапыл басқан, тілі əлі шыға қоймаған баланың есінде не қала қойсын. Ересек боп жеткеннен кейін, Бейімбет те Гүлжамал да жаладан ақталған соң, оған не болып, не қойғанын айтып берген екен.
252 Семейге аттандырылған балалардың соңынан көп ұзамай Гүлсімді Сарқандағы (Талдықорған облысы) балалар үйіне ауыстырады. Алматыдан төрт жүз шақырымдай жерге, алысқа апарып тастайды. Əке-шеше қайда, бауырлары қайда, оны Гүлсім біліп жатыр ма? Бір жарым жылдан кейін оларды ұмытып та кетті. Анда-санда шешесі ойына түсетіні бар. Бірақ, оның да бейнесі сəбилік санадан өше бастады. Бара-бара өң-жүзі қандай екені ұмытылды. Сөйлеу; орысша болып кетті. Тəрбиешілер де ұрыса береді. «Халық жауының сүмелегі» деп таяқ астына алатын, қуып жүріп ұратын кездері де болатын. Осының бəрі не үшін екенін Гүлсім түсініп жатқан жоқ ол кезде. Күндер соңынан күндер өте берді. Ана мен балалардың қосылатын сəті де туды. Алдымен Гүлжамалды Рəзия іздеп тапты. Мереке болса, əскерге кеткен. Соғыстың жүріп жатқанына үшінші жыл. Рəзия он сегізге толды. – Мен қайткенде де Карлагқа барып, шешемді бір көріп қалуды арман еттім, – деп есіне алады Рəзия. – Бірде Жарық станциясына бір жабық вагонмен ұн жіберетін болдық. Көктен іздегенім жерден табылып мені осы вагонды алып жүретін жолсерік етіп жіберуді өтініп, жата жабыстым. Оған рұқсат алдым да. Сонымен Рəзия Гүлжамалды тауып алады. – Анам мені көрген бойда есінен танып қалды, – дейді Рəзия ары қарай. – Сəл есін жинағаннан кейін өзінің əр баласының тіршілігін жеке-жеке сұрады. Бір-бірімізді керемет сағынып қалған екенбіз, таң атқанға дейін əңгімелесіп шықтық. Ал таңертең екеулеп отарды өріске айдадық. Міне, осылайша мен анамның қасында бір ай бірге болдым. Қуанышы мен тауқыметін бірге бөлістім. Соғыс аяқталды. Жау жеңілді. Сол жылдың желтоқсан айында ғана Гүлжамал босап шықты. Кесікті жылдарын толығымен өтеді. Ешқандай кешірім жасалмады. Сегіз жыл бойы арып-ашып лагерьде жүру əйел адамға оңай ма? Шыққан бойда Гүлжамал Қарағандыдағы Рəзияға келеді. Еділді балалар үйінен шығарып, М.Горький атындағы №2 шахтаға слесарь етіп орналастырады. 1946 жылдың басын-
253 да майданнан оралған Мереке шахтаға маркшейдер болып жұмысқа кіреді. Рəзия болса, тұрмыс құрған. Сөйтіп, он жылға жуық уақыттан кейін ғана бастары құралады. Бұл кезде Гүлсім 12 – 13 жаста. «Сенің шешең тірі» деген бір хабарды естіген соң, ол да анасын іздеп Қарағандыға жетеді. Бірақ, он жылдан астам уақыт ішінде оларды «халық жауының үйіші» деп, сескене қарап жүрді жұрт. Алайда, кей азаматтардың мəрттігін айта кеткен жөн. Гүлсім оныншы класты алтын медальмен бітіріп, Алматыға оқуға келгенде Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүсірепов, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақовтардың азық-түлік əкеп беріп тұрғанын айтады. Біреу-міреудің көзіне түссе, жақсылық күтуге болмайтынын білетін олар Гүлсімді түн ішінде қонаққа алып кетіп жүрген. Мұхаңның «Папаң жақсы адам, кейін тарих оны ақтайды» деген сөзін естіген Гүлсім. Ол Ғ.Мүсірепов пен С.Қожамқұловтың араласып, жəрдем беруімен медицина институтына қабылданады. «Жақсыдан – шарапат» деген осы, өз бастарын қауіп-қатерге тігіп, осындай жақсылықтар істеу Б.Майлинге істелген құрмет еді... Тірі адам тіршілігін жасайды. Қалт-құлт етіп күн көріп жүргенде 1957 жыл да келді. 16-сəуір күні С.Сейфуллин, I.Жансүгіров жəне Б.Майлин үшеуінің ақталғаны туралы радиодан хабар берілді. Бір емес, бірнеше рет қайталанды. Гүлжамал да, балалары да өз құлағымен естіді. Үшеуі де құлан таза ақталыпты. Сол жылы Гүлжамал да ақталды. Қиындық Гүлжамал босап шыққаннан соң да болмай қалғанжоқ. Б.Майлиннің алтытомдық шығармаларжинағын шығаруда тағы да кездесті. Бұл кезде жазушы шығармаларының бірден бір мұрагері Гүлжамал болатын. Сол мұрагерлік құқын жоғарыдағы басшылар бұзып, 1960 – 64 жылдары тездетіліп шығарылған алты томдықтың қызығын оған көрсетпеді. Гүлжамал тиесілі төлемін ала алмады. Дəл осы жағдай Гүлбаһрам мен Фатима басында да болған... Сөйтсе, республика үкіметі басқа қаржы таба алмағандай, 1958 жылы Мəскеуде өткен онкүндіктің шығынын үшеуінің шығармаларының пайдасын мемлекетке алу арқылы өтеген екен. Жесір əйелдер республикадағы, Одақтағы партия жəне
үкімет басшыларына шағым жасаған. Еш нəтиже шықпаған соңпартияныңХХІІІ съезінешағымданған. «Турасын айтсаң, туысыңа да жақпайсың» дегендей, аналардың əділдікті талап етіп арызданғаны жоғарыға ұнамады, Тұрсынбек Кəкішевтің «Енді жалғыз Гүлбаһрам емес, қазақтың үш арысының, əсіресе, Бейімбеттің əбден азып-тозған үлкен семьясы қайтадан сорлады, есін жиып, еңсесін көтеруге мұршасы келмеді» (Ескірмейді естелік. 1994, 66-б.) деп ашына жазуы – шындық. Ел көзқарасы өзгерді. Жанашырлықпен, құрметпен қарайтын болды. Балалары ер жетті, үй құрады. Гүлжамал астанаға көшті, оған жаңа салынған үйден үш бөлмелі пəтер берілді. Б.Майлиннің 70 жылдық мерейтойы да үлкен қуаныш əкелді. Туған кезінен кешеуілдеп, 1965 жылы өткен той халық мерекесіне айналды. Сол тұста Бейімбеттің ұлылығын аса сезінген Гүлжамал өзінің жүрекжарды сөзін айтты... Гүлжамал – рухы күшті ана, отыз сегіз жыл бойы басынан өткен қасіретке мойымаған адам. Ол жеңді, зұлымдар қарабет болды. Ол 1974 жылы 74 жасында дүние салды. Қайран, асыл ана! Ойрандалған отбасының тағдырын ой елегінен өткізгенде оларды жөн-жосықсыз талқандаған, мұң мен зарға толы өмірге душар еткен адамдарға айтылар қарғыста шек болар ма?! «Қазақ əдебиеті» газ., 1997 ж., 11 ақпан.
255 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ ТЕКТІЛІК Орыс сыншысы В.Белинскийдің «Ақын – бəрінен бұрын адам, содан соң өз жерінің азаматы, өз дəуірінің перзенті», – деген осы уақытқа шейін естен кетпей келе жатқан ойлы тұжырымы Б.Майлинге де, тіпті барша ақынжазушыларға да қатысты. Осыдан туындайтын мəселе – Бейімбет өз халқының, туған жерінің азаматы бола алды ма? Əрине, оның тектілігі – ең алдымен еліне, ұлтына адал қызмет еткендігінде. «Отымен кіріп, күлімен шыққан» дегендей, ол он ойланып, жүз толғанса да, төпеп, төгілдіріп жазса да халқының қасіретін, қайғы-қуанышын көрсетуден ауытқымаған, жаны ауырып, бүйрегі күйзелген нағыз азамат суреткер. Қаламгер пешенесіне қашанда кіндік кескен жеріне, туған халқына қызмет ету жазған ғой. Алашорда көсемі А.Байтұрсынов: «Қазағым, елім! Қайқайып белің Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып. Қанған жоқ па əлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!» – деп, жырласа М.Дулатов «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты» деп халқының жігерін жанып, рух беріп жатқанда, жас Бейімбет те елі үшін жаны егіліп, көкірегі езіліп, санасы сан қырды шарлайды. Қайтсе ел тұрмысы жақсарады деп елжіреген ол да жалын атқан үнін шығарып, ішкі мұңды да шерлі сырын, тілеуі мен үмітін ақтарған. «Қазағым» деген ағайынды елім бар» деп «Көңіліме» деген өлеңінде мəшһүр дүниеге жар салған жас ақын қазағы-
256 ның тірлік-тынысына көңілі толмай «Мұқтаждық» өлеңінде шерменде күйге түссе, «Қанды тұман» деген өлеңінде 1916-жылғы аласапыранда «Сабылған ел арасы елдің ері, қысылып, елдің сасар келді жері», «Елдің іші қалың тұман, жылау-сықтау» деп жан-жүрегі дегбір таппайды. «Елге барғанда» деген өлеңіндегі: «Бірінен бірі жақын, маған жылы, Томары, жарық, шалшық көлі, қыры... Көк жасыл минутына жүз құлпырып, Өзгеше əлденеге бүгін түрі. Жұмақтың бақшасындай гүл жапырақ, Сайраған түрлі құстар қылып тұрақ. Жұбатқан жанның бəрін Жайлы жерді Сағынбай тұрар адам не ғып шыдап?» – деген шумақтар оның сағыныш күйін шертеді. Кеңес өкіметі орнап жатқан кезде де, Алашорда құрылған уақытта да, одан кейінгі қоғамда болып жүрген оқиғалар тұстарында да – бəріне үміт арта қарап, өз еліне жақсылығы болса игі деп тіледі. Кейде кеуде керген қуаныштан көңілі тасып, лепіріп, қыран құстай саңқылдаған үні шартарапқа тарап кетті. «Қазаққа» атты өлеңін «Келді кеңдік, туды теңдік басыңа» деп бастап, «Алалықты араңдағы жой, қазақ!» деп, береке-бірлікке шақырса, «Бірлік қылсаң, алашым, Ілгері қарай басасың. Қол ұстасып ұмтылсаң, Қатар жұрттан асасың. Атағын мəңгі қалдырып, Жасасын алаш, жасасын!» – деп, «Алашордаға» деген өлеңінде ниеттес екенін білдіріп, пейілін ұрандатып жар салған. Ал «Еліме» атты өлеңінде разы көңілден шабыт буып:
257 «Елім-ай, бір сен үшін міндім атқа, Көзден жем қылмаймыз деп енді жатқа. Көтеріп Алаш туын ұрандадық, Қарамай шапқан қылыш, атқан оққа», – деп елі үшін атқа мінгенін, алаш туы астында ұрандағанын жасырған жоқ. Соңғы екі өлең Бейімбет ақталғаннан кейін шығарылған жинақтарына енгізілмей келді. Оның мəнісі алаш полкінде бірнеше ай қатардағы жауынгер болғаны, алашордашыл деп сыналғаны, таңылған таңбадай жабысып қалғаны. Есесіне «Əкесінен хат», «Садақбай» өлеңдері қалдырылмай келді. Бұл туындыларында алаштың кейбір істерінің салқыны тигені сезіледі. Бірақ оның алашта болғандығы үлкен айып болып жапсырылып, содыр сыннан көз аштырмады. Алайда, ол халқына деген адалдығынан, ақ жүрегінен айныған емес. Қай шығармасын алмаңыз, сол ойының желісі созылып жатқанын көреміз. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бəріміз», «Құтты болсын мейрамың», «Жаңартты қазір жырды ауыл» сияқты өлеңдерден шалқыған көңіл, шарықтаған қуанышқа бөленгенін аңғарамыз. «Он бес үй», «Əміржанның əңгімесі», «Кездескендер» (алғашқысы «Қырманда»), «Майдан», «Аманкелді» (кино сценарий), «Тартыс», «Азамат Азаматыч», «Қоңсылар», «Қызыл жалау», тағы басқа шығармалары қиын-қыстау өмір кезеңдерін басынан кешірген елінің тағдырын əспеттеп көрсетуге арналған. Елі жыласа, көзден жасы тамшылаған, қуанса, қайғы-шері аршылған Б.Майлиннің ұлылығы да осында. Тектіліктің бір белгісі – парасаттылық. Шығыстық Аристотелі, ғұлама Əбу Нəсір əл-Фарабидің: «Күллі игіліктің ішіндегі адам үшін ең ерекше мені бар игілік – парасаттылық болып табылады, себебі адам парасаттылықтың арқасында адам болған» деген сөзінің мағынасы Б.Майлин биігінен мол табылады. Бұл ұғымның тарамдары сан-салалы. Ақылой да, сана-сезім де, адамгершілік те, адалдық та, зерделілік те, салиқалылық пен салауаттылық та, қарапайымдылық пен кішіпейілділік те, жоғары мəдениеттілік пен əдептілік
258 те жатады дер болсақ, солардың бəрі Б.Майлин болмысына дарып, бойына терең сіңген. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген Абайдың асыл сөзі Б.Майлиннің жолын көрсеткен жарық жұлдызындай. Оны еңбекқор дей салу жеткіліксіз. Ең алдымен оның еңбегі-таза еңбек. Ешқандай ұрлық-қарлығы, алдап жеуі, біреудікіне қол сұғуы, жырымдап алуы жоқ. Сырттай жұпыны көрінетін оның есте қаларлық жері қою қарашашыныңұшжақтарыбұйраланашиырылыпмаңдайына төгілетіні, бадырайған үлкен көздері, тостағанның аясындай домалақ келген беттері өзіне жарасымды-ақ еді. Сөзге жоқ, өсекке əуес емес. Қағазға төнгенде сөздің мəні мен көркін маржандай төгілтетін суреткердің мінбеге шықса, жұртты аузына қарата сөйлейтін шешендігі де жоқ. Тегі мінбеге ұмтылып, көрініп қалайын дейтін мінезден аулақ. Ғ.Мүсіреповтың «Совет дəуірінің барлық күнделігін қағазға түсіріп қалдырған – Бейімбет» деген сөзіне ойлана, үңіле қарасаң, Б.Майлиннің аса бір ерекше тағылымына, асқан еңбекшілдігіне айтылғандай. Редакторлық, журналистік, жазушылық, баспагерлік, қоғамдық жұмыстар бастан асып жатса да бар есіл-дерті жазуға ауған. Ешқандай бап талғамаған, өзіне бір ерекше жағдай талап етпеген, қайта жайлы креслодан өзін аулақ ұстауға тырысқан. Кейде амалсыз көнуге тура келген. Соның өзінде қанша мəнді шығармалар қалдырған. Міне, оның ақталғанына да елу жыл болды, зерттеушілері, шығармаларын іздеушілері көп-ақ, əлі күнге дейін туындыларының бас-аяғын жинақтап түгендеп ала алмай жүрміз. Б.Кенжебаев: «Бейімбет алуан қырлы, ұшқыр қиялды, зор талантты жазушы еді» деп жалпы оң пейілді сипат беріп, «қаламы əдебиет жанрының бəріне бірдей жүйрік те жетік еді» деуі зор бағалауы, үлгі-өнеге тұтуы. Ал, М.Əуезов: «Тарихтық бағалы еңбек етуші», І.Жансүгіров: «Жазғанының көптігі мен көркемдігінен де алда келеді», С.Мұқанов: «Жұмысының көптілігі жəне өнімділігі жағынан Бейімбетке теңдесетін қазақ жазушысы, əсіресе журналист аз болатын, бұрқыратып төпеп жібереді» деп зор баға
259 бергенінен Бейімбеттің еңбек ету ерекшелігін аңғарамыз. Оның тез жазатынын, кеңседе болсын, үйінде болсын үнемі жұмыс үстінде болатыны, редакцияда ұзақ отырса да қарап үлгіре алмаған материалдарды үйіне алып кетіп, ертеңіне даяр қылып əкелетінін, пəтерінде балалары шулап жатса да алаңдамай жаза беретінін, «жазу жұмысында қажымас қайраткер» (Ғали Орманов) адам екенін, қатарынан екі-үш шығарма жазып жүретінін, жемісті, көп қырлы жазушы екенін замандастары тебірене əңгімелеп, біздерге көп сыр шертіп кетті. Енді бір мысалға тоқтамай кету қиянат. Бұрын да шет-жағасы белгілі болып келсе де, көпшілік жұрт біле бермеуі мүмкін. 1923 жылы Қостанайда шығатын «Ауыл» газетіне арнайы жіберілген Б.Майлин бар жұмысты үйіртіп алып кеткен ғой. Бірінші қыркүйекте шыға бастаған газеттің əуелі хатшысы, көп ұзамай редактордың орынбасары болып істеген ол ерекше еңбек үлгісін көрсеткен. Оның тұсындағы алғашқы редактор М.Сералин губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары əрі губерниялық жер-су бөлімінің меңгерушісі, одан кейінгі – М.Бейсенұлы губерниялық атқару комитетінің төрағасықызметтерін атқардыда газетке мойын бұра алмаған. Бар жұмыс Бейімбеттің мойнына түскен. М.Бейсенұлы оны «Ауылдың жүрегі һəм жұлыны» деп бір жылдан соң жоғары бағалаған. Сол кісінің жазған төмендегі пікірлеріне көңіл қояйықшы: «Ұзақ күнге дамыл жоқ, ойын-күлкіден тыс, жатса-тұрса ойлайтыны «Ауыл». Ертеңгі сағат алтыда тұрып, басқармада түртініп отырғаны. Тілшілерден келген хабарлардықарапшығып, сұрыптап, кешіктірмей, маңызынжоғалтпай, уақытында басып шығару... Басқарма үйінде толған басқарма қызметкерлері. Бəрі орыс, ішінде жалғыз-ақ отырған қазақ. Бұл – «Ауыл» газетін шығарушы Бейімбет... Жалғыз Бейімбет газет ісінің бəрін атқарады. Əрі үлгереді. Газет уақытында шығып, үлгеріп отырады. Кейде жетісіне екі-үш рет шығып қалады. Шығаратын, басқаратын жалғыз өзі. Көмекші алуға қаражат жетпейді. Бір өзі бес кісінің жұмысын атқарады... Бейімбетте ренжіп қабақ шыту жоқ. «Ауыл» газеті мақтау алып отырса, ол Бейімбеттің арқасында».
