дыбысталуына төзе алмаймыз. Себебі тілдің дыбыстық жүйесі бұзылады» дегенді алға тартып, өткен ғасырдағы сөйлеу дағдысына жүгініп, сөз басындағы үяң г, г, д дыбыстарының айтылуына жол бермей, ғашықты «қашық», гүлді «күл» түрінде жазсақ не болғаны. X, ф, в эріптерімен жазу үйреншікті болып, дәстүрге айналса, оның несі айып. Керісінше, аталған эріптермен сөзді бастап жазу, тіліміздің дыбыстық қүрылымын жетілдіруде болсын, сөйлеу тілін бірыңғайлап әдеби тіл мәдениетін көтеруде болсын тиімді болды. Проф. Қ. Жүбанов ұ.сынған ф, х, ч, э, ц, я, ю әріптерінің термин сөздерді жазуда да, төл сөздеріміздің тұлғалық даралығын сақтап жазуда да игі әсері болғаны анық. Әр халықтың танымы мен дыбыстауы эрқалай. Несібеміз кемімей, есеміз кетпесін десек, тіл саясатын кемелдендірейік. Д ю, щ таңбаларын қатардан алып тастап, қос әріппен таңбалау тиімді емес. Қазақ әліпбиіндегі әріп санын күрт кеміту орфографияға қыруар қиындық келтірмек. Әріп санын азайтпау сауаттылық дәрежесін арттыра түсуді жеңілдетпек, эрі сөздің түлғалық даралығын сақтау үшін де қолайлы дейтін авторлардың дәлелі көкейге қонымдырақ. Мысалы, х эрпін колдану арқасында хал-қал, хат-қат, халық-қалық, хас-қас, халайық-қалайық, хан-қан, ханым-қаным, хатым-қатым, хина-қина, хор-қор, хорда-қорда, хош-қош секілді көптеген сөз тұлғалық дербестігін сақтаған. Тіпті 40 эріпке қосымша арнайы күйрықты ж(дж) эрпін таңбаласақ, Джорджды-)Қорж, Джонды-Жон, джунглиді- жунгли деп жазу мүмкін болар еді. Жақсыны сақтайық, кемшіліктен арылайық. Өзгені сыйлай біліп, өзін-өзі сынай білген - жарты қүдай дейді халық даналығы. Осымен байланысты түркі жүртының біртүтас мәдениетіне, азаматтық арына, үлттық салтына, халықтығы мен отансүйгіштік рухына сын кейбір жэйттерге токтала кетпекпіз. Халыктың рухани тіршілігінде, оның музыкасында би өнерінің атқарар кызметі мен алатын орны айрықша зор. «Әр халықты» үш тілі бар. Олар - сөйлеу тілі мен музыка тілі, сондай-ақ би өнері» дейді шығыс нақылы. Демек эр ұлт пен үлыс өзінің жан дүниесін, ой-сезімін эн-жыр арқылы ғана емес, әсем ырғакпен, жарасымды темпераментпен орындалатын би өнері арқылы да бейнелеп жеткізеді. Ән - көңілдің ажары болса, би өнері де көрерменді бей-жай калдырмай, өзінің қүпиялы кереметімен жан сезімін баурап алатын тұтас бір сиқырлы әлем. Мүны айтып отырған себебіміз киын-қыстау жағдайдан көз ашпаған қайсыбір түркі халықтары көнеден жеткен ата-баба өнерінен көз жазып қалуға шақ қалған. Би өнерін өз мәнінде дамытпайынша ешбір халықтың рухани мәдениеті, музыка мәдениеті жан-жақты дамығанын айғақтай алмаса керек. Тағы бір көңіл бөлетін жэйт болашакка нық сеніммен карау үшін түркі жүртына діни бірлік қажет-ақ. Жастарымыздың жікке бөлініп, бөтен дінге кіруі жақсылыққа апарып соқпайды. Түркі жүртының 97%- 48
зы мұсылмандар. Тек еуропалык бөліктегі чуваштар мен гагауздер, сондай-ақ Сібірді мекендейтін түркі халықтары шокындырылып, христиан дінін тұтынатыны белгілі. Ислам діні - түркі жүртының біртүтас мәдениеті мен өркениетіне тегеурінді ықпал еткен тетіктің бірі. Адам бойындағы бар жаксылық, бар игілік имандылықтан басталады. Қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік секілді ізгі қасиеттің бастауы - ислам діні. Өзінің рухани және адамгершілік күш-мүмкіндігін терең үйлестіру ниетімен ислам дінін үстанғандар казіргі күні Еуропада, Америкада, Жапонияда да жетерлік. Солардың бәрі - ислам дінінің қүдіретін шын сезініп, Алланың ақ жолына бас иген жандар. Олардың арасында мүсылмандықтың ізгі жағын мұрат түтушы белгілі ойшыл гуманистер, ғалымдар, мемлекет қайраткері мен мәдениет өкілдері бар. Бұған керісінше, өзге дінге бет бұрған бірлі-жарым мүсылмандардың дені - өмірлік тәжірибесі жок жастар. Өз алдына азат ел боп, егемендік алған бес түркі республикасында 70 жыл бойы қағажу көрген мұсылман дініне ден койып, медресе ашу, мешіт салу ісінде елеулі іс тындырып, ілгерілеушілік үміт отын ұшқындатады. Сән-салтанат пен той - томалақты жастар үшін тәрбиелік мэні бар түрінде жарасымды етіп өткізуде де туыс халықтардың өзара тәжірибе алмасатындай тұстары жок емес. Біз, түркілер - тойшыл халықпыз. Той - дэстүр, той - сыйластық, той - тектілікке үйрететін тэрбие мектебі. Тойға барған адамға түркілік тәлім-тәрбиеге бастайтын даналык сөздер мен накылды есту - зор ғанибет. Дей түрғанмен тойды астамшылыкқа салынбай дүрыстап өткізуде де ойласарлық жэйт жоқ емес. Қайсібір ТМД елдеріндегі түркілер «біз өте еліктегіш, ергіш, сенгіш халықпыз». Той-томалақта артылған аспен тағы бір той атқаруға болатын жағдай жиі кездеседі. Бүл - барып тұрған жөнсіз ысырапшылық. Тойдың сэні дастарқан деп ұғатын халықпыз. Барымызды аямай ортаға саламыз. Той дастарқанын жасаудың үлгісі мөлшерсіз, өлшемсіз, жағасыз болып, «шашылудың» түріне айналуда. «Жалған намысқойлыққа» салынып, кейбіреу қалтасы көтермейтін жайсыздыққа ұшырауда. «Рәсуаға үшыраған астың обалы бар» деуші еді көпті көрген бұрынғы ақсақалдарымыз. Өзімізден үйрене алмасак, көрші түркі тілдес елдер тойларын қалай өткізеді, олар несімен қүнды екен, салыстырып көрсек. Оны зерттеп, үйренетінін іріктеп жатқан естілеріміз, елеулілеріміз не жетіспейді, не естілмейді деген пікір айтылып жүр. Бүгінгі тойда ішімдік мәселесін шектеп, тоқтатып, мұсылмандық жөнге икемделудеміз құптарлық, қуанарлық жайт. Жақын туыс адамдардың некелесуінен өмірге әлсіз, аурушаң үрпақтың келу каупін медицина айғақтап отыр. Католик дініндегі елдерде үш атаға дейін қан араластыруға, демек үйленуге тыйым 49
салынса, көптеген мұсылман елінде, өкінішке орай, үш ата түгілі, емшектес болмаса бітті деп, немерелес туыстардың да үйленуі жиі кездеседі. Мэселен, Сауд Аравиясы, Ирак сияқты елдерде екі-үш атадан қосылатын туыстардың бір-біріне үйленуі барлық үй-жай болғандардың жартысына жуығы екен («Караван» газеті, 17.01.1997). Орта Азия, Кіші Азия, Закавказия түркілерінде де жақын туысына үйлену жиі үшырасады. Мұндай кесірлі әдетпен қауым болып күресу - заман талабы. Басқа да мүсылман үлыстарындай екі әйел алу түркілерде ежелден қалыптасқан. Қазіргі таңда қос әйел алу проблемасы қайта туындап отыр. 1989 жылғы мәлімет бойынша, ауылдық жердің өзінде ғана 20- 45 жас аралығындағы жүздеген мың тұрмыс күра алмаған әйелдер бар екен. Оның үстінде қос әйел алу - зинақорлыққа қойылған тосқауыл. Тағы бір айтарымыз мүсылмандықтан алыстататын жымысқы жау - ішімдік. Түркі халықтары үшін ислам дінінің ықпалды түсында «харам» деп татып алмаған, ақ тілекті ақ дастарқанға жолатпаған арақтан, бүкіл спирттік ішімдік атаулыдан өсер үрпақты сақтандырудың өмірлік маңызы бар. ¥лттық жаратылысымызға, елдігімізге, отансүйгіштік рухымызға сын, түріктік эрі мүсылмандық болмысымызды аяқ асты ететін арақ-шараптың біздің халыққа қол емесі, атамыздың асы емесі анық. Өкінішке орай, қайсыбір түркі халықтарында ішкілікке әуестенушілік етек алып отыр. Елінің еңсесі көтеріңкі, керегесі биік, терезесі тең болуы үшін жас үрпақтың денсаулығы мыкты болуы керек. Ресейдің «Труд» газетінде (12.02.02ж.) «Қиыр солтүстікте ішу әсіресе денсаулыққа қауіпті» деген тақырыпта, жаппай маскүнемдік аз санды халықтардың жойылып бітуіне әкеле жатыр деп бас макала басылыпты. Сібірді алты түркі халқы мекендейді. Жыл сайын аурудан, оқыс оқиғадан жэне маскүнемдік салдарынан 6 мыңнан 10 мыңға дейін адам о дүниеге аттанады екен. Ішімдік - індет. Өйткені ол ауру үстіне ауру қосып, адамды ауыр дертке шалдықтырады. Арақтың кесірінен азғындаған эке мен әумесер шешенің, олардан туылған дімкэс ұрпактың, элжуаз үл мен топас кыздың өмірге келуі - үлкен касірет. Аракты қолына шам алып жүріп іздесең де таппайтын елдерде осы аталған зүлматтың бірі де жоқ. Ондағылардың діншілдігі, жастарының тәлім-тәрбиесі дэл баяғысынша түзу де сыпайы. Неке бұзу, бала шектеу, карттар үйі, тастанды бала дегенді олар білмейді. «Ақсакалдар алқасы», «Мүсылман әйелдер кауымы» секілді үйымдар үлтымызга дерт боп жабысқан ішімдікпен пәрменді күрес жүргізе алады деп сенеміз. Дүниеге келген сэбиіне дүрыстап әдемі де элеуетті эрі мағыналы ат қою - эр ата-ананың перзентінің алдындағы парызы. Ерте заманнанак ойшылдардың балаға көркем есім берудің үлкен мэні бар киелі де касиетті міндет екенін ескерткені тегін болмаса керек. Өйткені балаға қойылған сүлу да көркем ұлттық нақыштағы есімі оның келешек 50
өмірінде маңызды әсерге ие болады. Ұлттық сана мықтап қалыптасқан халыктарда мұны ескереді. Өкінішке орай, ата-анасының қойған атына көңілі толмайтындар қайсыбір түркі ұлыстарында да аз болмай отыр. Бала есейе келе ата-анасы көп ойланып, парасаттап жатпастан койған есімін комсынып, үнатпағаны былай тұрсын, тіпті айтуға ұялатын жэйттер кездесіп қалады. Балаға есім берудің жөнсіздігі мен жүйесіздігіне, мақтаншылық пен дарақылығына қатысты сыни пікірдің айтылып жүргені тегін емес. Адамға ат қоюдың да жон-жосыгын есте тұтканымыз абзал. Намысшылдығымен, ержүректілігімен элемге эйгілі түркі жүртын бағындыру, тіпті түп-түяғымен жойып жіберудің жат елдік отаршылар үшін ең бір таптырмас амалы олардың арасына іріткі салу еді. Туыс халықтарды бір-біріне айдап салып, кара судан каймак айырып келген сырт жауларымыздың тіміскі әрекетінен дінін жойып, ділін алдырған, акыр соңында тарих сахнасынан жоғалып кетуге шақ калып, басынан бағы, астынан тағы тайған халықтардың аянышты халі - өсер ұрпак үшін сабақ. Ұлан-ғайыр кеңістікке иелік еткен түркі тайпаларының бүгінгі үрпағының түрмыс-тіршілігі мен карым-катынасының үлгі тұтар істері баршылык. Халықтың ең жаксы касиетін мүрат түтып, өз кадір-қасиетін бағалай білген, өзгелерге де демеуші бола алатын Анатолия түріктері ұлттық идеология саласында игі істерін жалғастыруда. Сондай-ак сабыр мен парасат, абзалдық негізде басқа халықтарға деген әділеттігі, сыйлай білушілігі қүрмет сезімін тудырады. «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы эдептен», - дегендей, бұл кітаптағы біздің айтпағымыз - жақсыны сақтайық, жамандықтан арылайық деу. Ата жолын қуып, ата-баба аманатын есте түтып, ұлттык мүддені дүрыс түсініп, игі әдет-ғұрпын қастерлеп, абзал ақыл, келелі кеңеске кұлак асып, берік достықта түрғай. Алла нәсіп қып, XXI ғасыр - түркі мемлекеті мен халықтары үшін аса ірі тарихи өзгерістер, шарықтап даму ғасыры болғай! 51
ҚЫПШАҚ БҰТАҒЫ ҚАЗАҚТАР Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, өресі биік сан қырлы мәдениеті, тіршілік тезінен өткен өзіндік игі ғұрыпдэстүрі мол мүрасы бар, этнографиялық ахуалы әрқилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең қонақжай да бауырмал халық. Алты алаштың ішіндегі етек-жеңі кең, пейілі дархан, жүрегі шуақты бұл халықтың әдет-ғұрпы мен ырым-жоралғысы да мол, өмір сүру мен ұрпақ тәрбиелеуде де өзіндік ұстанымы бар деп жүрміз. Олардың болмысбітімі имандылықты үйренуге, туыскандық сезім мен түсіністікті арттыруга негізделген. 1537 жылдан бастап орыс жазбаларында қазақтар сөз боп келген. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ - жайшылықта тэубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, эділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда: «Біз казак деген мал баккан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дүтттпан басынбаган елміз, басымыздан сөз де асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дэм - тұзды ақтай білген елміз». 1925 жылға дейінгі орыс жазбаларында қазактар киргиз, киргиз - кайсак, казах деп эрқалай аталған. Қазактардың бүкіл әлемдік жиынтық саны 15,6 миллионға жуық (2009). Оның 70%-тен астамы Қазақстан Республикасын мекендейді. Өзбекстанда, Ресейде жэне Түрікменстанда қазақтар жинақы коныстанған. Қытай Халык Республикасындагы бір жарым миллион қазақтың көп бөлігі Шыңжаң өлкесінің Іле казақ автономиялы облысын, Баркөл казак автономиялы ауданын, Мори казак автономиялы ауданын мекендейді. Монголиядағы жүз жиырма мыңдай казақтың басым копшілігі Баян - Өлгей аймағын мекендейді. Монғолияға қазақтар 1860 жылдар шамасында көшіп барған. Олар - ел халқының 5,1 пайызы. Ауғанстанда 20 мыңдай, Иран, Түркия, Пакистан сияқты елдердің әркайсында 5-10 мыңдай, АҚШ, Германия, Англия, Францияның әркайсында 3-5 мыңдай қазақ бар. Екі нәрсені атап кеткен жөн. Біріншіден, Ресей, ҚХР, Өзбекстан елдеріндегі қазактар - өздерінің ата қонысында түрып жатқандар. Мемлекетаралық шекара белгіленген кезде олардың атамекені аталған республикалар құрамында қалып койган. Екіншіден, Өзбекстан мен Қырғызстан жеріндегі қазақтар санын этникалық аражігі айқын болмағандықтан, дэл айта алмай келдік. Өкінішке орай, Ресейдегі сан мың қазак диаспоры мэдени - ру52
хани жағынан апатты жағдайда калып отыр. Қазақтар жинақы коныстанған 20 шақты ауданда ана тіліндегі оқу орны жоқ. Ұлттык мэдени орталықтары элжуаз күйінде. Мәселен, Астрахан облысындағы халыктың 20 пайызынан артығы (200 мыңдай) қазақтар бола тұра ана тілінде оқитын бірде-бір мектебі жоқ. «Облыстың бұрынгы губернаторы А.П.Гужвин о дүниелік болып кеткеннен кейін казақтардың жагдайы күрт төмендеген, жаппай жүмыссыздық, су бойынан балык аулағандар ұсталып сотталып жатыр. Іскер азаматтар өз кэсіпорнын ашса, оларға тек аға халық окілін жүмысқа аласыңдар деп ашық айтады», - деп шагымданыпты («Ана тілі», 25.12.2008). Өзбекстандагы казак мектептері жабылып жатыр. «Қазак жері ен алдымен казак үлтының атажүрты емес пе» депті Өзбекстанның Бостандык ауданында тұратын бір топ азамат. Бұл тұста ұлтты ұлтқа, ағайынды ағайынға айдап салушылық саясаты жоқ, араздықтың, бақталастыктың алдыналу мүддесі бар. Қазақ өзбекті «өз ағам» деу үшін, өзбек қазақты «қанатым, қамқор бауырым» деуі үшін ең алдымен өзара түсіністік, аракатынастағы әділеттілік саясаты керек, - дейді олар («Қазақ», 26.03.1993). Қытайдағы қазактарды алаңдататын нэрсе - балаларының ана тілінде сөйлеуі, білім алуы. Қазір білім үялары қосылып, қытайлану процесі жүріп жатыр. Екінші жағынан, баланың туылуына шектеу қойылуда. Сондықтан олар болашақта үрпағымыз үзіліп қалады жэне кытайланып кетеді деп уайым кешеді. Осы мәселені шешейін десе, көп адамның шамасы жете бермейді. Мемлекетаралык келісімшартқа сүйене отырып, таяу жэне алыс шетелдегі ағайындардың өтініш-сұранымы назардан тыс қалмауға тиіс. Олардың ана тілінен алыстап кетпеуі үшін барыс - келісті көбейту керек деп, алаңдаушылық білдірген пікір айтылып жүр. Өте кең территорияға тарай қоныстанганына қарамастан, қазақтар сырт-пішіні жағынан бір - бірінен алшактай қоймайды. Монголоидтық пен еуропеидтік нәсілдің араласуынан пайда болған түран немесе оңтүстік сібір антропологиялық типінің ең айқын белгілері қазактардан байқалады. Орталық Азиядагы монгол тектес тайпалардың жер, қоныс үшін үздік - создық толассыз шапкыншылыгы, жоңгар басып алушылыгы, Еділ бойына қалмақтардың көшіп баруы қазақ халқының антропологиялық типін елеулі түрде өзгертті. Шетелдік баскыншылардың толассыз жасаган шапкыншылыгынан нәсіліміз бен сырт түр-түлгамыз өзгергенмен, теңіздей терең тілімізді, үлттық эдет - гүрыптың шырайын, дініміз бен ділімізді, түріктік қалпымызды, үлан - байтак ата-мекенді, отаншылык рухымызды, гасырлық мәдени дәстүр мен рухани байлыгымызды дін аман сақтап калдық. «Түркі өркениеті, дэуірлер жалгастыгы» атты халықаралық конгресте Елбасымыз: « Енші алып, қалың түркі тарасқанда, қазаққа кара шаңырак калган жоқ па» деп жырлаган Магжан акынның 53
өлеңіндегідей, Қазақстан - түгел түркінің атажүрты, ат байлар қазығы, алтын бесігі» деген еді. («Алматы ақшамы» 10.11.2006 ж.). Қазақстан - үлан-байтақ территориясы бар элемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бүрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзегендей. Проф. Мырзатай Жолдасбеков Орынбордан Чулочник деген тарихшының «История киргиз - кайсаков» атты кітабынан қазақтардың саны 1911 жылы 8 миллионды қүрағанын оқыпты. Бүл сол кездегі ең көп санды түркі ұлысы еді. Қазақтың азаю процесі 1916 жылгы дүрбелеңнен басталған еді. 1920 жылғы санақта, Мүхаметжан Тынышбаевтың есебінше, алты миллион қүраған. Ахмет Байтүрсынүлы да «Әлхамдулла, алты миллион қазақпыз» деп бастаған сөзін («Қазақ әдебиеті», 27.02.2009). 1939 жылғы санакта Кеңес Одагындағы қазақтардың саны 3 100 949 адам ғана болған екен. Қазақтардың өз республикасындағы үлес салмағы 112 жылда былайша өзгерді: 1897 жылы - 81%, 1914 жылы - 59%, 1926 жылы - 58%, 1937 жылы - 42%, 1939 жылы - 38%, 1959 жылы - 30%, 1989 жылы - 40%, 1999 жылы - 53%. Халықтың өз ата - қонысында азшылыққа айналуы - қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке үшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жэйт. 2009 жылы ғана республикамыздагы қазақтар үлесі 64%-га жетті. Дүниежүзінде кандастарын жинап жатқан торт елдің қатарында Израиль, Германия, Ресей федерациясы, Қазақстан аталады. Кең-байтақ атамекеннің эрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата - бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның үшымен қан төгісіп, жан берісіп корғап, үлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер үрпаққа аманаттаған. Көне дәуірдегі сақ, одан бертінгі түргеш, қарлүқ, теле тайпалары, 9-11- ғасырдағы оғыз, қимақ тайпалары, 12-ғасырдағы қидан, найман, қыпшақ, арғын, қаңлы, керей тайпалары қазак халқының, сондайак туыс халықтар қүрамына да енген. 15-ғасырдың 2 - жартысында казақтардың этникалык бірлігі қалыптасып, ол үш жүзге бөлінді. Жетісуда - үлы жүз, орталық пен солтүстікте - орта жүз, батыс өңірінде - кіші жүз. Қазақ елі ежелден өзі ешбір өзге елге соғыс ашып соқтықпаған. Соған карамастан ерте заманнан бері казак халкы нешебір килы кезеңдерді бастан кешіріп, тарихи ауыр сындардан өтті. Тағдырмен бетпе-бет келіп, «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың «елім-айлап» зарлаған кайғылы үні элі күнге дейін камыктырмай коймайды. Жерінің кеңдігі мен түнған байлығы сырттағылардың көз кұртын жегендіктен, ел іргесінен жау үзіліп көрмеген. XVI ғасырда қазақ халқының калыптасып, Қасым ханның казак хандығын кұрғанына карамастан, үш жүздің басын біріктірген бірыңғай казак мемлекеті 1580 жылы кайтыс болған Хақназар түсында да, одан кейінгі Есім хан мен Тэуке кезінде де кұрыла қоймады. 54
