The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Жанбырбай ДЖТ, 2024-02-20 13:40:40

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚ

Г.Қ.КАДІРҚҰЛОВА

қазақстандықтар ордендермен және медальдармен наградтапды. Олардың ішінде «Кореяны азат еткені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталғандар да аз емес. Гитлершіл басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін 500 қазақстандық-жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Осындай жоғары атақ Днепр үшін шайқаста 18 жасар Ж.Елеуісовке, қазақтың даңқты қыздары М.Мәметова мен Ә.Молдағүловаға берілді. Үшқыш-штурмандар Т.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф. Павлов, сондай-ақ үшқыш-истребитель С.Д. Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Үлы Отан соғысы жылдарында 97 қазақ Кеңес Одағының Батыр атағына ие болып, 96 638 қазақ жауынгерлері ордендермен және медальдермен марапатталды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылыми институттар көшірілді. Олардың ішінде КСРО Ғылым академиясының Физиология, УКСР Ғылым академиясының Физика-механика, Мәскеудің, Ленинградтың Киевтің институттары бар. Осы кезде Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мещанинов, А.И.Бах, А.С.Берг, А. Е. Фаворский, Б.Д. Греков тәрізді академиктер жүмыс істеді. Қазақстанға Мәскеуден, Ленинградтан, Киевтен және еліміздің тағы басқа қалаларынан 100 жазушы мен 23 көркемөнер үжымдары эвакуацияланды. Оның қүрамында Ю.А.Завадский, К.А.Мордвинов, Г.С.Уланова, В.П. Марецкая, Г.Рошаль, Кукрыникстер ( (М.Куприянов, П.Крылов және Н.Соколов) және т.б. көрнекті сазгерлер, әртістер, кино қайраткерлері, суретшілер, музыканттар болды. Қазақ және орыс өнер қайраткерлерінің шығармашылық қарым-қатынастары қазақ халқының кәсіби көркем шығармашылығын дамыту процесін тездете түсті. Кеңес киноматографиясының алтын қорына Алматыдағы бірлескен киностудиясы түсірген фильмдер кірді. Мүнда 500- ден астам кино қызметкерлері мен әртістер жүмыс істеді. Олардың ішінде С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, В.Пудовкин, Г.Александров, С. Васильев, И.Пырьев және т.б. болды. «Аудан хатшысы» (режиссері И.Пырьев), «Ол Отанын қорғайды» (Ф.Эрмлер), «Әуе тасымалдаушысы» (Г.Раппопорт), «Екі жауынгер», «Майдан», «Күт мені» тәрізді белгілі кеңес кинолары түсірілді. Барлығы 23 толық метражды, сондай-ақ қысқа метражды фильмдер және кино жинақтар түсірілді. 251


Кеңес халқының Үлы Отан соғысындағы жеңісі дүние жүзіпік тарихи оқиға, ол адамзатты фашизмнің індетінен аман алып қалды. Қазақстан халқының фашизмді талқандауға қосқан үлесі мен ерліктері мәңгі есте сақталады. 9.10.1946-1964 жылдардағы Қазақстан Үлы Отан соғысы аяқталған соң еліміздегі жағдай ауыр болды. Соғыс жылдары 1710 қала үлгісіндегі елді мекендер мен 70 мың деревнялар мен қоныстар қиратылып, 25 миллион адам баспанасыз қалды. Соғыста қүрбан болған адамдардың саны миллиондап саналды, соңғы мәліметтер бойынша, соғыс кезінде 30 миллионнан aeVaM адам қаза тапқан. Көптеген фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр станциялары, мектептер, ауруханалар қирап қалды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру кеңес халқынан бар күшті жүмылдыруды талап етті. Қазақстандықтар Ленинградты, Сталинград™, Брянскіні, Курскіні, Орлов облысын, Мөскеу түбі мен Солтүстік Кавказды және тағы басқа елдің көптеген аудандарын қалпына келтіру жүмысына белсене араласты. Тек 1945 жылы Украинаға 500 трактор мен басқа да ауыл шаруашылығы машиналары, 140 паровоз жіберіліп, ауыл шаруашылығының жүздеген мамандары да кетті. Қазақстанның колхоздары неміс басқыншылығынан босатылған аудандарға көмек ретінде тегін 17,5 мың ірі қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой берді. Соғыстың зардаптары Қазақстанның экономикасына ауыртпалықтар өкелді. Халық шаруашылығын бейбіт кезең ырғағына көшіру барысында партияның нүсқауларына сөйкес жекелеген салалардың арасалмағы өзгерді. Өнеркөсіптің дамуына ерекше көңіл бөлінді: болат прокаттары, цемент, қара жөне түсті металлургияның қүрал-жабдықтары өндірілді. Жүмысшыларды даярлау мен қайта даярлау, жүмысшы күштерін қайта бөлу жүргізілді. КСРО Қарулы Күштердің өскер қатарынан босатуына байланысты 104 мың солдаттар мен офицерлер елге оралды, 1947 жылы 1 қаңтарда бүл көрсеткіш 188,2 мыңадамға жетті. Өнеркөсіпте 8 сағаттық жүмыс күні қалпына келтірілді, жүмыс уақытынан тыс жөне демалыс күндері жасалатын жүмыстар қысқартылды. Жүмысшылар мен қызметкерлерге ақысы төленетін еңбек демалыстары берілді. 252


1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «1946-1950 жылдарга арналған халык шаруашылығын калпына келтірудің бесжылдык жоспары туралы Заң» кабылдады. Бесжылдык жылдары кара жэне түсті металлургия каркынды дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үш прокаттык кондырғы мен екі мартен пеші орнатылды, Актөбе ферросплав зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске косылды. Өскеменде корғасын-мырыш комбинаты жұмысын бастады. 1947 жылы ол алгашкы мырышын берді. Балкаш мыс корыту зауытының куатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасты. Жезказған мыс корыту комбинатында ірі кешен тұрғызылып, Текелі корғасынмырыш комбинатының екінші кезегі косылуға дайындалды. Караганды көмір бассейні шахталарында көмірді механикаландырылған әдіспен өндіретін «Донбасс» жоғары өнімді 50 комбайны жұмыс істеді. 100 кашап-үйгіш жэне кашау машиналары, 40 көмір жэне кендерді тиеу машиналары, 1000 аса куатты кырғыш конвейерлер іске косылды. 20-шы жылдары токтатылған ашык әдіспен өндірілетін Екібастұз көмір кені кайтадан іске косылды. 1945 жылы Екібастұздағы № 1 кешенді - механикаландырылған көмір кеніші катарға косылды. 1955 жылы Екібастұз 2 млн. тоннадан астам көмір берді. Теміржол желілерін салуға мол күрделі каржы бөлінді. Республиканың Солтүстігінен Оңтүстігіне карай ПетропавлКөкшетау-Акмола-Қарағанды-Мойынды-Шу Қазакстан көлік магистраль! салынды, ол Қазакстанның Солтүстік облыстарын Новосібір аркылы республиканың Оңтүстік облыстары мен Орта Азияны жалғастыратын жолды кыскартты. Алматыда баскарылатын темір жол кұрылысы салынды. Біркатар мұнай кәсіпшіліктерін, оның ішінде Қаратон жэне Мұнайлы кен орындарын пайдалануга беру мұнай өндіруді 1950 жылы соғыстан бұрынғы кезеңімен салыстырғанда 52% өсірді. Қаратау тау-кен химиялык комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезегі іске косылды. Қостанай жасанды талшыктар зауыты алғашкы өнімдерін бере бастады. Караганды синтетикалык каучук зауытында екі цех іске косылды, Актөбе химиялык зауыты 1954-1958 жылдар ішінде Республикада 730 өнеркәсіптік кәсіпорындар мен цехтар салынып, пайдалануга берілді. Жеңіл өнеркәсіптер дами түсті. Семейдегі механикалык зауыт, Петропавлдағы «Комсомол тігін фабрикасы» өнім бере бастады. Жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы былгары 253


зауыттарының қүрылысы аяқталды. 1950 жылдардың бас кезінде республикада осындай 65 кәсіпорын болды. Мүның өзі өнеркәсіптің «Б» тобы саласының артта қалғандығын көрсетті. Республика мақта мен жүннің, тері шикізатының ірі өндіруші орталығы бола түрса да одақтық мақта-мата өндірісінде (0,1%) және жүн (1,4%) мата мен тері аяқ киімдері (1,7%) өнімдерін берудегі үлестік салмағы өте аз болды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда автоматтандырылған телефон станциясы іске қосылып, бүл жүйе астананы елдің 56 қаласымен байланыстырды. Радио қабылдағыштар мен хабар беретін нүктелерінің саны 1945 жылмен салыстырғанда екі есе артты. Өскемен гидроэлектр станциясының, Жезқазған мен Жамбылдағы жылу электр станцияларын пайдалануға беру, Караганды, Шымкент және баска жылу электростанцияларын кеңейту арқасында Республиканың элекр станцияларының қуаты 2,5 есе өсті. Бүқтырма ГЭС-нің қүрылысы басталды. Зырьянов, Рубцов, Змеиногор энергетикалық аудандары Алтай энергия жүйесіне біріктіріліп, республика аумағындағы ең қуатты ГЭС болды. 1960 жылы Қазақстанда электр энергиясы 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге артты. Соғыстан кейінгі жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін өте қиын болды. 1949 жылдың басында Қазақстан колхоздарына әртүрлі үйымдардың 214 млн. сом қарызы, көптеген мал, техника, 540 мың гектарға жуық заңсыз алынған жер кері қайтарылды. Әкімшілік басқарма қызметкерлерінің саны едәуір қысқартылды. Өндірісті нығайту мақсатында үсақ колхоздар іріленген шаруашылықтарға біріктірілді. Бүл 1945 жылдан 1952 жылга дейін колхоздар санын 3 еседен аса қысқартып, олардың санын 2047-ге жеткізді. Жалпы мал басы өсті, суармалы жердің егін алқабы 16% кеңейді. Бірақта бүкіл КСРО-дағы сияқты республиканың ауыл шаруашылығындағы халықтың азықтүлікке деген, өндірістің шикізатқа деген сүраныстарын қанағаттандыра алмады. 1946 жылы Қазақстанда бір колхозға тиесілі ақшалай кіріс 143 мың сом болса, 1953 жылы бүл көрсеткіш 170 мың сомға жетті (тиісті жылдардағы баға бойынша). Сондықтан ауыл түрғындарының орташа еңбекақысы 5 жылдықтың аягына таман, (1950ж.) 40 сомға өрең жетті. Колхоздардың 60% бір еңбек күнге Ікг астық берсе, қалғандарының нормалары одан да томен болды. Тіршілік көзінің бірі жеке қосалқы шаруашылық еді. Колхозшылар осының 2 5 4


есебінен өздерінің сүраныстарын қамтамасыз етті: картоп 88,4%, көкөніс 73,4%, ет 85,3%, жүмыртқа 95,6%, сүт 97,7%. Ауыл түрғындары өздерінің қосалқы шаруашылығынан алынған өнімді сатудың нәтижесінде ақшалай кірістің үштен бірін тапты. 1947 жылы тауарларды бөлудің карточкалық системасы жойылып, ақша реформасы жасалды. Қаралып отырған кезеңде білім, ғылым әдебиет саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. 1947 жылы БК(б)П Орталық Комитеті және кеңес үкіметі «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдап, республикада мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қосымша қаржы бөлінді, Қазақстанға кәсіби дәрежесі жоғары кадрлар жіберілді. Ағарту саласына бөлінетін қаржы көбейтілді. Бүл мақсатқа 1946 жылы 85,6 млн., ал 1950 жылы 146,5 млн. сом бөлінді. 1953 жылы республиканың мектептері мен интернаттарында малшылардың 40 мың баласы оқыды, сонымен қатар алые мал жайылым учаскелерінде 300 жеті жылдық мектеп үйымдастырылды. 1950 жылы Қазақстанда 9088 жылпы білім беретін мектеп жүмыс істесе, онда Імлн. 439 мың оқушы оқыды. 1947 жылы Қазақ оқу-педагогикалық баспасы қүрылды. 1951 жылдан бастап 1958 жылға дейін республикада 11 жаңа жоғары және 22 орта арнаулы оқу орындары ашылды. 1950-1959 жж. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен техникумдары 63 060 жоғарғы білімді және арнайы орта білімді 132 050 мамандарды даярлап шығарды. 1946 жылы маусымда КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы қүрылды. Академияның бірінші президента болып көрнекті ғалым және талантты үйымдастырушы Қ.И.Сәтпаев сайланды. 1950 жылдың аяғына таман ҚазКСР Ғылым академиясының жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемелері болды, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 мүражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақша мен 8 ғылыми база болды. 1946-1949 жылдары ғылыми зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін 900 үсыныстар мен зерттеулер тапсырылды. 1947 жылы М.Әуезов «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабын аяқтады, 1949 жылы оған КСРО мемлекеттік сыйлығының бірінші дәрежесі берілді. Сол кезде С.Мүқановтың «Сырдария», Ғ.Мүстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтың 2 5 5


«Қазақ солдаты», Ғ.Слановтың «Кең дала», М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» тәрізді, казақ әдебиетінің ірі туындылары жарық көрді. И.Шухов, Н.Анов, Д.Снегин, К.Хасанов тәрізді орыс және үйғыр жазушылары өздерінің шығармашылығымен көзге түсті. Соғыстан кейінгі жылдары зиялыларға қатысты саяси-қуғын сүргіннің жаңа кезеңі басталды. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар өте күрделі жағдайда дамыды. «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы БК(б)П қаулысы (14 тамыз 1946 ж.) оның одан өрі дамуына көп қиындық келтірді. Аталған қаулы бойынша Қазақстанның партия комитеттері де өз жүмыстарын жолға қоюға тиіс болды. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазак КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жүмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» арнайы қаулысымен Е.Ысмайылов, М.Әуезов, Қ.Жүмалиев, С.Мүқанов, Ә.Марғүлан үлтшылдық пен оны «таратуға» қатысты деп айыпталды. Ленинград пен Мәскеуде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» пайда болды. Е.Бекмаханов жас та, талантты ғалым болды, ол соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.Н.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа белгілі тарихшылар енген ғалымдар үжымының қүрамында, 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» еңбегін шығаруға қатысты. 1947 жылы Е.Бекмаханов «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясын дайындады. Ғалымның көзқарасын үлтшыл, буржуазияшыл, саяси жағынан зиянды, партияның идеологиясына жат деп айыптады. 1952 жылы 4 желтоқсанда Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылы көктемде Қазақстанға оралды. Қазақстан әскери-өнеркәсіптік кешенінің басты буынына айналды. 1949 жылы 23 тамызда Семей полигонында бірінші ядролық сынақ жасалды. Семей полигонында барлығы 456 ядролық жөне термоядролық жарылыс болып, сынақ жасалған. Оның 116-сы ашық, яғни, жер бетінде немесе ауада жүргізілген. Кеңестер Одағы жерасты сынағына арада 14 жыл өткеннен кейін. яғни 1963 жылдан кейін кірісті. Қазақстандық ғалымдардың мәліметтері бойынша Семей полигонында атмосферада және жер бетінде жасалған сынақтардың ядролық зарядының қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың 2 5 6


