The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Абдикаримова, 2024-02-21 06:01:12

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Сзл в С ейдін аьшбаста О МЫҺ лпәқтар - 660 мын


С. Бизақов ТҮБІ БІР ТҮРКІЛЕР Географиядан Республикалық атаулы мектеп Алматы 2013


УДК 39 ББК'бЗтЗ' Б 52 Қазақстан Республикасы білім жэне ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институты Пікір жазғандар: филология ғылымының докторы, академик Ө. Айтбаев филология ғылымының докторы, профессор М. Малбақов Бизақов С. Б 52 ТҮБІ БІР ТҮРКІЛЕР. /С. Бизақов. Өңд. 2-бас.- Алматы, 2013. - 288 б. ІЗВЫ 978-601-7345-06-8 Қазіргі таңда аты әлемге әйгілі ғұлама ғалымдарды, қоғам мен өнер қайраткерлерін берген түркі жұртының өзіндік тұрмыс-тіршілігіне, мэдениеті мен болмыс - бітімінің ерекшел ігіне кызығушылык артып отыр. Алдарыңыздағы тарихи - этнографиялық аныктамада түркі халықтары мен ұлыстарына сипаттама беріледі. Түркі тектес халыктың аталуы, өмір сүретін елдері, таралған жер аумағы, жиынтық саны, антропологиялық кескін-келбеті, тарихы, тілі мен диалектілері, әдебиеті мен музыкасы, діни наным-сенімі, этногенезі мен этникалыктарихы,шаруашылығы,дэстүрлітұрмыс-тіршілігі,үлттықтағамдары, элеуметтік кұрылымы, туыстық карым-катынасы, үлттык мэдениеті, рухани байлығының өзіндік өрнегі, үрпак тәрбиелеу үрдісі, эдет-ғұрпы, үлттық бітімболмысы мен спорт түрлері, казіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы төңірегінде мэлімет беріледі. Кітап этнографтарга, жоғары оку орындарының студенттері мен мектеп мүғлімдеріне, көпшілік оқырман қауымга арналған. УДК39 ББК 63.5 І © Географиядан Республикалык і атаулы мектеп, 2013 © Бизақов С., 2013 ІЗВЫ 978-601-7345-06-8


КІРІСПЕ Қазіргі таңда аты әлемге эйгілі гұлама ғалымдарды, қоғам мен өнер қайраткерлерін берген түркі жүртының өзіндік тұрмыс-тіршілігіне, мэдениеті мен болмыс - бітімінің ерекшелігіне қызығушылык артып отыр. Алдарыңыздағы тарихи - этнографиялық анықтамада түркі халықтары мен ұлыстарына сипаттама беріледі. Түркі тектес халықтың аталуы, өмір сүретін елдері, таралған жер аумағы, жиынтық саны, антропологиялық кескін-келбеті, тарихы, тілі мен диалектілері, эдебиеті мен музыкасы, діни наным-сенімі, этногенезі мен этникалық тарихы, шаруашылығы, дәстүрлі түрмыс-тіршілігі, үлттык тагамдары, әлеуметтік күрылымы, туыстық қарым-қатынасы, үлттық мәдениеті, рухани байлығының өзіндік өрнегі, үрпақ тәрбиелеу үрдісі, эдетгұрпы, үлттық бітім-болмысы мен спорт түрлері, қазіргі әлеуметтікэкономикалык, саяси жағдайы төңірегінде мэлімет беріледі. Түркі тілді әлем сөз болғанда, кең байтақ алып Еуразия құрлығының көп бөлігін мекендейтін бауырлас халықтар көз алдымызға келеді. Бұлар-түркітілдесалтытэуелсізмемлекет: Түркия,Қазақстан,Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан Республикалары. Мүның сыртында Ресей Федерациясы, Иран, Қытай сияқты іргелі елдердің әркайсында 13 миллионная 17 миллионға дейін түркі тілдес бауырларымыз қоныстанған. Миллиондаған қандастарымыз Ауғанстан, Болгария, Ирак, Югославия, Монголия, Солтүстік Кипр, Греция сияқты елдерде түрып жатыр. Түркі тілдес агайындар Кіші Азия мен Солтүстік Африкада, Латын Америкасы мен Аустралияда, Еуропа елдерінде де мекендейді. Бір сөзбен айтқанда, түркі тілдес үлт пен үлыстар төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. Дүниежүзі бойынша түркі тілдес халықтардың бүгінгі таңдағы жиынтык саны 200 миллиондай. ТМД елдеріндегі олардың саны 85 миллиондай. Бүл халықтардың толық тізімі 40-қа жетеді деп жүрміз. Олардың арасында саны 10 миллионная асатын ең көп санды бес халыққа түрік, өзбек, эзербайжан, қазақ пен үйгырлар жатады. Олардан кейінгі жалпы халыктық саны бір миллионная он миллионға дейінгілерге татар, түркімен, қыргыз, чуваш, башқүрттар жатады. Кейбір түркі үлыстарының дэл санын анықтап айту қиын. Алыс шетелдегілерден ең көп сандысы - түрік, эзербайжан, ұйғыр халықтары. Демограф ғалымдардың түркі тілдес халықтардың 2009 жылга қарасты «Ана тілі» газетінің 30 мамырдагы санында мынадай статистикалық мәліметін келтіріпті: 3


1. Түріктер - 75,0 млн 2. Өзбектер - 29,0 млн 3. Әзербайжандар - 26,3 млн 4. Қазақтар - 15,3 млн 5. ¥йғырлар - 10,9 млн 6. Татарлар - 8,2 млн 7. Түрікмендер - 7,7 млн 8. Қырғыздар - 4,6 млн 9. Чуваштар - 2,3 млн 10. Башқұрттар - 2,0 млн 11. Қырым татары - 890 мың 12. Қашқайлар - 885 мың 13. Қызылбастар - 700 мың 14. Қарақалпақтар - 660 мың 15. Құмықтар - 560 мың 16.Саха- якуттар - 460 мың 17. Афшарлар - 430 мың 18. Шахсебендер - 410 мың 19. Тувалар - 300 мың 20. Месхеттер - 280 мың 21. Гагауздар - 380 мың 22. Қарашайлар - 280 мың 23. Қыпырлықтар - 180 мың 24. Қарапапахтар - 160 мың 25. Балқарлар - 140 мың 26. Ноғайлар - 130 мың 27. Хақастар - 125 мың 28. Саларлар - 120 мың 29. Алтайлықтар - 110 мың 30. Ұрымдар - 90 мың 31. Хаджарлар - 60 мың 32. ¥рянхайлар - 40 мың 33. Қарадагтар - 39 мың 34. Шорлар - 20 мың 35. Сарыүйғырлар - 18 мың 36. Долғандар - 11 мың 37. Хотандар - 6 мың 38. Қарайымдар - 4 мың 39. Қырымшақтар - 2 мың 40. Лобнорлықтар - 2 мың 41. Топалар - 1 мың 42. Ш ұлымдар- Імың 4


«Этнос» сөзі халық деген ұғымды білдіреді. Этностың басты үш тарихи түрі бар. Алғашқы кауым тұсындағы тайпалық одақ дами келе, белгілі бір халыққа айналды. Халық дами келе тілдік, территориялық бірлікке, элеуметтік, экономикалық тығыз байланысқа негізделген этностың ең жоғары түрі үлттарды калыптастырды. Ұлттың маңызды айырықша белгісі этникалық сана-сезімі мен тілінің ортақтыгымен, мақсат-мүддесінің бірлігімен аныкталады. Халықтың толассыз қоныс аударуы бір үлысқа жатып келген этностың әр түрлі ұлтқа айналуына итермеледі. Халык санының сол тілде сөйлеушілер санымен бірдей бола бермейтіні белгілі. Өйткені этникалық бірлік пен тіл бірлігі дегеннің эрдайым сэйкес келе бермеуі мүмкін. Түркі халқының басым көпшілігі, Анатолия түріктерін қоспағанда, қос тілділер, үш тілде бірдей сөйлейтіні де аз емес. Бір тілден екінші бір тілге ауысып отырудың басты себебіне коғамдық-элеуметтік жагдайдың әсерінен қоршаған тілдік ортаның өзгеруі жатады. Өзінің автономиялық дербестігі, әкімшілік аумағы жок аз санды халықтардың тілін, этникалық кескін-келбеті мен дербестігін жоғалтып алу каупі-мұның бір айғағындай. Мәселен, территориясының 40-60%-ын баска халықтар, соның ішінде миллиондаған түркі үлты мен ұлыстары мекендегеніне карамастан, ҚХР, Иран, Ауғанстан сиякты елдер өздерін федеративті мемлекетке жатқызбай отыр. Аз санды үлыстың көп санды халык арасында шашырай қоныстанып, ассимиляцияның қарқынды түрде жүруі - этникалык бірігудің бір жолы. Табиғи ассимиляцияға аралас отырган халыктардың нэсілдік, тілдік, мэдени, рухани жакындығы, дэстүрлі кэсібінің ортақтығы, қоныстану ерекшелігі, элеуметтік-кұқықтық жағдайы, ата жүртпен байланысы, аралас неке секілді факторлардың тигізетін эсері зор. Алып Еуразия кұрылығы секілді ұлан-байтақ өлкеде шашырай қоныстанған түркі халықтарының тағдыры эрқалай қалыптасқандыктан, сан жағынан олар бір-бірінен катты алшақтанады. Отаршылардың қанды қақпанына тап болып, ұзақ жылдар аяусыз қырып-жоюга, қуғын-сүргінге, үздіксіз кактығысқа үшырап, күштеу әрекеті мен әділетсіздіктен зардап шегіп, тағдыр тәлкегіне үшыраған бұрынғы Кеңес Одағы түркілері, эсіресе Еділ бойы мен Орал, Қырым мен Солтүстік Кавказ түркілері, қазақтар тарихтан тиесілі үлес салмағын қалпына келтіре алмай келгені белгілі. Заманында іргелі ел болып келген қайсыбір түркі ұлыстарының қүрып кетуге шақ калып, бүгінгі күнге өте аз санмен жеткені де ақиқат шындық. Талай ауыр кезеңді, қиын-қыстау заманды бастан кешіріп, тағдыр таукыметімен тоз-тоз болып, иелік еткен жерінен айрылып қалған түрік тайпаларының рухани болмысы мен халықтық сана-сезімінің жұкара бастаған кезі, игі дәстүрінен көз жазып қала жаздаган тұсы, бір халық ретінде қалыптасудың аз-ақ алдында түрган жүрттардың бөлек үлыс болып, ажырап кеткен кезі аз болған жоқ. Мәселен, қазақ, 5


каракалпак, ноғай, құрама, манғыт т.б. қыпшақ түркілерінің тілінің, мәдениеті мен бітім-болмысының өте-мөте жағындығына қарамастан, уакыт озған сайын бір-бірінен аражігі ажырап, бөлек ұлт пен ұлыска айналғаны немесе баска этносға косылып кеткені белгілі. Таяу уақытқа дейін бір этносқа біріге алмай келген ұлыстар бар. Мәселен, қашкай, афшар, қарадағ, айрум, қарапапах, падар, шахсеван, хаджар, баят, кызылбастардың жеке этнос екендігі немесе эзербайжан ұлтының субэтникалык бөлігі екендігі анықтала койған жоқ. Түркі халықтарының қалыптасу тарихы. Зерттеушілердің айтуынша, ерте заманнан бергі түркі үлыстарының жері, елі, эр алуан рулык, тайпалык кұрылымы, түрмыс-тіршілігі туралы мэліметтер грек, рим, орыс, парсы, араб, тибет жазба ескерткіштерінен, күнды да мол деректер армян жазбаларынан табылмақ. Түркі тарихының жазба дерегінің аса мол қоры әсіресе мыңжылдық тарихы бар кытай жазбаларында сактаулы екені белгілі. Қытай деректері де түркілерді өркөкірек, тік мінезді, тэуелсіздік пен еркіндік сүйгіш түрінде сипаттайды. Кең даланы мекендеген түркілер ат үстінде күйғытып келе жатып - ак кұралайды көздеп ататын мергендігі, жаугершілікке келгенде аяктыға жол бермейтін, бір-біріне есе жібермейтіндігі туралы элем тарихшылары түрлі деректер келтіреді. Қытай тілін жетік менгерген болашак зерттеушілер көне дәуірдегі ата-бабаларымыз скиф, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік қағанаты дәуірінен бастап хатқа түскен, халық білуге зәру боп отырған ең көне де кызықты деректерден сыр шертер, туган ел тарихын тынымсыз түгендеп, бүрын айтылмай я бүрмаланып келген актаңдагын, көмескілене бастаган акиқатын анықтар деп үміттенеміз. Халык тарихына қатысты мүндай мол мағлұмат түрік әлемінің саяси түлеуіне оның мэдениеті мен гылымының дамуына эсер етіп, үлес косар еді. Ерте дәуірдегі Алтай зерттеушілердің назарын бүрыннан аударып келгені белгілі. Мүнда 18-гасырда ешбір басқа елде кездеспеген ерте замангы қоныс орны, алып корган мен сарай үйіндісі, скульптор мен қабір үстіндегі ескерткіш қалдыгы табылган. Даниялық галым Вильгельм Томсен жартастагы шифрмен жазылганды ажырата оқып, оның түркі тіліндегі жазу екенін анықтаған. Одан кейін де қытай жылнамасында да ерте замангы Алтай түркілері жайындағы мәлімет ашылған. Демек Алтай -түркі тектілердің ерте заманғы мекені болган. «Алтай» атауы көне түркі тіліндегі «алтын тау» деген магынаны білдіреді. Мүндагы ерте заманғы түркілердің сырт келбетін қытай жылнамасында аксары шашты, көгілдір көзді, мыгым денелі етіп сипаттаган (Мурад Аджи, Кипчаки, М., 1999, стр. 13-20). Ежелгі түркі көшпенділері Орталык Азияда казіргі еуропалықтар мен орыстардың аргы ата-бабаларының түсіне кірмей тұрғанда-ак, алгашкы мемлекетті күрганын тарихшылар дэлелдеп қойган. Атап айтканда, жыл санауымыздан бұрынгы 209 жылы шаңырак көтерген 6


Ғұн мемлекетінен бастасақ, көшпенді түркілердің ел билеп, өкімет кұруының 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі халықтардың бірі екенін айғактайды. 552—745 жылдары Алтай мен Жетісу аралығында Түрік қағанаты мемлекеті өмір сүріп, көк түріктің бөрілі байрағы көтерілген. Халықтардың үлы коныс аударуы деп аталатын кезеңде түркі тайпалары батыс Еуропаға дейін жетіп, шашырай коныстанған. Өмірі ат үстінде өткен түркі жүртының ұлан-байтак Дешті кыпшак даласынан бастап шығысы Байкал көлінен, батысы Дунай өзеніне дейінгі аралыкта атының тұягының ізі тимеген атырабы кемде-кем дейді тарихшылар. Түркі кағанаты жаугершілік жорықтар нәтижесінде Манчжуриядан Қара теңізге дейін созылды. Түркілер Орта Азияны басып алғаннан кейін Батыс пен Шығысты байланыстыратын сауда жолдарының қожайынына айналды. VI - XIII ғасырларда Жетісу аймағында бірінбірін алмастырған бірнеше ортағасырлық мемлекеттер кұрылды. 704 жылы Жетісудағы билікке түргештер келді. Оларды түркі тілдес қарлүқ тайпалары ығыстырып, VIII - IX ғасырларда Қарлүқ қағанатын кұрды. 942 жылы олардың орнын Қарахан мемлекеті басады. Ол мемлекеттің негізін қалауда XII ғасырға дейін қарлүқ тайпалары үлкен рөл атқарды. Қарахан дэуірінде калалык мәдениет, колөнер, сауданың гүлденуі басталады. («Алматы Ақшамы», 18.11.2010). Зерттеушілердің атап өткеніндей, ерте заманғы скифтер - Алтайдан шет аймакка ірге көтерген түркілер. Түркілердің ұлы коныс аударуы II ғасырда басталып, ол Еуропаға карай бағытталған. Тарихта бір-ақ рет орын алған халықтың ұлы коныс аударуы 300 жылға созылған. Оған дейін де түркілердің жаппай ірге көтеріп Орта Азия, Иран, Үндістанға қарайғы өңірге қоныстануы орын алған (Мурад Аджи, Кипчаки, М., 1999, стр. 89). Соның нәтижесінде кең-байтак өлкеде Дешті кыпшак мемлекеті пайда болған. Тарихтан жаксы мэлім: Кіндік Азия - бүкіл түркі халықтарының Түркістан деген атпен белгілі болып келген байырғы атажүрты. Түркістан - түрік жүрты немесе түрік елі, түрік өлкесі деген сөз. Бүл үлы өлке бүкіл адамзат мәдениетінің бастау алған жері, түрік дүниесінің бесігі, үлы Азияның жүрегі. Қыпшақтар. Тамыры терең жатқан түркі халыктарының төл тарихында дүниені дүбірлеткен кыпшақтардың алатын орны ерекше. Көне тарихымызда небір жарқын беттер қалдырған ерлігі ерен, өнері өрісті, мэдениеті мэуелі кыпшақтар талай ауыр кезеңді бастан өткеріп, Дешті кыпшак даласынан біртіндеп жылыстап, Жерорта теңізіне дейін жетті. Үш жүз жылдай Мысырда мәмлүктер (кыпшактар) патшалық күрған кездегі Түран түлегі Мэлік Заһир Бейбарыс сұлтандай үлкен тарихи түлға кемде-кем кездеседі. Ол Мысырды 1223 - 1277 жылдары билеген. Қыпшактар қазақ халқының этногенезінде үлкен орын алады. Өйткені тарихи Дешті Қыпшақ аталған өлкеге Қазақстан жері түгелімен 7


енді жэне сондағы қыпшақ рулары қазақ халкының кұрамына енді. Орта жүздің тайпа бірлестігінің бірі кыпшақтар екендігі белгілі. Ертістен Украинаға дейінгі Дешті қыпшак даласында көшіпқонып тіршілік еткен қыпшақтар жауынгер де еркіндік сүйгіш халык болғандықтан, басқа тайпалар олармен тату көршілік қатынас орнатуға тырыскан. Грузин патшасы Давид IV өз мемлекетін шетелдік шапкыншылықтан қорғау мақсатымен, қыпшақ кызына үйленді эрі көптеген кыпшақтың Грузияға қоныс аударып, отырықшы халыққа айналуына себепкер болды. XIII ғасырда Дунай жағалауына дейін жеткен қыпшак тайпасының орнығуына мадьяр елінің билеуші топтары қарсылық білдірмей, олармен бірыңғай одақ құруға әрекеттенді. Ерте кездегі Мысыр (Египет) сұлтаны қыпшақ жауынгерлерінен ерекше жасак құрып, олар тарихта мэмлүктер деген атпен эйгілі болды. Мәмлүктердің бертін келе өкімет билігін күшпен өзіне қаратқан кезі де белгілі. Өз ата жүртынан бөлініп, көп ғасыр бойы өзге тілді ортаға тап болган осы аталған қыпшак тайпалары жергілікті халыкпен қоянколтық араласып, олардың түрмыс-тіршілігін, тілін қабылдауға мэжбүр болған. 1239 жылы Шыңгыс хан әскерінен ыгыскан Қотан хан бастаған қырық мың түтін кыпшақтар Мадияр (венгр) даласын өздеріне жаңа мекен еткен. Мажар елінің тарихнамасында бүгінгі Венгриядағы сол түрік ұрпақтары өздерін ак қыпшақ немесе қүмандар деп атап, XIX гасырга дейін жеті жүз жыл бойы тілі мен салт-санасын сақтап келген. Еуропа тұргындары түріктерді IV ғасырдағы гүндардың жорыгынан кейін біле бастаған. 670 жылы Аспарух хан бастаған түркі тілдес болгар тайпасы Қара теңіздің солтүстік жагалауынан Балқанга көшіп барып, Болгар мемлекетін күрган. Кейінірек олар славяндармен араласып, бір этникалык топ күрып, сіңісіп кеткен. Болгарлардың екінші тобы Орта Еділ мен Кама өзендері жагалауына жылжып қоныстанды. Ертеректе орталық Еуропага печенег, огыз, сақ, гүн тайпалары да барып қоныстанған. Алып Еуразия кұрлыгының дэл кіндік ортасына орналасқан Қазакстанның, казак жерінің кең-байтак территорияға шашырай коныстанып келген бүкіл түркі халықтары мен үлттарының ата жүрты, ежелгі түрагы, кара шаңырагы екені бүгінде еске алынуда. Осы орайда венгрлік кыпшак галымы, мажар халкының үлкен жүректі азаматы, түркологияның белді өкілі, профессор, қазак десе жүрегін жүлып беруге эзір болган асыл ер, адал досымыз маркүм Иштван Мандоки Қонырдың «біз бір алып шынардың бүтагымыз, ата-бабаларымыз қасиетті Тұран топырағында ажырамастай берік достықта түрган» деп есептеп, бар ынта-жігерімен қазак тілін үйреніп, сол тілде еркін сөйлей алганы ойга оралады. Тіршілікте қуаныш пен қызыгымыз да ортақ, каза жеткенде мазарымыз да бір болгай деп тілеген абзал галымның бұ


