The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Тогжан Жумалы, 2023-12-15 05:12:19

ӘЛ-УӘФИ

ӘЛ-УӘФИ

51 бола алады. Өйткені мұндай жағдайлар жиі кездесе бермейді, оларға көңіл бөлмеу адамның Аллаһ тағаланың шариғатында көңіл бөліну қажеттігі бұйырылған көптеген мүдделерінің аяқасты болуына апарады. 5. Жеңілдік ауырлық себепті тәрк етілмейді Бұл да осы хадистен фақиһтер алған фиқһ қағидаларының бірі болып табылады. Әс-Суйюти өзінің «әл-Әшбәһ уән-назаир» атты кітабында: «Ибн Субки: «Бұл қағида Пайғамбардың (с.а.с.): «(Егер) мен бір істі бұйырсам, шамаң келгенін орында», – деген сөзінен туындайтын негізгі қағидалардың қатарына жатады», – деген еді», – деп жазады. Яғни діни міндеттерді орындау жүктелген мұсылман өзіне бұйырылған амалдарды орындауы қиын немесе мүлдем орындай алмайтын жағдайға тап болуы мүмкін. Сондай-ақ ол сол міндеттің бір бөлігін орындай алуы және оны орындау оған ешқандай қиындық келтірмейтін болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүмкін болғанын орындау қажет. Міндетті амалдың қандай да бір бөлігін орындау мүмкіндігінің болмауы немесе оны орындаудың қиындық келтіруі сол тиісті талаптың бүтіндей күшін жойғандығының, оны орындаудың міндетті еместігінің себебі болып есептелмейді. Мәселен, мұсылманның таһарат алуға толық жететін суы жоқ болса, ол бар суды пайдалануы керек, жетпеген жерінде құм, топырақты пайдалануы, яғни тәйәммум соғуы қажет. Егер ол суды пайдаланудан бұрын таһарат алуға алдымен топырақты пайдаланса, онда бұл таһарат дұрыс болмайды. Егер адамның киімі әуретінің тек бір бөлігін жабуға ғана жетсе, сол жерін жабуы керек. Ораза тұтушы адам ауруынан күндіз айықса, сол күннің қалған бөлігінде ораза ұстауға міндетті. Әйелдер де етеккірден күндіз тазарса, күннің қалған бөлігінде ораза тұтады, сонан соң оразаның тұтылмаған күндерін толтырады. Бір адам кедей туысының қажетін толық өтей алмаса да, мүмкін болған жәрдемін беруі тиіс. Егер бір адам шариғатқа теріс істі өзгерте не азайта алса, шамасы жеткенін өзгертуге міндетті. Бұл қағиданың іс жүзінде қолдануынан осы сияқты көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Бұл қағиданың, оның өмірде пайдалануының дұрыстығына дәлел ретінде имам әл-Бұхаридің «Сахихындағы» хадистердің біреуін келтіруге болады. Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын): «Менде көтеу (геморрой) ауруы бар еді. Пайғамбардан (с.а.с.) намазды (қалай орындауым керек екендігі) туралы сұрадым. Ол (с.а.с.): «Тік тұрып оқы, олай ете алмасаң отырып оқы, ал егер ол да мүмкін болмаса жамбастап (жатып) оқы»1 , – дедi», – деген. 1 Яғни жүзін құбылаға қаратып оң бүйірлеп жатып оқу.


52 Толық бағыну және өз дәрежесінде ілесу Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатында айтылғандардың барлығы – харам мен мәкруһтен тыйылу және парыз бен сүннеттi орындау, кейбір себепті жағдайларды есептемегенде діни парыздарды орындауға міндетті мұсылманның шамасы келетін істер. Өйткені шариғатта бұлардың бәрі қамтылған, ал аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Өз құлдарына олардың шамасы келетінді ғана жүктейді. Аллаһ тағала: «Аллаһ кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді»1 , – деген. Бұдан жоғарыда айтылғандай, мұсылман кісі Аллаһ тағалаға тек қана Ол тыйым салғандардан түгелдей аулақ болу және Оның бұйрықтарын бұлжытпай орындау арқылы ғана толық бойсұнған болады деген қорытынды шығады. Өйткені Аллаһ тағала: «Сендерге Пайғамбар не әкелсе алыңдар да, неден тыйса (содан) тыйылыңдар»2 , – деп айтқан. Аллаһ тағаланың кейбір бұйрықтарын орындамайтын не Ол харам еткендерден тыйылмайтын мұсылман туралы айтсақ, оны бойсұнбаушы (ъаси) немесе шариғат бұйрықтарына қарсы шығушы (мухалиф) деп атауға болады. Мұсылман кісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне ғана қатысты болған жағдайлардан басқа барлық мәселеде оған еліктеуі тиіс. Өйткені Аллаһ тағала: «Расында, сендер үшін Аллаһ және Ақырет күнін үміт еткен3 және Аллаһты көп еске алған (кісілер) үшін Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар»4 ; «Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар да, бойсұныңдар»5 , – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «…сендерге бұйырылғандардан шамаларың келгенді орындаңдар»; «Ақиқатында, сендер мен бұйырған амалдардың барлығын еш уақытта орындай алмайсыңдар және еш уақытта орындамайсыңдар, бірақ (шамаларың жеткенше) дұрыстыққа ұмтылыңдар да (берілер сауапқа) қуаныңдар», – деп айтқан6 . Яғни өз істеріңмен (діни міндеттеріңмен) айналысумен бірге дұрыстыққа (сәдад) және туралыққа (истиқама)7 ұмтылыңдар мағынасында. Мұндағы «дұрыстық» сөзі артық кетуге де, кемшін соғуға да жол бермейтін орташа болу және ауытқуларды болдырмау дегенді білдіреді. 1 «Бақара» сүресі, 286-аят. 2 «Хашр» сүресі, 7-аят. 3 Бұл жерде тек үміт ету ғана емес, сонымен бірге қорқу туралы да айтылған. 4 «Ахзаб» сүресі, 21-аят. 5 «Тағабун» сүресі, 16-аят. 6 Ахмад, Әбу Дауд. 7 Истиқама – Аллаһ тағаланың бұйрықтарын бұлжытпай орындау және Ол тыйым салғандардан аулақ болу дегенді білдіретін шариғат термині.


53 6. Зияндыларды түп-тамырымен құрту және тыйым салынғандардан бас тартуға табандылықпен шақыру Шариғат әр уақытта зұлымдықтың және зияндылардың ұрықтануына жол бермеуге әрекет жасайды. Біз шариғатта бұйрықтарға қарағанда тыйымдарға көбірек көңіл аударылатынын байқаймыз. Бірақ бұдан шариғат бұйрықтарына көңіл аудармауға болады екен деген ұғым тумайды. Қайтарылған амалдардан (мәнһият) аулақ болуға, әсіресе бүтіндей тыйым салынғандардан (мухаррамат) үзілді-кесілді бас тартуға шақырудың табанды түрде талап етілу себебі Аллаһ тағала Өзі қайтарған нәрселердің сөзсіз зиянды екені Өзіне белгілі болғандықтан тыйым салған. Аса қажеттілік қана, жоғарыда айтқанымыздай, тыйым салынғандарды (мухаррамат) орындауға негіз бола алады. Бұл айтылғандар, әсіресе, қазіргідей адамдар арасында қарамақайшылықтар етек алған кезде көптеген мұсылмандардың мінезқұлықтарындағы қателіктерді түсінуге мүмкіндік береді. Мәселен, сен олардың діни парыздарын орындауға және Ислам талаптарына бойсұнуға барынша әрекет жасайтынына, тіпті сүннет пен мустахаб амалдардың бәрін бұлжытпай орындау үшін күш салатынына, бірақ кей кездері көптеген ұнамсыз (мәкруһ) және мүлдем тыйым салынған (харам) істерді орындайтынына куә боласың. Ораза тұтып жүріп өсімқорлықпен айналысатынын, қажылыққа барып келген әйел өзінің сұлулығын басқаларға көрсетіп көшеде жалаңбас жүретінін көресің. Өздерінің мұндай қылығын олар уақыт көшінен қалмау деп түсіндіргісі келеді және олар осы құлшылығымыз аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың азабынан сақтайды, Қиямет күні Аллаһ тағаланың алдында мұсылман қауымында тұруыма жеткілікті деп санайды. Бірақ бұл түсінік Құран Кәрім мен Пайғамбар (с.а.с.) сүннетінде келген шариғат заңдарына, сондай-ақ көрнекті сахабалардың, имамдар мен табиғиндердің түсінігіне де қайшы келеді. Өйткені Құран Кәрім мен сүннетте, басқа да ғұламалардың сөздері мен еңбектерінде құлшылықтың негізі аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың тыйым салғандарынан аулақ болуда, құтылу жолы адамның өз жанымен (өз нәпсісімен) және көңіл қалауларымен күресте, сондай-ақ қайтарылғандардан бас тартуда екендігі, бұған берілетін сауап міндетті (парыз) амалдарды орындаудан да көбірек болатындығы айтылады. Мысалы, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тыйым салынғандардан сақтанғайсың, сонда құлшылық жасауда адамдардан саған теңдес табылмайды», – деген1 . Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Кім құлшылықта үздік болғысы келсе, күнә істерді орындауды тоқтатсын», – деген. Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын) күнә істегісі келгенімен сол күнәні жасамаған адамның жағдайы туралы сұрағанда, ол: 1 Әт-Тирмизи.


54 «Бұл – жүректерін Аллаһ тағала тақуалықта сынаған адамдар. Оларға кешірім мен үлкен сауап дайын етілген», – деген. Мұсылмандардың имамы болған Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Ақиқатында, тыйым салынған бір даниқты1 қабыл алмау Аллаһ тағала жолында жүз мың жұмсағаннан жақсы», – деген. Табиғиндердің имамы болған Хасан әл-Басри (Аллаһ оған рақым етсін): «Құлшылық етушілерде Аллаһ тағала тыйым салған істерден бас тартудан артық құлшылық тәсілі болмаған», – дейді. Омар ибн Абдул-Азиз (Аллаһ оған рақым етсін): «Түнгі намаз да, күндізгі ораза ұстау да, тіпті бұлардың екеуі біріккенде де тақуалықтың көрінісі бола алмайды, өйткені Аллаһ тағаланың бұйрығын орындау және Аллаһ тағала тыйым салғандардан бас тарту ғана тақуалықтың белгісі бола алады. Егер бұларға қосымша игі амалдар жасаса, онда игілік үстіне игілік қосылады», – деп айтқан. Сонымен күнә істеуден тыйылу діни міндеттерді ғана орындаудан жақсырақ. Бірақ бұдан мұсылман кісінің діни міндеттерін қалай болса солай, немқұрайды орындауына болады деген ұғым тумайды. Мұндай ұғым жүрегі дертті, жігерсіз, тиянақты көзқарасы жоқ, аса Жоғары Мәртебелі және Ұлы Аллаһтың шариғатын елемейтін, өз мойнындағы міндеттердің ешқайсысын орындамайтын, сонымен қатар адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы себепті өздерін намаз оқып, ораза тұтып жүргендерден жақсырақпын деп есептейтін, діннің мәні осында деп, ешқандай арсыздық және шариғат теріске шығарғанды жасамаймыз дейтін адамдарға ұнауы мүмкін. Мұндай адамдардың ұстанған жолдары тура жолдан ауытқу, Ислам және мұсылманның мінез-құлқы деген ұғымдарды бұрмалау болып табылады. 7. Зияндыны жою пайдалыны әкелуден жақсырақ Бұл – Құран Кәрім мен сүннетте тыйым салынған амалдарға өте үлкен мән берілгендіктен фақиһтер истинбат2 жолымен алынған әмбебап фиқһ қағидаларының бірі. Бұл ұстанымның мәні мынада: егер пайдалы іс зиянды іске қарсы келген жағдайда, пайдалыны орындау зиянды әрекеттің іске асуына әкеліп соғатын болса, ал зияндының алдын алу немесе бұрмалау пайдалының іске асырылмауына әкеліп соғатын болса, бар мүмкіндікті зияндының алдын алуға, яғни оны болдырмауға жұмсау керек. Өйткені зиянды нәрсенің етек алу жылдамдығы және оның маңындағыларға ықпал етуі құрғақ шөпке тиген өрттің таралу жылдамдығындай. Сондықтан пайдалыдан айрылып қалуға немесе оның кешігуіне себеп болса да зиянды әрекеттің іске асуына жол бермеу даналықтың көрінісі болады. 1 Даниқ – дирһамның алтыдан біріне тең майда тиын. 2 Истинбат дегеніміз – Құран Кәрім мен сүннет үкімдеріне және заңдарына негізделген фиқһ ғылымының заңдары мен ережелеріне сай жасалған тұжырымдар.


55 Мәселен, бұл қағиданың өмірде қолданылуы туралы фиқһ ғылымының тарамдарына қатысты тоқталсақ, бір кісінің жүзімнен шарап жасайтынын алдын ала білген соң, ол басқаларға қарағанда қымбатырақ бағаға сатып алуға дайын болса да, ондай адамға жүзімді сатудан немесе көп пайда түсетін болса да шарап жасау мен оны сатудан бас тартуы. Шариғаттың тыйым салғандарына қатысты барлық жағдайда осы қағиданы қолдану керек. Осы қағидаға және оның өмірде қолданылуына сай Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерге ұзақ мерзімді сапарға тек күйеуімен немесе жақын туысы, шариғат бойынша күйеуге шығуына болмайтын еркекпен (махрам) ғана шығуына рұқсат берген. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа және Қиямет күніне сенетін әйелдің бір күндік жолға жақын туысынсыз шығуына болмайды», – деді», – деген1 . Мұндағы «бір күндік» деген сөз «бір тәулік» дегенді білдіреді. Кез келген іс-қимылдың пайдасын немесе зиянын анық көз жеткізу арқылы емес, тек қана осылай болуы барынша мүмкін-ау деген жорамалға сүйеніп ескеруге болатынын айта кету қажет. Мұның өзінде кең тараған жағдайларды ескеру керек, ал сирек кездесетін жағдайды ескермесе де болады. Өйткені біздерге зиян келтіреді деп есептелетін іс-амалдар, бұл туралы анық нұсқау не бұйрық болмаса да, олар шын мәнінде тыйым салынған болады. Бұл айтылған сөз бұрын талай рет қайталанса да зиян келтірмеген, бірақ әдетте зиян келтіретін іс-амалдарға да қатысты. Зияны мейлінше аз іс-амалдарды ескермеуге де болады. Бұл жерде кейбір іс-амалдарды жасау белгілі бір дәрежеде зиян келтіретіні белгілі болса да сол іс-амалдан келетін пайда одан келетін зияннан әлдеқайда артық болса, ондай іс-амалдарға рұқсат берілген, тіпті орындалуы міндетті болған ісамалға айналатыны туралы айтылып отыр. Мұның себебі мұндай ісамалдардың пайдасы үлкен, ал олардан келетін зиян мардымсыз. Мәселен, адам өмірін сақтап қалу үшін оның белгілі бір дене мүшесін кесіп алып тастау немесе қарсыласқан екі топты татуластыру үшін айтылған жалған сөз осыған мысал бола алады. Мұндай не осыған ұқсас жағдайда екі зиянның азын таңдау дұрыс. Өйткені адам өміріне қауіп төндіріп тұрған ауру мүшені кесіп алып тастамаса, ол ауру адамға одан да ауыр зиян келтірген болар еді. Сондай-ақ адамдар арасында өшпенділік тудыратын және көптеген қайғықасіретке себеп болатын даудың жалғаса беруі ешкімнің құқығын кемітпейтін, ешкімге зияны жоқ жалған сөзге қарағанда зиян болып табылады. 1 Әл-Бұхари, Муслим.


