401 Балаларды қабылдау жыл сайын 1 тамыздан 1-ші қыркүйекке дейін өтеді. Жеті жасқа толған балалар, медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссия шешіміне сәйкес қажетті мектеп түріне жіберіледі. Ұстаз-логопед балалардың зиятын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, дыбыстарды дұрыс айту бойынша барлық оқу-түзету жұмысын жүргізеді. Логопед психоневрологпен, топ тәрбиешілерімен тығыз байланыста болып, топтық , шағын топтық және жеке сабақтарды жүргізіп, сәйкес құжаттарды толтырумен айналысады. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемедегі логопедтің қызметі Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің негізгі үлгісі балалар бақшасы (балалар үйі) болып табылады. Топтар жас ерекшеліктерін ескеріп топтастырылады: кішкентайлар тобы – 3-4 жастан – 4 -5 жасқа дейінгі балалар; ортаңғы топ – 4-5 жастан – 5-6 жасқа дейінгі балалар; ересектер тобы – 5-6 жас , мектепке дейінгі – 6-7 жас. Топтағы балалар саны зияттың бұзылу деңгейіне байланысты емес – 10-12 адам. Ақыл-ойы кем мектепке дейінгі балалардың көпшілігінде күрделі ақаулықтары бар, сондықтан түзете оқытудың жалпы жүйесінде жүйелі логопедиялық жұмыс көзделеді. Ол тіл дамыту топтық сабақтарында іске асырылады, сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет әр топта (оқытудың 1-3 жылдығында топ шағын топтарға бөлінеді, 4 жылда топтық сабақтар барлық балалармен өткізіледі). Жеке логопедиялық сабақтар әр баламен аптасына 3 реттен кем емес ұйымдастырылады. Түзете оқыту мазмұнына дыбыстарды қою, машықтандыру, сөйлеу тілі әуезділігі бойынша, тыныс алу, екпінділікті дамыту бойынша, сөз қорын молайту, грамматикалық құрылымдарды тәжірибе жүзінде қолдану, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру қосылады. Күнделікті тіл дамыту жұмысын арнайы мектепке дейінгі мекеменің барлық ұжымы жүргізеді. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мекемелердегі (топтардағы) логопедтің қызметі Аталған мекемелерге көру қабілеті бұзылған, көру қабілеті өте нашар, интенсивті ем қажет ететін (бөбектер балабақшалары – 2 жастан, балабақшаға – 3 жастан) балалар қабылданады. Соқыр балаларға арналған мектепке дейінгі топтардағы балалар – 10 бала, нашар көретіндермен амблиопиясы бар балаларға арналған – 12 -15 бала. Бұл категориядағы балалармен үнемі логопедиялық жұмыстың қажеттілігі олардың ауызша сөйлеу тілі бұзылыстары болғанға байланысты. Алғашында балалармен танысу, оның сөйлеу тілі және сөзсіз процестерін (байланыстырып сөйлеу тілі, грамматикалық құрылымның қалыптасуы, сөз қоры, фонетика,
402 қабылдауы, жалпы және сөйлеу моторикасы зерттеледі, т.с.с) тексеріп, бағалаудан басталады. Түзету жұмысы тексеру нәтижелерін ескере отырып жоспарланады. Дифференциалды оқыту жүйесі балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейлерін (олар 4) көздейді. Сондай-ақ, сөйлеу тілі дамуының 1 деңгейіндегі топтарда негізгі назар дыбыс айтуды қалыптастыруға аударылады. Сөйлеу тілі дамыуның 2 – 3 деңгейіндегі балалар топтарындағы логопедиялық жұмыс тілдің фонетикалық-фонематикалық, лексикалықграмматикалық құрылымының қалыптасуындағы кемшіліктерді жоюды көздейді. Логопедиялық сабақтар түрлері – жеке және шағын топтық болып келеді. Соқыр және нашар көретін балалардың сөйлеу тілі дамуын түзету осы мектепке дейінгі мекемеде қызмет жасалатын барлық мамандардың күшімен іске асырылады. Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында логопедиялық пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер құрастырылған, оларға сай меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан логопедтік пункт қызметінің тәртібі белгіленеді. Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы. Логопедтік пункт жұмысын білім беруді басқаратын органдар ашады, әрбір логопедтік пункттегі топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пунктті ашу 14-16 сынып болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-25 адам, ауылдық жерде 15-20 адам оқиды. Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің (бастауыш мектеп – балабақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балаларға арналған оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы. Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетикафонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтықпа, сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедтік пунктке қабылдау үшін тексеру жыл бойы жүргізіледі. Мамырда бірінші сыныпқа баратын балаларды тексеру жүзеге асырылады. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтармен шағын топтарға бөлу үшін тізімге тіркеледі. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі
403 нысаны топтық (шағын топтық) сабақтар болып табылады. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады. Әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау мынандай: 1. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған ( ЖСТД) – 3-5 адам; 2. ЖСТД-на байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам; 3. Фонетикалық-фонематикалық жағы жетілмегендер (ФФЖ) – 3-5 адам; 4. ФФЖ-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам; 5. Тұтықпасы бар – 3-4 адам; 6. Дыбысты айту кемшіліктерімен – 5-6 адам жіберіледі; Мектепке дейінгі логопедтік пунктте жеке сабақтар сөйлеу бұзылыстары бар барлық балалармен, мектептегі логопедтік пункттерде – сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар ( ринолалия, дизартрия, ЖСТД 1-2 деңгейі) балалармен жүргізіледі. Әрбір топтағы балалармен сабақтар аптасына 2-3 рет жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жастарына байланысты және мектепке дейінгі мекемелерге байланысты құрастырылады: екінші кішкентайлар тобында- 15-20 минут, ортаңғы топта 20-25 минут, ересектер және мектепалды даярлық тобында 30-35 минут. Мектепке дейінгі балаларға арналған шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 20-30 минут, жеке сабақтардың – 15-20 минут. Мектептегі логопедтік пункттің топтық сабақтарының ұзақтығы 40-45 минут. Мектеп жасындағы балаларға арналған логопедиялық пункттегі шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 25-30 минут; жеке сабақтардың ұзақтығы20-25 минут. Түзете оқытудың ұзақтығы сөйлеу тіл бұзылыстарының күрделілігімен, оның құрылымына байланысты. Фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігімен (ФФЖ ) және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік көмекті жарты жылдан 1 жылға дейін алады. ЖСТД және ақаулықтарына байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік пунктте бұзылыс деңгейіне байланысты 2 ден -3 жылға дейін оқиды. Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логопедтік пунктте сабақтар сабақтан тыс уақытта немесе «Тіл дамыту және сауат ашу», «Бейнелеу өнері», «Еңбек» және «Құрастыру» сабақтары кезінде жүргізіледі. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды шығарып салу жыл бойы олардың сөйлеу тілінің даму кемшіліктерінің түзелуіне байланысты болады. Психофизикалық дамуын анықтау қажет болған жағдайда, логопед балаларды ата-аналарының келісімімен дәрігер-мамандардан (невропотологқа, психиатрға, отоларингологқа және т.б.) кеңес алуға немесе ПМПК- ға жіберуі мүмкін. Логопедтік сабақтардың нәтижелері сөйлеу картасында белгіленеді және педагог-тәрбиешінің, сынып жетекшісінің және ата-аналар назарына
404 жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысуы және қажетті талаптарды орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жүктеледі. Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері: Мұғалім-логопед болып дефектологиялық білімі («логопедия» мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы «олигофренопедагог» пен «сурдопедагог»), «логопедия» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен «орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі», «бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады. Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдер үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады. Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, пунктті жинақтауға, түзете оқытудың сапасына жауап береді. Мұғалім-логопедтің міндеттері: 1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу; 2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру; 3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру; 4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен , сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру; 5) білім беру саласындағы қызметкерлер, ата –аналар арасында логопедтік білім жөнінде насихат жүргізу, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын –алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзету жұмысының ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестермен ата-аналар ( заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі; 6) мұғалім -логопедтердің, (аудандық, қалалық) әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы ; 7) білім беру мекемесінің әкімшілігіне жыл сайын логопедтік комек көрсету жұмысының жылдық есебін құрастыру; 8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыру (5жылда бір рет) және педагог қызметкерлерге арналған тәртіпке сәйкес аттестациядан өтуі; Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес жұмыстарына жұмсалған уақытты ескермегенде 18 сағатты құрайды.
405 Мұғалім-логопедтердің жұмысына басшылықты және қадағалауды, қарамағындағы логопедтік пункттің білім беру басқармасы, және логопедтік пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Ауданда, қалада, облыста, бірнеше логопедтік пункт болған жағдайда аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік кабинеттерде немесе білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарында әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін. Мұғалім –логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім -әдіскер атағы бар, білім беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім –логопедтің біріне жүктеледі. Аудан орталығынан қашықта орналасқан жалпы білім беретін мекемелерде ( шағын жинақталған мектептер) балаларға логопедтік көмекті логопедия бойынша қайта даярлау курсынан өткен мектепке дейінгі мекемелердің педагог – тәрбиешілері мен ана тілі мұғалімдері (бастауыш сыныптардың) жүзеге асыра алады. Бұл ретте логопедтік жұмыс еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес қосымша төлем төлеумен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Балалар емханасында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс «Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша шаралар туралы құжаттармен белгіленеді: 1) Қалалық, облыстық, аудандық әкімдігі, денсаулық сақтау бөлімдерінің басқармаларының басшыларына: 1.1 Емхана мекемелеріндегі логопедиялық кабинеттер жүйесін кеңейту: 10000 балаға 1 кабинет бөліп, ерте жастағы балаларға қызмет көрсету үшін бір логопед ставкасын бөлу . 1.2 Барлық облыс орталықтарындағы денсаулықты жақсарту, емдеу кабинеттерінде мұғалім –логопед және психолог қызметін еңгізу; 1.3 Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы және сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмекті үйде көрсетумен қамтамасыз ету. 1.4 Туылғандар патологиясы бөлімшелерінде қызмет енгізу (15 балаға 1 логопед). 1.5 Тұтығатын мектеп жасындағы балалармен жасөспірімдерге арналған жазғы уақытта санитарлы үлгідегі лагерьлер ұйымдастырып, сөйлеу тілін түзетуге логопедтерді қатыстыру. 1.6 ОЖЖ зақымдалған балаларға арналған неврологиялық бөлімшелерде ( логопед қызметін 10 науқасқа - 1 ставка еңгізу)
406 1.7 Қазақстан Республикасының барлық облыстарында штаттан тыс ұйымдастырушылық тәжірибесі бар логопедия бойынша бас мамандар тағайындау. Балалар емханасындағы логопед жұмысының мазмұны Балалар емханасының логопедиялық кабинеті туралы жарғысында ашылып көрсетілген. Жарғыға сәйкес, мұғалім- логопед (психолог) қызметіне логопедия мамандығы бойынша жоғары дефектологиялық білімі бар адамдар тағайындалады. Логопед емхананың бас дәрігеріне бағынады және оның алдында орындаған жұмысы бойынша жауапты. Емхана логопедінің міндеттері: 1. Сөйлеу тілінің патологиясының барлық түрлері жөнінде 3 айдан-14 жасқа дейінгі балаларға кеңес беру. 2. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс. 3. Ұйымдастырылмаған балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау және алдын алу мақсатында алдын алу шараларын жүргізу. 4. Логопедиялық сабақтар курсын өткен балаларға диспансерлік бақылау жасау. 5. Аудан тұрғындары және емхананың медициналық персоналы арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу. Логопед дизартрия, ринолалия, тұтықпа, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, алалия, балалар афазиясы сияқты тіл кемістігінің ауыр түрі бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуге міндетті. Аталған тіл кемістіктерінің барлығы әр баламен жеке сабақтардың 20-30 минуттан өткізілуін және де ата-анасына үйге тапсырма беруді қажет етеді. Ата –аналар баламен логопедтің өткен сабақтарына қатысулары керек, себебі үй жағдайында сабақтарды қайталау үшін балаға талаптарды білікті түрде қолдану (ұсыну) қажет. Логопед орта есеппен күніне сөйлеу тілінің ауыр кемістігі бар 5 -6 бала қабылдайды. Басталған оқу жылында логопед көмекті қажет етіп келген балалардың барлығын алғашқы қабылдау журналына тіркеу қажет. Күнделікті және кеңес беру сабақтарына қатысып жүрген балаларға арнап логопед логопедиялық карталар бастап, оған сөйлеу тілінің статусы , сөйлеу тіл қорытындысын тиянақты түрде сипаттап жазады. Сабақ жоспары мен жетістіктер динамикасын жазып отырады. Бала арнайы логопедиялық сабақтарда болмаған жағдайда, онымен үйде қалай жұмыс жүргізу туралы ата –анаға кеңес беру қажет. Логопед сабақтарына психомоторлық дамуы терең тежелген сөйлеу тілі дамуының 1 – 2 деңгейіндегі, кереңдер, психоневрологиялық диагностикалық жағдайында арнайы емді қажет ететін балалар алынбайды. Балалардың бұл категориясындағы балалар сәйкес емдеу және оқыту мекемелеріне жіберіледі. Логопедтің жұмыс уақыты аптасына 14 сағатты құрайды. 5 күндік аптада 2 қабылдау таңертен, 2 қабылдау кешке жасау керек. Сабақтарға дайындық, көрнекілік құжаттар дайындау, құжаттармен жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы тиіс.
