The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Тогжан Жумалы, 2023-12-15 05:12:19

ӘЛ-УӘФИ

ӘЛ-УӘФИ

1 Мұстафа әл-Бұға, Мухиддин Мисту ӘЛ-УАФИ Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы Арабшадан аударған: Қ.Спатай


2 УДК 28 ББК 86.38 М 85 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН М 85. Мұстафа әл-Бұға, Мухиддин Мисту. Әл-Уафи. Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы / ауд: Қ.Спатай – Алматы. «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. ISBN 978-601-7016-43-2 Кітапта имам ән-Нәуәуи топтастырған ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қырық хадисіне кең көлемде түсіндірме берілген. Әрі онда шариғаттың негізгі мақсаттары қамтылған бұл хадистердің барша адамзатқа зор тағылым беретіні баса көрсетіледі. Еңбек діни жоғары оқу орындарының студенттеріне, исламтанушыларға және көпшілік қауымға арналған. УДК 28 ББК 86.38 ISBN 978-601-7016-43-2 © «Кәусар-саяхат» ЖШС 2013


3 АЛҒЫ СӨЗ Барлық мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға тән! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына және олардың соңынан ілесушілерге Аллаһ тағаланың салауаты мен сәлемі болсын! Ізгілік хабаршысы және Ислам насихатшысы ретінде жіберілген, жалаң ой сөйлемейтін Пайғамбарымызға (с.а.с.) қысқа да нұсқа, шешен сөзділік қабілеті дарыған еді. Сондықтан хадистерде келген әрбір сөз өте үлкен мағына мен мінез-құлық, әдептілік заңдарын қамтиды. Бұрынғы өткен ғасырларда ғұмыр кешкен мұсылман қауымының имамдары осыны ескеріп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шариғат ілімінің кілті болып табылатын, игілік пен діннің әмбебап негіздерін қамтитын хадистерін жинақтаумен айналысқан. Солардың бірі – имам ән-Нәуәуидің (Аллаһ оған рақым етсін) Ислам әлеміне кең тараған «ән-Нәуәуидің қырық хадисі» («әл-арбаъуна әнНәуәуия») атты еңбегі. Ұлы имамның аталмыш кітабы сириялық ғалымдар Мұстафа әл-Бұға мен Мухиддин Мистудың жазған тамаша түсіндірме-шархымен қазақ даласына тұңғыш рет жетіп отыр. Баға жетпес бұл еңбектен бұрын да «Қырық хадиске» көптеген түсіндірмелер жазылған. Солардың ең соңғысы, әрі қазақ оқырмандарына ана тілінде ұсынылып отырған ең толыққанды, елу бірінші ғажап нұсқасы қолдарыңыздағы осы кітапта. Бұл кітаптағы хадистер Ислам дінін түгел қамтитындықтан мұндағы діни теориялық мағлұматтарды қайсыбір Ислам университеттерінде берілетін білім деңгейімен теңестіруге болады. Оның үстіне осы шығармада оқырмандарға ұсынылған материалды жеңіл игеруге мүмкіндік беретін оңтайлы әдіс-тәсілдер молынан пайдаланылған. Түсіндірмелерде хадистің түпнұсқасы көрсетіледі, cүннет ғылымы білгірлерінің аса құнды пікірлері келтіріледі. Сонымен қатар әр хадистің неге бағыттайтыны туралы нұсқаулар жеке тақырыптармен баяндалады. Әрбір хадистен туындайтын шариғат заңдарын дәлелдейтін Құран аяттары мен өзге де хадистер оқырмандар назарына ұсынылады. Кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр сөзіне бұлжытпай ілесудің діни және дүнияуи істерде келтіретін пайдасы туралы ұтымды тұжырымдар айтылады. Саф, мөлдір бұлақтан бастау алатын дарияларға жол-жөнекей түрлі шөпшалам мен көң-қоқыс араласып, тұнық суын лайлайтыны сияқты осынау он төрт ғасырдан астам уақытта дінімізге шариғатқа ешқандай қатыссыз бидғаттардың қосылғаны қаншама?! Тас қараңғы түнде қара тасқа жорғалап шыққан көзге көрінбес қара шымалдай болған, жылдар өткен сайын Аллаһ тағаланың шариғатына шартараптан шаң-тозаңдай жабысып, қалыңдай келе діннің жөн-жоралғысы секілденіп қалыптасқан жаңалықтары көп, бүгінгі күндері біздің елде шариғаттан гөрі бидғат басым. Тау-тас, өзен-су, әруақтарға сыйыну, өлген адамдарға жалбарынып, олардың бастарына тұрғызылған кесенелерді кезіп, дуал құшақтап, әулиеәнбиелерге табыну, олардан жәрдем сұрау секілді Исламға еш қатыссыз, дінімізге жат қылықтар күн санап үдеп бара жатқан қазіргі заманда бұл кітап


4 қандастарымызға дұрыс бағыт-бағдар сілтейтін таптырмас құндылық болмақ. Аллаһ тағаладан осы кітапты барлығымызға екі өмірде де пайдалы етуін сұраймыз. Аудармашыдан


5 Имам ән-Нәуәуидің қысқаша өмірбаяны Имам Яхия ибн Шараф ән-Нәуәуи Мухиддин деген лақап атымен танымал, күния есімі1 – Әбу Зәкәрия. Ол һижраның 631-жылы Дамаскінің құрамындағы ән-Науа кентінде дүниеге келген. Он тоғыз жасында Дамаскіге келіп, Рауахия медресесінде ілім жолын бастайды. Имам хадис, фиқһ, усул және араб тілі салалары бойынша көптеген ұстаздардан дәріс алады. Олардың ең танымалдары: Имадуддин АбдулКәрим ибн Жамалуддин Абдус-Самад, Шарафуддин әд-Димашқи, Халид ибн Юсуф ән-Нәбулси, Камалуддин әл-Мағриби, Жамалуддин әл-Жияни және басқалар. Мухиддин ән-Нәуәуи ұстаздық етіп, тәлім берген өте көп шәкірттердің ең көрнекілері: Алауддин әш-Шәфиғи, Жамалуддин әл-Кузағи, Мұхаммед ибн Әбу Бәкір әд-Димашқи, Садруддин әл-Хаурани, Сәлим ибн Абдур-Рахман т.б. Имам ән-Нәуәуи «Муслимнің Сахихына түсіндірме», «Риядус-салихин», «әл-Әзкәр», «Қырық хадис», «Мұхтасар әт-Тирмизи», «Мұхтасар әдДарими» сияқты қырыққа жуық аса құнды туындылар жазған. Ол һижраның 676-жылы туған жерінде көз жұмып, ән-Науа кентінде жерленген. Имам ән-Нәуәуидің алғы сөзі Әлемдердің Раббысы, көктер мен жердің Сақтаушысы, барлық жаратылыстарды Басқарушы, адамдарды тура жолға бастау, оларға анық дәлелдер және бұлтартпайтын айғақтар көмегімен дін қағидаларын түсіндіру міндеті жүктелген елшілерді Жіберуші Аллаһ тағалаға мадақ! Бізге берген барлық нығметтері үшін Оған мақтау айтып, кеңшілігі мен жомарттығын үсті-үстіне арттыра түсуін сұраймын. Мырзамыз Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі пайғамбары және сүйікті досы, бүкіл жаратылғандардың ең абзалы екендігіне куәлік беремін. Оған Қиямет күніне дейін жалғасушы мұғжиза қасиетті Құран, тура жол іздеушілердің жолын нұрландыратын сүннет, шешен тіл және діннің ұлығы берілген. Пайғамбарымызға (с.а.с.), өзге де пайғамбарлар мен елшілерге, олардың барлығының отбасына және барша игі кісілерге Аллаһ тағаланың салауаты мен сәлемі болсын! Бізге Әли ибн Әбу Талиб, Абдуллаһ ибн Масғуд, Муғаз ибн Жәбәл, Әбу Дәрда, Ибн Омар, Ибн Аббас, Әнәс ибн Мәлик, Әбу Һурайра және Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оларға разы болсын) әртүрлі риуаяттармен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Кімде-кім үмбетім үшін дін ісіне қатысты қырық хадисті жатқа білсе, Аллаһ тағала оны Қиямет күні фақиһтер мен ғалымдар арасында тірілтеді»; 1 Адамды тұңғыш баласының атына әкесі не анасы деген сөзді қосып атауды сол адамның «куния есімі» деп атайды. Бұл әдет араб халқында кеңінен тараған.


6 (Бір риуаятта): «Аллаһ тағала оны фақиһ, ғалым етіп тірілтеді»; (Әбу Дәрда риуаятында): «Мен оған Қиямет күні шапағат етуші және куәлік беруші боламын»; (Ибн Масғуд риуаятында): «Оған: «Жаннаттың (өзің) қалаған есіктерінен кір» деп айтылады»; (Ибн Омар риуаятында): «Ғалымдар жамағатынан деп жазылып, шәһидтермен бірге тіріледі», – деген сөздері жеткен. Хадис ілімінің ғұламалары осы мағынадағы риуаяттардың көптігіне қарамастан бұл хадистің әлсіз екеніне бірауыздан келіскен. Алайда олар (Аллаһ оларға рақым етсін) 40 хадис мәселесінде көптеген еңбектер жазған. Менің білуімше, мұндай еңбектің алғашқы жазбагері Абдуллаһ ибн әлМубарак. Содан соң бұл тақырыпта тақуа, ғалым Мұхаммед ибн Әсләм әтТуси, әл-Хасан ибн Суфиян ән-Нәсәи, Әбу Бәкір әл-Ажурри, Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Ибраһим әл-Асфаһани, әд-Дәрақутни, әл-Хаким, Әбу Нуғайм, Әбу Абдур-Рахман әс-Суләми, Әбу Сағид әл-Мәлини, Әбу Осман әс-Сабуни, Абдуллаһ ибн Мұхаммед әл-Ансари және Әбу Бәкір әл-Бәйһақи сияқты әр уақытта өмір сүрген көптеген ғалымдар өз еңбектерін жазған. Мен де сол көрнекі ғұлама имамдардың үлгісімен 40 хадис жинақтауыма қолдау көрсетуін сұрап, Аллаһ тағалаға жалбарындым. Сонымен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахих хадистерінде келген: «Келгендер келмегендерге жеткізсін»1 ; «Менің айтқанымды естіп, (ол сөздерді) ұғып, түсініп және (адамдарға қалай естісе сол қалпынша) жеткізген адамның Аллаһ тағала жүзін нұрландырсын»2 , – деген сөздерін басшылыққа алдым. Ескеретін жайт, бір ғұламалар дін негіздері (усулуд-дин) туралы, енді біреулері оның тармақтары (фуруъ) туралы не жиһад туралы қырық хадис жинаса, бағзы біреулері ұстамдылық (зуһд), әдеп немесе уағыз-насихат (хутаб) тақырыптарында қырық хадистен жинаған. Бұл жинақтардың барлығы ізгі мақсатта құрастырылған. Бірақ мен жоғарыда аталған тақырыптарға арналған хадистерден гөрі, олардың бәрін қамтитын, олардан маңыздырақ қырық хадис жинауды мақсат тұттым. Бұл хадистердің әрқайсысы дін қағидаларының үлкен бір қағидасын қамтиды. Ғұламалар ол хадистерді бүкіл Исламның өзі не оның жартысы немесе оның үштен бірі т.с.с. деп атаған. Сонымен қатар бұл еңбектегі қырық хадистің әрқайсысы сахих (сенімді) және олардың басым көпшілігі имам әл-Бұхари мен Муслимнің «Сахих» атты кітаптарында берілген болуы керек деген ережені ұстандым. Оларды есте сақтауға жеңіл әрі оқырманға пайдасының көбірек болуы үшін иснадсыз3 келтіретін боламын. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Әбу Дауд, әт-Тирмизи және Ибн Мәжәһ. 3 Хадисті риуаят еткен адамдар тізбегі «иснад» деп аталады.


7 Мәңгілік Ақыретке ұмтылушы әрбір адам бұл хадистердегі маңызды мәселелер мен оларда көрсетілген діни міндеттердің барлығын білуі қажет. Бұл сөздердің растығына әрбір зерделі адам көзін жеткізеді. Ал мен Ұлы Аллаһ тағалаға сүйеніп, өзімді Оған бүтіндей тапсырамын. Мақтау-мадақ пен игілік Аллаһқа ғана тән, сондай-ақ сәттілік пен амандық та Ол арқылы болмақ.


8 БІРІНШІ ХАДИС АМАЛДАР НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ Мүміндердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниетке байланысты және, расында, әрбір кісіге ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қарай қоныс аударса1 , ол Аллаһ пен Оның елшісі үшін қоныс аударған (болып саналады)2 , ал кім мал-дүние табу не бір әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)», – дегенін естідім», – деген. Бұл хадисті хадис ілімі ғұламаларының әйгілісі Әбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн Муғира ибн Бәрдизбаһ әл-Бұхари және ӘбулХусейн Муслим ибн әл-Хажжаж ибн Муслим әл-Қушайри ән-Найсабури хадис кітаптарының ең сенімділері саналған «Сахихтарында» келтірген. Хадистің маңыздылығы Бұл хадис Исламның іргетасы саналатын зор мәні бар хадистер қатарына жатады әрі Ислам негіздерінің бірін кең көлемде түсіндіреді. Ислам діні ғұламаларының пікіріне сүйенсек, шариғат үкімдерінің көпшілігі осы хадиспен байланысты көрінеді. Әбу Дауд: «Анығында, «Амалдар ниетке байланысты» делінген бұл хадис Исламның тең жартысын құрайды. Өйткені дін не ашық болады, яғни бұл – амал, не жасырын болады, яғни бұл – ниет», – дейді. Имам Ахмад пен Шафиғи: ««Амалдар ниетке байланысты» деген хадиске ілімнің үштен бірі кіреді, себебі пенде бір істі өзінің жүрегі мен тілі және дене мүшелерінің жәрдемімен істейді. Демек, жүрекпен болған ниет аталған үш бөліктің бірі болып табылады», – дейді. Міне, осындай себептерге байланысты ғұламалар бұл хадисті өз еңбектерінің беташары етуді ұнатқан. Мысалы, имам әл-Бұхари «Сахих» кітабын, ән-Нәуәуи «Ізгілер бағы» (Риядус-салихин), «Зікірлер» (әл-Әзкәр) және «ән-Нәуәуидің қырық хадисі» (әл-Арбаъуна ән-Нәуәуия) атты үш еңбегін де осы хадиспен бастайды. Ондағы мақсат – шәкірттің назарын білім іздеушінің ниеті тек Аллаһ тағала разылығы үшін ғана болуы керектігіне аудару. Бұл хадистің аса маңыздылығының дәлелі – имам әл-Бұхари риуаятында келгендей, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөздерді адамдарға уағыз (құтпа) кезінде айтқандығы және Омардың (Аллаһ оған разы болсын) оны құтпасында пайдаланғандығы. 1 Бұл жерде Аллаһтың разылығын іздеп Меккеден Мәдинаға қоныс аудару туралы айтылған. 2 Яғни оның қоныс аударуы қабыл болады және ол үшін сауап алады.