56 8. Халықтың опат болу себептері Бекзатымыз Пайғамбар (с.а.с.) халықтың жойылуына, олардың іштей іріп, адамдардың бұрынғы күш-қуат құдіреттілігінен айрылып қалуына, сондай-ақ толық қырылуына лайықты болуына алып келетін екі әрекетті түсіндірген: сұрақтардың көп болуы мен ойдан шығарылуы және ісқимылдағы алауыздық, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың шариғатын ұстанудан бас тарту. Бұл ойды кеңірек таратып түсіндірейік. Сұрақтарға тыйым салу және рұқсат беру Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіне сахабалардың аса көп сұрақ беруіне тыйым салған. Өйткені ол сахабаларына қосымша міндеттер жүктелуіне тура келетінінен қауіптенетін, өздеріне артықша қиыншылықтар жүктеулеріне, сондай-ақ ешқандай мағынасы жоқ іс-амалдармен шұғылдануларына себеп болмасын дейтін. Сондай-ақ қандай да бір зиян келтіретін жайт туралы болмаса да, қажетсіз сұрақтарға тосқауыл қоюды мақсат еткен. Бұл қағидамен сахабаларының олардан бұрынғылар сияқты өзара тартысу жолына түсіп кетулерін болдырмауға әрекет жасаған. Муғира ибн Шуғба (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бос сөздіктен, көп сұрақ беруден және ақшаны текке жұмсаудан қайтарды», – деген1 . Пайғамбарымызбен (с.а.с.) үнемі бірге жүрген муһажирлер мен ансарлар оның бұйрықтарын бұлтартпай орындап, тыйым салғандарынан аулақ болу үшін, өздері қалап тұрса да, ешқандай мәселе туралы сұрақ қоймайтын. Олар жүректеріне иман терең орналасқан кісілер еді, өз нәпсілерін Аллаһ елшісі (с.а.с.) риза болатын істерге бағындыра білген. Бәлкім сахабаларда сұрақ беру қажеттілігі болмаған болуы да мүмкін. Өйткені олар Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге өмір сүрді, Пайғамбар (с.а.с.) жоғарыдан келген уахиді оларға еш кешіктірмей жеткізіп отырды. Сөйтіп олар жаңа аяттар туралы үнемі біліп отырды. Егер қандай да бір жаңаша іс бола қалса, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұрақ қойылуын күтпей-ақ олардың көңілдерінде ешқандай күмән қалмауы үшін дін саласында олардың білгісі келгенді тез түсіндіріп отырды. Аллаһ тағала: «Аллаһ адаспауларың үшін сендерге ашық түсінік береді»2 , – дейді. Мұндай жағдайда адамдар көкейінде көмескі күмән қалмаса, сұрақ берудің де қажеттігі болмайды. Оның есесіне жоғарыдан түскен аяттарды түсіну, Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтқан талаптарды меңгеру, сол түсірілген және айтылғандарға ілесу мен оларды іс жүзінде қолдану қажеттігі туындайтын. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар»3 , – дейді. 1 Әл-Бұхари және басқалар. 2 «Ниса» сүресі,176-аят. 3 «Мәида» сүресі, 101-аят.


57 Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бұл аятқа: «Бұл сөздің мағынасы: күте тұрыңдар, Құран түгел түсіп болғанда сендер не туралы сұрасаңдар да бәріне жауап табасыңдар», – деп түсінік берген. Ал Мәдинаға келген уәкілдер мен бәдәуилердің сахабалардан айырмасы, олар уахи иесі Пайғамбардың (с.а.с.) қасында ұзақ уақыт бірге жүруге мүмкіндіктері болмаған. Сондықтан Аллаһ елшісі (с.а.с.) олардың қалаған сұрағын беруіне рұқсат еткен. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұлай ету себебі, оларды өз жағына тарту, олардың жағдайларын жеңілдету, оларға өте қажет және кез келген уақытта ала алмайтын дін туралы ғылымды үйрету еді. Бәлкім, жатжерліктерге дін туралы қалаған сұрағын беруге рұқсат етілуі олардың көпшілігінің өз туған жерлерінде қалып, Мәдинаға көшіп келмеуіне себеп болған шығар. Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Мәдинада Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бір жыл бірге болдым. Менің Мәдинаға біржола көшіп келуіме сұрақ беру (мүмкіндігім) ғана ұстап тұрды, егер біздерден біреу көшіп келсе, ол Пайғамбарға (с.а.с.) сұрақ бере алмайтын еді», – деген1 . Демек, ол Мәдинаға біржола көшіп келмеген қонақ ретінде өмір сүрген және оның біржола қоныс аударуына Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қалаған сұрағын беруге деген ықылас-ниеті ғана кедергі болған. Ал алыстан келген кісілердің сұрақтары басым жағдайда муһажирлер мен ансарлардың көңілінен шығатын әрі оларға, әсіресе (олардың сұрақтарына қайтарылатын) жауаптарда қандай да бір қуанышты хабар болса немесе жаннатқа апарар жолға адамдарды бастайтын мәселелер түсіндірілген жағдайда өте қуанатын. Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) қандай да бір сұрақ сұрауымызға бізге тыйым салынған еді, сондықтан оған бір ақылды бәдәуи келіп сұрақ бергенде тыңдап отыруды ұнататын едік»2 ; «(Бір күні) бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келді де: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сағат (Қиямет) қашан келеді?» – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): «Сорың құрысын, сен ол үшін не дайындық жасадың?» – деді. Ол: «Аллаһ тағала мен Оның елшісіне деген махаббатымнан басқа ешнәрсе дайындаған жоқпын», – деп айтты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, сен кімді жақсы көрсең, солармен бірге (боласың)», – деді. Осы кезде біз: «Біз де ме?» – деп сұрадық. Ол: «Иә», – деп жауап берді. Сол күні біз шексіз қуанышта болдық», – деген3 . 1 Муслим. 2 Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


58 9. Сұрақтарға қатысты шариғат үкімдері Сұрақтардың алуан түрі бар, олардың үкімдері сұрауға түрткі болатын себеп-салдар мен ықпалдарға байланысты әртүрлі келеді. Ол себеп-салдар мен әсер-ықпалдарды төмендегідей реттеуге болады: а) Шариғат талап ететін сұрақтар. Олар бірнеше сатылы: Әрбір мұсылманның мойнындағы міндет (парыз айн). Бұнда ешқандай бас тартуға және ол туралы үнсіз қалуға болмайтын мәселелер туралы сұрақтар, нақтылап айтқанда, адамның өзіне беймәлім оның діни міндеттеріне кіретін шариғат үкімдері мен дін істері туралы мәселелер. Мысалы, кәмелетке жеткендерге таһарат пен намаздың үкімдері, сапарда болмаған денсаулығы жақсы адамға ораза ұстауға қатысты үкімдер, мал-дүниесі нисабқа жеткен адамның зекет беруіне байланысты үкімдер, мүмкіндігі бар адамның қажылықты өтеуі туралы шариғат үкімдері, саудамен айналысушы адамдарға тиісті сауда-саттық жасау туралы үкімдер, үйленгісі келгендерге қатысты неке туралы заңдар, әскерде қызмет етушілерге қатысты соғысқа байланысты үкімдер, т.с.с. осы мәселелер туралы діни міндеттерді орындау жүктелген әрбір адам өз өмірінің әртүрлі кезеңіндегі жағдайына байланысты сұрауы қажет. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар»1 , – деген. Бұл жерде сұрақтарды білімділерге беру керектігі айтылған. Сонымен қатар адамдар Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Ілім іздеу – әрбір мұсылманның парызы»2 , – деген бұйрығын орындауы керек. Бұл тек еркектерге емес әйелдерге де қатысты. Қабілетіне сай міндет (парыз кифая). Бұл жерде әрбір мұсылманның орындауы міндетті емес, олардың кейбіреулері орындаса жеткілікті болатын міндет туралы айтылған. Нақты айтқанда, тек қана амал ету үшін емес, өзінің діни ұғымын тереңдету және шариғат заңдары мен оған байланысты барлық нәрсені білу мақсатында қойылатын сұрақтар туралы сөз болуда. Мұнда тек іс-амал үшін емес, бәлкім пәтуалар3 мен шешімдер қабылдайтын, Аллаһ тағалаға шақыру туын алып баратын, білуі тиіс дін істерінде басқа мұсылмандарға тағылым беретін, олардың адасу мен қателіктерге ұрынбай тура жолмен жүруі үшін жетекшілік ететін аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың дінін сақтаушылардан болуы үшін берілетін сұрақтар жайлы да айтылған. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Барлық мүміндердің (соғысқа) аттанулары тиіс емес. Олардың әрбір тобынан бірнеше кісі шығып, дінді үйреніп, қауымдарына (соғыстан) қайтып келгенде, оларға (үйренген 1 «Нахл» сүресі, 43-аят. 2 Ибн Мәжәһ. 3 Пәтуа – діни құқықтық мәні бар мәселелер бойынша дін білгірлерінің (немесе муфтидің) шешімі.


59 амалдарынан) ескерту берулері керек емес пе? Бәлкім олар (күнәдан) сақтанатын болар»1 , – деген. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Сендерден) келгендерің келмегендерге жеткізсін»2 , – деп айтқан3 . Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) осыншалықты мол білімге қалай ие болғандығы туралы сұрағанда, ол: «Шын мәнінде, маған көп сұрақ қоюшы тіл мен саналы жүрек берілген», – деп жауап берген. Берілуі ұсынылатын сұрақтар. Бұл жерде мұсылманның сұрауы орынды, тиімді болатын амалдар мен жағдайлар туралы сөз болып отыр. Мәселен, тақуалық амалдар туралы сұрақтар қою және міндеттіден (парыз, уәжіп) тысқары мәселелер туралы не Аллаһ тағалаға жақын болуға себепші болатын амалдар туралы сұрақтар. Өзінің діни міндеттерін орындауының дұрыстығына көз жеткізу немесе тыйым салынғандардың қайысысынан сақтану керектігін анықтау мақсатында берілетін сұрақтар да осыған мысал болады. ә) Тыйым салынған (манһи) сұрақтар. Бұған мүлдем тыйым салынған (мухаррам) сұрақтар мен орынсыз, жағымсыз, керексіз (манһи) сұрақтарды жатқызамыз. Мүлдем тыйым салынған (харам) және сұраған адамға күнә болатын сұрақтар. Ондайларға: – Аллаһ тағала Өз құлдарынан жасырған және ол туралы құлдарына айтпаған, Өзінен басқа ешкім ондай нәрселер туралы білмейтінін ескерткен мәселелер жайлы сұрақтар жатады. Мәселен, Қиямет күні қашан келетіні туралы немесе жанның (рухтың) табиғаты мен шынайы мәні жайлы, не қада мен қадар4 туралы қойылатын, т.б. сұрақтар. – Тектен текке, күлкі үшін немесе кісіні ренжіту үшін қойылатын сұрақтар. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бірде кейбір адамдар Аллаһ елшісін (с.а.с.) келемеждеу үшін мағынасыз сұрақтар қоя бастады. Олардың біреуі: «Менің әкем кім?» – десе, екіншісі: «Менің түйем қайда жүр?» – деп жоғалған түйесі жайлы сұрақ қойды. Сол кезде Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! (Жауабы) анықталған жағдайда сендерге жаман болатын нәрселер туралы сұрамаңдар»5 , – деген аятын түсірді», – деген6 . – Мұғжиза талап еткен сұрақтар. Бұларға көпқұдайшылдар мен кітап иелері секілді адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруды қалайтын және 1 «Тәубе» сүресі, 122-аят. 2 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі қоштасу қажылығы кезінде айтылған. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Қада мен қадар дегеніміз – Аллаһ тағаланың шығарған үкімі мен ол үкімнің орындалуы. 5 «Мәида» сүресі, 101-аят. 6 Әл-Бұхари.


60 қыңырлық себепті қойылатын, мәселен, мұғжиза немесе керемет көрсетуін қоймай талап ету сияқты сұрақ, өтініштерді жатқызуға болады. – Бұзық ниетпен қойылатын сұрақтар. Муғауия (Аллаһ оған разы болсын): «Бұзық сұрақтар қоюға Пайғамбар (с.а.с.) тыйым салған», – деп хабарлайды1 . «Ән-Ниһаяда» Ибн Әсир: «Бұл – ғұламалар қате жіберуі үшін оларды жаңылдыру мақсатында және соның нәтижесінде бұзықтық пен бүлік таралу үшін қойылатын сұрақтар», – деп жазады. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай сұрақтарға дініміз үшін ешқандай пайдасы болмауы себепті тыйым салған және ондай сұрақтардың хақиқи өмірге еш қатысы болмаған. Сондай-ақ мұндай сұрақтарға бұл сұрақтарды қоюдың ешқандай қажеттілігі болмаса да «Қалай?», «Қалай етіп?» деп үнемі сұрай беру де жатады деген сөз бар. Шариғат анық емес нәрселер туралы немесе жауап беру қиын болатын, әсіресе біреулерді ыңғайсыз, қиын жағдайда қалдыру үшін қойылатын сұрақтарға тыйым салады. Бұл қағиданы ұстанбаған, әйтеуір сұрақ беруге әдеттенген адам өзінің нашар мінезді және дін үкімдерін орындамайтын адам екенін көрсетеді. Саубан (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Әлі менің үмбетімде бір қауымдар болады; олардың фиқһ ғалымдары өте қиын мәселелермен әуреленеді. Міне, солар үмбетімнің бұзықтары», – деді», – деген2 . Хасан әл-Басри (Аллаһ оған рақым етсін): «Аллаһ тағала құлдарының ең жаманы – үнемі қиын сұрақтар беріп, Оның басқа құлдарын адастыратындар», – деген. Ұнамсыз сұрақтар, басқаша айтқанда, мұсылман кісі мұндай сұрақтардан аулақ болғаны немесе мүлдем бас тартқаны жақсы, алайда сұрай қалса, күнәлі болмайтын сұрақтар. Мәселен: – Өзі қажет етпейтін сұрақтар. Егер адам жауабын керек етпесе де, сұрай қалса, ондай сұрақ ешқандай пайда келтірмеуі былай тұрсын, сұрақ берушіге зарар жеткізуі мүмкін. Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) адамдар Пайғамбарға (с.а.с.) оған ұнамайтын сұрақтар бере бастады. Сұрақтар тым көбейіп кеткен кезде, ол (с.а.с.) (алдымен) ашуланды, сонан соң оларға: «Менен нені сұрағыларың келсе, сұраңдар», – деді. Сонда бір адам: «Менің әкем кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Сенің әкең – Хузафа», – деді. Сонда және біреуі түрегелді де: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің әкем кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Сенің әкең – Сәлим, Шәйбаның азат етілген құлы», – деп жауап берді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) реңінен оның ашулана бастағанын көрген Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһ елшісі! Ақиқатында, біз Аллаһ тағалаға тәубе етеміз», – деді», – деген3 . 1 Ахмад, Әбу Дауд. 2 Әт-Табарани. 3 Муслим.