Қазак тарихында ең үлкен зобалаң, ұлттың болашағына кесапаты тиген ең ауыр нәубет екі жарым ғасыр уакытқа созылған қазақ-калмак соғысы болды. 17-ғасырда шығыстан жаңа көшпенділер легімен қалмактар күшейіп, қазак - калмақ қақтығысы Батур қонтайшының түсында титыктаткан үздіксіз соғыска айналды. 1723 - 29 жылдар - казак халқының басына караспандай күн тудырған, оның тарихындағы ең ауыр, сұмдық кезең. Қазақ үлысының жеке - жеке иелікке ыдырап, басы бірікпеуін пайдаланып, қалмақ контайшысы кытай зеңбірегі мен швед отдәрісін теңдеп алып, мүздай қаруланып 1723 жылы Жетісуға басып кірген. Жоңғар калмақтары Талас өзені алқабына, Ташкент, Түркістан қалаларына жетіп, бейбіт жатқан елді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сүлама» атты кырғынға үшыратып, мекенінен ығысуға мэжбүр еткені белгілі. Селеулі Сарыарқа мен Жетісу бойын қызыл ала қан жуып, ел алашапқынға түседі. Қазактарды барынша элсіретіп, өзіне бағындыруды максат тұтқан орыс патшасы, жоңғарлардың қазақтарға жасаған жойкын шапкыншылығына карсы болмай, тіпті оларға кару - жарақ бергенге үқсайды. Тоз - тоз боп боскан, атамекені мен ағайынтуысынан айрылып, зар заманға тап болған халық «Елім-ай» сынды эн қалдырыпты. Жоңғар баскыншыларына карсы азаттық айқаста үш жүздің басын біріктірген Абылай хан, Әбілхайыр, Барақ сияқты ел билеушілерімен бірге атамекенін сақтап қалу үшін жауға қарсы табан тірескен күресті үйымдастырып қол бастаған. Алты алашты ынтымақтастырған халык қаһармандары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Жалаңтөс, Қарасай, Райымбек, Абақ, Қойгелді т.б. батырлардың аскан ерлік хикаяларын баяндайтын дастан, аңыз әңгімелер сақталған. 1928-29 жылдары Шүбартеңіз көлі мен Бүлақты өзенінің бойындағы қанқүйлы соғыста біріккен казак жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соккы берді. Сол жеңіс елдің еңсесін көтеріп, өз күшіне сенімін арттырып, бірлікке үндей түсті. Халкымыздың жоңғар шапкыншылығына қарсы күрестегі ең ірі жеңісі - Балқаш бойындағы Аңрақай айқасы. 1729 жылдың мамыр - маусымындағы Аңрақай шайқасы - казақ қолының жоңғар баскыншылығына карсы жүз жылдық азаттық соғысында үлкен бетбүрыс жасаған үлы жеңіс шайқасы.Одан кейінгі кезеңде казак жері түгелдей жаудан азат етілді. Ер Түріктің кара шаңырағына ие болып калған қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихы ерлік пен қаһармандыққа толы. Олай болмағанда осынау үлан-ғайыр жерді үстап калу мүмкін емес еді. Қазақ батырларының каһармандык рухы жерімізді қалмак баскыншыларынан азат еткен XVIII ғасырдағы үлы шайкастарда жаркырай көрінді. Абылай ресми түрде 1771 жылы Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанда, Бүқар жырау бастаған үш жүздің игі жақсылары бас косқан кұрылтайда барша қазақтың ханы сайланды. Ол кос алып көршісі Қытай жэне Ресеймен шебер дипломатиялык саясат жүргізе білді. 55
Қазақ елінің өз тарихында ежелден қала тұрғызып, ертеден кент салып келе жатқаны белгілі. XIII ғасырдан бергі уақытта ұдайы жалғасып келген монгол (қалмақ) шапқыншылыгы қазақ мәдениетін бәсеңдетті, өнер мен кэсіп атаулыга шідер салды. Қала құрылысына орасан зор зиян келтірді, отырықшы мәдениетімізден, бүкіл жазба мұрамыздан айрылдық. Сауда орталықтары қирады, қолөнері мен егіншілік құлдырады. Сөйтіп, халық экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Монгол тектес тайпалардың гасырлар бойгы шапқыншылыгының салдарынан қазақ, ногай т.б. түркілер отырықшы түрмысқа көше алмады. Көшпелі өмір - қиыншылыгы көп азапты тіршілік. Тарихи деректерге көз салсақ, көшпенділер үрпагының пешенесіне әубастан- ақ ешкандай дамусыз, өркендеусіз артта қалушылықты жазып қойгандай көрінеді. Өкінішке орай, қайсыбір қаламгерлер Шыңгысханның шығу тегін қазақпен байланыстыратын сыңайлы. Дегенмен оның қанқұйлы қатыгездігі мен жауыздыгын ештеңемен ақтауга болмайды. «Шыңгыс хан қазақ болган емес. Бүл - элем тарихы мойындайтын ақиқат. Ол монгол болып туылып, моңгол күйінде өткен адам. «Өзіңнен туылмай үл болмас, құлагын кеспей құл болмас» деген рас», - дейді жазушы Қогабай Сәрсекеев («Парасат» 2006, №4). Жоңгар басқыншыларымен күресте элсіреген қазақ ұлыстарына батыстан қара бұлт төніп келе жатқан еді. Алпауыт Ресей империясы қазак жерін 1731-1866 жылдар аралыгында келіссөз жүргізіп, әскери камал салып, күш қолданып дегендей өзіне толық дерлік қосып алды. 1822 - 24 жылдары хандық билік жойылып, жер-жерде патша шенеуниктері есепті сұлтандар билігі қүрылды. 1867-68 жылдары Қазақстандагы облыстар уезге, уездер қазақ байларының билігіндегі болыстарга бөлінді. Қара құмырсқадай каптап келіп жатқан қарашекпенділер қазақтың ең құнарлы, шүрайлы, сулы-нулы жерін үсті-үстіне зорлықпен тартып алумен болды. Столыпиндік буржуазиялық реформа түсында жаппай қоныс аударушылар легі қазақ жеріне шеңгелін батыра түсті. Ресей отарлауына қарсы қолына кару алып күресу гасырдан астам уақытты қамтыды. Тэуелсіздік үшін күрес үздіксіз жалгасып отырды. XVIII гасырдың аяк кезінде Сырым Датов (1783 - 1797 ж.ж.) отаршылармен 14 жыл согысса, Жоламан Тіленшиев (1822 - 1840 ж.ж.) 18 жылга жуық, Саржан Қасымов (1825 - 1836 ж.ж.) 10 жылдан астам уақытқа созылды. 1834 жылы Сарыарқада басталып, исі қазақтың басын түгел қосқан Кенесары көтерілісі он жылга созылды. Басынан небір тауқымет өтіп жатса да, халкының азаттыгы жолында жанын пида еткен қаһарман үлы Кенесары жайлы ел ішінде өлең-жырлар айтылып келді. 1836- 1837 жылы Бөкей ордасындагы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов, 1916 жылы Жетісуда Тоқаш Бокин, Торгайда Амангелді бастаган көтерілісшілер мүздай қаруланган отаршыл эскермен ерлікпен шайқасты. Шетелдік зорлык - зомбылыктан көз ашпаган, қиямет 56
тағдыр қаһарман халқымыздың жасампаз рухын жасыта, сана-сезімін бұғаулай алмады. Қазакты шоқындыру саясатымен XIX ғасырдың басында ел арасына миссионерлер шыға бастады. Ашаршылықтан өлім халіне жеткендерден, елден пана таба алмай, орыс арасына барып тығылған қашақтардан бірен-саран уақытшашоқынғандар болғанымен, миссионерлік кызмет нэтиже бермеді. 1917 жылы В.И. Лениннің басшылығымен Октябрь революциясы жеңіп шығып, оның жалғасы Кеңес Одағы аталған мемлекет кұрылып, қазак халқының тарихында жаңа кезең туды. Өйткені одак кұрамында болған 70 жыл бізге оң өзгерісті көбірек экелді. Отырыкшы тұрмысқа көшіп, дамудың даңғыл жолына түстік. Тең құқылы, жаппай сауатты халыкқа айналдық. Тіліміз байып жетілді, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміз жетілді. Медициналық кызмет көрсету мен білім беру тегін болды. Халықтың орташа өмір жасы ұзарды деп айта берсек, бұл ұзак әңгіме. Мұның өзі шын мэнінде ұлы жетістік еді. Алайда біз кез келген өзгерісті қабылдауға, егер өзімізге ұнаса соны сіңіріп алуға дайын тұратын аса еліктегіш ұлтпыз. Кей тұста соның зияны мен салдары да болып жатады. Сондыктан да шығар бертін келе казақтан өзге одак кұрамындағы республикалардың ешқайсысында дэл біздегіндей тіл мэселесі ушығып көрген емес. 1920 жылы Қырғыз АКСР - ы құрылып, 1925 жылы ол Қазақ АКСР-ы деп түзетілді. Автономиялы республика 1936 жылы Одактас республикаға айналды. Осылайша отаршылардың ауыр тепкісінен сөне жаздаған үлттык санамызды, тапталған намыс пен аяк асты болған арымызды қайта оятып, рухани өмірді ажарландырып, елдік дәстүрді жетілдіруге мүмкіндік тугандай еді. Азамат соғысының ең ауыр зардабын қазақ ауылдары шекті. Өйткені, қызылдар да қазақтың малын тартып алатын, ақтар да тартып алатын, еркімен бермесе қырып кететін. Мінеки, сондай аласапыран заманда 1917,1918,1919,1920,1921 жылдары қазақ даласында алапат ашаршылықтың алғашқы толқыны болып өтті. Сондай-ақ тоталитарлык өктем саясат, сан ғасырлық түрмыс-тіршілігін бір-ақ жылда өзгертіп, малынан айыру - халыққа өте-мөте кисапсыз азап тудырды. 1931-1933 жылдардағы үкіметтің кисық, солақай, әпербакан саясаты, шолақ белсенділік, жарамсақтық, «Асыра сілтеу болмасын, аша түяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап, қаптың түбін қақ» секілді желбуаз үранмен отар-отар мал айдаған ауылдан тайлы-тұяк калдырмай, мал қорын жойып жіберді. Жазықсыз жандарды көктей солдырып, кынадай қырды.Бүл атышулы саяси науканның екпіні мен тепкісіне шыдай алмаған кандастарымыз алтын бесік, кара орманын тастап, басы ауған жакқа безіп, тіпті шетелге де ауып кетті. Баспасөзде 1911 жылғы 8,5 миллион қазақтың аталған алапат аштықтан кейін 2,5 миллиондайы ғана қалған деген мэлімет беріліпті («Алматы ақшамы», 31.05.2012) 1928 жылы Қазакстанда жалпы есеппен 40 миллион бас мал болса, 1933 жылы оның 4 миллионы ғана қалды. Осыған орай, қазак 57
даласының эр түпкірінде Созақ, Адай, Жетісу көтерілістері сияқты бас көтерулер өрши түсті. Тек 1929 - 1931 жылдар аралығында елімізде 80 мыңнан астам адам қатысқан 372 көтеріліс орын алды. Бірақ оның бэрі кызыл чекистер тарапынан аяусыз басылды. Жан сауғалап, үрпақ сақтау камымен шарасыз түрде Қытай асқан бейбіт халықты шекара асуларынан НКВД жендеттері қарумен күтіп, аяусыз қырғынға ұшыратты(«Алматы ақшамы», 05.04.2012). Бүтіндей ауыл-аймақтың атын өшірген қолдан жасалған бүл нәубет, үрейлі ашаршылык түтастай бір халыққа қарсы бағытталған геноцид деп жүрміз. Мүндайда алты алаштың ардағы, белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың «Қазақ халқы бірнеше рет күлден жаралған» деген сөзі ойға оралады. Аталған үрейлі ашаршылык өте-мөте қазақ үшін үлттық қасірет болды. 1930 жылғы ақпанның 7 -16-сы аралығында болган Созақ көтерілісі Қазақстанның түпкір - түпкірінде бой көтерген озбырлық пен қиянаттан, аштықтан ашынған халық наразылығының ең үлкені - адамды көп шығынга үшыратқан, бейбіт елдің тоз - тозын шығарған қызыл қырғын еді. Тарихи мәліметке қарағанда жалпы шығыны «ақтабан шүбырындыдағындан» кем болмайтын қазіргі уақытта «үлы жұт» аталған үрейлі ашаршылықтың 80 жылдығы 2013 жылы мемлекеттік деңгейде «жалпыхалыктық аза түту» ретінде атап өтілмек. Ресми деректер 1921 - 1954 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адам ешбір дәлелсіз «отанын сатқан», «пантюркист», «жапон шпионы», «халық жауы» деген жаламен саяси қугынға ұшырап, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Солардың қатарында үлтымыздың біртуар азаматтары болғаны белгілі. НКВД жендеттері олардың әйелдерін 13 мыңдай адамды қазіргі Астана қаласынан 60 шакырым жердегі 1937 жылы кұрылған «АЛЖИР» (қазақшасы - отанын сатқандар эйелдерінің Ақмола лагері) аталған түрмеге тоғытқан. 30 жыл үкімет билігін қолында үстаған сталиндік сыңаржақ саясаттың қанды шеңгеліне іліккен репрессия қүрбандары, үлтымыздың бетке үстарларын, қаймағын сыпырып әкеткен қызыл кырғынның касіреті де қазақ тарихының қаралы бетін қүрайды. 31 мамыр - казақ елі үшін қасіретті күні, яғни саяси қуғын-сүргін қүрбандарын еске алу күні деп белгіленген. Халкымыздың берекесін кашырған талай күғын-сүргін, нэубет жылдар елдің жадында қара дақ болып қалды. XX ғасырдың ең сүмдык сойканы екінші дүниежүзілік соғыста 350 мың қазақ шейіт болған екен. Бүл - әскерге алынғандардың 80%-ы. Соғыстан аман оралған славян тектестер пайызға шаққанда казақтан 2,5 еседей көбірек екен. Аштықтан кынадай қырылған қаймагы сыпырылған казақ халқына бүл согыстың да теперіші қатты тиді. Сансыз көп боздақты кыршынынан кидырган от пен жалынға оранып 1418 күнге созылған қырғын соғыстың ақтаңдактары элі жабулы қазан күйінде дейді тарихшылар. 58
Итальян саяхатшысы Марко Поло «Әртүрлі элем» кітабында қазақтың жайшылықта момын да кеңпейіл, кешірімді де бітімгер, алайда ел шетіне жау тисе ар-намысы күшті екенін, жанқиярлық ерлікпен шайкасатын қайтпас жауынгер халык екенін сүйсіне сөз етіпті. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеп, мүрағаттардан деректер жинап келген тарихшы-ғалым Тілеу Көлбаев «Казактан жасырылган күпиялар» атты мақаласында мүрағаттык деректер мен күжаттар арқылы бүл согыстың көлеңкелі де канқұйлы беймэлім түстарын ашып жазыпты. Жер бетінде бүрын-соңды болмаған ең зардапты, зұлмат соғыстың қасіреті осы күнге дейін үмытылган емес. Соғыста казак жауынгерлерінің кереметтей жанкешті ерлік үлгісін көрсетіп, өшпес даңкка бөлегені жайлы қаншама естеліктер жазылды. Бірак шовинистік іштарлык салдарынан соғыстың колеңкелі түстары, казақ жауынгерлеріне катысты шындық айтылмай жатыр. Тарихшы Тілеу Көлбаевтың макаласында осы тектес уакытында дэрігерлік комек көрсетілмей, дүниеден өткен талай боздактарды көзімен көрген куэгерлердің естеліктерін коп келтіріпті («Президент жэне халык», 05.02.2010). Майдан қолбасшыларының ішінде жауынгерлердің ерлігін эділ бағалағандары да болды. Атап айтқанда, генерал-полковник Прокофий Романенко «Қазактар - кеңпейіл, ақжаркын, ержүрек, батыр халык. Жауынгерлерім тек казактардан күрылса, мен эрқашан риза болар едім», - деп сүйіспеншілігін білдіріпті («Іле нүры» журналы, желтоксан, 2011). Жазушы Сергеев Александр Николаевич: «Мен казак халқының адалдыгын, шыншылдыгын көріп өссем, согыста олардың нагыз батыр халык екеніне көзім жетті. Олармен кандай кыргын-кияметті бастан өткеруге болады деп ойлаймын. Олар дастарқан басында момын, үяң секілді көрінгенімен, майдан алаңында мүлдем өзгеріп, айбаттанып, каһарланып кетеді. Мен соны көрген адаммын», - деп казак үлтына, бірге согысқан казак жауынгерлеріне деген ықылас-күрметінің зор екендігін ақтарыла айтты («Ана тілі», 07.10.2010). Агылшын тарихшысы Александр Верт «Ресей 1941-1945 жылдардагы согыста» деген еңбегінде «Қызыл әскердің жанкешті солдаттарының ішінде асқан ерлігімен көзге түсіп, оздерін өте жақсы жақтарымен корсете білген казактар екен» деп жазыпты («Алматы акшамы» 08.05.2012). Жеңісті салтанатты түрде куанышпен атап өте отырып, согыста орын алган катыгездік пен эділетсіздіктің кесірінен жүздеген мың жас өрімнің қыршынынан қиылганы жайында ащы шындык айтылып, актаңдақтардың зерттеліп - жүйеленетін уақыты жетті. Бүл - халкымыздың тарихы үшін ауадай кажет шындық. Ауаны, өзен-көлімізді уландырган, еліміз бен атамекенімізді тоздырган, жердің күтын кетіріп, мал санын азайтқан экологиялық апаттың зардабы қаншама. Дүниежүзінде үлкен наразылық тугызган полигонга жақын ел түргындарын тәжірибе мақүлықтары ретінде 59
пайдаланған атом жарылыстары - ұрпақтар ұмыта алмас ұлт жарасы. 1986 жылы «ерліктің ғана емес, елдіктің нышаны» болған Желтоқсан оқиғасы орын алды. Сол кезде билік Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін 22 жыл атқарған Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, оның орнына елімізде ешкімге белгісіз Геннадий Колбинді алып келді. Бұған еліміздің жастары жайбарақат қарай алмады. Қоймінезді момын халықтың бүкіл дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан окиғасы - азаттығымызды жақындатқан туған ел тарихынан ерекше орын алатын үлы дүмпудің бірі деп жүрміз. Әр қазақтың жүрегіне жара салған бүл оқиға сондай - ақ бүкіл түркі жүрты тарихындағы елеулі оқиға. Шамамен 25 -30 мыңдай адам қатысқан еліміздің түпкір- түпкіріндегі өр рухты азаматтардың жігерін жаныған 17 желтоқсандағы жастардың наразылық қозғалысын кеңестік жүйені әлсіреткен, қазақ халқын тәуелсіздікке жақындатқан тарихи оқиға түрінде бағалап жүрміз. Академик М.Қозыбаевтың есебі бойынша, сол шеруді басуға шыққан эскер мен қаруланған жасақшылардың саны ешқандай қарусыз шерушілерден екі есе асып түскен. Олар айшай жоқ алаңдағы жастарды үрып- соғып, тіпті қыздарды бүрымынан сүйреп, соққы астына алып, бейбіт шеруді қанды оқиғаға үластырған («Түркістан», 19.05.11). Ақын Жүбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, жөргегімде табыстым мүң тілімен» деп жазған өлең жолдары жалпақ жүрттың есінде еді. Енді оның «Қарусыз өз қыздарын шашынан сүйреген мына қоғамды көргенше, кешегі соғыс майданында өлгенім артық еді! Қарусыз жастарды фашистер де бүйтіп қорлаған емес!», - деп ашына сөйлеп, көкірегіндегі өксікті отжалынмен шығарыпты. Бүрындары корқытып, жасқандырып, неше түрлі кұйтыркы саясатпен бүкіл түркі халықтарының бостандығы жолында күрескен Мүстафа Шоқай секілді туған халқы үшін саналы ғүмырын сарп еткен аса көрнекті қайраткерлердің арман-мақсатын бүрмалап, оларды оз халкына қарсы қойды. ¥лтының тәуелсіздігі жолында бастарын бэйгеге тіккен арыстардың тағдыры аянышты. Туған жер, тас босаға, тал бесік үшін жанын шүберекке түйіп күрескен намысшыл азаматтар қуғын-сүргінге үшырады. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда үйымдасқан, Ә.Бокейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров, М.Шокаев т.б. басшылык еткен, қазақ халқының дербес автономиялық статусын жактаған, үлт мүддесін корғаган Алашорда ұйымының мүшелері аяусыз куғын-сүргінге үшырады. Дей түрсак та бүкіл орыс халкына топырак шашудан аулақпыз. Қиын - қыстау кезде қарапайым еңбек адамынан бастап қоғам кайраткеріне дейінгі сан мың орыс азаматы казактарға іш тартып, әділеттікті жақтады. Саяси тэуелсіздік 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Егемендік туралы декларациясын кабылдауынан басталды. Ал 16 желтоқсанда Қазақ елінің тәуелсіздігін ресми түрде жариялауы60
