351 жүктеме. (Ол: «жарайды» деді.) Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа. (Ол: «жарайды» деді.) Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге рақым ет. (Ол: «жарайды» деді.) Сен Иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»1 – деген басқа аятты түсірді», – деген. Бұл хадистің Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен риуаятында Аллаһ тағаланың «Жарайды» деген сөзінің орнында «Мен солай еттім» деген сөзі келтірілген. 3. Күнә кешіріледі, бірақ бұл оған (күнәға) байланысты үкімнің күші жойылады деген сөз емес Егер мұсылман пенде шариғат талабына қайшы амал істесе, оған шариғат заңдарына сай үкім тиесілі: ол жазаға лайық болып қалады және оған күнә ауыртпалығы жүктеледі, ол қаза қылған міндетін орындауы тиіс, зарардың орнын толтыруы керек, т.с.с. Шариғатта бұл хадисте сөз болған күнәнің кешірілуі мен жазадан аман қалу туралы мәселелерге қатысты нұсқау бар, бірақ мұсылман бұл үкімге байланысты босатылмайды. Бұл туралы осы хадисті толық егжей-тегжейлі қарастыру кезінде талданып, түсіндіріледі. «Қырық хадиске» жазған түсіндірмесінде әл-Қари: «Қателікке қатысты заң-үкімдердің қате іс-амал жасау мен кеткен қателікті түзетуге қарағанда жалпылама сипатта екені құпия емес. Бұл хадистің мазмұнынан түсінікті болғаны – күнә ауыртпалығы адамға жүктелмейді, ал болған істі түзету туралы аятта: «Кім бір мүмінді қателесіп өлтірсе, бір мүмін құлды азат етуі әрі өлгеннің отбасына құн төлеуі керек»2 , – деп айтылған. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ даналығына сәйкес бұл үмбеттің кез келген мүшесіне әдейі істелген күнәсі үшін оның жүрегі өз еркімен қарсы әрекетке ұмтылған және бойсұнудан бас тартқан жағдайда ғана жаза берілетін етті», – деген. Ибн Хажар: «Мұны, яғни қателесу, ұмыту немесе мәжбүр болу себепті істелген күнәні кешіру даналыққа және ақыл-парасат дәлел-уәждеріне сәйкес келеді. Алайда Аллаһ тағала бұл үшін жазаласа да әділдік болар еді, өйткені міндеттерді жүктеудің мәні мен мақсаты – бойсұнушыны бойсұнбаушыдан айыра тану. Әділдігінде анық дәлелдер бойынша кім опат табуға тиісті болса, соның опат табуы және кімнің тірі қалуы керек болса, соның тірі қалуы шарт болуы қажет еді. Адам баласының Аллаһқа бойсұнуын немесе бойсұнбауын көрсететін амалдарды әдейі істеуі міндетті түрде марапаттауға немесе жазалауға лайық болады. Ал бұл хадисте қарастырылып отырған үш жағдайдың әдейі істелген істерге қатысы жоқ. Алғашқы екі жағдайда бұл анық түсінікті, ал үшінші жағдайда әдейі істелген амалды оны орындаушы, мәжбүр болған адам емес мәжбүр етуші 1 «Бақара» сүресі, 286-аят. 2 «Ниса» сүресі, 92-аят.
352 адам істейді, сондықтан да көпшілік жағдайда дін негізінің білгірлері мұндай адамдарды жауапкершіліктен босатылады деп есептеген», – деген. 4. Құран мен сүннеттен мысалдар Біз төменде Аллаһ тағаланың Кітабынан және Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетінен қателескен не ұмытқан адамға, тиісті заң-үкімдер қатысты болса да, күнә ауыртпалығы жүктелмейтініне бірнеше мысал келтіреміз. Мысалдар: а) Қателесіп кісі өлтіру. Егер біреу әдейі бір аңды не дұшпанды атса, бірақ оқ жазықсыз бір адамға тисе (яғни өлтірсе), ол күнә ауыртпалығын көтермейді, алайда ол қан үшін құн төлеуден және күнәсін жуу амалдарынан босатылмайды. Аллаһ тағала: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса, басқа. Кім бір мүмінді қателесіп өлтірсе, ол бір мүмін құлды азат етуі әрі өлгеннің отбасына құн төлеуі керек. Бірақ олар кешірім етсе, ол басқа. Егер (өлтірілген) сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құлды азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендер мен олардың арасында келісім болған1 бір елден болса, (өлгеннің) отбасына құн төлеп әрі бір мүмін құлды азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі2 , Аллаһқа тәубе(сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ бәрін Білуші, Хикмет Иесі»3 , – деген. ә) Намазды белгіленген уақытынан кеш орындау. Намазды орындауда ұйықтап қалып немесе естен шығарып кешігу күнә емес, бірақ одан ояна салып немесе есіне түскен кезде тездетіп қаза намазын орындау талап етіледі. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім намаз туралы ұмытса, есіне түскенде орындасын, оның бұдан басқа өтеуі жоқ. (Өйткені Аллаһ тағала): «Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында»4 , – деп айтқан», – деді», – деген5 . Бұл хадистің Муслим келтірген риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден кім ұйықтап қалса не намаз оқуды ұмытса, есіне түскен сәтте оқысын», – деген. б) Күпірлік туралы жариялау. Біреуді өзінің имансыздығы, яғни күпірлікке түскені туралы жариялауға мәжбүр етсе, ол оған қарама-қарсы әрекет жасайды, басқаша айтқанда, 1 Одақтастық қатынастар туралы келісім. 2 Өзінде мұсылман құлы болмаған және оны басқа адамнан сатып алып, бостандық беріп жіберуге ақшасы жоқ. 3 «Ниса» сүресі, 92-аят. 4 «Таһа» сүресі, 14-аят. 5 Әл-Бұхари, Муслим.
353 күпірлік сөзін айтқанымен анық соған апаратын істі істемейді. Мұндай жағдайларда ол жүрегіндегі иманын жоғалтпай, күмәнсіз сенімінде, ауызбен айтқан сөзіне жан-дүниесімен иланбаған қалпы қалады. Аллаһ тағала: «Кім Аллаһқа иман келтіргенінен кейін (және қайтып) кәпір болса (Аллаһтың азабына жолығады). Бірақ кімнің жүрегі иманмен орныққан бола тұрып (күпірлік сөзін айтуға) мәжбүрленсе, бұл басқа1 . Ал кімде-кім көңілін күпірлікке ашса, ондай (кісілерге) Аллаһтың ашуы және үлкен азап бар»2 , – деді. Егер зорлыққа ұшыраушы сабыр сақтап, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан сауап-сыйлық алу үмітінде көрген қорлығына шыдап, өзінің діннен қайтқаны туралы айтудан бас тартса, бұл ол үшін жақсы да құрметті болады, өйткені ол Аллаһ жолында өлген жағдайда да шәһид болады3 . Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сені жілік-жілік қып бөлсе де, не өртесе де Аллаһқа серік қоспа», – деген4 . Ендеше, Аллаһпен қатар және біреуге иман келтірдім деп сенуге тыйым салынады тіпті сіз жоғарыда айтылғандай жағдайға тап болып, осыған мәжбүрлесе де, бұған ұқсас сөздерді айтуыңызға болмайды. 5. Қателесу не ұмыту себепті істелген істерге қатысты пікірлерді талдау Жауапты адамның қателесуі не ұмытуы себепті істеген істерінің бірбірінен айырмасы оның іс жүзінде орындағаны мен айтқан сөзіне сәйкес анықталады. Төменде мұндай жағдайлардың мүмкін болған төрт түрі түсіндіріледі: Бірінші: Егер адам өзіне бұйырылған істі орындауда қате жіберсе немесе ұмытса, оны орындау міндетінен босатылмайды және жіберген қатесін түзетуге міндетті. Мына жағдай қате жіберудің бір мысалы болуы мүмкін: егер біреу өз дүние-мүлкінен біреуді кедей санап соған зекет берсе, бірақ кейіннен ол адамның дәулетті екені анықталса, онда ол зекет берген болып есептелмейді. Мұндай жағдайда ол басқа бір кедейге зекет беруі тиіс және дәулетті адамға бергенін қайтарып алуға құқылы. Ұмытшақтыққа мысал: Жолда келе жатқан адам суы бар екенін ұмытып құммен тазаланса (тәяммум соқса) және намаз оқығаннан, кейін суы бары есіне түссе, қайтадан тиісінше дәрет алып намазын қайта оқуы тиіс. Екінші: Егер біреу қателесуі не ұмытуы себепті тыйым салынған (харам) істердің бірін істеп қойса, бірақ ешқандай зарар жетпеген болса, оған ешнәрсе істеудің керегі жоқ. Қателесу арқылы істелген амалға мас қылмайтын ішімдік болар деп шарап ішкен адамның ісі мысал бола алады. Мұндай адамға қатысты жаза қолданылуы тиіс емес. Ал ұмытуға мысал: 1 Яғни әлгі сөздерді айтқан үшін діннен шықпайды. 2 «Нахл» сүресі, 106-аят. 3 Яғни жаннатқа барады. 4 Ибн Мәжәһ.
354 ихрамда жүрген қажының иіссу себінуі, тігісі бар киімді киюі және сол сияқты қандай да бір істі істеуі. Мұндай жағдайда оған ешқандай өтем амалдары тиіс болмайды. Үшінші: Егер біреу қателесуі немесе ұмытуы себепті харам істің бірін істегенде қандай бір зарар жеткен болса, ол жеткен зарардың орнын толтыруы тиіс болады. Мысалы, біреудің үйіне қонаққа барған адамға үй иесі басқа біреуден тартып алынған тағам ұсынса және ол тағамның тартып алынғанын ұмытып немесе олай емес шығар деп жеп қойса, ол бұл үшін жауапты болады. Сол сияқты ихрамдағы қажы өзінің қандай жағдайда екенін ұмытып немесе тыйым салынғанын білмеуі себепті бір аңды өлтірсе, ол да жауапкер болады. Бұл адам күнәсін өтеуі керек. Әйелімен некеде екенін ұмытып «әйелім – талақ» дейтін еркек те жауапты болады әрі ол әйелімен ажырасқан болып есептеледі. Төртінші: Егер жаза қолданылуы тиіс бір харам іс қателесу немесе ұмыту себепті істелсе, бұл қателікпен не ұмытшақтықпен істелген деп есептеліп, жазалаудың күшін жоюға негіз бола алады. Мысалы: егер қысас, яғни кек алуға құқылы болған біреу күнәліні кешірсе, бірақ бұл туралы сотқа жеткізуге жұмсаған адамы оны ұмытып жазалауды талап етсе, ұмытқан адамға қатысты қысас қолданылмайды, алайда ол кешірілген адамға жеткізген зарары үшін өз дүние-мүлкінен тиісті өтем төлеуі керек болады. 6. Ұмытқан адамның ақталуына себеп бола алмайтын амал туралы Жалпы ұмытуы себепті қандай да бір амалды істеген адамның жауапкершіліктен босатылуы ұмытуына өзі себепші болмаған адамға ғана қатысты үкім болып табылады. Егер адам сақтық жасауды тоқтатса және қажетті істі есте ұстауға жәрдемдесетін нәрсеге көңіл аудармаса, істеген ісамалы үшін қателескен болса да жазалануы тиіс. Бұған Құран оқуға немқұрайды қарайтын және жаттап алғанын қайталамай оны ұмытатын немесе киіміндегі нәжісті байқаса да, оны тез тазартып тастамастан, нәжісті есінен шығарған қалпы намаз оқитын адамды айтуға болады. Мұндай адам жаңсақтық жасаған болып есептеледі және ол өз кемшіліктерін түзетуі керек. 7. Ұмытуға қатысты фиқһ мәселелері а) Құрбандық шалғанда немесе аң аулау кезінде хайуанды өлтіргенде, Аллаһтың есімін айтуды ұмытқан жағдайды айтсақ... Имам Шафиғи (Аллаһ оған рақым етсін) құрбандыққа мал сойғанда Аллаһтың есімін айту сүннет1 деп есептейді. Егер бұл жайт ұмыту себепті әдейі істелмеген болса, онда сойылған хайуанның еті желінеді. Айша (Аллаһ 1 Яғни Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бастау алатын әдет-ғұрып.
355 оған разы болсын): «Бір күні адамдар Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Адамдар бізге ет әкеледі, ал біз олардың малды сойған кезде Аллаһтың есімін айтқан-айтпағанын білмейміз», – деген. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Өздерің (Аллаһтың есімін) айтыңдар да, жей беріңдер», – деді», – деген1 . Имам Әбу Ханифа мен имам Мәлик, сондай-ақ имам Ахмадтар (Аллаһ оларға рақым етсін) «Аллаһтың есімін айту қажетті шарт, адам әдейі бұлай етпеген болса да, сойылған хайуанның етін жеуге болмайды» деген. Өйткені Аллаһ тағала: «Аллаһтың аты айтылмай (бауыздалған мал етін) жемеңдер. Өйткені ол пасықтық»2 , – деді. Бұған тиесілі бірнеше нұсқаулар бар. Егер адам ұмытшақтығы себепті малды соярда Аллаһ есімін айтуды ұмытса, жалпы пікір бойынша, малдың етін жеуге болады. Бұған дәлел осы тараудағы біз қарастырып отырған хадис болмақ. Аңшылық кезінде өлтірілген хайуан туралы имам Әбу Ханифа, имам Мәлик және имам Шафиғи да (Аллаһ оларға рақым етсін) осы пікірді білдірген. Ал имам Ахмад (Аллаһ оған рақым етсін): «Егер (аңға) итті жібергенде немесе (оны) атқанда Аллаһтың есімі әдейі немесе байқамай қалуы себепті айтылмаса, оның етін жеуге болмайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Итті жібергеніңде Аллаһ есімін айтсаң, жеуіңе (болады)», – деген3 », – деді. Сонымен қатар Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһтың есімін айтып, садақпен атып алған етті (хайуанның етін) жеуіңе (болады)», – деп айтқан4 . Құрбандық шалу мәселесінде бұл аса міндетті емес. Себебі құрбандық шалу қатаң түрде, белгілі бір тәртіп бойынша, кеңірдегін кесу арқылы сойылады. Ал аң аулау кезінде хайуан кез келген жеріне оқ тию арқылы өлтіріледі және мұндай жағдайдың бәрінде Аллаһтың есімін айту міндет болады. ә) Намаз кезінде байқамай қалуы себепті айтылып кететін сөздер. Имам Шафиғи мазһабындағылар «Мұндай жағдайда намаз бұзылмайды» деп есептейді, өйткені намазды бұзатын сөздер тыйым салынған сөздер, ал олардың адам ұмытшақтық себепті айтып қоятын сөздерге еш қатысы жоқ. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) бесін не екінті намазын орындап жатып алғашқы екі ракағаттан5 соң сәлем береді6 және сол кезде «Зүл-Ядәйн» 7 деген лақап 1 Әл-Бұхари. 2 «Әнғам» сүресі, 121-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 Яғни ол тиісті ракағаттардың тек жартысын орындады. 6 «Сәлем беру»: «Сіздерге есендік және Аллаһтың рақымы болсын» деп айту, бұл сөздерді имам намаз аяқталғанда оң жағына, сонан соң сол жағына қарап айтады, ал имамға ұйығандар екі жағына іштерінен қайталап, сәлем береді. 7 Сөзбе-сөз аударғанда «Екі қолды» деген мағына береді. Бұл адам екі қолымен де бірдей жақсы әрекет ете алатын.
