– Өй, кішкентай. Картада кішірейтіп көрсететінін білмейді
екенсің ғой! – деді. Әкесі басын изеді.
СҰЛТАН БИБАРЫС
Әкесі баласына:
– Балам, «тұмар» деген сөздің мағынасын білесің бе?– деді.
– Ол қандай болады ?
– Өзі үшбұрышты, мойынға тағып жүреді.
– А, а, амулет қой, – деді бала. Көрші үйдегі бір ағаның
мойнынан көрдім. Терімен қапталған.
– Иә, «амулетті» қазақ «бойтұмар» дейді. Теріден жасалған
үшбұрышты кішкентай қапшықтың ішіне алыс сапарға шыққанда
кепкен жусанды салып алатын болған.
Бала:
– Жусанды білемін. Иісі қандай тамаша!
Әке:
– Жұпар иісті шөпті “жусан” дейді. Ол кең далада өседі.
Жусан алыстап кеткен адамды шақырып, сағындырып тұрады.
Мен саған Сұлтан Бибарыстың жусанды қалай сағынғанын
айтайын: «Баяғы заманда қазақтың кең даласында Бибарыс деген
кіп-кішкентай бала болыпты. Көзі оттай жайнаған, денесі шымыр
екен. Жаугершілік кезінде оны соғысқан бір елдің адамдары
ұстап алып, ат артына мінгізіп алып кетеді. Құл қылып сатып
жібереді. Сөйтіп бүкіл өмірін араб елінде өткізеді. Тіпті қайдан
келгенін де есіне түсіре алмайды.
Сатылған бала өзі теңдес құлдардың ішінде ерекше болып
өседі. Ат үстінде шауып бара жатып, жердегі теңгені еңкейіп, оп-
оңай қағып алатын. Қылышын жарқылдатып, жаудан қорықпай
соғысатын. Ақылына күші сай жігіт болады.
Ол өзінің мықтылығының арқасында, әскербасы дәрежесіне
жетіп, одан бір күндері патша болады. Сұлтан Бибарыс атанады.
Араб тілін жетік үйренеді.
Бір күні Сұлтан Бибарыс қартайған шағында дала кезіп,
серуендеп жүріп, көзі бір түп жусанға түседі. Жұлып алып,
304
иіскейді. Жусанның жұпар иісі бой-бойына тарап, елжіретеді.
Кенет, көз алдына еміс-еміс елес болып қалған туған жері
елестейді. Бір ыстық сағыныш жүрегіне толады. Көзінен жас
парлайды. Жусанды екі алақанына қысып, бетіне басып тұрып
қалады. Аң-таң болған жанындағы қызметшісіне:
– Мынау шөптен менің туған жерімнің иісі шығады, – дейді.
Сөйтіп, әлгі бір уыс жусанды бойтұмарының ішіне салып алады.
Елін сағынған сайын иіскеп, мауқын басады».
Бұл дүниеде туған жердің жусанынан артық ештеңе жоқ.
ИМАНДЫЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕРІ
Иман бар жерде – ұят бар.
АХМЕТ ЯСАУИ
– Балам, Түркістан – Қазақстандағы ең көне қаланың бірі.
Онда Ахмет Ясауи бабаның кесенесі бар. Кесененің ішіне
Абылай хан да жерленген.
Данабек әкесінің әңгімесін бөліп жіберді:
– Әке, Абылай ханды неге ол жерге жерлеген?
– Абылай – хан елімізді сақтау үшін жанын салған ер. Бүкіл
қазақ елі сыйлайтын кісіні әдейі Ахмет Ясауи бабаның жанына
апарып жерлейтін болған.
– Ал, Ахмет Ясауи кім?
– Ахмет Ясауи – имандылық нұрын шашқан. Оның өзі де
иманды адам. Жалпы жұртты да имандылыққа үгіттеген. Алла
жолындағы кісі.
– Алла жолындағы кісі – қандай кісі?
305
– Алланың тыйғанынан тыйылады. Алдамайды, ұрламайды,
өтірік айтпайды, таза болады. Көп тамақ жемейді. Көп дүние
жимайды. Көп білім жияды. Кітап жазады.
Ахмет Ясауи баба ораза кезінде жер астына түсіп отырады
екен. Нан-сумен қанағат етіп, кітап жазған. Тіпті даланы да
көрмеген. Тек таза ауа жұту үшін түнде ғана далаға шығады екен.
– О, қалай шыдайды, ә! – дейді Данабек.
Әкесі:
– Адам өз мақсатын орындау үшін шыдамды болуы керек, –
деді.
ҚҰРМА
– Балам, Ахмет Ясауи баба кішкентай кезінде-ақ шыдамды
болған. Кітапты оқыса, жарты жолдан тастай салмайды.
Оқығанын жаттап алады.
Жеті жасқа келгенде, мектепке бара жатса, алдынан Арыстан
баба шығады. Ол білімпаз кісі екен. Ахмет Ясауидің басынан
сипайды. Арыстан баба айтады:
– Мен сені ұзақ күттім. Осыдан жеті жүз жыл бұрын
Мұхаммед пайғамбар бір құрма беріп еді. Былай тапсырып еді:
«Бізден талай жыл өтер. Алыстағы Түркістан елінде
адамгершілігі мол бір бала дүниеге келер. Мына бір түйір
құрманы сақтап, балаға берерсің!» – деді.
Сөйтіп, Арыстан баба тілінің астына салып алған ұртындағы
құрманы алып, Ахмет Ясауиге береді. Ясауи Мұхаммед
пайғамбардың ісін жалғастырады. Адамдарға имандылықты
насихаттайды.
– Әке, Мұхаммед пайғамбар не істеген? – деді Данабек.
– Мұхаммед пайғамбар – исламның атасы. Оны ислам
дініндегі мұсылмандардың бәрі құрмет тұтады.
– Ал, мен мұсылманмын ба?
– Әрине, мұсылмансың. Әкең мұсылман болса, сен де
мұсылман боласың.
Данабек мұрнын тартып қойды. Әкесінен тағы сұрады:
– Мұсылман болғанда не айту керек?
306
– Лә илаһа илла алла! – деу керек. Данабек бұл сөзді бірнеше
рет қайталады. Әкесі:
– Тамақ ішкенде, қолды тазалап жуып: Бісміллә! – деп алу
керек.
Данабек:
– Бісміллә! – деп, үстел үстіндегі ыдыста тұрған кәмпиттің
біреуін суырып алды.
Айбегім күліп жіберді:
– Ой, қуын қарашы, кәмпитті алады. Әуелі дастарқандағы
нанды үзіп алу керек. Міне, былай:
– Бісміллә!
Айбегім нанның шетінен үзіп, аузына салды. Әкесі мен анасы
Айбегімге риза болды.
САРАҢДЫҚ
– Балам, баяғыда бір бай кісі болыпты. Оның үлкен бағы бар
еді. Бақта алма, өрік, алша, шабдалы, тұт, жиде өсетін. Жемістері
піскен кезде көрші балаларды шақырып жинататын. Жартысын
өзі алатын, қалған жартысын көршілеріне бөліп беретін. Сөйтіп,
жемісі жылдан жылға бітік болатын.
Бір күні бай қайтыс болады. Жемісті жинайтын уақыт келеді.
Балалар ақылдасып:
– Көршілерге жемістің жартысын бермесек, тіпті байыр едік.
Биыл ешкімге көрсетпей, өзіміз жиып алайық, – деді.
Түнде жасырынып бақтың ішіне кіріп, жинай бастайды. Сол
кезде аспаннан найзағай ойнап, жай түседі. Жемістері қап-қара
болып күйіп кетеді. Бір дорба да жинай алмай қалады.
Өздері әбден өкінеді. Келесі жылы көршілермен бөлісуге
келіседі. Сараң адам, сөйтіп, күлкіге қалады.
Данабек айтты:
– Әке, біздің балабақшада бір бала бар. Бір ойыншығын да
ойнауға бермейді. Ол да сараң ғой, ә!
307
– Кішкентай баланы сараң деуге ерте. Ол өскен сайын
түсінетін болады. Ал өзің ойыншығыңмен бөлісесің ба? – деді
әкесі Данабекке. Данабек:
– Бөліс...е...мін, – деп үндемей қалды.
Әкесі баланың басынан сипады.
ҚАРЫНБАЙ
– Балам, баяғы заманда Қарынбай деген бай болыпты.
Мыңдаған малы болса да, қарны тойып тамақ ішпепті. Бүтін киім
кимепті. Күні-түні байлықты ойлапты. Жетімге қараспапты.
Осы кезде Данабек шыдай алмай:
– Әке, жетім деген не? – деп сұрап қалды.
Әкесі:
– Балам, әке-шешесі жоқ баланы жетім деген. Оны ортаға
алып, ел болып көмектесетін. Жоқшылық көрсетпейтін. Ал
Қарынбай болса, өзі бай болғанымен, жаны кедей. Сараң адам. Ол
жетімге көмектесуге бір лағын да қимайды.
Қарынбайдың бұл ісін Алла тағала көріп тұрады. Бір күні оны
тобығына дейін жерге батырып жібереді:
– Малыңнан жетімнің үлесін бересің бе? – деген дауыс
шығады.
Қарынбай басын шайқайды. Онысы – бергісі келмегені.
Алла тағала оны тізесіне дейін батырып жібереді:
– Малыңнан жетімге бересің бе? – дейді.
Қарынбай басын шайқайды.
Алла тағала кіндігіне дейін батырып жібереді.
Қарынбай тағы басын шайқайды.
Бір кезде мойнына дейін батады. Сонда да «Бермеймін», – деп
басын шайқайды. Аздан соң түгел батып кетеді.
Сөйтіп, жанынан малын артық көрген Сараң байды жер
жұтады. Мыңғырған малы иесіз қалып, жабайы болып кетеді.
НҰХ ПАЙҒАМБАРДЫҢ КЕМЕСІ
308
– Балам, Нұх деген пайғамбарға Алла тағала бір күні кеме
жасауды бұйырды. Нұх үлкен кеме жасады. Оған балаларын
мінгізді. Жан-жануардан алды. Түйе, жылқы, сиыр, қойды салды.
Бір күні аспаннан найзағай ойнап, қатты шатырлады.
Толассыз жаңбыр жауды. Су сел боп ақты. Судың биіктігі
ағаштың басынан асып кетті. Адамдар суға кетті.
Нұхтың кемесі сумен жүзіп отырып, бір таудың басына келіп
тоқтады. Ол қасиетті Қазығұрт тауы еді. Жауын тоқтап, су қайта
бастады. Жер қарайды. Нұхтың жан-жануары аман-есен кемеден
сыртқа шықты. Содан төрт түлік тарады.
– Әке, түлік деген не? – деді осы кезде Данабек.
– Қазақ атам малды төрт түрге бөледі. Оны «түлік» дейді. Әр
түлікті қолдап, қорғайтын атасы болады.
Бірінші – түйе түлігі. Түйенің атасы – Ойсыл қара.
Екінші – жылқы. Жылқы атасы – Жылқышы ата.
Үшінші – сиыр. Сиыр атасы – Зеңгі баба.
Төртінші – қой. Қой атасы – Шопан ата.
Ойсыл қара, Қамбар ата – алғаш түйе мен жылқыны ұстап,
баққан кісілер. Зеңгі баба мен Шопан ата – сиыр мен қойды алғаш
баққан кісілер. Олар өте ерте заманда өмір сүрген.
Нұх пайғамбардың кемесіндегі жануарлардан тараған Ойсыл
қара туралы мынадай өлең бар:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса, неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсыл қара жануар содан қалған.
Кәне, өлеңді қайталап айтайық. Айбегім мен Данабек әкесіне
қосылып, қайталап айтты. Содан соң жеке-жеке айтып берді.
Әкесі риза болды.
ЖЫЛАН МЕН ҚАРЛЫҒАШ
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесін тышқан тесіп қояды.
Ішіне су кіре бастайды. Нұх пайғамбар:
309
– Кімде-кім тесікті бітесе, қалағанын беремін! – дейді.
Мұны естіген су жыланы бірден іске кіріседі. Тесікті бекітеді.
Нұх пайғамбар су жыланынан:
– Нені қалайсың? – деп сұрайды.
Жылан:
– Ненің еті тәтті болса, соны бер! – дейді.
Нұх пайғамбар ненің еті тәтті екенін білу үшін масаны
жұмсайды. Ол бәрін шағып көреді. Адамның еті бәрінен тәтті
екен. Соны хабарлауға кемеге қарай ұшып келе жатады.
Қарлығаш адамға дос еді. Ол өзінің ұясын адам тұратын үйдің
ішіне салатын. Адам оған тимейтін. Қарлығаштың жұмыртқасын
жегісі келетін жыланды жолатпайтын. Қарлығаш қай үйге ұя
салса, сол үйге бақыт келеді.
Қарлығаш масаның алдынан шықты.
– Ненің еті тәтті екен, білдің бе? – деп сұрайды. Маса:
– Білдім. Адамның еті бәрінен тәтті екен, – дейді. Қарлығаш:
– Дәмі тіліңде бар шығар. Тіліңді шығаршы, мен де татып
көрейін, – дейді.
Ақымақ маса тілін шығарады. Қарлығаш тұмсығымен
масаның тілін жұлып алады. Ол быжылдап ештеңе айта алмай
қалады. Екеуі Нұхқа келеді. Нұх:
– Ненің еті тәтті екен, білдің бе? – дейді.
Маса быж-быж етеді. Сонда қарлығаш:
– Маған айтқан. Құрбақаның еті тәтті деген! – деп алдайды.
Содан былай жылан құрбақаның етін жейтін болады.
Қарлығаш адамды жыланнан құтқарып қалады.
МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ АСА ТАЯҒЫ
– Балам, баяғы бір заманда Мұса пайғамбар болыпты. Ол
адамдарды дінге үгіттепті... Тастан, ағаштан – қолдан құдай
жасамаңдар. Көктегі жалғыз Жаратушыға бағыныңдар! – депті.
Сол кезде Перғауын деген патша Мұса пайғамбарға қарсы
болыпты.
310
– Сен керемет болсаң, менің сиқыршыларыммен бәсекелесіп
көр! – деп мақтанады.
Бір алаңға Перғауынның мың сиқыршысы жиналады.
Әрқайсысының қолында бір-бір жібі бар. Аспанға лақтырып
қалса, жылан болып ирелеңдей жөнеледі.
