ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ Г.Қ- КӘДІРҚҮЛОВА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Оқулық Алматы 2005
ББК63.3 (2К)я73 К24 КӘДІРҚҮЛОВА Г.К. К 24 Қазақстан тарихы: Оқулық. - Алматы{ҚАЗақпарат 2005 -320 б. ISBN9965-25-614-4 Пікір жазғандар: К.М.БАЙПАҚОВ, ҚР ҮҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т. О. ОМА РБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жауапты редактор А.Ә. Нуржанов Оқулықта көне дәуірден бастап қазіргі күнге дейінгі Казакстан тарихы туралы мәліметтер қамтылған. Автор бүл еңбегінде тарихтың белгілі бір кезеңдерін жаңа қырынан көрсетуге талпынған. Қазақстандағы тарихи процестердің даму барысындағы негізгі жаңа мәліметтерді келтіреді. Кітап жоғары оқу орындары мен мектептердің үстаздарына, студенттерге, оқушыларға және қалың оқырман қауымға арналған. ББК63.3 (2К) я73 К 0503020905 00 (05)-05 ISBN 9965-25-614-4 © Кәдірқү.юва Г.К., 2005.
КІРІСПЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КУРСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Қазақстанның тәуелсіздік алуы халқымыздың үлттық санасезімінің, ой-орісінің дамуына оң әсерін тигізді, сонымен ңатар ол е.чіміздің тарихын тереңірек зерттеуге, гасырлар қоанауындагы деректерді байыпты зерделеуге мол му.мкіндік берді. Әдетте өткеи тарихқа мән беру дегеніміз - әлемдік өркениеттің жетістіктері .йен ежелгі тарнхтыц, эдебиеттің, онердің гажайып ескерткіиітері туралы біліп қана қоішай, сонымен қатар оның өнегелілік пен талгампаздыққа баулитын қырлорын ерекше багалау болып табылады, сонымен қатар ол қазіргі ңогамның ажыраиас бір бо.чігі екендігін де ескеру керек. Өйткені, тарихи тэжірибенің қазіргі заманга бага берудегі мақсаты, болашақты болжаудагы орны ерекше. Тарихтың тәжірибесінен екшеп алынган фактілердің қүр жиынтыгы деп қарауга болмайды. Шын мәнінде бүл халңымыздың кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңге, үрпацтан үрпаққа жспгасып келе жатцан игі дәстүрі болып табылады. Белгілі бір қогамда тарах функциясының ауысуына байланысты адамдардың білі.идері мен идеологиясы өзгеріске үиіырап, мүның өзі олардың дүниетанымына эсер етеді. Сонымен қатар бүгінгі тарах қазіргі кезде болып жатқан оқигаларды, оның болаишқтан алар орнын бааыпты түрде оа-елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Тарах гуманитарлық гылымдардың өзегі болып табылады, оның негізгі жетістіктері тіпті қогамдық қүрылыс ауысцанның озінде түпкілікті озгертулерді талап етпейтін жаты адамзаттың қүндылықтарды ениіілейді. Шындыгына жүгінсек, тарах гылымындай бірде-бір гылым үлттық наиыс пен патриотизмге тәрбиелей алмайды. Халық қалы кезеңдерге man болып, бастарына қиын-қыстау күн тугсінда, сондай-ақ өздерінің бостандыгы мен тәуелсіздігін қоргауга тура келгенде ата-бабаіарының ерліктерімен, елінің тарахымен рухтанады. Қогаидық және этнакачық қүры.чымдардың әр ачуандыгына қарамастан хачық ортақ қырлары бар өзіндік олеуметтік-саяси қүрылымдарды 3
еншілейді және ол жесты адамзат қатынастарыиыц олемдік жүйесіне және бүкіл тарихқа түтасып кетеді. Ал рухапи байлыгы жүтаң халық әлемдік тарихи протесте дербес рол атқара алмайды. Адамды < танып-білу үиіін алдымен сил этностың тыныс-тіриіілік заңдылықтарын ащындап алу керек. Халыцтыц рухын оның рухани, материалдық мэдеииетіп, моральдьщ-әдептік қүндылықтар жүиесі меп олеуметтікқогамдық қатынастарын жете білгенде гана үгынуга болады. Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулер адамзат тарихының бастапқы кезеңдері мен опың даму процесі, мәдеииеті тураіы қалыптасып қалган бүрынгы үгымдарга бірқатар озгерістер енгізді. Археологиялық және лингвистикалыц зерттеулер нәтижесінде гылыми іздепістің қазіргі замангы одістемесі егін шаруашылыгының дамуы мен метаіл оңдеуге дейіигі кезеңіи. жазудың пайда болуы мен қала өркетіетініц даму, қалыптасу дәуіріи, мыңдаган жылдар боііы жер қойнауында белгісіз жатқан деректерді нақтылай түсті. «Қазақстан тарихы» пәні де осындай абыройлы міндетті алга қойып отыр. Эрине, автор бүл еңбегінде республика тарихының барлық тақырыптары мен проблемаларын түгелдей қамтуды мақсат етпеген. Өйткені, осы пәнді оқып-үйренуге болінген уақыт көлемінің иіектеулі болуы оган мүмкіндік бере қоймайтыны белгілі. Лещияларга енгізілмей қаіган жекелеген тақырыптар семинарларда цамтылатын болады, соидаи-ац оны студенттердің өз бетімен оқып-үйренуіне кеңес беріледі. 4
/ ТАРЛУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ 1.1. Ежелгі тас дәуірі Тас дәуірі - адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бүл кезеңде адамның, оның бейімі мен мінез-қүлкының, күн көріс тіршілігінің қалыптасуы жүзеге асты. Тас дәуірі 2,5 миллион жыл бүрын басталып, біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықта аякталады. Тас ғасыры коне палеолит орта - мезолит, жаңа - неолит болып болінеді. Коне тас ғасыры палеолит' ғылымда үш доуірге боліп қарайды: ертедегі палеолит-ольдувэй, шелль, ашель (б.з.д. 2,5 млн. - 140 Мың. жылдар арасы); орта палеолит - кейінгі ашель және мустьер (б.з.д. 140-40 мың. жылдар арасы); кейінгі палеолит - ориньяк, солютре және мадлен (б.з.д. 40-12 мың. жылдар). Ең ежелгі адамның сүйегі 1959-1963 жылдары Шығыс Африкада Танзанияның солтүстігіндегі, Эяси колінің солтүстікшығысына карай 36 шақырым қашықтыктағы Ольдувэй шатқалынан табылған. Оны Homo habilis - Епті адам деп атады. Екі аяғымен жүретін адамның бойының биіктігі 122-140 см. болған. Оның миының колемі Табайэсу бойынша 675-680 текше см. Аяқ сүйектерінің негізгі күрылысы казіргі адам сүйектеріне үқсас. Епті адам қазіргі адамдай болмағанымен тік жүре алатын тіршілік иесі болғаны анық. Бүл доуір осыдан 2,5 миллион 800 мың жыл бүрынғы кезеңді қамтиды. Епті адам ертедегі тас ғасыры дәуіріндегі ең карапайым мәдениетқе жататын үсак жүмыр тасты қолданған. Оның еңбек қүралы жан-жағы үшталып, жүзі қайралған түрпайы тастар болған. Адамның келесі даму сатысы Homo erectus деп аталады - бүл 1,6 миллион жылдан 200 мың жылға дейінгі дәуірде омір сүрген адамдар. 1891 жылы голландиялық ғалым Е.Дюбуа Ява аралындағы Тринил маңында сол дәуірдің бастапқы кезеңіне жататын геологиялық шөгінділердің ішінен адам мен маймылдың ортақ белгілері бар бас сүйектің қаңқасын, екі күрек тісті және жамбас сүйектерді тапқан болатын, оны кейін ғылыми әдебиеттерде питекантроп деп атады. Олардың миының колемі 860 текше см. болса, жекелеген бас сүйектерінде 775-тен 975 текше см. дейін ауытқу байқалды. Ява аралында 5
питекантроптардың сүйектерінің маңынан тас қүралдары табылмады. Оның себебі бүл питекантроптардың қоныстарын кезінде лава көшкіндерінің ағызып әкетуіне байланысты болса керек. Олардың ішіндегі мейілінше белгілі орі айқын түрі синантроптар немесе қытайдың питекантроптары Homo erektus (Тік жүретін адам). Синантроптың қаңқалары Қытайдың солтүстігіндегі Пекиннен 50 шақырымдай оңтүстік-батыс жағында орналасқан Чжоу-коу-дянь қонысынан табылды. Олар үлкен үңгірде түрған, ол үңгірді ондаған, тіпті жүздеген мыңжылдықтар бойы мекендегені анық; шөгіндінің 50 метр қалыңдықта жиналуының озі оған тек осындай үзақ уақыт керектігін дәлелдесе керек. Шөгінділерде синантроптардың қолданған түрпайы түрдегі еңбек қүралдары коптеп кездесті. Мүндай еңбек күралдарын синантроптар кварцтан, сондай-ақ әктен, күмтастан, кейде кремний жынысынан жасаған. Кварц сынған кезде кремний, обсидиан немесе кварцит торізді тік қырлы жүзі бар сынықтарға болінбейді. Бірақ ол оте морт сынғыш, ол сәл жарық болса, тез сынады. Демек оны оңдеу оңай деген сөз. Алғашқы қауым адамының дамуында оттың ролі зор болды. Чжоу-коудяньдағы ошақ орнында күлдің, комірдің, күйдірілген тастардың қалдықтары табылды. Тіпті бір жерлерде тогілген күлдің қалыңдығы 6 метрге дейін жетеді, демек бүл жерде от сондірілмей үзақуақыт бойы жағылған. Қазақстан аумағында озірге ежелгі адамның қаңқасы табыла қойған жоқ. Бірақ Қазақстанның оңтүстік аймағында палеогеографиялық жағдай ежелгі адамның омір сүруі үшін қолайлы болғаны анық. Онтүстік Қазакстанда табылған коне заманның тас күралдары Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңіндегі түрпайы қүралдарына үқсайды; коне жануарлар Чжоу-коу-дянь үңгіріндегі синантроп қалдықтарына келіңкірейді. Ежелгі адамның қоныстануына Қазақстан аумағындағы Қаратау жоталары қолайлы болған. Шелль-ашель кезеңіне жататын заттар Қаратаудың Шабақты, Тоңірқазған, Боріқазған, Ақкол-1. Қазанғап жайлауларынан табылды. Қазақстанның ежелгі түрғындары питекантроп пен синантроптың бір доуірде, тік жүретін адамның тиісті эволюциялық даму сатысында болған. Қаратаудың алғашқы қауым адамдары от жағуды білді, ірі жоне үсақ жануарларды аулаумен, сондай-ақ жабайы осімдіктер мен жеміс-жидектерді терумен айналысқан. 6
Археологиялық материалдар Қазакстанның орталық жоне шығыс аудандарының аумағын ашель-мустьер дәуірінде ежелгі адамдар мекендегенін дәлелдейді. Оған Обалысай, Мүзбел 1, Қосмола, Қүдайкол коныстары жатады. Солтүстік Балқаш оңірінің қоныстарындағы жер бетінен табылған тас қүралдары ашель дәуірінен бастап кейінгі палеолитке дейінгі тас ғасырының әртүрлі кезеңдерін қамтиды. 120 мың жыл бүрын тас-қүралдарды оңдеудің жаңа палеолиттік мустьер мәдениеті пайда болды. Бүл дәуірдің ескерткіштері қазіргі кезде Қазақстанның барлық аудандарында кездесіп отыр. Мустьер дәуірі Орталық Азияда осыдан 40 мың жыл бүрын аяқталғаны белгілі. Кейінгі палеолиттің дәуірі адамның қазіргі түрі - Homo sapiens пайда болуымен байланысты. Сол кезден бастап гоминидтердің (ежелгі адамдардың) зволюциясында шешуші кезең басталып, нағыз адамзат тарихына түпкілікті оту жолы жүзеге асты. Оларға тән белгілер 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. Кроманьон адамының сүйектері Еуразияның басқа да географиялық аймақтарында кездесті. Кейінгі палеолитке оту техникадағы, шаруашылық нысандарындағы, омір сүру салтындағы, қоғамдық қатынастар мен идеологиядағы оте маңызды озгерістермен айқындалды. Сондай-ақ адамның дене бітімі де өзгерді. Кейінгі палеолитте мустьерлік кезеңнің жалпақ, салмакты, доңгелек пішінді кесек тас қүралдары (нуклеус) енді жақсы қырланып, мүкият жонылды. Олар бүрынғы жалпақ шақпақ тастар секілді емес, кремнийден дүрыс қырланған, түзу орі жүқа откір қүралдар жасалатын болды. Оның кобі ешқандай қайта өңдеусіз (ретушь) кесуге және қыруға пайдаланылды. Тасты қашаумен бірге тап осы кезде сол кезеңнің неғүрлым жетілген жаңа техникалық тәсілі - қыспа ретушь кеңінен тарады. Қыспа ретушті XIX ғасырда тас қүралдарын пайдалануды түрмыста сақтап қалған тайпалар кеңінен қолданды. Эскимостарда, солтүстік американың үндістерінде оның үлгілері кездеседі. Содан кейін сүйек пен тас тесетін бүрғы пайда болды. Соның негізінде енді бір орыннан. яғни ротациялық айналу принципін қолдану аркылы ашылатын қақпа, білектер жасалды, бүл орайда ең басты жетістік деп доңгелектің ойлап табылуын айтуға болады. Егер от болмаса қазіргі техника мен мәдениеттің болуы мүмкін емес еді. Сүйек пен мүйізді техникалық тәсілмен өңдеу алдымен ағаш 7
қүралдарын жасауға қолданылғаны анық. Кейінгі палеолмтте ағаш оңдеу техникасы да жетіліп, ағаштан жасалған бүйымдар түрмысқа кеңінен ене бастады. Кейінгі палеолит мәдениетінің бір белгісіне түрақты баспаналар салуды жатқызуға болады. Бүл орайда шағын лашықтар (хижиналар) түрғызу кең тарады, әдетте мүндай баспаналар дөңгелек немесе сопақша етіп салынған, көлденеңінен есептегенде ені 6 метрге жеткен, ал ортасына ошақ орналасқан. Кейінгі палеолитте шағын лашықтармен қатар коп ошақты үзын үйлер салынған. Күнкорістің қиындығына байланысты, түрмысқа қажетті қарапайым керек-жарақтар мен киімдердің пайда болуына орай осындай түрақтар мен баспаналар салуға тура келді. Ол кездегі адамдар ыдыс-аяк ретінде кейде жануарлар мен адамдардың бас сүйектерін қолданған. Жай тостағандар мен астаулар ағаштан жасалған. Ерте палеолиттен кейінгі палеолитке оту кезінде палеонтроптан адамның қазіргі дене бітімі - неонтропқа ауысу процесі жүрді. Ол енді тік жүре алатын болды, қазіргі адамдар секілді қолдарын сілтеген бағытына доп тигізді. Түтастай алғанда, кейінгі палеолиттік адамдар Homo sapiens (Ақыл-есті адам) түріне жатады және олардың дене бітімі жағынан қазіргі адамдардан айырмашылығы жоқ десе болады. Кейінгі адамзат тарихының ондаған мыңжылдықтар кезінен осы заманға дейінгі аралықта адамның дене бітімі ешқандай елеулі өзгерістерге үшырай қойған жоқ. Еңбектің жаңа дағдылары, жаңа мәдениет, жаңа рефлекстер пайда болғанымен адамның сүйектері, дене қүрылысы, олардың өзара үйлесімділігі озгеріссіз қалды деуге болады. Антропологтар тек грацилизацияның әсеріне байланысты, яғни адам денесінің, оның ішінде бас сүйектің сәл ғана кішірейгенін дәлелдеді. Қазіргі адамның дене бітімінің қалыптасу уақыты адамзаттың әртүрлі нәсілдерге бөліну кезеңіне сәйкес келеді, мүның озі қазіргі замандағы нәсілдердің арғы тегімен тікелей байланысты. Адамдардың нәсілдері бір-бірінен сырт пішіндері арқылы ажыратылғанымен, адамның қоғамдағы орны мен тыныстіршілігі бірдей болды. Адамдар носіліне қарай терісінің, шашының, козінің түстеріне, пішініне, сондай-ақ бас сүйектерінің кескін-келбетіне, бет сүйектерінің жалпақтығына және т.б. ерекшелігіне қарамастан барлық адамдар қоршаған табиғатты игеруге, техниканың, мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың ең 8
