ерікті болды. Ересек ұлдары кейвананың ақыл-кеңесін тыңдап отыратын. Ері мен әйелінің атқарар жұмысы, міндеті айқын анықталып, толықтай сақталады. Әйелінің міндеті балаға карау, ас даярлау, жүнді өңдеп жіп иіру, токыма ісі, киіз басу, киім тігу, малға қарау, отын-су даярлау. Әйелді жыраққа, тіпті, базарға да, туыстарына да жалғыз жібермейтін. Дала жұмысымен, мал бағумен ер адамдар ғана шұғылданады. Әйел жынысының бағыныштылығы ері қайтыс болғанда толық байкалады. Мұндай кезде құдалар жағының дау-дамайы өршіп кетуі де мүмкін. Өйткені жесір әйелдің эке-шешесі қызын екінші рет түрмысқа шығарып, тағы бір рет қалың мал алуға тырысса, ата-енесі әмеңгерлік заңымен келінін өз туыстарының біріне, тіпті кейде әйел үстіне әйел ғып беруге өздерін ерікті санайтын. Жесір эйел көбінесе ата-енесінің еркіне бағынуға мэжбүр болатын. Өйткені эйел торкініне қайтып оралса, балаларын ата-енесіне немесе күйеуінің туыстарына қалдырып кетуге тиіс еді. Кейде жесір эйел омірі күйеуге тимеуге келісім беріп, ата-енесімен қалатын. Түрікмен әйелі пэренже жамылмаған. Бірақтілерсегіне жеткен үзын койлек киіп, мойны мен көкірегін, білегі мен балтырын - еш жерін ашық қалдырмайды. Қүран сүнетті жазылған күміспен безендірген бойтұмар тағады, шомбал асыл тастар тағады, саусағына көлемді қымбат сақина киеді. Інжу-маржанды алқасы бар кокірекше киім әлдіауқатты жанүядан екенін аңғартады. Түрікмен әйелінің инабаттылығы, эдептілігі, ата мен әжеге қамқор бола білетіндігі, әсіресе кереметтей еңбекқорлығы баршаға аян. Жас келін атасы мен кэрі әжені аялап күтіп, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады. Үй-ішінің бар тауқыметін ренжімей көтереді. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген аталы созді кішкентайынан санасына сіңірген, сондай-ақ кэріге құрмет-келін мен балаға міндет деп үғатын жас эйел «Я, құдайым, жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп тілейтін. Сол айтқандай, келін өз еңбегінің, маңдай терінің өтемі мен рахатын егде тартқанда көріп жүр. Бала-шағасы мен келіні оны да төрде отырған қарқаралы кейвана ана санап, барынша аялап, әлпештейді. Түрікмен жанүясы шағын емес. Жалғыздық - адам өміріндегі ең үлкен бакытсыздық. Бір эке-шешеден туылған ағалы-інілер мен әпкелісіңлілер ынтымағы жараспай, бір-бірін түсінбесе, ол - ең сорақы жалғыздық деп түсінген түрікмендерде үйленген ұлдарымен бірге тұратын 15-20 адамдық отбасы аз болмаған. Рулық қатынас өз әсерін жоғалтып алғанмен, алыс-жақын туыстар жинақы қоныстанып, бірбіріне жэрдем беріп, бірлесе шаруашылық жұмысын атқаруы жаксы эсер қалдырады. Түрікмендердің копшілігі - коп балалы отбасылары. Олар - аса балажан халық. Баланың туылуы жағынан олар ТМД елдерінде ең алдыңғы орында. Сәбидің дүниеге келуі - әр түрікмен отбасы үшін үлкен куаныш. Баладан асқан бақыт жоқ, баласыз қоғам жоқ, «Балалы үй базар, баласыз үй - қу мазар» деп үғатын түрікмендер 198
баласыздыкты бакытсыздық, ең ауыр қасірет санайды. Көп балалы отбасы бакытты жанұясы саналады. Көп балалы ана ағайын-туғанның, көпшіліктің құрметіне бөленеді. Баршаға өмір сыйлаған әйел - анааналық ұяның, үйдің тірегі, қашан да ошақтың ырысы мен кұты, елдің ұйтқысы, құт-береке бастауы деп коп балалы әйелді кұрмет тұтады. Өзімшілдікке, жекенің өзін-өзі элпештеуі мен жүріс-тұрыстың вестерндік моделіне бой алдырмай, коп балалы болу үрдісін үзіп алмай үбірлі-шүбірлі, туған-туысқанды болуға үмтылу айта қаларлыктай. Егер ұл туылса, әкесінен сөйүнжи (сүйінші) сүрауға асығатын. Огул - довлет, ғыз - мехнет деген түрікмен макалы қыз баланың туылуының аса үлкен куаныш саналмағанын айғақтағандай. Жас нэрестеге арнап огул той (ұл тойы) өткізіледі. Нәрестенің аты туыла салып қойылады. Өйткені халыктың сенімі бойынша, аты кешігіңкіреп қойылған бала есейгенде өтірікті шындай, шындықты қүдай үрғандай ғып айткыш болады. Отбасылық қуаныш, эралуан той-томалак негізінен балаға арналған. Әсіресе үл балаға катысты ырым көп-ақ. Әдетте түрікмен қыз баласын да аялап, әлпештейді. Дей түрсақ та түрікменнің жаугершіліктен коз ашпаған халық екенін айткан едік. Ал өз жерін, атамекенін корғап қалу, шетелдік баскыншыларға карсы түру ер-азаматқа жүктелетіні белгілі. ¥л баланың туылуы бүкіл әулет үшін үлкен куаныш саналатыны да сондықтан. Баланы бесікке салу, қыркынан шығару, алғашқы тіс жаруы, алғашқы рет шашын алу атап өтіліп, көрші-колаң дэмге шақырылады. Бала 5-6-ға келгенде үлкен сүндет тойы жасалады. «¥л туғанға күн туар», «Атадан үл туылса игі, Ата жолын куса игі. Балаңды жүрт мақтаса, бәрінен де сол сүйгі», «¥лым ості дегенше, батыр өсті десейші. Батыр өнер білмесе, қапыл ості десейші» дегенге үқсас үл балаға катысты нақыл сөздер түрікмендерде көп-ақ. Олар өз үлдарын, бүкіл өсер үрпақты уәдеде түрғыш, отірікке, жалған мінезге, жалтақтык пен қорқақтыққа жаны қас, достыққа берік етіп тәрбиелеуге тырысады. Түрікмендер - мүсылман-сунниттер. Халықтың тұрмыс-тіршілігінде діннің алатын орны айтарлықтай. Ислам дінінің ақ жолынан таймау арқылы ата салтын, игі дәстүрін, халықтық қалпын сақтап, жас ұрпақты қайырымдылык пен имандылықка, жаксылықка үмтылдыру көзделеді. Соның арқасында халық ішкілік дертіне бой алдырып көрген емес. Маскүнемдікті үлттық намысқа тиетін, сүйекке таңба түсіретін індет деп, оған жирене қарайды. Еуропа елдерінің бейэдеп, қүбыжық та имансыз кинофильмдеріне тыйым салынған екен. Шетелдік зерттеушілер түрікмендердің бітім-болмысына жоғары баға беріп, олардың ержүректілігін, адалдығы мен намысшылдығын атап өткен. Түрікмен ағайындардың ата сыйлаған салтына әдет-ғұрпына деген игі сезімі қалың көпшіліктің өскен ортасына деген сүйіспеншілігімен, елдік ерекшелігін қасиет тұту үғымымен астасып жатқандай. Мүның өзі 199
бүгін таңдағы ұлт идеологиясының дұрыс шешімін табуын жеңілдетері даусыз. Түрікмен-мейлінше қонакжай халық. Шетелдіктер түрікмендердің табиғат қаталдығына төзімділігін, олардың ат құлағында ойнайтынын, ең асау аттың өзін батыл да шебер ауыздықтайтынын айткан. Қайырымдылық, адамды аяу, үлкенге қүрмет көрсету - түркі халықтарының ең жақсы қасиеті. Түрікмен эйелдері түйе жетектеп келе жатыпта тоқтап, жасы үлкен адамдарға құрмет білдіруді ұмытпайды деп бағалайды. Жомарттық оларға сүтпен бітіп, сүйегіне сіңген. Үлкенге күрметпен қарау эр түрікменнің қанында бар. Оның ең басты себебі, ең маңызды алғы шарты ретінде мынаны атай кеткен жөн. Түрікмендер баланы болашақ ата-ана санап, бесіктен белі шықпай жатып-ақ оларды екі нәрсеге баулуды мақсат түтады. Оның біріншісі - баланы үлкенді тыңдауға, оған сөзсіз бағынуға тәрбиелеу жатады. Екіншісі - еңбек тэрбиесі. 8-9 жасар қыз бала анасының таптырмастай көмекшісіне айналады. Егер бүл жаста қыз бала кір жуу, ас пісіру, бала бағу, үй ішін жинастырып күтіп ұстау, іс тігу сияқты жұмыстарды атқара алмаса, мүның өзі қыздың шешесіне үят саналатын. ¥л бала да дэл осы жаста еңбекке араласып, экесі мен ағаларына қолғанат болады. 9 жастан бастап қыз баланың ұлдармен ойнауына рұқсат етпейді. ¥лдың үяты әкеге, қыздың ұяты шешеге. ¥лға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю деген секілді үрпақ тәрбиесіне қатысты аталы создер осы айтылғанды айғақтап тұрғандай. Қыз алып қашу дегенді түрікмендер білмейді. Қалыңмалын төлеп, құда түсіп, той-томалағын жасап барып үйлену қатал сақталған. Үйлену салтында қүда түсуден бастап, қалыңмал төлеу, үйлену тойын өткізу, қалыңдықты құтты орнына қондыруға қатысты ырым-сырымы көп-ак. Қалыңмал-күйеудің қалыңдыққа білдірген сый-сияпаты делінгенмен, мүның да көлеңкелі жағы жоқ емес. Гарша, гаршылық деп түрікмендер қайшы қүда болуды айтады. Жакын туыстардың, немерелес ағайындардың қайшы қүда болуы кең тараған. Қазіргі таңда туыстас адамдардың некеге отыруы сияқты келер үрпақ үшін өте зиянды дэстүрдің түрікмен ағайындарда үлкен проблемаға айналғаны елдің игі жақсыларын ойға қалдырып отырғанын, мұндай зиянды әрекетпен бүкіл кауым болып күресуге үндегенін, тіпті орталық баспасөзден де оқығанымыз бар. Атап айтқанда, 80-жылдардың орта кезінде осы проблемаға арналған бірнеше мақала «Комсомольская правда» газетінде жарык көрді. Өйткені жас нәрестенің шетінеуі көбейіп кеткен. Наукас балалардың басым көпшілігінің ата-анасы жақын туыстар екені аныкталып отыр. Тіпті қайсыбір елді мекенде өз туысымен некеге тұрғандар арнайы тізімге де алынған екен. Басты себептің бірі - қалыңмал мөлшерінің тым жоғары болуы. Тиісті қалыңмалын төлеуге шама-шаркы жетпеген ата-ана бір әке-шешеден туылган туысына құда болуды өтініп қолқа салады екен. Демек аталған қиындықтың алдын алу үшін калыңмал проблемасын шешіп алудың қажеттігі белгілі боп отыр. 200
Айта кету керек, түрікменде ажырасқан отбасылар сирек. Отырып калган кыз болмайды дерлік. Тастанды бала деген атымен жоқ. Тіпті тірі жетім деген сөздің өзін олар біле бермейді. Түрікмен жігітінің басқа ұлт өкіліне үйленуі сирек. Ал түрікмен қызының өзге үлт өкіліне түрмысқа шыгуы кездеспейді дерлік. Көп қалыңмал төлеуге жагдайы жоқ кедейлердің ертеректе үлдарына курд, парсы қыздарын алып беруі кездесіп калатын. Қазіргі кезде кала тұрғындарынан өзге дінді түтынатын ұлт қыздарына үйлену фактілері үшырасып қалады. Мұндағы бір ерекшілік түрікмен жігітіне шыққан славян тектес қыздың мұсылман дінін қабылдауы міндет саналып жүр. Егер басқа ұлт өкілі мүсылман дінін қабылдап, туылган бала түрікменше сөйлейтін болса, аралас некеге қарсылыгымыз жоқ дейді олар. Түрікменбашы Ниязов өз кезінде түрікмен кызы басқа елдің азматына күйеуге шыккан жагдайда шетелдік күйеу калыңдыгы үшін мемлекет қазынасына елу мың доллар қүю керек деп шешім шыгарган екен. «Это объясняется просто: девушки - турменки, известны на Востоке своей красотой, добрым нравом и трудолюбием, пользуются большим спросом в Иране, Турции и арабских странах. В Туркмении надеются, что госкалым отпугнет женихов с несерьезными намерениями» деп жазыпты «Труд» газетінде (26.07.2001). Орта Азия халыктарының арасында түрікмендерде гана қанды кек алу дәстүрі сакталган. Алайда қазіргі уакытта бұл дэстүр ішінара өзгеріске ұшырап, коп жагдайда күн төлеуді талап ету кездеседі. Ұлттык спорт пен ойын түрінен ат чапышдырмақ, ярыш, байрақ аталатын ат жарысы, сондай-ақ мергендікке баулитын ныша атышмақ, атышык аталатын спорт түрі, балуандар күресі кең тараган. Түрікменде ерте кезден шахмат, берижи, бадақ салмақ тэрізді есептеу, есте сақтау, ептілік, есту, түйсіну қабілетін арттыратын ойын түрлері бар. Республика территориясы экологиялық апат аймагына жататын, климаты аса қүргак, өте катал, тұрмысқа қолайсыз Қарақұм шолді аймагында орналасқан. Мүнда зиянды климаттық фактордың адам организмінетигізетін кері әсерінен табиги ошагы бар инфекциялықжэне паразиттік аурулардың азаймауы медицина саласында қиындык тудырары түсінікті. Алайда түрікмен жері - түнган байлық. Ал жері байдың елі бай болмақ. Басты байлыгы - мұнай мен газдың барланган қоры жагынан ТМД елдерінде Ресейден кейінгі орында. Оның энергетикалық ресурсы элемдік газ корының 35 пайызын құрайды. Мүнай қоры - 12 миллиард тонна. Өзін-өзі билеген ел бақытты. Қазіргі мемлекет басшылары астам мемлекеттердің етегіне жабысып, босағасына үмтылудың, иіліп төсек, жайылып жастык болудың елге сын, бетке шіркеу екенін ескеріп, еркін де бейтарап ішкі-сыртқы саясатынан айнымай келеді. «Еліміздің мол байлыгын ысырап етпей, үнемдеп пайдалану - басты мақсат. Жеріміздегі табиги байлықтың арқасында еліміздің қолы үзарып, еңсесі көтеріліп, тездеп дами бастады», - дейді. Түрікменстан тэуелсіздігін алганнан бастап, халықты элеуметтік-экономикалық 201
жағынан қорғау ең басты мәселенің бірі болып келеді. Ел тұрғындары 1993 жылдан бастап табиғи газды, электр энергиясын, ауыз суды, ал 1994 жылғы акпаннан бері ас тұзын тегін пайдаланады. Жыл сайын мемлекет тұргындарга 4 миллиард текше метр газ жэне 2 миллиард квт / сагат электр энергиясын тегін босатады. Түрікменстанда білім алу мен денсаулык сақтау тегін, мэдениет пен гылымды дамытуга мемлекет тарапынан комақты қаржы бөлініп келеді. Олар уақыттың киындыгына карамастан, халық тұрмысын күрт нашарлатпай, экономиканы дамытып, елдің бар қазынасын, ауылшаруашылық өнімдерін республика мүддесіне тиімді түрде сарка пайдалану бағытын дәйекті түрде іске асырып, инфляцияға жол бермеуде зор күш-жігер жүмсауда. «Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» - дейді халык даналығы. Расында да, басшысы бастай білсе, қиындықты жеңбейтін халык жоқ екені анық. Отаршылардың ежелден туыс, етекжеңі кең түрікмен, казақ халықтарының арасына жік салып, бір-біріне өштестірудің не түрлі айла-шарғысын жасағанына қарамастан, біздің дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасымызға сызат түскен емес. Республикадағы жүз мыңдай қазақ диаспоры түрікмен ағайындармен аулы аралас, койы коралас бола жүріп рухани жақындасу арқылы, туыскан екі халыққа ортақ салт-дәстүрін толықтай сақтап, өркендете алуы куантарлық жағдай. Қазақстанда бірнеше мың түрікмен үлтының өкілі тұрып жатыр. Алматыда түрікмен диаспорасының орталығы жүмыс істейді. Ежелден армандап келген егемендігіне енді гана қолы жеткен түрікмен, қазақ халықтары тілі мен әдет-гүрпы, өнері мен мэдениеті, қоғамдық-элеуметтік жагдайы негізінде өзара байланысын жандандырып, ауызбірлік пен ынтымақтастыгын арттыра берер деп сенеміз. Әдеб. Народы Средней Азии и Казахстана, т. 1. М., 1962; Языки народов СССР, т. 2. М., 1966; Қазақ Совет энциклопедиясы, 11 т. 1977; Народы мира, историко-этнографический справочник. М., 1988. ТРУХМЕНДЕР Трухмендер - Ресей Федерациясы Ставрополь өлкесінің солтүстікшыгысындагы бірнеше елді мекенде түратын түркі тілдес халық. Олар өздерін түрікмен үлтының этнографиялык тобына жатқызады. Жалпы саны - 34 мың адам (2002). Антропологиялык жағынан сәлпэл монголоидты компонент араласқан еуропеидтік нәсілге жатады. Ислам дінінің суннит тармагын түтынады. Трухмендердің атабабалары Маңгыстау өңірін мекендеген түрікменнің соудар, игдыр, союнаджи аталатын тайпаларынан екен. Бертін келе Хиуа хандығының дүркін-дүркін жасаган карақшылық шапқыншылығынан зардап шеккен аталган түрікмен тайпаларының бір бөлігі бөлініп, XVII гасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Солтүстік Кавказдағы 202
Маныча, Кума өзендерінің бойына көшіп барып орныққан. Оларды кейінірек түрікмендерден бөлектеп, трухмен деп атап кеткен. Түрікмениядағылармен үш ғасыр бойы байланысы болмағандықтан, ставраполдықтардың түрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріне көршілес ноғай халқының ыкпалы басымырак болды. Трухмендер көп салалы шаруашылықпен айналысады. Қой, сиыр, жылкы бағады, егіншілікпен де айналысады. Қолөнерінің түр-түрі дамыған. Трухмен тілін түркологтар түрікмен тілінің диалектісіне жатқызады. Алайда лексикасы мен грамматикалык құрылымынан ноғай тілінің әсері басымырақ байқалады. Соған қарап қазіргі трухмен тілін түрікмен тілі мен ноғай тілінің ортасындағы аралық тілге жатқызуға болатындай. Ноғай тілі фонетикалық құрылымының эсері мынадай: а) созылыңқы дауысты айтылмайды: ач - аач (тоқ емес), иол - иоол (жол), ташла - даашла (таста); э) ерін үндестігінің қолданылмауы: отыран-отурон (отырған), кепек - кепөк (ит); б) т - д дыбысының алмаспауы: таш - дааш (тас). Түрмыс - тіршілігі, материалдық жэне рухани мәдениеті жағынан да трухмендер ноғайлар мен түрікмендерге ұқсас. Дәстүрлі кәсібіне мал шаруашылығы жатады. Қой, ешкі, сиыр, жылкы жэне түйе өсірді. 19- ғасырдың соңына таман трухмендер отырықшы тұрмыска көшіп, бидай, арпа, тары, жүгері, сүлы егетін болды. Қолөнерінен кілем, киіз басу, эралуан токыма бүйымдарын даярлау кэсібі дамыған. Сондай-ақ үсталық өнер, ағаш өңдеу, зергерлік кәсібімен де шүғылданған. Ноғайлар секілді қой, ешкі, сиыр сүтін, қымыз бен шүбатын молынан жаратады. Нан тағамына черек, гатлама, челпек жатады. Көк шайды үш мезгіл ішеді. Кеңес үкіметі кезінде трухмендер арасынан ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері шықты. Әдеб. Большая Советская энциклопедия, т. 26. М., 1977; Народы Кавказа, т.1, м 1960. ГАГАУЗДАР Гагауздар - Молдова Республикасының оңтүстігіндегі үш ауданнан тұратын үлттық - экімшілік округінің түрғын халқы. Өздерін гагауыз деп атайды. Ал көрші халықтар кейде оларды түріктер деп те атайды. Бүрынғы Кеңестер Одағындағы гагауздар саны 197 164 адам болган (1989). Олардың басым көпшілігі, 87,4%-ы, гагауз тілін ана тілім деп санаган. Гагауздар Молдова Республикасының оңтүстігіндегі Комрат, Чадыр-Лунга, Вулкапешт аудандарында гана жинақы қоныстанған. Сондай-ак осы аудандармен іргелес жатқан Украинаның Одесса, Запорожье облыстарында, Солтүстік Кавказ бен Қазакстанда да гагауздардың азгантай боліктері қоныстанган. Олар мұнда 1908-14 жылдары Бессарабиядан көшіп келген. Молдова мен Украинага гагауздар XVIII гасырдың соңы мен XIX гасырдын бас кезінде орыс-түрік соғысы кезінде Болгариядан ауып келіп, «патшалық 203