356 атқа ие адам Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен бір нәрсені ұмыттың ба әлде намаз қысқарған ба еді?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен ешнәрсені ұмытқан жоқпын және намаз да қысқарған жоқ», – деген. Осыдан кейін ол сахабаларынан: «(Мәселе шынында да) Зүл-Ядәйн айтқандай ма?»1 – деп сұрайды. Олар: «Иә», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) (қайтадан) алға өтіп, қалған екі ракағатты орындаған, ал намаз соңында екі сәжде жасап, сонан соң сәлем берген2 . Бұл хадистегі нұсқау-ереже: Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз аяқталды деген оймен сөйлеп қойған және сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) намаздың әдеттегі тәртібі өзгерген екен ғой деп сөйлеуге кіріскен, бірақ осыдан кейін Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сахабалары да, жоғарыда айтылғандай қалып кеткен ракағат санын толықтырған. Бұл жайт намаз кезінде бөгде-бөтен сөздер аз айтылған жағдайларға қатысты. Имам Мәликтің (Аллаһ оған рақым етсін) нұсқауы осындай. Ал ханафилер намаз кезінде бөгде-бөтен сөздің айтылуының өзі-ақ намазды бұзатындығын және мұндай жағдайда байқамай қалу немесе әдейі сөйлеудің бірдей екендігін айтады. б) Адамның ораза кезінде ұмытып ішіп-жеген және жыныстық қатынаста болған жағдайлары. Ораза кезінде ұмыту себепті ішіп-жеп қоюға ғана жеңілдік жасалады. Бұл туралы арнайы нұсқаулар бар. Имам Ахмад (Аллаһ оған рақым етсін) бұл туралы екі пікір айтқан. Барлық фақиһтердің пікірлері бойынша, ораза екенін ұмытып ішіп-жеген адам, парыз ораза кезінде болса, есіне түскен кезде ішіп-жеуін дереу тоқтатып, сол күннің аяғына дейін ішіп-жеуден тыйылуы шарт. Мұндайда оның сол күнгі оразасы бұзылмайды, оған жаңадан ораза тұту міндеттелмейді және күнәсін өтемейді. Бұған Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім ораза кезінде ұмытып әлдене ішсе немесе жесе, ол (сол күні) оразасын соңына жеткізсін, өйткені оны Аллаһ Өзі ішкізіп-жегізді»3 , – деген хадисі дәлел бола алады. Имам Мәлик (Аллаһ оған рақым етсін): «Егер парыз ораза болса, оны басқа күні ораза тұту арқылы орнына келтіру керек. Мұндай жағдайда өтеу амалдары міндетті емес, өйткені бұл ұмытуы себепті белгіленген уақытында намазды орындамаған кісінің жағдайына ұқсас», – деді. 1 Пайғамбар (с.а.с.) расында да ракағаттар санын кем орындады ма, жоқ па, соны анықтаған. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим.
357 Имам Мәлик: «Кім өзінің ықтият болмауы немесе ұмытуы себепті рамазан кезінде не міндетті1 болған ораза кезінде бір нәрсені жеп немесе ішіп қойса, онда басқа күні ораза тұту арқылы бұны орнына келтіру қажет», – деп пікір білдірген2 . Яғни оның қарастырылып отырған хадисті нәпіл оразамен байланыстырып отырғаны анық, өйткені ол тағы: «Кім нәпіл ораза кезінде ішіп-жеп қойса, мұндай оразаны қайта тұтуы керек емес. Ол осы оразасын үзбей аяғына жеткізсін», – деген3 . Имам Әбу Ханифа, имам Шафиғи және имам Мәлик (Аллаһ оларға рақым етсін) ішіп-жеп қоюға қатысты мәселелер ораза кезінде жыныстық қатынас жасағандарға да бірдей дәрежеде тиісті деп есептейді. Ал имам Ахмад (Аллаһ оған рақым етсін) қателесу не ұмыту арқылы ішу, жеу оразаны бұзады және ол адам оразаны қайта тұтуы тиіс деп есептейді, ал өтеу амалдарының қажеттігі туралы оның екі пікірі келтірілген. 8. Қасам ішуге қатысты қателік не ұмыту Егер адам бір іс туралы ант ішсе, бірақ ұмытуы не білмеуі себепті, не бұл туралы ант ішкен емеспін деп ойлап ант ішкен істі істесе, ол антын бұзған бола ма? Имам Шафиғидің (Аллаһ оған рақым етсін) екі пікірінің анығырағы: егер ант ішкен адамның анты, тіпті әйелін талақ етуге немесе құл азат етуге қатысты болса да, бұл жерде ол ант бұзылды деп есептемейтінін айғақтайды. Әйтсе де дұрысы, ол адам өз антынан азат бола алмайды, өйткені оның істеген ісінің антына еш қатысы жоқ, олай болмаған жағдайда ол өз антын бұзады. Имам Ахмадтың да (Аллаһ оған рақым етсін) бұл мәселе туралы көзқарасы дәл осы пікірмен сабақтас екені хабар етіледі. Имам Мәлик (Аллаһ оған рақым етсін): «Ол өз антын қандай жағдайда болса да бұзады, өйткені қателесу не ұмытшақтық себепті істелген күнә кешіріледі, бірақ күнәнің өзі емес және күнәнің іске асуына жеткізетін нәрсе емес», – деген. Имам Ахмад талақ және құл азат етуге қатысты ант пен басқа анттардың арасын ажыратқан. Ол «егер талақ және құл азат ету туралы болса, онда адам антты бұзбайды» деп есептейді. Оның ойынша, егер мәселе басқа амалдарға қатысты болса, онда антты бұзу орын алады. Бірақ ажырасуға ант бергенін ұмытып, әйелімен бірге өмір сүріп жүріп адам күнә істеген болмайды, ал егер анты есіне түссе, онда тез арада әйелін тастап кетуі керек. Бұл пікірге дәлел: талақ және құл азат ету ісі белгілі бір шарттарды орындаумен байланысты, тіпті адамда бұған сәйкес ниет болмаса да сол шарттар бойынша іске асырылады. Мәселен, егер еркек әйеліне: «Егер күн 1 Яғни ант етуі себепті немесе уәде бойынша тұтылатын ораза. 2 Мәлик, Муатта. 3 Мәлик, Муатта.
358 шықса, сен талақ боласың», – десе, онда күн шыға салысымен әйелі күйеуімен ажырасқан болады. 9. Не іс адамның мәжбүрлікпен істеген ісінің салдары болады? Мәжбүрлікпен істелген істерге қатысты нұсқау-ереже, үкімдер мәжбүрлеу дәрежесі және істелген амалдың сипатына байланысты бірбірінен ерекшеленуі мүмкін. а) Қандай да бір істі істеуге мәжбүр еткен жағдайда оны істеуге немесе істемеуге мәжбүрленуші адамның ешқандай еркі болмай, одан бас тартуға мүмкіндігі жоқ болса, оның қатты қысымға түскенін білдіреді. Мәселен, қолаяғын байлап, оны еркінен тыс бармауға ант ішкен жеріне апару. Ғұламалардың ортақ пікірінше, мұндай адамға күнә тағылмайды және ол өз антын бұзған болып есептелмейді. ә) Егер жәбірленушінің харам істен бас тартуға мүмкіндігі болса, бұл бұлтартпайтын мәжбүрлеуге жатпайды. Мұндай жағдайға ұшыраған адамның іс-амалдары белгілі бір міндеттерді орындаумен байланысты болады. Мысалы, мұнымен келіспейтін адамды басқа біреуді дүрелеуге немесе қандай да бір амалды істеуге мәжбүр ету. Мұндай адамның бұл істі істемеуге мүмкіндігі болса, демек, ол өз таңдауында ерікті, бірақ оның мақсаты өзінен зарар-зиянды қайтару болады. Демек, ол бір жағынан өз қалауында ерікті, ал екінші жағынан онда ерік жоқ. Сондықтан да мұндай адамға осындай жағдайда белгілі бір міндет жүктеле ме, жүктелмей ме деген мәселеде пікірлер әртүрлі болған. 10. Мәжбүрлеу туралы фиқһ ғылымында не айтылған? Бірінші: Іс-амал, әрекетке мәжбүрлеу. а) Кісі өлтіруге немесе ойнастық жасауға мәжбүрлеу. Заңсыз кісі өлтіру және ойнастық жасау ең ауыр күнәлардың қатарына жатады және пайғамбарлар мен елшілерге жоғарыдан түсірілген барлық діни заңдарда бұған тыйым салынғандығы жарияланған. Сол себепті адамды мәжбүрлесе де бұған жол беруге болмайды. Яғни мәжбүрленуші адам бұл істерді істеуден бас тартса және сол үшін өлтірілсе, онда ол сауапқа ие болады. ә) Зина жасауға мәжбүрлеу. Егер зина жасауға әйелді мәжбүрлесе, барлық ғұламалардың пікірінше, ол үшін әйел жазаланбауы тиіс. Егер әйел одан бас тартуға мүмкіндік таппаса, оған күнә ауыртпалығы жүктелмейді, ал мүмкіндігі бола тұрып оны пайдаланбаса, күнәлі саналады. Бұған дәлел ретінде осы тарауда қарастырылып отырған хадис пен әл-Асрам (Аллаһ оған разы болсын)
359 жеткізген хадис келтіріледі. Ол хадисте Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде адамдар бір әйелді зина жасауға мәжбүр етеді, сонда Пайғамбар (с.а.с.) оны жазаламаған. Сондай-ақ бір күні Омардың (Аллаһ оған разы болсын) алдына құлдар зина жасауға мәжбүрлеген тұтқындағы әйелдерді әкелген. Сонда Омар тұтқындағы әйелдерге тиместен, құлдарды таяқтаған. Өйткені мұнда құлдар әйелдерді мәжбүрлеген, олардың ерікті түрде зина жасағаны анық емес, ал күмән жазадан құтқарады. Негізінде ғұламалар «мұндай жағдайда бұл үкім еркек пен әйелге бірдей жүреді», – деп есептейді. Және бұл ең дұрыс шешім болып табылады. Ханбалдықтардың көпшілігі, сондай-ақ ханафилық Мұхаммед ибн Хасан «қалай да еркек адам жазалануы тиіс» деп есептейді. Ол себебін жыныстық қатынас еркектің жыныс мүшесінің қатаюымен ғана іске асады, ал мұндайды мәжбүрлеу мүмкін еместігімен түсіндіреді. Яғни бұл істің ерікті түрде болғанын көрсетеді. Демек, еркекті тиісті жазаға тарту керек. Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін): «Егер мәжбүрлеу билеуші тарапынан болса, адамды жазалауға болмайды, ал оны басқа біреу мәжбүрлеген болса, онда оны жазалау қажет», – деген. б) Кісі өлтіруге мәжбүрлеу. Барлық белгілі ғұламалар біреу жазықсыз адамды өлтіруге мәжбүр етсе, оның бас тартуы керектігі жайлы ортақ пікірге келген. Бұл – күнә, себебі, мәжбүрленуші өзінің аман қалуы үшін басқа адамды құрбан еткен болады, бұл оның өз таңдауына байланысты. Сонымен қатар, барлық ғұламалардың ортақ пікірінше, кісі өлтіруге қорқыту арқылы мәжбүр ету мүмкін, ал мұның шарттары жайлы фиқһ кітаптарында толық айтылған. Мұндай жағдайда қысасты (өш алуды) қолданудың міндеттілігі туралы мәселеде ғұламалардың пікірлері әртүрлі. Имам Мәлик пен имам Ахмадтың пікірлері бойынша, сондай-ақ имам Шафиғидің (Аллаһ оларға рақым етсін) екі пікірінің анығырақ айтылған біреуіне сәйкес, қысасты (өлімге-өлім түріндегі жазалауды) (мәжбүрлеуші мен мәжбүр болғанның) екеуіне де қолдану керек. Себебі олардың екеуі де кісі өлтіруге қатысушылар, олардың біреуі кісі өлімінің себепшісі, ал екіншісі тікелей орындаушысы болды. Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін): «Мұндай жазаға тек мәжбүрлеуші лайық, ал мәжбүрленуші кісі өлтірудің құралы секілді бірдеңе», – дейді. Бұл пікірді шафиғилер де қолдайды. Ал қайсыбіреулер «мұндай жазаға кісі өлтірудің құралы ретінде емес, оны тікелей іске асырушы ретінде мәжбүрленуші лайық» деп санайды. Өйткені жалпы пікір бойынша, ол күнә істеді. Ханафилерден имам Зуфар және кейбір шафиғилер осы пікірді ұстанады.
360 Екінші: Кісі өлтіру мен зинадан басқа кез келген тыйым салынған істерге мәжбүрлеу. Бұл жерде әңгіме ұрлық, арақ ішу және басқа іс-амалдар туралы. Негізінде фақиһ ғалымдар «егер біреуді мұндай істерге мәжбүрлесе, онда оны орындауға болады» деп есептейді. Бірақ басқаға тиген зиянды өтеу керек, оны мәжбүрлеушіден өндіріп алу қажет. Ал тікелей орындаушыда күнә болмайды және оған жаза берілмейді. Имам Мәлик мазһабындағы кейбір кісілердің хабарлауынша, имам Ахмад мұндайға рұқсат етілмейді деген. Олардың айтуынша, егер біреу тән жазасына лайық қандай да бір күнә істесе, мысалы, арақ ішсе немесе ұрлық істесе, онда жаза қолдану қажет. Егер олардың істерінен басқа адамға зиян келген болса, ол өзін харам іске мәжбүрлеген адаммен бірге тиген зиянды төлеуі тиіс. Үшінші: Тыйым салынған сөздерге мәжбүрлеу. Көптеген ғұламалар, олардың ішінде имам Мәлик, имам Шафиғи және имам Ахмад (Аллаһ оларға рақым етсін) «мәжбүрлеу кез келген сөзге қатысты болуы мүмкін» деп есептейді. Айтарлықтай қысым жасау арқылы тыйым салынған сөздерді айтуға мәжбүрленген адам сөздері үшін өтеу амалдарын орындауға тиісті, бірақ онда күнә болмайды. Егер біреуді бос сөздерді айтуға мәжбүр етсе, оған мұндай үкімдердің қатысы жоқ. Бұған Аллаһ тағаланың сөзі дәлел. Онда Аллаһ тағала қысым көрсету нәтижесінде діннен шыққандығы туралы айтуға мәжбүр болған адамға күнә жүктемейтіні туралы айтқан: «Жүрегі иманмен орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа...»1 . Ал имансыздық (күпірлік) туралы айтсақ, оған көптеген заңдар мен үкімдердің әсері тиісті болады. Олардың ең маңыздысы – имансыздықты күнә деп бағалау. Егер күнә жоқ болса, онда мәжбүрлі түрде айтқан адамға осы барлық заңдар мен үкімдердің әсер-күші жүрмейді. Бұл жайлы айтылған көптеген пікірлердің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл алуан түрлі келісімшарттарға, мәселен, саудасаттық келісімшарттарына, некелесуге немесе ажырасуға, әйелдің талап етуі бойынша некені бұзуға, сондай-ақ кәдімгі ажырасуларға және әртүрлі ант ішулер мен уәделерге де тиісті болады. Осы тараудағы қарастырылып отырған хадис осылай етудің қажеттілігіне дәлел бола алады. Және де Айша (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбардың (с.а.с.): «Мәжбүрлікпен болған талақ та, құл азат ету де жарамсыз»2 , – дегені дәлелге жүреді. Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін) күшін жоюға болатын іс пен адамның таңдау еркімен пайдалану мүмкін істі бөліп қарастырады. Мысалы, сауда-саттық келісіміне қатысты іс. Ол: «Егер мұнда мәжбүрлеу бар деп 1 «Нахл» сүресі, 106-аят. 2 Әбу Дауд.
