451 Дизартрия түрлері Белгілері Ерін қимылдарының бұзылуы Гиперкинездер Спастикасы бар болуы Бұлшық ет тонусы ауыспалы болуы Атония, атрофия, арефлексия Еркін ж/е еріксіз қимылдарының бұзылуы Сопақша ми Жалған сопақша ми Ми қыртысы асты Мишық Ми қыртысы 10. Графикалық түрде жазу. ______ Дислалия ^ Дизартрия 1. Дыбыс айтуын машықтандыру ұзаққа созылады. Бірден дыбысты таза айтуын талап етпейміз. 2. Дыбыс қою кезінде механикалық көмекті жиі талап етеді. 3. Логопед бір сабақта әр түрлі артикуляциялық топтың бірнеше дыбыстарымен жұмыс істейді. 4. Артикуляциялық жаттығуларды орындаған кеде бала бір қалыптан басқа қалыпқа жақсы ауысады. 5. Парез, гиперкинездері бар неврологиялық белгілері жақсы көрінеді. 6. Баланың физикалық дамуында ауытқулары айқын байқалады. 11. Жауаптың дұрыс нұсқасын тап. 1-тапсырма Дизартрияға тән сөйлеу тілі бұзылуының белгілерін атаңдар: A) сөйлеу тілінің барлық компонентерінің бұзылуы B) дыбыс айтуының бұзылуы C) дыбыс айтуы, просодикасы, дауысының бұзылуы D) сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен әуезділігінің бұзылуы E) оқу мен жазудың бұзылуы 2-тапсырма Дизартрияны болдырмайтын факторлар:
452 A) резус- конфликт (қарама-қайшылық) B) асфиксия C) артикуляциялық апараттың құрылысының кемістігі D) БЦП E) жукті кездегі ананың инфекциялық аурумен ауруы 3-тапсырма Мишық дизартрияда бұзылатын: A) постцентральды орталықтар B) қыртыс асты ядролар C) жуп нерв жүйелері D) мишық ядролары Е) пирамидалық жолдар 4-тапсырма Дизартрияның этиологиясы: A) ОНЖ (орталық нерв жүесінің) функциясының бұзылуы B) сөйлеу аппаратының шеткі бөлігінің органикалық зақымдалуы C) ОНЖ органикалық бұзылуы D) сөйлеу моторикасының функциясының бұзылуы E) артикуляциялық аппаратының құрылысындағы ақаулықтар 5-тапсырма Дизартрияның барлық түріне тән клиникалық белгілер: A) ерікті қимыл- қөзғалысының бұзылуы B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы C) сөйлеу аппараттының спастикалық орталық параличі D) атрофия E) арефлексия 6-тапсырма Бульбарлы дизартрияға тән белгілер: A) гипертония B) атония C) гиперрефлексия D) ерікті қимыл –қөзғалыстың бұзылуы E) тілдің ортасы көтеріңкі, артқа қарай жылжыған, ширыққан 7-тапсырма Псевдобульбарлы дизартрияға тән белгілер: A) гипертрофия
453 B) атония C) ерікті, еріксіз қимылдың бұзылуы D) ауыз ашық, тілдің қимылы шектелген Е) атрофия 8-тапсырма Ми кыртысы дизартрияға тән белгілер: A) дауыс әлсіз, қырылдап шығады B) дауысты дыбыстар, “Э” дыбысына ұқсап айтылады C) артикуляциясы курделі дыбыстардың айтылуы бұзылады D) дауысты дыбыстардың артикуляциясы артқа қарай жылжыған E) сөздің буындың құрамы бұзылады, сөйлегенде тоқтап, сөз үзіліп отырады 9-тапсырма Дизартрияның негізгі белгілеріне жатпайтын: A) дыбыс айтуы мен фонациясының бұзылуы B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы C) артикуляциялық аппараттың қимыл – қөзғалысының бұзылуы D) еріксіз қимыл – қөзғалыстар (гиперкинез) E) оқу мен жазуының бұзылуы 10-тапсырма Дизартрияның қандай түрінде демалу, дауыс шығару артикуляцияның бірдей синхронды жұмыс жасауы бұзылады: A) бульбарлы Д B) псевдобульбарлы Д C) мишық Д D) ми қыртысы E) қыртыс асты 11-тапсырма Псевдобульбарлы дизартрияны түзету жұмысының қай кезеңінде сілекей ағуын тоқтатуға бағытталған жұмыс жүргізіледі: A) дайындың кезеңі B) негізгі кезең C) сөйлеу дағдыларын машықтандыру бекіту D) сауат ашуға дайындық E) байланыстырып сөйлеуін дамыту 12-тапсырма Дизартрияның көмескі түрінде логопедиалық жұмысты жүргізбеуге болатын бағыт:
454 A) дыбыс айтуын түзету B) гиперкинезінен айықтыру C) сөйлеу тілінің просодикалық жағын қалыптастыру D) фонематикалық қабілетін дамыту E) қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту 13-тапсырма Моторлы афазиямен шатастыратын дизартрияның түрі: A) бульбарлы (сопақша ми) B) псевдобульбарлы (жалған сопақша ми) C) экстропирамидалды D) мишық E) қыртыс асты 14-тапсырма Дизартрияның анықтамасы: A) сөйлеу аппартының анатомиалық физиологиялық ақаулығының салдарынан дыбыс айту мен дыбыстың әуездігінің бұзылуы B) сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты дыбыс aйтуы ырғақтылығы, дем алу, дауысының бұзылуы C) сөйлеу тілінің сөз қоры мен грамматикасы сақталғанда дыбыс айтуының бұзылуы D) сөйлеу тілінің жалдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы E) сөйлеу тілінің мүлдем дамымауы 15-тапсырма Осы структураның бұзылу салдарынан сопақша ми дизартрия пайда болады: A) Вернике орталығы B) ми қыртысы ядроларының бұзылуы C) жуп нерв жүйелерінің ядроларының бузылуы D) мишық ядроларының бұзылуы E) пирамидалық жолдың бузылуы ТҰТЫҚПА 1. Тырыспалық емес сипаттағы сөйлеу тілінің темпін және ырғағын сипаттау (брадилалия, тахилалия, т.б.). 2. Тырыспа сипатындағы сөйлеу тілінің темпін және ырғақтың бұзылуын сипаттау - тұтықпа. 3. Тұтықпаның патогенетикалық механизмін ашып көрсету. 4. Тұтықпаның этиологиясын сипаттау. 5. Тұтықпа формасын және түрін сипаттау. 6. Тұтықпаға қазіргі көзқарасты сипаттау. 7. Тұтықпаны жоюдың кешенді (комплексті) әдістерін ашып көрсету.
455 8. Тұтықпаның симптоматикасын анықтау. 9. Тұтықпасы бар адамды тұлға ретіндегі тәрбиелеу қажеттілігін негіздеу. 10. Тұтықпаны алдын алу негізгі бағыттарын ашу және керектігін негіздеу. 11. Тұтықпасы бар балаларды тексеруінің мазмұнын және ерекшеліктерін ашу. 12. Тұттықпаны түзету бойынша әдістемелерді атау және оның түрлілігін түсіндіру. 13. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету. 14. Тұтықпасы бар мектеп жасындағы балалармен логопедиялық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері. 15. Тұтығатын жасөспірім және ересектермен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету. 16. Тұтықпасы бар балалар үшін арнайы балабақша бағдарламасының негізгі бөлімдерін атау. Тәжірибелік тапсырмалар І. Тұтықпа түрін анықтау: а) Бұзылыстың психогендік негізгі бар; тұтықпа – қалыпты сөйлеу тілі онтогенезі фонында байқалады. Клиникалық көрінудің психогендік факторға тәуелділігі байқалады. Тұлғаның сөздік кемістікке деген реакциясы бар. б) Орталық жүйке жүйесінің ерте диффуздық зақымы байқалады; сөздік онтогенездің кейбір кешеулдеуі; тұтықпаның біртіндеп басталуы. Сөйлеу тілінің бұзылысының монотондығы, бірқалыптылығы, оның сыртқы жағдайдан аз тәуелділігі. Тұтықпаның дыбыс айтудың бұзылысымен жиі сәйкестенуі. Тұлғаның сөйлеу тілі кемістігіне деген реакциясының төмен болуы. Клиникалық сипаттауда ОЖЖ-ң органикалық жетіспеушілігінің белгілерінің болуы. ІІ. Графикалық жазу: ___ Невротикалық тұтықпа ^ Невроз тәріздес тұтықпа а) Тұтықпа психогенді-реактивті түрінде басталады; б) Сөйлеу тілі дамуының, жалпы моторикасының кеш дамуы тән; в) Тұтықпа көбінесе біртіндеп басталады, сөйлеу тілінде сөз тіркестері қалыптасқан кезде байқалады; г) Сөйлеу тілінде сөз тіркестеріні ерте байқалады; д) Алғашқы сөз бір жастан кейін пайда болады, сөз тіркесі 2-2,5 жаста қалыптасады, сөз қоры баяу толықтырылады.
