151 Пайғамбардан (с.а.с.) жаннатқа апарар жол мен қандай амалдар оның осынау кеңдігі ұлан-ғайыр жаннатқа кіруіне мүмкіндік беретінін білу үшін келген еді. Кейіннен ол Пайғамбардың (с.а.с.) өсиетімен амал еткеніне орай мақсатына жетті. Әбу Айюб әл-Ансари (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): «Қандай амал менің жаннатқа кіруіме мүмкіндік береді?» деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа құлшылық қыл да, Оған ешнәрсені серік қоспа, намаз оқы, зекет бер және туыстарыңмен байланысыңды үзбе», – деді», – деген1 . Бұл хадистің басқа риуаятында сұрақ берген кісі: «Маған оны істесем жаннатқа жақындататын және оттан алыстататын амалды көрсет», – дейді2 . Сонымен қатар екі «Сахихта» бірдей Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген осыған ұқсас хадис келтірілген. Онда: «және туыстармен байланысыңды үзбе» деген сөздердің орнына «және рамазанда ораза тұт», – делінген. Ибн Мунтафиқ (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) Арафатта тұрған кезінде мен оған жақындап бардым да: «Мен сенен екі жайт туралы: мені оттан құтқаратын не және мені жаннатқа кіргізуге мүмкіндік беретін не?» – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): «Сұрағың қысқа болғанымен, сен ұзақ та ұлы нәрсе туралы сұрадың. Енді айтқанымды ұғып ал: Аллаһқа құлшылық ет және Оған ешнәрсені серік қоспа, парыз етілген намаздарды орында, міндетті зекетті төле, рамазанда ораза тұт, адамдардың өзіңе қандай қатынас жасағанын қаласаң, оларға сондай қатынас жаса, өзіңе қатысты нені ұнатпасаң, адамдарды да сол нәрседен құтқар», – деді», – деген3 . 3. Міндеттерді бұлжытпай орындау және тыйым салынғаннан бас тарту – құтылудың негізі Нуғман (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Пенде Аллаһ тағаланың: «Расында, намаз мүміндер үшін уақыты белгіленген парыз»4 , – деген бұйрығына сай парыз намаздарды орындауды үзбесе және Аллаһ тағаланың: «Рамазан айы (сондай бір ай), онда (яғни ол айда) адамдар үшін тура жол және сол тура жолдың анық түсіндірмесі мен ажыратушысы ретінде Құран түсірілді. Сондықтан сендерден кім осы айда (өз елінде дені сау) болса, ораза ұстасын»5 , – деген бұйрығына сәйкес рамазан айы келісімен ораза тұту парыз болғандықтан, Аллаһ тағаланың 1 Әл-Бұхари. 2 Муслим. 3 Ахмад. 4 «Ниса» сүресі, 103-аят. 5 «Бақара» сүресі, 185-аят.
152 міндеттеген парызын орындап ораза тұтса және Ол халал еткеннің халал екендігіне, харам еткеннің харам екендігіне толық сенімді болып, тыйым салғандардан тыйылып, Аллаһтың рұқсат еткеніне тыйым салмай, тыйым мен рұқсаттың межесінен аттамаса, рұқсат етілгендердің міндетті болғандарын орындаса, сөйтіп осы айтылғандарды орындап, оларға нәпіл намаздарды оқу, мәкруһ істерден бас тарту және кейбір жағдайларда мубах істерден өзін тоқтату сияқты мустахаб амалдардан ешнәрсе қоспаса, Аллаһ тағаланың алдында Оған жақын болғандардың ең жақсыларымен, тақуалықта басқалардан озық болғандармен бірге арман-тілектің ең биік шегі болған жаннатқа ешқандай жазаға ұшырамай, азап-бейнетке түспей кіруге осы жеткілікті ме?» – деп сұрады. Ал Пайғамбар (с.а.с.) оның жанын тыныштандыратын, оны жігерлендіріп, жүрегін қуанышқа бөлейтін армантілегін іске асыратын «Иә» деген жауап қайтарды. Бұл сен айтқан амалдар мақсатыңа жетіп, жаннатқа кіруіңе жеткілікті деген сөз еді. Басқаша болуы мүмкін емес-ті. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағаланың: «Маған жақын болу үшін пенделерім не істесе де, олардың ең жақындары – парыз еткендерімді (орындағандары)», – дегенін жеткізген1 . Сен бақыттысың, ей, мүмін! Өйткені аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ саған: «Аллаһтың шектерін сақтаушылар, (осы) мүміндерді сүйіншіле»2 , – деп қуанышты хабар айтты. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бес уақыт намазын оқып, рамазанда ораза тұтқан, зекет беріп және жеті ауыр күнәні істемеген әрбір пенденің алдынан міндетті түрде жаннат қақпалары ашылып, оған: «Қош келіпсіз» делінеді», – деп, ол (с.а.с.) Аллаһ тағаланың: «Егер сендер тыйым салынғандардың үлкенінен сақтансаңдар, Біз сендердің кіші күнәларыңды кешіреміз және сендерді құрметті орынға кіргіземіз»3 , – деген аятты оқыды4 . Бұл туралы хадистер де көп. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аса қатерлі жеті күнәдан аулақ болыңдар», – деді. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол қандай (күнәлар)?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Аллаһқа серік қосу, сиқыр, Аллаһ тағала өлтірілуін харам еткен адамды қасақана өлтіру5 , риба (өсім алу), жетімнің мал-дүниесін жеу, жорық күні шегіну және зинақорлық туралы ойына да келмейтін мұсылман-мүмін әйелді зинақорлықта айыптау», – деді», – деген. 1 Әл-Бұхари. 2 «Тәубе» сүресі, 112-аят. 3 «Ниса» сүресі, 31-аят. 4 Ән-Нәсәи, Ибн Хиббан және әл-Хаким. 5 Демек, шариғаттағы үкімдерге сәйкес белгілі бір жағдайларда ғана өлтіруге болатын адамдар бұған кірмейді.
153 4. Шын мәнінде, Ислам діні – оңай дін Пайғамбардың (с.а.с.) осы және осыған ұқсас жауаптары Исламның жеңіл екендігін және Аллаһ тағаланың адам баласына ешқандай ауырлық жүктемегенін көрсетеді. Аллаһ тағала: «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»1 ; «Аллаһ кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді»2 ; «...сендерге дінде қиындық қылған емес»3 , – деген. Адамдарға шариғат арқылы жүктелген барлық міндетті амалдар жеңілдігімен және адамзат мүмкіндігінің шегінен шықпайтындығымен ерекшеленеді, өйткені олар аса Дана және Білуші тарапынан келген. Сондықтан парасатты адамға бұл дүниеде бақытты болып, Ақыретте құтылушылар қатарына қосылу үшін тек қана бойсұну мен құлшылық ету ғана қалады. 5. Мұсылманның шыншылдығы мен бүкпесіздігі Нуғман (Аллаһ оған разы болсын) адал жүректі және адалдығын сырттай да көрсетіп паш етуші мұсылманның қандай болатынын көрсетті. Ол өзі шын мәнінде амалға асырмаған немесе өз жаны қаламаған істерді істеп жүрген жақсы да тақуа адам секілді көрінгісі келмеді. Бәлкім, ол құтылушылардан болуды және табысқа жетуді қалаған адам еді және ол осы мақсатқа жету жолында не істеу керек болса, соны берік орындауға дайын болатын. Сөйтіп бұл мұсылманның адалдығы Пайғамбардың (с.а.с.) айтқандарын орындау көздеген мақсатына жеткізетінін білген сайын арта түсті. Бұл хадистің басқа риуаятында Нуғманның (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһпен ант етейін! Мен бұл айтылғанға ешнәрсені қоспаймын», – дегені айтылады, өйткені Аллаһ тағаланың разылығына Ол парыз еткен (жеңіл амалды) орындау арқылы жетуге болады. Алайда Аллаһ тағала мұны тек кімге орындауды жеңіл еткен болса, солар үшін ғана жеңіл, ал Аллаһ кімдердің жүректерін мөрлеген болса, олар үшін бұл қиын. Аллаһ тағала: «Сабыр және намаз оқу арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Расында намаз Раббыларына жолығатындарына әрі Оның алдына қайтарылатындарына айқын сенетін (жан-тәнімен) берілгендерден өзгелерге ауыр келеді»4 , – деді. Жүректеріне иман орнап, жан-дүниесіне сенімділік дарыған бұл адамдар әр уақытта осындай адалдық көрсеткен, оларға екіжүзділік тән емес. Және 1 «Бақара» сүресі, 185-аят. 2 «Бақара» сүресі, 286-аят. 3 «Хаж» сүресі, 78-аят. 4 «Бақара» сүресі, 45-46 аяттар.
154 олар Аллаһ тағаланың шариғатына қатысты істерде титтей де селқостыққа немесе ықылассыздыққа жол бермеген. Пайғамбар (с.а.с.) оларды талай рет жаннатпен қуандырған-ды. Хадисте: «Бір күні Пайғамбарға (с.а.с.) бір бәдәуи1 келіп қанша парыз намазын оқу керектігі туралы сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бесеу», – дейді. (Бәдәуи): «Ал басқа (намаздарды орындау) керек пе?» – деп сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, егер нәпіл қылмасаң», – деп жауап береді. Сонан соң ол басқа да діни парыздардың саны туралы сұрады және Пайғамбар (с.а.с.) оның не істеуге міндетті екенін айтты. Бәдәуи: «Бұдан басқа да бір амалдарды істеуге міндеттімін бе?» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, егер нәпіл қылмасаң», – деді. Сонда бәдәуи: «Аллаһпен ант етемін! Мен бұл айтылғанға ешнәрсе қоспаймын2 және Аллаһ тағаланың парыз еткендерінен ешнәрсені кемітпеймін», – деді. (Бұған Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол егер рас айтқан болса, құтылушылардан болады», – деді», – делінген3 . Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Егер өзіне әмір етілгенді ұстанатын болса, ол жаннатқа кіреді», – деген4 . Тағы бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Кім жаннаттықтар қатарында болатын адамды көріп қуанышқа бөленгісі келсе, осы (адамға) қарасын», – деп айтқан5 . 6. Зекет және қажылық – орындалуы шарт екі парыз Зекет – Исламның ерекше маңызға ие тіректерінің бірі. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Олардың малдарынан садақа алып, сол арқылы оларды тазартып, кіршіксіз етесің әрі оларға дұға жаса. Расында, сенің дұғаң олар үшін тыныштық. Аллаһ – Естуші, Білуші»6 , – деген. Муғазды (Аллаһ оған разы болсын) Йеменге7 аттандырып тұрып Пайғамбар (с.а.с.): «...оларға байларынан алып, кедейлеріне берілетін зекет төлеуді Аллаһ парыз еткенін айт», – деді8 . Бұл айтылғандар Аллаһтың Қасиетті Үйіне қажылық етуге де қатысты. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық қылу) керек»1 , – деген. 1 Имам Ахмад ол бәдәуидің Димам ибн Сағлаба (Аллаһ оған разы болсын) екенін айтады. 2 Яғни бұл бәдәуи Исламда парыз болған амалды ғана орындаймын деген мағынада айтқан. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Муслим. 5 Әл-Бұхари, Муслим. 6 «Тәубе» сүресі, 103-аят. 7 Муғаз (Аллаһ оған разы болсын) Йеменге Исламды тарату үшін және қазы ретінде жіберілген-ді. 8 Әл-Бұхари, Муслим.
155 Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, адамдар! Аллаһ сендерге қажылықты парыз етті, енді оны орындаңдар», – деді2 . Мұсылманның бұл екі парызды бұлжытпай орындауы – оның ешқандай азапқа ұшырамай жаннатқа кіруі мен құтылуының қажетті шарты. Бұл туралы Ибн Мунтафиқ (Аллаһ оған разы болсын) келтірген хадисте анық айтылған, онда бұл кісі Пайғамбардан (с.а.с.): «Не нәрсе жаннатқа кіруіме мүмкіндік береді?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһтан қорық, Оған серік қоспа, намазды толық орында, зекет бер, (Аллаһтың) Үйіне қажылық жаса және рамазанда ораза тұт», – деген3 . Нуғман (Аллаһ оған разы болсын) қажылық пен зекетті намаз бен оразаны айрықша атап көрсеткендей ерекше бөліп көрсетпейді. Олай етуінің себебі не? Ол кезде зекет пен қажылық әлі парыз етілмеген немесе ол өзінің кедейлігі себепті зекет пен қажылықты орындауға міндетті емес еді яки зекет пен қажылық басқа парыздардың қатарына кіреді деп есептеген. Яғни ол: «...халалды халал, ал харамды харам деп есептеймін», – дегенде, ол барлық діни парыздардың орындалуын міндетті деп ұққан. Ал зекет пен қажылық орындалуы міндетті парыздар қатарына жататындықтан, оларды орындаудан бас тарту – харам. 7. Намаз бен оразаның маңыздылығы Бұл кісінің Пайғамбарға (с.а.с.) берген сұрағын намаздан бастауы сахабалардың (Аллаһ оларға разы болсын) намаз мәселесіне үлкен құрметпен қарап айрықша көңіл бөлгендігінің анық айғағы. Намаз – дініміздің негізі және мұсылманды ерекшелендіріп тұратын белгісі, оны әрбір мұсылман Пайғамбардың (с.а.с.) үлгісіне сай, қажетті барлық ережесін сақтап, намаздың парыз, уәжіп, сүннеттерін рет-ретімен орындарына келтіріп, күніне бес рет орындайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл істе4 ең бастысы Ислам, ал оның негізі – намаз»5 ; «Кім бізше намаз оқыса, біздің құбылаға жүзін бұрса және біз сойғаннан жесе, сол – Аллаһ пен Оның елшісінің қорғауындағы мұсылман», – деген6 . Оразаға қатысты мәселелер туралы Ораза тұту парыздығы жағынан намаздан ешқандай кемдігі жоқ. Дініміздің тірегі тұрғысынан иман келтіру және намаздан кейінгі үшінші орында тұрады. Ғұламалардың бәрі де ораза дініміздің қажетті бөлігі, Ислам 1 «Әлі Имран» сүресі, 97-аят. 2 Муслим. 3 Ахмад. 4 Яғни дінде. 5 Әт-Тирмизи, ән-Нәсәи. 6 Әл-Бұхари.
156 тіректерінің бірі екендігі жайлы бірұшты пікірде және жоғарыда бұл туралы айтылған көптеген хадистер де келтірілген. Нуғманның (Аллаһ оған разы болсын) намаздан кейін ораза туралы айтуының себебі осында. Егер мұсылман намазды күніне бес рет орындаса, ал оразаны бір ай түгел тұтып жылына бір рет орындайды, ораза кезінде мұсылман сабырлылық пен ерік күші секілді қастерлі адамгершілік қасиеттерін сынап, аштық пен шөлге шыдайды. Сонымен қатар ол көңіл қалауының құлы болудан арылады. Дүние-байлық үстемдігінен құтылады және аштық пен кемтарлыққа түскен адамдардың жан-дүниесін түсінеді. Осылайша адамдар бір-біріне жанашырлық танытып, жәрдем көрсетеді және олардың арасында теңдік пен әділеттілік қалыптасады. Сондықтан да Пайғамбар (с.а.с.) айтқандай, ораза аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың мынадай сөздеріне лайық болды: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін, ал ораза, расында, Мен үшін және оның сыйын Мен беремін, сондай-ақ ораза – (оттан) қалқан»1 . Шындығында, ораза күнәдан, тозақтан сақтайтын қалқан болады. Күнәдан арылуға себепші болып, жаннатқа кіруге мүмкіндік туғызады. Пайғамбарымыз оразаның құндылығы жайлы: «Кім рамазан (айында) иманмен және Аллаһтан сауап үміт ете ораза тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген2 . Сондай-ақ Әбу Умама (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына келіп: «Маған жаннатқа кіргізетін бір амал істеуді әмір ет», – деп өтіндім. Ол (с.а.с.): «Сен ораза тұтуың керек, өйткені оған тең келетін ешнәрсе жоқ», – деді. Содан соң мен оған тағы да келдім, ол (с.а.с.) тағы да: «Сен ораза тұтуың керек», – деді», – деген3 . Ораза тұтудан бас тарту туралы үкім Ораза тұтудың парыз екендігін мойындамай, бас тартқан адам туралы ғұламалар бірауыздан «Ол – кәпір және ондай адамды діннен қайтқан адам ретінде бағалап, соған орай қатынас жасау керек» деген пікірге келген. Өйткені Құран мен сүннетте оразаның парыздығы жайлы нақты дәлелдер бар. Шариғат талабы тұрғысынан қарағанда, ықылассыздығы немесе немқұрайдылығы себепті ораза тұтпаған адамды барлық ғұламалар арұждансыз, пасық деп бағалаған, ондай адам тәубеге келуі керек және мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбауы тиіс. Ал ешқандай себепсіз (әдейі) ораза тұтпаған адамды тым болмаса ораза ұстаған сияқты етіп рамазан айының соңына дейін күндіз тағам да, су да бермей қамауда ұстау керек. 1 Муслим. 2 Әл-Бұхари. 3 Ахмад.