9 Бұл тұрғыда Әбу Убайд: «Хадистердің ішінде бұдан әмбебап, бұдан маңызды және пайдасы көп хадис жоқ», – дейді. Хадистің айтылу себебі Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Біздің арамызда Умму Қайс атты әйелге құда түскен бір адам болды. Бірақ әйел оған қоныс аудармаса, күйеуге шығудан бас тартқан-ды. Сөйтіп ол қоныс аударып, сол әйелге үйленеді. Кейін біз оны «Умму Қайстың қоныс аударушысы» деп атайтын болдық», – деп айтқан1 . Келесі бір риуаятта Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Кім (дүние байлығы секілді) бір нәрсеге жету үшін қоныс аударса, оның алар (сауабы) Умму Қайс атты әйелге үйлену үшін қоныс аударған адамның алған сауабындай болады. Ол «Умму Қайстың қоныс аударушысы» деп аталды», – деген2 . Хадисті және оның не жөн сілтейтінін түсіну 1. Ниет – қажетті шарт Діни міндеттер жүктелген адамның істеген амалдары ниет болғанда ғана шариғат заңы тұрғысынан есепке алынатынына және оған сауап берілетініне ғұламалар бірауыздан келіскен. Намаз, қажылық, ораза және сол сияқты арнайы ғибадаттарға ниет ету, сол құлшылықтың рүкіндеріне жатады. Сондықтан ниетсіз болған ондай ғибадаттар дұрыс деп есептелмейді. Ал құлшылықты орындаудың алғышарты саналатын дәрет немесе ғұсыл туралы айтсақ, бұл жайында ханафилер: «Ниет олардың кемел болуының және сауап жазылуының қажетті шарты болып табылады», – деген. Ал шафиғилер мен басқалар: «Ниет – олардың дұрыс болуының да қажетті шарты, өйткені алғышарттар тек ниетпен ғана дұрыс болады», – дейді. 2. Ниеттің уақыты мен орны Ниеттің уақыты ғибадаттың алдында. Мысалы, намаздағы бірінші тәкбір (тәкбиратул-ихрам) немесе қажылық кезіндегі ихрамға кіру. Ал оразаға тоқталсақ, таң сәрінің білінуін бақылап отыру қиындық тудыратындықтан, оған алдын ала ниет ете берсе болады. Ниеттің орны – жүрек. Оны тілмен айту шарт емес. Ниет етушінің ниеті нақтыланып, басқаларынан ажыратылып алынуы қажетті шарт. Мәселен, 1 Әт-Табарани, әл-Муъжәмул-кабир, Ибн Ғәллән, әл-Футухатур-Раббания, 1/60. 2 Ибн Ғәллән, әл-Футухатур-Раббания, 1/60.


10 намазға жалпы ниет ету жеткіліксіз, адам қай намазды оқитынын (бесін, екінті т.б.) нақтылап алуы керек. 3. Қоныс аударудың (һижраның) міндеттілігі Дінін ашық орындауға мүмкіндігі жоқ мұсылманға кәпірлердің отанынан Ислам өлкелеріне қоныс аудару парыз. Бұл үкім әр уақытта күшінде қалады және шектеусіз орындалады. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Жеңістен кейін қоныс аудару жоқ» деген сөзі мұсылмандар Меккені алған соң, оның Ислам діні тараған аймаққа айналып, одан қоныс аударудың қажеті болмай қалғандығы себепті айтылған. Сондай-ақ «һижра» сөзі Аллаһ тағаланың тыйым салғандарынан қашықтауды білдіреді1 . Мәселен, мұсылманның өз бауырымен үш күннен артық араздасуы, ер кісінің әйелімен қосылмай қоюы араб тілінде осы сөздің етістігі арқылы келтіріледі. Мұндағы айта кетер жайт, кейде мұсылманға күнәкар бауырынан бас тартуы уәжіп болады. Сол сияқты оған өзіне мойынсұнбайтын әйелін жазалау ретінде белгілі бір уақытқа тастап қоюға да рұқсат етіледі. 4. Хадистегі өзге де пайдалы мағлұматтар Бұл хадис егер біреу ізгі іс істемекке ниеттенгенімен оны іске асыруға ауру, өлім, т.б. кедергілер бөгет болса, ол адамға сол сауаптың жазылатынын білдіреді. Әл-Байдауи: «Іс-амал ниетсіз дұрыс болмайды. Өйткені амалға аспаған ниетке сауап жазылады, ал ниетсіз істелген іс босқа кетеді. Жан тәнге қандай болса, ниет те амалға сондай. Тән жансыз өмір сүре алмаса, жан да дәл сондай, бұл дүниеде тәнмен байланыссыз өз көрінісін таба алмайды», – деген. Бұл хадис пәни дүниеде сәттілік, Ақыретте сауап тауып, азаптан құтылуымыз үшін біздерді құлшылықтарымызда ықыласты болуымызға үндейді. Онда Аллаһ тағаланың разылығына жетуге ұмтылуды ниет ету арқылы кез келген игі істің ғибадатқа айналатыны баяндалады. 1 Муһажир – Аллаһ тағала тыйым салғанды тастаған адам.


11 ЕКІНШІ ХАДИС ИСЛАМ, ИМАН ЖӘНЕ ИХСАН Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, сапар шегіп келгендігі байқалмайтын және оны бізден ешкім танымайтын бір адам келді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, қолдарын өз сандарының үстіне қойып: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар бер», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ислам дегеніміз – сенің Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ және Мұхаммед – Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың және жолына шамаң келсе, Үйге (Қағбаға) қажылық жасауың», – деп жауап қайтарды. (Жаңағы адам): «Сен рас айттың», – деді. Ал біз оның (Аллаһ елшісіне (с.а.с.)) сұрақ беріп және оны мақұлдап, растағанына таңғалдық. (Сонан соң) ол: «Енді маған иман туралы хабар бер», – деді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Ол – сенің Аллаһқа және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – деді. (Ол тағы да): «Сен рас айттың», – деді. (Сонан соң): «Сен маған енді ихсан1 туралы айтып бер», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол – сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», – деді. (Сонан соң әлгі кісі): «Ал енді маған Сағат2 туралы айтып бер», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол туралы сұралушы сұраушыдан артық білмейді», – деді. Ол: «Онда оның белгілері туралы айтып бер», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Қиямет күні жақындағанда) күң өз ханшасын туады және жалаңаяқ, жалаңаш қой соңындағы кедейлер биік үй соғуда бірімен-бірі бәсекеге түскенін көресің», – деді. Сонан соң (әлгі адам) кетіп қалды. Мен біраз отырдым. Бір кезде (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Ей, Омар! Сұрақ қоюшының кім екенін білесің бе?» – деді. Мен: «Аллаһ және Оның елшісі біледі», – дедім. (Сонда) ол (с.а.с.): «Ақиқатында, бұл – Жәбірейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді» – деді», – деген3 . Хадистің маңыздылығы Ибн Дақиқ әл-Ғид: «Бұл – жария және жасырын іс-амал міндеттерінің барлығын қамтыған ұлы хадис. Барлық шариғат ілімі осыған тіреледі және осыдан тарайды. «Фатиха» сүресі Құранның бүкіл мағынасын 1 Бұл сөз араб тілінің «ахсана» (қандай да бір жақсы іс жасау, игілік істеу және істі жақсы орындау) деген етістігінен туындаған. Бұл жерде ихсан Аллаһқа шын ықыласпен, өз дәрежесінде құлшылық жасау дегенді білдіреді. 2 Яғни Қиямет күні. 3 Муслим, әт-Тирмизи, Әбу Дауд және ән-Нәсәи.


12 қамтығандықтан «Құранның анасы» (Уммул-Қуран) аталғанындай, бұл хадис те сүннет ілімін түгелдей қамтығандықтан «сүннеттің анасы» (УммусСунна) секілді», – деп айтқан. Бұл – мутәуәтир1 хадис. Өйткені ол: Әбу Һурайра, Омар, Әбу Зарр, Әнәс, Ибн Аббас, Ибн Омар, Әбу Амир әл-Ашғари және Жәрир әл-Бажали (Аллаһ оларға разы болсын) сынды құрметті сегіз сахабаның риуаяттарымен келген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Сыртқы келбет пен киген киімге көңіл бөлудің қажеттілігі Мешітке немесе білім мәжілістеріне қатысуға келгенде таза киім киініп, хош иіс себінген жөн. Сондай-ақ білім ордаларында және ғұламалармен бірге отырғанда әдептілік сақтаған абзал. Өйткені Жәбірейіл (аләйһиссәләм) өзінің іс қимылымен және сөйлеген сөздерімен адамдарға тәлім бере келген. 2. Ислам дегеніміз не? «Ислам» сөзі Аллаһ тағалаға бағыну мен мойынсұнуды білдіреді. Ал шариғат тұрғысынан қарағанда, Ислам бес тірекке негізделген. Олар: Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру; шарттары мен парыздарын, сүннеттері мен әдептерін толық орындай отырып, намазды өз уақытында өтеу; зекет беру; рамазан айының оразасын ұстау; шамасы бар, азық-ауқат, көлік сияқты жол жабдығы даяр, отбасындағылар мен қарамағындағылардың нәпақасы жеткілікті адамға өмірінде бір рет қасиетті Үйге қажылық жасау. 3. Иман дегеніміз не? Араб тіліндегі «иман» сөзі «сену», «илану» немесе «растау» деген мағыналарды береді. Ал шариғаттағы мағынасы: Аллаһқа және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға: оның жақсылығымен жамандығына иман келтіру. Аллаһқа иман келтіру: Жаратушы Аллаһтың бар екеніне және Оның Жалғыз, ешқандай серігі жоқ екендігіне шүбәсіз сену дегенді білдіреді. Оның періштелеріне иман келтіру: Аллаһ тағаланың жаратқан періштелеріне шүбәсіз сену. Олар – Аллаһ тағаланың бұйрықтарына қарсы келмейтін, Ол не бұйырса, соны бұлжытпай орындайтын құрметті құлдары. 1 Яғни бірнеше түрлі жолмен жеткен өте сенімді хадис.


13 Аллаһ тағала оларды нұрдан жаратқан, олар ішпейді-жемейді, жынысқа, еркек-ұрғашыға бөлінбейді, нәсілдік жолмен көбеймейді және олардың саны тек бір Аллаһқа ғана мәлім. Кітаптарына иман келтіру: Аллаһ тағаладан түсірілген кітаптарға адамдар өзгерістер енгізіп, бұрмалағанға дейін1 олардың Құдірет Иесінің діни заңдары болғанына шүбәсіз сену. Елшілеріне иман келтіру: Аллаһ тағала Өзінің пенделеріне тура жол көрсету үшін таңдаған барлық пайғамбарларына шүбәсіз сену және олардың Аллаһ тағала сақтаған2 адамдар болғанына илану. Қиямет күніне иман келтіру: Аллаһ тағала адамдарды өлгеннен кейін қайта тірілтіп, олардың амалдарына есеп-қисап жасап, жақсылық үшін жарылқап, жамандық үшін жазалайтын Қиямет күніне кәміл сену. Тағдырға иман келтіру: Сондай-ақ бүкіл әлемдегі болып жатқандардың барлығы Аллаһ тағала белгілеген тағдыр бойынша, Оның қалауына сай және тек Оған ғана белгілі даналыққа сәйкес болатынына шүбәсіз сену. Осы аталғандардың барлығы иман ұстындарына кіреді. Кім бұған иланса, құтылады және дүние-ақыретте ұтады. Ал кім мұны теріске шығарса, ақиқат жолынан адасады да, сәтсіздікке ұшырайды. Өйткені Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа, Оның елшісіне, (Аллаһтың) Өз елшісіне түсірген Кітапқа (яғни Құранға) және (Ол) ілгеріде түсірген Кітапқа3 иман келтіріңдер! Кімде-кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және Ақырет күніне күпірлік қылса (яғни жоққа шығарса) ұзақ адасумен адасқан болады»4 , – дейді. 4. Ислам және иман «Ислам» және «иман» сөздері тілдік мағыналары жағынан да, шариғи терминдік тұрғыдан да екі түрлі ұғымды білдіреді. Алайда шариғатта кей кездері жалпылама тұрғыдан Исламды иман деп, ал иманды Ислам деп атай береді. Өйткені имансыз Исламның, Исламсыз иманның мәні жоқ. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Иман жүрек арқылы көрініс тапса, ісамалдар дене мүшелері көмегімен атқарылады. 5. Ихсан деген не? Ихсан дегеніміз – ықылас және кемелдік. Басқаша айтқанда, Аллаһ тағаланың бір Өзіне құлшылық ету барысында Аллаһ тағаланы көріп 1 Бұл сөз Құраннан басқа кітаптарға қатысты. Құран хақында Аллаһ тағала Өзінің Кітабында: «Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі, шын мәнінде, оны Біз Сақтаушымыз», – деп айтқан (Хижр, 9). 2 Бұл жерде Аллаһтың оларды күнә жасаудан сақтағандығы туралы айтылған. 3 Яғни Аллаһ тарабынан елшілеріне түсірілген барлық кітаптарға. 4 «Ниса» сүресі, 136-аят.


14 тұрғаныңдай, егер бұлай ету қолыңнан келмесе, Ол сенің не істегеніңнің бәрін түгел көріп тұрғанын есіңе алып, кемел ықыласта болуың. 6. Қиямет күні және оның белгілері Қиямет күнінің қашан келетіні туралы ілімге Аллаһ тағала ғана ие және бұл туралы ешкім, тіпті періштелер мен пайғамбарлар да білмейді. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілге (аләйһис-сәләм): «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», – деп жауап берді. Бірақ ол Қиямет күнінің алдында келетін және оның жақындап қалғанын білдіретін кейбір белгілері туралы айтқан. Олар: а) Белгілі бір уақыт кезеңіндегі бұзықтық және рухани азғындалу. Ол кезде балалардың ата-анасын тыңдамауы және құрметтемеуі көбейеді. Олар ата-аналарына қожайындары өз малайларына қатынасқандай қатынас жасайтын болады. ә) Барлық нәрсе өзінің қарама-қарсысына айналады және барлық істе тәртіп атаулы қалмайды. Ең бір ұждансыз, мәртебесі төмен адамдар үмбеттің ел билеушілері мен басшыларына айналып, жауапкершілік қолынан іс келмейтін қабілетсіздерге тапсырылады. Адамдардың қолында мал-дүние көбейеді. Молшылық, сән-салтанат, ысырапшылдық артады. Адамдар үй-жайларының биіктігімен және дүние-мүлік, жиһаздарының көптігімен өзара мақтанысады. Бәдәуилер, мал соңында жүргендер және өзгелердің қайырымдылығы есебінен күн көріп, кедейшілікте, бақытсыздықта өмір сүріп жатқандар халықтан үстем келіп, олардың істерін басқарады. 7. Білім жайлы сұрақ Мұсылман адам білім алу барысында өзіне осы дүниеде және Ақыретте пайдалыны ғана сұрайды, пайдасыз амалдар туралы сұрақ қоймайды. Сол сияқты білім іздеушілердің жиынына келген және ондағы отырған адамдардың бір нәрсе жайлы білуге мұқтаждығын, бірақ ол туралы олардың ешқайсысы сұрамайтынын сезген адам, өзі білгенімен жиында отырғандарға пайдалы болуы үшін сұрақты өзі қоюы керек болады. Егер бір адам өзі білмейтін іс туралы сұралса, «білмеймін» деп жауап қайтаруы тиіс. Бұл оның имандылығын, тақуалығын және өзіндегі білімнің дұрыстығын айғақтайды. 8. Тәрбиелеу тәсілдері Сұрақ-жауап әдісі – ежелден жалғасып келе жатқан пайдалы, тәрбиелік мәні зор тәсілдердің бірі. Бұл тыңдаушылардың дұрыс жауап қабылдаулары үшін назарларын тақырыпқа, мәселеге аударып, ілім алуға деген ынталарын арттыра түсуге септігін тигізеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы әдісті


15 пайдаланып сахабаларына көп тәлім бергені жайлы біршама хадистерді кездестіруге болады.