күрделі деген нысандарын жасауға келгенде бірдей дәрежеде қабілетті келеді. Адамзаттың барлық нәсілдері Homo sapiens - бір текке және бірдей даму сатысына жатады. Қазіргі кездегі бірдебір нәсілді дамымай қалған деп айтуға болмайды. Кейінгі палеолитте адамдар Қазақстанның барлық аумағында қоныстанған. Орталық Қазақстандағы - Батпақ-7, Семізбүғы, Ангренсор-2, Қарабас-3; Шығыс Қазақстандағы - Қанай, Новоникольск; Оңтүстік Қазақстандағы -Ашысай, Үсіктас, Соркөл тәрізді кейінгі палеолиттік түрақтар зерттелді. 1.2. Орта және жаңа тас ғасырындағы Қазакстан. Энеолит Ежелгі тас ғасыры - палеолит пен жаңа тас ғасыры - неолит арасындағы өтпелі дәуір орта тас ғасыры - мезолит деп аталады. Ол біздің заманымызға дейінгі XII-V мыңжылдықтар кезеңін қамтиды. Еуразияның үлкен бөлігінде мезолит екі дәуірге - азиль және тарденуаз (Францияда табылған түрақтың атымен аталады) бөлінеді. Мезолит түрақтарында үсақ шақпақ тас микролиттер кездеседі, соған қарап оның кең таралғанын көреміз. Әрі өзінің көлемі шағын, дәлірек айтсақ, тіпті 1 сантиметрге жетер-жетпес, ал 2 сантиметрден үлкені сирек кездеседі. Бүлар кремний жынысының кесектерінен қыспа әдісі арқылы бөлініп алынған. Микролиттердің пішіні кейде қатаң геометриялық (үшбүрышты, ромб, трапеция, сегмент) сипатымен ерекшеленеді. Садақ пен жебені ойлап табуға байланысты аң аулау үрдісі күшейіп, соның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды. Садақ пен жебені қолдану аң аулау кезінде үлкен олжаға кенелтті. Сол кезде адамдар жаралы жануарларды немесе оның төлдерін тірідей үстап, оны бағып, өздеріне қажетті азықтүлік қорын жасаған. Сөйтіп, жануарларды қолға үйрету кезеңі басталды. Адамның бірінші қолға үйреткен хайуанаты ит болды. Мезолиттік түрақтар өзендер мен көлдердің жағалауларына орналасты. Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық сағаларынан табылған түрақтар оған дәлел. Ал Маңғыстауда (Қызылсу) белгілі мезолиттік түрақтар бар. Солтүстік Қазақстанда неолиттік мәдениет атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің түрғындары Есіл жағалауындағы далалық өңірде және Қазақтың үсақ шоқыларының солтүстік-батыс бөлігінде қоныстанып, негізінен 9
аң аулаумен айналыскан. Бүл моденпеттің тиянакты зерттелгендері Виноградов-2, Тельман түрақтары. Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобылдың алқаптарында шоғырланған. Бүл Маханжар, Дүзбай, Алкау түрақтары. Батыс Қазақстандағы неолит кезеңі оюклин және тюлуз модениеттерімен белгілі. Б.з. дейінгі VI-V ғасырларға жататын оюклин ескерткіштері Маңғыстауды қоныстанған аңшылар мен термешілерден қалған. Б.з. дейінгі V мыңжылдықта бүл модениет кезбе аңшылардың тюлуз мәдениетімен алмасты. Батыс Қазақстанның неолит түрғындары қыш жасау жоне тоқыма істерін кереметтей меңгерген. Неолит дәуірі б.з. дейінгі V-III мыңжылдықтардың арасын қамтиды.Бүл кезең тастарды қасиеттеріне карай тиімді пайдаланудың нағыз өркендеген кезі еді. Еңбек күралдарын жасаудың тосілдері жетілдірілді. Ретушь техникасын қолданумен бірге тас өңдеудің жаңа технологиялық тосілдері дүниеге келді: ыспалау, бүрғылау, аралау, ор текті тастарды пайдалану. тастан балта жасау, кетпен, дән үккіш, баспалдақ, келі, келсап жоне т.б. Қазақстанда сол кезеңнің 600-ден астам археологиялык ескерткіштері мәлім. Оңтүстік Қазақстан жері орта азиялық кельтеминарлық мәдениеттің солтүстіктегі шеткі аймағы болды. Кельтеминарлар дөңгелек түбі бар және қызыл бояумен боялған кыштан ыдыстар жасауды меңгерді. Ыдыстың жоғарғы болігіне кобінесе бедер мен орнектер салынды. Бүл моденпет мүрасы Қаратаудағы Қараүңгірден табылған археологиялык материалдар негізінде зерттелді. Қазақстан аумағында бүлақ бойына орналасқан түрақтар мейілінше кеңінен таралғанымен озен суы бара бермейтін шолейт және жартылай шолейт аймактарда да кездеседі. Бүлак бойындағы түрактар кобінесе аңшылардың уакытша, маусымдык конысы үшін салынды. Қазақстанның шолейт даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі олардың басым болігінің түрактары ашык, жер бетінде орналаскандығында. Барлык түрактардан да жергілікті материалдан жасалған жебе мен найзаның үштары, балталар, бүрғылар, пышактар, кырғыштар табылды. Белгілі бір каруды дайындау үшін оған лайыкты тас түрлерінің іріктелгені байкалады. Шикізат түрінің коптігі оны оңдеу мен жетілдіруде ортүрлі техникалык тосілдерді дамытуға мүмкіндік жасады. 10
Бүл доуірде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының пайда болуына орай табиғаттың дайын онімдерін теру мен аң аулау сияқты күнкөріс біртіндеп диқаншылыққа ауысты. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат коғамының дамуына орасан зор ықпал етті, адамның еңбек ету саласы кеңіп, оның мінез-қүлқы сапалық озгерістерге үшырады. Қазақстанның ежелгі түрғындары мата тоқу мен тау-кен ісінің негізін қалай бастады. Әлеуметтік түрғыдан алғанда, неолит дәуірінде рулық қауымдық қатынас болды, оған үжымдық еңбек пен ондіріс қүралдарына ортақ меншік тән еді. Сонымен қатар бүл кезеңде қоғамның үйым түрлері дамып, тайпалар жоне тайпалық бірлестіктер қүрылды. Тайпалар туысқандык жағынан бірігетін жоне шаруашылықтың бір түрімен айналысатын бірнеше рулык кауымдардан қүралды. Б.з. дейінгі III мыңжылдықта адамдар металды, оның ішінде мысты (энеолит) қолдана бастады. Солтүстік Қазақстанда бүл кезеңде мыс дәуірінің мәдениет ескерткіштері - Ботай, Қызыл Жар, Бестамақ, Түзды кол және т.б. пайда болды. Ботай және т.б. қоныстардың материал дары на талдау жасай келіп, мыс (энеолит) дәуірінің материалдык жоне материалдық емес қырларының сипаттамасын былайша бөліп қарауға болады: 1) ондіруші шаруашылык нысандарына жоне үй косіпшілігін дамытуға негізделген белгілі бір дәрежедегі отырықшылық. Үй қүрылысында төбесі ағашпен жабылған жартылай жерден қазылған көп бүрышты немесе шеңберлі қүрылыстар салудың басым болуы; 2) қайтыс болған адамды қоныстың шетінде және зиратта жерлеу, сондай-ақ жалғыз жерлеу. Бас сүйекті трепанациялау және олгеннен кейін масканы дайындау дәстүрі кездеседі. Антропологиялық түрі - ежелгі еуропеоид; 3) археологиялық инвентарьдың ерекшелігі мынадай: кремнийден қүралдар жасау, негізгі түрлері - найзалардың, жебелердің үштары, үлкен пышақтар, қайқы пышақтар, кырғыштар. Сүйектен жасалған қарулар мен қүрал-саймандар - мүқалтқыш, тескіш, тас үккіш, бүрғы, пышақ, қалып, гарпун, садақтың үштары. Керамикадан жасалған бүйымдар бүйірлі, мойыны ашық болды. Оның сыртына түтастай орнектер салынды немесеиіректермен сызықтармен ошекейленді.
4) жылқы шаруашылығы өркендеуіне байланысты адамдар ат үстайтын болды. Мүндай ерекшелікті қазіргі кезде Еуразия аймағындағы энеолит және әуелгі қола мәдениеті ретінде белгілі Ботай қоныстарының ескерткіштері дәлелдеп отыр. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениетіне Оңтүстік Оралдың суртанды мәдениеті, Поволжьенің Хвалынск мәдениеті, Алтайдың Афанасьев мәдениегі мен Шығыс Қазақстанның Устьнарым мәдениеті біртабан жақын келеді. Осындай өзара үқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық бірлікте болғанын көрсетеді. 1.3. Қазакстан аумағындағы кола дәуірі Б.з. дейінгі II мыңжылдықтың орта шенінде еуразия далаларында қоланы пайдалану жүзеге аса бастады. Ертедегі адамдар мысқа қалайыны, мысқа мырышты, мысқа қорғасынды қосу арқылы металдан жасалатын бүйым алынды. Бүл бүйым қола бүйымдары. Соңғы жылдары Қазақстанда қола ескерткіштері кең ауқымды зерттелуде, оның қай кезеңде болғаны мен хронологиясы жасалуда, қола мәдениетінің тарихи бірлігі мен даму мәселелері ойдағыдай шешімін табуда. 1913 жылы Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы түбіндегі Андронов селосында обаны қазу кезінде қола заттар табылып, ол Андронов мәдениеті деп аталған болатын. Қола дәуіріне жататын Қазақстанның археологиялық ескерткіштері Андронов мәдениетіне жатады. Оның таралған аймағы Оңтүстік Сібірдің, Қазақстанның, Орал мен Орта Азияның бүкіл аудандарын қамтиды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында орналасқан. Тарихи-мәдени түрғыдан қарағанда, Андронов мәдениеті қола дөуірінің ертедегі (б.з.д. XV11I-XVI ғғ.), орта ( б.з.д. XV-X1I ғғ.) және кейінгі (б.з.д. ХП-VI 11 ғғ. бас кезі) кезеңдеріне сәйкес келеді. Орталық Қазақстанның қола дәуірі Нүра, Атасу және Беғазы болып үшке бөлінеді. Қола дәуірі түрғындары негізгі кәсібі мал шаруашылығымен айналысып, әсіресе ірі қараны көп үстап, оны шүрайлы жайылымдарда баққан. Егер мал үстаудың бастапқы кезеңінде табында ірі қара көп болса, ал қола дөуірі дамыған кезеңде жылқыны шаруашылықтың әр түріне пайдаланып, тек жүк тартуға ғана емес, мінетін колік ретінде де
қолдана бастады. Орталық Қазақстан даласында жабайы түйелер қолға үйретіліп, ал огіздер жүк тасуға пайдаланылған. Қола дәуірінде мал шаруашылығы экстенсивті дамыды. Көшіп-қонудың арқасында жаңа жайылымдарды игеру мен оның аумағын кеңейте түсу Қазақстанның далалық жерлерінде мал шаруашылығын дамытып, жылқы, қой түліктерін өсіруге қолайлы жағдай туғызды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар кетпенмен жер өңдеу шаруашылығы болды. Усть-Нарым (Шығыс Қазакстан) конысынан табылған кремнийден жасалған орақ егін шаруашылығының болғанын дәлелдеді. Егін жинау барысында алғашкыда әр түрлі қола және мыс орақтар пайдаланылса, кейіннен коладан жасалған шалғы қолданылды. Негізінен алғанда, бидай, қара бидай және тары өсірілді. Егін шаруашылығы өзінің сипаты жағынан қарапайым, мал шаруашылығына қарағанда қосалқы рол атқарды, дегенмен ол азық-түліктің негізгі көздері болып есептелді. Шаруашылық жүргізудің жоғарыда айтқан түрлерімен қатар тау-кен ісі мен металлургия да маңызды рөлге ие болды. Ежелгі кезде мыс (Жезқазған, Зырян, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Үра-Төбе, Күшікбай), қалайы (Атасу, Қалба таулары және Нарым жоталары) және алтын (Степняк, Қазаншүңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майкөпшегей, Ағабек) өндірілуі бүл аймақтардың көне металлургияның орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді. Шамамен алғанда, Жезқазған ауданында қорытылған мыс 100 мың тоннаға дейін жеткен. Ал Успенск кенішінде - 200 мың тонна, Имантау кен орнында 48 мьщ тонна болған. Қазақстанның қола дәуіріндегі кешенді шаруашылық түтастай алғанда, тиісті табиғи-климаттық жағдайларға орай салыстырмалы түрде жоғары дәрежеде дамыған. Қоғамдық өмірді үйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер болды. Шаруашылық түрінің өзгеруі қоғамдық үйымдастыруға да өзіндік жаңалықтар әкелмей қойған жоқ. Аналық-рулық қатынастар аталық-рулық қатынастарға ауысты. Қазақстанда патриархат тез қарқынмен дамыды, бірінші кезекте ол жаңадан пайда болған экономикалық бірлікті - жеке отбасылары мен отбасылық-неке қатынастарын басқарды. Көп некелілік орнына енді бір неке немесе бір адаммен түрмыс қүру салты пайда болды. Аталық отбасылық қауымның бастапқы кезеңі ерлердің төрт-бес жанүялары бойынша қүрылып, аумағы 200 шаршы метр 13
болатын үлкен түрғын-жайларда бірге түрды. Әрбір аталыкрулық елді-мекендерде осындай бірнеше түрғын-жайлар болды. Кейінгі қола доуірі тайпаларының шаруашылык дамуы мен мал басының күрт осуі жерлеу одет-ғүрпына да осер етті. Сол кездегі адамдардың зираттарында үй жануарларының сүйектері коп кездеседі. Қүрбандыққа шалынған малдардың сүйектері тастан жасалған жәшіктерге салынатын болған. Мүлік теңсіздігінің күшеюіне байланысты тайпа басшылары мен косемдері озгелерден ерекшелене бастады, бүған аталған до\ ірдің соңғы кезінде түрғызылган Беғазы-ДондібаГі мазары мсн Тегіскен кесенесі мысал бола алады. Қола доуірінде эгалитарлы қоғам ыдырап, дін қалыптасты. оған қызмет ететін абыздар болатын. Патриархальды қоғамға жоне тайпалык күрылымға оту кезеңі діннің пайда болуына, атабабаларының оруағына сыйынуға жол ашып берді. Сонымен бір мезгілде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қорғайтын күдайлардың бейнелеріне табыну коса жүрді. Қола дәуірінде адамдар отка табынды, ол кезде мойітті отка жағу ғүрпы кең таралды. Күйген сүйектердің қалдыктары қола доуірінің әр кезеңіне жататын кабірлерде кездеседі. Ертедегі адамдар от денені жын-шайтаннан тазартады жоне олген адамды полежаладан корғайды деп түсінген. Қола доуірінің кейінгі кезеңінде шаруашылык жүргізчдің жаңа түрі - кошпелі мал шаруашылығының дамуына орай айға. жүлдызға табыну кең тарады, кошпенділер түнде кошіп келе жатканда ай мен жүлдызға қарап бағыт-бағдарды аныктайтын болған. Қола доуірінде тайпа. ру косемдерінің немесе бай отбасыларының иеленген малдары мен ондіріс күралдарына тиісуге тыйым салынған дәстүр болған. Ежелгі тайпалардың талғамы мен мәденпетінің кандай болғанын олардың жасаған әшекейлері мен онер туындыларына карап білуге болады. Қүрбандық шалатын жөне үрандар айтатын тас жартастарда жазулар жазылып, ғажайып суреттер салынған (Таңбалы тас, Сынтас жоне т.б.). Онда доңгелектер, садак аткан батырлар, дәстүр бойынша шеңбер жасап билеген бишілер бейнеленген, ал солардың бәрінің үстінен «күнбасты қүдай» карап түр. Бүл адамның озі мен табиғат күштері туралы ойлануына жоне дүниеге діни козкарастың пайда болчына алып келді. 14
