зерттеушілер қазақ қылмыстық қүқығының ізгіл ік ті , адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. Өлім жазасы тек белгілі бір жағдайда ғана қолданылды. Қүнның молшері қылмыскер мен жәбірленушінің әлеуметтік жағдайларына байланысты болды. Мысалы, қарапайым ер адамды олтіргені үшін кісі олтіруші оның туысқандарына 1000 қой беріп қүнын төлейтін болды, ал әйелдер үшін 500 қой қүн төленді, сүлтанды немесе қожаны олтіргені үшін қүн қарапайым жай адамдарға қарағанда жеті есе артык болды. Сүлтанға немесе қожаға тіл тигізгені үшін 9 қой, оларға қол жүмсағаны үшін 27 қой төленетін болды. Ал күлдың қүны аңға салатын бүркіттің немесе аң аулайтын иттің күнымен бірдей болды. Сонымен катар баска да жазалау түрлері қолданылды, атап айтқанда, христиан дінін қабылдағаны үшін мүлкін тәркілеу, жүкті әйелдің күйеуін өлтіргені үшін қуып жіберу; ата-аналарына тіл тигізіп қорлағаны үшін жүртшылықтың талқысына салу тәрізді жазалар болды. Әйелдер, балалар, қызметшілер, қүлдар сотта куә бола алмады. Отбасылық-неке қатынастарында балаларды бағып-қағуға атааналарының қүқығы сақталды. Мүрагерлік қүқық тағайындалды. Сотта кінәні мойындату үшін екіден жеті адамға дейін куәлар болуы талап етілді. Олар болмаған жағдайда ант қабылданды. Сот және әкімшілік биліктің бір бірінен ара жігі ажыратылмады. «Жеті Жарғы» заңы тек Қазақ хандығы аумағында ғана қолданылды. 5.4. ХҮ-ХҮН ғғ. Қазак хандығының эконом и калы к және әлеуметтік күрылысы ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтар табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес қүрғақ дала мен шөлейт аймақтарда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты, әсіресе саяси оқиғалардың басты әсерімен, жиі өзгеріп отырды. Түтастай алғанда, қазақ руларының мекендеген аумағы Еділ жағалауынан Алтай мен Тянь-Шаньға дейін, Сырдария жағалауынан Сібірге дейін созылды. Сонымен қатар ХҮ ғасырда Қазақ хандығы түрік тайпалары мекендеген аумаққа қарағанда айтарлықтай аз жерді қамтыды. Мысалы, Мухаммед Хайдар «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде оңтүстік батыс Жетісуды (Шу, Қозы Басы) Керей мен 101
Жәнібектің бастапқы шекарасы деген. ХҮІ ғасырдың басында «Михман нәма және Бүхара» кітабының авторы Фазаллах Рузбиханның айтуынша, қазақтардың қонысы батысқа қарай (Еділ), қыстайтын жері Сырдария бойында болған. Қазак хандығына Хорезмнің солтүстік шекарасынан Жайык. өзеніне дейінгі аумақты қосып алу Хақназардың түсында (1538-1580 жж.) жүзеге асты. Ноғай Ордасының біржолата қүлауына байланысты ноғай жүрты оның қол астына кірді. Өзара тартыстар мен қырқыстар Ресейдің, қалмақ хандығы мен қазақтардың ішкі ісіне араласуы бүл кездегі қуатты Алтын Орда қалдықтарының біржолата талкандалуымен тынды. Сөйтіп, XY1 ғасырдың ортасында шаруашылық-мәдени қүрылыстары ортак үш жүзден түратын қазақтардың этникалық аумағы қалыптасты. Дербестігін алған күнінен бастап Қазақ хандығы Сырдария жағалауындағы қалалар үшін белсенді түрде соғыс жүргізді. Олар көшпенділер өмірінде аса маңызды рөл атқарды. Шығыс авторларының мәліметтеріне қарағанда, Сығанақ Дешті Қыпшақтың «сауда орталығы» болған, яғни бүкіл экономикалык және саяси өмірдің өзегі тап осы жерде тоғысқан. Ташкент (Шаш), Түркістан (Яссы), Сайрам, Отырар тәрізді қалалар Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі сауда-экономикалық орталықтарына айналды. Бүл қалалардың айналасында шағын елді мекендер орналасты. Әр қаланың өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Сауран қаласын қоршаған қорғаныс қүрылыстары және суаратын арықтар осы күнге дейін сақталған. Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы, діни өмірдің орталығы (пантеон). Ташкент, Сайрам орта ғасырлардағы мәдениеті мен шаруашылығы дамыған дербес қалалар болды. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен негізінен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Түркістан қалаларының негізгі кәсібінің көзі сауда еді, бүл елді мекендер арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары отті. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда бүл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сүлтандары қоныстанды. Сонымен қатар Қазақстанның Үлытау мен Жетісуға баратын жол бойындағы қалашықтарда емір қыз-қыз қайнап жатты. Көптеген тайпалар оздерінің қыстауларын отырықшы-егін шаруашылықтарымен айналысатын орталықтардың маңайына салды. Қазақ кошпенділерінің көршілес елдермен жиі қақтығыстары оларды осы аймақтарда отырықшылыққа көшуіне мөжбүр етті. Сонымен 102
қатар қалаға тән әртүрлі шаруашылық-мәдени дамудың өзара бірлігінің экономикалық түрғыдан маңызды екенін көрсетті. Деректерге қарағанда, қазақтар ондаған, тіпті жүздеген мың мал өсірген. Мал шаруашылығында қой өсіруге аса мән берілді, қойдың еті мен сүтін тағам етіп, жүні мен терісінен киіз, киімкешек, ыдыс-аяқ және т.б. бүйымдар дайындады. Қой да жылқы сияқты қысы-жазы жайылымға бейім әрі төзімді келеді. Бүл туралы Италияның копесі Барборо (ХҮғ.) былай деп жазады: «Мен сирағы үзын, жүні қалың ірі қойларды көрдім, оның қүйрықтарының үлкендігі сондай, салмағы он екі фунтқа жетеді. сондықтан оның күйрығын жылжымалы дөңгелектерге салып алып жүреді екен». Кошпенділер өмірінде жылқының орны ерекше. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда казақ қоғамы мемлекеттіктің көшпелі дәстүрін сақтады. Ол Еуразия жеріндегі ертедегі көшпелі мемлекеттердің шаруашылығымен тығыз байланыста болды. Қазақтардың әлеуметтік қүрылымы туысқандық, отбасылық, шаруашылық, генеологиялық, саяси, әскери, мәдени және басқа адамдар арасындағы сан қырлы қатынастарға негізделді, олар өмірдің барлық салаларында пайда болып, әлеуметтік қүрылымдар мен институттардың күрделі жүйесін қүрды. Ақсүйектердің ішінде бәрінен жоғары түратын төрелер түқымы, немесе сүлтандар болды. Олар Шыңғысханның билеуші мүрагерлері бүтақтарының бірінен тарады. Қазақ хандығы пайда болған кезден бастап түркінің «төре» термині «мырза», «князь», «ханзада» деген сөздердің орнына қолданды, бүл атау Шыңғыс ханның үрпағының ер адамдарына алатын орны немесе атқаратын әлеуметтік қызметіне қарамастан берілді. Төре түқымына сүлтандар тобы ( сүлтан арабтың «билік», немесе «билеуші» деген сөзі), яғни қазақ жерінде ақсүйектік билікті жүзеге асыратын Шыңғыс ханның мүрагерлері жатқызылды, оуелгі бастан қазақ қоғамының барлық жүйелеріндегі олардың ерекше қүқықтары мен артықшылықтары' айқындалды, оның ішінде олардың саяси үстемдігі және жоғарғы билігі де болды. Қазақ сүлтандары әскери қимылдарға қатысудан, негізінен әскер қолбасшылары болудан басқа ешқандай борыш өтеген жоқ. Олардың бәрінде «хан таңбасы» деп аталатын таңба болды. Сыртында безендіріп жазылған латынның «т» әрпіне үқсас белгі болған. Кремнийден жасалған сәнді оюлары бар жеке мөрде өздерінің Шыңғыс үрпағынан екендігін айырықша білдіретін 103
үрандары «архар» деген соз жазылған, бүл созді қарапайым халықтың айтуына қүқығы болмады. Торенің артықшылық жоніндегі ережелері қазақтың дәстүрлі қүқығы - адаттың коптеген нормаларыңда заңды түрде рәсімделген. Сүлтанға тіл тигізгені үшін жиырма алты бас мал айыппүл салынды. Өлтірілген сүлтанның қүны жеті қарапайым адамның қүнына тең болды. Қазақ қоғамының барлық калған мүшелерінен төренің артықшылығы оньщ билер соты емес, тек хан соты соттай алды. Осы әлеуметтік топтың ойелдері үшін катаң эндогамды тежеу белгіленді: қарапайым жай адамға күйеуге шыққанда ол өзінің сословиесінің артықшылықтарынан айырылды, ал қарапайым жай адамның кызы сүлтанға түрмысқа шықса, бірден төре сословиесіне жатқызылды. Қарапайым қазақтар - қауым мүшелері сүлтанмен әңгімелескенде оның атын атамай, тек «тақсыр» деген сөзді қолдануға тиіс болды. Ал сәлемдескен кезде ең алдымен олар «Алдияр!» деп екі қолын кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне апарады. Қазақ сүлтандарының әлеуметтік белгісі оның сыртқы киімінің түсінен және түрғын үйінің ішкі жиһаздары мен сыртқы түрінің ерекшелігінен байқалатын, атап айтқанда, әртүрлі реңкті (алкызыл, сия көк, сарғыш) қызыл шүғадан (мауыттан), немесе барқыттан тігілген шапан және төбесі сүйір келген ак матадан тігілген, жиегі түлкі терісімен әдіптелген бөрік киді, киіз үйі ақ киізден тігіліп, ішіне киіз төселді. Қазақтардың дәстүрлі қоғамдық санасында қызыл және ақ түс адамдардың шығу тегін білдіреді деген үғым бар. Шыңғыс ханның түқымдары өздеріне саяси билік етуді қүдай берді деп білген, ал дала қазақтары билік етіп, ел басқару қүдайдың ісі деп түсінген. Міне, осындай үғымдардан ортақ көзқарас қалыптасқан. Хан лауазымы тікелей мүрагерлікпен берілмеді, казак аксүйектерінің жиналысында (күрылтайда) қандай да бір сүлтанды хан етіп сайлау үшін алдымен ресми түрде акт жасалып, оны салтанатты түрде ақ киізге отырғызып хан котерген. Дала дәстүрі бойынша ханды тек сүлтандардан сайлады, хан болуға заңды үміткерлер ішінде әкесі де, шешесі де торе түқымынан шықкандарға артықшылық берілді. Қазак коғамында мүндай сүлтандарды «нағыз төре» деп атады. Аналары Шыңғыс түқымына жатпайтындарға Караганда олар хан тағына толық үміткер бола алды. 104
Сондай-ақ ақсүйектерге сейіттер ( арабтың «саийд» созі - косем басшы) және қожалар (парсының хаджа созі - қожайын, мырза) жатады. Сейіттерге Орталық Азияның мүсылман аксүйектерінің мүрагерлік өкілдері жатқызылады. Олар оздерінің генеологиялық түп тамырын Мүхаммед пайғамбардан (б.з. 632ж. кайтыс болды), оның немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі төртінші халиф Әли (б.з. 661ж. қайтыс болды) арқылы таратады. Сейіттер қарапайым халықтың, сүлтандардың арасында зор беделге және озіндік артықшылықтарға ие болды. Сейіттер қазақ даласы мен Орталық Азия шектесетін аймақтарда исламды таратушылар болғандықтан мүсылмандар арасында үлкен күрмет пен артықшылықтарға ие болды. Сейіттерді олім жазасына кесуге, дүре соғуға рүқсат етілмеді, жоғарғы билеушілермен қарым-қатынасы тең дәрежеде болып, олардың қателіктері мен заңсыз әрекеттеріне ескерту жасай алды. Сейіттердің артықшылықтарының бірі оның окілдері некелесу кезінде эндогамия принципін қатаң сақтады. Бүл аталған олеуметтік топтың әйелдеріне қатысты, мүсылман елдерінде оларды қүрметтеп «саийда», «ситти», яғни «менің ханымым» деп атады. Мүндай қадір түтушылықтың мәнін былайша түсіндіруге болады, егер «әулие» үрпақта үл болмаған жағдайда қалыптасқан дэстүр бойынша оның діни атағы мен лауазымы, жинаған мүлкі қыздарынан тараған үрпақтың мүрагерлігіне өткен. Осыған байланысты сейіттер ешқашан қыздарын басқа әлеуметтік топтан шыққандарға күйеуге бермеді. Өйткені, ондай некеден тараған үрпак ер адамға қатысты әлеуметтік шығу тегіне қарамастан сейіт атағының өзін және сейіттердің қүқықтары мен артықшылықтарын иеленген. Мүсылман «әулиелері» әлеуметтік тобының артықшылықтарға ие болған «ақсүйек» әлеуметтік бірлестігінің^тағы бір тобын қожалар қүрайды. Қазақстанда XX ғасырдың басына дейін «кожа», Орта Азияда «ходжа» деп аталған олар - торт халифтерін Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің түқымдары саналатын қүрметті атақты иеленген адамдар (оған Әлидің Мүхаммед пайғамбардың қызы Фатимамен некесінен туған үрпақтар жатпайды). Қожалардың төре мен сейіттерден ерекшелігі олардың ортақ генеологийсы болған жоқ. Олар салықтан босатылды, дүре соғуға және өлім жазасына кесілмеді. Тек ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана қожалар жиналысының шешуімен жалпақтығы үш елі белбеумен дүре соғылды; 105
вакуфтық (дін аумағына кіретін) жерлерден түсетін кірістерді пайдалану қүқығын иеленді, сондай-ақ өзіне қолайлы кез келген уақытта әр деңгейдегі билеушілерге еркін кіре алатын болды. Төрелер сияқты қожалардың да өзіндік «Алла» деген әскери үраны болды, оны қарапайым көшпенділердің қолданылуына рүқсат етілмеді. Олардың жарты ай бейнеленген ерекше таңбасы болды. Қожалардың лауазымды адамдарымен кездескенде хан мен сүлтандарға сөлемдескендегідей «Алдияр» («Қүдай жар болсын») деп бас ию дәстүрі болды. Қожалардың әлеуметтік бейнесінің ерекшелігін «ақ шалмасы» мен «ақ шапаны» көрсетіп түрды, сондай-ақ олар софылық үлгідегі «сары матадан тігілген» шапан киіп, оның жүріс-түрысында «паң жүріс пен асқақ келбет» тәрізді өзіндік ерекшеліктер болды. Қожалардың өлеуметтік міндеттері мүсылман уағыздарын таратып, ел арасында исламның өнегелік және этникалық дәстүрлерін енгізу. Сондай-ақ олар зікір салып, бақсы болып діни салттар мен дәстүрлерді жүргізді (неке қию және сүндетке отырғызу, қайтыс болған адамдарға қүран оқу, жерлеу рәсімдері), бал ашып, болашақты болжау, түмар тағу, ауруларды емдеу, балаларды оқыту міндеттерін де орындады. Осындай салтдәстүрлі әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін көшпенді мүсылмандар оларға сыйлық беріп отырды. «Ақсүйекке» жатпайтын халықтың қалған тобы «қара бүқара халық» деп аталды. Қоғамды осындай топтарға бөлу олардың белгілері бойынша қатаң түрде жүргізілді. Жоғарыда аталған топтар екі түрге бөлінеді, оның біріншісіне ақсүйектер мен ру басшылары, екіншісіне түрғылықты халықтың негізін қүрайтын тәуелсіз көшпенділер кірді. Экономикалық қатынастарда әлеуметтік қайшылықтар болды деп айтудың жөні жоқ. Өйткені, әлеуметтік топтың айырмашылығы ауқаттылыққа емес, билігіне байланысты. Қоғамның сыртқы және ішкі проблемаларын шешуде халық жиналысының рөлі зор болды. Қазақ ханының билігі шектелді, оны ру басшылары өз бақылауында үстады. Хандықтың дербес шешім шығаруға үмтылған өрекеттерінің бөрі басынушылық болып саналды. Мүндай жағдайда ру топтары ханға ашық қарсы шығып немесе басқа иелікке көшіп кеткен. Қазақ қоғамында жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну көшпенділердің күнделікті тіршілігінде маңызды рөл атқарды. ХҮІІ ғасырда қазақтың рулары мен тайпалары үш топқа бөлінді. 106
