101 мүмкіндігі бола тұра кешіре білетін, қиындықтарға сабыр мен төзімділік көрсететін, біреулер зұлымдық жасағанда не ашу-ызасын тудырғанда ұстамдылық жасайтын, қандай жағдайға кездессе де байсалды, көңілі хош кісіге тән мінез танытатындығы. Өзінің мақсат-мұраттары жолында сұрақтар берген сахабасына Пайғамбарымыз (с.а.с.) жоғарыдағы сипатты нұсқады. Оның өтінішіне бар игілікті қамтыған және барлық зұлымдықтан қайтаратын «ашуланба» деген бір-ақ ауыз сөзбен қысқа да нұсқа насихат қылды. 2. Жаннатқа шын ынтызарлық және оған апарар жолды іздеу Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннатқа барар жолға түсуді қалаған адамның тілегіне сай ақыл-кеңес берді. Ол есте ұстауға оңай әрі қысқа және мән-мағынасы түсінуге жеңіл, нұсқа ақыл-кеңес алғысы келді, ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның өтінішіне жауап беріп «ашуланба» деген дәл, анық жауап арқылы оның неге ұмтылуы шарт екенін көрсетті. Демек, ең жоғары адамгершілік қасиеттер болып табылатын Құран Кәрімде айтылған пайғамбарлардың имани қасиетін алуға ұмтылу керек. Егер ол қасиеттерге ие болсаң, олар сенің болмысың мен әдет-салтыңа айналады, әлдене ызаңды келтірсе ашуға берілмейтін боласың. Осылайша аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың мейірімі мен жаннатқа апаратын жолды табасың. 3. Момын және салқынқанды болу игілік пен жеңіске жеткізеді Ей, құтылуды қалаушы мұсылман, егер бойыңда адами-пендешілік болмыс үстемдік етіп, зұлымдық пен жамандық күші дендей бастаса, Аллаһ тағала тыйым салғандарды істеуге апаратындай ашу-ызаға беріліп, өз нәпсіңнің жетегінде кетуге болмайды. Ашу-ызаға беріліп, жетегінде кетпеу үшін тақуа мұсылман мен иманды тұлғаның қасиеттерін есіңде ұстап, өз нәпсіңе қарсы күрес жүргізуге тиіссің. Мұсылман-мүмінді Аллаһ тағала: «Раббыларыңның кешіріміне және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктердей жаннатқа жарысыңдар. Олар кеңшілікте, таршылықта (Аллаһ жолында мал-дүниесін) жұмсағандар. Сондай-ақ олар ашуын жеңушілер, адамдарға кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді»1 , – деп сипаттаған. Ашу-ызаңды тізгіндеу арқылы аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың ашуынан өзіңді сақтай аласың, тақуалар қатарына қосыласың және жаннат тұрғындарының арасында мәңгі қаласың. Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бір күні Пайғамбардан (с.а.с.): «Мені аса Құдіретті де 1 «Әлі Имран» сүресі, 133-134 аяттар.
102 Ұлы Аллаһтың ашуынан алыс ететін не амал?» – деп сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.) бұл жолы да): «Ашуланба», – деп жауап берген1 . Хасан әл-Басри: «Кім осы төрт (жағдайда): көңілі қалағанда, қорыққанда, шақуат билегенде және ашу қысқанда өзін-өзі ұстай алу (қасиетіне) ие болса, Аллаһ оны шайтаннан сақтайды және тозақ отын харам етеді», – деген. 4. Ашу – барлық жамандықтың тоғысқан торабы, ал барлық жақсылық одан құтылуда жатыр Хадистің мазмұнынан өзіне ақыл-кеңес беруін өтінген мұсылман Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «ашуланба» деген сөзінің мәнісін түсінген. Алайда жаннатқа апаратын бұдан да гөрі пайдалырақ нәрсеге мұқтажбын деп санап, естіген жауапқа қанағаттанбай тағы да ақыл-кеңес сұрай бастады. Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз жауабын екі, үш рет, тіпті одан да көп рет қайталағанда да, оған ешнәрсе қоспады. Себебі «кеңес бер» деп айтқан сайын, егер осы сөздің мән-мағынасын түсініп, соған сәйкес амал қылсаң, сол саған жеткілікті дегенді ұқтырғысы келді. Сонда ғана ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бір сөзді бірнеше қайталауына көңіл аударады, оның мән-мағынасын түсінеді және оның мақсатын ұғынады. Бұл хадистің имам Ахмад келтірген риуаятында ақыл-кеңес сұраған адам: «Пайғамбардың (с.а.с.) сөзінен кейін мен ойландым да, ашу барлық жамандықтың тоғысқан жері екендігін түсіндім», – дейді. Ашуланбайтын адам барлық жамандық атаулыдан құтылады, ал одан құтылған адам тек қана жақсылыққа ие болады. Уа, Аллаһтың елшісі! Саған Аллаһ тағаланың сәлемі мен салауаты болсын! Аллаһ тағала осы қауым үшін саған пайғамбар мен елшіге дайындалған ең жақсы сауаптар жазсын, өйткені оны (яғни қауымды) игі (жолға) сен бағыттадың және барлық зұлымдық атаулының кілті болған нәрседен сақтандырдың. Бір адам Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Ең жақсы амал қайсы?» – деп сұрағанда: «Жақсы мінез-құлық, ол – қолыңнан келсе, ашуланбауың», – деп жауап берген. 5. Ашу – әлсіздік, ал момындық – күштілік Зор денелі, қайраты мол болса да, тез ашуланып, өзін ашуға жеңдіретін кісі әлсіз деп есептеледі. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Палуан күшті емес, ашуын жеңген (адам) – күшті», – деді», – деген2 . 1 Ахмад. 2 Әл-Бұхари, Муслим.
103 6. Ашудың жиіркенішті жемістері Ашуланшақтық – айыпталуға лайықты қасиет, жаман мінез-құлықтың көрінісі және апатқа апаратын құрал. Егер адам ашуға берілсе, алдымен өзіне және бүкіл қоғамға зиян келтіретін аса қатерлі, ықпалды күштің құрбаны болады. а) Ашу жеке адамның материалдық жағдайы болып табылатын денсаулығына, рухани құндылығы – мінез-құлқына, рухының азығы – дініне зиян келтіреді. Ашу билеген адамды көріп бұл айтылғанға оп-оңай көз жеткізесің: оның түрі өзгереді, қаны қайнап, желке тамыры адырайып, қолдары дірілдеп, қимылдары өзгеріп, қалшылдап, сөздері байланыспай қалады. Аузынан балағатты сөздер шығып, тіпті кейде өзін Исламнан шығарып жіберетін харам сөздерді айтып жібереді. Мысалы, ол өзінің имансыздығын айғақтайтын немесе дінге тіл тигізетін, соған ұқсас бірдеңелерді айтады. Сондай-ақ ашулы кезінде әдепсіз істерге барады, игілігінің негізін шайқалтып немесе тәніне зарар жеткізіп, ақшасын босқа шашуы мүмкін. ә) Ашудың бүкіл қоғамға тигізер зарары өте орасан. Ашу-ызалы жүректерде кек, өшпенділік туып, ол мұсылмандарды масқаралап жәбірлеуге немесе олармен ара-қатынасын үзуге, сондай-ақ біреу бақытсыздыққа душар болса, оларға жығылғанға жұдырық жұмсағандай тілін безейді. Солайша достар мен таныстар, әріптестер арасында дұшпандық және өшпенділік пайда болады, туысқандық байланыс үзіледі, барлық жерде рухани азғындау тарап қоғамның қирауына ұрындырады. 7. Ашудың дауасы және одан құтылудың тәсілі Ашулану – адамдардың туа бітті қасиеті, бірақ нағыз мұсылман өзінің ашулануына себеп болатын істерден сақтанып, өз ашу-ызасын білдірмеу арқылы, ал егер ашулана қалған жағдайда оны басу арқылы қорғанып, жамандықтың бетін қайтара алады. а) Ашу-ызаның себептері. Ашу-ызаға ұрындыратын себептер өте көп әрі сан қилы. Олардың қатарына адамдарға менмендік, өркөкіректік көрсету, олардан жоғары тұруға ұмтылу, басқаларды келемеждеу мен қорлау, көп әзілдеу, әсіресе әзілдесуге ешқандай себеп болмаса да қалжыңдауға талпыну, өзіне қатысы жоқ істерге араласу, жанжалдасу, сондай-ақ жоғары дәреже мен басы артық байлыққа ұмтылу жатады. Мұсылманға мұндай теріс қасиеттерден аулақ болып, одан жоғары тұруға ұмтылу шарт және оған өз бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру ұсынылады. ә) Ашушаңдықтан құтылуға қатысты Исламда көптеген әдіс-тәсілдер бар, олар мыналар: – Өз жанын кешірімшілдікке, момындыққа, сабырлылыққа және ісамалдарында орнықтылыққа, асығыс шешім қабылдамауға үйрету. Осы
104 мәселелердің бәрінде бізге Аллаһ тағаланың елшісі (с.а.с.) үлгі болады. Бір хадисте: «Әлі мұсылман болмаған Зәйд ибн Сағинаның пайғамбарлық қасиетке ие ме деп тексеруді көздеп бір күні Пайғамбарға (с.а.с.) келгені туралы оқиға риуаят етіледі. Сөйтсе Пайғамбардың (с.а.с.) кешірімшілдігі ашуынан озық тұрады екен, ал наданның надандығы Пайғамбардың (с.а.с.) мейір-шапағатын арттыра түседі екен. Зәйд әлі уәделескен мезгілі жетпесе де өте өрескел түрде Пайғамбардан (с.а.с.) қарызын қайтаруды талап етеді. Пайғамбар (с.а.с.) оған күлімсіреп жылы жүзбен жауап қайтарады. Омар (Аллаһ оған разы болсын) оған жекуге кіріскенде, Пайғамбар (с.а.с.) екеуіне де өнеге болатын сөз айтады. Ол (с.а.с.): «Ей, Омар! Біз басқа нәрсеге көбірек мұқтаж едік: сен маған қарызды дер кезінде қайтаруымды әмір етуің керек еді, ал оған – қарызын қайтаруымды өз дәрежесінде талап етуін бұйыруың керек еді», – деді. Осыдан кейін оған тек қарызын ғана қайтарып қоймай Омар (Аллаһ оған разы болсын) оның зәресін алғаны үшін айыппұл ретінде қарызына қосымша сыяпаттар қосып беруге бұйырады. (Пайғамбардың (с.а.с.) осы сөздері мен мінез-құлқынан кейін) Зәйд (Аллаһ оған разы болсын) Исламды қабылдады, сөйтіп аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың қаһарынан және тозақ отынан аман қалды», – делінген1 . – Әлдене адамның ашу-ызасын келтірсе, ол өзін-өзі ашуланудан қайтаруы және оның нәтижесі қандай қателіктер мен күнәларға апаратынын, ашуды жасыра білу мен қандай да бір жамандық жасаған адамды кешіре білудің артықшылығын есіне алуы керек. Өйткені Аллаһ тағала: «Сондайақ ашуларын жеңушілер, адамдарға кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді»2 , – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні ашулануға мүмкіндігі бола тұра ашуызасын тоқтатқан адамды, ол (әйелдікке) қалаған хор қызын таңдауы үшін, Аллаһ (Өзінің) жаратқандарының алдында шақырады»3 ; «Менің ең жақсы көретінім – пенденің өз ашу-ызасын тоқтатуы. (Өйткені) пенде Аллаһ разылығы үшін ашуын тоқтатқан сайын Аллаһ оның жанын міндетті түрде иманмен толтырады», – деген4 . Осы хадистің басқа риуаятында: «...Аллаһ оны тыныштық пен иманға толтырады», – делінген5 . – Қарғысқа ұшыраған шайтанға қарсы Аллаһ тағаладан пана сұрау. Аллаһ тағала: «Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, онда Аллаһтан пана сұра. Өйткені Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші»6 , – деген. Бір күні Пайғамбардың (с.а.с.) алдында екі адам өзара сөзге келіп қалады да, оның бірі ашумен екіншісін тілдеп, беті алаулап қызарып кетеді. (Оны 1 Ибн Хиббан, әл-Хаким, әт-Тирмизи. 2 «Әлі Имран» сүресі, 134-аят. 3 Ахмад, Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ. 4 Ахмад. 5 Әбу Дауд. 6 «Ағраф» сүресі, 200-аят.
105 көрген) Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында мен сондай сөзді білемін, егер оны айтқан болса, міндетті түрде тынышталар еді. (Егер ол): «Лағынетке ұшыраған шайтаннан (сақтанып) Аллаһтан пана сұраймын» (Әъузу билләһи минәш-шайтанир-ражиим), – десе, онда (ол ашуын) басар еді», – дейді1 . – Ашуланған адам өзінің тұрған жағдайын өзгерту керек. Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендерден кім ашуланғанда тұрған болса – отырсын, ашуы (сонда да) қайтпаса, жатсын», – деген2 . Бұл сөздердің мәнісі – түрегеп тұрған адам отырған немесе жатқан адамға қарағанда кек алуға (яғни қол жұмсауға) жақын әрі дайын тұрады дегенге саяды. – Сөйлемеу. Өйткені сөйлесе, өз сөзіне қарсы ашуын келтіретін жауап естуі мүмкін немесе шын мәнінде өзі айтқысы келмеген сөзді айтып қалып, ашуы қайтқан соң өкінуі мүмкін. Бірде Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден кім ашуланса, үндемесін», – деп үш рет қайталаған3 . – Дәрет алу қажет. Өйткені ашу-ыза адамның қанын қыздырып, дене қызуын көтереді, адамды ширақ қимылдайтын етеді, ал суық су оны салқындатады да қалыпты жағдайға түсіреді. Пайғамбар (с.а.с.) өз уағыздарының бірінде: «Шындығында, ашу-ыза адам баласының жүрегінде жанып тұрған қызыл шоқ», – деген4 . Сонымен қатар дәрет алу аса Құдіретті де Ұлы Аллаһты еске алумен байланысты құлшылық түрлерінің бірі екенін атап айту қажет және ол кезде адамдағы ашу-ыза жалынын өршітуші шайтан шегініп кері кетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында, ашу – шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған, егер сендерден кімде-кім ашуға берілсе, дәрет алсын», – деген5 . 8. Аллаһ тағала үшін ашу-ызаға берілу Мұсылманды күнәкар ететін ашу-ыза, Аллаһ тағала үшін немесе Оның дінін қорғау үшін емес, жеке басының кегін қайтаруға ұмтылудан пайда болады. Ал ақидаға қайшы келу мен адамгершілікке жат мінез көрсету немесе құлшылық етуге көңіл бөлмеу, елемеу мен қандай да бір мұсылманға зарар жеткізуге, оны масқаралау не мүлкін иемденуге әрекет еткен адамға қарсы ашулану Аллаһ үшін ашулану болады. Әрі мұндай жағдайда пайда болатын ашу-ыза қажетті де мақтауға лайық. Аллаһ тағала: «Олармен соғысыңдар. Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптасын және де 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Ахмад, Әбу Дауд. 3 Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дауд. 4 Ахмад, әт-Тирмизи. 5 Ахмад, Әбу Дауд.
106 оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге жеңіс (жәрдем) берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін жазсын және олардың жүректерінің ашу-ызасы кетсін»1 , – деген. «Сахихта» келтірілген хадисте бір сахаба: «Пайғамбар (с.а.с.) шымылдық ішіндегі қыздан да ұялшақ еді, ал егер өзіне ұнамайтын бір істі көрсе, (ұнатпағанын) біз оның жүзінен білер едік», – деген2 . Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) ешнәрсеге ашу шақырмайтыны, ал егер аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың тыйымдары сақталмаған кезде оның ашуызасын ешнәрсе тоқтата алмайтыны жайлы риуаят бар3 . 9. Ашуланған адам өз әрекетіне жауап беруі тиіс Егер ашуланған кісі басқа адам үшін құнды затты жойып жіберсе, оның құнын орнына келтіруі және ол заттың құнына сәйкес айыбын төлеуі тиіс. Егер ол әдейі және нақақтан кісі өлтірсе, өзі өлтірілуге лайық болады (қысас). Егер ол өзінің имансыздығын жарияласа, тәубеге келгенше, оны Исламнан бас тартқан, діннен шыққан муртад деп есептеу керек. Егер ол бірнәрсе туралы ант ішсе, анты хақиқи ант болады; егер ол (әйелін) ашу үстінде талақ етсе де ажырасуы хақиқи болып табылады. 10. Хадисте не туралы айтылады? Кез келген мұсылман ақыл-кеңес алуға, игі жақсылықтың түрлі жақтарын танып-білуге, пайдалы білім үйренуге және насихат, ғибратты барынша кең көлемде алуға ұмтылуы тиіс. Сонымен бірге бұл хадис адамдарды аз сөйлеп, көп амал істеуге және жақсы өнегеге ілесіп, өзін-өзі тәрбиелеуге әрекет жасауға шақырады. 1 «Тәубе» сүресі, 14-аят. 2 Әл-Бұхари. 3 Әл-Бұхари, Муслим.