Ресейдегі болгар колонистері» ретінде тұрып орнықты. Гагауздар 1807 жылга дейін Ресей өкіметінің қысымымен Қырым түбегіне ауа көшкен. Олар орыс - түрік согысы кезінде Дунай өзендерінің бойынан ыгыстырылган. Гагауздардың бүкіл әлемдік жиынтық санын 300 мыңдай деп шамалаймыз. Алайда бүл болжам гана. Көп санды бөтен тілді ортада топталып, жиынтық мекендей алмаган гагауз халқының дэл санын анықтау қиын. Гагауз - төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен халыктың бірі. Оларга ұдайы қысым көрсетіп, ана тілін дамытуга қасақана кедергі келтіру көп бөлігінің өз ана тілін сақтай алмауына, ассимиляцияның кері әсерінің зардабын тартуга әкеп соқты. Бүган гагауздардың ата қонысы саналатын Болгариядагы жагдай толықтай айгақ болады. Ғасырымыздың бас кезінде Болгарияда жүз мыңдай гагауз болса, 1955 жылы 10 мыңдай гана қалган. Ал қазіргі таңда бес мыңдай гана гагауз бар көрінеді. Өз ана тілін сақтай алмаган халықтың көп бөлігі болгар үлтының өкілі боп жүр. Тоталитарлык жүйе түсында Болгарияның үкімет басшылары гагауз халқының дэл санын анықтаудан жалтарып, үлттық тілі мен мәдениетінің өркендеуіне ашыктан-ашык кесе-көлденең түрды. Кейін келе тіпті түрік, гагауз тілінде сөйлеуге де тыйым салынды. Антропологиялық жагынан гагауздар біртекті. Түріктер секілді гагауздар да еуропеидтік нәсілдің балқан тобына жатады. Бүл халықтың этногенезі мен өмір жолы жөнінде гылымда эралуан гипотеза бар, түрлі болжам айтылып жүр. Көптеген зерттеушілер, гагауздар орта ғасырларда Қара теңіздін солтүстік маңынан Балканга өтіп барып қоныстанган, үзак уақыт аралас түрып келген славян, оның ішінде болгар халқының мәдениетін, дінін қабылдаган орта гасырдагы уздар мен торктардың, кұмандардың т.б. түркі тайпаларының жүрнагы деп есептейді. Осы пікірді қолдаушылар түркі тайпаларының Еуропага Алдыңгы Азия арқылы гана емес, солтүстік Кавказ, Қара теңіз жагалауы аркылы да өткенін дәлел ретінде атайды. Расында да, «Балкан тау, ол да біздің барган тау» деген казактың конеден жеткен созінің астарында өзіндік мэні бары анық. Аталган созден тарих түңгиыгынан тартылган өмір тінін сезгендейміз. Халыктардың үлы коныс аударуы деп аталган кезеңнен бері Тұран аталган ата қонысынан Еуропага бет түзеп, сонау қиырдагы Дунай өзені мен Жерорта теңізі жагалауына жеткен түркі тайпасының бір жүрнагы гагауздар екені күмэн тудырмаса керек. XIX гасырдың ортасына дейін гагауздар мал шаруашылыгымен, оның ішінде кой өсірумен басымырақ айналысып келген. Алайда жайылымдык жердің, жемшөптің тапшылыгынан олар жүзім өсірумен, егіншілікпен көбірек шүгылдануга көшкен. Бүгінгі гагауздар - коп салалы шаруашылықпен айналысатын еңбекқор халық. Атап айтқанда, олар егіншілікпен де, бау-бақшамен де, мал шаруашылыгымен де, эралуан қолөнері кәсібімен де қатар айналысады. Кілем току, жүннен, 204
жібектен мата току, киім тігу, тұрмыска қажетті бұйымдар жасау дамыған. Гагауз ағайындардың ұлттық тағамынан туыс халықтармен ұқсастықпен катар, аралас отырған славян, роман тілдес жұртпен ортактык байқалады. Гагауздардың дастархан мэзірінен нан тағамы, бауырсак, орама нан, самса, жеміс-жидек, коконіспен коса бір заманда көшіп-конып тіршілік еткен ата-бабаларынан бері келе жаткан ет тағамы, кұрт, ірімшік, айран, катык секілді сүт тағамы үзілмейді. Гагауздардың діни наным-сенімдері мен ұлттык тағамында кошпелі түрмыс, түркі мәдениетінің ізі мол сакталған дей тұрсак та, олардың казіргі рухани, материалдық мэдениеті, үй-жайы, тұрмыстіршілігі айналасындағы бөгде тілді халықтардың мәдениетіне жақын. Өйткені бүл халықтармен гагауздардың діні бір. Олар христиан дінінің православие тармағын түтынады. Діні ортак болғасын, әдет-ғұрпы да ұқсас болуы заңды. Айталык, Русалка, домовойға катысты гагауздардың наным-сенімі осының бір айғағындай. Ертеректе гагауз эйелдері жеңсіз көйлекті алжапқышпен киіп, бастарына үлкен орамал тагып жүретін. Түрлі-түсті тастармен әдептелген эшекейлер олардың көркін ашатын бүйымга айналган. Ерлер қызыл белдік пен ұзын шалбар, бастарына қалпак киіп жүретін. Дүркіндүркін қоныс аударуға мэжбүр болган гагауз халқы үшін ең басты кедергі - тілдік тоскауылдар. Ал эдет-гүрпы мен діні ортак болгандықтан, кэсіптік түрмыс-салттык тоскауыл оншалық елеулі болган емес. Көп уакытқа дейін гагауз тілінде баспасөз дамымай, оқу орындары ашылмай келді, ресми жазбасы да болмады. Жазуы орыс әліпбиі негізінде 1957 жылдың желтоқсанында гана кабылдануы - мұның толык айгагы. Кенже жазулы гагауз тілі аса коп зерттеле коймаган. Тек 60-жылдары гана түркологтар Н.К.Дмитриев пен Л.А.Покровскаяның, қазак ғалымы Алтай Сәрсенұлы Аманжолов пен поляк ғалымы Зайашковскийдің гагауздардың тілі мен фольклорына арналган еңбектері жарык корді. XIX гасырдың аягында ғалым В.А.Мошков Бессарабия гагауздарының арасында болып, этнографиялык, фольклорлык материал жинап, аздаған ауыз әдебиеті нұскаларын жариялап, гагауз тілінің сөздігін түзген екен. Осы ғасырдың басында М.Чакир гагауз тіліне інжілді, т.б. бірлі-жарым діни кітаптарды тәржімелей бастады. Міне 1957 жылы жаңа жазуы жасалганга дейінгі гагауз тілінің хатқа түскен бар үлгісі осылар гана деуге болады. Гагауз тілі Балкан түркілері тілімен бірігіп, оғыз бұтағының огызбүлгар тобын кұрайды. Бүл аталган тіл өзінің кұрылым-кұрылысы жағынан Болгарияның солтүстік-шыгысындагы түрік диалектісіне өте-мөте жакын. Сондыктан да шетелдік түркологтар гагауз тілін жеке тіл ретінде бөлектемей, Анатолия түріктері тілінің бір диалектісі деп есептейді. Ал Н.К.Дмитриев гагауздар замандар бойы туыс халыктардан окшауланып болгар, украин, орыс, молдаван, румын тілді коршауда тіршілік еткендіктен, олардың тілі де басқа түркі тілдерінен 205
кейбір өзгешелігімен ерекшеленетінін атап өткен. Дей тұрсак та туыс тілдерден елеулі түрде алшақтап кеткен чуваш, саха тілдерімен салыстырғанда гагауз тілінің түсінуге анағүрлым жеңіл тіл екеніне алғаш тыңдағанда-ак көзіміз жетеді. Соның ішінде қазак тілімен ортақ сөздер де кездеседі. Мысалы: діл - тіл, халқ, оның, ичин - ішін, ана, йыл - жыл, әдет, сөзлик, жаңа, йақын, из -із, юлдуз, дүния. Гагауздар 1957 жылға дейін румын эрпін қолданып келген. Орыс графикасына негізделген қазіргі әліпбиінде 37 әріп бар. Гагауз тілінде кыргыз, алтай тілдеріне үқсас созылыңқы дауыстылар бар: қаз-қааз, ағаш-аач, ұл-оол, бүгін-буун, сиыр-сыыр деген сияқты. Қазақ тіліндегі к, қ, т дыбыстарының орнына үяң дыбыстар айтылатын сөздер едәуір: кері-геери, толы-долу, көрдім-гөрдүм, отын-уодун, әдемі-гөзөл, гүлчичек, келмек-гележек т.б. Славян, роман тілдерінің әсерінен род грамматикалық категориясының (женский род, мужской род) элементі сақталган: врач-врачка, чингенейка (цыганка) т.б. Осылайша эралуан этногенетикалық процес пен туыс тілдердің, туыс емес бөгде тілдердің байланысы, өзара әсері өте күрделі диалектикалық құбылыс екені гагауз тілінен сезілгендей. Діні мен салт-дәстүрі бөлек, гасырлар бойы басқа жүйеге жататын тілдік ортада оқшауланганына қарамастан, туыс тілдерден тым алшақтап кетпегеніне сан есімдерді келтіру аркылы да аңгаруга болады. 20-гасырдың соңгы онжылдыгына дейін жастар мен балалардың өз ана тілін білмеуі жиі кездессе, қазір жагдай біршама түзеліп келеді. Ана тілінің жанашырларының атсалысуымен 1989 жылы латын графикасы негізінде гагауз эліпби тілі кайтадан өмірге келіп, біртіндеп тілдің қолдану аясы кеңейе түсті. Ересек гагауздар - түгелдей дерлік кос тілділер. Үш тілде бірдей еркін сөйлейтін полиглоттар да аз емес. ¥лттық автономиялы округтың мемлекеттік тіліне гагауз, орыс, молдаван тілдері жатады. Түп төркіні бір түрік пен гагауз халықтарының күнделікті тұрмыста бірге жасап, біте қайнасуына, достық пен туыстык дәстүрдің жаңа сипат алуына гагауздардың өзге дінді түтынуы едәуір тоскын болып келген-ді. Жалпы қандай да бір халықты атасак та, өзінің этникалык бейнесін сактап, осер үрпақты ата дэстүрінде тәрбиелеп, ана тілін сақтауда туыс халықтармен діни бірліктің мэні зор. 70-80-жылдары Қазақстанга келіп кайтқан гагауз халқының делегациясы біздің республикадағы үйғыр халқының тілі мен мэдениетінің, эдебиеті мен өнерінің еркін дамуына жасалган камқорлықты жогары багалап, Молдовадағы гагауздар үшін осыған ұксас жагдай болуын олар ежелден армандап келгенін жасыра алмады. Молдовада шығатын жүзден астам газет-журнал түгелдей, радио мен телебағдарлама түгелдей молдован, орыс тілінде болатын. Молдова республикасы басшылары «гагауздардың ата қонысы - Болгария. Олар - Молдовага киын-қыстау күндері бас саугалап келгендер» дегенді тілге тиек етіп келді. Гагауздар тәуелсіздікке үмтылып, кайтсек тілімізді сактап каламыз деп, ортасында бөрінің басы бейнеленген кок 206
түсті жалау да қабылдаған екен. Тіл тағылымын төмендетіп алмайық. Өйткені «тілсіз ел, елсіз тіл жоқ», - дейді гагауз ағайындар. Демократиялық қайта кұрудың нэтижесінде соңгы жылдары гагауз агайындардың ұлттық сана-сезімі оянып, «Гагауз халқы» (гагауз ери) деп аталатын ұйым құрганы, олардың тіпті Гагауз республикасын жариялауга тырысқаны белгілі. 1995 жылдың мамыр айында Молдавияның оңтүстігіндегі гагауздар мекендейтін отызга жуық елді мекенде референдум өткізілді. Соның ішінде 28 елді мекен тұрғындары гагауздар жинақы қоныетанган республиканың оңтүстік бөлігіне Молдова қүрамындагы автономиялы округы статусын беруді жақтап дауыс берді. Молдова Республикасының парламенты Гагаузия округының айырыкша қүқыктық статусын қабылдады. Округтың ресми тіліне гагауз, орыс, молдова тілдері жатады. Округтегі «Кадынжа», «Дюз - ава», «Серин - су», «Чаир» секілді халық арасындагы кеңінен танымал үжымдар гагауздардың үлттық мэдениеті мен өнерін, фольклорын калпына келтіріп, дамытуга жүмыла кірісті. Сондай-ақ ежелден бері түркі үлыстарының достық пен туысқандық дәнекері болган, тэрбиелік танымы үшан-теңіз, ұлттык бояуы мол салт-дэстүріне гагауз зиялылары ден коя бастагандай. Сөйтіп гагауз халкының ежелгі арманының орындалу мүмкіндігі елес бергендей. Бөгде тілді қоршауда тіршілік етіп жатқан, тагдыры тоқсан тарау қиындық торабында боп келген, мемлекеттік статустан жүрдай гагауз агайындардың жеке этнос ретінде төл мәдениеті мен онерін, тілі мен дәстүрін сақтап қалуда үлттык-территориялық қүрылымын тиянақтаудың омірлік маңызы бар. «Араласпаса агайын жат» деген аталы сөзді есте түтып, гагауздар туыс халықтармен үзіліп қалган қарым-қатынасын, рухани байланысын қалпына келтіру ниетінде. Әдеб. Народы Европейской части СССР, т. 2. М., 1964; Народы СССР, краткий справочник. М., 1958; Языки народов СССР. т. 2. М., 1966; Қазақ Совет энциклопедиясы. 3 т. А., 1973; Түркістан, хальщарапьщ энциклопедия, А., 2000. 207
ҚАРЛҮҚ БҰТАҒЫ ӨЗБЕКТЕР Өзбектер - 1991 жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланған Өзбекстан Республикасының байырғы халқы. Олар бұдан көп ғасыр бұрын - ак жазу-сызуды меңгерген, тоғыз жолдың торабына өзіндік архитектурасы бар шәһартұргызган, сауда-саттығы ерте кезден дамыған, ғұлама ғалымдар шыққан көне мәдениеті мен бай тарихы бар халық. Өзбекстан Республикасы - көне өркениетті ел. Оның территориясында мыңдаған археологиялық ескерткіш сакталған. Ғылыми орталык пен мұражай қорында өлкенің ғасырлар бойғы қалыптасқан өзіндік тарихына қатысты аса көп қолжазба мен бұйымдар бар. Ертеректегі орыс жазбаларында өзбектерді сарт деп атаған. «Өзбек» атауы кейінірек қалыптасқан. Олардың бүкіләлемдік жиынтық саны - 29 миллиондай (2012). Басым көпшілігі Өзбекстан Республикасын мекендейді. Орта Азия республикалары мен Оңтүстік Қазақстан облысын 2,3 миллион өзбек мекендейді. Ауғанстанда төрт миллионға жуық өзбек бар. Бұл - ел халқының 16 пайыздан астамы. Өзбек диаспоры Кіші Азияда, Үндістан мен Пакистанда да бар. Өзбек халқы Орта Азияны көне дәуірден мекендеген көптеген байырғы тайпаның мұрагері боп табылады. Өзбекстан жерінде ерте заманнан-ақ эр-түрлі мемлекеттер, ірі қалалар пайда болған. VI ғасырда Орта Азия Түрік қағанаты қүрамына кірді. Мүндағы ең ертедегі түркі тайпасы өздерін чағатай деп атаған. Одан кейін тюрк, қарлұк т.б. тайпалар келіп қоныстанды. Мүнда орныққан түрік тайпалары мал шаруашылығымен коса егіншілікпен де айналысты. IX ғасырда Саман феодалдык мемлекеті, XII ғасырда Хорезм, XIII ғасырда Темір мемлекеті кұрылып, караханид династиясы түсында (ХІ-ХІІ ғ.) өзбек аталатын халыктың калыптасу кезеңі басталды. XV ғасырда ¥лықбектің түсында Самаркан ірі мэдени эрі сауда орталығына айналды. XVI ғасырда Бүхар, Хива хандығы, XVIII ғасырда Қоқан хандығы үстемдік кұрды. XIX ғасырдың ортасында Ресей империясының Орта Азияны жаулауы басталып, 1876 жылға дейін түгелдей бағындырып, Түркістан генерал-губернаторы қүрылды. Отаршылардың әлеуметтік - үлттық канауы әлденеше рет халық толқуын туғызып отырды. 1918 жылы 30 сәуірде РСФСР кұрамында Түркістан АССР-ы кұрылды. Орта Азиядағы үлттық-мемлекеттік межелену нәтижесінде 1924 жылы 27 қарашада Өзбекстан одақтас республикаға айналды. Алайда эрбір ұлт оз елінің, оз жерінің еркіндігін, бас бостандығын көксесе керек. 1991 жылы халык ғасырдан-ғасырға жалғаскан арманына жетіп, Өзбекстан тэуелсіз егеменді республика болып жарияланды. Этнограф ғалымдардың айтуынша, өзбектің халық боп қалыптасуы 208
мың жылға созылып, XX ғасырдың 30-жылдары аяқталған. Өзбек этногенезі көп қабатты. Олар материалдық жэне рухани мәдениет жағынанбіртектіемес.Қазантөңкерісінедейінтілбірлігіменерекшелігі, этникалык шығу тегі, нәсілдік белгісі мен түр-түсі, мэдени бірлігі мен түрмыс-тіршілігі секілді белгісіне карап, өзбек ұлыстарын бірнеше топқа бөлген. Тіпті «өзбек» пен «сарт» ұгымы талас тудырып, оларды бөлек халықтарға жатқызған. Қазақта «Өзбек - аз ағам, сарт садағам» деген нақыл сөз бар. Ферғана, Зеравшан аңғары мен Хорезм оазисін ерте заманнан мекендейтін түркі тілдес сарттарды жартылай өзбек, жартылай тэжік деуінің өзіндік себебі болғанға ұқсайды. Көне дэуірде казақтар сарт деп тэжіктерді атаған екен. Кейінірек тэжіктерден тілі басқа болғанымен, экономикасы, рухани мэдениеті, түрмыс-тіршілігі ортақ жоғарыдағы түркі ұлысы да сарт аталып кеткен. Сарттар - өзбек тілінің қарлүқ диалектісінде сөйлейтін, ғасырлар бойы тэжіктермен аралас, көршілес тұрып келе жатқан, көне жазба әдебиеті бар, суармалы егіншілікпен шұғылданатын, бейнелеу өнері мен қолөнері дамыған, өзбек ұлтының күрамына енген үлыстардың ең мәдениеттісі эрі көп сандысы. Осы себептен бертін келе сарттар өзбек ұлтын топтастырған негізгі үлыска айналды. Одан кейінгі көп сандысы - қыпшақ түркілері. Олар екі топқа бөлінеді. Біріншісі XIII ғасырдағы монгол шапқыншылығы кезінде, одан кейін ХІУ-ХУ ғасырда Ақсақ Темір хан мен Тимуридтер түсында Орта Азияга казақ жерінен көшіп келіп, тау мен тау етегін мекендеп, егіншілікпен, мал шаруашылығымен қатар айналысқан отырықшы түркі тайпасы. Олардың руға бөлінуі ертеректе өз әсерін жоғалтып алған. XV ғасырда Ақ Орда иелігінен Өзбек хандығы бөлініп шығып, XVI ғасырда Қасым ханның иелігіндегі Қазақ хандығы құрылды. Ондағы халық кейде өзбек, кейде казақ деп аталғанмен, этникалық құрамы біртекті болатын. Шежіре деректерінде бүл этникалык топ 92 баулы өзбек аталып, оның құрамында Қыпшақ, Найман, Қаңлы, Қоңырат, Жалайыр, Маңғыт, Қатаған тайпалары болғаны айтылады. Өзбек халкының қүрамына енген осы қыпшак ұлысының келесі үлкен бір легі ХУ-ХУІ ғасырда Шейбани ханның бастауымен Орта Азияға көшіп барған. Бұл - мал шаруашылығымен, ішінара егіншілікпен де айналысқан, XX ғасырдың бас кезіне дейін руға бөлініп келген, кейінірек отырықшы түрмысқа көшкен, қазақ тілінің диалектісінде сөйлеп келген өзбек аталған тайпа. «Өзбек аз ағам» дегенде қазақтар осы аталган Дешті қыпшак өзбектерін меңзегендей. Кейін келе «өзбек» сөзі жалпы халық атауына айналған. Халық құрамын анықтайтын осы үш этникалық топ Қазан төңкерісіне дейін бір-бірінен бөлектеніп, окшауланып келді. Қүрама, түрки, қыпшақ, локай деген этникалық топ 1939 жылғы халык санагында жеке үлыс ретінде аталган. XX ғасырдың басындагы санакта сан жагынан алтыншы орын алған, казақтардан 4 - 5 есе саны кем өзбектер қазіргі таңда осман 209
түріктерінен кейінгі ең көп санды халыққа айналып отыр. Мұның өзіндік себептерінің бірі өзбек халқының тілі, діні жақын халық өкілдерін өз төңірегінде ұйыстырып, бір этносқа топастыру жағы айтарлықтай. Соның аркасында миллионнан аса ұйгыр, тэжік тағы баска халық өкілдерімен қоса эралуан себеппен өзбек ағайындармен аралас тұрып жатқан қазақтардың да өзбектеніп кеткені аз емес. Ақын Тұманбай Молдағалиев бір өлеңінде «Көк базар толы өзбек жүр, өзбек болған жеңгем көп, қазақ болған өзбек жоқ» деп жазыпты. Мұны бір қаламгер «Казахов, поменявших свою национальную принадлежность на узбекскую всегде встречалось и встречается немало. А вот лица узбекской национальности, как правило, не превращаются в казахов. Сознание узбека никак не готово отождествлять себя сколько - нибудь с казахом, хотя тот, как и сам он, представляет тюркскую группу» деп түсіндіреді. («Мегаполис», 16.10.2003). Басқа түркі халықтарынан өзбектердіц бір ерекшелігі олардыц антропологиялықжагынан біртекті еместігі. Ертеректе сарт деп аталган үлыс тәжіктерге ұқсас. Олар еуропалык нәсілдің Памир - Фергана аталатын типіне жатады. Карлук, қалтатай, барлас тайпаларында да еуропеидтік элемент басымдау. Ал таяу гасырга дейін жартылай көшпелі боп келген қыпшақ, қоцырат, маңгыт, қүрама аталган тайпаларда еуропеидтік пен монголоидтік элемент тең түседі деп жүр. Хорезм өзбектерінде ат жақты, сопақ бетті еуропеидік нэсілдің түрікменге ұксас закаспий типі кездеседі. Түркі тілініц қарлүк бүтагына жататын өзбек тілі - коне жазбалы тілдің бірі. Өзбектің халык тілі мен әдеби тілі копшілік түркі тілдері секілді ХІУ-ХУІ гасырларда қалыптасқан. Өзбек тілі - әдеби тілі, жергілікті диалектілі тіл, сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі, коне жазба тілі тэрізді кайнар көздері бар ұлттық тіл. Бүл сондай-ак күрылым-кұрылысы кемелденген, дәстүрлі нормасы бар, сөз байлыгы аса мол, демографиялық тірегі бар тіл. Коне жазбалы өзбек эдеби тілі саналатын шагатай тілініц негізін калаушы - Әлішер Навои. Өзбек халкының күрамына кірген этникалык топтың, тайпа мен үлыстардың әркилыгы оның тіліне де эсер етіп, өте күрделі диалектілік комплексті калыптастырган. Өзбек тілінің басты үш жергілікті ерекшелігі оз ішінен элденеше говорга бөлінеді. Огыз диалектісі оцтүстік-батысты мекендеген огыз тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болган. Ал өзбек эдеби тілінен әжептеуір алшақтау түрган - ол қыпшак диалектісі. Өйткені кыпшақ диалектісі озбек эдеби тілінен горі қазақ, каракалпак тілдеріне анагұрлым жакын. Ал озбек эдеби тіліне негіз етіп алынган Ташкент-Фергана немесе карлук диалектісі үйгыр тіліне өтемоте жакын. Осы аталган екі жергілікті тіл ерекшелігінің ортасында коптеген аралык диалекті бар. Өзбек - қазақ тілдерініц ауыс-түйіс етенелігін танытатын соз аз емес. Мысалы, портупея - қылышбау, парху - аккудың мамыгы, пархез - диета сақтау, шатырама - жанжалшыл әйел, 210
