The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Жанбырбай ДЖТ, 2024-02-20 13:40:40

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚ

Г.Қ.КАДІРҚҰЛОВА

өшкен. Түрік арасында буддйзмді насихаттау мақсатында түрік тілінде жазылғаны будданың «Нирванасутра» шығармасында жазу сақталған. Сөйтіп, руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба көне түрік әліппесі түріктердің арасында VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден қүрылып, 37 немесе 38 әріптен түрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді. Әдеби және тарихи түрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топтарға бөлінеді. 1. Моңғолияның ескерткіштері негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенга өзендері бассейндерінде шоғырланған. Бүл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор қүрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы,Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Ихе-Асхеттің екі жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның үсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Жазудың бүл түрлерін «ррхон ескерткіштері» деп атайды. 2. Тува .және Минусин аймағындағы екі топқа бөлінетін Енисей ескерткіштеріне жататын қүлпытастарда, тастарда, алтын және күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі танда белгілі болған жазудың 150 түрі кездеседі. 3. Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында түрмыс заттарына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі. 4. Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстардағы жазулар ( барлығы 50-ге жуық жазулар). 5. Шығыс Түркістан ескерткіштері Түрфандағы көне қүрылыстың қабырғасында жазылған төрт жазуды, үңгір ғимараттарындағы екі жазуды, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мәтіндерді, қоладан жасалған қол айнадағы жазуды қамтиды. 5 1


6. Жетісулық деп аталған орта азиялық ескерткіштер тобы Талас алқабындағы қүлпытастардағы, теңгелердегі, түрмыстык заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазуды қамтиды. Шығыс Еуропаның ескерткіштері әдетте үш топқа бөлінген: дон (Новочеркасск каласына жақын жердегі екі баклаждағы, Маяц қалашығындағы белгілер, Саркелдегі кірпішке салынған белгілер); дунай (Надьсентмиклош қаласындағы күміс ыдыстардағы жазулар мен металдағы кейбір үсақ жазулар); Еділ бойындағы (огіздің бас сүйегіндегі жазу). Коне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің корнекті қайраткерлерінің қүрметіне арналған руна мәтіндері ең қүнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығандығына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан Әбу Насыр ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түріктің (870-950) ғылыми еңбектері куә. Немістің шығыстанушысы Ф.Дитерицтен бастап Дж.Сартонға дейін мәдениет пен ғылымның өкілдері, көрнекті тарихшылар Әл-Фарабидің кереметтей үлы түлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен қүқықты зерттеді. Оған «Муаллим ассана» «Екінші үстаз» деген атақ берілген. Бүл жерде «екінші» деген Арис-тотельден кейінгі дегенді білдіреді. Әл-Фараби шын мәнінде әлемдік дәрежедегі адам болды, ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді және озінің, түрік мәдениетінің жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты «Китаб аль-музык аль-кабир» («Музыканың бас кітабы») атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше мон береді. Ол ғылымды жаңғыртушы болды, бүл оның «Ғылымды топтау туралы сөз» деген еңбегінде қамтылды. Білімде саяси философия мен этикаға ерекше мон берді, өйткені, солардың арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бүл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек, міне, Әл-Фараби сондықтан да жақсылық тілеуші қаланы 52


надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін отірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында оте анық жазылған әрі оте маңызды, тағылымы мол. «Бақыт- бүл абсолютті игілік». Фарабидің қолжазбалары әлемнің коптеген кітапханаларын аралап кетті. Әл-Фарабидің тап осы еңбектерінде арабтың ортағасырлық ғылымы қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де ойшылдардың дүниетанымы калыптасты. Дамыған ортағасыр кезеңіндегі ірі әдеби поэтикалық шығарма «Қүдатғу білік» «Ғылым бақытты болуы тиіс», немесе «Қайырымды білім» поэмасы болып табылады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатүқ Боғра-ханға арнап Баласағүнның түрғыны Жүсіп Хас-Хаджиб жазды. «Қүдатғу білік» 6520 бейіттен (85 тараудан) түрады және 124 бейіттің қосымшасы бар. Шығарманың жалпы колемі 13 мың екі шумақтан қүралған өлең. Поэманың үш қолжазбасы сақталған: үйғыр жазуымен венгерлік (гераттық), сондай-ак араб ғарпімен жазылған каир мен намангандық нүсқалары. «Қайырымды білім» тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалды қоғамның нормаларын, бүл қоғамдағы әртүрлі тап өкілдерінің мінез-қүлық ережелерін, билеушілер мен бағыныштылардың арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін суреттейді. Жүсіптің пайымдауынша, негізгі принцип «бақытты» және «әділ» патша, бүл ақыл-ойды, бақытты, оділ омірді тең үстау зандылығын қатаң сақтау болып табылады. Терек мазмүны мен көркем тілі поэманы мейілінше кеңінен таратты. Білім - билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмүнына аркау болған. Жүсіп мемлекетті білімді, қайырымды билеуші басқаруы керек деп ой түйеді. Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашғари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған атақты «Диуани лүғат ат-түрк» атты («Түркі тілдерінің сөздігі») атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Диуани лүғат аттүрк» -XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық қүндылықтары мен мінез-күлық 53


нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бүрынғы мүралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі, зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология -исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған. «Сөздік» қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, түрмыс-салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындардың атаулары туралы, үй жануарлары мен қүстар туралы, мал шаруашылығы жонінде, осімдіктер мен дәндер туралы, астрономиялық терминдер, халық күнтізбесі, ай мен күн аттары туралы, географиялық терминология мен номенкулатура туралы, қалалар, аурулар мен дәрілердің атауы, анатомиялык терминология туралы, металдар мен минералдар туралы, әскери, спорттық және әкімшілік терминологиялар туралы, тарихи және мифологиялық батырлар туралы, діни және этникалық терминология туралы, балалар ойыны мен ойын-сауықтар туралы және т.б.». Махмуд Қашғари озінің кітабында мынадай негізгі жанрларды бөліп қарады: түркі тілді фольклорлық-түрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден астам мақалдар, мәтелдер және шешендік создер. Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Яссауи орта ғасырда өмір сүріп, артына мол мүра қалдырды (әртүрлі мәліметтерге қарағанда, ол 73 жыл, 85 немесе 125 жыл өмір сүрген, қайтыс болған жылы белгілі - 1166 жыл). Оның өмірі мен қызметі Яса қаласымен (Түркістан) тығыз байланысты. Оның «Диуан-и және хикмет» («Данышпандык кітабы», оның қысқарған түрін «Хикмет» деп атайды) атты кітабы сақталған. Яссауи түркі суфизмінің кошбасшысы. «Диуан-и хикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор торт позицияны, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. «Шариат» - ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі. «Тарихат» суфизм идеясы. «Хакихат» Қүдайға қүлшылық ет\, бірігу. «Мағрифат» дінді танып-білу. Ахмет Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ (яғни Аллаға сыйыну). Ол «Хикметте» Алланың атын түріктер 54


бүрын өздерінің қүдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке кошкен соң ол халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жүмсады. Демек жаңадан енгізілген діни идеологияны бүқараның ғасырлар бойы қалыптасып қалған сана-сезімімен, олардың үстанып келген сенімдері Тәңірге табынушылық-шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болды, кейін мүндай процесс «түркі халқының мүсылмандығы» деген атауға ие болды. Ал бүл орайда яссауилік ілім зор рол атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мүндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне конды. Егер рухани күш болмаса, қүдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі қүрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес деген қағиданы үстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғүмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелілік жолға арнады. XIV-XV ғасырларда Ақсақ Темір жергілікті халық ерекше қастерлеп, қадір түтатын Ахмет Яссауиге арнап Түркістанда «Хазірет Сүлтан» мазарын салғызды, кейін бүл мүсылмандар тәуеп ететін қасиетті жерге айналды. 3.10. Түркі халықтарының діни нанымдары Түркі халықтарының діни-мифологиялық нанымдары тіпті бір тарихи кезеңнің өзінде де біркелкі болған жоқ. Оған бізге дейін келіп жеткен жазба ескерткіштері мен археологиялық материалдарға қарап көз жеткіземіз. Қазіргі кезде тәңір, шаман, будда, манихей, христиан туралы мәтіндер табылды. Тәңірге табыну. Францияның белгілі дін зерттеушісі Жан Поль Рудың пікірінше, Алтай мен Оңтүстік Сібірде өмір сүрген түріктердің табыну объектісі «адам-аспан», «адам-күн» Тәңір болды. Қытай тарихшылары оларда Тәңір қүдайының пайда болуы б.з.д. V-III ғасырға жатады деп есептейді. Діни үғымды діни сюжеттермен тасқа түсірген суреттер қытай тарихшыларының мәліметтерін растай түседі. Араб географы Макдиси: «Түріктер «Бір тәңір» дейді, ол «Бір Қүдай» дегенді білдіреді» деп жазды. Плано Карпини өзінің «Монгол тарихы» деген кітабында былай дейді: «Олар бір Қүдайға (Тәңірге) сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін дүниені жаратушы деп біледі, сондай-ақ бүл дүниедегі жарылқаушы әрі азаптаушы деп мойындайды». Түріктердің нанымдары бойынша Үәңір деген Аспанды (Көкті) білдіреді, ол 55


дүниені жаратушы және ол озі жаратқандардың бәріне адамға, халыққа, мемлекетке билігін жүргізеді деп сенген. Ол дүниені жаратты және өзі де дүние. Түріктердің басқа халықтардан ерекшелігі Қүдай жалғыз деп сенді. Қүдай қайырымды, қатал, қүтқарушы әрі жазалаушы. Ол бәрін көреді, адамның тағдыры. ойлары мен іс-әрекеттері оған тәуелді. Тәңір дінінің мәні де осында, Қүдай адамның еңсесін түсірмейді, қайта оны жігерлендіріп, ерлікке, іс-орекетке бастайды. Түрік қағандары «Кокте жаралғандар» болды, коне түркі жазбаларында былай делінеді: «Кок өзінің күдыретімен менің окем Елтеріш-қағанды және менің анам Ильбильга-ананы халықты басқару үшін жоғары дәрежеге көтерді», «Түрік халқының аты мен даңқы өшпеуі үшін Көк менің әкем-қаған мен менің анамды жоғары котерді. Көк мемлекетті сый ретінде беріп. түрік халқының аты мен даңқы өшпесін деп мені оған қаған етіп қойды», деп жазады Білге-қаған озінің таққа отырардағы созінде. Көктің қүдіретімен түріктер жеңіске жетті немесе жеңіліс тапты. Ислам діні қабылданған соң, Тәңір Қүдай мәнін жоғалтқан жоқ. Міне, осыған байланысты түріктердің жаңа дінді ешқандай қиналмай әрі күштеусіз қабылдауының мәні осында жатыр, өйткені, олар Қүдайды да Тәңір сияқты корді, оны дүниені жаратушы, рухтың иесі деп білді. Түріктер адам өлгеннен кейін оның жаны Тәңір-жаратушыға үшады деп сенді. Түріктер Көктегі қүдаймен қатар түріктің Жері мен Суын да қасиетті - «Турк Ыдук йерсубу» деп есептеді. Түріктер ежелден коктемде судың келуін (жыл басы Наурыз), күзде егіннің жиналуын Жер және Сумен байланыстырды. Кок, Жер, Су түрік халқын апаттардан сақтап отырды. Түрік хандары оздерінің жазбаларында қүдіретті Коктің үнемі өздеріне көмектесуін тілейді. Әйел қүдайы саналатын Үмай - отбасы мен балаларды қорғаушы. Сонымен қатар түріктердің қүдірет санаған сенімінің бірі Үмай оларды барлык жағдайда қолдап отырған: моселен, Тоныкок қүрметіне түрғызылған ескерткіштегі сәтті жорық туралы жазылған жазбада: «Көктегі (қүдай) Үмай, қасиетті ЖерСу, міне, олар бізге жеңіс әперді деп білу керек» делінген. Ертедегі түріктер сүлу әрі кайырымды ойел Үмай садақ жоне жебемен қаруланған, ол зүлымдық атаулының бәрін жеңеді деп сенді. Жас жауынгерлер өздерін Үмай қорғайды деп білген. 56


Аналар өздерінің үлдарын жорыққа аттандырып түрып, оларды Үмай қүдайға аманаттайтын болған. Жамбыл облысында табылған тас тақтада түрік жауынгерлерінің Төңір мен Үмайға отбасындағы сыйыну сәті бейнеленген. Үмайды Тәңірмен тең көру түріктердің санасында оның орны өте жоғары болғанын дәлелдейді. Адамдар қайтыс боларда қүдыреті күшті Тәңірге емес, Орта дүниенің иесі -Жер мен Суға емес, отбасын, руды, тайпаны қорғаушы Үмайға ғана жалбарынған. Орхон-енисей жазуларында Үмай барлық қағандардың анасы делінген. Махмуд Қашғаридің айтуынша Үмай баланы анасының жатырында жатқаннан бастап қорғайды. Ислам дінін қабылдаған түрік халықтары арасында, баяғы замандағыдай, балаларды қорғаушы «Қасиетті ана» Үмайға табыну ерекше орын алды. VI-XI ғасырларда қимақ-қыпшақ тайпаларында аналықрулық қүрылыс дамып, бүл тайпалар әйел-ана бейнесіндегі әруақтарына сыйынды, ал рулық бөлімдері де аналарының арғы тектерімен аталды. Сірә, мүндай табынушылықтың сыры әйелананы отбасын қорғаушы қүдай ретінде қасиет түтуда жатса керек. Демек тастан қашалған көне ескерткіштерде ерлерге қарағанда әйелдер бейнесінің жиі кездесуі кездейсоқтық емес, ал орыс ғалымдары қыпшақтардың (половецтердің) тас мүсін ескерткіштерін «тас мүсінді әйелдер» («каменные бабы») деп бекер атамаған. Түріктер өздерінің қүдайы Тәңірге табынды, сонымен қатар ата-бабаларының рухын қастерлеп, олардың әруақтарына сыйынды, қайтыс болған адамдардың әруақтары болады деген сенімде болды. Қалыптасқан сенім бойынша адамдар бүл дүниеден өткен соң жерасты патшалығына барады деп білді, адамдардың жанын ажалдың Қүдайы басқарады жөне оны жерасты дүниесінің билеушісі Ерлік деп атады. Осы сенім әлі күнге дейін өзінің мағынасын сақтап келді, яғни ол уақыт пен кеңістіктің өзара байланысына сүйене отырып, философиялық және рухани-өнегелілік сипат алады. Осы сенім арқылы түріктер кейінгі үрпағын бүл дүниеден Төңір дүниесіне аттанғандарға қүрметпен қарауға тәрбиеледі, өз халқының тарихын қастерлеуге баулыды, соған орай кеше мен бүгіннің сабақтастығына мән берді. Ерте ортағасырдан бастап түрік халықтарының бөрінде Алтайда сақталған қасиетті Тау (ыдык баш) сенімі маңызды 57