107 ОН АЛТЫНШЫ ХАДИС БАРЛЫҚ АМАЛДЫ ЖАҚСЫ ІСТЕУ (Умумул-ихсан1 ) Әбу Яғла Шаддад ибн Аус (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһ әр нәрсені (іс амалды) жақсы істеуге бұйырған, егер өлтіру (керек болса), жақсы тәсілмен2 өлтіріңдер, тіпті мал соятын болсаңдар да жақсы орындаңдар, пышақты (жақсылап) қайрап, (сойылатын) малды азаптан құтқарыңдар», – деді», – деген3 . Хадистің маңыздылығы Бұл хадис дініміздің маңызды негіздерінің бірі болып табылады және Исламның барлық үкімдерін жақсы орындауға шақырады. Яғни қандай да бір істің жақсы орындалуы оның шариғат заңдарына сай атқарылуы қажеттілігін білдіреді. Ақиқатында іс-әрекеттің бәрі адамның тіршілік қажеттіліктерін табуға ұмтылысы мен көпшілікпен қарым-қатынасына, жүректің ісі боп табылатын иманға және Исламға қатысты болады. Бұл дүние мен Ақыретке қатысты іс-қимылдардың барлығын дұрыс әрі жақсы орындайтын адам табысқа жетеді, егер Аллаһ тағала қаласа, ол дүниеақыретте бақыттылар қатарында болады. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Барлық істі жақсы орындау – уәжіп Бұл хадисте барлық іс-амалды жақсы орындаудың уәжіп екендігі айтылады. Яғни шариғатта айтылғандардың барлығын нақты және толық орындау қажет. Өзінің Ұлы Кітабында Аллаһ тағала: «Негізінде Аллаһ әділет пен игілікті бұйырады»4 ; «Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Аллаһ игілік істеушілерді жақсы көреді»5 , – деген. Бұл (айтылған мәселе) парыздарды орындауда да, харамдардан сақтануда да және адамдармен өзара қарым-қатынаста да бірдей қажет. Барлық істі жақсы орындау дегеніміз – барлық тиісті шарттарды сақтай отырып толық 1 Ихсан – «өте жақсы істеу, жақсылық істеу, қайырымдылық» дегенді білдіреді. Бұл термин көп мағыналығы себепті қазақ тілінде контекске сәйкес пайдаланылады. 2 Қылмыстыны өлтіргенде қатты қиналмайтындай етіп тез өлтіру керек. 3 Муслим. 4 «Нахл» сүресі, 90-аят. 5 «Бақара» сүресі, 195-аят.
108 орындау. Егер дәл осылай істесе, оның іс-амалы қабыл болады және артығымен марапатталады. 2. Өлтіруді де өз дәрежесінде дұрыс орындау қажет Егер біреуді өлтіруге тиіс болған жағдайда өткір құралмен барынша жеңіл тәсілмен тез өлтіру керек. Мұндағы «өлтіруге тиіс болған жағдайда» деген сөзді жиһадта, өлімге-өлім (қысас) немесе Құран мен сүннетте көрсетілген қылмысқа сәйкес қолданылатын жаза (худуд) деген мағынада түсіну керек. а) Қысас, яғни кісіні әдейі өлтіргені үшін қылмыскерге өлім жазасын кескен жағдайда оның ұсқынын, бет-әлпетін бұзуға тыйым салынады. Егер қылмыскер өз құрбанының сиқын бұзған болса да, оны қылышпен өлтіру керек. Мәлик, Шафиғи және Ахмад кісі өлтіруші қалай өлтірген болса, оны да солай өлтіру дұрыс деп есептеген. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Күміс әшекейі бар жас қыз Мәдинада көшеге шыққанда, бір яһуди оны таспен ұрыпты. Қызды Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкелген кезде ол өлім халінде еді. Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Сені пәленше ұрды ма?» – деп сұрады. Қыз басын көтерді. Одан: «Сені пәленше ұрды ма?» – деп үшінші рет сұрағанда қыз басын изеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол адамды әкеліңдер деп бұйырды да, оның басын тасқа қойып, сосын басын басқа таспен ұрып (өлтіртті)», – деген1 . Әс-Сәури, Әбу Ханифа және имам Ахмадтан жеткен екінші риуаятта кісі өлтіргенді тек қылышпен өлтіру керек деген. Имам Ахмадтан кісі өлтіруші өзі өлтірген адамға не істеген болса, оған да соны істеу керек деген пікір де жеткен. Тек кісі өлтіруші өзі өлтірген адамды өртеген болса немесе (адам танымастай) бет-келбетін, бейнесін бүлдірген болса ғана бұл айтылған пікір жарамайды. Ондай жағдайда кінәліні қылышпен өлтіру керек, өйткені шариғатта адамды өртеуге және бет бейнесін бүлдіруге тыйым салынған. 3. Тірі жәндіктерді өртеуге тыйым Әл-Бұхаридің «Сахихында» Пайғамбар (с.а.с.) алғашқы кезде өртеп өлтіруге рұқсат еткен, бірақ кейін Аллаһтың бұйрығына толық сәйкес келуі үшін, олай етуге тыйым салғаны туралы хабарланады. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Ешкімді) Аллаһ тағала жазалайтын тәсілмен жазаламаңдар, – деді», – деген2 . Мейірбан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл өсиеті жандырғыш бомбаларды пайдаланбау туралы көптеген мемлекеттер орындамайтын, қағаз жүзінде 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Әл-Бұхари.
109 ғана пайда болған халықаралық келісімшарттардан жүздеген жыл бұрын айтылған-ды. Исламда отқа жағуға салынған тыйым тек адамдарға ғана емес, жанжануар, құрт-құмырсқа мен барлық жәндіктерге де қатысты. Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге өртелген құмырсқа илеуінің қасынан өттік, Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қатты ашуланып: «Шындығында, адамдар ешкімге аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың жазасын қолданбауы тиіс», – деді», – деген1 . Міне, осы себептен ғұламалардың барлығы жәндіктерді де өртеп өлтіруге қарсы болған. Ибраһим ән-Нахағи: «Шаянды өртеу оның бейнесін бұзумен тең», – деген. Умму Дәрда бүргені отқа тастауға тыйым салған. Ал имам Ахмад: «Әлі өлмеген балықты отқа қуыруға болмайды», – деген. Ол сондай-ақ: «Шегірткені отқа қуыру – үлкен зұлымдық емес, өйткені онда қан жоқ», – деген. 4. Қандай жағдайда жануарды садақпен немесе басқа қарумен атуға болмайды? Бұл жерде жануарды бір затқа байлап қойып, оны садақпен немесе басқа құралмен атып өлтіру туралы сөз болып отыр. Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) жануарларды бұлай өлтіруге тыйым салған», – деген. Сондай-ақ Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) тауықты нысана етіп қойып, оған тас лақтырып жатқандардың қасынан өтіп бара жатып: «Кім бұлай етті? Шындығында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұлай еткендерді лағынеттеген», – деп айтқан2 . 5. Жануарларды нысана етудің тыйымы Бұл жерде «нысана» деп садақпен яки басқа да ату құралдарымен дәлдеп ататын жануар туралы сөз болып отыр. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) нысана қылып атып өлтірген хайуанның етін жеуге тыйым салған. Егер қаласа, әуелі бауыздап, содан кейін атуға болады», – деген3 . 1 Әбу Дауд, ән-Нәсәи және Ахмад. 2 Әл-Бұхари, Муслим. 3 Ахмад.
110 6. Малды союдың жақсы әдісі Исламда әрбір мұсылман міндетті түрде орындауы тиіс мал союдың белгілі тәртібі бар. Бұл барлық істі мейірімділікпен жақсы орындау керек деген қағиданың іске асуы болып табылады. Жоғарыда айтылған тәртіп бойынша, малдың жаны тез шығуы үшін соятын құралды (пышақ, т.с.с.) өткір етіп қайрау керек. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) пышақты жақсылап қайрауды және оны хайуанға көрсетпеуді бұйырып: «Кімде-кім мал соятын болса, тез сойсын», – деді», – деген1 . Сойылатын малды соятын жерге жай айдап келу, оған мейірімділікпен қарау да жоғарыда айтылған тәртіпке кіреді. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) қойдың құлағынан ұстап сүйреп бара жатқан адамның қасынан өткенде, оған: «Қойдың құлағын қоя бер де, желкесінен ұста», – деді», – деген2 . Имам Ахмад: «(Малды) соятын жерге (сүйремей) ақырын апару керек және пышақты көрсетпеу қажет, пышақты тек соятын кезде ғана алған жөн», – деген. Малды жақсы сою деген сөз малдың мойын тамырларын (күретамыр) кесуді білдіреді. Ибн Аббас пен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) шайтан тілмеге тыйым салған», – деген3 . Яғни сойған кезде мойын тамырларын кеспестен тек терісін ғана кесу. Сондай-ақ бір хайуанды сойғанда екінші хайуанға көрсетпеген дұрыс. Сойылатын малды құбылаға қаратып, Аллаһ тағаланың есімін айту керек, содан соң малдың терісі суығанша оған тимеу керек, сойғанда құлшылық ниетімен сою қажет және Аллаһ тағаланың малды бізге бағындырып, сондай жақсылық жасағанына шүкіршілік еткен дұрыс. Хайуанға жақсы қатынас жасау, малды сауғанда оның төліне жетерлік сүт қалдырмай сарқа сауып алмау, аса ауыр жүк артпау және қажетсіз мінбеу дегенді де білдіреді. 7. Бұл хадис, жоғарыда айтылғандарды ескерсек, Исламның өте маңызды негіздерінің бірі екенін аңғарамыз. Өйткені ол Пайғамбардың (с.а.с.) барлық іс-амалдарды көркем атқаруға үндеуі болып табылады. 1 Ахмад, Ибн Мәжәһ. 2 Ибн Мәжәһ. 3 Әбу Дауд.
111 ОН ЖЕТІНШІ ХАДИС ТАҚУАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Әбу Зарр Жундуб ибн Жунада мен Әбу Абдур-Рахман Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да1 Аллаһтан қорық2 , жаман істен кейін оны жоятын3 жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деді», – деген4 . Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Хадистің айтылу себептері Бұл сөздер Пайғамбар (с.а.с.) тарапынан Әбу Зарр мен Муғаз ибн Жәбәлға (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) өсиет ретінде айтылған және түрлі себептермен, түрлі жолдармен риуаят етілген. Мәселен: а) Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Муғазды Йеменге жіберерде Пайғамбар (с.а.с.): «Қайда болсаң да Аллаһтан қорыққайсың, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынасыңда әділ бол», – деді. Муғаз: «Жақсы істерге «Лә иләһә иллаллаһ» (деген сөзді айту) жата ма?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл – (олардың) ең жақсысы», – деп жауап берді», – деген5 . ә) Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған ақыл-кеңес бер», – деп өтіндім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер (қандай да бір) жаман іс істесең, артынша (жаман істі) жоятын бір жақсы іс істе», – деді. Мен: «Жақсы істерге «Лә иләһә иллаллаһ» (деген сөзді айту) жата ма?» – деп сұрадым. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл – (олардың) ең жақсысы», – деді», – деген6 . 2. Адам – Аллаһтың жердегі құрметті орынбасары Аллаһ тағала адамзатты жаратты және оған сансыз көп нығметтер сыйлады. Ол адамдарға қандай жол бақыт пен игілікке жеткізетінін 1 Яғни кез келген уақытта, кез келген жерде, қайда болсаң да, жалғыз болсаң да немесе біреулермен бірге болсаң да, адамдар сені көре ме, көрмей ме бәрібір. 2 Аллаһтан қорқу дегеніміз пенденің Оның жазасынан пана болатын тосқауыл тұрғызуға ұмтылуы, басқаша айтқанда, сол жазадан қорғану. Ал бұған Аллаһ тағаланың бұйрықтарын орындау және Ол тыйым салған амалдардан бас тарту арқылы жетуге болады. 3 Демек, адамдардың амалын жазып тұратын періштелердің дәптерінен өшіріледі, нәтижесінде күнә істеген адам кейін бұл үшін сұралмайды. 4 Әт-Тирмизи. 5 Ибн Әбдул-Барр, әт-Тәмһид. 6 Ахмад.
112 түсіндіретін пайғамбарлар жіберіп, оларға аспаннан уахи түсірді. Сөйтіп Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеуді, Өзі нені бұйырса, соны орындауды, Өзі неден қайтарса, содан қайтуды, жақсылық жасауға асығуды және шариғат теріске шығарған істерді орындаудан тыйылуды бұйырды. Сондай-ақ адамдар арасындағы қатынас сүйіспеншілік пен өзара көмек, туысқандық негізде болуын, әрбір адам басқаға көмек қолын созуға дайын тұруы, басқаға жақсылық істеуі керектігін, әрбір пенде әдепті, қайырымдылық пен мейірімділік, достық пейілде тек жақсы сөз сөйлеуі үшін әркімнің барлық адамзатты бақытты етуге ұмтылуын әмір етті. Осылай еткенде барлығы табысқа жетеді, ал бүкіл адамзат дүние және Ақыретте игілікке ие болады, нәтижесінде, адам жер бетіндегі құрметті орынбасарлыққа (халифалыққа) жетеді, басқаша айтқанда, ол Адам (аләйһис-сәләм) Аллаһ тағалаға жақын періштелерден асып түскен дәрежеге жеткен. Өйткені Аллаһ тағала: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» (яғни оған сәлем белгісі ретінде жерге дейін иіліңдер), – дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды»1 , – деген. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге дәл осындай ақыл-кеңес береді және осыған шақырады. 3. Өзгермейтін өсиет Бұл екі ұлы сахаба2 бізге қандай тамаша сыйлық қалдырған десеңізші! Ол сыйлық олардың сүйікті ұстазы Мұхаммедтен (с.а.с.) естіген сөздері еді! Бәлкім, бұл сөздер әу баста тек сол екі сахабаға ғана арналған болуы мүмкін, бірақ бертін келе бүкіл үмбет үшін еш уақытта өзгермейтін тұрақты өсиет пен ақыл-кеңес, нұсқауға айналды. Өйткені бұл өсиет барлық игілік пен ең үлкен пайданы қамтиды. Бұл пәни дүниеде бақытқа жеткізеді, ал бақи дүниеде берілетін шат-шадыман, рақат туралы қуанышты хабарды білдіреді және Аллаһ тағала мен Оның құлдарының құқықтары толық сақталатыны жайлы хабар беретін ұлы өсиет болып табылады. 4. Тақуалық құтылуға жеткізеді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл өсиеті бізді іс-амалдардың ең бастысы тақуалыққа бағыттайды, өйткені барлық игілікке жету мен кез келген зұлымдықтан құтылу тақуалыққа байланысты. Ал бұл өсиетті берік ұстанған мұсылман-мүміндер Аллаһ тағаланың көмегі мен қолдауына ие болуға құқылы. Өйткені Аллаһ тағала: «Шынында, Аллаһ тақуалық қылушылармен, сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге»3 , – деген. 1 «Бақара» сүресі, 34-аят. 2 Осы тараудағы қарастырылып отырған хадисті жеткізушілер. 3 «Нахл» сүресі, 128-аят.
113 Бұл үшін Аллаһ тағала жақсы ризық нәсіп етіп, қиындықтардан құтқаруды уәде етті. Ол: «Кім Аллаһтан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған Аллаһ ойламаған жерден ризық береді»1 , – деді. Сондай-ақ тақуалық үшін Аллаһ тағала дұшпандардың арам ойы мен қастықтарынан сақтайды, өйткені Аллаһ тағала: «Егер сабыр етіп, тақуалық істесеңдер, олардың қулықтары сендерге ешбір зиян қылмайды»2 , – деген. Және Аллаһ тағала тақуаларды Өзінің мейірімінен үмітті етіп: «...рақымым әрнәрсені сыйдырды. Таяуда оны (яғни рақымымды) сондай тақуалық қылғандарға жазамын» 3 , – деді. Аллаһ тағала Өзі туралы баяндап, Аллаһтан қорқу керектігін және Өзінен қорыққандарды кешіретінін айтты: «Ол Аллаһ, қорқуға лайық, кешірім Иесі»4 . Ақыретте Аллаһ тағала тақуаларды Өзіне жақын орналастырады. Ол: «Күдіксіз тақуалар бақтар мен өзендерде. Құдіретті билік Иесінің құзырындағы шындық орнында»5 , – дейді. Тақуалықтың артықшылығы мен оның жемістері жайлы айтылған аяттар мен хадистер көп. Мұның таңғаларлық ешнәрсесі жоқ, өйткені тақуалық – мұсылмандардың жолы және пайғамбарлар мен елшілердің қасиеттерінің бірі. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Міне, солар, Аллаһтың тура жолға салғандары (пайғамбарлары. Мұхаммед!) Сен солардың жолына түс»6 , – деген. Бұл – Аллаһ тағаланың барлық құлдарына қойған талабы. Оны орындаған адам жетістікке жетеді және табыста болады, ал оны орындаудан бас тартқан пенде қасіретке тап болып зиян шегеді. Аллаһ тағала: «Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Аллаһтан қорқыңдар!» деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегілер Аллаһтікі. Аллаһ Мұңсыз, аса Мақтаулы»7 , – дейді. 5. Тақуалықтың хақиқи мәні Тақуа (Құдайдан қорқу) – ескерту ретінде қолданылатын көп мағыналы сөз. Бұл ұғым Ислам әкелгендердің барлығын – ақидаға, құлшылыққа, адамдармен ара-қатынасқа және адамгершілікке қатысы барлардың бәрін толықтай қамтиды. Аллаһ тағала: «Ізгілік – жүздеріңді шығысқа немесе батысқа бағыттауларың емес. Алайда ізгілік (етушілер) – Аллаһқа, 1 «Талақ» сүресі, 2-3 аяттар. 2 «Әлі Имран» сүресі, 120-аят. 3 «Ағраф» сүресі, 156-аят. 4 «Муддассир» сүресі, 56-аят. 5 «Қамар» сүресі, 54-55 аяттар. 6 «Әнғам» сүресі, 90-аят. 7 «Ниса» сүресі, 131-аят.