16 ҮШІНШІ ХАДИС ИСЛАМ ТІРЕКТЕРІ Әбу Абдур-Рахман Абдуллаһ ибн Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ислам бес (тірекке) құрылған: Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық өтеу және рамазанда ораза тұту», – деп айтқанын естідім», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Ислам тіректері туралы бұл хадис ең ұлы хадистердің қатарына жатады. Ол Ислам қағидаларының бірі және дін үкімдерін жалпылама қамтыған. Өйткені онда бұл діннің ілімі, діннің неге негізделгені мен оның ұстындары (тіректері) туралы айтылған. Құран Кәрімде де осы ұстындар жайлы сөз болады. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Ислам ғимараты Хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзімен бірге әкелген, соның арқасында адам баласы имансыздықтан (куфрден) құтылып, жаннатқа ену және тозақ отынан сақтану құқығына ие болатын Ислам дінін іргесі мызғымас берік, мықты ғимаратқа ұқсатады және ол негіздерді баяндап береді. Олар: а) Аллаһ тағаладан басқа ешбір құдай жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру. Мұның мағынасы – Аллаһ тағаланың бар екенін және Оның Жалғыз екенін мойындау, сондай-ақ Мұхаммедтің пайғамбарлығы мен елшілігіне сену. Дініміздің басқа ұстындарына қарағанда бұл ұстын басты тірек ретінде танылады. Бұл тұрғыда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен адамдармен, олар Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік бергенге дейін, соғысуға бұйырылдым»2 ; «Кімде-кім шын ықыласымен «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деп айтса, ол жаннатқа кіреді», – дейді3 . ә) Намаз оқу. Мұнда шарттары мен парыздарын, сүннеттері мен әдептерін толық орындай отырып, намазды үнемі, уақтылы өтеу туралы айтылған. Бұлай істеу мұсылманның жан-дүниесінде өз жемістерін беріп, оны барлық жиренішті де тыйым салынғандардан аулақ етеді. Өйткені 1 Әл-Бұхари, Муслим, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ахмад. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Әл-Баззар, сахих хадис.


17 Аллаһ тағала: «Намазды (толық) орында. Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды»1 , – деген. Намаз – мұсылманның белгісі, мүміннің рәмізі. Себебі Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамды кәпірлік пен көпқұдайшылдықтан (ширктен) ажырататын – намаз»2 ; «Намаз – діннің тірегі»3 , – деп айтқан. б) Зекет беру. Яғни байлығы нисабқа4 жетіп, зекет беруге міндетті болған әрбір адамның өз мүлкінің белгілі бір бөлігін кедейлер мен заттай көмекке зәру адамдарға беруі. Аллаһ тағала мүміндерді сипаттай келіп: «Олар – зекетті өтеушілер»5 ; «Малдарында (қайыр) сұраған және (байлықтан) мақұрым қалған (кісілер)6 үшін белгілі үлесі (яғни беретін зекеті) бар болғандар»7 , – деген. Сондықтан зекет беру белгілі бір дәрежеде мүліктік шығын жұмсауды қажет ететін және әлеуметтік теңдікті сақтауға, кедейлік, мұқтаждықпен күресуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ мұсылмандар арасында сүйіспеншілік, мейірбандық қатынас пен өзара сыйластықты арттыра түсіруші құлшылық түрлерінің бірі болып табылады. в) Қажылық. Яғни қажылық айларында, анығырақ айтқанда, шәууәл, зул-қағда айлары мен зул-хижжа айының алғашқы он күнінде МәсжидулХарамды зиярат етіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) үйретіп, көрсеткен белгілі діни жоралғыларды орындау. Құлшылықтың бұл түрі мүліктік шығынмен бірге адамдар тарапынан күш-қайрат жұмсауды талап етеді. Ол жеке адамға да, қоғамға да үлкен пайда келтіреді. Сонымен бірге қажылық күллі мұсылманның бір-бірімен кездесуіне тамаша мүмкіндік береді әрі мұсылмандардың өте үлкен құрылтайы іспетті болып өтеді. Аллаһ тағала: «Адамдардың арасында (жүріп оларды) қажылыққа шақыр. Олар саған қарай жаяу және арықтаған түйе үстінде алыс жолдардан келеді. Олар өздерінің (діни және дүниелік) пайдаларына куә болсын әрі белгілі күндерде (Аллаһ) өздеріне ризық етіп берген малдардың басында Аллаһтың атын еске алсын (құрбандық шалсын)» 8 , – деген. Міне, осы себепті, қажылық үшін үлкен сауап уәде етілген. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қабыл болған қажылық үшін жаннаттан басқа сый болмайды», – дейді9 . 1 «Анкабут» сүресі, 45-аят. 2 Муслим. 3 Әбу Нуғайм, хасан хадис. 4 Нисаб – байлықтың шариғат бекіткен, зекет беруге жеткен ең аз мөлшері. 5 «Муминун» сүресі, 5-аят. 6 Бұл жерде арлануы себепті басқалардан еш нәрсе сұрамайтын және өзінің мұқтаждығын өзгеге білдірмейтіндер туралы айтылған. 7 «Мағариж» сүресі, 24-25 аяттар. 8 «Хаж» сүресі, 27-28 аяттар. 9 Әл-Бұхари, Муслим.


18 Қажылық һижра жыл санауы бойынша 6-жылы1 Аллаһ тағаланың: «Жолға шамасы келген адамдар міндетінде Аллаһ үшін Үйді (яғни Қағбаны) қажылық ету (парызы) бар»2 , – деген сөзімен парыз етілді. г) Рамазан айында ораза тұту. Ораза тұту һижраның 2-жылы Аллаһ тағаланың: «Рамазан айы (сондай бір ай), онда (яғни ол айда) адамдар үшін тура жол және сол тура жолдың анық түсіндірмесі мен ажыратушысы ретінде Құран түсірілді. Сондықтан сендерден кім осы айда (өз елінде, дені сау) болса, ораза ұстасын»3 , – деген сөздерімен мұсылмандарға парыз болды. Құлшылықтың бұл түрі адамның жанын тазартады. Рухты жоғары көтеріп, денсаулықтың мықты болуына мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ Аллаһ тағаланың бұйрығын орындап, разылығына жетуге ұмтылып, ораза тұтқан адам үшін құлшылықтың бұл түрі оның күнәлардан арылуына және жаннатқа кіруіне себеп болады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім рамазан айында Аллаһ тағаладан сауап үміт етіп, шын сеніммен ораза тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деп айтқан. 2. Ислам ұстындарының өзара байланысы Ислам ұстындарының барлығын ұстанған адам «мұсылман» саналады және толық иманға ие болады да, бұлардың ешқайсысын орындамаған адам, әлбетте, «имансыз» болады. Ал бұл ұстындардың қандай да біреуін мойындамаған адам, ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша, мұсылман емес, ал барлық ұстындарды мойындап, олардың куәліктен басқа біреуін өзінің ынтасыздығы себепті орындамаған адам пасық (фасиқ) саналады. Сондай-ақ барлық тиісті амалдарды орындағанымен, оларды тек сөз жүзінде ғана құптаған адам4 – екіжүзді (мұнафық) болып табылады. 3. Құлшылықтың мақсаты Исламдағы құлшылықтың мақсаты оның бейнесі мен сыртқы көрінісінде емес, керісінше сол амалдарды орындаудағы үйлескен мән-мағынада. Мәселен, егер оқылған намаз жиіркенішті және ұятты іс-әрекеттерден қайтармаса, ол намаздан пайда жоқ. Сондай-ақ ұстаған ораза жалған сөйлеу мен күнәлі сөздер айтудан тыймаса, ол оразаның да пайдасы жоқ. Сол сияқты сырт көз үшін немесе жақсы ат алу үшін істелген қажылықтың да, зекеттің де пайдасы болмайды. Мұнан, жоғарыда аталған ғибадат түрлері өз нәтижелерін бермесе, оларды тоқтату керек деген ұғым туындамайды. 1 Кей ғұламалардың пікірінше, қажылық һижраның 9-жылы парыз болған. 2 «Әлі Имран» сүресі, 97-аят. 3 «Бақара» сүресі, 185-аят. 4 Яғни іштей (жүрегімен) құптамайтын адам.


19 Мұндағы мақсат адам жанын шын ықыласпен ғибадат етуге және кез келген ғибадаттың жоғары дәрежесіне жетуге ұмтылдыру болып отыр. 4. Иман тармақтары Бұл хадисте аталғандар Исламдағы иманның барлық тармақтарын қамтымайды. Олар тек аса маңыздылығы себепті қысқаша сөз етілген. Негізінде бұлардан басқа да көптеген тармақтар бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иманның жетпістен аса тармағы бар», – деген1 . 5. Хадистің түйіні Бұл хадис «Ислам – сенім мен амалдың үйлесімі» екендігін білдіреді. Сондықтан имансыз амал зая кетеді. Ал иман амалмен бекітілмесе, ол ешқашан да толыққанды сипатқа ие бола алмайды. 1 Әл-Бұхари, Муслим.


20 ТӨРТІНШІ ХАДИС АДАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯҚТАЛУЫ Әбу Абдур-Рахман Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың шыншыл және сенуге лайықты елшісі (с.а.с.) біздерге: «Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады, сонан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір кесек ет тәрізді болады. Содан кейін періште жіберіледі де оған үрлеп жан ендіреді. Және ол төрт нәрсені: оның ризық-несібесін, ажалын, амалдарын және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады. Өзінен басқа ешбір құдай жоқ Аллаһпен ант етемін, шын мәнінде, сендердің біреуің жаннатқа қолдың білегіндей қалғанша жаннаттықтардың амалын істеп барады, содан кейін (маңдайына) жазылғаны алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп (тозаққа) кіреді. Сондай-ақ, шын мәнінде, сендердің біреуің тозаққа қолдың білегіндей қалғанша тозақтықтардың амалын істеп барады, содан кейін (маңдайына) жазылғаны алдынан шығады да, жаннаттықтардың амалын істеп, (жаннатқа) кіреді», – деп айтқан», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Бұл – аса маңызды хадис. Онда Аллаһтың ілімі мен жазған тағдырына сәйкес адамның бар өмірін, оның алғашқы жаралу сәті мен бұл дүниеге келуінен бастап, бұл өмірде істеген амалдарына байланысты мәңгілік шаттық мекенінде немесе мәңгілік бақытсыздық мекенінде қалатынына дейін қамтылған. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Ұрықтың ана құрсағында даму сатылары Хадисте ұрықтың жүз жиырма күнде әрқайсысы қырық күндік үш сатыдан өтетіндігі айтылған. Алғашқы қырық күнде ол ұрық тамшысы түрінде болады, екінші қырық күнде ұйыған қан, ал үшінші қырық күнде кішкентай, бір кесек ет түрінде қалыптасады. Содан соң періште оған үрлеп жан кіргізеді де, жоғарыдағы аталған төрт нәрсені жазады. Аллаһ тағала Өзінің Ұлы Кітабында осы сатылардан өтетін ұрықтың өзгерістері туралы: «Ей, адамдар! Егер өлгеннен кейін тірілуден күмәндансаңдар, әрине Біз 1 Әл-Бұхари, Муслим.


21 сендерді топырақтан, содан соң ұрық тамшысынан, кейін ұйыған қаннан, одан кейін бір кесек еттен жараттық»1 ; «Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан еттік. Ұйыған қаннан кесек ет жасап, кесек етті сүйек қылдық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны2 басқа бір жаратылыс3 етіп, жан салдық. Жаратушылардың шебері4 – Ұлы Аллаһ»5 , – деп айтқан. Бұл аяттарда Аллаһ тағала хадисте аталған адамзат жаратылысының төрт сатысын айта келіп, оған қосымша басқа да үш саты туралы баян етті. Демек, олардың жалпы саны жетеу болған. Ибн Аббас «Адам баласы жетіден жаралған» дегенді жиі айтып, сонан соң осы аяттарды оқитын-ды. Аллаһ тағаланың адамды қас қағым сәтте жарату құдіретіне Ие бола тұра, оны осындай жүйелілікпен, жоғарыда айтылған тәртіпке сәйкес, бір сатыдан екіншісіне өткізу арқылы жаратуындағы даналық – себеп-салдарға, алғышарттарға және нәтижелерге сәйкес адам жаратылысының бүкіл әлем жаратылысымен үйлесуі. Және бұл Аллаһ тағаланың аса Құдіреттілігіне бәрінен де жақсы айғақ болады. Аллаһ тағала мұндай жүйелілікті іс жүзінде көрсетуімен Өзінің құлдарын іс-амалдарында асығып-үсігуден аулақ болуға үйретеді. Әрі бұл арқылы адамның жаратылу сатылары мен балиғатқа жеткенге дейінгі созылатын, бір сатыдан екінші сатыға өту кезеңдерін өткеруі мен сыртқы кемелдікке жетуі сияқты пенденің рухани кемелдікке жетуі де бірте-бірте болатынын ұғындырады. Сондай-ақ бұл жүйелілік пен тәртіпті адам баласы барлық іс-әрекетінде басшылыққа алуы керек, олай етпеген жағдайда ол соқыр тәуекелге барып, жарға ұрынады. 2. Жан салу Барлық ғұламалар ерлі-зайыптының қосылуынан жүз жиырма күн өткен соң, яғни дәл төрт айдан кейін бесінші айдың басталуымен ұрыққа жан бітетіндігін айтқан. Бұл мерзім, ол баланың әкесін анықтауда, сондай-ақ тиісті шығындарды өтеу міндетіне қатысты үкімдерге жүгіну қажет болғанда есепке алынады. Бұл нәрестенің жатырда қимылдауына анық көз жеткен жағдайда іске асырылады. Күйеуі өлген әйелдің төрт ай он күн өтпейінше басқа күйеуге тұрмысқа шығуына тыйым салынуының себебі де осында жатыр. Өйткені осы мерзім ішінде ол әйелдің жүкті немесе жүкті емес екені анықталады. 1 «Хаж» сүресі, 5-аят. 2 Яғни адамды. 3 Жан ендірілгеннен кейінгі адамның кейпіне енуі. 4 Бұл жерде Аллаһ тағала бұл сөздің толық мағынасындағы Жалғыз Жаратушы екендігі туралы айтылған. 5 «Муминун» сүресі, 12-14 аяттар.


22 3. Әдейілеп түсік түсіруге салынған тыйым Барлық ғұламалар ұрыққа жан біткеннен кейін оны алдырудың харамдығына және оны қылмыс санап, мұсылманның істеуіне мүлде болмайтынына бірауыздан келіскен. Өйткені ол тіршілік белгісін берген, толық қалыптасып үлгерген жан иесіне жасалған қастандық болып табылады. Қолдан түсік жасау нәтижесінде нәресте тірі туылып барып өлсе, онда оған диет (құн) төлеу міндет болады. Егер нәресте өлі түссе, онда құн төлемі азырақ мөлшерде алынады. Ал ұрыққа жан берілгенге дейін түсік жасау туралы айтсақ, фиқһ ғылымы ғалымдарының көпшілігі бұл іске де тыйым салынғандығы туралы пікір білдірген. Бұған ұрықтың жатырда берік орналасуынан соң-ақ адамның жаралуы басталатыны туралы сахих хадистер дәлел бола алады. Мәселен, Хузайфа ибн Усайд (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ұрық (ана құрсағында) бекігеннен кейін, қырық екі түн өткен соң1 Аллаһ оны бейнелейтін және оған естуін, көруін, терісін, етін және сүйектерін жасайтын періште жібереді», – деді», – деген2 . Ибн Ражаб өзінің «Жамиъул улум уәл-хикәм» атты кітабында: «Кейбір фиқһ ғалымдары «егер ұрыққа жан бітпеген болса, оны алдырып тастауға болады» деген және оны алдын ала сақтанумен (жыныстық қатынас барысында ұрықты әртүрлі жолмен жатырға жібермеу, дәрілер қолдану, серіппе салдыру т.б.) теңестірген. Мұндай тұжырымды қате деп есептеген дұрыс. Өйткені ұрық бұл кезде қалыптасып үлгерген болуы, бәлкім адам бейнесіне еніп қалуы да мүмкін. Ал алдын ала сақтануда нәрестенің болуы мүмкін емес. Алдын ала сақтану ұрықтың жатырға өтіп, бала пайда болуына кедергі келтіреді. Егер Аллаһ тағала (бала пайда болуын) қаласа, ол да кедергі жасай алмайды», – деп жазған. Әл-Ғазали «Ихия улумуд-дин» атты кітабында: «Алдын ала сақтану түсік жасау мен нәрестені тірідей көму3 сияқты емес. Өйткені қолдан жасалған түсік тірі жанға жасалған қастандық болып табылады. Ұрық жатырда түрлі сатыдан өтеді: біріншісі – ұрықтың жатырға түсуі және әйелден бөлініп шығатын сұйықпен араласуы, бұдан кейін оның тіршілік белгісін қабылдауға дайындалуы, ал ол үрдісті бұзу (не үзу) қылмыс болып табылады. Егер ұрық ұйыған қанға айналып үлгерсе бұл қылмыс одан да ауыр әрі жиренішті, ал ұрыққа жан беріліп, бейнеленген болса, онда қылмыстың ауырлығы тіптен арта түседі. Тірі ұрықты (яғни нәрестені) түсік арқылы қолдан түсіру, бұл – қылмыс жасаудағы жиреніштің ең жоғарғы шегі», – деген. 1 Бұл хадистің басқа риуаятында «қырықтан астам…» делінген, мұндағы «астам» деген сөз үштен онға дейінгі кез келген санды білдіреді. 2 Муслим. 3 Жәһилият дәуірінде кейбір бәдәуилер жас нәресте қыздарын тірідей көметін болған.