Олар Үлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталды. Революцияға дейінгі орыс тіліндегі тарихи әдебиеттерде «жүз» деген сөздің орнына «орда» сөзі қолданылды. Бүқара қара халықтың кейбір өкілдерінің қоғамдағы орнына келетін болсақ, олар би немесе қарапайым көшпенділер түқымдарынан шыққанына қарамастан оның рулары мен тайпаларына өзіндік артықшылықтар берілді. Әр жүздің рулары арасындағы кездесетін ағалық дөстүр жүздердің ішінде де орын алды. Мәселен, Үлы жүз Орта жүзге қарағанда біраз артықшылықтарға ие болды және т.б. этнографиялық зерттеулерге сүйенсек, ағалық дәстүр тәртібі қатаң сақталған: 1) соғыс жағдайында алатын орнын айқындау; 2) әскери олжаны бөлісу кезінде; 3) үйге кіргендегі төрге шығу тәртібі бойынша; 4) салтанатты жиындар ашу кезінде; 5) той-домалақтарда тағамдарды тарту кезегі. ХҮІІІ ғасырдан бастап бүкіл қазақтың ең соңғы ханы Тәукенің өлімінен кейін (1717-1718) әрбір жүз дербес саяси қүрылым ретінде өмір сүрді. Қазақ хандығының тарихы осымен аяқталып, енді қазақ хандықтарының (жүздердің, ордалардың) тарихы басталды. 5.5. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті қазақ халқының тек арғы тектерінен келе жатқан әдет-ғүрыппен ғана шектеліп қоймай, өз бойына өзге де елдердің мәдени қүндылықтарын жинақтаған өзіндік ерекшелігі бар мол мүра. Қазақстан жерінде түркі және иран тілдес мәдениеттердің өзара ықпалы орын алды. Қазақ еліне ислам дінінің енуіне байланысты халқымыздың мәдениеті ислам өркениеттің қүнды жағын қабылдады. Қазақстанның орасан зор аумағында мәдениет біркелкі дамыған жоқ. Осы кезеңде мәдениетінің кейбір ерекшеліктері көшпелі және отырықшы халықтардың түрмыс-салтына байланысты болды. Отырықшы халықтар жаздың ыстық кезінде түрақты мекендерін қалдырып, салқын түсе оған қайта оралды. Малшылар өздерінің түрағын жылдың әр маусымына қарай өзгертіп отырды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақстан халқының көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын басым бөлігі көшіп-қонуға 1 0 7
ыңғайлы баспаналарда түрды. Мүндай үйлер озінің сыртқы түрі, колемі мен қүрылымы жағынан бір-бірінен озгеше. Жылдың жылы маусымында оздерімен бірге алып жүретін жылжымалы түрақтарда, ал салқын кездері жылы түрғын үйлерде, яғни жер үйлерде, шошалада түрды. Қазақтардың жазғы баспаналары киіз үй және жылжымалы күйме болатын. Қыста жылы, жазда салқын болатын қазақтың киіз үйлері көшіп қонуға қолайлы. Белгілі адамдардың киіз үйлері ақ киізден жасалып, іші-сырты түрлі-түске безендіріліп, қымбат бүйымдармен, жиһаздармен өрнектелді. Мүндай киіз үйлердің диаметрі 18 метрге жетті. Киіз үйлер салтанатты, қонак қабылдайтын, жорық үй деп үш топқа болінді, жорық үйінде азық-түлік пен күнделікті түрмысқа қажетті заттар сақталды. Қазақтың жорық киіз үйлерін кезінде орыс армиясы «джуламейка» деп атады. Бүл қазақтың «жалым үй» деген сөзінен шыққан. Киіз үйлер үлттық өрнекайшықтарымен безендірілді, ауқатты адамдардың үйлері өзінің салтанаттылығымен, әсем қымбат бүйымдарымен ерекше көзге түсетін. Киіз үйдің ішінде ашық түсі мен мың қүбылған оюөрнегімен көмкерілген кілемдер мен алашалар тоселді. Қазақтарда кең тараған жылжымалы үйлердің бірі күймелер Ибн-Рузбиханның сипаттауынша «қазақтардың үйі» арба тәріздес дөңгелегі бар қондырғыға орналасқан. Оны түрақтан түраққа түйе мен аттарға жегіп апарады, ондайда тізілген кош керуені үздіксіз алға жылжитын болса, жүз моңғол фарсангтеріне дейін жетеді, ал олардың арасындағы қашықтық бір кадамнан аспайды. Мүндай үй-күймелерінің Түркістан қаласында коптігі сондай, тіпті қаланың бір болігін алып жатты. Қазақтар жер үй мен тамдар түрғызды. Жер үй, жер жене, жертөле 1,5-ден 2 метрге дейінгі тереңдікке қазылып, бір-бірінен 60-70 см. терең болуы арқылы ерекшеленді. Жер үстінде салынған үйлер Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Олар екі және үш болмелі болып келеді. Қолданылатын қүрылыс материалдары әдетте жергілікті жерде кездесетін кірпіш. тас. шым, қамыс және т.б. Түрғын үй қасында жас толдерді үстауга және күнделікті түрмысқа пайдаланатын күш коліктеріне арналған шаруашылық қүрылыстары салынды. Қыстақтардағы түрғын үйлер мен сарайлардың қабырғалары және тобесі бірге жабылды. Қазақтар әдетте көйлек сырты нан бешпет, камзол жоне ор түрлі шапандар киді. Қыста қой немесе түйенің жүнінен 108
тоқылған, сырты қалың матамен көмкерілген жылы күпілер, қой терісінен тігілген тондар, дақалар (қүлын терісінен тігілген ер адамдар киетін шапан), кең шекпендер киді. Сондай-ақ қазақтар әр түрлі маталардан тігілген кең шалбар киді: оның жазда киетіні матадан, қыста киетіні қой, ешкі жүнінен немесе киіктің жарғак. терісінен дайындалды. Қыста мойнын жауып түратын түмақтар киді. Оны қозы немесе түлкі терісінен тіккен. Ер адамдар киетін етіктің өкшесі биік, қонышы үзын (мүндай етіктерді әдетте жылқының немесе сиырдың терісінен тігеді), ал атпен жүруге ыңғайлы, аңға шыққанда қолайлы жеңіл етіктер ешкінің терісінен тігілген. Кедейлер теріден жасалған шәркейлер киді. Әйелдің киімдері мақта-матадан немесе жібек матадан, кейде барқыттан тігілетін болған. Келіншектерге қарағанда бойжеткен қыздар басына үкі таққан бас киімдер, ал әйелдер копшілігінде теріден тігілген кебіс киді. Ауқатты қазақ әйелдерінің өрнектелген етіктері, жүкаг көк теріден тігілген оюлары бар күмістелген жеңіл аяқ киімдері болған. Қазақтардың негізгі қорегі сүт пен сүттен жасалған тағамдар, пісірілген ет пен қуырдак, тәрізді тағамдар. Сүтті пісірген әрі айран да үйытқан. Сүттен май, қүрт, ірімшік жасаған. Биенің сүтінен қымыз, сиырдың сүтінен айран, қатық, түйе сүтінен шүбат дайындады. Азық-түлікті үзақ уақыт сақтау үшін етті сүрлеу мен қақтау әдісі қолданылды. Үннан бауырсақ пен тандыр нан, тарыдан коже жасады. Қуырылған бидайдан әзірленген талқан олардың негізгі тамағы болды. Қолонер кәсіпшілігі халықтың түрмыс тіршілігімен тығыз байланысты. Ол түрғындарға өнім мен шикізат беретін мал шаруашылығының экстенсивті дамуымен сипатталады. Түйенің жүні мен ешкінің түбітінен қазақ әйелдері әдемі мауыт мата тоқыды. Қазақтың оюөрнектері үй жиһаздарында жиі кездеседі. Мүліктер, ыдысаяқтар, қару-жарақ пен киімдер, киіз үйдің ішкі жабдығы, бәрібәрі ою-өрнекпен өрнектеледі. Әсіресе әйелдер өнері киіз^үйдің жабдығында ерекше байқалады. Киіз үйдің ою-өрнек салынған баулары әсемдігімен көздің жауын алады. Бүл баулар сәулет қүрылысын безендірудің бір үлгісі. Қазақтың кереметтей қолонер шығармаларының бірі әртүрлі жүннен иірілген жіптермен ши тоқу немесе оны ақшыл көк түсті жіппен безендіру. Керегелерді айналдыра шимен көмкеру киіз үйдің ішіне әсем көрік береді әрі ши түрғын-жайды іштен бөлуге де қолданылады. 109
Киіз үйді ою салынған түрлі-түсті киіздер мен сырмақтар, алашалар, әсем тігіліп қүрылған шымылдықтар, сандықтың оюөрнектері оның сәнін келтірді. Қазақтың қолөнеріне кестелеу, ою, өрнектеу және т.б. тән. Жастықтар, орамалдардың жиегі, коржындар, әйелдердің бас киімі кестеленді. Қолөнерде өрнек салу техникасы кеңінен қолданылды. Ол әсіресе торсықтарға, қүмандарға, ер-түрманға, әйелдер мен ер адамдардың белбеулеріне салынды. Алашалар мен кілемдер, сырмақтар неше түрлі өрнектермен өрнектелінді. Қазақ үсталары негізінен еңбек қүралдарын, оның ішінде егін шаруашылығы мен түрмыстық мақсаттарға арналған кетпен, соқа, темір күрек, балта, ошақ, қүлыптар, үлкен және үсақ шегелер, қойды қырқатын қайшылар, біз, ағаш шеберлерінің қүралдарын т.б. жасады. Үсталар мен зергерлер ер-түрманды, жүгенді және қару-жарақты түсті металмен өрнектеді. Қанжар, пышақ, айбалта мен жебелер жасады. Қазақтардың өмірінде үлттық мейрамдардың рөлі ерекше. Бүл шараларға үйлену тойларын, бесік тойын, ас беруді, хан сайлауды, жеңісті тойлауды жатқызуға болады. Әдетте ондай мерекелерге қонақтар алыстан жиналатын. Кейбір салтанаттар діни сипат алды. Мейрамдарда ат бәйгесі, күрес, аударыспақ сайысы немесе көкпар үйымдастырылды. Әскери ойындар, аттардың күшін сынау және жаппай аңға шығу дәстүрі болған. Әскери-спорттық ойынның күрделі түрінің бірі алтын жамбыны ату. Оны атып алған мерген қымбат сыйлық алған. Тіпті кейде ол осы жеңісінің арқасында сыйлыққа сүйген қызын таңдаған. Ойындардың басым бөлігіне спорттық сипат төн. Оған атақты палуандар, шабандоздар қатысты. Бәйге, палуан жігіттердің күресі үйлену тойында жөне бесік тойында ғана емес, ауқатты адамдарға ас берілгенде де үйымдастырылған. Халық мейрамында ән салып, күй тартып ақындар айтысқа шыққан. Хан сайланған күні, үйлену тойында, жауды жеңген жеңіс салтанатының рәсімі ерекше сипат алған. Хан сайланатын күні үлкен тайпалардың бектері мен билері ханды ақ киізге отырғызып көтерген күйі үш рет айналып шығатын болған. Бүл орайда оған үзақ өмір мен қайырымдылық тілеген. Ханның туыстары бүл қуанышта оған күміс және алтын теңгелерден шашу шашқан. Қазақтардың көңілді мейрамдарының бірі жыл басы Наурыз (22 наурыз) болғаны белгілі. 110
Қазақтардың үйлену салттарында қалың мал, әмеңгерлік тәрізді әдет-ғүрыптардың кейбір түрлері сақталды. Қазақ халқының дәстүрі бойынша жас жігітке қалыңдық таңдау атаанасының үлесіне тиген. Бүл дәстүр бойынша қалыңдық өзге рудан болуы тиіс, ал ру ішінде жеті атаға дейін некеге түруға тыйым салынды. Қүда түсіп, қалың малдың бір бөлігін бергеннен кейін күйеу жігіт қалыңдығына «үрын» (тығылып) барады. Ол бірінші сапарында қалыңдықтың ағасының немесе туысқанының үйіне түседі. Екінші барғанда қалыңдығына жолығуға жол ашылады. Содан кейін қалыңдықтың әкесінің үйінде жастарды некеге отырғызған той өтеді. Күйеу жігіт (күйеуі) қайтыс болса, оның қалындығы (әйелі) әмеңгерлік салтымен қайнысына немесе оның жақын туыстарының біріне күйеуге шығады. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ислам діні қазақтардың отбасылық түрмысына дендеп ене қойған жоқ. Ол кезде қалыңдықтың некесін молда «қию» салты болмады. Жүбайылық байланыс той үстінде айтылатын «жар-жармен» бекітілді, сол арқылы қалыңдыққа жақсы тілектер айтылды. Үйлену тойына жүмсалатын шығындар кедейлер үшін қымбатқа түсті. Күйеу жігіт қалыңмал бергенімен қоймай, қыздың шешесіне «сүт ақтау», әкесіне «той мал», бауырлары мен жақын туысқандарына, ауылдастарына қымбат сыйлықтар апаруы тиіс. Қалыңдықтың ата-анасы қүда түскендегі келісімі бойынша «қарғыбау», яғни келісімнің сенімділігіне кепілдік ретінде қүдаларына сыйлық береді. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақтар ислам дінін үстады. Оның негізгі тарату орталықтары Түркістан, Хорезм, Бүқара, Астрахань қалалары болды. Дегенмен бүқара халық арасында ислам әлі тамырын кең жая қоймады, қалың ел исламға дейінгі сенген Тәңірге табынды. Қазақтар Су-ананы және Жер-ананы қасиетті санады. Бүл орайда әулие түтатын таулары, жартастары (Теректі әулие), үңгірлер, тоғайлар, жалғыз ағаштар' бүлақтар бар. Осы «әулиелі» жерлерде қүрбандыққа мал шалып, олардың қүрметіне мейрам үйымдастырып, оған тәңірге табыну сыйыну үшін барды. Қазақтар өмірінде көне дәуірден қалған қасиетті от «алас», яғни От-анаға табыну үлкен рөл атқарады. Бүл түрғын жайды, от басын қорғаушы деп есептелді. Келін алғаш түскен кезде табалдырықтан аттаған соң үйдегі отқа иіліп, май қүяды. ХҮ-ХҮІІ ғасырлар кезеңі қазақ халқы мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Тап осы кезде халықтың ауыз 111
одебиеті, жазба әдебиеті, шынайы музыка өнері қалыптасты. Қазақтардың рухани мәдениетінің дамуы жалпы халықтын. оркениетінің оркендеу дәуірі болып табылады. Қазақтың суырып салма поэзиясы ауыздан ауызға тарап, үрпақтан-үрпаққа жетті. Кдзак поэзиясында суырып салмалылықпен қатар жазба одебиеті дамыды. Қазақтар ақын деп кез келген тақырыпқа суырыпсалма өлең шығаратындарды айтты. Ақындар қолдарына қобыз немесе домбыраны үстап, ел аралап өздерінің әндерін халық ішіне таратты жоне үлкен мерекелерде бір-бірімен айтысқа гүсті. Олар халық арасында үлкен бедел мен қүрметке ие болды. Ақындар жырының тақырыптары әр түрлілігімен ерекшеленді. Былайша айтқанда, ақын дегеніміз халықтың поэтикалық мүрасын айтушы, сақтаушы, лирикалық эпосты жырлаушылар. Сал-серілер тек суырып салма ақын ғана емес, сонымен бірге сазгер, әнші, әннің сөзін өзі жазатын ғажап дауысты адамдар болған. Серілердің әндері нәзік иірімдерімен, озіндік түрлерімен ерекшеленеді. Ал салдардыңәндерінде еркелік пен әзіл қатар жүреді. Қазақтың белгілі сал-серілері өз ғүмырында ел аралап халықтық салтанаттарға қатысқан. Халықтың ауыз әдебиетінің кең тараған жанрларының бірі толғау, ол жыр түрінде жазылған ақыл-кеңес беретін олеңдер жиынтығы. Толғауда мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, үлгі беретін түстары оте коп. Жырау омір мен өлім, өткен мен болашақ туралы ой толғай отырып, озінің моральдық-этикалық козқарастарын жеткізеді. Жыраулар көбінесе өлендерін атақты феодалдар мен хандарға, сүлтандарға арнаған. Әдетте жырау-жауынгердің шығармасы романтизмге, батырлыққа, азаматтық әсерге толы болды. Жырау қазақтың батырлық жырларының негізін қалаған. Бізге дейін жеткен Доспамбет жыраудың есімін (ХҮІ ғ.) батырлықтың, әскери жорықтардың жыршысы ретінде білеміз. Оның жырларында жауынгерлердің дүниетанымы, оның ар-намысы, борышы, қадір қасиеті, сенімі анық көрсетілген. Әсіресе оның «Өсиет» атты жыры халық арасында кең тараған. Қазақ поэзиясының ірі түлғасының бірі Шалкиіз жырау. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы билеушілер мен халық батырларына арналған. Ол куатты жыры арқылы халықты бірігуге, ел мен жерін қорғау үшін жорықтар мен шайқастарға шақырады. Шалкиіз жырау Әбілхайыр хан мен Жәнібек ханның түсында омір сүрген. Оның поэзиясында ерлік пен мақтаныш қатар жүреді, ол дала эпосы авторларының бірі болды. ХҮІІ ғасырдың поэзиясындағы жыраулық дәстүрді Марқасқа мен Жиенбет жалғастырды. 112
