The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Тогжан Жумалы, 2023-12-15 05:12:19

ӘЛ-УӘФИ

ӘЛ-УӘФИ

301 ә) Алашағы бар адам борыштының қарызын түгелдей немесе бір бөлігін кешіріп жіберуі мүмкін немесе борыштыға қарызды төлеуі және аса қажет мұқтаждығына жұмсауы үшін жағдайын жеңілдететін қаражатты басқа біреудің беруі мүмкін. Жеңілдік жасаудың мұндай тәсілдеріне шариғат рұқсат етеді әрі ұсынады және бұл Аллаһ тағала тарапынан жоғары бағаланады. Аллаһ тағала: «Егер де, (қарыздар адам) қиын жағдайда болса, (қарызды қайтаруға) шамасы келгеніне дейін күту керек»1 , – деді. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Кім кедей борыштыға уақыт берсе немесе (қарызын) кешірсе, оны Аллаһ Өз саясында паналатады», – деген2 . 5. Адамдардың жағдайын жеңілдетуге ең құқылы – Аллаһ тағала Байлық та, бала-шаға да пайда келтіре алмайтын сол бір Күні адам баласы Аллаһ тағала алдында міндетті түрде тұратын болады. Ол: «Ол күні шын патшалық Аллаһтікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады»3 ; «Қашан Сүр үрленсе4 . Міне, сол күн, өте ауыр күн. Негізінен кәпірлерге оңай емес»5 , – деген. Ол күн, кім Құдіретті Аллаһтың мейірімділігіне иман келтірмеген, Оған құлшылық етпеген, алғысын білдірмеген және Аллаһтың басқа жаратқандарына жақсылық істемеген яки жәрдем көрсетпеген болса, ондай адамдарға аса ауыр сәт болатынына күмән жоқ. Ал Аллаһ тағалаға иман келтірген, Оған өз дәрежесінде құлшылық жасаған, жақсылық нығметтері мен игіліктері үшін алғысын білдірген және Аллаһ тағала оларға Өз мейірімін түсіргеніне разы болғанының айғағы ретінде адамдардың жағдайларын жеңілдеткен мұсылмандар туралы айтар болсақ, әлбетте Аллаһ тағала мұндай адамдарды олардың игі істері үшін жақсылықпен марапаттап олардың жаман амалдарын кешіреді, сөйтіп ол күнді олар үшін жеңіл етеді. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Бұрын) бір адам өмір сүрді, ол адамдарға қарызға ақша беретін еді және қызметкеріне: «Егер кедей борыштыға барсаң, оған кешірім ет, бәлки, Аллаһ та бізді кешірер» дейтін-ді, сөйтіп ол Аллаһты кезіктіргенде, (шынында да) Ол оны кешірді», – деді», – деген6 . Әбу Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден бұрын өмір сүргендердің біреуінен (өлген соң) есеп алынғанда, оның бай болғаны және адамдарды алаламайтыны және қиналған адамдарға әр 1 «Бақара» сүресі, 280-аят. 2 Муслим. 3 «Фурқан» сүресі, 26-аят. 4 Бұл жерде екінші үрілуі туралы айтылуда. 5 «Муддәссир» сүресі, 8-10 аяттар. 6 Әл-Бұхари, Муслим.


302 уақытта қарызды кешіп жіберуді қызметкеріне бұйырғанынан басқа ешқандай игілік жасамағаны1 анықталған», – деді», – деген2 . Пайғамбар (с.а.с.): «Ұлы Аллаһ: «Бұған (яғни кешірім жасауға) оған қарағанда Біз көбірек құқылымыз, оны кешіріңдер!» – деді», – деген. 6. Бойсұну мен бағынудың ең тамаша үлгілері Бойсұнудың ғажап үлгілері бізге дейінгі өмір сүргендердің ішінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларының (Аллаһ оларға разы болсын) амалдары еді. Олар Ұлы Аллаһ түсірген аяттың мән-маңызын жақсы түсінген-ді. Аллаһ тағала: «Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге Аллаһқа және Оның елшісіне шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік те, бойсұндық» деу болады»3 , – деген. Осынау тамаша үлгілерге қарап біз қазіргі кезде де кедей, жоқ-жітік борыштының жағдайын жеңілдетуге әрекет жасаймыз. Бұл Пайғамбардың (с.а.с.) адамгершілік қасиеттерін қабылдауға ұмтылысымыздың және бойсұну мен бағынуымыздың жемісі. а) Мәселен, өз заманында Кағб ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) Ибн Әбу Хадрадтың (Аллаһ оған разы болсын) алған қарызын қайтаруды мешітте тұрып талап етеді және олардың қатты айқайлап сөйлегені сонша, дауыстары үйінде отырған Аллаһ елшісіне (с.а.с.) естіледі. Сонда оның асығыс шыққаны сондай, тіпті бөлмесінің пердесі түсіп кеткен еді. Ол (с.а.с.): «Ей, Кағб!» – деді. Кағб (Аллаһ оған разы болсын): «Мен алдыңдамын, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен ол үшін қарызыңнан мұншасын кеш», – деп оған жартысын кешу керектігін нұсқады. (Кағб): «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен солай еттім», – деді. (Осыдан кейін Пайғамбар (с.а.с.) Ибн Хадрадқа)): «Ал сен төле!» – деп бұйырды4 . ә) Айшадан жеткен бір риуаятта (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Аллаһ елшісі (с.а.с.) есігінің алдындағы (адамдардың) қатты шыққан дауысын естіді. Сөйтсе, дауласушылардың біреуі екіншісінен қарызының бір бөлігін кешіруді, сөйтіп қайырымдылық жасауды өтінуде екен, ал екіншісі: «Аллаһпен ант етемін, кешірмеймін», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) сыртқа шықты да: «Дұрыстықты істемеймін деп Аллаһпен ант етіп тұрған қайда?» – деді. (Ол адам): «Мен, уа, Аллаһтың елшісі! (Жарайды) оның қалағаны болсын», – деді», – делінген5 . Ең жақсы жолмен жүруге және ең асыл қасиетті көрсетуге белгі берудің өзі жеткілікті болған. Дұрыстықты ұстанып, тақуалықтан әсте шегінбеген, 1 Яғни кемшіліктерінен асып түсетін және сол арқылы ол жаннатқа лайық болатын жақсы амал жасамаған. 2 Муслим. 3 «Нұр» сүресі, 51-аят. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


303 сондай-ақ адамдарға жақсылық істегендердің бәріне Аллаһ тағала разы болсын! 7. Мұсылманның айыбын жасыру Мұсылманның айыбын жасыру мен адамдар арасында масқаралау мақсатымен оның ізін аңдып, кемшіліктері мен қателіктерін іздемеу туралы хадистер көп. Оның бірі – қарастырылып отырған игілік жайлы осы бір хадисте. Мәселен, Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім мұсылман бауырының айыбын жасырса (жапса), Қиямет күні Аллаһ оның айыбын жабады, ал егер біреу мұсылман бауырының айыбын ашса, онда Аллаһ оның айыбын ашады және оны өз үйінде масқара қылады», – деді», – деген1 . Бізден бұрын өткен бір кісінің: «Мен кемшіліктері2 жоқ адамдарды көрдім, бірақ олар басқалардың кемшіліктері туралы айта бастады, осыдан кейін адамдар олардың кемшіліктері туралы айтуға кірісті. Сондай-ақ мен кемшіліктері бар адамдарды көрдім, бірақ олар басқалардың кемшіліктері жайлы айтуды тоқтатты, сонан соң (олардың кемшіліктерін) олар да ұмытты», – деген. Мұсылмандардың кемшіліктерін табуға ұмтылу – мұнафық (екіжүзді) адамдарға тән белгі. Олардың мұндай әрекеті, яғни адамдардың кемістігін тауып, оны басқалардың алдында жариялауды жақсы көруі жүректеріне иманның әлі орнықпағанын көрсетеді. Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «(Бір күні) Аллаһтың елшісі (с.а.с.) мінберге көтерілді де (мешітке жиналғандарға) қатты дауыстап: «Ей, жүректеріне иман жетпеген, тілімен (ғана) Исламды қабылдағандар! Мұсылмандарды ренжітпеңдер, оларды ұялтпаңдар3 және олардың кемшіліктерін іздеп соңына түспеңдер, өйткені, расында, кім мұсылман бауырының кемшіліктерін іздесе, Аллаһ оның кемшіліктерін тынымсыз іздейді, ал Аллаһ кімнің кемшіліктерін тынымсыз іздесе, оны тіпті өз үйінде отырса да, масқара қылады!» – деді», – деген4 . Сондай-ақ Әбу Барза әл-Әслами (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «...мұсылмандар туралы жаман сөз (ғайбат) айтпаңдар...», – деді», – деген5 . 1 Ибн Мәжәһ. 2 Бұл жерде алғашқы кезде адамдар байқамаған, бірақ кейіннен адамдар байқай бастаған кемшіліктер туралы айтылып отыр. 3 Яғни көпшіліктің алдында ұялтпаңдар. 4 Әт-Тирмизи. 5 Әбу Дауд, Ахмад.


304 8. Күнәлінің күнәсін жасыру Басқаның қателігін білген мұсылман ол туралы жұртқа жариялауы керек пе әлде оны жасыруы керек пе? Бұл қателікті жіберген адамның қандай адам екеніне қарай, олар екі топқа бөлінеді: а) Бұрын ешқандай жаман аты шықпаған адам. Мұнда бұған дейін ешқандай қателіктері байқалмаған адам туралы айтылған. Егер осындай адам қателессе немесе кемшілік жіберсе, оны жасыру керек және оның не істегенін іздестіруге де, жария етуге де қатаң тыйым салынады. Өйткені бұлай ету харам етілген ғайбат және жиіркенішті іске жол беру болып табылады. Аллаһ тағала: «Расында, сондай мүміндердің арасында арсыздықтың жайылуын1 жақсы көргендерге: дүние-ақыретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер», – деген2 . Ғұламалар «Мүміндер туралы арсыздықтың таралуы» дегенді «Олар тарапынан жіберілген кемшіліктер немесе істемеген істі істеді деп айыптау туралы мағлұматтардың жариялануы», – деп түсіндірген. Алайда бұл оларға уағыз айтуға, оң істерге шақыруға немесе теріс қылықтардан қайтаруға және оларды туралықты ұстанып, шариғат үкімдерін бұзудан аулақ жүруге бағыттауға болмайды деген мағынада емес, керісінше, осының бәрінің орындалуы талап етіледі, өйткені мұның бәрі мұсылмандардың ара-қатынасындағы міндеттеріне кіреді. ә) Адамдар арасында күнәкарлығымен белгілі болғандар. Бұлар өзінің не істеп жүргенін де, өзі туралы басқалар не айтып жүргенін де ойламайтын адамдар. Олар анық арсыз адамдар, олар жайлы жұртты сақтандыру ғайбатқа жатқызылған әрі тыйымға саналмайды. Ондай адамдардың кім екендігі туралы басқаларға ескерту қажет, кей кездерде мұндай адамнан келетін зарардың алдын-алу үшін ол туралы айту, тіпті міндетті болып табылады. Егер ондай адамдардың арсыздығы шектен шыға бастаса, ал ескертулер оны арсыздықтан қайтара алмаса, оны арсыздық істері үшін шариғат заңдары бойынша жазалау ниетімен өкімет орындарының қарауына тапсыру керек. Өйткені бұзақы адамдардың ісін жасыру оның және оған ұқсағандардың қатерлі де сорақы істер жасауына және бүкіл қоғамға зұлымдық жеткізіп, жер бетінде арсыздықтың жайылуына мүмкіндік береді. Демек, мұндай адамдарды қорғауға, жасыруға болмайды. Оларды іздеп тауып, Ислам қоғамындағы бүлікті түбірімен жою үшін ізіне түсіп, аңду керек. Бұған дәлел – Пайғамбардың (с.а.с.): «Ей, Унайс3 ! Ол әйелге бар, егер мойындаса, оны тасборан қыл»4 , – деген сөзі. 1 Яғни арсыздық және өсек-аяң сияқты күнәлі істердің таралуы. 2 «Нұр» сүресі, 19-аят. 3 Унайс – «Әнәс» сөзінің кішірейтіліп, еркелеткендегі айтылуы. 4 Әл-Бұхари, Муслим.


305 Бұл біреуінің баласы екіншісінің әйелімен ойнастық жасаған екі адамның Пайғамбарға (с.а.с.) жүгінуге келгендегі тапқан шешімдері болатын. 9. Істі сотқа тапсыру Егер мұсылман кісі бір қателік істесе, ол Аллаһ тағала алдында жасырын тәубеге келіп, өз қылмысын жасыруы керек. Ал егер ол қандай күнә істегенін айтпастан, өзінің тәубеге келгенін жарияласа және өз ісі бойынша сотқа жүгінсе, онда сот оның ісі туралы сұрастырмауы қажет және оған күнәсін жасыруға бұйрық беріп, мүмкіндігіне сай күнәсін әшкерелемеуге үгіттеуі керек. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен Аллаһ елшісінде (с.а.с.) болғанымда оған бір адам келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен күнәлі іс істедім, (енді) сол үшін мені жазала», – деді. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) одан не істегені туралы сұрамады. Содан кейін намаз уақыты болды және ол Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқыды. Пайғамбар (с.а.с.) намазды аяқтаған кезде, ол оған барды да: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен күнә істедім, міне, Аллаһтың Кітабында айтылған жазамен жазала», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен менімен бірге намаз оқымадың ба (қазір)?» – деді. Ол: «Иә, оқыдым», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, Аллаһ сенің күнәңді (немесе... қылмысыңды) кешірді», – деді», – деген1 . Яғни күнә жасаушының адамдар арасында күнәкар ретінде аты шықпаған болса, оны жасыру ұсынылады және кейде бұл парыз саналуы ықтимал. Адамдардың мұндай іспен сотқа баруы қажет емес. Бұл іс ұнамсыз немесе тыйым салынған болуы мүмкін. Егер ол күнәні ашық істесе, қоғамда қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау мақсатында тиісті жазасын алуы үшін оны сотқа беру керек. 10. Бір адамның күнә істеп жүргенін көрген жағдай туралы Жоғарыда айтылғандар қандай да бір қателік жіберген немесе күнә істеп қойған адамның өзіне қатысты еді. Бірақ бір адам басқа бір адамның күнәға бой ұрып жүргенін көрсе, онда оны жасыруға оның күнәсі туралы үнсіз қалуға хақысы жоқ. Ол Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім мункарды көрсе, оны қолымен өзгертсін2 », – деген бұйрығын орындау үшін оның ісіне тікелей кедергі жасауға асығуы тиіс, егер олай ету қолынан келмесе, онда тез арада бұл істі сотқа мәлімдеуі керек. 1 Әл-Бұхари. 2 33-хадисті қараңыз.


306 11. Күнә істеген адамға араша түсу Егер күнә істеген кісі бұрын-соңды адамдар арасында жаман атсыз, кейде тіпті өзінің әділетті, шыншыл екендігімен белгілі болса, адамдар оны қорғап қалуы керек және істеген күнәсі үшін айыптамау қажет. Егер бұл күнә нақты бір адамға қатысты болса, басқалары арашашы ретінде ортаға түсіп, оны қорғауға ұмтылуы керек. Пайғамбар (с.а.с.): «Ар-ұжданды адамдардың қателерін, егер ол кесімді жазаларға (худуд) қатысты болмаса, кешіріңдер», – деген1 . Демек, тура жолды ұстанған және дұрыс жолмен келе жатқан адамның болмашы қателіктеріне назар аудармаңдар деген мағынада айтқан. Егер кез келген адам тайсалмастан, арсыздыққа берілсе және оны жұрт жамандықты таратушы ретінде таныса, оны жақтау, араша түсу дұрыс емес. Кейде оны жақтауға тыйым да салынады. Ондай адам жазалануы тиіс. Жазадан соң ол адамға жаза сабақ болуы мүмкін. Бұл оның пиғылы мен мақсатын, ұстанымын өзгерту ықтималдығын арттырады. Имам Мәлик (Аллаһ оған рақым етсін): «Егер біреу азғын немесе ұждансыз адам ретінде белгілі болса, мен ондай адам үшін араша түсуді қаламас едім, керісінше, жазаға тартылуы үшін оны (көмексіз) қалдырған дұрыс», – деген. 12. Үкімет орнына әлдебіреуге араша түсіп бармау керек Жоғарыдағы арашаға түсу, қорғауға қатысты айтылғандар істері соттың қарауына берілмеген адамдарға қатысты үкім. Егер ол адамның қылмыстық ісі сотқа жеткен болса, араша түсіп баруға тыйым салынады. Мұндай араға түсу – күнә іс, бұған қатысушы да, ұмтылушы да күнәға батады. Имам Мәлик: «Егер біреу ешкімге зұлымдық жасамай, тек қана қателескен болса және оның ісі патшаға жетпеген болса, оған араша түсудің ешқандай өрескелдігі жоқ», – деген. Бұған келесі хадис дәлел бола алады. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «(Кезінде) құрайыштар бәну махзум руындағы бір әйелдің ұрлық істегеніне қатты өкінді2 . (Олар): «Ол туралы Пайғамбармен (с.а.с.) кім сөйлеседі?3 » – десті. (Бұған басқалары): «Бұған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі Усама ибн Зәйдтан басқа кімнің батылы жетуі мүмкін?» – десті. Сөйтіп Усама Аллаһ елшісімен (с.а.с.) (осы мәселе бойынша) сөйлесті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ белгілеген жазалардың бірінің (орындалмауы үшін қалайша) шапағатшы болмақсың?» – деді. Сонан кейін ол орнынан тұрып: «Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендерді олардың атақтысы ұрлық жасағанда, оған 1 Әбу Дауд. 2 Олар әйелге қолын кесу жазасы берілетініне ренішті еді. 3 Яғни оның қолын кеспеу үшін кім араша болады? Бұған дейін ол әйелдің ісімен Пайғамбарымыз (с.а.с.) танысып болған еді.