456 ІІІ. Тұтығатын баланың анамнезін жинауға арналған сұрақтарды келесі бағыттар бойынша тұжырымдап, дәптерге жазу: - ананың жүктілігінің өтуі және босануы; - балада сөйлеу функциясының қалыптасу сипаты; - моторлы сферасының дамуының сипаты; - ауырған аурулары; Ұсынылған сұрақтарды негіздеп беру. ІV. Келесі педагогикалық міндеттерді шешу: 1-педагогикалық тапсырма Тұтығатын баланы зерттеуде логопед мынандай тапсырмаларды қолданды. 3-5 бөліктен тұратын суретті құрастыру, суреттер топтамасын кезектілікпен қою, не өзгергенін табу, т.б. Тапсырманың қандай мақсаттеп қолданады? 2-педагогикалық тапсырма Логопед тұттығатын баланың сөйлеу тілін мына кезектілікпен тексереді: өз бетімен сөйлеуі (спонтанная речь), сурет бойынша әңгіме құрастыру, таңдаған мәтінді айту, логопедтің артынан қайталау, логопедпен қоса айту, сыбырлап айту. Логопедтің әрекетімен келісесіңдер ме? Көзқарастарыңды негіздеңдер. V. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеу картасының үзіндісін талдау: а) Тексеру барысында дидактикалық қағидаоардың жүзеге асуын нақты мысалда көрсету; б) Тұтықпаның шығу ерекшеліктерін анықтау үшін қолданған тәсіл мен әдістерді атау. VI. Логопедиялық зерттеу хаттамасын «Анамнез», «Жалпы дамуы», «Жалпы және артикуляциялық моторикасының жағдайы» бөлімдер бойынша құру. . VII. И.И.Руденконың мақаласы бойынша хабарлама дайындау. («Сөйлеу кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық ритмика»). [Коррекционная педагогика 2005, №1] VII. Педагогикалық міндеттерді шешу: 1-педагогикалық тапсырма Сабақ үзіндісі бойынша әдістеменің авторын анықтау. Логопед: - Сен не істеп жатырсың?
457 Бала: - Мен жалаушаларды жабыстырып отырмын. Логопед: - Ал сен, Сауле, не істеп жатырсың? Бала: - Мен де жалаушаларды жабыстырып жатырмын. Логопед: - Ал сен, Асхат, не істеп жатырсың? Бала: - Мен көк жалаушаларды жабыстырып жатырмын. 2-педагогикалық тапсырма Сабақ үзіндісі бойынша тұтықпаны түзету әдістемесін анықтау: Логопед: - Тыңдаңдар, сосын артынан қайталаңдар, мен еденнен допты көтердім. Бала: қайталайды Логопед: - Бұл доп – ашық көк түсті Бала: қайталайды. 3-педагогикалық тапсырма Логопед В. И. Рожденственскаяның әдістемесі бойынша сабақ жүргізеді. Бірінші сабақтан спонтанды сөйлеу тілін жаттықтырады. Логопед дұрыс жасады ма? 4-педагогикалық тапсырма Сабақ С. А. Миронованың әдістемесімен жүргізіледі. Екінші сабақта логопед бір балаларға бір құрамды жауаппен, басқаларға – екі құрамды жауаппен жауап беруін талап етеді. Талдаңдар. 5-педагогикалық тапсырма Логопед М. А. Чевелева әдістемесі бойынша сабақ жүргізеді. - босансу жаттығулары; - тыныс алу жаттығулары; - дауыс жаттығулары; - сөздік жаттығулар (сөз бен қимылды үйлестіруге арналған); - сөздік үстел үсті ойындары, мәтінді айту. Сабақтың үзіндісін талдап, қорытынды жасау. IX. Кестені толтырыңдар. 8-кесте. Мектепке дейінгі тұтықпа балалардаы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны. Квартал Сөйлеу тілі түрі Көрнекілік 1 квартал 2 квартал 3 квартал 4 квартал
458 Х. Тұтығатын балалар үшін арнайы балабақшаның бағдарламасынан әр кварталдың міндетін және мазмұнын жазып алу. ХІ. Тұтығатын балаларға арналған арнайы балабақшаның жұмысының перспективті жоспары негізінде сабақ жоспарын құру. Топтағы студенттермен талдау. ХІІ. Тұтығатын балалаға арналған арнайы балабақшаның кварталды және сабақ жоспарымен танысу. ХІІІ. Педагогикалық тапсырманы орындау. 1-педагогикалық тапсырма Логопедиялық сабақ үзіндісін талдау. Сабақ конспектісі қандай әдістеме бойынша құрылған? Жұмыс деңгейін анықтау. Логопед: - Сен оң жаққа неше таяқша қойдың? Бала: - екі Логопед: - Ал сол жаққа ше? Бала: - бір Ескерту: Баланың сөйлеу тілі толық емес жауаптан тұрады, ол тек көз алдындағы заттың атын атаумен шектелген. 2-педагогикалық тапсырма Түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау. Бала туралы мәлімет: Асель О. 5 жас. Қыз зиялы отбасында тәрбиеленеді. Айналасындағылардың сөйлеу тілі мазмұны жағынан қиын, жылдамдығы жағынан тез. Тыныш, тілалғыш бала болып өсуде. Өзбетіншілікке, қалауына жетуге талпынысын көрсетпейді. Ересектер баланың өзбетіншілік әрекеттерін оятпайды, керісінше инициатива әрқашан олардың қолында. Сәтсіздікке жоғары сезімділік, өзіне сенбеу әдеті қызға тән. Сөйлеу тілі жай, сенімсіз. Зерттеу барысында өзіне сенімсіз, бірде-бір конструкциялық тапсырманы өзі орындамайды.Үлкендермен қарымқатынасы нашар. Ата-аналарға ұсыныс: 1-педагогикалық тапсырма Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау. Бала туралы мәлімет: Ата-аналар қызының күшейген тұттықпасы жайында келген. Сөйлеу тілі нашар, сөздік қоры аз. Анасы қызының балабақшадағы басқа балаларға қарағанда тапсырманы баяу орындайтынын айтты. Үйде баланы жылдамдыққа тәрбиелейді, тапсырманы баяу орындаса жазаланады. Ата-аналарға ұсыныс:
459 2-педагогикалық тапсырма Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау. Бала туралы мәлімет: М. Ерлан – белсенді. Өз бетінше әрекет етуге талпынады. Ұзақ уақыт өзі ойнайды, басталған сабақты үлкендердің өтініші бойынша тоқтатпай тек өз қалауынша жасады. Ата-аналар мұндай тыңдамаушылықпен күресе бастады, баланың әрекетін күштеп тоқтатты. Балада бей берекетсіздік, қозу қаситеттері пайда болды, өзіне тән өнімділікті, салмақтылықты жоғалтты. «Қайта тәрбиелеу» кезеңі баланың сөз тіркесі қалыптасқан кезеңімен сәйкес келді. Осы кезде ата-анасы баланың тілін күштеп түзеп, «ересектердің тіліне» көндірді . Балада тұтықпа пайда болды. Ата-аналарға ұсыныс: ХІV. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда: 1-тапсырма Сөйлеу тілінің бұзылуының қандай түрінде тыртысу байқалады: 1. брадилалия 2. тахилалия 3. дезартрия 4. логоневроз 5. дислалия 2-тапсырма Тұтықпасы бар баланың сөйлеу тілін тексеруді қандай тапсырмадан бастаған тиімді: 1. спонтанттық сөйлеу 2. суретке қарап әңгіме 3. түсінік айту 4. қайталап айту 5. бірге айту 3-тапсырма Тұтықпаға бейімдейтін негізгі себеп: 1. психиканың зақымдануы 2. қорқу 3. зақымдану (травма) 4. нерв жүйесінің әлсіздігі 5. сөйлеу материалдарының шамадан тыс жүктелуі 4-апсырма Тұтықпаның невроз тәріздес түріне тән белгілер: 1. тілдің ерте, тез шығуы 2. жылдам сөйлегенде жалғаулардың жұтылуы
460 3. тілдің кеш шығуы, сөздік қордың аздығы 4. тұтықпа бірден басталады 5.тұттықпа екі жастада пайда болуы мүмкін. 5-тапсырма Тұтықпаның негізгі белгісін ата: 1. вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы 2. ұсақ, жалпы моториканың бұзылуы 3. сөйлегендегі діріл 4. сөйлеу тілдң дамымауы 5. сөйлеуден қорқу 6-тапсырма Тұтығуға тән емес белгі: 1. кемшілікті сезбейді 2. сөйлеуге назар аудару сөйлеуді нашарлатады 3. таныс мәтінді дұрыс оқиды 4. қысым жасалғанда сөйлеу нашарлайды 5. таныс емес жағдайда сөйлеу нашарлайды 7-тапсырма Емдеу-сауықтыру жұмыстарына не жатады: 1. жеке зерттеу 2. ЛФК, массаж 3. логопедиялық тексеру 4. психотерапия элементтері 5. логопедиялық сабақтар 8-тапсырма Тұтыққанда жүргізілетін коррекциялық-тәрбиелік жұмыстарға не жатады: 1. психотерапия 2. күн тәртібі 3. логопедиялық сабақтар 4. дұрыс жағдай жасау 5. шынықтыру процедуралары 9-тапсырма Тұтығудың невротикалық түріне тән белгілер: 1. Тыртысу әрекеттерінің пайда болуы фразалық сөйлеудің даму фазасына сай келеді 2. психиканың зақымдалу жағдайына қатыссыз тұтығудың біртіндеп басталуы 3. зақымданудың пайда болғанға дейін-ақ фразалық сөйлеудің болуы 4. 3-4 жастағы тырысу байқалуы