11 ТА PA У ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ (б.з.д.УІІІ б.з.У ғғ.) 2.1. Сактардың тайпалык одағы Ежелгі түрғындардың далалық, таулы-далалық жоне жартылай шолейт аймақтарды игеруі біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың басында басталған. Бүл дәуірде еуразиялық даланың тайпалары шаруашылык жүргізудің жаңа нысаны - экстенсивті мал шаруашылығын дамытуды колға алды. Мыңжылдықтың бас кезінде Қазақстанның даласында. жартылай шолейт және таулы аудандарда кошпелі мал шаруашылығы негізгі шаруашылыққа айналып, оны оркендетуге үлкен мән берілді. Қазақстанның кошпелі тайпалары б.з.д. 1 мыңжылдығындағы ежелгі дүние тарихында елеулі рөл атқарды, сондықтан да ол саяхатшылардың, тарихшылардыті, географтардың назарын өзіне аударды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың болтаны туралы тарихи дерек коне шығарма Авестада кездеседі. Онда Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық көшпелі тайпаларын «турлар» деп атаған. Кейбір зерттеушілер «турларды» коне грек жазбаларынан белгілі массагет тайпаларымен байланыстыра қарайды. Коне парсы сына жазбаларының мәтінінде шығыс ирандық тайпалардың жалпы атауы Saka деп аталады. Коне парсы жазбаларында сақ тайпаларының үш тобы келтіріледі, олар атап айтқанда, хаомоварга-сақтары, хаоманы (сусын) дайындайтындар; парадарайа-сақтары, теңіз бойында немесе озен жағалауындағы сақтар; тиграхауда-сақтары, шошақ бөрік киетіндер. Бүл тайпалардың нақты қай жерде түрғанын казір дәл айта қою қиын, ойткені, ертедегі авторлар еңбектерінде ғылыми географиялық сілтеме келтірмеген. Бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, парадарайа-сақтары Арал бойында, Сырдария мен Әмударияның томенгі ағысында және Солтүстік Қара теңіз жағалауларында қоныстанған; тиграхауда-сақтары - Жетісу мен Тянь-Шань аймағында; хаомоварга-сақтары - Мургаб алқабында Солтүстік Ауғанстанды мекен еткен. Қазакстанның белгілі археологы. профессор К.А.Ақышевтің пікірінше, тнграхауда-сақтары парсы жазбаларында кездесетін 15
ортокарибанти скифтеріне үқсайды, себебі бүл соз «шошак борікті сақтар» деген мағынаны білдірген. Сына жазбаларының бірқатар этнонимдері грек шежірешілерінің жазбаларында кездесетін тайпалардың атауымен сәйкес келеді. Мысалы, Геродот айтқан ортокарбинти тиграхаудасақтарына, амюргийлік сақтар - хаомоваргаға, ал даи - Авестаның және Ксеркстің жазбаларындағы дах тайпаларына сай келеді. Бірақ. грек одебиеттерінде ахеменидтік сына жазуларда кездеспейтін баска да есімдер, этап айтқанда, массагеттер, савроматар (кейін сарматтар), аргиппей, аримаспылар, ассиялар, пассиандар, сакараулдар (сакарауктар) және т.б. бар. «Тарихтың атасы» Геродот (б.з.д. 484-425 жж.) былай деп жазған: «Азияда түратын скиф-кошпенділері массагеттермен соғыс кезінде ығыстырылып, Аракс (Әмудария) озенінен отіп, Киммерий жеріне (Қара теңіз жағалауы. - Г.К.) кетті. Гиперборлардан басқасы, аримаспалардан бастап оздерінің көршілеріне үздіксіз шапқыншылық жасады, соның нэтижесінде аримаспалар исседондарды, исседондар скифтерді оз жерінен ығыстырып жіберді, ал оңтүстік теңіз жағалауында мекендейтін киммерийлер скифтердің шабуылынан кейін елін тастап кетті». Егер бүл оқиғалардың б.з.д. VI11-VII ғасырларда болғанын ескерсек, онда біз исседондардың Орталық Қазақстаннан Жетісудың оңтүстігіне қоныс аударғаны туралы археологиялық деректер дәлелдеген оте қүнды тарихи фактіге қол жеткіземіз. Қазақстанның көшпенділері ежелгі дүниенің саяси оқиғаларына белсенді түрде қатысқан. Б.з.д. V ғасырдың орта шенінде парсы патшасы Кир Арал бойындағы Томирис ханша бплік қүрған сақтарды бағындырып алғысы келген. Кир әскерімен Сырдарияға жақындап келіп, сақ-массагеттерді бағындыруды ойлап Томириске елшілер жіберді. Алайда кошпенділердің патшасы келіссоз жүргізуден бас таргты. Б.з.д. 530 жылы Сырдарияда қантогіс шайқастар болды, онда парсылар сүмдық жеңіліске үшырады. Аңызға сүйенсек, Томирис меске қан толтырып, оған Кирдің басын салып түрып: «Сен қанқүмар едің, енді тоя іш!» депті. Кирдің Орта Азияны жаулап алмақшы болған жорыгын I Дарий (б.з.д. 521-486 жж.) жалғастырды. Ол жекелеген сак тайпаларын, оның ішінде хаомоварга мен ассияларды уақьггша бағындыруға қол жеткізді. Оларға алым-салык салды, бірақ бүл түрақты түрде алынбай, кобінесе сыйлык ретінде берілді. і рек16
тарихшысы Полиен сақ-массагеттердің парсылармен шайкасының бір қызықты түсын былайша баяндайды. Ширак есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп, жау жағына отеді, оларға озіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады. Енді озін “өкпелеткендерден” кегін алмақшы екендігін айтады, оның мақсаты жауды сусыз шол далаға бастап апарып, қырғынға үшырату еді. Ол бүл мақсатын жүзеге асырады. Одан кейінгі кезеңде сақ тайпалары Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдырында маңызды рол атқарады. Атап айтқанда, олар Парфян мемлекетін қүруға, 'Грек-Бактрий патшалығын талқандауға және б.з.д. III ғасырда -б.з. III ғасырында Орталық Азия тарихында маңызды рол атқарған Кушан империясын қүруда маңызды рол атқарды. Сақ дәуірінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығының негізгі үш түрі пайда болды. Оның біріншісі шолейт аймақтарда орналасқан, егін өсірумен және пішен шабумен айналысуға мүмкіндігі жоқ - көшпелі мал шаруашылығы. Мүндай аймақтарда негізінен жылқы, түйе, қой өсірілді, ал ірі қараның саны аз болды. Темір ғасырының бас кезінде түрғындардың басым бөлігі жыл бойына далада тіршілік етті, оны Орталық жоне Батыс Қазақстан даласынан табылған қүнды деректер мен рулық зираттардың көптігі дәлелдей түседі. Мал шаруашылығының дамыған екінші түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Көшіп-қонудың радиусы мүнда онша үлкен болған жоқ, өйткені, жайылымдар жақын орналасты. Түрақты түрғын-жайлар мен шаруашылық қүрылыстары салынды. Соның нәтижесінде ірі қараны өсіруге мүмкіндік туды. Мал шаруашылығының үшінші түрі отырықшы мал шаруашылығы Қаратаудың оңтүстік жоталарында кеңінен қанат жайды. Бүл өңір Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығы, Талас, Арыс, Шу және Іле өзендерінің жағалаулары болатын. Осы аудандардың түрғындары отырықшылыққа бет бүрып, егін шаруашылығы мен бау-бақша осіруге ерекше коңіл болді. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығынан басқа бірқатар скифсак тайпаларында аң мен балык аулау қатар дамыды. Бүлар қосалқы шаруашылық ретінде болды. Бүл кезеңнің саяси жүйесі ерекшеліктерінің бірі билікті дәріптеу, сакрализациялау еді. Тайпалар одағын патша басқарды, ол соғыс және бейбітшілік мәселелерін.. шешті, сондай-ак елшілерді жіберу және оларды қабылдаумен айналысты.
тайпалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырды. Патша белгілі бір рудан шықты және ол ру қасиетті саналды. Сақтар патша елді күдайдың әмірімен басқарады деп ойлады, сак билеушілерінің абыздық функциясын да осымен байланыстырды. Тайпалардың жоғарғы билеушілері көбіне әйелдер болды. Патшалық биліктің тірегін «күшті ерлер» - әскери-тайпалык аксүйектер қүрды. Одан кейінгі кезекте бүқара халық - қатардағы жауынгер-қауымы түрған. Мінетін аты жоқ жарлылар соғыс жағдайында жаяу әскер қатарында қызмет етті. Алғашқы кауымдық қоғам ыдыраған кезеңде жаңадан күрылған тайпалық одақтар әлеуметтік қүрылыстың неғүрлым жетілген түріне айналды. Сактардың жасаған жоғары мәдениеті орасан зор аумақты алып жаткан Шығыс Еуропаға, Батыс жоне Орталык Азияға айырықша ықпалын тигізді. Сақ мәдениетінің аукымы Солтүстік Қара теңіз, Қырым жоне Еуразиялық далалық аймақтармен бірге Орталык Азия мен Еуропаның арасын байланыстырып жатты. Сол кезеңнің саяси жағдайында сақтардың ролі қандай жоғары болса, сак мәдениеті де өзгелерге Караганда кош ілгері болды. Іле озені бойындағы Бесшатыр обасын (б.з.д. 5 ғ.), Есік қорғанын (Алматының шығыс жағында 55 шақырым қашықтықта), Алтайдың Пазырық және Берел қорғандарын қазу барысында кезіккен архитектуралык күрылыстар, сақ «пирамидалары», сол қоғамның байлығы кімді болса да таңқалдырады, осы арқылы Қазақстанның ертедегі кошпенділерінің тарихына жаңаша қарауға әрі оны әділ бағалауға тура келеді. «Алтын адамның» табылуы шын монінде күтпеген ғылыми жаңалық еді. Есік қорғаны сақтардың зергерлік онерінің (4000-нан аса жоғары көркемдік деңгейдегі алтын бүйымдар) кандай болғанын бүкіл олемге паш етті. «Алтын адамның» ошекейлері сақ мифологиясы мен дүниетанымының озіндік ерекшелігі бар знциклопедиясы. Есік қорғанының материалдары сақ қоғамының олеуметтік қүрылымының сипатын түсінуге комектеседі. Әсіресе күміс тостағандағы 26 руна торізді ғаріптен түратын жазу ерекше маңызға ие, окінішке орай ол әлі күнге оқылған жоқ. Есік корғанында б.з.д. IV гасырда омір сүрген сак тайпаларының бекзадасы жерленген. Археологиялық материалдар Қазақстан аумағында болған тайпалардың сол кезеңде анимизм, тотемизм жоне магия торізді діни наным- сенімдермен қатар күн мен отқа да табынганын долелдейді, бүл ежелгі авторлардың шығармалары мен коне иран 18
жазбаларында кездесетін деректермен сәйкес келеді. Антропологтардың мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанның ежелгі түрғындары еуропеоид болды деген қорытынды жасауға болады. Бірақта шығыстан моңғол тектес тайпалардың келуіне байланысты бірқатар озгерістер болғаны байқалады. Сақтар шығыс ирандық тілдерде жоне диалектілерде сойледі. Бүл кезеңде шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ескі түркі тілдерін қолдану жүзеге аса бастағаны анық. Тап осы аймақтарда археологтар коне руна жазбаларын тапты, ал мүның озі сақ тайпаларының кезінде әлеуметтік және мәдени дамуының деңгейі оте жоғары болғандығын дәлелдейді. 2.2. Үйсін мемлекеті Б.з.д. бірінші мыңжылдығының аяқ кезінде Жетісу, ТяньШань мен Тарбағатай аумақтарында үйсіндердің мемлекеті қүрылды. Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.д. II ғасырдың аяғында кездеседі. Хань сарайы хундарға қарсы күресте одақтастық мақсатымен Чжан Цянь бастаған елшілігін «Батыс олкеге» аттандырды. Ол Жетісу оңірінде болып, қытай жеріне бірінші рет үйсіндер туралы тарихи деректер алып келді. Жетісу мен солтүстік Қырғызстан жерінде сэ (сақтар) және юечж тайпалары түрды. Мысалы, «Ханьшуда» былай делінеді: «Алғашқы кезде бүл ел (үйсін) сэ (сдқ) халқына жатқызылды. Үлкен юечждер сэ-нің билеушісін талқандап, қуып шықты. Ол оңтүстікке ығысты. Үлкен юечждер оның жеріне қоныстанды. Содан кейін үйсін гуньмо үлкен юечждерге шабуыл жасап, оларды талқандады, оздері батыска қоныс аударды, сосын Дасьті (Бактрияны) бағындырды». Осылай үйсін халқының қаны сэ және үлкен юечждермен араласып кетті. Үйсіндерде мемлекет билеушісін гуньмо деп атады. Үйсін гуньмосының ордасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы Ыстықкол жағалауында болды. Үйсін мемлекетінің күш-қуатының кандай болғанын мынадан коруге болады: Үйсін гуньмосы Қытай ханшасына үйленді немесе қызы қытай билеушісіне түрмысқа шықты. Б.з. V ғасырының бас кезінде үйсін атауы тарихи моліметтерде кездеспейді. «Үйсін» этнонимі әлі күнге дейін сакталып келе жатқанын айта кеткен жон. Қазақтардың Үлы Жүзінің бір руы үйсін деп аталады. 19
Ерте кездегі Жетісу үйсіндері төрт түлік мал өсірді. Олар мал шаруашылығына айырықша көңіл бөлді, жайылымдар мен таудағы жайлауды маусымды пайдалану жүйесін енгізді. Қазбалардан алынған остеологиялық (сүйек) материалдар үйсіндердің жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандарын көрсетеді. Жетісудың ертедегі үйсіндері үй жануарларын, атап айтканда, кой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек үстаған. Жылқы шаруашылығы жақсы дамыды, асыл түқымды сәйгүліктері болды, көрші елдер бүл жылқылардың жүйріктігі мен шыдамдылығын жоғары бағалады. Теңлік қорғанынан табылған салтаттының бейнесі салынған алтын пластинкалар үйсін жылқыларының түқымының қандай болғанын көрсетеді. Суретке қарағанда аттардың бойы биік, дене бітімі шымыр, басы үлкен болғанын байқаймыз, ал қүйрық-жалдары өрілген немесе күзелген болып келеді. Мал шаруашылығымен қатар бүл өңірде егін шаруашылығы да дамыды. Өсімдіктерден жасалған тағамдарды үйсіндер күнделікті қоректенетін азықтарында пайдаланылған. Ақтастағы қыстаққоныс бөлмежайында бүтін 11, сынған 15 дән үккіш табылды. Оның бәрі де үзак уақыт бойы пайдаланғандықтан әбден тозығы жеткен. Б.з.Ш-IV ғасырларында суармалы егіншілік пен диқаншылық одан әрі дами түсті. Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге жеке меншік болғандығын жазба әдебиеттер дәлелдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандары үш түрге бөлінеді: диаметрі 50-80 м. және биіктігі 10-12 м.; екіншісінің диаметрі 15-20 м. және биіктігі 1 м.; үшіншісі аздаған топырақ үйілген, диаметрі 10-15 м. және биіктігі 30-50 см. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы туралы айтқанда. әдебиеттердің көпшілігінде «Усун-го» үйсін мемлекеті және «Син-го» -көшпелі мемлекет деген терминдер қолданылады, ал «Бу-цзу» -тайпа, тайпалық одақ термині сирек кездеседі. Сонымен б.з. ІІІ-Ү ғасырларында үйсін қоғамында таптық қатынастар мен мемлекеттілік қалыптасқан деп айта аламыз. 20