Әндер, шешендік сөздер, ертегілер және эпикалық шығармалар халықтың қоғамдық жоне рухани омірінде ерекше орын алды. «Өнер алды қызыл тіл», «шебердің қолы алтын, жыраудың сөзі алтын» деген мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, халық сөз онерін ерекше қүрметтеген. Билер сотында қазыдан бастап айып тағылған адамға дейін мақалдап, мәтелдеп, өлең-жырлардан үзінді келтіре сөйлеген. Елдестірмек елшіден демекші, елшілікті бастап барғандардың өзі сөз енеріне, өлең-жырларға жиі жүгінетін болған. Ертегілер қазақ халқы өмірінің көптеген қырларын қамтиды. Ертегінің жанрлары да әр түрлі, оның ішінде жануарлар туралы, қиялғажайып ертегілерімен қатар, түрмыс-салт, реалистік, сатиралық ертегілер де бар. Бүл ертегілерде халықтың табиғат тылсымдарының қүпиясын білуге, жерүйықты табуға деген үмтылыс бар. Олар аңшылардың, мергендердің, жеке батырлар-дың, сүлулардың, ақылгөй данышпандардың («Қара мерген», «Асанқайғы») ғажайып ерліктері мен шайқастарын баяндайды. «Асанқайғы», «Жүпар қорығы» ертегілерінде қазақ халқы озінің бақытты омір сүру үшін жерүйық туралы армандайды. Қазақ ертегіперінің арасында түрмыссалт ертегілері көп кездеседі. Мүндай ертегілердің кемел ойға қүрылған үлгілері, сондай-ақ адамның әлсіз жағын көрсететін сатиралық жанрлары бар. Оған Аяз би, Жиренше, Алдар көсе және Қожанасырға қатысты хандар мен сараң байларды, әділетсіз билерді әшкерлеуге арналған ертегілерді жатқызуға болады. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ батырлары туралы жырлар тарихи оқиғаларды суреттей келе, оны одан әрі дамытып, байыта түсті. Батырлар жырлары ерекше күшті батырлардың ерліктерін жырлайтын шығармашылық дәстүр. Ауыз әдебиетінде «батыр» деген сөз ержүрек, әділ, күшті адам дегенді білдіреді. Қазақтың батырлар жырында эпосқа төн оқиғаларды көтермелеумен бірге тарихи оқиғалар да бейнеленеді. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында өзара алауыздықтан соғыс болған. Ер Сайын, Алпамыс, Төрехан, Ер Қосай, Телағыс және баска батырлар жырында қыпшақтар мен ноғайлардың бірігіп, жоңғар шапқыншылығына қдрсы соғысы өзек болады. Халықтың эпостық шығармаларында қогамдық мүдделер жеке мүдделерден жоғары түрған. Қазақ халқының осындай жырының бірі Қобыланды батыр туралы болса, оның бес мың жолдан түратын бірнеше нүсқасы бар. «Ер Тарғындағы» басты кейіпкер көркем тілмен, хапықтық сипатпен бейнеленген. Ол өзінің Отанын адал қорғайтын батыр. Бүл жырда билеуші хандар мен Ер Тарғын 113
арасындағы келіспеушілік көрсетілген. Ол халыктың қамқоршысы батыр ретінде сипатгалса, ал хандары халықты алдайтын билеуші ретінде бейнеленеді. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ қоғамындағы әлеуметгік-түрмыстық мәселелер әдеби шығармаларда кеңінен көрініс тапты. Бүл орайда жастардың махаббаты, бақыты үшін күресуі аңызға қүрылған түрмыстық поэмаларға негізгі арқау болды. Онда халықтың түрмысы, әдет ғүрыптары, дәстүрлері жырланды. Қазақтың әлеумеггік-түрмыстық поэмаларына жататындар: «Қозы Көрпеш Баян Сүлу», «Қыз Жібек», «Күлше Қыз» және т.б. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақтардың қоғамдық-экономикалық өмірінің даму деңгейіне байланысты қазақ тілінің сөздік қоры көбейіп, оның грамматикалық қүрылымы жетілді. Қазақтар жазуға араб әрпін пайдаланды. Қазақ әдебиеті Орта Азия халықтарының әдебиетімен қатар түркі тайпаларының ортағасырлық әдебиетінің заңды мүрагері болып табылды. Ол халқымыздың көптеген ғасырлар бойы жинаған ең озық дәстүрлеріне, яғни рухани байлығына сүйенді. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ прозасындағы қүнды ескерткіштердің бірі ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ тарихына арналған «Джами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») болып табылады. Кітап авторы Жалайыр руынан шыққан Қадырғали би. Онда қазақ хандарының, сүлтандарының, билерінің шығу тегі келтірілген. Шығарма қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге толы. Бүл шығарма араб өрпімен жазылған. Қазақ халқының тарихына тікелей қатысты парсы тілінде жазылған белгілі тарихи шығарманың бірі «Тарих и-Рашиди». Оның авторы - Мүхамед Хайдар Дулат (1499-1551). Бүл шығармада бірінші рет қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің бөлініп көшіп кетуінің себептері айтылады, қазақтардың шейбанилермен, қырғыздармен, моғол хандарымен арадағы өзара қарым-қатынастары туралы әңгімеленеді. Ол түркі тілінде «Жаһан-наманы» жазған. Қдзактардың 20-дан астам музыкалық аспаптары болған, оның ішінде шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, аса таяқ, дауылпаз, қобыз, домбыра және т.б. бар. Қазақтар шертпе, үрмелі, қағу аспаптарында ойнаған және өр алуан музыкалық шығармаларды дүниеге келтірген. Сөйтіп, ХҮІ-ХҮИ ғасырларда қазақтың рухани мөдениетінің негізгі элементгері қалыптасып, өркен жайды. Бүқара хапық ауыз әдебиетінің ғажайып туындыларын, өзіндік қолтаңбасы бар сөулет өнерінің ескерткіштерін, музыкалық жөне қолданбалы онер туындыларын дүниеге өкелді.
YI ТАРА У _____________________________________________ ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАВДЫҒЫ 6.1. XYI1 ғасырда және XY11I ғасырдың басындағы жоцғар-қазак соғысы XY1 ғасырдың екінші жартысында жоңғарлар (қалмақтар, ойраттар, элюттер) - батыс моңғол тайпалары (чоростар, торғауыттар, дербеттер) өз одағын қүрып, ХҮН ғасырда Жоңғар хандығы деген атпен белгілі болды. Жоңғарлардың Қазақстанға шапқыншылығы ХҮ ғасырда-ақ басталған болатын. Бүл кезде ойраттардың күш-қуатының артқаны сондай, олар Қытайдың Мин империясын жеңіп, оның императорын түтқынға алды. Қазақ хандығының қүрамына енген тайпалардың ішінде ойраттардың шабуылына алғаш үшыраған керейлер болатын. Жоңғарлардың әскері 1430 жылдары үйсіндер мен қырғыздар мекендейтін Ыстықкөлге дейін жетті, 1447 жылы Сырдарияда Әбілхайыр әскерін талқандап, ал 1459 жылы ойрат елшілігі Гератқа келіп орналасты. Бүл кезде ойраттарды айлакер де ақылды Эсен-тайшы басқарған. Ол тайпаларының басын қосып, бір одаққа біріктірді, өзінің билігін тіпті Шығыс Моңғолияға да жүргізді. Бірақ Эсен-тайшының өлімінен кейін (1455) ойраттардың саяси қуаты біраз әлсіреп қалған еді. Кейінірек қазақтардың ханы болған ержүрек Тәуекел сүлтан 1556 жылы ойраттарға соққы берді.. ХҮІІ ғасырдың басында ойраттар арасында алғыр әрі батыр көсемдер шыға бастады. 1600-1610 жж. қалмақтар Тар жөне Түмен уездерін талқандады. 1634 жыль! Хара-Қүла-тайшы қайтыс болып, ойрат иеліктеріндегі билік оның үлы Батырқонтайшының қолына көшті. Жоңғар хандығының 1635 жылы қүрылғаны ғылымда дәлелденген. 1640 жылы Іле өзені бойындағы Батыр ордасында өткен қүрылтайда жоңғар тайшылары өздерінің қуаты мен қүдыретін дөріптейтін «Дала заңдарының жинағын» қабылдады. ХҮІІ ғасырдың алғашқы онжылдығында өзара қырқысқан Қазақ хандығына қарағанда, бір одаққа біріккен Жоңғар хандығының күш-қуаты басым болды. Ойраттардың ықпалы біртіндеп күшейе берді. Екі жақтың арасындағы әскери қақтығыстар мен уақытша келісімге келушілік арқылы қазақ хандары мен сүлтандары ойраттардың 115
алғы шебін өздеріне бағындырып алды. Тәуекел хан орыс патшасына жазған хатында озінің «қазақтар мен қалмақтардың ханы» екендігін айтады. Ойраттар тарихындағы маңызды оқиғаның бірі 1627-1628 жж. бүрынғы ойрат одағының ыдырауы: хошоуттар Тибетке өтіп кетті, ал торғауыттар (250 мыңдай адам) Хо-Урлуктің басшылығымен ойрат одағынан бөлініп, Солтүстік Қазақстан арқылы Еділдің төменгі сағасына қарай көшіп кетті. Қалмақтар деген атпен XY11 ғасырда Қалмақ хандығының негізін қалады. Оңтүстік және Батыс Сібірде қалған ойраттар чоростардың басшылығымен Ертіс жағалауында Жоңғар хандығын қүрды. Есім ханның үлы және мүрагері Жәңгір ханның өмірі жоңғарлармен шайқасумен өтті. Ол 1643 жылы қазіргі Алматы облысының Орбүлақ деген жерінде жоңғарларға күйрете соққы беріп, үлкен жеңіске жетті. Сол жылы қыс түсе жоңғарлардың мыңдаған қолы Қазақ хандығының иелігіне басып кірді. Шабуыл түтқиылдан болғандықтан Жәңгір ханның тек 600 адамды жинауға шамасы келді. Бірақ ол таулы жердің жағдайын шебер пайдаланды, жасақтарын дүрыс басқарып, тамаша жеңіске жетті. Адамдарының жартысын «отты қарулармен» ор қазып бекіндіріп, «өзі үш жүз батырымен жартастың артында түрды». Ойраттар орға шабуылдаған кезде мылтықтан атылған оқ борасыны қарсы алды, Жәңгір тылдан соққы берді. Қарсыластарының есі шығып, қатар жүрген екі шайқаста «он мыңдай адамынан» айырылды, сөйтіп, жоңғарлар кері шегінді. Батыр хонтайшы олгеннен кейін Жоңғар хандығында қырғи қабақ алауыздық басталды, ҚалденБошакту-хонтайшының билікке келуімен (1670-1697) жорықтар қайта жалғасты. Бүл шапқыншылықтар 1681,1683,1684 жылдары болды. 1684 жылы Сайрамды алды. Билікке хонтайшы ЦеванРабтан (1697-1727) келгесін қантөгіс кырғын қайта күшейді. 1710 жылы Тәуке хан кезінде Қарақүм аймағында қазақтардың қүрылтайы болып, онда жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу мәселесі талқыланды. 1710-1711 жоне 1713 жылдары болған соғыстарда қазақтар басым түсіп, бүрын айырылып қалған қоныстарын қайтарып алуға мүмкіндік туды, көптеген жоңғар өскерлерін түтқынға алып, тіпті Жоңғар хандығының шекарасына шабуылдай бастады, бірақ 1717 жылы Қайыр хан мен Әбілхайыр бастаған қазақтың отыз мың әскерлері жоңғарлардан Аягөз өзенінің бойындағы шайқаста жеңіліп қалды. Әдебиеттерде айтылғандай, 1718 жылы коктемде жоңғар 116
әскері Түркістанға жақын маңдағы Боген, Шаян мен Арыс озендері бойында «қазақтарды қырып салды». Жоңғарлардың бүл кезде күштілігі соншалық, Ресеймен және Қытаймен әскери қақтығыстарда болды. Ойраттардың мүндай жетістіктерге жетуіне 1709 жылы Полтава түбінде орыстарға түтқынға түскен швед армиясының сержанты Иоганн Густав Ренат коп көмектесті. Тобыл қаласында бекініс жасаған ол Ертіс бойындағы Бухгольц экспедицияға қатысқан, 1716 жылы ойраттарға түтқынға түсті, онда 1733 жылға дейін болып, оларға темір қорытуды, зеңбірек қүюды, снаряд жасауды үйретіп, тіпті баспахана салып берген. Сол кезде ойраттар соғысқа дайындалып жатты, ал ежелгі жаулары қазақтар озара қырқысып, дау-дамаймен күндерін өткізуде еді. 1718 жылы Тәуке хан кайтыс болғаннан кейін келте хандар бас котеріп, үш жүздің оз билеушілері пайда болды. Ойраттар мен қазақтардың иеліктері арасын шамамен Ертіс озені, Балкаш колі, және Шу мен Талас озендері боліп түрды. А.Левшин А.Тевкелевтің жазбаларына сүйене отырып, 1748 жылы Ресейдің қоластына қараған қазақтардың деректеріне орай, ойраттардың шабуыл жасаған уақыты 1723 жыл деп корсетеді. 1723 жылы жоңғарлар Қытайды билеп түрған маньжурлық Цинь династиясымен бітім жасасты, сол арқылы Қазақстанның шығыс жағындағы озінің тылын күшейтіп алды. 1723 жылғы шабуылдан соң қазақтар мал-мүлкінен, туысқандарынан айырылды. Бүл кезді қазақтар «Ақтабан-шүбырынды» деп кеткен. Ал Кіші ордада «Сауран айналған», яғни Сауранды айналып қашу қасіреті болды. Үлкен ордада «Алқакол сүлама» дейді, жаудан бас сауғалағандар ашығып, шаршап, озегі талып, Ташкент маңындағы Алкакөлге әзер жетіп қүлаған. Халықтың кобі жоңғар әскерлерінің қолынан қаза тапты, ал енді бір болігі Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендерінен отерде суға ағып кетті. Қашқан қазақ рулары Сырдариядан отсек қауіпсіз боламьіз деп ойлады. Саны жағынан басым ойраттардың түтқиылдан жасаған шабуылдары, «отты қарулармен» - зеңбіректер мен мылтыктармен қарулануы, қазақтарға қарағанда жоңғар оскерлерін бір адамның басқаруы, әскери қимылдың жақсы үйымдастырылуы бастапқы шайқастарда ойраттардың жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Жоңғар басшылары қазақтар қыстауда отырған қолайлы шақта, яғни маусымның басқа кезіндегідей емес, бір-бірінен алыс орналасқан кезінде шабуылға шықты. Олар соғысты созбау үшін 117
қазақтардың негізгі әскери күші шоғырланған жерді басып алуға тырысты. Өздеріне бағынғысы келмегендерді қырып салды. Алғашқы кезде шыңғыс түқымдары хандар мен сүлтандар жоңғарларға қарсы соққы беруге, азаттық соғысын үйымдастыруға қабілетсіз болып шықты. Елдің тәуелсіздігі үшін күресті «қара халықтың» өкілдері - батырлар бастады. Халық жасақтарының бірігуі алғашқыда солардың арқасында үйымдастырылды. Деректерге қарағанда, қазақтар жоңғарларға қарсы соғыс қимылдарын 1724 жылы бастады.Үш жүз әскерлерінің басын қосқан қазақтар 1726 жылы басқыншыларға қарсы үйымдасқан түрде соққы беруге кірісті. 1728 жылы Торғай даласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Бүланты өзені бойындағы «Қара сиыр» деген жерде қазақтар ірі жеңіске жетті, кейін бүл жерді «Қалмақ (жоңғар) қырылған» деп атап кеткен. Қазақтардың бүл жеңісі қазақ жауынгерлерінің рухын көтеріп, болашақтағы жеңістерге жетеледі. Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек, Наурызбай тәрізді Әбілхайыр ханның қасына жиналған батырлардың рөлі жоңғарлармен соғыста ерекше болды. Олардың ержүректігі мен жан аямай соғысуы осындай ірі шайқастарда жаудан басым түсуіне мүмкіндік берді. Осы кезеңде қазақ халқының басын қосуда үш жүз билерінің - дулат руынан шыққан Үлы жүздің биі Төленің (Төле Әлібекүлының) (1663-1756), арғын руынан шыққан Орта жүздің биі Қаз дауысты Қазыбектің (Қазыбек Келдібекүлының) (1667-1764), Тәуке ханның ақылшысы әрі көмекшісі, Кіші жүздің биі Әйтекенің (Айтық Бәйбекүлының) (1666-1740) ел ішінде ықпалдары күшті болды. Олар бір орталықтан бағындырылатын мемлекет қүруды аңсады және оның егемендігі мен аумақтық түтастығы үшін күресті. Шығыс шекарадағы қалыптасқан қиын жағдай үш жүздің басын қосуды талап етті. Шымкенттің батысында орналасқан Ордабасы тауында өткен қүрылтайда қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып Кіші жүздің ханы Әбілхайыр сайланды. Оның өскерінің осы жолғы сапарыньщ ізін Бүрылдай мен Қошқар-Атаның жоғарғы жағындағы «Үлкен орда қонған» және «Кіші орда қонған» деп аталатын жайлаулардың атаулары мен «Әбілхайыр жалы» деген жердің аты дөлелдеп береді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында, 12 шақырым жердегі Аңырақай жазығында болган Аңырақай шайқасы туралы оқиғалар сақталған. Қазақтар Аңырақай
