жатқанына ризалығымды білдіремін. Алдымен Б.Майлиннің аруағыриза болсын деп қарағанжөн. Сондықтан «өзіжоқтың көзі жоқ» деп қарамай, тиісті қаражат бөлініп тұрса деген тілек білдіремін. Одан мен құрастырып, баспаға тапсырып жүргенім үшін ешбір теңге алыпта жатқан жоқпын. Бейімбет аруағын сыйлаған феномен адаммын. Сондықтан оның аудармаларын, орысшаға аударылған шығармаларын, істеген қызметтеріне, атылуына, ақталуына байланысты құжаттар, естеліктер жинастырып та қойдым. Соларды жариялауға қол жеткізсек, маңызды да, пайдалы іс болар еді. «Кітап жаршысы», 2011, №2.
302 Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ АЛЫП ТҰЛҒАЛЫ АСЫЛДАРЫМЫЗДЫ АРДАҚТАЙ БІЛЕЙІК 2015 жылы Абай 170-ке келеді, 2014 жылы қайтыс болғанына 110 жыл толады. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров 2014 жылы 120 жасқа толады, 2013 жылы жазықсыз атылғандарына 65 жыл болады, С.Мұқанов 2010 жылы 100-ге келді, 2013 жылы дүние салғанына 40 жыл толады, М.Əуезов 2013 жылы жасы 115-ке келсе, 2011 жылы о дүниелік болғанына 40 жыл толды, Ғ.Мүсірепов 2012 жылы 110 жасқа толады, 2015 жылы дүниеден кеткеніне 30 жыл толады. Б.Майлиннің осы асылдарымыздың əрқайсысымен байланыстылығы қандай болды екен деген ой мазалап жүрді де, зерттеп анықтайыншы деп төмендегі сериялы мақалаларды жаздым. Сонда бір байқағаным, əрбірінің туған немесе қайтыс болған күндері аталып өтуге тиісті. 2010-2015 жылдар аралығы сондайға толы екен. Орайы келгенде, Б.Майлиннің олардың əрқайсысымен қарым-қатысы жөніндегі топтамамды аяқтап, баспасөзге ұсынып отырмын. Алып тұғалы соларды ардақтап, құрмет ету ниеттің белгісі бұл. Бейімбеттің өзінен кейінгі таланттарға да көрсеткен қамқорлығы да ескерілді. Үлгі боларлық қасиеттерінен кейінгі ұрпақ біліп жүрсе ғанибет емес пе. АБАЙ МЕН БЕЙІМБЕТ Ең алғаш Абай жөнінде айтқанын «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 18 наурыздағы 114 санында жарияланған «Қазақ əдебиеті кеші» атты мақаласында кездестіреміз. Мақала 13 ақпандажас талапкерлердің өткізген қайырымдылық əдебиет кеші туралы. Мұнда əн айтылып, күй шертілгені, өлеңдер оқылғаны, айтыс өткізілгені жазылған. Əншілер «Ырғақты», «Гауһартас», «Əридаш», «Ғалия» əндерін орындапты. Абай
303 мен Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері оқылыпты. Солардың ішінде Абайдың «Қыс», «Бұлбұл мен есек» өлеңдерін атап көрсетіп, оған деген ілтипатын білдірген. Б.Майлин 1914 – 1916 жылдары Уфадағы «Ғалия» деген жоғары білім беретін медреседе оқығанда бір шатақ туады. Мұнда оқитын əр ұлттың жастары қолжазба журнал шығарады екен. Өз тілдерінде. Бұл қазақ жастарын да ойландырып, «Садақ» деген журнал шығармақшы болады. Алғашқы редакторы Бейімбет Майлин еді. Жан сала жүріп бірінші санын да шығарады. Оқығандар ұнатып, журнал көрмеге де ілінген. Қуаныштары қойнына симай жүрген қазақ шəкірттері аяқ астынан құлазып қалады. Сөйтсе татардың бір-екі бұзық студенті татарша жазуларың керек деген сылтаумен көрмедегі журналды алып кетіпті. Қазақтар наразылық білдіріп, медресе басшысына барады. Артынша жиналыс өткізіліп, Б.Майлин сөйлеп, артық сөздер айтып жіберген көрінеді. Нүктені халыққа танымал, беделді ақыны, салмақты, байсалды Ғалымжан Ибрагимов қойған екен. Ол барлық түрік тілдес халықтардың əдеби тілдерін жойып, оларға өз ұлтының – татардың тілін ұсынуды айыптай сөйлейді. Əр халықтың өз тарихы, өз əдебиеті, өзінің əдеби тілі бар екеніне назар аударып, «Қазақ халқының бай ауыз əдебиетін былай қойғанда, қазақ жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін салушы қазақтың ұлы ақыны Абай бел бермес биіктердің бірі. Оның даналыққа толы көркем шығармалары қазақтың кең сахарасының төрін жайлап, төсін қыстап отыр. Абай тілінде газет, журнал шығаруға болмайды деп көку – не надандық, не татаршылық. Өз тілінде журнал шығарған қазақ шəкірттерінің игілікті істерін біздер шын жүректен құттықтауымыз керек» деп түйінді сөз айтқан екен. Мұндай сөзге Бейімбет те, басқалар дажүректеріжарылып кетпесе де, төбелері көккежеткендей қуанышқа кенеліпті. Əсіресе, Абай жөніндегі асқақ үн, жоғары баға тебірентіп-ақ жіберген. Осы жағдайды аса білімдар ғалым Қажым Жұмалиевтің «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақаласынан оқығанда, («Жұлдыз» журналы, 1964 ж., 12-сан) Абай үшін де, Бейімбет үшін де көңіл-күйіміз көкке аспандап кеткендей болғаны рас.
304 1920 – 1930 жылдары Абай жөнінде пікірталас туып, оны шынжыр балақ, шұбар төстің баласы, үстем таптың өкілі деген дүрлігу көп уақытқа созылды. Оның ақындығы жағынан емес, осы талма тұсынан тиісті. Оның бай əулетінен екені рас, алайда басқа жағымды қасиеттерін ескеріп елей бермеді. Діншіл, ескішіл, орысшыл деп те кінə тақты. Басқалалрға қарағанда С.Мұқанов адал да шыншыл екен. Соны Т.Кəкішевтің келтірген Сəбеңнің мына сөзінен байқаймыз: «Абай жəне оның шығармалары туралы көпшілік алдында менің алғаш ауыз ашуым – бұдан 22 жыл бұрын – 1923 жылы еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!» мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтыпшықтым. Мұндай солақай, сауатсыз, саясижағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 жылы басылған «ХVІІІХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымды айтқам» деген. Əділ де білімдар ғалым Т.Кəкішев ұзақ жыл С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттей келіп, «Əдеби процеске күнбе-күн араласып, өзінің ойын ешбір жалтақсыз, ашық айтқан көркемсөз шебері, жауынгер сыншы, парасатты ғалым» («Сəбит Мұқанов» кітабы, 2009 ж., 311-б.) деген түйінді ойға келген. Сəбең Абайдың ақындығына шүбə келтірмеген. Оған нақты бір дəлел – С.Мұқановтың 1937 жылғы қуғын-сүргін кезінде «Абай – халық ақыны» деген мақаласының жариялануы. Абайды, оның ақындығын Бейімбет Майлин де, əрине, білді. Бірақ жағымсыз сөздер ұшқындап басталып, жалыны шарпып жатқан кезде, оны өзін қалай ұстауы, қай жағына шығуы, Абайды қалай бағалауы керек деген ой мазалауы сөзсіз. Қанша архив қойнауын ақтарып, оның болмысбітімін, сыр-сипатын, қадір-қасиетін саралап көрсететін қыруар деректерді, пікір-лебіздерді көріп зер салғанда байқағаным, ол ешкімге ұқсамайтын, жаратылысы ерекше жан екеніне көзім жетті. Не нəрсе болса да елп етіп, дүрлігуге
305 қосыла кетететін жеңіл-желпілік болмаған онда. Байыппен, байсалдылықпен қараған. Өзін жіліктеп сынап жатқан кездің өзінде сабырлылық сақтап, сынаған адамның бетінен алып, төсіне шауып жатпайтын мінезімен замандастарын таң қалдырады екен. Оны мейлінше түсінген. Ғ.Мүсірепов «Бейімбет бір жазушы туралы жаман сөз айтқан емес» десе, бұл басқа мінездің адамы болғаны ғой. Ал Ғабиден Мұстафин «Шіркін, тұтастай тұлғасымен өлшеп-пішпей жаратылған бір адам Бейімбет еді ғой. Ондай қарапайым, жайсаң сырбазды көрмедім өз басым» деп тамсана ағынан жарылса, аса қатты бағалағаны ғой. Ендеше, басқалаларды былай қойғанда, Абайды жаманатты етіп көрсету, оның арына сын еді. Сондықтан Абай үстем тап ортасынан шықса да, оны кекетіп, мұқатып сынау жолына түспейді. Даурығушылардың қатарына қосылып, ондай бағытта ештеңе жазбайды да айтпайды. Өлеңдерін оқып білген ол Абайды сол кездегі ақындықтың биік шыңына жатқызды. Махаббат жайында аз жазбаған Б.Майлиннің жас жүрегін: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласыз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара көзі сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды», – деген Абай өлеңі селт еткізген. «Шұғаның белгісі» повесіндегі жас Əбдірахман: «Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды, Буландырған, уландырған жас жанды. Біз бір ғаріп паналаған саяңда, Жас жүректе мықты жара басталды», – деген өлең жолдарын Шұғаға жазған хатында айтса, Абай өлеңінің əсерінен болуы ғажап емес. Əрең дегенде «Ғалия» медресін жартылай бітірген Бейімбетке оқып, білімін жетілдіру арман ғана болғаны кезінде Абайдың:
306 «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім», – дегені оның да мұңына, өкінішіне дөп келді. Абайдың өлеңдерін оқығанда, Бейімбеттің неше түрлі күйге түскеніне шүбə жоқ. Əсіресе, халқының тұрмысына налып, болашағын ойлаған Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» деп налуы, одан арман: «Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлық қазақ сол үшін, Алты бақан ала-ауыз», – деп ащы сынға алуы, бірақ: «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба», – деп жаны ашып, бағыт сілтеуі Б.Майлиннің өзегін өртеп, ішкі дүниесін ақтарғанына сөз жоқ. Сондықтан да Бейімбет өз ұлтына адал еңбек етуге бар күш-жігерін жұмсады. Оған елінің төбеге көтеріп, Би аға деп, зор құрмет көрсетуі айқын дəлел. Кейбіреулер сияқты біржақты кетпей, жақсыны да көре білу де əркімде кездесті. Батылдық та, əділдік те танытқан адам болды ма десек, бара-бара аса білімдар ғалым дəрежесіне жеткен Бейсембай Кенжебаев есімін еске алмай кету мүмкін емес. Оның Абай жөніндегі алғашқы мақаласы Бейімбет Майлинге қатты ұнаған. Сол жөнінде Бейсекеңнің өзін тыңдап көрейік: «Əр мақаланың өзіндік тарихы бар. Қысқартып айтсақ, алғашқы мақала жазарда КУТВ (Коммунистический университет трудящихся востока) студенті едім. Əдеби үйірмеміз болатын. Көзқарасын
307 қайдам, талғамы сұлу кісі əдебиет пəнінен сабақ берді. Ол ұстазымыз Абайды табына қарай, феодал ақыны деп бағалар еді. Бір ғажабы, өзі солай ойлай тұра, өзгеміздің пікірімізге еш қарсы болмайды. Əдебиетте əркімнің өз пікірінің болмағы жақсы дейді. Əдеби үйірмеде осы мəселе жөнінде баяндама жасау маған жүктелді. Москвада оқитындықтан, А.В.Луначарскийден лекция тыңдап, орыс жазушыларымен араласқанның əсері ме, əйтеуір мен Абайды шыққан табына, тегіне қарамай, халық ақыны (астын сызған – Т.Б.), қазақтың жаңа жазба əдебиетінің ағасы деп бағалаппын. Бай таптан шығып, халық ақынына айналғандар орыс əдебиетінде қаншама?» – деп жазған («Кемеңгерлік кепілі» мақаласы, «Əдебиет белестері» кітабы, 1986 ж., 97-б). Баяндама негізінде мақала дайындап, оны «Абай» деп атап, Б.Кенжебаев «Еңбекші қазақ» газетіне, басқаға емес, онда істейтін Б.Майлинге жібереді. Жас дарын ұшқынын дəл таныған, жаңа, тың, əділ ой тастаған жасқа риза болған Бейімбет «Мақалаңды алдым, газетке басамыз, мына ақша соның қаламақысы есебінен жіберіліп отыр» деген қысқа хат жазып, 50 сом ақша салдырып жіберген. Бұл жөнінде Бейсекең кейін «Мақала жарияланбай тұрып, оқып шығып, Москваның тарығып жүрген студентіне жанашырлық жасап, қаламақысын алдын ала салып, арнайыхатжазыпжібергені əлі күнге көңіліңді жылытады» деп жазып, ризалық сезімін білдірді (сонда). Б.Майлиннің жас талантқа жəрдем көрсетуі өз алдына, оған қатты əсер етіп, қуаныш сезімін селт еткізген нəрсе мақаладаАбайдыхалықақыныдепбасқақарсыкөзқарастарға қарамай бағалануы. Бейсекеңнің жазуы Бейімбеттің ойына дөп келген. Мақаланы газеттің 1925 жылғы тамыз айындағы 356, 360 сандарында жариялатады. Əлгі хатында «Батыл жазу керек осылай, жиі жазып тұр. Жазғандарыңды менің атыма жолда» деп дем беріп, қамқорлық жасайтынын білдіріп, жақын тартады өзіне. Осы бір жағдайдың өзі Б.Майлиннің Абайды қаншалықты жоғары бағалайтынын, қадірлейтінін анық аңғартады. Ал Б.Кенжебаев қанат бітіп, қуат алғандай, кейін Абай туралы көптеген мақалалар жазып, шығармаларының текстологиясына дейін зерттеді.
