The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Абдикаримова, 2024-02-21 06:01:12

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Халық Республикасы майданға жан-жақты көмек берді, тіпті еріктілері Кеңес Армиясы қатарында жаумен ерлікпен шайқасты. Алайда 1944 жылы 13 казанда РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы қаулысымен Тыва Республикасы егемендігінен айрылып, Ресей Федерациясының кұрамына автономиялы облыс ретінде қосып алынды. Тәуелсіз Тыва мемлекеті 23 жыл ғана өмір сүрсе де, халық ежелден армандап келген ұлттық тілі мен мәдениетінің, өнерінің тегін тектеп, болмысын танытуда елеулі жетістікке жетуіне мүмкіндік жасалғаны аян. 1990 жылы «Тыва Республикасы» (тарихи атауы) деп аталып, Ресей Федерациясының субъектісі ретінде танылды. Тыва жері табиғи жағдайына, шаруашылық түріне қарай экономикалық аудандарга бөлінеді. Оның біріншісі - негізгі өндіріс орны шогырланған, маңызды астықты эрі мал шаруашылықты орталык аудан. Ал халық сирек қоныстанган оңтүстік ауданда негізінен мал шаруашылыгымен айналысады. Солтүстік-шығыс ауданда ағаш өңдеу, аң аулау, бүғы өсіру, балык аулау кәсібі басым дамыған. Климаты катал континенталды болганымен, Тыва жері сулы-нулы, өзен-көлдер мен энергия көзіне бай, егіншілікке қолайлы қызыл, қара топырақты. Ал самырсынды, балқарагайлы ну орманда, ұшы-қиырсыз тайгада аң жыртылып айрылады. Түсті жэне сирек металдар, тас көмір, асбест, темір рудасы, алтын, тас түзы секілді пайдалы қазбалары бар. Коне дәуірден бастап коян-колтык араласып келгендіктен, діні мен наным-сенімінде, түрмыс-тіршілігінде де монголдармен ұксастык басым. ХУП-ХУШ гасырда Тывада ламаизм тарап, ол феодалдар мен ақсүйектердің ресми дініне айналган-ды. Кейін келе халык жаппай буддизм (ламаизм) дінін түтынганымен, шаман дінінің эсері мол сакталган. Көп ретте тіпті шаманизмнің әсері басымырак сезіледі. Бүкіл тіршілік үшке бөлінеді деп есептейді шаманизм: жер бетіндегі өмір, жер астындагы омір, аспандагы омір деп. Тәңірге, эруаққа, отқа, орманга табынудың сілемдері мол сакталган. Тау мен орман қүдіретінің күрметіне огіз, жылқы, кейде кой құрбандыкка шалынады. Әр түліктің жебеуші пірі, сақтаушысы болады деп үгады. Өлген адамның қабіріне ескерткіш коймайды, топырақ та үйілмей, керісінше, тегістеп жаймалап қояды. Марқүмның жетісі мен 49-ыншы күнін атап өтеді. Тұрмыс-тіршілігінде бүрын кошпелі түрмыс кешкен туыс халыктармен үксастык та баршылық. Қазактар сиякты жыл қайырып, әркімнің жасын сол аркылы аныктайды. 12 жылда бір мүшел жас белгіленеді. Тываша жыл атауларының ішіндегі бес жыл тышқан, коян, жылқы, ит, қабан жылдары мал кыстан аман шыгатын, жемшөп жеткілікті болатын, ауа райы колайлы, сүт пен ет, азык-түлік мол, тойтомалагы мен куанышы көп, ел-жүрт үшін колайлы, бакытты жылдар саналады. Ал сиыр, ұлу, мешін, тауық жылдары қар қалың түсіп, кыс катал келетін, киыншылыгы көп, жүт болатын, жоқшылык жылы саналады. Бүл жылдары су тасқыны болады, ауру-сыркау көбейеді. Әр ай 248


өзінің сипаттама атымен аталатын. Мәселен, тиін аулау айы, елік аулау айы, бұлғын аулау айы деп, жоспарланған шаруашылық жұмысымен байланысты атайды. Жаздыгүні туған айды көріп әйелдер сүт шашып, тағзым етеді. Айға, жұлдызға қарап ауа райын болжайды. Қазан төңкерісіне дейін тывалықтар көшпелі мал шаруашылығымен ғана айналысты. Жылқыны табындап өсіру, жайылымдық мал шаруашылыгы дамыған. Жылқы мінсе көлік, еті мен сүті - маңызды азық, терісі мен кылынан киім-кешек пен эр алуан бұйым жасалатындықтан, көп өсіріледі. Сондай-ақ сиыр, кейбір аудандарда түйе мен кой өсірілді. Қой орман халқында аз болатын. Жер аумағының жартысын тау орманы алып жатқандықтан, халық аңшылыкпен де айналысты. Ұлттык тағамына ет, сүт тағамдары жатады. Сиыр мен бүғы сүтінен жаз кезінде айран, кұрт, ірімшік даярлайды. Етті көбінесе асып жейді. Қой етін үнатады. Ең кұнды, сыйлы бөлігіне қүйрық майы, төс, жамбас жатады. Қанды ішекке қүйып, кайнатып, шүжық әзірлейді. Нан тағамы кейін келе ғана түрмыска енді. Елді мекенін аалы деп атайды. Тывалықтардың негізгі баспанасы - кидисег аталатын монғолдікіне үксас киіз үй. Ішіндегі жиһазы оюлап эшекейлеген ағаш төсек, абдыра, ыдыс-аяқ, оюлы сірі торсықтар. Бұғы өсіретіндері ағаштан чум түрғызып, оны терімен жабады. Тывалыктардың отбасы бір некелі. Сирек жағдайда ғана екі эйелі бар бай, элді-ауқаттылар кездесетін. Еш қиындықсыз эйелінен ажыраса беретін. Ұнамаған әйелін төркініне қайтарып, он шақты мэрте үйленген тывалыктар үшыраса берген көрінеді. Ерте кезде эмеңгерлік дәстүрі де болған деген болжам бар. Сондай-ак қалыңмал, бірнеше эйел алу дәстүрі, эйелдердің жалаң аяқ жүрмеуі, жалаңаш балтырын көрсетпеуі, күйеуінің жасы үлкен туыстарының атын атамау секілді ғүрыптары да кейін келе өз әсерін жоғалтып алыпты. Таяу уақыттарға дейін үш атаға дейін некелесуге тыйым салынған. Алайда немерелес бөлелердің, демек бірге туылған эпкелі-сіңлілердің балалары үйлене беретін көрінеді. Ал ағалы-інілердің, демек немерелес ағайындардың үйленуіне жол бермеген. Соған карамастан ағайын арасындағы қарымқатынастан аванкулат ізі сезіледі. Атап айтқанда, әке жағынан бірге туған ағайыннан гөрі нағашыларын жақын тұтқан, «Нағашы ағасын көргенде, жиен куанар; Тауды көргенде, қасқыр қуанар» деген тыва мақалы осының айғағындай. Үйлену, жеке үй-жай болу эркімге міндет саналады. Тұлғияқ қадай (кәрі қыз) бен тұлғияқ ошақты (сүр бойдақты) ұнатпайтын. Жиын тойда, қонақта сүр бойдақты жоғары өткізбей, босағада қалдырып, бэрінен төмен отырғызатын. Ондай адам о дүниеде жамандық көреді, азабын тартады деп есептеп, қайтыс болғандарын қалың қорымнан жырақ, бөлек жерге жерлейтін. Қыз алып қашу дегенді білмейді. Қыз 14-15-ке толғанда, оған қүда түсетін де, үйлену тойын өткізеді. Қүда түсушілер піскен ет т.б. тағам түрлерін, бет орамалдар, арақ әкеледі. 249


Болашақ күйеу баланың әкесі жібек орамалмен ораған пиалайларға арак құйып, қыздың әке-шешесі мен туыстарына ұсынып, жағалай таратып шығады. Қыз туыстары келіскен жағдайда арақ ішіп, дастархандағы тағамнан жеп, сый-сияпат көріп болғасын, ұсынған орамалдарды жинап, қызға арналған сандықшаға салады. Қалыңмалға жылқы беретін, ал солтүстіктегілер бұғы беретін. Егер қыз азарда-безер боп, үзілдікесілді бас тартып, көнбеген жағдайда құда түсушілер сый-сияпаты мен қалыңмал мөлшерін бұрынғыдан гөрі молайта түсіп, екінші рет келеді. Бү жолы жылқы, түйе, кой экеледі. Халықтық әдет-ғұрыпты сақтап, айлар бойына созылатын тывалардың үйлену салтына ағайын-туғандар, ауыл-аймақтайлы-таяғы қалмай қатысады. Атастырған қалыңдық пен күйеудің бұрымдарын ұшына жеткізбей қосып өріп, оларға оз шаштарын танып корсету міндеттелетін. Бүл дәстүр-тухтеп деп аталады. Тухтеп өткесін күйеу ұрын келіп, оз қалыңдығымен бірге бола береді. ¥затылған қалыңдық пен оның туыстары баратын ауылға жеткенше үш жерден қүдалар жағы қарсы алып, арақ, шэй, ет, т.б. дэм қойылған дастархан жайып, демалдырып аттандырады. Арақ ішу - тывалықтардың ерте заманнан келе жатқан үлттық дәстүрі. Алғашқы өткізген түннен кейін қолында сүт қүйған ыдысы бар келін ата-енесі отырған үйге барып, құтты босағаны аттап, есік жақта табалдырыққа таяу отырып, сүт қүйып, күйеуіне үсынады. Ол сүттен бір үрттап әкесіне береді. Әкесі келінге таяп келіп, игі тілек айтады. Сосын барып келін сүті бар кесені енесіне үсынады. Енесі де бақытты болуын тілеп, батасын береді. Мүнан кейін келін сыртқа шығып, жиналып күтіп түрған ағайын-туғандарға жағалай сүт үсынып, қошемет сөздерін естіп, үйге қайта кіріп, отқа сүт қүяды. Осыдан кейін барып, келін ауылдың өз адамы есептеліп, бәрімен еркін араласа беруге тиіс. Жас келін төркінінен жасау ретінде әкелген өз киіз үйінде отау кұрып түратын. Қүдалар аттанарда күйеу жағы шешесінің ақ сүтінің отеуі деп, сауын сиыр, ол болмағанда саулық қой береді. Үлттық спорт онерінің түр-түрі бар. Халықтық онерден бүғашатра, черги-шатра, тугул-шатра секілді есепке негізделген, ой-өрісті дамытуда маңызы бар тақта ойыны кең тараған. Тыва шахматы шыдыра деп, шахмат тақтасы шыдыра холу деп аталады. Зерттеушілер атап өткендей, бүл - коне дәуірдегі шығыстың шадранжа ойынына ұқсас ойын. ¥лан-байтақ территорияға иелік еткен түркі үлыстарының бағы заманнан жаугершіліктен коз ашпағаны белгілі. Тыва халқының да елдің шетінде, жаудың бетінде жүріп атамекенін қорғауда даңкка бөленген ұлдары аз емес. Соған сәйкес үлттық спорт онерінің ішінде ең көп тарағаны - балуандар күресі. Ата дәстүрі бойынша үл-бала туылғанда эрбір отбасы елін, жерін қорғайтын күш-қайраты мол балуан болар ма екен деп дәмеленуі, үміт артуы тегін емес дейтініміз де сондықтан. ¥л баланың туылуына байланысты ырым, эр алуан жөн-жоралғы, 250


той-томалақ көп-ақ. Қырған-авай (кіндікшеше) баланың кіндігін жібек қапшыққа тігіп, іліп қояды. Сәбиді құрым шэймен шомылдырып, майлайды. Өзін жас нәрестенің кіші анасы санап, балаға деп ақ қошқар немесе ақ саулық сыйлайды. Үш жасқа толғанда нәрестемен мүшел жасы сәйкес келетін жылдас егде жасар адам бірінші боп шашын алуды бастап, ағайындар-туғандар, жиналғандар оны жалғастырып, әкелген сый-сияпатын береді. Бес жасқа толғанда шашын бұрым қып өреді. Монғолдар секілді тывалықтардың ері де, эйелі де бұрым жіберетін. Егіз балалардың бір жынысты болуы жақсылық нышаны саналады. Ал егер эр жынысқа жатса, жаманшылықка жорып, егіздің сыңарын (көбінесе қыз баланы) туыстарының біріне беретін. Жас нэрестенің шетінеуі жиі болатын. Көшпелі тұрмыстың ауырлығы мен жағдайсыздығы, қатал да суық климаттың қолайсыздығы, дэрігерлік жэрдемнің мардымсыздығы мүның басты себебі саналады. Бала тұрмай, шетіней берсе, жын-шайтан кызықпасын деп балаға нашар, ыңғайсыз ат қояды. Немесе коп балалы отбасына ырым кып береді. Кейде нәрестені бөлек үйге жатқызып, оған бөтен, бөгде адамды кіргізбейтін. Көз тимесін, тіл тимесін деп, бетіне қазанның күйесін жағып қояды. Емшекте нэрестесі бар әйелге барарда дэметіп, сүт шықпай қалмасын деп, туыстары, жақындары, тэтті дәмділерін міндетті түрде ала келеді. Тывалыктар - эн-жырға, музыкаға әуес халық. Тыва музыка өнерінің ерте заманнан келе жатқан түріне эралуан тұрмыс-салт жырлары, лирикалық әндер, күлдіргі частушкалар, көмеймен айтылатын сығыт, қарғыра, хормей секілді халык әндері, сондай-ақ эпикалық сарындағы жырлар, аспапта орындалатын саздар жатады. Тыва музыка өнерінің өзіне тэн төл-тума интонациясы бар, метрикалық ритмикалық өлшемдері эр алуан. Созылып айтылатын халык әндерінің диапазоны үлкен, тынысы кең. Жеке эншінің кос дауыспен эн салу өнері бар. Музыка аспабының түр-түрі кездеседі. Кең тараған музыка аспаптары ішекті ысқышты допшулуур, бызаанчы, игил, іліп тартатын аспаптар- чадаған, шанзы, шелер-хомус, кулузун-хомус, демир-хомус, үрлемелі аспаптар - мургу мен шоор. Ламалар мен бақсылардың үрлемелі музыка аспаптарына бурээ, бушкуур, тун жатады. Соқпалы аспаптары - шан, конча, дамбра, кенгирге, дунгур. Ауыл аралап өнер көрсететін энші-жыршы, сазгерлер музыка мэдениетін таратушы басты тұлға боп келген. 1930- жылдардың 2 жартысында тыва кәсіби музыкасының қалыптасу кезеңі басталды. 1940 жылы музыкалы драма театры кұрылды. Кейін келе оның жанынан оркестр үйымдасты. Цирк өнері дамыған. Оскал-олдың басқаруындағы тываның цирк труппасы өз өнерімен шетелге танымал боп үлгірді. Тыва тілі түркі тілі аралық бүтагының ұйғыр - токой тобына жатады. Тыва тілі торт жергілікті ерекшелікке бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалект негізінде калыптасқан. Тыва тілін түркі тілдерінің көбінен өзгешелейтін көмей мен созылыңкы дауыстылар. Сондай-ак бұл тіл 251


монгол тілінен ауысқан сөздердің аса молдығымен ерекшеленеді. Көне түркі элементінің сақталуы жағынан тыва тілі көне оғуз, көне ұйгыр, тофалар, саха тілдеріне жақын. Кириллица әліпбиіне негізделген тыва тілінде 24 дауысты, 22 дауыссыз фонема бар. Үндестік заңының, оның ішінде ерін үндестігінің эсері мол. Тыва тілі - орыс тілімен катар мемлекеттік тіл болып жарияланды. Тыва тілінде 1-7-сыныпта сабақ беріледі, 8 -10-сыныпта, сондай-ақ арнаулы орта жэне жогарғы оқу орнында жеке пән ретінде окытылады. Бұл тілде көркем әдебиет, қоғамдық-саяси эдебиет, мерзімді баспасөз басылады. Күн сайын радио мен теледидардан хабар беріледі. Тыва тілін зерттеуде белгілі түркітанушы, хакас филологы, этнограф, фольклорист, профессор Катанов Николай Федоровичтің (хакасша аты-жөні Хызылүлы Пора Катанов) сіңірген еңбегі айырықша. «Урянхай тілін зерттеу тэжірибесі» атты көлемі 1600 беттей кітабы Катанов есімін гылым әлеміне әйгілі еткен. Бұл еңбекте 50-ге жуык түрік тілдері мен диалектілері салыстырылган. Тыва жазба эдебиеті 1930 жылдан бастап, үлттық жазу пайда болган сон қалыптасып, дамып келеді. Тыва акын-жазушыларының өлеңдері мен әңгімелер жинагы, поэмалары, очерктері, драмалык шыгармалары, повестері басылып келеді. Автономиялық территориялық иелігі бар Сібірдің баска жергілікті халыктарымен салыстырганда тыва өзінің әлеуметтік, демографиялық жагдайының өзгешелігімен ерекшеленеді. Тывалықтар гана өз республикасындагы халықтың жартысынан астамы. Славян тектестер халыктың үштен біріндейі. Мүның басты себебі - 1944 жылга дейін ондаган жылдар бойы Тыва тәуелсіз мемлекет болган. Жинакы мекендеп, өз тілі мен әдет-ғұрпын сақтап келгендіктен, олар Сібірдің баска халыктарымен салыстырганда сан жағынан да тиянакты осе алган. Сібірдің баска халықтарының аты-жөні, фамилиясы көбінесе орысша боп келсе, тывалыктар өздерінің дінін гана емес, ұлттык аты-жөнін де сактап калган. Ана тілін білмейтін тывалык кемде-кем. Атап айтканда, 1989 жылгы санак дерегі бойынша бүрынгы Кецестер Одагында 206924 тывалык болса, олардыц 98,5 пайызы тыва тілін ана тілім деп таныган екен. Жастар ұлттык салт-сана, эдет-ғүрып, үрдіс-дэстүр жөнінде молырак мэлімет алып ості. Демографиялык жагдайыныц колайлыгы аркасында Тывалыктар аса киын проблеманың озін тарихи кысқа мерзімде шеше алды. Атап айтканда, Цин династиясының отарлау кезінен гасырлар бойы монголдарга багынып, бодандыкта болгандыктан, оңтүстік-шыгыс тывалыктар (қыргыз, саян, иркит, чооду тайпалары) оз анатілінұмытып, монгол тілінде сөйлеп келген-ді. Мингаттар XVIII гасырдьщ ортасына дейін-ак монгол боп кеткен. Тек халык республикасы жарияланган сон барып, жас ұрпак аркылы тывалыктар ана тілін жандандырып, калпына келтіре алды. Нарын ауданындагы ага буын осы кезге дейін монголша сойлесе, жас буын гана тываша сөйлеп жүр. Қыргыз атала252