407 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485 бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек. Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет. Кабинетте ойын бұрышы болуы керек. Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет. Логопед міндетті: - балаларды тексеруге; - сабақтарды жоспарлауға; - сабақтарды жүргізуге; - ата –аналармен жұмыс жасауға; - кеңес беру жұмысын жүргізуге ; - алдын алу жұмыстарын жүргізуге; - санитарлы – ағарту жұмысты жүргізуге. Логопед уақытымен логопедиялық әртүрлі мәселелеріне арналған сұхбаттасулар, дәрістер, емхананың медицина қызметкерлеріне , ата – аналарға, тәрбиешілеріне арнап кеңестер өткізіп, балабақша тәрбиешілеріне және балалардың тілін дамыту бойынша санитарлы газеттер, бюллеттендер шығарып, сұрақ –жауап тақталарын толтырып өткізіп отырады. Алдын алу шаралары: білім беру мекемелеріне баратын және бармайтын балалар арасынан логопедиялық көмекті қажет ететіндері іріктеліп, логопедиялық кабинеттегі тізімге тіркеледі. Ұйымдастырылмаған балалар ішінен сөйлеу тілі патологиясы бар балаларды айқындау үшін логопед айына 1 рет алдын ала жалпы тексеру жүргізеді. Тексеруге 5 – 6 жастағы балалар қатысады. Үш айдан – 4 жасқа дейінгі балаларды логопед тек невропатолог , педиатр, басқа мамандардың сұрауы бойынша тексеруі керек. Диспансерлі бақылауға сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы дизартриясы, ринолалиясы, сөйлеу тілінің дамымауы бар, зияты бұзылмаған, тұтықпасы бар балалар алынады. Диспансерлі бақылауға алынатын балаларды айқындау жұмысын логопед алдын –ала тексерулерде, емханадағы алғаш қабылдауда жүргізеді. Диспансерлі есепке алынған балаларға № 30 форма толтырылады. Емхана штатында үйде оқытатын мұғалім–логопед қызметі қарастырылса, БЦСА, дизартриясы және сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар зияты сақталған және ұйымдастырылмаған балалармен сөйлеу тілін түзету жұмысын жүргізуге мүмкіндік туындайды. ӘР ТҮРЛІ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Көмекші мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру
408 Зияты зақымдалған оқушылар сөйлеу тілі кемістіктері тұрақты, механизмдерінің күрделілігі себебінен логопед көмегін қажет етеді. Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексереді. Терең (толық) тексеруден өздері келген сыныпқа байланысты емес өтеді. Логопедтің сабақтарына бұрыннан қатысқан, бірақ жұмысты әліде қажет ететін балаларда тексеріледі. Бұл балаларды тексерудің мақсаты: оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау. Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп құрылады: кешенділік көзқарас, жанжақтылық, жүйелік, динамикалық. Жеке тексеруге алынған мәліметтер сөйлеу картасына толтырылады. Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына қосымша сөйлеу тіл қорытындысына сәйкес құралған, онымен өткізілетін логопедиялық сабақтардың жеке жоспары тіркеледі. Тексеру нәтижелері бойынша логопедиялық сабақтарға балалар топтастырылып алынады. Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеудің көрсеткіші болып сөйлеу тілінің бұзылысының сипаты, оның үлгеріміне тигізетін әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының ұқсастығы, бірдейлігі, сипаты бойынша құрылады. Логопед әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету жұмысы ақаулықтың құрылымын, жас ерекшеліктерін ескеріп мектеп бағдарламасы материалында құрылады. Логопедиялық сабақтар екі түрге бөлінеді: жеке және топтық сабақтар. Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтығын көрсететін жұмыстың ұзақ мерзімдік жоспарын құрады. Сабақтарды қажетті оқу-әдістемелік материалмен жабдықталған логопедиялық кабинетте өткізеді. Логопедтің сабақтан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шараларының мектепте біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыздандырылуын бақылауды көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болады. Логопед сабақтар, сыныптан тыс іс – шараларға біріншіден оқушыларды бақылау мақсатымен, екіншіден балаларға көмек беру жөнінде өзі берген ұсыныстарды мұғалімдермен, тәрбиешілердің ұстанып, орындауын қадағалайды. Логопед әрекетінің бағытының бірі – мектеп қызметкерлерін, сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың ата –аналарын сабақтан тыс уақытта, сабақтарда, үй жағдайында қолданатын тәсілдерді (дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру, жазу бұзылыстарының алдын алу, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, артикуляциялық аппаратын дамыту т.б.) үйрету. Логопед мұғалімдер, тәрбиешілер ата -аналарға арнап сұхбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, жаңа ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен таныстырумен айналысады.
409 Сонымен, логопедтің мұғалімдермен, тәрбишілермен, ата –аналармен жұмыс негізінен кеңес беру сипатында болып, логопедиялық білімдерді пропагандалау мақсатын көздейді. Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарының себепті күрделілігін анықтауға мүмкіндік береді. Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларды есепке алу, сөйлеу карталары, алдын ала мерзімді және сабақ жоспарлары, жылдық жоспары бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру. Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептегі логопед жұмысының ерекшеліктері жалпы білім беру міндеттерімен қатар, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттағы түзете-тәрбиелеу жұмысында ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілінің әртүрлі бұзылыстарын түзетуге, психикалық даму ерекшеліктерімен байланысты екіншілік бұзылыстарды жоюға бағытталған арнайы міндеттер және оқушыларды кәсіби-еңбекке дайындау міндеттері қойылады. Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте екі бөлім болады. Біріншісіне алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа, жалпы білім беру мектептерінде білім алуға кедергі болатын жалпы сөйлеу тілі дамымауының күрделі түрі сияқты сөйлеу тіл қорытындылары бар балалар қабылданады. Екінші бөлімге сөйлеу тілінің қалыпты дамуындағы тұтықпаның күрделі түрі бар балаларқабылданады. Сыныптың толықтырылуы 12 баладан аспауы тиіс. Сөйлеу тілімен жазудың бұзылуын түзету оқу-тәрбие процесі бойы іске асырылады. Логопедиялық жеке және топтық сабақтарды ұйымдастырып жүргізу міндетті болып табылады. Жеке логопедиялық сабақтар аптасына 3 рет жүргізіледі. Мұғалімлогопедтің негізгі міндеті оқушыларды дыбыс айту және сауат ашу бойынша бағдарлама талаптарын неғұрлым қысқа уақытта орындауға дайындау, сондықтан, мектепалды даярлық сыныптарында, 1-3 сыныптарда логопедиялық жұмыс мазмұнын жоспарлағанда дыбыс айтуды қалыптастыру бағдарламасы міндетті болып табылады. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтары ұқсас балалармен мұғалім-логопед топтық сабақтар ұйымдастыра алады, алайда, балалар бір уақытта алынған балалар саны 2-3-тен аспауы тиіс (сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут). Топтарды топтастыру қағидасы – тексеру барысында оқушылардың біріншілік, негізгі ақаулықтарын айқындау. Топ құрамы оқу жылында өзгеріп тұруы мүмкін, әр топтың оқушылардың ауыз екі және жазбаша сөйлеу тіліндегі спецификалық, біркелкі қиындықтарды түзетуге бағытталған міндеттері бар. Шағын
410 топтардағы логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы, сөйлеу тілінің ұқсастығына негізделеді. Өткізілетін сабақтарға ақаулықтың ұқсастығы бойынша мынадай топтар құрылады: дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға, дисграфиямен дислексияның тұрақты түрлері; сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптасуындағы күрделі қиындықтары бар балаларға, артикуляциялық аппарат құрылымында бұзылыстары бар балаларға (сөйлеу тілінің қорытындысы: «ринолалия», «дизартрия»). Сөйлеу мүмкіндіктері (тіл кемістігінің ауыр түрінде) шектеулі балаларға арналған мектепте үй тапсырмасы берілмейді. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру Көру қабілеті зақымдалған балаларда артикуляциялық аппараты әлсіз дамыған, оның салдарынан сөйлеу тілі ақырын, түсініксіз болады. Көрмейтін және нашар көретін балаларда полиморфты бұрмалап сөйлеу жиі кездеседі, себебі, дыбыс айтудың қалыптасуы мен артикуляциялық аппараттың жұмысы еліктеумен байланысты, ал ол мұндай балаларда қиындатылған болып келеді. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жүргізілетін жұмысты логопед сынып мұғалімімен байланысты түрде ұйымдастыруы қажет. Дұрыс сөйлеу дағдаларына үйрету дайындық жұмысынан басталады, онда мұғалім оқушыға түсінікті етіп оның кемістігі туралы айтып, оның себептерін түсіндіреді, баланың алдынадыбыс айту кемшіліктерін түзету мақсаты қойылады. Дыбысты дұрыс қоюда әліппеге дейінгі кезеңді қолдану аса маңызды. Мұғалім балалармен тек дыбыстармен танысып қана қоймай, оларды қоюмен айналысады. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс арнайы түзету сабақтарымен қатар, тіл дамыту сбақтарында жүргізілуі қажет. Тіл дамыту, сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасты дамыту жұмысын логопедпен қатар мұғалім мен тәрбиеші жүргізеді. Балалар церебральды сал ауруы (БЦСА) бар балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру БЦСА балалармен жасөспірімдерді оқыту тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда, кей жағдайларда жалпы білім беру мектептерінде іске асырылады. Логопедиялық жұмыс бұл мектепте аз да болса балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін түзетуге, кейде қалыпты қылуға мүмкіндік береді. Логопед мұғалімдер, тәрбиеші, балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Логопедтің міндеттері: 1. Әр баланы, сөйлеу картасына тексеру нәтижелерін белгілей отырып, тексеру.