2.3. Хун және гүндардмн мемлекеті Жазба одебиеттерде хундар туралы деректер алгаш рет б.з.д. 822 жылы кездеседі. бүл олардың Қытайга жоГікын шабуылы кезімен тұспа-тұс келеді. Қазакстан мен Орта Азияда носілдік. этникалык жэне мәдени жагдайлардың күрт өзгеруі Шыгыстан ығыскан халыктардың Үлы коныс аударуымен байланысты, оган б.з.д. 111 гасырдың аяғында - II гасырдың басында кұрылган хундардың империясы түрткі болды. Адамзат тарихында үлкен рөл аткарган хундар мемлекеті шыгыста Үлы мұхиттан, батыста Гарбагатайга дейінгі аумакка созылып жатты. Хундар (казіргі кытай транскрипциясында -сюнну) ерте түркі тілдес монголоидтар болган. Б.з.д. V ғасырга таман олар Оңтүстік Монголия мен Ордоста коныстанды. Б.з.д. Ill гасырда х\ндар шабуылының күшейгені соншалык, кытай императорын Үлы корганды түргызуга мэжбүр етті. Б.з.д. Ill гасырдың аягында хундарда мемлекеттің негізі каланды. Сыма Цянь бүл окиганы былайша баяндайды: «Бүл кезде хунда шаньюй Тоумань болды. Оның екі әйелінен екі үлы бар еді. Ол үлкені Маодуньді (Мөдені) жаксы көрмеді, ал кішісін бауырына тартып. бабаларының заңын аттап өтіп, оны өзінің мүрагері етуге тырысты. Үлкен үлы бөгет жасап қарсыласпа>ы үшін Тоумань оны юечждерге аманат ретінде берді. Маодуньнің өгей шешесі юечжи тайпасынан болатын. Жасөспірім Маодхнь акылды эрі батыл еді. ол әкесінің ойын түсініп койды. Алгашкы мүмкіндікті пайдаланган ол кашып шығып. өзінің туган жеріне кайта оралды». Бүл кезеңде хундар туыскан рулардың одагы ретінде көсемдерін сайлап коятын. Б.з.д. 209 жылы Маодунь «жогары мәртебелі» шаньюй болды және хун мемлекетін күруга белсене кірісті. Маодунь өз иелігіндегі орталыкты баскаруды колына алды да, ал шыгыс жэне батыс аймактагы иелігін озінің жакын туыстары ішінен тагайындаган билеушілерге берді. Маодуньнің әскері жеңілудің не екенін білмеді. Үрыс даласында оны үш отрядка -орталык жэне екі канатка бөлді, оның әркайсысы өзінің міндетін жаксы білді. Аз уакыттың ішінде Маодунь әскерлері солгүстікте Байкалга дейін, батыста Шыгыс Түркістанға дейін. шығыста Ляох өзеніне дейін. оңтүстікге Қытай 21
жеріне дейін жетті. Б.з.д. 177 жылы Маодунь олі де куатты үйсіндерге қарсы жорық жасады. Үйсіндер және оларға шектес Шығыс Түркістанның 36 князьдігі хундарға бағынды. Маодунь орасан зор жер аумағы мен сандаған халықтарға билік жүргізді. Хундар Қытай империясы Хань үшін ең кауіпті қатерге айналды. Кошпенділерге талдан тоқылған богеттер мен терең орлар да. берік қамалдар да ешқандай богет бола алмады. Тіпті түғыры берік, әрі салуы қымбатқа түскен, арнайы қорғанысқа салынған Қытайдың Үлы қорғанының озі кошпенділерден корғануда түкке жарамай қалды. Хундар алға қойған стратегиялық жаулаушылық мақсаттарының бәрін орындады, Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің халықтарын бағындырды, Шығыс Түркістан аркылы отетін Үлы Жібек жолына бақылау жасады, қытай империясымен «бейбітшілік және туысқандық туралы» келісім-шарт жасап, соның негізінде қытай империясы хундарға алым-салық төледі. Өздерін жоғары үстайтын қытайлар үшін «адам келбетті және арыстан жүректі» хундардың өктемдігінен асқан қорлық болған жоқ. Алайда хундар мемлекетінің іргесі берік болмады, б.з.д. 1 ғасырында ол ішкі бақталастықтар мен қырқысулардан кейін олсірей бастады. Б.з.д. 47 жылы хундар оңтүстік пен солтүстікте ыдырады. Оңтүстік хундарда шаньюй болып Қытайды «жарылқаушы» көретін Хуханье билік басына келді, ал солтүстік хундарға орта азиялык тайпалармен одаққа кірген оның інісі Чжи-Чжи басшылық етіп, батысқа қарай кошті. II ғасырдың бірінші жартысында хундар алдымен Шығыс Қазақстан мен Жетісуға коныс аударды, онда олар V ғасырға дейін омір сүрген Юэбань мемлекетін қүрды, ал содан кейін Батыс Сібірдің угор тайпаларымен бірге Жайық бойына, Каспий жағалауы мен Еділ маңындағы далаға көшті. Бүл процесс қауырт қимылмен басталып, 300 жылға созылды. Бүл «халықтардың үлы қоныс аударуы» болды, кошпенділердің ор алуан этникалық күрамы Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы қозғалды. Сойтіп, жаңа этнос пайда болды. оны біз хүндардан ерекшелігі ғүндар деп атайтын боламыз. Оларды батыс одебиеттері солай аталған. 375 жылы ғүндар Баламбердің бастауымен томенгі Гди бойының далаларын басып, Доннан отіп, остготтардың одағын талқандады. Ғүндар біртіндеп батысқа қарай жылжи берді, Шығыс-Рпм империясының шекарасына талай морте шабчыл жасады. 395 жылы олар Константинополь қаласына жетіп.
Закавказье мен Месопотамияға түтқиылдан шабуыл жасады. Әсіресе ғүндар Ругила патшалық қүрып түрған кезде Рим мемлекетіне (V ғасырдың басында) шабуылы күшейді, ол сол кезде бай саналған Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін жаулап алды. Содан бастап Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) ғүн мемлекетінің орталығы болды. Шығыс-Римнің императоры Ругилаға жыл сайын 350 фунт алтын толеуге міндетті болды. 434 жылы Ругила қайтыс болғаннан соң мемлекет билігі оның немере ағасы Мундзактың үлдары - Бледа мен Атиллаға (Еділ) ауысады. 437 жылы ғүндар Бургунд корольдігін талқандайды - бүл оқиға «Нибелунгтар туралы жыр» (Песни о Нибелунгах) туындысының сюжетіне арқау болған. Бургундка ғүндардың шабуылы туралы халыктың ауыз одебиетіне жататын бүл аңыз кейін ортағасырда оңделіп, бір жүйеге келтірілді. Осы шығарма Рихард Вагнердің «Нибелунгтардың қоршауы» (Кольцо Нибелунгов) драмасында корініс тапқан. 445 жылы Аттила озінің бауыры Бледаны олтіріп, жеке билік тізгінін қолына алды. Ол озінің бірінші шабуылын Шығыс-Рим империясын талқандауға бағыттады, оларды жыл сайын алымсалык төлеп түруға мәжбүр етті. Германдықтармен және римдіктермен біресе соғысып, біресе одақтасқан Атилла акыр соңында Каталун даласында (451 ж.) қатты жеңіліске үшырады. Бірақта келесі жылы оның әскері Римге келді және императорды астанадан кашып кетуге мәжбүр етті. I Лев бастаған римдік елшілік Аттиланы моңгілік қаланы (Римді) талкандау мен талауға түсіру ниетінен қайтарды. Аттиланың олімінен кейін 453 жылы оның мемлекеті хазар, утургуй (кутургур), сабир торізді жекелеген иеліктерге ыдырап кетті. Хундар қоғамының шаруашылық омірі, экономикасы, әлеуметтік қүрылымы, саяси жүйесі кошпенділерге тән еді. Хундардың негізгі кәсібі кошпелі мал шаруашылыгы болды. Сыма Цянь былай деп жазды: «Қытайдың солтүстік жағын қоныстанған олар оздерінің малдарымен бір жайылымнан екіншісіне ауысып отырады. Үй малдарынан жылқыны, ірі қара және үсақ малдарды өсіреді; түйе, есек үстайды. Су мен жайылымға байланысты бір жерден екіншісіне көшеді. Билеушілерінен бастап бәрі де мал етімен қоректенеді, малдың терісінен киім тігеді, жүннен жасалған корпелер мен бағалы аң терісін жамылады.» Әсіресе хундардың тіршілігінде жылқының орны ерекше. Қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланады. Қойдың 23
терісі мен жүнінен киім-кешек, аяқ киімдер тіпп, жүнді түтіп, одан киіз басты. Забайкальедегі Ниже-Иволгинское қалашығын қазу кезінде сазбен сыланған еденге сабанның қосылғандығы анықталды. Осы жерден тарының дәні, шойын бүйым, темір орақ, тастан жасалған дән үккіштер мен дән сақтайтын үралар табылды. Мүның өзі ғүндардың шаруашылығында егін шаруашылығының рөлі айтарлықтай болғанын көрсетеді. Хундар қоғамының әлеуметтік қүрылымы өте күрделі болды. Мемлекетті колында шексіз билігі бар шаньюй басқарды. Оны «аспанның үлы» деп атады, ал оны ресми түрде «аспан мен жерден жаралған, Күн мен Айдың өкілі, үлы ғүн шаньюйі» деп мадақтады. Хунну қоғамында орталық билік қанша мықты күшейгенімен халықтық билікте ақсақалдар кеңесі әлсірей қойған жоқ. Жылына үш рет Айға (Лунца) табыну үшін жиналу дәстүрі болды, бүл жиында аспан рухына қүрбандық шалды. Шаньюй мемлекет аумағына, хундарға қарайтын барлық жерге билік жүргізіп, олардың қорғалуын қамтамасыз етті. Биліктің келесі сатысын оның кеңесшілері, әскери қолбасшылар иемденді. Үшінші позицияда белгілі бір аумақты басқаратын шаньюйдің туысқандары түрды. Бүлар 24 адам басқаратын онмыңдықтар болды. Оларды шаньюйдің өзі тағайындады. Ол бүларға түрғындармен бірге аумақтарды бөліп берді. Ер адамдардың негізгі міндеті әскери қызмет ету. Хундар қоғамының билеуші табы рулық-тайпалық тектілерден қүралды. Бірақ, сол кездің өзінде-ақ тектілер қүлдар үстады. Сөйтіп, Еуразияның көшпелі және отырықшы халықтарының басым көпшілігін біріктірген ғүндардың империясы өзінің ішкі жағдайындағы қайшылықтар негізінде ыдырап кетті. 2.4. Қацлылар Б.з. д. I мыңжылдық аяғында - б.з. I мыңжылдығының бірінші жартысында Оңтүстік Қазақстан аумағында сол кездегі Шығыстың ірі мемлекеттерінің бірі - Қаңлы мемлекеті пайда болды. Оның ықпалы Талас пен Ферғанадан бастап шығысында Арал жағалауының солтүстік-батысына дейін, солтүстігінде Орталық Қазақстан дапасынан бастап оңтүстігінде Орта Азияға дейін жүрді. Қаңлы тайпаларының қоныстанған аумағын, олардың этнолингвистикалық ерекшеліктерін айқындау, нақты археологиялық мәдениеттермен салыстыра қарау, соңғы жылдардағы 24
шешімі әлі толық ашылмаған «қаңлы проблемасына» айналып отыр. Б.з. I ғас^ірында жазылған «Хань ежелгі үрпақтары» (б.з.д. 206 ж. - б.з. 8 ж.) хроникасында Цянь Ханьшуда былай деп жазылады: «Қаңлы билеушісі Лоюени жеріндегі Битянь қаласында түрады. Халқының саны 120000 адам. Әдеттері юечжилермен бірдей. Қанлы шығысында ғүндарға бағынады. Қаңлының Суейе, Фуму, Юни, Ги, Юегань деп аталатын бес шағын иеліктері бар». Б.з.д. 138 жылы Қытайдың Тан империясының императоры У-ди өзіне белгісіз батыс елдеріне керуен аттандырды. Керуен басы князь Чжан Цянь саяхаттан 13 жылдан кейін оралып, императорға жазбаша баяндама жасады. Сол арқылы Қытай оздері үшін белгісіз басқа қалалық өркениет пен көшпелі мемлекеттер туралы мәліметтер алды. Чжань Цянь Қаңлы мемлекетінде де болып, билеушінің ордасында жеке кездесу өткізген. Қытай жазбаларына қарағанда, Қаңлы үлкен мемлекет болғанын байқаймыз. Оның билігі Каспийдің солтүстік жағалауына дейін жетті. Онда көшпелі тайпалар қоныстанды. Сонымен бірге бүл мемлекетте айналасы саз кірпіштен қаланған қабырғалармен қоршалған қалалар да болған. «Қанлы проблемасының» ішінде Қаңды түрғындарының этникалық сипаты ғылымдағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Әлі күнге олардың тілі туралы бірыңғай пікір жоқ. А.Н.Бернштамның айтуынша, қаңлылар түркі тілдес халық болған, ал «басқа авторлардың мәліметтері» бойынша олар солтүстік ирандық мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қүрамына кірген, бүл тайпалар болса бірінші мыңжылдықтың орта шенінде Сырдарияға түркі тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен өзінің этникалық бет-бейнесі мен тілін өзгерткен. Кеңестік ірі ғалымдардың бірі Б.А. Литвинский қаңлыларды иран тілді сақтардың түқымдарына жатқызады, оның пікірінше қанды сақ тайпаларының бірінің атауы, бүл сөзді аударған кезде «тері киімді адамдар» дегенді білдіреді екен. Сырдарияның коне атауы Канг болса, ол Қаңлы сөзінен шыққан. «Қыпшақтардағы қанды, деп жазады Махмуд Қашқари, - текті адамның атауы». Қыпшақ тайпалары билеушілерінің қаңлы атауын иемденуі арқылы өздерін көшпенділер ақсүйектері етуге үмтылысын ғадымдар ежелгі генеологиялық дәстүрге сай жерді жаулап алушылықпен және ежелгі қуатты Қаңлы мемлекетінің 25