23 4. Аллаһ тағаланың білімі Шын мәнінде Аллаһ тағала адамдарды жаратпас бұрын олардың жағдайларын біледі. Олардан иманға және бас июге немесе имансыздық пен бас имеуге қатысты, сондай-ақ бақытты немесе бақытсыз болуына байланысты қандай жағдай болса да, барлығы Аллаһ тағаланың білуімен және Оның қалауымен болады. Адамдардың тағдыры алдын ала жазылып қойылатыны туралы Құранның көптеген аяттарында және хадистерде айтылған. Мысалы, Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.): «(Сендердің араларыңда) жаннаттағы және тозақтағы орны белгілі болмаған ешкім жоқ», – деді. Бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Онда бізге ізгі амал жасауға ұмтылудың қажеті не?) Тағдырымызда жазылып қойылған деп, амал істемей жүре берсек болмай ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жоқ, амал істеңдер, кім не нәрсе үшін жаратылған болса, оны (орындау) оған оңайлатылады. Бақыттылар бақыттыларға тән амалдарға жеңілдік табады, ал бақытсыздар бақытсыздарға тән амалдарға жеңілдік табады», – деп жауап берді. Содан соң: «Ал енді кім (Аллаһ жолында) берсе, тақуалық қылса және жақсылықты рас деп білсе1…»2 , – деген аяттарды оқыды», – деген3 . Демек, Аллаһ тағаланың білімі пенденің таңдау және ұмтылу еркіндігін жоймайды. Өйткені білім адамға тікелей әсер ететін (яғни мәжбүр ететін) сипат емес. Сондай-ақ Аллаһ тағала жаратқандарына Өзіне иман келтіруді және бағынуды бұйырып, оларды имансыздық пен қарсы келуден тойтарды. Міне, бұл – пендеге қалағанын таңдап, қалағанына ұмтылу еркі берілгендігінің дәлелі. Әйтпегенде Аллаһ тағала босқа бұйрық беріп, бекерге тыйым салған болар еді, ал бұлай болуы мүмкін емес. Аллаһ тағала: «Жанмен және оны Толықтағанмен, сөйтіп оған жамандығы мен тақуалығын білдіргенмен ант етемін. Расында оны (яғни жанды) тазартқан сөзсіз құтылады да; оны кірлеткен4 , әлбетте, қор болады»5 , – деп айтқан. 5. Тағдырды сылтау ету Аллаһ тағала біздерге Өзіне сенуді және бағынуды бұйырып, сенбеушілік пен бойсұнбауға тыйым салды. Бұл – бізге жүктелген міндет. Ал біздердің пайдамызға не зиянымызға Оның алдын-ала тағдыр еткендеріне келсек, 1 Яғни Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне иланып, ізгі амал жасағандар Аллаһтың уәде еткен сыйлығын алатынына толық сенсе. 2 «Ләйл» сүресі, 5-6 аяттар. 3 Әл-Бұхари. 4 Яғни өз жанын тазартпаған, оны түрлі күнә істердің тасасында қалдырған адам. 5 «Шәмс» сүресі, 7-10 аяттар.


24 бұлар белгісіз, олар туралы біздер ешнәрсе білмейміз, білуге міндетті де емеспіз. Адасушылар, бойсұнбаушылар және пасық адамдар өздерінің жасаған жиіркенішті іс-әрекеттерін «бұл Аллаһ тағаланың біздерге тағдыр еткені яки алдын-ала жазғаны немесе Оның қалауы себепті болған» деп тағдырды сылтау етуі дұрыс емес. Өйткені Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «(Мұхаммед! Оларға): «Амал қылыңдар. Әлі-ақ істеген амалдарыңды Аллаһ, Оның елшісі және мүміндер көреді» де»1 , – деген. Тағдыр етілген жайт өмірде кездескен соң, тағдырға сілтеме жасауға болады. Өйткені мұсылман адам Аллаһ тағаланың шешіміне толығымен бойсұнуымен жаны жай табады. Сонымен қатар Аллаһ тағаланың тағдыры мұсылман адамға қуанышта да, қиыншылықта да жақсылық әкеледі. 6. Іс-амалдар тек (өлер алдындағы) соңғыларына қарай бағаланады Сәһл ибн Сағд (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, амалдар тек соңғылары (өлер алдындағы) бойынша ғана бағаланады», – деді», – деген2 . Демек, егер біреудің маңдайына өмірінің соңында бойсұну және иман келтіру жазылған болса, онда бұндай адам өмірінің белгілі бір уақытын Аллаһ тағалаға сенбей, бойсұнбай өткізуі мүмкін, бірақ содан кейін, өмірі аяқталудан бұрынырақ Аллаһ тағала оны иман мен бойсұнуға әкеледі де, ол сол қалпында өледі және жаннатқа кіреді. Сол сияқты кімнің маңдайына өмірінің соңында имансыздық пен азғындық жазылған болса, ол адам белгілі уақыт ішінде иман келтіріп, бас июші болса да, кейіннен Аллаһ тағала оны, істеген бұзық істері мен өз ерік-қалауына ұмтылғанына қарай көмексіз қалдырады. Ол пенде күпір сөзін айтып, тозақтықтардың істерін істей бастайды, сосын сол қалпында өледі де тозаққа кіреді. Сондықтан адам өз өмірінің сыртқы жағдайларына қарап алдануына болмайды, өйткені барлық нәрсенің мәні оның қалай аяқталуында. Сол сияқты тек сыртқы жағдайларға қарап үмітті үзуге де болмайды, өйткені тағы да барлық дүниенің мәні оның қалай аяқталуында жатыр. Аллаһ тағаладан шындық пен ақиқат жолында және игілікте нық тұруымызды тілеп, амалдарымыздың қайырлы аяқталуын сұраймыз. 7. Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, адамдардың жүректері Аллаһ тағаланың саусақтарының ішіндегі екі саусағының арасындағы3 , Өзі қалай қаласа, солай жұмсайтын (басқаратын) бір жүрек тәрізді», – деп, кейін Аллаһ тағалаға: «Уа, жүректерді Басқарушы Аллаһ! Жүрегімізді Өзіңнің бағынышыңда ете гөр», – деген сөздермен жалбарынатын4 . 1 «Тәубе» сүресі, 105-аят. 2 Әл-Бұхари. 3 Яғни бүтіндей Оның қалауына байланысты. 4 Муслим.


25 Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.) Раббысына әрдайым: «Ей, жүректерді Басқарушы! Жүрегімді Өз дініңде орнықтыра гөр», – деп дұға жасайтын. 8. Ибн Хажар әл-Һайтами: «Шын мәнінде, жаман нәтижеге адамның басқалар білмейтін қандай да бір жаман қасиеті әкеледі. Осылайша, қандай да бір жасырын игі қасиетке ие адам тозақтықтарға тән амалдарды істеуі мүмкін, ал өмірінің соңында сол игі қасиет басым түседі де, оны міндетті түрде жақсы нәтижеге жеткізеді», – деген. Абдул-Азиз ибн Дауд: «Бірде мен өлім төсегінде жатқан адамның қасында болдым. Оған екі куәлікті айту керектігін сыбырлап айтқанда, ол өзінің екі куәлікке сенбейтінін айтты», – деген. Кейіннен Абдул-Азиз ол адам туралы сұрастырғанда оның маскүнем екенін білген. Абдул-Азиз: «Күнәлардан қорқыңдар, өйткені оны имансыздыққа сол күнәлары жеткізді», – деп айтатын еді. 9. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл хадисі ұрықтың ана құрсағында түрлі даму сатысынан өтетінін ишара еткен. Ал анатомия мен эмбриология ғылымдары осы құбылыстарды өткен ғасырда ғана байқаған. Сондықтан бұл – Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіндегі айқын ғылыми мұғжиза.


26 БЕСІНШІ ХАДИС ҚАЙТАРЫЛҒАН НӘРСЕЛЕР МЕН БИДҒАТТАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ Мүміндердің анасы Умму Абдуллаһ Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім біздің бұл ісімізге1 қатысы болмаған2 жаңалық3 енгізсе, ол қабыл етілмейді4 », – деді», – деген5 . Хадистің маңыздылығы Бұл хадис Исламның ұлы негіздерінің бірі және амалдарды сыртқы жағынан бағалаудың өлшемі. Хадистің мазмұнынан Аллаһ тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) шариғатына сай келмеген әрбір амал қабылданбайтындығы және ол иесіне (істеушісіне) қайтарылатындығы туралы ұғым шығады. Демек, дінімізге біреу Аллаһ және Оның елшісі (с.а.с.) рұқсат етпеген кез келген істі жаңалық етіп енгізсе, мұнысы ешқашан да дін істерінен болып есептелмейді. Ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін): «Бұл хадисті есте ұстау керек және барлық діннен емес деп қайтарылған істердің жалғандығына дәлел ретінде келтіру қажет», – дейді. Ал Ибн Хажар әл-Һайтами: «Ол – Ислам қағидаларының бірі және мәні мен маңыздылығы тұрғысынан қарастырғанда, ең пайдалы қағидалар қатарына жатады. Өйткені ол шариғат үкімдері шығарылатын әрбір дәлелге әмбебап алғышарт болып табылады», – деп айтқан. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Ислам – жаңалықтар ендіру үшін емес, ілесу үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды фанаттардың шектен тыс құлшыныстарынан және жалғаншылардың бұрмалауларынан қысқа да нұсқа, аз сөзбен көп мағына беретін сөздерінің (жауамиъул-кәлим) қатарына жататын осы хадис арқылы сақтады. Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) салған сара жолына ілесу барысында оған қандай да бір артықшылықтар немесе өзгерістер енгізбеу құтылу мен жетістікке жетудің қажетті шарты 1 Яғни дінімізге және біз үшін Аллаһ таңдаған шариғатқа. 2 Басқаша айтқанда, өз ойынан шығарып немесе өз қалауының әсерімен қандай да бір жаңалық енгізсе не ойлап тапса. 3 Яғни дінге, шариғатқа қайшы және сәйкес келмейтін амалдың бәрі немесе шариғат негіздерінде, не жалпы нұсқау-ережелерде мұның пайдасына қандай да бір дәлел жоқ болған амалдар. 4 Мұндай амалдардың жалған екендігіне және есепке алынбайтындығына байланысты бұл іс оны істеген адамға қайтарылады. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


27 екендігін көрсететін Аллаһ тағаланың көптеген аяттарымен мағыналас. Мәселен, Аллаһ тағала: «(Мұхаммед! Оларға): «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер, сонда Аллаһ та сендерді жақсы көреді» де»1 ; «Әлбетте, бұл – Менің тура жолым. Соған ілесіңдер! (Басқа) жолдарға ілеспеңдер. Әйтпесе олар сендерді Оның жолынан айырады»2 , – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) құтпаларында: «Сөздердің ең жақсысы – Аллаһтың Кітабы, жолдардың ең жақсысы – Мұхаммедтің жолы. Ал істердің ең жаманы – жаңадан ойлап табылғандары. Себебі кез келген жаңалық – бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық»3 , – деп жиі айтатын4 . Осы хадистің басқа риуаятында бұл айтылғандарға қосымша: «Әрбір адасушылық тозақта», – делінген5 . 2. Қабыл етілмейтін амалдар Бұл хадисте Аллаһ тағаланың немесе Оның елшісінің (с.а.с.) шариғатына сәйкеспейтін кез келген амалдың қабылданбайтыны анық айтылады. Сондай-ақ барлық амалдардың шариғат үкімдерінің аясында болуы қажеттігіне дәлел болады. Бұл шариғат заңдарын орындауға міндетті адамдардың Аллаһ тағаланың Кітабында не Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетінде келген бұйрық-тыйымдармен белгіленген амалдарына қатысты. Амалдар шариғат заңдарының шеңберінен шығып кетсе және оған қайшы бағытта болса анық адасушылық болып табылады. Мұндай жағдайда әрбір мұсылман оны негізсіз, жалған амал деп танып, теріске шығаруға міндетті. Шариғатта негізі жоқ, жалған іс-амалдар екіге бөлінеді: құлшылықтар және адамдардың өзара қарым-қатынастары. а) Құлшылық-ғибадаттар. Аллаһ тағала мен Пайғамбардың (с.а.с.) үкімдеріне сәйкес келмейтін құлшылықтардың барлығы өз иесіне қайтарылады. Бұл Аллаһ тағаланың мына сөзінің аясына кіреді: «Немесе олар үшін діннен Аллаһ рұқсат етпеген амалдарды шариғат қылып берген ортақтары6 бар ма?»7 Мұндай жалған құлшылықтарға адам баласының Аллаһ тағалаға жақындау барысында жаңадан ойлап шығарған ән тыңдау, билеу немесе бөгде әйелдермен араласып отыру арқылы жасаған амалдары жатады. Мұндай амалдарды жасаушылар мен Аллаһ тағала ақиқат жолына еруден 1 «Әлі Имран» сүресі, 31-аят. 2 «Әнғам» сүресі, 153-аят. 3 Бұл жерде де шариғатта негізі жоқ діни іс-амалдар туралы айтылған. 4 Муслим. 5 Әл-Бәйһақи. 6 Бұл жерде Аллаһ тағалаға серік қосып, Аллаһпен қатар дүние істерін басқару қабілетін адамдарға таңып, оларды құдай санайтындар туралы айтылған. 7 «Шура» сүресі, 21-аят.