мәнге ие болды. Түріктер қаған руы сыйынатын «қасиетті Отюкен жерін» (Хангай тауы) ерекше қадір түтты. Исламды қабылдаған түріктер Қорқыт атаны қасиетті деп бағалап, оны Тәңірмен арада көрінбейтін байланыс орнатушы деп есептеді. Қорқыт ата аурулардан жаза алады, жаулардың шапқыншылығынан, өртүрлі қайғы-қасіреттерден сақтайды, балаларды қорғайды, тағдырға араша болады деп сенді. Нәресте өмірге келгенде Қорқыт ата оған ат қояды, Тәңір өмір сыйлайды деп түсінді. Осы сенім түркі халықтарында әлі күнге дейін сақталған. VI-IX ғасырларда Орта Азия, Орталық Азия және Қазақстан аумағын мекендеген түркі тілдес халықтарда өздерінің бүрынғы сенімдерімен қатар басқа елдерден келген діндер, атап айтқанда, буддизм, манихей, христиан, иудаизм сияқты басқа да діндер таралды, ал иудаизмді қаған бастаған Хазар ақсүйектерінің белгілі бір бөлігі ғана қабылдады. ІХ-Х ғғ. аяғында Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының бір бөлігі ислам дінін қабылдады, бүл процесс кейін Қарахан және Селжүктер мемлекетінің қүрылуына орай жедел дами бастады. Буддизм. Буддизм басқа діндерге қарағанда Түрік қағанатының ақсүйектері арасына әлдеқайда бүрын таралған. Бірінші Түрік қағанатының билеушісі Мүқан қаған (553-572) өзінің билік қүрып түрған кезінде буддизмді қабылдады. Одан кейін болған Таспара-қаған да (572-581) будда дінін үстап, оның таралуына көп үлес қосты. Ол өз еліне үнділік дін уағыздаушысын шақырып, храм түрғызды және будда қауымдастығын қүрды. Оның сарайында соғды-буддистер болды. Бугут жазуы будда сутрасына орай (VI ғ.) соғды тілінде жазылған. Буддизм ортазиялықтарға да, қиыршығыстықтарға да қолайлы болды, билеушілер оны өздерінің идеологиялық қүралы ретінде пайдаланды. 630 жылы будда дінін уағыздаушылардың бірі Сюань-Цзань Жетісуда болған кезінде бүл діннің артықшылықтарына батыс турік қағандарының көзін жеткізді. Демек оның миссионерлері осы өлке түрғындарының арасында өзіндік ықпал жасады. Кейін археологиялық қазба жүмысы кезінде Жетісудан будда мүсіндері мен рельефтері, сондай-ақ жазулары табылды. Ақбешім қалашығынан толықтай қайта қалпына келтіруге болатын екі храм қазылды. Бүл жердей будда бейнелеу өнеріне қатысты көптеген заттар табылды. Сонымен қатар будда кешендері 58


Краснореченск және Новопавловск қалашықтарында қазылып алынды. Археологиялық олжалардың ішінде үнділік «импорт», яғни будда мен буддисттердің қоладан, күмістен жасалып, алтынмен, асыл тастармен өрнектелген мүсіндері, будда храмдары мен монастырларының бағаналары кездесті. Исфиджаб қаласыньщ қүлаған үйіндісі маңынан археологтар жерасты будда монастрын тапты. Шығыс Түркістанда буддизм шамамен мың жылдай болған. Түріктер қоғамындағы буддаға табыну басқа діндер арасында ешқашан бәсекелестік тудырған жоқ. Сондықтан орта азиялық түріктердің діни мәдениетінде буддаға табынуға ешқандай кедергі жасалмады. Түріктердің бір ғана діни жүйемен шектелмеуі бірнеше діннің болуына мүмкіндік берді. Мүндай жағдай буддизм үшін мейілінше қолайлы еді. Манихейлік. Түріктер арасында манихейлік дін кеңінен тарады. Оның іргесін қалаған Иранда «Жарық дүниенің үстазы» атанған Мани (216-277 жж.) еді. Бүл Жарық пен Түнектің әлемдік күресі туралы, о дүниедегі қүтқару жолдары туралы, Жарық дүниедегі адам жанының діни уағыздар мен салтжоралары арқылы тазаруы туралы эклектикалық ілім болып табылады. Мани манихейлік ілімінің негізін қалаушы тарихи түлға, ол Вавилонияда біздің заманымыздың 216 жылы, сәуірде туған. Тегі ирандық, ал ата-анасы иудео-христиан сектасының мүшелері еді. Олардың салтында аскетизм белгілері болды, ақ киім киіп, күн сайын дәрет алған. Мани осы сектада тәрбиеленді. Аңыз бойынцт Мани бірінші діни жаңалықты он үш жасында ашып, одан кейінгі 12 жыл ішінде шын мәніндегі жаңа діннің негізін салуға дайындалды. Ол 24 жасында алғашқы діни реформатор атанған. Мани өзіне белгілі барлық діни ілімдердің элементтерін біріктіріп, бүрынғыларын алмастыра алатын әлемдік ортақ дін жасамақшы болды. Манихейлік өзінің жалпы ережесі бойынша зороастризмнің, буддизмнің, христиан дінінің негізгі догмасына сәйкес болуы тиісті еді. Мани бүл діннің бәрінен үстем болатындығын көлденең тартты, манихейлік дінді барлық халықтардың түрақты діні етуге шақырды, ал оның ілімін Мани өзі жазған кітаптарында келтірді. Манихейлік дін зороастризм мен христиан дінін синтездеуден шыққан. Манихейлік дін христиан дінінен мессиандықты, ал зороастризмнен қайырымдылық пен зүлымдық, жарық пен түнек арасындағы күрес идеясын алды. Манихей іліміне екі нәрсе тән, 59


олар - Игілік пен Зүлымдық, Жарық пен Түнек, бүл үғымдар шекарамен және кеңістікпен бөлінеді. Манихей уағызы Күн мен Айға - адамдардың материалдық дүниеде көзбен көретін жалғыз жаратушы жөне жарылқаушы ретінде бағышталған. Қүдайға табынушының үш негізгі міндеті бар, олар: дүға оқу, ораза және қайыр-садақа беру. Ораза демалыс күндері, сондай-ақ мейрамдарда үсталуға тиіс, ол кезде сатып алынған немесе сыйға берілген етті жеуге тыйым салды. Қайыр-садақа беру қүдайға қүлшылық етушінің басты міндетіне айналды. Манихейліктің қоғамдағы қайшылықтары билеушілерге үнамады, сондықтан оның ілімі қуғынға үшырады. VI ғасырдағы иран манихейшілерінің шығысқа қашуына байланысты бүл дін орталық азиялық дін болып қалды. Арабтар жаулап алғанға дейін манихейлік түрік халықтарының діни және мәдени өмірінде аз рөл атқарған жоқ. Араб шежірешілері манихейлік қауымның өмір сүрген аймақтары мен қалаларын атап көрсеткен. Манихейлік дінге түріктер арасында қолдау көрсеткен Білге-қаған болды, қолжазбаларда ол «үлы патша» деп аталады. Манихейлік қауым VI-IX ғасырларда Тараз қаласында болды. Он ок еліне, яғни Батыстүрік қағанатына дінді уағыздауға арнап жазылған «Екі негіздің қасиетті кітабында» (VIII ғ.) «Аргу-Талас (Тараз) алтын қаласы», сондай-ақ манихей монастырь! және шіркеуі бар Жетісуда болған төрт қала туралы дерек келтірілген. Бірақта Тараздағы соғды түрғындарының бір бөлігі зороастрийлік дінді сақтап қалған еді, оны Тараздағы зороастрийлік молалар дәлелдейді. Манихейлік діни сенімде аса қастерленген нәрсеге Тараздағы қазба жүмысы кезінде табылған бетінде ай (жарты ай) бедері мен әйел бейнесі салынған қола медальонды жатқызуға болады, бүл манихей астральды қүдайының белгісі болып табылады. Христиан діні. Орталық Азияда христиан дінінің, атап айтқанда, несториандықтың, пайда болуы зерттелген жоқ десе де болады, дегенмен бүл туралы иран ғалымы Сайд Насифидің «Ирандағы христиандық», түрік ғалымы Азиз С.Атийдің «Шығыс христиан тарихы» атты көлемді еңбектері бар. V ғасырдың ортасында Христостың қүдайдан немесе адамнан жаратылғандығы туралы қайшы пікірталастар салдарынан православиялық шіркеуден несториандық ілім бөлініп кетті. Бүл бағыт Константинополь патриархы Несторий атымен неосториандық деп аталған. Оның үлты парсы, мінезі өте қатал адам болған өрі сол кезеңнің ірі ғалымы еді, 431 жылы Несторий 60


Ill Вселенский соборында дінбүзарлығы үшін сотталған. Қүдайға табынуға байланысты сөз алғанда Несторий «Қүдайдың анасы жоқ» деп кесіп айтқан екен. Осы сөзін жаулары Қыз Марияға жасалған күпірлік деп, оны Эфес соборында соттатып жіберді. 766 жылы христиан діні Жетісуда түрік қағанаты тарапынан қолдау тапты, өйткені қағанат оны өзінің мемлекетін біріктіру үшін идеологиялық қүрал ретінде пайдалануға үмтылды. Христиан қарлүқтардың аймағы несториандық митрополияның еркін тізіміне енгізілді. Бірақта христиан діні бірден бір ресми дінге айнала алған жоқ, сондай-ақ манихейлік пен буддизмді ығыстыруға да шамасы келмеді. Бүл діннің түріктердің арасына енуі олардың тіліне аударылған христиан әдебиетінің пайда болуына түрткі болды. 1253 жылы Жетісуда болып қайтқан Виллем Рубрук ондағы христиандар туралы мынадай мәліметтер келтіреді: «Бүл жер алғашқыда Органум (Жетісудың көне атауы) деп аталған, түрғындарының өз тілі мен жазуы бар. Бірақ олар қазір түркі жазуларын пайдаланады. Басқа елдерден келген несториандар осы жазу мен осы тілді қолдану арқылы қызмет етіп, кітап жазады». Шыңгыс ханның кейбір үрпақтарының христиан дініндегі тәрбиешілері болған деген деректер кездеседі. Мүсылман авторлары христиан ықпалында болған хандар тарапынан исламға зүлымдық әрекеттердің болғанын ашына жазған. Ислам. Әлемдік діндер ішіндегі ірілерінің бірі ислам, ол Азияның, Африканың едеуір бөлігіндегі және Еуропаның бірқатар халықтарының тарихы мен мәдениетінің өркендеуіне зор рол атқарды және атқарып келеді. Исламға, жалпы әлемдік дін атаулыға өзгелерді өз ықпалына тарту тән нәрсе. Яғни ислам өзінің тарихи дамуында сол жолды қайталауға үмтылды, ал бүл жолдан кезінде иудаизм мен христиан діндері де өткен. VII ғасырдың екінші жартысында арабтар Мауераннахрды жаулап алу жорығын бастады. 706 жылдан 715 жылға дейін қолбасшылық өнерімен ғана емес, дипломатиялық талантымен ерекшеленген Кутейб ибн Муслим Бүқараны, Мервті, Самарканд™, Хорезмді, Ферғана мен Шашты басып алды. Бүл қалаларда мүсылмандық мәдениет жедел дами бастады. Арабтар мен батыс түріктері бірігіп, қытай әскерлеріне соққы берген Талас шайқасынан кейін (751 жыл, шілде) ислам діні мен мәдениеті Жетісу түріктері арасында тарай бастады. Бүл аумақтарда исламның таралуы өте баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеліктері болды: мүсылмандар христиандар мен зороастрий61


шілерді қуғындаған жоқ, олар арабтар жаулап алған жерлерде бүрынғы діндермен қатар өмір сүрді. Әскери қимылдар исламды күштеп енгізуге әрекет жасаған жоқ, бүл жергілікті түрғындардың «жаңа дінді» өз еркімен қабылдау процесін тездетті. Осы жөнінде фон Грюненбаум былай деп жазады: «ислам әлемі әртүрлі діни қауымдардың татулық проблемасын шешті. «Қасиетті кітап жазушы адамдардың» дербестігі, ең алдымен иудейлер мен христиандар, одан кейін зороастрийшілер үкіметке, әсіресе атқару билігі органдарына қатысуға тырыспайтындықтарын білдірді». Қарлүқтарды билеген әрі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қашғарияны өзіне қосып алған Қарахан мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.) мүсылман еліне айналды. 960 жылы мемлекеттің ішкі аймақтарында, Жетісуда исламды 200 мың түрік жанүясы қабылдады. Бүл оқиға ислам дінін бірінші болып қабылдап, Абд ал-Керім деген жаңа атқа ие болған қарахандар династиясының қағаны Сатүқ Боғра-хан есімімен тығыз байланысты. Оның үлы Мүса қаған болғаннан кейін мемлекеттік дін ислам болып жарияланды. Қазақстанның ортағасырлық түріктері осылайша Алдыңғы және Орта Азия өркениетінің қуатты ықпалында қалды және оның ажырамас қүрамдас бөлігіне айналды. Былайша айтқанда, бүл исламның қабылдануы еді. XI ғасырдағы ортағасырлық қалаларда мешіттер мен медреселер көптеп салынды. Ислам қала халқы үшін де, көшпенділер үшін де негізгі дін болды, ол түрмыста қолданылып, өзінің көптеген салт-дөстүрлерін, ерекшеліктерін біртіндеп енгізді. Түріктер қарудың күшімен емес, сенім арқылы мүсылман болған халықтың бірі. Түрік мемлекеті мекендеген алып аумақты исламдандырудың саяси немесе әскери науқандармен ешқандай қатысы болмады. Түріктердің «Жалғыз сенімді дін» ретінде мүсылмандықты қабылдау процесі олардың бүдан бүрын күшті діні болып, соған байланысты салт дөстүрі қалыптасқан тарихи кезеңде жүзеге асты. Түріктердің үстанып келген діндері жаңадан енген исламға әсерін тигізбей қоймады, оны қазір де байқауға болады, түркі халықтары ислам дінін төңірге теңеп, өзара үйлесімдікте қарауы осыған дөлел. 62


IV ТАРЛУ XIII ғасыр мен XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан 4.1. Шыцғысхан империясының қүрылуы XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында Монголия жерінде Темешен (Темучин) (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет қүрылды. Темешен, яғни болашақ Шыңғысхан 1155 жылы Онон өзенінің бойындағы Делигюн-Болдок жайлауында дүниеге келді. Оның әкесі Есугей-баһадүр Қият-Бөржігін руынан шыққан дала ақсүйегінің түқымы болатын, ол халық арасында беделі үстем болып, батырлығымен ерекшеленіп, баһадүр (батыр) атанды. Шыңғысханның он екінші атасы атақты Бөрте-Шона (Көк Бөрі) мен оның әйелі Гоа-Марал (Сүлу Марал) еді. Өзінің жеті атасын, тіпті одан әрі қарай шежірені тарата білу түркі халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Балалар жастайынан өзінің тайпалары мен руларының тарихын ата-аналарының айтуымен жақсы біледі. Оның анасы Оелен-Эке (Ана-бүлт) қоңырат тайпасынан еді. Отбасының түңғышы Темешеннің дүниеге келуі Есугей-баһадүрдің та-та-тэр («татар» қытайша жазылуы) тайпасымен соғысып, осы тайпаның көсемі Те Му Ченді түтқынға алуымен түспа-түс келді. Осы жеңісінің қүрметіне түтқынға алынған Темешен есімін өмірге келген үлкен үлына қойды. Темешен көзі өткір, дене қүрылысы шымыр, бойшаң жігіт болып өсті. Оған қоса үстамдылық, шыдамдылық қасиеттері тән еді, әрі алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын, бір сөзбен айтқанда, билікке жастайынан араласты. Мінезінің тік болғанына қарамастан шын берілген адамдар оны түсіне білді. Ол жүрт алдында көсіліп сөйлемейтін, айтарын ойланып, толғанып барып бір-ақ айтатын болған. Темешен өз замандастарының арасында ақыл, айласымен ерекшеленіп, қасына өзіне шын берілген нөкерлерді жинай бастады, барымтадан түскен малды қайтару, басқа жерді жаулап алу тәрізді іс-әрекеттерде ерлігімен, 63