есе артық екен. Атырау және Батыс Қазақстан облысы шекарасында Азғыр полигоны орналасты. 1965 жылдан бастап Батыс Қазақстанда, өнеркәсіп қажеттілігіне байланысты 26 жерасты ядролық жарылыс болған. Қазақстан халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға бүл сынақтардың тигізген залалын созбен жеткізу мүмкін емес. И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 ж. 5 наурыз) және Л.П.Берияны биліктен шеттеткен соң, КСР Одағында сүреңсіз қатал режимдердің бірі аяқталды. КОКП XX съезінде (1956 ж. ақпан) Сталиннің жеке басқа табыну кезінде қалыптасқан тәртіпті бүзуда, алғашқы талпыныстар жасалды. И.В.Сталиннің жеке басы на табынуды айыптау аса маңызды қадам болып есептелсе де, іс сынаумен және бірнеше лауазым иелерінің жеке басына табынуды әшкерлеумен шектелді. Әкімшілдік жүйені біржолата талқандау мүмкін болмады. Түтастай алғанда, әміршілдік-әкімшілдік жүйе бүрынғыша салтанат қүрды. Тек арада 33 жыл откеннен кейін «Известия ЦК КПСС» журналы (1989, №3) Компартия Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің жасаған баяндамасын толық жариялады. Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық дамуының арасындағы айырмашылықты жою міндеті түрды. 1953 жылы елде егін алқабы 1950 жылмен салыстырғанда 10,9 млн. гектарға, астық алқабы 9,8 млн. гектарға артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығының даму қарқыны әлі томен болды. ККП Орталық Комитетінің қыркүйек Пленумы (1953ж.) ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың шаралары туралы мәселені талқылады. Аграрлық секторды дамыту барысында шаруашылықтардың бүрынғы қарыздары есептен шығарылып, салық мөлшері едәуір төмендетілді. Етке, сүтке' жүнге, картопқа, көкөніске қатысты сатып алу бағалары көтерілді. Кеңес өкіметінің басшылары тың және тыңайған жерлерді игеру идеясын жүзеге асыруды көздеді. Соның есебінен астық дақылдарын өсіруді үлғайтып, нан тапшылығын жоймақшы болды. 1954 жылы 16-18 ақпанда өткен Қазақстан Компартиясының ҮІІ съезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко, екінші хатшысы Л.И. Брежнев сайланды. Министрлер Кеңесі төрағалығына Д.А.Қонаев тағайындалды. 1954 жылдың 23 ақпан - 2 наурыз аралығында КОКП Орталық Комитетінің пленумы «Елде астық өндіруді одан әрі 257


арттыру және тың мен тыңайған жерлерді игеру» туралы мәселе қарады. 1954 жылы 10 тамызда тың көтеру жоніндегі белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 млн. гектар тың жер жыртылды немесе жоспар 103,2% орындалды, оның ішінде Қазақстанда бүл көрсеткіш тиісінше 6,5 млн. гектар яғни 50% қүрады. Елде ауыл шаруашылығын және оның өндіргіш күштерін күрт дамыту жөнінде бүкіл халықтық қозғалыс етек алды. Тың жерлерді игеру жаппай бүқаралық қозғалысқа үласты. Бір жыл ішінде (1954 жылдың наурызынан 1955 жылдың наурызына дейін) республиканың тың өлкесінде 337 жаңа астық совхоздары үйымдастырылды. Бүл шаруашылықтардың қарамағында 17 млн. гектардан астам жер аумағы болса, оның 10 млн. гектардан астамы жыртылған жерлер болды. Жаңа астық совхоздары оның жүмысшылары мен қоныс аударушылары қай жерден келсе, соның атауымен аталатын болды: «Московский», «Бауманский», «Горковский», «Киевский», «Кубанский», «Ленинградский». «Львовский», «Одесский», «Ростовский» жэне т.б. Жаппай тын жерді игерудің бірінші кезеңінде (1954-56 жж.) республикаға 640 мыңнан аса адам келді, оның ішінде: 391,5 мың ауыл шаруашылығының механизаторлары, 50 мың қүрылысшы, 3 мыңдай медицина қызметкерлері, 1,5 мыңға жуық мүғалімдер, 1 мыңнан аса сауда қызметкерлері және т.б. 1954-55 жылдары бүкіл ел бойынша 29,7 млн. га. тың және тыңайған жерлер игерілді, оның 18 млн. гектары немесе 60,6% Қазақстанның үлесіне тиді. Әлемдегі егістік алқабының 90-95% жүмсақ бидай болса, Қазақстанда өзіндік артықшылығы бар қатты бидай өсірілді. Оның сорты жоғары, қүрамында белок коп; тек осы жерде ғана, элем бойынша ірі көлемде осірілді (мысалы, технологиялық сапасы нашар 100 кг. үннан 91кг. нан пісіріледі. ал тап осындай мөлшердегі қатты бидай үнынан 115 кг. нан дайындалады; жүмсақ бидайға 20-30% молшерде араластырылған күшті бидай сапалы нан пісіруге мүмкіндік береді). Тың жерлерді игеру нәтижесінде республика тек озінің түтыну қажетін отеп қана қойған жоқ, сонымен қатар жоғарғы технологиялық астықты әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Тың жерлерді игерудің кері әсері де болды. 1961 жылдың басында республикада 25,5 млн. гектар тың жерлер жыртылды. Бүл КСРО бойынша жаңадан игерілген жерлердің 61% қүрайды. Жерді оңды-солды жыртудың салдарынан Павлодар облысындағы үшпа топырақты жерлерде қүм борандары 2 5 8


басталды, 60 жылдардың басында барлық тың аудандарының жерінде топырақтың бүліну процесі (дефляция) жүрді. 1960 жылы Солтүстік Қазақстанда жер эрозиясына 9 млн. гектар егістік алқап үшырады. Бүл, Францияның бүкіл ауыл шаруашылығы алып жатқан жер көлемімен тең. Қазақстан картасында бүл жылдары 15 жаңа қала және 86 қалалық типтегі поселкалар пайда болды. Тың аудандарындағы халықтың саны РКФСР, Украина, Белоруссия, Молдавия республикаларынан көшіп келгендерінің есебінен 61%-ке ості. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың игеруге Қазақстанға 2 млн. адам қоныс аударды. Сонымен қатар, бүл жылдары өнеркәсіпке, қүрылысқа, көлікке жүмысшы күшін тарту акциялары үйымдастырылып, 1954-65 жылдары Қазақстанға 0,5 млн. адам келді. 1962 жылдары қазақтар республика халқының үштен біріне жетер-жетпес болып, небәрі 29% қүрады, ал 1897 жылы олар 85% болып еді. Осындай жағдайлардың нәтижесінде қазақ тілінің аясы тарылып, 700 мектеп қазақ тілінен орыс тіліне кошірілді, сөйтіп қазақ тіліне, әлеуметтік мәдени дамуымызға, жалпы қазақ этносының өмірлік жүйесіне кауіп төнді. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның Солтүстік облыстары Тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп аталды. Қазақстан әуелгі бастан мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аудан болып табылады. КОКП Орталық Комитетінің қаңтар пленумы (1955ж.) ауыл шаруашылығының осы бір маңызды саласын дамыту жөнінде мәселе қарады. Қабылданған шешімдер нәтижесінде 47 далалық аудандар мен 225 совхоздар жергілікті мал өсіруге шүғыл түрде ауыстырылды. 1950 жылдардың аяғында Қазақстанда 36,4 млн. мал басы болды. Сонымен, 1953-64 жылдары «хрущевтік кезең» бір жағынан өзінің демократияландыруға деген талпынысымен ерекшеленді. «Жеке басқа табынумен және оның салдарын жою» туралы арнайы қаулы шаруашылықтағы экономикалық әдістерді оңтайлы қолдануға жағдай жасады. Бүл еңбекшілердің экономикалық мүддесін барынша ескеруге арнапды. Ал екінші жағынан - жаңа алға қойған саяси шешімдер жүзеге асырылмады. Экономиканы экстенсивті дамыту республиканы тек шикізат көзі ретінде пайдалануға әкеп соқтырды. Республика аумагында жаңа өнеркәсіп алыптары салынғанымен олардың әлеуметтік базасын дамытуға және экологиялық тепе-теңдікті 259


сақтауға мән берілмеді. 1958 жылы Теміртау қаласында ірі әлеуметтік наразылық болды. 9.11. 1965-85 жж. Қазақстанның дамуындағы өзгерістер Халық шаруашылығын басқарудың жүйесін түбірімен өзгертіп, экономикалық проблемаларды шешудегі субъективизмді біржолата жойып, ондірісті жоспарлау мен дамыту қажет болды. КОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумы (1964 ж.) Н.С.Хрущевті Бірінші хатшы және КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндетінен босатты. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Брежнев, үкімет басшылығына А.Н.Косыгин сайланды. 60-шы жылдардың ортасындағы экономиканың негізгі бағыт-бағдарын шаруашылық реформа анықтады. КОКП Орталық Комитетінің қыркүйек айындағы Пленумы (1965 ж.) экономиканы басқарудың әкімшілік жүйесін талқылап, өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару қажеттігі мен онеркәсіптің эр саласы бойынша одақтық-республикалық және жалпы одақтық министрліктер қүру керектігін айтты. Пленум кәсіпорындарға дербестік беру мен шаруашылық есепті дамыту, жүмыскерлерді экономикалық түрғыдан ынталандыру және материалдық жағынан марапаттау шараларын үсынды. Осының нәтижесінде сегізінші бесжылдық жылдары (1966-1970), яғни жоспарлы экономика енгізілгеннен бері ең жоғарғы көрсеткіштерге жетті, тіптен бүл бесжылдық «алтын бесжылдық» деп те аталды. 60-шы жылдары Қазақстанда кең ауқымды онеркәсіптік қүрылыстары жүзеге асырылды, бірақ республика экономикасы негізінен өнеркәсіпке қажетті шикізат шығаруға икемделгендіктен, оны ондеу саласы басты сала болып қалды. Республикада титан, магний, глинозем (топырақта болатын алюминий тотығы). шойын, кокс, синтетикалық каучук, полиэтилен, аммофос, асбест, жүк котергіш кран, электр двигательдері, сым созатын станоктар жоне үста-пресс машиналары шығарылды. 1961 жылдан 1970 жылға дейін Қазақстанда 1700 косіпорындар мен цехтар салынып, жабдықталды, оның көбі қайта жондеуден отті. Электр техникалық машина жасайтын ірі косіпорындар салынды: Өскемен конденсаторлық жөне Кентау трансформатор зауыттары, Шымкенттің «Электр аппараты» зауыты, Алматы 2 6 0


төменгі вольтты аппараттар шығаратын зауыты, «Семейкобальт» зауыты. Республикада машина жасауды дамыту барысында Павлодар машина зауытының негізінде трактор зауыты қүрылысының салынуы маңызды оқиға. Ертіс химияметаллургия зауыты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор мырыш және Павлодар глинозем зауыттары, №2 Жезқазған кен байыту фабрикасы, Златоуст-Беловск карьері, Тишинск кеніші іске қосылды. Соколов-Сарыбай және Караганды комбинаттарының, Ермаков ферросплав зауыттарының қара металлургиясы жедел өркендей түсті. Екібастүз комір басссейні ірі энергетика базасына айналды. «Қаратау» тау-кен химиялық комбинатының екінші кезегі іске қосылып, елдегі фосфор қүрамы бар шикізатты шығаратын ірі кәсіпорынға айналды. Фосфор түздарының Шымкент зауыты, Гурьев полиэтилен зауыты, Жамбыл суперфосфат зауыты, Балқаш тау-кен металлургиясы, Лениногор полиметалл комбинаты түрмыстық химия саласындағы ірі кәсіпорындар қатарына кірді. Қызылордада целлюлоза-картон комбинаты пайдалануға берілді. Шымкентте, Целиноградта, Қостанайда, Қарағандыда, Павлодарда дөңгелек жөндейтін зауыттар түрғызылды. Қазақстан сары фосфордың одақ бойынша ондірілетін онімінің 90%, фосфаттьщ 40%, мыстың, мырыштың, корғасынның 70% берді. Республика КСРО-да хром өндіруден бірінші орынға, ал көмір, темір және маргенец кендерін өндіруде үшінші орынға шықты. Қарсақ, Таңатар, Прорва кен орындары пайдалануға берілді. Маңғышлақтағы мүнай және газ кен орындарын игеру шаралары жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орнының мүнайы ел қажетіне берілді. Қазақстанның теміржол желісі 1961-1965 жылдары 948 шақырымнан, 1966 жылдың 1 қаңтарында 12 419 шақырымға үзарды. 1965 жылы Қазақстанның автомобиль тас жолдарының үзындығы 24 мың шақырымға жетті. Республикада 30 телевизиялық станция жүмыс істеп, республиканың 3 млн. халқын қамтамасыз етті. 1965 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің Пленумы халық шаруашылығының омірлік маңызды салаларында қалыптасқан жағдайларды талқылап, колхоздар мен совхоздардьщ қызметінде кеткен кемшіліктерге терең талдау жасады. Ауыл шаруашылық онімдерін мемлекетке дайындаудың бірнеше жылдық түрақты жоспары жасалып, негізгі дәнді 261