361 есептелетін болса, онда мәжбүрленуші ешнәрсе істеуге міндетті емес және мұның (тигізер) әсер-салдары оған қатысты болмайды», – деген. Ал жоғарыда аталған заң-үкімдердің әсер-ықпалы бар некелесу, ажырасу, ант ішу және уәделерге қатысты Әбу Ханифа: «Мұндай жағдайларда мәжбүрлеу есепке алынбайды. Ал қандай да бір нәрсені айтқан адам, оны бұған мәжбүр еткен болса да, (айтқанын) орындауға міндетті», – деген. 11. Мәжбүрленушінің мәжбүр болған іспен келісімі Егер мәжбүрленушінің іс-әрекеті мәжбүр еткен іспен келісімін, оның осыны қалайтынын айғақтайтын болса, онда оның келісімшарт және басқа да құжаттарға қойған қолы заңды болып саналады. Кейде мұндай мәжбүрлеу орын алса, мәжбүрлеу деп есептелмейді, өйткені оның өзі де осылай етуге ниеттенген-ді. 12. Заңды мәжбүрлеу Егер шариғат істеріне жауапты мұсылманды міндеттеріне қатысты бір нәрсені айтуға немесе істеуге мәжбүрлесе, бұл заңды мәжбүрлеу болып табылатындықтан ол соны орындауы тиіс. Мәселен: Егер біреу өз әйеліне белгілі бір уақыт ішінде жақындаспауға ант ішіп және төрт ай өткеннен кейін де жақындаспай әрі оған бостандық беруден бас тартса, ал сот әйелімен ажырасуға мәжбүр етсе, онда бұл ажырасу заңдық күшіне ие болады. Егер біреу өз қарызын төлемеуге ант етсе, ал сот оны қарызын толығымен төлеуге мәжбүр етсе, онда ол өз антын бұзады және өтеу амалдарын орындауы тиіс. Егер сот біреуді, ол қарызынан құтылуы үшін дүние-мүлкін сатуға мәжбүр етсе, бұл сауда-саттық келісімі заңды күшіне ие болады.
362 ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ ХАДИС БҰЛ ДҮНИЕНІ АҚЫРЕТТЕ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «(Бір күні) Аллаһтың елшісі (с.а.с.) менің екі иығымнан ұстады да: «Бұл дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушыдай бол», – деді», – деген. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Егер кешке дейін1 өмір сүрсең, таңға жетем деп ойлама2 , ал егер таңға дейін3 өмір сүрсең, кешке жетем деп ойлама және денсаулығыңнан ауруыңа (қажеттіні) ал, өміріңнен өліміңе (қажет нәрсені) ал 4 », – деп жиі айтатын 5 . Хадистің маңыздылығы Бұл өте көптеген пайдалыларды және игілік пен үгіт-насихаттың алуан түрлерін қамтыған мәртебелі де құнды хадис. Бұл хадис адамды бұл дүниеге көп үміт артпауға бағыттайтын негіз болып табылады. Мұсылман бұл дүниені өзінің тұрақты мекені деп есептемеуі және оған икемделіп берілмеуі тиіс. Бірақ ол бұл дүниеде сапарға қажетті заттарын дайындап жүрген жолаушыдай болуы және Аллаһ алдына барғандарға байлығы да, балалары да пайда бере алмайтын, тек жүректерінің сау-саламаттығы ғана жәрдем бере алатын уәде етілген Күннің келуіне үнемі дайын болуы керек. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Пайғамбарлар тәрбиесі Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз сахабалары үшін үйрету мен тәрбиелеу тәсілдері жағынан ғалымдардың бұл саладағы ең жаңа табыстарынан да асып түскен ұстаз әрі тәрбиеші болды. Ол үйрету мен тәрбиелеу үшін әрбір ыңғайлы сәтті пайдалана біліп, мысалдар келтіретін, түсінуі қиын мағыналарға сезім арқылы танылатын және көзбен көруге болатын жағдайларда олардың арасынан ұқсастықтар табатын, мезгіл-мезгіл үгіт-насихат айтатын. Үгіт айтуда олардың талап деңгейіне сәйкес келетіндей, оларға түсінікті болатындай уағыздар жасайтын және олардың іс-амалдарын бақылап, дұрыс жерлерін құптап, мақұлдап, қате тұстарын түзететін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұның бәрін өзінің тамаша үлгі-өнегесімен, үлкен сабырлылығы және қамқорлығы нәтижесінде іске асыратын. 1 Бұл жерде күн батқаннан түн ортасына дейінгі уақыт туралы айтылған. 2 Яғни сенбе. 3 Мұнда, түн ортасынан түске дейінгі уақыт. 4 Яғни сау-саламат, тірі кезіңде салих амалдар жасап қал. 5 Әл-Бұхари.
363 Бұл хадисте Аллаһтың елшісі (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Омардың назарын өзі жеткізгелі тұрған білімнің аса маңыздылығына, сондай-ақ бұл білімді оның жан-дүниесінің ең тереңіне, бүкіл болмыс-бітіміне жеткізуге әрекет жасап тұрғанына аудару мақсатымен оның иығынан ұстағаны туралы айтылады. Мейірбан Пайғамбардың (с.а.с.) бұл өнегесіне назар аударған Ибн Хажар әл-Һайтами (Аллаһ оған рақым етсін): «Бұл хадисте ұстаз немесе үгітнасихат айтушының оқу-үйрету барысында шәкірттің немесе уағыз тыңдаушының денесінің бір бөлігіне қолын тигізіп тұрғаны туралы айтылған», – деп жазады. Осыған ұқсас әңгімені Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) та: «Аллаһтың елшісі (с.а.с.) маған тәшәһһудті1 үйреткенде менің алақанымды өз алақандарында ұстап тұрды», – деп айтқан. Мұның мәнісі, адаммен көбірек іштей жақындыққа жету, оның назарын белгілі бір нәрсеге аудару және оларды оның жадында қалдыру, өйткені осылайша сөйлескеннен кейін адам әдетте мұны ұмытпайтын болады. Оның үстіне, іштей жақын адамдар ғана осылайша сөйлеседі. Бұлай ету Пайғамбардың (с.а.с.) Ибн Омар мен Ибн Масғудқа (Аллаһ оларға разы болсын) деген сүйіспеншілігін көрсетеді. 2. Бұл дүниенің баянсыздығы және Ақыреттің мәңгілігі Бұл дүниеде адам баласы Аллаһ тағаланың қалауымен қанша уақыт белгіленген болса, сонша уақыт қана өмір сүреді, сонан соң ерте ме, кеш пе, өледі. Аллаһ тағала: «Әрбір жан өлімді татады»2 ; «(Мұхаммед!) Шынында, сен де өлесің. Олар да өледі»3 , – деді. Адам баласы мезгіл-уақытының қашан аяқталатынын және өзінің қашан өлетінін білмейді. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Ешкім ертең не істейтінін білмейді. Әрі ешкім қай жерде өлетінін де білмейді»4 , – деген. Адам баласы қанша жыл өмір сүргенімен бұл өмір таусылады, бұл – біздер күн сайын, түн сайын көріп жүрген, сағат сайын, тіпті әрбір қасқағым сәт сайын сезіп-біліп жүрген айдай анық ақиқат. Содан кейін әрбір адамды соңы жоқ, тұрақты, өзгермейтін, мәңгілік өмір күтіп тұрады. Бұл аяқталмайтын өмір – аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ адамдарды қабірден шығарып, амалдарына сай олардан есеп алу үшін бір жерге жинағаннан кейін басталатын және кеңдігі аспандар мен жердей, мәңгілік, тақуалар үшін әзірлеген жаннатқа немесе отыны адамдар мен тастардан болатын және одан еш уақытта шығарылмайтын, кәпірлер үшін дайындалған тозаққа жіберіп, олардың тағдырын шешетін Ақыреттегі мәңгілік өмір. Парасатты мұсылман мына дүниенің қызығушылығына алданбайды, бұл дүниеге сеніп қалмайды және ол бұл дүниеден басқа ешнәрсе жоқ деп 1 Алғашқы екі ракағаттан соң және намаз аяғында айтылатын сөздер. 2 «Әлі Имран» сүресі, 185-аят. 3 «Зумәр» сүресі, 30-аят. 4 «Лұқман» сүресі, 34-аят.
364 есептемейді. Керісінше, бұл дүниені жемісі Ақыретте орып-терілетін ізгі амалдардың дәнін себетін егістікке және Қияметте құтылу мен тозақ үстіне құрылатын Сыраттан1 өту үшін пайдаланылатын құралға айналдырып, бұл дүниеге өте аз мөлшерде үміт артады. Барлық пайғамбарлар мен олардың ізін қуушылардың үгіт-насихат, өсиеттері адамдардың назарын осы шындыққа аударуға жұмылдырылған. Мысалы, Аллаһ тағала Перғауын қауымындағы бір мұсылман адамның: «Уа, елім! Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі уақытша пайдалану. Ал Ақырет болса сөзсіз, ол тұрақты мекен»2 , – дегенін хабарлайды. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Мен үшін бұл дүние не тұрады? Бұл дүниеде мен (күндіз) талдың көлеңкесіне аялдап, содан соң оны тастап, кететін атты жолаушыдай ғанамын», – деді3 . 3. Бұл дүние – Ақыретке өткел және жол Бұл дүниеде мұсылман не жат елдік, не жолаушы тәрізді. Ол бұл дүниеге сеніп қалмайды, оның қызық-думан, сән-салтанатына алаңдамайды және ондағы дүниелерге алданбайды. Өйткені бұл дүние оған тәуелді болуға және сол үшін тер төгуге тұрмайды, ол тұрақты тұру үшін емес, тек өткел болуға ғана арналған. Аллаһ тағала: «Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі»4 , – деген. Мұсылманның жан-дүниесін бұл өмірде өз отанынан ұзақтап, өз отбасынан алыста жатжерлік адам сияқты тіршілік етіп жүргендей сезім еш уақытта тастап кетпейді. Ол күндіз-түні өз отанына, туған жеріне асығады және отбасымен, бала-шағасымен, туған-туысқан, дос-жарандарымен кездесуді аңсайды. Сондай-ақ жат жерде қанша жыл өмір сүрсе де, жүрегі жат жерден кетуді қалайды да тұрады, сондықтан да ол бөгде елде ешқандай ғимарат тұрғызбайды, қымбат дүние-мүлік те сатып алмайды, тек өз еліне барғанда бала-шағасымен, туған-туысқандарымен рақаттану үшін қор жинайды, сыйлықтар дайындайды, ал өзі күнделікті қажеттіліктерді пайдаланумен ғана қанағаттанып жүреді. Себебі ол өзінің тұрақты мекені сол мәңгілік отанында екенін біледі. Осыдан барып мұсылман баянсыз жалған дүниеден баз кешеді, өйткені бұл дүние ақыреттік өмірге қарағанда қас қағым сәт қана болатын дүние. Аллаһ тағала: «Негізінде, дүние тіршілігінің пайдасы Ақыретке қарағанда өте аз ғана»5 ; «Ақырет, ол сөзсіз тұрақты мекен»6 , – деген. 1 Сырат – «өткел», «жол», «көпір» мағынасында. 2 «Ғафыр» сүресі, 39-аят. 3 Әт-Тирмизи. 4 «Әлі Имран» сүресі, 185-аят. 5 «Тәубе» сүресі, 38-аят. 6 «Ғафыр» сүресі, 39-аят.
365 Хасан әл-Басри: «Мұсылман бұл дүниенің қорлығынан қорықпайтын және оның атақ-даңқы үшін күреспейтін жат жерлік сияқты. Оның өз мүддесі бар, ал адамдардың өз мүдделері бар», – дейді. Ибн Ражаб: «Аллаһ Адам атаны (аләйһис-сәләм) жаратқан кезде, оны әйелімен бірге жаннатқа орналастырды, содан кейін одан кетуге бұйырды. Бірақ оларға өздерінің және олардың ізгі үрім-бұтағының (жаннатқа) қайта оралуына болатынын уәде етті, сондықтан мұсылман өз отанын үнемі аңсаумен жүреді», – деді. Сондай-ақ мұсылман бұл дүниеде өз елінен алыстағы жат жерлікке қарағанда әлдеқайда аз байланыс жасап өмір кешеді. Кейде жат жерлікке өмір сүріп отырған жері ұнап қалып, онда үй-жайлы, бала-шағалы болуы мүмкін, ал мұсылманның бұл дүниедегі жағдайы басқаша. Бұл дүниедегі мұсылман жан-тәні өз елі мен тұрақты мекеніне ұмтылған, жол үстіндегі, сол жолдан айнымайтын жолаушы сияқты. Жолдың әр бөлігін жүріп өткен сайын оның кеудесі қуаныш-шаттыққа толады, ал қандай да бір кедергі жолдан тосса, ол бұны өкінішке түсіріп, уайым-қайғыға ұшыратады. Сапар кезінде жолаушы өзін аса қажеттіліктермен ғана қамтамасыз етіп, үйліжайлы да болмайды, дос-жарандарды да көбейтпейді, тек қана осынау жолды басып өтуге және мақсат-мұратына жетуге қажеттіні ғана місе тұтады. Осы теңеуді бұл дүниелік зат-мүліктерден Ақыреттегі мақсатмұратына жетуіне жәрдемдесетін қажеттілерді ғана пайдаланатын мұсылманға қатысты айтуға болады. Ал оның мақсат-мұраты – тек Аллаһ тағаланың разылығына жету. Аллаһ тағала: «Ол сондай (Аллаһ) қайсыларың амал тұрғысында жақсырақ екенін сынау үшін өлім мен өмірді жаратты»1 , – деген. Ол өзіне тура жол көрсететін және қауіпсіз жағалауға жетуге жәрдемдесетін достарды таңдайды. Аллаһ тағала: «Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады»2 , – деді. Сахара шөлде келе жатқан жолаушы ұры-қарақшыдан қандай сақтанса, ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ пен Оған бойсұнудан алыстататын әрекеттерден сондай дәрежеде сақтанады. Аллаһ тағала: «Ол күні әрбір залым бармағын шайнап: «Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді. Сорым құрсын! Әттең! Пәленшені дос тұтпаған болсам едім. Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан (Құраннан) адастырды», – дейді. Негізінде, шайтан адам баласы үшін опасыз болады»3 , – деген. Жолаушы сапарына керекті заттарды жинайды, ал мұсылман бұл дүниеде Ақырет үшін қажетті қорды ғана жинайды. Аллаһ тағала: «Азық алыңдар. Ал азықтың ең жақсысы – тақуалық. Ендеше ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар!»4 – деген. 1 «Мүлк» сүресі, 2-аят. 2 «Зухруф» сүресі, 67-аят. 3 «Фурқан» сүресі, 27-29 аяттар. 4 «Бақара» сүресі, 197-аят.