411 2. Алдын ала жоспарды және логопедиялық сабақтардың кестесін құру. 3. Баланы қайталап тексеру (1-ші тоқсан соңында), логопедиялық қорытынды анықтау (нақтылау). 4. Балаларға арналған логопедиялық тәртіпті орнату. 5. Сөйлеу тіл кемістіктерін түзету бойынша жеке, топтық, шағын топтық логопедиялық сабақтарды жүргізу. 6. Мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарға кеңес-әдістемелік көмек көрсету. 7. Динамикалық тексеру жүргізу және балалардың сөйлеу тілінің қорытындысын дәрігер, ЕДШ әдіскерлерімен, тәрбиеші, ата-аналармен. Логопедиялық жұмыста бала дамуына сөйлеу тілі, қимыл психикалық бұзылыстардың өзара әсер етуін ескеру аса маңызды. Логопедиялық жұмыссөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен қатар, оның барлық жағын (лексика, грамматика, фонетика), психикалық, сенсорлы функцияларын жетілдіруге бағытталған. сенсорных и психических функций. Сөйлеу тілі терапиясы, қимыл функцияларын дамытуға арналған емдік шаралардың тығыз байланыстағы бірлігіне негізделген. Онтогенетикалық кезектілік және кезеңділікпен логопедиялық әсер ету сақталған функцияларға сүйенеді. Логопедиялық жұмыстағы бағыт – сөйлеу тілі дамуының өзекті деңгейі. Артикуляциялық моторика бұзылыстарын және қол саусақтарының функциональды мүмкіндіктерін дамыту және түзету бойынша жұмыс міндетті, қимыл-кинестетикалық анализатор қимылдарын белсендіру маңызды. Себебі, ол артикуляциялық праксисті басқаруға мүмкіндік береді. Мектептегі логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты – сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасын дамыту, сөйлеу арқылы ойын айтуының анықтылығын нақтылау, сөйлеу тіл бұзылысын түзету. БЦСА бар балалармен түзету логопедиялық жұмысында, логопедиялық әсер етідің мынадай әдістерін қолдану тиімді: 1. Дифференциалды логопедиялық уқалау (массаж) (босаңсыту немесе ынталандыру) 2. Зондпен уқалау. 3. Нүктелік уқалау. 4. Енжар және белсенді артикуляциялық гимнастика. 5. Тыныс алу және дауыс жаттығулары. 6. Жасанды локальды контрастотермия ( гипо- және гипертермияның үйлестірілуі). Логопедтің мамандық қасиеттері Қазіргі заманға сай маман жалпытеоретикалық, ғылыми және арнайы кәсіби білімдер жүйесімен қамтамасыз етілген. Олардың кең диапазонымен біріктілігі маманда ауытқулы даму құрылымы және типологиясы, бұзылыстардың алдын алу, түзету тәсілдері, түзетудің психикалықпедагогикалық әдістері туралы білігін қалыптастырады.
412 Арнайы білім беру жүйесіндегі логопед балалардың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалық бірліктерімен қарулану керек, түзету алдын алу шараларын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерген болуы керек. Логопед даму проблемалары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдері және қазіргі заманға сай «оқыту және тәрбиелеу» инновациялық технологияларын меңгерген болуы керек. Аталған міндеттердің іске асырылуы көбінесе кәсіпке сайлық, «Отандық және шетелдік» түзету педагогикасы және байланысты ғылымдар жүйесіндегі бағдарлауға, қазіргі замандағы арнайы білім беру проблемаларын және жеке басының шығармашылық инициативасы мен белсенділігіне байланысты. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете-дамыту жұмысының мазмұнына қойылатын қазіргі таңға сай жоғары талаптарды іске асыруда ең алдымен логопедтің тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Ол әлеуметтік және ұйымдастырушылық белсенділігімен ерекшеленіп, балаларды сүйіп, өз мамандығына берілген болуы керек. Логопедке педагогикалық шығармашылықтағы елес, бақылаушылық, жауапкершілік қажет. Қазіргі заман маманы мәдениеттің, қоғамның, рухтық құндылықтардың жеткізушісі, тек қана педагог емес, ең алдымен, новатор, зерттеуші, шығармашылдық тұлға болуы керек. Қазіргі заман маманына ойлаудың жаңа сапалы стилі қажет. Қазіргі таң әрекеттердің алуан түрлі аяларында жылдам және тиімді шешім қабылдауды, түзету шараларын уақытылы жоспарлап және болжамдау білігін талап етеді. Осының барлығы жалпы әдістемелік ұстанымдарды бағдарлағанда ғана қолжетерлік болады. Сондықтан ойлаудың дәл сол әдістемелік мәдениетін заманға сай маманның жалпы интеллектуальдік мәдениетінің құрамының бірі ретінде қарастыру қажет. Логопед, ғылыми-зерттеу жұмысының біліктерін меңгере отырып, сол біліктілігін педагогикалық жағдайларды шешуде, қабылдаған шешімдерді негіздеуде білікті қолдана білуі керек. Арнайы білім беру жүйесінің педагогтарын теоретикалық дайындау классика университетінің жағдайында, медициналық, психологиялықпедагогикалық, лингвистикалық (жалпы және арнайы педагогика, жалпы және арнайы психология, оқытудың арнайы әдістемелері, логопедия, невропатология, психолингвистика, сөйлеу тілінің психологиясы және б.) пәндер циклдарын оқыту негізінде іске асырылады. Арнайы және кәсіби пәндерді оқу барысында болашақ мамандар балалардың қалыпты және ауытқып дамуының теоретикалық және жаратылыс-ғылыми негіздері, олардың жас бойынша даму ерекшеліктерін, бала тұлғасының қалыпты және атипиялық жағдайда қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерді меңгеріп шығады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Мектепке дейінгі арнайы мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
413 2. Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі. 3. Балалар емханасы жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру 4. Көмекші мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру 5. Логопедтің мамандық қасиеттері 6. Балалар церебральды сал ауруы(БЦСА) бар балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру 7. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру 8. Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру Ұсынылған әдебиет : 1. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін белгілейтін, нормативті құқықтық актілерді бекіту туралы» 3.09.2004ж. №712 бұйрығына қосымша. 2. Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. Ибатова Г.Б., Оразаева Г.С. Алматы, 2010. V ТАРАУ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Бұл тарауда оқулықта қарастырылған тақырыптар бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін жүйелеуге, нақтылауға, бекітуге бағытталған өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар беріледі. Сөйлеу тілінің қалыпты дамуы 1. Балалардың сөйлеу тілінің толық дамуына әсер ететін факторлар. 2. Сөйлеу функциясы туа біткен еместігін дәлелдеу. 3. Бала тілінің даму кезеңдеріне сипаттама беру. 4. Баланың уілдеуі мен былдырлауында әлеуметтік сипатының жоқтығын дәлелдеу. 5. Сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау процесінде баланың жасын ескеру қажеттілігін негіздеу. 6. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастырудағы фонематикалық есту қабілетінің ролін көрсету. 7. Ерте диагностикалау мәселелерін тұжырымдау. 8. Сөйлеу әрекетін қалыптастырудағы қарым-қатынастың және оқытудың ролін көрсету.
414 9. Ерте және мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу қажеттілігін негіздеу. 10. Ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер арасында логопедиялық білімнің насихаттау жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды және қажетті екенін дәледеу. Тәжірибелік тапсырмалар 1. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: 1- тапсырма Сөйлеу тілі дамуының жас бойынша кезеңділіктері мәселелерімен айналысқан авторларды атаңдар: 1) А. Р. Лурия 4) Л. В. Нейман 2) Г. Л. Розенгард-Пупко 5) В. И. Бельтюков. 3) А. Н. Гвоздев 2-тапсырма Уілдеу пайда болатын уақыт: 1) 3-4 айда 4) 2-3 айда 2) 4-5 айда 5) 0-2 айда 3) 1-2 айда 3-тапсырма Қалыпты жағдайда 5-6 айлығында балада пайда болады: 1) уілдеуі 4) сөз тіркестері 2) алғашқы сөздері 5) қатынастың вербальді құралдары 3) былдырлауы 4-тапсырма Қалыпты жағдайда баланың алғышқы сөздері пайда болатын уақыт: 1) 2 жаста 4) 7-8 айда 2) 5-6 айда 5) 1 жаста 3) 6-7 айда 5-тапсырма Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайтын кез: 1) 3 жас басында 4) 6 жас басында 2) 4 жас басында 5) 7 жас басында 3) 5 жас басында 6-тапсырма Сөйлеу тілінің қалыпты дамуында басқалардан кеш шығатын дыбыстардың тобы: 1) дауыстылар 4) ысқырық 2) ызыңдар 5) таңдайлық 3) сонорлар 7-тапсырма Онтогенезде сонор дыбыстарының тобындағы басқалардан кеш шығатын дыбыс:
415 1) Л 4) Б 2) Н 5) Р 3) М 2. №1, №2 «Дыбыстардың онтогенезде пайда болу уақыты» кестелерін толтыру: 1-кесте Жасы Дыбыстар 1-2 жас 5-6 жас 2-кесте Жасы Дыбыстар И,Ы,У,Ә,І,В,Ф,Т,Д,Н,Ң,К,Қ,Г,Ғ,Х С,З,Ц,Ш,Ж,Ч,Щ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ 1. И. П. Павловтың, А. Р. Лурияның және т.б. ілімдерін сипаттау. Сөйлеу тілінің табиғи-ғылымдылық негіздерімен, туындау механизмдерін ашудағы олардың ролі. 2. Сөйлеу аппаратының анықтамасын беру. 3. Сөйлеу тілінің орталық бөлімінің құрылымы мен рөлін сипаттау. 4. «Локализационисттер», «Антилокализационисттер» теориясын сипаттап, олардың негізсіздігін дәлелдеу. И. П. Павловтың «динамикалық» теориясы тарапынан сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің функцияларын қарастыру. 5. Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы. Сөйлеу тілі мүшелерінің қызметін белгілеу (артикуляцияның белсенді және енжар мүшелері). 6. Физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныс алу айырмашылықтарын белгілеу. 7. Дауыстың жасалу механизмін ашу. Дауыстың жасалу теориясына сипаттама (миоэластикалық, нейрохронаксикалық теориялар). 8. Артикуляция аппараты құрылымында болуы мүмкін ақаулықтарды атап, олардың сөйлеу тіліне тигізетін әсерін ашу. 9. Сөйлеу актісінде сөйлеу-қимыл және есту анализаторларының ролін ашу. 10. Сөйлеу тілі туа біткен функция еместігін дәлелдеу.