308 Б.Майлинніңеларалап, мақалаларжазып, шығармаларына қажетті деректержинайтын іске машықтанып алған қаламгер еді. Сондай бір сапары Петропавловскіге (Қызылжарға) əкеледі. Сол кезде ақындықты енді бастап жүрген Дихан Əбілевті жолықтырады. Оның алғашқы өлеңдерін көзі шалып оқыған Бейімбет «Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы» деп Абай айтқандай, бұл жігіт те қара жаяу емес екен. Талабың да, қаламың да ақындыққа шақырып тұр екен деп, ақыл-кеңес беріп, қанат бітіргендей демеп жібереді. Кейін Д.Əбілев бұл туралы «Би-ағаның ақыл-кеңесін жүрегімнің түбіне ыпыстық күйінде жөргемдеп тыққыштай бердім, тыққыштай бердім» деп жылы лебізін білдірді. Б.Майлин сол жолы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің ұжымымен кездесті. Ол кезде кейін халқымыз мақтаныш еткен академик Шафық Шөкин, профессор Ахмедия Ысқақов, журналистер Қазыбек Сүлейменов, Жүсіп Алтайбаев, жазушы Əбдірахман Айсарин, ақын Абдол Сəдуақасов осы редакцияда қызмет істейді екен. Кездесуде Б.Майлин əдебиет, жаңа талапкерлер туралы əңгімелей келіп: – Өлең-жырда əр ақынның, тіпті талапкердің өз сөз кестесі болмайынша, ақындық жоқ. Абайдан бұрында көп ақындар болған. Тіпті сонау Бұқар жыраудан бастап, Шортанбай, Дулат, Шерниязды айталық. Абай солардың бірде-бірін қайталамай, тың көтерді. Өзінше жазды. Сөйтіп, қазақ өлеңін жаңа мəнермен өрнектеп, жақсы үлгі туғызды. Қайталау, еліктеу өнер де емес, өлең де емес. Заман жайын, біздің социалистік өмірімізді əр ақын өзінше толғауы керек... Мына Абдолдың, Диханның кейбір өлеңдері біріне бірі тіпті жақын екен. Тағы басқа жастардыкі солай көрінеді. Даралық керек дей отырып, біраз ақындардың өлеңін талдаған екен. Абайды өнеге етіңдер дегендей, тағы да «Абайы болмаса революциядан бұрынғы қазақ елінің əдебиеті де, мəдениеті де онша жетілмеген болуы мүмкін. Сол Абай өзінен мыңдаған жыл бұрынғы қазақ поэзиясы топырағынан жарып шыққан дара талант. Айтуға тіл жетпейтін поэзиясымен Абай! Ал Абайша жазу, Абайға сол күйінде еліктеу, оны қайталау ақындық емес», – деп газет редакторы Ғалым Малдыбаевқа
309 «Саған қол да, жол да поэзия» деп жол сілтепті. Осы поэзия жолына түскен Ғалым «халық ақыны» деген дəрежеге дейін жетті. Сонымен Абайды өнеге тұтыңдар деген ой төңірегінде əңгімелесіп, жас талаптылардың жүрегінде поэзия шоғын үрлеп тұтатып кетті дей аламыз. Бұл кездесуге қатысқан Д.Əбілев куəгер ретінде ол туралы «Би-аға» деген мақаласында («Ой толғауы» атты кітабы, 1981 ж.) жазып кеткені Б.Майлинге деген құрметі деп білеміз. Сонымен Абайға деген Бейімбеттің көзқарасы, ілтипаты, жоғары бағалауы – ешқандай күншілдік, көре алмастық, бақталастық қоспасы жоқ шынайы, таза жанмен құрметтеуінің үлгісі. Кімге болса да өнеге етерлік қасиет бұл, əсіресе күні бүгінге дейін Абайға тіл тигізушілер шығып жүргендерге ой салсын дейміз. СƏКЕН МЕН БЕЙІМБЕТ Қазақтың біртуар азаматы Сəкен Сейфуллин жөнінде аз жазылған жоқ. Өте-мөте айтпағым, оның тар жол, тайғақ кешу кезі, халық жауы жаласы нақақтан атылғаны, өзі жоқ болса да, дін таза ақталғаны, қойшы, əйтеуір, бүкіл тағдырын зерттеп, мақалалар, кітаптар жазып, халқына жеткізуге бүкіл ғұмырын арнаған білімдар ғалым Тұрсынбек Кəкішевтің жан-жақты көрсетіп, талдап-таразылап бергені игілікті іс болды. С.Сейфуллиннің қандай істермен шұғылданғаны, қандай қызметтер атқарғаны оның еңбектерінде қамтылған. Мен біржағдайды, Бейімбет Майлин екеуінің арасындағы достықты ғана арнайы əңгіме етпекпін. Б.Майлин туралы ұзақ жыл мен де зерттеп, жазып жүргенімде, екеуінің арасындағы қарым-қатынас көзіме түсе берді. Соны өнеге ретінде көрсетіп, ашыңқырап айту керек деген ой мазалай беруші еді. Сəті енді келді. Айтарымды Т.Кəкішевтің мына сөзінен бастайын: «Бейімбет Майлинмен жарасқан достығы да Қостанайдағы «Ауыл» газетінен «Еңбекші қазақ» газетіне ауыстырудан басталып, бүкіл қазақ мəдениетіне үлкен олжа салған бола-
310 тын», – деп жазды. «Сəкен һəм «Еңбекші қазақ» деген мақаласында («Егемен Қазақстан» газеті, 2009 ж., 10 қараша). Сəкеннің шақыруы 1922 жыл болатын. Бұл газетке келем деген Бейімбеттің үш ұйықтаса түсіне де кірмеген жаңалық еді. Сонда Сəкен Бейімбетті білген бе? Шалғай жердегі Қостанайдағы Бейімбетті қалай білді деген ой келетіні сөзсіз. Б.Майлиннің бала кезінен жетім қалып, көрген азабы, жан күйзелісі аз емес еді. Енді қанатын жазып, білімге талпынып, Уфадағы жоғары білім беретін «Ғалия» медресесінде оқып жүр еді, аурулы болып, оны да бітіре алмай кетті. Бұл кездің бір пайдасы сол А.Байтұрсыновпен танысып сөйлескеннен кейін, «Қазақ» газетіне жаза бастайды. Оның алдында М.Сералин басқарған «Айқап» журналында жариялатқандары бар. «Айқапта» – «Қостанай уезі», Дамбар болысы, «Болған іс» мақалалары, «Көңіліме» өлеңі, «Қазақ» газетінде – «Ыштат», «Жазғы қыбыр», «Шілде», «Уа!», «Алашордаға», «Қазаққа», «Қарынға» өлеңдері жарияланған. Сондай-ақ, 1923 жылға дейін Бейімбеттің өлең, əңгіме, шағын фельетондары «Садақ» қолжазба журналында, «Алаш», «Қазақ мұңы», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ жол», «Ұран» газеттерінде, «Абай» журналында басылып жүрді. «Ғалия» медресесінен кеткеннен кейін, елінде ауылдық мектептерде мұғалімдік қызметте істейді. Үйірме ұйымдастырып, шағын пьесалар жазып сахнаға шығарттырады. «Еңбекші қазақ» газеті (қазіргі жалғасы «Егемен Қазақстан») алдында «Ұшқын», «Еңбек туы» деп аталып бір-жар жыл шығып тұрды да аты өзгерді. «Еңбекші қазақ» аталып шығуына Сəкен үлес қосқан. Мұндай газет жəне баспа ұйымдастыру оның ұйқысын төрт бөлген мəселе еді. Əрине ол ойын жүзеге асыру оңай болған жоқ. 1922 жылғы Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мəжілісінде қазақ баспасөзі мəселесі қаралды да, «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналының редакциялық алқасы бекітіледі. Ал Сəкен редактор болып
311 бекітіледі. Сол жылы қараша айының басында Қазақстан Халық комиссарлары кеңесінің төрағалығына сайланады. Енді жақсы мүмкіншілік туды. Бірақ газет пен журнал жұмысын өз дəрежесінде жүргізу үшін, əрине, білікті де тындырымды, өресі биік, жүрдек қаламды қызметкерлер керек екенін жақсы түсінді. Сол кездегі белгілі қаламгерлерді газетке тартады. Б.Майлин солардың бірі. Араласыпқұраласпаса да, жазғандарымен таныс болып, қарымды қаламгерлігін білген соң, оны қасына тартқан. Қатардағы газетші емес, хатшылықты сеніп тапсырған. Б.Майлин Қостанайдан Орынборға (сол кездегі республика орталығы) келіп, 1922 жылдың тамызынан 1923 жылдың шілде айына дейін қоян-қолтық жұмыс істейді. С.Сейфуллиннің сенімінен шыға білген ол, газет пен журналдың барлық жұмысына тікелей ұйытқы болып, жандандырып жібереді. Бірге істеген М.Ешмұхамедовтің айтуынша, газеттің бар ауыр жұмысын Б.Майлин атқарғанын, көптеген редакциялық мақалаларды алып кетіп, үйінде қызметтен кейін, түнде ұзақ отырып істеген. Ол жазушылық іскерлігін, аса сауатты екендігін, əдеби, журналистік талғамының ерекше болғандығын, түскен хат-хабарларды түзеп, редакциялауға майталман екендігін тез аңғартты. Өзіне артылған сенімді ақтауға тырысып, жүктелген міндетті қалтқысыз орындап, үлкенжауапкершілікпенжұмыс істеген. Сəкен сенім артқандықтан, газет пен журналға алаңдамай, үкімет ісіне көп көңіл бөлген. Ресми редактор болмаса да, Бейімбет сол қызметті атқарды деуге негіз бар. Бірақ, бастық болдым дегендей шіренген де емес, кеуде керген де емес. С.Сейфуллин қазақ тілі мəселесіне ерекше мəн берді. Шешімшығарттыруөзалдына, осыжайындажеделмақалалар жазып, ізін суытпай «Еңбекші қазаққа» жариялатып жіберді. Соларды əдейі санап, аттарын атап көрсеткен Т.Кəкішев «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек», «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу», «Қазақстанның губерниялық һəм уездік исполком төрағаларының құлақтарына», «Қазақстанның заң комиссариатына теңеліңдер», «Кеңседе қазақ тілін жүргізу», «Ашық хат» деген мақалаларын
312 атап, Сəкеннің тілімізге қаншалықты мəн бергенін тарқата əңгімелеген. Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабы «Қызыл Қазақстан» журналының 1923 – 1924 жылдарғы сандарында жарық көрді. «Еңбекші қазақ» газетінде (1924 ж., 17 наурыз) жарияланған «Ашық хатында» Сəкен «Қазақстанда қазақ тілін жүргізуге екпіндеп кірісіп» жатқандарын, бірақ мекемелерді басқарып жүрген адамдар əртүрлі сылтаумен белсене қолға алмай отырғанын айта келіп, қалай істі ұйымдастыру керек жолдарын көрсетіп береді. С.Сейфуллиннің тіл жөнінде мəселе көтеруі Б.Майлиннің назарына ілінбей қалмады. «Кеңсе тілі» деген мақаласында («Еңбекші қазақ», 1926 ж., 7 қаңтар) «Кеңсе тілін шын түрде қазақыландыру» қолға алынғанына біраз уақыт өтсе де, көңілдегідей өріс алмай отыр» деп Сəкенді қолдай келіп, Қазақстан партиясының бесінші конференциясы қабылдаған бұл жөніндегі шешімді жүзеге асыру керектігіне тоқталады. Бейімбет мұнымен шектеліп қалмай, тілімізді қорғау, оны дамыту керектігіне арнап «Рақымбайдың мақаласы», «Перевод», «Бидіш, шалабек занит», «Олай емес «казахский язык», «Серый ме, карешни ме?» сықақ оқшауларын жазды. Соларды оқыса, бүгінгі қолында билігі барлар, лауазым дəрежесі жоғарылар селт етпес пе екен. Сəкенге сүйкенушілер, сынаушылар да шықты. Бірі жазушылығын ұнатпаса, енді бірі қара басына тиісіп, мін тағу əрекетін жасады. Араларына алауыздық жайлатып қойған Голощекинге жағымпазданғандар да шаужайдан ала түсті. «Тар жол, тайғақ кешу», «Қызыл сұңқарлар», тағы басқа шығармалары сынға алынды. Ата тегіне тиісіп, ауқатты əулеттен деп те мұқатты. Н.Төреқұлов «Асау тұлпар» шығармасына талдау жасаған болып, Сəкенді мысқылдап, кекетіп, жұрт бетіне қаратпастай еткен екен. Мұндай мысалдар жетерлік. Осындай əрекеттерге жирене қарайтын Б.Майлин, болмысында мойнына қыл арқан салып жатсаң да лəм демейтін мінездің адамы ғой, Сəкенді қорғап пікір білдіруге, не мақала жазуға беттемеді. Дегенмен екі нəрсені мықты ұстады: бірінші – елігіп сынаушыларға
313 қосылып, Сəкеннен кінəрат іздеуге бармады, екінші – оны жаладан қорғау ретінде жазылған лебіз болса, дереу газетке бастыруға тырысты. С.Мұқанов «Сынға сын» деген мақала жазды. Ол Н.Төреқұловтың өзін түйреп, оның айтқаны сын емес, Сəкенді қаралау деген ойларын айтып, əшкере етеді. Осы мақала Б.Майлин бар жұмысын атқарып отырған «Қызыл Қазақстан» журналына жарияланады. С.Мұқанов «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» деген белгілі мақаласы да осы тұста жарық көрді. Бұл журналда Сақа деген автор «Жыл құсы» деген материалында «Жаңа жазушылардың, жаңа балапандап туып келе жатқан ақындардың бастығы Сəкен Сейфуллин» дей келіп, оның «Қызыл сұңқарлар» пьесасын «Жыл құсы» деп бағалайды. Сондай-ақ журналға Сəкеннің «Асау тұлпар туралы» деген мақаласы да басылды. Тағы бір айғақ. «Ақ жол» газетіне «Қазақ əдебиетінің тарихынан» мақаласын жариялатқан Темірбай деген Сəкенді өтірікші, мылжың, соқыр, арсыз, əңгі деп жөнсіз тіл тигізіп, масқараламақ ниетін көрсетіпті. Міне, бұған қарсы «Қисық сынға – əділ төре» деген мақала жазып, Темірбайдың сыны «Əдебиетке жаны ашыған кісінің сөзі емес, тек ұнатпайтын адамның бетін тырнау», «дұшпандығын, аяғынан қалай шалуды аңдып жүргендігін» көрсететін теріс пиғылдың көрінісі екендігін дəлелдеп шығады Ғ.Мүсірепов. Оның бұл мақаласы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрді. Екі басылымға ресми емес басшылық жасап жүрген Б.Майлин əлгіндей мақалаларды жолын бөгемей, жедел жариялануына мүмкіндік туғызуы құптарлық іс. Көзбе-көз көріп, танысып, білісіп, арасында сыйластық орнай бастаған кезде, Б.Майлин Қостанай губерниялық партия комитеті мен атқару комитетінің «Ауыл» деген газеті шығатын болып, сонда жіберіледі. Онда да бар жұмысты үйірілте істеп, орынбасар болса да, басшылықты қолына алып, басылым беделін арттырады. «Еңбекші қазақта» істеп, ысылып, қаламы шыңдалып келген ол редакция жұмысын үлгеріп істеуі өз алдына, бұрқырата жазады.