366 4. Ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) өсиеті Абдуллаһ ибн Омар Аллаһтың елшісінің (с.а.с.) айтқан өсиеттері мен ақыл-кеңесін бүкіл бітім-болмысымен қабылдады, оны жүрегімен таныпбіліп, ұғынып, ақыл-парасатымен сезінді. Сонан соң өз кезегінде өзі де басқалар үшін туралықтың үлгісі бола білді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хадисін кімге айтса, соған таң атса, кешке дейін, кеш батса, таңға дейін өмір сүремін деп ойламау керектігін, кісіге берілген мерзім тез аяқталатынын ескертіп, ақыл-кеңесін беріп, оны мына дүниеден баз кешуге және оған тым көп үміт артпауға шақырды. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Бес (нәрсені) бес (нәрседен) бұрын: жастық шағыңды қарттығыңнан бұрын, денсаулығыңды дертке шалдығудан бұрын, байлығыңды кедейліктен бұрын, бос уақытыңды (бір) іске байланудан бұрын, өміріңді өліміңнен бұрын пайдалан», – деді», – деген1 . 5. Мұсылман ешқандай енжарлық танытпай, кейінірек болашақта істеймін деген үмітке алданып, кешікпей, игілік жасауға және құлшылыққа көп көңіл аударуға, ізгі амалдар жасауға асығуы тиіс, өйткені оның уақытмезгілі қашан бітетіні белгісіз. 6. Мұсылман әрбір қолайлы сәт пен мүмкіндіктерді босқа өткізіп алмастан пайдалануға міндетті. 7. Бұл хадис бұл дүниеге беріліп кетпей, одан баз кешуге үйретеді. Бірақ бұл барлық істен, мақсат-мұраттан және әрекет етуден бас тарту деген сөз емес. Әйтсе де бұл дүниеге құл болмау және Ақыретті ұмытып, тіршілік түйткілдерімен әуре боп кетпеу туралы айтылған. 8. Мұсылман Аллаһ тағаланың жазасынан үнемі сақтанып жүруі тиіс. Ол жолда өзінің мақсат-мұратынан танатын істерден бойын аулақ салып, барынша сақтық жасайтын жолаушыдай зор белсенділік танытуға ұмтылуы керек. Әрі ол ізгі амалдар жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға және игілік-ізгіліктің барлық мүмкін болған түрлеріне баса көңіл бөлуге әрекеттенуі керек. 9. Мұсылмандар өздерін мақсат-мұратынан адастырып, мақсатына жетуге кедергі жасайтын жаман адамдармен достасудан абай болуы керек. 10. Мұсылман бұл дүниелік тіршілікпен өз жанының талап-тілегін қанағаттандыру және пайда табу үшін айналысуы қажет. Ол мұның бәрін 1 Әл-Хаким.
367 Ақырет істеріне және Аллаһ тағаланың разылығын алу үшін ұмтылысқа бағындыруы керек. 11. Мұндай хадистер бізге дүниелік істерге көбірек бой ұрып, мәңгілік өмірге қатысты немқұрайдылық таныта бастаған кездерімізде дүниелік және діни істердің арасындағы сара жол болып табылатын орташа межені ұстануымызға жәрдемдеседі.
368 ҚЫРҚЫНШЫ ХАДИС АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ ШАРИҒАТЫН САҚТАУ – ИМАН НЕГІЗІ Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің ешбірің көңіл қалауы1 маған келген нәрсеге ілеспейінше2 иманға келмейді3 », – деді», – деген4 . Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Мұсылман – тиянақты адам Шын мәніндегі мұсылман – адамгершілік қасиеттерді өз бойына жинаған адам. Оның сөздері мен істерінің арасында айырма болмайды, жүріс-тұрысы ой-пікіріне қайшы келмейді, өйткені оның жүрегі мен тілі бүкіл денесінің басқа бөліктерімен өзара келісімде, ақыл-парасаты, ой-пікірі мен сезімдері бір-бірімен сәйкестікте, ал рухы мен тәні тепе-теңдікте болады. Тілі анық сенімді болғанды ғана айтады, ал сенімі өз денесінің тәртібін түзету мен ісәрекетін тура жолға бағыттау арқылы тәннің барлық бөліктеріне ықпал жасайды. Көңіл қалауы өзіне бағындыра алмайды, ол дін саласындағы жаңалық енгізуді (бидғаттарды) қабылдамайды. Сондай-ақ рақат-ләззат оны құрбан ете алмайды, оның барлық іс-амалдарының бастау алар жері Жоғары Мәртебелі және Дана Аллаһтың ешқандай қателігі де, өтірігі де жоқ шариғаты болып қала береді. Міне, осы туралы аз сөзге көп мағына беру қабілеті дарыған Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылманның ерекше белгісі болып табылатынды нұсқап: «Сендердің ешбірің көңіл қалауы маған келген нәрсеге ілеспейінше иманға келмейді», – деген. 2. Көңіл қалауының хақиқи мәні мен түрлері «Көңіл қалауы» (һәуә) деген сөз көп жағдайда хақиқи шындыққа, шындықты сүйіп, оған бағынуға бейімділік туралы әңгіме болғанда қолданылады. Оған Аллаһ тағаланың: «(Мұхаммед! Жұбайларыңнан) қалағаныңды кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың5 » 6 , – деген сөзі түсірілгенде, Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Көріп 1 Яғни адам жанының қалауы мен жүрегі бұрылатын, табиғаты талап ететін нәрсе. 2 Аллаһ тағала маған жіберген шариғатқа ілеспейінше, онда бұйрықтар мен тыйымдар бар, ол туралы Құран Кәрімде айтылған және сол нәрсеге сүннет бағыттайды. 3 Ондай адамның иманы кәміл болмайды. 4 Наср әл-Мақдиси. 5 Бұл сөздер тек қана Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана қатысты. 6 «Ахзаб» сүресі, 51-аят.
369 тұрмын, сенің Тәңірің әр уақытта сенің қалауыңды (һәуәңды) орындайды»1 , – деген сөзін мысал етуге болады. Бұл айтылғанның Бәдір шайқасында қолға түскен тұтқындардың тағдырын шешу туралы сөз болған кеңесте Омардың (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Әбу Бәкір айтқан сөзді көңілі қалады да, менің айтқанымды көңілі қаламады2 », – деген сөзіне де қатысы бар. Бұл сөзді қандай да бір нәрсеге бейімділік пен сүйіспеншілік туралы әңгіме болған жағдайлардың бәрінде қолдануға болады. Мәселен, ақиқатқа деген сүйіспеншілік пен сүйіспеншіліктің кез келген түрін көрсете алады. Бұл сөздер дәл осы мағынасында біз қарастырып отырған хадисте қолданылған. Сондай-ақ, бұл сөз адам жанының қалауын қанағаттандыру мен іске асыру туралы әңгіме болғанда да қолданылуы мүмкін және осы мағынада көп пайдаланылады. Осы мағынадағы «һәуә» сөзі, мұндай көңіл қалауларын теріске шығаратын Құран аяттары мен хадистерде жиі кездеседі, бұл аяттар адамдарды оған ілесуден қайтарады әрі осы тақылеттес көңіл қалауларынан жиренуге үйретеді. Себебі, көп жағдайда мұндай көңіл қалауларының тасасында шындыққа қайшы келетін амалға және шариғат талаптарын ескерусіз қалдырып өзінің нәпсі қалауын іске асыруға бейімділік жасырынып жатады, бұл өз кезегінде адасу мен қайғы-қасіретке жеткізеді. Дәуітке (аләйһис-сәләм) Аллаһ тағала: «Көңіл қалауына ілесіп кетпе. Ол сені Аллаһтың жолынан адастырады»3 , – деді. 3. Көңіл қалауына еру – күнәлар мен бидғаттардың және шындықтан бас тартудың бастауы Барлық мәселеде пенде көңіл қалауына ілесіп, нәпсісінің дегеніне көне берсе және нәпсі талабын қанағаттандыра берсе, онда бұл көңіл қалауы адамды аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың заңдарымен санаспастан күнә істер істеуге мәжбүр етеді. Шынында да жолдан адасқандардың адасуларының, бидғатшылардың бидғаттарының және тура жол мен айдан анық ақиқаттан бас тартқан кәпірлердің, күнәкарлар мен діннен қайтқандардың бас тартуларының мәні осында жатыр. Олар осының бәрін, тура жол мен ақиқаттың бұлдыр да бұлыңғыр қара пиғылды өтірікпен ешқашан қосылмайтынының айдан анық екендігін біле тұра, өз ойларындағы ақиқаттың анық еместігімен немесе ондай ақиқатпен қанағаттанбайтындықтарымен түсіндіргісі келеді. Ондай тура жолдан ауытқушылар тек қана өздерінің көңіл қалауының ықпалымен ауытқиды. Аллаһ тағала: «Егер олар саған жауап бермесе4 , расында, олардың өз 1 Әл-Бұхари. 2 Омар (Аллаһ оған разы болсын) тұтқын құрайыштарды түгел өлтіруді ұсынған. 3 «Сад» сүресі, 26-аят. 4 Яғни сенің шақыруыңа ілеспесе.
370 көңіл қалауларына ілесетінін біл! Аллаһ (тарапынан келген) тура жолдан басқа өзінің көңіл қалауына ілескеннен бетер адасқан кім бар?»1 – деді. 4. Көңіл қалауына ілескен адам Аллаһқа табынудың орнына көңіл қалауына табынатын болады Табыну бағыну мен бойсұнуда көрініс табады. Өзінің көңіл қалаулары мен ынтызарлық, ынтықтық, шақуат талабына бағынғандар солардың құлақкесті құлына айналады. Ынтықтық пен көңіл қалаулары адамды бүтіндей билеп, өзіне бағындырып, оны тыныштық атаулыдан айыруы мүмкін. Кей адамның барлық іс-қимылын, тіпті бұл оның ақыл-есі мен парасатына қайшы келіп, біліміне сыйыспай жатса да, көңіл қалауы мен құмарлық белгілеп береді және адам тек соларға бағынады. Сол себепті өз қалауының құлы болғандар ақиқатты көргісі де, естігісі де келмейді. Олардың тура жол туралы түсінігі де болмайды және тура жолмен жүрмейді де. Бір күні Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Көңіл қалауы, бұл – жер бетіндегі табынатын құдай», – деп, сонан соң: «(Мұхаммед!) Өз көңіл қалауын тәңір жасап алғанды (өз ойының құлы болғанды) көрдің бе?»2 – деген аятты оқыған. Пайғамбар (с.а.с.): «Тәңірінің аспандарының күмбезі астында Аллаһ тағаланың қасында (адамдар) ілесетін (табынатын) көңіл қалауынан үлкенірек ешнәрсе жоқ», – деген3 . Мұндағы «үлкенірек» сөзі қандай да бір үлкен күнә дегенді білдіреді, өйткені бұл ең үлкен зұлымдықты қамтиды. 5. Көңіл қалауына бағыну – Аллаһ тағала ардақ тұтқан адам баласына жараспайтын осалдық Аса Қамқор және Жоғары Мәртебелі Аллаһ адам баласын Өзінің басқа мақлұқтарынан артықша етіп, құрметті тіршілік иесі етті. Аллаһ тағала: «Расында, адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да, теңізде де4 көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Сондай-ақ жаратқандарымыздың көбінен анағұрлым артық еттік»5 , – деген. Аллаһ тағала адам баласын ардақты еткендігінің белгісі, оған игіліктің не екенін білдіретін және сол игілікті істеуге ынталандыратын ақыл-парасатты сыйлады. Сол ақылдың арқасында ол зұлымдықтың не екенін түсінеді және 1 «Қасас» сүресі, 50-аят. 2 «Фурқан» сүресі, 43-аят. 3 Әл-Хайсами. 4 Яғни Аллаһ тағала жер бетінде және суда, түрлі көлік көмегімен жүруге мүмкіндік берген. 5 «Исра» сүресі, 70-аят.