114 Ақырет күніне, періштелерге, Кітапқа және пайғамбарларға иман келтіргендер, сондай-ақ өзі жақсы көре отырып байлығын жақын туыстарға, жетімдерге, кедейлерге, (елдеріне жете алмай жүрген) жолаушыларға, қайыршыларға, құлдарды азат етуге жұмсағандар әрі намазды толық орындағандар, зекет бергендер, уәделессе уәдесінде тұрғандар, қиыншылықта (таршылықта, кедейшілікте), ауырғанда және соғыс кезінде сабырлық қылған кісілер. Міне, солар – (имандарында) шыншыл болғандар. Міне, солар – нағыз тақуалар»1 , – деген. Демек, бұл мағынада тақуалық жай сөз, дәлелсіз дағуа емес, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа барлық уақытта бойсұну, Оның бұйрықтарын орындамаудан үзілді-кесілді бас тарту. Біздің бұрынғы өткен шыншылдарымыз бұған төмендегідей түсініктеме берген: тақуа болу, демек, Аллаһ тағалаға бойсұну, Оған бағынбаудан бас тарту, Оны есте ұстау, Оны ұмытпау, Оған алғыс айту және жақсылықты білмейтін көргенсіз болмау. Сонымен, олар осы айтылғандарға кез келген уақытта беріліп, Аллаһ тағаланың бұйрығын орындап және Оның: «Ей, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер»2 , – деген шақыруына жауап беріп, әшкере де жасырын амал қылған. 6. Тақуалық кемелдігінің белгілері Тақуалық кемелдігінің белгілерінің бірегейіне барлық шүбәлі амалдардан және хараммен араласқан істерден алыс болу жатады. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «...өз діні мен намысын (сақтау) үшін кім шүбәдан сақтанса, ол одан құтылады...», – деген3 . Күдіктенуге себебі бар болса, рұқсат етілген халалдан бас тарту да осыған қатысты. Өйткені олар адамды харамға да апаруы ықтимал. Хасан әл-Басри: «Тақуалар харамнан қорқып, көптеген халалдан бас тартқанда ғана тақуалығын жоғалтпайды», – деп айтады. 7. Тақуалықтың қажетті шарты Аллаһ тағаланың діні туралы ілімді игермей мұсылман адамның тақуалыққа (бұл сөздің толық мағынасында) жетуі мүмкін емес және ол өз жемісін бермейді, өйткені мұсылман аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан қалай қорқу керек екенін білуі қажет. Өйткені Аллаһ тағала: «...шын мәнінде Аллаһтан құлдарының ішінен ғалымдар қорқады»4 , – деді. 1 «Бақара» сүресі, 177-аят. 2 «Әлі Имран» сүресі, 102-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 «Фатыр» сүресі, 28-аят.
115 Ал білімсіз адам не істеу керектігін, неден бас тарту қажеттігін білмейді. Білім – құлшылықтың ең жақсы түрі, жаннатқа апарар жол және Аллаһ тағаланың адамға жақсылық қалағанының белгісі. Пайғамбар (с.а.с.): «Ғұламаның құлшылық етушіден артықшылығы – сендердің ең төменгілеріңнен менің артықшылығымдай»1 ; «Кім ілім іздеу жолына түссе, Аллаһ оның жаннатқа (барар) жолын оңайластырады»2 ; «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған дін (ілімін) үйретеді», – деген3 . 8. Тақуа мүміндерге күнәлі істері үшін тәубеге келу мен игілік жасауға асығу тән Адам баласы пенделік тұрғыдан әлденені ұмытуы, аңғармай қалуы немесе нәпсісінің азғыруына желігуі мүмкін. Кей сәттерде шайтанның азғыруына ілесіп, бағынудан кетіп күнә істеуі кәдік. Мұндай жағдайдағы тақуалықтың белгісі – оған әлденені ескерткен (есіне салған) немесе әлденені көрсеткен кезде оның тез тәубеге келуі және аса Құдіретті Аллаһтан кешірім сұрауға асығуы. Аллаһ тағала тақуаларды сипаттап: «Сондай-ақ, олар қашан арсыздық істесе немесе өздеріне әділетсіздік етсе, Аллаһты естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейді. Күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендеріне (күнәләрына) біле тұрып қасарыспайды» 4 ; «Тақуаларға шайтаннан бір қиял тисе, олар еске алады да5 қырағылық істейді6 » 7 , – деген. Тақуа мұсылман тәубеге келіп, Аллаһтан кешірім тілеп, жалбарынумен қатар өз кінәсін жуып, күнәларынан арылу үшін игілік жасауға және мүмкіндігінше көп жақсы істер істеуге асығады, өйткені ол Аллаһ тағаланың уәдесіне сенеді. Аллаһ тағала: «Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды»8 , – – деп айтқан. Ол осылай ету арқылы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұйрығын орындайды. Пайғамбар (с.а.с.): «...жаман істен кейін оны жоятын жақсылық істе», – деген. 1 Әт-Тирмизи. 2 Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 «Әлі Имран» сүресі, 135-аят. 5 Мұнда олардың Аллаһ тағаланың ұлылығын немесе шайтанның азғыруын еске алатындығы туралы айтылған. 6 Яғни барлығын ақиқатына сай көреді. 7 «Ағраф» сүресі, 201-аят. 8 «Һуд» сүресі, 114-аят.
116 9. Бойсұну нұры бағынбау түнегін жояды Намаз оқу, ораза ұстау, қажылық өтеу, зекет беру секілді игі істермен үнемі айналысу, Исламды жаюға күш салу, Аллаһ тағаланы жад ету (зікір ету) және т.с.с. құлшылық-ғибадат істері, көптеген сахих хадистерде айтылғандай, мұсылманның қателіктері мен күнәларын жояды. Бірнеше мысал келтірелік: – Пайғамбар (с.а.с.): «Кім рамазанда Аллаһтан сауап үміт етіп, иманмен ораза тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген1 . – Пайғамбар (с.а.с.) бір күні сахабаларына: «Сендерге онымен Аллаһ тағала қателіктерді өшіретін және дәрежелерді көтеретін (амалды) көрсетейін бе?» – деді. Олар: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі», – деп жауап берді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «(Бұл) – қиын болса да дәретті тиісінше алу, мешітке (қарай) көп қадам жасау және намаздан кейін намазды күту», – деді2 . – Пайғамбар (с.а.с.): «Кім бұл Үйге (Қағбаға) әйеліне жақындаспай және ешқандай күнә жасамай қажылық етсе, ол өз күнәларынан тазарады, (сөйтіп ол) анасы оны туған күні қандай болса, (сондай болады)», – деген3 . Сонымен бұл тарауда діни міндеттерді орындаудың жаман істерді жоятыны туралы келтірілген аяттардың және хадистердің біразы таныстырылды, талқыланды. Аят-хадистердің келесі бір тобы төменде талданып, түсіндіріледі. 10. Тәубеге келу – үлкен күнәлардың жойылуының қажетті шарты Жақсы амалдар ұсақ күнәларды жоятыны туралы ғұламалар бірдей пікірде. Ал ата-ананы құрметтемеу, кісі өлтіру, өсім алу, арақ ішу және сол сияқты Аллаһ тағаланың қатал жазасына ұшырататын үлкен күнәлар туралы айтар болсақ, ол үшін міндетті түрде тәубеге келу керек. Аллаһ тағала: «Расында, Мен кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса, әлбетте Кешірімшілмін» 4 , – деген. Бұл жерде Аллаһ тағаланың құлдарының құқығына қатыссыз күнәлар туралы айтылған. Егер ұрлық істеу, күштеп тартып алу, кісі өлтіру және сол сияқты күнәларды істегенде Аллаһ тағала құлдарының құқықтары бұзылатын болса, онда тәубеге келумен бірге адамдарға (алған затты) қайтарып беруі немесе олардың кешірімін алуы қажет болады. Осы шарттарды орындағанда ғана Аллаһ тағала адамның тәубесін қабыл етіп және күнәларын кешіріп (өшіріп) қана қоймай, оларды (күнәларын) жақсы 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 Муслим. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 «Таһа» сүресі, 82-аят.
117 амалдарға айналдыратынына үміттенуге болады. Аллаһ тағала: «Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі амал жасаса, міне, Аллаһ солардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады»1 , – деді. Егер әлдене толық орындалмаса немесе (күнәлі адамның) күнәсі жапа шеккендер тарапынан кешірілмеген күйі қалса, онда оның кегі Қиямет күні қайтарылады. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Мүміндерді оттан (тозақтан) шығарған (соң), олар жаннат пен тозақ арасындағы көпірде бірінен-бірі бұл дүниеде өткен реніш-кегін қайтару үшін тоқтатылады, сонан кейін олар тазарып туралыққа түскен соң, жаннатқа кіргізіледі»2 , – деді», – деген3 . 11. Адамгершілік – адамзат өркениетінің негізі Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл өсиеті арқылы біздерді жеке адамның өмірінің жақсылығы мен бүкіл қоғамды тәртіпке келтіретін жолға бағыттайды. Мұнда адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастың мәні және әрбір адам басқалардың өзіне қандай қатынас жасауын қаласа, өзі де басқаларға сондай қатынас жасауы қажеттігі туралы айтылған. Мұсылман адам әрқашан дос пейілді болуы керек. Ол адамдарды жақсы көреді, оларды құрметтейді және оларға жақсылық істейді, олар да оған жақсылықпен жауап береді. Мұндай жағдайда қоғамның әрбір мүшесі алаңсыз, тыныш, өз міндеттерін шын пейілмен орындайтын болады. Барлық іс тәртіпке келеді, хақиқи құндылықтар үстемдік алып, өркениет дамып, қоршаған орта гүлденетін болады. Адамгершілік барлық халықтың өмірінде үлкен орын алатындықтан, бұл мәселеге Ислам айрықша көңіл бөледі әрі жоғары бағалайды. Көптеген аяттар мен хадистер адамдарды биік адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа бағыттайды (үндейді) әрі оларға үздіксіз ілесудің жақсылығы неде екендігін түсіндіреді. Мысал ретінде төмендегі аяттарды келтіруге болады: «(Мұхаммед!) Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ надандардан бет бұр»4 ; «(Жамандықты) ең көркем түрде қайтар (жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта араларыңда дұшпандық бар біреу өте жақын досқа айналады»5 . 1 «Фурқан» сүресі, 70-аят. 2 Түсініктемелерде Ақыретте ренжіткені үшін адамның жаннаттағы үлесінен белгілі бір бөлігін ренішке ұшыраған адамға әперілетіні айтылған. 3 Әл-Бұхари. 4 «Ағраф» сүресі, 199-аят. 5 «Фуссиләт» сүресі, 34-аят.
118 Ал сүннетте бұған қатысты Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден бәрінен артық кімді жақсы көретінімді және Қиямет күні кім маған ең жақын тұратынын айтайын ба?» – дейді. Адамдар үндемейді. Сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.) өз сұрағын) екі немесе үш рет қайталайды. (Сонда) адамдар: «Иә, Аллаһтың елшісі», – дейді. Сонда ол (с.а.с.): «Сендердің ең ізгі мінез-құлықтыларың», – деген1 . Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – ең жақсы мінез-құлықтыларың»2 ; «Мұсылмандардың иманда ең кемелдісі – ең ізгі мінез-құлықтысы», – деген3 . Бұған қатысты басқа да аяттар мен хадистер өте мол. Сайып келгенде барлығының мән-мазмұнын Пайғамбардың (с.а.с.): «Мен жақсы мінезқұлықтарды кемеліне жеткізу үшін жіберілгенмін», – дегені ашады4 . 12. Жақсы мінез-құлық қалыптастыру Адам өз бойында ізгі мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра алады. Муғаз (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға жақсы мінез-құлық көрсет», – деп айтқан», – деген5 . Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...қолыңнан келгенінше өз мінез-құлқыңның ең игі жақтарын көрсет», – деген. Шындығында жақсы мінез-құлықты түрлі тәсілдермен қалыптастыруға болады. Олардың ең кереметі Пайғамбардың (с.а.с.) жоғары адамгершілік қасиеттеріне еліктеу, өйткені мұны аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ: «Сендер үшін Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар»6 , – деп ишара еткен. Шын мәнінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінез-құлқы соншалық биік, аса көркем болған. Ол туралы Аллаһ тағала: «Шын мәнінде сен әлбетте, ұлы мінезге иесің7 » 8 , – дейді. Сонымен қатар қадірлі, жақсы мінез-құлық тақуалармен, білімділермен және жақсы мінез-құлыққа ие адамдармен араласып, жағымсыз істерді істеп жүрген жаман адамдардан аулақ жүру арқылы да қалыптасады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Таңертең және кешке Раббыларына Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние 1 Ахмад. 2 Ахмад, Әбу Дауд. 3 Әт-Тирмизи, Әбу Дауд. 4 Әл-Бәйһақи. 5 Ибн Абдул-Бәрр. 6 «Ахзаб» сүресі, 21-аят. 7 Бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінез-құлқы туралы сұрағанда Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Оның мінез-құлқы Құран еді», – дегені келтірілген. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ Құранда барлық адамдарды қандай мінезқұлықта болуға шақырса, дәл сондай адамгершілік қасиеттерге ие болған. 8 «Қалам» сүресі, 4-аят.
119 тіршілігінің сән-салтанатын қалап, көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз, жүрегін Бізді еске алудан қаперсіздендірген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге1 бағынба»2 , – дейді. 13. Адамгершілік үлгілері Адамгершілік туысқандық байланыстарды үзбеуде, кешірімді, жомарт болуда және біреулер қарайласпаса да оларға қаржылай көмек беруде көрініс табады. Уқба ибн Амир әл-Жуһани (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Ей, Уқба! Дүние және Ақырет тұрғындарының ең жақсы қасиеті неде екенінен хабар берейін бе? Сенімен (қатынасын) үзгендерге қатынас жасау, саған бермегенге беру және саған әділетсіздік істегендерді кешіру», – деді», – деген3 . Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...сені балағаттаған адамды кешіру», – деген4 . Сондай-ақ жылы жүзді, момын, жуас болу, адамдарға жағымды мінез көрсету, олар жайлы жаман ойда болмау және оларға зиян келтіруден бас тарту да адамгершілік белгілеріне жатады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шариғат құптаған істердің ешқайсысын азырқанба, сондай-ақ өз бауырыңды қуанышты жүзбен қарсы алу (қажеттігін де)» 5 ; «...зияннан (оны келтіруден) бас тартсын (тыйылсын), соның өзі ол үшін садақа», – деп айтқан6 . Хадистің түйіні Иман кемелдігінің белгісі мен тақуалар қасиеттерінің бірі – көркем мінез және адамдарға жақсы қатынас жасау. Тақуалықтың тағы бір белгісі – оның Аллаһқа бойсұнбағандардан жиренуі, егер олар шариғат үкімдеріне бағынбаса, сондай-ақ шариғат теріске шығарғандардан бас тартпаса, олармен қатынас жасауды тоқтатуы. 1 Надандығы себепті Аллаһтың бұйрықтарына барынша немқұрайды болғандарға. 2 «Кәһф» сүресі, 28-аят. 3 Әл-Хаким. 4 Ахмад. 5 Муслим. 6 Әл-Бұхари, Муслим.