мен, дүниежүзінің саяси картасында «Қазақстан» атты жаца, жас, дербес мемлекет пайда болды. Тэуелсіздік - қасиетті де киелі ұғым, тэтті үғым. Отан оттан да ыстық болғандықтан, тәуелсіздік - өткен ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің ең басты арманы болатын. Қаншама казақтың марқасқалары үлттың азаттығы жолында шейіт болды. Ата-бабамыздың асыл арман, тэтті қиялы болған тәуелсіздіктің халкымызға сағындырып, зарықтырып, аңсатып әзер жеткені белгілі. Сол тәуелсіздікті күн сайын, ай сайын, жыл сайын қорғау - біздің перзенттік парызымыз. Егемен еліміздің босағасын бекітіп, шаңырағын шайқалтпай, нығайта түсейік. Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы болғандар мыналар. 1925 - 1933 жылдары билік басында Голощекин болды. «Кіші Октябрь» төңкерісін жасап, қазақ даласын қанға бөктірген бүл адамды ел іші «Қужак» деп атаған. 1933 - 1938 жылдар аралығында Қазақстанды Левон Исаевич Мирзоян басқарды. Ол ашаршылықтан әбден еңсесі түскен елдің есін жинау үшін оларға несиеге мал бергізді. «Малсыз отбасы болмасын» деген үран көтерді. «Байы, әлден, мал өсір» деді. Орталык Комитетке айтып жүріп сырттан астық жеткізді. Еңсесін көтерген, қисайған шаңырағын түзеген, халықтың шын жанашыры болған тамаша іскер, қайратты, шебер ұйымдастырушыны елжүрт кұрметтеп, зор сүйіспеншілікпен «Мырзажан» деп атап кеткен. Мирзоян сондай-ақ үлттық мэдениетті, ұлттык рухты, тілді де көтерді. Оның камқоршысы, жанашыры да болды. Қазак зиялыларын басшы қызметке көбірек тағайындады. Мүның бэрін ол Тұрар Рысқұлбек жэне басқалармен ақылдаса отырып істеді. 1938 жылы репрессияға ұшырады, білетіндердің айтуынша, Мирзоянға қойылған айыптың бірі «қазақ үлтшылдығы» болған көрінеді. 1938 жылдан 1945-ке дейін билік басында Николай Скворцов дейтін болыпты. 1945 - 1946 жылдары ҚР ОК-нің хатшысы Геннадий Борков деген біреу болған. 1946 жылдың маусымынан 1954 жылдың ақпанына дейін билік Жүмабай Шаяхметовтың қүзырына тиеді. 1954 - 1955 жылдары Мәскеудің пәрменімен хатшылық Пантелеймон Пономаренкоға беріледі. 1955 - 1956 жылдары «тыңды» көтеріп Қазақстанға Леонид Брежнев келді. Оның қазақтарға деген бөтен көзкарасы болған жоқ. Оның үстіне Димекеңмен дос-жар болып, онымен эрдайым кеңесіп отыратын. Қазақтар да оны сыйлап, құрметтеді. 1956 - 1957 жылдардағы «жарты патшамыздың» аты мен сойы Иван Яковлев болыпты. 1957 - 1960 жылдары билігіміз Николай Беляевтің қолына тиді. 1960-1962 жылдары Қазақстан Республикасы Орталык Комитетінің хатшылығын Кремль көзі қиып Дінмүхаммед Қонаевқа сыйлады. Ол кісінің ерен еңбегі сол, Мәскеудің айтқанына, жөн сілтегеніне амалсыз коне отырып, еліміздің экономикасын көтере білді. Бөлінген қаржыны халык игілігіне, ең қажетті бағытқа бүрып отырды. Ең бастысы, 61
республиканың мақсат-мүддесі назарға бірінші кезекте алынды. Исмаил Юсупов 1962 жылдан 1964 жылға дейін Қазақстан Республикасына пәрменін жүргізді. 1964 жылдан бастап билік қайтадан Қонаевқа бүйырды. Замандас кұрбылары «Димаш», жастар жағы «Димаш ата» деп атап кеткен Дінмұхаммед Ахметүлы 1986 жылғы желтоксан оқиғасына дейін табан аудармай ел билігін қолында үстады. 1986 жыл мен 1989 жыл аралығындағы қайта құру кезеңінде Қазақстанның төрінде Геннадий Колбин отырды. 1989 жылдың маусым айында үкімет басына Нүрсүлтан Назарбаев келді. Қазакстан тәуелсіздік алған түста еліміздің алғашқы президенті болған Нүрсұлтан Әбішүлының «Мен өз халқымның жолында бағымды бэйгіге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыкка, мені үлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыкка, арғы-бергідегі қазақ баласының бір де бірінің пешенесіне бүйырмаған бақытты - толыкқанды, тэуелсіз мемлекет қүрудың басында болу бақытын бұйырткан халыққа кызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар кайрат - қабілетімді, білімбілігімді аямай жүмсаймын, қандай тэуекелге де барамын» деген сөзінің келешекте де өз ақикаттығын айғақтайтынына халкы сенімді («Егеменді Қазакстан», 14.04.2009). Н.Назарбаев өзін нағыз саясаткер жэне ұлтының данышпан көшбасшысы ретінде көрсетіп отыр. 1959 жылғы халык санағында казақтар республика халкының 30 пайызы ғана болып, өз ата конысының тағы да біраз бөлігінен айрылып қалу қаупі туды. Осы тұста ата-баба жері үшін, өзі сүйген елі үшін ешкімнен тайсалмай өткен мемлекет қайраткері Жүмабек Тәшеновтың ерлігі мен қайраттылығын, табандылығын қазір халық аңызға бергісіз жыр ғып айтуда. Ол 1955 жылы Бостандық ауданын көрші республикаға косуға қарсы шығып, айтқанын орындата алмады. 1960 жылдан кейін Хрущев тың өлкесін Ресейге қосу амалын іздеп, саяси бюроға қайта үсыныс жасады. Сонда Ж.Тәшенов «Солтүстіктегі» астыкты бес облысты Ресейге косу - казакты корлау, намысын жер ету, қалыптаскан шаруашылык - экономикалық қарым-қатынастарды біржолата күрту деген сөз. Халыктың тамырына балта шабумен бірдей. Мен тың өлкесін Ресейге бермек түрмак, мәселенің күн тэртібіне қойылуына үзілдікесілді карсымын!» - деп отты сөздермен оның бетін қайтарды. Қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, көбінесе қыста да табындап өзі жайылатын қой мен жылкы ұстаған. Ешкі, сиыр, түйе аз өсірілді. Алдындағы малы казақтың алданышы болған. Мал - тағам, киім, катынас көлігі. Ақша орнына есеп айырысарда қой жүмсалатын. Бір-бірімен жүздескенде де «Мал-жан аман ба», «Бала-шаға аман ба» деп сәлемдеседі. Қазак жылкыны өте-мөте кастер тұтады. Өйткені оның бүкіл түрмыс-тіршілігі жылқыға қатысты боп келген. Жылкы еті - маңызды азык-түлік. Сүтінен халыктың кең тараған сүйікті сусыны кымыз даярлайды. Ат кылы, терісі тұрмысқа керекті эр алуан бүйым, 62
кұрал - жабдық, киім-кешек жасауға жұмсалады. Ат жарысы - ең сүйікті, ең кең тараған ұлттық спорт. Бала кезінен ат кұлағында ойнап, көкпар тартуды, ат ойынын меңгерген казақтың жауынгер ұлдары аламан бәйгеде өнер көрсетеді. «Ат шаппайды, бап шабады», - дейді атты тани да, баптай да білген атқұмар шабандоздар. «Жүзден - жүйрік, мыңнан - түлпар» мақалы, «қанатты түлпар», «сәйгүлік» эпитет - теңеулері жүйрікті, асыл тұкымды мағынасын білдіреді. Жылқының ең асылы мен сүлуын, таза түқымды жүрдек қолтумасын аргымақ дейді. Қазанат - үзақ жолға шыдамды жауынгерлік әскери жылқы тұкымы. Ертедегі батырлардың ажырамас серігі түлпар атка қатысты пырақ, дүлдүл атауы да айтылады. «Тұлпарға қас кылғанның түқымы күриды» деген сөз калған бүрынғыдан. Жылқының ел қорғау жолында келтірген пайдасы да зор. Қазақ батырлары жарақтап, өздерінің жан серігі еткен болат тұяқ, кылқұйрық тұлпарлар, сүлу сэйгүліктер мен аршын төс арғымақтар жайлы айтылған арнау жырлары қаншама. Халықтың көнеден жеткен кәсібінің бірі - түйе өсіру. Түйе ертеректе 4 түліктің төресі атанған. «Шаруаның бір пірі - ойсылкара, Түйені өсір жаксылап, болсын пана» депті ата-бабамыз. Жыл мезгілінің 4 мезгіліне сәйкес мал көктеу, жайлау, қыстауға көшіп - қонып бағылды. Кең тараған косалкы кэсіп - аңшылык. Қасқыр мен түлкі ауларда атпен қуып немесе кақпан күрып үстайды. Байлар бүркітпен аң аулап, көңіл көтеріп, дем алатын. Жақсы бүркіттің даңқы тарап, оны көруге жүздеген шакырым жерден іздеп келетін. Бүркітті түзге алып шығып, аңға түсуге үйрету әдісі ұрпактан үрпакка жалғасып келеді. Кіші жүз қазақтары ерте кезден балык аулаудың кыр - сырын меңгерген. Қыс үзакка созылып, көк тайғақ болып, жем-шоп ерте таусылып калса, мал жұтка үшырап, тігерге түяк қалмай, жүгенін ұстап калатын байлар да болған. Жүт болғанда, табиғи апаттан малы көптеп шығын болғанда бай ауыл-ауылдан жылу жинап, шама-шарқынша мал басын толыктырады. Бай өзінің ауылдас кедей руласына сауын деп сауып ішуіне бие, я сиыр береді, жүн, көлік майы, ат майы деп қой, жылқы да береді. Сол үшін кедей руласы үй-ішімен байдың бар жүмысын атқарады. Әрі байдың берген малын бағып, төлін өсіріп иесіне тапсырады. Қыстан қысылып шыққан халық көктемгі көшті мейрам түрінде өткізетін. Жас төлдің туылуымен көрші-қолаң қонақка шақырысып, уыз ішетін. Бүрынғы Кеңес Одағындағы кой-ешкінің төрттен бірін берген Қазақстан аса ірі мал шаруашылық базасы болған. Қазақстан территориясының басым көп бөлігі шөл, шөлейт аймақ болғандықтан, ауылшаруашылығына колайлы емес. Егіншілікті көбінесе оңтүстік казақтары қосымша кәсіп етті. Малы аз кедей шаруалар көшіп -қонбай, егін өсіретін болды. Оларды жатақ, егінші деп атайды. Тары, бидай, арпа, қара бидай, қонақ, бүршақ екті. Жатақ созінің көшіп - қонуға шамасы жоқ малсыз кедей, егінші-отырықшы деген екі мағынасы белгілі. Қазақстанның басты астыкты аймағы солтүстік өңірі 63
барлық дэнді дақылдың 70% - ын береді. Суармалы егіншілік дамыған оңтүстік өңірі дэнді жэне техникалық (қант қызылшасы, темекі, мақта) дақылдар, бау-бақша, жүзім, көкөніс егуге мамандандырылған. Қазақтың жер қойнауы мүнай, тас көмір, темір, корғасын, мырыш, мыс т.б. руда мен қазба байлыққа бай. 1937 жылы Қазақстанда 20 мыңнан астам кәсіпорын мен өндіріс жүмыс істеп, өнеркәсіптің жалпы өнімі жағынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иемденген. Ауыр индустрия, кара металлургия, түсті металлургия машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл жэне тамақ өнеркәсібі жолга қойылган, электр энергиясын өндіру, мұнай өңдеу, минералды тыңайтқыш, трикотаж, қант өндіру өркендеген. Қазақтың улттық тағамы - оңай даярланатын, химиялық кұралымы денсаулыққа пайдалы тағамдар. Мысалы, түйе сүтінен даярланатын шүбат - шөлдегенде сусын, карын ашқанда тамақ. Шүбат, қымыз емдік касиетімен де белгілі. Қазақ - өзінің ұлттық сусыны қымыз даярлаудың асқан шебері. Қымыз жақсы сақталу үшін торсык пен сабада пісіп, меске кұйылады. Негізгі ішіп - жемі маусымға байланысты өзгеріп отырады. Ерте көктемнен күзгі суық түскенше сүт тағамын басым жаратты. Көктем - аса эбігер де думаншыл шақ. Көк ішек айы саналатын көкек айында ақ жагы мол да, ет жағы тапшы болады. Малдың барлық түрінің сүтін тагамға пайдаланады. Сарысу, ежігей, айран, қатық, сүзбе, құрт, ірімшік, саумал, шүбат, қаймақ, шалап, қымыран, ашымал, маңыз, кілегей, сары май тэрізді қазактың сүт тагамдарын жапондар түрлі дертке, соның ішінде қылтамақ (рак) ауруына мың да бір ем деп, құрмет түтады екен. Нан тағамына бауырсақ, шелпек, қазан нан, қиықша нан, тандыр наны, жаппа нан, көмбе нан, жүқа нан жатады. Тары, талқан да тағамга көп жаратылады. Ең сүйікті тагамы - ет. Еттен дэн, үн араластырып көже, кеспе, бесбармақ, күлшетай, сорпа, куырдак тэрізді тагам пісіреді. Көрші халықтардан үйреніп манты, палау, түшпара да пісіретін болды. Етті түздап, сүрлеп сактайды. Кейде қаптагы үнның ішінде сақтайды. Құс еті, балык тагамга аз жүмсалады. Өзіне керектің көбін қазақтар көп уақыт бойы мал өнімінен жасаган. Күзде кырқылатын қүзем жүннен киіз басады, сырт киім, бас киім тігеді, түскиіз, әр алуан өрнекті тоқыма, алаша, кілем, текемет тоқиды. Кесте тігіп, шашақ тоқыды, үй-ішін әшекейледі. Көктемде қырқылатын жабагы жүннен арқан есіп, қап тігеді. Тері - терсек түгелдей пайдаға асады: кебеже, сабақ, торсық, шапан, мес, сырмақ, ер - түрман, музыка аспабы, үй жиһазы жасалады. Тері өңдеудің өзіндік тәсілі бар. Үйші - үй жасайтын шебер, ерші - ер-тоқым жасаушы. Темірші я темір ұстасы - темірден эр алуан қүрал-сайман, кетпен, күрек, орақ жасайтын, қанжар, кылыш, найза секілді қару-жарақ жасайтын шебер. Агаш шебері агаштан төсек, абдыра, ыдыс-аяқ, киіз үй, эр алуан жиһаз, бүйым жасайды. 64
Қазақтың тұрғын мекенжайы көбінесе көшпелі тұрмысқа икемделген киіз үй. Сонымен бірге кедейлер мен малшылар өздеріне күрке там соқты, жаппа, қос түрғызды. Саз балшық пен топырақ араластырып жолым үйін қалады. ІІІымнан қалап жертөле тұрғызды. Сібірге жақын өңірде қамыс пен ағаштан шошала жасады. Кейін келе халық қысқа арнап отырықшы көршілерден үйреніп түрақты мекенжай түрғызатын болды. Ерте кезден бейнелеу өнері мен сэн жэне қосалқы өнері дамыған. Сэулет өнеріндегі ою - өрнектер кірпіштен өріліп жасалса, Айша бибі күмбезі, Бабаша хатун кесенесі, Алаша хан күмбезі, Ахмед Иасауи ескерткіші жүлдызды, гүлді кілем секілді эр алуан нақышпен эсемделген. Діни маңызы бар, бертін кезде салынған Жүзден, Төрт қара, Шәкей, Қара сопы, Айтман, Қалыш, Жүбан кесенелері көне архитектураның озық үлгілеріне жатады. Қазақ тілі түркі тілдері кыпшақ бұтағының кыпшак - ноғай тобына жатады. Ерте кезден қазақтар араб жазуын тұтынған. 1929-1939 жылдары латын әліпбиін пайдаланды. 1940 жылдан орыс (кирилл) графикасына негізделген ұлттық жазуымызға эр кезде эр түрлі емле өзгерісі енгізіліп келді. Қазақ алфавитінде 42 эріп бар. Орыс тіліндегі 33 эріпке қосымша ә, ө, і, ұ, ү, г, қ, ң, н әріптері таңбаланған. Қазак тіліне тэн классификациялык белгілерге, оның туыс тілдерден басты ерекшелігіне мыналар жатады: 1. Сөз басында й орнына ж, ш орнына көп ретте с айтылады, ч дыбысы ш-мен алмасады: жыл-йыл, жар-яр, ас -аш, тас -таш, іс -іш, жарым - ярым, шырай - чырай, шаң - чаң, шай - чай, жаңсы-яхши, жас-яш, жаман-яман, жоқ-йоқ, қашан-қачан, шъщ-чық, шал-чал. 2. Оғыз тілдеріндегі сөз басында айтылатын кейбір сөздердегі г, г, д дауыссыздары к, қ, т дыбыстарымен алмасады: келін-гелін, кел-гел, кет-гет, қал-гсгл, көше - гөиіе ,күн - гүн, қайрат — гайрат, темір - демір, толцын - долқын, қара-гара, теңіздеціз, тұз-дұз. Кейде г дыбысы ^-мен алмасады: тау-таг, сау-саг. 3. Сингармонизмнің (дыбыс үндестігінің) ықпалы басымырақ. Мысалы, көптік жалғауының мынадай алты нұсқасы жарыса қолданылады: қала+лар, бие+лер, қагаз+дар, киім+дер, ат+тар, ит+тер. Алайда аралық бүтақтағы тілдермен салыстырғанда ерін үндестігі өз әсерін жойып алған: өзендер-өзөндөр, үгітиіі-үгүтшү, өлкелерде-өлкөлөрдө, үйрен-үйрөн. Соңғы жылдары қазақ тілінің жазуын латын графикасына кайта көшіру мәселесі көтеріліп отыр. ¥лан - байтақ кең территорияға тарап қоныстанғанына қарамастан, қазақ тілі жеке диалектіге бөлінбейтін монолитті (біртүтас) тіл. Онда жекеленген говорлық ерекшелік қана бар. Ыкылым заманнан бері жасаған бай әдеби қазынасы бар. Ауыз әдебиетінің өзі 40-тан астам жанрға бөлінеді. Бір ғана өлең жанры өз ішінен арнау өлең, сұрау өлең, өлең хат, түрмыс - салт өлеңі, төрт түлік малға арналған өлең, тарихи жыр, дәстүр - кэде жыры секілді сан түрге ажыратылады. Түрмыс салт-жырларына жарапазан, арбау, жалбарыну, 65
бэдік, бақсы сарыны секілді діни ұғыммен байланысты, үйлену салтына қатысты той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, көңіл айту, жұбату, жоқтау өлеңдері жатады. Жыраулар қисса - дастанды, толғау, арнау, өсиет пен мысал өлеңдерін эндетіп, түрлі мақаммен орындайды. Қыл қобызды солқылдата саздатып, көмейін күмбірлете таңды таңға жалғастырып орындалатын атакты жыраулардың гауһар жырлары тыңдаушының бойын балқытып, көңілін шалқытатын. Шығыс елдерінде аңыз боп тараған жеті ғашықтың бэрін халық ақындары ел аузынан жинап - теріп, жырға қосып, дастан жазған. Олар - Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп - Злиха, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Сейпілмәлік - Жамал, Бозжігіт -Қарашаш ғашықтық дастандары. Қыпшақ үлыстарының түрмысынан туған төкпе ақындық өнер өмірдің болмыс - бітімін нэшіне келтіре жырлауға негізделген. Суырып салып айтумен байланысты халык поэзиясының байырғы да дәстүрлі, өміршең жанрына жыр, толғау, терме жатады. Жыршы оны домбыраға косылып әндетіп орындайды. Мазмүнына қарай өлең - жыр, жыр-толғау, жыр-дастан, тұрмыс-салт жыры, батырлар жыры, ғашықтык жыр, тарихи жыр боп ажыратылады. Жыр сөзінен туындайтын жырау атауы ел абыржыған түста ой толғауы мен сыр толғауын өлеңмен киыстырып өсиет айтатын өнегелі де акылгөй ақын дегенді білдіреді. Шоқан Уәлиханов қазак фольклорын халық тарихы мен таным-түсінігінің, түрмысы мен болмысбітімінің айқын көрінісі деп білсе, В.Радлов қазақ фольклорын көне түркі тілдерінің үлгісі ретінде қарастырып, қазақ поэзиясын жоғары бағалады. Қазак эдебиетінің көп ғасырлык тарихы бар. ІХ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан аймағын мекендеген халық Әбу Насыр эл-Фараби (IX ғ), Махмүд Қашкари (XI ғ), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.) секілді әлемге есімдері төрткүл дүниеге түгел тараған, эйгілі ғүламаларды дүниеге экелді. Әл-Фараби - үлы философ эрі «Үлкен музыка кітабы» атты трактаттың авторы. Ұлы акын Қожа Ахмет Иасауидің суфизмнің негізін қалаған «Диуани аль-Хихмат» («Даналық кітабы») атты жинағы -түркі поэзиясының інжу-маржаны. XVI ғасырда аты аңызға айналған Асан кайғы мен Доспамбет, Шалкиіз бен XVIII ғасырда жасаған Бүхар жыраудың өлең - жырлары сакталған. Қазак халкының ой-санасы мен мэдениетінің өсе түсуіне XIX ғасырда өмір сүрген түңғыш педагог эрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің, үлы демократ - ақын Абай Қүнанбаевтың ыкпалы зор болды. 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы атап өтіліп, халықаралық Абай жылы деп жарияланган. Абай - ғүлама үстаз, үлкен гуманист, талантты сөз зергері, акындардың алыбы, ойшылардың озығы, кемел ойлы философ, кең жүректі ағартушы, композитор. Қазактың классик әдебиетінің атасы, казак поэзиясының күн шуакты аскар биігі, XIX ғасырдағы Шығыс әдебиетіндегі ірі түлға», деп, М.Әуезов бағалаған Абай шығармалары - аса кымбат мүра. Ойы терең, тілі көркем, озінше айтсак, «іші алтын, 66
