The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aigul Shongarova, 2023-06-10 00:03:26

Omirbekova-Logopedia (1)

Omirbekova-Logopedia (1)

101 Алайда ламбдацизмді еліктеу арқылы түзету сирек нәтиже береді. Оның үстіне-ламбдацизмді басқа әдістермен түзету кезінде логопедтің үйреншікті қате артикуляция қайталанбауы үшін одан бас тартуына тура келеді. Лабдацизмді түзетудің арнаулы әдістері мынадай: балаға айна алдында тілді шығарып, оны тіс арасына қысу, сосын А немесе Ы дыбыстарын созып айту ұсынылады. Логопед нұсқаулар береді, айна алдында артикуляцияны дауыстамай көрсетеді. Сөйлеу аппаратының осы қалпында созыла Л пайда болады, бірақ баланы жаңылдырмау үшін оған назарын аудартпайды. Осы жаттығуды әуелі сыбырлап айтып, ауыздың бүйір қуысынан шыққан ауаны бақылай отырып екпінді дем алу да пайдалы. Егер тіл бүйірлері арқылы дем шығаруда қиындық кездессе, сонымен қатар Л дыбысын қатаң айту үшін қажет болатын, ауыз формасын сақтау керек болса, мынадай жаттығу жасау керек: бала тілді тіс арасына кеңінен сұғып, демімен ұртын толтырады. Содан соң дыбыс шығарса шу аралас Л дыбысы пайда болады, қосымша шу буын мен сөздер айтқанда біртіндей азаяды. Артикуляцияны бекітуге арналған алғашқы жаттығуларда әуелі жабық буында, кейін ашық буында А дауыстысы қосып айтылады /ол-а/ ең соңында ашық /ла/ қолданылады. Одан әрі ы, о, у дауыстылар пайдаланылады /ала, алы, алу/. Бүйірлік қуыстар жасау өте қиын болғанда, әсіресе Л дыбысы Н дыбысымен алмасатын парасигматизмде № 4 зонд қолданылады. Ол тілге көлденең қойылып, бүйірлерін қысады да тіл ұшы жоғарғы тістерге тіреледі. Сонда дем ауасы тіл бүйірлері мен жоғарғы тіс арасындағы қуысқа ұмтылады. Зондтың орнына дөңгелек пластмасса таяқшаны пайдалануға болады оны ауызға бүйірден енгізеді, тілдің бүйір шетін бір жағынан /оңқайоңнан, солақай-солдан/ төмен қысып, бүйірлік ауаға жол ашады. Содан кейін дауыстағанда бүйірлік сонант шығуға тиіс. Егер тілдің икемсіздігінен аталған тіл қалпын орнықтыру мүмкін болмаса артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағыттауы керек. Жаттығу мыналарды, қамтиды, тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстау. Егер еріндердің тарылуымен байланысты ламбдацизмде еріннің артикуляциясын түзеу қиын болса, тісті қасқита отырып ерінді ашып жабу пайдалы. Ламбдацизм Л дыбысымен қатар Л' дыбысына да қатысы болса, біріншісін түзету екіншісіне негіз болады. Ол алдыңғы қатар дауыстылары бар /ли, ле/ ашық буындарды айту арқылы, сосын Л және Л' дыбысты басқа буындарды салыстыру /ла-ля, ло-ле/ арқылы жүзеге асады.


102 Ламбдацизмді туғызатын тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім қабылданады. Л дыбысының артикуляциясы түзетіліп, буында, сөзде бекітілген соң, параламбдацизм болған жағдайда алмасатын дыбысты ажыратуға арналған жаттығулар жасалады. К, К', Г, Г', X, X' /И/ - дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X' дыбыстарының кемшілігіхитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады. /Й/ дыбысының кемшілігі - йотацизм деп аталады. К дыбысының жасалауы мынадай, /29-сурет/. Ерін қалпы іргелес дыбысқа байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде. Одан Г дыбысының айырмасы ажырау алдында дауыс перделері әуелі түйісіп, қатты тербелумен ерекшеленеді. 29-сурет. К фонесмасыньщ артикуляциялык көрінісі (профилі) X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы үндеген X' дыбысы сияқты артикуляцияланады. Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі. Бұл дыбыс перделері тығыз жабыңқы, тыныс алу бұлшық еттерінің қатысуынан ауа кысымының артуы, содан соң байланыстың қопарылып, ауа шумен дауыс пердесі арқылы шығумен жасалады. Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітаптітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті X дыбысымен алмасады, бүл да паракаппацизмге тән. Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек /30-сурет/.


103 а/ б/ в/ 30-сурет К фонемасын шпательдің көмегімен қою. Балаға та-та-та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады. Сонда та орнына тя деп айтылады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы кайталанып та орнына кя алынады. Соңында тілді одан да терең басып ка буынын алады. Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды. Кейбір жағдайда дыбысты түзету бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя немесе кя кезеңіне бірнеше сабақ арнайды. К дыбысын тілді бірден терең басу арқылы алуға ұмтылу, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін. Айтылған жаттығуларды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ саусақтармен өзіне бастыру пайдалы. Жаңа артикуляция пайда болған соң, балаға К дыбысы алынғанын айтып, оны буындарда бекітеді /тілді басуды тоқтатпай/. Кейін тілді баспай айту да үйретіледі. Онда логопед баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс инерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын дұрыс айтқызу үшін тіл мен таңдайдың түйісуін ілгері ығыстыру қажет. Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына коп күш жұмсалмай, жұмсақ К' дыбысын алуға болады. К дыбысы Т немесе X дыбысымен алмасатын паракаппацизмде буын сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге, алмасқан дыбысты ажыратуға бағытталуы керек. X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва, хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән. Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы артикуляцияны бекіту жүзеге асады.


104 Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл қолданады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс пайдаланылады. Балаға дауыстыны соза с-а буынын айтқызады. Осы буынды қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся, ща буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К дыбысын алғандағы сияқты түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді қажет қалпында бала өз қолымен ұстауына болады. Парахитизм жағдайында /х мен к алмасқанда/ жаттығулар дыбысты бекітумен қатар, қате дыбысты ажыратуға бағытталады. Г дыбысын айтудың кемшіліктері жоғарыда айтылған каппацизм мен хитизм түрлеріне ұқсас. Бірінде-тамақ шырт ертпесі екіншіде-у дыбысы үшіншіде-дауыс перделерінің жақындауы мен тербелуінен туатын тамақтың үнді фрикативтік дыбыс /украйнша Г/ естіледі. Мектепке дейінгі балаларда Г мен Д алмасуы /гүл-дүл/ кездеседі. Егер К дыбысы дұрыс айтылған болса гаммацизмді түзетудің басы - Г дыбысының үнсіз жұбынан айырмасын түсіндіру, онда баланың қолын мойнына /тамақтан жоғары/ қойылуын, дауыс пердесінің тербелісімен тамақтың қабырғасының қозғалысын сездіреді/. Балаға афа-ава, аса-ата, аса-ака буындарын айтқызып, одан ака-аға буын жұбын алуға тырысу керек. Бала буындарды логопедке ілесе айтып, буын жұптарының үнділігін тамаққа қойған қолымен сезінуге тиіс. Егер ол нәтиже бермесе Т дыбысынан К дыбысындағыдай механикалық әдіс қолданылады. Онда дя буынына, сосын гя буыны, ақырында га буынына ауысады. Г дыбысы Д дыбысымен алмасатын парагаммацизм жағдайында жаттығулар дыбысты бекітуге және кемшілікті дыбысты ажыратуға бағытталады. /Й/ дыбысының айтылу кемшілігі мектепке дейінгі балаларда кездеседі, көбінесе Л дыбысымен ауысатын түрде болады. /Й/ дыбысына тән артикуляция орнына Л дыбысының төменгі жоғарғы артикуляциялары пайдаланылады. Қарапайым жағдайда кемшілікті түзету үшін /Й/ орнына дауысты и қолданылады. Балаға и дыбысын созып иа, аиа, аи дауысты тіркестіре айтқызады. Біртіндеп и дауыстының ұзақтығы қысқарып, буынды дыбыстан буынсыз дыбысқа айналады. Егер нәтиже болмаса С дыбысынан X дыбысын алғандай етіп 3 дыбысынан /Й/ дыбысын алатын механикалық әдіс қолданылады. Балаға за буынын /дауыстап созып/ айтқызады және шпательмен тілдің ең ұшын басады, сонда 3' А мен Ж' А буындары арасындағы дыбыс алынады. Сосын JА дыбысы алынғанға дейін шпательді тереңдете береді. Осындай әдіспен аза буынынан аj, а тіркесі алынады. Одан соң jo, зе, зу тіркестерінен jо, /ё/, я /jе/, /jу/ю/ тіркесі алынады.


105 Бала артикуляцияны механикалық көмексіз игерген кезде әуелі яма, елка, юбка сияқты қарапайым сөздер, сосын күрделі сөздер айтылып үйретіледі. Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері Жасау әдісі мен орны түрліше, қатаң немесе жұмсақ үнді дыбыстарға ортақ тән кемшілік, олардың жұптық үнсіз дыбыс түрінде айтылуы. Бұл кейде есту кемістіктерінің салдарынан фонологиялық кемшілік түрінде қарастырылады. Ол жазу сауатына да әсер етеді. Кемшілікті тиісті меңгерілуі жеңіл Ж және 3 дыбыстарынан басталғаны дұрыс. Негізі ретінде дұрыс, үнді айтылатын В дыбысын алу керек. Логопед Ф дыбысын созып айтады да демді таратпастан В дыбысына көшеді. /Ф-В/. Баланың назары дыбыс ерекшелігіне аударылады және қолымен тербелісті бақылатады. Тербелісті виброскоптың көмегімен ажыратуға болады. Келесі сәтте бала жаттығуды логопедпен бірге жасап, тербелісті бір қолымен өз тамағын, екінші қолымен логопедтің тамағын байқайды. Осылай етіп С дыбысы айтылады да дауысты қосқанда 3 дыбысын береді /С-3/. Фрикативтік дауыссыздар мен жұмыс Ж дыбысын қалыптастырудан басталады, ол да Ш дыбысын созып айтуда 3 дауысты қосуға негізделген /ШЖ/. 3 және Ж дыбыстары қалыптасқан соң буын, сөз жаттығулары жасалып, дыбыс бекітеді және жұбынан ажыратылады /3-С, Ж-Ш/. Үнді Б, Д және Г дыбыстарын қалыптастырғанда елеулі қиындық туады. Үлгі ретінде ба-ба-ба қатарында кездесетін Б дыбыстан бастау керек. Онда дыбыстың жабық ерінмен айтылатын сәтін біраз созу пайдалы. Буыннан буынға ауысқанда дауыс дірілдейді. Балаға буындарды естіп қабылдауына да, қолымен бақылауына да мүмкіндік беру керек. Кейде Б дыбысын ұртты толтырып айтып, осы артикуляцияны балаға үйрету керек. Дауыс пердесінің тербелісін тексеру үшін виброскоп пайдалануға болады. Егер бұл нәтиже бермесе, қажет артикуляцияға біртіндеп көшетін әдіс пайдалану дұрыс. Балаға бәсең жабылған ерін арқылы үрлеткізеді, сонда жағы мен ұрты томпаяды. Тексеру үшін айна пайдаланады, ауызға қағаз немесе қол таялады. Келесі сәтте дауыс қосылады, соның нәтижесінде жақындаған еріндерімен айтылатын В дыбысына ұқсас гуіл болады. Соған жеткенде логопед саусағын баланың төменгі ерні мен иегінің арасына қойып, оны еріндер жабысып, ажырайтындай етіп жоғары-төмен қозғайды, егер бала осы кезде В дыбысын созып отырған болса жұмсақ Б /ббб/ пайда болады. Біртіндеп саусақ қимылын өзгересе-бэ-бэбэ, быбыбы дыбыстары естіледі. В дыбысын жайлап айтуға қол жеткен соң, бала механикалық көмексіз буындарды өзі айтуға тиіс. Ол дұрыс айтылса да дербес айтқанда бастау


106 керек және б дыбысы буын құрамында анық естілетін болсын. Одан соң дыбыс буында, сөзде бекітіледі. Б дыбысын игеру Д дыбысына негіз болады. Ең алдымен бұрынғы сәйкестікке сүйеніп, баланың қолын тамағына қойып, мынадай буын жұптарын айтқызады: фа-ва, са-за, ша-жа, па-ба, та-да. Егер одан Д дыбысы алынбаса да Б дыбысы бар буынды онымен қатарластыра айтады /бабабабда/ және тамақ тербелісін бақылайды. Сонда Д дыбысы қайталау екпінімен айтылып кетеді. Оған да болмаса басқа жағынан оралып келу керек. Ол мынадай: ба-баба буыны айтқызылады. Содан соң осы буын тіс арасына жалпағынан сұғылған тіл арқылы айтылады. Сөйтіп Д мен Б арасындағы дыбысқа ұқсас ерін аралык Д пайда болады. Бұл артикуляцияны дауыстылары бар буынмен /да, до, ды, ада, ады/ бекітіледі. Содан кейін тісаралық Д дыбысына көшеді. Ол үшін ерін аралық артикуляциямен да-да-да буындарын айтқанда суасақпен жоғары ерінді көтереді. Сонда тіл жоғарғы тістерге автоматты түрде жабысады да тіс аралық Д пайда болады, одан әрі тісті алдын-ала қысу арқылы тіс аралық дұрыс дыбыс шығады. Жоғарғы тістер сирек болса, ауа сол арқылы өтіп, тіс аралық Д алу қиындайды. Бұндайда тіс аралық Д дыбысынан тісарты Д дыбысына тікелей көшу керек. Д дыбысының дұрыс айтылуы үнді қопармалы Г дыбысына алғы шарт. Ол көбінесе айтулы бұрынғы сәйкестік бойынша мынадай буын жұптарын салыстырудан алынады: па-ба, та-да, ка-га. Г дыбысын буын қатарларын айтумен талаптану да теріс емес /бадаға, дадаға/. Барлық жаттығулар қолды тамаққа қойып, тербелісті бақылаумен жургізіледі. Егер екі тәсіл де жарамаса шпательді пайдаланып Г дыбысын Д дыбысынан механикалық әдіспен алу керек. Үнді қопармасы дауыссыздарды айтуды қалыптастырған соң оны түрлі буындар, сөз тіркестері арқылы бекітеді және жұбынан ажыратады /п-б, т-д, к-г/. Жұмсақ дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/. 31-сурет. П фонемасының артикуляциялық кескіні Бұл кемшіліктің себебі дыбысты айтқанда тіл ортасы қатқыл таңдайға көтерілмейді, сондықтан жұмсармайды. Бұл кемшіліктің де фонологиялық қасиеті болады, сондықтан жазу сауатын қиындатады. Ол көбінесе саңыраулық салдарынан болады. Кемшілікті еліктеу арқылы түзету жұмсақ дыбыстарды өзіне сәйкес қатаңдармен салыстыру кезінде естіп және артикуляциясын көзбен көріп қабылдауға негізделген /па-па, ма-ма, фа-фя/. Еріндік дыбыстарды