тын тывалықтардың ересектері қазір де көбінесе монғолша сөйлейді. Соңғы уақыттарда олар туыс халықтарды ағаш уықты, киіз туырлықты бір елміз деп, жакын тұтып жүр. Барыс-келісіміз көбейсін. Ағайынтуғанмен араласып-құраласып жатқанға не жетсін деп, жүрек жарды жылы ыкыласын білдіруде. ¥лттық мэдениет пен өнер, білім мен ғылым, сауда мен табиғи ресурсты игеру саласындағы тиімді алмасуды, кең ауқымды ынтымақтастықты жақтап, белсенділік танытуда. Демографиялық ахуалдың дұрыстығы арқасында 1961 жылы автономиялы облыс автономиялы республика болып кайта құрылды. Әлбеттеежелдендэріптепкелгенүлттықөнеріменмэдениетініңтегін тектеп, болмысын тануда, игі эдет-ғүрпын жетілдіруде тывалыктардың бел шешіп, бекем кірісер елеулі шаруасы элі де жетерлік екені күмэнсіз. Өйткені бүрынғы тоталитарлык жүйе тұсында тывалықтар игі ұлттық дәстүрінің көбінен көз жазып қалған-ды. Тәрбиелік мэні зор эдетғүрыптың кейбір элементі ғана қабылданып, оның өзі де өзгертілген түрде қолданылып жүрді. Қазіргі таңда Тыва Республикасында ұлтаралық карым-қатынас жарастығын сақтай отырып, түркі халықтарының руханиятын қайта өрлету туралы концепция жүзеге асырылуда. Әдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы и языки Сибири, М., 1980; Этнография народов СССР, Лен., 1971; Қазақ Совет энциклопедиясы, 11 т. А., 1977. ТОФАЛАР Түркі тілдерінің аралық бұтағының үйғыр тобына кіретін ұланбайтақ Сібір - қиырдағы түркі үлыстарының арасында саны тым аз, күрып кетуге шақ қалған этникалық топтар бар. Осындай жағдайы мүшкіл халықтың бірі - тофалар. Тофалар өздерін «тупалар» деп атап келген. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс жазба деректерінде карагас деген атпен мэлім болган. Тофалардың саны бар болғаны бір мыңдай ғана адам. Олардың атамекені - Шыгыс Саяндагы (Иркутск облысы) ну орманды тайга. Олар Обь өзенінің шыгыс бөлігінде көшіп-қонып тіршілік еткен. Антропологиялык жагынан тофалар солтүстік азиялык монголоидтык нэсілдің катанг аталатын түріне жатады. Олар қазіргі таңда көбінесе орыс тілінде сөйлейтін болды. Шыгыс Тыва тұргындары бүгы өсіруші тоджиндермен тофалардың тілі, шыгу тегі бір, үлттық мәдениеті мен онері де ортақ. О баста бір этникалык топқа жатқан үш үлыс тывалықтар, тофалар, тоджиндер үш гасыр бойы бір-бірімен аракатынасы болмай, бөлініп калган. Тофалар мекені XVII гасырдың ортасынан бастап Ресей империясының отарына айналып, ондагы жергілікті халық орыс мәдениетінің эсерін сезіне бастаса, 1757 жылдан Маньчжур империясына қараған тоджиндер мен тывалар орыс әсерінен тыс калган. Бір-біріне өте жақын үш үлыстың 253


ғасырлар бойы арасы бөлектеніп, ажырап тұруы оларды тіл, салт-дэстүр, тіпті мінез-кұлык жағынан алшақтата түскен. 1648 жылы казак-орыстар Нижнеудинск бекінісін салып, тофалармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Орыстардан жергілікті халық еңбек күралдарын, қару-жарақ, киім-кешек, нан тағы басқаларын сатып алып түратын. Алайда патша әкімдерінің отарлық қанауы күшейіп, халық қайыршылыққа үшырады. Тофалар Сібірдің баска да жергілікті халықтары секілді патша өкіметіне бүлғын т.б. бағалы аң терісін өткізу түрінде ясак деп аталатын ауыр алым-салык толеді. Тофалардың орта жасы тым томен болатын. Соған қарамастан, ясак 18 жастан бастап 60 жасқа дейінгілерден тегіс жиналатын. Бұл аз дегендей тофалардың өткізген қымбат аң терілері өз қүнынан анағүрлым төмен бағаланды. Тофалармен сауда-саттық жасайтын орыс көпестерін карагасниктер деп атайтын. Карагасниктер жергілікті адамдардың аңқау, ақкөңілділігін пайдаланып, арақ беріп, алдап- сулап аңшылар табысын тегін олжалауға тырысатын. Тофалар негізінен аңшылықты кәсіп етті. Терісі бағалы аң аулау кәсібімен шүғылданды. XIX ғасырдың соңында бүлғын азайып, қүрып бітуге айналғасын, ақ тиін аулау бірінші орынға шықты. Сондай-ақ Сібір күзені колонок, ақ тышқан, қара күзен , сасық күзен хорек, камшат, түлкі, қаскыр да ауланды. Терісімен қоса азық-түлік қорын сақтау мақсатымен еті үшін аю, елік, тау ешкісі, мүйізсіз тоқал бүғы кабарға, бүғы түқымдас бүлан, солтүстіктің жабайы бүғысы, Шығыс Сібірдің ірі маралы изюбрь ауланды. Тофалар сондай-ақ бүғы өсіруді кэсіп етті. Бүғының еті-азық, сүті-сусын, сыртқа шықса колік болды. Бүғы ішегіне сүт құйып, суықта үстап қатыратын да қыста кәдеге жарататын. XIX ғасырдың 60-жылдарында жылқы малы пайда болды. Жылқы қатал табиғат жағдайына көндігіп, икемденіп, тозімдірек бола бастады. Жылқының еті мен сүтін қаншама үнатқанымен, көптеп ұстауға катал климат жағдайы мүмкіндік бермеді. Үстіміздегі ғасырда келімсек халықтардан үйреніп тофалар шошқа мен қой-ешкіні де аздап үстай бастады. Тофалар бертін келе тиіп-қашып балык та аулайтын болды. Әйелдер мен бала-шаға орманнан жаңғақ, жидек, пияз терді, тамыр жинады, орыстардан үйреніп, шалғымен шөп шауып, қысқа даярлайтын болды. Жол қатынасына бүғымен коса жылдың көп мезгілінде шаңғы, жазда қайык пайдаланды. Мекенжайы - чум деп аталатын сырықпен түйістіре қүрастырып, бүғы я аң терісімен жауып тұрғызатын конус формалы жаппа. Тофалардың тосек-орнымен киім-кешегі де негізінен терітерсектен тігіліп жасалады. Өздеріне коршілес бурят-монғолдарымен карым-қатынас орнатып, олардан жүннен тоқылған киім-кешек, киіз, текемет секілді бүйымдар алып түруға мүмкіндік туды. Тофалар Қазан төңкерісіне дейін Қаш, Сары-Қаш, Чоғду, ҚараЧоғду, Чептей деп аталатын бес руға бөлініп келген. Халық шаман дінін түтынып келді. Тау тәңірісіне жэне аң тәңірісіне табынатын. Қабілеті бар болса, еркек те, эйел де шаман бола алатын. Діни әдет-ғұрыпты 254


өткізумен қоса, наукас адамды да емдеп-домдайтындыктан, шамандар халык арасында зор ықпалға ие болды. Орыс миссионерлері тофалар арасында арнайы түрде жүмыс жүргізуге үлгіре қоймағанмен, орыстармен қарым-қатынастың жандануына қарай христиан дінін тұтынатын тофалар да бой корсете бастаған еді. Тофалардың түрмыс-тіршілігі қиын-қыстауға толы, тым ауыр еді. Халык аштыкты да, жалаңаштықты да коп көрді. Ауру-сырқау да ес жидырмады. Сырт өлкеден көшіп келушілермен қарым-қатынас салдарынан халық бүрын көріп білмеген ауру түрлері пайда болды. Осындай киындыктар салдарынан халық саны өспей, керісінше, кеміп отырды. Кеңес өкіметі түсында тофалар омірінде біраз игі өзгерістер жүзеге асып, коп касірет шеккен момын халықты құрып кетуден сақтап қалды. Шаруашылық түрі өзгерді. Жаңа кэсіп түрлері омірге келді. Халык мал шаруашылығымен, огородпен шұғылдануды үйренді. Шаруашылық жүмысында ат күші кеңінен пайдалана бастады. Халык түгелдей отырықшы тұрмыска көшіп, картоп, пияз тағы басқа коконіс түрлерін өсіретін болды. Тофалар түгелдей орыс үлгісіндегі ағаш үйлерде түрады. Түрмыс-тіршіліктің жетілуі мен жаңаруына қарамастан, тофалардың жиынтык саны күні бүгінге дейін бір мыңнан аспай отыр. 1930 жылы мәдени-әкімшілік орталығы Алыгджер поселкасында орналасқан тофалардың үлттык ауданы кұрылды. Кейін келе тофалардың ауылдық кеңестері Иркутск облысының Нижне-Удинск ауданына қарайтын болды. Алайда тофа халқы үшін шешуі киын проблема аз емес. Табиғи омір сүру қалпын бүзудың, дағдылы түрмыс-тіршілігін күрт өзгертудің халыкка әкелген касіреті аз емес. Теріскейдегі аз санды халыктан шыкқан жазушы Т.Симушкин индустрия мен урбанизацияның ғаламат шабуылынан өз аулындағы 120 жаннан екі-ақ адам қалғанын қасіретпен жазады. Дербес үлт, үлыс болуы үшін өзіндік этникалық қалпын, діні мен сенім-нанымын, эсіресе тілін сақтап қалу шарт екені белгілі. Өйткені тілі жоктың - елі де жоқ. Тофалардың ана тілін сақтап қалудағы басты кедергі-демографиялық жағдайдың колайсыздығы. 1930-1931 жылдары барлык тофалар «Красный охотник», «Қызылтофа», «Киров атындағы» деп аталатын үш колхозға ғана біріккен екен. Мүндай демографиялык ахуалда тофалардың жеке этнос ретінде өз кескін-келбетін сактап калуы қиынның қиыны. Шексіз-шетсіз ну орманды, үскірік аязды Сібір-қиырда шашырай қоныстанған долған, шор, тофалар секілді түркі ағайындарға арнайы қамқорлык жасалмаса, бүл ұсақ үлыстардың таяу болашақта-ак жок боп кету қаупі бар. Тофа тілінің әліпбиі мен жазуы 1989 жылы ғана кабылданды. Лексикасында монгол, орыс тілдерінің әсері мол. Тофа тілінде баспасоз де, мектеп те болган емес. Оқу-ағарту, іс қагаздары орыс тілінде ғана жүргізіледі. Тофа тілі үй-ішілік түрмыста ғана қолданылады. Тек 1990 жылдан тофа тілі бастауыш сыныпта қосымша пэн ретінде оқытыла бастады. Кейінгі 255


кезде тофалардың тым болмағанда өздеріне ең жақын ағайыны тыва тілінде білім алуын жақтаған пікірлер айтылып жүр. Тофалар Ресей Федерациясының құрамында егеменді республикасын жариялаған өз ағайындары тываларға зор үмітпен қарауда. Тывалармен үлттық өнер, мәдениет, салт-дәстүрді дамыту бағытында тығыз қарым-қатынасты орнатуға халық мүдделі. Әдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы России, энциклопедия. М., 1944; Қазац Совет энциклопедиясы. 11 т. 1977. ШҰЛЫМДАР Шұлымдар - Ресей Федерациясындағы қалың орманды үшықиырсыз Сібірдің бір өлкесін мекендейтін аз санды ұлыс. Ертеректе оларды «чулым татары» деп атаған. Шұлымдар Сібір хандығы құлатылғаннан кейін 17 - 18- ғасырларда Батыс Сібір түркілерінің телеут жэне енисей қырғыздарымен ішінара селькуп, кет тайпаларымен араласып кетуінен қалыптасқан. Олар жергілікті орыстардан шаруашылық кәсіпті үйреніп, отырықшы халыққа айналған. Обътың оң саласы Шұлым өзенінің бойын мекендейтін бүл халықтың тілінде небәрі алты жүздей ғана адам сөйлейді. Ертеректе шүлым халқының саны бұдан әлдеқайда көп болған. Олардың басым көпшілігі хакастармен, орыстармен араласып, дербес этникалық келбетін жоғалтып алған. Тілі түркі тілдері аралық бұтағының ұйғыр - оғыз тобына жатады. Ауызекі сөйлеу тілінен басқа жалпыхалықтық әдеби нормасы жоқ. Шұлым тіліндегі 8 дауысты дыбыс қысқа және созылыңқы дыбыстарға ажыратылады. Жазу-сызуы жоқ шүлым тілі тек үй ішінде, түрмыста ғана қолданылады. Саратовтық түркі танушы Р.М.Бирюкович біртіндеп ұмыт болуға айналған шұлым тіліне зерттеу еңбектерін арнаған. Ғалымның «Шүлым тілінің дыбыстық қүрылымы» (1979), «Шүлым тілінің лексикасы» (1979), «Шүлым тілінің морфологиясы», (1991) деген еңбектері жарық көрді. Шүлым тілін зерттеуге акад. В.В. Радлов пен С.Е. Малов та атсалысқан. Шүлым тіліне ең жақын тіл - тофалар тілі. Түрмыс-тіршілігі мен наным-сенімінде, діні мен салт-дәстүрінде, мәдениеті мен өнерінде де тофалардан айта каларлық өзгешелігі жоқ. Тіпті алда түрған шешімі қиын проблемалары да ортақ. Әдеб. Народы Сибири. М., 1966; Баскаков Н.А. Введение в изучение тюрксих языков. 2 изд., М., 1969. ХАКАСТАР Хакастар - түркі тілдерінің аралық бұтағына жататын халық. Ертеректегі орыс жазбаларында хакастар минусин татары, ачин татары, абакан татары, енисей татары деп эрқалай аталып келген. Хакастар өздерін хягас, хаас, сағай, пелтир, кызыл, качин, койбал деп сеока (ру) 256


атымен эрқалай атап келген. Өйткені этникалык тегі, мэдениеті мен түрмыс-тіршілігі жагынан бұл аталган тайпалар бір-бірінен елеулі айырмашылыгымен ерекшеленетін. Тек Кеңес өкіметі орнаганнан кейін халық хакас деген жалпы атауга ие болды. Өйткені хакас зиялы қауымы өз ата-бабаларын кытай жылнамаеында айтылган Минусин казаншұңқырын мекендеген хягастардан бастайды. Қытайлар ерте кезде хакастарды динлиндер деп атаган. Хакастардың бүкіләлемдік жиынтық еаны 125 мың адам (2009). Халқының басым көпшілігі Ресей Федерациясына қарасты Хакасия Республикасын мекендейді. Облыстың Асқыз, Таштып, Усть-Абакан, Ширин аудандарының ауыл-селоларында жинақы қоныстанган. Өлкенің Ачинск ауданында да хакастар бар. Антропологиялық жагынан, Томск татарлары секілді Орал мен оңтүстік Сібір антропологиялык типінің аралас өкілдеріне жатады. Ескі обалардан табылган бейнемүсіндер, археологиялық зерттеулер хакастардың ерте замандағы ата-бабаларының Тұран өлкесіндегі агайындары секілді европеидтік нэсілдің андронов аталатын тобына жатқанын айгактайды. Хакас халқының этногенезі біршама жақсы зерттелген. Әрі хакас жерінен жазба ескерткіштер де көптеп табылган-ды. Түркологияның ең қүнды дерекнамасы, туыс тілдердің көне дэуіріне катысты ескерткіштері түркі тайпаларының тарихы жазылган УІІ-ХІ гасырлардағы Қарлүг, Қаган жазбаларынан, Орхон-Енисей жазба ескерткішінен, көне үйгыр жазбаларынан, солтүстік Монголия мен Енисейдің жогаргы агысынан табылган. Әр этностың қалыптасу барысы жөніндегі қүнды дерек сол халықтың антропологиялык тарихынан алынатыны белгілі. Зерттеушілердің пікірінше, хакас этносы эр алуан тайпалардың мидай араласып кетуінен калыптасқан. Коне дэуірден бері атап айтқанда, үшінші, тіпті төртінші мыңжылдықтан бері хакас жерінде афанасьев мәдениеті, андронов мәдениеті, Карасук мәдениеті, Тагар мэдениеті мен Таштык мәдениеті дегендер бірінен соң бірі алмасып отырган. Кейінірек солтүстік оңірден, шыгыстан қоныс аударган эр алуан тайпалардың араласуынан қытайша атаганда чяньгундер (енисей кыргыздары) пайда болды. Қытай деректерінде қыргыз атауы кейінірек хягас боп өзгеріп аталган. Қыргыздың хакас жеріндегі ежелгі мемлекеті УІ-Х гасырларда Орхон түркілерімен, ұйгырлармен, қидандармен коп жылдар бойы согысып келген. 840 жылы қыргыздар үйгыр қагандыгын талкандады. Ал X гасырда солтүстік Қытайда өз династиясын қүрган қидандар қыргыздарды багындырып, алым-салық төлеуге мэжбүр етті. Осылайша кейінірек кошіп келіп, Енисейдің төменгі сагасына қоныс тепкен кыргыз, үйгыр, алтай аталган тайпалар араласып, бір этникалық топка біріккен. Бүл өңірді мекендеуші халық элеуметтік-экономиялык даму жагынан көрші монгол тектес тайпалардан кош ілгері болган. Халық отырыкшы боп тіршілік етіп, көп салалы шаруашылықпен айналыскан. 257