157 8. Құлшылықтың сатылары және мүміннің жоғары кемелдікке ұмтылуы Иман – кемелдіктің негізі және жаннаттың кілті тек қана иманға және таухидті ұстануға байланысты. Аллаһ тағалаға, Оның елшілеріне, Оның кітаптарына және Оның періштелеріне, сондай-ақ Қиямет күніне, жақсылық пен жамандықтың тағдырдан екеніне иман келтірген және Аллаһтан басқа ешкімге табынбай өлген адам сөзсіз жаннатқа кіреді. Ал діни міндеттерін орындамау және тыйым салынғандарды істеу ол адамның басқа да құтылушылармен бірге жазаланбай жаннатқа кіруіне кедергі жасайды, өйткені мұндай кемшілікті жіберушілер жазасын өтемей жаннатқа жіберілмейді. Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Аллаһтың) кез келген құлы «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деп, сонан соң осы (айтқанынан) қайтпай өлсе, ол сөзсіз жаннатқа кіреді», – деді», – деген1 . Убада ибн Самит (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кімдекім «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ, Оның ешқандай серігі жоқ, Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі», «Иса – Аллаһтың құлы әрі елшісі және Оның Мәриямға жолдаған сөзі мен рухы», сондай-ақ «жаннат хақ және тозақ хақ» деп куәлік берсе, ол не істеген болса да, Аллаһ оны жаннатқа кіргізеді», – деді», – деген2 . Бұл жерде адамның өзі істеген күнәларына сай азапқа салынып, ақырында жаннатқа кіретіні туралы айтылып отыр. а) Парызды орындау және тыйым салынғаннан бас тарту – оттан құтқаратын қалқан. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа бойсұнудың негізі – Аллаһ тағаланың тыйымдарынан бас тартумен бірге діни міндет-парыздарын бұлжытпай орындау. Амр ибн Мурра әл-Жуһани (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) бір адам Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келді де: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екеніне және сен Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік бердім және (күніне) бес уақыт намаз оқимын, өз малымнан зекет беремін, сондай-ақ рамазанда ораза ұстаймын», – деді. (Бұған) Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Кім осыдан айнымай өлсе, ол Қиямет күні пайғамбарларға, шыншылдар мен шәһидтерге мынадай жақын болады», – деп екі саусағын жоғары көтерді және «егер ата-анасына деген құрмет-ізетін үзбеген болса ғана», – деп қосты», – деген3 . 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Ахмад.
158 ә) Қосымша ғибадаттарды (нәуәфил) орындау Аллаһ тағалаға жақындатады. Мұсылманның сүннет амалдарды орындаудан бас тартуына оның сүннетке немқұрайды қарағандықтан немесе нәпіл ғибадаттың қасиетқадіріне сенімсіздігі, сондай-ақ сүннеттің заң күшіне ие екендігіне күмәндануы себеп болмаса, қосымша ғибадаттарды орындаудан бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. Ал жоғарыдағы жағдайлар орын алғанда көрінетін мұндай мінез діннен қайтудың немесе кәпірліктің көрінісі болады. Онда сол адамнан тәубеге келуді талап ету керек және ол адамды парыз амалдардан тысқары қосымша ғибадаттарды орындауға мәжбүрлеу шарт. Мұсылман пенде шариғат талабы екендігін анық біле тұра, жалқаулықпен нәпіл ғибадаттардың ешқайсысын үнемі орындамай жүрсе, онда бұл ол адамда ерік-жігердің жоқ екенін айғақтайды және оның ұждансыздығының көрінісі болып табылады. Мұндай жағдайда ондай адамның куәлік сөздері есепке алынбайды. Өйткені бұл дінді және діннің жөн-жоралғыларын менсінбейтінін көрсетеді. Сонымен қатар мұсылман бұлай еткен жағдайда өзін-өзі үлкен сауаптан мақрұм қалдырады. Әсіресе нәпіл ғибадаттар парыз амалдарды орындау кезінде кездесетін кемшіліктер мен қателіктердің орнын толтыру үшін заңдастырылғанын ескерсек, мұсылманның қандай игіліктен құр қалатынын түсінуге болады. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың құзырында жоғары дәрежеге жетуді және оттан құтылуды қалаған мұсылман нәпіл ғибадаттарды орындаудан ешқашан бас тартпайды, тыйым салынғандарға жақындамайды және ол харам мен мәкруһ сияқты тыйым салынғандарды бір-бірінен бөлмейтініндей бұйырылған амалдарды да нәпіл, уәжіптерге бөлмейді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары да (Аллаһ оларға разы болсын) осылай еткен: олар әмір етілгендерді тыйым салынғандардан бөлмеген, керісінше аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың: «Сендерге Пайғамбар не әкелсе, алыңдар да, неден тыйса, содан тыйылыңдар»1 , – деген сөзіне амал жасаған. Олар Аллаһтың мейір-шапағаты мен ризалығына жетіп, Аллаһ тағаладан сауап үміт ете отырып, Оның мейір-шапағатынан құр қалмаудан, Оның әмірін тыңдамай кетуден сақтанып осылай жасаған. Олардан кейін де біздің шыншылдарымыз бен имамдарымыз осылай еткен. Өз еңбектерінде фиқһ ғалымдары міндеттіні (уәжіп), нәпілді (мәндуб), рұқсат етілгенді (мубах), тыйым салынғанды (мухаррам) және айыпталатын істі (мәкруһ) бір-бірінен ажыратып көрсеткен және мұсылманның амалдарының дұрыстығы немесе кереғарлылығын, қандай да бір істелген амалды қайта орындау қажет пе, жоқ па, соны анықтап, нәтижесінде қорытынды жасау және басқа да ой түйіндеулері үшін шариғаттың түрлі жол-жоралғыларының дәреже түрлеріне қатысты анықтамалар берген. 1 «Хашр» сүресі, 7-аят.
159 Сонымен біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұл сахабаның: «Аллаһпен ант етемін! Мен бұл айтылғанға ешнәрсе қоспаймын», – деген сөзін, оның назарын қосымша нәпіл ғибадаттардың артықшылықтарына және басқа да ерікті түрде орындалатын амалдарына аудармай, мақұлдағанын көріп тұрмыз. Пайғамбар (с.а.с.) сол адамның (Нуғманның (Аллаһ оған разы болсын)) жүгін жеңілдету үшін және басқа адамдарға аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа барар жолды көрсетуші лайықты өсиет беру үшін осылай дегені бізге мәлім. Бұл өсиеттің мән-мағынасы адамдардың жан-дүниесіне үміт ұялату, оларға қатысты жұмсақтық пен мейірімділік көрсетуге және Исламның «жеңілдету, ауырлатпау» деген қағидасын орнықтыра түсуге саяды. Бірақ осымен бірге Пайғамбар (с.а.с.) хақиқи мұсылманның аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа Ол парыз еткен амалдарды орындап құлшылық жасаған кезінде оның жүрегі Аллаһпен байланыста болатынын, оның жаны тыныштыққа бөленіп, қуаныш-шаттыққа кенелетінін және рухани рақатты сезінетінін біледі. Мінеки, бұлар бәрі оның құлшылыққа деген құштарлығын арттырады және нәпілдерді орындап, айыпталатын іс-әрекеттерден бас тартып, әсіресе Аллаһтың сөзін жеткізген Пайғамбардың (с.а.с.) сөздерін естіген соң аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа ұнамды болатын амалдарды көбірек орындауға ұмтылады. Қудси хадисте Аллаһ тағала: «Менің құлым Маған жақын болу үшін Мен оны жақсы көріп қалғанымша нәпіл (ғибадаттарын) орындай береді, ал Мен оны жақсы көрген соң, оның еститін құлағы, көрер көзі, ұстар қолы, жүрер аяғы боламын1 , егер ол Менен (бір нәрсе туралы) сұраса, міндетті түрде сұрағанын беремін, егер ол Менен пана сұраса, оған пана боламын, ал егер ол Маған дұға-тілек жасаса, тілегін сөзсіз қабылдаймын», – дейді2 . Сонымен мұсылман күндіз қаһарман жауынгер, ал түнде бойсұнушы және жүрегі қорқынышқа толы құлшылық етуші ретіндегі дәрежеге жеткенше, ол кемелдік сатысымен жоғары көтеріле беретін болады. Оларға қатысты Аллаһ тағала: «Олардың жамбастары төсектен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларына қорқа-үміт ете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды»3 , – деген. 9. Рұқсат етілген (халал) және тыйым салынған (харам) деп жариялау, бұл – Аллаһ тағала ғана орнатуға құқылы заңдар Барлығымызға мәлім болғандай, иманның негізі ол – мұсылманның аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ рұқсат еткендерінің халал, ал Ол тыйым 1 Демек, Аллаһ тағала құлдарына Өзі тыйым салған амалдарды істеуден қайтарып, жәрдемдеседі. Мысалы, бос сөз тыңдаудан, тыйым салынғандарға қараудан, рұқсат етілмеген заттарды алудан және харам істерге барудан т.с.с. 2 Әл-Бұхари. 3 «Сәжде» сүресі, 16-аят.
160 салғандарының харам екендігіне күмәнсіз сенімді болуында. Харамның орындалуы немесе халалдан бас тартудың бұған қатысы жоқ. Егер ол халалдығы Ұлы Аллаһ тағаланың шариғатымен белгіленгенді өзі үшін харам деп есептейтін болса немесе шариғатпен харамдығы белгіленгенді өзі үшін халал деп есептесе, ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың заңды құқығына қол сұққан болады, өйткені заңдарды белгілеуге, рұқсат етуге және тыйым салуға тек Аллаһ тағала ғана құзыретті. Ал аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың заңдастырған және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) түсіндіргендеріне қайшы келетін заңдарды орнатуға немесе Ислам шариғатының қағидаларын ұстанбастан өз қалауынша зандар орнатуға өзімнің мүмкіндігім бар деп есептейтін адам мұсылман емес. Бұл адамға Аллаһ тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) қатысы жоқ. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге халал еткен жақсылықтарын харам қылмаңдар және шектен шықпаңдар. Шынында Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді»1 , – деген. Бұл аят кейбір сахабалардың тәркідүниелік ниетпен2 қайсыбір игіліктерден бас тартқанына байланысты түскен делінген. Пайғамбар (с.а.с.) оларға: «Алайда мен намаз оқимын және ұйықтаймын, ораза тұтамын және ифтар жасаймын (ауыз ашамын)3 және әйелдерге үйленемін, ал кім менің сүннетімнен бас тартса, оның маған қатысы жоқ», – деген4 . 10. Антты бұзу және орындау Кім қандай да бір игілік істеуге және Аллаһқа құлшылықтың көрінісі болатын әрекет қылуға ант етсе, антын орындағаны дұрыс яғни антына сай амал қылғаны ләзім. Бұған орай Аллаһ тағала: «Анттарыңды сақтаңдар»5 , – деген. Яғни байқаңдар, анттарыңды бұзушы болмаңдар. Ал кім парыз болғаннан бас тарту туралы немесе күнә істеу туралы ант етсе, ол өз антын бұзуы керек, яғни өз антына қарсы амал жасау керек және ант еткен ісін орындамауы керек. Пайғамбар (с.а.с.): «Күнә істеуге ант ішкен адам антын бұзуы тиіс», – деген6 . Егер кімде-кім өзіне міндетті болмаған қандай да бір жақсылықтан бас тартуға ант етсе, ол антын бұзғаны өзіне жақсы. Пайғамбар (с.а.с.): «(Қандай да бір амалды істеуге) ант берген (адам), кейін одан жақсысын көрсе, сол жақсыны (амалды) істесін және бұзған антын өтесін», – деген7 . 1 «Мәида» сүресі, 87-аят. 2 Яғни олар күн сайын ораза тұтуды, үйленбеуді, түндерді толығымен намазбен өткізуді қалап еді. 3 Бұл жерде нәпіл ораза туралы айтылып отыр. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 «Мәида» сүресі, 89-аят. 6 Әбу Дауд. 7 Муслим.
161 11. Хадистің тәлімі Мұсылман өз өмірінде тура жолды ұстанғысы келіп, бірақ амалдарының дұрыстығы жайлы білмейтін болса, білетіндерден Ислам заңдылықтары жайлы, міндетті істер жайлы, өзіне рұқсат етілгендер және тыйым салынғандар туралы сұрап білуі керек. Сондай-ақ бұл хадис ұстаздарды шәкірттеріне жұмсақтық көрсетіп, игілікке қызықтырып, мейірімділікке ынталандыруға үйретеді.
162 ЖИЫРМА ЕКІНШІ ХАДИС ӘРБІР ҚАЙЫРЛЫ ІС – САДАҚА Әбу Мәлик Харис ибн Асим әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Таһарат1 – иманның жартысы, «Барлық мадақ Аллаһқа тән» (әл-хәмду лилләһ)2 (сөздері) таразыны толтырады3 , «Аллаһ Пәк және барлық мадақ Аллаһқа тән» (субханаллаһи уәл-хәмду лилләһ)4 көктер мен жердің арасындағы (кеңістікті) толтырады, намаз – нұр5 , садақа – дәлел6 , сабыр – жарық сәуле7 , Құран – сен үшін8 яки саған саған қарсы құжат9 . Барлық адам таңертең (өз шаруалары бойынша) шығады10, сонда ол өз жанын сатушы11 не оны құтқарушы12 не өлтіруші13 », – деді», – деген14 . Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Ұлы даналық Пайғамбарымызға (с.а.с.) аз сөзбен көп мағынаны жеткізу қабілеті дарыған еді. Ол өз сахабаларына үнемі барлық игілікті қамтып, барлық теріс іс-әрекеттерден сақтандыратын қысқа да нұсқа ақыл-кеңес беретін және 1 Ластықты кетіру немесе киімді, денені, орынды нәжістен тазарту үшін жасалатын кіші (таһара) немесе толық дәрет (ғұсыл) алуға ұқсас амалдар, бәлки, бұл жерде дәрет алу туралы ғана айтылған болуы мүмкін. 2 Аллаһ тағаланың мейірбандығы үшін Оған мақтау-мадақ айту, бұл жерде «Барлық мадақ Аллаһқа тән» дегені үшін берілетін сыйлық (сауап) туралы айтылған. 3 Қиямет күні Аллаһ тағала құлдарының амалдары тартылатын Таразының оң амалдар салынатын табағы туралы айтылған. 4 Аллаһ тағаланы ұлықтау және Оның қандай да бір кемшілігі болуы мүмкіндігін теріске шығару; «Аллаһ Пәк» деген сөзді айтқаны үшін берілетін сый. 5 Яғни жарық нұрдың тура жолға апаратыны сияқты намаз игі істерге апарады. 6 Иманның кәмілдігін көрсетеді. 7 Адамның нәпсі қалауын тізгіндеуі, өз жаны үшін қиын болған жағдайларға сабыр етуі, қандай да бір қайғы-қасірет болса да ақиқатта берік болуының көрінісі. Жарқыраған сәуле, яғни сабыр ету арқылы қайғы-қасірет шайылады. 8 Дәлел, нұсқау және саған қалқан болатын зат. 9 Аллаһ тағаланың Құранда көрсетілген бұйрықтарына адамның ілескеніне немесе ілеспегеніне байланысты болады. 10 Әркім өзіне қажет бір істі істеу үшін таңертең ерте кетеді. Бұл жерде таң қылаң берген кез бен күн шығар сәт арасындағы уақыт туралы айтылған. 11 Құлшылық, бойсұнуы арқылы жанын Аллаһ тағалаға сатушы немесе өз пәсісінің қалауымен шайтанға сатушы, мұндай жағдайда ол Аллаһ тағалаға бойсұнбайды және Оның ашуына тиетін амалдарға бой ұрады. 12 Өз жанын бұл дүниеде арсыздықтан, Ақыретте азаптан құтқарады. 13 Арсыздық пен азапқа апаратын істерді істеп, өз жанын опат етеді. 14 Муслим.
163 оның сөздері құрылымы жағынан күрделі емес әрі мағынасы да анық болатын. Қарастырылып отырған хадисте тамаша нақыл сөз, пайғамбарлық даналық пен өнеге-ғибраттың ең озық үлгілері бар. Төменде осы өнегенасихаттың мән-мағынасы талданып түсіндіріледі. 2. Тазалық және оның сыйы Тазалық – құлшылықтың қажетті шарты және Аллаһ тағалаға деген махаббаттың белгісі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Тәңіріне жалбарынушы мұсылманның ішкі сенімін арттыру мақсатында Аллаһ тағаланың: «Ей, адамдар! Сендерді жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар»1 , – деген бұйрығын бұлжытпай орындауға ниет танытқан мұсылманның өз Тәңірімен құл сипатында сөйлесуге дайындығы барысында тәні мен киімін таза ұстауы оның иманының өте маңызды және айқын әсері екенін түсіндіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа өте үлкен мән берген. Тазалану туралы Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар (сипаңдар). Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды (жуыңдар). Егер де жүніп (бой дәретсіз) болсаңдар толық тазаланыңдар»2 ; «Киіміңді тазала»3 , – деді. Мұсылман Аллаһ тағаланың алдында таза, тақуа, хош иісті кейіпте Жаратушы берген көркем бейнесін жоғалтпай тұру үшін қиындықтарға шыдап4 осы бұйрықтарды орындайды. Бұл аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың оған деген сүйіспеншілігін тудырады, өйткені Аллаһ: «Расында, Аллаһ тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазаланушыларды да жақсы көреді»5 , көреді»5 , – деген. а) Иманның жартысы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) таһарат және соған ұқсас тазарулардың сыйы Аллаһтың құзырында көбейіп иман үшін берілетін сый көлемінің жартысына жетуі мүмкін екендігін түсіндірді. Олай болатын себебі иман бұрынғы үлкен және кіші күнәларды жояды, ал тазару, әсіресе таһарат, бұрынғы ұсақ қателіктерді жояды, сондықтан оны иманның жартысына балайды. 1 «Бақара» сүресі, 21-аят. 2 «Мәида» сүресі, 6-аят. 3 «Муддәссир» сүресі, 4-аят. 4 Мәселен, суықтарда дәрет алу. 5 «Бақара» сүресі, 222-аят.
