101 Бертін келе белді жазушы болғансын Бейімбет пьесалар жаза бастады. Кейде Бейімбет менің жыныма тиіп, ашуландырып тастайтын. Ондай кездерде мен аузыма түскен сөздерді сапырып, Бейімбетті жүндей түтіп сөйлейтінмін. Бейімбет үндемей мырс-мырс күліп, бірдеңелерді қағазға айқыш-ұйқыш асығыс жазып жататын. – Ал, Гүлжамал, болды енді. Мен күні бойы бір ұрысқақ əйелдің сөздерін ойланып жаза алмай отыр едім, сенің мына сөздерің соның сөзіне дəл келіп, бір кəдеге жарап кеткенін көрмейсің бе, – деп ақырын езу тартып күлетін. Бейімбет нағыз еңбектің адамы еді. Ол бала жылап жатсын, біреуміреу келіп əңгімені соғып жатсын, қалың шашын бұрап, қағаздан көзін жазбай жаза беретін, жаза беретін. Тіпті ас жеп, шəй ішіп отырғанда да жаза беретін, жаза беретін. Оның жиналыста шығып сөз сөйлегенін де естіп-білген емеспін. Оның мінезі көнтерлі еді. Тіпті ұзақ жыл отасқанда Бейімбеттің біреуге кейіп, я болмаса біреуге ұрсып ажырая қарағанын көрген емеспін. Бейімбеттің алақаны ашық еді. Ол бірдеңе сұрап келген адамдарды риза қылып жөнелтуді ыңғайлап отыратын. Осы Жақан, Қасымдар Бейімбеттің мол алақанынан талай жақсылық көріп, жарылқанып шыққан жандар, – дейді Гүлжамал жеңгей. Гүлжамалдың осы сөздерін Бейімбетпен бірге дəмдес болып, бірге сапарлас болған, қатарлас қаламгерлердің бəрі де расқа шығарады. Қазақ совет əдебиетінің классиктерінің бірі Бейімбет Майлин сегіз қырлы, бір сырлы талант болды. Ол əрі ақын, əрі жазушы, əрі драматург. Ол бесаспап жазушы. Бейімбет Чехов секілді аз сөзбен көп өмірді келісті етіп бере білетін нағыз шебер, нағыз ұста жазушы. Оның «Ленин мектебі», «Сахарда», «Арыстанбайдың Мұқышы» секілді өте қысқа, өте шағын əңгімелері үлкен шебердің қолынан ғана соғылып шығатын бұйымдар. Əрқайсысыүш-төртбеттікосыəңгімелерде табиғат көріністері де, адам характерлері де айқындалып тұрады. «Бүгін Ленин мектебінде жиналыс. Ленинді еске түсіреді. Бес жылдың жұмыстарына қорытынды істейді.
102 Жиылыста Талқанбай да бар. Талқанбай не айтар екен, қандай ұсыныс қылар екен? ...Əне, мұғалім мəжілісті ашты. Пионер, комсомолдар сап түзеп, қатар тұрып: – Дайынбыз! – деп кіршіксіз таза дауыстарымен əлемді шыңылдатты. Қалбиып Талқанбай тұрды. Ажары ашық, жүзі күлім, мерейі үстем. – Сөйле, Талқанбай. Сөз сенікі. Ұсынысың орындалады. Айтушы сен бол, орындаушы біз болайық!» «Ленин мектебі» деп аталатын осы кішкентай əнгімеде сана-сезіміне жаңа ғана саңлау кіріп, сəуле түсіп келе жатқан ауыл кедейі аңқауТалқанбайдыңбейнесі сомдалыпсоғылған. Чехов айтқандай «қысқалық таланттың сіңлісі» деген осы емес пе?! Бейімбет осындай толып жатқан əнгімелердің асуынан асып, «Азамат Азаматыч» секілді үлкен романның есігін ашады. Бұл роман шым-шытырық оқиғалармен өрбіп, ауылдағы тап тартысын айқын суреттейді. Социалистік өмір шындығын қалтқысыз ашады. Өз кезіндегі күрделі оқиғалардан Бейімбет қаламы қалыс қалған жоқ. Ол барлығына да үлгерді, барлығына да жетісті. Тіпті үлкен жазушы, көркемсөздің майталман шебері Бейімбет ел аралап, очерктер мен суреттемелер, фельетондар жазуды да өз бойына мін көрген жоқ. Бейімбеттің қазақ совет поэзиясындағы алатын орны да орасан зор. Прозасындағыдай поэзиясында да Бейімбеттің ауыл адамдарының психологиясын, мінез-құлқын жете білетіндігі атойлап тұрады. Бейімбет поэзияны драматургияға жақындастыру жөнінде басқалардай ерекше еңбек еткен ақын. Оның диалогқа құрылған «Ыбыраймыз... Ыбыраймын» деген өлеңі бұған айқын мысал. Ақын диалог арқылы кешегі Ыбырай мен бүгінгі Ыбырайдың бейнесін шебер бере білген. Осында уытты сөздермен, қою оқиғамен, адам көңілінің күрт өзгерістерімен жалт беретін драма элементтері баршылық. – Шенің қайда? – Тозған.
103 – Елің қайда? – Күн озған. – Енді не етпексің? – Бітем! – Бітсең біт, мен де соныңды күтем, – деген жолдардан-ақ кешегі шалқыған Ыбырайдың бүгінгі мүшкіл халі оқушыға еркін жетіп жатыр. Бейімбет поэзияда батырақ Мырқымбайдың образын жасады. Мырқымбайдың атыел аузындажыр болып, оның есімі бүкіл батрақтардың есіміне айналып кетті. Əуелдегі жалқау Мырқымбайдың бірте-бірте ойы оянып, сезімі селт етіп, ел басқару ісіне дейін өрлеп келе жатқаны тамаша суреттеледі. Бейімбет поэзиясы нағыз халықтық поэзия. Оның өлеңдерін еңкейген кəрі мен еңбектеген жасқа дейін жаттайды. Бейімбетжырларының ойыайқын, сөзі сұрыпталған сақадай, пікірі ашық. Тұмансыз, күмəнсіз. Бейімбет шығармалары сондықтан да халықтың қалың ортасына қоныстап, бауыр басады. Бейімбет артына «Жалбыр», «Майдан», «Талтаңбайдың тəртібі» секілді пьесалар қалдырған дарынды драматург. Оныңбұлпьесаларыбүгінде сахнадантүспейжаңа қауымның кəдесіне жарап, күнделік өміріне араласып отыр. Бейімбет еңбек пен таланттыегіз деп ұққанжазушы. Оның аз ғана творчестволық өмірінің ішінде 60-қа тарта кітап жазып, ауқымды еңбек еткеніне қайран қалмасқа болмайды. Жəне оның əрбір шығармасы жүзіктің көзінен өтетіндей мінсіз сұлу, көркем, өмірдің өзіндей тартысқа толы, туған жердің табиғатындай ойлы-қырлы. Бейімбет шығармаларын оқығанда əрбір адам сол жазушы суреттеп отырған оқиғаға өзі араласып, өзі сөйлеп, өзі іс-əрекеттерді бірге атқарысып жатқандай күйге енеді. Əр жазушы осы бір нəрсені мен неге көрмедім екен, осы бір сөзді мен неге айтпадым екен деп өзіне-өзі ырза болмай қынжылып, кіжініп қалады. Міне талант құдіреті осылай болуға керек. «Коммунизм таңы» газ., 1970 ж., 4 шілде Кітабында: Үркер төбеде тұр. «Жазушы» бас. 1971ж.
104 Есмағамбет ЫСМАЙЛОВ ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ЖИНАУ ЖОЛЫНДА Бейімбеттің қалың бұқарамен байланысы, олармен рухани араласа білуі оның реалистік, революциялық шығармаларының терең тамырларын анықтай түседі. Бейімбет М.Сералинмен де, С.Сейфуллинмен де, С.Мұқанов, Ғ.Тоғжанов, С.Садуақасов, I.Жансүгіров, М.Əуезовпен де, татардың Ғ.Ибрагимові, С.Құдашы т.б. көрнекті ақын жазушыларымен де жақын творчестволық қарым-қатынаста болған. Əдебиеттің қым-қиғаш айтыс-тартысы бəсеңдемей, кейде оның өзі жікшілдік, бас араздыққа ойысып тұрған жағдайларда Бейімбеттің айнымай, толқымай өзін бірқалыпты ұстауы жəне қарама-қарсы айтысып-тартысып жүрген адамдардың бəрімен де тату-тəтті болып, өзінің творчествосын өндіріп жаза беруі оның байсалды, өмір жолындағы үлгілі, табанды азамат екенін көрсетеді. Бейімбетті 20 жылғы қарама-қарсы айтысып жүрген əдебиетшілердің барлығы да қадірлеген, сыйлаған. Осының себебі не деген сұрауға əлі ешкім жауап берген жоқ. Əдетте, Бейімбеттің осы байсалды, орнықты позицияны ұстауын кейбір əдебиетші, сыншылар онша құптай қоймайтын сияқты. Біздіңше, бұл орынды пікір емес, сыпайылап айтқанда, жазушы табиғатын терең түсінбегендік. Рас, Бейімбет əдебиеттің айтыстарына, сындарына араласпаған. Бірақ жазушының бəрі бірдей əрі суреткер, əрі сыншы болуы міндетті емес. Ол өзінің терең мазмұнды реалистік шығармаларымен (өлең, пьеса, əңгіме) тап тартысына белсене араласқан, идеология майданындағы күрестің туын биік көтерген жауынгер жазушы. Олай болса Б.Майлин күрестен қашқан, революциялық ұлы құрылыстан қашқан жазушы емес, оның алдыңғы сапында болған жазушы. Бұған ешкім таласа алмайды. Сонымен бірге Бейімбет революциядан кейін жаңа ғана қаз-қаз тұрып, басын құрап, қатарын көбейтуге талпынған ат төбеліндей аз ғана қазақ жазушыларының өзара бүлініп жарылып, тартыса беруін мақұлдамаған, қолдамаған сияқты.
Мұны оның жақын достары да, тұтас творчестволық жолы да толық растайды. Бейімбетке өзімен замандас қалам қайраткерлерінің ақын-жазушылардың бойындағы ең жақсы мінездері дарыған. Ол замандасының, досының үлгілі, талантты жақсы қасиеттерін құптап қабыл ала білген. Ал – кемшіліктері болса, бетіне басып онша айта бермеген. Тегі адамның мінін, жаны ауыратын жерін қазбалай беру пайда бермейді. Ұлы суреткерлердің, гуманист адамдардың рухани дүниесіне тəн бір қасиет – адамдардың бойынан ең алдымен жақсылықты көре білу, адамды бағалай, сыйлай білу. Міне, Бейімбетке тəн ізгі қасиеттердің бірі осындай. Біз Бейімбет жайындағы жинаған деректеріміздің барлығын бір очеркімізде толық айта бермейміз, бұл жазушыға арналған мереке үстінде туған кейбір естеліктер мен ойлардың жемісі ғана. «Жалын» жур., 1974 ж., №2.