28 жанарларын соқыр етіп, шайтанның жолдарына ергендер өздерінің ойдан шығарған пікірлері мен адасушылықтары арқылы Аллаһ тағалаға жақындайтындықтарын алға тартады. Олар бұл жалған іс-амалдарында, құлшылықтарында шариғатта көрсетілмеген жаңа көріністер енгізген араб мүшріктері сияқты. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ бұлар туралы: «Олардың Қағба жанындағы1 намазы ысқыру, қол шапалақтау ғана еді»2 , – деп баяндайды. Олардың кейбіреулері «құлшылық кезінде Аллаһ тағалаға жақындауға мүмкіндік беретін амалдар қандай да бір абсолюттік сипатқа ие» деп ойлайтын еді. Бұған мысал ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында бір адам шыжыған ыстық күннің астында тұрып, не отырмай, не көлеңкеге бармай ораза тұтуға ант еткенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған отыруға және көлеңкеге баруға, сондай-ақ оразасын соңына жеткізуге бұйырғанын келтіруге болады. Фиқһ кітаптарында Исламдағы ғибадат түрлеріне қатысты заңдар мен нұсқаулар толық баяндалады. Сонымен қатар ол еңбектерде Аллаһ тағала заңдастырған ғибадат түрлеріне әлдене қосылған немесе керісінше олардан азайтылған жағдайда ғибадат түрлерінің қайсысы жарамсыз деп табылатыны және теріске шығарылатыны көрсетіледі. ә) Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар. Өзара келісімшарт жасау және ол келісімшартты бұзу туралы т.с.с. Бұл істердің шариғатқа бүтіндей қарсы келетіндері жоққа шығарылып, теріс деп табылады. Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде бір уақиға болған-ды. Бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір адам келіп, зина жасаған адамға берілетін жазаны (хадд) мал-дүние және мүлік арқылы құтылумен алмастыруды ұсынғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның сөздерін бірден теріске шығарып, ұсынысын жарамсыз деп жариялаған. Хадисте: «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: «Менің ұлым пәленшенің үйінде жұмыс істеп жүріп, оның әйелімен зина жасап қойып еді. Мен төлем ретінде жүз қой және бір құл беріп, оның күнәсін жудым», – деп айтады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Ол жүз қой мен құл саған қайтарылады. Ал балаңа жүз дүре соғылады және бір жылға жер аударылады», – дейді», – делінген3 . Сол сияқты шариғат тыйым салған әрбір келісімшарт немесе келісімшарт түзушілер оның негіздерінің не қажетті шарттарының бірін бұзған жағдайда, бұл қабылданбайтын және жалған келісімшарт саналады. Бұл туралы фиқһ кітаптарында кеңінен баяндалады. 1 Бұл жерде құрайыш мүшріктерінің Қағба жанында қалай құлшылық ететіндері жайында айтылған. 2 «Әнфәл» сүресі, 35-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


29 3. Қабылданатын амалдар Шариғат үкімдеріне қайшы келмегені өз алдына, керісінше оның ережелері мен дәлел көздері арқылы мақұлданатын жаңалықтар болады. Мұндай амалдар өз иесіне қайтарылмайды және олар жарамды деп танылып, мақтауға лайықтанады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары мұндай істерді көп істеген және бұлардың пайдалануға рұқсат етілетіндігіне бірауыздан келіскен. Мұның жарқын мысалдарына: Әбу Бәкір Сыддықтың (Аллаһ оған разы болсын) басшылығы кезінде Құранды жинауын, Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) тұсында сол жинақтан Құранның бірнеше көшірмесін жасап, әр кітапты қарилар (хафиздер) арқылы халифаттың негізгі орталықтарына таратқанын келтірудің өзі жеткілікті. Сондай-ақ грамматика, мұрагерлік құқық, арифметика, Құран түсіндірмелері, иснадтарды және хадис мәтіндерін зерттеу және де басқа шариғат заңдарының негіздерін дайындауға жәрдемдесетін түрлі теориялық ғылымдар саласында немесе адамдардың өмірін жеңілдететін, оларды қуаттандырып, жер бетін гүлдендіруге мүмкіндік беретін, Аллаһ тағаланың шариғатын нығайтып, Ол түсіргеннің негізінде шешім шығаруға қызмет ететін пайдалы тәжірибелік ғылымдар саласында еңбектер жазылғанын да айтуға болады. 4. Айыпталатын және мақталатын бидғаттар Біз қайтарылатын және қабылданатын амалдарды сараптағаннан кейін нақты бір тұжырымға қол жеткіздік. Ол тұжырымда Аллаһ тағаланың шариғатына қарсы келетін кейбір жаңа амалдар «адастырушы, жаман амалдар», ал шариғатқа қайшы келмейтін, оған сәйкес келетін жаңа амалдар «қабыл болатын, жақсы, мадақталатын жаңа амалдар» деп аталады. Бұлардың кейбіреуі мустахаб, кейбіреуі парыз кифая саналады. Сондықтан имам Шафиғи (Аллаһ оған рақым етсін): «Құранға, сүннетке, ижмағқа немесе сахабаның сөзіне қарсы келетін жаңа амал – «адастырушы жаңа амал», ал олардың ешқайсысына қайшы келмейтін жаңа амал – «мақталатын жаңа амал», – деген. Жаман жаңалықтар зиян-зарарына, Исламның мақсаты мен заңдылықтарына қайшы келуіне қарай кейде мәкруһ, кейде харам болады. Мәселен, кейде уахиді мойындамай, Аллаһ тағаланың шариғатын теріске шығаратын, қолдан жасалған заңдарға ілесуге шақырып, Аллаһ тағаланың заңдарына ілесуді артта қалушылық пен әлсіздік деп есептейтін ұйымдар мен топтарға кіру. Өздерін сопымыз деп атап, шариғат жүктеген міндеттерге жеңіл қарайтын, Аллаһ тағала халал-харам еткен іс-әрекеттердің шекарасын сақтамайтын және де басқа адастырушы, күпірлік амалдар істеп, сондай сөздер айтатын жамағатқа қосылу. Мұндай бидғаттар сөзсіз адамды имансыздық, азғыру мен адасуға апарады. Сондай-ақ жалпы халық арасында тараған жоғарыдағыдай жаман бидғаттардың қатарына қандай да бір


30 заттарды құрмет тұту, олардан береке тілеу және олар қандай да бір пайда келтіре алады деп сену жатады. Мысалы, түрлі бұлақтар мен ағаштарға немесе зираттарға сыйыну. Сахих хабарлардың бірінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) «Хунайн» шайқасы қарсаңында лотос ағашының қасынан өтеді. Ол ағашқа мүшріктер сыйынып, оған өз қаруларын ілетін1 . Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге де осындай ағаш жасап бер», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға: «Аллаһу акбар (Аллаһ Ұлы)! Бұл сөздерің Мұсаның қауымы оған: «Бізге олардың құдайларына ұқсас құдай жасап бер!» – дегенін (еске салады, содан соң) «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етемін, сендер надандық танытып тұрған қауымсыңдар. Өздеріңе дейін өмір сүргендердің әдет-ғұрпын ұстанып тұрсыңдар», – деді2 . 5. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Егер кімде-кім біздің ісімізге қатысы болмаған бір (жаңалық) амал істесе, ол қабыл етілмейді» деген сөзі келтірілген Муслим риуаят еткен хадистің пайдасы аса зор. Бұрыннан кең етек алып, ел ішіне тарап кеткен бидғаттарды берік ұстанып жүрген адамдар: «Біз дінге ешқандай жаңалық енгізген жоқпыз», – деп, бұл хадистің бірінші риуаятына сылтау айтса, оларды дұрыс түсінікке апаратын Муслимнің осы риуаятын келтіру керек. Өйткені мұнда «кімдекім...(жаңалық) амал істесе...» деп анық айтылған. 6. Бұл хадисте егер біреу дінге, шариғатқа қайшы жаңалық енгізсе, бұл бидғаттың күнәсі оған артылады және оның амалы өзіне қайтарылады, сондай-ақ ол мұндай істерге барғаны үшін Аллаһ тағаланың жазасына (тозаққа) лайық болатыны көрсетілген. 7. Бұл хадисте кез келген тыйым салынған іс-амалдың іріткі салатын әсері болатыны айтылады. 8. Ислам діні – кемел дін және онда ешқандай кемшілік жоқ. 1 Бұлар оны айрықша күш береді деп есептейтін. 2 Ахмад, әт-Тирмизи.


31 АЛТЫНШЫ ХАДИС ХАЛАЛ МЕН ХАРАМ Әбу Абдуллаһ Нуғман ибн Башир (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ақиқатында, халал белгілі және харам белгілі1 , ал олардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін2 шүбәлі3 нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады, ал шүбәмен айналысушы харамға да баратын болады. Өйткені ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар, ал Аллаһ тағаланың қорығы – (адамдарға) тыйым салғандары. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде ол – жүрек», – дегенін естідім», – деген4 . Хадистің маңыздылығы Аталмыш хадистің маңызы аса зор және өте пайдалы. Бұл – Ислам негіздеріне жататын хадистердің бірі. Көптеген ғұламалар мұны Исламның үштен бірін, ал Әбу Дауд төрттен бірін құрайды деген. Алайда хадистің мәнін түсінген адам оның Исламды түгел қамтитынын байқайды. Өйткені ол халал, харам және шүбәнің мән-мағынасын, жүректі тәртіпке келтіретіннің не екенін түгел қамтыған. Халал мен харамды, шүбәлі дүниелерді айыру үшін шариғат заңдарын, оның негіздері мен тармақтарын білу қажеттілігі туады. Ендеше, бұл жүрегі таза пендені дінге тереңдей үңілуге шақырады, ынталандырады, кейде мәжбүрлейді. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Халал анық, харам анық, ал ол екеуінің арасында шүбәлі істер, амалдар бар. Ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін): «Демек, барлық іс-амалдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа халал екендігі бүкпесіз анық іс-амалдар кіреді. Бұған мысал ретінде нан жеу, сөз сөйлеу, жүру, т.б. сол сияқты іс-әрекеттерді 1 Бұл жерде бір заттың халал немесе харам екендігі туралы Аллаһ тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) нұсқаулары айтылған немесе бұл туралы ғұламалардың ортақ пікірі (ижмағ) белгілі болған. 2 Нұсқаулардың қарама-қайшылықты болуы себепті ол туралы қандай қорытынды жасалуы керек екендігін адамдар білмейді, соның нәтижесінде бұлар кейде халал, кейде харам болып есептеледі. 3 Халал яки харам екендігі анық болмаған. 4 Әл-Бұхари, Муслим.


32 келтіруге болады. Екінші топқа харам екендігі анық іс-амалдар кіреді, мәселен, арақ ішу, зинақорлық, т.с.с. Ал шүбәлі істер дегеніміз – халал немесе харам екендігі белгісіз істер. Сондықтан да адамдардың көпшілігі оларды айырмайды. Ал ғұламалар мұндай іс-әрекеттің үкімін Құран аяттары немесе Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистері не қияс (салыстыру) арқылы біледі. Егер халал мен харам арасында бір іс кездесіп, ол туралы Құран мен сүннетте нақты нұсқау берілмесе және бұл мәселе туралы ғұламалардың бірауызды пікірі қалыптаспаған болса, онда мужтаһид1 өздігінше шешім іздейді және шариғаттың ұқсас үкімдерін негіз етіп алып, оның халал не харам екендігі туралы қорытынды жасайды», – деген. Шүбәлі дүние мен істерден бас тарту – тақуалықтың белгісі. Мәселен, дүние-байлығының табыс көзі күмән келтіретін немесе өсімқорлыққа қатысы бар адамдармен іскерлік байланыс жасамау, сондай-ақ харам делінбеген, бірақ одан аулағырақ жүру тиімді болатын істерден алыс болу. Шүбәлілерге қатысы жоқ (мәселен, үлкен қалада тұратын әйелдердің біреу-міреуі туысым болып қалуы мүмкін деп ойлап, үйленуден бас тартуы немесе шөлдегі суды нәжіс түскен болуы мүмкін деп ойлап, ішуден бас тарту секілді) амалдар тақуалықтың белгісіне жатпайды, бұл шайтанның азғыруының нәтижесі болып табылады. 2. Шүбәлі заттар мен амалдардың түрлері Ибн Мунзир шүбәлі заттар мен амалдарды үшке бөледі: а) Харам екені адамға әу бастан белгілі болған, бірақ оның халал не харам екендігі туралы ойларға беріліп, ақырында күмән тудыра бастайтын заттар мен істер. Мұндай істерді анық көз жеткізгеннен кейін ғана істеуге болады. Мәселен, біреуін пұтқа табынушы (немесе мұсылман емес адам) сойған, алайда қайсысы екені анық емес екі қойдың етін жеуге болатыны немесе болмайтыны туралы күдік. ә) Керісінше халал заттың және істің тыйым салынғандығына қатысты қандай да бір күмән пайда болуы. Мысалы, талақ етілгені күмәнды әйел немесе анық дәрет алғаннан кейін, ешқандай белгісі болмаса да былғану болды ма деген күдік. б) Халалдығы да, харамдығы да бірдей шүбә келтіретін заттар мен істер. Ең жақсысы – олардан аулақ болу. Хадисте жерде жатқан құрмаға байланысты Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, сондай болады, мен үйге келгенімде төсегімнің үстінде жатқан құрманы көремін және (алдымен) оны жемек болып көтеріп алып, бірақ садақадан ба деп күмәнданамын да, одан бас тартамын», – деген2 . 1 «Мужтаһид» – дін саласындағы білім дәрежесі Құран және сүннет негізінде діни және құқықтық мәселелер туралы өз бетінше ізденіп, өздігінше пікір айту үшін «ижтиһадпен» айналысуға білімі жеткілікті ғұлама адам. 2 Әл-Бұхари, Муслим.


33 3. Шүбәліден бас тартудың қажеттілігі туралы біздің алдымызда өткен шыншыл тақуалардың айтқандары Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын): «Тақуалықтың ең кемелдігі – пенденің Аллаһ тағаладан қорқып (мөлшері жағынан) тозаңнан да (үлкен емес) заттан сақтануы және де харам болуы мүмкін деп халал (деп есептелетіндердің) кейбіреуінен бас тартуы және бұлай ету оны харамнан сақтайды»; Хасан әл-Басри: «Тақуалар өздерінің тақуалығын харамнан сақтанып, халалдың көпшілігінен бас тартуын тоқтатпайынша жоғалтпайды»; Суфиян әс-Сәури: «Ақиқатында, оларды тақуалар (муттақун) деп атай бастады, өйткені олар (әдетте адамдар) сақтанбайтын нәрселерден сақтанатын еді»; Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Шын мәнінде, мен өзімді бұзып өте алмайтын халал нәрседен болған тосқауылмен харамнан бөліп қоюды қалар едім»; Суфиян ибн Уйайна: «Пенде өзін халалдан болған тосқауылмен харамнан бөліп қоймайынша және күнә істерден, сондай-ақ күнә істерге ұқсайтындардан бас тартпайынша иманның ақиқатын ұғына алмайды», – деген. Бір күні Әбу Бәкірдің (Аллаһ оған разы болсын) бір шүбәлі асты1 білместен жеп қойып, сұрап білген соң аузына қол салып, құсып тастағаны белгілі. Аллаһ Өз елшісінің (с.а.с.) сахабаларына (Аллаһ оларға разы болсын) және оларға адал жүрекпен ілескен бізден бұрын өткен шыншыл да әділ тақуаларымызға мейірім-шапағат етсін, өйткені олар өздерінің діні үшін шүбәлі заттар мен істерден құтылуға барынша әрекет жасаған және олардан барынша алыс болған. 4. Әрбір патшаның өз қорығы бар Араб патшалары әдетте өздерінің малына арналған жайылымдарын оған жақындаған адамдардан әр алуан жазалау түрлерімен қорқыту арқылы қорғағаны белгілі. Патшаның жазалауынан қорыққан адам өз малдарының оның қорығына барып қалу қаупінен сақтанып аулаққа әкететін, ал патшадан қорықпағандар малдарын қорықтың маңында жаятын да нәтижесінде өздері қаламаса да патшаның белгілеген межесін бұзып қойып, жазаға ұшырап отырған. Дәл сондай Аллаһ тағаланың да Өз қорығы бар. Аллаһтың қорығы – Оның пендесіне салған тыйымдары, күнәлар мен барлық тыйым салынған харам заттар мен істер. Аллаһ тағаланың адам баласына сілтеген тыйымдарын араб патшаларының қорығына теңестірудегі мақсат анық істер 1 Яғни қайдан алынғанын білмеген.