461 тұтыққан баланың назарын сөйлеу тіліне аударған жағдайда сөйлеу процесін жеңілдетеді. 10-тапсырма Жас өсперімдер мен ересектердің тұтықпасын түзетуде қай автордың әдістемесін қолдануға болады: 1. Л.М.Крапивина 2. М.И.Буянов 3. О.С.Бот 6) Л.Ф.Спирова 7) Н.А.Чевелева 11-тапсырма Мектеп жасына дейінгі тұтығатын балалармен жұмыс жасаудағы қолдануға болатын әдістемесінің авторы: 1. В.М. Шиловский 2. Ю.Б. Некрасова 3. Н.А. Чевелева 4. Л.З. Арутюнян 5. В.И. Селиверстов 12-тапсырма Сөйлеуге тыртысуының орны бойынша бөлінуі: 1. клоникалық 2. спастикалық 3. аралас 4. тоникалық 5. артикуляциялық бөлімде 13- тапсырма Тыртысуының салдарынан сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы тіл кемістігінің келесі түрінде кездеседі: 1. дизартрия 2. логоневроз 3. тахилалия 4. брадилалия 5. ринолалия 14-тапсырма Бағдарламалардың әр түрлі тарауын өткенде ситуациялық жағдайдан контекстік түрге дейін еркін сөйлей алу дағдылары кімнің әдістемесінде көрсетілген: 1. Г.А.Волкова 2. С.А.Миронова
462 3. М.А.Рожденственская 4. В.И.Селиверстов 5. М.И.Буянов 15-тапсырма Төмендегідей реттілікпен кімнің әдістемесі бойынша жүргізілетін әдістеменің авторын ата: - алғашқы сөйлеу кезеңі - бірге сөйлеу кезеңі - өздігінен сөйлеудің дағдыларын пысықтау кезеңі - сөйлеуді қорыту кезеңі 1. В.И.Селиверстов 2. Г.А.Волкова 3. Н.А.Чевелева 4. М.А.Рожденственская 5. Л.Ф.Спирова 16-тапсырма Алғашқы сабақтан бастап өздігінен сөйлеуді жетілдіру кімнің әдістемесінде қарастырылған: 1. И.Ю.Абелева 2. М.Ф.Хватцев 3. С.Ф.Рау 4. Н.А.Чевелева 5. Л.С.Волкова 17-тапсырма Тұтығатын баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеген авторды көрсет: 1. В. М. Шиловский 2. Н. А. Рычкова 3. Шостак 4. В. И. Селиверстов 5. Т. А. Власова 18-*тапсырма Берілген жұмыс бағыттарының қайсысы оқушылармен жүргізілетін жұмысқа жатпайды: 1. медикаменттік заттардың кеңінен қолданылуы 2. оқу – негізгі іс-әрекет 3. өздігінен жұмыстың рөлі өседі 4. дұрыс сөйлеу дұрыс еліктеу негізінде қалыптасады 5. сөйлеудің лексикалық-грамматикалық, фонетикалық жақтарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
463 СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЖҮЙЕЛІ БҰЗЫЛУЫ 1. Алалияны сөйлеу тілі дамымауының түрі ретінде сипаттау. 2. Алалияның себебін, түрін ашып көрсету. 3. Алалияны басқа бұзылыстарымен салыстырмалы талдау жүргізу (сөйлеу тілі, есту, ақыл ой бұзылыстары), диагностикалық мағыналы көрсеткіштерін атау. 4. Афазияны басқа психикалық процестердің кемістігімен (қабылдау, жады, ойлау т.б.) өзара байланысқан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылысы ретінде сипаттау. 5. Афазияның патогенезін түсіндіру. 6. А. Р. Лурияның афазиологияның дамуына қосқан үлесін ашып көрсету. 7. Афазияның түрлі формасына нейропсихологиялық сипаттама беру. 8. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауына сипаттама беру. 9. Жалпы сөйлеу тілі дамымауының деңгейін сипаттау. 10. ЖСТД балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. 11. ЖСТД-да сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыстың кезеңдерін атау. 12. Мектеп жасында ЖСТД-нің салдарын сипаттау. Тәжірибелік тапсырмалар І. Алалияға шалдыққан және есту қабілеті бұзылған балаларға тән белгілерді сәйкестендіру. Кестені толтыру. Кесте. Алалия және есту қабілетінің бұзылысын ажырату Белгілері Сенсорлы алалия Есту қабілеті бұзылған балалар 1. Дауысы: төмен, модулденбеген, интонация – ланбаған 2. Ерте жаста анасының даусына, бәсең дауысқа реакциясы бар. 3. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану қарсы реакция тудырады. 4. Дауысы ұяң, интонациясы бай, сөз екпіндер оқытусыз пайда болады. 5. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану сөйлеу тілін қабылдауын жақсартады. 6. Ерте балалық шақта дыбыстарға, анасының дауысына реакция береді. 7. Дыбысталған сөйлеу тілі өз бетінен пайда болады. 8. Дыбысталған сөйлеу тілі оқыту нәтижесінде пайда болады.
464 ІІ. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда. 1-тапсырма Моторлы алалия ненің зақымдалу салдарынан болуы мүмкін 1) Доминантты ми сыңарының самай жағының 2) Төменгі маңдай қатпарларының артқы бөлігінің 3) Мишықтың 4) Пирамидалық жолдардың 5) Қыртыс асты түйіншектің 2-тапсырма Моторлы алалияға тән емес фактор. 1) Айтқан сөзді түсінудің бұзылуы 2) Қатынас мотивациясының қалыптаспауы 3) Бір қимылдан екінші қимылға көшу қиынға соғады 4) Оральды апраксия 5) Сөйлеу тілінің моторлы іске асыруының қиындықтары. 3-тапсырма Сенсорлы алалияға тән емес фактор. 1) күрделі қимылын дифференциалдауды қиындықпен игереді. 2) Сөзсіз дыбыстарды сезгіштігі жоғары 3) Фонематикалық есту қабілеті қалыптаспаған 4) Тіл дыбыстарын естіп қабылдау қабілеті төмен 5) Зат пен заттың атын білдіретін сөздің арасындағы байланыс қалыптаспайды 4-тапсырма Моторлы алалияны түзету жұмысын неден бастайды 1) Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру 2) Дыбыс айтуын түзету 3) Сөйлем құрастыру 4) Белсенді, енжар сөз қорын толықтыру 5) Сөз өзгерту, сөз жасау 5-тапсырма Алалияның этиологиясы 1) ОНЖ функционалдық зақымдалуы 2) Сөйлеу аппарытының шеткі бөлігінің органикалық бұзылуы 3) ОНЖ органикалық зақымдалуы 4) Сөйлеу моторикасының функционалдық бұзылуы 5) Сөйлеу аппаратының анатомиялық ақаулықтары 6-тапсырма
465 Алалияны болдырмайтын фактор 1) Туғанда жарақат алуы 2) Асфиксия 3) Тұқым қуалау 4) Іште жатқанда менингит, энцефалит болуы 5) Іште жатқанда немесе туғаннан кейін мидың жарақатануы 7-тапсырма Алалияға тән сөйлеу тілінің бұзылу белгілері 1) Сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жетілмеуі 2) Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының күрделі бұзылуы 3) Дыбыс айтуы мен дауыстың әуезділігінің просодикасының бұзылуы 4) Сөйлеу тілінің темпті ырғақтық жағының бұзылуы 5) Дыбыс айтуының бұзылуы 8-тапсырма Моторлы алалияның сөйлеу тілі кешеуілдеп дамығаннан айырмашылығы неде? 1) Сөйлеу тілінің дамуында кешеуілдеу, секірмелі даму процесі байқалады 2) Сөз құрамының бұзылуы аграмматизм кездеспейді 3) Сөз қоры молайған сайын аграмматизм күшеюі мүмкін 4) Түзету жұмысы көбінесе сөйлеу тілінің дыбыстық жағына бағытталған 5) Мектепке келгенде сөйлеу кемшіліктері көбінесе түзетіледі, байқалмайды 9-тапсырма Сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуының моторлы алалиядан айырмашылығы неде? 1) Квазиомоним сөздерді шатастырады 2) Сөйлеу негативизмі байқалады 3) Сөздің, фразаның құрылымының бұзылуы кездеседі 4) Сөйлеу негативизмі байқалмайды ІІІ. 10-кестені толтыру – «Сөйлеу тілі дамымауының деңгейлері». Салыстыру параметрлері 1 деңгей 2 деңгей 3 деңгей Өзіне айтылған сөйлеу тілін түсіну Белсенді лексикалық құралдар Грамматикалық қатар Дыбыс айтуының жағдайы
466 Фонематикалық есту қабілеті Қолданылатын сөйлемнің құрылымы Байланыстырып сөйлеуі ІV. Балалардың фонематикалық қабылдауының қалпын анықтауға арналған әдістемелік тәсілдер тізімін құрастырып, дәптерге жазыңыздар. V. Баланың сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған әдістемелік тәсілдер атап, дәптерге жазыңыздар. VI. Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды іріктеп, альбом құрастырыңыздар. VII. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеруге арналған суреттер іріктеңіздер. VIII. Көрсетілген белгілерді жалпы сөйлеу тілінің дамымауының деңгейімен сәйкестендіріңіздер. Кестені толтырыңыздар. 11 кесте. Жалпы сөйлеу тілінің дамымау деңгейлерінің дифференциациясы. № Белгілері 1 деңгей 2 деңгей 3 деңгей 1 Дұрыс айтпайтын дыбыс саны 16-20 дейін 2 Белгілі ситуацияға байланысты сөздерді түсінеді 3 Сөздің буындық құрамының бұзылуы: қысқарту, алмастыру, ұқсас буындармен шатастыру. 4 Сөйлеу тілінде қосымша сөздер, жеке сөздер пайда болады. 5 Балаларда сөзөзгерту, сөз жасам дағдылары қалыптаспаған. 6 Фонематикалық қабілеті күрделі бұзылған, дыбыстардың айтуы тұрақсыз. 7 Балалар сөздердің жалғауларының айырмашылығын түсінбейді және ажырата алмайды. 8 Ситуациясы және сыртқы белгілері ұқсас сөздерді алмастыруы байқалады. ІХ. «Сурет бойынша әңгіме құрастыру» тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісін құрастырыныздар.