дүниемен коштасарда өзін акырғы сапарға қазақ жерінен арулап аттандыруды өсиет етуінде де өзіндік мэн бар екені анық. Бүкіл саналы ғүмырын түркі халықтарының көне тарихына арнап келе жатқан мәскеулік курд Мурад Ескендірұлы Әджи түркі елдерінің ішінде әсіресе Қазақстанға баса көңіл бөліп, казак даласының сонау Түрік кағанатына дейін де, кейін де геосаяси салмағының мэн-маңызын атап өтті. Ол Қыпшак дэуірі, Қазақ сахарасы, ¥лы дала сиякты түсінікүғымдарды елдің, әсіресе жастардың санасына аса шеберлікпен қүйып келе жаткан халкымыздың үлкен досы эрі жанашыры. «Сіздер өздеріңіздің көне есімдеріңіз «Дешті қыпшак» атауын заңдастырып, барша түркілерге бабалар жады мен рухын қайтарып, ортак түркі ордасын әлемге паш етер едіңіздер. Университет пен аспирантурада окып жүргенімде менің алдымда «ұлты қүмық, тегі түркі, келбеті - тау халқы» деген үғым ойқастай берді. Соны желеу етіп ВАК-та менің диссертациямды бекітпеуге тырысты», - дейді қаламгер («Түркістан», 19.10.2009). Бір кездері эр түрлі тарихи себептермен өздерінің түпкі отаны, қарашаңырағы ежелгі Түран өңірінен, казіргі казак жерінен ауа көшіп Еуразия кұрлығына тарыдай шашылып кеткен түркілер 200 миллионнан асты. Егер тарихты зерделеп карасақ, Қазақ деген халықтың мекен еткен территориясы қазіргіден элдеқайда үлкен екендігі белгілі. Ресейдің оңтүстігін жағалай орналаскан Астрахан, Орынбор, Омбы өңірлері, Қытайдың батысындағы Шыңжан өлкесі дерлік Қазақ деген халыктың шұрайлы мекені. Кезінде Орыс пен Қытай бодандығындағы халыкка тиесілі жерлерді акылдасып бөліп алған. Қазіргі кезде Мажарстандағы қыпшак ұрпактары Қазақстанға достык сапармен келіп тұрады. Карсак каласының экімі, кыпшак қоғамының директоры Фозекош Шандор былай дейді: «Бабаларымыз 1700 жылға дейін өз тіліміз кыпшак тілінде сөйлеп келген. Қандастарымыз күні бүгінге дейін өздерінің қыпшак екенін мақтан түтады. Өздерінің керемет этникалык топтан шыққанын, бабаларының о баста осы казак даласынан келгенін біледі. Тілі де, ділі де баска бола түра, Венгриядағы 300 мың қыпшактың жүрегі - Қазакстан деп соғады. Салт-дәстүріне келетін болсак, қазақтың дэмді асы қуырдақты еуропалыктарға үйреткен кыпшактар. Қымыз даярлау дәстүріміз бар» («Айкын», 13.02.09). Мажарстандык түркітанушы Шамфей Давид окушылармен кездесу өткізіп, казақ тілін жетік меңгергенімен тыңдармандарды тэнті етті. «Сіз казак тілін қалай үйрендіңіз?» деген сауалына, ол кісі: «Мен қазак тілін үйренгем жоқ, тек бабалар тілін өз санамда жаңғырттым» деп жауап берді. Бұның астарында Еуропа төрінде орналаскан өзге жұрт «венгр» деп атайтын, ал өздері «мадьяр» деп атайтын халыктың казакпен кандас екені туралы эңгіме жатыр. («Алматы акшамы», 17.11.2011). 9


«Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы санында қаламгер Ернар Мәсәлім мынадай мәлімет келтіріпті. Еуропалықтар «венгрлер» дейтін, өздерін «мадияр» деп атайтын мажарлардың этногенезінде түркілік тегі басым екенін мажар ғалымдары Корочи, Пигет, Дьюла Немет тағы басқалары атап өткен. Мандоки Қоңыр мажар тілінде екі мыңға жуық түркі - қыпшақ сөздері бар екенін, бұл аталған тілдің лексикалық қорының көлемді бір бөлігі екенін дәлелдеген. Қазіргі таңда 300 мыңдай адам өздерін XIII ғасырда Дунай өңіріне қоныс аударған қыпшақтардың ұрпагы санайды. Ата жұртын асқақтатқан қазақи патриотизмнің теңдесі жоқ символы аталып кеткен Мандоки «қазақтарға айтар тілегім ана тілінде сөйлеңдер. Жалпы, қазақ тілі өз табиғатынан уақытқа ыңғайланғыш, адекватты тіл. Қазақ тілінде түсіндіре алмайтын нәрсе жоқ, кез келген күрделі мәселелер мен құбылыстарды қазақ тілінде «сойып салуға болады», - деп атап өткен. Ежелгі ғұндардың үрпагы, Венгриядағы әлемдік байланыс институтының докторы Иштван Бенценің айтуындай, тамырлас екі елдің Мажарстан мен Қазақстанның тарихи байланысы тереңде жатыр. Оны екі ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүр үстанымынан, дүниетанымынан, қонақжайлылығынан анық байқауға болады. Мадияр тілінің түркі халықтарының тіліне дыбысталу, фонология, грамматикалық жағынан ұксастықтарын анықтаған көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақ тіліндегі ө, ү, і деген дыбыстардың сол күйінде айтылатыны, алма, пышақ, ата-ене, арпа, балта, арқан секілді создердің үқсастығы да көп зерттелді. Мүндай сөздер мыңдап саналады («Қазақ эдебиеті», 07.11.2008). Түркі халқының коғамдық, әлеуметтік жағынан дамып, өркендеуіне көшпелі монгол тайпаларының шапқыншылыгы орасан зиянын тигізді. Әсіресе Шыңғыс хан эскерлерінің шапқыншылығы жаулап алынган елдер үшін өзінің зардабы жагынан ауыр апат болды; ол көптеген халықтардың экономикалық жэне мәдени прогресін, олардың саяси, элеуметтік жэне этникалык дамуын үзақ тоқыратты. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндіргіш күштер талкандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп түрган қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық жэне мәдени казыналары жойылып кетті. Жергілікті халықтың карсыласуын басу үшін Шыңгыс хан жаппай қырып-жою жэне күштеу, түтас бір аудандардан түк калдырмау әдістерін қолданды. Шыңғыс ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазакстанның Сыр өңіріндегі қалалары мен коныстары бүл әдістердің алгашкы күрбандары болды. Монгол әскерлері отпен өртеп, қылышпен кырып, өзіне жол ашып отырды. Отырар түргындары мен оның гарнизонының алты ай бойы қарсыласканы үшін каталдықпен кек алынды - моңголдар қаланы тонады, қамал мен корганның дуалын қиратты, қаланың тірі калган тұргындарының көпшілігін қырып тастады.1939 жылы жарык көрген “Шыңгысхан” деп аталатын кітабында Василий 10


Яновецкий қатыгез ханның жасакшыларын баскыншы, өркениеттен хабары жоқ кара тобыр ретінде сипаттайды. Сібір хандығының соңғы билеушісі Көшімнің орыс баскыншыларымен соғысы он жеті жылға созылды. 1598 жылы оның саны аз сарбаздары қазіргі Новосибирь қаласының маңында саны көп жақсы каруланған орыс әскерімен кескілескен күрес жүргізіп, жеңіліске үшырады. Көшім ханның нақты енбектерін айтар болсак, 1-ден, ол Сібірдегі ру-тайпалардың басын бір тудың астына біріктірді. Екіншіден, аймақта мүсылман дінінің таралуына зор ыкпалын тигізді. Көшімнің әсіресе ешуакытта үмытуға болмайтын үлкен еңбегі- орыс отаршыларының қазақ еліне кіруін бір ғасырға тежеді («Түркістан», 16.09.2010). Кезінде орыс патшасы Астрахан, Қазан, Қырым хандықтары мен Кавказға да ойламаған жерден тап беріп, халықты қырғынға үшыраткан. Келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей 1675 жылы туылған Мөңке би былай деп зар қаккан еді: «Еділді тартып алғаны - етекке колды салғаны. Жайықты тартып алғаны - жағаға қолды салғаны, Ойылды тартып алғаны - ойындағысы болғаны. Маңғыстауда үш түбек, оны дағы алғаны». Антропология. Қандай да бір халык тарихын білуде жазба мүралар, басқа да дерек көздерімен коса антропологияға да артар жүк, қойылар талап арта түспек. Тагдыры тоқсан тарау жол үстінде болған түркі халықтары нәсіл жағынан бір текті емес. Кейде тіпті бір үлттың өз ішінде де антропологиялык жагынан ажыратылатыны бар. Түркі халкының басым көпшілігі еуропеидтік нәсілге жатады. Солтүстік Азия мен Орталык Азияны мекендейтін саха (якут), тува, тофа, чулум, алтай т.б. халықтар монгол тектес нэсілге жатады. Ерте кездегі Түран жерін мекендеген түркілердің археологиялық ескерткіш атымен аталатын афанасьев, андропов, карасук аталатын еуропеидтік нәсілге жатқаны анықталды. Көне дэуірден жеткен қытай жазбаларында Жетісу мен Ертіс өзені өңірін мекендеген түркі үлысы өкілдерін дөң мүрынды, жирен шашты, кызыл шырайлы, көгілдір көзді, биік бойлы еуропеидтер ретінде сипаттайды. Өкінішке орай, бір мемлекетке бірікпеген бытыранды, шетелдік келімсектен жерін қоргар түрақты әскері жоқ Тұран жеріне шыгыстан көшпелі тайпалар үздіксіз шапқыншылық жасап отырган. Қазақстан мен Батыс Сібір еуропеид пен монголоид нәсілінің тогысқан жеріне айналып, Оңтүстік Сібір немесе Түран өтпелі аралас нәсілі қалыптасты. Батыстан шыгыска жылжыган сайын монголоидтық элемент басым бола түседі. Еуропеидтік компонент түрікмендерде басымдау болса, кыргыздарда монголоидтық элемент бәрінен де молырақ, алтайлықтарда одан гөрі де басым. Башқұрт пен чуваштарда монголоидтык элемент болар-болмас. Зерттеушілердің атап өткеніндей, Қазақстан жерінде палеоантропологиялық материалдар тек кана қола дәуірінен басталып зерттелді. Қола дэуірінде зерттелген материалдардың корытындылары 11


казак территориясында тіршілік еткен тайпалардың 100% еуропеидтік болғанын дэлелдейді. Тек қана б.э.д. 5 - ғасырда басталған, одан бертінде XIII ғасырдағы Шыңғыс хан мен XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы салдарынан монголоидтық элемент басым боп үлгірді. Қазіргі казақтардың генетикалық құрамындағы 70% монголоидтік, ал 30% еуропеидтік элемент болса, қырғыздарда 80% , қарақалпақтарда 60% монголоидтык элемент бар («Қазак әдебиеті», 29.01.2010). Көне түркі мәдениеті туралы. Бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, дамымай қалған деген біржақты пікір айтылып келсе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-Фарабидей үлылар шықкан, есте жоқ ерте кезден-ақ білімі, ғылымы, мэдениеті дамыған, бір кездерде қоғамдық дамудың көшін бастап, адамзат қоғамының жетіле түсуіне айтарлықтай үлес қосқандығы мойындала бастады. Еуропалықтардан көп ғасыр бүрын дами бастаған түркі өнері мен мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы адамзат тарихынан өзіндік орын алатыны белгілі. Жабайы жылқыны колға үйретіп, ат сайманы мен арбаны ойлап тапқан, қыштан ыдыс-аяқ жасап, токымашылық пен металл өңдеу кэсібімен айналысқан, астрономия ғылымының даму ы на негіз болған ерте заманғы түркілердің елеулі ықпалы болғанын Л.Н.Гумилев, Д.Неру тағы басқа зерттеушілер атап өткен (Тюркские народы, А., 2004, 3-4 б). Түркі тарихын біздің жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы шаңырак көтерген Гүн мемлекетінен бастасак, олардың ел билеудің, өкімет қүрудың 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі халыктың бірі екені байқалады. Өкінішке орай, шығыстан басталған толассыз шапқыншылық салдарынан көшпенді түрмыс кешуге мэжбүр болған түркілердің пешенесіне эу бастан-ак артта қалушылықты жазып қойғандай. Көшпелі өмір - ауыр өмір. Малдан басқа дәулеті жок халык кедей болды. Әр алуан өндірісі, білім ордасы, мәдени мекемесі болмағандықтан, халык даму, өркендеу мүмкіндігінен ада болып, ғасырлар бойы токыраумен болады. Азиядағы керемет монументтерді түркілер еншісіндегі дүниелер деп атауға болады. Олар Исфахандағы үлкен Жүма мешіті, Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Аградағы Тэж-Махал, Самарқандтағы Регистан жэне Стамбулдағы Сулеймен мешіті... Үндістанның коғам кайраткері Джавахарлал Неру түркілердін кала салу өнерін айта отырып, Үндістан үшін түркілер тек жаулаушылар ғана емес, сонымен коса өз заманындағы керемет архитектура калыптастырушы күрылысшылар болғанын айтады. Оның пікірінше, ¥лы Моғолдардың архитектурасында үнді халкының рухы, парсы поэзиясы жэне түркі халкының күші мен жігері бар. Зерттеушілер оларға мыналарды жатқызады: Индивидуалды ашықтык пен бостандық, этника - конфессияаралық толеранттылык, ойлаудың тұтастығы мен икемділігі, өзге мәдениеттерді кабылдауы, дамыған шешендік жэне акындар өнері, эскери борыш пен 12


парыз, батырлық рухы, шежірені білу, тэңіршілдік культі, тэңіршілдік пен исламның араласуы, ұжымшылдык жэне туыстық катынас («Қазақ эдебиеті», 11.03.2011). Түркі мінезі мен болмысы. Түркі мінезі мен болмысындағы басты ерекшелікке батыс ориенталистері де назар аударған. Олардың атап өткеніндей, алдында жолбарыс түрса да ығыспай ұстаса кететін ер халықтың бір нэрсені жақсы көрсе тұла бойымен омырыла кұлайтын, өзінікінен бүрын өзгенікі үшін кеудесіне жан, көбесінен кан шыққанша алысатын жампоздығын тарихтан мысал алып жазып кеткен. Түркінің аяккаптай кеудесінде екі ойға, екі нанымға орын жок. Монғолдың Қүбылаға шапкыншылығын токтатуда да ерен ерлік көрсеткен түркілер. («Ана тілі», 04.09.08). Өзіндік болмыс-бітімімен түлғаланып түратын түркі халкы өзгелерге карағанда, өте карапайым, кайырымды келеді. Қонақжай, достыққа берік, тумысынан әдепті болып тэрбиеленеді. Сүраған мұктажына риясыз жауап беріп, қолүшын беруге эзір түрады деген пікір қалыптасқан. Үлттың өзін-өзі сактау әрекеті шексіз емес дейміз. Өкінішке орай, ғасырлар бойғы отарлық езгінің салдарынан кайсыбір түркі үлыстары жалтақтықты, жағымпаздықты бойына сіңіріп алғаны да жасырын емес. ¥лы түріктер хақында. Адамзаттың қадір-касиетін арттыратын ерекше екі артыкшылық болады: олар еркектің ерлігі мен әйелдің адалдығы. Осындай екі ерекшеліктің басы-касында бастан-аяқ бірге жүретін осы екі жыныстыларды, яғни еркек пен әйелді даңққа бөлейтін бір ғана құлық бар. Ол-қажет болғанда ештеңеден тайқымай, бэрін де Отан үшін күрбандыққа шалып беруге дайын түруға итермелейтін азаматтық ар-ождан мен еліне деген адалдық. Осындай касиет пен кісілік болғанда ғана ғажайып ерліктер жасалады. Өмірдің қилы таукыметтері мен киын-қысталаңдарында жігерсізденбей, өрши түсіп, көкірек кере, қасқая карсы шабар күшкуатқа ие болады. Түріктер, мінеки, дэл сондай батырлар қатарына жатады. Сондыктан да, түріктерді өлтіруің мүмкін, алайда оны жеңе алмайсың. Наполеон Бонапарт (1769 - 1821)- француз императоры. *** Түріктер екі жүзді де, өтірікші емес. Олар талай мемлекетті тасталқан етіп киратады эрі халкын да тоздырып жібере алады. Алайда өздерін аздырып - тоздыра коймайды. Майданда жауларын калай өлтіруді де біледі. Тіпті оны жетік меңгерді. Бірақ соғыс болмаған жағдайда, өз жерінде жүргенде бекерден- бекер ешкімге соқтығысып, қан төккен емес. Түріктің кылышты қапысыз сілтей алар элуетті қолдары кару ұстаумен қатар, жеңілген жаудың жарасын таңып емдеуге де шебер келеді. 13