Егін егіп, мал баққан. Көне дәуірден-ақ халық аңшылық пен балык аулауды косымша кәсіп еткен. Темір қаптаған ағаш соқамен жер жыртып, астық, т.б. дақыл егіпті. Қолөнер түрлері пайда болып, темір, алтын, қалайы т.б. металдар өндіру мен өңдеу мықтап дамыған. Елді мекендерінде қытай қолөнершілері, шеберлері кездесетін. Руникалық жазуы болған. Экономикалық жэне таптық жікке бөліну ерте кезден басталыпты. Ірі жер иелері мен табын-табын малы бар бай ақсүйектер, әскери көсемдер шыққан. Қайтыс болғандар биік корғанға жерленіп, элді-ауқатты байларды кременация жасап өртеген екен. Ерте кезден-ақ Қытай мемлекетімен, ҮІІІ-ХІ ғасырларда Тибетпен, Орта Азиямен, тіпті арабтармен де сауда-саттық жүргізіпті. Алайда Паштық дэуірінен бері жергілікті халыққа монгол тектес тайпалардың үздіксіз шабуылынан қорғануға тура келді. Ақыры 1209 жылы Шыңгысхан бастаган монгол баскыншылары қырғыз атауымен белгілі хакастың біріккен мемлекетін қиратып тынды. Дэл сол кезден хакас-қыргыз халқы тарихының ауыр кезеңі басталады. Монгол езгісі халыкка өлшеусіз кайгы-касірет әкелді. Елді мекендер киратылып, халық талан-таражқа ұшырап, тыгырыққа тірелді. Дамыган қолөнері ұмыт болды. Егіншілік те кұрдымга тіреліп хакастар кошпелі халыққа айналып, мал шаруашылыгымен гана айналысуга мэжбүр болды. Коне түркі жазуы да жогалды. Осы аталган тар жол, тайгак кешуге толы қиын кезеңге қатысты тарихи деректер коп зерттеле қойган жоқ. XVII гасырдың басында Енисей өңіріне алгашқы орыстар келебастады. Красноярск, Ачинск, Мелецк т.б. бекіністер салынып, хакас жерін бірте-бірте игеріп, 1822 жылы Ресей империясының Енисей губерниясына қосып алды. Орыстар хакас жерін отарлай бастаганда халықтың біразы отырыкшы, енді бір бөлігі жартылай көшпелі тіршілік күрып, мал багумен, аңшылықпен, ішінара егіншілік кәсібімен де айналысып, патриархалды феодалдық когамда омір сүрген-ді. Хакас жері шаруашылыкка колайлы. Көк орманды жондар, жасыл жазыктар, мол сулы өзен-көлдер баршылық. Патша экімдері тіршілік тірегі боп келген күйкалы жерді үсті-үстіне тартып алумен болды. Қоныс тарылды. Алым-салык түрі, эралуан міндеттеме көбейді. «Қара орысты көргенде, сары орысты жаным дерсің» деген откен уақыттан жеткен сөз бар. Оның біріншісі халыкка киянат көрсеткен эскери сословиеге жататын казак-орыс та, сары орысы - өнеркәсіпті орталык аудандардан келген қарапайым еңбек адамдары. Қарапайым шаруалар тұрмыс-тіршілігінен хакастар коп нэрсе үйренгенмен, отаршыл патша өкіметінің хакас халкын саяси, экономикалык эрі ұлттық езгісі халык бұкарасының еңсесін котертпеді. Хакастар патша экіміне салыктың бес түрін төлеуге міндеттенді. Рухани езгі де мүнан кем болмады. Отаршылар халықтың үлттық сана-сезімін оятпауга тырысып бакты. ¥лттық мэдениет пен өнері, тілі мен дәстүрі эрдайым касакана кемсітіліп келді. Халық жаппай сауатсыз 258


болды. Ғасырымыздың бас кезінде ішінара хакас балалары да оқитын он үш қана діни мектеп болган екен. Халык патша өкіметінің Сібірге жіберген казактарының озбырлығына қарсы күрес жүргізді. Бүл азаттык күресінен жөнді нәтиже шықпасын сезіп, қырғыз феодалдары халыктың едэуір бөлігімен бірге Жоңгар мемлекетінің жеріне ауа көшті. Хакас халкын ассимиляцияның кері зардабына үшыратуды көздеп патша өкіметі миссионерлер жүмысын жандандыруға каражат аямады. Көп уақыт бойы шаман дінін тұтынып келген халықты корқытып-үркітіп, зорлықпен жаппай христиан дініне көшіру науқаны басталып кетті. Акыр соңында сібірлік түркі халықтарын шокындыру жолында белсенді жүмыс жүргізген орыс миссионерлері хакастарды XIX ғасырдың орта кезінде-ақ христиан дініне мойынсындырды. 1876 жылы Асхыз аулында бірден үш мыңдай хакас шоқындырылып, барлық ер адам Владимир аталып, әйелдер түгелдей Мария аталган. Алайда халық жаңа дінге бірден үйреніп кете қойған жоқ. Көп уакыт олардың наным-сенімінде шаман дінінің із-сорабы мол сақталган. Күнге табыну ырымы - осының бір айғагы. Ал изих дегеніміз торт түлік малдың пірі. Так тайых-тауга табыну. Тегир тайых болса - аспанға табыну, сүғ тайых - суға табыну, казың тайых - қайыңға табыну. Мүндай табыну кезінде кұрбандык та шалынатын. Дей түрсак та, діні бір болғандықтан, казіргі хакастардың үй-жайы мен тұрмыс-тіршілігінде, ішіп-жемі мен жүріс-тұрысында, наным-сенімі мен мінез-қүлқында орыс халқынан көп айырмашылығы болмай отыр. Көнеден келе жатқан салт-дәстүр үмытылуға жакын. Жартылай көшпелі ертедегі хакас ағайындар кой мен ешкіні көбірек үстаған. Одан кейінгі орында сиыр малы. Жылқы да жеткілікті. Кейінірек шошка да бағатын болды. Орыс шаруасынан үйреніп, мол етіп шөп даярлап, қыс мезгілінде малды корада үстайтын болды. Көктемнен күздің орта шеніне дейін жайып бағады. Егіншілік, оның ішінде суармалы егіншілік дамыган, дэнді дақыл, көгөніс көп егілді. Ет, сүт тағамын басымырак жаратты. Сүт тағамына айран, хүмұт, пызлах (ірімшік) жатады. Жылқы етін үнатады. ¥лттыктағамы коче (арпа коже), кан (қаннан жасалган шүжық), қыйма (ет шүжығы). Қолөнерінде агаш ою, зер төгу кең дамыған. Жаңа калалар мен ауыл-селолар ірге көтеріп, коп кабатты түргын үйлер мен қоғамдық гимараттар түрғызылған соң, халықтың қондырғылы кескіндеме онері дамып келеді. Хакастың дәстүрлі үлттык тұракжайының түр-түрі бар. Сібірде орман көп. Сондықтан да ертеректегі киіз үйді кейін келе агаштан қаланған мекенжай толықтай ығыстырды. Кейінірек әлді-ауқаттылар кора-қопсысы бар үлкен мекенжай (усадьба) түргызатын болды. Киисиб деп хакастар киіз үйін атайды, агасиб-ағаштан қаланған киіз үй формалас түрғын жай, алачых-сырғауылдык ағаштан қүрастырған кедей отбасылардың жаппа тәріздес күркесі. Тура - бөренеден каланған орыс үлгісіндегі үй. Үйлену салтында өзіндік ерекшелік баршылык. 259


Құда түскеннен кейін шіркеуде некесі қиылады. Сосын барып ескі салт-дэстүрмен үйлену тойы өтеді. Қалыңмал төлеу талап етілгенмен, қызға жасау беру міндет саналмаған. Екі жақтың келісімімен жігіт қалыңдығын алып қашып та үйленген. Үйлену тойы бірнеше бөліктен түрады. Сас той - қалыңдықтың босаға аттауы, алычағ - қалыңдықтың шашын бүрым ғып өру, сургунчи - қуғыншылардың келіп құда түсуі, камчы-чаразы-ымыраға келіп, татуласу, қалыңмал мөлшерін анықтау. Сосын қыз тойы, ұл тойы өтеді. Бір-екі жылдан соң қыз төркініне барып, жасауын алады. Аралық бүтаққа жататын хакас тілі түркі тілдерінің шығыс тармағының үйғыр-оғыз тобына кіреді. Ортақ атауына қарамастан, көне үйғыр тілінің Шығыс Түркістандағы жаңа үйғыр тіліне айтарлықтай жақындығы жоқ. Керісінше, көне үйғыр тілі қырғыз, хакас, алтай т.б. Сібір түркілері тіліне қатысты көбірек еске алынады. Хакас тілінің оңтүстік Сібір түркілері мен кырғыз тіліне ұксастығы басым. Сөздік күрамында араб-парсы кірме создері өте аз болса, бүған керісінше, монгол мен орыс тілінен енген сөздер айтарлықтай коп. Хакас тіліндегі 9 дауысты дыбыс қысқа және созылыңқы болып бөлінеді. Қазақ тілінен айырмашылыгына ж-ч, й-з, ү-о дыбыстарының алмасуы жатады: чыл - жыл, наа - жаңа, азақ - аяқ, оол - үл. Сан гасыр бойы жеке ұлыс боп тұрмыс-тіршілік кешкен хакастардың қүрамындагы тайпаның эралуандыгына қарай қалыптасқан тіл өзгешелігі жетерлік. Баспасөз бен жазба әдебиеті қалыптасқасын хакас тілі де көп диалектілік сипатынан айрылып, бірыңгайланып, жүйеленіп, бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Хакас тілін жүйелі түрде зерттеуде 1944 жылы гылыми-зерттеу институтының ашылуы кең жол ашты. Хакас тілі халык ауыз әдебиеті негізінде дамып келген. Бүл - кенже жазулы тіл. Жазба әдебиеті 1926 жылы кириллица негізінде ұлттық әліпбиі қалыптасқаннан кейін гана дами бастады. Көне дәуірден бастау алган бай ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз-әңгіме, батырлық-дастан, тарихи жыр секілді жанрларында халықтың өзін коршаған орта, табигат, когам туралы түсінігі, ой-арманы бейнеленген. Көркемдік бояуы канық, кең тараган, «Алтын Арыг», «Албынжи», «Пора Кинжи» эпикалық дастандарында хакас халқының жат жүрттық баскыншылармен ерлік күресі сипатталады. Тақырып аясы кеңіп, жазушылық бейнелеу шеберлігі артқан, коркемдік дэрежесі өскен 30- 50 жылдар аралыгында ондаган хакас ақын-жазушыларының озіндік сонылыгымен ерекшеленетін, үлттық эдебиеттің қаз тұруына септігін тигізген роман-повестері, поәмалары мен драмалык шыгармалары, олеңдер жинагы орыс тіліне де аударылып басылды. Көп уақыт халықтық дәстүр деңгейінде дамып келген хакас музыкасы алтай, тува халықтарының музыка мәдениетімен сарындас боп келеді. Бір дауысты хакас эні өлшем жагынан еркін эрі қүбылмалы. Кең тараган эн жанры - тахпақ пен ыр. Эпостық жырлар ішекті260


соқпалы аспаптың сүйемелімен ерекше көмей дыбыстарымен эндетіп орындалады. Хакас пен қазақтың кейбір ұлттық саз-аспаптарының аты бөлек демесе, заты бірдей. Жетігенді-чатхан, шаңкобызды-теміркомыз, қылқобызды - ыық дейді. Ал хомыс саз аспабының үні домбыраға үқсас. Халықтың рухани өмірінде ән мен бидің алатын орны айырыкша. Әсем әуен, сұлу саз ырғағы бойға қуат, сезімге самғау, көңілге қанат бітіретін жүрек лүпілі мен жан сырын сездіретіндей. Би өнері де халық шежіресі іспеттес тұтас бір халыктың мүң-зарын, арман-мүддесін, шат-шадыман қуаныш сезімін бейнелейді. Хакас ағайындар да ұлттык саз аспаптарын жоғалып кету қаупіне ұшыратпау, эн мен би өнерін де көзден таса, көңілден жат етпеу мақсатымен игі шараларды қарастыруда. Қазан төңкерісінан кейін халық өмірінде біраз игі өзгеріс болды. Хакас жүмысшы табы мен үлттық зиялы қауым өсіп қалыптасты. Хакас тілінде сабақ өтетін мектептер бар. Орта мектепте хакас тілі жеке пэн ретінде оқытылады. Бүл тілде газеттер, оқулықтар, саяси жэне көркем әдебиет басылады. Жергілікті теледидар мен радио хакас тілінде де хабар береді. Соған қарамастан хакас ағайындардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігінде шешуін күтіп тұрған проблема аз болмай отыр. Ең бастысы ана тілін, төл мәдениеті мен өнерін, ұлттық игі салт-дәстүрін сақтап дамытуда халық елеулі қиындыққа тап болуда. Хакас халқы сан жағынан жонді осе алмай келеді. 1989 жылғы дерек бойынша, 82 мыңға жуық хакастың 76 пайызы хакас тілін ана тілім деп таныған. Хакас жерін шарпыған демографиялық дауыл халықтың ғасырлар бойына жат елдік басқыншыдан көздің қарашығындай қорғап келген ата мекенінде азшылық боп қалуына әкелді. Автономиялы облыс - хакастың ата конысының бір бөлігі ғана. Ал сол үлттық облыстың өзінде хакастар 2009 жылы барлық түрғынның 11 пайызы ғана болып отыр. Әрі сол азгана халықтың төрттен бірі орыс тілін ана тілім деп таныған. Тұрмыс-тіршілігі де көбінесе орысшага ауып кеткен. Халықтың 80 пайызы орыстар. Жүздеген жылдар бедерінде орыс халқымен араласкұралас боп, христиан салтының молынан енуі хакастардың этникалық санасын солғындатты. Соның салдарынан олар орыстанып бара жатқан түркі үлысын елестетеді. Хакас тілінде дэріс беретін мектеп 1926 жылдан бастап жүмыс істеп келеді. Алайда жыл өткен сайын хакас тіліндегі баспасөз бен мектеп көбеюдің орнына кеміп келеді. 1953 жылы автономиялы облыстағы төрт жүз мектептің 79-ында гана хакасша дәріс берілді. Оның да көпшілігі - бастауыш сыныптар. Он шақты жеті жылдық мектеп пен екі гана орта мектепте хакасша оқытты. Қазіргі ахуалы да осы деңгейлес. Халықтың дені орысша басылымдарды гана оқиды. «Ел болам десең, ең алдымен бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің тәмсілі - үрпақ тәрбиесін үлт тағдырымен байланыстырып отырған күллі түркі халықтарына қатысты тағылым. Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «Тіл - ұлттың жан дүниесі» дегеніндей, өзге тілде сөйлейтін үлт біртіндеп 261


өзінің төл болмысын да жоғалтатынын тарихтан білеміз. Хакас тілі өз елінде өгей баладай шетқақпай көргендіктен, ана тілінің тағдыры аз мазалайтын ұрпақ өмірге келді. Олар өз халқының әдебін де ұкпайды. Сөзі де, ісі де көкірегіңе қонбайтын мұндай жастардың абырой эпермейтіні анық. Жеткіншектердің бүкіл болмысын түріктендіру секілді күрделі іс-естияр ел екенімізді танытатын, азаматтардың ұлттық сана-сезімін айғақтайтын өлшем. 1991 жылы РФ - ның арнайы заңымен Ресей кұрамындағы Хакасия Республикасы кұрылғаннан кейін байырғы тұрғындар арасында «чоң чоби» (халықтық жиналыс) коғамдық үйымы қалыптасты. Бұл ұйым Хакасияның өнеркэсіпті аймаққа айналып, славян тектес халықтың көптеп қоныс аударуы салдарынан азшылыққа айналған хакас халқының үлттық мәдениетін дамыту, этнос пен тілді сақтап қалу мақсатын көздейді. Маскүнемдік проблемасы да өткір күйінде қалып отыр. Білімпаздардың айтуынша, ата-бабасы арақты аузына татып алмаған солтүстік халыктары өкілінің организмінде ішімдікке қарсы түрар иммунитет аз. Олардың организмі бүл заһардан қорғаныссыз болғандықтан, маскүнемдік сырқатына еуропалықтардан гөрі тез шалдығады. Маскүнемдік Сібірдегі үсақ үлттардың арасындағы өлімжітімнің ең басты себепкері болып отыр. «Известия» газетінің тілшісі Алексей Тарасов 27 сәуірдегі «Пьяная Сибирь» деген мақаласында Сібірдегі аз санды үлттардың жойылып бара жатқандығын ашына айта отырып, ойын осылайша сабақтайды. Дэтке қуат болар нэрсе бүгіндері хакас халқы да келешегіне үмітпен карап отыр. Соңғы уақыттарда елдің игі жақсылары туыс хапықтармен мақсат ортақтастығын есте түтып, ежелгі дәуірден бастау алған бауырластыгын жандандыруда соны бастамаларды жүзеге асыру ниетінде. Әдебиеттер: С.Бизаков., Ветви одного могучего дерева (Тюркские народы). Алматы, 2002; Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы России, энциклопедия. М., 1944; Народы и языки Сибири. М., 1980; Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 т. А., 1977. ШОРЛАР Шор - оңтүстік Сібірдегі аз санды түркі тектес халық. Қазан төцкерісі құрып кетуден сактап калган аз санды халыкка шорларды да жаткызып жүрміз. Шор деп аталатын халыктың ортак атауы жиырмасыншы жылдары гана орныкты. Оған дейін оздерін кобый, қарга, кый, аба шор деген секілді ру аттарымен немесе мекенжаймен байланыстырып та таяш-чоны (таяш болысы), лераскижи (лерас адамы), кон262