шайқасында үш жүздің басын қосу арқылы жеңіске жетті, бүл айтулы оқиға 1729 жылы немесе 1730 жылы көктемде болған. Жоңғарлар жеңілгеннен кейін амалсыздан шығысқа шегініп, Жоңғар хандығындағы өз аймағына кетті. Бірақ, жоңғарлардың тағы да қайталап шабуыл жасау қаупі сейілген жоқ. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында алауыздық пен іріткі туып, бөлініп кетті, ал оның себептері әдебиеттерде айтылмайды. Осы аталған шайқастан кейін Әбілхайыр хан батысқа орыс шекарасына қарай асығыс бет алды, ал Орта жүздің ханы Әбіпмәмбет қазақ хандарының ордасы Түркістанға көшіп кетті. Қазақ хандарының арасындағы алауыздықтың басты себебі Қазақ даласындағы жоғары билікке таласушылык болды деген жорамал шындыққа жанасады. Қазақ хандығына бірден бір үміткерлер Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілхайыр болды. Әбілмәмбетгі хан сайлаған соң Сәмеке мен Әбілхайыр кемсініп, өздерінің иеліктеріне кетіп қалды, мүның өзі қазақтардың Жоңғар хандығына қарсы күреске кері әсерін тигізді. Бүл жылдар қазақ тарихына «Ақтабан шүбырынды» деген атаумен енді, бүл қазақ қоғамының өмірі мен санасында үзақ жылдар бойы өзінің терең ізін қалдырды. Халық аңыздарына сүйенсек, «Ақтабан шүбырынды» мен «Алкакөл сүламадан» кейін «қайың сауған», яғни тек қайыңның шырынымен қоректеніп күн көрген қасіретті заман болған. Қазақтар Жетісудың шүрайлы жерлерінен айрылып, шаруашылық және адам саны жағынан да көп шығынға үшырады. Қазақстанның бүкіл аумағында ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону қоныстарының бағыты өзгерді. Жоңғар шапқыншылығы жүздердің арасындағы шаруашылық, әлеуметтіксаяси қарым-қатынастарды әлсіретті. Мүндай жағдай Қазақстанның бытыраңқылығын үдете түсті. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарында да терең із қалдырды. Тоналған, таланған далада кедейлер саны күрт өсті. Олардың көбі Қазақстанның батысына және солтүстігіндегі орыс шекарасына қарай ойысты. Қазақтардың Ресей қоластындағы Орал казактарымен және қалмақтармен арадағы қатынастары күрделі шиелініскен күйінде қалып қойды. Қазақстанның батыс шекарасында бітім жасасу қазақ хандарының сыртқы саясатындағы маңызды мәселе еді. Ол қазақтың басты жауы жоңғарларға тетеп беруге өте қажет болды. XYII1 ғасырда орын алған маңызды оқиғаның алғышарты 119
осындай болатын, одан кейін Ресейге қосылу нәтижесінде алдымен Кіші жүз тоуелсіздігінен айырылды, сосын басқа жүздердің де Ресейге қосылуына тура келді, біртіндеп Қазақстан Ресей отарына айналды. 6.2. Қазакстаннын Ресенге косыла бастауы Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан кейін Ресей патшасы «бүратаналар» мен «кәпірлерге» қарсы тонаудың жыртқыштық жаңа саясатын күшейтті. Ермак жорығы 1580 жылы Батыс Сібір халықтарын адам шошырлықтай аяусыз тонап, жәбірледі. Сойтіп, патшаның қанауынан шаршаған басыбайлы шаруалар мен ерікті адамдар, холоптар Еділ мен Сібірге бет алды. 1577 жылы Иван Грозный бүл «карақшы казактарды» жазалау үшін әскер аттандырды. Патша мемлекеттік шекараны қорғау үшін «әскерге» адамдар алып, оларға жер боліп берді. Олар сонымен катар жаңа жерлерді иелену үшін және «Жоғары мортебелінің қоластындағы сенімсіздерді бағындыру» үшін одан орі соғыс кимылдарын жалғастырды. Сойтіп, Сібірді Камчаткаға дейін жаулап алып, Қазақ даласының батыс жоне солтүстік шекарасын бойлай әскери бекіністер сала бастады. XYII1 ғасырдың басында патша окіметі мен орыс копестері шығыстағы мемлекеттік шекараны бекіте түсу үшін жаңа күшпен қайта кірісті. Бүл жолы бірінші кезекте Ертіс бойымен Тара қаласынан өзеннің жоғарғы бастауына дейінгі созылып жатқан аймаққа шықты. Отаршылдықты шығыста күшейте түсу үшін Жайық бойы желісін кеңейту жедел қолға алынды, ал 1640 жылы негізі қаланған Гурьев қаласы Қазақстанмен коршілес батыс аудандардағы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде әртүрлі жағдайларды реттеуге жәрдемдесті. Саудагерлер, дипломатиялық мисссиялардың мүшелері, саяхатшылар, шытырман оқиға іздеушілер Шығыс Түркістанның, ОңтүстікБатыс Сібірдің орта азиялык иеліктерінен Сібір жоне оңтүстік Орал бойы мекендеріне оралғанда Ертістің арғы жағында жатқан «азия елдері» туралы осіре айтылған моліметтерін таратты. Ресейдің жаңадан иеленген жерлерін қолға үстап түру, Орта Азия елдерімен озара сауда қатынастарын орнату бүл елдін табиғи ресурстарға, осіресе патша үкіметі үшін оте қажет алтынға деген қажеттілігімен қабысты. Коз тіккен жерге қуаты артқан 120
Жоңғар хандығының үстанған саясаты белгілі еді, ал қазақ хандарының өзара алауыздығы, үш жүздің басы қосылмай, қырғи-қабақ болуы жат көздердің назарынан тыс қалған жоқ. Осының бәрі, сайып келгенде, алыстағы Индия мен Қытайға шығуға тіке жол іздеген I Петр кезінде басталған Ертіс бойындағы аймақтарды иелену жоспарын жүзеге асыруды жеделдету саясаты еді. Бүның бәрі Ресейдің Швециямен арадағы үзақ жылдарға созылған соғыс әрекеті салдарынан қаржыдан тапшылық коріп, енді жаңадан қаржы көзін тауып, елді қайта қалпына келтіру қажетгігімен де байланысты. Орыс мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алу мақсатын іс жүзінде орындауға кірісті. I Петр Кронштадта швед флотымен болатын теңіздегі шайқасқа шығар алдында шығыста бекіністер салу жөнінде мәлімдеп, 1717 жылдың 22 мамырында «Әулие Наталья» кемесінде мынадай жарлыққа қол қойды: «Подполковник И.Д.Бухгольцтің басшылығымен қүм алтыны бар жерді иелену үшін экспедиция жасақталсын». 1715 жылы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетіп, сол жерде жаңа бекіністің іргетасын қалады. 1716 жылы Омск, 1717 жылы Железнинск, 1718 жылы- Семипалатинск, ал 1720 жылы - Усть-Каменогорск бекіністері салынды, бүл соңғы бекініс Ресейдің Цинь империясымен шекарадағы оскери-инженерлік ең шеткі бүйірдегі нүктеге орналасқан қүрылыс болатын, сондықтан редуттар, маяктар, форттағы қүрылыстар арқылы едәуір аймақ бақылауға алынды. Осы жылы Ресей бірнеше бекіністер салды, оның ішінде: Чернорец, Чернояр, Верблюжская, Осморыжская, Убин, Семьяр бекіністері бар. Бүлар Сібір. Ертіс және Колыбан үш әскери-саяси желілер бойы үшін негізгі тірек болды. Осы кезде Беркович-Черкаскийдің экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттеп, Арал жағалауын картаға түсірді. I Петр сенаттың көшірме түсірушісі (тіркеушісі) И.Кирилловқа және сыртқы істер Алқасының аудармашысы А.И.Тевкелевке қазақтарды Ресей қоластына қаратудың жобасын жасауды тапсырады. Бүл орайда ол Тевкелевке кеңес беріп, егер «ол орда қоластымызға қарағысы келмесе, шығын молшері-не қарамастан, тіпті оған миллион қаржы керек болса да, қалай болған жағдайда да олар бір парақ қағазға қол қойып, Ресей империясының протекциясында болуды міндетіне алса болғаны» деген. Бірақ, I Петрдің өлімі бүл жобаны жүзеге асыруға кедергі жасады. ХҮІІІ 121
ғасырдың басында қазақтар Ресейге бірнеше мәрте елшілер жіберіп, онда орыстардың иелігіндегі казактар мен башқүрттардың, қалмақтардың қазақ қоныстарына шабуыл жасауын тоқтату талабымен қатар Жоңғарияға қарсы әскери одақ қүруын үсынды. Ресей үкіметі бір жағынан қазақтарға көмек беруге уәде берсе, екінші жағынан Сібір әкімшілігіне жоңғармен татулықты бүзбай, қажеті болса олармен сауда-саттық катынасты дүрыс жолға қоюға тырысу керектігін айтты. 1726, 1730 жылдардағы қазақтардың жоңғарларға қарсы соғысындағы жеңістері олардың тарапынан болатын қауіпті бәсеңдетті, дегенмен түтастай алғанда, Қазақстандағы жағдай әлі де қиын еді. Оның үстіне Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмүхамед), Үлы жүзде Жолбарыс хан бастаған қазак жүздері арасындағы алауыздық жағдайлар күшейді. Осындай қиын кезде Кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыстардың қоластына қарайтындығына ниет білдіріп, Петербургке елші жіберді. Онда Ресей империясының қоластында болу арқылы Жоңғариямен жойқын соғысты аяқтап, Қазақстандағы қиын жағдайды пайдаланып отырған ежелгі жаулары башқүрттармен, орта азиялық хандармен, сібір казактарымен арадағы күресті тоқтату мақсаты көзделді. Бүл ыдырай бастаған қазақ одағының сыртқы саясатындағы күрделі бетбүрыстың бастапқы кезі еді. 1726 жылдың басында Әбілхайыр өзінің елшісі Қойбағар Көбековты патша үкіметімен келіссөз жасасуға Петербургке аттандырды. Кіші жүздің қазақ старшиналарының Ресейдің сыртқы істер жөніндегі Алқасына жазған хатында еділ қалмак,- тары сияқты Ресейдің «протекциясында» болсак деген үсыныс айтылды. Сонымен қатар олар Уфадағы түтқындарды айырбастауға рүқсат сүрап, башқүрттар мен Жайық казактарының шабуылынан қорғауды және Жайык, бойында емін-еркін кошіпқонуға кепілдік беруін өтінді. Бірақта Жоңғариямен екі арадағы жағдайдың шиеленісіп кетуінен қауіптенген әрі қазақтарды қоластына қаратудың қазірше ешқандай пайдасы жоқ екендігін түсінген патша үкіметі Әбілхайырдың хатын жауапсыз қалдырды. Осымен келіссөз үзіліп, тек 1730 жылы Кіші жүз старшиналары Жоңғарияға қарсы соғыста Ресеймен әскери одақ жасасу жөнінде шешім қабылданғаннан соң қайта қолға алынды. Онда Әбілхайырға тиісті келіссөз жүргізу тапсырылды. Бірақ бүл келіссөзде ол одақтасу емес, Ресейдің қоластына кіру туралы үсыныс жасады. Қыркүйек айында батыр Сейтқүл Қойдағүлов 122
пен Қүтлымбет Қоштаев би бастаған қүрамында жеті адамы бар Әбілхайырдың елшілігі Уфаға барды. Қазан айында Петербургке жетіп, Ресейдің қоластына қарау туралы өтінішті қабылдау жөніндегі жазылған хатты патша Анна Иоанновнаға тапсырды. Ханның өтініші қанағаттандырылды. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна «Әбілхайыр ханға және барлық қазақ халқына олардың Ресейдің қоластында болуын қүптайтыны туралы» грамотаға қол қойды, онда Әбілхайыр хан өзінің қоластындағы адамдармен Ресейдің қоластында болуы мынадай тармақтар арқылы жүзеге асатындығы келтірілген: «Біріниііден, біздің үлы мәртебелі императорымызга адал қызмет ететініңізге және башқүрттардың қызмет ететіні сияқты, жасақ (ясак) төлеуге уәде етіціздер. Екіншіден, Ресей цоластындагылардан сіздерге реніштер мен қырып-жоюшылық болмауы тиіс. Үшіншіден, сіздерге қандайда бір жаулар шабуыл жасаса, сіздер одан біздің үлы мәртебелі.міз атынан қоргана аласыздар және сіздерді Ресей қоластындагылар деп есептеуге тиісті. Төртіншіден, башцүрттар және өзге де Ресей қарахшгындагылар сіздерден алган түтқындарып кері қайтарса, ал сіздер өздеріңіздегі ресейліктерді цайтарып беруге және баищүрттар.мен, қалмақтармен тату түруга уәде етіңіздер» делінген. Петербургте Кіші жүзге орыс елшілігін жіберіп, Әбілхайырға патша грамотасын тапсырып, сүлтандар мен старшиналардың антын қабылдау мәселесі жөнінде шешім қабылданды. А.И.Тевкелев басқарған елшілік, 5 қазан күні Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе шатқалындағы хан сарайына келді. Қүрметті қонақты алып жүруді хан өзінің үлЪен үлы, тәжірибелі жауынгер әрі мүрагері, әкесінің саясатын қолдаушы Нүралыға тапсырды. Бірақ, бүрынғы татар мырзасы алғашқы сәттерден-ақ белгілі старшиналар мен сүлтандар тарапынан күрделі кедергілерге тап болды. Олар «орыстың қоластына бағынуды» тіпті тындағысы да келмеді, «ханның айтқандарын қүлаққа ілмеді». Әбілхайыр бастамасына қарсы шыққан, Хиуа мен Жоңғарияға қатысты топты Тевкелев «қарсы партия» деп жариялап, олар ханды алдын ала ақылдаспай, Ресей қоластына бағыну туралы үсыныс жасап, шешім қабылдады деп кінәлады. Олар бүл жағдайды ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді бүзу ғана емес, хан билігі мен беделіне нүқсан келтіру деді. Осы позицияға 123
қарсы шыққандар Әбілхайыр кейін орыс үкіметіне сүйеніп, өзінің позициясын біртіндеп нығайтады да өздерін жүзді басқаруға қатыстырмай тастайды деп ойлады. Тевкелев күзетіндегі бір башқүрт ханға қарсы партияның калайда келіссозді бүзып, грамотаны қабылдауға жол бермеу әрекетінің жасалып жатқанын ескертті. Башқүрттар, оның ішінде Таймақ Шаймиев, кейін Ресейге адалдығы үшін тархан атағын алған. Ол орыс елшісіне даңқты Бөгенбай батырдың, оның күйеу баласы Есет батырдың, немере ағайыны Қүдайменді мырзаның қолдауына сүйену керектігін айтты. Бүл кеңестің пайдасы тиді, Бөгенбай батырдың араласуы жағдайды жақсартты. Ресей империясының сенімді өкілі Тевкелев алға қойған мақсатына жету үшін небір тәсілдерді қолданып, хан ордасындағы кері пікірлерді өзгертуге қол жеткізді. Осының нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда империяның қоластына қарауға алғашқы болып Әбілхайыр хан ант берді. Одан кейін старшина Бөгенбай, сосын Есет батыр, Қүдайменді мырза ант беруге тілек білдірді. Ханнан басқа, 29 старшина атағы барлар ант қабылдады. Міне, осылайша қазақтың Кіші жүзінің жері Ресейге қосылды. 1732 жылы 24 қарашада Тевкелевтің елшілігі еліне оралды. Қазақстанның Ресейге қосылуы алғашқыда бейбіт түрде басталды, бірақ XIX ғасырдың 50-60 жылдарында бүл әскери-күш қолдану әрекетінің нәтижесінде аяқталды. ХҮНІ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында жоңғарлар тағы да қазақ жеріне, әсіресе Орта жүзге қауіп төндіре бастады. 1734 жылы 10 шілдеде орыс патшасы Анна Иоанновна оз отініштері бойынша Орта жүз қазақтарын Ресейдің қол астына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Сәмекенің (Шахмүхамедтің) қайтыс болуына байланысты жаңадан хан болып сайланган Күшік пен Барақ сүлтан 1735 жылдың желтоқсан айының аяғында Орта жүздің Ресей қоластына қарайтындығын бекітіп алды. 1736 жылы Орта жүздің батыры Жәнібек озінің руларымен бірге осындай шешім қабылдады. Барак сүлтан (екінші рет), Әбілмәмбет сүлтан ( Орта жүздің болашақ ханы, Сомекенің туған інісі) озінің руымен Ресей қоластына өтті. 1740 жылы Кіші жүз бен Орта жүздің старшиналары мен сүлтандары окілдерінің съезінде Әбілмәмбет хан қатысып, онда қазактардың үш жүзі ішінде зор беделге ие болған Абылай сүлтан Ресей қоластына отуді қолдады. 1733-1734 жж. Үлы жүздің кейбір ықпалды адамдары Ресей қоластына өтуді жақтады. Жолбарыс хан осы 124