дақылдардың откізу бағасы котерілді. Ауыл шаруашылығына болінетін күрделі қаржыны кобейту, колхоздар мен совхоздардын материалдық-техникалық базасын нығайту. оған шаруашылык есепті енгізу, рентабельділік деңгейге котеру козделді. Бүл шаралардың борі жартылай орындадғанымен айтарлықтай нотиже берді. 1970 жылы онеркәсіп онімі ондірістің тиімділігін арттыру есебінен 70 % ості. 1970 жылдың аяғында Қазакстанда 7,3 млн. ірі кара, 32 млн. кой мен ешкі, 2,3 млн. шошка осірілді. Ауыл шаруашылығындағы жалпы онімінің осуі 28% болды. 70-ші жылдардың басында 60-шы жылдардың ортасында басталған реформалар тежеле бастады. Қоғамдык ондірістіц тиімділігін арттыру мүмкін болмады. Экономнкалык нотенциалды күшейту республиканың резервтерін жстенсивті пайдалану арқылы, яғни шикізат пен отын-энергетмкалык ресурстарын айналымға салу есебінен жүзеге асырылды. Осының нотижесінде онерКосіптің ондіруші секторының үлесі салыстырмалы түрде жоғары болды (1986 жылы КСРО бойынша 14,7%), ал машина жасау жалпы ондірістік онеркосіптің 7% (КСРО бойынша 27,4%) болды. Мыңға жуык жаңа онеркосіптік косіпорындар мен цехтар іске косылды. Оның катарында Қазак газ оңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты. Қарағанды резина техникалык бүйымдар зауыты, Павлодар жоне Шымкент мүнай оңдеу зауыттары, Караганды металлчргиялык комбинатындағы ақ каңылтыр цехы, Екібастүз жоне Ермаков ГРЭС-і, Қапшағай ГЭС-і, Жойрем кен байыту комбинаты жоне т.б. бар. Мангышлак. Қарата\-Жамбыл, Павлодар-Екібастүз аумақтык-онеркосіптік комплекстері салынды. 1976-1980 жж. түргызылған және іске косылган ірі онеркәсіптік косіпорындардыңсаны 117 болса, 1981-1985 жж. 60-ка жетті. 25 жыл ішінде (1960-1985 жж.) жүмысшылардың саны 2347 мың адамга немесе 203%-ке артты. Өнеркосіп пен қүрылыста жүмыс істейтін халықтын үлес салмағы үштен бірге ості (1985 ж. - 31,2%). Өндірістің дамуы калалар санының артуына гүрткі болды. 1989 жылғы Бүкілодактык халык санагыныц негізінде Қазакстанда 50 мыцнан аса түргыны бар 30, 100 мыинан асгам халқы бар 19, ал 300 мыңнан аса түргыны бар бес кала болды. 1970 жылы тарихта бірінші рет кала мен а\ыл түрғындарының үлес салмагы тең түсті, ал 80-ші жылдардан бастап республика түрғындары арасында кала халкының саны арта бастады (1987 ж. 58°о). 2 6 2


Экономика негізінде орталықтың нүскаулык басқаруы мен октемдік әрекеттері сақталды. Қазакстан онеркосібінің 50°о одақтық министрліктің қарамағында болды. Республикада жоғары технологиялық онім беретін косіпорындар болған жок. Қазакстан әлі де, біржақты, шикізат шығару бағытында болды. Халық түтынатын азық-түлік тек пен баска тауарлардың 60% баска одактас республикалардан келді. Пайдалы казба байлыктарды ондіру мен энергия коздерін осіру каркыны шикізат пен энергияны томен тиімділікпен пайдалану аркылы жүзеге асты. Мысалы. 80-ші жылдардың ортасында КСРО онімнің бір бірлігін шығаруда энергия мен шикізатты Батыс Еуропа мен АҚШ-ка Караганда 2-3 есе артык жүмсады. Комірді ондіру кезінде оның 50-60%, мүнайдың 70%, темір рудасының 11,5% шығынға үшырады. Егер 1970-1975 жж. онеркосіптік онімнің жарты жылдык осімі 8,4°ь болса, 1980-1985 жж. 3,8°о күрады, үлттық кірістің осімі осы үш жылда 4,4-тен 1,4%-ке азайды. Ауыл шаруашылығы тиімділігінің томен болуы салдарынан шаруалардың еңбек нәтижесіне коңілі толмады. Жүмыскерлердіц ондірістен шеттетілуі, орталыктың октемдігі 80-ші жылдардың ішінде Қазакстан экономикасын дағдарысқа океп соктырды. Мал шаруашылығы (күс онімдерінен баска), озін-озі актай алмады. Егер 1970 жылы зиян шеккен колхоздар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы ол 51% болды. Мысалы, кой 1971 жылдан 1981 жылға дейін 3,4 миллион баска оссе, ал 1981- 1985 жж. осім болған жок. Ауыл шаруашылығына болінетін күрделі каржыны түракты түрде осіріп, энергетикалык куат екі есе артканның озінде бүл саланың жалпы онім колемі уакыт откен сайын томендей берді. Мәселен, ең жаксы корсеткіштерге кол жеткен 1966-1970 жж. жылдык осім каркыны 28% болса, ал 1971-1975 жж. -15%, 1981-1985 жж.= 0,1% кана болды. Егер аграрлык комплекстің жалпы онімінде жеке косалкы шаруашылыктардың үлесін коса ескергенде (жылына орта есеппен: 1981- 1985 жж. картоп 56 %, коконіс -32 %, бақша онімдері -35%. жеміс-жидек 53%, ет 31%, сүт 44%, жүмыртка 35%, жүн 22%), колхоз-совхоз күрылымдарында аталған жылдарда жалпы онім деңгейінің мәз еместігін байкауға болады. Бір жүмыскерге шакканда оның барлық қызметінен түсетін таза пайда Қазакстан бойынша небәрі 11 сом болды, ал АҚШ-та бүл корсеткіш 59 мың доллар, Үлыбританияда 42 мың, Германияда 32 мың 263


доллар қүрады. Бір қызметкер орта есеппен 13 адамды асырады (АҚШ-та 80, Швейцарияда 100, Нидерландта бОадам). 1981 1985 жж. Қазақстандағы колхоздар мен совхоздардың 53% озінозі ақтай алмады, ал зиянның молшері миллиард сомға жетті. Мал шаруашылығындағы ондіріске жүмсалған 100 сом 1981- 1985 жж. жалпы онімге шаққанда 120 сом болды. Аталған жылдары сату бағасы ірі қараның етін. кокон істі, кант қызылшасын, сүтті және сүт онімдерін, шошқа етін, жүн ондіруге кететін озіндік қүнның орнын толтыра алмады. КСРО жыл сайын шетелден 3,8 млрд. АҚШ долларына азық-түлік сатып алып отырды. Осындай экономикалық қайшылықтар оз кезегінде әлеуметтік проблемалар мен іштей наразылықтарды туғызып, үлтаралық қатынастар арасындағы қайшылықтар 1979 жылы Целиноградта болған оқиғаға әкеп соқтырды. КОКП Орталық Комитетінің шешімімен Ақмола облысының Ерейментау қаласында әкімшілік орталығы орналаскан неміс автономиясы қүрылды. Оның қүрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, сондай-ақ Кокшетау облыстарының бірқатар аудандары кіруге тиіс еді. 1979 жылы 16 маусымда Орталықтың бүл шешіміне қарсы Ақмолада, Атбасарда, Ерейментауда, Кокшетауда митингілер, демонстрациялар отті. 70-ші жылдардың аяғында, 80-ші жылдардың басында сыртқы саясатта жіберілген қателіктер кеңес халқына қымбатка түсті. 1979 жылы 27 желтоқсанда ауған басшылығының отінішімен Ауғанстанға әскер кіргізілді. Кеңес оскері Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды. Ресми мәліметтер бойынша, онда 13 мыңнан аса адам қаза тауып, 37 мың солдат, офицер әртүрлі жарақат алып, кобі мүгедек болып каллы. Өмірдің барлық салаларындағы дағдарыс қоғамды дамытудың жаңа жолдарын іздеуге можбүр етті. 9.12. Қазакстан канта күру жылдарында (1985-1991 жж.) 80-ші жылдардың орта шенінде КСРО экономикалық, саясн және әлеуметтік терең дағдарыстарға тап болды. Түрғындарға, адам басына шаққанда түтынатын тауарлар мен корсетілетін қызметінің колемі бойынша КСРО 57-ші орында түрды. Ресми молімет бойынша, 1989 жылы КСРО-да 41 миллион адамның күнкоріс минимумы олдеқайда томен, яғни айына 78 сом болды. 264


КСРО балалар өлімінің деңгейі бойынша әлемде Маврикия мен Барбадостан кейін 50-ші орында, ал орташа өмір үзақтығы жағынан 32-ші орында түрды. 1985 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. Орталық Комитеттің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жылдамдату бағыты жарияланды. Бүл кезең жеті жылға созылды, ол тарихта «қайта қүру» кезеңі деп те айтады. 1987 жылы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң қабылданды, соған сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті, өз шығынын өзі өтеп, өзін-өзі қаржыландыратын болды, кейбір ірі кәсіпорындарға сыртқы нарыққа шығуға рүқсат етілді. Сол жылы «Жеке еңбек қызметі туралы» Заң қабылданды. XIX Бүкілодақтық партия конференциясынан кейін (1988 жылдың жазы) саяси реформалар басталды. Реформа жаңа өкілетті және атқару биліктері жүйесін омірге әкелді: халық депутаттарының съезі, КСРО президенті, КСРО Жоғарғы Кеңесі. 1990 жылы өткізілген КСРО халық депутаттарының үшінші съезінде КСРО-ның бірінші (және ең соңғы) президенті болып М.Горбачев сайланды. 1988-1991 жж. КСРО-ның сыртқы саясатында да түбегейлі өзгерістер орын алды. М.Горбачевтің Р.Рейганмен үш рет кездесуі нәтижесінде орта және жақын қашықтыққа үшатын ракеталарды жою туралы келісімге қол жетті, 1988 жылы кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1989 жылдың аяғында шын мәнінде, бір-ақ айдың ішінде Шығыс Еуропа елдеріндегі коммунистік партиялар биліктен (негізінен бейбіт жолмен) айырылды. КСРО-ның қолдауымен екі Германия бірігіп, тоталитарлық социализмнің белгісі болған *Берлин қабырғасы қиратылды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің Бірінші хатшылығынан алынып, орнына Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүмыс істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен, тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді. Бірақ ол республиканың үлттық мүддесімен санаспағандықтан бүл шешім батыл қарсылыққа тап болды. 1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жастар бүл қабылданған 265


шешімге қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеруге шықты, екі күнге созылған бүл оқиға тарихқа «1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енді. 17 желтоқсан күні кешке демонстрациям»! қуып таратуға күш салынды, бүл мақсатқа өрт сөндіргіш машиналар, сапер күректері, сойылдар, қызмет иттері пайдаланылды. Жаппай берекетсіздік басталды. 18 желтоқсан күні таңертең Алматыға КСРО-ның баска қалаларынан арнайы бөлімдер әкелінді. Кешкісін демонстрация қуып таратылды. Демонстрацияны таратқаннан кейін, окімет саяси қуғын-сүргін науқанына кірісті. 900-дей адам әкімшілік жазаға тартылып, 264 адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, оқиғаға қатысқан 319 адам жүмыстан қуылды. КОКП қатарынан 52, БЛКЖО-нан 758 адам шығарылды. 8500 адам үсталып, 99 адам сотталды, олардың екеуіне ең жоғарғы жаза берілді. 1987 жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия үйымдарының халыққа интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жүмысы» туралы қаулы қабылдады. Онда желтоқсан окиғасы «қазақтың үлтшылдық көрінісі» деп аталды. Мүның бәрі Орталықтың ескі козқарасын білдіретін. 1989 жыл коктемде М.Шаханов КСРО халық депутаттарының 1 съезінде желтоқсан оқиғасына объективті баға беруді талап етті. 1989 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі КОКП Орталық Комитетінің қаулысын айыптады. 1990 жылы қаңтарда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматыда болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде комиссия қүрды. Сонымен қатар, сотталған «желтоқсаншылардың» істерін қайта карау процесі де жүргізілді, нотижесінде қылмыс қүрамының болмауына байланысты олардың 32-ісі босатылды. 1990 жылы мамырда КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросы КОКП Орталық Комитеті 1987 жылғы қаулысында «1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған қоғамдық тәртіпті жаппай бүзушылықты қазақ үлтшылдығының көрінісі деп бағалауы кате деп тапты». Әділдік салтанат қүруы үшін біраз уақыт керек болды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы зор, бүл саяси өмірді демократияландырудың басталуы еді. Алматыда 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасынан кейін КСРО-ның баска аймақтарында Орталықтың октемдігіне қарсы үлттық мүддені жақтаған толқулар басталды. Бүл КСРО-ның қүлауына, сойтіп 266


болашақта бүрынғы кеңес кеңістігінде егеменді, тәуелсіз елдердің қүрылуының алғы шартын жасап берді. Қазақстандағы бүқара халық қозғалысының бірі «НевадаСемей» экологиялық қозғалысы болып табылады. Ол 1989 жылы ақпанның аяғында ақын О.Сүлейменовтың бастамасымен пайда болып, Семейдегі және Қазақстанның өзге аймақтарындағы полигондарды жабуды алдына мақсат етіп қойды. Ақын М. Шахановтың бастауымен Арал түрғындарына комек көрсету жонінде Балқаш және Арал мәселелері бойынша комитет қүрылды. 1989 жылы сәуірде қазақстандық ерікті тарихиағартушылық «Әділет» қоғамы өз қызметін бастады. 1990 жыл шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысы дүниеге келді. «Азат» озінің алдына басты мақсат етіп Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу мәселесін қойды. 1990 жылы тамызда «Бірлік» үлтаралық қозғалысы қалыптасты. Оны үйымдастырушылар одақтық дәрежедегі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық зиялыларының окілдері еді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы үшін жазықсыз сотталғандар өздерінің «Желтоқсан» партиясын қүрды. 1990 жылдың қараша айының бас кезінде Қазақстанда 100-ден аса саяси қоғамдық қүрылымдар бар деп есептелсе, оның 40-қа жуығы Алматы қаласында болды. Дегенмен, жаңа коғамдық қозғалыстар қатарындағы адамдардың саны (экологиялық қозғалыстан баска) көп болған жоқ. 267


ХТЛРАУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН 10.1. КСРО-нын ыдырауы және ТМД-ның қүрылуы 80-ші жылдардың аяқ кезінде үлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік мәселелері бірінші кезекке шықты. «Тіл туралы» заң жобасы жарияланғаннан кейін бүл қүжат Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс он төртінші сессиясында қабылданды. Талқылаудан кейін заң мынадай редакцияда «Қазақ КСР-індегі тіл туралы Қазақ Социалистік Республикасының заңы» деп қабылданды. Бүл заң қоғамдық-саяси жағдайды түрақтандыруға және үлтаралық қатынасты едеуір жақсартуға мүмкіндік берді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі болып жарияланып, орыс тілі үлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. 1989 жылы Заңға толықтырулар енгізіліп, казақ тілін өркендетудің Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ана тілімізге алдымен материалдық қолдау көрсету, тілді дамыту ісі көтерілді. Бір жылдың ішінде, яғни 1990 жылдан 1991 жылға дейін қазақ бала-бақшаларының саны 482-ге көбейді, ал республика бойынша оның жалпы саны 1677 болды. 155 жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Республикада бірінші рет қазақ тілінде іс жүргізетін және машинка басатын мамандар даярлайтын қалалық кәсіптіктехникалық училищелер үйымдастырылды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1920- 1950 жылдары саяси қуғын-сүргін қүрбаны болған Ш.Қүдайбердиев, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов тәрізді халықтың даңқты үлдары ақталып, есімдері қайта оралды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 40- шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың бас кезіндегі идеология мен ғылым мәселелеріне қатысты бірқатар қаулыларының күші жойылды. Сондай теріс пиғылды қаулылардың қатарында 1947 жылғы 21 қаңтарда шыққан «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының орескел саяси қателіктері туралы» қаулысы да бар еді. 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Президент лауазымын бекітіп, ол өзінің шешімімен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.Назарбаевты 268