61 – Қандай да бір іс-амалдарды не себептен орындау қажет яки не себептен оларды орындаудан бас тарту керектігі туралы шариғат ешнәрсе айтпаған халал немесе харам мәселесіндегі сұрақтар. Өйткені мұндай сұрақтар (яғни сұралған жағдайлар) мұсылманға міндет болып қалуына әкелуі мүмкін, сөйтіп мұсылман үшін ыңғайсыз жағдай мен қиындық тудыруы ықтимал. Ал мұның бәріне сұрақ берген адам себепші болады. Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, бұрын мұсылмандарға харам етілмеген, бірақ берілген сұрақтың салдарынан мұсылмандарға харам болып қалатын қандай да бір нәрсе туралы сұрақ берген мұсылман мұсылмандарға қарсы ең үлкен қылмыс жасаған болады», – деді», – деген1 . Бұл хадистің басқа риуаятында, Пайғамбар (с.а.с.): «…бір нәрсе туралы сұрап және ол туралы тым қазбалап (ізденгендер)…», – деген2 . Яғни анығын білуге шектен тыс күш жұмсап ұмтылушылар. Ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін): «Қазы Ғиад: «Бұл жерде айтылып тұрған қылмыс (журм) күнәсі себепті жазаланатын қылмыс емес, мұсылманды қиын жағдайда қалдыратын нәрсе», – деді», – деген. Бұдан кейін ән-Нәуәуи: «Осы хадисті түсіндірушілердің «Қылмыс деп күнә істерімен айыпты болуды айтамыз» деп тұжырым жасаған ортақ пікірі дұрыс. Қазы Ғиадтың сөзін негізге алсақ, онда мұндай сұрақтар мәкруһ болып саналады, ал барынша кең тараған пікірге сүйенсек, бұл сұрақтар тыйым салынған (харам) болып табылады» деп көрсетеді. Сондай-ақ ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін): «Мұндай тыйым салу тек Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде ғана болды. Шариғат берік орнығып, оған көптеген жаңалықтар енгізілу қаупі сейілген соң, себептерінің жойылуына байланысты бұл тыйым да өз күшін жойды. Мұндағы «себептер» дегенде сұрақ беру нәтижесінде қандай да бір тыйым салудың пайда болу ықтималдығы туралы айтылған. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін уахидің түсірілуі тоқтаған болатын», – деген. Хадисте: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.) әйелінің басқа еркекпен жатқанын көріп қалып, әлгі еркекті өлтірген кісіге не істеу керектігін сұрады. Бұл уақиға зинақорлыққа байланысты аят түскеннен кейін, ол аятта кінәлі адамды жазалау үшін төрт куә керектігі айтылғаннан соң болған еді. Сондықтан Пайғамбар (с.а.с.) мұндай сұрақ қоюды ұнатпады және айыптады», – делінген3 . Рұқсат етілген сұрақтар Сұрақтардың бұл түріне жоғарыда аталған топтарға кірмейтін және сол үкімдердің қатысы жоқ сұрақтар енеді. 1 Муслим. 2 Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


62 Ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін): «Әл-Хутаби және басқалар Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Шын мәнінде, сол адам мұсылмандарға қарсы өте үлкен қылмыс жасайды…», – деген сөздерін былайша түсіндіреді: «Бұл хадис ойдан шығарып керексіз сұрақ қойған адам туралы немесе сұрағаны оған керексіз болса да, қазымырланып сұрақ бере берген адам туралы. Егер адам нақты жағдайға байланысты сұрақ қойса, оның айыбы жоқ, ол күнә да емес. Өйткені Аллаһ тағала: «…білімділерден сұраңдар»1 , – дейді», – деген. 10. Қажетсіз сұрақтар қоюдан гөрі түсінуге және бойсұнуға әрекет жасау Мұсылман кісі, ең алдымен, Аллаһ тағала мен Оның елшісінен (с.а.с.) келген бұйрық тыйымдарды іздеуге міндетті. Сонан соң оларды түсініп, мағынасын ұғуға әрекет жасауы тиіс. Егер әңгіме ғылым саласына қатысты болса, оған сену қажет, ал егер әңгіме іс-амалға қатысты болса, онда бұйырылған амалды, шамасына қарай орындауы керек және тыйым салынғаннан аулақ болуы шарт. Осылайша амал қылған адам дүние және Ақыретте бақытқа жетеді, ал өз нәпсісінің қалауына бағынып керісінше амал қылған адам Кітап иелерінің жағдайына түседі. Бұдан Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтарған болатын, өйткені ондай адамдарды көп сауал беру, өзара дауласу мен алауыздыққа түсу және пайғамбарларына бағынбау опат еткенді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары мен оларға шын жүрегімен ілескен кісілер Құран мен сүннеттен пайдалы ілім алуға ұмтылған болатын. Бір адам Ибн Омарға (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) қара тасқа тәу ету туралы сұрақ қойғанда Ибн Омар: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) оған (қара тасқа) тәу еткенін және сүйгенін көрдім», – деді. Сонда анау адам: «Ал егер адам көп болып оған жақындай алмасам ше?» – деді. Ибн Омар: «Ал егер…? – дегенді Йеменде қалдыр. Мен Пайғамбардың (с.а.с.) оған тәу еткенін және оны сүйгенін (ғана) көрдім», – дейді2 . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бір істің болыпболмайтындығына алдын ала болжам жасаудың қажетсіздігін айтқысы келген, өйткені мұндай болжам-долбар амал жасаудағы сенімділікті әлсіретеді. 1 «Әнбия» сүресі, 7-аят. 2 Әл-Бұхари және басқалар.


63 11. Көрнекті мужтаһидтер мен фиқһ ғылымы білгірлерінің ұстанған жолы Бұл адамдардың басты мақсаты Аллаһ тағала Кітабының, сондай-ақ Құранды түсіндіруге арналған сахих хадистер мен сахабалардың және табиғиндердің айтқандарының мән-мағынасын зерттеу болатын. Олар қайсы хадистің сахих, қайсысының әлсіз екенін білуге ұмтылып, сөйтіп оларды түсінуге және олардың мағынасына жетуге әрекет жасап Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннетін зерттеді. Сондай-ақ олар сахабалар мен табиғиндердің Құранды түсіндіруді, хадистерді, халал мен харамды, сүннет негіздерін, жүректі жұмсартуға септігі тиетін тәркі дүниелікті, басқа да барлық мәселелерді қарастыратын түрлі ғылымдарға қатысты айтқан пікірлерін зерттеумен айналысты. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, тура жолмен жүріп үлкен дүниетанымдық білімге ие болған барлық көрнекі дін қайраткерлері осылай еткен, ал басқа жолды таңдағандардың барлығы да адасуға душар болады және басқаларды да адастырады, тыйым салынғанға бой ұрып, қажеттіні орындаудан бас тартады. 12. Әлі болмаған жайт туралы сұрақтар Жай ғана дауласу үшін емес, білім алу, өмірде қолдану мақсатымен сұрақтар беру – мақтауға тұрарлық іс. Осы себептен сахабалар мен табиғиндер бір жайт шын мәнінде болудан бұрын ешқандай сұрақтар беруді ұнатпаған және ондай сұрақтарға жауап қайтармаған. Амр ибн Мурра: «Бір күні Омар (Аллаһ оған разы болсын) адамдардың алдына шықты да: «Сендерге әлі болмаған жайт туралы сұрақ беруге тыйым саламын, біз болған істермен шұғылданудамыз», – деді», – деп айтқан. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Болмаған іс туралы сұрамаңдар, өйткені шынында мен, Омардың (Аллаһ оған разы болсын) (әлі) болмаған іс туралы сұрағандарды лағынеттегенін естігенмін», – деген. Зәйд ибн Сәбитке (Аллаһ оған разы болсын) сұрақтар берілгенде, ол: «Бұл айтқаның болған ба? (Болған іс пе?)» – деп сұраған, егер оған «Жоқ» деп жауап қайтарса, ол: «Онда мұны сол айтқаның болғанша (жайына) қоя тұр», – дейтін. Масруқ: «(Бір күні) мен Убай ибн Кағбқа (Аллаһ оған разы болсын) бір сұрақ қойдым, сонда ол: «Бұл айтқаның болған ба?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ», – деп жауап бердім. (Сонда) ол: «Онда (бұл) айтқаның (іс жүзінде өмірде) болғанша бізді тыныш қоя тұр. Болған кезінде біз өз пікірімізді саған айтамыз», – деді», – деген. Шағби: «Бір күні Аммарға (Аллаһ оған разы болсын) бір сұрақ қойылды, сонда ол: «Бұл айтқаның болған ба?» – деп сұрады. Оған: «Жоқ», – деп


64 жауап қайтарды. Сонда ол: «Ендеше, (бұл айтқандарың) болғанша, маған тыныштық беріңдер. Болған кезінде, оны біз өз (мойнымызға) аламыз», – деді», – деген. Яғни не туралы екенін білуге әрекет жасаймыз да, сосын жауап қайтарамыз деген сөз. Табиғиндер туралы да осыған ұқсас әңгімелер айтылады. Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бастарыңа бәле келмейінше бәлені шақырмаңдар, өйткені егер осылай етпесеңдер (яғни бәлені шақырмасаңдар), әр уақытта мұсылмандар арасында оларға бақытсыздық келгенде тура жолға бағыттайтын және (тура жолға түсуіне) көмек көрсететіндер болады, ал егер бәле шақырсаңдар, сендердің жолдарың әртүрлі болады да, әртүрлі жолмен кетесіңдер», – деді», – деген1 . Бұл айтылғандардан туындайтын негізгі ой – сұрақ беру аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ үшін, Ол Өз елшісіне жіберген нәрсені үйрену арқылы Аллаһ тағалаға жақын болу, сондай-ақ Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жолымен жүру және оны жүзеге асырып, басқаларды да осыған шақыру мақсатында болуы керек. Сонда ғана Аллаһ тағала кім осы айтылғандарға сәйкес амал қылса, оны тура жолға бағыттайды және оны тура жолға шығарады, оған білмегенін үйретеді. 13. Істің пайдасы үшін сахабалар (Аллаһ оларға разы болсын) қойған сауалдар Сахабалар кейде өздері Пайғамбардан (с.а.с.) алыста жүрген кезде болуы тиіс деп есептеп, өздерінің нені күтетіні туралы сұрайтын еді. Міне, осы себептен олар қажет кезінде іс жүзінде қолдану мақсатында аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың бұл мәселеге тиісті бұйрықтары туралы алдын ала білгісі келетін. Бұларға қатысты төмендегі мысалдарды келтіруге болады: Рафиғ ибн Хадиж (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ертең бізге дұшпанмен (кездесуге тура келеді деп) ойлаймыз (немесе: қауіптенеміз), бірақ бізде пышақ жоқ, сондықтан жануарларды қамыс (таяқпен) шаншып өлтіруге бола ма?» – дедім. Ол (с.а.с.): «Аллаһтың есімімен және қан шығарушы (затпен) өлтірілген малдың бәрін жеңдер, (бірақ) тіспен және тырнақпен (өлтірілген малды жемеңдер)», – деді», – деген2 . Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бір адам Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Теңізбен жолға шыққанда өзімізбен суды аз аламыз, егер оны таһарат алуға пайдалансақ, (бізді) шөл қысады. Сондықтан теңіз суымен таһарат алуға бола ма?» – деп сұрады. Аллаһ 1 Әд-Дарими, Әбу Дауд, әл-Марасил. 2 Әл-Бұхари, Муслим.


65 елшісі (с.а.с.): «(Теңіз) суы таза, ал оның өлігі (яғни теңіз жәндігі) халал», – деді», – деген1 . Демек, шариғат үкіміне сәйкес өлтірілмесе де, өлген теңіз жәндіктерін, сондай-ақ балықты тағам ретінде пайдалануға болады. 14. Бағыну мен бойсұну құтылу мен табысқа жеткізеді Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз пайғамбарларына күмән келтіріп, оларға бағынбағаны үшін азапты жазаға тап болған және өздеріне қосымша міндеттер мен ауыртпалық жүктеп алған адамдарға еліктеуден мұсылмандарды сақтандырды. Аллаһ тағала Ислам үмбетіне мына сөздерді үйретіп, оларға өте ұлы мейірімділік жасады: «Естідік те, бойсұндық. Раббымыз! Сенен кешірім тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың. Аллаһ кісіге шамасы келетін (міндетті) ғана жүктейді, істеген жақсылығы өз пайдасына, ал жамандығы – зиянына. Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма (яғни жазалама). Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауырлық жүктеме. Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге рақым ет. Сен Иемізсің, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер»2 . Шынайы мұсылмандардың Аллаһ тағаланың бұл мейірім, мархабатына ие болуы заңды. Себебі Аллаһ тағала олар туралы: «Шын мәнінде, мүміндер Аллаһқа және Оның елшісіне араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік те, бойсұндық» деу болады. Міне, бұлар – құтылушылар. Кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бағынса, сондай-ақ Аллаһтан қорқып, сақтанса, міне солар – табысқа қолы жеткендер»3 , – деген. Мұса (аләйһис-сәләм) Исраил ұрпақтарына қалаға кіруге бұйырғанда, оған: «Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Ал біз мұнда отырамыз»4 , – деп қарсы сөйлеген яһудилер сияқты болмады. Яһудилер бұл сөздері үшін жазаға ұшырады да, түрлі қиындықтар мен тентіреулерге тап болды. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Енді ол жер оларға қырық жыл харам етілді. Олар сол жерде сенделіп жүреді»5 , – деп айтқан. Бұл жерде Исраил ұрпақтарына Аллаһ уәде еткен қасиетті жер туралы айтылған. Олар тыңдамай бетімен кеткендігі үшін одан да басқа көптеген ләззат, рақаттардан аластатылды. Аллаһ тағала: «Сонда яһудилердің 1 Әт-Тирмизи, ән-Нәсәи. 2 «Бақара» сүресі, 285-286 аяттар. 3 «Нұр» сүресі, 51-52 аяттар. 4 «Мәида» сүресі, 24-аят. 5 «Мәида» сүресі, 26-аят.


66 зұлымдықтарынан және көптеген адамдарды Аллаһтың жолынан тосуларының салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсылықтарды1 оларға харам қылдық»2 , – деген. 15. Алауыздықтан сақтандыру және бірлік пен ынтымаққа шақыру Аллаһ тағала Исламды ұстанушы иманды адамдарды біртұтас қауым ретінде сипаттап: «Расында осы сендердің үмбеттерің бір ғана үмбет. Ал Мен Раббыларыңмын, ендеше (Өзіме ғана) құлшылық қылыңдар»3 , – деген. Осылайша мұсылмандар түрлі зұлымдық пен әділетсіздік, имансыздық күштеріне қарсы тұру үшін бірігіп, біртұтас күшке айналуға мүмкіндік беретін бірлік дәрежесіне жетуге ұмтылуы қажет. Аллаһ тағала мен Оның таңдаған елшісі қауымды іштей іріткіге ұшырау мен бөлінуге апаратын алауыздықтан барынша қатаң сақтандырған болатын. Тіпті Аллаһ елшісі (с.а.с.) іріткі салатын мінез бен іс-әрекетті дінсіздікке апаратын кәпірлердің мінезі мен іс-әрекеті деп бағалағанын көреміз. Өйткені ол (с.а.с.): «Менен кейін (мен өлгеннен кейін) бір-біріңнің бастарыңды алатын кәпірлерге айналып кетпеңдер», – деген4 . Сондай-ақ Құранда да мұндай мінез бен іс-әрекет иманға келмеген Кітап иелеріне тән екендігі айтылған: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар»5 . 16. Қауымнан бөлінген және алауыздық пен бөлінуге себеп болған адамға берілетін жаза Ислам мұсылмандар арасына алауыздық пен бөлінуге бастайтындай іріткі салатындарды барынша теріске шығарады және олардың жазасын бұл дүниеде өлім, ал Қиямет күні тозақ оты қылды. Аллаһ тағала: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз6 да, тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын»7 , – деген. 1 Бұл жерде Әнғам сүресінің 146-аятында айтылған тыйым салынған тағам түрлері туралы айтылған. 2 «Ниса» сүресі, 160-аят. 3 «Әнбия» сүресі, 92-аят. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 «Әлі Имран» сүресі, 105-аят. 6 Яғни оны кәпірлер мен адасқандарға қосамыз. 7 «Ниса» сүресі, 115-аят.


67 Ал Пайғамбар (с.а.с.) бұл туралы: «Кім бойсұнудан бас тартып, қауымнан бөлінетін болса, (содан соң) өлсе, онда жаһилият дәуірінде өлгендер қалай өлген болса, солай өледі», – деген1 . Яғни оларды кәпір және адасушыларға қосамыз. 17. Бірлікке жеткізетін жол шариғатқа мүлтіксіз ілесуде жатыр Аса Игілікті және аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Өз Кітабында адам баласы өз өмірінде мұқтаж болатын барлық ізгілік негіздерін бекітті. Ал Оның таңдаулы елшісі жоғарыдан өзіне түсірілгенді негізге алып, Құранда қысқаша айтылғандардың барлығын егжей-тегжейлі біздерге түсіндірді, сөйтіп олар оның кіршіксіз сүннетінде көрініс тапты. Сонымен мұсылман үмбеті біртұтас бірлікте және мызғымас ынтымақта болу үшін: «Барлықтарың Аллаһтың жібіне2 жабысыңдар да бөлінбеңдер»3 , – деген деген аса Жоғары Мәртебелі Аллаһтың әміріне бағынумен Оның Кітабындағы және Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетіндегі жөн-жораларға оралу жеткілікті. Және бұл үмбет өздерін Исламға әкелген Аллаһ тағаланың мейірімін есінен шығармауы қажет. Өйткені бұл қауымның мүшелері Аллаһ тағаланың мейірімінің арқасында ғана келісімге және өркендеу мен гүлденуге, бірлікке жетті. Аллаһ тағала: «Сондай-ақ өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, сөйтіп Оның игілігімен бауырға айналдыңдар»4 , – – деген. Сонымен қатар Аллаһ тағаланың басшылығы арқасында бұл үмбет құтылу мен есендік-саулыққа жетті. Аллаһ тағала: «Тозақ шұқырының ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды»5 , – деп айтқан. Міне, сол үмбет осы айтылғанға көңіл аударса, ақыл-парасаттың шақыруына жауап беріп, өз өмір тәжірибелерінен сабақ алса, сонда ғана бойсұнып, бағынады. Нәтижесінде өздері үміт еткен тура жолға ие болады. Аллаһ тағала: «Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді»6 , – деген. Егер бұл мәселеге тоқталсақ, онда Аллаһ тағаланың: «Әлбетте, бұл – Менің тура жолым. Соған ілесіңдер! (Басқа) жолдарға ілеспеңдер. Әйтпесе олар сендерді Оның жолынан айырады»7 , – деген сөздері және 1 Муслим. 2 Аллаһтың жібі (Хаблуллаһи) – Құран. Бұл жерде суға кеткен адам жіпке қалай жармасатын болса, сондай жармасу керектігі айтылған. 3 «Әлі Имран» сүресі, 103-аят. 4 «Әлі Имран» сүресі, 103-аят. 5 «Әлі Имран» сүресі, 103-аят. 6 «Әлі Имран» сүресі, 103-аят. 7 «Әнғам» сүресі, 153-аят.