120 ОН СЕГІЗІНШІ ХАДИС АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ КӨМЕГІ, ҚОРҒАУЫ, ЖӘРДЕМДЕСУІ ЖӘНЕ ҚОЛДАП, ҚУАТТАУЫ Әбул-Аббас Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір күні мен Пайғамбармен (с.а.с.) көлікте мінгесіп (келе жатқанымда) ол (с.а.с.): «Ей, бала! Мен саған бірнеше сөз үйретемін1 : Аллаһты (есіңде) сақта2 , Ол сені сақтайтын болады3 , Аллаһты (есіңде) сақта, сен Оны қарсы алдыңнан табатын боласың. Егер (бір жай туралы) сұрағың (келсе), Аллаһтан сұра, егер көмек сұрағың (келсе), Аллаһтан көмек сұра және біліп қой, егер үмбеттің (барлығы)4 жиылып саған қандай да бір пайда істегісі келсе Аллаһ белгілеген нәрседе ғана пайда келтіре алады және олардың барлығы жиылып саған қандай да бір зиян жеткізгісі келсе, Аллаһ белгілеген істе ғана зиян жеткізе алады, өйткені, қалам5 әлдеқашан көтерілген, ал парақтар құрғаған», – деді», – деген6 . Ал бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһты есіңде сақта, сен Оны қарсы алдыңнан табасың, береке-рақатта Аллаһты тануға ұмтыл, Ол сені қиыншылық-таршылықта таниды, біліп қой, сені айналып өтетін жайт саған тап болуы тиіс емес, ал саған тап болатын сені айналып өтуі мүмкін емес, біліп қой, сабыр жеңіске (жеткізеді), қайғы орнына қуаныш-шаттық (келеді), ал қиыншылықты жеңілдік (ауыстырады)», – деп айтқан7 . Хадистің маңыздылығы Ханбали мазһабындағы Ибн Ражаб өзінің «Жамиъул-ъулум уәл-хикәм» атты кітабында: «Бұл хадис (Ислам) дінінің ең маңызды істеріне қатысты ұлы өсиеттер мен әмбебап негіздерді қамтыған», – деген. 1 Саған бірнеше ақыл-кеңес айтамын, Аллаһ тағала оны саған пайдалы етеді. 2 Аллаһты есте ұстау Оның бұйрықтарын бұлжытпай орындау және Оның тыйым салғандарынан бас тарту. Мұның мәні: Аллаһтың шекараларын (заңдарын) біл, сол жерлерде тоқта, Ол саған парыз еткендерді бұлжытпай орында, Ол саған орындауды бұйрық еткенді орында, Ол саған тыйым салғаннан бас тарт әрі тақуалықтан шегінуші болма. 3 Яғни Ол сені де, отбасыңды да барлық діни және дүнияуи істерде қорғайтын болады. Қай жерде болсаң да Оның жәрдемі мен қолдауын сезінесің. 4 Бұл жерде Аллаһ тағаланың басқа да барлық саналы мақлұқтары туралы айтылған. 5 Бұл жерде бүкіл дүниенің барлық тағдырын әу баста жазған және бұдан кейін енді жазбайтын қалам туралы сөз болып отыр, басқаша айтқанда барлығы алдын-ала белгіленген және бәрі Аллаһқа белгілі. 6 Әт-Тирмизи. 7 Ахмад.
121 Ғұламалардың бірі: «Бұл хадис жайлы ойланғанымда мені таңғалдырғаны сонша, ойымды зорға жинақтадым. Адамдардың бұл хадисті білмейтіні және оны жеткілікті дәрежеде түсінбейтіні қандай өкінішті!» – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұсылман үмбетінің бағыт-бағдарын белгілеуге және үлгілі мұсылман ұрпағын жасауға көңіл бөлуі Аллаһ елшісі (с.а.с.) барлық уақытта адамдардың жан-дүниесіне, әсіресе жастарға дұрыс пікір, дұрыс көзқарас орнықтыруға әрекет жасайтын, сондықтан Аллаһ тағаланың оны сипаттай келе: «Расында, сендерге өз араларыңнан бір пайғамбар келді. Сендердің қиналғандарың1 оған ауыр тиеді. Ол сендердің (дінге келулеріңе) тым құштар, мүміндерге өте жұмсақ, рақымды»2 , – дегені таңғаларлық жайт емес. Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкесінің ұлы Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) оның артында мінгесіп келе жатқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған осы ғажайып тамаша ақыл-кеңесін айтқан. Бұл ақыл-кеңестер мұсылмандарды Аллаһ тағаланың әмірін бұлжытпай орындауға және жәрдем мен қолдап-қуаттауды тек Аллаһ тағаладан сұрауға міндеттеуге бағытталған. Бұл мұсылманды Аллаһ жолында барынша батыл да ержүрек болуға шақырады. Ешнәрседен қорықпайтын, тек шындықты айтатын, ұнатпайтындардың өсегінен қорықпайтын болады, өйткені мұсылман барлығы аса Құдіретті де Дана Аллаһтың билігінде екенін, Аллаһ тағаланың қалауынсыз ешбір адам басқаға пайда да, зиян да жеткізе алмайтынын білуге міндетті. 2. Мәңгі өшпейтін сөздер мен дана тәсіл Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбар (с.а.с.) көлігіне мінгесіп бара жатып естіген сөздерін бізге жеткізді. Бұл өсиеттің маңыздылығы мен ондағы нұсқау-ережелердің пайдалылығына орай әрбір адам оған ерекше көңіл бөлуі шарт. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) ойларын жинақтап, өзіне шын ықыласымен көңіл бөлуі үшін оған: «Ей, бала!» – деді. Сонан соң айтылатын сөздерге оны қызықтыруға әрекет жасады және оған берілетін ілімнің аса құндылығына назарын аударды. Содан кейін: «Мен саған бірнеше сөз үйретемін», – деді. Расында да, бұл – бар болғаны бірнеше сөз 1 Бұл жерде адамдардың имансыздығы (яғни күпірлігі) мен арсыздығы нәтижесінде тап болатын қиындықтары туралы айтылған. 2 «Тәубе» сүресі, 128-аят.
122 ғана. Бірақ мұнда дініміздің ұлы негіздері бар, ойлануға үйретеді, ақылсананы өткір етеді, парасатты сәулелендіреді және сенімді бекітеді. 3. Аллаһты есіңде сақта, сонда Ол сені сақтайды Аллаһ тағаланың бұйрығын бұлжытпай орында, Аллаһ белгілеген шекарада тоқта, оларға жақындама, қандай жағдай болғанда да бұл айтылғандарды бұзушы болма. Аллаһ саған парыз еткендерді орында, оларды ескермей кетуші болма. Ол қайтарған істен аулақ бол және оны мен өзіңнің араңа өте алмайтындай бөгет қой. Сонда Аллаһ сенің көзқарас, дүниетанымыңды ауытқулардан, ал өзіңді теріс жолдың жамандығынан және жан-дүниеңнің (нәпсіңнің) мазалауынан қорғап, сен үшін дініңді сақтайтынын көресің. Сол сияқты Аллаһ тағала сені адамдардың зұлымдығынан сақтайтынын, жын-шайтандардан қорғайтынын және сенен кез келген қорлау мен әділетсіздікті аулақ кетіретінін көресің. Мұны сен ғана сезіп қоймайсың, саған ілесуші жақындарың да, балаларың мен туыстарың да сезетін болады. Өйткені Аллаһ тағала: «Әркімнің алдыартынан Аллаһтың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар»1 , – деді. Демек, Аллаһ тағаланың мұндай құлын аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың әмірі бойынша барлық жағынан кезектесіп қоршап, оған зиян келтіретіндерден қорғап жүретін періштелер бар. Ал мұсылман ұрпағының қорғалуы туралы Аллаһ тағала: «Сондай-ақ ол екеуінің әкесі ізгі адам еді...»2 , – деді. Егер сен Аллаһ тағаланы бұл дүниеде есте сақтасаң, Ол сені Ақыретте сақтайды, тозақ отынан құтқарады және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі (жеті қат) көк пен жерге тең жаннатты сен үшін дайын етеді. Аллаһ тағала Өзінің Кітабында: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жер мен көктердей жаннатқа жарысыңдар»3 , – дейді. Періштелер саған құрмет көрсетіп, «Қош келдің!» деп қарсы алады. Құран Кәрімде бұл туралы: «Міне, осы – сендерге әрбір (Аллаһқа) қайтушы, (өз күнәларын және діни міндеттерін) сақтаушы4 , Мейірімді (Аллаһтан) көрместен қорыққан, (күнәлардан) тәубе етуші жүрекпен келгендерге5 уәде етілгендер. «Оған (яғни жаннатқа) аман-есен кіріңдер6 ! 1 «Рағд» сүресі, 11-аят. 2 «Кәһф» сүресі, 82-аят. 3 «Әлі Имран» сүресі, 133-аят. 4 Бұл жерде Аллаһтың бұйрықтарын шын ықыласпен толық орындап, оларды әрдайым есінде ұстап, Оның тыйымдарын бұзбайтындар туралы айтылған. 5 Яғни Аллаһқа деген бағынушылығын білдіретін сау-саламат жүрекпен Аллаһқа кезігетіндер. 6 Яғни бұлар азаптан және барлық жағымсыз нәрселерден құтқарылған болады.
123 Бұл мәңгілік күні» (делінеді). Оларға ол жерде (яғни жаннатта) қалаған нәрселері бар. Ал, Бізде қосымша (сыйлықтар) бар1 » 2 , – делінген. Сонымен қатар онда «(Мұхаммед!) Аллаһтың шектерін қорғаушылар. (Осы) мүміндерді сүйіншіле»3 деп Аллаһ тағала сені сүйіншілеген істің орындалуы болады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларына Аллаһ тағаладан өздерін қорғауын тілеуді үйрететін. Пайғамбар (с.а.с.) Бара ибн Азибке (Аллаһ оған разы болсын) ұйықтар алдында: «Сенің есіміңмен, Раббым, Сенің (есіміңмен) жаттым, егер Сен менің жанымды алсаң, оған рақым ете көр, ал егер қоя берсең (жіберсең), онда оны Өзіңнің жақсы құлдарыңды немен қорғасаң, сол арқылы қорғай гөр»4 , – деген сөздерді айтуға кеңес берген. Пайғамбар (с.а.с.) Омарға (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһ! Тұрған кезімде Исламмен сақтай гөр, отырған кезімде Исламмен сақтай гөр және ұйқыдағы кезімде Исламмен сақтай гөр. Сондай-ақ дұшпандар мен күншілдердің маған қалағанын орындама!»5 – деп айтуды үйреткен. 4. Аллаһ тағаланың жәрдемі мен қолдап-қуаттауы Кім Аллаһты есінде сақтаса, Аллаһ сонымен бірге және оған жәрдемдеседі, оны қорғайды, қолдап-қуаттайды, оның басына қара бұлт үйірілгенде немесе қиын жағдайға тап болғанда көмек береді және оны (дұрыс жолға) бағыттайды. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «...Аллаһты (есіңде) сақта, Оны қарсы алдыңнан табасың», – деген. Демек, Аллаһ тағаланы сен өз қасыңнан табасың, Ол сені сақтайды және қорғайды, сенің күш-қуат, сүйенішің болады. Өйткені Аллаһ тағала: «Расында, Аллаһ тақуалармен және жақсылық істеушілермен бірге»6 , – деді. Қатада: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол солармен бірге, ал өзімен Аллаһ бірге болған адам жеңімпаздар қатарында болады, сондай-ақ онымен бірге адастырмайтын жолбасшы мен ұйықтамайтын күзетші жүреді», – деген. Бірақ Аллаһ тағаланың жәрдемі мен қолдап-қуаттауы үшін (адам) Оның бұйрықтарын орындап, Оның тыйымдарынан бас тартуы қажетті шарт болып табылады. Кім Оған бағынса, соған көмектеседі және оны қолдапқуаттайды, ал кім бағынбаса, Аллаһ тағала оны жәрдемсіз қалдырады да, 1 Аллаһтың қасында сыйлықтардың түрлері көп, олардың ең ұлысы – Аллаһ тағаланы көру мүмкіндігі. 2 «Қаф» сүресі, 32-35 аяттар. 3 «Тәубе» сүресі, 112-аят. 4 Әл-Бұхари, Муслим. 5 Ибн Хиббан. 6 «Нахл» сүресі, 128-аят.
124 қор болуға жеткізеді. Аллаһ тағала: «(Оның дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, қадамдарыңды бекітеді»1 ; «Егер Аллаһ сендерге жеңіс (жәрдем) берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер (Аллаһ) сендерді тастап кетсе (жәрдем етпесе), одан кейін сендерге кім жәрдем етеді?»2 – деген. 5. Қарттық келмей тұрып, жастық шағыңа көңіл бөл Кім Аллаһ тағаланы жас әрі қуатты кезінде есінде ұстаған болса, Аллаһ оны ескеріп, қартайып, күш-қуаттан айрылған кезінде ақыл-парасат беріп, Қиямет күні құрметті орын нәсіп етеді және ешқандай көлеңкесіз сол Күні Өз тағының саясында паналатады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешқандай көлеңке болмайтын Күні Аллаһ жеті (сипаттағы адамды) Өз көлеңкесінде паналатады: әділ патшаны, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа құлшылық етіп өскен жасты...», – деген3 . Бәлкім, осы себепті көкесінің баласына оның балиғатқа жақындап қалғанын (ескеріп), ол өзінің қайрат-жігерге толы жастық шағын дұрыс пайдалануы үшін осындай өсиет айтқан болар. Расында Пайғамбар (с.а.с.): «Бес (жағдайды басқа) бес (жағдаймен кез болғанша) пайдаланып қал: жас шағыңды қарттық (жеткенше пайдалан)...», – деген4 . Жастар мұсылман үмбетінің болашағы екенін ескерсек, бұл сөздердің мәні зор. Шындық пен әділдікке шақыру жастардың күш-қайратымен іске асады. Ниеті бұзық жалған сөзділер жастарды жолдан тайдыруға әрекет жасайды, сондықтан әсіресе адамдар мен жындардан болған шайтандардың тегеурініне шыдауы үшін олар айрықша қамқорлық пен жақсы өсиеттерге (ақыл-кеңестерге) мұқтаж. 6. Аллаһ тағаланың көмегі мен қолдап-қуаттауына шүкір етуші пенделер ғана ие болады Аллаһ тағаланың қорғап-қолдауын, қамқорлығын сезген және аса Құдіретті де Ұлы Жаратушының мейірімділік көрсететінін түсініп, өз дәрежесінде ұғынған мұсылман Оның шүкір етуші пендесі болады. Нәтижесінде ол Аллаһ тағаланың әмірлеріне бағынатын, Оның тыйым салғанынан қайтатын, заңдарын бұзудан бас тартатын және хақын сақтайтын болады. Мұндай адам барлық мүмкін болған азғырушы, еліктіруші әуестіктердің, сондай-ақ шақуат-құмарлықтарға ілескендердің ортасында болса да, соларға қарсы тұрады. Ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа 1 «Мұхаммед» сүресі, 7-аят. 2 «Әлі Имран» сүресі, 160-аят. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Әл-Хаким.
125 жалбарынып, Ол сыйлаған нығметтерді Аллаһқа ұнамды амал үшін жұмсайды және Одан өзін түрлі қателіктерден сақтауы үшін пана сұрайды. Аллаһ тағаланың мейірімі өзіне үзбей түсіп тұруы үшін Оған деген шүкіршілігін тағы да арттыра түсіп, өзінің барлық байлық пен мақтаумадақтар Иесіне мұқтаж екендігі туралы жария етеді және мейірім-шапағат Аллаһ тағаланың қолында екенін, Ол оны кімге қаласа соған беретініне шүбәсіз сенімде болады. Себебі Аллаһ тағала: «Сендердегі әр нығмет Аллаһтан»1 , – деді. Мінеки, мұндай ерекше танымы бар пендені аса Құдіретті де Ұлы Қожайыны Өзіне жақындатып қоймай, оған Өзіне ұмтылған құлына деген сүйіспеншілігін арттырады да, жалбарыну дұғасына жауап береді, тілегін орындайды, өмірін қайғы-қасіретке ұшырататын түрлі жамандықтардан құтқарады, қауіпсіздігіне қатер төндіретіннің барлығынан қорғайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһты береке-рақатта таны, Ол сені бақытсыз кезіңде таниды»; «Аллаһ кімді бақытсыз кезінде тілек-дұғасын қабыл етіп қуантса, (сол адам) береке-рақат кезінде Аллаһқа жиі (жалбарынып) дұға жасасын», – деген2 . Пайғамбарымыз (с.а.с.) хабар берген осындай пенде туралы Аллаһ тағала: «... егер ол Менен (бір нәрсе туралы) сұраса, Мен міндетті түрде (соны) сый етемін, ал Менен пана сұраса, Мен міндетті түрде оны қорғаймын», – дейді3 . 7. Тек қана Аллаһтан жәрдем сұрау және дұға жасап жалбарыну Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінің немере інісін және өзіне шын ықыласымен ілесе иманға келгендерді Аллаһтан басқа ешкімді де жәрдемге шақырмай, Одан басқа ешкімге дұға жасап жалбарынбай, құтылу мен көмекті, жалпы өзіне қажеттің бәрін алу үшін барлық уақытта тек аса Құдіретті Жоғары Мәртебелі Аллаһқа ғана (барлық даңқ Оған тән) жалбарынуға бағыттайды. Сондай-ақ Аллаһтан басқа ешкімнің алдында бас имеуге, күнәларының кешірілу үмітін Одан басқа ешкіммен байланыстырмауға, басқа ешкімге дұға жасап жалбарынбауға және Одан басқа ешкімге де алғыс айтпауға4 үндейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Егер (бір нәрсе туралы) сұрағың (келсе), Аллаһтан сұра, егер жәрдем сұрағың (келсе), Аллаһтан жәрдем сұра...», – деді. 1 «Нахл» сүресі, 53-аят. 2 Әт-Тирмизи. 3 Әл-Бұхари. 4 Бұл жерде барлық мейірімділіктің қайнар көзі Аллаһ екенін есте ұстау туралы айтылған, бірақ бұл егер адамдар тарапынан саған қайырымдылық көрсетілсе, оларға алғыс айтпау керек деген ұғымды білдірмейді.