республиканың бірінші Президенті етіп сайлады. Одақтас республикалар КСРО-ны егеменді елдердің одағы етіп қайта қүруға дайындалды. 1990-1991 жылдары Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру туралы» және «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» заңдар қабылдады. Бүл заңдар республиканың билік органдары мен басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістердің бастамасы болды. Республика үкіметі өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін аса маңызды экономикалық бірқатар заңдарды қабылдады: «Қазақ КСР-індегі меншік туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері туралы», «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар туралы», «Қазақ КСР-індегі шетелдік инвестициялар туралы» және т.б. Осының бәрі сауда-саттықтың өсуіне әсерін тигізіп, ол 1990 жылы 1,5 есе артты. Коммерциялық, инновациялық және т.б. банктердің қүрылуы іскерлік қызметті жақсарта түсті. 1990 жылы қарашада Сауд Арабиясымен бірлесіп, бірінші рет шетелдіктердің қатысуымен «Аль-Барака Банк Қазақстан» қүрылды. 1990 жылы «Экономиканы түрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшудің бағдарламасы» қабылданды. Бүл қүжат мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа отудің басты шарты ретінде қарастырылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. «Шағын жекешелендіру» деп аталатын бірінші кезең (1991-1993) мемлекеттік түрғын үйді купон механизмі арқылы жеке меншікке беруді және әлеуметтік, мәдени және түрмыстық объектілерді жекешелендіруді қамтыды. «Үлкен жекешелендіру» деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік меншікті азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды. 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдады. Бүл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; республика әкімшілік-аумақтық қүрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-үлтық қүрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бүзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға қүқылы; Қазақстанның оз 26 9


шекарасындағы аумағына қолсүғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің оскери қүрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдык қауіпсіздік орган дары н үстауға қүқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, озінің мүдделеріне сай сырқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. 1991 жылы 19 тамызда КСРО-да Төтенше жағдай жөнінде мемлекеттік комитеттің қүрылғандығы туралы (ТЖМК) жарияланды, Фороста демалып жаткан КСРО Президенті оқшауланып қалды, бүл шын мәнінде мемлекеттік тоңкеріс жасауға жасалған әрекет еді. Сол күні ТЖМК №1 каулы шығарып, ол «КСРО Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін билік және басқару органдарының заңдары мен шешімдерінің күші жойылсын, митингілер мен демонстрациялар жасауға тыйым салынсын, бүқаралық ақпарат қүралдарына бақылау орнатылсын» деген талаптар қойып, жер аламын деушілерге 0,15 гектар жер болуге және еңбекақыны арттыруға уәде берді. Бірақ, 21 тамыз күні бүлік жеңіліс тапты. М. Горбачев Мәскеуге қайта оралды. Бас прокуратура бүлікшілдерге қарсы қылмыстық іс қозғады. 24 тамыз күні Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының атына, озінің, оның қүрамынан шығатындығын мәлімдеді, ойткені, КОКП Орталық Комитеті озінің әрекеттерімен бүлік болған күндері өз беделін толықтай жоғалтқанын алға тартты. 25 тамызда Қазақстан Президентінің «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүліктері туралы» Жарлығы шықты. Соған сойкес, Қазақстан аумағындағы КОКП мүліктері мемлекет меншігіне айналды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 28 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда Н.Назарбаев ҚКП ОК-нің Бірінші хатшысы міндетін озінен алып тастады. 1991 жылы тамыздан кейін КСРО-ның ыдырау процесі жеделдей түсті. КСРО халық депутатарының бесінші (кезектен тыс) съезі «Өтпелі кезеңдегі билік туралы» конституциялық Заң қабылдап, озінің окілеттігін КСРО Мемлекеттік кеңесіне берді. М.Горбачевтің Орталықты 2 7 0


сақтап қалуға үмтылған жанталасынан нәтиже шыққан жоқ. Республикалардың басым бөлігі Мемлекеттік комитетке өздерінің окілдерін жібермей қойды. КСРО-да ресми түрде 12 республика қалды. 1991 жылы 7 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да Алматы қаласында Қазақстан Компартиясының кезектен тыс тотенше съезі ашылды. Үзаққа созылған пікір-таластан кейін, съезд Қазақстан Компартиясын таратып, жаңа партия қүру туралы шешім қабылдады. Жаңадан күрылған партия Социалистік партия деп аталды. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО-сының кезектен тыс ХҮІП съезі шақырылып, онда оздерінің атауын озгерту туралы шешім шығарды. Қазақстанның Лениншіл Коммунист Жастар Одағы енді Қазақстанның Жастар одағы деп аталатын болды. Сойтіп, партиядан кейін іле-шала комсомол да, кейін пионер үйымы да озінің омір сүруін тоқтатты. Кәсіподақтар жекелеген тәуелсіз үйымдарға таратылды. Олар партиялық өктемдіктен қүтылғанымен, олардың шамадан тыс бюрократтанып алған үйымдары бүкара арасында қолдау таба алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазандағы қаулысында 1991 жылғы 1 желтоқсанда Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақ КСР Президентін төте сайлау арқылы сайлады. Дауыс беруге қатысқандардың сайлаушылардың 8 681 276-ы Нүрсүлтан Назарбаевты жақтап дауыс берді немесе бүл 98,78% болды. Соның нәтижесінде, Н.Назарбаев бүкіл халық болып сайлаған Қазақстанның түңғыш Президенті мандатын алды. 1991 жылы 10 желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады. Идеологиялық бояуы бар бүрынғы атауы өмір шындығынан алыс жатқан еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданып, бүл күн Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қабылданған қүжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық және қүқықтық мемлекет екендігі айқындалды. Қазақстан аумағы біртүтас, болінбейтін және қол сүғылмайтын болып жарияланды. Заңның екінші тарауында қазақ үлтымен тарихи тағдыры ортақ республиканың барлық үлттарының азаматтары біртүтас Қазақстан халқын қүрайтындығы айтылған. 271


Ол егемендік пен мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар козі болып табылады. 3-тарауда мемлекеттік билік пен басқару органдарының қүрылымы келтірілген. Занда мемлекеттік билік үш принциптен туындайтыны: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының Елбасы және оның атқарушы билігі Президент болып табылады. 4-тарауда тәуелсіз мемлекеттің экономикалық негізі дербес экономикалық жүйе екендігі атап көрсетілген және меншіктің түрлерінің алуандығы мен олардың бәрі тең екендігі ескерілген. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстар мемлекеттің айырықша меншігінде болады деп жарияланды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың толық қүқықты мүшесі болып табылады. Ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен үлттық мемлекеттігін нығайту жөнінде шаралар қабылдайды. 1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттердің Одағын (ТМО) қүру процесі өте күрделі жағдайда жүрді. 1991 жылы қарашада Ново-Огаревода жеті республика (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан, Кыргызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) жаңа мемлекетаралық қүрылым - Егеменді Мемлекеттер Одағын (ЕМО) қүру керектігі туралы мәлімдеме жасады. 1991 жылы 25 қарашада оны заңдастыру көзделген еді, бірақ бүл шара жүзеге асқан жоқ. Орталық әлсіздік танытып, 1991 жылы 8 желтоқсанда Брест маңындағы Беловежьеде Беларусь, Ресей, Украина басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру туралы келісімге қол қойды. Бүл келісімде КСРО-ның халықаралық қүқық субъектісі ретінде омір сүруін тоқтатқаны жарияланды. Содан кейін, 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия және Қазақстан республикалары басшыларының кездесуі өтіп, олар «Беловежье келісімін» қолдады. Ақырында, 20 желтоқсан күні Әзірбайжанның, Арменияның, Беларусьтің, Грузияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Өзбекстанның басшылары Алматыда бас қосып, 21 желтоқсан күні Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығын қүру туралы хаттамаға қол қойды. 27 2


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді мемлекеттіктің даму процесі қарқын алды. Саяси жүйеде күшті президенттік республика қалыптастыруға, бүл орайда кәсіби Жоғарғы Кеңесті көздейтін парламенттік билікті реформалауға бағыт үсталды. Облыстарда, қалаларда, аудандарда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес атқару билігіне реформа жасалды. Өтпелі кезеңде әкімшілік басшысына экономикаға жауапкершілік, президенттік және үкіметтік шешімдердің жергілікті жерлерде орындалуы тәрізді міндеттер жүктелді. Әкімшілік басшыларын тағайындау немесе мерзімінен бүрын міндетінен босату қатаң тік жолмен, яғни Республика Президенті және жоғары түрған әкімшілік басшылары арқылы жүзеге асты. Кеңестер бюджетті жоспарлап, бекітетін және оның орындалу барысына бақылау жасайтын болды. Сондай-ақ депутаттармен жүмыс істеп, түрақты комиссиялардың жүмысына басшылық етті, аймақтың стратегиялық дамуын жоспарлап, өртүрлі қоғамдық үйымдармен бірлесіп жүмыс істеді. * 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнүраны бекітілді. Мемлекеттік нышандар тарихтың, мәдениеттің көрінісі болып табылады, сондай-ақ елдің қайталанбас ерекшелігін бейнелеп, азаматтардың сана-сезіміне әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы - Ш.Ниязбеков. Тудың көк түсі ынтымақ пен ашық аспанды білдірсе, алтын күн - тыныштық пен байлықты, дала қыраны - берекелік пен қырағылықты, ойқиялдың үшқырлығын көрсетеді. Туға қошқар мүйізді үлттық ою-өрнек салынған. Бүл ежелден келе жатқан ою-өрнектің Қазақстан аумағын мекендеген ертедегі көшпенділерде болғаны тарихта белгілі. Мемлекеттік елтаңбаның авторы - сәулетшілері Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес тармақты жүлдыз бар, төменгі жағында «Қазақстан» деп жазылған. Ол алтын және көк екі түстен түрады. Күмбез төрізді шаңырақ көк әлемін еске салады. Жылқы көшпенділердің ежелден серігі болған, ал қанатты түлпар гүлденген күшті мемлекетке деген үмтылушылықты білдіреді. Бес тармақты жүлдыз мемлекеттердің қауымдастығы мен бес қүрлық халықтарының бірлігін көрсетеді. 1 0 . 2 . 1 9 9 1 - 2 0 0 2 ж ж . Қ а з а қ с т а н н ы ң с а я с и д а м у ы 2 7 3


Мемлекеттік әнүранның музыкасына кезінде композиторлар Мүқан Төлебаевтың, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің жазған нүсқасы қайта алынды. Әнүран созінің авторлары Мүзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Түманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева болып табылады. Әнүранның мәтіні 1992 жылы 4 желтоқсанда қабылданды. Ол үш шумақтан және бір қайырмадан түрады. Бірінші шумақта Қазақстанның тарихи өткен жолы, екіншісінде оның қазіргісі, ал үшіншісінде болашағы туралы айтылған, ал қайырмасы Қазақстан халықтарының бірлігіне үндейді. 1993 жылы 28 қаңтарда республиканың Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады, ол қүқықтық мемлекетті қүрудың іргетасы болып, оның мемлекеттігінің кепілдігінің қалыптасуын, тәуелсіздікті. экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуді қамтиды. Бүл Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және унитарлык мемлекет болды. Ол өзінің барлық азаматтарына тең қүқықты қамтамасыз етті. Онда аумағының түтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сүғылмайтындығы атап көрсетілді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару билігі оның бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып биліктің үш бүтағына бөлінді, мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы болып табылады. 1990 жылы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігі 1995 жылы аяқталу керек еді. Бірақ, 1993 жылдың аяғында республикадағы саяси өмір күрт өзгеріске үшырады. 1993 жылы қарашада Алатау аудандық кеңесінің халық депутаттары өзін-өзі тарату туралы бүрын болып көрмеген шешім қабылдады. Аудандық кеңестің депутаттары Жоғарғы және жергілікті Кеңестерді озін-озі таратуға шақырды. 9 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы халы к депутаттарының жергілікті Кеңесінің окілеттігін мерзімінен бүрын тоқтату туралы заң қабылдады. Жоғарғы Кеңестің 360 депутатының 200-і өз окілеттіктерін мерзімінен бүрын тоқтатты. 10 желтоқсанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының жергілікті окілетті және атқару (әкімшілік) органдары туралы Заңды күшіне енгізді. Мәслихаттарды жергілікті халық бес жылға сайлайтын болды. ал облыс әкімшілігі басшыларын (әкімдерді) Президент тағайын274


дады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Кодексі қабылданды, соған сәйкес парламентке сайлаудың жаңа (мажоритарлы) жүйесі 117 депутат қүрамында үсынылды, олар бес жыл мерзімге сайланды. 1994 жылы 7 наурызда республика парламентінің сайлауы өтті. Бірақ, ол бірқатар жерде бүзушылықпен өткізілді. Тіркеуден өтпей қалған парламент депутаттығына кандидаттың бірі Т.Г.Квятковская Қазақстан Конституциялық сотына Абылайхан сайлау округінде сайлауда Кодексті бүзушылық туралы Орталық сайлау комиссиясының үстінен талап-арыз берді. Үзаққа созылған сот талқылауынан кейін Қазақстан Республикасының Конституция-лық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутаттары-ның окілеттігін заңсыз деп танып, парламент таратылды. 1994 жылы 19 сәуірден бастап республикада заңды сайланған Жоғарғы Кеңестің болмауы және жаңа парламент сайлағанға дейін «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша окілеттілікті уақытша беру туралы» Заң негізінде Президентке заңдылық күші бар шешімдер қабылдауға және озге де өкілеттіктер берілді. Республика Президенті экономиканы, әлеуметтік мәселелерді реттейтін бірқатар жарлықтарға қол қойды. 1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттігін 2000 жылға дейін созу туралы референдум өткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге, дауыс беру қүқығы бар азаматтардың 91% қатысып, олардың 95% өкілеттікті үзартуды жактайтын-дықтарын білдірді. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция жобасы туралы республикалық референдум болды, ресми мәліметтер бойынша, референдумға дауыс беру қүқығы бар азаматтардың 90% қатысты. Конституцияны қабылдауды дауыс беруге қатысқандардың 89% жақтады. 1995 жылы 6 қыркүйекте Президент сарайында жаңа Конституцияны ресми түрде жариялау салтанаты өткізілді. Оның ресми мәтіні Орталық мемлекеттік мүражайға сақтауға берілді. 30 тамыз мемлекеттік мейрам Конституция күні болып жарияланды. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көпқырлы мәселелер қамтылды. Меншік проблемасы жаңа көзқарас түрғысынан қарастырылды, жерге жеке меншік енгізілді. Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде 275