307 тиіспегені, ал әлсізі ұрлық жасағанда, оны белгіленген жазаға тартқаны опат еткен. Аллаһпен ант етейін! Егер де ұрлықты Мұхаммедтің қызы Фатима жасаған болса, мен оның қолын сөзсіз кесер едім», – деп айтты», – деген1 . Сондай-ақ Сафуан ибн Умәййәның (Аллаһ оған разы болсын) жамылғысы жоғалған кезде Пайғамбар (с.а.с.) ұрының қолын кесуге бұйырған. Сафуан оған (с.а.с.): «Расында, уа, Аллаһтың елшісі! Мен бұлай болуын қалаған жоқ едім, мейлі ол (жамылғы) оған садақа бола қойсын», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Маған әкелгенге дейін неге олай етпедің?» – деді2 . Бір күні Зубайр ибн Аууам (Аллаһ оған разы болсын) ұрыны ұстап, оны ел басшысына апарғысы келген бір адамды кезіктіреді. Зубайр ұрыға араша түседі, бірақ (анау адам): «Жоқ, оны патшаға апармай қоймаймын», – дейді. Сонда Зубайр: «Сен оны патшаға апарғаннан кейін Аллаһ арашашыны да, арашаға түсуге мүмкіндік бергенді де лағынеттейді!» – деген3 . Мұның себебі: егер патшаға өтінішпен барып, арашаға түсу мақсаты орындалса, бұл жалпы бассыздыққа, бетімен кетушілікке апарып соғады. Сонан соң қоғамды басшыға бағынбаушылық пен бұзықтық дендейді, адамдардың құқығы сақталмайды. Қоғамды зұлымдық жайлап, азғындаған адамдар үстемдік алады және олар басқарушы топтарды өздеріне бұруға әрекет жасайды, билік басындағылардан қорқу дегенді ұмытады, ал шыншылдардың үміті ақталмайды, қауым (үмбет) күйзеліске ұшырап, бүлік етек алады. Сондықтан билік басындағылар барлық істе Пайғамбардың (с.а.с.) үлгісінен айрылмай, оның бұйрықтарынан бас тартпай, батылдық көрсетулері керек. Өйткені Аллаһ тағала: «Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын»4 , – деген. 13. Ұтқыр мағына Ибн Хажар әл-Һайтами «жабу, жасыру» деген ұғымның басқа да мағынасы болуы мүмкін екендігін айтқан: «Жабу, жасыру» дегенді басқа адамның қылмыс, күнә жасаудан аман қалуына мүмкіндік беретіндей жәрдем беру арқылы оның материалдық және рухани мұқтаждығын қанағаттандыру деп те түсінуге болады. Мәселен, ол неке қиюды қажет етсе, оған жәрдемдесу керек, ал қаражат табуды қажет етсе, оған сауда-саттықпен айналысу үшін тауар алуына көмектесуге болады т.с.с.». Егер мұсылмандар, әсіресе, қазіргі кезде Пайғамбардың (с.а.с.) осы сөздерінің мағынасын түсінсе, қандай тамаша болар еді! Бұлайша өзара көмектесу қоғамды бақытсыздықтан құтқарар еді және көптеген зұлымдық 1 Әл-Бұхари, Муслим және басқалар. 2 Ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ. 3 Мәлик, «әл-Муатта». 4 «Нұр» сүресі, 63-аят.


308 пен арсыздыққа кездеспеген болар едік. Бұл, әсіресе, өзіміз көріп жүрген некеге тұруға мүмкіндігі болмауы себепті және өздерін қорғау үшін тап болатын көптеген қиындықтардың салдарынан шариғат заңдарын өрескел бұзып жүрген қыздарға қатысты. Алайда мұсылмандар бұған селқостықпен қарауда. Оның нәтижесінде Исламға жат әдет-ғұрып пен жарамсыз дәстүрлер кең таралып отыр. Адамдарды мақтанқұмарлық пен көз алдаушы жасандылық билеп алған, Пайғамбарымыз (с.а.с.) көңіл бөлуді бұйырған аңғал жастар осы айтылғандардың құрбаны болуда. Мұсылман қауымы өз перзенттерінің дінін, олар өмір сүретін қоғамның қауіпсіздігін сақтауы және оларды үйжай, дүние-мүлік сияқты материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуі керек. 14. Мұсылмандар арасындағы өзара көмек және Ұлы Аллаһтың оларға көмек көрсетуі Қоғам өзара көмек пен татулық-достыққа және қоғам мүшелерінің бірбірінің алдындағы жауапкершілігіне негізделмейінше, әрбір келесі басқа адамның мұқтаждығын тікелей өз қолымен немесе қаржылай не өзінің қоғамдағы қызмет орнымен, беделімен қанағаттандырмайынша, қоғам мүшелерінің барлығы өздерін бір тән, бір жандай сезінбейінше ол үмбет қуатты да бірлігі мықты қоғам құра алмайды. Ислам діні дәл осыған шақырады және Құран да дәл осыны бұйырады, ал хақиқи таза сүннет мұны иманға негізделген қоғамның ұраны еткен. Аллаһ тағала: «Жақсылыққа және тақуалыққа жәрдемдесіңдер»1 , – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, мүміндер жеке бөліктері бірін-бірі (бекітіп) нығайта түсетін ғимаратқа ұқсайды», – деген2 . Өзара көмек қоғамның құрылымына және жеке адамдар мен бүтіндей қоғам өміріне де айтарлықтай үлкен әсер ететіндіктен, ол Ұлы Аллаһ алдында құрметті іс саналады және бойсұнудың бір көрінісі болып табылады. Сондықтан өзара көмек үшін намаз, ораза, садақа беру және соған ұқсас амалдарға берілетін сауаптай сыйлық, сауап беріледі. Пайғамбар (с.а.с.): «...егер сен біреудің көлікке мінуіне немесе оның көлігіне3 жүгін артып жіберуге көмектессең, ол садақа болады», – деді4 . Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) біз сапарда (болғанымызда) кейбіреулеріміз ораза тұттық, кейбіреулеріміз тұтпадық және ораза тұтпағандар ширақ қимылдап әрекет етті5 . Ал ораза тұтқандар қажет істің бәрін орындай алған жоқ, (сол кезде Пайғамбар 1 «Мәида» сүресі, 2-аят. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Яғни көліктің барлық түрі. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 Бұл хадистің басқа риуаятында Әнәстің (Аллаһ оған разы болсын): «...шатыр тігіп, түйе сауды», – дегені келтірілген.


309 (с.а.с.)): «Бүгін ораза тұтпағандар барлық сауапты алды», – деді», – деген1 . Мұнда олар да (яғни ораза тұтпағандар да) ораза тұтқандармен бірдей сауап алды немесе ораза тұтушылардың ораза тұтуына жәрдем көрсеткені үшін бұлар олардан көбірек сауап алды деген ой айтылған. Әбу Киләб (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Пайғамбардың (с.а.с.) кейбір сахабалары өздерінің бір жолдастарын: «Біз ондай адамды еш уақытта көрген емеспіз: біз сапарда болғанда ол үнемі Құран оқумен болды және біз қай жерге аялдасақ та, ол үнемі намаз оқумен болды», – деп мақтай бастады. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны қажетті нәрселермен кім қамтамасыз етті?» – деді (және басқа да сұрақтар берді), ақыр соңында: «Кім оның түйесіне шөп берді (немесе...оның мініс көлігіне...)?» – деді. Олар: «Біз», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Демек, сендердің әрқайсыларың одан жақсысыңдар», – деді», – деген2 . Демек, бұлардың әрқайсысы Құран оқығаны үшін берілетін сауапқа ие болды немесе одан да артық сауап алды. Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Амалдардың ең абзалы – мұсылманның әуретін (айыбын) жауып, қарнын тойдыру немесе қажетін3 өтеп қуанту», – деді», – деген4 . Бауырына көмек көрсеткен мұсылманның табатын олжа-пайдаларының ең маңыздысы оның Аллаһ тағаладан алатын көмегі мен қолдауы болатынына күмән жоқ. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһ құлына, ол өз туысына көмек беруін тоқтатқанша көмек береді», – деген. Аллаһ тағала ғана адам баласына күш-қуат бере алатындықтан, басқаша болуы мүмкін емес. Бүкіл әлемді қозғалысқа келтіруші – Аллаһ! Беретін де, алатын да, ауру-саулық та, күш пен әлсіздік, байлық пен кедейлік те – бір Аллаһтан! Пенделердің жүректері Оның қолында. Ол жүректерге нені қаласа, соны істейді. Ол адамдарды басқаларға көмек беруге, оларға пайда келтіруге, олардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың істеріне көңіл бөлуге асықтырады. Мейірімділік Аллаһ тағаладан ғана бастау алады және Оған қайтарылады. Ол адамдарды бір-біріне бағынышты етіп, Өзінің жомарттығының көрінісі болып табылатын сыйлық-сауабымен марапаттауды олардың іс-әрекеттерімен байланысты етті. Аллаһ тағала: «Сендердегі әр нығмет Аллаһтан»5 , – деген. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Әбу Дауд, «Марасил». 3 Бұл туралы 24-25-хадистердің түсініктемесінде айтылған. 4 Әт-Табарани. 5 «Нахл» сүресі, 53-аят.


310 15. Көркем үлгі және әуелгі ізгі буын Аллаһтың елшісі (с.а.с.) адамдарды не әрекетке шақырса, өзі сол істің тамаша үлгісін көрсетті және сахабаларына, әсіресе мұқтаждыққа түскендеріне көмектесуде ең жақсы өнеге болды. Хаббаб ибн Аратқызы (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «(Бір күні) Хаббаб (жауынгерлер) жасағында сапарға аттанды, ал Пайғамбар (с.а.с.) бізбен хабарласып тұрды және бізге ешкілерімізді сауып бергенде, ыдысымыз сүтке толып кететін. Хаббаб (жорықтан) оралған соң ешкілерді өзі сауды, бірақ сауылған сүт бұрын қандай болса, сондай күйіне түсті1 », – деген2 . Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары одан үлгі алған және оның жолымен жүрген қабілетті шәкірттер әрі тақуа ілесушілер болатын. Аллаһ оларға разы, олар Аллаһқа разы болған. Олардан кейін келгендер мен соңынан пәк жүрекпен ілескендер де осындай адамдар еді. Олардан бірнеше мысалдар келтірсек: Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) қандай да бір себеппен еркегі болмай қалған көше тұрғындары үшін қойларын өз қолымен сауатын. Ал оны халифа етіп сайлағанда, сол көше тұрғындарының бір қызы: «Енді ол саумайтын болды», – дейді. Бұл сөз Әбу Бәкірге (Аллаһ оған разы болсын) жетеді, сонда ол: «Жоқ, олай емес. Расында, мен бұрын не іспен айналысып жүрсем, ол (халифалық) менің сол бұрынғы істеп жүрген ісімді өзгерте алмайды», – деген. Бір күні Талха ибн Ғұбайдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) Омардың (Аллаһ оған разы болсын) бір әйелдің үйіне кіргенін көреді. Содан кейін Талха ол үйге күндіз барады, сөйтсе, ол үйдің иесі мешел әрі соқыр қарт әйел екен. Ол кемпірден: «Үйіңе келген адам не істеп жүр?» – деп сұрайды. Сонда әйел: «Ол пәлен уақыттан бері үнемі келіп маған хабарласып тұрады, менің өмір сүруіме қажетті нәрселерді жеткізіп береді және шаруама жәрдемдеседі», – деді. Сонда Талха: «Ей, анаң артыңда қалғыр, Талха! Сен Омардан кемшілік іздеп жүрсің бе?!» – деп дауыстайды. Әбу Уаил бір көшенің қарт әйелдерін күн сайын аралап, олардың қажеттіліктерінің бәрін сатып әперіп жүретін. Мужаһид (Аллаһ оған рақым етсін): «Бір күні мен Ибн Омармен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге оған қызмет ету мақсатымен сапарға ілесе шықтым, бірақ, шын мәнінде, маған ол қызмет жасады», – деген екен. Бір күні Хасан әл-Басри (Аллаһ оған рақым етсін) өзінің бірнеше ізбасарларын (шәкірттерін) бір адамға бір істе көмектесуге жіберіп тұрып, оларға: «Жол-жөнекей Сәбит Баннаниге кіріп, оны өздеріңмен бірге ала кетіңдер», – дейді. Олар Сәбитке келеді, бірақ Сәбит оларға: «Қазір (бұл 1 Яғни сүт азайды. 2 Ахмад.


311 күндері) мен мешіттен шығып кете алмаймын»1 , – дейді. Олар Хасанға келіп, болған әңгімені айтады. Сонда Хасан: «Оған: «Уа, Ағмаш! Егер сен Исламдағы бауырыңа қажет істе көмекке барсаң, сен үшін бұл қажылықтан кейін қажылық жасағаныңнан жақсы екенін білмейсің бе?» – деп айтыңдар», – дейді. Олар Сәбитке келіп, (осыны айтқанда) ол мешіттен шығып бұлармен бірге сапарға аттаныпты. 16. Арашашы болыңдар, сауап аласыңдар Өзара көмектесу қандай да бір мәселеге тікелей іспен жәрдем көрсетумен ғана шектелмейді, ол қиындыққа тап болған, жоқшылыққа ұшыраған адамға оның жағдайын жеңілдету мен уайым-қайғыдан арылту мақсатында қаржылай және заттай жәрдем беруді де білдіреді. Сондай-ақ билік басындағы адамға яки қолынан көмек келетін біреулерге жақындығын, таныстығын алға тартып, мұсылман бауырының қажеттілігін қанағаттандыру үшін сөз жәрдемін беруді, мұқтаж адамды қолдап, оның сөзін сөйлеуді де білдіреді. Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) қайыршы келсе не қандай бір нәрсені одан өтінсе, ол әр уақытта (бізге): «(Өтінушіні)2 қолдаңдар, сауап аласыңдар, ал Аллаһ Өз шешімін елшісі арқылы жариялайды», – дейтін», – деген3 . Яғни егер мұқтаж адам өз өтінішімен маған келсе, сендер де оның өтінішін орындауымды менен өтініңдер. Осылай етсеңдер, сендердің өтініштеріңнің қабылданған, қабылданбағанына қарамастан сауап аласыңдар. Ал Аллаһ тағала Өз пайғамбары арқылы бұл өтінішті қабылдауға бола ма, болмай ма Өз үкімін білдіреді, өйткені барлық іс Аллаһтың алдын ала белгілеуіне және Оның тағдыр еткеніне байланысты. «Фәтх әл-Бариде» Ибн Хажар: «Бұл хадис игілікті әрекет-амалмен іске асыруға, (ол үшін) барлық мүмкіндікті пайдалануға және әлсіз адамды уайым-қайғыдан құтқарып, оған көмек көрсету мақсатымен ықпалды адамдарға баруға үндейді. Себебі билік басындағы адамға жолығуға және оған өзінің қажеттілігімен мұқтаждығын баяндап беруге кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Міне, сол үшін де Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін адамдардан бөлектеген емес», – деп жазады. Бұл айтылғандардың барлығы шариғат жаза (худуд) белгілемеген істерге қатысты үкімдер. 1 Шариғат заңы бойынша Аллаһқа құлшылық ниетімен иғтикафқа кірген адамға мешіттен себепсіз шығуға болмайды. 2 Бұл жерде әңгіме тек қайыр сұраушы туралы емес, беделді, ықпалды адамдарға өз мұқтаждықтарын өтеу үшін өтініш айтатындар мен көмекке зәру барлық адамдар туралы айтылған. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


312 17. Жаннат жолы Ислам – құтылудың Аллаһ тағала белгілеген қажетті шарты. Бірақ Ислам ілімсіз өмір сүре алмайды, ал Аллаһ тағаланы танып-білуге апаратын жол тек ілім арқылы өтеді және ең қысқа жолды ілім ғана көрсетеді. Ілім жолымен жүрген және ол жолдан ауытқымаған адам әрқашан көздеген мақсатына жетеді. Сондықтан Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ілім іздеуді жаннатқа апаратын жол деп атауы және мұсылман ілім іздеу мақсатында қай жолмен жүрген болса да, сол жолдың жаннатқа апаратын жол екендігін түсіндіріп: «Ілім іздеп қандай да бір жолға түскен адамға Аллаһ жаннатқа барар жолды оңайлатады», – деуі таңғаларлық емес. Бұл айтылғандардың ең жақсы дәлелі – Аллаһ тағала Өз елшісіне түсірген бірінші аятында ілімге, ілім алуға жәрдемдесетін барлық амалға қатысты берген бұйрығы және сол арқылы Аллаһтың ұлылығын танып-білу мен жаратылыстың құпия сырларын ұғыну барысында ілімнің игілік-жақсылықтары, оның артықшылығы мен маңыздылығына елшісінің назарын аударуы. Аллаһ тағала: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса Ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмегенін үйреткен»1 , – деген. 18. Ілімнің Исламдағы орны Ілім – жаннатқа апаратын жол. Сондықтан оның Исламдағы орны өте жоғары және оған үлкен маңыз беріледі, ал ілімдінің дәрежесі Аллаһтың алдында пайғамбарлардың дәрежесіне жақын. Аллаһ тағала: «Аллаһ сендерден сондай иман келтіргендердің және ғылым берілгендердің дәрежелерін көтереді»2 , – деді. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында, пайғамбарлар мұраға динар да, дирһам да қалдырмаған, олар өздерінен кейін ғылым ғана қалдырған», – деген3 . 19. Исламда ілім іздену туралы Исламда ілім іздеу парыз және осы мағынада ол парыздық дәрежесі жағынан екі топқа бөлінеді: а) Жекелей парыз (фарз айн). Ілім іздеу әрбір мұсылманның міндеті болып табылады. Әрбір мұсылманның дүниетанымының дұрыс, құлшылығының қатесіз, адамдармен арақатынасының Ұлы Аллаһтың шариғатына сәйкес болуы үшін ілімді білудің шарттылығы ілімнің парыздығын меңзейді. Аллаһ тағаланың бұйрығы да ілім мен білімнің шарттылығын көрсетеді. Ол: «(Мұхаммед!) 1 «Ғалақ» сүресі, 1-5 аяттар. 2 «Мужәдәлә» сүресі, 11-аят. 3 Әт-Тирмизи.