371 пендеде жамандық істеуге деген жиреніш сезімі пайда болады. Аллаһ тағала: «Жанмен және оны Толықтағанмен, сөйтіп оған жамандығы мен тақуалығын білдіргенмен ант етемін»1 , – деді. Адам жанына оны тақуалыққа да, күнәкарлыққа да итермелейтін қасиеттер берілгендіктен, ол жақсылыққа да, жамандыққа да бейім келеді. Бірақ адам баласы өзіне берілген ақыл-парасаттың күшімен, таңдау еркіндігі мен ішкі қуаттың арқасында өз көңіл қалауларына қарсы тұра алады. Ол жаман ойларын бақылауға алып, оларды тұншықтырып, өз нәпсісімен күресіп, жанын тақуалық пен игілік сатылары арқылы өз жанына лайықты құрмет көрсетілетін дәрежеге дейін жетелей алады. Егер адам баласы осылай ете алса, бұл ақыл-парасатының күш-қуаты мен оның үлгілі, әбден жетілген кәміл адами болмысқа ие екендігін көрсетеді. Егер ол жаман пиғылдарының алдында осалдық танытып, көңіл қалауларынан жеңілсе, жамандық баспалдақтарымен төмен құлдыраса, оның адами табиғаты азғындап, ар-намысы қорланады. Бұл оның ақымақтығы мен дәрменсіздігінің, әлсіздігінің көрінісі болады. Аллаһ тағала: «Расында, нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; әлдекім оны кірлетсе2 , қор болды»3 , – десе, Пайғамбар (с.а.с.): «Мужаһид4 – Аллаһқа бойсұну жолында өз нәпсісімен күресуші», – деп айтқан. Өз жанымен, нәпсісімен күрес, көңіл қалауларына қарсы тұру аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты, Оның ұлылығы мен Оның адам баласына жақсылық жасайтынын хақиқи танып-білуінің нәтижесінде іске асады. Пенде өзінің көңіл қалауы мен нәпсі талабының құлдығында болудан түгелдей құтылғанша, берік сеніммен кәміл иманға жетіп, дүние-ақыретте бақытқа қол жеткізгендердің арасынан табылып, тек қана аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың құлы болғанға дейін өз жанымен арпалысып, үздіксіз күрес жүргізеді. Аллаһ тағала: «Ал енді кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, нәпсісін көңіл қалауынан тыйса, негізінде оның барар жері жұмақ болады»5 , – деді. 6. Көңіл қалауларын құптай беру адасу мен апатқа, өз жанымен күресу бақыт пен құтылуға апарады Өзінің көңіл қалауын, нәпсі талабын құптай беру, оларды қанағаттандырудың иіріміне құлау және рақат-ләззат пен көбірек ойнапкүліп, ішіп-жеп қалуға асығу, сондай-ақ адам баласының халал мен харамды, рұқсат етілген мен тыйым салынғанды ажырата алмауы оның аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа емес, басқаға қызмет етіп жүргенін айғақтайды. 1 «Шәмс» сүресі, 7-8 аяттар. 2 Яғни кім өз жан-дүниесін тазартпаса және оны түрлі қателіктермен жасырса. 3 «Шәмс» сүресі, 9-10 аяттар. 4 Мужаһид – дін үшін қасиетті соғысқа қатысушы. 5 «Назиғат» сүресі, 40-41 аяттар.
372 Бұлар әділетсіздік пен басынушылықтың, көргенсіздіктің көрінісі болады. Бұлай ету арқылы адам баласы игілік Берушіден алыстап, тек Оның берген игіліктеріне ғана көңіл аударады. Ендеше, адам баласының мұндай әрекеті мәңгілікті ұмытып, өткінші дүниені артық санағанын көрсететіндіктен, бұл надандық пен адасудың айғағы болады. Ақырында адам баласын апат, зарар мен зиян күтіп тұрады. Өйткені ол менмендіктің әсерімен, жоғары дәрежеге ұмтылысымен сол жолға түседі, ал бұл оны жауыздық пен құлдыққа апарады. Өйткені Аллаһ тағала: «Ал енді кім шектен шықса және дүние тіршілігін артық көрсе, оның орны – тозақ»1 , – деген. 7. Иман дәрежелері Мұсылман адам екі куәлікті айтқан соң, жан-дүниесімен аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатына бағынады және Оның бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, тыйым салғандарынан аулақ болуға шын жүрегімен берік шешім қабылдайды. Демек, пенде иман негізіне қадам жасады, иман сатыларының алғашқы баспалдағына көтерілді, имансыздар (кәпірлер) қатарынан имандылар (мұсылмандар) қатарына өтті. Сөйтіп Қиямет күні аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың алдында құтылуға үміттенуге мүмкіндік алды. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, Аллаһ «Лә иләһә иллаллаһ» деп, осының көмегімен Аллаһтың дидарына ұмтылған адамға тозақ отын харам етті», – деген2 . Мұсылманның иманының кәмілдікке жетуі мыналар арқылы іске асады: ол аса Қамқор, Жоғары Мәртебелі Аллаһтың жолын берік ұстанса; өз жанын барлық іс-амалында Оған ілесуге бейімдесе; тек қана Оның бұйрығын орындаса; тыйымына бағынса; барлық ірілі-ұсақты мәселенің бәрінде Соның ғана үкіміне жүгінсе; Оған өзіне ең жақын нәрсеге бұрылғандай бұрылса; өз қалауларын Аллаһ тағалаға ұнамды істерге сәйкес өзгертсе; Ол нені мақұл көрсе, бұл да соны қалап-ұнатса; Ол нені теріске шығарса, бұл да соны жек көрсе; Оған бойсұнуда қандай да бір қиындық көремін демей, іштей ауырсынбай, Оның рұқсат еткенін халал деп есептесе; Ол рұқсат етпегенді тыйым салынған харам деп білсе; шүбәлі істерден сақтанып, тақуалық жағында болса. Осылайша ол хақиқи ілімнің ең жоғарғы дәрежелеріне көтеріледі. Бұлай болмаған жағдайда оның иманы әлі де кемшіліктер мен түрлі қоспалардан тазармаған деген сөз. Ал кім аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ шариғатының заңдарын орындаудан бас тартса және басқа бір істерді қалап, өзін шыншылдар бағынғандай бағынудан аулақ ұстап, шын ықыластылар иман келтіргендей иман келтіруден жүз бұрып, шариғат заңдарынан теріс айналса, демек, оның жүрегіне әлі иман орнықпаған, яғни мұсылмандығы дұрыс емес. Ендеше, ол 1 «Назиғат» сүресі, 37-39 аяттар. 2 Әл-Бұхари.
373 Қиямет күні тозаққа түсіп, онда мәңгі қалатын кәпірлер қатарына жатады. Ал бұл – өте жиренішті орын! 8. Аллаһ тағала мен Оның елшісіне деген сүйіспеншілік Мұсылман жан-дүниесінде иман қалыптасып, иман кемелдігіне жеткізетін жолға түсуі үшін, міндетті түрде Аллаһ тағала жақсы көрген, өзіне міндеттеген және нұсқаған амалдарды орындауды аса құлшыныспен жақсы көруі тиіс. Аллаһ тағаланың ұнатпаған және тыйым салғандарынан бас тартуды бар ынтасымен іске асыруы. Адам баласы жақсы көру сезімін Аллаһ тағала мен Оның елшісін (с.а.с.) басқалардың бәрінен артық жақсы көргенде және бойсұнуы көрініс табуы үшін Ол Екеуінің жолында барлығын құрбан етуге дайын болғанда, сондай-ақ Ол Екеуін барлығынан жоғары қойғанда ғана сезіне алады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарың, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге Аллаһтан, Оның пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысудан артық көрінсе, Аллаһтың әмірі келгенге дейін1 күтіңдер» де. Аллаһ бұзық қауымды2 тура жолға салмайды»3 , – деді. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден ешкім мені өз әкесінен де, балаларынан да және барлық адамдардан да артық жақсы көрмейінше мүмін болмайды», – деді», – деген4 . Адам баласы Аллаһ елшісін (с.а.с.) барлық адамдардан жақсы көрмейінше мүмін бола алмайды, бірақ бұл жақсы көру елшіні жіберген Аллаһқа деген жақсы көрудің нәтижесі болмақ. Өйткені Бұл Екеуін бірбірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Демек, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың Өзін жақсы көру арқылы ғана Оның елшісін жақсы көру мүмкін болады. Себебі Аллаһ тағала: «Аллаһтан және Оның пайғамбарынан сүйікті көрінсе...»5 , – деген. 9. Жақсы көрудің белгісі – келісім мен ілесу Хақиқи жақсы көру жақсы көрушіден өз сүйгеніне ілесуді, сүйіктісі жақсы көрген не жақсы көрмеген істерде онымен келісімде болуды талап етеді және бұл келісімі сөзімен де, ісімен де, сенімімен де дәлелденуі тиіс. Аллаһ тағала мен Оның елшісін (с.а.с.) шын жүректен жақсы көретін адам туралы айтсақ, бізге белгілі болғандай, мұндай жақсы көрудің нәтижесі 1 Яғни Аллаһ сендерді жазалағанға дейін. 2 Бұл жерде Аллаһ тағаланың бұйрықтарына бағынбайтындар және осы аятта айтылғандарды Аллаһтан артық жақсы көретіндер туралы айтылған. 3 «Тәубе» сүресі, 24-аят. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 «Тәубе» сүресі, 24-аят.
374 Олардың жақсы көру, жақсы көрмеудегі талғамымен пендесінің талғамының сәйкестігінен көрінеді. Мұның қажетті шарттарының қатарына оның дене мүшелерінің жақсы көру, жек көруіне орай әрекет етуі жатады. Ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатының межесінде тоқтауы қажет әрі шынайы жақсы көру мен иманның дәлелі ретінде Ол тыйым салғандардан бас тартып, Оның бұйрығын бұлжытпай орындауы керек. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ та сендерді жақсы көреді» де»1 , – деді. Хасан әл-Басри (Аллаһ оған рақым етсін): «(Бір күні) Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, біз Раббымызды өте жақсы көреміз!» – деді. Сонда Аллаһ бұл жақсы көрудің бір белгісі болғанын қалады да осы аятты түсірді», – дейді. Егер адам баласы аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ пен Оның елшісінің (с.а.с.) жақсы көргендерінің қай біреуінен бас тартса, Олардың жақсы көргендерін орындауға және жек көргендерінен бас тартуына мүмкіндігі бола тұрып, Олар жек көретінді істесе, оның иманында кемшілік бар. Яғни ол адам өз кемшілігін түзеуге ұмтылуы керек, өйткені оның жақсы көру туралы айтқаны іс жүзінде дәлелденбеген бос сөз болып шығады. Бір ғалым адам: «Аллаһты жақсы көрем дейтін, бірақ Оның бұйрықтарына бағынбайтын талаптанушының әрекеті жалған, ал Аллаһтан қорықпайтын әрбір жақсы көруші қараңғы соқырлықта өтеді», – депті. Келесі бір ғұлама: «Аллаһ тағаланың белгілеген межесін бұзатын адамның Аллаһ тағаланы жақсы көремін деуі жалған», – деп айтқан. Осыдан кейін Аллаһ тағаланың немесе Оның елшісінің (с.а.с.) есімі аталғанда жан-дүниесі толғанысқа түсіп, жанарларына жас толып, бастары иілетін, Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) деген махаббатын жиі айтатын, солай бола тұра аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа бағынбайтын, өсімқорлықпен, ашкөздікке беріліп алаяқтық, алдау-арбаумен, жеке басының пайдасымен айналысатын еркектердің немесе адамдар арасында басы ашық, бүркемесіз, бөтен еркектермен қарым-қатынас жасап, Аллаһ тағала шариғатының айдан анық нұсқау-заңдарын, мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртібін сақтамайтын әйелдердің жағдайларында бұл махаббатқа қатысты кереғарлық туындайтыны түсінікті болады. Біздер Аллаһ тағала оларды да, бізді де тура жолына бастағай деп дұға қаламыз. 10. Иман ләззаты Иман мұсылман-мүміндердің жанына қатты әсер етеді, ал жүректеріне, қаталап шөлдеген адамға салқын судың жағымды болғанынан да жақсырақ және ұзақ уақыт ащы тағам жеген адамға балдың тәтті болғанынан да шырынырақ дәмімен білінеді. Алайда мұндай жақсы көрудің шырын дәмін, мұндай жағымды түсінуді тек қана Аллаһ тағала мен Оның елшісін (с.а.с.) 1 «Әлі Имран» сүресі, 31-аят.
375 шын ықыласымен жақсы көрген және иман жан-дүниесіне түгелдей ықпал жасап, нәтижесінде тек қана Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін жек көретін, Аллаһ үшін садақа, зекет беріп мал сарп қылатын және Аллаһ үшін бас тартатын кәміл иманды адам ғана сезіне алады. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Иман тәттілігін (мына) үш (қасиетке) ие адам татады: Аллаһ пен Оның елшісін бәрінен де артық жақсы көру, өзі ұнататын біреуді тек Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ оны күпірліктен құтқарғаннан кейін, өзінің тозаққа түсуін қандай қаламаса, күпірлікке қайтуды да сондай қаламау», – деді», – деген1 . Бұл жердегі «иман тәттілігі» деген сөз құлшылық арқылы болатын ләззатты білдіреді. Ән-Нәуәуи: «Бұл – Ислам негіздерінің бірі болатын ұлы хадис», – деген. 11. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатына жүгіну мен Оның шешіміне разы болу Иманның қажетті шарттарының бірі – қандай да бір пікірталас немесе басқа да түрлі қиын мәселелер туындаған жағдайда мұсылманның Аллаһ тағаланың Құран мен сүннетте бар, шариғат заңдарында жазылған шешімдерімен, соған ұқсас заңдардан алынатын, оларға қатысы бар тармақтармен қанағаттанып, оларға бойсұнып, тек аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатына ғана жүгінуі. Және ол мұндай шешімдерге, ол шешім кімнің пайдасына шешілгендігіне және оның өз ойынан шыққаншықпағанына қарамастан бағынуы тиіс. Аллаһ тағала бұл жайлы: «Аллаһ және Оның елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін өз істерінде ерікті болулары дұрыс емес»2 ; «(Мұхаммед!) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан істерінде сені төреші қылып, сонан соң шығарған үкіміңнен көңілдерінде қаяу таппай, толық бойсұнғанға дейін мүмін бола алмайды»3 , – деді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өлімінен кейін оның шешіміне жүгінудің орнын оның шариғаты мен сүннетіне жүгіну алмастыра алады. 12. Аллаһ тағалаға жек көрініштіні жақсы көру мен Оның жақсы көргендерін жек көру – күпірлік пен адасу Аллаһ тағала жақсы көргенді жақсы көру, Оған жек көрініштіні жек көру арқылы иман негізі қалыптасатынын, ал адам баласының иманы амалдары осы махаббатқа сәйкескенде ғана кәміл жетілген болатынын білеміз. Мұндай жақсы көрудің не екенінен хабарсыз адамның жүрегінде ешқандай да иман 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 «Ахзаб» сүресі, 36-аят. 3 «Ниса» сүресі, 65-аят.