қорғалатындығы танылды. 7 желтоқсан күні Қазақстанның қос палаталы парламентіне сайлау өтті. 1997 жылы қазанда Президент Н.Назарбаев Қазақстанның премьер-министрі Ә.Қажыгелдинді қызметінен алу туралы Жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып, Н.Балғымбаев тағайындалды. 1997 жылы қазанда Президент 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы етіп жариялау туралы Жарлық шығарды. 1998жылы6 мамырда Ақмола қаласы Астана болып аталды. 1998 жылы қазанда Қазақстан парламенті 1999 жылы неғүрлым үзақ мерзімге (7 жыл) Президент сайлауын өткізу туралы ереже енгізді. 1998 жылы қазанда Президент сайлауын 1999 жылы 10 қаңтарда өткізу белгіленді. 1999 жылдың қаңтарында сайлау өткізілді. Ресми мәліметтер бойынша Э.Ғаббасовқа сайлаушылардың 1%, С.Әбділдинге 13%, Ғ.Қасымовқа 4%, Н.Назарбаевқа 80%-тен артық дауыс берілді. 1999 жылдың мамырында Қазақстанның сайлау туралы заңына кезекті өзгертулер енгізілді, сол арқылы сайлау жүйесінде елеулі өзгерістер жасалды. Заңда жаңа, аралас сайлау жүйесі қарастырылып, соған сәйкес, парламенттегі 10 орын пропорционалды өкілдік негізінде бөлінді, қалған 67 орынға депутаттар бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын болды. 1999 жылы 10 қазанда республика парламентіне сайлау жаңаша, аралас сайлау жүйесімен өткізілді. 1999 жылы қазанда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми қорытындысын шығарып, соған сәйкес, республикада нағыз демократиялық сайлау өтті. 1999 жыл күзде Н.Балғымбаев басқарған үкімет отставкаға кетті. Қ.Тоқаев премьер-министр болып тағайындалды. 2000 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті туралы» конституциялық Заң күшіне енді, бүл Заң оған оның қол сүғылмайтындығын күшейтіп, Президентті отставкаға кеткеннен кейін жауапкершілікке тартуға (мемлекетке опасыздық жасағаннан басқа) болмайтынын көрсетті. 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында қазақтардың Бірінші Бүкіләлемдік қүрылтайы ашылды. 1992 жылы желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы болды. 1995 жылы 24 наурызда Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы ашылды. Ассамблеяның міндеті 2 7 6


Қазақстанда түратын барлық халықтардың республиканың саяси, экономикалық және әлеуметтік оміріндегі жаңаша үлгілендіруде бірігуін жүзеге асыру болып табылды. 1999 жылы Қазақстанда егемендік жағдайында бірінші халық санағы откізілді. 1989 жылы болған санаққа қарағанда, халықтың саны 1246 023 адамға кеміп, 16 199 154 орнына 14 953 131 адам болды. Сонымен қатар осы 10 жылда қазақтардың саны 22,9%- ке өсіп, 6 496 858-ден 7 985 039 адамға жеткен, яғни 1 488 181 адамға көбейген. Ал, олардың жалпы түрғындар арасындағы үлес салмағы 40,1 %-тен 53,4%-ке дейін өсті. 2001 жылы Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында 2001 жылы 16 желтоқсанда осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты жиналыста «Жүз жылға татитын он жыл» атты баяндамасында былай атап көрсетті: «Біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ, талай ондаған жылдарға татырлық жолдан өттік. Біз еркін тыныстайтын, еңсе жазатын күйге көштік. Біздің санамызды, зейін-зердемізді, жанарымызды түмшалап келген бірталай көнерген сарқыншықтардан, теріс пайым-үғымдардан арыла алғанымызда да күмән жоқ». 10.3. Қазіргі кезеңдегі Қазақстаннын экономикалық дамуы Қазақстанда оны қуатты мемлекет дәрежесіне котеретін зор потенциалдық резервтер мен мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақ КСР кезінде қазба байлықтарының қоры жағынан КСРО-дағы ең бай республикалардың бірі саналды. Республика аумағында КСРОдағы мыс қорының жартысы, қорғасынның 3/4, мырыштың 1/3-і болды. КСРО темір кені қорының 1/5-тен астамы Қазақстан үлесіне жатты. КСРО-дағы жыртылатын жердің 1/5 Қазақстан аумағына тиді, астық және астық түқымдас дақылдарды өндіруде республикалар арасында 2-3 орынды алды. Бірақ, Қазақстанның экономикалық жағдайы бірнеше ондаған жылдар бойы табиғи даму сатысында емес, саяси басшылықтың еркінде болды. Мүның соңы экономикалық дағдарыстарға соқтырып отырды. Қазақстан егемендік алғаннан кейін экономикалық реформаларды қолға алды, ғалымдар мен іс адамдары шетелдік тәжірибелерді зерттеп, кәсіби дәрежесі жоғары мамандарды жүмысқа тартты. 2 7 7


Экономикалық дамуда адам барлық уақытта негізгі ондіргіш күш. Қазақстан тәжірибесі алғашқы кезде реформалаудың үзак мерзімді біртүтас бағдарламасының болмауынан коптеген қиыншылықтарға кездесті. Бүған ғылыми-техникалық дамудың томендеуі және экономикадағы индустрияландыру қарқынының бүзылуы эсер етті. Өндірістің қүлдырауы, өндіріс орындарының жабылуы, технологиялық процестердің бүзылуы, жүмыссыздықтың өсуі, экономикада қылмыстың орын алуы, табиғи ортаның тепе-тендігін бүзу факторлары орын алды. Қазақстан экономикалық реформаны жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға тап болды. Экономиканы орталықтан, жоспарлы басқарудан бірден нарықты жүйеге көшу оңай болмады. Ақша эмиссиясының өсуі оның күнсыздануына алып келіп, ол 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 миллиард сомға жетіп, ақшаның қүнсыздануы едәуір күшейді. 1992 жылдың басында Ресейде бағаны «босату» республикадағы жағдайды тіптен қиындатып жіберді. Қазақстанда 6 қаңтардан бастап бағаны либерализациялау (босату) туралы жарлық шықты. 1992 жылдың бірінші жартысында республика басшылығы Қазақстанның стартегиялық әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгіледі, бүл Н.Назарбаевтың «Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның дамуы және қалыптасуынын стратегиясы» атты еңбегінде 1992 жылдың бірінші жартысында республика басшылығы белгілеген Қазақстанның стратегиялық әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары корсетілді. Экономика саласында мынадай мақсаттарға қол жеткізу белгіленді: бәсекелестік жағдайға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыру, меншіктің негізгі түрлерін (жеке және мемлекеттік меншік) үйлестіру және олардың бір-бірімен арақатынаста болуы, әр меншіктің өз функциясын экономикалық және олеуметтік ортақ жүйеде орындауы, адамның экономикаға қатысты принципін жүзеге асыру үшін оған қүқықтық және т.б. жағдайлар жасау; үлттық валютаны енгізу және оның ішкі және сыртқы айналымын қалыптастыру; түтыну нарығын қамтамасыз ету; Қазақстанның дамуы үшін шетелдік инвестицияны тарту және оны тиімді түрде пайдалану. Негізгі экономикалық табыстарға жетудің мерзімдері айқындалды: бірінші кезең (1992-1995) - мемлекеттік меншіктен біртіндеп жеке меншікке көшу және түтыну нарығын 278


тауарлармен толтыру. Екінші кезең (1996-2005) - біртіндеп экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, колік және телекоммуникация жүйелерін жедел дамыту, тауарлы және валюталық нарықтың, басқа да нарықтық-капиталдың, жүмыс күшінің, бағалы қағаздың, интеллектуалдық меншіктің дамуын қалыптастыру. Үшінші кезең 5-7 жылға созылып, экономикада бәсекелестікті ашық жедел дамыта отырып, Қазақстанның әлемдік саудадағы үстаған бағытын нығайтып, жаңа дамыған индустриялы мемлекет қатарынан орын алуы. 1993 жылы наурызда Н.Назарбаев жекешелендірудің бірінші кезеңін (1991-1993) қорытындылады. Жекешелендірілген кәсіпорындарда жүмыскерлердің саны барлық жүмыс істеушілердің 12% күрады. 1993 жылдың осы айында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жж. арналған «Мемлекет меншігінен жеке меншікке оту және жекешелендірудің үлттық бағдарламасы» күшіне енгізілді. Осы бағдарламаға сәйкес мемлекеттік меншіктегі барлық объектілер екі топқа бөлінді: жеке меншікке және жекешелендіруге жататын объектілер; жекешелендіруге тыйым салынатын объектілер. Сол кезеңде егеменді мемлекеттің өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына 1993 жылы 12 қарашада шыққан Президент Н.Назарбаевтың «Үлттық валюта енгізу туралы» Жарлығы болып табылады, соған сәйкес еліміздің аумағында «бірден-бір занды төлем қүралы» тенге болып саналды. 1995 жылы жалпы түрақтанудың кейбір белгілері біліне бастады. Олардың ішінде ақшаның қүнсыздануы бәсеңдеп, экономиканың қаржы жағдайы едеуір жақсарды. Бірақ, ақшаның қүнсыздануына қарсы үкіметтің жүргізген қызметі өндірістің қүлдырауы мен жүмыссыздар қатарының өсуіне әкеп соқтырды. 1995 жылы 1 қазанда еңбекақы жөніндегі қарыз 25 100,8 млн. теңге немесе ішкі жалпы өнім көлемінің 23,97 % болды. 1995 жылы еңбекке орналастыру қызметкерлері ресми түрде 153 мың жүмыссыздарды тіркеуге алды, бүл көрсеткіш 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе коп. Жалпы жүмыссыздар саны 643 мың адамға жетті. Өндірістің тоқтатылуы себепті амалсыз еңбек демалысын алған адамдар саны 192 мыңға жетті, ондірістің жиі тоқтап қалуы себебінен толық емес жүмыс күнімен 451 мың адам жүмыс істеді. 1991-1994 жж. ақшаның қүнсыздануының өсуінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзінің жеке меншік қаржысымен жай өнімдерді өндіруге дәрменсіз болғандықтан 2 7 9


банкрот шегінде түрды. Мемлекеттік аграрлық кәсіпорындардың банктердегі қарызы 1994 жылы бір шаруашылыққа шаққанда 6 млн. теңгені қүрап, 1993 жылмен салыстырғанда 5,9 есе өсті, ал колхоздар бойынша бүл көрсеткіш 2 млн. теңгеден айналып, бүрынғыдан 5,5 есе асып түсті Республикадағы отпелі кезеңнің қиындықтары ауыл шаруашылығы аудандарының әлеуметгік-экономикалық жағдайына қатты осер еггі. 1998 жылы ауыл шаруашылығының мемлекет алдындағы карызы 127 млрд. теңгеге жетгі. 1998 жылы озін-озі ақтай алмаған 170 шаруашылық сатылса, кезекте әлі 633-і түрды. Бүл шаруашылықтардың түрғындары 5-6 жыл бойы еңбекақы ала алмай, тек қана озінің азын-аулақ малы мен жерінің аркасында күн корді. Жүргізілген талдау (1998) мынаны көрсетеді: 162 ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандар 2 648,8 мың шаршы шақырым аумақты алады екен, бүл мемлекет аумағының 97,2 %, қазір онда 8766 мың адам түрады немесе еліміздің жалпы түрғындарының 50,6%. 1997 жылы ауыл шаруашылығы аудандарынан кошіп кеткен адамдардың саны 190,5 мың (республика бойынша 216,4 мың). Жүмыссыздардың саны орта есеппен 5,8% (республика бойынша 5,9%) болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының аграрлық секторында жекешелендіру процесі отуде. Шын мәнінде меншікті қайта болу ескі ондірістік қатынастар негізінде жүргізілуде. Ауыл түрғындарының басым бөлігі мемлекеттен комек күтуде. Реформаға ауыл түрғындарының белсенділігі артпаса, жүргізілген шаралардың тиімділігі жонінде айтудың озі артық. Саясатты түсіндіріп, адамдардың санасын қайта тәрбиелеу керек. 1994 жылы Қазақстан Республикасында «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң қабылданды. Шетелдік тікелей инвестиция толқынын ынталандыру мақсатында «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сойкес шетелдік инвесторлардың жобаларын жүзеге асыру үшін, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі қарастырылды. 1998 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің бірінші мәжілісі откізілді. Бүл органның мақсаты - жаңа идеяларды жандандыру, проблемалық мәселелерді шешудің жолдарын үсыну, Қазақстанда инвестициялық жағдайды дамытч бойынша үсынымдарды, оның заңдық жоне қүқықтық базаларын 2 8 0


жасау. 1993 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде 6,6 млрд, доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Қазіргі кезде Қазақстан инвесторларға қолайлы жағдай жасап, сонымен қатар, өзіміздің мәселелерімізді шешуге күш салуда. Шетелдік капиталдың тартылуымен төмендегідей экономикалық тиімділікке кол жеткізуге болады: шетелдік инвесторлар қатысуымен республиканың экспорттық потенциалының тиімділігін арттыру, оның тек шикізат көзі болуы бағытын өзгерту; Қазақстанның сыртқы нарықтағы позициясын нығайту; ондірістің ғылыми-техникалық деңгейін көтеру; бюджетке салықтың түсуін арттыру; жаңа жүмыс орындарын қүруға зор мүмкіндік ашу. Қазақстанда минералды-шикізат көзінің мол екендігі белгілі. Республикада түсті және сирек кездесетін металдардың, темірдің, хромның, марганец кендерінің, көмірдің, мүнайдың, газдың, фосфориттің, бор кендері мен басқа да пайдалы казбалардың қоры зерттелді. Осы аталған қазба байлықтардың экспорттық қүны өте жоғары, бүл шетел инвесторларының оны өндіру мен өңдеуге деген қызығушылығын туғызды. Инвестициядан түскен қаржыларды орынды пайдалану қосымша жүмыс орындарының ашылуына көмектеседі, шетелдік несиеге қарағанда мүндай тәсіл елдің қарызын көбейтпейді, сондықтан үлттық валютаның шетелге кетуі де азаяды. Ресми мәліметтерге Караганда, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 40% және жиынтык инвестицияның 45% мүнай-газ секторына, 26% түсті металлургия кәсіпорындарына, 5% кара металлур-гияға, яғни тек шикізат күйінде экспортқа шығарылатын тауарлардың үлесінде қалып отыр. Инвестициялық саясаттың дамуына байланысты Қазақстан өзінің көрші мемлекеттермен, әсіресе Ресеймен экономикалық қатынастарын дамыта түсуде. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетілуде және орташалар негізін қүрайтын жекелеген әлеуметтік топтар өкілдерінің қызметін әлеуметтік-қүқықтық және экономикалық жағынан заң арқылы реттеу жүзеге асырылуда. Оған «Шаруа қожалығы туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарын, «Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жатқызуға болады. 1997 жылы маусымда «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Жарлық шықты. 1991-1994 жж. елімізде жеке кәсіпорындардың саны өсті. Бірақ, бүл процесс 1995 жылдан бастап баяулай бастады. Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар 281


