The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Абдикаримова, 2024-02-21 06:01:12

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

Түбі бір түркілер-С.Бизақов

мыңнан 4967,7 мыңға, чуваштар 842,8 мыңнан 1469,8 мыңға өскен. Бұдан көріп отырғанымыздай, орыстар саны 62 жылда екі еседен астам өссе, чуваштар 74,4%-ке, татарлар 31,2%-ке ғана көбейген. Ал башқұрттардың саны 1449 мың адамнан 989 мыңға, демек бір жарым еседей кеміп кетіпті. Халық санының өз мэнінде өсе алмауының тағы бір себебі ассимиляцияның кері әсерінен екені белгілі. Ертеректе башқұрттың жартысына жуығы татар тілінде сөйлеген. Кеңес өкіметі кезінде орыс тілді башқұттар саны да күрт көбейді. Дэтке қуат болар бір нәрсе халықтың ұлттық санасының өсіп жетілуімен, 40-жылдардан бастап башқұрт тілін ана тілім деп танушылар пайызы баяу да болса өсіп келеді. 1959 жылы 348,7 мың башқұрт, демек халықтың бақандай 35 пайызы татар тілін ана тілім деп таныған. Әсіресе республиканың батысы мен солтүстік өңіріндегі башқүрттардың түрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен тілі татарға ауып кеткен. Өз үлтының тілін ана тілім деп танығандар 63 жылда былайша өзгерген: 1926 1959 1970 1979 1989 Башқүрт 54% 61,9% 66,2% 67,0% 72,2% Татар 98% 92,1% 89,2% 85,9% 83,2% Чуваш 99% 90,8% 86,9% 81,7% 78,2% Демек татар мен чуваштарда бүл көрсеткіш біртіндеп кеміп отырса, өз халкының тілін ана тілім деп таныған башқүрт халқының пайызы өсіп отырған. Башкұрт тілі түркі тілдерінің қыпшақ бүтағына жатады. Түркологтардың айтуынша, татар тілінің сөздік корында башқұрт тілінде жоқ сөз көп емес. Басты айырмашылығы - арабизм мен фарсизм татар тілімен салыстырғанда башқүрт тілінде азырақ. Өзге қыпшак тіліндегі с орнына н, ё фонемалары қолданылады: сүт-үөт, апса-алүа, бас-баё, ескі-иёке. Ересек башқүрттар түгелдей татар, орыс тілдерінде сөйлей алады. Башқүрт тілі - орыс тілімен катар Башқүртстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарға жакын болғанмен, башкүрт ағайындардың үлттық психологиясында, наным-сенімі мен түрмыс-тіршілігінде казаққа ұқсастығы басым. Отаршылардың қуғынсүргінінен көп зардап шеккен казак пен башқүрттың тағдыр-талайы бір. Екі халықтың да зиялылары азаттықка үмтылды. Олардың бойында күрескердің каны тулап жатты. Халыктың мүңын мүңдап, жоғын жоктағаны үшін куғын-сүргінге үшырады. Екі халық домбыраның кос ішегіндей егіз. Біздің мыңжылдыктан астам уақыт келе жатқан ортак тіліміз бен дініміз, салт-ғүрпымыз бен тарихымыз, өнеріміз бен мэдениетіміз бар. Башқұрт - аузындағысын өзгеге жырып беретін 98


жомарт, ақшелек халық. Өте меймандос, қонақ талғамайды, үйіне келген адамнан барын аямайды. Башқұрт пен казақтың бір-бірінің бойындағы кеңпейілдік, жомарттык, кайырымдылық, қауымшылдык тэрізді игі қасиетін, ұқсастығын дэл танып, табысып, жарасып кететінін көріп жүрміз. Қазақтар бүрын башқүрт еліне арқасын тіреп жатқан. Оңтүстік Оралдағы Орынбор, Челябі мен Қорған өңірі ежелден іргесі бір башкұрт пен казактың ортақ мекені болған. Өкінішке орай, түптамыры бір екі халықтың арасын ажыратып аталған үш облыс Ресей құрамындағы өлкеге айналып, ел тұтастыктан айрылып, барыс-келіс саябырсып калған. Көптеген мақал-мэтел мен нақыл сөздеріміз де екі халыққа ортақ. Мысалы: Алғыс алған - аман, қарғыс алған - тэмам. Тура сөздің тоқпағы мыкты. Көп сөз жалғансыз болмас. Тіл үшін бас жауап береді. Жаксы кісі жәрдемшіл. Жылан уы тісінде, адам уы ішінде. Білісіңе карай жүрісің. Башкұрттың тартымды да қарапайым бейнелеу өнері, үсталық, зергерлік, сэндік бүйымдары татар, қазак тағы баска туыс халыктардың көркем оюларына үқсас. Қайыстан, теріден жасалған бүйымдар, ерсайман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен текемет току кәсібі де қыпшак үлыстарының бэріне дерлік ортақ. Ерте кезден-ақ егіншілік пен мал шаруашылығы катар дамып келеді. Қой-ешкі мен сиыр көп өсіріледі. Емдік касиеті мол кымызы мен еті үшін жылкы бағылады. Қымызды теріден кең етіп тігілген үлкен сабада даярлайды. Ұлттық тағамы татар мен қазактың ұлттык тағамдарына ұксас, ет пен сүт тағамын молынан түтынады. Жазда сүт тағамын басым жаратады, оған айран, катык, кұрт, ірімшік, сары май, каймақ, кымыз жатады. Сонымен қатар шэйкұмар халык. Нанның йыуаса, бауырсақ, токаш секілді түрі бар. Ет тағамына бишбармақ пен қүлдама (кеспе коже) жатады. Қонакка қазы-карта асады. Көпшілік арпа көже, үн салған коже һалма, баламық, салма, чурпаря (пирожки) пісіреді, арпадан, зығыр мен бидайдан талқан даярлайды. Орманды жерде тұрғандықтан, омартамен ежелден айналысып, бал өнімдерін түрақты пайдаланады. Өзен, көл жағалауына жақын орналаскан елді мекендері татар аулына ұксайтын. Онда киіз үй мен жерден қазылған үйден бастап, кесектен, саманнан түрғызған, шымнан, бөренеден қаланған үйдің түр-түрі кездеседі. Башкүрттың рулык-тайпалық бөлінісі ғасырлар бойы жалғасып келген. Олар кұрамында юрмат, бурзян, усерган, қыпшақ, табын, катай, миң т.б. бар 40 тайпалық одакка біріккен. Шежіре тарқату-ел тарихын, байырғы бастауларын барлап, зерделейтін, ұлттык бітім-болмысымен тығыз қабысып жатқан түтас бір маглұмат. Қазан төңкерісіне дейін рулық карым-қатынас ішінара сакталып, бірнеше туыс жанүясы аймак, ара, тюба аталатын эулетке бірігетін. Бес атага дейін кыз алыспау ғүрпы, әмеңгерлік сақталғанды. Башкұрт аулында, бүкіл башқүрт кауымында әйелдің сыйы, эйелге кұрмет өзгеше болатын. Ажырасу сирек. Әйел ерінен ажырасам десе, 99


төркіні бұрын алған калыңмал кұнын қайтаруға мэжбүр болады. Онсыз эйел екінші рет тұрмыс кұра алмайды, балаларды да анасына қайтармайды. Байлар екі, кейде үш әйел алатын. Әйел бала көтермесе, я дімкэс болса, кедейлер де қос қатын алатын. Қыз 15 жастан, жігіт 17 жастан үйлене береді. Үйлену үш сатыдан тұрады. 1) Құда түсу ырымында қалыңмал төленеді. Оның құрамына мал, ақша, киім-кешек түріндегі киіт кіреді. Қүда шақырыс өткізіп, кызға жасау жасалады. 2) Қалыңдық төркінінде неке қию тойы өтеді. 3) Ең үлкен той, үйлену тойы, қыз төркінінде үш күнге созылады. Алғашқы күні қалыңдықтың ата-анасы күйеу жағын күтеді. Келесі күні қүдалар кыз төркініне сый-сияпат көрсетіп, қонақ етеді. Әр алуан үлттық ойын, ат жарысы мен балуандар күресін ұйымдастырады. Соңғы күні қалыңдық үзатылар алдында сыңсу айтып, туған-туысқанын аралап, қоштасады. Барған үйге жеңіл-желпі сый-таралғы үсынады. Әр үй қызға ақша, мал т.б. сыйлық береді. Жаңа отауға кіріп, ақ босағаны аттағасын, дізерлеп үш рет ата-енеге, сосын басқа туыстарға сэлем жасайды. ¥лын үйлендірген ене бэрін келініне жүктеп, өзі бар жұмыстан босайтын. Башқүрттар жыл сайын ораза мен құрбан айтын, наурыз мейрамын атап өтеді. Көктемгі егіс жүмысы тамамдалғасын сабантой мейрамы тойланады. Сабантойда үлттық ойын түрлерінен жарыс өткізіледі. Балуандар күресі, ат жарысы өтеді. Башқүрттың көп жанрлы ауыз әдебиеті қазақ фольклорымен сарындас. «Қозы Көрпеш - Баян сүлу», «Еділ - жайық», «Ер Тарғын», «Алпамыс» сынды эпостық, лиро-эпостық жырларымыз да ортақ. Ежелден біздің халыктардың арасында шекара да болмаған. Біз қыз алысып, қыз беріскен халықпыз. Сыйластығымызға ешқашан сызат түскен емес. Тұрмыс-салт ертегілерінің басты кейіпкері таза тапқырлығымен, акыл-парасатымен озбырлыққа қарсы түрып жеңіп шығады. Туып-өскен мекенін, ата-салтын, ел-жүртын мадактайтын казақтың әлеуметтік сарындағы толғауына ұксас кен тараған ерекше жетілген жыр қобайыр аталады. Оны Сәсен аталатын жыршы орындайды. Эр алуан эуезбен, сырлы да шерлі әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Урал» тэрізді тарихи жырлар, көпшілік қыпшақ ұлыстарына ортак түрлі аңыздар ел аузынан үрпақтан ұрпаққа тараған. Қысқа, күлдіргі-сыкақ ертегілері көлэмэс аталады. Эпостык жырды, тұрмыс-салт пен махаббат жырларын музыка аспабы сүйемелімен жыршылар әндетіп орындайды. Ән салу өнері дамыған. Ол екі түрлі: 1) Озон (ұзақ) көй-жай ырғақпен созылып айтылатын эн, бұған көнеден жеткен лиро-эпикалық эндер де жатады. 2) Қысқа көй - шаттық динамикаға негізделген, жылдам екпінмен айтылады. Бүл - биге арналған эн. Сондай-ақ, эзіл-сықак пен тұрмыстық әндер бар. Қазақша термеге ұқсас тақпак аталатын күлдіргі сыкақ эні де жиі айтылады. Мүңды ырғақпен орындалатын башкұрттың кейбір эндерінен халыктың ауыр тағдырын, арман-мүддесін сеземіз. 100