107 айтқанда тіл жалпақ формада болатын, жұмсақ дыбыстарды айтқанда тіл ұшы төменгі тіске тіреліп, үстін қатаң таңдайға көтеріле иілтіп балаға түсіндіру керек. Айна алдында тілдің түрлі қалпын көрсетіп, көргендерін балаға айтқызады. Қатаң, жұмсақ дыбыстардың артикуляциясы бейнеленген схемасын пайдалануға болады. Одан соң логопедке еріндік, тіл-тістік жұмсақ дыбыстар жұбын қайталайды /па-пя, апа-апя, та-тя, ата-атя, ма-мя, апа-апя, фа-фя, афа-афя/. Ол жүзеге асқанда бірден жұмсақ дыбыстары бар үлгі сөздерге көшу керек. 32-сурет. Т фонемасынын артикуляциялык кескіш Егер тікелей еліктеу нәтиже бермесе, басқа жолдарды байқау керек. Балаға әуелі И, сосын пи буынын айтқызады. И дыбысын созуды қысқарта отырып сол буынды сыбырлап айтқанда П' дыбысы естіледі. Сонан соң апи тіркесін әуелі қатты дауыстап, сосын сыбырлап, сосын бірінші дауысты дыбысты қатты дауыстап И дыбысын сыбырлап қысқа айтқанда апь тіркесі алынады. Сөйтіп П дыбысын дұрыс айтылуын меңгергесін дауысты дыбыстармен қосып буындарды айтуға көшеді. Одан әрі дауыстылы буындармен, сөздермен осы әдісті қолданып келесі еріндік жұмсақ дауыстылармен /М', Ф', В' / жұмыс жасайды. Өте қиын жағдайларда механикалық әдіс ұсынылады. Негіз етіп Т дыбысы алынады да, одан Т' дыбысы шығарылады. Бұлай ету Т' дыбысы Тдан /Д' -Д -дан, Н'-Н -дан, Л'- Л-дан/ тек тіл қалпымен емес /жоғарғы артикуляция/, тілдің төменгі тіске ығысуынен /төменгі артикуляция/ сипатталады. Соның нәтижесінде Т дыбысымен, та буынын тіл ұшын шпательмен қысқан түрде бірнеше қайталап автоматты түрде Т' дыбысын алады. Бұл нәтиже тілді механикалық түрде ұстап тұрғанда, тілдің ортасын таңдайға карай көтеруінен болады. Ат буынынын артикуляциялаудан ат' алынады. Бұл механикалық әдістің бірінші сатысы. Шпательмен баланың саусағының көмегімен артикуляция қалыптасқан соң, механикалық әдіс тоқталып, бала әр буында Т дыбысын өзі айта бастайды. Аталған механикалық әдіс Д' дыбысын Д-дан, Н' дыбысын Н-дан алғанда қолданылады. Жұмсақ дауыссызды қатаңнан тілді таңдайға көтеру арқылы алуды меңгерген бала басқа жұмсақ дауыссыздарды да түзейді, ол мына ретте болуға тиіс: Ф', В', П', Б', М', С, 3', Р', Л'. К', Г', X', дыбыстары арнаулы жұмысты қажет етпейді, себебі олар и, ә, е, дауыстылардың алдында кездеседі де, оңай игеріледі. Жұмсақ дауыссыздарды буында сөз тіркестерде бекіткен соң, оны қатаңдардан ажырату, оқу, жазу жаттығулары жасалады.


108 Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері 33-сурет. Ы фонемасының артикуляциялық кескіні (профилі) Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл, бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, тербеледі (33-сурет). Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы дыбысының орнына I айтылады. Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады. 34-сурет. Шпательдің көмегімен Ы фонемасын кою Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу. Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже береді. Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді, балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады. Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп, онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ы дыбысына ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми, фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет). Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда, механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері 35-сурет. Ұ фонемасының артикуляциялық кескіні Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмеңгідей болады. Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай


109 сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де мұрынға ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады (35-сурет). Ұ дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді қысаң тіл арты жуан. 36-сурет. Ү фонемасының артикуляциялық кескені Ү дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері құбырға ұқсап ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де екі жағы көтеріліп үстінгі азу тістерге қабысады. Соның салдарынан тілдің ортасында ауыз куысымен еркін шығатын астау пайда болады (36-сурет). Жұмсақ тандай жоғары көтеріледі де мұрын ауа жолы жабылады. 37-сурет. Ө фонемасының артикуляциялық кескіні Дауыс шымылдығы жабық болады. Ү дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді, қысаң тіл алды жіңішке Ө дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан бір шама үлкендеу болады. Тілдің ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады. Ө дыбысының сипаттамасы: дауысты, ашық, жіңішке, ерінді, тіл алды (37-сурет). 38-сурет.Ә фонемасының артикуляциялык кескіні Ә дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Екі езу сәл кері тартылып жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады. Тілдің ұшы астынғы тістерге тіреледі де үсті көселіп жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жауып тұрады. Дауыс шымылдығы жабық болады. Ә дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, ашық, тіл алды, жіңішке (38-сурет). I дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер дыбыстың


110 39-сурет. I фонемасының артикуляциялық кескіні шығуына қатыспай жатады. Үстіңгі тістер бірбіріне өте жақын келіп тұрады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады. I дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, қысаң, тіл алды, жіңішке (39-сурет). һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады. 40-сурет. һ фонемасының артикуляциялық кескіні Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп тұрады да үсті кесіліп жатады. Жұмсақ таңдайыдың артқы жағындағы кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның серіппесінен тербеліп ашылады да дыбыс көмейден шығады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жауып тұрады. Дауыс шымылдығы ашық болады (40-сурет). һ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды, қатаң, тіл арты. 41-сурет. Қ фонемасының артикуляциялық кескіні Қ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы қо, қа, құ, қу. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты жұмсақ таңдаймен қабысады. Қ дыбысын айтқанда іштен келген ауа қысымының дүмпуінен тіл мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де, ауа тысқа шығады. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы ашық болады. Қ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды,қатаң, шұғыл, тіл арты, жуан. 42-сурет. Ғ фонемасының артикуляциялық кескіні Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо, ғу, ғү. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей


111 қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады (42-сурет). Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан. Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады. 43-сурет. Ң фонемасының артикуляциялық кескіні Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет). Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің (Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң» дыбысын «Н» дыбысымен алмастырып айту жиі кездеседі. Мысалы, аң-ан, қоңырау-қонырау, менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады. Сирек болса да кездесетін кемшіліктер «Ә» дыбысы «А» дыбысымен ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып сөйлеуде шатастыруы байқалады. Түзету тәсілдері Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың бұзылысын түзету жұмысында Қ.Қ. Өмірбекованың ұсынған төмендегідей тәсілдерін қолдануға болады. Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл - қозғалыстарына көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде, логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен, тілді жұмсақ таңдайға дейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. Балаға М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы, ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, үн-ұң.


112 Ұқсас бұындарды кезекпен айтқызу әдісімен, басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыруға болады. Мысалы, қа-ға та-тә қо-ғо па-пә қу-гу ба-бэ қы-ғы са-сэ то-те ты-ті бо-бе бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқан кезде, тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айтуға машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт тэ эл лэ әс сә әз зә Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Дыбыс айту кемшілік түрлерін атаңыздар. 2. Кейбір дыбыстардың артикуляциясына сипаттама беріңіздер. 3. Ызың дыбыстарды айтудағы кемшілік түрлерін атаңыздар. 4. Дыбыстарды қоюдың қандай тәсілдерін білесіздер? 5. Дыбыстарды түзетудегі жұмыстың кезеңдерін атаңыздар. 6. Әр кезеңнің мақсаттары мен мазмұнын ашып айтыңыздар. 7. Ызың, ысқырық дыбыстардың бұзылу түрлерін бейімдейтін себептерін көрсетіп кесте толтырыңыздар. 8. Түзету кезеңдеріне сабақ үлгісін құрастырыңыздар Ұсынылған әдебиеттер: 1. Основы теории и практики логопедии. Р. Е. Левинаның ред. М., 1968 2. Қ. Қ. Өмірбекова, С. Ж. Өмірбекова “С” дыбысын түзетуге арналған жұмыс дәптері. Алматыкітап, 2002 3. Қ. Қ. Өмірбекова, Сөйлеу тілін тексеру әдістері. Алматы, 2010 4. Қ. Қ. Өмірбекова, “Р” дыбысын түзету жолдары. Алматыкітап, 2003 5. Г. С. Оразаева, Логопедиялық жұмыста ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2006


113 8 БӨЛІМ. ДИЗАРТРИЯ Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады. Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюыгтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы –гипотония байқалады. Дизартрияның себептері баланың құрсақта жатқанда, туылған кезде, туғаннан кейінгі уақыттағы әр түрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфиксия, туу кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер, инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары. Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде. Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген M.Clement, 1959, C.Bohme, 1968, R.D.Neilson, N.D.Dwer, 1984 және басқа авторлар. Сөйлеу патологиясының алғашқы топтастыруында артикуляцияның барлық бұзылыстары жеке топқа бөлінеді және «дизартрия» терминмен аталды (Kussmaul, 1879). Бірақ, 1888 ж. Gowers сөйлеу тілінің дизартриялық бұзылысын церабральды және бульбарлы түрі деп екіге бөлді. Дизартрияның нейроанатомиялық қағида бойынша топтастырылған ең толық классификацияларының бірін 1948 жылы Peocher берген. Ол дизартрияның келесі түрлерін бөліп атайды: қабықтық, субкортикальды (хорея, ататоз, Паркинсон ауыруында), педункулярлы, супрануклеарды (псевдобульбарлы), бульбарлы нуклеарлы, церебральды, диэнцефльды, мезэнцефльды, перифериялық, бас сүйек жүйкелермен байланысты, терең сезімділік бұзылыстармен байланысты дизартрия, бас миының диффузды зақымдануындағы дизартрия (токсикоздар, контузиялардан кейінгі жағдайлар), эпилепсиядағы дизартрия, субкортикальды экспрессивті афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық). Бірақ автордың өзі осы топтастыру толық жетілмеген және «дизартрия» деген термин анық емес деп мойындады.


114 Дизартрияның табиғатын зерттеу Ресейлік логопедия тәжірибесінде айрықша көрініс тапты. О. В. Правдинаның (1969) еңбегінде дизартрия түсінігі неврологиялық жағынан анықталды және де дыбыстық бұзылыстарға сәйкес жеке синдромдар көрсетілді. И. И. Панченконың (1972) жұмысында сал ауыруы бар балаларда дизартрияның клиникалық көрінісінің патогенезін анықтауға әрекет жасалды және логопедиялық жұмыстың патогенетикалық негіздемесінің әдестемесін жасауға тырысты. Дизартрияны жіктеу сұрақтары туралы бірыңғай қөзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу, дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарлы), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы), мишық, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды дизартриясы. Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік денгейіне байланысты топтастыруды француз невропатологі G. Tardier (1968) қарастырған. Балалардың церебральді сал ауыруына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын төрт денгейге бөледі: • І денгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру барысында ғана анықталады; • ІІ денгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, бірақ сөздері түсінікті болады; • ІІІ денгей - баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар түсінбейді; • ІV денгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді (анартрия). Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері интеллекті сақталған, зияты бұзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл немесе «көмескі» түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі. Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: - психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия; - БЦСА балалардағы дизартрия; - зияты бұзылған балалардағы дизартрия; - гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия; - ПДК балалардағы дизартрия; - Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия; Дизартрияның ақырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Дизартрияның әр-алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Дизартрия мәселесімен шұғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен балалардың дизартрия түрлерінде айырмашылық бар екенін атап көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек қарастырады.


115 Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері Сопақша ми дизартриясы (бульбарлы). Дизартрияның бұл түрі сопақша ми мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, солған параличтің байқалуымен сипатталады. Бульбарлы дизартрияның басқа түрінен айырмашылығы - нақты бір жүйке функциясының (VII, IX, X, XII) бұзылуына байланысты жеке бұлшық еттерінің зақымдалуы мүмкін. Параличтің солғын қимыл-қозғалыстардың бұзылу симптомдары жүйке ядролардың, шеткі ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл талшықтары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшық еттерін иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляцияны, дауыс шығаруды және жұту актісін қамтамасыз етеді. Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады. Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың бұзылуы тілдің әр бөлгінің бұлшық еттерінің параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда «а», «о» дыбысына ұқсас айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның сипаттамасы: 1. сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелернің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді; 2. сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы, дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады; 3. ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегідей зақымдармен сипатталады: - дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады; - жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация байқалады); - еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу орнына байланысты алмастыру байқалады; - тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың негізгі белгілері (жоғарылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша айырмашылықтар байқалады.