106 Жайсаңбек МОЛДАҒАЛИЕВ АЗАМАТ СУРЕТКЕР «Өнер алдындағы еріктілігің заман алдындағы қызметіңе оңай орайласады: ол үшін тақырыптың анасын, яки мынасын жаз деп қиялыңды қинап зорланба да зорықпа, ол үшін өз қоғамыңның азаматы, өз заманыңның перзенті бол: мүдде көксегенің болсын, мақсаты мұратың болсын, жүрегіңде ілтипат, махаббат маздасын; ісіңнен ішіңді, өміріңнен өнерлігіңді алыстатпайтын ақиқат тамыршылы арда сезімің болсын», – деп жазады В.Г.Белинский, қаламгер адамның замана алдындағы жауапкершілігі жөнінде. Қазақ совет əдебиетінің ірге тасын қаласқан қадірлі жазушымыз Бейімбет (Бимұхамбет) Жармағамбетұлы Майлиннің творчестволық өмірбаянын сөз еткенде ұлы сыншының бұл сөзі еске жиі оралады. Ол – заңды. Бейімбет Майлиннің творчестволық өмірі, қызметі, жазушылық болмысы «өз қоғамының азаматы» болған қаламгерді толық дəлелдеп берді. * * * Ол күн аспан ашық болды ма, бұлыңғыр болды ма – оны ешкім білмейді. Қоңыржайлау, биязылау дала табиғаты – ұяң мінезді, үлкен жүректі перзентін қабылдапты. Ол – 1894 жылдың ноябрь айы болатын. Бейімбет əкеден жастай жетім қалады. Оның кісі есігінде жүруі, алғашқы сауат ашуы Максим Горькийдің өмірбаяндық трилогиясын еске салады. Əсіресе оның дүние танымы, сыншыл мінезі, білімге құштарлығы Алексей Максимовичтің балалық шағымем мұңдас, сарындас-ақ. Бейімбет Мұқамжар байға еңбек етеді. Ойға-қырға шыққанда ел-жерді, түрлі кісілерді көру байқағышбалаға көп əсер етеді. Осы сапар үстінде сауаттылық пен сауатсыздықтың шекарасын айырады. Етінің тірлігі арқасында Бейімбет молдадан хат таниды. Мұқамжар үйінде мұғалімдік құрған,
107 Троицк қаласынан келген Əбдірахман Сатыбалдыұлынан да біраз оқиды. Бірақ Бейімбет он екі жасқа толғанда анасы да дүние салып, одан əрі оқу мүмкіндігі тіпті қиындай түседі... Алдында медреседе оқып, бітіре алмай, шығып қалған Бейімбет біраз уақыт орыс поселкесіне барып, орысша сауат ашқан еді. Бірақ үздік-создық оқыған жылдар оның қолына, ел адамдарының сөзімен айтсақ: «Бір жапырақ қағаз бермеген» секілді. Ол сонда да алған бетінен қайтпай, білім жолындағы бейнеттен қорықпай, енді Троицк қаласына аттанады. Бейімбеттің осындағы «Уазифа» орта дəрежелі мектебінде оқыпжүріп МұхаметжанСералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəбит Дөнентаевпен жолығуы, «Айқап» журналына қатысуы – жас талапкердің өміріндегі ұмытылмас кезең болды. Бұдан бұрын Абай мен Ыбырай творчествосына қанық, аз да болса мектеп есігін көріп қалған, қала берді орысша сауат ашқан Бейімбет М.Сералин мен С.Торайғыровқа жолыққанда «ысылған жас жігіт» ретінде көзге түсіпті. Қолына 1912 жылы қалам алып: «Мұсылмандық белгісі», «Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа» секілді əлеуметтік тақырыпты сөз ететін өлеңдермен қоса «Жазғы кеш» атты жылы табиғат лирикасын жазған жас ақын «Айқап» Журналы арқылы халқына жолдама алғандай болды. 1914 жылы Бейімбет Уфа қаласындағы «Ғалия» жоғары басқышты мектебіне түседі. Сабақ беру жүйесі жаңа əдіске негізделген бұл мектеп өз шəкірттеріне математика, физика, жаратылыстану, география пəндерінен білім берді. Орыс тілі мен əдебиетінің əсері де талапкер жастарға аз болмады. Бейімбет бұрын орыс классиктерін аударма арқылы білсе, енді Л.Толстой, Н.Гоголь, А.Пушкин, Н.Некрасов, М.Лермонтов, А.Чехов, М.Горький шығармаларының түп нұсқасын оқиды. Дегенмен, берген білімі жаңа жəдит тұрғысында болғанымен, «Ғалия» медресесі жас жігітті əлеуметтік, таптық тартысқа əзірлеп жібере алмады. Бұл мəселелер жөнінен оның көзін ашқан – халықтың, ұлт-азаттық күресі мен Ұлы Октябрь революциясы еді. 1916 жылы 26 июнь күні II Нико-
108 лай патшаның қазақ, қырғыз, өзбек жəне басқа ұлттардан екінші дүние жүзілік соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығы шыққанда, (19 бен 31 арасы) – қазақ халқы оған ұлт-азаттық күресімен жауап берді. Бейімбет 1916 – 1921 жыл арасында ауыл мұғалімі болып қызмет істеген шағында көп оқиғалардың куəсы болды. 1916 жылы 12 июль күнгі Қарабалық болысы Сайым өлтірілді, сол жазда, осы оқиғаға байланысты он сегіз адам дарға асылды. Ал Батпаққара болысындағы Аманкелді Иманов бастаған көтеріліс бүкіл арқа даласын сілкіндіріп жіберді. Қарабалық көтерілісі бунт күйінде ғана қалса, Аманкелді көтерілісі ұйымдасқан, бір жүйелі əскери тəртіпке бағынған, кейін большевиктік саяси платформа тапқан саналы майданға айналды. Осы екі үлкен оқиға жазушыны толғантпай қала алмады. Кейін ол оқиғалар жазушының көбірек қалам тартқан тақырыбы болды. Жазушы жауапкершілігі, заман жəне жазушы, өз заманының азаматы нені жазу керек жəне оны қалай жазу керек деген сауалдарды 1916 жыл мен азамат соғысы оның алдына көлденең тартты. Бұл жылдар жас жазушының ел жайын зерттеген, оның танып-білген ауыл өмірінің таптық жік, əлеуметтік кескін-келбетін айырған кезі деуге болады, Мəселен, оның негізгі кейіпкерлерін сараласаң: кедей əйелі, қызы, баласы; бай, бəйбішесі, тоқалы, қызы, есігінде жүрген жалшысы; қулар, атқамінерлер, билер, жемқор чиновниктер, жазалаушы солдаттар; көтеріліс басшылары, ел азаматтары, сарбаздар, ақсақалдар, сатқындар, алдаушы-алаяқтар, арамза арандатушылар, бүлдіргіштер, жымысқылар, ру араздығын қоздырушылар, біреуді-біреуге соғушылар, əлеуметтік санасы көрбілтелеу ауыл мұғалімі, алаш қақпанына түсіп шойнаңдап жүрген аңқаулар, момын елді алдап-сулап күн көрген пысықтар, тағы басқалар. Дегенмен, жазушының «Алаш» ұранына еліктеп барып, одан тез қайтуы жөнінде де айта кеткен жөн. «Алаш» ұлтшыл – буржуазияшыл партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті еді. Бейімбет «Қазақ» газетіне атсалысып, бірнеше туындыларын жариялады жəне Уфа қаласында оның редак-
109 торымен де жолықты. Осының бəрі əлі саяси сана сезімі бір жүйеге түсе қоймаған жас жігітке əсер еткен сияқты. Алайда ол «Алашпен» ерте қоштасты. «Сексен сом» атты əңгімесі (1918 жылдың ноябрінде жазылған), «Əкесінен хат» (1918 жылдың 12 октябрі) өлеңі оған шын мəнісіндегі куə. Қарағым-ау, қарағым, «Ордаңды» қой үйге қайт. Адасқан сендей бар болса, Олар да қайтсын сəлем айт! Бейімбеттің тұңғыш қазақ əскері қатарына қосылуы – жазушының саяси-əлеуметтік көзқарасына үлкен бетбұрыс жасады. Ол ел тұрмысын, əскери өмірді, көтеріліске белсене қатысқан адамдарды танып білді. Үсті-үстіне өлең, шағын пьеса текстін жазып, əскери жастар арасында насихатшылық қызмет етті. Бейімбет жиырмасыншы жылдары Қостанайда жергілікті жастарды ұйымдастырып, бір актілі пьесаларын сахнаға қояды. Кейін Бейімбет «Еңбекші қазақ» газетіне шақырылды. Бейімбет онда екі жылдай істеді. Кейін Қостанай облыстық (ол кезде округтік) «Ауыл» газетінде Мұхаметжан Сералинмен əріптес болды. Қаламы шыңдала түсті. Қостанайда жүрген шағында ол «Раушан-коммунист» повесін жазып, шын мəніндегі советтік платформадағы қаламгер екенін танытты. Ал, кейін астана Қызылорда қаласына көшкенде, Сəкен Сейфуллинмен бірге – іргелі жазушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері ретінде – алдымен ҚазАПП, одан кейін «Жыл құсы» журналы, кейін Қазақстан совет жазушылар одағын ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақ республикасының астанасы Алматыға келуі – үлкен тарихи оқиға болды. Бұл дəуір – «Екінші революция» атанған – бай мен кулактарды тап ретінде жою дəуірінен кейінгі кезең еді. Бейімбет республика басынан өткерген барлық тарихи оқиғаның куəгері ретінде бұл сəтте де қоғамдық, əлеуметтік оқиғаға белсене араласты, əдеби өмірдің қайнаған ортасында болды.
110 «Колхоз», «Асулардан асқанда» жинақтары жарық көрді. 1934 – 36 жыл арасында «Шығармалар жинағының» төрт томдығы жарияланды. 1932 жылы жазушының əдеби еңбегіне 20 жыл толу мерекесі тойланып өтті. «Азамат Азаматыч» романы (1935), «Майдан» пьесасы (1933), «Мырқымбай» жинағы (1935) жазушы кемелденуінің куəсы еді. Сол тұстағы советтік қазақ ұлт əдебиетінің талантты өкілдері Ілияс Жансүгіров жазған лирикалық, эпостық нөсер жыр, Сəкен Сейфуллин жазған саяси, революциялық, мемуарлық туындылар, Мұхтар Əуезов қаламынан туа бастаған тарихи əлеуметтік шығармалар, Ғабит Мүсірепов қаламынан төгіле бастаған өмірдің реалистік суреттері, Сəбит Мұқановтың поэмалары мен əңгіме, повестері – Бейімбет Майлинді де жарысқа шақырғандай еді. Бұл кезде совет əдебиетінде М.Горькийдің, М.Шолоховтың, В.Маяковскийдің, Л.Толстойдың жəне басқаларының тамаша шығармалары туған еді. Осының бəрі жазушыны жаңа шығармалар жазуға жігерлендірді. Ол музыкалық драма театрына «Шұға», «Жалбыр», «Дударай» пьеса-либреттоларын жазса, прозада «Қызыл жалау» романын, кинематографта – «Аманкелді» сценарийін, «Біздің жігіттер» пьесасын жəне басқа бірнеше сапалы өлең-жырларын берді. Республикамызды аралап шықты. Жазушылар одағының съездеріне қатысты. Н.Островскийдің «Дауылдан туғандар» романын аударуға ат салысты. Оған қоса «Еңбекші қазақта» (1925 – 27, 34), «Мемлекеттік баспада» (1928), «Қазақ əдебиетінде» (1934 – 1937) қызмет істеуі – жазушының қоғамдық өмірдегі іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін танытты. Б.Майлин енді халықтық-қаһармандық тақырыпқа ойысты. Бұған дейін – Жалбыр Құдайбергенов басқарған шаруалар көтерілісін жиірек жазып келсе, (Қарабалық көтерілісі, 1916 ж.), енді бүкіл қазақ елін дүр сілкіндірген Аманкелді Иманов күресіне ден қойды. Бұл тақырыпқа, жазушы Ғ.Мүсірепов екеуі БКП(б) Орталық Комитетінің арнайы тапсырмасымен кірісті. Осы тұрғыда оның белгілі сөззергері, қазақ совет əдебиетінің ірге
тасын қаласушы, классик жазушымыз Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған үш туындысы көзге түседі. Олар 1934 жылы жазылған «Аманкелді» пьесасы (1935 жылы сахнаға қойылған), одан кейін жазылып, «Еңбекші қазақта» жарияланған «Батыр большевик Аманкелді» атты тарихи повесі жəне Вс.Ивановпен үшеуі бірігіп жазып, 1938 жылы күзде түсіріліп біткен «Аманкелді» кинофильмі (сценарийі 1938 жылы «Новый мир» журналының №12 санында жарияланды). Бейімбет Майлин бұл кезде шын мəнісіндегі творчестволық кемелдену шағына жеткен еді. Ол азамат соғысы жайлы Дм.Фурмановтың «Чапаевы», А.Серафимовичтың «Темір тасқыны» секілді кең тынысты полотно жасамақ болатын. Ғабит Мүсіреповтың «Біздің Би-аға» атты естелігінен оның «Қызыл жалау» деген роман, «Дударай» атты либретто жазғанын оқушы жұртшылық білсе керек-ті. Бейімбет Майлин – советтік қазақ əдебиетінің іргетасын қаласты, социалистік реализмнің ұлт əдебиетіндегі салтанатына мол еңбек сіңірді. Ұлттық əдеби дəстүрді бойына сіңірген ол – халық бойындағы тамаша талантты игеріп қойған жоқ, өзі де сол таланттың жарқын көрінісі, шамшырағы болды. Қарапайым, жартылай күлкілі бейне Мырқымбайдан бастап, бүкіл бір ұлтазаттық көтерілісінің көсемі Аманкелді Иманов бейнесіне дейінгі кейіпкерлер галереясын жасау – Бейімбет Майлин творчествосының ұлттық сипатына тамаша əр беріп тұр. В.И.Ленин ұлт деген сөздің анықтамасына тəн қасиеттер деп тіл мен өмір суретін қоса атаса, жазушы өз шығармаларында бұл қасиеттерді көркем етіп бере білді. Өз халқының адал ұлы Б.Майлиннің өмірі – Отанға, Коммунистік партияға, туған халқына қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі. Қалдырған еңбектері – əдебиетіміздің алтын қоры, халық қазынасы. «Социалистік Қазақстан» газ., 1974 ж., 19 қараша.
112 Мариям ХАКІМЖАНОВА БИ-АҒА Адам ең, азамат ең, еңсең биік, Ер едің еңбек еткен елін сүйіп. Би-аған бүгінде жүр ортамызда, Өлеңнен сомдап соғып, сауыт киіп. Қарауш ең үмітпенен болашаққа, Тұратын бəрі сыйып, кең құшаққа. Қақ жарған қара қылды əділдікпен. Көріндің талай қырдан қиын шақта. «Қалқам» деп қадыр тұттың қазақ қызын Белсеніп талқандастың күңдік құзын, Кедейдің жанын ұққан жаршы атанып, Ақтап ең туған елдің дəмі-тұзын. Ақтап ең дос-жараның сенімін де. Арман көп еді өткен өміріңде. Көтеріп томдарыңды Мырқымбай жүр, Жарқылдап егіз жұлдыз өңірінде... «Томпаң бетті, қара қыз «топты жарған», Үздік шығып еңбекте жүлдені алған. Тойыңа тұс-тұсынан келді ағылып. «Рəзия», «Зылиха», «Ажар», «Маржан». Би-ағаң тұр солардың көздерінде, Достардың аңсап айтқан сөздерінде. Есімін Би-ағанның ардақтайтын. Əдет бар, оқырман жұрт өздерінде. Би-ағаң ақындардың жырларында, Би-ағаң Сарыарқаның қырларында, Өлеңі Би-ағанның толқын болып, Өмірдің ағынында тұрмады ма?...
Би-ағаң əншілердің үндерінде, Би-ағаң келешектің күндерінде, Ардагер, ақын аға, аяулы аға, Кезінде қадырыңды білмедім бе?... Адам ең, азамат ең, еңсең биік. Ер едің, еңбек еткен елін сүйіп. Би-ағаң ортамызда отыр бүгін. Өлеңнен сомдап соғып сауыт киіп. «Лениншіл жас» газ., 1974 ж., 30 қараша.