260 М.Бейсенұлының сөзін толық келтірмесек те, қайран Бейімбеттің еңбекке берілгендігі анық та айшықты көрініп тұрған жоқ па. Қыруар жұмысқа қарамай, мақалаларын, өлеңдерін айтпағанның өзінде, «Шұғаның белгісінен» кейінгі екінші повесі – «Раушан-коммунист» повесін, əлі күнге шейін маңызы жойылмаған «Айранбай», «Құлбай», «Құлақ», «Бақ ауған», «Мұсадан хат келді» сияқты көптеген əңгіме мен фельетон жазып, абырой-атағы кең тараған. Бір жарым жылдан артығырақ істеген бұл мезгіл – ол үшін журналистігі мен жазушылығы арбаға жегілген қос арынды аттай алға сүйреп, шарықтау өрісіне сара жол ашқан кезең. Сол қарқынды бетінен ауытқымай, шабытты еңбек тізгінін тартпай алысқа құлаш сермей түсті. Қайда жұмыс істемесін, ол солай еңбек етуден бір танбаған. Нəтижесінде небəрі 43 жыл, үш ай, он күн өмір сүрген Б.Майлин бес роман, он жеті повесть, он сегіз поэма, жиырма төрт пьеса, жүзден аса өлең, сол шамалы əңгіме, жүз елудей фельетон, қырық шақты очерк, екі сценарий, екі либретто, жеті жүзден аса мақала жазып үлгерді. Олардың бұрынғы жинақтарына кіргені жартысын ғана құрайды, кейбірі табылмай белгісіз болып келеді. Архив ақтарып жүріп жинақтағанымыз он томнан асып жатыр. Бейімбеттің көптомдығын шығаруды «Қазығұрт» баспасы қолға алып еді, жетеуін бастырды. Қаржылық жағынан Мəдениет министірлігі уақытылы жəрдем беріп отырса, баспа тездетіп шығара алады. Оған сеніміміз кəміл. «Өзі жоқтың көзі жоқ» деп қарамайық. Бұл іс – тірілердің арыс азаматымыздың алдындағы парызы. Жас талаптарға ақылымен де, қалам көмегімен де, жұмысқа орналастыруымен де қол созған ол, ешкімнен сый-сияпат көрейін, мақтау естиін, деп əсте ойламаған. Сондықтан ғой Б.Майлиннің: «Ұядан жаңа ұшқан көк қанат балапан қандай болса, қолына жаңа қалам ұстаған жас та сондай, ар жағында өнері болса, ондай жасты қолдап, көтермелеп жіберу керек. Тырнақалды шығармасын ерінбей өңдеп, қырнап, сырлап жіберсем, ендігі жолы өзі əрі қарай тəй-тəй басып жүріп кетеді» дегені.
261 Өзінің ерінбейтін еңбекқорлығын былай қойғанда, икемге, жөнге келетін-келмейтініне қарай əсер-ықпалымен басқа жанға мейірлі шуағын төгетін Бейімбеттің қол ұшын бермеген адамы кемде-кем десек те, өте-мөте Ғабеңе, Ғабит Мүсіреповке, іші-бауыры елжіреп-ақ тұратын. «Жазушының тəртіпке көшуіне» үлкен себепкер болған. Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ əдебиеті жедел дами бастады дегенде əуелі ойға оралатындары кесек шығармалардан М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», Ж.Аймауытовтың «Ақ білек», С.Көбеевтің «Қалың мал, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Сералиннің «Гүлхашима» деген туындыларынан басқа Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің əсерлілігі де ерекше байқалған. 1915 жылы əңгіме ретінде жазылған бұл шығармасын 1922 жылы повестке айналдырып, «Қызыл Қазақстан» журналына жариялатады. Сол кезде оқырмандардың назарын бірден аударған шығарма осы, əсіресе, жас таланттарға тиген əсері аса бөлек. Əркім өзіне үлгі етуге, үйренуге талпынған. Б.Майлин шығармаларының жоғары реалистік жəне профессионалдық деңгейде жазылғанын көрсетіп, «алғашқы прозаик – суреткеріміз» деп бағалаған Ғ.Мүсірепов «Біздің қай-қайсымыз болсақ та «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне оранып өстік» десе, ол текке айтылған сөз емес. Проза ғана емес, өлең, əңгіме, фельетон жазуда да Б.Майлинді өнеге етушілердің қатары аз емес. Ол екі жағынан – шығармашылық жəне қамқорлық жəрдем беру арқылы бірталай апыл-тапыл басқан таланттардың жолын ашқан. М.Əуезов те оны реалист жазушы деп есептеген. Б.Кенжебаев: «өзіміздің де тырнақалды əдеби сын мақаламызды қарап, түзеп газет бетінде жариялаған, сөйтіп, бізді мəдениет майданына енгізген осы Бейімбет болып еді» (Бейімбетпен бірге. «Оңтүстік Қазақстан», 30.04.64.) деді. Сонау Қызылжардан іздеп келген Мариям Бектембекованы бірден қамқорлыққа алып, «Еңбекші қазақ» газетінің хат бөліміне орналастырғаны да өнеге. Бейімбет оған аударма жасатып, келмей жатқан жерін өзі түзетіп, жəрдем көрсеткен. «Аяулы аға ұстаздық етуден бір жалыққан емес»
262 деуі Мариямның ақ жүрегінен айтылған сөз. Нəтижесінде М.Бектембекова журналистер институтында оқыды, республикалық əйелдер журналының редакторы қызметіне дейін көтерілді, басқа да баспасөз орындарында жауапты қызметтер атқарды. 1928 жылы Қызылордаға келіп, «Лениншіл жас» газетіне орналасқан Жақан Сыздықовты алғаш көргенде-ақ Бейімбет жылы жүзбен биязы сөйлесіп танысады да: «Келген орның құтты болсын. Осы ортаға келгенің дұрыс болыпты. Жазам деген кісінің жанымызда болғанын жақсы көреміз» деп үйіріп əкеткен. Мұндай жан толқытар лебіз білдіру сирек кездесетін құбылыс шығар. Онымен қоймай, сол жерде-ақ «Біздің үйге жүр» деп ертіп əкеткен Бейімбет барған соң біраз əңгіменің басын қайырып, оқып білім алу керек деген ақыл береді. Əмісе қол ұшын беріп жəрдемдеседі. Сөйтіп Жақан басылымдарда жауапты қызметтер істей жүріп, сүбелі шығармалар жазып шығарды. Досындай болып кеткен Бейімбетті ұмытсын ба, кейін Ж.Сыздықов «Жастарды жанындай жақсы көретін. Ешкімнің жасына, дəрежесіне қарамай сыйлаушы еді» деп ағынан жарылып Бейімбеттің ерекше бір қасиетін бейнелеп берді. Ал Бейімбетің қамқорлығын көрген А.Тоқмағамбетов те тебірене: «Биекеңді бір мен емес, бəріміз жақсы көретін едік. Бəріміз «Біздің Биекең» деп құрметтеуші едік. Өйткені артық сөзі болмайтын, ақылгөй аға, əрі жақсы ұстаз еді» деп кеткені аса бір құрметтің белгісі. Кейін «қырғи тілді Асқар» атанған А.Тоқмағамбетов «Біздің Биекең» деген естелігінде Бейімбеттен алған бір хаты жөнінде былай деп жазған: «Бейімбеттен ең соңғы рет Шəуілдір ауданында жүргенде хат алдым. Онда мынадай деп жазыпты: «Асқар, құттықтаймын. «Уборщица» деген поэмаң бəйгі алды. Үздік шыққан Сəбиттің «Ақ, аюы» мен сенікі болды. Бұлжолы Ілияс та қалып қойды. Комиссияның мүшесі мен едім, сенің жазғаның өте кешігіп тиді. Оқып көрсем ойдағыдай екен. Сəлеммен Бейімбет». («Ленин жолы» газ. Қызылорда облыстық. 1965ж., 19 қараша). Кім осылай мыңдаған шақырым жерде жүрген адамға хат жа-
263 зар еді. Оны істеу үшін Бейімбеттей адамгершілгі биік кісі болу керек. 1920 жылы Қостанайдың оқу бөлімінде нұсқаушы болып істеген Таутан Арыстанбеков «Қостанайдағы Бейімбет ауылдағы мұғалімдерден күн сайын тақпақ жазып жібер деген өтініш хаттар алды. Бейімбет ерінбей-жалықпай сол өтініштерге жауап қайтарып отырады» деп кейін есіне алғанда сол кезді «Бейімбет дəуірі» деп есептеген. Ақын Д.Əбілов «Шындықтың шырқын бұзбау керек» деген мақаласында («Қазақ əдебиеті» газ., 1994 ж., 17 маусым) «Қолыма алғаш қалам алып, өлең жаза бастағанымда Би-ағаң жырларын үлгі-өнеге етіп өрнектейтінмін. Мысалы «Кооператив», «Өрбі енді», «Құлтаң бай» деген өлеңдерім солай жазылып, газеттерде басылған. Ал прозада тұңғыш əңгімем «Сырлы шкафтың сыры», поэзияда тұңғыш дастаным «Шалқыма» Би-ағаң талғамынан өткен, тұсауын Би-ағаң кескен жүрек перзенттерім» деп жазса, ол да Б.Майлинге деген ілтипат жəне құрмет. Б.Майлинге 1929 жылы алғаш рет Семейдегі «Жаңа ауыл» газетінде кездескен, 1933 жылдан бастап жиі көріп жүрген қаламгер Қ.Малаев «Шіркін-ай, жастарды жанындай көретін еді ол. Мына Əбділданы, Зейінді, марқұм Саттарды аясына ала беретін еді. Ол «Лениншіл жас» редакциясына келгенде жас таланттар бəйгі аттың бауырына жанасқан құлын-тай сияқты көрінетін көзге. Талабы бар жасты Бекеңнің өзі іздеп табатын. Дəл осы бір оның мінезін Ғабит дұрыс айтыпты. Достың сырын досы біледі ғой. Ғабит пен Бейімбеттің достығындай достықты бұрын-соңды білген емеспін», – деп «Жаңа дəуір жаршысы»» деген мақаласында («Коммунизмтуы» газ., 1965 ж., 19 қараша. ШығысҚазақстан обл. газет) тебірене сыр шертсе, Бейімбетті білетін көбінің ойындағысымен орайласып жатқанын байқай аламыз, айқын дəлел деп білеміз. Жамбылдың өлеңдерін жазып жүретін хатшыларының бірнешеуін білетін едік. Олардың қатарында Зейнелғабиден Иманжановтың аты айтылмайтын. Ол, сөйтсе, Жамбылдың алғашқы хатшысы екен. Сəті келіп оны анықтаған бірегей
264 білімді де ақиқатшыл ғалым əрі ұстаз Т.Кəкішев болды. З.Иманжановтың сол игі іске себепші болуына ықпал жасаған Б.Майлин екен. Оны «Ғалия» медресесінде бірге оқыған кезінен білетін Бейімбет 1932 жылы Жамбылдың өлеңдерін жинауға оның кіріскенін жөн көреді. Өзі оқу халық комиссары Т.Жүргеновпен келісіп, жазып алған қаламақысына ақша төлеттірмекші болып сендіреді. Келіскен З.Иманжанов Жамбылды үйіне алдырып, жазуға кіріседі əрі шарт жасасып, алғашқы авансын алған. Бұл жерде Т.Кəкішев екі түйін түйеді: біріншісі, Жамбылдың асыл рухани қазынасы ұмытылып кетпей тұрғанда жазып алып қалу, екіншісі, сол бір ауыр жылдардағы Зейнелдің отбасына қосымша табыс, күнкөрісіне септігі тиетін жағдайды ойластыру. Сонда Б.Майлин екеуіне де қамқоршылық еткен болып шығады. М.Хакімжановаға деген ілтипатына аз-маз тоқтала кеткен лəзім. Б.Майлин еліне бір барғанда естіген «Жаңа шыққан жоқтау» деген өлеңді жазып алады. Оны шығарған М.Хакімжанова екен. Тағы бірде «Əйел теңдігі» журналына келген хаттарды алқа мүшесі ретінде қарайтын ол бір өлеңді ұнатып, журналға бастыртады. Оның да авторы сол Мариям. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде кездескен оған Бейімбет: «Ақындық сенің тұқымыңда бар. Арғы атаң Балғожа бидің өзі ақын болған. Одан қалды Ыбырай Алтынсарин ақын болған. Ақын болмасаң сен мұнда оңайлықпен келе қояр ма едің. Еріксіз қанатыңды қақтырып, астанаға алып келген сол ақындықтың күші, шырағым, – деп талабына дем бере келіп, ағалық ақылын алға тартады. – Енді оқуыңды біл. Əсіресе күнделікті газет-журналдарды көп оқы. Неғұрлым көп оқысаң, солғұрлым ойыңды тереңдетіп, тіліңді ұштайтын нағызмектеп солар» – депжазған өлеңдерін əкеліп тұруын, өзінің үйіне келіп жүруін, көмектесетінін сол жерде-ақ мəлімдейді. Содан бастап Мариямның жанашырындай болған Бейімбет өлеңдерін де қарап, жариялатып отырды, жұмысқа орналастырды, оқуға түсуіне көмектесті. Оны Мариям «қамқор əке, ақылды аға, қатал ұстаз» ретінде көріп, үй-ішімен тонның ішкі бауындай араласып кеткен.