313 Шын мәнінде, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екенін біл»1 , – деген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де осы туралы: «Ілім іздеу – әрбір мұсылманның парызы», – дейді2 . Яғни ілім – әйел-еркектігіне қарамастан барлық мұсылман баласының парызы. ә) Жалпылама парыз (фарз кифая). Барлық мұсылмандарға жалпы міндет болатын, бірақ мұнымен бағзылар айналысқан жағдайда басқаларының мойнынан түсетін, алайда ешкім айналыспаған жағдайда бұл үшін барлығы күнәлі болатын парыз парыз кифая деп аталады. Мұсылмандардың ілім тұрғысындағы ортақ парызына зерттеу, есте ұстау және оқып-үйрену жолымен шариғат ғылымы саласында өз дүниетанымын кеңейтуге ұмтылыс та жатады. Осы арқылы қуатты да басқалар құрметтейтін, ешқандай дұшпан тиісе алмайтын, діннен қайтқандар (муртадтар) мен арсыздар қол көтеруге бата алмайтын, адалдық пен әділдіктің туын көтерген Ислам қоғамы қалыптасады. Құран Кәрім Ислам қоғамында ілім-білімді қалыптастыруға, дамытуға шақырады: «Барлық мүміндердің (соғысқа) аттанулары тиіс емес. Олардың әрбір тобынан бірнеше кісі шығып, дінді үйреніп, қауымдарына (соғыстан) қайтып келгенде, оларға (үйренген амалдарынан) ескерту берулері керек емес пе?» 3 Дін ғылымын үйренушілер деп Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жорыққа кеткен сарбаздар туралы айтылған. Сонда шайқасқа қатысып қайтқандар жорыққа бармай қалғандарды соғыс қимылдары мен жорық кезінде Пайғамбардан (с.а.с.) естігендері мен көргендері негізінде дін мәселелеріне үйретуі керек деген мағынаға саяды. Бұдан бұрын айтылғандай қоғамға қажет дүнияуи ғылым түрлері дінді оқып-үйренумен теңестірілуде. Құрандағы: «Раббым, білімімді арттыр» де»4 , – деген бұйрықты және Пайғамбардың (с.а.с.): «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған дінді үйретеді (дінге бағыттайды)» 5 , – деген сөзінің орындалуы үшін әрбір мұсылман мұны түсінетін дәреже мен мамандануға жетуге ұмтылуы ұсынылады. 20. Білім – нұр, ал білімділер – тура жолдың шамшырақтары Аллаһ тағаланы танып-білудің, Оның мейір-шапағатына жетудің, Қиямет күні Оған жақын болудың бірден бір жолы – білім. Аллаһ тағаланың елшілері мен кітаптары біз үшін бір жарық нұр, сол нұрдың жәрдемімен 1 «Мұхаммед» сүресі, 19-аят. 2 Ибн Мәжәһ. 3 «Тәубе» сүресі, 122-аят. 4 «Таһа» сүресі, 114-аят. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


314 надандық түнегінен тура жол табуға, барлық күмәнді істер мен жаңсақ түсініктерден арылуға болады. Аллаһ тағала: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр және анық бір Кітап (Құран) келді. Аллаһ (өзінің) ризалығына үйлескенді Кітап арқылы есендік жолдарына салады және Өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып, тұп-тура жолға салады»1 ; «Енді соған (Мұхаммедке) сенгендер, оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер, сондай-ақ онымен бірге түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне, солар құтылушылар»2 , – деді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) іліміне оны іс жүзінде пайдалана білетін нағыз ғұламалар ғана ие бола алады. Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, пайғамбарлар мұраға динар да, дирһам да қалдырған емес, олар өздерінен кейін ғылым ғана қалдырған», – деді3 . Пайғамбарлар – ақиқаттың айғағы және қоғамды тура жолдан адастырмай дұрыс жолға салатын, түрлі қасірет-қайғы, күйзеліс кезеңдерінде үлгі көрсететін шамшырақтар. Олар бұл қоғамға бақыт пен жеңіс жолын салып берді, үмбетті даңқ пен құрметке және көшбасшы болуға жеткізетін іс-амалдарды сол үмбеттің мүшелеріне түсіндірді. Ендеше, қоғамда ілім барда адамдар тура жолды ұстанудан танбайды және олардың барлық іс-амалдары да тәртіпте, реттілікте болады. Олар мәдениет пен өркениеттің жемістерін пайдаланады, әділдік пен туралықтан айнымайды. Бірақ ілім ғұламалары бар қоғамда ғана сақталады, ғұламалары жойылып кеткен елде теңдік бұзылады, қоғам (үмбет) дұрыс жолдан ауытқып, адасады, бұзықтық пен арсыздық етек алады, өзінен-өзі күйреу мен опат болудың шырмауына түседі. Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаһ Өз құлдарын ілімнен мақрұм қылу арқылы ілімді жоймайды, бірақ Ол (дүниеден) ғұламаларды алу (әкету) арқылы ілімді алады, ал Ол бір де бір ғұламаны (тірі) қалдырмаса, адамдар (өздеріне) надан басшыларды сайлап алады. Оларға сұрақ береді, ал олар ілімсіз бола тұра шешім шығарады, нәтижесінде өздері жолдан таяды және (басқаларды) адастырады», – деген4 . 21. «Раббым, білімімді арттыр» де»5 Мұсылманның қандай да бір кемелдік дәрежесіне жетіп тоқтап қалуына болмайды, ол игіліктің тағы да жаңа биіктеріне жетуге ұмтылуын жалғастыруы тиіс. Егер пайдалы ілім барлық игіліктің белгісі болса, демек, мұсылман оған еш тоймайды деген сөз. Өз Тәңірінің: «Раббым, білімімді 1 «Мәида» сүресі, 15-16 аяттар. 2 «Ағраф» сүресі, 157-аят. 3 Әт-Тирмизи. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 «Таһа» сүресі, 114-аят.


315 арттыр» де», – деген бұйрығын бұлжытпай орындаған Пайғамбарды (с.а.с.) үлгі тұтқан мұсылманның ілімді бір дәрежеден соң тастауы мүмкін емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тоймайтын екі ашкөз бар: білімге ұмтылушы мен дүниеге ұмтылушы», – деп көрсеткен ілімнің тәттілігі білімді ғұламаны одан сайын көп білуге итермелейді. Алайда, пендесінің санасындағы ілімді көбейту Аллаһ тағаланың жәрдеміне ғана байланысты. Ілім ізденушінің мақсаты дұрыс, ниеті адал, шын болып, ол адам Ұлы Аллаһтың мейір-шапағаты жолында Оның дінін сақтау мен Оның жаратқан мақлұқтарына пайда келтіру үшін ілім жинауға ұмтылыс жасаса, аса Құдіретті Аллаһ оның ілім жинау жолын жеңілдетіп, қажет мүмкіндіктерге жол ашады. Іздену барысында ілім адамы қандай да бір тақырыппен айналысса, оның алдынан басқалары бой көрсетеді, егер ілімнің бір саласында тәжірибе жинақтаса, оның алдынан басқа ғылым салаларының да көкжиегі ашылады. Аллаһ тағала: «Расында Біз Құранды еске алу (яғни оқу және жаттау) үшін жеңілдеттік. Ендеше (одан) үгіт алушы біреу бар ма?»1 – деді. 22. Өз біліміне сәйкес амал қылушыға Аллаһ ол білмейтін істер жайлы ілім сыйлайды Адамның білімі оның іс-амалымен үйлесіп, сөзі мен ісінің арасында айырмашылық болмаған жағдайда Аллаһ тағаланың оған деген қамқорлығы мен жәрдемі ең жоғары дәрежедегі көрініске жетеді. Аллаһ тағала: «Аллаһтан қорқыңдар – Аллаһ сендерге (дүние мен Ақыреттерің үшін пайдалы істер) үйретеді. Сондай-ақ Аллаһ барлығын Білуші»2 , – деген. Мұсылман қандай бір жайды танып-білген сайын соған сәйкес амал қылса, ол жаннатқа және аса Мейірімді Аллаһқа жақындай түседі. Бұл қосымша білім іздеуде және оны көбейтуде көрсетілер көмектің артуына апарады, ал амалмен астасқан білімнің көбеюі туралықты ұстану мен тақуалықтың артуына жеткізеді. Демек, өз білімін іс жүзіне асырып жүрген ғұламалар туралықты жан-жақты ұстанып, қадір-құрметке ие болады. Сөйтіп олар аса Құдіретті Қожайынның алдында шыншылдар дәрежесіне жеткенше жоғары өрлей береді. Аллаһ тағала: «Аллаһ тура жолдағыларға тура жолдағы ұстанымдарын арттырады. Ал мәңгілік болатын игі амалдар Раббыңның алдында сауап жағынан және нәтиже жағынан қайырлы»3 ; «Ал сондай тура жолды тапқандар, (Аллаһ) олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларды тақуалыққа жеткізеді»4 , – деді. 1 «Қамар» сүресі, 17-аят. 2 «Бақара» сүресі, 282-аят. 3 «Мәриям» сүресі, 76-аят. 4 «Мұхаммед» сүресі, 17-аят.


316 23. Білім алғаннан кейін амал қылудан бас тартпау туралы ескерту Ғұламалардың қоғам үшін жол көрсететін шамшырақпен теңдестірілгені бізге мәлім. Ғұламалары жоқ қоғам тура жолдан ауытқиды. Бірақ Пайғамбардан (с.а.с.) мұра болып қалған білімді іс жүзіне асырмай, өмірде пайдаланбай, Аллаһ тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) әмір еткен тура жолынан ауытқу ғұламалардың мүлдем жоқ болғанынан да зиянды. Мұндайда олардың сөздері мен істерінің арасында айырмашылық болады да нәтижесінде аса Құдіретті Аллаһқа бойсұнбауға құптаған, тыйым салынған (мункар) істерді істейді, шариғат ұнатқан амалдарды орындаудан бас тартып қоғамға жаман, бұзық үлгі көрсетеді. Ұлы Аллаһтың шариғаты мұндай істерден сақтандырады, оны өте қатты айыптап, оларды қандай қатерлі болашақтың күтіп тұрғанын түсіндіреді. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады»1 ; «Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?»2 – деді. Усама ибн Зәйд (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қиямет күні адамды әкеледі және оны тозаққа тастайды, (сонда) оның ішек-қарны сыртқа ақтарылып диірмен (тасын) айналдырған есек сияқты өз ішек-қарнына (байланып) айналып жүреді. (Сонан соң) оның қасына тозақтағылар жиналып, «Саған не болды, ей, пәленше? Сен (бізді) дұрыстыққа шақырып, бұрыстықтан қайтармаушы ма едің?» – деседі. Ол: «Рас, мен (сендерді) дұрыстыққа шақырдым, бірақ өзім дұрыстықты ұстанбадым және (сендерді) бұрыстықтан қайтардым, ал өзім бұрыстық жасадым», – дейді», – дегенін естідім», – деген3 . Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен Исра (көкке көтерілу) түні оттан жасалған қайшымен еріндерін кесіп жатқан еркектерді көрдім. Мен: «Уа, Жәбірейіл! Бұл (адамдар) кімдер?» – деп сұрадым. Ол: «Бұлар сенің үмбетіңнің ішіндегі адамдарды игілікке бұйырып, өздерін ұмытқандар, олар Кітапты оқиды, ойланбай ма?» – деді», – деген4 . Бұл хадистің басқа риуаятында Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): «...Аллаһтың Кітабын оқитындар, бірақ соны (ондағы айтылғандарды) орындамайтындар...», – деген5 . Пайғамбар (с.а.с.): «(Қиямет күні) пенде өмірі жайлы сұраққа тартылмай орнынан қозғалмайды: өмірін қандай амалдарға жұмсады? Және оның білімі туралы: ол оны (өмірде) қалай қолданды? Және оның 1 «Саф» сүресі, 2-3 аяттар. 2 «Бақара» сүресі, 44-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Ахмад. 5 Әл-Бәйһақи.


317 байлығы туралы: оны ол қайдан алды және не нәрсеге жұмсады? Және оның тәні туралы: ол оны қалай пайдаланды?» – дейді1 . 24. Білімді тарату Ислам ілім алуды және оны таратуды талап етеді. Аллаһ тағала: «Барлық мүміндердің (соғысқа) аттанулары тиіс емес. Олардың әрбір тобынан бірнеше кісі шығып, дінді үйреніп, қауымдарына (соғыстан) қайтып келгенде, оларға (үйренген амалдарынан) ескерту берулері керек емес пе? Бәлкім, олар (күнәдан) сақтанатын болар»2 , – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Бізден қандай да бір нәрсені естіп, оны (басқаларға) қалай естісе, солай жеткізуші адамды Аллаһ нұрландырсын, өйткені естіген адам бұдан гөрі жақсырақ түсінуі мүмкін», – деген3 . Мұсылман үшін ол өлгеннен кейін де алар сауабын көбейте беретін ең жақсы амал – Аллаһ тағала оған нәсіп еткен және көрсеткен мейірбандылығы арқасында ие болған білімінің адамдар арасында таралуы. Пайғамбар (с.а.с.): «Адам өлген кезде үш (нәрседен) басқа (барлық) амалдары үшін (берілетін) сауап тоқтатылады: садақа жәрия4 , адамдарға пайда келтіретін білім және ол үшін Аллаһқа дұға жасайтын салих перзент (осы үшеуі үшін сауап үзілмей барып тұрады)», – деген5 . 25. Білім ізденудегі шын ықылас, білімге қатысты бақталас болмау және мақтанбау Ілім ізденуші немесе оны игерген адам ілімге ұмтылыс жасау кезінде яки оны игерген кезінде Аллаһ тағалаға шын ықыласта болуы керек және тек қана Аллаһтың дінін сақтау, адамдарды дінге үйрету, сөйтіп оларға пайда келтіруден басқа ешқандай мақсатты көздемеуі тиіс. Сонымен қатар ілім алу мен оны басқаларға жеткізудегі мақсаты жоғарғы бір дәрежеге көтерілу немесе байлыққа ие болу, атақ-даңққа жету немесе ықпалды болу яки адамдардың оны ғұлама деп атағанын қалау, сондай-ақ білімін пайдаланып, Аллаһ тағаланың басқа мақлұқтарына астамшылық көрсету және басқа білім иелерімен өз білімін арқаланып, айтыс-тартыс жасау т.с.с. болмауы тиіс. Бұл айтылғандардың бәрі айыпталуға лайық іс-әрекеттер, бұлар адамның еңбегін де, өзін де зая кетіреді және Аллаһ тағаланың қаһарына ұшырауына себепші болады. 1 Әт-Тирмизи. 2 «Тәубе» сүресі, 122-аят. 3 Әт-Тирмизи. 4 Яғни адам өлгеннен кейін де адамдарға пайда келтіре беретін нәрсенің бәрі. Мәселен, уақып ретінде, яғни қайырымдылық мақсатында дүние-мүлкін мұраға қалдыру, т.с.с. нәрселер. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


318 Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағаланың дидары үшін үйренуі тиіс амалды біреу бұл дүниелік мақсатты ғана көздеп үйренсе, Қиямет күні ол жаннаттың иісін де сезбейді», – деді», – деген1 . Кағб ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ілім ізденушілерден кім (сол) ілімнің көмегімен ғұламалармен бақталасу немесе ақымақ-ақылсыздармен айтысып-тартысу яки беделді адамдардың назарын өзіне аудару мақсатында ілімге ұмтылса, Аллаһ (оларды) тозаққа тастайды», – дегенін естідім», – деген2 . Қиямет күні туралы әңгімелейтін хадистердің бірінде басқа мәселелер арасында Пайғамбар (с.а.с.): «...сонан соң білім алған және басқаларға үйреткен, сондай-ақ Құран оқыған адамды әкеледі және (Аллаһ) Өзінің оған деген нығметтерін есіне салады, ал ол оларды мойындайды. (Содан соң) Аллаһ: «Сен сол (нығметтерім) үшін не істедің?» – дейді. Ол: «Мен ілім үйрендім және басқаларға үйреттім, сондай-ақ Сен үшін Құран оқыдым», – дейді. (Сонда Аллаһ): «Жалған айтасың, сен тек қана (адамдар) сені «ғалым» деп айтуы үшін ілім үйрендің және басқаларға үйреттің, олар сені «қари» деп айтуы үшін Құран оқыдың және олар (солай деп) айтты!» – дейді. Осыдан кейін бұған қатысты бұйрық беріледі де, жүзін төмен қаратып, тозаққа тастайды», – деген3 . 26. «Білмеймін» деген сөз – ілімнің жартысы Ілім үйренудегі және оны басқаларға жеткізудегі адалдық пен хақиқи шын пейілдің белгілерінің бірі – ілім іздеуші яки ілім үйренуші адамның өзіне беймәлім нәрсе туралы сұрақ қойылғанда, «білмеймін» деп айтуды ұят көрмеуі. Ғұламалардың қайсысына болса да көп сауал берілгенде, олар өздерінің білгендеріне сәйкес қайсыбір сауалдарға жауап беретін, ал сауалдардың көпшілігіне қайтарған жауабы «білмеймін» деген сөз болған жағдай өткендер өмірінде көп кездескені белгілі. Сөйтіп адамдар: ««Білмеймін» сөзі – ілімнің жартысы» дейтін болған, өйткені бұлайша жауап қайтарған адамдардың бұл сөзі олардың бұдан басқа айтқандарын анық білетіндігінің айғағы болады. Мәселен, Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінің соншалықты биік дәрежесіне қарамастан, кейбір мәселерде: «Сұралушы сұраушыдан көп білмейді4 », – деп жауап берген5 . Ал мұның ешқандай 1 Әбу Дауд. 2 Әт-Тирмизи. 3 Муслим. 4 Жәбірейілдің (әләйһис-сәләм) Қиямет күні туралы сұрағына Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылай деп жауап берген. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


319 ерсілігі жоқ. Бұған орай Аллаһ тағала: «Сендерге білімнен аз ғана берілді»1 , – деген. 27. Ілім ізденуші нені басшылыққа алуы керек Ілім ізденуші кез келген уақытта, сапарда немесе бір жерде тұрақтағанда ғұламаларға қызмет етуі, ілім алу әдептілік ережелерін үйрену үшін оларға ұмтылуы, іздеуі және олардан ажырап қалмауы қажет. Мұса (аләйһис-сәләм) мен Хызыр (аләйһис-сәләм) туралы әңгімеде Аллаһ тағала Мұсаның: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?»2 – дегенін хабарлайды. 28. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты зікір3 ету Аллаһ тағаланы зікір ету құлшылықтың ең маңызды түрлеріне жатады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Кітаптан саған уахи етілгенді оқы да, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине, Аллаһты еске алу (барлық амалдан) ұлы4 . Сондай-ақ Аллаһ не жасағандарыңды біледі»5 , – деген. Мұның себебі Аллаһты зікір ету адамнан өзінің барлық істерінде шариғат заңдарын берік ұстануды талап етеді және аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ оның не істегенін бақылап тұрғанын сезінуге мәжбүр етеді, ал бұл өз кезегінде өзін-өзі бақылауға алатын болады. Осының арқасында оның өзін-өзі ұстауы мен Аллаһ тағалаға деген қатынасы, сондай-ақ адамдармен де қарымқатынасы дұрыс болады. Міне, сондықтан да қай уақытта, қай жерде болса да мұсылманға Аллаһ тағаланы зікір етуге әмір етілген. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһты өте көп зікір етіңдер және Оны ертелі-кеш дәріптеңдер»6 , – деген. Демек, Аллаһты күндіз-түні зікір ету керек. Аллаһ тағала және де: «Қашан намазды өтеп болсаңдар, Аллаһты тік тұрып, отырып және жамбастап жатып еске алыңдар»7 , – дейді. Ендеше, Аллаһты барлық жағдайларда еске алып, зікір ету бұйырылған. 1 «Исра» сүресі, 85-аят. 2 «Кәһф» сүресі, 66-аят. 3 Бұл сөздің «өсиет», «ғибрат», уағыз», «өнеге», «еске түсіру» деген мағыналары да бар, сондықтан сөйлемде қолданылуына байланысты әртүрлі тәржімаланады. 4 Яғни пенде өзінің Тәңірін еске алса, Ол пендесін періштелер арасында еске алады, ал Тәңірінің еске алуы пенденің еске алуынан әлдеқайда үлкен. Сонымен қатар бұл аят Аллаһ тағаланы еске алғаны үшін адам баласының үлкен сауап алатындығын көрсетеді. 5 «Анкабут» сүресі, 45-аят. 6 «Ахзаб» сүресі, 41-42 аяттар. 7 «Ниса» сүресі,103-аят.