116 Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия) Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық еттерінің спастикалық параличімен сипатталады. Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады. Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды. Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады. Қорытынды. 1. Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады. 2. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған болады. 3. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады. 4. Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс қырылдап шығады, тез шаршап қалады. 5. Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа интонациясы, әуезділігі нашар болады. Мишық дизартриясы Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады. Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі)


117 байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді. Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз. Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.). Қорытынды. 1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады. 2. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады. 3. Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз етеді. 4. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың дірілдеп шығуына әсер етеді. 5. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе сұрлануын тудырады. Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады. Неврологиялық статусы: бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы (дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар (гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып қалады. Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу, сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап айту (персеверация) байқалады. Сөйлеу тілінің әуезділігнің (просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен бірге байқалады. Дайыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз бұзылыстары байқалады. Қорытынды. 1. Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты


118 аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады. 2. Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы сөйлеу тілін дөрекі бұзады. 3. Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы байқалмайды. 4. Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық бұзылады. 5. Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады. 6. Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының бұзылуы. Ми қыртысы дизартриясы Ми қыртысы дизартриясы доминантты ми сыңарының төменгі бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және премоторлы аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның эфферентті (премоторлы) және афферентті (постцентральді) түрге бөледі Ми қыртысы дизартрияның эфферентті түрі артикуляциялық мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген синкинезия кездеседі. Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады (Мысалы, сссақат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап кетеді. Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») байқалады. Дизартрияның бұл түрінде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп қалады, жатық болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады. Қорытынды: 1. ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу тілінің баяулауы көрініс алады; 2. сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде; 3. дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы;


119 4. сөзге қосымша дыбыс қосу; 5. қатты дауыстап сөйлеу. Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) онтогенездің ерте кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды біріктіретін термин. БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы. 1958 ж. Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА –қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының ерте кезеңінде пайда болады» Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде әр түрлі анықтамалар береді. БЦСА-ң негізгі симптомы (белгісі) қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу тілінің бұзылыстары қосылады. Кейбір балаларда тырысу синдромдары байқалады. БЦСА-ң себептері көп түрлі. БЦСА-ң пайда болуына қатысты факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді. Пренатальді факторларды үш топқа бөледі: ананың денсаулығы, жүкті кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар. Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу жатады. Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін: - бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.; - инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі; - интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.; - оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.; - мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б. БЦСА-ң патогенезі. Компьюторлық томографиялық зерттеуде БЦСА-ң әр түрінде 68% балаларда мидың патологиялық өзгерістері байқалған. Ол өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез). БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы) Жалпы қолданыста БЦСА-ң 20-ға тарта түрі пайдаланады. Қазіргі кезде тәжірибеде жиі қолданатын К.А. Семенованың классификациясы (1979). Бұл классификация бойынша БЦСА-ы бес түрге, кейінгі әдебиеттерде алты түрге бөледі: - қос гемиплегия; - спастикалық диплегия;


120 - гемипаретикалық түрі; - гиперкинетикалық түрі; - атоникалық-астатикалық түрі; - аралас түрі. 1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады, яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады. 2. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады. БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады. 3. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80% балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30% балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25- 35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған сопақша ми) дизартрия байқалады. 4. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында, қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады. 5. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды. 6. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимылқозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса, екіншісінде спастика байқалады. Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады: - әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес; - ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы; - интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді; - ұғымдық, абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді; - ауытқудың барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром кездеседі. Қорытынды: 1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда, перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы.


121 2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді қоздырады: - функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе қатерлі кезеңдерде); - бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты функциональдік тапшылық байқалады; - клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі болып саналады. Балалардың дизартриясы Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында 85% балаларда байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері, ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ: - бұлшық еттердің тонусының бұзылуы; - артикуляциялық моторикасының бұзылуы; - даус шығарудың бұзылуы, - тыныс алудың бұзылуы. Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі, сипаттағы өзгерістер кездеседі: - балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады ( уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады); - ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі) зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу салдарынан болады; - балалардың дизартриясы, БЦСА-дей құрсақта жатқандағы, перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді. Қазіргі кезеңге дейін балалардың дизартриясын топтастыру (классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М. Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі: - спастикалық-паралитикалық; - спастикалық-регидтік; - гиперкинетикалық; - атактикалық.


122 Спастикалық-паралитикалық дизартрия Дизартрияның бұл түрі екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдалу салдарынан болады. Негізгі белгілері жалған бульбарлы (псевдобульбарлы) дизартияның белгілеріне ұқсас болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады. Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі: - спастикалық түрі. Негізгі белгісі- бұлшық еттерінің тонусының қатаюы; - паретикалық түрі. Бұл түрінің негізгі белгісі - бұлшық еттерінің тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің тонусының төмен, бос болуы; - гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісіне бұлшық еттерінің тонусының қатаюы мен еріксіз қимылдар (тремор түрінде) жатады. Спастикалық түрінің сипаттамасы Сөйлеуге талаптанғанда артикулыциялық мүшелерінің қимылы бірден бұлшық еттердің тонусын қатайтады. Кейде қолдың, аяқтың бұлшық еттері де қатаяды. Тіл артқа қарай тартылады, тіл «кесектеліп» немесе жіңішкеріп, тілдің ұшы жоғары көтеріліп тұрады. Көптеген оральді синкинезиялар кездеседі, тілді жоғары көтере алмайды. Көбінесе тіл алды дыбыстары бұзылады (Р, Л, Ж, Ш, Г, Т, Д), дауысты дыбыстар мұрыннан айтылады. Сөйлеу тілінің темпі баяу, дауысы қырылдап шығады. Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге бөледі: жеңіл түрінде ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана анық айтылмайды. Орташа деңгейде көптеген дыбыстар бұзылып айтылады. Ауыр түрінде сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық етерінде көптеген синкинезиялар байқалады. Паретикалық түрінің негізгі синдромы сөйлеу мускулатурасының спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің бірден тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады. Бұлшық еттердің солғын параличпен зақымдалуына байланысты жұмсақ таңдай салбырап қалуы мүмкін, ол дауыстың мұрыннан шығуына себеп болады. Тілдің арқасының жеткіліксіздігінен Л,И,Ы,У дыбыстарының бұзылуы мүмкін. Солған параличтер ерін бұлшық еттерінде кездессе, онда еріндік дыбыстар (П,Б,М) дауысты дыбыстар (И,Ы,У) бұзылуы мүмкін. Кейде саливация (сілекей ағу), беттің гипомимиясы байқалады. Гиперкинетикалық түрінде пирамидалық жолдардың зақымдалуымен қоса ми қыртысы астындағы ядролар мен оның байланысы бұзылады. Бұлшық еттердің тонусының қатаюы тремормен бірге байқалады. Дизартрияның бұл түрінде сөздің жатықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің просодикасы айтарлықтай бұзылады және көбінесе анартрия кездеседі. Қорытынды. 1. Дизартрияның спастикалық-паралитикалық түрінің механизмінің


123 негізінде орталық спастикалық паралич жатыр. 2. Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді: - спастикалық; - спастикалық-паретикалық; - спастикалық - гиперкинетикалық. 3. Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады. 4. Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады. 5. Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ. 6. Просодикасы бұзылған. 7. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдейді, фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі байқалады. Гиперкинетикалық дизартрия Дизартрияның гиперкинетикалық түрі (ми қыртысы асты, экстропирамидалық) стриополидарлық жүйесінің және оның мидың басқа құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында экстропирамидалық жүйесінің функциясының бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония) және дене қалпын сақтай алмауы. Дизартрияның бұл түрінде естудің нашарлауы кездеседі, соның салдарынан фонематикалық қабылдау процесінің дамуында қиындықтар туындайды. Ұқсас фонемаларды ажырату қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады. Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының ерекше бұзылуы, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының қалыптаспауы, артикуляциялық, мимикалық, бұлшық еттердің гиперкинездері байқалады. Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады. Қорытынды. 1. Гиперкинетикалық дизартрияның белгілеріне дистония, дискинезия жатады. 2. Ми қыртысы асты дизартрияның негізгі белгісі сөйлеу тілінің просодикалық жағының бұзылуы: сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының тұрақсыздығы, тыныс алуы мен дауыс шығаруының бұзылуы. 3. Дыбыс айтуы тұрақсыз. Дыбыс айтуының бұзылуы гиперкинездің таралуы мен ауырлығына және сөйлеу кезінде көңіл-күйінің жағдайына байланысты. 4. Дизартрияның гиперкинетикалық түрі балаларда жеке сирек кездеседі, көбінде спастикалық белгілермен қоса жүреді. 5. Сөйлеу тілінің дамуы қалыпты мөлшерде.


124 Дизартрияның атоникалық-астатикалық түрі Дизартрияның бұл түрін ауырлығы бойынша екі денгейге бөледі: дизартрияның көмескі түрі немесе дизартрияның минимальді байқалуы және ауыр түрі – анартрия. Сөйлеу тілінің басқаларға түсініктілігінің денгейіне қарай С. Тардьенің (1968) топтастыруы бар: - дыбыс айтуының бұзылыстарын тек арнайы тексеру барысында ғана анықтауға болады; - дыбыс айтуының бұзылуын бәрі де байқайды, сөйлеу тілі басқаларға түсінікті; - баланың сөйлегенін тек жақын адамдар ғана түсінеді; - сөйлеу тілі баланың жақындарынада түсініксіз. Дыбыс айту мүмкіншіліктерінің мүлдем болмауы немесе нашар байқалатын дизартрияның ауыр түрін анартрия деп атайды. Әдетте ондай балаларда ми қыртысы асты аумақтарының зақымдалуына байланысты қол, артикуляция, дауыс және тыныс алу праксистері бұзылады. Ондай балаларда сөйлеу тілі мүлдем болмайды, дыбысты және буынды қайталауы шектелген, тек кейбір дауысты дыбыстарды «а», «э», сирек - «у», «о», «и» дыбыстарында байқалады. Анартрияда балалардың сөз түсінігі сақталған, ол фонематикалық қабылдауының біршама сақталғанын көрсетеді. Дизартрияның көмескі түрінің сипаттамасы Логопедияда дизартрияның көмескі түрі сөйлеу тіл кемістігінің ерекше түрі болып 20-ғасырдың 50 - 60 жылдары бөлініп шыға бастады. Р.А.БеловаДавид патогенетикалық принципке негізделген сөйлеу тілінің дыбыс айту бұзылуының классификациясында екі негізгі түрін атайды: бұзылудың функционалды дислалиясы және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының салдарынан болған дизартрия. Е.Ф. Соботович мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айту бұзылыстарының патогенезін ескере отырып жүйелейді және неврологиялық симптоматиканың негізінде көрінген органикалық негізі бар дыбыс айтуының бұзылыстарын анықтайды. Ғалым бұл бұзылыстарды дизартриялық қатарындағы бұзылыс деп топтастырады. Бұл бұзылыс симптаматикасы БЦСА кезіндегі көрінетін дизартрияның классикалық түрлерінен өзгеше. Басқа да рессейлік және шетелдік зертеушілер симптоматикасы және табиғаты дислалия мен дизартрияға тән емес дыбыс айтылуының қалыптасуының бұзылуы байқалады деп дәлелдейді. Аталған кемістіктің табиғаты көпке дейін белгісіз болды. Соған байланысты терминалогиясы әр түрлі (апраксикалық дизартрия, артрикуляторлы диспраксия, органикалық, орталық немесе күрделенген дислалия, функционалды дизартрия, минимальді дизартриялық бұзылыс және т.б.) болды. Кейінірек Е.Ф.Собатович, Р.И.Мартынова, Э.Я.Сизова, Э.


125 С. Макарова, Я. В. Лопатина және т.б. бұл кемістікті көмескі дизартрия немесе дизартрияның көмескі түрі деп атайтын болды. «Дизартрияның көмескі түрі» деген терминді ең алғаш рет О. А. Токарева қолданған. Оның пікірі бойынша, аталған кемістігі бар балалар көп дыбыстарды дұрыс айталады, бірақ еркін сөйлеуде олар машықтандырылмаған және ажыратылмаған болады. Зерттеулер алғашқыда дизартрияның көмескі түрін дыбыс айту кемістігіне жатқызғаннан кейін көптеген авторлар оны сөз және сөзсіз функция симптоматикасы ретінде қарастыратын болды. Қазіргі таңда арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрі бас ми минимальді дисфункциясының салдарынан болған кемістік деп қарастырылады. Дыбыс айтуының бұзылуымен қатар зейін, есте сақтау қабілетінің, интелектуалды әрекет, ерік, жеңіл қозғалыс бұзылады және жоғары ми қыртысы функцияларының қалыптасуының бұзылыстары байқалады. Дизартрияның көмескі түрінің этиологиясын зерттеушілер (бас ми құрылымына пренатальді, натальді, ерте постнатальді кезінде әсер ететін жағымсыз фактрлар) органикалық себептермен байланыстырады. Көптеген жағдайда анамнездез баланың дамуының үш кезеңіде бір қатар жағымсыз факторлар тізімі кездеседі. Жағымсыз факторлардың ішінде жүктіліктің токсикозы, ұрықтың хроникалық гипоксиясы, анасының жүктілік кезіндегі хроникалық ауруы, анасымен ұрықтың резус - конфликттік жағдайлардағы нерв жүйесінің минимальді зақымдалуы, жеңіл асфиксиясы, туылған кездегі жарақаттану, баланың нәрестелік кезіндегі инфекциялық аурулары, т.б. Зерттеушілердің айтуы бойынша, баланың дамып келе жатқан миында жағымсыз факторлардың әсерінен зақым жайылмалы түрде болады және мидың толық дамуын тежейді, оның құрылымының қызметін бұзады. Дизартрияның көмескі түрі болған жағдайда әр түрлі неврологиялық симптоматикасы бар екенін ресейлік және шетелдік зерттеушілер атайды. Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының симптомдары парездердің көмескі түрінде, бұлшық еттердің тонусының өзгеруінде мимикалық және гиперкинезде (еріксіз қозғалыстары - артық), паталогиялық рефлекстерде, вегетативті нерв жүйесінің бұзылуында байқалады. Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Б. А. Архипова дизартрияның көмескі түрі бар балаларда көз - қимыл жүйкесінің қызметі бұзылады дейді. Бұл жағдайда бір жақты птоз, қылыйлық, көз алмасының қимылқозғалысының шектелгені байқалады. Дизартрияның көмескі түрі бар балалрдың қимыл-қозғалысы баяу, шектелген болады. Мұндай балардың жалпы моторикасы ұсақ моторикасына қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Көптеген авторлар дизартрияның көмескі түрінде ұсақ моторикасының бұзылуы артикуляциялық моторикасының бұзылуымен бірге басқарушы симптомдардың бірі деп санайды. Л. В. Лопатина, Н. В. Серебрякова, балалардың ұсақ моторикасының бұзылуын айта отырып, олардың моторикасының нақты еместігін, үйлеспегендігін айтады.