сырты күміс сөз жаксысын» қиыстыра білген ұлы ақын халық тілін ұстартып, әдеби қалыпқа түсірген деп жүрміз. Туған халкының рухани мэдениеті мен ой-санасын көтеруде, шындыкты көркемтұрғыдаигерудің үлгілерін өрнектеуде, этникалық жэне эстетикалык құндылықтарды қалыптастыруда Абайдың өзіндік үлес қосқаны белгілі. Абай казак елінің үлттык рухы мен менталитетін, оның көкейкесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегенділікпен, өлеңмен өрнектеп берген. Абайдың теңдессіз гауһар жырлары, таңғажайып көркем аудармасы, данышпандык ғаклиялары, керемет эндері тыңдаушысын бейжай калдырған емес. Байтак қазақ елінің үлы перзенті Шокан Шыңғысүлы Уэлиханов (1835-1865) қазақ халқының заңғар ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, саяхатшы, географ, публицист, фольклорист, суретші, агартушы. Қазак когамы дамуының ең бір киын түсында өмір сүрген галым бар өмірін халкының болашагын ойлап, толганумен өткізді. Озык ойлы, биік мақсат үстанган зерделі галым казак халқына түскен ауыр тауқыметті жеңілдету жолын іздеді. Мәселен, оның 1862 жылы Атбасардың ага сүлтандыгына өзінің кандидатурасын үсынуында үлкен саяси астар бар. «Шоқаны бар ел - шоктыгы биік ел», - дейді жазушы Ғ.Мүсірепов. Кейінгі казак әдебиетінің шаңырагын көтеріп, уыгын шаншысқан Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сэкен Сейфуллин, Сәбит Мүқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мүстафин т.б. акын-жазушылар шыгармалары көптеген тілге аударылды. Қазак елі - үлы жазушы, әдебиетші, когам қайраткері, гұлама галым, оз халқының өткен омірін энциклопедиялык дэрежеде суреттеп бере алган аса үлкен сөз зергері, сирек кездесетін талант Мүхтар Әуезовтің отаны. Жасы жиырмага жетпей-ак сөз онерінің інжу- маржанын танытқан шыгарма бере бастаган үлы жазушының тоталитарлық билік түсында аңду мен күдалаудан көзін аштырмай, мүмкіндігін шектеумен болды. Соган карамастан, Әуезовтің мол шыгармашылык мүрасы адамзаттың талай буын ұрпағының рухани дүниесін байытып, бага жетпес жан азыгы бола бермек. Луи Арагон «Абай жолы» роман-эпопеясына «20- гасырдагы ең үздік шыгармалардың бірі» деп баға берген. Өз халқының адал перзенті, үлы ақын, көрнекті мемлекет кайраткері Олжас Сулейменов замана ойшылы, әлемдік түлга ретінде танылды. Қазақтың бай музыка мәдениеті қалыптасқан. Әсіресе эн салу мен күй тарту өнері мыктап дамыган. Өнерлі эншілер таңды таңга ұрып, тыңдарманды сазды әуенімен, кестелі жырымен үйытып тастайды. XIX гасырдағы орыс саяхатшысы Г.Н.Потаниннің «күллі қазак даласы ән салып түргандай» деп жазганындай, адамдар энмен мал айдады, күдык қазды, кілем токыды, киіз басты, бүкіл өмірі әнмен өтті. Халкымыздың мактаныш етер асыл мүра, рухани жэдігерлігінің ішінде гасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір эн казынасы ерекше орын алады. Әр адамның аңсар-мүратын, қайғы-мұңы мен сагыныш 67
шерін, қуаныш-шаттығы мен сан алуан сезім күйін, жан әлемін өрнектеп жеткізетін дэстүрлі эн өнері - ұлттық музыка мәдениетінің алтын өзегі. Орыстың ұлы композиторы Сергей Рахманинов қазақтың халық эні «Япурайды» тыңдағанда жүзі бал-бұл жанып, элсін-элсін теңселіп кетіп: «Мен мынандай эн шығарган халықты көруім керек», - деген екен. Халық өмірінің эр кезеңдегі тіршілік тынысы, эр алуан жақсы тілек, ақындар айтысы, үйлену тойы мен өлім атқарудагы салтжоралар эн әуенімен, күй ырғагымен сүйемелденеді. Ауыл-ауылды аралап ән салып, күй тартатын өнерпаз сал-сері, жыршылар халық құрметіне бөленді. Ән мен күй бала тәрбиесінде, ойын-сауықта, қалың жиында кеңінен қолданылды. Озық дэстүр үлгісіндегі өткендегі эн мен күй, жыр өнерінің жалындап өткен таңгажайып дүлдүлдерінің бай мұрасы бар. Қазак өнерінің қүпия сырга толы табигаты, шығыстың бай колориті музыка зерттеушілерінің назарын ертеден-ақ өзіне аударған. Музыка халықтарды бір-бірімен жақындастырады дейміз. Музыка зерттеушілерінің пікірінше, казақтың дәстүрлі музыкасы - әзербайжан макамы мен алтайдың көмейден күмбірлете созатын қоңыр сазын да, үнді халқының рагу деп аталатын орындаушылық мәнерін де өз бойына жинаган саз өнерінің бай мектебі. Күй дегеніміз - қүрылымы жағынан ең бір күрделі аспаптық музыка жанры. Ол төкпе күй, шертпе күй болып бөлінеді. Күй - әлем халықтарының ішінде қазаққа ғана тэн өнер. Халқымызда дәулескер күйшілер аз болмаған. Сол өнерпаздардың бес мыңнан астам күйі бізге белгілі. «Ән - көңілдің ажары, күй - көңілдің базары» дейміз. Отыздан астам қазақтың музыкалы асгіабы үрлемелі (саз, қос, қамыс пен мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, үран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі жэне үш ішекті домбыра, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңгыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқ) секілді түрлерге бөлінеді. Аспаптық күй үнінен эр алуан көңіл күйі, бәйге, батырлар сайысы, қыран қүстың самгауына дейін музыка тілімен бейнеленеді. Қазақтың аты аңызга айналған дарынды күйші-композиторлары бар. Әсіресе Құрманғазы Сагырбайұлының халық тағдырын, оның кең байтақ дарқан даласын суреттейтін бай мазмүнды, даму динамикасы ерекше күйлері аспаптық музыканың дамуына елеулі эсер етті. Қазактың әрі бай, эрі сан қырлы үлттық мәдениетінде шежіресі адамзат тарихының ықылым заманынан бастау алган өзінің әсем ыргак, сұлулығымен бізге жеткен би өнерінің орны айрықша. Қазақтың би онерінің көнеден жеткен тарихы бар. Би өнерінде оқтай озып, топ жарган саңлақтар аз болмаған. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен болмысын бейнелейтін «Өрмек би», «Қоян би», «Аю биі», «Насыбайшы», «Сайыс», «Бастау», «Асатаяқ», «Ортеке», «Қаражорға», «Қазақ биі», «Тепеңкөк», «Аққу биі», «Бүркіт биі», «Асау үйрету», «Сырмақ биі», «Дауылпаз» билері, қазақтың өнер сүйгіштігін аша түсетін мерекелік жиынга арналған билер, қуақы эзілдер мен 68
жаркын күлкіге құрылған бил ер - ежелгі би мэдениетінің куэсіндей. Қырандай ағысымен, тұлпардай шабысымен ерекшеленетін халық өнерінен туындаған қазақ биі - талайды тамсындырған таңғажайып өнер, ұлттық кұндылық. «Қаражорға» - бойына халықтың рухын, мінезін жиған, дене тәрбиесін калыптастыратын кұдіретті би. Әралуан фестивальда қазақ жүртының даралығын ұлықтай түсетін халкымызға кайта оралған ежелгі «Қаражорға» биі шетелдіктерді тэнті еткені соншалық, залда отырған көрермендер бірі қалмай жастарымызға косылып билеп жүр дейді көзі көргендер. Буын биіне жататын «Қаражорғаның» денсаулыққа өте пайдалы екені айтылып жүр. Бишілер шымыр да сымбатты, жылдам да икемді болып ержетеді. Дүниеде үлттың өз бет-бейнесін, болмысын сактап аман алып шығатын күш - ол халыктың ғасырлар бойы калыптаскан өнері мен мэдениеті. Өкінішке орай, халық билерінің канондык формасы болмады, арнаулы мектебі де болмады. Түрлі әлеуметтік киын-қыстауда ежелгі би түрлері деградацияға үшырап, XIX ғасырдың аяғында халыктың мәдени өмірінде би аз орын алатын жағдайға үшырады. Би өнері туралы түсінігіміз таяздап, одан көз жазып қалу қаупі төнді. «Масқарампаз», «Каражорға», «Киіз басу», «Асатаяқ», «Бастау», «Жезтырнақ», «Бақсы ойыны», «Сайыс», «Қоштасу», «Қазғатар», «¥тыс биі», «Насыбайшы биі» т.б. ел арасына кеңінен тараған, кейін эр түрлі себеппен ұмыт болған билер. Сондықтан баланың биге икемі мен эуестігін сезген ата-ана, ұстаздар қауымы сэбидің сүйегі қатпай түрып өнерге баулуы, би мектебіне беруі кажет. «Қазақтың халык билері сахнада ғана орындалмай, төл би өнерін халык арасына кеңінен насихаттап, халыктың өзін билету керек» - деген пікірді қазақтың би өнері кенжелеп қалды деп алаңдаушылық білдірушілер айтып та жүр. Сонда ғана халықтың ежелден келе жатқан этнографиялық би мәдениетін қалпына келтіріп, күпиясын аша жетілдіріп, көкжиегін кеңейтіп, өзіндік өрнегі мен өзіндік келбетін көрсете алатынымыз анық. Қазақ - тіліп түсер ділмар4 сойып түсер сөзшең халық, шешендік өнері - халкымызға тэн, қанымызға сіңген касиет деген пікір калыптасқан. Ата-бабаларымыз «малға жарлы қылсаң да, сөзге жарлы кылма», «тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме» деп тілек еткен. Қазақ халқының қанына сіңген үлттық сипатының бастысы сөзді үлкен өнер дэрежесіне көтеріп, оның қадір-қасиетін эрдайым арттырып, сөзді үстартып, жетілдіріп, дамытып отыратындықтан, тәрбие, тэртіп, адамдық, парасатылық, эдет-ғүрыпқа қатысты моральдыкэтикалык нормаларын да сөз аркылы жүргізіп, келер ұрпаққа жеткізіп отырған. Осыған орай шетелдік зерттеушілер шешендік өнер бэсекелі ортада ойын жеткізу мен сөйлеу өнеріне ден қойған түстағы сұраныстан туған деп есептейді. Шығыс зерттеушілері олардың өз ана тілінде мүдірмей, кідірмей екпіндете сөйлеуін, ойын дэл, айқын үғындырып, эр 69
сөзін арнайы ырғақпен, үйқаспен қиыстырып айтатынын арнайы атап өткен. Өткендегі атақты билеріміз емін-еркін көсіліп сөйлеп кеткенде дұрыс жолдан ауытқыған тентектерді тезге сала білген, қиын-қыстау кездерде адасқанға тоқтау айтып, сасқанды сабасына түсірген, ерегескен ер мен жауласқан екі ру-тайпаның дауын екі ауыз сөзбен шеше білген деседі. Шаршы топтың алдындағы сөз сайысында тапқырлық, шешендік танытқан, тілінен бал тамған дана билеріміздің арғы-бергі өмірден түйген ой-арманға толы, өнегелі сөздері тыңдаушысын бейжай қалдырған емес. Орыс түркологі С.Е.Малов былай дейді: «Қазақ - өзінің бейнелілігі мен суреттілігі жағынан бөлекшеленіп тұратын көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық». Татар ақыны Хасан Туфан: «Сырлы тіл, жырлы тіл, нүрлы тіл - қазақ тілін ғасырлар бойында қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет», - деген - ді. Қазақ - ежелден-ақ ел билеген көсемдері, сөз саптаған шешендері, қол бастаған батырлары, жүрты сүйіп тыңдаған ақындары болған халық. ¥лы даланың данагөй қарттары айтқан шешендік сөздер, мақалмэтелдер, жыр- толғаулардың ешқандай халықтың рухани мүрасынан кем еместігі анық. Дәстүрлі қазақ мэдениеті, қазақ өнері дегенде алдымен тамырын тереңнен алатын, халқымыздың есте жоқ ескі заманынан сүрлеу тартқан ақындар айтысы еске түседі. Айтыс деген үғымға сондай-ақ ой даралығы, қиял ұшқырлығы, зерде тұтқырлығы, сөз өткірлігі, көңіл көсемдігі, сезім әсемдігі, сана сүңғылалығы, жүрек жылуы, жан қуаты секілді адам бойындағы асыл қасиеттердің көрінісін жатқызамыз. Қазақ - ақын халық, айтыскер халық. Ақындық импровизация, суырып салмалық оның қанына сіңген. Қалың жұртшылык алдында өткір, бейнелі тілмен табанда тауып айтатын айтыс өнері дамыған. Айтыска қатысушы ақын ғана емес, ол сондай-ақ энші, жыршы, домбырашы, зор білімді психолог, актер, шежіреші де болу керек деп жүрміз. Ақындар айтысы - тапқырлық мектебі, ақындық мектебі. Бағалаушы, төреші жиналған халық шындық пен эділдікке жығылады. Айтысқа қатысушы сөзге тоқтай білген. Айтыс - тыңдаушысының жан дүниесін билеп алатындыктан, тэрбие мектебіне айналған-ды. Ақындар бірінбірі келелі сөзге, ойға жетелеп, озімшіл, дарашыл, күншіл, шамшыл, өркөкірек, қыңыр, күдікшіл, жағымпаз, екіжүзді, өтірікшіні сынап, жалқаулық, маскүнемдік, нашақорлық, үрлық пен басбүзарлық секілді адам бойында кездесетін кеселден, көлеңкелі жақтан жастарды сақтандырады. Қазақ- қалжыңшыл халық. Адамдардың бір-бірімен сыйластығы жарасымды да әдемі эзіл-қалжыңмен ұштасып жатқандай. «Біздің қанымызға қалжың сіңген. Екі ауыз сөзін эзілге орап айта алмайтын казақ жоқ», - деген еді «Тамашаның» тарланы марқүм Құдайберген 70
Сұлтанбаев. Көркем тілдің не бір тартымдысын байқататын әзілқалжыңның өзі-тұнып тұрған шешендік өнері. Әзілдің түр-түрі бар. Жеңгесімен, қайнысымен, балдызымен, қүда-қүдағимен, қүдашамен қалжың, кұрдастар қалжыңы, қыз бен жігіт қалжыңы. «Әзілің жарасса, атаңмен де қалжыңдас» дейді казақ. Дастаркан басында эзілқалжыңмен күліп-ойнап отыру - үлттық мінезімізге ежелден тэн нәрсе. Әркім айтылған калжыңға шешен де үтымды жауап беруге тырысады «Әзілде кек жоқ», «Әзіл сүйгенді әркім сүйеді», «Аузында эзілі жоқтың қолында колшоқпары жүреді» дейді халқымыз. Тапқырлықты, ой жүйріктігін, байыпты юморға икемділікті танытатын эзіл - қалжыңы барға адамдар үйір. Адамдар етене сырлас боп, көңіл қошты селт еткізер эзіл-қалжыңын айтып, шынайы бейілімен күліп жүрсе, жақсылық, адамгершілік атаулы үстемдік құрмақ деп түсінген ата-бабаларымыз. Қазақтың ежелден келе жатқан игі дәстүрдің бірі - бата беру. «Ат берсеңіз арып қалар, тон берсеңіз тозып қалар», «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді» деп, атақты да беделді игі жақсылардың, киелінің, аузы дуалының, көп жасағанның, қария ақсақалдардың, жолы үлкеннің, қүдайы қонақтың, қажының батасын алатын. «Айналайын, дарын бол, не болмаса ғалым бол, халқың үшін қызмет қыл, тамам жүртқа мэлім бол» деп, батаның мазмүнына тәрбиелік мэн беріп, ақниет қосып салтанатпен айтады. «Алаштың басы біріге түссін. Бойжеткендеріміз салмакты болсын, ержеткендеріміз жан-жақты болсын, дастарханымыз қонақты болсын, табыстарымыз қомақты болсын!», деген секілді тоқшылық, ынтымақ, бірлік, құтбереке, жақсылық, амандық, тыныштык тілеген батаны бейнелейтін көркем де нақышты сөздердің жағдайға, уақытқа байланысты сан түрлі нұсқасы айтыла береді. Қазақ - шежірелі ел. Әр азамат өз үлтының қадір-қасиетін ардақ түту үшін ең алдымен өзінің кім екенін, өз ел-жүртына, туған ортасына ата-бабасының косқан үлесін, атқарған істерін, көрсеткен ерлігін өнеге қып үрпактан үрпаққа жеткізген. «Жеті атасын білмеген - жетесіздік», «Жеті атасын білген ер жеті жүрттың қамын жер» дейді халық даналығы. Туысқандық қарым - қатынасқа зор мэн беріп, ауызбіршілікті сақтау дәстүрі қазақтың қанына сіңген. Қарға тамырлы қазақ дегендей, жеті атасын білу арқасында сүрай келе біреуі - өз ағайыны, қалғандары не қайын жүрты, не нағашы жүрты, не жиені, не қүда-қүдағиы, жекжатжұрағаты боп, бір-біріне қошемет білдіреді. Шежіре бойынша, қазақтар өздерін үш үлдың: ¥лы жүз - Ақарыстың, Орта жүз - Жанарыстың, Кіші жүз - Бекарыстың үрпағымыз деп санайды. Қазақтар ру, тайпаға бөлінеді. Күнделікті түрмыстіршілікте, көшіп-қонғанда, той-томалақта, жарыс үйымдастырғанда, қүн төлегенде, өлген адамды жерлегенде - бәрінде де рулық қарымқатынасқа сүйеніп, көмек көрсетіледі. Туыстас, рулас адам зэру болған кезде, эр түрлі кездейсоқ жағдайдан зардап шеге қалса, ауылдаста71
ры «жылу», «емеурін», «уме» деп аталатын көмегін көрсетеді. Қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің, туыстық ынтымақтастығының әдемі көрінісі - асар деп аталады. Асар қауырт жұмыста, көлемді де ауыр жүмыс шыққанда ауыл адамдарының ат салысуымен өткізіледі. Мұндағы ескеретін жағдай қазіргі уақытта ара-тұра айтылып қалатын ру мен ел арасында алауыздык тудыратын рушылдықты ажырата алмау секілді біліксіздіктің қоғам үшін қатерлі дерт екені анық. Дана бабаларымыз казақ қоғамындағы рулық қарым-қатынастың халықты үйыстырушы, бірлікке бастар жол екенін қадап айтқан. Біртүтас қазақ халқының генофондын аман-есен саф күйінде бүгінгі күнге жеткізген оның рулық күрылымы екені анық. Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағы айырықша болған. Өз заманының атақты билері Әз Жәнібек ханның «эдет-ғүрыптарын», Қасым ханның «Қасқа жолын», Тәуекел ханның «Тура жолын», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысын» қалыптастырып, қазақтың тәуелсіз ел болып отыруына заңдық негіз қалады. Билер соты сол заңның эділ орындалуының кепілі болды. Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің «Қазақтың билер соты - бірегей сот жүйесі» деген кітабында: «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып, кесімді, бітімді, тапқыр да өнегелі сөздерімен мәнді де мағыналы жүмыс атқарып, рулар арасындағы бітімгершілікке жэне бірлікке қол жеткізуге тырысатын. Билер сотының осы асқақ мүраттарының талабына жауап беру үшін, би болып үкім айту үшін қалыптасқан салтдәстүрді жетік білуі тиіс. Сондыктан да халық «Елге бай құт емес, би кұт», «Қабырғадан қар жауса - атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе - кабырғалы биге күш», «Хан біткеннің қазығы-бұқара жүрттың азығы» деп биді ерекше кұрметтеген. Оның айтқанын заң деп білген («Ана тілі», 23.07.2009). Ел-жүрт дау-дамай туа калса, қара қылды қак жарған шешен де эділ билерге жүгінетін болған. Билер соты қазақ елінде би рөлінің аса жоғары болғанын көрсетеді. Руаралық жанжалда, барымта болғанда билер өз билігін жүргізіп, шешім шығарған. Билер шешімі казақ елі үшін хүқықтық заң есебінде саналған. Хан-сұлтан мен елдің игі жаксылары атақты билердің ақылкеңесін тыңдап отыратын. Кейін келе руаралык дау-дамайды реттеуде де батырлардың орнын билер иемденді. Бүкіл қоғам болып қылмысқа тосқауыл қоямыз десек, сот жүйесін жақсартудың бірден-бір айқын жолы билер сотын қайта жаңғыртуымыз керек деген мэселе қазіргі таңда алға тартыла бастағандай. Қазіргі кезде жер-жерде үйымдаса бастаған ақсақалдар алқасының да халыкты бірлікке, өзара жәрдемге жүмылдырып, қылмысқа жол бермеуде аткарар қызметі өзінің оң нэтижесін бермек. Тентек пен телілерді, ожар мен олақтарды ақсақалдардың ортаға алып, тезге салуы бүрындары озінің оң нәтижесін беріп отырған. Сот саласында 72