Мысалы, Урал, Тевкелев, Буранбай, Бииш-отарлық езгіге қарсы шығарылған эндер. Мұңга толы махаббат әндеріне Таштуғай, Ашқадар, Зульхиза жатады. Әнді жеке дауыспен де, косылып та, хормен де орындайды. Кең тараған музыка аспабына сыбызғыға ұқсас мұңды үнді кұрай мен қазақтың шаңқобызына ұқсас кобыз аталатын аспап жатады. Ертеректегі ең кең тараған музыка аспабы домбыра болған екен. Би өнері де біршама дамыған. Топталып та, жеке орындаушылар да билейді. Халык тіршілігімен, тарихымен байланысты тұрмыс-салт билері, лирикалық би, «Зульхизя», «Гюльназира» секілді махаббат биі, эзіл-сықақ биі «Үш батыр» Башқұрттың би ансамблінің орындауында кеңінен танымал. Кеңес өкіметі тұсында опера мен балет, симфония, сюита, романс жанры дамыды. Халык театры коптеп ашылды. Қазан төңкерісіне дейін башқұрт әдебиеті татар тілінде дамып келді. Башкұрт әдеби тілі Кеңес окіметі тұсында қалыптасты деп жүрміз. Башқұрт халкының үлттық батыры, жауынгер ақын, суырып-салма импровизатор, жыршы, талантты эскери қолбасшы, жалынды патриот, үгітші Салават Юлаевтың ереуіл рухы, әлеуметтік идея мен азаматтык пафос жырланатын жалынды поэзиясы XVIII ғасырдағы башкұрт эдебиетінің ең таңдаулы үлгісіне жатады. Ағартушылық бағыттағы шығармасымен мэлім коп кырлы акын Акмолла туысқан башқүрт, казак, татар халықтары поэзиясында бірдей із қалдырған. Талантты акын эрі қоғам кайраткері, ғалым эрі педагог, тілші эрі аудармашы, этнограф эрі тарихшы М.Үмбетбаевтың «Жәдігер» атты жинагы 1897 жылы жарык көрді. Зэки Уэли - башқұрт халқының багына біткен адам. Оның аты 1990 жылдан бастап қана бүқарага мәлім бола бастады. Оган дейін Уәлидің есімін атауга, еңбектерін оқуга тыйым салынды. Зэки Уәлиди - дүниежүзілік деңгейдегі ірі тұлга. Ол араб, парсы, ежелгі түрік, орыс, агылшын, неміс тілдерін еркін меңгерген жан. Қазан төңкерісінен кейін коп жанрлы башқүрт жазба әдебиеті дамып, көптеген тілге аударылды. Бүгінгі Башкұртстан - көп үлтты республика. Жергілікті башқұрттар өз еліндегі халыктың төрттен бір бөлігіндей, демек 25 пайызына жуық. Республикадагы татарлар сан жагынан башкұртпен тен түседі. Орыстар бүкіл халыктың 44 пайызын кұрайды. Жүздеген мың чуваш, мари, мордва т.б. халык өкілдері мекендейді. Баска халықтар мүнда біржола орныгып қалды. Ұлтаралык тіл-орыс тілі. Мүндай демографиялық ахуалда башқүрт агайындар үшін ана тілін мемлекеттік мэртебеге ие етуден ауыр да зэру мэселе болмай отыр. 1959 жылы 750 үлттық мектепте башкұрт балаларының жарым-жартысына жуыгы гана білім алды. Республикадагы 70 газеттің 12-і гана башқүрт тілінде жарық көрген. Үлттық сезім - барып түрган шетін де нэзік мәселенің бірі. Өсер буынның ана тілінің уызына жарып, туган тілдің тұныгына мейір кандыруы башқүрт халкының тарихи танымының уык-керегесін тікейтіп, салт-дәстүрінің іргесін бекітуі үшін керек-ак. Ана тілінде 101


жетік сөйлей алмайтын адамдардың көбейе түскенін өкінішпен еске ала отырып, башкұрттың халық ақыны Мұстай Кэрім былай дейді: «Ана тілі балаға от басынан дариды, оның бесіктегі жөргекте жатқан кезінен құлагына сіңеді. Сәл кешіктің-ақ, балаға өз ана тілін үйретуде, бейне бір шет тілін үйреткендегідей қиындықтарға душар боласыз. Балаға от басында, жанұяда ана тілін үйрету, оның өз халқының рухани қазыналарынан сусындауын қамтамасыз ету - жоғары адамгершілікке сай касиетті парыз». ¥рпақ алдындағы осындай парызды ескерусіз қалдыру орны толмас өкінішке ұрындырмақ. Өз үлтын рухани жағынан түлетуді мақсат түтқан зиялы қауымның бастауымен 90- жылдардан кейін башқүрт тілін оқытып үйретуде біраз тындырылған шаруа бар. Ел мен халықтың даналығы өзінің үлттық мүддесін дүрыс түсінуге кабілеттігінде деп түсінеді башқүрт зиялылары. Демек, эр азаматтың адамдык қасиеті өз халқын қүрметтеуімен, өз ана тілін еркін меңгеруімен, үлтжандылығымен өлшенбек. Елдің елдігіне, ердің ерлігіне елеулі сын болатын күрделі жағдайдың туатын кезі бар. Башқұртстанда өзінің тарихи тағдыры жағынан көп ғасыр бойы алуан түрлі, көп тілді халык қүрылымы пайда болды. ¥лттық ізгілік, үлтаралық қатынастағы түрақтылықты сақтау, әсіресе орыс халкымен дэйекті қатынасты орнату, қайшылык пен түсініспеушіліктің дер кезінде алдын алу башкұрт халкының қайта өрлеуі үшін ауадай қажет. Башкұрт жерінің асты-үсті тұнған байлык, жерінің 40 пайызы - орман. Эр алуан шаруашылыкка колайлы сулынулы, орман-тоғайлы, кара топырақты далалы. Қымызбен емдейтін санаторий, демалыс үйі көп. Қазба байлықтың түр-түрі бар. Әсіресе мұнай мен газ ел экономикасын көтерудегі маңызды байлық козі болып отыр. Сол байлық ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесін десек, оны үқыптылыкпен халық мүддесіне жүмсай білуіміз керек. Саяси тиянақтылық, территориялық тұтастық, әлеуметтік жетістік пен экономикалык пэрменділік жағдайында үлттық касиеттің алтын арқауын сақтай білу мэселесі де бүгінгі зиялы кауымды толғандыруда. Дэтке қуат болар бір нәрсе жас түркі мемлекеттерінің қол-аяғын бауырына жинап, еңсесін көтере бастаған, байрағын тігіп бой түзей бастаған шағында демократиялық кайта қүрудың арқасында Башкүрт Республикасы Ресей Федерациясы кұрамында айрыкша статусқа ие болды. Өз елінің халыктык сипатын, үлттык болмысын қалыптастыруда тіл мен ділге, рух пен өнегеге, имандылык пен адамгершілікке негізделген рухани байлыкты молайтуға башкұрт ағайындар зор мэн беруде. ¥рпак тэрбиесі - бүкіл халықтық іс деген кағиданы басшылықка алған зиялы кауым өсер үрпақты алғыр да өнерлі, парасатты да білімді етіп тәрбиелеу максатымен замандар бойы ата-баба саралап жинактаған сындарлы да салиқалы тәлімдік дәстүрді халықтық педагогикамен, ел тарихымен, мэдениетімен, діни, рухани қазынасымен тығыз астастыру жолында маңызды кадам жасауда. Башкүрттың үл-қыздары «қылықтың 102


кіршіксізі-кішіпейілдік» дегенді есте тұтып, эдепті аттап, ибаны итеріп кетуден өз бойын аулақ ұстайды, абыройын берік сақтайды. ¥зак уакыт сыр бүгіп беймағлұм жатқан башқұрт халқының рухани тарихына қатысты ащы шындыкты бүгінгі күні ашып айту туған халқының бүгіні мен болашағы туралы танымдық, тағылымдық жайларды ескеріп, ел іргесін тоздырмау үшін керек. Қазак елі ағаш уықты, киіз туырлықты бір ел болған бауырлас халыкка зор ілтипат білдіріп, олардың бүгінгі қам-қарекетіне, саясиәлеуметтік ахуалына көңіл бөліп, аңсап көрісетін ағайынның іргесін алыстатпай, жақындай түсуіне ден қойып, жылы сөз, игі тілекпен рухани демеу боп отыр. Көне дәуірден өзінің ақыл айтар аксакалы бар, төрт түлік малы өріске толып мыңғырып жатқан башқүрт пен қазақтарихы ортақ, тағдырлас халыктар. Ертеректе көнекөз қариялардың екі халыктың бастан кешкен зобалаңы, жан-дүниесін жайпап өткен шер толғауы, нәубет қасіреті, көрген қиянаты туралы күрсіне айтқан ұзаксонар эңгімесі көкірегіңді каре айыратындай болатын. Қазақ халқы башқұрт ағайындардың баршаға аян бауырмалдығы мен дос мінезін күрмет тұтады. Ынтымактастык түрмыс-тіршілігіміздің мэні деп, бабаларымыздың шынайы да адал достыкка, береке-бірлікке үндегенін есте тұтады. Күндік жолға шықса, көлік іздемеу, айлық жолға шықса, азык іздемеу-башқүрт пен қазақ халықтары бірлігінің белгісі іспетті. Осылармен өлшенетін елдің елдігін арымызбен, адамдық жүрегімізбен алып жүруге жазсын! Әдеб. Народы Поволжья и Приуралья. М., 1985; Народы СССР, краткий справочник, М., 1958; Қазац Совет энциклопедиясы, 11т., А., 1973. ҚАРАҚАЛПАҚТАР Қарақалпақтар - Өзбекстан Республикасының қүрамындағы Қарқалпақ Республикасының байырғы түрғын халқы. Қарақалпак тілі қазақ, ноғай тілдерімен бірге түркі тілдерінің қыпшак-ноғай тармағын құрайды. Оларды көрші халықтар кейде қалпақ, қаралпақ деп те атайды. Халыкаралық статистиканың 2009 жылғы есебі бойынша қарақалпақ халқының жиынтык саны 660 мыңдай адам екен. Олардың 93 пайызы Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақ Автономиялы Республикасын мекендейді. Қазіргі кезде Бұхар облысында 6 мың, Ферғанааңғарында4704, Хорезмде 523, Түркменияда2548, Ауғанстанда 25000 қарақалпақ бар. Ертеректе олардың саны көбірек болғанымен, көп санды халық арасында шашырай қоныстанғандықтан, біраз бөлігі этникалық дербестігін жоғалтып алды. 1989 жылғы халық санының дерегі бойынша бұрынғы Кеңес Одағындағы қарақалпақтардың 94 пайызы өз тілін ана тілім деп таныған. Эр алуан себептермен алып Еуразия қүрлығының көп бөлігіне тарап қоныстанған осы заманғы қыпшак тобындағы халықтар 103