адалдығымен көзге түсіп, баһадүр атағына ие болды, XII ғасырдың аяғында моңғол даласындағы ірі қолбасшылардың біріне айналды. Орталық Азиядағы билік үшін күресте Темешен қуатты керей үлысының билеушісі тоғрыл Ван-ханмен одақтас болды. 1185 жылы керей ханы тоғрыл Ван-хан, Темешен және моңғолдың жаджират тайпасынан шыққан Жамуха әскерлері Селенга өзені бойында орналасқан көшпелі меркіттерді талқандады. Бүл жеңіс Темешенді күшейтіп, билікке таласушылармен иық теңестірді. 1198 жылы Темешен Керей ханы тоғрыл Ван-ханмен және Цзинь Чжурчжен мемлекетімен одақтасып, татар үлысына қарсы жорықка аттанып, оған күйрете соққы берді. Осы жорықтан жеңіспен оралған ол татарларға қарсы соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Керулен өзені бойындағы жүркін тайпасына шабуыл жасап, оны талқандап, билеушісін өлтірді. 1200 жылы Темешен және тоғрыл Ван-хан меркіттердің әскерін қырып салып, келесі жылы татарларды түпкілікті женді. Ендігі Темешеннің қуатты бақталасы, найман үлысының билеушісі Даян хан болды. Төнген қауіпті алдын ала сезген ол 1203-1204 жж. өздерінің жағына өткен Жамуха бастаған жаджираттарды, керейлерді, татарларды, ойраттарды, меркіттерді және т.б. маңайына топтастырды. Темешен уақыт оздырмай, 1204 жылы көктемде 45 мың атты әскермен наймандарға қарсы жорыққа шықты. Найман ханының қарамағында 50-55 мың адам болды. Монгол әскерлерінің наймандарға Караганда саны жағынан аз болғанымен, жинақы, соғыс тәжірибесі мол еді. Соғысты моңғолдар бастады. Олардың басты күштері наймандарды тауға тықсырып, кешке қарай Моңғолдардың негізгі әскері қарсы жақтың қапталын айналып өтіп, оларды оп-оңай қоршап алды. Түзаққа түскен наймандар қоршауды бүзуға күш салды, бірақ қараңғы түсіп кетуіне байланысты әскерлері жардан қүлап, көп шығынға үшырады. Даян ханның үлы Күшлік бастаған наймандардың бір бөлігі қоршаудан аман-есен сытылып шықты. Даян ханның озі шайқаста жараланып, қаза тапты. Наймандардың басым болігі Темешенге бағынып, екінші бөлігі Күшлікпен Жетісуға өтіп кетті. 1206-1207 жылдары Темешен өзінің үлкен үлы Жошы ханды Енисей-Ертіс аралығындағы «орман» халқын бағындыруға аттандырды, онда Енисейдің жоғарғы сағасындағы түркі тілдес қырғыздар түратын. Деректерде моңғолдардың Енисейдің жоғарғы сағасына жасаған жорыгы 64


кезінде қалаларды, бекіністерді алу үшін таслақтырғыштар мен қондырғы атқыш-қүралдарды пайдаланғаны айтылады. Осындай ірі жеңістерге қол жеткізген Темешен Орта Азия даласындағы бірден-бір қуатты билеушіге айналып, саяси түрғыдан да билігі нығайды. «Моңғолдардың қүпия шежіресінде» «Ол киіз үйде түратын халықты ақ жолға аттандырарда барыс жылы (1206) сейм (қүрылтай) шакырылып, Онон озені бойында бас қосты» деп жазылды. Мүнда он шашақты ақ ту тігіліп, Шыңғыс ханды таққа отырғызды. Қүрылтайда Кэкчу-Теб- Тәңірі былай деді: «Қүдыреті күшті Қүдай саған жер бетінде патшалық қүруды сыйлады. Енді жеңілген жерлердің әр Гур-ханы деп аталатын билеушілері мен патшалары және олардың билік ететін аймақтары сенің қоластыңа қарады, жаңа есімің «Шыңғыс» болсын. Сен патшалардың патшасы болдың, қүдыреті күшті Қүдай сенің атың Шыңғыс болсын деп бүйырды. Жиналғандардың бәрі бүл есімді қолдап, қуаттады. Шыңғыс патшалардың патшасы, билеушілердің әміршісі». Кейін бүл лауазым яшмадан жасалған мөрге «Қүдай - Көкте, Ха-хан - Жердің Қүдыретті Қүдайы. Адамзаттың билеушісі» деп ойып жазылды. Орталық Азияның жазық таулары беткейінде қоныстанған моңғол халықтарын бір мемлекетке біріктіру мақсатын көздеген ІІІыңғысханның көзі енді Шығысқа түсті. Елі, жері бай, мәдениеті өркендеген, халқының жауынгерлік қабілеті төмен Қытай елі көшпенділер үшін үлкен олжа еді. Қытай жері екі мемлекетке - солтүстік Цзинь («Алтын патшалық») және оңтүстік Сун болып екіге бөлінген болатын. 1211 жылы көктемде бас қосқан моңғол әскері Керулен өзенінің жағасынан жорыққа аттанды. Үлы Қытай қорғанына дейін 750 шақырым жол жүруге тура келді, олар Гоби шөлінің шығыс бөлігімен жүріп, маусымның орта кезінде сусыз, шөпсіз шөл далаға жетті. Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сандаған табындар айдалды. Солтүстік Қытайдағы бес жылға созылған соғыс Шыңғысханның шығысқа мойнын бүрғызбады. 1215 жылы моңғолдар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды. Батыста моңғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен үзақ түрақтай алмады, 1216 жылы Шыңғысхан өзінің үлкен үлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы шабуылды Торғай даласы 65


арқылы бастады, бірақ олар бүл жерде қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мүхаммедтің қолымен кездесті. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде моңғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті. 1218 жылы Жебе Қарлүқ және Қараханид билеушілерімен бірлесіп, Күшлікке қарсы соғысты. Бүл кезде моңғолдар бүрын наймандар тыйым салған мүсылмандықты жария түрде үстануға рүқсат етті, сөйтіп отырықшы халықтың моңғолдар жағына шығуына комектесті. Баласағүн қаласы үрыссыз берілді. ал Күшлікті моңғолдар Бадахшанда (Рашид-ад-Диннің жазғаны бойынша Шығыс Түркістандағы Сарыколде) үстап, қүлағына қорғасын қүйып азаптап олтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулап алған моңғолдар енді Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол тартты. Бүл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен қүрамында көпестері мен моңғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан түратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан Иналчык көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бүйырады, керуен тоналады. Бүған шамданған ІІІыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мүхаммедтен Қайыр ханды үстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болды. 1219 жылы қыркүйекте Отырарды қоршау басталды. Өзінің эскерін бірнеше топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін үлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен үлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бүқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, оның қарамағында 20 мыңнан 50 мыңға дейін әскер болды, қаланы бес ай бойы үстап түрды. Бесінші айдың аяқ кезінде хорезмдік әскербасы Караджа-хаджиб опасыздық жасап, он мың әскерімен моңғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның езі осы опасыздығы үшін өлтірілген. Бірақ. Отырар қүламады, Қайыр хан «арыстан жүректі» жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Қаланы қорғаушылардың бәрі қаза тапқан соң (1220 жылғы ақпан) Қайыр хан түтқынға алынып, Шыңғысханға апарылды, ол Қайыр ханның козі мен қүлағына ерітілген күміс қүйып қорлап олтірді. 66


Сырдарияға жорыққа шыққан Жошы әскері 1220 жылы көктемде Сығанаққа жетті. Жеті күн бойы қоршап, моңғолдар қалаға басып кірді, бекіністің тас-талқанын шығарды. Жебе мен Сүбедей-баһадүр бастаған моңғолдың отыз мың әскері 1220 жылы Ираннан Кавказға жол тартты. Армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Калка өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Қазақстандағы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. 1219-1224 жж. монгол шапқыншылығы Қазақстан мен Орта Азияны Шыңғыс хан империясының бір бөлігіне айналдырды. 1224 жылы Шыңғысхан Монголияға оралып, омірінің соңғы жылдарын Азияның осынау қиыр шетінде откізгісі келді. «Дүниені дүр сілкіндіруші» Ескі Дүние аумағының бестен торт болігін жаулап алып, 1 миллиардтан астам адамды өзінің қоластына бағындырды. Ол 1227 жылы 72 жасында БүрханҚалден тауындағы Онон өзенінің бастауында «Гах», яғни Доңыз жылы қайтыс болды. Шыңғысхан өлімінен кейін екі жыл бойы аза түтылды. 1229 жылы монархияның уақытша билеушісі, императордың кіші үлы Толе жаңадан император сайлау және өзге де мемлекеттік мәселелерді талқылау мақсатында қүрылтай шақырды. Шыңғысханның айтып кеткен өсиеті бойынша қүрылтай оның үшінші үлы Үгедейді Үлы император етіп тағайындады. Сондайақ қүрылтайда Шыңғысханның мүрагерлері орындауға тиісті үш маңызды мәселе талқыланды: 1) Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтау; 2) Индиядан шығып, Шығыс Иранды -жаулап үлгерген, парсы тағынан үміткер Джелал ад-Диннің (Мүхаммедтің үлы) жолын кесу; 3) Еуропаға жорық. 1236 жылы Еуропаға жорық қайта басталды. Шыңғысханның немересі Батый (Бату) монгол әскерінің қолбасшысы болды.1236- 1242 жж. Еділ бүлғарларын, орыс княздіктерін талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, Валахияны, Трансильванияны қаңыратып кеткен моңғолдар Адриат теңізіне шықты. Тап осы кезде үлы хан Үгедей қайтыс болған еді, бүл хабарды естіген монгол әскербасыларының көбі жасақтарын алып жаңа хан сайлауға қатысу үшін Моңғолияға қайта оралды. Әскерінің саны азайып қалған Батый 1243 жылы жорықты жалғастыруға уәуекел етпей, Еділдің төменгі сағасына келіп, 67


осында кейіннен Алтын Орда дел аталатын моңғол мемлекетінін. негізін қалады. XIII ғасырдың бас кезіндегі моңғол, керей, найман, меркіт, татар тайпалары арасында болған соғыс кошпенділердің едеуір болігін қоныс аударуға мәжбүр етті, соның салдарынан аймақтың шаруашылық жүйесі бүзылды. Билік тізгінін үстаған Шыңғыс үрпақтары арасында шаруашылықты жүргізуге қатысты екі көзқарас болды. Біріншісі - моңғолдың бүрынғы заманғы ескі дәстүрлерін көкседі. Олар отырықшы омірге, егін шаруашылығына, қала салуға қарсы шықты, табиғат байлығын көшпенділердің салт-санасына орай пайдалануды жақтады. Мүндай көзқарас кезінде Солтүстік Қытайды жаулап алғанда анық байқалған еді, көшпенді ақсүйектер Шыңғысханнан отырықшы халықты түгелімен қырып, жерін жайылымға айналдыруды талап еткен болатын. XIII ғасырда кошпелі моңғол тайпаларының Жетісуға тығыз орналасуы қалалық модениеттің жойылуына әкеп соқтырды. Шыңғыс түқымынан шыққан билеушілердің екінші көзқарасты жақтағандары бағындырылған елдерді бір орталықтан басқару мен мүсылмандықты жақтады. соған орай мемлекеттік аппарат пен қаржыны нығайтуға күш салып, моңғол-түрік көшпенділерінің ақсүйектерін бір орталықтан басқаруға көндірмекші болды. Сондықтан қалалық омірді қалпына келтіру, көпестердің сауда жасауы, ондіргіш күштерді жинақтау, қазынаға түсетін салықты жолға қою мәселелері қолға алынды. Халықтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Моңғол-көшпенділер империясының қүрылуы малшылардың дәстүрлі қоныстарын өзгерте алған жоқ, айталық, ІІІығыс Дешті-Қыпшақ тайпалары қыстауға Сырдария бойына, Қаратау жоталарына көшті. Батыс Қазақстан тайпаларынын қыстаулары Еділ сағасында және Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Сырдарияның төменгі сағасында орналасты, ал жазда Еділ, Жайық, Ембі өзендері бойларымен жоғары өрледі. Моңғолдар Қазақстан аумағына Шыңғысханның Үлы жасағын ( ясак, яса) енгізді, олардың дәстүрлі қүқығы қамтылған бүл қүжатта халықтың әдет-ғүрпы мен билеушінің омірі туралы айтылған. Үлы жасақ екі болімнен түрады: бірінші болімі «Білік» -«Шыңғысханның нақыл создері» жинағында, нақты жағдайға байланысты айтқан ойлар, ақыл-кеңестер, заңдық шешімдер қамтылған. «Білікте» мынадай жолдар бар: «Шыңгысханның 68


басына бақ қонғанда халқы оның бүйрығымен қасына жиналды, ол оны қатал жасақ арқылы басқарып отырды. Кім ақылды, іскер болса, сол адамды әскердің бектері ( басшылары) етті; кім ширақ әрі епті болса, қолына қүрық беріп жылқышы етті, қолынан түк келмейтін ақылсыздарға шолақ қамшы беріп мал бақтырды. Сол себепті Шыңғысханның бастаған ісі жаңа туған ай секілді, күн санап алға басты; Көк, Қүдіреті күшті Қүдай жеңістерге бастайды, ал оның жердегі қолдауы игіліктерге, жаз жайлаудағы шаттануға, той тойлауға үласады, ал қыстаққа кошу де кереметтей қуаныш сыйлайды. Мен Үлы Қүдайдың шапағатына бөленгенде бүл туралы ойланып-толғанып, оның монмағынасына терең үңілдім, сол себепті де тыныштық, шаттану және той тойлау осы күнге дейін жалғасуда. Егер үрпақ өріп, өмірден өз орнын тапса, олар осыдан кейін бес жүз, тіпті ондаған мың жыл бойы Шыңғысханның мүра етіп қалдырған жасағын сақтайды әрі өзгертпейді, ол халықтың бәріне қажет, өйткені, оларға Көктен нүр жауады, өздері әрқашан көңілді болып, той тойлайтын болады; Дүниенің Қүдайы (Қүдірет) оларға шапағатын төгеді; адамдар табынады, олар мәңгілік болып, игіліктерді иеленеді. Осыған байланысты мынадай түйін жасауға болады: мейірімділік, қаталдық-мемлекеттің беріктігі». Жасақтың екінші бөлімінде әскери, азаматтық заңдар жинағы қамтылған, онда заңда көрсетілген талаптарды бүзуға байланысты жазаның түрлері көрсетілген. Мемлекетті әскери түрғыдан басқару, соған сәйкес ондықтардың қүрылуы түркімоңғолдардың генеалогиялық қүрылымына кері эсер етті. Әрбір көшпенді-азамат қандайда бір ондық қүрамына енді, оның жеке басшысы болды, ондықтардан жүздіктер қүрылды, жүздіктер - мыңдықты, ал 10 мыңдық -түменді және одан да коп әскерді қүрады, осы сатылардың бәрін жеке басшылары басқарды. 4.2. XIV- XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан. Темір мемлекеті. Әбілхайыр хандығы. Ноғай Ордасы Шыңғысхан көзінің тірісінде алапат аумақты алып жатқан мемлекетін бәйбішесі Бөртеден туған үлдарының санына орай төрт үлысқа бөлген болатын. Жошы Алтайдан Жайыққа дейінгі солтүстік-батыс аймақты, оңтүстігінде Әмудария мен Арал теңізіне дейін жететін аумақты иеленді. Шағатайға Әмударияның 69


оңтүстігі -Түркістанның, Ауғанстан мен Парсының боліктері мен Закавказье берілді. Үгедей Моңғолияның батыс болігін, Жоңғария мен Шығыс Түркістанды иеленді. Толе наймандар жеріне, Моңғолияның шығыс болігін, таңғүттар жерін жоне Цзинь мемлекетінің жаулап алынған (Солтүстік Қытай) аумағын қоныстанды. Шыңғысханның үлкен үлы Жошы Ертістен жоне Қоялык пен Хорезмнен батысқа карай Саксин мен Бүлғар жеріне дейін зор аумаққа билік етті, сойтіп ат түяғы жететін жердің боріне барып. Жетісудың солтүстік болігін, Еділдің томенгі сағасына дейін бүкіл Шығыс Дешті қыпшақ жерін бағындырды. Жошының мүрагері Батый (Бату) Батыс Дешті Қыпшақты, еділ бүлғарлары мен орыс княздіктерінің жерін, Польшаны, Венгрияны. Чехияны. оның арғы жағындағы елді жаулап алу мақсатында жорыкка шыкты. 1236-1242 жж. аралығында ол томенгі Дунай мен Қырымға дейін жерге билік етті. Обь пен Ертіс озендерінің жоғарғы ағысынан Еділ мен Әмударияның томенгі сағасына дейінгі алапат аумақта Батый хан Алтын Орда мемлекетін қүрды. Алтын орданың астанасы Сарай-Батый қаласы (Астрахань маңында) болды, кейін астана Сарай -Берке қаласына (Еділ бойымен Сарай-Батыйдан жоғары) кошірілді. Алтын Орда. Алтын Орда алғашқы кезде Моңғол империясының бір болігі болды, бірақ Батый хан (1242-1256) озін тоуелсіз билеуші ретінде үстады. Гуюктың олімінен кейін Батыйдың қолдауымен Еуропа жорығына қатысушы Толенің үлы Моңке үлы хан болып сайланды. Батый Шыңғыс үрпағының үлкені ретінде Моңкені сайлауда озіндік зор ықпал етті. Оған қолдау корсеткеніне Виллем Рубруктің мына жазбалары долел: «Дүниеге жарық сәуле беретін күн торізді Батый екеуіміздің билігіміз барлық халықтарға жүреді. Біз бір бастағы екі коз секілдіміз: ол екеу бола түрса да үнемі бір бағытқа қарайды». Қыпшақтар Батыйды сайын-хан ( данышпан хан) деп атады, ол кошпенділер достүрімен санасып, Шыңғысханның Үлы жасағына сүйене отырып. мемлекет іргесін қалады. Батый қайтыс болғаннан кейін хан тағына оның заңды мүрагері Сартак отыруы тиіс еді. Бірақ ол сол кезде Моңғолиядағы Моңке ханның сарайында болатын. Ол әкесінің казасын естіп үйіне қайтып келе жатқанда жолда кенеттен кайтыс болады. Ал хан болып жарияланған Батыпдың олі 70