314 Бұл екі арада «Еңбекші қазақтан» С.Сейфуллин кетіп, С.Сəдуақасов редактор болып тағайындалады. Ол көп ырғалып-жырғалып жатпай, Б.Майлинді қайта шақырады. «Ауылда» екі жылдай істеп қалған Бейімбетті жібергісі келмегенҚостанай губкомының бюросы 1925 жылғы 21 ақпанда бұл мəселені қарап, журналист кадрларының жетіспеуіне байланысты жібермеу жөнінде шешім қабылдайды. Алған бетінен қайтпаған С.Сəдуақасовтың талап-тілегімен Қазақ өлкелік партия комитеті араласады. Казкрайком 1925 жылдың 7 наурызында «О работе тов. Майлина. Направить тов. Майлина для ответственной газетной работы в редакцию «Энбекши Казак» деген шешім қабылдаған. Сөйтіп қайта оралды. Бұл С.Сəдуақасовтың да оны жоғары бағалағанын білдіреді. Сол жылы республика орталығы Орынбордан Қызылордаға ауысып жатқан. Соған орай редакцияның үйжайы қамын ұйымдастыру үшін Смағұл оны Қызылордаға аттандырады. Тағы бір елеулі іс Б.Майлиннің «Өлеңдер» жинағын құрастырып, өзі алғы сөз жазып, тез шығаруға С.Сəдуақасовтың қолға алуы. Бұл жолы Бейімбет редактордың əдебиет жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Одан əрі шығып жатқан əртүрлі басылымдарда жұмыс істеді. «Ауыл тілі» газеті редакторының орынбасары, «Əдебиет майданы», «Жаршы» журналдарының, «Қазақ əдебиеті» газетінің жауапты редакторы тағы басқа қызметтерде жүрсе де, «Еңбекшіқазақ» – «СоциалдыҚазақстан» газетініңтілшісі де, фельетоншысы болып жүріп, ешқашан қол үзбеген. Оған қоса айтарымыз – С.Сейфуллинмен сыйластығы достыққа жалғасып, араларын ешкім ажырата алмайтын дəрежеге жетті. Қалжыңдары да жарасымды болған. С.Сейфуллиннің қадір тұтуы көзге көрінбей тұрмаған көрінеді. Ол жөнінде қатар аралас-құралас жүрген С.Мұқановтың пікірін тыңдайық: «Бейімбет кісімен ұрыса бермейтін өте момын адам да. Əдебиеттік айтыс-тартыстарға ол еш уақытта араласпайтын. Əрі ісі, əрі мінезі жаққан Бейімбетті Сəкен өте жақсы көріп, жылы леппен үнемі «Мырқымбай» деп атайтын. Сəкен де ұнатпаған адамын
315 тұрпайы тілмен сөгіп, ұрсып тастайтын əдет болушы еді. Осы мінезін ол ешбір жағдайда Бейімбетке қолданбайтын, сыпайылықтан əрі аспайтын. Бейімбет те Сəкенді аса сыйлайтын... Сəкенді шын сүйетін жастық жүрегінен шыққан», – деп жазғаны оның дəлелді сыры. (Достыма хат. Құрметті Үмітбай Балқашов жолдас! 4 март, 1960 жыл. Кітабында: «Өсу жолдарымыз», 1960 ж., 663 бет). Тегі Б.Майлиннің үйі «Күн сайынғы қонақтан арылмайды» екен. Солкездегіөнерадамдарыныңкөпшілігініңшұрқырасып кездесетін жеріне айналыпты. Сəкен де келіп жүрген. Сондайақ жазушылардың сиясы кеппеген шығармаларын оқып, бірлесе талқылау салт болған көрінеді. Сондай бір талқылау Бейімбеттің «Майдан» пьесасына арналған. Басы-қасында болған атақты Серке Қожамқұлов кейін есіне алып былай деген: «Қараша айының бір күні театрдан бізді Жазушылар одағына шақырды. Барсақ, Сəкен, Ілияс, Мұхаң, Молдағали Жолдыбаев, Бейімбет отыр екен. Бізден Жұмат Шанин болды. Сол жерде «Майдан» пьесасы оқылды. Бейімбет əр персонаждың характеріне салып, жылдам оқып шықты. Пікір айтысуға келгенде алдымен Сəкен Сейфуллин сөйледі: – Біздежазушыларбаптілейді. Бейімбетболса, қайдажүрсе де жаза береді, ел аралап келсе, портфелі қампиып, буаз болып келеді, енді міне, сол портфель толғатып еді, пьеса туып отыр, – деп қуаныш білдіріп, əрі қарай персонаждарға тоқталды. – Мұхаң ол кезде біздің театрда əдебиет бөлімін басқаратын. Ол кісі пьесаны бұрын оқып шыққан екен, талдауы тіпті толық болды. Сөзінің соңында былай деді: «Осы пьесада 26 персонаж бар, əрқайсысы бір-біріне ұқсамайды, ұлылы-кішілі демей, Бейімбет əр адамының сөзін даралап отырған, ел ішінде жүріп əдейі жазып алған сияқты, типаж, образ жасау жөнінде Бейімбет біздің Гоголіміз ғой». «Майдан» пьесасы Ілиясқа да ұнады...» («Бейнесі жүрегімде» естелігі, «Жетісу» газеті, 1965 ж., 19 қараша). Байқасақ, С.Сейфуллин еңбекқорлығын атап кетіп, пьеса үшін қуанышын жасыра алмаған. Үш арыстың демеуімен сахнаға шығарылған бұл пьеса ұзақ уақыт, соңғы кезге дейін театр репертуарынан түспей көрсетіліп келді.
316 1936 жыл – Қазақстанның даңқы бір көтеріліп қалған кез еді. Мəскеуде өткен республикамыздың əдебиеті мен өнерінің онкүндігі оған барғандардың да, елдің де еңсесін асқақтатты. Көрсетілген Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойылымы, өнер шеберлерінің концерті жоғары бағаланды. К.Байсейітова «Шығыстың бұлбұлы» атанып, биік дəрежелі атаққа ие болса, Жамбыл мен Сəкеннің омырауларына ордендер тағылып, құрметке ие болды. Онкүндікке қатысқан Б.Майлин досының мəртебесі бір көтерілгеніне ризалықпен қызу құттықтаған. Артынша С.Сейфуллиннің 20 жылдық шығармашылық жолы аталып өтті. Соған орай, «Сəкен!» деген жүрекжарды хатын жазды. Ол хаты «Социалды Қазақстан» газетінің 1936 жылғы 12 маусымдағы санында жарияланған. Сөзін «Көркемсөз шебері боп 20 жыл еңбек сіңірген тойыңды шын жүректен құттықтаймын!» деп бастайды да, Сəкеннің қазақ əдебиетінде алғашқы қадамын, алатын орнын, алдағы қаламгерлік жүгі туралы ағынан жарыла ақтарыла жазады да, «Сенің шығармаларың қазақ еңбекшілеріне арналған еді» деп түйеді. Кейбір «Тырбанған сыншылар» оны «Құбыжық», «Жексұрын» етіп көрсетпекші болған шабуылына қарамай халыққа қызмет етіп келе жатқанын баса көрсетеді. Бейімбет «20 жылдық еңбек тойыңды құттықтаумен бірге, ұлы майданның жазушыларға жүктеген асқар алуан міндетін бірге атқарысайық деген сеніммен қолыңды қыстым» деп аяқтайды. Екеуі замандас, қаламдас қана емес, қатты сыйласқан дос көңілді адамдар екеніне осы хат та дəлел. Бейімбеттің ақ жүрегінің түкпірінен толқып шыққан жылы лебізі, шынайы сезімі бұл. Əттең, заман толқыны, замандастардың аумалы-төкпелі көңіл-күйі, іштарлық сезімі олардың атқарыспақ болған мақсаттарын жүзеге асыртпады. Бір-жар жыл шығармашылық іске мүмкіншілік туып, қаламгерлер шабыттана жазуды үдете бастап еді, қуғынның ала құйыны соқты да кетті. 1937 жылдың басынан баспасөз беттерінде «Қандауыз төбеттер тобы», «Зұлым», «Екіжүзді», «Қаскүнем», «Сатқын», «Шпион», «Террорист», «Агент» де-
317 генжан түршігерлік сөздер дауыл тұрғызғандай лаулап берді. Негізінен бұл троцкийстерге қарата айтылғанмен, біздің республикаға да жетті. «Қанішер Троцкийдің жендеттері түгел атылсын!» деген талап туды. НКВД жендеттері бұл іске қатыгездікпен кірісіп кеткенде, баспасөздер де, отқа май құйып дегендей, əшкерелеу мақалаларды жариялап жатты. Троцкийстерді іздеумен басталған науқан «халықжауларын» анықтауға ұласты. Одан кейбір ақын-жазушы да өзін аулақ ұстамай, əшкерелеуде белсенділік танытты. Жағынушылық, көреалмаушылық мінездерімен буржуазияшыл байшыл-ұлтшылдыққа салынған, шпиондық, зиянкестік, сатқындықжасаған «халық жауларын» атап, табуға көмегін тигізгеніне кейін өздері де өкінді. Үкімет басшыларының партия жəне кеңес қызметкерлерінің алды түрмеге отырғызыла бастағаны өз алдына, жазушылардың ішінде алдымен С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжановқа шүйлікті. Сəкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасын қайтара сынға алудан бастады да, əшкере ету толастамады. Б.Майлин алдымен «Ел мектебі» пьесасы үшін қатты сынға ұшырады. Бірнеше мақалада зиянды пьеса, онда автор ауыл тұрмысын жамандады, халық жауын мақтап, революцияға қарсы өлеңдер кіргізді деген айып тақты. Сөйтсе пьесада халық жауы делінген Троцкийдің аты аталыпты. Бейімбет қазіргі тақырыпқа «Майдан» пьесасы мен «Қырман басында» шығармасынан басқа көрнекті ешнəрсе жазған жоқ деп те кінə тақты. Екеуінің басына үйірілген бұлт қоюлана келе, шарт ететін мезгілі жақындай түсті. Жаз айларында зəреқұтыңды алатын «Көркем əдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құртайық» («Əдебиет майданы» жур., №3), «Қазақ əдебиетіндегі авербахшылдықтың қалдығын толық жою керек» («Социалистік Қазақстан», 29 тамыз), «Əдебиеттегі троцкист-бухариншіл ұлтшыл-фашист зиянкестерін жеріне жете құрту керек» («Қазақ əдебиеті» газ., 13 тамыз) жəне осы тақырыптас мақалаларда екеуінің
318 де аттары «халық жауы», «буржуазияшыл-ұлтшыл», «ұлтшыл-фашист» ретінде көрсетіліп, «құрту керек» дегенге апарып тіреді. Дəлел де, айғақ та мол. Бірақ оның бəрін бір мақалада айтуға орын тар. Тек бір жағдайға назар аудара кетейік. 7-қыркүйекте Алматы қаласындағы ақынжазушылардың жалпыжиналысында «Ұлтшыл фашистердің əдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу жəне жас кадрларды өсіру» мəселесін талқылап сынау, əшкерелеу көрігін онан арман қыздырып, асқындатып əкетті. Сөйлеушілер көп болды. Осы жиналыста С.Сейфуллинге, Б.Майлинге, І.Жансүгіровке «халық жаулары» деп айдар тағылды. Осы сарында 1 қазанда өткен жиналыс та əсер етпей қалған жоқ. Ақыры С.Сейфуллин 24 қыркүйекте, Б.Майлин 6 қазанда тұтқындалып түрмеге жабылды. Көңіл аударарлық бір жəйт – етігімен су кешкен, бастарына күн туған кезде əрқайсысы өзін сақтап қалу үшін бірінебірі жала жауып, жамандап, айып тағып бет жыртыспаған екен. Ондай пікірлерін кездестірмедік. Араларындағы достық пейілді өздерімен бірге ала кетті, қайран сабаздар. Ең аяныштысы сол – сұрқиялар түбіне жетті. Екеуі де жалған жаламен ату жазасына кесіліп, мерзімінен бұрын о дүниелік боп кетті. С.Сейфуллин 1938 жылғы 25 ақпанда, Б.Майлин 26 ақпанда атылды. «Жазмыштан озмыш жоқ», екеуінің қабірі бір жерде – Талғар ауданындағы Жаңалық ауылының топырағында жатыр. 1957 жылғы сəуір айында екеуінің де жазығы жоқ екендігі анықталып, толығымен ақталды. Бұған да шүкір, өкініштісі сол – толысқан шағында еліне қызмет етпек армандарын іске асыра алмағандығы. Алайда екеуінің берік достығы қашан да ұрпаққа үлгі болса дейміз. БЕЙІМБЕТ ПЕН ІЛИЯС Қазақстанның байтақ даласының небір зиялы да саңлақ азаматтарышығып, елі ардақ тұтқанеді. Солардыңқатарында Б.Майлин мен І.Жансүгіров есімдерін мақтанышпен атай-
319 мыз. Əркімдердің араласып-құраласуы əрқалай келеді. Біреулер шынайы сыйластықтың жібін ешқашан үзбейді, ақырына дейін берік ұстанады. Енді сыйласқан болып, ішібауырына кіріп, тіпті шашбауын көтеріп, астына көпшік қойып мақтап жүреді де, қара басы үшін сатып кететіндер де табылады. Ал Бейімбет пен Ілиястың сыйластығы бөлек. Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров Қазақстанның шалғай жатқан екі өңірінен. Бейімбет Қостанайдың сары даласынан, Ілияс жер жəннаты Жетісудан. Олардың жақындасуына, аралары достық қарым-қатынасқа ұласып кетуіне не жағдайлар себеп болды деген ой келуі сөзсіз. Екеуі де оған дейін біраз дəуренді бастарынан өткерген болатын. Қостанай жақтың Дамбар болысына қарасты (қазіргі Таран ауданы – Т.Б.) Тобыл өзеніне жақын орналасқан Ақтөбе ауылында дүниеге келген Бейімбет əке-шешеден ерте айырылып, жетімдік күй кешіп, қабырғасы қатпай жатып байдың малын бағып жүрсе де, оқуға талпынды. Əжесі Бойдас пен ағайындарының арқасында оқыды, көзі ашылды. Уфадағы «Ғалия» медресесін жартылай бітіріп, мұғалім де, губерниялық оқу бөлімінің инспекторы, болыстың орынбасары, Қостанай уездік халық ағарту бөлімінің бастығы, болыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде істеді. Оның бір ерекшелігі сол – қайда істесе де, ерте бастаған ақындығын да, журналистігін де тастап кетпей жалғастыра берді. Нəтижесінде, 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналының жауапты редакторы болған С.Сейфуллин оны газеттің хатшысы қызметіне шақырып қасына алады. Осы кезден бастап Бейімбет қанаттанып, əртүрлі жанрларда өндірте жазып, басты қаламгерлердің бірі болып, Би-аға деп аталып, сый-құрметке бөленеді. Сондықтан оны І.Жансүгіровтің білгеніне сөз жоқ. Алайда С.Сейфуллинмен араласып, достық қарым-қатынасы бекіп жатқанда, Ілияспен əлі жақындаса қоймаған еді. Ол жағдай кейінірек болды. І.Жансүгіров те ауылдан түлеп ұшқан азамат. Алматы облысының Ақсу ауданындағы бұрынғы төртінші ауылда дүниеге келген. Ол Қарағаш деген жердегі қазақ-
320 татар тіліндегі бастауыш мектепті 1911 жылы бітіреді де, 1920 жылға дейін қым-қиғаш өмірді көріп, ауылда жүріп қалады. Əкесі болса да өз бетімен алға ұмтылып талпынады. Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтының екі жылдық курсын бітіріп елге оралған соң, мұғалімдік қызмет атқарады. Жасынан өлең шығаруға машықтанған ол, кейбірін «Кедей еркі», «Тілші» деген газеттерге жіберіп тұрады. «Тілші» газетіне қызметке де орналасып, Алматыға келеді. Журналистер, ақын-жазушылар ортасына танымал болып қалса да, аңсары оқу оқып, білімін көтеруге ауған ол, Мəскеудегі коммунистік журналистика институтына оқуға түседі. Оны 1928 жылы бітіріп келген ол, «Еңбекші қазақ» газетіне əдеби қызметкер болып орналасады. Енді ақындығының күш-қуатын, сөз шеберлігінің көркемдік алымын көрсетуге мүмкіншілік туды. Тегеурінді, шебер тілді ақын екендігін мойындата бастайды. Жақсымен жақсының кездесуі – табиғи құбылыс дейтін болсақ, осы кезден бастап Бейімбетпен қоян-қолтық араласып, онысы қимас достықпен жалғасуы адам қызығарлық-ақ. Жазушылар арасындағы бір дəстүр – хат жазысу. Бұл жағынан Б.Майлин мұқият та белсенділеу болғанын байқадық. Оның С.Сейфуллинге, Қалмақан Əбдіқадыровқа, Бейсембай Кенжебаевқа, Ғабит Мүсіреповке, Елубай Өмірзақовқа жазған хаттарынан жылылық, жанашырлық, жəрдемін ұсыну жөніндегі лебіздері абзал жан екендігін аңғартады. Өте-мөте жас талапкерлерге ерінбей хат жазған. Соған Өтебай Тұрманжановтың төмендегі сөзі айғақ: «Биағаң жазуға араласа бастаған жас қаламгерлерге өзі де хатты көп жазатын, өзгелерден де хатты көп алатын». Сол кезде Бейімбет: «Сен неге жазуды сирексітіп жібердің? Неге жазбайтын болып кеттің? Боратып жазыңдар, жазғандарыңды өзіме жіберіңдер. Өзім түзетіп бастырам», – деп бірде талап қойып, бірде қанаттандырып хат жазып отырған. Оның көп жазысқан досы – Ілияс Жансүгіров. 1937 – 1938 жылдардың қуғын-сүргініне қарамай, Ілиястың зайыбы Фатима сол хаттардың он сегізін сақтап қалыпты. Орталық мұрағаттағы І.Жансүгіров қорынан
321 табылған бұл хаттар 1928-1929 жылдарда ел аралап сапарлап жүргенде жазғандары. Бейімбеттің хаты оған Орынбор мен Тəшкенттен де, Қызылорда мен Қызылжардан да, Қарағанды мен Пішпектен де, Қостанай облысының Меңдіғара, Семей облысының Мақаншы сияқты шалғай аудандарынан да ұшып келіп жатқан. Ол хаттардан ең алдымен оның туған əдебиетіне деген ыстық ықыласын, нəзік сезімін, шынайы, сенімді досымен бүкпесіз сыр бөліскен көңіл-күйін байқамау мүмкін емес. Осы орайда Бейімбеттің еріншектігі жоқ, орасан еңбекқор екендігі, жазуға əбден беріліп, машықтанып алғандығы хаттарында сайрап жатыр. Кейбір хаттарынан үзінділер келтірейік. «Сағат 9/2-де Пішкекке келдік. Түске дейін қыдырып, түскі тамақтың артынан ұйықтап едім, жаңа тұрып мына бір-екі парақ жазып тастадым. Алысымен кешіктірмей жіберерсің», «Бүгіннен бастап «Қызыл жалауға» кірісемін. Қарқын жаман емес, тегі бірдеме шығар», «Ашу бар, қабағым жабық... Бұрқылдатып жазып жатырмын. 5 сағат отырып жазып едім, 17 қағаз шығарыппын, күн сайын осы өлшеуден танбасам, маусымның 15-іне бітіріп те бермес пе екем», «Ауырдым деп жататын заман қайда? Ол еріккеннің ісі ғой. Біз, шырағым, ондай еріккен емеспіз», «Жазуға бір түрлі шабытым келіп жүр, бірақ уақыт жоқ. Осыны жүгіріп жүріп əрең жаздым» деген сөздері еңбектенуге деген құштарлығын, еріншектік дегенді білмейтіндігін аңғартады. Жазғандарыныңжариялануына, олай болмаса сақталуына ерекше мəн беріп, Ілиясқа сенім арта тілегін де білдіре отырады. «Мына біреуді тағы жібердім. Ғаббасқа апарып (Ғаббас Тоғжанов – сол кездегі «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы – Т.Б.) оқып шығыңдар, ұнатпаса, баспай тастаса, сақтап қойыңдар, барған соң өзіме табыс қыларсыңдар» деген сияқты хаттары да Ілиясқа деген ерекше сенімін білдіретіндей. Жарияланбаса реніш етер емес, тек жоғалып кетпесін деген ой. Қайтсеңдер де басыңдар деген өктем сөйлеушілік жоқ, тек өтініш, ұстамды мінез бар.