Мұса пайғамбар Жаратушыға жалынады. Сөйтеді де,
қолындағы аса таяғын аспанға қарай атып жібереді. Сол кезде аса
таяқ айдаһарға айналады. Сиқыршылардың жыландарын жұтып
қояды. Аса таяқ жай таяқтан жуан, үлкен. Жонып, өрнектеп
жасалады.
Бұл оқиғаны көріп тұрған адамдар Мұсаның алдына келіп, бас
иеді. «Сенің айтқаның рас екен!» – дейді. Перғауын Мұсаны
өлтірмекші болады.
Мұса пайғамбар жанындағы серіктерімен қашады. Ніл деген
дарияның жағасына келеді. Перғауын жасақтары артынан жетіп
қалады.
Мұса пайғамбар тағы да Жаратушыға жалынады:
– О, Жаратушым, жәрдем ете гөр! – дейді.
Сол кезде Ніл дариясы қақ айрылып, ортасынан жол шығады.
Мұса пайғамбар серіктерімен өтіп кетеді. Ал артынан қуған
Перғауын Мұсаның соңынан дәрияның ортасына бара бергенде,
су жүріп кетеді. Қара ниет, дінсіздер суға батып кетеді.
Данабек әкесінен сұрады.
– Әке, дінсіз деген не? – деді.
Әкесі жауап берді:
– Адамды Алла тағала жаратқан. Біздің иеміз – Алла. Оның
бар екеніне сенген адам жақсы адам болады. Жамандық жасауға
Құдайдан қорқады. Ал Құдайға сенбейтін адамды «дінсіз» дейді.
Дінсіз адам жамандық жасаудан қорықпайды.
Осы кезде әңгімеге Айбегім араласты:
– Әке, Алла тағала мен Құдай бір ме? – деді.
Әкесі күлді:
– Е, оны байқап қойыпсың ғой, қызым. Қазақтар екеуін
алмастырып айта береді. Бірақ мағынасында айырмашылық бар.
311
Алла тағала – жалғыз, біреу ғана. Оған тең келетін ешкім жоқ. Ал
құдайлар көп. Мысалы, От құдайы, Су құдайы тағы басқалар.
ЖАНУАРДЫҢ ТІЛІ
Сүлеймен пайғамбар жан-жануардың тілін білетін. Сиырдың
мөңірегенінен, есектің ақырғанынан, қарағанынан, не айтып
тұрғанын біліп қоятын.
Бір кісі Сүлеймен пайғамбарға өтініш айтты: «Жануардың
тілін үйретші», – деп жалынды. Бірнеше айдан соң үйреніп алды.
Әлгі кісі үйіне келіп, қораның сыртынан тыңдады. Сөйтсе,
есек пен өгіз сөйлесіп жатыр екен. Есек:
– Өгіз, бауырым, халің қалай? – дейді.
Өгіз:
– Ауыр жұмыстан шаршадым. Қожайыным мені аямайды, –
деп ыңырсиды.
Есек оған ақыл айтады:
– Сен бүгін шөп берсе жеме, су берсе ішпе. Ауырып қалған
екен деп, жұмыстан қалдырады, – дейді.
Өгіз айтқанды орындайды. Шөп те жемей, су да ішпей жатып
алады. Екеуінің сөзін есіткен қожайыны құлына айтады:
– Ертең өгізді қалдыр да, есекті жұмысқа жек! – дейді.
Ертеңіне өгіздің бар жұмысын есекке салады. Арба да
сүйрейді. Отын да тасиды. Өлердей шаршайды. Кешке аяғын әзер
сүйретіп қораға кіреді.
Өгіз болса, тынығып қалған еді. Қутың-қутың еді.
– Халің қалай, достым? – дейді есекке.
Әбден шаршаған есек күйіп кетіп:
– Сені қожайын сойып жеймін деп жатыр. От оттап, су
ішпесең, ертең сояды, – деп алдайды.
Қорқып кеткен өгіз дереу шөп жеуге кіріседі. Қораның
сыртынан тыңдап тұрған қожайыны есектің қулығына әбден
күледі.
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТУҒАН КҮНІ
312
– Балам, бүгін маусымның он төрті – Мұхаммед
пайғамбардың туған күні, – деді әкесі Данабекке.
– Пайғамбар деген кім, әке, – деп сұрады Данабек.
– Пайғамбар – дүниені жаратушы Алла тағаланың Ұлы
Елшісі. Жер бетіндегі адамдарды имандылыққа шақырушы.
Ал имандылық деген не? Ол – тазалық. Өтірік айтпау. Адамды
сүю. Алланың бар екеніне сену. Адал еңбек ету. Әр істі Алла
көріп тұрады. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр.
Қараңғыда ұрлық жасасаң да, көреді.
Мұхаммед пайғамбардың әкесі – Абдолла, анасы – Әмина.
Әкесі Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс
болады. Шешесінен алты жасында айырылады. Атасы
Ғабділмүтәліптің қолында тәрбиеленеді. Сегіз жасқа келгенде
атасы да қайтыс болып, жетім қалады. Немере ағасы Әбутәліп
асырап алады.
Осы жерде Данабек әңгімеге араласып:
– Немере ағасы деген кім? – деп сұрады.
– Ағайынды екі адамның балалары бір-біріне немере болады.
Мысалы, Айбегім мен Данабектің ұрпақтары немере бауырлар.
Ал ағайынды екі қыздың балалары – бөле.
Мұхаммед пайғамбар бала кезінде қой бағады. Сауда
жасайды.
Қырық жасқа келгенде құлағына дауыс келді. Үш рет:
– Оқы, оқы, оқы! - деді.
Мұхаммед пайғамбар дауыстың айтқан сөздерін қайталап
тұрады. Бұл – мұсылманның қасиетті кітабы Құранның сөздері
еді. Ол қасиетті сөздерді Мұхаммед пайғамбар адамдарға
жеткізді. Оны қабылдағандар мұсылман болды.
АЙ КӨРДІМ, АМАН КӨРДІМ
Мамыр айының жып-жылы бір кешінде әкесі Айбегім мен
Данабекті серуендеуге алып шықты. Үйден шыға бере әкесі
аспанға көз салды да:
313
– Жаңа ай туыпты ғой! – деді.
Айбегім мен Данабек те аспанға қарады. Қолмен қиып
қойғандай әдемі айды көрді. Айбегім:
– Суреттегі қыздардың қасындай екен, – деді ойланып.
Данабек:
– Иілген садақ сияқты, – деді.
Екеуінің әңгімесін тыңдап болған соң, әкесі сұрады:
– Ай шалқасынан жатыр ма, тіке тұр ма?
Айбегім мен Данабек жарыса:
– Тігінен тұр! Тігінен тұр! – деп жауап берді.
– Онда бұл ай жайлы болады екен. Қар жауып кетпейді.
Жемістің гүлі үсімейді. Күн жылынады.
– Ал егер ай шалқасынан жатса, шаруаға жайсыз болады.
Жауынды-шашынды, салқын күндер басталады. Егін дұрыс
өспейді. Жаңа ай туғанда тілек тілеу керек.
Осыны айтты да әкесі:
– Ал енді қолдарыңды жайыңдар, – деді. Өзі де қолын жайып,
тілек тіледі:
Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім.
Жаңа айда жарылқа!
Ескі айда есірке!
Бұл сөздерді екі бала да қайталады. Айтып болып, үшеуі де
бетін сипады. Әкесі риза болды.
– Бұдан былай жаңа ай туғанын көрсеңдер, осы тілекті айтып
жүріңдер, – деді. Данабек айға қарап:
– Ай ылғи садақ сияқты болып тұрмайды ғой, ә, әке? – деп
сұрақ қойды. Әкесі:
– Дұрыс айтасың, балам. Бұл – жаңа туған ай. Одан соң жарты
ай болады. Отыз күн өткенде дөңгеленіп толады. Оны толған ай
дейді. Айбегім:
– Толған ай – күлше сияқты дөп-дөңгелек, – деп таңдайын
қақты.
314
ЖАРТЫ АЙ
– Балам, жарты ай туралы бір әңгіме айтайын: Баяғы заманда
Мұхаммед пайғамбарға сенбеген біреу: «Пайғамбар болсаң,
құдіретіңді көрсет!» – дейді.
Осы кезде Данабек:
– Құдірет деген не, әке? – деді.
– Құдірет деген – жай адамның қолынан келмейтін нәрсе. Ол
тек Алла тағаланың көмегімен болады.
Сол кезде, саған өтірік, маған шын, аспандағы ай орнынан
қозғалады. Жылжып келіп Мұхаммед пайғамбардың жағасынан
кіреді. Екі жеңінен жарты-жартыдан бөлініп шығады. Қайтадан
аспанға көтеріліп, толған ай болады. Міне, құдірет!
Айбегім:
– Пайғамбарға сенбегендер не істепті, – деп сұрады.
– Олар пайғамбардың алдына бас иіп, мұсылман болыпты.
Мұсылмандар ай бейнесін мазар үстіне қояды. Оны байқадыңдар
ма?
– Көрдім, әке. Бейіт басына барғанда байқадым, – деді
Айбегім.
ҚҰРАН
Иман – мінез-құлықты түзейтін құрал.
Әкесі сөреден бір қалың кітапты алды. Сырты алтындай
жылтырайды. Көз тартады. Данабек шыдап тұра алмай:
– Әке, бұл қандай кітап? – деп сұрады.
– Балам, бұл – Құран. Әрбір мұсылманның қасиеттеп
ұстайтын кітабы.
Әкесі Құранды маңдайына тигізді. Данабекті тізесіне
отырғызып, беттерін ашып көрсете бастады.
– Алла тағаланың сөзі осы кітаптың ішінде жазылған.
– Оны Алла тағаланың өзі айтып берді ме? – деді Данабек.
315
– Алла көзге көрінбейді. Ол – әр мұсылманның жүрегінде.
Алланың сөзі Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға
жеткен. Жиналып кітап болып басылған. Осы кітапты түгел
жатқа білетін кісілер болады. Оны «Қари» дейді.
Данабек таңғалды.
– Осының бәрін бір күнде қалай жаттайды, ә! – деді.
– Балам, бір күнде емес. Кітап қысқа-қысқа бөліктерден
тұрады. Бір бөлігін «сүре» деп атайды. Бір күнде бір сүреден
жаттаса, 3- 4 айда жаттауға болады. Ылғи қайталап отыру қажет.
Құранда «Ықылас» деп аталатын бір қысқа сүре бар. Оны сен
де жаттауың керек. Мағынасы мынадай: Сен айт: «Алла жалғыз
де. Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес
жоқ».
Бұл сөздерді Данабек пен Айбегім де қайталап айтты.
– Енді осының арабшасы былай болады. Оны былай оқиды.
Әкесі көзін жұмып, әуенмен айта бастады:
– Бисмилләһи рахмани рахим!
Құлһу аллаһу ахад.
Аллаһу сәмәд.
Ләм йәлид
Уа ләм йулад
Уа ләм йакун ләһу
Куфуан ахад.
Әкесі осы сөздерді үш рет қайталады.
Содан соң екі алақанын жайып:
«Е, Алла, оқыған құранның сауабын осы үйден дәметкен ата-
бабаларымның рухына бағыштадым. Аллаһу әкбар!» – деп бетін
сипады.
Айбегім мен Данабек те бетін сипады.
Әкесі айтты:
– Жолда кетіп бара жатқанда бейіт көрсең, осы сөздерді
айтып, бет сипа. Жұма күні кешкі тамақты ішіп болған соң да айт.
Құран оқылған кезде тыңдап отырыңдар. Еске сақтап, жаттап
алыңдар, – деді.
316
Бұдан кейін Айбегім мен Данабек әкесі Құран оқығанда ылғи
тыңдайтын болды.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚЫЗЫ – ФАТИМА
– Балам, Мұхаммед пайғамбардың үш ұл, төрт қызы бар еді.
Ұлдары: Қасым, Абдолла, Ибраһим.
Қыздары: Зейнеп, Руқия, Үммігүлсім, Фатима. Фатимадан
басқа балалары пайғамбардан бұрын қайтыс болған. Фатиманы
айрықша жақсы көрген. Халыққа өсиет айтқанда, қасына
отырғызып қоятын.
Мұхаммед пайғамбар байлық қумаған. Патша болса да,
қарапайым өмір сүрген. Күн көрісінен артық дүниесін кедейлерге
таратып беріп отырған. Өзі ауырып жатқанда қалтасындағы бар
ақшасын садақаға бергізеді. Қасындағы кісілер беруді ұмытып
кетеді. Пайғамбар:
– Садақа бердіңдер ме? – дейді. Ақшаны көрсетіп:
– Мыналар қолда тұрғанда өлсем, Алланы ойлағаным ба? –
дейді. Тезірек садақа бергізеді.
Өлерінде Фатимаға мынандай өсиет айтыпты:
– Пайғамбар қызы Фатима! Сен қайырымды жұмыстар істе.
Пайғамбардың қызымын деп жұрттан бөлектенбе! – дейді.
Фатима әкесінің өсиетін орындаған. Қайырымды, білімді қыз
болған.
Бір күні үйіне киімі жыртық-жыртық қайыршы келеді. Қайыр
сұрайды. Фатиманың оған беретін ақшасы болмай қалады.
Қайыршыны қалай бос қайтарамын деп қиналады. Мойындағы
алтын алқасын алып, бейшараға ұсынады.
– Алқаны сатып, ақша қыл. Балаларыңа тамақ әпер, – дейді.
Фатима осындай қайырымды істерімен ел есінде сақталған.
Ол – бүкіл мұсылманның анасы.
БЕС ПАРЫЗ
317
– Балам, мұсылманның бес парызы бар. «Бір» деп саусағыңды
бүк.
Данабек пен Айбегім бас бармағын бүкті. Әкесі Данабектің
бүгілген бармағын басып тұрып, айтты:
– Мұсылманның бірінші парызы – иман келтіру.
– «Иман» деген не, әке?
– Иман – Алланың бар екеніне сену. Мұсылман болу.
Мұсылман болғанда не істеу керек екені Құранда айтылған.
Данабек тағы сұрады:
– Сіз мұсылмансыз ғой, әке!
Әкесі:
– Әлхамду лилләһи мұсылманмын. Ал сен мұсылмансың ба,
балам?
Данабек тоқталмай жауап берді:
– Әлхамду лилләһи мұсылманмын.
Әкесі риза болғанын жасыра алмай, Данабектің маңдайынан
иіскеді. Алдына отырғызды. Данабектің сұқ саусағын бүктірді.