376 болмайды. Аллаһ тағалаға жек көрініштіні жақсы көрген, Аллаһ тағаланың жақсы көргендерін жек көрген адамда тек күпірлік, адасу, менмендік пен тоңмойындық арта түседі де, ол дүние-ақыретте зиян шегушілердің арасынан табылады. Аллаһ тағала Құранда: «Сол бір кәпір болғандардың соры құрсын. (Аллаһ) олардың амалдарын зая қылды. Бұның себебі, шынында, олар Аллаһтың түсіргендерін жек көрді. Сондықтан (Аллаһ) олардың амалдарын жойды»1 ; «Шынында, өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына2 қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді. Өйткені олар3 Аллаһтың түсіргенін жек көргендерге: «Сендерге кейбір істе4 бағынамыз» деді. Аллаһ олардың сырларын біледі. Періштелер олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді? Бұл шынында, олар Аллаһты ашуландыратын істерге еріп, Оны разы ететінді жек көргендіктен (Аллаһ) олардың амалдарын жойды»5 , – деп айтқан. 13. Өте жақсы үлгі Сахабалар Аллаһ тағала мен Оның елшісіне (с.а.с.) деген шексіз сүйіспеншіліктің тамаша үлгілерін көрсетті және Пайғамбарды (с.а.с.) бәрінен де жоғары қойып, өздерінің көңіл қалауларын оның бұйрықтарына бағындырып, Ол Екеуіне ұнамдыны жақсы көрді. Олар жек көргенді жек көрді және сол үшін өздерін де, мал-мүлкін де құрбан етті, өз әкелерімен соғысты, әйелдерін, туған-туыстарын, өскен ел, туған жерін тастады. Өйткені олар Пайғамбардың (с.а.с.) құқы мен жоғары дәрежесі туралы бәрінен де жақсы білді. Омардың (Аллаһ оған разы болсын) мына сөзінен оның Пайғамбарға (с.а.с.) деген ықыласы айқындалады: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, мен сені өзімнен басқаның бәрінен артық жақсы көремін». (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Олай емес, жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін! Сен мені өзіңнен артық жақсы көруің (керек)», – деді. Омар (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көбірек құқыққа ие екендігін және барлық адамдар алдында артықшылыққа ие екендігін, демек, ол үшін әркім өз жанын құрбан етуі тиістігін, өйткені ол мұны тозақ отынан құтқарғанын түсінуге қажет болған уақытта біраз үнсіз тұрды да, сонан соң: 1 «Мұхаммед» сүресі, 8-9 аяттар. 2 Яғни қайтадан дінсіздікке оралғандар. 3 Яғни екі жүзділер. 4 Бұл жерде Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) қатысты дұшпандық көрсету туралы айтылған. 5 «Мұхаммед» сүресі, 25-28 аяттар.
377 «Аллаһпен ант етемін! Енді мен сені өзімнен де артық жақсы көремін», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Енді, ей, Омар1 », – деді2 . Міне, осының арқасында ең алғашқы иманға келгендер Аллаһ тағаланың мақтауына ие болды. «Муһажир3 , ансарлардан әуелгі озғандар4 және ихсанмен5 оларға ергендерге Аллаһ разы болды. Әрі олар да (Аллаһқа) разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін ішінде мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жаннаттар әзірледі. Міне, осы – зор табыс»6 . 14. Бұл хадисте не туралы айтылады? а) Мұсылман іс-әрекетін Құран мен сүннет бойынша тексеріп, өзінің ол екеуінен ешуақытта алшақтамауын қадағалап отыруы тиіс. ә) Кімде-кім Аллаһ тағала шариғатының ақиқаттығын растап, оны сөз жүзінде мойындап, іс жүзінде оған керісінше амал жасаса, ол – пасық. Ал кім шариғатқа қарама-қарсы сенімде болып, бірақ шариғат заңдарына сәйкес амал қылса, ол – мұнафық (екіжүзді), ал түрлі жағдайға бейімделіп түрліше құбылатын адам, діннен қайтқан құдайсыздың өзі. б) Иманның қажетті шарттарының бірі – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннетін қолдау мен оның шариғатын қорғау. 1 Сенің иманың енді кемелдікке жетті. 2 Әл-Бұхари. 3 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында Меккеден Мәдинаға діндерін сақтап қалу үшін қоныс аударғандар. 4 Яғни басқалардан бұрын Исламды қабылдағандар. 5 «Ихсан», яғни сөзбен де, амалмен де бекітілген хақиқи сенімділік. 6 «Тәубе» сүресі, 100-аят.
378 ҚЫРЫҚ БІРІНШІ ХАДИС АСА ҚҰДІРЕТТІ ДЕ ҰЛЫ АЛЛАҺТЫҢ КЕШІРІМІНІҢ КЕҢДІГІ Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Ей, Адам баласы! Расында, сен Маған жалбарынуың мен үміт артуыңды1 тоқтатқаныңа дейін2 сен қандай (күнәлар жасаған болсаң да)3 оған назар аудармай сені кешіремін4 ! Ей, Адам баласы! Егер сен көктегі бұлттарға жетерлік күнәлар5 жасасаң да, содан соң Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Ей, Адам баласы! Егер Менен басқа ешкімге табынбаған күйде6 Маған жер бетін түгел (толтыратын) күнәлармен келіп жолықсаң7 , міндетті түрде саған (барлық күнәңді жуатын) дәл сондай кешіріммен келемін», – деді», – дегенін естідім», – деген8 . Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетін құрайтын хадистердің ішінде пендесіне ең көп үміт арттыратыны – осы хадис. Өйткені мұнда көп күнә жасаған адамдардың Аллаһ тағаланың кешірімін алудан үміт үзбеу үшін Аллаһ тағаланың кешірімінің қаншалықты мол екені айтылған. Ал екінші жағынан, ешкім осылай екен деп азғындау жолына ұрынбауы және күнә мен зұлымдық иіріміне түспеуі керек, өйткені күнәлі істер адамды өзіне бағындырып, кешірімге лайық болудан мақрұм қалдыруы мүмкін. Бұл жайлы төменде талданып, түсіндіріледі. 1 Яғни Менің жазалауымнан қорқу, жарылқауымнан үміт ету, мейірімділігімді қалау және ұлылығымнан сескенуіңді; «үміт» (ража) сөзі, сондай-ақ «қорқыныш, үрей» (хауф) деген мағынада да қолданылады; яғни жақын арада жақсылық болар деп үміт ету. 2 Сен Маған бойсұнып, дұға жасап күнәларыңды кешіруімді және де басқа тілек айтып, жалбарынуыңды тоқтатқанға дейін; өйткені дұға құлшылық; дұғаның шын мәні – адамның өз Тәңірінен көмек сұрауы. 3 Істеген ірілі-ұсақты күнәларыңның санына қарамай. 4 Олардың көптігіне мән бермеймін, өйткені құлдарымның қылмыстары мен қасарысушылардың күнәлары Тәңірдің ұлылығымен салыстырғанда шаң тозаңдарына ұқсас, тіпті одан да аз. 5 Күнәларың көптігі немесе ауырлығы нәтижесінде бұлттарға дейін жетсе де; бұл жерде күнәлардың саны туралы айрықша атап өткен, себебі күнәлар кәдімгі зат сияқты болғанда, олар аспан мен жердің арасын толтырар еді. 6 Бұл жерде сенім туралы да, амал туралы да айтылған: Яғни билікке қатысты Менің ешқандай серігім жоқ екеніне, сол сияқты балаларым да, әкем де жоқ екеніне толық сенімді болуың керек және басқа біреуге ұмтылыста еш нәрсе жасамауың керек. 7 Яғни Қиямет күні. 8 Әт-Тирмизи, әд-Дарими.
379 1. Кешірім себептері Күнә жасаған адамның кешірімге лайық болуы үшін істейтін бірқатар ісамалдары бар: а) Аллаһ тағалаға жалбарыну мен Одан жауап қайтуына үміт арту. Аллаһ тағала Өзіне дұға жасап жалбарынуды бұйырады және ондай өтініш-тілекті қабылдайтынын уәде етеді. Аллаһ тағала: «Раббыларың: «Маған дұға қылыңдар, тілектеріңді қабылдаймын» деді»1 , – деген. Нуғман ибн Башир (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, дұға – ғибадат», – деп, «Раббыларың: «Маған дұға қылыңдар, тілектеріңді қабылдаймын», – деді», – деген аятты оқыған», – деген2 . Расында, Аллаһ тағала құлының Өзіне бойсұну дұғаларымен жалбарынуына жәрдем беру арқылы оған мейірімділік көрсетсе, онда Ол міндетті түрде оның дұғасын қабылдап, дұғасына жауап беріп, тағы да мейірімділік көрсетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Жалбарыну мен дұға жасау мүмкіндігі нәсіп болғанға, жауап та нәсіп болады, өйткені Аллаһ тағала: «Маған дұға қылыңдар, тілектеріңді қабылдаймын»3 , – деген»4 ; «Аллаһ Өз құлының алдынан жауап қақпасын жауып қойып, дұға қақпасын ашпайды», – деген5 . ә) Дұғаның қабыл болу шарттары, оған кедергі жасайтын жағдайлар мен Аллаһқа жалбарынудың әдептері. Аллаһ тағалаға жалбарыну барлық қажетті шарттары орындалып, барлық кедергі жасайтындар алынып тасталғанда ғана міндетті түрде жауап қайтуына лайық болады. Егер қандай да бір шарт орындалмаса яки дұға жасау әдебі сақталмаса немесе кедергі болатын нәрсенің қандай да біреуі бар болса, адамға жауап қайтпауы мүмкін. – Жүректің әзірлігі мен үміт. Негізгі шарттардың бірі – Аллаһ тағаланың жауабына (яғни дұғасын Аллаһ тағала қабыл ететініне) шын жүректен үміт ету. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа, жауап қайтатынына берік сеніммен дұға жасаңдар; расында, Аллаһ ғафыл, ынтасыз және немқұрайды жүректің дұғасына жауап қатпайды», – деді», – деген6 . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жүректер, бұл – ыдыстар, олардың кейбіреулері бағзыларынан 1 «Ғафыр» сүресі, 60-аят. 2 Әт-Тирмизи. 3 «Ғафыр» сүресі, 60-аят. 4 Әт-Табарани. 5 Ибн Ражаб. 6 Әт-Тирмизи.
380 кеңірек болады, (сондықтан) аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа (қандай да бір) өтініш жасасаңдар, ей, адамдар, Одан жауап қайтатынына сеніммен өтініш айтыңдар, өйткені Аллаһ жүрегі ғафыл құлына жауап қатпайды», – деді», – деген1 . Ал үміт етудің белгісі – өзінің діни парыздарын толығымен орындау. Аллаһ тағала: «Шындығында, иман келтіргендер, қоныс аударғандар және Аллаһ жолында соғысқандар, міне, солар Аллаһтың мейірімін үміт етеді және Аллаһ аса Кешірімшіл, ерекше Рақымды»2 , – деген. – Өтініш-тілек айтып жалбарынғанда тиянақтылық көрсету (екіленбеу). Аллаһ тағалаға өз өтініш-тілегімен дұға жасаған кезде пенде шын пейілден, табандылықпен, үнемі және көңілінде ешқандай қобалжу болмай жалбарынуы тиіс. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден ешкім: «Уа, Аллаһ! Қаласаң, мені кешір! Уа, Аллаһ! Қаласаң, маған мейірім көрсет!» деп айтпасын, керісінше дұға жасағанда тиянақтылық көрсетсін, өйткені Аллаһ Өзі қалағанын ғана істейді және Оны ешкім (ешнәрсеге) мәжбүр ете алмайды»3 ; «Сендерден біреу дұға жасап жалбарынса: «Уа, Аллаһ! Қаласаң, мені кешір!» деп айтпасын, керісінше өз өтінішінде тұрақтылық көрсетсін (екіленбесін) және үлкен тілек айтсын, өйткені расында Аллаһ нені сый етсе де, оны үлкен деп есептемейді», – деген4 . – Өтініш-дұғада табандылық таныту. Пенде өтініш-тілегіне Раббысының жауап қайтарып, сұрағанын беруі үшін өзінің Аллаһ тағаланың құлы екенін, Оған мұқтаж екенін айтқанын Аллаһ тағала жақсы көреді. Сөйтіп пенде өтініш-тілегіне жауап қайтқанын қалап, үмітін үзбей дұға жасап жалбарыну барысында табандылық танытса, есік қаққан адам есіктің ашылуына жақындығы сияқты ол да дұғасына жауап қайтуына жақын болады. Өйткені Аллаһ тағала: «Аллаһқа қорқыныш әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Аллаһтың мейірімі игілік істеушілерге жақын»5 , – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Өтініш айтып жалбарынбағанға Аллаһ ашуланады», – деп айтқан6 . – Дұға жасаудағы асығыстық және одан бас тарту. Аллаһ елшісі (с.а.с.) егер пенденің өтініш-тілегі орындалмай жатса, онда мұндай жағдай жауаптың қайтуына кедергі болатын қандай да бір себепке қатысты екенін ескертіп, пенденің асығыстық жасауынан және Аллаһқа дұға жасап жалбарынуын тоқтатып қоюынан қайтарды. Пайғамбарымыздың 1 Ахмад. 2 «Бақара» сүресі, 218-аят. 3 Муслим. 4 Әт-Тирмизи. 5 «Ағраф» сүресі, 56-аят. 6 Ибн Мәжәһ.
381 (с.а.с.) бұл сөздері егер пенденің талап-тілегіне жауап қайтарылмай кешіккен жағдайда ол Аллаһ тағаланың жауабынан үмітін үзбеуі үшін айтылған, өйткені Аллаһ тағала өз тілегінде табандылық танытқандарды жақсы көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден әрқайсыңа, егер ол асығыстық жасап: «Мен Аллаһқа дұға айтып жалбарындым, бірақ Ол маған жауап қатпады», – деп айтпайтын болса, жауап беріледі», – деген1 . – Халал несібе. Дұға-тілектің қабыл болуына маңызды себін тигізетін бір жайт бар, ол – тіршілік ету үшін пайдаланатын ризықтың халал болуы және оның шариғат рұқсат берген халал жолмен табылуы. Ал дұға-тілектің қабыл болуына кедергі жасайтын нәрсе – адам баласының өз үлес-несібесінің қандай жолмен табылғанына (халал не харам жолмен) көңіл аудармауы. Пайғамбар (с.а.с.) бір күні үсті-басы шаң, шашы қобыраған ұйпа-тұйпа бір адам алыс жол жүріп кеп, аспанға қарай қол жайып: «Уа, Раббым, уа, Раббым!» дегені туралы әңгімені айта отырып, оның харам азықты ризық етіп, харамнан киінгені, харам дүниелермен асыралғандығын айтып: «(Мұндай дұғатілекке) жауап қайтатын ба еді?!»2 – деген. Пайғамбар (с.а.с.) Сағд ибн Әбу Уаққасқа (Аллаһ оған разы болсын): «Ей, Сағд! Халалдан же, дұға-тілегіңе жауап аласың», – деп кеңес берген3 . 2. Кешірім өтіну Күнәлардың кешірілуі және сонымен тікелей байланысты болған тозақ отынан құтылу мен жаннатқа кіру мүмкіндігі туралы дұға-тілектер – пенденің Құдайдан өтінетін маңызды тілектерінің бірі. Пайғамбар (с.а.с.): «Біз осының төңірегінде жүреміз», – деген4 . Яғни Аллаһ тағаладан жаннатты сұрау мен тозақтан құтқаруды тілек етудің төңірегінде. Бұл біз үнемі жұмақ туралы және оттан құтылу туралы өтінеміз деген мағынада. Әбу Муслим әл-Хауләни: «Қай кезде болмасын тозақ туралы айтылатын дұғамен жалбарынсам, міндетті түрде одан құтқару туралы өтінемін», – деген. 3. Пенденің өзіне қайыры бар нәрсе туралы дұға жасауы Аллаһ тағаланың Өз құлына деген мейірімділігінің көрінісі, ол – пенде қандай да бір бұл дүниелік мұқтажын қанағаттандыру туралы Аллаһ тағалаға дұға жасағанда, Аллаһ не оның дұғасына жауап береді (яғни тілегін 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Муслим. 3 Әт-Табарани. 4 Әбу Дауд.