467 Х. ЖСТД бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастырыңыздар. Төмендегі үлгіге сүйеніңіздер. ЖСТД балалармен логопедиялық сабақтың жоспар үлгісі Тақырыбы: Мақсаттары: Көрнекі құралдар: Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа тақырыпты таныстыру 4. Дыбыс артикуляциясын анықтау. Дыбыс сипаттамасы. 5. Дыбысты буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуын бекіту 6. Өтіп жатқан дыбыс кездесетін сөзді талдау 7. Сөз қорын молайту бойынша жұмыс 8. Сөйлеу тілінің грамматикалық қатарын жетілдіруге арналған жаттығулар 9. Үй тапсырмасы 10. Сабақ қорытындысы. Ескерту: Жұмыстың кезеңіне байланысты сөз қорын, сөйлеу тілінің фонетикалық және грамматикалық жағын қалыптастыру және жетілдіру бойынша жұмыстың ара-қатынасы. ХІ. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда. 1-тапсырма А.Р. Лурия афазияның қандай топтастыруын ұсынған. 1) Лингвистикалық 2) Нейропсихологиялық 3) Неврологиялық 4) Психологиялық-педагогикалық 5) Клиникалық 2-тапсырма Афазияның нақты анықтамасын тап 1) Сөйлеу тілін жоғалту 2) Сөйлеу тілінің дамымауы 3) Бас миының локальді зақымдалуынан сөйлеу тілін толық немесе жартылай жойылуы 4) Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы 5) Сөйлеу тілінің барлық құрылым компоненттерінің бұзылуы
468 ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ I Блок. Жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасу механизмі. 1. Жазудың психофизиологиялық механизмі қандай? 2. Қалыпты дамыған балалардың оқу дағдыларының қалыптасу кезендері. 3. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ұқсастығы мен айырмашылығы. 4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу туралы ілімнің даму тарихына қысқаша шолу. 5. Жазбаша сөйлеу тілінің механизмі және классификациясына қазіргі кезеңдегі көз қарас. 6. Жазудың бұзылуын сипаттайтын қандай терминдер қолданады? 7. Әр түрлі ауытқулары бар балалар арасында дислексия мен дисграфияның таралуы. II Блок. Жазу тілінің бұзылуының сипаттамасы және себептері. 1. Дислексия мен дисграфияның анықтамасы. 2. Дисграфия мен дислексияны тудыратын себептер. 3. Ерекше ( спецификалық) қателер дегеніміз қандай қателер? Мысал келтіріңдер. 4. Фонематикалық жетілмеу жазуға қалай әсер етеді: (қандай көрініс береді?) 5. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы жазуға қалай әсер етеді? 6. Дыбыс айтуының бұзылуының қандай түрі жазуға әсер етеді, қандай түрі әсер етпейді? 7. Қандай қателер «акустикалық» деп аталады? 8. Жазудағы графикалық қателердің кездесуі неге байланысты? 9. Дислексияда қандай қателер кездеседі? 10. Дислексияның белгілері мен байқалуы неге байланысты? 11. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы тұлғаның қалыптасуына қалай әсер етеді? 12. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы тіл кемістігінің қандай түрінде оның бір белгісі ретінде байқалады? Мысал келтіріңдер. III Блок. Дисграфия мен дислексияны топтастыру. 1.Дисграфияның топтастыруы қандай критерийге негізделген? 2. О.А. Токарева дисграфияны қандай түрлерге бөледі? 3. М.Е. Хватцев дисграфияны қандай түрлерге бөледі? 4. Дисграфияның әр түрлеріне мысал келтіріңдер. 5. Дислексияны топтастыру қандай критерийге негізделген? 6. Беккер дислексияны қандай түрлерге бөледі? 7. О.А.Токарева дислексияны қандай түрлерге бөледі?
469 8. Р.И.Лалаева дислексияны қандай түрлерге бөледі? 9. М.Е.Хавтцевтің дислексияны топтастыруын атаңдар? 10. Әр түрлі топтастырулардың себептерін қалай түсіндіруге болады? IV. Блок. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балаларды тексеру. 1.Тексеру қандай принциптерге сүйене отырып жүргізіледі? 2.Тексеру қандай бөлімдерден тұрады? 3. Фонематикалық қабілетін тексерудің кезектілігі мен мазмұнын айтыңдар. 4. Фонематикалық қабылдауын анықтау үшін тапсырмалар қандай кезектілікпен беріледі? 5. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын тексеру қажеттілігін дәлелдеңдер. 6. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөз қорын, грамматикалық жағын тексеру қажеттілігін дәлелдеңдер. 7. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалардың қандай сөзсіз функцияларын тексеру қажет, дәлелдеңдер. 8. Оқуын тексеруге қажет тапсырмаларды іріктеп құрастырыңдар. 9. Жазудың қандай түрлері тексеріледі? 10. Тексеруде қолданылатын сөздік материялдар қандай талаптарға сәйкес іріктеледі, құрастырылады? 11.Сөйлеу қортындысында не көрсетіледі? V Блок. Жазудағы қателердің механизмі. 1. Дисграфияның негізгі белгілерін атаңдар. 2. Фонематикалық талдаудың қалыптаспау салдарынан туындайтын қателер. 3. Әріп және буын деңгейіндегі қателерді атаңдар. 4. Сөз деңгейіндегі қателерді атаңдар. 5. Сөйлем деңгейіндегі қателерді атаңдар. 7. Жазудағы ерекше қателерді есепке алу кестесін құрастырындар. Тәжірибелік тапсырмалар І. Төменгі сынып оқушыларында жазудың спецификалық қателерін сипаттау және оны кестеге жазу. 12-кесте. Жазбаша сөйлеу тілінің спецификалық қателері. Әріп және буын деңгейіндегі қателер Алмастыру Шатастыру Орын ауыстыру Артық әріпті қосу Сөз деңгейіндегі
470 қателер Сөйлем деңгейіндегі қателер ІІ. Түрлі сыныптағы оқушылардың жазба жұмысын қателер сипатын анықтау мақсатында талдау. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеу хаттамасын толтыру. 13-кесте. Жазбаша сөйлеу тілін тексеру хаттамасы. Оқушының атыжөні Жалпы қателер саны Қателер типі (түрі) Алмастыру Тастап кету Орын ауыстыру Басқа қателер Орфографиялық қателер ІІІ. Педагогикалық тапсырмаларды орындау. 1-педагогикалық тапсырма Сөзді талдауға дайындық сатысының кезектілігін анықтау (Г.А. Каше бойынша). 1. Тұйық буынды талдау: АП, УТ. 2. Сөз басынан 1-ші дауысты дыбысты ажырату. 3. Ашық буынды талдау: МА. 4. Дауыссыздан кейінгі екпінді дауыстыны ажырату. 2-педагогикалық тапсырма Төменде келтірілген әдістемелік тәсілдердің қайсысы дыбыстың талдау дағдыларын көрнекі, сөздік және ақыл-ой жоспарында бекітуге себеп болады. 1. Схемаға сәйкес келетін сурет таңдау. 2. Эльконин карточкасы. 3. «Бал» сөзінде 1-ші (2, 3) дыбысты атау. IV. Ақыл-ой жоспарында дабыстың талдау дағдыларын бекітуге себеп болатын бірнеше әдістемелік тәсілдерді таңдау. V. Көру-кеңестік және есту елестерін дамыту үшін қолдануға болатын ойынжаттығуларын дәптерге жазу.
471 VI. Сөзжасам және байланыстарын сөйлеу тілі дағдыларын бекітуге арналған бірнеше жаттығуларды таңдап, дәптерге жазу. VII. Балаларда қол саусақтарының моторикасын дамыту үшін қолданылатын ойын (жаттығулар) тізімін құрастыру. VIII. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда: 3-тапсырма Оқу құралдарынан қарап немесе өздігінен конспекті құрып, сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған бірнеше тәсілдерді ойлап дәптерлеріңе жазып талдаңдар. 4-тапсырма Қолдың ұсақ бұлшық етін дамытуға арналған бірнеше тәсілдер ойластырып, жазуға үйретудегі бұл жаттығулардың маңыздылығын дәлелдеңдер. ІХ. Ұсынылғані жоспар бойынша дисграфиясы бар балалармен жүргізілетін сабақ үлгісін құрастырыңыз. Дисграфиясы бар балаларға арналған логопедиялық сабақтың жоспарының үлгісі. Тақырып: Мақсаты: (білім беру, түзетушілік, тәрбиелік) Көрнекілік: Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй жұмысын қайталау. 3. Сабақ тақырыбын хабарлау. 4. Дыбыстардың артикуляциясының ұқсастығын және айырмашылығын анықтау. Дыбыстарға сипаттама беру. 5. Дыбыстарды ерекшелеуге, ажыратуға, арналған жаттығулар (ауызша және жазбаша түрде). 6. Дыбыс және әріп байланысын бекітуге арналған жаттығулар. 7. Сергіту сәті. 8. Дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын бекіту және қалыптастыру бойынша жұмыс. 9. Өз бетінше жұмыс. 10. «Оқу минуты». 11. Үй жұмысын орындауға нұсқау беру. 12. Сабақ қорытындысы.