68 Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Сендерге екі нәрсе қалдырдым: Аллаһтың Кітабы және Оның елшісінің сүннеті, осы екеуінен мықты ұстасаңдар, сендер еш уақытта тура жолдан адаспайсыңдар», – дегені бізге жеткілікті. 18. Діндегі қайшылықтар Діни қауымның бөлінуінің және бытыраңқылығының басты себептерінің бірі, ол – ілімде таласу және діни міндеттерді басқалар көрсін деп орындау. Нәтижесінде қауым ішінде негізгі мәселелер бойынша қайшылықтар пайда болады да, түрлі жолдармен жүруші оның мүшелері бірінен-бірі айтарлықтай алысқа ұзақтайды. Міне, осы себеппен біздер шариғатта көрсетілгендерді бұлжытпай орындаймыз, одан оған жат нәрселердің барлығын алып тастаймыз және шариғат заңдары мен негіздерінің біріне сәйкес келмейтін және дәлел көздерінің әлдебіріне қайшы келетін көзқарастар мен пайымдауларға (ижтиһад) мән бермейміз. Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ: «(Аллаһ) Нұхқа нұсқаған нәрселерді және саған (ей, Мұхаммед) уахи (аян) еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим, Мұса және Исаға нұсқаған нәрселерімізді сендерге шариғат (заң) етіп бекітті: «Дінді берік ұстанып, онда бөлінбеңдер»1 , – деген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Құран талаптарына сай амал қылуымыз үшін біздерге Құранды оқып, оның мағынасын түсінуге шақырған-ды. Егер оны (Құранды) түсіндіруде кенеттен қандай да бір келіспеушілікке апаратын мәселе пайда болса, ол бізге жүректер тазарып, ой-пікірлеріміз айқындалғанша ізденуді жалғастырмай тоқтатуға, содан кейін ғана адалдықтан шегінбеген қалпында Аллаһ тағаланың Кітабына оралуға бұйырады. Жундуб ибн Абдуллаһ әл-Бажали (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Құранды жүректерің оған қатысты келісімде болған халде ғана оқыңдар, ал егер келіспеушілік пайда болса оқуды тоқтатыңдар», – деді», – деген2 . Аллаһ елшісі (с.а.с.) өлім алдында жатқан кезінде де айтыс-тартысқа жол бермеуге әрекет жасаған-ды. Оның өз сахабаларына оларға еш уақытта тура жолдан адастырмайтын сөздерін жазып алуларын ұсынғанда, олар жазып қалдыруы керек пе, жоқ па деп өзара дауласып кетуі себепті Аллаһ елшісі (с.а.с.), олардың (дауласуын) үзіп: «Мені тыныш қойыңдар!» – дегені бәрімізге белгілі. Оның себебі, оларды дауласудан тоқтату және қайшылықтар зиянға ұшыраудың себебі болатынына сахабаларының көңілдерін аудару еді. Міне, осы себептен Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын): «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (сөздерін) жазып қалдыруға кедергі келтірген 1 «Шура» сүресі, 13-аят. 2 Әл-Бұхари.


69 негізгі қырсық олардың арасында пікірталас пайда болып, өзара шу шығаруы еді», – деп жиі айтатын. Халықтың опат болуына себепші болатын істерге олардың өздеріне пайғамбарларынан жеткізілген амалдарға қарсы әрекет жасап, өз діндеріне қатысты пікір қайшылығына түсуі екенін ескертетін тарауда қарастырылған хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) дәл осы мәселені түсіндіреді. 19. Нәпсінің жетегіне ерудің қауіптілігі Өз пайдасы үшін, өз нәпсісінің қалауына еру, әділетсіздік пен қыңырлық – дінде қайшылық, ыдырау тудыратындардың ең жаманы. Осы себепті Аллаһ тағаланың Кітабында мұсылмандар арасында жік тудырып, дінде қайшылықтар пайда болуына өз іс-әрекеттерімен ықпал ететін адамдар мысалға келтіріледі. Аллаһ тағала ондай адамдарды Исламнан тыс қоятынын және олардан Өзінің таңдаулы елшісін бүтіндей арашалап алғанын білеміз, өйткені Құранда: «Діндерін бөліп, топтар болып кеткендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Расында, олардың ісі Аллаһтың Өзіне ғана тиісті. Кейін оларға істегендерінің хабарын береді»1 , – деп айтылған. Қауіп-қатер ешқандай айғаққа сүйенбейтін және ешқандай дәлел көзіне бағынбайтын қайшылықтарда жасырынған. Дәл осындай қайшылықтар талай адамның опат болуына себепші болған. Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Шын мәнінде, сендерге дейінгі өмір сүрген (қауымдарды) көп сұрақтар берулері мен өз пайғамбарларымен келіспеулері опат етті», – деген сөздері де осыны нұсқайды. «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар»2 , – деп Құран да осындай (дерттен) сақтандырады. Бұл айтылған ой Аллаһ тағаланың басқа сөздерімен де расталады: «Дегенмен өздеріне Кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді»3 . Ислам негіздерінің біреуіне қатысты не қандай бір дәлелді қайшылықтарға келсек, ол мәселе бұл тарауда қарастырылмайды. Өйткені бұл қайшылықтар негіздерге қатысты емес, тарау-тарамдарға қатысты. Мұндай қайшылықтар үмбет мүшелері арасында алауыздық пен бөлінуге апармайды, керісінше шариғат негіздері мен қағидалары арасында ой-пікір еркіндігін беретін шариғаттың икемділігін дәлелдейді. Сондай-ақ мұндай қайшылықтар мүшелері дұрыстығына және ақиқаттығына толық көз жеткізген және олар барынша салмақты деп есептеп, өздерін толық 1 «Әнғам» сүресі, 159-аят. 2 «Әлі Имран» сүресі, 105-аят. 3 «Бәйина» сүресі, 4-аят.


70 қанағаттандырған дәлелдері бар амалдармен ғана келісетін үмбеттің туралығының айғағы болады. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Ор маңында (әл-Ахзаб) болған шайқастан (үйіне) келген Пайғамбар (с.а.с.) бізге: «Бәну Қурайза (мекенінде) болмаса, ешкім (басқа жерде) аср намазын оқымасын», – деді. Біздерден біреулеріміз намаздыгер уақытында жолда болдық та, біреулер: «(Олардың үйлеріне) бармайынша біз намаз оқымаймыз», – деді. Басқалары: «Біз (осы жерде) намаз оқимыз, өйткені бізден талап етілгені бұл емес» десті. Сонан соң бұл туралы Пайғамбарға (с.а.с.) айтып едік, ол олардың ешқайсысын теріске шығармады», – деген1 . 20. Бұл хадисте кімнің жеткілікті қаражаты болып, шамасы жетсе, өз өмірінде бір рет міндетті түрде қажылық өтеуі керектігі де айтылған. 1 Әл-Бұхари.


71 ТОҒЫЗЫНШЫ ХАДИС ТЕК ТАЗА ЖӘНЕ ХАЛАЛ (НӘРСЕЛЕР) ҚАБЫЛ БОЛАДЫ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, адамдар! Расында, Аллаһ – Пәк1 , сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана2 қабыл етеді. Шын мәнінде, Аллаһ елшілерге бұйырғанын мүміндерге де бұйырды. Аса Жоғары Мәртебелі: «Ей, елшілер! Таза3 ризықтардан жеңдер де, ізгі амал істеңдер»4 ; «Ей, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсыларынан жеңдер»5 , – деген», – деді. Сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.)) үсті-басы шаң, шаштары ұйысқан, ұзақ жол жүріп келген қалпында қолдарын көкке (қарай) көтеріп: «Уа, Раббы! Уа, Раббы!» деп (қайталап) тұрған адам туралы: «Бірақ жегені харам, ішкені харам, кигені харам және хараммен азықтандырылған (асырап өсірілген) оның дұғасы қалайша қабыл болсын?!» – деп айтты», – деген6 . Хадистің маңыздылығы Бұл Ислам қағидалары мен заңдары негізіне жататын хадистер қатарына кіреді. Мұны халалды қабылдау мен харамнан сақтану барысында негіз етіп, басшылыққа алған жөн. Өзі қалаған жақсылықты өзгеге де қалайтын, өзі ұнатпайтын жамандыққа өзгенің де ұшырамауын тілейтін, рұқсат етілген халалды қанағат етіп, шариғат заңдарының белгілеген шегінен өтпейтін және өзі мен төңірегіндегілер берекелі де тыныш өмір сүретін мұсылманмүміндер үмбетін қалыптастыруда бұл хадистің маңызы зор және пайдасы орасан. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Қабыл болатын таза нәрсе Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында, Аллаһ – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді», – деген сөздерінің амалдарға, дүние-мүлік пен байлыққа, сөз бен сенімге де қатысы бар. 1 Ол Пәк және қандай да бір кемшіліктен ада. 2 Яғни халал жолмен табылғанды, рұқсат етілген, халал нәрсені. 3 Яғни халал және өздеріңе ұнаған. 4 «Муминун» сүресі, 51-аят. 5 «Бақара» сүресі, 172-аят. 6 Муслим, әт-Тирмизи.


72 Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ тек таза дүниені, барлық жамандық атаулыдан, мәселен, рия мен жалған намыстан ада дүниені, сондай-ақ тек таза және халал мал-мүлікті қабыл етеді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарды тек халал, таза жолмен табылған (табыстардан) садақа беруге шақырған. Сондықтан да ол (с.а.с.): «…Аллаһ тағала тек таза нәрсені ғана қабыл етеді», – деген-ді. Демек, Аллаһ тағала садақа ретінде берілгеннен тек тазасы мен халалын ғана қабыл етеді деген сөз. Оған тек жақсы сөздер ғана көтеріледі, өйткені Аллаһ тағала: «Оған қарай жақсы сөз шығады, ал ізгі амал оны көтереді»1 , – деген. Аллаһ тағала сөздерді жақсы және жаман деп екіге бөледі. Ол: «(Мұхаммед!) Аллаһтың «көркем сөз (яғни «Аллаһтан басқа құдай жоқ» куәлігі) көркем ағаш тәрізді» мысалын қалай келтіргенін көрмейсің бе?»2 ; «Ал енді (Аллаһқа серік қосылған) жаман сөздің3 теңеуі жаман ағаш сияқты»4 , – деп айтқан. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың алдында таза, пәк мұсылманмүміндерден басқа ешкім де табысқа жете алмайды. Аллаһ тағала: «Олар сондай (тақуалар)5 , жақсы жағдайда періштелер жандарын алады»6 , – деген. Және жаннатқа кірген кезде періштелер оларды: «Сендерге сәлем! Қош келдіңдер, (жаннатқа) мәңгі қалатын түрде кіріңдер»7 , – деген сөздермен қарсы алады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Аллаһ тек тазаны қабыл етеді» деген сөздерінің жалпы мағынасы туралы Ибн Ражаб: «Мүмін-мұсылманның тұтастай жүрегі, тілі және денесі таза, өйткені оның жүрегінде иман өмір сүреді, тілі Аллаһ тағаланы зікір етумен айналысады, ал денесінің әр бөлігі иман жемістері болып табылатын әрі оның (иманның) құрамды бөліктерінен саналатын ізгі амалдармен шұғылданады», – деген. 2. Пәк әрі қабыл болатын қандай амалдар? Мұсылманның амалдары пәк әрі қабыл болуы үшін ең алдымен оның ішіп-жеген тағамы таза және халал болуы қажет. Бұл хадисте адамның ісамалы тек халалды азық етсе ғана қабыл болатынына нұсқау бар және тыйым салынғандар іс-амалдарды бұзатыны, сондай-ақ олардың қабыл 1 «Фатыр» сүресі, 10-аят. 2 «Ибраһим» сүресі, 24-аят. 3 Күпірлік және адасу сөздері. 4 «Ибраһим» сүресі, 26-аят. 5 Яғни күнәдан және көпқұдайшылықтан таза. 6 «Нахл» сүресі, 32-аят. 7 «Зумәр» сүресі, 73-аят.


73 болуына кедергі жасайтыны айтылған. Шындығында да Пайғамбарымыз (с.а.с.) алдымен: «Ей, адамдар! Расында Аллаһ – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді», – деп (ескерткен де), сонан соң: «Шын мәнінде, Аллаһ елшілеріне бұйырғанын мүміндерге де бұйырды, аса Жоғары Мәртебелі: «Ей, елшілер! Тек тазадан жеңдер де, ізгі амал істеңдер»1 , – деді», – деген. Тағы Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсыларынан жеңдер»2 , – деді. Демек, Аллаһ тағаланың елшілері мен олардың үмбеттеріне халал болған тазадан жеп, ізгі амалдар жасау бұйырылған. Тамағымыз халал болған кезде ғана (жасаған) амалдарымыз ізгі болады, егер тағамымыз харам болса, амалымыз қалай қабыл болмақ?3 . Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір күні Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында: «Ей, адамдар! Жер бетіндегі халал таза азықтардан жеңдер»4 , – деген аят оқылды. Сол кезде Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) орнынан тұрды да: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһ тағаладан менің дұғамның қабыл болуын өтінші», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Сағд! Жеген тағамың халалдан болсын, сонда дұғаң қабыл болады. Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, егер Аллаһтың құлы бір түйір харам (нәрсені) жұтса, Аллаһ оның амалдарын қырық күн бойы қабыл етпейді, ал кез келген пенденің харамнан нәр алған тәніне – тозақ лайықтырақ болады», – деп айтты», – деген5 . Және де Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қарнында харамнан бір түйір бар адамның намазын Аллаһ қабыл етпейді», – деген. 3. Қабыл болмау Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір хадистеріндегі амалдың қабыл болмайтындығы туралы сөздер қайсыбір кездерде оның орындалуының дұрыс еместігіне нұсқауы мүмкін. Мәселен, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мына сөздері келтірілген хадисті алайық: «Аллаһ тағала дәреті бұзылғандардың, қайта дәрет алғанша, намазын қабыл етпейді». Бұл хадисте намаздың қабылдану шарты тазалықпен байланыстырылған, ал мағынасы міндетті парызды орындауды білдіреді. Басқа да көптеген хадистердегі «амал қабыл етілмейді» деген сөз амалды орындағаның үшін Аллаһ тағаладан сауап алу мүмкіндігін теріске шығаруды білдіруі де ықтимал. Мәселен, бір хадисте: 1 «Муминун» сүресі, 51-аят. 2 «Бақара» сүресі, 172-аят. 3 Қараңыз: «Жамиғул-улум уәл-хикәм». 4 «Бақара» сүресі, 168-аят. 5 Әт-Табарани.