буыны бекімеген үлы Үлағшы да қайтыс болады. Мемлекетті басқару билігіне енді оның інісі Берке хан (1257-1266) не болады. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монгол империясынан біржолата болінді. Меңгу-Темір хан (1266-1280) билігі кезінде елде бейбітшілік орнағанымен оның олімінен кейін Алтын Ордада Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір үрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде бектер бегі лауазымын иеленді, мемлекеттік түрғыдағы екінші адам болды. Оның жекеменшік үлысы қазіргі Молдова аумағында. Ноғайдың ниеті озінің дербес мемлекетін қүру еді. Тупа-Меңгу (1282-1287) жоне Толе-Бүқа (1287-1291) басқарып түрған кезеңдерде ол озіне Дунай. Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Ноғай сарай тағына Тоқты хан келуіне (1298-1312) тікелей қолдау корсетті. Алғашқы кезде жаңа билеуші озін жақтаушы адамның пікірімен санасып еді, бірақ дала ақсүйектері араға коп уақыт салмай, оларды бір-біріне қарсы қойып үлгерді. Алауыздықтың ақыры озара күреске үласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді. Алтын Орданы Өзбек хан басқарған дәуірде (1312-1342) мәдениеті оркендеп, қала күрылысы дамыды. XIV ғасырдың орта шенінде Алтын Ордада каланың саны 100-ге жетті, оның кобін ордалылықтардың оздері салды. Ондай қалалардың ішінде Алтын Орданың астанасы - Сарай, Томенгі Еділ бойындағы Жаңа Сарай, Батыс Қазақстандағы хандар жерленген Жайықтың оң жағалауындағы Сарайшық қалалары болды. Озбек пен Жәнібек хандығы кезінде (1342-1357) Алтын Орда бүрынғыдан да оркендей түсті. 1312 жылы ислам діні мемлекеттік мортебеге ие болды. Жүздеген мың басыбайлылардың түрғызған мешіттері, керуен-сарайлары, ақсүйектер мен копестердің үйлері, қолонершілері коп қалаларда мәдени омір коркейе түсті. Билеушілердің хан тағына таласып, озара қырқысуының салдарынан Жәнібек қайтыс болғаннан кейін гүлденіп түрған Алтын Орданың қүлдырауы басталды. Дегенмен XIV ғасырдың аяғында тегеуірінді хан Тоқтамыс оны әлі де он бес жылдай бірлікте үстап түрды, 1380 жылы Куликово даласында Мәскеу княздігі үйымдастырған орыстардың біріккен күштерінен Мамай бастаған ордалықтар жеңіліп қалған еді, Тоқтамыс осы жеңілістен кек алды. 1382 жылы, яғни Куликово шайқасынан 71


кейін екі жыл өткен соң Тоқтамыс Мәскеуді талқандады. Тоқтамыстың билеу кезеңінде Алтын Орданың ішкі және сыртқы әлсіреуі басталды. Самарканд билеушісі, Кіші Азиядан Қытай шекарасына дейінгі олемдік империяның негізін салушы Ақсақ Темір Алтын Ордаға үш рет шабуыл жасап, нәтижесінде оны талкандап, қалаларын қиратты, ол билік қүрған заманда керуен жолдары оңтүстікке қарай ығысты. Алтын Орда осындай жағдайлардан кейін бас көтере алмай, XV ғасырдың бірінші жартысында жекелеген хандықтарға, яғни Қырым, Қазан және Астрахань хандықтарына бөлініп кетті. Алтын Орда қүлағаннан кейін Қазақстан аумағында алдымен Көк Орда және Ақ Орда, Әбілхайыр мемлекеті, кейін Қазақ . хандығы қүрылып, оның қоғамдық-саяси қүрылымында Шыңғысхан империясының мүрагерлері үстемдік етті, Шыңғысханның үрпақтары ақсүйектер тобын қүрды, ал Шыңғысхан Жасағының (Яса), зандар жинағы негізінде XVII ғасырда қазақтардың «Жеті Жарғысы» дүниеге келді. Ак Орда. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында орналасқан Алтын Ордадан Ақ Орда дербес мемлекет болып болінді. Бастапқы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісудың солтүстік-батыс болігі, Ертіс жағалауы Жошының үлкен үлы Орда Ежен үлысы болып, ол Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу, Арал жағалауындағы далалық, Сырдарияның төменгі сағасы Жошының келесі үлы Шайбан үлесіне тиіп, оны Ақ Орда деп атады. Кейін Шайбан үлысы Орда-Ежен үлысының қүрамына енген соң мемлекет Ақ Орда деп аталды. Оңтүстік Қазақстан Ақ Орда орталығына айналып, астанасы Сығанақ қаласының осында болуы Орта Азия мен Хорезмнің отырыкшы түрғындарымен араласуына мүмкіндік берді. Ақ Орда Мүбарак-Қожа-ханнан (1320-1344) бастап, жергілікті түрік және түркіленген жоғары билеушілерінің эконом и калы к және саяси ахуалды нығайтуы арқасында Алтын Ордаға тәуелді болмады. Ақ Ордада Орыс хан (1361-1380) билік қүрып түрған кезде мемлекеттің қуаты күшейді, ол енді Алтын Орданың тағына коз тіге бастады. 1368 жылы Орыс хан Еділ бойына жорық жасады. 1374-1375 жж. Сарайды басып алып, Қажы-Тарханды (Астраханьды) қоршап, Кама бүлғарларын бағындырды, шежірелерде бүл «Орысханның киіз үйлері» деп аталады. Бірақта Орыс ханның жеңістері баянды бола коймады, оны Мамай хан 72


қыспаққа алды. Орыс хан осыған байланысты Ақ Ордаға қайтуға асықты, өйткені, оған оңтүстік шекарадағы иелігін (Сырдария озенінің бойын) бақталасы әрі Орта Азияның билеушісі Әмір Темірден қорғауға тура келді. Ішкі қақтығыстар және Әмір Темірмен болған соғыстар салдарынан XVI ғасырдың бас кезінде Ақ Орда әлсірей бастады. 1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталасын тақтан тайдырып, Ақ Орданың билігін тартып алды. Осы кезде Сырдарияның орта ағысындағы оңірді және негізгі қала саналатын Сығанақты Ақсақ Темірдің немересі Үлықбек жаулап алды. 1425-1426 жж. Барақ Үлықбекке қарсы соғысқа аттанды. Ол жеңіске жетіп, Сығанақты және басқа Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алды. Бірақ. 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік шайбанидтер династиясының қолына отті, Барақ олгеннен кейін Ақ Орда аумағының басым бөлігін олар иеленіп алды. Жаңа билік басына Әбілхайыр хан келді. Моғолстан. Шыңғысханның балаларына жер бөлінген кезде Жетісу оңірі оның екінші үлы Шағатайға берілді. Ол Жетісумен қоса бүкіл Шығыс Түркістан мен Мауараннахрға билік етті. Шағатайлықтардың астанасы Алмалық болды, ал ханның жазғы ордасы Іле бойына орналасты. Үлысты бірінші басқарған Шағатай шыңғыс үрпағының арасында үлкен беделге ие болып, өзінің інісі үлы хан Үгедейге ықпал ете білді. 1241 жылы Шағатай қайтыс болған соң оның немересі Қара-Хулагу хан болды. XIII ғасырдың 50-ші жылдары Жетісуды үлы хандар биледі, ал 1260 жылы мүнда Шағатайдың немересі Алгуй таққа отырды. Одан тақты Үгедейдің немересі Хайду алды, ол билік етіп түрғанда шағатай мемлекеті түпкілікті рәсімделді. 1269 жылы Таласта қүрылтай болып, онда Монгол империясынан бөлініп, тәуелсіз мемлекет қүруға шешім қабылданды. Мемлекеттің билеушісі болып Хайду сайланды (1269-1301). Оның иелігіне Жетісу, сондай-ақ Сырда-рия бойы мен Мауараннахр енді. Хайду қайтыс болған соң билік Шағатай үрпағына қайтатиіп, билікбасынаТуба(1307-1318) келді. 1346 жылы Қазан хан өлімінен кейін Шағатай үлысы екіге болінді. Шығыс бөлігіне Орта Азияның солтүстік-шығысы, Жетісу және Шығыс Түркістан еніп, Моғолстан мемлекеті қүрылды. Мемлекеттің негізін салушы оның бірінші билеушісі шағатайлык Тоғлық-Темір (1347-1362) болды. Тоғлық-Темір үлыстық жүйені сақтады. Жоғарғы үлыс бегі мүрагерлік 73


дәстүрмен жалғасты. Тоғлық-Темір Мауараннахрды жаулап алғаннан кейін, Самарқандқа келіп бекінді. Тоғлық-Темір қайтыс болғаннан кейін оның үлы Ілияс Қожа хан болды. Ол да әкесі сияқты Мауараннахрға жорықтар жасады. Ілияс Қожа-хан қайтыс болғаннан кейін Моғолстанда іштей өзара қырқыс үзақ уақытқа созылды XV ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанда Қызыр қожаның үлдары мен немерелері арасындағы жағдайдың шиеленісуімен қатар, олардың Темір үрпақтарымен, ойраттармен соғысуына да тура келді. Темір үрпақтары Шығыс Түркістанды Моғолстаннан қалайда бөліп алғысы келді. Уайыс хан (1418- 1428) төніп түрған қатерден сақтанып, астананы Шығыс Түркістаннан Же^ісуға амалсыз көшірді. 30-шы жылдардың ортасында билік Уайыс ханның үлдарының бірі - сүлтан Есенбүғыға көшті. Мүндай жағдаймен келісе алмаған екінші үлы Жүніс (Юнус) 30 мың отбасын қасына ертіп, Моғолстаннан көшіп кетті. Есен-бүғы қанша күш салғанымен Моғолстан үзақ уақыт бойы саяси дағдарыстан шыға алмады. XVI ғасырдың ортасында көптеген тайпалар мемлекет аумағынан көшіп кетті. Есен-бүғы тек Қашғарияның бір бөлігіне ғана билік етті. Көшпелі бекзадалардың өзара алауыздығы мен билікке таласуы XV ғасырдың аяғында XVI ғасырдың басында Моғолстанның қүлауына әкеп соқтырды. Моғолстан хандарының өзі билеген аумақта шағатайлықтардың саяси үстемдігін қайта орнатпақшы болған әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды. XVI ғасырдың ортасында ол дербес мемлекет ретінде өмір сүруін мүлдем тоқтатты. Темір мемлекеті. Моғолстан билеушісі Тоғлық-Темірдің XIV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда болашақ қуатты мемлекет басшысы болатын адамға «көмегі» тиді. 1361 жылы ол Темірге үлкен түменді басқартьіп, барлас тайпасының басшысы етті, осы сөттен бастап билік баспалдақтарымен жоғары көтерілді. Темір барлас тайпасынан шыққан моңғолдың кішігірім әмірі болған Тарағайдың отбасында дүниеге келді. Ол жас кезінен-ак нөкерлер жасағын қүрып, өзінің даңққүмарлығымен, билікке үмтылуымен және өте қаталдығымен ерекшеленді. Темір алдына қойған мақсатына жету үшін айла-тәсілдің бөрін қолданып, тіпті кісі өлтіруден де тайынған емес. XIV ғасырдың 60-шы жылдары ол белгілі моңғол өмірі Хусейнмен араласып, оның қарындасына 74


үйленді. Жас әмірлер көршілеріне шабуыл жасап, оларды тонап, өздерінің атын шығарды. Әрине, ондай әрекеттері үнемі сәтті бола бермеді. Бірде жеңіліп қалған олар 62 күн бойы қарсыластарының түтқынында болды. 1366 жылы ОңтүстікБатыс Ауғанстанға шабуыл жасаған бір соғыстаТемір аяққолынан жараланды. Жетісу мен Қашғариядағы көшпелі моңғол жасақтарымен соғыс кезіндегі халықтың толқуын пайдаланған Хусейн мен Темір Самарқандты басып алды. Бірақта билік үшін күрестің ақыры жақын адамдардың өзін бір-біріне жау еткізді. Бүл орайда Темірдің мерейі үстем болып, 1370 жылы өзінің жауына айналған бүрынғы досы Хусейн бас сауғалаған Балх қаласын қоршауға алды. Қала жойқын шабуылға төтеп бере алмады. Түтқынға түскен Хусейн Темірдің бүйрығымен өлтірілді. Енді өзіне қарсы келетін бақталас бола қойған жоқ. Қүрылтайда оны әскери қолбасшылар мемлекет басшысы етіп жариялады. Темір отыз бес жыл бойы патшалық қүрған кезінде Хорезмге, Парсыға, Индияға, Кавказ жеріне, Кіші Азияға, Қазақстан даласына жиі жорықтар жасаумен болды. Ол әскери қуатты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Оның сарбаздары соғыста жеңілудің не екенін білмеді, соғыс тактикасын жете меңгерген Темір жау шебінің жағдайын барлауға жансыздарды жіберу тәсілін шебер пайдаланды. Мақсатқа жету жолында дуаналарды, пақырларды, ламаларды, христиан тахуаларын пайдалана білді. Алтын Орда қолдауына сүйеніп, үзақ уақыт бойы тәуелсіз болып келген Хорезмді Темір өзіне бағындырып алды. Ол Хорезм аймағына алты рет жорық жасады. Оның әскерлері жаулап алған жерлер қүлазып қалатын. Хорезмнің астанасы Үргеніш толығымен қиратылып, түтінге оранған үйінділерге Темірдің бүйрығы бойынша жүрт көзінше қара бидай себілді. Темір өзінің бүрынғы қолшоқпары болған Алтын Ордадағы Орыс ханның үлы Тоқтамыс ханмен соғысты.1376 жылы Тоқтамыс Самарқандқа бас сауғалап қашып келгенде Темір оны жақсы қарсы алған болатын, Темірдің алмас қылышты әскерлерінің көмегімен Отырарды, Сауран және Ақ Орданың астанасы Сығанақты жаулап алды, оны осында хан сайлады. Алайда Тоқтамыс Темірдің үмітін ақтамады. Кейін Алтын Орданың ханы болып алған соң, 1388 жылы Темірдің иелік ететін аймағына шапқыншылық жасап, шүрайлы жерлерін тонады. Мүндай қасиетсіз вассалды тәубасына келтіру үшін 75