265 Сөйтіп М.Хакімжанова қазақтың ақын қыздарының ортасынан берік орын алған. ХалқымыздыңсүйіктіжазушыларыныңбіріС.Ерубаевтың есімі əдебиетіміздің көрнекті өкілі ретінде есте қалды. Оның «Менің құрдастарым» романы Б.Майлиннің кеңес жəрдемімен жазылғанын бəріміз біле бермейміз. Тұрманжановтың айтуына қарағанда, Саттарды өз баласындай жақсы көрген. «Менің құрдастарым» деген шағын дүниемнің жарыққа шығуына Би-ағадан кеп көмек көрдім. Жұрттың бəрі Биағаңдай болсайшы», – дейді екен С.Ерубаев. Бойындағы дарын қуатын қанаттандырып самғатқан адамның бірі – атақты əртіс, актер Е.Өмірзақов «өнер есігін ашып, оның төріне шығарып, мені адам еткен Бейімбет – деп өзінің жүрек жарды пейілін айтып кеткен. Б.Майлиннің парасаттылық бейнесін аша түсетін, толықтыратын лебіздердің бəрін болмаса да, кейбірінің терең мəніне үңіліп көрейікші. Журналист Ғ.Əміров: «Анаумынау көлденең шаруамен де жұмысы жоқ. Есіл-дерті өзінің кеңседегі қыз-метінде ғана. Жұмысқа өте ұқыпты жəне айтқанын орындатпай қоймайды, сөйтіп жұрттың бəрін тəртіпті, тəлімді болуға баулитын», – дегені Ғ.Мүсіреповтің «мені қатал тəртіпке көшірді» деуімен бір арнада тоғысып, еңбеккерлік қабылетінашыптұр. Аладамғадегенаңқылдаған ақ көңілін ғалым, ұстаз Б.Кенжебаевтың: «Бейімбет өз білгенін біреуге үйретуден, біреуге жəрдем, жақсылық етуден тартынбайтын да, жалықпайтын да. Жəне соларды білгішсіп, артықсып, кісімсіп істемей, міндетті адамша кішілік, тең құрбылық қалыппен күліп-ойнап істер еді», – дейді. Жасы да аздап үлкен, қызмет дəрежесі де жоғары, өзі де қалам қайраткері болса да С.Сейфуллин басқалармен айтысып, дəлелді пікірлерін іркіп қалмай қарсы сөйлейтін батыл мінездің адамы болған ғой, ал Бейімбет дегенде емешегі үзіліп, елжіреп тұрады екен. Сəкен де басқалар сияқты Бейімбетті өзінен де жоғары бағалаған. Əйтпесе, бірде Ж.Сыздықовқа: «Осы Бейімбет бар ғой, Құдай біледі дейін, əруақ қонған, нар шөккен адам. Көрмейсің бе міне, қалай-
266 қалай көсілгенін», – деп əрі мақтаныш, əрі риза сезімге берілген. Бұл Сəкеннің «Азамат Азаматычты» оқығаннан соңғы пікірі. Б.Майлин жазған шығармаларын əріптестеріне не оқып шығуға береді, не өзі оқып береді екен. Сол əдетпен «Дударай» либреттосын да, «Қызыл жалау» романын да оқып берген, аяқталған туындылар еді, алғашқысы мүлдем жоғалды, соңғысының кезінде басылып үлгерген тараулары ғана табылды. Сол «Қызыл жалауды» С.Сейфуллин, І.Жансүгіров жəне Ғ.Мүсірепов үшеуіне 1937 жылғы жаздың бір күні оқып берген. Сол сəтті Би-ағаның əрі адал досы, əрі қорғаушысы болған Ғабең еске түсіріп Сəкеннің: «Жақсы екен, Би-ағасы. Өкірткен екенсің, Би-сақал... Той қылатын роман. Тек соңғы төрт-бес бетін бере тұршы... Былжырлау аяқтағансың ба, қалай... » дегеніне назар аудартса, ол да Бейімбеттің еңбекқорлығын, жазғыштығын, беделінің жоғары екендігін тағы да түйіндей көрсету емес пе? Сəкеннің сөзінде мақтау да, сыйлау да, дос көңіл де бар. «Би-ағасы» деп мəртебесін кетерсе, «Би-сақал»... деп құрбықұрдастық қалжыңға салады. Кейін еске түсірген Ғ.Мұстафин: «Шіркін, тұтастай тұлғасымен өлшеп-пішпей жаратылған бір адам Бейімбет еді ғой. Ондай қарапайым, жайсаң сырбазды көрмедім өз басым»» деп таңдай қағып, тым таңырқаса, Ə.Тəжібаев: «Бүкіл қазақ ауылының сүйікті ұлы боп туып, сүйікті жазушысына айналған сегіз қырлы, бір сырлы Бейімбет ағамыз қазір де көз алдымда» деп шалқып кетеді. Ал Ə.Сəрсенбаев «Рухыңа бас идім, қарапайым қазақ – Би-аға» деп қысқа қайырса, əулие санап, табынғаны. Ой-өрісі кемелденіп, қалам қуаты қатып ширыққан, бұрынғыдан да маңызды көркем шығармалар жазатын дер шағында қанатын қырқып, өмірін үзген жендеттерге лағнет айтасың. Қалай ғана көздері қиды екен осындай арыс, кемеңгер тұлғаны деп ашу-ызаң келеді. Күрделі де күрмеуі шырғалаң өмірдің біраз кезеңдерінде болған келеңсіз кемшіліктер, рухани жұтаңдық пен азаматтық ар төмендігі, күндестік пен күншілдіктің қылбұрауына шырмалған шылықтың өріс алуы сан зиялы
267 азаматтарымыздың жанын жаралап, жарық дүниеден аластатты. Сондай жағдайға Голощекин 1925ж. республикамызды басқаруға келгеннен тап болып, кейін əдебиет майданы деген науқан өршіп, жазушылар арасындағы айтыс өрескел бағыт алды. Бұл тұста Б.Майлинге қатты шүйліге қойған жоқ болатын, бірақ тиіп-қашты ауыр сынға ілігіп жүрген еді. ҚазАПП-тың 1932-жылғы 26 – 30 ақпанда өткен бірінші құрылтайында əжептеуір сынға ұшыраған ол, басынан ауыр таяқ тигендей, есеңгіреп-ақ қалды. Бұрын «ауыл ақыны» деп мақтаса да өндірісті жазбай жүр деген кінə жеңілжелпі шаңын қағу ғана екен. С.Сейфуллин ұлтшыл, жікшіл, өркөкірек, төңкерісшіл, халық жауы, І.Жансүгіров тапшыл емес, жолбике, халықжауыделініпжатқан кезде, Б.Майлинді де көзден таса қалдырсын ба, оған да тас лақтырып, «ескішіл, байшыл, ұлтшыл, алашордашыл, жолбике, фашист, халық жауы» деп жаналғыштай шүйліккен еді. Елінің тағдыры үшін нардың жүгін қайыспай көтерер жазушы қашанда қыл көпірдің үстінде, қылпып тұрған ұстараның жүзінде жүреді. Биліктің айтқанына көніп, айдауына жүрмесе, бұйдалы ботадай байпаңдамаса қылша мойны талша болуы, абақтының азабынтартуы, тіптібір ғана қорғасыноқжелкеденүңгикіріп, қақ маңдайдан ойып шығуы кəдік. Біріне төңкерісшіл ақын ұнамайды, енді біріне алаш елі болайық деген жақпайды, тағы біреуіне оза шауып, оқ бойы шырқап кеткен майталман жазушы өлшеміне келмейді. Арамдық, алдампаздық, іштарлық, көре алмаушылық, бақталастық, əпербақандық, мақтаншақтық, күншілдік, даңғойлық, арамтамақтық, билікқұмарлық, сатқындық, жалпаңдаушылық, жантықтық, қойшы əйтеуір, осының бəрі тексіздіктің неше түрі боп, тамырын терең жайып, жақсының, тектінің аяғынан шалып, алқымынан алып, жойып, құртып жіберуге де таптырмайтын құрал, əдіс-айла. Осындай жандардың бейпіл сөздері сүйегінен өтіп, санасын торлаған Б.Майлин опыныс күйге түсті ме екен. Ұядан жаңа ұшқан балапандай көріп, қанатын қатайтып демеп жіберуге бар ықыласын аударып, жас сəбидің тəй-тəй
268 басып кетерінде тұсауын кесетіндей ниетпен тырнақалды туындыларын қарап, сəл-пəл түзетіп, жариялатуға қол ұшын беріп, інісіндей көргендердің тарпа бас салып, жақсылығын ұмытып кеткендері жанына инедей қадалса да ішінен тынып, бет жыртыспауы, қарсы айбар көрсетіп, жағадан алмауы – не деген төзімділік, не деген шыдамдылық, əлде ондайларға деген жанашырлығынан арыла алмаушылық па. Көреалмаушылық, бақталастықпен уланған кейбірі аяғынан шалып, зор нұқсан келтіріп, тіпті жау етсе де артық кетіп, ғайбат жасап, өздерін сөкпеді-ау. Жау өзі емес, солар деуге қыймайды, сірə қайғысын да, қасыретін де, ренішін де, қыжылын да шығармай, өзімен бірге ала кетті. Бұл кемшілігі ме, жоқ тектілігі ме? Сірə, соңғысы болар. Бұл дүниеден бақилыққа кеткенше Б.Майлин жөнінде көп сыр ақтарған бір ғана адам болды, ол – Ғабит Мүсірепов екенін айтып жүрміз, əлі де айтылар. Таң қаларлық бір ғажабы – оның Бейімбетке деген адалдығы, тіпті сүйіспеншілігі дер едік, қашан да ағынан жарылып, оның кім екендігін еш қоспасыз əділ көрсетіп бергендігі. Өмірінің соңғы кезіне шейін қамыға, қайғыра Бейімбет қасыретін еске алатын. Оның сөздері жалған жала жауып, «халық жауы» етіп дүрліге көрсетіп, жарық дүниемен ерте қоштастырғандарға қарата айтқан қаралы қарғыстай, кеудеден лықсып шыққан лағнеттей естіледі. Əдебиеттің аса білікті сыншысы, бірегей ғалым əрі ұстаз Ш.Елеукеновпен болған бір сұхбатында: «Менің түсінбейтінім асыра сілтеудің біздегі көріністері. Сəкен Сейфуллин Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болды. Əкімшілік қызметі дұшпанын көбейтуіне себеп етті делік. Ал, Бейімбет бейбақ ше? Ең үлкен мансабы – «Еңбекші қазақ» газеті редакторының орынбасарлығы. Осы қой аузынаншөп алмастыкөрсеткен қайжауыз? » – депызалыренішін ақтарыпты. (Ш.Елеукенов. «Əттең дүние... » «Атамұра» баспасы., 2005, 263 б. «Сұлулық күні тұтылмайды». «Қазақ əдебиеті» газ., 2002 ж., 11 қаңтар). Зиялылар арасында бір ой берік қалыптасып жатқандай. 1937 – 1938 жылғы репрессияны ауызға алсақ, бəрін үйіп-
269 төгіп Сталинге жаба саламыз. Тек ол ғана кінəлі ме екен? – деген сұрақ та құлағын қылтитатыны жəне бар. Оны «күн көсем» дегендерді қайтеміз. Сан мыңдаған құрбандар үшін сол көсемді ешкім ақтағысы келмейтіні анық. Ал басқа кінəлілер жоқ па? Міне, осы ойлантады. Сондықтан екеуара əңгімеде (Ғабең мен Шəкеңнің) «1920 жылғы мамырдың жиырмасыншы жұлдызы күні қабылдауында болған, өзіне таныс революционер Сəкенді, не құлағы естіп, көзі көрмеген Майлинді «ұстаңдар»! деп Сталин тіке нұсқау түсірмегені анық», – деуі Ғабеңнің (сонда) біраз нəрсені аңғартады. Демек, кінəлілер өз ішімізде де болғаны деп түйеміз. 1937 жылы тырналардың мазасызданып қиқулағанындай жағдайдың дүрлігуін біз көргеміз жоқ, бірақ сол кездегі шыққан газет-журналдардан оқып, алақұйын дүбірін, сұсты бет-пердесін анық байқаймыз. Ғ.Мүсірепов көп жазып кетті ол жөнінде. Қазір көзі жоқ бірнеше кісі біраз деректер беріп кетті. Солардың бірі ƏуелбекҚоңыратбаев Алматыдағыофицерлер үйінде (қазір музей) жазушылар жиналысы өтіп, онда кеңірдектескен қаламгерлерді, С.Мұқановты, Б.Майлинді, І.Жансүгіровты сынап, Бейімбет пен Ілиясты кейбіреулер «Жолбике» деп жатқанын естіп, көрген адам екен. ҚазАПП сыншылары да Бейімбетті солай деп кемітіп жүрген. Кешегі өзі қанатының астына алып, қамқорлық жасағандардың біразы қиқуға қызып кетіп, сын сойылының астына алған. Бұл жөнінде аз жазылған жоқ. Ақыры Бейімбет Майлин 1937 жылғы 6 қазан күні тұтқынға алынды, төрт ай жиырма күннен кейін, яғни 1938 жылғы 26 ақпанда «халық жауы» деген жалған жаланың құрбаны болып атылды. Текті адам маңдайға сия ма, қайран Бейімбет, жаман жерді баспайтын арғымақтай, жаман көлге қонбайтын аққудай текті жан қараулықтың құрбаны боп кетті-ау.Содан бері міне, 70 жыл өтті, қылмыстық іс жоқ деп ақталғанына 50 жыл толды. Б.Майлиннің туғанына 100 жыл толуына орай Қостанай теміржол вокзалы алдындағы алаңда оған 1994 жылы 5 тамызда ескерткіш ашылып еді. Сонда сөйлеген арынды
ақын Ғ.Қайырбеков «Бір уыс топырақ» деген өлеңін оқыды. Соның бір шумағында: «Ол тəңірі қасында отыратын, Адам еді-ау құрандай оқып атын. Жабыққанда жанына медеу етіп, Қайран елі əулие, пір тұтатын. Дəл осылай алыпты туғызамыз, Туғызып ап, желкесін қиғызамыз. Бір талантқа жүз итті салып қойып, Талатамыз, жұлдызын жұлғызамыз», – деп шамырқана саңқылдағанда айнала жаңғырып кеткен еді. Бұл сөздер жазушы жұртының опынысындай, лағнет айтқанындай əсер еткен еді. «Түркістан» газ., 2008 ж., 10 шілде.