74 «Күйеуін ренжіткен әйелдің, көріпкелге барған және арақ ішкен адамның намазы қырық күн бойы қабыл болмайды», – делінген. Біз қарастырып отырған хадисте: «…Ол пәк нәрсені ғана қабыл етеді», – деп айтылған. Келесі бір хадисте: «Харам жолмен табылған он дирһамға сатып алынған киім киген адамның намазы қабыл болмайды», – дейді. Бұл хадистерде орындалған іс-амал үшін берілетін сауап-сыйлыққа лайықты ететін кемелдік теріске шығарылған. Алайда мұндай жағдайда адам өз парызын орындаған болып есептеледі. Бұл екі жағдайда да1 оларды сыртқы дәлелдерге қарап ажырату керек. 4. Мұсылман харамнан қалай арыла алады? Егер мұсылман қолына түскен ақшаның иесі кім екенін білуге немесе ол адамды табуға мүмкіндігі болмаса, садақа ретінде таратып беру арқылы ғана ол ақшадан құтыла алады, ал сауабы ақшаның иесіне барады. Мәлик ибн Динар: «(Бір күні) мен Ата ибн Әбу Рабахқа, қолында харам ақшасы бар, бірақ оның кімдікі екенін білмейтін және одан құтылуды қалайтын адам туралы сұрақ бердім, (сонда) ол: «Ондай ақшаны садақа ретінде үлестіру, бірақ одан ол сауап алады демеймін», – деп жауап берді», – деген. Сондай-ақ харам ақша туралы Шафиғидің (Аллаһ оған рақым етсін): «Ондай ақшаны таратып берудің қажеті аз, иесі табылғанша сақтасын», – деген пікірі де белгілі. Яғни ол ондай ақшаны таратпау керек, оны құқылы адамның кім екені анықталғанша сақтаған жөн деп есептейді. Фудайл ибн Ғиадтың пікірінше, қолында харам ақшасы бар адам, оның иесінің кім екендігін білмесе, садақа ретінде таратпай, теңізге лақтырып немесе басқа жолмен көзін жойып жіберген дұрыс. Өйткені пенде Аллаһқа жақсы нәрселермен ғана жақын бола алады. Ал Ибн Ражаб: «Ондай ақшаны садақа ретінде таратып беру дұрыс. Өйткені ақшаны жойып жіберу немесе босқа ысырап ету дұрыс емес, ал текке сақтау оны жойғанмен немесе оған бір зорлықшылдың ие болуымен бірдей. Ол ақша – иесіне Ақыретте пайда келтіруі үшін ақшаның иесі атынан таратылатын садақадан басқа ешнәрсе емес. Өйткені ол ақшасын бұл дүниеде пайдалана алмайды», – деген. 1 Басқаша айтқанда, амалдың қабыл болмайтындығы туралы сөздің мән-мағынасын түсіндіретін басқа да нұсқау, бұйрықтар бар. Мәселен, бірінші жағдайда бұл нұсқау, бұйрықтардың мәні намаздың дұрыс болуының қажетті шарты дәрет алу дегенге саяды. Ал екінші жағдай туралы айтар болсақ, еркектің өз әйеліне разы болуы намаздың дұрыс болуының қажетті шарты бола алмайды, сондықтан әйел қандай жағдайда да өзіне жүктелген парызды орындау үшін намазын оқуы тиіс, бірақ күйеуінің ашу-ызасын келтіргендіктен оған намазы үшін берілетін сауаптың қандай да бір бөлігі берілмейді.


75 5. Өтініш-тілек, дұғаның қабыл болуының себептері а) Ұзақ сапар. Ұзақ сапар дұға, тілектің қабылдануының себебі болып табылады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Үш дұғаның қабыл болуы күмәнсіз: жәбірленушінің дұғасы, (ұзақ сапардағы) жолаушының дұғасы және өз балалары үшін әкенің (жасаған) дұғасы», – деді», – деген1 . Егер сапар ұзаққа созылса, дұғаның қабыл болу ықтималдығы артады, өйткені мұндай жағдайда ол адамның жаны туған жерге сағынышы мен (жол-сапар) қиындығын бастан өткеруіне байланысты Аллаһ тағалаға бойсұнғыш келеді. Ал бойсұну – дұға-тілектің қабыл болуының негізгі себептерінің бірі. ә) Киім киісінде және сыртқы көрінісінде жұпыны болу. Пайғамбар (с.а.с.) танымал бір хадисінде: «Шашы ұйпа-тұйпа, үстібасы шаң, көнетоз киім киген, есіктерден кері қағылған (яғни адамдар сыйламайтын, үйлеріне кіргізбейтін адам) бір адам болуы мүмкін; ол Аллаһқа қасам ішсе, (Аллаһ тағала) оның (қасамын) орындайды», – деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаңбыр сұрау үшін намазға жұпыны, биязылықпен, жалбарынған жалынышты күйде шыққан. б) Қолды көкке созу. Бұл – дұға, тілекпен жалбарыну кезіндегі әдептілік ережелеріне қатысты амал. Салман Фариси (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, Аллаһ тағала өте Ұялшақ және Жомарт, Оған қарай қолын созған адамның үмітін ақтамай, қолын бос қайтарудан ұялады», – деді», – деген2 . Аллаһ тағаладан жаңбыр сұрау кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолын көкке қарай көтергені сонша, тіпті қолтығының ағы көрінер еді. Ал көпқұдайшылдарға қарсы Бәдір шайқасы кезінде де ол қолын жоғары көтергені соншалық, иығындағы жамылғы шекпені түсіп кеткен-ді. в) Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа жалбарынуда табандылық көрсету. Бұл жерде Аллаһ тағаланың Раббылығын қайта-қайта зікір ету арқылы жалбарыну – тілектің қабыл болуының маңызды шарттарының бірі. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Егер пенде төрт рет: «Уа, Раббым!» – десе, Аллаһ тағала: «Мен сені естіп тұрмын, ей, Менің құлым, тілегіңді айт, тілегің орындалады!» – дейді», – деп айтқан», – деген3 . 1 Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ және әт-Тирмизи. 2 Ахмад, Әбу Дауд және әт-Тирмизи. 3 Әл-Баззар.


76 6. Дұға, тілектің қабыл болуына не кедергі болады? Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) харам тағам, харам ішімдік және харам киімді пайдалану мен харам нәпақамен азықтандырылу дұға, тілектің қабыл болуына кедергі жасайтынын ескерткен. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Оның дұғасы қалайша қабыл болсын?!» – деген сөзі таңырқағанын білдіреді және бұл мұндай тілектің қабыл болуының ықтималдығы аз деп есептейтінін айғақтайды. Бірақ мұның мүлдем мүмкін еместігі және қабыл болмайтындығы туралы айтпаған. 7. Дұға – құлшылықтың мәйегі Өйткені адам баласы Аллаһ тағалаға Одан басқа ешкімге үміт ете алмайтын кездерде жалбарынады. Таухид (бірқұдайшылдық) пен шын ықыластың мәні осында және құлшылық-ғибадаттың бұдан артық бірде-бір түрі жоқ. 8. Бұл хадис халалды жұмсау қажеттігін, ал халалдан басқаларды пайдаланудан бас тартуды ескертеді. 9. Кімде-кім дұғасы қабыл болуы үшін Аллаһ тағалаға жалбарынғысы келсе, халалдан жеп, халалдан ішсін және халалдан киім кисін. 10. Аллаһ тағала мұсылмандардың жақсыдан жұмсағанын қабыл етеді, оларды көбейтеді және осы үшін береке дарытады.


77 ОНЫНШЫ ХАДИС КҮМӘНСІЗ АНЫҚТЫ ҰСТАНУ ЖӘНЕ КҮМӘНДІДЕН АУЛАҚ БОЛУ Пайғамбардың (с.а.с.) немересі әрі сүйіктісі Әбу Мұхаммед Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Өзіңе күмәнді көрінгенді ешқандай күмән туғызбайтынның пайдасына тәрк ет», – дегенін есімде сақтадым», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көп мағыналы қысқа да, нұсқа сөздерінің қатарына жатады және оның ұлы даналығы көріністерінің бірі болып есептеледі. Бірер ғана сөзбен Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлық күмәндіден бас тарту және халалдығына еш күмән болмаған амалдарды ұстану қажеттігін айқындаған Ислам дінінің маңызды негіздерінің бірін қалады. Ибн Хажар әл-Һайтами хадиске берген түсініктемесінің соңында: «Бұл хадис – діннің ұлы қағидаларының бірі әрі айқындылықтың өзегі болып табылатын Аллаһ тағаладан қорқудың негізі. Бұл күмән-күдіктің қапас-түнегінен және сенім нұрына тосқауыл болатындардан құтқарады», – деп жазған. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Күмәнділерден бас тарту Құлшылыққа, адамдармен қатынас жасауға, неке қию және басқа да заңдарға қатысты күмәнді әрекеттерден бас тарту және барлық мәселеде тек рұқсат етілген халалдарға қалтқысыз ұмтылу мұсылманды тақуалыққа жеткізеді, ал тақуалық барлық уақытта шайтанның азғыруынан сақтайды. Сөйтіп дүние-ақыретте үлкен пайда әкеледі. Күмәнді, шүбәлі ісәрекеттерден сақтанған адам олардан өз діні және ар-намысы үшін аулақ болатыны жайлы алтыншы хадисте айтылған-ды, ал халал дүниелер мүмінмұсылманның жүрегінде ешқандай күмән туғызбайтыны анық. Керісінше, оның жаны халалды ғана қабылдап, соған қарай ұмтылады және кеудесін қуаныш кернейді. Ал күмәнділерге келсек, онда адам сырт көзге (күмәнді іске барғанына) разы секілденгенімен, оның жүрегіне үңіліп қарағанда, жаны тынышсыз, үрейлі әрі көңілі күпті екенін міндетті түрде көрер едік. Мұндай адамға рухани зиян жеткізген жан азабының өзі де жеткілікті. Ал ең үлкен зиян мен түпкілікті опат болу туралы айтар болсақ, адам мұндай жағдайға қандай да бір күмәнді амалдарды істеуді әдетке айналдырған кезде тап болады, өйткені 1 Әт-Тирмизи, ән-Нәсәи.


78 алдағы уақытта харам іске жиі баратын болады. Себебі, қорық маңында жүрген адам кез келген уақытта қорыққа кіруі әбден мүмкін. 2. Күмәнсіз тақуа істердің пайдасы үшін күмәнді әрекеттерден бас тарту жайлы бұрынғы өткендердің сөздері мен істері Біздің бұрын өткен ізгілеріміздің артында олардың шүбәсіз халалды ұстануға, күмәнділерден аулақ болуға және тақуалыққа қатысты айтылған анық сөздері мен істері қалған. Мысал ретінде олардың сөздері мен пікірлерін келтіруге болады: Әбу Зарр әл-Ғифари (Аллаһ оған разы болсын): «Тақуалықтың мүлтіксіз кемелдігін харам нәрсеге түсіп қалудан сақтанып, халалдардың да біразынан бас тарту көрсетеді», – дейді. Өзінің тақуалығымен белгілі Әбу Абдур-Рахман әл-Амри: «Егер (Аллаһтың) құлына тақуалық тән болса, онда ол өзіне күмәнді көрінгенді ешқандай күмән туғызбайтынның пайдасына тәрк етеді», – деп айтқан. Фудайл: «Адамдар тақуа болу қиын дейді, бірақ мен әр уақытта екі нәрсенің ең қиынын таңдадым. Өзіңе күмәнді көрінгенді өзіңде күмән туғызбағанның пайдасына тәрк еткейсің», – деген. Хассан ибн Әбу Синан: «Тақуалықтан оңайы жоқ, егер бірдеңе өзіңе күмәнді көрінсе, ондайдан бас тарт», – депті. Енді олардың істері жайлы: Язид ибн Зурайғтың әкесі ел билеушілердің іс басқарушысы болып істеген-ді. Сол үшін Язид ибн Зурайғ өзіне мирасқа қалдырылған бес жүз мың динардан бас тартқан. Ал өзі құрма жапырақтарынан тоқыма тоқып, дүниеден өткенше сонымен күн кешкен. Аллаһ тағала оған рақым етсін! Мисуар ибн Махрама бір күні көп мөлшерде азық-түлік сатып алады. Бірақ күзгі бұлтты көргенде, оған бұл (ісі) ұнамайды. Сонда ол: «Мұсылманға пайда әкелетін жағдай маған қалайша ұнамайды?» – дейді де, бұл істен ешқандай пайда көрмеуге қасам ішеді. Бұл туралы Омар ибн әлХаттабқа (Аллаһ оған разы болсын) хабар жеткізгенде, Омар ибн әл-Хаттаб оған: «Аллаһ сені жақсылығымен жарылқасын», – деген. Ибн Адһамға адамдар: «Зәмзәм суынан неге ішпейсің?» – дегенде, «Өз шелегім болғанда ішер едім», – деп жауап берген екен. Оның бұл сөзінің мағынасы: құдық басындағы шелек сұлтанның мүлкі, онда шүбә болуы мүмкін. Бәз біреулер бұл сөздер мен істерді асыра сілтеу немесе тақуалықтың артық көрінісіне балар. Бірақ халал мен ізгіліктің шегінен шықпау және харам мен жиреніштілерден аулақ болу үшін мұсылман үмбеті әруақытта бір билеушінің немесе ғалымның бойында көрініс тапқан ізгілік өнегесіне және лайықты Ислам үлгісіне мұқтаж. Егер мұсылман үмбетінің өмірінде адамдарды шүбәлі істерден аулақ болуға бастайтын істер мен сөздер болмаса, олар міндетті түрде күмәнді және харам әрекеттермен таңғаларлық


79 дәрежеде батыл айналыса берер еді. Өйткені бұл жағдайларда олар ақылшы, дана ұстаз бен ұқсап бағар үлгі-өнегеден мақрұм қалар еді. 3. Күмән мен сенімділік арасындағы қарама-қайшылық Күмән сенімділікпен қатар келген жағдайда біз күмәндіден қашықтап, сенімдіні ұстануымыз қажет. Бұл мағына шариғат үкімдерін жинаған фиқһ қағидаларының екінші ережесі қатарында келеді. Оның мәтіні «Күмән сенімділікті жоймайды». Бұл ережені түсіндіру үшін мынадай мысал келтіруге болады. Жақсылап дәрет алып болған соң бір адамда «алған дәретім бұзылды-ау» деген күмән пайда болады. Мұндай жағдайда ол дәрет алған болып есептеледі. Бұл айтылғанға Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер сендерден кімде-кім (өзінің) ішінде бір нәрсе (яғни жел) бар екенін сезсе, бірақ өзінен бір нәрсе шыққанын не шықпағанын анықтау қиын болса, дыбысын естігенше немесе иісін сезгенше мешітті тастап (шығып) кетуші болмасын»1 , – деген хадисі негіз бола алады. 4. Дұрыстықты ұстанушы адам күмәндінің межесінде тоқтайды Біздің күмәндіні анықтауға және ондайлардан аулақ болуға шақыруымыз істеген амалдары тақуалыққа негізделіп, өздері туралықты ұстанған адамдарға арналған. Ал анық харам амалдарды істеп жүріп күмән туғызатын қандай да бір нәзік амалдан бас тартуды қалайтындарға келсек, онда тақуалықтың мұндай көрінісі ауыр әрі бұлыңғыр болып табылады. Біз тақуалықтың мұндай түрін жоюымыз және ондай адамнан әуелі харам әрекеттер істеуін тоқтатуды талап етуіміз қажет. Міне, сондықтан Ирактың бір тұрғыны Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) масаның қаны туралы сұрағанда, ол оған: «Бұлар Хусейнді өлтіріп, менен масаның қаны туралы сұрайды, ал мен Пайғамбардың (с.а.с.): «Екеуі2 – бұл өмірдегі менің райханым», – дегенін естігенмін», – деп жауап берген. Бишр ибн Харистен: анасы әйелімен ажырасуды талап еткен адамның жағдайы (қандай болатыны) туралы сұралғанда, ол: «Егер ол анасына барлық уақытта және барлық істе бойсұнып, енді онысы хақиқи кәміл болуы үшін әйелімен ажырасуы ғана қалған болса, онда осылай етсін (ажырассын), ал егер анасына бағынып әйелімен ажырасса, одан кейін анасына барып, оны таяқтайтын болса, онда ажыраспасын», – деген. 1 Муслим. 2 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немерелері Хасан мен Хусейн.


80 5. Шындық – тыныштық, ал өтірік – күмән Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында, шындық – тыныштық, ал өтірік – күмән», – деген1 . Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздері бір адам қандай бір мәселе бойынша жауап алуға не пәтуа табуға мұқтаж болғанда барынша шыншыл, кесімді жауап іздеуге тиіс екенін көрсетеді. Шыншылдықтың белгісі – жүректің тыныштықта болуы, ал өтіріктің белгісі – жүректе күмәннің пайда болуы және жүрек мұндайдан жиреніп, ешқашан онымен келісімге келмейді. 6. Бұл хадис бізге барлық шешімдерімізде және барлық тіршілік істерімізде тек қана күмән тудырмайтын айқындылықты басшылыққа алуымыздың қажеттілігін көрсетеді. 7. Халал, ақиқат және шыншылдық тыныштық пен қанағаттануға әкеледі, ал харам, өтірік пен жалған күмән тудырады, тынышсыздық және жиіркеніш әкеледі. 1 Әт-Тирмизи.