416 11. Сөйлеу әрекетінің қалыптасуындағы қарым-қатынас пен оқытудың ролін көрсету. 12. Сөйлеу тілінің функцияларын атау. 13. Сөйлеу тілінің қатынастық (коммуникативті) функциясын сипаттау. 14. Сөйлеу тілі мен ойлаудың өзара байланысын көрсету (Л. С. Выготский). Тәжірибелік тапсырмалар 1. Кестелер (таблица) мен муляждарда Брока (моторлы), Вернике (сенсорлы) сөйлеу тілі орталықтарының орналасуын көрсету. Орталықтардың рөлін ашу. 2. Сөйлеу тілі дыбыстары артикуляцияларының профильдерін сызып, олардан артикуляция мүшелерін белгілеуге үйрету. 3. Тістенудің суреттері мен көшірме бейнесі бойынша ақаудың түрін белгілеу. 4. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: 1-тапсырма Сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің құрылымы: 1) Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми, сопақша ми ядролары, пирамидальды жолдар. 2) Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми. 3) Ми қыртысы, ми қыртысы асты, пирамидальды жолдар, дауыс жасалу бөлімі. 4) Пирамидальды жолдар, ми қыртысы асты, сопақша ми. 5) Ми қыртысы, ми қыртысы асты, артикуляция бөлімі. 2-тапсырма Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы: 1) тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, 2) артикуляция бөлімі, 3) тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, артикуляция бөлімі, 4) дауыстың жасалу бөлімі, сопақша ми, 5) пирамидальды жолдар. 3-тапсырма Артикуляцияның белсенді мүшелерін ата: 1) ерін, тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек, 2) ерін, тіл, қатты таңдай, 3) ерін, тіл, жұмсақ таңдай, тістер, 4) тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек, 5) тіл, жұмсақ таңдай, еріндер, жоғарғы жақ сүйек. 4-тапсырма Сөйлеу кезіндегі тыныс алуға тән емес: 1) дем шығаруда сөйлеу 2) дем шығару тыныс алудан ұзағырақ
417 3) тыныс алу қимылдары екі есе аз 4) сөйлеу тыныс алуда жасалады 5) тыныс алу ауыз арқылы жасалады 5-тапсырма Мұрын мен ауыз қуысы арасындағы қалқанның аты: 1) кеңірдек 2) жұтқыншақ 3) тіл 4) таңдай 5) трахея 6-тапсырма Азу тістері тістенген жағдайдағы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің қатынасы не?: 1) тістену 2) прогения 3) прогнатия 4) артикуляциялық аппарат 5) артикуляция мүшелерінің қалпы 7-тапсырма Жұмсақ таңдайдың құйрықшақтығы қалай аталады?: 1) тіл 2) қатты таңдай 3) увуля 4) тіл асты сіңірі 5) кеңірдек ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯТОРЛЫ-АКУСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 1. «Фонема» түсінігіне сипаттама бер. 2. Фонемелардың негізгі дифференциалды мағынасын ажырату белгілерін ата. 3. Дауыссыз дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер: - дауыс перделерінің қатысы бойынша, - тіл арқасының ортасы қатысы бойынша, - жасалу орны бойынша, - жасалу тәсілі бойынша. 4. Дауысты дыбыстардың артикуляторлы сипатын ашып айту. 5. Дауысты дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер. 6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтарын ата.
418 7. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы айырмашылықтарды атау. 8. Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды атау. Тәжірибелік тапсырма 1. Таңдай пердесі жабық болатын екі дыбысты, артикуляциясында таңдай пердесі ашық болатын екі дыбысты ата. 2. «С», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар. 3. «Ш», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық аппараттың қалпындағы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар. 4. Ойланып, талдаңдар. «Р» дыбысының артикуляциясын сызыңдар, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс пернелерінің қалпына көңіл бөліңдер, «РЬ» дыбысының артикуляциясымен салыстырыңдар. 5. «Л», «ЛЬ» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер. 6. Ойланып табыңдар. «Ч», сосын «Щ» дыбысын атаңдар, тілдің қалпына көңіл аударыңдар. Бұл дыбыстардың артикуляциясының айырмашылығы мен ұқсастығы қандай. Профильде (кескінде) көрсетіңдер. 7. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. Жұмсақ дыбыстарды (С', Ш', Р', П' т.б.) айтқанда тілдің қалпы қалай өзгереді. Профильде сызып көрсетіңдер. 8. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. «П-б-м» және «т-д-н» дыбыстарының айтылуы қандай артикуляциялық мүшелердің жұмысына байланысты. 9. Ойлан, тап. «К», «Қ» дыбысының артикуляциясын сызыңдар. Тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезегінің қалпына көңіл аударыңдар. «Г», «Ғ» дыбысының артикуляциясынан айырмашылығы неде? 10. Ойланып, қатесін тап. «С» дыбысын айтқанда - ерін жымияды, тістердің арасында 1-1,5 мм саңлау қалады, тілдің ұшы астындағы күрек тістерге тиіп тұрады, тілдің ортасы ойық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады, дыбыс пернелері ажырайды, ауа жолы әлсіз және суық келеді. 11. Ойланып, талдаңдар. «С», «З» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Сол дыбыстардың артикуляциясының ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар. 12. Қай дыбыстың артикуляциясы: Ерін аздап дөңгеленіп, тіл «ожауға»
419 ұқсатылып таңдайға қарай көтеріледі, бірақ тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға баратын ауа жолын жабады, дауыс пернелері ажырайды, ауа жолы күшті және жылы. 13. Ойланып, қатесін тап. «Ж» дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленіп алдыға қарай шығыңқы келеді, тіл «ожауға» ұқсап таңдайға көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғары азу тістерге тиеді, жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына тиіп тұрады, дауыс пернелері ашық, ауа жолы әлсіз, жылы. 14. Қай дыбыстың артикуляциясы. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпы «Ш» дыбысын айтқандағыдай, бірақ «Ш» дыбысына қарағанда тіл аздап алға қарай жылжыған, сәл көтеріңкі болады. 15. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 1- тапсырма Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, мұрын арқылы айтылады, жіңішке, тіл алды, жабысыңқы-өтпелі: 1) ТЬ 2) Д 3) НЬ 4) Л 5) МЬ 2-тапсырма Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, қатаң, ауыз арқылы, жуан, тіл алды, саңылаулы: 1) Ш 2) Л 3) С 4) Д 5) Ф 3-тапсырма Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, ұяң, ауыз арқылы, жіңішке, тіларты, жабысыңқы: 1) НЬ 2) Д 3) Х 4) ГЬ 5) КЬ 4-тапсырма Ойлан, тап. Мына артикуляция қай дыбысқа тән? - еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа байланысты, - тіл жоғарғы альвеолға көтеріліп, дірілдейді; - бүйір шеттері түп азуларға тиеді; - дауыс пернесі қосылған, дірілдейді.
420 ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 1. Логопедиялық тексеру қағидаларын атап, сипаттама беру. 2. Сөйлеу тілі бұзылыстарын талдаудағы жүйелілік, жанжақтылық қағидасының ролін көрсету. 3. Логопедиялық тексеру түрлерін сипатта. 4. Үстіртін және тереңдетіп тексерудің мақсат, міндеттерін ашып айту. 5. Логопедиялық тексерудің әдістерін ата. 6. Логопедиялық тексеруге арналған дидактикалық материалдарды ата. 7. Логопедиялық тексеру құрылымын ашып айт. 8. Логопедиялық тексеруді ұйымдастыру алдында анамнезді жинау қажеттілігін дәлелдеу. 9. Артикуляциялық аппаратты тексеруге қойылатын талаптарды ата. 10. Сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеру әдістемесін ата. 11. Фонематикалық қабылдау, талдау (қарапайым және күрделі түрлері), жинақтаудың қалыптасу деңгейін айқындауға бағытталған тапсырмаларды атау. 12. Балалардың дыбыс айтуын тексеруге қойылатын талаптарды ата. 13. Сөйлеу тілінің лексикалық жағын тексеру әдістемесін ата. 14. Сөйлеу тілінің граматикалық құрылымының жағдайын айқындау әдістемесін атап, сипатта. 15. Балалардың байланыстырып сөйлеуін тексеруге қойылатын талаптарды атап сипатта. 16. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін тексеруге қойылатын талаптарды ата. 17. Балалардың зиятын, сенсомоторлы дағдыларын тексеру әдістемелерін ата, сипатта. 18. Білім беру мекемелерінде балаларды тексеру мерзімдерін негізде: («Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде логопедиялық пункттерді ұйымдастыру жөніндегі ережелерге» сүйеніп). Тәжірибелік тапсырмалар 1. Сөйлеу карталарын талдап, логопедиялық тексерудің кезектілігін, мазмұнын белгілеу. Кешенділік, жүйелілік, жан-жақтылық, динамикалық тәсіл қағидаларының іске асырылуын көрсету. 2. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 1-тапсырма Тексеру қағидасын ата: 1) көрнекілік 2) дифференциалды тәсіл 3) жан-жақтылық 4) ғылымилық 5) саналылық
421 2-тапсырма Тексеру түрі: 1) бақылау 2) әңгімелесу 3) анамнез жинау 4) тереңдетілген 5) динамикалық 3. Қойылатын талаптарға сәйкестігі жас ерекшеліктерін ескеру, бағдарлама материалына сүйену т.с.с. көзқарас тарапынан тексеру әдістемелерін талдау. 4. Балалардың фонематикалық түсініктерін, сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеруге арналған материалды іріктеуге қойылатын талаптарды сипаттап ата. 5. Тексерудің төмендегідей әдістемелерін дайындау: - фонематикалық түсініктерін, - балалардың дыбыс айтуын. 6. Балалардың моторлы сферасының дамуын айқындауға, жалпы, сөйлеу анамнездерін жинауға арналған сұрақтар тізімін құрастыру. 7. Сөйлеу картасының бөлімін талдап, анамнез жинау, қорытынды жасау: Сөйлеу тілінің анамнезі: 1 нұсқа. Сұрақтар Жауаптар Баланың уілдеуі қашан пайда болады? 3, 5 - 4 айда Былдырлауы қашан пайда болады? 7 айда Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты? 1-1,5 жаста Қорытынды: (Негіздеу). 2 нұсқа. Сұрақтар Жауаптар Баланың уілдеуі қашан пайда болады? 7-8 айда Былдырлауы қашан пайда болады? 1 жаста Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты? 2,5 жастан кейін Қорытынды: (Негіздеу). 3 нұсқа.
422 Сұрақтар Жауаптар Баланың уілдеуі қашан пайда болады? 4 айда Былдырлауы қашан пайда болды? Пайда болмады Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты? Жоқ Қорытынды: (Негіздеу). Ата-аналарға ұсыныстар: (негіздеу). 8. Сөйлеу картасындағы артикуляция мүшелерінің құрылымын тексеру бөлігін талдау, қорытынды шығару: Еріндер Ауытқуы жоқ Тістер Ауытқуы жоқ Қатты таңдай Құрылымы қалыпты Жұмсақ таңдай Құрылымы қалыпты Увуля Құрылымы қалыпты Тістену Жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерді қосқанда арасында саңылау пайда болады Қорытынды: 2. Тәжірибелік міндеттерді шешіңіздер: 1- тәжірибелік тапсырма Артикуляциялық аппаратты логопед тексергенде баланың астыңғы жақ сүйек тістері жоғарғы жақ сүйек тістерінің алдына шығып тұрғанын айқындады. Тістенудің ақаулы түрін белгіле. Осындай жағдайда мүмкін болатын дыбыс айту бұзылыстарын ата. 2-тәжірибелік тапсырма Тексерілген бала азу тістерін қосып тістегенде алдыңғы жоғарғы (күрек тістер) тістері астыңғы тістерді толық жауып тұрады. Тістенудің ақау түрін белгіле. Мүмкін болатын дыбыс айту бұзылыстырын ата. 3-тәжірибелік тапсырма Артикуляция мүшелерінің қозғалысын тексеру барысында логопед балаға мынадай тапсырмалар береді: «Жымию», «Серуен» (жалпақ тіл астыңғы иекте бос жатыр), «Ине» (жіңішке тіл). Тапсырмалар тізімін талдап, қорытынды жаса.