114 Тəкен ƏЛІМҚҰЛОВ БҰЙЫРҒАН НЕСІБЕ Əліпті таяқ деп білетін балалық шақта алыстағы ауылға келген өкілдердің: «Сен Мырқымбайсың?» деп бірін-бірі қағытқанынкөргенедім. Мырқымбайдыңəдебибейне екенін, оны жасаған Бейімбет Майлин екенін бертінде білдік. Бұл күнде, əдебиеттің сыр-сипатына азды-көпті қаныққан шақта, Бейімбет Майлиннің творчествосы маған өзекті тұтас дүниедей əсер етеді. Бұндағы сарын түгелдей халық өміріне, шынайы бұқарашылдыққа саяды. Қазақ қоғамының өсу жолындағы кезеңдер осы тұрғыдан бейнеленеді. Өлеңде жасалған, өткіншідей көрінерлік кейіпкер – Мырқымбайдың өзі екшелген типке, ұлттық характерге жатады. Жалғыз шобырын қызғыштай қорғап, ауылнайды боқтаған Мырқымбайдың бойында қуат, жүрегінде жігер бар-ды. Бұл кейіпкер өзінің бұқаралық ұлттық нышанымен көңілге қонып, көкейде сақталады. Ақынның прозасы бар да, прозаиктің өлеңі бар. Бейімбет Майлиннің поэзиясы – осының соңғысына тəн. Демек, оның тақырыбы да, өлеңдік фактурасы да жіктеліп тұрады. Бірақ, біз бұл мақалада оның прозасына, оның да кейбір тамырлы, дербес нышандарына ғана тоқталамыз. Жазушының атағы барлық шығармадан емес, бір шығармадан басталады. Бұл шығарма кейде ерте, кейде орта кезеңде, кейде, тіпті кеш туады. Бейімбет Майлиннің атағын шығарған – оның тұңғыш повесі «Шұғаның белгісі» 1915 жылы Уфада «Садақ» атты қол жазбалық журналда жарияланған. Осынау шағын повесть «алтынның атқа бермес асықтайын» деген мақалды еске түсіреді. Бұл повестің алдында Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» бар еді. Мейлінше қарапайым, құнарлы, шыншыл осынау романда артық басты кейіпкерлердің орын тебуі – өкініш. Бейімбетпен қапталдас шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың құнды «Қамар сұлуында» ауыз əдебиетінің əсері бар. Ал, Бейімбеттің «Шұғасы» жұп-жұмыр мінсіз-
115 дігімен қайран қалдырады. Бұнда тартыс төңірегінде далақтап, жандайшаптап жүрген кейіпкер жоқ. Кейіпкердің баршасы міндет атқарады. Олардың қоғамдық ара салмағы, дүние танымы, қарым-қатынасы жазушылық қисындаудан аулақ. Өмір шындығына саяды. Шұға хикаясы ат үстінде, екі жолаушының арасында айтылады. Бұрынғының оқиғасы желісін үзбей, селкеуленбей, толқынданып, жолаушыларды ұзата береді. Екі ауылдың арасындағы табиғат көрінісі – күзгі ызғар, құлазыған жұрт, ін маңындағы тышқан – мылқау шежіре. Сапарласы баян еткен оқиғаларға сол күнгі табиғат əсері қосылып, ұласып, жазушының өзі араласып отырады. Повестегі гуманистік сарын жалаң айтылмай, қапталдас қимылға, үрей мен үмітке ұштасып, көркем нақышпен жеткізіледі. Кертартпа заманның ескі əдет-ғұрып құрбандығы Шұғаға деген аяныш сезімі синтез түрінде емес, анализ ретінде баурайды. Көлемі шағын шығарманың шебер сюжеті еріксіз тартса, оқудың барысында неше түрлі сиқырлы əсер аласың. Көз алдыңда ойнаған көріністермен қоштасуға қимайсың. Жағымды, жағымсыз құбылыстар араласып, күйініш-сүйініш сезімін асқындырып, діңке құртады. «Шұғаны» қайталап оқудан жалықпайтынымыз да сондықтан. Əсеріңді жаңғыртып, жаныңды байыта түсетін осынау шығарманың құдіреттілігі сонша, оқиға өткен жерді көзбен көргің келеді, сұлу Шұғаның белгісін іздегің келеді. Жазушының Əбдірахманды тірі қалдыруында гəп бар. Бұл – реализм сипаты. Автор оны да ішқұсталықтан өлтірсе, иланымсыз болар еді. Мұратқа түгелжету де, немесе түгелдей қайғыға ұшырау да – реалистік əдебиеттің бойына жараспайды, Тірі қалған ғашықтың қасіреті оқушының толқынысына, болжауына қалса, бұдан автордың шəкірт шағында-ақ сауатты жазушы болғанын танимыз. «Шұғаның белгісі» неге «екінді» деген сөзден басталады. Неге сəске емес, неге шаңқай түс емес? Бұның сыры шығарманың соңында ашылады. Октябрь революциясынан бұрынғы бедірейген түздің кейпін жазушы еңкейген екіндіге мегзейді. Ал, осының керісінше, «Раушан коммунист» повесінде жаздың шипа
116 шуағы, ескен самал, жайқалған майса, жаңалыққа талпынған жолаушы əйелдің үміті жақсы символдай əсер етеді. Бізде кейбіреулер не болса соны көркем прозаға тели салады, Бұл жанрдың өте жауапты екенін білмейді. Пушкин: «Лета к суровой прозе клонят» дегенде, осы шындықты айтқанды. «Евгени Онегинде» шартты сөз ілуде бір кездеседі. Бұның өзі өз тұсында таңсық жаңалық еді. Соны місе тұтпаған Пушкин шарттылықты, əсірелеуді, асқақтауды көтермейтін «қатал» прозаға ауысуды аңсайды. Ал, біздің қайсыбір прозаиктеріміздің бір сөзі екінші сөзіне зорлықпен жалғасады. Екінші сөзі бірінші сөзіне жауап бермейді. Осыдан кейін олардан шығарманың көркем компоненттерін қалай талап етуге болады?! Революцияның алғашқы жылдарын, жаңа экономикалық саясат кезеңін, коллективизация тұсынжан-жақты, тереңиланымды суреттеген Майлин замана шежіресін адам тағдыры, мінез-құлқы, қақтығысы, ұғымы арқылы жасайды. Адамның образы, ой мен сезімнің жандылығы Майлин шығармаларын ұзақ жасатады. Бұның кепілі мынада. Майлин шығармасын оқығанда оның таза əдебиет екенін ұмытасыз. Адамзат өмірін өнер өміріне айналдыру деген сол! Осы арада айта кететін бір нəрсе – қоғамның эстетикалық талғамы уақытқа сай өзгеріп тұрмақ. Сол талғамды қалыптастырушының бірі – жазушылар. «Автомобильтрактор, құлағын оның бұрап тұрдың» тұсында Майлиннің техницизмге ұрынбай, еңбек адамын жырлауы əдебиеттің міндетін терең түсінгенін танытады. Ерте заманда болған, осыдəуірде де бар, əдебиеттің табиғатын ажыратпау – көпірмеге соғады. Бейімбет Майлин – осыны жақсы түсінген жазушы. Ол мақаланы, қол жазбаны көркем проза санатына қоспайды. Оның прозасы – тұнып тұрған тұңғиық дүние. Бұл прозадан жалпы мағналық, бояулық, дыбыстық қате табу қиын. Көркем проза негізінде, үш түрлі логикадан – формалдық, көркемдік, диалектикалық – логикадан тұрады. Осының үшеуі де Майлинде бар. Əлбетте, олардың аралық салмағы, орны мейлінше табиғи, заңды...
Майлин творчествосының қарапайымдылығының астарында оның ересен еңбеккерлігі жатады. Оның Лев Толстой тəжірибесін білгені күмəнсіз. Оның жеке өмірдегі кішіпейілділігі, қарапайымдылығы, мансаптан қашуы көп жəйтті аңғартады. Осыдан барып, Майлин ұстаз тұтынған Горькийдің «Жер бетінде кісі болу – ең жоғары лауазым» деген лұғатты сөзі тілге оралады. Бейімбет Майлин талай-талай талапкерге жақсылық жасаған əдебиетші. Оның қаламдас жеткіншектердің қол жазбасын өңдеуден жалықпағаны тарихтан мəлім. Бұндай мінез өзінің дарынына сенетін, өте-мөте бауырмал, жаны сұлу адамның қолынан келеді. Француз, итальян халықтарында: «Данышпан Сахарада туып, астанада өледі» деген мақал бар екен. Бейімбет Майлиннің өмір жолы осыған жуықтайды... Жетім өсіп шарасыз кезбелікке ұшыраған Бейімбеттің табиғи дарыны оны астанаға əкеледі. Аз жасаған ғұмырында өте-мөте көп көрген, бастан көп нəрсе кешірген Бейімбет Майлиннің өмірден жиған-тергені, əдеби тілмен айтқанда, объективтік шындықтан алған əсері, байқауы, ішке бүккен сыры əр жанрдағы қырық шақты кітапқа сыйды. Жазушыны армансыз кетті деу қиын. Бірақ, өткенге шара жоқ. Оның артында қалған қыруар мұрасы – біз үшін бұйырған несібе ғой! «Қазақ əдебиеті» газ., 1974 ж., 29 қараша.
118 Ғабит МҮСІРЕПОВ ƏДЕБИЕТІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН ЖҰЛДЫЗЫ – Біз бүгін осында жиналып отырғанда, – деді ол – есімі қазақ совет əдебиетінің тууымен тікелей байланысты болған адамдардың біреуінің көзден таса, көңілден қалыс тұрмайтын сүйікті бейнесіне деген шексіз мол алғысқа толы ықлас-ілтипатымызды көрсеткелі келдік. Мен айтып тұрған бұл кісі өзінің өмірінде, өзінің ғажап қарапайым қалпы мен кішпейіл табиғатында күн сайын, сағат сайын дерлік, қолжазбасының əрбір бетінде туған халқының жаңа əдебиеті тарихының жарқын беттерін жазып жатырмын-ау деген қиял қаперіне де енбеген адам болатын. Бұл – жазушы Майлин Бейімбет еді. Бейімбет Манлин есімі аса талантты, соншалық мол дарын дарыған адамдардың шоқ жұлдыздай жарқыраған тобында тұр. Олар өздерінің өзгеше қасиетті борышы мен міндетін толық түсінген, қаламгерлік қызметінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ халықтың рухани өрлеуінен, оның мазмұны социалистік, түрі ұлттық жаңа мəдениетін жасау ісінен сындарлы орнын тапқан таланттар. Ия, бұл – шын мəнісінде «құдіретті топ» құраған қаламгерлердің таңғажайып өркені болатын. Бұл топ өзі жаңа дəуірдің жас өркені, «түнек дүниені тілген алғашқы сəулелер» бола тұрып, өзгелердің жолына жарық түсірді, осынау жаңа өмірдің өресі биіктеп, өрісі ұзара беруіне мол шапағат тигізді. Біз «шоқ жұлдыз» дегенді , көркем творчество адамдары туралы айтқанда қандай мағнада түсінбегіміз керек. Бұл – олардың бəрі қосылып, өздерінің бар жарығын бір жерге ғана шоғырландырып түсіреді, сөйтіп əрқайсысының өзіндік шұғласы қандай екенін көрстпейді деген мағнада емес. Жоқ, «шоқ жұлдыз» деген сөзді əдебиет пен өнер қайраткерлеріне орай қолданғанда олардың уақыт жағынан сəтті жұмдасқанын, якн көп-көп жұлдыздардың, тым болмағанда олардың бірнешеуінің бір мезгілде жана тұра
119 əрқайсысыөзіншешұғлашашатынын, халық өмірінөзінше əр қырынан, əр алуан биіктіктен жарқырата нұрландыратынын, өзінің поэтикалық шабыт қуатынан айнымайтынын ұғыну керек. Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Əуезов жəне Сəбит Мұқанов есімдерін күнбе-күнгі тəжірибемізде белгілі бір қалыптасқан ізбен атай тұра біз қайткенде де бұлардың əрқайсысына тəн творчестволық бетін жып-жылмағай етіп жіберуге тиісті емеспіз. Есімдерді қалай болса солай тіркестіре топтастыру, əдебиет пен өнер қайраткерлеріне тіпті де үйлеспейді. Мұның мəнісі əбден-ақ түсінікті. Бұлай ету олардың қайсысының қандай жарығы барын, өз халқының рухани дамуына қайсысының қандай ықпал-əсері болғанын тарих алдында да, оқырман қауым алдында да бұлдыр-буалдыр күйде көрсету болмақ. Ал он екі мүшесі біртұтас, нəтижесі жағынан ортақ əдебиет – əрқашан да өзінің жасаушыларына қарай нақтылы да, дара сипатты да. Тегінде жұртқа белгілі осы бір ақиқаттықты бүгінгі күні өзіміз мүшелді жасын тойлап отырған Бейімбет Майлин творчествосының жəне оның мінез-қалпының өзгешеліктеріне байланысты еске алғанды мақұл көрдім. Жаратылысында ерекше қарапайым, аса сирек ұшырасатын кішпейіл жəне еңбекқор Бейімбет əдебиетіміздің тарихынан қашан да өзіне ғана тəн өзгеше орынға ие. Ол əдебиетке келгенде жазушының халық алдындағы ролі мен жауапкершілігін əбден елеп, екшеп барып келді, əдебиеттегі реализмнің зергері болып келді жəне демі таусылғанша осыдан айныған жоқ. Біздің прозамыздағы реализм мен шыңына шыққан шеберлік өзгелердің бəрінен де бұрын Майлин есімімен берік байланысты. Ол – əрі теңдесі жоқ əңгімеші ретінде де, əрі прозадағы сүйікті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз. Біздің қай-қайсымыз болсақ та Бейімбет Майлиннің осыдан тұп-тура алпыс жыл бұрын жазылған «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне оранып өскендейміз.