81 ОН БІРІНШІ ХАДИС ПАЙДАЛЫ ІСТЕРМЕН АЙНАЛЫСУ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – оның өзіне қатысы жоқтан бас тартуы», – деді», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңынан ілесіп, одан көркем мінез бен әдептілікті үйренген Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) оның көптеген сөздерін бізге жеткізген. Мұндай қысқа әрі нұсқа, пайдалы сөздер біздерге Ақырет бақыты мен осы дүние игілігін ненің қамтитындығын түсіндіреді. Ғұламалар атап өткендей, бұл сөздер шын мәнінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көлемі жағынан қысқа, мазмұны жағынан терең сөздеріне жатады. Бұрын-соңды мұндай сөздерді ешкім айта алмаған. Шындығында, бұл сөздер дініміздің жартысын қамтиды, өйткені дін дегеніміз – бір амалды орындау және екінші бір амалдан бас тарту, ал бұл жерде бас тарту туралы айтылған. Кейбір ғұламалар: «Бәлкім, бұл (хадис) бүкіл дінді қамтиды, өйткені мұнда бас тарту туралы айтылған және қандай амалдардың қажет екені де көрсетілген», – деп айтқан. Ибн Ражаб: «Бұл хадис – әдептің ең ұлы негіздерінің бірі», – деген. Әбу Дауд: «Шариғат ғылымындағы сүннет негіздері – төрт хадис», – деп, соның бірі ретінде осы хадисті атаған2 . Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Мінсіз қоғам құру Исламның мақсаты – адамдар ұрыс-керіссіз, дау-жанжалсыз өзара татулықта өмір сүре алатын бейбіт қоғам құру. Ислам діні қоғамның әрбір мүшесі бұл дүниеде бақытты өмір сүретін, басқаларды сүйетін, өзі де сүйікті болатын, сый-құрметке жететін, жәбір-жапаға ұшырамайтындай, сондай-ақ бұл өмірден табысқа жеткен халде жеңіспен өтуі үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Ал адамдар арасындағы дау-жанжалдың, қоғамның ыдырауының және адамдардың қауіпті жағдайға тап болуының себептері туралы айтар болсақ, олар көбіне адамдардың басқалардың ісіне араласуынан, әсіресе, өзіне қатысы жоқ істерге араласуынан туындайды. Міне, сондықтан, өзіне қатысы жоқ басқа адамдардың істеріне араласпау 1 Әт-Тирмизи және басқалар. 2 Қара: Ибн Дақиқ әл-Ғид, 40 хадиске түсініктеме.


82 мұсылманның туралығы мен иманының шынайылығының белгісі болып табылады. 2. Адамның өзіне қатысы жоқ істермен айналысуы өзінің күшқуатын босқа жұмсауы және иманының әлсіздігін көрсетеді Бұл дүниеде адам өзін алуан түрлі істер мен қатынастар байланыстырып тұратын қоғамда ғұмыр кешеді. Мұсылман аузынан шыққан әрбір сөзі үшін, өмірінің әр сағаты үшін, істеген әрбір ісі үшін жауапты болады. Егер ол маңайындағының барлығымен айналыса бастаса, өзіне қатыссыз істерге араласатын болса, өзінің тікелей міндет-парыздарын орындауға мүмкіндігі болмайды және бұл ісі оның мойнына жүктелген жауапкершілікті атқаруына қол­байлау болады. Бұл оны осы дүниеде жерге қаратып, ал мәңгілік дүниеде жазаға ұшыратады. Сөйтіп мұның бәрі оның түсінігінің жеткіліксіздігін және Пайғамбарымызға (с.а.с.) тән әдеп-ахлақтардың жүрегіне орнықпағанын көрсетеді. Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Сахабалардың бірі өлгенде бір адам: «Ол жаннатпен сүйіншіленді», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Сен білмейсің ғой! Бәлкім ол өзіне қатысы жоқ іс туралы айтқан болар немесе өзінде артық болған дүние-мүлікке сараңдық танытқан болар?» – деді», – деген1 . Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Заррға (Аллаһ оған разы болсын): «Өзін-өзі білмейтін, бірақ өзіне қатысы жоқ іспен айналысатын адам жеткілікті дәрежеде жамандық істеген болады», – деген2 . 3. Маңызсыз істен бас тарту есендік пен құтылуға жеткізеді Өз міндеттерін білетін және өз жауапкершілігін сезінетін мұсылман өзімен (өз ісімен) айналысады, дүние-ақыретте өзіне пайда келтіретін іске ұмтылады, басы артық, бос, мағынасыз іс пен сөзден алыстайды, өзі үшін маңызды болғанға көңіл бөледі. Егер біз бұл дүниеде маңыздылардың мәнсіз дүниелерден аз екенін білсек, өзіне қатыстылармен ғана шектелген адам Ақыретте өзіне пайдасы тиетін амалдармен айналысу мүмкіндігіне ие болып, көптеген зиянды және күнәлі істерден құтылатынын түсінеміз. Бұл оның иманының мықтылығын, тақуалығының шынайылығын, нәпсісінің қалауына берілмейтінін көрсетеді және Ұлы да Жоғары Мәртебелі Иесінің алдында жарылқанады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер бірің Исламды өз дәрежесінде ұстанса, әрбір ізгі амалы үшін оған оннан жеті жүзге дейін ізгі амал жасағаны жазылады, ал әрбір жасаған 1 Әт-Тирмизи. 2 Ибн Хиббан.


83 жаман амалы үшін бір жаман амал жасағаны жазылады», – деді», – деген1 . Имам Мәлик: «(Бір күні) адамдар Лұқманнан оның қадір-қасиеті туралы: «Біз куә боп жүрген жағдайға жетуіңізге не жәрдем етті?» – деп сұрады. Лұқман: «Мен шыншыл болдым, аманатқа қиянат қылмадым және маған қатысы жоқ іспен айналыспадым», – деп жауап берді», – деген2 . 4. Аллаһ тағалаға берілген жүрек өзіне қатыссыз пендешілік істерден аулақ болады Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа Оны көріп тұрғандай, өзінің Оған жақын екенін, ал Аллаһ тағала өзіне жақын екенін бүкіл жан-дүниесімен сезініп құлшылық етуші мұсылманды осы (сезіну) оған қатыссыз барлық амалдан аулақтатады. Адамның өзіне қатысы жоқ істермен айналыспауы оның Аллаһ тағалаға барынша адал екенін көрсетіп, ол Аллаһ тағаланың өзімен бірге екенін сезінеді. Егер адам өзіне қатыссыз әр нәрсемен айналысса, бұл оның Аллаһ тағалаға жақын екендігін сезінбейтінін, Оған адалдық танытпайтынын және іс-амалдары зая, ісі біткендердің қатарында екенін көрсетеді. Хасан әл-Басри: «Аллаһ тағаланың Өз құлынан теріс бұрылуының белгісі: Ол оны өзіне қатыссыз істермен айналыстырып қояды», – деген. 5. Қандай істер адамға қатысты немесе қандай істер оған қатысты емес екендігі туралы Адамға өмір сүру қажеттіліктерінен, мысалы, тамақ, киім, баспана және де басқа заттар, сондай-ақ Ақыретте құтқаратын амалдарға қатыстыдан басқаның ешқандай керегі жоқ. Мәселен, өз байлығын арттыруға, ішіп-жеуді мейлінше түрлендіруге, биік мансапқа, басшылық қызметке және адамдардан мақтау естуге ұмтылу, т.с.с. бұл дүниенің алдамшыларын алсақ, хақиқи мұсылманның белгісі мұндай ұмтылыстардан аулақ болу. Адамның абырой-беделіне нұқсан келтіретін, бұл дүниеде де, Ақыретте де адамға пайда бермейтін ойын-күлкі, бос жүріс секілді тағы басқаның адамға қатысы жоқ, мұндайлардан мұсылманның бас тартқаны абзал. Өйткені мұндай істер адамның жаратылыс мақсатына арналған аса қымбат уақыттың босқа өтуіне апарады және бұл үшін адам түбінде жауап беретін болады. Басы артық сөздер айту мұсылманды харам сөздерді айтып қоюға да жеткізуі мүмкін. Міне, осы себептен дау-жанжал, бос, мылжың сөздерден аулақ жүру мұсылманның әдебіне лайық. 1 Әл-Бұхари. 2 Мәлик, Муатта.


84 Бір күні Муғаз (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сөйлеген барлық сөздерімізден сұраламыз ба?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, анаң артыңда қалғыр1 , Муғаз, өсек сөздерден басқа не нәрсе үшін адамдарды (тозақ) отына тастайтын еді?!» – деген2 . Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Адам баласының (шариғат) мақұлдаған істерді орындауға бұйыру, шариғат теріске шығарған істерді орындаудан қайтару және Аллаһ тағаланы еске алу (сөздерінен) басқа (кез келген) сөзі оған қарсы болады, оның жағында болмайды», – деген3 . 6. Бұл хадис мұсылманның түкке тұрғысыз бос және жиіркенішті істермен емес, қастерлі іс-амалдармен айналысуы тиіс екенін көрсетеді. 7. Бұл хадис адам жанын тәрбиелейді, оған түрлі жамандықтар мен кемшіліктерден құтылуға, сондай-ақ барлық пайдасыз әрекеттерден бас тартуға жәрдемдеседі. 1 Бұл сөзді сөзбе-сөз түсінбеу керек, бұл тек таңдануды білдіреді. 2 Әт-Тирмизи. 3 Әт-Тирмизи.


85 ОН ЕКІНШІ ХАДИС ИМАН ЖӘНЕ ИСЛАМ БОЙЫНША ТУЫСТЫҚ Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қызметшісі Әбу Хамза Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді»1 , – деді», – деген2 . Хадистің маңыздылығы Ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін) Муслимнің «Сахихына» жазған түсіндірмесінде: «Өз заманында Мағрибтегі3 мәлики мазһабының имамы Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Әбу Язид: «Игі де ізгі әдеп ұстанымдарының барлық жиынтығының бастау бұлағы болып табылатын төрт хадис бар: «Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, тек игі (сөз) айтсын немесе үндемесін»; «Исламды жақсы ұстанудың белгісі адамның өзіне қатысы жоқтан бас тартуы»; Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) бір адамға қысқа ғана өсиет етіп: «Ашуланба», – дегені және; «Сендерден ешкім өзіне қалағанды бауырына қаламайынша иман келтірмейді», – деген сөздері», – деді», – деген. Бәлкім, осы себептен имам ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін) өзінің «Қырық хадисіне» осы төрт хадисті таңдаған болар. Олардың бірнешеуімен оқырман танысып үлгерді, ал қалғандары Аллаһ тағала қаласа, төменде келтірілетін болады. Әл-Жардани ән-Нәуәуидің «Қырық хадисіне» жазған түсіндірмесінде: «Шындығында да, бұл хадис – Ислам негіздерінің бірі», – деп көрсеткен. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Үмбеттің бірлігі мен мұсылмандардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі Исламның негізгі мақсаттарының бірі – адамдар өзара сүйіспеншілікте өмір сүретіндей және әрбір адам бүкіл қоғамның бақыты мен бәріне ортақ мүдде үшін әрекет ететіндей қоғам құру. Мұның мәнісі әділдікті үстем етуге, адамдардың жан-дүниесіне тыныштық орнататын өзара көмек көрсету рухын қалыптастыруға, олардың арасында татулық болуын қолдауға саяды. Бірақ бұлай ету қоғамның әрбір мүшесі өзіне қандай бақытты, игілік пен береке-бірлікті қаласа, басқаға да дәл сондай бақыт, игілік пен береке-бірлік 1 Бұл жерде кәміл иман туралы айтылған, яғни иманы толық болмайды. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Мағриб – Марокко.


86 қалағанда ғана мүмкін болады. Мұндай қалауды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) иман қасиеттерінің біріне балап, иманмен байланыстыруының себебі осында. 2. Кәміл иман Иманның негізі – жүректің аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа берік сенімі мен бойсұнуы, Оны Тәңір деп тануы және басқа да иман тіректеріне, басқаша айтқанда, періштелерге, Кітаптарға, пайғамбарларға, Қиямет күніне, шешім мен тағдырға сенуі. Бұл хадис Аллаһ тағаланың елшісі адам өшпенділіктен, жеккөрушіліктен, күншілдіктен, өзімшілдіктен аулақтамайынша, өзіне нені қаласа, соны басқаға да тілеп, басқалардың зұлымдық пен ренжуден аман, сау-саламат болуын, Аллаһ тағаланың разылығына бөленуін және Оған жақын болуын қаламайынша иман негізі адам жанында да, жүрегінде де берік орнықпайтынын, ал иманның мұсылман кеудесінде кәміл бола алмайтынын бізге түсіндіреді. Иманның адам жүрегінде мүлтіксіз жетілген кемел болуына мына себептер жәрдемдеседі: а) Мұсылман халал игіліктер мен діни міндеттерді орындауға қатысты да өзіне нені қаласа, басқаға да соны қалауы тиіс. Ол өзіне жек көрінішті барлық жамандық пен күнәлі іске басқаларға қатысты да жек көруге міндетті. Муғаз (Аллаһ оған разы болсын) бір күні Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Иманның ең жақсы көрінісі не?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «…өзіңе нені қаласаң, басқаға да соны қалауың, өзіңе нені қаламасаң, басқаға да соны қаламауың», – деген1 . ә) Егер мұсылман діндес бауырының өз міндеттерін орындауда қандай да бір кемшілік жібергенін, не оның дінінде қандай да бір кемістік бар екенін көрсе, оны түзетуге жәрдемдесуге міндетті. б) Ол өзіне басқалардан қандай әділдікті күтсе және құқығының сақталуын қалай қаласа, дін қарындас-бауырының да құқығын солай сақтап, оған сондай әділ болуға әрекет жасауы керек. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім тозақ отынан аулақтап, жаннатқа кіруді әрі өлген күні Аллаһқа және Қиямет күніне иман келтірген (қалпында) болуын қаласа, ол адамдар өзіне қандай қатынас жасағанын қалағанына қарай басқаларға да сондай қатынас жасасын», – деді», – деген2 . 1 Ахмад. 2 Муслим.


87 3. Мұсылманның адамгершілігі мен бекзаттығы Мұсылман иманының кемелдігінің белгісі, оның өзіне қандай игілікті қаласа, басқаға да соны қалауы, өзіне не ұнамаса, басқаға да соны ұнатпауы, әсіресе мәселе иманға қатысты болғанда мұсылманға ғана емес, мұсылман емеске де сол игілікті қалауы. Мәселен, ол кәпірдің Исламды қабылдағанын, иманға келгенін қалайды, оның (бұрынғыша) имансыздықта, арсыздықта қалуын қаламайды. Пайғамбар (с.а.с.): «...өзіңе нені қаласаң, адамдарға да соны қалағайсың, (сонда) сен мұсылман боласың», – деген1 . Міне, сондықтан да Аллаһ тағалаға кәпірлерді тура жолға салуын өтініп, жалбарынған жақсы. 4. Игі істе бірімен-бірі жарысу – иманның белгісі Егер мұсылман Ақырет істеріне қатысты өзінен озық адамдағы абыройбедел, адамгершілікті өзіне нәсіп етуін Аллаһ тағаладан сұраса және ол адамды (бұл мәселеде) қуып жетуге ұмтылса, бұл күншілдіктің немесе иманның әлсіздігінің белгісі емес, керісінше бұл иманның кәміл, кемел екендігін айғақтайды, өйткені Аллаһ тағала: «...жарысушылар осыған жарыссын»2 , – деген. 5. Иман жемісінің бірі – мінсіз қоғам Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр мұсылманды оның иманының ақиқат және дінінің дұрыс екенінің дәлелі ретінде адамдарға жақсылық жасауға шақырады. Нәтижесінде мінсіз қоғам пайда болады, өйткені егер әрбір адам өзінде бар игілікті өзгеге де қалайтын болса, ол адамдарға жақсылық жасайтын болады және оларды ренжітпейді. Бұған жауап ретінде адамдар да оған сүйіспеншілік білдіріп, жақсылық жасап, оны өкпелетпеуге тырысады. Сөйтіп адамдар арасында сүйіспеншілік қолдау тауып, игілік тарайды да, зұлымдық пен қысым көрсету жойылады. Сондай-ақ әрбір адам ортақ мүдде туралы ойлап, басқалардың қуанышына қуанып, басқаның қайғысына ортақтасатын болса, онда мұндай өмір тәртіпке келеді. Бұл туралы Пайғамбар (с.а.с.): «Сен мұсылмандардың мейірімділік пен махаббат және бір-біріне жанашырлық көрсетуінде (бір) денедей екенін көресің: оның қандай да бір бөлігі ауырса, дененің басқа да барлық бөліктері ұйқысыздық пен ысытпадан азаптанып қасірет шегеді», – деген3 . 1 Әт-Тирмизи. 2 «Мутаффифин» сүресі, 26-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим.