антропологиялық типі жағынан бір текті емес. Қарақалпақтың антропологиялық типі Орта Азиялық көне еуропалык нэсіл мен кейінірек келген монгол тектес нэсілдің араласуы нәтижесінде пайда болғаны белгілі. Көне дэуірде Әмударияның Аралға құяр сағасын мекендеген сак - массагет тайпалары, VI гасырдан бастап келе бастаган огыз, печенег т.б. түркі ұлыстары қыпшақ тайпасымен бірігіп, араласып кеткен. Зерттеушілердің пікірінше, қарақалпактардың аргы тегі біздің жыл санауымызга дейін-ак Арыс жагалауынан бастап Жайық пен Еділ өзендерінің аралыгын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонган тайпаларга саяды. Көне жазба деректеріне қараганда, кейінірек осы атырапты мекендеген кыпшақ тайпасының арасында да қара бөрікті, кара папах, парсы шежіресінде кулахи сиях, Еуропа жылнамасында черные клобуки деп аталатындары болган. Зерттеушілер бір гана ұлыстың осылайша эрқалай аталуын о баста коп санды болган халықтың тагдыр дүрмегімен шілдей бытырап, дүниенің эр түкпіріне тарыдай шашылып, сан бөлшекке бөлініп кетуінің салдары деп есептейді. ІХ-Х гасырдан бері қилы кезеңді басынан өткеріп, сан мэрте шабылып, сан мэрте үдере көшкен қарақалпақ халқының аз гана бөлігі атамекені Тұран жеріне Түркістанга қайта оралыпты. «Қонысынан үш рет көшкен шаңырақ, бір рет шабылып таланғанмен бірдей», «Көп санды халық ыдыраса, аз санды халыкка жем болады» деген каракалпак нақылы осындай тагдыр тәлкегін меңзегендей. ХІУ-ХУ гасырларда қарақалпак этногенезінің калыптасуына олардың ногайлармен байланысы елеулі эсер етті. 1611-42 жылдары Бұхар ханы Иманқүлдың Сырдария бойына жасаган жорыгы кезінде каракалпактар қазактармен бас коса отырып карсы түрды. Ата қонысына оралган қаракалпақтың бүдан кейін де басынан өткен қиынкыстау кездері, тар жол, тайгак кешуі аз болмады. Әсіресе XVIII гасыр каракалпак халкының саяси оміріндегі аса трагедиялы оқигага толы болды. 1723 жылы жоңгар калмактарының жойқын шабуылынан ақтабан шүбырындыга үшыраган казактармен косыла каракалпактар да Орта Азияның ішкі аудандарына, Ресей шегарасына ауа көшті. Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмактарды Жайық пен Эмба бойынан ыгыстырды. Жоңгар шапкыншылыгынан кейін халық «жогаргы», «төменгі» делініп екіге бөлінді. Жогаргы карақалпақтар Сырдария бойымен өрлеп, Ташкент жакка кошкен. Сырдарияның Аралга кұяр сагасына орналасқан төменгі карақалпақтар кіші жүз казақтарымен косылып, 1731 жылы Ресей патшасына багынды. ¥дайы үдере кошумен болган карақалпақтар тек XIX гасырдың 2-жартысында Хиуа ханына багынып, Әмударияның томенгі сагасына түпкілікті орналасты. Сырдарияның батыс атырабына қүятын Жаңадария бойын мекендеп, мал шаруашылыгын, ішінара егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен жартылай көшпелі каракалпак халқы Хиуа хандыгының 104


тынымсыз шабуылына ұшырап, соның салдарынан олар 1811 жылы Әмударияның сағасына көшіп тынды. Көне дэуірден бастау алған бай тарихы бар қарақалпақтың бүгінгі жиынтык санының айтарлыктай өспеуінің басты бір себебі олардың ынтымағы жараскан ұйымға бірікпеуі, территориялық ортақтығын, этникалык бірлігін сақтай алмауынан деген пікір айтылады. Тіпті 1873 жылдан кейін де едәуір ұзак уақыт карақалпақ халқы екіге ажырап тұруға мэжбүр болды. Олардың бір бөлігі Ресейге бағынса, қалғаны Хиуа хандығының кұрамында қалып койды. Осының салдарынан халыктың бір бөлігі өзінің этникалық дербестігін сақтай алмаған тэрізді. Мэселен, Хорезм алқабындағы бүгіндері өзбек үлтының өкіліне жататын маңғыттар мен аралдықтар этникалык шығу тегі, мәдениеті мен тарихы, тілі жағынан карақалпақтарға тым жакын. Орыс эскері Хиуа хандығын күшпен бағындырып, қарақалпақтар мекені де Ресейдің отарына айналды. Отарлық езгі, артта калған қогамдык қатынас өндіргіш күштің өсіп, халыктың экономикалық, элеуметтік жағдайының жаксаруына кесе-көлденең болды. 1924 жылы Қазакстан кұрамында Қарақалпақ автономиялы облысы кұрылды. 1932 жылы Қарақалпак АО-сы автономиялы республика статусын алды. 1936 жылы ҚАССР-ы Өзбек ССР-ның қүрамына енді. Мемлекеттік статусқа ие болуымен қарақалпақтың ұлт болып калыптасуы аяқталды. Қарақалпак жеріне славян тектес қоныс аударушылар дэл қазақ даласына келгендей қаптап қоныстанған емес. Қарақалпакстанды патшалы Ресейдің кешірек отарлауы, бүл аймақтың метрополиядан жырак болуы, табиғат жағдайының қаталдығы, егіншілікке қолайсыздығы мүның басты себебі екені күмэнсіз. Бүл жағдай қарақалпақ халкының өз атамекенін толығымен сақтап қалып, сан жағынан өсуіне, тілі мен дінін, салт-дәстүрі мен үлттық өнерін одан эрі дамыта беруіне қолайлы мүмкіндік тудыруға тиіс еді. Алайда эр регионда өмір сүріп жатқан түркі тектес халықтардың көріп келген қиыншылығы эр алуан. Қарақалпак халқы түгелге жуық экологиялық апат аймағын мекендейді. Соның әсерінен баланың туылу молшері Орта Азиядағы басқа халықтардан кем болмаса да, сәбидің шетінеуі жонінен қаракалпақтар бұрынғы Кеңестер Одагында алдыңғы орында түрды. Адамдардың орта жасы да едәуір томен. Бүл айтылганға қоса қарақалпақтардың озбек, түрікмен сияқты өздері аралас, көршілес отырған коп санды халықтармен сүйек шатыстығы да олардың сан жағынан өсе түсуіне кері әсерін тигізетіні кейінгі кезде байқала түсуде. Қарақалпақтарды ерте кезден жартылай көшпелі халық деу себебіміз неліктен? Негізгі тіршілік көзі - мал шаруашылығы болған. Жаз жайлау, қыс қыстауға өгіз жегілген арбамен көшіп-қонатын көбінесе әлді-аукаттылар, байлар еді. Кедейлер негізінен отырықшы болды. Халык мал шаруашылығымен, балық аулаумен катар коне дәуірден105


ак суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. 1897 жылғы мәлімет бойынша, қаракалпақтың 87%-ы егіншілікпен айналысса, 10%-ы ғана тек мал шаруашылығымен айналысқан. Ру, қауым боп бірігіп, канал қазып, суару жүйесін құрды. Су каналдан тартылқан жап, арна, өзек, салма арқылы кезекпен жіберілді. Егістің жебеушісі Дихан баба аталады. Макта, жүгері, бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді, эр отбасының бау-бақшасы болған. Егер көшпелі қазақтар көбінесе қой, жылқы, түйе өсірсе, жартылай көшпелі қарақалпақтарда сүті, етімен қоса жұмыс көлігі ретінде сиыр мен өгіз басым бағылды. Малға арнап қора, бастырма, малхана, сейісхан, жертөлетұрғызды. Халыкұғымында эр малдың жебеуші пірі болады деп есептелді. Қойдың пірі - шопан ата, түйе пірі - ойсыл баба, сиыр малынікі - зеңгі ата, жылқынікі - жылқышы ата. Бүрындары Өзбекстанда ауланатын балықтың 90%-ын каракалпактар беріп келген еді. Алайда Арал апатына байланысты балық аулау кәсібі үлкен күйзеліске үшырап отыр. Балық - қаракалпақтың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе куырып жейді. Сондай-ақ балык араластырып даярлайтын тағам түріне карма, уылдырык нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қарақалпақтың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабак көбірек. «Үш ай сауыным, үш ай қауыным, үш ай қабағым, үш ай шабағым» деген қарақалпақ мақалы - осының айғағы. Демек эр жыл мезгіліне қарай тагам түрі өзгеріп отырады. Бұл нақыл кедейлер мен орта шаруаларга қатысты айтылады. Ал ауқаттылар жыл бойы ет тағамын үзбей пайдаланады. Ұлттық тағам түрлеріне гөже (көже), жарма, быламық, сүт гүріш (күріш), шэуле (ет араласқан ботқа), палау, кеспас (кеспе), сықпан, бауырсақ, бөрек, сорпа, торақ, сондай-ак эралуан сүт тағамы жатады. Наурыз мейрамы қарсаңында көрші халыктар секілді сүмәләк тағамын пісіреді. Сүмәләк жүгымды тагам гана емес, дертке дауа, денге саулық әкеледі. Бойға куат, жанға шуак сыйлайды. Дэмді пісіп, жақсы сақталған сүмэлэктің жүғымды дэмі 10-15 күнге дейін бұзыла қоймайды екен. Қолөнері дамыган. «Өнері жоқ кісінің мазасы жок ісінің» дейді қарақалпақ макалы. Әрбір ата-ана бала-шагасын өз шамашаркынша белгілі бір қолөнеріне, кэсіпке баулуга тырысты. Әсіресе темірші үста мен ағаш шеберлерін «пірлі іс» иелері деп атап, құрмет түтатын. Үстаханага эйел мен бала біткен кірмейтін. Жүйке ауруына шалдыккандар үстаханада түнеп шығып, емделуге тырысатын. Ағаш шеберінің жебеуші пірін Садуакас деп атады. Қайсыбір темір үсталары зергерлік әшекейлі заттар да жасайтын. Ағаш шеберлері киіз үй түрғызып, ер-тоқым, арба, кайық, кеме жасайтын. Әйелдер тоқыма өнерімен, кілем тоқумен, киіз басу, мата, текеметтер жасаумен шұгылданды. Жартылай көшпелі түрмыс кешкендіктен, қарақалпақтың негізгі түрағы - қара үй (киіз үй) мен кесектен салынған, топырақтан соккан баспаналар болған. Мүндай түрғын үйдің түр-түрі кездеседі: 106