423 4-тәжірибелік тапсырма Тексерілген балаға қандай мақсатпен: «Жымию-түтікше» (ерінге арналған жаттығу) беріледі: тілді жіңішке, кейін жалпақ қылып жасау (бірнеше рет қайталау). 10. Дұрыс жауаптар нұсқаларын іріктеу: 1-тапсырма Азу тістері тістенгенде жоғарғы күрек тістер астыңғы тістерді толық жауып тұрады. Тістенудің ақаулы түрін белгіле: 1) прогения, 2) прогнатия 3) алдыңғы ашық тістену, 4) тік жабық тістену 5) терең жабық тістену. 2-тапсырма Бала «Ине» (жіңішеке тіл) жаттығуын жасауда қиналады. Қиналу себебін белгіле: 1) тілдің асты желбезегі' қысқа 2) тілдің сопақша бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 3) таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 4) тілдің көлденең бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 5) артикуляция мүшелерінің қимылдары шектелген 3-тапсырма Бала тілін ауыз қуысының түбіне «тығып» қоя алмайды, тілдің ұшын таңдайға көтере алмайды. Қиналу себептерін ата: 1) жоғарғы бойлық бұлшық еттері функциясы бұзылған 2) таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 3) иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 4) тіл асты жүйесі қысқа 5) жұмсақ таңдай қысқалығы 4-тапсырма Бала тілін шығарып, жоғары көтеріп ұстай алмайды. Оның қиналу себептерін ата: 1) таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 2) прогения 3) тілдің көлденең бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 4) иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 5) тілдің жоғарғы бойлық бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 5-тапсырма
424 Бала жалпақ тілмен жоғарғы ерінің жалағанда қиналады, астыңғы иекпен көмектеседі. Қиындықтар себептерін ата: 1) тілдің жоғарғы бойлық және иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған 2) терең жабық тістену 3) бойлық бұлшық етінің функциясы бұзылған 4) прогнатия 5) таңдай-тіл бұлшық етінің функциясы бұзылған. 6-тапсырма «Прогнатияда» астыңғы жақ сүйекке жоғарғы жақ сүйектің қатысы қандай қалыпта болады: 1) астыңғы жақ сүйектің жоғарғыға қатысы- алдыға қарай шығыңқы 2) жоғарғы жақ сүйектің астыңғыға қатысы-алдыға қарай шығыңқы 3) алдыңғы ашық тістену 4) алдыңғы жабық тістену 5) жоғарғы қатар тістері астыңғы қатар тістеріне тура сәйкестікте тиіп тұрады. 11.Сөйлеу картасының бөлімін артикуляциялық аппараттың қозғалысын тексерудің толықтылығы жағынан талдаңыз: 1-бөлім Ұсынылатын сынақ Баланың орындауы Астыңғы тілге жалпақ жайылған тілді салу Жаттығуды орындайды, 1-5-ке дейін санағанда осы қалыпта тілді ұстап тұра алады «Ине» жаттығуы Қиналмай орындайды «Сағат» жаттығуы Орындайды «Кесе» жаттығуы Тапсырманы қиналмай орындайды Қорытынды: 2-бөлім Ұсынылатын сынақ Баланың орындауы «Серуен» жаттығуы Жаттығуды орындайды Тілді жіңішке қылу Орындай алмайды «Сағат» жаттығуы Орындамады «Кесе» жаттығуы Тілді жоғары көтеруде қиналады, астыңғы иекпен көмектеседі Қорытынды: 12. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: Тапсырма Жаттығулардың қайсысын тілдің қозғалысын тексеруге алуға болады:
425 1) «Күрекше» 2) Ауызды кең қылып ашу 3) «Сағат» 4) «Күлкі» 5) «Түтікше» 13. Балалардың фонематикалық түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындауға бағытталған тапсырмаларды ата. 14. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: 1-тапсырма Фонематикалық қабылдауын тексеруде қолдануға болатын тапсырма: 1) Суреттегі заттарды ата: шалқан, машина, қылыш 2) Қайтала: СА-ЗА-ЩА 3) «Сақа» сөзіндегі бірінші дыбысты ата 4) «Ж» дыбысына сөз ойла 5) «Ш» дыбысы бар суреттерді іріктеп ал. 2-тапсырма Дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын айқындауға арналған тапсырманы ата: 1) «Қылыш қай суретте, қамыс қай суретте екенін көрсет» 2) Берілген буындардан сөз құра 3) «ТАС» сөзінде қанша дыбыс бар 4) «С» дыбысын естігенде жалауша көтер 5) Атауында «С» дыбысы бар суреттерді ата. 15. Сөйлеу картасының бөлімін талда: Сөздерді ата Баланың тапсырманы орындауы Шағала Шала Сиыр Иыр Автобус Атобус Ғарышкер Ғашер Сөздің буындық құрамының бұзылу сипатын белгіле. 16. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеру әдістемесін қойылған талаптар жағынан (сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын тексеру, дыбысты сөздің басында, ортасында, соңында, бундық құрамы жеңіл және күрделі сөздерде айту іскерлігін айқындау) талдау. 17. Педагогикалық тапсырмаларды орындау. 1-педагогикалық тапсырма
426 «С» дыбысының айтылуын тексеру үшін логопед қасық, тас, сиыр салынған суреттері дайындады. Материалды іріктеудің дұрыстығын бағалаңыз. 2-педагогикалық тапсырма «Ш» дыбысының айтылуы тексеріледі. Балаға шкаф, шана, шаңғы, шалбар суреттері ұсынылды. Тексеру материалы дұрыс аланды ма? Қатені тап. 3-педагогикалық тапсырма «Ж» дыбысының айтылуы тексеріледі. Алынған суреттер: жалау, ожау, тәж. Тексеру материалы дұрыс аланған ба? Пікіріңізді айтыңыз. 4-педагогикалық тапсырма Сөйлеу тілінің дыбыстық жағын және фонематикалық түсініктерін тексергенде бұзылыстар байқалмады. Сөйлеу тілінің қорытындысын шығаруға мағлұматтар жеткілікті ме? 18. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеп алыңыз: Тапсырмалардың қайсысы дыбыс айтуын тексеруге арналған: 1) Сөздегі бірінші дыбысты ата 2) Атауында «С» дыбысы бар суреттерді ірікте 3) «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер 4) Тіліңмен «Кесе» жаса 5) «Сақа, тасбақа, қас» суреттерін ата. 19. Фонематикалық түсініктерін, дыбыс айтуын тексеру хаттамасын талдау. Өңделуіне, тәсілдерді іріктеу дұрыстығына, қорытындылардың тексеру нәтижелеріне сәйкестігіне назар аудару. 20. Балалардың белсенді және енжар сөз қорларын тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу. 21. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу. 22. Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу. 23. Балалардың танымдық мүмкіндіктерін тексеруге арналған тапсырмалар дайындау. 24. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: 1-тапсырма Сөз қорын тексеруге арналған тапсырма: 1) Бір сөзбен қалай аталады (доп, қуыршақ, машина) 2) Суреттерде салыңған заттарды ата: раушангүл, тырна, қар 3) Суреттерде салынған заттарды ата: трамвай, троллейбус, құрылысшы 4) Суреттерде салынған заттарды ата: ескі-ешкі 5) «тышқан» сөзін естісең, шапалақ соқ
427 2-тапсырма Бастауыш сынып оқушыларында сөздің буындық құрылымын тексеру үшін қай сөзді алуға болады: 1) балапан 2) шағала 3) қарындаш. 4) құмырсқа. 5) қаламсап 3-тапсырма Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай тапсырма алынады: 1) «Не қалай қозғалады?» 2) «Заттың түсі қандай?» 3) «Киім тігетін адамды кім дейміз?» 4) «Кітапты ал да, аш» 5) «Кім кіммен келе жатыр 4- тапсырма Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге қай тапсырманы алуға болады: 1) «Мен үлкен зат туралы айтамын, ал сен кішкентайын ата» 2) «Мен бір затты атаймын, сен көп болса не деп айтасың?» 3) «Қызыл түсті заттарды ата» 4) «Кітапты ал да, аш» 5) «Бала не істегенін айт» (сурет бойынша: шықты, кірді, өтті). 5-тапсырма Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге қай тапсырманы алуға болады? 1) «Суреттерді ата: құлақ, тарақ» 2) «Не қалай дауыс шығарады?» 3) «Қаламмен қарындашты көрсет» 4) «Мен сөз айтамын, ал сен сол сөзді керісінше айт» 5) «Суреттен төртінші затты ата» 6-тапсырма Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге арналған тапсырма: 1) «Кімге не керек?» 2) «Жануарлардың төлдерін ата» 3) «Берілген сөздерден сөйлем құра» 4) «Қай сурет туралы мен айтқанымды тап ( суретте көк...)» 5) «Бала иттің артынан жүгіріп бара жатыр. Кім алдыда?» 7-тапсырма Байланыстырып сөйлеуін тексеруге қай тасырманы алуға болады: 1) «Алдымен көкөністерді , кейін жемістерді ата»
428 2) «Кім кімнен кейін тұр?» 3) «Менің соңымнан тақпақты қайтала» 4) «Демалыс күнін қалай өткізгенін туралы айтып бер» 5) «Жұмбақты шеш» 8-тапсырма Жазуды тексеруге қай тапсырманы алған тиімді: 1) «Әріптерді ата» 2) «Берілген буындардан сөз құра» 3) «Кеспе әліппе әріптерінен сөз құрастыр» 4) «Мәтінді көшіріп жаз» 5) «Қас-қаш, тар-тал сөздеріндегі айырмашылық неде?» 9-тапсырма Оқуды тексеруге арналған тапсырманы ата: 1) «Ш» дыбысынан басталатын сөзді ата» 2) «Мал-бал сөздерін салыстыр» 3) «Ш» дыбысы бар сөзді тап» 4) «Мәтінді айтып бер» 5) «Алғашқы түрінде берілген сөздерден сөйлем құрастыр» 10-тапсырма Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай суреттерді алуға болады: 1) Ай, сүт, қас 2) Инелік, таңқурай, велосипед 3) Тауық, қаз, үйрек, балапан 4) Көрпеше, тостағанша, жастықша 5) Үй-үйлер, бас-бастар, қалам-қаламдар 11-апсырма Тексеру барысында бала «балапан» сөзінің орнына «бабапан» дейді. Сөздің буындық құрамы қай тип бойынша бұзылған: 1) қысқарту 2) ұқсасу 3) орнын ауыстыру 4) қосып айту 5) контаминация 12-тапсырма Тексерген кезде бала «шағала» сөзін «шалаға» деп айтады. Сөздің буындық құрамы қай тип бойынша бұзылған: 1) ұқсасу 2) қысқарту 3) қосып айту
429 4) орнын ауыстыру 5) контаминация 13-тапсырма Талдаудың қарапайым түрін айқындауға қай тапсырманы алуға болады: 1) «Схемаға сәйкес суретті тап» 2) «Ошақ» сөзінде «ш» дыбысы сөздің қай жерінде тұр? 3) «Берілген әріптерден сөз құра: (ш,а,р)» 4) «Ш» дыбысы бар сөз естісең, қолыңды көтер» 5) «Ш» дыбысы бар сөз ойла 14-тапсырма Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай ойын жарамды: 1) «Төртінші артық» 2) «Керісінше айт: мен бір затты айтамын, сен көп зат болса қалай дейсің?» ойыны 3) «Дыбыстың сөздегі орнын тап» 4) «Қатарды есіңе сақта да, ата» 5) «Киім тігетін адамды қалай атаймыз?» 15-апсырма 4 жасқа дейінгі баланың логикалық ойлауын тексеруге қай тапсырманы алуға болады: 1) «тас-бас» сөздерінің айырмашылығы неде 2) Мәтінді айтып бер 3) 4 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр 4) бір сөзбен ата 5) 8 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр. 25. Базалық мектепке бару. Баланың сөйлеу тілін тексеруді төмендегідей бағыттарда бақылау: а) тексеру өтіп жатқан бөлменің қойылған талаптарға сәйкестігі; ә) логопедтің тексеруге дайындығы: - тексеру әдістемелерінің бар-жоғы, олардың қойылған талаптарға сәйкестігі; - баламен қарым-қатынасы; - логопедтің балаға берген инструкциялары, олардың балаға түсініктілігі; - тексерудің толықтылығы; - логопедиялық тексеру қағидаларының іске асырылуы; - алынған мәліметтердің тіркеліп жазылуы. 26. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды өз бетінше тексеру, сөйлеу қортындысын анықтау, сөйлеу картасын толтыру.