мүрагері етіп жариялауларымен байланыстырады. Қалай десек те Қаңлы қазақтың Үлы Жүзіне жігатын руларының бірінің атауы болып қалған. Мүндай дереккр қазақ халқының этногенезін зерттеу нәтижесіне эсер ететіні созсіз. Қаңлы мемлекеті алған аумақ табиғи-климаттық және географиялық жағынан ор алуан келеді. Бүл орайда тау аңғарындағы қүнарлы қыраттар меч өзендер, созылып жатқан кең дала, шөл және шөлейт алқаптар туралы айтуға болады. Сонымен қатар бүл аймақтардың орк, исысы адамдардың оны игеру дәрежесіне байланысты ша; _ ашылығының дамуы немесе шаруашылык түрлері эртүр.іі болған. Қаңлылар егін шаруашылығына қарапайым суландыру жүйелерін пайдаланған. Б.з. алғашқы ғасырларында, мәселен, Шыршық озені жағалауында Зах деп аталған каналдың үзындығы жиырма шақырым болған, ал сол жақ жағалауында Ханарық каналы қазылған. Каналдардың іздері, бөгеттер мен дамбалардың үйінділері ескерткіштер аумағын зерттеу кезінде аэрофотоға түсіру арқылы анықталды. Қаңлылардың қоныстары мен ертедегі қалаларының орнын қазғанда оның бәрінен де дән (арпа, тары, бидай) қалдықтары, бақша (қауын, қарбыз) дәндері және жеміс-жидек (алма, жүзім, орік және т.б.) дәндері табылды. Қытай деректерінде Қаңлы билеушісінің жазғы және қысқы сарайлары бір-бірінен 900 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстан аумағында ертеден келе жатқан көшпелі мал шаруашылығына тән маусым бойынша жайылымды тандау, қоныс іздеу дәстүрі бар, осы түрғыдан алғанда, Қаңлының қысқы астанасы Сырдария аймағында болса, ал жазғы жайлауы мен хан сарайы Орталық Қазақстан даласында орналасты деп болжам жасауға болады. Қаңлылардың қалалары мен елді-мекендері жергілікті саудаға қажетті барлық заттарды қамтамасыз ететін қолөнер орталығына айналды. Қыштан (керамикадан) жасалған ыдыстар мен тамақ дайындауға арналған металл ыдыстар қатар қолданылған. Сүйық тағамды сақтау мен тасуға бір немесе екі қүлақты қүмыралар қолданылды. Азық-түліктер қолдан қазылған үралардағы үлкен қыш ыдыстарда (хумдарда) сақталды. Б.з. 1I-V ғасырларында неғүрлым дамыған аймақтарда қолөнер мен сауданың орталығына айналған ертедегі қалалар салына бастады. Бүл кезенде ішкі нарықтың дамығанын жергілікті жердегі ақша айналымында тиынның қолданылуынан анық байқауға болады. Қазіргі кезде 26
ортүрлі салмақтағы мыс тиындардың 1300-ден аса түрі мамандарға жақсы таныс. Ал оның бір бетінде билеушінің қырын қараған бейнесі салынған. Қаңлы түрғындарының халықаралық саудаға қатысқанын өзге колөнер орталықтарында жасалған заттар дәлелдейді. Мәселен, Сырдарияның төменгі және орта ағысының бойындағы зираттарды қазу кезінде Сирияның, Қара теңіз жағалауындағы қалаларының шеберханаларында әр түсті әйнектен жасалған неше түрлі моншақтың табылуы осы пікірді дәлелдей түседі. Сонымен қолда бар археологиялық материалдар қаңлылардың қала түрғындарының да, мал баққан көшпенділерінің де Үлы Жібек жолы аркылы халықаралық саудаға араласқанын көрсетеді. 2.5. Б.з. I11-V ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер Юэбань. Солтүстік-хун мемлекетінің қалдықтарын және б.з. 93 жылы сяньбийлер мен қытайлықтарды жеңгеннен кейін хундардың бір бөлігі хуянь руынан шыққан сенгирлердің бастауымен Шығыс Қазақстан аумағына ығысып, осы жерге қоныстанды. 126 жылы сенгирдің сарайы Қара Ертіс жағасында орналасты. Бірақ б.з. II ғасырының ортасында хундарды сяньбийлер талқандап, олар батысқа қарай одан әрі шегінді. Қалған хундар жергілікті түрғындармен бірігіп, 490 жылға дейін болған Юэбань мемлекетін күрды. Юэбань билеушісі «сенгир» деген атақты иеленіп, сыртқы саясатты белсенді жүргізді, көршілерімен елшілік алмасып, қорғаныс және басқыншылық соғыстарын жүргізді. Гаогюй. 490 жылы Юэбань мемлекетін талқандаған теле тайпасы Афучжило бастауымен Шығыс Қазақстан аумағына жылжыды. Осы жерде Гаогюй мемлекеті қүрылды. Жер аумағы жағынан ол екіге бөлінді. Солтүстік бөлігін «Аслан императоры» атағы бар Афучжилоның өзі баскарды, ал оңтүстігіне «Мүрагер патша» атағын алған оның немере інісі Цюнцизи билік етті. Қытай шығыс көршілері жужандарға қарсы бірлесіп соғыс ашпак ниетте болған, бірақта бірнеше жылдан кейін оңтүстік иелікті эфталиттер (ақ ғүндар) талқандады. 496 жылы Афучжило көтеріліс кезінде өлтіріліп, ал оның мүрагері Балиянь эфталиттерден тағы да жеңіліс тапты. V ғасырдың аяғында Гаогюй мемлекеті қүлады. Кидариттер. Хундардың, ал содан кейін 417-418 жылдары юэбандықтардың қоластында болған Тарбағатай тауында қалған 27
юечжи бөлігі жужандармен болған соғыстың нәтижесінде оңтүстік-батысқа, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға карай жылжыды. Олардың бастаушы көсемі Кидар кидариттер мемлекетінің «Кушаншах» атағын қабылдады. Кидариттер эфталиттер және Византиямен үштік одақта болып, Иран-Индия одағына қарсы шыққаны белгілі. 468 жылы Кидардың мүрагері Кунгха өзінің астанасында ирандардан жеңіліп, біржолата тізе бүкті, содан кейін кидариттер мемлекеті жойылды. Хиониттер. Қаңлылар мемлекетінің әлсіреуі мен қүлауы Арал жағалауында түратын олардың бүрынғы бодандары хундар немесе хиониттердің нығаюына алып келді. 356-357 жылдары хиониттер Оңтүстік Қазақстанда қуатты мемлекет қүрып, Иранға қарсы шықты, бірақ екі жылдан кейін олардың патшасы Грумбат Иранмен одақтасты. IV ғасырдың 70-ші жылдарында хиониттер тәуелсіздік алды. 563 жылы хиониттер түркілерден жеңіліп қалған кезде оның елшілігі Константинопольде болғаны белгілі. 28
Ill ТА PA У ________________________________________ _ ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕ 3.1. Түріктер тарихи аренада Ежелгі түріктер тарихи аренаға VI ғасырдың орта шенінде шыққан. VII ғасырдың аяғында оның шекарасы шығыста Қытаймен, батыста Византиямен шектесті. Дада империясы Түрік қағанатының қүрылуы - «түрік әлемі» деген үғымды туғызып, Қазақстан мен Еуразияның басқа да елдерінің тарихында жаңа кезең ашты. VI ғасырда қытай тарихшыларының жазған аңыздарында «үлкен батпақты жердің шетінде омір сүрген» ежелгі түрік тайпалары жауларының шабуылынан кейін қырылып қалған, әбден азапталған 10 жасар бала ғана тірі калады, оны қасқыр қүтқарып, қоректендіреді, әлгі қасқыр оған кейін әйел болып, одан 10 баланы дүниеге келтіреді. Сондықтан да қасқыр коптеген түркі халықтарында қасиет түтатын хайуанатқа жатады. Қасқырдың үлдары Турфанның (Шығыс Тянь-Шань) қыздарына үйленеді. Оның Ашина атты немерелерінің бірі жаңа тайпаның көсемі болып, оған озінің атын береді. Кейін ашина руынан шыққан көсемдер өздерінің қандастарын Алтайға алып келеді, онда олар жергілікті тайпаларды басқарып, түркі есімін алады. 460 жылы түркілерді Жужандар (аварлар) бағындырып, қазіргі Түркістанға қоныс аударады. Түріктер Шығыс Түркістанда болған жылдары өзінің қүрамына жаңа этникалық топты қосып алып, жергілікті түрғындармен араласып кетті. III ғасырда 460 жылға дейін түріктер қоныстанған аумақта түріктердің тілі мен мәдениетіне ықпал еткен иран (соғды) және тохар (үндіеуропалық) түрғындар басым болды. fan осы жерде түріксоғды байланыстары басталды, ол ежелгі түрік мемлекеттігі мен мәдениетінің барлық саласына зор ықпал етті. Аварлардың қол астында түріктер күш жинап алды. Ақырында түріктер бас котеріп, аварларды талқандады. 551 жылы түріктің билеушісі Бумын қаған атағын алды, бүл императормен тең атақ болатын. Сонымен VI ғасырдың ортасында Еуразияның тарихи аренасына Түрік қағанаты шықты. Бумынның олімінен 29
кейін 552 жылы таққа оның үлы Қара-Еске-хан отырып, аварларды толықтай тізе бүктірді. Жеңістен кейін ол каған жүмбақ жағдайда қайтыс болады, сосын мемлекетті онын інісі Мүқан-қаған басқарады. 553 жылы аварлар қайтадан талқандалып, түріктер Алтайдан Шығысқа дейінгі барлык даланың қожасы атанады. Келесі жылы түріктерді Бумынның кіші інісі - Иштеми-қаған бастап батысқа жорыққа аттанады. Аварлардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық корсете алмады, 555 жылы Иштеми оскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетті. Түріктердің батысқа жасаған жорығы тек жаулап алу ғана емес, өз тайпаларын Орта Азияның солтүстігі мен шығысындағы таулы-далалық аудандарға, ең алдымен Қазақ даласына қоныстандыру болатын. VI ғасырдың екінші жартысында «түркі» тілдері бірінші рет жазбалараға түсіріліп, кеңінен таралады. Соғдылар оны түрік лесе, олардың коптік жалғауы арқылы - туркут, «түріктер» болды. Соғдылардың нүсқасын (көптік жалғауда) қытайлар алды (туцзюе-тюркют), сөйтіп түркілер мен қытай арасындағы елшілік жоне жазба қарым-қатынастар алғашқыда соғдылар мен соғды жазбасы арқылы жүзеге асырылды. «Түрік» терминін кейін византиялықтар, арабтар, сириялықтар қабылдап, санскритке, әртүрлі иран тілдеріне, тіпті тибет тіліне еніп кетті. Кейін түрік деп аталған тілде сөйлейтін мейілінше ірі тайпалар бірлестігі оғыз тайпалық одағы еді, ол қытай жазбаларында теле деген атаумен белгілі. Түріктерге тілі үқсайтын жергілікті түрғындар, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік-батысындағы сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, фин-угор тайпаларының үрпақтары және аварлар Түрік қағанатының қүрамына енді, ал енбегендері батысқа қарай қашты. Поволжьеде, Азау теңізінің жағалауы мен Солтүстік Кавказдағы коптеген ғүн тайпаларын өз ордасының қатарына қосып алған аварлар 558-568 жылдары Византияның шекарасына басып кіріп, Дунай алқабында озінің мемлекетін қүрып, Орталық Еуропаның елдерін талай морте қаңыратып кетті. Ал Орталық Еуропаға кеткен фин-угор тайпалары кейіннен венгер халқының қалыптасуына ықпал етті. Түріктердің батысқа жасаған жорықтары нотижелі болды. VI ғасырдың 60 жылдарының аяғында Түрік қағанаты Византия. Сасанидтік Иран, Қытай тәрізді сол кезендегі ірі мемлекеттерімен саяси және экономикалық қарым-қаты наста болып, Қиыр 30
Шығысты Жерорта теңізі елдерімен байланыстыратын сауда жолына бакылау орнату үшін күресті. VI гасырдың 60 жылдарында түріктер Бэи-Ци жэне Бэи-Чжоу атты кытай мемлекеттері арасындағы соғыска катысып, оларды алым-салык төлеуге мэжбүр етті. Тобо каған: «Оңтүстіктегі екі бала ғана (Чжоу мен Ци) бізге багынса болғаны, онда кедейшіліктен коркудың кажеті жок» деген. Каспий теңізінен Солтүстік Индия мен Шығыс Түркістанға дейінгі аралыкта созылып жаткан аймакка билігін жүргізген эфталиттермен күресте түркілер Сасанидтік Иранныц көмегіне сүйенді. Ак ғұндарга (Эфталиттер патшалыгы) вассал ьды багынышты болган парсылар түріктермен одакка куана келісті, сосын 564 жылы Тохаристанға соғыс басталды. 565 жылы Нефестегі шайкаста Иштеми-каган бастауымен түріктер жеңіске жетті. жэне Согды жері каганатка косылды. Біракта түрік-эфталит согысы аякталған соң Иранга шығыстан кысым көрсетіле басгады. Дау Үлы Жібек жолына деген бэсекелестіктен басталды. Иранга карсы күресте түріктер Византпяның императоры II Юстннианды одактас ретінде тауып ала койды. 567 жылы согды Маниах каганат атынан Константинопольде Иран әскеріне карсы бірлескен эрекет туралы келіссөз жүргізді. 570-576 жылдары түріктер Солтүстік Кавказды, ал 576 жылы Босфорды жаулап алды. Осының нәтпжесінде түрік каганаты Ұлы Жібек жолының барлык маңызды бөліктерін бакылауға алды. мүның өзі түрік бекзаттарына керуен саудасынан кыруар пайда түсірді. Алайда түрік мемлекетінің куаты көп кешікпей озара кыркыстардан элсірей бастады. Түрік каганаты кұлауының өзіндік себептері бар, бір жагынан алганда, бөлшектелген Қытай сол кезде Суй династия-сының коластына бірігіп ныгайды (581-618), ал екінші жагынан түріктердің ашина руы ішінде өзара келіспеушілік басталды. Тобо-каган кайтыс болганнан кейін оның үлы Ешбара-каган атагын алган Қара-Еске Шету ага каған болды. Екінші каған лауазымын Иштемидің үлы Қара-Шүрен Түрік иеленді, Мұканкаған ұлы Төремен Або-хан (кеңесші) атагын алып, мемлекеттің солтүстік бөлігіне билік етті. 588 жылы батыс түріктерінің ханы Қара-Шүрен мен шыгыс түріктерінің ханы арасында жаулык көзкарас кайта басталды. Қара-Шүреннің тәуелсіздік үшін соғысы 593 жылга дейін созылды. Бірак, батыс жэне шыгыс түріктері арасындагы 31
жоғалтқан нәрсе тым қымбатқа түсетін, ейткені, 598 жылы Қытаймен басталған соғыс кезінде шығыс түріктері Жангардын, бастауымен Суй империясын қолдап кетті. Қара-Шүрен олтірілді, сондықтан Түрік қағанаты одан кейін біріге алмады. 603 жылы Батыс қағанатының ханы Қара-Шүреннің шобересі жас бала Таман болды. Біртүтас Түрік қағанаты осылайша омір сүруін тоқтатты. 3.2. Батыс-Түрік қағанаты Түрік қағанатындағы әлеуметтік қарама-кайшылықтардың ушығуы, өзара қырқысқан соғыстар, Қытайдың қағанат шекарасына шабуылы, оның аудандарының жасанды болшектену процесі 603 жылы жалпы түрік қағанатын Шығыс және Батыс - екі дербес болікке бөлумен аяқталды. Батыс-түрік қағанаты (оздерін «он оқ елі» деп атады) ертедегі үйсін жерінде қоныстанды, яғни Қаратаудың шығыс беткейінен Жоңғарияға дейінгі алқапты алды және Түрік қағанатының батыста жаулап алған иеліктеріне мүрагер болып қалды. Оның иеліктеріне Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан даласы мен Солтүстік Кавказ кірді. Шығыс-түрік қағанаты бүрынғы жаулап алынған шығыс иеліктерін Қытай шекарасына дейінгі жерлерді иемденді, оның орталығы Моңғолиядағы Орхон озенінің алқабында болды. Батыс-түрік қағанатының оркендеу кезеңі Шегу (618-619) және Тон-жабғу (618-630) қағандар билік еткен уақытқа сәйкес келеді. Бүл кезең жас мемлекеттің коп аумақтарды барынша молынан басып алу, тез баю және әскери-тайпалық бекзаттардың ыкпалының артуы, қаған билігінің қоластында тайпалар күшінің бірігуі, толассыз табысты жорықтар кезеңі болды. Шегу озінен бүрынғылардың әскери күштерін жаңартып, оз империясының аумағын Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукушке. Тарим өзенінің бассейніне дейін жылжытты. Қытайдың жаһангері Сюань Цзан Шегу қағанының сарайын былайша суреттейді: «Ордада аңға шығуға дайындалып жатқан Шегу ханмен кездестім. Оның әскери қару-жарақтары коңіл аудартады. Ханның үстінде жасыл жібек киім болды. Ақ жібек шалмамен маңдайын айналдыра ораған, үшы арқасына түсіп түр, шашы ашық күйінде. Оның қарамағында бүрымдарын орген екі мың адам бар екен: олардың бәрі де жібек матадан тігілген киім киген. Жауынгерлердің үстінде ірі талшықты жүннен басылған киіз киімдері бар, ал қолдарына қыл қүйрық ілінген шоқпар басты таяқтар мен садақтар үстаған. Жылқылар мен түйелердің саны