Түріктер өзімен қоян-қолтық араласа тіршілік етуге өздері рұқсат еткен адамдарды мейлі, олар жат сенімдегілер болса да Еуропаның көптеген жерлерінде ғасырлар бойы «дінсіздер» ретінде отқа өртеп келгендей сұмдықтарды қолданған емес. Олардың діндеріне, қауіпті саналған адамдарына егер олар өздеріне қиянат келтірмесе, инквизициялық жаза қолданбайды. Лорд Байрон (1788-1824), ағылшын ақыны. Түріктер тұтас бір нәсіл жэне ұлт ретінде әлемдегі ең абыройлы адамдар қатарына жатады. Мінез- құлқы жағынан алғанда асыл текті эрі аса кең пейілді, жігіттері мызғымас күшке ие. Діні мен Отанға деген ынта - ықыластары кімге болмасын жігер беріпдаң -тамаша күйге түсірері сөзсіз. Тәлейлері - маңдайларына жазулы, нақтылы істерінен де көрініп тұр. Егер тұғырлы заң- жарғылар қабылданып, кемел билеушілері болса, олар әлемдегі ең маңдайлы үлт ретінде алғалап оза шығары хақ. Барлық іс-қимылдары - барынша орнықты, кайырымға толы. Намысшыл, сезімтал халық. Олардың мекендері өздері қүрметтеген ізгі жандардың, батырлар мен шейіттердің қасиетті түрақтары еді. Меніңше, адамзатты соншама даңкка бөлеген жандарға дұшпан болу дегеніңіз адамзат баласына дұшпан болумен бірдей. Сондай күпірліктен мені қүдайым сақтасын деп тілеймін. Альфонс Ламартин (1790 -1869) француз ақыны. *** Христиандар өздеріне қаратқан жерлерде түратын мүсылмандарды ылғи да шеттетіп отыруды эдетке айналдырған. Тіпті бүгінгі күндері де мұсылмандармен бірге бір жерде түрудың мүмкіндігі жоқ дегенді сылтауратып, мыңдаған отбасыларды өздерінің туған Отанынан кудалаудан да тартынар түрлері жоқ. Ал түріктер болса, керісінше, христиандарға барынша ізгі ниет танытып отыр. Діндеріне, дүниемүліктеріне тіпті заңдары мен ұйымдық қүрылымдарына да соқтыққан емес. Д.Ургухарт- XIX ғасырда өмір сүрген ағылшын қаламгері. *** Түркияда үзақ жыл түрғанымда жэне елін армансыз аралап, танысу барысында мынадай қорытындыға келдім. Түріктің ауыл- қыстақты мекендейтін халқы тумысынан өр түлғалы болып келеді. Қабілет -қарымы жағынан қарастырсак, олар француз бен поляктарға қарағанда әлдекайда жоғары түратынына көзім әбден жетті. Түрік ауылындағы адамның білуге, үйренуге құштарлығы ерекше жоғары деңгейде деуге болады. Түрік ауылының тұрғыны жазатайым христиан аулына бара калса, асыл текті үлықтай көрінері даусыз. ВАНДА (1820-1870) - француз жазушысы. Түріктердің оңай-оспакка икемделе бермейтін жан -мүдделерін қорғап, сақтауды да ойлауымыз керек болады. Осынау түрік деген 14


халықтың сүйетіні- тек эділдік пен шындық. Олар ешбір әділетсіздік қылмаса да, ылғи қиянатқа үшырап жатады. Біз де тарихқа бар дауыспен үн қатқымыз келеді. Бірақ та оған сол бір мэрт, ер түріктің қасынан орын алуға деген құлшынысымызды байкату үшін эрі оны нактылык пен шындықтың, эділеттік санатына косқандығымыз деп білдік. Уильям Питт (1759-1806) - ағылшын саяси қайраткері. *** Бір кездері Геродот Тагцпаив десе, ал Тауратта То§агіта деп аталған түріктер осы айтылған атакты тарихшы мен қасиетті кітап пайда болғанға дейін әлденеше ғасыр бүрын тарихта өз орны бар халык еді. Олардың өктемдікке бас имес қайсарлығы, қарымы жеткен жерге дейін аймакты қармап қалар жеңімпаздығы, алған бетінен қайтпас қайсарлығы, жағдайға қарап жайыла жата кетуге емес, жағдайды, ортаны өз талғам-талабына орай игеріп әкетуге деген қүлшынысы мен ынтасы осы халықтың бақилык тарихынан ап - анық көрініп те, хатталып та түрғандығы бесенеден белгілі. Түріктер - мемлекетті қиратуға да, орнатуға да келгенде алдына жан салмайтын аса өміршең халық. Белгілі бір аймақтар түгілі, түтас кұрлықты астан-кестен етіп жіберу оларға түк емес. Сол бір аласапыран жортуылдар үстінде мызғымас билік түғырын орната білуші еді. Тарих түріктерден көп нәрсе үйренді. Олардың қолымен жасаған небір ғажайып туындылар мәдениет әлеміне эр беріп, түрлендіріп түр деуге болады. Хаммер (1774-1856), Аустрия шығыс-танушысы. Түркі халқы тарих сахнасына бар саналы ғүмырын елінің жаркын болашағын баянды етуге, айбынын асқақтатуға арнаған, азаттық күрес жолындағы өршіл рухты жақтаған қаншама үлы түлғаларды шығарды. Ел үшін жанпида еткен бүл ерлер бүкіл ел тағдыры таразы басына түскен заманда мемлекеттің түғырының шайқалмауы үшін, оның мызғымастығы жолында жан аянбай күрескен болатын. «Ер ел үшін туылады, елі үшін өледі» дейді халық даналығы. Қадым заманнан халкының қамын күйттеп, халқым деп қабырғасы қайысып, елім деп еңіреп өткен абзал түлғалардың сіңірген ерен еңбегі елінің еңсе көтеруіне арналған. Елдің тэуелсіздігін аңсап, соған жетудің жолын іздеп, үлты үшін тер төккен ойшыл ерлер қай заманда да жастардың бойына ұлттык күндылықты сіңіре отырып тәрбиелеп, үлттық тарихымызды насихаттауға ат- салысты. І.Жансүгіровтің «өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді», - деп айтқанындай, ел басына күн туып, ер етегімен су кешкен қиын кезде ел мен жердің азаттығы мен болашағы жолында аянбай қызмет еткен небір абзал тұлғаларды зор ілтипат, ықыласпен еске аламыз. Түркі жүртының үлы тұлғасының бірі Исмаил Гаспиринскийдің көптеген түркі тілімен коса, орыс, француз, араб, парсы тілдерін де 15


терең меңгергені айтылады. Соның арқасында оның «Тәржімен» газетінде басылған элемнің эралуан еліндегі түрлі жаңалық-хабарлары түркі қандастарының қай-қайсысына да орасан зор көмек, шын мэнінде «көз бен құлақ» болғандай екен. Гаспиринский есімі қоғам қайраткері ретінде де заманында айдай әлемге таралып, танымал болды. Оның Халықаралық мүсылман конгресін өткізіп түру идеясын жер шарының көптеген елдері қуана қарсы алды. 1910 жылы француздың «Мүсылман әлеміне шолу» атты беделді журналы Ысмағүлбек Гаспиринскийге халықаралық Нобель сыйлығын беру жөнінде үсыныс жасаған болатын. Бүл ұсынысты сол дэуірдің эйгілі дуалы ауыз, дара тұлғалары бір ауыздан қолдап та жатты. Өкінішке орай, орыстың шовинизм мен отаршыл пиғылды қолдаушы күштері кері тартып, аталған сыйлық берілмей қалды.(«Түркістан», 04.04.2002). Ғази Мұстафа Кемал Ататүрік - Түркия Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті, түркі әлемінің үлы қайраткері. Ататүрік түркі тілдес халықтардың бірлігіне сенді. КСРО кұрамындағы қазақ, өзбек, түркімен, эзербайжан, қырғыз т.б. халықтарға азаттық жолындағы күресте қол ұшын беру керектігін өсиет етіп қалдырды. Ататүрік бүкіл саналы ғүмырын өз отанының тәуелсіздігі мен тұтастығы, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамып, жетіле түсу жолындағы күреске арнаған. «Мен қажет болғанда ұлтыма деген ең үлкен сыйым - өмірімді беремін. Мен үлтымның, үлы бабаларымның ең қүнды мүрасы - тәуелсіздікке қүштарлық сезімі кеудесін кернеген адаммын. «Мен түрікпін» деген адам қандай бақытты», - деп айтқан. Мүстафа Кемал Ататүрік - тілі мен мәдениетіне ұлттык реңк беріп, егемендікті баянды еткен көсем. О л-үлы рух, ол-сес, айбын, ол-тагылым, таным. Кезінде В.И.Ленин, Ф.Рузвельт т.б. тарихи қайраткерлер Ататүріктің қызметі мен жеткен жетістігіне зор баға берген. Отанын, халқын жан-тэнімен сүйген Ататүрік - ұрпаққа үран, елдік пен ерлік белгісі. «Бостандығы жоқ елде өлім мен шөгу бар. Қандай да болмасын ілгерілеу мен азаматтықтың анасы - бостандық», «Түрік үлты деген сөз - түрік тілі деген соз. Түрік тілі - түрік үлтының қасиетті қазынасы. Түрік тілі - түрік халқының жүрегі, ақыл- ойы. Өйткені халқымызды ұлт ретінде калыптастырған, оның дәстүрін, естелігін, мүддесін қасиетті тілінің аркасында сақтаған», - деп Ататүрік үрпақтарына өсиет қалдырған. «Анадолыда Түрік Республикасын кұрған үлы бабамыз Мүстафа Кемал Ататүрікке тағзым ету бізге зор парыз жэне кұрмет. Ататүрік жолымен Түрік елінің ынтымағы нығайсын», - деген еді Н.Назарбаев. Қазақ халқының ғана емес, исі түркінің үлгі түтар мақтанышына айналған қайраткердің бірі эрі бірегейі Мүстафа Шоқай - азаттык күрескері, түркі халықтары бірлігінің ту үстаушысы. Түркі халықтарының мүддесі үшін күреске ақыл-ой, күш-қайратын қалтқысыз жұмсаған аталған қайраткердің бірі 1921 жылдан 1941 жылға дейін


өз елінен жырақта өмір кешкен, Бүкіл саналы ғұмырын тәуелсіздік идеясын көтеруге арнаған күрескер, Орталық Азиядағы қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, ұйғыр, тәжіктерді «түркістандықтар» деп атап, осы ұғымды дэйектілікпен қалыптастырған қаламгер. Мұстафа Шокай шығармаларын оқи отырып, біз өткендегі Түркістан халықтарының басына түскен озбырлықтың каншалықты зардапты екеніне көз жеткіземіз. Халқының шын перзенті, асыл азаматтың нактылы қүжаттарға сүйеніп, жүрек қанымен жазғандай еңбектері тарихшыларымыз талдап түсіндіре алмаған ауыр акиқаттарды еске салады; қауымның да, келешек буындардың да үлттық санасын оятуға кызмет етеді. Бұл туындыларды азатшыл ойдың энциклопедиясы деп қарасақ та артық емес.(«Қазақ», 21.11.2008). Мүстафа Шокай Түркістан жастарына арнаған үндеуінде былай депті: «Түркістан - бөлінбес, айырылмас бір өлке. Халқының каны бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты - өзінің құрылысы - миллет үкіметін құрып, дербес боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бүл жүмысқа алысып, шалысып қан төгіп, соғысып келеді. Біздің максатымыз - бүтін түркі өлкелерінің, бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік - пірідарлык жасап, сырткы дұшмандарға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою. Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап, Еуропаның әр тарабында жүрген, бүгінгі Түркиядатүрған Түркістан жастары, бірлесіңдер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың - еліміздің бакытына кызмет етпек. Мүны үмытпаңдар! Түрік халқы - батыр халық, Түрік халқы - арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей Біздің Түрік баласы. Алдырып жүрген дүшманга Ауызының аласы. Бұл нақыл сөзді үмытпауымыз керек. Бэріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз! Сол үшін, күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздің күніміз қараң. Мұны ұмытпау керек түрік баласы» (Берлин, 1936 жыл). М. Шоқаймен бір мезгілде қызмет жасаған түркістандық саяси эмигранттар - А.З.Уәлиди, А.Ысқақи, Ж.Ақшора, Ә.Топшыбашоғлының қай- кайсысы да болмасын азат және тұтас Түркістан үшін өз өмірлерін арнаған түлғалар еді. Ынтымақтастық пен ауызбірлік жөнінде. Өкінішке орай, ел билеушілердің ауызбірлігінің жоқтығы, күншілдігі, жікшілдігі, өзара жауығуы халыққа қыруар кесірін тигізіп, қасиетті туған жерінен айырған, мемлекетінен. тіпті тілі мен діл1нЩ)“^ " лэ^^рғдн^к^з^-аз— емес. \|акЙі'іР^озган-еайыіҒаамаҢі та^кыметіне- үшырап, империалистщ^ 7


отарлаудың зардабын шегіп, тарыдай шашылған түркі халықтарының сан ғасыр бойы басы қосылмай келді. Сыртқы жаулардың үздіксіз жүргізген шапқыншылығы мен жымысқы саясатынан қайсыбір түркі халықтары өз атамекенінде азшылыкка айналып отыр. ¥зақ жылдар бойы туыс халықтардан оқшауланып, басқа тілдік ортаның қоршауында азшылыққа айналып, ассимиляцияның кері әсерінің зардабын тартып отырған гагауз, салар, сары үйғыр, үрым, қарайым, қырымшақ, хотон т.б. көз алдымызда өліп бара жатқан тілдердің мүшкіл халі баршаға аян. Иісі мүсылман қауымы боп, бүкіл түркі үлыстары бірігіп, сонау көне дәуірден зобалаңға үшыраған қандастарының мүңын мұңдап, қалай еткенде ескерусіз қалдырмас. Мүның өзі рухани бастауынан ажырап, үлттық белгісін жоғалтып ала жаздаған халықтардың этникалык сұранысын қанағаттандыру керек деген Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанған саясатына сэйкес келмек. Өткеннің тағылымынан сабақ алмай, оның өзекті өртер өкініштерін көңіл таразысына салып сараламай, келешекті бағдарлай алмаймыз. «Көп асылының біразынан, үлттық игі қасиетінен көз жазып калған халык аз емес», - дейді белгілі ғалым әрі коғам қайраткері Өзбекэлі Жәнібеков («Егемен Қазақстан», 21.07.1993). Халықтық таным мен ұлттық касиеттің бірер жылдың жемісі емесі анық. Түркі әлемінің түтастығына жеткізер ортақ рухани дүниеміздегі өшпес қүндылықты тереңірек эрі толығырақ зерттеп тану аркылы өсер үрпақ жүрегіндегі үлттық намыс, отаншылдық сезім бүр жармақ. Өзін сыйлаған, ата-баба кадірін білетін ұрпақ білімсіздіктің бет шіркеу боларын түсінеді. «Бірліктен асқан береке жок» дейді халқымыз. Бәрінен де соған ақау түсірмеген абзал. Дэтке куат болар нэрсе-кіндік Азиядағы бес түркі халқы ежелгі арманына жетіп, бодандықтан қүтылып, азат ел ретінде тэуелсіздіктің туын тігіп, дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесіне айналды. Осылайша төрт ғасыр бойы жалғызсырап келген Түркияға бес егемен түркі елі косылды. Бодандыктың каралы да қасіретті күндерінен, ұлтшылдық туралы айыптаудан қүтылған осы бес мемлекеттің алдында байтак даланың асты-үстіндегі түнған байлықты жөнімен ұксатып, өтпелі кезең киындығынан шығу, астам пиғылдардың шылауында кетпей, заманалық қүбылысты мүқият қадағалап, қарымқатынас орнату жолымен егемендігін нығайту, тәуелсіздігін баянды ету, орнықтылыкты шайқалтпау міндеті түр. «Татулык - таптырмас бақыт» дегендей, түркі халықтарының ежелгі арман-мақсаты мен ортақ мұраты - достық қарым-қатынас орнатып, ауызбірлікпен тірлік кешу, іргемізді ешкашан ажыратпау. Сан гасырға созылған отарлық езгіде пұшайман күн кешіп, енді-енді ғана ес жиып, етек жаба бастаған тарихи тамыры ғасырлар койнауынан бастау алып жатқан түбі бір туысқан халыктар бір-біріне қырын қарамай, жылы кабақ танытып, туыстығын сезіне білсе - ең үлкен олжа сол. Бағзы бір заманда сонау Алтайдан бастап Батыс Еуропадағы Ду18


най өзеніне дейінгі аралықта көшіп-қонып тіршілік еткен, шығыс деректерінде Дешті Қыпшак аталған даланы тұлпарының тұяғымен дүбірлеткен ерлігі ерен түркі жүртының өз ішіндегі алауыздық, үздіксоздык шайқас онсыз да бытыраңқы, бір тудың астына біріге алмаған, бір орталыққа бағынып үлгермеген халыктың арасын ажыратып, одан әрі бөлшектеп, этникалық түтастығын жоғалтып алғаны, кайсыбір тобының баска бөтен үлыстың кұрамына еніп кеткені белгілі. Жершіл, тайпашыл, рушыл, жүзшіл болып бөлініп жіктелген, шашыранған кайсыбір түркі үлыстарының өзгелердің үстатқан сойылымен жакындарына сілтемек болғаны ел арасына кыруар қиыншылық пен касірет тудырғанын білеміз. «Үй өзімдікі деме, үй сыртында кісі бар» дейді халық даналығы. Өзімізге өзіміз сын көзімізбен карасақ, елдің намысын, ердің жігерін жанитын әрекетті ұлықтасақ, үлт келешегінің үпайы да түгелденбек. Намысшылдығымен, ержүректігімен элемге әйгілі түркі жүртын бағындырып, бодандыққа мойынсұндырып, тіпті тұп-тұкиянымен жойып жіберудің ең бір таптырмас амалы олардың арасына іріткі салу болғаны белгілі. Қазак мәтелі «Жаман үйді конағы билейді» дегеннің керін келтірмей, эр түркі үлысы жат елдің кылықтарына жөнсіз бой алдырмай, өз тіліне, өз діліне, өз отбасына, салт-дәстүріне, рухани жэне мәдени құндылығына берік болса, бізді дау да, жау да алмак емес. Олай болса жалпы түркілік карым-катынас негізінде бірлігіміз нығайып, мэдени байланыс, экономикалық алыс-беріс жаңа арнада жан-жақты дамып, небір күрделі жағдайда бір-біріне қарасын болып, қол үшын созып отырса, арасы алшактап кеткен бауырлас халыктар арасы біртебірте жакындай түспек. Сол арқылы элемдік саясатта да айбынды түтастыққа жетпекпіз. Дана бабаларымыз бірліктен қалған жүрттың тірліктен де үміті үзілетінін кадап айткан. Оған мынадай накыл сөздер айғақ болады. Береке басы - бірлікте. Бөлінгенді бөрі жейді. Татулық - тас камалдай. Бірлігі бар елдің берекелі тірлігі бар. Дауы көп елдің жауы көп. Жүрт ұйысқандай жиын болсын, жүмылған қолдай үйым болсын. Ынтымак бүкіл істі тындырмақ. Бірлік - мүратың, тірлік қуатың, ырыс алды - ынтымак. Қарына тартпағанның кары сынсын. Ынтымақ пен бірлік біте қайнасқан жерде табыс та болады. Түбі жакынның үйі жақын. Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар. Барымызды үқсатып, жоғалтқанымызды індету үшін, дәстүр жалғастығының тиісті деңгейде болуы қажет, бауырластық пен ынтымак керек. Бүл күнге бүгін емес, көптен кірдік, Алдын-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен кол, бір жерден сөз, Алалык алты бакан, дертпен кірдік.... 19


Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, Еліріп ерегіске екі-үш күндік. Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің енді білдік», - деп Ахмет Байтүрсынов боска айтпаған. «Бірлігі бар елдің тірлігі де түзелмек», - дейді халқымыз. Қолдың саласындай боп, қатар, тығыз тұрғанды жат та болса сыйлайды. Ал сол бірліктің жолы қандай? Жер, ел, тіл, дініміз бен діліміз, көне тарихымыз бен салт-дәстүріміз - ең киелі, қасиетті үғым, әр халықтың қастер түтар мүраты, ұлттық идеологиямыздың аса маңызды тармағы, туыс халықтарды байланыстыратын күре тамыры. Жері, ұлты, тілі - тәуелсіз елдің үш түғырлы тірегі іспеттес екені айтылып жүр. Рухы биік елді ешкім де, еш киындык та жеңе алмайды. Түркі елдерінің мүдделестігі. Туыс халықтарды рухани жақындастыру баршамыздың міндетіміз деп жүрміз. «Айында көрмесең ағайын жат, жылында көрмесең жегжатың жат» дейді халық даналығы. Бүкіл түркі тілдес әлем мәдениет пен өнер жағынан да, саясат пен әлеуметтік жактан да біртүтас болып тығыз ынтымақтастықта жақындасуы арқылы тарихтан тиесілі үлес салмағын қалпына келтіріп, арттыра түспек. Сонда ғана туыстык ғұмыры үзақ болмақ, керек десеңіз туыс халықтар бір - бірін жақсырақ түсінетін ортак тілдің де қалыптасуы мүмкін. Кеңестік империя күйрегенде егемендік алған жас мемлекеттер әлемдік деңгейде ақпарат тарата алмауы себепті кейде арандатушылык эрекеттердің кұрбанына айналған. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында Әзербайжан жерін күшпен басып алу фактілері кездесті, ал біз оны халықаралық деңгейге көтеруге кауқарсыздық таныттық. «Геноцид» проблемасын ойдан шығарған армяндар Түркияның әлемдік саясаттағы беделіне нүқсан келтіруге тырысып жүр. Түбі бір түркі әлемі жеке-жеке бөлініп кетпей, біріккенде ғана жаһандану кесапатынан аман қалмақ. ¥лттық рух - тарихи санамен бірге дамып, өсіп же.тілген үлы қүндылық. Сөз жок, рухы кем үлтта бірлік, тұтастық болмайды. Алауыз ел қашанда кері кетуге бейім. Сатқындық, коркақтык, жемкорлық, дүниакоңыздыктың бэрі - рухани азғындық. Демек туыс халыктарды рухани жағынан жақындастыру - баршамыздың міндетіміз. Өйтпесек,’ шықсак; - шығар тауымыз бір, жығылсақ - жатар шүңқырымыз бір, бір ауызды, бір тілекті, біртұтас ел бола алмаймыз. ¥лы Абай «Біріңді қазақ бГрің дос көрмесең, істің бэрі бос», - деп болашакка көбірек үміт артып айтқан секілді. Х.Оралтайдың «Атам - казак, үраным - Алаш, дінім - ислам, кітабым - қүран, тегім түрік», - деп айтқаны бар. XXI ғасыр түркі халықтарының бірігу дәуірі болмак дегенді айта отырып, Түркиядан келген бір кайраткер былай деген еді: «Біз Анадолы түріктері - кіндік қаны Қазақстан топырағына тамған бабалардың үрпағымыз. Ақмешіт 20


пен Алтай арасында сайран салған бабалардың ұрпағымыз! Сондықтан ата жүртты эрдайым аңсап жүретін біз Қазақстанда болып жатқан эр құбылысқа елеңдеп, жетістіктеріне сүйініп отырамыз. Бір қазақ бауырымыз менен: «Түркияда қанша казак бар?» деп сұрады. Мен: «70 миллионная астам қазақ бар» деп жауап бердім. Бұл - біздің елдегі барша түркі халқының саны».(«Қазак әдебиеті», 26.09.2009). Ата дәстүрімізден ауытқып, үрдісімізді үмытып, салт-санамыз бен дінімізді талақ етіп, мэңгүрттікке мэз болып, барымызды ұқсата алмай, қағида- кәдемізден айрылып, тіліміз бен діл сенімін аяқ асты етіп, дүбэра боп құрдымға қүлап кетуге шак қалған түстарда жол тапкан, елім деп еңіреген ер - азаматтарымыз қарға тамырымыз бен қарым-қатынасымызды, босағамыз бен болашағымызды сақтап қалуға тырысқан. Бар өмірін туған елінің жарқын болашағы үшін күресуге арнаған Ататүрік пен қазақтың ержүрек ұлы Тұрар Рысқүловтың «Түріктің түріктен басқа досы жоқ», «түркітілдес, түгел бол» деген үранының өзектілігі, түндігі де, кіндігі де тамырлас елдердің жүдырық болып жұмылғанда ғана элем алдында елеулі күш бола алатыны уақыт өткен сайын дэлелденуде. Бұл аталы сөздер түркі халықтарын шын мэніндегі тәуелсіздікке, егемендікке ұмтылған бүгінгі тарихи кезеңінде туысқа туыстың кол созуына үндеген үранындай естіледі. Күллі түрік ағайындардың өзіндік болмыс-бітімін жоғалтпай, тіл мен дінін сақтауы үшін де, олардың үзіліп қалған байланысын жолға қойып, жан-жакты қарым-қатынасын жандандырып кеңейте беру үшін, түбі бір туыскан халыктардың тұрмыс-тіршілігімен, арман-мүддесімен, салт-дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен танысып хабардар болғанда ғана бүл аталы сөздің үлкен мэнге ие болары анық. Түрік елімен өз мәніндегі карым-қатынас пен рухани бірлікті нығайтуды армандаған казак ақыны Мағжан Жүмабайүлының «Түркістан» атты өлеңінде: Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда Ер түрігім туып-өскен. Тұранның тагдыры бар толцымсиіы, Басынан сан тамаиіа күндер кешкен. Түркістан - екі дүние есігі гой, Түркістан - ер түріктің бесігі гой. Түранга жер жүзінде жер жеткен бе? Кең ақыл, отты ңайрат, жүйрік қиял Түранның ерлеріне ер жеткен бе? - дей келіп, «Түранның тарихы бар отты желдей, заулаған калың өрттей аспанға өрлей», - деп, үлы бабаларымыздың даналығы мен көрегендігіне, ерлігі мен күш-қайратына ден қойғаны, ер түріктің болмыс-бітімін асқақтата жырлағаны белгілі. Соңғы жылдары күллі түркі халықтарына бірдей оқу-ағарту жүйесі, әліпбиі, діни жэне мәдени мекемелері, насихат пен ақпарат қүралдары жататын тіл, дін, салт-дәстүр, сана-сезім ортактастығына жету мәселесі 21


жан-жакты сөз болуда. Туыс халықтарды тонның ішкі бауындай жакындастырып, мақсаты ортақ, мүдделес жұрт етудің басқа бір елге қарсы бағытталмайтыны түсінікті. Сондықтан түркі мемлекеттерінің жақындасуын элдебіреулердің байбалам салып, этникалық бөлектену деуінде еш негіз жоқ. Керісінше, бүл - экономикалық жэне мэдени ынтымактастыктың жандануы, аймақтағы бейбітшілік ісіне қызмет ету, әлемдік өркениет көшіне қосатын күш. Рас, кайсыбір кезде «біздің халыққа жалпақ шешей болудан іргесін аулақ салғаны дұрыс. Туысқанбыз, қандаспыз деп, басқаның қолтығына кіре салған жөн емес. Жеке, тэуелсіз ел болған соң өз жолымызды даралап алғанға не жетсін» деушілер де табылады. Алайда бүйректен сирак шығармай, туыс халықтар арасына жік кіргізбей, егемендігімізді қадірлейміз десек, өміршең ұлттық мүдде мен болмысымызды, аймақтық қажеттікті көзден таса етпейміз десек, халқымыздың басына орасан зобалаң әкелген қателіктен тағылым аламыз десек, түркі жұртының ішкі бірлігі, рухани-этникалық жақындығы мен өзара ынтымақтастығына ұмтылып, өз ұлтын, тілін, мәдениетін, рухани байлығын, өткені мен тарихын бәрінен жоғары қойып, ел болып еңсе көтеріп, өркендеуіміздің кепілі болар саясат үстаналық. Егеменді ел атану. 1991 жылы желтоқсанда Беловежь Нуында Ресей, Украина жэне Белоруссияның президенттері ТМД мемлекеттерін қүру туралы келіссөзге кол қойып, КСРО қүлады. Соның арқасында бес Түркі Республикасы да тәуелсіз елге айналды. ТМД кұрамындағы бес түркі елінің тәуелсіздігін элем жұртшылығы алдында таныған алғашқы ел Түркия болып табылады. Бір кездері Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік уақыты толып, мезгілі жеткенде Кеңестер Одағының ыдырап, құрамындағы түркі халықтарының тэуелсіздік алатынын болжап, қандастар төс түйістіріп, қауышатын сол күнді жақындату үшін дайындық жасауды өзінің ізбасарларына аманат етіп кеткен екен. Халқымызға сағындырып, зарықтырып, аңсатып әзер жеткен тэуелсіздік- касиетті үғым. Аталарымыздың «егемен болмай, ел болмас» деп айтқанындай, оның біздің ең басты қүндығылығымыз, ел тарихындағы бірегей белес, елдіктің, азаттықтың, кемелдену мен келешекке қүлаш сермеудің жаңа кезеңі, ежелден бергі ел арманы екені белгілі. Еліміздің бағына берген тэуелсіздікті нығайтудың маңызы жайында елбасымыз Н.Назарбаев былай дейді: «Әрбір ел өзінің тәуелсіздігі мен бостандығын ең басты байлығы деп есептейді. Хальщ үшін Отанның азаттығынан кымбат ештеңе жоқ. Аңсап күткен азаттық біздің үрпақтың еншісіне бұйырды. Бүл бір жағынан өлшеусіз бақыт, екінші жағынан өте үлкен жауапкершілік. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап қалу элдеқайда қиын. Бүл - әлем кеңістігінде ғүмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи 22


шындық. Алауыздық пен жан- жакка тарткан берекесіздік талай елдің тағдырын кұрдымға жіберген».(«Қазақ эдебиеті», 17.09.2004). Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мэдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, эдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз (Ахмет Байтұрсынұлы, алаш кайраткері). Мемлекеттігі жоқ ел - жетім ел. Әр ұрпак өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, эйтпегенде болашак үрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. «Кейінгі үрпак не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» (Әлихан Бөкейханов, алаш қайраткері). ¥лттық рухсыз үлт тэуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жок та, білмейді де. ¥лт азаттығы - үлттык рухтың нәтижесі. Ал үлттық рухтың өзі үлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді. Тәуелсіздік - өткенге тағзым, ертеңге тағлым. Өзінің ішкі бірлігін нығайта алған халықтар ғана тэуелсіздігіне қол жеткізе алады және оны қорғап қала алады. «Еркіндік қайда болса - елдік сонда». «Егемен болмай ел болмас» дейді халық даналағы. Атамекенді сүю - оның түтас мүддесіне кызмет ету, осы жолда әркашан кызмет етуге керек болса, жанпида кылуға дайын түру болып табылады (Мүстафа Шокай, алаш қайраткері). Кеңес Одағы таратылғаннан кейін Қазакстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауға мүмкіндік алды. Енді мүны баянды ете алмасақ, үміт артатын тағы бір сәт тумауы да мүмкін. Мемлекеттің тэуелсіздігімен ойнауға болмайтындығының сыры осында. (Өзбекәлі Жэнібеков, коғам қайраткері).Еліміз тэуелсіздік алғанда куанып отырып, жылап отырып жыр- толғау жазғаным - өмірімнің сәулелі сәті (Күлэш Ахметова, ақын). Тәуелсіздікті түғырлы етіп, егемендігімізді нығайта түсуде Елбасының аткарар қызметі айырықша. Сондай-ақ Елбасының халықаралық көлемдегі абыройы еліміздің де беделін көтере түспек. Өкініщке орай, қайсыбір кезде демократия деген сөзді пайдаланып, артык кетіп жүрген жағдай да аз емес. Атакты қытай ойшылы, философ, мемлекет қайраткері Конфуций «Бала әкеге бағыну керек. Патшаға ел бағыну керек. Ол туралы жөнсіз сөз айтпауы керек. Биліктің басында отырған адамға карамағындағылар бағынуы керек. Осының бэрі сакталатын болса, мемлекет мықты болады» деген екен. Заңдықтүрғыдан ресімделмеген шекара болмай түрып, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігі туралы эңгіме козғау мүмкін емес. Бұл эсіресе, өзінің көпғасырлық азапты тарихында, осы сөздің толык мағынасында, мемлекеттік шекарасы болмаған казак халқы үшін өткір мэселе еді. Өйткені Қазақстан шекарасының үлкен бөлігі үлы державалар - Ресеймен жэне Қытаймен байланысты екенін ескерсек, максатқа кол жеткізудің қаншалықты киындыкка түскенін нақты түйсінуге 23


болады. 1995 жылдың қаңтарында орасан күш-жігер жұмсаудың нэтижесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылса, ал 2002 жылы Астана мен Пекин арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу аяқталды. Бұл тарихи табыс бірінші кезекте біздің тұңғыш президентіміздің орасан ерік- жігерінің, сирек кездесетін адами харизмасы мен жоғары дипломатиялық талантының арқасында мүмкін болды. Әсіресе Қытаймен келісімге келу киындық тудырды; олардың сәлпэл жырымдап өзіне қаратып алған алқаптары да жоқ емес. Бір ғана өзім туып- өскен шекаралы ауылда Хасен сайды, өзен сағасын өзгертіп, бірнеше гектар жерді өзіне қаратып алғаны - мүның бір айғағы. Өкінішке орай, 1998 жылы 4 шілдедегі келісім бойынша Қазақстанның 400 квадрат километр жері Қытайға берілді. «Максимум информации - китайцам досталось 43 процента, нам 57 процентов территории (забывают обычно уточнить: нашей территории)». («Новое поколение», 26.02.1999). ТҮРКСОЙ халықаралық үйымы. Түркітілдеселдердіңынтымағы мен ауызбіршілігін арттыру арқылы олардың этногенезін, әдебиеті мен мәдениетінің түтастығын зерттеп, мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтудың маңызы айтылып жүр. Соған орай 1993 жылы Алматы қаласында алты егеменді түркі республикасы арасында ТҮРКСОЙ аталатын түркі мәдениетінің халықаралык үйымын құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Кейіннен Ресей Федерациясының қүрамындағы Татарстан, Башқүртстан, Тыва, Хакасия, Алтай мен Саха (Якутия) Республикалары мен Молдова Республикасынын кұрамындағы Гагауз Автономиялык Территориялык Бірлігі жэне Солтүстік Кипр Түрік Республикасы ұйымга бақылаушы мемлекеттер ретінде қосылды. Осы аталған он төрт түркітілдес халыктың басын біріктірген бүл халыкаралық үйымныц кұрылуындағы басты көзделген максат - түркітілдес мемлекеттер арасында мәдениет жэне өнер саласындагы ынтымактастықты дамыту, түркі елдерінің мәдени құндылыктарын зерттеп, көбейту, түркі елдері мәдениеттерін дамыту, оларды кайта жандандыру, түркітілдес елдердің мэдениеті мен өнері туралы халыкаралык акпарат орталығын жэне мүрағатын кұру екені атап өтілген. Бүгінде тіл, тарих, дін, ұлттық дәстүр, өнер мен мэдениет мэселесін күллі түріктік биіктен котеріп жүрміз. Бүкіл түркі жүрты бірлігінің балама атауына айналып отырған аталған үйым туыс халықтардың тілін, дінін, ділін қазіргі ұрпактың санасына сіңіріп, бірлесе дамытып, сақтау секілді игі максатқа баршамызды жүмылдырмақ. Қазіргі үрпаққа түркі халкының күллі элемге із калдырған көне тарихына тереңірек үңіліп, шыккан тегін, ғибратты кэсібі мен салт-дәстүрін таныстыру арқылы оларды рухшыл, отаншыл, үлтжанды етіп тәрбиелей аламыз. Бүл үйым 24


татулык пен тұрақтылық негізінде бүкіл түркі дүниесінің мүддесіне орайлас элемдік өркениеттегі оның орнының берік болуын қамтамасыз етпек. ТҮРКСОЙ-дың беделін көтеру, нығайту, қүрылым тиімділігін арттыру, оның қызмет аясын білім, ғылым мен техника, өнер, спорт саласымен кеңейте отырып үйлестіру, сайып келгенде, түркі халқының туыстық қарым-қатынасын жандандыратын ортақ кұрылымға айналдырмақ. Істелетін істің бір парасы саналатын туыс халыктардың тарихи маңызы зор ескерткіштерін қалпына келтірудің, соның ішінде таңғажайып сәулет, археологиялық түрін бірлесе зерттеудің берері мол екені анық. ТҮРКСОИ үйымға мүше елдердің басты мәдени оқиғаларын, мерейтойларын, атаулы күндерін халықаралык деңгейде атап өтуге ерекше мэн береді. Аталған ұйым шекараларды күштеп өзгертуге жол бермеу туралы өз үстанымдарын қайта растап, бейбітшілік пен түрақтылыққа, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтың түтастығына қауіп төндіретін басқыншылык әрекеттеріне қарсы халықаралық қоғамдастық күресін күшейту арқылы жаһандық қауіпсіздікті камтамасыз етуді де назардан тыс қалдырмайды. ТҮРКСОИ-дың мэліметтерінде алда түрған міндеттер айқындалып, элемдік ақпараттық кеңістікте бірігудегі өзара ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтатын шаралар айқындалып, түркі халықтарына ортақ телеарна құруға, ақпарат кеңістігін ашуға шешім қабылданды. ТҮРКСОИ түркі халықтарының ортақ мәдени мүраларын элемдік деңгейге көтеру мақсатында халықаралық ұйымдармен тығыз қарымкатынас орнатуда. Атап айтқанда, ЮНЕСКО үйымымен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшарт бар. ТҮРКСОИ-дың бас атқарушы органы Анкара қаласында орналасқан. Үйымның ресми жұмыс тілі - түрік тілі (ТҮРКСОИ-дың таныстырым материалынан алынды). Салт-дәстүрлер туралы. Түркі халыктарының мәдени-рухани тұтастығын терендетуде ортақ әдет-ғүрыпты жандандырудың атқарар кызметі айрықша. Болашақта түркі елінің тізгінін үстайтын бүгінгі ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн. Халықтық қалпымызды айғақтайтын салт-дәстүріміздің байыбына барып, оны адамзаттық игіліктің озық үлгілеріне сәйкестендіріп жетілдіре түсу - қазіргі үрпақтың перзенттік парызы. Салт-дэстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мэденитінің діңгегі, тілінің тірегі. «Халқым қандай десең - салтымнан сынап біл!» дегендейін, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, үлгі -өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл- ойы, сондай-ақжаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршағанжандыжансыз әлемге деген моральдык, танымдық, этикалық көзқарастары байқалып түрады. Халық өзінің салт-санасымен, дэстүрімен, рухани кұндылығымен мың жасамак. Соған орай салт-дэстүрге деген сый25