да билер сотына ұксас өзгеріс енгізсе, эділеттіктің негізі қаланар еді. Ресейдегі сот жүйесінде қолданылып жүрген «суд присяжныхтың» жүмысы өзінің оң нәтижесін беріп жүр. Қазақ халқының ең тамаша қасиетінің бірі - балажандығы. Халқымыз кызын қылықты, ұлын білікті қылып өсіре білген. Жанына да, қанына да ұлттық сананы сіңіре білген. Халықтық педагогика деп жүргеніміз - осындай халық ілімі, оны сабақпен үштастыра, жымдастыра білу. ¥рпақсыз келешек жоқ екенін түсінген бабаларымыз үрпақ жалғастығына зор жауапкершілікпен қараған. Бар игілікті ұрпагына арнап, бала десе байыз тауып отыра алмаған. ¥рпак тэрбиелеудегі көне салт-дәстүр мен әдет-ғүрыптан қазақ халкының кемел даналығын, зерек зердесі мен имандылық көзкарасын аңғарамыз. Тәрбиенің негізі - отбасында. Әке-шеше үлгісімен бала-шағаның өмір тоны пішілмек. ¥лағатты үл, қылықты қыз өсірсем деп, әр атаана үлы ер жетіп, қызы бой жетіп, өз алдына үй-жай болғанша көзінен де, көңлінен де таса етпеген. ¥лым ұяға, қызым кияға қонса екен деп армандаған. Байлықтың, бақыттың ең мәртебелі белгісін үрпағының, әсіресе ұлдарының көптігімен есептеген. Оның себебі баска да түркі үлыстары секілді елін, жерін сырткы жаудан қоргау үшін ерте заманғы ер-азаматтар елдің шетінде, жаудың бетінде боп, көп өмірін жаугершілікпен өткізген. Ел басына күн туған шақта казақтың арыстан кеуде жігіттері, апайтөс үлдары, еңсегей бойлы ерлері қара қазан, сары бала қамын ойлап, қара орманы - елін, ата-жүртын қорғап, айбынды атқа ие болған. Кенже ұл баланы ата-ананың сүт кенжесі, әкешешенің көзі, үлкен шаңырақ иесі деп мэртебесін өсіріп, бар сенімін артқан. Кенже үл ата-анасын, қарттарын бағып-қағып, аялап жетімдік көрсетпеген. Қазақ өз халқының гүлі, отбасының берекесі қыз баласын да болашак ана, өмір тұткасы деп, қырмызы гүлдей қүлпыртып, алақанына салып еркелете білген. Қыз - өріс, қыз - қонақ. Қыздың орны - төр, жолы үлкен. Ана бар жерде өмір бар. Түла бойы ардан жаралған арулар, - деп, кызды аялап мәпелеген, оган қатты сөз айтпаған, қатты қайырымға қызды көп жүмсамаған. Өнегелі де инабатты, нәзік те жан дүниесі мөп-мөлдір қыз өсірген ана бүкіл ауыл-аймақ құрметіне бөленген. Ер-азаматты сыйлау шаңырақтың шайқалмауы үшін, отбасының береке-бірлігін сақтау үшін қажет дегенді кейуана аналар келіндерінің күлағына құйып отырды. Қазақ әйелінің жақынын сыйлаудағы ізеттілігі мен көргенділігі, кішіпейілдігі мен кұрмет білдіруі ат тергеу ырымынан байқалады. Әйел адам ерінің туыстарын еш уақытта атымен атамаган. Әйел болса, ақ әже, шырайлым, сырғалым, шашбаулым, күлімкөзім, еркем, еркежан, айдарлым, кекілдім, үкілім, эппағым, сүлу бикеш деп, ер адамды тетелес, тентегім, би аға, мырза қайнаға, мырза жігіт, төрем, бегім, сері жігіт, ортаншы, сал жігіт, молда аға, ақ жігіт, жақсы аға, кербез жігіт, энші аға, сүлу жігіт, аңшы жігіт, үста кайнаға, арбашы ата, аты теріс деп барша ағайын-туысын риза қылатын. Адамның сырт 73
түріне, мінезіне, жасына, кәсібіне қарап, кейде жарасымды әзілмен, тапқырлықпен жанама ат қою, үлкен алдында иіліп сөйлеу, кіші алдында сызылып сөйлеу секілді ізеттіліктен туындаған. Қыз бала әке-шешесінің қолында еркін өсті. Эйел баласы пэрэнжі жамылмады. Олардың пікірімен санасты. Алайда эйелдер қазақы қалыпты, үлттық салтты сақтап, үлкеннің алдынан кесе өтпейді, шашын, алқымын көрсетпей жаулық тартады, жалаң балтыр, жалаңаяқ жүрмейді. Омырауын жартылай жалаңаштап, ашық-шашық жүрмеуі қатаң талап етіледі. Бүл - мәдениет пен кішіліктің, тэртіп пен адамгершілік белгісі. Қызға мың сан үйден сын, 40 үйден тыйым дейді. Олар ханым деген қүрметті атқа лайық болу керек. Алайда кеш қарай күндізгі шаруаны аяқтап, абыр-сабыр басылғасын ауыл өз тірлігіне көшеді. Әңгіме-дүкен қүрады, ойын үйымдастырады. Ауылдың қыз-жігіттері алтыбақан қүрып, онда эн салып, түрлі ойын үйымдастырып, эзіл-қалжың жарыстырып, ойын-сауық жасап көңіл көтереді. Алтыбақанның жастардың өнерін үштап, ой-өрісі мен танымын арттыруда елеулі маңызы бары анық. Үйлену тойы, баланың туылуы, қайтыс болғанды жерлеу секілді той-томалақ, эр алуан жиынды өткізудің толып жатқан ырым-сырымы бар. Өсер ұрпақтың саулығын ойлаған дана бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алысып, беріспеуді міндеттепті. Жеті атаға толғанға дейін қан араластырмау ғүрпы - халықтың нәсіл тазалығы мен генетикалық тұқымдық жетілуі үшін де қажет тәрбиелік мэні зор озық дэстүр. Ертеде ел ақсақалы мен игі жақсылары мерзімді уақытты межелеп, екі рудың басы қосылған үлкен жиында жеті атаға толған кезді ескертіп, қыз алысуға рүқсатын беріп, боз биені құрбандыққа шалып, той-томалағын өткізіп, алғашқы үйлену тойында отау тіккен екі жақтың жастарына батасын беріп тарқасатын. Жеті ата ғүрпы - ағайын адамдардың сыйластығы мен ынтымағын, ар-үяты мен адамгершілігін сақтаудың кепілі саналып, аталастардың түқым бүзушылыққа барып, ерлі- зайыпты болуы қатаң жазаланды. Әр буынның бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрежат, жегжат, жұрағат деген өзіндік аты болды. Құдалықты батаяқ дэстүрінен бастайды. Жігіт әкесі қалыңдық үйіне келіп, үкі тағып, аксақалдарының ак батасын алып қайтады. Құдалар кеткесін қыз әкесі өлі мен тірілердің кұрметіне қүдайы мал атап сойып, қонақ шақырып, бір мүшесін қалдырмай асып таратады. Қүда түсуден кейін ақ некеге отырудың үзақ жөн-жоралғысы басталады. «Ат өлсе де, кэде өлмейді», «қалыңсыз кыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген накылды есте түтқан күйеу жігіт қалыңдығына келгенде жол-жораны ескеріп, сан түрлі сый-кэделерін қайын жүртына ұсынады. Қыз анасына «сүтакы» аталатын сый береді. Қалған туыстарына күдаша көрімдік, жеңгетай, шатыр байғазы, сәукеле байғазысы, отау жабар, ентікпе, есік ашу, қыз аттанар, қыз қашар, кемпір өлді, атбайларын үсынады. Қарғыбау - қыз әкесіне беретін сыйы. Сондай-ақ үрын тойда берілетін ырым-сырым, кәделер де көп - ақ. 74
Үйлену тойында қыздар, жігіттер жағы екі топқа бөлініп жар-жар энін айтады. Бұл - кыз ұзатылып үйінен аттанарда айтылатын дәстүрлі айтыс түрі. Әнді жігіттер тобы көңілді де жігерлі үнмен екпіндете, үдете әндетіп, өскен үясын қалдырып, келін боп түсетін кызға күйеуінің елжүрты, ата-енесі туған ата-анасымен бірдей жақыны болатынын айтып, жар сүюдің, нәресте қүшудың болашак кызығы мен қуанышын айтып, қызды жүбатады, теріс қылықтан сақтандырады, игі тілек, ақыл - кеңес береді. Қыздар тобының жауап энінде нэзік этиканы сақтап, жүмсақ үнмен жігіттердің сөзіне қарсы уэж айтады, ата- ананы, құрбыкүрдасты, туған үй, өскен ауылды кимайтынын айтып, мүң шағып қоштасады. Жар-жардың жаңадан үй-жай болған жастар үшін тәрбиелік мэні зор. Оның мазмүнын өзгерту - жарасымдылық емес. Жетілдіреміз деп мэн - мағынасын танымастай өзгертіп жіберген әдет-ғүрыпта не қасиет қалады. Халықтық этикаға негізделген ата салтымыздың ешбірі де ескірмейтін, өмірден алынған ақиқат, толымды дүниелер. Беташар - келін түсірген ауылдың энші, жыршы эрі ақындық өнері бар жігіттің келіннің көрік-келбетін мақтап эрі өсиет-өнеге айту түрінде салтанатпен айтатын дэстүрлі жыры. Жаңа түскен келінге жер қадірін, ағайын- туған қадірін, ер кадірін түсіндіріп, қайын жұртының аманатын қадірлетіп, бағалы кеңес пен өсиет беретін тәрбиелік, тағылымдык түстары ескерілетін «беташар» мен «жар-жар» жырларының мәнмағынасын төмендетпей, үлттық бояуын қанықтыра түсуге көңіл бөлгеніміз жөн. Неке оқылып, неке суы ішілген, «ақ неке түні» аталатын сәтте қалыңдықтың пэктігі тексеріледі. Егер қыз абыройлы болса, жеңгелері екі жак ата-анаға қуанышты хабар жеткізеді. Келін түсіру - ата-ананың ғана емес, бүкіл ауыл қуанышы. Ағайын-туғанның көңілін көтеретін сыпайы сөздермен, аса дэлдікпен ықшам, түжырымды айтылған келіннің беташары жас шаңырақтың босағасының берік болуына дәнекер іспетті. Жас келін түскеннен кейін ауыл адамдары оны отқа (қонаққа) шақырады. Бүл - ағайын-туғанмен араласуға жол ашатын ырым. Босаға аттап, келін боп түскесін инабаттылық, көргенділік, әдеп-иба талап етіледі. Келін үлкеннің алдын кесе өтпейді. Ерінің жасы үлкен туыстарын кездестіргенде оң қолының саусақтарын жазып, алақанымен оң жақ тізесін басып, кеудесін иіп, сэлем жасап амандасады. Үлкендер «көп жаса, өркенің өссін, бақытты бол» деп, келінге алғыс айтады. Үлкендерге сэлем жасау - күйеуі тірі әйелдерге міндет. Қазақта пайғамбар да күйеуін сыйлаған деген сөз бар. Күйеуді туған үлынан кем көрмей, бар дэмдісін аузына тосып, асты-үстіне түсіп, қүдайындай сыйлайды. «Жезденің жақсылығы экедей-ақ» деп, аспанкөк қылатын бар. Қазақта ажырасу болмаған. Қыз алып қашу, қазақпен бірге жасап келе жатқан ескі дәстүр болғанмен, өте сирек кездеседі. Әмеңгершілік ғүрпы бойынша жесір қалған әйел ерінің туыстарының біріне көбінесе өз қалауымен тұрмысқа шығады. Жесір еркектің қайтыс болған эйелінің кұда түспеген сіңлісіне үйленуі қүпталатын. 75
Қазақ өлімді атқаруға үлкен мэн береді. «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген нақыл сөз осыны аңғартқандай. Өлі адамды жуып, кебінге, оның сыртынан кілемге орайды. Жоқтау, жылау айтылады. Марқұмның тіршілікте жасаған жақсылығын, бұл дүниеде ойсырап қалған орнын келістіре, жиналғандарды тебіренте жоқтау айтып жылауды өлімге жасаған үлкен сауап санайды. Жесір эйел жыл бойы кара жамылғы байланады. Қайтыс болған адамның жылын (ас беру) өткізу - қазақтың ежелден келе жатқан үлттық дәстүрі. Ел-жүрты қүрмет түтқан дәулетті, атақты адамдарға берілетін асқа киіз үйлер тігіліп, сауын айтылып, энші-жыршылар, ақындар, батырлар, балуандар, көкпаршылар, мергендер шакырылады, үлттық спорт ойыны, ат жарысы өткізіледі. Қазақтар - мүсылман-суниттер. Қазак елінде болған кезінде марқұм Тұрғыт Өзал «Бір заманда Кіндік Азиядан келген мүсылмандар үлкен ғүлама Ахмед Иасауидің өзі бас болып бізге ислам дінін жайған еді» деген еді. Н.Назарбаевтың «Біз - тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпай, қасиетті кітап-кұран кэрімді насихаттауды үмытпауымыз керек» деп айтқанындай, мүсылман дінінің түркі тектілер үшін өте маңызды екенін, ұлтты қалыптастыратын, оның бірлігін, ынтымағын қамтамасыз ететін рухани, әлеуметтік күштің бірі екені анық. Бүгіндері Түркістан қаласындағы ғимарат бүкіл түркілердің діни орталыгының біріне айналып отыр. Ислам діни мекемелері қалпына келтірілуде. Ораза айты, қүрбан айты күндері де адамдар арадағы араздықты ұмытып, бір-бірін қүттықтайды, игі тілектер айтады, достық пен сыйластықтың тамырын тереңдетеді. Ораза айында жарапазан айтылады. Ол - кеш қарая ауыз ашар кезінде үй-үйді аралап, ислам діні парызын бұлжытпай орындауга үндейтін түрмыс - салт жыры. Халықтың ең сүйікті мерекесі - Наурыз мейрамы. Наурыз - күннің түнді еңсеруіне арналған салтанат, жаңарып түлей бастаган табиғат мерекесі. ¥лыстың үлы күні аталатын бұл мерекеде жүрт таза киініп, үй-үйді аралап, 7 түрлі дәмнен, көкөніс пен жемісті қосып пісірген наурыз - көже ішіп, өкпе-араздықты үмытып, сағынышты көрісу мен ыстық қүшақ кауышу үстінде бірін-бірі Наурыз мейрамымен қүттықтайды. Ертеректе шаман дінінің із-сорабы мол болған екен. Атап айтқанда, баксы - ертедегі діни ырым-жораны орындайтын емші, сәуегей, эрі күйші, жыршы. Ол қобыздың сүйемелдеуімен науқасты емдейтін. Сондай - ақ қазақта отқа, көк тэңіріне, ата-баба эруағына сыйыну ғүрпы сакталған. Отты басуға, отқа түкіруге болмайды. Жас келін келген үйінің ошағындағы отка май қүяды. Қазақ өз үрпағын қоршаған ортаға, тірі табиғатқа, жануарлар дүниесіне жанашырлықпен, сүйіспендікпен карауға баулиды. Жеті қазынаның бірі итті асыра бағалап дәріптейді. Итті иесімен қина деп, итті ату, өлтіру, жаралау, қинау ауыр күнэ саналады. Мүндай мысалды көптеп келтірер едік. «Иттің иесі болса, бөрінің тэңірісі бар» деген нақыл тірі табиғатты қастерлеуді меңзейді. Қазактың тойы эн-жыр, күмбірлеген күй, әзіл-оспақ, ақындар ай76
тысы, бэйге араласқан кызу думанмен өтеді. Той мерекелерде атшабыс, көкпар, күрес, қыз қуу, орамал тастамақ, кашпа доп, ақсүйек, тоғызкұмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындар өткізіп, шын мәніндегі өнер жарысына айналады. Қазақ - аса күрескер халық. Аламан мерекеде көзге түскен, жауырыны жер иіскемеген балуандар даңқы шартарапқа тарап, аты аңызқа айналған. Әр отбасы үл туылса, одан балуандық дәметкен. Тынымсыз жаттығуға негізделген күрес өнері үлт тынысына айналған. Эр ауыл, эр ру өз ақынымен, шешенімен, әнші-жыршысымен қатар өз балуандарын да мақтан тұтқан. Олар - эр ауылдың қадірлі қонағы. Өлімді өліммен көбейтпеуді мақсат еткен дана бабаларымыз канды кек алуды ерте кезден - ақ қүн төлеумен ауыстырған. Әлеуметтік, тэрбиелік маңызы зор жазаның тағы бірі - істеген қылмысының түріне қарай салынатын айып. Ауыр қылмыс жасағандар кейде тоғыз (мал) төлейтін. Жазаныңтағы бір түрі кешірім сұраумен байланысты. Қазақта «алдыңа келсе, атаңның қүнын кеш» деген сөз бар. Ауыр кінэлі адам жанына беделді біреуді ертіп барып, тиісті кісінің аяғына жығылып, кешірім өтінеді. Қазақ халқының күнкөрісі мен қам-қарекетіне, түрмыс-тіршілігіне карай ерте кезден салтына сіңген эдетінің, төл дәстүр өрнегінің байыпты қарауды қажет етер өзіндік үрдістері бары анық. Көп нэрсенің тетігін шешетін - тэрбие. 70 жыл бойы назардан калтарыс қалған казақылыққа тәрбиелеуге жол ашылғандай. Көп ғасыр бодандықтың ауыр азабын тарткан халкымыздың уақыт, заман тасасында қалып қойған тамаша салт-сана, эдет-ғүрпының жөн-жобасымен, инабатты кылык-кұлқымен, сыпайы эдебімен өсер ұрпақты жітірек таныстырып, олардың бойына дарыту үлт идеологиясының дүрыс шешімін табуында айырықша маңызы бар. Ата-бабамыз мүра етіп қалдырған үйлесімді де әдемі халықтык қалпын, дархан үлттық мінезін жаңғыртып, көздің қарашығындай сақтау - өз халқының амандығын ойлап, оның мүңмүқтажын өтеуді мақсат түтқан мемлекеттің касиетті парызы. Қазақ туыстық қатысты қастерлеп, оған зор мэн береді. Нағашы, жиен болып сыйласу - осының бір айгағындай. Ана жағынан туысты жиен, жиеншар, дегеншар, көгеншар, жүрежат деп 5 - 6 атасына дейін үмытпайды. Жігіттің үш жүрты ішінде нағашы жүрты жақсылығына сүйінеді, жамандығына күйінеді деген эңгіме бар. «Жиен мыңнан үлкен», «Балалығың ұстаса нағашыңа бар», «Адамның жақсы қасиеті нағашыдан туады», «Нағашымен күрескен жиен жығылады» деп, жаны қалмай сыйлайды. Нағашы жігіт өз жиеніне үйленбейді. Өкінішке орай, жиен жігіттің нағашы қызға үйленетін кезі сирек те болса кездесетін. «Жиен алған молықпас, нағашы алған торықпас» деген мақал осыны аңғартса керек. Қазақ - досгыққа берік халық. Достық - коңілдің гүлі, кэусар бүлағы, өмірдің мэні деп түсінген қазақ ежелден-ақ адамға шынайы 77
сезім шуағын, көңіл қуатын жеткізетін шынайы сыйластық пен азаматтықты дэріптеп, қадірлеген, күре тамырының қанын орамалға ағызып дос болған. Шынайы достықтың тағы бір айқын көрінісі - тамыр деп аталатын көнеден жеткен гұрып. Қылышын жалаңаштап, көкірегіне ұстап, канжар не қылыш сүйіп, үш рет төстесе кұшақтасып, тамыр болады. Тамырдыңқалағанын беру-айнымас парыз. Қалайтыны көбінесе жүйрік ат, жүйрік тазы, қыран бүркіт, бағалы заттар. Тамыр болу ғұрпы кейін келе үлтаралық татулықтың дәнекеріне айналды. Ертеректе өзбек пен үйғырдан, тіпті діні бөлек орыс, неміс т.б. халық өкілінен тамыры жоқ қазақ сирек кездесетін. Ұрпағымызға үлағат болар қазақы қалпымыздың, эдемі ғүрпымыздың бірі-мейманқостық. Қазақ тэтті-дэмдісін қонағына сақтайды. Келген конақты қадірлеп, сый-қүрмет, қошемет көрсету, кішілік, кісілік таныту сүтпен бітіп, сүйегіне сіңген эр қазақ қүдайы конағына бола қой соятын. Қүдайы қонақ деп басқа ауылдан жолаушылап жүріп келген, ат басын тірей қалған тосын да бөгде кісіні айтамыз. Ал алыстан іздеп келген жақын туыс, нағашы, жиен, қүда, күйеу, қайын сияқты жекжаты, дос-жары болып келген арнайы конақтың сыйы тіпті өзгеше. «Көрші хақысы - тэңір хақысы» дейді. Көршісін т.б. қонаққа шақырудың бір түрі - ерулік. Бұл - ежелден келе жатқан ұлттық әдет. Ертеректе жайлауға бүрын көшіп келгендер кейінгілерді ерулікке шақырып, қонақ ететін. Кейін келгендер оларды қарулыққа шақырады. Еруліктің жалғасы берекеге үласады. Ерулік пен қарулық ынтымақ пен береке-бірлікке, ата дәстүрін қүрметтеп, имандылық пен ізгілікке үйретудің айнымас жолы іспеттес. Қысқа қарай согым сойылып, көршіқолаңды қонакка шақырады. Басқа жаққа кошетін отбасы аман-сау қосылуды ниет етіп, сыйлас болган көрші-қолаңы мен агайындарын қонаққа шақырып, оны айрылысар коже деп атайды. Айттык - топ күрып, ауыл кыдырып қонақтап қайтатын гүрып. Қонақжайлылык пен кеңпейілдікті танытатын дэстүр бойынша, үйге кірген адамға дэм ауыз тигізбей жібермейді. «Қонакка тамағыңнан бүрын қабағыңды бер», «Қонақ келсе - күт», «Қонагыңды қүрметте - атың елге жайылады», - дейді халық нақылы. Швецияның үлкен бір ғалымы Моңголия, Қытай, Иран, Түркия, Орта Азия халықтарының тұрмыс-тіршілігімен танысып, қазақтардың өзін, салт-дәстүрін, омірлік үстанымын сақтаудагы пәрменділігін дастарханның кұдіретінен көргенін, дастархан басы тентекті тезге салатын, үрпакка үлгі боларлык бата берілетін, тіл өнеріне баулитын, ымыра-жоралғы берілетін орын екенін айтып таңгалганы жайында батыс галымдары да тебірене соз қозгайды («Алматы ақшамы», 29.05.2010). Кең тараган кызықты қонак күтудің бір түрі - кұдалық шақыру. Алдымен қүдаларын келін түсірген жак шақырып, барын аямай, есте каларлықтай етіп күтуге тырысып, төселіп тосек, жайылып жастык болып дегендей сый-күрмет көрсетеді. 78