126 А. В. Семенович синергетикалық сенсомоторлы жөне реципрокты үйлесімдерінің күрлелі бұзылуына, синкенизияларының көптігіне назар аударады. Артикуляциялық моторикасының зерттеу кезінде дизартрияның көмескі түрі бар болғанда бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы байқалады.Үшкіл нервтің төменгі бөлігімен, бет, тіл асты және тілжұтқыншақ нервтермен инервацияланатын үшкіл нервтің ( жұп) қызметі бұзылғаны төменгі жақ сүйегінің қимыл көмегінің шектелуінен көрінеді. Бұл жағдайда тіл және еріннің синкенезиялары, қимылдарының шектелуі, нақтылығы еместігі байқалады. Бет нервінің (VII жұп) қызметінің бұзылуы дизартрияның көмескі түрі бар балаларда мұрын, ерін қатпарларының ассиметриясы, тегістігі, мимикалық қимыл көлемінің жеткіліксіздігі көрінеді. Тіласты нервтің (XII жұп) иннервациясының бұзылуы тіл ұшының дірілі, оны статикалық қалыпта ұстауы, тілді жоғары көтеруі, бұлшық еттердің гипер- және гипотонусымен белгіленеді. Тіл жұтқыншақ нервтің (IX жұп) қызметінің бұзылуы жұмсақ таңдайдың жеткіліксіз көтерілуімен көрінеді. Сөйлеудің мұрындық ренкі байқалады, саливация, тілдің түбірі және ортасының қимылының көлемі шектеулі болады. Авторлар қимылдарының ауысуының, артикуляция мүшелерінің қимылдарын бір мезгілде қайталауының, персиверацияларының (еріксіз қайталанатын қимылдар), бір қатар қимылдарының қайталау кезінде орындарын алмастыруының қиындығы кездеседі деп ескереді. Артикуляциялық аппараттың моторикасының аталған бұзылыстарды әр түрлі фонетикалық жетіспеушіліктерді дәлелдейді. О.А.Токареваның айтуы бойынша аталған балаларда дыбыс айтылуының бұзылуы дислалияға қарағанда күрделі болады және логопедиялық ықпалды ұзақ талап етеді. Дыбыс айтудың ерекшеліктері инервацияның бұзылуының сипатына, артикуляция аппаратының мүшелерінің нерв бұлшық еттерінің қалпына байланысты болады. Г. В. Гуровец және С. Н. Маевскаяның мәліметтері бойынша жиі кездесетін бұзылыстар дыбыстарды бүйірлік, тісаралық, жіңішкеріп айту болып табылады. Дизартрияның көмескі түрі бар балалар күрделі дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстарымен алмастырады, аффрикаттарды оны құрайтын компоненттеріне бөледі, қатаң дыбыстарды ұяң дыбыстарға ауыстырып айтады. Зерттеушілер аталған балаларға дыбыс айтудың полиморфты бұзылуы тән дейді. (93,2%) Ол, көбінесе бұрмалап айтуымен және мүлдем айтылмауымен сипатталатын дыбыстардың үш тобы: ызың, ысқырық, сонорлар. Бұндай балаларда просодикалық бұзылуы жақсы көрінбейді. Дауысының тембірінің ерекшеліктері (жоғары, күшті, шәңкілдек немесе керісінше әлсіз, төмен, бәсең) әр түрлі интонацияның жеткіліксіз дифференциясы байқалады. Сөйлеу тілі бір келкі, мәнерсіз болады. Дизартрияның көмескі түріне арналған көптеген зерттеулерде (Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина т.б.) бұндай балалардың фонематикалық қабылдауының бұзылуы жиі кездеседі деп айтылады. Олар есту арқылы қатаң-ұяң, жуан-жіңішке, аффрикаттарды және олардың


127 компоненттерін ажырата алмайды. Сөздің дыбыстық - буындық құрамының бұзылуы, дыбыстық - буындық талдау және жинақтау, фонематикалық түсінігін қалыптастыруының қиындығы оларға тән қасиет. Дизартрияның фонематикалық жетіспеушілігінің механизм жайында әліде талас мәселе болып тұр. Л. В. Лопатинаның айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларда анық емес артикуляциялық образдары мен дыбыстардың есту дифференциальді белгілерінің шекаралары өшіріледі. Ал есту арқылы анық қабылдау және бақылау жоқ болғандықтан дыбыс айтуындағы ақаулықтары сақталады. Р.Е.Левина бұндай көрініс сөйлеу мүшелерінің морфологиялық және қимылдық зақымдануында көрінетін сөз кинестезиялары бұзылуы байқалады дейді .Сонымен, қазіргі дефектология әдебиеттерінде дизартрияның көмескі түрі кезінде кездесетін фонематикалық жетіспеушілік екінші реттік бұзылыс деп қарастырылады. Нейропсихолог - зерттеушілер (А. В. Семенович, Л. И. Серова т.б.) басқа көз қараста. Оларда дизартрияның көмескі түрі кезінде фонематикалық түсініктің бұзылуын басқарушы симптомдардың бірі деп санайды (сөйлеу тілдің фонематикалық жағының жетіспеушілігі мен қатар). Бірақ ол дыбыс айтудың бұзылыстарымен емес, ми жүйесінің цериброгенезінің бұзылуынан және жүйелі кешеуілдеуінің салдарынан дейді. Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина дизартрияның көмескі түрі бар балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жетілмеуі байқалатынын дәлелдейді: сөйлеу тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесінің жеңіл түрде жетілмеуінен экспрессивті сөйлеу тіліндегі аграмматизмдерге шейін. Авторлардың пікірлері бойынша бұл балалардың сөйлеу тілінің грамматика жағынан жеткіліксіз қалыптасуының себебі фонемаларды ажыратудың бұзылуы. Осы көз қарасты Н. В. Серебрякова да қолдайды. Ол дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің лексикалықграмматикалық жетіспеушілігінің салдарынан байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы байқалады дейді. Бірақ басқа зерттеушілер бұл көзқараспен келіспейді (Р. И. Мартынова, Г. В. Гуровец, т.б.) Олар бұл бұзылыстар міндетті түрде көрінбейді, белгілі бір жағымсыз факторлардың әсерінен де болуы мүмкін дейді. Нейропсихолог-зерттеушілер дизартрияның көмескі түрі бар балаларда заттардың атауы мен олардың образымен сәйкестендіруі бұзылғанын айтады. Кейбір балаларда өзбетінше сөйлеуінің қалыптаспауы байқалады, сөзді жинақтау және реттеу функцияларының қалыптасуы кешеуілдейді. Бір қатар авторлар (Р. И. Мартынова, Е. Ф. Собатович, Л. В. Лопатина т.б.) дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жоғары психикалық функциялары мен процестерінің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтады: ойлау әрекетінің төмендеуі, зейін және жадының функцияларының төмендеуі, сюжетті сериялық уақиғаның логикалық кезектілігін сақтауының, себептік байланысын орнатуының бұзылуы. О. А. Красовская, А. В. Семенович т.б. таңдамалы көру жады, қабылдауы, кеңістікті бағдарлауының ауытқулары дизартрияның көмескі


128 түрінің типтік симптомы деп белгілейді. Осылай О.А.Красовская затты көріп танудың бұзылуына назар аударады: заттың бейнесінің тек фрагменттерін қабылдау, симультанты гнозисінің бұзылуы және көрнекі бақылаудың жетіспеушілігі. Балалардың суреттерін зерттеу барысында балаларда көрінген бұзылыстар әр түрлі деңгейде болды дейді: көру-конструктивті әрекеттің толық ыдырап кетуі, суретті нұсқау бойынша салуының мүмкін еместігін, жеке бөлшектерін бұзып салуынан, кеңістікте дұрыс орналастырмауына дейін (90% деін бұрып салу). Осы проблеманы зерттеген авторлар көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды бақылаған. Бірақ кейбір авторлар (Р. И. Мартынова, М. П. Давыдова, т.б.) дизартрияның көмескі түрі бар баланың мектепте оқу кезінде мүмкін болатын қиыншылықтары жайында ескереді. Л. В. Лопатина және Н. В. Серебрякованың айтуы бойынша дизартрияның көмескі түрі бар балалар 7 жасында да орыс тілінен мектеп бағдарламасын меңгеруге дайын емес дейді. Р. И. Мартынованың еңбектерінде дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жазуында дисграфиялық қателер кездеседі деген мәлімет бар. Г. В. Чиркина да осы кемістігі бар балаларда жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін бұзылыстарға тоқталған. «Жалпы білім беру мектепке келген балалардың көбі бірінші сынып бағдарламасын меңгере алмайды» - дейді автор. Сонымен, арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрінің келесі симптомдары кездеседі деген мәліметтер бар: -неврологиялық симптоматикасы; -көру гнозисының жетіспеушілігі; -кеңістік түсінігінің жетіспеушілігі; -есте сақтау қабілетінің жетіспеушілігі; -моторикасының бұзылуы; -сөйлеу тілінің просодикасының бұзылуы; -дыбыс айтуының, фонематикалық қабылдауының, сөйлеу тілінің лексикаграмматикалық жағының, байланыстырып сөйлеуінің дамуының төмен деңгейде болуы. Бұндай баланың психикалық дамуы ерекшеленген түрде өтеді және жүйелідинамикалық кешеуілдеумен, бір қатар психикалық функцияларының және процестерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. Нәтижелі жұмыс ұйымдастыру үшін дизартрияның көмескі түрінің симптомдар кешеніне тән басқарушы симптомды анықтау қажет. Сонымен бірге белгілі бір жағдайда көрінетін екінші реттік симптомдарды анықтау керек және осы категориядағы балалардың жазуы мен оқуына әсер ететін психикалық дамуының ерекшеліктерін жақсы білу қажет. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі баланың сипаттамасы Анамнез мәліметтерін талдау барысында мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балаларда перинатальді, натальді және


129 постнатальді кезеңдерінде жағымсыз жағдайлардың асқынуы байқалады. Ең көп асқыну пренатальді кезеңде болады. Көбінесе невропатолог бұндай балаларға келесі диагноз қояды: пренатальді энцефалопатия, гемморогикалық энцефалопатия, гидроцефальді синдром (ішкі, сыртқы гидроцефалия), гипертензионды синдром. Балалардың ерте психомоторлы дамуы жеңіл дисфункцияға ие болады, жасына байланысты нормадан кеш және дисрпопорциональді қалыптасады. Бала отырғаннан бұрын тұра бастайды, еңбектегеннен бұрын жүре бастайды. Бала мүлдем немесе дұрыс еңбектемейді (артқа, шетке). Балалар соматикалық әлсіз болады, тұмау ауруымен жиі ауыратын болады. Көбінесе 1-2 жасқа дейін балалар невропатологтың бақылауында болады, ал 3- 4 жастан кейін диспансерлі бақылаудан шығарылады. Ерте жастағы сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдеуі мүмкін. Гүілдеу кезеңі болмауы мүмкін, бірінші сөздері 1-2 ай кеш шығады, сөз тіркестерінің пайда болуы нормадан 1-5 айға дейін артта қалады. Белсенді сөз қорына жаңа сөздерді енгізу қиын болады. Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы Жалпы моторика дегеніміз – жалпы дененің қимыл-қозғалысы, яғни бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл- қозғалысы. Дизартриямен зақымдалған балалардың моторикасының дамымауы жалпы моторикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Моторикасының дамымауы негізгі қимылдардың қалыптасу уақытының тежелуіне әкеліп соқтырады. Нақты емес, икемсіздік, баяу, тепе-тендікті сақтайалмауы, т.б. Қимылдың белсенді болмауы, сонымен қатар арнайы тәрбие жұмысы мен түзету жұмыстарының жетіспеушілігінен де болуі мүмкін. Түзету жұмысының бағыты келесі негізгі қимылдарды дамытуға арналған болуы керек: жүгіру, секіру, лақтыру, жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіруге арналған жаттығулар. Жұмыс мазмұнының құрамына қызықты жаттығуларды, әр түрлі заттарды: допта. Таяқшалар, жалаушалар, шеңберлер және күрделі емес түрлі жабдықтарды ұсынуға болады. Дизартрик балалардың моторикасын түзетуге бағытталған сабақтар үшін, өз үйінде кішігірім спорт кешенінің болуі тиімді. Оның көмегімен балаға жат, тіпті қорқынышты жаттығулар жасалады: шығу, секіру, айналу, орындықта жүру. Жаттығулар мен ойындарды табиғатта орындаған өте жақсы. Орманда, таза ауада ойнау кезінде бала жергілікті орынмен танысады, төбешекті айналып өту керектігін түсінеді. Балаларға суда қозғалысқа түсу, жүзу пайдалы (ваннада, бассейінде, өзенде, көлде), қыста шаңғы, шана тебу де пайдалы. Дизартриясы бар балалардың моторикасының қызметін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыс үлкен шыдамдылыққа, жиі қайталауды және көрсетуді талап етеді, әр жаттығудың орындау баланың күн тәртібіне енуі керек. Тұрақтылық әдетке айналып, сабаққа деген қажеттіліктің бірі болады. Жаттығулар біртіндеп енеді. Мысалы, доппен ойнауға үйрету. Үйрету үшін, алдымен ауада ұшатын шар мен ойнау керек. Балалар допты ұстағанға