елдегі жүмыс істейтін шаруашылық субъектілерінің 80%-ін күрайды. Шағын кәсіпкерлік секторында жүмыс істейтіндердің саны миллион адамға жуық. Бүл мемлекеттің аз ғана уакыт ішінде қол жеткен экономикалық жетістігі. Тек бір жылдың ішінде шағын бизнестегі жүмыс істейтіндердің саны 5-тен 15 % дейін оскен. Бүл секторда ондірілетін онімнің колем і облыстардағы мониторинг корсеткіштері бойынша бірнеше есе оскен. 1997 жылы еліміздің дамуының «Қазақстан-2030» Стратегиялык бағдарламасы жарияланды. 2030 жылға дейін жеті үзак мерзімді мәселеге мон берілген: үлтық қауігісіздік; ішкі саяси түрақтылык пен қоғамның бірлесуі; нарықтың экономика базасында шетелдік инвесторларды жоғары деңгейде тарта отырып, экономикалык осу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы; энергетикалык ресурстарды дамыту; инфрақүрылымды дамыту (әсіресе колік пен байланыс); кәсіби мемлекет. Президент 2030 жылға арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін оңтайлы негіз болып табылатын қазақстандық қоғамның сегіз қуатты жағын айқындап берді: мемлекеттің тәуелсіздік алуы, онын рәміздері мен нышандары; ескі саяси-экономикалық жүйеден біржолата қол үзу. Жаңа саяси-экономикалық жүйенің пайда болуы: адамдар жаңа жағдайға бейімделіп, адамзат қатынасының жаңа түріне, жаңа қүндылыктарға үйрене бастады немесе үйренді. Мемлекеттік-үжымдық козқарастан жеке-дербестікке кошу процесі жүріп жатыр. Бүл процестің озіндік қиындықтары да бар. Өтпелі кезенде коптеген қазақстандықтар коп жайды басынан кешірді және коп нәрсені қүрбан етті. Бүрынғы жүйе болмашы олечметтік игілікке кепілдік берді және бірқатар салаларда жетістіктерге кол жеткізгені де рас. Бірақ, ол жүйе біздің адамдарымыздың жоғары білімі мен біліктілігі, ғылыми және шығармашылық потенциалы жеткілікті болса да, табиғи ресустарға бай Қазақстанда коғам бірлігі мен ту-рақтылығы сақтала түрса да жоғары адамгершілік қасиеггерге ие болса да еркін нарық зандылығына бірден ілесіп кету қиындач болды. «Қазақстан - 2030» Стратегиялык бағдарламасы - бүл зор тарихи жоне саяси маңызы бар қүжат. Біздің мемлекетіміздің тарихында тап осындай кең ауқымды бағдарлама бүрын болып корген жоқ. Стратегияда Қазақстанның тоуелсіз мемлекет ретінде жаңа дербес дамуының жолдары корсетілген. Онда елдін сыртқы даму факторларының ерекшелігі де ескерілуде. 2 8 2


10.4. Қазакстан Республикасынын казіргі кезеңдегі сырткы саясаты 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Үлттар Үйымы (БҮҮ) Бас Ассамблеясының 46-сессиясындағы пленарлық мәжілісте толық қүқықты мүше ретінде Біріккен Үлттар Үйымына қабылданды. Шешім бір ауыздан мақүлданғандыктан дауысқа салынған жоқ. Қазакстан Республикасы басты валюта-каржы үйымдары болып табылатын Халықаралық валюта қорына, Халыкаралық қайта жаңарту жоне даму банкісіне, Еуропа қайта жаңарту жоне даму банкісіне кірді. Бүл жетістік қаржы қүюда. үлттык валютаны колдауда, макроэкономиканы түрақтандыруға комектесу мен инвестициялык багдарламаларды экономиканың маңызды салалары - мүнай-газ секторында, колікте, алтын ондіруде оң нотижелерін беруде. Халықаралық валюта-қаржылық үйымдарының Қазакстанға болетін қаражаты АҚШ-тың 2 млрд. долларынан асты. Қазіргі таңда Қазакстанды 130 ел таныды, жүзден аса елдермен дипломатиялық қатынастар орнатылып, шетелдерде 20-дан астам елшілік ашылды, Алматыда 55 шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер бар. Республика олемдік кауымдастықта егеменді және дербес халықаралық катынас субъектісі ретінде мойындалды. Мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті экономикалық басымдық пен үлттық қауіпсіздікті айқындау, яғни озінің үлттық мүдделерін, сыртқы саясат стратегиясын, қорғаныс пен оскери докторинаны қамту. Қазақстанның геосаяси жағынан орналасуы Еуропамен, бүрынғы КСРО-ның орта азиялық болігін, Азия - Тынык мүхит аймағын және азия материгінің оңтүстігін байл аныстырады. 1992 жылдан бастап, Қазақстан біркатар сыртқы елдермен дипломатиялық байланыстар жасады. 1992 жылы қазанда БҮҮ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің басшысы ретінде түңғыш рет Бірікккен Үлттар Үйымының мінберінен соз сойлеп, «1 + 1» формула түрінде оз үсынысын білдірді. Қазақстан Президенті бейбітшілікті сақтау, оны қолдау және нығайту үшін мемлекеттер оздерінің әскери қаржыларын жыл сайын бір пайызға қысқартып, сол қаржыны дүние жүзілік бейбітшілікті қолдау үшін БҮҮ қорын калыптастыруға аударуды үсынды. Н.Назарбаев «әлемдік теңсіздік формуласын» тиімділікпен шешуге қолдан келгеннің 283


бәрін жасауды үсынды, ойткені, «әлемдік теңсіздік формуласына» сәйкес әлемдегі (Солтүстік пен батыс елдерінде) ең бай адамдардың 20 % әлемдік жалпы өнімнің 83 %-ін түтынады да, ал ең кедейлердің 20% (Оңтүстік пен Шығыс елдерінде) оның тек -14 %-ін иеленеді. Қазақстан Президенті Азияға Өзара Қарым-қатынас және Сенім Шаралары Жоніндегі Кеңесті (СВМДА) сатылап қүрудың жоспарын үсынды. Ол сонымен қатар, бүрынғы тоталитарлық кезеңнің проблемаларын талқылау үшін БҮҮ-ның арнайы сессиясын немесе конференциясын шақыруды үсынды. 1991 жылы желтоқсан айында Қазақстан Ресей, Украина жоне Беларусь басшылығымен бірге ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы Келісімге қол қойды, соған сойкес олар: бірінші болып ядролық қаруды қолданбауға; оны бір орталықтан бірлесіп басқаруға; оны қолдану туралы мәселені барлық президенттердің келісімі бойынша шешуге; бүл қаруды үшінші біреудің қолына бермеуге, 1992 жылдың Ішілдесінен Ресейге тактикалық ядролық қаруларды әкетуге міндеттенді. 1995 жылы мамырда соңғы ядролық қару Қазақстан аумағынан әкетілді. Содан бері Қазақстан ядролық қарусыз ел болып табылады. Қазақстанның егемендік алғаннан кейін сыртқы саясатындағы маңызды міндеттердің бірі ТМД елдерімен қарым-қатынасты жақсы жолға қою еді. 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте алты мемлекеттің - Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның окілдері үжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. Бүл шарттың негізгі ережелерінің бірі, егер кез келген қатысушымемлекеттердің біріне агрессия жасалса, ол барлық қатысушы мемлекеттерге агрессия жасалған болып есептеледі. Олар бірбіріне қажетті жәрдем береді, оның ішінде әскери комек те бар, сондай-ақ, олардың қарамағындағы қүралдармен үжымдык қорғану қүқығын жүзеге асыра отырып, қолдау корсетеді. 1994 жылы 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Онда төмендегідей қүжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Америка Қүрама Штаттары арасындағы демократиялык бірлестік туралы Хартия; Қорғаныс жоне оскери қатынастар саласындағы озара түсіністік туралы Меморандум; Қорғаныс конверсиясы жөніндегі бірлескен комитетті қүру принциптері 284


туралы Мәлімдеме; Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық; Ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық акпараттар алмасу және ынтымақтастық туралы Келісім; Қазақстан мен АҚШ-тың Эксимбанкі арасындағы жобаларды қолдау туралы хаттама; Қазақстан Республикасы мен Шетелдік жеке инвестициялар Корпорациясымен (ОЛИК) және Экономикалық даму жоніндегі Американ-Қазақстан кеңестерімен арадағы ынтымақтастық принциптері: Жердің жасанды серігі «Инмарсат-3» үшырылуына байланысты Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы Келісім. 1994 жылы 29 наурызда Н. Назарбаев озінің Ресей Федерациясына жасаған бірінші сапары шеңберінде Москеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен кездесуінде ТМД қатысушы-елдердің жаңа бірлестігі ретінде Еуразия одағын (ЕАО) күруды үсынды. Сол жылы баспасозде «Мемлекеттердің Еуропалық одағын күру туралы» жоба жарияланды. Бүл қүжатта жаңа қүрылым тәуелсіз мемлекеттердің тең қүқықты одағы екендігі айтылды, оның қызметі әрбір қатысушы елдің үлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталады. Одақты қүрудағы мақсат елдердің түрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, бүрынғы кеңес елдерінде әлеуметтікэкономикалық жаңалықтарды табысты жүргізу болып табылады. Одақты қүру кезінде бірлесудің демократиялық принципі козделді. Азияға Өзара Қарым-Қатынас Және Сенім Шаралары Жоніндегі Кеңес (СВМДА) үйымына 16 азиялық мемлекет мүше болды: Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Индия, Иран, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монголия, Палестина, Пәкстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Процесте байқаушы ретінде АҚШ, Австралия, Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Ливан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия жэне Украина, сондай-ақ торт халықаралық үйым - БҮҮ, Еуропалық озара біріккен комек Кеңесі (ОБСЕ), Араб мемлекеттерінің лигасы және Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның Мемлекетаралық кеңесі қатысады. 1999 жылы Алматыда болған кездесуде СВМДА-ға мүшемемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын реттейтін принциптері туралы Декларация қабылданды. Соған сәйкес, қатысушы мемлекеттердің егемендігі мен қүқықтары қүрметтеледі; аумақтық түтастығы сақталады; бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды; дауларды бейбіт жолмен шешу жүзеге асырылады; 285


күш қолданудан бас тартылады; қарусыздану мен қарулануға бақылау жасалады; әлеуметтік, сауда-экономикалық және мәдени-ізгілік салаларында ынтымақтаса әрекет ету; БҮҮ жоне халықаралык адам қүқықтары принциптеріне сойкес адам күкыктары қүрметтеледі. Қазақстан сыртқы саяси байланыстарда және озара карымқатынастарда Ресеймен арақатынасқа ерекше мән берді. 1994 жылы 29 наурызда Қазакстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясына жасаған ресми сапарында Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығы жоне интеграциясының моселелерін реттейтін 23 қүжатқа қол қойды: «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Келісім; Қазақстан және Ресей азаматтарының азаматтығы мен қүқықтық мәртебесіне қатысты моселелерді шешудің негізгі принциптері туралы Меморандум; Қазақстанға түрақты түру үшін келген Ресей азаматтарына жоне Ресейге түрақты түру үшін барған Қазақстан азаматтарына азаматтық берудің ықшамдалған тортібі туралы Келісім; Сыртқы эконом икал ық қызметті реттеудің бірыңғай тортібі туралы Келісім; Еркін сауда режимін енгізу туралы Хаттама. 2000 жылдың маусымында Н.Назарбаев Ресейге сапармен барса, қазан айында Ресей Президенті В.Путин Қазақстанға келді. Осы сапарлар кезінде екіжақты келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Орта Азия аймағы бойынша озінің коршілері Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ал экономикалык бапланыс шеңберінде Түркіменстанмен, Тожікстанмен тығыз байланыс орнатты. 1994 жылы 8 шілдеде Алматыда Орта азиялық одақка қатысушы-мемлекеттердің Қазақстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары бас қосты. Мемлекетаралық кеңес, түрақты негіздегі оның жүмыс органы - Атқару комитетін, үш мемлекеттің премьер-министрлерінің, сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлерінің Кеңестерін күру туралы шешімдер қабылданды. Сауда және саудаға кірмейтін баска да операциялар бойынша мемлекетаралық копқырлы қатынастарды үйымдастырч мен жүзеге асыру мақсатында, үш орта азиялық мемлекеттердің үкіметаралық келісімдеріне байланысты, сондай-ақ сауда мен каржы қатынастарын сақтау мүддесіне орай, сонымен катар бірлескен ондірістерді дамыту үшін ынтымақтастык пен дамчдың Орта азиялық банкісі қүрылды. 286


1995 жылы 1 қарашада Ташкентте Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісі болды. Онда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, орта азиялық интеграцияны терендете түсу, сондай-ақ аймақтык, ортақ мүддеге сай халықаралық сипаттағы мәселелер талқыланды. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары 1995 жылы 28 қазанда БҮҮ (Біріккен Үлттар Үйымы) Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясында Қазақстанның Орталық Азия үшін БҮҮ-ның комиссиясын күру туралы бастамасын қолдап, осы үсынысты БҮҮ-ға бірлесіп келісім жасау жөнінде өз ойларын ортаға салды. 2000 жылы наурыз-сәуір айларында Ресейдің, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Кыргызстан мен Қазақстанның «Оңтүстік достық қалқаны - 2000» атты бірлескен терроризмге карсы оскери дайындығы отті. Бүл шара Тәжікстан аумағындағы 201-ші ресейлік дивизия базасында откізілді. Сол жылы маусымда Астана каласында Қазақстан, Кыргызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметтерінің басшылары кездесу откізіп, онда аймақ елдерінің 2005 жылға дейінгі интеграциялық дамуының стратегиясы және 2002 жылға дейінгі кезеңде бірыңғай экономикалық кеңістік күру жоніндегі бастапқы шаралардың бағдарламасы қолдау тапты. 1991 жылы 11-12 қарашада Ашхабадта Каспий теңізінің мәртебесі туралы, оның жагалауында орналаскан бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кеңесі болды. Казақстан делегациясы Каспий теңізі, оның барлык акваториясы (теңіз беті аумағы) бойынша кеме жүзуге ашык болуға тиіс деген Казақстан позициясын жақтады. Каспий жағалауындағы орбір мемлекет өзінің экономикалық аймақтарындағы минералдық ресурстарды барлау мен игеруді өздері дербес жүргізуі тиіс. Әлемдік тәжірибедегі сияқты халықаралық қолданыстағы әдіске сәйкес, бүл аймақтар Каспийдің түбі мен койнауын делимитациялау арқылы ортаңгы сызықпен белгіленуі қажет. Ашхабадта біріккен коммюнике колдау тапты, онда бес мемлекеттің жалпы мәселелер бойынша келісімі жазылды. Принципті мәселелерге байланысты пікірлер қайшылығы бүл қүжатты ауқымды түрде қабылдауға мүмкіндік бермеді. Қазақстан еуропалық мемлекеттермен байланысты жүйелі жолға қоюда. 1993 жылы 16-17 қыркүйекте Француз Республикасының Президенті Француа Миттеран Казақстан 287