шалдуар, дүкші - ұршық жасаушы, медден - претендент, палаухор - палауды жарататын адам, алхандоз-назданғыш әйел, лутфи -асыранды бала, манзара - панорама, ижад - шығармашылық(творчество), серсүт - сүтті сиыр, жарақхана - арсенал. Өзбектер 1927 жылға дейін араб жазуын, 1927-1938 жылдары латын алфавитін пайдаланып, 1939 жылы орыс (кирилл) әліпбиіне кошіп, оны 1996 жылға дейін қолданып келді. Өзбек тілінің жазуы қазір латын жазуына қайта көшірілді. Қосымша әріптеріне і, қ, г, һ жатады. Өзбек эдеби тіліне сингармонизм тэн емес. Дыбыс үндестігі оз әсерін жогалтып алған. Өзбек тілі қайсыбір туыс тілдерден сөз басында й дыбысын (йол - жол, йумшак - жүмсақ), сөз соңы мен ортасында ғ, г дыбыстарын (тағ - тау, ағыз - ауыз, тигди - тиді) қолдану, сол сияқты морфологиялық түрғыдан көптік жалғауын - лар түрінде( сизлар, дафтарлар, келдилар), ілік септік жалғауын - нинг (қоранинг), табыс септігін - да (бешда), шығыс септігін - дан (шириндан) түрінде бір ғана фонетикалық нүсқада қолдану сиякты заңдылықпен ерекшелінеді. Тэжік, орыс тілі кең тараған. Өзбек тілі Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қоғамдык саяси өмірдің сан-саласында кеңінен қолдануда. Ол республика колеміндегі үлтаралық тілге айналды. Өзбекстанда қазіргі кезде тіл тазалығы, үлттың тілдік мәдениетін көтеру, терминология тоңірегінде түбегейлі тірліктер атқарылып жатыр. Фольклорлық жанрдың барлық түрі кездесетін, халық ауыз әдебиетінен бастау алып, көрші халықтар әдебиетінің ықпалымен қалыптасқан озбек эдебиетінің көп гасырлық тарихы бар. Өзбек фольклорында Күнтұэмиш, Алпамыш, Таһир мен Зуһра, Арзигул, Ашик пен Ғариб т.б. тарихи оқигаға арналган дастандар ерекше орын алады. Өзбек эдебиетінің дүниежүзі эдебиетіне белгілі болып, кеңінен танылуына ақын Лутфидің (1366-1465) шэкірті, үлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері Әлішер Навоидің (1441-1501) шығармалары негіз болды. XIX ғасырдағы Мұқими, Фурқат-Дилшад, Х.Ниязи, С.Айни, А.Қадири, XX ғасырдагы Ғ.Ғүлам, Айбек, Х.Әлімжанов, А.Қаһар, К.Яшен, Ұйғын т.б. ақын-жазушылар шығармасы озбек әдебиетінің дамуына зор үлес қосып, оны биік белеске көтерді. Ерте заманнан Өзбекстан оазистерінде коп салалы суармалы егіншілік дамыган «Су бар жерде өмір бар» деп үғатын өзбек ағайындар ертеректен-ақ канал қазып, арық тартып, суқоймасын салды. Суды қауым боп болісудің калыптасқан тэртібі бар. Оны мироб-боши, ориқ-оқсоқал, түғончи басқарады. Суармалы жердің 60- 70% - мақта егісі, қалған жерге кендір, кенеп, темекі, күріш, жүгері, жеміс-жидек пен көконіс, сондай-ақ арпа, бидай өсіреді. Жемістің туртур! бар. Әсіресе жүзімнің оқ-кишмиш, қора-кишмиш, қатта-кұрғон, сұлтони деген сорттары үлкен сұранысқа ие. Қақ орік (курага), изюм өрік (абрикос), шабдалы Ресейге т.б. елдерге шыгарылады. Ертеде мал шаруашылыгымен элді-ауқаттылар айналысып, жалшы ұстап 211
малын бақтыратын. Жайылымдық жер мен жемшөптің жетімсіздігінен мақталы аудандарда мал аз бағылды. Мүмкіндігі барлар сауып ішетін бір сиыр мен екі-үш кұйрықты қой немесе ешкі ғана ұстайды, кұс өсіреді. Әрбір дехкан өз карауындағы жерді үшке бөлетін: егістік жер, огород пен бау-бакша жері деп. Әсіресе макта, жеміс-жидек өсіру мықтап дамыған. өзбектің мақта-матасы әлемге эйгілі. Кеңестер Одағында өндірілген мактаның 70 пайызын Өзбекстан беретін. Мақта өнімінің жалпы түсімі жөнінде дүниежүзінде АҚШ пен ҚХР-нан кейінгі 3-орынды иемденеді. Жібек құртын өсіру жөнінен де ҚХР мен Жапониядан кейінгі 3-орынды иемденеді. Кеңестер Одағында өндірілген таза жібек пен өсірілген күріштің жартысынан астамын Өзбекстан берген. Республика территориясы үшке бөлінеді. Оның 62 пайызы жайылымдық - шолді атырап, 20%-ы - тау мен тау бөктері ауданы, 18 пайызы -суармалы жер. Мал шаруашылығымен басымырак айналысып келген тюрки, локай, қоңырат, қарлук тайпалары негізінен қой өсірді. Жүмақта пайда болған мал деп, қойды айрықша қастерлейтін. Қойдың пірін Чупан-ата деп, қойшы-чабанды кұрметті мамандык иесі, құрметті кэсіп деп бағалаған. Кедей шаруалар еті мен жүніне коса майлы да сіңімді сүті үшін ешкіні көбірек өсіреді. Көлік ретінде, сондай-ақ үй шаруасына керек жүмыс малы деп есек көбірек пайдаланды. Өзбекстан экономикасында агроөнеркэсіптік кешен елеулі рөл атқарады. Таяу жылдарда елді астыкпен қамтамасыз етіп, ет пен сүт жэне басқа азықтүлік қорын ұлғайту козделіп отыр. Өзбекстан алып ел санатына жатпаганмен, оның энергетикалық қуаты зор, жер қойнауы толган қазына кен. Әсіресе мұнай мен газ республика экономикасы үшін өмірлік маңызга ие байлық көзіне айналды. Бүхара - Хива газды, Фергана мен Сурхандария мұнайлыгазды, Ангрен, Шаргун көмірлі аудандары ірі кенді аймак боп есептеледі. Өзбекстан жерінен бес ірі мүнайлы-газды аймақ табылды. Республика басшылары осынша тұнган байлыкты халық мүддесіне толық пайдалануда игі істерді жүзеге асыруда. Табиғи газ, жеңіл өнеркәсіп өнімі мен кара металл прокатын шыгаруда Өзбекстан ТМД елдерінде корнекті орынга ие. Өзбекстан өнеркэсібі өркендеген республика. Онда мүнай айыру, машина жасау заводтары, химия кәсіпорны, мата тоқу мен тамак өнеркәсібі т.б. бар. Өзбектің үлттық тагамы әр алуан эрі көршілес халыктарга кеңінен танымал. Басты корегі - бидай мен арпа наны, тандыр наны, патир, токаш, катлама. Нанды қасиетті дэм санап, оған ерекше құрметпен карау эр өзбектің қанына сіңген. Жерге түскен нан қоқымын теріп алуға жастай баулиды. Нанды түсірмейді. Пышақпен кеспейді. Тек жасы үлкен адам гана қолмен үзеді. Өзбектің дастархан мәзірінен жеміс-жидек үзілмейді. Көкөністің түр-түрі, сәбіз, асқабак, бадыран, 212
кияр, баклажан, капуста, картоп, эр алуан шөп-шалам тағамға молынан пайдаланылады. Ас тұздығына эр алуан тамыр, шөп те жаратылады. Ет тағамын тым қымбат болғандықтан ертеректе отырықшы өзбектер сирек жарататын. Қой етін ұнатады. Сиыр еті одан гөрі сирегірек жаратылды. Ал жылқы етін өзбек дастарханынан мүлде сирек көреміз. Балық тағамы да сирек жаратылды. Ұлттық тағамның түр-түріне мыналар жатады: кескен-ош, суюқ-ош, чучвара, манты, сомса, мастават, мошхүрда, шавла, шир-гуруч, сумалақ, умоч-ош, холиса, сондай-ақ қазақша ет норин, үйғырдың ляғмони т.б. Ең сүйікті асы - палов (палау). Тағамды өсімдік майына қуырып даярлайды. Әлді-аукаттылар ғана тоң маймен, қой майын араластырып ас даярлайтын. Етті сүрлемейді. Су майға шала қуырып консервациялап, сойған малдың қарнына немесе меске салып, кұмырада сақтайды. Еңбектің тағы бір үлкен түрі - сауда-саттық. Өз қажетінен артылған көкөніс пен жеміс-жидегін өзбек ағайын ешқашан ірітіп-шірітіп рәсуа етпейді. Қажет еткен басқа адамдармен бөліседі. Бүл - халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлы үлгісі. Еңбегін емген ел дейміз осындайдан. Өзбекстан - сөздің тура мағынасында да базары тарқамайтын ел. Базардағы эр сауда қатарының өз аты бар. Мысалы, аттор-ұсақ-түйек сататын қатар; каппон - астық, өрік-мейіз сататын орын. Мардикор бозори - бір күндеп жүмыс істеушілер базары. Даллол (делдалшы) қызметі жиі пайдаланылады. Керуен-сарайлар жүмыс істейді. Савдогар, дұкандор деп ең ауқатты саудагерлер аталады. Өзбек оз үрпағын қолынан іс келетін өнерлі жан етіп тәрбиелеуге баса көңіл бөледі. Ерте заманнан-ак қолонерінің сан алуан түрі дамыған. Ағаш шебері, арба, қайық, бесік, ер-тоқым жасау, эр алуан үй-ішілік тұрмыстык бүйым жасау, тері илеу, себет тоқу, кілем тоқу, төсеніш тоқу, киіз басу, мақтадан алаша, мата тоқу кәсібі, тігіншілік, құмырашы, қышшы, көзеші, етікшілік, наубайшы, темір үстасы, ыдысаяк жасау, каңылтыршы, кетпен, балта, қүлпы, қанжар жасау кәсібі, зергерлік секілді кэсіп түрлері - мұның бір айғағы. Халық сенімі бойынша, эрбір қолөнерінің пірі болады. Өзбектің мекенжайы сырттан ешкім коре алмайтындай биік дуалмен қоршалып, есік пен терезе ішкі ауладан шығарылады. Үйдің әйелдер ғана болатын бөлігі ичқари деп аталады. Ташқари - ерлер бөлмесі. Мекенжайдың уй, даһлиз, айвон, меһмонхона аталатын бөліктері бар. Суық түскенде ғана үйде болып, жылдың көп мезгілін айванда (аулада) өткізеді. Айванда тамақтанады, демалады, үйықтайды. Өйткені жеміс ағашы мен жүзімдікпен көгалдандырылған аула миялы, көлеңкелі бакка айналып, ең ыстык күндері де тынығуға колайлы болады. Дешті кыпшақ өзбектерінің ұрпағы там үймен катар жаздыгүні мекендейтін киіз үй де түрғызып келген. Шағын елді мекендер кишлоқ, һовли, кұрганча аталады. Оларды миңбоши, қозы басқарған, Шаһар мен ірі елді мекен жеке маһаллаға, гузарға бөлінеді. Махалла қауымдастыгын 213
оқсокал, элликбоши мен мұйсафид басқарған. Олардың жәрдемшілерін пойқор (ер адам), кайвони ходим (эйел адам) деп атайды. Мұндай басқару жүйесі ортақ мәселені шешу, қиындықты бірлесе жеңу, өзара көмек үшін колайлы. Үйленген үлдарын отау шығарып, бір аула ішінде бүрынғы салған үйіне жалғастырып мекенжай түрғызады. Кейде әлденеше жанүясы бір аула ішіндегі үй-жайда тұра береді. Мүндағы көзделетін мақсат - ата-аналар өз балаларын ауызбірлікке, ынтымаққа, үйымшылыкқа, жік шығармауға, үлкенді тыңдап, сөзін екі етпеуге, бірбіріне көмек қолын созуға баулу. Халықтың эн-жыр мен сазды музыкаға әуестігі айтарлықтай. Өзбек - көнеден жеткен музыкалық дәстүрі бар халық. Үлттық музыкасы көрші халықтар, әсіресе үйғыр, тәжік музыка өнерімен сарындас. Абдурахман Джами трактаты, Шашмаком - Алты бухар мукамы - озбек пен тэжік халықтарының ортак мүрасы. Ән мен сазда халық өмірінің эр кезеңдегі тіршілік-тынысы сезілгендей. Эр алуан жиынтойда, шілдехана мен сүндет тойында, ораза кезіндегі түнгі базарда, наурыз мейрамында музыкант-сазгерлер, әнші мен бишілер отырыстың сэнін келтіреді. Шайханада еңбек эндері, сықақ эндері де шырқалады. Үйлену тойында яр-яр (жар-жар) айтылады. Ерлер эн шырқап, үл балалар дойраның сүйемелдеуімен би билейді. Лирикалық эн жанры эр алуан. Дутар сазына қосылып шырқалатын эсем әуезді озбек эндерінің эсерлі сезімге болері анық. Қүшиқ-жай куплетті эн, ашула - диапазоны кең, созып айтылатын эн, қатта ашула - үйлесімді ырғақпен тәрелке, табақ үстап орындайтын импровизациялық сипаттағы эн түрі. Өзбек музыкасы фольклорлық дэстүрге де бай. Дастан-эпикалық жыр, мукам болса - бірнеше бөлімнен түратын вокалды аспаптык шығарма, лапар - бүл бимен қосылып орындалатын музыкалы диалог түріндегі эн жанры, ялла - бүл хормен орындалатын эн түрі. Өзбек эні де баска көршілес халықтар әндері секілді негізінен бір дауысты. Музыка аспабына аса бай. Үлттык музыка аспабына мыналар жатады: шекті-ыскылы ғижақ, шекті-шертпелі дутар, танбур, рубаб, шекті-сокпалы чанг, ағаштан жасалған үрлемелі аспап сурнай, най, күшнай, бапабан. Жезден жасалған үрлемелі аспабы карнай, соқпалы аспаптары дойра, нагора, сафаиль, қайроқ, қошиқ. Өзбек эстрадасының жетістігі, «Бахор» би ансамблінің, «Ялла» эстрадалық ансамблінің даңкы торткүл дүниеге танымал. Олар - халықаралык фестиваль лауреаттары. Эр алуан фольклорлық, камералық, вокалдык - аспаптық эн-би ансамбльдерінің концерті де эрдайым зор табыспен өтеді. Әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дэстүріне байланысты туып калыптасқан тарихимэдени процеске жататын музыкалық онердің үлкен де маңызды саласы - би өнері. Коне дэуірден жеткен бейнелеу өнерінде түрмыссалт корінісімен бірге бишілік өнерінің сипатталуы өзбек биінің көп ғасырлық тарихы мен даму жолын айғақтайды. Өзбек биі түр жағынан 214
байып, саны молая түсіп, профессионалды билеу шеберлігінің техникасы шыркау биікке көтеріліп, эстетикалык тэрбие кұралына айналып отыр. Таңдаулы классикалык би дэстүрі негізінде өзбек биінің ұлттық мектебі туып калыптасты. Бидің жаңа түрін табуда көптеген ізденіс жүргізілді. Үлттык тәрбие ана тілін кастерлей білуден бастау алатыны белгілі. Ұлттық тілінің тазалығына шаң жұқтырмай, кадір тұту - мол білім мен жоғары мәдениеттің, ұстамдылық пен кісіліктің белгісі деп үғады өзбек ағайындар. Тағы бір жақсы дәстүр - отан сүйгіштік. Әдет-ғұрпымызды толыкқанды етіп, дініміз бен өнерді бойға сіңіріп, қанымызға күя алғанда ғана ұлттык идеологияны өз мәнінде байыта алатынымыз белгілі. Қанына тартпаған басқа үлттың да көсегесін көгертпейді деп, бекер айтылмаса керек. Көнеден келе жатқан игі істің бірі - өзара көмек. Өзбектер егін орағы, наукан кезінде, қол күшін керек ететін баска да жүмыс болса, хошар (асар) үйымдастырады. Елдіктің аманаты - еңбек деп үғатын өзбек ағайындар өз үрпағын ең бірінші кезекте еңбекке баулуды көздейді. «Епті адамның жүмысы ретті», «Мінез еңбекте ғана шынығады» дейді халық даналығы. Әр өзбек есігінің алдын, ауласын майысқан жүзімдікке, бау-бақшаға малындырып қояды. Өзбектер - аса балажан халық. Анасыз бала жоқ, баласыз қоғам жок. Баршамызға өмір сыйлайтын әйел-ана аналық үяның, үйдің тірегі, қашан да ошақтың ырысы мен кұты, елдіңұйтқысы, күт-береке бастауы деп көп балалы әйелді кұрметтұтады. Октябрь революциясынан кейінгі кезеңде 30-40- жылдардың забалаңына қарамастан, өзбек халқының саны төрт еседен астам өсті. Егер XX ғасырдың бас кезінде өзбектер туыс халықтар арасында түрік, қазақ, эзербайжан, татар, үйғырлардан кейінгі 6-орынды иемденсе, бүгіндері олар сан жағынан 2-орында тұр. Өзбекстанды көп балалы батыр аналар республикасы деп атауы тегін емес. 1989 жылкы мэлімет бойынша, Кеңестер Одағындағы көп балалы аналардың жартысына жуығы өзбекстандық болған. Өзімшілдікке, жекенің өзін-озі әлпештеуі мен жүріс-түрыстың вестерндік моделіне бой алдырмай, коп балалы болу үрдісін үзіп алмай, үбірлі-шүбірлі, туған-туысқанды болуға ұмтылуы айта қаларлықтай. «Көп коркытады, терең батырады» дегендей, халқы өскен елдің қүдіретті болары анық. Коп санды халық арасында жүтылып кетпес үшін бала туылуының жоғары деңгейде болуы кажет-ақ. Балалы үй базар десек те, өзбекстан - базары тарқамайтын ел. Өзбек - дұрыс дем ала білетін думаншыл халық. Жиын тойда эр махалла жеке қауымдастыққа бірігіп өз арасынан сын-сыкакка икемі бар ділмар, тапқыр өнерпаз адамды шығарып, эзіл-қалжың жарысын өткізеді. Эр топ өз сықақшысын ду күлкімен көтермелеп отырады. Ит таластырып, қораз, бөдене ұрыстырып, қошқар шекелестіріп тамашалайды. Көктемде ер кіндіктілер тайлы-таяғы қалмай сайилге (демек сейіл кұруға) қатысады. Әйелдер бүл кезде шайхана мен 215
асханада думандасып көңіл көтереді. Қыз балалар алтыбақан ойнап, эн салады, би билейді. Балуандар бәсекесі мен жұдырықтасу жарысы, ат жарысы, көкпар тартысы секілді ұлттық спорт ойындары жастарды шынықтырып, батылдыққа, күштілікке, шыдамдылыққа, төзімділікке, мергендікке, дэлдікке, жылдамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, эдісқойлыққа баулиды. Арқан керіп жүрушілердің, акробаттардың өнерін тамашалайды. Аукаттылар бүркіт, қаршыға, тазы итпен, мылтықпен аңға шығып, түлкі, сайғақ, коян, архар, тау ешкі, құс аулайтын. Көп ғасырлық тарихында өзбектер өздерінің үлттық болмысын сақтай отырып, рухани қуаттарын жан-жақты дамыта білді. Өзбек - ислам дініне берілген халық. Олар - мұсылман сунниттер. Ислам халықтың дүниетанымы мен түрмыс-тіршілігінде, мэдени өмірінде, отбасындағы сыйластық пен адамдардың қарым-қатысында маңызды рөл атқарады. Ораза айты, қүрбан айты мен наурызды, мавлюд күнін мейрам түрінде салтанатпен тойлайды. Жүрт базарда, шайханада көңіл көтереді. Жанүя бір мәрте құдайы шайға шақырысады. Күзгі науқан тамамдалғасын жас жігіттер «жұра» аталатын топқа бөлініп, конаққа шақырысады. Оны «жүралар боши» басқарады. Үлкендердің мүндай бас қосуын «гап» дейді. Жанүялық үлкен мереке - сүндет тойында қаздай иіліп, аққудай сызылып түратын сынық мінезді қыз-келіншектер бүрала би билеп, сызылтып эн салып, жиналған қауымға қызмет етеді. Тағы бір топ әйелдер бетін жібекпен жапқан дэмді тағам салған табақтарын көтеріп келеді. Бүл да болса жүздеген адам шақырған той иесіне елеулі жэрдем. Бар шығынын қыз торкіні көтеріп алатын бесік тойы мен шілдеханаға әйелдер ғана қатысады. Корші Өзбекстан елінде де ажырасу көп халықтармен салыстарғанда анағүрлым аз. Оны ерсі көретіндер көп. Себебі салт - дәстүрі қатаң олар үшін ажырасу - харам болып саналады. Оларда «ажырасар болған соң күшып, сүйгеннен не пайда?» яғни, «кіммен карайдың, сонымен ағар» деген пікір қалыптасқан. Үйленбей қалғандар кейбір халыктармен салыстырғанда аса сирек. Өзбектер ел басына түскен қиыншылықты зор үйымшылдықпен бір адамдай касқая карсы алумен ерекшелінеді. Олардың орнықты мінезі мен тәртіпке бағынатын байсалды қалпына басқалар құрметпен қарайды. Мәселен, 1996 жылғы мэлімет бойынша, 24 миллион халқы бар Өзбекстанда халкы 16 миллиондай көп үлтты, көп конфессиялы Қазақстанмен салыстырғанда қылмыс үш есе, ұрлық-қарлык бес есе аз болған екен. «Мен Ташкентке келгенімде баска элемге енгендей болдым. Бес жыл оқыған кезімде Ташкенттің көшесінен бірде-бір рет мае күйінде жүрген өзбекті көргенім жоқ. Жасы үлкендерге кұрметпен қарайтындарын ұғына білдім. Үлттық салт-дэстүрлері, өнері мен мәдениетін ерекше кастер түтатынын кордім», - деп жазыпты бір мәскеулік («Жас алаш», 21.10.1997). Өзбектердің түрмыс-тіршілігінде жастарға ақыл216