дом чоны (кондом халқы), чыш киж (сырт адамы) деп атаған. Шорлар негізінен Ресей Федерациясының Кемерово облысының оңтүстігіндегі Томь озенінің салалары - Кондома мен Мерассу өзендері алқабын мекендейді. Жалпы саны 17 мың адам (2009). Олардың 50 пайызга жуыгы гана шор тілін ана тілім деп санайды. Академик Радловтың пікірінше, шорлар-түркі тілдес кауымдастыкка айналган Енисей остяктарының үрпағы. Расында да остяк, кет ұлыстарымен шор халкының тұрмыс-тіршілігінде ұқсастық бар. Екеуі де аңшылыкты кәсіп еткен. Музыка аспаптары ортақ. Өлген адамды жерлеу рәсіміне дейін үксас. Ханты-мансилер секілді өз мекенін агаштан, боренеден түрғызады. Ханты-мансилерге үксап қүдайға, эруаққа табынган, әруакты қанатты адам түрінде бейнелейді. Қайыңды касиет түтады. Тэңірге табынган кезде қайың кабыгынан маска киетін. Патшалы Ресей окіметі қорқытып-үркіту саясатын жүргізіп, миссионерлер жүмысын қаржыландырып, шор халқын христиан дінін қабылдауга мэжбүр етті. Дін жагынан христиан дінінің православие бұтагын тұтынады. Дей тұрсак та шокынганнан кейін де шорлар ұзақ уақыт шаманист болып келген. Аңшылықпен байланысты діни наным-сенімі елеулі. Орман қожасына арнап қүрбандык шалатын. Тауга табыну да аңшылыкпен байланысты. Аю аулаумен байланысты діни дэстүрі бар. Шорлар да кейбір көрші халықтар секілді бозбаланың күш-қайратын, батылдыгын, мергендігін, қару жүмсау онерін сынақтан өткізіп барып, оны жауынгер катарына қосатын. Өлген адамды киізге, текеметке тагы басқага орап, агашка іліп қоятын. Шорлардың бүгінгі түрмыс-тіршілігін айтар болсақ, тілі мен ұлттық өнері, мәдениеті жагынан солтүстік алтайлықтар мен хакастардың кейбір этникалық топтарына жақын. Шорлар - ертерек кезден-ак отырыкшы халық. Тайгада орналасқандықтан, жері ну орман-тогай. Егіс алқабы, шабындық бүкіл территориясының 5-7 пайызы гана. Белуардан келетін қалың шоп. Алайда мал шаруашылығы қосалкы гана рөл атқарады. Оның өзінде Кеңес өкіметі тұсында гана қолга алынды. Халықтың басым копшілігі мал асырамады. Тіпті сиыр үстамағандыктан, сүт тагамын пайдаланбайтындар да аз емес еді. Жылкы етін өте-мөте үнататын. Алайда бұрындары жылкы етін көбінесе элді-ауқатты байлар гана жейтін. Қыста жауатын қалың қар тебіндеп жайылуга мүмкіндік бермейтіндіктен, алдын-ала шөп даярлап, мал қорада үсталып, қолда багылады. Темір ұстасының онері замандар бойы үрпақтан ұрпаққа жалгасып келген. Шорлар темір балқытты, қару-жарақ, күрал-сайман жасады. Осы үсталық өнеріне кызығып, Көшім хандыгы, Енисей кыргыздары, монгол, жоңгар хандары шор өлкесін оз қарауында үстауга үмтылып, бір-бірімен согысып келген. Басты кэсібі үсталык өнері болса, қосымша кэсіпке - балық аулау, аңшылық, ішінара егіншілік жатады. Бидай, арпа, зығыр екті. Алайда патшалы Ресейдің отарына айналып, көрші хандықтармен 263


бұрынғыдай байланысы болмай, темір ұстасының бұйымдарына сұраныс азайған соң, XVIII ғасырдың соңына қарай ұсталық өнері ұмыт бола бастады. Енді бірінші орынға аңшылық шықты. Әсіресе терісі бағалы аңға сұраныс күшейді. Одан кейінгі маңызды кәсіп балык аулау болды. Орыс шаруаларынан бал арасын ұстауды үйреніп, омарташылық мықты дамыды. Әр ру белгіленген өз тайгасында, өз территориясында ғана аң аулап, балық үстап кәсіп ететін. Бұл тәртіпті бұзгандарды қатаң жазаға тартатын. Өмір сүрген ортасының басқаша болуына сәйкес халықтың тұрмыс-тіршілігі де мүлде өзгеріп кетті. Сібірдің басқа жергілікті халықтарымен салыстырғанда шор халқының арасында жүмысшылар мен қызметкерлер үлесі анағүрлым жоғары. Аңшылар небэрі 2% ғана. Сөйтіп жас ұрпак ата-бабалар кәсібін үмытуға жақын. Оның есесіне металлург, тау-кенші, инженер, жүмысшы шорлар, зиялы қауым өсіп жетілді. Шор халқының аңыз-әңгімелері мен ертегілері, хисса- дастаны мен эпостық жыры, тұрмыс-салт жыры хакас, алтай фольклорымен үндесіп түратынын байқаймыз. Халықтың ауыз әдебиеті жанрына кай, ныбақ (ерлік поэма мен дастандар), пурунғу чөөк, еңбек (ертегі мен аңыз әңгімелер) жатады. Шор тілі түркі тілдерінің оғыз-үйгыр тобының хакас тармағына жатады. Шор тілі - кенже жазулы тіл. Қазан төңкерісіне дейін жазуы болмаған. Тек 1927 жылы шор тіліндегі алгашқы әліппе жарық көрді. Кириллица әліпбиіне негізделген жазуы да дэл осы кезден басталады. Осы жылы шор тіліндегі тұңғыш газет басылды. Шордыц жазба әдеби тілін қалыптастыру мақсатымен осы секілді біршама игі істер қолга алынғанмен, нәтижесі мардымсыз болды. Қазіргі кезде шор тілі - тек тұрмыста ғана қолданатын үй-ішілік тіл. Бсапасөз, радио, театр атымен жоқ. Шор тілінің лексикасы жөнді зерттеле қойган жоқ. Сөздік құрамы жағынан хакас пен алтай тілдеріне өте-мөте жақын. Хакас, алтай тілдеріндегі секілді, монгол тілі мен орыс тілінен ауысқан сөздер өте-мөте коп. Ал араб-парсы сөздері жоқтың қасы. Шор тілінде 16 дауысты, 25 дауыссыз фонема бар. Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке, қысқа жэне созылыңқы болып бөлінеді. Грамматикалық ерекшелігіне көмектес септігінің қосымша магына үстемелейтін - ба, - бе, - па, - пе, - ма, - ме жалгаулары арқылы түрленуі жатады. Мысалы, малтаба - балтамен. Шор жэне қазақ тілдерінде дыбыстык айырмашылыгы шамалы ортақ сөздер аз емес. Мысалы, ай, ая, аяқ, ақча, алақан, алты, алтын, ит, иш (іс), мус (мүз), обал, одун (отын), одыр (отыр), одыз (отыз), он пеш (он бес), сарыг (сары), себиз (семіз) т.б. Ресей Федерациясындагы апатты жагдайда қалып отырган халықтың бірі мәдени автономиядан жүрдай осы шор агайындар болып отыр. 1925 жылы Бельгия сиякты мемлекет территориясына тец келетін 30 мыц шаршы километр жерді алып жатқан Таулы-шор ұлттык автономиялы ауданы күрылган еді. 1931 жылы автономия территория халқының 40 пайызына жуыгы шорлар болса, небәрі жеті жыл өткесін 264


олар бүкіл халықтың 14 пайызына дейін азайды. Тағы бір он жыл өткесін шорлардың үлесі бес пайызға де жетпей қалды. Оның басты себебі шор халқы ата қонысының азғана уақытта қуатты индустриялық орталықка айналуы славян тектес халықтың үсті-үстіне ағылып келуімен кабат жүрді. Өз атамекенінде үлес салмағы үздіксіз кеміп, болар-болмас азшылыққа айналған шор ағайындардың автономиялык мемлекеттік статусын сақтап қалуы мүмкін емес еді. Содан барып 1939 жылы Таулы шор ұлттык автономиялы ауданы таратылып, жаңадан кұрылған Кемерово облысының қүрамына қосылды. Мүндай демографиялык ахуалда шор халқының тілін, ұлттык өнері мен мәдениетін дамыту, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін сақтап қалу арнайы қамқорлықсыз, нақты шара қолданбайынша мүмкін емес еді. Мэселен, 1925 жылы 8 мектепте шор тілінде дэріс беріле бастаса, он жыл өткесін 1935 жылы мектеп саны 32-ге жетті. Шор тілінде газет шығып, баспасоз дами бастаган болса, қазір оның бірі де жоқ. Оның үстіне шорлар сан жағынан осе алмай келеді. Ғасырымыздың бас кезімен салыстырганда шор халкы сан жагынан осуі былай түрсын, кайта 4-5 пайызға кеміп кеткен. 1959 жылы шор халқының жиынтық саны 16 мыңдай болса, содан бері 40 жыл өтсе де, олардың саны 16 жарым мыңдай гана болып, өзгеріссіз қалып отыр. Халык санының өсуіне катты кеселін тигізіп отырған - ол ассимиляциялык процесс. Мэселен, ертеректе сағай деген атпен мэлім болган Абакан өзенінің сол жағалауын мекендеген шорлар бертін келе этникалық тұтастыгын жогалтып, хакас боп кеткен. Ал Алтай өлкесінің Солтон ауданындагы шорлар орыстанып кеткен. Қазіргі кезде шорлар Кемерово облысының Таштаголь, Мсков, Куздеев аудандарында саны өздерінен әлдеқайда басым орыстармен аралас тұрады. Тек тайгадағы шеткері алыс бірен-саран шағын ауылдарда гана шорлар жинакы коныстанған. Сойтіп қалың орыс ортасында шашырай мекендейтін халык жүтылып бара жаткандай эсер калдырады. Дегенмен жоғалуға аз-ақ қалған шор тілінің ат төбеліндей болса да өз қорғаушыларының атсалысуымен кейінгі жылдары Кемерово облысының орталағындағы Педагогикалык институтта шор тілі мен әдебиеті болімі ашылып, оны алты шэкірт бітіріп шыққан. Шор әдебиетін жандандыру мақсатымен бірнеше жазушы «Туған жер» атты газет шығара бастады. Сондай- ак шор тіліндегі өлеңдердің таңдамалы жинағы басылып шықты («Ана тілі», 23.02.2012). Н.П. Дыренкова «Шорский фольклор» жинагында халықтың алты батырлар жырын аударып бастырған. «Араласпаса агайын жат» деген аталы сөзді есте түтып, шорлар бауырлас туыс халықтармен үзіліп қалган қарым-қатынасын жандандырып, рухани байланысын қалпына келтіруге тырысқанымен, бүгін таңда киындыкка кез болып отырғаны да ақиқат. Басты тосқауыл - тіл. Шорлардың көп бөлігі, әсіресе жастар өз тілін білмейді. Халык болгасын өзіндік этникалық калпы, дербес тілі, діні, сенім-нанымы 265


болуы шарт. Тілі жоқтың - елі жоқ дейді халык даналығы. ¥лттың қадір-касиетін өз ұрпагы алдында да, өзгелер алдында да төмендетпеу үшін ана тілін сактау бірінші кезектегі міндет екені анық. Ерте кезденақ бүкіл түркі жүртының қам-қарекетін ойлап қүрак ұшатын Түркия мемлекетінде 1995 жылы жақсы бір игі іс қолға алыныпты. Шор қызы Надежда Курпешко мен түрік ғалымы Шүкү Халұк Агалын сегіз мың сөзді қамтитын шор-түрік сөздігін бастырыпты. Мүның өзі шор мен туыс халықтар арасындағы тілдік жэне мәдени көпір іспетті. Әдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народонаселение стран мира, справочник. М., 1974; Қазаң Совет энциклопедиясы. 12 т. А., 1978; Этнография народов СССР, Л., 1971. САЛАРЛАР Саларлар-ҚХР-датұратынтүркі нәсілдес халык. Олар өздерін салыр дейді. Цинхай провинциясының Сюнхуа-Салар автономиялы уезінде түрады.Олар салар, салыр, салур, салир, сала деп, кытайша салацзу деп аркалай аталып келген. Тарихи-этнографиялык аныктамаларда 1985 жылғы Қытайдағы саларлардың саны 62 мың адам деп корсетілген. Тоңірегін қытай, дүнген, тибет аудандары қоршаған уездің 7 облысын негізінен саларлар мекендейді, тортеуінде саларлар басқа халықтармен аралас түрады. Ганьсу провинциясы мен Шығыс Түркістанда да саларлар бар. Синыдзян-ұйғыр автономиялы ауданындағы саларлар ұлттық тілі мен этникалық келбетін жоғалтып, үйғыр тілді қауымдастыққа айналуда. Олар ислам дінінің суннит тармағын түтынады. Тарихи жэне тілдік деректер саларлардың ата-бабасы Қытай жеріне XIV ғасырда Самархан өңірінен көшіп келгенін айғақтайды. Расында түрікмен халқының кұрамында салыр аталатын тайпа бар. Саларлар өздерінің арғы тегін түрікмен рулары Қараман мен Ахманнан бастайды. Салар елінде Қараман мен оның алты үлының мазары бар. Қараман мен Ахман туралы аңыз түрікмендерде де кең тараған. Саларлардың Самархан маңына қоныс аударып, одан кейін Шығыс Түркістан арқылы Хуанхэ өзенінің оң жағалауына үдере көшуінің себебі XIV ғасырдағы Орта Азиядағы тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Шығыс зерттеушісі Василий Бартольд саларлардың да коне дәуірден бастап-ақ өзіндік мәдениеті болғанын ғылыми тұрғыда дәлелдеген-ді. Салар еліне жолы түскен түрколог ғалым Сергей Малов 1910 жылы бүл халықтың ауыз әдебиеті, этнографиясы мен эн-жыры туралы құнды материал жинады. Сөйтіп салар тілін гылымда алғаш рет сипаттады. Өкінішке орай, ғалымның салар халқына арналган еңбегінің біразы баспадан жарық көрмеді. Орталық Қытайдағы жетуі шалғай ауданға барып, салар ауылдарын аралап, біртіндеп үмытылып бара жаткан тіл жайында көлемді еңбегін шығарды. Антропологиялык жагынан саларлар біртекті емес. Коп гасыр бойы монгол нәсілдес халықтар қоршауында өмір сүріп 266


жатса да, олардың бір бөлігі еуропеидтік кескін-келбетін айқынырақ сақтаған. Тағы бір бөлігінде монголоидтык элемент басымдау. Салар тілі түркі тілдерінің аралық бұтагының ұйгыр тобына жатады. Ол батыс, шығыс, аралық деп аталатын үш жергілікті ерекшелікке ажыратылады. Олардың басым көпшілігі батыс диалектісінде сөйлейді. Саларлардың жалпыхалықтық эдеби тілі болмай келді. Олардың ауызекі сөйлеу тіліндегі 8 дауысты дыбыс жуан, жіңішке жэне еріндік, езулік болып бөлінеді. 30-дай дауыссыз дыбыс та бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі салар тілінің аралық бұтақтағы баска тілдерден өзіндік ерекшелігі аз емес. Атап айтқанда, оғыз бұтағымен, оның ішінде түрікмен тіліне жақындығы эрі қыпшақ тіліне тэн ерекшеліктің аз еместігі айқын аңғарылады. Сондай-ак ерте кезден туыс халықтардан оқшауланып бөтен тілдік ортаға тап болғандықтан, көне түркі тілі элементі мол сақталған. Бүл жағдай салар тіліне баска тілдерден сөздің көптеп енуіне итермеледі. Қытай тілінен ауысқан сөз бэрінен де көбірек. Қытай тілінің эсері фонетикадан, морфология мен синтаксисінен де аңғарылады. Бір кызыгы, кісі есімдері ретінде қытай тіліндегі сан есімдер де қолданылады екен. Мысалы, 60 санының қытайша атауы - эйел есімі, 38,45 сандары - ер адам есімдері. Монгол, тибет тілдерінен ауысқан сөз де аз емес. Араб-иран элементі дінге қатысты айтылады. Салар тілі - кенже жазулы тіл. Көп уақыт бойы саларлардың жазу-сызуы болмай келді. ХУ-ХУІІ гасырларда кітаби шагатай тілі үлгісіндегі араб қаріпті әдеби жазба тілі болды. Әйтсе де сол кезде жарык көрген діни жэне тарихи кітаптар сақталмаған. Салар тілі қазір тұрмыста, үй ішінде ғана колданылатын тіл дәрежесіне түскен. Саларлардың тол жазба әдебиеті кенжелеп дамыған. Олардың мол ауыз әдебиеті мүрасы сақталган. Кең тараган фольклор жанрына томбах (түрмыс-салт, қиял-гажайып ертегілері), лиши (аңыз эңгіме), йур (эн-жыр) жатады. Ән-жырды көбіне егіс басында, еңбек үстінде орындайды. Саларлар ерте кезден-ак қытай, дүнген, тибет, монгол халықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ересек саларлар түгел дерлік полиглоттар, демек олар бірден үш тілде, кейде тіпті торт тілде еркін сөйлей білген. Тұрмыс-тіршілігінде де ұқсастық аз емес. Елді мекенде көше бойлап жүргізілген арыкпен су ағады. Түргын үйі кесектен, балшықтан түргызылып, тобесі шатырсыз, жайдақ жабылады. Әр үйде айван, кан бар. Бөлменің жартысын алып жатқан, пешпен жалгасқан жылы канда тамактанады, демалады. Жозыда (аласа үстел) отырып тамақтанады. Аула биік дуалмен қоршалган. Мекенжайы ұйгырлардікіне ұқсас. Есік-терезе аулага қарайды. Түргызган үйі шаруашылық мекенжайы жэне адамдар тұратын мекенжай боп бөлінеді. Халықтың басты кәсібі - егіншілік, бау-бақша. Дуалмен қоршалган үйімен жалгасып жатқан огороды, бау-бақшасы бар. Онда жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі оседі. Аула да 267