271 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ҚАЗАСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ Көркем сөздің ұстасы – Бейімбет. Саттар Ерубаев Бейімбеттің тағдыры мен қаламгерлігін ұзақ жыл зерттей жүріп оның атылуы жайына назар салмай кете алмадым. КГБ архивіндегі ісімен де таныстым. Жазған мақалаларым мен кітаптарыма деректер, мəліметтер, құжаттар келтірдім. Қазасының себептері шашыраңқы айтылды. Енді соларды жүйелеп талдасақ, тек жазушы өмірінің қиын-қыстау тұстарын ғана ашсақ деген ой келді. Ата тегінен бойына дарыған қасиеттері көп-ақ. Соның бірі – ақындық. Жас кезінде «ауыл ақыны» болып танылған ол, есейе келе жазушылық қаламын еркін сілтеп, ел құрметіне бөленді. Жиырмасыншы жылдарда «Еңбекші қазақ», «Ауыл», «Ауыл тілі» газеттерінің, «Жаңа əдебиет», «Əдебиет майданы», «Қызыл Қазақстан», «Жаршы» журналдарының, тағы басқа басылымдардың бірінде қызмет істеп, біріне автор болып, мақалаларын, өлеңдерін, фельетондарын, əңгімелерін жариялаттырып, атағы, беделі шарықтап, оқырманның сүйікті жазушысына айналған-ды. Дəл сол кезде республика басшысы болып Ф.Голощекин келді де əдебиет қайраткерлерін де уысынан шығармай, өзінің айтқанын істетпек болды. Осы «аса қатыгез, даңқ құмар, мазасыз» (М.Қозыбаев) адам «Кіші октябрь» жүргізу идеясын ұсынып, жерді тəркілеу, кəмпескі өткізу, мəдениет, əдебиет, оқу-ағарту салаларында ұлтшылдықпен күресу мақсатын қойды. Қарсы тұрғандар болса, оларды əшкерелеу, аластау керек. Ол үшін ОГПУ, НКВД оның қолшоқпарына айналды. Қазақ қызметкерлерінің арасына жік түсіру, араздастыру, бір-бірімен айтыстыру, айдап салу қасақана жүргізілді. Алашордашылдарды ұлтшылдықтың ұясы деп қарады. Соңына түсіп, жалған деректер жинау, тыңшылық жасау, жазаға тартудың айла-шарғысын қарастыру, аранда-
272 ту, бұра тартатын қисықауыздарды, тілбезерлерді салу – осы кезде желпіндіре жүргізілді. Мұның соңы алашорда қайраткерлерін тұтқындау, соттау процестерімен жалғасты. Бұл шаралар Бейімбет Майлинге салқынын тигізбей қойған жоқ. «Айт!» десе, алақ-жұлақ дегбірлеп, ауызы көпіріп, тілі жалақтап, сынауға сылтау таба алмай жүретіндер қашан да болған. «Дандайсып барады» дегендей Б.Майлинге де ауыз салушылар шыға келді. Оның себепкері болған екі шараға алдымен тоқталайын. Оның бірі жікшілдікке, топшылдыққа, алашордашылдық пен ұлтшылдыққа қарсы күрестің отын лаулатқан 1929 жылғы желтоқсанда өткен Өлкелік партия комитетінің V пленумынан соң əдебиет жайындағы айтыстың жалғасын табуы. Пленум қаулысында: «Қазіргі əдебиетіміз негізінде байшыл-ұлтшыл жазушылардың шығармалары алашорда салт-санасын таратып келді», – деп жазылуы қауіп-қатер онан əрмен төне түскенін сездірсе керек. Осының жалғасы ретінде 1931 жылы тағы да желтоқсандағы пленумда сол тағылған айыптарды бекітіп, күресті күшейту керектігіне бағыт көрсетті. Сөйлеген Ф.Голощекин: «Көркем əдебиетінде алашордашылық əдебиет басым», – деуі де соған саяды. Бұл – бір. Екінші, жазушылар арасында қырғиқабақ туғызып, алакөз болуын күшейткен бір құжатты атар болсақ, ол – 1932 жылғы 10 қаңтарда Өлкелік парткомитетінің мəдениет жəне насихат бөлімі мен Қазақстандағы марксизм-ленинизм институтының «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстанда теория майданындағы міндеттері туралы» түсіндірме хаты. Онда «алашордашылардың ықпалынан шыға алмай келе жатқан қазақ көркем əдебиеті мен əдеби сынының мəселелеріне ерекшеназар аудару керектігі» баса тұжырымдалған еді. Артынша, 14 қаңтардағы III пленумда Ф.Голощекин: «Қазақ əдебиеті байтұрсыновшылдықпен, аймауытовшылдықпен... көбірек былғанған», – деп өзеуреді. Сол-ақ екен қаламгерлер бір-бірін кінəлауды жалғастырып алып кетті. Бейімбет Майлинге алғашқы соққы осы кезде тиді.
273 Сол жылы 26 – 29 ақпанда ҚазАПП съезі өткенде Б.Майлин «əлі күнге Мырқымбайды колхозға кіргізе алмай жүр», «кеңеске қарсы шығармалар да жоқ емес», «алашты, бектік дəуірді, халықшылдықты, ұлтшылдықты жыр қылған» деген сынға алынады. «Іздегенге сұраған» демекші, сол мезгілде Бейімбеттің ақындығының жиырма жылдығы атап өтілер ме. Ол, салтанатты өтіп, ақындығына оң баға берілудің орнына, жерден алып, жерге салудың астында қалды. 1932 жылғы 5 наурызда «Социалды Қазақстан» газетінде шыққан «Бейімбеттің 20 жылдық ақындық өмірі» деген мақалада өмірімен, шығармашылығымен аздап таныстырып өткеннен кейін ұлтшылдық ағым ықпалында болды, ұлтым – алашым дегенді ұран қылды, алашорда программасын жырлаған ұлтшыл жазушы деп таңбалайды. Кейін кеңеске бет бұрса да ұлтшылдығынан арылмады деп айыптайды. Көп ұзамай Р.Уəлиахметұлының газеттің 24 мамыр күнгі санында «Бейімбет туралы» атты мақаласы жарияланып, сыңаржақ, содыр сынмен тұқыртады. Автор ең көп жазған, ең көп еңбек еткен дей отырып, «жаза бастаған кезінде ұлтшыл-байшыл жазушы болды», «Қазағым – елім, жұртым деп Бейімбеттің ақындығытуды», «Өзі тіленіп, алашорданың əскеріне кіріп, бір жағынан ақындығымен əдеби, саяси күш берсе, екінші жағынан, қолына мылтық ұстап, майданға шыққанын көреміз», «алаш туын көтеріп, ұлт сойылын соқ дейді», ал «1923 жылдан оның жолбикелігі басталды» деп небір кінəларды үйіп-төгеді. Кейін түзеле бастады десе де Б.Майлинге үлкен соққы тиді. Рас, 1914 – 1916 жылдары «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде А.Байтұрсыновпен танысып, «Қазақ» газетіне жазғандарын жариялатқан болатын. Алашорда үкіметін құру кезінде құрылып жатқан əскерге Бейімбет те қатарына кіріп, алым-салық жинау болғанда адамдарды тізімдейтін хатшылық еткені болмаса, қолына мылтық ұстаған емес. Тіпті бірнеше айдан кейін жұртқа жаны ашып бұл істі тастап кетіп те қалған. Алаш ісіне сеніп:
274 Құтты болсын, алаш ұлы, теңдігің, Көп жыл жүріп, қолға түскен кеңдігің. Атқа мініп, ұраныңды шақырып, Бірлік етіп, басты қосқан елдігің, – деп сезім толғанысына берілгені шындық. Ал қазағым, елім деп жырласа, ол да ұлтжандылық сезімнің лықсып шыққан жан алауы. Ол үшін даттау емес, мақтау дұрыс. Ол айып емес, азаматтық. Сондықтан жазушылар жоғарыдағыдай сынды құп көрмей, əдебиетке арналған тұңғыш мереке ретінде атап өткен. Ал адал дос бола білген, қашан да Б.Майлинді қатты сыйлайтын, оның атыларының алдында қызғыштай қорғаған Ғабит Мүсірепов 1933 жылғы Қазақстан кеңес жазушыларының ұйымдастыру комитетінің бірінші пленумында жасаған баяндамасында: «Алдымен Бейімбет жайында – былтыр жиырма жылдық тойын өткіземіз дегенде надан сыншы, содырлы қазанбұзарлық арқасында Бейімбетті маңдайға мықтап бір соққызып алдық... бұл əрі саяси жала, əрі саяси ауыр соққы еді. Мұны біз əлі түзеткен жоқпыз, кезінде көпшілік болып, мұның қате екенін дəлелдеген қаулымызды «жеке басқарушылық» (единоначалие) жасап Қайыпназаров жолдас басып қалдырды», – деп баса көрсетіп еді. Алайда «жабулы қазан жабулы қалды». Қоңырсыта көтерілген бұл сын – алғашқы себеп. Бір-екі жылдай есеңгірегендей болған Б.Майлин республиканың бірінші басшысы болып келген Мирзоян əдебиет пен өнерімізге жаңа, жылы леп келтірген соң қаламын ұштап, құлшына жазуға кіріскен еді. Амал жоқ, ішкі дүниесі, жан-жүрегі, сана-сезімі астанкестен болса да сабырлылық ақтап, ешкімді тілдеп, жамандауға бармай-ақ қойды. Сол соққыға қарсы шығармашылық өрісін онан əрі кеңейтуге бел буды. Бұл кезде əдебиет пен өнерде жаңа істер қолға алынып жатқан. 1934 жылдың басында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров жəне Ғ.Мүсіреповтердің күш салуының нəтижесінде «Қазақ əдебиеті» газетішығабастады. Солжылы Қазақ театры ашылды. Оның репертуары үшін М.Əуезов
275 «Айман – Шолпан», Б.Майлин «Шұға», Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» пьесаларын жазды. М.Əуезов тез жазып бітірді де «Айман – Шолпан» алғашқы пьеса болып қойылды. Осы жылы Қазақстан жазушыларының бірінші съезі өтіп (12 – 18 маусым), одақ болып қайта құрылғанда алғашқы басқарма мүшелерінің бірі болып Б.Майлин де сайланды, Кеңес Одағы жазушыларының бірінші съезіне делегат болып қатысты. Тағы бір жетістік – Қазақстан əдебиеті мен мəдениетінің Мəскеуде өткен онркүндігі (декадасы). Оған дайындық күні бұрын жүргізілді де, онда Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегі» көрсетілді. 1936 жылғы жазда өткен бұл онкүндік аса табыстыболып, Мəскеужұртшылығы өте жылы қабылдады. Барған жазушылар, əртістер, əншілер жоғары көңілмен оралған. Шарықтаған шабыт буған Б.Майлин өндірте жазып-ақ тастады. Бəрін тізбелей бермейік, «Азамат Азаматыч», «Қоңсылар», «Қызыл жалау» деген кең полотнолы романдарын, «Майдан» пьесасын атап кетейік. Бұл Бейімбеттің прозаның көлемдіжанрына қаламын қадаған кезі еді. Бұған қосымша Аманкелді батыр жөнінде жазғандарын қоссақ, қалай үлгерген деп таңғаласың. Ұйытқысы Б.Майлин дегендей, Ғ.Мүсірепов пен В.Иванов қосылып «Аманкелді» көркем фильмінің киносценарийін қазақша жазып, орысша аудартып, тағы бір қырынан көрінді. Б.Майлинді тұңғыш киносценарист деп есептейміз, ал «Аманкелді» кинофильмін «Қазақстандағы алғашқы көркем фильмі дейміз. Мұнымен шектелмей, Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов екеуі «Аманкелді» деген театр үшін драмалық пьеса жазады. Ал, өзі «Батыр болыпевик Аманкелді» повесін бітірді. Кезінде баспасөз беттерінде жарық көрді. Бұлардың сыртында оның қаламынан туған очерктері, əңгімелері, повестері, пьесалары да аз емес еді. Екі-үш жылда-ақ өндіргені бұлар. Жазушының атыкең тарап, даңқыжалпақ елгежетіп, тағы да үлкен сый-құрметке бөленді. Бұрынғы қате-кемшіліктері деп есептегендерді қайта жаңғыртып, шаужайына жармасу
276 əдісі тіріліп шыға келді. Оның қуанышы да, үміті де ұзаққа бармады. 1934 – 1936 жылдары партия құжаттарын ауыстыру кезінде коммунистер арасын тазалау арқылы қудалау, жазалау науқанында да Б.Майлинді айналып өтпеді. Ол да өз қолымен құжат толтырып, өмірі мен қызметі белестерін тізіп көрсетті. Сенімсіздікпен қарау жойылмады. Күдік қайта туып, оның соңынан бақылау болмай қалған жоқ. Құжаттарды алмастыру Б.Майлин өміріне қауіп тудырудың екінші себебі десе де болады. Бұған жалғас əдебиеттегі натурализм туралы айтыс науқаны басталып кетеді. Ең бірінші болып нысанаға алынып сыналған адам Б.Майлин. Оның жазғандарын натурализмге жатқызып, оны əдебиеттегі «басты қауып» деп есептеді. Жұртшылық сүйсініп оқитын сүйікті жазушысын тағы бір іреп, жардан құлату екені беп-белгілі. 1936 жылғы 11 сəуірде өткен осы мəселеге байланысты айтыста да оның «Мырқымбай», «Қазақ қызы» («Азамат Азаматыч»), «Талтаңбай» сияқты шығармаларына сол бағытта кемшілік артады. Бейімбетті қорғаушылар болғанмен жаңа таңба тағылды да, ұмытылмас кінə боп қалды. Жазушы қазасын жақындата түскен үшінші себепке жатқызар едік. Мұның бəрі негізгі төртінші себепке жалғасып кетті. 1937 жылғы ақпан-наурыз айларында БКП (б) Орталық комитетінің пленумы өтіп, троцкистердің талқандалғанын атап өтіп, олардың агенттерінің зиянкестікжəне диверсиялық жұмыстары əлі жойылмай келе жатқанына назар салып, күресті күшейтуге бағыт сілтеді. Мақсат – оларды құрту. Осы кезде «халық жауы» деген таңба туды. Бұл пленум шешімі Казкрайкомның 20 наурызда өткен VIII пленумында толық қолдау тауып, күрес жолдарын белгіледі. Осы бір шаралар болмаса Б.Майлиннің де жанына тыныштық берер ме еді, қайтер еді. Жоқ, керісінше, басқалармен қатар оған да шүйлігу қайта қозып, аямастық, жаны ашымастық реңкке айналды. Газеттер мен журналдар беттерінде тіл безеген, ішекқарынды ақтарып сынаған мақалалар жиі жарияланып кетті,