322 Бір хатында «Аудан өмірі» деген мақалажазыпжатқанын, енді бірінде «Жастық жалыны» деген кітабын Центриздатқа тапсырғанын, тағы бірінде оны қайта жазуға кіріскенін, атын «Тартыс» деп атамақшы екенін, «Көзілдірік» атты пьесасы «Жаңа əдебиет» журналына басылып, одан соң кітап болып басылып шыққанына қуанышты болғанын жасырмайды. Сапарлап жүріп фельетондар да, сын мақалалар да жазған Б.Майлин кемшіліктерге көз жұмып қарай алмаған. Мына хаты соған дəлел: «Қостанайдың білім дүкеніне барып едім, соңғы жылдары шыққан қазақ кітаптарынан таза екен. Келістіріп жазбақшымын... Мана кешке қалалық оқу үйіне барып едім, өлкеде шығатын газеттерден «Е.Қ.» жатыр. Журналдардың бірі де жоқ», – дейді. Мұнда ашу-ыза да бар, реніш те бар, Ілиясқа құлаққағыс еткен шағым да бар. Бұл мəселеге ұсақ-түйек деп қарамаған, үлкен мəн берген. Бейімбет үй-ішіне сағынышын да, қамқор пейілін де ұмытпай, Ілиястың өз үйіне анда-санда барып, балашағасының күйін біліп тұруын да өтініп жазған. Сөзі сыпайы, ұстамды. Сол хаттарының бірінде Ілиясқа қамқорлық жасағанын көре аламыз. 1928 жылғы 2 сəуірде жазған хатында «Сен бір өлең жіберген екенсің. Шəймерденнен алып оқып көрдім. Төртінші санға («Жаңа əдебиет» журналы – Т.Б.) басамыз деп отырды. Бір жапырақ өлеңді Сара (Есова – Т.Б.) маған беріп еді. Мен «Ауыл тіліне» (газет – Т.Б.) басып жібердім. Қысқа ғана жазып тұрсаң, «Ауыл тіліне» басып жіберіп тұруға болады. Хат жаз. Қош! Бейімбет» – деді. Əзіл-қалжыңдары жарасымды болған соң, Бейімбет мұны да қаламына ілген. Бір хатында: «Сен ренжімесең, осы хатты аяқтасам деймін. Бұған қарсылығың жоқ қой?! Қарсы болмасаң қолыңды көтер (единогласно)» десе, тағы бірінде: «Мен пиво ішумен болып жатырмын. Шөлдеп отырған шығарсың, əкел, бір көтеріп жіберейік» дейді. Ал, мына хатын оқысаң, ішің күліп, өзің жымиып езу тартасың. «ТоварищІлияс! Бармысың? Қайдасың? Тірі болсаң болғаны. Мұндамыз. Аманбыз!» деуінде жылы, жеңіл қалжың мен сағыныштың да исі сезіледі.
323 І.Жансүгіров те «түйдек-түйдегімен» жауап хат жазған екен. Сол үшін де қуанып Бейімбет «хаттарыңды оқып, не қыласың, мəз болып жатырмын» деген екен. Соны Өтебай Тұрманжановтың «Ілияс «Құлагерді» жазу үшін ел аралап, жер көріп жүргенде де, өз ойларын айтып, Бейімбетке хат жазуын үзбеген. Екі дос творчестволық командировка алып, өндіріс, колхозды, ауылды аралап жүргенде де өздеріне қатты əсер еткен жағдайларды айтып хат жазысып тұратын. (Шіркін, осы хаттардың барлығы жойылып кетті-ау)», – дегені айғақтай түседі. Өкінішті-ақ! Бейімбет хаттарының азын-аулағы əрең-пəрең сақталып, бүгінгі бізге жетсе, Ілияс хаттары із-түзсіз жоқ, табылмай келеді. 1937 жылғы 6 қазанда ол түрмеге отырғызылғанда, КГБ жендеттері үйішін ақтарып-төңкеріп, 6 қанар кітаптарын, қолжазбасын алып кеткен. Солары ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Ілиястың хаттары да бірге құртылып жіберілген болуы керек. Бұл кезде əдебиетшілер арасындағы айтысу, бір-бірін жөнсіз кінəлау толастамақ түгіл, күшейе түскен. М.Жұмабаевты, С.Сейфуллинді жəне басқаларды кекетіп-мұқатып, бастарына əңгір-таяқ ойнатып, ұлтшыл деген айып тағудан да асып бара жатқан. Жікшілдік дегенді таңып, сынның көрігін қыздыру ушықты. Байшыл əдебиет үстем болып тұр деген де шықты. І.Жансүгіров те сын семсеріне ілінбей қалмады. Оны «солшыл», «жікшіл», «жолбике» деп тұқыртады. Ол да қарап қалмай, өзін арашалауды ойлап, «Бетім анадай емес, мынадай», «Жікке жол жоқ» деген мақалаларын жариялатып, «Шылығың, жігің менен аулақ, улама, былғама» дегендей өзінің атына айтылған кінəларды мойындамайтын пікір білдіреді. Оны «Жолбике емес» деп қорғаушылар да табылды. Алайда сын айтысы толастамай жалғаса берді. Соның салдарынан 1928 жылдың аяғында «əшкереленген», «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп таңбалаған алашорданың 44 қайраткері, 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында 40 шамалы адамы қамауға алынып түрмеге отырғызылды. Енді қауіп Сəкен мен Ілиястың басына туды. Бейімбетті де тыныш қалдырмай, жаманатты ету үшін тілге іліп кетіп жүрді. 1932 жылы ол да қатты сынға ұшырайды.
324 1932 жылдың басында Өлкелік партия комитеті «ҚазАПП мəселелері туралы» шешім шығарып, съезін шақырып өткізу үшін ұйымдастыру бюросын құрады. Оған М.Қайыпназарұлы, Ғ.Мүсірепұлы, Р.Байжарасұлы, І.Жансүгірұлы кіргізілген. 26-29 ақпанда өткен съезде баяндама жасаған М.Қайыпназарұлы «Байшыл-ұлтшылдар дəуіріндегі жазушылар туралы» деп алашордашыларды сынап өткеннен кейін, олардың ізін басып, əдебиеттің көсемдері есептелген Сəкен, Ілияс, Бейімбет, олардың легіндегі Сəбит пен Ғабитке төнді. Сəкен туралы «Күні кешеге дейін ұлтшылдықты, ақсүйекті жырлап келді», «Жаңа социалды қатынасты, партия туралы түк айтпайды», Бейімбет жөнінде «Кеңеске қарсы шығармалар жоқ емес, алашты, бектік дəуірді, халықшылдық, ұлтшылдықты жырлап жүрді», Ілияс «бір кезде ұлтшыл алашорданы, мұратшылдықты жырлап жүрді, шығармаларында үмітсіздік, сары уайым» деп шындыққа жанаспайтын сын айтады. Бұған қосымша Б.Майлиннің осыжылыақындық өмірінің 20 жылдығы аталып өткенде маңдайына тағы да қатты соққы тиді. Ұлттық идеологиядан арыла алмады, «ұлтым – алашым» деп жырлады, жолбикелікке де түсті деген сияқты неше түрлі айыптар айтылды. Бейімбетпен достығы жарасып кеткен Ілияс бара-бара көңіліСəкенге ауысып, ақырыдос болып кетеді. Оның, əсіресе, Бейімбетпен жан аяспас достығы айналасындағыларды қызықтырады екен. Қаншама көп мақалаларды, естеліктерді оқығанымда, бір байқағаным, жоғарыдай үдеп тұрған сын кезінде үшеуі бір-біріне қыңыр тіл тигізбепті, ана қатең, мына кемшілігің бар деп көздерін шұқымапты. Сөйтіп жүргенде оңды өзгеріс бола қалды. 1933 жылдың бас кезінде республикамыздан Голощекин кетіп, Қазақ өлкелік парткомитетінің бірінші хатшысы болып Мирзоян келді. Обалы не керек, ол əдебиетіміз бен өнерімізге де теріс қарамай, өркен жаюына көңіл бөлінді. Сол мүмкіншілікке орай, Б.Майлин жазу үшін тағы да елді көп аралаған. 1933 жылдан бастап өнеркəсіп орындарына сапар шегеді. Əуелі Шымкент қорғасын зауытына барғанда еңбекшілермен
325 əңгімелесіп сырласуы жақсы əсер етеді. «Бұдан алған материалым маған «Қызыл жалау» деген роман жазуды ойландырды» деді. Бірақ, жазуы қиын соғып, кемістігі болды да, 1934 жылы Қарағандыға аттанды. Бұл туралы «Қазақ əдебиеті» газеті 29 қарашадағы, «Социалды Қазақстан» 15 қарашадағы сандарында «Бейімбет «Қызыл жалау» романын жазуға Қарағандыға кетті» деп хабарлады. Барған соң, бір ауылда туып-өскен жан жолдасы Жағыпар Сұлтанбековтың үйіне түседі. Ол Қарағанды тресі бастығының бірінші орынбасары болып істейді екен, Қарағандыны аралатып көрсетіп, шахталарға түсіріп, жұмысшылардың өмірімен кеңінен таныстырады. Күнде аралау, сонда да шаршауды білмеген Бейімбет кешкісін құланиектеніп таң атқанша жазады екен. Жағыпардың үйінде алты ай бойы жазған романын Алматыға оралған соң аяқтаған. 25 баспа табақ болып роман туған. Сол кездегі дəстүр бойынша Бейімбет «Қызыл жалауды» да жиналған əріптестеріне оқып береді. Пікірлер айтылады. Сəкен Сейфуллин, Ғабит Мүсірепов те қатысқан. Əсіресе, қаламдас, қатарлас досы Ілияс Жансүгіров қуанышын жасырмай, толқи отырып талдау жасап, оқырмандардың қызығып оқитын жаңа шығарма болғанын қуаттап сөйлеген. Оның берген жоғары бағасы Бейімбеттің жанына жылы тигенінде сөз жоқ. Көп кешіктірмей жедел жариялату үшін газет-журналға берді. Əттең, роман баспадан шығарылып үлгермеді. Тек кейбір үзінділері «Социалды Қазақстан» жəне «Қарағанды пролетариаты» газеттерінің 1934 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы кейбір сандарында жарық көрді. Сондай-ақ, кейбір бөлімдері «Əдебиет майданы» журналында басылды. Ал «Кен құшағында» деп аталған үзіндісі осы журналдың 1934 жылғы 9 санында, 1935 жылғы 7, 8, 9 сандарында жарияланды. Бұдан басқа қалған ештеңе жоқ. Соларды құрастырып, 2004 жылдан бері шығартып жатқан Б.Майлин көптомдығының жетінші томына кіргіздік. 1934 жылдың өзінде-ақ музыкалық театр, мемлекеттік университет, коммунистік журналистика институты ашыл-
326 ды. Бұрыннан əдебиетімізге байланысты газет ашуға мүмкіндік жасалды. Арман болған осы мəселеге мұрындық болған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов еді. Төртеуі Мирзоянға келеді, қастарында Крайкомның үгіт-насихат бөлімін басқарушы Ж.Сəдуақасов жүреді. Олардың айтқан өтініштері қазақ əдебиеті туралы газет шығару. Зер сала тыңдаған Мирзоян мəселені сол жерде шешіп береді. Алғашқы редакторлыққа Бейімбет көнбейді де, бұл міндет Ғабитке жүктеледі. Сөйтіп бірінші саны 10 қаңтарда жарыққа шықты. Алдыда 80 жылдығы келе жатыр. Осындай жақсы істің басы-қасында болу үш достың бірлігін де, сыйластығын да, бір-біріне сенімділігін де білдіреді. Мүмкіншілік туған соң, олар тынбай жазуға бет қойды. Қаламдарынан туған шығармалары жұрттың назарын баурап алды. Тек кесек, идеялық-көркемдік дəрежесі жоғары туындыларының өзін санамалап, талдап жатудың бұл жерде қажеті бола қоймас. Олары əлденеше талданып сараланған, бағасы берілген. Негізінен оқырманға белгілі. Басқадажайлышараларатқарылыпжатты. Соныңбірі – сол жылы 12-18 маусымаралығындаөткенҚазақстанЖазушылар одағының съезі. Жазушылық мəселесі кең талқылау үстінде өткен. Негізгі баяндама жасаған І.Жансүгіров Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. Ал жазушылар басқармасы мүшелігіне І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Баталов, И.Шухов, Ғ.Тоғжанов кірген. Съезге қатысқан 96 делегаттың (74-і қазақ, 10-ы орыс, 2-і татар, 8-і ұйғыр) алтауы – Жансүгіров, Сейфуллин, Майлин, Мүсірепов, Мұқанов, Баталов Кеңес одағы жазушыларының съезіне шешуші дауыспен делегат болып сайланған. І.Жансүгіров өз баяндамасында «Жазғанының көптігі мен көркемдігінен де алда келеді» деп Бейімбеттің мəртебесін көтере баршаға мəлімдеді. Сəкен жөнінде де айтқаны дұрыс пікір. Бейімбеттіңжиырмажылдықшығармашылығыаталып өткенде, кейбіреулер көреалмаушылықпен бар пəлені жапсырып жатқанда, Сəкен мен Ілияс əдеби еңбекке арналған тұңғыш мереке деп қарап, алабөтен қуанышта болған.