жүзімдікке, мәуелі баққа малынған. Суармалы егістікте чумиза, арпа, бидай, сұлы, қарақүмық, күріш, бұршақ дақылын өсіреді. Қой, сиыр, жылқы өсіреді. Шаруашылық жүмысына қашыр мен есекті пайдаланады. Қолөнері, ағаш ұсталығы, темір ұстасы, қышшы, диірмен үстау, етікшілік қосымша кэсіпке жатады. Негізгі қорегі ет, балық, сүт, нан, күріш тағамы, көкөніс пен жеміс-жидек те мол. Тағамды таяқшамен алып жейді. Халықтың күнделікті ішім-жеміне ет қосып пісірген кеспе көже, сүт қатқан шай, нан жатады. ¥лттық тағамның түр-түріне сондай-ак баоцзы, етлоулах, қүймақ, мома хұджа жатады. Саларлар - мұсылман-сунниттер болғанымен, олардың діни нанымсенімінде ерте кезден - ақ бал аштыру, дуалап сиқырлау, жауын тілеп жаратушыға жалбарыну бар. Әдет-ғүрпында, үйлену салтында туыс халықтармен ұксастық та, өзгешелік те баршылық. ¥лын үйлендірмек болған эке қыздың ата-анасына сырға, шай, тәтті-дәмді сыйлайды. Әкелген сый кабыл алынса, екінші күні тағы келіп, азық-түлік, ақша т.б. көмегін ұсынады. Егіс жұмысы аякталған күз айында өтетін үйлену тойы бірнеше күнге созылады. Бірінші күні неке қиылады (никахохума). Құдалар бас қосқан ритуалды тағамда кыз әкесіне койдың қол жілігі мен жауырыны, кыз нағашысына жамбас тартылады. Екінші күні қыз үзатылады (йенкине). Қыз казақтың сыңсуына үксатып, туыстарымен жылап қоштасады. Ак босағаны аттаған келін ата-енеге қос жастық, қалған туыстарға аяқ киім сыйлайды. Үшінші күні жас жүбайлар оңаша кездеседі (тохолаба). Төртінші күні жас жүбайлар қалыңдықтың үйіне қыдырып барады. Қос қатын алу кең тараған. Бәйбішесін үллылых деп, тоқалын кичилых деп атайды. Жасы үлкенді тыңдап, кұрмет түту, сый-сияпат корсету эр салардың қанына сіңген. «Бірге туған ағайынды жат адамға айналдырмай, шынайы ағайын ететін өзара көмек пен кұрмет, мейірім-шапағат» дейді халық даналығы. Үйленген балалары бірге тұратын үлкен шаңырақ агней деп аталады. Мүндай жанұяда ата мен әженің ақыл-кеңесін толыктай тыңдайды. Мүктаж болған отбасына ағайын-туғаны көмек береді. Өлген адамның рухына арнап киім-кешек, шай-тұз, ақша тарату дэстүрі бар. Үші, жетісі, қырқы, жүзінші күні атап өтіледі. Үш жыл бойы олген адамды еске алу күні өткізіледі. Орталық Қытайда тіршілік етіп жатқан сары ұйғырлар тэрізді салар халқының да мемлекеттік статусының шын мэнінде жоқ екені былай тұрсын, олардың тілі мен мәдениетін, үлттық өнері мен дэстүрін сактап калу үлкен проблема күйінде қалып отыр. Тол жазба әдебиеті кенжелеп дамыған салар халқының мол ауыз әдебиеті мүрасын сақтап калу, олардың өзіндік ұлттык болмыс-бітімін жоғалтпау ең алдымен іргелі ел ҚХР-сы өкіметінің аз санды үлттарға жасайтын қамқорлығына байланысты. Әлемдік тәжірибеге үңілсек, мұндай мүмкіндік табылатын сиякты. Мәселен, адам күкығын коргауда, жалпы демократиялык дәстүрі мол Швеция мемлекетінің заңы бойынша бүкіл мектепте бір 268


ғана басқа ұлт өкілінің баласы болса да, ол оз ана тілінен міндетті түрде қосымша дэріс алады екен. Әдеб. Народы мира, историко-этнографический справочник. М., 1988; Қазац Совет энциклопедиясы. 10 т. А., 1977. САРЫ ҰЙҒЫРЛАР Аралық бұтақтың екі ганьсу диалектісі салар мен сары ұйгыр тілдері - бір-бірінен едәуір алшақ тұрган тілдер. Лексикалық озгешел ікпен коса тас-таш, пас-баш, аш-ач, аяқ-адақ, джыл-йыл тэрізді ажыратылатын фонетикалық варианттар да жетерлік. Коне қырғыз, коне ұйгыр тілдерінен бастау алатын сары ұйгыр тілі хакас, шор тілдерімен коса аралык бұтактың солтүстік-шығыс бұтагына жатады. Шығыс Түркістан түркілері мен Ганьсу өлкесі түркілерінің бірдей «ұйгыр» деп аталуына сай олардың арасында бір жақындык бар ма деген сұрақ туары анық. Бұл атау коне түркі жазбаларында жиі ұшырасады. Ерте дэуірде монгол даласын мекендеген үйғыр тайпасының VIII ғасырда ¥йғыр қағандығын кұрганы тарихтан белгілі. IX гасырда олар оңтүстік өңірге үдере көшіп, Турфан ойпатында, сондай-ак Ганьсуда дербес мемлекет қүрган. 840 жылы казіргі Монголия жеріндегі коне үйгырлардың мемлекеті талкандалган соң Қытайга үдере көшкен түркілердің ұрпақтары бүгінгі сарыүйгырлар - аз санды халық. Олардың Ганьсу провинциясының Минхуа ауданында тұрып жатқанына мың жылдан асты. Сары үйгыр этносының қүрамына кыргыз, түргеш, монгол, тангүт, тибет тайпалары енген. Өздерін сарыг югур деп атайды. Қытайша атауы-юйгу, саны небәрі он бір мыңдай юйгулар торт топқа бөлінеді (1991). Шара югур деп аталатыны монгол тілінде сөйлейді. Біразы қытай, тибет тілдерінде сойлейді. Тек торт мыңдайы гана оз ана тілі сары үйгыр тілінде сөйлейді. Бүл аталган торт топ өзара қытай тілінде түсініседі. Тибет жазуын түтынып келген. Діндері- ламаизм. Шамасы келгендері Тибеттегі Лхаса каласына барып, зиярат етеді. Әйтсе де дәстүрлі аспан-кок пен суга табынатын тэңірлік наным-сенім мол сақталган. Антропологиялык жагынан сары үйғырлар монгол тектес нәсілге жатады. Баска да түркі үлыстары секілді сары үйгырлар да өзінің көп гасырлық тарихында алуан жанрлы фольклор мүрасын тудырган. Халыктың аңыз, ертегілері, күлдіргі эңгімелері, олең-жырлары, батырлык жэне гашыктык даетандары, мақал-мэтелдері туыс халыктар мен корші халыктардың ауыз әдебиетімен сарындас. Коне эпикалык шыгармадан бізге жеткені шамалы гана. Мемлекетаралык байланысты, дипломатиялық қарым-қатынасты пайдаланып түркі тілдес республикалар ғалымдары кытайлык эріптестерімен бас коса отырып, халықтың осы асыл казынасын зерттеп, келер үрпаққа жеткізуге жэрдемдесер деп, 269


сары үйгыр ағайындар үміт артып отыр. Ән-күйі мен би өнерінен қытай, монгол, эсіресе тибет халқымен үндестік байқалады. Сергей Малов 1957 жылы «Сары ұйғыр тілі» атты еңбек жазып, гылым дүниесін сары үйгыр тілімен алғаш таныстырды. Ғалымның пікірінше, сары ұйғыр тілінде көне түркі тілінің элементі бәрінен де мол сақталган. С.Малов көне түркі тілдерінің жазу нүсқаларын зерттеп, сөздіктер жазган-ды. Түркі тілінің аралық тобына жататын сары үйғыр тіліне туыс тілдердің ішіндегі ең жақыны - лобнор тілі екен. Лобнор тілінен өзгешелігі бөтен тілдік қоршауда дамыгандықтан, сары үйгыр тілінің қазіргі үйгыр тіліне айта қаларлық жақындыгы жоқ, мүлде бөлек тіл екені бірденақ байқалады. Диалектілік ерекшелік жоқ. Тек тауда киіз үйде түрып, мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі түрмыс кешкен таглық пен ойлык аталатын отырыкшы қауымдар тілінде говорлық деңгейдегі аз-кем озгешелік бар. Атақты түрколог Э.Тенишев 1956-1958 жылдары Пекинде аз үлттар институтында түркі тілдерінен дэріс бере жүріп, Шыгыс Түркістан, Ганьсу өлкелерін аралап, үйғыр, салар, сары үйгыр тілдерін зерттеді. Сары үйғырлар XVIII ғасырдың басына дейін көне үйгыр тілін түтынган деп, оған 11-ден 29-га дейінгі коне санау жүйесі, қос түрлі септелу секілді айгақтар келтіреді. Үй-ішіліктұрмыстаганақолданатынсарыүйғыртіліндесойлеушілер жылдан-жылга азайып келеді. Сары үйғырлар тілінен гана айырылып коймай, ділі мен дінінен, салт-дәстүрі мен бүкіл үлттық болмысынан да жүрдай болып, көп санды қытай, тибет арасына сіңіп, жұтылып бара жатқандай эсер қалдырады. Шетелмен достық қогамы басқармасының, казақ-қытай достық қогамының қатысуымен сары үйғыр халқының төл мәдениеті мен өнерін кайта жаңғыртып дамыту бағытында игі қадамдар жасалса, нүр үстіне нүр болар еді. Аз санды ұлыстың мүңын мүңдап, жырын жырлайтын, олардың мұрат-мүддесіне, рухани, мәдени қайта түрленуіне бағытталган мәдени орталыктың кұрылганы абзал. Коп санды халықтар арасына шашырай қоныстанған бүгінгі сары ұйгырлардың түрмыс-тіршілігі мен наным-сенімінде қытай, тибет, монгол халыктарынан елеулі айырмашылық жок десе де болгандай. Басты кэсібі - мал шаруашылыгы. Қой, сиыр, ешкі, түйе, жылкы, кашыр осіреді. Ойлыг деп аталатын жазык жерде мекендейтіндері егіншілікпен айналысады. Тары, чумиза (қонақ), қартоп, қауын-қарбыз осіреді. Үй маңындагы огородта пияз, бүршақ осіреді. Қосымша кәсібі - аңшылык. Қоректік шөп жинайды. Таглыгтар төрт бүрышты киіз палатада түрады. Ойлыгтар кесектен, саз балшықтан қалаган биік шатыры жоқ (тоқалтам) үйлерде тұрады. Үлттык тагам түріне ет қосқан кеспе коже, чумиза мен тарыны араластырып даярлаган ботқа жатады. Сүт катып, тон май косқан шай демдейді. Сары үйгырда ажырасу болмайды дерлік. Бала көтермеген әйелінен де кете алмайды. Мінездері сэйкес келмей, шыгыса алмай, бөлек түрып жатқан бірлі-жарымы да басқамен түрмыс құра алмайды. Экзогамия 270


сақталған. Үш-төрт атаға дейін қыз алыспайды. Әке жағынан гөрі нағашыларымен көбірек сыйласады. Қызына күйеуді ата-анасы таңдап, атастырады. Қапыңмал деп күйеу жағы мал, киім-кешек, ақша беретін. Екі күнге созылатын үйлену тойының алғашқы күні қалыңдық ата-анасының үйінде өтеді. Күйеу жағы кэде-жоралғысын, беретін сыйлығын экеледі. Той таң атканша созылады. Екінші күні той күйеу бала үйінде жалғасады. Егер жанүяда үл бала болмаса, ата-ана өз қызының біріне ұл баланың орнын бастырады. Оның бала-шағасына қыздың фамилиясы беріледі. Мүндай кыздар әйелше киінеді, тұрмыска да шығады, бірақ эке-шешесімен бірге түрады. Ондай кызды сықтүтқан (шаңыракты сақтаушы) деп атайды. Монгол тілдес сары үйғырлар өлген адамның денесін елді мекеннен аулак жерге апарып, калдырып, үш күн откесін барып көреді. Ит-қүс жеп кетсе, жақсылық деп қабылдайды. Олай болмаған жагдайда дін иесі жаратқан иеге сыйынып, тағы да дуга оқитын. Кейін келе қайтыс болған дін иелері мен егде жастагы адамды өртеп, күлін көметін болды. Жас адамды ақымы бар корге жерлеп, үш жыл толғанда сүйегін өртеп, күлін көмеді. Маркүмның қыркын, үш жылын атап өтеді. Әдеб. Народы мира, историко-этнографический справочник. М., 1988; Қазақ Совет энциклопедиясы. 10 т. А., 1977. ФУЮЙЛЕР Фуюйлер-КХР-ның солтүстік-шыгысындағы Хэйлунцзян провинциясының Фуюй уезінде тұратын аз санды түркі тілдес үлыс. Егде жастағылар өздерін «қыргыз» десе, жастар қытайша атауы «цзилицзис» дегенге үқсатып «тиртиз» деп атайды. Жалпы саны - 1200 адам (1997). Антропологиялық жагынан монголоид нәсіліне жатады. Будда дінін түтынады. Негізгі кәсібі - егін шаруашылыгы. Фуюй - қыргыздың көнекөз қарияларының айтуынша, олардың атабабалары XVIII гасырдың бас кезінде қазіргі Алтай өлкесінен Хинган тауы арқылы көшіп келген. Шындығында да, зерттеушілердің пікірінше, фуюйлер - ертедегі Енисей қыргыздарының үрпагы. Фуюй - қыргыздары қытай, монгол, дагур халықтарымен аралас түрып, екіүш тілді еркін меңгерген. Фуюй - қырғыздың ауызекі сөйлеу тілі гана бар, жалпыга ортақ эдеби тілі жоқ. Бүл тілде мектеп те, баспасөз де болган емес. Көбінесе қытай тілінде сөйлеседі. Фуюй тілі хакас, шор, шүлым, сары үйгыр тілдеріне жақын. Оның ішінде әсіресе хакас тілінің качин диалектісіне ұқсастау. Түркологтардың пікірінше, фуюй тілінің лобнор тілімен, қазіргі қыргыз тілімен де генетикалық байланысы бар көрінеді. Бүл айтылғаннан фуюй тілінің коне кырғыз тіліне жақындыгы аңгарылады. Фуюй тілінде кытай, моңгол тілінен ауысқан соз көбірек. Фуюйлердің материалдық жэне рухани мәдениеті манчжур қытайлары мен монголдарга ұксас. 271


Әдеб. Тенишев Э.Р. О языке кыргызов уезда Фуюй (КНР)//ВЯ. 1966, №1; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІ Орталык Азия жерінде бөгде тілді қалың ортаға тап болып, зорлықзомбыл ық көру салдарынан ана тілінен, этникалық келбетінен көз жазып қалған аз санды түркі ұлыстары бар. 1759 жылы орталық Қытайдың Нинся-хуэй автономиялы ауданына қоныс аударған түркілер монгол тілді ұлысқа айналып кеткен. Бірақ ислам дінін тұтынатындықтан, ел ақсақалдары өз үрпақтарына «біздің аргы тегіміз - қазақтар» деп, айтып отырады екен. XVII гасырда солтүстік-батыс Монғолияға көшіп барган хотондар да монгол тілдес кауымга айналган. Олар үш мыңдай адам. Түрмыс-тіршілігі, өнері мен мәдениеті де монголдардан айнымайды. Алайда өздерінің шыққан тегі түрік екенін үмытпай, қазіргі кезде қазақтарды туыс санай бастаган екен. Зерттеушілердің айтуынша, хотондардың ертеректе ислам дінін түтынганы, өлген адамды монголдарша жыраққа апарып тастамай, жерлеу рэсімінен аңгарылатын секілді. Аз санды Алтай урянхайы мен Хубсугуль урянхайлары да монгол тілдес қауымга айналган. Ал бүгы өсіретін Цаатан урянхайы (тоджин Тывасы) ана тілін сақтап қалгандықтан, өздерін ұйгырмыз (урянхай түрігіміз) деп санайды. Әдеб. Қазақ Совет энциклопедиясы. 1-2 т. А., 1972-1978. САХАЛАР Сахалар - Ресей Федерациясы құрамындагы Саха Республикасында (Якутияда) түратын түркі тілдес халық. Өздерін «саха» немесе «сахатыла» деп атайтын Шыгыс Сібірдегі түркі халқының таяу уақытқа дейін «якут» аталып келгені мэлім. Сахаларды олардың коршісі тунгустар йеко деп атаган екен. Соган үйқастырып орыстар да якут деп кетіпті деген болжам бар. Шынтуайттап келгенде, саха атауы түріктің йахэ, йаха (жага, жагалау) деген сөзінен шықса керек. Саха - Ресей Федерациясындагы Якут Республикасының негізгі тұргын халқы. Климаты катал Сібір өңірі түркілерінің сан жагынан оншалық осе алмай келгені белгілі. Сібірдегі ең коп санды жергілікті түркі халқы саналатын сахалар 30-жылдардан кейін сан жагынан біршама өсті. 1970 жылы сахалардың жиынтық саны 300 мыңға жуык болса, 2010 жылы халық саны 466 мыңнан асып, өз республикасындагы халықтың жартысын құрап отыр. Саханың шагын тобы Иркутск, Чита, Амур, Магадан облыстарының, Хабаровск өлкесінің, Таймыр мен Эвенки ұлт округтарының кейбір аудандарын мекендейді. Антропологиялық жагынан монголоидтық нәсілдің солтүстік азиялық түріне жатады. Сахалардың туыс халықтардан мыңдаган километр қашық олкені 272