320 29. Зікірдің ең жақсысы – Аллаһ тағаланың Кітабын оқу Аса Құдіретті Аллаһты зікір етудің ең жақсысы – таңдаулы Пайғамбарға (с.а.с.) түсірілген Оның сөздерін қайталау. Өйткені онда құлшылықпен бірге, Аллаһ тағаланың шариғатының түсіндірмесі, мұсылманға рұқсат етілген халалдар мен салынған тыйымдар, міндеттер мен парыздар жазылған. Мұсылман Құраннан өзінің мінез-құлқы мен адамгершілігінің негізі болатын және оны бақыт пен табысқа жеткізетін ниет, іс-амалдарды табады. Аллаһ тағала: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп Зікірді (Құранды) түсірдік. Олар ойланатын шығар»1 ; «Ол бір зікір және анық Құран ғана»2 ; «Бұл – бір зікір. Күдіксіз тақуалар үшін өте көркем келешек бар»3 ; «Расында, Біз Құранды еске алу (яғни оқу және жаттау) үшін жеңілдеттік. Ендеше (одан) үгіт алушы біреу бар ма?»4 – деді. 30. Мешіттерді толтыру Аллаһ тағаланың жерінде Аллаһты зікір ету, Құран оқу мен ілім алу үшін мұсылмандарға толы болатын, шын мағынасында ілім және зікірмен, сондай-ақ намаз, иғтикаф, яғни белгілі бір уақытта үздіксіз ғибадатта болу сияқты құлшылықпен және құлшылықтың басқа да түрлерімен айналысуға арналған Жаратушының үйлері болып табылатын мешіттерден жақсы орын жоқ. Аллаһ тағала: «(Ол шырақ) Аллаһ қадірлеген, ішінде Өз есімінің (әрдайым) еске алынуын бұйырған5 үйлерде (яғни мешіттерде) ғана болады. Онда ертелі-кеш Оған тасбихтер айтатын ерлер бар. Оларды саудагерлік те, сауда-саттық (істер) де Аллаһтың зікірінен, намазды толық орындаудан және зекет беруден алаңдатпайды. Олар жүректер6 мен көздер7 аударылып тұратын күннен қорқады. Олар Аллаһ өздері жасаған амалдары үшін ең көркем түрде марапаттауы және оларға Өз кеңшілігінен артықша (сауаптар беруі) үшін (құлшылық қылады). Аллаһ қалаған (пендесін) есепсіз ризыққа бөлейді»8 , – деген. 1 «Нахл» сүресі, 44-аят. 2 «Ясин» сүресі, 69-аят. 3 «Сад» сүресі, 49-аят. 4 «Қамар» сүресі, 17-аят. 5 Яғни Аллаһ өзін жоғары бағалауды бұйырған. 6 Бұл жерде жүректің тозақ алдындағы үрей мен құтылу үміті арасындағы жанталасы туралы айтылған. 7 Яғни адам қай жерге тап боларын білуге тырысып көздері жан-жағына алақтайды. 8 «Нұр» сүресі, 36-38 аяттар.


321 31. Құлшылықтың жекелеген түрі және шапағаты қабыл болатын шапағатшы Құран оқу – мұсылмандарға бұйырылған және ол үшін сауап алатын құлшылықтың жеке түрі. Құран оқу – құтылу жолы, сондай-ақ әрі пендеге Құран шапағатшы ретінде Қиямет күні аса Құдіретті Аллаһтың мейіріміне жетуіне себепші болады. Аллаһ тағала: «Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы»1 ; «(Мұхаммед!) Кітаптан саған уахи етілгенді оқы да намазды орында...»2 ; «(Мұхаммед!) «Мен (күнә істерге) Өзі тыйым салған осы қаланың (яғни Меккенің) Иесіне құлшылық жасауға бұйырылдым. Барлық нәрсе Оныкі! Сондай-ақ мен бойсұнушылардан болуға3 және Құран оқуға бұйырылдым» (де). Ендеше, кім тура жолмен жүрсе, өзі үшін жүреді, ал кім адасса: «Шынында, мен ескертушілерден ғанамын» де» 4 , – деді. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Құран оқушы мен оны жатқа білуші құрметті де бойсұнушы жазушылармен (періштелермен) бірге (болады), ал Құранды үнемі әрі қиындықпен оқитынға5 екі сауап (жазылады)», – деді», – деген6 . Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған сол үшін бір жақсы амал (жазылады), ал (әрбір) жақсы амал үшін (алған сауапты) он есе арттырады, мен «әлиф-ләм-мим»7 бір әріп демеймін, керісінше «әлиф» – бір әріп, «ләм» – бір әріп және «мим» – бір әріп», – деді», – деген8 . Сондай-ақ Умама әл-Баһили (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқыған адамдар үшін шапағатшы болады», – дегенін естідім», – деген9 . Құран тыңдау қадірлілігі жағынан оны оқудан ешқандай да кем емес. Құранды шын ықылас-ынтасымен тыңдау пендеге Аллаһ тағаланың кешіріміне ие болу мен Оның мейіріміне бөленуге жетуіне мүмкіндік береді. Аллаһ тағала: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып, ден қойып тыңдаңдар. Әрине, мейірімге бөленерсіңдер»10 , – деген. 1 «Кәһф» сүресі, 27-аят. 2 «Анкабут» сүресі, 45-аят. 3 Мұсылман болуға. 4 «Нәмл» сүресі, 91-92 аяттар. 5 Басқаша айтқанда, Құранды әдемілеп қырағат қылуға және оны жаттауға үлкен күш салушылар. 6 Әл-Бұхари, Муслим. 7 Құранның кейбір сүрелері осы әріптермен басталады. 8 Әт-Тирмизи. 9 Муслим. 10 «Ағраф» сүресі, 204-аят.


322 Сол үшін де ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның сахабалары Құран оқығанда тыңдауды жақсы көрген. Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Маған (Құран) оқы», – деп (бұйырды). Мен: «Мен (қалайша) саған (Құран) оқимын, ол саған түсірілген (ғой)», – дедім. Ол (с.а.с.): «Расында, мен басқалардан естігенді ұнатамын», – деді. (Сөйтіп) мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Мен: «(Мұхаммед!) Әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етсек қандай болар еді?»1 , – деген аятқа жеткен кезде: «Жетеді (немесе...тоқта)», – деді. Мен оның көздерінен жас көрдім», – деген2 . 32. Нұр үстіне нұр Егер Құранды оқу мен тыңдау оны түсінумен, ойланып-пайымдаумен және бойсұнумен астасып жатса, сауап та, сый да, пайда да көбейе түседі. Мұндай жағдайда бір нұрдың үстіне екінші бір нұр мен қадір-қасиет қосылады. Бұлардың барлығы аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың алдында биік дәреже мен ақыл-парасаттың белгісі болады. Аллаһ тағала: «Біз саған (адамдар) аяттарын пайымдап, ақыл иелерінің үгіт алуы үшін түсірген Кітап қасиетті»3 , – деген. Қарастырылып отырған хадистегі: «...Аллаһтың үйлерінің бірінде адамдар жиналған кезде...», – деген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзі де осының дәлелі. Осы хадисте айтылып отырған Аллаһты зікір ету (еске алу) және Құранды оқу кез келген жерде орындалса да оның қадір-қасиеті ешқандай кемімейді. Мәселен, әйелдердің еркектер жиналатын жерге бармай өз үйлерінде болғаны дұрыс. Ал еркектердің Аллаһты зікір етіп, Құран оқумен мешіттерде айналысқаны жақсы, өйткені мешіттерді толтыру керек дегеннің мән-мағынасы осыған саяды әрі ойды бөліп, Аллаһты зікір етуге кедергі жасайтындардан аулақ жер – мешіт. Сонымен қатар, мешіт дүние тіршілігі немесе жан-дүниеге қатысы болған барлық таза емес пиғылдар мен ісәрекеттерден пәк орын. 33. Аллаһ тағаланың мейірімділігі мен қамқорлығы Аса Құдіретті, Ұлы Аллаһ Өзінің Кітабын оқуға жиналғандарға асқан мейірімділік танытады. Аллаһ тағала оларға төрт дүркін құрмет көрсетті және осы төрт сыйлықтың әрқайсысы олардың дәреже-жағдайларының Өзінің алдында қаншалықты жоғары екенін, Өзі амалдарын қабыл ететінін және олар аса Қамқор Раббыларының мейірімі мен кешіріміне бөленгенін айғақтайды. 1 «Ниса» сүресі, 41-аят. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 «Сад» сүресі, 29-аят.


323 а) «...оларға тыныштық түседі...». Бара ибн Азиб (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) бір адам «Кәһф» сүресін оқи бастады. Сол кезде оның ауласында тұрған мініс көлігі (бір нәрседен) үркіп секіре жөнелді, сонан соң оны кенеттен тұман не бұлт секілді нәрсе қоршап алды. Ол осы туралы Пайғамбарға (с.а.с.) айтып еді, ол (с.а.с.): «Оқи бер, ей, пәленше! Ол Құран (оқығанға) қатысты түскен тыныштық», – деді», – деген1 . Осы тыныштықтың арқасында адамның жүрегі мен жан-дүниесі орнығады, адамның өзі қанағаттану рақатын сезінеді, ал ақыл-парасаты мен ой-қиялы тиянақтылық табады. Аллаһ тағала: «Сондай иман келтірген әрі жүректері Аллаһты еске алумен тыныштық табатындар; Естеріңде болсын! Жүректер Аллаһты еске алумен тынышталады» 2 ; «Ал кім Менің ескертуімнен теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі оны Қиямет күні жиналатын орынға соқыр күйде келтіреміз» 3 ; «Жүректері Аллаһты еске алудан қатайғандарға нендей өкініш! Міне, солар ашық адасудағылар»4 , – деді. ә) «...мейірім-шапағат орап алады...». Бір күні Салман (Аллаһ оған разы болсын) басқа да адамдармен бірге Аллаһ тағаланы зікір етіп отырғанда, олардың қасынан өтіп бара жатып, Аллаһ елшісі (с.а.с.) (тоқтап): «Не айтқан едіңдер? Расында, сендерге мейірім түсіп тұрғанын көрдім және оның бір бөлігі маған да тиесілі болса игі еді дедім», – деген5 . Мұсылманға нәсіп болуы мүмкін ұлы істің ең бастысы және мұсылман жететін жақсылықтың ең жақсысы – осы мейірім-шапағат. Ол адамның бұл өмірдегі амалдарының тамаша жемісі болып табылады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) «Олар Аллаһтың кеңшілігіне әрі мейіріміне қуансын. Бұл (Құран) олардың жиған-тергендерінен қайырлы», – де», – деген6 . Кімге Аллаһтың мейірім-шапағатына жақын тұрса, сол адам шат-шадыман қуанышқа кенеледі, ал аса Құдіретті Аллаһтың Кітабын оқып, бірлесіп үйрену олардың игілік жасаушылардан екендігінің белгісі болмақ. Өйткені Аллаһ тағала: «Расында, Аллаһтың рақымы игілік жасаушыларға жақын»7 , – деген. Және бұл – олардың Ұлы Жаратқанның жазалауынан құтылатындығы. Аллаһ тағала: «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім болса әр нәрсені (барлығын) сыйдырады. Мен оны (мейірімімді) таяуда (Өзімнен) қорыққандарға, зекет 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 «Рағд» сүресі, 28-аят. 3 «Таһа» сүресі, 124-аят. 4 «Зумәр» сүресі, 22-аят. 5 Әл-Хаким. 6 «Юнус» сүресі, 58-аят. 7 «Ағраф» сүресі, 56-аят.


324 бергендерге және аяттарымызға иман келтіргендерге жазамын», – деді»1 , – деп айтқан. Ендеше, бұл олардың мүміндер мен Аллаһ тағалаға жақын тақуалар қатарына жататындығы туралы қуанышты хабар болады. б) «...және оларды періштелер қоршайды...». Усайд ибн Худайр (Аллаһ оған разы болсын) бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанда, қасындағы байлаулы тұрған аты әлденеден үркіп тыпырши бастайды. Ол оқуды тоқтатқан кезде, аты да тынышталады. Ол (тағы да) оқи бастағанда, аты (тағы да) тыпыршиды, ол оқуды тоқтатқан кезде, аты да тынышталады. Ол (тағы да) оқи бастағанда аты (тағы да) мазасызданады. Ол (Құран) оқуды тоқтатады. (Бұл кезде) баласы Яхия ат маңында (ұйықтап жатыр) еді. Усайд оны ат басып кетер ме екен деп қауіптеніп, (баланы алысырақ жерге) жатқызады. Сосын көкке көз салып қарап еді, оны көрмеді. Таңертең (көрген-білгенін түгел) Пайғамбарға (с.а.с.) айтты. Сонда ол (с.а.с.): «Оқы, ей, Ибн Худайр! Оқы, ей, Ибн Худайр!» деді. Усайд: «Уа, Аллаһтың елшісі! Атым оның қасында жатқан Яхияны басып кете ме деп, басымды (Кітаптан) көтердім де, балама келдім. Сонан соң аспанға қарап едім онда майда шамдарға ұқсайтын нәрселері бар ақ перде секілді зат көрдім, сонан соң ол көзден ғайып болды», – деді. (Сонда) Пайғамбар (с.а.с.): «Оның не екенін сен білесің бе?» – деді. (Усайд): «Жоқ, білмеймін», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Олар сенің даусыңа жақын келген періштелер, егер (таң атқанша) оқуды жалғастырғаныңда, онда таңертең адамдар оларды міндетті түрде көрген болар еді және олар адамдардан жасырынбас еді», – деді2 . Демек, адамдар Құранды неғұрлым көп оқыса, соғұрлым көп періштелер жан-жақтан қоршап алады. Періштелердің адамдарға келуі нені білдіреді және Құран оқылған кезде бірге болып, адамдарды қоршап алуы не нәрсеге жеткізеді? Адамдар періштелермен бірге Құран оқып, үйрену барысында бейбіт өмірде және қауіпсіздікте болады. Періштелердің бірге болуы адамдарды түрлі зұлымдықтардан қорғайды және өздері қаламайтын нәрселердің жетуіне мүмкіндік бермейді. Аллаһ тағала: «Әркімнің алды-артынан Аллаһтың әмірі бойынша, өкшелеп қорғаушы (періштелер) бар»3 , – деген. Бәлкім, бұл қастерлі істің ең жақсы жемісі періштелер Аллаһтың мұндай құлдары мен олардың аса Құдіретті Жаратушысы арасындағы, Оған Өзін зікір етуші, Оның Кітабын оқып-үйренуші мұсылман-мүміндердің амалдары туралы, олардың жаны Аллаһтың қамқорлығына ұмтылатындығы және Оның ашуы мен жазасынан қорқатыны жайлы хабар жеткізуші, сондай-ақ бұл құтылу мен табысқа жетудің қақпалары әрі Аллаһ тағаланың кешірімінің себебі болар. 1 «Ағраф» сүресі, 156-аят. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 «Рағд» сүресі, 11-аят.