үсыныспен Петербургке отініш білдірді. 1734 жылы 10 шілдеде император Үлы жүздің белгілі ру басыларын орыс қоластына алу туралы жарлығын шығарды. Бірақ Үлы жүздің Ресейден қашық орналасуы мен халықаралық және ішкі жағдайлардың қиындығы Үлы жүздің шын мәнінде Ресейге қосылуын біраз жылға кейін шегерді, сонымен қатар Үлы жүзді Ресейге қосуды жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылы 5 сәуірде опасыздықпен олтірілді. Түтастай алғанда, Әбілхайыр мен оның айналасындағы адамдардың, ал кейін Орта жүздегі белгілі шыңғыс түқымдарының Ресейдің қоластына кіруі Орталық Азиядағы мемлекетаралық жағдайлардың айтарлықтай озгеруіне тигізген осерін екі бағытта қараған жон: бір жағынан, қазақ халқы озге келеңсіз жағдайлармен қатар, ойраттардың дүркін-дүркін шабуылынан жоне оның қайғылы оқиғаларынан сақтанды; екінші жағынан, қазақтың кең даласындағы егістік жерді орыстардың біртіндеп отарлауы үшы-қиырсыз корінген бүл өлкенің елсіз орі бақылауы жоқ деген жалған пікірді қалыптастырды. Бүл озі мал шаруашылығын өркендетудің ерекшелігіне байланысты жерді иеленудің түрінен мүлдем хабары жоқ отаршылдардың түбірімен кате әрі біржақты пікірі болатын. 6.3. ХҮІІІ ғаеырдың екінші жартысындағы казак хандығы. Абылай хан билігі Қазақ мемлекеттігінің қайта орлеу дәуірі сүлтан, кейін хан болған Абылайдың есімімен тығыз байланысты. Абылайдың шын аты - Әбілмансүр. Ол қазақтың сүлтаны Көркем Уолидің үлы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде он екі жасар бала ел арасына қашып кетіп, озінің шыққан тегін жасырып, біраз уақыт бақташы болған. 20-30-шы жылдардың аяғында Әбілмансүр жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысып, алғашқы кезде қатардағы жауынгер болып, кейін ер жүрек батырлардың біріне айналады. Әбілмансүр батыр, жекпе-жектерде «Абылай» деп үран тастап, даңқы шыққан озінің атақты атасы Абылайдың есімін алады. Жоңғарлар 1739 жылы Цинь империясымен бітім жасасып, өзінің барлық күшін батысқа шоғырландырды, ал 1741 жылы қазақтарға жаңа жорық жасады. Қырғын соғыс кезінде Абылай бастаған жасақтар жеңіліске үшырап, Абылайдың озі колға 125
түседі. Ресей үкіметінің араласуымен ол түтқыннан 1743 жылы босатылды. Сол кездегі Абылай туралы ресейлік ресми қүжаттарда: «бүрынғы жылдардағыдай емес, енді қарсы шықпай, бізге (Ресейге) деген көзқарасы жібіпті» делінген. Қалдан-Сереннің өлімінен кейін (1745) Жоңғарияда оның мүрагерлері арасында таққа таласқан күрес басталды. Қазақ сүлтандары жоңғар билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, Жоңғарияның ішкі ісіне жедел араласуы аркасында Цеван-Раптан мен Қалден-Серен кезінде бүрын айырылып қалған Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандар^ін қайтарып алуға мүмкіндік алды. Әсіресе қонысы жоңғарлармен шектесіп жатқан Абылай сүлтан жоңғар оқиғасына ерекше мән берді. Тақтан үміткерлердің бір-бірімен өзара қырқысуын пайдаланып, бір кезде, жоңғарлар жаулап алған жердің біраз бөлігін қайтарып алды. 1755 жылы Цинь императоры өз әскерімен Жоңғарияға басып кірді. Қытайлар барлық аумақты тартып алмақшы болды, бірақ. Зайсан және Алакөл маңындағы қазақтармен қақтығысуды жөн көрмеді. 1755 жылы жазда Қазақ хандығындағы Абылай сүлтанға қытайлар елші жіберді, ондағы мақсаттары қазақтарға күш көрсету еді. Бірақта Абылай олардың Жоңғарияны басып алуын мойындамай, жоңғарлардың қытайларға қарсы көтерілісін басқарған Амурсанаға белсене көмектесті. Қазақ билеушілері Жоңғарияны сақтап қалуды ойластырды, өйткені, ол Қазақстан мен Қытай сияқты жауласқан екі елдің арасындағы аралық мемлекет еді. Абылай ханның башқүрттарға жасаған көмегінде де осындай жасырын мақсат болған еді. 1756 жылы көктемде қазақ жасақтары қытай әскерлеріне қарсы барлау жорықтарына шықты. Қытай императоры оған жауап ретінде Қазақстанды жаулап алуға бүйрық берді. Олар Орта жүздің қоныстарына екі бағытта - оңтүстік пен шығыстан шабуыл жасап, қарсыласқан қазақ түрғындарын қырып салмақшы болды. Сонымен қатар, қытай әскері Абылайды сағалап бас сауғалап жүрген Амурсананы түтқынға алуы тиіс еді. Шығыстан бері қарай жылжыған жау әскеріне қарсы Амурсана мен Қожаберген батыр бастаған қазақ-жоңғар әскері қарсы шықты. Абылай мен Бөгенбай батыр оңтүстіктен келетін күшке тосқауыл жасады. Осылайша, қазақ қолдары екі жақтан келетін қытай әскерінің бірігуіне бөгет болып, олар күтпеген жерден жауға түткиылдан шабуыл жасап, тез арада көзден ғайып болды. Үлкен 126
шығындарға үшырап, әлсіреген жау әскерінің екі қанаты Есіл бойында қыста кездесті. Қытайлар ат-көліксіз, азық-түліксіз, елсіз далада қазақ әскерлерінің қоршауында қалды. Тап осындай жағдайда қытай императорының өз әскерін Қазақ хандығынан еліне қайтарып алудан басқа амалы қалмады, әйтпесе бүкіл әскерінен айырылу қаупі төнді. Қытайлар амалсыздан кері шегінді, 1757 жылдың басында әскери қимыл Жоңғария аумағына қайта ауысты. 1757 жылы көктемде қытайлар жоңғар мемлекетін талқандап, ойрандады, олардың басым бөлігін өлтірді, мыңдаған адамдар қырылды, тіпті олардың жалпы саны миллионнан асуы да мүмкін. Жоңғарлардың көмегінен айырылған Абылай сүлтан қытайлармен жағдайды ушықтырмау үшін Пекинге бітім жасауға елшілер жіберді. Дәл осы кезде император да Абылай сүлтанға елші жіберген болатын. Ол Абылайды хан ретінде мойындап, орыстарға қарсы бірге одақ қүруға барлық уақыта әзір екендігін білдірді. Абылай бүл мүмкіндікті Қытай мен Ресейге қатысты сыртқы саясатта пайдаланып қалуды естен шығармады. Ресейдің қоластында ресми түрде калған болып, сонымен бір мезгілде орыстың отарлау саясатына қарсы көмек беруін отініп, Пекинге бірнеше мәрте елші жіберді. ХҮІІІ ғасырдың 60-шы жылдарында қытайлар жоңғарлардан босаған жерге қазақ көшпенділерін жібермеу мақсатында Іле алқабы мен Тарбағатайда бекіністер сала бастады. 1761 жылы қытай императоры қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстігі жағалауында көшіп-қонуына тыйым салған жарлығын шығарды. Бірақ, бүл жарлықпен ешкім санасқан жоқ, қазақтар Тарбағатай жайлауын пайдалануды жалғастыра берді. 60-шы жылдардың екінші жартысында қазақтардың Жоңғарияға келуі жиілеп кетті, ал Цинь үкіметі 1767 жылы Тарбағатай мен Іле бойына қазақтардың келіп қоныстануына амалсыздан келісім берді. Қытайлар оның қарымтасына жалға ақы төлеуді және қытай қоластына өтуді талап етті. XYI1I ғасырдың аяғында Орта және Үлы жүз қазақтарының бір бөлігі қытай қоластына кіріп, шүрайлы Тарбағатай жайылымын, Іле өзені алқабы мен Моңғол Алтайын пайдаланды. Бүл аумақтар Қытайдың «Жаңа провинциясы» Шыңжанның қүрамына кірді. Сөйтіп, Абылай ханның салиқалы әрі үстамды саясаты арқасында қазақтар Ресейдің көмегінсіз-ақ, өздерінің күшімен қытай агрессорларының шабуылын тоқтатып, XYII1 ғасырдың '27
аяғында Шыңжаңның шүрайлы жайылымдарын пайдалануға мүмкіндік алды, нәтижесінде Қазақ хандығындағы жер дағдарысы ожептәуір бәсеңдеді. Дегенмен бүл Ресей мен Қытай арасында қазақ этносының болінуіне әкеп соқтырды. Абылай сыртқы жаулармен күресе отырып, бір мезгілде қазақ жерін біріктіруге күш салды. Ол 1771 жылы Әбілмәмбеттің олімінен кейін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде ақ киізге котеріліп, үш жүздің ортақ ханы сайланды. Абылай хан (1771-1781) - бүкіл қазақ жерінде беделі оте жоғары болған соңғы хан. Тек шекараға жақын орналасқан Кіші жүз руларының азғантай болігін басқарған Әбілхайыр үлдары ғана оның билігін мойындаған жоқ. Абылай саяси тоуелсіздікті сақтай отырып, патшаның сый-сияпатынан жоне Петербургке барып ант беруден бас тартты. Абылай мемлекеттің ішкі мәселесіне ерекше коңіл болді. Ол жайында Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «Хан билігін кеңес арқылы шектеп келген ерік-жігері күшті рубасылары мен сүлтандарды баса білген Абылай билердің беделін түсірмей, олардың пікірлерімен санаскан». Абылайдың қажымас күш-жігерінің арқасында XY111 ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстан этникалық түрғыдан Орталық Азиядағы ірі феодалдық мемлекеттердің біріне айналып. Цинь. Ресей тәрізді іргелі империялармен өзара тиімді қатынастар орнатты. Абылай басқарып түрғанда Қазақ хандығы аумағы жағынан үлкен, өзіндік ерекшелігі бар феодалдык мемлекет болды. Орталық Азияда бүкіл түркі әлемінде әскери-саяси жағынан алып қарағанда, Қазақ хандығындай күшті мемлекет болған жоқ. Шежірелерде, халық ауыз әдебиетінде елді басқаратын хан кеңесі атақты батырлардан, әділдігімен аты аңызға айналған, елшілік қабілеттерінің күштілігімен ерекшеленетін билерден қүралғандығы айтылған. Қарапайым халықтан шыққан Бүқар жырау ханға айтқанын тыңдата білген ең сенімді ақылшы болған. Қаз дауысты Қазыбек би және оның баска үзеңгілестері ақылкеңестерімен ханға едеуір ықпал жасаған. Олар ханның сенімді кенесшілері ретінде оның жүргізген саясатын түзеп, дүрыс бағыт сілтеп, билеушінің қаталдығын жүмсартып отырған. Халық аңызы бойынша ханның откір козі оңгімелесіп бтырған айналасындағы адамның оңменінен отеді екен, орі оларды озінің мысы басып, кез келген жағдайда адамдарды баурап окететін қасиеті болған. 128
Абылайдың ел басына күн туған кезде, әсіресе қырғыз манаптары мен қоқан бектерінің тарапынан жиі болатын соғыс орекеті жағдайында тез жиналатын әрі азиялық тәсілмен қаруланған әскері болған. ХҮІІІ ғасырдың 60-70 жылдарында Ресей мен Қытайды есептемегенде, коршілес елдердің ішінде онымен күші теңтүсетін бірде-бір мемлекет болған емес. Абылай есімі қазақ халқының жадында моңгі сақталған, ол қазак мемлекетінің кайта орлеуінде, тәуелсіздік үшін күресте орқашанда кейінгі үрпаққа үлгі. Абылай хан 1781 жылы Ташкентте қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде жерленді. Абылайдың қазақтар мен жоңғарлар арасында Қытайға қарсы одакты кеш күруы да, дипломатиялық онері де, жүргізген билігі де тарихтың дамуын озгерте алмады. XY111 ғасырдағы Қазақстанның тәуелсіздігінен айырылуы тарихи түрғыдан күні бүрын шешіліп те койылған еді. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы ортүрлі пікір болғанымен, сол кездегі тарихи жағдай түрғысынан алғанда, бүл таңдаудың озіндік себептері бар екендігі созсіз. өйткені, XY1II ғасырда Қытайға қарағанда Ресей неғүрлым алдыңғы қатарлы дамыған ел болатын. Абылай хан түбі бол май коймайтын жағдайды ондаған жылдарға кері шегерді, бірак ол қайтыс болғаннан соң хан тағына отырған үлы Уәли әкесі үстаған саясаттан бас тартып, «Ресей үкіметі алдында адал болуға» берген уодесін орындауға күш салды. 6.4. Қазакстаннын XҮIII ғасырдағы экономикалык даіиуы XY1II ғасырдағы Қазақстанның экономикалык дамуы қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі кезеңдердің бірі. ХҮІІІ ғасырдың басында қазақтың көшпелі қоғамында шаруашылық дағдарыс басталды. Кедейшіліктің басты себебі кошпелі шаруашылықтың ыдырауы еді. Қоғам осындай қиыншылықтан тек халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартканда ғана, отырықшылық пен жартылай кошпелі шаруашылыққа көшу жолымен шыға алатын еді. XY1II ғасырдың алғашқы он жылдықтарында әскери-саяси жағдайлар шиеленісті. 1717-1718 ж.ж. және 1723-1725 жж. болған жоңғар шапқыншылығы, қазақ қоғамының ішкі қырқыстары мен алауыздықтарын күшейте түсті. Жоңғарлардың қысымына шыдамаған 129
коптеген казак тайпалары ғасырлар бойы қоныстанған мекендерін тастап кетуге можбүр болды, бүл соғыстар халыкка «ауызбен айтып жеткізуге болмайтын қайғы-касірет» алыи келді. Адамдар аштан қырылды, енді біреулері оздерінің ойелдері мен балаларынан айырылып, басы ауған жаққа жан сактау үшін қаңғып кетті» (А.Левшин). Жоңғарлар Жетісу мен Түркістан жерлерін басып алғаннан кейін қазақ коғамының саясиэкономикалык бастауларына түпкілікті нүқсан келтірілді. Ел басына түскен осы зардаптардың негізінде казактар санынын үштен бірі кеміді, миллионная асатын адамдар санын кайта калпына келтіру үшін жетпіс бес жылдай уақыт керек болды. Осындай киын жағдайлар Қазақстанның копшілік ачмағын экономикалык апатқа душар етті. Қазак тайпалары жаңа жайылымдар іздеп, Орта Азияға, Еділ жағалауына карай ығысты. Олардың көбі жыл бойына Сарыарқаны мекендеуге можбүр болды. Сонымен катар, жайылымдарды бүрынғыдай тиімді пайдалана алмаған қазак шаруашылығы олсірей түсті. Қазақстаннның қоғамдык-экономикалык омірінде орын алган экстенсивті кошпелі мал шаруашылығын тиімді пайдаланбаудың салдарынан халықтың копшілігінің жағдайы нашарлай түсті. ХҮІІІ ғасырда қазактар үшін жер аумағын кеңейту ғана емес. сонымен катар, отырыкшылыкка немесе жартылай отырықшылыкка кошу аркылы шаруашылыкты тиімді жүргізу міндеті алда түрды. Қазакстанның Ресейге косылчына байланысты шабындык пен егістік алкаптарын, ма;і жайылымын тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдері пайда бола бастады. Қазақтардың мал шаруашылығы жартылай кош пел і түрге ауысып, ал жекелеген жағдайларда мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы катар дамыды. Қазақ коғамындағы осындай процестердің нәтижесінде жерді иеленуге катысты еле\лі озгерістер жасалды. Ондай күбылыс Ресеймен шектесетін аудандарда XY1II ғасырдың аяғында пайда болды. А.Тевкелевтің Кіші жүзді Ресейге косу миссиясы (1731-1732) аякталған соң, «казактарды орыстардың боданында үстау жоне оларды басқарудың тосілдері» туралы шаралар жасалды, сондййак онда Орынбор қаласын башкүрттарға бекітіп берудің «коммерциялық қауіпсіздік» үшін керектігі айтылды. XYI1I ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында Орынборда іргесін тастан калаҒан қонақ үйлер мен айырбас жасайтын орындар, яғни 150 дүкен мен коймалар, кеден жоне жүк олшейтін таразылар пайда 130
болды. ал 1754 жылға таман са\да орындарының күрылысы қазақтар мен азия копестерінің қысы-жазы сауда-саттықпен айналысуына ыңғайланып тастан түрғызылды. 1738 жылдан бастап орыс-казак жоне орыс-азиялық сауда қатынасының едоуір дамығаны байқалады. 1738 жылы 250 бүхар копестері алғаш рет Семейге тауар алып келді. Олардың бір болігі осы жерден Томск қаласына аттанып, ал қалған болігі Ямышев озенінің жағасында гүрғызылған Ямышев бекінісіне кетті. Семейден Жоңғарияға аттанған керуендер Текес озенінің жоғарғы ағысына дейін 60 күндей жол жүрді. Осындай үзак. та ауыр жол, тау жоталарының асуынан от\ түйеге жүк артқан іскер копестерді мойыткан жоқ. Қазакстан экономикасының дамуында Семей, Орал, Гурьев, Петропавл калалары маңызды рол атқарды. А.И.Левшиннің моліметтері бойынша, бүл калаларда орыстар қазақтардан жылына 1 миллион қой мен 100 мың жылқы сатып алып отырған. Басқа тауарлардың ішінен жүн, иленген терілер, үй түрмысына қажетті керек-жарақтар саудасы қызу жүрді. Орта азиялық, шығыс түркістандық саудагерлер коп молшерде маталар, ыдыс-аяқтар, жеміс-жидектер, кілемдер, қару-жарактар, астык және күріш океліп сатты. Копестер қазақтардың жаз жайлауларына, қыс кыстауларына дейін барып сауда жасады. Қазақтардың саудадағы негізгі серіктесі Ресей еді, оны долелдейтін мынадай мәліметтер бар: 1751-1762 жж. тек Орь/нбордың озінде казақтарға 136394 пүт астық, 1763-1766 жж. - 48348 пүт астык сатылған. 1745 жылдан 1774 жылға дейін тек Орынбор кедені арқылы шығысқа 6691 мың сомның тауары отіп. 5203 мың сомның тауары сатылған. Осы отыз жыл ішінде тек мемлекеттік баж салығының озі миллион сомнан асты. Орынборда сатылған тауарлардың жалпы сомасының 51,8% орыс копестерінің, 17% бүхарлық және ташкенттік, 31,2% казак копестерінің үлесіне тиді. Қазактың коптеген тайпалары сауда жасайтын калалар мен орталык базарлар маңында коныстанды. Қазактардың материалдык жағдайы, мәдениеті отырыкшы түрмыстык заттарымен толыға түсті. Сонымен катар, казактардың табиғи мал шаруашылығын әлсіретіп алуы олардың кедейленуіне себеп болып, затқа малды дәл баламасына сәйкестендірмей айырбастау салдарынан малдың саны күрт азайып кетті. ХҮІІІ ғасырда егін шаруашылығының жағдайы мал шаруа.шылығына тікелей байланысы болды. Жоңғар шапкыншылығы мен XY1II ғасырдың 131