88 Ондай жағдайда Аллаһ тағала мұсылмандар қоғамын бұл өмірде даңқ пен құрметке бөлеп, үстемдікке жеткізеді, ал Ақыретте бұл қоғам мүшелерін ғажап сый-сыяпаттар күтеді. 6. Имансыз қоғам – өзімшіл, жиренішті қоғам Егер адамдардың жүрегінде иман әлсіреп, кемелдігін жоғалтса, олардың жан-дүниесі басқаларға игілік тілеуден қалады, оның орнына күншілдік пен алдау-арбауға ұмтылыс пайда болады. Мұндай жағдайда қоғамда өзімшілдік қалыптасады, адамдар адам бейнесіндегі жыртқыштарға айналып рухани азғындық етек алады, әділетсіздік үстемдік құрып, барлық жерде өшпенділік пен өзара жек көрушілік дендеп кіреді. Мұндай қоғамға аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың: «(Олар)1 тірі емес өлімтіктер және қашан қайта тірілетіндерін де білмейді»2 , – деген сөздерін қолдануға болады. 7. Бұл хадисте не туралы айтылған? а) Бұл хадис адамдар жүрегін бірлікке, өз істерін тәртіпке келтіру үшін еңбектенуге шақырады. Бұл – Исламның орнығуының ең маңызды себептерінің бірі, сондай-ақ діннің ең маңызды мақсаттарының қатарына жатады. ә) Бұл хадис күншілдікке деген жиренішті күшейтуге әрекет жасайды, өйткені күншілдік иманның кемелдігімен сыйыспайды, күншіл адам игілікте қандай да бір адамның өзінен озық болуын немесе өзімен бірдей болуын қаламайды, керісінше ол басқалардың игіліктен айрылуын қалауы мүмкін. б) Иман күшейеді және әлсірейді: күшеюіне бойсұну, әлсіреуіне күнә жасау себеп болады. 1 Мүшріктер табынатын пұттар. 2 «Нахл» сүресі, 21-аят.


89 ОН ҮШІНШІ ХАДИС МҰСЫЛМАН ӨМІРІНІҢ ҚАСИЕТТІЛІГІ Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және мен Аллаһтың елшісі екендігіме куәлік беруші мұсылманның (мына) үш жағдайдан басқа кезде, қанын төгуге рұқсат етілмейді: үйленген адам зина жасағанда, біреуді жазықсыз өлтіргенде және кімде-кім өз дінінен қайтып, қоғамнан шыққан (кезде)», – деді», – деген1 . Хадистің маңыздылығы Бұл мәртебелі хадис тура жолды ұстанған және кез келген кемшіліктер мен қоғамға әрі оның мүшелеріне қауіп-қатер төндіретін бұзықтықтардан аман болған мұсылманды қорғауға қатысты Исламның ұлы үндеуі әрі кемел заңдылықтың негізі болып табылады. Егер бір адамның тіршілігі қоғам өміріне қауіп туғыза бастаса және бұл адамды дерт дендеп, денсаулығы мен ақыл-есін жоғалтса, сондай-ақ дін мен адамгершілік құндылықтарына нұқсан келтіріп, намысқа тисе, зұлымдық таратып, теріс жолға шақырса, қоғамды бүлдіретін зиянды микробқа айналса, өмір сүру құқығынан айрылады. Мұсылман қоғамы қауіп-қатерсіз берекелі өмір кешуі үшін ол адам өмірден аластатылады. Бұл хадистің маңыздылығы туралы Ибн Хажар әл-Һайтами: «Бұл хадис адам өміріне қатыстылығы себепті де Исламның аса маңызды негіздерінің бірі саналады. Ол неге рұқсат етілгенін, неге тыйым салынғанын, өмірді қорғау негізгі мәселе екенін түсіндіреді. Бұлай ету әу бастан ең әсем мүсінде жаратылған адам бейнесін сақтауға ұмтылу тән болған ақыл-парасат түсінігіне сәйкес келеді», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Мұсылман өмірінің қасиеттілігі Аллаһ тағаладан басқа ешбір құдай жоқтығына, Мұхаммед – Аллаһ тағаланың елшісі екендігіне куәлік берген, Аллаһ тағаланың бар және біреу екендігін мойындаған, соңғы Пайғамбардың (с.а.с.) пайғамбарлығына иман келтірген және оның әкелгенінің шындық екенін мойындаған адамның өмірі қорғауда болады, оны өлтіруге немесе қанын төгуге ешкімге рұқсат етілмейді. Мұсылман адам төмендегі үш қылмыстың біреуін жасағанда қорғалу құқынан айрылады және өлімге бұйырылады. Ол үш қылмыс мынау: а) Қасақана кісі өлтіру; 1 Әл-Бұхари, Муслим.


90 ә) Некеде тұрып зина жасау; б) Дінінен қайту. Ал бұл қылмыстардан алыс болған мұсылман әрқашан қорғалу құқығын пайдаланады. 2. Ражм (тасборан қылу) Некеде тұрған адам ойнастық жасаса, оны тасборан жазасын қолданып өлтіруге қатысты ғұламалардың бәрі бірдей пікірді ұстанған1 . Өйткені ол Аллаһ тағаланың: «Зинаға жақындамаңдар2 . Ол анық арсыздық және жаман жол»3 , – деп тыйым салған бұйрығын ескерместен, басқа адамның арын таптап, ойнастық деп аталатын жиіркенішті әрекетке барады, игі жақсылықтан бет бұрып, бұзықтық жолға түседі, нәсілге харам араластырып, ұрпақты бұзады, адамзат табиғатына қарсы қылмыс істейді. Ал аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ оған рұқсат етілген халал жолмен ләззат алуға мүмкіндік сыйлаған-ды. Ақылы бүтін, кәмелет жасына жеткен, басы азат, заңды түрде некеде тұратын табиғи жыныстық қатынасқа қабілетті адамды «некелі» (мухсан) деп атайды. Тасборан жасап жазалау – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұйрығы. Мысалы, Мағиз деген біреуді Пайғамбар (с.а.с.) тасборан қып жазалағаны туралы жеткен хабарды айтуға болады. Сондай-ақ ғамид тайпасынан бір әйелді таспен атқылауға Пайғамбар (с.а.с.) бұйрық берген4 . Келесі бір жағдайда Пайғамбар (с.а.с.) Әнәске: «Ей, Унайс!5 Мына (адамның) әйеліне бар, егер ол мойындаса, онда оны таспен атқылаңдар», – деген. Сөйтіп Әнәс әйелге барды, ол (ойнастық жасағанын) мойындады, сонан соң Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрығына сәйкес, ол тасборан жазасына сай өлтірілді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ тағаланың: «Ей, кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырғандарының көбін ашық түсіндіретін және көбісінен елемей өтіп кететін6 Елшіміз келді»7 , – деген сөздерінен тиісті тұжырым истинбат8 жасап: «Кім тасборан қылу (қажеттігіне) сенбесе, ол өзі де байқамай Құранға сенбеген болады», – деген. 1 Қара: имам әс-Сархаси, әл-Мабсут 9/3639, имам әш-Шафиғи, әл-Умм, 5/196, имам Малик, Муатта, 2/823, имам Ибн Қудама, әл-Муғни, 7/417. 2 Яғни оған апаратын іс-әрекеттерден де аулақ болу. 3 «Исра» сүресі, 32-аят. 4 Муслим. 5 Унайс – Анас деген сөздің кішірейтілген формасы. 6 Яғни көптеген қажетсіз нәрселерді түсіндірмейтін. 7 «Мәида» сүресі, 15-аят. 8 Истинбат – Құран мен сүннетте тікелей айтылмағанмен олардың нұсқауларынан оларға сай келетін тұжырым шығару.


91 Осыдан кейін жоғарыда келтірілген аятты оқып: «Тасборан қылу – олардың (яғни кітап иелерінің) жасырған нәрселерінің бірі», – деген1 . 3. Қысас Ғұламалар мұсылманды әдейі өлтірген адамға өлім жазасы лайық деген бірауызды пікірге тоқтаған. Аллаһ тағала: «Оларға (Тәуратта) «жан үшін жан (өлтіріледі» деп) жазғанбыз»2 , – деген. Бұл адамдардың өмірін қауіпсіздендіру үшін айтылған. Аллаһ тағала тағы да: «Ей, ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар»3 , – деді. Сондықтан шариғат тәртібін сақтауға міндетті адам, өлтіруші не өлтірілген адам әйел-еркек екендігіне қарамастан біреуді нақақтан әдейі өлтіретін болса, онда Амр ибн Хазмнан жеткен Пайғамбардың (с.а.с.): «Ақиқатында әйелді өлтіргені үшін еркекке өлім жазасы беріледі», – деген сөзіне сәйкес жазаланады. Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) яһудилердің бірі бір қызды өлтіргені үшін оны өлім жазасына кескені туралы сахих хабар бар. Егер өлген адамның туыстары өлтірушінің қылмысына кешірім жасаса, онда қанға-қан, жанға-жан қағидасымен қысас алу қолданылмайды. 4. Діннен қайтудың жазасы Барлық мұсылмандар егер бір адам діннен қайтып, өзінің кәпірлігінде қасарысып, оған тәубеге келу туралы ұсыныс айтылса да, Исламға оралмаса, оның өлім жазасына лайық екендігі туралы бірдей пікірде. Бұған осы хадистегі «Кімде-кім өз дінінен қайтса» деген Пайғамбардың (с.а.с.) сөзі негіз (дәлел) болады. Сондай-ақ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) келтірген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім дінін ауыстырса, оны өлтіріңдер», – деген4 . 5. Қысас және басқа да өлім жазасы кесілген қылмыстар үшін жазалауды кім іске асыру керек Әдейі кісі өлтіргенді, діннен қайтқанды, сондай-ақ некелі бола тұрып зина жасағанды жазалау туралы сот үкіміне сәйкес, өлген кісінің не жәбірленушінің ең жақын туысы (уәлиі) немесе қамқоршысы іске асырады. Егер олар соттың рұқсатынсыз өлтірсе, соттың міндетін рұқсатсыз өздеріне алғаны үшін және мұндай істің болашақта қайталанбауы үшін насихат, үлгі 1 Ән-Нәсәи, әл-Хаким. 2 «Мәида» сүресі, 45-аят. 3 «Бақара» сүресі, 179-аят. 4 Әл-Бұхари.


92 ретінде жаза беріледі, бірақ өлім жазасы қолданылмайды, өйткені олар өлтіруге хақылы еді. 6. Бұл хадисте не туралы айтылады? а) Бұл хадис мұсылмандарды бір қоғамда өмір сүруге, одан бөлініп кетпеуге шақырады. ә) Жоғарыда айтылған үш қылмысқа жиіркенішпен қарауға үйретеді және ондай қылмысты жасаудан сақтандырады. б) Аллаһ тағала әшкерені де, жасырынды да көріп тұратынын және жазалайтынын ескертіп, қоғамды тақуалыққа тәрбиелейді. в) Жаза Исламда қайтару (тыйым салу, тоқтату) сипатына ие. Олардың мақсаты – қоғамды қорғау және қылмыстардан алдын ала сақтандыру. г) Ханафилердің пікірінше, қысас алу адамды қылышпен шабу арқылы іске асырылуы керек. Шафиғилердың пікірінше, кісі өлтіруші қандай әдіспен өлтірген болса, оны да дәл сол әдіспен өлтіру керек. Әйтсе де (қысасты орындайтын) туысы қылышпен өлтіруді қалағаны қажет.


93 ОН ТӨРТІНШІ ХАДИС ЖАҚСЫ СӨЗ ЖӘНЕ МЕЙМАН МЕН КӨРШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУ – ИМАННАН Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе1 , жақсы сөз айтсын немесе үндемесін, кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, өз көршісіне құрмет көрсетсін, кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, қонағына құрмет көрсетсін», – деді», – деген2 . Хадистің маңыздылығы Әл-Бұхаридің «Сахихына» жазған түсініктемесінде Ибн Хажар: «Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қысқа да нұсқа, мазмұнға бай сөздеріне жатады. Ол іс-амалдар мен сөз әдептеріне қатысты үш мәселені қамтиды», – деп жазыпты. Он екінші хадистің маңыздылығы туралы не айтылғанын қараңыз. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Адам және оның қоғаммен байланысы Адам бұл дүниеде күнделікті қарым-қатынас, байланыста болатын халық арасында өмір сүреді, адамдар бір-біріне мұқтаж. Ислам бұл қарымқатынастың дұрыс негізде болуына және дұрыс бағытта дамуына ұмтылады. Бұл айтылған адамдар бірін-бірі құрметтеп, жақсы сөз сөйлеп, жақсы көршілікте, меймандостық пен өзара жақсы қарым-қатынас жасағанда ғана іске асады. Бұл хадис арқылы Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізді ынтымақтастыққа шақырады. 2. Жақсы сөз сөйлеу не (жақсы сөз сөйлемесе) үндемеу адам иманының кемелдігін көрсетеді Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) біздерді нағыз игілікке, тақуалық істердің ең пайдалысына үндейді. Бұл айтылғандар иман кемелдігінің және Исламның толыққандығының белгілерінің бірі. Ол мұсылман адамның бүкіл қоғамға бақыт, игілік әкелетін әрі Ақыретте табысқа жеткізетін нәрселер туралы айтуы екенін түсіндіреді. Және де адамды ренжітетін, зарар 1 Бұл жерде Аллаһ тағаланың жазасынан құтқаратын және Оның мейіріміне лайық ететін кәміл иман туралы айтылған. Иман негізінде толық сенім мен бойсұну жатуы керек. 2 Әл-Бұхари, Муслим.


94 жеткізетін, ал өзіне аса Құдіретті Аллаһ тағаланың ашу-ыза, қаһарын төндіретін сөзді айтудан тыйылу керектігін баяндайды. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Пенденің иманы оның жүрегінде туралық1 болмайынша тура болмайды және оның жүрегі оның тілі туралықта болмайынша, тура болмайды»2 ; «Пенде тілін тыймайынша, шынайы иманға жетпейді», – деген3 . Яғни игілігі жоқ сөздерді айтудан тыйылмайынша, шынайы иманға ие болмайды. 3. Көп сөз опат болуға себеп болады, ал тілді тыю – амандықтың кепілі Бұдан бұрын біз Пайғамбардың (с.а.с.): «Исламды жақсы ұстанудың белгісі – (адамның) өзіне қатыссыздардан бас тартуы»4 , – деген сөзін келтіргенбіз және оның өзіне қатысы жоқ жайттар туралы сөздері кейде ісамалын бекерге шығарып, жаннатты оған харам ететінін айтқанбыз. Мұсылман кісі сөйлемес бұрын ойлануы керек. Егер оның сөз еткелі тұрғаны игілікті, шындыққа сәйкес келетін және сауап-сыйлыққа лайық екенін анық білсе, сөйлесін, ал егер оның сөзі зұлымдыққа апаратын болса немесе өтірік-өсектің таралуына себеп болатын болса немесе мәселе ол үшін анық болмаса, онда сөзден тыйылсын. Және бұл ол үшін жақсы әрі қауіпсіз, өйткені ол әр сөзіне жауап береді, содан соң жарылқанады я жазаланады. Себебі Аллаһ тағала: «Бір сөз айтса болды, қасында дайын бақылаушы5 тұрады»6 , – деген. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында, пенде өзі мән бермей Аллаһ разы болатын сөз айтады, сол үшін Аллаһ оны (көп) дәрежелерге көтереді, сол секілді пенде өзі мән бермей Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін сөз айтады, бұл үшін ол тозаққа тасталады», – деді», – деген7 . Және біз Муғаздан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбардың (с.а.с.): «...адамдар (өздерінің) өтірік-өсектерінен басқа8 1 Бұл жерде шынайы иман туралы айтылған. «Истиқама» (туралық) деген шариғат сөзі Аллаһ тағаланың бұйрықтарын бұлжытпай орындау және Оның тыйым салған амалдарынан бас тартуды білдіреді. 2 Ахмад. 3 Әт-Табарани. 4 Әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ. 5 Әр адамға оның ізгі амалдары мен жаман амалдарын жазып отыратын екі періште бекітілген. 6 «Қаф» сүресі, 18-аят. 7 Әл-Бұхари. 8 Бұл жерде тек өтірік-өсек қана емес, барлық тыйым салынған сөздер туралы айтылған.