472 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 1.Логопедия келесі ғылым саласына жатады: A) медицина B) педагогика C) техника D) лингвистика E) медицина-биология ***** 2. Логопедияның пәні: A) естуінің бұзылуы және түзету жолдары B) қимыл-тіреу аппаратының бұзылуы және түзету жолдары
473 C) көруінің бұзылуы және түзету жолдары D) сөйлеу тілінің бұзылуы және түзету жолдары E) ойлау қабылетінің бұзылуы және түзету жолдары ***** 3. Сөйлеу тілінің бұзылуымен шұғылданатын: A) тифлопедагогика B) сурдопедагогика C) олигофренопедагогика D) типлосурдопедагогика E) логопедия ***** 4. Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі: A) ми қыртысы, қыртыс асты, сопақша ми, сопақша ми ядролары, пирамидалық жолдар B) ми қыртысы, қыртыс асты, сопақша ми C) ми қыртысы, қыртыс асты, даус шығару бөлімі D) пирамидалық жолдар, қыртыс асты, сопақша ми E) ми қыртысы, қыртыс асты, артикуляциялық бөлігі ***** 5. Сөйлеу аппаратының шеткі бөліміне кіретін: A) дем алу, дыбыс шығару бөлігі B) артикулляция аппараты C) дем алу, дыбыс шығару, артикуляция аппараты D) дыбыс шығару, бөлігі, сопақша ми E) пирамидалық жолдар ***** 6. Бала неше айда уілдей бастайды: A) 2-3 айда B) 4-5 C) 1-2 D) 3-4 E) 0-2 ***** 7. Бала неше айда былдырлай бастайды: A) 2-3 айда B) 3-4 C) 4-5 D) 5-6 E) 7-8 ***** 8. Р.Е. Левина қандай жіктелімнің авторы: A) клиникалық-педагогикалық B) психологиялық-педагогикалық C) жұмыс жіктелімі
474 D) дауыстың бұзылу жіктелімі E) тұтықпаның жіктелімі ***** 9. Психологиялық-педагогикалық жіктелімнің негізделген принципі: A) себептері B) симптомдары C) сөйлеу мүмкіншіліктері D) психологиялық мүмкіншіліктер E) механизмі ***** 10. Клиникалық-педагогикалық жіктелімнің негізделген принципі: A) сөйлеу мүмкіндіктері B) психологиялық ерекшеліктері C) жеке басының ерекшеліктері D) себебі мен симптоматикасы E) кемістіктің түрін ескеру ***** 11. Мына жіктелімнің қайсысы топпен жұмыс жасауға ыңғайлы: A) жұмыс классификациясы B) психологиялық-педагогикалық C) клиникалық-педагогикалық D) клиникалық E) медициналық-педагогикалық ***** 12. Тіл кемістігінің осы түрінде патологиялық баяу сөйлеуі байқалады: A) тұтықпа (заикание) B) брадилалия C) тахилалия D) дислалия E) ринолалия ***** 13. Жазбаша сөйлеу тілінің жартылай бұзылуында байқалатын тіл кемістігі: A) дислексия B) дисфония C) тахилалия D) дисграфия E) тұтықпа ***** 14. Сөйлеу тілінің мағыналық семантикалық құрамының бұзылуына жататын тіл кемістігі : A) дислалия B) дизартрия C) ринолалия D) брадилалия E) алалия
475 ***** 15. Қатынас құрамының бұзылуына жататын тіл кемістігі: A) алалия B) афазия C) тұтықпа D) дисграфия E) сөйлеудің жалпы жетілмеуі. ***** 16. Қатынас құралын пайдалануының бузылуына жататын тіл кемістігі: A) алалия B) ФФЖ C) афазия D) тұтықпа E) дисграфия 17. Тексерудің түрі: A) бақылау B) кеңесу C) анамнез жинау D) тереңдетіп тексеру E) динамикалық ***** 18. Дыбыс айтуын тексергенде қандай тапсырма пайдаланады A) сөздегі бірінші буынын айт B) “с” дыбысы бар суретті тап C) “ш” дыбысын естісең қолынды көтер D) “кесе” жаттығуын жаза E) “сабын, қасық, бас” суреттерін ата ***** 19.Тілдің қимыл – қөзғалысын тексеру үшін мына жаттығулардың қайсысын пайдалануға болады: A) “курекше” B) ауызды кең ашу C)“ сағат” D) “жымыю” E) “түтікше” ***** 20. Фонематикалық қабылдауын тексеру үшін қолданылатын тапсырма A) “шана, қайшы, қарындаш” суреттерді ата B) са-за-ша буының қайтала C) сағат сөзінде бірінші қандай дыбыс D) “ж” дыбысына сөз ойла E) “ш” дыбысы бар суреттерді бөліп ал ***** 21. Дыбыстық талдау дағдыларын тексеруге қолданылатын тапсырма
476 A) “қасты ” көрсет, “қазды ” көрсет B) берілген буындардан сөз құра C) “тас” деген сөзде неше дыбыс бар D) сөзде “С” дыбысын естісең қолынды көтер E) “ш” дыбысына сөз ойла ***** 22. Сөз қорын тексеруге қолданылатын тапсырма: A) сиыр, ешкі, жылқы –бір сөзбен қалай атауға болады B) суреттерді ата: Сабын, қасық, бас C) суреттерді ата: Қарлығаш, троллейбус, милиционер D) суреттерді ата: Каз- Кас E) “мысық” деген сөзді естісең қолыңды қөтер ***** 23. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру үшін пайдаланатын тапсырма: A) кімге не керек B) жануалардың төлін айта C) берілген сөздерден сөйлем құра D) қандай зат тұралы айттым (заттың сипаттамасыайтылады) E) бала итті қуып келеді? Алдында Кім? ***** 24. Байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін берілетін тапсырма: A) алдымен жемісті, сосын көкөністі ата B) кім, кімнен келіп тұр C) тақпақты қайтала D) демалысты қалай өткіздің E) жұмбақты шеш ***** 25. Жазуын тексеру үшін пайдаланатын тапсырма: A) мәтінді оқып мазмұнын айт B) берілген буыннан сөз құра C) кесте әліппе бойынша сөз құра D) мәтінді көшіріп жаз E) шана-сана, қара-қала, сөздерінің айырмашылығы неде: ***** 26. Дислалияда бұзылатын: A) дауысы, фонациясы B) ырғақтылығы мен жылдамдығы C) иннервациясы мен есту қабылеті сақталғанда дыбыс айтуының бұзылуы D) сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық кемістігінің салдарынан дауыстың әуезділігі мен дыбыс айтуының бузылуы E) сөйлеу аппаратының иннервасының бұзылуының салдарынын дыбыс айтуының бұзылуы *****
477 27. Тіл үші төменгі қалыпта айтылатын фонетикалық топ дыбыстар: A) ысқырық B) таңдай C) ызың D) сонорлы E) түйісіп- өтетін ***** 28. Дыбысты түзету кезеңін саны: A) 3 B) 4 C) 5 D) 2 Е) 1 ***** 29. Сигматизм кезінде бұзылатын дыбыстар: A) дауысты B) тіл арты C) ысқырық D) сонорлы Е) таңдай ***** 30. Тіс аралық сигматизмнің себептері: A) мұрнының қисайуы B) субмукозды жарықшақ C) бүйірлік ашық қабысу D) сүт тістерінің ауысуы E) артикуляция аппаратының қимыл-қозғалысының шектелуі ***** 31. Бүйірлік ашық тістену, тілдің бір жақ бұлшық еттерінің әлсіреуі сигматизмнің осы түрінің себебі: A) тіс аралық B) бүйірлік C) мұрындық D) еріндік-тістік Е) ызың ***** 32.Сигматизмнің осы түрінде “С”дыбысы шуылдап шығып, мұрыннан айтылады: A) тіс аралық B) бүйірлік C) мұрындық D) еріндік-тістік Е) ызың *****
478 33.Тіл асты желбезегінің қысқаруы, жоғарғы таңдай жеңішке және биік болуы сигматизмнің осы түріне себеп болады: A) тіс аралық B) бүйірлік С) мұрындық D) еріндік-тілдік E) ызың ***** 34. Дыбыстарды алмастырып айту кемістігінің түрі: A) антропофоникалық B) фонологиялық C) грамматикалынық бұзылуы D) лексикасының бұзылуы E) байланыстырып сөйлеудің бұзылуы ***** 35. Артикуляциялық аппаратың құрлысының кемістігінен болатын сөйлеу тілінің бұзылуы: A) дислалия B) дизартрия C) ринолалия D) алалия E) афазия ***** 36. Ринолалияда кездесетін артикуляциялық аппараттың кемістігі: A) прогения B) прогнатия C) қатты таңдайдың жырықшағы D) тіл асты желбезегінің қысқа болуы E) қимылы шектелген тіл ***** 37. Ринолалияның себептеріне не жатпайды: A) мұрын құысындағы полиптер B) жұмсақ таңдайдың жарықшағы C) субмукөзды жырықшақ D) қимылы шектелген жіңішке тіл E) жоғарғы еріннің жырықшағы ***** 38. Жабық ринолалияның себептері: A) субмүкозды жырықшақтар B) кішкентай тілдің бөлінуы C) мұрын құысындағы аденоид D) бүкілдей жарықшақ E) қатты таңдайдың жартылай жарықшақтары
479 ***** 39. Ашық ринолаляның себептері: A) мұрнының қисайуы B) альвеоларлық өсіндінің біржақты жарықшағы C) мұрын құысындағы полиптер D) аденоиды E) қимылы шектелген жеңішке тіл ***** 40. Жабық ринолалияға келтірмейтін себепті табыңдар: A) аденоиды B) полипы C) жұмсақ таңдайдың парезі D) мұрынның қисайуы E) фиброма ***** 41. Ашық ринолалияға келтірмейтін себеп: A) мұрын құысынның кішейуі B) қатты таңдайдың жарықшағы C) жұмсақ таңдайдың жарықшағы D) субмукөзды жырықша E) ісіктер ***** 42. Операцияға дейінгі негізгі кезеңдегі логопедиалық жұмыс ерекшеліктері: A) дыбыс айтуын саналы түрде естіп бақылау B) өтілген дыбыстарды әріппен белгілеу C) естіп бақылаудан баланың көңілін аудару D) дыбысты айтуға және ажыратуға машықтандыру E) дисграфиядан сақтандыру ***** 43. Ринолалияда операциядан кейінгі логопедиялық түзету жұмысы неге бағытталған: A) ұсаң моториканы дамытуға B) жалпы моториканы дамытуға C) дыбыс айту дағдыларын бекітуге D) диафрагмалдық дем алуын қалыптастыруға E) ауыздан қысқа дем алуын дамытуға ***** 44. Сөйлеу тілінің бұзылуының қай түрінде демалу мен дауысы бұзылады: A) дислалия B) тұтықпа С) алалия D) дизартрия E) афазия ***** 45. Дизартрияда түзету жұмысын осы бағытттан бастаған тиімді:
480 A) дауысты дыбыстарды түзету B) сілекей ағуын, ырықсыз қимыл-қозғалысын тыю C) дауыссыз дыбыстарды түзету D) дұрыс дем алуын қалыптастыру E) дауысын түзету жұмыс ***** 46. Дизартрияның барлық түріне тән клиникалық белгілер: A) ерікті қимыл-қөзғалысының бұзылуы B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы C) сөйлеу аппараттының спастикалық орталық салы D) атрофия E) арефлексия ***** 47. Сөйлеу тілінің C) алалия D) дизартрия E) афазия ***** 48. Дизартрияның этиологиясы: A) ОНЖ (орталық нерв жүесінің) функциясының бұзылуы B) сөйлеу аппаратының шеткі бөлігінің органикалық зақымдалуы C) ОНЖ органикалық бұзылуы D) сөйлеу моторикасының функциясының бұзылуы E) артикуляциялық аппаратының құрылысындағы ақаулықтар ***** 49. Дизартрияны болдырмайтын факторлар: A) резус-конфликт B) асфиксия C) артикуляциялық апараттың құрылысының кемістігі D) ДЦП E) жүкті кездегі ананың инфекциялық аурумен ауруы ***** 50. Дизартрияға тән сөйлеу тілі бұзылуының белгілері: A) сөйлеу тілінің барлық компонентерінің бұзылуы B) дыбыс айтуының бұзылуы C) дыбыс айтуы, просодикасы, дауысы бұзылуы D) сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен әуезділігінің бұзылуы E) оқу мен жазудың бұзылуы ***** 51. Келесі структураның бұзылуы салдарынан бульбарлық дизартрия пайда болады: A) Вернике орталығы B) ми қыртысы ядроларының бұзылуы C) жуп нерв жүйелерінің ядроларының бузылуы D) мишық ядроларының бұзылуы
481 E) пирамидалық жолдың бузылуы ***** 52.Псевдобульбарлық дизартрияда бұзылатын структуралар: A) жуп нерв жүйесіннің ядролары B) қыртыс асты ядролар C) Брока орталығы D) пирамидалық жолдар E) мишық ядролары ***** 53.Мишық дизартрияда бұзылатын структура: A) постцентральды орталықтар B) қыртыс асты ядролар C) жуп нерв жүелері D) мишық ядролары Е) пирамидалық жолдар ***** 54.Бульбарлы дизартрияға тән белгілер: A) гипертония B) атония C) гиперрефлексия D) ерікті қимыл –қөзғалыстың бұзылуы E) тілдің ортасы көтеріңкі, артқа қарай жылжыған, ширыққан ***** 55.Псевдобульбарлы дизартрияға тән белгілер: A) гипертрофия B) атония C) ерікті, еріксіз қимылдың бұзылуы D) ауыз ашық, тілдің қимылы шектелген Е) атрофия ***** 56.Ми кыртысы дизартрияға тән белгілер: A) дауыс әлсіз, қырылдап шығады B) дауысты дыбыстар, “Э” дыбысына ұқсап айтылады C) артикуляциясы курделі дыбыстардың айтылуы бұзылады D) дауысты дыбыстардың артикуляциясы артқа қарай жылжыған E) сөздің буындың құрамы бұзылады, сөйлегенде тоқтап, сөз үзіліп отырады ***** 57.Дизартрияның негізгі белгілеріне жатпайтын: A) дыбыс айтуы мен фонациясының бұзылуы B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы C) артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалыстың бұзылуы D) еріксіз қимыл-қозғалыстар (гиперкинез) E) оқу мен жазуының бұзылуы *****
482 58.Экстрапирамидалық дизартрияға дыбыс айту кемшілігін тудырмайтын себеп: A) ауыз қуысында кездесетін ауытқүлар B) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тонусының озгеруі C) гиперкинез D) сөйлеу мускулатурасынан баратын проприоцептивтік афферентігінің бұзылуы E) қимыл иннервациясының бұзылуы ***** 59. Моторлы алалия ненің зақымдалу салдарынан болуы мүмкін: A) доминанты ми сыңарының самай жағының B) төменгі ми қатпарларының артқы бөлігінін C) мишықтың D) пирамидалық жолдардың E) қыртыс асты түйіншектің ***** 60. Моторлы алалияға тән емес фактор: A) айтқан сөзді түсінбеуі B) қатынас мотивациясының қалыптаспауі C) бір қимылдан, екінші қимылға кошу қиынға соғады D) оральды апраксия E) парафазия, персеверация ***** 61. Сенсорлы алалияға тән емес фактор: A) сөйлеудің моторлық реализациясы бұзылған B) айтқан сөзді түсінбейді C) фонематикалық есту қабылеті дамымаған D) тіл дыбыстарын естіп қабылдау қабілеті төмен E) зат пен заттың атың білдіретін сөздің арасындағы байланыс қалыптаспайды ***** 62.Моторлы алалияны түзету жұмысын неден бастайды: A) байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру B) дыбыс айтуын түзету C) сөйлем құрастыру D) белсенді, енжар сөз қорын толықтыру E) сөз өзгерту, сөз жасау ***** 63.Алалияның этиологиясы: A) ОНЖ функционалдық зақымдауы B) сөйлеу аппаратының шеткі бөлігінің органикалық бұзылуы C) ОНЖ органикалық зақымдалуы бұзылуы D) сөйлеу моторикасының функционалдық бұзылуы Е) сөйлеу аппаратының анатомиялық ақаулықтары *****
483 64.Алалияны болдырмайтын фактор: A) тұғанда жарақаталуы B) асфиксия C) тұкым қуалау D) іште жатқанда менингит, энцефалит болуы E) іште жатқанда немесе тұғаннан кейінгі мидың жарақатануы ***** 65.Алалияға тән сөйлеу тілінің бұзылу белгілері: A) сөйлеу тілінің барлық компонентерінің жетілмеуі B) сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының күрделі бұзылуы C) дыбыс айтуы мен дауыстың әуезділігінің просодикасының бұзылуы D) грамматикасының жетілмеуі E) фонетика-фонематикасының жетілмеуі ***** 66. Дисграфияның негізгі белгісі: A) жазуда орфографиялық қателер B) орфографиялық қателер мен аграмматизм C) жазуда әріптерді алмастыру, шатастыру, тастап кету D) пунктациялық қателер E) стилистикалық қателер ***** 67. Акустикалық-артикуляциялық диграфияны түзету жұмысының негізгі бағыты: A) сөз жасау дағдыларын қалыптастыру. B) көру гнозисін дамыту C) фонематикалық түсінігін дамыту D) уақытты бағдарлауын дамыту E) кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру ***** 68.Жазу тілінің бұзылуыны тән ерекше қателер: A) стилистикалық B) пунктациалық C) алмастыру және шатастыру D) аграмматизм E) орфографиялық ***** 69.Дислексияға тән емес қате: A) оқығанда дыбыстарды алмастыру және шатастыру. B) әріптеп оқу C) оқығанын түсінбеу D) дауыстың бұзылуы E) оқудағы аграмматизмдер ***** 70.Сөйлеу тілінің бұзылуының осы түрінде тыртысу байқалады:
484 A) брадилалия B) тахилалия C) дизартрия D) логоневроз E) дислалия ***** 71.Тұтықпа баланың сөйлеу тілін тексеруді осы тапсырмадан бастаған тиімді: A) ауызекі сөйлеу B) сурет бойынша әңгімелеу C) мәтіннің мазмұнын айту D) қайталап айту E) бірге айту ***** 72.Тұтықпаға бейімдейтін негізгі себеп: A) психикасының зақымдалуы (психотравма) B) қатты қорқу C) сөйлеу ортасының әсері D) нерв жуйесінің әлсіреуі E) сөздін материалды шамадан тыс көлемін көп беру ***** 73.Тұтықпаның невроз тәріздес түріне тән белгілер: A) сөйлеу тілінің ерте қарқынды дамыу B) сөздің аяғын айтпай жұтып тез сөйлеу C) сөйлеудің, сөз қорының кешеуілдеп дамуы D) тұтықпаның кенеттен пайда болуы E) тұтықпа 2 жас мөлшерінде пайда болады ***** 74.Тұтықпаның негізгі белгісі: A) вегетативтік нерв жүйесінің бұзылуы B) жалпы, және ұзақ бұлшық еттердің моторикасының бұзылуы C) сөйлеу кезінде тыртысу D) сөйлеу тілінің жетілмеуі E) жазылуының бұзылуы ***** 75.Тыртысу салдарынан сөйлеу тілінің жылдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы: A) тахилалия B) брадилалия C) тұтықпа D) полтерн E) баттаризм ***** 76.Тахилалияның анықтамасы: A) сөйлеудің мөлшерден тыс баяулауы B) тыртысусыз жылдам, ұзіп,кідіріп сөйлеу
485 C) сөйлеу тілінің, сөйлеуде зейінінің бұзылуына байланысты фразаның дұрыс қалыптаспауы D) мөлшерден тыс жылдам сөйлеу E) сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан. сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтығының бұзылуы ***** 77.Тұтықпаға тән емес: A) тіл дыбыстарын дұрыс айтпайды B) сөйлеуіне қоңіл бөлуі, зейін салуы сөйлеу барысын төмендетеді C) таныс мәтінді жақсы оқиды D) қызып сөйлеу барысында сөйлеуі нашарлайды, тұтығады E) бөтен ортада сөйлеуі нашарлайды ***** 78.Емдеу-сауықтыру жұмысына жатады: A) жеке тексеру B) ЛФК, сылау C) логопедиалық тексеру D) психотерапия элементтерін пайдалану Е) логопедиялық сабақ ***** 79.Түзету – тәрбиелеу жұмысына жатады: A) ата-аналармен жұмыс жүргізу B) қиынықтыру шаралары C) дәрімен емдеу D) гипноз E) ЛФК ***** 80.Тұтықпаның невротикалық түріне тән: A) тыртысқақа шалыну, мүдіріп қалу ауызекі сөйлеудің даму кезінде пайда болады B) тұтықпаның басталуы психотравмаға байланысты емес, біртіндеп пайда болады C) тұтықпаға дейін ауызекі сөйлеуі қалыптасқан D) тыртысқақ малыну мүдеру 3-4 жаста байкалады E) сөйлеу кезінде өзін- өзі қадағалап, зеліп қойса сөйлеуі жеңілдейді ***** 81. Жас өсперімдер мен ересектердің тұтықпасын түзетуде қай автордың әдістемесін қолдануға болады: A) Н. И. Рождественская B) М. И. Буянов C) О. С. Бот D) Л. Ф. Спирова E) Н. А. Чевелева *****