кеңес беретін ел ақсақалдарының орны бөлек. Ақсақалдар ел игілігі жолындағы сындарлы саясатты ғана түсіндіріп қоймай, тұрғындардың дау-дамайын ретке келтіріп, тэртіп орнатып, көрші-колаңның тату-тэтті тірлігін жандандыруға мол үлес қосуда. Ақсақалдар алқасы жағдайы төмен, элеуметтік жэрдемге зэру отбасыларына аудандық экімдік арқылы көмек үйымдастыру жағын да қарастыра алады. Адамды жаман әдеттен айрылтып, жақсылыққа, өнегелі іске қүлшындыратын, танымдық мэні бар қозғаушы күштің маңызды бір саласы - ізеттілік, тэрбие көргендік, үлкеннің алдынан қия өтпей, кішіге де әдептілік таныту. «Сыпайы, сыпайының түгел ұпайы», - дейді халық даналығы. Бірге туылған туыстар бір-бірін өз аттарымен атамай, ізет сақтап, ағасын ака, інісін ука, әпкесін - апа деп, қарындасы-сіңлісін - сингли, жеңгесін - янга, келінін - келин, жездесін - почча язна деп кана атау дәстүрі бар. Нағашы, жиен боп бөлінеді. Нағашыларын, демек шешесінің бауырларын тоға деп, әпке-сіңлілерін хола деп, эке жағынан ер адамды амаки, эйел адамды амма деп атайды. Ең жақын туысы - нағашы жүрты. «Нағашы аға жеті әкеге татиды» деген накыл сөз осының айғағындай. Өзбекстанда дэстүр жалғастығы жарасымды дамып келеді. Қазақта адам өмірін мүшел жаспен белгілесе, өзбектер адам жасын төрт категорияға бөледі: балалық шақ, бозбалалық кез, кәмелетке толып есею, егде тарту (катар, тенгу, теңқұр) деп. Мүндай өтпелі шақтардың арнайы атап өтіліп, эр кезеңнің атқарар міндетін, қызметін, жауапкершілігін еске алудан да еңбек тэрбиесін сезгендейсің. Ерлер басына өрнекті тақия киеді, не шалма орайды. Олар сақал шыға бастаған кезден шашын ұстарамен алып отырады. Әйелдер орамал тартады. Олар тұңғыш баласына босанғанға дейін шашын көп бұрым қып өреді. Одан кейін екі бұрым жібереді. Қастарын осмамен бояп, екі арасын қосып қояды. Әр қыз жасау ретінде өзіне кілемше тоқитын. 30-жылдарға дейін эйел жыныстылар жаппай паранжи жамылып, бет-аузын бөгде жүртқа көрсетпейтін. Әке - үлкен шаңырақ иесі. Әке балаларын үйлендіреді. Бэрі әкеге бағынады. Жеке отау боп бөлінген үлдары да эке қарауында жүмыс істейтін. «Бир қозон» атауы олардың ішіп-жемінің бір екенін айғақтайды. Үйленген балалары анасының ақыл-кеңесін тыңдап отырады. Хорезмде бірнеше отбасына арналған Хаули аталған мекенжай салатын. Қыз бала әкеден қалған мүрадан ұл баладан екі есе кем үлес алатын. Үйлену салты эр этнографиялық топта эрқалай. Ол құда түсу ғұрпы мен қалыңмал мөлшерінен анық байқалады. Қалыңмал көбінесе киім-кешек, той шығыны, ақшадай салық түрінде өтеледі. Соған қарай қалындыққа жасау жасалады. Әсіресе қайшы қүда боп, қалыңдық айырбасына бару, балдызына үйлену таяу уақыттарға дейін сақталған. Өкінішке орай, анакивачча әдеті - туған бөлелердің, бірге туған ағалы-інілер балаларының, демек немерелес туыстардың үйлену
әдеті жиі кездесетін. Өсер ұрпақ үшін аса бір зиянды бұл әдет туыстық қатынасты үзбеу ниетімен істелінді. «Шариғат қосқан екен немерені, емшектес болмаса болды, жақсыны жатқа жібермейміз» дегенді тілге тиек ететін. Жас отау иесіне мүрындық ене ақыл-кеңесін айтып, қамқорлық жасайды. Өзбектер - ерекше елгезек жандар. Иба мен ибадатты сүйегіне сіңіріп, үлкенмен иіліп, кішімен сызылып қана сөйлесетін кішіпейіл, мейманын құрақ үшып қарсы алатын қонақшыл, эділ халық дегенді естиміз. ¥лы ойшыл Әлішер Навои туыс халықтар достығын тынбай жырлап, татулық пен туысқандыққа шақырған. Өзбек, қазак халықтарының достық тамыры тереңде жатыр. Мың жылдықтан бері келе жатқан ортақ тарихымыз бар, мэдениетіміз бен дәстүріміз, тіліміз бен дініміз бір, жеріміз бен суымыз да бір. Қазақтар «өзбек өз ағам» десе, өзбектер қазақты «қанатым, қамқор бауырым» дейді. «Қозақ иолдашың болса, иолдан адашмәйсан» - деп өзбек ағайындар аузын ашса, көмейі көрінетін ақжарқын да ақ көңіл, үйіне келген адамға құрак ұшып, барын дастарханға қоятын қазақ бауырларының кеңпейілдігін, мейманқостығын эрдайым ризашылықпен еске алады. Сондықтан аралас елді мекенде өзбектен досы немесе туысы жок казақты табу қиын. Қазақ пен өзбек кэрі тарихтың кешегі күніне дейін енші алыспаған егіз баласы тэрізді деп жүруіміз бекер емес. Қазақтар секілді өзбектер де тапкыр эзіл-оспақты, біркақпай қағытпа қалжыңды, үтымды эңгімені, көркем сөзді бағалай біледі. Өзбек пен қазақ аралас отырган елді мекендерде олар зілі жоқ шындықпен бір-бірімен қалжыңдасып, бірбірін сынап, қагытпай отыра алмайды. Бұндай күлкілі сын-сықақ екі халық арасын ашпай, керісінше, біріктіретін секілді. Мүндай әзілмен бірқақпай қағытпаның өзара түсіністік пен аракатынастағы эділеттікке септігі тиеді. Туысқан өзбек, казақ халықтары достығын нығайтуға, өзара рухани кемелденуіне қосқан зор үлесін ескеріп, белгілі өзбек жазушысы Насыр Фазыловқа 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы» берілді. 1989 жылғы ресми санак бойынша Өзбекстанда 809 мың казакмекендеген. Алайда кейбір мәлімет бойынша бүл төлқүжатына өзінің қазак үлтынан екенін жаздырғандар ғана, шын мэнінде бүл елде бір миллион 550 мың қандас бауырларымыз түратыны айтылады. («Ана тілі», 18.05.1996). Өзбек, казак халыктарының арасында ешқашан шекара болган емес деп жүрміз. Екі республиканың экімшілік территориясын белгілерде бүл жағдай анык байкалды. Мүның бір себебі халықтың кейбір этникалык тобы озін кай үлтқа жаткызарын біраз уақыт анықтай алмағанынан деушілер бар. Мәселен, Ташкент пен Ангрен аңғарындағы ең көп санды халык казак пен қүрама болғандыктан, шекара болісі дау-дамай тудырган-ды. Қүраманың сөйлеу тілі қазақша да, кәсібі мен түрмыс-тіршілігі өзбекке ұқсас болатын. Рас, тіліміздін, эдет-ғүрпымыздың келешек тагдыры алаңдатады, казақша теле-радио 218
хабарының апталык бағдарламасы керек. Қазақ мәдени орталығының жұмысын ұлттык мэн бере ұйымдастыру керек. Кейбір шаһарға жақын ауылдарда қазақы қасиеттен жұрдай жастардың көбеюі алаңдатады деушілер де бар. Елдің жайын, қандастың қамын ойлаған екі республика басшыларының білікті де байыпты әрекетінің арқасында өз алдына отау тігіп, шаңырақ көтерген ежелден туыс, тағдырлас та тамырлас өзбек, қазақ халықтары одан эрі жақындасар, олардың ынтымағы жарасымдык тауып, мэдени-экономикалық байланысымыз арта берер деген сенімдеміз. «Тұран топырағы - қасиетті топырақ. Күні кеше ғана менің кадірмен досым, қазақ халқының елбасшысы Нүрсұлтан Назарбаев екеуміз ұлы бабаларымыз Райхантахур мен Төле би бабаларымыздың қатар жатқан қабірлеріне барып, зиярат еттік. Біздің тарихи тағдырларымыз сондай - касиетті. Тұран топырағында өмір сүріп жатқан халықтармыз, соның ішінде өзбек, қазақ халықтары бір-бірінен ешкашан ажырамастай берік достыкта. Біз бір алып шынардың бұтактарымыз. Біздің тіліміз де, дініміз де бір, әдет- ғүрыптарымыз да бір. Тіршілікте базарымыз да бір, қаза жеткенде мазарымыз да бір болғай», - дейді Өзбекстан президенті Ислам Каримов («Жас алаш», 05.06.1997). Ежелден армандап келген еңсесі биік тәуелсіздігіне ие болган өзбек, казак халықтары бүгінгі жауапты шақта жағдайдың күрделі де қысылтаяң сәттеріне қарамай, бір жагадан бас, бір жеңнен кол шыгарып, арасынан қыл өтпеген дэстүрлі достығына кірбің түсірмей, тонның ішкі бауындай бірігіп, бір-біріне тірек боп жүмыла еңбектенсе, алынбайтын қамал жоқ екені белгілі. Неғүрлым ауқымды ынтымақтастыққа негізделген бірыңғай экономикалық кеңістік екі халықтың өмірлік мүддесіне сай келетін карым-қатынастың жаңа көкжиегі іспеттес. Әдеб. Народы Средней Азии и Казахстана, т. 1. М., 1962; История Узбекской ССР. т. 1.-4. Ташкент, 1967-68; Народы мира в нравах и обычаях. Петроград, 1916; Қазац Совет энциклопедиясы, 8 т. А., 1976. ҚҰРАМАЛАР Құрамалар - Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласының төңірегін мекендейтін бүгіндері өздерін өзбек үлтының этнографиялық тобына жатқызып жүрген түркі тілдес үлыс. Қүрамалар қазактың үш жүзіне қарайтын рулардан, ішінара қыпшақ өзбектері мен карақалпақ руларының шағын тобының араласуынан XVII ғасырдың бас кезіндегі «ақтабан шүбырынды» жылдарынан кейін қалыптасқан. 1911 жылғы санақ бойынша Ташкент уезін 17 мың қүрама мекендесе, 1917 жылы олардың саны 53 мың адамға жеткен. Антропологиялық жағынан қүрамалар қазақтарға келіңкірейді. Ислам дінінің сунит тармагын тұтынады. Қүрамалар таяу уақытқа дейін қазақ тілінің жергілікті диалектісінде сөйлеп келген. Өзбектерден бөлектеніп, 1939 219
жылғы халық санағының өзінде ұлтын құрама деп көрсеткен. Алайда 1959 жылғы халық санағынан бастап құрамалар жеке ұлт ретінде аталмай,озбекұлтынажатқызылыпжүр.Өйткеніқұрамалардыңтұрмыстіршілігі, кәсібі, салт-дәстүрі, материалдық жэне рухани мәдениеті өздері аралас отырған өзбектерге ұқсас болған соң, өздері де біртіндеп өзбек тілді қауымдастыққа айналып отырған. Қүрамалардың Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын тобы ғана қазақтармен біріккен. «Бірде Ташкент маңындағы бір ауылда түратын қазақ ағайындардан «сіздер қай ел боласыздар?» деп едік, олар: «Қүрамамыз» деп жауап берді. «Құрама» деген ел бар ма дегенімізде: «Бар, әрине, бірнеше рудан қүралғанбыз» деді қайталап. «Онда қазақ болдыңыздар ғой, жаңағы аталған рулар (арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, тамат.б.) қазақрулары» дедік біз. Сонда олар: «Жоқ, біз өзбекпіз» деді төмен қарап», - дейді бір қаламгер («Егемен Қазақстан», 07.09.1991). Қүрамалар 18-ғасырдан отырықшы түрмыс қүрып, егіншілікпен, жүзім, бау - бақша өсірумен айналысқан. Дәнді дақылдан көбінесе күріш өсіреді. Қосымша кәсібіне мал шаруашылығы жатады. Көбінесе кой, ешкі, сиыр өсіреді. Әдеб. Қазақ Совет энциклопедиясы. 7 т. Алматы, 1975. ҰЙҒЫРЛАР Ұйғырлар - Шығыс Түркістанның байырғы тұрғын халқы. Ұйғыр тілі өзбек тілімен бірге түркі тілдерінің оңтүстік шығыс тобына жатып, қарлуқ бүтағын қүрайды. ¥йғырлардың бүкіләлемдік жиынтық саны он бір миллионға жуық (2009). Сан жағынан олар туыс халықтар арасында түрік, озбек, эзербайжан мен қазақтардан кейінгі бесінші орынды иемденеді. Ұйғырлар негізінен өздерінің тарихи атамекені Қытай Халық Республикасы Синьцзян - ¥йғыр автономиялы ауданын мекендейді. Ондағы саны 9 миллионная астам. ¥йғыр халқының атақонысы ерте кезден-ак Шығыс Түркістан аталған. 1760 жылы бүл өлкені Қытай империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын Синьцзян (демек жаңа жер) деп өзгертті. 1944-1949 жылдары аралығында өмір сүрген Шығыс Түркістан Республикасы кұлатылғасын, өлке аты СУАР (Синьцзян ¥йғыр Автономиялы ауданы) деп өзгертілді. Соцғы санак деректері бойынша бүрынғы Кеңестер Одағын 262199 үйғыр мекендесе, олардың 89,5 пайызы өз тілін ана тілім деп таныған екен. ¥йғырлар Алматы облысында жинақы қоныстанған (240 мыц адам). Қырғызстандағы 30 мың үйғырдың көп бөлігі Жалал-Абад ауданында шоғырланған. Өзбекстанның Ферғана аңғарын 20 мыңдай үйгыр мекендейді. Түрікменстан мен Тәжікстанда да аздаған үйғыр бар. Таяу шығыс елдерінің коп болігінде үйғыр диаспоры кездеседі. ¥йғырлар-ежелден отырықшы өмір кешкен, тамыры терецде жатқан өзіндік өркендеу тарихы бар, бай мәдениеті мен өнері бар жэне үлгі түтарлық дәстүрі бар халық. ¥йғырдың өзіндік ерекшелігі мол мэдениеті мен эн-жырының, монументті діни архитектурасының шығыс 220
елдері мәдениетіне елеулі эсері болды. Қытайлықтар ұйгырды басқа да мұсылман ұлыстарымен косып хуэйцзу, хуэйхуэй деп, кейде чантоу деп те атаған. Монголдар ұйғырды хотон деп атайды. «¥йғыр мемлекеті», «ұйгыр жазуы», «көне ұйғыр тілі» мен «жаңа ұйғыр тілі» деген тарихи атаулар мен қазіргі ұйғырлардың этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастык туралы ғылым дүниесінде әр қилы пікір бар. ¥йғыр этнонимі III ғасырдан бастап белгілі. VIII ғасырдағы Орхон руникалық жазбаларында да ұйғырлар аталады. 840 жылы Енисей кырғыздарының кысымымен Шығыс Түркістан оазисіне Орхон мен Селенга өзендері алкабынан үйғыр аталған тайпа көшіп келген. Алайда ұзак жылғы қақтығыстың салдарынан XV ғасырдан кейін ұйгыр этнонимі сирек естілетін болды. Шыгыс Түркістан халқының бірыңғай аты болмай, оның орнына түрған мекеніне қарай қэшкэрлик, яркәнлик, тұрфанлик, ақсулиқ деп эртүрлі аталды. Іле бойындагы ұйгырлар тараншы аталып келген. Орыстың жазба деректерінде, лугаттарда Жетісу ұйгырлары осылай аталады. Бұлар - маньчжур кысымынан зардап шегіп, Шыгыс Түркістаннан 1754-1763 жылдары Жетісуга коныс аударгандар. 1921 жылы Ташкент каласында өткен зиялы кауымның бас қосқан мэжілісінде атақты тюрколог, профессор С.Е.Маловтың үсынысымен казіргі жаңа үйгыр тілінде сөйлеуші үлысқа телінген ежелгі үйгыр атауы жалпы халыктык атау болып қалпына келтірілген еді. ¥йгырлар еуропеидтік нэсілдің Ферганалык тобына жатады. Дәлірек айтсақ, монголоидтық элементтің шамалы гана болуы жағынан олар өзбектерге жакын. Дей түрсақ та халықтың этногенезіне қатысқан тайпалардың эр алуандыгына сэйкес, бүгінгі үйгырлардың антропологиялык жагынан біртекті еместігі байқалады. Қашқарияның оңтүстігінде еуропеидтік нэсілдің памир тобы басым болса, Шығыс Түркістанның солтүстігіндегі оазистерді мекендеушілерде еуропеидтік пен монголоидтік элемент тен түседі. Шыгыс Түркістан оазисіне қазіргі монгол жерінен ауып келген үйгыр тайпасы, XI гасырдагы қыпшақ, қарлүқ, чигил, ячма, күман т.б. көпшелі түркі тайпалары жергілікті халықпен араласып, олардан жер өңдеу, дақыл егу тэсілін, қолөнерін үйренген. Бертін келе олар бір этникалық топқа бірігіп кеткен екен. Көне дәуірде будда дінінің махаяна тармагын түтынса, XIV ғасырдан ислам дініне көше бастаган. Жыл санауымыздың бірінші мыңжылдыгының аяқ кезінде согди эліпбиі негізінде жасалган буын-эріп жүйелі үйгыр жазуы болған. Орхон түркілерінің тіліне жақын коне ұйгыр тілі Х-ХІІІ гасырларда Шыгыс Түркістандагы Кочо мемлекетінің XIV гасырдагы үйғыр мемлекетінің ресми тілі болган. Ал осы кезеңде кең қолданыс тапқан «үйгыр жазуымен» хатқа түскен қолжазба жэдігерлер элемінің төрт бұрышына түгел таралып, бүгінде Берлин, Лондон, Пекин, Петербург қалаларының кітапханаларында сактаулы. Х-ХІІ гасырларда үйгырдын Тұрфан мемлекеті қүрылды. XIII221
XV ғасырларда Шығыс Түркістан мен Жоңғария монгол хандығының иелігіне айналды. XVIII гасырдың ортасында Шығыс Түркістанды Цин империясы жаулап алды. Цин билеушілерінің озбырлыгына үйгыр халқы әлденеше рет қарулы қарсылық білдірді. ¥йгыр мемлекетін 15 жылдан кейін Цин империясы қайта бағындырып, өлке атын Шыңжаң деп өзгертті. 1931-33 жылғы азаттық күресінің нәтижесінде қүрылған жаңа үкімет прогресшіл саясат жүргізді. Алайда 40-жылдары өкімет басына келген гоминьдан билеушілерінің шовинистік саясаты халықтың күшті наразылыгын тудырды. Қарулы котерілістің нэтижесінде 1946 жылы Үрімшіде түрлі халық өкілдері мен әлеуметтік топтан біріккен үкімет Шығыс Түркістан республикасы күрылды. Гоминьдан езгісіне қарсы күресте халық жасақшыларын бастаган Дэлелхан Сүгірбайүлы, Ыскақбек Мінінүлы, Фатих, Нүрсапа, Байкенже т.б. қаһармандар асқан ерлік көрсетті. Республика 1949 жылга дейін өмір сүрді. Жас мемлекеттің кұлауы үзақ уакытқа дейін құпия болып келді. Ресми мәлімет бойынша жас мемлекет басшылары Пекинге келіссоз жүргізуге бара жатып мерт болган. Шындыгында, олар мінген үшақ апатқа үшырамай, Барнаул қаласына жетіп қонган деген қауесет те айтылып жүр. Қытай билігіне Мао Цзэдун бастаган коммунистер келгеннен кейін-ақ, КСРО-ның Шығыс Түркістан Республикасына козқарасы өзгеріп сала берді. Өйткені екі ел ортасында жаңа бір ислам дініндегі мемлекеттің пайда болуы қызыл империяга керек болмаган сыңайлы. Осылайша «аргы атам - ер түрік, біз казак еліміз» деп эн салган Шығыс Түркістан мемлекетінің түбіне екі алып ел жеткен. Аждаһа елі Шыңжан аймагын өзіне қосып алганына 2 гасыр өтсе де, осы жердің түргылыкты халқы (негізінен ұйгырлар) талай мэрте азаттық үшін, тәуелсіз мемлекет қүру үшін көтерілді. Бірак Қытайдай алып елмен теке тіресте үнемі жеңіліс тауып отырды. Алда-жалда Монголия елі сиякты Шыгыс Түркістан республикасының басшылары да социалистік қүрылымның даму жолын таңдадык деп мәлімдесе, Кеңестер Одагы жас мемлекеттің тәуелсіздігін оз сақтап қалуына көмектесер ме еді деген өкініш жок емес. Жазушы Әбдукаһар Аллаһяр «Әйнек» кітабында былай депті: «Мәдениет деңгейі жагынан томендеу саналатын тибеттіктер өз дәстүріне сай үлттык жэне діни басшыларына ешкімге тең келтірмейді. Олар шетелде боскында жүрсе де, Далай - ламаны көсем деп таниды. Санасының астарында осы рух сақталган тибеттіктер бір бүтін үжым, үйымдаскан жамагат-қауым ретінде халықаралық сахнада танымал болып калды. Соның арқасында Тибет мәселесі халықаралық қауымның назарына іліккен еді. Қытайлар да сол себептен Тибетке кеңірек күкықтар берілген үлттық саясат жүргізіп келеді. Ал үйгырлар - ең көне мәдениетімен танымал халық. Бірақ біз мәдени негізіміз, тарихымыз, этникалық тамырымыз, дініміз, тіліміз жагынан қытайлармен ешқандай жақындыгымыз жоқ екеніне қарамастан, 222