325 Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаһтың зікір етушілерді іздеп жолда жүретін періштелері бар. Олар Аллаһты зікір етуші адамдарды тапқанда, бір-бірін: «Іздеп жүрген қажеттеріңе келіңдер», – деп шақырады және (мұндай адамдарды) қанаттарымен қоршап ең төменгі аспанға дейін (түседі, ал адамдар Аллаһты зікір етулерін тоқтатқан кезде олар жоғары шығып кетеді). Сонда Раббылары жақсы біліп тұрса да олардан: «Менің құлдарым не туралы айтып жатыр?» – дейді. (Періштелер): «Олар Сенің Пәк екеніңді зікір етуде, Сені ұлықтап, Саған мадақ айтуда және Сені дәріптеуде1 », – деп жауап береді. Сонда (Аллаһ): «Олар Мені көрген бе?» – дейді. (Періштелер): «Жоқ, Аллаһпен ант етеміз! Олар Сені көрмеген», – дейді. (Аллаһ): «Олар Мені көрген болса, не болар еді?» – дейді. (Періштелер): «Егер олар Сені көрген болса, онда Саған бар ықыласымен барынша ғибадат етіп табынар еді, Саған (бұрынғыдан да) көбірек мақтаумадақтар айтып, ұлықтар еді және Саған жиі тәсбих айтар еді», – дейді. (Сонда Аллаһ): «Олар Менен не сұрайды?» – дейді. (Періштелер): «Олар Сенен жаннатты сұрайды», – дейді. (Аллаһ): «Ал олар оны көрген бе?» – дейді. (Періштелер): «Аллаһпен ант етеміз, уа, Раббым2 , олар оны көрген жоқ», – дейді. (Аллаһ): «Егер олар оны көрген болса, не болар еді?» – дейді. (Періштелер): «Егер олар оны көрген болса, оған жетуге барынша күш салар еді және оған бұрынғыдан да үлкен табандылықпен ұмтылар еді, сондай-ақ бұрынғыдан да көбірек оны қалар еді», – дейді. (Аллаһ): «Олар неден қорғауымды өтінеді?» – дейді. (Періштелер): «(Тозақтың) жалынынан», – дейді. (Аллаһ): «Ал олар оны көрген бе?» – дейді. (Періштелер): «Уа, Раббым, Аллаһпен ант етеміз! Олар оны көрген жоқ», – дейді. (Аллаһ): «Ал олар оны көрген болса, не болар еді?» – дейді. (Періштелер): «Ал егер олар оны көрген болса, одан аулақ қашуға барынша әрекет етер еді және одан бұрынғыдан да қатты қорқар еді», – дейді. (Сонда) Аллаһ: «Сендерді куә етемін, Мен оларды кешірдім», – дейді. Сонда періштелердің бірі: «Олардың ішіндегі пәленше олардан емес, ол өз қажеті үшін келген», – дейді. (Сонда Аллаһ): «Олар – (сондай адамдар) олар арқылы жолдастары қайғы-қасіретке ұшырамайды», – дейді», – деп айтқан», – деген3 . в) «...және Аллаһ оларды Өзінің қасындағыларға айтып мақтанады...». Аса Құдіретті Аллаһ: «Енді Мені естеріңе алыңдар, Мен де сендерді есіме аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да, күпірлік 1 Яғни Құранды бәрі бірігіп оқып, бірге үйренген кездерінде «Аллаһ пәк» (Субханаллаһ), «Аллаһ Ұлы» (Аллаһу әкбар) және «Мақтау-мадақ Аллаһқа тән» (әлхәмду лилләһ) деген сөздерді айтады. 2 Бұл сөзді әр періште айтады. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


326 жасамаңдар»1 , – деген. Сонымен, мұсылман-мүмін Аллаһтың Кітабын оқи немесе Оның аяттарын тыңдай өз Тәңірін есіне алғанда Ұлы Аллаһ та Өзінің биік жағдайында пендесін есіне алады, бірақ осы екі еске алудың айырмасы өте үлкен. Өйткені Аллаһ тағаланың пендесін есіне алуы – (құлының дәрежесін) көтеру, кешіру, мейірімділік және разылық пен молшылық, мейірбандықтан тұрады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Мен пендем Өзімді қалай ойласа, сондаймын2 әрі ол Мені есіне алған кезде, Мен онымен біргемін3 , егер ол Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын4 , егер ол Мені бір жамағаттың арасында есіне алса, Мен оны олардан жақсы жамағаттың5 арасында есіме аламын, егер ол Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын, егер ол маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын, ал егер ол Маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіремін», – дейді», – деді», – деген6 . Мінеки, бұлардың бәрі аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың ризалығын, Оның мейірбандығын білдіреді. Аса Қамқор Аллаһ тағалаға жалбарынатын, Оның шариғатының заңдарын бұлжытпай сақтап бұйрықтарын орындайтын, Оның салған тыйымдарынан аулақ жүретін және Оған бойсұнудан еш уақытта ауытқымайтын адамды Ол тез арада марапаттайды. Бір сөзбен айтқанда, кім Аллаһтың Кітабын оқумен және үйренумен шұғылданса және іс жүзінде оның бұйрықтарын басшылыққа алып Құранға жүгінсе, оның саудасы табысты болады. Аллаһ тағала: «Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды орындаған және Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсағандар жоғалмайтын сауданы (сауапты) үміт етеді, Ол сыйларын толық беруі және Өз кеңшілігінен қосып беруі үшін. Әлбетте, Ол—өте Кешірімді, алғысқа бөлеуші7 » 8 , – деген. Мұндай адамдардың мақтан етулеріне, оларға Құран оқып, үйренуде үлгі болуға адамдардың ең игісі – Мұхаммед ибн Абдуллаһ (с.а.с.) пен көктегі періштелердің ең жақсысы – Жәбірейіл періште (аләйһис-сәләм) толық жеткілікті. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың ең жомарты еді, ал рамазанда Жәбірейілмен (аләйһис- 1 «Бақара» сүресі, 152-аят. 2 Мұнда Аллаһ тағала пендесі Өзінен нені күтсе, нені үміт етсе, соны жасайтындығын айтқан. 3 Яғни, сол сәтте Мен Өзімнің мейірімім, жеңілдігім, тура жолға салуым және қамқорлығым арқылы онымен бірге боламын. 4 Мұнда егер пенде Аллаһты оңашада есіне алса, Аллаһ тағала оның сыйын және істеген амалының қарымтасын ешкім білмейтіндей беретіндігі меңзелген болуы мүмкін. 5 Мұнда Аллаһқа жақын періштелер туралы айтылған. 6 Әл-Бұхари, Муслим. 7 Яғни азғантай ізгі амал үшін көп сый беруші. 8 «Фатыр» сүресі, 29-30 аяттар.


327 сәләм) кездескенде аса жомарт болып кететін. Рамазан кезінде Жәбірейіл оған Құран үйретіп, әр түні кездесетін және (бұл күндері) Аллаһ елшісі (с.а.с.) игілік пен жомарттық жасауда еркін ескен желден де жылдам еді», – деген1 . Мұндай пайданы Аллаһ тағаланы еске алу үшін бірімен-бірі жолығысатын адамдардың әрқайсысы алады. Әбу Һурайра және Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдар аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты еске алу (зікір ету) үшін жиналғанда, оларды міндетті түрде періштелер қоршайды және мейірімшапағатымен орап алып, араларына тыныштық түседі, сондай-ақ Аллаһ оларды Өзінің қасындағылардың арасында еске алады», – деді», – деген 2 . Сөйтіп Аллаһ тағаланы зікір етушіге ең жоғарғы құрмет көрсетіледі. Ол құрмет – аса Құдіретті Аллаһтың Өзі зікір етушіні періштелер арасында ардақтап еске алуы. 34. Исламдағы адамгершілік пен әділдік (тақуалық пен ізгі амалдар аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа апарады) Ислам діні бүкіл адамзаттың бірлігі идеясын жариялады және адамдар арасындағы теңдік қағидасын бекіткен. Себебі барлық адамдар бір жаннан жаратылған, сондықтан ақ пен қараның арасында айырмашылық жоқ және бір халықтың екінші халықтан артықшылығы жоқ, тегі жағынан зиялы адам қарапайым адамнан артық емес. Бұл орайда Аллаһ тағала: «Ей, адамдар! Сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»3 , – деген. Аллаһ тағала ата-бабалардың шыққан тегі мен руына мән бермейді. Оның әділдігі ізгі амалдарды адамдардың бір-бірінен артықшылығы шама-өлшемінің белгісі етіп, ал Раббысынан қорқуды Өзіне жақын болудың өлшемі етіп жариялауында көрініс тапты. Аллаһ тағала: «Ей, адамдар! Шүбәсіз Біз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар мен рулар қылдық. Шындығында, Аллаһтың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз Аллаһ толық Білуші, бәрінен Хабардар»4 , – деді. Ендеше, аса Құдіретті Аллаһтың алдында пендеге шыққан тегінің қарапайымдылығы үшін еш зиян тимейді. Аллаһ тағала жарылқану мен жазалануды ата-тегінің ақсүйек, атақтылығымен емес, іс-амалдарымен 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Муслим. 3 «Ниса» сүресі, 1-аят. 4 «Хужурат» сүресі, 13-аят.


328 байланысты етті. Бұл Аллаһ тағаланың: «Және әркімнің істегеніне қарай дәрежелері бар»1 , – дегенінен анықталады. Демек, пенде Тәңірі алдындағы биік дәрежеге тек ізгі амалдары арқылы ғана жете алады, ал Қиямет күні адамдардың шыққан ата-тегі туралы ешкім де еске алмайды. Себебі барлық адам бір жазықта тұрады және олардың бірде біреуі екіншісіне қарай алмайды. Аллаһ тағала: «Қашан Сүр үрілсе, сол күні олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды»2 , – деді. Мінеки, Құран Кәрімнің адамдарды туыстық-руластық байланысқа сеніп қалудан не үшін сақтандыратынын және Пайғамбарымызға (с.а.с.) Аллаһ тағаланың шақыруын жеткізуді ең жақын туыстарына ескертуден бастауды бұйырғанын көреміз. Аллаһ тағала: «Жақын ағайындарыңа ескерт!»3 – деген. Бұдан кейін қамқор да мейірбан Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сафа биігіне көтеріліп жанашырлығы мен мейірбандылығына ең алдымен құқылы болған туыстары мен жақындарына Тәңірінің бұйрығын жеткізуге асықты. Ол (с.а.с.): «Ей, құрайыштар (немесе осыған ұқсас сөздерді айтты), өздеріңді өздерің сатып алыңдар4 , өйткені мен сендерді Аллаһтың (азабынан) еш құтқара алмаймын! Ей, бәну Абдуманаф5 ! Мен сендерді Аллаһтың (азабынан) еш құтқара алмаймын! Ей, Аббас ибн Абдулмутталиб6 ! Мен сені Аллаһтың (азабынан) еш құтқара алмаймын! Ей, Сафия7 ! Аллаһ елшісінің әпкесі, мен сені Аллаһтың (азабынан) еш құтқара алмаймын! Ей, Фатима! Мұхаммедтің қызы, менің мал-дүниемнен нені қаласаң, сұра, бірақ мен сені Аллаһтың (азабынан) еш құтқара алмаймын!» – деген8 . 35. Адамдарға тегі мен туыстық байланысы емес, иманы мен амалы көмек береді Барлық уақытта адамдар бір-бірімен туыстық немесе мүдделерінің ортақ болуы бойынша жақындасқан. Ал Исламның негізгі міндеттерінің бірі – адамдар арасындағы иман бірлігі мен иман бойынша топтасудан басқа кез келген байланыс түрлерін үзу және дін мен амалдардың жәрдемі (құтқаруы), сенімі мен ұстанымы көмегінен басқа кез келген көзқарастағы жәрдем мен көмек түрлерін теріске шығару. Өйткені Аллаһ тағала: «Мүмін ерлер мен 1 «Әнғам» сүресі, 132-аят. 2 «Муминун» сүресі, 101-аят. 3 «Шұғара» сүресі, 214-аят. 4 Өздеріңді өздерің құтқарыңдар. 5 Құрайыш руларының бірі. 6 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкесі. 7 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкесінің қарындасы. 8 Әл-Бұхари, Муслим.


329 мүмін әйелдер, бір-біріне қамқоршы. Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнады. Соларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Расында Аллаһ өте Үстем, аса Дана»1 , – деді. Егер мұсылмандар бір-біріне діни көзқарасы негізінде көмектесетін болса, Аллаһ тағала оларды Өзінің көмегімен және Өзінің таңдаулы елшісінің шапағатымен қамтамасыз етеді. Кімнің иманы кемелдірек болса, оған көрсетілетін қамқорлық пен көмек те соғұрлым көп болады. Кімде-кім ізгі амалды көбірек жасаса, ол соғұрлым Аллаһ тағалаға жақынырақ болады және басқаларға қарағанда шапағатшылықты көбірек пайдалана алады. Аллаһ тағала Өзінің таңдаулы Пайғамбарына (с.а.с.): «Шынында, менің Ием – Кітап түсірген Аллаһ. Ол жақсыларға қамқорлық жасайды»2 , – деп айтуды бұйырды. Сондай-ақ Аллаһ тағала: «Аллаһ – тақуалардың қамқоршысы»3 ; «Аллаһ – мүміндердің қамқоршысы»4 ; «Өйткені Аллаһ иман келтіргендердің қамқоршысы. Шындығында кәпірлердің (ешбір) қамқоршысы жоқ»5 , – деді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Расында, (пәленшенің) отбасы (мүшелері) менің қамқоршыларым емес, менің қамқоршым – тек қана Аллаһ және мүміндердің жақсылары», – деген6 . Бұл туралы бір ақын: «Адамның бағасы анықталар тек оның дінімен Тақуалықты ұмытып кетпе, руыңа деген сеніммен. Салманның7 Ислам дәрежесін көтерді Көпқұдайшылық атақты Әбу Ләһабты8 жер қылды», – деп жырлаған. 36. Бақыт, жеңіс және құтылу жолы Аса Құдіретті Аллаһ тағаланың алдында жоғары дәрежеге тек ізгі амалдары арқылы ғана жетуді және Аллаһ тағаланың қамқорлығы мен көмегі пенденің тақуалық дәрежесіне байланысты екендігін, таңдаулы Пайғамбардың (с.а.с.) қамқорлығы мен шапағаты иман кемелдігіне жеткен адамға берілетіндігін түсінген мұсылман өзінің ата-бабаларының тегін малданбайды. Демек, ата-тегіне малданбайтын, ақыл-парасаты және ой- 1 «Тәубе» сүресі, 71-аят. 2 «Ағраф» сүресі, 196-аят. 3 «Жасия» сүресі, 19-аят. 4 «Әлі Имран» сүресі, 68-аят. 5 «Мұхаммед» сүресі, 11-аят. 6 Әл-Бұхари, Муслим. 7 Салман әл-Фариси (Аллаһ оған разы болсын) – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) танымал сахабаларының бірі. 8 Әбу Ләһаб – Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) көкесі. Ол – Исламның қас жауларының және құрайыш тайпасының ірі байларының бірі болған.


330 ниеті басқалардан оқ бойы озық тұратын, мазасыздық пен үрейленуден аман, тура әрі өзін-өзі ұстай білетін салмақты да байсалды мұсылман Құрандағы: «Адамзат еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады»1 және «Ер немесе әйелден кім иман келтірген күйде ізгі амалдар жасаса, әлбетте, оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз»2 , – деп айтылған Ұлы Тәңірінің сөздерінен кейін, Оның уәдесінің орындалатынына нық сеніп, ізгі амалдар жасауға толығымен берілуі тиіс. Ол мұсылман Аллаһ тағаланың, одан кейін Оның елшісінің (с.а.с.), содан соң мұсылман-мүміндердің қамқорлығынан басқа ешқандай қамқорлықпен келіспейді. Ол осынау өте жоғары дәрежелі қамқорлықтан басқа қамқорлық пен жәрдемді қажетсінбейді және оны имансыздық пен бұзықтық атаулыға байланыстыратын істерден бас тартады. Осылайша ол жер бетінде кездесетін кез келген өтірік пен заңсыздықтардың бәрін жеңеді. Өзіне ғана бойсұнып, құлшылық ететін мұсылманның жеңісі жайлы Аллаһ тағала: «Шынайы түрде сендердің қамқоршыларың Аллаһ және Оның елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рукуғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһты, Оның елшісін және иман келтіргендерді дос тұтса, әлбетте Аллаһтың (осы) тобы нағыз жеңіске жетушілер!»3 ; «Негізінде, сендердің Иелерің Аллаһ, Ол жәрдем берушілердің ең Жақсысы»4 , – деген. 37. Бұл хадис неге бағыттайды? а) Аллаһ тағаланың марапаты мен жазасы Оның құлының бұл дүниедегі істеген ісіне сай беріледі. Мәселен, жеңілдік жасағаны үшін жеңілдік, құтқаруға құтқару, көмекке көмек, ал қамқорлыққа қамқорлық болады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ Өз құлдарынан мейірімділерін ғана жарылқайды», – деген5 . ә) Адамдарға жақсылық істеу аса Құдіретті Ұлы Аллаһтың сүйіспеншілігіне жетуге көмектеседі. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Мақлұқаттар – Аллаһтың қамқорлығында, Ол олардың ризығы мен нәпақасын Өз міндетіне алған. Ал (Аллаһ тағалаға) олардың (адамдардың) ең жақсысы – Өз қамқорлығындағыларға көбірек пайда келтіргені», – деген6 . 1 «Нәжм» сүресі, 39-аят. 2 «Нахл» сүресі, 97-аят. 3 «Мәида» сүресі, 55-56 аяттар. 4 «Әлі Имран» сүресі, 150-аят. 5 Әл-Бұхари, Муслим. 6 Әт-Табарани.