430 ДЫБЫС АЙТУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ 1. Балалардың дыбыс айту бұзылыстарының таралуына сипаттама бер. 2. Функциональді және органикалық (механикалық) дислалияға анықтама бер. 3. Мономорфты және полиморфты дислалияға анықтама бер. 4. Ызың, ысқырық, сонор, таңдай арқылы айтылатын дыбыстардың бұзылыстарына, түзету тәсілдеріне сипаттама бер. 5. Дыбыс айту бұзылыстарының артикуляциялық аппараттың жағдайына байланысты екенін негізде. 6. Дыбыс айту бұзылыстарының кейбір жағдайларында фонематикалық түсініктерінің деңгейін айқындау қажеттілігін негізде. 7. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезеңділігін айтып бер. Тәжірибелік тапсырмалар 1. Ысқырық (С, З, Ц), ызың (Ш, Ж, Щ, Ч), сонор (Р, Л), таңдай арқылы айтылатын (К, Қ, Г, Ғ) дыбыстардың артикуляциясын салу. 2. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы айырмашылықтарды атау. 3. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы айырмашылық пен ұқсастықты атау. 4. Дислалияның түрлерін және олардың себептерін салыстыру: 3-кесте.- Дислалия түрлері. Дислалия түрі Ұсақ артикуляторл ық қимылдардың жетілмеуі Артикуляц ия мүшелеріні ң ақаулықтар ы *Ұсақ естіп ажыратуын ың әлсіздігі Нейродинамикал ық процесстердің функциональді бұзылыстары Механикалы қ дислалия Сенсорлы функциональ ді дислалия Моторлы функциональ ді дислалия 5.Тексеру барысында бала дыбыстарды айтуда «С» дыбысын «Ф» дыбысына, «З» дыбысын «В» дыбысына ауыстырып айтатыны айқындалды. Артикуляциялық аппаратта ауытқушылық жоқ. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы бұзылмаған.
431 Міндет: берілген мағлұматтарды талдап, сөйлеу тілінің қорытындысын шығару. 6. Бала дыбыстарды айту кезінде «С» дыбысын «Т», «З» дыбысын «Д»-ға ауыстырып айтады. Артикуляция мүшелерінің құрылымы және қимылдары бұзылмаған. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы қалыптыға сай. Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құрастыру, бұзылған дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу. 7. Бала ысқырық дыбыстарды ызыңдарға ауыстырып айтады. Тексеру барысында сөйлеу тілінің лексикалық жағы, грамматикалық құрылымы бұзылмаған; артикуляция мүшелерінде ауытқу жоқ; фонематикалық түсініктері қалыптаспағаны айқындалды. 8. Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құру, ысқырық (С, З, Ц) дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу. 9. Дыбыс айту бұзылыстарының түрлерін себепкер факторлармен сәйкестендіру: 3-кесте. Ызың-ысқырық дыбыстардың айтылу бұзылыстарының түрлері Себепкер факторлар Дыбыс айту бұзылыстарының түрі Еріндіктістік Тісаралық Тістөңіректік Бүйірлік Мұрындық Прогения Терең жабық тістену Алдыңғы ашық тістену Бүйірлік ашық тістену Алдыңғы тістері жоқ Тіл асты желбезегінің қысқа болуы Қатты таңдай жарықшақтығы 9. Жұмыстың дайындық кезеңінде логопед балаға артикуляциялық жаттығуларды жасауын өтінеді: ерінге – «Жымию», «жалпақ тілді астыңғы ерінге салу», «науа», «түтікше», тілдің ұшына үрлеу.
432 Логопед баланың артикуляциялық аппаратын қай дыбысты қоюға дайындап жатыр? 10. Баланың ызың дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Логопед келесі артикуляциялық жаттығуларды жасатты: ерінге – «Түтікше», тілге – «кесе», «Дәмді қаймақ», «науа», «серуен». Жаттығулар кешені дұрыс алынды ма? Дәлелде. 11. Баланың тіл арты дыбыстары бұзылған. Дайындық артикуляциялық жаттығулар кешенін іріктеп алу. 12. Балада «Р», және «Л» дыбыстарының бұзылуы болса, қандай артикуляциялық жаттығуларды алуымыз керек? 13. «Тіл арты дыбыстарды қою тәсілдері» таблицасын толтыру. 5-кесте. Тіл арты дыбыстарын қою тәсілдері. Түзетілетін дыбыс Бастапқы буын 1 кезең 2 кезең 3 кезең К Қ Г Ғ Х 14. Сөйлеу тілі дыбыстарының бұзылуының фонологиялық және антропофониялық түрлерінде жұмыс айырмашылығын табу. 15. Логопедиялық сабақтың үзіндісімен танысып, жұмыс кезеңін анықтаңыз. Сабақ үзіндісі. Тақырыбы: С дыбысы және әрпі. Сабақ барысы: Дыбыстың қалыпты артикуляциясын қайталау. Логопед: Маған қара да, мен қай дыбысты айтайын дегенімді тап. (С дыбысының үнсіз артикуляциясы). С дыбысын айтқанда тіл, ерін, тістер қандай қалыпта болатынын есіңе түсір. Бала: Еріндер түтікше тәрізді, тістер жақындаған, тілдің ұшы жоғары көтеріледі, көмейде діріл бар. Жеке дыбысты айту. Логопед: Ал, енді айна алдында дыбысты айт. Бала: С-С-С. Логопед: Жылан қандай дыбыс шығарады? Бала: С- С-С.
433 Дыбыс пен әріпті сәйкестендіру. Логопед: Кескін әліпбиден сен айтқан дыбыстың әріп таңбасын тап. Бұл қай әріп? Осы әріпті сым темірден (моншақтан) жаса. 16. Төмендегі жоспар бойынша логопедиялық сабақтардың үлгісін құрастырыңыз: - дыбысты қою кезеңіне; - машықтандыру кезеңіне; - дыбыстарды ажырату кезеңіне. Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі Тақырыбы__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________ Құрал-жабдықтар: Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Мақсатын баяндау. 3.Артикуляциялық гимнастика. 4.Дыбысты қою. 5.Жеке дыбыстың айтылуын бекіту. 6.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс. 7.Дыбыспен таңбаны сәйкестеу. 8.Үйге тапсырма. 9.Сабақ қорытындысы. Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________ Құрал-жабдықтар: Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Мақсатын баяндау. 3.Артикуляциялық гимнастика. 4.Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру (жасалу тәсілі және орны бойынша).
434 5.Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне еңгізу. 6. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс. 7.Үйге тапсырма. 8.Сабақ қорытындысы. Дыбысты ажырату кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________ Құрал-жабдықтар: Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Мақсатын баяндау. 3. Артикуляциялық гимнастика. 4. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу. 5. Дыбыстық талдау, жинақтау бойынша жұмыс. 6. Үйге тапсырма. 7. Сабақ қорытындысы. 17. Дыбысты жеке, буында, сөздерде сөйлемдерде машықтандыруға, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратуға арналған ойын түріндегі тапсырмаларды құрастыру. 18. Дыбысты сөздерде машықтандыру кезеңдегі логопедиялық сабаққа дидактикалық материал іріктеу. 19. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 1-тапсырма Аталған кемшіліктердің қайсысы кейін жазуға әсер етеді: 1) дыбыстың жоқ болуы 2) дисфония 3) бір дыбысты екіншіге ауыстыру 4) дыбысты бұрмалап айту. 2-тапсырма Дислалия – ол ненің бұзылуы: 1) дауыс, фонацияның 2) сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен жылдамдығының 3) сөйлеу аппаратының сақтаулы иннервациясы мен есту қабілетінің қалыпты жағдайындағы дыбыс айтудың, 4) сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақауларымен күрделенген дауыстың тембрі мен дыбыс айтуының, 5) сөйлеу аппаратының жеткіліксіздік иннервациясымен күрделенген айту жағының
435 3-тапсырма Дыбыстары тілдің төменгі қалпында айтылатын фонетикалық топты ата: 1) ысқырық 2) таңдайлық 3) ызың 4) сонор 5) жабысыңқы-өтпелі 4- тапсырма Тісаралық сигматизмге бейімдейтін себептерін ата: 1) прогнатия 2) субмукозды жарықша 3) бүйірлік ашық тістену 4) ерін жарықшағы 5) артикуляциялық аппарат қозғалысының бұзылуы 5-тапсырма Дыбыс айту бұзылыстарының қайсысы фонологиялық (фонематикалық) бұзылысқа жатады: 1) «ш» дыбысының бүйірлік болып айтылуы 2) «ч» дыбысының тіс арасынан айтылуы 3) «ч» мен «ш» алмастыстырып айту 4) «р» дыбысын велярлы қылып айту 5) «л» дыбысын тіс арасынан айту 6-тапсырма Сигматизмнің қай түрінде бүйірлік ашық тістену мен тілдің бір бөлігінің бұлшық еттерінің әлсіздігі себепші фактор болады: 1) тіс аралық 2) бүйірлік 3) мұрын жолды 4) ерін-тістік 5) ызың 7-тапсырма Сигматизмнің қай түрінде тіл асты жүйесінің қысқалығы мен таңдайдың биік тар болуы себепші фактор болады: 1) тісаралықта 2) бүйірлікте 3) мұрын жолды 4) ерін-тістікте 5) ысқырықта 8-тапсырма
436 Моторлы функциональді дислалияның себепші факторын ата: 1) артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы 2) нейродинамиканың әлсіздігі, кедергісі 3) естіп ажыратуының жетілмеуі 4) артикуляциялық аппарат құрылымындағы зақымдармен дұрыс еместіктер 5) қатты таңдай жарықшақтары 9-тапсырма Артикуляциялық гимнастикада төмендегідей жаттығулар алынды: «жалпақ тіл», « жалпақ тілмен астыңғы ерінді жала», «жалпақ тілді шығарып ұшына үрлеу». Қандай дыбыстар тобын түзету жүргізілді: 1) ызың 2) ысқырық 3) тіларты 4) ұяң 5) қатаң 10-тапсырма Тіл жоғары көтеріліп айтылатын дыбыстардың фонетикалық тобын ата: 1) ысқырық 2) ызың 3) дауысты 4) таңдай арты 5) таңдай ортасы «J» 11-тапсырма Бала сөйлеу тілінде ызың және ысқырық дыбыстарды бұзып айтады, бірақ «ф» дыбысын дұрыс айтады. Сақтаулы «ф» дыбысын қолдана қай дыбысты оңай қоюға болады: 1) д 2) з 3) с 4) г 5) н 12-тапсырма Логопед дыбысты қоюда сақтаулы «Р» дыбысын дірілді тоқтатып қолданды. Логопед қай дыбысты қоюмен айналысты: 1) с 2) ш 3) ж 4) щ 5) к 13-тапсырма
437 Балаға тіл ұшын тістер арасына қысып «ы» дыбысын ұзақ созып айту ұсынылды. Қай дыбысты қою жүргізіліп отыр: 1) с 2) ш 3) л 4) к 5) б 14-тапсырма Бала келесі артикуляциялық жаттығуларды жасай алады: «серуен», «қоршау», «жел», «жымию». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатырмыз: 1) ш-ж 2) с 3) р 4) н 5) л 15- тапсырма Сенсорлы функциональді дислалияның себебі болатын факторды ата: 1) артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы 2) жіңішке естіп ажыратудың пайда болуына кедергі жасайтын нейродинамикалық әлсіздік 3) Сөйлеу тілі моторикасының дамымауы 4) Артикуляциял аппаратының құрылымында зақымдану байқалғанда 5) Жұмсақ және қатты таңдай жарықшағы болғанда 16-тапсырма «Кесе» артикуляциялық жаттығуын алдымен ауыз қуысынан тыс, сосын ауыз қуысында жасау қай дыбысты қоюда қолданылады: 1) з 2) ц 3) к 4) ш 5) л 17- тапсырма Балаға «Саңырауқұлақ» жаттығуын жасатып, кейіннен жасалған түйісуді күшті ауа ағынымен үземіз. Қай дыбыс бойынша жұмыс жасап отырмыз: 1) ж 2) з 3) р 4) ш 5) б 18-тапсырма Дыбысты дұрыс айтудың орнына бала тілдің фонетикалық жүйесінде жоқ дыбысты айтса, қандай бұзылыс болып есептеледі:
438 1) ауыстыру 2) дыбысты айтпау 3) бұрмалап айту 4) еліктеу 5) жетілмеу 19- тапсырма Балаға мынандай артикуляциялық жаттығуларды жасатады: «қайық», «дауылпазшы», «ат шабады». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатыр 1) ж 2) з 3) д 4) р 5) г 20- тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. Күфігім Өві адамға үйірфек, Өліп-өфіп ойнайды. Қиқулафып вүгірфек, Қафып вүр деп ойлайды. 21-тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. Әде Дұмтағанда барамыд Тілін дәйім аламыд. Әде бідің панамыд, Әде үлкен анамыд. 22-тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. Әкем менің - қауынсы, Сесем менің - сауынсы, Ағам менің - егінсі, Зеңгем менің - тігінсі. 23-тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. Кеште Тұлымшағы титтей, Қарындашым беште. Ойын қуып кетпей, Отыр тігіп кеште. 24-тапсырма
439 Тіс аралық сигматизмінде мына өлең қалай айтылар еді? Пеш қасында мысық отыр, Екі көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. 25-тапсырма «Р» дыбысының бұзылып айту үлгісін жасаңдар (фонологиялық бұзылу түрін). Көл бойында Көк құс отыр. Көк құстың маңайында Көп құс отыр. 20. Дыбыс айтуды түзетуде қолданылатын бірнеше тәсілдер ойластырыңыздар. Сол тапсырмалар мен тәсілдерге түзетушілік негіз беріңіздер. 21. Сөйлеу тілінің дыбыстарын балалардың жас ерекшеліктерін, бағдарлама талаптарын ескеріп түзетуге арналған тапсырмаларды студенттердің өздік жұмысында төмендегідей схема бойынша құрауы: а) тапсырма атауы ә) түзетушілік негізі б) қай жастағы балаларға арналған в) тапсырма сипаттамасы Іскер ойын ретінде тапсырмаларды орындау. Студенттердің ұсынған тапсырмаларын талдау. 22. Базалық мектепке барып, дислалиясы бар баламен әр кезеңдегі логопедиялық сабақтарды көру. Сабақтардың стенограммаларын жазу. 23. Қатысқан сабақтарды схема бойынша талдау. Логопедиялық топтық сабақты талдау үлгісі 1.Жұмыс кезеңдеріне және сөйлеу тілі қорытындысына сәйкес сабақтың тақырыбы, мақсаттарының, құрылуы 2. Тақырыбы бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың орны, алдыңғы және кейінгі сабақтармен байланысы. 3. Сабақтың көрнекі құралдары: а) сабаққа көрнекіліктің дайындығы және оның бар-жоғы. ә) балалардың даму ерекшеліктеріне және сабақ мақсатына көрнекіліктің сәйкес келуі, оларды осы сабаққа іріктеудің орындылығы. б) көрнекі құралдардың жалпы дидактикалық және эстетикалық талаптарға сәйкес келуі.