327 Тонның ішкі бауындай қатынас орнап, Бейімбетпен достасуы Ілиястың Сəкенмен түсінісіп, бір-бірін біліп, тіпті сырлас болып кетуіне ықпал-əсер еткен деген түйін жасай аламыз. Үшеуінің арасындағы достық қатынастың берік орнауына енді еш бөгет жоқ сияқты. Өмірлерінің соңына дейін солай болды да. Үшеуінің арасын қыл арқан тартып ажыратпақ болса да, ешкімнің шама-шарқы келмейтін дəрежегежетті. Бір-бірінің үйлерінде болу қалыптыжағдайға айналды. Көбінесе Бейімбеттікінде шұрқырасып кездеседі екен. Бейімбеттің «Майдан» пьесасын, «Қызыл жалау» романын бірге талқылап, ақ пейілді құттықтаулары да ерекше күйде өтеді. Қызғаныш, іштарлық, күншілдік, көреалмаушылық – оларға жат мінездер. Керісінше, шынайы, кіршіксіз таза ниет бойларына сіңген қасиет. І.Жансүгіровтің өндірте өлеңдер мен поэмалар жазып, поэзияны жаңа биікке көтергеніне қатты риза болған Бейімбет «Ілиястан кейін менің өлең жазуым бекершілік. Содан бері мен өлең жазуды қойдым», «Өлең жазса, Ілияс жазсын: Өлең жазуды мен қойдым, жаза білетін адамы Ілиясқа тапсырдым» депті. 1936 жылы қыс кезінде Алматы педагогикалық институтында Ілиястың «Құлагер» поэмасын талқылауға арналған жиналыс өтеді. Əркімдер пікір айтқан. Көп сөзге əуес емес Бейімбет бұл жолы өзін тежемейді. Сонда сөйлеп айтқаны мынадай: «Қазақ Совет əдебиетінде өлең жазушы ақындар көп. Мен осы жасқа дейін бір қатар өлең, поэма жаздым. Басқа ақындардың өлеңдерін де оқып жүрмін. Ал Ілиястың мына поэмасы қазіргі таңдаулы шығарманың бірі дер едім. Көркемдігі, тілінің байлығы, оқиға құрылысы, шеберлігі жағынан қазақ əдебиетінде мұндай поэма бұрын болған емес. «Құлагер» поэмасы əркімнің қолынан келе бермейтін аса құнды шығарма. Мен өзім де дəл осыдан асқан поэма жазамын деп айта алмаймын». Менің ақындығымнан артық емес дегендей сөз айтып, күндестік қылық білдірмеген Б.Майлин əңгіме, пьеса, повесть, романдарды төпелеп жазып жіберді. Оны байқамау мүмкін емес еді. Ілияс та «Проза жазса, Бейімбет жазсын» деп талассыз шындықты
328 айтып, адал пейілін білдірді. Қайран асыл, ақжарқын арыстар-ай! 1936 жылы елеулі оқиғалардың куəсі болды жұрт. Бірі – жазда Мəскеу қаласында Қазақстан əдебиеті мен мəдениетінің онкүндігі өте табысты өтті. Онда көрсетілген Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесаларын, өнер шеберлерінің концертін Мəскеу жұрты өте ризалықпен қабылдады. Сол жолы К.Байсейітова СССР Халық əртісі атағын алса, Жамбылмен бірге С.Сейфуллин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Сəкеннің қуанышына ортақтасып, құтты болсын айтып, Бейімбет пен Ілияс та ақ көңіл білдірді. Бұған жалғас С.Сейфуллиннің шығармашылығының 20 жылдығысалтанаттыаталып өтті. Осыған орай екеуі төбелері көкке екі елі жеткендей күй кешкен. Бейімбет ағынан жарылып «Сəкен» деген хатын жазған. Бұл жөнінде өткендегі бір мақаламызда айтқанбыз. І.Жансүгіров те достык көңілін білдірмей қала алмады. «Тұлпарға» деген өлеңін арнап, жырдан шашу шашты. «Шырқа, шырқа, көкке өрле, Қыран, «Қызыл сұңқарым!» Қуанамын бəйгеңе, «Тарпаң «Асау тұлпарым!» – деп желпіне келіп: «Жырламасқа теңіздей, Қуаныштың шегі жоқ. Ардақталған өзіңдей, Қазақта ақын тегі жоқ», – деп аяқтайды. Не деген ақ ниет, ақжарма сөз. Шынайы достықтыңжұпар иісі аңқып, қандықыздырыпжелпіндіретін сөз. Бірде І.Жансүгіровтің «Əдебиеттің соқпағы көп, тоқпағы да аз болмайды» деген сөзі расқа айналып, ұр-тоқпақ сойылы қайта көтерілді. Көңіл жайланып, алаңсыз жұмыс істеп,
329 əдебиеттің өркен жаюына күш салып, қайтсек елдің рухани талап-тілегін орындаймыз деп миын шағып, ой кешіп, бағалы шығармалар жазса да, бастарына енді пəле жабыстырады деген үш ұйықтаса түстеріне де кірмеген еді. 1937 жыл сойқанды кез болып келді. Басында-ақ «жаңа» сыншылар атойлап шыға келді. Оларға жел берген «Партия құжаттарын тексерудің қорытындылары жəне Қазақстан партия ұйымының міндеттері» мəселесін талқылаған Казкрайкомның VII пленумының, БКП (б) Орталық комитетінің Троцкий бастаған «халық жауларын» əшкерелеуге арналған пленумының қорытындыларын қараған Казкрайкомның VIII пленумы белгілеген шаралар екенін білдік. Сын, өзара сын деген ұшқындай түсіп, қанатын кең жая берді. Жазушылар арасын да қайта ушықтырды. Оған тағы бір себеп – 26 сəуір күні Қазақстан жазушыларының бірінші пленумында «Қазақ əдебиетіндегі сынның міндеттері» мəселесінің талқылануы. Сынды дамыту керектігі алға тартылды. Сол-ақ екен, сыншысы да, сыншы емесі де тілдерін безеп, ауыздарын көпіртіп, лаулатып ала жөнелді. Осы жылы газеттер мен журналдардың беттерінде жарияланған 60 шақты мақаланы жазып алғанмын. Оларды оқығанда қайран қалып, реніш күйге түсесің. Сол мақалалардың басы «Əдебиет майданы» журналында №3 басылған «Көркем əдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құртайық» деп аталды. Атынан-ақ көріп отырғанымыздай, зəрін шашып, қаталдықтың қашарын шақырып тұрғандай. Сын садағы негізінен Сəкен, Бейімбет, Ілияс үшеуіне қарсы атылғандай. Оның мазмұнына қарағанда, С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», «Домбыра», тағы басқа шығармаларында «жауды», өзін мадақтапты, контрреволюциялық туындыларын сұрқиялық əдіспен бастырыпты. І.Жансүгіров пен Б.Майлин өздерінің қара ниетпен жазған зиянды шығармаларын екіжүзділік шірік əдістерімен еркін бастырған. Буржуазияшыл ұлтшылдармен ауыз жаласқан. Қорыта келе, олар жауыз, ұлтшыл фашист, сұрқия алаяқтар,
330 қазақ əдебиетіндегі көз бояушы жүліктер, екіжүзді сұмдар делінеді. Ол аз болғандай, «халық жаулары» деп те жала жабылады. Мақалада «жаумен ешбір келісім, жауды аяу болмасын» деген қорытынды жасалады. Бұл мақала бұдан кейінгі уақытта айтылатын пікірлерге лейтмотив ретінде қабылданып, түп қазық, тірек етуге де жарады. Жаз, күз бойыжарияланғанмақалаларда сол сарынжалғаса берді. Олар талданып бұрын да айтылған. Тек кейбірінің аттарынескесалакетсек, соныңөзікөңіліңдіқұлазытып, ішіңеүрей кіргізеді. «Көркем əдебиеттегі қателер жəне сапасыздықтар туралы», «Қазақ жазушылары арасындағы дерттерге қарсы», «Барып тұрған контрабанды», «Əдебиеттегі троцкийбухариншыл, ұлтшыл-фашист зиянкестерінжерінежете құрту керек», «қазақ əдебиетіндегі «авербахшылдықтың» қалдығын толық жою керек», «Выкорчевать национал-фашистскую мразь из Союза писателей Казахстана», «Ұлтшылдық-фашист жауларды түп-тамырымен құртайық», «Буржуазияшыл ұлтшылдардың ұясын тас-талқан жасау керек», тағы басқа материалдың айғайы дүрліктіріп-ақ жіберді. Сыпыра сынау етек алды. Негізінен, нысанаға алынғандар – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров. Олардың «сыбайластарына» да таяқтың екінші ұшы тиіп жатты. Жау іздеп жалаңдаған НКВД (алдында ОГПУ аталған) жандайшаптарына жазушылар арасындағы «желігу» таптырмас, аса қажетті айғаққа айналды. Соларды да пайдаланған олар көп ұзамай үшеуін түрмеге қамады. Тамыз айында Ілияс, қыркүйекте Сəкен, 6-қазан күні Бейімбет отырғызылды. Халықжауларыатанып, темір есіктің аржағында көздерін сүзіп, ұрып-соғудың зардабын көріп, қандай жаза алатынын күтіп, алты ай шамасында сарылып, зарығып жатуы қайдан оңай тисін оларға. Шын сөзін тыңдайтын ешкім жоқ. Қорғаушы деген берілмейді. Ақыры КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 бабы бойынша ату жөніндегі үкімі шығарылды. Ол сол күні орындалып, 1938 жылғы 25 ақпанда С.Сейфуллин 40 шақты адаммен бірге, 26 ақпанда І.Жансүгіров пен Б.Майлин 37 адамның қатарында атылды.