Республикасына ресми сапармен келді. Онда томендегідей үкіметаралық қүжаттарға қол қойды; - мәдениет пен онер саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім; Қазақстан Үлттық Ғылым академиясы мен Францияның Ғылыми зерттеу Үлттық орталығы арасындағы экономикалык ынтымақтастық жоніндегі бірлескен декларация; Қазақстан Республикасы және Француз Республикасы үкіметтерінің оуе қатынасы туралы декларациясы; Екі елдің сыртқы істер министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамасы. 1994 жылы 20-23 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Үлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында мынадай қүжаттарға кол қойылды; Қазақстан Республикасы және Біріккен Корольдік үкіметтері арасындағы экономикалык, ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы және Біріккен Корольдік арасындағы қайталама салық төлеуді болдырмау және кіріске салық төлеуден жалтаруға және мүлік қүнын осіруге жол бермеу туралы Конвенция; екі елдің сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Әуе қатынасы туралы келісім; Инвестицияны қолдау және озара қорғау туралы келісім бекітілді. Қазақстан еуропаның басқа да елдерімен озара тиімді қарым-қатынастар орнатты. Қазақстандық дипломатия азиялық бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: 1993 жылы 22-26 мамырда Индияның премьер-министрі Наросимха Рао Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол мынадай қүжаттарға қол қойды: Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім; Қайталама салык толеуді болдырмау туралы Конвенция; Инвестицияны колдау жоне озара колдау; Индияда Қазакстан күндерін, Қазакстанда Индия күндерін откізу туралы озара түсіністік Меморандумы; Екі елдің сыртқы істер министрлігі арасындағы халықаралык жоне аймақтық проблемалар бойынша кездесуді түракты откізуді қарастыратын ынтымақтастық туралы, сондай-ак екіжакты катынастар жоніндегі хаттама. 1995 жылғы 11-13 қыркүйекте Қазакстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасының Торағасы Цзян Цзэминнің шакыруы бойынша ҚХР-на сапары болды. Мынадап күжаттарға кол қойылды: Қазақстан Республикасы және Қытай 288


Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен нығайту туралы бірлескен декларация; ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы қазақстандық шикізаттарды өңдеу және жүктерді тасымалдау үшін Қытайдың Ляньюнган теңіз портын пайдалану туралы келісім; ҚР мен ҚХР қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; ҚР Министрлер кабинеті жанындағы гидрометеорология жөніндегі Бас басқармасы мен ҚХР Метеорологиялық басқармасы арасындағы метеорология саласындағы ғылымитехникалық ынтымақтастық туралы келісім; ҚР мен ҚХР арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісім. Қазақстанның араб мемлекеттерімен мемлекетаралық қатынастары табысты түрде дамыды. 1995 жылы Индонезияның, Пәкстанның, Түркияның басшыларымен жоғары дәрежедегі кездесулер өткізілді. Әсіресе Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс кең ауқымда дамыды. Сөйтіп, Қазақстан сыртқы саясатында өзінің үлттықмемлекеттік мүдделерін қорғай білді, бүл ең алдымен аумақтық түтастығы мен егемендігіне, елдегі түрақтылық пен бейбітшілікке байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті сыртқы саяси бағытты айқындайтын ҚР Конституциясына сәйкес үзақ мерзімді сыртқы саясаттағы мақсаттарды жүзеге асыруға елдің жаңаруына, ішкі игі жағдайларды қолдауға күш салып келеді. Сыртқы істер министрлігі атқарушы орган ретінде сыртқы саясатпен айналысып, Қазақстан қабылдайтын барлық халықаралық акцияларды үйлестіруші рөлін атқарады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты өзіндік тарихы бар көпқырлы бағыт үстануымен ерекшеленеді. 10.5. Қазакстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар Қазақстандағы қайта қүру, жаңару жөне демократияландыру процесі республиканың саяси өміріне айтарлықтай ықпал еткен көппартиялықтың қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақстан Республикасының Конституциясы «конституциялық қүрылысты күштеп өзгертуді, оның түтастығын бүзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нүқсан келтіруді, соғысты, өлеуметтік, нөсілдік, үлттық, дін, тектік-топтық, және рулық астамшылықты насихаттауға жол бермейтін» барлық партиялардың, 2 8 9


қозғалыстардың, ассоциациялардың тең қүқықтығын қамтамасыз етеді. Партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ісіне мемлекеттің араласуына жол берілмейді. Қазақстанда реформалар стратегиясының мемлекеттік негізі демократияландыру және саяси реформалардың бағдарламасы. Бүл бағдарлама қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыру жүйесіне мемлекеттің тиімді әрі ықпалды эсер етуіне жағдай жасайды. 1996 жылғы шілдеден бастап елде «Қазакстан Республикасындағы саяси партиялар туралы» заң күшіне енді. Соған сәйкес елде аумақтық принцип бойынша партиялық қүрылымды үйымдастыру бекітілген, мемлекеттік органдарда саяси партиялар қүруға, сондай-ақ, әскерилендірілген саяси партиялардың қүрылуы мен қызметіне тыйым салынады. Мемлекеттік және партия аппараттарының бірігіп кетуін болдырмас үшін, заңда мемлекеттік қызметкерлер, өзінің қызмет бабында ешқандай саяси партиялар мен оның органдарының шешімдерімен байланысты емес, тек заң талаптарын басшылыққа алатындығы туралы ереже қарастырылған. Саяси партиялардың қызметін реттейтін заң, түтастай алғанда, жалпы демократиялық принциптерге орай елде көппартиялылық жүйені нығайтуды көздейді. Қазақстандық реформалар демократиялық жаңарудың маңызды элементі ретінде көппартиялылықты түтастай нығайтуға бағытталған. Елдегі саяси партиялар туралы қысқаша мағлүматтар. Қазақстанныц социалистік партиясы (ҚСП). Республиканың саяси аренасына 1991 жылдың 7 қыркүйегінде шықты. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс төтенше съезі өзін Қазақстанның Социалистік партиясы деп атауға шешім шығарған болатын. Партия, өз қызметінің мақсаты етіп адамдардың түрмыс-жағдайын жақсартуда, оның қүқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуде түбегейлі реформалар жасауды алға қойды. «Қазақстанның халық конгресі». 1991 жылы 5 қазанда қүрылды. Республикадағы алғашқы партиялардың бірі. Ол «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыс негізін басшылыққа алды. Партияның әлеуметтік базасы - ғылыми-техникалық зиялылар, мемлекеттік қызметшілер, үсақ кәсіпкерлер. Консервативтік позицияны үстанады. Партия озінің 2 9 0


қызметінде шығармашылық, ғылыми және мәдени салалардағы зиялылардың мүдделерін қорғайды. Қазақстаннын коммунистік партиясы (ҚКП). ҚКП кеңес дәуіріндегі Қазақстан Коммунистік партиясының қүқықты мүрагері болып табылады, 1991 жылы қазанда қүрылды. Соңғы мәліметтер бойынша, оның қатарында 55 мың мүшесі бар. Қазақстандағы жүртқа кеңінен танымал оппозициялық партиялардың бірі. ҚКП мүшелері негізінен соғыс және еңбек ардагерлері, жүмысшылар, зейнеткерлер. 1999 жылы 10 қазанда болган парламент сайлауында партиялық тізім бойынша Компартия 17,75% дауыс алып, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінен екі депутаттық орынға ие болды. Қазакстанның үлттық «Алаш» партиясы. 1992 жылы ақпанда Қазақстанның республикалық партиясы қүрылды. Ол 1999 жылы қыркүйектен «Алаш» Үлттық партиясы болып аталады. «Алаш» партиясы нағыз этникалық сипатқа ие, қызметі негізінен қазақ үлтының мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазакстаннын халықтық-кооперативтік партиясы (ҚХКП). 1994 жылы желтоқсанда қүрылтай съезінде Қазақстанның түтынушылар қоғамының негізінде қүрылды. ҚХКП филиал дары республиканың барлық облыстарында бар. Ол негізінен ауыл еңбеккерлерінің, үсақ және орташа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғайды. Қазакстаннын кайта өрлеу партиясы. 1995 жылы қүрылтай съезінде қүрылған. Республиканың барлық облыстарында филиалдары бар. Онын әлеуметтік базасын білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік және инженерлік-техникалық қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер қүрайды. Біркелкі центристік позицияны үстанады. Негізгі қызметі қоғамдағы рухани қүндылықты қалпына келтіруге, әлеуметтік сала қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға бағытталған. Республикалық саяси еңбек партиясы. 1995 жылы қыркүйекте «Қазақстан инженерлерінің одағы» қоғамдық-саяси козғалысының негізінде қүрылған. Он бір облыста филиалдары бар және оң центриетік позицияны үстанады. Негізгі мақсаты - еңбек тиімділігі жоғары болатын және әрбір мүшесіне лайықты түрмыс жағдайын қамтамасыз ететін саяси, экономикалық және 291


әлеуметтік демократия қоғамын қүру. Әлеуметтік базасын негізінен инженер-техникалық зиялылар қүрайды. Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы. «Азамат» қозғалысының негізінде қүрылған. 1996 жылы «Үнсіз қала алмаймын» деп аталатын шығармашылық және ғылым зиялыларының беделді 72 өкілінің үндеуінен кейін пайда болған қозғалыстан бастау алды. Қазақстанның он облысында филиалы бар. Әлеуметтік түрғыдан алғанда оның мүшесінің қүрамында мемлекеттік қызметкерлер, ғылым және шығармашылық салалардың зиялылары, шағын кәсіпкерлер, үкіметтік емес бірлестіктердің өкілдері бар. Өздерінің нақты оппозициялық көзқарастарымен ерекшеленеді әрі Алматы да үлкен қолдауға ие. Қазакстанның республикалық халық партиясы (ҚРХП). 1998 жылы 17 желтоқсанда бүл партияның қүрылтай жиналысы болды. Бүрынғы ҚР премьер-министрі Ә.Қажыгелдин, оның төрағасы болып сайланды. ҚРХП идеалы әлеуметтік нарықтық экономикаға бағытталған демократиялық мемлекет. Қүрамы әртүрлі оппозициялық көңіл-күйдегі адамдардан түрады. Қазақстан Республикасыныц әділет партиясы. 1999 жылы көктемде қүрылды. Оның алдына қойған негізгі мақсаттары азаматтардың заңды қүқықтары мен мүдделерін қорғау, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнату, түрғындардың қорғалмаған бөлігін қолдау, демократия мен интернационализмді дамыту мен нығайту. «Отан» республикалық партиясы. Қазақстанның демократиялық партиясының, Қазақстанның халық бірлігі партиясының, Қазақстанның либералдық қозгалысы мен «Қазақстан - 2030 үшін» қоғамдық қозғалысының бірігуі арқылы, 1999 жылы қаңтарда Алматыда өткен қүрылтай съезінде Президенттікке кандидат Нурсултан Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб негізінде қүрылды. Әлеуметтік қүрамын бюджет үйымдарының қызметкерлері, мемлекет қызметкерлері, студенттер, ғылым жөне шығармашылық зиялылары, шағын жөне орта бизнестің өкілдері қүрайды. Қүрамында адамдар саны ең көп партия болып табылады жөне нағыз центрист позицияны берік үстайды. Қазақстанның аграрлық партиясы. 1999 жылы 16 наурызда тіркелген. Өзінің бағдарлама қүжаттарында көрсетілген центрист позицияны үстайды жөне ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғайды. Жерге жеке меншік болуды, ауылдың 2 9 2


инфрақүрылымын жетілдіруді, агросектордағы салық салу тәртібін өзгертуді жақтайды. Әлеуметтік қүрамы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, фермерлер, үсақ меншік иелері, ауыл кооперативтері мен серіктестіктері. Қазақстаннын азаматтық партиясы. 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбе қаласындағы қүрылтай съезінде қүрылды. Қазақстанның барлық қалаларында, Астана мен Алматыда филиалдары бар. Әлеуметтік базасы: республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, жүмысшылар, инженер-техникалық қызметкерлер. Өндірісті көтеруді, өрбір қазақстандықтың түрмыс жағдайын жақсартуды, Қазақстанның мемлекеттігін нығайтуды көздейді. Қазакстан патриоттарының партиясы. 2000 жылы 11 қыркүйекте қүрылған. ҚР Конституциясының негізгі баптарын өзгерту керек деп есептейді. Негізгі мақсаты - үлтты рухани жағынан төрбиелеу арқылы бірігуге қол жеткізу, патриотизм сезімін қалыптастыру және оны күшейту. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды және жер туралы занды қабылдау қажеттігін талап етеді. Қазақстан қоғамындағы проблемаларға талдау жасау мен дағдарыстан шығудың жолдарын үсынады. Қазакстанныц деіиократиялық таңдауы. 2001 жылы қазанда жоғары буындағы саясаткерлердің бірқатары «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігін қүрды. 2002 жылы 17 қаңтарда ҚДТ, өзінің саяси бағдарламасын дайындап, жария етті. Осы бағдарламаға сәйкес парламенттің бақылау функциясын мейілінше кеңейту, тіптен үкімет жүмысына бақылау жасау, парламентке заңды түсіндіру функциясын беруді жақтайды. Сондай-ақ, билікті децентрализациялау, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлап қою керектігін үсынады. «Ақ жол» партиясы. 2002 жылдың аяғында «Қазақстанның демократиялық тандауы» бірлестігінің саяси кеңесінен бір топ мүшесі бөлініп шығып, «Ақ жол» партиясын қүратындықтарын мәлімдеді. Жаңа саяси партияның алға қойған мақсаты ҚДТ мақсатына сай келеді. Осы аталған партиялардан басқа Қазақстанның қоғамдықсаяси өмірінде либералдық бағыттағы да, ашық оппозицияны жақтайтын да саяси қозғалыстар бар «Қазақстанның болашағы үшін» республикалық жастар қозғалысы, зейнеткерлердің «Үрпақ» («Поколение») қозғалысы, «Өрлеу» қоғамдық 293