164 Осман (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім жақсылап дәрет алса, оның тәнінен қателіктер шығып кетеді, тіпті тырнағының астынан да шығады», – деді», – деген1 . Сонымен бірге иман ширк (көпқұдайшылдық), екі жүзділік және соған ұқсас ішкі азғындықтардан арылтады, ал дәрет сыртқы былғаныштардан тазалайды, сондықтан ол (таһарат) Қиямет күні мұсылмандардың белгісі болады. Пайғамбар (с.а.с.): «Шәксіз Қиямет күні менің үмбетім (мүшелері) таһарат іздеріне қарай2 оларды «ғурран мухажжалин»3 деп шақырады, кім өз жұлдызын ұлғайтуды қаласа, осыны орындасын4 », – деген5 . ә) Тазару (таһарат) – намаздың жартысы. Намазға қатысты хадистердің түсіндірмелерінің біріне сәйкес намазды иман деп те атайды. Бұлайша тұжырым жасауға Аллаһ тағаланың: «Аллаһ имандарыңды жоймайды»6 , – деген сөзі негіз болады. Мұнда «сендердің имандарыңды» деп (һижра жасағаннан кейінгі Пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалардың) Бәйтул-Мақдис (Иерусалим) жаққа қарап оқыған намаздары туралы айтылған. Жоғарыда айтылған пікірді қуаттаушы мухаддистер «таһарат иманның жартысы, яғни таһарат – намазды дұрыс орындаудың алғы шарты» деген. Ал шарт амалдың жартысы ретінде қарастырылатындықтан тазару намаздың жартысы болады. б) Тазалану – жаннаттың кілті. Аллаһ тағаланың Кітабында кәпірлердің тозаққа кіруіне олардың мұсылмандар қатарына қосылмағандығы себепші екендігі айтылған. Аллаһ тағала: «(Олардан:) «Сендерді тозаққа кіргізген не?» – (деп сұралады). Олар: «Біз намаз оқушылардан емес едік», – дейді»7 , – деген. Ендеше, намаз – тозақтан құтқаратын және жаннатқа апаратын жол. Ал тазару намаздың кілті болғандықтан, ол жаннаттың да кілті саналады. Пайғамбар (с.а.с.): «Жақсылап дәрет алып, содан соң намазға тұрып жүрегімен де, жүзімен де бұрылып екі ракағат намаз оқыған кез келген мұсылманға жаннат уәжіп болады»8 ; «Сендердің араларыңнан кім жақсылап (немесе өз дәрежесінде) дәрет алып, содан соң «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және 1 Муслим. 2 Яғни таһарат іздері жарқырап көрінеді. 3 Яғни маңдайлары ақ жұлдыздармен, аяғы мен қолы ақ білезіктермен белгіленген. 4 Яғни таһаратты өз дәрежесінде алу арқылы жарқырауды күшейтсін. Демек, олардың маңдайлары мен қол-аяқтары жарқырап тұрады. 5 Әл-Бұхари, Муслим. 6 «Бақара» сүресі, 143-аят. 7 «Муддәссир» сүресі, 42-43 аяттар. 8 Муслим.
165 Мұхаммед – Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін» десе, жаннаттың сегіз есігі міндетті түрде ашылады және ол қайсысынан (кіруді) қаласа, (сол есіктен) кіреді», – деген1 . в) Тазалық – иманның қасиеттерінен. Тазалану – иманның жасырын қасиеттерінің бірі, оны тек мұсылман ғана үзбей орындайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылманнан (мүміннен) басқа ешкім үнемі тазаланбайды», – деген2 . Тазарудың маңыздылығы сол: ол көзге көрінетін амал емес, кездесетін қиындықтары да бар, сондықтан да оны үздіксіз орындап жүруші адам жаннатқа басқалардан бұрын кіреді. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) таңертең тұрып Біләлді (Аллаһ оған разы болсын) шақырып алып: «Ей, Біләл! Жаннатқа менен бұрын (қалай барып қалдың)? Расында, кеше кешке мен жаннатқа кірдім және алдымнан сенің аяқ киіміңнің дыбысын естідім!» – деді. Біләл: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен қай уақытта азан айтсам да, одан кейін міндетті түрде екі ракағат намаз оқимын және қай уақытта дәретім бұзылса, содан кейін үнемі тазаланамын (таһарат аламын)», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Міне, осы себепті!» – деді3 . г) Тазалану – адам баласына берілген аманат. Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаһ Өз дінінен адамға (тазаланудан) басқа ешнәрсені аманат етпеді», – деді», – деген. Мұны тазалану тәнге қатысты шариғат заңдастырған рухани амал екендігімен түсіндіруге болады, оның орындалғанына аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ пен тазаланушы адамның өзі ғана куә болады. Тазалану тек адамның амалы мен ниеті арқылы ғана іске асады. Ниеттің жасырын болғаны сияқты таһараттың да орындалуына көп жағдайда ешкім куә бола бермейді. Сондықтан таһарат (ғұсыл) арқылы нәжістен (былғаныштан) тазару аманатты орындау болып табылады. д) Жүректің тазаруы. Егер сыртқы тазалықпен қатар рухани тазару болмаса, тәнді ғана тазартудың еш мәні жоқ. Сондықтан мұсылман-мүміннің тән тазалығы оның жүрегінің тазалығы, игі ниет, дұрыс ұмтылулар мен іс-амалындағы туралығы сабақтасып жатуы шарт. Имам әл-Ғазали бұл хадистегі сөз болып отырған тазалануды жүректің алдау-арбаудан, күншілдіктен, жек көрушіліктен және басқа да жүрек дерттерінен тазаруы деп түсіндірген, себебі осылар арқылы пенденің иманы 1 Муслим. 2 Ибн Мәжәһ, әл-Хаким. 3 Ибн Хузайма.
166 сақталады. Сонымен қатар ол тазаруды бойсұнбаудан және күнәлардан бас тарту деп түсінік берген. Құранда Аллаһ тағала бұзықтықтан аулақ болған Лутты (аләйһис-сәләм) қауымының қалай сипаттағанын келтіреді. Қауымы олар жайлы: «Олар өте тазасынған адамдар»1 , – деген еді. 3. Аллаһ тағаланы зікір ету (еске алу) және Оған алғыс білдіру Расында, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты, әсіресе Пайғамбар (с.а.с.) айтқан сөздермен жиі зікір ету және Оған алғыс білдіргені үшін (адамдарға) берілетін сый Қиямет күні Таразының ізгі амалдар тарабын толтырады, ал адам баласы Аллаһқа мадақ айтқанда Оны құрметтеу, ұлықтау және бірлеу (таухид) сөздерін қоса айтатын болса, ол Жаратушының құзырында құтылушылар мен Оған жақын болғандардың арасында болады. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа мадақ» (әл-хәмду лилләһ) (сөздері) Таразыны толтырады, «Аллаһ Пәк және мадақ Аллаһқа тән» (субханаллаһи уәл-хәмду лилләһ) (сөздері) көктер мен жердің арасындағы (кеңістікті) толтырады»2 ; ««Аллаһ Пәк» (Субханаллаһ) және «Аллаһ Ұлы» (Аллаһу әкбар) (сөздері) аспан мен жерді толтырады»3 ; ««Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» (лә иләһә иллаллаһ) (сөзінің) Аллаһқа жетуіне кедергі келтіретін ешнәрсе жоқ», – деген4 . Осы төрт сөзді айтудың қадір-қасиеті туралы хадистер өте көп. Мәселен, Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) жеткізген риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, (барлық) сөздерден Аллаһ төрт сөзді таңдады: «Аллаһ Пәк» (Субхан Аллаһ), «Аллаһқа мадақ» (әлхамду лилләһ), «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» (лә иләһә иллаллаһ) және «Аллаһ Ұлы» (Аллаһу әкбар), осы (себепті) кім «Аллаһ Пәк» десе, оған жиырма ізгі амал жазылады, жиырма жаман амал одан алып тасталады, кім «Аллаһ Ұлы» десе, оған да осындай (жақсылық) жасалады, кім «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» десе, оған да осындай (жақсылық) жасалады және кім «Аллаһқа мадақ» десе, оған да осындай (жақсылық) жасалады, ал кім шын пейілімен «Әлемдердің Раббы Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын» (әл-хәмду лилләһи раббил-ъаламиин) десе, бұл үшін отыз ізгі амал жазылып, отыз жаман амал одан алып тасталады», – деген5 . Сонымен кімде-кім жоғарыда айтылған сөздерді шын жүрегімен және жан-тәнімен, әрбір сөздің мағынасы жайлы ойланып, шүбәсіз сеніп айтса, ол 1 «Ағраф» сүресі, 82-аят және «Нәмл» сүресі, 56-аят. 2 Әт-Тирмизи. 3 Муслим. 4 Әт-Тирмизи. 5 Ахмад.
167 шын мәнінде өте үлкен сыйға ие болады, өйткені аспан мен жердің арасын расында да өте ұлық нәрсе ғана толтыра алады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Егер Аллаһтың құлы шын ықыласымен: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» десе, ол үшін міндетті түрде аспан қақпалары ашылады және (бұл сөздер, ол адам) ешқандай ауыр күнә жасамаған болса (Аллаһтың) Аршына жетеді1 », – деді», – деген2 . Осыған байланысты ғұламалар бұл төрт сөздің жемісі мәңгілік ізгі амалдар деп есептеген. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»3 , – деді. Бұл сөздер үшін берілетін сауап аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың қасында көбейіп арта береді әрі бұл байлық әйелдер мен балалардан жақсы. а) Жүрек тыныштығы. Аллаһты зікір еткен кезде мұсылманның жан-дүниесіне әсері жетуі үшін, жаны тыныштық тауып, барлық амалдарында туралықты ұстануы үшін мүмкіндігінше айтылатын сөздердің мағынасын түсініп, ықыласпен, шын жүректен айту қажет. Аллаһ тағала: «Сондай иман келтіргендер және Аллаһты зікір ету арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Аллаһты зікір етумен жүректер орнығады»4 , – деген. ә) Жиі зікір ету. Мұсылман пенде жүрегі мен жан-дүниесінің тыныштықта болуына өтемөте мұқтаж, сондықтан да Аллаһ тағаламен үнемі байланыста болу, Оған арқа сүйеп, Одан жәрдем алу үшін, сондай-ақ Оның мейірімі мен кешіріміне жету мақсатындағы ұмтылыстарына Аллаһ тағаланың көмегі тиюі үшін ол міндетті түрде Жаратушысын өте жиі еске алуы керек. Бұл Аллаһ тағала Өз патшалығында құлын еске алып, оны Өз мейірімімен қорғап, ақиқат жолына бағыттауы үшін қажет. Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһты өте көп зікір етіңдер. Оған ертелі-кеш5 тәсбих айтыңдар. Ол сондай (Аллаһ) сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін мейіріміне бөлеп, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ ол мүміндерге аса Рақымды»6 , – деген. 1 Аллаһтың аршы жаннаттың ең жоғарғы шегінің шатыры, оған жеткен адам ең жоғары дәрежеге және ең жоғары жағдайға жетеді. 2 Әт-Тирмизи. 3 «Кәһф» сүресі, 46-аят. 4 «Рағд» сүресі, 28-аят. 5 Бұл жерде үздіксіз орындау керектігі туралы айтылған. 6 «Ахзаб» сүресі, 41-43 аяттар.
168 4. Намаз – нұр Намаз – берік бекітілген міндет және Исламның негізгі тіректерінің бірі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) түсіндіргендей, намаз – шүбәсіз анық нұр және кім намаз оқыса, ол оны тура жолға алып шығады әрі күнәдан қайтарып, игіліктер жолына бастайды. Аллаһ тағала: «Күдіксіз намаз арсыздық және жамандықтан тыяды»1 , – деді. Табиғи жарықтың дұрыс, қауіпсіз жолды көрсететініндей, намаз да – тура жол мен шындық бағытын жарық ететін рухани нұр. Намаз мұсылманға бұл дүниеде құрметке ие болуға және ішкі дүние сұлулығына жетуге көмектеседі, ал Қиямет күні намаз нұры оның жүзін сәулелендіреді. Аллаһ тағала: «...олардың нұры алдарында және оң жақтарында жүреді»2 , – деген. Себебі Аллаһ тағалаға қатысты туралықты ұстанып, Оған жалыныпжалбарынып, күніне бес рет Аллаһ тағаланың алдында бас иетін адам өзінің биік адамгершілік қасиеттерімен, мінез-құлқымен, тақуалығымен және арұятымен ерекшеленіп, адамдарға қатысты да туралықты ұстанады, ал аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ оның жүзін нұрмен сәулелендіреді, оның жүрегіне нұр ендіреді. Аллаһ тағала: «Олардың жүздерінде сәжделер ізінің нышаны бар»3 , – деді. Убада ибн Самит (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Егер адам) алдымен толық тазаланып, уақытына сай түрегеліп, қорқынышпен бойсұнып, (барлық тиісті) рукуғтары мен сәжделерін орындап, намазына берік болса, ол (намаз) «Сен мені қалай сақтаған болсаң, Аллаһ сені солай сақтасын!» деп тап-таза және жарқыраған халде көкке көтеріледі. Сөйтіп Аллаһ тағаланың алдына барып, өзін орындаған адамға шапағатшы болады», – деді», – деген4 . а) Жамағатпен оқылған намаз бен мешіттің нұры. Егер мұсылман жамағатпен оқылатын намазға үзбей қатысса, ол үшін нұр үстіне нұр қосылады, ал жамағатпен оқылған намаз мешітте оқылса, онда бұл нұр тіптен толығады, намаз оқушы табыстарға жетеді және Аллаһ тағалаға жақын болған тақуалармен бірге басқалардан бұрын жаннатқа кіреді. Пайғамбар (с.а.с.): «Кім бес уақыт намазды жамағатпен бірге орындаса, адамдардың бірінші тобында Сырат көпірінен жарқ еткен найзағайдай өте шығады және қайта тірілу күні түндегі толған айдай боп түрегеледі»5 ; 1 «Анкабут» сүресі, 45-аят. 2 «Тахрим» сүресі, 8-аят. 3 «Фатх» сүресі, 29-аят. 4 Әт-Табарани. 5 Әт-Табарани.
169 «Қараңғыда мешітке баратындарды Қиямет күніндегі нұрмен сүйіншіле», – деген1 . ә) Көз қуанышы және қайғы-қасіреттен құтылу. Намаз – құлдың өз Тәңірімен байланыста және өзін жаратқан Жаратушысымен құпия әңгімеде болуы, сондықтан ізгілер үшін намаз көз қуанышы болып табылады. Олар қиындыққа тап болған кездерінде немесе оларды қайғы-мұң меңдеген кездердің бірінде намаз оқиды да, намаздан тыныштық пен тынығу табады. Және олар «Мен үшін намаз көзімнің қуанышы етілген»2 деген барлық елшілердің мырзасы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзін қабылдаса, оның таңғаларлығы жоқ, өйткені ол (с.а.с.) өзін қандай да бір көңілсіздік (қапалану) билегенде: «Ей, Біләл! Намаздың басталуы туралы жарияла және онымен бізді тынықтыр», – дейтін3 . 5. Садақа – айғақ, дәлел (бурһан) Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүмін-мұсылманның рухы тәнінен шыққанда, онымен (рухпен) күн сәулесіндей сәуле (бурһан) бірге болады», – деген. «Бурһан» сөзінің мағынасы – күннен шығатын жарықтың сәулесі. Бір жайттың анық-айқындығына байланысты бұлтартпайтын дәлелге де «бурһан» деген сөз қолданылады. Ал садақа – иман дұрыстығының, жан-дүние игілігінің, онда иман мен оның табы бар екендігінің айғақ-белгісі. Пайғамбар (с.а.с.): «Иманның дәмін мына үш (амалды) орындаған (кісі) сезінетін болады: Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына (куәлік бере), тек қана Аллаһқа құлшылық қылған және өз разылығымен әр жылы (басқаларға) жәрдем ретінде малынан зекет берген», – деген4 . Адам баласының жаны мал-мүлікті жақсы көреді әрі оған сараңдық істейді. Егер адамның жан-дүниесі оған аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ жолында мал-мүлік беруіне мүмкіндік жасаса, бұл оның Аллаһқа деген иман-сенімінің шынайы екендігін көрсетеді және Оның уәделері мен қорқытуын мойындағанының белгісі болады. Тазару және шыншылдық Дүние былығынан тазарған, Аллаһқа ниеті, амалдары әрі сөздерімен алғыс білдіруші және Аллаһқа бойсұнуға қатыстының барлығын толығымен орындаушы мұсылман пенде дүниеқорлық пен сараңдықтың айрықша белгілі көріністері болып табылатын рухани азғындықтан да тазарады. 1 Әбу Дауд, әт-Тирмизи. 2 Ахмад, ән-Нәсәи. 3 Әбу Дауд. 4 Әбу Дауд.