120 Бірақ, Майлин бір беткей прозашылығымен ғана реалист жазушы емес. Ол драмагургия жанрында да реалистік дəстүрлерді қалыптастыруда нақ сондай дəрежеде тыңнан түрен салған қаламгер. Творчестволық жолын бір уақыт дағдылы жолмен, яғни ақындықпен бастаған ол бертін келе өзінің ең үздік шығармаларын дəл осы көркем проза мен драматургияда тудырды. Майлиннің ілуде бір адамда ғана боларлық еңбекқорлығы мен іске қабілеттілігі тұстастарын таң-тамаша қалдыратын. Талантпен тізе қосқан еңбек аумағы мол, маңызы баға жетпес қымбат көркем мұраны бізге сый етті. Осынау ерен өзгеше талант иесінің творчестволық өмірі мен творчестволық мұрасын аз сөзбен сығымдап айтсақ, жиырма жылғы қажырлы, барынша қарымды да нəтижелі жұмыс, мəңгі жасар он бес томдық шығармалар деп түйіндер едік. Соның өзінде аға буын қазақ жазушылары ішінде əлгі жұрт айта беретін тарихи тақырыпқа қалам тартпаған кісі жалғыз ғана Майлин еді десе де болғандай. Ол өзінің дарынының бүкіл күш-қарымын, өзінің бүкіл ой-назарын осы заман тақырыбына жұмылдырды. Бұл жағынан алғанда оның творчествосын қазақ жеріндегі советтік өмірдің алғашқы жиырма жылының шежіресі деп айтуға əбден хақымыз бар. Майлнннің қаламгерлік қызметіндегі тағы бір тамаша өзгешелікті таңдана айтпай тұра алмаймын. Бұл – оның əдебиеттегі, ұстаздық жəне тəрбиешілік ролі мен орны жайында. Көркем сөздің көп қырлы зергері, ғажайып стилист болған ол өзінің тəрбиешілік табиғатына тəн қамқорлығымен əдебиеттің жас күштерін көркемдік шеберлікке баулып шыңдайтын еді. Ол жас таланттарды да соншалық көрегендікпен, аңдағыштықпен тауып ала қоятын. Асылы, біздің, оның замандастарының, қай-қайсысы болсақ та Бейімбет Майлиннің киелі қолы, яки оның кереметтей кемел редакторлық қаламы тимей өте алдық демес едік. Б.Майлиннің 80-ге толу салтанатында сөйлеген сөзі. «Қазақ əдебиеті» газ., 1974, 6 желтоқсан.
121 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИНГЕ АРНАЛАДЫ Талантты коммунист-жазушы Бейімбет Майлиннің есімі, қазақ совет əдебиетінің бастауында тұр. Октябрь революциясының ұлы заманы, Совет өкіметінің Қазақстандағы салтанатты шеруі осы сөз зергерінің санқырлы творчествосында лайықты көрінісін тапты. Оның өлеңдері, əңгімелері, повестері, фельетондары мен пьесалары көкейтестілігімен, ұшқырлығымен, сөз маржанымен ерекшеленіп тұратын. Оларда Ленин идеяларының тарихи дұрыстығына деген кəміл сенім болатын. Көптеген өлеңдерінде Б.Майлин социалистік жаңа өмірді, оны орнатушылардың еңбектегі ерліктерін жырға қосты. Қара түнек феодализмнен социализмнің жарқын дүниесіне батыл қадам басқан қазақ қызының нанымды образыжасалған «Раушан коммунист» повесі. Советтер өкіметі жолындағы күресті реалистік тұрғыдан суреттеген «Азамат Азаматыч» романы кеңінен мəлім. Алматыда, М.Ю.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театрында болған салтанатты жиналыс қазақ совет əдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 80 жыл толуына арналды. Жиналысты Социалистік Еңбек Ері жазушы Ғ.Мүсірепов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Бейімбет Майлин творчествосы туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ш.Мұртазаев баяндама жасады. ҚазақССРхалык артисіС.Қожамқұлов, ақынҚ.Тоғызақов көрнекті жазушымен болған кездесулері туралы айтып берді. Ақындар М.Хəкімжанова, Л.Скалковский, Ғ.Қайырбеков Б.Майлинге арналған өлеңдерін оқыды. Жиналысқа Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретары С.Н.Имашев, Қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары А.В.Черекаев, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мəдениет бөлімінің меңгерушісі М.И.Есенəлиев қатысты. «Социалистік Қазақстан», газ., 1974 ж., 3 желтоқсан.
122 Ғабит МҮСІРЕПОВ НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ Горький, Маяковский, Фадеев, Шолохов сынды классиктермен қатар біздің Сəкеніміз, Ілиясымыз, Бейімбетіміз тұрғаны қандай мəртебе! Солар салған сүрлеу-соқпақ тыңнан шыңға тартып, əдебиетіміз бен мəдениетіміздің бүгінгі мəуелі де мəртебелі биігіне жеткізіп отыр. Осы үш алыптың бірі – Бейімбет Майлин көзі тірі болса, дəл бүгін тоқсанға келмек екен. Бейімбет кімеді? Ол – шын талант, нағыз халықжазушысыеді... Ол əдебиетке Ұлы Октябрь революциясынан бұрын араласты. Сұлтанмахмұттармен қатар шықты. 1912 жылы «Мұсылмандық белгісі», «Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа» деген тұңғыш өлеңдерін жазды. «Айқап» журналының көрнекті авторларының бірі болды. 1916 жылы қазақ прозасының төл басы – «Шұғаның белгісі» повесін берді. Амангелді Иманов пен Жалбыр Құдайбергенов бастаған халық-азаттық қозғалысының куəгері ғана емес, жырлаушысы бола білді. Октябрь революциясынан кейін оның таланты халық игілігіне айнала бастады. Мəселен, «Азамат Азаматыч» романы, «Майдан» драмасы, «Мырқымбай» жинағы, «Шұға», «Жалбыр», «Дудар-ай» либреттолары, аяқталмай қалған «Қызыл жалау» романы, В.С.Иванов үшеуіміз қосылып жазған «Амангелді» киносценарийі аз еңбек болмайтын. Бас-аяғын жинақтасақ, қазір Ғылым академиясы əзірлеп жатқан көптомдық мұра болып қалыпты. Талант пен еңбеккерліктің жемісі деп осыны айтар болар. Б.Майлиннің 90-ға толуына орай айтқан пікірі «Социалистік Қазақстан» газ., 1984 ж., 21 қазан.
123 Сейділда ОРДАЛИЕВ ҰЛЫ СУРЕТКЕР Қазақ совет əдебиетінің негізін салушылардың бірі, заманымыздың үлкен суреткері Бейімбет (Бимұхамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар облысында, Əйет өзенінің бойында Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Бейімбет Майлин атындағы совхозда дүниеге келген. Жазушының əкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да өте момын, кісі есігінде жалшылықпен күнін көрген кедейлер болыпты. Əкеден алты айлығында айрылған болашақ жазушының əжесі ісіне пысық, сөзі өтімді өз жанынан өлең шғара білетін кісі болған көрінеді. Жас жазушы өсе келе шешесі Күлғизар қайтыс болған соң ақылды əжесінің қамқорлығына біржола көшеді. Ақылды əже ағайындарын жинап, Бейімбетті оқыту қажеттігін айтады. Сонымен ол əуелі өз аулында кейбір көзі ашық кісілерден сауатын ашып, білімге ынталана түседі. Бейімбет өлең жазумен тым ерте айналысқан. 1932 жылы 5 мартта «Социалистік Қазақстан» газетінде Бейімбеттің жазушлық қызметіне 20 жыл толуына арналған материалдарға қарап, оның алғашқы өлеңдері «Мұқтаждық», «Мұсылмандық белгісі» – 1912, 1913 жылдары жазылғанына күмəн келтіруге болмайды. Жазушының досы, башқұрт əдебиетінің классигі Сайфи Құдаштың айтуына қарағанда «Ғалиядағы» татар, башқұрт шəкірттері 1913 жылы «Парлақ» атты қолжазба журнал, ал қазақ шəкірттері 1914 жылы «Садақ» атты қолжазба журнал шығарған. Оған Бейімбет редактор болған. Сол журналда оның «Шұғаның белгісі» атты əңгімесі жарияланған. Жазушының «Қостанай уезі, Дамбар болысы» атты мақаласы «Айқап» журналында (1913 ж. №5) жарияланғандығын жəне осы «Айқапта» 191З – 1914 – 1915 жылдары бір өлең, бір əңгіме, екі мақаласын жариялағанын ескер-
124 сек жазушының тырнақ алды шығармаларының баспа бетін көргеніне де, міне 70 жыл толыпты. Алғашқы шығармаларын ағартушы-демократтық бағытта жазудан бастаған қаламгер бірте-бірте ауыл өмірінің айнасына айналады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіне аттанған азаматтарға оң сапар тілеп, тұйыққа тірелген халқының ауыр халіне бірге күйзеліседі, елін күреске шақырады. 1916 жылғы июнь жарлығына арнап «Қанды тұман» атты өлеңін жазып, онда: «Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар! Бері кел шашау шықпа, топтаныңдар! Қапыда мылтығы боп жайратпасын Болыстан, əсіресе, сақтаныңдар! – дейді. 1917 жылдың аяғында жазған «Сьезд», «Сайлау» деген өлеңдерінің өзінде ақын ақпан төңкерісінің нəтижесі күткен үмітті ақтамағанын ашық айтып, алаш-орда өкілдерін қатты сынап мазақ етеді. 1923 – 1937 жылдар арасында Бейімбеттің 55 кітабы жарық көреді. Сонымен 43 жыл ғана өмір сүрген дарынды жазушының көптеген өлеңдері мен 14 – 15 поэма, жүздеген əңгіме, очерк, фельетондарымен қатар, ондаған повестері, 20-дан астам пьеса, либретто мен сценарийлары өзінің көзі тірісінде жарық көрген. «Азамат Азаматыч» романы жеке кітап болып басылған. «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» романдары отызыншы жылдардың басында республикалық газет-журналдарда жариялана бастаған. «Жалбыр», «Атылмаған оқ» повестері, Ғабит Мүсіреповпен қосылып жазылған «Батыр большевик Аманкелді» повесі де, газет-журналдарда жарық көреді. Елуінші жылдардың аяғында жазушының шығармалары қайта басылым көрді. Өлеңдері мен əңгімелері жеке кітап болып басылды. Шығармалар жинағы 6 томдық көлемде жарық көрді (1961 – 1964 ж.ж.) «Жазушы» баспасы Бейімбеттің газет-журналдарда шашырап жүрген «Атылмаған оқ»,
125 «Он бес үй» повестерімен қатар «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» романдарынан үзінділерін «Қызыл жалау» деген атпен жариялады. Бейімбеттің «Ел сыры» (1925 ж.), «Сойқанды содырлар» атты еңбектері сол бірінші басылым қалпында қалып отыр. «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 – 1927 жылғы сандарында жарияланған қалпында қайта басылым көрмеген Бейімбеттің əңгіме, очерктері, фельетондары қаншама десеңізші?!... Дарынды жазушының творчествосын жан-жақты зерттеу мəселесі де қолға алынды. Жазушы творчествосына «Қазақ совет əдебиетінің очеркінде» (1967ж.) жеке тарау беріліп зерттелді. Оның өмір мен творчествосы жайлы ақындық өнері мен жазушылық шеберлігі туралы бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, жеке монографиялар жазылды. Темірғали Нұртазин ағамыздың «Бейімбет Майлиннің творчествосы» (1966ж.) атты көлемді де байсалды ғылыми жүйеде талдап, оқушы қауыммен бірінші таныстырған құнды зерттеу, Бейімбеттің жазушлық шеберлігі бойынша докторлық диссертация қорғаған Бейсенғали Наурызбаевтың «Дəуір суреткері» (1967ж.) Рəзия Рүстембекованың «Бейімбет Майлиннің драматургиясы» (1969ж.), осы жолдардың авторының Бейімбет творчествосы жайлы жазылған «Сөз зергері» (1982ж.) атты монографиясы, өткен жылы ғана жарық көрген Тоқтар Бейісқұловтың жазушының журналистік қызметін талдауға арналған «Қанатты қаламгер» (1983ж.) атты кітабы басылып шықты. Қазақтың Əл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенттері үшін «Бейімбет творчествосындаға реализм» атты арнаулы курс оқытылады. Оның творчествосы бойынша қаншама студенттер курстық, дипломдық жұмыстар жазады. Жазушы мейлінше кішіпейіл, еңбекқор, ізденгіш, жаңашыл, замана талабына сай өсіп отыратын қаламгер болған. Поэзиялың шығармаларына ешбір ат қойылмаған. Өлеңдерінің күрделігіне, сюжеттік желісіне, композициялық шешімін қарап қайсыбіріне «поэма» деп ат қойып жүргендер
126 жазушы творчествосын зерттеушілер. Бүкіл повестерін де автор «əңгіме» деп атаған. Жиырмасыншы жылдары көптеген, классикалық шғармаларын жазған Бейімбет 1931 жылғы мақаласында («Жаңа əдебиет» № б – 7) мейлінше кішіпейілділік көрсетіп отырған кезім де жоқ... «Аттың жалында, аттаның қомында» сияқты, мұршаң келгенде бір нəрсені жазған боласың, оны өңдеуге, кестесін келтіруге көбіне уақыт жоқ» дейді. Бейімбеттің уақыты жетісепегені де рас, жазу үшін жағдай талғамағаны, бос уақытын көрінген жерде ұтымды пайдалана қоятындығы жайлы жазушыны көрген, бірге қызметтес болған ағаларымыз талай айтқан болатын. Кейінірек 1934 жылғы (12 июнь) «Социалистік Қазақстандағы» бір мақаласында Бейімбет: «Мен жете таныспаған нəрселерімді жазуға тым шорқақпын» дейді. Бұл аса дарынды суреткердің жастарға үлгі, өнеге ретінде айтқан басты принципі дейміз. Немесе осы мақалада Би-ағаң проза, жайындағы пікірін былай түсіндіреді: «Əдебиеттегі көрнекті жанрдың бірі – қара сөз... Оңай өлең жазып əдеттенгендерге қара сез жазу ауыр көрінді. Бірақ оқушларымыздың тілегі күннен-күнге өсіп, желілі, сюжетті көркем шығарманы керексінді... Оқушларымыздың бұл ділгірін елемеу бізге күнə еді. Мен қара сөзге айналдым». Прозаға жүктелетін күрделі міндетті Би-ағаң қарапайым сөзбен ғана дəлелдегісі келеді. 1933 жыл «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясы Шымкентке творчестволық командировкаға барып қайтқан Бейімбетпен кездесу ұйымдастырады. Кездесуде Би-ағаң сөйлеп былай дейді: «Шымкентте алғашқы 10 – 15 күнде кілең цифр құшақтап жүрдік. Одан түк болмады. Одан соң Қасымбек бригадасын бөлек алдым. Қасымбекпен құрдас шығып, киімнің ішкі буындай араласуым ерекше жақсы болды. Бұдан алған материалым маған «Қызыл жалау» деген роман жазуды ойландырды. Кешегі колхозшылардың заводқа келіп, жұмысшы болған 6 күнін көрсетсем жақсы болар деп білемін. Бірақ Алматыға қайтқан соң жазуға кірісу қиын соқты. «Кемістігім бар екен. Сондықтан Қарағандыға аттандым.