– Ал, балам, екінші саусағыңды бүк. Мұсылманның екінші
парызын айтайын. Екінші парызы – күніне бес уақыт намаз оқу.
Данабек сонан соң үшінші саусағын бүкті:
– Үшінші парызы не, әке?
– Мұсылманның үшінші парызы – ораза ұстау.
Данабек ортан саусағын бүгіп тұрып:
– Білемін, білемін! – деді. Ораза ұстағанда таңертең және
кешке ғана тамақ ішеді. Күндіз ештеңе ішпейді.
Әкесі:
– Иә, балам, жылына бір рет тамақ ішпеу – үлкен кісілерге
пайдалы. Енді әрі қарай тыңда:
– Мұсылманның төртінші парызы – зекет беру. Зекет беру –
жетімдерге, мүсәпірлерге көмектесу.
Данабек аты жоқ саусағын бүкті де, сұрақ қойды:
– Мүсәпір кім, әке?
– «Мүсәпір» деп өзін-өзі асырауға шамасы жетпейтін ауру-
сырқау адамды айтады.
Әкесі Данабектің шынашағын бүктірді.
318
– Енді мұсылманның бесінші парызын біл. Бесінші парыз –
шамасы келсе, қажыға бару. Қажыға бару – Мұхаммед
пайғамбардың туған жеріне бару. Ол – арабтар жерінде. Мекке
деген қалада.
Балам, ал, мұсылманның бес парызын қайталап айтайық, –
деді әкесі. Үшеуі қосылып айтты:
Бірінші парыз – иман келтіру.
Екінші парыз – күніне бес уақыт намаз оқу.
Үшінші парыз – ораза ұстау.
Төртінші парыз – зекет беру.
Бесінші парыз – қажыға бару.
Айтып болған соң, әкесі тағы да былай деді:
– Балам, есіңде болсын! Мұсылманның тағы бір үлкен
парызы – білім жинау!
319
МАҚАЛАЛАР
320
МАҚАЛАЛАР
МІНДЕТ – ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ
Қазіргі уақытта нағыз «жұмысшы факультеттеріне»
айналып отырған даярлық бөлімдері еңбек соңында жүріп,
оқудан уақытша қол үзіп қалған жастарды жоғары оқу орнына
жетелейтін өмір баспалдағы десе де болғандай. Еңбекші жастар
үшін оның қаншама пайдалы екендігін осы оқудан дәріс алып
шыққан студенттер жақсы біледі.
Жеті-сегіз айдың ішінде жұмысшы жастардың ұмытқанын
жаңғыртып, білмегенін үйретіп шығару– жауапты да қиын іс. Бұл
жерде оқытушы тек сабақ өткізуші емес, үлкен жүректі парасат
иесі де болуы керек. Өйткені жоғары оқу орнына кешігіңкіреп
келгендіктен қыз-жігіттердің біразы мектептен алған білімдерін
ұмытып қалады. Оны неге ұмытасың деп кінәлау қиянат. Олай
болса ұстаздың міндеті – тыңдаушылардың осы жағдайын ескере
отырып, оларға жүйелі білім беру, тынбай үйрету, жалықпай
оқыту.
Даярлық бөлімінде қазақ әдебиетін оқып жатқан жастардың
біразы күні ертең-ақ әдебиетші, бірі журналист, бірі тарихшы,
енді бірі заң қызметкері болары сөзсіз. Алайда әдебиет пәні тек
осы мамандықтарға баулу үшін ғана оқытыла ма? Жоқ. Бұл сабақ
кез келген мамандық иесінің өнер туындыларын
творчестволықпен түсінуге, болмыс құбылыстарын нәзік
321
қабылдауға және жақсылық, сұлулық атаулыны құрметтеуге
тәрбиелейді. Ендеше, әдебиетті емтихан үшін ғана оқытпай, жан-
жақты саналы азаматты қалыптастыру үшін оқыту ләзім.
Ең алдымен, даярлық бөліміне түсуге келгендердің
жауаптарынан төмендегідей ортақ кемшіліктерді байқайсыз.
Бірінші – айтатын мәселені нашар білгендіктен жете жауап бере
алмау. Мысалы, «Көкшетау» поэмасының композициялық
құрылымына тоқталу керек болса, ол поэманың қарапайым да
шебер құрылғандығы туралы бір-екі ауыз айтады да, әрі қарай
жалпы мазмұнына түсіп кетеді. Бұдан шығатын қорытынды –
талапкер композиция дегеннің не екенін білмейді.
Екінші – жауап берушінің интеллектуалдық өрісінің
тарлығы. Мұндай жағдайда анализ, синтез, жалпылау, түйіндеу,
салыстыру, жүйелеу, дәлелдеу сияқты интеллектуалдық
операцияларды жасауға шорқақ. Мысалы, «Қазақ совет
әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған шығармалар» дейтін
сұрау келсе, әуелі С.Ерубаевтың «Менің құрдастарымын», Ғ.
Мүсіреповтің «Оянған өлкесін», Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды»
т.б. білген романдарын мазмұндай жөнеледі, яғни салыстыру,
жинақтау, түйіндеу тәсілдерін қолдана білмейді.
Үшінші – жауап берушінің эстетикалық өрісінің
жұтаңдығы. Оның көрінісі – көркем шығарманы өнер ретінде
қабылдай алмау, автор шығармасын оның азаматтық
еңбектерінің жетістігіне қарай бағалау.
Төртінші кемшілік – ойды жүйелеп айта білмеу және көркем
тілмен жаза алмау. Осы аталған кемшіліктердің барлығын да
даярлық бөліміне жаңа түскен тыңдаушылардың біразынан
байқауға болады. Сондықтан тыңдаушыларға белгілі бір
информациялар жиынтығын жеткізумен қатар, жоғарыда аталған
кемшіліктерді түзетуде, сондай-ақ олардың танымдық қабілеті
мен творчестволық ой-өрісін жетілдіруде практикалық
сабақтардың рөлі үлкен.
Кейбір көркем шығармалардың мазмұнын, стилін, жеке
сөз тіркестерін, жеке сөйлемдерді еске сақтай отырып, қысқа әрі
нақты жауап беру тыңдаушыларға біраз қиындық келтіреді.
322
Біздіңше, көркем шығарманы еске сақтаудың ең тиімді жолы –
белгілі педагогтер көрсеткен конспектілеу әдісін қолдану екеніне
көзіміз жетеді. Мәселен, Ш. Уәлихановтың Ф.М. Достоевскийге
жазған хаттарынан, «Сот реформасы туралы» хатынан ғалымның
ағартушылық-демократтық көзқарасы айқын айғарылады.
Оларды білмейінше, осы тақырып бойынша оқушының білімі
толық болмайды. Аталған хаттарды Ш. Уәлихановтың өзіндік ой
жүйесін, сөз қисынын еске сақтай отырып айтпаса,
тыңдаушылардың өз сөзімен жеткізуі қиын. Сондықтан
конспектінің пайдасы көп. Шоқанның хаттарында аталған
кісілер кім? Олар жөнінде қосымша мағлұмат біліп келу
тапсырылады. Тыңдаушылар А.Г. Майков, А.Н. Бекетов,
Я.Полонский сияқты сол тұстағы белгілі ақын, ғалымдармен
танысады. Бұл әдіс кітаптардан іздене жұмыс істеуге, ғылыми
жұмыс жүргізудің алғы шарттарына қалыптастырады.
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі аудиторияда екі-
үш балаға айтқызып не оқытып талқылау ретінде немесе бірінің
жұмысын екіншісіне беріп пікір айтқызу ретімен тексеріледі.
Мүмкіндігінше аудитория түгел қатыстырылады.
Ойды жүйелеп айта білу, көркем тілмен жаза білу, ең негізгі
мәселені бөліп алу сияқты қажетті процестерді үйретудің тағы бір
тиімді жолы – шағын шығармалар жаздыру. Шағын шығарманың
тақырыптары бір ғана мәселе төңірегінде болады. Мысалы,
«Махамбеттің «Тарланым» өлеңіндегі Исатай сипаты». «Соғыс
өлеңіндегі реалистік шындық», «Абайдың өнер жайындағы
өлеңдерінің негізгі идеясы» тағы басқалар. Аудиторияға бірден
бірнеше тақырып ұсынылады. Жұмыстың орындалуына 20-30
минуттай уақыт кетеді. Бұл операцияны орындау кезінде
баланың үйге берілген тақырыпты қалай түсінгендігін тексеруге
болады әрі жазуға төселтеді.
Әуелі осылай бір-екі абзац көлемінде ойды тиянақты
жеткізуге төселіп алған соң, өз мәніндегі көлемді шығармалар
жазу көп қиындық келтірмейтініне көзіміз жетті. Шындығында,
әдебиет өмірдің қат-қабат сырын түсіндіретін, қоршаған орта
шындығын ұғынуға көңіл-көзіңді ашатын, адамды тануға
323
көмектесетін қасиетті құрал екенін ұмытпаған абзал. Сондықтан
да әдебиет сабағының ең бір маңызды міндеті – оқушының
творчестволық қабілетін дамыту, өнерді қарабайыр түсінуден
творчестволықпен түсінуге жеткізу.
Тыңдаушының творчестволық қабілетін дамытуда еркін
тақырыпта шығарма жазудың да мәні жоғары. Тақырыптар
шығарманың: баяндау шығарма, суреттеу шығарма, пікір айту
шығармасы дейтін алуан түрлі ерекшеліктерін еске ала отырып
ұсынылады. Өйткені еркін тақырып, ең алдымен, сол
тыңдаушының өз жан дүниесін, білім қорын, талант шамасын
танытады. Сонымен қатар өмірге, қоғамға, болмыс ақиқатына
көзқарасын да білдіреді. Мұндай шығармаларға, мысалы,
«Замандас туралы ой», «Арман – адам қанаты», «Маған ұнаған
сүйкімді жан», «Қыс суреттері», «Совет елі – бейбітшілік
ордасы», «Қазақ совет әдебиетіндегі жастар бейнесі»,
Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»
повесіндегі адамгершілік мәселесі арқау бола алады.
Біз бірде тыңдаушыларға «Менің жолдасым кім?» атты
тақырыпта шығарма жаздырдық. Бұл тақырып өздеріне жақсы
таныс болғандықтан ба, тыңдаушылар оны тез жазды. Кейін өз
рұқсаттарымен дауыстап оқытқанымызда барлығы да қатар
жүрген жолдастарының адал, ақжарқын, ұстамды, бірсөзді,
білімді замандастарын қадірлейтінін байқадық. Оны тыңдап
отырғанда адам болудың шарты тек көп білу деп түсінгендіктен
бе, нашарлау оқитындарға тәкаппар қарайтын кейбір
«озаттардың» ыңғайсыз күйге түскені де рас.
Тақырыпты талқылау кезінде проблемалық ситуация туғызу
да сабақ мазмұнын тереңдете түсуге жол ашады. Мысалы,
«Абайдың поэмалары» дейтін тақырып бойынша «Ескендір»,
«Масғұт» дастандарының мазмұны мен идеясын, образын талдап,
түсінгеннен кейін, Абай шығыстың классикалық әдебиетін
жақсы білсе де, өз тұсындағы басқа ақындар сияқты ғашықтық,
мұңлық, қисса, хикаялардың сюжетін алмай, «Ескендір, Масғұт
оқиғасын алу себебі неде? Ақынның поэмалары идеялық
тұрғыдан қай өлеңдерімен үндес?» деген проблемалық сұрақтар
324
қою арқылы ұлы ақынның әлеуметтік көзқарасын, өмірге деген
кредосын, өлең жазудағы түпкі мақсаттарын айқын түсіндіруге
болады. Сонда тыңдаушылар ұлы ақынның:
Мен жаздым Әзірет Әлі, айдаһарсыз,
Менде жоқ алтын иек, сары ала қыз, –
деген өлең жолдарының сырын жете ұғынары сөзсіз.
Сонымен қатар тыңдаушыларға жеке-жеке тақырыптар
беріп, баяндама жасату, көлемді үзінділер жаттату, зерттеу
еңбектерді ұсынып, конспект жасатудың да мәні зор.
СТУДЕНТТІК КОЛЛЕКТИВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Ер жеткен жігіттер мен қыздарға
куратор керек пе?» деп күдікпен сұрақ қойған мақалалар
жарияланып жүрді. Біздің ойымызша, егер куратордың міндеті
сабаққа қатыспаған студентке ұрсу, емтиханда студент үшін баға
сұрау, сабаққа келтіру үшін ұйқыдан ояту деп түсінсек, балабақша
тәрбиешісінің міндетін атқаратын кураторлықтың керегі жоқ.
Куратордың мақсат-мүддесі тереңірек жатқандай.
Болашақ маманның азаматтық көзқарасын, адамгершілік,
коллективтік сезімдерін қалыптастыруда басқа оқытушыларға
қарағанда куратор міндеті салмақтырақ. Студенттік коллектив...
Қазақстанның түкпірінен, тіпті шет елден, одақтас
республикалардың әр жерінен жиналған, өмір тәжірибесі, білімі,
мінезі әр түрлі 25-30 студенттің ой-санасын бір жерге қалай
біріктіріп, мақсаты ортақ коллектив құруға болады?
Қазақ халқында «Сыйлы болғың келсе, өзің сыйлай біл» деген
даналық сөз бар. Студентті өзіңнен төмен санаған жағдайда екі
арада ешқандай сыйластық болуы мүмкін емес. Сондықтан алғашқы
жұмысты әр студенттің жеке жағдайын, мінезін, бейімділігін
зерттеуден бастаймын. Осы сыйластық сезімдерін студенттердің өз
арасында да өсіріп отырудың үлкен мәні бар секілді. Ол үшін бір-
бірінің жақсы қасиеттерін аңғарып, тануына, бір-біріне құрметпен
325
қарауға мүмкіндік туғызу керек. Мұндай жағдайлар коллективтік
ортақ істерді бірігіп атқару үстінде, қызықты кештер, кездесулер,
сенбіліктерге қатысу үстінде байқалады. Ондай жұмыстарда жалпы
бағыттауда болмаса инициативаны студенттер жағында қалдыруға
тырысамын.
Біздің группамызда жыл бойы өткізілуге тиісті тәрбиелік
шаралар алдын-ала талқыланып бекітілгеннен кейін, іске жауапты
комиссия құрылады. Онда студенттердің бейімі, мүмкіндігі де
ескеріледі. Ешбір нәрсеге икемі жоқ студент болуы мүмкін емес.