Темір жедел әскери экспедиция жасақтап, Тоқтамысты окшелей қуып, Қазақстан даласы аркылы Алтын Орда жеріне келіп кірді. Темір әскері Сарай-Берке астанасын, сондай-ақ Қырым мен Солтүстік Кавказдьщ қалаларын қиратты. Темір Жетісуға да бірнеше жорық жасап, Чарын мен Ілеге дейін жетті. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды өз мемлекетінің қарамағына қосып алды. Отырар, Сауран, Сығанақ, Созақ, Тараз, Аспара қалаларына өзінің әскери гарнизондарын орналастырды. Сонымен қатар Темір парсы жеріне шабуыл жасап, көптеген жекелеген иеліктерді жаулап алды. Қатыгез басқыншы коп күш жүмсамай-ақ, Гератты, Балхты бағындырды және Әзірбайжанды, Грузия мен Арменияны жаулап алды. 1398 жылы ол Индияға жорықты бастады: Делиге жетіп, қаланы талқандап, Самарқандқа мол олжамен оралды. Батыста Темір әскері Кіші Азия мен Сирияға басып кірді, 1402 жылы Анкара қасындағы шайқаста осман сүлтаны Баязидтің әскерін талқандап, Византия империясының қүлауын жеделдетті. 1404 жылы Темірдің көптен ойында жүрген Қытайға шабуылы басталды. Темір өз әскерін Сырдария мен Жетісу арқылы өткізуге шешім қабылдады. Жылдың аяғында 200 мың әскерді Сырдария жағасындағы Отырар мен Сауранға шоғырландырды. Бәрі де сақадай сай түрды, тек жорыққа аттануға берілетін бүйрықты күту ғана қалған еді, бірақ тағдыр оған оны жазбады. 1405 жылы ақпанда Сырдария озенінен өтерде салқын тиіп ауырып қалған Темір Отырар сарайының бірінде қайтыс болды. Оны Самарканд қаласына жерледі. Темірдің өлімінен кейін күшпен қүрылған алып империя бірден бүрқ ете түскен династия ішіндегі билікке таласқан күрес салдарынан қүлады, бірақ оның үрпақтары өлі де біраз уақыт бойы Темір жаулап алған аумақтарды оз қолдарында үстауға тырысып бақты. Тарихта Темірдің есімі оның қанды жорықтарымен ғана емес. бүгінге жеткен мәдени ескерткіштерімен де белгілі. Темір сәу.іет өнерінен ешқандай қаржы аяған жоқ, себебі бүл мемлекеттің беделін көтереді деп ойлады. Үргенішті талқандаған соң ол барлық ғалымдарды, шеберлерді, қолонершілерді Самарқандка жинап, тонап алынған қүнды бүйымдарға Шахриябзде атақты Ақ-Сарай сарай салғызды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған сәулетшілер мен шеберлер тек салтанатты сарайлар салып қана қойған жоқ, сонымен қатар мешіт, медреселер түрғызды. Тап сол 76


кезде, XIV ғасырда, Гур-Әмір, Бибі-Ханым, Шахи-Зинда тәрізді корнекті ескерткіштер бой котерді. Түркі дүниесінің көшпенділері мен отырықшы түрғындарының әулие түтатын Ахмет Яссауидің Түркістан қаласындағы зиратының үстіне Темірдің әмірімен қазіргі Ахмет Яссауи мазары салынды. Темірдің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның қүрылысы толық аяқталмай қалды, ал салынып үлгергенінің өзі таңғажайып сәулетімен корген жанды таңғалдырады. «Үлы әмір айрықша саяси болжамдылығымен ерекшелене білді, деп жазды Ахмет Яссауи мазарын зерттеушілердің бірі белгілі археолог М.Е.Массон, кошпенділердің үлттық қасиет түтатын жерін қастерлеп, олардың көңілін табуды, ислам дінін үстайтын халықтардың рухани бірлігін нығайтуды ойлаған ол империяның күш-қуатын көрсету жолын іздестірді, міне, мақсаттарды жүзеге асыру үшін XIV ғасырдың аяғында мемлекетіңің аумағында орта азиялық сәулет өнерінің ғажайып ескерткішін түрғызды». Темір Отырарға жақын мандаты Ахмет Яссауидің үстазы болған Арыстан-Баб зиратына ескерткіш түрғызуды да естен шығармады. Халық аңызы бойынша оқиға былай болған, шеберлер Қожа Ахмет Яссауи мазары қүрылысына кірісіп, оның қабырғаларын қалап жатқанда, түн ішінде бір бүқа келіп түрғызылғанның бәрін сүзіп қүлатып тастайды, бір түнде қүрылыстың бәрі жермен жексен болып, үйінді топырақ қалады. Темірді бүл оқиға ерекше ойландырып тастайды. Сол кезде оған бір ақсақал келіп, Қожа Ахметтің алдымен озінің үстазы Арыстан-Бабқа ескерткіш орнатуын қалайтындығын айтады. Міне, осыдан кейін барып, Түркістанда салынып жатқан мазар қүрылысы ешқандай кедергісіз жүре береді. Өкінішке орай Арыстан-Бабқа салынған ескерткіш сақталмады. Қазір Отырардың шығыс жағында үш шақырым жерде XIҮ ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында салынған ескерткіш орнында XIX ғасырда қайта салынған кесене қүрылысы түр. Алғашқы қүрылыстан сақталғаны қара ағаштан жасалған екі бағана ғана. Төрт қырлы бағананың биіктігі 3,5 м, оның жүмыр бөренеден жонылғаны байқалады, төменгі бөлігінде шаршылар ойып салынған, геометриялық өрнектері бар. Бағананы әсемдеу элементтері Ахмет Яссауи мазарының ағаш есіктеріндегі оюларды еске түсіреді. Темірдің әскери жорықтарынан кейін Моғолстанда феодалдық бытыраңқылық күшейді, XV ғасырдың бірінші 77


ширегінде Ақ Орда ыдырап, Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығына бөлінді. Әбілхайыр хандығы. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орда қүлағаннан кейін қазақ даласын 1428 жылы Шыңғыс ханның түркіленген үрпағы, Дәулет-Шейх-Оғлан үлы Әбілхайыр хан бағындырды. Қазақ даласында қырық жылдай билік жүргізген ол қатыгез әрі зүлым билеуші болды. Оның мемлекетінің өзбек деп аталатын үлысы әртүрлі түркі тілдес көшпенді халыктардан күралды, бірақ олардың жалпы атауы өзбек делінді, ал бүл сөздің шығу төркіні белгісіз. Әбілхайыр алдымен Алтын Орданың бөлшектеніп кеткен жүртын біріктіруге, бір орталықтан басқарылатын мемлекет қүруға белсене кірісті. Осы мақсатқа орай XV ғасырдың 30-шы жылдарының бас кезінде ол Жошы үлдарының бірі ТоқаТемірдің үрпақтары Махмуд хан мен Ахмад ханға қарсы жорық үйымдастырды. Әбілхайыр бүл соғыста жеңіске жетіп, ОрдаБазарды басып алды, осы жерде оның қүрметіне хүтба (уағыз) оқылып, оның есімі жазылған тенге шығарылды. 1446 жылы Әбілхайыр Сырдария өзенінің бойын және Қаратаудағы Созақ, Сығанақ, Ақ қорған, Үзгенді қалаларын жаулап алды. 1457 жылы ол ойраттармен соғыста жеңіліп қалды. Әбілхайыр мен ойрат билеушісі Өз-Темір-тайшы әскерлері арасындағы шайқас Сығанаққа таяу жердегі Көк-Кесенеде болды. Әбілхайыр ойсырай жеңіліп, амалсыздан Сығанақ бекінісіне шегінді. Ойраттар жергілікті жерде кездескен қарсылықтарға қарамастан Сырдария алқабын жаппай тонауға кірісті. Түркістан, Ташкент, Отырар және тағы басқа қалаларды жаулап алды. Әбілхайыр амалсыздан ойраттар пайдасына жасалған бітімге келісуге мәжбүр болды. Әбілхайыр жеңілген соң, бүл хандықтан көшпенділердің бір бөлігі сүлтандар Керей мен Жәнібектің бастауымен Моғолстанға көшіп кетті. Олар Шу өзенінің бойындағы Қозы-Басы жеріне барып қоныс тепті. Кошпенділерді кері қайтармақшы болған Әбілхайыр Жетісуға жорық үйымдастырды, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болып, оның өскері кері оралды. Әбілхайыр өлгеннен кейін Шейх-Хайдар есімімен аты шыққан Шах-Бодақ мүрагер болды. Билер мен сүлтандардың бірлескен қарсылығына байланысты ол елді басқара алмады. Ибақ, Мүса, Жамбыршы, Сарай ханы болған Ахмед, Жәнібек пен Керей одақтасып, Әбілхайырдың үрпақтарына қарсы бірікті. Одақтастар 78


Шах-Бодақты өлтірген соң, оның үлдары Махмуд пен Мухаммед Шайбан Самарқандқа қашып кетті. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мемлекеті қүлады. Соның нәтижесінде бүрынғы қуатты Алтын Орданың ізі жойылды, енді оның аумағында Қазақ, Ноғай, Сібір деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда болды. Сонымен XVI ғасырдың басында «қазақ» пен «өзбек» атаулардың аражігі ажыратылды. Бүрынғы өзбек үлысының түрғындары енді қазақтар деп аталып, Қазақ хандығына бағынышты болды, ал Орта Азияның түркі тілдес халықтарының ішіне сіңіп кеткен Әбілхайыр ханның үрпақтары өзбектер деп аталды. Ноғай Ордасьі. XV ғасырдың ортасында Алтын Орда қүлағаннан кейін Батыс Қазақстан аймағында Ноғай ордасы деп аталатын (бірінші атауы - Маңғыт жүрты) дербес мемлекет пай да болды. Ноғай Ордасының жартылай тәуелсіз ел болып оқшаулануы Алтын Орданы басқарған Едігеден (1396-1411) басталды. Бүл мемлекет Едігенін, үлы Нүр-ад-Диннің түсында (1426-1440) түпкілікті бөлінді. «Ноғай», «ноғайлар», «Ноғай Ордасы» терминдері әдебиетте бірінші рет XVI ғасырда ғана пайда болды. Ноғай Ордасында маңғыт тайпасының өкілдері билік етті. Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы кең дала Ноғай Ордасының негізгі орналасқан жері болды. Шығыста ноғайлар Жайықтың сол жағалауында, оңтүстік-батыста Арал мен солтүстік Каспий маңында, тіпті Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі аралықта көшіпқонып жүрді. Ноғай Ордасындағы саяси билік пен экономика тізгіні Едіге қарауындағы маңғыт әмірлерінің қолында болып, руды басқару мүрагерлікпен жүзеге асты. Алтын Ордаға жататын бөліктер аумағында Едіге үрпағының келісімінсіз шыңғыс түқымынан хан сайланбайтын болды. XV ғасырда Ноғай Ордасының саяси өмірінде Едіге әулетінен шыққан Уақас-би, Мүса мырза, Жамбыршы және т.б. маңызды рөл атқарды. Ноғай Ордасының қүрамында маңғыттармен қатар қоңырат, найман, арғын, қыпшақ, кенгерес, қарлық, алаш, тама және басқа тайпалар болды. Бүл тайпалардың басшылары билік пен жерге таласып, өзара қырқысумен болды. Алтын Орда қүлағаннан кейін орнына пайда болған хандықтар этникалық қүрылымдары жағынан біріксе, ал Ноғай ордасы бүл процеске саяси түрғыдан қарады. Ноғай Ордасын қоныстанған тайпалар қазақ халқының қалыптасуына игі эсер етті. Ш.Уәлиханов Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы түрғындарының өзара туысқандығы туралы 79


айтқан болатын. Ол қазақтың бірінші ханы Жәнібек кезінде ноғайлар мен қазақтардың, яғни «екі туысқан орданың» арасында достық қатынас болғанын атап көрсетті. Ондай қатынастар кейін де жалғасты, мысалы, XVI ғасырдың орта кезінде Хакназар ханды «қазақ пен ноғай ханы» деп атағаны туралы шежірешілер жазып қалдырған. Қазақтың ауыз әдебиетінде бүл кезең туралы айтылған эңгімелер жиі кездеседі. Бірақ олардың одактастығы әркез сақталды деуге тағы болмайды. XVI ғасырда Ноғай Ордасы Орыс мемлекетімен біртіндеп сауда-экономикалық және саяси байланыстарды нығайта түсті. XVI ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті, ал осы ыдырау кезінде орда түрғындарының бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзіне қосылды. 4.3. XIII ғасырда және XV ғасырдын бірінші жартысындағы Қазақстаннын экономикасы мен мәдениеті Қазақстан аумағында орта ғасырлардағы ең қуатты мемлекеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасы ның пай да болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мәдениетінің оркендеуіне эсер етті. Барлық жерде пошта мен жәмшік қызметтері енгізілді. Орталық Қазақстан кошпенділерінің жерінен Азия мен Еуропаның отырықшы аудандарына әртүрлі мәліметтер таситын дипломатиялық және діни миссиялар кедергісіз отіп отырды. Отырықшылық пен көшпенділер мәдениеттері шын мәнінде бір-бірімен араласып отырды. Қала мен дала арасындағы орнатылған тығыз байланыс нәтижесінде қолөнер мен керуен саудасы жедел дамыды, экономикалық қуатының артуы арқасында Алтын Орда үзақ уақыт бойы омір сүрді. Қалалықтар мен көшпенділердің шаруашылық жүргізу тәсілдерінде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтар болды. Бірақта оның өзі кошпенділер қүрған мемлекеттің нығаюына оңтайлы жағдай туғызды. Алтынордалық қалалардың салынуы мен дамуы билікті бір орталықтан басқаруға үлкен ықпал етті. Қала қүрылысы оркендеп, сыртқы сауданың аясы кеңіп, орасан үлкен аумақты алып жатқан елде ақша айналымы пайда болды. Қалалар елдің әкімшілік орталықтарына айналды, онда атқару. басқару және салық мекемелері орналасып, билікті нығайтуға өз ықпалын тигізді. 80


Шаруашылықтың негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпенді-моңғол империясын қүруға байланысты жүргізілген шаралар малшылардың дәстүрлі жайылымы мен қоныс тебуін өзгерте алған жоқ, Шығыс Дешті Қыпшақтың тайпалары қыстауға Сырдария бойына, Қаратауға келді. Батыс қазақтары тайпаларының қыстағы Еділ сағасында және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында және Сырдарияның төменгі сағасында орналасты, жазда Еділ мен Жайықтың шүрайлы жерлерін бойлай жоғары көтерілді. XIII- XV ғасі^рларда Қазақстан түрғындарының әлеуметтік күрылымы сословиелік-таптық негізде болды. Моңғол шапқыншылығынан кейін олар Қазақстан аумағында өздерінің билеуші «ақсүйектерін» қалдырған еді. Елді басқаратын жоғары билік Шыңғыс әулетінен сайланатын хан жөне шыңғыс үрпағы болғанымен хан бола алмайтындардан (сүлтан, оғлан) қүрылды. Олар мемлекетті басқаруда ру тайпаларының ақсүйектерін қүрайтын әмірлерге, бектерге, билерге, байларға сүйенді. Отырықшы және көшпенді халықтардың көпшілігі «қараша» «жай халық», «кедейлер» деп аталды. Мемлекеттердің этникалық қүрамы жиі өзгерісте болды. XIII ғасырдағы үлы дүрбелең кезінде бүрынғы қоныстарынан ығысып көшкен халықтардың жаңа қоныс мәселесі шешілмеді. Қоғамды басқарудағы үлыс жүйесі олардың этникалық жағынан бірігуіне жол бермеді. Алтын Орданың бір орталықтан басқарылатын билігі күшейген кезде ғана этникалық бірігу процесі жүзеге аса бастады. XIII ғасырда дала тайпалары жалпылама түрде «қыпшақ» деп аталса, XIV ғасырда «ноғайлы», кейін XV ғасырда «өзбек-қазақ» деп аталды. Алтын Орда дәуірінде көшпенділер отырықшылық өмір сүріп, егін шаруашылығының игілігін көрді. Алтын Орданың мәдениеті екі арнаға бөлінгенімен, бір-бірімен өзара үйлесім тапты. Демографиялық жағынан бүл мәдениетті Еуразияның көшпенділері мен отырықшы халықтары күрады. Соның нәтижесінде Сығанақтың, Женттің, Сауранның, Отырардың мәдениеті қайта қалпына келтіріліп, өркендеді. Қалаларда қыш өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау, алтындау, зергерлік, әйнек өндіру, сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу төрізді кәсіптер дамыды. XV ғасырдың ортасында сауда-саттық қайтадан жолға қойылып, Орта Азияда тауар-ақша қатынасының айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда 81