170 Мұсылманға әр уақытта кеңпейілділік пен жомарттық қана тән, өйткені иман мен сараңдық бір кеудеге сиыспайды. Аллаһ тағала: «Кім нәпсісінің сараңдығынан сақтанса, міне, солар – құтылушылар»1 , – деді. Демек, бұл амалдардың ерікті не міндеттілігіне қарамастан, садақа мен түрлі қайырымдылық мақсаттарда қаржы жұмсау, Аллаһ тағаланың разылығына жету үшін және Аллаһ тағала жолында кедейлер мен мұқтаждарға жәрдем көрсету – иман кемелдігі мен мұндай амалды жасаушы адамның үлкен табысқа жеткен мұсылмандар қатарында екендігінің айқын белгісі әрі бұлтартпас дәлелі. Аллаһ тағала: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар намаздарында жан-тәнімен беріліп тұрады. Олар бос әрекеттерден аулақ болады. Олар зекеттерін береді»2 , – деген. 6. Сабырлылық – жарық шұғыла Жарық шұғыла дегеніміз – қыздыратын әрі жандыратын сәуле. Тап-таза, жарқырап тұрған, бірақ өртемейтін ай сәулесімен күн сәулесінің айырмашылығы осында. Сабырлылық (осындай) жарық сәуле, өйткені оны адам жанының орындауы ауыр, бұл адамнан өз нәпсісімен күресуді және нәпсісінің қалауын тізгіндеуді талап етеді. Сабырлылық – жеңіске апарар жол Мұсылман сабырын жоғалтпаса, туралықтан адаспайды. Өйткені бұл өмірде адам баласы түрлі қиындықтар мен қайғы-қасіретке кездеседі, олардың бәрі адамнан берік болуды, мойымауды және күш-қуат, қайратжігерді талап етеді, болмаса адам баласы апатқа ұшырайды. Өз өмірінде мұсылман баласы сабырлылыққа қандай мұқтаж десеңізші! Аллаһ тағалаға құлшылық ету және түрлі жағымсыздықтар мен қиындықтарға шыдамдылық көрсету, бұлардың бәрі сабырлылықты қажет етеді. Мінеки, сабырлылыққа ешқандай күш-қайрат теңесе алмауының себебі осында. Сабырлылық туралықты ұстанып, дұрыс жолмен жүріп бара жатқан сабырлы адамның жолын нұрландырып тұратын жарық сәуле іспетті. Сол үшін де сабырлы мұсылман-мүміндер Аллаһ тағаланың мақтауы мен Оның қосымша сый-сияпатына лайық болған. Айюбты (аләйһис-сәләм) мадақтаған Аллаһ тағала: «Шынында, оны сабырлы таптық. Ол қандай жақсы пенде! Өйткені – ол өте тәубешіл»3 ; «Сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар: «Шын мәнінде, біз Аллаһқа тәнбіз әрі Оған қайтушымыз» деді. Міне, соларға Раббылары тарапынан салауат (яғни мақтау) және рақымшылық бар. Әрі олар – тура жолдағылар»4 , – деді1 . 1 «Хашр» сүресі, 9-аят және «Тағабун» сүресі, 16-аят. 2 «Муминун» сүресі, 1-4 аяттар. 3 «Сад» сүресі, 44-аят. 4 «Бақара» сүресі, 155-157 аяттар.
171 7. Құран – дәлел Құранды басшылыққа алу, оның әмірлері мен тыйымдарына бағыну, ол нұсқаған биік адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірудің арқасында дұрыс жолға түскен мұсылман үшін Құран – тура жол әрі нұсқау. Осылайша әрекет еткен адам Құранды оқып пайда табады, сөйтіп Құран оны бұл өмірде құтылуға жеткізеді, ал Қиямет күні оны қорғаушы болады. Кім Құранда көрсетілген сара жолдан ауытқыса және Құран өсиеттерінен алыс болса, онда Қиямет күні Құран оның қарсы дәлелі болады, өйткені Құранды оқып, оған амал қылмаған адамның өзі тура жолдан ауытқып кеткені туралы мәлімдеп, өзіне-өзі қарсы куәлік береді. Аллаһ тағала: «Негізінде осы Құран ең тура жолға бастайды»2 , – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «Мен сендерге, егер оны ұстансаңдар, менен кейін еш адастырмайтын зат қалдырдым; ол – Аллаһтың кітабы»3 ; «Құран оқыңдар, өйткені расында Қиямет күні ол шапағатшы болып келеді», – деген. Мұсылман-мүміннің сауығуы және кәпір мен екіжүздінің дерті Аллаһ тағаланың Кітабынан мұсылман-мүмін өзі үшін тән мен жан ауруларына шипа табады. Ол Құранды оқыған сайын ол туралы ойға шомады, жаны сәулеленіп, қуаныш-шаттыққа беріледі. Ал Құран сөздерін естіген кәпір үрейленіп жаны уайым-қайғыға түседі және ол өлімім жеткен екен деп ойлайды. Аллаһ тағала: «Құраннан мүміндерге шипа мен рақым түсіреміз. Ал ол залымдардың зиянын арттыра түседі»4 , – деді. Бұрынғы өткендерден бір кісі: «Құран оқуға5 отырғандардың ешқайсысы бұдан кейін орнынан сол қалпында тұрмайды: не қандай да бір нәрсе табады не жоғалтады», – деп, сонан соң жоғарыдағы аятты оқыпты. Жаннат жолында Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің тамаша нұсқаулары мен ғажайып өсиеттерін түрлі адамдарға қатысты түсіндірмесімен сабақтайды. Барлық адамдар таңның атқанын да, күннің батқанын да көреді, бірақ олардың жағдайлары бірдей емес. Олардың арасында Раббысының разылығын іздеп, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһпен және адамдармен ара-қатынасында адалдығынан айнымай және өзін азаптау мен опат болудан құтқарып, өмірін Аллаһ тағалаға бағынумен өткізетіндер бар. Мұндай адам жан-дүниесімен де, ақыл-парасатымен де азаттықта болады, оның ойы да, еркі де бостандықта, еркіндікте, ол мәңгілік жаннат пен оның мәңгілік рақатынан басқа құндылықты қабыл алмайды. Олардың арасында Аллаһты еске алмай 1 Сабырлылық туралы толық айтылған 8-хадисті қараңыз. 2 «Исра» сүресі, 9-аят. 3 Муслим. 4 «Исра» сүресі, 82-аят. 5 Бұл Құран тыңдап отыруға да қатысты.
172 уақытын босқа өткізетін, Оның әмірлеріне қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындар да бар. Олар сол әрекеттері арқылы өздерін апатқа жетелейді, өз жанын қауіп-қатердің тұңғиық терең иіріміне тастап, ештеңеге арзымас арзанға сатылады. Мұнысы үшін ол пәни дүниенің бақытсызы болса, бақи дүниеде тозақтың мәңгілік тұтқынына айналады. Өйткені ол өз нәпсісі мен шақуат-қалауының тұтқыны болып, нәпсісі мен шайтанына бағынған еді. Пайғамбар (с.а.с.): «Барлық адамдар таңертең (өз шаруасымен) шығады және сонда ол өз жанын сатушы не оны құтқарушы не өлтіруші», – деген. Сондықтан әрбір адам не өз жанының өліміне (апатқа ұшырауына) немесе құтқарылуына (амандығына, азаттығына) ұмтылады. Аллаһқа бағынуға ұмтылған адам өз жанын Аллаһқа сатады да, Оның тарапынан болатын азаптан құтылады. Ал Аллаһ тағалаға бойсұнбауға ұмтылушы адам өз жанын арсыздыққа айырбастап, оны Аллаһтың ашу-ызасы мен жазалауына сөзсіз душар ететін күнәлардың шыңырауына құлатады. Аллаһ тағала: «Нәпсіге және оны Толықтағанға. Сонда оған жамандық әрі тақуалық (қабілетін) бергенмен ант етемін. Расында, (нәпсісін) тазартқан кісі құтылды да, әлдекім оны кірлетсе, қор болды»1 , – деді. Демек, кімде-кім Аллаһқа бойсұну арқылы өзінің жан әлемін тазартса, құтылады, ал кім өз жанын күнәлардың құрдымына құлатса, ол қор болады. Бойсұну жанды тазартады әрі жоғары дәрежеге көтереді, ал бойсұнбау оны тасада қалдырады да тұншықтырады, нәтижесінде рух құлдырайды. Аллаһ тағала: «Расында, зиянға ұшырағандар, Қиямет күні өздерін де, үйіштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Осы анық зиянға ұшырағандық» де»2 , – деген. Қабыл болатын және құтылуға жеткізетін куәлік Мұсылман өз жанын тозақтан құтқару үшін әрқашан көмек сұрап жалбарынады. Ол көмек сұрауды иманын нұрландыру мен Аллаһ тағаланы еске алу арқылы сенімін берік етумен орындайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Кім таңертең және кешке: «Уа, Аллаһ! Расында мен осы таңда Сені және Сенің Аршыңды көтеріп тұрушыларды, Сенің періштелеріңді, Сен жаратқан барлық (мақлұқтарды) Сенің Аллаһ екендігіңе және Сенің Жалғыз, Сенен басқа ешбір құдайдың жоқ екендігіне, Сенің ешқандай серігіңнің жоқ екендігіне, сондайақ Мұхаммед – Сенің құлың әрі Сенің елшің екендігіне куә етемін» (Аллаһумма, инни асбахту3 ушһидукә, уә ушһиду хәмәләтә ъаршикә, уә мәләикәтәкә, уә жәмиъа халқикә, әннәкә әнтәллаһу лә иләһә иллә әнтә, уахдәкә лә шәрикә ләкә, уә әннә Мухаммәдән абдукә уә расулукә) десе, 1 «Шәмс» сүресі, 7-10 аяттар. 2 «Зумәр» сүресі, 15-аят. 3 Кешке «асбахту» деудің орнына «әмсәйту» дейді.
173 Аллаһ оның төрттен бір бөлігін оттан құтқарады, ал кім екі рет айтса, Аллаһ оны оттан жартылай босатады, ал кім үш рет айтса, Аллаһ оның оттан төрттен үшін босатады, ал кім төрт рет айтса, Аллаһ оны оттан бүтіндей босатады», – деген1 . Өйткені мұндай куәлік беру аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың алдында адам жанына қорқыныш әкеледі және Оған бойсұну құштарлығы мен Оған бағынбай кетуден қорқу сезімін тудырады, сондай-ақ тозақтан алыстау мен аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың мейіріміне жақындаудың себебіне айналады. Пайғамбар (с.а.с.): «Кім таңертең мың рет: «Аллаһ Пәк және Аллаһқа мадақ» (субханаллаһи уә бихәмдиһ) десе, ол Аллаһтан жанын сатып алады әрі сол күннің кешіне дейін ол тозақ отынан босатылады», – деген2 . Жанды Аллаһ тағаладан басқа ешкімге сатпау жайлы Расында, мұсылман-мүміннің қадір-қасиеті өте жоғары, ал бағасы өте құнды, сондықтан ол өз жанын аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан басқаға сатудан бас тартады. Өйткені ол Оның жаратқан мақлұқтарының арасынан өз жанына лайық баға беретін ешкімді таппасы анық. Шынында, қалайша бұлай болуы мүмкін, өйткені мұсылман-мүмін мен Жаратушының арасындағы келісім әл-Мисақта жасалған болатын. Аллаһ тағала: «Күдіксіз Аллаһ мүміндердің жандары мен малдарын жаннатпен айырбастап алды»3 , – деді. Міне, сол үшін де олар Аллаһ тағаланы разы етуге ұмтылады және Оның ашу-ызасын келтіретін әрекеттердің бәрінен аулақ жүреді, олар сыйларын түгел алғанша осылай етуін жалғастыра береді. Ондай адамдарды мына дүниенің байлығы қызықтыра алмайды, ешбір байлық алдай алмайды, қоқан-лоқы бөгей алмайды және өлім қорқынышы да оны тоқтата алмайды. Аллаһ тағала: «Адамдардың арасында Аллаһтың ризалығын іздеп жанын сататындар бар. Аллаһ құлдарына Мейірбан»4 ; «Мүміндерден Аллаһқа берген уәделерін шындыққа шығарған5 ерлер бар: олардан кейбіреуі жанын құрбан қылса, енді біреулері (жеңіс немесе шәһид болуды) күтуде. Олар (серттерін) әсте ауыстырмады»6 , – деген. 1 Әбу Дауд. 2 Ибн Ражаб. 3 «Тәубе» сүресі, 111-аят. 4 «Бақара» сүресі, 207-аят. 5 Бұл сөздерді «иман үшін шайқаста қаза болған» деген сөзбен аударма жасауға да болады. 6 «Ахзаб» сүресі, 23-аят.
174 8. Хадис неге бағыттайды? а) Иман дегеніміз – сөз және амал. Иманның көбеюі де, азаюы да мүмкін. Ізгі амалдар мен Аллаһқа бойсұну оны көбейтеді, ал бойсұнбау мен күнәлар азайтады. ә) Барлық амалдар Таразыға тартылады. Құран аяттары мен хадистер көрсеткендей, сондай-ақ барлық ғұламалардың бірдей пікірлеріне сай амалдар ауыр және жеңіл болады. Пайғамбар (с.а.с.): «Әр-Рахман жақсы көретін екі сөз бар: тілге – жеңіл, Таразыда – ауыр. (Олар) «Аллаһ Пәк және Аллаһқа мадақ, Ұлы Аллаһ Пәк» (субханаллаһи уә бихәмдиһи уә субханаллаһил-ъазыйим)»1 ; «Таразыға салынатын ең ауыр (нәрсе) жақсы мінез-құлық», – деген. б) Намазды, оның барлық тіректерін, міндеттерін, сүннеттері мен әдептерін, қажетті шарттарын толық сақтай отырып өз уақытында бұлжытпай, ұдайы орындау керек. в) Түрлі игі істерге мүмкіндігінше көбірек қаржы жұмсау, кедейлер мен кембағалдардың мұқтаждықтарын өтеу және алақан жаюға арланатын жетім-жесірлер мен мұқтаж адамдарға қажет-керегіне жұмсау үшін Аллаһ тағала жолында қайыр-садақа беру қажет. г) Мұсылман қиындықтарға, әсіресе шариғат құптаған істерге шақырған, шариғат теріске шығарған істерден қайтарған, сондай-ақ Аллаһ тағалаға бет бұруға уағыздаған кездерінде кездесетін қиындықтарға сабырлылық пен төзімділік көрсетуі керек. Аллаһ тағала: «Басыңа келген ауырлыққа сабыр ет»2 ; «(Мұхаммед!) Пайғамбарлардан берік шешімге ие болғандар сабыр еткендей сабыр ет»3 , – деді. д) Құран – мұсылман үшін негізгі заң. Ол оның мағынасын түсініп соған сәйкес амал ету үшін Құранды оқуы керек. е) Мұсылман аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа бойсұна отырып, Одан басқа ешкімге және ештеңеге алаңдамастан уақытын босқа өткізбей, дүниеақыретте өзіне пайдалы болатын амалдарға ұмтылады. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 «Лұқман» сүресі, 17-аят. 3 «Ахқаф» сүресі, 35-аят.
175 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ХАДИС ЗҰЛЫМДЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛУ Әбу Зарр әл-Ғифари (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аса Құдіретті де Ұлы Раббы: «Ей, Менің құлдарым! Шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты1 харам еттім және оны сендердің араларыңда да харам еттім, енді біріңе-бірің зұлымдық етпеңдер! Ей, Менің құлдарым! Менің тура жолға салғандарымнан2 басқаларың түгелдей адасуда едіңдер, енді Менен тура жолға түсіруімді сұраңдар, Мен сендерді тура жолға түсіремін! Ей, Менің құлдарым! Мен тамақтандырғаннан басқаларың түгелдей аш едіңдер, енді Менен тамақтандыруымды өтініңдер, Мен сендерді тамақтандырамын! Ей, Менің құлдарым! Мен киіндіргеннен басқаларың түгелдей жалаңаш едіңдер, енді Менен киіндіруімді өтініңдер, Мен сендерді киіндіремін! Ей, Менің құлдарым! Расында, сендер күндіз-түні күнә істейсіңдер, ал Мен барлық күнәларды кешіремін, енді Менен кешірім өтініңдер, Мен сендерді кешіремін! Ей, Менің құлдарым! Расында, сендер еш уақытта Маған зиян да, пайда да келтіре алмайсыңдар! Ей, Менің құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, сендердің ең тақуаларыңның жүрегіндей3 тақуа болғанда да, Менің патшалығыма бұларың ешнәрсе қоса алмас еді! Ей, Менің құлдарым! Егер сендерден алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, сендердің ең күнәкарларыңның жүрегіндей4 күнәкар болғанда да бұларың Менің патшалығымнан ешнәрсені азайта алмас еді! Ей, Менің құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, бір жерде (жиылып) тұрып Менен (қандай да бір нәрсені) өтінсе, Мен олардың әрқайсысына сұрағанын берер едім, бұл Мендегі барды теңізге батырылып шыққан ине (теңіз суын қаншалықты) азайтса5 , соншалықты ғана азайтар еді! Ей, Менің құлдарым! Расында, бұл – Мен есептеген6 амалдарың ғана, сонан соң сендерге сол (амалдарың) үшін 1 «Зұлымдық» сөзінің мағынасы «қандай да бір нәрсені өз орнына қоймау»; бұл жерде Аллаһқа қатысты халалдың шекарасын бұзу немесе адамдарға әділетсіз қатынас жасау туралы айтылған; «Мен Өзіме зұлымдықты харам еттім» дегеннің мағынасы: әділетсіздік Менің тарапымнан шықпайды, өйткені Мен одан Жоғарымын және Менің онымен ешқандай ортақ нәрсем жоқ (ешқандай қатысым жоқ), одан Пәкпін. 2 Оларға елшілердің не нәрсемен келгенін көрсеттім және олардың осыған келуіне жәрдем еттім. 3 Бұл жерде Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) туралы айтылған. 4 Мұнда Ібіліс туралы айтылған. 5 Бұл жерде суға батырып алған иненің ұшында қанша су қалатыны сипатталған. 6 Оларды Өз біліміммен және адамдардың амалдарын жазатын періштелерім арқылы есепке аламын.