486 82. Бағдарламаны оқыту барысында ауызекі сөйлеудің дағдырларын ситуативтік формадан контекстік формаға дейін дамыту қандай методикада көзделген: A) Г. А. Волкова B) С. А. Миронова C) М. А. Рождественская D) В. И. Селиверстов E) М. И. Буянов 83. Фонепедия пәні? A) дыбыс айтудың бұзылуы B) естудің бұзылуы C) дауыс функциясының бұзылуы D) көруідің бұзылуы E) зейіннің бұзылуы ***** 84. Дауыс аппараты бұл? A) сөйлеу тілдің функционалды жүйесінің шеткі бөлігі B) сөйлеу тілдің функционалды жүйесінің орталық бөлігі C) сөйлеу тілінің функционалды жүйесінің жетекші бөлігі D) орталық жүйке жүйесінің перифеериялық бөлімі E) орталық жүйке жүйесінің орталық бөлімі ***** 85. Дауыстың бұзылысы мына кемісиіктің құрылымына кіреді A) дислалия B) брадилалия C) тахилалия D) ринолалия E) алалия 86. Дауыстың пайда болуы – A) акустикалыққа ауысатың бірінші реттік кеңірдектіқ дыбыс нәтижесіндегі фонация компоненті B) кеңірдекті дауыстың пайда болу нәтижесіндегі фонация компоненті C) дауыс перделерінің тербеліс жиілігін субъективті қабылдау D) дауыс аппаратымен жүзеге асатың әр түрлі дыбыстардың сәйкестігі E) дауыс перделерінің тербеліс қимыл қозғалысын сезу ***** 87. Дауысты безендіру – A) акустикалыққа ауысатың бірінші реттік кеңірдектіқ дыбыс нәтижесіндегі фонация компоненті B) кеңірдекті дауыстың пайда болу нәтижесіндегі фонация компоненті C) дауыс перделерінің тербеліс жиілігін субъективті қабылдау D) дауыс аппаратымен жүзеге асатың әр түрлі дыбыстардың сәйкестігі E) дауыс перделерінің тербеліс қимыл қозғалысын сезу
487 ***** 88. Дауыстың жоғарлығы A) дауыс перделерінің тербеліс жиілігін субъективті қабылдау B) ауа бөлшектерінің тербелісі C) дауыс аппаратымен іске асатың әр түрлі дыбыстардың сәйкестенуі D) дауыс аппаратының іске келетін тонның кезектілігі E) ) дауыс байламдарының қимылының жиелігін сезу ***** 89. Дауыс дыбысы A) дауыс перделерінің тербеліс жиілігін субъективті қабылдау B) ауа бөлшектерінің тербелісі C) дауыс аппаратымен іске асатың әр түрлі дыбыстардың сәйкестенуі D) дауыс байламдарының қимылының жиелігін субъективті сезу E) дауыс аппаратының іске келетін тонның кезектілігі ***** 90. Дауыстың күші A) дауыс қырытысының тербеліс жиілігін субъективтің қабылдауы B) тығыздалған және қуатсыздалған толқын түрінде таралатын ауа бөлігінің тербелісі C) дауыс аппаратымен түзілетін әр түрлі дыбыстардың үйлесуі D) дауыс байланысының тербелісінің таралыуын субъективтің сезінуі E) адамның дауыс аппаратымен жасалуы мүмкін тондардың кезектілігі ***** 91. Дауыс диапозоны A) дауыс қыртысының тербеліс жиілігін субъективтің қабылдауы B) тығыздалған және қуатсызданған толқын түрінде таралатын ауа бөлігінің тербелісі C) дауыс аппаратымен түзілетін әр түрлі дыбыстардың үйлесуі D) дауыс байланысының тербелісінің таралуын субъективтің сезінуі E) адамның дауыс аппаратымен жасалуы мүмкін тондардың кезектілігі 92. Дауыстың дамуының ең қауіпті кезеңі A) мутациялық B) мутацияға дейінгі кезең C) постмутациялық D) толық функциялану кезеңі E) адам организімінің және дауыс функциясының қалыптасуы 93. Дауыстың бұзылысы A) сөйлеу тілін түсіну бұзылысы B) дауыссыз дыбыстарды айту бұзылыстары C) артикуляциялық аппараттың анатобұзылыстарымиялық D) сөйлеу тілінің тептік-ырғақтылық жағының бұзылысы E) дыбыс аппаратының потологиялық өзгерістерінің салдарынан фонация бөзылыстары немесе оның жоқ болуы
488 ***** 94. Дауыстың органикалық бұзылысы этиология бойынша бөлінеді A) фоностонияда B) лорингит пен трахейде C) жаңа құрулар мен оларды алып тастайтын кейінгі деңгйде D) көмейдің тыртықты стенозында E) дауыс қатпарларына қан құйылу салдарынан ***** 95. Гипер тонусты дисфония A) дауыс қатпарларындағы бұлшық ет тонусының төмендеуі салдарынан болған дауыстың бұзылуы B) фонацияның нейродинамикалық бұзылуы C) дауыс қатпарларындағы бұлшық ет тонусының бақыланбайтын жоғарылығынан болған дауыстың бұзылуы D) ризанаторлық қуыс қызыметі мен артикуляциясы, фонациясы, тыныс алу кординациясының бұзылысын сипаттайтын дауыс бұзылысы E) орталықтан пайда болған дауыс бұлшық еттерінің функционалды жетіспеушілігімен негізделген дауыстың жоқтығы ***** 96. ЖСТД терминін алғашқы рет негіздеген: A) Г. Петрова B) Р. Е. Левина C) В. И. Лубовский D) Л. С. Выготский E) Л. С. Волкова ***** 97. ЖСТД-ның анықтамасы A) Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі тіл кемістіктері B) Сөйлеу тілінің мүлдем дамымауы C) Фонемаларды қабылдау және айтылу ақаулықтарының салдарынан әртүрлі сөйлеу тілі бұзылған балалардың дыбыс айту жүйесінің қалыптасуының бұзылуы D) Байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы E) Жазбаша сөйлеу тілінің қалыптаспауы ***** 98. ЖСТД қандай күрделі тіл кемістіктерінде байқалмайды A) Тұтықпа B) Дисграфия C) Дислексия D) Алалия E) Дислалия ***** 99. ЖСТД қандай тіл кемістіктерінде байқалмайды
489 A) Афония B) Брадилалия C) Дизартрия D) Дисорфография E) Ринолалия ***** 100. ЖСТД қандай тіл кемістіктерінде байқалмайды A) Алалия B) Афазия C) Ринолалия D) Дислалия E) Дизартрия ***** 101. ЖСТД-ң себебіне жатпайтын факторлар A) генетикалық B) тұқымқуалаушылық C) Орталық нерв жүйесінің ерте жаста органикалық зақымдалуы D) Туу кезінде зақымдалу E) Есту қабілетінің бұзылуы ***** 102. ЖТСД-ң этиологиясында орын алатын фактор: A) Перинатальдық энцефалопатия B) Артикуляциялық аппараттың құрылысының ауытқуы C) Фонематикалық қабілетінің бұзылуы D) Сөйлеу аппаратының моторикасының бұзылуы E) Танымдық процесстердің бұзылуы ***** 103. ЖСТД мәселесімен шұғылданған автор A) О. В. Правдина B) М. Е. Хватцев C) Т. Б. Филичева D) И. Н. Садовникова E) О. А. Токарева ***** 104. ЖСТД-ң негізгі белгісі A) дыбыс айтуының бұзылуы B) фонематикалық қабілетінің бұзылуы C) лексикалық-грамматикалық жағының бұзылуы D) сөйлеу тілінің барлық компоненттердің дамымауы E) әуезділігінің бұзылуы ***** 105. ЖСТД балалар алғашқы сөзді айта бастайтын уақыты A) 1-2 жаста B) 2-3 жаста C) 3-4 жаста
490 D) 4-5 жаста E) 0-1 жаста ***** 106. ЖСТД балалардың қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда артта қалмайтын біршама қалыпты дамитын жағы қандай A) қимыл-қозғалыс сферасы B) нұсқау арқылы қимыл-қозғалысты орындауы C) кеңістікті бағдарлауы D) локомоторлық фукциясы E) салмағы жағынан ***** 107. ЖСТД балалардың біршама қалыпты дамитын танымдық фукциялары A) мазмұнды-логикалық есте сақтауы B) вербальдық есте сақтауы C) зейіннің тұрақтылығы D) тапсырманың кезектілігін сақтауы E) күрделі нұсқауларды есте сақтауы ***** 108. ЖСТД баланы сөйлеу тілі кешеуілдеп дамыған баламен салыстырғанда айырмашылығы неде A) сөз түсінігі төмен B) айтылуы ұқсас сөздердің мағынасын шатастырады C) лексикалық-грамматикалық құрылым онтогенезге сәйкес қалыптаспаған D) сөздің құрылымының бұзылуы аграмматизм байқалады E) өз бетімен сөйлеу тілін меңгері қабілеті бар ***** 109. ЖСТД баланы зияты бұзылған баламен салыстырғанда айырмашылығы неде A) бала спонтанды ана тілінің қарапайым грамматикалық жағын меңгереді B) сөйлеу тілінің мазмұндық жағының жетілмеуі анық байқалады C) психикалық процесстер инертті, интелекті іс-әрекеттерінің барлық түрі қиындық туғызады D) алған білім дағдыларын жаңа жағдайда қолдана алмайды E) тапсырманы орындауға қызығушылық танытады, алған білім дағдыларын басқа жағдайда қолдану мүмкіншілігі сақталған ***** 110. ЖСТД баланы зияты бұзылған баламен салыстырғанда айырмашылығы неде A) өздерінің сөйлеу тілі кемшілігіне әдетте сын көзбен қарайды, бағалайды B) ауызша талап етпейтін тапсырмаларды орындауда көмек талап етпейді C) танымдық процестері дамымаған, интеллектуалды тапсырманы орындауы қиындық туғызады D) іс-әрекеттерінде мақсатты және бақылау қабілеті сақталған E) ауызша жауап талап ететін тапсырмаларды орындау қиындық туғызады *****