34 мен жасырын істердің, сезіммен қабылданатын істер мен дерексіз істердің халал не харамдығына сәйкес іс жасауға бағыттау. Харамның қандай да бірін жасаған адам Аллаһ тағаланың дүние-ақыреттегі жазасына лайықты болады. Кімде-кім шүбәліден тартынбай, қорықпастан жақын барса, ол харам істі жасауға да дайын тұрады. 5. Жүректің дұрыстығы Тәннің дұрыстығы жүректің дұрыстығына байланысты, өйткені адам денесіндегі ең маңызды ағза жүрек екені даусыз, бұған анатомия және медицина ғылымдары тұрғысынан қарағанда да қайшылық жоқ. Адам өмірінің сыртқы көрінісінің бастау көзі – жүректің саулығы, өйткені сау жүрек адам денесінің барлық мүшелерін қанмен қамтамасыз етеді, нәтижесінде адамның денсаулығы ойдағыдай болады. Бұл хадистегі жүректің дұрыс болуы туралы әңгіменің мақсаты – жүректің рухани саулығы. Рухани саулық – жанның іштей дұрыс болуы, ол тек Аллаһ тағалаға ғана аян, бұл жан-дүние деп аталады. Өзінің «әл-Муъин ъала тафаһһум әл-арбаъин» (Қырық хадисті түсінуге көмекші құрал) атты кітабында шафиғилік Ибн әл-Мулаққин: «Анығында, жүректің дұрыстығы бес жағдайда: ойланып Құран оқығанда, аш қарында, түнгі (таһажжуд) намазын оқығанда, таң алдында Аллаһ тағалаға жалбарынғанда және шыншылдармен мәжіліс құрғанда көрінеді. Мен: «Халалдан жеу – осы айтылғандардың бәрінің басы» дер едім. Мына сөзді айтқан адамның сөздері қандай тамаша: «Тағам – іс-әрекеттердің ұрығы: егер ол халал болып келсе, халал болып шығады, егер ол харам болып кірсе, харам болып шығады, ал егер шүбәлі болып кірсе, онда шүбәлі болып шығады», – деп жазған. Сау жүрек адамның Аллаһ тағаланың алдында жетістікке жетуінің белгісі болады, өйткені аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ: «Ол күні, мал да, балалар да пайда бермейді. Бірақ кім Аллаһқа сау жүрекпен келсе ғана (пайда береді)» 1 , – деген. Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағалаға жалбарынып: «Уа, Аллаһ, шын мәнінде Сенен жүрегімді сау-саламат бойсұнушы (етуіңді) сұраймын», – деп жиі дұға ететін. Ән-Нәуәуи: «Жүректің сау-саламаттығы мен дұрыстығына ашу-ыза, өшпенділік, күншілдік, сараңдық, ашкөздік, менмендік, басқаларды мысқылдауға бейімділік, боямаға (сырт көз үшін) ұмтылушылық, атаққұмарлық, қулық-сұмдық, дүниеқоңыздық және тағдырдың жазуына разы болмау секілді ішкі мерездерден құтылу арқылы жетуге болады…», – деген. Ибн Ражаб: «Сау жүрек – барлық дерт-мерездерден және тыйым салынған теріс амалдардан құтылған жүрек. Мұндай жүректе Аллаһ 1 «Шұғара» сүресі, 88-89 аяттар.


35 тағалаға деген махаббат пен Одан қорқу, сондай-ақ Одан алыстататын істерден қорқудан басқа ешнәрсе болмайды»; «Жүрек істерінің дұрыстығы адам ағзалары істерінің де дұрыстығына апарады. Егер жүрек дұрыс болса және онда Аллаһ тағаланың қалауынан басқа ешнәрсе болмаса, дене бөліктері Аллаһ қалаған істерге ұмтылып, Оның разылығын табатын істерге асығады және ол анық көзі жетпесе де, Аллаһ тағалаға ұнамауы мүмкін дегендей қауіп тудыратын амалдарды істеуден тыйылып, Аллаһ тағалаға ұнамды амалдармен ғана шұғылданады», – дейді. Хасан әл-Басри бір адамға: «Жүрегіңді емдеумен айналыс, өйткені Аллаһ тағалаға құлдарынан олардың жүректерінің сау-саламат болғаны ғана керек», – депті. 6. Бұл хадис халалға шақырудың, харамнан аулақ болудың, шүбәлі дүниелер мен әрекеттерден бас тартып, дін мен абыройды сақтаудың, сондай-ақ адамдарда жаман пікірлер тудыратын және сақтануды керек ететін істерге ұстамдылық жасаудың қажеттігін көрсетеді. 7. Ақыл-парасат, сананы және жанның ішкі дүниесін дұрыстауға, бір сөзбен айтқанда, жүректі дұрыстауға шақыру. 8. Харамға апаратын жолдарды бекіту және харамды іске асыратын әрекеттерге тыйым салу.


36 ЖЕТІНШІ ХАДИС ДІН – НАСИХАТ Әбу Руқайя Тәмим ибн Аус әд-Дари (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Пайғамбар (с.а.с.): «Дін – насихат (адалдық)», – деді. Біз: «Кімге қатысты?» – деп (сұрадық). Ол (с.а.с.): «Аллаһқа, Оның кітабына, Оның елшісіне және мұсылмандардың басшыларына, сондай-ақ түгелдей барлық (мұсылмандарға) қатысты», – деді», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Бұл хадис Пайғамбарымызға (с.а.с.) нәсіп болған, «жауамиъул-кәлим» деп аталатын, аз сөзбен көп мағынаны түсіндірген, үлкен пайда көздерін қамтитын хадистерге жатады. Тіпті, біз одан бүтіндей шариғат заңдары мен үкімдерін, олардың барлық негіздері мен тармақтарын табамыз. Бәлкім жоғарыдағылардың барлығын «Оның Кітабына» деген сөзден табуға болады. Өйткені Аллаһ тағаланың Кітабы дін істерінің барша негіздері мен тармақтарын, амалдары мен ақида мәселелерін қамтиды. Сондықтан кімдекім Аллаһ тағаланың Кітабына сенсе және ондағы айтылғандарға тиісінше адалдықпен амал етсе, бүкіл шариғат үкімдерін орындаған болады. Аллаһ тағала: «Кітапта ешнәрсені қалдырып кетпедік»2 , – деген. Сондықтан ғұламалар: «Бұл хадис – Исламның негізі», – деп айтқан. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Аллаһ тағалаға адалдықтың көрінісі Мұндай адалдық аса Жоғары Мәртебелі Аллаһқа иман келтіруде, Оның серігі болуы мүмкіндігін теріске шығаруда, Оның сипаттарына сенімсіздік білдіруден бас тартуда, Оны барлық ұлылық пен кемелдік сипаттарымен бейнелеуде, Аллаһ тағаланың барлық кемшілік атаулыдан пәк екенін растауда, Оған шын ықыласпен құлшылық қылуда, Аллаһ тағалаға бойсұнуда, Оған бас имеуден аулақ болуда, Аллаһ тағала үшін ұнатып, Ол үшін жек көруде, сондай-ақ Аллаһ тағалаға бойсұнушы адамдарға достық пейіл танытуда және Оған бағынбаушыларға қарсылық білдіруде көрініс табады. Егер мұсылман осы айтылғандарды өз сөздері мен істерінде берік ұстанатын болса, онда бұл оған осы өмірде және ертеңгі мәңгілік өмірде пайда береді, өйткені Аллаһ тағала ешкімнің насихатына мұқтаж емес. 1 Муслим, Әбу Дауд, ән-Нәсәи. 2 «Әнғам» сүресі, 38-аят.


37 2. Аллаһ тағаланың Кітабына деген адалдықтың көрінісі Мұндай адалдық Аллаһ тағаладан түсірілген барлық кітаптарға, ал Құран сол кітаптардың соңғысы және оларға куәлік етуші екеніне, сондай-ақ Құран Аллаһ тағаланың жүректерде және жазбаша түрде сақтаған теңдесі жоқ сөздері екеніне иман келтіруде көрініс табады. Бұл туралы аса Жоғары Мәртебелінің Өзі: «Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі, шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз»1 , – деп уәде берген. Аллаһ тағаланың Кітабына қатысты мұсылмандардың адалдығы мына мәселелерде көрініс табады: а) Оны оқу мен жаттап алуда. Өйткені Құран оқу білімнің көбеюіне, танымға ие болуға септігін тигізеді, жанды тазалауға мүмкіндік туғызады, рухани пәктікке жеткізеді және тақуалықты арттырады. Құран оқығаны үшін адам өте үлкен сауап алады және Қиямет күні оған шапағат жасалу құқығына ие болады. Пайғамбар (с.а.с.): «Құран оқыңдар, ол Қиямет күні өзін оқыған адамға шапағатшы болып келеді», – деген2 . Егер Аллаһ тағаланың Кітабын жаттап алу туралы айтсақ, оның нұрымен жүрек сәулеленеді, оны жаттап алған мұсылман бұл дүниеде ерекшеленіп, үлкен құрмет пен сыйға ие болады, ал Ақыретте қанша сүрені жатқа білгеніне қарай оның дәрежесі де жоғарылай береді. Пайғамбар (с.а.с.): «Құранды жатқа білген кісіге: «Оқы және жоғарылай бер, жердегі өмірде барлық ережесіне сай қалай оқыған болсаң, солай оқып бара бер, соңғы аятты оқыған жер сенің (жаннаттағы) орның болады» делінеді», – деген3 . ә) Әсем дауыспен оқылған Құранды жүрек жақсы тыңдайды, ал оқылған аяттар жанымызға терең әсер қалдырады. Пайғамбар (с.а.с.): «Құранды қирағатпен дауыстап оқымағандар бізден емес», – деген4 . б) Құранды оқығанда оның мағынасы туралы ойланып, аяттарын түсінуге әрекет жасау. Аллаһ тағала: «Олар Құран туралы ойланбайды ма?! Әлде жүректерінде құлыптары бар ма?!»5 – дейді. в) Аллаһ тағаланың Кітабын сақтап қалу жауапкершілігін мұсылмандардың келер ұрпағы өздеріне алу үшін оларға Құранды үйрету. Құранды оқып-үйрену және оны басқаларға үйрету біздерді даңқ пен бақытқа жеткізетін жол болып табылады. Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», – деген1 . 1 «Хижр» сүресі, 9-аят. 2 Муслим. 3 Әбу Дауд, әт-Тирмизи. 4 Әл-Бұхари. 5 «Мұхаммед» сүресі, 24-аят.


38 г) Құранды түсінуге және оны іс жүзінде қолдануға ұмтылу. Өйткені тиісінше амалға аспаған түсінуден пайда жоқ. Тек қана үйрену, түсіну және амалға асыру арқылы ғана Құранның бізге берерінің ең маңыздысын ала аламыз. Егер де біліміміз бола тұра ешнәрсе істемейтін болсақ, бұл қырсыздық әрі жиренішті болар еді. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді айтуларың Аллаһтың алдында зор ашуға себеп болады»2 , – деген. 3. Аллаһтың елшісіне қатысты адалдықтың көрінісі Аллаһтың елшісіне адалдық дегеніміз – оның пайғамбар екендігіне, Құранға және оның сүннетіне күмәнсіз сену. Мұндай адалдыққа оған деген махаббат пен бойсұну айғақ болады, өйткені оны сүю Аллаһ тағаланы сүю болып табылады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед! Оларға): «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер – сонда Аллаһ та сендерді жақсы көреді» де»3 , – деген. Дәл сондай, Аллаһ елшісіне бойсұну аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа бойсұну болып саналады. Аллаһ тағала: «Кім елшіге бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады»4 , – деп айтқан. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген адалдық мұсылмандардан оның өмір жолын үйлерінде оқып-үйренуді, адамгершілік қасиеттерінен үлгі алуға ұмтылуды, ол мақұлдаған мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін ұстануды, оның сүннетіне сөзбен де, іспен де ілесуді, өмірінен пайдалы сабақ алуды, сүннетін таратуды және оны дұшпандар мен адасушылардың орынсыз жалаларынан, сондай-ақ өтірікшілердің пікір-пайымдауларынан және асыра сілтеушілердің жаңалықтарынан қорғауды талап етеді. 4. Мұсылман басшыларына деген адалдық Мұсылмандардың басшылары дегеніміз – әкімдер немесе олардың өкілдері не ғұламалар мен дұрыс жол сілтеушілер. Ислам елдерінде мұсылмандардың әкімдері, оларға бағыну уәжіп болуы үшін, мұсылмандардан болу керек. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бойсұныңдар және елшілерге бойсұныңдар әрі өздеріңнен болған билік иелеріне (бойсұныңдар)» 5 , – деп айтқан. Біздің адалдығымыз жалпы билік иелері болғандарды жақсы көруде емес, олардың шыншылдығына, тура жолмен жүруіне және әділдіктеріне қатысты көрініс табуы керек. Олардың халыққа істеген пайдалы ісін сүюіміз қажет. 1 Әл-Бұхари. 2 «Саф» сүресі, 2-3 аяттар. 3 «Әлі Имран» сүресі, 31-аят. 4 «Ниса» сүресі, 80-аят. 5 «Ниса» сүресі, 59-аят.


39 Мәселен, олардың әділ басшылықтары нәтижесінде айналасына адамдарды топтастыруын айтуға болады. Егер халық бытыраңқылыққа ұшырап, адамдар билеушілердің рақымсыз, қатал және сауатсыз басқаруы нәтижесінде қырыла бастаса, біз оларды барынша жек көруге міндеттіміз. Біздің билеушілерге деген адалдығымыз оларға ақиқат жолында жәрдем беру, ақиқат жолында оларға бағыну және ізгі ниетпен, ақылдылықпен және сыпайы мінезбен оларға шындықтан ауытқымаулары туралы ескерту арқылы көрініс табады. Өйткені өз билеушісіне насихат айтпаған және залымға залымсың демеген халықта игілік болмайды. Сондай-ақ өз халқын қорлаған, шыншыл кеңесшілерді сөйлетпейтін, шындық сөздерінен теріс айналмақ түгілі, мұндай сөздерді біреулердің айтуын да қаламайтын билеушіде де игілік болмайды. Ал халық өз әміршілеріне насихат айтпайтын отарлы малға ұқсағанда және билеуші дұрыс ақыл-кеңесті қабылдамайтын мейірімсіз жендетке айналғанда, бұл жағдай төмендікке, қайыршылыққа, жеңілістер мен қорлыққа апарады. Бұл адамдар Исламнан аулақтап, оның қағидалары мен ой-пікірлерін сөз жүзінде де, іс жүзінде де барынша бұрмалаған кездерде орын алады. Ал ғұламалар мен дұрыс жол сілтеушілерге Аллаһ тағаланың Кітабы мен Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетіне қатысты өздерінің адалдығын көрсетуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ал бұл жауапкершілік адастырушы сезімдерді Құран және сүннетпен қайтаруды, Құран мен сүннеттің адамдардың қалауына бүтіндей қайшы келетін дәлелдерін түсіндіріп беруді талап етеді. Кез келген мәселелерде қателескен ғұламалардың пікірлерін теріске шығарып, түрлі жинақтардағы хадистердің қайсысы сахих (дұрыс), қайсысы әлсіз (дағиф) екенін ашып, көрсетіп беруі қажет. Ол үшін бұл хадистерді теріске шығару немесе дұрыс деп табу ғылымына (әл-жарх уәттаъдилге)1 және хадистердің кемшіліктерін анықтайтын белгілі ережелер жәрдеміне сүйенген абзал. Қоғамдағы жағдайды жақсартуға ұмтылушы адамдар мен ғұламаларға жүктелетін жауапкершілік: билеушілерге дұрыс ақыл-кеңес беру және оларды билік жүргізгенде Аллаһ тағаланың Кітабы мен Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетін басшылыққа алуға шақыру. Егер олар бұл жауапкершілікте қандай бір кемшілік жіберсе, сондай-ақ өздерін билеуші топқа ақиқатты ашық айтатын, нағыз мужаһидке2 сай ұстай алмаса, онда Аллаһ тағала оларды осы мәселеде жауапқа тартады. Пайғамбар (с.а.с.): «Жиһадтың ең жақсысы – әділетсіз патшаның алдында ақиқат сөзін айту», – деген3 . 1 Хадисті жеткізушілердің қайсысы сенуге лайық, қайсысы сенуге лайық еместігін анықтау мақсатымен олар туралы барлық мәліметтерді тексеретін хадис ілімінің үлкен саласы. 2 Мужаһид – қасиетті соғысқа қатысушы. 3 Ахмад.