176 толық баға беремін, сол кезде кім игілікке жетсе1 , Аллаһқа мадақ айтсын, ал кім басқа бір нәтижеге ие болса, оны тек қана өзінен көрсін!» – деп айтқан», – деді», – деген2 . Хадистің маңыздылығы Аллаһ тағаланың сөздері келтірілген бұл қудси хадис ұлы және игілікке толы, Исламның негіздерін, тармақтары мен әдеп ережелерін қамтиды. Бұл хадисті риуаят еткен кісілердің бәрі Дамаскіде өмір сүрген. Ахмад ибн Ханбал: «Шам тұрғындары үшін осы хадистен қымбат хадис жоқ», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Қасиетті хадистің (қудси хадис) анықтамасы Пайғамбар (с.а.с.) жеткізген, кей кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) арқылы қабылданатын, ал кейбір уақытта Пайғамбарға (с.а.с.) қалаған сөздерімен мағынасын жеткізу құқығы беріліп уахи, түйсік яки түс көру арқылы жететін аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың сөздері келтірілген хадис осылай аталады. «Қудси хадистің» басқа хадистерден айырмасы: мұнда Пайғамбар (с.а.с.) тек Тәңірінің сөздерін жеткізеді. Сол себепті көп жағдайда хадис Аллаһ тағалаға телінеді. Бірақ ол Пайғамбарға (с.а.с.) да тиесілі бола алады, өйткені ол өз Раббысының сөздерін жеткізеді. Жоғарыда келтірілген анықтама «қудси хадистің» Құран Кәрімнен көптеген айырмасы бар екенін көрсетеді. а) Құран Кәрімнің қудси хадистен айырмасы Құран Кәрім сөз құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да мұғжиза. ә) Намаз Құран қырағат етумен дұрыс болады, ал қудси хадис намазда оқылмайды. б) Құран Кәрімді мойындамаған адам кәпір болады, ал қудси хадистердің қандай да біреуін мойындамаған адам «пасық» (күнәкар) болады. в) Құран Кәрім сөз құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан да Аллаһ тағаладан келеді, ал қудси хадисті Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сөзімен жеткізеді, ал мағынасы – Аллаһтан келген уахи. г) Құран Кәрімді мағынасы бойынша жеткізуге болмайды, ал қудси хадисті мағынасымен жеткізуге рұқсат етіледі. д) Құран Кәрімді тек таһараты бар адамның ғана ұстауына болады, ал қудси хадиске бұл қажетті шарт емес. 1 Яғни кім Аллаһтың сыйлығын алып жаннатқа кірсе. 2 Муслим.
177 е) Бой дәреті жоқ адамның Құран Кәрімді оқуына да, өзімен бірге алып жүруіне де рұқсат етілмейді, ал қудси хадисді мұндай адамның оқуына және алып жүруіне рұқсат етіледі. ж) Кім Аллаһтың Кітабынан бір әріпті оқыса, он ізгі амалды орындағанның сауабы жазылады, ал қудси хадисді оқығаны үшін ешқандай сауап жазылмайды. «Қудси хадистер» (әл-ахадисул-қудсия), сондай-ақ «тәңірлік хадистер» (әл-ахадисул-иләһия) деп те аталатын хадистер жүзден асады және кейбір имамдар оларды бір кітапқа жинақтаған. Мәселен, Әли ибн Балбан өзінің «Әл-Мақасидус-сунния фил-ахадисил-иләһия» деген кітабында осындай жүз хадисті жинаған. 2. Аллаһ Өзіне зұлымдықты харам еткен Бұл хадисте аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ: «...расында, Мен Өзіме зұлымдықты харам еттім», – деп, құлдарына әділетсіздік жасауды Өзіне харам етті. Бұл ой Аллаһ тағала тарабынан Құран Кәрімде де айтылған. Аллаһ тағала: «Сондай-ақ Мен құлдарыма зұлымдық істеуші емеспін»1 ; «Расында, Аллаһ адамдарға еш зұлымдық қылмайды»2 ; «Расында, Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да зұлымдық істемейді»3 , – деген. 3. Құлдардың зұлымдық жасауына тыйым салу Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ Өз құлдарының зұлымдық жасауын харам етті, олардың өзара әділетсіз болуына және әрбір адамның басқаларға қатысты әділетсіздік көрсетуіне тыйым салды. Әділетсіздіктің (зұлымдықтың) екі түрі бар: а) Адам жанының өзіне қатысты зұлымдық жасауы, оның ең үлкен көрінісі – көпқұдайшылдық. Аллаһ тағала: «Расында, ширк – өте үлкен зұлымдық»4 , – деді. Бұлай айтылуының себебі, көпқұдайшылдықта жаратылғанды (мақлұқты) жаратушы дәрежесіне көтереді және ешқандай серігі жоқ Аллаһ тағалаға серік қосып құлшылық етеді. Аллаһқа серік қосу түрінде көрініс тапқан зұлымдықтан кейінгі екінші орында бойсұнбау мен ауыр және жеңіл күнәлар жасау тұрады. Бұл пендені дүниеде және Ақыретте азап пен қор болуға апаратын өз жанына қатысты зұлымдықтың көрінісі болып табылады. 1 «Қаф» сүресі, 29-аят. 2 «Юнус» сүресі, 44-аят. 3 «Ниса» сүресі, 40-аят. 4 «Лұқман» сүресі, 13-аят.
178 ә) Адамның басқаларға қатысты зұлымдық жасауы. Көптеген хадистерде Пайғамбар (с.а.с.) зұлымдықтың харам екенін айтқан және одан адамдарды сақтандырған. Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, зұлымдық Қиямет күні қараңғы түнек (болып оралады)», – деді», – деген1 . Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаһ залымға мерзімін ұзартады, ал егер ұстаса, онда жібермейді (босатпайды)», – деді. Сонан соң: «(Мұхаммед!) Залым елдерді қолға алғанында, Раббыңның қолға алуы осындай2 . Шәксіз, Оның қолға алуы күйзелтуші, қатты» 3 . – деген аятты оқыды», – деген4 . Адамдар арасында бір-біріне қатысты әділдік орнату және зұлымдыққа тыйым салу Исламның басты мақсаттарының бірі екендігіне дау жоқ, өйткені қандай билік немесе қандай өркениет жүйесін құру болса да әділдікке негізделуі шарт. Әділетсіздік, Аллаһ тағаланың Ақыретте ашуызасына себепші болатынынан тыс бұл өмірде халықтың әлсіреп кері кетуіне, өркениеттің күйреуіне және бақыттың жоғалуына апарады. 4. Аллаһқа мұқтаждық Барлық адам дүниеде әрі Ақыретте пайда табу үшін және өзіне зиян келтіретіндерден сақтану үшін Аллаһ тағалаға мұқтаж. Олар Аллаһтың басшылық жасауына, Оның бұл дүниеде сыйлаған үлесіне және мәңгілік өмірде Оның мейірімі мен кешіріміне өте-мөте мұқтаждықта болады. Мұсылман аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа деген өз мұқтаждығы мен Аллаһ тағалаға тәуелділігін табу арқылы Жаратушы Иесіне жақындай алады. Оның бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһтың құлы ретіндегі хақиқи жағдайы төмендегі үш түрлі көріністің біреуіне саяды: а) Жалбарынуда көрініс табады. Аллаһ тағала адамдардың Өзіне мұқтаждығын білуін дүние мен Ақыретте өздеріне қажеттілер туралы, соның ішінде тамақ, киім, кешірім мен басшылық жасауын өтінгенін жақсы көреді. ә) Тура жолға бастауын сұраған өтінішінен көрінеді. б) Аллаһқа толық бағынуда көрініс табады. Бағыну Аллаһ тағаланың тыйым салғандарынан қашықтау мен Ол нені әмір етсе, соны орындау арқылы іске асады. 1 Муслим. 2 Бұл жерде жазалау туралы айтылған. 3 «Һуд» сүресі, 102-аят. 4 Әл-Бұхари, Муслим.
179 ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ХАДИС АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ МЕЙІРІМІНІҢ МОЛДЫҒЫ Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары қатарындағы адамдар1 Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Барлық сауапты байлар алады, өйткені олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады және өз байлықтарының артығынан садақа етіп таратады», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ал Аллаһ сендер үшін садақа жасай алатын нәрсе дайындамады ма? Шынында, әрбір дәріптеу (субханаллаһ), әрбір ұлықтау (Аллаһу әкбар), әрбір мадақтау (әлхәмду лилләһ) және әрбір «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» (лә иләһә иллаллаһ) сөздерін айту, жақсылыққа үгіттеп, жамандықтан қайтару, тіпті сендердің әрқайсыларыңның жыныстық қатынас жасауларың да сендер үшін садақа», – деп жауап қайтарды. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Біздерден біреу өз шақуат талабын қанағаттандырғаны үшін де сауап ала ма?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Айтыңдаршы, егер (сендерден біреу) өз (шақуат талабын) тыйым салған (жолмен) қанағаттандырса, күнә болмай ма? Демек, сол сияқты, оны халал жолмен қанағаттандырса да сауап алады», – деді», – деген2 . Хадистің маңыздылығы Ибн Хажар әл-Һайтами «Қырық хадиске» жазған түсіндірмесінде: «Бұл – ұлы хадис, өйткені ол діннің ең қымбат баға жетпес негіздерін қамтыған», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Аллаһ тағала: «Жарысушылар осыған жарыссын»3 , – деген. Мейілінше көп игілік алу және ізгі амалдарды мейілінше көп істеуге жарысу – заңды да қажетті әрекет, әрбір мұсылман бұған ұмтылуға міндетті. Бұл хадисте Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұсында өзінің көргендері туралы біздерге айтып береді; мұндай жағдайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қандай көзқарас ұстанғанына, қандай даналық көрсеткеніне куә болғанын әңгімелейді. Ислам мейірімінің қаншалықты ұлы екенін және бұл діннің адамдарға игілік есігін қаншалықты кең ашатынын 1 Бұлар кедей муһажирлер еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) пайғамбарлық қызметі басталғаннан ол қайтыс болғанға дейін онымен кездескен және оған иман келтіріп, мұсылман болып өлген адамдар сахабалар деп аталады. 2 Муслим. 3 «Мутаффифин» сүресі, 26-аят.
180 паш етеді. Мұның бәрі Аллаһ тағаланың сөздерін адамдарға түсіндіріп беру мақсатында Пайғамбардың (с.а.с.) сөздерінде қамтылған. Мұнда кедей муһажирлердің бір тобы, олардың арасында ансарлардың да кедей-кембағалдары болуы мүмкін, өздерінің қайырымдылық істерімен айналысуға, көп қайыр-садақа беруге жағдайларының келмейтініне қынжылғандықтары айтылған. Олардың қолдарында өздерінің кәміл мұсылман екендігін және өз жандарының берік иманда екендігін дәлелдеу мақсатында басқаларға таратып беретін байлықтары жоқ еді. Бірақ олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Садақа – дәлел», – деген сөзін естіген-ді. Сонымен қатар олар игілікті істерге өз қаржы-қаражаттарын жұмсауға адамдарды үндейтін, оларды мадақтап, оларға аумағы жер мен көктердің кеңдігіндей жаннатты уәде еткен Аллаһ тағаланың аяттары мен Оның елшісінің (с.а.с.) сөздерін оқыған да, естіген де болатын. Олар өздерінің бай-бақуат жолдастары мен достарының өз байлықтарын жомарттықпен жұмсауға асыққандарын көретін; біреу қолындағы барын түгел әкелетін, енді біреулер жартысын, үшіншілері бірнеше мыңын, ал тағы біреу өзі туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһ тағалаға дұға қылуынан, Пайғамбар (с.а.с.) разы болып, Раббысына бұл үшін кешірім жасап, рақымшылық көрсетуге өтінуінен үміттеніп, бар байлығын Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына әкеліп қояр еді. Бұларды көріп әсерленген кедей сахабалардың жүректері өздерінің мұсылман бауырлары жеткен дәрежеге жетуді қалайтын. Олар байлыққа көре алмаушылық, күншілдік себебімен ұмтылған жоқ, олар тек қана Аллаһ тағалаға жақын болу және игі істерді істеуде бай мұсылмандармен жарысқа түсу үшін ұмтылған-ды. Сөйтіп олар жиналып Аллаһ тағаланың елшісіне өздерінің жағдайлары жайлы шағыну үшін, қолдарында байлығы болмауынан садақа ретінде ештеңе жұмсай алмайтындарына ашынып, жылап: «Уа, Аллаһтың елшісі! Байлар барлық сауапты алады...», – деп айту үшін келген еді. Бұл сөздері арқылы олардың жеткізбек ойлары мынадай еді: бай адамдар барлық сауапты алады, ал біз олардан қалып барамыз, өйткені олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады, бұл жерде біз олармен бірдейміз және олардан айырмашылығымыз жоқ, алайда олар бізден асып түсуде. Өйткені олар өз байлықтарының артығынан садақа үлестіре алады, ал біз ондай дәрежеге жету үшін садақа ретінде тарататын ешнәрсеміз жоқ, бірақ біздің жандүниеміз Аллаһ тағаланың алдында, олардың дәрежесіндей дәрежеде болуды қалайды, енді не істеуіміз керек? 2. Ұлы даналық және игілік қақпасының кеңдігі Аллаһ тағаланың таңдаулы елшісі (с.а.с.) бұл адамдар өздерінің Тәңірі алдында жоғары дәрежеде болуды жан-тәнімен қалайтынын түсінеді және өзіне Аллаһ тағала дарытқан даналық жәрдемімен олардың жан-дүниесін дауалайды. Оларды қуандырады және игілік қақпасының кең екендігіне, сондай-ақ садақа берушінің сауабына тең түсетіндей сауап алатын
181 амалдардың бар екеніне, мұндай амал жасаушылардың дәрежесі садақа таратушының дәрежесіне жақын екеніне, тіпті кейде асып та түсетініне және әркім өз шамасы жететін амалды істеуі керек екеніне олардың назарын аударады. Аллаһ тағала: «Аллаһ кісіге шамасы келетін (міндетті) ғана жүктейді»1 ; «Аллаһ біреуге бергенінен артық жүктемейді»2 , – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардан: «Ал Аллаһ сендер үшін садақа ретінде тарата алатын нәрсе дайындамады ма?» – деп сұрайды. Расында да, сіздер беретін садақа түрлері өте көп: олардың ішінде отбасыңызға жұмсаған қаражатыңыз және байлық, ақша жұмсауды қажет етпейтін игі істер, мұндай істердің қандайы болса да аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ жолында жұмсалған қаражаттардан кем сауап әкелмесі кәдік. 3. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты зікір ету – жан-дүние үшін ең жақсы садақа Егер сізге байлық нәсіп етілмесе, онда аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты дәріптеңіз, Оны ұлықтаңыз, Оған мадақ айтыңыз және «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деңіз, өйткені бұл сөздердің әрқайсысына берілер сауап садақа үшін берілетін сауаппен теңеседі, ал бұдан артық қандай сауап бар?! Иә, солай, басқаша болуы да мүмкін емес, өйткені бұл сөздердің мәңгілік ізгі амалдар екендігі бізге мәлім. Себебі Аллаһ тағала: «Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»3 ; «Ал (намазда және басқа кездерде) Аллаһты зікір ету (бәрінен де) ұлы4 » 5 , – деген. Бұл Аллаһты зікір ету үшін ең үлкен сауап (сыйлық) беріледі дегенді білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала Өз құлдарынан кімді қаласа, ол (пендеде) садақа бермеген бір де бір күн, түн немесе сағат болмайды және Аллаһ тағала Өзінің құлдарынан ешкімге Өзін еске алудың (қажеттігі туралы ойды) санасына жеткізуіне тең келе алатын сыйын сыйлаған емес», – деген6 . 1 «Бақара» сүресі, 286-аят. 2 «Талақ» сүресі, 7-аят. 3 «Кәһф» сүресі, 46-аят. 4 Бұл жерде егер пенде өзінің Тәңірі Аллаһты есіне алса, онда Тәңірі оны періштелердің арасында есіне алады, ал Аллаһ тағаланың еске алуы Оны пенденің еске алуынан әлдеқайда үлкен. Оның үстіне бұл аятта Аллаһты еске алғаны үшін адам үлкен сыйлық алатыны ескертілген. 5 «Анкабут» сүресі, 45-аят. 6 Ибн Мәжәһ.