127 Онда барған соң геройларым кеңіді, материалдарым толықты...» дейді. Не деген кішіпейілділік десеңізші! Жазушы творчествосын зерттеушілердің қайсыбірі Бейімбеттің бұл айтқандарын жасқаншақтыққажатқызады. Сол кездерде Бейімбеттің творчествосын біржақты санаушылар көбейіп кетіп еді, соған байланысты жазушы өзін көтермелей айтуға қарсы болған түрі дейді. Біздіңше олай емес. Керісінше жазушының бұл айтқандары ұлыадамға тəн қасиеттің белгісі. Заманымыздың ұлы жазушысы М.Горький өзінің «Л.Н.Толстой» деген еңбегінде «Шыңырау түбінде» атты атақты пьесасының қолжазбасымен танысқан Лев Толстойдың көңілі толмай ащы айтқан пікірін ашық жазады ғой! Бейімбет те бұл сөздерді жастарға үлгі болсын деп айтқан. Бейімбеттің «Мен жете таныспаған нəрселерімді жазуға тым шорқақпын» деуі де рас. Ауыл өмірін жетік білген жазуда өззамандастарының қаншама типтік образдарын жасады. Олардың ішіндегі өнегелі ұнамды образдармен қатар жағымсыз жексұрындар да, қанша! Мырқымбай, Айранбай, Раушан, Күлпаш, Айша, Берен, Зейнеп, Айдарбек, Қожалақ, Боқтыбай, Желдібай, Талтаңбай!... Бейімбеттің кейіпкерлері өзі жақсы білетін замаңдастары болған. Мен солардың көбінің прототиптерімен кездестім. 1961 жылы Бейімбет творчествосын зерттеу мақсатымен құрылған ғылыми экспедицияны басқарып (М.О.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының тапсыруы бойынша) жазғы шілде-тамыз айларында Би-ағаңның туған жері Тобыл ауданына, оқыған, қызмет істеген қалалары Троицк, Уфа, Орынбор, Қызылорда қалаларында болдық. Сонда байқағанымыз Бейімбеттің біраз кейіпкерлерін өз аулынан кездестірдік, қайсыбірінің аты сəл өзгерген, көбісі өз атымен аталған. Мысалы, жазушының туған аулында Бермұхаметов Есенқұл, Нұрмағанбетов Елемес деген қарттармен кездестік. Олар Бейімбеттің 1928 жылы өзінің туған аулына келіп, он бес үйден колхоз ұйымдастырғанын, оны «Жалшы» деп атап кеткенін, кейін сол колхоздың құрылуына арнап «Он бес үй» аттды повест жазғанын, сондағы кейіпкерлердің
128 прототиптерінің біразы əлі бар екендігін қызықтап əңгімелеп берді. Немесе, жазушының «Біздің жігіттер» атты пьесасында Хасен мен Асылбек атты «пысық жігіттер» Бейімбеттің құрдастары екен. Жазушының суреттегеніндей бұл екі қарттың да пысықтығы, іскерлігі, ел арасындағы тартысталасқа араласқандығы байқалады. Ол кезде екеуі де дербес зейнеткерлер екен. Баймұрзин Хасен, Ташбаев Асылбек. Екеуі де жазушымен бірге өскен, жақын жолдастары болған екен. Сондықтан да Бейімбет оларды өз шығармаларында сықақтап, əзілге айналдырады екен. Асылбек ұзын бойлы, қызыл шырайлы келісті қарт екен. Өмір бойы мұғалімдік қызметте болыпты. Біз іздеп барған (1961 ж.) жылыөтетыңеді. Көпестеліктерінайтты. Жазушлар одағы атынан бізге Бейімбеттің үлкен ұлы Мереке де ілескен еді. Асылбек қарт Мерекені көргенде Би-ағаңды көргендей қатты қуанды. Біраз көңілі де босап кетті. Сол Асекең: «Бейімбет менің ұзындығымды да күлкі етуші еді. Асат деген сот əйел үстіне тоқал алғанын сынап «Ақсаусақ» деген өлеңін жазды. Асаттың сыбайласы деп мені де «ұзынтұра Қасымбек» деп іліп кетті. Кейін осы оқиға жайында «Қызыл Қазақстанда» əңгіме де жазды деген еді Асекең. Асекең Би-ағаңнан көз жазып қалғанша араласқан жақын досы болған кісі екен, жазушы жайында ұзақ əңгімеледі. Биағаң көрген-білгендерін ойына түскен ұзақ оқиғалардың қысқаша тезисін көбінесе қағазға түсіріп қояды екен. Асекең Бейімбеттің жазып жүрген конспектісін көріпті. Онда: «Қайқы мұрын қара қатын, қара камзол, қызыл көйлек, ақсақ тарғыл ит, сынық мүйіз қара сиыр» деген жазу бар екен. «Бұл жазудан не түсіндік?» деп сұрап едім, деді Асекең, «Келешек ұзақ əңгіменің қысқаша тезисі ғой. Осыны оқығанда барлық оқиға еске түседі» деп жауап беріпті Би-ағаң. Бейімбеттің өте тез жаза қоятын, қаламы жүйрік жазушы екендігін сол жылы Хасен Баймұрзин де айтқан-ды. «1920 жылы деді Хасен қарт сондағы əңгімесінде – Бейімбет Қостанай қаласында Ғалифа Салиханова деген татар кемпірдің үйінде тұратын еді. Сонда жолдастарының өтінуімен бір түн отырып «Қаламқас» атты үш актылы ко-
129 медия жазды. Ертеңіне осы комедия Қостанайдағы қазақ жастарының күшімен қала жұртшылығына көрсетілді. Басты рольдерде Елубай Өмірзақов, Ерғали Алдоңғаров, Əмина Еленова, Мұхамеджан Фаризов (дəрігер) Аманғали Сегізбаев, Досмырза Нүрпейісов жəне сол «артистердің» ішінде мем де бармын, ойнаған едік. Режиссеріміз Жұмаш Еленов болған еді» деп еді. Бейімбеттің «Келін мен шешей» атты бір перделі комедиясының басты кейіпкерлері Əбдірақ, Əйімкүл, Бəті, Сақан, Жұмабай, Шəмшия дегендер жазушының туған жері Ақтөбенің тұрғындары болып шықты. Олардың біразымен кездестік. Пьесадағы Əбдірақ – колхоз председателі болатын. Сол Əбдірақ Бейімбет очерктеріндегі басты кейіпкерлердің бірі болды. «Еңбек бəсекесі», «Той», «Уа, тойға шақыра жүрмін» очерктеріндегі бригадир Əбдірақ. Жазушы оның қажырлы еңбекқорлығын, əділеттілігін, іске берілген ұйымдастырушылығын басқа жұртқа үлгі етеді. Басқа қазақ жазушыларынан Бейімбет творчествосының ерекшелігі – реализмнің күштілігі. Ол асқақ романтикаға да, жалаң қиялға да əуес емес. Көбінесе өмірде болған, өзі көріп білген құбылыстар жайында жазған. Бұдан, əрине, Бейімбет өмірде көріп-білгенін қаз-қалпында көшіре салады екен деген ой тумасқа керек. Өйткені, олай болса ондай шығарманың көркемдік құндылығы да шамалы болар еді ғой. Бейімбет өмірде бар шындық оқиғаларды жазушылық талғамынан өткізіп соны жинақтай отырып көркемдеп суреттеуге келгенде нақты детальдар мен штрихтар арқылы береді. Бірмысал алайық, «Қырманда» повесіндегіжекелеген оқиғалар өмірде болған тарихи адамдардың іс-əрекеттерін еске түсіреді. Повестегі оқиға «Малшы» колхозында өрбитін еді ғой. Ал ондағы тартыс жүйесі басты образдар Ертай, Əбдірақ, Нұрыш, Тұмаршалардың тағдырымен байласытырылатын. Дəл осы есімді адамдардың жазушының туған колхозы «Жалшының» тұрғындары екенін жоғарыда айттық. «Раушан-коммунист» повесінде суреттелетін «Сабын көл» сол кездегі «Сегізінші ауыл» екендігі де тарихи шындық. Тіпті Раушанды мазақтамақ болған ауыл қуларының:
130 «Бай-бай, ызғары-ай!... Баяғы Дейсенбай болыстан да қатаң ғой!» деп Бейімбет аулында болыс боп өткен Дейсенбайды əдейі еске түсіре сөйлеуі де оқиғаны шындыққа жақындата түседі. Бірақ Бейімбет сол болған оқиғалардың жетегінде кетіп қалмайды. Өмір шындығын эволюциялық даму дəрежесінде алып, жанды сурет жасап, оны айқын да көркем бояулармен нақыштай түседі. Кейбір кейіпкерлердің өз атымен жүргендігін айтып қызықтап кеттік білем, бірақ ол кейіпкерлер өмірдегі прототиптеріне кейбір сырттай ұқсастығы болғанмен оның көшірмесі емес, сол дəуірдің, сол кезеңнің өмір шындығын дəл танытатын типтік бейнелер. Ауыл адамдарының типтік бейнесін дəл Бейімбеттей ешбір қазақ жазушысы шынайы суреттей алған емес. Əдеби сынға үлкен парасаттылықпен қараған жазушы 1934 жылы Қазақстан Жазушыларының І сьезінің алдында жазған мақаласында: «Көп жазасың, көп үйренесің... Ал бізді үйретер іскер, байсалды сын болса əлі жоқ. Ашығына келгенде бізде көбінекей сын емес, жеке басының авторға қатынасын білдіретін рецензия ғана баршылық. Жақсы көрсең – жер-көкке сыйғызбай мақтайсың, жек көрсең – жержебіріне жетіп даттайсың. Терең де байсалды сынға зəруміз. Ол бізге өте қажет. Біз оған сусап отырмыз». Бейімбет өз шығармаларына үлкен жауапкершілікпен қарайтын жəне əрбір басылымдарында түзетулер енгізіп отыратын жазушы болған. Мысалы «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист» повестеріне көп түзетулер енгізгені белгілі, «Күлтай болыс» əңгімесі де өзгерістер көрген, «Қырманда», «Он бес үй» повестері де көп өңдеу түзетулер көрген. Колхоздастыру дəуірінің алғашқы кезеңін суреттеуге арналған «Он бес үй» повесі – қазақ совет əдебиетінде колхозды ауылды шынайы суреттейтін көркем шығармалардың бірі. Онда жазушының өз аулында болған жəне өзінің тікелей араласуымен құрылған артельдің тарихысуреттелінген. 1928 жылы Бейімбет туған жері Дамбар болысындағы 8-ауылға барып, 15 үйлі жерлестерінен колхоз ұйымдастырып, оның
131 атын «Жалшы» деп қойғандығы жазушының өмірбаянынан белгілі. Жоғарыда айтқан ғылыми экспедиция бойынша жазушының туған аулында болып, оның замандастарымен, туыстарымен əңгімелескенімізде, сол «Жалшы» колхозының он бес мүшесінің бірі, 1884 жылы туған, əрі Бейімбетке рулық жақындығы бар Бермұхаметов Есенқұл қарт былай деген еді: «Ұмытпасам, 1928 жылдың күзінде Бейімбет өзінің туған еліне өкіл болып келді де, бір-екі айдай осы ауылда болды. Қандай мекеменің атынан өкілдікке келгені маған белгісіз, Əйтəуір Əйет өзенінің бойын жағалап отырған бізге колхоз болып бірігудің не екенін түсіндіріп артел болуға үгіттеді. Əйет өзенінің бойында бірнеше рулы 20 – 30 үйлі жандар тұратынбыз, солардың ішінен он бес үйіміз артельге жазылдық. Солардың ішінде мен де бар едім. Менен басқалары да есімде» деп қалған мүшелерін де түгел айтып берген еді. Міне сол «Он бес үй» – атты повесті жазушы əуелі «Жаршы» журналында жариялайды, сол алғашқы журналда жарияланған түрі əдебиет хрестоматияларына еніп кетеді. Ал жазушы оны өңдеп, көп түзетулер енгізіп 1933 жылы жеке кітап етіп жариялаған. Сонда автордың мынандай қысқаша жазылған ескертпесі бар: «Бұл – «Он бес үй» əңгімесі бірінші рет «Жаршы» журналында басылып шығып еді. Ондағысы журнал көлемінде ықшамдалған шағын еді. Бұл жолы бөлек қылып, шығаратын болған соң, бірсыпыра жалпы желісін бұзбай, сол күйінде қалдырдым. Бұл əңгімені оқу кітаптарына, ия басқа керектеріне жаратам деген жолдастар бұдан былай осы текстін пайдаланса екен деймін». «Жазушының бұл өтініші де көпке дейін орындалмай келген. Тек 1979 жылы «Жазушы» баспасы Бейімбеттің «Жасыл жалау» атты жинағын шығарған кезде ғана сол жинаққа бұл повестің толық түрі енді. «Қырманда» повесі туралы да жазушы 1933 жылы былай деп жазғаны мəлім: «Əзірге бастап қойған «Қырман басы» деген 5 – 6 табақтай əңгімемді бітіріп беремін. Бұл əңгімеде көшпенділермен бірге колхозға кіріп кеткен
132 қылмысты байлардың ашылғанын, олардың қырманмен бірге тазарғанын көрсетпекпін». Міне мұның бəрі жазушының өз туындыларына өте жауаптылықпен қарағанын, əрбір қараған сайын түзетулер енгізіп отырғандығын көрсетеді. Бейімбет əдебиетіміздің барлық саласында, əртүрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның творчествосына тəн халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэзиясында ғана емес, прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады. Əдебиетіміздің проза саласында, əсіресе оның көркем əңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жəне реализмнің аса көркем шыңына жеткен жазушы жоқ десе де болғандай. Заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Əуезов: «Бейімбет Майлин əңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары əрдайым нанымды болып шығады. Жəне бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет əңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дəуірінде қазақ аулында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады» деп əділ бағасын бергені мəлім. 1974 жылы декабрьдің 2 күні М.Ю.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында қазақ совет əдебиетінің ірге тасын қаласқан, аса ірі көркем сөз шебері Бейімбет майлинге арналған салтанатты кеш болды. Осы Бейімбеттің қаламдасы, творчестволық жағынан серіктес інісі, академикжазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов кіріспе сөз сөйлеп ашты. «Бейімбет Майлин есімі – деді ол сонда, – аса талантты, соншалық мол дарын дарыған адамдардың шоқ жұлдыздай жарқыраған тобында тұр. Олар өздерінің өзгеше қасиетті борышы мен міндетін толық түсінген қаламгерлік қызметінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ халықтың рухани өрлеуінен, оның мазмұны социалистік, түрі ұлттық жаңа мəдениетіне жасау ісінен сындарды орын тапқан таланттар.