Комиссияның председателі және мүшелері атқарылатын жұмыстың
негізгі салаларын ұйымдастыруға міндетті болады да, группаның
қалған студенттері оларға көмектесіп отырады. Мұндайда
жайшылықта тым көзге түсуге ұялшақтардың өзі бір жақсы
қырынан көрініп қалады. Комиссиялар арасында сырт көзге
байқалмайтын «кім қызықты өткізер екен»? дегендей намыс
жарысы да жүріп жатады. Қоғамдық жұмысты ылғи да белгілі бір
студенттер атқарып, қалғандарының шет қала беруіне жол
берілмейді.
Осындай бір пайдалы пікірлесуге бағытталған алғашқы
кураторлық сағаттардың бірін мұғалімдік мамандыққа арнадық.
Әдетте филолог студенттердің көбісі, ақын Қ. Мырзалиев
айтқандай, «бірінші курста ақын болып бастап, екіншіде – жазушы,
төртіншіде – сыншы, ал ақырында, ауылға мұғалім болып
аттанатындығында» шындық та жоқ емес. Мұғалім болуды өз
мүмкіндігінің «ең төменгі сатысы» деп түсінетіндер де табылады.
Бұл жағдай әсіресе кураторды ойлантуы тиіс.
Бірінші курста өз мамандығы жөнінде пікірлесуге қазақ
әдебиеті кафедрасының жас оқытушылары келді. Ұстаздық
мамандық туралы әдемі пікірлер плакаттарға бөлек жазылып ілінді.
Ұстаз өміріне байланысты көптеген қызықты сұрақтар қойылды.
Арнайы қабырға газеті шығарылып, ұстаздың шәкірт алдындағы
жауапкершілігі, ізденгіштік қасиеті, еңбекқорлығы жайында әңгіме
болды. Соңында ұстаздардан бастап, студенттер өнерін
тамашалаумен аяқталған бұл кураторлық сағаттың
ұйымдастырушылары: Қоянбекова Сара, Қасымбекова Айсұлу,
326
Жаханова Дүйсенкүл т.б. студенттер болды да, екінші курста
«Менің мамандығым — мұғалім» деген тақырыпта кураторлық
сағат өтті. Кездесуге № 12 қазақ орта мектебінің мұғалімі, 16 жыл
педагогикалық стажы бар Аманбаева Бөлек, №1 мектептен
университет түлегі Қосжанова Нағима келді. Мұнда да мектеп
өміріне арналған қабырға газеті шығарылды. Мұғалімдердің алдын-
ала анкета жүргізу арқылы белгілі болған сүйікті әндері орындалды.
Біздің курстың студенттері үшін облыстық кітап саудасы бөлімі
кітаптар әкеліп сатты. Мұғалім өмірінен этюдтер айтылды, сұрақтар
койылды. Соңында группа фотографы Е. Айтжановтың да өз өнерін
көрсетуіне мүмкіндік берілді. Шағын концертте сырттай оқудан
биыл ғана ауысып келген студенткамыздың әдемі әншілік қабілетін
таныдық. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, мұндай
кездесулердің өту фактісі қандай пайдалы болса, оны дайындау
процесі одан да пайдалы деп ойлаймыз. Мамандықтың қыр-сыры
жайлы әңгімеге жыл сайын оралып отырмақпыз.
Иә, студенттік коллектив те – өзінше бір семья. Оның әр
мүшесі басқаларының қуанышына қосыла қуанып, қайғысына
ортақтаса білсе, әрбір істе бірін-бірі ұятқа қалдырмау сезімі
жетекшілік атқаратын болса, онда куратор тәрбиесінің дұрыс
бағытта келе жатқандығы. Группадағы студенттердің туған күнін
коллектив болып өткізу, жылы сөздер, тапқыр достық әзілдер, өзі
шығарған алғашқы өлеңін арнау, гүл ұсыну арқылы дос көңілін
аулау коллективке жылылық құяды. Өткен жылғы мұндай туған
күнді коллектив болып өткізудің ұйымдастырушысы группа
активисі Қасымбекова Айсұлу болды. Мұндай туған күн өткізу
дәстүрін алдағы уақытта да жалғастыра бермекпіз.
Болашақта студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жол
беріп, коллективтің беделін көтеруге көңіл бөлген дұрыс.
Стипендияны да, жатақхананы да кімге беру керектігін коллектив өзі
шешу керек. Студенттік жылдарды мәнді өткізген бүгінгі филологтің
ертеңгі оқушылары да бақытты балалық шақтың мектептегі күндерін
мәнді өткізетініне сенім мол.
327
ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК
Немесе жас ұрпақты тәрбиелеуді өз мойнына алып
отырған Алма Қыраубайқызына кім қол ұшын береді?
(Сұхбат)
Бұрындары тек әдеби шығармалар мен шетел
баспасөздерінен ғана оқитын «колледж», «лицей» терминдері
қазір біздің өмірімізге де етене еніп, жер-жерлерде осындай
арнаулы мектептер ашыла бастады.
Аталмыш білім ұялары халық ағарту саласында бұрынғы
кеңес дәуіріндегі мектептермен салыстырғанда сапалық
жағынан жаңа сатыға көтеріліп келе жатқан сияқты.
Саналы білім, сапалы тәрбие беретін білім ошақтарының
игі бастамалары біздің ауданымызда да көрініс алуда. Жақында
ауданымыздың Жандосов ауылындағы қазақ гуманитарлық
лицейінде болып, білім ұясының тыныс-тіршілігі, оның келер
ұрпаққа берері мен болашағы туралы лицейдің директоры, Әл-
Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің
филология факультетінің доценті Қыраубаева Алма
Мүтәліпқызымен әңгімелескен едік...
– Алма Қыраубайқызы, қазақ лицейі кімнің
бастамасымен және қай жылы ашылды? Бұл лицейдің басқа
білім ұяларынан айырмашылығы неде?
– Лицейдің ашылғанына, міне, биыл екінші
оқу жылы. Лицейді құрылтайшы болып өзім аштым.
Құрылтайшы болғанда, байлықтан емес, болашақ
ұрпақтарымыздың қамы үшін, халқыма пайдам тисін деген
оймен басқа Іле, Талғар аудандарында емес, өзім тұратын осы
Жандосов ауылында аштым.
Біздің лицейдің басқа білім ұяларынан айырмашылығы –
жаңа типтегі ұлттық лицей. Кеңес дәуіріндегі мектептер бүкіл
одақ бағдарламасымен, орыс мектептерінің көшірмесі ретінде
және империялық саясатқа қызмет істеген болса, біздің лицей
328
ұлттық мүдденің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып,
ұлттық мүддені дамытып, соның негізінде қазіргі заманға сай
бала тәрбиелейді. Лицейдің басқа білім ұяларынан бірінші
ерекшелігі – баланы жасытпай оқытамыз. Оқушыны өзімізбен
тең адам деп танимыз. Ал екінші ерекшелігі – 1-кластан бастап
шет тілі ретінде ағылшын тілі пәні жүреді. Әл-Фараби атындағы
Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 1-курс студенттері
оқитын сабақтар мұнда 5-класта жеңілдетіліп өтеді. Сондай-ақ
жай мектептердің бағдарламасына енгізілмеген пәндер де бар. Ол
ежелгі әдебиет, ислам мәдениеті, 1-2-кластарда әдеп сабағы және
көне жазу (араб әліппесі), болашақта орхон жазуы мен Америка
мәдениеті пәндерін оқытуды бағдарламаға енгізуді жоспарлап
отырмыз.
Жалпы, мұғалімдердің тәжірибелері жаман емес. Олар өз
сабақтарында оқытудың жаңа әдістерін қолданып, Алматыдағы
Америка мектебімен байланыс жасап, тәжірибе алмасып
отырады.
– Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдер
қауымының біліктілігіне, тәжірибесі мен шеберлігіне
байланысты. Жалпы, кадр мәселесіне, олардың
тұрақталуына орай ойыңызды білсек...
– Қаладан 30 шақырым жерден мектеп ашып, оны кадрмен
толықтыру оңай емес. Қазір біздің шаңырағымызда көбіне өз
шәкірттерім жұмыс істейді. Өте қабілетті деген шәкірттерімді
осында оқушыларға дәріс беруге шақырып жатырмын. Әл-
Фараби және Әлем тілдері университетінен де мамандар келіп
жұмыс жасайды. Мұғалімдердің біразы осы ауылда тұрады,
біразы Алматыдан қатынайды. Қалада тұратын ұстаздардың
қатынауына өзімнің жекеменшік машинамды пайдаланып,
арнайы жүргізуші жалдап отырмыз. Оларды машинамен апарып
әкеліп жүрміз, басқа айла жоқ...
Негізінде, мұғалім Қаскелең ауданынан іздесек те табылады,
келешекте сондай мұғалімдерді жинасам деген ойым бар. Осы
мектепте ізденуші мұғалімдер арасында «ізденіс орталығын»
ұйымдастырсақ деймін. Жүрегі сергек, көңілі ояу мамандар
329
өздері келіп жолықса, айып болмас еді. Біз, негізінде, математика,
орыс тілі, химия, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерін қаладан
әкеліп отырмыз. Егер өзіміздің жергілікті ауылдан мамандар
табылып жатса, нұр үстіне нұр емес пе!
– Білім берудегі ең негізгі мәселе – оқулық жайы.
Егеменді елдің ұлттық өз мәдениетін, тарихын, тілі мен ділін
зерттеп, насихаттайтын мәні бар төл оқулықтардың болуы
қажет-ақ. Кейбір білім ұяларында оқулық жайы өзекті
мәселеге айналып отыр. Ал сіздерде қалай?
– Бізде бірлі-жарым оқулықтар болмаса, жеткілікті,
оқулықты өзіміз береміз және оны оқушылар ешқандай
төлемақысыз тегін пайдаланады.
– Лицейдің ашылғанына біраз уақыт болыпты.
Лицейдің ашылуына атсалысып қиналғанда қол ұшын
берген демеушілеріңіз бар шығар. Олардан нақты қандай
көмек көріп отырсыздар?
– Демеушілер, әрине, керек. Аудан халқының болашағын
ойлаған түсінігі бар адам бізге ұшын беруі тиіс. Біз қазір жоқтан
бар жасап отырғанымызда шамасы келетін адамдар көмек беріп
жатса, оларға қиыншылық тудырмас деп ойлаймын. «Ақша –
қолдың кірі. Бүгін барда ертең жоқ», – деп халық айтқан ғой.
Қолында ақшасы бар, дәулетті кісілер болса осындайда
көмектесіп, қол ұшын берсе, оларда еңбегі тегін кетпесіне
кепілдік бере аламыз. Басты мақсат – көп болып, жас ұрпақты
заман талабына сай тәрбиелеу емес пе?
Лицейдің басқаларға емес, әсіресе өз ұлтымыздың
болашағына қажет екенін терең түсінген қазақтың кейбір
азаматтары қолдарынан келген мүмкіндіктерін, көмектерін
жасады, әлі де жасауда... «Жақсының жақсылығын айт» демекші,
біздің ең бірінші демеушіміз – осы Жандосов кеңшарының
директоры Б. Темірбеков лицей шаңырағына айналған үйді тегін
пайдалануға беріп отыр. Егер арендаға берсе, онда жағдайымыз
өте қиын болар еді. Сондай-ақ «Жалын», «Мектеп» баспалары
мен «Қонаев» қоры қол ұшын беріп отыр. Сонымен бірге қазіргі
мынадай қиын заманда шын пейілімен, нәтижелі ісімен көмек
330
беріп отырған «Бөбек» қорын айтпай кетуге болмайды. Сара
апамыз өзі келіп жағдайымызды біліп, жылы лебізді сөздерін
айтып, әр оқушыға сыйлықтарын беріп кетті. Әлі де
жанашырлық танытып, қамқорлыққа алуда. Бұл кісілерге менің
және біздің мұғалімдеріміздің алғысы шексіз.
– Қазіргі заманда заң өзгеріп қолма-қол ақыға көшіп
бара жатқан сияқты. Оқушыларды білім нәрімен
сусындатып, тәрбиелегендеріңіз үшін ақы талап етесіздер ме,
шамамен қанша?
– Бізге мемлекет еш қаражат берген жоқ. Егер қаражат бөліп,
мемлекет өз қарамағына алып жатса, біздің еш қарсылығымыз
жоқ. Негізгі мақсатымыз – халыққа қызмет ету. Біздің
мектебімізді қарапайымдылық мектебі деуге де болады.
Мұғалімдер айлығының асып тұрған ештеңесі жоқ. Мен өзім де
осы еңбегім үшін айлық алмаймын. Ауылдағы ата-аналар өте
кедей. Олардың қаладағыдай жоғарғы ақы немесе доллармен
төлейтін шамалары жоқ. Сондықтан ата-аналардан талап ететін
төлемақысыз екі шөлмек арақтың құны, яғни 300 теңге. Ата-
аналарға айтарымыз: «екі шөлмек арақты ішпей-ақ, балаңды
оқыт».
– Келешекте қандай жоспарларыңыз бар, сол туралы
қысқаша айтып өтсеңіз.
– Болашақта тек алдыма қойған мақсатыма жетуді
ойлаймын. Алдағы уақытта осы мектеп лицейді кеңейтіп, сапалы
білім, саналы тәрбие беретін білімнің алтын ұясына айналдырсам
деймін. Осы жолда мені қатты ойландыратын мәселе – класс
бөлмелерінің жетіспеушілігі. Қазір лицейдің әр класында 10-15
оқушы оқиды. Жалпы оқушы саны 55- тей болады. 1-2 және 6-7-
8-класс бар. Көптеген ата-аналар балаларын 3-4-класқа бергісі
келеді, бірақ біздің оған шамамыз келмейді. Өйткені оқытатын
бөлмелер аз.
«Көп түкірсе – көл» дегендей, жаз бойы ата-аналарымыздың
көмегімен мектептің жанынан шамамыз келгенше бөлмелер
қосып едік, қажетті құрылыс материалдардың тапшылығынан
331
жұмысымыз тоқтап қалды. Биылғы жаңа оқу жылына ісімізді
аяқтап, кіреміз бе деген едік, үлгере алмадық.