182 Аллаһ елшісінен (с.а.с.) бір күні: «Қиямет күні Аллаһ құзырында Оның қандай құлдары ең қадірлі болады?», – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): «Аллаһты жиі есіне алатын еркектер мен әйелдер», – деді1 . 4. Игілікке шақыру – бүкіл қоғамға берілген садақа Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтару да садақа болып табылады және бұл қақпалар ашық та кең, ал бұл қабілетіне лайық міндеттерді (парыз кифая) орындағаны үшін берілетін сауап өз байлығы мен қаражатын садақаға жұмсағандардың алатын сауабынан кем еместігі өз алдына, кей кездерде одан әлдеқайда асып та түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Шариғат) құптағанның бәрі – садақа», – деген2 . Ендеше, бұл қоғам дінімізге тән жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтарудың арқасында ғана қоғамдардың ең жақсысы болды. Бұған орай Аллаһ тағала: «Сендер адамдар үшін шариғат құптағанын әмір етіп, теріске шығарғанын тыятын, сондай-ақ Аллаһқа иман келтірген игі бір үмбет болып шығарылдыңдар»3 , – деді. 5. Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың мейірімінің кеңдігі Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ, егер ниеттерің шын (халис), мақсаттарың дұрыс болса, күн сайын күндіз де, түнде де сендер алатын сауапты белгіледі. Сіздердің әрқайсыңыздың қаржыларыңызды өз отбасыларыңыз бен балаларыңызға жұмсауларыңыздың өзі зор сауап. Пайғамбар (с.а.с.): «Адамның өз отбасына жұмсаған қаржысы – садақа»4 ; «Шынында, Аллаһ тағаланың дидары үшін қандай қаржы жұмсасаң да, сен міндетті түрде сауап аласың, соның ішінде, өз әйеліңнің аузына салған бір жұтым тағам үшін де», – деген5 . Әрбір мұсылман тыйым салынғаннан өзін де, әйелін де ұстап қалу үшін, ойнастық жасаудан сақтану мақсатында, Аллаһ белгілеген межеде тоқтап, Ол тыйым салған, оны орындау күнә болатын және жазалауға апаратын әрекеттің бәрінен аулақ болу үшін өзінің ерлі-зайыптық міндетін орындайды. Адам баласы мұны ләззат алу және шақуат талабын қанағаттандыру ғана деп ойлағанының өзінде, егер ол жоғарыда айтылғандарға шын ниетте болса және Аллаһ тағала рұқсат еткендерден басқа ешнәрсеге жақындамаса, оның есебіне сауап жазылады. 1 Ахмад, әт-Тирмизи. 2 Муслим. 3 «Әлі Имран» сүресі, 110-аят. 4 Муслим. 5 Әл-Бұхари, Муслим.
183 6. «Амалдар тек ниетке байланысты» Ниеті шын адамның барлық істері сауап берілуге лайық құлшылыққа айналады, оның іс-амалдары да, олардың кейбірінен бас тартуы да оны аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа жақындата түсетін құрал, бұл аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың мұсылманға деген теңдесі жоқ ұлы мейірімділігі болып табылады. Мысалы, ол өзінің Тәңіріне бойсұнуын орындауға қажетті күш жинау және өз тәнін сақтау мақсатымен халал асты ішіп-жесе, осының өзі сауап күтіп тұратын құлшылыққа айналады, ал егер ол әрбір іс-амалының бас кезінде және іс-амалын аяқтаған сәтте Аллаһ тағаланы есіне алар болса, онда сауап берілері күмәнсіз. Яғни істі бастаған кезде адам «Бисмилләһ» (Аллаһтың есімімен) десе, ал істі аяқтаған соң сүннетте мұның қажеттігі айтылғандай Аллаһ тағалаға мадақ және алғыс айтуы керек. Егер адам өз шақуатын тізгіндеу және зинақорлық жасаудан, бұған апаратын барлық әрекеттерден сақтану үшін немесе шариғат мақұл көрген жолмен әйеліне жақындау арқылы өз әйелінің құқығын сақтау мақсатында не тек қана Жалғыз Аллаһ тағалаға құлшылық жасайтын перзентті болу үшін әйелімен жыныстық қатынаста болса, сөйтіп өз шақуатын қанағаттандыра отырып осындай ниетті ұстанса, онда бұл да құлшылыққа жатады. Сондай-ақ бұл оның ізгі амалдар парағына жазылады, әсіресе осындай сәттерде ләззатқа батуға рұқсат берген Аллаһ тағаланың мейірімділігін есінде ұстаса және Аллаһ тағаланы есінде ұстап және Оған жалбарынып тілек айтуға бағыттаған Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер сендерден біреулерің әйелімен жыныстық қатынас жасаған кезде: «Бисмилләһ, Аллаһумма, жәннибнәш-шайтанә уә жәннибиш-шайтанә мә разәқтәнә (Аллаһтың есімімен, уа, Аллаһ, бізді шайтаннан алыс қыла көр және бізге нәсіп еткен (перзентімізді де) шайтаннан алыс ете көр)», – десе және олар перзентті болса, ол (перзентке шайтан) зиян келтіре алмайды»1 , – деген бұйрығын орындаса, пендені үлкен сауап күтіп тұр. Аллаһ тағаланың белгілеген тыйымдарынан сақтанатын мұсылманның алатын сыйы, әсіресе егер ол Аллаһ тағаланың жазасынан қорқып және Оның сыйлығын алуды қалап, Ол тыйым салған әрекеттерден аулақ болу арқылы Оның бұйрықтарын орындап, аса Мейірімді Аллаһ тағалаға бойсұнбай кетуден өзін қайтарып жүрген жағдайда Аллаһ тағаланың қасында оның сауабы ұлғая да, көбейе де түседі. Аллаһ тағала: «Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді»2 , – деген. Демек, бұл адамға Аллаһ тағала: «Сөзсіз мүміндер Аллаһ еске алынса, жүректері қобалжиды да, оларға Аллаһтың аяттары оқылса, сенімдері 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 «Фурқан» сүресі, 73-аят.
184 артып, Раббыларына тәуекел қылады»1 , – деп айтқан хақиқи мүміндердің қасиеті тән дегенді білдіреді. 7. Жақсылықтың қақпалары өте көп Игілік пен жақсылық қақпаларының саны және садақаның түрлері бұл хадисте келтірілгендермен ғана шектелмейді. Мұсылманға садақа үшін берілетін сый секілді сауап берілетін де амалдар бар. Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Күн шығатын әрбір күні садақа міндетті болмаған бірде-бір адам баласы жоқ», – деді. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Таратып беретін садақаны біз қайдан аламыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Ақиқатында, игіліктің қақпалары өте көп: (Бұл) – тәсбих (субханаллаһ), тәхмид (әл-хәмду лилләһ), тәкбир (Аллаһу әкбар) және тәһлил (лә иләһә иллаллаһ) айту және жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару және адамдарға зарар беретін затты жолдан алып тастау, керең адамға айтылған сөзді түсіндіру, соқыр адамды қауіпсіз жолға шығару және (кеңес) сұрағанға қажетті ақыл-кеңес беру, сондай-ақ көмек сұраған қайғылы адамға барғаның, әлсізге өз қолыңмен жәрдемдескенің, осының бәрі – өз-өзіңе садақаң болып табылады», – деп жауап берді», – деген2 . Және де Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға жамандық істеуді тоқтат, расында осы садақа болады»3 ; «Сенің бауырыңның жүзіне күлімдеп қарауың – садақа және өз бауырыңның шелегіне өз шелегіңнен су құйсаң, ол да – садақа»4 , – деген5 . 8. Хадистің неге бағыттайтыны туралы а) Қиын-қыстау жағдайларда даналыққа иек арту, адамдарға қуанышты хабар жеткізу және олардың жандарына қуаныш сыйлау. ә) Бұл хадисте Аллаһ тағаланы еске алудың артықшылығы туралы сөз болған және бұл сөздер үшін берілетін сый (егер адамның садақа беруге қаражат-байлығы жоқ болғанда, әсіресе бұл сөздер парыз намазынан кейін айтылса) садақа үшін берілетін сыйға тең екендігі туралы айтылған. Бұл хадистің басқа бір риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерге өздеріңнен бұрынғы өткендерді қуып жететін және өздеріңнен кейін келетіндердің ешқайсысы сендерге қуып жете алмайтындай, сондай-ақ өз араларыңдағылар егер мұны істемеген болса, ең жақсысы сендер 1 «Әнфәл» сүресі, 2-аят. 2 Ибн Хиббан. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Әт-Тирмизи. 5 25-хадиске және оның шархына қараңыз. Бұл туралы басқа да хадистер көптеп кездеседі.
185 болуға мүмкіндік беретін іс-амал туралы айтайын ба? Әр намаздан кейін отыз үш реттен «субханаллаһ», «әл-хәмду лилләһ», «Аллаһу әкбар» деп айтыңдар», – деген1 . б) Егер өзін және отбасын қиын жағдайға түсірмесе кедей адамның да садақа бергені жақсы. Ал бай адам игі істерге өз қаржы-қаражатынан қанша көп жұмсаса да, Аллаһ тағаланы зікір ету оның алар сыйы мен сауабын арттыра түседі. в) Отбасы мұқтаж болған қаржы-қаражаттан садақа беру – мәкруһ, мұндай садақа беру (мұсылманның өз қаржы-қаражатын беруге міндетті болған адамдардың құқығына зарар жеткізетін болса) харам болуы да мүмкін. Пайғамбар (с.а.с.): «Ең жақсы садақа, ол – жеткілікті болғанда берілген (садақа) және оны кімді асырауға міндетті болсаң, содан бастағайсың», – деген2 . г) Кімде-кімнің садақа беруге мүмкіндігі, байлығы болған жағдайда зікір етуден гөрі садақа бергені жақсырақ, себебі садақа беруден тиетін пайда көбірек және оның басқаларға да пайдасы тиеді, ал зікір тек сол зікірмен айналысушы жеке адамға ғана пайдалы. Егер бай адам садақа мен зікірді қатар атқарса, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың қасында оның алар сыйы өте орасан болмақ. Жоғарыда айтылған екі «Сахихта» келтірілген хадистің Муслим келтірген риуаятында, кедей муһажирлер Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Біздің бай-дәулетті бауырларымыз біздің не істегенімізді естіп, олар да солай жасай бастады», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – Аллаһтың мейірімі, оны кімге қаласа, соған нәсіп етеді», – деген. д) Аллаһ тағалаға алғыс айтып, өз байлығын жұмсаған бай адам мен Аллаһ тағаланың сыйынан үміт етіп сабырлылық жасаған кедей адамның дәрежесі. е) Әркімнің қабілетіне сай жүктелетін мұсылман қоғамында жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтарудың маңыздылығы. Егер бұл іспен ешкім айналыспаса, онда ол қоғамдағы барлық адам күнәлі болады, ал кейбір мұсылмандар бұл міндетті орындаса, онда басқаларына күнә болмайды және бұл барлық мұсылман қауымына тікелей қатысты. ж) Мұсылман әйел өз күйеуімен жақсы қатынас жасап, оның көңілін жайландыратындай және разы ететіндей құқығын толық сақтау қажет. Әйелі тарапынан болған жақсы қатынасқа разы болудың белгісі ретінде дәл сондай жақсы қатынас жасауға еркек те міндетті. з) Бұл хадис мұсылманды пайдалының не екенін және кемелдік сатыларымен биік көтерілуге жәрдем ете алатынның не екенін сұрауға жетелейді. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Әл-Бұхари және т.б.
186 и) Қандай да бір діни-құқықтық мәселе жайлы ақыл-кеңес сұрайтын адам, егер ол өзі сұрақ беретін адамның бұл мәселеге теріс пікірде емес екенін және мұның сұрағы әдептіліктен тысқары шықпайтынын білсе, өзіне беймәлім мәселе туралы сұрағаны жөн. к) Әсіресе бұл оған белгісіз болған жағдайда оның жүрегінде жақсы сақталуы және мұндай нұсқауға бағынуға жәрдемдесуі үшін ілім талап етушіге мәселенің мән-мағынасын түсіндірген жөн. л) Салыстыру (аналогия) бойынша ой түйіндеудің (қиястың) және қандай бір іске ұқсас жағдайларды қарастыру негізінде шешім қабылдаудың заңдылығы.
187 ЖИЫРМА БЕСІНШІ ХАДИС АДАМДАРДЫ ТАТУЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘДІЛ БОЛУ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдардың (тәніндегі) әрбір буыны1 күн шығатын әрбір күні садақа беруге тиіс: екі (адам) арасында (жанжал туындағанда) сенің әділ болуың2 – садақа және кісіге мініс көлігіне жәрдемдесуің, оны көлігіне демеп мінгізіп жіберуің немесе жүгін әперуің3 – садақа, сол секілді әрбір жақсы сөзің – садақа және намазға бара жатқандағы әр қадамың үшін де (саған) садақа (жазылады, адамдарға) зарар жеткізетін затты жолдан алып тастауың да – садақа», – деді», – деген4 . Хадистің маңыздылығы Исламның ең маңызды мақсаттарының бірі мұсылмандардың жүректерін біріктіру, олардың арасында ақиқат сөздерін жариялау, күш-қуатын арттыру, Аллаһ тағаланың дұшпандары мен өздерінің дұшпандарына қарсы жеңіске жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл айтылған мақсаттардың әрқайсысына адамдар бір-біріне көмектеспей және бірлесе қимыл жасамай жету мүмкін емес, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл қасиетті хадисі адамдарды белгілі бір нақты сөздер мен істерге шақыру арқылы бұған өз үлесін қосады. Бұл хадисте айтылған нұсқау-бұйрықтар Аллаһ тағаланың: «Жақсылық пен тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнә мен дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер»5 , – деген сөздеріне сәйкес келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір-біріне деген махаббатта, мейірімділік пен жанашырлық тілектестікте мұсылмандар біртұтас тәнге ұқсайды: егер оның қандай да бір бөлігі ауыра бастаса, тәннің қалған басқа (бөліктері де осы ауру себебінен) ұйқысыздыққа түсіп тынышсызданады»6 , – деп айтқан пікірімен мағыналас келеді. 1 Бұл хадисте адам денесіндегі 360 буын туралы айтылған. Муслим келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адам 360 мүшеден (буыннан) жаратылған және оның әрқайсысы садақа беруі тиіс», – деген. 2 Яғни екі адамның дауласуына әділ шешім шығару. 3 Бұл айтылған жайт тек тірі көліктерге ғана қатысты емес, машина, кеме секілді барлық көлік түрлеріне қатысты. Бұл жерде қолмен көтеріп немесе арқалап апарып басқа адамға жүгін артуға көмектесу туралы айтылған. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 «Мәида» сүресі, 2-аят. 6 Әл-Бұхари, Муслим.
188 Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Аллаһ тағаланың адам сүйектері мен буындарын жарату құдіреті Аллаһ тағала адамды өте көркем етіп жаратқан, оның денесінің бөліктері мен буындарын ең жоғары дәрежеде жетілдіріп, жүйелендірген және аса Құдіретті Жаратушы Аллаһ тағаланың белгілерін танып-білуі үшін адамнан өз жаны мен тәнінің терең түкпіріне назар аударуын және сезімдері мен сүйектерінің нәзік те шебер түзілгеніне, сондай-ақ денесінің жасушалары мен қанының құрамы туралы ойлануын талап етті. Аллаһ тағала: «Оның (Құранның) бұлтартпас ақиқат екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді таяуда көрсетеміз»1 ; «Сондай-ақ өздеріңде де (аят-белгілер) бар. Көрмейсіңдер ме?»2 – деді. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінсіз тәртіппен түзілген, сұлу және түрлі қимылдар жасауға қабілетті әрі икемді буындар туралы атап көрсетеді. Сондықтан да аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ әрбір қасарысқандар мен қарсы келушілерді бұл қабілеттен айырып қоятынын айтып қорқытады: «Әрине, оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз»3 . Яғни аяқ-қолының саусақтарын түйенің табаны мен есектің тұяғы іспетті біртұтас етіп қойса, адам баласы ажыратылған саусақтары арқылы бұрын не істеуге қабілетті болса, сол қабілетінен айрылар еді. Міне, бұл айтылған мәселе Батыс елдеріндегі протез жасайтын фабрикада жұмыс істейтін инженердің Аллаһ тағаланың құдіретіне иман келтіріп, хақ дінді қабылдауына, Аллаһ тағаланың ақиқат екеніне сенуіне себепші болған. Ол өзінің сәби қызының қолының құрылымына бір күні назар аударады да, Аллаһ тағаланың жаратқанын протез жасау өндірісіндегі жаңа жетістіктермен салыстырып, олардың арасындағы өте үлкен айырмашылықты көріп, Аллаһ жолына түседі4 . 2. Тән бөліктерінің сау-саламаттығы үшін шүкіршілік білдіру Адам ағзасының, оның сүйектері мен буындарының сау-саламаттығы, сезім мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуі, бұл өз пенделеріне мейірімділік көрсететін, игілік беретін Аллаһ тағалаға адамдар тарапынан айрықша шүкіршілік білдіруге лайық ұлы нығмет. Аллаһ тағала: «Ей, адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады5 ? Ол сондай Аллаһ, сені 1 «Фуссиләт» сүресі, 53-аят. 2 «Зәрият» сүресі, 21-аят. 3 «Қиямет» сүресі, 4-аят. 4 «Білім иманға шақырады» атты кітаптан мәлімет. 5 Яғни өз Тәңіріңе бағынбайтындай соншалықты сені не алдады?