жэне баска Қазакстанның калаларында кейіннен табылған теңгелер дәлел. Орталык Қазакстандағы Жошы хан (ХІУғ.) мазары, Тараздағы Дәуіт-бек мазары (XIV ғ.), Орталык Қазакстандағы Алаша хан мазары (XIV-XV ғғ.), Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазары (XIV-XV ғғ.), Сығанактағы Көк Кесене, Отырардағы мешіт ғимараты, монша кұрылыстары (XIV-XV гғ.) сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады. XIII-XV ғғ. рухани өмір кайта жаңғырғанымен, моңғол тілі Қазакстанда кең тарала алмады, Мөңке мен Батый хан тұсында бүкіл мемлекеттік жэне ресми кұжаттар түркі тілінде жүргізілді. Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиет кыпшак, огыз жэне карлүк тілдерінде жүргізілді. XIII-XIV ғғ. Қыпшак тілінде дінидидактикалык сипаттағы біркатар кітаптар мен сөздіктер шыкты. Бүл орайда мы на әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс куманикус», «Оғызнама», сондай-ак авторлык туындылар, яғни Хорезмидің «Мухаббат-намасы», Кутбтың «Хұсырау мен Шырыны», Сайф Саранның «Гүлістан би-түркі», Дүрбектің «Жүсіп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» жэне т.б. XIII-XV ғғ. жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі жанры - ауыз эдебиеті катар дамыды. Әсіресе бүл кезенде жыршылык дәстүрге ерекше мэн беріліп, Асан кайғы, Қазтуған, Доспамбет жэне Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасына кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дэрежесі жоғары шығармашылык құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғыдан басталады. Халыктың айтуынша, Кетбүғы Шыңгысханға арналған сазында Жошының өліміне байланысты жоктау айткан екен. Токтамыс ханның тұстасы болтан Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін белсене күрескен. Жыраулардың есімі халыктың ауыз әдебиеті мен біркатар жырлары аркылы казіргі ұрпакка дейін жетіп отыр. Ауызша айтылып келген эпостык шығармалардың орны ерекше. Эпостык жырлар («Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Сайын») Алтын Орданың тарихын, хандардың кызметі мен батырлардың сырткы жаулардан елді корғаудағы ерліктерін мадактап, жырга косты. XIV ғасырдың орта кезінде Қазакстан даласында ислам діні кеңінен тарады. Қазакстанда исламды насихаттау үшін діни суфизм ағымы - яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшак тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары 82


жазылды. 1430 жылы Қүранға, оның сүрелеріне түсіндірме берілген «Китаб мукаддима» еңбегі жарық көрді. 1421 жылы Египетте шыққан «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдетғүрыптары, шариаттың мінез-қүлық ережелері, діни қүқықтары туралы жан-жақты жазылды. Дегенмен көшпелі бүқара халықтың санасында дәстүрлі діни нанымдар сақталып қалды. Қорыта айтқанда, XII1-XV ғасырлар кезеңі Қазақстан түрғындары үшін материалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гүлдену дәуірі болды. Түтастай алғанда, бүл кезеңде қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды. 83


Ү ТАРАУ ХҮ- ХҮІІ ғғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ 5.1. Қазак халкының этникалык процестері мен қалыптасуыныц аякталуы Қазақ халқының этногенезі (шығу тегі) коне заманнан басталады, бүл мәселе лингвистикалық және антропологиялық түрғыдан зерттеліп келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үндіеуропалық және түркі кезеңі деп екі топқа бөлуге болады. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ-І мыңжылдықта Қазақстан жеріндегі түрғындар өздерінің шаруашылық, мәдени, лингвистикалық және антропологиялық жағынан үнді-еуропалық тегінің ежелгі ирандық бүтағына кірді. Кейін оларды алғашқы темір дәуіріндегі сақ тайпаларының мейілінше бір текті мәдениеті алмастырды. Қазақстан және оған жақын орналасқан аймақтағы сақ тайпаларының белгілі ескерткіштеріне Аржан, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері, Алтайдың Пазырық қорғаны, Бесшатыр пирамидалары, Жетісудың Есікқорғаны, Тарбағатайдағы Шілікті моласы, Оңтүстік Қазақстандағы Үйқарақ және Тегіскен. Арал жағалауының ескерткіштері және т.б. жатады. Сақ тайпаларының кескін-келбетінде кейін моңғол типтес өзгеріс байқалды. Сақ мәдениетінің ізі қабір қүрылыстары мен жерлеу әдетғүрпында, қыш бүйымдарында, түрмыс-салттарында, онерінде. идеологиясында, қару-жарақтарында, ат- әбзелдерінде және т.б. кездеседі. Сақтайпасы мал шаруашылығымен айналысып, кошпелі өмір салтын үстаған. Олардың тілі шығыс иран тайпаларының тілімен сәйкес келеді. Қазақстан аумағында түрған тайпалардың атауы сол кезеңнің жазба әдебиеттерінде кездеседі, оның ішінде тур, дах, сақ, сақ-тиграхауд, ортокарибант, массагеттер, сарматтар, аландар жөне аорс, исседондар және т.б. бар. Қазақстанның ежелгі түрғындарының екі мың жылға созылған үнді-ирандық негіздегі этногенез процесін б.з. денінгі 1 мыңжылдықтын, аяғында шығысирандық бірқатар кошпенді тайпалардың (сэ, үйсіндер және т.б.) араласуы тежеп тастады, олардың ішінде тохар да (юечж) болуы мүмкін, сонымен қатар хун және түрік этникалық топтардың қоныс аударуы жоғарыда аталған процесті мүлдем басқа арнаға бүрып жіберді. Біздің 84


заманымыздың бас кезінде Қазақстан аумағын ортүрлі иран жоне түркі тілдес тайпалар мекендеді. Оңтүстік Қазақстан Қаңлы этносаяси бірлестігіне қарады. Қытай династиясының хроникасында, оның ішінде «Цянь Ханьшу» қүжатында олардың солтүстік батысында Яньцай мемлекетінің орналаскандығы жазылған. «Хоу Ханьшуда» Яньцай иелігі кейін Аланьляо (Аландар) болып қайта аталғаны келтірілген. Қазақстан б.з. бір мыңжылдығының орта кезінде жужандардың, аварлардың, теле қауымдастығына жататын түркі тілдес тайпалардың ықпалында болды. Қазақстан аумағы б.з. I мыңжылдығының екінші жартысында Ежелгі-Түрік, Батыс-Түрік, Түркеш және Шығыс-Түрік қағанатының шебінде қалды. БатысТүрік қағанаты Жоңғария мен Алтайдан бастап Жетісу мен Қаратаудың шығыс жоталарына дейінгі орасан зор аймақты алып жатты. Оңтүстік-Шығыс Қазақ-стандағы саяси билік ҮІІ ғасырдың аяқ кезінде Шу-Іле өзендері аралығын мекендеген сары түркеш және қара түркеш деп бөлінетін түркештерге ауысты. ҮІІІ ғасырдың ортасында арабтар мен қарлүқтардың шапқыншылығы нәтижесінде түркештер біржолата талқандалды. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Қазақстан түркі тілдес тайпалар қарлүқтардың ықпалында болды. X ғасырда олар саяси биліктен айырылып, қарахандардың этносаяси бірлестігінің қүрамына енді. IX - XI ғасырларда Қазақстан жері оғыздардың мекеніне айналды, олар Батыс Жетісудан жылжып, Сырдарияның орта аңғарын, Арал бойын, одан әрі Солтүстік Каспий жағалауын, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендерін, Мүғалжар тауларын, Орталық және Батыс Қазақстанды түгелдей жаулап алды. IX ғасырдың аяғында Еділ мен Жайықтың орта ағысын өзіне қаратып әрі қарай батысқа жылжыды. Оғыздардың кескін-келбеті моңғолдық антропологиялық түрге көбірек үқсады. ҮІІІ - IX ғасырларда Солтүстік-ІІІығыс Қазақстан өңірінде, әсіресе Ертіс бойында қимақ тайпаларының одағы күрылды. XI ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы саяси билікті Орталық Азиядан ығысып келген, теле жоне тоғызоғыз арасынан шыққан сеяньто тайпасымен этникалық байланысы бар қыпшақ тайпаларының одағы оз қолдарына алады. Қыпшақтардың бет келбеті оңтүстіктің антропологиялық типіне өте үқсас, сондай-ақ онда моңғолдық тек те байқалады. XI ғасырда қыпшақтар Ертіс бойын, Сары Арқаны мекендеді, ал XII 85


ғасырда Еуразияның төменгі белдеуіндегі барлық дала аймақтарында түрды. Қыпшақтардың жергілікті түрғындар иемектер, баяндүрлер, қанлылар, печенегтер, оғыздар, югурлар, кайлар немесе үрандар, башқүрттар, қидандар және т.б. қандары араласып, нәтижесінде этникалық күрамдар пайда болды. Сол кезеңнен бастап қыпшақ тайпаларының мекендеген жері шығыс деректерінде Дешті Қыпшақ, ал орыстардың жылнамасында Половецтер даласы деп аталған. Моңғол шапқыншылығына дейін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағын қидан тайпалары, ал кейінірек наймандар мен керейлер және т.б. коныстанған еді. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі түрғындардың әртүрлі этникалық қауымдастығы мен антропологиялық түріне өзгерістер әкелді. Көшпелі тайпалардың әрлі-берлі көшіп-қонуы да қан алмасуына көп эсер етті. Моңғол шапқыншылығының дәуірі түркі (басым бөлігі) және моңғол көшпенділерінің жаппай енуімен сипатталады. Осыған орай академик В.В.Бартольд монгол шапқыншылығының Еуразияның кең даласында түрік тайпаларының саяси ықпалының артып, үстемдігінің күшейгенін көрсетеді. Деректерде қоныс аударушылар мен түрғылықты халықтардың өзара қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер жиі кездеседі. XIII ғасырда Ал-Омари былай деп жазды: «Бүл мемлекет ертеде қыпшақтар елі деп аталған. Бірақ татарлар жаулап алғаннан кейін қыпшақтарды қоластына қаратты. Кейін татарлардың қаны олармен (қыпшақтармен) араласып, өздері бір-бірімен туысқан болып кетті, сондай-ақ табиғи және нәсілдік сапалары өзгеріп, бәрі бір рудан шыққандай қыпшаққа айналған моңғолдар (татарлар) қыпшақ жерінде қоныстанып, біржолата қалып қойды». Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан аумағында Шыңғыс ханның үлдары билік қүрды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Шағатай үлысына қараса, ал қапған аймақтардың бәрі Жошы үлысының қүрамына кірді. Жошы үлысының негізінде кейінірек Көк Орда (Орда - Ежен үлысы), Ақ Орда немесе Алтын Орда (Батый ханның үлысы) және Сибанның (Шейбанның, немесе шейбанидтердің) үлысы тәрізді ірі этносаяси бірлестіктер пай да болады. Шағатай үлысының Орта Азиядағы жері батыс, ал Жетісудағы (Моғодстан) аумағы шығыс болып, екі бөлікке бөлінді. 8 6


ХІҮ ғасырдың орта кезінен бастап Кок Орда, Сибан үлысы және Ақ Орданың бір бөлігінің түрғындары шежірелерде «өзбек» (Өзбек ханның есіміне байланысты болса керек) деп аталады. Жайықтан шығыстағы Тобылға, Елекке, ЬІрғызға дейін, оңтүстікте Арал теңізінен Сырдарияға, Шуға дейін, Сарысудан солтүстіктегі Тобылдың ортаңғы ағысы мен Батыс-Сібір ойпатына дейінгі аумақта көшіп-қонып жүретін Шығыс Дешті Қыпшақтың түркіленген тайпаларының орасан зор бөлігі көшпелі өзбектер бірлестігінің қүрамына кірді. В.П. Юдиннің пікірінше, «өзбек» термині ХІҮ ғасырдың өзінде-ақ Қазақстан аумағында этникалық мағынаға ие болған. Осы кезде Батыс Қазақстанда Маңғыт жүрты атты ірі бірлестік қүрылды. XY-XY1 ғасырларда Қазақ хандығы күрылды, тарихнамада бүл Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінен басталады. ХҮ ғасырдың аяғына дейін «өзбек» деп аталып келген Өзбек үлысының бірталай халқы Шейбани хан Орта Азияны жаулап алғаннан кейін сонда қоныс аударған, ал Қазақстан аумағындағы қалған көшпенділер «өзбек - қазақ» деген атауға ие болды. Сол кезден бастап қазақ хандығындағы көшпенділердің бәріне «қазақ» аты тән. «Қазақ» атауының шығу тегіне байланысты академик В.В.Вельяминов - Зернов және оның пікірін жақтаушы В.В.Бартольд және А.Самойлович, С. Ибрагимов, сондай-ақ бүл атаудың нақты түсінігін В.П.Юдин «қазақ өзіндік түрмыс-салты бар, көшпендінің еркін де тәуелсіз салтын үстанатын адам дегенді білдіреді» деп түжырымдайды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық территориясының көп ғасырға созылған қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Қазақтардың бүгінгі кескін^келбеті ХІҮ-ХҮ ғасырларда толықтай қалыптасып болған, оның арғы тегі екі үлкен автохтонды - еуропеидтық және моңғолоидтық нәсілдердің күрделі қан алмасу әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Демек бүл қазақ халқының антропологиялық қүрамының мықтылығын корсетеді. Қазақ халқының қүрылу процесі этникалық территорияның қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақстан территориясы этносаяси және шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты Үлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып үшке бөлінді. Жүздердің қүрылуына табиғи - географиялық, саяси және экономикалық факторлар ықпал етті. Әдетте жүз деп тайпалардың одағын, қазақ жерін мекендейтін халықтың ірі бірлестігін (немесе одағын) 87


айтады. Үлы жүздің, Орта және Кіші жүздердің қашан қүрылғаны жонінде нақты мәлімет жоқ, бүл туралы бір біріне қарама-қайшы келетін пікірлер кездеседі. Жүз деген үғымның өзі халықтың «бөлігі», «бүтағы», «тармағы» дегенді білдіреді. Қазақ жүздері ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ хандығын қүруға негіз болған дербес үш үлысты қамтиды. Жүздердің алып жатқан аумақтары негізінен көшпенділердің жайлауы мен кошіпқонатын мекендеріне сөйкес болған. Мысалы, Үлы жүз Сырдарияның орта ағысынан Жетісуға дейінгі аймақты қамтыды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр және т.б. рулар кіреді. Орта жүз Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтыған, қүрамында қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, уақтар және т.б. рулар болды. Кіші жүз Сырдарияның томенгі ағысын, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік өңірінде қоныс теуіп, қүрамына он екі атадан түратын бай үлының тайпалық бірлестігін: адай, жаппас, алаша, беріш, есентемір, шеркеш, т.б.; жетіру: табын, тама, жағалбайлы, рамадан, т.б.; сондай-ақ әлімүлын: қарасақал, қаракесек. төртқара, шекті және т.б. алты руды қамтыды. Қазақтың генеологиялық аңыздарына сүйенсек, үш жүз қауымдастығы Алаш ханнан басталған екен. Бүл бірлестік идеологиясын нығайту қүралы ретінде пайдаланылған. Ал шежіре-жырларда жалпы қазақ даласында жүздер ХҮІ ғасырда пайда болған. Қазақтар тарихында озіне сәйкес келетін әлеуметтік саяси институттарды дүниеге әкелді. XY-XYI1 ғасырларда қазақ хандығының қалыптасу барысында субэтникалық топтардан торе, қожа және төлеңгіт сословиесі қалыптасты. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы этникалық даму тарихының негізгі мазмүны қазақ этносының қалыптасып болуын, аумақтық шекараны айқындау мен жүздердің этникалық қүрамын нығайту, сондай-ақ генеалогиялық басқарудың (иерархияның) үйлесімді жүйесін жасау болып табылды. «Қазақ» термині туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Оның ішінде XI ғасырда қыпшақтар мекендеген аймақта «еркін, кошпелі» дегенді білдіретін «қазақ» созі пайда болды деген дәлелді пікір айтылады. Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде қыпшақ тайпаларының эжептәуір болігі Дешті Қыпшақ даласынан тысқары жатқан аймақтарға ығысты, бүл 88