130 қорқады, ал шар жеңіл, дауыссыз, тыныш, ақырын, баяу жерге түседі. Шар мен ойынды менгерген бала, допты лақтырып, итеріп, ұстауды, себетке лақтыруды, дөңгелектең, жіптен өткізіп лақтыруды, келгенді соғуды тез үйренеді. Баламен қандай да болмасын спорттық ойынды ойнау кезінде, ересек адам балаға білдіртпей көмектесуі керек. Жалпы қимыл – қозғалыстарды дамыту мен қатар мұғалім-дефектолог баланың қол моторикасының дамуына үлкен көңіл бөледі. Баланың екі қолының ісәрекетте сәйкестігіне, ұстайтын қимыл-қозғалыстарды дамытуға, баланың әртүрлі заттарды ұстап үйренуге: үлкен заттарды екі қолмен, ұсақ заттардыбір қолымен ұстауды үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұғалім-дефектолог баланың қолы мен саумақтарының ұсақ қимылдарын дамытуға ерекуше көңіл бөледі. Осы мақсатқа байланысты үлкендердің қолына еліктететін ойындар мен жаттығулар ұйымдастырады, ал кейіннен қолға арналған театралдық ойындар. Ұсақ моторика дегеніміз – қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы. Дизартрияға шалдыққан балалардың қолмен жұмыс істеуінде қиындақтар кездесетіні белгілі. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, саусақтарын бір-бірден санап,үлкен бас саусақты қалған саусақтарға қарсы қоя алмайды. Қолдарына қасық, қарындаш ұстау қиынға соғады. Олар затты жұдырықпен ұстайды; қпйшымен қия алмайды, ермексазды илей алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде ересектердің көмегін қажет етеді. Бұлшық еттерінің тонусының өзгеруі (жоғарлауы немесе төмендеуі) қол білезігінің бұлшық еттерінің әлсіреуне, шаршауына әкеледі. Қол білезігінің және саусақ бұлшық етінің иннервациясының жеткіліксіз топтастырылуы, олардың келісіміне, қалпына кедергі болады. Осыған байланысты бала ұзақ уақыт бойы қарындашты немесе қаламды ұстай алмайды, шаршаған сайын оның қозғалыстары нақты орындалмайды. Аталған бұзылыстар көру қимыл координациясының кемістігімен жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жазуы нашар каллиграфиямен ғана сипатталмайды, сондай –ақ бала әріптің жазылуын да қате орындайды. Бала бас миының қызметін, психикасын зерттейтін ғылымдар қол әрекетінің үлкен маңыздылығын атап көрсетеді. Осылайша, жүргізілген тәрбие мен көптеген балаларды тексеру негізінде келесі заңдылық анықталған: «Егер саусақ қозғалыстарының дамуы баланың жасына сай болса, онда сөйлеу тілінің дамуы да қалыпты болғаны. Егер де саусақтардың қозғалыстары кешеуілдесе, онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады, бірақ бұл жағдайда жалпы моторика қалыпта және қалыптан да жоғары болуы мүмкін. ( Л.В. Фомина)». М. М. Кольцова сөйлеу тілінің қалыптасуы қолдан келетін, анық айтсақ саусақтардың кинестетикалық импульстардың әсерінен жүзеге асады деген қорытындыға келеді. Ең бірінші кезекте жалпы моторикасымен қатар артикуляциялық моторикасының қимылдарының статикалық үйлесімінің күрделі бұзылуын


131 атап кеткен жөн. Қимыл - қозғалыс актінің кинетикалық компоненттерінің өз ара уйлеспеуі байқалады. Қимыл - қозғалысты сезінуі сақталғанмен қозғалыс актісінің кинетикалық компонентінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік берілген проблемаларды толық орындай алмауымен де көрінеді. Қозғалыстардың күрделі формалары орындауға бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде дөрекі ауытқулар кездеседі. Бұзылыстардың келесі түрлері көрінеді: қимыл - қозғалысының үйлеспеуі, гипертонустың пайда болуы, синкенизиялар, өз қимыл - қозғалысының амплитудасын реттей алмауы, кеңістікте қолдарын екі жаққа созуы. Дизартрияның көмескі түрі бар баланың артикуляциялық моторикасы жалпы моторикасының типі бойынша зардап шегеді. Көбінесе бұзылыстар статитикалық қалыпты ұстаған кезде көрінеді: тыныс алуының жетіспеушілігі, гиперсаливация, тілдің, еріннің, иектің треморы, девиациясы (тік осьтан ауытқуы), вегетативті дисфункциялар (тершең болу, терінің қызаруы немесе бозаруы т.б.). Тіл және ерін бұлшық еттерінің парезін осы мүшелерімен жеңіл –желпі қимылдарды орындау барысында көруге болады. Бұл кезде төмендегідей жағдайлар байқалады: 1. Ерінді алға мүлдем соза алмауы - олар мүлдем қимылсыз болады немесе кезкелген қимыл-қозғалыс жасайды. 2. Езу тартқан кезде (жимыюдың) ассиметриясы - ауыздың бір жағы қозғалмайды немесе аз қимылдайды. 3. Ауыз қуысында тілін жалпақ түрде ұстай алмайды, яғни тіл үнемі жіңішке күйде болады. 4.Тілді ауыздан шығарған кезде бір жаққа ауып кетеді. 5.Тілді ауыздан шығарған кезде тілдің ұшы еріксіз төменгі ерінге қарай бағытталған - бала тілін көлденең ұстай алмайды. 6. Төменгі еріннің көмегінсіз тілдің ұшын жоғарғы ерінге көтере алмауы. Бұл тапсырманы орындаған кезде бала тілін жоғары көтеру үшін төменгі ерінмен көмектескен болады. 7. Тілді оңға, солға қозғалта алмауы. Тіл қатайған түрде бүкіл массасымен қозғалады («бөрене сияқты») - тілдің ұшы айқындалмаған. 8. Ауыздан шығарған тілді еркін ұстай алмауы - тілдің дірілі, бұлшық еттердің ретсіз тартылуы байқалады. Бұл олардың әлсіздігін дәлелдейді. 9. Тілді ауыз қуысында «жиырып» ұстауға бейім болуы. Бала аузын кең ашқан кезде тілдің қалпы жақсы көрінеді. Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар ересек балаларда сөйлеу тілінің просодикалық жағының компоненттерінің тұрақты бұзылуы байқалады. Осылай, тыныс алуының жетіспеушілігі тыныс алудың түрінің дұрыс еместігінен көрінеді (жиі кеуделік және бұғаналық тыныс алу), сөйлеу кезіндегі дем шығарудың қысқалығы - 5 секундқа дейін болады. Сөйлеу тілі анық емес, нозальді, бір қалыпты, тембірі төмен, дауысы ақырын


132 шығатын болады. Бұндай балаларда дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Бұл екі немесе одан да көп дыбыстардың бұзылуы. Сонымен қатар бір дыбыстың бұзылуы, дыбыстың құрылысы дұрыс қалыптаспауы да кездеседі. Көбінесе ысқырық, ызың және сонорлардың бұзылуы байқалады. Антрофоникалық дефектер басыңқы болады. Олар ызың, ысқырық, тіс аралық, еріндік-тістік сигматизмдерде, бүйрек және көмей ротоцизмде, екі еріндік ламдацизмде көрінеді. Тілдің арқасы көтеріңкі болғаннан дыбыстар жұмсартылып айтылатын болады. Сонымен, дизартриясы бар балаларда барлық фонетикалық тобының дыбыстарын айтқан кезде қателерінің ұлғая түсуі байқалады. Оған себеп болатын контекстің кеңеюі, оның лингвистикалық күрделігінің деңгейі, баларға таныс болуы, үйреніп жатқан дыбыстардың кездесу жиілігі, т.б. Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтауының қалпы Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші реттік сипат алады, өйткені баланың анық емес сөйлеу тілі анық естіп қабылдауын және бақылыуының қалыптасуына ықпал етпейді. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігінен көптеген қате жіберуі байқалады. Бұл баланың есту моторлы координациясын тексерген кезде жақсы көрінеді. Жәй ырғақтарды қабылдап қайталау кезінде қиыншылақтар кездеседі, ал күрделі ырғақтарды қайталау мүлдем мүмкін емес болады. Фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі артикуляторлыакустикалық белгілерді, ұқсас сөздерді, күрделі буындық құрамы бар сөздерді және жаңылтпаштарды айтқан кезде байқалады. Дыбыстық - буындық талдауының бұзылуы төмен деңгейде болса да, бұл жағдайда қиыншылықтары кездеседі. Берілген сөздің біріншіші немесе соңғы дауыссыз дыбыстарын ата деген тапсырманы орындаған кезде, бала көбінесе буынды ажыратып айтады. Сөздің реверсі (алмастыруы) байқалады, мысалы шар деген сөзде бірінші дыбыс Р деп жауап береді. Сөздің буындық құрамы бойынша салыстыру, сөздегі дыбыстың санын анықтау, екінші, ұшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі. Дауысты дыбыстарды, сонымен қатар сөзде қатарынан келген бірнеше дауыссыз дыбыстарды тастап кету, сөздегі дыбыстарды ретімен айтқан кезде сөз реверстері («бас» деген сөзде – с, а, б) осы балаға тән қателері болып саналады. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөздің басында, ортасында дыбысты қосып, алмастып орындайтын тапсырмаларды мүлдем орындай алмайды. Дыбыстардан және буындардан сөз құру, жинақтау бұндай балалрға қиын емес. Бірақ 4 - 5 дыбыстан құралған, қатарында бірнеше дауыссыз дыбыстар бар сөздерді жинақтауда бұзылыстар кездесуі мүмкін. Реверстердің жиі кездесуі тек қана фонематикалық бұзылудың белгінің емес, кеңістікті бағдарлауының бұзылғанын дәлелдейді.


133 Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымының қалпы Балалардың белсенді сөз қорында барлық сөз таптары кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда жалпылама түсініктері бар, жаңа сөздерді жеңіл құрастыралады (мал-малшы). Бір заттарды, олардың әрекетінің белгілерін атауында спецификалық қателер кездеседі. Олар керекті сөзді анықтау және басқа сөздің орнына қолдану кезінде көрінеді («солдат»- «мотрос», «рюмка» - «бокал», «ағаш» - «бұтақ»). Сонымен қатар басқа ситуацияда балалар сөздерді дұрыс, белсенді қолданады. Бұл бұзылысты лексикалық жетіспеушілік деп қарастырмауға болады. Ол бала заттың атауын, оның образымен сәйкестендіре алмағаннан болатын бұзылыс. Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар жыл мезгілдерін, тәулік бөліктерін, апта күндерін атауға қиналады. Бірақ балалар белгілерін біліп, оларды сәйкестендіре алғандықтан, бұл бұзылыстар лексикалық емес, уақыттық түсініктерінің жетіспеушілігі деуге болады. Жалпы, бұл балалардың лексикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, олардың өз бетінше сөйлеуінің кедейлігі, сөйлеу тілінің реттеуші және жалпылаушы функцияларының қалыптасуының тежелуін айтып кеткен жөн. Бұндай балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымында да өз ерекшеліктері бар. Олардың өз бетінше сөйлеуі сауатты, бірақ вербальды штамптары жиі кездеседі. Дизартрияның көмескі түрі бар кейбір балаларда әлеуметтік ортаның және тәрбиесінің ерекшеліктірінің салдарынан сөйлеу тілінің лексика - грамматикалық дамымауы байқалады. Сөздік қорының кедейлігі, жалпылама сөздерді білмеу, негізгі белгілерін ажырата алмауы, сөз жасам процестерінің бұзылуы, аграматизмдердің көп болуы осы жетіспеушіліктің типтік көрінісі болып табылады. Сонымен, жалпы сөйлеу тілінің дамымауына тән лексика - грамматиканың бұзылыстары дизартрияның көмескі түрі бар балаларда кездеседі. Байланыстырып сөйлеуінің қалпы Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар вербальды құралды дұрыс қолданады. Әңгімелеуде күрделі грамматикалық конструкцияларды қолдана отырып грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылады. Баланың сөйлеу тілінде жеке аграмматизімдер, вербальды штамптар кездеседі. Өз бетінше сурет бойынша әңгіме құрастырған кезде дизартрияның көмескі түрі бар балалар қалыпты балаларға қарағанда суретке оңнан солға немесе төменен жоғары қарай қарайды, яғни оларда оптикалық – гностикалық бұзылыстары байқалады. Кейбір жағдайда балалар әңгімені жеке бөлшектерді атаумен алмастырады, мысалы, тәтемен бала қарап тұр. Аға жүгіріп барады. Бала құлады. Бала суға батты... Басқа жағдайда балалар суреттің емес бөлшектеріне мән беріп, әңгіме құрастырады (егер ересектер кезектілігін реттеген болмаса).