Екі жылдан бері осы үй мәселесі жөнінде бармаған жеріміз,
баспаған тауымыз қалмады. Енді нәтиже жоқ... Айналып
келгенде, жергілікті әкімшілік жасаймын десе, қолынан келетін
шаруа. Негізінде, біздің істеп жатқан игі бастамамыз осы аудан
үшін керек. Аудан басшылары да біздің жағдайымызға
қарайласып, қол ұшын берсе деймін.
– Осы сұхбатты оқыған, өз ұлтының болашағын
ойлайтын кеудесінде жарық сәулесі бар азаматтар сізді
қолдар деп ойлаймын. Әңгімеңізге рақмет!
(Әңгімелескен – Айгүл Айдаралиева)
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП - ӨРІСІМІЗ
Мектебіміздің отарлық жүйеге арналған кеңестік түрі
егемен мемлекеттің алдағы мақсатына толық келмейтіні анық.
Жаңа ұлттық мектеп жүйесі әлі жасалған жоқ. Ұлт мүддесін ашық
айтуға мүмкіндік алғанымызды қызықтаумен алтын уақытты
босқа өткізіп жүрміз.
Қазіргі уақыт педагог ғалымдардың, ұстаздардың, жалпы ел
азаматтарының алдына бұрынғы өктемшіл тәрбиеден арылған
ұлттық педагогиканың ғылыми жүйесін негіздеу жаңа үлгідегі
ұлттық мектептер жасау міндеттерін қойып отыр.
Ал мектептердің қазіргі жай күйінен әр түрлі көңіл-күй
байқалады. Бір мектептердің маңдайшасын өзгертіп, гимназия,
лицей, колледжіге айналуда, кейбіреуі мұражайлық кейіпке
енуде. Нәтижесі ішкі құрылымын өзгертпей, тозған тонның
тысын жамап кигенмен бірдей. Оның несі дұрыс емес деп
дауласуға асықпайық, талап дұрыс, бірақ осы әрекетіміздің
ішіндегі ең негізгі нәрсе жоқ қой. Сапалы өзгеріс болу үшін ең
әуелі «мектеп бала үшін» «бала мектеп үшін емес» деген
қағиданы терең ұғынуға тиіспіз. Сонан соң мектеп пен баланың
арасындағы қарым-қатынас, сабақтың мақсатына деген және
332
мұғалімнің бейнесіне деген талап өзгеруі тиіс деп ойлаймыз. Ең
негізгісі балаға көзқарас қандай?
Біраз мәселе «Мұғалім еңбегінің өлшеуіші не?» деген
сұраққа жауап тапсақ шешілетін тәрізді. Осы кезге дейінгі
тәжірибемізде оның өлшеуіші жоғардан келген комияссияға
«дұрыс» көріну, қағаздарын туралап қою болып келді. Енді
категория, разряд дегендерді ойлап таптық. Мұның өзі -
мұғалімнің жанын ауыртатын мәселе. Азғантай тиын-тебен алу
үшін «мен мынандай едім» деп еңбегін дәлелдеу – түсінген
адамға қорлықтың бір түрі. Мұғалімді шөміштен қысу.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер өзін-өзі
жылтыратып көрсетуге әуес емес. Олардың еңбегін комиссияға
арналған бір күндік сабақ анықтай алмайды.
Шынайы мұғалім – суреткер. Ал суреткердің әр шығармасы
жұртттың бәріне бірдей түсінікті болу шарт емес. Тіпті біреулер
оны іске алғысыз жасауы да мүмкін. Ал күнкөрістің өлшеуіші
болып отырған категория мен разрядтың тап қазіргі қалпы
жасанды нәрсе екендігін мұғалімдердің өздері де жақсы түсінеді.
Шындап келсек, стаж да, значок та мамандықтың сапасының
таразысы бола алмайды.
Мұғалімнің еңбегінің өлшеуіші – бала. Нәтижесі алдындағы
шәкірті білім, мәдениет жағынан қандай деңгейге көтерілді,
осыдан көрінеді.
Еңбек осылай бағаланса, жақсы мұғалімнің жұлдызы жанар
еді. Айналып келгенде, мектепті көркейтетін адам – жақсы
мұғалім. Және оның бағасын бәрінен бұрын бала біледі.
Ұлттық мектепті өсіреміз десек, мұғалімді өсіру керек.
Біздің мұғалімдеріміздің дені - өз мектебінен ұзап көрмеген
кісілер. Сонан соң өз білімі мен біліктілігін салыстыруға –
көргені аз, көңіл көкжиегінің аясы тар. Көпті көргеннен сұрайтын
елміз ғой. Әлемнің әр түкпірін қалауыңша көріп, көңілмен сызып
жүрген шетел мұғалімдеріне қызыға қарайсыз.
Адамның бет пердесін көлегейлеп келген Кеңес мемлекеті
саясатының нәтижесінде әлемдік педагогикадан оқшауланып
қалған мұғалімнің өсуіне бүгінде мүмкіндігі аз. Шекарадан
333
шығып, өскен елдердің мектебін көріп қайтуға үстел баққан
адамның орнына қарапайым мұғалімді жіберсе, ел үшін пайдасы
молырақ болар еді. Оны ойлап жатқан кім бар! Шындығын
айтсақ, қарапайым мұғалім ол тізімге іліне алмайды. Ал көргені
өз мектебінен аспаған мұғалімнен көп нәтиже күтуге бола ма?
Біздің арамызда небір қабілетті мұғалімдер жүр. Бірақ
олардың еңбегін көру жетіспейді, көтермелейтін, қолпаштайтын
орта жоқ, жоғарыдан төмен қарай қалыптасқан қатаң бақылау
мұғалімді шығармашылық ізденіске ұмтылдырмайды. Біздің
жүйе стандарт қалыптан шықпай талап етіледі. Одан шығып
кеткендерге өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу үшін темірдей жүйке
керек екендігі бесенеден белгілі.
Рухани өренің биік болуы отырған орынға байланысты
емес. Қазақстанның бір бұрышындағы мектепте жүрген бір
мұғалімнің ізденісін көру үшін одан жоғары әр түрлі деңгейдегі
тексерушілердің өрісі одан да биік болуы керек. Тексерудің өзі
«мен оны тексермесем, мені біреу тексереді» деген жұлқыламаға
құрылған. Бұл – халқына сенбейтін қоғамның қалыптастырып
кеткен жүйесі. Тексерушілердің өзінің білім, мәдени, мамандық
деңгейі мұғалім деңгейінен жоғары тұрса ғана ақыл-кеңес айтуға
құқы бар. Олар тексерушіден көмектесушіге айналмайынша,
мектеп ізденіске аяқ баспайды. Жоғарыдан келген адам сабақ
берудің қызықты түрлерін өзі көрсетіп, әдістемені өзі үйретуге
тиісті болса, кездейсоқ отырғандар өзіне-өзі сын көзімен қарар
еді.
Шығармашылық ізденіс шектеуді білмейді. Шектеулі
сызықтан шықпайынша, тыңға түрен салынбайтыны түсінікті.
Өзінің әрбір талпынысына тексеру күткен мұғалімді ақыр
аяғында құлақтың тыныштығын ойлаған көптің ортасына күмп
беруге мәжбүр ететін тексеруден құтқару парыз.
«Мұғалім – киелі адам», - дейді біздің мектептің мұғалімі
Айсұлу. Шынында, өзгенің жақсы болуына қызмет ету – тек
мұғалімдей әулиенің қолынан келетін іс. Қазіргі заман - Әулиесін
аттан аударып тастаған заман. Зиялысын аялайтын қоғам әлі
күшіне енген жоқ. Осы қиын кезде мұғалімнің жақсы ісін
334
таратып, ғылыми көмек беретін, ізденгіш ұстаздардың басын
қосып, қамқор болатын қауымдастық керек.
Ұлттық мектепті жақсартуға қажетті шарттың бірі – балама
мектепті көбейту. Көршілес Ресейде оқу департаменті мұрындық
болып әр түрлі бағыттағы мектептерді тездетіп ашып жіберді.
Оған дайын мұғалімді өздері іздеп тауып жәрдем берді.
Шығынның 80 процентін мемлекет көтерді. «Үй иесінің
асқанына емес, сасқанына сүйсіндім» дегендей жаңалықты
қолдаған рухани жәрдемнің өзі қандай! Ал біздегі жағдай мүлдем
басқа деуге болады. Жекеше мектепті көбейтуге емес, тезірек
жабуға итермелейтін заңдар бар. Мысалы, балаға мемелекеттік
мектепте оқып жүргенде қоғам тарапынан бөлінетін көмек-
қаржы жекеше мектепке кетсе, оның ата-анасына берілуі тиіс
емес пе? Берілмейді. Ол түгілі ата-ананың өз қалтасынан
шығарған ақшасының да жартысына жуығын алып қояды. Отыз
процентін салыққа, он процентін жол шығынына, екі процентін
жұмыссыздыққа деп жинайды. Бұл заң тонналап сауда жасап
жатқан жекеше кәсіпорындар үшін дұрыс болғанымен мектеп
жағдайына келмейді. Баласын мемдекеттік емес мектепке бергісі
келген ата-ананы жазалау болып шығады. Егеменді елге лайық
мектебін жасауға атсалысып жатқан жаңа бағыттағы балама
мектептерге біраз жеңілдіктер берілгені жөн болар.
Осы кезде шетелдіктер ашқан өзге тілді мектептерде
оқытуға құштарлық байқалады. Оның негізгі себебі қазіргі
мектептердің сапалық деңгейінің жоғары болмауынан, бәрінен
бұрын шет тілін білу мұратқа жеткізеді деген ойдан екендігі
түсінікті. Қазақ баласының шет тілін білетіні жақсы-ақ. Бірақ оң-
солын танып болмаған өз тіліне, еліне сүйіспеншілігі қалыптасып
үлгермеген жас жеткіншекті бірден бөтен тілге, бөтен елге
бейімдеу дүбәралықты туғызады. Уақыт тудырып отырған
сұранысқа жауап беру үшін өз мектебіміздің жетілген, болашаққа
сай жаңа моделін жасап, іске қосу кезек күттірмейтін іс деп
білеміз. Әлемде ХХІ ғасыр мектебінің жаңа үлгісі жасалып
жатқанын ұмытпайық. Осы іске ұлтжанды, білікті, инновациялық
ізденістегі мұғалімдерді топтастырып, жаңаша тұжырымдамамен
335
кірісетін кез әлдеқашан жетті. Жаңаша мектептің
тұжырымдамасының қандай болары - өз алдына бөлек әңгіме.
Айта кететін бір нәрсе, қайда барса да, жапонның жапон екені
сәлемінен танылады. Жапондар әлемдік аренаға өзінің ұлттық
болмысын сақтай шығып отыр. Қазақ баласы да сарабдал әлемге
қазақ құбылысы болып шығуы керек.
Қоғамдағы өзгерістерді халық жасады десек те, халықты
әріге сүйрейтін атпал азаматтары болуы сөзсіз. Сондай
азаматтарды жүйелі тәрбиелеуді қолға алған дұрыс болар еді.
Дарынды балаларды бөліп оқытатын, арнайы бағдарламамен
жұмыс істейтін ұлттық мектеп керек. Әсіресе саясаттану, тіл-
әдебиет, заңтану, қазақ пәлсафасы саласының қазақ ойшылдарын
тәрбиелейтін мектептер болса. Бұл жағынан жанымыздағы қытай
мектебінің тәжірибесі де тәуір. Алысырақ барсақ, болашақ
саясаткерлерді арнайы тәрбиелейтін Америкадағы Әулие Албан
мектебі бар. Қазіргі қазақ баласының еңсесі көтерілді. «Кім
боласың?» десең, «Құдай қаласа, президент боламын!» - деп
жүргендері көп. Халқымызға ендігі он-он бес жылда тірек
болатын тұлғаларды қазірден дайындауға кіріскен жөн. Сондай-
ақ қыз баланы білімді де мәдениетті, ісмер ана болуға баулитын
арнайы мектептер ашсақ, оның ешбір ұяттығы жоқ. Баланың
тәрбиесін мектептен бұрын анасынан талап етуіміз керек.
Әйелдің қоғам алдында ең жауапты қызметі өз баласын
тәрбиелеп беруі екендігін толық сезінетін жағдайға жеткізу үшін
жасалатын жұмыстардың бастауы болмақ.
БҮГІНГІ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП
ескі қалыптан шыға алмай, жаңаға жол сала алмай отыр
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың теледидар арқылы
білім саласын жолға қою туралы сөйлеген сөзі біздің
еліміздегі педагог-ұстаздардың болашаққа деген үмітін оятып,
еңсесін көтергендей. Білім саласының құлдырауы, жалпы
ұстаздардың қабілеттілік деңгейінің төмендеуі өсетін елдің
336
белгісі емес екені көпшілікке аян. Енді ғана қаз-қаз басқан
еліміздің болашағына сенгендіктен ұстаздар қауымы
шыдамдылықпен еңбек етуде. Жетіспеушілік, тұрмыстық
қиындықтарды азаматтыққа жеңдіріп, адал да қажырлы еңбек
етіп жүргендер арамызда жеткілікті.
Әрине, алдағы уақытта заман түзелер, мемлекетіміз білім
мәселесіне шыңдап көңіл бөлсе, мектептер мен институттарды
тастап кетуге мәжбүр болған мұғалімдердің бірқатары қайта
оралар деген үміт бар. Сонда бүгінгі күні тоқыраушылыққа
ұшыраған мектеп өз жұмысын қалай бастап, қай бағытқа түрен
салады деген ой келеді. Мектеп реформасы туралы талай
әңгімелер айтылғанымен, оның біразы жалпылама сөз болып
қалуда. Сондықтан да осы мәселелер жөнінде ұстаз ретінде өз
ойымды ортаға салуды жөн көріп отырмын.
Біздің еліміздің, халқымыздың ең озық, жақсы қасиеттерін
әлемге танытатын – ұлттық мектеп. Ал осы мектептің білім беру
деңгейіне көңілі толмағандықтан да көптеген ата-аналар өз
балаларын өзге шетелдік мектептерге сүйрелейтінді де шығарды.
Заманның илеуіне ілігіп, ана тілінен айырылған ұрпақ сөйтіп,
өзінен кейінгі бір ұрпақты қоса сүйремек. Ал басқа тілді
мектептер қазақ баласын сол ұлттық деңгейде тәрбиелеп шығара
ала ма, оған құлықты ма, олар өз мектебін қандай мақсатпен
ашып отыр деген мәселеге де бір кезек ой жүгірткен жөн.