277 репрессия тұзағынжақындата берді. Ғалым Тұрсын Жұртбай ертеректе А.Байтұрсыновқа жазған Ə.Бөкейхановтың бір хатын келтіреді: «Меңдешұлы жолдас «Бөкейханұлы «Еңбекші қазаққа» мақалалар жазады», – деп шағымданыпты. Бұл шағымы 15 маусымда Орталық комитеттің жанындағы Баспа бөліміне түсіпті. Сол шағым бойынша мені сонда отырған татарлар тиісінше тезден өткізді. Мəскеу коммунистері «Қазақтар – ұлтшылдар» деп жалпыға жар салып айқайлап жүр. Мен олардан «Айтып жүргендерің не?» – деп сұрасам, олар: «Өздеріңе өздерің шағым жасап жүрсіңдер, яғни оны жазған өз қазақтарың», – деп айтады». («Ұраным – Алаш» мақаласы. «Жұлдыз» жур., 2010 ж., № 1, 138 б.) Меңдешев Қазаткомның төрағасы болған. Өздерін өздері көрсету демекші, осы кеселден арылмай, репрессия жылдарында онан сайын ушығып кеткен жоқ па?! Мен сол жылы басылған 60 шақты мақалаларды архивтен тауып, жазып алып, «Таң-Шолпан» журналына жариялаттым. Соларды талдап-таразылап көрген адамның күйзелмеуі мүмкін емес. Бауырыңды езіп, жаныңды түршіктіреді. Негізгі ауыз салғандары жазушылардан С.Сейфуллин, Ғ.Тоғжанов, Б.Майлин, І.Жансүгіров болды. Тек, Б.Майлинге байланысты жерлерін оқысақ, ол «масаттанып, дандайсып» кеткен екен. Бұл көреалмастықпен, іштарлықпен айтылған деп түйдік. «Жаңа тема жазбайды» десе, ол тисе – терекке, тимесе бұтаққа деген сияқты, тек сол кездегі өмірді жазғандығын қасақана жоққа шығару. Қателерін, кемшіліктерін мойындамай келеді, өзін өзі сынаған жоқ деп те тиісті. Сөйтіп, сүйкей тиісіп келеді де жүз пайыз аударылып түсіп, бауыр етін езгілейтін ғана емес, басын аман қалдырмайтын айтақ сынның астында қалдырады. «Ұлтшыл фашистер» қатарына қосып еді, көп ұзамай «халық жауларының» бірі екен деп дабырайтты. Қандай жəне кімнің мақалаларында жазылғанын келтіруге басылым беті көтермейтінін ескеріп, түйінін ғана айтуға тура келді. Сондай уытты сөздердің нысанаға тигені сонша, түрмеге тоғытыла бастады: Ғ.Тоғжанов 3 тамызда, І.Жансүгіров 13 тамызда, С.Сейфуллин 24 қыркүйекте, ал Б.Майлин 6 қазанда тұтқынға алынды. Міне, қаза мезгілін
278 бір табан болса да жақындатты. Сол дүрлігудің басында жүріп, «халық жаулары» кімдер дегендердің аттарын аттап көрсеткен қаламгерлер «үлесін» қалай жоққа шығарасың. Бесінші себеп осыдан туындайды. Назар аударатын бір жай бар. Б.Майлин неге əлгі қатар сыналған төртеудің соңында, кешеуілдете ұсталды. Ол Алматыда жоқ болатын. Аманкелді кинофильмін түсіру үшін «Ленфильм» студиясымен шарт жасалған болатын. Сол жұмыс 1937 жылы жаз шыға басталған. Міне, түсіріп бітіргенше басы-қасында жүріп, ақыл-кеңесін беріп жүрген, əрі негізгі консультанты өзі еді. Қалаға анда-санда жазушылар жиналысына келгені болмаса, бəріне қатыса алмайтын. «Қазақ əдебиеті» газетінің жауапты редакторы (қазіргі бас редактор) еді, оған да баруға мұршасы болмай, орынбасары Т.Жароковқа сенім артты. Фильм Ұзынағаштың ар жағында, Қарақастек ауылының таулы жерінде түсірілген. Орталық партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметіндегі Ғ.Мүсірепов реті келіп Л.Мирзоянмен сөйлескенде: «Сəкен мен Ілияс ұсталып кетті. Енді міне, Бейімбет те ұсталайын деп отыр. Материал көп...» – депті қынжылып. Сонда Ғабең: «Онда мына фильмді қайтеміз?» деп сұрайды. «Түсіре берсін фильмді, бір амалы табылар, ол фильм керек қой», – деп жауап берген. («Жалын» жур., 1988 ж. № 5). Содан фильм түсіріліп бітіп, 6 қазан күні Б.Майлин үйіне келеді. Сол түні «Қара құзғын» машинасына отырғызып, түрмеге əкетеді. Бейімбеттің коммунист екендігі ескеріліп, қорғауға партия ұйымы да, тіпті Орталық парткомитеті де дəрмен көрсете алмады. Коммунист тəртібін, қатесін өзіміз анықтап, шара қолданамыз деуге де мұршалары келмеді. Мұны алтыншы себеп деп білген жөн. Б.Майлинді қамағанда жаны күйзелген адам аз болған жоқ. «Бейімбет ұсталған кезде жігіттер қатты күңіренді. Соқталдай азаматтардың кейбірі редакцияда отырып, «нақақтан күйдің-ау» деп жылағаны əлі есімде». Бұл «Социалды Қазақстан» газетінде істеген Əмина Еленованың айтқаны. «Жан иесін бұл заманда жақсылығы үшін қинайды екен-ау». Бұл жазушы Хамза Есенжановтың жұбайы София
279 Тастемірованың сөзі. «Қайран, Бейімбет, қиянаттың құрбаны болып кетті ғой. Бұдан артық өкініш, опыныс болар ма?» – деген Серке Қожамқұлов. Жетінші себепке келетінмынажағдай деп білеміз. НКВД – Ішкі істер халық комиссарияты қызметкерлері жүгенсіз кетіп, партия жəне кеңес органдарымен есептеспей, өз бетімен жөн-жосықсыз əрекет жасағаны айқын аңғарылады. «Оңшыл жəне солшыл» оппозиционерлермен, буржуазияшыл ұлтшылдармен, алашордашылармен күрес «халық жауларын» əшкерелеумен жалғасқанда КГБ мен Ішкі істер министрлігі органдарына ерекше міндет қойылды. Оларға зиянкестерді құрту үшін қандай да бір құқық беріліп, партиялық бақылауының қол астынаншығыпкетті. Тежелген қол босаған соң олар ақиқат, əділдік, жанашырлық дегенді ысырып тастап, оңды-солды құрық сілтеп, қуғын-сүргін жасауға мүмкіншілік алды. Тергеу кезінде қолжұмсап, ұрыпсоғып, азаптап өз дегеніне көндіру, жоқ айыпты мойындату əдістерін қолдануға да рұқсат берілген. Сондықтан олардың тұзағынанБ.Майлин сияқтыбасқалардың да құтылуымүмкін емес еді. Олардың ісі қазаны тағы да жақындатты. Келесі сегізінші себеп, Н.И.Ежовтың мойнында болды деп есептеуге тура келеді. Сараптап көрейік. Ол 1923 жылы Семей губкомының хатшысы болып Марийск обкомынан келген. Одан көтеріліп Қазақстан өлкелік парткомитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылықбөлімініңмеңгерушідəрежесіне жеткен. Бұл барлық дерлік мəселенің тоқайласатын негізгі бөлімі болып есептелетін. Қызмет бабымен, қазақ азаматтарымен шекісіп, тоқайласып қалатын кездері оның ойына арамдық пиғылдың дəнін сеппеді дейсіз бе. Орталық комитетке келген соң Мəскеумен байланысын мықтап алып, тыңшылық, жағымпаздықжолыменжоғарыға хат арқылы да, телефонмен де қазақтарды жамандаған пікірлерін жолдаған. Мысалы, «ұлт кадрлары ұлттық уклон жəне топтасқан күрес ауруына шалдыққан, олардың ішінде дені сау партия күштері жоқ» деген сияқты. Бұл қитұрқы еңбегі елеусіз қалмады. Оның үстіне 1934 – 1936 жылдары партиялық құжаттарды ауыстыру, лайық емес деген коммунистерді аластап тазалау
280 науқаны кезінде партиялық комиссияға төрағалық еткен ол қудалау, жазалауда ерекше қимыл көрсеткен. Жоғарыдағы «үлестері» ескерілсе керек, Мəскеуге ауыстырылып, КСРО Ішкі істер наркомы болып тағайындалады. Қуғын-сүргін жүргізу, айыпсыз болса да адамға айып тағу жөнінен əбден машықтанған, тəжірибесі молайған Н.Ежовқа бұл жұмыс қиын соқпады. Оның бұл қызметі 1937 – 1938 жыдардағы репрессияға тұспа-тұс келді. Ол қызыл қырғынды аяусыз жүргізді. Қазақстандағы қарсыластарынан өш алуда мейлінше пайдаланды. Оның тапсырмасын мүлтіксіз орындайтын қолшоқпар Л.Залин шаш ал десе, бас алатын адам екен. Ол жазған мақаласында «Ұлы Сталиннің басшылығымен, большевиктік партияның басшылығымен, еліміздің еңбекшілерінің көмегімен, пролетариат диктатурасының сталиндік нарком Ежов жолдас бастаған НКВД органдары троцкийшіл-оңшыл барлық сұмырайларды жəне олардың контрреволюцияшыл достарын жақын уақыттың ішінде түгел құртады», – деп үркіте, қорқыта сес көрсетті. («Социалды Қазақстан» газеті, 1937 ж., 6 шілде). Залин кетіп орнына келген республика Ішкі істер наркомы Реденс те Ежовтың сенімді «серігі» бола білді. Оларға газеттерде «Халық жаулары» деп көрсеткен мақалалар таптырмайтын материал болды. Сөйтіп олардың қайырымсыз іс-əрекеттерінің нəтижесінде тек Қазақстанда 120 мыңнан астам адам сотталып, 25 мыңы атылған екен. Солардың бірі болып қосақта кеткен Б.Майлин еді. Есесіне Н.Ежовтың мəртебесі көтерілді. Оған Ішкі істер халық комиссариаты органдарына басшылық ету ісіндегі аса ірі табыстары үшін Ленин ордені тапсырылды. Ең жоғарғы награда. Келеңсіз бір жайды айтпасқа да болмайды. Кейбір ақындар Н.Ежовты батырға теңеп өлең шығарған. Б.Майлинді бірнеше рет тергеп, қорытындысыбелгіленді. «Халық жауы» деп тапты. Партия қатарынан шығарылды. Жұмыстан босатылды. Іс сотқа жіберілді. Ал Б.Майлин түрменің тар қапасында сарылып отырды. Оның ісімен танысып, түрмеде түсірілген фотосуретін көргенде бет-аузы ісіп, көздері онан əрмен бадырайып, сақал-мұрты өсіңкіреп,
281 шашы жалбырап, əжімі көбейіп кеткенін байқадық. Оның бəрі ұрып-соғудың ісі деп білдік. Жанын қинаған ғой. «Аса қауіпті қылмыскерлерді жауап алған кезде абақтыда азаптауға болады» деген үкіметтің арнайы бұйрығының ізі. Осы жерде тоғызыншы себепке тоқталайық. Тергеу кезінде де, сот процесінде де оны жақсы білетіндер куəлікке тартылмағандағы. Аса аралас-құралас болмаған адамдар куə ретінде тіркеліпті. Іспен танысқанда олардың жазған пікірлерін көрсетпейді екен. Б.Майлинді білетіндер деп отырғанымның бірі Ғабит Мүсірепов. Ол 1937 жылғы қазан айының бас кезінде, Б.Майлин тұтқындалғаннан кейін Жазушылар одағында өткен бір жиналыста «Бүкіл өмірін туған халқы үшін сарп етіп, қаршадайынан жоқтап, даналық сөзін сұрыптап хатқа түсіріп, əдебиетінің іргесін қаласып, бүкіл Қазақстанжұртшылығының сүйіспеншілігіне бөленген азаматты «халық жауы» деп қаралауға қалайша ауыздарың барады, ар-инабат, намыс деген қайда? Бүгін Бейімбет Майлинді қаралап отырғандардың ертең-ақ халық алдында, иə тарих өткелінде қарабет болмасына кім кепіл? Қысқасы, мен өзім Би-ағаңның жау екеніне сенбеймін! Мына жиында ортамызда қой терісін жамылып, шынында да бұғынып жүрген халық жауларының зиянды əрекеті... Сондықтан да бұл жиында енді бір минут та қалмаймын», – деп батылдық та көрсеткен, ақиқатын айтқан. Негізгі куə болатын адам Ғабең еді, оны жолаттырмады. Ешкім құлақ қоймады, селт етпеді. «Сейфуллиннің, Майлиннің, Жансүгіровтің контрреволюциялық əрекеттерін білмеймін» деп бір-ақ қайырған М.Əуезов те куəлікке тартылмады. Тіпті досы Сəкен де, Сəбит те, Би-ағаңды мақтаған, сынаған, бірге қызмет істеген азаматтарды да шет қалдырған. Бəрі болмаса да, Бейімбетті қорғап сөйлеушілер тағы да шығуы мүмкін деп сескенген, сірə. Аса үлкен себеп – тергеу кезінде оның өмірі мен шығармашылығының ақиқатын аша алмағандығы. Тағылған кінəлардың дұрыс-бұрысына көз жүгіртейік: – 1934 жылдан бастап Қазақ КСР-ындағы оңшылтроцкийшіл террористік ұйыммен бір блокта болыпты.