126 Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағаланың: «Маған дұға қылушы бар ма – (дұғасын) қабылдайын, Менен сұраушы бар ма – (сұрағанын) берейін және Менен кешірім тілеуші бар ма – кешірейін», – дегенін жеткізеді1 . 8. Ең Жақын және Жауап Қайтарушыға тілек айтып дұға қылу Тілек-дұғамен тек қана аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа жалбарыну керек. Өйткені Аллаһ тағала: «Маған дұға қылыңдар, тілектеріңді қабылдаймын»2 , – деді. Сондай-ақ Ол Өзіне жалбарынып, өз өтініштерімен дұға жасайтын құлдарын мақтап: «Өйткені олар жақсылықтарға ұмтылып, Бізден үміт пен қорқу арасында тілейтін әрі Бізге жан-тәнімен берілетін еді»3 , – дейді. Тек Оған ғана жалбарыну керек, өйткені Оның есімдері қастерлі, Өз құлдарына жақын және олардың тілектерін естиді, өтініш-дұғаларын қабыл етеді. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса Мен өте Жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл алсын, иман келтірсін және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»4 , – деп айтқан. 9. Сыйлық беруден жалықпайтын Құдірет Иесіне бағытталған дұғатілектер Таухидтің кемелдігінің белгісі – мұсылманның адамдардан әлдене сұраудан бас тартуы мен барлық жағдайда тек Аллаһқа ғана жалбарынуы, өйткені Ол Өз құлдарын Өзіне ғана өтініш-тілекпен жалбарынуға үздіксіз шақырады. Аллаһ тағала: «Аллаһтан Оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Аллаһ әр нәрсені толық Білуші»5 , – деді. Аллаһ тағала (адамдардың) өтініш-тілектерінен шаршамайды, өйткені оның қазынасы мол және таусылмайды. Аллаһ тағала: «Сендердің жандарыңдағы (дүниелік) таусылады, ал Аллаһтың қасындағы мәңгі қалушы»6 , – деген. Керісінше, Аллаһ тағала құлы Өзіне өтініш-тілегімен дұға жасамаса, ашуы келеді. Осы айтылғандардан кейін сыйлық беруден мезі боп шыға келетін және өтініш-тілектер ашу-ызасын тудыратын адам баласынан әлденені сұрау мүмкін бе?! Еш уақытта ешнәрсені адамдардан сұрама Өтініш-тілек, дұғаға есігі ашық – бір Аллаһ қана. 1 Әл-Бұхари, Муслим. 2 «Ғафыр» сүресі, 60-аят. 3 «Әнбия» сүресі, 90-аят. 4 «Бақара» сүресі, 186-аят. 5 «Ниса» сүресі, 32-аят. 6 «Нахл» сүресі, 96-аят.
127 Ұлы Аллаһ ұнатпайды тілек айтпас пендесін, Тілек айтсаң, ашу қысар пенделердің кеудесін, – деген адамға Аллаһ тағала рақым етсін! 10. Аллаһқа арналмаған өтініш қорлыққа апарады Адамдар бір-бірінен бірдеңе жайлы сұраса не жасырады, не бермейді, берсе бергенін бетіне басады, бермесе сұраушыны қорлайды. Осының бәрі мұсылманның жанын ауыртады, өкіндіреді және оның намысына тиіп, қор етеді. Міне, осы себепті адамдар Пайғамбарымызға (с.а.с.) Исламға адал болуға ант бергенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардан пенделерден ешнәрсе сұрамау туралы уәде алған. Сахабалардың үлкен бір тобы осы жайлы оған ант берген. Олардың арасында Әбу Бәкір әс-Сыддық, Әбу Зарр, Сәубан және Ауф ибн Мәлик (Аллаһ оларға разы болсын) бар, олардың біреулері қамшысын не түйесінің бұйдасын түсіріп алса да, ешкімге «Әперіп жібер» деп өтінбеген, өздері түсіп алған1 . 11. Ешкімнен жеңілмес Күштіден көмек сұрау Әдетте адам жәрдем бере алатын күштіден ғана көмек сұрайды, ал Аллаһтың құлдары барлық жерде көмекке мұқтаж. Ондай көмекке Аллаһ тағаланың ғана қабілеті жетеді және барлық даңқ Оған тән. Басқалардың барлығы өз-өздерін зияннан да арашалай алмайды әрі өздеріне пайда келтіруге де қабілетсіз. Шын мәнінде Аллаһ тағала қалағанына ғана жәрдем береді, Оның қаламаған пендесі мүлдем жәрдемсіз қалады. Өйткені Аллаһ тағала: «Егер Аллаһ сендерге жеңіс (жәрдем) берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Аллаһ сендерді тастап кетсе (жәрдем етпесе), одан кейін сендерге кім жәрдем етеді?»2 – деген. Құлдардың жүрегінің өзі Аллаһтың еркінде. Аллаһ оларға (жүректерге) нені қаласа, соны істейді және құлдың біреуге жәрдемдесуін немесе жәрдем беруден бас тартуын да Аллаһ бағыттайды. Сондықтан барлық тіршілікті қозғалысқа келтіретін Құдірет иесіне ғана дұға жасап, жалбарыну керек. Ол – сыйлық беретін де, қайтарып алатын да, мейірімділік көрсетіп, жақсылық жасайтын да және де арқа сүйеу жеткілікті болатын Аллаһ. Өйткені Аллаһ тағала: «Ал кім Аллаһқа тәуекел етсе, сонда Ол оған жетіп асады»3 , – деді. Сондықтан (адамдар) барлық тіршілігі үшін тек Ұлы Аллаһқа ғана дұға жасасын, өйткені Құранда: «(Уа, Аллаһ!) Саған ғана құлшылық қыламыз, Сенен ғана жәрдем тілейміз»4 , – делінген. 1 Муслим, Әбу Дауд және басқалар. 2 «Әлі Имран» сүресі, 160-аят. 3 «Талақ» сүресі, 3-аят. 4 «Фатиха» сүресі, 5-аят.
128 12. Аллаһ тағаладан басқаға тілек айту – әлсіздіктің белгісі Жалбарынып көмек сұрау – тілек айтушының әлсіздігін, мұқтаждығын және аса қиын жағдайда екендігін мойындағанының белгісі. Әйтсе де (адам баласы) өз тілегі мен мұқтаждығын тек Аллаһ тағаланың алдында ғана айтуы тиіс, өйткені бойсұнудың шын мән-мағынасы осында. Егер Аллаһ тағаладан басқаға тілек айтса (дұға жасап, жалбарынса), бұл пенденің өзін пайдасыз аяққа таптауы, кем тұтуы болмақ. Біреуден жәрдем сұрау, ол сұраушының тілегін орындауға, оны мақсатына жеткізуге немесе қандай бір пайда келтіруге не одан залал-зиянды қайтаруға қабілетті деп мойындау болып табылады. Бұлай ойлайтын адам зор зиян шегіп, үлкен шығынға ұшырайды. Дұға-тілекті іске асыру Құдіретті де Ұлы Аллаһтан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Дұға-тілекпен пендеге жалбарыну ең сенімсіз, осал тіреуге сүйенгенмен тең дәрежеде ғана болмақ. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Өзінен басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін тойтарушы жоқ»1 ; «Аллаһтың адамдарға ашқан рақымын тосушы жоқ. (Аллаһтың) тосқанын артынан жіберуші жоқ»2 , – деген. 13. Алдын ала белгіленген тағдырға сену тыныштық әкеледі Жаратушының өзін сақтайтынына және өзіне қолдау көрсететініне сенген пенде барлық уақытта және барлық істе тек қана Аллаһ тағалаға сүйенеді де, адамдардың, жын-шайтандар мен мақлұқтардың іс-әрекеттерінен сескенбейтін болады. Бәлкім ол барлық жақсылық та, жамандық та жазмыштың ісі екендігін, Аллаһ тағаланың алдын-ала белгілегеніне сәйкес болатынын, пайда мен зиян да Оның қалауына байланысты екендігін және Одан басқа ешкімнен болмайтынын біледі. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) «Бәрі де Аллаһтың тарапынан» деп айт»3 , – деді. Ал Аллаһтың құлдары бар болғаны өздерінің дүниетанымы мен ісәрекеттері арқылы жазалануға не сауап табуға себепшілер ғана. Пайғамбар (с.а.с.): «...біліп қой, егер қауымның (барлығы) жиылып саған қандай да бір пайда істегісі келсе, олар саған Аллаһ белгілеген нәрседе ғана пайда келтіре алады және олардың барлығы жиылып саған (қандай да бір) зиян жеткізгісі келсе, олар саған Аллаһ белгілеген нәрседе ғана зиян тигізе алады...», – деген. 1 «Юнус» сүресі, 107-аят. 2 «Фатыр» сүресі, 2-аят. 3 «Ниса» сүресі, 78-аят.
129 Аллаһ тағала: «Аллаһ егер саған бір зиян келтірсе, онда оны Өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Ол әр нәрсеге Құдіретті»1 , – деді. Егер Аллаһ тағаладан тағдыр етілмесе, саған ешкім зиян келтіре алмайды. Аллаһ тағала (барлық даңқ Оған тән) тағдырыңа орай зиянзарарды саған жақындатпайды. Пайдаға қатысты да осылай, егер біреу саған қандай да бір пайда тигізгісі келсе, Аллаһ тағаланың қалауынсыз ол өз уәдесін орындай алмайды. Аллаһ тағала: «Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге әлдебір қайғы-қасірет келетін болса, ол жаратуымыздан2 бұрын Кітапта жазулы (болатын)» 3 , – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «Әр нәрсенің хақиқи мәні бар, пенде өзі тап болғанның оны айналып өтуі мүмкін еместігін, ал оны айналып өткеннің бұған тап болуы мүмкін еместігін білгенше, иманның шынайыи (хақиқи) мәніне жете алмайды», – деген. 14. Тағдырға және бәрінің алдын ала белгіленгеніне сену батылдық пен ерлікке жеткізеді Пайда мен зиянның тағдырдан екендігіне жүрегімен иланған мұсылман Аллаһ бұйырған іске ешқандай да екі ойлы болмай ұмтылуға, жек көрушілердің әрекетінен сескенбей, тіпті өзіне қарсы бағытталған болса да, өлімнен қорықпастан, батылдық, ерлік көрсетіп шындықты айтуға міндетті. Өйткені аса Құдыретті де Ұлы Аллаһқа алдын-ала аян болған іс қана адамның басына келетініне мұсылман адам сенуі керек. Ол Құрандағы айтылғандарға шын сенетінін жариялау қажет. «Бізге Аллаһтың жазғаны ғана болады. Ол біздің Иеміз. Мүміндер Аллаһқа тәуекел қылсын» де»4 . Өйткені адам қалайда жоғарыдан белгіленгенге (душар болу керек болса) душар болады. Аллаһ тағала: «Сендерге қайда болсаңдар да, тіпті биік қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді»5 , – деді. 15. Иман келтіру және тәуекел ету Тағдырға, яғни (оқиғалардың) алдын ала белгіленгеніне және алдын ала жазылып қойылғанына сенуді жоғарыда айтылған мағынада қарастырсақ, бұл өздерінің қалауы мен шақуаттарының жетегінде кететін, өздерінің адасуларын, мойынсұнбауларын Аллаһ тағала белгілеген тағдырға байлайтын күйрек, жігерсіз және әлсіз адамдардың пікірлерінің қателігін көрсетеді. 1 «Әнғам» сүресі, 17-аят. 2 Дүниенің жаратылуы туралы айтылған. 3 «Хадид» сүресі, 22-аят. 4 «Тәубе» сүресі, 51-аят. 5 «Ниса» сүресі, 78-аят.
130 Аллаһ тағала Өзі белгілеген тағдыр мен алдын ала Өзі жазып қойғанға сенуді бізге әмір етті және амал қылуды, әрекет жасауды бұйырды. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) «Амал жасаңдар, Аллаһ амалдарыңды көреді» де!» 1 – деп айтқан. Барлық істе үлгі-өнеге болған Аллаһ тағаланың елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға іс-әрекет жасауда және күш-қайрат жұмсауда мүмкін болатын барлық әдіс-тәсілдерді пайдалануы тиіс екендігін түсіндірген. Егер адам тағдырға сілтеп, «тағдырымда не жазылса сол болады» деп мақсатқа жету жолдарын іздестірмесе, Аллаһ тағалаға және Оның елшісіне (с.а.с.) бойсұнбаған, шариғат заңдарына қайшы келетін амал жасаған болады. Себебі іздену тәсілінен бас тарту – жалқаулық пен жайбарақаттықтың (әрекетсіздіктің) айғағы. Ал әрекетсіздікке ұрыну Исламда ешқашан мақұлданған емес. Тек Аллаһ тағалаға тәуекел етіп, қандай да бір нәтижеге жетудің тәсілдерін іздеу Жаратушыға үміт ету және сену болып табылады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Амал жасаңдар, әр кісі не үшін жаратылған болса, соған (жету) оған оңайлатылады», – деген2 . 16. Сабыр жеңіске жеткізеді Адам баласының өмірі түрлі шайқастардан тұрады, осы жолда түрлі дұшпандарға қарсылық көрсетеді және күресте жеңіске жету пенденің сабырына байланысты. Мақсатқа жетер жол сабырлылық арқылы өтеді және ол – түрлі жасырын және әшкере дұшпандардан үстем болуға мүмкіндік беретін ең тиімді құрал. Осы себепті аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ бұл өмірде игілікті бұзықтықтан, сенімі берік, шыншыл адамды күмәншіл екіжүзділерден ажырату мақсатында сабырлылықты Өз құлдары үшін сынақ құралы етіп жасады. Аллаһ тағала: «Әлбетте, сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанымызша сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз»3 ; «Әрине малдарың және жандарың жайында сыналасыңдар; сондайақ сендерден бұрынғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген реніш естисіңдер. Егер сабыр етіп әрі тақуалық қылсаңдар, шәксіз бұл – маңызды істер»4 , – деді. Әлбетте, әрбір парасатты адам қиындыққа әрқашан әзір тұруы керек және оған қайсарлық танытуға міндетті, өйткені бұл істерге мүлтіксіз кемел абырой, адамгершілік пен асыл бекзаттық тән. Шыншыл тақуалар туралы Аллаһ тағала: «...таршылықта5 , қиыншылықта1 және соғыс кезінде2 сабыр етушілер...»3 , – дейді. 1 «Тәубе» сүресі, 105-аят. 2 Муслим. 3 «Мұхаммед» сүресі, 31-аят. 4 «Әлі Имран» сүресі, 186-аят. 5 Таршылық – кедейліктің ең төменгі дәрежесі.
131 Анықтамалардың бірінде айтылғандай, сабырлылық дегеніміз – нәпсіні тежей білу, нәпсіні ақыл-парасат пен шариғат талаптарына бағындыра білу. Сондай-ақ ақыл-парасат пен шариғат неден бас тартуды талап етсе, нәпсіні де содан бас тартуға мәжбүр ету болып табылады. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Аллаһ тағаланың таңдаулы елшісінің (с.а.с.) хадистерін оқығанда біз «сабырлылық» деген сөздің өте жиі кездесетінін және барлық жерде жоғарыда айтылған мағынада қолданылғанын көреміз. Ол тек бір ғана ойды, атап айтқанда, табыс пен жеңіске жетуді білдіреді. Сабырлық көрсету пендеден төмендегі жағдайларда талап етіледі. а) Бойсұну мен күнәкарлықтан бас тартуда сабырлылық таныту. Аллаһ тағала бұйырғанды орындау және Оның тыйым салғандарынан бас тарту бойсұну болып табылады және оларды орындау адам жаны үшін (адам нәпсісі үшін) белгілі бір қиындықтар келтіретініне дау жоқ. Демек, бұл өз кезегінде, адам баласы тарапынан хақиқи қас дұшпандарын: өз жанын (нәпсісін), шақуатын және шайтанды жеңу мүмкіндігіне ие болу үшін күш жұмсауды талап етеді. Аллаһ тағала: «...расында нәпсі жамандыққа бұйырады...»4 ; «...құмарлық-шақуатқа ерме, ол сені Аллаһтың жолынан адастырады»5 ; «Расында, шайтан сендерге дұшпан»6 , – деген. Осы сияқты көзге көрінбейтін дұшпандар адамды қызықтырып, адастыратын дүние қызықтарын әсем көрсетіп, оны бойсұнудан бас тартуға және бағынбауға үндеп, адамның алдынан шығады да тұрады. Бұлар шаршамайды да, жалықпайды да, өздерінің іс-әрекетінде қайтпас қайсарлық танытумен болады. Сондықтан адам баласы аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың бұйрықтарына өз нәпсісін бойсұндыруға және өз көңілі қалауларын бағындыруға бейімдеп, олардың үстінен жеңіске жету үшін күш-жігер жұмсауға тиіс болады. Мінеки, бұлар қиындықпен күреске шыдамдылық танытып, ынта-жігер көрсетуді, сабырлылық танытуды талап етеді. Өйткені Аллаһ тағала: «Саған уахи етілгенге ілес. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет»7 ; «(Ол) көктер мен жердің әрі олардың арасындағылардың Раббысы. Сондықтан Оған ғана құлшылық қылып, Оған ғибадат етуде сабырлы бол8 » 9 , – дейді. 1 Қиыншылық – бұл жерде ауру және сол сияқты жағдайлар мақсат тұтылған. 2 Қауіп-қатер, шайқас. 3 «Бақара» сүресі, 177-аят. 4 «Юсуф» сүресі, 53-аят. 5 «Сад» сүресі, 26-аят. 6 «Фатыр» сүресі, 6-аят. 7 «Юнус» сүресі, 109-аят. 8 Яғни Аллаһқа құлшылық жасағанда бар күш-қайратын жұмсап, барынша жақсы орындауға әрекет жасау. 9 «Мәриям» сүресі, 65-аят.