331 Әдетте патша өз қарамағындағыларға жақсылық жасауды қалайды, сол сияқты бұл хадисте де айтылғандар жаратылысқа жақсылық жасап, пайда келтіруге шақырады. Бұл – Аллаһ тағаланың сүйіспеншілігіне апаратын жол. б) Таңдаулы Пайғамбар (с.а.с.) басқалардың жағдайын жеңілдететіндер мен оларға көмек беретіндерге олар үшін барлық істің қайырлы аяқталатыны және олар иман мен Исламда жан тапсыратындары туралы Аллаһ тағаланың уәдесі мен қуанышты хабарын жеткізді. Бірақ мұсылман еместерге Ақыретте кешірім жасалмайды және олар ешқандай жеңілдік пен көмекке жете алмайды әрі олардың қайғы-қасіреті сейілмейді. в) Жеңілдік жасау мен басқа амалдар туралы айтылған жайттар мұсылмандарға және оларға дұшпан болмағандарға тиесілі. Мұндай адамдарға игілік таныту қажеттігімен қатар, барлық жаны бар тіршілік иелеріне де жақсылық істеу керек. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаһ барлық нәрсені (іс-амалды) жақсы істеуді1 парыз етті»2 ; «Әрбір тірі жан иесіне (жасаған жақсылығың үшін) сауап бар», – деген3 . г) Бұл хадис ілім іздеу кезінде мақтангершілік сияқты рияға ұрынып қалудан сақтану қажеттігін ескертеді. Өйткені рия басқа амалдарға да, ілім іздену ісіне де өте-мөте үйірсек. Демек, жұмсалған күш-қайрат зая кетпей, берілер сауаптан мақрұм қалмас үшін пенде шын ықыласымен өз ниетін түзетіп отыру қажет. д) Көмек пен жеңілдікті Аллаһ тағаладан сұрау керек, өйткені туралық жолы – тек қана Аллаһ тағаладан. Ол адамның жағдайын жеңілдеткенде және Өз мейірімділігін көрсеткенде ғана адам баласы құлшылыққа келе алады. Егер Аллаһ тағаладан жеңілдік пен мейірім көрсетілмесе, онда алған ілім де, басқа нәрсе де жәрдем бере алмайды. е) Құранды тек мерекелерде, салтанатты жағдайларда немесе жаназа мен түрлі ас-ауқат берілгенде ғана оқымай, оны үнемі үзбей оқып, ол үшін басқа адамдармен жолығып, оның мағынасын түсініп, үйреніп, Құрандағы үкімбұйрықтарға сәйкес амал жасау қажет. ж) Аллаһ тағаладан кешірім сұрап тәубе қылуға асығу керек және ізгі амалдар жасау қажет. Өйткені Аллаһ тағала: «Раббыларыңның кешіріміне және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі көктер мен жердей жаннатқа жарысыңдар. Олар кеңшілікте, таршылықта (Аллаһ жолында) мал сарп 1 Бұл жердегі «ихсан» сөзі «қамқорлық көрсету» деген мағынаны да білдіреді. 2 Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


332 қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңуші, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді»1 , – деген. 1 «Әлі Имран» сүресі, 133-134 аяттар.


333 ОТЫЗ АЛТЫНШЫ ХАДИС АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ ӘДІЛДІЛІГІ МЕН МЕЙРІМДІЛІГІ ЖӘНЕ АСА ҚҰДІРЕТТІЛІГІ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) өзінің аса Қамқор және Жоғары мәртебелі Раббысынан жеткізіп: «Расында, Аллаһ жақсы және жаман істерді жазды, сонан соң түсіндірді1 : «Кім жақсы іс2 істеуді ниет етсе3 , бірақ орындамаса, Аллаһ Өз қасында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады; егер (адам жақсы іс істеуді) ниет етіп, оны орындаса, Аллаһ оған Өз қасында оннан жеті жүзге дейін және одан да көп жақсы істерді жазады; кім бір жаман істі істеуді ниеттенсе, бірақ оны орындамаса, Аллаһ Өз жанында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады, ал егер ол (жаман іс істеуге) ниеттенсе және оны орындаса, Аллаһ (оған) бір жаман іс жазады», – деді», – деген4 . Аллаһ тағаланың «Өз қасында» деген сөзі Оның бұл мәселеге аса көңіл аударғанын білдіреді. Ал «толық» дегені Оның көңіл аударғанын айғақтай түседі және ерекше көңіл аударып айтқанын білдіреді. Адам бір жаман істі істемек ниетте болып, кейін бас тартса, Аллаһ тағала ол үшін Өзінің қасында толық жақсы іс жазатынын айтты және мағынаны «толық» сөзімен нақтылап бекітті. Ал адам баласы бір жаман іске ниеттеніп, оны істесе, бір жаман іс істеген болып жазылады және Аллаһ тағала мағынасы «бір» деген сөзді пайдаланып нақтылап бекітті, мұнда «толық» сөзі пайдаланылған жоқ. Барлық мақтау-мадақтар Аллаһ тағалаға тән, барлық мейірімділіктің қайнар көзі – Аллаһ (барлық даңқ Оған тән), Оған айтатын дәріптеу сөздеріміз шексіз, тек Ол ғана жәрдем бере алады. Хадистің маңыздылығы Бұл хадис шәриф өте ұлы қуаныштан хабар береді және Аллаһ тағаланың әр тарапты орасан зор мейір-шапағатына деген ұлы үмітті жүректерге ұялатады. Бұл үміт сәулесі адам жанын Аллаһ тағала тарапынан ескерілмей қалмайтын, Оның разылық-рұқсатымен, Оның билігімен, қамқорлыққорғауымен және Оның әділдігі мен рақымшылығының арқасында іске асатын табанды да қажырлы еңбекке дайындайды. 1 Аллаһ тағала періштелерге бұл істерді жазуды бұйырды және қалай жазуды түсіндірді. 2 Парыз болған яки шариғат ұсынған істер. 3 Шындап ниет ету. 4 Әл-Бұхари, Муслим.


334 Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну Кіріспе: Бұл хадисте жақсы және жаман істердің жазылуы, сондай-ақ жақсы және жаман істерді істеуге бағыттаған ниет жайлы баяндалған. Бұл төрт жағдай туралы талдасақ: 1. Жақсы іс істеу Мұсылман мүмін пенде тарапынан атқарылған әрбір жақсы амал үшін кем дегенде он ізгі амалдың сауабы жазылады. Өйткені ол тек қана ниет етумен шектелмей, сол ізгі амалды орындады. Бұған Аллаһ тағаланың: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған он есе көбейтіліп жазылады»1 , – деген сөзі дәлел болады. Ал берілер сауаптың он еседен де артық жазылуы Аллаһ тағаланың сауабын көбейтуді қалаған адамына нәсіп болады. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Аллаһ жолында мал сарп қылғандардың теңеуі: әр сабағы жүз дән байлап өскен жеті сабақты ұрық тәрізді әрі Аллаһ кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Аллаһ өте Кең, аса Білгір»2 , – деді. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Бір адам ноқталанған түйені әкелді де (Пайғамбарға (с.а.с.)): «Уа, Аллаһтың елшісі! Мұны Аллаһ жолына (пайдалан)», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Саған бұл үшін Қиямет күні жеті жүз түйе (беріледі)», – деді», – деген3 . Сауаптың он еседен артық көбеюі адамның Исламды қаншалықты жақсы ұстанғанына, оның шын ықылас, адалдығының кемелдігіне, сондай-ақ ол істеген амалының орындылығы мен дәрежесіне байланысты. 2. Жаман іс істеу Пенде тарапынан жасалған әрбір жаман іс бір ғана жаман амал ретінде жазылады және ол көбейтілмейді. Аллаһ тағала: «Ал кім бір жамандық келтірсе, оған тек сол (күнәнің) жазасы беріледі де, оларға ешбір зұлымдық жасалмайды»4 , – деген. Бірақ кей кездерде жаман іске, оны істеген адамның кім екендігіне немесе ол іс істелген уақыт пен орынның ерекшелігіне байланысты көбірек маңыз беріледі. а) Тыйым салынған айларда жаман амалдар жасаудың басқа уақытқа қарағанда тыйымы Аллаһ тағаланың алдында арта түседі. Өйткені Аллаһ тағала ол айларды құрметті еткен. Аллаһ тағала: «Расында, Аллаһтың қасында көктер мен жерді жаратқан күні Аллаһтың Кітабындағы 1 «Әнғам» сүресі, 160-аят. 2 «Бақара» сүресі, 261-аят. 3 Муслим. 4 «Әнғам» сүресі, 160-аят.


335 айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі1 құрметті айлар. Міне, осы – берік дін. Ендеше бұл (айларда) өздеріңе зұлымдық етпеңдер»2 , – деген. Қатада бұл аятты: «Біліңдер, тыйым салынған айларда зұлымдық жасау жай кездегіден бірнеше есе ауыр күнә болады. Әрине, зұлымдық жасауға кез келген уақытта тыйым салынған, бірақ Аллаһ тағала бұған қаншалықты көп маңыз беруді қаласа, соншалықты маңыз береді», – деп тәпсірлеген. ә) Қасиетті жерлерде істелген күнә ол орынның қасиеттілігіне байланысты ауырлай түседі. Аллаһ тағала: «Қажылық белгілі айлар3 . Кімде-кім (осы айларда өзіне) қажылықты парыз қылса, қажылықта жыныстық қатынас, күнәлар және жанжалдасу (сияқты істерге рұқсат) жоқ»4 , – деген. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Харам аймағында күнә жасау (фусуқ) – Аллаһқа бойсұнбау», – деді. Аллаһ тағала: «...кім онда (Харамда) зұлымдықпен жолдан шығуды5 қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз»6 , – деген. Міне, сондықтан да Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары мен бұрынғы өткен шыншылдарымыз, мысалы Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Амр ибн әлАс және Омар ибн Абдул-Азиз сынды ізгі кісілер қандай да бір күнә жасаудан сақтанып, Харам аймағында тұруға қорыққан. Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): «Расында, мен Меккеде бір күнә жасағаннан гөрі, (басқа жерде) жетпіс рет күнә жасағаным жақсы (деп есептеймін)», – деген. Мужаһид: «Меккеде жасалған жаман істер жақсы істер қанша көбейсе, сонша көбейеді», – деген. б) Қайсы бір пенделер тарапынан істелген жаман істер, оларды істеген адамның қадір-қасиетіне, Аллаһ тағаланы танып-білу дәрежесіне және Оған жақын болуына байланысты аса ауыр күнәлі істерге айналуы мүмкін. Аллаһ тағала: «Ей, пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір арсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаһқа оңай. Ал сендерден кім Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнып, ізгі амал жасаса, оған екі есе сыйлық береміз. Біз оларға мол ризық әзірлегенбіз»7 , – деген. 1 Зул-қағда, зул-хижжа, мухаррам және ражаб. 2 «Тәубе» сүресі, 36-аят. 3 Яғни шәууәл, зул-қағда айлары және зул-хижжа айының онына дейін ихрамға кіріп орындалады. 4 «Бақара» сүресі, 197-аят. 5 Яғни Меккедегі қасиетті мешіт аумағында қандай да бір күнә істеу. 6 «Хаж» сүресі, 25-аят. 7 «Ахзаб» сүресі, 30-31 аяттар.


336 3. Ізгі амал істеуге берік байлам жасау Берік байлам жасау тіркесі әдеттегі ойды емес, ниет етуді, шешім қабылдауды және ерік-қалауды білдіреді. Кім жақсы амал жасауға байлам жасаса, Аллаһ тағала ол үшін Өзінің қасында бір жақсы амалдың орындалғанының сауабын жазады. Өйткені жақсы амал істеуге байлам жасау ол амалды іс жүзінде орындаудың бастамасы әрі себепшісі болады, ал ізгілікке себепшінің өзі ізгілік. «Байлам жасау» тіркесінің түсініктемесі Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен қудси хадисте: «Егер пендем жақсы амал жасайтынын айтса, онда Мен оған жақсы амалдың жасалғанын жазып қоямын», – делінген1 . Хурайм ибн Фатик (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім жақсы амал істеуге ниет етсе, бірақ оны істемесе, онда оның ниетшешімі жайлы жүрегіне жеткізгенін2 және сол істі істеуге қатты құштар болғанын Аллаһ біледі және оған жақсы амал істегені жазылады», – деді», – деген3 . Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім (түнде) төсегіне келіп намаз оқуды ниет етіп жатса, бірақ ұйқыға кетіп таң атқанша оянбаса, оған ниет еткені орындалған боп жазылады», – деді», – деген4 . Сағид ибн Мұсайя: «Кім намаз оқуға, ораза ұстауға, қажылықты өтеуге немесе дін үшін соғысқа қатысуға ниеттенсе, бірақ қандай да бір жағдай оған кедергі келтірсе, Аллаһ тағала оны ниетіне жеткізеді», – деді. 4. Жаман іс істеуге ниеттену Егер пенде қандай да бір жаман іс істемекке ниеттенсе, бірақ оны істемесе, оған толық бір жақсы іс істелгені жазылады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «...ол оны Мен үшін тәрк етті...», – дейді», – деп айтқан», – деген5 . Ал әл-Бұхари келтірген хадисте: «...егер ол оны Мен үшін тәрк еткен болса...», – делінген. Яғни бір амалды орындаудан бас тарту Аллаһ тағала үшін болу керек. Міне, осылай еткен адам толық жақсы амал жазылуға лайық болады. Себебі ол адам жаман істен бас тарту арқылы Аллаһ тағалаға ұнау үшін ізгі амал жасауға бет бұрды. Егер бір адам жаман істі істеуден адамдардан қорқып немесе жұрт көзі үшін бас тартқан болса, оған жақсы амал жасалғандығы туралы жазылу лайық емес, өйткені оның адамдардан 1 Муслим. 2 Яғни шын ықыласымен берік шешім қабылдағанын. 3 Ахмад. 4 Ибн Мәжәһ. 5 Муслим.


337 қорқуды Аллаһ тағаладан қорқудан жоғары қойғаны харам саналады. Демек, жұрт көзі үшін амал қылу харам іс болып табылады. Қазы Ғиад, Ибн Аббас келтірген хадис пен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы болсын) келтірген хадисті өзара байланыстыру керек деп есептеген. Ибн Хажар: «Нәтижесі туралы ойланбастан жаман істен бас тартқан адамның жақсы ісі, істің ақыры жайлы ойланған адамның жақсы ісінен сауап жағынан кем болуы мүмкін. Күнәдан бас тартудың зұлымдық жасауды тоқтату екендігі, ал зұлымдықты тоқтатудың ізгілік екендігі бұрын айтылған еді. Сондай-ақ кім күнә жасауға ниеттеніп, кейін одан бас тартса, бір жақсы іс жазылуы мүмкін. Ал ол адам жаман істен Аллаһ тағаладан қорқуы себепті бас тартса, онда оған көптеген жақсы істер жазылуы мүмкін», – деген. Әл-Хутаби: «Жаман істен бас тартқаны үшін жазылатын сауап ол адамның істеуге мүмкіндігі бола тұрып бас тартқан жағдайында жазылуы мүмкін, өйткені адамды жаман істен бас тартты деп, егер ол сол істі істеуге мүмкіндігі болған жағдайда істемесе айтуға болады. Ал жаман істі істемек болып, бірақ кедергі болуы себепті жаман ойын жүзеге асыра алмаған адамды күнәдан өз ниетімен бас тартты деуге болмайды. Мысалы, біреу ойнастық жасау ниетімен бір әйелге барғанда, есігі құлыптаулы болып, оны аша алмай қайтқан жағдай», – деді. 5. Ұлы мейірім-шапағат Осы хадистің Муслим жеткізген риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...Аллаһ мүлдем құрдымға кеткендерді ғана опат етеді», – деген. Бұл айтылғандар Аллаһ тағаланың ұлы мейірім-шапағатын көрсетеді, өйткені Аллаһ тағала жаман істерді істеуден тайсалмай, жақсы амалдарды істеуден бас тартқан, халалдардың межесін аттап өтіп, өзін-өзі опат етуге жеткізген адамды ғана опат етеді. Міне, сондықтан да Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Кімде бірлік он еселіктен асып түссе, оның соры құрысын!» – деген. Бұл жерде «бірлік» Аллаһ тағала жаман іске жазатын бір жаман амалды білдіреді, ал «он еселік» дегенде жақсы істерге берілетін ең кемі он есе көп болатын сауап туралы айтылған. 6. Адамның ниеті жайлы періштелердің хабардар болуы Періштелер бұл туралы жоғарыдан жеткен үйретудің арқасында немесе өздерінің адам жүрегін бақылайтын қабілетіне сәйкес біле алады. Айтуларынша, періштелер адамның жаман іске ниеттенуінен шығатын жиренішті сасық иісті сезеді екен, сондай-ақ жақсы амалға ниеттенгенде шығатын жұпар иісті де сезеді.


338 7. Оразаның қадір-қасиеті Оразаның басқа құлшылық түрлерінен айырмасы сол, ораза тұтқаны үшін берілетін сыйдың қанша есе көбейетіні Аллаһ тағаладан басқа ешкімге белгілі емес. Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағаланың: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін, ал (ораза) Маған тиесілі1 және ол үшін сыйлықты Өзім беремін», – деп айтқанын жеткізген2 . Мұның себебі, ораза сабыр сақтаудың ең жақсы түрі болып табылады. Аллаһ тағала: «Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз беріледі»3 , – деген. 8. Аллаһ тағаланың Өз құлдарына деген мейір-шапағаты ұшан-теңіз. Оның кешірімі бәрін қамтиды, ал Оның сыйлықтарының шегі жоқ. 9. Аллаһ тағала адамды оның нәпсісінің сыбыр-күбірі және күнә істеу туралы ойлағаны үшін, егер оны іс жүзінде орындамаса, жаза бермейді. 10. Сауап жазылуы үшін мұсылманның жақсы іс істеуге ниеті тұрақты болуы керек. Сонымен қатар ол мүмкіндік туған жағдайда игі істер істеуге дағдылануы қажет. 11. Бойсұнуды көрсетудегі және күнәлі істерден бас тартудағы шын ниет пен адалдық сауап алуға үміттенудің негізі болып табылады. Адам неғұрлым шын ықыласты болса, соғұрлым сыйлығы мен сауабы арта түседі. 1 Бұл сөздің мағынасы – ораза құлшылықтың басқа түрлеріне қарағанда риядан алысырақ. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 «Зумәр» сүресі, 10-аят.