көкейкесті мәселеміз халықаралық сахнада өте аз талқыланып жүр» («Жас Түркістан», №5, 2003, 19 - бет). Халықреволюциясыжеңіскежетіп, ҚХР-сы кұрылғасын 1955 жылы өлке атауы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы боп өзгертілді. 60- жылдардағы «мэдени революция» түсында өлкеге қытайлықтар жаппай қоныстанып, шовинистік пиғыл өршіп, үйғыр мен басқа да жергілікті халықтар хүқығына шек қойылып, үлттық қайшылық шиеленісе түсті. ¥йғыр, қазақ халықтарының достық қарым-қатынасының бір жарым ғасырға созылған тарихы бар. 1743 жылы Жалаңтөс Баһадур мен Жэңгір хан бастаған казак жасақтары Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы беріп, өз ата-мекенін басқыншылардан азат ету кезеңі басталған-ды. Қазақ руларының 35 жылға созылған азаттық күресінің, сондай-ақ Маньчжур империясының мьщты каруланған әскерімен болған канқүйлы соғыстың нэтижесінде жоңғарлар (оларды кейде ойрат, қалмақ деп те атаған) жеңіліске үшырады. Қалмақтың Амурсана бастаған көтерілісі асқан қатыгездікпен аяусыз басып жанышталып, Жоңғар мемлекетінің жойылғаны мэлім. Кейінірек үйғыр халқының тэуелсіздік жолындағы азаттық күресін басып жаныштаған Цинь өкіметі Қашкар, Ақсу, Хотан, Түрфан өлкелеріндегі үйғырлардың бір бөлігін Іле өлкесіне көшірді. Сол кезден бері ежелден бауыр, ағайындас екі халыкты, үйғырлар мен қазақтарды, достық пен туысқандық дэнекері байланыстырып келеді. 1864 жылы дербес үйғыр сүлтандығы қүрылып, оның астанасы Қүлжа қаласы болған. Кейінірек үйғыр сүлтандығының шетелдік езгіге қарсы көтерілісін Қүлжа маңындағы қазақтың албан, суан тайпалары қолдаган. Шетелдік шапкыншылық, отарлык езгі, үзаққа созылған ұлтазаттық күрес, эр алуан қақтығыс әрекеті Шығыс Түркістандағы қоғамдық қатынастың дамуына кесе-көлденең болғаны аян. Сан мың ұйғыр Орта Азияға, Ферғанаға қоныс аударды. Цин билеушілерінің куғын-сүргінінен 1881-1894 жылдары Іле өлкесіндегі ұйғырлардың басым көпшілігі, дэлірек айтсақ, 45 373 адам Жетісуға көшіп кетуге мэжбүр болды. Бұл сол кездегі Іле ұйғырларының 78 пайызы еді. Тағдыр тәлкегімен қуғын-сүргінге үшырап, көп қиыншылық көріп арып-ашып ауа көшіп келген ұйғыр ағайындардың ес жиып, шаруашылығын қалпына келтіріп, жаңа жерде орнығуына кеңпейіл де кеңқолтық, қонақжай қазақ елі қолдан келген көмегін аямады деп, үлы Отан соғысына дейін ел аксақалдары айтып отыратын. «Шығыс Түркістанның билігі Қытайға өтіп, үйғыр халқы қыспаққа түскенде, эсіресе атышулы «мэдени революция» түсында елдің біразы бауырлас мемлекеттерге коше бастады. ¥йгырдың озбекке тілі жақын болса да, нағыз жаксылықты олар қазақтан көрді. Сол баяғы қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлығы ғой бүл», - дейді белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім («Түркістан», 2006). Тарихы тереңде жатқан бауырлас үйғыр халкы өте еңбеккор, үлттық салт-дэстүрлерін берік үстайды. Өнерлі де 223
өнерпаз халық. Араларында қалың көпшілікке кеңінен танымал болған кэсіпкерлер де, өнер адамдары да аз емес. Аулы аралас, қойы қоралас бола жүріп, біте қайнасқан екі халықтың тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпы мен әлеуметтік жағдайында өзара жақындасу айқын сипат ала бастады. Сол кезден калған игі дәстүрдің бірі - қазақ пен ұйғырдың ер-азаматтарының бір-бірімен тамыр болуы. Тамыр деген сөз бір-бірінің мүқтажына қарайласып, жәрдемдесіп, сұраған бүйымтайын беріп, сый-сияпатын аямайтын, арасынан қыл өтпейтін айнымас дос мағынасын білдіреді. Қазақтар мал шаруашылығы өнімдерімен қарайласса, диханшы ұйғыр ағайындар бау-бақша, егін өнімдерін бөлісті. Жетісу ұйғырлары тар жол, тайғак кешулерде қазақ халқымен бірге болып, бір-біріне көмек қолдарын созып, бауырмалдық білдіріп, тәуелсіздік жолында патша отаршыларына қарсы бірлесе күресті. ¥йғырлар көне дәуірден-ақ диханшы, бағбан, бахшашы боп егіншілік пен бау-бақша кәсібінің айтулы шеберлері атанды. Бидай, арпа, жүгері, бұршак дақылын, картоп, бадыран екті, суы мол жерде күріш те өсірді. Шаруашылыққа қолайлы сулы, нулы жерді отаршыл патша әкімдері славян тектес қоныс аударушыларға беріп, үйғырларға нашар жер тиген-ді. Алайда ерте заманнан жер сүмесін еміп өскен еңбеккор халық коғамдастыққа бірігіп, чоң мираптың (аға мираптың) басқаруымен арық қазып, ескі каналдарды қалпына келтіріп, бірер жылда-ак бос жатқан қуаң даланы гүлденген алкапқа, миуалы бақка айналдырды. Ұлттык тағам түрлері эр алуан эрі олар жұртшылыкка кеңінен танымал. Ұйғырлар тоқач, қатлима, пошқал, сәнза секілді нан тағамын кастерлейді. Кеспе тағамына суюк аш, шова, ләгмән, мэнджүрэаш, халиваш, қою тағамға палау, манта, чөшүрә, шэвлэ, гүрүч аш, һолуқ нан, самса, омач, гөшнан, пөрэ жатады. Қазақтармен қоянколтық араласу аркасында ауқаттылар ғана емес, қарапайым еңбек адамдары да ет тағамын жиірек жарататын болды. Қазактардан кұрт, ірімшік жасауды, куырдак пісіруді үйренді. ¥йғыр-шэй құмар халық, шэйдің көк чай, сиң чай деген түрі бар. Ал қаймақ, сүт, сарымай, түз араластырып, нан турап қайнатқан әткән чай - үйғырдың сүйікті асы. Мейманға «алдирисаң аш етәй, алдиримисаң чай етәй» (асықсаңыз, ас пісірейін, асықпасаңыз, шэй демдейін) деуі де біраз нәрсені аңғартса керек. Көне дэуірден-ак қолөнері дамыған. Қолөнерінен эсіресе етікші, тігінші, бас киім тігуші, темір ұстасы, тас қалаушы, балташы, ағаш ұстасы, зергер, каңылтыршы т.б. бүйым жасайтын шеберлерді атауға болады. ¥йғырларда аспаз, наубайшы, шаштараз, сабын қайнатушы, май шайқағыш мамандары жиі үшырасады. ¥йғырлар руға бөлінбейді, жеті ата дегенді де ескермейді. Туыс адамдардың, тіпті немерелес ағасы мен карындасының қосылуы сияқты өсер үрпак үшін өте зиянды әрекет, эсіресе Ферғана ұйғырларында таяу уақытқа дейін құпталып келді. Қыз алып қашу 224
сирек. Құда түсушілер келерде қыз әкесі ағайын-туыстарын жинап, мэслиһат чай ұйымдастырады. Онда селиқ (үйлену тойының шығыны) мөлшері анықталады. Күйеу бала қалыңдық шешесіне ана сүті, ана еңбегі мен тэрбиесі үшін деп «анилиқ» аталатын сыйлық ұсынады. Оның қүрамына көйлек, орамал, етік жэне палауы бар қазан кіреді. Үйлену тойы қалыңдық үйінде өтеді. Үзатылатын қыздың ата-анасы мен бүкіл ағайыны өз үйінде конақ ретінде сый-сияпат күтіп отырады. Той шығынын толык мойнына алған күйеу жағы оларға тік түрып қызмет көрсетеді. Қалыңдық үйіндегі тойды жігіт жағынан «вәкил ата» басқарады. Ертесінде қызды кілемге отырғызып, төрт жағынан ұстай көтеріп, әкесінің алдына апарып, ақ батасын алдыртады. Сосын қызды арбаға отырғызып, үзатып салады. Қалыңдық ата-енесі үйінің алдындағы жағылған алауды үш рет айналып өтеді. Күйеу үйіндегі той біткесін юз ачиш (беташар) болып, келесі күні жас жүбайлар екі жақ туыстарды аралап, сый-сияпат көреді. Жас келін күн қүрғатпай төркініне барып, анасына шашын таратады. Алғашқы баласын ата-анасының үйінде босанып, аяқ-қолын бауырына алып, баланы қырқынан шығарғасын, күйеу жағы ырым-сырымын жасап, сыйсияпатын беріп, келінді үйіне апарады. Қалыңмал дегенді білмейді. Үйлену тойының шығыны да көрші туыс халықтармен салыстырғанда шағындау. Оның есесіне ерлізайыптының ажырасуы да аз болмаған екен. Оның бір басты себебі ретінде ата-анасының балаларын тым ерте үйлендіруі аталады. Әрі ажырасқан әйел күйеуді өзі таңдауга ерікті болған. Ересек балалар әкесімен қалатын. Анасымен кеткен жас нэресте бірер жылдан кейін әкесіне кайтарылатын. Әйел төркінінен келген жасауын, күйеуінің берген сыйлыгын ғана алуга ерікті. Алайда ажырасу әйелдің кінәсінен дептабылса, ол эйелге ешнэрсе детимейтін. Жастарды отансүйгіштікке, елдік қасиетін қастер тұтуга, үлкендерді тыңдап, олардың алдынан қия өтпеуге баулу дэстүрі сакталған. Келін ерте түрып, ауланы тазалап, шайын қойып, дастарқан даярлап, ұйқыдан түрған ата-енесіне, күйеуінің туыстарына ізет білдіре сәлемдесіп, тэлім-тәрбие көргенін танытуга тиісті. Ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігінде қашан да ошақтың ырысы мен құты, елдің үйтқысы саналатын әйел-ананы аялауға, қүрмет тұтуга баса назар аударылып келген. Мейлі жас қыз бала болсын, бойжеткен болсын я егде жастағы болсын, жас ерекшелігіне қарамай, эйел жынысына бүкіл ер-азамат «сіз» деп қана тіл қатуга тиіс. Шығыс зерттеушілері үйғырлардың эн-жырга әуестігін, олардың музыкалық дарынын жоғары бағалады. Үйғыр халқының тұрмыстіршілігінде музыка мен би өнерінің алатын орны айрықша зор. Жеке де, топ құрып та, кыз бен жігіт косылып та билейді. Той-томалак, мереке, эралуан бас қосудың ешбірі де сазды музыкасыз, бисіз, энжырсыз өтілген емес. Ертеден дамыган ұйғырдың музыка мэдениеті халык тарихын, элеуметтік жагдайын, коркем ойларын сазды мукамдар, 225
нахша (эн), уссул (би) арқылы бейнелейді. Бұл өнер халық музыкасы жэне кәсіби музыка деп екіге бөлінеді. ¥йғырдың халықтық-кэсіби музыкасының озык үлгісіне, үлттық музыканың інжу-маржанына жататын он екі мукам 170 эн мен 70 түрлі саздан қүралған. Алматыдағы музыкалы комедия театры жанында күрылған эн-би ансамбльдерінің үйғыр музыка мәдениетін дамытуда маңызы зор болды. Өздері жайында «килы кезеңді бастан өткердік, тағдырымыз элі де токсан тарау қиындықтар торабында түрған мүңды халықпыз» дегенді естуші едік ертеректе үйғыр зиялыларынан. Сол айтқандай, үйғырдың әнжырынан өзіндік саз, үнділікпен қоса арман-мүң да сезілгендей. Музыка аспабына аса бай халық. Оларға шекті аспабы ғиджәк, дутар, он үш шекті ситар, тәмбир, равап, шәнзә, йәнджин, чаң, калун; үрлемелі аспабы нэй, канай, сүнэй, қошнэй; кернейлі аспабы дап, нағра, тевилваз; ұрмалы аспабы думбак, сапайи, чақчақ, кошуқ, джан жатады. ¥йғырлар тартымды әңгімені, откір мыскылды, тапкыр сықакты бағалай білетін, бос уакытын коңілді өткізетін, арақ-шараппен эуестігі жоқ, думаншыл халық. Жиын-тойға жиналғандар жеке топқа бөлініп, эр махалла өз ортасынан ділмар, тапкырлықпен түспалдап сын-сықак айтуға икемі бар адам шығарып, чақчакчилар айтысын (әзіл-оспақ айтысы) откізеді. Эр топ өз чакчакчисын кызу колдап, қыран күлкіге батып, айтыскерінің жеңіп шығуына жағдай тудыруға тырысады. Жеңілген жақ күлкі болып, айып тартады. ¥йғырдың рухани өмірі мен мәдениеті, ұлттык ойын түрі мен той-мерекесі, түрмыс-тіршілігі мен болмыс-бітімі, лиро-эпостық жырлары өзбектермен бірдей десе де болғандай. Ислам дінінің дендеп енуінен XI ғасырдан бастап араб жазуын тұтынған үйғырлардың көнеден келе жатқан жазба әдебиеті бар. XIV ғасырдағы Насреддин Рабғузидің «Қисас-су-л-әнбия» (эулиелер туралы эңгіме) атты діни такырыпка арналған еңбегінде, XVII ғасырдағы Мүхаммед Имин Хиркатидің «Махаббат пен еңбек» атты дастанында, XVIII-XIX ғасырдағы акындардың лирикалык шығармаларында халык мүддесі жырланып, кейінгі үрпақты канаттандырып, нұрлы кайнардан сусындатып, сезімін сәулелендіріп келеді. 1949 жылдан кейін үлттық баспасөздің дамуы үйғыр эдебиетінің жаңа арнада дами бастауына эсер етті. Алайда 1960 жылдары өршіген «мәдени революция» насихатының зардабынан Шыңжаң акын-жазушыларының корнекті өкілдері куғынға ұшырады. Халық ауыз эдебиеті, эсіресе поэзия дамыған. Қалмак феодалдарына карсы азаттық күрес такырыбына арналған «Назугум» лирикалык поэмасы, газел месхевилер (лирикалық жырлар) - халықтың сүйіп тыңдайтын музыкалык шығармасы. Орта Шығыс халықтарының біразына ортак «Таһир вә Зохра», «Юсуф вэ Әхмед», «Юсуф вэ Злиха», «Қозы Корпеш» ғашықтык жырларының үйғырша нүсқаларында, ертегілер мен күлдіргі эңгімелерде өскен орта мен ғибраты мол әдетғұрпына деген игі сезім отансүйгіштік үғымымен астасып жатқандай. 226
XI ғасырдағы Қытай ғалымы Ван-Ен-Те, XIV ғасырдағы итальяндық Марко Поло, қазақ ғалымы Шоқан Уэлиханов ұйғыр халқының көп ғасырлық тарихы тудырған аса бай фольклорлық мұрасын жоғары бағалап, жылы лебіз білдірген. Түркі тілдерінің қарлұк тобына кіретін ұйгыр тілінің өзіне тэн ерекшелігіне үндестік заң ықпалының элсіздігі жатады. Бір буынды сөздердегі а, ә дауыстылары сол сөзге жалғанатын косымшаның кері ықпалымен е, о, ө дыбыстарына ауысады: ат-ети, белгщ (балық). А, ә дауыстылары редукцияланады: бала-балиси, мәктәп-мәктиви. Сойлеу тілінде р, л дыбыстары түсіріліп айтылады: ба-бар, баса-барса, кә-кел. Үйгыр тілі орталык (Іле бойы), оңтүстік (хотан), шығыс (лобнор) диалектілеріне бөлінеді. Шығыс Түркістанның барлық дерлік өлкелерінен ауып келгендердің тоғысқан жері Іле бойы үйғырларының тілі әдеби тілге негіз болды. Нахша Қәшкәрдә чиқиду, Ақсуда бузилиду, Ғулжида түзилиду, Үримжидә ейтилиду (Ән Қашқарда шығады, Ақсуда бұзылады, Қүлжада түзеледі, Үрімшіде айтылады) деген нақыл сөзі осыны аңғартса керек. Үйғырлар түгелдей қос тілділер, орыс, қытай тілі кең тараған. Қыпшақтык элемент озбек тілімен салыстырғанда үйғыр тілінде анагұрлым аз. Дей түрғанмен үйғыр тілінің де қазақ тіліне ұксайтын түстары аз емес. Мысалы, ақ, ана, ата, алма, арпа, арман, дәстүр, базар, дана, жиһаз, казан, күй, күз, дастан, мал, канат, макал, талкан, қар, таза, мазар, сақа, сайман, сақал секілді екі тілге ортақ атау сөздер каншама. Сондай-ақ аш - ас, алтүн, адил, билим, гиләм - кілем, жүрэк, дэвран, құват - қуат, қүмилақ, қүлүп, дукан, бүрун - мұрын, дава - дауа, баш - бас, илан - жылан, мұһэббат, һава - ауа, мүңгүз - мүйіз секілді дыбыстык жагынан ұқсас эрі мағыналас сөздер де жетелік. Үйгырлар да қазақтар секілді үтқыр эрі шешен сөйлеуді үнатады. Үйғырлар - мұсылман-суниттер. Алайда Фергана мен Жетісуға қоныс аударғанга дейін олар аса діндар болмаған деседі. Тіпті тиіпқашып спирттік ішімдік ішулеріне де тыйым салынбаған екен. Әйелдер пэрэнжі жамылмапты. Халық емшілерінің, бахши мен периханның, науқастың бойынан жын мен періні қуып шыгуы сияқты ем-домынан, эруаққа табыну ғұрпынан шаман дінінің белгілері байқалады. Қазіргі таңдағы ұйғырлардың діни сезім-нанымы Орта Азия халықтарымен толықтай ортақ. Алланың жолын мойындау дегеніміз - адалдық пен шынайы адамгершілік, ізгілік пен жақсылық - бір сөзбен айтқанда ар тазалығы деп ұғатын үйғыр ағайындар өз үрпагын имандылыққа, сыйластықка, үлтжандылыкқа тэрбиелеп, олардың рухани жагынан түлеуіне лайықты үлес қосып келді. Қазіргі таңдагы ұйгырлар - ислам дінін берік үстаган халық. Олар айт мейрамын, қүрбан айтты зор ұйымшылдықпен өз деңгейінде откізеді. ҚХР - да қытайлар мұсылман дінін мықты үстанган үйгырларды ассимиляцияга ұшырата алмай жанүшырып жатыр деген пікір қалыптасқан («Қазақстан», 11.03.2010). 227
Үйғыр халқына зерттеу жұмыстарын арнаған атақты казақ ғалымдарының еңбектерін атай кеткеніміз жөн. Қазақтың ұлы ғалымы, ержүрек саяхатшысы Шоқан Уэлиханов 1856 жылы Құлжада үш айдай болып, 1858-59 жылдары Қашқарда бес жарым айдай материал жинап, «Қытай империясының батыс провинциясы мен Қүлжа қаласы», «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бухараның), шығыстағы алты қаланың жайы» атты ғылыми еңбектерін жазды. XIII ғасырдың соңында Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Госс қана болған, үш жарым ғасыр бойы жүмбақ ел саналып келген, кұрамында Қашғар, Аксу, Турфан, Янышар, Жаркент, Хотан қалалары кіретін «Алты шаһар» елі тұрғындарының өткен тарихы мен бүгінгісі, этнографиясы мен әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-салты мен тіршілігі, мәдениеті мен өнері туралы ғылым үшін мол да қүнды мәлімет, сирек деректер берді. Көп үзамай неміс, ағылшын тіліне аударылған Шоқан еңбегі заман ғылымының биік деңгейінде жазылған зерттеу деп, бірауыздан жоғары бағаланды. Қазак тіл білімінің білікті маманы, алтаистика саласында, эсіресе түркі-монғол, түркі-славян, сондай-ақ түркі тілдерінің де бірбіріне әсері, байланысы туралы зерттеу еңбектерімен кеңінен танымал болған Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі Әбдуэли Туғанбайүлы Қайдаровтың үйғыр тілін зерттеуге қосқан үлесі айтарлыктай. Ғалымның үйғыр тілінің стилистикасы, синтаксисі, лексикасы мен лексикографиясы, диалектологиясы мен теориясына арналған зерттеу еңбектерін түркологтар жоғары бағалады. Жетісу мен Ферғана ұйғырлары арасында өзгешелік жоқ емес. Өткен ғасырдың өзінде Ферғана аңғарында екі жүз мыңдай ұйғыр түрған болса, бүгіндері олардың жиынтык саны небәрі жиырма мыңдай ғана. Ферғана үйғырларының жыл өткен сайын сан жағынан кеми түсуінің басты себебі олардың басқа халықтар арасында шашырай қоныстануы деп жүрміз. Ассимиляцияның кері әсерін көбірек тартқан Ферғана үйғырлары алдымен өзбек тілді қауымдастыққа көшсе, соңынан үлты да өзбекке айналып отырған. Бүған өзбек пен үйғыр халықтарының этникалық, тілдік жақындығы, материалдық, рухани мэдениеті мен түрмыстык белгілерінің ортақтығы да себеп болғанға үқсайды. Осы айтылғанға керісінше, Қазақстан Республикасы халықтарының арасында өсім жағынан үйғырлар бірінші орында түр. Небәрі отыз жылда, 1959-1989 жылдар аралығында республикамыздағы үйғырлар саны 59 мыңнан 185 мыңға, демек 313%-ға өскен. Үйғыр мен қазақтың біте қайнасып, бірге өмір сүріп келе жатқаны ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Тілі де, діні де, ділі де түтастық тауып түратынын екі үлт өкілдері жан-тәндерімен сезіне біледі. Үлттық салт-дәстүріміз бен эдет-ғұрыптарымыздың да бір-бірімен сабақтасып жатқанын ешкім жокка шығара алмайды. Қазактың үйғырдан, үйғырдың қазақтан қыз алысып, кыз берісіп жатуының өзі ештеңемен теңдесі жоқ сыйластық екеніне козіміз жетіп, коңіліміз сеніп кеткені анық. «Ғасырлар бойы 228