440 в) сабақтың оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуы және олардың лайықтылығы. 4. Сабақ кезеңдерінің бір бірімен байланысы, ақталғандығы. Сабақтың білімділік, түзетушілік және тәрбиелік мақсаттарының бірбіріне бағыныңқылығы және байланысы. Ой әрекетін белсендіру тәсілдері. 5. Сабаққа сөйлеу материалының іріктеліп алынуы. а) сөйлеу материалдарының сабақтың фонетика, лексика, грамматикалық тақырыбына сәйкестігі; ә) сөйлеу материалының қолжетерлігі. 6. Сөйлеу әрекетінің түрлері: а) еліктеу, оқу, суреттерді атау, сұрақтарға жауап беру,өзіндік сөйлеу: ә) сабақта сөйлеу белсенділігі. 7. Грамматикалық құрылысын қалыптастыруда сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін белсендіру әдістері. 8. Топтық және жеке жұмыстың үйлесімділігі. 9. Пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асырылуы. 10. Сабақта өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы.(көмек түрлері және сипаттары). 11. Мұғалімнің сабаққа дайындығы: а) теориялық білімі, әр түрлі тәсілдерді қолдану біліктілігі және жұмыс түрлері, сабақты жүргізу техникасын білуі. ә) арнайы әдебиеттерді қолдана білуі. б) сабақ барысында әр баланың тұлғалық ерекшелігіне сәйкес мақтаумадақтау және ұялту әдістерін қолдану біліктілігі. в) мұғалімнің сөйлеуі: анықтылығы, нақтылығы, эмоционалдығы. 12. Оқушылардың сабаққа қатысуы: а) қызығушылығы; ә) белсенділігі; б) инициативтілігі; 13. Сабақтың тұтастығы және аяқталуы. Логопедиялық сабақ барысында оқушылардың алған білімі, дағдылары. 14. Қорытынды және ұсыныстар: а) сабақты өткізу кезіндегі қиындықтар; ә) сабақты жалпы бағалау, негізгі жетістіктері, шығармашылық ізденістері; б) негізгі кемшіліктер мен ескертулер; 24. Логопедиялық сабақтардың конспектілерін талдау негізінде сабақтың, өңделуіне, мазмұнына қойылатын талаптарды атау. Жұмыс дәптеріне жазу. 25. Төмендегі үлгі бойынша дислалиясы бар балалармен өткізілген логопедиялық сабақтың толық конспектісін құрастыру: - сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, - балалардың жасын көрсету; - дыбыс бойынша жұмыстың кезеңін,тақырыбын белгілеу; - сабақтың мақсаттарын белгілеу (білімділік, түзетушілік)
441 - дыбыс бойынша жұмыстың кезеңіне байланысты түзету немесе дыбысты машықтандыру тәсілдерін белгіле; - сөйлеу тілі, көрнекілік, дидактикалық материал іріктеп алу; - балаларға берілетін тапсырмалардың кезектіліген белгілеу; - сабақтың бөлімдерін нақты сипаттау. 26. Сабақтардың үзінділерін ойын түрінде өткізу. Талдау. 1-тапсырма Дыбысты түзету жұмысының алгоритмімен танысыңыздар. 1. Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: - дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА); - дыбыс айтуының бұзылуының түрін анықтау (ДАБТ); - артикуляциялық жаттығулар кешенін анықтау (АЖ); - дыбысты қою тәсілін анықтау (ДҚТ); - дыбысты жеке айтуы (ДЖА). 2. Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: - дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА); - дыбысты жеке айтуын бекіту (ДЖА); - дыбысты буынға кіргізу (ДБК); - дыбысты сөйлемге кіргізу (ДСК). 3. Дыбысты ажырату кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: - дыбыстардың қалыпты артикуляциясын салыстыру (ДҚАС); - дыбыстардың жеке айтуын ажыратуға үйрету (ДЖА); - дыбыстарды буында ажырату (ДБА); - дыбыстарды сөзде ажырату (ДСөз.А); - дыбыстарды сөйлемде ажырату (ДСА) - дыбыстарды өз бетінше сөйлеуінде ажырату (Д.өз б.СА). Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмінің үлгісі ДҚА (дыбыстың қалыпты артикуляциясы) ДАБТ (дыбыс айтуының бұзылуының түрі) АЖ (артикуляциялық жаттығулар) ДҚТ (дыбысты қою тәсілі)
442 ДЖА (дыбысты жеке айтуы) Дыбысты қою кезеңінде берілетін тапсырмалар ДҚА: - Дыбыс артикуляциясының профилін сызу. - Дыбысқа сипаттама беру. ДАБТ: - бұзылған дыбыстың артикуляциясын сызу. - ақаулыққа бейімдейтін факторларды атап беру. - профильде ақаулыққа тән белгілерін көрсету. - дыбыстың бұзылуын анықтау (магнитофон, бейне таспаға жазылған үлгілер бойынша, дыбыс бұзылуын модельдеу). - дыбыс бұзылуын модельдеу. АЖ: - дыбысты қоюға дайындау мақсатымен артикуляциялық жаттығу кешенін іріктеу. - айна алдында артикуляциялық жаттығуларды орындау. - студенттердің АЖ іріктеу және орындауында қателерін табу, оларға негіздеме беру. ДҚТ: Дыбыс қою үшін ең тиімді тәсілді атап көрсету: а) еліктеу арқылы б) механикалық в) аралас г) сақталған дыбыстан д) артикуляцияны бөліктерге бөлу. ДЖА: Дыбысты жеке айтуын қалыптастыру және бекіту. - дыбысты жеке айтуын машықтандыруға арналған ойын тәсілдерін іріктеу. - үнсіз артикуляция бойынша логопед қандай дыбысты айтқысы келді, соны сезу. - аталған сөздердің басында қандай дыбыс естіледі (бала тек бірінші дыбысты атайды. - осы тапсырманы орындаған кезде қандай міндеттер шешіледі? - дыбысты қою кезеңінің логопедиялық сабақ үзіндісімен танысып, қолданған тәсілдерін талдау. - дыбысты қою кезеңінің сабақ конспектісін құру. Тақырыбы: «Ш-Ж дыбыстары». Сабақ үзіндісімен танысып, алгоритм бойынша оның орнын анықтаңыздар. Сабақ үзіндісі Тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі»
443 Логопед: Маған қарашы. Мен қай дыбысты айтқым кеп тұр? (дыбыстың үнсіз артикуляциясы). Бұл дыбысты айтқан кезде ерін, тіс, тіл қандай қалыпта болатынын есіңе түсір. Сабақ үзіндісі Логопед: Екеуміз «Жаңғырық» ойынын ойнайық. Мен буындарды ақырын айтамын, ал сен оларды қатты дауыспен қайтала ( ша, шо, шу, аш, ош, уш) Сабақ үзіндісі Логопед: Алдыңда жатқан суреттерді дұрыс таратып бер. Тышқанға «Ш» дыбысымен, ал қонжыққа –«Ж» дыбысымен. Логопедиялық сабақтар жоспарының үлгілерімен танысыңыздар. РИНОЛАЛИЯ 1. Ринолалияға сипаттамасын айтып үш қырынан: медициналық, педагогикалық, психологиялық жағынан анықтама беріңіздер: 2. Ринолалиядағы сөйлеу тілі процесінің этиологиясын, симптоматикасын, механизмін ашып көрсету. 3. Ринолалиясы бар балалар тұлғасының ерекшеліктерін сипаттаңдар. 4. Осы сөйлеу тілі бұзылысының дислалия және ринофониядан айырмашылығын көрсетіңдер. 5. Ринолалияны жоюдың әдістемелерін (А. Г.Ипполитова, И. И. Ермакова) сипаттап беріңдер. 6. Ринолалиясы бар балаларды медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтудың негізгі бағыттарын атаңдар. Тәжірибелік тапсырмалар 1. Ринолалиясы бар бала туралы анамнезді жинау үшін сұрақтар тізімін дайындап, жұмыс дәптеріне жазу. 2. Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеруге арналған тапсырмаларды дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде просодиканың қандай ерекшеліктеріне назар аудару қажет?». 3. Ринолалиясы бар баланың артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысын тексеруге арналған тапсырмалар тізімін дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде артикуляциялық аппарат құрылымының және қозғалысының қандай ерекшеліктеріне ерекше назар аудару қажет?»