құрметі сакталса ғана түркі халқының аражігі ажырамайды. Атақты Пифагордың «жақсы кабылданған заңнан жаксы салт-дэстүр артық» деп айтқанындай, салтынан айрылған жұрт халықтық қалпынан да айрылады екен. Ғүламалар халықтық қалпынан айрылуды ана тілінен айрылумен байланыстырады. Т үркі халықтарын бір-бірімен жақындастыратын алтын көпір - салтсанасы, мәдениеті мен өнері. Біздің ежелгі тарихымыз бен мәдениетіміз ортақ, бүгінгі арман- мақсатымыз ортақ. Халқын сүйген - салтын да сүйеді. Түркі елдері ғибраты мол ғүрпын, сарабдал салтын, үлттық дэстүрін, үйлесімді де әдемі эдетін кейінгі үрпақтың бойына дарытып, сүйегіне сіңіріп орнықтыруга атсалысуда. Халықтық педагогиканың озық үлгілерін оқу-ағарту ісімен үштастыру да өз жемісін бермек. «¥лт боламын десең, үрпағыңды ойла. Халық боламын десең - қалпыңды сақта. Ел боламын десең - елдігіңді сақта, халқың ел болып алдыңа келсе - алдымен бесігіңді сақта» - деп заңғар жазушы Мүхтар Әуезов ұрпақ тэрбиесіне баса көңіл бөлген. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды үлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де көз жазып калғанымыз белгілі. Өкінішке орай, 50-жылдарға дейін қайсыбір түркі республикаларында бұрынғының жөн-жоралғысын түгелімен ескінің сарқыншағы, еркіндікті таптаған келеңсіз үрдіс ретінде бірыңғай каралап, жокка шығарып келгені белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылык атаулы ата салтына, елдік дәстүріне салкындықтан екені белгілі болып отыр. «Ата салтың - халықтык калпың» дегендей, өз жүртының кадір- қасиетінен мэлімет беретін ғұрпын касиеттеп, оған мейлінше кұрметпен карау - үлтымызға, елдігімізге сын. Тыңдар күлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, баска елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортак мүралары, түрмыс- тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жүртшылыкты жалпы түріктік отаншылдық пен елжандылықка тэрбиелеуде маңызды міндет аткармақ. Түркі тектес елдердің түпкі тарихы ортақ болғандықтан, олардың әдет-ғұрпы, салт-дэстүрі де бір-біріне жақын, үқсас. Туыс халықтарға ортак мүндай салт-дәстүр - саркылмайтын қазына. Соны ел кәдесіне, үрпақ тэрбиесіне жаратуға үлес косу - азаматтык парызымыз. Түркі халыктарының ата-бабаларының өмір тәжірибесінен өтіп түзілген, уақыт сынынан өтіп сүрыпталған халықтық салт-дэстүрі үрпағымызды кісілікке, парасаттылыкка тәрбиелейді. Мүндай адамдық асыл касиетті сэби күнінен жанына сіңіріп, сонымен тәрбиеленіп өскен үрпак ешкашанда көрнеу қиянатқа бармайды. Өз салтын қасиет түтатын жерде түсіністік бар, түсіністік бар жерде ынтымак бар, ынтымақ бар жерде береке бар. Үлттык тәлім-тәрбие жөнінде. Өз елін, жерін, үлтын, әдет-ғұрпы мен ділін, мәдениеті мен өнерін, тарихы мен әдебиетін, тілі мен дінін - барша күндылығын қастерлеуді бала бойына сіңіруді ерте бастап, 26


ұлтжанды ұрпак өсіру - ең жауапты міндет. Данағой бабаларымыз «Жаста берген тэрбие - жас шыбықты игендей», «Тэрбие басы - талбесік», «Отбасы - алтын діңгек», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп кадап айткан. Әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тэрбие беру керек. Тэрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген екен. Түркі әйелдері сэбиін тербетіп отырып бесік жырын айтатын. Сол аркылы үлттық негіз, сана, тіл, әуен, эуез сәбидің бесіктегі кезінен бастау алған. Қазак халқының үлы перзенті Мүстафа Шокай: «¥лттык мэдениеттен жүрдай рухта тәрбиеленген үрпактан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шыкпайды» - деп, ұлт болашағын үлттык мектепте, үлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен. Ұлттык тілді, үлттык тарихты, салт-дәстүрді бойына сіңірмеген, үлт мэдениетін игермеген адам елге тірек болып жарытпайды. Түркі халкының салт -дәстүрі - сарқылмайтын өміршең қазына. Сол қазынаны ел кәдесіне, үрпақ тәрбиесіне жаратуға үлес қосу азаматтық парызымыз. Халкымыздың тэлім- тәрбиелік мэдениетінің бастауымен түп - төркіндерін сонау есте жоқ ескі заманнан, сонау Орхон -Енисейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мүралар мен осы күнге дейін түрмыс- тіршілігіміздің орын алып келе жатқан салтдәстүрлерімізден табылады. «Отан отбасынан басталады». «Отанды сүю-иманнан». «Жетесіздік баладан, көргенсіздік - ата - анадан, тексіздік - ата- бабадан. Тектінің үрпағы, көргендінің баласы» дейтіндей бол» деп дана бабаларымыз айтып кеткен. Адам баласының имандылығы мығым болса, ол ешкашан салт-дәстүрін сатпайды, тілін тежеп, боямаламайды, рухын аласартпайды. Бүл жерде имандылық дегеннің өзі - адамгершіліктен биік белесі. Түркі халқының өзге жүртқа оншалық ұқсамайтын болмысбітімін даралап , өзіндік тағдырын айқындайтын ерекшелігі баршаға аян. Халқымыздың ең аяулы, ең қасиетті қүндылығының бастысы - салт-дэстүрі мен содан туындайтын ұлттык тэлім- тэрбиесі. Түркі халқының ұлттық мінез-қүлқы мен тәлім-тәрбиесінің, салт дэстүрінің шетелдіктерді сүйсіндірген түріне олардың қонақжайлығы, үлкенді сыйлағыштығы, достыққа беріктігі, балажандығы, туыстық карымқатынасының ойдағыдай болуы, бар ықыласымен сәлемдесуі т.б. жатады. Біздің болашағымыз - жас үрпақ. Жастарымызды өз еліне, отанына, туган жеріне, болашағына деген жауапкершілік сезімін тэрбиелеудің маңызы зор. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарты үлтты сүю, ұрпақ санасына үлттык рухты сіңіру, үлттық идеяның арқасында береке - бірлікке қол жеткізу, өршіл үлттық намыс, үлттық рух екені анық. Халкымыздың ең тамаша қасиетінің бірі - балажандығы. ¥лттың болашағы үрпақ тәрбиесінен екенін, үрпақсыз келешек жоқ екенін 27


түсінген бабаларымыз ұрпақ жалғастығына зор жауапкершілікпен карап, бар игілігін соларға арнап, бала десе байыз таппаған. ¥рпағының бойына адалдық, тазалық, еңбек етуге құштарлық сияқты дағдыны дарытуды, ата-ана мен дәстүрді сыйлауды эуелден- ақ өзіне мұрат тұтқан. Еврей халқы балаларын титімдей күннен-ақ: «Сен ұлысың, сенің қолыңнан бэрі келеді» деп баланы қанаттандырып тәрбиелейді екен. Артымда байлық калғанша, бала қалсын деп тілеген біздің де бабаларымыз өз ұрпағын күмбірлеген күймен, саз аспабының үнімен, асқақтата салған энімен, ғашықтық жырымен, шешендік сөзімен, айтыс өлеңімен сан ғасыр бойы «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-үжданы жоғары, намысты азамат етіп тәрбиелеп келген. Олар әдепті де шыншыл болуды, қайырымды да иманды болуды, отбасы мен жақынын қорғайтын батыл да намысты болуды, саналы да білікті болуды өмірлік темірқазық етіп үрпағының миына қондырған. Ерте заманнан түркі үлыстары үлдарын ер мінезді, өжет, намысшыл етіп, қыздарын нэзік жанды, қылықты етіп өсіруді мақсат түтқан. Өкінішке орай, қазіргі таңда қайсыбір ата-ананың балаларын келеңсіздіктен тиямын деп қоркытып, үрейлендіруді, былапыт сөздер айтып балағаттауы, зекіруі, оларға күш көрсетіп үрып-соғуға дейін баруы тәрбиенің ең зиянды, барып тұрған аса тұрпайы, өрескел түрі екенін өмірлік тәжірибе айғақтап отыр. Балаларды ұрып-соғып қорлау оларды қатыгез, нойыс, дөрекі немесе ынжық етеді, олардың еркін ойлауына, еркін өсуіне кедергі келтіреді. Мүндай шараның баланың жүйкесіне ғана емес, жүрек, бауыр, қан айналымына да зиян келтіретіні, оларды эралуан дертке шалдықтыратыны медицинада дәлелденіп отыр. Ел келешегін көркейтетін - білімді үрпақтың жарқын болашағы үшін ең керектісі - қайсыбір бөгде елдің келеңсіз ұстанымына еліктемей, халқымыздың рухани жағынан жүдеп, азғындауына жол бермеу. Түркі халықтарының ұлттық салт- санасының жас үрпақты обал, сауап, адал, арам, күнэ, тазалық деген ұғым арқылы ізгілікке, имандылыққа, ар-үятқа, ынсап пен қанағатқа, бауырмалдық пен сыйластыққа, адамгершілікке баулитыны баршаға аян. Оларда жаппай ажырасу, жезөкшелік, нәресте көтеруді шектеу, тастанды бала, қарттар үйі деген болмаған. «Еркек - бас, әйел - мойын» деп ерлі-зайыптының сыйластығын, балаларының ата-анасын күрмет түтуын парыз қылған. Түркітанушылар ара-тұра айтып келгендей, туыс халықтарда тәрбие негізі саналатын имандылық рухани дүниетанымдағы парасат-пайыммен сабактасып жататын кең өлшемді ұғым. Түркілер имандылықтың үш негізі ретінде ислам дінін, ана тілін, үлттық салтдәстүрін өздеріне тірек еткен. Имандылық орныққан елде адамдар бірбіріне ерекше мейіріммен, жайма-шуақ көңілмен нүр себездейді. Жүрген ортасында зор құрметке бөленген кісіге қатысты «бетінен иманы төгіліп тұрған адам», «иманжүзді адам» деп шегіне жеткізе мадактау тегін емес. Кезінде ұлтым, жерім, тілім, ата салт-дәстүрім 28


деп өз өмірін елінің жаркын болашағына арнаған халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «1-ден, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жок елден қорқамын, 2-ден, немересіне ертегі айтып беретін эженің азаюынан қорқамын, 3-ден, дэмді, дэстүрді сыйламайтын жастардан қорқамын» депті («Егемен Казақстан», 13.03.2009). Үлкенді кұрмет тұту - түркі халықтарының ең кымбат дәстүрі. Біз аксақал мен кейуана ананы сыйлап өскен халықпыз. Ақсакал абыройы дегеніміз кылаусыз аппак қармен тең. «Үлкеннің тілін алмаған - үйдей бәлеге жолығады», «Жас албырттығын істейді, кэрі ойланып қимыл жасайды». «Жастары милы елдің қарттары сыйлы». «Қарттарын сыйлайтын елдің адамдары көп жасайды» дегенді бабаларымыз қадап айтып кеткен. Қазак «Атаңа неғылсаң, алдыңа сол келеді» деген үлағат сөзді жас үрпақтың санасына сіңіріп, тайтүяқтай бағалап, қатаң үстанған. Қартын үкінің балапанындай аялап, «қартайғанда бір бала» деп құрметтеген. Ата-анасын сыйламағанды қара өгізге теріс қаратып мінгізіп, ауылды аралатқан. Кез келген мемлекеттің келешегі берік отбасылық пен эралуан кұндылықтардың сақталуында екенін ескеріп, соны насихаттау мақсатымен ақсақалдардың қолдауымен үрпақ сабақтастығы, ерлізайыптылардың сыйластығы, анаға тағзым, эке беделін арттыру такырыптарына эңгіме үйымдастыру отбасы мерейін өсіре түспек. Аксақалдар алқасы араздасқандарды жарастырып, бірлесе жүмыс істеуге, сөйтіп қиындықты күш біріктіре отырып жеңуге тырысқан. Ел ішінде көнеден жеткен мэдениетіміз бен өнерімізді, жарасымды әдет-ғүрпымыз бен дәстүр - үрдістерімізді жетік білетін көргені көп көне көз қарияларымыз бен кейуана аналарымыз жас үрпақ тәрбиесіне белсене ат салысып, олардың санасына сәуле құяр деген үміттеміз. Ақсакалдардың өмірлік мол тәжірибесіне сүйене отырып, жәмиғатты кеңінен шүйіркелесуге тарту өзінің оң нәтижесін береді. Ата - бабамыздың уақытында салт- дәстүрімізді айрандай үйытып үстаған тұста түркі ауылының бірде- біреуінде жесірін жылатып, аруын он жакта үстап, ер- азаматын аяқтандырып отау етпеген қасірет болмаған. Түркі халықтары жетімін де, жесірін де қолдап-қорғап қамқорлығына алған. Бүтінді бөліп жеп, жартыны жарып жеп, бірін бірі жеткізген. Өкінішке орай, үлттық дәстүрі мен құндылығын әлсіретіп алған кайсыбір түркі ұлыстары «Үлкенді сыйлап өскен біз неге қатыгездікке үрындық? Неге жас нәрестелерді шырылдатып жетімдер үйіне қалдырдық? Неліктен ата- аналарымызды кэрілер үйіне өткізетін халге жеттік? Неге бұрын некен- саяқ кездесетін ажырасу қазір жиілеп кетті?» деген сауалдың жауабын рухани байлығымыздан қол үзіп қалғанымыздан іздеуде. Көреген қарттары жоқ ортада парасатты жастары да болмайтыны белгілі. Бірде таныстары қарттар үйіндегі таяққа сүйенген капалы қарияның өзін кінэлап сөйлеген еді. Өйткені 29


ол өз тілін шала-жансар еткен. Дінінен безген. Отбасынан баз кешкен. Бақытты өзге жақтан іздеген. Нэтижесі - әйелі, бала-шағасы, ашынасы тастап кеткен. Саналы ғұмыры арақ -шараппен, сайранқұмарлықпен, карта ойнап, көңіл көтерумен өткен екен. Діни бірлік туралы. Дін дегеніміз - көркем мінез. Дінге сергектік - ділге сергектік деп жүрміз. Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың «Ең алдымен иманды түзеу аркылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады» деп айтқанындай, түркі елдері - иманы түзу елдер болуға тиіс. Әлемдік өркениетке ерекше ықпалы тиген ислам дінінің адамзатты бейбітшілікке, мейірбандыкқа, тазалыкка шақырып келе жатқан діннің бірі екені айтылып жүр. ¥лт пен дін түтастығын сақтау түркі елдерінің іргесін бекітіп, нығайта түспек. Дінсіздік - үлкен қасірет. Өйткені дінсіз ортада рухани- адами қүндылықтар өз маңыздылығын жояды. Түркі халкы үшін «діннен безген», «қүдайсыз», «ант атқан», «кэпір» дегеннен ауыр сөз жоқ. Адам алладан қорқу керек те, айналасын сыйлау керек. Ислам діні - туыс халықтардың біртүтас мәдениеті мен өркениетіне тегеурінді ыкпал еткен аса маңызды тетіктің бірі болғандықтан, бүл дінді қабылдау олардың рухани өміріндегі ең айтулы кезеңіне жатады. Қазіргі таңда болашаққа нак сеніммен қарау үшін түркі жүртына діни бірлік кажет-ақ. Атеистік қоғамда өмір сүрген үлы ақын Мұқағали Макатаев: «Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен, Өлмейтін, өшпейтүғын күнім білем. Таппайтын күнде тыным, түнде тыным, Мүсылман Мұхамедтің үмбетімін», - деп жүрегінен жыр төккен еді. Ислам - өзіндік ұстанған жолы мен уағызы бар дін. Ол мұсылман әлемінің идеологиясы, дұрыс өмір сүрү қағидасы. Ислам діні -тәрбиенің діңгегі. Діни тэрбие жолға қойылмай, жас үрпақтың салауатты, рухани кемел, білімді де өнегелі өсуіне кепілдік жоқ. Ғүламалардың атап өткеніндей, ислам - өте жетілген дін. Ол - ақиқат діні, адамгершілік тәрбиесі. Жұмыр жерде қасірет бар десек, содан кұткарар күш - ислам діні. Ол дүрыс өмір сүру кағидасы болғандықтан, түзулікке, ізгілікке, татулык пен бірлікке, жақсылыққа, адалдыкка, тазалыққа, кайырымдылыкка, обал мен сауапкауағыздап, жан дүниені жүтаңдаудан сактайды. Дүниені дүрбелеңнен ислам діні сақтайтындыктан, оны бүқаралық тэрбие қүралына айналдыру адамның рухани жағынан жетілуін камтамасыз етпек. «Қазіргі жағдайда ислам дінін терроризмнен ажырата білудің маңызы зор. Қандай үрандарды жамылса да, терроршылардың исламға еш катысы жоқ. Ислам дінінің зорлық жасамауға, эділетке, төзімділік пен теңдікке үндейтін касиетті кағидалары баршаға аян»,- дейді И.Назарбаев («Алматы ақшамы», 19.10.2010). Мүсылмандардың 30


бір-бірімен «ассалаумағалейкум» деп сәлемдесуінің өзі - бір-біріне тыныштық пен амандық тілеуі. Түркі халықтары өзінің ұлттық идеологиясы мен менталитетіне сай ислам дінін темірқазық ету арқылы бірлігін нығайта түспек. Ислам дінінің адамзат ақыл- ойы мен санасын жетілдіріп дамытудағы, түрақтандырудағы, сенімін бекітудегі, білімін көтерудегі ағартушылық бағыты да баршаға аян. Атап айтқанда, ғылым дамыған сайын ислам да дамиды. Мұхаммед пайғамбарымыздың: «Білімге бесігіңнен бастап, қабіріңе дейін талаптан», «Тіпті, Қытайдан болса да білім алуға үмтыл», «Бір сағат білім үйрену - бір түн жасаған ибадаттан артық», ал, «бір күндік дэріс - бір ай үстаған оразадан абзал». «Жастыкта алған білім - тасқа ойылған нақыш», - деген хадисі мен дәйектемесі тегіннен-тегін айтылмаса керек. Кезінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Түбінде ислам дініне өте берілген бір елдер болады, олар - біздің арабтардан гөрі жетілген, түркі тілдес елдер...», - деген екен. ¥лық Пайғамбарымыздың бүл сөзі қазір ақиқатқа айналып отыр. Сонымен ислам дінін қабылдағандар саны да арту үстінде. Мәселен, бір Францияның өзінде жылына 50 мың адам ислам дінін қабылдайды екен. Кейбір мәліметтер бойынша, 50 мың итальяндық, 100 мыңға жуық неміс, 10 мың британдық, 3 мың шамасындағы испандық исламға бет бүрып үлгерген. Швеция, Голландия, Бельгияның 1 мыңға жуық халқы мұсылман болған. («Алматы ақшамы», 13.02.09). Мұсылмандықтан алыстататын жымысқы жауға нашақорлық пен ішімдік жатады. Нашақорлық көп елде мемлекетке тікелей қауіп төндіретін зор ауқымды үлттық мэселеге айналды. Сондай-ақ түркілік жаратылысымызға, елдігімізге, отансүйгіш рухымызға сын эрі мұсылмандық болмысымызды аяк асты ететін арақ - ар алдындағы тазалыққа нүқсан келтіретін індет. Маскүнемдік талай отбасының берекесін кетіріп, шырқын бұзды. «Арақтан сақтаныңдар, ол - барлық жамандықтың бастауы. Арақ ішу кісіні қастық пен дүшпандыққа ұрындырады. Арақ пен иман еш уақытта бірікпейді. Олар бірінбірі ығыстырумен болады»,-деп пайғамбарымыз(с.ғ.с.) өз хадисінде ішімдіктің жеке адамға, қоғамдық ортаға аса зиян екенін ескертіпті. Ішімдік эсіресе Сібір түркілері үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Аналар жайында. Баршаға өмір сыйлайтын, ұрпақ жалғастығын өрбіткен анасын ардақ түту - түркі жұртының менталитеті мен тіршілік - болмысының түп тамыры. «Әйел кіндігінде әлем айналады», «Әрбір ұлы адамның артында әйел тұрады», «Бақа жарығы суменен, эйел жарығы ерменен», «Алып анадан туылады», «Әйел жынысына қарап, үлттың келешегін көруге болады» дейді халық тәмсілі. Баршаға инабатты тәлім-тәрбие анадан. Домалақ-ана, Қарашаш-ана, Мүрын-ана, Қарақат-ана, Дэулетбике-ана, Білгеқатын - ана секілді айнала төңірегіне мейір-шапағатын төгіп, елдікке ұстын, бірлікке тұғыр болған абзал азаматтар тәрбиелеп, өнегелі істерімен аттары аңызға айналып «Ел анасы» атанғандар тарихтан белгілі. 31