382 орындайды), не оның сұрағанын одан гөрі жақсырақ бірдеңемен алмастырады. Басқаша айтқанда, оның дұға-тілегіне сай одан қандай да бір ауыртпалықты аулақ әкетеді (яғни келе жатқан бір қиындықты қайтарады) яки мәңгілік өмірге осы адам үшін сақтап қояды немесе бұл үшін оның қандай да бір күнәсін кешіреді. Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа (қандай да бір) дұғамен кім жалбарынса да, егер ол күнәлі іс немесе туыстық қатынасты үзу туралы сұрамаса болғаны, Аллаһ міндетті түрде не оның тілегенін береді, не (көлемі жағынан) оның өтінішіне сай зұлымдықтан қорғайды», – деді», – деген1 . Әбу Сағид (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа мұсылмандардан біреу күнәлі немесе туыстық байланысты үзуге қатысы болмаған дұғамен жалбарынса, Аллаһ міндетті түрде үш (нәрсенің) біреуін сый етеді: не оның тілегіне осы дүниеде жауап қайтарады, не оны Ақыретке қалдырады немесе оны (көлемі жағынан сұраған нәрсесіне тең) зұлымдықтан құтқарады», – деді. (Адамдар): «Онда біз (дұға жасауды) көбейтеміз», – деді. Ол (с.а.с.): «Аллаһ көбейтуде (сендерден) жақсырақ», – деп жауап берді», – деген2 . 4. Дұғаның әдептері Ол үшін дұға жасауға ыңғайлы уақытты таңдап алу, оның алдында дәрет алып намаз оқу, тәубеге келу, құбылаға бет бұру және екі қолды көкке созып дұғаны Аллаһ тағалаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтумен бастау керек. Сонан соң Пайғамбарымызға (с.а.с.) дұғаның орта тұсында және соңында салауат айтып, «әмин» деумен бірге тек өзі үшін емес, барлығы үшін тілек етіп, Аллаһ тағаладан тек жақсылық күтіп, тілегінің қабыл болатынына үміт артып, өз күнәларын мойындап, дауысын бәсең ұстауы қажет. 5. Істелген күнәнің ауырлығына қарамастан кешірім сұрау Пенденің күнәлары қаншалықты ауыр болса да, бәрібір Аллаһ тағаланың кеңшілігі мен кешірімі оның күнәларынан үлкен әрі ауқымды, Аллаһ тағаланың кешірімімен салыстырғанда олар (пенденің күнәлары) аса кіші мөлшерде көрінеді. Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбарға (с.а.с.) бір адам келіп екі не үш рет: «Күнәларым қандай үлкен!» – деп дауыстап жіберді. (Сонда) Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Уа, Аллаһ! Менің күнәмнан Сенің кешірімің мол, өз амалыма қарағанда Сенің мейіріміңе көп үміт артамын (Аллаһумма, мағфиратукә аусаъу мин зунуби, уә рахмәтукә аржә ъинди мин ъамали)», – деп айт», – деді. Әлгі кісі осы сөздерді 1 Ахмад, әт-Тирмизи. 2 Ахмад, әл-Хаким.
383 айтты, сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қайтала», – деді. Ол сол сөздерді қайталады. Ол (с.а.с.) оған тағы да: «Қайтала», – деді, ол тағы қайталады. Сосын Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Түрегел, Аллаһ сені кешірді», – деді», – деген1 . 6. Құрандағы кешірім туралы өтініш-тілектер Құранда кешірім сұрау туралы көптеген аяттар бар. Кей кездері Аллаһ тағала Өзіне мынадай өтініштермен дұға жасауды бұйырады. Аллаһ тағала: «Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімшіл, аса Рақымды»2 ; «Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер»3 , – деді. Кей кездері Ол Өзінен кешірім тілеп, дұға жасағандарды мақтайды. Мәселен, Аллаһ тағала: «...және таң сәріден кешірім тілеушілер»4 ; «Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса5 , Аллаһты естеріне алып, күнәларының кешірілуін тілейді. Күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді. Сондай-ақ олар істеген істерін біле тұра6 қасарыспайды. Міне, солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан кешірім»7 , – деген. Кей кездерде күнәларды кешіру жөніндегі жалбарынудың кешіріммен ұласатыны туралы айтылады және кім Аллаһ тағаладан кешірім сұраса, Оның кешіретіні ескертіледі. Аллаһ тағала: «Ал кім жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық жасап, сонан соң Аллаһтан кешірім тілесе, Аллаһты өте Кешірімшіл, аса Рақымды табар еді»8 , – деген. Бұл айтылғанның бәрі кешірім сұраудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді және өз еркімен немесе еркінен тыс қандай да бір күнә жасап, Аллаһ тағаланың бұйрықтарына қайшы келетін іс істеп қойған пенденің құтылуына негіз болады. 7. Тәубеге келу және кешірім сұрау Кешірім сұрау туралы сөз болғанда, оған қоса тәубеге келу жайлы өте жиі айтылады. Мәселен, Аллаһ тағала: «Сонда да олар Аллаһқа тәубе етіп, кешірім тілемей ме?»9 ; 1 Әл-Хаким. 2 «Муззәммил» сүресі, 20-аят. 3 «Һуд» сүресі, 3-аят. 4 «Әлі Имран» сүресі, 17-аят. 5 Күнә істеуші адамның өзіне зиян келтіретін күнә. 6 Өздерінің дұрыс іс істемегенін біле тұра. 7 «Әлі Имран» сүресі, 135-136 аяттар. 8 «Ниса» сүресі, 110-аят. 9 «Мәида» сүресі, 74-аят.
384 «Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер»1 , – – деген. Осы тақылеттес аяттардың саны көп. Ондағы кешірім сұраудың мәні түсінікті. Ал тәубе туралы айтсақ, ол күнә жасаудан іштей де, сырттай да бас тартуды білдіреді. Құранда кей кездерде кешірім өтіну жайлы ғана сөз болады, содан соң оның кешірілетіні айтылады. Мысалы, Аллаһ тағала: «Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімшіл, аса Рақымды»2 , – деген. Қарастырылып отырған хадистегі «Менен кешірім сұрасаң» деген сөз: «өзің жіберген бойсұнбаушылыққа өкініп тәубеге келсең, одан бас тартсаң, Аллаһ тағала үшін енді оған ұқсас істерге қайта оралмауға берік шешім қабылдасаң және бұрын көңіл аудармаған құлшылық түрлерінің орнын толтырсаң, біреуден заңсыз алғаныңды иесіне қайтарсаң немесе кешірімін алсаң» деген мағыналарды береді. Кешірім өтіну күнә істеуден бас тарту мен қалыптасқан жағдайды өзгертуді талап етеді. Аллаһ тағала: «Ал кім зұлымдығынан кейін тәубе қылса3 , түзелсе, әлбетте Аллаһ оның тәубесін қабыл етеді. Аллаһ өте Кешірімді, аса Рақымды»4 , – деген. 8. Кешірім өтіну және күнә істеуде қасарысу Кешірім туралы айтылатын барлық аяттар мен хадистерде, мәселен, «Әлі Имран» сүресінің 135-аятында күнә істеуде қасарысудың еш мүмкін еместігі ескертіледі, өйткені Аллаһ тағала тоңмойындық танытпай күнә істерден тыйылып, Өзінен кешірім өтінгендерге кешірімін уәде етеді. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Бір пенде күнә істеді де: «Уа, Раббым! Күнә істедім, кешіре гөр мені», – деді. Аллаһ тағала: «Менің құлым күнәні кешіретін және сол үшін жазалайтын Тәңірі бар екенін білді, Мен Өз құлымды кешірдім», – деді. Бұдан кейін (осы пенде) Аллаһ қалаған уақытқа дейін (осы) жағдайын сақтады да5 , сонан соң тағы күнә істеді...», – деп, Пайғамбар (с.а.с.) осылай екі рет қайталады», – деген6 . Осы хадистің басқа бір риуаятында үшінші ретте: «(Аллаһ тағала): «Мен Өз құлымды кешірдім, не қаласа, соны істесін», – деді», – делінген7 . Яғни ол күнә істеген сайын кешірім сұраған. Бұдан түсінікті болғаны кешірім туралы өтіну күнә жасауда қасарысудан бас тартумен байланысты болған. 1 «Һуд» сүресі, 3-аят. 2 «Муззәммил» сүресі, 20-аят. 3 Бұл жерде ұрлық істеп қолы кесілгеннен кейін ұрының тәубесі жайлы айтылған. 4 «Мәида» сүресі, 39-аят. 5 Яғни күнәлар жасамады. 6 Әл-Бұхари, Муслим. 7 Муслим.
385 Аллаһ тағала мұндай адамдарды мақтаған және оларға кешіруді уәде еткен. Бұл шын өкінішпен тәубеге келгендерге үміт ұялатады. Бір ғалым: «Егер кешірім өтіну адамды дұрыс тәубеге әкелмесе, оның кешірім туралы өтініші жалған», – деп айтқан. Тек тілмен ғана айтылатын кешірім өтіну туралы сөз етер болсақ, адам жүрегі күнә істеуде тоңмойындық танытқан жағдайда, бұл Аллаһ тағалаға тек ресми дұға қылу болып табылады. Мұндай дұғаға Аллаһ қаласа жауап қатады, қаламаса жауапсыз қалдырады. Алайда соның өзінде де дұғаның қабыл болуына үміттенуге болады, әсіресе мұндай дұға өз күнәсінің ауырлығын сезінген жүректен шықса немесе дұға сөздерінің айтылуы дұға қабыл болатын уақытқа дәл келіп қалса. Мысалы, таңертең азаннан кейін, парыз намаздарын орындаған кездер және сол сияқты белгілі уақыттар. Бірақ (күнә істеуде) қасарысып тоңмойындық таныту дұғаның қабыл болуына кедергі жасайды. Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Күнә істеп жүргенін) біле тұра, оны жалғастыра беретіндердің көрген күні құрысын», – деді», – деген1 . Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Күнәсі үшін өкінген адам мүлдем күнә істемеген адаммен тең, ал күнә істеуді жалғастырып жүріп күнәсі үшін кешірім сұраушы Аллаһты мазақ еткен адамға тең», – деген2 . Сондай-ақ Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын): ««Кім «Аллаһтан кешірім өтінемін» деп, сонан соң (бұрынғы ісіне) қайта оралса, оны өтірікші деп есептеуге болады», – деген. 9. Өтірікшілердің тәубесі Кім «Аллаһтан кешірім өтінемін және Оның алдында тәубеге келдім» немесе «Уа, Аллаһ! Өзіңнен кешірім өтінемін, менің тәубемді қабыл ет» деп айтып, күнә істеуді жүрегімен қалап қасарысса, ол пенденің сөзі өтірік, ісі күнә болып табылады. Өйткені ол тәубеге келген болып саналмайды, ал тәубеге келмей тұрып өзін тәубеге келдім деп жариялауы дұрыс емес. Дәл сол сияқты мұндай сөздер үшін ауыр жазаға ұшырау қаупі де бар. Өйткені бұлай етуші егін салмай өнім алуды немесе үйленбей бала көруді қалаған кісі іспеттес. 10. Тәубеге келу және уәде беру Барлық ғұламалар «Тәубеге келуші пенденің «Аллаһқа тәубе келтірдім» (Әтубу иләллаһ) деп, бойсұнбауға қайта оралмауға уәде етіп айтуына болады, әйтсе де мұндай жағдайда міндетті түрде берік байлам болуы шарт» деген пікір білдірген. 1 Ахмад. 2 Ибн Дүниә.
386 11. Кешірім сұрап жиі жалбарыну Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһпен ант етемін! Расында, мен Аллаһтан күніне жетпіс мәртеден көбірек кешірім сұраймын және Оған тәубе келтіремін», – деді», – деген1 . Лұқман ұлына: «Ей, балам, тіліңді «Уа, Аллаһ! Мені кешіре гөр!» деген сөзге үйрет, өйткені Аллаһтың (белгілеген) сондай бір уақыты бар, сол кезде өтінушінің (тілегін) Ол кері қайтармайды», – деген. Хасан: «Аллаһтан өз үйлеріңде, дастарқан басында, жолда жүргенде, базарларда, (біреулермен) кездесулеріңде, қай жерде болсаңдар да жиі кешірім сұраңдар, өйткені қай кезде кешірім түсірілетіні сендерге белгісіз», – деген. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): ««Аллаһтан кешірім сұраймын және Оған тәубе келтіремін (Астағфируллаһа уә әтубу иләйһ)» деген сөзді Пайғамбардан (с.а.с.) жиірек айтатын ешкімді көрмедім», – деген2 . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Әдетте, бір кездесу кезінде Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тәңірім, мені кешіре гөр және тәубемді қабыл ете гөр. Шын мәнінде, Сен – Тәубені Қабыл Етуші, Кешірімшілсің (Раббиғфир ли уә туб ъаләййә, иннәкә Әнтәт-Тәууәбул-Ғафур)» деп жүз рет айтқанын санар едік», – деген3 . 12. Кешірімнің ең жақсысы Кешірім өтінгенде Пайғамбардың (с.а.с.) «Аллаһтан кешірім өтінемін және Оған тәубе келтіремін (Астағфируллаһа уә әтубу иләйһ)» деген сөзіне қосымша тағы да сөз қосқан жақсы. Омар (Аллаһ оған разы болсын) бір күні бір адамның: «Аллаһтан кешірім өтінемін және Оған тәубе келтіремін» дегенін естіп, оған: «Ей, Хумайқ! (Тағы да): «...өзіне не пайда не зиян келтіре алмайтын, өз өміріне, не өліміне, не қайта тірілуіне өзі билік жүргізе алмайтын (адамның тәубесін қабыл ал) (...тәубәтә мән лә йәмлику линәфсиһи нәфъан, уә лә дарран, уә лә мәутән, уә лә хайатән уә лә нушура)», – деген сөздерді қоса айт», – деген. Бір күні әл-Әузағиден: «Одан басқа ешқандай Тәңір жоқ Ұлы Аллаһтан кешірім өтінемін, Тірі, толық Меңгеріп Тұрушы және Оған тәубе келтірдім (Астағфируллаһал-Азимәл-ләзи лә иләһә иллә һууә, әл-Хаййәл-Қаййум, уә әтубу иләйһ)», – деп Аллаһтан кешірім өтінген адам туралы сұрағанда, әлӘузағи: «Шын мәнінде, өте жақсы, бірақ кешірім өтінуі толық болуы үшін: «Уа, Аллаһым! Мені кешіре гөр! (Раббиғфирли)», – дегенді де айтсын», – депті. 1 Әл-Бұхари. 2 Ән-Нәуәуи, Амалул-йәум уәл-ләйлә. 3 Әбу Дауд.