өте көп. Хан жалтыраған алтын түспен өрнектелген кең шатырда түрады. Оның касындағылары да әдемі киінген, олар хан алдында екі қатар болып отыр, ал қарауыл күзет ханның артында түр. Хан ерекше мәнер мен таңғалдыратын салтанатқа ие». Әр алуан елдерде болған Сюань Цзанды түрік сарайындағы жарқылдаған көздің жауын алатын көріністер мен байлық, керемет рәсім, салтанатты қабылдау, қытай және басқа тілдерді кереметтей білу таңғалдырды. Бірақ мүның бәрі қуатты түрік қағанының сыртқы көрінісі еді. Тон-жабғу (618-630) қағанаттың батыстағы саясатын белсенді жүргізіп, өзінің қысқы ордасын Суябқа - Шу өзені бойындағы ірі сауда-қолөнер орталығына, ал жазғы ордасын Исфиджабқа жақын мандаты Мыңбүлаққа көшірді. Жаңадан жасалған жорықтар шекараны Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукшқа дейін созды. Тон-жабғу ордасы Қүндызда болған, оңтүстікті (Тохаристанды) басқаруды өзінің үлы Тарду-шадқа берді. 627-628 жылдары Тон-жабғу озінің әскерлерімен Ираклийге, Византия императорына, Кавказға жасалған жорықтарға тікелей озі қатысты. Түріктер Чоре (Дербент) мен Тифлисті басып алғанда мол олжаға кенелді.Тон-жабғу қағанының ғажайып табысы оның Тифлис қабырғасында Ираклиймен кездесуі болды, сол кездесуде Византия императоры түрік қағанатының басшысына өзінің тәжін үсынып, оған өзінің қызы - ханша Евдокияны беруге уәде етті. Тон-жабғудың жорығы Орта Азияда да табысты болды, онда ол солтүстігінде Жетісудан бастап оңтүстік Ауғанстан мен оңтүстігінде солтүстік-батыс Пәкстанға дейін билігін күшейтті. Батыс-түрік қағанатының мемлекеттік жүйесіне кіретін жергілікті иран вассалдарына түріктің титулдары берілді. Тон-жабғу Орта Азияда «өзін әлемнің мықтысы санағандармен» жеке байланыс орнатып, беделі күшті Самарқандтың билеушісіне өзінің қызын берді. Тон-жабғу патшалық қүрып түрған кезде «ешқашанда мүндай қүдыреттілік болған жоқ» деп жазады шежіреші. Бірақта мүндай шарықтау үзаққа созыла қойған жоқ. Өкінішке орай тарих қайталанып, Батыс-қағанаты өзінен бүрынғылар басынан кешірген сәтсіздікке үшырады. Мемлекет үзаққа созылған саяси дағдарысқа түсті, оның басты себебі батыс-түрік қағанатының тайпалық одағын қүрайтын дулу мен мен нушиби -екі конфедерацияның ақсүйектері билікке таласты. Шығыс қағанаты Қытайға бағынғаннан кейін императорлық әскерлер батыс түріктің шекарасына шоғырланды. «Он оқ» өскері 33
жеңіліске үіііырады, ал олардың соңғы тәуелсіз билеушісі НиварЕшбара-жабғу қаған түтқынға алынып, екі жылдан кейін, яғни 659 жылы қайтыс болды. Тек осы жеңілістен кейін арада 40 жыл өткесін түріктер күш жинап, бәрін қайта бастады. VII ғасырдың 80-ші жылдарында шығыс түріктері Қүтлықтың бастауымен бірікті,содан кейін өздерінің бүрынғы иеліктерін қайта жаулап алуға үмтылды. Қүтлық Елтеріс-қаған лауазымына, яғни «халықтарды біріктіруші» деген атаққа ие болды. Оның ісін інісі Қапаған-қаған (691-716) және үлдары Білге-қаған және Күлтегін жалғастырды. Аз уақыт ішінде ол қуатты мемлекетке айналып, Қытай мен батыс түріктерді қайтадан бағындырды. Батыс түрік қағанының мемлекетінде бірінші түлға жоғары билеуші - қаған, басқарушы, өскери қолбасшы болды. Қағанатта әр кездері бірнеше қағандар болса, олардың өкілеттіктері әркелкі дәрежеде кездесті. Қаған мемлекеттің ішкі-сыртқы істерінің бәріне басшылық етіп, ақсақалдар (рубасылары) кеңесін бекітті. Қаған тек әМірші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің меншік иесі де болды. Бірақта көшпелі қоғам жағдайында билік негізінен жерге емес, оны пайдаланушы адамдар үжымында жүргізілді. Мемлекетте қағаннан кейін екінші түлға үлық еді. Қағанатта жоғарғы атақ - жабғу, шад және елтебер - қаған руынан шыққандарға тиесілі болды: олар қағанға қарайтын бағынышты тайпалардың билеушісі және қағанның өкілдері дөрежесін иеленді. Сот қызметін бүйрықтар, тархандар атқарды. Бектер - тайпалардың басшылары мен өкілдері, жергілікті жердегі ақсүйектердің басты тірегі. Отбасында қүл үстаушылық болды. Түрғындардың негізгі бөлігі еркін қауымдық-малшылардан түрды. Шаруашылық түрғыдан алып караганда, ертедегі түрік кезеңі Үлы дала төсінде бір-біріне теңесе қоймайтын көшпелі және жартылай көшпелі елде мал шаруашылығы мен отырықшы-егін шаруашылығы сияқты екі саладан түратын бірыңғай жүйені қамтыды. Қала мен дала белгілі бір жағдайда бір-бірін толықтырып, бүл мемлекеттің нығаюына өсер етті. Қала түрғындары үшін тыныштық керек болды, ал оған жауынгер қорғаушылар кепілдік берді. 3.3. Түргештер мен қарлүқтар мемлекеті VIII касырдың бас кезінде ертедегі түріктерге екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Батыста Сырдарияга жорық жасаған арабтар, ал шығыста Жетісуға жылжыған қытайлар қауіп 34
төндірді. Шығыс түріктері және қытайлармен арадағы қантөгіс соғыс қытайларды өлсіретіп, 699 жылы Батыс-түрік қағанаты бүрынғы қалпына келтірілді, бірақта оның билеушісі ашина тайпасынан емес, түргеш тайпасынан болды, сондықтан қағанат Түргеш қағанаты аталды. Түргештер дулу тайпалық одағына кірді, өз кезегінде қара және сары түргеш болып бөлінді.- Түргештердің ықпалы біртіндеп арта түсті, оған бағынатын тайпалар саны өсті. Оның көсемі Үш-Елік өз жерінде өрқайсысында 7 мың адамы бар 20 провинция (түтүк) қүрды. Шу өзенінің солтүстік-батысындағы өзінің жеке ордасын Суябқа көшірді де оны енді Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы орналасты. Күнгіт жөне осылай аталатын тайпа Іле бойында болды. Түргештер шығысында Шығыс түрік каганатымен, ал батысында соғда княздігімен шектесті. Ал оңтүстігіндегі иелік Сигжоу (Түрфан) және Тингжоу (Бесбалық) округтеріне дейін созылып жатты. Түркештердің 717 жылдан бастап қара түргештердің чапыш руынан шыққан Сүлу қағаны болды. Сол жылы оның Тан империясының астанасы Чананьға жасаған елшілік сапары сөтті аяқталды. Мүнда Сүлу өзінің елшілік қабілетін жарқырата көрсетіп, өзі үшін өте қауіпті билеушілердің қыздарына қүда түсті: ол батыс-түрік қағандарының ата тектері болып саналатын ашина руының қызына үйленіп, өзінің билігін заңдастырып алды; екінші әйелі шығыс-түріктердің билеушісі Білге-қағанның қызы болды; Сүлудың үшінші әйелі Тибет патшасының қызы еді. Сүлу өзінің үлын Білге-қағанның қызына үйлендірді. Өз туысқандарының қуатты қолдауына сүйенген Сүлу қытайлардың Орталық Азияға жылжуын дипломатиялық жолмен де, өскери әрекетпен де тойтара білді. Негізгі қауіп батыстан төнгендіктен Сүлу Орта Азия мемлекеттерінің арабтарға қарсы күресіне кіріседі. 728-729 жж. түргештердің әскери қолдауына сүйенген Самарканд пен Бүхарадағы халык көтерілісі арабтарды Орта Азиядан толығымен қуып тастауға мүмкіндік туғызды. 731-732 жж. Кеш таулары мен Самарканд арасындағы, Керминде түргештер арабтарды жеңіліске үшыратты. Сүлу қаған арабтарға қарсы батыл да нәтижелі соғыс жүргізіп, өзінің қолбасшылық өнерін көрсете білді, сол үшін де оны Әбу Музахим - Сүзеген атаған. Арабтар түргештермен исламды насихаттау арқылы одақтасқысы крлді, бірақта бүл жүзеге аса қоймады, Сүлу соғдылардың одақтасы болып қалды. Алайда 737 жылы 35
Қытаймен арадағы бейбіт келісім бүзылып, Сүлуға екі майданда соғысуға тура келді. 737 жылы Жетісуға оралысымен оны өзінің колбасшысы Бага-тархан өлтірді. 739 жылы араб әскерлері Түргеш қағанатының жеріне басып кіріп, түргеш қолбасшысы Қүрсылды талқандады. Сүлудың аты аңызға айналған үзеңгілесі түргештердің соңғы үміті еді, бірақ оны арабтар түтқынға алып, кейін өлтіріп тастады. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағындағы арабтардың билігі бүрын Шығыс-түрік қағанаты талқандап тастаған қуатты Қытайға үнамады. 740 жылы қытай әскерлері Тараз қаласын қиратып, ондағы билік ететін қарачорлар династиясын талқандады. Қытай Жетісуға билік ету үшін Сяньді өкіл етіп қояды, бірақ ол 742 жылы Қүлан қаласында өлтірілді. 748 жылы қытай әскерлері батыс-түрік астанасы Суябты жаулап алып, талқандағаннан кейін, 749 жылғы шабуылдаудан соң Шаш (Ташкент) тізе бүкті. Шаштың азаптап өлтірілген билеушісінің үлы көмек сүрағандықтан әрі Тараздағы өз әскерлерінің тағдырына алаңдаған араб билеушісі Әбу Мүсілім қолбасшы Зияд ибн Салихтың бастауымен көмек жібереді. Араб және қытай әскерлері 751 жылы Талас өзенінің бойындағы Атлах қалашы-ғында кездеседі. Қырғын шайқас бес күнге созылады, мүнда арабтар жеңіске жетеді. Қытайлар Жетісудан қуылады, ал арабтар өздері бағындырған Соғдыдағы үздіксіз көтерілістерге шыдамай шегініп кетуге мәжбүр болды. Жылнамада айтылғандай, Түргеш қағанатында «Кімде-кім Согэнің (Сақалдың) үрпағы болса, оны сары рудан (сары түргеш) деп атады, ал Сүлу (Сулук) үлысынан шыққандарды қара ру (қара түргеш) деп атады. Олар өзара жауласып, бір-біріне сенімсіздікпен қарады». «Сары» және «қара» түргештер арасындағы билік үшін күрес Түргеш кағанатының іргесін шайқалтып, ақырында қүлауына әкеп£октцГ 756 жылы Жетісуда билік басқа түрік тайпасы -қарлүқтарға өтті. Марвазидің мәліметі бойынша қарлүқтардың тайпалык қүрамына тоғыз топ енді:жікілден үш бөлім, бескілден үшеу, бір - бүлақ, бір - көкеркін, бір - тухси және екі қосалқы ру - лазана мен фарахия. Сондай-ақ қарлүқ конфедерациясына әртүрлі көшпелі жөне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар да енді, олар - тухси, чигили жөне азгиши, халаджи, чаруки, аргу, барсхандар. Сонымен қатар оның қүрамының басым бөлігі Сырдарияның орта және төменгі сағасына қоныс аударып кеткен 36
оғыздардан қалған топтар жеке, сондай-ақ түркіленген үйғырлар, соғдылар болды. VII-X ғасырларда Қарлүқ тайпалары Қазақстан аумағында Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін алып жатқан өңірде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас алқабында, Тянь-Шань сілемдерінде мекендеді. Олардың көсемі - елтебер атағын, жоғары билеуші -жабғу атағын иемденді, ал 840 жылдан бастап қаған деп аталды. Жетісуда қарлүқтардың билігі 766 жылыТараз бен Суябті бағындырғаннан кейін түпкілікті орнады. Түрік тайпаларының арасындағы жоғарғы билік қарлүқтардың қолына көшті. Арабтардың қарсылығына қарамастан олар Ферғанада өз билігін күшейтті. Осындай өзара қарама-қайшылық қарлүқ билеушісінің несторианды бағыттағы христиан дінін қабылдап, Тараз мен Меркеде несториандык митрополияны қүрғаннан кейін күшейе түсті. Қарлүқтардың шығыстағы Үйғыр қағанатымен бәсекелестігі сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы үйғырлар Бесбалықтың түбінде қарлүқтар мен тибеттердің әскерін талқандады. 812 жылы олар қарлүқтарды толығымен жеңді. Арабтар бүл жағдайды шебер пайдаланып, қарлүқтардың Ертіс бойына қашуына мәжбүр етті. Қарлүқтар амалсыз үйғырларға бағынды. Оңтүстік Сібірде үйғырлардың билігіне қарсы Енисей қырғыздары табан тіресе шайқасты, қырғыздар туралы мәлімет бірінші рет Сыма Цяннің (б.з.д. Іғ.) «Тарихи жазбаларында» кездеседі. Қырғыздардың иелігі шығыста Байкалда түратын гуличань халқының аймағына дейін, батыс шекарасы Алтай тауы, оңтүстік-шығыста Саян жоталары арасын алып жатты. Қырғыздар 840 жылы үйғыр мемлекетін біржолата талқандап, көне түркі дәстүрімен Отюкенге (Алтайға) қоныс аудармай, бүрынғы мекен еткен жерінде қалды. Бүл жағдайды күшейіп алған қарлүқтардың көсемі, Исфиджабтың билеушісі жабғу Білге Күл Қадыр-хан пайдаланды, ол Гардизидің мәліметі бойынша, Илмалмасынжабғу атағын алып, қарлүқтар ішінен бірінші болып қағандардың тағына отырды. Қарлүқ қағанатының тарихы көпке созылған жоқ. 940 жылы мемлекет астанасы Баласағүн қаласын Шығыс Түркістандағы чигили және ягма деп аталатын түрік тайпалары басып алды, содан кейін Қарлүқ қағанаты қүлады. Енді Жетісудағы билік қарахандардың қолына көшті. Қарлүқтардың бір бөлігі солтүстік Жетісуға көшіп келеді, онда Қойлық қаласын (қазіргі Алматы облысының Қойлық мекеніне жақын маңда) 37
орталығы етіп жаңа иелік қүрылады. Оның билеушілері тікелей қарахандарға бағынды. 3.4. Қарахан мемлекеті X ғасырдың ортасында Жетісу мен Шығыс Түркістанның (Қаштар) аумағында әлеуметтік қүрылымы салыстырмалы түрде мейілінше дамыған, өзінен бүрынғы мемлекеттік қүрылымдардың көптеген ерекшеліктерін іріктеп алған Қарахан мемлекеті пайда болды. Осыдан бастап түркі тайпалары қаған титулын мүра еткен рудың жоғары мәртебесін ғана мойындап, оған бүрын болып көрмеген жеке билік тізгінін берді. Орта Азия мен Қашғариядағы жаңа түрік империясының бастамасы ғылымда Қарахандар мемлекеті атауымен белгілі. Онда билік IX ғасырда қүрылған екі тайпалық одақтың - чигили мен ягманың ақсүйектері арасында бөлінді. Сырт көзге жеке-жеке кағандар басқаратын батыс және шығыс болып екіге бөлінген тәрізді көрінді. Жаңа мемлекет билеушісінің бірі Сатүқ Боғра хан Абдол-Керім есімін алып, 960 жылы ислам дінін қабылдап, Дослан Қарахан титулын алғаннан кейін мемлекет Қараханидтер деп аталды. Бас қағандық шығыс қағанының қолында болды, оның ордасы Қашғарда және Баласағүнда (Қырғызстанда Тоқмақ қаласына жақын мандаты Боран) орналасқан. Чигили тайпасынан шыққан ол Боғра Қара-хан титулын иемденіп, Таразды, кейін Самарқандты ордасы етті. 893 жылы қарахандар мен саманилер арасында Орта Азиядағы билік үшін талас болды, бүл күрес саманилердің толықтай тізе бүгуімен аяқталды. Орта Азия толығымен қарахан иелігіне өтті. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол қүрылғаннан кейінгі алғашқы онжылдықта екі ықпалды әрі күшті әулеттің Әли Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-хан өкілдері арасындағы өзара қырқысымен сипатталады. Осы өзара қырқысты Орталық Азияны билеуші көшпелі қара қытай (қидандар) тайпалары пайдалана білді. 1017 жылы қидандар Жетісуға баса көктеп кіріп, Баласағүнға дейін жетті. Бірақ қарахандардың билеушісі Туган-хан оларды шығысқа қарай шегінуге мәжбүр етіп, үш ай өкшелеп қуған шайқастан кейін оларды талқандады. 1056 жылы Арслан-хан өзінің ағасы Боғра-ханға қарсы сотые ашты, бірақ түтқынга түсіп қалып, өзінің иелігінен айырылып қалды. Оның үлы Ибраһим Барысхан Янал-тегін билеушімен болтан сотыста қаза тапты, ал Ботра-ханның үлы әйелінің берген уынан өлген. 38