134 Мысалы, «Құс келіп барлық балықты жеп кетті. Ал мында бақалар балық ұстап жатыр. Ал мында олар балықты ағаштан аулап жатыр. Жоқ олай емес. Құтқарушы - бақалар құсты ұстап алып, оны жіберуге мәжбүр етті.» Балада вектор инверсиясы бар екені көрінді (оңнан солға қарай) және көру қабылдауының бөлшектенуі байқалады. Ол уақиғаны дұрыс айталмасада, оны жалпылай білді. Кесілген сюжетті сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру кезінде балалар жақсы көрсеткіштерге жетті. Балалар бұл тапсырмаларды орындағанда суреттерді өз бетінше орналастырды. Суреттерді оңнан солға (кезектілігі 3, 2, 1) қарай болғанымен, уақиғаның кезектілігі сақталған, әңгіме құрамында негізгі мазмұндық бөлшектері сақтаулы болады. Дизартрияның көмескі түрі бар балаларда байланыстырып сөйлеуінің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінен басқа жалпы сөйлеу тіл дамуына тән бұзылыстар кездеседі. Олар сілтеуіш сұрақ түрінде көрсетілген логопедтің көмегін талап етеді. Ситуацияны дұрыс түсінбеуі, суреттерді ретсіз орналастыру, сөз қорының кедейлігі, сойлеу құралдарының дұрыс қолданбауы, көптеген дөрекі агграмматиздер, сурет бойынша әңгіме құрастыру қиыншылықтары (кейде мүлдем құралмауы), кездеседі. Бұл бұзылыстар алдында айтып кеткендей, жалпы сөйлеу тіл дамуына тән бұзылыстар. Оптикалық-кеңістік түсініктерінің қалпы Аталған ерекшеліктерді «химерлерді» тануға арналған тапсырмаларды орындаған кезде байқауға болады. Балалар бейнеленген суреттің тек бір бөлігін ғана атайды (оң немесе сол жақтағы), мысалы, «құрт - моншақ» суретін моншақ деп таниды, «сыпыртқы - гүл шоғыры» - «гүл шоғыры» деп таниды. Балаларда оптико-конструктивті әрекеттің дөрекі бұзылуы байқалады. Қалыпты жағдайда кеңістікті түсіну компоненттері баланың тоғыз жасында ересектердің нормативті көрсеткіштеріне жетеді. 6 жастағы балаларда оптико - конструктивті әрекеттің қалыпты дамуына алғы шарттары бар. Бірақ дизартрияның көмескі түрі бар балаларда Тейлор фигурасын көшіргенде әрекеттің бөлшектенуі және ретсіздігі байқалады. Сурет әрекеттің белгілі бір кезектілігін сақтамай немесе ретсіз көрсетіледі. Балаларда метрикалық қателер байқалады: пропорцияларының өзгеруі, фигураларының қысқартылуы немесе созылуы, құрылымдық - топологиялық қателер, фигураның толық образының жоғалуы, бір - біріне қатысты фрагменттердің бірігуі,, түйісу нүктелерімен сызықшаларының сәйкестігі. Бұндай балаларға координаттық қателер тән болады. Оларда суреттерді оңнан солға қарай салу, фигураларды және олардың фрагменттерін кеңістікте дұрыс орналастырмауы, бүтін фигураны немесе оның бөлшектерін 90°, сирек 180° реверсі (бұруы) байқалады. Көптеген балалар суретті парақтың оң жағынан бастап салады және фигураның оң бөлшегі ғана салынады.


135 Есту, сөйлеу және көру, жадының қалпы Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп және мектепке дейінгі естияр баланың есте сақтауының көлемі мен ұзақтылығы бекім сақтаулы деуге болады. Көптеген жағдайда сөздрдің қажетті санын қайталап айтып беруіне үштен артық емес (сөз немесе фигуралар) символдар қажет. Таңдау процестері дөрекі бұзылған болады. Сөздердің, фигуралардың эталондық кезектілігі сақталмайды, үлкен көлемде әдеби және вербальды парафазиялар және параграфиялары «3 сөзден 2 топ» деген пробаны берген кезде жиі дыбысталуы ұқсас сөздердің алмастырылуы кездеседі (қас-бас, сана-шана). Мағнасы ұқсас сөздердің алмастырылуы да болауы мүмкін (торт-пирог). Координаттық бұзылыстар байқалады - фигураларды 90° немесе 180°- ға бұрып салуы. Сонымен, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасының бұзылуы байқалады. Дизартрик балалардың қол білезіктері әлсіз және сылбырт, саусақтары икемсіз болып келсе, ал жалпы моторикасыында қимыл –қозғалыстары нақты емес, баяу, тепе тендікті сақтай алмайды. Әрине, мұның бәрі дизартрия шалдыққан балалардың жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар сөйлеу аппаратының қимыл – қозғалысының жеткіліксіздігі сөйлеу тілінің дыбыс айтуының және просодикалық жағының бұзылына соқтырады деп тұжырымдауға болады. Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары Дизартрияны түзету жұмысы төмендегі қағидаларға негізделіп жүргізіледі: - Этиопатогенетикалық принцип мидың әр түрлі құрылымдарының зақымдалуын ескерумен байланысты. Алдымен сөйлеу тілінің және психофизиологиялық функцияларын анықтау, мидың қандай құрымы зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді, - Ерте ықпал ету принципі. Дизартрияға бейім «қатерлі топтағы» балаларға ерте ықпал жасап көмек көрсетсе, ол мидың компесаторлы мүмкіншіліктерін толық дамытып, түзету жұмысының тиіиділігін арттырады. - Жүйеіл ықпал (жасау) ету принципі - моторикасын; - психикасын; - сенсорлы функциясын; - сөйлеу тілін; - тұлғасын дамытуға бағытталған. - Кешенді ықпал ету принципі: невропатолог, логопед, психолог мамандардың бірігіп жұмыс жүргізуі. Жүйелі түзету жұмыс барысында келесі аспектілерді ескеру қажет: - моторлық, сенсорлық, психикалық, сөйлеу функцияларының даму заңдылықтары мен кезектілігін ескеру;


136 - сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру; сөйлеу іс-әрекетінің құрылымдық – функциональді ұйымдастырудың негізгі ақаулығын анықтау; екіншілік бұзылыстарды ескеру; - баланың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру; - бала мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасын ескеру, оны барынша пайдалану. Арнайы педагогикалық жұмыста дизартриясы бар баланың тұлғасын тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлінеді. Өйткені, ондай баланың оқу және әлеуметтік дағдылары төмен болады, тұлғасының дамуында көптеген ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзетулогопедиялық жұмысының негізгі бағыттары Түзету жұмысының негізгі міндеттері. Бұлшық еттердің тонусын қалыпқа келтіру, сөйлеу аппаратының патологиялық рефлекстерін өшіру, артикуляциялық аппараттың ерікті қимылдарын дамыту, фонематикалық қабылдауын дамыту, сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық-грамматикалық жағын дамыту, түзету, сенсорлық және психикалық функцияларды дамыту. Түзету жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт. Бұлшық еттердің тонусын қалыпқа келтіру және артикуляциялық аппараттың, жалпы, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ол үшін артикуляциялық аппарат пен қолдың бұлшық етерін сылау (массаж), еңжар, белсенді жаттығулар жасау қолданады. Логопедиялық жұмыс мүмкіндігінше гиперкинездерді тексеру мен сілекейді ерікті өзбетімен жұтуын қалыптастырудан басталады. Екінші бағыт. Тыныс алу функциясын дамыту, сонымен қатар дауыстың күшін, әуезділігін, мәнерлігін дамыту. Бұл кезеңде жұтатын ауаның мөлшерін көбейтуге, дауыс шығару кезінде дем шығаруға бағытталған гимнастикалар, жаттығулар қолданады. Үшінші бағыт. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету. Фонематикалық қабылдауын дамыту жаттығулары және дыбысты қою, машықтандыру тәсілдерін қолданады. Төртінші бағыт. Сөйлеудің негізінде сенсорлық және жоғарғы психикалық функцияларды дамыту. Бесінші бағыт. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін, тыныс алуын, просодикасын дамыту. Бұл бағыттар кезектілік болып саналады, кейде тіркесіп, кейде бір уақытта жүргізілуі мүмкін.


137 Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып оқушыларымен жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру Жазбаша тапсырмалардың күрделенуіне, жазудың жылдамдығына, каллиграфияға талаптардың ұлғаюына байланысты дизартриясы бар балалардың жазуында қателер көбейеді. Оқушылардың дизартиясын түзетуге бағытталған екі бағдарлама бар (Н.Н. Волоскова, 2002). Айта кету керек, бұл бағдарламаны іске асыру барысында жазу мен оқудың бұзылуын түзетуде қолданатын дәстүрлі әдстемелерді пайдалануға болады. Бірінші бағдарлама 4 қимыл жаттығулар кешенінен тұрады: біріншісі – қол мен аяқтың үйлестігін (координациясын) дамыту жаттығулары; екіншісіқолдың ұсақ моторикасын дамыту; үшіншісі- қимылдардың үйлестігі мен ырғақты сезіну; төртіншісі- артикуляциялық моторикасының ырғақтылығын дамыту. Екінші бағдарлама үш кезеңнен тұрады: біріншісі – буын мен сөздерді ырғақты жазу; екіншісі- сөз бен сөз тіркестерін ырғақты жазу; үшіншісісөйлемді, өлеңді, кіші мәтіндерді ырғақты жазу. Әдістеме Д.Б. Элькониннің (1980) төменгі сынып оқушыларын жазуға үйрету кезінде қолданған ырғақты жазуға негізделген. Дизартрияның қалдық көріністері бар жоғарғы сынып оқушыларында оқуда қиыншылықтар кездеседі, соған байланысты бірқатар патопсихологиялық комплекстер дамиды. Оларда тұлғаның дамуында ерекшеліктер байқалады. Ондай балалар педагогикалық түзету жұмысымен қоса, арнайы психологиялық көмекке, психотерапияға, басқа да арнайы ықпал етуге мұқтаж болады. Арнайы психикалық ықпал етуге жататындар: эмоциональді- стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары І. Дайындақ кезеңі: 1. Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, логопедиялық ықпал етудің нәтижесін болжап, жоспарлауға маңызды. 2. Дәрігермен тығыз байланыс жасау: психотерапия, дәрімен емдеу, сылау, ЕФК, т.б. шаралар артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің жұмысын, жүйке импульстарын өткізуін жақсартады. 3. Дайындық және негізгі кезеңдерде баланың есту, кинестетикалық бақылауын қалыптастыру, артикуляциялық аппаратты дайындау (дауыссыз). ІІ. Негізгі кезең. 1. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту жұмысы жалғасады. 2. Сөйлеу моторикасын дамыту. 3. Көру, есту, кинестетикалық бақылауын жетілдіру. 4. Сөйлеудің просодикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді. 5. Дыбыс айтуын түзету. Дыбысты қою кезектілігі, оны машықтандыру спастиканың орнына байланысты.


138 6. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын түзету. 7. Дыбыс айтуын түзету мен қатар сауат ашу элементтерін менгеру. Гиперкинетикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары 1. Гиперкинез неғұрлым аз байқалатын қалыпты табу қажет. 2. ИЛТ (интенсивная локальная гипотермия) әдістемесін қолдану (дәрігердің нұсқауы бойынша). 3.Артикуляциялық аппараттың ырғақты қимылын, тыныс алумен, дауыспен сәйкестендіруін кезекпен қалыптастыру. 4. Дыбысты машықтандыруда неғұрлым артикуляцияның қалпының ауысуы аз болса, солғұрлым жұмыс нәтижелі болады (ша, шо, шу, шы). 5. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыты дыбыс айтудың бұзылу түріне байланысты болады. Жеке сабақтарда жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары 1. Баланың еріксіз қимылдарын азайтатын қалыпты табу. 2. Бұлшық еттерді босансыту негзінде гиперкинезді тежеп, беттің бұлшық еттерін қимылсыз күйде, тыныш ұстауға үйрету: - психотерапевтикалық ықпал ету, бұлшық еттердің қатюын азайтып, баланы эмоциональдік жағынан тыныштандыру; - сылау (массаж) көбінесе жеңіл, үстүрт сипау, баяу, ұзақтылығы 5 минуттан көп болмау керек; - енжар, екі түрлі қимылдар: статикалық және динамикалық. Статикалық: бала сөйлеген кезде логопед еріксіз қимылдарды (басын бұру, еріннің қимылдарын) тежейді. Динамикалық: жақтың, еріннің, тілдің қимылдарының амплитудасын өзгерту. 3. Дыбыссыз артикуляция кезінде дұрыс дем алуына үйрету. Алдымен дем алудың күшіне, сосын ырғақтылығына көңіл бөлу керек. 4. Дауысты а, и, у дыбыстарды айту кезінде дем шығару мен дауыс шығаруды сәйкестендіру. 5. Дыбыстарды қою. Артикуляциялық аппараттың қай бөлігнде гиперкинез аз байқалса, соған байланысты дыбыс кезектілігі анықталады. Мысалы, ерінде гиперкинез аз байқалса, онда ерндік дыбыстардан бастап қою керек. 6. Дұрыс айту мен интонацияны дамыту. Түзету жұмыс нәтижесінде дыбыстарды қоюға болады, бірақ дыбыстарды анық, нақты айтқызу бірден мүмкін болмайды, көп уақытты талап етеді. Ондай балаларды сауат ашуға үйретуде олардың психикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Кейбір балалар белсенді, кейбіреуі енжар, қимыл-қозғалысы қиын болады, соған байланысты әдіс-тәсілдер қолдану қажет.


139 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету Түзету жұмысын психолог, логопед, педагог және ата-аналар бірігіп жүргізеді. БЦСА балалардың ерте жастан бастап артикуляциясын түзетудің көптеген әдістері бар. Шетелдік бағдарламалардың ішінде көп таралғаны Б.Бобатов (1975-1980) және В. Войт (1979) ұсынған осы балалардың психомоторикасын түзету әдістемесі. Б Бабатовтың әдістемесін ғалымдар «постуральдік рефлекстерді тежеу» деп атаған, ол патологиялық рефлекстерді тежеуге бағытталған. В. Войттың әдістемесі «алға жылжу принципі» деп аталады. Ол әдістеме қимылға қажет позатоникалық реакцияларды, түзелу және айналу рефлекстерін дамытуға бағытталған. Американдық невропатолог және логопед Н. Westlake және D. Butherford (1961) «БЦСА баланың сөйлеу тілін бұзылуын түзету» әдістемесін ұсынды. Ол екі бөлімнен тұрады: 1. артикуляциялық аппаратты, есту, тыныс алу, дауыс шығару мүшелерін әр жағдайда тексеру; 2. БЦСА баланың психологиялық статусы тексеру (әсіресе 1-ші жылы), диалогтық, еркін сөйлеуін дамыту, фонациясын дамытуда әр түрлі жаттығуларды пайдалану. Канадалық логопед Marie Crichmay (1997) өзінің әдістемесінде артикуляцияға, тілдің қимылына, олардың денесінің қалпына байланысты бас пен артикуляцияны жеңілдететін қалыпты табуына ерекше көңіл бөледі. Е. Ф. Архипова (1989) өзінің әдістемесінде сөйлеуге дейінгі кезеңде баланың психомоторлық функциясын белсендіру мен дамытуға негіздейді. Балалардың дауыс функциясын және тактильдік-кинетикалық функциясын белсендіруге әр түрлі ықпалдар қолданады. Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары Түзету жұмысы басқа топтарда жүргізілетін жұмыстың жалпы кезеңдерінен құралады: жалпы, ұсақ және артикуляциялық моторикасын дамыту, көру гнозисын, кеңістікті бағдарлау, сөйлеу тілінің просодика жағын, фонематикалық қабылдауын дамыту. Дыбыс айтуы бұзылған баламен дыбысты қою, машықтандыру, ажырату, байланыстырып сөйлеуге енгізу жұмыстарын жүргізу. Жоғары психикалық қызметтері мен процестері бұзылған балалармен сөйлеу тілінде ақаулығың көріністерін жою жұмысы атқарылады. Солай, дизартрияның көмескі түрі бар баларда жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасуына қатысатын функциялары мен процестерінің бұзылуы байқалады. Түзету жұмысында жазу мен оқуының бұзылуын алдын алуға бағытталған сабақтар енгізу керек. Түзету жұмысының кезектілігі қатаң бекітілген. Сондықтан ұсынылып отырған кезеңдермен жаттығуларды ұстану қажет. Әр кезеңнің ұзақтылығы өзгеріп тұруы мүмкін. Ойткені, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың бұзылыстарының күрделігі әр түрлі болады.