331 Жиырма жыл бойы олар туралы ешкім ауыз аша алмай келді. Бірақ əділеттік орнады. 1957 жылғы сəуір айында ешқандай қылмыстары жоқ делініп толық ақталды. Оларды сынаушылардың байбаламы бос айқай, бақталастық, жалған жала болып шықты. Мақаламның тақырыбынан шығыңқырап, байланысты жағдайлардан қаша алмай үш арыс жөнінде əңгімем жалғасып кетті. Еске түсіріп отырғанның артықтығы болмас деген ойда болдым. Бір ұсынысты іште сақтай бермей, айта кетсем деймін. Алматыда Жамбыл, М.Əуезов, тағы басқалар жайында ескерткіштер қойылды. Елі үшін еңіреген Едіге сияқты болған, Ғ.Мүсірепов алыптарымыз деген үшеуіне неге ескерткіш тұрғызбаймыз. Жеке-жеке демей-ақ қояйық, үшеуіне композициялы бір ескерткіш болса да керек-ақ. Тиісті орындар ойланар, шешер деген үміт артамыз. БЕЙІМБЕТ ПЕН ҒАБИТ Көркем сөздің асқан шебері Ғабит Мүсіреповтың тағдыры жеңіл-желпі болған жоқ. 1920 жылға дейін оқуға талпынып, кішігірім қызметтер істеп байыз таба алмай жүрген оны С.Мұқанов Орынборға, ол кезде республика орталығы, алып келгенде рабфакқа түсіп оқып жүреді. Газет, журналдар бетінен С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің өлеңдерін оқиды. Əсіресе, «Шұғаның белгісі» əдемі жазылғанын байқайды. Іштей жазуға құмартып жүреді. Алайда батылы бара бермейді. Сəтін салса, желі оңынан тұратын кез де болады екен. Сол сəт оның Б.Майлинмен кездесуі еді. Бір арман жан-жүрегін езгілеп, мазалап жүргенде бұл кездесуі өмір сапарының сүрлеуін мүлдем өзгертіп жіберді. Ғ.Мүсірепов «Еңбекші қазақ» газетіне «əдеби қызметкер деген лауазымы бар корректор» болып орналасып істеп жүреді. Табыс тауып күн көру керек. Б.Майлин газеттің жауапты хатшысы еді. Бірде Ғабитке дайындап əкелуге тапсырма береді. Соны алдына қойғанда, Бейімбет үн қатпай оқып шығады да, ештеңе жазып жүрген жоқсың ба де-
332 ген сұрау қояды. Артынша «жазуға ыңғайың бар сияқты», «бірдеңе жазып байқасаң қайтеді» деп демеп жібереді. Не дер екен деп дегбірі кетіп отырған Ғабит қанат біткендей сезімге бөленеді. Осы кездесу оның жазушылық өмірінің кілтін ашып бергендей дей аламыз. Бұл туралы оның «Біздің Би-аға» атты очерк-естелігінде «Талай талаптансам да, бұл күнге дейін келістіре алмай, үміт үзуге бет алған кезім еді. Бейімбет бұл сөне бастаған үміт отын қайта үрлегендей болды» деп жазғаны бар. Жан семіретін жылы сөз, жайлы, қарапайым тілек шабыт бұлағының көзін ашып жіберсе керек, «Теңіз тепкісінде» деген əңгімесін жазып шығады. Соны көрсетпек болып Бейімбетке үш рет əкелсе де, бере алмайды. Не дейді, жарата ма, жоқ па деген қобалжу билеп кетті. Бір қызығы, Б.Майлин жас таланттар іздеп рабфакқа барғанында, қабырға газетінен сол əңгімені көреді. Асықпай оқып шығады. Кешке қарай жатақханаға барып, Ғабитті іздеп тауып алады. – Қалай, жігіт, тағы да жазғаның жоқ па? Қабырға газетіндегі əңгімеңді оқыдым. Жаман емес екен... Маған неге көрсетіп алмадың? – дейді. Сол жолы Б.Майлин жас талаптың қолына газеттің тілшісі екендігін растайтын қағаз береді. Ғ.Мүсірепов ел жаққа кетіп, Омбы ауыл шаруашылығы академиясының бірінші курсын бітіріп, Бармашино деген жердегі орман техникумында мұғалім болып істейді. Б.Майлиннің сөздері құлағында жүрген Ғ.Мүсірепов «Теңіз тепкісінде» əңгімесін қайта қарап, өзгерістер кіргізіп жазады да, «Тулаған толқында» деп атайды. 1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне повесть болып жарияланады. Ғабиттің аяқ алысын, қалам қарымын бақылап жүрген Б.Майлин повесті мұқият оқып шығады да, «Шикі жерлері де аз емес екен, бірақ алғашқы адымыңа қатты қуандым» деп хат жазып жібереді. Қамқор көңілі десек болады бұл қуанышын. Б.Майлин қандай белді қызметтерде істеді, қандай шығармалары жарық көрді деп санамаламай-ақ қояйық. Еңбектерімде сан рет айтқанмын. Тек оның беделі артып, бүкіл елге сыйлы болғаны қалтқысыз шындық. 1925 жылы
333 ашылған қазақ мемлекеттік баспасына ауысып, жай редакторы жұмысында жүргенде, бір өзгеріс жасалды. Ал ол көкірек керіп, менсінбей қарайтын дəрежеге жетсе де, ондай мінез көрсетпеген, креслоға ұмтылмаған. Əлгі баспаның бас редакторы С.Мұқанов кетеді де, орнына адам ізделеді. Бейімбетке қолқа салып еді, ол ат-тонын ала қашты. Əрі лайық адам деп Ғабитті атап береді. Бармашинодағы оны шақыртып, бас редакторлық ұсынылады. Басында келіскен ол, онда жай редакторлықта жүрген Бейімбетті білген соң, крайкомға барып, бас редактор болып бара алмайтынын кесіп айтып, Б.Майлинді қоюды ұсынады. Ондағылар көндіре алмағанын алға тартады. Ғабит те бір жұма бойы Бейімбетті айналдырады, бірақ иліктіре алмайды. «Жоқ, барлық ауыр жұмысыңды мен-ақ істеп берейін. Жауапты редактор сен бола қойшы... Мен болсам, екі айдан кейін бəрібір босанып кетемін. Ауруға ұшырамасын десең, сен бол...» – деп Ғабитке өтінгендей пейіл білдіреді. Нəтижесінде, Ғ.Мүсірепов бас редакторлыққа тағайындалды. Ол келгенде пойыз вокзалына барып, алдынан шығып, қарсы алған Б.Майлин ғана еді. Бұл да қамқорлығы. Кісілік емес, кішілік, арамдық емес, азаматтық принципті арқа тұтқан олжас та болса келешегіне үміт артқан Ғ.Мүсіреповке жолын беріп, өзі қосшы болуға, көмектесуге дайын екенін бүкпесіз ақтарған. Басқа адам болса, креслоға қонжиып отырып алар еді, сонау алыстан Ғабитті шақыртып не қылар еді, қарсы алып қайтеді. Б.Майлин өз үйіне Ғабитті шақырып, өнер адамдарымен араластыруы да тағы бір қамқорлығы деген жөн. Тіпті Амангелді жөнінде əңгімелер, мақалалар, көркем фильм сценариін бірлесіп жазуға Ғабитті тартып, қатыстыруы да соның көрінісі. Өзімен тең санауы, кемітіп-кемсітпеуі десе болады. Енді екеуінің шығармашылығының аса елеулі кезін айтпай кетуге əсте жөн емес сияқты. Ол «Амангелді» көркем фильмінің қалай дүниеге келгені жайында. Екеуінің бірлесіп күш салып, көрерменді қатты риза еткен фильмге ұйытқы болып, түсіртіп шығарттыруы жеңіл бола
334 қойған жоқ. Бұл идея 1936 жылы Мəскеуде Қазақстанның əдебиеті мен мəдениетінің онкүндігі өткенде туған екен. Киносценарий жазу əуелі Б.Майлин мен И.Шуховқа тапсырылады. Шухов ұстатпайды да, Бейімбет «екеуміз қолға алсақ қайтер» деп Ғабитті көндіреді. Қастарына В.Иванов деген орыс жазушысын тартады. Бірақ негізінен жазатын екеуі. Онкүндіктен кейін екеуі Амангелдінің туған еліне – Торғай, Бетпаққара аудандарына жүріп кетеді. Барған соң, 70-80 адаммен кездесіп əңгімелескен, дерек-дəйектер жинаған. Бейімбет бес дəптер толтырады, ал Ғабит – бір жарым ғана. Сонда Би-ағаң ананы жұмсақ сөзімен қамшылап, жазуын тездетуге ұмтылдырып отырады екен. Алматыға оралған соң сценарий жазуға кіріседі. В.Иванов та келеді. Үшеулеп соңғы вариантын жазып та шығады. Мұнымен тоқтамай, Бейімбеттің тілегімен Ғабит екеуі Амангелді бастаған қозғалыс жөнінде очерк жазуға кіріседі. Ол іс қалай жүзеге асты? Сол туралы Ғ.Мүсірепов кейін есіне алып, төмендегі пікірін жазды: «Жиырма шақты тақырыпқа бөліп алып, біреуіміз бас жағын, біреуіміз екінші бөлімін жазуға келісіп едік. Бейімбет бұрқыратып жазып кетті де, мен кешеуілдей бердім. Сондықтан Бейімбет қатал тəртіпке көшірді: – «Бір очеркті мен жазамын, келесі очеркті – сен. Маған екі күн, саған үш күн. Осыған еріксіз көшіп, очеркке отырдық. Бейімбет ылғи үлгереді, мен созыңқырап кетемін. Əрең деп, ілесе алдымау, əйтеуір. – Болдың ба? – дейді Бейімбет түнгі екі-үштің кезінде телефон соғып, бірақ жазып отырмын ба, жатып қалдым ба, соны тексереді ғой деймін...» («Біздің Би-аға» очеркі). Өзі еңбекқор Б.Майлин оны да соған баулып, шығармашылығын ширықтыра түсуіне игі əсер етуі деп түсінеміз. Қалай десек те, Ғабитке деген оның ниет-пейілі де, қамқорлығы мен жəрдемі де игілікті жемісін бергені сөзсіз. Демек, Ғ.Мүсіреповтей азамат, оны түсінбеді, көзіне ілмеді, бағаламады, одан аулақ жүргісі келді дей алмаймыз. Жоғары бағалағандығы соншама, Бейімбеттің басына бұлт үйіріліп,
335 жалған жала жауып жатқандарға қарсы тұрып, қызғыштай қорғағандығын, ешкім жасай алмаған батылдығын қазір жақсы білеміз. Алғаш Бейімбетке айтылған сынның бұрыстығын əшкере еткені отызыншы жылдардың басында еді. 1932 жылы Б.Майлиннің ақындығының 20 жылдығын атап өткенде, жөн-жосықсыз сынға ұшырады ол. Бірнеше мақалада «ұлтшыл-байшыл жазушы болды», алашордаға əдеби, саяси күш берді, қолына мылтық ұстап майданға шықты, пролетариат төңкерісіне қарсы шықты деген айыптар тағылды. 1933 жылы Ғ.Мүсірепов «Былтыр жиырма жылдық тойын өткіземіз дегенде, надан сыншы, содырлы қазан бұзарлық арқасында Бейімбетті маңдайға мықтап бір соққызып алдық» деп ашынғандығын білдірді де, оны əлі түзеткеніміз жоқ деген ескерту жасады. Ал айтысып жатуды жаны жек көретін Б.Майлин сынға қарсы еш сөз айтқан жоқ. Тек 1934 жылғы екі оқушының – С.Ерубаев пен Р.Жаманқұловтың «Құрметті Бейімбет! «Мырқымбай қайда?» деп жарияланған хатына орай жауап берген ол: «Кезеңі келгенде сыншылар туралы да сөйлей кетейін. Сыншы атаулы көп жылдарға дейін мен туралы аузын ашпай келді де, 30-жылы бірден тарпа бас салды. Екпіндері қатаң, өкшелері қисық келді. Менің шығармаларымды сынағанда, менің өз басымнан өткен кейбір қателіктеріме байланысты сынады. Өңімді теріске айналдырмақшылық болды. «Ол кешегі пəленше еді ғой, бүгін не ғып мұндай бола қалды, мұнысында бір гəп бар» деп сығалады» деген жауабында да ешкімді атамайды. Екі оқушы себеп болып жазушылықтағы біраз мəселеге тоқталған («Социалды Қазақстан» газеті, 12.06.34 ж.). Ендеше Ғ.Мүсіреповтің шыр-пыр болуы тегін емес. Біраз жыл сын желпінісі саябырсып келді де, 1936-1937 жылы өртше қаулап берді. «Халық жауын» іздеу етек алды. ОсыайыпеңалдыменС.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжановтарға тағылып, кінə артылып жатты. Жазушылар одағында өткізілген жиналыстарда да, жарияланып жатқан мақалаларда да даурығу етек алды. Тек Ғабит Мүсірепов
336 даурықпалыққа салынбады, қайта Б.Майлинді қорғауға мейлінше бет алды. Ол 1937 жылы Орталық партия комитетінде мəдениағарту бөлімінің бастығы болып істеген. Бір күні комитет қызметкерлерінің партия жиналысы өткен. Б.Майлиннің жаулығы туралы сөз қозғалып қалған. Ғабит үндемей қоюды өзіне мін санап, жанын сала Бейімбетті қорғаған. «Ол кісіні өте жақсы білемін, адал ниетті, нағыз коммунист, егер оны жау десеңдер, мені де жау деп санауларыңа болады», – деп бүкпесіз ашық айтқан. Ертеңіне сондағы кейбір белсенділер: «Кеше Мүсірепов халық жауы Майлинді жақтап сөйлеп еді, міне, оның өзі де жау болып шықты» деп шуласты. Л.Мирзоянға жеткен бұл жағдай оның азаматтығына дақ түсірмейді, шұғыл шара қолданып Ғабитті қудаламапты. Осы бір деректі қалдырған Ғ.Ахмедов сол бөлімде нұсқаушы болып істеген екен. Ғ.Мүсірепов мұнымен шектелмей, Б.Майлинді қорғау мақсатын көздеп, Л.Мирзоянның өзінде болады. Бейімбет əлі тұтқындалақоймаған. 1974 жылғы 24 шілдедеғалымТ.Кəкішев сұхбаттасқанда Ғ.Мүсірепов: «Осы мына Қарақастекте күллі əртістер, «Ленфильмнің» адамдары жаз бойы «Амангелді» фильмін түсіріп жатқан. Бейімбет ұсталардан бір-екі жеті бұрын Мирзоян маған: «Сəкен мен Ілияс ұсталып кетті. Енді, міне, Бейімбет те ұсталайын деп отыр. Материал көп...» – деп қынжыла айтты. Сонда мен Мирзояннан: «Онда мына фильмді қайтеміз?..» – деп сұрадым. «Түсіре берсін фильмді. Бір амалы табылар, ол фильм керек қой» деді ол», – деп есіне алған. Ақыры Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянның қорғап қалуға шамасы келмей дəрменсіздік күй кешіпті. ОГПУ-НКВД-ныңжалаңдаған адамдарыешкімге бағынбайтын дəрежеге жетіп, күдіктілерді түрмелерге тоғыта берді. Фильм түсіріліп біткеннен кейін, 6-қазан күні Б.Майлин де қамауға алынды. Құр қол Ғ.Мүсірепов не істей қойсын. Үш арыс қамауда отырса да, оларды даттау толастамай жатты. Бұрынғы зерттеу мақалаларымда, кітаптарымда оларды айыптау жөнінде көптеген деректер, мəліметтер келтірген едім. Соларды қайталай бермей, не деп кінəлағандарын келтірсек те
337 жеткілікті деп білемін. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров бұрыннан айтып келе жатқан ұлтшыл, байшыл деп келеді де, фашист, жауыз дегенді қосып, одан əрі халық жауы деп əйгілейді. Оларды түрмеге жауып, тергеу жүріп жатқанда да сол сарын өзгермей өрши түседі. Аласапыран, астан-кестен уақыт. Ғ.Мүсірепов қалай ұстауы керек өзін. Əшкерелеушілер қатарына қосылып, Бейімбетті халық жауы екен, мен білмеппін, байқамаппын деуі керек пе еді. Жоқ, үнін шығармай, тыныш жүріп тоқ жүргені дұрыс па еді. Екі жолдың қайсысын таңдаған жөн? Алайда, Ғ.Мүсірепов азаматтықтан кетіп, арын аяққа таптай алмады. Басына пəле боларын сезіп білсе де, Бейімбетті қорғауға бел буды. Əйтеуір жамандауға аяқ баспайды. Б.Майлин қамалғаннан екі күн кейін, яғни 8-қазанда Жазушылар одағында партия жиналысы өтіп, оны партиядан шығарумəселесі қаралған. ОндаҒабитті де біраз тоқпақтаған. Оның алдында 11-қыркүйек күні «Казахстанская правда» газетінде «Выкорчевать национал-фашистскую мразь из Союза писателей Казахстана» деген мақалада Ғабитті халық жауларын біле отырып, оларды əшкерелеуге қатыспайды, үн шығармайды деп кінəлаған. Ал алдындағы жиналысқа байланысты «Казахстанская правда» газетінде жазылған: «Писатель коммунист Ғабит Мүсірепов, бывший в то время заведующий культпросветотделом ЦК КП (б) К, бил себя в грудь, заверяя тогда партийную группу Союза советских писателей Казахстана в том, что он несет полную ответственность и ручается за политическую благонадежность своего соавтора Беимбета Майлина. Б.Майлин разоблачен как полный предатель Родины, как один из соучастников национал-фашистской банды. Этот факт, а также вся гнилая политическая позиция Мусрепова, покрывшего в течение долгого времени заклятых врагов народа, орудовавших в Союзе писателей, явились предметом обсуждения на последнем собрании первичной парторганизации Союза писателей. Собрание постановило выразить политическое недоверие Мусрепову. Но, так как, он еще состоит на учете в первичной парторганизации ЦК КП (б) К
338 собрание постановило обсудить о партийности Мусрепова» (11 қазан). Оған да қауіп төнгені енді анық болды. Сонда да Ғ.Мүсірепов алған бетінен қайтпады. Дəл сол мақала шыққан 11 – 12 қазан күндері «Халық жауларының əдебиеттегі зиянкестік зардабын түптамырымен құрту туралы» Алматы жазушыларының жиналысы өтті. Мұнда да Ғ.Мүсірепов атына сын айтылмай қалмады. Сөйлеушілердің айтуынша, ол «халық жауы» Майлинді ұдайы сүйеп келіпті, қанатының астына алып қорғап жүріпті, Бейімбет жөніндегі мақала болса, газет санын кəмпеске жасатыпты, оған сенген соң жақын жолдас болдым, ол туралы не болса да мойныммен көтеремін дейді екен. Сөйтіп Мүсіреповтің «халық жауы» Майлинмен идеясы бір деп жармасыпты сөзуарлар. Мұның бəрі баспасөз беттерінде əйгіленді. Шыдам мен төзімнің де шегі бар. Сол жиналыста ашуызаға толы сөзін Ғабит те ақтарған екен. Қасқая қарап: «Би-ағаң» халық жауы болса, мені де сол кісінің нақақ жаладан опық жеген тобында деп есептеңдер, жарандар! Бүкіл өмірін туған халқы үшін сарп етіп, қаршадайынан соның мұң-мұқтажын жоқтап, даналық сөзін сұрыптап, хатқа түсіріп, əдебиетінің іргесін қаласып, бүкіл Қазақстан жұртшылығының сүйіспеншілігіне бөленген азаматты «халық жауы» деп қарауға қалайша ауыздарың барады, ар-инабат, намыс деген қайда? Бүгін Бейімбет Майлинді қаралап, оның адал еңбегіне күйе жағып, ғажап дарынын қызғаныштан қаралап отырғандардың ертең-ақ халық алдында, иə, тарих өткелінде қарабет болмасына кім кепіл? Қысқасы, мен өзім Би-ағаңның жау екеніне сенбеймін! Мына жиын да – ортамызда қой терісін жамылып, шынында да бұғынып жүрген халық жауларының зиянды əрекеті... Сондықтан да бұл жиында енді бір минут та қалмаймын дедім де, əлде бұдан да ащырақ қату сөздер айттым ба – аныққанығын білмеймін, əйтеуір жасқанбағаным хақ», – деп еді кейін. Бұл сөздері «жазушы М.Сəрсекеевпен сұхбаттасқанда айтқаны, «Ғабит Мүсірепов туралы эсселер» мақаласында келтірген («Жұлдыз» журналы, 1992 ж., №11).