189 жаратты. Толықтап, теңестірді1 . Ол сені қалаған бейнеде құрастырды»2 ; «Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен, әлбетте, сұраққа тартыласыңдар»3 , – деді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын): «Мұндағы «нығмет» сөзі дене мүшелерінің саулығы және жақсы есту мен көруді білдіреді. Аллаһ тағала бұл туралы әуелден-ақ олардан жақсы біле тұрса да, өз құлдарын оларды (денсаулығы мен есту, көруін) не үшін пайдаланғаны туралы сұраққа тартады және Аллаһ тағала бұл жайлы: «Расында, құлақ, көз және жүрек – олардың барлығы одан (пендеден) сұралады»4 , – деген», – деді. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Нығмет, бұл – қауіпсіздік пен денсаулық», – депті. Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Қиямет күні Аллаһ Өз құлына ең алдымен: «Біз сен үшін тәніңді сау-саламат етпедік пе, Біз саған салқын су ішкізбедік пе?» – деп сұрайды» 5 , – деген6 . Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын) болса: «Денсаулық – тәннің дамуы», – деген. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, көп адамдар осындай ұлы мейірімділікке назар салмайды және дендері сау, аман-есен, қауіпсіз бейбіт өмірде рақаттанып жүргендерін ұмытады. Өздері туралы ойлануды қажет деп есептемейді, өздерінің Жаратушысына жеткілікті дәрежеде шүкіршілік білдірмейді. 3. Шүкірлік етудің түрлері Аллаһ тағаланың берген нығметтері мен жақсылықтары үшін шүкірлік етіп, ризашылық білдіру осы нығметтердің көбейе түсуіне әкеледі және оларды тұрақты етеді. Аллаһ тағала: «Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттырамын» деп жариялады»7 , – деген. Алайда адамның өз шүкіршілігін тек тілімен ғана білдіруі – жеткіліксіз, өйткені сөзбен бірге амал да қажет. Ал қажетті шүкірлік ету міндетті (яғни парыз) және ықтияри (нәпіл) болып екі түрге бөлінеді. а) Міндетті болған шүкіршілік ету. Мұның мәнісі, барлық парыздарды орындау және барлық тыйым салынғандардан бас тарту. Бұлай ету дененің түрлі ағзаларының сау- 1 Яғни сені өте көркем бейнелеген. 2 «Инфитар» сүресі, 6-8 аяттар. 3 «Тәкәсур» сүресі, 8-аят. 4 «Исра» сүресі, 36-аят. 5 Мұнда оған көрсетілген қамқорлық туралы айтылған. 6 Әт-Тирмизи. 7 «Ибраһим» сүресі, 7-аят.
190 саламаттығы және сол сияқты оған берілген нығметтер үшін шүкірлік етуге жеткілікті. Бұған дәлел Әбул-Асуад әд-Дайли: «(Бір күні) біз Әбу Заррдың алдында болғанымызда: «Күн сайын әрқайсыңның әрбір буындары садақа (беруге) міндетті: оның әр намазы үшін оған садақа (жазылады) және ораза тұту – садақа, қажылық – садақа, «Аллаһ Пәк» (субханаллаһ) деп айту – садақа, Аллаһ тағаланы ұлықтау – садақа...», – деді», – деген1 . Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «...ал ол егер (мұны) істемесе, (онда) жамандық істеуден бас тартсын, расында, бұл да ол үшін садақа болады», – деді», – деген2 . Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөздері ешқандай жамандық істемеу пенденің өз шүкіршілігін білдіруіне жеткілікті болатынын көрсетеді. Алайда бұл айтылғандар парыздарды орындап, тыйым салынғандардан аулақ болғанда ғана оның пайдасына асады, өйткені діни парыздарды орындаудан бас тарту асқан зұлымдық саналады. Сондықтан да, біздің алдымызда өткендердің баз біреулері: «Шүкірлік, бұл – күнәлардан бас тарту»; «Шүкірлік, бұл – (Аллаһ тағаланың) берген нығметтерінің ешқайсысын Оған бойсұнбау үшін пайдаланбау», – деп айтқан. ә) Ықтияри шүкірлік. Мұның мәнісі міндетті болған парыздарды орындау және тыйым салынғандардан бас тартумен бірге бұлардан басқа да артық жақсы амалдарды орындау. Мұндай шүкіршілік ілгеріде озғандар мен Аллаһ тағалаға жақын болғандар3 жете алатын аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа деген деген шүкіршіліктің биік дәрежесі болады. Бұған Аллаһ тағалаға адамды жақын ететін түрлі амалдарды орындауға ынталандыратын көптеген хадистер дәлел. Пайғамбарымыз (с.а.с.) түнгі нәпіл намазды соншалықты ұзақ тұрып аяғы ісініп, табаны жарылып кеткенше оқығанда Айша (Аллаһ оған разы болсын) одан (с.а.с.): «Неге бұлай етесің, Аллаһ сенің бұрынғы және алдағы күнәларыңды кешіріп қойды ғой?!» – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Шүкіршілік етуші пенде болмаймын ба?» – деп жауап берді4 . 4. Бұл хадисте көрсетілген садақалардың түрлері және олар туралы пікір Міндетті және ықтияри шүкіршіліктің садақаға теңестірілуі Аллаһ тағаланың Өз құлдарына деген қайырымдылығы мен мейірімділігінің айрықша көрінісі болып табылады. Аллаһ тағаланың Өз құлдарының 1 Әбу Дауд. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Бұл жерде салих амалдар жасау арқылы Аллаһ тағалаға басқаларға қарағанда жақын болғандар туралы айтылған. 4 Әл-Бұхари, Муслим.
191 шүкіршілік етулеріне мүмкіндік беріп және олар үшін бұл шүкіршіліктерін садақаға теңестіру – Оның оларға деген мейірімділігі. Ол «Менің Өз құлдарыма қайыр-садақа беріп және оларға жәрдем көрсету арқылы тән ағзаларыңа көрсеткен мейірімділігім үшін шүкірлік ет (ризашылығыңды білдір)» дегендей болады. Садақа тек қаржы-қаражат жұмсау ғана емес екенін атап өту керек, өйткені басқаларға пайда келтіретін амалдың бәрі садақа. Мысалы, адамдарды татуластыру, біреуге көлігіне мінуге жәрдем беру т.с.с. Сондай-ақ адамның өзіне ғана пайдалы болатын амал да садақаға жатады. Мәселен, адамның мешітке баруы да садақа болып табылады. Бұл хадисте садақаның мына түрлері туралы айтылады: а) Өзара жанжалдасып бірімен-бірі кездесуден қашқақтап жүрген адамдарға әділетті болу. Бұл – әділетті шешім шығару деген сөз. Адамдарды бұлайша татуластыру рұқсат етілген болу керек және халалды – харам, харамды халал деуді талап етпейтін болуы тиіс. Міне, осы Аллаһ тағалаға жақын болудың ең жақсысы және құлшылық етудің ең кемелдісі. Өйткені Аллаһ тағала: «Шын мәнінде, мүміндер (бір-біріне) бауыр. Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырыңдар»1 ; «Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе (сол қайырлы)» 2 , – деді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сахабаларына: «Сендерге намаз бен ораза және садақа дәрежелерінен не нәрсенің абзал екендігі туралы хабар берейін бе?» – деді. Олар: «Әрине!» – деді. Ол: «Келіспеушілікті жөнге салу», – деді. Өзара келісе алмай бірінен-бірі қашқақтап жүргендерді татуластыру олар үшін қайыр-садақа болады, өйткені бұл оларды араздасудан туындайтын мейлінше жаман сөздер мен істерден сақтайды. Міне, осындай амалдар қабілетке қарай міндеттеледі (яғни парыз кифая). Исламның мұсылмандар арасындағы татулықты сақтауға ұмтылатындығы соншалық, бұл үшін зиянсыз өтірік айтуға да рұқсат беріледі. ә) Адамға мініс көлігіне қатысты жәрдемдесу. Мұнда жүгін артысып жіберу туралы айтылған. Мәселен, бір адамды қолтықтан демеп көлігіне мінгізу немесе адамды жеткізіп салу не адамға қол жүгін әперіп жіберу. Мұндай адамгершілік амалдары садақа және шүкіршіліктің көрінісі болады, өйткені бұл амалдар өзара көмек және кеңпейілділік болып табылады. 1 «Хужурат» сүресі, 10-аят. 2 «Ниса» сүресі, 114-аят.
192 б) Жақсы сөз. Бұған түшкірген адамға жақсылық тілеу1 , бірінші болып сәлемдесу, сәлемге жауап қайтару және басқа да ізгі амалдар жатады. Аллаһ тағала: «Көркем сөз Аллаһ жаққа шығады. Ал жақсы амал оны көтереді»2 , – деген. Өтінішке жауап беру де жақсы сөз деп есептеледі. Аллаһ тағала: «Көркем сөз және кешірімділік, артынан кею ұласқан садақадан жақсы»3 , – деді. Мұндай сөздер қатарына адамдармен сыпайы сөйлесу де жатады, өйткені бұл мұсылманның жүрегіне қуаныш әкеледі, бұл үшін ең үлкен сауаптың бірі жазылады. Көркем сөзге кәлимаға тіл келтіру де кіреді. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Көрмейсің бе? Аллаһ қандай мысал берді: Көркем сөз («Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деген сөз) тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді»4 , – деді. Сонымен жақсы сөздер қатарына Аллаһ тағаланы зікір ету, Оған жалбарынып тілек айту (дұға), мұсылманға лайықты мақтауын айту, билеушінің алдында мұсылман үшін өтініш айту, жақсы кеңес беру және тура жол көрсету, сондай-ақ тыңдаушыны қуандыратын және жүректерді ынтымақ пен бірлікке апаратын сөздердің барлығы жатады. в) Мешітке үнемі барып тұру. Бұл сөздер жамағатпен оқылатын намазға қатысу қажеттілігіне және мешіттерді намазбен және басқа діни міндеттерді орындау арқылы жандандыруға, мәселен, белгілі бір уақыт ішінде мешіттен шықпай отыруға (иғтикаф), Қағбаны тауап етуге, сабақтарға қатысуға және уағыздар тыңдауға ынталандыратын қосымша ықпал болып табылады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім мешітке қарай барса немесе (ол жақтан) қайтса, Аллаһ оған бара жатқанда немесе қайтып келе жатқанда әр жолы жаннатта оған тағам дайын етеді», – деді», – деген5 . Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір кездері) мешіт маңындағы жер бос болатын, (сонда) бәну сәлимә руының адамдары мешітке жақын жерге көшіп келгісі келді. Бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жетті. (Сонда) ол (с.а.с.): «Сендердің мешітке жақынырақ қоныс аударғыларың келетіні туралы (хабар) маған жетті», – деді. Олар: «Иә, Расулаллаһ, біз солай 1 Егер түшкірген кісі «әл-хәмду лилләһ» (мадақ Аллаһқа тән) десе, оған: «ярхамукаллаһ» (сені Аллаһ жарылқасын) деп айту керек. 2 «Фатыр» сүресі, 10-аят. 3 «Бақара» сүресі, 263-аят. 4 «Ибраһим» сүресі, 24-аят. 5 Әл-Бұхари, Муслим.
193 етпекші едік», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, бәну сәлимә! Өз үйлеріңде (қалыңдар), өйткені сендердің іздеріңе жазылады (яғни оларға сауап жазылады), өз үйлеріңде қалыңдар, өйткені іздеріңе жазылады!» – деді. Сонда олар: «Бұл қоныс аудару бізге қуаныш әкелмейді екен», – деді», – деген1 . Осыған ұқсас басқа риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, сендерге әр қадамдарың үшін бір дәреже (жазылады)», – деген2 . Мешітке бара жатқанда қиындықтар кездессе, бұл әсіресе жамағатпен оқылатын таңғы және түнгі намаздарға қатысты, онда жазылатын сауап арта түседі. Бурайда (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Қараңғыда мешітке баратындарды Қиямет күнгі толық нұрмен қуандыр», – деді», – деген3 . г) Адамдарға зарар келтіретін затты жолдан алып тастау. Бұл жерде адамдар жүретін жолдан тас пен тікенді немесе адамдарға зарарлы барлық таза емес заттарды алып тастау туралы айтылған. Садақаның бұл түріне берілетін сауап садақаның жоғарыда аталған түрлеріне қарағанда азырақ, өйткені хадистердің бірінде Пайғамбар (с.а.с.): «Иманның жетпістен артық тармақтары бар, олардың ең абзалы (жоғарғысы) – «Лә иләһә иллаллаһ» деп куәлік беру, ал ең төмені – жол үстінен (адамдарға) зарар жеткізетін затты алып тастау», – деген. Егер әрбір мұсылман Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы өсиетіне сай көңқоқыс, лас қалдық заттарды арнайы бөлінген жерге тастаса және адамдар жүретін жолдан зарарлы заттың бәрін тазартса, олар тұратын мекендер жер бетіндегі таза да әсем орынға айналар еді. 5. Сәскедегі нәпіл намаз (дұха намазы) адам ағзаларының саусаламаттығы үшін Аллаһқа шүкірлік етуді алмастырады Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Таң (атқанда) сендердің кез келгеніңнің әрбір буыны садақа беруі керек: әрбір «Аллаһ Пәк» деп айту – садақа, Аллаһқа әрбір мадақ айту – садақа, әрбір «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деп айту – садақа және Аллаһты әрбір ұлықтау – садақа, сондай-ақ (шариғат) құптағандарға шақыру және (шариғат) теріске шығарғандардан қайтару – садақа, бірақ бұлардың бәрін (адамның) орындайтын екі ракағат сәскелік нәпіл намазы алмастыра алады», – деп айтты», – деген4 . Мұндай намаздың ең азы – екі, ал ең көбі – сегіз ракағаттан тұрады және сүннетке сәйкес әр екі ракағаттан кейін тәслим сөздерін айтып сәлем беру 1 Муслим 2 Муслим. 3 Әбу Дауд, әт-Тирмизи. 4 Муслим.
194 керек. Бұл намазды күн найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына аз уақыт қалғанша оқуға болады. Мұның парыз намаздарының алдында және олардан кейін ондағы жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру үшін оқылатын нәпіл (сүннет) намаздарынан ерекшелігі, бұл намаз парыз намаздардың кемшіліктерін1 толтыру үшін оқылады деп заңдастырылмаған. Сондай-ақ басқа нәпіл намаздар Аллаһ тағаланың мейірімділігіне шүкірлікпен шектелмеген болса, бұл (сәскедегі) намаз тек шүкірлікризашылықты білдіру үшін арнайы оқылады. Сөйтіп шүкірлік ету күннің шығуымен әрдайым талап етілетін болса, онда сол уақытта мұсылманды шүкірлік етуші және сергек ететін құлшылықтың ең жақсы түрі осы таңертеңгілік қосымша намаз. Алайда Хафиз әл-Ирақи: «Сәскелік қосымша намаздың мұндай өзгешелігі мен ерекшелігі құпия, оны Аллаһ тағаладан өзге ешкім білмейді», – деген пікір білдірген. 6. Аллаһ тағаланың игілігі үшін Оған мадақ айту шүкіршілік ету болып табылады Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім таңертең: «Уа, Аллаһ! Осы таңда2 маған немесе жаратқандарыңның басқа біріне көрсеткен игілігің жалғыз Сенен (беріледі) және Сенің (ешқандай) серігің жоқ! Мадақ Саған лайық және шүкірлік етуіміз де Саған (ғана) (Аллаһумма, мә асбаха би мин ниъмәтин әу биәхәдин мин халқикә фәминкә уахдәкә лә шәрийкә ләкә, фәләкәлхамду уә ләкәш-шукр)» деп айтса, осы күн үшін (Аллаһқа) шүкірлік еткен болады, кім бұл сөздерді кешке айтса, онда осы түн үшін (Аллаһқа) шүкірлік еткен болады»3 ; «Аллаһ (Өз) құлына мейірімділік көрсеткенде, ол «Мадақ Аллаһқа тән (әл-хәмду лилләһ)» десе, онда оның бергені сөзсіз оның алғанынан жақсы болады», – деген. Осы хадиске сүйенген кейбір ғұламалар Аллаһқа мадақ айтудың Аллаһтың нығметтерінен жақсырақ екендігін айтады, өйткені Аллаһтың адамға берген нығметтеріне өмір сүруге қажетті қаржы-қаражат және байлық сияқты осы өмірдің игіліктерін жатқызады, ал мадақ (айту) дін игіліктерінен саналады. Әрине, бұл екеуі де Аллаһ тағала игіліктерінен болып табылады, алайда Аллаһ тағаланың пендесін Өзі берген нығметтеріне шүкіршілік ету үшін мадақ айтуға бағыттаған игілігі бұл дүниенің игілігінен жақсырақ. Егер мұндай игілік көрсету (пенде тарапынан) шүкірлік етумен жалғаспаса бақытсыздыққа айналады, ал егер Аллаһ тағала пендесін осы нығметтері 1 Басқаша айтқанда, күнделікті оқылатын бес уақыт парыз намаздарындағы адамдар тарапынан кететін кемшіліктер. 2 Кешке «осы таңда» деген сөздің орнына «осы кеште» деу керек. Ал арабша мәтінде «мә асбаха» дегеннің орнына «мә әмсә» дейді. 3 Әбу Дауд, ән-Нәсәи.