Иə, бұл шын мəнісінде «Құдіретті топ» құраған қаламгерлердің таңғажайып өркені болатын. Бұл топ өзі жаңа дəуірдің жас өркені, «түнек дүниені тілген алғашқы сəулелер» бола тұрып, өзгелердің жолына жарық түсірді, осынау жаңа өмірдің өресі биіктеп, өрісі ұзара беруіне мол шапағат тигізді. Көркем сөздің көп қырлы зергері, ғажайып стилист ол өзінің тəрбиешілік, табиғатына тəн көркемдік шаберлікке баулып шыңдайтын еді. Ол жас талаптарды да соншалық көрегендікпен, аңдағыштықпен тауып ала қоятын. Əйтседе мен оның жазушы тұмалары үшін баға жетпес қымбат бір қасиетін айрықша айыра айтқым келеді. Ол оның қарапайымдылығы, қолының кіршіксіздігі, жүрек лүпілінің қалтқысыз, қаяусыз пəктігі, талантымен тең тізе қосқан еңбекқорлығы...» («Қазақ əдебиеті», 6 декабрь, 1974). Əдебиетіміздің екі бірдей классиктері Мұхтар Əуезов пен Ғабит Мүсірепов Бейімбет творчествосына берген əділ бағасын қатар келтіруіміздің мəнісі де Бейімбеттің аса ірі тұлға екендігін оқушы қауымға паш ету еді. Бейімбет тынымсыз, ерінбей еңбек етіп артына мол қазына қалдырды. Еліміздегі ірі оқиғалардың бəріне де үн қосып отырған. Оның очерктері мен фельетондары да осының айғағы. Көрген-білген оқиғасы жайлы жазуға əдебиетіміздің қай жанры икемді болса сол салада қалам тербеген. Бейімбеттің əңгімеден гөрі очеркке, не очерктен гөрі фельетонға, немесе өлеңнен гөрі қара сөзге бейім еді деп, оның творчествосына аралық шек қойып сөйлеуге ешбір де болмас еді. Өйткені қай жанрда жазса да ол көркем сөздің құдретін танытты. Арнайы жазба берді. Сексенінші жылдардың аяғы.
134 Сағынғали СЕЙІТОВ БЕСАСПАП СУРЕТКЕР Бейімбет Майлин – əдебиеттің барлық жанрында да белсене қызмет атқарып, тек өзіне ғана тəн көркем дүние, образдар галереясын, адамдар тұлғасын жасап кеткен жан-жақты дарын иесі. Өлеңнен поэмаға, очерктен əңгімеге, повестен романға, пьесаның шағын түрінен ірі формасына ол оп-оңай ауысып отырған тəрізді. Осыларға қарымды қаламгердің мектептер үшін хрестоматиялар, оқу кітаптарын, түрлі жинақтар («Күш», «Жаңаша оқы», «Сауат үшін», «Майдан ерлері») құрастырудағы еңбегін қоссақ, талант ауқымының ұлғая түскенін көреміз. Əлбетте, Бейімбеттің төстабандаған əдеби қызметінің салмақты саласы – оның прозасы. Соның ішінен əңгімелерін бөліп алсақ, бұл жанрда ол өзгелерден мойыны озық, тіпті, теңдесі жоқ шебер. Ол ақын еді. Арғы замандардағы бабаларды былай қойғанда, өз тұстастары Сəкен мен Ілиясқа да, Сəбитке де ұқсамайтын дара дарын иесі болатын. Оның өлеңдері мен поэмаларын тақырыбы, мазмұны, оқиға өрісі бойында да, тіпті, ең алдымен, сөз бедері, бейнелеу жүйесіне қарап та жыға тану онша қиынға соқпайтын. Бұқараға мейлінше түсінікті тілмен сөйлеу, қалың жұртшылықтың көкейіндегісін ешбір қитұрқысыз, қарапайым сөзбен жеткізу, жыр кестесін əсіре бояулармен əлеміштемеу, жөн-жосықсыз əдемілемеу оның ақындық бетін де, стилін де қапысыз танытқан. Бейімбет Майлиннің поэзиясы туралы толғансам менің басыма бəрінен бұрын осындай ойлар келеді. Бейімбет қазақ өлеңінде өз үрдісін тудырған, өзіне ғана тəн көркемдік бейнелеу жүйесін қалыптастырған, анық-айқын қолтаңбасы бар, дербес бітімді ақын. Біз Бейімбет өлеңдерінің қарапайымдығы дегенде оның қарадүрсіндікке соқтырмайтын көркемдігін көз алдымызға келтіреміз. Көркем қарапайымдылық – қазақ совет əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі көтерілген биіктің аты, міне, осындай.
135 Өлеңдерін оқыңыз, дастандарымен танысыңыз, мейлі, қайсысын алсаңыз да, сіз тұтас тұлғалы ақынның, яғни Бейімбеттің өз дауысын естисіз. Майлин поэзиясының басты ерекшелігі – халықтығында, замандастарының, əсіресе, ауыл кедейлерінің көкейкесті армандарын, ой-сезімдерін тап басып, дəл бейнелей білуінде. «Бейімбеттің барлық шығармаларын жыл ретімен қаз-қатар тізсе, ауылдағы кедейдің жан дүниесінің энциклопедиясы сықылды» – деп Сəбит Мұқанов тауып айтқан. Əлеуметтік мəні, азаматтық тұрғысы, идеялық нысанасы жағынан осындай биік бағаға ие болған Бейімбет Майлин поэзиясы дəстүрлі арнада дами тұра, жаңашылдық сипаттардан құралақан емес еді. Екінші сөзбен қайталағанда, ол қазақ өлеңін мазмұнмен қатар, форма жағынан да жетілдірген, өзіндік пішіндермен, өлшемдермен, образдармен байытқан ақын. Ол оқиғалы, сюжетті өлеңдердің шебері ретінде өзгелерден оқшау тұрады. Əсіресе, диалогқа құрылған дүниелері дөңгелек бітімді, уытты да өткір болып келеді. «ЬІбыраймыз, Ыбыраймын» (1928) өлеңі осының классикалық мысалы ретінде атап өтуге лайық. Мұнда бір кезде өзін «біз бай, біз құдай!» деп кеудесін ұрған үстем тап өкілінің енді шеншекпеннен де, байлық-дəулеттен де ада болғаны сұрақжауап түріндегі шумақтар арқылы елестетіледі. Бір ғажабы – Бейімбет диалог формасына барғанда, нақтылап айтқанда, өлшемін, ырғағын он бір немесе жеті-сегіз буын шеңберімен шектемей, өлеңнің интонациялық алуандығына, байлығына баса назар аударған. Буын санының əр-түрлі (үш, төрт, бес, алты, жеті) болып келуі ырғақты əйтеуір құбылту мақсатынан емес, əңгіменің табиғи ағысынан туған. Мына бір шумақты оқып көрейікші: – Уа, кімсің? – Ыбыраймын. – Жаймысың? – Жаймын. – Қайдан келесің? – Соттан келемін. Соттан емес-ау, Оттан келемін.
136 Бұл – кеше «Төске тақан шеніміз бар, патшаға жаққан ебіміз бар» кəдімгі «Ыбыраймыз» деп мардымсып күпсінетін кісінің бүгінгі жауабы. Мазмұны мен формасы қабысып, мəнерлесе қиысқан «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» – Бейімбеттің қазақ өлеңіне енгізген жаңалығының жарқын мысалы. Бейімбеттің өлеңді ырғақ, интонация жағынан байыту жолындағы жемісті қадамы оның «Мақтым – Күлпаш», «Шал мен қыз», «Жігіт пен қыз», «Құдықтың басында» тəрізді шығармаларынан анық байқалады. «Мақтым – Күлпашта» ол алты жəне үш буынды өлең жүйесін жасайды: – Қарағым, қарағым! – Немене? – Жолыңа қарадым. – О неге? Біз советтік дəуірдегі жазба поэзиямызда тоғыз буынды өлеңнің бастауын Сəкен Сейфуллиннің «Жас қазақ марсельезасымен» тікелей байланыстырып, қарастырамыз. Революционер ақынның бұл шығармасы 1919 жылы жазылған. Ал Бейімбет Майлин тəжірибесіне үңілсек, оның да тоғыз буын өлшемін жатырқамағанын, қайта, жекелеген туындыларын əдейі осынау үрдіс арнасында жазғанын көреміз, «ІІІал мен қыз» өлеңінен бір мысал: Қарағым, бері кел, қасыма: Отыршы иыққа асыла. Сен үшін күні-түні қайғырып, Ақ кірді, сақал, мұрт, шашыма. Шығарма 1921 жылы дүниеге келген. 1922 жылғы бір өлеңінде («Жігіт пен қыз») ақын жеті жəне төрт буыннан құрылатын аралас ырғақ жүйесін енгізіп көреді: Нұрлы жүзің, Сырлы сөзің Тартты мені алыстан.
Түсін, түсін, Менің үшін ойла, асыл зат-данышпан. Бейімбет поэзиясында Абай үлгісіне сүйенудің, одан өнеге алудың да мысалы кездеспейді емес («Əйт шу... ала атым»). Қазақ жазба өлеңіне он буынды өлең өлшемінің енгізілу үрдісі Бейімбет Майлиннен басталған. Оның 1928 жылы жазылған «Құдықтың басында» дейтін шығармасы көбінесе он буын өлшемімен өрбіп отырады: Бас қосқан жері – құдықтың басы, Аттаса жетер ауылдың қасы, Біз Бейімбет Майлин поэзиясының кейбір жаңалық сипаттарын, көркемдік ізденісінің бағытын айқындайтын жəйттерге ғана тоқталып өттік. Əрине, айтулы ақынның қазақ поэзиясын дамытудағы, оның қазынасын байытудағы өлшеусіз еңбегі ешуақытта да қайталанбас Мырқымбай образын жасаумен байланысты. Ақын поэзиясындағы жаңашылдық дəстүрі жайында сөз қозғағанымызда негізінен өлеңдеріне ғана ой жүгірттік. Ал, поэмалары жайында əңгімелейтін болсақ, біз Бейімбеттің əдебиетімізде шағын дастандар үлгісін тудырғанын, əсіресе, əйелдер тағдырын толғайтын лирикалық-эпикалық дүниелерге ұсталығын бəрінен бұрын ауызға алар едік. ...Кең маңдайына түскен шашын оң қолының сұқ саусағымен бұрап-бұрап қоятын. «Қой көзділеу..., бетінде қорасан дағы бар, қара емес, қоңырқай түсті адамды көрмесем де көргендей, сөздерін, əңгімелерін естігендей боламын», – деп Ғ.Мүсірепов айтқан сөздер əр сəт жадымызда жаңғырығып тұрады. Кітаптарына қарасақ та көз алдымызға тірі бейнесі елестейді. Қашан да қасымызда, қарсы алдымызда тұрған тəрізді. Құдыретті таланттың қолымен соғылған сəулетті сөз сарайының көрікті күмбезін кір шалар емес. «Социалистік Қазақстан» газ., 1984 ж., 21 қазан.