282 Ондай блокты Бейімбет естіген де, білген де емес. Анығында бұл ұйым болғанын ешкім дəлелдеген жоқ; – Қазақстанды қарулы көтеріліс арқылы Кеңес Одағынан бөліп əкетіп, Жапонияның жетекшілігімен қазақ буржуазиялық мемлекетін құруды көздеген контрреволюциялық, буржуазияшыл-ұлтшылдық, көтерілісші террористік жəне бүлдіруші – зиянкестік ұйымға қатысқан. (Бəрін үйіп-төгіп қойыртпақ жасалған айып. Мұндай ұйымның да болмағаны белгілі. Ендеше Б.Майлин қатысты деу жала.) – Əдебиет саласында зиянкестікпен шұғылданыпты. Бұл кінəға жауап оның əдеби мұрасын зерттеушілердің ғылыми талдауларында берілген. (Зиянды болса, қалың жұрт оқыр ма еді?!) – Əдебиетке контрреволюциялық жəне буржуазияшылұлтшылдық көзқарасты енгізуге тырысыпты. (Кеңескезіндегіжақсыдегеністердіде, қате-кемшіліктерді де көрсетуіне контрреволюциялық реңк беру шындықты білдірмейді.) – Жас кеңес жазушыларын тежепті. (Бұл шылғи өтірік. Керісінше, ешбір талаптыдан көмекжəрдемін аямаған. Бұған менің «Бейімбетті атқан кім?», «Қанатты қаламгер», «Қилы заман азабы» кітаптарымда кеңінен айтылған.) – Алашорда ұйымының мүшесі болған, қызыл əскерге қарсы қарулы күреске қатысқан дейді. (Алашта бірнеше ай болғаны рас, қарулы күреске шықпаған.) Міне, көрдіңіздер ме, тағылған айыптардың бəрі жалған екендігі, батпита жапқан жала екендігі бесенеден белгілі. Бірақ, шығарылатын үкімнің түйіні болып, адам жанын жазықсыз құрбан етудің негізіне алынуын білместік дей алмаймыз. Қателік, кемшілік, қатыгездік, басбұзарлық, жаны ашымастық, безбүйректік десек, дəл келер. Оныншы себеп осы дейміз. Б.Майлин 150 күнге жуық тас түрменің қараңғы əрі суық бөлмесінде отырып көп ой кешкенінде сөз жоқ. Кімге жау?
283 Он ойласа, ешкімге еш жаулығы болған емес. Еліне жау ма? Жоқ, ол төбесіне көтерді, Би-аға деп сыйлады. Өкіметке ме? Оған не жамандық істеді? Оның сəтті қадамын жазды, насихаттады. Кемшілігін де көрсетіп еді. Соны ұнатпай ма екен? Бір үміт, бір күдік! Əділеттік күтпеді дей алмаймыз. Тағдыры шешілетін күн де жетті. 1938 жылғы 26 ақпан күні КСРО Жоғарғы Сотының əскери коллегиясы Б.Майлиннің ісін қарап үкімін шығарды. Ол тергеудің қорытындысын негізге алды. Сот отырысы небəрі 15-ақ минутта аяқталған. Бұл мерзімде бəрін тиянақты түрде анықтап, əділ шешімге келу мүмкін емес. Қайсыбір сот мəжілісі болмасын айыпталушының қорғаушысы, яғни адвокаты қатысып, оған сөз берілуі тиіс емес пе. Ондай болмаса, сот тергеу жұмысыныңнəтижесіненасыпкетеалмайды, дұрыс-бұрысына көз жеткізу мүмкіншілігі тумайды. Тағы бір көңіл қоятын мəселе айыпталушының тергеу кезінде, сот жүргізілгенде пікірі ескерілуі қажет болса, оған сөз берілуі тиіс еді. Істе бұл көрінбейді. Тергеу жүргенде ол түсініктеме жазған сияқты. Онда өзінің кедей-батырақтан шыққанын, алашордада аз уақыт болғанын, онысына өкінетінін, халқына ешқандай қастандық жасауды ойламағанын айтып, қателіктерін мой -ындайтынын жазып, осылардың ескерілуін, өзіне жеңілдік берілуін өтінген көрінеді. Өтініші де ескерілмеді, мейірімділік жасалып, жеңілдік те берілмеді. Біз айтып отырған заңды бұзушылықтар, қасақана елеп-ескермеушілік он бірінші себепті құрайды. Күткен соңғы үміт үзілді. Əскери коллегия өз үкімін шығарды. Оқиық: «РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 статьясының 2, 7, 8 жəне 11- баптары бойынша Б.Майлинді қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тауып, қылмыстық кодекстің 319 жəне 320 статьяларын басшылыққа ала отырып, СССР Жоғары Соты əскери коллегиясының жылжымалы сессиясы үкім шығарды – Бейімбет Жармағамбетұлы Майлинді ең жоғарғы қылмысты жаза – атуға кесті, оның жеке өзінің заттары кəмпескеленеді. Үкім соңғы жəне 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы Кеңес Одағы атқару комитетінің қаулысы негізінде тез арада орындалуы тиіс».
Қайран, Би-аға, жалған жаланың құрбаны болып кеттіау, өкінесің, лағнет айтасың. Сол күні-ақ үкім орындалды. Б.Майлин сияқты сол күні атылғандардың саны 37 екен. Түн ішінде Алматының шығысындағы Диқанбай деген кісінің қыстауының жарлауыт жерлеріне сүйектерін апарып тастапты. Кейінгі кезде «Əділет» тарихи – ағарту қоғамының күш салуымен ол жерде мыңнан астам атылғандардың сүйектері жатқаны анықталып, ескерткіш орнатылды. Бейімбет Майлин 43 жыл үш айдан аса жасап, нағыз қайрат-күші толысқан, ой-санасы артқан, қаламгерлік шабыттың сəйгүлігін ерттеген дер шағында кеткені қатты қапаландырады. Тек медет етеріміз – дін таза ақталуы. 1957 жылғы 16 сəуірде КСРО Жоғарғы Сотының əскери коллегиясы 1938 жылғы 26 ақпандағы сот үкімін жойып, қылмыстық құрамды жоқ деп тауып, ақтап шығарды. 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп есептеліпкеледі. Тек бұл күні ғана емес, қашандаБейімбеттей біртуар адамның асыл қасиеттерін, жомарт жанын, ақ пейілі мен адал жүрегін, кішіпейіл кісілігі мен сұлу сыпайылығын, шипалы қолы мен шапағатты қайырымдылығын еске алып отыру парыз болса керек. «Таң-Шолпан» жур., 2010 ж., №2.
285 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ ШЫҒАРМА ШЫРАЙЫ – ҚАЗАҚ ƏНДЕРІ (Бейімбет Майлин туындыларындағы қазақ əндері) Қазіргі жаһанданудың жалаңдаған кезеңінде батыстың əндері, музыкасы, бұралаңдаған жынның қыймылдары телеканалдар арқылы ендеп кіріп жатқан кезде бүгін болмаса, ертең дəстүрлі əндеріміз, күмбірлеген күйлеріміз жұтылып кетпес пе екен деген қауіп мазалайтынын несіне жасырамыз. Тіпті оны қойып, көрші елдің əншілері Астанадағы Конгресс-хол жəне Алматыдағы Республика сарайын өз меншігіндей иемденіп, концерттер қойып, қалталарын қампитып кетіп жатуы қалай? Оларда өз əншілеріміз əнкүйге бөлегеннің өзінде қазақтың сырлы да сазды əндерінің, халық композиторларының əндерінің бірлі-жарымын орындағаны болмаса, пəлендей мəн бере бермейді. Немене сонда, қазақтың дəстүрлі, замана қияпатына дес бермей бізге дейін жеткен əндері түкке алғысыз болғаны ма? Олай десек, алыпта ардақты жазушыларымыз өз шығармаларына енгізіп неге зор маңыз берген. Тек Бейімбет Майлинді ғана алайықшы. Алдымен мынаған көңіл аударайық. 1936 жылы Б.Майлиннің «Жалбыр» музыкалы спектаклі Қазақстан əдебиеті мен мəдениетінің Мəскеуде өткен онкүндігі (декада) кезінде жоғары бағаланған болатын. Мінесол пьесаның шымылдығы «Маусымжан» əнімен ашылып, «Елім-ай» əнімен жабылған. Өрістен мал қайтқан кездерде де, ымырт түсіп, көз байланғаннан кейінгі кешкі мезгілде де ауыл үсті əнге бөленген көріністерді Бейімбет шығармаларында жиі жазады. Олар көбіне жастардың жүрегін елітетін, немесе мұңды күйді, қам көңілді сездіретін əндер еді. Шілдеханаларда, ойын-кештерде айтылатын əндер қаншама!. Қыз ұзату тойларында шырқалатын «Аужар» да əңгіме сюжеттеріне енуі өз алдына бір төбе. Орындаушылар да əр алуан. Əнді бірі
286 сыңсыған дауыспен орындаса, бірі сызылған əуенмен айтады, бірі сай-сүйекті сырқырататын мұң-зарға толы үнімен ерекшеленсе, енді біреуі шырқата сазды əуенге салады. Бұның бəрі Бейімбеттің халық өнерін ерекше сүйгендігінің белгісі. Б.Майлин өз шығармаларында сүйсіне, халық арасындағы өнерпаздарды ерекше ықыласпен жырлайды. Əр түрлі суреттеулерде, деталь, штрихтарда домбырашы, əнші, өлең шығарушы қыздар мен жігіттер кейпін алға тартады. Еларасында небір өнерге үйір, сөздің майын тамызатын, əнге құмар талапкерлер аз емес. Олардың қалжың-əзіл, махаббат жайлы əндері кең даланың шар тарабына тарап, əнге бөлеп тұрғандай күйде боласың. Домбыраның құлағын бұрап, əнді əуелетіп жіберетін өнерпаздар қаншама көп ұшырасса, соншама шығарманың əрі кіріп, тартымдылығы, əсерлілігі арта түседі. Алдымен байқалатын нəрсе – Бейімбеттің ұлттық нəрі мен сəні айшықталған халық мұрасын, өнерін, өнерлі таланттарын құмарта, құрмет тұта сүйетіндігі. Екіншіден, оның ел дəстүрін, өнер жайын жақсы білетіндігі. Үшіншіден, сол асыл қазынаны шығармаларында байыптыжазып, мақтаныш сезіммен көрсетуге ұмтылатындығы. Туындыларындағы кейіпкерлердің əнге əуестігі, өнершілдігі жарқын көрініс табады. «Əдет құшағында» əңгімесіндегі Қапан, «Ел күйеуіндегі» Сыдық, «Құрымбайдың жігітшілігіндегі» Құрымбай, «Таубай» əңгімесіндегі Таубай, «Қара баладағы» Дүйсен, «Айранбайдағы» Айранбай, «Əміржанның əңгімесіндегі» Апалай домбыра тартатын, өлең шығарып, əн айтатын өнерпаз кейіпкерлер ретінде де есте қалады. Ал «Шұғаның белгісі» повесіндегі Əбдірахман мен Шұға да өнерден құралақан емес. Махаббат жалынына шарпылып, неге болсада бас тіккен, серттескен жас жүректер өз сүйіспеншілігін əнмен өрнектейді. Кейде жігітпін деп тартыншақтайтын Əбдірахман емес, өжеттілігі, зейінділігі, талпынысы бар жігітті Бейімбет өнерге жанын жақын етіп, ел сүйсінетін əншілігімен де көрсетеді. Ол домбыра тарта
287 алады, Шұғаға арнап өлең шығарады, оны өзі əнге салып айтады. Оның Шұғаны сағынған кездердегі айтатын өлеңдері жабырқаған, жүрегі сыздаған сəттерін, шын сүйіспеншілік сезім күйін тербейді. «... Жаным сүйіп жарым деп сеніп едім, Құрбандыққа басымды беріп едім. Айтылған сөз, уəде сертім үшін – Ат сабылтып, Шұғажан, келіп едім. Бұрын жақын ауылың алыстады, Аңдып жүрген бір дұшпан қалыспады. Екеумізді ынтық қып екі жақта – Тағдырдың неге мұнша қарысқаны!.. » – деген Əбдірахман өлеңімен адал жүрек, ақ махаббат қандай əдемі, үйлесімді, терең мазмұнды айтылған. Жастардың жүрген жері думанды ойын-сауық қой. Ондайда қандай жас елітпейді. Ал Əбдірахман өзгеше. Əбдірахманның өнерпаздығы еңалғаш Беркімбайдың үйіне барғанда шынтақтап жатып домбыра тартатын жерде, одан кейін Шұғаның əкесі Есімбектің ауылының сыртындағы кешкіліктежастаржиналып алтыбақан тепкен кезде көрінеді. Онда арқанға асылып екі қыз Шұғаға арнап əн айтады. Ашық аспан астында, ай сəулесінде алтыбақан тепкен жастардың жарқынүні, күміс күлкісі, сұлу саздыəні құбылыпжететіндей құлаққа. Ойындарда арқасы ұстайтын Əбдірахман да домбыра алдыртып əн салады, бəрін аузына қаратады. Сол кеште бұрын Əбдірахман жөнінде естігендеріне қоса Шұғаның жүрегіне махаббат сезімінің ұшқыны түскендей болады. Міне өнердің құдіретті күші қандай? Бейімбеттің сонытап басып, осы эпизодты кіргізуі тегін емес. Жігіттің өнерпаздығы арқылы Шұғаның сүйіспеншілігін арттыру, ынтықтыру. Ал Шұғаның ерке, бұлаң өскенімен, көрікті қыз болғанымен, ақыл парасаты жоғары. Ол Əбдірахманның қасиетін бағалап, өнеріне өресі жете ұға білген, түсінген. Өйткені, өнерденШұғаның өзі де құралақан емес. Алтыбақан
288 басында ол да əн салып тербеледі. Əбдірахманға өлер алдында өлеңмен жазған хаты Шұғаның бойында да сыртқа əлі толық шыға алмай жатқан өнер бұлқынысын көрсететін сияқты. Повесте өнерлі жастар аз емес. Таубай қартайған шағында дадомбырасынан, əн айтудан қол үзбеген жан. Бейімбет оны «Таубай» əңгімесінде «жасында сауыққой, əнпаз болған сал жігіт» деп таныстырады. Бірақ, кедейшілік қамыты мойнынан түспеген, мүгедектікке душар болған Таубай келе-келе ел аралап, əн салуға мұршасы келмей қалады. Бірақ, өнер қуған жас кезінде көп мұраны құлағына құйып алғанға ұқсайды. «Кешкі салқында жадырап отырып қара домбыраны Таубай безілдете бастады. Тартқыш екен, безілдетіп күй салады. «Ақсақ құлан, Жошы хан», «Нар иген», «Қоңыр қаз» күйлеріне салғанда адамның бойын шымырлатып жібереді. Отырған орнында қозғалып теңселіп, қолын ілгері-кейінді сілтеп, күйдің ырғағына өзі де түсіп отырды...» – деп Бейімбет оқырманның Таубайға деген ынтықтығын арттырады. Таубай күйші ғана емес, əнші де. Ол əн бастарда əннің қалай шыққанын, оны шығарған кім екенін түсіндіріп əңгімелейді, Сондай əндердің бірі «Тəй-тəй». Бірбайдың Тəйтəй деген қызымен уағдаласып, алып қашып кетуге келгенде оны бір қойшы алдап алып кетіп, жер сипап қалған жігіттің зары екен. Еңкілдеп жылап, зарлатып салғанда кемпір-шалдар жылап жібере жаздайды екен. Бейімбет өнерпаз болсаң, жұртты баурап, ұйытып алатын Таубайдай болудымансұқ тұтады. ОлТаубайдың тағыбір зарлы «Ақиіс» əнін делебесі қозып, өршелене айтып шыққанын бір штрихпен береді. Бір байдың «өзі сұлу, сөзге шебер ақын» Ақиіс деген қызы ұнатпаған, сүймеген Мұхтар дейтін правительге зорлықтың, малдың күшімен тоқалдыққа тигендігін зарғып жырлайды. Ұзаққа созылатын сол зарды Таубай түсіндіре отырып, талмай орындап береді. Таубайдың өнершілдігіне тəнті болып, қиянат, жəбір көргендерге жан ашырлық етесің, күйініп, күйзелесің. Мұздаған жаныңды жібітіп, жүректің сыздағанын басатын өнерпаз ретінде суреттеледі ол.