Бүдан кейін Жетісу мен Қашғардың билеушісі Тоғрүл-Қарахан Юсуф болды, ол өзінің ағасы Боғра-хан Харунмен бірлесіп, Мауараннахрда шексіз билік жүргізген Шамсүлмүлік Насырмен соғысты. Соғыс бейбіт бітіммен аяқталды, шығыс және батыс қарахандардың шекарасы Сырдария бойымен өтті. 1089 жылы Бүхара мен Самарканд селжүк сүлтаны Мәлікшахтың қол астына қарады. 1130 жылы Арслан-хан ауыр сырқатқа үшырап, көп кешікпей Балқыда қайтыс болды. 1141 жылы селжүкқарахандардың біріккен әскерлері талқандалғаннан кейін билік қидан (қарақытайлар) билеушілерінің қолына көшті. Қарахандар мемлекеті шын мәнінде тарих сахнасынан кетті. Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы орында болды. Қарахандықтардың қойы көп болды, түйе, ешкі және ірі қара өсірді. ІХ-Х ғасырларды қарахандардың бір бөлігі отырықшылыққа және егін шаруашылығына бет бүрды, сөйтіп қала мәдениетіне көшті. Егін шаруашылығы Іле, Шу, Сырдария өзендерінің бойында өркендеді. Егіншілер тары, бидай, арпа өсірді. Мүнда бақ өсіру, жүзім шаруашылығымен айналысу, баубақша салу дами түсті. Таразды қазу кезінде өрік, шие, алхоры, қауын, қарбыз, сондай-ақ жүзім мен күнбағыс дәндері табылды. Егінді қолдан суарды, суару жүйелері зор рөл атқарды. Бүл орайда каналдар, арықтар қазылып, су сақтайтын су қоймалары түрғызылды. Қарахан мемлекетінде салық жинаудың қалыптасқан, нақты жүйесі болды. Отырықшы түрғыннан жинаған өнімнің оннан бірін қүрайтын харадж алынды. Қолөнершілер мен көпестер сауда-саттықпен айналысуы үшін баж салығы мен алымдар төледі. Қарахан мемлекетінің салық жүйесінде иқта институты болды. Салық жинау қүқығына ие иқтадар немесе муқта деп аталатын жеке І^үлғалар болды. Бүл орайда иқтадарларға салық көлемін көбейтуге немесе қандайда бір жағдаймен иқтамен түрғындарға қысым көрсетуге рүқсат етілмеді. Мүндай шартты билік басқарушы династияға, шенеуніктерге, әскери басшыларға берілді. Иқтаның неғүрлым көп тараған түрі әскери иқта - «иктат-и-хашам» деп аталды, ол иқтадарға әскери қызметті атқаруға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, отырықшы егін шаруашылығы көшпенділік салтпен тығыз байланыста болды. Егіншілер малды жайлауға 39
айдаумен жиі айналысты, ал жатақтар қыстақтарда егін шаруашылығына қатысты шаруаларға көмектесті. Шаруашылык. өнімдерін айырбастау барысында олардың өзара қарым-қатынасы күшейді. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының дәстүрлерін жалғастырғанымен, оны экономикалық және әлеуметтік түрғыда қайталауды жөн көрмеді. Саяси жүйе Орталық Азиядағыдай емес өзгеше түрде пайда болып, қалыптасты. Мүнда пайда болған әуелгі феодалдық әскериленген қүрылымы (иқта) жаңа ақсүйектер тобын дүниеге әкелді, ол Орта және Алдыңғы Азияның түрік империясында жедел әрі толық дами бастады. 3.5. Оғыздар Мафазат әл-гузз (Оғыздар даласы) оғыздар мемлекеті IX ғасырда Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысында, Арал маңы мен Батыс Қазақстанның кең даласында пайда болды. Оғыздар коптеген рулық бөлімдері бар тайпаларға бөлінді, айталық, X ғасырда тайпаларының саны 22-ге жетті. «Диуани лүғат ат түрк» шығармасында оғыз тайпаларының мынадай тізімдері келтіріледі: қынық, баяндүр, ива, салур, афшар, бектілі, букдүз, баят, язгыр, имур, қарабүлақ, игдыр, урегир, тутырка, ула-йондулуг, тюгер, джебни, беджене, джувулдар, джаруклуг. Оғыздар қүрамына негізінен арал-каспий аймағының ежелгі түркіленген түрғындары, сонымен қатар Жетісу мен Сібірдің көшпелі түрік тайпалары мен рулары енді. Оғыз тобының негізі Жетісуда қалыптасты, бірақта түрік империясы қүлағаннан кейін батысқа қарай жылжу процесінде Орталық және Батыс Қазақстанның көшпелі түрғындары есебінен толықты. Әсіресе далалық жерде орналасқан оғыздар арасында монголоидтік түр басым болды, дегенмен олардың ішінде еуропеоидтықмонголоидтық түрлерде кездесті. Әл-Масуди: «Түріктердің ішіндегі ең бойы аласалар да, ең көзі қысықтары да оғыздар» деп жазды. Ортағасырлық авторлар олардың бетінде сақал-мүрты сирек және жалпақ мүрынды екендіктерін келтіреді. Батыс Қазақстандағы оғыз қорғандарынан табылған бас сүйектер олардың моңғолдық түрге де, еуропалық түрге де жататынын дәлелдейді. Ең жедел түрдегі этникалық ассимиляция процесі ең алдымен Орта Азияның оңтүстік-шығыс аймақтарындағы оғыздардың арасында жүргені анық. Оғыз халықтарының қалыптасуы бүрынғы қандастық байланыстардың 40
ыдырауымен. жаңа аумактык-шаруашылык бірлестіктердің кұрылуымен, әуелгі феодалдык катынастардың пайда болуымен катар жүрді. Біракта казак, кыргыз, татар, башкұрт, түркімен, өзбек жэне каракалпак арасында бүл процесс онша жүре койған жок. Огыз этнонимдері казактың Кіші жэне Орта жүз рулары мен тайпаларының атауларында сакталған. X ғасырда огыздардың астанасы маңызды керуен жолында орналаскан Сырдария бойындағы Жаңакент (казіргі Қазалыға жакын жерде) каласы болды. Олардың куаты IX гасырдың 90 жылдарында күшейді. Сол кездері олар Арал мен Каспий маңындағы түрік тайпалары болып есептелетін көшпелі печенегтерді талкандады. Арал бойындағы печенегтер мен огыздар арасындагы сотые жүз жылдан аса уакытка созылды. Оғыздар мен олардың одактасы Хазар каганатының шапкыншылыгы салдарынан печенегтер (баджина) Қара теңіз жагалауына көшіп кеткен, X гасырда олар Киев Русі мен Византияга жасаған шабуылдарымен дүниені дүр сілкінткен еді. (Печенегтер үрпағы гагауздар - түркі тілдес халык, Молдовия мен Украинаның оңтүстігінде түрады). Огыздардың өркендеуінің нағыз шарыктау кезеңі X гасырдың екінші жартысына түспа-тұс келеді. 965 жылы Киевтің князі Святославпен бірлесіп, бірнеше гасырлар бойы арабтарга, Византияга, Киев Русіне және огыз мемлекетіне табанды түрде карсы түрып келген түрік мемлекеті - Хазар елін тарихи картадан сызып тастады. 965 жылы оғыздар орыс князьдарымен одактаса отырып, Еділ бойындагы Бүлгарларды жеңді. XI гасырда огыздар Иран мен Алдыңғы Азияга карай жылжыды. Бүл козгалысты Селжүктің немерелері кынык тайпасының билеушілері Тогруыл-бек пен Чогры-бек бастады, козгалыска катыскандарды тайпаның атауы бойынша селжүктер деп атады. 1025 жылы селжүктердің бір бөлігі казіргі Түркіменстандагы Неса каласында коныстанды. 1034-1035 жж. оган Тогруылдың кол астындагылар косылды. 1038-1040 жж. селжүктер Нишапурды басып алды. 1041 жылы жабғу Шахмэлік баскарып тұрган кезде огыздар Хорезмді жаулады. Бірак, XI гасырда огыздар біртіндеп әлсіреп, өзара кыркысу мен толкулар басталып, селжүктердің кысымы күшейді. Огыз мемлекеті XI ғасырдың ортасында түрік тайпаларының шығыстан келген шапқыншылыгының жаңа толкынынан күлады. Бүлар кыпшактар еді, оларды көне орыс жазбаларында половецтер, ал византиялык жэне 41
еуропалық деректерде коман, қүман деп атаған. Оғыздар мемлекеті ХІ-ХІІ ғасырларда Орта және Таяу Шығыстың бәрін Түркменстаннан Кіші Азияға дейін билік қүрған Селжүк мемлекетінің қүрылуына негіз болды, Осман империясының түптамыры сонда жатыр. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропаға кетіп, Киев княздігіне қызмет етті, енді бір бөлігі торық (түркі тілдес тайпа) және гуз атауымен қарахандар билігіне қарады. Ал атажүртында қалғандары XI ғасырдан бастап Қазақстан даласына және Шығыс Еуропадан Дунай және Карпатқа дейін аумақка билік жүргізген Дешті-Қыпшақтың (қыпшақтар елінің) түркі тілдес тайпаларының қүрамына енді. 3.6. Қимақтардың, кыпшактар және кара кытайлардың мемлекеттері Қимактар. IX ғасырда қазақ даласында саяси аренаға қимақтар мемлекеті шықты. Қимақтар федерациясының алғашқы қүрамы Гардизи еңбегінде келтірілген. Бүл одаққа жеті тайпа енген: эймур, имак, татар, баяндүр, қыпшақ, ланикяз, аджлад. VII ғасырдың ортасында қимақтар солтүстік Алтайды, Ертіс жағалауын мекендеді, өздері Батыс-түрік қағанатының қүрамында болды. Қағанат қүлағаннан кейін 656 жылы қимақтар бөлініп, қимақ тайпалар одағының негізін қалады. 840 жылы Үйғыр қағанаты қүлағаннан кейін оның қүрамында болған тайпалар ( эймур, баяндүр, татар) қимақ бірлестігіне енді. «Байгу» («ябгу» деп бүзылып айтылады) деген титулды, ал кейін ябгуге қарағанда екі есе жоғары түратын хахан деген жоғары түрік титулын иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет қүрылды. Орта ғасыр тарихшыларының мәліметтері бойынша X ғасырдың бас кезінде көшпелі қимақ тайпаларының қоныстанған жерлері: батысында Оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығысынан бастап Арал теңізі жағалауларындағы далаларға дейін, оңтүстігінде Орталық Қазақстаннан Солтүстік-Шығыс Жетісуды қоса алғанда, Солтүстік Балқаш өңіріне дейін, шығысында Батыс Алтайдан Қүлынды даласына дейін, солтүстігінде орманды далалық аумақта созылып жатқан. Олар Ертістің орта ағысында, сондай-ақ Солтүстік-Шығыс Жетісуда шоғырланып түрды. Ал-Идриси «Нузхат ал-муштак» (XII ғ.) кітабында қимақ елін былайша суреттейді: «Қимақтардың патшасы - тегеуіріні мықты, өзінің қадір-қасиеті жоғары түратын үлы патшалардың бірі. 42
Қимактар саны жағынан көп халық, олар қасиетті күшке сенеді, отқа табынады. Олардың ішінде зиндики-манихейлер бар. Олардың түрғын үйлері шалғынның және қалың орманның арасында болады. Жайылымды ауыстырып, көшіп-қонып отырады. Тараз қаласынан қимақ патшасының орналасқан жеріне дейін қарлүқ-түрік еліне баратын шөлейт жер арқылы 81 күн жол шектік. Қимақтар елінің көлемі жағынан өте ауқымды, жері мейілінше қүнарлы әрі өнделген. Қимақтар оңтүстігінде оғыздармен, батысы мен оңтүстігінде қарлүқтармен, сондай-ақ шығысында Мрак теңізімен шектеседі... Қимақ патшасының он алты қаласы бар. Олар: Астур, Наджа, Бурах, Сисан, Манан, Мастанах, Хакан деп аталатын патша қаласы, Банджар, Даклан, Ханауш. Патша қаласы Хакан темір кақпасы бар айналасы дуалмен қоршалған өжептәуф қала. Қимақтар патшасы алтынмен тігілген киім киеді, басында алтын тәжі бар, халықпен жылына төрт рет кездеседі. Астана халқының жағдайы жақсы, былайша айтқанда тамағы тоқ, көйлегі көк. Ең қүнарлы жер солардікі және өзі өңделген, өмірге қажетті нәрсенің бәрімен толық қамтылған, жүмсайтын шығындары да әр алуан, өздері іскер. Тек ақсүйектер ғана қызыл және сары жібектен тігілген киім киеді». XI ғасырдың екінші жартысында Оғыз жерін басып алғаннан кейін қыпшақтар айтарлықтай күшейді және бүрынғы қимаққыпшақ орналасқан негізгі аумақта күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты, қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қыпшақтар қимақ мемлекеттігінің мүрагері болды. Қыпшактар. Қыпшақ этнонимі алғаш рет VII ғасырда кездеседі, қыпшақтардың бірінші мекендеген жері Ертістің жоғарғы сағасы және оған қапталдас Шығыс Қазақстан даласы мен Алтай тауының сілемдері. VIII-X ғғ. қимақтар мен қыпшақтар алдымен Алтайға, Ертіс бойы мен Шығыс Қазақстанға, сосын Орал бойына, Орталық Қазақстандағы өктемдігі дала аймағында айқындаушы факторға не болды. X ғасырдағы парсы тіліндегі «Худуд ал-алам» шығармасы бойынша, қыпшақтардың бір бөлігі «Андараз Хифчак» аймағын мекендеген, бүл Орталық Қазақстан аумағында болуы керек, екінші бөлігі - оғыздармен көрші болып, Батыс Қазақстан даласын мекен еткен. Солтүстікте олардың көшетін қоныстадэы Батыс Сібірге дейін барған. 43