қоқра - кесектен қалап тұрғызған үй, жартылай жер үй, биік дуалмен коршалған, саз балшык пен кесектен сокқан бірнеше жанүя түратын хаули аталатын үлкен мекенжай. Там деп кірпіштен, топырақтан соккан мекен-жайды атайды. Көп уакыт бойы ру-тайпалық кұрылымын сақтап келген карақалпак халқышежіредеректерібойынша,Қоңырат(Қият,Ашамайлы,Қолдаулы, Қосталғалы, Балғалы, Қантекті, Қарамойын, Мүйтен, Жауынғыр) жэне он төрт ру (Хитай, Қыпшақ, Кенегес, Маңкыт...) аталатын екі арыс елден тұрады. Руға бөліну кейінірек өз әсерін жоғалтып алғанмен, таяу уақытка дейін үш-төрт атадан қосылатын туыстар көше деп аталып, бір махаллада өзара жинақы қоныстанып, шаруашылық жүмысын бірлесе атқарысатын. Әр рудың өз биі, өз үраны, өз таңбасы бар. Бүкіл билік билермен қоса дін иелерінің, ел ақсақалдары мен батырлардың қолына жинақталған. Экзогамия, демек туыс адамдардың некелесуіне таяу уакытка дейін тыйым салу әдеті сакталынған екен. Сирек жағдайда ғана қос эйел алатын. Егер эйелі қүрсақ көтермесе, эйел үстіне әйел алатын. Сол сияқты әмеңгерлік дэстүрі бойынша жесір калган жеңгесіне немесе келініне де үйленетін. Көп халықтармен салыстырганда қалыңмалдың мөлшері көбірек болды. Оның мэлшері 60, 70, 80 тіпті 90 туармен (мал басымен) белгіленеді. Қалыңмалға сондай-ақ алты жақсы жатады. Олар: кос мылтык, бас ат (ер сайманымен ат мінгізу), тет ат (жас жылқы малы), басөгіз (жүмыс малы), тет өгіз, сегіз ел баспак (сиыр малы). Мүның барлығының күны 28 сиырмен бағаланатын. Үйлену тойында той бастар, хаужар (жар-жар), сыңсу, беташар айтылады. Әзіл-қалжың түрінде қыз үзату тойында копір кэде, арқан кэде (үйге кірерде), кемпір өлді кэде дегенге үқсас ырым-сырымы коп-ақ. Қалыңмалға шамасы жоқ кедейлерде қарсы құда болу жиі үшырасады. Қыз алып қашу ғүрпы бар. Қыз алып қашудың аяғы күйеу жағына үлкен айып тартып, басқаның өткізген қалыңмалын еселеп қайтарумен бітеді. Халық дәстүрінде даналық коп. «Он бесте отау иесі», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық», «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» - деген секілді мақал-мәтелден халықтың талап-тілегі, мүң-мүқтажы сезілгендей. Өзімізбен түбі бір ағайындарымыз элі де болса, үлттық үрдісінен айни қойған жоқ. Халық педагогикасы - қарақалпақ халқының сан гасыр бойы үрпагын бағып-қагып, осіріп, өнегелі де үлықты үл мен кылықты қыз етіп тэрбиелеу жоніндегі жинақтаған тэжірибесі. Бұрындары мереке кезінде қыздар бас қосып, өздері үнатқан жігітке дэм тартқызатын. Жігіттер жағы қыздарға этір, иіс сабын, айна мен тарақтарын беріп, сый-құрмет көрсететін. Үлкен-кіші, кэрі-жас демей бэрі отбасының кұт-берекесі, үлттық тэрбиенің парасат иелері болған аналарын сыйлап кадірлеген. Олардың бэрі қыздарын жастайынан кызмет кууға емес, ана болуға дайындайды. Әйел жынысына қарап үлттың келешегін коруге болады. 107


Ата-ана кенже ұлының қолында тұрады. Туыстық жақындыққа мэн беріп, бөле, бажа болып, күда бала, құдаша болып өте-мөте сыйласады. «Өзіңді өзің сыйламай, өзгеден сияпат күтпе» деген халык даналығын ескеріп, аға буын өсер ұрпақты өз халқының дэстүр-салтын кіршіксіз қадірлеуге ата-анасы мен жасы үлкенге ілтипат білдіруге баулуды өзіне міндет санайды. «Қызы абыройсыздың - елі абыройсыз» дейді қарақалпақ мақалы. Қыз балаға катысты қағида мен тәжірибелік өсиетті жадында сақтап, ана тэлімін алып, эже ақылын тыңдап өскен эр бойжеткеннің жүрт алдында иба-әдебін сақтап, өз бойын үкідей қорып жүруі дағдыға айналған. Ат тергеу салты бар. Әйел күйеуі мен оның бүкіл туыстарын өз атымен атамай, өзінше жарасымды ат қоюға тиіс болды. Жастар отырыс (қыз бен жігіттер бас қосып, көңіл көтеретін кеш) ұйымдастырады. Қыздар кестеленген орамалды өздері ұнататын жігітке сыйлап, сезімдерін тұспалдап жеткізетін. Жігіттер кыздарға этір, иіс сабын, айна мен тарақ ұсынатын. Үйленгендердің ажырасуының өте сирек болуы отбасындағы үйлесім мен рухани жарасымның айғағындай. Жеңгелер қайын сіңлілерінің ең жақын ақылшысы, жанашыр сырласы есептеледі. Авункулат (жиен мен нағашының қарым-катынасы) дэстүріне мэн беріледі. Жиенді нағашы барынша еркелетіп, сүрағанын беріп, жеңіл-желпі жөнсіз істеріне кешіріммен қарауға тиісті. Үлкенмен иіліп сөйлесу, кішімен сызылып сөйлесу эр қарақалпактың канына сіңген. «Дэмді наның болмаса да, дэмді сөзің болсын» деген халык макалы осыны меңзегендей. Көп балалы ана бүкіл ауыл-аймак қүрметіне бөленеді. Адам үрпакымен мың жасайды. Үйінде үл-қызы бардың - аспанда жүлдызы бар деп үгатын халық нанымымен әулеттің тегін, елдің елдігін ғасырдан-ғасырға жеткізетін ұрпақ жалғастығын ардакты парыз санайды. Қаракалпактық эдеп-тұла бойы тұнған биязылық пен зиялылық. Күнделікті түрмыс-тіршілікте карақалпақтар айналайын, қарағым, қалқам, шырағым, айым, күнім, жарығым, сәулем, қозым, ботам, күлыным, жаным, садағаң кетейін тэрізді еркелеткен атауларды, сондай-ак балам, қызым, інішек, ағай, апай, атай, әжей, жеңгей, қүрбым, замандас, қарындас, қария тэрізді сыпайылық пен сырбаздыкты, күрмет пен ибалықты танытатын, жүрекке жылы тиетін сөздерді жиі қолдануы халықтық педагогиканың өзіндік ерекшелігін айғақтайды. Қарақалпактар мүсылман-сүнниттер. Өтпелі кезең аталған жоқшылық пен тапшылык түрмысымызға түсау салган тұстағы көп тапшылыктың бірі-рухани адамгершілік дүниесіндегі жүдеулік екенін ескеріп, зиялы қауым халыкты имандылыкка тэрбиелеуге батыл бетбүрыс жасап отыр. Үлттық мейрам мен ойындарға күрбан хайт, ораза хайт, наурыз хайт, сүннет той, бэйге (ат жарысы), ылақ (көкпар), гүрес (палуан жарысы), дэруаз (канатоходец) жатады. Қайтыс болган күні марқұмның кара асы беріледі, одан кейін жетісі, қырқы, жүзінші күні, жылы беріледі. Жыл бойы садақа беріледі. Қарақалпақтар - сөз 108


өнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен эралуан жиында маскарапаз (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қыз бен жігіттер сұрақ пен оған тапқыр жауап беру айтысын өткізеді. Лаққы деп шешендік, тапқырлық, эзіл-калжыңға жетіктігімен көзге түскен адамды атайды. Лаккы жиынтойда жұрттың кұлак кұрышын кандыра өнер көрсетуге тиіс. Қарақалпақ - ауыз әдебиетіне бай халық. Фольклорлық нұскалар жиынтығы саналатын «Қарақалпақ ауыз әдебиеті» атты сериялы топтамалардың 20 томының жарык көруі - мұның бір айғағы. Қазақ, тағы баска түркі халықтарына ортак «Қобыланды», «Алпамыс», «Ашык Ғарип» жырларымен катар «Қырық кыз», «Шадияр» батырлық, лироэпостық жырлары да халық арасына кең тараған. Туған елді сыртқы жаудан корғау, отансүйгіштік, достық, ерлік, адалдық идеясына негізделген «Қырык кыз» атты батырлық эпосын XVIII ғасырда Жиен жырау Тоғайүлы жырлаған. XVIII ғасырда өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін калаушы Жиен жырау мен XIX ғасырдағы Әжінияз, Бердак секілді каракалпак эдебиетінің классиктері каракалпак әдеби тілінің дамуына лайыкты үлес қосты. Өткен ғасырдағы Күнқожа Ибраимұлы, Омар Өтеш, Қүлмүрат, Сыдық Шаир т.б. акындардың жыр-дастандары ел ішіне кең тарады. Кеңес дэуірінде А.Бегімов, Ж.Аймырзаев, Т.Қайыпбергенов карақалпак прозасын биік белеске көтерді. Қарақалпақ, казак әдебиеті ежелден туыстас. Қазак, каракалпак әдебиетінің озық туындыларының да, мақал-мэтелдерінің де, салт-дәстүрінің де, кобыз, сырнай, шаңкобыз сияқты музыкалық аспаптардың да кос халыкка ортактығы-біздің ежелден туыстас екеніміздің айкын айғағы. Шығу тегі мен лингвистикалык белгілері, сондай-ақ мэдениеті мен ұлттык өнері, салт-дэстүрі мен тұрмыс-тіршілігі жағынан да үш халық өте-мөте жакындығымен түркі үлыстарының ішінде ерекшеленеді. Таяу уакытка дейін кайсыбір шетелдік түркологтардың казак, каракалпак, ноғай тілдері деп бөліп карамай, бір тілдің жеке диалектілеріне жатқызып келуі тегін болмаса керек. Қаракалпақтардың сөз өнеріне, тілдің адам өміріндегі рөліне мэн беруі, шешендігі мен канатты сөздерінің молдығы қазак тілімен үндестігін танытқандай. Екі тіл де синонимдер мен вариант тұлғаларға аса бай. Айталык, «күрттай», «ойбай» секілді сөздердің баспасөзде қолданып жүрген ондаған вариант пен синонимдік катары бар екен. Қаракалпак тілі де казак тілі секілді өзінің біртектілігімен ерекшеленеді. Онда диалектілік айырмашылык оншалық емес. Тек ішінара дыбыстық, лексикалык ауыткуға сэйкес екі говорға бөлінеді. Оңтүстік-батыс говорында көршілес, аралас отырған өзбек, түрікмен тілдерінің әсері сезіледі. Қарақалпак эдеби тілі солтүстік-шығыс говорына негізделген. 50-жылдарда каракалпак ғалымдарының өз тілінің дербестігін баянды етіп, казақ тілінен аражігін аша түсу максатымен ішінара өзбек, түрікмен сөздерін саналы түрде ендіргені 109