195 үшін Өзіне мадақ айту жолымен немесе басқа да тәсілмен шүкіршілік етуге апарса, онда шүкірлікке берілетін игілік толыға, кемелдене түседі. 7. Садақаның кез келген түрін Аллаһ тағалаға деген шын ықыласпен жасау Кез келген игі істі және садақаны тек Аллаһ тағала үшін орындау, адамның сауапқа ие болуының қажетті шарты болып табылады. Аллаһ тағала: «Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе (сол қайырлы). Және біреу, осыны Аллаһтың ризалығын іздеп істесе, сонда оған тез арада зор сауап береміз»1 , – деген. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) садақа, шариғат мақұл көрген сөздерді айту, әлсізге жәрдемдесу және басқаларды ренжітуден бас тарту секілді істерді айтып: «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етемін! Осы (аталған) істердің кез келгенін Аллаһ қасындағы нәрсеге жету үшін орындаған әрбір пендені Қиямет күні (осы іс) міндетті түрде қолынан ұстайды да, қашан ол жаннатқа кіргенше (жібермейді)», – деген2 . Хасан әл-Басри мен Ибн Сирин: «Кімде-кім шариғат мақұлдаған істі жасаса, оның ойында соған сәйкес ниеті болмаған болса да, оған сауап жазылады», – деп айтқан. Хумайд ибн Зәнжәуия: «Бір күні Хасаннан: «Егер біреуден өзі жек көретін адам бір нәрсе сұрап, бұл ұялғанынан оның сұрағанын берсе, бергені үшін сауап ала ма?» – деп сұрапты. Сонда ол: «Расында, бұл шариғат құптаған іске жатады, ал құптағанға міндетті түрде сыйлық жазылады», – деді», – деген. Біреудің Ибн Сириннен: «Егер бір адам мәйітті жерлеуге Аллаһ тағаланың сыйлығы үшін емес, (өлген адамның) отбасы мүшелерінен ұялғандықтан қатысса, ол сауап ала ма?» деп сұрағанда, Ибн Сирин: «(Тек қана) сауап па?! Жоқ, ол екі сауап алады: бірі өлген бауырының жаназа намазына қатысқаны үшін, екіншісі – өлген адамның туыстарымен қатынасын үзбегені үшін», – деген3 . 8. Бұл хадистің мақсаты садақаның түрлерін осы хадисте көрсетілген істермен шектеу емес, керісінше осы хадисте айтылмай қалған садақаның түрлеріне көңіл аударту. Олардың қатарына адамға және Аллаһ тағаланың барлық мақлұқтарына пайдалы болатын іс-амалдардың бәрі жатады, өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір жан иесіне (жасалған жақсылық) үшін сауап бар»; 1 «Ниса» сүресі, 114-аят. 2 Ибн Хиббан. 3 Әбу Нуғайм, «Хилйә».
196 «Расында Аллаһ барлық амалды жақсы орындауды міндеттеді»1 , – деген2 . 9. Бұл хадисте Аллаһ тағала адамдардың тәніне саламаттық беру арқылы оларға жақсылық жасайтыны туралы айтылады және адам әр күні денесінің әр бөлігі үшін Аллаһ тағалаға шүкірлік етуге міндетті. Ал шүкірлік етудің түрлеріне келсек, олар – шариғат құптаған әрекеттер, адамдарға жақсылық жасау, мұқтаждарға көмектесу, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау, игі істермен айналысу, жамандықтың бетін қайтару және қайырлы істердің қандайын болса да адамға ғана жасаумен шектелмей, барлық жан иелеріне де жасау. Мұның бәрі де пайда келтіретін садақа түрлеріне жатады. Ал садақа беретін адамның өзіне ғана пайдалы болатын садақа түрлеріне Аллаһ тағаланы зікір ету, мадақ айту, ұлықтау, дәріптеу, куәлік сөздерін айту, Одан кешірім сұрап жалбарыну, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айту, Құран оқу, мешітке бару, онда намазды күтіп отыру немесе білім алу үшін бару және Аллаһ тағаланы еске алу сөздерін айтып отыру жатады. Бұған сонымен қатар жүріс-тұрыстағы кішіпейілділік, киім киюдегі қарапайымдылық, жұмысқа шын ықыласпен берілу, адал кәсіппен айналысу және соған ұмтылу, өз-өзінен іс-амалдары жөнінде есеп алу, өткен өмірінде басынан өткен күнәлары үшін өкіну және солар үшін тәубеге келу, Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан қорқып жылау, аспан әлемі мен жер туралы, сондай-ақ Ақырет амалдары туралы және онда не болатыны жайлы, нақтырақ айтқанда, жаннат пен тозақ және Аллаһ тағаланың уәдесі мен ескертулері жайлы ойлану т.б. кіреді. 1 Муслим. 2 16-хадисті және шархын қараңыз.
197 ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ХАДИС ИГІЛІК ЖӘНЕ КҮНӘКАРЛЫҚ Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Игілік1 – көркем мінезділік2 , ал күнәкарлық – жаныңды тынышсыздандыратын күй3 және басқалардың бұл туралы білуін сен қаламайсың», – деді», – деген4 . Уабиса ибн Мағбад (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келдім, ол (менен): «Сен игілік туралы сұрауға келдің бе?» – деп сұрады. Мен: «Иә», – дедім. Ол: «(Бұл туралы) өз жүрегіңнен сұра, (өйткені) игілік – жан дүниең мен жүрегің сенімді болған іс-әрекет, ал күнәкарлық – жан дүниеңе тыныштық бермей, көңіліңде қобалжу тудыратын әрекет, тіпті адамдар саған (талай рет сенікі дұрыс) десе де», – деп айтты», – деген5 . Хадистің маңыздылығы Ибн Хажар әл-Һайтами: «Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қысқа да нұсқа сөздеріне жатады. Тіпті олардың (ішіндегі) ең қысқаларының бірі, өйткені игілік сөзі барлық жақсы істерге және шариғат мақұлдаған қасиеттерге де қолданыла береді, ал күнәкарлық сөзі барлық ірілі-ұсақты жаман істер мен жиренішті қылықтарға қолданылады. Осы себепті, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл екеуін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсеткен», – дейді. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. «Игілік» сөзінің түсіндірмесі Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) «игілік» сөзін «жақсы мінез-құлық» деп түсіндірсе, Уабиса (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте бұл сөзді «адамның жаны мен жүрегі сенімді болған әрекет амалы» деп түсіндіреді. Игілік жайлы екі түрлі түсініктің қалыптасуы бұл ұғымды белгілі екі мағынада қолдануға болатынында6 : 1 Барлық жақсылықтар мен Аллаһқа ұнамды істер. 2 Аллаһ тағаланың бұйрықтарын орындау, Ол тыйым салғандардан аулақ болу арқылы өзіне жүктелген әдептілік ережелерін сақтау және лайықты көркем мінезді болу. 3 Адам жанына тыныштық бермейтін, қорқыныш-үрей туғызып, көкірегінде күмәнкүдік ұялататын, ұнамсыз, өз жүрегі оған сенімді емес күй. 4 Муслим. 5 Ахмад, әд-Дәрими. 6 «Жамиъул-улум уәл-хикәмнан» қысқартылған үзінді.
198 а) Игілік мағынасында адамдардың басқаларға жақсылық жасаған кездегі олармен қарым-қатынасын түсінуге болады. Кейде бұл сөз ата-анаға құрмет көрсету (биррул-уалидәйн) деп те ұғынылады, бірақ көп жағдайда барлық адамға игілік көрсету мағынасында кездеседі. Баһз ибн Хаким әкесінен жеткізген хадисте Баһздың атасы Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Игілік көрсетуге кім көбірек лайық?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Анаң», – дейді. Ол: «Сонан соң кім?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Әкең», – деді. Ол тағы: «Сонан соң кім?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Туыстық жағынан кім жақынырақ болса, сол (және сол сияқты, келесілері)», – деді1 . Бір күні Пайғамбардан (с.а.с.): «Қажылық кезіндегі игілік қандай амалда көрініс береді?» – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): «(Адамдарды) тамақтандыру және сәлемдесуді көбейту», – деген2 . Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...жақсы сөздерді (айту) және (адамдарды) тамақтандыру», – деген3 . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Игілік – оңай амал; (ол) – жылы жүз бен жұмсақ сөз», – деген. Игілік (бирр) және Құдайдан қорқу (тақуа) ұғымдары қатар кездескен жағдайда, игілік – адамдардың бір-біріне жақсылық жасаудағы өзара қарымқатынасы, ал тақуалық – Аллаһ тағалаға бойсұну және Оның тыйым салғандарынан бас тарту бейнесіндегі адамдардың Аллаһ тағалаға деген қарым-қатынасы. Сондай-ақ «игілік» деп діни міндеттерді орындауды да айтуға болады, ал тақуалық деп тыйым салынғандардан аулақ болу айтылуы мүмкін. Аллаһ тағала: «Игілік пен тақуалыққа жәрдемдесіңдер»4 , – деген. деген. ә) Игілік деп құлшылықтың жария және жасырын түрлерін де түсінуге болады. Аллаһ тағала: «Ізгілік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа бағыттауларың емес. Алайда ізгілік (етушілер) – Аллаһқа, Ақырет күніне, періштелерге, Кітапқа және пайғамбарларға иман келтіргендер, сондай-ақ өзі жақсы көре отырып байлығын жақын туыстарға, жетімдерге, кедейлерге, (елдеріне жете алмай жүрген) жолаушыларға, қайыршыларға, құлдарды азат етуге жұмсағандар әрі намазды толық орындап, зекет бергендер, уәделессе уәдесінде тұрғандар; қиыншылықта (таршылықта, кедейшілікте), ауырғанда және соғыс кезінде сабырлылық қылған кісілер. Міне, солар – (имандарында) шыншыл болғандар. Міне, солар – нағыз тақуалар»5 , – деді. 1 Әт-Тирмизи. 2 Ахмад. 3 Ахмад. 4 «Мәида» сүресі, 2-аят. 5 «Бақара» сүресі, 177-аят.
199 Демек, игілік құлшылықтың барлық жасырын түрлерін, мәселен, Аллаһқа, періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Қиямет күніне иман келтіру, сондай-ақ ғибадаттардың, мәселен, Аллаһ тағала ұнатқан жолға қаржы-қаражат жұмсау, намаз оқу, зекет беру, келісімшарттарды сақтау және ауру немесе кедейлік секілді Аллаһ тағала тағдыр еткен қиындықтарға сабырлылық таныту сияқты жария түрлерін де қамтиды. Және де бұған дұшпанмен кездескендегі сабырлы болу тәрізді тағат-ғибадаттар да жатады. 2. Табиғи болмысына сай ақиқатты танып-білу Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...игілік – жан-дүниең мен жүрегің сенімді болған іс-амал», – деген. Бұл сөздерінің мағынасы: Аллаһ тағала Өз құлдарын ақиқатты танып-біле алатын, ақиқатқа бейім және оны қабылдай алатын етіп, оларға әу бастан-ақ ақиқатқа деген сүйіспеншілік дарытып жаратты. Пайғамбар сондай-ақ (с.а.с.): «Әрбір нәресте өзінің табиғи болмысымен (фитра)1 туылады», – деген2 . Бұл хадисті жеткізген Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Егер қаласаңдар: «Адамдарды сол бойынша жаратқан Аллаһтың жаратылысы3 » 4 , – деген аятты оқыңдар», – деп айтқан. Аллаһ тағала Өзін еске алғанда мұсылман-мүміннің жүрегі иман нұры шұғыласымен кеңейіп, тыныштық табатынын білдірген. Көңілінде күмән туғанда адамның Аллаһ тағаланы еске алуға асығу себебі де осы және оны тыныштандыратын күй ізгіліктің айғағы болады. Аллаһ тағала: «Естеріңде болсын! Аллаһты еске алумен жүректер орнығады»5 , – деген. 3. Күнәкарлықтың екі белгісі Күнәкарлықтың екі белгісі бар. Оның бірі – ішкісі. Бұл жерде анық сенімі болмаған адамда күнәдан кейін пайда болатын тынышсыздық, үрейлену және жиренішті сезім туралы әңгімеленген. 1 «Фитра»: сөзі алғашқы табиғи таза болмыста болу дегенді білдіреді. Ибн Кәсир: «Бұл сөз адам баласы дүниеге белгілі бір тума қасиетпен және өзінің табиғи болмысында дінді қабылдауға дайын болып келетінін, егер оны өзімен өзін қалдырса, онда ол сөзсіз өз табиғи болмысына тартатынын, ал ауытқушылар тек қана адамдардың немесе қалыптасқан әдет-ғұрыптардың ықпал-әсері нәтижесі ғана екенін білдіреді», – деп жазады. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 «Сол бойынша жаратқан» деген сөз барлық адамдар Аллаһ тағала дарытқан саусаламат, нұқсансыз табиғи болмысы нәтижесінде Аллаһ тағаланы танып-білуге және бірқұдайлықты (таухидті) мойындауға дайын екендігін білдіреді. 4 «Рум» сүресі, 30-аят. 5 «Рағд» сүресі, 28-аят.
200 Пайғамбар (с.а.с.): «...күнәкарлық – жан дүниеңе тыныштық бермейтін (іс)», – деген. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Күнә жүректі жаралайды», – деген. Күнәнің сыртқы белгісі – адамның діни себептерден туындайтын амалдарында құрметті адамдар өз ісі туралы білуін қаламауы. Осы белгілердің екеуі де кездессе және ол іс оны жасаған адамда жиреніш тудырса, сондай-ақ басқа адамдар бұл туралы білген жағдайда кінәлайтын болса, күмән туған жағдайда оның күнә екендігін ажыратуды осы белгілер оңайлатады. 4. Пәтуаны1 орындаудан бас тарту және оны бұлжытпай орындау Егер пәтуаның мән-мағынасы мұсылманның ішкі дүниесіне қарсы келіп, оған көңілі толмаса, ол пәтуаны орындаудан бас тартқаны абзал. Мұның себебі, пәтуа өздігінше тақуалық та, Құдайдан қорқу да емес және пәтуа беруші адам сыртқы белгілерге сүйенеді, ал адам өзі туралы пәтуа беруші білмейтін жайттарды біледі. Имам ән-Нәуәуи: «Егер сен байлығы тыйым салынған жолмен табылған адамнан сыйлық алсаң және (мұндай сыйлық алуға) рұқсат бар ма, жоқ па деген көңіліңде (күмән туып) жаның тынышсызданса, ал муфти (дінбасы) бұл алғаныңды жеп-ішуге пайдалануға болады деп пәтуа берсе, мұндай пәтуа күмәнді кетіре алмайды. Сол сияқты, бір әйелдің әлдебір еркекке бір қызды «бұл – сенің сүт-қарындасың»2 дегені де осыған тура келеді. Тіпті муфти «Бұл қызбен үйленуіңе болады» деп пәтуа шығарса да, бұл шешім күмәнді кетіре алмайды. Сондықтан адамдардың ақыл-кеңесіне қарамай, пенде өзі тақуалық жолды ұстануы керек», – деген. Бірақ пәтуа шариғат үкімдерімен дәлелденген болса, онда мұсылман, өзіне ұнамайтын болса да, бұл шешімді қабылдап, міндетті түрде орындауы тиіс. Мәселен, шариғат қайсыбір діни міндеттерді орындаудан бас тартуға немесе оларды қысқартылған түрде орындауға рұқсат беретін жағдайлар болады. Оған ауру кісінің ораза тұтпауына, жолаушы адамның намазды қысқартып оқуына рұқсат беретін жеңілдіктерді жатқызуға болады. Алайда кез келген мәселе бойынша Құранда немесе сүннетте тиісті бұйрық бар болса, онда мұсылманның Аллаһ тағала мен Оның елшісіне (с.а.с.) бағынуы ғана қалады. Аллаһ тағала: «Аллаһ және Оның елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды»3 , – деді. 1 Пәтуа – діни құқықтық мәні бар мәселер бойынша дін білгірлерінің (немесе муфтидің) шешімі. 2 Сүт-қарындасына үйленуге Ислам шариғатында рұқсат жоқ. 3 «Ахзаб» сүресі, 36-аят.