көрші халықтар арасында үйғыр мен казак арасында ғана ешқандай қақтығыс, қантөгіс болған емес. Біздің тамырымыз бір салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз бір, дініміз бен діліміз бір. Келешекте бірлік жағын ойлайтын біртұтас халықпыз. Бір ананың баласымыз деген саясат жүргізіп, осындай пейілде болсақ, үйғыр да, казак та, ешкім де үтылмайды», - дейді қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов. Қазақстан ұйғырлары жинакы қоныстанған эрі салт-дәстүрі мен өзіндік мәдениетін сактаған. ¥йғыр тіліндегі мектеп жыл өткен сайын көбейіп, олардың саны жетпістен асты. Тек оңтүстік астанамыз Алматыда соңғы жылдары ұйғыр тілінде сабақ беретін үш орта мектеп ашылды. «Қазакстан ұйғырларының республикалык мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ортақ бағдарламасы бойынша жұмыс атқаруда. Қоғамдык бірлестіктің өмірге келіп, аяғынан тік түрып, жүмысын жандандыруына үйғыр халкының адал үлдары Қожахмет Садуакасов, Асым Құрбанов, Рахымжан Қасымов, Түрған Тоқтамов, Рабик Исмаилов, Мамир Избакиев, Шерипжан Надиров, Тоқтасын Бишановтар ерекше еңбек етті. Республикалык ұйғыр музыкалық комедиялык театры, теледидар мен радио, Ұйғыртану орталығы, ¥йғыр үлттық ассоциациясы, «Бірлік» қоғамдық қоры, Қазакстан жазушылар одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секторы, «¥йғыр үйі», «Бостан», «Назугум», «Аналар кеңесі» жэне «Бахар» коғамдык бірлестіктері, озге де мәдени ошактар үйғыр халкының үлттық жетістіктерін одан эрі дамытуда мақсатты жүмыстар атқаруда. 1986 жылдан ұйғыр халқының тілі мен эдебиетін, тарихы мен этнографиясын жан-жақты зерттеуді мақсат түтатын академиялық үйғыртану институты коп жыл жүмыс істеп келді. ¥йғырдың республикалык театры бар. «Яшлиқ», «Газел», «Нава» ән-би ансамбльдері, фольклорлық ансамбльдер шетелге де танымал болып үлгірді. ¥йғыр тіліндегі баспасөз дамып келеді. Жыл сайын үйғыр тілінде жүз мың данамен эралуан кітап жарык көреді. Республикалык «Иени һаят», «¥йғыр авази» газеттері, үш аудандық газет, бір альманах, «Пэруаз», «Арзу» журналдары шыгады. 1989 жылы қүрылған Республикалык үйғыр үлттық мәдени орталыгы жыл сайын «үйгыр тілі мен онері» күнін үлкен салтанатпен мерекелейді. Мүның өзі сонау бір аумалы-төкпелі кезде өзінің тарихи отанынан еріксіз ауып, қазақ жерінен сая тапкан үйғыр диаспорасының тілі мен үлттық онерінің, салт-дәстүрінің дами беруі жолында Қазақстан Республикасының жүзеге асырып отырған қамкорлығының айғағы іспетті. Бауырлас ұйғыр халқының өкілдері түгелге жуык казак тілін де меңгерген. Әрі олардың бэрі де Қазақстанды өз отаны санап, өз тағдырын осы елмен байланыстырады. Шетелдік басқыншылардан көрген зорлық-зомбылығы, тартқан азабы, қайгы-қасіреті, арман-мүңы, азаттық күресі үйгыр, қазак халыктарына ортақ. Тарихы үқсас, тағдырлас екі халык өз аражігін 229
ажыратпай, ізгі қарым-қатынасына күні бүгінге дейін кірбің түсірмей, әлеуметтік өмір мен күнделікті түрмыста бірге жасап, біте қайнасып келеді. 30-40 жыл бойы ядролық сынақ жүргізген Семей мен ЛобНор полигонынан көріп келген азабы мен қасіреті екі халыққа ортақ. Мүның өзі екі халықты антиядролық, экологиялық қозгалыста бірлесе қимыл жасауға итермеледі. Бүгінгі қиыншылыққа қарамай, ұлт тагдыры таразыга түсіп тұрғанда ядролық полигонды жабу жөніндегі «Аттан» қозғалысының бастауымен халықтардың бас біріктіріп қимыл жасауы - заман талабы. Шыгыс Түркістан үйгырларының толқуы ауык-ауық бой көрсетуде. Әр елдің өз заңы бар. Әйтсе де адамзаттық, халықаралық ортақ талап та бар. «Шығыс Түркістан ұйғырлары үлттық рухани мәдениеті мен білім алу деңгейін көтеру үшін, бала туылуын шектеуге қарсы бағытталған күресін Біріккен үлттар үйымының адам құқығы жөніндегі Декларациясы шеңберінде жүргізіп отыр. Батыс Түркістандагы тәуелсіздік қимылдарының Шығыс Түркістанға жүғуынан қауіптенген Қытай әкімшілігі онда шектен тыс қауіпсіздік шараларын жүзеге асыра бастады», - деп жазыпты Анкарада шығатын «Түрік мәдениеті» журналының 1991 жылгы желтоқсандагы санында. 2009 жылдың тамыз айында Қытайдың Үрімші қаласында 1990 жылдардан бері қайталанбаган ірі көлемдегі түрақсыздық белең алды. Шыңжан-үйғыр автономиясындагы толқу барысында жалпы саны 156 адам қаза тапты (бейресми деректер 800-дей дейді). Сондайақ 800-дей адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. 1434 адам қамауга алынды. Аймақтагы үйгыр шенеуніктерінің барлығы дерлік тергеуге шакырылып, біршамасы жүмысынан қуылды. Ү рімшіге Қытай әскерінің қосымша күштері кірді. Қаланың орталық көшелеріне топтастырылған мыңдаган полиция қызметкері мен сарбаздар үйғырлар қоныстанған Үрімшінің оңтүстік ауландарын қатаң бақылауга алған. Кездескен үйгыр азматтарын соққыға жыгып, өлім-жітімге үшыратқан. Өкінішке орай, қамауға алынгандар мен жазаға (соның ішінде өлім жазасына) тартылғандар - дерліктей ұйғыр азаматтары. Сондай-ақ қытай билігі әгәрәки кикілжің тагы бастала қалса, ешбір аяушылық болмайтынын, аяусыз жазалайтындарын мәлімдеуде. Қытайдагы бұл жантүршігерлік оқиға, үйгырларға көрсетілген зорлық-зомбылық дүйім жүрттың қабырғасын қайыстырды деп жазылды баспасөз беттерінде. Үрімшідегі дүрбелеңнің негізі неде деген сауалга мынадай пікірлер айтылады. Осыдан алпыс жыл бүрын үстемдік құрган үйгыр, қазақ тілдері бұл күнде қытай тілінің көлеңкесінде қалып, пүшайман күй кешуде. Лауазымды кызметке ілігу үшін қытай тілін міндетті түрде білуге тиіссіз. Онсыз қызмет сатысында көтерілу мүмкін емес («Алматы ақшамы», 21.08.2012). 1949 жылы аймақта қытайлар бар-жогы - 2 пайыз болса, қазір 46 пайызды қүрап отыр. Өткен жылғы шілде айының басында Үрімшіде орын алған оқиғалардан кейін ресми Бейжін бүл өлкенің «орнықтылығы 230
мен тыныштығын одан сайын күшейту мақсатында» қаркынды ісшараларды бастап кетті. Бұл жоба байынша бірінші кезекте аталған өлкеніңдемографиялықжағдайынөзгертуқарастырылған(«Түркістан», 11.11.2010) «Соңғы жылдары Шығыс Түркістанда қытайландыру саясаты үлкен қарқынмен жүргізіліп келеді. Соның салдарынан ол жақта көптеген көтеріліс болды. Естуімше, өткен аптаның өзінде Қытайда 27 күрескер ұйғыр азаматын атқан» дейді журналист Әбдімәжит Дулятов («Түркістан», 2006). 1960 жылдан кейін қытайларды көптеп қоныстандыру салдарынан Үрімші қаласында қытайлықтар қала түрғындарының төрттен үш бөлігін (1 миллион 567 адам) құрайды. Ал, жердің иесі үйғырлар болса 12-ақ пайыз, яғни 266 мың адам. Бүлардан кейін дүнген халқы (166 мың адам)(«Айқын», 09.07.2009). Қытайдағы саяси жағдай әлемдік қауымдастықтың да алаңдаушылығын тудырып отыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде үйғыр диаспорасы наразылық шараларын өткізді. Ал саяси сарапшылар бүл жағдайда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарына кесірін тигізуі мүмкін деп болжайды. 1978 жылдан кейін Шығыс Т үркістан халқы өмірінде оңды өзгерістер болды. ¥йғыр халқының тарихтан тиесілі үлес салмағы кемімей, оның тілі мен үйлесімді салт-дәстүрі, ұлттық өнері мен мәдениеті дами бергей. Түркі халықтарының көне өркениет иесі үлы қытай халқына деген құрметі айырықша. Олар жағдай түзелер, көп ұлтты өлкеде тыныштық орнап, халықтар арасындағы келісім, ынтымақ пен бірлік салтанат құрар деп үміттенеді. Әдеб. Народы Средней Азии и Казахстана, т. 2, М., 1963; Народы мира, историко-этнографический справочник. М., 1988; Языки народов СССР. Т. 2, М., 1966; Қазақ Совет энциклопедиясы. т. 11, А., 1977. ЛОБНОРЛАР Лобнорлар - Шығыс Түркістанның Қашқар жазығындагы Лобнор көлінің батыс жағын мекендейтін түркі тілдес халық. Лобнор тілінде сөйлеушілер шамамен екі мыңдай гана адам (1989). Бүл тілдің ерекшелігін зерттеген түркологтар С.Е.Малов пен Э.Р.Тенишевтің пікірінше, лобнор тілінің негізіне көне қырғыз тілі жатқан. Алайда кейін келе лобнор тілі де, сары ұйғыр тілі сияқты, ертедегі қырғыз тілінен алшақтай түскен. Шығыс Түркістанға қоныс аударган лобнорлар ұзақ уакытұйғырларменкөршілес, аралас отырғандықтан,олардыңтіліүйғыр тілінің әсеріне молынан үшырап, өз ерекшелігінен біртіндеп айрыла берген. Лобнор тілінің лексикасында коне қырғыз тілі элементтерімен катар, қазіргі үйғыр тілінің, сондай-ақ араб-парсы элементтері көбірек үшырасады. Қазіргі түркі тілдерінің классификациясында 231
ол ұйғыр тілінің шығыс диалектісі ретінде сипатталады. Көп уақыт бойы қайсыбір зерттеушілер еңбегінде лобнорлар жеке халық ретінде аталған. Өйткені ұйғыр тілінің өзге диалектілерімен салыстырғанда лобнор тілінің өзіндік ерекшілігі мол. Лобнор тілін ұйғыр мен қырғыз тілдерінің ортасындағы аралык тіл деуге болатындай. Лобнорлардың сырт кескін-келбеті де ұйғырлардан озгешелеу. Антропологиялык жағынан алғанда лобнорларда монголоидтық элемент басымдау. Лобнорлар ислам дінінің сүннит тармағын түтынады. Олар өз үйін сатма деп атайды. Оны көбінесе балшық араластырып қамыскұрақтан, сырғауылдан тұрғызады. Коп салалы шаруашылықпен айналысады. Төрт түлік малын жазда шалғын шөпті биік тауда жайып бағады. Кейінгі кезге дейін Лобнор көлінде балык аулап келген. Жібек қүртын өсіреді. Лобнорлардың ауыз әдебиетінен, ұлттық өнері мен мәдениетінен үйғыр мен қыргыз халықтарына жақындық байқалады. Балаларына жастай күда түседі де, 15-16 жасқа толғанда үйлену тойын өткізеді. Оған дейін бес жылдай бозбала болашак қайынжүртының үйінде түрып, қалыңмалдың өтемі ретінде тынбай еңбек ету дәстүрі болған. Үйлену тойы боларда жігіт өз қалыңдығына түлкі терісін, нан, көккұтан қауырсынын сыйлайды. Сосын аулақтау жерге оңаша шатыр тігіп, қалыңдығымен алғашқы түнін өткізеді. Ертесінде жас жүбайлар қалыңдықтың ағайын-туғандарын аралап, сый-сияпат көреді, сыйлық алады. Атасы күйеу баласына сыйлыкка қайық, балық аулайтын тор, түрлі аспап, мал береді. Өлген адамды үшінші күні қайықка салып, бетін жауып жағалауға жерлейді. Кейде балык аулайтын қүралын коса көміп, тормен қабірді көмкеріп коятын. Қазіргі таңда лобнорлар өздерін ұйгыр халкының өкіліне жатқызады. Діні бір, тіршілік еткен ортасы бір болғандықтан, олардың тілі мен салт-дәстүріндегі озгешелік оз эсерін жоғалтып, бір этносқа топтасқаны байқалады. Әдеб. Тенишев Э.Р. Еще раз о происхождении лобнорцев. М., 1964; Малое С.Е. Лобнорский язык. Фрунзе, 1956; Қазақ Совет энциклопедиясы, 7 т., А., 1975.
АРАЛЫҚ БҮТАҚ ҚЫРҒЫЗДАР Аралық бұтаққа жататын түркі халықтарының арасындағы ең көп сандысы- қырғыздар. Олардың басым көпшілігі, атап айтқанда, 3 миллиондайы Кыргызстан Республикасын мекендейді. Қырғыздар Өзбекстанның Наманган, Андижан, Фергана облыстарында, Тәжікстанның Джиргатал, Мұрғаб аудандарында, Ауганстанның солтүстік-шыгысында, Шыгыс Түркістанның Аксу, Қашқар, Хотан округтарында жинакы қоныстанган. Олардың бүкіл әлемдік жиынтық саны - 4 миллиондай адам (2009). Соңгы санақ деректері бойынша кыргыздардың 98,7 пайызы қыргыз тілін өз ана тілім деп таныган. Ертеректегі қытай жазбаларында қыргызды бурут деп атаган. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс деректемелерінде қыргыз халқының «кара кыргыз» аталып келгені мэлім. Өйткені 1925 жылга дейін қазақтың да шын атауы бұрмаланып, «қыргыз-қайсақ» немесе «қыргыз» деп көрші халықтың аты теліне салынган-ды. Шежіре деректерінде қыргыздың 40 тайпадан түратыны айтылган. Сондықтан да болар, бүл халыкты «кырык рулы ел» деп те атаган. Этникалық қүрамы өте күрделі қыргыз халкын үш топка бөледі. Алгашқы екі тобы косылып «отыз ұл» аталады да, он жэне сол қанат боп екі бірлестікке болінеді. Үшінші тобы «ичкилик» деп аталады екен. Қыргыз халқының шығу тарихына қатысты гылымдагы талас пікір Сібір (Енисей) қыргызы мен Орта Азия (Тянь-Шань) қыргызы аталатын екі этнонимге байланысты. И.Э.Фишер, А.И.Левшин, В.В.Радлов, т.б. галымдар «Қыргыздар ерте кезде Енисейден Байкалға дейін көшіп қонган. Енисей қыргызы мен Тянь-Шань қыргызының шыгу тегі бір», - дейді. 1956 жылы Бішкек қаласында өткен қыргыз халқының этногенезіне арналган гылыми сессияда галымдар қыргыз халқының кұрамында Орта Азияның түркі тайпалары, әсіресе, қарлық, ногай-қыпшақ тайпалары басым болган деген түжырым жасайды. Ш.Уэлиханов кыргыздардың Енисей алабын, Алтай, Памир таулы өңірін бір мезгілде мекендеуінің себебіне ой жіберген-ді. Уэлиханов кыргыздар Сібір мен Тянь-Шань аралыгында көшіп-қонып жүрген. Тек XVII гасырда Алтай мен Тянь-Шань аралыгында Жоңгар мемлекеті пайда болган сон гана қыргыздардың Енисей алабынан кошуі тоқтаган деген корытындыга келеді. Қыргыз халқының қүрамында түркі тегіне қосылмайтын келдике, күркүре, күрен, калча, қалмақ, сартқалмақ, қалмак-кыргыз сиякты монгол тектес кірмелер тобы бар. Олардың жекеленген бөлігі тіпті таяу уақытқа дейін кейбір этнографиялық ерекшелігін, ішінара тіл ерекшелігін сақтап келген. Бішкек қаласы мен 233
Талас аңғарын мекендеген чала-қазақ аталган этнографиялық топ та бүгіндері өздерін қыргыз ұлтының өкілі санайды. Қырғыз халқының қалыптасуы XIX гасырдың ортасына дейін созылды. Түркілердің сан жагынан өзара қатты алшақтанатыны қырғыз, алтай халыктарынан анық байқалады. Климаты жағынан халық санының өсуіне жайлы Жетісу өңіріндей емес, климаты қатал Сібір түркілерінің сан жағынан өз мэнінде өсе алмағаны біраз нәрсені аңғартады. Жетісуға қоныс аударған қырғыздар - көп санды халық. Ал алтайлықтар 85 мың адам ғана. Қырғыздардың сырт кескін-келбеті қазақтарға ұқсас. Дей тұрсақ та, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, қырғыздар антропологиялық жағынан алтай, бурят халықтары мен қазақтардың ортасындағы аралық топқа жататын көрінеді. Оның мәнісі - монголоидтық компонент қазақтармен салыстырғанда қырғыздарда сэл-пэл болса да басымырақ деген сөз. Өткен ғасырда бұл ерекшелік қазіргіден гөрі айқынырақ байқалатын. Қырғыз халқының қүрамына енген тайпалар УІ-Х ғасырларда Енисей,Саян-АлтайжәнеЕртістіңсолтүстікжагалауынмекендесе,татармонғол шапқыншылығы түсында олардың бір бөлігі орталық, батыс Тянь-Шаньға ауа көшті. Монғолиядағы хотондар мен қырғыздардың да этникалық шығу тегі бір делінеді зерттеу еңбектерінде. XVIII ғасырдың басында Оңтүстік Сібірден 2500 қырғыз жанүясын қалмақтар өздерімен бірге көшіріп экеткен. 1680 жылы Тянь-Шань қырғызын ойрат қалмақтары өзіне каратып, олар 1758 жылы Жоңғар хандығы жойылғанға дейін теңдік ала алмады. ХУІ-ХУІІ ғасырлардан басталған қазак-қырғыз ынтымақтастығы саяси - соғыс одағы Моғолстан мен калмақтарға қарсы күрес барысында қалыптасып, Хақназар ханның түсында нығая түсті. Моғолстанмен Жетісудағы жер үшін күрес түсында қазақтарды кырғыз билеушілері колдады. Қырғыздың едэуір бөлігіне Тэуке хан өз әмірін қырғыз биі Қоқым Қарашорин арқылы жүргізді. Алайда ХУІІ-ХУІІІ ғасырдағы жоңғар шапкыншылығынан сергелдеңге ұшыраған Тянь-Шань қырғыздары Ферғана аңғары мен Памир таулы аймағына дейінгі аралыққа ығысты. Бір мемлекетке біріге алмаған халық тайпалык қақтығыстан, барымтадан да қыруар жапа шекті. Қырғыз елінің бытырандылығын пайдаланып, оны өзіне қарату мақсатымен, ХУІІІ ғасырдан бастап Қоқан хандығы үздіксіз жорық жасады. Ақырында XIX ғасырдың 30-жылдары оны түгелдей бағындырып, эскери-феодалдық режим орнатты. 1873-1874 жылдары Фергана кырғызының Қоқан хандығы езгісіне қарсы көтерілісінің жеңіске жетуі оларды Ресейдің өзіне багындыруына қолайлы жағдай тудырды. Қыргыздар көне дәуірден жауынгер ұлыс аталып келген. Егескенге кегін жібермейтін, алысқанга арын жыртқызбайтын қайратты да қайсар жауынгерлерінің арқасында қыргыз елінің есе-теңдікке жеткен кезі аз емес. Қыргыз жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлыгын, 234
өжеттігін жаулары да мойындап, оларды Моғолистанның «тағы арыстаны» деп атаған. Қырғыз халкының азаттық күресінің ең ауыр кезі қалмақ шапқыншылығы мен патшалық отарлау кезеңіне тап келді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының қол астына қараған қырғыз халқын отарлык қанау күшейе түсті, салық мөлшері артты. Қүнарлы, сулы, нулы жер отарлау қорына үсті-үстіне беріле бастады. Столыпиннің аграрлык реформасынан кейін толассыз ағылып келіп жатқан славян тектес қоныс аударушыларға беру үшін шаруа иелігіндегі азғана жердің өзі тартып алынды. Тығырыкка тірелген халықтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін жазалаушы отряд аяусыз басып-жаншыды. Жаппай куғын-сүргінге үшыраған 150 мың қырғыз Шығыс Түркістанға қоныс аударды. Патша әкімдері «орыс каны тамған жерді кырғыздардан толық тазартамыз» деп арандату үранын тастап, славян тектес карапайым еңбек адамын желіктіріп, Шу аңғары мен Ыссык көл жағалауынан қырғыздарды түгелдей көшірмек болды. Қырғыздарды солтүстік Кавказдағы ноғай ағайындардың аяғын қүша жаздаудан Қазан төңкерісі сақтап қалған-ды. 1924 жылы Қазақстан қүрамында қүрылған Қара-қырғыз автономиялы облысы, 1925 жылы Қырғыз АО болып өзгерді, 1926 жылы кұрылған Қырғыз Автономиялы Республикасы 1936 жылы Одақтас Республикаға айналды. 1991 жылдан Қырғызстан - тәуелсіз егеменді республика. Халыктың шығу тегінің бір екенін айғактайтын басты белгі - тіл бірлігі. Олай болса, алтай тіліне ең жақын тіл - кырғыз тілі. Алайда Жетісуға қоныс аударған қырғыздар тіліне жергілікті түркі халықтарының, әсіресе қазақ тілінің әсері елеулі болды. Қазіргі қырғыз тілін алтайтілі мен қазактілі ортасындағы аралықтіл десе де болғандай. Аралық бұтакка жататын тілдерден қыпшақтық сипатқа молынан ие болған бірден-бір тіл болғандықтан, кейбір түркологтар қырғыз тілін кырғыз-қыпшақ тобына жатқызып жүр. Қазақ тілінен басты өзгешелігі қырғыз тілінде монгол тілінен ауысқан сөздер көбірек те, керісінше, араб-парсы создері азырақ. Сондай-ақ сөз басындағы спирант ж қатайып аффрикат дж боп айтылады, ш дыбысы да қатайып ч боп айтылады, с дыбысы ш дыбысымен алмасады, сөз соңындағы мүрын дыбысы ң орнына н қолданатын кездері де жиі. Айталық, жол, жоқ, жас, жақсы, балалардың, шала, шабан қырғызша джол, джоқ, джаш, джацшы, балдардын, чала, чабан боп айтылады. Қырғыз тілінде қосарлы дауысты дыбыстар аа, оо, өө, уу айтылады, еріндік пен езулік үндестігі елеулі орын алады: тоо (тау), тоцум (тоқым), өзөн (өзен). Қырғыз тілі окулықтарын жазған қазақ ғалымы Қалқабай Сартбаевтың пікірінше, дыбыстық жүйесінде созылыңкы дауыстылардың болуы алтай мен қырғыз тілін өзара жақындастырып түрса, ал діндерінің әрқилылығы олардың тілдеріне де елеулі эсер еткені сөзсіз. Өйткені қырғыздар-мұсылман-сунниттер, алтайлар христиан дінін тұтынады. Әртүрлі дінді түтынатындықтан, алтай 235