289 Ауыл арасы «Қара бала» деп атап кеткенДүйсен деТаубай сияқты «пештің жанындағы ескі тулақты» төсек етіп жүретін сіңірі шыққан кедей жігіт. Кектену, арлану дегенді білмейді. Əркімнің айтқанын істеп, бетін қайтармайды. Сөзге аса араласпайды. Тек əйелдерге үйір. Ұнататын, сүйегіне сіңген кəсібі – кешқұрым ауыл үйлерін аралап қыдыру. Дүйсеннің бар болмысы осы. Соған қарамай ол өнерпаз. Əсіресе, қазақтың қара өлеңіне салып əндеткені, бар даусымен шырқағаны тыңдаушының құлағына жағымды тиіп ұнайтыны сонша, «қара бала өлең айтып жіберші» деп өтінушілер де болмай қоймайды. Тартынып, бұлданып жататын ол емес. «Ондайда көбіне əйелдердің өздері сұрап айтқызады. Қара баланың өлеңдері ауыл əйелдерінің бəріне таныс. – Қара бала, өлең айтып жіберші, – десе, оқтауды домбыра қылып ұстап, Қара бала бар даусымен шырқап жібереді», – деп Бейімбет қарапайым бала қасиетін аша кетеді. Сонда Дүйсеннің əндетіп айтатын өлеңі мынадай: Мінгенім көш алдына құла жирен, Қатындар, ынтық болсаң əнімді үйрен. Бір көріп дидарыңды сөйлеспекке, Əдейі ат терлетіп келдім үйден. Құла атым құлынында арда емген, Бəйгеде мың сан аттан озып келген. Сақтаулы өлгенімше мықты белгі, Жан қалқа, орамалың өзің берген. Қатындар, сенде сəлім, менде сəлім, Бұл елге сен болмасаң келмес едім. Қайырылып ақша беттен бір сүйгізсең, Жетпесе нақ ажалым өлмес едім... Өлеңінде халық арасында кең тараған сипат, ұйқас, мазмұн бар. Өлеңінен əзіл-қалжың исі сезілгенмен, ынтызарлық жан-күйін шертіп тұр. Суреткердің өзі де оған мүмкіншілігі
290 болса өнерлі жас маздап кетер еді деген аянышпен қарайтын сияқты. Ескі заманда ондайларға жағдай қайсы. Міне, уақыт кезеңіне орай Қара бала жайын жазушы шынайы көрсетуді мансұқ еткен. Жазушы өнердің небір қайнар көздері, сарқылмас бұлағы халықтың ішінен бұрқылдап, арнасынан асып төгілгендей болып шығып жатқанын шабытты жүрекпен жазады. Оның туындыларындағы басына бақ-дəулет бітпесе де ар-намыс қуған кедейлердің өнерпаздығы табиғи. Өнер дегенде кедейлік кемдік емес оларға. «Қызыл жалау» романында да өлеңші, əнші өнерпаздар Бейімбеттің қаламынан қағысқалмай, күрес, тартыс аренасында белсенді бой көрсетеді. Толық нұсқасы табылмаған, ғалым С.Ордалиевтің көп жыл іздестіріп, басын құрап «Қызыл жалау» деген бір томдығына енгізілген үзінділерінің өзінен-ақ Б.Майлиннің өнерге үлкен маңыз бергені анық байқалады. Романның белді кейіпкері, «Өрнек» колхозының екпіндісі Қойшығара Қарағанды шахтасында жұмысшы болып істеп жүргенде былай əн салды: Екпін, екпін, екпін-ай, Мен көк атты жектім-ай. Елге көшер керек боп, Екпінді еңбек төктім-ай?.. Байырғы шахтер, озат жұмысшы Борабайдың қайраткүшіне сүйсінетін Қойшығараның еңбегіне əні де сай. Бейімбет оның əнімен еңбекті жырға қосып, мəн-маңызын арттыруды көздеген. Ал «Қоңсылар» романындағы мұғалім Молдаш: Бай мен кедей теңелді, Кедей жетті, кенелді. Бай, кедей боп бірігіп, Табады ел өнерді, – деп əндетеді. Отызыншы жылдардың бас кезінде Б.Майлин ірі өндіріс орындарына барады, ел аралап болып жатқан
291 өзгерістерге көз тігеді, қуана қарсы алады. Сондай сапар Қостанай өңірін аралауғада арналады. Сол жолы ол он очерк жазып, бір цикл етіп «Социалды түлік» жинағының «Жолдан» бөліміне жариялатады. Ол очерктерінде еңбекші елге өнер көрсетіп, рухани көтерудің кейбір сəттерін суреттейді. Бейімбеттің осы сапары кезінде онымен бірге Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев ел аралап, колхозшылардың, жұмысшылардың, еңбекші елдің алдында концерттер қойып, көңілдерін көтеріп отырған. Өнерпаз артистердің «Жалшы» колхозында бірнеше концерт қойғаны «Жалтыр көлінің басында», «Мысық құйрық оқиғасы», «Еңбек бəсекесі» очерктерінде барынша суреттеледі. Жиынға келуге аса құлқы жоқ жұртты бірде колхоз жиналысына солардың концерттерінің арқасында жинаған жағдайды да Бейімбет қырағы байқап очеркке енгізді. Очерктерде Елубай Өмірзақовтың артистігі, өнерпаздық бейнесі əсерлі, оқшаулау көрінеді. «Жалшы» колхозы адамдарының өтініп сұрауы бойынша ол бұлданыпбəлденіп жатпай құйқылжыта, тамылжыта шырқап бірнеше əн салып, үлкен əсер қалдырады. Халыққа өнерімен қызмет етуді мақсат тұтқан ол ешуақытта аянып қалмайтын өнерпаз ретінде есте қалады. Б.Майлиннің енді бір топ өлеңдерінің түрлік сипаты бұрынғыша болғанмен, жаңа мазмұнға толы. Ол халық арасында кеңтараған өнердің «Жар-жар», «Айтыс», «Бесік жыры», «Жоқтау» сияқты түрлерін қолдана отырып идеялық бағытын, мазмұн түйінін жаңа өмір сипаттарына орай өзгертіп, жаңаша, үйлесімді ой түйе білген. «Жар-жар» түрінде жазылғ-ан «Ау, жар» өлеңінде қазақ қыздарын бұрынғыдай алдап, өзі ұнатпағанына зорлап қосатын күн өтті, енді басыңа бостандық туды, көзіңді аш, алдауға жүрме, ынжықтықты қой, тек сүйгеніңе баратын бол деген ақыл-уəж айтады. Айтыс түрінде жазылған «Шал мен қыз» деген өлеңінде де осындай мақсат көзделген. Үйленбекші шал-бай адам, қыздың момын əкесін алдап күні бұрын малын беріп қойған
292 қу. Сондықтан ол мені ешкім сықақ қып көрген жоқ, малымды бердім, енді сені құшақтап жатамын деп бөртеді қызға. Бостандыққа жеткен қыз өжетсініп, өз еркі өзінде екендігін білдіріп кесіп айтады: – Шатаспа, шалдықты жасырып, Қулық ты, сұмдық ты асырып. Алдап мал беріпсің о баста, Əкемді «момын» деп басынып. Қайтып ал малыңды, тимеймін! Еркім бар, өзімді билеймін. Кемпір боп аузымнан тіс түспей, Мың жылда мен шалды сүймеймін! – дейді қыз. Айтыса келе баласындай қызға ұялмай үйленбекші болған шалдың мойнына су құйылып, жеңілуге мəжбүр болады. Міне, Б.Майлин өнердің кең тараған, елжұрт қабылдаған түрі – айтысты қолданып, тағы да жаңа мазмұнмен жаңғыртады. Ғасырлар бойы бас еріксіздігіне душар болып, қорлықпензорлық көріпкелгенқазақ əйелдерінің бостандық алып, өз жүрегінің қалауымен сүйгеніне қосылу теңдігіне жеткенін Б.Майлин өлең, поэмаларында тебірене жазған. Жоқтауды да Бейімбет жаңаша ойлап шығарады. Өлімжітім, ауырқайғы кездерінде денеңді шымырлатып, сайсүйегіңді сырқырататын, жүрегіңді егілтіп, бауырыңды езетін зарлы əуенмен айтылатын жоқтаулар, əлбетте, өте əсерлі. Міне Б.Майлин сондай жоқтау сарынымен əшкерелеу мақсатында өлең шығарады. Ол – «Бəйбішенің жоқтауы». Бұрынғы шолжаң өмірін аңсаған байдың бəйбішесі зарланып жоқтау айтады. Бұрын екі қолын ыстық суға салып, ештеңе істеп көрмеген бəйбіше: Зарымды кімге шағармын? Жылы сөз қайдан табармын? Тезек теріп, от жағып,
293 Сиырды қалай сауармын?! Кіршіксіз қолым баттасты, Күс пе, айғыз ба – тап басты. Тақылдаттың жасаған, Мен сияқты қақбасты, – деп зар қылады. Енді күңі, малайы жоқ ол өткен күндерін армандайды. Тым құрығанда бейіште болуды ойлайды. Бір кезде есігіндегілерді тəлкек етіп, үстемдік жасайтын ондайлардыңөзі өмірдіңтəлкегіне ұшырады. СоныБ.Майлин шебер суреттей білді. Бесік жырының үлгісінде, нəзік те жылы, баяу лирикалы əуенмен баланы уатып жайландыратын сарында жазылған «Əлди» деген өлеңі де сөз жоқ ел-жұрттың сана-сезіміне жақын, түсінік-түйсігіне ұғынықты келеді. Бұл өлеңді жақша ішіне «Ана жыры» деп көрсеткен. Оның сыры ішкі мазмұнында. Ана бесік тербетіп отырып баланың сорлы əкесі мен өзінің бай қолында жүріп еш жарық сəуле көрмей, малайлықпен өміркешіп келе жатқандарын зарлы жырғып айтады. Байдың ісі қанша істесең де бітпейді, сонда да кигеніміз өрім-өрім, тамағымыз аш, еститініміз айқай, бір жақпаймыз, бір тостаған саумал берсе де міндет көріп береді – міне ана жырының арқауы осы. Шандыр емшек те имеді, саған беретін қаймақта жоқ дей келіп ана «Əлди-əлди, қойшы, қалқам, жылама!..» деп баланы уатады. Ел аузында, ана көкірегінде сақталған бесік жырын да жазушы қажетке жаратып, мазмұнын өзгерткен. Өлеңнің «Əлди-əлди!..» Əуіп бөпем, əлди-ай!» деген алғашқы жолын оқи бастағанда-ақ «Əлди, əлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» – деген құлаққа сіңісті боп кеткен ана үні еске түседі. Бесік жырын айта білу де өнер. Ол арқылы əр түрлі ой қозғап, əсер етуге болатынын Бейімбет білмеді деу ағаттық. Б.Майлин бесік жырын түріне қызығып алып отырған жоқ, оны жаңаша байытып, кеңейткен. Б.Майлиннің драмалық туындыларының ішіндегі шоқтығы биігі – «Шұға» мен «Жалбыр». Алғашқы ашылған ұлттық музыкалы театрымызға арнайы жазылып, екеуіде
294 «Музыкалы пьеса» деген айдармен басылып жүрді. Екі пьесада да Бейімбеттің өз қолымен жазылған əн мен күйге, өлең-жырға, музыка мен ойын-сауыққа мол орын берілген. Олардың негізгі арнасы – халық өнері. Ел-жұрттың қош көңілін, қуанышты жайын көрсетерде суреткер «Маусымжан» сияқты құйқылжыған көтеріңкі əуенді алады. Оның өзі орнымен «Жалбырдағы» Бекен мен Маусымның тойы үстінде айтылып, жұртты бір серпілтіп тастайды. Бұл бір. Жан күйзелгенде, сеңдей соғылып ел күңіренгенде зарлы əнді айтқызды. «Жалбыр» пьесасындағы қоштасу əні, əйелдердің жоқтауы, Əбіштің қайғылы зары. Бұл екі. Пьесада халықтың фольклорлық жырлары мол қолданылады. Мəселен «Айтыс», «Жар-жар», «Той бастар», «Терме». Бұл үш. Биде енгізілген. Шұғаның биі, Күлзипаның биі, бақсының биі, пристав биі, əр жердегі көпшілік қосылған би. Бұны төртінші дейміз «Шұға» пьесасының алғашқы пердесі «шымылдық ашылар кезде сахнада шаң-шұңдауыс, ойын-күлкі. Қызбозбала, келіншектер. Сахнаның орта шенінде алтыбақан. Алтыбақанда бір қыз бен бір келіншек теңселіп, көтеріңкі түрмен əн салады. Бірсыпырасы оған қосылады. Пьесабасындаберілгеносысуреттенхалықтыңдəстүрбоп жалғасып, мирас боп келе жатқан этнографиялық, тұрмыссалттық өмірінің көріністері көз алдыңа сан құлпырып тұрып алады. «Жалбыр» музыкалы пьесасының сахнасы да өнер сайысына жиналған жастардың ойын-сауығымен басталуы халықтың өнер сүйгіш дəстүрін қастерлеу, жарқ еткізіп бейнелеу жатыр. Шымылдық ашылғанда «Маусымжан! əні шырқалып, би биленіп жатады. Бұл пьесадағы екінші желі «Елім-ай» əні арқылы тартылады. Ол қысыл-таяң шақты оқиғалар кезінде беріліп отырады. Осы арқылы аумалы-төкпелі дəуірдің тынысын, уақыт лебін сезіне аламыз. «Маусымжан» мен «Елім-ай» əндері халықтың күйініші мен сүйінішін, қуанышы мен қызығын, қазасы мен азасын көрсететін идеяның түп қазығы. Демек,
пьеса көңілді «Маусымжанмен» басталып, «Елім-ай» зарымен аяқталуы жайдан жай емес. Сонымен Б.Майлин өнердің, əсіресе əннің, эстетикалық, моральдық, танымдық ерекшеліктеріне үңіліп, қоғамдағы, өмірдегі рөліне үлкен мəн берген. Əн, өлең, музыка арқылы ұлттық болмысты терең ашуға, кейінгілерге үлгі-өнеге етуге көңіл бөлген. Əттең бүгін өнерге қадам басқан көптеген əншілер, сазгерлер батысқа көз тігіп, сол жақтың арзан ырғағы мен дəмсіз əуезіне еліктейтін болып жүр. Бұл ұлттық намыстың жоғалып бара жатқандығын көрсететін сияқты. Əйтпесе, үйреніп алып шырқаймын десе, қазақтың дəстүрлі əндері жан тебірентер əуезді əуенге, сұлу саздарға тұнып тұрған жоқ па! «Мəдениет» жур., 2007 ж., №11 «(15).