айтылған еді. Қарақалпақ тілінде сөз басында қазақ тіліндегі қ, к, т, ж дыбыстарының орнына ұяң қ, г, д, и дыбыстарын қолданатын кезі бар: ғыз (қыз), гүман (күмэн), ғарры (кэрі), дізгін (тізгін), ярыш (жарыс) т.б. Қазақ пен ноғай тілдері бір-біріне тым жақын дедік. Ал қарақалпак тілі осы екеуінің ортасындағы аралық тіл секілді эсер қалдырады. С.Е.Малов ноғай мен карақалпақ халқының таяу уақытқа дейін бір тілде сөйлеп келгенін, олардың етене жағындығын тілге тиек еткен. Әлденеше ғасыр бойы ноғай үлысының құрамында болған қарақалпақ аңыз әңгімелерінде Еділ мен Жайықтың, Қырымның аталуы тегін болмаса керек. Қарақалпақ музыка мәдениетінің ежелгі тарихы бар. Халықтың ертедегі музыка мэдениетін үрпақтан үрпакка жеткізуші-әншіжыршылар, сазеңдер мен қиссахандар. Музыка аспабы алуан түрлі: дутар, қобыз, ғыржек, баламан, най, сырнай, дап, шаңкобыз т.б. Қарақалпақ - эн қүмар халық. Әндері жанр мен тақырып жағынан эралуан. Елдің рухани өмірі, қоғамдық-әлеуметтік жай-күйі, түрмыстіршілігі, үйлену тойы мен эр алуан салт-жоралар, жиын-кеңес эн-жырмен көркем көрініс тапты. Қазан төңкерісінен кейін кәсіби музыкалык мэдениет дами бастады, симфониялық оркестрге арнап шығармалар жазылды. ¥лт аспаптар оркестрі қүрылды. Музыкалы - хореграфиялық училище, филармония жүмыс істейді. Қарақалпақтың дербес ел болуы, автономиялы болса да мемлекеттік статуска ие болуы үлттық тіл мен әдебиеттің, мэдениет пен өнердің өркендеуіне игі ықпал етті. Бүгін таңда қарақалпақтар республика халқының үштен біріндей ғана. Қазақтардың республика халқының төрттен бірі болуы карақалпақ тілінің қолдану өрісінің кеңеюіне эсерін тигізетін тэрізді. Өйткені екі халыктың өкілі қазақ, қарақалпак тіліндегі басылымдарды еркін окып, пайдалана береді. Қарақалпақ эдебиетінің жуан белінде жүрген Жаңабай Сапаров, Ғайболла Ерниязов, Жүбатқан Мүратбаев, Бисенғали Ғанибаев, Мендібай Әбілов, Қүтмағамбет Қонысбаев, Сәтбай Қалқашев, Абатбай Кірғабақов секілді ақынжазушылар - қарақалпак тілінде жазатын үлты казак каламгерлер. Қаракалпак жері - қазақ, өзбек, түрікмен тэрізді терезесі тең түбі бір түркі тілдес халыктардың үзак уакыткы достығының аркасында біртүтас елге айналған ортақ мекені. Дей түрсак та каракалпақтың этнодемографиялық жағдайын талдап қарасақ, мынаны байқаймыз. Қарақалпак халқы санының өсімі қыпшақ үлыстарының бэрінен де жоғары, басым болғанымен, өздерімен аралас, көршілес отырған өзбек, түрікмен халыктарымен салыстырғанда едэуір томен. Ол неліктен? Өзбектер сан жағынан 1939 жылғы санак дерегі бойынша республикада каракалпак пен қазактан кейінгі үшінші орынды иемденсе, соңғы халык санағы көрсеткендей, олар автономиялы республикадагы ең коп санды халыкка айналған. Ассимиляцияның кері әсерінің зардабын көбірек тартқан Ферғана мен Самарканд қарақалпақтары жыл өткен 110


сайын сан жағынан азая түсуде. Кейінгі жылдары Бұхара, Хорезм, Түркіменстан каракал пактарынан да ассимиляцияның кері эсері сезіліп жүр. Экологиялық Арал апаты да халыкты қан жылатуда. Ауру түрінің өсе түсуі демографиялық процеске кері әсерін тигізетіні белгілі. Каракалпак ағайындар «біз қазакпен аулымыз аралас, койымыз коралас, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған түйенің екі өркешіндей, биенің кос емшегіндей егіз сияқтымыз» деп айтып отырады. Халкымыздың атакты акыны Аскар Тоқмағамбетовтың «Қазак пен каракалпак» атты өлеңіндегі: Бір емшектен егіз туған, Бір Сырдың, бір Әмудің - Дариясына бетін жуған, Ел боп егіз катар түрдың. ...Айырмамыз: сен «ғалле» деп, Айтатын ек біз «астык» деп, Қысылғанда «ой, Алла!» деп, Ойымыз бір, сыр аштык кеп, - деген жолдары екі халықтың туысқандығын тереңдете түскендей тарихымызды еске салады. «Қажырлы ел, сөзге бекем серттескен, қанағатшыл, барға разы, жоқта өскен. Қарапайым, казағымдай момын ел, колы мырза бірбіріне көптескен», - деп, акын Кэкімбек Салықов жырлағандай, сонау Жейхундарияның Аралға қүяр жерінде өзінің пейіліндей кең жерді иеленіп жатқан жүрегі ак, көңілі таза, рухы мықты бір халык бар. «Сүрасқанда түбіміз бір ағайын, сөйлескенде тіліміз бір ағайын» деп, казақты өз косағына қосқан каракалпак халқының түрмыстіршілігі мен таным-түсінігінің казакпен ортақтығын мақал-мәтелдері де айғактайтындай. «Мейман атаңнан үлкен», «Адам болатын бала қонаққа үйір» мақалынан мейманқостығын, конакжайлылығын аңғарамыз. «Қол кыскалығынан тіл қысқалығы жаман», «Білгенге-сөз, білмегенге - қүр эуез», «Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар» деп, асыл сөзді бағалай білетінін, сөзге тоқтай білгенін аңғартады. «Ізет - ініден, эділет - ағадан», «Қымбатшылык - кызға жау, жаугершілік - үлға жау», «Мақтаншақ өзін өзі алдайды», «Көңіл-сөздің сандығы», «Достыкжігіттің ерлігі», «Аз сөйлесең, көп естисің» мақалдары да бар қазакка таныс. Әлеуметтік өмірде, күнделікті тұрмыста бірге жасап, біте қайнасқан казак, каракалпак халықтары бір-бірінің тағдырына ыстык ыкылас, туысқандык бейілмен қарап келеді. Ат ауыздықпен су ішкен, ер етігімен су кешкен киын сәттерде эр үлтқа жататыны біліне бермейтін қарақалпақ пен қазақ бір үзім нанын бөліп жеп, бір-біріне жылы сөзі мен ізгі тілек-ниетін аямаған. Сонау «алкакөл сүламаның» кезінен түрып келген каракалпак еліндегі казактар шетқақпай көрген жоқ, жаман тұрған жоқ. Алайда ана тіліндегі баспасөзі, радио-телехабары болмағасын, рухани жақтан матап үсталды, - дейді келіп-кетіп жаткандар. Енді міне егемендік арқасында 1993 жылдан Ташкентте 111


«Нұрлы жол» газеті, Нөкісте «Достық үні» газеті шыға бастады. Нөкісте қазақ мәдени орталығы жұмыс істей бастады. Алматы-Нөкіс поезы ара қатынасымызды жеңілдеткендей. Әдеб. Очерки истории каракалпакской АССР, т. /-//, Таш., 1964; Народы Средней Азии и Казахстана, т. II, М., 1963; Народы СССР, Краткий справочник, М., 1958. ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ Қырым татарының тілі түркі тілінің батыс қыпшақ немесе құман тобына жатады. ХУІ-ХУІІ ғасырдағы орыс жазбаларында қырымдық (крымцы) деп, ХУІІІ-ХІХ ғасырда татар деп, XX ғасырдан бастап қырым татары деп аталады. Олар Украинаға қарайтын 1991 жылы құрылған Қырым автономиялы Республикасын мекендейді. Краснодар, Ставрополь өлкесінде, Херсон облысында, Өзбекстанда да қырым татары диаспорасы кездеседі. Соңғы санақ дерегі бойынша, бұрынғы Кеңестер Одағында 268731 қырым татары болып, олардың 92,5%-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Ертеректе қырымдықтар саны бұдан бірнеше есе көп болған екен. Әлемнің көп бөлігіне тарыдай шашылып кеткен тағдыры өте ауыр да аянышты қырымдық ағайындардың басым көпшілігі алыс шетелін мекендейді. Олардың жиынтық санын баспасөзде 890 мыңдай деп көрсеткен. Алайда бүл сан дэл емес. Өйткені алыс шетелдегі кырымдықтар санын дэл атай алмай жүрміз. Литвадағы татарлар-кырым татарының үрпағы. Өкінішке орай, олар өз ана тілін сақтай алмаған. Тек тұрмыс-тіршілігіндегі сэл-пәл өзгешелігімен литвалықтардан ерекшеленеді. Жалпылама татар деп аталғанына қарамастан, қырым татары тұрмыс-тіршілігі мен тілі жағынан қазандықтардан әжептәуір ерекшеленеді. Салыстырып айтқанда, бұл аталған айырмашылық казак пен қырымдықтардың тілі мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктен кем емес. Соған қарамастан ¥лы Отан соғысынан кейін жазылған энциклопедиялық, анықтамалык эдебиеттерде кырым татары жеке аталмай келді. Оның басты себебі қырым татарының автономиялык статусын жойып, халықты атажүртынан ажырату тэрізді тоталитарлық жүйедегі империялық саясаттың салдары еді. Қырым түбегіне хазар, қыпшақ т.б. түркі тайпалары VII ғасырдан бастап қоныс аударған. XIII ғасырда ноғай тайпасы келіп орнықты. Татар-монғолдардың 1223 жылы шабуыл жасап, Қырымның далалық ауданын басып алуы, ондағы егіншілікке, қала қүрылысына өлшеусіз зиян келтірді. Алтын Орда билеушілерінің өзара кырқысын пайдаланып, Литва княздігінің жәрдеміне сүйеніп, 1433 жылы Дәулет-хаджыГирей тэуелсіз Қырым хандығын кұрды. XVIII ғасырдың соңына дейін өз алдына хандык кұрып, дербес мемлекеті болған бірден-бір қыпшақ үлысы-осы қырымдыктар. Олардың мәдени-рухани өміріне осман түріктерінің ықпалы елеулі болды. 112


Қырым хандығы 1443-1783 жылдар аралығында үш жарым ғасырға жуық өмір сүрді. Дербес мемлекеті мен экономикасы дамыған бұл хандық ХУІ-ХУІІ ғасырларда Шығыс Еуропадағы қуатты әскери қүрамы бар ықпалды мемлекет қатарынан саналды. Өкінішке орай, бүдан кейінгі кезеңде өндіргіш күштерінің одан эрі дамымай тұралап қалуы, көшпелі мал шаруашылығының әлсіздігі, егін шаруашылығының халық тіршілігінде кең орын алмауы Қырым хандығының мықты мемлекетке айналуына кесе-көлденең болды. XVIII ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей империясының жеңіске жетуі Қырым хандығын мүлде элсіретті. 1783 жылы Қырым хандығын Ресей қарудың күшімен басып алып, өзіне қаратты. Қырым халқы тарихының азапқа толы ауыр кезеңі осы кезден басталады. Отаршылар жер жаннаты атанған Қырым түбегіне толассыз қоныс аударған славян тектестерге қырымдықтар жерін зорлықпен тартып алып берумен болды. Аяусыз экономикалық эрі рухани қанауға ұшыраған, қуғын-сүргін, зорлық-зомбылықтан көз ашпаған жергілікті халық атамекенін тастап, сырт өлкеге көшуге мэжбүр болды. 1857-1877 жылдары Түркияға ғана 135 мың қырымдық қоныс аударыпты. Осылайша XIX ғасырдың соңында-ақ қырым татары этносының басым көпшілігі тарихи отанынан тысқары ғүмыр кешті. Ресейге тәуелді болғанға дейін кырым татарларының астанасы Бақшасарай қаласы болған. 1883 - 1914 жылдары түріктің үлы түлғаларының бірі И.Гаспиринский Бақшасарайда бүкіл түркі оқырмандарына арнап «Тэржіман» газетін шығарған. Атақты поляк перзенті, түркітанушы ғалым В.В.Бартольд Бақшасарайдың бүкіл түркі жүртының мәдени орталығы болғандығын еңбектерінде тілге тиек еткен. «Қырым халқының көбі дэл қазақ секілді мал асырап, көшіп-қонып жүреді екен. Араларына орыстар, немістер келіп, қала болып, егін сала бастаған соң, бүлардың малдарының өрісі тарылып, ата қонысының басым бөлігінен айрылды. Бүл күнгі Ставрополь, Екатеринослав, Херсон, Бессарабия губерниялары түгел түрік жерлері еді. Қазір ол жерде ешбір аулымыз қалған жоқ. Түркі халқы мал бағатын жер- суынан айрылған соң азып-тозды...», - деп жазған еді кезінде Исмаил Гаспиринский өзінің «Тэржіман» газетінде. (Міржақып Дулатүлының «Оян, казак!» кітабынан, Уфа, 1910, 93 - бет). Қырымдықтар көп салалы шаруашылықпен айналысып келді. Олардың ертеректегі кәсібіне бау-бақша, жүзім, темекі өсіру, огород, мал шаруашылығы, әсіресе астық егу жатады. Қырым-Ресей империясындағы ең бай облыс. Алайда қырым татарындай жаппай кедейшілік, жокшылық жайлаған халық жоқ шыгар деп жазыпты өткенде. (Народы России, II т., Спб. 1886. с. 71). ¥лттық тағамы пилав (палау), шашлық (кэуап), чубурек, голубцы, қатық. Сүйікті тағамы - ет, көкөніс, жеміс араластырып пісірген щи. Бекмез - жеміс шырынын кайнатып жасайтын паста. Ет тағамға коп жаратыла бермейді. ¥лттық 113