387 Бұл сөздерді Пайғамбардың (с.а.с.) айтқаны жайлы Әбу Дауд, әт-Тирмизи және т.б. мухаддистер кітаптарында келтірген. Алайда кешірім өтінудің ең жақсысы және таңдаулысы, ең үлкен сыйлық берілетін, бәрінен де жиі қабыл болатын өтініш – адамның өз Раббысына мадақ айтумен бастап, сосын өз күнәсін мойындап, содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан сөздерді пайдаланып Аллаһтан кешірім өтінуі. Шаддад ибн Аус (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһтан кешірім өтінгенде, ең жақсысы: «Уа, Аллаһ! Сен – Раббымсың, Сенен басқа ешбір құдай жоқ, Сен жараттың мені, мен Сенің құлыңмын, күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе паналаймын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде күнәларды Сен ғана кешіресің (Аллаһумма, Әнтә Рабби, лә иләһә иллә Әнтә, халақтани, уә әна абдукә, уә әна ъала ъаһдикә уә уаъдикә мәстәтаъту. Аъузу бикә мин шәрри мә санаъту, әбуу ләкә биниъмәтикә ъаләййә, уә әбуу бизәнби, фағфирли, фә иннәһу лә йәғфуруз-зунубә иллә Әнтә)», – деп дұға айту», – дейтін», – деген1 . 13. Адамның өзі білмеген күнәлары туралы кешірім өтінуі Адам егер көңіл аудармай көп күнә жасап, талай теріс амал істеген болса және оларды санап шығуы мүмкін болмай қалса, ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан тек Ол ғана білетін, яғни Одан басқа ешкім білмейтін күнәлары үшін кешірім өтінуі керек. Шаддад ибн Аус (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Саған белгілі жамандықтардан Өзіңнен пана сұраймын, Өзіңе белгілі жақсылықтарды Сенен өтінемін және Өзіңе белгілі нәрселерде Сенен кешірім өтінемін, расында, Сен жасырынғайыпты бәрінен Жақсы Білушісің (Аъузу бикә мин шәрри мә таъләму, уә әс-әлукә мин хайри мә таъләму, уә астағфирукә миммә таъләму, иннәкә Әнтә – Алламул-ғуййууб!)», – дейтін», – деген. Шын мәнінде, Аллаһ барлығын біледі және Ол барлық нәрсені түгендеп сақтайды. Себебі Аллаһ тағала: «Сол күні Аллаһ, олардың барлығын тірілтеді де өздеріне не істегендерін хабарлайды. Аллаһ оны түгендеп сақтады. Ал олар болса ұмытты» 2 , – деген. 14. Кешірім өтініп жалбарынудың жемістері Аллаһ тағалаға жалбарынушы адам Кешіруші, Мейірбан, Бай, Жомарт, Білуші, Жұмсақ және Рақымды Аллаһтан пана іздеп жүргенін сезінеді. Сол 1 Әл-Бұхари. 2 «Мужадәлә» сүресі, 6-аят.
388 арқылы оның жүрегі орнығады, қуаныш сезінеді, абыржуы мен уайымқайғысы кетеді, Аллаһ тағаланың мейірімділігі мен қамқорлығына шаттанады, жан-дүниесі болашаққа деген сенімге толады және үміт үзу, торығу сезімінен арылады. Әл-Музани: «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, менің (көңілім бөлініп) жүрегім алаңдайды1 және мен Аллаһтан күніне жүз мәрте кешірім өтінемін», – деді», – деген2 . Қатада: «Шын мәнінде, бұл Құран сендердің ауруларыңды және сендер үшін дәрі-дәрмекті көрсетеді. Сендердің ауруларың – күнәларың, ал сендер үшін дәрі-дәрмек, ол – кешірім өтінулерің», – деген. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Кім өз кітабынан3 кешірім өтінгені туралы (жазуды) көп тапса, сол игілікке бөленді дей беріңіз», – деген. Әбу Минһал: «Қабірінде жатқан пендеге ол үшін көп кешірім өтінуден жақсы көрші жоқ», – деген. Тағы бір ғалым: «Расында, күнәкардың жылау мен кешірім сұраудан басқа таянышы жоқ, сондықтан кім өз күнәлары туралы уайым жесе, жиіжиі кешірім өтінсін», – депті. Кешірім өтінудің бір нәтижесі, ол адамның тілі басқа сөздерді айтудан тыйылады, нәтижесінде оның жан-дүниесі кішіпейілділікке, мейірімділікке, кешірімділікке бейімделеді. Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, менің тілім кейде тым ащы болып кетеді4 , нәтижесінде, бұдан менің отбасым жапа шегеді» дедім. Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Хузайфа! Сен Аллаһтан кешірімді аз өтінесің, ал мен, расында, күніне Аллаһтан жүз мәрте кешірім өтінемін және Оған тәубе келтіремін», – деді», – деген5 . 15. Басқалар «олар күнәні аз істейді» деп ойлайтын адамдардың кешірім өтінулері Өз күнәларына аса сақтық жасайтын адам күнәні мүлдем аз жасайтын немесе күнә жасамайтын адамнан өзі үшін оның Аллаһ тағаладан кешірім сұрауын өтінуі мүмкін. Мысалы, Омар (Аллаһ оған разы болсын) өз балаларына: «Расында, сендер күнә істеген жоқсыңдар», – деп олардан өзінің күнәларын кешіру туралы Аллаһ тағаладан өтінулерін сұранған. 1 Әдетте, Пайғамбарымыз (с.а.с.) үнемі Аллаһты зікір ететін. Алайда ол түрлі дүние тіршілігі істерімен айналысуға, адамдармен сөйлесуге мәжбүр болатын. 2 Муслим. 3 Бұл жерде Қиямет күні әркімге берілетін жақсы, жаман істері жазылған кітап туралы айтылған. 4 Яғни не айтып тұрғаныма және аузымнан шығып кететін жаман сөздерге назар аудармаймын. 5 Ахмад.
389 Ал Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Құран үйренуші балаларға: «Уа, Аллаһ! Әбу Һурайраны кешіре гөр!» деп айтыңдар», – деп үйретіп, олардың дұғасынан соң «Әмин» дейді екен. 16. Күнәларды Аллаһ тағала ғана кешіреді деп есептеп, Ол туралы тек жақсы ойлау керек Кешірім өтінуші пенде Аллаһ тағала оның күнәларын кешіретініне толық сенген халде міндетті түрде Одан жақсылық күтуі тиіс. Қудси хадистердің бірінде Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Пендем Мен туралы қалай ойласа, Мен сондаймын. Ендеше Мен туралы қалағанын ойласын», – деп айтты», – деген1 . Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ туралы жақсылықтан басқа ешнәрсе ойламаңдар», – деген2 . Пенденің кешірімге лайық болуының аса маңызды себептерінің бірі – ол күнә жасағанда күнәларын өз Тәңірінен басқа біреу кешіреді деген үміттен аулақ болуы және күнәларын тек қана Аллаһ тағаланың кешіретінін немесе сол күнәлар үшін тек қана Аллаһ тағала жазалайтынын білуі. Мұсылман, мүміндер туралы Аллаһ тағала: «Және қашан олар арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Аллаһты естеріне алып, күнәларының кешірілуін тілейді. Күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді?!»3 – деген. Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «(Бір күні) Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған намаз кезінде Аллаһқа жалбарынатын дұға үйретші», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Уа, Аллаһ! Расында, мен өз жаныма көп зұлымдық істедім4 , күнәларымды Сенен басқа Кешіруші жоқ! Өз жарылқауыңмен мені кешіре гөр және маған рақым ет! Расында Сен аса Кешірімшіл, өте Рақымдысың (Аллаһумма, инни заламту нәфси зулман кәсиран, уә лә йәғфируз-зунуба иллә Әнтә, фәғфир ли мағфиратән мин ъиндикә, уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!)» – деп айт», – деді», – деген5 . Аллаһ тағаладан тек жақсылық күту міндетті іс, әсіресе, адамның өмірі соңына жақындаған тұста және Аллаһ тағаламен кездесуге жақын қалған кезде бәрінен де Аллаһ тағаланың кешіріміне деген үміті басым болуы қажет. 1 Әд-Дарими. 2 Ибн Ражаб. 3 «Әлі Имран» сүресі, 135-аят. 4 Яғни күнә істедім. 5 Әл-Бұхари, Муслим.
390 17. Қорқыныш пен үміт Үміттің іске асуы үшін қорқыныш қажет. Адам баласы құтылу үшін олардың біреуімен ғана шектелмей қорқыныш пен үмітті ұштастыруы қажет. Өйткені тек қана үміт болса, ол қулыққа айналуы мүмкін, ал тек қана қорқыныш болса, ол үмітсіздікке айналуы мүмкін. Жалаң үміттену мен түбегейлі үмітсіздікке ұрынудың екеуі де теріске шығарылатын амалдар. Имам Мәлик мазһабындағылар: «Адамның сау кезінде қорқуы басым болсын, ал ауру кезінде үміті басым болсын», – дейді. Ал имам Шафиғи мазһабындағылар өз кемшіліктеріне ауық-ауық көз салып, қорқу үшін және ауық-ауық Аллаһ тағаланың жомарттығына қарап үміттену үшін дені сау адамда екеуі де шамалас болуы керек дейді. Ауру адамда, Пайғамбардың (с.а.с.) айтқанына сәйкес, үрейден гөрі үміт басым болуы керек. Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден ешбіреуің өліп бара жатқанда аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан жақсылықтан басқа ешнәрсе күтпесін», – деген1 . Бәлкім, бұл хадистің осы кітаптағы қырық хадиске қосымша ретінде таңдаулы хадистердің соңына қойылғанын да осымен түсіндірерміз. 18. Кешірімнің негізінде таухид2 жатыр Кешірім жасалудың себептерінің бірі – бірқұдайшылықты ұстану. Бұл – басты себеп. Өйткені кім таухидті ұстанбаса, ол кешірім жасалуына үміт ете алмайды, ал кім таухидте болса, ол адамға кешірім жасалуға үмітін арттыратын басты себепшінің нәсіп болғаны. Аллаһ тағала: «Аллаһ Өзіне ортақ қосылуды кешірмейді де, бұдан өзгені қалаған (пендесіне) кешіреді»3 , – деді. Расында, тек қана Жалғыз аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа табыну нұрының қасында күнәлар түкке тұрғысыз боп кетеді, сондықтан өзінің таухидімен бірге бүкіл жер бетін толтыратын күнә арқалап келгенде де пендені аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ оның бар күнәсін жуатын кешіріммен қарсы алады. Бірақ барлығы Аллаһ тағаланың мейірімділігіне байланысты. Ол қалаған адамын кешіреді, қалағанын жасаған күнәлары үшін жазалайды. 19. Таухидті ұстанушыны жаннат күтіп тұр Таухидті ұстанушы4 тозақта мәңгі қалмай, одан шығарылып, сосын жаннатқа кіреді. Сонымен қатар ол тозаққа кәпірдің тасталғанындай тасталмайды және ол тозақта кәпірлер сияқты мәңгі қалмайды. Пайғамбар 1 Муслим. 2 Таухид – бірқұдайшылдық (Аллаһ тағаланы Раббылықта, құлшылықта және есімсипаттарында бірлеу). 3 «Ниса» сүресі, 48-аят. 4 Яғни Аллаһты жалғыз деп иман келтіріп, тек оған ғана құлшылық етуші адам.
391 (с.а.с.): «Аллаһтан басқа тәңір жоқ»1 деген және жүрегінде тым болмаса, бидай дәніндей жақсылық бар адам тозақтан шығарылады», – деген2 . 20. Тозақтан құтылу Егер пенденің таухиді және оның Аллаһ тағалаға ықыласы рас болса, таухид пен ықыласқа қажетті шарттарды жүрегімен, тілімен, сондай-ақ денесінің барлық бөліктерімен, ал өлім аузында жатқанда жүрегімен, тілімен сақтайтын болса, онда бұл міндетті түрде оның барлық өткен күнәларының кешірілуіне, тозақтан түбегейлі құтылуына жол ашады. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) Муғаз ибн Жәбәлдан (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың Өз құлдарынан нені күтуге құқылы екенін сен білесің бе?» – деп сұрады. Ол: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап берді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол құлының Өзінен басқа ешкімге емес, тек Өзіне ғана құлшылық етуін күтуге құқылы. Ал құлдарының Одан нені күтуге құқылы екенін білесің бе?» – деді. Ол: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап берді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһ оларды азаптамайтынын (күтуге)», – деді3 . Шаддад ибн Аус пен Убада ибн әс-Самит (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) өз сахабаларына: «Қолдарыңды көтеріңдер де: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деп айтыңдар», – деген. Олар: «Біз қолымызды көтердік те белгілі бір уақытқа дейін (қолдарымызды түсірмей тұрдық), содан кейін Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қолын түсірді де: «Әл-хәмду лилләһ! Уа, Аллаһ! Сен мені осы сөздермен жібердің, сол сөздерді айтуды бұйырдың және оларға жаннат (берілетінін) маған уәде еттің, расында, Сен уәдеңді бұзбайсың!» – деді. Содан кейін ол (с.а.с.): «Қуаныңдар, расында, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ сендерді кешірді!» – деді», – деген4 . Жоғарыда айтылып өткендей, бұл – тәубе мен ізгі амалдарға барынша көңіл бөлудің нәтижесі. Бұған сай Аллаһ тағала: «Бірақ кімде-кім тәубе қылса, иман келтіріп, ізгі амал жасаса, міне, Аллаһ солардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімшіл, аса Рақымды»5 , – деген. 1 Яғни таухид. 2 Әл-Бұхари. 3 Әл-Бұхари. 4 Ахмад. 5 «Фурқан» сүресі, 70-аят.
392 21. Таза таухид Таухид сөздерін адам баласы шын жүрегімен айтқан кезде оның жүрегінен Аллаһ тағалаға қатысты сүйіспеншілік, құрметтеу, қастерлеу, Одан қорқу мен үміт арту, Оған деген сенімнен, яғни иманнан басқаның бәрі кетеді. Осының нәтижесінде оның барлық күнәсі мен қателіктері, тіпті олардың саны теңіз көбігінің түйіршіктеріндей болса да, күйіп кетеді. Бәлкім бұл сөздер оларды ізгі амалдарға айналдыруы да ғажап емес. Ал Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігі оның жүрегін барлық басқа пиғыл, ниеттерден тазартады. Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден ешкім Аллаһ пен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көрмейінше мүмін болмайды», – деген1 . Барлығымыздың Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген сүйіспеншілігіміздің қайнар көзі – аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа деген шексіз махаббатымыз. Барлық мақтау-мадақ Аллаһ тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымызға Аллаһ тағаланың игілігі, сәлемі және берекеті болсын. 1 Әл-Бұхари.