132 Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Мужаһид – Аллаһқа бойсұнуда өз нәпсісімен жиһад қылушы адам», – деген1 . Өз нәпсісін Аллаһ тағала разылығынан шығармайтын межеде ұстай білген, Оған бойсұнудан бас тартпаған, имансыздықтан аулақ болған адамның жасырын дұшпандарынан үстем болатынына және нәпсісін тыйып, шайтан мен өзінің шақуатын жеңетініне күмәндануға болмайды. Мұндай жеңіспен ешқандай жеңіс теңесе алмайды, өйткені осы жеңіс арқылы адам баласы өзін берік ұстай алатын мүмкіндік алады және шақуат пен жан қалауының тұтқынынан азат, шайтанның азғыруынан аман болады. Сөйтіп күрес жасырын жауларын жеңумен аяқталса, мүміннің кеудесінде шындық пен ақиқат шұғыла шашып, жүрегі нұрланып, ол аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа апаратын жолға түседі. Аллаһ тағала: «Біз үшін барлық күшжігерін жұмсағандарды біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен2 жүргіземіз»3 , – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Сабырлылық – сәуле», – деген4 . ә) Қиыншылық, бақытсыздықта сабырлы болу. Бұл өмірде адам өзіне, дүние-мүлкіне, балалары мен әйеліне қатысты түрлі қиыншылықтарды және тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды бастан өткізеді. Мұндай жағдайлардың адамға күшті ықпал жасап, оны үмітсіздік пен торығуға душар ететіні күмәнсіз. Және оны сабырсыздық пен тынышсыздық (абыржу, мазасыздық) билеп алады Аллаһ тағала: «Қашан оған бір жамандық жетсе, мүлде күдер үзеді»5 ; «Шын мәнінде, адам баласы сабырсыз6 жаратылған, басына бір жамандық жетсе, тым төзімсіз7 болады»8 , – дейді. Мұндай жағдайға тап болған сабырсыз адам әуелден-ақ төзімсіздік танытып, бұл өмірде жеңіске жол сала алмайды. Сондықтан аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ мұсылман-мүмінді сабырлы болуға, батылдығын күшейтуге, айналып өту мүмкін болмаған қиындықтарға кезіккенде табандылық көрсетуге, күйректік танытпауға және дәрменсіздіктен жоғары тұруға, сондай-ақ күдер үзбей жеңіс пен табысқа жету жолын жіті іздеуге үндейді. Өйткені Аллаһ тағала: «Әлбетте, сендерді біраз қорқыныш (қауіп), ашаршылық, малдар, жандар9 және өнімдердің азаюы арқылы 1 Әт-Тирмизи, Ибн Хиббан. 2 Яғни Бізге әкелетін жолдармен. 3 «Анкабут» сүресі, 69-аят. 4 Муслим. 5 «Исра» сүресі, 83-аят. 6 Сабырсыз – «һәләъ» дегеннен (тынышсыздану, алаңдаудан күштірек сезім) алынған. 7 Тым төзімсіз – «жазаъ» деген (тынышсыздану, қатты үрейлену) сөзден туындаған. 8 «Мағариж» сүресі, 19-20 аяттар. 9 Бұл жерде қайтыс болған туысқандар туралы айтылған.
133 сынаймыз1 . Ендеше (Мұхаммед!) Сабыр етушілерді сүйіншіле! Оларға бір тауқымет жетсе, олар: «Әлбетте, біз – Аллаһқа тәнбіз (яғни Оның иелігіндеміз) әрі Оған қайтушымыз» дейді. Міне, соларға Раббылары тарапынан салауат және рақымшылық бар. Әрі олар тура жолдағылар»2 , – деген. Міне, осындай адамдарға даңқ пен құрметке қарай жол көрсетіледі, әсіресе бұл олардың қандай да бір қайғы-қасірет тап болғанда бастапқы сәтте көрсеткен табандылығына қатысты. Пайғамбар (с.а.с.): «Расында сабырлылық (әсіресе) қасіреттің алғашқы сәтінде (қажет)», – деген3 . Мұндай адамдар қиын жағдайларда өмір шындығымен бетпе-бет кездесіп, басына түскен қиыншылықты дүниеде және Ақыретте пайда беретін игілікке айналдыру арқылы жеңімпаз боп шығады. Сөйтіп бұлар үшін қайғы-қасірет пен қиыншылық (Аллаһ тағала тарапынан түскен) мейірімділікпен бірдей болып көрінеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Мүміннің жағдайы таңғаларлық ғажайып, өйткені ол үшін (өмірде) барлық іс қайырлы және бұл мүміндерден басқа ешкімге берілмеген: қашан оны бір нәрсе қуантса, ол (Аллаһқа) шүкір етеді және онысы оған игілік болады, ал қашан оған қиыншылық жетсе, ол сабыр етеді, онысы да оған игілік боп жетеді», – деді4 . Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай жағдайларда адам өзін қалай ұстауы керектігі туралы біздерге ең жақсы үлгі-өнеге көрсетеді. Кезінде Пайғамбардың (с.а.с.) қызы оған (бір адамды) «Балам өлім аузында жатыр, бізге тезірек кел» деген сәлем айтып жұмсайды. Сол кезде Пайғамбар (с.а.с.) қызына сәлем жеткізуді бұйырды да: «Расында, Аллаһтың алғаны және Оның сыйлағаны тек Оныкі ғана, Ол барлығына мезгіл белгіледі, сондықтан (қызым) сабыр етсін де Аллаһтың сыйын үміт етсін», – деді5 . б) Адамдардан жеткен жәбір-жапаға төзімділік таныту. Адам баласы әр алуан қасиеттерге ие әрқилы адамдар арасында өмір сүреді. Олардың арасынан қалайда оған зұлымдық жасайтындар мен барынша жәбір-жапа көрсететіндер шығады. Егер адам осындай жағдайда әлсіздік танытса, ол зиян тауып, шығынға ұшырайды, өмірі тозаққа айналады. Егер ол мұндай жағдайларға кешіріммен және мейірбандықпен қарап, шыдамдылықпен төтеп беруге күш-жігер тапса, онда табысқа жетеді де бақыт-берекеде, сүйіспеншілікте өмір кешетін болады. Өйткені Аллаһ 1 Мұнда түрлі апаттар зардабынан келген зияндар туралы айтылған. 2 «Бақара» сүресі, 155-157 аяттар. 3 Әл-Бұхари, Муслим. 4 Муслим. 5 Әл-Бұхари және басқалар.
134 тағала: «Аллаһ бір әмірін келтіргенге дейін оларды кешіріңдер және кең пейілдік танытыңдар1 » 2 ; «Жамандықты ең көркем түрде қайтар (жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта араларыңда дұшпандық бар біреу өте жақын достай болып кетеді»3 , – деді. Ендеше, бұл ерліктің белгісі болып табылатынына күмән жоқ. Өйткені Жаратушы Иеміз: «Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, әлбетте, бұл – істердің ең маңыздысы»4 , – деген. Бұл айтылғандар тек қана аса Құдіретті де Ұлы Аллаһқа сенетіндерге және Аллаһ тағаладан ғана көмек сұрайтындарға ғана нәсіп болады. Аллаһ тағала: «Негізінде біріңді біріңе сынау қылдық, сабыр етесіңдер ме (жоқ па, көру үшін). Раббың бәрін Көруші»5 , – деді. Ендеше бұл тек қана Аллаһ тағаладан сауап үміт ететіндерге нәсіп болады. Аллаһ тағала: «Раббыларының дидарын іздеп, сабыр еткендер...»6 , – деген. Мінеки, ешқандай жеңіс таласа алмайтын теңдессіз жеңіс – осы. в) Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ жолына шақыру, дұрыстыққа үндеу мен шариғатқа қайшы істен қайтару ісінде сабырлылық көрсету. Аллаһ тағала Өз елшілеріне осы айтылғандарды ұстануды әмір етті. Ол Өзі кімдерді басқалардан ерекшелендіріп, оған даналық дарытқан болса, соларға айтқан өсиет-өнегесі де осылай болды. Аллаһ тағала: «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған сабырлы бол»7 ; «Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыртпалыққа сабыр ет»8 , – деген. Сондай-ақ Аллаһ Өз елшісіне: «Олардан көркем түрде аулақ жүр»9 , – деді. Сонымен аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ жолына шақырушы адам дұшпандарымен күресте жеңіске жету үшін, уағыз жолында кездесуі мүмкін барлық жағдайларға шыдамдылық көрсету қасиетіне міндетті түрде ие болуы қажет. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Енді сабыр ет. Аллаһтың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін»10 , – деді. Егер ол тезірек нәтижеге жетуге ұмтылып, асығыстық жасаса, ол сәтсіздікке ұшырайды және оның еңбегі зая кетеді. Аллаһ тағала Өзінің 1 Яғни кешірімді болыңдар, өздеріңе ұнамаған көп жайттарды елемеңдер. 2 «Бақара» сүресі, 109-аят. 3 «Фуссиләт» сүресі, 34-аят. 4 «Шура» сүресі, 43-аят. 5 «Фурқан» сүресі, 20-аят. 6 «Рағд» сүресі, 22-аят. 7 «Таһа» сүресі, 132-аят. 8 «Лұқман» сүресі, 17-аят. 9 «Муззәммил» сүресі, 10-аят. 10 «Рум» сүресі, 60-аят.
135 таңдаулы елшісіне: «(Мұхаммед!) Пайғамбарлардан берік шешім иелері сабыр еткендей сабыр ет және оларға (келетін азапты) асықтырма»1 ; «(Мұхаммед!) Енді көркем сабырмен сабыр ет2 . Олар Қияметті ұзақ көреді3 . Ал Біз жақын көреміз»4 , – деді. 17. Сабырлылық жемістері Сабырлылық жан тыныштығы мен қанағаттануға, бақытты сезінуге, даңқ-құрметке, абырой мен игілікке және адамды Аллаһ тағаланың қолдапқуаттауына, Оның көмегі мен жақсы көруіне лайықты болу дәрежесіне жеткізеді. Сондай-ақ сабырлылар сабыр еткені үшін жоғарыда айтылғандардың барлығынан жоғары тұратын, есепсіз пайдаланып, мәңгілік рақатта болатын Ақырет игіліктерінің де жемісін татады. Аллаһ тағала: «Шын мәнінде, сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз толық беріледі»5 , беріледі»5 , – деді. Және бұл кеңдігі көктер мен жердің көлеміндей, игі періштелердің жарқын жүздерімен көркемделген жұмақта орындалады. Аллаһ тағала: «Олар Ғадын жаннаттарына кіреді. Сондай-ақ әкелері, жұбайлары және ұрпақтарынан да түзу болғандар (кіреді). Оларға періштелер әр есіктен кіріп: «Сабырлылық қылғандарың үшін сендерге сәлем (яғни есендік) болсын! Соңғы мекен қандай жақсы!» (дейді)» 6 , – деген. Аллаһ тағала сабырлыларға Өз кешірімін, табысын әрі рақымшылығын да сыйлайды. Ол Өзінің кітабында: «Расында, Мен бүгін оларды сабыр еткендері үшін сыйлыққа бөледім. Олар анық табысқа жеткендер»7 ; «...сабыр етушілерді қуандыр. Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар: «Шын мәнінде, біз Аллаһқа тәнбіз әрі Оған қайтушымыз», – дейді. Міне, соларға Раббылары жақтан салауат пен рақымшылық бар»8 , – деді. Оған қоса аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ, ешкімге байлығы да, балалары да пайда бермейтін Күні мүмін құлдарына Өзінің аса ұлы көмегін береді, ал оны Аллаһтың алдына таза жүрекпен барғандар ғана иеленеді. Демек, сабырлылық – Аллаһ тағаланың адамға берген тартуларының ең жақсысы. Пайғамбар (с.а.с.): «Ешкім сабырлылықтан жақсы, одан артық сый алған емес», – деген9 . 1 «Ахқаф» сүресі, 35-аят. 2 Яғни еш алаңдамай. 3 Адамдар Қиямет күнін алыс деп есептейді. 4 «Мағариж» сүресі, 5-7 аяттар. 5 «Зумәр» сүресі, 10-аят. 6 «Рағд» сүресі, 23-24 аяттар. 7 «Муминун» сүресі, 111-аят. 8 «Бақара» сүресі, 156-157 аяттар. 9 Әл-Бұхари, Муслим.
136 18. Қайғыны қуаныш-шаттық алмастырады Кей кездерде адам баласы алуан түрлі қайғы-қасірет пен қиыншылықтарға тап болып, жағдайы соншалықты ауырлайды да уайымқайғыға беріледі. Мұның бәрі – Аллаһ тағаланың жаннатқа бастар сапарын абыроймен өтеуі үшін мүмінге жіберген сынағы. Егер ол ашуланбай, ренжімей, үміт үзбей, қиыншылықтың Аллаһ тағаланың белгілеген тағдыры мен жазмышы бойынша болып жатқанын есінде ұстап сынақтан аман-сау өтсе, сабырлылық көрсетсе және Аллаһ тағаланың сыйынан үміт етсе, онда Аллаһ тағала оны Өз қамқорлығына алады. Оның қайғысын кетіріп, кез келген қиындықтан құтқарады, кез келген азап-бейнеттен сақтайды. Бұл – дүние мен Ақыреттегі зор жеңіс әрі табыс. Қараңғылық қойнынан сәуле шығатыны сияқты, мүмін пенде уайымы артынан қуаныш көрген сәтте өзінің бастан кешірген уайым-қайғыларының игілігі үшін екеніне және осы уайым-қайғыларды алмастырып қуанышшаттықтың келетініне көз жеткізетін болады. Ал мұндағы мақсат пенде барлық істің Аллаһтың билігінде екенін анық түсініп, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан басқаның бәрінен баз кешуі керектігі мен жүрегінің өзін Жаратқанмен ғана байланыста болуы қажеттігін түсінуі. Бұл туралы аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ: «Немесе сендер (ей, мүміндер) өздеріңнен бұрын өткендерге келгеннің мысалы сендерге келместен жаннатқа (оңайлықпен) кіруді ойладыңдар ма? Оларға жоқшылық пен ауру тиіп, пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Қашан Аллаһтың жәрдемі болады екен» деп айтқандарына дейін сілкіністе (яғни қиыншылықта) болған еді. Естеріңде болсын! Негізінде Аллаһтың жәрдемі жақын»»1 ; «Ол сондай (Аллаһ) олар күдер үзгеннен кейін жаңбыр жаудырып, мейірімін шашады»2 , – деді. Бәлки бұл айтылғанды түсінуге «Табук» жорығына ешқандай себепсіз бармай қалғаны үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) олармен сөйлесуге тыйым салған Кағб ибн Мәлик пен оның екі жолдасы туралы әңгіменің септігі тиер. Олар сондай уайым-қайғыға түсті. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Аллаһтан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды»3 , – делінген. Бірақ одан кейін оларға жеңілдік келді әрі мейірімділік көрсетілді: «Содан кейін (Аллаһ) тәубеге етушілерден болулары үшін оларға тәубе етуді нәсіп етті. Шынында, Ол Аллаһ тәубені Қабыл Етуші, аса Рақымды»4 . 1 «Бақара» сүресі, 214-аят. 2 «Шура» сүресі, 28-аят. 3 «Тәубе» сүресі, 118-аят. 4 «Тәубе» сүресі, 118-аят.