қозғалысы, Қазақстанның жүмысшы қозғалысы, еркін көсіподақтардың конфедерациясы, «Лад» славян қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы мен республиканың солтүстік облыстарындағы бірқатар казак үйымдары. Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстарды халықтың қабылдау дәрежесі қандай деген мәселеге талдау жасалғанда, қазіргі Қазақстанда түрғындар арасында бейсаясаттық деңгейдің жоғары екендігіне көз жеткізуге болады: социологтардың мәліметтеріне қарағанда түрғындардың 44,7% партиялар мен қозғалыстарды саяси субъект ретінде қолдамайды, ал 27,4%-і бүл мәселеге орай өздерінің жеке бағасын беруге келгенде киналатындықтарын білдірген. 2 9 4


ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК I. Археология ( грек сөзі archaeology) - ежелгі адамдардың тарихын заттық және материалдық қазба ескерткіштердің негізінде зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. 2. Австралопитектер (лат. оңтүстік + грекиіе маймыл дегенді білдіреді) - қазып алынған екі аяқпен жүретін адам тәрізді приматтар. 3. Архантроптар ( грек, ежелгі адам) - эволюциялық даму деңгейі мен мәдениеті жағынан бір-біріне үқсас қазып алынған ежелгі адамдардың қаңқалары (зиджантроп, питекантроп, синантроп және т.б.) 4. Антропология ( антропо+логия) адамның жаратылысы мен эволюциялық даму жолын, адамзат нәсілінің пайда болуы мен адамның қалыпты дене қүрылысының қалыптасу барысын зерттейтін ғылым. 5. Антропогенез ( антропо+ генез) - адамның дене қалпының қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс, оның бастапқы еңбек қызметі, сөзі. 6. Палеолит ( грек, ежелгі mac) - ежелгі тас дәуірі. 7. Мезолит (грек, орта, аралық mac) - палеолит пен неолиттің арасындағы өтпелі тас ғасырының дәуірі. 8. Неолит ( грек, жаңа mac) - мезолит дәуірінен кейінгі жаңа тас ғасыры. 9. Питекантроп ( грек, маймыл, адам) - ең ежелгі адамдардың бір түрі. Оның қаңқаларын бірінші рет голландтық дәрігер Е. Дюбуа 1890-1892 жж. Ява аралынан тапқан. 10. Синантроп - қытай адамы. Оның қаңқасы бірінші рет Қытайда Пекин қаласының маңынан табылған. I I. Неандертальдар (Германиядағы Неандерталь алқабының атауына байланысты) - ерте палеолитте өмір сүрген ежелгі адамдар (палеонтроптар). 12. Гейдельберг адамы - қазып алынған ежелгі адамдардың бір түрі. 1907 жылы Гейдельберг қаласының (Германия) оңтүстік шығысында, 17 шақырым жерде Мауэр деревнясынан адамның төменгі жақ сүйегі табылған. 13. Түмар - пәле-жаладан сақтану үшін мойынга тағып жүретін қасиетті зат. 295


14. Мифология (грек, аңыз, ертегі, сөз, әңгіме) — алғашқы қауымдық қүрылыстың адамдарына төн дүние туралы қиялғажайып үғым. 15. Анимизм (лат. жан, pyx) - табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін, тірі жөне өлі табиғат қүбылыстарын басқаратын қүбылыс бар деп түсінушілік. 16. Тотемизм ( тотем солтүстік америка үнділерінің оджибве тайпасының тілінде оның тегі дегенді білдіреді) - белгілі бір адамдар тобының арасындағы табиғаттан тыс қүдыретті туысқандық туралы үғыммен байланысты қоғам рутайпаларының сенімінің, аңыздарының, салттарының және дәстүрлерінің жиынтығы, екінші жағынан тотемдер деп жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін айтады. 17. Магия - (грек, сиқырлау) - адамдар мен табиғат қүбылыстарына эсер ететін адамның (сиқыршының) табиғаттан тыс қабілетіне байланысты ырым. Магия алғашқы қауымдық қүрылыста пайда болды және барлық діндер салтының элементіне айналды. 18. Қола дәуірі - қоладан қару-жарақ, әшекейлер мен үй мүліктерін жасау кеңінен тараған мәдени-тарихи кезең. Хронологиялық шеңбері - б.з дейінгі III мыңжылдық - б.з. дейінгі I мыңжылдықтың басы. 19. Рабад (араб.) - Шахристаннан тыс жерде орналасқан ортағасырлық Шығыстың феодалдық қалалары маңындағы қолөнер қоныстары. 20. Шахристан (иран.) - ортағасырлық Шығыстағы қорғаны бар феодалдық қалалардың негізгі орталығы. 21. Қаған - көптеген түркі халықтарының ерте ортағасыр кезеңіндегі мемлекет басқарушысы. «Қаған» термині бірінші рет қытай шежірелерінде 312 жылы жазылған. Алғашқыда «қаған» атағын жужандардың билеушілері, ҮІ ғасырдың ортасынан бастап Түрік қағанаты, кейін ол басқа да генетикалық байланыстары бар түркі тілдес халықтар мен мемлекеттері иеленген. 22. Гурхан (түркі-моңғ. кур-гур) - Орталық Азия халықтарының кейбір көшпелі тайпаларының бірлестігі. Өз еріктерімен біріккен 8 тайпаның конфедерациясында Гурхан атағын қарақытай билеушісі иеленген. 23. Конфедерация - төуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін жасасқан түрақты одағы. 2 9 6


24. Қаракытайлар мемлекеті - Орта және Орталык Азиядағы феодалдық мемлекет ( 1140-1213). Билеушілерін гурхан деп атаған. 25. Қарахандыктар мемлекеті - Шығыс Түркістандағы, Жетісу мен Оңтүстік Тянь-Шань бөктеріндегі X-X1I ғғ. ертедегі феодалдық мемлекет. 26. Арк (парсы) - Орта Азияның ортағасырлык қалаларындағы бекініс, қорған. 27. Мауераннахр (мавераннахр - араб.) Әмудария және Сырдария өзендері аралығындағы жер. Орталығы Самарканд қаласы. Y11 ғасырдан басталған атау. 28. Алтын Орда - 1243 жылы негізін Батый хан қалаған моңғол империясының бір болігі. Оның қүрамына Батыс Сібір, Солтүстік Хорезм, Еділ Бүлғарлары, Солтүстік Кавказ, Қырым және Дешті Қыпшақ кірді. 29. Алатау ( түркі созі. ала тау) - тау жоталарында қар мен өсімдіктер аралас жатқандықтан алыстан ала болып көрінеді. 30. Ангоб (фр.) - қыш бүйымдарының сыртқы кедірбүдырын тегістейтін және оған қандайда бір түс беретін ақ және түрлі түсті саздан жасалатын қаптау материалы. 31. Антропогонизм (грек, дау, күрес) - қайшылық, озара оштескен екі жақтың, ағымдардың келісімге келмейтін күресін сипаттайтын қарама-қарсылық. 32. Киіз үй - жеңіл жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы түрғын жай. Ол үш бөліктен түрады: кереге, уық және шаңырак. Киіз үйдің іші шимен қапталады. 33. Тамға (қаз. таңба) - алғашқыда моңғолдар оны малға таңба салу үшін пайдаланған, кейін қазақ хандығында қүжаттар мен іс қағаздарына басылатын мөрді осылай атаған. 34. Сүлтан (араб-түрік тілдерінде билік, билеуші), Шығыстың кейбір мүсылман елдерінде ірі феодалдары да осылай атаған. Қазақстанда сүлтан атағы Шыңғыс ханның түқымдарына берілген. Тәуке хан «Жеті жарғыда» сүлтан атағын заң жүзінде бекітті. 35. Кордон - шекара күзеті болатын жер. 36. Сырмақ - (қазақша сыру, тігу) - төсеніштің бір түрі. Қазақтар сырмақты әртүрлі әдіспен, ою-өрнектер салып, әсемдеп тігетін болған. 37. Наркескен (қаз.) - жекпе-жек үрыстарда пайланатын қылыш тәрізді қару. 2 9 7


38. Кебеже - сүрленген етті, кептірілген қүртты жоне баска тағамдарды салып қоятын кошпенділердің үй жиһазы. 39. Басыбайлылык (крепостнойлык) күкык шаруалардың феодалға бағыныштылығының бір түрі: оларды жерге бекітіп қояды жоне феодалдың окімшілік сот биліктеріне бағынады. 40. Кесінді (отрезки) - 1861 жылғы реформадан кейін помещиктің есебінен шаруалардың пайдалануына болініп берілген жер кесіндісі. 41. Жандармерия ( фр. gendarmerie) әскери үйымы бар жоне елдің ішінде және әскерде күзет функциясын орындайтын полиция. 1827-1917 жж. Ресейде жандармдар корпусы саяси полицияның ролін атқарды. 42. Декабршілдер- 1825 жылы котеріліске шыққан орыс дворян революционерлері. 43. Сенат - Ресейдегі императорға бағынатын заң шығару және мемлекеттік басқару істері жөніндегі жоғары мемлекеттік орган. 44. Губерния, уезд - Ресейдегі әкімшілік-аумақтык бірлік. 45. Коллегия (лат. collegium) - Ресейде 1 Петр кезінде қүрылған мемлекеттік баскарудың жекелеген салаларын басқаратын орталық мекеме. 46. Декрет ( лат. decretum қаулы) - қандайда бір мәселе бойынша заңдық күші бар жоғары биліктің қаулысы. 47 Гильотина доктор Гильотеннің жасаған бас шабатын машинасы. Бірінші атауы - «Луизон». Алғаш рет 1792 жылы қолданылды. 48. Меркантилизм ( италь. merkante саудагер, копес) - феодализм ыдырап, капитализм пайда бола бастаған кезеңде буржуазия саудасын жақтайтын экономикалық ілім жоне экономикалық саясат. 49. Капиталистік цикл - кгціиталистік ондірістің бір экономикалық дағдарыстан екіншісіне ауысуы. 50. Казачество - Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Басыбайлы шаруалардың бір болігі қанауға шыдай алмай Ресейдің оңтүстігі мен шығысына қашып барып ХҮ -ХҮІІ ғғ. оскери-феодалдық сословие ретінде пайда болды. Казактар тек озінің бостандығын алып қана қойған жоқ. Ресей мемлекетінің шекара қауіпсіздігін де қорғады. 2 9 8


51. «Маусым жарлығы» тыл жүмыстарына жоне соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс қүрылыстары мен оскери жолдарды салуға Терек жоне Кубань облыстарынан, Закавказьеден, Орта Азиядан, Қазақстан мен Сібірден жатжүрттықтардан оскерге мобилизация жариялау туралы патша жарлығы. 1916 жылы 25 маусымда шықты. 52. Абсолюттік монархия - мемлекеттің түрі. Абсолюттік монархияның белгілері: 1) мемлекет басшысы (одетте мүрагерлік) заң шығару жоне атқару биліктерін озінің шенеуніктерінің комегімен коса атқарады; 2) түрақты оскер; 3) калыптасқан бюрократтық аппарат; 4)мемлекеттік алымның жалпыға ортақ жүйесі; 5)мемлекеттің бірыңғай заңы; 6) онеркәсіпшілер қызметінің жүзеге асыратын жоне реттейтін ортүрлі нысандары бірыңғай жалпы мемлекеттік экономикалық саясат. 53. Констнтуциялык монархия - онда монархия парламент аркылы шектеліп отырады. 54. Идеология (грек, idea үғым, түсінік. Logos соз; үғым, ілім) саяси, күкықтық, онегелілік, діни, эстетикалық жоне фплософиялық козқарастар мен идеялардың жүйесі, онда адамдардың шындық болмысқа қатынастары танылады және бағаланады. 55. Капитализм - (лат. capitalis) - капиталистік қоғамның үстем табы, ондірістің маңызды күралдарының меншік иесі. жалдамалы еңбекті пайдалану. 56. Пролетариат (жүмысшы табы) - капиталистік қоғам таптарының бірі; ондіріс қүралдарынан айырылған жалдамалы жүмысшылар, олар оздерінің жүмыс күшін сатып күн кореді. 57. Мануфактура (лат. M a n u s рука + f a c tu r a дайындау) - еңбек болінісіне жоне қолмен істейтін қолонер техникасына негізделген кәсіпорын. 58. Тауар - сату үшін ондірілген еңбек онімі. 59. Тауарлы өнім - қоғамдық ондірістің нысаны, онда онімдер айырбас үшін ондіріледі. 60. Ферма - жеке меншік немесе жалға алынған жерде косіпкерлікпен айналысатын жеке ауыл шаруашылығы косіпорны. 61. Мемлекет - қоғамдық еңбек болінісі, жеке меншіктің шығуы мен таптардың қүрылуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттің белгілері: 1) мемлекеттік биліктің функцияларын 299


жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы; 2) мемлекет рүксат беретін белгілі бір нормалар жүйесін бекітетін қүқықтың болуы; 3) сол мемлекеттің қарауына жататын аумағының болуы. 62. Революция (лат. revolutio бүрылыс, тоңкеріс) - бір формациядан екіншісіне тез секіріп отетін түбегейлі тоңкеріс, қандайда бір табиғат, қоғам, сана қүбылыстарын күрт озгерту. Мүндай секірістер эволюциядан да, реформадан озгеше ерекшеліктерге ие. 63. Буржуазиялык революция - феодалдық қүрылысты немесе оның қалдықтарын жоюды алдына мақсат етіп қоятын революция; тәуелді жоне отар елдерде үлттық тоуелсіздікті алуға бағытталған. 64. Әлеуметтік революция - тарихи ескірген қоғамдық қүрылыстан неғүрлым прогрессивті түріне оту тәсілі; қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық қүрылымындағы түбегейлі сапалық төңкеріс. 65. Зауыт өндіріс процестері механикаландырылған онеркәсіптік кәсіпорын. 66. Фабрика (лат. fabrica шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіптік кәсіпорын. Әкономикалық түрғыдан фабрика мен зауыт арасында айырмашылық жок. 67. Эсерлер ( социалист-революционерлер партиясы) - Ресейде 1901-1923 жж. болған ірі үсақ буржуазияшыл партия. 1917 жылға дейін астыртын жүмыс істеді. Қаладағы жоне ауылдағы үсақ буржуазияның мүдделерін қорғады. 68. Большевизм - 1903 жылы В.И.Ленин негізін қалаған орыс жүмысшы табының революциялық партиясы. 69. Меньшевизм - 1903 ж. орыс жүмысшы партиясының реформистік ағымы. 1903 жылы РСДРП-ныц II съезінде қүрылған. 70. Троцкизм - Ресейдегі центризмнің бір түрі. меньшевизмнің сол канаты. Идеолог Л.Д.Троцкийдің есімімен аталған. 71. Октябршілдер («17 октябрь одағы») 1905-1917 жж. Ресейдегі ірі помещиктер мен сауда-онеркосіптік буржуазиясының контрреволюциялық партиясы. 72. Кадеттер (конституциялық-демократиялық партия) - 1905-1917 жж. Ресейдегі либералдық-монархиялык буржуазиясының бас партиясы. 30 0


Click to View FlipBook Version