40 Егер пенделер өздерінің жалған мақтауларымен адасушы билеушінің адамдарға одан әрі қысым көрсетуіне жәрдемдесетін болса, Аллаһ тағала оларды міндетті түрде сұраққа алады. Өйткені олар өз еріктерімен мұндай билеушілердің даңқын асыратын қолшоқпарына айналады. Шындығында білімді билеушіге жәрдем көрсету бір басқа да, билеуші топтың құйыршығына айналу мүлдем басқа. Біздің ғұламаларға деген адалдығымыз оларға жүктелген жауапкершілік туралы ескертуде, олар адамдардың өздеріне деген сенімін жоғалтқанша олардың сөздеріне сенуде және ондай адамдарды қорлау мен сынапмінеулерден бас тартуда көрініс табады. Бұлай етпеген жағдайда ғұламалар беделден айрылып, түрлі айыптаулардың нысанасына айналады. 5. Жалпы мұсылмандарға адал болу Мұсылмандарға қатысты адалдық дүниеде және Ақыретте олардың мүддесіне тура келетін жолды көрсету болып табылады. Өкінішке орай, қазіргі күнде мұсылмандар бір-біріне, әсіресе Ақыретке қатысты адал ақылкеңес беруді ескермейді, бар ықыластары осы өмірге және оның сәнзейнеттеріне ауған. Мұсылмандарға деген адалдық сөзден ғана емес, істен де көрінуі керек. Ислам қоғамында мұндай адалдық насихат айыптарды жабу, кемшіліктердің алдын алу, барлық зияндылардан қорғап, тиімділерді пайдалану, шариғат мақұлдағанды бұйыру және шариғат теріске шығарғандардан қайтару, қарттарға құрмет көрсету, жастарға мейірімділік білдіру, өтірік пен күншілдіктен бас тарту құралына айналады. Тіпті мұндай насихат адамның әлеуметтік жағдайына немесе мал-мүлкі мен байлығына зиян келтірсе де оны тоқтатпау керек. 6. Адалдықтың ең ұлысы Мұсылмандар арасындағы насихаттың ең бір маңыздысы – өз жұмысына байланысты бір адам ақыл-кеңес сұрағанда әрбір мұсылманның ол адамға жақсы, қайырлы кеңес беруі. Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден біреулерің өз бауырынан ақыл-кеңес сұраса, ол оған ақыл-кеңес берсін», – деген1 . Мұсылман бауырына адал болудың дәлелі – ол адам қасында болмаған кезде де оған адал болуы, оны қорғап, қорғаштауы. Өйткені сырттай адалдық көрсету, ол шынайы адалдықтың көрінісі болып табылады. Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылмандардың бір-біріндегі ақысы – қасында болмаған кезде (бір-біріне) адал болуы», – деп айтқан2 . 1 Ахмад. 2 Ахмад.


41 7. Ғұламалардың адалдық туралы баға жетпес пікірлері Хасан әл-Басри: «Шын мәнінде, сен бауырыңды ол орындай алмайтын іске шақырмағаныңша оған дұрыс насихат айтқан болмайсың», – деген. Сондай-ақ Хасан әл-Басри Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір сахабасының: «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, шын мәнінде, пенделер арасында Аллаһқа ең сүйкімдісі – Аллаһқа пенделерді жақсы көрсетуге ұмтылатындар және Аллаһтың құлдарына Аллаһты жақсы көрсететіндер, сондай-ақ жер бетінде (адамдарға) адалдық көрсететіндер», – деп айтқанын келтірген. Әбу Бәкір әл-Музани: «Әбу Бәкірді (Аллаһ оған разы болсын) Мұхаммедтің сахабаларынан артық еткен оның оразасы мен намазы емес, оны басқалардан артық еткен – оның жүрегіндегі нәрсе. Ал оның жүрегінде аса Жоғары Мәртебелі Ұлы Аллаһқа деген сүйіспеншілік және Оның жаратқандарына деген адалдық бар еді», – деген. Фудайл ибн Ғиад: «Біздіңше көп намаз оқып, көп ораза тұтқан кісі шындыққа жеткен болып есептелмейді. Жаны жомарт, адал да таза жүректі, адамдарға адал болғандар ақиқатқа жеткен болады», – деп айтқан. 8. Насихат айту әдептері Исламдағы насихат әдептерінің бірі – әрбір мұсылманның бауырына адал болуы және оған оңашада насихат айтуы. Өйткені Аллаһ тағала мұсылман бауырының айыбын бетіне баспаған адамның күнәларын дүниеде де, Ақыретте де жасырады. Ғұламалардың бірі: «Кім өз бауырына оңаша насихат айтса, адалдық деген осы, ал кім басқа адамдардың алдында айтса, оны балағаттаған болады», – деген. Фудайл ибн Ғиад: «Мұсылман кісі бауырының айыбын жасырып, дұрыс ақыл-кеңес береді, ал пасық болса, айыптарын әшкерелеп, масқаралайды», – деген. 9. Хадистің пайдасы Ибн Баттал айтқандай, бұл хадистің мынадай пайдалары бар: – «Насихат – дін және Ислам, ал дін іс пен сөзде көрініс табады»; – «Насихат айту – парыз кифая1 , орындаған сауап алады, ал басқалардың мойнынан түседі»; – «Насихат айтушы өз мүмкіндігін ескеруі керек. Егер ол насихаты қабылданып, іске асырылатынына көзі жетсе және өзіне жамандық 1 Қауымның бір адамы орындаса жеткілікті болатын, ал ешкім орындамаса, бәрі күнәлі болатын міндеттер.


42 келмейтін болса, ұлағат айтады. Егер өзіне жәбір көрсетілуі мүмкін екендігінен қорықса, одан әрі өз қалауы бойынша шешім жасауға ерікті».


43 СЕГІЗІНШІ ХАДИС ЖЕҢІЛІН АЛЫП, АУЫРЫН ТАСТАУ (Мойынсұну және шектен тыс бірбеткейліктен қайту мұратқа жеткізеді) Әбу Һурайра Абдур-Рахман ибн Сахр (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Мен тыйым салғандардан аулақ болыңдар, ал мен бұйырғандардан шамаларың жеткенін1 орындаңдар, өйткені шын мәнінде сендерге дейінгілерді көп сұрақтар беру2 мен пайғамбарларымен сөз таластыруы3 опат қылды4 », – дегенін естідім», – деген5 . Хадистің маңыздылығы Ғұламалар айтқандай, бұл хадис маңыздылығы мен өте пайдалылығы себепті жаттап алып үйренуге тұрарлықтай дәрежеге ие. Муслимнің «Сахихына» жазған ән-Нәуәуидің түсіндірмесінде: «Бұл хадис – Исламның өте маңызды негіздерінің бірі, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аса үлкен мағынаға ие қысқа да нұсқа сөздеріне жатады. Ол өте көп шариғат үкімдерін қамтыған», – деп пікір білдірген. Ал Ибн Хажар әл-Һайтами «Қырық хадиске» түсіндірмесінде: «Бұл – Ислам тіректері мен дініміздің негіздеріне қатысты ұлы хадис, сондықтан мұны есте ұстап, (өз дәрежесінде) көңіл бөлу керек», – деген. Бұл хадиске басқа да барлық түсінік берушілер осыған ұқсас ойлар айтқан. Хадистің маңыздылығы – оның әр үкімі не бұйрық немесе қайтару болып келген Аллаһ тағаланың шариғатына адамдарды бұлжытпай ілесуге бағыттайтынында және Аллаһ тағаланың Кітабындағы үкімдер мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетінде жан-жақты түсіндірілген амаләрекеттерді іске асыруда артық-кем кетпестен дәл орындау қажеттігін ескертуінде. Төменде жасалатын талдау бұл хадистің маңыздылығын анық ашып көрсетеді, оның мән-мағынасы мен мақсатын айқындайды, сондай-ақ оған осындай жоғары баға берген сүннет білгірлері сөздерінің растығын айғақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) не себепті бұлай деп айтқан? 1 Яғни айрықша қиналмай орындайтын нәрселерді. 2 Білу аса қажет емес жайттар туралы көптеген сұрақтар беру мақсат тұтылған. 3 Бұл жерде пайғамбарлар хабарлаған нәрселер туралы адамдардың күмәнданып, пайғамбарларға бағынбауы және олар әкелген діни заңдар туралы пайғамбарлармен пікір таластыруы меңзелген. 4 Яғни оларды Ақыретте жазалы болуға жеткізді. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


44 Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) бізге құтпа жасап: «Ей, адамдар! Аллаһ тағала сендерге қажылықты өтеуді парыз етті, ендеше, қажылықты өтеңдер», – деді. Сонда бір адам: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әр жылы ма?» – деп сұрады. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) ол адам өз сұрағын үш рет қайталағанша үндемеді. Сонан соң Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер мен: «Иә», – десем, сендерге парыз болып қалады, ал сендер оны орындай алмайсыңдар!» – деді. Сосын ол (с.а.с.): «Мен сөз етпеген нәрсені менен сұрамаңдар! Шын мәнінде, сендерге дейін өмір сүргендер көп сұрақтар беруі және пайғамбарлармен келіспеуі себепті опат болған. Сондықтан егер мен бір нәрсені бұйырсам, одан шамаларың келгенін орындаңдар да, ал егер бір іске тыйым салсам, одан қайтыңдар», – деп айтты», – деген1 . Сұрақты берген кісі Ақрағ ибн Хабис (Аллаһ оған разы болсын) екендігі хабар етілген. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Ақрағ ибн Хабис (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Қажылықты жыл сайын өтеу керек пе әлде тек бір рет өтеу керек пе?» – деп сұрағанда, оған Пайғамбар (с.а.с.): «Жоқ, бір рет. Егер біреудің (одан көбірек қажылық өтеуге) шамасы келсе, нәпіл ретінде орындасын», – деп жауап берді», – деген2 . Және де Пайғамбар (с.а.с.): «...Кім (бір реттен артық қажылық) жасаса (оны) өз еркі бойынша (жасайды)» 3 ; «Кім қаласа, нәпіл ретінде өтесін»4 , – деген. Бұл сөздерді Пайғамбарымыз (с.а.с.) қоштасу қажылығы5 кезінде адамдарға дініміздің ерекшеліктері мен мұсылмандардың міндеттері жайлы түсіндірген құтпасында айтқандығы хабар етілген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Мен тыйым салғаннан аулақ болыңдар «Тыйым салу» сөзі Аллаһ тағаланың Кітабында және Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетінде түрлі мағынада айтылады. Біз қарастырып отырған жағдайда ғұламалар пайдаланған негізгі екі мағынаның біреуі, анығын айтқанда, қандай да бір амалға толық тыйым салынғандығы туралы (тахрим) және амалды орындаудың ұнамсыздығы (караһа) жайлы сөз болған. 1 Муслим. 2 Ибн Мәжәһ. 3 Әбу Дауд. 4 Әл-Хаким. 5 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қайтыс боларынан 3 ай бұрын һижраның 10-жылы жасаған қажылығы.


45 а) Толық тыйым салу мағынасындағы шектеу (харамнан қайтару). Аллаһ тағала Өзінің пайғамбары (с.а.с.) арқылы тыйым салған көптеген амалдар бар. Бұл тыйым салу толық тыйым салу екендігі туралы айқын дәлелдер жеткілікті. Басқаша айтқанда, шариғат заңдарын орындауға міндетті адам үшін осындай тыйым салынғандарды орындаудан үзілдікесілді бас тартуы керек. Егер ол бұл істі бәрі­бір орындайтын болса, ол мәңгілік өмірде де, осы өмірде де шариғат белгілеген жазаға ұшырайды. Мысалы, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатында тыйым салынған және оларды тоқтатуды қатаң талап ететін ойнастық жасау, маскүнемдік, өсімқорлық, ұрлық, жазықсыз кісі өлтіру, тәннің ұятты бөліктерін басқаларға көрсету, әйелдердің бөтен еркектердің алдында жалаңбас көрінуі, өтірік сөйлеу, алаяқтық, пара беру, өсек айту, пәлеқорлық, бұзықтықты тарату секілді тыйым салынған амалдарды айтуға болады. Шариғат үкімдерін орындауға міндетті мұсылман егер мұндай істерді жасауға мәжбүр етілмесе, бұлардың азынан да, көбінен де аулақ болуы қажет. Мәжбүрлікке ұшыраған күннің өзінде де шариғатта белгіленген шарттарды орындаған жағдайда ғана ондай амалдарға баруына рұқсат етіледі. ә) Әлдебір ұнамсыз іске тыйым салу (яғни мәкруһтен қайтару). Кейде мұндай қайтаруды «алыстату тыйымы» (нәһйут-тәнзиһ) деп атайды. Бұл жерде шариғат қандай да бір амалдарға тыйым салғаны, бірақ тыйымның мұндай түрі айтылғанда, ол ұнамсыздық деген мағынаны білдіретіні және бұл толық тыйым (харам) емес екендігіне дәлел, деректер бар болып, егер біреу мұндай амалдарды істесе, оның жазаланбайтыны туралы айтылған. Мысалы, жамағат намазына немесе жұма намазына баратын адамның сарымсақ, пияз сияқты иісі жағымсыз азықты жеуі. Бұл шариғат үкімдерін орындауға міндетті адамның тыйылуы талап етілетін істердің қатарына жататын басқа да амалдарға қатысты, бірақ бұл қатаң талап емес. Мұндай тыйым салынған амалдарды түгелдей немесе жарым-жартылай, қажеттігіне немесе қажетсіздігіне қарамай орындауға болады. Бұл айтылғандардан мүмкіндікке қарай тақуа мұсылмандардың көбіне аулақ жүргені дұрыс. 2. Харамды (тыйым салынғанды) орындауға рұқсат беретін қажеттіліктер Толық тыйымнан, яғни харамнан бас тартудың міндетті екенін білдік. Бірақ шариғат үкімдерін орындауға міндетті адам харам істерді орындауға мәжбүр жағдайға тап болуы мүмкін, олай етпесе ол өзін опат етуі ықтимал жағдайлар кездеседі. Бұл жерде дана шариғатымыз жайшылықта қатаң тыйым салынғанды орындауға рұқсат етіп, Аллаһ тағаланың құлдарының жағдайын жеңілдететінін көреміз. Ол үшін адам жазғырылмайды және күнә