мен кырғыз халкының тұрмыс-салтында да айырмашылық басым. Қырғыз тілі - Кыргызстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қырғыз тіліне самарқау, селқос карау саясаты бел алған тұста «орыс тілін білмеген орта жолда қалады» дейтін заман келмеске кетіп, ана тілінің өз тұғырына қайта орныға бастаған қазіргі тұсында қырғыз тілі елдің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолдануда. Қырғыз-қазақ әдебиеті ертеден туыстас. Қырғыздың эралуан жанрдағы бай ауыз әдебиетінің үлгілеріне өлең-жырлар, ертегіаңыздар, тұрмыс-салт жырлары жатады. «Кеденхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» секілді жыр - дастандар сақталған. Қырғыз фольклорының інжу-маржаны, ең шырқау биігі - «Манас» батырлық эпосы. «Манас» эпосын ауыздан ауызға таратып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізушіні манасшы деп атайды. Манасшы - жырды жатқа айтушы ғана емес, ол сондай-ақ талантты ақын, эн-күй шығара білетін композитор, шебер орындаушы артист те бола білуі шарт. Әйгілі манасшы саусақпен санап аларлыктай аз. Өйткені бұл - аса қиын онер. «Манас», «Семетай», «Сейтек» деп аталатын үш бөлімнен түратын «Манас» эпосын толык жырлау үшін оны манасшы жарты жылдай (алты ай бойы) үзбей айтып отыратын болған. Қырғызстанда «Манастың» небэрі үш әулеті жөніндегі варианты ғана сақталған. 1978 жылдан бастап Жүсіп Мамайдың айтуымен хатқа түсе бастаған «Манас» эпосы Шығыс Түркістанда сегіз том боп шыға бастапты. Қырғыз фольклорын жан-жақты зерттеуге атсалысқан үлы ғалым Шоқан Уәлиханов өзі мүше болған орыс географиялық қоғамы арқылы осынау алып эпостың бір болімін орыс тіліне аударып, әдебиет тану ғылымы әлеміне алғаш рет танытты. Өзі тэнті болған «Манас» жырын бағалай келіп, тарихи, этнографиялық мэліметтің молдығы, көркемдік дэрежесінің биіктігі жағынан «Илиада», «Одиссея» сияқты дүниежүзіне эйгілі эпостармен қатар коюға болатын аса күнды кесек туынды деген пікір айтады қазақ ғалымы. Үстіміздегі ғасырда «Манас» эпосына қатысты зерттеу еңбегін жазған Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғүлан қазак пен қырғыздың эпостық жырлары белгілі бір тарихи оқиғадан туып, бір арнадан тараған деп, ой топшылайды. Шыңғыс Айтматов «Манас» эпосын «кырғыз рухының биік шыңы» деп сипаттаған. Шыңғыс Айтматов: «Манасты» бір кездері қырғыз нигилистерінен қорғап қалған Мүхтар Әуезовтің «Салықбайдың жүмыртқадай басына миллион жолды «Манас» сыйып жүр. Қырғыз - нағыз акын халық» деп баға беруі екі халықтың бауырластығын көрсетсе керек», - дейді («Егемен Қазақстан» газеті, 13.11.1996). 1995 жылы «Манас» эпосына мың жыл толуын ЮНЕСКО аясында төрткүл дүниені дүбірлетіп бүкіл адамзат атап өтті. Алматының бір көшесіне Манас аты берілді. «Адамзаттың Манасы» атты жинақ баспадан жарык корді. Қырғыз жазба әдебиетінің негізін қалаушы, халық поэзиясының 236
классигі, нағыз рухани жыршы атанған халық ақыны эрі композитор, эрі музыкант, эрі энші Тоқтагүл Сатылғанов салған суырып салмалык ақындық дәстүр одан кейінгі ақын-жыршылар шығармаларында өріс алып, жалғасын тапты. Қырғыз елі - адамзат болмысы мен бітімі жайында кеңінен толғап келген әлемге аты эйгілі ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың отаны. Орыс, қырғыз тілдерінде бірдей жазған Шыңғыс Айтматов - шет тіліне көп аударылған, шығармалары төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне түгелдей дерлік тарап үлгірген әлемдегі ең танымал жазушының бірі. ЮНЕСКО-ның мэліметі бойынша өткен ғасырдың 80-жылдары-ақ Шыңгыс Төрекұлүлы Айтматовтың шығармалары элем халықтарының жетпіс тілінде жарық көрсе, бұл үрдіс қазірге дейін жалғасуда. Есімі көзі тірісінде-ақ аңызға айналган ұлы жазушы жайында қаламгерлер былай деп ой толғайды. «Әулие бітімді, планетарлық сом түлға Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов - берісі - туған қыргыз жүрты үшін, әрісі - тамыры бір, тағдыры ортақ түркі дүниесі мен адамзат оркениеті үшін мың жылда бір туар ғаламдық түлға» (Нүрлан Оразалин). «Ш.Айтматов - 20-ғасырдың ең ірі жазушысы, Еуразияның үлы суреткері. Ол үнемі сұлулықтың іздерін, жақсылықтың күшін, мінездің шынайылығы мен мэрттігін іздейді» (Мумин Каноат, тэжік ақыны). «Шыңғыс Айтматов мыңжылдықтар тоғысындағы әлемдік әдебиеттің ең ірі кұбылысына жатады» (Иван Драч, украин ақыны). «Адамзаттың Айтматовы атанған үлы ойшыл, өте сирек дарын иесі 20-ғасырдың әдебиетіне ерекше қүбылыс болып келген» (Мүхтар Шаханов). Қазак эдебиеті мен кырғыз эдебиетінің ертеден келе жатқан туыстастығын М.Әуезов пен Ш.Айтматовтың терең шығармашылық қарым-қатынасы жаңа деңгейге котере түскендей. Сонау 1958 жылыак «Литературная газетада» жарық көрген мақаласында М.Әуезов енді ғана шыгармалары баспадан көріне бастаған Ш.Айтматовтың күшті дарын иесі екеніне алғаш боп жүртшылық назарын аударған еді. Шыңғыс Айтматовтың алгашқы шығармасы «Жамила» туралы Луи Арагон бүл махаббат туралы жазылган ең әдемі, ең тамаша повесть» деп багалады. Қазақ халқының, қазақ әдебиетінің шын жанашыры болган, қазақ пен қыргыз елінің мерейін котере түскен заңгар жазушы Шыңгыс Айтматовқа туысқан қыргыз, казак халықтары достығын ныгайтуға, өзара рухани кемелденуіне косқан зор үлесін ескеріп, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлыгы» берілді. Қыргыздардың эн-жырга, сазды музыкага эуестігі айтарлықтай. Жеке отбасындагы куанышты атап өту, той-томалақ, эралуан салтанатты мереке, қогамдык оқига, эскери жорық, қайтыс болган адамға ас беру ән-жырсыз откен емес. Мүның өзі халық өміріндегі музыканың алатын орнын айгақтайды. Қыргыз музыкасына шаттық пен оптимизм тэн. Көркемдік стилі жагынан қазақ пен Сібірдегі алтай, 237
хакас халықтарының музыка өнеріне ұқсастык байқалады. Алтай кырғыздары эн-жырды эуенді такпаққа ұқсас етіп, ал қазақтармен көршілес қырғыздарда ырғақпен созып орындау кездеседі. Халық музыкасы 7 сатылы диатоникалық ладқа құрылады. Әуені кең эрі қайырмалы болып келетін бір дауысты халық эндері эпикалык жэне тұрмыс-салт, еңбек, лирикалық эндер, бесік жыры, әзіл-сықақ, балалар эндері т.б. жанрға бөлінеді. Қазан төңкерісінен кейін қырғыздың профессионалдық музыка шығармалары дүниеге келіп, опера, балет жэне симфония жанры туды, эн-би ансамбльдері құрылды. Халык музыкасының үздік орындаушысын акындар деп атайды. Ақындар - өлеңді суырып салып шығаратын импровизатор ғана емес, олар әрі энші, эрі музыкант (сазгер), әрі композитор, эрі эпостык шығарманы орындайтын жыршы. Бір созбен айтқанда, жан-жақты онер иесі. Қалың салтанатты жиын акындар айтысынсыз өтпейді десе де болғандай. Кең тараған сүйікті музыка аспабы - үш шекті комуз. Сондай-ақ ыскымен ойналатын шекті аспабы кыяк, темир комуз, ооз комуз, сурнай, чоор, барабанға ұксас дослбаш, үрып ойнайтын так теке. Қырғыз сазгерлері - аспаптық музыкада ойнаудың асқан шеберлері. Эр халык озінің жан дүниесін, ой сезімін эн-жыр арқылы ғана емес, эсем ырғақпен, жарасымды темпераментпен орындалатын би өнері аркылы да бейнелеп жеткізеді. Егер ертеректе қырғыздың халык биі болмаса, соңғы жарты ғасырда олар бұл олқылыктың орнын толтыра түсті. Жұртшылык сүйсініп тамашалайтын кырғыз билері киіз басу, жаш кербез, кыздардың киялы, шабандар биі - мүның бір айғағы. Қырғыздар да қазақтар секілді торт түлік мал өсіріп, жаз жайлауға, кыс кыстауға кошіп-қонып тіршілік етті. Қой, ешкі, жылқы, сиыр, түйе осірді. Қырғыз жері кұнарлы, егіншілікке қолайлы болғандықтан, техникалык дақыл егетін басты өңірдің бірі болып отыр. Сондай-ақ арпа, бидай, жүгері, бау-бакша өсіреді. Ош облысында түт ағашы, жібек күртын өсіру дамыған. Орыстардан үйреніп, бал арасын үстауды, омарта шаруашылығын үйренді. Ыстық көл маңында ерте кезден балык аулауды косымша кәсіпке айналдырған. Аңшылық - қырғыздың көнеден жеткен кәсібі. Аңды қыран қүспен, мылтыкпен, тор, ау, қакпан кұрып аулады. Халык календарының бес айының бүғы, теке, күлжа, чын күран, жалған күран аталуы - аңшылыктың күнделікті тіршілікте алатын орнын айғақтағандай. Өткен кезде кырғыздарда ет пен сүт тағамы басым болды. Дей тұрсак та жыл мезгіліне карай тағам түрі де өзгеріп отыратын. Жылдың жылы кезінде сүт тағамы, кыста дэнді дақыл мен үн косып пісіретін сүйық ас молырак жаратылды. Өзбектермен көршілес аудандарда асқабакты сорпаға немесе түшпараға косып та, етпен араластырып та, өзін ғана пісіріп те жейтін. Нан түрлеріне қазанға пісірген комкерме тоқаш, жупка, чоймо токаш, комбе наны, тандыр наны, көмеш қаттама, май 238
токоч, куймак, бауырсақ жатады. Кедейлерде айран мен кымыз, эсіресе шай аз болды. Олар көбінесе дэнді дакыл жармасын, ұнтақ, куырылған дэн, талкан араластырып сұйык ас даярлайтын. Сүт тағамына құрт, ірімшік, сүзбе, айран, қымыз, шалап, сары май, сондай-ак қой сүтінен пісірген эжигей, сиыр сүті мен қымызды араластырып даярлаған үй қымызы жатады. Сүйікті асы - майдалап үгіп тураған ет тағамы нарын. Мереке тойларда бауыр, қант, тон май, пияз, күріш косып даярлаған быжы деп аталатын тагам тартылады. Жылдың басы Наурыз мейрамын атап өту, үйдегі бар дәмнен түгелдей араластырып наурыз коже пісіру әдетке айналған. Қырғыздар ертеректе ру-тайпага бөлініп келсе, бүгіндері рулык қарым-қатынас өз әсерін жоғалтып алған. Қайсыбір ауылдық жерлерде бір әулеттен тараған ұрпақ жеке махалла боп түрып, өздерін «бир атанын балдары» деп санау кездеседі. Ертедегі жеті атаға толғанша қыз алыспау дәстүрі де өз эсерін толықтай жоғалтып алған. Нағашысына үйленуі - кен тараған неке түрі. Немерелес бөлелердің қосылуы да аз емес. Ал жиеніне үйлену сирек. Оңтүстік қырғыздарында өзбек, тэжік халықтарындай эке жағынан немерелес ағайындардың үйленуі сиректеу болса да кездеседі екен. Көп ғасыр бойы іргесі бір боп келген, тілінде, салт-санасы мен ғүрпында, үлттық мінез-күлкында, күнделікті түрмыс-тіршілігінде, ішіп-жемінде, әлеуметтік жағдайында қазақпен үксастыгы көп халыктың бірі-қырғыздар. Екі халықтың бүгінгі рухани үрдісінде, дүниетанымдык келбетінде, материалдық, мәдениет үлгілерінде, этнографиялық ерекшелігінде, эдебиеті мен ұлттык өнерінде, салтсанасы мен ата дәстүрінде, қолөнері мен сәндік бүйымдарына дейін үқсастық, ортақтык басым. Адамдардың туыстық жақындығы мен қарым-қатынасының күрделі жүйесі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Қырғыздарда да жиенге қол жүмсаганның қолы калтырап қалар, жиеннің назасына калмау, ренжітпеу керек деген сенім бар. Жиенніңсұрағанын беріп, еркелігін кешіріп, айтқанын орындау-міндет болган. «Жиен келгеннен горі, жеті қасқырдың шапқаны жеңілірек» деген эзіл түрінде айтылатын нақыл сөз де бар екен. Күнделікті түрмыста гана емес, үйлену тойы мен баска да той-томалақта нағашы мен жиеннің қарым-қатынасына, жарасымды сыйластығына үлкен мэн беріледі. Әр халықтың өзіндік бейнесін сақтап, үлттық бояуы мол ғүрпын дэріптей алуы ата-ана сыйлаған салтты көздің қарашыгындай сақтай білумен көбірек байланысты. Бүл өмірде азаттық атты тэтті сөздің дэмін сезінуден артық бақыт жоқ. Еркін оркен жаюдың негізгі шарты - тәуелсіздік. Қырғыз агайындар аңсап жеткен егемендігі арқасында өз мүдде-максатын өздері қарақтап, жоқтай бастаған шақта ессіз еліктеуге, парықсыздык пен даңғаза айқайға жол бермей, жонді-жөнсіз даурыкпай, еркін елдің үл-қыздарын есті болуға тәрбиелейтін кашаннан бергі 239
ескілігін, озық әдет-ғұрпы мен рухани игілігін насихаттап, дэріптеуде. Оның мэнісі-қырғыздың бітім-болмысына тән-әдеп элеміне, тұла бойы тұнған зиялылық пен тектілікке сызат түсірмеуде. Елдің игі жақсылары шырық бұзар бірен-саран тентектерді бір ауыз сөзбен-ақ түзеп дұрыс жолға сала білген. Қырғыздың үлкенді сыйлауы, ақсақалдың бәтуәлі сөзіне тоқтауы, кішіге құрметі, эйел жынысына деген ілтипаты, уәде үддесінен шыға білуі, туысқа деген бауырмалдығы-қошемет сезімін тудырар озық дэстүр. Қырғыз - сауықшыл да қонақжай, мейманқос халық. Жайлаудан қайтқан малшыларға бұрынырақ келгендер бозо (сыра), бауырсақ, сүрленген ет даярлап эрүүлүк (ерулік) береді. Қыс кезіндегі дэмге шақыру - жоро бозо деп аталады. Жастар жағы қозы сойып шақырысады. Оны шерне деп атайды. Мүндай отырыста ойын-сауық үйымдастырушыны эрке бала деп атайды. Жас нәрестенің өмірге келуі үлкен қуаныш ретінде атап өтіліп, көрші-қолаңға бауырсақ пен майлы шелпектен түратын «жентек» таратылады. Бесікке салу тойы, қырқынан шығару арнайы атап өтіледі. Жиын тойларда үлттық спорт ойындары күрес, оодарыш (ат үстінен аударысу), қыз қуу, арқан тарту, ат шабыс немесе аламан байга, тиын әңмей (атпен шауып келіп тиынды іліп алу өнері), улак тартыш (көкпар) ұйымдастырылады. Қырғыз көкпарының бір түрі-мара көкпар. Мұндағы ерекшелік сөре белгіленеді. Көкпар тартушы қарсы жакка алдырмай, көкпарын сөреге бұрын жеткізуге ұмтылады. Халық арасында жауырынға қарап бал ашу, 41 қүмалақ ашу, тамыр ұстау, бақсы ойнау дәстүрі кең тараған. Қазақ пен қырғыз халықтарының тұрмыс-тіршілігінен туындап отырған проблемаларында, қабырғадан қойылып келе жатқан шешімін табар көп қырлы саяси-әлеуметтік мәселелерінде ортақтық басым. Орта Азия халықтары арасында ислам дінін кештеу түтынған - қырғыздар. Тек XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдан бастап ислам діні ендеп кіре бастады. Ш.Уәлиханов та қырғыздардың діндар болмағанын, оларда әруаққа табьіну, шаманизм элементі басым болғанын айтқан-ды. Халықтың аса діндар еместігінен болар ішкілік дерті қырғыздардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігі мен ертеңгі болашағына қауіп төндіретін күрделі проблема ретінде аталып жүр. Ата салтың - халыктық қалпың, ұлт азбасын, ұрпақ тозбасын деген үндеумен елдің игі жақсылары ішімдікті үлттық намысқа тиетін, сүйекке таңба түсіретін зиянды әдетке жатқызып, оған қарсы үгіт-насихат жүргізуде. Тэуелсіздікке енді ғана қолы жеткен жас республика жастарын тәрбиелеуде көзделіп отырған басты мақсат - маскүнемдік кесірінен салт-дэстүр мен діннен айрылудың азғындықтың неше түрі кездесіп тоз-тоз боп кете жаздаған ұлыстарда рухани азып-тозу басталатынын олардың санасына сіңіру. Ислам дінін, имандылық үрдісін уағыздаудың елдің бірлігі мен ұлт түтастығын нығайтуда, ішімдікпен пәрменді түрде күрес жүргізуде себі тимек. «Қазақ, кырғыз - бір туған. Жүзіміз 240
ұқсас, жүрегіміз бір, тіліміз ұқсас, тілегіміз бір» дегенді бауырлас екі халық қайталаудан танбай келеді. Өйткені қырғыз бен қазақ - егіздің сыңарындай, ырым-сырымы бір, дүниетанымы, менталитеті үқсас, жүйелі сөзді бағалап, тоқтай білетін, тізе қосып шетелдік жаулардан елін корғаған, тағдыры мен тарихы ортақ, ежелден сырлас, мүңдас халыктар. М.Шаханов «Алатауды алып құсқа балар болсақ, сол құстың бір канаты казак та, бір канаты - қырғыз», - деп, түпкі тегі, тарихи тағдыры бір екі халықтың мэңгілік бірлігін тебірене жырлайды. Ықылым заманнан төскейде малы, төсекте басы косылған, еншісі бөлінбеген, канаттас елміз. Екі халықтың апайтөс дархан ұлдары, ел мен елді жалғастырып жаткан алтын көпір сияқты түлғалар эрдайым ынтымақка, жанашырлыққа, тамыры терең туыстыкка үндеген. Әдеб. Народы Средней Азии и Казахстана, т. 2, М., 1963; Этнография народов СССР. Лен., 1971; Народы СССР, краткий справочник. М., 1958; Қазақ Совет энциклопедиясы. 7 т. А., 1975. АЛТАЙЛЫҚТАР Ресей Федерациясына карасты Алтай Республикасын мекендейтін алтайлықтар - түркі тілдерінің аралық бүтағына жататын аз санды халық. Олардың бүкіләлемдік жиынтық саны 110 мыңдай адам (2009). Олардың 80 пайыздайы алтай тілін ана тілім деп таниды. Алтайлықтардың едәуір бөлігі орыс тілін ана тілім деп таниды. Сондайак Монғолиядағы өз ана тілін үмытқан алтайлықтар да ассимиляцияның кері әсерінің зардабын тартып, этникалық дербестігін жоғалтуда. Сібірдің оңтүстік өңірін мекендеуші баска да түрік үлыстары секілді Қазан төңкерісіне дейін алтайлықтардың бірыңғай аты болмаған. Олар өздерін алтай кижи, теленгит, челкан, маймин, телес, телеут, кумандин деген тэрізді сан алуан тайпа атымен ғана атап келді. Оның үстіне алтайлықтар тіл жағынан да, тіпті нәсіл жағынан да біртекті болмады. Оңтүстік алтайлықтардың сырт пішіні монғолдарға, жоңғар қалмақтары ойраттарға айнымай келіп түрса, ал солтүстік алтайлыктардың кескінкелбеті барабин татарына, қазақтарға ұқсас. Сондықтан да болар орыс чиновниктері оңтүстік алтайлықтардың түркі жүрты екенін білмей, олардың сырт пішіні мен тұрмыс-тіршілігінің монғолдарғаұқсастығына карап қалмақтар деп, жаңылыс атап келген. Тіпті 1922 жылдың 1 маусымында қүрылған ұлттык экімшілік бөлік Ойрат автономиялы облысы делініп, жергілікті халық ойраттар деп аталып келген. Ал шын мэнінде ойрат деген - батыс Монголиядагы монгол тілдес эралуан тайпалардың ортақ атауы. Тек 1948 жылы ұлттық автономия Таулы Алтай автономиялы облысы деп өзгертілді. XVII гасырдың 30-жылдарында Ойраттың Жоңгария деп аталган жеке феодалдық мемлекеті құрылып, олар басқыншылық саясат 241