«қазақ» сөзінің кең таралуына мүмкіндік берді. ХІҮ ғасырдың бас кезінде Қазақстан аумағында пайда болған дербес мемлекеттердің, оның ішінде Ақ Орданың еріктілерін «қазақ» деп атады. Олардың басын біріктіруде қыпшақтардың жергілікті этникалық тобы ерекше рөл атқарды. «Қазақ» термині ХҮ ғасырдың екінші жартысынан этникалық мәнге ие болды. Жәнібек пен Керей хандығының нығаюына байланысты оның қол астындағы халықтардың бәрі қазақтар деп аталатын болды. Сөйтіп, ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүл термин біртіндеп этникалық мәнге ие болып этноним ретінде қолданыла бастады. «Қазақ» этнонимі Қазақстан көшпенділерінің түрмыссалтымен тығыз байланысты. Қазақ хандығының саяси ықпалы мейлінше күшейген кезде ел билеген Қасым хан ортағасырлық кезеңдерде-ақ қазақтардың бір текті мәдени-тарихи дәрежесі туралы былай деген болатын: «Біз - даланың түрғындарымыз, бізде сирек кездесетін не қымбат дүние, не тауарлар жоқ, біздің басты байлығымыз жылқы, ол жесең ет, мінсең көлік, ал оның сүтінен дайындалатын қымыз керемет сусын, біздің жерімізде не бау-бақша, не ғимараттар жоқ; біздің қуанышымыз сол - кең жайлауда жүрген үйір-үйір жылқылар, табындағы жылқыларды көргенде көзіңтояды». Сөйтіп, II мыңжылдық ортасында Еуразия картасында жаңа этномәдени бірлестік - қазақтар пайда болды. 5.2. Қазақ хандығының күрылуы. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ хандығы Қазақ хандығының қүрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумақтарындағы болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестер Қазақ хандығының қүрылуындағы заңды күбылыс. Ол Әбілхайыр хан мен Моғолстан мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты. ХҮ ғасырда бүл екі мемлекетте көшпенді ақ сүйектерінің қуаты артты, енді олар билікке қол жеткізуді көкседі. Рулар мен тайпалардың беделді көсемдері саяси және экономикалық тәуелсіздікке үмтылды. Деректерге қарағанда, хан ордасындағы өзара қырқыс Әбілхайыр хандығын әлсірете бастады, оның үстіне қарсыластарын қатал жазалауы да жүртшылықтың ашу-ызасын туғызды. Мүндай жағдай билікті күшейтуге мүмкіндік бермеді. 1457 жылы 89


Әбілхайыр хан Ойрат билеушісі Өз-Темір-Тайшыдан жеңілгеннен кейін хандықтың алауыздығы күшейді. Сонын салдарынан халықтың бір бөлігі іргелес аудандарға кошіп кетті. Бүл туралы «Тарих-и-рашиди» еңбегінде айтылған. «Бүл кезде, деп жазады Мырза Хайдар Дулат, - Дешті Қыпшақта Әбілхайыр хан билік етті. Ол Жошыдан тараған сүлтандарды жиі абыржытумен болды. Жәнібек хан мен Керей хан одан болініп, Моғолстанға қашып кетті». Исан-Бүғы-хан оларды жақсы қарсы алып, екеуіне Моғолстанның батысынан Шу бойындағы Қозыбасы жерін берді. Қазақ мемлекеттігінің негізінің қалануы тарихи әдебиеттерде 1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан тайпалардың бір бөлігін алып, Моңғолстанның батыс өңіріне кошіп келуінен бастайды. Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу өңірін, Шу мен Талас алқаптарын алып жатты. Ол Орталық жоне Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған қазақ рулары мен тайпаларын, сондай-ақ жергілікті түрғындарының басын біріктірді. Әбілхайырдың қазақ хандығын қүруға, Жәнібек пен Керейдің нығаюына қарсы әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. 1468 жылдың қысында Жетісуға жорыққа аттанған Әбілхайыр қайтыс болып, оның алға қойған мақсаты орындалмады. Жетісудың рулары мен тайпалары біртіндеп қазақ хандығына өте бастады. Сойтіп, жаңа қүрылған хандықтағы халықтың саны екі жүз мыңға жетті. ХҮ ғасырдың ортасынан XY1I1 ғасырдың бас кезіне дейін қазақ хандығы біртүтас саяси қүрылымға айналды. Мемлекеттің қалыптасу барысында бірқатар қиындықтар кездесті. Хандықтың қазақ этносы қоныстанған оңірінде шекара түрақсыз болды. XY1M ғасырдан бастап әр жүз оз хандарын сайлай бастады. Әбілхайырдың өлімінен кейін оның хандығы мүлдем әлсіреді. Жәнібек пен Керей осы үрымтал түсты сәтті пайдаланып, Әбілхайыр хандығындағы билікке үмтылды. Өзара қырқыс нәтижесінде Әбілхайырдың үлы Шейх-Хайдар мен оның барлық туысқандары олтірілді. ХҮ ғасырдың 50-70 жылдарында Қазак. хандығын бірігіп басқарған Жәнібек пен Керей хандар болатын. Кейбір деректерде олардан кейін 70-ші жылдардың ортасынан, ал басқа бір деректер бойынша 1480 жылдан (Керей хан 1473-1474 жж. басқарды) бастап Керейдің үлы Мүрындық хан болды. Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі мен кейінгі он жылдықтарда хандар Сырдария алқаптарындағы қалалар үшін шейбанидтермен соғысты. Әбілхайыр хандығындағы хан тағы үшін кескілескен 90


күресте билікті Әбілхайырдың немересі, тапқыр да жігерлі Мүхаммад Шейбани (1451-1540) қолына алды. Мүхаммад Шейбани үш жыл бойы Дешті Қыпшақ пен Сырдария жағалауындағы аймақтарда оз билігін сақтап қалу үшін қазак. хандарымен соғыс жүргізді. Нәтижесінде Мүхаммад Шейбани жеңіліске үшырап, 1486 жылы Хорезмге кетті. Мүхаммад Шейбаниді қуып жібергенімен іс біте қойған жоқ. Моғол билеушілері әлі де басқарып отырған Отырар үшін, осіресе Жетісу үшін соғыс одан әрі жалғасты. Қазақтар мен Моғол оскерлері арасындағы бірнеше ірі шайқастардан кейін Жетісудың тайпалары мен рулары қазақ хандарын қолдап, солардың жағына шығып кетті. Ыдыраған Моғолстанның едәуір болігі (негізінен қырғыздар) Тянь-Шань тауына ығысты. Мүрындық ханға елді толассыз соғыстар мен оте күрделі кезеңде баскаруға тура келді. Ол алғыр орі батыл адам болды: ХҮ ғасырдың соңғы ширегінде хандықтың бірде бір моселесі Мүрындык ханның қатысуынсыз шешілген жоқ. Ол әскерді соғысқа жеке озі бастап барып, шайқастарда бірнеше рет жараланды. Мүсылман шежірешілері (Шади, Бинан, ИбнРузбихан, Хондомир) Мүрындық ханның қүдіретті патша болғандығын жазады. Мүрындық отыз жылдан астам уақыт бойы хан болды, бірақ омірінің соңына дейін жоғарғы билікті қолында үстап түра алмады. Тақ Жәнібектің үрпағының қолына көшіп, қазақ елін оның үлы Қасым хан (1511-1518 жж.) басқарды. ХҮ ғасырдағы қазақ мемлекетінің тарихы оның билеушілерінің есімдерімен тығыз байланысты. Олардың ішінде озінің замандастары мен үрпақтарының алдында ерекше беделді Қасым хан «қазақ халқының басын қүраушы» болды. Ол болашақты болжай білетін әрі сақ саясаткер €ді, тез шешуді талап ететін мәселелерде зор шыдамдылық таныта білген. Қасым осындай қасиеттері арқасында хан болып озінен бүрынғы ізашары Мүрындық ханның козі тірісінде-ақ қазақ хандығының тағына отырған еді. Хан билігі бүрын-соңды мүндай берік болтан емес, оның карамағында бір миллионнан астам халқы болған. Бабырдың айтуынша, белгілі билеушілердің ішінде өз халқын катал үстаған ханның бірі Қасым екен. Қазақтардың түңғыш заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолы» оның есімімен байланысты, окінішке орай бүл заң жинағы бізге дейін жеткен ж о қ . 91


Ол сыртқы саясатта Сырдария өзенінің бойындағы қалаларға қазақтардың ықпапын арттыруды коздеді. Қазақ хандығының билеушілері Орта Азиядағы саяси жағдайға жиі араласа бастады. Олардың шейбанилермен соғысына экономикалық жағдай түрткі болып, Сырдария бойындағы қалалар үшін шайқасуларына тура келді. 1510-шы жылдың аяғында Мүхаммад Шейбани иран шахымен соғыста қаза тапты, ал Қасым бүл жағдайды пайдаланып қалуға асықты. 1513 жылы қазақ әскерлері Сайрамға келді. Қаланың билеушісі Қатта бек Қасым жағына шығып, кала үрыссыз берілді. Қасым енді Ташкентті де жаулап алуға күш салды, бірақ шейбанидтермен үрыста жараланып, хан кері кайтты. Бүл қалалардың басым бөлігі бір жарым ғасыр бойы және ХҮН ғасыр мен XY1II ғасырдың бас кезінде қазақтардың қоластына қарап, қазақ хандарының бас қосатын саяси орталықтарына айналды. Қасым хан моғол билеушілерімен жақсы қарым-қатынас орнатты. Моғолстанның негізгі аудандары Жетісу мен Тянь-Шань етегінен олар баяғыда-ақ айырылып қ<иіған. Өйткені, бүл аймақтар қазақ хандығына кірді. Моғол хандары іс жүзінДе тек Оңтүстік Шығыс Моғолстанда ғана билік жүргізіп, қазақ хандарымен әрдайым одақтастық қарым-қатынас іздеді. Ол Ноғай Ордасының әлсіреуін пайдаланып, Қазақстанның батыс өңіріндегі иеліктерін кеңейтіп алды, ноғайлардың иеліктері негізінен Еділ мен Жайықтың арасын қамтыған еді, ал ноғайлар қазақ халқымен туыстас әрі жақын халық болды. Ноғайлар да (маңғыттар) Орта Азияға Шейбани ханның соңынан еріп кеткен қазақтар мен көшпелі өзбектер сияқты Әбілхайыр ханның қираған мемлекетінің үйіндісінде этнос ретінде қүрылды. Ноғайлардың ішінен Астрахан хандығының билеушілері де шыққан. Ноғай Ордасындағы рулар мен тайпалардың бір бөлігі қазақ хандарының қол астына көшіп келеді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін өбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың өжептәуір тау бөктерлері менжазық алқапгарын, солтүстік-шығысында Үлытау мен Балқаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстікбатысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. 92


Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға араласа бастады. Қазақ хандығының дипломатиялық байланыста болған мемлекеттерінің бірі Мәскеу. Қасым хан кезінде қазақтар дербес этнос ретінде Батыс Еуропаға белгілі болды. Әрине, ХҮІ ғасырдың бірінші ширегінде хандықтың жоғары дорежете котерілуі тек Қасым ханның жеке басының қасиеттеріне байланысты деуге болмайды. Ол ең алдымен ішкі олеуметтікэкономикалық және этникалық процестердің нәтижесі болды, бүған түтастай аймақтағы саяси жағдайлар да эсер еткені созсіз. Қасым ханның олімінен кейін қазақ хандығы олсірей бастады. Ноғайлар қазақ хандығының қарамағындағы батыс және орталык. Қазақстан жерлерінің біраз болігін басып алды. 1518 жылы таққа отырған Қасымның үлы Мамаш та окесіне үқсап. ержүрек орі талантты қолбасшы болды. Бүл қазақ қоғамындағы сол кездің уақыт талабы еді. Бірақ тағдыр оған үзақ уақыт билік етуді маңдайына жазбапты. Кезекті шайқастардың бірінде сауытсайманның ауырлығынан түншыққан Мамаш хан алдамшы соғыстың қүрбаны болды. Мамаш ханның өлімінен кейін қазақ хандығында «үлкен келіспеушіліктер басталды, Дешті кыпшақтың сүлтандары, беделді қазақтар өзара жиі соғысты», деп жазады Мүхаммед Хайдар. Ақыр соңында Тахир сүлтан хан болып жарияланды. Бүл оқиға 1523-1524 жылдары болтан. Тахир хан Қасым ағасы тәрізді беделге ие бола алтан жоқ, ол озінің қатыгездігімен ерекшеленді, дипломатиялық қабілетімен де. әскери талантымен де козге түспеді, отан әскери жорықтар мен дипломатиялық байланыстардаты сәтсіздіктері дәлел. XY1 т. асырдың бас кезінде дәуірлеген қазақ хандытының даңқы енді біртіндеп төмендей бастады. Ол Мотолстанмен, Ногай Ордасы және Ташкент билеушілерімен жүргізген сотыстарда жеңілді. Соның салдарынан Қазақ хандыты оңтүстік және солтүстікбатыстаты аумақтарының бір болігінен айырылып қалды. Тахирдің әрекеттерін Ташкент билеушісі Келді-Мүхаммед ханмен ^арым-қатынасынан көруге болады. Хандықта «жаппай келіспеушілік» пайда болтан кезде Тахир өз билігінің осал екендігін түсініп, ташкенттік билеушіден комек сүрайды. Сол көмектің арқасында үстемдігін ныгайтып алып, енді ташкенттік билікке қырын қарап, елшіліктерін қүртып, Ташкентке қарсы жорыққа дайындалды. Оның бүл питылын сезіп қалган КелдіМүхаммед Қазақ хандыгының шекарасына бірінші болып шабуыл жасады. Түркістанда болтан шайқаста Тахир жеңілді. 93


Оның иеліктерінің бір болігі жеңімпаздың қолына отті. Мүндай билеушіден түңіліп, котеріліс жасаған халық оның інісі ӘбілҚасымды олтірді. 1526 жылы Тахир қасына озінің үлдарымен, кейбір қызметшілерін ертіп, қырғыздардың арасына қашып кетті. Ол ХҮІ ғасырдың отызыншы жылдарында қырғыз жерінде қайтыс болды. Бүл 1531-1532 жылдары болған оқиға еді. Тахир хан дала ақсүйектерімен де, оз халқымен де ортақ тіл таба алмады. Тахирдің хандық қүрған кезеңіндегі (1523-1531 жж.) қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526 жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Тахирдың қиын тағдыры өзгелер үшін сабақ болды, өйткені, ел билеу тек мүрагерлікпен таққа отыру қүқығы ғана емес, сонымен бірге ішкі-сыртқы саясатты шебер жүргізе білу керектігіне коз жеткізді. «Тарих-и-Рашиди» авторының айтуынша, Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бүйдаш сүлтан (1533-1534 жж.) қазаққырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу оңіріне билік еткен ол әуелі бастан қырғыздармен жақсы қарым-қатынаста болатын, оның қарауында «отыз мыңдай адам» болған, демек Бүйдаш қазақтардың бір болігін ғана билеген. Арал теңізінің жағалауы Шағым сүлтанның, ал Торғай даласы Сидах сүлтанның иелігіне кірді. Сырдарияның орта ағысындағы аумақты Қасым ханның немересі Тоғым хан биледі. 1538 жылы Тоғым хан бүкіл үрпақтарымен коса өлтіріліп, оның орнына Қасымның үлы Хақназар (1538-1580) хан сайланды. Деректерде Хақназар «қазақтар мен ноғайлардың ханы» болғандығы туралы, әкесінің саясатын жалғастырып, хандықты нығайтуға күш салғаны жөнінде мәліметтер айтылған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін оз жағына шығарып алды да Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. 1577 жылы көктемде Хақназар ноғайлармен қайта соғысып, Жайықтың шығыс жағын түгелдей жаулап алып, Сібірдің Кошімханымен шайқасты бір мезгілде жүргізді. Неше мәрте жорықтардан кейін Тобыл мен Жайықтың жоғарғы жағын озіне қаратты. Сонымен қатар бүрын Сібір және Қазан хандықтарының қүрамында болған башқүрт руларының үлкен болігін өз иелігіне қосып алды. Моғол хандарымен соғыс одан әрі жалғасты. 1560 жылы Абд-ар-Рашид хан Жетісуда Хақназарды жеңгенімен тез арада ес жиып, біріккен казақ-қырғыз әскерлері моғолдарға күйрете соққы берді. 94