тағамына қакталған қой еті - какач, сиыр еті - пастырма жатады. Етті тұздап сүрлемейді. Жылкы мен түйе етін солтүстік далалық аймақтағы ноғай татары ғана жеген. Сүйікті сүт тағамы - пісірілген сүттің қаймағы. Сусыны - шербет пен жемісті араластыра кайнатқан чарденка. Өткен ғасырда жазылған еңбектерде кырымдықтардың бір-бірімен қарым-қатынасында өздерін тым еркін үстайтыны айтылған. Кедей жүмысшы өз қожасының үйіне еркін кіріп, дастарханға келіп, катар отырады. Бір-бірін алдамайды, уәдеде түрғыш. Қырым аулында ұрықары болмайды. Үй-жайы, қора-қопсы, азық-түлік қоймасы түнге карай да кұлыпталмайтын. Мейманды жаны қалмай күтеді. Бір қызығы қонақтың үсынған сыйлығын, ақшасын еш ұят көрмей, қуана-қуана кабылдап, риза боп қалады екен. Оны үлкен сый - қүрмет санаған. Алайда ғасырға жуық созылған ауыр отарлык езгі халыктың рухани жағдайын аянышты күйге түсіргені, мінез - құлқы мен психологиясын, түрмыс-тіршілігін өзгерткені таңданарлық жэйт емес. Кезінде жаугершілігімен, батырлығымен айдай элемге эйгілі болған өжет қыпшақ үрпақтарының менталитетін 1869 жылы басылған әдебиетте осылайша сипаттапты. Қырым татары ауылдары көбінесе алқап пен қойнауларда орнап, мекен-жайларының арасы қашықтау салынады. Ауыл ортасында биік минаретті мешіт ғимараты орналасады. Үйді тастан, саманнан, токылған қамыс-кұрақтан қалап түрғызатын. Таулы жерде сакля секілді мекенжай салынады. Үй ішінде ерлер бөлмесі, эйелдер бөлмесі, конақ күтетін бөлме болады. Үй ішін, ауланы қашан да болса тап-тұйнақтай етіп жинап, таза үстайды. Мал түнге қарай қорада болады. Өйткені тезек пен байланған көң кептіріліп отын ретінде жағылады. Көптеген мүсылман елдеріндегідей, үй-ішінің бар тауқыметі әйел мойнында: ас пісіру, бала бағу, киім-кешек тігу, отын-су әкелу, малға карау, қонақ күту, үй-жайды таза үстау т.б. Қырым әйелдері табиғаттың өзі берген тамаша көркіне қоса қынамен боянғыш. Қасын сүрмелейді. Киімді жарасымды әдемі етіп, әшекейлеп киюге баса көңіл бөлетін. Кестеленген көйлек киеді, түрік матасынан ою-өрнектеп бешпет жэне басқа сырт киім тігеді. Қыздар шашын көп бүрым қып өреді. Білезік, сақина тағады. Он жеті жастан бастап кыз-келіншектер мараму аталатын жамылғы жамылады. Киім киісінде, жүріс-түрысы мен түрмыс-тіршілігінде осман түріктерінің әсері байкалатын. Қайсыбір мүсылман елдеріндегідей адамды қайтыс бола салысымен жерлеуге тырысады. Басқа шығыс елдерімен салыстырғанда аса діндар болмаған. Бөтен дінді түтынушыларға кеңшілік танытып, төзімділік білдірген. Қазан татарымен салыстырғанда сауаттылар аз болған екен. Сауаттылык молдалар арасында да өз мэнінде болмапты. Халық өте кедей болғандыктан, балаларын окытуға, үйлену тойын өткізуге мүршасы келе бермейтін. Қалыңмалын төлеуге жағдайы жоқ жігіт ретін тапса қалыңдыгын алып қашып та үйленетін. Үш күнге созылатын үйлену 114


тойын қонақтар егде жастағылар, жас жігіттер, эйелдер жағы болып үш жерде тамашалайды. Эр топ өз тамадасын сайлап, өздерінше көңіл көтереді. Сүндетке отыра алмай егде тартып, қайтыс болғандардың о дүниеде мүсылман болуы үшін денесіне тіліп белгі салатын. Ең сүйікті үлттық спорт түрі - ат жарысы. Оған жан-жактағы елді мекендерден адам коп жиналып, тамашалайды. Той-думанда балуандар жарысы өтеді. Ал әйелдер жағы мүндай жиын тойда алтыбакан ұйымдастырып, би билеуге күмар. Би өнері кең дамыған. Халықтың элеуметтік өмірінің белгілі бір дәрежедегі айнасы іспетті би өнерін - қимыл поэзиясы деп бекер айтпаған. Халыктық мінез-кұлык, болмыс, елдің тұрмыс-тіршілігінің бояуын танытатын кырым татары биінің түп тамыры ерте кездегі шүрайлы қыпшақ билерінен бастау алады дейді зерттеушілер. Би негізінен қолмен, кеуде қимылымен орындалады. Аяқ қозғалысы аздау. Ерлер эйелдермен қосылып би билемейді. Ресей мемлекетіндегі еш халыктан мүндай әсем ырғақты, аса мәнерлі, эсерлі, жанды би өнерін кездестіре алмайсыз деп жазыпты. Зерттеушілер атап өткеніндей, кырым татарының үлттық музыкасы мен өнерінде, эдет-ғұрпы мен наным-сенімінде, түрмыс-тіршілігі мен шаруашылығында, халықтык тәрбиесі мен психологиясында қыпшақ ұлыстарымен ортақтық басым. Коп жылдар аралас түрған Орта Азия халықтары қырымдық бауырлардың кұнттылығына, үқыптылығына, мың сөзден бір ісің артық дейтін еңбекқорлығына дэн риза. Тағдыр тэлкегіне көп үшырап, қиынкыстауды бастан өткерген кырымдық ағайындар оз ұрпағын белгілі бір өнер түрін жете меңгеруге баулуды мақсат түтады. Неше жүздеген жыл бойы аса қысталаң жағдайды бастан кешірген халық өзінің тынымсыз еңбегімен, ізденімпаз өнерімен небір қиын тығырықтан шыға білді. Атап айтқанда, бесіктен белі шықпай бозөкпе, еңбегі кеппей еріншек, аяғына мінбей тілазар, аяқтана сала ақсаусақ, жанаяр жалқау болуды эр ата-ана үлкен кесапат санап, табан акы, маңдай терімен ел-жүртына кызмет етуді міндеттеген. Сөйтіп ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі халықтық педагогиканың бел баласы, этнографиялық тэрбиенің қүрамдас бөлігіне айналған. «¥лт болам десең, ұрпағыңды ойла» демекші, қырымдыктар қашанда бала тэрбиесіне ерекше мэн берген. Сэби дүниеге келгеннен бастап оның осіп, дене бітімінің дүрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Бесіктегі балаға да үн қатып, тілге тартқан. «Бакытым - қос қолым жэне қосағым», «Жетесіз өссе - экеге сын, жеңілтек өссе - шешеге сын» - деген халық даналығын есте түтқан қырымдык бауырлар жас үрпақты әдептен оздырмай, эдеттен аттатпай, тікбақай етпей, ерте бастан үй тірлігінің қыр-сырына үйір етті. Өсер буын өшкен-кешкенімізге көз жіберіп, келді-кеттіні көңілге түйіп өссе екен деп максат түтты. Ел аксақалдары мен кейуана аналардың жастардың инабатты болып үлкендерді сыйлас115


уына, үлкендердің жастарға құрметпен қарауына, адамдардың өзара дұрыс қарым-қатынас жасауына, бірлесе отырып қиындықты жеңуіне ұдайы мэн беруі - қырымдықтардың қанына сіңген қасиет. Жұтаған шүкірге тоймайды дегендей, төзімділік қанына сіңген қырым халқы өзінің асқан еңбекқорлығы мен қажыр-қайраты арқасында ғана өз үрпағын қүрып кетуден сақтап қалды. Басқа татар хандықтарын ертеректе орыстар жаулап алғаннан кейін қырым түркілерінің өз қандастарымен сауда-экономикалық, этникалық байланысы болмай, мүлдем бөлек тарихи-мэдени кеңістікке тап болды да, мүның өзі олардың этникалық дамуына белгілі бір өзгерістер енгізген. Қырымдықтар мынадай үш этнографикалық топқа болінеді. Біріншісі - жағалаулық (оңтүстік) татарлар. Олар өздерін тат деп атаған. Екіншісі таулық (солтүстік) татарлар. үшіншісі - далалықтар. Олар өздерін ноғайлар немесе ноғай татары деп атаған. Халыктың осы аталған үш тобы сырт көркі, бет-пішіні жағынан да бір-бірінен өзгешеленеді. Таулы жердегі биік бойлы, қаба-сақалды қырымдықтар еуропеидтік нәсілдің кавказ тобына жатады. Еуропеидтік нэсілдің алдыңғы азиялық тобына жататын оңтүстік жағалаулық қырым татарының да кескінпішіні, сырт көркі өте әдемі деп жазады зерттеушілер. Ал бүл халықтың ноғайлық аталатын тобының бет-пішінінен байқалатын монголоидтік компоненттің де елеулі екені белгілі. Осымен байланысты қырым татарының тілі солтүстік, оңтүстік, далалық болып үш диалектіге ажыратылады. Қазіргі қырым татары эдеби тілінің негізгі үйтқысы - түрік әдеби тілінің әсеріне көп үшырай қоймаған о бастағы қүман тілінен өрбіген орта (аралық) диалект саналатын солтүстік (таулык) татарларының тілі. Қырым татары тілінде басқа қыпшақ тілінде кездесетін кей дауыссыздар мен қысаң дауыстының түсіп қалуымен, келер шақтың болымсыз қосымшасының ыкшамдалуымен ерекшеленеді: (н) ава-ауа, сабан-тацертең, креримкіремін, ста-ұста, алмам-алмаймын, алмамыз-алмаймыз. Ересектертүгел дерліктей қос тілділер. Орыс тілі кең тараған. Қырым татарының тілі - көп ғасырлық әдеби дәстүрі бар көне жазбалы тілдің бірі. Сонау XII ғасырдан бастап қырым татары арасына араб жазуы ене бастаған. 1929 жылдан 1938 жылға дейін латын, 1992 жылға дейін кирилл эрпін пайдаланды, Украина егемендігін алғаннан кейін латынға кайта өтті, қырым түркілері осы елдің кұрамында болғандыктан бұлар да латын эріпіне көшті. «Жүсіп-Злиха» поэмасын жырлаған XIV ғасырда өмір сүрген ақын Абдулмеджит, XVI ғасырда өмір сүрген Ғази Герей мен Азаулық Досмамбет, XVII ғасырда жасаған Ашик Умер мен Жанмүхаммет, XVIII ғасырдағы Сейд Мүхаммед Риза т.б. акын-жазушылар, жазба әдебиет өкілдері осы араб каріпті жазу үлгісін пайдаланған. Қырым татарының ұлы ағартушысы Исмаилбей Гаспиринский 1863 жылдан бастап барлык түркі тіліне жарайтындай қалыпта алфавитке реформа жасап, оны қырым татары тіліне 116