296 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ АЛЫП ТҰЛҒАНЫҢ ƏДЕБИ МҰРАСЫ Классик жазушымыздың өмірі мен шығармашылығын зерттеп зерделеуге кіріскен кезімнен-ақ толық құрастырылып шығарылмағанын байқап, ойға қалдым, Ғ.Мүсірепов, Т.Нұртазин, С.Ордалиев жəне басқалардың айтуына қарағанда, оның жазып жария еткендерінің өзі он томнан аспаса, кем болмайды екен. Соның өзі толық шығарылды ма, жоқ па деген сұрақ туды. Алдымен соны анықтау керек деген ой келді. Сол істің барысында төмендегіге көз жеткіздім. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында төрт томдығы шыққан екен. 1938 жылғы 26 ақпанда жалған жаламен ол атылып кеткеннен соң бұл жақсы іс тоқтап қалған. 1957 жылы Б.Майлин еш қылмыстық жазығы жоқ деп танылып, ақталғаннан кейін ол туралы, қаламгерлігі жайында көптеген мақалалар, естеліктер жарияланып жатты. Шығармаларынан құрастырылған жинақтар шығарылды. 1958 жылыбіртомдық «Таңдамалышығармалар», 1972 жылы «Повесі мен əңгімелері» (бір кітап), 1974 жылы «Шұғаның белгісі» деп аталып повестері мені əңгімелері, 1977 жылы «Таңдамалы» делініп повестері мен əңгімелері, 1981 жылы «Шұғаның белгісі» деп аталып повестері мен əңгімелері, 1994 жылы «Ел сыры» атауымен повестері, əңгімелері, өлеңдері, фельетондары жəне «Тұңғыш құрбан» жинағы, 2001 жылы «Белгісіз шығармалар», 2009 жылы «Алтын қалам» айдарымен əңгімелері жеке кітаптар болып жарық көрді. Тарыдай шашылып жатқан дүниедей болды. Олардың сыртында толығырақ етеміз деген ниетпен алпысыншы жылдарда шығарылған 6 томдық, сексенінші жылдарда басылып шыққан 5 томдық шығармалар жинақтары да толық болмады. Қалайда барлық жазғандарын құрастырып шығару мақсаты тұрды алдыда. Сол іске тəуекел етіп кірістік. Нəтижесінде үлкен іс тындырылды. Жоғарыда аталған жинақтар қолыма түскен соң, оны қанағат тұтып қалмай,
297 мұрағат пен кітапханалардың қойнауын ақтарып, газеттер мен журналдардың сарғайған беттерін парақтаған кезімізде Бейімбеттің белгісіз көптеген мұраларын таптым. Басқа іздейтін жер жоқ еді. Өзін түрмеге отырғызғанда-ақ үйін тінтіп, бүкіл кітаптары мен қолжазбаларын алып кеткен еді. Олары ұшты-күйлі, жоқ болды. Жинақтарына кірмей, жабулы жатқан «Оспан Олжабаев», «Күлегеш жеңгей», «Кездескендер» повестері мен отыздан астам əңгіме, мақала, фельетондарын тауып, баспасөзде жариялаттым. Зерттеу барысында ол туралы алты кітабымды жəне «Би-аға» естеліктер жинағын шығаруым да үлкен сеп болды. Оның сыртында Бейімбеттің Ілиясқа жазған хаттарын жариялату, жетпістен астам мақала жазып шығару барысында да белгісіз туындыларын іздеу ойдан шыққан емес. Сондай-ақ Б.Майлиннің белгісіз болып баспасөз беттерінде қалып келген жазбаларын тауып, жария етуге ғалымдар С.Ордалиев пен С.Байменшенің де үлестері бар екенін айта кетпекпін. Бұл істің бір адамға ауыр боларын байқап, əлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып, жадитше, латынша оқуды үйренген студенттерді көмекке тартуға тура келді. Еңбектерін төлеп отырдым. Олардың жəрдемі жақсы болып, Бейімбеттің көптеген əңгіме, мақала, фельетондарын кириллицаға түсіріп берді. Бара-бара шығармалары, публицистік жазбалары мол жинақталды. Істің сəті келіп, «Қазығұрт» деген баспа құрыла қалғаны. Оның басшысы Темірғали Көпбаев екен. Білетін азаматым. Б.Майлиннің көптомдығын шығарасың ба деп сөйлескенімде бірден құп көрді. Ол ақыраяғында С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің көптомдықтарын шығаруға кірісіп кетті. Бейімбет туындыларын құрастыруға С.Байменшені тарттым. Біз білекті сыбанып кірісіп кеттік. Бұрынғы төрт, бес, алтыншы томдықтары өлеңдерінен басталатын еді. Бұл жолы ол əңгіме жазудың шебері деген жұрт бағасын ескеріп, алғашқытомын əңгімелеріне арнадық. Сол бірінші томы 2004 жылы шығарылды, оған 70 əңгімесі енді. Сыймай қалған 22 əңгіме екінші томында берілді. Салыстырып көрсек, 1933 –
298 1936 жылдары шыққан «Толық жинағының» үшінші томына 59 əңгіме кірген екен, ал 1986 – 1988 жылдарда жарық көрген бес томдық жинағына енгені 81 екен. Сонда белгісіз болып келген 11 əңгіме қосылды. Тақырыптары, мазмұны алуан түрлі. Екінші томына поэмалары да кірді. Оның саны 19 болды. 1933 – 1936 жылдардағысы 4, 1986 – 1988 жылдардағысы 6 поэма болса, бұл жолы белгісіз 13 поэма қосылды. Өлеңдері үшінші томды құрады, Кіргені 201 болды, бұрынғымен салыстырғанда 78-і жаңадан қосылды. Əлі де 14 өлеңі табылмай жүр. Бесінші томды екі сценарий, 9 пьеса құрады. Барлығы 15 болды. «Шабуыл» пьесасының бір бөлігі табылды. Повестері жетеу деп жүруші едік. Іздестіргенімізде 17-ге жетті. Олардың ішінде бұрын белгісіз болып жүрген «Кең атыздың таласы», «Оспан Олжабаев», «Күлегеш жеңгей», «Кездескендер» повестері бар. Соңғысы бұрын жазған «Қырманда» деп аталған повесін қайта қарап, көп өзгерістер енгізіп жазған екен де, «Кездескендер» деп атаған. «Атылмаған оқ» повесі аяқталмаған. Повестерінің 9-ы бесінші томына, 8-і алтыншы томына кірді. «Жалбыр» атты повесі де көпке дейін белгісіз еді. Романдары да кезінде толық жиналып, жинақтарына кірмей келген еді. Оқырман жұрт көбіне «Азамат Азаматыч» романынбілетін. Əртүрліжанрда көсілежазып, қаламыəбден ұшталған кезде қарымды жанрға бет бұрып, отызыншы жылдарда роман жазуға да кіріседі. Алғашқысы жаңағы аталған шығарма. Одан кейін «Тартыс», «Қоңсылар», «Қызыл жалау» романдары туды. «Тартыстан» басқасы толық жарияланып немесе кітап болып шықпаған соң, біткен нұсқасы табылмады. Мəселен «Қоңсылар» шығармасының бірінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші тараулары ғана табылды. Толық емес «Ауыл» деген шығармасы жеке романнан гөрі «Қоңсылардың» бөлімдерін құрайтын сияқты. Ал «Қызыл жалау» романы аяқталып, қаламдастары талқылағанын естеліктерінде айтып кеткен еді. Алайда толық нұсқасы табылмады, өз кезінде баспасөзде үзінділері ғана жарияланған. Соларды қанағат тұтуға тура келді. Сол табылғандары
299 жетінші томына енгізілді. Оқыған жұрт рухани нəр алатынына күмəніміз жоқ. Б.Майлин шығармаларының үлкен бір саласы – фельетондары. Бұлжанрда жазуды өлең, əңгіме, мақала жазумен қатар ерте-ақ бастаған. «Оқшау», «Оқшауша» деген айдар қойып, фельетон жазып қалыптасып алған оның «Сойқанды содырлар» жəне «Кесінділер» деген алғашқы жеке жинақтары да шыққан. Бұдан кейін де қаламын суытпай жазған фельетондары газет-журналдар беттерінде жария көріп жатты. Замандастары оны фельетон жазудың да шебері деп таныды. Бірегей ғалым Т.Нұртазин оны «Əзілдің, сықақтың, сатираның шебері» деген. Жазу стилі, сынаған мəселелері, адам мінездері əр алуан десек те, үш ерекшелігіне көңіл аударайын. Біріншісі – қара сөзбен де, өлеңмен де жазғандығы, екіншісі – көп жағдайда фельетондарға бүркеншік аттарын қоятындығы, үшіншісі – өзі қызмет істеген баспасөзде «Күлкі-сықақ», «Күлкі дүрбісі» деген айдар қоюға мəн бергендігі. Нақтысы да, шарттысы да кездеседі. Əсіресе, бейнелеу, суреттеу, баяндау, диалог, метафора, нақыл мен мақал сөздер сияқты көркемдік элементтер, жанжал, айтыс-тартыс, қорқытып, үркіту, сюжет, штрих сияқты əсерлі құрауыштар мейлінше орнымен қолданылады. Фельетондары 150-ден асып түседі. Бұрындары саны елу, кейде жүз шамалы деген кездер де болды. Ал бұл жолы 8-і томына 132 фельетоны жинақталып берілді. Оның 35-і бұрынғы жинақтарына кірмеген. Аттары белгілі 30 шақты фельетоны жоғалып кеткен, табылмай жүр. Келесі 9-шы томына очерктері мен хаттары топтастырылды. Кірген 38 очеркі бұрыннан белгілі туындылары. Жазған хаттары көп емес. Олардың ішінде С.Сейфуллинге, Қ.Əбдіқадыровқа жазған хаттары адал да ақ ниеттің үлгісі. Ал Б.Кенжебаевқа жіберген қысқа ғана хатынан қамқорлық, жанашырлықтың, Абайға деген құрметінің лебі еседі. Қаламдас досы І.Жансүгіровпен көп хат жазысыпты. Ілиястың қорынан Бейімбеттің 18 хаты табылды. Қуғынсүргіннің зобалаң кезінде ақынның жұбайы Фəтима əрең сақтап қалыпты. Оларды оқысаңыз, Б.Майлиннің азаматтық
300 болмысына, талмас еңбекқорлығына тəнті боласыз. Бұл хаттардың жинаққа кіруі алғашқы рет деп ескерте кеткен артық болмас. Оныншы томы тек мақалаларына арналды. Барлап қарағанымызда оның мақалалары 700-ден асып түседі. «Қазақ» газетінен, «Айқап» журналынан «Қазақ əдебиеті» газеті мен «Əдебиет майданы» журналына дейінгі аралықта, яғни жиырма бес жылдай өндірте жазғандарының көлемдісі – оның мақалалары. Бірақ бəрін көптеген басылымдардың жоқ болғандығынан, барларының кейбір беттері жыртылғандықтан тауып алу мүмкіндігі шектеулі болды. Жазғанының көптігі сонша, көбінесе бүркеншік аттарын қойып отырған. Бүркеншік аты демекші, олары жиырма, отыз екен деушілер де болды.Ұзақ жыл зерттеуімнің барысында сондай 74 атының болғанын анықтадым. Мақалалары жинақталып ешбір жинағына енбегендіктен ешкім талдап, ғылыми түрде саралап пікір айта алмады. Соның орнын толтыру үшін қысқалау болса да ойымды айта кетейін. Мақалаларының тақырыбы, көтерген проблемалары сан алуан, өз кезінің өзекті жайлары. Қоғамда қандай бір құбылыс, оқиға, өзгеріс, жаңалық, кемшілік болмасын, ол жазбай кетті дейтін тұсы кемде-кем сияқты. Қашанда, дер кезінде уақытында үн қатып отырған, өз сөзімен араласпай қалыс қалуды білмеген, өткір сындары да дөп тиіп, жедел назар аудартуда ерекше əсерлі келген. Мақалаларыныңмазмұнмаңызын осылай шамалы қамти отырып, оқырманның өзі оқып, білігін арттырар деген сенімге жүгіндік. Тек есте ұстар бір жағдай – мақалалары алғаш рет құрастырылып, оныншы томына кіргізілгені үш жүзге тарта ғана. Басқаларын əлі де іздеу келешектің ісі. Соған құлақ қойып, іздейтін адам болса дейміз. Оқырманның сана-сезімін арттыру қажеттілігіне жарасын деген ниетпен мақалаларын да ескерусіз қалдырмауды мақсат еттік. Əрине Б.Майлиннің көптомдығын құрастырып шығару оңай болып жатқан жоқ. Жылсайынғы «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша қаражат бөлініп, «Қазығұрт» баспасы шығарып