Қазақ думаншыл, сауықшыл халык болғандықтан той жиі болады. «Той десе, қу бас домалайды», - деп айтатын қазақ үшін той - ізгілік пен жаксылықты, озык дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастыратын, игі қадам. Алыс сапарға кеткен туысының аман-есен оралуын тілеп, жакындарын кұдайы шайға конаққа шақыру дәстүрін токымкағар дейді. Онда ән шырқалып, өлең - жыр айтылып, күй шертіліп дегендей, қонақтар дем алып қайтады. Бастаңғы - ауылда оңаша калған қыз-келіншектердің жас жігіттер мен бозбалаларды конакка шақырып, ойын-сауық күрып, әзіл-оспақ айтып, эн салып, күй тартып өнер көрсететін эрі демалатын ғүрпы. Сондай-ак түсау кесер, шілдехана, жол ашар, күдайы шай, шек беру, сүндет, бесік тойлары, кырқынан шығару секілді казақы тірліктегі қонақ күтудің толып жаткан жол-жобасы, үлкенді-кішілі отырысы бар. Аса бір ілтипатпен, ерекше талап түрғысындағы қүрметпен бірін- бірі дэмге шақырысып, сыйласатын елдің іші - тұнып түрған мейірбанды қазақы әдет. Қазак ғүрпында қонакты ерекше күрметтеп дэрежелеуді танытатын табакпен ет тартудың түр-түрі бар. Бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяк табақ, күйеу табақ, қүдағи табақ, келін табақ, қыз табағы деген аты мен мэніне карай еттің эртүрлі мүшесі табакка салынады. Қонақ күте білген қазақ, қонақ бола да білген. Сыпайы, сыйлы қонак оз қадірін сақтауға тырысады. Дастарқанға әуелі нан қойылады. Ең алдымен наннан ауыз тиеді. ойткені нан - дэм басы. Ас ішуді үй иесі бастап, үй иесі аяқтайды. Қазак-табиғатында еліктегіш, барша игілікке үмтылған халық. Сондай-ақ олар кашанда канағатшыл, қоңыр төбел өмір сүруге бейім тұрады. Төзімділіктің қазаққа тэн үлгісі шетелдіктердің кызығушылығын тудыруда. Қазак эдетте, жолға шыққанда азық алмайды. Жолшыбай бірінші түскен үйі оны танысын-танымасын қонак етіп, ас-сумен сыйлауға міндетті. Қазақтың бір-бірінде болінбейтін еншісі бар деседі ғой. Сол дэстүрін ол басқа үлт өкілдеріне де жатыркамай істейді. КСРО кезінде бүтіндей 14 үлттың өкілі қуғын-сүргінге ұшырап, казақ еліне зорлықпен жер аударылғаны баршаға аян. Кеңес өкіметінің қаһарына үшырап, арып-ашып келген халықтарға қазақ халкы аяушылык сезіммен карап, үлкен жанашырлық танытты. Сол қамқорлықтың нэтижесінде жер аударылғандар тезірек аяғынан тік түрып кетті. Ал енді Қазақстанда біржолата қалған, оны өзінің екінші Отанына айналдырғандар ең алдымен ауыр жағдайда қолүшын берген қазақ халқының бауырмал, меймандос көңіліне, ақ пейіліне риза. Қазақстандағы жүзден астам үлт пен үлыс арасынан барлық дерлік туыс түркі тектес үлттар өкілін кездестіреміз. 1959 жылдан бергі отыз жылда ең көп өсім бергенде солар. Осы аралықта қазақстандықтүріктер 5 есе, үйқыр 3,3 есе, эзербайжан 2,5 есе, озбек 2,4 есе, казак 2,3 есе, татар 1,8 есе көбейген. Демократиялық елдерде ұлтаралық қатынасқа, этникалық мүддеге аса сақтыкпен, сабырлыкпен карамақ. Жүздеген 79
ұлт пен ұлыстың рухани жэне мэдени қайта түлеуі, тұрақтылықты, азаматтық татулық пен үлтаралық келісімді нығайту мақсатымен, 1995 жылдың сәуір айында құрылған Қазақстан халыктары Ассамблеясы - туысқандық пен достыққа дәнекер ұйым. Республикадағы ондаған ұлттық мэдени орталық пен қоғамдық бірлестік күшімен өтетін фольклорлық-этнографиялық фестивальдер, «Бейбітшілік пен рухани келісім» ұранымен өткізілетін Достық, Наурыз, Этнос күндері, Республика күні мерекелері дәстүрге айналды. Қазақ - бөтенге жан ашығыш көңілшек халық. Қашан да жаны жаңалыққа, игі жақсылыққа қүмар момақан да кеңпейілді қазақ халқы өзінің мейманқостығы мен қайырымдылығы, дарқандығы мен қиындықтыбіргекөтеругешыдамдылығыарқасындаорыс,украин,неміс т.б. діні бөлек, тілі бөлек болғанмен, тарихы тағдырлас халықтармен де тату көршілік катынас орнатып, достасып, бауырластық тұрмыс кешті. Елге ел қосылса - қүт дейді халық даналығы. Сталиндік сұрқай заманда тағдыр тәлкегімен куғын-сүргінге үшырап, қырылып кету қаупі төнген қарашай, балқар, түрік, қырым татары, әзербайжан, чечен, ингуштардың сан мың әулетін өз жылуымен сактап, қолтығымызды кең ашып паналатқанымыз, бір үзім нанды бөліскеніміз, қазақ жерінен қүт-береке таптырғанымыз белгілі. Тонның ішкі бауындай жақын бүл ағайындар қазақ халқының бүгінгі тыныс-тіршілігіне қүлақ түріп, оның гүлденуіне сырттан тілекші боп, «Қазақ - елі мырза, ері сырбаз халық. Қазақстан - болашағы күтіп түрған ел» деген секілді жүрекжарды жылы лебізін эрдайым білдіріп жүр. 1990 жылдың соңында бастау алған қазақ - түрік байланысы ортақ қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеріп, екі елді аулы аралас, қойы коралас етіп жіберді. Қазақ еліндегі түріктің неше жүздеген фирмасы көп салалы ынтымақтастыққа тың серпін беріп отыр. Бөлінгенді бөрі жейтін мына аласапыран, қиынкыстау заманда түрік елінің қолдау білдіріп, экономикалық, мәденирухани байланысын жандандыруы өз жемісін бере бастады. Осыдан жеті ғасыр бүрын қазақтар туралы жылы лебіз білдірген итальян ғалымы, жазушы эрі саяхатшы Марко Поло «О разнообразии мира» деген кітабында қазақтың түрмыс-тіршілігін, қымыз ашытатынын, үзақ жолға жарақты ат мініп, «ер азығы жолда» деп сапарға шығып, халықтың қонақжайлылығы арқасында еш мұқтаждық көрмейтінін, бұл халықтың жайшылыкта момын да кеңпейілді, кешірімді де бітімгер екенін, алайда соғыста ар-намысы күшті екенін танытып, жанқиярлық ерлікпен шайкасатын қайтпас жауынгерлігін сүйсіне сөз етеді («Үш қоңыр», 18.05.2011). Қазактың конакжайлылығын өз қаламгеріміз де, басқа халық өкілдері де жоғары бағалап, мына төмендегідей пікір айтқан: Қазақ - меймандос халық, ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді, асының дәмдісін соның аузына тосады. Олар ерекше ақкөңіл, жігерлі де сергек, адал жандар. (А.И.Кастанье). Ағылшын 80
ғалымы Э.Маккей осы пікірді тереңдете түсіп, тоғызқұмалақ, бестас, асық, садақ ату сияқты осыдан бес мың жыл бұрын ойналып, таралған үлттық ойынның өзі жауынгер халықтың өз ұрпагын соғыс өнеріне ерте баулитынын айғақтайтынын айтады. Неміс саяхатшысы И.Шильтбергер «Қазақтардың түз халықтарының ішіндегі ең ержүрек жүрт екенін ерекшелеп айту қажет», - дейді. Орыс ғалымы А.И.Левшин 1832 жылғы «Қырғыз-қайсақ даласының сипаттамасы» атты еңбегінде қазақтардың табиғат қаталдығына төзімділігін, олардың ат қүлағында ойнайтынын, ең асау аттың өзін батыл да шебер ауыздықтайтынын айтқан. Э.С.Вульфсон қазақтың өз балаларын кішкентайынан инабаттылыққа, ізеттілікке, үлкенге қүрмет көрсетуге баулитынын, «егер қартты сыйласаң, қүдай сенің келешегіңді келісті етеді» деп ұқтыратынын, егер үйге ақсақал немесе кейуана ана келіп кірсе, барлық жас түрегеліп бас иетінін сүйсіне жазыпты. Шетелдіктер қайырымдылық, адамды аяу, үлкенге қүрмет көрсету қазактардың ең жақсы қасиеті деп бағалайды. Ағылшын көпесі М.Ганвей «Қазақтар - өте кішіпейіл халық. Олар қонақты ренжітуді арсыздық санайды. Әйелдер түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге қүрмет білдіруді үмытпайды», - дейді. Акад. В.В. Радлов қазақтың киетін киімі, ішінетін асы, мінер, көшер көлігі, тігер баспанасы түгелдей дерлік малмен байланысты, олардың тіпті сүйікті ұл- қызын «ботам», «қүлыным», «қозым» деп төрт түліктің төліне теңейтінін тебірене сөз етеді. Ғалым халықтың айтыс өнері мен суырып салма шешендікке баланы жастайынан баулитынына тоқталады. Г.Н. Потанин (ХІХғ.) «Қазақтар-етітірі, дені салауатты, өмірге іңкэр халық. Олар өмірде мерекені, той-думанды үнатады. Олардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты, ақындық өнері де аса дамыған», - десе, С.Рыбаков «Қазақ поэзиясы жалпы сапасы түрғысынан, тілінің анықтылығы, ойларының бейнелігі, лирикалық қасиеті жағынан даралана түседі», - дейді. Венгер ғалымы А.Вамбери «Орта Азияға саяхат» атты еңбегінде (1868ж.) «Біздің аса таңғалғанымыз - қазақтардың музыкасы мен поэзияға ерекше бейімділігі, екінші жағынан байқағанымыз - тектілігі, жеті атасын сұраса, тіпті сегіз жасар бала да мүдірмей жауап береді», - десе, датғалымы Вульфсон «Қазақтар» атты еңбегінде «Тап қазақтардай бүкіл өмірінде энді кастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбіл» депті. Неміс ғалымы А.Гумбольд 1829 жылғы еңбегінде қазақтардың сауыкшыл екенін, күрес өнерін, ат жарысын, әзіл-қалжыңын, қыз қууды қызықтайтынын жазып, «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса қүрметті кезеңі деп есептеймін», - деп ой түйді («Қазақтың тэлімдік ойлар антологиясы», А., 10 том, 2011, 12-3066). Н.Л. Зеланд (XIX ғ.) «Қазақ» атты этнографиялық очеркінде 81
«Қазак - қызуканды жан. Алайда жүйкесі көнбіс, ашушандыққа бара бермейді. Олардың қызу канды болуынынң себебі көшпелілердің өмір салтынан болса керек», - деп ой топшылайды. Ғалым қазақтардың да рухына жайсандық пен ізгілік тэн екенін, ылғи да жайдары жүріп, сергек, еліктегіш келетінін, математикаға басқаларға қарағанда жетік, аналитикалық ойлау қабілетінің күшті екенін айта отырып, аракпен, апиынмен жэне темекімен жүйкесін жүқартуға эдеттенбеудің олардың рух күшін сақтауға ықпалын тигізгенін атап өтеді. Қазақстан - жер қойнауы пайдалы қазбаға бай, зор энергетикалык қуаты дамыған өнеркәсібі бар ел. Қазақстан үлттық жаңару, игі бетбұрыспен демократиялық қоғам қүруда. Отаннан қымбат байлық, еркіндіктен үлкен бақыт жоқ. Алла тағала халқымызға тауфиқ беріп, жеріміздің асты-үстіндегі ұшан теңіз байлықты ұксатып, білімді де көзіқарақты мамандары арқылы еліміз жуық арада-ақ еңсесін көтеруге, іргелі ел болуға, дамып гүлденген өркениетті елдер қатарына жетуге жазсын! Қай істе де басшысы оңбай, қосшысы оңалмайды дегендей, ұлт қамын ойлаған ел азаматтары тіліне - күшін, тілегіне - ісін жүптап, токырауда боп келген ұлттық санамызды көтеріп, қазақ халқының өзгелермен терезесі тең біртүтас іргелі ел болуына ат салысып, халқына шапағатын тигізер деп үміттенеміз. Әдеб. Народы Средней Азии и Казахстана, т.2, М., 1963; Народы СССР, краткий справочник, М., 1958; Қазаң Совет энциклопедиясы, 6-т., 1975; Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы, 10 том, Алматы, 2010. ТАТАРЛАР Татарлар - Ресей Федерациясының кұрамындағы айырықша статуска ие демократиялық құкықтың мемлекет саналатын Татарстан Республикасының байыргы халкы. Олар ерте кезден-ақ түркі тілдес ірі этностың бірінен саналады. Тереңге тартқан телегей-теңіз тарихы бар, мәдениеті мен өнерінің мыңжылдық дэстүрі бар, намысшыл кыпшак ұрпактарының үлкен бір бүтағы - осы татарлар. Ресейдің барлық облысы мен өлкесіне тарай қоныстанған татарлар сан жағынан республикада орыстардан кейінгі 2-орында түр. ТМД-ның басқа елдерінде де татар диаспоры баршылық. Зерттеушілер «татар» атауын тат-дат-йат (бөтен) жэне эр-ар-ир (ер адам), демек бөгде адам, бөтен жүрт дегеннен шыққан дейді. Ертеректе Еділ бойы татарлары өздерін бөлгәр, казан немесе, казанлы деп эрқалай атаған. Марилер қазан татарын сюас деп, удмурттар бигер деп, қазақтар ноғай деп атаган. Татар-түркология әлемінде түрік сөзінен кейінгі ең жиі айтылып келген атау. Еуропада туыс халыктарды ертеректе түрік деп атау дәстүрі болса, орыс деректемелерінде түрік-татар сөздері қатар аталады. Бір кызығы татар этнонимі көне дәуірде түркі тайпасының атауы болмаган. 82
«Татар» деген атын ғана иемденгені болмаса, оларды татар-монголдар ұрпагы деуге келмейді. Бертін уақытқа дейін татар сөзі көптеген туыс халыктардың ортақ атауы боп келді. Атап айтқанда, ХУ1-ХУШ ғасырлардагы орыс жазбаларында Еділ жагалауы мен Орал өңіріндегі түркі халықтарымен қоса, Ресей империясының шет аймағындагы әзербайжандар да, Солтүстік Кавказ бен Орта Азияның, Сібірдегі біраз түркі тілдес үлыстар да жалпылама татар аталған. Каспий мен Қара теңіз аралығындагы кең далада көшіп-қонган ноғайлар тіпті Кеңес дэуіріне дейін татар аталып жүрді. Әр халыктың антикалық көне дэуірі, сол халык өміріндегі аса елеулі кезең жете зерттелмейінше, бүгінгі мәдениеті мен өнерін, тарихын, тілдік, этностық өзгешелігін анықтау киын. Татар халкының шыгу, калыптасу тарихына катысты ғылыми зерттеу мынадай түрде шежіре таркатады. ІІІ-ІУ ғасырда, ғұндар мен өзге де көпшелі тайпалардың Шығыс Еуропаға жасаған шапкыншылығы кезінде, одан кейін ІУ-УІІ ғасырда түрік каганаты шапқыншылығы кезінде түркі тілдес тайпалар легі Орал өңірі мен Еділ бойына агылып келе бастаған. УІІ-УІІІ гасырда Азов теңізі жагалауынан түркі тілдес булгар тайпасы ауып келіп, олар X гасырда Волга - Кама Булгариясы аталган мемлекет күрыпты. Зерттеушілер казан татарлары өзінің антропологиялық, этнографиялык белгілерін ертедегі еділ бүлгарларынан еншілеген дейді. Еділ - Кама Булгариясының бір кездегі дәуірлеп өркендеген мэдениеті, егіншілік кэсібі мен колөнері Еділ бойы, Орал өңірі татарларының түрмыс салтында, мәдениетінде сакталган. Мүндагы түркі үлыстары басқа тайпалармен бірге 1223-40 жылдары монгол-татарларга қарсы ерлікпен шайқасқан. Алтын Ордадан бөлініп шыгып, өз алдына отау тіккен Қазан хандыгы (1445 - 1552) татар агайынның алгашқы ұлттық мемлекеті еді. Бұл мемлекетте үлт болып үйысқан татар мәдениеті мен экономикасы, дэстүрі мен салты қарыштап дамыды. Алайда көршілес Ресейдің отаршылдық езгісіне түсіп, тұл болган алгашқы түркі ұлысы да осы ел. Польшада күні бүгінгі дейін түркі халыктарының ұрпактары - аздаган татар мен қарайымдар түратыны туралы баспасөзде жазылды. Тарихи деректерге сэйкес алгашқы татар қоныстары Поляк - Литва князьдігінде бүдан 600 жылдан астам уакыт бүрын белгіленген. Орта гасырда Польша территориясында ислам мәдениетінің өркендеу кезеңі байқалды - көптеген мешіттер согылды, мүсылмандар саны болса 200 мыңға жетті. Алайда, ХУ -ХУІ гасырлар арасында поляк татарлары жергілікті түргындармен сіңісіп, біртіндеп анатілі мен салт-дәстүрлерін жогалтты. Қазіргі кезде 5 мыңга жуық поляк мүсылмандарының татар тамыры бар, ал Полынадагы мүсылмандардың жалпы саны 31 мыңга жуык. («Қазақ әдебиеті», 29.04.2009). Татар халқының көне дэуірдегі ата-бабалары үлан-байтақ өлкеге ие боп, Қара теңіз жагалауында Булгария, Хазар каганаты, Еділ Булгариясы, кейінірек Алтын Орда, 83
Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым, Сібір хандығы аталған дербес мемлекеттер құрған. Ал татар этнонимі қазіргідей бір ғана халықтың ұлттық атауы ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында ғана тиянақталды. Бүгіндері бір халықтың құрамына кірген ұлыстар таяу ғасырға дейін татар атауын қабылдай қоймай, көп уақыт өздерін эрқалай атап келген. Айталық, еуропалық бөліктегілер қазанлы, болғар, мишәр, типтәр, керәшен, нағайбөк, кэчим, балқа липка (демек литва татары) делінсе, Астрахан мағындағылар қорағаш, юрт, кундров деп сан түрлі аталып келген. Негізінен кыпшақ немесе ноғай-қыпшақ аталатын этникалық тобынан түратын Батыс Сібір татары Еділ бойындағы түркілерден өзгешелеу еді. Сібір татарлары да өздерін эркалай атап келген. Тюмень, Тобыл татарлары Тюмень облысының аудандарына тарай қоныстанған. Тар татары Омбы облысының Тар ауданын мекендейді. Барабин татары Новосибирь облысының аудандарында тұрады. Бүл аталган татарлар өздерін түрған мекеніне карай тоболик, тарлик, бараба деп атайды. Бүхара өңірінен қоныс аударып келгендер де Батыс Сібір татарының қүрамына кіреді. Әуелде оларды бөлектеп, бұхарлық, кейбірін сарт деп, енді бір бөлігін өзбек деп атаган. Бертін келе бүхарлықтар да татар аталып, бір этникалық топқа біріккен. Тобыл мен барабин татарының тілі қазақ тіліне өте-мөте жакын болды. Сондықтан да 1926 жылгы халык санағында Батыс Сібір татарлары эртүрлі ұлысқа жатқызылған. 1582 жылы Көшім хандығы кұлатылғаннан кейін, Ермак бастаган орыс шапқыншылығына төтеп бере алмай, аяусыз жазалауга, қугынсүргінге ұшырап, көптеген татар Чулым бассейнімен, Тобылға, Енисей өзеніне дейін ығысты. Сібір татарлары патша әкімдеріне қарсы әлденеше рет ашык көтеріліске шықты. Қазан төңкерісінің қарсаңында Батыс Сібірдің жергілікті халқының саны күрт азайып, қалың орыс арасында шашырай қоныстанып, мүлдем азшылыққа айналып кетті. Қазан хандығы жойылғаннан кейін экономикалық езгінің күшеюі, ұлттықрухани қанау, діни негіздегі қатаң кудалау, христиан дінін зорлыкпен таңуға тырысу Еділ бойы мен Орал өңірі татарын жаппай көшіп-қонуға мэжбүр етті. Орталық ауданнан татарлардың шеткері өңірге ығысып, ондагы жергілікті түркілермен мәдени-тұрмыстық жақындасуы, саудаэкономикалык тыгыз байланысы біртүтас татар үлтының қалыптасуын тездетіп, оған өз ықпалын тигізді. Этникалық кұрамы айтарлықтай күрделі, эрі үлан-байтақ өлкеге тарай коныстанған бүгінгі татар халқының жеке топтарына тән ерекшелік пен айырым белгілері де әжептәуір. 1) Қазан татары - сан жагынан татар халкының ең ірі бөлігі. Олар өздерін бүрындары қазанлық деп те атаған. Қазан татарының арғы тегі - булгарлар, алтын ордалык түріктер, оның ішінде қыпшақтар. 2) Мишәрлар - сан жагынан екінші орындағы татар этникалық тобы. Мишәрлардың тегін «бүртас» деп аталатын тайпамен байланыстырады. Кейін бүртастар мекендеген 84