жүргізіп, жаңа жерлер басып алуға кірісті. Жоңғар қалмақтарынан ата жұртын қорғаған азаттық күрес қазақ, қырғыз халықтарының тарихында айтарлықтай із қалдырды. Өкінішке орай, жоңғар әскерінің қүрамында түркі тілдес урянхай тувалары мен оңтүстік алтайлықтардың болғаны, өз қандастары қазақ пен қырғыз халықтарын қырғынға ұшыратқан шапқыншылыкка қатысқаны белгілі. Бүл неліктен деген сұрақ туары анық. Біріншіден, бүл халықтар монғолдарға бағынып, ұзақ уакыт бодандықтан жапа шекті. Бертін келе біраз бөлігі ана тілін ұмытып, монгол боп кеткен. Екіншіден, ал бұл ең басты себебі, бұл ұлыстарға ислам дінінің аяғы жете қоймаған-ды. Қазак пен қырғыздан бөлектеніп, жат дінді түтынғандықтан, олардың тұрмыс-тіршілігінде, танымтүсінігі мен мінез-кұлкында озгешілік болатыны белгілі. Оңтүстік алтайлыктар мен тувалықтардың сырт пішінінің, үй-жайы мен киімкиісінің монғолдардан айнымайтындығынан, монғолша еркін сойлеуіне қарап, қазақтар да оларды қалмақтар деп жаңылыс атап келген. Алтайлыктардың этникалық негізі 6 - 8-ғасырларда түркі, кет, угр тайпаларынан кұралган. Түран жерін қоныстаған түркі жүрты секілді алтайлықтардың да ерте замандағы ата-бабасы қола дәуірінен қалған археологиялық ескерткіш атымен афанасьев, андропов, карасук типі делінген коне еуропалык нэсілге жатқан. Алайда У-УІ ғасырдан бастап Байкалдың шығыс өңірі мен Монғолиядан монголоид нәсіліне жататын тайпалар легі үздік-создык келе бастады. Содан VIII ғасырдаақ Алтайда монгол антропологиялық типі басым боп үлгерді. Этнограф галымдардың зерттеуіне қараганда оңтүстік Сібір түркілерінің шыгу тарихы кыргыздармен тыгыз байланысты. Хакастар, Енисей бойындагы баска да түркі тайпалары бір кезде қыргыздар деп аталган. Тувада қыргыз аталатын тайпа бар. Енисей деген атаудың өзін кыргыз сөзі деп жүрміз. Ене - ана, сей - демек су, орыс тілінде айтылатын «река матушка» дегеннің кыргызша атауы боп шыгады. Қазіргі алтай тіліне ен жакын тіл - ол кыргыз тілі. Сондыктан да алтай тілін түркі тілінің шыгыс тармагына жататын аралық бұтақтың қыргыз-кыпшақ тобына жатқызамыз. 1948 жылга дейін ойрот тілі деп аталган. 1756 жылы алтай жері патшалы Ресей империясының иелігіне өтті. Коп гасыр бойы бодандықтан зардап шеккен халық бүрындары артта калып, экономикасы мен мәдениеті дамымай, жазуы мен жазба әдебиеті болмай, бір этникалық топка да біріге алмай, патриархтық-феодалдық күрылыста омір кешкен. Халыққа ең ауыр тигені отарлык қанау болды. Жерінен үсті-үстіне айрылып, мал жайылымдық жер тарыла берді. Орыс шенеуніктері жергілікті халық мүддесімен санаспай, жагдайынын киындыгын ескермей, шаруашылыкқа қолайлырақ жерді славян тектес коныс аударушыларга алып берумен болды. 12 түрлі салык пен міндеттеме еңбекші халыктың жагдайын күрт нашарлатты. Кедей жалшыларды орыс кулактары да канады. Аяусыз экономикалық канау ұлттык канаумен, рухани қанаумен үштасты. 242
Бұрындары шаман дінін, ішінара ламаизм дінін ұстанған алтайлыктарды патша отаршылары таяу болашақта-ақ солдатка алуды, түгелдей шоқындырып, орыстандырып, олардың ана тілі мен ұлттык белгісін жою саясатын нысана тұтты. Неге екенін орыс миссионерлері небәрі 20-30 жылды артқа салып, еш қиындықсыз-ақ Ресей кұрамындағы алтайлыктарды түгелдей шокындыра алатынына сенімді болды. Сөйтіп 1830 жылы алтайлықтарды шокындыратын миссионерлік пункт ретінде Улалы аталатын елді-мекенді таңдап алып, іске кызу кірісті. 1914 жылы Алтай өлкесінде жалаң алтай балалары окитын 82 шіркеулік мектеп болған. 1917 жылы Улаган аймагында жалғыз ғана мектеп болса, оның есесіне он үш шіркеу халыкка қызмет көрсетті. Соған карамастан халыктың наным-сенімінде будда діні мен шаман дінінің де із-сорабы мол сакталған. Әкімшілік жагынан оңтүстік алтай 7 дючинге бөлініп, оларды зайсандар билеп-төстеген. Сондай-ақ жеке болыстарға бөлініп, оларды башлыктар басқарған. Зайсандар мен башлықтар патша шенеуніктеріне бағынды. Алтайлыктар ертеректе сеокага, демек руга болініп, экзогамияны, демек рулас адамдардың үйленуіне тыйым салу дәстүрін сақтаған. Алайда гасырымыздың бас кезінде-ак бүл дәстүр өз эсерін жогалтып алған. Рулас адамдар бір-бірін ңарындаиі деп атаган. Ер адам қалыңмал төлеп қана үйленетін. Қалыңдыгына қүдатүсу арқылы немесе алып қашып та үйленетін. Қалыңмалга шығынданбас үшін қайшы қүда болу кездеседі. Бірнеше қүда түсушілер болса, күйеуді қыздың озі таңдайды. Үйлену тойы боларда қыздың шашы екі бұрым етіп (тулун) өріледі. Той қалыңдык үйінде басталып, ертесінде ата-енесінің үйінде жалғасады. Күйеу жағы өз тойында бэйге үйымдастырады. Ән салып, би билеуден, өнер сайысынан, жаяу жарыстан озып шыққандар халат, орамал, етік т.б. киім-кешек үтады. Көп әйел алу, әмеңгершілік, кыздарын жастай ұзату, үлдарын да жастай үйлендіру, келін боп түскесін күйеуі мен оның жасы үлкен туыстарын өз атымен атамау салты да өз әсерін толықтай жоғалтқан. Әйел ері мен ата-енесіне бағынышты болды. Оның күйеу таңдауга да еркі жоқ. Ажыраса қалған жагдайда балаларды әкесі мен ата-енесі алып калатын. Халық жайылымдық мал шаруашылығымен айналысты. Негізінен кой, түбіт жүнді ешкі, алтай жылқысы, кодас (сарлық) өсірілді. Қыс катал боп ұзакка созылса, ауа райы колайсыз болса, жүтқа үшырайтын. Кейіннен ғана орыстардан үйреніп кысқа жемшөп даярлайтын болды. Ішіп-жемнен тарыккан кедейлер аңшылыкты қосымша кэсіпке айналдырды. Ал солтүстік алтайлыктар аңшылықпен басымырақ айналысты. Тағамға өсімдік тамыры да жүмсалды. Халықтың эр әлеуметтіктобыныңішіп-жеміәрқалай.Әлді-ауқаттылардастарханынан ет пен нан тағамы үзілмесе, кедейлер үшін бүл қол жетпес армандай көрінетін. Орташа гана ауқаты барлар сүт тағамын көбірек жаратты. Шэйдің жемі ретінде талқан мен құрт жаратылды. Ыдыс-аяғы көбінесе 243
мал терісінен, ағаштан жасалатындықтан, сүт тағамы дэмін ұзаққа сақтаған. Мал мен аң терісінен, жүннен сырт киім де, бас киім де, шалбар да тігілді, жейде т.б. киімдер де тоқылды. Жүннен жіп иіріп, одан киім-кешек тоқып, эрі эртүрлі тұрмыстык бұйымдар да жасалатын. Кеңес үкіметі тұсында алтайлықтар шошка етін, құс етін, жарма мен нан тағамын басымырак жаратты. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатындықтан, қазіргі кезде де алтайлықтардың дастархан мәзірінен айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, пыштак аталатын сүт тағамы үзілмейді. Олардың үлттық тағамына черемшу, қалба жатады, қаннан шүжық даярлайды, бауырдан кэуап пісіреді. Монгол, тува халықтары секілді алтайлықтарда ерте кезден арақ ішу дәстүрі болган. Арпадан, сондай-ақ қандық деп аталатын тамырдан спирттік ішімдік абыртқы (брага) даярлаган. Арақты теріден тігілген бөтелкелерге кұятын. Христиан дінін қабылдағасын алтайлықтардың киім киісі, үй-жайы, ішіп-жемі, салт-дәстүрі елеулі өзгеріске үшырады. Орыс шаруаларымен қоян-қолтық араласу арқасында арпа, картоп егіп, біртіндеп отырықшы түрмысқа коше бастады. Шалгымен орып қысқа шоп даярлады. Басты колігі - ат. Атты салт мінеді. Киіз үйде түрып, көшпелі түрмыс кешті. Сібірде орман коп, агаш коп. Славян тектес коныс аударушылар келгесін, бөренеден киіз үйге үқсатып сегіз қырлы баспана тұрғызатын болды. Кейін келе ағаш үй киіз үйді толықтай ыгыстырды. Елді мекенін аил деп атайды. Қарапайым малшы-алтайлықтар байларга эрдайым кіріптар болды. Мыңдап мал айдаган элді-ауқатты байларды зайсандар деп атаган. Товарлы өндіріс орны жоқ, натуралды шаруашылық жагдайында соншама мал өнімін, еті мен жүнін, сүті мен майын ысырап етпей, кәдеге жарату мүмкін болмады. Жалшы ұстау да тиімсіз саналды. Сондықтан да зайсандар еңбекші шаруаны қанаудың жергілікті түрі полыш дегенді ұстанды. Қазақшалап айтканда, полыш - болыс деген сөз, демек комектесу, жэрдемдесу, болысу. Сөйтіп, полыш бойынша әр зайсан өз маңындагы кедейлерге малының бір бөлігін таратып бөліп береді. Кедейлер зайсанның боліп берген сиыры мен биесін, тіпті қойын да сауып ішеді, жылқысын көлік ретінде пайдаланады. Бірлі-жарымын сойып жейді. Тіпті халық отынга жарататын койдың қиы мен сиыр тезегі де есепке алынады. Осылардың өтеуі ретінде зайсан кедейлерге шоп шаптырып, мал бақтырып, үйдің бар жүмысын істетті. Әр зайсан - өз қарауындагылардың дүниемүлкінің қожасы, оларды үрып соғып, дүрелеп жазалауға, айыппүл салуга, соттауға ерікті. Тек XX гасырга таман товарлы жылқы фермасын, сүт фермасын ашқан бірлі-жарым зайсан болыпты. Тол жазба әдебиеті кенжелеп дамыган алтай халқының мол ауыз әдебиет мұрасы сақталган. Оны ертегішілер (кайчы) мен жыршылар (кожанчы) жаттап алып, ұрпақтан үрпаққа таратып келген. Ауыз әдебиетінің нүсқалары, эпос үлгілерінің 7 томы жарық көрді. Алтай 244
халкының фольклоры, аңыз-әңгімелері мен ертегілері, мақал-мәтелдері хакас, шор, тува т.б. туыс халықтары ауыз эдебиетімен сарындас. Алтайдың батырлык жырын чөрчөк дейді. Ол Орта Азиялық туыс халыктар эпосымен үндес. Мэселен, В.М.Жирмунский қытай мен монгол баскыншыларына қарсы азаттық күресі жырланған «Алып Манасты», өзбектің «Алпамыш», қазактың «Алпамыс» батырлық жырына ұқсатады. С.С.Каташ «Қозын-Эркеш» лиро-эпосын қазақтың «Қозы Көрпеш - Баян сүлуымен» салыстырады. С.С.Суразаков «Алтай Бучай» аңызын туыс халыктардың эпостык жырымен сарындас дейді. Бүл жырларда батырдың есейіп ер жетуі, үйленуінен бастап қаза тапканына дейінгі өмірі сипатталады. Батырлар жырын кайчи деп аталатын жыршы екі шекті топшура аспабының сүйемелдеуімен, белгілі ырғақпен, тамақтан қырылдап шығатын үнмен әндетіп орындау әдеті бар. Екінші бір ұлттык музыка аспабы - темір қобыз аталады. Өкінішке орай, би өнері болмапты. Өкінішке орай деу себебіміз - би адамзаттың аса маңызды рухани казынасы, халықтың төл-тума өнері. Би өнерінде әдемі сазды қүлакпен естіп, эсем қимылды көзбен коріп, адамның нәзік сезімі мен зэузат лебін түйсінесің. Сондықтан да би өнерін жандандырып, оны ширықтыру, жетілдіре түсу, жас ұрпактың биге бейімділігін, қүмарлығын ояту зиялы қауымның іске асырар басты мақсатының біріне айналып отыр. Халықтың әнжыры ауыз әдебиетімен байланысты дедік. Атакты жыршы Николай Улагашев (1861-1946) алтай эпосы Когутэйді жатка айта алған. Алтай жазба әдебиетінің негізін қалаушы ақын эрі жазушы, драматург эрі актер Павел Кучияк (1897-1943) ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырды. 46 жыл гана өмір сүрген талантты жазушы алтай тілінде он кітап, орыс тілінде бес кітабын жазып үлгірген. Жас жыршы В.Ябыкова «Сказание о Темир-Беке» жырын бастырып шығарды. Кенже жазулы алтай тілінің бірыңғай әдеби нормасы болмаган. Фонетикалық қүрылымында, лексикасында, тіпті грамматикалық күрылымында да елеулі айырмашылығы бар солтүстік диалектісі, оңтүстік диалектісі деп аталатын екі жергілікті ерекшелікке ажыратылады. Әдеби тілінің калыптасуына оңтүстік диалектісінің (алтай кижи) ыкпалы басым болды. Алтай тілінде 16 дауысты, 26 дауыссыз дыбыс бар. Жазуы кириллица графикасына негізделген. Өзге түркі тілімен салыстырганда алтай тілінің фонетикалык жүйесінде созылыңқы дауыстылар көбірек. Лексикасында монгол тілінің әсері молырақ. Қазіргі алтай эдеби тілінде монгол, орыс сөздері шамадан тыс көп-ақ. Алтай тілін зерттеп-зерделеуде профессор А.Баскаковтың еңбегі зор. Ол солтүстік диалектісі бойынша бірнеше гылыми кітап жазды, алтайша-орысша сөздік құрастырып, бастырды. Сол секілді алтайдың тарихы мен этнографиясы, эсіресе шаман діні туралы Л.П.Потаповтың зерттеулері құнды еңбектер болып табылады. Аз санды халықтың алда шешімін күтіп түрган киын да күрделі 245
проблемасы аз болмайтыны белгілі. Оның ең бастысы-тіл проблемасы. Алтайлықтар республика халқының 31 пайызы ғана. Әр халықтың тілі мен әдебиеті, ұлттык өнері мен мэдениеті өз мэнінде дамуы үшін ана тіліндегі ортаның, оқу орнының болуы ауадай қажет. 1947 жылы жүзге жуық мектепте 7500 алтай баласы ана тілінде білім алды. Одан кейін ана тілінде оқитын алтай балаларының саны үдайы кеміп отырды. Айталық Қосағаш ауданы түрғындары- негізінен қазақтар, аздаған алтайлықтар бар. Соған қарамастан, ұлт тілінде оқытатын бірде-бір мектеп болмай, балалар қазақ я алтай тілінен қосымша дэріс алып қана жүрді. ¥лттық тілсіз, үлттық дәстүр мен өнердің дамымайтыны баршаға аян. Тілден айрылғаның - халықтық қалпыңнан, өзіндік үлттық сипатыңнан айрылғаның деп түсінеді елдің игі жақсылары. 1993 жылы Алтай Республикасында «тіл туралы» заң қабылданып, орыс тілі мен алтай тілі- мемлекеттік тілдер болып жарияланды. Бірақ халықтың басым көпшілігі орыстар болғандықтан, іс қағазы, оқу-ағарту жүмысы орыс тілінде жүргізіледі. Алтай тілі мектепте арнаулы пэн ретінде ғана оқытылады. Тоталитарлықжүйе аласталған кейінгі жылдары халық автономиялы статусын нығайтып, Алтай Республикасы қүрылып, алтай тілінде білім беру мәселесі қолға алына бастады. Қазіргі таңда ТМД елдерін шарпыған экономикалық дағдарыс қоғам өмірінің бар саласына кері әсерін тигізіп отыр. Бүл жэйт Сібір түркілеріне де қат-қабат ауыртпалығын ала келгендей. Неке бүзу, бала шектеу, тастанды бала, балалар үйі дегенді түркі халықтары бүрын естіп білмеген. Қарттарын аялап, жетімдік көрсетпеген. Аталған жағымсыз қылыктар кейінгі он жылда бой корсете бастады. Бүрындары тарихы түгенделмей келген алтай халқы өздерінің туыстық, этникалық шығу тегін танытатын шежірелік мәліметке көбірек үңіле бастагандай. Сол себепті мұратмақсаты, арман-тілегі бір бауырлас халықтармен тонның ішкі бауындай бірігіп, тарихи, рухани, мәдени байланысын жандандырып, тиімді экономикалық қарым-қатынасын қалпына келтіруді мақсат түтуда. «Алтай-алтын тау деген коне түріктің сөзі, адамзаттағы барлық түркі тілдес халыктардың алтын бесігі ғой. Бесік қираса, тексіз боламыз. Тексіз болсақ, болашақ кандай болмақ? Өсіп-өнген қазақ, қырғыз секілді туыс халықтар бізге рухани көмек беруі кажет», - дейді туған тілі үшін өзегі өртеніп, келелі істі қолға алып жатқан алтайлық бауырлар. Әдеб. Народы Сибири. М-Л., 1956; Народы и языки Сибири. М., 1980; Қазақ Совет энциклопедиясы, 1 т. А., 1972; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюркских языков, 2 изд., М., 1969; Потапов Л.П. «Этнический состав и происхождение алтайцев», Горно-Алтайск, 1993. 246
ТЫВАЛАР Шығыс Сібірдің оңтүстігін мекендейтін Тыва халқының тілі түркі тілдерінің аралык бүтағының үйғыр тобына жатады. Тывалықтардың бүкіләлемдік жиынтық саны - 300 мындай адам (1995). Олардың басым көпшілігі Ресей Федерациясының кұрамындағы үлттык-мемлекеттік қүрылым Тыва Республикасын мекендейді. Монгол Халық Республикасында 23 мыңдай тывалық мекендейді. Ертеректе олардын саны мүнан көбірек болган. Алайда нәсілі, діні бір, салт-дәстүрі, тұрмыстіршілігі де монголдармен ортак болғандықтан, мүндағы тывалықтар ассимиляцияның кері әсеріне үшырап, сан жағынан өспей келді. Жастар түгелдей монгол тілінде білім алуда. Тывалықтар өздерін тыва деп атайды. Кеңес өкіметі орнағанға дейін бүл халықтар - тыва, урянхай, сойон, сойот деп эртүрлі атпен аталып келді. Оның басты бір себебі тыва халқының кұрамына кірген тайпалардың әралуандығынан болса керек. Тывалар буряттың хоры тайпасымен де үзақ уақыт тығыз қарымкатынаста болған. Қазіргі Бурятияның Окин аймагын мекендейтін тункин сойоттары - шығу тегі жағынан тывалар. Алайда тұрмыссалты бурятша болғандықтан, олар алдымен бурят тілінде сөйлейтін қауымдастықка айналып, кейінірек этникалық дербестігінен мүлде айрылып, өздерін бурят-монголга жатқызып жүр. Антропологиялык жагынан тывалар монголоидтық нәсілдің солтүстік азиялық түріне жатады. 1207 жылы Шыңгысхан тываны өзіне багындырып, содан коп гасыр бойы халық бодандықтан зардап шекті. 1755 жылга дейін бір гасырға жуық уақыт тывалықтар Ойрат хандыгы аталган Жоңғар мемлекетінің қол астында болып келген. Жат елдік езгіге шыдамаган халық дүркіндүркін котеріліс жасады. Ең үлкен бас көтеруге 1783-1785 жылдары Хемчик жазыгындагы шайкас жатады. Кейінірек бүл азаттық күресі «Алпыс батыр көтерілісі» деген атпен эйгілі боп, аңызга айналып үлгірді. Тываны 1914 жылы патшалы Ресей оз протектораты деп жариялады. Шетелдіктердің үздіксіз жүргізген отарлау эрекетінен екі гасыр бойы тыва, хакас, алтайлықтар секілді туыс халықтардың мэдени, тарихи байланысының үзіліп қалганы белгілі. Басқасын айтпаганның өзінде Урянхай өлкесінің солтүстік-шыгыс болігін мекендейтін тоджин тайпасы ертеректе Ресей мемлекетінің құрамында қалып койып, «карагас» деп аталып, ал Қазан төңкерісінен кейін тофалар деп тывадан ажыратып, өз алдына бөлек халық ретінде аталып жүрді. Кеңес окіметі орнагасын 1918 жылы 19 мамырда Тываның өзін-өзі билеуі, орыс пен тыва халықтарының достығы, өзара көмегі жонінде шартқа кол койылды. 1921 жылдың 14 тамызы - тыва халқының тарихындагы айтулы күн. Бүл күні бүкілтывалык күрылтай тәуелсіз Тыва Халык Республикасының күрылганын салтанатпен жариялады. Кеңес халкының герман фашизміне карсы Отан соғысында Тыва 247