138 ҒАБИДЕН МҰСТАФИН «Өмір сабағы мен ой əуені» деп аталатын Т.Жұртбаевтың Ғ.Мұстафинмен болған сұхбатынан алынды. Талант барда – ақыл бар. Екеуінің сай келуі сирек. Қазақтар – тума, орыстар самородок дейді оны. Талантты кісі ақылды бола бермейді, ақылды адам – қашан да талантты. Ал – үлкен талант ақылды бастайды. Жаратылыстың бергенін біз кейде қадірлемейміз. Алып қарашы. Абай үш-ақ классты, Пушкин лицейді бітірді. Эренбург орташа білімді. Шолохов та сондай. Табиғат кейде барлық болмыс-бітімін бір адамға төге салады. Əрине, ол – дəн. Оны оқу, көру, білу арқылы кеңейту керек. Сонда ғана үлкен өнім береді. Адам өзін-өзі тəрбиелеп, өздігінен талпынғаны лəзім. Шіркін, тұтастай тұлғасымен өлшеп-пішпей жаратылған бір адам Бейімбет еді ғой. Ондай қарапайым, жайсаң сырбазды көрмедім өз басым. Шашын сұқ саусағымен ширатып қойып жаза беретін. Бірде-бір рет мінбеден сөйлегенін көрген емеспін. Сəкен өзінің айналасындағылардың бəріне қарама-қарсы тұлға еді. Сырты сұлу, сырбаз болғанымен, жаны тəкаппар. Ал, аралассаң сондай қарапайым, тіпті, аңғал көрінетін. Сондай айдын-ды, сері. Оның табиғаты əкімдік емес, ақындық еді... Менің алғаш сапарға шығып болашаққа талпынған сапарым 1925 жылы басталды. Қалың қазақтың арасынан, қоңыр тіршілікті ауылдан «жер түбі» Қызылордаға аттандым. Қарағандыдан көп жолаушы жиырма күнде жеттік. Ойлаған оқуға түсе алмадық. Онсыз да аз қаражат таусылды. Айлашарғы түгесіліп, ақыры бір жерге техникалық тіркеуші есебінде орналастым. 42 сом айлық төлейді. Келген-кеткен хат-хабарды тіркеймін. Ол кезде газеттің төртінші бетінде кілең кеудесін жалаңаштап тастаған алқынған хабарлар басылады. Əкетті, алды-кетті деген сияқты. Ал Бейімбеттің күнде фельетоны шығады. Сол бөлімде істейді. «Еңбекші қазақтың» сандарын оқи жүріп, маған жазу туралы ой келді. Алғаш қолға қалам алуым содан басталды. Бейімбет бөлім
бастығы. Күнде бір нəрсе апарам. Өтпейді. Сызып-сызып тастайды. Шынында да жарамайтын болу керек. Соны жолдастарыма айттым. Бір чекист жолдасым ол туралы біраз мағлұмат беріп, Тұрар Рысқұловқа баруыма кеңес берді. Ол кезде, əрине, оқу-білім мөлшерім де, таптық санам да толық жетілмегені анық еді. Ал, жаңағы дос біраз «қатерді» Бейімбетке үйіп-ақ тастады. Ертеңінде Крайкомның баспасөз бөлімінің бастығы əрі «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторыТұрар Рысқұловтың бөлмесіне кірдім. Көзілдірікті, қараторы кісі екен. – Өлең жазып əкелдім, – дедім де барлық мұңымды шақтым. Күліп қойды да, жазғанымды оқып шығып, сəл жымиды. «Фаэтон» дейтін өлең еді. Елдің жайын жазып бітіріп, қалаға «ауыз салған» кезім. Көзілдірігін сүртіп қойды. «Фаэтонның» мазмұны былай болатын. Ол кезде машина қайда? Совнаркомның алдында өңшең қара арғымақ жеккен күймелер тұратын. Біреуі жүрсе Қызылорданың шаңын аспанға шығаратын. Соны сынға алдым. Елдің мойнына мініп жүр, бос тұрады, пайдалы іске жұмсау керек деймін. Мұның бəрі өз уақытында сиымды еді, шырағым. Ішінде үлкен бастықтар да бар. Тұрар жымиып: – Сен мына түріңмен бəрімізді жаяу қалдырарсың. Тым болмаса, біреуді мысалға алып, соны жаз, – деді Ертеңінде Егінбай дегенді түйреп жазып, тағы келдім Тұрардың өзі оқып шығып, «басылсын» деп қол қойып, Бейімбетке жіберді. Іле жарық көрді. Бұл менің тұңғыш жарық көрген дүнием еді. Əдебиетке Тұрар мен Бейімбет əкелді мені» «Қазақ əдебиеті» газ., 1986 ж., 17 қаңтар. Естеліктер жинағы: Би-аға. Құрастырған Т.Бейісқұлов. «Жазушы» басп., 1991 ж.
140 Тахауия АХТАНОВ ҰСТАЗ Қазақ прозасының қайнар басына үңілгенде – бізді қызықтырып отырған жеке фактілер емес. Қолдан келгенше бүгінгі күнге ұлғайып жеткен өміршең дəстүрлердің бастау көзін аршығымыз келеді. Шынын айтсақ, қазақ прозасында əзірге ондай қалыптасқан дəстүрлі арналар көп емес. Біздің бақытымызға қарай прозамыз жас болса да – Əуезов сияқты тамаша құбылыс жалғыз емес. Біздің прозамызда Əуезовтен бөлек, өзінше жеке-дара тұрған құбылыс бар. Оның аты – Бейімбет Майлин. Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Əйтсе де осы жазушының туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына – ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек артық болар ма екен. Жазушы қалдырған дүниенің аумағы (кітабының санын ғана айтпаймын) қандай ірі суреткерге де жеңіл жүк емес. Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дəстүрі жатыр. Ол дəуір Октябрь революциясынан бастап отызыншы жылдарды орталағанға шейінгі ел өмірі. Сол тарихи жаңару дəуіріндегі патрихалдық-рулық философиядағы қазақ шаруасының саяси, рухани өсуі, оның таптық, ұлттық психологиясындағы терең өзгерістер. Жазушы Бейімбетті – зерттеуші ғалымға теңеуге болар еді. Оның лабораториясы – бүкіл халық, зерттегені – ел өмірі, адам характері, психологиясы. Майлин жасаған тамаша характерлерді санап шығудың өзі оңай емес. Оның шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған біраз характерлер қазір біздің арамызда жоқ, заман өзгере келе адам да өзгереді. Сондықтан да соларды, кəдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен-көп рахмет айтқың келеді. Жазушы
141 болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай қайталанбас қызық-қызық бейнелер біздің əдебиетімізге келмес еді. Жалбыр, Таңсық, Мұқыш, Айша, Раушан, Берен, Бəкен, көк сиырлы Дайрабай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыч... Бұл тізімді соза беруге болады. Солардың əрқайсысы типтік дəрежеге көтерілген жанды бейнелер. Бейімбет шығармаларын оқығанда бұлардың бəрін көргендей, бəрімен бірге жүргендей боламыз. Осы сияқты Бейімбет жасаған ондаған образдар болмаса қазақ əдебиетінің портреттер галереясы ойсырап тұрар еді. Бейімбеттің шыншылдығы мен көркемдігі, ұтқыр жинақылығы мен (ланонизм) осы заманғы ең алдыңғы қатарлы əдебиеттің дəрежесінде тұрған сан алуан əңгімелері мен повестері болмаса жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ өмірін көрсетуде біздің əдебиет дəл бүгінгідей мақтана алмас еді. Майлин өзі өмір сүрген өз заманын жазған адам. Бірақ ол сырттан барлап, суретке түсіруші емес, өз дəуірінің тек жансыз айнасы ғана емес. Майлин өмір диалектикасына терең үңіле білген. Көшпелі халықтың санасы мен псмхологиясындағы өзгерістерді жіті көзбен, көңіл көзімен көріп, шынайы көркемдікпен аша білген. Сөйтіп шын мəнінде жаңалықтың жаршысы болған адам. Бейімбет шығармаларының тағы бір абзал қасиеті азаматтық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмірді көрсетіп қана қоймайды. Бүкіл талантымен сол өмір үшін, халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі болар жайларды, əлсіздікті əшкерелейді. Жазушы өз халқы үшін, социалистік əділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі тап жаулары – байлар, олардың құйыршықтары болса, екіншісі совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас əкімдер, жеке басының қамы үшін ел мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келген жазушы ащы мысқылмен ғана шектелмей отты публицистикаға да ауысып кетеді. Майлиннің көркемдік əдісі өз тұрғыластарының көбінен ілгері болды. Сондықтан да ол əр құбылыстың тереңіне
142 үңілді. Социалистік өзгерістерді суреттегенде оны қалың бұқара халықтың тұрмысымен берік тамырластыра көрсетеді. Ондай шығармалар жазушыда көп. «Қарашелек», «Ұлболсын», «Берен» – бұл атауларды да жалғастыра беруге болады. Жəне олардың бірінің дəрежесі төмендеу деп айтуға да кісі қиналады. «Раушан – коммунист» те осылардың сапындағы шығарма; өзгелері сияқты осы шығарма да өмір құбылысын шыншыл да терең көрсетуге үлгі болар еді. Жазушы қараңғы қазақ əйелінің совет заманында санасы оянып, коммунист дəрежесіне дейін көтерілгенін тамаша суреттеген. Раушанның санасына кірген өзгерістер кездейсоқ нəрсе емес, əрі-беріден соң жеке адамның үгітнасихатының нəтижесі де емес, Октябрьден кейінгі өмірден туған, бүкіл халықтың санасына кіре бастаған өзгерістер. Екінші жағынан бұл коммунистік идеяның халықтың санасезімімен, ой арманымен қабысуы. Бұл айтар ауызға ғана жеңіл. Дəл осылай етіп идеяны көркем шығармада беру екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл Бейімбет шеберлігі. Осы біз жылтырақты сұлу деп, жылтырата білгенді шебер деп ойлайтын болармыз; сырты жұпыны қарапайым ғана жазатын Бейімбетті шебер деуге аузымыз бармайтын сияқты. Шынында да Майлиннің əңгімелері, повстері əп-əдемі, шебер жасалған туындылар емес, тура өмірдің өзі сияқты. Раушан да өмірдің тура өзі. Оймақтай əшекейі, титімдей де бөгет қоспасы жоқ. Бірақ қараңызшы, қаншалықты сүйкімді жанды бейне. Көп мінезіне күліп, кейде оған жаныңыз ашып, бүкіл болмысына іштей сүйсініп отырмайсыз ба. Ал Раушанның күйеуі Бəкен ше? Оның мінезі мен ісіне ішексілең қатып күлесің де қиналасың. Надандығына күйінесің. «Əттең, өзіне түсіндіріп, жөн сілтеп жіберер ме ед», – деп кіжініп отырасың. Оқушыны суығына тоңдырып, ыстығына күйдіріп, толқыта білген шығарма, белгілі бір дəуірдегі өмірді мөлдіретіп, сол қалпында көзіңе əкелген шығарма, шеберліктің шыңы емес деп кім айта алады? Бұл Бейімбет шеберлігі. Əшекей айшықсыз шынайы шеберлік. Кенже туған қазақ прозасының қырық-елу жылдың тарихы – реализмді, социалистік реализмді іздеу тарихы десек
143 қателеспезпіз. Социалистік реализм аспаннан түскен жоқ. Ол дүние жүзі əдебиеті ғасырлар асып шыңға көтерген сыншыл реализмнің топырағында туған, соған жаңа социалистік мағна, бағыт беретін, заңды жалғасы. Сондықтан да жалпы реализмді меңгермей жатып, социалистік реализмнің құнды туындыларын жасау мүмкін емес. Ал, жас əдебиетке реализм бір күнде, оп-оңай келмейді. Осы орайда Майлин біздің əдебиеттегі ерекше құбылыс. Абзалы жаңа туып келе жатқан жас проза өкілдері реализмді романтикалық сарындағы Гюго, Лондон, лирикоромантикалық əуені басым Түргенов сияқты жазушыларға үйір болады. Майлин «Шұғадан» кейін өзгеше, соны жолға ауысты. Ол сыншыл реализмнің соңғы биігі Чехов арнасына түсті. Əрине, Бейімбет Чеховқа тікелей еліктеген жоқ. Чехов сияқты əдебиетке ұлы өзгеріс енгізген, жаңашыл адамға тікелей еліктеу мүмкін де емес. Майлин Чехов сияқты əдебиеттің канондарын бұзды. Дəстүрлі тақырыптар мен дəстүрлі геройларға сюжет, композиция заңдарына жаңаша қарады. Əдебиет тегі үлкен мен кіші туралы ұғымға өзгеріс енгізді. Онымыз түсінікті болу үшін мысалдап сөйлеп көрелік. Біздің əдебиетте тіпті соңғы кезге дейін геройларды ерекше, күнделікті тіршілікпен əлек боп жүрген пенделерден оқшау етіп алуға бейімдік күшті. Сонау революция, ауылды советтендіру тұсындағы əйелден алған кейіпкерлеріміз де өз ортасынан оғаш, дара тұрады. Жасыратыны жоқ, осыдан барып жасандылық, схематизм деген пəлелер қоздайды. Ал Бейімбет өмірді шығарманың сюжеттік заңына иіп əкелуге қарсы болды, оқиғаның дамуын өмірдің өз логикасына бағындырды. Сол сияқты геройларын да жылтырап сырт көзге түсе қоймайтын ауылдағы екінің бірінен іздейді. Жұрт күнде көріп аңғармай жүрген оқиғаның ерекше сырын ашты, көзге қораш қарапайым адамның ірілігін көрсетті. Майлиннің бізге үлкен өнеге болатын көркемдік қасиеті – қарапайымдылығы. Онда өзі бастаған жас əдебиетке тəн əшекейге, бірден бетке ұратын арзан əсерге құмарлық жоқ. Оқиға таңдауда да, сөз өнерінде де əсіре қызыл атаулыға жат. Кібіні тайғанақ мұзға тағасыз түскен аттай сырғытып əкете-