басындағы жүт кедейленген кошпенділерді егін шаруашылығымен айналысуға можбүр етті. Кошпенділіктен бас тарту осіресе оңтүстікте ерекше байқалды. Қазақстанның коптеген аймақтарында суармалы егін шаруашылығы дамыды. Сойтіп, кошпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қоғамның біртүтас экономикалық негізін қалады. Кошпенділер егіншіліктің онімінсіз омір сүре алмаған жағдайда, мал шаруашылығының онімдеріне сүйенді. Кошпенділіктен отырықшылыкка ауысудың осы оңірде озіндік ерекшслігі болды. Кошпенділер егін шаруашылығымен қатар қолонермен айналысып, отырықшылар санын кобейтті. Ал отырықшылар мал басын кобейту үшін кошпенділікке жиі ауысып отырды. Кошпендімалшылар және егіншілер қоғамның біртүстас ондіргіш күштері болғанын ерекше атап откен орынды, сондай-ак олардың бірі егін шаруашылығымен айналысатын ондіргіш күш болса, екіншісі отырықшы оркениетті қолдады. 6.5. Сырым Датүлы бастаған Кіші жүз казактарынын көтерілісі (1783-1797 жж.) Халықтардың азаттық үшін күресі оте күрделі олеуметтік орі тарихи процесс, оны дүние жүзінің барлық халықтары басынан кешіріп отыр. Бүл халықтың нақты этннкалық, аумактық жоне қалыптасқан шекарасына байланысты тіршілік орекетінің барлық саласын қамтиды. Ол тек саясат пен экономикаға ғана емес. халықтың қоғамдық қүрылыстағы дамудың барлық түріне - мораліне, қүқығына, идеологиясына, діні мен онеріне байланысты. Қазақстанның Ресей коластына кірген кезеңіндегі азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеу барысында бүл аймақтағы саяси және экономикалық жағдайлардың күрделі болғанын ескеру керек. Әлі де болса ол кезенде халқы бірігіп нығая қоймаған Қазақстанның біртүтас мемлекет болмағандығын ескеру керек. Қазақстанның кең байтақ даласы мен табнғп байлығы тек Ресейдің ғана назарын аударып қойған жоқ, оны орта азиялык хандықтар, Иран мен Қытай да басып ал\ды кокседі. Кіші жүздің Ресей қоластына кіргеніне жарты ғасыр толғанда Қазақстанда болып жатқан оқиғалар патша окімшілігі пиғылының кандай екендігін корсетіп берді. Бодандык. патшаның жергілікті халыкты күшпен тықсыруы. отарлык еігісі
ашық экспансияға үласты. Патшалық шекара әкімшілігінің енгізген жерге шектеулері шекарага жакын маңда кошіп-қонып жүрген қазақтардың шаруашылығына ауыр тпді. Оларға Жайықтың арғы жағында, әскери бекіністер мен казактардың хуторларына жақын манда кошіп-қонуына тыйым салынды, Жайық, Орынбор казактары және оларға қызмет ететін башқүрттардың жиі шапқыншылык жасауы, ру старшиналарының қүқықтарын кемсітуі, жергілікті хандар мен сүлтандардың, сондай-ақ Орал казак әскері мен патша әкімшілігінің тарапынан халықты тонап, қысымшылық корсетуі кошпенді-малшыларды үйымдасқан түрде қарсылық күресіне итермеледі. 1775 жылы патша үкіметі жергілікті басқару жүйесін қайта қүрып, Орынбор губерниясын таратты. Енді қазақ даласы екіге болініп, Сібір жоне Уфа генерал-губернаторлыгына бағынды. Шекара комиссиясы қүрылды. Орал шекара бағыты қалпына келтірілді. 1773-1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар котерілісін халықтың есіне түсірмес үшін патша үкіметі Жайықты Орал озені деп озгертті. 1782 жылғы жарлық бойынша Жайық пен Еділ арасындағы конысты Нүралы хан мен оның жақын туыстары биледі. Казак оскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылы жиілеп кетті. Тек 1782-1783 жылдардағы қыста олар қазақтардың мыңдаған жылқысын күшпен тартып алды. 1782- 1783 жылғы жүт малшы шаруалардың патша әкімшілігінің тыйым салуына қарамастан ішкі жаққа (Еділ мен Жайықтың арасы) қарай өз еркімен көшуіне мәжбүр етті: қыстың қаталдығынан көптеген ауылдар жүтап қалды. Осындай жағдайларда 1785 жылы Кіші жүзде жаппай қарсыласу қозғалысы басталып, ол іле-шала азаттық соғысына үласты. 1773-1775 жж. Пугачев бастаған котеріліске қатысушы қазақ жасақтарын байбақты руынан шыққан Сырым Датүлы басқарды. 1785 жылдың бас кезінде оның әскерінің саны 6 мыңнан асты. Патша үкіметі көтеріліс болған ауданға Нүралының адамдары қатысқан жазалау отрядын жіберді. 1785 жылы ақпанның ортасында Сырым Датүлының жасағы жазалаушылармен кездесуді жон кормей, астыртын соғыс тәсіліне кошті, аз ғана күшпен күтпеген жерден Антонов форпостына, Сахар жоне баска бекіністерге шабуыл жасады. Қарулы күшке кездесе алмаған жазалаушы отряд бейбіт қазак ауылдарын тонап, талқандады. Бүған дейін котеріліске қатыспаған ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Тіпті ханға жақын туыстас кейбір 133
рулар да котерілісшілер жағына шықты. Оған мысал ретінде оның інісі Айшуақты амтуға болады. Патша үкіметі Нүралы ханның бмлігіндегі осындай дағдарысты коріи, котеріліске шығушы рулардың старшиналарымен баПланыс жасауды жон корді. Генерал-губернатор Игельстром коіерілісті басу максатында Нүралы ханды биліктен босатып. Кіші жүзде баскарудың жаңа жүйесін күрмак болды. Игельстром реформасы негізінде хан билігінің орнына генерал-і убернаторлыкка бағынатын шекаралык сот күрылды. Оған рудын беделді аксақалдары кіруге тиіс болды. Сойтіп, патша окіметі казактыц беделді адамдарына арка сүйеуді ойлады. Жекелеген ыкпалды старшпналарға «бас старшина» деген атак берілді. Оларга барлык руды кадағалах міндеті жүктелді. Старшиналарга жалақы гагайындалды. Игельстромның реформасын казактың беделді адамдары да, жергілікті патша окімшіліктері де ортүрлі кабылдады. 1787 жылы күзде старшиналардың съезі откізіліи. патша окімшілігіне үндеу жарияланды. Котерілісшілер «Еділ мен Жайык арасындагы аумак қачақтарга кайтарылсын. орал казактарының Қазақ даласына шабуылы токтатылсын. Нүралы хан биліктен кетсін» деген талаптар қойды. Осы кезде котерілісшілер хан ауылына шабуыл жасай бастаган еді. 1786 жылы соуірде Нүралы хан Орынборға кашты. ал маусым айында II Екатерина патшаның бүйрыгымен биліктен босатылып, Уфаға жіберілді, ол сонда 1790 жылы қайтыс болды. 1786 жылы Орынборда Шекара соты қүрылып. бір жылдан кейін окімшілік жүйесі пайда болды. Бүл жүйе патша окімшілігіне гана ыңғайлы болатын. Біракта жаңа баскару жүйесі омірге сойкес келмеді. Шекара соты жүмыс істеген жок. даладагы барлық билік ру старшиналардың қолында кадды. Патшалық Ресей казақ халкының оз уысынан шығып бара жатканын сезіп, хан билігі мен бүрынғы баскар> жүйесін калпына келтіруді үйгарды. Орал казактарының шабуылы жиі кайталана бастады. 1790 жылы атаман Донское 1500 адамнан түратын отрядымен 225 үйді киратып, 150 адамды олтірді, 57 адамды түткынға алды. Мүндай шабуылдар тым жиілеп кетті. Қазақтардың озін-озі коргачта күш салуы дала тоскейіне жаңадан жазалах отрядынын кел> іне түрткі болды. 1790 жылы казактар Сомекенің үлы Есім сүлтанды хан тагына отыргызды. Патша окімшілігі бүл сайлауды заңсыз деп танып. Нүралының інісі Ералыны хан етіп сайлауды үсынды. 1791 жылы 134
тамызда Ералыны «саПлаПтын» жерге оскер окелінді. Mine, осындай жағдайда Кіші жүздің жаңа ханы сайланды. Сырым Датүлы Ресейдің жаңадан қойган билеушісіне карсы батыл күрес жүргізді. Бүл кезде ол хан билігін жою идеясынан бас тартып. хандык билікті шектемтін кеңес күруды жактады. Есімніц олімінен кеПін хан тағына окесі Хиуаны билеген Әбілғазы сүлтаи таласты. Сырым Әбілғазыны колдап, Хиуа жоне Бүхарамен. сол аркылы Ресеймен соғыс жүргізіп жаткан (1787-1791) Түркиямен арада байланыс орната бастады. 1792 жылы жазға карай үдей іүскен котеріліс Кіші жүздіц борін қамтыды. Сол жылы күзде Сырым Датүлының басшылығымен котерілісшілер Елек калашығына шабуыл жасап. оны ала алмады. Осыдан кейін олар күрес тосілін озгертті. Үшкыр жасактар карсыластарына тоскауылдан шабуыл жасап. партизандык күреске кошті. 1794 жылы Ералы хан кайтыс болды. Ііатша үкіметі жаңа ханды сайлауға келгенде түйыкка тірелді. Тек 1796 жылдыц казан айында Нүралының үлы Есім сүлтан Кіші жүздің ханы болып жарияланды. Жаңадан такка отырған хан котерілісті басуға күлшына кірісті. Ол котеріліске катысушылардың біркатар басшыларын түткынға адып. патша окіметінің колына тагісырды. Еіаурыздың 26-нан 27-не караған түні Сырым Датүлының жасағы хан ауылына шабуыл жасап. Есім ханды олтірді. Осыдан кейін амалы күрыған отарлык окімшілік кейбір жеңілдіктер жасап. р\дың беделді адамдары катысатын хан кеңесін үйымдастыруды колға алды. Хан кеңесін Айшуак сүлтан баскарды. 1797 жылы тамызда кеңестің бірінші можілісі болып. оған Сырым Датүлы катысты. Патша окіметі бекіткен хан кеңесі бастапкы согінен-ак сылбырлык танытты. Міне. сондыктан да хан биліғін кайта калпына келтіруге тура келді. Сойтіп, жасы келіп картайған Айшчак сүлтан хан сайланды. бүл үлы Әбілхайыр ханның козі тірілерден калған жалғыз баласы еді. Осыдан кейін Ресей окілдерінің казактардың койған шартымен келісчіне тура келді. Сырым соғысты токтатып, озінің хан кеңесініп күрамына кірегіндігін молімдеді. Қазак халкының отаршылыкка карсы 14 жылға созылған үлт азаттык котерілісінің бірі осылай аякталды. Оның тарихи моні орасан зор. ойткені. соның нотижесінде казактар оздерінің Жайык пен Еділ арасындағы ата конысына оралу мүмкіндігіне ие болды, сонымен катар Орал казактарының казак дадасына 135
шабуыл жасауына тыйым салынды. Патша окіметін қазақтар арасында хан бидігін жетілдіруге можбүр ету оте маңызды мәселе еді. 6.6. Қазактардың малға катысты салт-дәстүрлері мен сенімдері Мал шаруашылығымен айналысатын баска да халықтар сияқты қазактарда да барлык үй жануарларын қорғайтын пір болады деген аңыз бар. Жылқы малын қорғаушы Қамбар-ата немесе жылқышы ата, қойды - Шопан ата, түйені - Ойсыл қара, сиырды - Зеңгі баба, ешкіні - Сексек ата. Халық қиялынан шыққан үй жануарларының тегі туралы аңыздарда жүйріктігіне байланысты жылқыны желден жаралған дейді; шалшық сулардың өзінен жиренбейтін ірі қараны - судан; сораңды жайылымдарды жақсы коретін түйені сораңнан; қойды - аспан мен оттан, таулы жерде жайылатын ешкіні тастан жаралған дейді. Малдарға қатысты бүл сенімдердің өзі исламға дейінгі діни нанымдарға байланысты. Қазақтардың ежелгі діни сенімдерінде қой мен түйені киелі деп есептейді. Сондықтан қазақтардың қабыр үстіндегі ескерткіштерінің арасында қойлардың мүсіндері бейнеленген қойтастарды жиі кездестіреміз. Ал түйенің бейнесі кобіне кілемдер мен киіздегі өрнектерде кездеседі. Қазақтар кошқар мүйізді, түйенің табаны мен козін кілемдерде, киіздерде және сырмақтарда орнек ретінде кең пайдаланған. Балалар киімін түйенің жүнінен токл мен жапсырма жасаудың озі оның киедігін, яғни поле-жаладан сақтайды деп түсінген. Әсіресе қазақтар соғысқа мінетін аттарын қадірлеген. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшүбар аты. Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ертостіктің Шалқүйрығы және басқа сәйгүлік түлпарлары - қиын сәттерде оздерінің иелеріне сенімді достары болған, оларға батыл шешімдер айтып, түрлі қауіптен қорғаған. Қүрбандыққа әр түрлі малдарды шалған. Бүл орайда мүндай малдың жасы, түсі мен түрінің де үлкен монмаңызы болған. Қүрбандықтарға негізінен қара шүнак лақ пен қоңыр тоқтыны шалған, ал мал шалудың ең коп тараған түрі торт-бес жастағы бозқаска немесе ақсарыбас қойлар болып табылады. Айырықша жағдайларда қазақтар боз биені күрбандыққа шалған. 136
Жақын туысы жорықтан аман-есен оралғанда немесе коптен күткен мүрагері дүниеге келгенде ақ түйені сойған. Бүл достүр XIX ғасырдың аяғына дейін жалғасты. Жалпы алғанда, күрбандыкка сүр түсті еркек малды шалу ғүрпы болған, оның да монісі түсінікті, халықтың үғымы бойынша сүр түсті еркек мал оның иесіне бакыт пен байлық океледі, ал сойылатын малдың сүр болуы ашык кок аспанға табынудан шыққан. Малдың егіз тууына байланысты сенімдер бар. Қазақтар кой егіз туса қуанған. Ал түйе мен сиыр және бие егіз туса, одан сескенген, себебі бүл оның иесіне бакытсыздық әкелудің хабаршысы деп білген. Егер сиыр, бие немесе інген егіз тол туса, оның бірін туыстарына берген. Ерекше белгісі бар толді бақыт әкеледі деп санаған. Ондай малдарды аса айырыкша жағдайда бағып қүрбандыққа шалмай, мал басы деп оған ерекше ықыласпен қараған. Үй жануарларына коз тиеді деген де сенім бар. Жас толдің олуін кобіне «коз тиюден» корді. Сондықтан жаңа туған жас ботаны екі апта бойы киіз үйде немесе жабык қораларда үстап, ботен адамға корсетпеген, сонымен катар оның ноктасына түрлітүсті қызылды-жасылды жіптер тағып, мойнына қырлы кара тастан түмар ілетін болған. Егер ботаны ботен адам кездейсок коріп калса, оған «тіл-козім таска» деп үш рет түкіруді талап еткен. Мал шаруашылығының кейбір қүрал-жабдыктарының қасиеттері бар деп есептеген. Мысалы: көген қозыларды қолға үстауға арналған байлау тәсілі, желі қүлындар мен боталарды байлауға арналған, нокта (қүлындар мен боталарға тағылады), бас жіп бүзаулар мен сиырларды жетектеуге арналған, бүйда түйенің жетегі, жүген, күрык жылкыға кажетті керек- жарақ және т.б. Малшы бүл қүрал-жабдыктарын ешкімге бермеген. Желіден, күрықтан, әсіресе әйелдерге, аттауға тыйым салынған. Бүл мал иесін кедейлендіреді деп есептеген. Мал шаруашылықтарымен айналысатын халықтар сүтті жерге төкпеген. Егер кімде-кім оны байкамай тогіп алса, ол саусағын сүтке малып әруақка табынып, оның ашуланбауын отінген. Тогілген сүттің үстіне күм себіліп, кырып алынады да адам аяғы баспайтын және оны ит иіскемейтін жерге апарып көмеді. «Сүттің киесі үрсын» немесе «сүттің киесі жібермесін» деген карғыстар кездеседі. Шығыстың басқа коптеген халыктары сиякты казактарда да мынадай тыйым салу болған: сүтті күн батқаннан кейін, әсіресе 137