Бір білімпаз айтқан екен «ерлер ұлды тәрбиелейді, эйел ұлтты тэрбиелейді» деп. Әйел тэрбиесі нашар болған жерде ұрпақ тәрбиесі де ойдағыдай болмайды. А на- барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ. Ол аналық үяның, яғни үйдің иесі, ошақтың қүты, отбасының ұйтқысы, болашақтың бағдары, ел ырысы деп жүрміз. Адам бойындағы ең ізгі қасиеттер ана сүтімен, әкенің маңдай терімен дариды. Ана болу - бір бақыт болса, көп балалы ана болу - шексіз бақыт екенін есте тұталық. Бұрынғы ғұламалардың атап өткеніндей, қай заманда, қай кезеңде де түркі әйелдері еріне серік, уәдесіне берік болып елдің бірлігін, ошақтың бүтіндігін ойлаған, ел мен жерді, жар мен арды ойлаған. Жыныстык тәрбие туралы. Ер мен әйел - отбасының іргетасы. Бұл іргетас үйленумен күрылады. Алланың осы дүниедегі нығметінің ең қайырлысы - жақсы жар. Халқымыз бүрын қыздары секілді ер балаларын да «он үште отау иесі» деп ерте есеюге бейімдеп, алған жарын сыйлауды жас кезінен үйреткен. Балаларын уақыт оздырмай ертерек аяқтандырудың маңызын күнделікті тіршілікте, медицина да айғақтап отыр. Ой-санасы оншалык қалыптасып үлгермеген 16-17 жасында - ақ ұзатылған қыз барған жеріне тез бауыр басып, күйеуімен бір ата - анадан туылған егіздің сыңарындай біте қайнасып кететін. Жарды туыс, жақын емес, алыстан, басқа елден, өзге рудан таңдау қажет. Бұл баланың денсаулығының мықты эрі сымбатты болып туылуына себеп болады. Мүхаммед пайғамбарымыз жакындар мен туыстык байланысы барлардың қосылуларынан сақтаған: «Туыстарды некелестірмеңдер, шындығында олардан туылган бала әлсіз, қабілеті нашар болып туылады». «Алыстан алыңдар, үрпақтарынды элсіретпеңдер». Жыныстық тәрбиеде қыз баланың өз арын сақтай білуінің маңызы зор. Біз ибалы да инабатты, тэлім- тәрбиелі де парасатты, өнерлі де өнегелі қыз өсіру арқылы халықтың ұрпағын тәрбиелейміз. Өйткені елдің батыры мен ақынын, көреген көсемі мен топ жарған дүлдүлін, сөзуар шешені мен өнерпазын өмірге экелетін - ана. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деп, тіпті кімнен болса да бір абзал өнеге үйреніп, ұлағатты істі көріп, оңды талғам алуға үндеген. Жезөкшеліктің азғындық екені, оның жас үрпаққа зияны мен зардабы орасан екені белгілі. Атам қазақ қыз баланың көргенді де текті болуын назарда үстап, оны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бетіне жел тігізбей өсіруді аманаттаған. ¥лттық үрдісінен айни қоймаған түркі ағайындарымыз элі де болса қызына «Сен ертең біреудің сүйікті жары, ибалы келіні, сыйлы анасы, ақылды әжесі боласың» деп ана болуға дайындайды. Ислам дінінің ықпалы басым, ұлттық дәстүріне берік халык үшін ажырасу харам болып саналады. Оларда «кіммен қарайдың, сонымен ағар» деген пікір қалыптасқан. 32


Әр отбасының бірлігі - ел бақыты. Отбасы бақыты татулықта. Отан отбасынан басталатындықтан, жанұяға қатысты келеңсіз жағдайға кейінгі кездегі қыры кеткен тәрбиенің жэне салт-дәстүрдің шырқын бұзған ғаламдық үрдіс пен жаһандық өзгеріс себепкер деушілер бар. Өкінішке орай, кайсыбір түркі елінде де орын алған жетімдер үйі, қарттар үйі, түрме дегендер бүрын үлттық санаға сыймайтын. Дүниеге шыр етіп келген шаранасынан безіп, тірі жетім еткен құбылыстың элеуметтік түбірі неде? Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, рухы мықты түркі үлыстары жетімін далаға тастамаған, жесірін жылатпаған, оларды жат қолына бермеген. «Жетімді жебеп жүру - эр азаматтың борышы», «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» деген сөз бар қазақта. «Жетім қозы тасбауыр, отығар да жетілер» демекші, тағдырын қайырымды жандардың қолына табыстаған жетім балалар да ержетіп, азамат атанар. Бірақ осының барлығы ата- ананың жүрек жылуына жете қоймасы анық. Бала үшін әкесінің аялы алақаны мен ананың мейір шапағатынан артык ештеңе жоқ шығар. Түркі халқы ертеден- ақ үлын тәрбиелі жерден үйлендіріп, отбасы, ошақтың мыкты болуына мэн берген. «Қүда мың жылдық, күйеу жүз жылдык» дегендей, екі әулеттуысып, тату- тэтті болса, екі жасты кемі 5 - 6 жыл қамкорлыққа алса, жас отау шаңырағы шайқалмақ емес. Баяғыда ата - аналар бір аттаған босағадан қайтып шықпа дейтін. ¥лттык тэрбие мен ұлттык сананың әлсіреуі кесірінен салт-дәстүр мен ата-бабаның абзал үстанымынан көз жазып қалу қайсыбір елде ажырасудың басты себепкеріне айналып отыр. Оған үйленгендердің отбасына жеңіл қарауы, жауапсыздық, жаман қылықтарға әуестенуі, өзімшілдігі мен түсінбеушілігі, бір-біріне қамқорлығы мен жанашырлығының өз мэнінде болмауы, ата-аналар мен өзге адамдардың жүбайлардың арасына түсуі - мүның айқын айғағы. Мінезіміз сәйкес келмеді деу, материалдық жағдайдың төмендігі, өмірлік үстамдарының өзгешелігі, ерте, жастай некелесу айтар сылтаулар ғана. Тағы бір жағдай әйел баласының тәрбиесіне қатысты. «Әйел бүзылса, ел бүзылады». «Әйелді бұзу-ұлттық мемлекетті өшіру, үлттық тамырға балта шабу, азат еркін елдікті жою» деген пікір қалыптасқан. Әйел басы ибалы, иманды, сынық мінезді болумен қатар ашық - шашық жүрмеуі тиіс. Зерттеушілер исламнан өзге діндегі Батыстың әйелдері арнайы демалыс алып, Таяу Шығыс елдеріндегі еркектерге барады. Өйткені ашық-шашық, жартылай жалаңаш денелерімен олар оз еркектерін оз мэнінде емірендіре алмайды дегенді айтады. Расында, дүние жабық күйінде, жүмбақ күйінде тартымды да қымбат. Әйел адам бастан төменгі жағын неғүрлым жабық ұстаса, соғүрлым олардың еркектерге сыйлы келетіні белгілі. Адам өмірінің ең бір мэнді мақсаты сәби сүйіп, үрпақ жалғастыру десек, табиғат сыйлайтын осы бақыттан қағылып жатқандар аз емес. Бірсыпыра елде кэрі қыздар мен сүр бойдақтар көбейе түсуде. Оң 33


босағада отырып, тұрмыс құрмай, кемпір болып қалу - үлкен қасірет. Жарық дүниеге эйел болып келіп, бір нәрестені өмірге экелмеу - ол да үлкен қасірет. Сүрапыл қырғын соғыстан, жойқын ашаршылықтан тағы басқа себептен ер-азаматтың катары селдіреп, жыныс - жас қүрамы бүзылған, ерлі- зайыптылық түрмыс құру жай- жапсарына қырсығын тигізген жағдайды ескеріп, дана бабаларымыз күш-қуаты мығым, элді - ауқатты азаматтың кос әйелді болуын сауапты іске жатқызған. «Тоқал алу еріккендік емес, әйтеуір бір қажеттіліктен туындайды. Тоқалдар ту көтерсе, бәйбішелер шу көтеретін ештеңе жоқ. Қос әйел алу ойнастыққа тыйым салудың тиімді жолы»,-деп олар қадап айтқан. Қос эйел алу - дүниеге қоғам көшіп ілгері апарар үрпақ келтіруге жағдай жасау. Жастай үйлену мен тоқал алудың еркектердің жасын үлғайтып, жастығын сақтауға, бойына қуат беріп, простатит, цистит жэне басқа кеселден сақтауда пайдасы тиетінін медицина айғактап отыр. Кейінгі онжылдықтарда қайсыбір елдердің қоғамдық өмірінде қалыптасып қалған «азаматтық некенің» түркі халқының түрмыс-тіршілігі мен олардың мүсылмандық болмыс- бітіміне мейлінше жат екені күмәнсіз. Бүлінген эйел мен аянышты бала тағдыры түрғысынан мүндай некенің түп- тамырында азғындыққа итермелейтін нағыз жауапсыздық жатқанын есте түтып, одан сақтанғанымыз абзал. Демография. Түркі халқы өзіне лайык ұрпак өсіруді, оның бойына адалдық, тазалық, қогамның болашағына еңбек етуге қүштарлық сияқты мінез- кұлықты дарытуды, ата- ана мен дәстүрді сыйлауды эуелден- ақ өзіне мұрат тұтқан. Қайсыбір ел халқының қартайып бара жатқаны алаңдатушылық тудыруда. Әлбетте қазыналы қарттар қатарының көбейгеніне еш қарсылық жоқ. Алайда олардың орнын басар жастардың азаюы, туудың жаппай кемуі - кез келген үлт үшін қауіпті жағдай. «Аз халықтың маңдайында бақ түрмайды» дейді ғүламалар. «Көп корқытады, терең батырады» дейді халық мақалы. Өйткені кім көп - сол күшті эрі үстем. Пайғамбарымыз өз хадисінде «үйленіңдер, мен ахиретте үмметімнің көптігімен мактанатын болайын. Кімнің жағдайы бола түра үйленбесе, ол менің үмметім емес» деген екен. ¥лтты осіретін де, өшіретін де эйел. Халыктың өсіп- өнуі тұрмыс- жағдайына ғана емес, сол эйелдердің пигылына, ниетіне, санасына, тэлім- тэрбиесі мен дэстүрді сақтауына көбірек байланысты. Өсім беретін үшінші бала, көбейтетін төртінші бала, арттыратын - бесінші бала дейді демографтар. Ана тілін күрмет туту туралы. Соңгы кездегі исі түркінің бірлігіне кедергі болатын қиындыктардың ең бастысы тіл мэселесі екені жиірек еске алынып жүр. Түп негізі бір, тілегі ортак түркі жүртын көбіне- көп бір- бірімен қиналмай үғысатын тіл ғана жақындастырмақ. Сөз өнерін қастер тұтқан түркі халқы тілінің нэрі мен қасиетін бойына сіңірген ортак эдеби тіл - туыс халықтарды ынтымактастыратын алтын көпір. Алфавиттің эр алуандығы да исі түркінің бірлігін нығайтуға кедергі болып отыр. 34


Бірлігіміздің тірегі - тіл. ¥лтты бірлік сақтайды, елді ер ұйытады деп жүрміз. Тәуелсіздік және тіл - ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Өйткені ұлттың егемендігінің басты нышаны - тіл. Іргелі мемлекеттердің тіл саясатын қадым заманнан басты назарда ұстайтыны да сондықтан. Өзінің болашағын ойлайтын елдің қоғамдағы тілдің рөліне, мәртебесі мен қолдану аясына баса назар аударуы - заңды құбылыс. ¥лт болып сакталуымыз үшін, өз билігімізді өз колымызда үстау үшін түркі тілін білуіміз һэм оны барлық салада қолдануымыз міндет. Дүниежүзі тілдерінің классификациясын жасаған атақты ғалым Марр түркі халықтарының тілдері әлемдегі ең бай тілдердің бірі екендігін атап өткен. Зерттеушілер «түркі тілдес елдер бір-бірін еркін түсінетін сөздердің сөздігін жасау керек» деп есептеп, бүл ретте Исмайыл Ғаспиринскийдің «Тәржімасының» үлгісін басшылықка алуға болатынын еске алуда.(«Алматы акшамы», 30.01.1999). ¥лттық санасезімнің арта түсуі адамдардың тілге, үлттық дәстүрлерге, тарихи проблемаларға деген назарын күшейте түсуде. Жер шарынан бірнеше ғасырдың ішінде 27 түркі тілі жоғалып кетті. Қазір қалғаны - 27. Ал сол 27 түркі мемлекеттің 6-сы ғана егемен болса, 21- і өзге елдердің кол астында отыр. Түркі тілдерінің қолдану өрісінің өз мәнінде көрініс табуында демографиялық фактордың аткарар қызметі айрықша. Қатыгез отарлаудан зардап шеккен ноғай, кырым татары, башкүрт, қазан татары, сібір түркілері, карашай, балкарлар тағы басқалары сан жағынан өсе алмады. Тәуелсіздіктің туын тігіп, еңселі ел болсақ деп ежелден армандап келген бүгінгі түркі жүртының тағдырына тікелей қатысты өзекті мэселенің ең бастысы - ана тіліміздің өрісі үзарып, дами түсуі деп жүрміз. Ешкімді де бейтарап қалдырмайтын жас ұрпак тәрбиесінде ана тілінің алатын орны айрықша. Адамның бойындағы ең үздік ізгі қасиеті ана тілі арқылы даритындықтан, үрпақ алдындағы жауапкершілік пен жанашырлық ана тілінің мэнін терең ашуға міндеттейді. «Мың өліп, мың тірілген» ата-бабамыздың айнала анталаған жаулармен жағаласа жүріп, ұрпағына мүраға қалдырған ең асыл қазынасы - ана тілінің өз ата жүртында жүлдызы жанса ғана берік достық пен туыстығымыздың терең тамыры сақталмақ. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деп, Ахмет Байтүрсынүлы ағамыз айтқандай, ана тілін жоғалту - дүниедегі ең ауыр қайғы. Америка қүрлығындағы еуропа тілдерінде сөйлейтін жергілікті индеец халыктарының өздерінің ұлттык тілін жоғалтуы салдарынан үлттық мәдениеті мен салт-санасын, бүтіндей этникалық келбетін жоғалтып алғаны - мұның толыктай айғағы. Тілін жоғалту каупіне ұшырап, апатты жағдайда қалып отырған түркі үлыстары бар дедік. Ойсыз еліктегіш, жаман әдетті қабылдағыш боп, үйде де, түзде де бөгде тілде сөйлеуден қорынбаудың арты ана тілінен мақрүм қалдырмақ. «Тілі бар халық - халық, тілі жоқ халык - балық», - деп жазушы Шерхан Мүртаза айтқандай, көп нәрсе тілге барып тірелмек. 35


Тіл оңалмай, діл оңалмайды. Діл оңалмай, дін оңалмайды. Осы үшеуін оңалта алмаған ел оңбайды. Ана тілімізді білу, үйрену - міндет қана емес, парыз. Борыш қана емес, қарыз. Тіл тағдыры - ел тағдыры деу себебіміз сондықтан («Егемен Қазақстан» газеті, 22.03.1996). «Жерін қорлаған жүрт тозар, тілін қорлаған үлт азар» дегендей, ана тілі - біздің рухани үйтқымыз. «Егер бабасы тілге уақып болмаса, баласы оны түтіп тынады, немересі жұтып тынады» деген шығыс нақылы бар екен. Демек өзімізді қуатты да табанды сезінуге күш-жігер беретін ана тіліне қатысты көкейтесті мәселелер ешкімді де бей-жай қалдырмаса керек. Халықтың өнері мен мәдениеті туралы. Бір- бірінен алшақ жатқан географиялық аймақты мекендегеніне, этникалық өзгешелігіне қарамастан, түркі халықтарының түрмыс-тіршілігі мен болмысбітімінде, салт-дәстүрі мен шаруашылығында, өнері мен рухани мәдениетінде көптеген ортақ ұқсастық бар. Түркі халықтарының бүкіл әлемдік мэні бар бірден-бір көне әдеби ескерткіші XI ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның 13 мың өлең жолды «Қүдатғу білігі» (Бақытқа бастаушы білім) Қарахан әулеті билеген жердегі түркі ұлыстарының бэріне түсінікті тілде жазылғандықтан, қазіргі туыс халықтардың бэріне ортақ мүра ретінде танылады. Монғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш 12 негізгі жэне 4 қосымша жолдан түратын Құтлұғ қаған жазуы Онгин ескерткіші деп те аталады. Оны В.В.Радлов орхон және енисей ескерткіші аралығындағы жазуға жатқызады. Дешті қыпшақты жайлаған қыпшақ түркілері тілінде эйгілі «Кодекс Куманикус» ескерткіші жазылды. Түркі халықтарының ыкылым заманнан жасаған сөз өнері мен тума әдеби қазынасында үқсастық, ортақтық басым. Қазақтың күлдіргі түрмыс-салт ертегісі қарақалпақ, татар, өзбек, түрікмен, саха, хакас халықтары фольклорында кездеседі. Қазақтың эпостық жыры «Қырымның кырық батыры» қүрылымы жағынан кырғыздың «Манас» эпосына үқсайды. Тілі, түрмыс-тіршілігі, жер жағдайы жақын болғандыктан, туыс халықтар ауыз әдебиетінің баска жанрлары да өзара сарындас. «Айрылған ел азар, қосылған ел озар», «Ата баласы болма, ел баласы бол», «Ел қазынасы - ескі сөз, ер шырағы- екі көз» секілді тізе берсек, саны көп мақал-мэтелдеріміз үндес, сарындас келіп отырады. Шығыс ертегі - аңызынан, қисса-хикаятынан тараған көшпелі сюжеттердің бірсыпырасы - қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен фольклорына ортақ шығармалар. Көне дәуірден бастау алатын отаншылдық түркі үлыстары үшін жаңа үрдіс емес. Түрік өнері мен мәдениетінің мыңдаған жылдык тарихы бар. Дүниеге эл-Фараби, эл-Бируни, әл-Ферғани, эл-Хорезми, ибн Сина, Ұлықбек тағы басқа даналарды берген түркілердің жазу-сызуы, ғылымы мен мәдениеті еуропалықтардан көп бүрын көкке өрлеп дамығаны, тарих қойнауында терең із қалдырғаны баршаға аян. Қазақ 36