339 ОТЫЗ ЖЕТІНШІ ХАДИС АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ЖАҚЫН БОЛУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙІСПЕНШІЛІГІНЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, Аллаһ тағала: «Маған жақын болғандармен1 жауласқанға2 Мен соғыс жариялаймын3 ! Менің құлым, пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, олардың Маған ең сүйкімдісі Мен оған парыз қылған амалдар және оны жақсы көріп қалғанымша Маған нәпіл ғибадаттармен4 жақындап келе береді, ал қашан Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Ол Менен өтінсе, оған міндетті түрде сұрағанын беремін, ал егер ол Менен пана сұраса, оны міндетті түрде қорғаймын», – деп айтты», – деді», – деген5 . Бұл хадистің басқа бір риуаятында әл-Бұхари Аллаһ тағаланың: «...және істейтін (істерімнің) ешқайсысы Мені өлімді қаламайтын мұсылманның жанын (алу қажеттігі) толқытқандай толғандырмайды, өйткені Мен оған зарар жеткізгім келмейді», – деген сөздерін келтіреді. Хадистің маңыздылығы Аллаһ тағала Өзіне жақын адамдарды әлдебіреу оларға зарар жеткізген жағдайда Өз қайратын көрсетіп, сүйіспеншілігіне бөлеп, қамқорлығымен 1 Бұл сөздер Аллаһ тағалаға үнемі құлшылықта болатын, Оған бойсұнудан шықпайтын, еш уақытта бұйрықты орындаудан бас тартпайтын адамға қатысты айтылған. Немесе бұл сөздер Аллаһ тағаланың мұндай адамды үнемі қауіп-қатерден қорғайтынын, Өзі белгілеген межені аттамай, Өзінің бұйрығы мен тыйымына бағынғаны үшін оған қамқорлық жасайтынын білдіреді. Екі «Сахихта» айтылған «уәли» (дос) сөзі «адуу» (дұшпан) деген сөздің антонимі, ал «уилая» (дос пейілді) сөзі «адауа» (дұшпандық) сөзінің антонимі. Доспейілділік негізінде сүйіспеншілік пен жақын болуға ұмтылыс жатады, ал дұшпандықтың негізінде өшпенділік пен алыс болу жатады. «Фәтх әл-Бәриде» Ибн Хажар: «Аллаһ тағалаға жақын адам – Аллаһ тағала туралы білімі бар, Оның бұйрығынан шықпайтын және Оған құлшылық етуде шын ықыласты болатын адам», – деп жазады. Аллаһ тағала: «Біліңдер! Расында, Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де, Ақыретте де қуаныш бар. Аллаһтың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, зор табыс осы», – деп айтқан (Юнус, 62-64). 2 Оларды ренжіткен, оларды жек көретін және сөзімен немесе ісімен олардың ашуызасын келтіретін адамдар. 3 Яғни Аллаһ тағала мұсылмандарды ренжіткендерге қарсы соғыс жариялайды, ал Ол пендеге соғыс жарияласа, онда сөзсіз оны опат етеді. 4 Бұл жерде парыз болған амалдардан басқа қосымша орындалатын құлшылық түрлері туралы айтылған. 5 Әл-Бұхари.


340 қорғайды. Бұл хадис шәрифте Аллаһқа кімдердің жақын болып табылатыны, Ол кімдерді дүниеде және Ақыретте жақсы көретіні туралы түсінік беріледі. Мінеки, осы себепті Аллаһқа жақындар туралы айтылатын барлық хадистердің ішінде бұл хадис өте құнды деп саналады. Әш-Шәукәни: ««Маған жақын болғандармен жауласушыға Мен соғыс жариялаймын» деп айтылған хадис оны дұрыс түсінетін және ол туралы өз дәрежесінде ой түйіндейтін адамдар үшін көптеген пайда мен бағалы құндылықтарды қамтыған», – десе, әт-Таухи: «Бұл хадис – Аллаһ тағалаға деген әрекеттің1 , Аллаһ тағаланы танып-білудің және Оның сүйіспеншілігіне жету мүмкіндігінің негізі. Ол адамның іштей ұстануы тиіс ниетін (иманды), сыртқы парыздарды (Исламды) және осының екеуін де қамтитын, яғни Жәбірейілдің (аләйһис-сәләм) сұрақтары туралы хадисте айтылған тақуалықты жүзеге асыру тәсілі болып табылады2 . Ал тақуалық жолаушының жолындағы дүниеден баз кешуін (зуһд), шын пейілділік (ихлас), өзін-өзі бақылау (мурақаба) секілді және де басқа бекеттерді қамтиды», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Аллаһ тағалаға жақын адамдар Мұндай адамдардың қатарына Аллаһқа бойсұнудан ешбір ауытқымайтын және Оған қатысты шын ықыласты болатын осы сөздің хақиқи мағынасына ие пенделер жатады. Аллаһ тағала Өз Кітабында оларды екі қасиет иман мен тақуалық тән болған адамдар ретінде сипаттаған. Аллаһ тағала: «Біліңдер! Расында, Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар»3 , – деген. Сонымен, Аллаһ тағаланың қамқорлығынан үміттенуге Оған деген иман мен тақуалық мүмкіндік береді. Бұл айтылған иман мен тақуалық Аллаһ тағала Өз қамқорлығына алғандардың қатарына қосылып, Мұхаммед (с.а.с.) үмбетінде алдыңғы өткен тақуалар деңгейіндегі бойсұну мен ықыластың түрлі дәрежелеріне жетуге жол ашады және бұл қамқорлық пенденің қауіпсіздік пен тыныштық саясында паналауына жағдай тудырады. Аллаһ тағала бұл үмбеттің мүшелерін үш топқа бөлді: «Сосын ол Кітапты құлдарымыздың ішінен таңдағандарымызға мұра қылдық. Олардан әлдекім өзіне кесір тигізеді де, кейбірі ортада болады. Ал тағы 1 Бұл жерде Аллаһ тағалаға жақындау туралы айтылған. 2 №2-хадисті қараңыз. Онда Жәбірейілдің (әләйһис-сәләм) Пайғамбарымызға (с.а.с.) сахабалармен бірге отырғанда Ислам, иман, ихсан туралы және де басқа сұрақтар бергені туралы айтылған. 3 «Юнус» сүресі, 62-63 аяттар.


341 біреулері Аллаһтың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерілеуші болады»1 . Өзіне кесір тигізушілер – өздерінің күнәлі істерінде қасарысушылар. Ортада болатындар – өзінің діни міндеттерін (парыздарын) орындап, тыйым салынған істерден бойын аулақ ұстайтындар. Міне, осылар Аллаһ тағалаға ең жақындардан болмаса да, Оған жақындардың қатарына кіреді. Ал ілгерілеушілер дегеніміз – харамнан және мәкруһтен аулақ болып, өзінің діни міндеттерін орындаумен шектеліп қалмай, қосымша тағы да Аллаһ жолында қандай да бір құлшылық түрлерін орындайтын адам. Мұндай адам Аллаһ тағалаға жақындар иелік ететін екі дәреженің биігірегіне жетеді. Аллаһ тағалаға жақын болғандардың ең қадірлілері – кез келген күнәлар мен қателік атаулыдан қорғалған және оларға Аллаһ тағала мұғжизалар беріп, кереметтер жасау қабілетін дарытқан әрі оларды сүйеп-қолдаған пайғамбарлар мен елшілер. Аллаһ тағалаға жақын болғандардың пайғамбарлар мен елшілерден кейінгі ең жақсылары – іс жүзінде Аллаһ тағаланың Кітабы мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннетіне ілескен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары, сондай-ақ Аллаһ тағала әулиелерінің өткен ғасырлардан бастап бүгінгі күнге дейін өмір сүргендері. Аллаһ тағалаға жақын деген сөздің хақиқи мағынасына сай болу үшін адам иман беріктігімен және тақуалығымен ерекшеленуі, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ілесіп, оның өсиеттерін басшылыққа алып, оның сөздері мен істеріне еліктеуі қажет. Соңғы уақытта мұсылмандар Аллаһ тағалаға жақын адамдар өте аз және мың жылда біреуі ғана дүниеге келеді деген үлкен қатеге ұрынып келді. Сондай-ақ көптеген мұсылмандар басындағы қасірет Исламдағы ең жоғарғы орынның ешкімге белгісіз адамдарға немесе Аллаһ тағала мен Исламның дұшпандары қатарына және шайтанның достары санатына жатқызылуы тиіс дүмшелікпен, алдау-арбаумен шұғылданушы жалған атағы шыққан өтірікшілерге лайықты саналып келгендігі болды. 2. Аллаһ тағалаға жақын болған адамдарға қатысты дұшпандық Аллаһ тағала тақуа мұсылмандарды ренжітетін немесе оның өзіне, дүние-мүлкіне немесе ар-намысына қол сұғып, қастандық жасаушылардың әрқайсысына соғыс жариялайтынын хабарлады. Ал Аллаһ тағала біреуге соғыс жарияласа, оны өлтіреді, қор етеді. Мұндай жағдайда Аллаһ тағала жазалау мерзімін кешіктіруі мүмкін, бірақ оны (жазалауды) еш ұмытпайды. Қиянат жасаушыларға сондай мерзім береді де, кейін Өзінің теңдессіз жазасына ұшыратады. Бұл хадистің кейбір риуаяттарында Аллаһ тағалаға жақын болғандарға жауыздық істеу және ондай адамды ренжіту Оған соғыс ашқанмен бірдей екендігі айтылған. 1 «Фатыр» сүресі, 32-аят.


342 Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Маған жақын (адамды) кемсітіп қорлаушы Менімен соғысуды өзіне мүмкін (іс) деп есептеді», – деп айтты», – деді», – деген1 . Әбу Умама (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Маған жақын (адамды) кемсітіп қорлаушы Менімен ашық соғысуға шықты», – деп айтты», – деді», – деген2 . Егер Аллаһ тағалаға жақын адам тарапынан болуы кәдік дұшпандық туралы айту және ол туралы әлдебір болжам-жорамал жасау мүмкін болса, бұл мәселеге Ибн Хажар «Фәтх әл-Бәриде» мынадай түсінік береді: «Аллаһ тағалаға жақын адамның дұшпандық жасайтын адамдары болады дегенге сену қиын. Өйткені мұндай іс екі жақты дұшпандықтың нәтижесінде туады, ал Аллаһ тағалаға жақын адамға момындық және өзімен санаспайтын адамдарды кешіру қабілеті тән. Ал біздің пікірімізше, дұшпандық тек бұл дүние тіршілігі қайшылықтарымен және қарым-қатынасымен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар мазһабтық фанатизм себебінен туындайтын өшпенділік нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Мәселен, нәтижесінде екі жақты өшпенділікке айналатын, сүннетті ұстанушыға қарсы жаңалық енгізуші бидғатшылар тарапынан болатын өшпенділік. Аллаһ тағалаға жақын адам әрқашан өз Раббысы үшін жауласады, ал басқа біреулер дүние тіршілігі себептерімен жауласады. Бұл сөздер күнәкардың Аллаһ тағалаға жақын адамды жек көргеніндей, Аллаһқа жақын адам жек көрген күнәкарға да қатысты, өйткені ол күнәкарға қарсы өзінің айыптауын білдіріп, оны нәпсі жетегінде кетуінен қайтаруға үнемі әрекет жасаумен болады. Міне, бұл дұшпандық деп аталуы мүмкін, бірақ дұшпандықтың бұл түрі екі жақтың бірінен қимыл-әрекет, ал екінші жағынан күш қолдану дегенді білдіреді». 3. Аллаһ тағала үшін ең жақсы және сүйікті іс-амал, ол – парыздың орындалуы Бұған дәлел – біз қарастырып отырған хадисте келтірілген Аллаһ тағаланың: «Пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, Маған олардың ең сүйкімдісі – Мен оған парыз қылған амалдар...», – деген сөздері. Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): «Ең жақсы амал – Аллаһ тағала парыз еткенді орындау және Аллаһ тағала тыйым салғандардан аулақ болу және Аллаһ тағаланың қасындағыға шын ықыласпен (ұмтылу)», – деген. Омар ибн Абдул-Азиз уағыздарының бірінде: «Құлшылықтың ең жақсысы – діни парыздарды орындау және тыйым салынғандардан (харамнан) аулақ болу. Себебі Аллаһ тағала мұны құлдарын Өзіне жақын ету 1 Ахмад. 2 Әт-Табарани.


343 үшін парыз етті, мұның нәтижесі оларға деген Аллаһ тағаланың кеңшілігі мен мейірімінен көрініс табады. Аллаһ тағалаға жақын ететін міндеттердің ең ұлысы – намаз, өйткені Аллаһ тағала Құранда: «(Аллаһқа) сәжде қыл да, жақында!»1 – деген. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенденің Раббысына ең жақын кезі – сәждеде», – деді2 . Аллаһ тағалаға адамды жақындататын парыздардың қатарына билік басындағы әміршінің өз қарамағындағыларға түгелдей әділетті болуы немесе отбасы басшысының өз әйелі мен балаларына әділ болуы жатады. Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, әділеттілер Аллаһтың қасында Оның оң жағында нұрдан жасалған мінберде тұрады, ал оның екі қолы да оң. (Нағыз әділеттілер) – өз ой-пікірлерінде әділдікті ұстанғандар және отбасына, сондай-ақ қарамағындағыларға қатысты әділ болғандар», – деді», – деген3 . 4. Парыздардың бірі – күнә жасаудан бас тарту Аллаһ тағала пенделеріне күнә жасаудан бас тартуды парыз етті және Өзі белгілеген межеден шыққандар мен Өзіне бойсұнудан бас тартқандардың дүние-ақыретте азабы қатты жазалауға ұшырайтыны жайлы хабарлады. Сондықтан күнә жасаудан бас тарту Аллаһ тағаланың: «Пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, Маған олардың ең сүйкімдісі – Мен оған парыз еткен амалдар...», – деген сөздеріне қатысты. Күнә жасаудан бас тарту діни парыздарды орындаудан да міндеттірек, оған Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер сендерді бір істен қайтарсам, одан аулақ болыңдар да, ал егер бір іс-амалға бұйырсам, одан шамаларың келгенін орындаңдар»4 , – деген сөздері дәлел. Ибн Ражаб бұл хадиске берген түсініктемесінде кез келген күнә Аллаһ тағалаға қарсы соғыс болып табылады деген пікірін білдірген, сөйтіп Хасан ибн Адамның: «Аллаһқа қарсы соғысуға шамаң келе ме сенің? Аллаһқа бойсұнбаған адам Оған қарсы соғыс жүргізуде болады және күнә қаншалықты жиренішті болған сайын бұл соғыс та соғұрлым өрши түседі. Аллаһ тағала өсімқорлықпен және тонаумен айналысушыларды Өзімен, Өзінің елшісімен (с.а.с.) соғысушылар деп осы себептен атаған. Өйткені олар Аллаһтың құлдарына қатысты адам айтқысыз үлкен әділетсіздік жасайды және Оның жерінде бұзықтықтың таралуына ұмтылады», – деп айтқан ойын келтірген. 1 «Ғалақ» сүресі, 19-аят. 2 Муслим. 3 Муслим. 4 Әл-Бұхари.


344 5. Қосымша ғибадаттарды (нәуәфил) орындау арқылы Аллаһ тағалаға жақындау Әбу Умама жеткізген хадисте айтылғандай, Аллаһ тағалаға жақындау және Оның сүйіспеншілігіне жетудің міндетті шарты – адамның парыз амалдарды орындауы. Бұл айтылғандарға пенде қосымша намаздар оқу, ерікті ораза тұту, мөлшерінен артық зекет беру, бір реткі қажылықтан артық қажылық жасау және сол сияқты ынта-жігер жұмсау тақуалық жәрдемімен барлық теріс (яғни харам яки мәкруһ) амалдардан аулақ жүру арқылы жетеді. Міне, бұлар Аллаһ тағаланың Өз құлына деген сүйіспеншілігін оятады, ал Аллаһ кімді жақсы көрсе, сол пендені Өзіне қатысты табынушылықпен және Өзін зікір ету мен Өзіне құлшылық ету қабілетімен марапаттайды. Мұның бәрі адамды Аллаһ тағалаға жақын болуға жеткізеді әрі Аллаһ тағаладан өз үлес-несібесін алуына жолы ашылады. Аллаһ тағала Өзін жақсы көретін және Өзі оларды жақсы көретін пенделері туралы: «(Ей, мүміндер!) Сендерден кім дінінен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі; (Аллаһ) оларды жақсы көреді және олар да (Аллаһты) жақсы көреді. Мүміндерге жұмсақ1 , кәпірлерге қатал, Аллаһ жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы Аллаһтың қалағанына беретін кеңшілігі. Өйткені Аллаһ өте Кең2 , бәрін Білуші»3 , – дейді. Пендені Аллаһ тағалаға барынша жақын ететін құлшылық – Құран аяттары жайлы ойланып, олардың мән-мағынасын түсінуге ұмтыла отырып, жиі Құран оқу және оны тыңдау. Әбу Умама (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «...Аллаһ тағалаға пенделерін Оның Өзінен келген нәрседей ешнәрсе жақын ете алмайды», – деді», – деген4 . Бұл жерде «Өзінен келген» деп Құран Кәрім туралы айтылып отыр. Раббысын жақсы көрушілердің жүректеріне рахат жеткізетін және олардың ұмтылыс-әрекеттерінің ең биік мақсаты болып табылатын Аллаһ тағаланың сөздерінен басқа ешқандай шырын сөз жоқ және болуы да мүмкін емес. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Құранды жақсы көрген Аллаһты және Оның елшісін жақсы көреді», – деген. Қосымша құлшылық түрлерінің ең маңыздыларының бірі – Аллаһ тағаланы жиі зікір ету. Аллаһ тағала: «Енді Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын»5 , – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Пендем мен туралы қалай ойласа, Мен сондаймын және ол Мені еске алған кезде Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей еске алса, онда Мен 1 Яғни оларға мейірімділік, жұмсақтық танытады. 2 Өзінің мейірімділігімен бүкіл әлемді Қамтушы. 3 «Мәида» сүресі, 54-аят. 4 Әт-Тирмизи. 5 «Бақара» сүресі, 152-аят.