айлы және жүлдызды түнде үйден алып шығуға болмайды. Ал бүл тыйым салуды бүзуға тура келген жағдайда сүт қүйылған ыдысқа ай мен жүлдыздың сәулесі түспеуі үшін беті мүқият жабылатын болған. Кейбір әйелдер сүтті үйден шығарарда оған ағаштың бір түйір күлін салатын болған, бүл сірә, оттың қорғау қасиетінен болса керек. Егер осы айтқандарды істемесе, сауын малының желіні ауруға шалдығады деген сенімде болған. Үй жануарларының кейбір сүйектерінің ғажайып қасиеттері бар деген аңыздар мен сенімдер кездеседі. Қазақ қыстауларының төбесіне, ал кейбір жағдайларда түйенің мойнына қойдың кәрі жілігін іліп қоятын болған. Ол сенім бойынша малды қасқырлар мен үрылардан сақтаған. Аңыздардың бірінде қайын атасын базарға шығарып ёалып түрған келіні оған кішкентай түйіншекті береді, оны ашпастан қайта үйге әкелуді өтінеді. Қайтар жолда қайын атасы әлгі түйіншекті ашып қараса, ішінде қойдың қырық асығы бар екен. Мүндай әзілге шамданып қалған қайын атасы әлгі сүйектерді лақтырып тастайды, одан кейін көп кешікпей қарақшылар оны тонап, мүлкін тартып әкетеді. Қарақшылардың басшысы одан күзетіндегі қырық салтаттының қайда кеткенін сүрайды. Сонда ғана қайын атасы қырық асықтың өзін күзеткенін түсінеді. Басқа да түркі халықтары сияқты қазақтардың сенімінде қойдың жауырыны ерекше қасиетке ие, жауырынды отқа қыздыра отырып, ондағы сызықтарға қарап көріпкелдік болжамдар жасаған. Малдардьщ ауруы пәледен келді деп, қойға топалаң мен шешек келгенде отарды ата-бабаларының бейіттеріне немесе әулиелі мазарларға апарып, сол жерде қүрбандық шалып, отарды күзетпей түнекте үстаған. Егер түнде қойлар әлденеден үріксе, бүл оны ауруынан емделді деп білген. Қойларды үркіту үшін таң алдында бірнеше атты адамдар шауып келіп отарды ауылға айдаған. Сенімнің күштілігі сондай, егер отарға қасқыр шапса да ешқандай шара қолданбаған, өйткені, ол ауру шақырған пәлежаланы қуады деп есептеген. Топалаң тиген қойдың алдымен қүлағы салқындап солбырайтыны белгілі, сондықтан «полежала» қойдың қүлағынан кірді деп сенген. Ауырған қойдың қүлағын кесіп алып, оның басынан үш қайтара айналдырып, «бастан қүлақ садақа» деп лақтырып тастайтын болған. Қойдың сүт бездерінің қабынуын емдеу үшін қазақтар сиқырлау (магиялық) өдістерін қолданған. Мысалы, отарда 138
бірінші қой төлдегенде шопан оның сүтін қасқырдың бас сүйегінің қаңқасына сауып, одан кейін осы бас сүйекті қораның төбесіне саулықтарға көз тиюден, «тіл тиюден» сақтайтын қүрал ретінде іліп қойған. Жазғы мезгілде үй жануарларын жыландар, бүйелер, шаяндар және қарақүрттар шағады. Малшылар малға жедел жәрдем көрсетіп, оларды аман сақтап қалған, ал кейде бақсы-балгерлер, молдалар Қүраннан уды қайтаратын аяттар оқып, түсініксіз сөздер айтып, әруақ шақырған. Емшілер халық арасындағы ырымшылдықты пайдалана білген. Олар малды қарап, егер оның мал болмайтынын білсе әруақ шақырмаған, ал малдың организмі ауруға қарсы күресе алатын болса, онда дәстүрді жалғастырып, «емдеп жазғаны үшін» сыйлық алған. Сөйтіп, табиғи климаттық қйын жағдайда малды күтудің, оны бағудың көп ғасырлық тәжірибесі, шаруашылықты жүргізудің дәстүрлі дағдылары, малға байланысты салт-дәстүрлері мен сенімдері сақталып, үрпақтан-үрпаққа жалғасып келеді. 139
ҮІІ ТЛРЛУ XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 7.1. «Сібір кырғыздары туралы жарғы», «Орынбор кырғыздары туралы жарғы» - Орта және Кіші жүздерде хан билігінін жойылуы Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты мемлекеттің тәуелсіздігін жою мақсатында қолға алған басқару жүйесін реформалаудан анық корінеді. ХҮІІІ ғасырдың 80-ші жылдарының озінде-ақ Орынбор губерниясының губернаторы О.Игельстром озінің «Игельстром реформасы» негізінде Кіші жүзде хан билігін жоюға тырысты. 1781 жылы Абылайдың олімінен кейін Орта жүзде оның үлы Уәли хан болды. 1815 жылы патша үкіметі Уәлидің ықпалын әлсірету мақсатымен Бөкейді екінші хан етіп тағайындады. 1817 жылы Бөкей ханның және 1819 жылы Уәли ханның олімінен кейін Орта жүзде жаңа хан сайланған жоқ. Патша әкімшілігі хан билігін жойып, Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің басшылығымен 1822 жылы жасалған «Сібір қырғыздары туралы жарғысы» негізінде басқарудың жаңа әкімшілік жүйесін қүрды. 1822 жылы Сібір екі болікке болінді: Шығыс болігі бас басқармасымен Иркутскіде орналасты. Батыс болігінің орталығы алғашқыда Тобольск қаласында, ал 1839 жылдан бастап Омбыга кошті. Батыс Сібірге Тобольск, Томск жоне Омбы облыстары кірді, бүлар Үлы жүз бен Орта жүздің бір болігінің кошпенділері мекендеген Қазақстан аумағы болып есептелді. Ол «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» осылар үшін арнайы жасалган болатын. «Сібір қырғыздары жарғысының» ережелеріне сойкес Орта жүз аумағында 1822 жылдан 1838 жылға дейін жеті округ қүрылды: Қарқаралы, Кокшетау, Ақмола, Баянауыл. Аягоз. Қүсмүрын, Кокпекті. Әкімшілік полиция жоне сот шоғырланған аймақтарды округтік приказчиктер басқарды. Приказчиктер Шыңғыс түқымынан шыққан жоне атақты адамдар мен ру билері болып саналатын аға сүлтандарға бағынды. Округтің қүрамында он бестен жиырмаға дейін болыстар болса, оның орқайсысы 10- 12 ауылдан қүралды. Әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. 140
«1822 жылғы Сібір қыргыздары (қазақтары) туралы жаргыдан» узінділер: 15. Ауылды старшинсиар басқарады. 16. Болысты султандар басқарады. 17 Ауылдар мен болыстарда com істсрін қарайтын бурыпгы би штшгсш беделді қыргыздар оздеріне жуктелген мінОетті атқарады. 18. Букіл округті басқару ушін ага султан саіаанады. 19. Әрбір окрусте округтік Прикизчиктер бекітілсді. 20. Ага султан тораеаіық етстін Приказга облыс бастыгы усынган екі ресеіаіктен туратын соттың уақытша мушссі жоне саіианып қойылган қазақтардың екі бебелОі окілі қатысады. 30. Султан атагы мурагерлікпен беріледі. 36. Ага султанды тек султандар. си сот мушелігіне қазақтарды бтлер мен старшшииар сайлаиды. Оларбың борін облыстық бастық бекітеді. 56. Өз руы саіиаган ага султан жергілікті шенеунік болып табылады, оган ресеіаік укіметтің жергілікті бгаісі сеніп тапсырылады. 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» жобасын жасады. Бірак бүл қүжат Азиялық комитетте тек 1824 жылы каралып қабылданды. Осыған байланысты Кіші жүз аумағында да хан билігі жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шакырылып, 150 сом жалақымен сонда біржолата қалдырылды. «Жарғыға сәйкес» сүлтан-билеушілер басқарған Кіші жүз үшке болінді. Оның шығыс бөлігін негізінен олімүлы, қыпшақтар жоне арғындар қүрады. Орта болігінің күрамына жетіру, әлімүлының бір болігі, байүлының батыс болігі кірді. Жүзді іштей болу рулардың және оны билейтін аға сүлтандардың беделіне байланысты болды. Сүлтан-билеушілер шын монінде Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері болып есептелді. Шекара комиссиясының міндеттері: елдегі тәртіпті сақтау, қазақтарға қамқорлық жасау, беделді адамдардан тағайындалған жергілікті шенеуніктерінің іс-әрекеттеріне бакылау жасау, салық жинау, сот істері, медициналық жағдайды кадағалау. Шекара комиссиясы губернияны басқару міндетін озіне қосып алды. Жергілікті окімшіліктің қүрамына сүлтан-билеушілер, дистанциялар мен жергілікті жердің басшылары кірді. 141
Дистанцияны оның бастықтары, жергілікті мекенді немесе ауылды старшиналар басқарды, олардың бәрін де шекара комиссиясы тағайындады, бүл орайда сайлап қою жүйесі болған жоқ. Сондай-ақ Кіші жүзде желілер бойынша қамқоршы міндетін атқаратын лауазым енгізілді. Сот жүйесінде «Сібір қырғыздарының жарғысына» негізделіп, барлық ірі істерді әскери сот немесе шекара комиссиясы қарады, ал шағын істерді қарау дәстүрлі қүқық негізінде жергілікті соттарға берілді. Сонымен Кіші және Орта жүздерде хан билігі жойылды. 7.2. XIX ғасырдың 20-шы жылдарындағы Жоламан Тіленшиев пен Саржан Қасымов бастаған көтерілістер Табын руының батыры Жоламан Тіленшиев алғашқы рет XIX ғасырдың 20-шы жылдарда-ақ патша отаршыларына қарсы шыққан еді. Оған Жаңа Елек ауданындағы өзендері мен түз қазбасы бар жайылымға бай жерлерді ресейліктердің тартып алғаны себеп болды. Жаңа Елек бойында 29 бекініс түрғызылды. Кіші жүз қазақтарының Жайық, Елек, Бердянка және Қүрат өзендері бойындағы ең жақсы деген 7 мың десятина жері тартып алынған болатын. Патша үкіметі бүл өңірге өз шаруаларын және Орынбор мен Орал әскерлерінің казактарын орналастыра бастады. Міне, тап осы оқиға Жоламан Тіленшиевтің көтеріліс жасауына себеп болды. Ол алғашқыда қазақтардың қүқықтарын бейбіт жолмен шешуге тырысты. 1822 жылы Орынбор әскери губернаторы Эссенге жолдаған хатында Жоламан былай деп жазды: «Әбілхайыр хан кезінде қырғыздарға (қазақтарға.-Г.А*.) Жайықтың сырт жағын пішен шабу үшін пайдалануға және сол өзеннен балық аулауға рүқсат етілді: 1810 жылға дейін қазақтар бүл қүқықты кедергісіз иеленіп келді, бірақ Ресей Елек өзенін алғаннан кейін шекара бекетін ығыстырып, бүрынғы берілген жерлерді пайдалануға тыйым салды, ал қазақ ауылдары не орманы жоқ, не жөнді су көздері жоқ далада коп қиындық көруде. Нарын қүмы беткейіндегі Өзен және Самара өзендері маңында орыс солдаттарының үлкен күзеті бар, олар қазақтарға мал жайғызбайды, сондықтан біз шекара бекеті мен күзетті алып тастауды өтіндік, бірақ әлі күнге дейін тиісті рүқсат алған жоқпыз. Біз 1810 жылға дейінгі кезеңде Жайық пен Елек өзендері арасындағы даланы кедергісіз пайдалану туралы қүқығымызды 142
қайтаруға екінші мәрте рұқсат сүрадық, бірақ бүл да жауапсыз қалды». Орынбор губернаторы Эссенге осындай хаттар жазылғанымен, оның бәрі де жауапсыз қалдырылған. Сонымен қатар Орынбор шекара комиссиясы Жоламанға мүндай келіссөзді тек Шерғазы хан арқылы жүргізуге тиіс екендігін ескертті, ал Жоламан бүл ханды өз халқын сатқан опасыз адам ретінде жек көретін. Ж.Тіленшиевті қудалау мақсатымен дала төсіне бірнеше мәрте жазалау отрядтары үйымдастырылды. Жоламанның сарбаздары шекара бекеттері мен сүлтан-билеушілерінің қоныстарына шабуылын бастады. Көтеріліс 1835 жылы ерекше қарқын алды. Бүл күреске Орск мен Троицк желілерінің арасындағы он шаршы шақырымнан асатын жерінен айырылған жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қатыса бастады. Қазақтың осы аталған руларының жағдайы өте-мөте ауыр болатын. Мал аштан қырылмас үшін олар амалсыздан шекара аумағына көшуге және қонысты пайдаланғаны үшін үлкен мөлшерде ақы төлеуге мәжбүр болды. Қазақтың бүл рулары жер саясатына наразы болып, желілер бойындағы бекіністерге, сауда керуендеріне және сүлтан-билеушілерінің ауылдарына жиі шабуыл жасады. 1837 жылы Кенесары Қасымов бастаған Орта жүз қазақтарының көтерілісі басталды. Бүл Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігін бірлескен күреске жүмылдырды. Жоламан өзінің адамдары арқылы шекараға жақын маңда көшіп қонатын барлық қазақтарды елдің ішіне өтуге және Кенесары көтерілісіне қатысуға шақырды. Көтеріліс әсіресе 1837 жылы кеңінен қанат жайды, сол кезде Кіші жүздегі Бөкей ордасында халық көтерілісін Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастады. Жоламанның 3 мыңға жуық сарбаздары болды. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі үш отряд жіберді. Полковник Мансуровтың отряды Орскіден, қүрамында 750 әскері бар полковник Лазуровтың отряды Орынбордан, полковник Гекенің отряды Електен көтеріліс болып жатқан аймаққа аттанды. Бірақ бүл жасақтар өз міндеттерін орындай алған жоқ. Жоламан Тіленшиев бастаған көтерілісшілер отаршылдыққа қарсы шығып, қазақтардан тартып алынған жер мен жайылымды қайтаруды мақсат етті. Орта жүздегі Саржан Қасымовтың қозғалысы да алдына осындай мақсат қойды, сонымен қатар Абылай ханның үрпақтары - қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді талап етті. Саржанның бүл қозғалысты бастауына 1822 143
жылғы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы жарғының» күшіне енуі себеп болған еді. 1824 жылы Қазақ даласында алғашқы Приказдарды ашу мақсатымен екі экспедиция жабдықталды, оның бірін Омбы облысын баскарушы полковник Броневский Қарқаралыға бастаса, екіншісін подполковник Григоровский Кокшетауға алып келді. 1824 жылы 8 ақпанда сүлтандар мен билердің белсенді катысуымен патша окіметі бірінші Қарқара Приказының негізін қалады, оған аға сүлтан болып подполковник Түрсын Шыңғысов тағайындалды. Сол жылы подполковник Григоровский Кокшетау Приказының негізін қалады. Бүл Приказдар Қазакстанды болашақта одан орі езгіде үстаудың амалы еді. Қарқаралы жоне Кокшетау Приказдарына қарасты бүқараның бытыранкы котерілісін Кенесары Қасымовтың бауыры - сүлтан Саржан баскарды. ол 1824-1836 жылдар аралығында патша отаршылары мен аға сүлтандарға қарсы жан аямай күресті. Ол Приказдарды жоюды, Қазақ даласынан оскерлерін алып кетуді және бүрынғы еркіндікті талап етті. 1826 жылы 31 қаңтарда болған ашық қақтығыс Саржан сүлтанның жеңілісімен аяқталды. Оның түтқынға түскен үзеңгілестері Омбыдағы әскери сотқа берілді. Сүлтан озінің жактастарымен қуғыннан қүтылып, Орынбор маңындағы көп ауылдармен бірге кошіп-қонып, Троицк каласына жақын Кидель-Қыпшақ болысында қыстады. 1826 жылы Саржан оз ордасын Бүғалы жоне Тағалы жайлауларына кошірді. Бүл жерде оған қазактардың Қаракесек, Үйсін, Жағалбайлы, Шор болыстары қосылды. Ол озінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, отаршылдық билікке жоне оларды қолдаушыларға қарсы күреске шақырды. 1826 жылы тамызда Саржан озінің отрядымен Қарқаралыға жорық үйымдастырды. Саржанның Қарқаралы маңына келгендігі туралы хабар патша окіметі мен аға сүлтандарын таңқалдырды. Түрсын Шыңғысов тез арада Омбы облыстық оскери қорғаныс бастығы полковник Броневскийден комек сүрап, озіне жүз басы Карбышевтің командасы мен отрядын тез арада жіберуді отінді. Бүл отрядтың дол уақытында жетуі Қаркаралының талқандалуынан сақтап қалды. Карбышев экспедициясы жергілікті қазақтардан 100 қой, 36 жылқы 10 кілем жоне т.б тартып алды. 1832 жылдың басында Саржан қайтадан котеріліске шықты. 1832 жылы I наурызда ол озінің екі інісімен жоне 400 жасакпен 144