95 қандай да бір іс үшін жүздері отқа қаратылып тозаққа тасталушы ма еді?»1 – дегенін еске аламыз. 4. Сөйлеу әдептері Мұсылман кісі сөйлегенде әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Мәселен: а) Мұсылман тек пайда келтіретін істер туралы ғана сөйлеуі керек және қандай жағдайда болса да харам сөздерді айтудан тыйылуы қажет. Аллаһ тағала мұсылмандарды сипаттап: «Олар бос сөздерден аулақ болады»2 , – деген. Мұндағы «бос сөздер» деген сөз басқа адамдардың намысына тиетін өтірік-өсек, ғайбат секілді соған ұқсас барлық жалған сөздерді білдіреді. ә) Рұқсат етілген халал сөздердің өзін де аз айту, өйткені халал болса да көп сөйлеу кейде мәкруһ және харам сөздерді айтуға апаруы мүмкін. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһты еске алатын сөздер болмаса, басқа сөздерді көп айтпа, шындығында, Аллаһты еске алмай айтылатын көп сөз жүректің мейірімсіздігінің (белгісі), ал мейірімсіз жүрек адамдардың Аллаһтан ең алысы», – деді», – деген3 . Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Кім көп сөйлесе, көп қателіктерге жол береді, ал кім көп қателессе, көп күнә жасайды, ал күнәсі көп адамға ең лайықты орын – тозақ», – деген. б) Қажет жағдайда, әсіресе шариғат мақұлдаған амалға түрткі болуға және терістен қайтаруға, сондай-ақ ақиқатты түсіндіруге қатысты кезде айтылуы тиіс сөздерді айтудың міндеттілігі, бұл аса құрметті қасиеттердің бірі болып саналады. Бұл міндеттен бас тарту бағынбаушылық әрі күнә болып табылады. Өйткені шындыққа қатысты істер жайлы үнсіз қалған адам – тілсіз шайтан. 5. Көршіге ілтипат көрсету және қамқорлық жасау Иман кемелдігі мен діннің шынайылығы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай, көршіге жақсылық жасау мен оны ренжітуден тыйылу болып табылады. Аллаһ тағала көршіге жақсылық жасауды жалғыз Өзіне ғана бойсұну туралы бұйрығымен байланыстырып: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңдар. Сондай-ақ әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа және жолда қалғандар мен қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар»4 , – дегені жеткілікті. 1 Ахмад, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи. 2 «Муминун» сүресі, 3-аят. 3 Әт-Тирмизи. 4 «Ниса» сүресі, 36-аят.


96 «Бөгде көрші» дегенде алыстау көршісі яки алыстағы туысы туралы, ал «жан жолдас» дегенде серігі яки қызметтес немесе ортақ іспен айналысушы адам туралы айтылған. Сонымен шариғатта көршіге тек жақсылық жасау немесе оған ілтипат көрсету ғана талап етілмейді, оған әлеуметтік қарым-қатынас тарихында бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде маңыз беріледі. Төмендегі хадиске назар аударыңыз: Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жәбірейілдің (аләйһис-сәләм) маған көрші туралы көп айтқаны соншалықты, ол маған көршіге мирас беру керек деп айтар ма деген ойға келдім», – деді», – деген1 . Яғни Жәбірейілдің Пайғамбарға көршінің құқығы туралы ұзақ түсіндіргені сондай, ол (с.а.с.) «енді Жәбірейіл көрші мирас алушылардың қатарына жатады» деп айтатын шығар» деп ойлаған. 6. Көршіге зәбір көрсету имандағы опат болуға жеткізетін кемшілікті айғақтайды Исламда көршіге зәбір көрсетуге тыйым салынған. Бұл аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың аса қатаң жазасына душар ететін және Аллаһ тағаланың мейірімділігіне, иманның кемелдігіне жетуге кедергі келтіретін ауыр күнәлар қатарына жатады. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Ең ауыр күнә қайсы?» – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): «Сені жаратқан Аллаһқа әлдебіреуді серік қосуың», – деді. «Одан кейін ше?» – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): «Өзіңмен бірге тамақ жейді2 деген қорқынышпен өз перзентіңді өлтіруің», – деді. (Одан): «Одан кейін ше?» – деп сұрадық Ол: «Өз көршіңнің әйелімен зина жасауың», – деп жауап берді», – деген3 . Сондай-ақ Әбу Шурайх (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһпен ант етемін, иманға келмейді! Аллаһпен ант етемін, иманға келмейді! Аллаһпен ант етемін, иманға келмейді!» – деп дауыстап жіберді. (Одан): «Уа, Аллаһтың елшісі! Кім (туралы айтып тұрсың)?» – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): «Көршісіне залал келтірген адам», – деді», – деген4 . Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) әлдебіреу: «Уа, Аллаһтың елшісі! Пәлендей әйел түнді намазбен, күндізді оразамен өткізеді, бірақ сонымен бірге көршілерін ренжітетін сөздер5 айтады», – деді. Бұған Пайғамбар (с.а.с.): «Ол (әйел) тозақта», – деді. Бұдан кейін 1 Әл-Бұхари. 2 Яғни оны асырай алмаймын деп қорқу. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Әл-Бұхари. 5 Яғни оны балағаттап, ренжітетін сөздер айтады.


97 оған: «Пәлендей әйел тек міндетті (парыз) намаздарды орындайды, тек рамазан кезінде ғана ораза тұтады, міскіндерге кептірілген сүзбенің бөліктерін ғана береді және басқа ешқандай (игі іс жасамайды), бірақ көршісін ренжітетіндей бірде-бір сөз айтпайды», – дедік. (Бұған) Пайғамбар (с.а.с.): «Ол (әйел) жаннатта», – деді», – деген1 . 7. Көршіге жақсылық жасау тәсілдері Көршіге жақсылық жасаудың түрлері көп: а) Көршінің мұқтажын өтеу. Пайғамбар (с.а.с.): «Қасындағы көршісінің аш екенін біле тұрып, тойып ұйқыға жататын (адам), маған иман келтірмеген», – деген2 . Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Иманды адам (аш отырған) көршісін (ұмытып) тоя ас жемейді», – деген3 . Сондай-ақ Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Менің ең сүйікті досым (с.а.с.): «Егер сорпа қайнатсаң, суын көбірек қос, содан кейін көршіңнің отбасы (мүшелерінің жағдайына) қарағайсың және оларға тиісінше үлестіріп бер», – деп өсиет етті», – деген4 . ә) Оған жәрдемдесу өзіңе зияны тимейтін қандай да бір құқығыңнан бас тартуға әкелсе де, оған пайда келтіруге әрекет жасау. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ешкім дуалдарыңа ағаш қазық қаққысы (келген) көршісіне кедергі жасамасын», – деді», – деген5 . Яғни қазық ретінде пайдалану не құрылыс салу мақсатында шарбақ ретінде жүргізілген дуалына көршісі ағаш қазық бекіту үшін рұқсат сұраса, оның өтінішін кері қайтармасын деген мағынада. б) Көршісіне сыйлық беру. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Көрші әйелдердің ешқайсысы еш уақытта өзінің көрші әйеліне қойдың бақайы болса да (сыйлық беру мүмкіндігін) пайдаланбай қалмасын», – деді», – деген6 . 8. Мейманға құрмет көрсету – имандылық белгісі және Исламды жақсы ұстанудың бір көрінісі Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл хадисінде бізге Ислам үкімдерін бұлжытпай орындап, ең жақсы мүміндерден үлгі алып жүрген адам үйіне қонған мейманға құрмет көрсетуге және оған жақсылық жасауға міндетті екендігін 1 Ахмад, әл-Хаким. 2 Әл-Хаким. 3 Ахмад. 4 Муслим. 5 Әл-Бұхари, Муслим. 6 Әл-Бұхари.


98 түсіндіреді. Бұл оның Аллаһ тағалаға деген сенімінің кемелдігін, Оған деген үмітінің шынайылығын және дін үкімдерін өз дәрежесінде ұстанатындығын айғақтайды. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, мейманына құрмет көрсетсін», – деген1 . Қонақжайлылық міндет пе әлде ерікті жақсылық істеу ме? Меймандостық – Исламда сақталатын әдептілік ережелері мен құрметке лайықты адамгершілік қасиеттерінің бірі, сондай-ақ бұл – пайғамбарлар мен игі жақсылардың (тақуалардың) қасиеті. Бұл үй иесінің жомарттығы мен жақсылығының көрінісі ме әлде мейманның заңды құқығы ма? Бұл мәселеде ғұламалардың пікірлері түрліше: Имам Ахмад және әл-Ләйс: «Бұл – бір күн және бір түн бойы орындайтын үй иесінің міндеті», – деп есептейді. Олар өз сөздеріне Пайғамбардың (с.а.с.): «Әрбір мұсылман (бір) түн2 меймандостық көрсетуге міндетті»3 , – деген хадисін дәлел етеді. Уқба ибн Амир (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) біз (Аллаһ елшісіне (с.а.с.)): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен бізді жұмсайсың4 , ал біз меймандостық меймандостық жасамайтын адамдардың үйлеріне тоқтаймыз. Бұл туралы сіз не айтасыз?» – дедік. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер бір үйге тоқтасаңдар және олар сендерге мейманға тиістіні бұйырса, оны қабылдаңдар, егер бұлай етпесе, олардан мейманға тиістіні өздерің алыңдар», – деді», – деген5 . Сондай-ақ олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «мейманына құрмет көрсетсін» деген хадисіне сүйенген, өйткені бұл – бұйрық, ал бұйрық орындалуға міндетті. Кеңірек тараған пікір адамгершілік қасиеттерінің бірі ретінде меймандостық жасау, бұл міндет (парыз) емес, бұл жақсы (нәрсе) дегенге саяды, өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «құрметтесін», – деген. Бұл хадистің басқа риуаятында: «жақсылық жасасын», – делінген. Сонымен бұл екі жағдайдың екеуінде де қонақжайлылықтың міндетті (парыз) екендігі туралы айтылмайды, өйткені құрмет көрсету және жақсылық жасау тақуалық пен адамгершілік қасиетке байланысты қонақ күтушінің еркімен жасалады. 1 Әл-Бұхари. 2 Бұл жерде бір тәулік туралы айтылған. 3 Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ. 4 Яғни бізді Исламды уағыздау мақсатымен түрлі тайпа адамдарына жібересің. 5 Әл-Бұхари, Муслим.


99 9. Үй иесі мен мейманның сақтауы тиіс әдеп ережелері Үй иесі орындайтын меймандостық ережелеріне оның мейманды қуана қарсы алуы, онымен әдемі әңгіме-сұхбат құруы және үйінде бар азықпен тездетіп тамақтандыруы кіреді. Бұл кезде үй иесі тәулік барысында мейманын өзінің отбасы мүшелері мен қарамағындағыларға қарағанда жақсы тамақтандыруы тиіс, сонан соң тағы екі күн өз бала-шағасын тамақтандырғандай, аса артық тырыспай тамақтандыруы керек. Пайғамбар (с.а.с.): «Меймандостық (жасау уақыты) үш күн, оған (мейманға) сыйлық – бір күн, ал одан артығының бәрі ол үшін – садақа»1 , – деген2 . Мейман тарапынан көрсетілетін әдеп ережелеріне келер болсақ, ол үй иесін мазаламауы және қысым көрсетпеуі тиіс. Мейманның қысым көрсетуі – үш күннен артық қонақ болуы немесе үй иесінің оны күтіп алуға жағдайы жоқ екенін біле тұра, ұзақ уақыт жатып алуы. Әбу Шурайх (Аллаһ оған разы болсын): «(Пайғамбар (с.а.с.)): «Мұсылманға өз бауырының (үйінде) оны күнәға кіріптар ететіндей сонша (ұзақ) қалуға рұқсат етілмейді», – деді. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол қалай оны күнәға кіріптар етеді?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оған беретін ас-ауқаты жоқ адамның (үйінде ұзақ) жату арқылы», – деді», – деген3 . 10. Хадисте айтылғандарды іс жүзінде қолданудың маңыздылығы Хадистің мазмұнынан түйгенімізді іс жүзінде қолдану аса маңызды, өйткені бұл адамдарды ашу-ыза мен өшпенділіктен алыстатып, жүректердің келісімі мен бірігуіне апарады. Күнделікті тіршілікте адамдар бір-бірімен көрші болады, олардың қонаққа баруы немесе мейман күтуі жиі кездеседі. Әрбір адам өз көршісін құрметтейтін болса, әрбір үй иесі келген қонағына меймандостық көрсетсе, қоғамдағы қарым-қатынас түзеледі, адамдардың жағдайлары жақсарады, өзара келісім мен махаббат басымдыққа ие болады. Осы хадисте баяндалған Исламның этикалық (әдептілік) нормаларын сақтайтын әрбір адам тек жақсы сөз сөйлейді немесе үндемейді. 1 Басқаша айтқанда, үй иесі мейманды одан әрі қонақ етуге міндетті емес, бірақ оны одан әрі қонақ етем десе, ол өз еркіндегі іс. 2 Муслим, әт-Тирмизи. 3 Муслим.


100 ОН БЕСІНШІ ХАДИС АШУЛАНБА, ЖАННАТТА БОЛАСЫҢ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.): «Маған кеңес бер»1 , – деп өтінді. Ол (с.а.с.): «Ашуланба»2 , – деді. Осыдан кейін әлгі адам (өз сұрағын) бірнеше рет қайталады. (Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) әр жолы): «Ашуланба», – деуден танбады», – деген3 . Бұл өтінішті айтқан адам Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын) екендігі туралы хабар бар. Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені жаннатқа кіргізетін амалды көрсетші», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ашуланба, (сонда) сен жаннатта боласың», – деді», – дейді4 . Бұл өтінішті айтқан адам Жария ибн Қудама (Аллаһ оған разы болсын) еді деген де хабар бар. Ол: «(Бір күні) мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен түсінетіндей қысқа бір нәрсе айтшы», – деп өтіндім. Ол (с.а.с.): «Ашуланба», – деді. Бұдан кейін мен (өтінішімді) бірнеше рет қайталадым, (бірақ) ол әр жолы: «Ашуланба», – деп жауап берді», – деген5 . Әрине, мұндай оқиғаның бірнеше рет қайталануы әбден мүмкін, осыған ұқсас өтініштермен Пайғамбарға (с.а.с.) сауал берушілер көп болған. Хадистің маңыздылығы Әл-Жардани: «Шындығында, бұл хадис – ұлы хадис. Пайғамбардың (с.а.с.) қысқа да нұсқа, көлемі жағынан шағын, мағынасы жағынан терең сөздеріне жататын бұл хадис осы дүние мен Ақыреттің жақсылығын қамтиды», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Мұсылманның мінез-құлқы Мұсылман – биік адамгершілік қасиеттердің иесі. Оның көркем сипаты – момындық пен ұялшақтық, кішіпейілділік пен адамдарға деген махаббаты, өзін жәбірлеген адамдарға жәбір көрсетумен жауап бермей сабырлылық жасайтын нағыз ер-азаматтың қасиетімен ерекшеленетін, кек алуға 1 Яғни маған пайда келтіретін іс туралы айт. 2 Яғни өзіңді ашуландыратын нәрседен аулақ жүр және ашуға берілме немесе сенің ашуыңды шығаратын істі істеме, ашу адам жанында өш алу мен күш көрсетуді пайда ететін ішкі қызулық. 3 Әл-Бұхари. 4 Әт-Табарани. 5 Ахмад.


Click to View FlipBook Version