бейімдеді. Қазақтың эпостық жыры «Қырымның қырык батырында» орта ғасырдағы Қырым хандығының кейбір батырларының да ерлігі жырланады. Ертегі-аңыздарда жын-шайтан, обур (мыстан кемпір), дива (дию), пері, мюнкир-венекир (аруақтар) жайында айтылады. Ғасырлар бойғы жазба басылымдар осман түріктері тілінің әсерімен жазылып келген. 1921 жылы Қырым автономиялы республикасы құрылып, ондағы жергіл ікті халық біртұтас этникалык тұрғыда бірігіп, ұлттык-әлеуметтік даму жолына түсе бастағандай еді. Алайда ұлы Отан соғысы кырым халқының басына азап бұлтын төндірді. 1944 жылы 12 мамырда Қырым түбегі жаудан толык азат етілді. Арада бірнеше күн өткенде НКВД жендеттері кырымдықтардың тоз-тозын шығарып, адам айткысыз қатыгездікпен туып-өскен өлкесінен зорлықпен аластап, түп көтеріп кияндағы Орта Азияға жер аударды. Мұздай қаруланған эскер бөлімі татар ауылдарын қоршауға алып, бала-шаға, кәрі-кұртаң, эйел, соғыс, еңбек ардагері демей, улатып-шулатып зар жылатып, шаңырақтарын талкандап ортасына түсіріп, ата-жүрты, қара орманынан айырып, мал таситын суық гулеп ыскырған вагондарға зорлап отырғызганын көз алдымызға келтіру қаншама ауыр десеңізші. 1944 жылдың 18 мамырынан басталған Қырым татарларын депортациялау операциясы 20 мамырда аяқталды. 67 эшелонға күшпен тиелген 183155 қырым татары жер аударылды. Осы шараны жүзеге асыру үшін НКВД-ның 5 мың кызметкерін, ішкі әскер бөлімдерінің 20 мыңға жуық солдатын, НКВДның шекара полкін талап еткені айқындалды. 2 жүк машинасы мен 100 эшелон осы максатка пайдаланылған, 6 мың татар жастарын Гурьев, Рыбинск жэне Куйбышев калаларындағы жабық, денсаулыққа зиянды эскери кэсіпорындарға зорлықпен орналастырды. Табан ақы, маңдай терімен тапқан-таянған дүние-мүлкінен, мал-жанынан, үй-жайынан бір сәтте-ақ жүрдай болған, кайғы-қасіреттен еңсесін көтере алмаған калың жүрт азап вагонында жолшыбай суықтан, аш-жалаңаштықтан, ауру-сыркаудаи өлім-жітімге үшырады. Сан мың адам шейіт болды. Апарған жерінде де кырымдыктар коменданттық тэртіптің қысымына түсіп, жэбір-жапа шекті. Шарпылған шаңырақ, оты сөнген ошақта кисап жоқ. Вагондарға мылтықтың күшімен тиелген жүрттың жолжөнекей көрген қорлығы қаншалық ауыр болғанын ауру мен аштықтан өлген адамдарды көмуге рұксат етілмегендігі де айғақтайды. Өлген адамдар мен тірі адамдарды вагондарға аралас тиеген катыгездікті тарихтың өзі де білмейді. Қырым татарлары 1944 жылы оз жерінен қуылғанда 2 миллиард 446 миллион сомның дүние-мүлкі тартып алынып, 640 бастауыш, 321 орта мектеп жабылған. Пойызға тоғытып тиелген 423 мың адамның ауру мен аштыктан 192 мыңы опат болған. Қырым татарларының саны 1964 жылы ғана ¥лы Отан соғысынан бүрынғы мөлшеріне жетіпті. I ле-шала орталық Ресей тұрғындарын Қырымдағы емдеу-сауықтыру 117


мекемелерін қалпына келтіруге шақырган үндеу тасталды. Славян тектес жаңа қоныстанушыларға үкімет тарапынан ынталандыру қаржысы бөлінді, жол шығыны да толықтай өтелді. Оған қосымша славян тектестер қырым татарынан зорлықпен босатқан дайын мекенжайға орналасты, мал-мүлкін, жиған-тергенін тегін иемденді. Жеке адамдар емес, бүтіндей бір халық хүқын осыншама аяққа таптаудан өткен әділетсіздік, сорақылық болуы мүмкін емес. Тағы да бір өкінішті жағдай -кырымдықтардың әскерге жарайтын ер азаматтары дерліктей майданда жаумен шайкасты. Бала-шаға мен ата-аналарын атамекеннен еріксіз жер аударып жатқанда олар жойқын шайқаста қандарын төкті, көбірегі опат болды. Мыңдаған адам орден, медальдармен марапатталды. Бес қырым татарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл эр жүз мың адамға шаққандағы үлкен көрсеткіш. Әлбетте эр халықтың қадір-қасиетін Отан соғысында батыр атанғандар санымен анықтайық деген ниеттен аулақпыз. Мүндай мәліметті келтіруіміздің өзіндік себебі бар. Өйткені түтас бір халыққа жаудың жансызы, арандатушылар деп жала жауып, ар-намысына тиді. Басқаларды, соның ішінде туыс халықтарды да қырымдыктарға қарсы айдап салу саясатын жүргізді. Репрессияға үшыраған басқа халықтарға қатысты да осындай құйтырқы арандатушылық қолданған еді. Өздері секілді тағдыр тэлкегіне түскен халықтар элдеқашан ие болған саяси ақталу актісіне қол жеткізіп, бабалар зираты жатқан атамекеніне тұрақтап қоныстану жолында қырымдықтар толассыз күрес жүргізіп келді. Сталин қайтыс болғаннан кейін репрессияға ұшыраған 13 халықтың тоғызы, демек неміс, корей, месхед түркі, кырым татарлары секілді төрт халықтан басқасы зор қиындықпен, үлкен дау-жанжалмен, құрбандыққа да ұшырап, әупірімдеп отанына қайтарылды. Неміс, корей халықтарының жағдайы шүкіршілік еді. Өйткені Германия мен Корея - бүкіл элем таныған қуатты мемлекеттер. Олар тығырыққа тірелген өз қандастарына көмек колын созуға эрқашан даяр. Барар жері, басар тауы жоқ нағыз сормаңдай болып, оқшау қалған кырым татарына кіндік қаны тамған ата қонысына келіп қайтуына да тоскауыл койылды. «Рассекреченные документы характеризуют непоследовательность высшего советского руководства в устранении последствий преступлений тоталитарного режима. Вернув некоторые малые народы на их историческую родину, хрущевское руководство не сделало то же самое для татар Крыма, оставив последующим поколениям клубок сложных и противоречивых проблем», - деп жазыпты бір коғам кайраткері («Казахстанская правда», 18.07.1998). «¥лын жогалткан бір жыл жылайды, Отанын жоғалтқан өмір бойы жылайды» - дегендей, бейкүна жандардың жан азабы күні бүгінге дейін созылып келді. 1967 жылы кырымдықтардың конституциялық қүқығын қалпына келтірген үкімет қаулысы шыгып, үміт оты ұшқындаған сияқты болып еді. Жазықсыз кудаланган халықтың бүрмаланган 118


хүкықын қалпына келтіру мен моральдық - материалдық залалды өтеу жөнінде болуға тиіс бұл қаулы ондаған жылдар бойы қағаз бетінде ғана қалып, ешқандай нәтиже болмай келді. Өйткені осы үкімет каулысынан кейін аңсары ауып, үлкен сағынышпен, зор қиындықпен отанына оралған азғана қырым татары отбасының лепірген көңілдері лезде-ақ су сепкендей басылды. Қырым татарлары көп жылғы табанды талап етуі арқасында Қырымға көшуге рүқсат алғанмен, іс-жүзінде бүл да алдаудың бір түрі болды. Алыстан арып-ашып келгендерге үй салуға жер берілмеді, өз бетімен үй түрғызғандардың қора - қопсылары қиратылды. Бір татар отбасына зорлық көрсетіп, Орта Азияға көшірмек болған экімшіліктің қорлығы мен қысымына төзе алмай өзін өзі өртеп, үш баласының жетім қалғандығы туралы мерзімді баспасөзде жазылды. Аса еңбекқор да момын жандар жағдай бірте-бірте реттелер, сабасына түсер, көрген азабымыздың есесі қайтар деп сабыр сақтап, славян тектес экімдердің қиянатына, озбырлығына төзімділік көрсетуге тырысып бақты. Трагедиялық жағдай да аз болмаған. Жергілікті әкімдер үкімет қаулысын көзге ілмей, дүркін-дүркін халықты желіктіріп, қырым татарының қиындыкпен тұрғызған уакытша баспанасын қиратып, мекенжай сатып алуға жол бермей, төл қүжатын тіркемей, жүмысқа алмай, орныққан бірлі-жарым отбасын зорлықпен қайта көшірмек боп күш көрсетуден тайынбады. Әміршіл де экімшіл тоталитарлы жүйенің осыған ұқсас небір келеңсіз қиянатына фактіні көптеп келтіруге болады. Қыруар қиындықты бастан өткеріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған ағайындарына Орта Азия түркілері, басқа да түбі бір туыстары түсіністікпен, аяушылықпен қарап, көмек қолын созып, мүмкін болған камқорлығын көрсете алды ма? Мемлекетаралық деңгейде қырым халқы жөнінде тарихи эділеттілікті қалпына келтіретін адамгершілікті істі жүзеге асыруға үлес қоса алды ма деген сауал ойға оралатыны белгілі. Адам хүқын бүзу бір елдің ішкі ісі бола алмайтыны белгілі. Халық қасіретінің киесі ауыр дейміз. Бір халықтың түтастай қуғынсүргінге үшырап, кұрып кетудің аз-ақ алдында қалуы - сүмдық ауыр қасірет. «Дружба народов» журналының бас редакторы С.А.Баруздин ұлтаралық қатынастар проблемаларына тоқтала келіп, олардың дереу шешуді талап ететінін, ойткені копшілігінің тым асқынып кеткені жөнінде пікір айтты. Бұл орайда ол Қырым облысының Бақшасарай ауданындағы өкімет орындарының түрақты түруға келген кейбір татар отбасына көрсетілген аса катыгез, теріс іс- қимылына сілтеме жасады. Оның созінде кабылданған шешімдердің орындалуына тиісті бақылау жасалмайтыны атап өтілді. («Социалистік Қазақстан», 13.01.1989). Үміттің бір үшы, әрине, туыс халықтарға артулы. Айтып жеткізгісіз әділетсіздікті көріп отырып, үн-түнсіз қалудың жараспайтыны мэлім. Істің акиқатына келгенде, таяуда ғана тәуелсіздікке ие болған түркі 119