345 де оны іштей еске аламын, ал егер ол Мені қауым ішінде еске алса, онда Мен оны олардан жақсырақ қауым ішінде еске аламын», – деді», – деген1 . 6. Аллаһ тағала сүйіспеншілігінің Өзіне жақын болғандарға әсері Аллаһ тағала сүйіспеншілігінің Өзіне жақын болғандарға әсері жайлы да бұл хадисте келтірілген. Онда Аллаһ тағала: «...ал қашан Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын...», – деген. Бұл хадистің басқа риуаяттарында: «Аллаһ тағала: «...және оның танып-білетін жүрегі, сөйлейтін тілі боламын», – дейді», – делінген. Ибн Ражаб: «Бұл сөздердің мағынасы: Аллаһ тағалаға жақын болуға ұмтылуда белсенділік, қажырлылық көрсеткен, сол үшін алдымен парыз болған міндеттерді, сонан соң қосымша нәпілдерді орындауға кіріскен адамдарды Аллаһ тағала Өзіне жақын етеді және иман баспалдағынан ихсан баспалдағына көтереді. Нәтижесінде Аллаһ тағалаға құлшылық еткен кезде ол бейне бір Оны көріп тұрғандай сезіне бастайды, оның жүрегі Аллаһ тағаланы танып-білуге, жақсы көруге және Оған деген құрметпен, Оның алдындағы қорқынышпен, қамқорлық үмітімен, қуанышпен және Оған ұмтылумен, сөйтіп түптеп келгенде сол арқылы ол жүрегі танып-білген нәрсені ішкі жан-дүние жанарымен көре бастайды дегенге саяды», – деген. Жүрек Аллаһ тағаланың ұлылығын танып-білумен толық қаныққан кезде, бұл таным жүректен Аллаһ тағаланың ұлылығынан басқаның бәрін қуып шығады. Сөйтіп пенде өз жан-дүниесінің билігінен, көңіл қалауы мен шақуат талабынан құтылады және Қамқор Раббысы одан нені қаласа, бұл да тек соны қалайтын болады. Демек, бұл пенде Аллаһ тағаланы еске алмай ешнәрсе айтпайтын болады, Оның бұйрығынсыз ешнәрсе істемейтін болады. Егер сөйлесе тек Аллаһ тағаланың жәрдемімен сөйлеп, тыңдаса Аллаһ тағаланың көмегімен тыңдайтын болады. Егер (бір нәрсеге) қараса, Аллаһ тағаланың көмегімен қарайтын болады, сондай-ақ үлес-несібесін алса да, Оның көмегімен алады. Осы айтылған ой Аллаһ тағаланың: «...онда оның еститін құлағы боламын...», – деген сөздерінде қамтылған. Бұдан басқа мағынаға тұспал жасаушылар туралы айтар болсақ, олардың бұл тұспал-пікірлері серік қосушылардың (яғни мүшріктердің) басқа бір кейіпке ену және бірігу2 мүмкіндігі секілді Аллаһ тағалаға және Оның елшісіне (с.а.с.) ешқандай қатысы жоқ күпірлік көзқарасты білдіреді. Әш-Шәукәни: «Мұнда Тәңіріміз (адамдардың бұл аталмыш) дене ағзаларын Өз нұрымен сәулелендіреді де, нәтижесінде дұрыс басшылық жолы көрініп, адасу бұлты ыдырайды. Өйткені Құран Кәрімде Аллаһ көктер мен жердің нұры екендігі айтылады», – деген пікір білдірген. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Бұл жерде Аллаһтың адам бейнесіне кіре алатындығы және тәңірлік табиғат пен адами болмыстың бірігуі туралы ой-пікірлер жайлы айтылған.


346 Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ тағалаға: «Уа, Аллаһ! Жүрегіме нұр құя гөр, көзіме де нұр бере гөр және құлағыма да нұр бере гөр (Аллаһуммажъал фи қалби нуран, уә фи басари нуран, уә фи самъи нуран)»1 , – деген дұғаны айтып жалбарынған. 7. Аллаһ тағала Өзіне жақын болған адамның дұғасына жауап береді Аллаһ тағаланың Өзіне жақын болғандарды құрмет тұтатынының бір белгісі – егер ондай адам Оған өтініш білдірсе Ол пендесіне сұрағанын беретіндігі, егер қандай бір істе қорғауды өтінсе, Ол оны содан қорғайтындығы, егер дұға-тілекпен жалбарынса, дұға-тілегіне жауап қататындығы. Сөйтіп мұндай адам Аллаһ тағала Өзін құрмет тұтқаны үшін тілеген тілегіне жауап алады. Бізден бұрынғы өткен игі жақсыларымыздың көпшілігі өз дұғаларына жауап алғанын білеміз, мәселен, Бара ибн Мәлик, Бара ибн Азиб, Сағд ибн Әбу Уаққас және басқалар. Бірақ дұғасына жауап алғандардың көпшілігі қайғы-қасіретке ұшырағанда мәңгілік өмірде сыйлыққа ие болуды қалап, мына өмірде өздеріне жеңіл болуын тілеп дұға жасамай, сабыр сақтаған. Дұға-тілегі қабыл болатын мұсылман, мүмін Аллаһ тағалаға қандай да бір тілек айтқанда, тілек айтушы мұсылманға ненің жақсы екенін білетін (Аллаһ), тілегіне жауап берместен, оған бұл дүниеде немесе Ақыретте жақсы болатын нәрсемен ауыстыратын кездер де болады. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылмандардан кім Аллаһ тағалаға ешқандай күнә араласпаған және туыстық байланыстарды үзуге бағытталмаған дұғамен жалбарынса, Аллаһ тағала оған үш (нәрсенің) біреуін міндетті түрде сыйға тартады: оның дұға-тілегі осы өмірде-ақ қанағаттандырылады, не оның дұғатілегі Ақыретте ол үшін (қордалы қазына болып) сақталады немесе одан (мөлшері жағынан оның тілегіне тең келетін) жамандық қайтарылады», – деді», – деген2 . 8. Мұсылманның жанына қатысты Аллаһ тағаланың толғануы деп нені түсіну керек? Жоғарыда әл-Бұхаридің «Сахихында» бұл хадистің мәтініне қосымша мына сөздер келтірілгенін айтқанбыз: «...және істейтін (істерімнің) ешқайсысы Мені өлімді қаламайтын мұсылманның жанын (алу қажеттігі) толқытқандай толғандырмайды, өйткені Мен оған зарар жеткізгім келмейді». Ибн Салах: «Мұндағы толқу-толғану мағынасы кәдімгі жалпыға белгілі екі ойлылық туралы емес, мұнда өз қалауына қарама-қарсы істі істейтін (жанның) екі ойлылығын еске түсіретін толқу туралы айтылған. Бұл Аллаһ 1 Әл-Бұхари. 2 Ахмад, әл-Баззар және Әбу Яғла.


347 тағаланың оны жақсы көруі себепті оның өміріне зарар жеткізуді қаламайтынын, өйткені бұл аз ғана адамдардан басқа барлық адамдар үшін өте үлкен қайғы-қасірет болып табылатынын, алайда Аллаһ тағала Өзінің алдын-ала тағдыр етуі бойынша және әрбір адам ажал дәмін татуы тиістігі себепті, өлімнің алдын-ала белгіленгендігіне орай, оны өлтіретінін білдіреді. Бұл хадисте Аллаһ тағала адамды қорлау мақсатымен өлтірмейтіні, керісінше, оның дәрежесін көтеру үшін жанын алатыны туралы айтылған. Өйткені бұл құрмет пен рахат, шат-шадыман қуаныш мекеніне ауысу жолы болып табылады», – деген. 9. Өзін-өзі кішіпейіл тұтудың заңдастырылуы Әл-Бұхари бұл хадисті өзін-өзі кішіпейіл тұтудың қажеттігі үшін дәлел ретінде пайдаланған және оны «Өзін-өзі кішіпейіл тұту туралы» тарауда келтірген. Себебі Аллаһ тағалаға қосымша нәпіл ғибадаттарды орындау жолымен жақын болу тек өзін-өзі кіші тұтудың ең жоғары дәрежесінің көмегімен ғана іске асады. Сол сияқты бұл Аллаһ тағалаға жақын болғандармен достық қатынас жасағандарға және оларға қатысты дұшпандық әрекеттердің болмауына қатысты. Бұған өзін-өзі кіші тұтудың ең жоғарғы дәрежесі мен Аллаһ тағалаға бойсұнудың себебімен ғана жетуге болады. Ғиад ибн Хаммар (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, Аллаһ маған уахи жіберді, сендер өздеріңді кіші тұтуға (тиіссіңдер) және (ешкім) жұрттың алдында көкірегін көтермесін (мақтанбасын)...», – деді», – деген1 . 10. Бұл хадисте тағы не туралы айтылған? а) Аллаһқа жақын болған адам өте жоғары дәрежеге ие. Себебі ол өз жанының (нәпсісінің) билігінен құтылды және Жоғары Мәртебелі Тәңірінің билігіне бағынуға көшті, өзіне-өзі сенуді тоқтатты, Аллаһ тағаланың қорғау, қамқорлығына өтті, өз күшіне сенуден тыйылды, Аллаһ тағалаға тағдырын түгелдей тапсырды. ә) Аллаһ тағалаға жақын адамдардың біреуін ренжіткен адам, егер бұл дүниеде жазаланбаса немесе дүние-мүлкінен не балаларынан айрылмаса, Аллаһ тағаланың жазалауынан құтылдым деп ойламауы тиіс. Өйткені бақытсыздық оған басқа бір істерінде, мәселен, дініне қатысты жетуі мүмкін. 1 Муслим.


348 ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ХАДИС ИСЛАМДА ҚИЫНДЫҚТАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, Аллаһ менің үмбетім (мүшелерін) қателесу1 мен ұмытшақтық2 себепті және мәжбүрлікпен істеген (істерін) мен үшін3 кешіреді», – деді», – деген4 . Хадистің маңыздылығы Имам ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін) «Қырық хадиске» жазған түсіндірмесінде: «Бұл хадис, егер бір жерге жинақтаса, көлемі жағынан бұл кітаптан да асып түсетін шығарма боларлық маңызды мәселелер мен сұрақтарды қамтиды», – дейді. Ибн Хажар әл-Һайтами: «Оның пайдасы жан-жақты, өйткені ондағы айтылған үш мәселе фиқһ ғылымының басқа да барлық салаларында қарастырылады. Бұл хадистің маңыздылығы өте үлкен, сондықтан оны шариғаттың жартысы деп атауға мүмкіндік бар. Себебі, сөздері амалдарына қатысты болатын (яғни сөздері де иман есебінде қарастырылатын) адамның амалдары не сол адамның өз қалауы бойынша адам өзі біле тұра әдейі белгілі ниетпен істелуі мүмкін немесе ешқандай ниетсіз және өз қалауынсыз (қателесіп не ұмытуы немесе мәжбүр болуы себепті) істелуі мүмкін. Бұл хадистен анық аңғарылатыны – адамның өз еркінен тыс істелетін барлық іске қатысты амалдар кешіріледі, ал әдейі істелген әрбір ісінен адам сұралады. Сөйтіп өзінің айтылған мағынасы бойынша бұл хадис шариғаттың жартысын құрайды, ал егер ондағы айтылғаннан туындайтын мағынаны ескерсек, ол бүкіл шариғатты қамтиды. Мұндағы «айтылған мағына» (мантуқ) сөзі хадисте айтылған ойды қолданылған сөздердің мағынасына қарап қалай түсіну керектігін білдіреді, ал «ондағы айтылғаннан туындайтын» (мафһум) деген сөз қарастырылып отырған нұсқау немесе заңды оның мағынасына қарап түсінуді білдіреді», – деген. 1 Бұл жерде «қателесу» сөзі «дұрыстық» деген сөздің емес, «әдейі» деген сөздің антонимі ретінде пайдаланылған. Яғни ниетінде жоқ амалды жаңсақтықпен істеген адам туралы айтылған. 2 «Ұмытшақтық» – «еске түсіру» мағынасындағы «жад, ес, қапер» сөздерінің антонимі. Яғни адам қандай да бір жайтты есінде ұстап, бірақ іске кіріскенде оны ұмытатын жағдай. Бұл сөз «қалдырып қою» деген сөздің синонимі ретінде қолданылып тұр. Мысалы, Аллаһ тағала: «Олар Аллаһты ұмытты. Сондықтан (Аллаһ) оларды ұмытты (яғни тастап кетті немесе мейірімі және жәрдемінен құр қалдырды)» (Тәуба, 67); «Сондай-ақ араларыңда кешірімшілдікті ұмытпаңдар», – деген (Бақара, 237). 3 «Мен үшін» деген сөздің мағынасы: Мені құрметтеп, дәрежемді көтеріп, сондай-ақ мені қуандыру үшін. 4 Ибн Мәжәһ, әл-Бәйһақи.


349 Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Хадистің маңыздылығы Аллаһ тағала тыйым салған қандай да бір іс-амалды істеген немесе Ол бұйырғаннан ауытқыған адам әдейі істемей, қателесуі не мәжбүр болуы себепті істеген болса, онда мұндай амалдардың бұл дүниеде айыпталмайтыны және Ақыретте жазаланбайтыны аса Қамқор Аллаһ тағаланың мейірімі мен жарылқауы болып табылады. 2. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың бұл үмбетке көрсеткен мейірімділігі және оны қиындықтардан құтқаруы Осылайша аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ бұл үмбеттің мүшелеріне аса ұлы мейірімділік жасаған. Оларды басқалар сұраққа тартылатын мәселелер бойынша жауапкер болудан құтқарған. Мысалы, егер исраилдіктерге қандай да бір бұйырылған амалды ұмытып не қандай да бір тыйым салынған істе олар қателессе немесе тыйым салынғанды істесе, Аллаһ тағала оларды жазаға тартқан және осы өмірдің өзінде-ақ тиісті жазалар берген. Ал мұсылман үмбетінің артықшылығы, Өзінің үйретуімен бұл үмбеттің мүшелерінің Оған жалбарынып айтқан тілек-дұғаларына жауап берген және бұл үмбеттің мүшелеріне мына сөздерді айту арқылы Өзіне дұға жасауды нұсқаған: «Уа, Раббымыз! Егер ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазалама. Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғыларға артқан ауыртпашылықты біздерге жүктеме! Уа, Раббымыз! Сондай-ақ бізге шамамыз келмейтін істерді жүктеме! Бізді ғафу етіп кешіргейсің және рақымыңа бөлегейсің! Сен біздің Иемізсің! Бізге кәпірлер қауымына қарсы жәрдем бер!»1 Аллаһ тағала бұл үмбет мүшелерінің қателесу немесе ұмыту себебімен істеген амалдарын кешірді және бұл үшін оларды жазғырмайды. Ол: «Сендерге ол жөнінде қателескен істеріңде кінә жоқ. Бірақ жүректеріңнің қасақылығы бұдан тысқары»2 , – деді. Демек, «қателесу не ұмыту салдарынан істеген амалдарың үшін сендерге жаза берілмейді, бірақ әдейі істеген іске жауап бересіңдер» деген. Сонымен қатар Аллаһ тағала бұл үмбеттің мүшелеріне олардың шамасы келмейтін ешнәрсені парыз етіп міндеттеген жоқ және қандай да бір қиындыққа байланысы бар іс-амалды, сондай-ақ үнемі үзбей орындау кезінде қандай да бір ыңғайсыздық әкелетін істі де оларға жүктемеді. Бұған бұл үмбет мүшелерінің Пайғамбарымыз (с.а.с.) арқылы түсірген аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың бұйрықтарын бұлжытпай орындауы себеп болды. Өйткені олар Аллаһтың бұйрығына 1 «Бақара» сүресі, 286-аят. 2 «Ахзаб» сүресі, 5-аят.


350 мойынсұнып: «Естідік те, бойсұндық. Раббымыз! Сенен кешірім тілейміз, қайтып барар жеріміз Сенің алдың»1 , – деген. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Көктердегі және жердегінің (барлығы) Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да, жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа, кешіреді де, кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Аллаһ барлық істе Құдіретті»2 , – деген аят түсірілгенде, бұл сөздерден оның сахабалары уайымға түсті және олар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, жүрелеп отырды да: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге шамамыз келетін намаз, ораза және садақа жүктелген еді, енді саған біздің шамамыз келмейтін3 амал туралы аят түсірілді!» – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер бұрынғы екі Кітап иелерінің4 : «Естідік, бірақ бойсұнбаймыз», – деген сөздеріне ұқсас сөз айтуды қалап тұрсыңдар ма?! Жоқ (олай етпеңдер), «Естідік те, бойсұндық5 ! Раббымыз, бізді кешіре гөр, қайтып барар жеріміз Сенің алдың!» – деңдер», – деді. Олар: «Естідік те бойсұндық! Раббымыз, бізді кешіре көр, қайтып барар жеріміз Сенің алдың!» – деді. Сөйтіп адамдар осы аяттағы айтылғанға6 бойсұнып, аятты оқуға кіріскен соң, Аллаһ тағала сол сәтте-ақ (келесі аятты) түсірді: «Пайғамбар өзіне Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді және мүміндер де. Барлығы Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына иман келтірді. «Оның елшілерінің ешқайсысының арасын айырмаймыз7 , естідік те бойсұндық. Раббымыз! Сенен кешірім тілейміз, қайтып барар жеріміз Сенің алдың» деді»8 . Олар осылай еткен соң, яғни бұйрыққа жауап қатқан соң, Аллаһ тағала: «Аллаһ кісіге шамасы келетін (міндетті) ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына9 да, жамандығы – зиянына10. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. (Ол: «жарайды» деді.) 11 Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк 1 «Бақара» сүресі, 285-аят. 2 «Бақара» сүресі, 284-аят. 3 Бұл аятта адамның жан-дүниесіндегі құпия және олар басқаларға көрсеткісі келмейтін жасырын сырлары туралы айтылған. Бәлки, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары өздерінің еркінен тыс адамның санасына келетін құпия ойлар туралы сұраққа алынуынан қорыққан болар. 4 Яһудилер мен христиандар. 5 Бұл сөздер Қиямет күні әрбір адамның Аллаһтың алдына қайтарылатынын және адам тағдырының қандай болатыны Оған ғана байланысты екенін білдіреді. 6 Яғни осы сөздерді айтумен. 7 Аллаһтың барлық елшілеріне сенеміз. 8 «Бақара» сүресі, 285-аят. 9 Игілікке жетіп сол үшін сауап алатыны туралы. 10 Бұл жерде барлық жамандығы болу, сол үшін жазаланатыны туралы айтылған. 11 Аллаһ тағала мүмін құлдарының осы аяттағы тілегіне «жарайды» деген. Яғни Мен тілектеріңді қабыл алдым деген мағынада.


Click to View FlipBook Version