46 істеді деп жазаға тартылмайды. Аллаһ тағала: «Сонда кім бұзықтық жасамай және шектен аспай (жеуге) мәжбүр болса, оған (ешбір) күнә жоқ. Расында Аллаһ Кешірімшіл, Рақымды»1 , – деп айтқан. Осы аятқа сүйеніп және одан тиісті қорытындылар жасап, ғұламалар фиқһ ұстанымдарының біріне айналған «зәрулік тыйым салынғандарды орындауға рұқсат етеді» деген тұжырымға келген. Ешқандай тағам жоқ және жеуге ешнәрсе таба алмаған адам үшін өлексені жеудің мүмкіндігі, дәрігердің алдында денесінің жабық болуы тиіс бөлігін көрсету, сондай-ақ кедейлік пен аштықтан ұрлық істеуге мәжбүр болған адамның қолын кеспеуге рұқсат етілуі, т.с.с. осы айтылғанға мысал бола алады. Бірақ барлық адамдарға ортақ кейбір жайттар көңіл аударуды қажет етеді. Кей адамдар қажеттілік ұғымын толық анықтап алмай және ол қажеттілік рұқсат етудің қандай дәрежесін мөлшерлейтінін білместен бұл қағиданы жалпылама қолданады. Шариғат үкімдерін орындауға міндетті адамдарды мұндай қателіктен сақтау үшін фиқһ ғылымының мамандары (фақиһтер) мәжбүрлік деген ұғымға анықтама берді. Мәжбүрлік (зәрулік) харамды жасауға себеп болатын жайттар: адамның өміріне қауіп тудырып, оның өліміне апаратын қатерлі жағдайлар немесе адам денесінің бір бөлігін жоғалтуға жеткізетін, ауруын асқындыратын және осы сияқты адамның өмірлік мүдделерінің орындалуына мүмкіндік бермейтін немесе адамды төзуге болмайтын жағдайға жеткізетін қиындыққа тап болуы т.с.с. жағдайлар. Сонымен қатар ғұламалар адамға қауіп-қатерден қорғануға мүмкіндік беретін, содан кейін оны қайтаруға мәжбүр болмайтын харамды істеу мүмкіндігінің дәрежесін де анықтап берген. Сөйтіп ғұламалар «Мәжбүрлік (зәрулік) шегі оның дәрежесімен анықталады» деген қағида тұжырымдады. Бұл қағиданың негізіне Аллаһ тағаланың: «қаламаса, шектен шықпаса»2 , – деген сөздері алынды. Мұнда өздігінше шариғат үкімдерін бұзуға да, күнә істеуге де ұмтылмайтын, харамды мәжбүрлі түрде орындаудың шегінен артық кетпейтін адам туралы сөз болып отыр. Мәселен, өлексені жеуге мәжбүр болған адам сылқия тойып жемеуі тиіс және одан (кейінірек жеймін деген оймен) артығымен алмау керек, сондайақ отбасын асырау үшін ұрлық істеуге мәжбүр болған кісіге бір күн, бір түннің қажеттілігінен артық алуға болмайды, ал дәрігерге тәнін көрсетуге мәжбүр болған адам тек дәрігер көруі тиіс ауырып тұрған жерін ғана көрсетуі тиіс. Сол сияқты емделуді қажет еткен әйел кісі мамандығы бірдей еркек дәрігер мен әйел дәрігер бар болған жерде әйел дәрігерге қаралуы тиіс. Байлығын арттыру, сән-салтанатты өмір сүру, қам-қайғысыз, уайымсыз ғұмыр кешу, басқалардан қалып кетпеуге арналған бәсекелесу секілді істердің мәжбүрлікке еш қатысы жоқ. Мәселен, бір адамның біраз ақшасы 1 «Бақара» сүресі, 173-аят. 2 «Бақара» сүресі, 173-аят.


47 болса, бұдан ол саудасын дамыту үшін өсімқорлықпен айналысуға мәжбүр деген ұғым тумайды. Егер бір адамның шағын баспанасы болса, бұдан ол қандай жолмен болса да, зәулім үйлі болуға, сән-салтанат заттарын алуға мәжбүр немесе егер әйел кісіні қамтамасыз етуші күйеуі немесе бір жақын туысы болса, ол ер кісілермен араласатын, оңаша қалатын қызмет істеуге мәжбүр деген ұғым тумайды. Сол сияқты егер әйел қаражат табуға мәжбүр болса, ол тыйым салынбаған, жаман нәтиже күтілмейтін жұмыс іздеп, сақтық шараларын қарастыруы қажет. Керісінше әйелге де, ерге де кесапат алып келетін бұзықтықтардың алдын алу үшін, оның ер кісілермен араласып, олармен оңаша қалуға мәжбүрлейтін жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. Бұл «зияндыны жою пайдалыны әкелуден жақсы» деген фиқһ ғылымының және бір қағидасын орындау болып табылады. Бұдан егер бір адам қандай да бір мәселені шешуі тиіс болса, істің шешімін оңайлату үшін пара беруге мәжбүр деген ұғым тумайды. Егер бір адам басқа бір адамдармен қарым-қатынаста болса, бұдан олар арақ ішіп отырған жерде олармен бірге отыруға және олардың теріс мінездерін, ісамалдарын айтпай кетуге мәжбүр деген ұғым тумайды. Егер бір әйелдің күйеуі шариғат үкімдерін орындауға тиісті дәрежеде көңіл бөлмесе, бұдан ол әйел ар-ұятты ұмытып, шариғаттың әдеп-нормаларын сақтамауға, еріне ұнау үшін мұсылман әйелдерге тән киімдерден бас тартуға мәжбүр деген түсінік тумауы керек. 3. Бұйрықтарды бұлжытпай орындау Аллаһ тағаланың Кітабы мен Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетінде «бұйрық» (әмір) сөзі бірнеше мағынада қолданылады. Белгілі ғұламалар «бұйрық» сөзінің негізінде талап ету жататыны және бұйрықтың негізгі екі мағынасы бар екені туралы бірдей пікірге келген: міндетті ету (ижаб) және ұмтылдыру, талаптандыру (надб), яғни парыз және сүннет. Пайғамбар (с.а.с.): «Мен бұйырған нәрселерден…» дегенде өз сөзінде не орындалуы міндетті болған бұйрық (яки парыз), не талаптандыру, ұмтылдыру мағынасында болған бұйрық (не сүннет) туралы айтылған. Төменде бұл екеуіне де тиісті түсініктеме беріледі. а) Орындалуы міндетті бұйрық. Мұнда аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Өзінің пайғамбары арқылы мұсылмандарға жіберген және олардың белгілі бір іс-амалдарды орындауын талап ететін бұйрықтары туралы айтылған. Мұндай бұйрықтың мақсаты қандай да бір іс-амалдарды орындауды адамдарға міндетті ету екендігі туралы нұсқаулар бар. Яғни шариғат үкімдерін орындауға тиіс адам бұл бұйрыққа бағынуы шарт. Егер ол бұл бұйрықты орындамаса, орындағанда сауап алатыны сияқты, орындамағаны үшін тиісті жазасын алады. Адамнан орындалуы талап етілетін іс-амал «парыз» деп аталады.


48 Бұл айтылғанға мысал ретінде намаз оқу, зекет беру, қажылық өтеу, ораза ұстау, шариғат мақұлдаған амалдарға адамдарды шақыру және шариғат теріске шығарғандардан қайтару, келісімшарттарын орындау, қажет жағдайда куәлік беру міндетін орындау, Аллаһ тағаланың түсіргенімен үкім шығару, белгіленген жазаларды орындау және әділ үкім шығару, әйелі мен балаларына шариғат талаптарына сай қаржы жұмсау сияқты шариғат заңдарын орындауға міндетті адамның орындауын қатаң талап ететін Аллаһ тағаланың шариғаты бұйырған үкімдерді және т.б. келтіруге болады. Мұндай бұйрықтардың орындалуы міндетті, мұнда қандай да бір осалдыққа жол берілмейді. Ал оларды орындамау тек қана орындауға қажетті қандай да бір шарттардың болмай қалуы немесе басқа себептердің болуы немесе оны орындауға мүмкіндік бермейтін кедергілердің пайда болуы, сондай-ақ оны орындау адамды ыңғайсыз немесе қиын жағдайға қалдыратыны сияқты кездерге байланысты келсе ғана үзірлі есептеледі. ә) Талаптандыру (ұмтылдыру) мағынасындағы бұйрық. Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ пайғамбары (с.а.с.) арқылы мұсылманға көптеген амалдарды орындауды бұйырды және ол амалдардың орындалуы ұсынылу сипатына ие. Мұндай бұйрықтың талаптарын орындау аса міндетті емес, орындамаса жазаланбайды, ал орындаса, сауап алады. Адамдардан мұндай орындауды талап ететін бұйрық «ұсынылған» (мандуб) деп аталады. Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) міндетті бес уақыт парыз намаздардың алдында және артында оқыған нәпіл намаздарын (әс-сунануррауатиб)1 , азан айту, әйелі мен балаларына молырақ қаражат жұмсау, зекеттен басқа қайырымдылық мақсатында қаржы жұмсау, қарыздарды жазу, оған куәлар тарту, тамақ жегенде оң қолмен жеу, т.с.с. амалдарға байланысты бұйрықтарды келтіруге болады. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғаты осы аталған істерді әрбір мұсылманның орындауын талап етеді, бірақ бұл бұйрықтар үзілді-кесілді талаптар емес (парыз емес), олар ұмтылдыру мағынасындағы талаптар. Алайда мұсылманның бұл амалдарды түгелдей немесе жарым-жартылай орындаудан бас тартуына рұқсат берілсе де, бұл амалдарды орындағаны, оларға көңіл бөлгені жөн. Мұсылман адам жағдайына байланысты, белгілі бір қиындықтар мен кедергілерге байланысты немесе ол амалдарды ешқандай кедергісіз орындауға оңай мүмкіндігіне орай оның қайсыбірін орындамаса, бұл амалдардан белгілі мөлшерде бас тарту айыпталуға лайық болса да, ол күнәлі болып табылмайды және жазаланбайды. 1 Бұл жерде таң намазының алдындағы екі ракағат, бесін намазының алдындағы төрт ракағат және одан кейінгі екі ракағат, ақшам намазынан кейінгі екі ракағат және құптан намазынан кейінгі екі ракағат сүннет намаз туралы айтылған.


49 4. Қиындықтар жеңілдік әкеледі Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатының мақсаты – адамның дүние, Ақыретте толық бақытқа жетуі. Сондықтан шариғат Аллаһ тағаланың құлдарының міндеттерін жеңілдетеді және оған қиындық келтіргендерді алып тастайды. Аллаһ тағала: «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»1 ; «Сендерге дінде қиындық қылған емес»2 , – дейді. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, бұл дін жеңіл... жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар», – деген3 . Шариғатта анық айтылған: рамазан айында аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ жолаушыға және ауру адамға ораза ұстамауға, жолаушыға намаздарды біріктіруге және қысқартуға, сондай-ақ су жоқ болған кезде немесе суды қолдану адамға зиян келтіретін жағдайда құм, тас және топыраққа тәйәммум соғуға рұқсат береді. Осындай және осыған ұқсас үкімдерді ғұламалар «рұқсат етілгендер» (рухас) деп атайды. Адамдардың жағдайын жеңілдететін, ауырлықты алып тастайтын шариғат үкімдері мен осы хадиске сүйенетін фақиһтер: «Қиындықтар жеңілдік әкеледі» қағидасын ойлап тапты. Осы қағиданы негізге ала отырып, олар Ислам фиқһының сан алуан тармақтарын (фуруъул-фиқһ) жасап шығарды және оны бүкіл Ислам фиқһының негіздерінің бірі ретінде қарастырды. Бұл қағиданың білдіретін мән-мағынасы: шариғат міндеттеген амалдарды орындауға қиындық туғанда немесе шариғат жүктеген міндеттерді толық өз дәрежесінде орындау мүмкіндігі болмағанда мұсылманға мұндай қиындық орындалатын іс-амалды жеңілдетуге себепші бола алады. Нәтижесінде ол адамның шариғат жүктеген міндеттерді орындауына мүмкіндігі көбейеді, оған ешқандай қиындық тумайды да, ол іс-амалды орындауда кеңшілікке ие болады. Мәселен, шариғатта нәжіс (лас) саналатын, бірақ олардан құтылу адамға қиын болатын нәрселердің кейбіріне назар аударылмайды. Жарадан немесе іріңдеген жерден шығып тұрған қан, көшеде тиген былғаныштар осыған жатады. Бұлардан тазалану адамға қиын соғады, тіпті оның көптеген құлшылық түрлерін орындауына қиындық тудырады, сондықтан шариғат жеңілдік ретінде мұндайларды есепке алмайды. Жеңілдетуге негіз болатын қиындықтар дәрежесі Бұл мәселені кейбір мұсылмандар терең түсінбейді. Сондықтан олар болмашы қиындықтың өзі өздерін діни міндеттерді орындаудан босатады деп ойлауы, сөйтіп өз міндеттерін тоқтатуын дұрыс деуі мүмкін. Шариғат 1 «Бақара» сүресі, 185-аят. 2 «Хаж» сүресі, 78-аят. 3 Әл-Бұхари.


50 міндеттерін орындамау үшін болмашы қиындықтарды сылтау ететіндер – дінімізге өз дәрежесінде көңіл бөлмейтіндер. Олар көбіне осы қағиданы тілге тиек етеді. Мінеки, осы себепті ғұламалар қиындықтардың қандай түрлері барын және олардың қайсысын жеңілдетуге болатынын анықтап беретін ұстанымдар белгілеген. а) Кейбір қиындықтар діни міндеттерді орындаумен бірге ілеспелі болады және бұл қиындықтар сол міндеттердің өз табиғатынан шығатыны себепті олардан бөлінбейтін қиындықтар болып саналады. Мұндай қиындықтар жоғарыда аталған діни міндеттерді жеңілдетуге немесе оларды мүлдем орындамай қалдыруға себеп (негіз) бола алмайды. Мәселен, рамазан айында қарны ашқан себепті оразасын бұзуға ешкімге рұқсат етілмейді. Қажылықты өтеуге толық мүмкіндігі болған адамның өз отбасынан немесе туған жерінен алыс кеткісі келмеуі себепті немесе жол қиындығын сылтау етіп қажылықты өтемеуге хақы жоқ. Яки адамдардың біреуі жәбірлеуі немесе жек көруі, ұнатпауы мүмкін деп шариғат ұнатқанға шақырмау немесе шариғат теріске шығарғаннан қайтармау мұсылманға себеп емес. Адамдар бұлай етуге хақысыз, себебі мұндай қиындықтар өмірде жиі кездесетін әдеттегі жағдай және ол ешқандай үлкен қиындықтарға апармайды. Егер мұндай қиындықтар ауырлықты жеңілдетуге негіз болғанда, парыздар мен міндеттердің, шариғат үкімдерінің ешқандай мәні қалмас еді. Ал Аллаһ тағаланың құлдары бұл дүниеде де, Ақыретте де ешқандай пайда алмаған болар еді. ә) Қиындықтың басқа да түрлері кездеседі. Бұлар шариғат жүктеген міндеттердің табиғатынан емес және көп жағдайларда, оларды ажыратып алуға мүмкіндік бар. Бұл жерде діни міндеттердің қалыпты жағдайда қоятын талаптарынан тысқары, кездейсоқ және күтпеген қиындықтар туралы айтылған. Мұндай қиындықтар екі түрлі: 1) Адамдарға болмашы қиындық пен ыңғайсыздық тудыратын жағдайлар. Мәселен, қысқа мерзімді жолаушылық, жеңіл сырқаттану немесе қандай да бір дүние пайдасынан айрылу сияқты, т.с.с. Мұндай қиындықтар діни міндеттерді орындауға ешқандай кедергі бола алмайтындықтан оған аса мән берудің қажеті жоқ. Өйткені өз міндеттерін орындаған мұсылманның бұл дүние және Ақыретте алатын пайдасы, оның осы қиындықтарды жеңу үшін жоғалтқандарынан көп болады. Яғни болмашы қиындыққа бола дін міндеттерінен бас тарту мұсылманға жақсылық әкелмейді. 2) Әлдеқайда күрделі қиындықтарға, мысалы адам өміріне қауіп төндіретін, дүние мүлкі мен абыройына нұқсан келтіретін қиындықтар кіреді. Мысалы, қажылық өтеуге мүмкіндігі бар адамның жолда қарақшылар күтіп тұрғанын біліп немесе мұның қажылыққа кетуін аңдып ол адамның мал-мүлкін тонамаққа дайын тұрған адамнан қауіптеніп не отбасына зиян тигізетін адамның бар екеніне көзі жеткен мұсылманның дін және ақылпарасат иелерінің түсінігінде үлкен қатер саналатын жағдайын айтуға болады. Міне, шариғат осындай жағдайларды ғана ескереді, бұлар қандай да бір діни міндетін орындаудан бас тартуға не жеңілдетуге салмақты дәлел


Click to View FlipBook Version