339 1994 жылы шыққан Т.Кəкішевтің «Ескірмейді естелік» атты еңбегінде де Ғабеңмен əңгімелескенде, «Бейімбет ұсталыпты. Мен де естідім. Бірақ Бейімбет «халық жауы» емес, Бейімбет халық жауы болса мен де халық жауымын» деп сол жиналыста айтқаны келтіріледі. Батылдық па, ерлік пе деп қалай бағаласақ та, бұл, ең алдымен, Ғ.Мүсіреповтің биік азаматтық болмысын, жан-жүрегінің тазалығын аңғартады. Шіркін, өнеге тұтар тұлға ғой ол. Дабыраның арты оның да жағасынан алып, желкесінен нұқып, қолынан сүйреп түрмеге қамауменжалғасса керек еді. СезімталадамғойҒабең, сөйтетінінбілсекерек, қарекетжасауды ойланды. Не істеу керек? Оны Мəскеуге кету деп шешті. КСРОЖазушылар одағыныңбастығыА.Фадеев өзінешақырды. Сонда кетіп бір жылдай тасалады. Бұл туралы «1937. Ғабит қалай аман қалды?» («Түркістан» газ., 2008 ж., 31 қаңтар) деген мақаламда толығырақ жазғанмын. Түрмеден құтылғанмен, ол қызметінен босатылды, партиядан шығарылды. Əйтеуір өзі аман қалды. Бірақ Б.Майлиннің атылған-атылмағанын біле де қоймады. Ал қызылкеңірдек болып жау іздеп көрсеткендер бірін-бірі халық жауларының сыбайластары деп шуылдап, өздері түрмеге түсіп, сотталып, айдалып кетті. Сол екі арада жиырма жылдай уақыт өтіп те кетті. 1957 жылдың көктемінде С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин біржола ақталды. Еш қылмыстарыжоқ болып шықты. Оларды ақтау алдында əрқайсысы туралы пікір алынған. Бейімбет туралы Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Т.Жароков жазып беріпті. Ең бір қимас замандас досына деген адал көңілі суынбаған, құрметі өшпеген екен, Ғ.Мүсірепов ағынанжарылып, ақжарма пікірін жазып беріпті. Не дегенін оқып көріңіздер: «Отзыв. Списателем-коммунистомМайлинымБеймбетом я познакомился в 1928 г. и со дня его ареста осенью 1937 г. общался с ним достаточно близко, как в творческом, так и бытовом смысле этого слова; четыре года работали вместе в Казиздате, два года – в редакции газеты «Социалистик Казахстан», находясь в тоже время в одной литературной организации.
340 Майлин Беимбет был весьма пладотворным советским писателем. Каждое крупное общественное явление в социалистическом преобразовании Казахстана находило отражение в его творчестве. Я мало кого знаю из наших писателей, кто так многосторонне и систематически трудился над тематикой советской современности. Я также не знаю никого из второго поколения казахских поэтов и писателей, которым не помогал бы в его творческом росте. Безропотный труженик советской литературы он стоял близко к каждому начинающему. Человек крайне скромный и робкий по своему личному характеру, Майлин сторонился всяких дрязг или групповщины в литературной среде», – деп жазып, отызыншы жылдардағы Б.Майлинге деген сезімін бүкпесіз білдірген. Соңына «Главный редактор «АРА» («Шмель»), писатель Мусрепов Габит. 4 декабря 1936 г.» деп көрсетіпті. Бұл жазбасы белгісіздеу болып келген соң, бірінші рет толығырақ бердік. Бұдан кейін де Ғ.Мүсірепов бейне-болмысын жанжақты аша түсу үшін Б.Майлин туралы жазып та жүрді, сұхбаттарында айтып та жүрді. Ғ.Мүсірепов «Біздің Биаға» деген очерк-естелігін ғана жазып қойған жоқ. Бұл 1965 жылы 12 қыркүйекте «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланды. Сонымен шектеліп қалмай, Бейімбет туралы дүниеден озғанша айтып-жазып жүрді. 1972 жылғы 17 наурыз күнгі «Лениншіл жас» санында жарияланған С.Əшімбаевтың «Ғабит ағамен 227 минут» деген сұхбатында да, 1974 жылғы 6-желтоқсан күнгі «Қазақ əдебиеті» газетінің санында жарияланған «Əдебиетіміздің жарық жұлдызы» деген сөзінде де, 1984 жылғы 21 қазан күнгі «Социалистік Қазақстан» газетінің санындағы «Нағыз халық жазушысы» мақаласында да, 1988 жылғы «Жалын» журналының 5-санында жарық көрген «Ойланар, сілкінер кез жетті» деген білімдар ғалым Т.Кəкішевпен болған əңгімесінде де, 1994 жылғы 29 шілдеде «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған бірегей ғалым Ж.Ысмағұловтың «Би-ағаң шыққан биіктер» деген
341 мақаласында келтірілген Ғабеңнің айтқан алты бабында да, 1994 жылғы «Жұлдыз» журналының 11 санында басылған жазушы М.Сəрсекеевтің «Ғабит Мүсірепов туралы эсселер» мақаласында да Б.Майлиннің қадір-қасиеті жан-жақты ашылып көрсетілгенін оқып қарасаң, оның мүлдем ерекше жан екендігіне қайран қаласың. Ғ.Мүсіреповтің бар айтқанын беру мүмкін емес. Дегенмен оның бір сөзінен алынған мына үзіндіге құлақ түрейікші: «Жаратылысында ерекше қарапайым, аса сирек ұшырасатын кішіпейіл жəне еңбекқор Бейімбет əдебиетіміздің тарихынан қашан да өзіне ғана тəн өзгеше орынға ие. Ол əдебиетке келгенде жазушының халық алдындағы рөлі мен жауапкершілігін əбден елеп, екшеп барып келді, əдебиеттегі реализмнің зергері болып келді жəне демі таусылғанша осыдан айныған жоқ. Біздің прозамыздағы реализм мен шыңына шыққан шеберлік өзгелердің бəрінен де бұрын Майлин есімімен берік байланысты. Ол – əрі теңдесі жоқ əңгімеші ретінде де, əрі прозадағы сүйікті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз. Біздің қай-қайсымыз болсақ та Бейімбет Майлиннің осыдан тұп-тура алпыс жыл бұрын жазылған «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне оранып өскендейміз. Майлиннің қаламгерлік қызметіндегі тағы бір тамаша өзгешелікті таңдана айтпай тұра алмаймын. Бұл – оның əдебиеттегі ұстаздық жəне тəрбиешілік рөлі мен орны жайында. Көркем сөздің көп қырлы зергері, ғажайып стилист болған ол өзінің тəрбиешілік табиғатына тəн қамқорлығымен əдебиеттің жас күштерін көркемдік шеберлікке баулып шыңдайтын еді. Ол жас таланттарды да соншалық көрегендікпен, аңдағыштықпен тауып ала қоятын. Асылы, біздің, оның замандастарының, қай-қайсысы болсақ та Бейімбет Майлиннің киелі қолы, яки оның кереметтей кемел редакторлық қаламы тимей өте алдық демес едік. Майлинқазақжазушыларыныңарасындағыалғашқыжурналист, əдебиеттің осы бір айрықша жауапты жəне қызулы
342 жанрына бірінші болып жол салған кісі. Жəне де Майлин творчествосындағы осы екі бағыт – көркем проза мен журналистика біріне-бірі сіңісіп кетпей, əрқайсысы өзінше дамиды, өзіне тəн табиғи жолмен шымырлана түседі. Социалистік реализмнің аса көрнекті жазушысы Бейімбет Майлин біз үшін творчестволық мол мұра қалдырды. Қазіргі оқушы жұртшылық бұл мұраны жақсы біледі ғой деген үміттемін. Əйтсе де мен оның жазушы тумалары үшін баға жетпес қымбат бір қасиетін айрықша айыра айтқым келеді. Ол – оның қарапайымдылығы, қолының кіршіксіздігі, жүрек лүпілінің қалтқысыз, қаяусыз пəктігі, талантымен тең тізе қосқан еңбекқорлығы...» 1974 жылы Б.Майлиннің 80 жасқа толуына орай өткен салтанатты жиында Ғ.Мүсіреповтің сөйлегенде («Əдебиетіміздің жарық жұлдызы». «Қазақ əдебиеті» газ., 1974 ж., 6 желтоқсан) айтқаны. Бұған түсініктеме беріп жатудың өзі артық. Жинақтай айтсақ, достыққа берік Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің қарым-қатынасы адам қызығарлық. БЕЙІМБЕТ ПЕН СƏБИТ Əр адамның өз өмірі, өз тағдыры бар. Тіршілік – талпыныс да, жол тауып ілгері жылжуы да, жетістігі де, шыққан биіктігі де, тіпті мінез-құлығы да, басқалармен араласыпқұраласуы да, ойлау дəрежесі де əр адамда əр түрлі болатыны түсінікті. Соған қарамай біреулер сыйласып, достасып жүреді, енді біреулер араздасып, қастандық жасауға бейім тұрады. Б.Майлин туралы зерттеу жүргізіп мақалалар жазып, кітаптарымды шығарып жүргенімде осы жағдайға көңіл ауа берді. Достары да болды. Қастары да болды десем артық кеткендік бола ма, жоқ па, қалай болғанда да оған ауыр жала жауып, мерт еткізуге септігін тигізгендерді соған жақын болды демеске дəтің бармайды. Ал Б.Майлин мен С.Мұқановтың арасы қандай еді дегенге келсек, асыра айту да келіспейді.