қоныстанып, бөгде тілді қоршауда қалуының себебі қандай деген сұрак туары анық. Қасиетті Тұран өлкесінің негізгі тұрғыны саналатын түркі жұртының жаугершілік заманда өз қонысын үздік-создық өзгертіп келгені белгілі. Тұрмыс таукыметі мен қуғын-сүргіннен жапа шеккен саха ағайындардың да ерте кезде ата қонысынан еріксіз үдере көшкен кезі аз болмаған. Әуел баста Түран өлкесінен бет түзеген түркі тайпасының осылайша солтүстік шығысқа, Лена жағалауына жылжып қоныстануы үзаққа созылғанға ұқсайды. Сахалардың алғашқы тобы Х-ғасыр шамасында Байкал көлі маңынан салмен Лена өзенін бойлап төмен түсіпті. Ал сахалардың солтүстік өңірге қоныс аударған соңғы бабалары орталық Лена бойына ХІУ-ХУ ғасырларда орналасқан деген жорамал бар. Оған көптеген дэлел бар көрінеді. Біріншіден, халық аңызында сахаларды атамекенінен бурят монголдары ығыстырғаны айтылады. Екіншіден, саха тілінің Енисей мен Урянхай өлкесін, оңтүстік Сібірді, Орталық Азияны мекендеуші түркі халықтары тілімен туыстығы талас тудырмайды. Үшіншіден, сахалардың тілі гана емес, тұрмыс-тіршілігі де айнала төңірегіндегі тайгалық халықтардың біріне де ұқсамауы тегін болмаса керек. Шаруашылық дәстүріне, көбінесе материалдық мәдениетіне Караганда, оңтүстік Сібір мен Орталық Азияның бүрынгы көшпелі тайпаларымен ұқсастығы мол. Сібірдің түпкілікті тұрғындары арасында бірден-бір мал шаруашылығымен айналысатындар - осы саха ағайындар. Олар жартылай көшпелі тіршілік етіп, ірі қара мал мен жылқы өсірді. Сиырды көпшілік халық ұстады. Жылқы тойондарда, демек элді-ауқатты байларда көбірек болды. ХУІІ гасырдағы орыс жазбаларында сахалар атты адамдар (конные люди) деп те аталатын. Олар кымыз даярлауды, май шайқауды, ер-тұрман жасауды білген. Сахалар сондай-ақ аң аулау, балық аулау, темір соғумен, ұсталық өнерімен де айналысты. Сахалар Сібір мен солтүстік-шығыс Азияға орасан зор ықпал етті. Олар Сібір халықтарының ішіндегі ең белсендісі жэне саны жағынан әдәуір басымдыққа ие болды. ХУІІ гасырда-ақ Сібір жеріне табаны тиген орыс отаршылары сахалардың шаруашылық пен әлеуметтік дамуы сол өңірдегі өзге жүрттан анағүрлым биік тұрғанын кезінде хатқа түсірген. Сахалар жеке тайпа мен руларға бөлінген. Әскери көсемдер мен тойондар, байлар мен олардың багынышты малайлары болган. Сахаларды Сібірдің түпкілікті халкы емес дегенді біржақты айтылган болжам деп есептейтін зерттеушілер де бар. Олардың тілге тиек ететіні - бүтіндей бір үлыстың бір мезгілде екі жарым мың километр кашықтықты басып өтіп, адам мекендемейтін, табигаты катал, тұрмысқа қолайсыз меңіреу тогайга ауып келуі шындыққа сай емес деген пікір. Олардың айтуынша, қайсыбір зерттеушілер саха мэдениеті мен өнерінің тым күрделілігін, жан-жақты екенін, тайганың аңшы тайпаларымен үқсастыгы аз еместігін ескермеген. Саха тілінің, 273


мәдениетінің, дене бітімінің қалыптасуына тайганың жергілікті тұрғындарының ықпалы болғаны күмансыз. Иә, айтса айтқандай, көп ғасыр бойы туыс халықтармен ешқандай байланысы болмаған, бөтен тілді ортада тұрмыс кешкен саха ағайындардың тілінде, діні мен салт-дәстүрінде, наным-сенімінде өздеріне тэн ерекшелік, айырмаөзгешелік жетерлік. Солтүстіктегі бүғы өсіруші сахалардың тұрмыстіршілігі тунгус, юкагир халықтарына жақындау. Түркі тайпалары Лена бойынан тунгустардың біразын ығыстырып, енді бір бөлігімен араласып кеткен. Жергілікті тұрғындар шаруашылық, материалдық мәдениет жағынан өздерінен гөрі анагүрлым дамыған түркі үлысының кәсібін үйреніп, мал шаруашылығын дамытып, бірте-бірте солардың тіліне көшіп, түркіленіп кеткен секілді. Малшы түркі тайпалары Х-ХУІ ғасырларда Якутияның орталык ауданында, шагын ғана аймақты мекендепті. Одан кейін тарихи аз гана уакыт аралыгында сахалардың үлан-байтак өлкеге тарап коныстануына мынадай жағдай себеп болган. 1620 жылдардан сахалардың атамекені, Лена өңірі Ресей империясының күрамына кірді. Якутияның орыс мемлекетінің кұрамына қосылуы саха тайпаларының әлеуметтікэкономикалык эрі мэдени дамуын жеделдеткенін теріске шыгара алмаймыз. Сонымен коса сахалардың патша кызметіндегі экімдер мен көпестердің аяусыз қанауына, кысымына үшыраганы да ақиқат. Ауыр алым-салықка төзе алмаган көптеген сахалар Лена бойынан ыгысып, шет аймақтарга тарап коныстанған. Осылайша сахалар ЛенаАмгин өзендері аралыгына, кейінірек тіпті Енисей өңірі мен Тынық мүхитына дейінгі аралыққа шашырай қоныстанды. 1922 жылы Ресей қүрамындагы экімшілік бөлік Якут АССР-ының күрылып, мемлекеттік статус алуы саха халкының этникалык бірлігін ныгайтты. 1990 жылы 27 қыркүйекте РФ кұрамындагы егеменді Саха Республикасының декларациясы жарияланды. Жартылай көшпелі сахалар егіншілікпен кейінірек орыстардан үйреніп барып айналыса бастаган. Ал XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, катал климат жагдайына карамастан, сахалардың басым копшілігі жер өңдеуді кэсіп етті. Маңыздылығы жагынан екінші орынды балык аулау кәсібі алады. Саха жерінде өзен, кол, орман коп. Малшы сахалар да балык аулауды косалқы кәсіпке айналдырган. Дегенмен балық аулаумен малсыз кедейлер басымырак айналысты. Балыксыт (балыкшы) сөзі бүрындары малы жоқ кедей деген ұгымды білдіретін. Үшінші орынды аңшылык кэсібі алады. Аңшылықпен солтүстікті мекендеушілер басымырак айналысты. Аңшылық кэсібінің көрші халыктардан өзгешелігі де бар. Аң аулаудың таза үлттық тәсіліне салт атпен, итпен куып аулау, жасырынып барып көздеп ату жатады. Ақсүр түсті түлкі, қаскыр, жабайы бүгы ауланды. Тормен, қақпанмен, мылтықпен де аң ауланды. Жазда бүлдірген, тамыр, шөп жинау кәсібі де ерте кезден бар. Орманда бал арасын өсіреді. Саханың негізгі түргын 274


үйі - киіз үйге үқсас яранга деп аталатын баспана. Жылдың жылырак кезінде түратын урас аталатын сопақша келген жиналмалы мекенжайы бар. Мэңгі тоң жамылган саха жерінде тіршілік ету үшін үлкен төзім, мықты денсаулык, жүмыла бірігіп еңбектенудің керек екені анық. Баланың туылуы жогары деңгейде болғанымен, шетінеуі көп. Сахалар христиан дінінің православие тармагын тұтынады. Орыс миссионерлері шоқынғандарга сыйлық беріп, жеңілдіктер тудырып дегендей, қызықтырып эрі қоркытып-үркітіп, христиан дініне халықты мойынсындырғанмен, дэстүрлі шаман діні мен анимистика дінінің сілемі де мол сақталған. Шаман - халык нанымында аруакпен тілдесе алатын көріпкел эрі емші. Абааһы - ауру-сырқау әкелетін залым рух. Өлім-жітімді көбейтер рухтар - үөр мен юер. Орманның, судың, аңның жебеушісі бар деп үгады. Темір ұстасын шаманмен бірдей көріпкелі бар әулие тұтады. Сахалардың тагы бір ерекшелігі - бір кезде ¥лы Түрік қанагатының ресми діні болган тэңірі дінін элі күнге дейін үстанып, дамытып отырган халық. Славян тектес халыктармен қоян-қолтық араласуының эрі православие дініне көшуінің әсерінен саха халкының түрмыс-тіршілігіне елеулі өзгеріс енді. Үйлену салтында туыс халықтармен ұқсастық та, өзгешелік те баршылық. Қүда түсіп, қалыңмалын төлеп, ырымсырымын жасап, той-томалагын өткізіп үйленеді. Қан жаңарту, үрпақ саулыгы деп, алыс өлкеден келгендерге уакытша болса да қызын беріп, сүйек-шатыс болуды қалау дэстүрі бар. Саха агайындарда атабаба салтын дәстүрлеп, қүрметті мейманына нан-түз орнына қымыз үсынады екен. Әйел еріне толықтай багынышты. Қатал климатты қиыр солтүстікте картайып еңбекке жарамай қалгандардың жагдайы отемөте ауыр болатын. Саха тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ерекше бөлектеніп, бэрінен окшау түрган, ешбір туыстық тілдер бұтагына қосылмайтын тіл. Осылайша оз алдына бөлек топ құрган саха тілін түркі тілінің солтүстікшыгыс тармагына жатқызып жүрміз. Рас, грамматикалық қүрылымы жагынан, есімше формалары жагынан саха тілі оңтүстік Сібір түркілері тіліне жақындау. Алайда қүрылым-қүрылысында монгол мен тунгусманьчжур тілдерінің әсері мол саха тілін арнайы үйренуші болмаса, өзге түркі тілінде сөйлеушілер үгынысып, сөйлесіп кете алмайтыны белгілі. Монгол тілінің әсері саха тілінің дыбыстық кұрамынан да, лексикасынан да, морфологиялық қүрылымынан да, тіпті синтаксисінен де байқалады. Сондықтан да болар академик Василий Радлов қазіргі саха тілі о баста монголданган, кейін келе түркіленген гылымга белгісіз озге бір тілден туындаган, шыгу тегі белгісіз тіл деп болжамдапты. Алайда одан кейінгі зерттеушілер бұл пікірді қолдай қоймады. Олар саха тілінің о бастан-ақ түркі тіліне жатқанына күмэн келтірмейді. Саха тілін зерттеу көнерген түркі сөздерінің түп торкінін тануға септігін тигізбек. Создік күрамында орыс тілінен ауысқан сөз бэрінен де кобірек. Саха 275


республикасы жерінің көлемі 3 миллион 103 мың шаршы километр. Осыншама кең-байтак өлкеге шашырай қоныстанғанына қарамастан, саха тілі (қазақ тілі секілді) диалектісі жоқ, бір тұтас монолитті тілге жатқызылып жүр. Жазуы 1938 жылдан кириллицаға негізделген саха тіліндегі 20 дауысты фонеманың 8-і қысқа, 8-і созылыңкы, 4- еуі дифтонг дауыстылар. 20 дауыссыз дыбыс бар. Саха тілі бір-бірінен айырым-өзгешелігі шамалы 2 говорға ажыратылады. Сахатілінде қазір гылымның эр саласына қатысты гылыми, саяси-қогамдық кітаптар, эр жанрлы көркем әдебиет жарық көріп тұрады. Саханың басым көпшілігі оз тілін ана тілім деп таныган. Саха тілі сондай-ақ долган, эвен, эвенкілер арасында да қолданылады. Саха тілінің тұңгыш хатка түскен мэтінін Н.Витзен 1705 жылы Амстердам қаласында бастырып шығарды. Содан XX ғасырдың басына дейін миссионерлер эр түрлі әріппен саха тілінде жүздеген діни кітаптар жариялады. Ал саха тілінің тұңғыш әліпбиін орыс жазуы негізінде 1917 жылы С.А. Новгородова жасады. Саха тілі - кенже жазулы тіл. Алайда олардың ежелгі дәстүрлі мәдениеті бар. Эпостық батырлық жыры «Олонхо» деп аталады. Оны жатқа айтушы жыршыны олонхосут дейді. Орындалу мәнері, айтылу ұзақтыгы жагынан қыргыздың «Манас» эпосымен үндес. Атадан балаға ауызша беріліп, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан «Олонхо» батырлық эпосы ЮНЕСКО- ның «Адамзаттың рухани құндылықтарының» тізіміне енген. Ел іші - халық мүрасының көзі дейміз. Саха зиялылары өсер ұрпакты елдікке, ерлікке, салт-дәстүрді қүрмет тұтуга эдеттендіретін аңыз-қиссаларды, дастандарды, өлең-жырларды хатқа түсіруде. Өзінің төл тарихына, ата-баба ғұрпына, көнеге құрметпен қарауга ден қоюда. Саха жазба әдебиетінің негізін салушылар аса көрнекті акын эрі драматург П.А.Ойунский (1893-1939), ақын-фольклорист А.Кулаковский (1877-1926), жазушылар Н.Мординов, Н.Якутский, С.Даниловтың шыгармалары халыққа кең тараган. Саха - энқүмар халық. Қыстың қақаган суыгынан өтіп, жүрттың арқасы жазылган жаз айының келуі - үлкен қуаныш, той-томалақ пен мереке айы. Жүрт күн сайын топталып эн салып, би билеп, сазды музыка тыңдап, көңіл көтереді. Саха әндерінің эр жүректің тереңіне үялап, сезім сырын шертіп, тыңдаушы жанын тебірентерлік қасиетті күш екені анық. Саханың халық эні екі түрлі. Біріншісі - созылыңқы дауыспен айтылып, қаһармандық эпос жырланатын кең эпикалық импровизация - тоюктер. Еркін формалы, діріл өлшемді екінші әуен түрі нақты бір ладқа, айқын ыргакка құрылады. Хоровод түрінде орындалатын би «Осухай» таңдай энінің айрыкша түрі. Саханың кәсіби профессионалды музыкасының негізін калаушы М.Н.Жирковтың бастауымен оперетта, опера, балет, симфония жэне камералық шыгармалар жазылды. Адам жанын қанаттандырып, ішкі сезімін тербейтін, тіршіліктің ыстық деміне гашык етер би өнерінің халық омірінде атқарар кызметі 276


де елеулі. Ең кең тараған музыка аспабы - комус (шаңқобыз), қобызға ұксас аспабы қырымпа, дүңгір, ұрып ойнайтын аспабы табақ (дауылпаз). Республикада музыка театры, радио мен теледидардың симфониялык оркестрі, драма театры істейді. Елдің елдігін, халыктың рухани болмысын түзейтін бүгінгі күннің аса жауапты шағында ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың тамаша дәстүрін, үлттық рухы мен моральдық қасиетін, сөз жарасымдылығы мен өрнегін сақтап әспеттеу саха ағайындардың ендігі ортақ тілегі мен биік мүратын танытады, халықтың сана-сезімі арта бастаған сәтін байкатады. Желбуаз насихаттан, бодандықтан азат болған саха халқы туыс халықтармен түрмыс-тіршілігі мен ішіп-жемі жақын, халық әдебиеті сарындас, тамыр-таныстық байланысы күшті, ілік-шатысы мол екеніне ден қоюда. «Ертеңіңді ойласаң, елім деп соғар жүрегің болсын, Ана тіліне жанашырлық - ел тағдырына жанашырлық», - дейді олар. Бойы сергектің - ойы сергек деп үғатын зиялы қауым, ел жанашырлары ата салтында болып көрмеген, қадір-касиет пен кісіліктен жүрдай ететін ішімдік атаулымен, осынау көз көріп, көңіл шошынатын қасіретпен күресуді насихаттауда. Өйткені өлім-жітімнің көбеюі, үрпақсыздық, жалғызбастылық, ер кісілердің жетіспеуі, бүрын естіп-білмеген ауру-сырқаудың көбеюі секілді дерттердің соңғы жарты ғасырда қайсыбір түркі жүртының бойына дендеп енгені сиякты жаман эдеттің маскүнемдік індетінің касіретті зардабынан екені белгілі. Жырақтайгада жаткан сахаелін бес мыңдай казак диаспоры мекендейді. Олар 1995 жылы «Ана-жер» атты казак мәдени қауымдастығын заңды түрде тіркеткен. Қазақ азаматтары ана тілін, үлттық салт-дәстүрін насихаттау мақсатымен «Жексенбілік мектеп» үйымдастырды, мүсылман қоғамы жүмысына катысады. Сахалардың түрмыс-тіршілігінде қазақтарға үқсастығы баршылық. Ақкоңілдігі мен қонақжайлылығы, қүда-жекжат күту жағы да үқсайтындықтан, қазақтарды туыс санайды дейді ондағылар. Қазақ жазушысы Қалаубек Тұрсынқүлов Саха Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Өткенге салауат, келер күнге аманат деп, дэтке қуат етеріміз жаңа заманға аяқ басып ғасырлар тереңінен тамыр тартқан өте бір күрделі, күйзелісі мол киын кезеңді зерделеп, қоғамдағы келеңсіз эрекетпен пэрменді түрде күрес жүргізіп, ежелгі туыстарымен барыс-келіс жасап, бір кездегі үзіліп калған байланысты қалпына келтіруде де игі бетбүрыс жасалып отыр. Әдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы России, энциклопедия. М., 1944; Народы Советского Севера. М., 1991; Қазақ Совет энциклопедиясы. Ют. А., 1977. 277