шайқаста Абд-ар-Рашидтің үлы қаза тапты. Емілде болған келесі бір соғыста қазақтар жеңіліп, Жетісудан кері шегінді. Халык аңыздары бойынша Хақназар хан тек қазақтарда ғана емес, ноғайлардың, қырғыздар мен башқүрттардың арасында да зор қүрметке ие болған. Ол үрыс даласында қаза тапты. Бүл оқиға туралы орыстың да, мүсылманның да шежірелері сыр шертеді. Соншама үмтылыстарға карамастан сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты бір орталыққа бағынған казак мемлекетін күруға қол жетпеді. Хакназар ханның олімінен кейін Жәнібектің немересі, Жәдіктің үлы Шығай сүлтан хан болып сайланды, оның ноғайлармен болған соғыста даңкы шыкты. Өзін сайлайтын жылы Шығай сексен жасқа толған еді, бірақ соған карамастан казақтардың ішіндегі ең беделді хан болған. Мүсылман шежірешілері «ол қырда оскен», «оз ғүмырында талай киындықтарды бастан кешкен тәжірибелі» адам болған деп жазған. Шығай хан (1580-1582 жж.) сайланғаннан кейін Баба сүлтанға қарсы Абдаллахпен бірігіп жаңа одак күрады. Бүл кезде шын мәнінде хандык билік Тәуекелдің колында еді, ол ташкенттік билеушіге қарсы соғыс ашып, қазақтар жеңіске жетті. Бүхараға жақын манда қайтыс болған Шығай хан Қүмышкент жерінде жерленген. Енді Тәуекел (1586-1598 жж.) хан тағын толықтай иелену үшін қару күшіне жүгінді. Хандықтан болінгісі келген дүшпандармен үш жыл қатарынан соғыскан ол 1586 жылы ғана хан атанды. Осы кезде елдегі халықаралық жағдай ушығып кеткен еді. Тәуекел сыртқы саясатында жүргізуде хандыктың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. Тәуекел кезінде Қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнай бастады. 1594 жылы Мәскеуге достык келісім-шартымен қазақ елшісі Қүлмүхамед келді. Тәуекелдің Мәскеумен жасаған келісімдері өз нәтижесін бере қоймады. Өйткені, Ресей патшасы «оқ-дәрі» беріп қазақтардың Бүхар мен Сібір хандықтарына қарсы өз бетінше соғысуын қалады. Оңтүстіктегі қазақтар үшін 1597 жыл қолайлы болды, өйткені, Бүхар хандығында ырың-жырың басталды. Онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдулланың үлы әкесіне қарсы шықты. Тәуекел 1598 жылы Ташкентті жаулап алып, Самарқандтың түбінде Абдулланың әскерін талқандады. Орта Азияның барлық қалалары, оның ішінде Түркістан оңірі, Ташкент, Самарканд қазақ сүлтандарына бағынды. 95


Самарқандтың билеушісі болып Тәуекел ханның інісі Есім султан тағайындалды. Қасым мен Хақназардан кейін казак хандығының күлдырап кеткен беделін Тәуекел кайта көтерді. Ол озінің сымбатты түлғасымен ерекшеленіп, ержүректігімен және батылдығымен көзге түсті. Тәуекел жеңілістің ащы дәмін де татып, жеңістің даңқын да көрді. Самарқандты жаулап алуы мен Бүхараны коршауы оның күш-қүдіретінің кемеліне келген шағы еді, бірақ сол шайкаста қатты жараланып, Ташкент қаласында Тәуекел хан қайтыс болды. Есімханның билігі кезінде (1598-1628) сырткы жағдай бүрынғыдан да киындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бүхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал казак хандығының ішінде сүлтандар окшаулануды коздеп, дүшпандық әрекеттерін токтатпады. Қазактардың каракалпақтармен карым-катынасы да шиеленісіп кетті. ХҮІ ғасырдың аяғында қарақалпақтардың 40 шақты руының окілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп, Тәуекел ханға келді. Хан олардың бүл өтініштерін кабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің үлын билеуші етіп тағайындады. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып, 1613 жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. 1612 жылы Бүхардың Имамкули-ханы қазақтарға шабуыл жасап Қаратауға дейінгі бірнеше қалалар мен ауылдарды тонап, жаулап алып, Ташкентте озінің үлын билеуші етіп отырғызды. 1613 жылы казақтар оларға карсы жорыкка шығып, Бүхара мен Балхтың бірлескен оскерін талкандады. Имамкули-хан жеңілгеніне қарамастан Ташкент аймағын баскартуға казактардың оз ішінде жүрген итаршысын қоюға тырысты. 1613 жылы Ташкенттің билеушісі Түрсын султан озін хан жариялап, Бүхарамен одактасып, Түркістан, Сауран, Андижан және Шахрухия калаларын басып алды. Түрсын билікті алғаннан кейін оңтүстіктен ойраттар жаңа жорык жасап, Үлы Жүз жерін бағындырып алды. Есім хан амалсыздан Шығыс Түркістанға кашуга можбүр болды. Ол Батыс. Моңғолия тайпалары ойраттардың, яғни қалмақтардың, сондай-ақ Қашкария алкабындағы қырғыздардың арасында он жыл болды. Сол кугында жүргеннің озінде деректерде Есім ханның жат жерде жүріп үлкен беделге ие болғаны туралы айтылады. 1616 жылдың 96


желтоқсандағы бір қүжатта былай делінген: «Есім хан қазір қалмак жерінде қалмақтармен бірге көшіп-қонып, түрып жатыр. Ал калмақтар болса оны айырықша қүрметтейді». Есім хан 1624 жылы қазақ жеріне оралып, Түрсыннан Түркістанды тартып алды, озбыр билеушінің көзін жоюға оның күші жетпеді, өйткені, қарсыластар арасындағы күш тең түскен болатын. 1627 жылы Есім қазақ әскерлерін бастап, ойраттарға қарсы жорыққа аттанды. Түрсын осы сәтті пайдаланып, Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын түгелдей түтқынға алды. Хан еліне жеңіспен оралғанда Түрсын Сайрам маңында тосқауыл жасады. Бірақ тәжірибелі Есім хан Түрсынның опасыздығынан сақтанған еді. Түрсын хан әскері талкандалып, озі Ташкентке қашты, бірак сонда озінің жақтастарының қолынан қаза таптьк Есім екінші мәрте таққа отырды. Бүгінгі күнге дейін жетпеген «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдардың жиынтығы оның есімімен байланысты. Ол 1628 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласының қасындағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінде жерленген. Есім ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында басталған алауыздық бірнеше жылға созылды. Жазба деректерге қарағанда, XY1I ғасырдың 30-шы жылдарында хан тағын Есім ханның үлкен үлы Жәнібек иеленді, біракта осы кезде талантты әскери қолбасшы, Есім ханның екінші үлы Жәңгірдің атағы шыға бастады. Ол ағасы хан болып түрғанда әскербасы дәрежесіне көтеріліп, 1643 жылдан кёйін хан болады. Оның барлық ғүмыры Жетісу жері үшін қалмақтарға, сондай-ақ Сырдария өзенінің оңтүстік жағындағы қалалар үшін аштарханидтерге қарсы соғысумен өтті. 1643 жылы 50 мың қолмен жоңғар әскерлері казак қоныстарына түтқиылдан басып кірді. Жәңгір хан әскерін түгел жинап үлгере алмай, жоңғарларға қарсы 600 казак және қырғыз батырларымен шайкасқа шықты. Екі жақтың әскері Орбүлак деген жерде кездесті. Бетпе-бет соғыста жеңіске жету мүмкін еместігін сезген Жәнібек жауды тау аңғары аркылы откізбеу үшін ор қазып, дуал жасауды бүйырды. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қаруды пайдаланды. Үрыстың нағыз қызған шағында күтпеген жерден жоңғарлардың ту сыртынан Кіші жүздің төртқара руынан шыққан Жалаңтөс батыр бастаған самарқанд-тық әскер соқкы берді. Жоңғарлар талқандалып, бетбетімен қаша жонелді. 1652 жылы жоңғарлар Ресейден соғысқа кажетті қару-жарақ сатып алып, қазақтар мен қырғыздарға карсы қайтадан шабуылға шықты. Қырғыздар амалсыздан жоңғар 97


қонтайшысына бағынышты екендіктерін мойындады. Жәңгір хан жоңғарлармен болған үрыстың бірінде 1652 жылы қаза тапты. Ол Түркістан қаласы қасындағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне жерленді: сол кезде Жәңгір хан зиратына мазар орнатылды, өкінішке орай бүл тарихи ескерткіш біздің заманымызға дейін жеткен жоқ. Жәңгірдің Апақ сүлтан және Төуке сүлтан деп аталатын екі үлының болғандығы тарихтан белгілі. Жәңгір ханнан кейін қазақ елінде Батыр хан, одан кейін Тәуке хан билік етті. Батыр хан кезіндегі оқиғалардан мәліметтер жоқ. Ал Қазақ мемлекетін Тәуке ханның басқарған кезеңі «алтын ғасыр» деп аталады, «халық тыныштықта өмір сүрді, тәртіп орнады; заңдар мен әділсот болды». Тәуке хан билігі түсында Сырдария бойында қазақтардың қоластына 32 «қалашық» қараған. Қазақ хандарының әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болды. Тәуке ақылды билеуші ретінде өз айналасына парасатты адамдарды жинай білді. Тәуке хан кезінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дәстүрлі қүқықтың білгірлері және сол дәуірдің от ауызды, орақ тілді шешендері бүкіл елдің қүрметіне бөленді. Тәуке өзінің барлық ғүмырын сыртқы саясатты шебер жүргізуге арнады. Ол әкесінің көзі тірісінде Қашғариядағы елшілікті басқарған еді, Қазақ және Бүқар хандығы арасындағы шиеліністі бейбіт жолмен шешіп, жойқын соғыстың алдын алды. Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына түрткі болды. Тек 1686-1693 жж. Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді. Тәуке ханның 1694 жылы 1 қазанда I Петрге жазған хаты сақтаулы, онда ол Ресеймен достық байланысты қуаттайды. Ал Ресейдің билеушілері Қазақ хандығын отарына айналдырып, қазақ жүздерін өздерінің қоластына қаратуды көздейді, бірақта қазақ аксүйектері ондай отаршылдық пиғылмен келісе қоймады. Мүндай көзқарас Ресейге «адал болуды» үсыныс еткен Қазан қаласы губернаторының 1717 жылғы 29 наурыздағы грамотасын қазақ ханына өкелген орыс елшісіне Төуке ханның адамдарының жасаған қыспағынан анық байқалады. Орыс елшілері түрлі сылтаулармен 1718 жылдың аяғына дейін хан сарайында үсталды. Орыстар қазақтарға сыртқы жаудан қорғануда өскери күшпен көмек керсетуге әзір екендіктерін білдірді, бірак Төуке хан басын қосқан қазақ хандығы сырттан келетін көмексіз-ақ өздерін қорғай алатындықтарын көлденен тартты. Ойраттармен соғыс кезінде Төуке хан өзінің 80 мын 98


әскерін шебер басқара білді, өскери істі жетік меңгергенімен, ержүректілігімен даңқы шығып, ел-жүрты оған батыр атағын берді. Тәуке бүкіл қазақ мемлекеті мойындаған қазақтың соңғы ханы болды. Оның өлімінен кейін келте хандар бас көтере бастады, соның салдарынан үш жүздің әрқайсысында өз хандары билік етті. Тәуке хан табиғатынан патша болуға лайық адам еді, ол өзінің ақыл-парасатымен, ержүректігімен ерекшеленді, сонымен қатар биязы жүмсақ мінезді әрі әділ билеуші болған. Өзінің осындай қасиеттері Тәуке ханды көзінің тірі кезінде зор қүрметке бөледі, үрпақтарының даңқын көтерді.1748 жылғы Ресейдің тарихи қүжатында: «Тәуке хан өте ақылды адам. Талайталай оқиғаларды бастан кешкен Тәуке үзақ өмір сүрді жөне өз халқының арасында аса қүрметке бөленді» деп жазыдған. Қазақ заңдарының көне ескерткіші, біздің заманымызға дейін жеткен «Жеті жарғының» дүниеге келуі оның есімімен байланысты. ХҮІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының шекарасына жоңғар шабуылы күшейе бастады, бірақ қазақ мемлекеттігінің нығаюы, әсіресе Тәуке ханның кезінде қуаты мен бірлігі, жоңғар билеушілерін қазақ жерін жаулап алмақшы болған пиғылдарынан бас тартуға талай мәрте мәжбүр етті. 5.3. «Жеті Жарғы» ХҮІІ ғасырдың аяғында тарихымызға «Жеті Жарғы» атымен белгілі заң жинағы жазылған. Орыстың және басқа халықтардың деректерінде оны «Тәуке ханның заңдары» деп атайды. Кейбір деректерге қарағанда, Тәуке хан үш жүздің ықпалды билерінің, яғни Үлы жүзден Төле бидің, Орта жүзден Қазыбек бидің, Кіші жүзден Әйтеке бидің бастарын қосып, кеңес қүрған. Онда қүқықтық сипаты бар мейлінше жиі кездесетін жағдайлар талқыланып, заң ережелерінің жинағы жасалған. Мүнда қолданыстағы қүқықтың жеке тарауларына жататын мемлекет зандарын бірыңғай жүйеге келтіріп қана қоймай, оған елеулі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. «Жеті Жарғы» ауызша таралуына байланысты бізге оның толық нүсқасы жеткен жоқ. Тек кейінірек, XIX ғасырдың бірінші жартысында орыс авторларының келтірген үзінді жазбалары ғана сақталған. «Жеті Жарғыда» ортағасырлық қазақ қоғамы қүқығының негізгі принциптері мен нормалары бекітілді. Төуке ханнан 09


бүрын жасаған қүқық ережелері толықтырылып, достүрлі жолмен заңдастырылды. Кейбір зерттеушілер бүл қүжатты Шыңғыс ханның «Үлы Жасақ» заңынан, сондай-ақ Қасым және Есімхандардың бекіткен қүжаттарынан алынған деп есептейді. Тәуке хан әкімшілік, қылмыстық, неке күқықтарының нормаларын, сондай-ақ салық, діни көзқарас туралы ережелерін заңмен бекітті, яғни өмірдің барлық жақтарын шын мәнінде заңды түрғыдан қамтыды. «Жеті Жарғының» маңызды ережелерін келтіре кетелік. 1. Жер дауы, онда жайылымдар мен су коздеріне катысты дауларды шешу жолдары қамтылды. 2. Отбасылық неке заңы. 3. Әскери міндетті атқару, өскери бөлімшелерді күру және әскери басшыларды сайлауды реттейтін әскери заң. 4. Сот талқылауының тәртібін баяндайтын сот процесі туралы ереже. 5. Кісі өлтіруден басқа, қылмыстың әр түріне жаза белгілейтін қылмыстық заң. 6. Кісі өлтіргені және ауыр дене жарақатын жасағаны үшін жазаны белгілейтін қүн туралы заң. 7. Бүл заң жесір дауын, жесірлер мен олардың мүліктік жоне жеке қүқықтарын, қайтыс болған адамның туыскандары мен қауымдастықтың оған қатысты міндеттерін реттейді. «Жеті Жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында болды. Басқару сүлтандар мен ру-тайпа старшиналары. халық жиналысы - қүрылтай арқылы жүзеге асырылды. қүрылтайға қатысушылар өзімен бірге қаруын ала жүрді. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ қоғамында азаматтық және қылмыстық қүқықтар арасында айырмашылық бола қойған жоқ. Қылмыстық заңда кінәнің орнын толтыру заңы (қанды кек) қолданды. Көптеген жағдайларда кек алу қүнмен алмастырылды. Кейбір қылмыстарға айыппүлдар салынды. «Жеті Жарғыға» сәйкес қылмыстық жауапкершілік тек кінөліге ғана жүктелді, сонымен қатар үжымдық жауапкершілік принципі де кеңінен тарады. Мәселен, егер кінолі адам сотка келмесе немесе тиісті қүнды толемесе, онда кауымдастықтың бәрінен айыппүл ондіріліп алынды. Бүндай жағдайда қауымдастық мүшелері жауап берушіні оз бетінше айыптауға қүқық алды. Бас бостандығынан айыру жазасы қазақтарда болған жоқ, сондай-ақ түрмеге қамалмады. Түтастай алғанда. 100


Click to View FlipBook Version