акыны Олжас Сүлейменов өз шығармасында, ғылыми ізденістерінде, түрлі кездесуде түркі халқының тереңде жатқан көне мэдениет иесі екенін, сондықтан ел, адамзат тарихынан өзінің лайықты орнын алуға тиіс екенін, түркі мэдениеті мен өнерінің еуропа халықтарына, басқа да халыктарға тигізген эсері жөнінде батыл пікір айтқан. Түркі тілдерінің қалыптасу тарихы. Түркітану ғылымында түрік тілдерінің өзара туыстығы, олардың топ-топқа жіктелісі, бірбіріне алыс-жақындығы жайында А.Вамбери, Ю.Немет, Г.Рамстедт, В.Радлов, С.Малов, К.Менгес, М.Рясенен, Н.Баскаков т.б. ғалымдар жасаған түжырымдар бар. Атақты түрколог, проф. Н.А.Баскаков түркі үлыстарын тілдік ұқсастық пен өзгешелілігін байқататын мынадай басты-басты тарихи кезеңге бөледі: 1. Алтай дэуірі - ең көне заманғы түркі тіліне қатысты. 2. Ғүн дэуірінде (5-ғасырға дейінгі кезең) түркі тілі батыс ғүн жэне шығыс ғүн тілдеріне ажырайды. 3. Көне түркі дэуірінде (6 - 9-ғасырлар) түркі тілінің хазар, бүлғар, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, ұйгыр, қырғыз диалектілері қалыптасқан. 4. Орта түрік дэуірі (9 -15-ғасырлар) қазіргі түркі тілдерінің калыптасу кезеңі. 5. Жаңа түркі дэуірінде (15 - 19-ғасырлар) қазіргі түркі тілдерінің бөлініп шығуы аякталып, жазба әдеби тілдер қалыптаса бастады. Морфологиялық құрылымы жағынан түркі тілдері жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Сөз тудырушы жэне түрлендіруші косымшалар сөз түбіріне белгілі бір тәртіппен бірінен соң бірі жүйелі түрде жалғанады. Түркі тілінің басым көпшілігіне дыбыс үндестігі (сингармонизм) тэн. Олардың орфографиясы жазудың фонетикаморфологиялық үстанымына негізделген. Бүл тілдердің басты лексикалык ерекшелігіне тэуелдік жалғаулары аркылы сөздің түрленуі, еліктеуіш сөздерден туынды түлғалардың көптен қалыптасуы, етіс формаларының эр алуан түрі, көңіл-күй лебізіне қатысты сөз орамдарының жан-жақтылығы т.б. жатады. Н.А.Баскаковтың классификациясында айтылғандай, түп-тегі бір тілдердің заманымыздың 1-2-ғасырларында ара жігі ажырай бастап, бертін келе олар батыс ғүн, шығыс ғұн тармактарына бөлініп кеткені белгілі. Шығыс ғұн тармағына аралык бұтақ жатса, батыс ғұн тармағына қалған тілдер кіреді. Батыс ғұн тобының қыпшақ бүтағына қазақ, татар, башқұрт, қырым татары, қаракалпақ, қарашай-балғар, қүмық, ноғай, ұрым, қарайым, қырымшақ тілдері, қарлұқ бұтағына өзбек, үйғыр тілдері, оғыз бұтағына түрік, әзербайжан, гагауз тілдері жатады. Сібір түркілері мен қыргыз, сары үйғыр, салар тілдерін қамтитын шығыс ғүн тармағын аралық бүтаққа жатқызып жүрміз. Аралық бұтакка жататын түркі тілдерінің бірінде қыпшақтық сипат, бірінде оғыздық сипат, енді бірінде қарлүқтық сипат аңғарылады. Аралық бүтақтың тағы бір өзгешелігі олар монгол тілінің әсеріне қатты үшыраган. Тілі аралық бұтаққа жататын түркі халықтарының үшінші бір ерекшелігі - діндерінің әрқилылығы. Мэселен, қыргыз бен саларлар мүсылмандар 37


болса, саха (якут), хакас, шор, алтайлықтар христиан дінін тұтынады. Ал тувалықтардың біразы пұтка табынады, қалғандары тофалар секілді шаман дінін, ішінара бүдда дінін тұтынады. Діндерінің эрқилылығы аралық бұтаққа жататын ұлыстардың тіліне де эсер еткен. Түркі жұртының басым көпшілігінің көп ғасырлық әдеби дәстүрі, көне жазбалы тілі бар. Сібір түркілерінің, аралық бұтаққа жататын түркілердің тілі кенже жазбалы тілге жатады. Түркі халықтарының мыңдаған жылдық ортақ тарихы бар. Тарихи тамыры ғасырлар қойнауынан бастау алып жаткан түбі бір туыс халықтардың мүндай бірлігі отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті мәйегі іспеттес. Халықтар тұтастығын айғақтап, оларды бір-біріне жақындастыратын басты тетік - олардың тілі екені баршаға мәлім. Түбі бір түркі тілдерін, түркі тілдес әлемді бейнелеп, бұтақтары тармақталып жапырақ жайған алып бәйтерекке ұқсатамыз. Өткен ғасырдың өзінде атақты түркітанушы В.В.Радлов түркі үлысы секілді ұлан-байтақ өлкеге, үш алып қүрлыққа бірдей тарай қоныстанған халық жоқтың қасы деген еді. Өкінішке орай, таяу тарихи кезеңге дейін бір ғана тілде сөйлеп келген халықтың тілі эр түрлі тарихи, саяси, элеуметтік себептен жеке говорларға ажырап, уақыт озған сайын бір-бірінен алшақтай түскені белгілі. Соның салдарынан қазіргі таңда 40 шақты жеке дара түркі тілдері қалыптасып отыр. Көп ғасыр бойы байланысы болмай, арақатысы үзіліп қалғандықтан, бүл тілдердің біразы түсінікке де ауырлап кеткен. Отаршыл күштер түркі жүртының басы қосылып, біріге түсуіне мүдделі болмады. Олар өздерінің жаулық ниетін жүзеге асыру мақсатымен «бөліп ал да, билей бер» саясатын ұстанып, түркі жұртын сиырдың бүйрегіндей бөлшектеп, дай-дай айтысқа итермелеумен болды. Тіпті біртүтас халықтың өз ішіндегі жеке ру, тайпаларды бір-біріне қарсы қойып, жергілікті тіл ерекшелігін тереңдете түсу саясатын колданған кезі болған. Жік-жікке ажырамай, қиын-қыстау заманда өзіндік этникалық тұтастығын сактап қалған түркі халықтары сан жағынан да өз мәнінде өсе алды. Шыққан тегі, түбі бір туыс тайпаларды өз төңірегіне ұйыстырып, бір этнос ретінде тануда түрік, өзбек, әзербайжан халықтарынан үйренетін нәрсе баршылық. Түркияда біз бір атаның үрпағымыз, бір тамырдан тарағанбыз деп, туыс халықтарды бөлежармай, бір ғана түрік атауына сыйғызады екен. Өзбек этногенезі де көп қабатты. Көне дәуірден Орта Азияны мекендеген өзбек үлтының ядросын қүрған түркі ұлысының кұрамына қарлүқ, қалтатай, барлас, оғыз, ұйғыр, сондай-ақ казак тіліне жакын диалектіде сойлеп келген кыпшақ, қоңырат, маңғыт, кұрама аталған тайпалар қосылып, бір этносқа бірігіп отыр. Әзербайжан халқының құрамына да материалдық жэне мәдени жағынан жакын элденеше үлыс қосылып, бір этнос ретінде танылуда. Соның арқасында бүл аталған үш халық түркі жүртының ішіндегі ең көп сандысына айналып отыр. Бүл айтылғанға керісінше, таяу уақыттарға 38


дейін бір ғана тілде сөйлеп келген бір-біріне өте жақын казак, ноғай, каракалпак, сол сиякты бүгіндері өзбек халкының кұрамына кірген кұрама, түрки сиякты үлыстың, қырым татары, карашай, балкар т.б. түп тамыры бір, бір халык боп калыптасудың аз-ак алдында түрған жүрттардың өздерінің этникалык тұтастығын сақтап капа алмағаны белгілі. Тіпті шетел түркітанушылары бір ұлтка жаткызып жүрген қазақ, ноғай, карақалпақтардың да басы косылмай-ақ койды. Соның өзінде, зерттеуші ғалымдардың үнемі айтып келгеніндей, герман, роман, славян т.б. топтағы тілдермен салыстырғанда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиялык кұрылымы өте жақын, грамматикалық жүйесінде сэйкестік басым. Алғашында оғыз, кыпшак, қарлүк, аралық тобындағы тілдерде сөйлеушілердің бір-бірін түсінуі қиынырак көрінуі мүмкін. Дегенмен де зер салып зерделей білсек, жеке сөздер ғана емес, жеке сөйлемдерді де түсіне аламыз. Оның үстіне бүл айырмашылықтың көп бөлігі - бір сөздің дыбыстық варианттары. Айталық, жол-йол-дол-джол-іиол, ж ер-дж ер-йер-зер-сер-дъерчер, борсы-борсу-бурсы-бурны-бүрси-порсу-порса секілді вариант түлғаларының біреуін ғана таңдап алып, ретке келтіруге неге мүмкін болмасын. Жалпыға ортақ түркі әдеби тілінің қалыптасу мүмкіндігі туралы. 90-жылдардан кейін түркі халықтарының саяси-әлеуметтік өмірінде тарихи игі өзгеріс, жаңа бетбұрыс болды. Туыс халықтарға ортак жазу ендіруге, ортак термин жасауға, ортақ терминком күруға жағдай жасалғаны қазіргі тіл жанашырларын, отаншыл қауымды ойға қалдырып эрі қызықтырып отыр. Түрікшіл идеяны, түрік әлемінің бірлестігін насихаттап, елдіктің қамын коп болып жүмыла ойласып, бір түбірден тараған туыс халыктардың тілінің, дінінің, рухани бітімболмысының, мәдениеті мен өнерінің ортақтығын, тұтастығын сездіріп, қайта кауыштыру - олардың ынтымағын күшейту бағытындағы баға жетпес игілікті іс. Осымен байланысты түркі халыктарының бірлігі мен ынтымағы үшін ортақ терминология түзудің атқарар қызметі айрықша мэнге ие болуда. Туыс тілдердің ең әуелі өз ішінде терминологияның бірегейленіп түрактануы төл тіліміздің таралу өрісін кеңейтіп, үлан ғайыр қоғамдық қызметін арттырып, үлт мүддесін толығынан қанағаттандырады. Ел мен елдің бір-біріне риясыз үмтылысын, халық пен халықтың зәузаттық туыстығын, рухани-тілдік жақындығын қасиетті іс санаған түріктің абзал азаматтары болған. Кемал Ататүріктің бастамасымен түрік тілін жаңғыртатын, жетілдіре түсетін лингвистикалық ғылыми коғам күрылып, түрік тілін көптеген кірме сөзден тазартып, олардың орнына орхон, үйғыр жазбаларынан, жергілікті тіл ерекшелігінен алынған коне түрік сөздерін енгізіп, туыс тілдердегі сөздермен, кейде жеке каламгердің өзі қиыстырған түрік сөздерімен алмастырған. Қырым татары әдебиетінің негізін салушы, бодандықтың ауыр азабы39


нан қалың ұйқыға кеткен түркі жұртының санасын оятып, ақыл-өсиет айтқан абзал ағартушы, туған халқым, тілім деп көкірегі шерге толған қайраткер Исмайлбей Гаспиринский күллі түркі тілдеріне ортақ орфографияны құрастырмақ болған. «Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап өскенде тіл де бұтақталған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып, түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен... Тілдің басқалануына себеп болған эр түрлі бөтен жүртпен сыбайлас болып араласкандықтан... Егер де Гаспиринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлы іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек», деген екен Ахмет Байтұрсынұлы ағамыз (Тіл тағылымы, Алматы, 1992, 395-6.). Сондықтан да бірыңғай әдеби тіл мәселесі орфографиялық сөздікті жаңадан түзерде, терминологияны ретке келтірерде қаперден шықпағаны абзал. «Тарихи эдебиетте, өткен ғасырдағы ақын-жазушылар шығармаларында туыс тілдердегі сөздер казіргіден гөрі басымырақ қолданған-ды. Русша оқу жайын сөйлегенде, қазақ бүл оқуларды қалай окып жүргенін айтамын. «Қазақ» газетінің бас мүхаррирі. Нағыз түркі тілімен жазылса, лүгатсыз оқуға болар еді (А.Байтұрсынов). Абайдың шет тілі сөздерін еш талғаусыз колдана бермегені мэлім... «Абай қазақ тілінің араб, парсы, татар сөздерімен қатты шүбарланып, қазақ тілінде деген кейбір өлеңдері кай тілде екенін айыру қиын халге жеткен кезде тарихи сахнаға шығып, қазақ тілін орынсыз шұбарлаушыларга аяусыз соққы беріп, ана тілін таза сақтады», - дейді профессор Қ.Жұмалиев. («Қазақ эдебиеті тарихының мэселелері жэне Абай поэзиясының тілі», А., 1960). Абай шығармаларындағы әхмәр/цызыл, әніл/қауым, бәнрә/ үлгі, жанил/жауыз, инсаният/адамгершілік, кәлам/сөз, мазлүм/момын, рәнбәр/ бастаушы, сахиб/мырза т.б. көптеген сөздерді айтпағанның өзінде 30-жылдарға дейін баспасөзде қолданылып келген әдді-уддаүде, һәм-әм, ләкин, һәмма-әмма, тәржіме, дәріс сияқты сөздер де халық тіліне көп уақыт бойы сіңісе алмай келді. Ақын-жазушылар шығармасында көктем/банар, дүние/дүниа, әдебиет/әдәбият, мәдениет/маданият, ақын/шаііыр, бейнет/мехнат, сөздік/лүгат, атақты/мәшнүр, кэрі/лацса, мезгіл/мәуріт, үлт/миллет сөздері синоним ретінде ертеректен-ак жарыса қолданған. Кейінгі кезде мүшайра, мүбэда, пәруар, әфсана (предание), мүкаммал, пірадар, мүкарам, уәлаят, сахаба, бахас, банадүр, банар, банара, банарлы кітаби сөз ретінде қолданысқа енген. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, түркі тілдеріне ортақ терминология қалыптастырудың багыт-багдары қандай болуы тиіс? Көнеріп ұмыт болған, орта ғасыр ескерткішінде сактаулы бүкіл түркі халықтарына ортак мына төмендегі сөздерді қайта жаңгыртып, әдеби тілдің қажетіне айналдыру - азаматтық парыз. Бадам-миндальные орехи, пайза-пропуск, бардақ-кувшин, батман-салмақтық өлшем, тергі-обеденный стол, көншек-іш киім (койлек-көншек), келеш40


беретка, етші-ет сатушы, жамша-бокал, еңлік-косметика, дуан-облыс, даруға-ел билеуші, бүршік-кисточка, бөстек-қырғауылдың мекиені, жазана-айып тарту, жазалы ету, маршағай-аласа бойлы жуан кісі, мұкак-жүзі қайтқан пышақ, оңат-жаксы жағдай, сояшар-маралдың екі-үш жасар бүқасы, тамызғы-капельница (мед.). Сондай-ақ сұпсын, тарағай, сарамжал, сейнек, мүрдыр, салпаяқ, сорын, сопал секілді көнеріп, қалтарыста қалып келген сөздер де бар.Өткендегі ауыз эдебиеті үлгілерін, жергілікті ерекшеліктер мен туыс тілдер фактілерін салыстыру - сөз варианттары жөнінде қүнды материал жинаудың маңызды көзі. Себебі сөздің жарыспа тұлғаларының көне заманнан бергі қалыптасқан түрлері туыс тілдерде үшырасады. Мәселен, ерте кездегі «сас» сөзі башқүртта сәс, әзербайжанша сач, түрікменше саш, өзбекше соч, кырғызша чач, қазакша шаш болып, дыбыстык ауытқуға түсуі өзінің даму барысында вариант сөздердің эр тілде эр басқа жолмен қалыптасқанының айғағындай. Тілдік деректерге үңілсек, бір ғана сөздің туыс тілдерде диірмен/тиірмен/дийирман/дигирман/тегирмеи/ тирмен /түгмән/тирмән/дегірмен/дәйірман/дээрбе т.б. болып өзгеруі о бастағы бір түбірдің әлденеше нүсқасының пайда болуының ғасырлар бойғы тарихы іспеттес. Қазіргі казақ тіліндегі пэтуа, рәсуа, тэккаппар, шэрбат, іждиғат, ілтипат, хакім, хасіл, хикая, уэлаят, қасиет, қасірет, қауіп, қорек, құдырет, қатер, кэззап, кәлима, күнэкар, күна, күстана, кэусар, кінэрат, кірпияз, қапер, қадір, қадім, қазір, қабір, қабілет, қағілез, күжбан, тілмар, тілмаш, күлэпара, күшала секілді эр кезде бір-бірінен ауыс-түйіс ретінде енген көпшілік түркі тіліне ортақ сөздер аз емес. Мұндай сөздердің қайсыбірінің араб-иран элементі екенін я түрік тілінен сол тілдерге ауысқанын да ажырату қиын. Ол сөздер тым ертеде енгендіктен, төл сөзіміздей боп кеткен. Әрі араб, иран елдері түркі жүртымен ығылым заманнан-ақ қоян-қолтық араласып, олардың тілдері де жымдасып жататын. Таяу уақытқа дейін қолданған самолет атауын түрік тіліндегі үшац сөзімен ауыстырудың сэті түсті. Егемен атауын түрік ағайындар да қолдана бастапты. Олар шет тілінен енген кондисион, слоган, класс тэрізді атаулардың да қазақша баламасын қолданбақ ниетінде. Қырғыздар «отан» сөзін, өзбек, үйғыр, қырғыз ағайындар «азамат» сөзін өз тіліне ендіруге ынталы көрінеді. Осындай ауыс-түйіс арқылы көптеген терминдердің туыс тілдердегі сэтті баламасын тауып, тілімізді байытуға елеулі үлес қосар едік. Өзара арақатыстың жандана бастауы арқасында соңғы ширек ғасырда жиірек қолдана бастаған лұгат, шайыр, тәржіме, байрақ, бәдина, мүгдар, дәсерсіт, фәлсафа, гүлзар, иіанар, мүхтарам, жүмлә секілді жоғарыда аталған түркі тілдерінің көбіне ортак сөздердің қазак тіліндегі сөздік, ақын, аударма, ту, суырыпсалма, максат, этуерле, философия, оранжерея, қала, кұрметті, 41


күллі сөздерімен жарыса қолданылып, абсолют синонимге айналып, сөздік қорымызды байыта түсті. Пайыз, рәміз, синип, уәзипа, мэслихат, пай, бекет, махсиіла сөздері орыс тілі арқылы енген процент, символика, класс, функция, заседание, ұпай, станция, квартал сөздерінің баламасы ретінде тілімізде орнықты. Жарапазан сөзі рамазан дегеннен шыққан. Қазір қатар қолдана беретін мағынасы эр басқа сөздер. Көпшілік түркі тілінеортақояга, дастан, альманах, бәйіт, ңисса, рубаи сөздерімен қатар мүхаммас - бестік, месневи - қосарланған, аруз - бәйітке ұқсас, газел - қосжолды өлец, диуан - классикалық поэзия, ңасида - мадақтау өлеці, хамса - көлемді шығарма, мусаддастар - алты жолды, мүсаббалар - жеті жолды өлең секілді әдебиет терминдерін де қажетімізге жарата алсақ деушілер бар. Бірнеше түркі тілінде айтатын люшшг-заметка, тарихаят - историзм, тәмсіл - притча, сардар - генеральный, гүлдері - залима, нәбат - флора, лаңца - банка, майрампаз - иллюзионист, гөш - жейтін ет, миллет - үлт, талаба - медресе шэкірті, уән - дивизия, мүхтасар - конспект, мұхтарият - автономия, жүмхүрият - республика, сагана - мавзолей, мацлүхат - фауна, мүгдарнама - устав, мэдде - материал, хауз - фонтан, әуіт — водоем, эфсафа - предание, уэлаят — область, гөрхана - усыпальница, айван - шырақ болме, уэзипа - функция, дәріс - лекция, низам - конституция, нәзір - министр, масцарампаз - клоун, мүхаррир - редактор, гүлзар - оазис, мәркизі - центральный тәрізді әдемі балама атаулар да тілімізді байытып, көркейте түседі. Жаьат, жанил, зиннар, сахаба, мүхтариет, идара секілді әдемі де жарасымды баламаларды кэдеге жарата алсақ, құба-кұп. Өйткені баламасын табу киын терминдерді өзімізге етене жағын түбірі бір туыс тілдерден алу анағүрлым сіңімді болмақ. Түрік халықтарына ортақраис, байрац, миллет сөздеріне тіліміздің төрінен орын берсек, үтпасақ үтылмаймыз. Мысалы, председатель сөзіне төрага/төрапа/төрайым/төрбасы/ төрне деген баламаны жарыстыра қолданбай көптеген түркі халкына тән раис атауын алғанымыз абзал. «Тілімізде бүрыннан бар «хауыз» сөзі түрғанда фонтанға балама іздеп, бірде бүрқақ, бірде шашыратқыш деп қүбылта берудің не жөні бар». Жасуша (клетка), жантану сөздеріне де туыс тілдерден жарасымды баламалартабылар еді. Творчествоны-иіыгармаиіылъщ деп аударғаннан гөрі өзбек, татар, башқүрт т.б. тілдердегі қысқа да нүсқа әдемі атау «ижад» сөзін пайдалансақ, анағүрлым тиімді болмақ деген секілді пікірлер айтылып жүр. Етістікпен омонимдік катар түзейтін, түлғалық дербестігі жок «мақта», «ет» сөздерінің орнына копшілік түркі тіліне ортак «пахта», «гөш» сөзін неге алмасқа. Туыс тілдерді ана тілімізбен салыстыра зерттеу, игеру, пайдалысын пайымдап ала білу, кәдеге асыру идеясын куаттай отырып, акын Мүзафар Әлімбаев кіндіктес елдіц кымбат қазынасынан мысалдар келтірген. Мысалы, автор туысқан өзбек тілінің қүтынан тілімізде дара 42