XI ғасырдың ортасы мен XII ғасырдың басында моңғол кезеңіне дейінгі қыпшақтардың көшіп-қонуының соңғы сатысында қыпшақ тайпасының 5 тобы қалыптасады: 1) алтай-сібір; 2) қазақ-жайық бойы; 3) днепрлік, қырымды қоса алғанда; 4) дондық, кавказ маңын қоса алғанда; 5) дунайлық, балканды коса алғанда. Орыстар оларды половец, Еуропа - коман, Шығыста - қыпшақтар деп атады. ХІ-ХІІ ғғ. Қазақстан аумағында түрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Бірінші канаты Торғай даласын, Жан, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болды. Сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралыктағы жерді қамтыды. Орталығы Сығанак каласы болды, оның ханы үран тайпасынан шыққан. XI ғасырдың аяғында олар оғыздардан Янгикент, Жент және басқа Сырдария алкабының қалаларын тартып алды. XII ғасырдың аяғында қыпшақтар мен хорезмдіктер арасында көптеген қақтығыстар болды. 1200 жылы жаңадан хан болған Алп-Дерек өзін Хорезмнің вассалы екендігін мойындайды. Хорезм шах қидандарды тізе бүктірген соң Алп-Дерек Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы барлық жерлерде билік жүргізді. 1210 жылы ол астананы Отырарға кошірді әрі Гайыр-хан титулын алып, хорезшах атынан оны басқарады. Моңғол кезеңіне дейін қыпшақтар ханы Атрак Грузия патшалығының IV Давид және оның мүрагерлерімен әскери істі үйымдастыруда маңызды рол атқарғаны белгілі. Қыпшақ ІІІансад-Дин Ильдигиз Әзірбайжандағы ильдигиздер династиясының негізін қалаушы болды. Көптеген қыпшақтар византиялық ақсүйектермен отбасылық жағынан туысқандык орнатты, олар жоғары лауазымдарды иеленді, мысалға кыпшақ қолбасшысы Алпамысты айтуға болады. 1185 жылы қыпшақтардың батыс канаты Қазақ ханның басқаруымен Каял өзенінде орыс әскерін талқандаған, бүл жонінде «Игорь полкі туралы соз» шығармасында келтірілген. Қыпшақтар қазақтардың, ноғайлардың; қырым, сібір, еділ бойы татарларының, башқүрттардың, қарақалпақтардың. өзбектердің, қырғыздардың, қарашайлардың, балқарлардың, қүмықтардың, түркімендер мен баска да түркі халықтарының этногенезінің елеулі қүрамдас болігі болғаны анық. Олар түрік. 44
венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монгол, қытай, үнді жоне араб халықтарымен де араласып кетті. Қара қытай (кидандар). Қара қытайлардың (қидандардың)- қиыр шығыс монгол тайпаларының шапқыншылығы және олардың Жетісуда өз мемлекетін қүруы (1130-1210) қарахандар иелігінің бір бөлігін үзақ уақыттар бойы қидандардың вассалына айналдырды. X гасырдың басында Солтүстік Маньчжурия мен Монголияда Ляо қидан мемлекеті (907-1125) қүрылды, олар Сун империясының (968-1279) бір бөлігін жаулап алды. Қидандардың оскері Солтүстік Қытайды, танғүттарды, чаган-татарларын бағындырғаннан соң, Селенг пен Орхондағы Үйғыр кағанатының бүрынгы жерлерін иеленіп, Алтай мен Тарбағатайға қарай қозгалды. 1125 жылы қидандардың мемлекетін Қытай мен маньчжурдың чжурчжень тайпасымен бірлескен әскері талқандап, қидандардың бір болігі Елюй Даши бастауымен батысқа көшті. Джувейнидің айтуынша, қидан көсемі бастауы-мен олар қырғыз жеріне ығысқанда қырғыздар қидандарға қарсы қатты қарсылық көрсеткен. Сосын Елюй Даши әскері Еміл жеріне барып, 1125 жылдары тап осы атаумен қала түрғызды. Осы жерге қоныстанған қидандар алғашқы кезде жергілікті билеушіге бағынды. Баласағүн билеушісі қидандарды кангарлар мен қыпшақтарға (печенегтерге) қарсы соғысуға шақырды, бірақ қидандар Баласағүнды жаулап алып, билеушіні тағынан тайдырып, өзінің дербес мемлекетін қүрды, оны Қара қытай атады, яғни Қара қидандар елі дегенді білдірді. 1137 жылы қидандар Ходжент түбінде Махмуд ибн Мухалид бастаған қарахандықтар әскерін түп-түгел қырып салды. Махмуд селжүк сүлтаны Санжардан комек сүрады. Сүлтан Санжардың 100 мың атты әскерінің қүрамына Систан, Гур, Газна, Мазандеранның да әскерлері болып, Самарқандқа қарай қозғалды. 1141 жылы 9 қыркүйекте Катван даласында шайқас болды, селжүктер жеңіліп, соғыста 30 мың жауынгер қаза тапты. Санжар мен Махмуд Термезге қашып кетті. Хорезмді жаулап алуға айырықша отряд аттанды. Сөйтіп, XII ғасырдың 30-40 жылдары қазіргі Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аумағы, Бүхара мен Самарканд, сондай-ақ Мауараннахр аймағы қара қытайлардың қоластына қарады. Бүл мемлекеттік бірлестіктің шекарасы түрақсыз болып, саяси ахуалдарға байланысты қидандардың вассалы орі оларға алымсалық төлейтін Тянь-Шаньнан Хорезмге дейінгі, ал оңтүстігінде 45
Әмудария жағалауларындағы аумақтар өзгеріп отырды. Қидандардың елбасшысы гурхан титулы н иеленді, ол «хандардың ханы» дегенді білдіреді. Гурхан әскерде қатаң тәртіп орнатып, түрғындарды тонауға тиым салды, түрақты салықтарды бекітті. Гурхан өзінің ордасын Баласағүн түбіндегі Қүз-Ордада қүрды. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды, енді билік гурханның жесірі Табуянға ауысты, ал 1150 жылы оның үлы Елюй Иле гурхан тағын иемденді. Оның кезінде алғаш рет халық санағы жүргізілді, 84 мың отбасы тіркелді, сірә, бүл Сырдария мен Еміл арасын қоныстанған түрғындар болуы керек. Иленің олімінен кейін 1163 жылы елді Елюй Дашидің қарындасы Бусуган басқарды. 1169 жылдан 1203 немесе 1214 жылға дейін билеуші болған ең соңғы гурхан Чжилугу (Чжулху) кезінде бүл аумақта түбегейлі өзгерістер жасалды. Орталықтан басқаруды жергілікті жерге беру айналып келгенде қара қытай әскербасыларының шын мәнінде автономиялық, яғни дербес билеушілері болуына әкеп соқты. 1212 жылы моңғолдардан ығысқан наймандар Күшлік ханның басқаруымен бүл аумаққа қарай ауды. Бір жағынан Күшлік пен екінші жағынан хорезмшах Ала-эд-Дин Мүхамед қара қытайларға соққы берді, ал олардың иелігі болған Жетісуға енді наймандар билік жүргізді. 3.7. Наймандар. Керейлер Сегіз-оғыз (түркіше сегіз тайпаның одағы) деп аталған найман тайпалар одағы VIII ғасырдың ортасында жоғарғы Ертіс пен Орхонның арасында пайда болды. Олар Ханганнан Тарбағатайға дейінгі жерді иемденді. 840 жылдан кейін Орталық Азия көшпенділерінің конфедерациясы қалыптаса бастады, бүл деректерге қарағанда, солтүстіктегілер, солтүстік-батыстағылар және батыстағылар деп аталады. Қидандар цзубудың батыс тобын наймандар, ал солтүстігіндегілерін керейттер деп бөлді. Цзубудің барлық билеушілері «далай хан» атағын иеленді. XI ғасырдың бас кезінде наймандар христиан дінін қабылдады. Мүның өзі наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. Қидандар мемлекеті қүрылғаннан кейін наймандар оның қүрамына кірген, бірақ Елюй Даши олімінен кейін тәуелсіздік алып, оздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху-ханды тағайындады. Найман мемлекеті батысында 46
керейлерден бастап, Батые Монголия мен Шығыс Қазақстан аумағын мекендеді. XII ғасырдың аяғында, XIII ғасырдың басында найман хандығы екіге бөлінді, оны Инанчтың екі үлы: Даян хан мен Бүйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даян ханды, 1206 жылы Бүйрық ханды талқандады. Даянның үлы Күшлік хан найманның қалған әскерін жинап, қидан мемлекетіне барып бас сауғалады. Ол қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта қоса бастады. Күшліктің қуаты тез күшейді. Хорезмшах Мүхаммедтің әскерінен жеңілгеннен кейін қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. 1211 жылы наймандардың билеушісі Күшлік хан кидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның толықтай билеушісі болған Күшлік 1213 жылы Алмалықтағы мүсылмандар иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. Күшліктің әскері Алмалықты алғанымен моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді. Керейлер (керейттер). Керейлер туралы алғашқы мәліметтер олардың христиан дінін қабылдауына орай XI ғасырдың төртінші ширегінде кездеседі. Керейлер Орхон өзенінің орта ағысы мен Онон өзенінің аңғарларындағы жерді алып жатты. XII ғасырдың 50-ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайлықтарға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз-хан түтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Оның өлімінен кейін Хүджар Бүйрық-хан биледі. 80-ші жылдарда Хүджар Бүйрық-ханның үлы Тоғырыл монгол басшысы Темешенге (Шыңғыс ханның бүрынғы есімі) қолдау көрсетті. 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл қытайдың ван титулын иеленді, бүл егеменді қүқығы ресми 'мойындалған патша дегенді білдіреді. Тоғырылды Ван-хан деп те атайды. 1203 жылы бүрынғы одақтастар арасында соғыс өрті бүрқ ете түсіп,ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның үлы Сангум қаза тапты, керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбай бастауымен солтүстік-батысқа Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал керейлердің басым бөлігі монгол мемлекетінің қүрамына енді. 47
Моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалык процесіне үлкен эсер етті, соның салдарынан кошпелі халык орасан зор аймаққа көшіп-қонды, бүл моңғол дәуірінен кейін де коптеген халықтардың этногенезінде маңызды рол аткарды. Моңғолдардан жеңілгеннен кейін наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың казақтар қүрамындағы үлесі едеуір, моңғол дәуірінде олардың басым болігі Сырдарияға, қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп, қазақ этносының қалыптасуында белсенді рол атқарды. Керейлердің бір болігі батысқа, Еділ бойына үмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды және кейін осы атаумен өзбектер мен қырғыздар қүрамына енсе, азғантай бөлігі қазақтар күрамына кірді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз жағалауындағы далалық жер атауларында кездеседі. Керейлердің екінші бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына керей (қара-керей, абақ-керей) атауымен енді, сөйтіп бүрынғы «кереит» деген этноним атауындағы «т» жалғауы алынып калды. Бүл кезде Орта Азия, Жетісу және Қашғария жерінде өзіндік жаңа этникалық түрге айналып, онда жаңарған әлеуметтік, экономикалық қүрылымдар, рухани мәдениет қалыптасты. Соның нәтижесінде феодалдық мемлекет қүрылып, түрік тайпалары отырықшылыққа кеше бастады, қалалар салынды, бірнеше тайпалардан түратын этникалык. қауымдастықтың тілі мен жазуының жалпыға ортақ бір тілде болуы оның оркениет дәрежесінің қандай болғанын корсетеді. Өкінішке орай моңғол шапқыншылығы осындай жүйелі дамудың табиғи процесін бүзып кетті. 3.8. Қазакстанныц ортағасырдағы қалалық мәденнеті Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер отырыкшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған кошпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. Кошпелі тайпалар мен отырықшы аймақтардың мәдениеті органикалык түтастықта бірыңғай мөдени жүйені қүрады. Батыс-түрік қағанатында ерте ортағасырлық қалалык жоне егін шаруашылығы мәдениеті соғдылардың тікелей араласуымен калыптасты. Соғдылар ерте ортағасырда Үлы Жібек жолындағы Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Солтүстік Қытайда 48
сауда-саттық, егін шаруашылығына үстемдік жасай бастады. VVIII ғасырларда Талас, Шу, Іле өзендері алқаптарындағы соғдылар ондаған қалалар мен бекіністер салды. Олар колемі жағынан Орта Азияның ерте ортағасырлық қалаларынан кем түскен жоқ. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал орта ғасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб, (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран төрізді ірі қалалар бой котерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мүнда көптеген тауарлар ондірілді, бүл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі, Түркістан шекарасындағы Мауараннахрдың үлкен де, ірі калаларының бірі. Ол Алла елдерінің оркендеген және керемет қалаларының бірі, жері қүнарлы, ағаштары коп, суы мол және ғажайып бақтары бар». Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде белгілі еді. Тап осында түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан ІІ-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлүқтар мен қарахандардьгң астанасы болды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жікіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Қүл-Шуб, Жуль-Шуб, Қүлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-үсақты 25 қала болған. Бүл Харанжуан, Жуль, Навакет, Бунджикет, Қүрмырау, Суяб, Баласағүн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатарына Тальхиз (Талғар), Қоялық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады. VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте жөне оңтүстікшығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нүра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында 78 қаланың орны 49
табылды. Нүра алқабында Ақсикент деп аталатын мейілінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жүбаныш пен Үлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында - Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында 16 қимак қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимак қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын монументті қүрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабадж-хатун (X-X1 ғғ.), Айша-бибі (XI-X1I ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстандағы Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бүрынғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, қүм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бірбірін байытып, бір-біріне үлгі болған. 3.9. Жазу ескерткіштері VI-V1II ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын қүрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық. Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елщілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константине»полые II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты өкелген. «Мүның не жазу» екендігін Түрік қағанатының - Бугут коне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жаузымен санскриттегі жазба толығымен 50