Қарқаралы округінің Ресейдің қол астына караған билерінің ауылына күтпеген жерден шабуыл жасап, олардың 1600 жылқысын тартып алды. Саржанды үстау үшін жүзбасы Потаниннің отряды жіберілді. Сүлукол жайлауының маңында қызу шайқас болды. Артиллериямен қаруланған Потанин отрядына Саржан жасағы тотеп бере алмай кері шегінді. Қасым Жақсыбеков сүлтан мен торт қазақ түтқынға алынды жоне коптеген котерілісшілер қа^а тапты. Осы жеңілістен кейін Саржан 1832 жылы патша үкіметіне карсы бірлесіп күресу жонінде Ташкент билеушісімен одақтасты. Саржан ташкенттік қүшбегімен бірге едәуір әскер жинап. қазактарды котеріліске шақырды. Бүл орекет патша окіметін шошындырды. Батыс-Сібір генерал-губернаторы Вельяминов дереу бірнеше топ жасақтап. котерілісшілерге қарсы шықты. Көтерілісшілер үлкен шығынға үшырады. Оларды тек белсенді қолдаған Қарқаралы жоне Кокшетау округтарының қазақтары болды. Сондықтан да окіметке көтерілісшілердің жекеленген беліктерін басып-жаншу онша қиынға түскен жоқ. Көтерілісшілердің ізіне түскен патша оскері Сарысу өзені бойындағы ташкенттік қүшбегі түрғызған және оған иелік ететін екі бекіністі қоршады. Бірақ, осындай сәтсіздіктерге қарамастан Саржан күресті тоқтатқан жоқ. 1833 жылы шағын жасақпен Ресей патшалығының қоластындағы сүлтандар мен билердің ауылдарына, сондайақ сауда керуендері мен бекеттеріне шабуыл жасады. 1834 жылы мамырда Саржан бастаған ташкенттік қүшбегінің 6 мың әскері Орта жүз аумағына келіп, Үлытауға бекінді, бүл Көкшетау округінан 200 шақырым жерде болатын. Көтерілісшілермен соғысқа генерал-майор Броневский басшылығымен 6 зеңбірегі бар мың адамдық отряд жасақталды. Ол 1834 жылы көктемде Ақмоладан шығып Үлытауға жетті, олардың жақындап қалғанын біліп қалған қүшбегі Қорғанда азғантай әскёр қалдырып, Бетпақ далаға қашты. Осыдан кейін ташкенттік қүшбегі отаршыларға қарсы жорық жасаған жоқ. Патша отрядтарының қыспағына үшыраған Саржан Қоқан ханының қолдауына сеніп, озінің сарбаздарымен Үлы жүздің өңіріне оралды. Мүнда осы жүздің, сондай-ақ ташкенттік қүшбегіне қарайтын Сырдария бойындағы қазақтарды біріктіруге тырысты. Бүл Орта жүз қазақтарын өзіне бағындыру үшін Саржанды пайдалануға тырысқан қүшбегінің мақсатына қайшы келді. Осындай келіспеушіліктер салдарынан ташкенттіктер 1836 жылы жазда Саржан мен оның үлдарын 145
айуандықпен өлтірді. Ташкенттіктер 1840 жылы Саржан мен Кенесары Қасымовтың әкесі Қасым төрені де өлтірді. Саржан сүлтанның он жылдан астам уақыт азаттық жолындағы күресі халықтың көкейінде қалды, ауыз әдебиетіндегі жырларда оның патшаның отарлау саясатына қарсы күресін кіші інісі Кенесарының жалғастырғаны жырланады. 7.3. Бөкей хандығынын қүрылуы. И.Тайманов пен М. Өтемісов бастаған халык-азаттык көтерілісі 1801жылы 11 наурызда Ресей патшасы I Павелдің жарлығына сәйкес, Жайық пен Еділдің төменгі сағасында Ішкі, яғни Бөкей хандығы қүрылды. Осы хандықтың бірінші ханы Бөкей болғандықтан, оны Бөкей хандығы деп атаған. Бөкей ордасы патша үкіметіне бағынышты болды. Ішкі саясатқа қатысты мөселелердің көбін хан Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. 1812 жылы шілдеде Орал қаласының маңында Орынбор әкімшілігінің жоғарғы шенді адамдары мен қазақтың ақсүйектері қатысқан жиынында Бөкей ресми түрде хан болып сайланады. Хан тағына мүрагерлікті ру басшылары мен билер, сондай-ақ патша үкіметі жақтады. Елді басқару ісінде ханға еркіндік берілді. Орданың қаржы-салық саясатын, жерді пайдалану тәртібін белгілеу мен аумақтық-рулық басқару мәселелерін, шаруашылықты үйымдастыру тәсілдерін ханның өзі шешетін болды. Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды, ол хан тағын үлы Жәңгірге өсиет етті, ол кәмелет жасына толғанша орданы басқару өзінің туған інісі Шығай сүлтанға тапсырылды. 1823 жылы 22 маусымда I Александр Жәңгірді Ішкі орданың ханы деп тану жөнінде жарлыққа қол қойды, ал 1824 жылы 26 маусымда ол хан тағына отырды. Хан тағына отырған Жөңгір патша әкімшілігінің тарапынан көрсетілген қолдауға сүйене отырып, түрғындардың қоғамдықсаяси өмірі мен жекелеген саласын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта қүруды қолға алды. 1827 жылы Жөңгір хан Жасқүс жайлауында түрақты хан ордасын салуға шешім қабылдады. Орда қүрылысы қарқынды басталып, он жыл ішінде ағаштан қырық үй салынды, ал 1846 жылы мүндай үйлердің саны 89-ға жетті. 1841 жылы хан Торғын өзені бойында өзінің жазғы ордасын салды. Осы жылы қазақ балалары үшін бірінші орыс мектебі ашылды. Медресе мен ауылда бастауыш 146
мектептер салынды. Балаларды Астрахань, Саратов және Қазан қалаларына, Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға жіберу қолға алынды. Осыған орай Ішкі орданың балалары үшін аталған оқу орындарында он балаға арнайы орын бөлінді. Жәңгір хан халық ағарту ісіне ерекше мән берді. Бөкей хандығы әскери желілермен күзетілген Жайық бойы, балық кәсіпшіліктері орналасқан солтүстік Каспий жағалауы арқылы Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының жерімен шектесті. Оның аумағы ықшам, шаруашылығы шағын болды, жалпы жері шығыстан батысқа дейін 350 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 200 шақырым еді. Жайылымдардың тарлығы әуелгі бастан хандықтың жерді тиімді пайдалануына икемдеді. 1830-1845 жылдары Жәңгір хан жерді жеке меншікке иеленудің 1517 актісін берді. Осылайша жердің біртіндеп жеке меншікке айналып, жер қатынастарының өзгеруі қазақ қоғамындағы «қауымдастық-рулық» пайдалану принципіне мүлдем қайшы келді. Мәселен, Жәңгір ханның өз меншігінде көлемі 400 мың десятина жер болса, оның інісі Мендігерей де тап осындай жер көлемін иемденді. Балқы би Қүдайбергеновтың 300 мың десятина жері болды. Небәрі 20-30 ауқатты отбасылары бүкіл хандык жерінің 85% меншіктеп алды. Бөкей хандығының саяси қүрылымында да өзіндік ерекшеліктер байқалды. 1827 жылы қүрылған хан кеңесі 12 биден қүралды, яғни әр рудан бір би сайланды. Хан өз билігімен әр руға жерді бекітіп, оны жеке меншікке де берді. Бүл орайда сүлтандардан сайланған 10 депутат жергілікті жерлерде барлык, мәселелерді хан атынан шешті. Сонымен қатар ханның ерекше тапсырмаларын орындайтын есаул ретіндегі 12 старшинасы мен «базар сүлтандары» болды. Олар ішкі орданьің баж салықтарын жинауға, қазақтардың (ордадан тыс жерде) мүдделерін қорғауға, сауда орындарындағы тәртіпті қадағалауға міндетті болды. Басқару жүйесін өзгерту, ханның қанау саясатының күшеюі, жылдан жылға салықтардың көбеюі қазақтардың дәстүрлі қүқықтарының әлсіреуіне әкеп соқтырды. Яғни билік күшейіп, қарапайым халық езгіге үшырады. Мүндай езгіге төзбеген қазақ шаруалары бас көтеріп, хандықты дүр сілкінтті. Халықтың көтерілуіне жер дағдарысы, алым-салық ауыртпалығы, патша шенеуніктерінің қанауы, сондай-ақ Жәңгір хан мен оның туысқандарының, әсіресе Қарауыл қожа Бабажановтың қысымшылық жасауы себеп болды. 147
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің барысы үш кезеңнен түрады. Бірінші кезең 1833- 1836 жылдарды қамтиды, бүл қарулы котеріліске дайындық кезеңі еді. Екінші кезең - көтерілісшілердің ханға қарсы шығуы (1837 ж.), бүл 1837 жылдың қарашасына, яғни котеріліс жеңіліске үшырағанға дейін созылады. Үшінші кезең Исатай мен Махамбеттің аз ғана топпен Жайықтың сол жағасына отіп, Ақбүлақ өзеніне жақын манда (1838 ж.) болған шайқаста түпкілікті жеңілуімен аяқталды. 1837 жылдың жазы мен күзінде котерілісшілер хан ауылдарына шабуыл жасайды. 16 қыркүйекте котерілісшілер 200 адаммен Қарауыл кожа Бабажанов ауылын талқандап. 50 адамды түтқынға алады, оның ішінде Қ.Арысланов пен С.Ақмурзин сүлтандар бар еді. Бүқара халық алған бетінен қайтпай, ханды күшпен басқару ісіне реформа жасатуға итермеледі. 24 қазан күні Исатай мен Махамбет 1500 котерілісшілерімен хан ордасынан 40 шақырым жерге келіп тоқтады. Қоршау екі аптаға созылды. Ал Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршап алып, жойып жіберуді ойластырды. Осыған орай тез арада 1000-нан аса оскер жинақталды, оның қүрамында 400 хан жасағы, екі зеңбірегі бар 300 Астарахань және Орал казактарының бірнеше отрядтары болды. Котерілісшілерге қарсы күресті үйымдастырып, оны басыпжаншу үшін Орынбордан подполковник Геке жіберілді. 15 қараша күні таңертең қүрамында 2 мың әскері мен хан нокерлері бар Геке көтерілісшілермен Тастөбе шатқалында кездесті, жойқын шайқас үзаққа созылған жоқ, котерілісшілер 100 адамынан айырылды. Патша мен хан әскерлері котеріліс басшыларын қолға түсіре алмады. Исатай ТаПмановты үстап берген адамға 500 сом күміс ақша тағайындалды. 1837 жылы қарашаның 13-нен 14-не қараған түні Исатай мен Махамбет Жаманқала бекінісі маңында Жайықтан отіп, арғы жағындағы кең далаға беттеді. Олар алған беттерінен қайтпай, осы жерде күш жинап, патшаның жазалаушы отрядымен жоне жергілікті феодалдармен ақтық шайқасқа шығамыз деп жоспарлады. 1838 жылы коктемде котерілісшілердің қуатты оскері жасақталды. 1838 жылы 12 шілде күні қүрамында 500 жігіті бар котерілісшілер жасағы Ақбүлақ пен Қиыл озендері аралығында подполковник Геке бастаған жазалаушы отрядпен кездесті. Күштердің арасалмағы тең емес еді, котерілісшілер бүл жолы 148
жеңіліп, олардың қолбасшысы Исатай Тайманов каза табады. Содан кейін котерілісшілердің күресі олсірей бастады. Болшектелген отрядтары Томенгі-Жайық маңында. Ойыл бойында соғысты. Махамбет Өтемісов елдің арасына кетіп, казак ауылдарын ханға карсы күреске шакырды. Казак жүздіктері мен жазалаушы отрядтар котеріліске катысқан белсенділерді колға түсірді, коптеген ауылдарды талкандады. Котеріліске катысушыларды дүре соғып, каторгаға айдады, Сібірге жер аударды, мүліктерін тәркілеп, мәңгілік коныстарынан айырды. Бүл котерілістің тарихи маңызы зор. Ол отаршылдыкка карсы. азаттык үшін. олеуметтік езгіні жоюға бағытталған күрес болды. Бүл үлт-азаттык котеріліс тек жер үшін күреспен шектелген жок. ең негізгісі елдің олеуметтік-экономикалык моселелерін шешуге үмтылды. 7.4. Кенесары Қасымов басшылығымен болған үлт-азаттык козғалыс (1838-1847 жж.) Саржан Қасымовтың олімі қазақтардың үлт-азаттык козғалысының одан әрі дамуына богет бола алмады. 1837 жылы жазда бүрынғыдан да күшті бүкіл казак жерін камтыған котеріліс бүрқ ете түсті. Бүл котерілісті Саржанның інісі Кенесары Қасымов бастап, козғалысты жалпы үлттык дорежете котерді. Абылайдың немересі, Қасым сүлтанның үлы Кенесары Орта жүздің саяси омірінде жүз жылдай билік қүрған әйгілі жанүяда дүниеге келіп, тәрбие алды. Атасынан бастап аға-інілеріне, апакарындастарына дейін қоғамның белсенді саяси қызмет атқарған атакты әулетте осуі Кенесарының идеялық-саяси дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал етті. 1837 жылы бүл котерілістің басталуына себеп болған патша окіметінің Кенесарының туған жерінде, яғни Кокшетау мен Акмолада жаңа бекініс салып, жаппай казак станицаларын түрғыза бастауы еді. «Ата-бабамыздан мүра болып калған Есіл. Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жаркайың, Обаған. Тобыл. Қүсмүрын, Оқият, Тоқзақ жоне Оралға дейінгі созылып жатқан жерді патша үкіметі бізден тартып алып, онда бекіністер салды, деп жазды ол бір хатында. - Енді күн санап біздің жерімізді басып алып. онда бекіністер салуда, ал мүның озі халықтың ашу-ызасын туғызып отыр. Бүл біздің болашағымызға ғана емес, бүгінгі тыныс-тіршілігімізге де қауіпті». Сонымен 149
катар бекіністер казак әскерлерімен толықтырылып күшейтілді. Кенесары генерал Генске жазған хатында өз ауылына 1825, 1827, 1830, 1831, 1832, және 1836 жылдары жасалған жазалаушы отрядтардың шабуылы туралы, ал мүндай әрекеттердің 1837 жылы екі рет, 1838 жылы төрт рет, 1840 жылы үш рет қайталанғандығын ашына хабарлайды. Қазақ халқына қарсы әкімшіліктің осындай зорлық-зомбылығын, шенеуніктік аппараттың жемқорлығы мен сатқындығын көрсете келіп, Кенесары патшаның отаршылдық саясатына қарсы өзінің күреске шығып, атамекенінде хан билігін қалпына келтіретіндігін жариялады. Кенесары Қасымовтың көздегені рулық араздықты жойып, қазақ қоғамындағы феодалдық бытыраңқылықты тоқтату, сол арқылы біртүтас мемлекетті нығайту мақсаты болатын. Тек осы шарттарды жүзеге асырған жағдайда ғана елді қүлдыққа түсуден қүтқаратындығына көзі анық жетті. Тәуелсіздік үшін күресу мақсатында ол оңтүстік ауданнан Көкшетау өңіріне келеді. Отарлау саясатының қарқынды жүру барысында бүл өңірдің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайының қиындығы Кенесары Қасымовтың бастауымен болған азаттық қозғалысқа түрткі болды. Тарихшы Е.Бекмахановтың пікірінше, Кенесарының бүл өңірге оралуы «оқ-дәрі салған жертөлеге от тастағанмен тең» эсер берді. Кенесары қарамағына жан-жақтан бай да, кедей де келіп қосыла бастады. Ағыбай, Жанайдар, Басығара, Иман (Амангелді Имановтың әкесі) және тағы басқа батырлар өз жасақтарымен толықтай оның соңынан ерді. Патша әкімшілігінің Қоңыр қүлжа Қүдаймендин тәрізді, тіпті діни қайраткерлер мен кейбір ықпалды адамдарды араға салуынан еш нәтиже шықпады. Кенесары жасағы салынып жатқан бекіністер мен қазақ даласы арқылы өтетін керуендерге шабуылын үдетті. Алғашқы кезде Кенесары адамдары олардан тауарларды еріксіз тартып алса, кейін салық алатын болды. Кенесары қазақ даласында Сібір әкімшілігінің заңдарын мойындаған жоқ. Себебі оның бітімгершілік саясаты еш нөтиже бермеді. 1837 жылы казан айында аталған әкімшіліктің бір шенеунігі полковник Талызинге былай деп ашық хат жазды: «Оларды тәртіпке шақыру үшін отрядтар жіберу арқылы жедел шара қолдану керек, әйтпесе ешқандай нәтиже шықпайды, сол болыстардың қырғыздары (қазақтары) баяғыдан еркіндікке үйренген, олар біреуге бағынуды өздеріне ар санайды». ОсыдаН кейін «қатаң шаралар» қолданыла бастады. 150