атауы, баламасы жоқ бізге қажетті мынадай сөздерді атайды: парху - аққудың мамығы, нигап - маска, пархез - диета сақтау, ашадды - ашуы қатты адам, дая - кіндік шеше, шатырама - жанжалшыл бетпақ әйел, силаң - қасқыр мен иттің арасынан шыққан будан, сиіхандоз - сылқым, назданғыш әйел, серсүт - сүтті сиыр, ижадгер - жаңадан тудырушы, шіленгер - слесарь, зүлфін - есіктің шынжырлы ілгегі, иіартнама - договор, жарақхана - арсенал. Қырғыз-казак тілдерінің етенелігіне сәйкес мынадай ауыс-түйіс болуы мүмкін: шосш-аңшының жасырынып аңды тосуы, телкіүрғашы елік, тояма-үйлену тойында берілетін сыйлық, цұлшар - қүлдың үлы, үт-тар саңлау, цонау-ат жарысындағы ең алыс қашықтык, ңиранды - развалины, көреңкі - қымыздың ашытқысы, көремел - наблюдательный, проницательный, титақ-аш-арык, адам, шатқаяқаяқтың шет пен тізе аралығындағы бөлігі, шықырмақ-үш жасар еркек бұғы, шыгдан-киіз үйдің оң жақ кіре берісіндегі ши кабырға, кемиек— бұғының екі жасар өгізі, уиде/с-әшекейлі қымбат тоқым, үшала-өте некен-саяқ кездесетін ак бүркіт, шаршық-еліктің бір жасқа толмаған бүзауы, естеу-ъске түсіру, еске алу, аңырақай - кұлазыған кең шалқар кеңістік, аттахана - ат тағалайтын жер. Татар-қазақ тілдерінің етенелігінен де мол олжамыз болатынына мынадай сөздер мысал болады: жаран-герш гүлінің аты, гауышхрусталь, жанцапца-к&птка., жалагай (қазақша жалағай-жағымпаз), жорунама-түстерді жору кітабы, итауыз - былапыт сөйлейтін кісі, шашқы - норка, зипа-түл аты, шырантай - бүтақсыз курап қалған ағаш, хүрапат - соқыр сенім, еңкеш — шешеге тартқан бала, хижапвуал, а/7са«-малдың түтас етінің алдыңғы жағы, цимая-біреуге пана болушы, ұтысхана-игорный дом, зиннар-пожалуйста, кезенек-терезе шаршылары, қырлаш-шіпденщ антонимі, зәмьарир - сақылдаған сары аяз, қыстың қақаған суық кезі(«Ана тілі», 23.09.1993; 04.11.1993). Тіліміздің элі де болса қалыптасу, дамып жетілу кезеңін бастан өткеріп отырған қазіргі таңда, эркім эр түрлі жазып, баспасөздегі алакүлалыққа кең жол ашуда. Мұндай эрекеттің алдын алудың сенімді бір тэсілі - сөз нұсқаларының эдеби тіл үшін тиімдісін төл тілімізден ғана іздеп-термей, туыс халықтардың создік қүрамынан да елеп-екшеп ала білуде. Әсіресе көпшілік түркі тілдерінде терминология мен атаулар ретке келмей, сөздердің дэл баламасы табылмай, терминологияның унификациялануы қиындыққа кезігіп тұрған шакта түрік жэне басқа тілдерден сөз алуға батыл кіріскеніміз жөн. Қазақ терминологиясын тіліміздің ішкі болмысына орай жасап қалыптастырудыңң тиімді жолы осы болмақ деп айта келе, проф. Ө.Айтбаев бүкіл түрік тілдеріне ортақ терминологиялық қор жинау ісімен шүғылдану керектігіне тоқталган еді. («Ана тілі», 11.11.1994). Ортак түркі әдеби тілін қүрастыру барысында туыс халықтар тілін еркін түсінуге жол ашылады. Біздің көнеден жеткен салт-дэстүріміз, 43


мәдениетіміз, тіліміз бен дініміз бір болғандықтан, халықтардың етене жақындасуына мүмкіндік туады. Осы орайда ортақ әдеби тілге негіз болатын қай тіл деген мәселе тіл жанашырларын ойлантады. Ғасырымыздың бас кезінде мұндай тілге татар тілі лайықты деп есептеген түркітанушылар болған екен. Алдағы уақытта Түркиямен байланыс өте тығыз болатындықтан, қайсыбір авторлардың пікірінше, ана тілімізді компьютерлеуде, шаруашылық пен қызмет бабында түрік тілінің тәжірибесі басымырақ ескерілетін секілді. «Алайда десе де үғымдық, сандық, көркемдік, шешендік, табиғилық секілді баска да қасиеттерді таразылағанда қазақ тілімен бәсекелесе алатын түркі тілі жоқ деген де пікір бар. Дана бабаларымыздан «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мэйекті сөз қалған. Ортақ эдеби тіл мәселесі түрік, қазақ тілдерімен қоса өзбек, эзербайжан, татар, үйғыр, түрікмен, башқүрт, қырғыз секілді түркі жүртының 97 пайызын қүрайтын көп санды іргелі елдер тілінің ерекшелігіне ден қойып, зер сала зерттеу барысында ойластырылмақ. Жан-жақты қарастырып, қадағалап, зер сала зерттелмек. Ортақ тілді қалыптастыруда асығыстыққа, үстірттікке, науқаншылдыққа жол бермей, тілімізге нүқсан келтірмей, асыра сілтемей, ақылға салып, терең сараптап, қайсыбір туыс тілдерді реформалауда жіберген кателік пен олқылықты қайталамаған абзал. Үнемі көркею үстінде болатын күллі түркі жүртына ортақ тіліміз туыс тілдердің лексикалық байлығын бірдей камтитын әмбебап тіл болғанда ғана діттеген мақсатымызға жетіп, азуын айға білеген қуатты мемлекеттермен терезе теңестіре аламыз. Осылайша туыс тілдер арасына ала жіп түсірмей, ғылым мен техникаға байланысты аталымдарды, термин сөздерді ортақ қабылдау жайлы асықпай тереңнен ойласу орынды болмақ. Түркі халыктарының бірыңғай эдеби тілін құрастыра алмағанның өзінде бүл бағыттағы аткарылған еңбек нәтижесіз калмақ емес. Туыс халықтардың тілі жақындай түсіп, бір-бірін еркіндеу түсінетіндей болса, оның өзі-үлкен олжа. Мүнын тағы бір тиімді болатын түсы туыс тілдердің эр тобындағылардың өзара жақындасуынан 40 шақты тіл орнына санаулы ғанатілдердің қолдану мүмкіндігі арта түседі. Академик Әбдуәли Қайдар «түркі әлеміне қатысты ортақ тіл идеясының жоғарыда аталған халықаралық деңгейдегі ортак жасанды тіл туралы идеямен жалпы принциптік, тәсілдікұксастығы болғанымен, мақсат-мүддесі мен қамтитын ауқымы жағынан басқашалау... Түркі тілдес халықтардың 96 пайызын қүрайтын оғыз, қыпшақ, қарлүқ тобындағылардың үш жеке топ күрап, өз ішінде жақындай түсіп, аймақтық ортак тіл жасауды да зиялы қауымның жан-жақты ойланып-толғанып барып шешуін талап етер еді», - деген еді («Ана тілі», 22.01.1998). Адамзат ерте кезден-ақ үйренуге жеңіл, грамматикалық қүрылымы дүрыс, халыкаралық қарым-қатынастың қосымша қүралы іспеттес 44


баршаға ортак жасанды тіл құрастыруды да армандап келген. 16- ғасырдан бергі 3-4-ғасыр аралығында еуропалық ғалымдар әлденеше рет осындай жасанды тіл құрастырып көрген. Алайда бұл «тілдер» қалың оқырман арасына тарай қоймады. Дүниежүзі көлемінде ең кең тараған халыкаралық жасанды тілге 1887 жылы варшавалық дәрігер Л.Заменгофтың роман, герман, славян тобы секілді ешқандай туыстық жакындығы жок тілдердің көпшілікке кеңінен танымал сөздерінен қүрастырған эсперантосы жатады. Грамматикасы жеңіл эрі қатал нормаланған, ондаған жыл бойы жетіліп, байыту үстінде болған бүл жасанды тіл 20-ғасырдың бас кезінде-ақ халықаралык деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта эсперанто халықаралық мәдени карымкатысты өрістетуге кеңінен пайдалануда. Атап айтканда, 50 шақты тілден эсперантоға көркем эдебиет аударылған. Эсперантода ғылыми жэне копшілікке арналған әдебиеттер шығып түрады. Ал түп төркіні бір туыс тілдер негізінде ортақ табиғи тіл кұрастыру эр баска туыс емес тілдерден орайластырып жасанды тіл жасаудан анағүрлым жеңіл әрі сәтті болатыны сөзсіз. Әлемдік тәжірибеге үңілсек, ортақ эдеби тілге көшудің тиімділігі күмэн келтірмейді. Дүниеде эр алуан диалектіде сөйлейтін, бір-бірінің тілін жете түсіне бермейтін жиырмаға жуык араб мемлекеті бар дейді. Бірақ олардың бір ғана ортақ әдеби тілі бар. Египет тілі, иемен тілі, ирак тілі, ливан тілі, ливия тілі, алжир тілі, тунис тілі, судан тілі, марокка тілі, иордан тілі деген тілдер жоқ. Бірак сондай диалектілер болған. Олардың кайсыбірінің айырмашылығы салыстырып айтқанда өзбек пен казак немесе түрікмен мен қазақ тілдерінің айырмашылығынан кем болмаған секілді. Ортак эдеби тілге кошу бүл елдерге де оңай тиген жоқ. Күмэнданушылар да, карсы шығушылар да болған. Осылайша жүмыла бірігудің арқасында араб тілі әлемдегі негізгі тілдердің қатарынан орын алды. Араб тілін оқытуга ешкім де шет қарамайды. Агылшын, француз, неміс, испан, орыс, қытай тілдері секілді әлемнің көп бөлігінде араб тілі мектеп бағдарламасынан берік орын алып, тереңдетіп оқытатын оку орындары күрт көбейді. Қытай тілі де бір-бірінен алшақ жеті диалектіге бөлінеді. Олардың бір-бірін түсінуі әжептәуір қиындық келтірген. Бірақ қазіргі кезде олардың бэріне ортақ әдеби кытай тілі бар. Жалпы қытай деген бірыңгай этнос болмаған деседі. Қазіргі қытай ұлты эр алуан халык пен үлыстың бір-біріне етене араласып, жақындасуынан қалыптасқан екен. 50-жылдардың орта кезінде Алматыга келген кытайлық тіл ғалымдары койылған сүрақка жауап бере келе, қытай тілі орфографиясын латын эліпбиіне көшіре қалған жағдайда жеті бөлек тілдің қалыптасу каупінің бар екенін айтқан еді. Қазір «птунхуа» (жалпыға түсінікті тіл) аталатын жалпыхалыктық қытай тілі қалыптасты. Саха, чуваш тілдерін есептемегенде айырмашылыгы араб, қытай тілдері диалектілерінен көп емес түркі тілді халықтарға ортақ әдеби тілдің қалыптасу мүмкіндігін 45


ескерусіз калдыру жөн емес. Ортақ әдеби тілге көшу арқасында араб пен қытай тілі Біріккен ұлттар ұйымының ресми тіліне айналып отыр. Арабтармен салыстырғанда түркі жұртының саны аз емес, қоныстану ареалы да анағұрлым кеңірек. Ортақ эдеби тілге көше қалған жағдайда, біздің тіліміздің қолдану өрісі өлшеусіз артады. Өз еліміздегі басқа ұлт өкілдерін айтпағанның өзінде шетелдіктердің де түркі тілін үйренуге деген қүлшынысы арта түспек. Тіпті түркі тілінің Б¥¥-ның жетінші ресми тіліне айналуы да ғажап емес. Әу баста түркі жүртының ортақ эдеби тілі дегенге сенімсіздік білдіріп, жатырқап, үрке қарайтындардың каперіне мына жайтты сала кеткіміз келеді. Әдетте бүл эр халықтың жергілікті ана тілін әсте де үмыт қалдыруы деген сөз емес. Бір тілдің әуезділігін, екінші тілдің сағыздай созылған көркем образдылығын толық бойына сіңірген, грамматикалық қүрылымы жүйелі де оңтайлы, стильдік мүмкіндігі сан алуан түркі халқының бірыңғай әдеби тілін қалыптастыру 30-40 жылға, тіпті одан да көп уақытка созылуы мүмкін. Мүндай тілдің орнығуы түркі елдерінің лингвист ғалымдарының белсене атсалысуының арқасында жүзеге аспақ. Оған дейін эр халықтың өзінің жергілікті тілін мейлі ғасырға жуык болса да эдеби тілмен қатар қолдана беруі ортақ тілдің шыңдала, жетіле түсуі үшін де кажет болмақ. Одан арғысын өмір өзі көрсете жатпақ. Сөздің қыскасы, қазақ тілі орыс тілді қауымға, мүлде бөлек жүйеге жататын басқа да тілде сөйлеушілерге сырттай киын көрінгенмен, меңгерілмейтіндей тіл емес. Тек тілдік ортаны, тілді білуге деген қажеттілікті калыптастыруымыз керек. Сөйтіп сөз өнерін қастер түтқан түркі халықтары тілінің нэрі мен касиетін бойына толық сіңірген ортақ эдеби тіл туыс халыктарды өзара жакындастыра түсетін алтын көпірге айналмақ. Соның нәтижесінде эр алуан халыкаралық ресми жиындарда өз тілімізде еркін сөйлеп, оның өрісін үзарта беруге мол мүмкіндік тумақ. Әбден кемеліне келіп, сан алуан стильдік тармағы дамып жетілген ортак эдеби тіліміз, татар акыны Хасан Турфанның айтканындай, сырлы тіл, жырлы тіл, нүрлы тіл болғай! Қазіргі таңда түрік елдерінде өткір койылып отырған бірыңғай әдеби тілді калыптастыру жүмысы ортақ әліпбиге көшуден бастау алмақ. Ортак жазу туыскан халықтардың одан эрі шашырап, ыдырап кетуіне жол бермей, оларды жакындастырып, мэдениетінің өркендеуіне зор ыкпалын тигізбек. Ресей империясының күрамында боп келген түркі халықтары сан ғасыр бойы араб жазуын түтынып келген-ді. 20- жылдардың ортасына таман латын әліпбиіне көшу мэселесі көтерілді. Алайда тоталитарлык жүйе түсындағы орталыктың өктемдігі дегеніне көндіріп, 1940 жылы түркі халыктары жазуының кириллицаға ауыстырылғаны белгілі. Емле ережесі кайта түзіліп, оған 1957, 1983 жылдары түзетулер енгізілді. Небәрі 20-30 жылда жазуын үш рет өзгерткен біздің халкымыздың эліпбиді өзгертудің қиындығы мен 46


зардабының жеткілікті екеніне көзі жеткендей. Сондықтан да болар, уақыт тезіне төтеп берер шын мәніндегі кемел эліпби қандай болу керек дегенде екі ұдай пікір айтылуда. Қазіргі 42 эріпті кирилл әліпбиінің фонетикалық артыкшылығы басымырак, ана тіліндегі дыбыстың ұлттық ерекшелігін беруде анағұрлым ыңғайлы деушілер бар. Расында да кирилл әліпбиіне көшкеннен кейінгі тұста жазу жүйесі дүрыс калыптасып, эліпбиімізді жөнге келтіруде айтарлыктай жұмыс атқарылды. Қазақ тілі орфографиясы тіл табиғатына, ұлттық артикуляциялық базасына сэйкес өзгеру, икемделу, жетілу үстінде болды. Авторлар бүл әліпбидің өмірмен орайлас жактарын, тиімділігін, баспада терілу жеңілдігін, ана тіліміздің өз ерекшелігін танытатын сипатка ие екенін, тіліміздің даму жүйесіне лайыктылығын, соның көрінісін толықтай таныта алатынын дәлел ретінде келтіреді. Орыс алфавиті негізінде қазак тіліндегі сөздердің жазылу нормасы түгелдей тиянақталды. Осы жазу үлгісімен сөздердің мағыналык, түлғалық даралану, стильдік жағынан сараланып, тіліміздің оралымдық сипатының арта түскені де ақиқат. Әлем халкының басым көпшілігі қабылдаған барша туыс тілдердің мүддесіне сай қызмет етуге, ортақтыкка үмтылдыратын латын жазуының да тиімділігі даусыз. Сондықтан латынға көшу - заман талабы дейді тағы бір топ ғалымдар. Сондай-ак латын мен кириллицаның бір үлгідегі жазу жүйесі екені, бір-бірінен алшақ кете коймайтыны, олардың араб жазуымен салыстырғанда анағүрлым қолайлы екені күмэн тудырмайды. Академик Әбдуали Қайдардың атап өткеніндей, бөлек-бөлек емле мен әліпбиге жүгіну-түркі тілдері орфографиясындағы үлкен сәтсіздік. Өйткені бүл туыс халықтар арасын ашып, бір-бірінен алшактата түсті. «Жазу таңдауда оның үлтаралық, халыкаралық деңгейде, жалпы жер жүзіне таралуы да ескерілуге тиіс». Аға ғалымымыздың «Кемел елге кемел эліпби керек... Түрік дүниесінің басын қосып, түтастығын қалпына келтірудің үлкен бір шарасы - латын әліпбиіне негізделген ортақ түркі жазуын калыптастыру. Әлем халкының басым көпшілігіне ортак латын эліпбиін қазақ мемлекеттік үлттык жазуына негіз етіп алған жөн», - деген үндеуі жұртшылык тарапынан колдау табуда («Ана тілі», 30.12.1993). Түріктер 70 жылдан астам уакыт бойы латын әліпбиін түтынып келеді. Егемендікке ие болған басқа түрік республикаларында латын жазуына кайта оралу мэселесі көтеріліп отыр. Әзербайжан, Түрікмен мен Өзбекстан республикалары латын эліпбиіне көшіп үлгірді. Баскалары даярлық үстінде. Ана тіліміздің тағдырын айкындайтын латын эліпбиі негізінде іске асуы тиіс жаңа жазу реформасы толғауы тоқсан кызыл тілдің толғақты мәселесін, оның қоғамдық-элеуметтік қызметін қағажу қалдырмау түрғысынан колға алынғанын қалар едік. Атап айтканда, «орыс тілі аркылы енген, еніп жатқан халықаралық сөздердің орысша 47


Click to View FlipBook Version