444 4. Субмукозды (кілегей асты) жарықшақтықты айқындау тәсілдерін іріктеп жұмыс дәптеріне жазу. 5. Ринолалиясы бар оқушылардың жазуындағы қателер мысалдарын келтіріп, олардың пайда болу себептерін түсіндіру. 6. Ринолалиясы бар балалардың биологиялық есту қабілетінің не себептен төмен болатынын дәлелеу. 7. Ринолалиясы бар балалардың көбінің фонематикалық түсініктері неліктен кешігіп қалыптасатынын дәлелдеу. 8. Кестені толтыру. 6-кесте. Ринолалиядағы бұзылыстардың сипаты. Ринолалия түрлері ОЖЖ органикалы қ зақымдануы Сөйлеу аппаратыны ң шеткі бөлімінің органикалық зақымдануы ОЖЖ функциональд і бұзылысы Сөйлеу аппаратының шеткі бөліміндегі функциональд і бұзылыс Ашық органикалық ринолалия Функциональд і ашық ринолалия Функциональд і жабық ринолалия Органикалық жабық ринолалия 6. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау: 1-тапсырма Ринолалияда артикуляция аппаратының құрылымындағы маңызды болып есептелетін ақаулық: 1) прогения 2) прогнатия 3) қатты таңдай жарықшағы 4) тіл асты желбезегінің қысқалығы 5) тілдің көп қозғалмайтындығы 2-тапсырма
445 Ринолалияға тән емес себеп: 1) мұрын қуысындағы полиптер 2) жұмсақ таңдай жарықшағы 3) субмукозды жарықша 4) икемсіз, жіңішке тіл 5) жоғарғы еріннің жарықшағы 3-тапсырма Жабық ринолалияның пайда болуында маңызды фактор: 1) субмукозды жарықша 2) увуляның екіге бөлінуі 3) мұрын қуысындағы аденоидтер 4) жұмсақ таңдай жарықшағы 5) ерін жарықшағы 4-тапсырма Ашық ринолалияның себебі: 1) мұрын қалқасының қисаюы 2) біржақтың тесік жарықшағы 3) мұрын қуысындағы полиптер 4) аденоидтер 5) жіңішке, көп қозғалмайтын тіл 5-тапсырма Органикалық жабық ринолалияға себеп болмайды: 1) аденоидттің өсуі 2) полиптер 3) жұмсақ таңдай парезі 4) мұрын қалқасының қисаюы 5) сыртқы мұрындағы ісіктер 6-тапсырма Ашық ринолалияға себеп болмайды: 1) жұмсақ таңдайдың қысқаруы 2) қатты таңдайдың жарықшағы 3) жұмсақ таңдайдың жарықшағы 4) субмукозды жарықша 5) мұрын-жұтқыншақтың ісіктері 7-тапсырма Ашық ринолалияға себеп болатын механизмді ата: 1) жіңішке тіл 2) тілді ауыз қуысының түбіне жылжытуы
446 3) жұмсақ және қатты таңдай құрылымындағы ақаулықтар 4) тілдің түбінің жоғары орналасуы 5) прогения 8-тапсырма Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән: 1) сөйлеу тілінің анықсыздығы 2) импрессивті сөйлеу тілі қалыпты дамиды 3) сөйлеу тілі кеш дамиды 4) дауысты дыбыстар дұрыс айтылады 5) дауыссыз дыбыстар мұрынмен айтылады 9-тапсырма Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән емес: 1) «к-г» дыбыстары айтылмайды немесе жарылып шығады 2) ерін және ерін-тістік дыбыстар «м» дыбысына жуық дыбыстарға ұқсас болады 3) экспрессивті сөйлеу тілінде сапалы өзгерістер болады 4) дауысты дыбыстар әлсіз артикуляциямен сипатталады 5) дыбыстардың жеке топтары бұзылған 10. Операцияға дейінгі кезеңде ринолалиясы бар баламен жұмыс жүргізудің қажетті екенін дәлелдеу. 11. Тәжірибелік тапсырманы орындау: Тәжірибелік тапсырма Міндеттердің ішінен төмендегілерге қатысты міндеттерді тандаңдар: а) ринолалиясы бар баламен операцияға дейінгі кезеңге, ә) операциядан кейінгі кезеңге: 1. Естіп бақылау және фонематикалық қабылдауын дамыту 2. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын қалыптастыру 3. Сауатын ашу 4. Артикулеманы қалыптастыру 5. Таңдай пердесін белсенділеу 12. Ринолалияда дыбыстармен жұмыстың кезектілігін жазу. 13. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау: 10-тапсырма Ашық ринолалияны түзетуде қолданбайтын логопедиялық жұмыстың қағидасын ата: 1) физиологиялық тыныс алуды қолдану қағидасы 2) артикуляциямен тыныс алуды бір уақытта қалыптастыру 3) кешенділік қағидасы 4) сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуын басынан бастап қалыптастыру
447 5) дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың артикуляциялық базасының дайындығына байланысты болады. 11-тапсырма Ринолалияда түзету-педагогикалық іс-шаралардың дайындық кезеңіне тән емес жұмыс ерекшеліктері: 1) артикуляция мен тыныс алуды бір уақытта дамыту 2) дыбыстарды айтқан кезде баланы естіп бақылауына максимальді түрде назарын аудартпау 3) жаңа жаттығуды меңгеру алдында меңгерген жаттығулар кешенін үнемі қайталап отыру 4) дисграфияның алдын алу 5) ауыз арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру 12-тапсырма Операцияға дейін ринолалиясы бар баламен түзету-педагогикалық ісшаралардың негізгі кезеңіндегі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері: 1) өз дыбыс айтуын саналы түрде естіп бақылау (қадағалау) 2) үйреніп жатқан дыбыстардың әріп таңбаларын еңгізу 3) баланың естіп бақылауына назарын аудартпау 4) дыбыстарды машықтандыру және ажырату 5) дисграфияның алдын алу 13-тапсырма Ринолалиядағы операциядан кейінгі логопедиялық жұмыс неге бағытталған: 1) ұсақ моториканы жетілдіруге 2) жалпы моториканы жетілдіруге 3) дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге 4) дұрыс диафрагмальді тыныс алуын жетілдіруге 5) ауыз арқылы қысқа тыныс алуын дамытуға 14-тапсырма Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылады: 1) еріндер жымияды 2) жалпақ тіл 3) есінеу 4) тілді тақылдату 5) сағат 15-тапсырма Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылмайды:
448 1) өз бетінше жөтелу 2) есінеу 3) суды шағын жұтымдармен жұту 4) науа 5) басты шалқайтып тамақты шайқау 16-тапсырма Түзету-педагогикалық іс-әрекетте ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату үшін қолдануға болатын жаттығу: 1) тілдің ұшына үрлеу 2) жіңішке қағаз жолақшасына үрлеу 3) мұрын арқылы ауа алып, ауыз арқылы шығару 4) мамықты үрлеу 5) резеңке допқа белсенді түрде үрлеу 17-тапсырма Операцияға дейінгі кезеңде жұмыстың қай түрін қолдануға болмайды: 1) «Шамды үрлеп өшір» 2) жұмсақ таңдай массажы 3) стақанға үрлеу 4) «Кімнің добы әрірек ұшады» 5) «Допты қақпаға кіргіз» 18-тапсырма Жабық ринолалияны жоюдағы жұмыс түрлерін қажетті кезектілікте орналастыр: 1) ом, ам, эм, ум буындарымен жұмыс 2) мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың сөз соңында айтылуын үйрету (там, қалам). 3) «м» және «н» дыбыстары бойынша жұмыс 4) мұрын, ауыз арқылы тыныс алуды ажырату 5) хирургиялық көмек 6) ма, мо, ми, мэ буындарымен жұмыс. ДИЗАРТРИЯ 1. Дизартрияның әр түрлі формаларының этиологиясын және патогенезін сипаттау. 2. Мидың локальді бұзылуын ескере отырып дизартрияның клиникалық көрінісіне сипаттама беру. 3. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін сипаттау. 4. МДБ (минимальді дизартриялық бұзылыс) анықтама беру, көрінісін сипаттап беру. 5. Дизартрия мен дислалияның дифферинциалды диагностикасының негізгі міндеттері мен принциптерін ашып беру.
449 6. Дизартриясы бар балаларды тексерудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін сипаттау. 7. Дизартрия кезінде түзету жұмысының негізгі бағыттарын сипаттау. 8. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзетуінің ерекшеліктерін ашып беру. 9. Сал бұлшық еттерін белсендіруге арналған массаж тәсілдерін ашып айту. 10. Спастикалық бұлшық еттерін босансытуға арналған массаж тәсілдерін ашып айту. 11. Массаждың әсерінің механизмін түсіндіру. 12. «Еңжар, белсенді-еңжар, белсенді гимнастика» деген ұғымды ашып айту. 13. Дизартрия кезінде арнайы логопедиялық гимнастиканың міндетін түсіндіру. Тәжірибелік тапсырмалар 1. Анамнез мәліметтерін талдап, қорытынды шығару. 1-үзінді Сөйлеу статусі Гуілдеу қай кезде пайда болды? 4,5 айда Былдыр қай кезде пайда болды? 6-7 айда Бірінші сөздері шыққан кезі? 2 жастан кейін Фразалық сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезі? 5 жасқа таяу. Қорытынды:: 2-үзінді Моторлы аясының дамуы. Басын қашан ұстай бастады? 3-4 айында Қашан отыра бастады? 6-6,5 айында Қашан жүре бастады? Көмекпен 4 жасынан бастап. Қорытынды: 3-үзінді Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары: бала өз бетінше киіне алмайды, аяқ қиімінің бауын байлай алмайды, қолына қасық, кесені әзер ұстайды. Қорытынды: 2. Дизартрияның көмескі түрі мен дислалияны ажыратуға арналған сынақтар қатарын іріктеп, дәптерге жазу. 3. Дизартриясы бар балалардың жалпы моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу. 4. Дизартриясы бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.
450 5. Дизартриясы бар балалардың артикуляциялық моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу. 6. Дизартриясы бар балалардың стереогнозын және конструктивті праксисін дамытуға бағытталған тапсырмаларды ойлап, дәптерге жазу. 7. «Рефлексті болдырмайтын қалпының» бірнеше түрлерін іріктеп, дәптерге жазу. 8. Тәжірибелік есептерді шешу. 1-тапсырма Тексеру барысында логопед мұрын-ерін және маңдай қатпарларларына, көз саңылауына назар аударады. Бас сүйек ми жүйкесінің қандай қызметі (функциясы) тексеріліп жатқанын анықтаңдар. 2-тапсырма Логопед баладан «сағат», «ине», «дәмді тосап» жаттығуларын жасауын талап етеді. Бас сүйек ми жүйкесінің қандай функциясы тексеріліп жатқанын анықта. 3-тапсырма Балаға ұртыңды үрле, ерніңді алдыға соз, қабағыңды түй деп тапсырма беріледі. Осы тапсырмалардың мақсаты қандай? 4-тапсырма Дизартриясы бар балаға артикуляциялық жаттығуларды көзін жұмып тұрып жасағанды ұсынады. Бұндай тапсырмаларды қолдану қажеттілігін дәлелде. 5-тапсырма Дизартрия кезіндегі дыбыстармен жұмыстың кезектілігін анықта. а) С,З,Х,К,Г; в) У,О,Ф,В,Б,Т,Д,П; б) А,Э,М,Н; г) Ш,Ж,Л,Р. 6-тапсырма Аталған міндеттердің арасынан дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыста қажетті міндеттерді атаңдар. 1. дұрыс ауа ағымын қалыптастыру; 2. мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын ажырату; 3. ұзақ дем шығаруды дағдыландыру. 9. Кесте толтыру. 7-кесте. Дизартрияның белгілері.