аймаққа ноғай-кыпшақтар көптеп келіп жергілікті халық кыпшак тілді ұлысқа айналған. 3) Тептерлер - ежелгі башкұрт жеріндегі сан жағынан үшінші орындағы татардың этникалық тобы. Тептер аталатын топтың негізін башқұрттар құраган. Кейін бұл араға қаптап ауып келген Қазан татарлары араласып, татар тілі олардың ортақ тіліне айналған. Қазіргі тептерлер өздерін татар ұлтының өкіліне жатқызады. 4) Орал өңірін мекендейтін Пермь татарының этникалық түзілісін ноғай-кыпшақтармен қоса угор тайпалары кұрайды деген пікір айтылады. 5) Нукрат татарының да этникалық компонентін қыпшақноғайы мен бесермендер құрайды. 6) Ал бесермендер болса, удмурттар кұрамындағы татардың шағын этникалык тобы. 7) Қасым татарлары Орталық Ресейде Рязань облысының Қасымов ауданында, СанктПетербург, Москва секілді ірі қалаларда қалың орыс арасында азшылык боп түрып жатқанына қарамастан, ислам дінін, тілін сақтап қалған. Зорлықпен шоқындырылған Қасым татарының шағын тобы тілінен де айрылып, орыс боп кеткен. Антропологиялық жағынан татарлар еуропеидтік нәсілге жатады. Халықтың жартысына жуығы қараторылау келген еуропеидтік нәсілдің понтий типіне келіңкіресе, үштен бірі жирен я сары шашты еуропеидтік типке жатады. Монголоидтік пен европеидтік компоненті аралас оңтүстік Сібір типі татарлардың 14 пайызын ғана қүрайды. Соның өзінде оларда да еуропеидтік компонент басымдау. Тоталитарлық жүйе түсында бүкіл түркі жүртының, соның ішінде татар халқының тарихы да толық айтылмай, бүрмаланып келгені белгілі. Атап айтқанда, ерте кездегі орыс халқымен терезесі тең іргелі ел болған татар агайындар - тарихтан тиесілі үлесін ала алмай келген халық. Дәлірек айтсақ, орыстар 150 миллиондай болса, татар ұлтының бүгінгі жиынтық саны одан жиырма есе кем. Оның басты себебі татар халқы бес ғасыр бойы бостандық үшін ауыр күрес жүргізді. 1469, 1487, 1506,1524,1530,1545,1550 жылдары шабуыл жасаған баскыншыорыс әскерінің шапқыншылығынан өз жерін ерлікпен қоргады. Татар халқының тарихындагы ең ауыр қаралы күн - 1552 жылдың 30 тамызы. 1552 жылы 2 қазанда 150 мың әскер мен 150 зеңбірегі бар орыстар хандыкты күйретті. Қазан қаласын алу кезіндегі басқыншылардың қаныпезерлігінің шектен шыққандығы соншалық, осы сүмдықты естіген, алыстагы Рим Папасының өзі діндестерін айыптап, «ешқандай адамгершілік қагидага сай келмейді» деген екен. Орыс эскерінің жойкын шапқыншылыгы 2 қазанға дейін созылды. Қаланы басып алған орыс әскері ондағы халықты қынадай кырды. Қазан хандығы осылайша Ресей баскыншыларының отарына айналды. Орыс патшалығының түркі халықтары жерін басып алу жолындагы алкашкы жорығы осылайша өрбіді. Аман калган татар шаруалары канауға үшырады. Оларга адам айткысыз зорлық-зомбылық көрсетілді. Халык рухани қанауға тап болды. Патшалы Ресей орыстандыру 85
саясатын мақсат тұтты. Еңбекші татарлар өздерінің ең шұрайлы жерлерінен үсті-үстіне айрылды. Халық бүқарасы элденеше рет қарулы көтеріліске шықты. Өз туған өлкесінен шет аймаққа жаппай ығысуға мэжбүр болды. Қазан хандығы қүлағасын, шоқынудан қашқан жэне бүдан екі ғасыр бүрын тың өмір іздеген татарлар Орал қаласы мен төңірегіне келіп, қоныс тепкен. Олар тек кәсіппен айналысып қана қоймай, мешіттер, медреселер жэне мектептер ашқан. Ерте заманнан Ресей отаршыларының қанды қақпанына тап болып, басынан бодандық түманы арылып көрмеген татар халқының көрген зобалаңы, үлттық қасіреті аз емес. Олардың метрополияға тым жақын болуы да қыруар кесірін тигізді. 1920 жылы қазан татарлары автономиялық республика деген мемлекеттік статусын алды. Небір қиын-қыстауды басынан өткерген, көп гасыр бойы бодандықтан зардап шеккен татар халқы асқан еңбекқорлығымен өз үрпагын кұрып кетуден сақтап қалды. 1926-1939 жылдар аралығында ғана татарлар саны жарты еседей өскен. Алайда бүл тек табиги өсім ғана емес еді. Өйткені 1939 жылы тептерлер мен бесермендер, татар тілді қауымга айналган Мензелин башкирлері, сондай-ақ қазак тіліне жақын диалектіде сөйлейтін Астрахан ногайлары, ноғайбахтар, оңтүстік Сібір түркілері де үлтын татар деп көрсетіп үлгірген еді. Сөйтіп, бүл дэуірде эралуан туыс үлыстардың татар үлты төңірегіне топтасуы аяқталған. Одан кейінгі халык санагы көрсеткендей, 1959 жылға дейін татарлар саны небәрі 15,2 пайызға, 1970 жылы 19,3 пайызга, 1979 жылы 8,3 пайызға, 1989 жылы 7 пайызга ғана өскен. Ертедегі татар жанұялары көп балалы болатын. Алайда жыл өткен сайын татар әйелдерінің бала көтеруі азайып, халықтың табиғи өсіміне кері әсерін тигізе бастады. Татарстандагы жергілікті халық бүкіл татар халкының төрттен біріндейі ғана. Демек, татардың басым көпшілігі 75 пайызга жуығы республикадан тыс өлкелерде түрып жатыр. Татар халқының бүкіл әлемдік жиынтык саны 8,6 млн. адам (2009). Кейбір демографтардың пайымдауынша, Ресейде 10 миллионная астам осы үлттың өкілі бар. Нактыланбаган дерек бойынша, элемде 15 миллионга жуық татар бар көрінеді. Ал 1989 жылғы соңғы санақ дерегі бойынша ТМД еліндегі саны 6.648,760 адам болып, олардың 83 пайызы татар тілін ана тілім деп таныған. Өзбек, қазақ, тэжік, тагы баска толып жатқан тілдерді 48.740 татар ғана ана тілім деп таныса, бір миллион 70 мың татар орыс тілін ана тілім деп таныған. Мүншама көп татардың орыс тілді кауымга айналуының өзіндік себебі бар. Татар - бүрынғы кең-байтақ Кеңес Одагының түкпір-түкпіріне түгелдей тарап үлгірген ең шашыраңқы түркі халқы. Олардың басым көпшілігі Еуропалық бөлікте. Әсіресе Еділ жагалауы мен Орал өңірінде біршама жинақы қоныстанған. Татар азаматтарының осылайша Бүрынгы Ресей империясында тарыдай шашылып кетуіне өткен алмағайып заман айыпты. Алыс шет елде небәрі 110 мыңдай гана татар түрады деп көрсетілген. Бүл татар халқының бір пайызына да жетпейді. 86
Кеңес үкіметі тұсында да татар халқының сан жағынан өсуі Орта Азия, Закавказье, Солтүстік Кавказ халықтарымен, тіпті славян тектес халықтармен салыстырғанда да төмендеу болды. 1926 жылғы халық санағында түркі үлыстарының арасында казақтардан кейінгі ең көп санды халық боп орыс, украин, қазақтардан кейінгі төртінші орынды иемденсе, 1959 жылғы халық санағы көрсетімімен бесінші орынға, 1979 жылғы халык санағында алтыншы орынға ығысты. Ал 1989 жылы халык санағында әзербайжандардан кейінгі жетінші орынды иемденгені аныкталды. Репрессияға үшырап, қуғын-сүргін көрген халықтармен, сондай-ақ өз тарихында бірнеше рет жойқын касіретке үшыраған халыктардың этнодемографиялық жағдайымен салыстырғанда да татарлардың сан жағынан өз мэнінде өспей калуының басты бір себебі - халыктың ассимиляцияның кері әсеріне тап болуы. Мэселен, 1989 жылғы халық санағы көрсеткендей, үлтаралық неке, демек аралас неке саны өзбекте 6%, түрікменде 6,4%, қырғызда 6,5%, қазақта 7,4% болса, татардың 41% аралас некеге түрғандар. Сөйтіп патшалы Ресей шокындыру арқылы орыстандыру саясатын жүргізсе, Кеңес үкіметі түсында ассимиляцияның кері эсеріне үрындырып барып орыстандыру әрекеті белен алды. Көп облыстарда татарлардың басым көпшілігі - аралас некелілер. Көп санды халық өкілімен некеге түру аз санды халык үшін тиімсіз екені Еділ жағалауы халықтарының тіршілігінен айқын байқалады. Мұндағы татар, мордва, чуваш, мари, удмурт секілді халық өкілдері бір-бірімен сүйек-шатыс болса, олар қай республиканың жерін мекендеп отырса, сол республика үлтын қалап, соны өз күжаттарында көрсетеді екен. Ал орыс үлты өкілімен некеге түрса, қай республикада түрғанына қарамастан, экесі я анасы ғана орыс болғанын ескерместен, балалары үлтын орыс деп көрсетеді екен. Орыс үлтының өкілі болуды тиімді санайтын секілді. Сондықтан аралас некеден орыс үлтының саны осе түссе, басқаларының санына кері әсерін тигізген. Екінші себеп - діни фактор. Татар халқының ерте кезден-ақ ислам дінінің сунниттік ережелерін қабылдағанын білеміз. Ал Иван Грозный кезінен бері патша отаршыларының қысымымен зорлықпен шоқындырылған татардың аз ғана бөлігі христиан дінінің православие тармагын түтынады. Шоқынған татарлар өздерін кряшен деп атайды. Кряшендер көне кряшен, жаңа кряшен, ноғайбах, бакалин кряшен, молькеев кряшені деп бөлінеді. XVIII ғасырдан кейінгі уакытта татарлар арасында топтасу процесінің күшеюіне карай шокынғандардың мүсылмандыққа қайта оралуы басталды. Бүл процесс XX ғасырдың бас кезінде күшейе түсті. Ең алдымен, жаңадан шоқынған татарлар, сондай-ақ бүрын шоқынғандардың да бір бөлігі мұсылмандыққа өтті. Сөйтіп, шоқынғандардың 40% қайтадан исламды қабылдады. Торт ғасыр бойы орыс миссионерлерінің тынымсыз әрекетіне қарамастан, шоқынған татарлар сан жағынан кемімесе, өскен емес. 87
1926 жылғы санақта олардың саны 120,7 мың болған. Салыстырып айтқанда, Иван Грозныйдың тұсында да зорлап шоқындырғандар саны сол шамалас болған еді. Патшалы Ресей тұсында шоқынған татарға жер иеленуде көп жеңілдіктер берілген, артық жағдай жасалған. Соған қарамастан, көптеген татар қорыққанынан патша әкімдеріне, миссионерлерге көз ғып қана уақытша шоқынып, реті келгенде еш ойланбастан өз дініне қайта кіріп отырған. Ал мүлдем шоқынып кеткендердің этникалык сана-сезімі томен болып, көпшілігінің қалың орыс ортасында жүтылып кеткеніне ешкім де таңдана қоймаса керек. Кеңес үкіметі кезінде де христиан дініндегі татарлар сан жағынан өсе алмады. Өйткені діні бір болғасын, олардың орыстармен салт-дэстүр, мінез-құлық, тұрмыс-тіршілігі жақын боп орыстанып кетуге бейім тұрады екен. Қайсыбірде айтылып қалатын «кемінде екі я үш миллион татар орыс боп жазылып жүр» деген сөздің де жаны бар ма дейсің. Осы орайда мына бір жағдай ойға оралады. Болашаққа нық сеніммен қараймын деген, отаныммен, халқыммен біргемін деген эрбір мұсылман баласы исламның ақ жолынан таймауды есте түтқаны абзал. Өйткені дінінен айрылган халық табиғат ананың берген үлкен сыйы ана тілінен де айрылып, этникалық дербестігін жоғалтып алуға бейім түратынын тарихтан, өмірден көріп-біліп жүрміз. Егер кеңбайтақ Сібірдің жергілікті бұратана халқын орыс миссионерлері аз ғана уақыт аралыгында-ақ христиан дініне мойынсүндыра алса, метрополияға тиіп түрған татар ағайындардың денін шоқындыра алмады. Оларды каншама қорқытып, қысым көрсеткеніне қарамастан, ата-бабасының элімсақтан ислам дінінің құдіретін сезініп, имандыққа, мүсылмандыққа бой ұрса, көп нәрседен ұтатынын үндеген өсиетіне адал болғаны күрмет сезімін тудырады. Татардың үлттық мэдениеті мен өнерінің, элеуметтік қүрылымының жоғары деңгейде болуының да ислам дінінен айнымауға тигізген эсері күмэнсіз. Қүлдық сезіммен, қүлдық психологиямен жаншылмаған, ер де азат иелері боп, өз халқының жақсы қасиеттерін мүрат тұтатын татар азаматы жеткілікті. Бүгіндері олар кашанда ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеудің алтын діңгегі ислам дінін уағыздап, үлкен бетбүрыс жасауда. Патшалы Ресей отары боп келген түркі халықтары тілінің ішіндегі ен көбірек эрі ертеректен бері толассыз зерттеліп келе жатқаны - татар тілі. Қазіргі татар тілі башқұрт тілімен бірге түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар бұтағын қүрайды. Басқа қыпшақ тілінен өзгешелігіне фонетикалық жүйесінде жартылай дауысты ы, е, о, ө дыбыстарының кездесуі жатады. Сын есім септелмейді. Сан есім 6 топқа бөлінеді. Татар халкы алып Еуразия қүрлығының көп бөлігіне шашырай коныстанғандықтан, олардың тілі де біртекті емес, әлденеше диалектіге, говорға ажыратылады. Орта диалектіге казан татарларының тілі жатады, батыс диалектіге мишарлар немесе мещеряктар жатады, шығыс диалектісіне Сібір татарларының тілі жатады.
Татар тілі қазақ тіліне етене жакын. Татар халқының ауыз әдебиетімен танысқан эрбір казақ оқырманы: «Ябагалы яшь тайлак ярдай атан булган йорт, ятып калган бер тукты жәйлеп мең күй булган йорт; Атам кияу булган йорт», - секілді жыр жолдарын өз ана тілінде окыгандай әсерге бөленеріне күмэн жоқ. («Ана тілі», 13.07.1992). Ұлттық көңіл-күйді сөз еткенде ең алдымен ана тіліне деген көзкарас ойга келеді. Бүл жөнінде татардың үлы ақыны Ғабдолла Токай: «Ана тілім - касиетті тілімсің, экем мен анамның тілісің. Сен кандай гажап едің! Сенің байлығың аркылы мен түтас бір әлемнің есігін аштым», - деген-ді. Қайсыбір туыс халықтар секілді татар да сөзге тоқтаган. Ел басқаргандары ең алдымен топ алдындагы сөзімен сыналган, тыңдаушысын сөзімен баураған. Ана тіліне катысты кейбір нақыл сөздері казак тіліндегіндей: Тэтті тіл темір какпаны ашар. Тіл байлыгы бай кылар, тіл жоқтыгы жок кылар. Тіл жылатады да, жүбатады да. Кісі көркі - жүз, жүздің көркі - көз. Ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз. Сүйдірген де тіл, бездірген де тіл. Туған тілін білмес - туган анасын сүймес. Ана тілім өзім үшін, өзге тіл күнім үшін. Тіл үшін бас жауап береді. Ақыл да алтыннан кымбат. Алгыс алган - аман, қаргыс алган - тэмам. Жаһанды жел бұзады, адамды сөз бүзады. Білгеніңді сөйлеме, не сөйлегеніңді біл. Ащы тіл - заһар, тэтті тіл - шекер. Кісінің көңілі тілінен танылады. Бал тамған тілден у да тамар. Сүңгі жарақаты кетер, тіл жарақаты кетпес. Жүзден біреу - шешен, мыңнан біреу көсем. Ана тілін қадірлеген халык кадірлі болады. Тілі мықтының елі мықты. Қазіргі татар тілі орыс тілімен қатар - Ресей Федерациясы күрамындағы Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан, ондагы қогамдык өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылады. Миллиондаган данамен мерзімді баспасөз, эр алуан әдебиет шығады. Республика түргындарына түгелдей оқып үйрену міндеттеледі. Татарлар ерте кезден араб жазуын, 1927-1938 жылдары латын графикасын, 1939 жылдан бастап орыс (кирилл) алфавитін пайдаланды. Қосымша эріптеріне ә, ө, у, ж, н, ң жатады. Қазір бүл елде кайтадан латын эрпіне көшу мәселесі талкылануда. Татар тілі - Алтын орда дәуірінен бастау алатын коне жазбалы тіл. Коп жанрлы татар фольклорында шетелдік баскыншыдан елін қорғаган батырлар туралы тарихи жырлар елеулі орын алады. «Алыпмэмшен» («Алпамыс»), «Урак белэн Мамай» («Орак - Мамай»), «Козы Көрпә белэн Баянсылу» («Қозы Корпеш - Баян сұлу»), «Камбэр» («Қамбар батыр»), т.б. коптеген ортак жыр, дастандарымыз біздің тілі де, діні де, ділі де бір туысқан екендігімізді айгақтай түседі. Татардың коне жазба эдебиеті бар. Оларга ХІІІ-ХІУ гасырда өмір сүрген Қүл Ғалидың ізгі махаббатты жырлаган «Жүсіп пен Злиха» поэмасы, Құтибтың «Хусрау мен Ширин» поэмасы, Хорезмидің «Махаббат кітабы», беріректегі Махмут Бүлгаридың «Жүмакқа жолы», Мүхамедиярдың эралуан поэмалары, авторы белгісіз «Кесікбас» діни-эпикалык
жыр, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма жатады. Көп уақыт тыйым салынған «Идегей» поэмасы 1990 жылы ғана жарық көрді. Содан бері көптеген ақын-жазушылардың діни дидактикалық, ағартушы-демократиялық бағыттағы шығармалары қалың бұқара арасына кеңінен тарады. Озық идеяның көшін бастаған атақты ақын эрі публицист Ғабдолла Тоқайдың, ғалым-демократ, ағартушы, татар эдеби тілінің негізін қалаушы Каюм Насиридің білім мен танымдық мэні бар шығармалары туған халқының рухани байлығын биік дәрежеге көтеріп, демократиялық мәдениетін дамытуға зор ықпал етті. Талантты ақын, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жалил Мұстафаұлының 1957 жылы Лениндік сыйлық алған «Маобит дэптері» атты өлеңдер жинағы ақын есімін өшпес даңққа бөледі. Ұлттық музыкасы башқұрт, қазақ, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауысты эн дәстүрі негізінде дамыған. Сонау алтынорда дәуірінен бастау алатын салт- дәстүрге, үйлену тойына, мерекеге, айтулы оқиғаға қатысты айтылатын эннің түр-түрі кең тараған. Әнмен, бимен, өлең-тақпак араластырып орындалатын әзіл-сықақ эндері де көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы, флейта тектес үрлемелі аспап, қазақтың шаңқобызы іспетті қобыз аспабы, гармонь, мандолина, домра, гусли, дудук (скрипка) жатады. Соцгы жарты гасырда профессионалдық дәрежедегі жергілікті композиторлар эр түрлі жанрда көркемдік бояуы қанық шығармалар тудырып, татар халқының музыка онерін жоғары сатыға көтере түсті. Татар композиторларының туындылары профессионалдық жағынан жан-жақты өсіп жетіле түсті. Коркемдік бояуы қанық опера мен балеттер, музыкалық драмалар, фортепьянолық концерттер, хор, симфония, кантата, оратория мен романстар - мұның айқын айгагы. Татар филармониясы, халық творчествосы үйі, композиторлар одағы кұрылды. Музыка факультеті, үш музыкалық училище, 55 балалар музыка мектебі жүмыс істейді. Әр қалада, ауданда халык театры, көркемөнер ансамблі халыққа кызмет көрсетеді. Елді мекенін авыл, юрт немесе ил дейтін. Татар елді мекені шағындау боп, көбінесе өзен жағасына таяу орналасады. Үйлері биік дуалмен қоршалып, ағаштан оюлап әшекейленеді. Бай, әлдіаукаттылар екі кабатты сэулетті үй түрғызса, кедей біткен қамыс шатырлы балшық араластырып түрғызған аласа лашық үйлерде түрып келді. Ауыл ортасына биік минаретті мешіт орналасады. 1863 жылғы санақта көрсетілгендей Ресейдегі 2 140 мың татардың алты пайызы ғана көшпелі тіршілік еткен. Астрахан татарлары өз көршілері ноғай мен қазақтар секілді көшпелілердің дэстүрін сақтап, жаз бойы киіз үй тігіп түратын. Туыстық жакындығы бар жанүялары үй-жайын жеке махаллада түрғызып, топтасып мекендеді, шаруашылық жүмысын үйымдаса жүргізді. Өкінішке орай, тоталитарлық жүйе түсында 90
мешіттердің ілуде бірінен басқасы түгелдей жабылды, минареттері кұлатылды. Мұның өзі халыктың рухани дүниесін күйзелтіп, неше түрлі кылмысқа жол беретін кауіпті әрекет еді. Татарлар өз үйінің алдыңғы кабырғасын бойлата ені бір жарым метрдей тақтайдан сякэ, демек нар жасап, сонда ауқаттанатын, дем алатын, ұйықтайтын, жүмыс істейтін, конақ та күтетін. Үстел үстіне ыдыс-аяқ, самаурын қойылады. Ислам діні қағидасына сәйкес үй іші екі бөлікке ажыратылып салынады. Оның бірінде ерлер, екінші бөлігінде әйелдер жайғасатын. Әйелдер өз бөлмелерін ашық бояумен эшекейлеп, гүлді кестемен өрнектейді. Әлді-аукаттылар үйінде қонак күтетін арнайы «қүнак бүлмэса» болды. Әйелдер қонақка көрінбей, басқа бөлмеден керегін даярлап беріп түратын да, қонақтарға ер адам өзі кызмет жасайтын. Қонақ жоқ кезде де ол бөлмеге ер адам өзі жайғасатын. Кезінде іргелі ел болған татар халқы небір қиын-қыстау өткелдерден өтіп, өз тілін, жер-суын, елдігін аман сақтап, ұрпағына гуманитарлық та, кәсіптік те мол мүра қалдырған. Отаршылардың аяусыз қысымы мен езгісіне қарамастан қолөнері барынша дамығанына мынадай дәлел келтірер едік. Татар шеберлерінің тіккен эшекейлі етігі, бас киімі, аяк киімі, тіккен кестелі шашақты шэлі орамалы, токыма бүйымдары, күмістен, алтыннан істеген зергерлік бұйымдары Ресей империясынан тыс жерлерде де жоғары бағаланып, сұранысқа ие болды. Тері, жүн өңдеу кәсібі дамыды. Басқа халықтар, эсіресе көршілері татардың тұрмыс-тіршілігінен, киім киісінен, үй-жай түрғызуынан, қолөнерінен, үй жиһазын эшекейлеп ұстауынан көп нәрсені үйренді. Мәрмэрдан, тастан қашап, ағаштан, теріден өрнектеп, оюлап жасаған мозаикалары көз тартады. Бейнелеу өнері дамыған. Кесте тігу өнерін татар қызы жастайынан үйренеді. Сүлгі, дастархан, перде, төсек жапқыш, жамылғы, кілемше, т.б. үй жиһазын кестелеп өрнектейді. Іш киім, бас киім, сырт киім деймісің бәрін де жергілікті шеберлер кестелеп, шашактап эшекейлейді. Қарапайым көпшілік аяғына токылған лапти, шокай киген, кейде табаны ағаш аяқ киім киді. Әлді-ауқаттылар теріден әшекейлеп тіккен етік киді. Қала түрғындары көбінесе теріден галош, қыста өрнекті етік киетін. Татар басқалардан көп бүрын шыт, жібек, мата, барқыт, қызыл мата секілді фабрика маталарын киім тігуге пайдаланды. Ерлер балағы кең шалбар, жейде, қыста сырыған терімен астарлаған бешпет, такия, тері тымақ киген. Әйел көйлегі қала үлгісінде тігіліп, көйлектің омырауына кестелеген алқа салып, оның сыртынан жеңсіз камзол киген. Ұзын шәлі орамалын мойнынан асырып, ұшын артқа жіберіп тастайды. Үйлену салты жағынан басқа кыпшақ үлыстарына ұқсас. Қалыңдықты кұда түсіп, қалыңмалын төлеп алатын. Қалыңмал мөлшері Орта Азия түркілерінен гөрі анагүрлым аз. Нэрестелі болу зор куаныш саналады. Сәбиді экесінің жейдесіне орайды. Бүл - бақытты 91