140 Сабақты топпен және жеке түрде өткізуге болады. Дизартрияның көмескі түрінің салдарынан жалпы сөйлеу тіл дамымауының II-III деңгейдегі балалар жеке топта оқытылады. Бұл топта жүргізілетін түзету жұмысы жалпы сөйлеу тіл дамымауы тобында қолданылатын әдістер және тәсілдермен толықтырылады. Жұмыс дайындық кезеңнен басталады. Бұл кезеңде сабақтар қимыл - қозғалыс сферасын (жалпы, ұсақ, артикуляциялық мрторикасы) дамыту, дұрыс тыныс алуы дағдыларын жою және машықтандыру, сөйлеу тілінің просодикалық жағын дамыту сабақтары бірлесіп өткізіледі. Сабақта қалыптастырылған дағдылары уйде бекітілген жөн. Түзету жұмысының кезектілігі I. Қимыл- қозғалыс сферасын дамыту. 1. Жалпы қимыл-қозғалыс сферасы. 2. Ұсақ моторикасын дамыту. а) қимыл - қозғалыс актісінің кинестетикалық компоненттерімен тактильді сезімдерін дамыту. б) қимыл - қозғалыс актісінің кинетикалық компонентін дамыту: -қол басының қимыл-қозғалысы; -қол саусақтарының қимыл – қозғалысы; -екі қолмен жасалатын жаттығулар. 3. Қимыл - қозғалыс динамикалық кординациясы (үйлесімі). 4. Қолдың қимыл-қозғалысының реципрокты үйлесімін дамыту. II. Дұрыс тыныс алу дағдыларын қою және дамыту. 1. Төртфазылық диафрагмальды тыныс алуын дамыту. 2. Мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын дамыту. 3. Тыныс алу дағдыларын қимыл – қозғалысымен біріктіру. 4. Тыныс алу дағдыларын қимыл-қозғалыста бекіту. 5. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту. III. Дауыстың жоғарлығы мен күшін және интонациясын дамыту (сөйлеу тілінің просодика жағын). 1. Дауыстың күшін дамыту. 2. Дауыстың диапазонын дамыту. IV. Мимикалық және артикуляциялық жаттығулар. 1. Мимикалық жаттығулар. 2. Саливацияны азайту және спастиканы кетіру. 3. Артикуляциялық гимнастика: а) төменгі жақ сүйектерге арналған жаттығулар; б) ерінге арналған жаттығулар; в) тілге арналған жаттығулар; г) бұзылған дыбыстарды қоюға арналған жаттығулар. V. Көріп қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын, кеңістік түсінігін дамыту. 1. Көріп қабылдау, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.


141 2. Кеңістік түсінігін дамыту. 3. Сыртқы кеңістік жайында түсініктерін анықтау және кеңейту. 4. Өзіне байланысты кеңістіктегі бағытты анықтау. 5. Бір - біріне қатысты заттардың оринтациясын (бағытын) анықтау. 6. Қарама - қарсы тұрған адамның дене схемасына қатысты оринтациясы. 7. Құрастыру. 8. Қағаз бетіне қатысты ориентациясы. 9. Кеңістіктің вербальды маркировкасы: а) кезектілікті игеру; б) сурет, сюжетті серия бойынша әңгіме құрастыру; в) логикалық - грамматикалық конструкцияларды игеру. VI. Фонематикалық қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту. 1. Сөзсіз дыбыстарды қабылдау және ажырату: а) есту зейнін дамыту; б) ақырын, қатты шығарған дыбыстарды ажырату; в) ырғақтық сезімін дамыту; 2. Сөйлеу тіл дыбыстарын қабылдау және ажырату: а) дауыстың және сөйлеудің интонированиясын ажырату; б) сөйлеу зейінін дамыту; в) акустикалық - артикуляциялық белгілері ұқсас фонемаларды дифференциалдау. 3. Қарапайым дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыт: а) қарапайым дыбысты жинақтау дағдыларын дамыту; б) дыбыстық - буындық талдауын дамыту. VII. Дыбыс айтуын түзету. 1. Бұзылған дыбысты қою. 2. Дыбыстарды машықтандыру және сөйлеу тілге енгізу. 3. Қойылған дыбыстарды ажырату. VIII. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою. Зондпен массаж (сылау) Дизартриясы бар балалардың және сөйлеу тілі бұзылысының кешенді сипаты неврологиялық сиптоматиканың, эмоционалдық ерік-жігер сферпасының бұзылысымен толуғуы бұл категогриядағы балалардың мектепте оқуына дайындығын төмендетеді. Көбінесе дыбыс қоюдың әдеттегідей тәсілдері керекті нәтижені көрсетпейді: артикуляциялық қатары ұзақ қалыптаспайды, бақылау жүргізілмесе тез жайылып кетеді, қойылған дыбыстар баланың өзіндік сөйлеу тілінде ұзақ уақыт машықтанбайды. Логопедиялық әсер етудің тиімділігі түзетушілік-педагогокалық әрекетті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді. Е. Н. Новикованың ұсынған массаж жасау дизартриядағы кешенді медициналық-педагогикалық жұмыстағы ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.


142 Оның мәні артикуляциялык мүшелердің жарақаттанған бөліктеріне ( тіл, жақ, бет, жұмсақ таңдайдың) зондпен мақсатты турде ықпал етуде негізделеді. Массаж булшық еттердің қалпын өзгертеді: тамаққа тәбетін белсендіреді, оньң біркелкілігін және қысқаруын жаксартады, қалыпты сөйлеу тілі әрекетіне қажетті кинестетикалық сезімдеріне үлесін тигізеді. Зондпен массаждың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы бұлшық еттінің тонусын жоғарылатуға немесе төмендетуге, қанайналымын жылдамдатуға, ұлпадағы айналым процесін жоғарылатуға болады. Классикалық массажға қарағанда зондтың көмегімен артикуляциялық аппараттың терең орналасқан бұлшық ет ұлпаларына әсер етуге болады, құсу рефлексінің, сілекей ағудың алдын-алуға болады. Логопедиялық және педагогикалық әсер етудің әдеттегі тәсілдерімен бірге зондпен массажды қолдану логопедке дыбыстың қойылуын 2-3 есе жылдамдатып, ең алдымен дизартриясы бар балада дыбысты машықтандыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемелерде зондпен массаж жасаудың жүйелі түзетушілік жұмысына мынадай жағдайлар қажет: мұғалім -логопедтің әдістемелік және техникалық дайындығы, соған сәйкес логопедиялық кабинеті жабдықтау, мұғалім-логопедтің невропотлогпен бірлескен әрекеті, мұғалім-логопедтің тәрбиешілермен байланысы, атааналарды түзету процесіне кіргізу. Мұғалім-логопед зондпен массаждың техникасын ғана біліп қоймай, сонымен бірге массаж тәсілдерінің физиологиялық әрекеті жайлы түсініктері болуы керек. Сөйлеу тілі аппаратының анатомиясын, булшық еттерінің, қан тамырларының, жүйке жуйесінің топографиясын, артикуляциялық мүшелерінің тексеру әдісін білу массаж тәсілдерін дұрыс қолдануға көмегін тигізеді. Зонд массажын қолданып жургізетін сабақты жарық 14-16 шаршы метрлік кабинетте, температурасы +22° төмен емес болатындай жургізу керек. Массаж жасағанда бала жартылай жатуы керек, соның себебінен кабинетті қалың төсек және биік жастығы бар кушеткамен жабдықтау керек. Міндетті түрде әр балаға зондтың жеке комплекстерін, салфетканы, дизенфекцияланган ерітіндіні қолдану керек. Мұғалім-логопед зондпен массаж жасаудан бұрын баланың денсаулығы және неврологиялық симптоматикасы, бұлшық еттерінің инервациясының парез және паралич түрендегі бұзылысы жазылған педиатрдың невропотологтың, отоларингологтың қорытындысын мұқият зерттеп шығуы керек. Егер балада туберкулездың асқынған формасы, коньюктивит, еріндегі ұшық немесе ауыз қуысындағы басқа инфекциялар, фурункулез, стоматит болса массажды жасамау керек. Дизартрясы бар баладағы гипертензионды-гидроцефалды, церебрастеникалык синдром, кимыл-козғалыс бұзылыстарының синдромы мұғалім-логопед пен невропотологтың көмегінің кажеттілігін сипаттайды. Массаж жасау үшін баланы ынғайлы орынға жатқызып, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу керек. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай массаж жасау жұмысын жүргізу керек. Ондағы мақсат- дыбыс шығаруда тіл


143 қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету. Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын жасап, біраз икемге келтіргені жөн. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу, сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрі жатады. Баланың менгеру қабілетіне байланысты әр сылау жасау уақыты 20-25 минут көлемінде орындалады. Логопедтік массаж жасау кезінде бір-біріне себін тигізіп, сабақтасатын басқа да жаттығулар жасауды енгізген дұрыс: - жақтың массажынан 2-3 жаттығу; - бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу; - ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу; - тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу; Келесі жаттығуларда «Жұмсақ таңдай массажы» жаттығуын қосуға болады. Массаж жасайтын зондтар түрі. (Е. В. Новикованың зондтары) №1 зонд. «Сүйір айыр» («Вилочковый») Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жұмсақ таңдай бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады. Бұл зонд құсу рефлексінің шегін анықтауға және оны алу үшін арналған. Зондтың ұштары өткір емес, сондықтан бұлшық еттер зақымдалмайды. Ол бұлшық еттерді піспектеуге арналған. Осындай ықпалдың нәтижесінде бұлшық еттер белсенді жиырыла бастайды. №2 зонд. «Сегізше» («Восьмерочка») Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады. Бұлшық еттерді «үйкелеуге» арналған.


144 №3 зонд. «Үлкен шана» («Большие саночки») Зонд №4 «Орташа шана» («Средние саночки») Зонд №5 «Кішкентай шана» («Маленькие саночки») №3 -5 зондтарды тіл, ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін белсендіру үшін әр түрлі бағытта жылжытады.. Зондтың бас жағын бұлшық еттерді басу үшін қолдануға болады. «Шаналар» бірдей массаж тәсілдерін орындайды, бірақ массаж жасап жатқан бөлімнің көлемі және басу қарқындылығыәір түрлі болады. Сонымен қатар №5 зонд бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды орындайды. №6 зонд. «Балташа» («Топорик») Тілді сипауға белсенді қолданылады, сонымен қатар бет ,жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап-сипауға қолданылады. Басқа зондтарға қарағанда көбірек көлемді қамтиды және бұлшық еттерге қарқынды ықпал етеді. Зонд екі тәсілді атқаруға арналған: нық қысу және сырғу. Қысу нәтижесінде бұлшық ет тонусы қалыпқа келеді, олардың жиырылу қабілеті және қимыл-


145 қозғалысы ұлғая түседі. Қысу дәрежесі бұлшық еттердің қалпына байланысты: тонусы неғұрлым төмен болса, соғұрлым қысу қарқынды болады. Сырғу бұлшық ет кернеуін алады, олардың иілгіштігін және шымырлығын жақсартады. №7 зонд. «Крес тәрізді» («Крестовина») Ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне, тілдің орта және артқы бөлігін сылауға қолданылады. Тілді жоғары көтеруін қамтитын бұлшық еттеріне ықпал етуге мүмкіндік береді. Тілді басып тұрып, артқа итерген кезде аталған бұлшық еттері жиырылып, жұмыс істей бастайды. Зонд көмегімен қысу, бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды орындайды. Сонымен қатар бұл зондпен К, Г, Х, Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын қоюға болады. №8 зонд. «Ілгері тоғыту» («толкачик»). Ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған. Тілдің көлденең, бойлық, желпіүш тәрізді бұлшық еттерге әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Зондтың ұшында ілмек бар. Тілді басқан кезде бұлшық еттер белсенді түрде жиырылып, ал алған кезде кернеу жойылады, босаңсу фазасы басталады. №9 зонд. «Кішкентай қысқыш» («Щипчики»). Бет ұшы, ерін, тіл бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған.