ДОЛҒ АНДАР Долғандар Ресей Федерациясының Краснояр өлкесіндегі Таймыр ұлт округінің Авам, Хатанг аудандарында тұратын түркі тілдес этникалық топ. Якутияның Анабар ауданында да долғандар бар. Олардың жиынтық саны 7900 адам (2010ж.). Олардың 84%-ы долған тілін ана тілім деп таныған. Кеңес дэуіріне дейін олардың бірыңғай аты болмады. Эджен, Донгот, Карынтуо, Долгаан деп, төрт ру атымен ғана аталып келген. Халыктың кейбір топтары өздерін тыа кисите, тыа кихи (орман адамы), теге (тайпа, ұлыс) деп те атайтын. Бүгіндері халық өздерін дулгаан деп атайтын болды. Сөйтіп бүрынгы жеке ру аты жалпы халық атауына айналды. Долгандар эвенк сөздерін араластырып, саха тілінің жеке бір диалектісінде сөйлейді. Алайда өздерін саха деп есептемей, бөлек ұлысқа жатқызады. XVII гасырда долғандардың бүгінгі ата қонысын нганасандар мекендепті. Ал долгандардың ата-бабалары - аталган территорияга Вилюй, Муна, Оленек өзендері жагалауынан қоныс аударып келгендер. XVIII гасырдың өне бойында долгандар Норильск көлдері мен Боганида өзені жагалауын бойлап көшіп-қонып тіршілік етті. Ал Лена жагалауына коныс тепкен долгандар коп үзамай-ақ өздерінің этникалық дербестігін жогалтып, сахалармен араласып кеткен. XVII ғасырдың 2-жартысынан бастап Таймыр олкесіне сахалар да келіп қоныстана бастады. Әлеуметтік-экономикалық жагынан баскалардан горі жогары деңгейде түрган сахалардың тілі көп тілді тайпалардың ортақ тіліне айнала бастады. Долгандардың басты кәсібі - бүгы өсіру мен аңшылық, ішінара балық аулау. Халық жылдың көп мезгіліне созылатын қатал кыс айларында селдір орманды тундрада, өзен жагалауында, жазда ормансыз тундрада көшіп-конып тіршілік етті. Басты көлігі - бүгы. Қыста бүгыны ерттеп мінеді, нартага жегеді. Жазда жүк артып, тасымалдайды. Негізгі қорегі бүгы еті мен балықты қайнатып та, пісіріп те, қуырып та, кептіріп те жейді. Жеміс-жидек пен көкөністі қысы тогыз айга созылатын тундра тұргындары көрмейтіндіктен, цинга (кұргұлак) ауруымен жиі ауыратын. Агзаға қажет витамин тапшылыгының орнын толтыру максатымен балыкты шикілей де жейтін. Шөп тамырын жинап, асқа пайдаланады. Бүгы терісімен жауып, бөренеден, агаштан чум түргызатын. Кейін келе орыстардан үйреніп жіңішке үзын табан шанага кішірек терезесі бар, ішінде темір пеші, азырақ жиһазы бар агаштан нарта түргызатын болды. Ертеректе долгандар руга бөлінсе, XIX гасырда-ақ ол өз әсерін жогалтып алган. Ертедегі матриархаттың қалдыгы да сезіледі. Ортак хозяйка (бике, бибі) сайланып, ауыл адамдары соган багынады. Отты ошірмей сактау эйелдерге жүктеледі. Туыстык қарым-қатынасы сахаларга ұксас. Үйленгенге дейін жастар толықтай еркіндікте болады. Түрмыс кұру да олардың өз еркімен жүзеге асатын. 278


Долғандар христиан дінінің православие тармағын тұтынады. Бұрын анимизм дінін ұстанган. Орыс миссионерлері сахалар секілді долғандарды да шоқындырған-ды. Алайда ата-бабалары ертеден тұтынып келген, барлык заттың жаны бар деп қараған алғашқы қогамдағы анимистік діннің із-сорабы мол сақталған. Айталық, жаратушы тэңір мен рух үш категорияға бөлінеді: 1. иччи - кез келген затка еніп, оны тірілте алатын, көрінбейтін елес; 2. айыы - адамға жақсылык жасаушы рух; 3. абаасы-бұл жер бетін, жер астын кезіп жүріп адамга эралуан ауру-сырқау әкелетін, киын-қыстауға, бақытсыздыкка душар ететін нағыз қаскүнем рух. Өлген адамды жерлегенде, оның киімкешегін ағашқа іліп қояды. Долғандардың батырлар жырының мазмүны мен айтылу мәнері сахалардың эпостық жыры Олонхомен сарындас. Атақты аңызертегішілер өз шәкірттерін тәрбиелейтін. Долғанның Устуоруйа ертегілері Иван-Царевич түріндегі орыс ертегісімен сарындас. Халық әндері екі түрлі: 1. көбінесе жастар айтатын кысқа қайырымды лирикалық әндер; 2. маман, профессионалды эншілер созып айтатын ұзақ қайырымды эндер. ¥лттык музыка аспабы болмады. Тек XIX гасырдың соңында гана сахалардан үйреніп варган музыка аспабын қолдана бастады. Әр халықтың ұлттык музыкасында өсер үрпаққа эстетикалық тэрбие беріп, қүштарлық сезімін оятатын би өнерінің зор маңызга ие болатыны анық. Қайсыбір туыс халықтардың би өнері туралы танымның табандап калганы белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыруда елеулі табысқа жеткен агайындар да бар. Долганның да би өнері болмаган екен. Би орнына кейінірек жиын-тойда хоровод үйымдастырып, қол үстасып айнала жүріп, аяктарымен секіре тапылдатып, кайырмасында «хейро» деп дауыстап коятын. Тіршілік етер ортасының қаталдығы, шагын елді мекендердің бір-бірінен қашықтыгы жергілікті түргындарды жүмыла ұйымдасуга, киындықты бірлесе жеңуге, озара жәрдем көрсетуге мәжбүр еткені, ортақ меншікке итермелегені белгілі. Сондыктан да оларда алгашқы кауымдык қарым-қатынастың белгілері мол сақталган. Бірлесіп аң аулады. Ішіп-жемі де бірге болатын. Орыстар келгенге дейін долгандар байлар мен кедейлер деп бөлінбеген десе де болгандай. Қатал табигатпен күрес олардың мінез-қүлқына да эсер еткендей. Шетінен өте бауырмал, аңқылдаган ак көңіл, төңірегіндегілерге жаны ашыгыш, барын аямайтын жомарт жандар. Ресей империясы отаршыларының озбырлыгын көргенге дейін қылмыс дегенді білмейтін-ді. Бертін келе гана жүздеген бұгысы бар элді-ауқатты байлар бөлініп шығып, кедей руластарына малын бақтырып, еңбегін пайдаланып келді. Ертеректе солтүстіктің қатал климатты өлкесіндегі кейбір тайпалар секілді долгандар да жақын туыстардың қан араластырмай, ұрпақ азгындауына тосқауыл қою мақсатымен алыс, бөтен жүрттан келгендерге кыздарын үйлендіруге тырысатын. Қазан төңкерісінен 279


кейін долған халқының өмірінде бірсыпыра игі өзгерістер жүзеге асты. Турухан аудандық атқару комитеті ұйымдастырган ру кеңестері, жанжақты түсініктеме жүмысы долған халқының шаруашылығын түзеп, тұрмысын жақсартатын, тундрадағы қатал табиғи ортада тіршілік еткен халықтың жағдайын жеңілдететін шараларды іске асырды. 1931 жылы Таймыр Долған-Ненец автономиялы ұлт округы қүрылды. Аңшылық кәсіпшілігі мүлде жаңадан жабдықталып, қайта құрылды. Ак түлкі (песец) терісін даярлау шаруашылығы үйымдасты. Балық аулау кәсібі дамыды. Көкөніс өсіру мен мал шаруашылығымен де айналыса бастады. Товарлы сүт фермалары күрылды. Редис, капуста, пияз өсіруді үйрететін арнайы курстар ашылды. Халық отырықшылыққа көшті. Жаңа елді мекендер пайда болды. Адамдар орыс үлгісіндегі ағаш үйлерде тұратын болды. Тек бүғы өсірушілер мен балыкшылар ғана өз бригадасымен көшіп-қонып еңбек етті. Бүрындары бүғы табынын жыртқыштардан қорғау қиындық тудырып келсе, енді мал шығыны әлденеше есе азайды. Долғандар ағаш шебері, балташы, темір үстасы секілді жаңа мамандықты игерді. Зиялы кауым өсіп жетіліп, долғандар арасынан дәрігер, мүғалім, ақын-жазушы т.б. мамандық иелері шықты. Халықтың ішіп-жемі де түбегейлі өзгерді. Нан тағамын үзбей тұтынатын болды. Солтүстік түрғындарының өсіп-өнуіне басты кедергі боп келген цинга, өкпе ауруы, қызылша, шешек секілді кең тараған сырқатқа тосқауыл қойылды. Дей түрсақ та проблема да аз болмай отыр. Қазіргі кезде көпшілік елді мекенде долғандар орыс, саха, эвенк, нганасан, энц халыктары өкілдерімен аралас тұрады. Долган тілінде білім беретін мектеп жок. Олар саха, орыс тілінде гана оқып білім алуда. ¥зак уакыт туыс халыктардан оқшауланып калгандықтан, долган тілінде коне грамматикалық формалар сақталған, создік қүрамында саха тілінен өзгешелік баршылық, эвенк сөздері коп. Сондықтан да алгашқы кездерде эдеби саха тілін колдануда қиындыктарға кезігіп жүрді. «Сыныктан басканың жүкпайтыны жок» дегендей, жергілікті халык келімсектердің коп кылыктарына еліктеді. Сібірдің аз санды жергілікті халыктарының сау басына тілеп алган сакинасы - араккұмарлық екені жонінде соңгы жылдары баспасөзде айтылып жүр. Соның бірінде мынадай жэйт сипатталган екен. Сібірдің балық аулап, аң аулап, бүғы баккан шагын бір үлысының күйкіл тірлігін әңгімелейтін деректі фильмінде бірнеше шөлмек арак үшін бағалы аң терілерін сілкіп бере салатын ашык ауыз аңгал жандардың бірер жылдан кейін ішімдік әкелетін копестерді «базарга кеткен әкесін күткендей күйге жеткенін корсетеді. Жасы да, кэрісі де, әйелі де, еркегі де - бәрі-бәрі де». Арақтың кесірінен гасырга жуык уақыт откесін «элгі аз халык дінін үмытқан, тілін ұмыткан мэңгүрт тобыр болып кана коймай, шілдің киындай пышырап, тоз-тоз боп құрып жогалган. Ягни бір халық үлт ретінде жер бетінен өшкен. Қалгандарының озі отаршы жүрттың аты-жөнін 280


малданып, тапқан-таянғандары шылымы мен арақ-шарабына жетсе, соның өзін тэуба ғып үй маңында омалып отырған, омырық ауыз шалкемпірлер. О, тэуба! Осындай сұмдығыңнан сақтай гөр жүртымды! Бұл уланған үлыстың өз еркімен басын бәйгеге тігіп, тұқымының тамырына тұз ерітіп кұйғанмен бірдей ғой», - деп сөзін аяқтайды автор («Егемен Қазақстан», 09.03.1993). Бұл Сібірдің барлық байырғы халыктарына, соның ішінде долғандарқа да қатысты. «Естен тана ішу көбінесе атаанадан, ата мен әжеден тұқым куалап жиі ауысады», - дейді орыстың ұлы жазушысы эрі атакты дәрігері Антон Павлович Чехов. «Арак аласұрғанда ақыл да, ее те калғиды», - дейді Г.Мопассан. «Есі бар пендеден накұрыска, содан сон хайуанга айналу қасірет-ак», - дейді В.Шекспир. Ел арасынан шыккан осындай данагөйлер айткандай, ұлт азбасын, ұрпақ тозбасын десек, ішімдіктен сак болайық, ағайын! Эдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы Советского Севера. М., 1991; Қазақ Совет энциклопедиясы. 6 т. А., 1973; Воронкин М.С. Очерк якутской диачектологии, Якутск, 1980. ЧУВАШТАР Чуваштар - Ресей Федерациясының кұрамындағы ұлттыкмемлекеттік кұрылым Чуваш Республикасының байырғы тұрғын халқы. Жиынтық саны - 2 миллионная астам (2009). Олар өздерін чэваш дейді. Башкұртша атауы суаш, марише-суасла. 1989 жылғы халык санағының дерегі бойынша 1842 мың чуваштың 98 пайыздан астамы Ресей Федерациясында тұрады екен. Еділ бойы мен Орал өңірінің баска халықтары секілді чуваштар да шашырай қоныстанған. Олардың 50% ғана Чуваш Республикасын мекендейді. Татарстан мен Башкортостан Республикаларында, Самара, Ульянов, Орынбор, Пермь облыстарында да чуваштар жинақы коныстанған. Еділ-Орал оңірі ұлт республикаларының ішінде тек Татарстан мен Башкирияда ғана жергілікті халық үлесі соңғы жарты ғасырда, тым баяу болса да, өсіп келеді. Ал Чувашияда мүндай озгеріс байқала коймады. Ертеректе чуваштар республика халқының 75 пайызын кұраса, қазіргі таңда олар 68%-дай боп отыр. Басқа оңірді айтпағанның озінде өз республикасындағы чуваштардың пайызы кеміп отырған. 1926 жылы Кеңес Одағында 1117,4 мың чуваш болған, 1989 жылы олардың саны 1842 мың адамға жеткен. Ал Чувашиядағы чуваштар саны 1926 жылғы 894,5 мыңнан азайып, 1959 жылы 770,4 мың болған. Чувашиядағы чуваштардың үлес салмағының артпауының бір себебі - миграциялык процесс, чуваштардың сырт өлкеге қоныс аударуы. Чуваштардың сан жағынан тым баяу өсуінің басты себебі - оларға ассимиляциянын кері эсерінің тиюі. Өйткені орыс үлты окілімен тұрмыс құрғандардың үрпактары түгелдей ұлтын орыс деп корсету дағдысы бар. Әдет-ғұрпы 281


ұқсас, діні бір болғасын орысқа үйленгендер басқа түркі үлыстарымен салыстырғанда айтарлықтай көп. Этносаралық байланыс (эсіресе орыс халқымен) қоғамдық-әлеуметтік саланың барлық түріне әсерін тигізуде. Орыс тілі - ұлтаралық тіл. Өндірісте, қоғамдық орында, тіпті кейде отбасында да орысша сөйлейді. Чуваштар ерте заманнан Еділ-Жайық бойындагы татар, мари, мордва, удмурт, башқұрт халықтарымен шаруашылық, мәдени жағынан қоян-қолтық қарым-қатынас жасап келеді. Әйткенмен діні бір болғасын эсіресе орыс халқымен ортақ жағы басым, тұрмыс-тіршілігі, киім-кешегі, үй-жайы, наным-сенімі, салт-дэстүрі орысқаұқсас. Өз ана тілін білмейтін чуваштар 1970 жылы 13,5 пайыз болса, аз ғана жылда 1979 жылы 17,1, 1989 жылы 21,5 пайызға жеткен. Олардың ана тілі - негізінен орыс тілі. Антропологиялық жағынан чуваштар финно-угор халықтарына үқсас еуропалык нәсілдің субурал типіне жатқанымен, біртекті емес. Солтүстіктегілерден таулы марилерге үқсас ептеген монголоидтік компонент байқалады. Оңтүстіктегілердің сырт пішіні татарларға келіңкірейді. Чуваштар көп ғасырлар бойы орыстармен қоян-қолтық араласып келгендіктен, XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап христиан дінінің православие тармағын түтынады. Алайда XIX ғасырдың соңына дейін шоқынбай, ескі діни наным-сенімін сақтап қалған аздаған чуваштар болды. Шоқынған чуваштар да таяу уақыттарға дейін ескі діни наным-сенімнің көп бөлігін сақтап қалған. Мәселен, чуваштар күнге, отқа табынған (хевел), суды қасиет түтқан, эруаққа сенген. Арсүриорман тэңірісі, сисем-найзағай тэңірісі, султи-турэ-аспан тэңірісі, өзен мен бүлақ жарылқаушылары болған. Жер-анаға көбірек табынған. Иомзи-ертедегі чуваштардың молдасы іспеттес. Әйел, аң кейпіне кіріп, адамдарға зияндық ойлайтын жауыз сиқыршыны кереметь деп атайды. Иомзэ - қастандық жасайтын сиқыршы. Адамдар я мал ауыра бастап, эпидемия қаупі төнсе, қолдан от түтатып, екі жақтан алау жағып, арасынан адамдар я мал өтіп, ауру-сырқаудан тазару салты бар. Хертсурт аталатын үй қожасына, қарта-пусе аталатын аула қожасына сыйыну ғүрпы бар. Ауру-сырқау, тіл-көзден сақтау үшін, жас баланың мойнына түмар кигізеді, киіміне амулет тігіп береді. Науқасты балгер дэрілік шөппен емдейді, дұға оқып, зікір салып та емдейді. Коне дэуірде Туран жерінен Еділ бойына түркі тайпалары қоныс аударған. Солардың бір үрпағы чуваштар ежелден Еділ, Сура, Свияга өзендерінің аралығын мекендеп келеді. УН-УШ ғасырда бүлғар т.б. түркі тайпалары Орта Еділ өңіріндегі орманды дала алқабын мекендеп, кейінірек Еділ-Кама Бүлғария мемлекетін қүрған. Еділдің оң жағалауын мекендеген бүлғарлар чуваштардың этногенезіне зор эсер еткен. Чуваш этнонимінің озі де суваз немесе саваз деген бұлғар тайпасының атымен аталған. Қазіргі удмурттардың этнографиялық тобына жататын бесермендерді зерттеушілер түркі тілдес булгарлармен 282