343 Екеуі де бір-бірін жақсы білген деуімізге негіз бар. «Еңбекші қазақ», «Қазақ əдебиеті» газеттерінде, «Əдебиет майданы» журналында, Казиздатта бірге қызмет істеген. Б.Майлин өзі жұмыс жасаған баспасөзге Сəбеңнің мақалаларын тоқтатпай бастыртып отырған, кедергі келтірмеген. Екеуі де жазушылар ұйымын құрудың басы-қасында бірге жүрді. ҚазАПП болып алғаш құрылғанда да, жазушылар одағы болып қайта аталғанда да сол істің алдыңғы сапында көрінді. Тегі басқа жөнінде жаман сөз айту Бейімбеттің бойына бітпеген қасиеттен шығар, ол С.Мұданов туралы өмірі жамандап, мұқатып, кекетіп сөз айтпаған екен. Белсенді С.Мұқанов əркімді сынап, айтыс-тартыстың қызуына түсіп жүргенде де, оған көз алартып, қыржиып теріс қараған мінез көрсетпепті. Керісінше, сыйлапөткен. Үйіненөнерадамдары, ақын-жазушылар үзілмейтін Бейімбет оны да ертіп əкеледі екен. Қонақжайлығын жақсы білетін Сəбит те келіп жүреді. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, тағы басқалардың бастары қосылып, əдебиет, əн, күй жайында шұрқырасып тұратын болған. Солардың ішінде С.Мұқанов та бар. Ол үшін жұбайы Гүлжамал қонақтарға дастарқанын кең жайып, асты мол қояды екен. Соны білетіндер Бейімбеттің үйінен шықпайды. «Ол кездегі қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттен дастарқаны мол да, қонағы көп те адам болған жоқ» деп жазды С.Мұқанов кейін. Оның келіп тұруы Бейімбеттің сыйлағандығын, жүзінің жылылығын білдіреді. «Сыйға сый, сыраға бал» дегендей ме екен, С.Мұқанов та Бейімбетті құрмет тұтып жүрген. Қанша сын мақалалар жазып, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, тағы басқаларды түйреңкіреп жүрсе де, Б.Майлинге қаламын қадай қоймай жүрді. Алайда отызыншы жылдардың басында Бейімбет сынға ілінгенде ол да үндемей қала алмады. Басында оңды пікір айтып, кейбір сыншыларға қарсы тұрды. Ол «Қазіргі сатымыз» атты 1935 жылы жазған мақаласында («Қазақ əдебиеті» газ., 1935, 27 мамыр) алдымен қазақ кеңес əдебиетінің ірі жазушысы деп бағалады. 1917 – 1918 жылдарыүлкен саяси қатежіберген дей
344 келіп, қазақ əдебиетіне Мырқымбай атты кейіпкер бергенін құптайды. Мырқымбай «Қазақтың бар кедей атаулысының жақсы-жаман қылықтарын денесіне сыйғызған» бейне екен. С.Мұқанов қазақ əдебиетінде Мырқымбайдан артық халыққа көп танылған кейіпкер жоқ деп түйеді. Өтірік дей алмаймыз, күні бүгінге дейін Мырқымбай естен кетпей, ауызға ілініп жүреді. Бір кезде жазушы Мырқымбайды колхозға əлі кіргізе алмай жүр деген сын айтылған болатын. Оны Сəбең дұрыс деп есептемейді. Басқа да кейіпкерлеріне аз-маз тоқтала келіп, ойын төмендегідей түйіндейді: «Бейімбеттің стиль өзгешелігі қысқа əңгімелер жазуында. Осы қысқа əңгімелер əрі қазіргі күннің тақырыбына жазылады. Əрі бірімен бірі мазмұнжағынантығызбайланыстыболады. ЕгерБейімбеттің бір жылда жазған ұсақ əңгімелерін бір кітап қып бастырса, жеке əңгімелер үлкен романның бөлімшелері сияқты болып барлық əңгімелер түр жағынан да, сюжет жағынан да байланысып тұрар еді. Тіл жағына келгенде, Бейімбетті шала сауатты колхозшылар да жақсы түсінеді. Бейімбеттің тілі - көпшіліктің тілі». Бір-жар жыл өткеннен кейін С.Мұқановтың пікірінде өзгеріс туды. Оған əдебиет айналасындағы айтыс-тартыс, жаппай қателік іздеу, сыпыра сынау қайта ушығып, ақыры халық жаулары бар деп жалаулатқан үрдіс оған да əсер еткен болуы керек. Жарияланған мақалаларда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровке шүйлігу етек алды. Сол дүрмекке қосылып кеткен С.Мұқанов та «Тарихи қаулыдан кейін» деген мақала жазып, «Қазақ əдебиеті» газетінің 1937 жылғы 26 сəуір күнгі санында жариялатты. Мақалада БК (б) П Орталық комитетінің əдебиет ұйымдарын қайта құру туралы қаулысының шыққанына бес жыл толғанын, одан бері біраз жетістіктерге қол жеткенін айта келіп, жазылған шығармалар төңкеріске дейінгі мезгіл туралы, советтік Қазақстанның алғашқы күндері жайында, басты жазушылар дандайсып кетті деген сын айтылған. Ал Б.Майлинді былай сынайды: «Бейқамдық, өз табысына (масаттанып, дандайсып кетушілік ұйымдастыру жұмысының ыдыраңқы, саяси тəрбие
345 жұмысының нашар кезінде, біз бұл туралы жоғарыда айттық) бүкіл жазушылар ұйымына да, жазушының өзіне де үлкен зиянын тигізді. Бұған мысал етіп Б.Майлиннің 1925 жылы жазған «Ел мектебі» деген революцияға қарсы пьесасын көрсетеміз. Б.Майлин бұл пьесасында ауылдың тұрмысын жамандады, пьесаға халық жауын мақтап, революцияға қарсы өлеңдер кіргізді. Қазақтың жас əдебиеті мен театрына зиянды кітап жазды. Ол онымен ғана қойған жоқ, оның «Ел мектебі» пьесасы жазушының толық шығармалар жинағының төртінші томында 1936-жылғы жақсы шығармаларымен араласып тағы басылды. Жазушы да, редактор да, баспа орны да бұл пьесадағы саяси қатені көрмеді, тиісті баға берген жоқ. Наркомпрос ол кітапты мектеп кітапханаларына таратты...» «Ел мектебі» пьесасына байланысты Б.Майлин бұдан бұрын да сыналған еді. Мына мақаласында С.Мұқанов соны еске салып, тағы бір нығарлап кеткен. Бірақ, көп ұзамай тағы да бір мақаласын жазып, қаттырақ кеткен. «ОБ ошибках писателя Б.Майлина» деп аталады. «Казахстанская правда» газетінің 1937 жылғы 18 маусым күнгі санында жарияланған. Оқырман өзі оқып көрсін деген оймен, олай депті, былай депті деп жатпай, кейбір жерлерін ғана келтірейін: «...Начиная с 1933 года, некоторые писатели – т.т. Майлин, Жансугуров, автор этой статьи и др. издавали полные собрания своих произведений. В эти собрания они включили все, что ими было записано, в том числе даже вещи политически ошибочные, вредные. Особенно серьезные ошибки допустил в собрании своих произведений, изданные в четырех томах 1933-1936 г.г. писатель Б.Майлин. На страницах краевой печати в этом году отдельные товарищи уже указывали на грубые политические ошибки, допущенные Б.Майлиным в его пьессе «Школа аула» («Ел мектебі» – Т.Б.). Эта вещь, написанная в 1925 году, включена автором в 1936 году, при пособничестве редактора алашордынца Алибаева, в четвертый том своего собрания сочинений. Нет нужды подробно повторять вредную галиматию Б.Майлина. Достаточно сказать, что пьеса восхваляет вра-
346 га народа, агента японо-германского фашизма, палача Троцкого. В основу пьесы положены контрреволюционные идейки Троцкого: «...В стихотворении «Аул» Б.Майлин противопоставляет аул городу. Считает старый аул «раем земли», он восхваляет «имеется ли хоть что-нибудь похоже этому в городе. Пыль города не дает дышать, женщины изменчивы, у них ложная красота... Храбрая луша не теряет надежду увидеть аул... Автор по алаш-ордынски идеализирует жизнь колониального аула. Стихотворение Б.Майлина «Письмо отца» клевещет на казахскую бедноту, изображая дело так, что бедняки, якобы, шли добровольцами в контрреволюционные алашордынские отряды. Очевидно Б.Майлин в то время не знал, что казахская беднота боролась с алаш-ордой и всячески поддерживала доблестную красную армию, вступая в ее ряды добровольно. В переиздании всей этой контрреволюционной галиматьи виновен не только один Б.Майлин. Виновна в этом вся писательская организация Казахстана». Басқа да іліп кеткен жерлері бар, алайда осы сөздері Б.Майлинге көзқарасының өзгеріп, аласапыран ықпалына бой алдырып алған сияқты. Оның сөзіне сеніп қарайтыны сөзсіз. Өйткені, ол Жазушылар одағын басқаратын. Жыл басында-ақ өткір сынға ілінген Б.Майлинге төне түсу күшейе берді. Оны жеке де, Сəкен, Ілияспен бірге де төпелеудің астына алды. Басында ұлтшыл фашист деп сыналған Сəкен, Ілияс, Бейімбетке қыза-қыза келіп, халық жаулары деген айып тағылды. Бұған дəлел ретінде бірнеше мақалаларды атап, үзінділер келтіруге мүмкіндік бар. Бірақ, бұл жөнінде ғылыми зерттеулерде келтірілгендіктен əрі ондай мақалалар «Жұлдыз» жəне «Таңшолпан» журналдарында жарық көргендіктен, сөзімізді соза беру жөн емес деп білдік. Тек буржуазияшыл ұлтшыл фашист агенттері, сұмырайлары, бандылар, ақыр аяғында халық жаулары деп оларды жиналыстарда, мақалаларда асқан ызғармен жержебіріне жете сілкілеу түрмеге отырғызылғаннан кейін де толастамады.
347 Олардың қателерін көрмеді, либералдық жасап, кешіріммен қарады, шара қолданбады деген айыппен Жазушылар одағын да, оның бастығы С.Мұқановты да қырына алды тілін безегендер. Бірмысал, 1937 жылғы 11 – 13 шілде күндері Жазушылар одағы партия ұйымының жабық партия жиналысы өткен. Онда «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланған сын мақалалар талқыланған. Оларда Одақ, жазушылар қатты сынға ұшыраған, себебін жіліктеп көрсеткен. Басқаларды айтпағанның өзінде, жиналысқа қатыспаған С.Мұқанов басшы ретінде де, жазушы ретінде де сынға ілінді. Сөз батыра айтылды. Он жазушы сөйлеген, С.Сейфуллин мен Б.Майлиннан басқасының бəрі оның қате-кемшіліктерін айтпай кете алмаған. Оған «Тап жауларына ымырашылдық жасады», «өз қателері туралы өзара сынды қайта көтере алмады», «Толық жинағына 50 пайыз жарамсыз нəрселерін кіргізген», «партиялығы былыққан адам», «халық жауларына... ешбір талғаусыз болып келді», «өзара сынды қысты», «кемшілікті түзеуді мақсат қылмады», «Мұқанов ірі саяси қателері əлдеқалай жай ғана туып кеткен қателер сияқты емес» деп кінə таққан. Тек Б.Майлин ғана қысқа сөйлеп, С.Мұқановқа араша түскен. С.Мұқановтың өзін сынағанын біле тұра, кек алып, есесін қайтару үшін жетесіне жеткізе түйреп алуы керек еді. Ол ондай иттікке бармайды. Сөйлеушілердің оған тілдерін қалай білегені түршіктірсе керек, жиналыста жоқ адамды сынаушыларға қарсылық білдірді, неге өйтеміз деген сыңай танытты. Соған қарамай қабылданған қаулыда С.Мұқанов «не обеспечивает политическое и организационное руководство Союза, нарушает государственную дисциплину, не выполняет партийную обязанность» деп жазылды. Бұл оған да қауіп төндірді деген сөз. Енді оны үш арыспен қосақтап сынайтын болды. Олар жазушылар ұйымының басшылығында болған фашистік диверсанттар делініп, зиянкестік істермен шұғылданған екен. Міне, осының арты С.Мұқанов халық жауларының сыбайла-
348 сы дегенге əкелді. Бұл айып үш арыс отырғызылғаннан кейін шыққан еді. Бір-біріне сондай жала жабу тағы бір дүрбелеңді тудырды. Оның соңы басқа жаушыларды да түрмеге тығу, соттау науқанына ұласты. Сəбит Мұқанов та сау қалуы екіталай. Қайта-қайта жиналыс өтіп, оңды-солды сынаудың нəтижесінде, оған ауыр шара қолданылды. «Қазақ əдебиеті» газетінің 1937 жылғы 15 қазан күнгі санында жарияланған «Халық жауларының жетегіндегі жазушы» деген мақаладан «Халық жауларымен ауыз жаласып, олардың жетегіне еріп кеткен, өзінің партиялық, моральдық пішінінен айырылған, буржуазиялық жырын жырлаған Мұқанов партия қатарынан шығарылды» деп сүйінші сұрағандай жазылған жолдарды оқығанда, арты не болар екен деген ой келеді. 5 қазан күні өткен партия жиналысындашығарылды. Бұған қоса олЖазушылар одағының басшылығынан да босатылды. Қойынан айырылып қу таяқ ұстап қалған қойшыдай күйге түскен С.Мұқановқа одан ары да маза бермей, тиісті орын шақырып, жауап алып жазалайды. Оны да отырғызып, ит жеккенге айдау мақсат болса керек. Алайда аман қалды. Өзінің кемшілігі болғанмен, кеңес үкіметіне қастандығы болмағандығын, жаулық жасамағандығын дəлелдеу үшін арыз да жазды, аппеляция да берді, сөйтіп біраз сергелдеңге түсіп құтылды. Ол жайында «Сəбит Мұқанов қалай аман қалды?» деген мақаламда («Жұлдыз» журналы, 2009 жыл. №2) толығырақ жазғанмын. Айта кетерлік бір ерекшелігі болды Сəбеңнің. Ол Б.Майлинді алдында сынаса да, оны халық жауы дегендерге қосылмады, тіксіне қарады. Өз басын арашалап алу үшін барлық кінəні басқаға артып, жаманатты етіп көрсетіп, сүттен ақ, судан тазамын деуге бармады. Жалғыз Б.Майлин ғана емес, басқа да халық жаулары атанғандарды солай деуге аузы бармады. Ондай деректі еш жерден кездестірмедім. Осыны айқындау үшін, тергеу болды ма, болса ол не деді екен деген оймен КНБның мұрағатындағы ісімен таныспақ болдым. Жазушылар одағынан С.Мұқанов жөнінде іс болса, сонымен мені та-
349 ныстыру туралы хат жазғызып алып апарып бердім. Сəбең туралы іс жоқ деген жауап алдым. Ендеше ол Б.Майлинді халық жауы деп еш жерде көрсетпеген. Сондай-ақ ол Бейімбетке тергеу жүргізілгенде де не куəгер, не айыпкер ретінде де қатыспаған. Амал не, Б.Майлин басқалармен бірге 1938 жылғы 26 ақпанда жазықсыз құрбан болды. Жиырма жылдан кейін ғана ақталудың сəті түсті. 1957 жылы сəуір айында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров ақталар алдында И.Дүйсенбаев, С.Омаров, Ж.Сайын, Ə.Тəжібаев, С.Мəуленов, Қ.Ахмедов, Б.Кенжебаев, Қ.Жармағамбетов, М.Базарбаев құрамына кірген арнайы комиссия кұрылып, Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығын талдап, оңды пікір берген болатын. Сондай-ақ қосымша үш адамнан да пікір алынған. Біреуі С.Мұқанов еді, ол да ат тонын ала қашпай бірден жазып берген. Оқып көріңіздер не дегенін: «В Комитет государственной безопасности при С.М. КазССР. На ваш вопрос, «Как Вы относитесь к личности Беймбета Майлина?» даю ответ следующего содержания: С ним я лично встретился в 1922 году в Оренбурге – в тогдашнем центре Киргизской АССР. Он тогда работал сотрудником в редакции газеты «Соц.Казахстан» (в те годы она называлась «Еңбекші Қазақ»), а я учась в рабфаке, сотрудничал в этой газете. Познакомившись с ним, я узнал, что он сын бедняка, получил ниже-среднее образование в татарской школе, литературным творчеством запнимался с 1915 года, но начал печататься только в Советское время. Произведения Майлина, написианные в Советское время мне знакомы почти целиком. Он работал одновременно в нескольких жанрах: поэзии, драматургии, прозы, очерка, публицистики. Этот мелкобуржуазный интеллигент до Октябрьской революции находился под влиянием буржуазно-националистической интеллигенции, что получило некоторое отражение на его творчестве. Но он, являясь выходцем из трудовой массы, не мог не отразить в своих
350 произведениях положение казахской бедноты дореволюционном обществе. Во многих произведениях этого веремни, он выступил подлинным представителем критического реализма в казахской литературе. Установление Советской власти в Казахстане, распространение идеи научного социализма среди казахского населения, промадные и культурные изменения, происходившие в жизни трудящихся казахов, не могли не влиять на мировозрение Майлина и всем этим, в своих произведениях, написанные в Советское время более глубоко и правдиво показал новую счастливую жизнь казахов в условиях Советского строя. Много хороших произведений он написал на эту тему в разных жанрах. Следует отметить, что выступая против эксплуатаров в казахском обществе, Майлин, однако не осмелился критиковать, или, вернее, разоблачать алаш-ординскую интеллигенцию, под влиянием которых он находился в дореволюционное время. В этом сказывалось его недостаточная подкованность в марксизме-ленинизме. Замечал идейные недостатки и противоречия в некоторых произведениях Майлина, выступал против этих его ошибок, я, долгие годы работал с Майлиным на одном фронте - на фронте литературы, ни в его словах, ни в его делах и поступках никогда не замечал антисоветских явлений. Наоборот он всегда показывал себя сторонником Совесткого строя и его идеологии. Я не знал, какие мотивы были у наших карательных органов, когда они арестовали и осудили Майлина в 1937 году. В моем понимании, Майлин не мог быть антисоветским человеком, поэтому я сейчас сторонник того, чтобы Беймбет Майлин был реабилитирован. Писатель, член КПСС с 1920 года Сабит Муканов. 28. XI. 1956 года. Алма-Ата, Калинина 67, квартира 11». Бұрынғы кейбір сын пікірінен шыға алмаған С.Мұқанов сол айтқандарының шетін еске түсіріп кетсе де, Б.Майлиннің жазушылық еңбегіне əділ бағасын беріп, оның кеңеске қарсы əрекеті болмағанын айтып, ақталуы керектігін қолдайтынын білдіреді. Ал ақталғаннан кейін ол Б.Майлин жөнінде əр