146 Тілдің көлденең, бойлық бұлшық еттеріне әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін, бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі қабілетін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе тілдің бүйірін тіл түбіріне қарай сығылысуына, тілдің оңғасолға бұруына тиімді болады. Өйткені онымен тек тіл ұшынғана емес, ортасында іліп алуға болады. №10 зонд. «Тартушы» (подтягивающий) № 10 зонд тіл асты желбезегін сылап-сипауға және оны созуға арналған. Егер бала тілін жоғары көтере алмаса бұл зондпен тіл асты желбезегінің қалпын көруге болады.. №11 зонд. «Аққу» («Лебедушка») Бет ұшын, жұмсақ таңдайды сылап- сипауға арналған. Бұлшық еттердің иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға және сілекей ағуынан арылтуға мүмкіндік береді. Балаларды дизартриядан сақтандыру Дизартриядан сақтандыру шаралары бірнеше кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезектегі шаралар. Дизартрия - дыбыс айту мен просодикасының (ырғақтылығы, жылдамдығы) бұзылуымен сипатталатын күрделі тіл кемістігі. Балаларда дизартрия БЦСА-ң (балалардың церебральді параличі) салдарынан (қалдық белгілері ретінде), ал ересектерде параличтің белгілері ретінде қарастырылады. БЦСА баланың құрсақта жатқан, босану кезінде және нәресте кездерінде мидың органикалық зақымдалу салдарынан болады. Мидың күрделі жүйесі бала тумай тұрып қалыптасады. Жүктілік қалыпты, ауытқусыз өтсе, мидың жетілу процесі бөгетсіз жүреді. Жүктіліктің алғашқы үш айында мидың дұрыс қалыптасуына қатер туғызатын - ананың вирустық инфекциялармен, кызамықпен ауыруы және алкоголь мен темекі болып табылады. Өйткені олар плацентаның (баланың іштегі жатар орны) қан


147 тамырларын зақымдайды, соның салдарынан оттегі жеткілікті түспейді. Оттегінің жетіспеушілігі баланың миының дамуына әсер етеді, яғни кешеуілдейді. Мұндай жағдайда, бала туған кезде дем алу, жуту, емуді қамтамасыз ететін мидың құрылымдары толық жетілмейді. Көп жағдайда туа салысымен мидың қалпын бірден бағалау қиындық туғызады. Мамандар туғаннан кейінгі 8-12 апта мөлшері қауыпты кезең деп санайды. Ауыр ақаулықтар баланың алғашқы бір жасында байқала бермейді, тек баланың өсіп, даму барысында байқалады. Сондықтын аналар осы кезеңде нәрестеге барынша бақылау жасап, көңіл бөлуі қажет. Кейінгі зерттеулерде баланың дамуына әсер ететін екі факторды атайды – тұқымқуалаушылық және ананың тамақтануы. Сонымен, баланың дамуына көп жағдайлар әсер етеді - орталық нерв жүйесінің жағдайы, биологиялық, әлеуметтік, тұқымқуалаушылық факторлар. БЦСА балаларға дәрігерлік көмек ана мен баланың денсаулығын сақтау заңына байланысты көрсетіледі. Ерте нәрестелік кезеңінің баланың арықарай дамуында маңызы өте зор. Осы кезден бастап алғашқы кезектегі сақтандыру шараларын қолдана бастау тиімді. Ондай шараларға эхолалия мен эхопраксияны дамыту жатады. Қалыпты дамыған балаларда бұл феномендер алғашқы бірінші айда үлкендердің дауысын қайталау (эхолалия), қимылына, мимикасына (тілін шығару, жымию) жауап беру түрінде байқалады. Ерте жаста жақын, бөтен адамдарды ажырату, тану үлкен жетістік болып саналады. БЦСА балалар жиі қатынас жасау, сипалап, қарап, құшақтауды талап етеді және оған мұқтаж болады. Ему актісінің күшін және ұзақтылығын дамыту, артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттері мен белсенді қимылдарын дамытудың маңызы зор. Уілдеу, былдырлауын үлкендер қостап, белсендіру керек. Дизартрияға бейім немесе байқала бастаған баланың қимыл-қозғаласын және психикасын дамытуға бағытталған жұмыстар үйымдастыру қажет. Сөйлеуге дейінгі кезеңде түзету жұмысы ерте басталса, соғұрлым баланың қимылында, сөйлеуінде, интеллектуалдық дамуында ауытқулар, кемшіліктер аз байқалады. Сөйлеу қимыл функцияларының қалыптасуы жалпы және қолдың моторикасымен тығыз байланысты. Бұлшық еттердің тонусы мен қимылын дамутымен қатар тактильді сезуінін (тері арқылы сезіну) дамыту қажет. Ол үшін балаға әр түрлі заттарды (тегіс, бұдыр, жұмсақ, қатты, ағаштан, темірден жасалған, т.б.) ұстатып, аузына апарып, жалатып, тістетіп ойнату керек. Бірінші жылдан бастап сөйлеу түсінігін дамыту маңызды, көп жағдайда ол үлкендердің сөйлеу қатынасына байланысты. Күніне бірнеші рет 10-15 минут нәрестемен қатынас жасаған өте тиімді. Тілге тәрбиелеуді алғашқы жылдардан бастап, ана тілінде жүргізу керек. Бір тілде қарым-қатынас жасау интонацияның, тілдің фонетикалық құрылымының, ал кейінірек сөз бен сөзтіркестерінің тұрақты үлгілерінің қалыптасуына әсер етеді. Дизартриясы бар баламен қатынас тек ана тілінде болу қажет.


148 Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуы бұзылады. Мұндай жағдайда, егер бала сөйлей алмағанда да ата-аналар ыммен, жестпен сөйлеспей, баланың, өздерінің іс-әрекетін сөзбен айтып отыру керек. Сөйлеу функциясын дамыту барысында балаларды қысқа, ырғақты өлең, тақпақтарды естіп, қайталауға үйрету керек. Қайталауда дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуына көңіл бөлу қажет. Мұндай жаттығулардың мақсатыдауыс реакцияларын, тыныс алу, аяқ-қолдың қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады. Баланың сөйлеу тілін, психикасын дамытуда ойын іс-әрекеті кеңінен қолданылады. Ойыншықтарды, басқа құралдарды іріктеу, ойын процесін басқару, нұсқау беру баланың жас ерекшелігіне, жұмыс мақсатына сәйкес ойластырылады. Екінші кезектегі шаралар. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі, фонематикалық процестерінің толық қалыптаспауы сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын өзбетімен менгеру алғышарттарының қалыптасуын кешеуілдетеді. Дизартриясы бар балаларда мектепке дейінгі жаста тіл кемістіктерін толық түзеткен жағдайдың өзінде жазудың (дисграфия) және оқудың (дислексия) бұзылуы кездеседі. Арнайы әдебиеттерде осыған байланысты қарапайым оқу, жазу дағдыларын 5 жастан бастап қалыптастыру қажет деген көзқарастар кездеседі. Балабақшаның ересектер мен дайындық топтарының бірінші жылында сөздің дыбыстық құрамын талдау дағдыларын менгереді. Екінші жылы әріптермен танысады. Оқыту барысында буын кестелері, ойындар (лото, домино, т.б.) қолданады. Дислексия мен дисграфияны түзету логопедиялық жұмысы жүйелі, кешенді жүргізілуі керек. Үшінші кезектегі шаралар. Бұл денгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары қарай оқуына, кәсіби бағдарлауына байланысты. Дизартриясы бар жалпы білім беру мектепті бітірген балаларға қатал шектеу қойылмайды. Дегенмен, мамандық талдау жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде кәсіби кеңес алудың маңызы зор. Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру Бала тәрбиесіне жанұя тарапынан жасалынатын ықпал өте зор, бұл – баршаға аян нәрсе. Ауытқуы бар бала – жанұяға тікелей тәуелді бала. Мұндай баласы бар жанұяның алдындағы міндеті де зор, ықпалы да ерекше. Бала денсаулығының қауіпсіздігіне бірінші кезекте оның ата–анасы, өз бақылауына алған дәрігерлер, орта білімді медбикелер мен логопедтер де жауапты. Шетелдердегі кеңес беруші жауапты орындар мен АҚШ (1986) «Өте ерте кезден араласу» туралы бекітілген заңы бойынша жұмыс жасайтын белгілі мамандар ата –аналарға баланың өмірге келген алғашқы айынан бастап–ақ түзету – тәрбиелеу жұмысы барыснда нақты нұсқау береді.


149 Дер кезінде басталған осындай игі істердің – ауытқушылығы бар балаларды емдеу–түзету жұмысының – қарыштай дами бастауы оң нәтижелерін беруде. Дамыған мемлекеттерде арнайы оқыту баланың жеке басындағы мәселені ғана шешуге бағытталған. АҚШ мамандары ата– аналарға кеңес беру, оларды ауытқушылығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне белсендіру жағынан мол тәжірибе жинақтаған. Шетел тәжірибелері балалар дамуын ата–ана тарапынан бақылау ісіне негізделген. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының денсайлық сақтау саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Мамандандырылған орталықтың атқаратын жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларды ата – аналармен бірлесіп емдеу–түзету жұмысының мақсатына бағытталған. Жұмыс талабы – ауытқушылығы бар бала міндетті түрде жанұямен бірге болу керек. Даму барысында ауытқушылығы бар балаларды «Республикалық ғылыми – тәжірибелік әлеуметтік қоршаған орта мен кәсіби еңбекке бейімдеу орталығын» үлгі ретінде мысалға алуға болады. Дәрігер мамандар мен логопедтердің бірлескен жұмысы дұрыс тыныс алу, жалпы және жеке қимыл–әрекеттерді түзету, дамыту бағытына сәйкес жоспарлануға тиіс. Дәрігер психолог–педагог тарапынан ата–аналарға берілетін көмек пен кеңес негізінде бағдарлама жасалынуда. Түзету жұмысының негізгі өзегі жанұяға тікелей байланысты болғандықтан, жұмыс жүргізудің төмендегідей түрлері көзделеді: Жанұя ықпалы (психологиялық , ақпараттық) Ата – аналарды жекелей дамыту бағдарламасы бойынша түзету, орнықтыру әдісін дамытуға қажет қосымша құралдармен қамтамасыз ету. Маман ата – аналармен кеңесінде тексеру сұрақтарын беріп отырады, жанұя мен бала жайында қосымша мәліметтер жинайды, ата–ана тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға жауап береді. Теориялық және әдістемелік жағынан ерекшеленген бағдарлама негізі тікелей қағидалауды қажет ететін баласы бар ата–аналарға көмек ретінде әрі ата–ананың көңілін аударып, қызығушылығын арттырып, «ауырын» жеңілдету мақсатына көзделген.. Бұл жұмыс балаға қажет көмек түрін жан – жақты талдау барысында ата – аналардың тұйыққа тірелгендігі мен салғырт жауабының салдарынан пайда болады. Логопед , психолог, тәрбиеші және ата–ананың қоян–қолтық байланысы арқылы ғана сөйлесу тілінің мүкістігін түзетуге, жеңілдетуге болады. Алайда ата–ана кейде өзіне қиындық туғызған жағдайда түрлі көмек көзіне баруға қарсы мінез танытып отырады. Қазіргі кезде әрбәр білім беруші мекемелерде, тәрбие беруші бала– бақшаларда писхолог–педагог тарапынан берілетін кеңес, көмек түрлері аз емес. Әр облыс, қала, аудан орталығында бала кемістігін түзеу, дамыту, тәрбиелеу және жанұя дәрігерінің арнаулы бөлімдері бар. Түзету жұмысына байланысты мемлекеттік ұйымның құрылуы педагогикалық ,дәрігерлік, экономикалық, әлеуметтік саяси мәселелердің де дұрыс әрі оңтайлы шешілуіне ықпалын тигізеді.


150 Орталық нерв жүйесі зақымданған балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, дамытуда ата–аналардың рөлі өте зор. Белгілі бір кемістігі бар бала өзін қоршағандардан тек көңіл аударуын ғана емес, сонымен қатар ең бастысы – үзбей әрі жүйелі түрде дамыту, түзету барысында жүргізілетін еңбек түрін табанды түрде қажет етеді. Мұндай қасиетті олардың дүниеге келген сәтінен – ақ байқауға болады. Егер балаға көмек толығымен әрі жан – жақты түрде берілсе, сөз жоқ, еңбек өз нәтижесін беріп, мектеп табалдырығын сенімді түрде аттатуға болады. Сол себепті қажет болар білім ауқымымен, дағдымен, икемділік жайындағы мағлұматпен ата–аналарды қаруландыру ісінің маңызы зор. Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескере отырып, баланың ар–намысына, ожданына, пәк сезіміне дақ түсірмеуді ойлау керек. Әр сөзді дұрыс айтуға, өз ойын, пікірін дәл жеткізуге баулу – түзету, емдеу жұмыстарын неғұрлым ерте, нәтижелі етіп құруға, ерінбей–жалықпай еңбектене отырып, баланың өзіне деген сенімін орнату – ата–ана үшін басты мақсат болуы тиіс. Дизартрисы бар балалармен атқарылатын жұмыс ауқымы оны түзету мен жан–жақты дамытуға байланысты қарастырылған. Әдет пен әдепке үйрену де үй ішінде тамыр алатындықтан, ата–ана мен логопед маманның қоян–қолтық тынымсыз еңбегі ғана баланы әрі түзетеді, әрі рухани серпіліске апарады. Мұндай баланың өмірге деген құлшынысы да артады, қызығушылығы да оянады, ортада өзін еркін ұстауға да икемделеді. Түзету жұмыстарының барлық сатысын қамтып, қояр талабын үнемі әрі жүйелі түрде орындаса ғана, логопед жұмысының нәтижесі болмақ. Төмендегі ұсынылып отырған әдіс–тәсілдер жиынтығы жаратылысында кемістігі бар балаларды түзету барысында атқарылатын жұмыстарға сәл де болса көмек ретінде қсына отырып, белгілі бір нәтиже шығатынына сеніміміз мол. Үй ішінде орындауға болатын жаттығулар тобы да осы мақсатқа лайықталынып алынған. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Дизартрияның анықтамасы, себептері, түрлері. 2. Ересектерде кездесетін дизартрияның түрлері қандай? 3. БЦПСА - ң негізгі симптомы қандай, анықтамасы, себептері. 4. БЦСА -ң классификациясы. 5. Балалар дизартриясының ересек дизартриясынан айырмашылыға мен ұқсастығы. 6. Дизартрияны түзету жұмысы қандай принциптерге негізделеді? 7. Түзету жұмысын жүргізу барысында нені ескеру қажет? Ұсынылған әдебиеттер 1. Архипова Е. Ф. Коррекционная работа с детьми с церебральными параличом /Доречевой период. - М., Просвещение, 1989


Click to View FlipBook Version