байланыстырады. Х-ХІІІ ғасырларда Еділ Бүлгариясының этно-мәдени жағдайы күрт өзгерді. Моңғол шапқыншылығы тұсында бұлғарлар солтүстікке ығысты. Сөйтіп түркі тілдес бүлғар т.б. тайпаларының финно-угорлармен араласуынан XVI ғасырда бір ғана этникалық топ чуваштар қалыптасқан деген болжам бар. 1551 жылы Чувашияны орыс патшасы өзіне бағындырды. Отаршылардың үлттық езгісіне, зорлық-зомбылығына шыдамаған калың чуваш жүрты әлденеше рет көтеріліс жасады. С.Разин бастаған көтеріліске (1670-71) чуваш шаруалары белсене қатысты. 10-15 мың адамдық чуваш отрядына басшылық жасаған Байдул Искоев, Тойдемир Емайдин, Сергей Васильевтер есімі ел аузында боп келді. Отаршылардың ауыр үлттық, рухани қанауынан сан мың чуваш Еділ мен Оралга, Сібір т.б. өңірге қоныс аударды. Қазан төңкерісінен кейін, 1920 ж. РСФСР қүрамында Чуваш автономия облысы қүрылды. 1925 жылы АО Чуваш автономиялық республикасы статусын алды. 1992 жылдан бастап Ресей Федерациясы қүрамындагы Чуваш Республикасы деп танылды. Чуваш ұлты үш этникалык топтан құралады. Жогаргы вирьялдар солтүстік өңірді мекендейді, томенгі анатрилер оңтүстік өңірдегілер, осы аталған екеуінің ортасындағы аралық топ анат енчи деп аталады. Чуваш тілі оз алдына бөлектеніп, түркі тілінің бүлгар бүтағын күрайды. Бүл тіл қыпшак әсеріне коп үшырай қоймаған. Ешбір туыстық тілдер бүтағына қосылмайтын саха тілі секілді басқа туыс тілдерінен фонетикалық, лексикалық жагымен қоса синтаксистік жағынан да әжептәуір ерекшеленетіндіктен, чуваш тілі өзгелер үшін түсінуге бэрінен де қиынырақ. Чуваш тілі екі диалектіге ажыратылады. Жоғарғы диалектіге жататындар о - дыбысын басым қолданса (оканье), төмендегілер у - дыбысын қолданады (уканье). Мысалы, арпа дегенді жоғарыдағылар орпа десе, төмендегілер урпа дейді. Әдеби тіл томенгі диалекті негізінде калыптасты. XIX гасырдың 2-жартысына дейін чуваштың оз жазу-сызуы болмады. Тек 1870 жылдан орыс әліпбиі негізінде чуваш окулығы шыга бастады. Қазіргі чуваш тілінде 37 эріп бар. Фин-угор тілдерінен, әсіресе орыс тілінен енген соз оте коп. Чуваш тілі орыс тілімен қатар республиканың мемлекеттік эрі ресми тілі ретінде елдің өндірістік, қоғамдық жэне мәдени өмірінде кеңінен колданылады. Көп данамен көркем, саяси-қоғамдық, ғылымитехникалық эдебиет, мерзімді баспасоз басылады. Мектепте, арнаулы орта жэне жоғары оқу орнында оқылады. Радио мен теледидардан чуваш тілінде күнделікті хабар беріледі. Қазан тоңкерісінен кейін Чуваш тілінің жазу жүйесі жетілдірілді, лексикасы жаңа создермен толықты. Чуваш тілінің 17 томдық сөздігін жасаған атакты ғалым Н.И.Ашмарин чуваш тілін ғылыми жолмен зерттеудің негізін қалады. Жазба әдебиеті кенжелеп дамығандықтан, халык өзінің ой-арманын, таным-нанымын, өмірден корген-білген 283


тәжірибесін халықтық фольклорда жырлаған. Чуваштың ғасырлар тереңінен бастау алатын қоршаған орта туралы өз түсінігі, өз моралі, этикасы, сан алуан өнері қалыптасты. Тұрмыс-салт эндерінен қазақтың сыңсуына ұксас қалыңдықтың ата-анасымен, туыстарымен, доскұрбыларымен мұңды дауыспен эн салып қоштасу ғұрпы бар. Ертегі, аңыз-эңгімеде жер-ананы, сонымен байланысты еңбекті қастер тұту сарыны аңғарылады. Чуваштың жазба әдебиеті XIX ғасырдың екінші жартысынан бері дамып келеді. Кезінде В.И.Лениннің әкесі И.Н.Ульяновтың комегімен жоғары білім алған аудармашы, көрнекті педагог эрі агартушы И.Я.Яковлев чуваш әдебиетін дамытуга зор үлес қосты, чуваш жазуының негізін калады. Кеңес дэуірінде чуваш тілінің жазу жүйесіне озгерістер жасалып, жетілдірілді. Қазан төңкерісіне дейін чуваш тілінде негізінен діни кітаптар, жалгыз гана «Хыпар» (Хабар) атты газет шыгып келсе, 1980 жылдан екі республикалық, 19 аудандық газет, бес журнал, соның ішінде «Ялав» (Жалау), «Таван Атал» (Туган Еділ), қогамдык-саяси, көркем-әдеби жуналдары, жүздеген кітаптар шыгып жүр. Н.Ф. Ильбековтің, А.В. Емельянов пен М.Н. Юхманның, Г.В. Красновтың т.б. қаламгерлердің туындылары үлт әдебиетін жогары кэсіби - шыгармашылык деңгейге көтерді. Чуваш - әнқұмар халық. Жіп иіру, токымашылық, ауылшаруашыл ық жүмысы болсын, еңбек процесі түгелдей эн салумен жалгасады. Жастар жагы хоровод, би, эр алуан ойын үйымдастырып, өнер жарыстырып, көңіл көтереді. Ойын-тойда дастархан басында айтылатын әндер, эзіл-сықақ эндері бар. Қүрылымы жагынан бір дауысты салтжора, түрмыстық әндер, еңбек әндері, лирикалық эндер, той-мерекеде шыркалатын әндер т.б. жанрдагы эндер халықтык музыка фольклорын күрайды. Ұлттық музыка аспабына үрлемелі сырнай, шахлич, шапар, шертпелі кесле, сокпалы параппан, шылдырмакты ханкарма, барабан, кос тілді палнай, вархан, скрипкалы серкеч жатады. Чуваш республикасында академиялык драма театры, музыка театры, филармония, мемлекеттік эн-би ансамблі, чуваш радиосы мен теледидарынын хоры, композиторлар одагы, халык творчествосының үйі, музыка училищесі, коптеген музыка мектептері жүмыс істейді. Қазіргі кезде Чебоксарыда 5 театр, 3 мүражай (өлкетану, эдебиет жэне коркемсурет) жүмыс істейді. Клубтар, кітапханалар, театрлар мен концерттік үйымдар желісі сакталып қалды. Республика басшылыгы чуваш халқының мәденитарихи мұраларын калпына келтіруге мемлекеттік колдау корсетуде. Чуваштар - ежелден егінші халық. Отаршылардың кугын-сүргіні салдарынан жері аз шаруалар тым коп болды. Сондықтан ба екен, жерананы кастер түткан ырым-сырым көп-ақ. Егін онім берерде жерді күйеуге беру деген ырым болган. Синее мейрамы кезінде жер-анага демалыс бер ген: жер айдамаган, топырак казбаган, тіпті қазықта қақпаган. Сэмэр чук-жауын-шашын болдыру ырымы. Егіншілік кәсібінің аскан 284


шебері ретінде жер өңцеуде, тыңайтуда, тұқым даярлауда, еккен егісін күтіп-баптауда, ауа райын болжауда зор тәжірибе жинақтаған. Чувашияда бидай, арпа, сұлы, қарақүмық, кара бидай, техникалық дақылдан темекі, зығыр, сора егіледі. Құс пен омарта шаруашылығы дамыған. Чувашия - сондай-ақ машина жасау, аспап жасау, металл өңдеу, ағаш өңдеу, химия, тоқыма, электротехника, тамақ өнеркәсібі өркендеген қуатты республика. Баска да егінші халықтар секілді чуваштар ұн, нан, жарма, көкөніс, өсімдік майын тағамға көбірек пайдаланады. Сүт тағамын сирек жаратады. Нанды бидай, арпа, қарақүмық, сүлы, бұршақ үнынан пісіреді. Көкөністің түр-түрін, эр алуан шөпті тағамға жаратады. Көпшілік жұрт сиыр, қой етін мереке кезінде ғана жейтін. Шошқа етін соңғы жүз жылдан бері ғана тағамға жаратып жүр. Жылқы етін үнатады. Ертеде оны байлар ғана жеген. Тауық еті мен балық та чуваш дастарханында бола бермейтін. Сүт тағамы - уйран, чәкәт, турэх, уңране. Кең тараған үлттық тағамы яшка, шурпе, хуран, кукли, тултармэш, шөрттан. Нан тағамына йава, юсман, пуремеч, хуплу, пелеш жатады. Дәстүрлі халық қолөнерінің ішінде нақышты тоқымашылық, киімкешекке, белбеу мен орамалға, перде мен жапқыштарға кесте тігу, бас киім, алқа, белдік, әмианға моншақ төгу, үш қырлы жосық немесе мүсін бейнесіндегі оймыш түсіру өнері дамыған. Бейнелеу онері, сондай-ақ балташы, ағаш ұсталарының үй жиһазын, үй аспабын жасауы, ағашты әшекейлеп ою оюы тэрізді қолданбалы халык өнері ерте кезден белгілі. Кесте тігу, шашақ тоқу, тоқымашылық өнерімен эр чуваш эйелі бала кезінен таныс. ¥л балалар жас кезінде балташылықты, ағаштан эр алуан әшекейлі бұйымдар жасауды, ағаш үйдің сыртын, есік-терезені безендіру өнерін үйренеді. Ертеректе чуваштар да Еділ бойының басқа халықтары секілді туыстар қауымдастығы боп, жеке-жеке махаллада мекендейтін. Әр қауымдастыктың ортақтасып пайдаланатын оз жері, егістігі болатын. Егіс науқаны кезінде, үй тұрғызғанда, басқа да қауырт жұмыс кезінде чуваш асар үйымдастырып, оған өз қауымдастарын шақыратын. Оны пулэш (болыс) деп атайды. Үй ішіндегілер ата мен әжені толықтай тыңдап, солардың айтқанын орындайды. Елді мекенін ял, кейбір жерде касэ ял дейді. Жері орман-тоғайлы болғандықтан, үй-жайын бөренеден кұрастырады. Үй жайын әшекейлеп салуда солтүстік өңірі орыстарына үқсастық басым. Бұрынғы шағын чуваш елді мекендері сан мың халық мекендейтін үлкен деревняларға айналды. Үлттық мейрамы көбінесе жер-анамен байланысты. Оған діни мейрамдары сурхури (святки), аслэ сәварни (үлы масленица), кесен сэварни (масленица), акатуй (көктемгі егіс мейрамы), синсе (жерана мерекесі) жатады. Егіс өнімінің жақсы болуын тілеп жылқы, өгіз, кейде баска мал түрін құрбандыкка шалатын. Жастар еркін болды. Олар жиі бас қосатын. Қыздар мен жігіттер жазда хоровод ұйымдастырса, қыста көңіл көтеретін кеш 285


ұйымдастырып, онда үлкен дастархан жайылады. Бірін-бірі таныпбіліп, көңіл қосатын. Осыншама еркіндікке қарамастан жастар арасында бұзақылық, жүрімпаздық, ар-намысқа кір келтіру болмайтын дерлік. Қауымдастық жат қылықтарға, әдепсіздікке жол бермейтін. 12-13 жастан бастап қыз бала өзіне жасау әзірлейді. Кенеп тоқыды, кестелеп, эшекейлеп көйлек, жейде, жапқыш, перде секілді керектілерін тікті, шашақ тоқыды. Өзіне бөлінген жерге зығыр мен сора егіп, кейін алған өнімнен бойжеткеннің өзі кенеп тоқитын дәстүр бар. Қалыңдыкқа керек баска жасауды ата-анасы даярлайды. Жас келін таң азаннан кара кешке дейін тыным көрмей, түскен үйінің отымен кіріп, күлімен шығады. Оған сол үйдің қыздары көмектеседі. Әрбір ата-ана болашақ келінін үй жүмысына таптырмайтын қолғанат деп, үлын тым ерте үйлендіруге, қызын кештеу түрмыс күруға үгіттейтін. Сондықтан да қалыңдықтың өз күйеуінен 6-7 жас үлкен болуы үйреншікті жағдай саналады. Атааналар келіспеген жағдайда өз қалыңдығының ризашылығымен алып қашып та үйленетін. Тездетіп шіркеуде некесін қидырып, өздері калап алған хэйматлэх аталатын жанашырын паналайтын. Хәйматләх ара ағайындыққа жүріп, калыңдықтың ата-анасын күйеу жағымен татуластырады. Үйлену салты той-думанға үласатын күда түсуден басталады. Сосын жігіт өз үйінде достарымен, қыз да өз кұрбыларымен кеш өткізеді. Той болар күні үйлену тойы көйлегін киіп, бетіне перкенчек аталатын жамылғыны бүркеп алған қалыңдықты арнайы пәуескемен атаенесінің үйіне апарып, бүрышқа отырғызады. Сосын күйеу жағының адамдары кезекпен перкеншектің шетін ашыңқырап жас келіннің ақ дидарын, жүзін көре бастайды. Белгілі бір уақыт өткесін кейуана ана салтанатты түрде жамылғыны алып, келіннің бетін ашады. Сосын келін орнынан түрып, бір топ қызды ертіп су әкеліп, пеш жағып, яшка атты тағам пісіріп, өзінің үй-ішілік жүмысты меңгере алғанын аңғартады. Жігіттің көпшілік қүрмет тұтатын бір туысы жас отаудың акыл берер камкоршысы боп аталады. Оны хэйматлэх дейді. Осы тэрізді коне дәуірден бастау алатын тәрбиелік, танымдық мэні бар ғүрыптар аз емес. Алайда 70 жылдық тоталитарлык жүйе түсында чуваштар да көптеген игі салт-дәстүрінен көз жазып қалды. Пүшпагы ғана қалып, тозып біткен қастерлі салт-ғүрпын бэз-баяғы қалпына келтіріп, каз түрғызу оңай шаруа емес. Халықтың қастерлі, қасиетті ғүрпының көбінің көміліп, көлегейленуі, ескерусіз қалып жүтаң тартуы бабалар үрдісіне сызат түсіруге итермеледі. Соның салдарынан этникалык сана-сезімі, отаншылық сезімі жүтаң тартқан адамдар тобы да байкалып жүрді. Әдеб. Этнографическое исследование, ч. 1-2, Чебоксары, 1956; Каховский В.Ф. Происхождение чувашского народа. Чебоксары, 1965; Қазақ Совет энциклопедиясы. 7 т. Алматы, 1975; Егоров В.Г., Современный чувашский литературный язык в сравнительно-историческом освещении, Чебоксары, 1971. 286


МАЗМҰНЫ К ІР ІС П Е 3 ҚЫПШАҚ БҰТАҒЫ Қазактар........................................................................................................52 Татарлар .......................................................................................................82 Барабиндер................................................................................................... 95 Ноғайбақтар................................................................................................ 95 Башкұрттар ................................................................................................. 96 Қаракалпақтар ............................................................................................103 Қырым татарлары........................................................................................112 Құмықтар .................................................................................................... 121 Қарашайлар................................................................................................. 129 Балқарлар .................................................................................................... 136 Ноғайлар ..................................................................................................... 140 Астрахань түркілері (ноғайлары) ...........................................................146 Юрттар .........................................................................................................147 Қарағаштар ................................................................................................. 148 Қарайымдар ................................................................................................ 149 Қырымшақтар.............................................................................................151 Үрымдар...................................................................................................... 152 ОҒЫЗ БҰТАҒЫ Түріктер....................................................................................................... 153 Әзірбайжандар............................................................................................173 Қашқайлар .................................................................................................. 183 Қарапапақтар ..............................................................................................186 Шахсевандар...............................................................................................187 Қызылбастар...............................................................................................188 Сонкорлар ...................................................................................................189 Халадждар ..................................................................................................189 Хорасандар..................................................................................................190 Боджнұрдилер.............................................................................................191 Афшарлар....................................................................................................192 Түрікмендер................................................................................................192 Трухмендер .................................................................................................202 Гагауздар .....................................................................................................203 ҚАРЛҰҚ БҰТАҒЫ Ө з б е к т е р .............................................................................................................................. 208 287


Құрамалар ................................................................................................... 215 Ұйғырлар .....................................................................................................22С Лобнорлар ....................................................................................................231 АРАЛЫҚ БҰТАҚ Қырғыздар................................................................................................... 23: Алтайлықтар...............................................................................................24] Тывалар ........................................................................................................24' Тофалар........................................................................................................ 25' Шұлымдар .................................................................................................. 25< Х акастар.......................................................................................................25< Ш орлар.........................................................................................................26! Саларлар.......................................................................................................26' Сары ұйғырлар ...........................................................................................26' Фуюйлер ......................................................................................................27 Орталық Азия түркілері ...........................................................................21'. Сахалар.........................................................................................................27! Долғандар ................................................................................................... 21' Чуваштар......................................................................................................28 Сейдін Бизақов ТҮБІ БІР ТҮРКІЛЕР Редактор Үлжалгас Есназарова Корректоры Жандар Темірбеков Бет қаттаушы Анархан Чагимкулова Компьютерде терген Ерлан Ақбаев Басуға 17.01.2013 ж. қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Тітез». Пішімі 60х907]6. Офсеттік басылым. Баспа табағы 18.0 Таралымы 1000 дана. Тапсьірыс №7609. Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-і. 050002, Алматы к., М.Мақатаев к., 41.


Click to View FlipBook Version