Қазақ баласы жаңа типтегі мұндай білім орындарына
жүрегін қолына алып жүгірумен келеді. Қолды болған
жүректерге күтпеген бағдарлама салынғаны санамызға кеш
кіріп, санымызды соқсақ та, әлі маңдайға тиер емес. Жалпы өз
құшағыңнан кеткен кім алдаусыратып бауырына тартса, сонікі
болады емес пе? Соған орай біздің республикамызда енді біраз
жылдардан кейін жан-дүниесі бөтен, бірақ түсі таныс бір жаңа
леп дайындалып шықпақшы. Осындай сергелдеңді арада көп
уақыт өткізбей дұрыс бағытқа салып, туған баламызды өз
құшағымыздан, өз тәрбиемізден, өз тілімізден алыстатпау үшін
ұлттық мектепті жоғары деңгейге көтерудің маңызы зор.
337
Дәл қазіргі таңда, күні ертең жалпы орта білім бертін қазақ
мектептерінің жүйесін бірден жолға салуымыз мүмкін де емес.
Ондай күрделі жұмыстың материалдық жағын былай қойғанда,
одан да қиын біраз дағдарысқа ұшыраған, күнбе-күнгі ізденісті
уақыт қиыншылығымен астарлап, төмендетіп алған ұстаздық
орта оған дайын емес. Сөйтіп, қазақ мектебі күнге дейін ескі
қалыптан шыға алмай, жаңа қалыпты соға алмай отыр, уақыт
болса зымырап өтіп жатыр. Мектепті жақсартудың тетігі
қабілетті мұғалім екендігі әркімге белгілі. Қазір шетелдерге
көптеген жастар оқуға жіберілуде. Әйткенмен, шетелдерге
жаңаша көзқарастағы, талапты да талантты қарапайым
мұғалімдерді жіберу жағы ескерілмейтіндігі жанға батады.
Өйткені көңіл көкжиегін алысқа сермемейтін ұстаз шәкіртінің
қанатын биікке қақтыра алмайтындығы да өзінен-өзі түсінікті.
Сонымен қатар жаңаша оқыту орталығын құрып, оған қазақ
мәдениетін терең білетін, әлемдік педагогикадан жан-жақты
хабары бар білікті ұстаздар мен жанашыр ғалымдарды, рухани
деңгейі жоғары азаматтарды жинаса деген ой бар. Мектептерді
күнбе-күнгі мағынасыз, мәнсіз тексерулерден гөрі, оған деген
нақты көмекке, қамқорлыққа көшетін уақыт жетті. Жаңаны
жылжытуда, озық тәжірибелерді өмірге енгізуде тиісті орындар
өз жұмысын атқара алмай отыр. Осы жерде елуінші жылдардың
аяғы мен алпысыншы жылдардағы Америка тәжірибесін еске
алған орынды. Кеңес үкіметінің ғарыш кемелері аспанға ұша
бастағанда, олар өз мектептерін жолға қоюды тездетіп қолға
алды. Ең алдымен институт ұстаздары мектепке жіберіліп,
тәжірибе жинақтау орталықтары ашылды. Қазір XXI ғасыр
мектебінің нобайын жасап, бағдарламалар жүзеге асырылды.
Осындай бір серпіліс қазіргі уақытта біздің білім жүйесіне де аса
қажет.
Біздің еліміздегі өміршіл педагогикалық жүйе әлі өзгерген
жоқ, өйткені оған бәсеке болатындай жаңаша көзқарас, тың
әдістерге қолдау тапшы. Ал қалыптасқан ескі жүйеге керегі сол,
оны жылжытып алып кетуге тиісті механизм – қолында билігі
бар жауапты жетекшілер болса керек. Өзгеріс осы жақтан
338
басталмаса, төменнен жарқылдап шыққан идеялар қандай құнды
болса да іске асырылуға мүмкіндік жоқ. Кейде тіпті жетпей
жатқан қаражат емес, ықылас сияқты болып көрінеді. «Асқаныңа
емес, сасқаныңа сүйсіндім» деген сөз бар ғой. Шағын
экспериментті мектептерді ұйымдастырып, оған қолдау
көрсетілсе, үрдіске жүрегімен дайын мұғалімдерді жинақтайтын,
олардың ісін, озық тәжірибесін тарататын шағын лаборатория
жасалатындығына күмән жоқ.
Сондай ұлттық мектептің балама бәсеке түрлеріне
жатырқамау керек. Біздегі балама мектепке деген өгей
көзқарасты жиі кездестіруге болады. Осыдан екі жыл бұрын
оқытудағы жаңаша көзқарастарымызды жүйелеп, оны іске
асырып көрсету мақсатында мектеп аштық. Өзіндік өрнегімен,
өз қолтаңбасымен келген мектепті қалыптасқан ортаның түсінуі
де, қабылдауы да қиын. Жекеше гуманитарлық қазақ мәдениеті
мектеп лицейіндегі жұмыс осындай күрделіліктермен әрі қарай
жалғасуда. Мектеп ашу, әрине, мансап емес, қазір оны
қайырымдылық мектебі десе де болады. Президентті өсірген
құнарлы топыраққа егілген шыбық секілді жаңа көктеп келеді.
Ел үшін елеулі іс қылсам дейтін азаматтар: аспиранттар,
институт мұғалімдері, шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
Алматыдан, жан-жақтан келіп жұмыс істеуде. Ең үлкен
жетістігіміз – университеттің бірінші курсында оқылатын
сабақтың өзін 6-7-класс оқушылары әжептәуір меңгерді. Баяғы
сақ, кейінгі ғұн, түрік заманындағы қазақ мәдениеті тарихын
білуі қуантады. Өкінішке орай, білім жүйесіндегі селт етпейтін
салғырттық таңғалтады. «Мұндай мектепті енді он жылдан кейін
іздемесе, қазіргідей қиын кезде оның керегі бар ма?» деп
күманданушылар да табылуда. Жеке мектеп қой деп
күдіктенушілер де бар, олай болса мемлекеттік мектеп етіп
қабылдаңыз дейміз, бірақ оны да керек етпейді. Тек қана «Мынау
бір жаңа бағыттағы пайдалы іс екен» деп балаларды көріп,
сабағымызға кіріп, үлкен аналық жүрекпен жылы сөзін айтқан
Сара Алпысқызына ризашылығымыз шексіз.
339
Біз қайырымдылық мектебінің жағдайында жұмысымызды
атқарып жатырмыз. Ал енді ұлттық мектептің жаңа моделін
жасауымыз керек екен, оның бір түрін жасап отырған мектебіміз
бар. Бірақ оған көмектесетін, қол ұшын беретін адам табылмай
отыр. Жеке мектепке жеке кәсіпорын сияқты қарау көзқарасынан
арылатын уақыт жетті. Әсіресе қазақ мектептеріне деген
көзқарас басқаша болуы тиіс. Қазақ мектебінің жеке меншік
түріне де мемлекеттік мақсатпен қарауымыз қажет. Немесе
ерекше оқыту жүйесін жүзеге асырушы жеке меншік мектепті
тәжірибе лабораториясы ретінде мемлекет қарамағына алған жөн
болар еді. Себебі республикадағы тұңғыш гуманитарлық қазақ
мәдениет мектебі болып отырған біздің қолымызда жаңа жүйені
іске асырудың еркіндігінен өзге жекеменшік ештеңеміз жоқ.
Жалпы нәтижелі творчестволық ізденістің өзі де – ойлана білген
адамға үлкен байлық.
Тағы бір айта кететін жай салық заңына байланысты. Ата-ана
баласын жеке мектепте оқытқысы келсе, үкіметтің оған бөлетін
қаржысын солай қарай аударудың орнына, екі есе тонап алады.
Оның өз қалтасынан шығарған төлемақысының да жартысына
жуығын жол шығыны, жұмыссыздық үшін, тағы басқа
салықтармен алып қояды. Оған қоса электр жылуы, арендаға
төлейтін төлемдер тағы бар. Мұның өзі, шындығына келгенде,
мектеп ашушыны да, ата-ананы да ашықтан-ашық жазалаудың
бір түрі екендігі шындық. Білікті ұстаздарды өздері іздеп тауып,
жеке мектептер аштырып, шығынның 80 процентін білім
департаменті көтеретін Ресей тәжірибесін біздің жағдайда да
ескеру керек секілді. Әсіресе жеке қазақ мектебі қамқорлыққа
зәру. (Әлемдік педагогикада түбірлі өзгерістер жасаған
Монтессори, Вальдорф, Петерсен мектептері осындайдан
басталған болатын).
Қазір кішкентай мектебіміздің тынымсыз ізденісін естіп,
жер-жерден әсіресе астанадан баласын оқытуға алып келуші ата-
аналар бар. Біздің олардың барлығын қабылдауға мүмкіндігіміз
жоқ. Егер болашақ үшін атқарылып жатқан осындай іске
мемлекет тарапынан көңіл бөлінсе, оның аясын әлдеқайда
340
кеңейтуге болады. Біздің бір нәрсеге сеніміміз мол, бүгінгі
оқушы ертеңгі күні өз заманына лайықты азамат болып өседі.
Қазір де қазақ жастары арасында қылмыскерлік ұлғаюда,
колониялардағы қазақ жастарының саны 60 проценттен асыпты,
ал маскүнемдік жағынан қай деңгейге жеткеніміз айтпаса да
белгілі. Сондықтан да негізгі түйін жас ұрпаққа бүгінгі күннен
бастап саналы тәрбие, сапалы білім беруге ұмтылу қажет. Қазақ
баласы әлем сахнасында өз келбетін танытсын, мектеп
ұстаздарының ең негізгі мақсаты да – осы.
ЖАС ҰРПАҚ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ
немесе ұлттық тәрбиенің жаңаша моделі жайлы ұсыныс
Жастар арасындағы Батысқа көзсіз еліктеушілік көбелектей
отқа түсіруде. Еліктеушілікке Франция, Жапония сияқты күшті
елдердің өзі ұлттық сананы қарсы қойып отыр. Өтпелі кезде бәрі
бола береді деген самарқаулық біз сияқты аз халыққа тіпті де
келмейді. Кеңес үкіметі орнауының алғашқы жылдарындағы
қазақты толғантқан мәселелер, бүгін қарасақ, тағы алдымыздан
шықты. Ұлт ретінде жұтылып кету қаупі жүректің ең бір нәзік
мұңы болып келген болса, бүгін де ойланарлық жайлары көп.
М.Әуезов оны 1918 жылы-ақ байқап, үлгі етерлік бағытты тауып:
«Жапония Еуропа не істесе, соған көз жұмып ере берген жоқ...
Жапония да әр түрлі өнерліге, әр түрлі білгіштерге мұқтаж болды.
Ол мұқтаж адамдары Еуропада мол. Сол себепті олар
күнбатыстың профессор, өнерлілерін де шақырып әкеле бастады.
Бірақ шеттен келген адамдарға шарт қойып отырды. Ол
шарттары: Жапонияның ұлттығына зиян келтірерлік нәрселерді
оқытып жүрген шәкірттерінің жүрегіне сіңірмеулері керек.
Мұндай мінездері байқалған болса, қызметтеріне кіргізбеді», –
деген еді.
Түрік ойшылдарымен, Абаймен сабақтас, Шығыс пәлсафасы
қайнарының бірі – Конфуцийден ( б.д.д. 6 - 5 ғ. ) бір шәкірті
мемлекетті ұстап тұру үшін не қажет екенін сұрағанда, үш нәрсені
341
айтқан: елді тойындыру, қару-жарақ, сенім.
– Егер ел басына күн туып, мәжбүрлік болса, қайсысын
қалдырар едіңіз? – дегенде:
– Сенімнен айырылуға болмайды! – депті.
Алдымызда жүрген жастарымыз қазір қалай исек, солай
кеткелі тұр. Жастардың сенімін бір тұғырдан табыстыру керек-ақ.
Сондықтан балаларымыздың көңілін қобалжытпай, ата-
бабамыздың соңғы он ғасыр тарихында табанын тіреп, тамырын
жайған, бүкіл түрік дүниесіне ортақ ислам діні негізіндегі
имандылық сеніміне ұйыту керек. Бұл – ұлттық идеологиямызды
құрайтын мықты діңгектердің бірі. Діни имандылықтан бөлек
баянды сенім болған емес. Сенімді аударып-төңкере беру
азғындауға әкеледі. Аузына ел қараған ағалар дін жөнінде
ойланып сөйлеуі парыз. Исламды оқымай-ақ, ескі ұғыммен
жамандай сөйлейтін «патриоттар» бар. Мәселе – насихаттай
білуде. Қазіргі өмірмен байланыстыра әдемі айта алатын,
пікірталасқа түсетін насихаттаушысы болмағандықтан, дін орта
ғасыр деңгейінен аса алмай отыр. Дәстүрлі сенімнен айырылу -
бәрінен айырылу.
Әлемдегі 154 миллионға жуық түрік тілдес халықтардың
негізгі діні – мұсылмандық. Әр түрлі тарихи жағдайларға
байланысты, чуваштар мен гагауыздар христиан дініне,
қарайымдар мен қырымшақтар – иудаизмге, сары ұйғырлар пұтқа
табынып кеткен (Б. А. Будагов). Ол – түрік халықтарының
басындағы қасиет. Сенім алалығы өзара алауыздық та туғызуға
себеп болуы мүмкін. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы
Кауфман мен Жетісу облысының әскери губернаторы
Колпаковскийдің шоқындыру айласына көнбеген.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап әр түрлі діни
ағымдар лап берді. Оларда жақсы зерттеу жүйесі қалыптасқан.
Елдің бар жағдайын есептеп, адамдарын не қызықтыратынын
біліп келіп отыр. Жаңа жағдайға бейімделу үрдісінің біразға
созылатынын, жұмыссыздық, орнықсыздық, ақшадан қысылу -
бәрі де қолға түскен торғайдың халіндей қолайлылық тудырады.
Жастардың жақсы өмірге қызығушылығын доллардың құлы
342
қылып пайдалануда.
Қазір Қазақстанда 37 дін тармақтары тіркеліп отырған
көрінеді. Әрқайсысының мақсаты – өз қатарын жергілікті
халықтар есебінен көбейту. Кришна дініне бір кірген адам
гурудың айтқанынан шыға алмайды. Шеттен келген христиан-
баптистер де қарап жатқан жоқ, тіпті Алматы маңында мектебін
ашып, бүлдіршіндердің жүрегін жаулап жүргені дер кезінде
білініп қалды. Бәрінен гөрі икемдірегі Йегова болып тұр.