137 Пайғамбарлар мен Өзіне жақын адамдардың уайым-қайғылары шегіне жеткен кезде Аллаһ оларды уайым-қайғылардан құтқарғаны туралы әңгімелер келтірілген басқа аяттарда да осы туралы баяндалады. Ал Аллаһ тағала Өзінің елшісі Мұхаммед (с.а.с.) пен оның сахабаларын (Аллаһ оларға разы болсын) және сондай жағдайға тап болғандарды немен құрметтеген болса, сол бізді Аллаһ тағаланың мейір-махаббатына сүйенуімізге және басымызға қиыншылық түсіп, жағдайымыз күдер үзерлік дәрежеге жетіп, бізді уайым-қайғы басқан кездердің бәрінде Аллаһ тағаланың жомарттық көрсетуін қалауымызға алып барады. 19. Ауырлықтан кейін жеңілдік келеді Бұл хадисте айтылғандардың барлығы бірімен бірі өте тығыз байланыста. Сөйтіп қиыншылық уайым әкеледі, ал жеңілдік қуанудың себебіне айналады, бірақ мұның бәрі сабырлылық пен табандылықты талап етеді, содан кейін ғана табыс пен жеңіс келеді. Мұның бәрі Аллаһ тағаланың заңдары бойынша жүзеге асады әрі бұлар Аллаһ тағаланың Өз құлдарына қатысты мейірімділігі мен рақымшылдығының көрінісі. Аллаһ тағала: «Негізінде ауырлықпен бірге жеңілдік бар. Шын мәнінде, ауырлықпен бірге жеңілдік бар»1 , – деген. Сондықтан Аллаһ тағала Өзінің құлдарына жеңілдік әкелмейтін нәрсені алдын ала белгілемеген. Сондай-ақ Аллаһ қиыншылықпен байланысты болған міндет-парызды олардан алып тастады. Осыған байланысты Аллаһ тағаладан мына сөздер түсірілген: «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»2 ; «Сендерге дінде ешбір қиындық қылған емес»3 . Сонымен Аллаһ тағаланың сөздерінде қиындық пен қайғы-қасірет мәңгі созылмайтыны, егер адам баласы Аллаһ тағала белгілеген тағдырды өз дәрежесінде қабылдап, Оның бұйрығы мен тыйымдарын бұлжытпай орындаса, пана іздегенде тек Аллаһқа жалбарынса әрі тек Оған ғана арқа сүйесе, онда Аллаһ тағала оның ауырлықтарын жеңілдіктермен ауыстыратыны анық айтылған. Аллаһ тағала: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, онда Ол оған жетіп асады»4 , – деген. 20. Хадистің түйіні Егер мініс көлігі1 күшті болып, оның үстінде отырған адам немесе иесі оның бұдан да ауырды көтеруге мүмкіндігі барлығын білсе, онда ол көліктің 1 «Шарх» сүресі, 5-6 аяттар. 2 «Бақара» сүресі, 185-аят. 3 «Хаж» сүресі, 78-аят. 4 «Талақ» сүресі, 3-аят.
138 мүмкіндігіне сай бір немесе бірнеше адамды мінгестіргені жөн, ал бұған көліктің шамасыз екені белгілі болса, көлік иесінің бұлай етуіне болмайды. Хадисте не туралы айтылады? а) Ең жақсысы ұстаз шәкіртінің білімге ынтасын арттыру және оған шын ықыласымен қабылдайтындай ықпалды әсер ету үшін қандай да бір іске үйреткісі келетінін ұғындырып, оқытуды бастаудан бұрын оның көңілін өзіне қаратып алуы. ә) Кім ақиқаттан шегінбей шындыққа шақырса, шариғат мақұлдағанға бағыттап, шариғат теріске шығарғаннан қайтарса, қысым көрсетушілердің арам пиғылы мен Аллаһ тағалаға дұшпан болғандардың қулық-сұмдығы оған зиян келтіре алмайды. б) Мұсылман иманы әлсіз дүмшелердің әртүрлі қорқытып-үркітуіне назар аудармастан Аллаһқа бойсұнуға және теріске шығарылғандарды істеуден бас тартуға, шариғат мақұлдаған істерге шақыруға, ал шариғат теріске шығарған істерден (басқаларды) қайтаруға міндетті, өйткені адам тағдырда белгіленгенге ғана душар болады. 1 Бұл жерде көліктің барлық түрі туралы айтылған.
139 ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ХАДИС ҰЯЛШАҚТЫҚ – ИМАННАН Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бадри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, адамдарға әуелгідегі пайғамбарлардан «ұялмасаң, білгеніңді қыл», – деген сөз қалған»1 , – деді», – деген2 . Хадистің маңыздылығы «Ұят» (хайа) деген сөз адамның айыпты істерді істеуден бас тартуын, ондай істерге қатысты жиренішті сезімде болуын және болашақта айыпты болып қалудан қорқып, қандай да бір жаман істерді істеуден өзін-өзі тоқтатуын білдіреді. Ұят секілді адамгершіліктің биік қасиетіне шақыру және одан еш уақытта айнымау барлық теріс те күнәлі бұзақы істерден бас тартуға шақырумен бірдей саналады. Ар-ұят – адамдарды ұятсыздықты үлкен кемшілік, ақау санап әр уақытта арлылыққа ұмтылдыратын игі қасиеттердің бірі әрі ар-ұяттың болуы иманның кемел де толық екендігін көрсетеді. Бұл туралы Пайғамбар (с.а.с.): «Ұят – иманның бір тармағы»; «Ар-ұят жақсылықтан басқаны әкелмейді», – деген3 . Исламның барлық заңдары мен нұсқау, ережелерінде игілік пен ақиқатқа және барлық теріс қылықтардан бас тартуға қатысты қызу да шын ықыласты шақырулар бар. Міне, сондықтан имам ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін) қырық хадис қатарына осы хадисті де қосып бұл хадис туралы: «Бұл хадис – Ислам заңдары негіздерінің бірі», – деген. Шариғат заңдарына қатысты міндетті амалдар (парыз, уәжіп) мен ұсынылатындарды (мәндуб) орындамау, ал тыйым салынғандар (харам) мен 1 Яғни бізге дейін өмір сүрген пайғамбарлардан қалған сөз. Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында (бұл) алғашқы пайғамбарлардан жаһилият дәуірінде өмір сүргендерге жеткен ең соңғы сөз...», – деді», – деген (Ахмад, әл-Баззар). Демек, барлық пайғамбарлар бір пікірде болып, адамдарды соған шақырған және ұяттың болуын еш уақытта теріске шығармаған. «Пайғамбарлық» деген сөзге тіркелген сөздер ұялу туралы барлық пайғамбарлардың пікірлері бірдей екенін көрсетеді; осы хадистің Әбу Дауд, Ахмад және басқа мухаддистер келтірген риуаятында «алғашқы пайғамбарлық» деген сөз біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) дейінгілерді білдіретіні түсіндіріледі. Сондайақ бұл сөздердің мән-мағынасы қауіп-қатерді, қорқытуды білдіреді, бұл мағынада оны төмендегідей түсіну керек: егер ар-ұяттан жұрдай болсаң, онда білгеніңді қыл, сосын расында тиісті сыбағаң беріледі; сондай-ақ бұл сөздер рұқсат етуді де білдіруі мүмкін, мұндай жағдайда: егер Аллаһ тағала мен адамдар алдында ұялып қалмайтыныңа көзің жетсе, қандай іс істегің келсе де істей бер» деген мағынада түсіну керек. 2 Әл-Бұхари. 3 Әл-Бұхари, Муслим.
140 айыпталатындарды (мәкруһ) істеу ұят іс, ал рұқсат етілгендерге (мубах) келсек, оны орындау мен орындамаудың ұяты бірдей. Ендеше, бұл хадиске бес үкім (заң) сыйдырылған. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Пайғамбарлар мұрасы Ар-ұят – жақсы қасиеттердің негізіне жатады және ол жақсылық істеп, жамандық атаулыдан аулақтаудың алғы шарты болып табылады. Міне, осы себепті бұл уағыз, кейіннен (ешкімнің тарапынан) теріске шығарылмаған, алғашқы пайғамбарлардың мұралары мен өсиеттерінен саналады. Адамдар мұны елшілерден мұраға алып, ғасырлар бойы бір-біріне жеткізіп келген. Ол мұсылмандар қауымына келіп жеткенше бұл өсиет-уағыздың рухы берік ұсталған. Ендеше, аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ қалағанындай және Құран Кәрімде атап көрсетілгеніндей, барлық пайғамбарлар мен елшілерден мұра болған ар-ұяттың біздің қауымымызға жетуі Аллаһтың бізге берген несібесі. Аллаһ тағала жерді және жердегі өмір сүріп жатқандардың бәрін өзіне қайтарғанша (яғни Қиямет күніне дейін) барлық пайғамбарлардың (бізге жеткен) мұрасы адамдардың өмірі мен жан-дүниесін игілік пен ақиқатқа толтырмақ. Демек, біз Аллаһтан нәсіп етілген ұятты болуға және ар-ұят қасиетін бойымызда қалыптастыруға әрекет жасауға міндеттіміз. 2. Хадистің мәні Біздің көрнекті ғұламаларымыз «Бұл хадисті үш түрлі жолмен түсіндіруге болады», – деген. Бірінші: Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер сенде ар-ұят жоқ болса, білгеніңді жаса, бірақ Аллаһ тағаланың жазасы, шын мәнінде, өте қатал», – деп тұрғандай. Осыған ұқсас бұйрық кәпірлерге арналған сипатта Құран Кәрімде келтіріледі. Онда Аллаһ тағала: «Қалағандарыңды істеңдер»1 , – деген. Екінші: Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім маған әдейі жалғанды жапсырса, ол тозақтан өзіне орын дайындай берсін», – деген сөздері хабарлау мағынасындағы бұйрық. Бұл жағдайда хадистің мағынасы: ар-ұят жиренішті қылықтан қайтарады, ал кім ешнәрседен ұялмаса, нені қаласа, соны істейді және барлық әдепсіз, жағымсыз теріс істермен айналысады, – дегенге саяды. Үшінші: 1 «Фуссиләт» сүресі, 40-аят.
141 Рұқсат етілгендігін хабарлау мағынасындағы бұйрық. Бұл жағдайда хадистің мағынасы: егер Аллаһ алдында да, адамдар алдында да бір амалды істеуде ұялып қалмайтын болсаң, онда соны істей бер, өйткені бұл – рұқсат етілген амал, себебі шариғатта тыйым салынбаған амал рұқсат етілген болып саналады, – дегенді көрсетеді. Имам ән-Нәуәуи (Аллаһ оған рақым етсін) осы үшінші пікірге артықшылық берсе де, біріншісін дұрыс деп санаған абзал секілді. Ал кейбір ғұламалар екінші түсініктемені дұрыс деп есептеген. 3. Ұялшақтықтың екі түрі а) Біріншісі – туа біткен ұялшақтық, басқаша айтқанда, кейіннен табылған игілікті қасиет емес, адам баласына әу бастан тән қасиет. Мұндай ар-ұятқа ие адам мінез-құлықтың ең жоғарғы көрінісіне дейін көтеріледі. Аллаһ тағала Өзінің кейбір құлдарына табиғатында сондай қасиет дарытып қояды. Туғаннан ар-ұятты адам күнәлі істерге бармайды, жиренішті іске жоламайды және өз мінез-құлқының жаман жақтарын көрсетпейді. Сондықтан да ұялу (ұялшақтық) жақсылықтардың бастауы әрі иманның бір тармағы болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ұялшақтық (ар-ұят) – иманның бір тармағы», – деген. Пайғамбардың (с.а.с.) ұялшақтығы шымылдық ішіндегі жас қыздай еді. Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Ұяты бар – бой тасалайды, бой тасалаушы – турашыл болады, ал турашыл қауіп-қатерден аман болады», – деген. ә) Екіншісі – кейіннен қалыптасатын, яғни Аллаһты, Оның ұлылығын және Өз құлдарына жақын екендігін, оларға назар салатынын және көздердің қиянатын1 , сондай-ақ жүректердегі жасырын сырларды білетінін түсіну нәтижесінде пайда болатын ұялшақтық. Ұялшақтықтың мұндай түріне ие болуға әрекет жасаушы мұсылман иманның ең жоғарғы сатысына жетеді және жүрек тазалығының жоғарғы дәрежелеріне көтеріледі. Мұндай ұялшақтық Аллаһ тағаланың жарылқауы мен жақсылығын көруі және осы үшін Аллаһ тағалаға деген рахметінің мүлдем жеткіліксіз екендігін сезінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһтан ұялу – бас пен ондағыларды2 аман сақтау және қарын мен ондағыны3 аман сақтау, сондай-ақ өлім мен сынақтарды есте ұстау. Ақыретті қалаушылар бұл дүниенің әсемдіктерінен бас тартады және кім осылай істесе, сол – Аллаһтан ұялған адам», – деді», – деген4 . 1 Яғни тыйым салынғандарға ұрланып көз тастау. 2 Яғни тыйым салынған әңгімелерден, ойлар мен көз тастаудан бас тарту қажеттігі. 3 Яғни харам азықты тағам ретінде пайдаланудан бас тарту. 4 Ахмад, әт-Тирмизи.
142 Егер адам жаны кейіннен қалыптасатын ұялудан, ал жүрегі туа біткен ұялудан жұрдай болса, оны жиренішті де ең төмен істерді істеуден ешнәрсе тойтара алмайды және ол адамдар мен жындардан болған шайтандардың біріне ұқсайтын болады. 4. Қандай ұялшақтық айыпталады? Ұялшақтық адамды бұзықтық пен жексұрын істерге жібермейтін болса, онда мұндай ұялшақтық мақтауға тұрарлық адамгершілік қасиет болады, өйткені ол адамның иманын кемелдендіре түседі және орасан зор жақсылықтар әкелуге себепші болады. Егер ұялшақтық ақыл-парасаттың шегінен шығып, адамды асып-сасып абдырау мен тынышсыздандырып абыржуға апарса және оның жаны ұялуға тиіс емес істі істеуге жібермесе, онда бұл қасиет айыпталуға лайықты болады. Өйткені бұл білім алуға және өз үлесіне ие болуға кедергі келтіретін орынсыз ұялшақтық пен жасықтыққа айналады. Бір ғұлама «орынсыз ұялшақтық жасау – жасықтықтың белгісі» деп айтып кетіпті. Бірде Бишр ибн Кағб әл-Адәуи Имран ибн Хусайнға (Аллаһ оған разы болсын): «Расында, кейбір кітаптардан: «Ұялшақтық тыныштық әкеледі және Аллаһ алдында лайықты түрде (өзімізді) ұстауымызға жәрдемдеседі» дегенді оқимыз, сонымен бірге оларда «ұялшақтық әлсіздікке әкеледі» деп те жазылған», – дейді. Мұны естіген Имран (Аллаһ оған разы болсын) ашуланады да: «Мен саған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөздерін жеткіздім, ал сен оған қарсы сөйлейсің!» – деген. Имранның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен шығар түйін: Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұялшақтық туралы айтқанда, тамаша жақсы амалдарды істеуге ынталандыратын және жиренішті қылықтардан аулақтататын мақтауға лайық қасиетті айтқан. Егер Аллаһтың құқығына және Оның құлдарының құқығына зарар жеткізетін жасықтық (әлсіздік) туралы айтар болсақ, оның бастау алар жері – ұялшақтық емес, керісінше дәрменсіздік пен жігерсіздік. 5. Мұсылман әйелдің ұялшақтығы Мұсылман әйел өзін ар-ұятты болуымен әсем етеді және еркекпен бірлесіп жер бетін гүлдендіруге, жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысады, сондай-ақ (мұндай істерде) оның сау-саламат әйелдік табиғатының тазалығы маңызды рөл атқарады. Құран Кәрім осыны көрсетеді. Аллаһ тағала Шуғайбтың Мұсаны (аләйһис-сәләм) шақыруға келген екі қызының бірі туралы баяндап: «Сонда екі (әйелдің) бірі қымсына келіп: «Әкем, малымызды суарып бергенің үшін ақыңды төлемекке шақырып жатыр», – деді»1 , – деген. 1 «Қасас» сүресі, 25-аят.