491 111. ЖСТД баланың зияты бұзылған баладан айырмашылығы A) ойынға және іс-әрекетіне қызығушылығы қалыпты мөлшерде дамиды B) абстракциялы ойлау қабілеті бұзылған C) психомоторикасы кешеуілдеп дамиды D) қоршаған ортаны тануға ынтасы төмен E) сөз қорында жалпылама ұғым болмайды, сөйлем құрау дағдылары өте баяу қалыптасады ***** 112. ЖСТД балалардың естуі бұзылған балалардан айырмашылығы A) есту функциясы бұзылған B) экспрессивті сөйлеу тілі қалыптаспаған C) сөйлеу тілінің просодикалық компоненттері бұзылған D) мимикалық-ымдау тілін сөзбен, дыбыс жиынтықтарымен қоса қолданады E) мимикалық-ымдау тілін белсенді қолданады, бірақ вербальды қоса пайдаланбайды ***** 113. I деңгейдегі баланы тексеру бағыттары: A) еліктеуіш дағдысын тексеру B) дыбыс айтуын тексеру C) сөйлем құрау дағдысын тексеру D) фонематикалық қабілетін тексеру E) зат есімнің көпше түрін айтуын тексеру ***** 114. III деңгейдегі баланы тексеру бағытына жатпайтыны: A) сөз қорын тексеру B) дыбыс айтуын тексеру C) логикалық ойлау қабілетін тексеру D) дыбыс комплекстерін қолдану ерекшеліктерін анықтау E) сөз жасам дағдыларын анықтау ***** 115. Сөз түсінігін анықтауға арналған тапсырма: A) бастаған сөйлемді анықтау B) суреттегі заттарды атау C) суреттерді топтастыру D) атаған іс-әректті анықтау E) көрсеткен іс-әрекет бойынша сөйлем құрау ***** 116. Сөз түсінігін дамытуға бағытталған тапсырма: A)“ш” дыбысын естісең қолыңды көтер B) суретті дұрыс ата: сағат, мысық, қас C) қойды көрсет, қойларды көрсет D) үй жануарларын ата E) суреттегі заттарды ата ***** 117. Сөз қорын дамытуға бағыттылған тапсырма
492 A) жұмбақ шешу B) мен бастаймын, сен жалғастыр ( қой, сиыр,…..) C) мәтін таңдап, сұраққа жауап беру D) “керісінше” ойыны E) “суретші нені ұмытты?” ойыны ***** 118. Дыбыстық талдауға дайындық кезінде қолданатын көрнекілік: A) сызба B) кесте C) Эльконин карточкасы D) жолақша E) түрлі-түсті фишкалар ***** 119. Логопед сауат ашуға дайындау кезеңінде оқу дағдыларын қалыптастыруда мына тапсырмаларды қолданды, не келіспейді A) берілген дыбыстардан буын құрау B) кеспе әріптерден буын, сөз құрау C) дыбысты қосу арқылы сөз құрау D) логопед айтған сөйлемді, суретті пайдаланып керекті сөзді қосып сөйлемді аяқтау E) ретсіз буындардан сөз құрау 120. Қазақстанда кім ЖСТД балаларының дисорфографиясын алдын алу, түзету жұмысын ұйымдастыруды қарастырады? A) Г.С. Оразаева B) Қ.Қ. Өмірбекова C) И.А. Денисова D) М.С. Грушевская E) З.А. Мовкебаева
493 ГЛОССАРИЙ Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы. Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты. Анамнез (грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат. Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу. Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм. Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас қорыту аппараты, артикуляциялық аппарат). Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызметтері. Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абсцесс, энцефалит ауыруларының негізінде пайда болады. Белсенді сөз қоры- сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер. Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу. Брадилалия (гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы. Брока орталығы – сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі. Вернике орталығы – ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы. Дизартрия – сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы Дисграфия- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы. Дислалия (гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады. Дислексия- оқу процесінің жартылай бұзылуы Дизорфография - қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдылары қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлері.(А. Н. Корнев бойынша) ЖСТД - жалпы сөйлеу тіл дамымауы. Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты
494 сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Иттерация (лат.т. iteratio-қайталау) - сөйлеу тіліндегі сөздерді кідірусіз қайталау. Коррекция (лат.т.corregere- түзету) - балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған дефектология саласындағы қолданатын тәсілдердің ең маңызды түрі. Компенсация (лат. т.compenso-теңестіру, қалпына келтіру) - организмнің қандай да болмасын бір қызметі жойылғанда немесе бұзылғанда басқа мүшелердің көмегі арқылы қызметтердің қайта құрылуы, қалпына келтіруі, күрделі, көп сатылы процесс. Компенсацияда орталық жүйке жүйесі маңызды роль атқарады. Жеткілікті қалыптаспаған және бұзылған сөз және сөзсіз функциялардың дамуы мен қалпына келтірілуі арнайы логопедиялық ықпал жүйесі негізінде іске асады. Осы ықпал барысында компенсация қалыптастырылады. Логопатия (гр.т.pathos –ауру, азап шегу) – тіл мүкістіктерінің жалпы атауы. Логопедия ( paideia- тәрбиелеймін, оқытамын) – сөйлеу тілі, оның дамуының бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзетуі мен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедиялық ықпал - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарын орнын басуға (компенсация) және түзетуге (коррекция) бағытталған педагогикалық процесс. Нейролингвистика –сөйлеу тіліне және оның айтылу құрылысына қатысты орталық нерв жүйесінің процестерін зерттейтін ғылымның бір саласы. Онтогенез (гр.т.on, ontos – болмыс, тіршілік)- тіршіліктің пайда болукезінен аяқталуына дейінгі өзінің өзгеріске ұшырауын қамтитын организмнің дербес дамуы. Палатализация (гр.т.palatalisation - жіңішкірейту) – арикуляциясын қосымша қатыстыру жолымен тілдің ортаңғы үстін таңдайға көтеру арқылы дауыссыз дыбыстарды жіңішкертп айту тәсілі. Паралич (гр,т.paralyo- әлсіреу) – нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен толық айырылып жансыздануы, садануы. Парез (гр.т.paresis- әлсіреу) - нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен айырылып жансыздануы, жартылай жансыздануы. Полиморфты дислалия – артикуляция аппаратындағы іс-қимылдары ұқсас айтылатын екі немесе бірнеше топтағы дыбыстардың жинақталған мүкістіктері. Ринолалия (гр.т. rhinos - мұрын, lalia - сөйлеу тілі) - сөйлеу тілі аппаратының анатомо –физиологиялық ақаулығына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбыстар мұрындық реңкімен айтылады. Сөйлеу аппараты – тіл дыбыстарын айтуға қатысатын екі бөліктен тұратын (орталық және шеткі) мүшелер жүйесі.
495 Сөйлеу тілі бұзылуының симптомы – сөйлеу әрекетінің қандай болса да бұзылыстың белгісі (көрінісі). Сөйлеу тілі бұзылуының симптоматикасы - сөйлеу әрекетінің бұзылыстар белгілерінің жыинтығы. Сөйлеу тілі бұзылуының механизмі дегеніміз сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін процестер мен операциялардың жұмысындағы ауытқулар болып табылады. Сөйлеу тілі бұзылуының патогенезі - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін патологиялық механизм. Сөйлеу тіл кемістігінің құрылысы деп осы бұзылыстың сөз және сөзсіз симптомдарының жиынтығын (құрамы) білеміз. Сөйлеу тілінің бұзылуында бастапқы, біріншіреттік және екіншіреттік бұзылыстар ажыратылады. Сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылған компонентерін педагогикалык түзету жұмыс арқылы қалпына келтіруге болады. Бастапқы бұзылыстарды қалыптастырған жағдайда олар өз бетімен жойылуы да мүмкін. Сөйлеу тілі кемістігін түзетуде «логопедиялық ықпал», «коррекция», «компенсация», «дамыту», «оқыту», «тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу», т.б. терминдер кездеседі. Тахилалия (гр.т.tachys – тез, жылдам) – дұрыс сөйлеу ырғағының бұзылуы; өте жылдам сөйлеудің салдарынан сөйлеушінің сөзі түсініксіз болады. Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы Тремор – аяқ- қолдың, саусақ – бармақтардың, дауыстың, тілдің еріксіз ырғақты тербелісі. Уранопластика – таңдайдың жырығын жабатын пластикалық операция. ФФЖ - фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілік. Фонемді қабылдау және айтуындағы ақаулықтардың салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.Есту қабілеті және ойлау қабілеті сақталған. Хейлопластика – еріннің ақаулығын түзететін пластикалық операция. Этиология (гр.т. aitio - себеп, logos - ғылым) – аурудың пайда болуының себебі мен шарты туралы ілім; аурудың пайда болу себебі немесі патологиялық жағдайы.