Йеговаға кірген бір қызымыз: «Мен өз халқымды өте жақсы
көремін, сондықтан кірдім. Сендер түкті де түсінбейсіңдер!» –
дейтін көрінеді. Йеговалық: «Біз ешқандай дінге жатпаймыз,
бәрінен жоғарымыз, ізгілікті уағыздаймыз», – деп алдайды.
Қолдарында – Библия. Өзге дінге кіргенің үшін алдап ұстататын
күлшесі де бар. Әр жиыны 50 долларға дейін барады деп естиміз.
«Йегова куәгерлерін» ылғи назарында ұстап, жәрдем береді.
Жиналып құлшылық қылады. Қазір Алматыдан бастап, рухани
кіндігіміз үзілмеген оңтүстік облыстарға дейін барады.
Жұмыстары нәтижелі. Әсіресе хал-ахуалы нашарлаған
мекендерге жетіп барады. Кентау қаласында өзге дінге ерген
жастар баршылық. Тіпті Түркістан жастарын да жаулап ала
бастады. Жақында: «Ясауи бабамыз тұрған жерде өзге дінге
кіруіміз – ұят, намыс» деп түсінген мыңға тарта студент жастар
митингіге шығып, Йегованы қалаға тіркетпей жіберіпті. Сөйтіп,
«Мәңгілік өлмейтін рух астанасы – Түркістан» екенін дәлелдепті.
Мұны біз қазан айының 1-2-сі аралығында өткен «Түркістан:
кеше, бүгін және ертең» атты халықаралық ғылыми- практикалық
конференция тұсында естідік. Археологтер бұл қалаға кемі 2000
жыл болғанын дәлелдейтін заттық айғақтар тапқан. Түркістан
маңайындағы Шоқтас, Қосқорған деген жерлерден миллион жыл
бұрынғы тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрағы
анықталып, тас құралдары алынған. Оны барған кісілер көзімен
көрді. Осындай көне мәдениеттің кіндігінен жаралған бүгінгі
түркістандық жастардың әлгідей қайраты мен намысы төніп келе
жатқан қауіптің бетін қайтарып отыр.
Шындығына келсек, Йегова – христиан дінінің бір тармағы.
343
Біз өз қолымызбен ұстап, бірнеше кітабын оқып шыққанымызда
осыған көзіміз жетті. Ол кітаптардың аты: «Мәңгі өмірге
жетектейтін білім», «Жұмаққа жеткізетін үкімет» (Өз үкіметін
құруды армандайды. – А. Қ.) «Йегова куәгерлері бірігіп, бүкіл
жер бетінде құдайдың құдіретін жасайды». Бәрі де Йегова
ұйымдары арқылы Германияда басылып шыққан. Негізгі
христиан дінінен айырмашылығы: «Иисус Христос – құдайдың
өзі емес, баласы, құдай – өзінше бөлек тұлға, оның аты – Йегова»
дейді. Сүйенетін кітабы – Библия. Нұсқауларында: «Үгіттей бер,
бір барғанда көнбесе, тағы бар, адамның жағдайы мен көңіл-күйі
өзгеріп тұрады. Көшеге шығып үгіттесең, бір отбасындағы
адамдардың бірі көнбесе, екіншісі көнеді», – деп үйретеді. Соған
қарағанда үгіт күшті, аяғы не болар екен? Дүниенің көптеген
елдеріне тараған. Жүзден астам бөлімшелері бар. Суреттеріне
қарасаң, әзір мұсылман елдеріне аса ендеп кете қоймағаны
аңғарылады. Қазақстан арқылы Орта Азияға кіргісі келеді.
Орыстануға қатты іліккен қазақ халқы тағы бір қауіпті басынан
кешіргелі тұр, ол – діни бөлшектену. Олардың арманы: балаң –
кришнашы, қызың – йегова, немерең баптист болса, сөйтіп, өз
ішінде көзқарас қайшылықтары туса, атадан балаға беріліп келе
жатқан рухани байланыс үзілсе дейді. Сөйтіп, рухани құлдыққа
салып қою. Осы жерде Елбасының мына сөзі ой салып, қарымды
істерге жетекші болар деген үміттеміз: «Керісінше, біз өзіміздің
ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани
мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада
рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек» (Н.Назарбаев «Тарих.
Тағдыр. Тұлға. Сұхбат» // Егемен Қазақстан, 18.09.97.).
Кей кісілер «Қорқудың қажеті жоқ, шіріген жұмыртқа сияқты,
10-15 процентімізді тастармыз, бірақ келесі ғасырға бәрібір
ұлттығымызды сақтап өтеміз», – дейді. Біз сияқты шағын халыққа
сол проценттердің өзі де көп емес пе деп қауіп ойлайсың.
Әлемді таңдандырып отырған жапондар ең үлкен жетістікке
өзінің ұлттық болмысын, ата дәстүрін сақтай отырып жетті.
Мемлекеттік идеологиясы Конфуций іліміне негізделді.
Христиан дінін (549 ж.) Франциск Ксавье атты миссионер әкелген
344
(Бүгінгі Жапония. – Токио, 1990.) Ішкі соғыс жанжалдар кезіндегі
жаңа рухани символдарға қажеттіліктен бе немесе Батыстың
саудасы мен қару-жарағына қызығушылықтан ба – бұл дінге
кірушілер көбейіп бара жатқан соң, унификациялық саясатты
жүргізе отырып, ХVІ ғасырдың аяғында, қалыптасқан ел
дәстүріне қайшы келетіндігіне байланысты, өзге дінді таратуға
тыйым салды.
Сөйтіп, 300 жылдай өз дәстүрімен өмір сүруді жолға
қойғандықтан, ұлттық салт-санасын бекітіп алып барып, ХІХ
ғасырдың ортасында ғана айналасындағы елдерге есігін ашты.
Соның нәтижесінде елдік қасиеттерін сақтап қалды.
Біздің айналамызда да ежелден қалыптасқан елдер жатыр. Дос
пейілдің астарына өзін тықпалау, рухани бодандықты білдірмей
насихаттау жағы болса, сақтық әбден керек. Аңғал қызыңды
бауырына тартқанына қуануға ерте. Экономикалық
қиыншылықтың көлеңкесінде адам факторы мен оның ішкі
дүниесі ұмыт қалғандықтан, ұлттық құндылықтардың әлсіреуінен
ата-ана да дәстүрлі бағытынан айырылып қалып отыр. Қызы
еуропалыққа күйеуге шықса, есі кетіп қуанатыны содан. Бұл
мәселеге намыс, салт-сананы былай қойғанда, рухани
бодандыққа икемдей түсетін жолдардың бірі деп қараймыз. Оған
ұлттық тәрбиені күшейту арқылы ғана тосқауыл қоюға болады.
Дінді мемлекеттен бөлдік дегенмен, ол қоғамдағы адам
санасының негізгі өзегі, адамзат жасап келе жатқан мәдениеттің
бөлінбес ұстыны, дүниетанымы ретінде аса көңіл бөлуді қажет
етеді. Бұл жағынан көрші елдерде де көңіл аударуға тұрарлық
ізденістер бар. Қытайлар «Батысқа еліктеу» дейтін саясатты
ұстанып көріп, одан кейін «қайта ойланды», енді «текке оралуға»
көшті. Тегімізге оралу бізге де аса қажет екені көрінеді. Жастар
бізге бұрылмас, біз оларға бұрылайық. Енді сол жөніндегі кейбір
ұсыныстарымызды назарға саламыз:
1. Қазақ мәдениетін жүйелі оқыту.
Мәдениеттер күресіне қарсы қоятын ең үлкен тосқауыл –
қазақ мәдениетін мектеп, балабақшадан жүйелі түрде санаға
сіңіру. Мектептің жаңалығы ақпаратты күшейту немесе ағылшын
345
тілін оқыту ғана емес, ұлттық сананы қалыптастыру болуға керек.
Ұлттық дүниетанымның интеллектуалдарын шығару, шын
мәніндегі ұлттық элита жасау міндеті тұр. Ресми ұлттық-
мемлекеттік бағдарлама, ұлттық идеология жасалуын күтіп
отырмай-ақ, жайлап тындыра беретін дүние. Оны орындауға оқу
жүйесімен айналысып отырған билікті орындардың ықыласы мен
түсінігі жетіп жатыр. Америкада өз тарихын балабақшадан
жүрегіне құяды. Бізде Қазақстан тарихын 6-сыныптан бастайды.
Адамның санасы ең кішкентай кезгі әсерлерден қалыптасады.
Қазақ елі тарихының қызықты да мағыналы үзіктерін баяндайтын
бастауыш пен оған дейінгі бүлдіршіндерге арналған бейнелі
кітапшаларды шығаруды қолға алайық. Ресейден келіп жатқан
бейнелі энциклопедиялар үлгісі бар. «Негеш»
энциклопедиясының әрбір саласының өзі ондаған кітаптар туғыза
алады. Қазақ тарихындағы сақ түріктері, Түрік қағанаты, ислам
өркениеті, ел қорғау тақырыптарының елдік рухты оятатын
тұстарына мән беріп, жаңаша көзқараспен жазуға болады.
Сондай-ақ өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын
бауырластық, мейірімге, намыстылыққа тәрбиелеу жағынан қазақ
әдебиетінің ежелгі нұсқаларына тең келетін дүниені табу қиын.
Оны да әр түрлі кеңістік пен ұғымға лайықтап беруге болады.
Алғашқы талаптар бар. Өткен жылы «Сорос» қоры арқылы
мектепке арналып «Ежелгі әдебиет» атты оқулық шықты. Биыл
орысша-қазақша екі тілде «Әл-Фараби» баспасынан дайындалып
отыр, жарыққа шықса, пайдалы шаруа болады деген үмітіміз бар.
Ежелгі әдебиет негіздерін бастауышқа да арнау қажет.
Ұлтымыздың өнер-ғылым, басқа да саладағы
мақтаныштарын санаға сіңіретін кітапшалар керек. Ұлттық
дүниетаным тіліміздегі сөздердің, ұғымдардың мағынасын
түсіндіру арқылы да қалыптасады. Бұл жұмысты жекелеген
кісілер жасап та жатыр. А.Құралұлының «Ұлттық дүниетаным»
кітабы «Өнер» баспасының ғылыми-зерттеу орталығынан
шықты. Ұлттық әдептен З.Ахметованың т.б. кісілердің
бағдарламалары болды.
Қазақ өнерін оқытудың «Елім-ай» және А.Райымбергенов
346
жасаған бағдарламалары бар. Ұлттық әдебиет, дүниетаным, қазақ
елінің тарихы, өнері, иман әдебі – бәрін біріктіріп, «Қазақ
мәдениеті» тұтас бағдарламасын жасап, бастауыштан кіргізу
керек. Одан кейін балабақшаға қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
Жоғарғы сыныптарда «Ислам мәдениеті» жүргізілсе. Осыған
қажетті оқу құралдарын жазуға ғалым, ұстаздарды тарту керек.
Бұған Ы.Алтынсарин институты, «Рауан», «Атамұра», «Өнер»
баспалары жетекшілік жұмыстар атқара алатынына көзіміз
жетеді.
Қазақ мәдениеті – бүкіләлемдік мәдениетті түсіндірудің
негізі болып, баланың жүрегіне сіңуі керек. Өз халқын түсінген,
оның өз перзенті бола алған адам өзге мәдениетті де жақсы
түсінеді, ішкі өзегі мықты болып қалыптасады, салыстыру-
саралау ойлары жақсы дамиды.
2. Орыс тілді мектептерде «Қазақ мәдениетін» оқыту.
Орыс мектебі – Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін, қазақ
елінің мектебі. Онда оқитын балаларды қазақ мәдениетінен
мақұрым тәрбиелеу күнә. Қазақ тарихы, тілі, әдебиетінен
бастауышқа арналған орысша әдемі кітапшалар жазуға орыс тілді
зиялыларымыз атсалысса, қазақшадан аудару жұмыстары жүрсе,
аса бір қиыншылық тудырмайды. Илья Муромецтен басқа да үлгі
етерлік қаһармандарымызды білдіру парыз. Орыс тілді
мектептерде қазақ музыкасының да сан ғасырлық жауһарлары
ыңғайлы кіргізіліп, оқыту жағын ойлауымыз жөн.
Ю.П.Аравин хабарларының өзі тұтас бағдарламаларға
сұранып тұр.
Сондай-ақ ағылшын тілінен бұрын қазақ тілін оқыту керек.
Жиналыстары мен іс қағаздары қазақша бағыт алып кетсе, қазақ
тіліне деген менсінбеушілік өзінен-өзі жойылары сөзсіз. Елімізде
дос пейілмен өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдері, қазақ ұлтының
мүддесі – Қазақстанның мүддесі екенін ұғынады. Оған Герольд
Бельгердің ізгілікті ойлары куә.
3. «Қазақ мәдениетін» жоғары оқу орындарының
бағдарламасына жүйелі кіргізу. «Қазақ мәдениеті» бір-ақ сабақ
болмайды. Оның кешенді бағдарламасында: қазақ тілі – әдебиеті,
347
тарихы, дін мәдениеті, өнері тұтас кіреді. Осы сабақтар
факультетіне қарамастан, барлық оқу орындарында жүргізілуі
керек. Қазіргі күнде мұның бәрі тіл, тарих және «мәдениеттану»
курсы болып үш-ақ сабақпен өтуде. Ол жеткіліксіз. Қазақ
әдебиеті және қазақ өнері де жеке пән ретінде өтіп, оның қадірін
түсірмейтін мамандары сабақ берсе, театрларға, музейлерге
апару, айтысты көрсету, оны талдау – жастардың сана-сезімін
біріктіреді.
Сондай-ақ жастардың көкірегіне қобалжу туғызып, өз ұлтына
топырақ шаша сөйлейтін ділмар «ұстаздар» кездессе, олардың
пайдасынан – зияны. Білікті болса, халқын жарылқаудан артық не
бар? Жиған білімің, үйренген тілің, көрген тәжірибең интеллектіңді
жұртыңа жұмсасаң ғана қадірлі. Төбенің басына шығып алып,
төменге күл шашқан кісіні өзің түгіл, өзге де сыйламайды.