144 тін сөзде дыбыс қуалау, үстеме теңеу, эпитеттер, арзанқол афоризмдер Бейімбет тілінде кездеспейді. Ол өзі ойын ұғындыру үшін, яки кейіпкерінің бейнесін, қимыл əрекетін беру үшін орағытып теңеу іздеп, тап баса алмай жанай сипап жүрмейді, қарапайым ұтқыр сөзбен қолға ұстатқандай образдар жасайды. Майлин шығармасының қарапайымдылығы кейбір жазушыларда болатын қарадүрсін, ой мен суретке шорқақтық емес, сөз парқын білген, көркемдік табиғатын түсінген кексе шеберлік. Жазушының шеберлігі оқып үйренуден ғана емес, бүкіл талантының табиғатында жатыр ма деген ойға келесің. Абзалы солай болса керек. Бейімбет ғажап юморист. Оның шығармаларынан кісінің рақаттанып күлмей оқитындары аз болады. Шіркін, қолдан келсе юмор деген шығарманың бетіне шығып тұрған нұры емес пе? Əр жазушы-ақ аракідік оқушыны күлдіріп, кітабына əр беруге талпынады. Ал Бейімбет оқушысын рақат күлкіге батырып қойып, өзі тіпті езу тартпайтын сияқты, осылай қарасаң ол еш уақытта күлдіргі оқиға, мінездерді іздемейді. Осы арада жұртты бір, күлдіріп аламын-ау деген ойында да жоқ. Тек заңды түрде дамып, суреттеліп келе жатқан оқиғаның, адам мінездерінің өзінде жарқылдап күлкі ойнап тұрады. Əрине, бұл таланттың табиғаты, қайталанбас асыл қасиет. Бейімбеттің қазақ поэзиясына енгізілген үлкен жаңалығы да терең зерттеуді керек етеді. Тек айта кететіп нəрсе Майлин ақын есебінде қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, интонация, реалистік дəстүр əкелді. Ол Сəкен Сейфуллинмен бірге қазақ өлеңінің жаңашылдары Махамбет, Абай дəстүрін жалғаушы. Əрине, Бемімбеттің ақындық стилі поэзияға бірден-бір үлгі десек, қазақ поэзиясының өрісін тарылтқан болар едік. Бірақ сонымен бірге Бейімбеттің ақындық шығармалары қазақ поэзиясының даму жолындағы бір арнасы. Біраз уақыт көтеріңкі романтизмге, құрғақ пафосқа бой ұрған поэзиямыз қазір өмірге тереңірек бойлауға бет бұрды, ақындарымыз осы іздену сапарында Бейімбет тəжірибесіне көбірек үңілетін сияқты. Бұл да Бейімбеттің поэзиядағы тенденциясының өмірі ұзақтығын көрсетеді. Расында поэзиядағы Бейімбет
145 пен прозодағы Беиімбет бір-бірінен бөлек суреткер емес. Оның өлеңі мен қара сөзінің табиғаты бар. Жазушы қай жанрда болмасын қазақ əдебиетіне реализм мектебін дендеп енгізді... Бейімбет сияқты жазушы туралы сөз айтқанда оны бүкіл қазақ совет əдебиетінің дамужолынан бөліп алуға болмайды. Өйткені оның өзі солжолдың үлкен бір арнасы. Осыарада екі жағдайды ескере кеткім келеді. Біріншісі əдебиетті дəуірге бөлу мəселесі. Біздің əдеби ғылымдар əдебиеттің даму жолын əрбір он жылға, немесе ел басынан кешкен əрбір кезеңге текшелеп бөледі. Бір орайдан бұл да дұрыс шығар. Бірақ меніңше əдебиеттің, өзгелер ертеден білсе де біз аңғармай жүрген өзгеше тарихи дəуірлері бар тəрізді. Əдебиеттке келген ұлы шығармалар, яки шынайы соны шеберлер сол əдебиет үшін жеке дəуір болып қалмақ. Əдебиетіміздің асқар белі боп М.Əуезовтың «Абай жолы» тұрса, сонымен қатарласа, жанаса Бейімбеттің биік асуы жатыр. Бұл екеуі де əдебиетіміздің кешегі күніне қойылған өшпес белгілері ғана емес, дамып ілгері басып, алға сүйрейтін жолдар. Екінші бір ескеріп ойға алғым келгені бізде қалыптасқан үстірт ұғымдар бар. Кейде төмен қол өлеңдер мен прозаны оқығанда «бұл баяғы отызыншы жылдардың дəрежесінде екен» дейміз. Сонымен жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы яки одан арғы əдебиет дəрежесінің төмендігіне қол қоятын сияқтымыз. Ал енді мына қайшылықты қараңыз. Сонау Абайды айтпай-ақ қояйын. Ал, отызыншы жылдарда жазылған Ілиястың «Күйші» поэмасын алып қараңызшы. Формассның сом тұтастығы жағынан, от екпінді жырға қиыннан келіп қиысқан психологиялық нəзіктігі, тереңдігі жағынан осыған тең түсетін қазақ өлеңімен жазылған шығармалардың қаншасын атай аласыз? Əрине, əдебиет əрқашан дами бермек. Бірақ əдебиеттің даму жолы тақтайдай жазық, ылғи өрге тартылған тіке сызық емес. Өмір сияқты оның да ылдиы мен өрі бар, бұлтарыс бұралаңы бар, шытырман күрделі жол. Мұнда бүгінгінің бəрі кешегіден міндетті түрде артық бола бермейді. Тереңірек ойлап қарасақ бұл əдебиеттің ілгерілеу тенденциясына қайшы келмейді,
146 қайта тамаша туындылардың өлмес. Өміршіл қабілетін айқындай түседі. Майлиннің жасы жетпіске енді келсе де творчестволық өмірлік жолы отызыншы жылдары тұйықталды. Оның шығармаларын əдебиетіміздің алғашқы дəуіріне жатқызамыз. Ал оның жазғандарын оқығанда бүгінгі əдебиеттен іздегеніңзді табасыз. Майлиннің прозасы мен поэзиясынан қазақ жазушыларының дəл қазіргі ізденіп жүрген жолын, əдебиетте дамып келе жатқан көркемдік, эстетикалық тенденцияны көресіз. Əрине қазіргі көктеп келе жатқан əдеби құбылыстар Майлинді тікелей қайталамайды, оған жалаң еліктемейді, оны жалғастырады. Осы арада ойланатын тағы бір қызық жағдай бар. Біздің əдебиетте ұзақ уақыт Майлин салған жол жіңішкеріп кетті. Біз Майлинді енді ғана ашып келеміз. Оның себебі неде? Бұл əрине, жазушының қайғылы тағдырына ғана байланысты емес. Ендеше шамамыз келгенше осының себебіне үңіліп көрелік. Көбіміз-ақ осы күнге дейін Бейімбет аты аталса ең алдымен «Шұғаныңбелгісін» еске аламыз. Рас, «Шұғаныңбелгісі» поэзия меи лирикаға толы шебер жазылған шығарма. Бірақ оны біз бүгінгі əдебиетке үлгі ете алмаймыз, Ол əдебиеттің балауса жас кезіне тəн туынды. Жəне өз тұлғасынан жекедара оқшау тұрған жоқ. Сол дəрежеде Сұлтанмахмұттың прозадағы алғашқы тəжірибесі «Қамар сұлу» жəне де басқа замандастарының повестері тұр. Шынын айтсақ Əуезовтың драмалық «Еңлік-Кебегі» кең тынысы, өмір шындығының тереңдігі жағынан солардың қай-қайсысынан да ілгері. Ал Бейімбет талантының күштілігі сонда, «Шұғаның белгісі» оның биігі емес, тек алғашқы адымы ғана. Жəне бір ғажабы «Шұғаның белгісі» мен «Қара шелектегі» Айша, өзге шығармалардағы Күлпаш, Шарипа, Раушан образдарының арасында тұтас бір дəуір жатыр. Əуезов тілімен айтқанда Шұға Шиллер геройына тəн бір-бір ғана импульстің (ынтызарлықтың) құлы болса соңғы аталған жұпыны əйелдер образдарында Чехов реализмнің кеңдігі, тереңдігі жатыр. Алғашқы қадамында Шұғасымен роман-
147 тизмге, қазақ əдебиетіндегі дəстүрлі тақырыпқа сəлем берген Бейімбет, содан кейін оған қайтып оралмай, реализмнің кең арнасына түседі. Сөйтіп Бейімбет əдебиет ұзақ жылдар өтіп жетілетін жолға жедел түсті, ерте ер жетті. Шынында да жас əдебиет сентиментализм мен романтизмнен бірден аттап өте алмады. Сонымен бірге белгілі дəстүрлі тақырып тар, сюжеттік қаңқалар, үйреншікті көркемдік атрибуттар ұзақ уақытқа дейін қалмайды. Керек десеңіз əлі де қалмай келеді. Екінші жағынан, жазушның ғана емес, оқушының да өсу жолы бар. Оның да шығарманы қабылдаудағы эстетпкалық критериі бір күнде не бір жылда өзгермейді. Эстетикалық талғамы фольклорда тəрбиеленген оқушы қарапайым өмір құбылыс, өзінің күнде көріп басынан кешіп жүрген істері туралы оқыса оны көркем шығарма санатына жатқызғысы келмейді. Оған аса бір ерекше, екінің бірінің басында болмайтын, оқшау, керемет оқиғалар, айрықша дара геройлар керек. Майлин осындай тұста қазақ əдебиеті əлеміне келді. Бір есептен өз заманынан ертерек туды. Майлин ізінен ұзақ жылдар жіңішкеріп кетуіне, оны шын мəнісінде енді аша бастауымызға себеп болған да осы жағдай болса керек. Иə, мұндай жазушыны қауым өсе, есейіңкірей келе түсінеді. Бейімбет туындыларыриясыз тазашындық, бөгдеқоспасы жоқ мөлдір шындық, өзі жасаған замандары қазақ өмірінің айнасы. Ол айна халық болмысының сырт құбылысын, адамдардың сан алуан характерлерінің суретін түсіріп қана қоймаған, сонымен бірге өмірдің терең ағындарын, адамдардың рухани бейнесін де тамаша түсіндірген. Ұлы өзгеріс қоғамдағы түбірлі өзгеріс жылдарындағы қазақ қоғамының диалектикасын аша білген. Майлин шығармаларының басым көпшілігі қазақ шаруасының санасына Октябрьмен кірген өзгерістер, жаңалықтар шежіресі. Үлкен жазушы бізге социалистік реализмнің шынайы шындығын, терең шындығын өнеге етіп кетті. Сұлулықты – əшекей жылтырақтан аршып, қарапайым ұлы қалпында көрсетті. Оның шығармалары өмірдің өзі сияқты қызылжасыл боямадан, даурықпа дақпырттан аулақ. Оның талант
болмысы əсіре қызылға жат. Əдебиеттегі Майлин сияқты құбылыстар айқай-шусыз, асықпай терең зерттеуді керек етеді. Майлин дəстүрі əзірге сыздықтап келіп, осы бір кезеңнен былай қарай лапылдап өршігелі тұрған болашағы мол дəстүр ме деп ойлаймыз. «Сөзстан» жинағы, 8 кітап., 1987 ж., 162-169 б.б.
149 Темірбек ҚОЖАКЕЕВ ТАБЫНДЫРАР ТАҒДЫРЛАР Біз – қазақ əдебиетінің шынарлы шыңдарының ортасында Египеттегі Хеопс пирамидасындай жеке-дара, салқам тұрған Бейімбет Майлинді көре алмаған, көруге тағдыр жазбаған ұрпақ өкіліміз. Бірақ оның мұрасына мұрагер болу бақытына ие болған, қаламгерлік қабілетіне қызығып, талантына тамсанып, таңдай қаққан жандармыз, қалдырған мұрасын қарастырып, оның өлмес өнегесін, табындырар тағылымдарын танып-білуге талпынған талаптылармыз. Даң ғайыржазушыдан бізгежеткен алуан түрлі, сан қырлы туындыларды, ол мұра туралы, өзі туралы замандастары мен таныс-білістері жазған эссе, естеліктерді оқып отырып табар тағылымдарымыз сан тарау. Ең алдымен Бейімбеттен алар тағылым – адамға деген ыстық ықылас, кісі көңіліне қаяу түсірмеуге тырысушылық, кішілік, кісілік. Тіпті, ол өзіне ұрынып, жеке шығармасын сынап жатқандарға да қарсы келіп, қатты сөз айтуды лайық көрмеген. Мұндайда сол қолымен жағын таянып, оң қолымен бұйра шашын бұрапбұрап отырып, «білгені сол болса, айта берсін» дегендей, тыңдап-тыңдап орнынан тұрып кете беретін болған. «Ей, мен ерекше дарын иесімін ғой, не деп тұрсың» демеген. Мұндайда шыж-быж болып, байбалам салуды əлсіздік деп білген. Əрі сыншысының жүрегіне салмақ түсіруді қажетсіз деп қараған. Осы əдетімен ол өз «жауларын» қатты ызаландырған. «Ащы сынның оған əсер етпегені қалай?» дегізіп, бұлқан-талқан еткізген. Бейімбеттің осындай биіктігін Ғабит Мүсірепов «Біреуге сен деп керілдесіп жатқанын көрген емеспін» деген сөздерімен растаған. Би-ағаң жалпы жұрт алдында да мүлде қарапайым, кішіпейіл болған. «Қараға» да үлкен ізет, ілтифатпен қараған, оларды да қадірлап қарым-қатынас жасаған. Мұны дəлелдер де, осыған көзжеткізер демысал, дерек көп. Соның бірі – 1929 жылдың күзінде өткізілген кеңес сайлауында қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданындағы Қарасу ауыл Советінің
150 төрайымы болып Жамал Садуақасова өткен. Алғаш рет ауыл ағалығына əйел сайлануы əркімге-ақ таңырқарлық табыс, жаңа заман əкелген жаңалық болып көрінген... Қысқа қарай қар қалың жауып, бұл елде аяз қатты болған. 1930 жылдың қаңтар айындағы аязды күндердің бірінде, айналадағы ағаш-бұтаның бəрі ақ жамылып тұрғанда, үстібасын, аттарын ақ қырау басқан қос жолаушы ауыл ағасы Жамалдың үйіне сауетіп түсе қалған. Қарсы алғандар екеудің бірі – ауыл азаматы, сұлу қара мұртты Алыбаев Тайлақбайды бірден таниды, ал екіншісін шырамыта да қоймайды. Бетінің қорасан дағы бар, келте танау, дембелше келген, толық денелі, салмақты да сабырлы адам «Сəлем, жігіттер» деп, олардың бəрінің қолын алып, жайдары амандасады. Үйге еніп, төрден орын алады. Осы кезде келесі бөлмеден Жамал да шыға келіп: – Есенсіз бе? – деп сəлем деседі.Танымайтын қонақ та орнынан қарғып тұрып: – Өзіңіз де сау-сəлематсыз ба? – деп сыпайы да жылы жүзбен Жамалдың қолын алады. Қайта отырады да, өзін таныстырады: – Аудандарыңызға Алматыдан келіп едім. Ныспым – Бейімбет, фамилиям – Майлин, – дейді. Сөйтсе, алыстағы астанадан қиырда жатқан ауылға Би-ағаң ел басқару ісіне араласқан қазақ əйелінің қызметін паш етуге, Жамал жөнінде жазуға келген екен. Ол кісі бірер күн болып, ауыл өмірімен танысып, елдің тіршлік жайына қанығып аттанады. Көп ұзамай, «Еңбекші қазақ» газетіне «Жамал болыс» атты шағын очеркін жариялайды. Кейін бұл кездесудің ішінде болған Оспанбай Орынтаев дегеі азамат былай деп жазды: «Осы аз мерзімнің өзінде-ақ Бəкеңнің өте қарапайым, ешкімді жат көрмейтін кішіпейіл адам екенін аңғардық. Бірге отырып, шəй ішкенде де, дəм үстінде де бір жүрген ауыл адамындай қызықты əңгіме қозғап, өткір əзіл, күлдіргі анекдоттарды айтып, мəзмейрам етіп отырды». Осы Оспанбай Орынтаев Би-ағаңмен екінші рет кездесуін де еске алып, оның қарапайым қасиетін, азаматтық