болсын деген ырым. Аузына сарымай, бал жағады. Бұл - бай, әлдіаукатты болсын деген ырым. Анасы аяқ-қолын бауырына алгасын исем құшу (есімін қою) өткізеді. Үйлену тойы үш бөліктен тұрады: ярашу - бұл құда түсу салтанаты, никах туй - бүл үзату тойы (бүл күні неке қиылады), килен төшеру- бұл күйеу бала үйіндегі үйлену тойы. Қалыңдық ата-анасымен сыңсып жылап қоштасады. Кейде эр түрлі ырым-сырыммен жас келін алгашқы баласын босанганша ата-анасының үйінде тұра береді. Алып қашып үйленгендер шағын гана кеш үйымдастырып, қымбатқа түсетін үйлену, үзату тойларын өткізбейтін. Сондықтан кей кезде, артық шығынды ауырсынған екі жақтың ата-аналарының келісімімен жігіт калыңдыгын алып қашып үйленетін. Қазір қалыңмал талап етілмейді. Жастар өз қалауымен үйленеді. Үйлену тойы ән-күймен, бимен, эзіл-сықақпен қызықты өтіп жүр. Соңғы бір жылда үйленгендер кеші откізіліп, онда алтын той иелері жас отау иелерін құттықтап, игі тілектерін білдіретін болды. Татар - туыстықты қастер түтатын халық. Әр ауылда жеті атадан бергі шежірені тарқатып беретін шэджэрэ болған. Тіпті алыс туыстар өзара ынтымақтасып, тығыз қарым-қатынаста болған. Үш я торт атага дейін кыз да алыспаған. Дін иелері үл балаларды әйел жынысынан бөлек тэрбиелеп, тіпті 4-5 атадан қосылатын туыстықты сылтау етіп, оз аулының қызына үйлендірмеуге тырысатын. Ислам дінінің кагидасымен олген кісіні жерлеу ритуалына ерлер ғана қатысады. Бейіт басына да ерлер апарады. Бейітке агаш егу рәсімі бар. Сондықтан да қабырстан кішігірім тоғайға ұқсайды. Татар этногенезіне тікелей қатысты ертедегі булгар түркілерінің анимистік діни сенімі бойынша эр нәрсенің жарылқаушы пірі болады деп ұқты. Оларга су анасы - демек су қожасы, урман иясе немесе шурале - орман қожасы, жир анасы- жер қожасы, өй иәсе - үй қамқоршысы, абзар иәсе - қорақопсы қожасы т.б. жатады. X гасырдан бастап булгар түркілері ислам дінін кабылдай бастаган. Үлттык мейрамның ең көрнектісі - сабантуй (демек сока тойы). Мүнда ұлттық спорт түрі күрес, жаяу жарыс, ат жарысы өткізіледі. Жастардың көктем мейрамы йомырқа бәйрәме, чэчэк бэйрэме, жимчэчэк, жаз кезінде джиен өткізіледі. Күзде қыздар белсенділік танытып қаз өмэсе, сүс талку өмәсе мерекесін өткізеді. Қыста нардуган, аулақ ой коңіл көтеру күні ұйымдастырылады. Ураза бәйрәме, қорбан бәйрәме атап өтіледі. Татар бал ал ары молдадан оқып сауатын ашып, одан кейін бастауыш мектепке, медресеге барып оқуын жалгастыратын. Қыздар молда эйелінен үйде окып сауатын ашатын. Басқа халықтармен салыстырганда татарлар арасында сауаттылык жогаргы деңгейде болды. 1897 жылы ерлердің 21,1 пайызы, эйелдердің 19,7 пайызы сауатты болган. Хал ыктьщ материалдық мәдениеті жөнінде мына нэрсені айта кеткен жон. Татар Еділ бойындагы ен коп санды жергілікті халык болумен бірге элеуметтік, мэдени даму деңгейі мен шаруашылыгы, кэсібі жагынан 92
да басқалардан озық, алда болды. Татардың басым көпшілігі ерте кезден-ақ көп салалы шаруашылықпен айналысты. Бидай, арпа, тары, сүлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора екті, эр үйдің бақшасы болды. Егіншілікпен, бау-бақшамен, мал шаруашылығымен катар айналысты. Сауда-саттыкпен де шұғылданды. Татар саудагерлерін көршілес чуваш, мари, мордва, удмурт деревняларынан, тіпті алые өлкелерден де жиі көретін. Халық отырықшы боп, қой-ешкі мен сиырды қорада ұстап бақты. Үй құстарынан тауық пен қазды көбірек ұстады. Еділ бойы мен Орал өңірі орман-тоғайлы, шалғын шөпті болғандыктан, омарташылық дамыды. Мұнайға бай, ауылшаруашылығы мен өнеркөсібі қатар дамыған көп ұлтты Татарстан халқының тұрмыс дэрежесі Ресей Федерациясының басқа өлкелерімен салыстырғанда жоғарғы деңгейде деп жүрміз. Татар үлттық тағамы жүртшылыққа кеңінен танымал. Ішіпжемінде нан, картоп, көкөніс басым. Дәстүрлі ет пен сүт тағамын үнатады. Қой, сиыр етін көбірек жаратады. Жылқы етінен қазы, шұжык даярланады. Қақлаған (демек қақтап сүрлеген) қаз еті - татардың сүйікті дэмі. Бұқтырған тауык, сүттен қаймақ, айран, ақмай, сары май, қатық, сүзбе, кұрт, ірімшік даярлайды. Нанға құрмет айырықша. Нан тағамының түр-түрі бар: тоқмач, салма, чумар, үрэ, икмәк, кабартма, қоймақ, бәлеш, гөбәдия, пэрэмэч, чокчэк, очпочмақ, бавырсақ, қош теле. Ыстық тағамына қатық қосқан салма, тукмач лакша, қазанда қуырып даярлайтын ет тағамы бишбармақ, шұжыққа үқсас тутырма жатады. Жеміс-жидекті кептіріп қысқа даярлайды. Жеміс пен балды араластырып ширбәт (шербет) даярлайды. Кірген адамға шай демдеп, сый көрсетеді. Татардың ас мэзіріне туыс халықтарының, қала берді ежелгі көршісі орыстың әсері көп. Мәселен халық әлімсақтан бері тұтынып жүрген палау, халуа, кептірілген жеміс пен жаңғак, калампыр, талшы секілді шардэрілер сол шығыс елдерінен ауысқан. Ұлттық жэне діни мерекелері қазақтікіне ұқсас. Ораза мен Қүрбан айт, Наурыз бен оған қосымша сабантуй, жиен (жиын-терім) мерекелері үйымшылдықпен тойланады. Еділ бойындағы татарлардың басқа жергілікті халықтардан ерекшелігі ертеден-ақ олар ірі қалаларға орнығып, жеке татар слободасында жинақы түрды. XIX ғасырдың өзінде-ақ үлттық буржуазия қалыптасқан. Қаладағы татарлар сауда-саттықпен, қолонері өндірісімен айналысты, біразы фабрикада, өндірісте істеді. Татар жүмысшылары Ресейдің орталық қалаларында, Москва мен СанктПетербургте, Донбасс пен Бакуде коп болды. Темір жол құрылысында, Еділде жүкші боп істеді, арбакеш (извозчик) татарлар барлық калалардан кездесетін. 1999 жылғы халық санағы көрсеткендей, бүгінгі күндері татарлардың үштен екісі қалаларда түрып, өнеркәсіптің, ғылымның, мәдениеттің түрлі саласында қызмет етеді. Қазақстан мен Орта Азия 93
республикаларын мекендейтін миллионға жуық татар диаспорының да басым көпшілігі қалалы жерде тұрады. Түбі бір түркілердің ішінде қазақпен мидай араласып кеткен халықтың бірі - татарлар. Қиын күндерде татар қазақты, қазақ татарды паналап, өзара көмектесіпті. Ал айдай аппақ татар аруларының талайы қазақтың жан жары болып, үрпағын өсірген. Татар ұлтының бетке үстар маңдай алды өкілдері Қазақстан мен Орта Азия халықтары ғылымын, мәдениеті мен үлттық өнерін дамытуға лайықты үлес қосуда. Абдолла Тоқай, Ғалымжан Ибрагимов, Сабыр Шарипов, Сақит Рамиев секілді татар ақынжазушылары казақ тілін жоғары бағалап, кейбір шығармаларын қазақ тілінде жазған. Қазақстандағы үш жүз мыңға жуық татардың да жинақы емес, бытырай қоныстануына қарамастан, барлық дерлік облыста татарбашқүрт мэдени орталыгы күрылды. Қайсыбір мектептерде татарша окытатын сыныптар ашьілды, бала бақшаларда татарша тәрбиелейтін топтар қүрылуда. Аптасына екі рет радио хабары беріледі. Татар тілінде «Шәшмә» газеті шығады. ¥лттық эн-би, фольклорлык ансамбльдері қүрылуда. 1992 жылдан татар үлттық сабантуй мерекесі атап өтілуде. Татар мэдени орталығында бауырлас казак, татар халықтарының тарихи, тілдік, мәдени байланысын зерттеп, жан-жақты етіп, екі елдің достығын, бауырмалдыгын жалғастыру секілді ізгі ниеттегі жұмыс қолға алынуда. Татарлар республика халкының жартысына жуығын күрайды. Т атардың тамаша ұлттық мінезіне ұлтаралык татулық мәдениетін кастер түту жатса керек. Мүның өзі адамның білімі мен мәдениетіне коса, баска ұлт өкілімен ортак тіл таба білуі екені анық. Татарстандағы жетпіске жуык халық өкілі арасында үлттық төзбеушілік, алауыздық байқалган емес. Ересек татарлар түгелдей орыс тілінде еркін сөйлейді. Бүрынғы Кеңес Одағындағы ең көп санды халықтың бірі болғанына карамастан, татар халқының Одақтас республика ретіндегі мемлекеттік статусының болмауы өкінішпен айтылып келді, әділетсіздік деп танылды. Кеңбайтақ өлкеде жинақы қоныстана алмай, богде тілді ортада азшылық боп өмір сүру салдарынан татар үлтының көп бөлігінің тілден де, діннен де, әдет-ғұрыптан да алшактап қалуы көп ғасыр бойы тағдыр тәлкегіне ұшырап, қыруар зардап шегіп, куғын-сүргінге үшыраган халыктың үлттық қасіреті іспеттес. Қазір жағдай түзеле бастаған секілді. Ресей Федерациясы құрамындағы Татар республикасына айырыкша статус беріліп, елдің егемендігіне, еркін ішкі-сыртқы саясатына дүрыс жагдай тудыра бастағандай. Татар зиялылары отаншылдық, қоғамдық үздік сана - туған халқының рухани кайнар көзі, елдік пен ерліктің кайнар көзі деуден танған емес. Әдеб. Народы Европейской части СССР, т. 1,2. М., 1964; Народы Поволжья и Приуралья, М., 1985; Народы России, т.2, Спб. 1880; Языки народов СССР, т.2, М., 1966. 94
БАРАБИНДЕР Барабиндер - Ресей Федерациясы Новосибирь облысын мекендейтін түркі тілдес ұлыс. Оларды казіргі кезде татар ұлтының этнографиялык тобына жаткызып жүр. Барабин тілінде сөйлеушілер саны - 8 мыңдай адам (1975). Антропологиялык жағынан оңтүстік сібір (тұран) ауыспалы нэсіліне жатады. Ислам дінінің суннит тармағын тұтынады. Барабиндер әлімсақтан бері егін жэне мал шаруашылы ғымен айналысады. Соңғы екі ғасырда өндіріске араласкандары да аз емес. Барабин тілі түркі тілдері қыпшақ бүтағының ноғай қыпшақ тобына жатады. Жазуы орыс (кирилл) графикасына негізделген. Онда 12 дауысты, 26 дауыссыз фонема бар. Қосымша әріптеріне ң, ө, э, ц, г, ү, ц жатады. Барабиндердің жалпыға ортак әдеби тілі жок. Әдеби тіл ретінде ертеректе татар тілі оқытылған. Бұрындары барабиндердің тілі сөздік кұрамы мен морфологиялық қүрылымы жағынан қазак тіліне жағындығымен ерекшеленетін. Батыс Сібірді Ресей жаулап алғаннан кейін барабин жеріне қара шекпенділермен қоса қазан татарлары да көптеп қоныс аударды. Сол кезден бастап барабиннің сөйлеу тілі өздерімен аралас отырған татар тіліне жакындай түсті. Алайда окуағарту мен мекемедегі ресми тіл орыс тілі болғандықтан жастар ана тілін жетік біле бермейді. Барабин тілі жергілікті ерекшелігінің жүйелі түрде зерттелуі де киындық тудырды. Барабин тілін татар эдеби тілінің әсеріне көбірек үшырағаны, барабиннің ертеректегі сөйлеу ерекшелігін басымырақ сақтаған тілі деп шартты түрде екі диалектіге болуге болады. Әдеб. Дмитриева Л.В. Язык барабинских татар. Л., 1981; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. НОҒ АЙБАҚТАР Ноғайбақтар - Ресей Федерациясы Челябі облысының Верхний Урал ауданында, ішінара Башқүртстанда түратын түркі тілдес халык. Башқүртстанды Ресей патшалығы өзіне косып алғаннан кейін ноғайлардың бір бөлігі Ноғай Ордасынан бөлініп калып, Каманың тармағы Ик өзенінің алқабын қоныстанған XIX ғасырдың 40- жылдарында ноғайбақтардың бір бөлігі казіргі Челябі облысының жеріне көшірілген. Көп уакыт ноғайлардан бөлек өмір сүргендіктен, халықтың тілі мен түрмыс-тіршілігінде өзгеріс болып, бөлек үлысқа жатқызылған. Антропологиялык жағынан ноғайбақтар башқүрттарға үксас. 1850 жылдары 50 мыңдай ноғайбақ болса, казіргі саны одан әлдеқайда кем. Өйткені XIX ғасырдың 2-жартысында орыс миссионерлері ноғайбактарды зорлыкпен шокындырып, христиан дініне мойынсүндырды. Шокынбағандары татар, башқұрт этностарының қүрамына еніп кетті. Ал шокынғандарының түрмыс95
тіршілігі орыстарға ұқсас болғасын, ұлттық сана-сезімі төмендеу болып, этникалық дербестігін біртіндеп жоғалтуда. Қазіргі кезде ноғайбақтарды татар ұлтының этнографиялық тобына жатқызып жүр. Олар башқұрт тілі элементтері араласқан татар тілінде сөйлейді. Әдеб. Бектеева Е.А. Нагайбаки (Крещеные татары Оренбургской губ.), «Живая старина». 1902, в. 2. БАШҚҰРТТАР Башқұрттар - Ресей Федерациясының құрамындағы Башқұртстан республикасының байырғы халқы. Бүкіл элемдік жиынтық саны 1990 мыңдай (2009). Олардың 27 пайызы өз республикасынан тыс өлкені мекендейді. Қазақстанда башқұрт халқының 21 мындай өкілі тұрады. Өздерін башқорт дейді. Қайсыбір көрші халықтар оларды истәк деп атаған екен. Кейбір зерттеушілер башқұрт атауын татардың башқа юрт (өзге жүрт) сөзімен байланыстырады. Қазіргі татар үлтының қүрамына кірген тептярлер де башқұртқа жакын этнографиялық қауым. Башқүрттар көршілес Орынбор, Челябі, Қорған, Саратов, Самара, Пермь облыстарын да мекендейді. Олардың шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда бар. Антропологиялық жағынан башқүрттар бір текті емес. Солтүстік-батысындағылар еуропеидтік нәсілдің шығыс тобына жатады. Бір бөлігі ауыспалы Орал нәсілінің субурал тобын кұрайды. Оңтүстік - шығысындағылар қазақтар секілді тұран нэсіліне жуықтайды. Мүсылман дінінің суннит бүтағын түтынады. Башқұрт халқының тілі мен мәдениетінің, этногенезінің біржолата қалыптасуына УІІ-Х ғасырлардағы эр алуан түркі тайпалары, ішінара финно -угор тайпалары, әсіресе XI ғасырдағы қыпшак тайпасының ықпалы шешуші эсер етті. Башқүрттар - ата қонысын ғасырлар бойы сыртқы жаудан қорғап келген жауынгер халық. Алайда 1229 жылдан бастап екі ғасырдан астам уақытка созылған монгол езгісі халықты ауыр күйзеліске ұшыратып, саяси-әлеуметтік жағдайын құлдыратты. 1555-1557 жылдары орыс мемлекеті башқұрт жерін өз отарына айналдырды. Шаруашылыққа қолайлы башқұрт жеріне қоныс аударған келімсектер жергілікті халықты ата қонысынан ыгыстырумен болды. Ертеректе мыңдап мал айдап, үйір-үйір жылқы бақса, ол заман келмеске кетті. Кеңбайтак құтты қонысында жаз жайлауда, күз күзекте, қыс қыстауда емін-еркін тіршілік еткен халық тыгырыққа тірелді. Енді жаздай масайрап, қыстай калтырап ашығуды жағдай көтермейтіндіктен, басқа халықтардың түрмыс-тіршілігінен көп нәрсе үйрену керек болды. Қоныс тарылып, көшіп-қону мүмкін болмай қалды. Отырықшы түрмысқа толықтай көшіп үлгірмегендіктен, егіншілік пен басқа кәсіпшілікті толықтай меңгеріп кетпегендіктен, қарапайым халық мыңдап өз мекенін тастап, агаш даярлауға, жүк тасуға, маусымдық жүмысқа жалданды, рудникте істеді, балық аулаумен айналысты. Ке96
мемен, қайықпен жүк тасыды. Олар аяусыз қанауға ұшырады. Бұқар жырау бабамыздың «ел менен жер егіз» деп айтқанындай, елінен, жерінен айыру-кімге болса да ауыр қасірет. 1798 жылы елді басқарудың кантондық жүйесі енгізілді. Башқұрттарды іс жүзіндегі әскери сословиеге айналдырған кантондық жүйе 1865 жылға дейін созылды. Орыс миссионерлерінің башқұрт халқын шоқындырып, сол арқылы орыстандыру эрекеті жүртшылык наразылығын одан эрі өршітті. Қуғын-сүргінге ұшыраған халық ХУН-ХУШ ғасырда ондаған рет көтеріліс жасады. 1773-1775 жылдағы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне башқұрттар белсене қатысты. Батырша деп атап кеткен молда Абдолла Алиев халыққа үндеу таратып, башқүрт, қазақ тағы басқа туыстас, діндес халықтарды ынтымақтасып бірігуге, орыс отаршыларына қарсы дін үшін «қасиетті ғазауат соғысын» ашуға шақырған. 1755 жылы мүздай қаруланған 50 мың отаршылар әскері нашар қаруланған халық жасағына қарсы шықты. Бөліп ал да, бил ей бер саясатын жүргізіп, патша өкіметі алауыздык тудырып, көршілес туыс халықтарды башқұрттарға айдап салды, көтерілісшілердің мал-мүлкін бөліп бермек боп қызықтырды. Ержүрек башқұрт халқы отаршылардың отты қаруына қарсы түра алмай, көтеріліс жеңіліске үшырады. Сан мың адам қүрбан болды, қуғын-сүргінге ұшырады. Ел басына ауыр күн туып, балапан басына, түрымтай түсына дерліктей қиын-кыстау кезеңде башқүрт, қазак халықтарының бір-біріне демеу, сүйеніш болган кезі аз емес. Бұл жолы да екі халықтың ержүрек ұландары жазалаушы жасаққа бірігіп қарсы тұрды. Жайықтан өтіп, қазақтарды паналаған башқұрт жасақшыларын үстап беру туралы Орынбор губернаторының талабын орындаудан жергілікті халык бас тартты. Халықтың жаппай наразылығынан қауіптенген отаршыл үкімет башқүрттарға атылатын қару-жарақ үстауға, сатып алуға тыйым салды. Темір ұстаханаларын жабу, халық жиынын өткізбеу секілді қатал шаралар қолданды. Башқүрт жерінің метрополияға жақын болуы, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан қара шекпенділердің зорлық-зомбылығы, көп ғасырға созылған бодандық киіз туырлықты, қыл қүйрықты батыр елді, бір кездері арыстанша алысып, жолбарысша жүлысқан сайыпқыран жауынгер халықты бүгежектеу, жалтақтау етіп, жігері кұм, тілі тозган, намысы өшкен үлысқа айналдыра жаздады деп сипаттаушылар да болды. «Глядя на нынешних башкир, трудно представить себе, что еще так недавно они составляли сильный и воинственный народ, через каких-нибудь сто лет нельзя и узнать этого буйного и отважного народа. Между тем их можно считать людьми очень способными, они не только обладают здравым смыслом, но предусмотрительны и находчивы», - деп жазыпты XIX гасырдьщ орта кезінде (Народы России, II т.,Спб., 1886. С. 105-109). 1897-1959 жылдар аралығында Еділ жағалауындағы үш түркі халқы мен орыстар санының осу деңгейі мынадай екен. Орыстар 55,4 миллионнан 114113,6 мыңға, татарлар 3787,1 97