«Еуропаға елден бұрын мен жеттім» дегендей, алғашқы кезде
біраз эйфория болды, енді сабасына түсіп, еліне қайтіп қызмет
қылуды ойланатын кезге келдік. Білгеніңді көрсетпе деп жатқан
ешкім жоқ. Жалпы адамзаттың биігіне айналған тұлғалардың өзі,
сол биікке өзін шығарған халықтың мәртебесін көтеру арқылы ғана
жеткен.
4. Ауыл балаларының оқуға түсуіне мүмкіндік жасау.
Елдің азып-тозуына байланысты, ауыл интеллигенциясы
әлсіреді. Кейбіреулер ауыл жастарын «жоғалған ұрпақ» қатарына
жатқызып та қойды. Ал, негізінде, ауылда өскен зиялылар – ұлттық
дүниетанымның діңгегі. Олардың оқуға қолы жетуі қиындап кетті.
Тозған ауыл мектебінен жеткілікті білім ала алмаса, оқуға қалай
түседі? «Сауыншы, қойшы бол» дейтін де мүмкіндік азайды.
Коммерциялық бөлімге төлейтін шама қайда? Мұның бәрі –
ауылдың ұл-қызы үшін проблема. Сондықтан дайындық бөлімі
тәжірибесін институттарға қайта енгізуді ұсыныс етеміз. Кезінде
бұл өзін-өзі ақтаған еді. Еңбекпен піскен көзқарасы қалыптасқан
қаншама жігерлі жастар дайындық бөлімдерінің көмегімен оқуға
түсіп, жақсы маман болып кетті. Алдағы оқу жылынан кемінде екі
жыл еңбек еткен, сол ауылда өскен Армия қатарында қызметін
өтеген жастардың ішінен талаптыларын институт жанында бір жыл
348
оқыту арқылы, бітіру емтиханымен қабылдауды ұйымдастыру аса
қиын шаруа емес сияқты. Коммерциялық бөлімдердің ақшасынан
қағыстырса қаражат неге шықпасын? Ауыл баласына қамқорлық
қазір әсіресе керек. Өзімізді адам қылған, асырап келген ауылға
бүгін қиналған кезінде құрметімізді білдірейік.
5. Қыздар тәрбиесіне арналған арнайы бағдарлама енгізу.
Қоғамда құндылыққа деген көзқарастың өзгеруіне байланысты,
болмысы өзгереді. Қыз тәрбиесін отбасына бұруымыз керек. Зор
құндылық – тәрбиелі отбасы. Өз баласының жан-дүниесіне еге бола
алмай қалып отырғандар, көбіне, балаға көңіл бөлуге уақыт
таппағандар. Отбасы культін жасауға келеріміз анық, оған ұйтқы
болған ақылды аналарды, жас келіндерді насихаттау керек. Отбасы
– қоғамымыздың кілті.
Мектепте еңбек сабақтарының бағдарламасы баяғыша ұл-
қыздарға ортақ. Қыздарға арналған бөлек бағдарлама жасап,
өмірлік дағдыларға үйрету керек. Мектеп бітіріп шыққан қыз бала
дәмді тамақ пісіру, киім тігуге дейінгі дағдыларды, қарым-қатынас
психологиясын, ұлттық әдеп негіздерін, Шығыс және Еуропа
этикетінің ерекшеліктерін, талғаммен киіну, дене күтімі т.б. біліп
шығуы керек. Бұл ретте де Жапония мектебінің үлгісіне назар
салуға болады.
Тіпті отбасы тәрбиесіне мықтап көңіл бөлінетін қазақша
қыздар гимназиясын ашса да болады. Қыздар педагогикалық
институтымен тығыз байланысып, кешенді жұмыс істесе.
Отбасында қыз баланың билігі – отағасының рөлімен таласу
емес, отанасы бола білу екенін ұғындыру тәрбиесі жетімсіз. Кейбір
әдепсіздіктер өмір сүруге бейімділік болып көрінеді. Бұл – қыз
тәрбиесіндегі қайта айналып көрініс беретін олқылықтар. Қысқасы,
қыз тәрбиесі маңызды мәселенің бірі болып отыр.
6. Жаңаша мектептің моделін жасау.
Бізде қазақ тілді, орыс тілді, жеке пәндерді тереңдетіп
оқытатын мектептер бар, нәтижесіз де емес, бірақ тәуелсіз еліміздің
жаңаша ұлттық мектебінің моделі жасалған жоқ. Кейбір мектеп:
«Біз үш тілде оқытамыз», - дейді. Тіл білгені жақсы, бірақ мәселе
баланың санасы қалай қалыптасып жатыр, сонда.
349
Жаңаша ұлттық мектептің экспериментальды базасында
«Қазақ мәдениеті» кешенді бағдарламасын, ұлттық тәрбиені жаңа
заманмен ұштастырудың жолдарын, ұлттық сана қалыптастыру
жүйесін іске асыруға толық мүмкіндік болар еді. Жүз емес, осындай
бір мектепке көңіл бөліп, жеткен нәтижелерін таратуға ыңғайлы. 90
жылдардың басында осы бағытта ізденістер жасаған ұстаздар
болды (Мысалы, Сәдуақасов бағдарламасы, Гуманитарлық Қазақ
мәдениеті мектебінің тұжырымдамасы). Бірақ жаңа бастамаларды
әр түрлі шенеуніктердің өзімшілдігімен рухани дәрменсіздігі
тұншықтырады. Бізге жаңалық керек емес деп кеудесін ұрды. Ол
кезде көрші Ресейде жаңалығы бар мұғалімдерді іздеп тауып, жол
ашып жатты. Біз болсақ, бүгінде сол Ресей мектебі стандартының
көлеңкесінде қалып отырмыз. Ұлттық мектептің жаңаша мазмұнын
ойлауға мұрша жоқ.
7. Дәстүрлі салтымызға жат діндердің қысымына тосқауыл
қою. Жас мемлекетіміздің ұйтқысы болып отырған қазақ ұлтының
тұтастығына әр түрлі сенім-көзқарастарды тықпалау арқылы іріткі
салып жүрген жат топтарға заңмен тыйым салуды ойланса дейміз.
Жапония да 300 жыл бойы өзге дінге тыйым салу арқылы
біртұтастығын сақтап қалған. Жеке адамның демократиялық құқы
тұтас ұлтқа қауіп төндіретін болса, арасалмағын саралап көрмейміз
бе? Жоғары оқу орындарында теология факультеттерін немесе
теология институтын ашып, дінді мәдениеттің бір саласы ретінде
зерттеу керек. Дінге дүмше молданың көзімен қараудың уақыты
баяғыда өтті. Жастарды сендіріп сөйлей алмайтын діндарлықты –
тек күнкөрушілік дейміз.
8. Дәстүрлі санаға қайшы келетін, зорлық-зомбылық,
ашық әдепсіздікті дәріптейтін фильмдерді көрсетуді тоқтату.
Халықтың өзі де зорлық - кинолардан тойып болды. Ұлттық
кинотуындыларын кеңінен таратып, теледидар арқылы қазақ
өнерін, өмір-салтын, иман-әдебін көбірек көрсету қолдан келмейді
дегенге сене алмаймыз. Телехабарға білікті де мәдениетті
жүргізушілер қатарын қазақша еркін сөйлей алатын, ойлы авторлық
бағдарлама жасай алатын жазушы, ғалымдар есебінен көбейте
түсуге болады. Теледидарға коммерцияның көзімен қарағанда,
350
көрерменнің жанын коммерциялау мақсатын тұтпауы керек. Экран
бетінен жан-дүниеге көбірек орын берілсе. Телеақпарат таратудың
ұлттық концепциясын жасау да кезек күттірмейтін істердің бірі дер
едік. Теледидар өз көрерменін тәрбиелеудің орнына, ортадан төмен
талаптардың соңынан ере беруге болмайды.
Қазіргідей «Азия дауысы» деген атқа жауап бермейтін, елдік
мүддеден тумаған, көпшілікті жалықтыра бастаған шаралардан гөрі
шынайы азиялық өнерді көтермелеуді ойланатын қайраткерлерге
жол ашылса.
Түнгі дискоклубтардың сапасына мән берген, оған басшылық
жасайтын адам бар ма? Шараптың көңіл-күйімен не болса соны
сөйлейтін, жігіттердің мойнына мініп алған қазақ қыздарын
теледидардан жиі көретін болдық. Мұндай клубтарды дәстүрлі
музыка мен дәстүрлі салт негізінде ұйымдастыруға болмай ма?
Көпшілік баратын базар, парк т.б. орындарда қазақ музыкасы
ойналмайды, Батыс музыкасына жұтылып кеткен. Бұл да болса –
қай елде отырғанын сыйламаудың көрінісі. Оған бағыт беру үшін
ешқандай ақша қажет емес, жанашырлық болса жетіп жатыр. «Азия
ойындарының» ашылуындағы елдік қасиеттеріміздің рухы жалт
етіп, жоқ болып кететін түске айналмаса екен. Жастарды тобырлық
санаға емес, елдік санаға тәрбиелеу өз қолымызда.
9. Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендер – жалғызбасты қазақ
қыздары. Жатақхана синдромы қазақтың тектік кодына кіретін
болды. Жекешелендіруде осы топты ескерудің орнына,
жатақханаларды өз пайдасына сатып жіберіп жатқан мекеме
басшыларына тыйым бола ма?
Ел ахуалының түзелуін күтіп отырмайтын мәселе – мектеп.
Ауылындағы мектеп тозып кеткенде, хандарға лайық коттедждерде
жалаңаш халықтың байбатшасы болып шіренген басшыларды ел
азаматы деп айтуға келмейді. Бұрынғы мұғалімдер шұбырып вагон-
вагонда шұлық сатумен жүргенде, ұрпақ тәрбиесі бақылаусыз
қалды деген сөз. Әйелдерді ең көп қамтитын мұғалімдік пен
медицина қызметінің құны көтерілмей, жағдай жөнделе қоятын түрі
жоқ. Әр түрлі шетел миссионерлік орталықтарының тапсырмасын
ала келген еркектер жалғызбасты әйелдерді екі-үш баласымен қоса
351
қуана-қуана алып кетіп те жатыр. Себеп - қазақ әйелдерінің жоғала
қоймаған қасиеттері.
Қорыта келе айтарымыз, қазіргі қоғамда етек алған
тойымсыздық қасиеті қазақ әйелін қасиетінен айырып барады.
Рухани құндылықтарымызға қайта оралайық.
БАЛАНЫ БАСҚАША ОҚЫТПАСАҚ...
Енді бір он жылдан кейін бізде білім мен мәдениеттің
өрісі мүлдем тарылуы мүмкін
(Сұхбат)
Бұл сөзді мен ҚазМҰУ-дың оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Алма Қыраубаевамен
әңгімелесу кезінде естідім. Ол университеттегі қыруар
жұмыстарын атқара жүріп, Қаскелең ауданына қарасты
О.Жандосов атындағы совхоздың орталығынан Гуманитарлық
қазақ мәдениеті мектеп-лицейін ашқалы да біраз уақыт болды.
– Алма апай (бұл кісінің шәкірттерінің бәрі осылай
атайды, мен де солардың бірімін), өзіңізді біздер ғалым
ретінде, үлкен шығармашылық жолдағы адам ретінде
білетінбіз. Енді бүгін үлкен айдын төсінен жағалауға қайтып
оралған сияқтысыз. Сонымен ауыл мектебіне келуіңіздің
себебі неде?
– Мен университетте әлі де сол бұрынғы қызметімді толық
атқарудамын. Ғылымнан да қол үзгенім жоқ, үзбеймін де.
Шығармашылық жұмыстар жөнінде айтсақ, әңгіме көп қой...
– Әрине, оған тоқталсақ, әңгіме арқауы басқа арнаға
бұрылып кететін тәрізді. Дегенмен, Алматыдан көшіп, мына
шағын ауылға келгеніңіз, бұл жерден жеке меншік мектеп
ашқаныңыз, сөйтіп, астана мен ауыл арасына күнделікті
қатынай жүріп, осыншама шаруаны тындыратыныңыз мені
ептеп таңдандырып отырғаны да рас.
352
– «Жекеменшік иесі» деген сөз бүгінде баюдың жолына бет
бұрған немесе бай адамдарға байланысты айтылатын ұғымға
айналды ғой. Ал менің мұнда келіп жеке меншік мектеп ашудағы
мақсатым мүлде басқа. Университетте студенттерге дәріс оқыған
біраз жылдар кезеңінде қазақ мектептерінде гуманитарлық
білімнің өте тайыз екеніне көзім жетті. Бұл олқылықтың орнын
университетте толтыру қиын екен. Жоғарғы оқу орындарының
негізгі міндеті-мектепте алған білімнің негізінде студенттердің
таным деңгейін одан әрі тереңдету, ғылымға бейімдеу болып
табылады. Ал мектепте дұрыс білім алмаған баланы қанша
оқытып, тәрбиелесең де, одан білікті маман шықпасы анық. Сол
шала мамандар ертең мектепке келіп сабақ береді. Сонда олардан
дәріс алған балалар болашақта қандай маман болады?
– Енді бұл мектеп-лицейдегі оқу бағдарламасына
тоқтала кетсеңіз. Қазіргі кезде жеке меншік мектептер мен
лицейлер әр жерде жұмыс істей бастады. Олармен
салыстырғанда сіздің мектептің өзгешелігі қандай?
– Аты айтып тұрғандай, бұл – Гуманитарлық Қазақ
мәдениеті мектеп-лицейі болғандықтан, алдымен оқушылардың
гуманитарлық сала бойынша жан-жақты білім алуына назар
аударамыз. Мұнда «Қазақтың көне мәдениеті» деген арнайы курс
жұмыс істейді. Бұл жұмысты жүргізуге мен Қытайдан келген бір
азаматты тарттым. Шығыстану саласынан білімі өте терең.
Университетте шығыстану пәнінен сабақ бере жүріп, ол осы
мектептің жұмысына да белсене араласуда. Сонымен қоса қазақ
пәлсапасы, грек пәлсапасы мен қазақ пәлсапасының
байланыстары деген сабақтар, тіл-әдебиет, математика, физика
тағы басқа пәндер оқытылады. Бала тәрбиесінде халықтық
педагогика тәсілдерін қолдануға тырысамыз. Өзімізді
мақтағанымыз емес, мемлекеттік мектептермен салыстырғанда,
бізде оқыған балалардың білім деңгейі де, тәрбие-өнегесі де көп
ілгері екенін айтқым келеді. Аманшылық болса, оны өмірдің өзі
әлі-ақ дәлелдейді деп ойлаймын.
353