143 Яғни қыз әкесінің тапсырмасы бойынша Мұсаны шақыруға ұяла басып, ибалы түрде қымсына келген. Оның мінез-құлқында кішіпейілділікке жатпайтын, сұлулығын әйгілеп еркектердің құмарлығын қоздырып, өзіне қызықтыру әрекеттеріне, мақтанға ешбір қатысы жоқ ұяңдық бар еді. Ол жүріс-тұрысында анық ұялшақтық танытып қана қоймай, бөгелместен, асып-саспастан анық сөйлейді. Өзін осылай ұстауына оның таза да пәк, сау-саламат табиғаты бейімдейді, өйткені ар-ұяты бар қыз ер кісілермен кездескенде және олармен сөйлескенде табиғи ұятты бастан кешіреді. Алайда өзінің пәктігі және туралығы себепті ол еліктіріп әкететін әзәзіл қызығушылыққа түсіретін және құштарландыратын көңіл тебіренісін бастан кешпейді, керісінше қандай дәрежеде анық та бірқалыпты сөйлеу қажет болса, сондай дәрежеде анық және бірқалыпты сөйлейді. Ал егер бұрын жаңбырлы күні су жұқтырмайтын әйгілі тәсілқой деген аты шыққан және осы кезде айтып жүргендей, өзін еркек секілді ұстайтын, жартылай жалаңаш, өзін көрмеге қойғандай көрсетіп жүретін, шариғат заңдары бойынша қажеті болмаған кездерде де бөтен еркектермен қарымқатынас жасайтын әйелдер туралы айтар болсақ, онда олардың Құран мен Ислам мектебінен тәлім-тәрбие алмағанын, Аллаһ тағалаға бойсұну мен арұятын Аллаһтың дұшпандары итермелеген арсыздық пен бұзықтыққа айырбастап, дүние-ақыретте қор болатынын айтуға тиіспіз. 6. Ұяттың жемістері Ұяттың жемістерінің бірі – арлылық. Егер адам баласы барлық ісінде ұяттан аттамаса, демек, онда оның арлылығы кейіннен қалыптасқан емес, туа біткен арлылық. Ұяттың жемістеріне адалдық та жатады. Ахнаф ибн Қайс: «Еш уақытта жалғандық пен ержүректілік секілді екі қасиет бір адамның бойына қонбайды», – деген. Батылдықтың жемісі – шыншылдық, адалдық, ұялшақтық және арлылық. 7. Ұялшақтыққа қарама-қарсы қасиет Ұялшақтыққа қарама-қарсы қасиет – ұятсыздық, арсыздық. Бұл – бұзық қасиет, өйткені ол адамды айыптаулар мен ұялту, бетке басу және ұрысу, сөгу, жазғырулардың ешқайсысына назар аудартпастан жаман іске біржола берілуге итермелейді, сөйтіп ақыры ол көргенсіз, әдепсіз, ұятсыз істерді ашық істейтін дәрежеге жетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Менің үмбетімнің (әдепсіздікті) ашық істейтіндерінен басқа барлық (мүшелері) құтылатын болады»1 , – деген. Аллаһтан да, адамдардан да қымсынбай өзінің надандығын ашықтанашық көрсететін адамды ондай қылықтардан тек қатаң жаза мен күш қолдану ғана тоқтатуы мүмкін, өйткені адамдар арасында ар-ұятты 1 Яғни барлық жамандықтан құтылатын болады.
144 білмегенімен, қорқыныш-үрейді білетіндер бар. Ендеше ұялшақтыққа қарсы қасиет ұятсыздық адамды сау-саламат адами табиғаттан ауытқуға апарады. 8. Ата-ана мен тәрбиешілердің міндеттері Ислам қоғамында ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелеудің сынақтан өткен әдіс-тәсілдерін пайдаланып, ар-ұят, ұялшақтық, ұяңдық қасиеттерін қайта өркендету үшін бар күш-жігерін жұмсауға міндетті. Оған балаларының мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бақылау, ар-ұят, ұялшақтық сияқты қастерлі қасиеттерге қайшы келетін қылықтардың бәрін түзету, оларға жақсы жора-жолдастар табуға және нашар жолдастардан аулақ болуға жәрдемдесу, балаларды пайдалы кітаптарды таңдай білуге үйрету және теледидар мен театр, кинотеатрлардағы өрескел, көргенсіз, дөрекі азғындық жолға бастайтын қойылымдардан алыс жүруге бағыттау кіреді. 9. Бұл хадис бізге ар-ұят, ұялшақтықта игілік пен жақсылықтан басқа ешнәрсе жоқ екенін көрсетеді. Демек, кімде ар-ұят, ұялшақтық қасиеттері басым болса, онда игілік те, жақсылық та көп болады. 10. Дініміздің заң-үкімдерін үйретуде және ақиқатты іздеу кезінде де ұялшақтық жасауға болмайды. Өйткені Аллаһ тағала: «...Аллаһ, шындықтан ұялмайды»1 , – деген. 1 «Ахзаб» сүресі, 53-аят.
145 ЖИЫРМАСЫНШЫ ХАДИС ТУРАЛЫҚ (ИСТИҚАМА) ЖӘНЕ СЕНІМ (ИМАН) Әбу Амр Суфиян ибн Абдуллаһ әс-Сақафи (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Ислам туралы сондай бір сөздер1 айт. (Одан кейін) мен ол туралы сенен өзге ешкімнен сұрамайтындай (болайын)», – дедім. Ол (с.а.с.): «Аллаһқа иман келтірдім» де2 , содан соң туралықты ұстан», – деді», – деген3 . Хадистің маңыздылығы Бұл хадис тек Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) ғана нәсіп болған аз сөзге көп мағына сыйғызып айтудың таңғажайып үлгілерінің бірі. Сұрақ берген адамға қайтарған жауабының өте қысқалығына қарамастан, ол осы екі сөйлемге Исламның иман және туралық негіздерін түгелдей сыйдырған. Ислам дегеніміз – Аллаһтың бірлігі (таухид) және бойсұну (итағат). Таухидке «мен Аллаһқа иман келтірдім» деген сөзді айту арқылы жетуге болады, ал бойсұнуға Аллаһтың барлық бұйрықтарын орындау және Ол тыйым салғандардан бас тартуды білдіретін туралық арқылы жетеді. Иманға, жүрек тазалығына және Исламға қатысы бар жүрек пен дене әрекеттері мұның құрамды бөліктері болып табылады. Аллаһ тағала: «Сондықтан сол бағытқа тураланыңдар да әрі Одан кешірім тілеңдер»4 , – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Туралық деген не? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Аллаһқа иман келтірдім» деп айт, содан соң туралықты ұстан» деген сөздері және оның осы хадистің басқа риуаятында келген: «Менің Тәңірім – Аллаһ», – деп айт, сонан соң туралықты ұстан», – деген сөздері Аллаһ тағаланың: «Расында, «Раббымыз Аллаһ» деп, сосын туралықта тұрғандар, оларға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдар! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер» дейді»5 ; 1 Яғни дінді толық мағынасында білдіретін, анық және ешқандай түсіндіруді керек етпейтін сөздер. 2 Яғни Аллаһты шын жүрекпен еске алып, Оны тілмен зікір етіп, Аллаһқа деген иманын жаңарту. 3 Муслим. 4 «Фуссиләт» сүресі, 6-аят. 5 «Фуссиләт» сүресі, 30-аят.
146 «Күдіксіз сондай: «Раббымыз – Аллаһ» деп, сосын туралықта тұрғандар, оларға қауіп-қатер жоқ әрі олар күйінбейді»1 , – деген сөздеріне тікелей қатысты. Әбу Бәкір әс-Сыддық (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ тағаланың: «...сосын туралықта тұрғандар», – дегенін: «Олар Аллаһтан басқа ешнәрсеге құлшылық қылмаған», – деп тәпсірлеген. Сондай-ақ ол (Аллаһ оған разы болсын): «Олар ешқандай да басқа құдайға жалбарынбаған»; «(Бұл дегеніңіз): содан соң олар – Аллаһ өздерінің Раббысы екендігінде туралықты ұстанғандар», – деген. Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) мінберде тұрып Аллаһ тағаланың: «Расында: «Раббымыз – Аллаһ» деп, сосын туралықта тұрғандар...», – деген сөздерін оқыды да: «Олар түлкі сияқты бұлаңқұйрыққа салмай, Аллаһқа бойсұнуды табанды түрде ұстанды», – деді. Осының бәрі нағыз хақиқи таухидтен ауытқуға жол бермейтін туралық туралы айтылған. Әл-Қушайри: «Туралық – өте биік дәреже, оған жету амалдарда кемелдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді және сол арқылы барлық игіліктерге жетеді, (ол игіліктер) тәртіптілік алып келеді, ал туралықты ұстанбаған адамның мақсат, ниет, ұмтылысы мен ынта-жігері зая кетеді», – деген. Сондай-ақ біреу: «Туралықты тек ұлы адамдар ғана ұстана алды, өйткені туралық әдеттегіден бас тарту, басқаша айтқанда, Аллаһ тағаланың алдында адал, тура (жүрекпен) тұру үшін, дінге қатысы жоқ нәрселерден бас тарту», – деді. Әл-Уасити: «Бұл қасиет арқылы барлық жақсы нәрселер өз кемелдігіне жетеді», – деген. Ибн Ражаб: «Туралық дегеніміз – тура жолда әрекет ету, оңға да, солға да бұлталақтамай дұрыс дінді ұстану, барлық әшкере және жасырын діни міндеттерді орындау, сондай-ақ барлық тыйым салынғандардан бас тарту», – деп айтқан. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл өсиеті игіліктің барлық қасиеттерін қамтиды. 2. Туралық мінсіз бола алмайды Егер «туралық дегеніміз – адам жағдайы мен танымы кемелдігінің ең биік дәрежесі, сөз бен істе көрінетін жүрек тазалығы және наным сенімнің бидғат секілді ақымақтық пен адасудан амандығы» деп түсінсек, онда адам баласы туралықты, бұл сөздің толық мағынасында, еш уақытта ұстана алмайды. Ол туралыққа барар жолда міндетті түрде қандай да бір кемшілік 1 «Ахқаф» сүресі, 13-аят.
147 жібереді. Бұл туралы Аллаһ тағала: «Сондықтан сол бағытқа тураланыңдар да әрі Одан кешірім тілеңдер»1 , – деген. Демек, кешірім сұрау туралы бұйрық кемшіліктердің болмай қалмайтынын және тәубеге келудің, сондай-ақ туралыққа қайтудың міндетті екендігін көрсетеді. Пайғамбардың (с.а.с.): «Туралықты ұстаныңдар және еш уақытта (оны толық мағынасында орындау) сендердің қолдарыңнан келмейді»2 ; «Дұрыстықты ұстаныңдар3 және жақын барыңдар4 » 5 , – деген сөздері осыны көрсетеді. «Дұрыстық» (сәдәд), бұл – шын мәніндегі туралық, басқаша айтқанда, барлық сөз бен амалдардың, мақсат-мұраттардың нысананы атып дәл тигізгендей дұрыс болуы. 3. Жүрек туралығы Туралықтың түп негізінде оның мән-мағынасына сәйкес келетін таухидтен айнымайтын, ауытқымайтын жүрек туралығы жатады. Егер жүрек Аллаһты тануда, Одан қорқуда, Оны құрметтеуде, қастерлеуде, Оны жақсы көруде, Оған байланысты қалау-тілекте, Одан үміт етуде, Оған жалбарынуда, Оған арқа сүйеуде және Одан басқаның барлығын тәрк етуде туралықты ұстана бастаса, онда адам денесінің барлық бөліктері де Аллаһқа бойсұнуда үздіксіз, бұлжымастай туралықты ұстануды бастайды. Себебі жүрек – дененің барлық бөлігінің билеушісі, ал дененің барлық бөліктері жүректің әскерлері іспетті, егер билеуші туралықты ұстанса, оның әскерлері мен қол астындағылары да оған ілеседі. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Адам) денесінде бір парша ет бар. Ол жақсы болса, барлық тән жақсы болады, ал егер ол жарамсыз болса, онда бүкіл дене жарамсыз болады, расында, ол – жүрек», – деген6 . 4. Тілдің туралығы Адам ағзасының жүректен кейінгі туралықты ұстануы қажет бөлігі – тіл. Өйткені тіл – жүрек қалауының тілмашы, оның ойын жеткізуші. Бұл – ойдың дұрыстығына дәлел, Пайғамбардан (с.а.с.) сахабаларының бірі 1 «Фуссиләт» сүресі, 6-аят. 2 Муслим, Ахмад. 3 Үнемі іс-жүзіне асыруға шамаларың келмейтін істі орындауға ұмтылмаңдар, орта межені ұстаныңдар. 4 Яғни үзбей орындай алатын амалды табуға әрекеттеніңдер. 5 Әл-Бұхари, Муслим. 6 Әл-Бұхари.
148 келтірген хадисте: «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін ең қатерлі не?» – деп сұрағанымда, ол қолымен тілін көрсетті», – деген1 . Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Құлдың иманы оның жүрегі туралыққа келмей тура болмайды, ал оның жүрегі, оның тілі тура болмай туралыққа келмейді», – деді», – деген2 . Ал Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Таңертең адам баласы ұйқыдан оянғанда, оның дене бөліктері тілге жалынышты тіл қатады: «Біз үшін Аллаһтан қорыққайсың, өйткені біз саған тәуелдіміз, егер сен тура болсаң, онда біз де туралықты ұстанамыз, ал егер сен қисайсаң, біз де қисық боламыз», – деп айтқан», – деген3 . 5. Туралықтың пайдасы неде? Туралық дегеніміз – бойсұну мен нәпсі-шақуат қалауы арасындағы шайқаста жеткен жеңіс, табандылық, ерлік және табыс. Сол себепті туралықты ұстанушыларға, бұл дүниеде олардан уайым-қайғы, қорқынышты кетіру, оларды жаннатпен қуандыру және оларға өздерінің дүние-ақыретте осылар жағында екенін хабарлау үшін періштелер түсуге лайықты болады. Өйткені Аллаһ тағала: «Расында, «Раббымыз – Аллаһ» деп, сосын туралықта тұрғандар, оларға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдар! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер. Біз дүние тіршілігінде де, Ақыретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксегеннің (бәрі) бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар», – дейді. Бұл – өте Кешірімшіл, аса Рақымды (Аллаһ) тарапынан бір сый»4 , – деген. 6. Туралықтың маңыздылығы туралы Туралықтың маңыздылығына Пайғамбарға (с.а.с.) оны ұстану туралы түсірілген бұйрық анық дәлел болады. Өйткені Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Бұйырылғанындай тура бол!»5 – деді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бүкіл Құраннан осыдан қиын 6 және (осыдан) ауыр аят түсірілген емес», – деген. 1 Әт-Тирмизи. 2 Ахмад. 3 Әт-Тирмизи. 4 «Фуссиләт» сүресі, 30-32 аяттар. 5 «Һуд» сүресі, 112-аят. 6 Мұнда Аллаһ тағаланың бұл бұйрығын барлық мәселе бойынша орындауға қатысты қиындықтар туралы айтылған.
149 Сондай-ақ Аллаһ елшісіне (с.а.с.) сахабалары: «Шашың неге ерте ағарды?» – дегенде, ол (с.а.с.): «Менің шашымды «Һуд» сүресі және соған ұқсас сүрелер ағартты», – деп жауап берген. Хасан: «Осы аят түскеннен кейін Пайғамбар (с.а.с.) бұрынғыдан көп күшжігер жұмсайтын болды, ал содан бері оның күліп тұрғанын ешкім көрмеген», – деген1 . 7. Бұл хадис таухид мәселесінде туралықты ұстануға және тек Аллаһқа ғана шын ықыласпен құлшылық етуге бұйырады. 8. Ол сахабаларды өздерінің дінін оқып-үйренуге және имандарын (сенімдерін) сақтауға бастады. 1 Ибн Әбу Хатим.
150 ЖИЫРМА БІРІНШІ ХАДИС ЖАННАТҚА АПАРАТЫН ЖОЛ Әбу Абдуллаһ Жәбир ибн Абдуллаһ әл-Ансари (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.)1 : «Маған айтшы, егер мен парыз намаздарымды оқысам, рамазан кезінде ораза ұстасам және халалды халал, харамды харам деп біліп, осыларға ешнәрсе қоспасам, жаннатқа кіремін бе?2 » – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә», – деді», – деген3 . Хадистің маңыздылығы «Қырық хадиске» жазған түсініктемесінде әл-Журдани: «Бұл хадис өте маңызды және ол Исламға қатысты мәселелерді түгелімен қамтыған. Себебі барлық іс-амалдар не жанның іс-амалы немесе тәннің іс-амалы болады және олардың әрқайсысы не рұқсат етілген (халал) немесе тыйым салынған (харам) болады. Сондай-ақ егер адам баласы халалды халал, харамды харам деп есептейтін болса, онда ол барлық діни міндеттерін орындаған болады да, ешқандай қауіп-қатерсіз жаннатқа кіреді», – деген. Хадисті және оның неге жөн сілтейтінін түсіну 1. Аллаһтың елшісі (с.а.с.) бүкіл әлем үшін мейірім болып табылады Аллаһ тағала елшісі Мұхаммедті (с.а.с.) барлық адамдар үшін рақымшылық ретінде жіберді. Ол адамдарды тозаққа апаратын адасу жолынан құтқарып, жаннатқа апаратын анық та айқын және жеңіл жолға бастайды. Аллаһ бұл жолдың межелерін белгілеп, соны берік ұстануды адамдарға әмір етті. Кім ол межелерде тоқтап және оны мүлтіксіз ұстанса, бұл оны мақсатына жеткізеді. Кімде-кім белгіленген межені аттаса, бұл оны шыңырау-құрдымға құлатады. Аллаһ тағаланың адам баласы үшін бұйырған міндет парыздарының бәрі де – олардың істеуге шамалары келетін амалдар. Өйткені Аллаһ тағала Өзінің құлдарына жеңілдікті ғана жүктеген, ауырлықты қаламаған. Бұл айтылғандар Пайғамбардың (с.а.с.) осы және осыған мағыналас басқа хадистерінен де айқын көрінеді. 2. Жаннатқа құштарлық және оған апарар жолды іздеу Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) тақуалар үшін дайындалған кеңдігі көктер мен жердей жаннатқа құштар мұсылман туралы баяндайды. Ол кісі 1 Бұл адам Нуғман ибн Кәукал әл-Хузағи (Аллаһ оған разы болсын) еді. 2 Бұл адам жазаға ұшырамай жаннатқа кіретін алғашқылар қатарында боламын ба дегенді білгісі келді. 3 Муслим.