мемлекеттерінің белсенді дипломатиялық қам-қарекет жасап, туыс бауырларына қолдау көрсету жағы кемшін. Қырымдықтарға араша түскен дауыстың естіле қоймайтыны таңдандырады. Түркиялық ағайындар ғана мүмкін болған материалдық, әлеуметтік қолдауды өздерінің саяси жэне рухани борышы санауда. Түбі бір туыстықты кастер түтқан Түркия елінің ғана басқа ағайындар секілді қырымдықтарға білдіріп отырған қамқор пейілі мен тілеуқорлығын эзірше көңілге медет түтудамыз. Қырымдықтардың басынан өткізген нэубетті жылдардың үлт мәдениетіне келтірген зияны айтып тауыскысыз. Көңілге үміт үялатар бір нәрсе соңғы жылдары түркі халықтарының өзара қарым-қатынасы ортақ мүддеге орайлас мәселені пікір алысу арқылы күш біріктіре шешу жолындағы ынтымақтастығы дамуда. Түркі үлыстарының өзін-өзі танып, анатілін қастерлеп, ата дәстүріне кең қанат жайдырып, үлттық санасы мен отаншылдық сезімін қалыптастыруда мүндай игі бастаманың кажеті анық. Сөйтіп қырым татарының өз атамекеніне оралып, үлттық автономиясын қалпына келтіру мэселесі ондаған жылдар бойы шешімін таппай келді. Саны үш жүз мыңға толартолмас аз санды қырымдық ағайындардың тоталитарлық жүйе кезіндегі қүлаған шаңырағын қайта түрғызудан ауыр да зэру мәселе казіргі таңда болмай отыр. Мүндай кезде халықаралық норма үстемдігін енгізудің артықтығы болмас еді. Украина егемендігіне ие болып, тэуелсіз мемлекет болғасын Қырым автономиялы республикасы кұрылды. Алайда Ресей оны Қырымдағы орыс диаспорасының мемлекеттік статусы дейтін сыңай танытуда. Қырымның 70 пайызына жуығы орыстар болса, кырым татары 7-8 пайыз ғана. Өз атамекенінде өгей баланың күйін кешіп, азшылыққа айналуының әлбетте сол халыктың тарих тәлкегіне үшырап, тағдыры қайғы-қасіретке толы болғанын айғақтайтыны белгілі. Қырым татарының баспанасын қиратып, зорлық көрсету таяу жылдарға дейін созылып келгенін баспасөзден оқып жүрдік. 1995 жылы маусым айында сондай бір кайғылы оқиға болды. Қырым татарының ауыр экономикалық жағдайына коса славян тектес рэкеттің, мафиоз кланының озбырлығы шектен шыкты. Милицияның эрекетсіздігі мен әділетсіздігі де халыктың ашу-ызасын туғызды. Қылмыскерлерді ауыздыктау орнына ОМОН жасақшылары Қырым татарларын ұрыпсоккан. ОМОН жасакшыларымен болған шайкаста бірнеше қырымдық өліп, көптеген адам жарақаттанған. Бүл кайғылы оқиғамен байланысты прогресшіл жүртшылық наразылык білдірді. Қүрбан болғандарды жерлеу митингісіне кырым татары муфтиі мен Қырым үкіметі қүрамындағы татар меджлис төрағасы қатысты. Сан ғасыр бойы Ресей империясына бағынып, бодандыктың ащы дэмін сезіп білген үлы украин халқы, украин үкімет басшылары, қоғам мен мемлекет кайраткерлері тағдыры мұңды аз санды кырым халқының ауыр жағдайына жанашырлык танытып, олардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдететін шараларды жүзеге 120


асыруға ат салысар, қырым ұлттык меджлисінің жұмысын жандандырар, қырымдықтардың ұлттық автономиясын қалпына келтіруге камқорлык көрсетер деген үміттеміз. Әдеб. Народы России, 2 т. Спб., 1880; Народы Мира в нравах и обычаях, Петроград, 1916; Қазац Совет энциклопедиясы, т 7. 1975; Языки народов СССР, т. 2. М., 1966. ҚҰМЫҚТАР Сонау көне түркіден бастау алып, өніп-өскен қыпшак тайпасының бүгінгі бір үрпағы - қүмықтар. Олар - Ресей Федерациясының кұрамындағы Дағыстан Республикасының байырғы халқы. Құмык тілі түркі тілдерінің батыс қыпшақ немесе кұман тобына жатады. 2009 жылғы санақ деректері бойынша Дағыстан Республикасындағы күмықтар саны 400 мыңдай адам болса, олардың 97,4 пайызы қүмық тілін ана тілім деп таныған. Дағыстандағы отыздан астам кавказ, иран, түркі тілдес жергілікті ұлт пен үлыстың арасында сан жағынан үшінші орын алады. Құмыктар Дағыстанның 8 ауданында Хасавюрт, Бабаюрт, Қизилюрт, Бүйнақ, Дербент, Кайтағ, Қоякет, Қарабудағкент аудандарында басым қоныстанган. Қүмықтың шағын тобы Чечен, Солтүстік Осетин Республикаларын, Ставрополь өлкесін мекендейді. Алыс шетелде күмық диаспорасы Түркия, Иран, Ирак мемлекеттерін мекендейді. Антропологиялык жағынан қүмықтардың Дағыстан мен баска да тау халықтарынан айырмашылығы жоқ. Олар еуропеидтік нәсілдің кавказдық тобына жатады. Ислам дінінің суннит тармағын тұтынады. Тілі мен салт-дәстүрі, мәдениеті мен түрмыс-тіршілігі жөнінен қүмықтардың өздерінің ең жақын көршілері ноғай, қарашай, балқарларға ұқсастығы басымырақ. Қүмықтар тау етегі мен жазық даланы мекендеп, ерте кезден-ақ егіншілікпен айналыскан. Құмық атауының этимологиясын қүм сөзімен, құмдауыт дала түрғыны ұғымымен байланысты алып қараушы зерттеушілер бар. Қүмық халкының калыптасуына ерте кезден солтүстік Кавказды коныстанған эр алуан тайпалар, түркі үлыстары, әсіресе Х-ХІ ғасырдағы кыпшақтар басты ықпал еткен. Құмықтар баска да тау халықтарымен біріге отырып XIII ғасырда татар-монғол басқыншыларына табан тірескен қарсылық көрсетіп, ата-қонысын қорғады. Өмір-тіршілігі жаугершілікпен өткен халықтың мүнан кейінгі тарихы да ерлікке толы. Құмық түркілері - X - XI ғасырлардан белгілі халық, олар ғасырлар бойы араб эріпін пайдаланып келген. 1928 жылдан латын, 1938 жылдан кириллицаға көшкен. Баска да Кавказ халықтары секілді құмықтарды да кыруар киындыққа карамастан, тағдырмен тайталасып, қасқайып түрып, басын бәйгеге тігіп, жантүршігелік жайларға төзбей, іріп-шіріген коғамның коясын ақтарып, қарсы шығатын қайсар жандар ретінде сипаттайды. Кап тауында отаршылдық, басқыншылық пен жаугершілік 121


аса өршіп келе жатқанда турашыл генерал Н.Н.Раевский сол кездегі соғыс министрінің эрекеті ерте орта гасырдағы конкистадорлардың іс-эрекетінен де сорақы, тағылықтан да ары екенін ашып көрсетеді» («Түркістан», 18.08.2011). Құмықтардың тілі мен тұрмыс-тіршілігіне, тарихы мен этнографиясына қатысты естеліктер, зерттеу еңбектері сонау XV ғасырдагы тверлік көпес Афанасий Никитиннен басталып, Петр біріншінің Дагыстанға жорыгынан кейін жалғаса түсті. Петр патшаның қасына ерген дәрігер Джон Белль қүмық әйелдерінің сүлулығын, бүл халықтың кереметтей қонақжайлылыгын оз естелігінде сүйсіне сипаттайды. Одан кейін де бірнеше шетелдік, отандық ғалымдардың қүмық халқының шығу тарихы мен тілі, кәсібі мен әлеуметтік қарым-қатынасы жайында зерттеу еңбектері жарық көрді. Бүкіл саналы ғүмырын, дарынын, қайрат-жігері мен білімін түркі халықтарының коне тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған академик Бартольд пен профессор Л.Н. Гумилевтің ізбасары, мәскеулік құмық, профессор Мұрад Ескендірұлы Әджи: «Бүрынғы Одақ кеңістігінде белгілі түркітанушы болуыма себепкер болған бойымдагы рухани жігер. Ол менің гылыми еңбекпен, оқытушылық пен журналистік қызметпен тынымсыз айналысып жүргенімде кездескен қиындыктармен күрескен кезімде қалыптасқан», - дейді («Егемен Қазақстан», 10.12.2004). Қүмықтардың билеуші топтарына шамқал, бек, дін иелері жатқан. Еңбекші қауым бірнеше топқа болінген. Уздендер - басы бос ерікті шаруалар. Чагар-басыбайлы шаруа. Құмықтар үзақ уақыт бойы қыпшақ ұлыстарының арасындагы көп салалы шаруашылықпен айналысатын халық ретінде ерекшеленіп келді. Олар ерте заманнан-ақ дэнді дақыл мен көкөністің түр-түрін екті. Бакша үстады. Суармалы жер кәсібімен, бау-бақша, жүзім өсірумен шұгылданды, бал арасын үстады. Төрт түлік мал да өсірді. Ірі қара малдан еті мен майлы сүтіне қоса, таптырмайтын жүмыс көлігі ретінде шамасы жеткендер буйволды көбірек асырады. Қосалқы шаруашылықтан шұга жасау, кілем тоқу, тері, ағаш, темір, тас өңдеу дамыған. Құмықтың сан алуан қолөнер бүйымы жоғары бағаланады. Олар алыс шетелге де кеңінен танымал. Құмықтар елді мекендерін юрт, кент деп атайды. Тұрғын үйлері үш түрлі аталады: бирқат үй (бір қабатты үй), гөтериңки үй (бір жарым қабатты үй), экиқат үй (екі қабатты үй). Есік, терезе аулага карайды. Ата-бабадан мүра боп калган кару-жарақ үйдің көрнекті жерінде ілулі түрады. Қүмықтың сан түрлі үлттық тагамы көрші халықтарга кеңінен мэлім. Оларга гинкал, шорпа, кюрзе (түшпара), долма, аш (палау), чишлик (кэуап), бозбаш, чуду, гюлеме, этмек тагы баска ет, қамыр, коконіс, дэнді дакыл, сүт өнімдерін араластырып жасаган эралуан дэмдері жатады. Нанның жеті түрін пісіреді. Жүзімнен цикнай, мүселлес деген алкогольсыз сусынды, жүзім балы тушапты дайындайды. Көкөніс, жеміс-жидек, шөп асқа көбірек жаратылады. 122


Құмыктар өте ұйымшыл даұжымшыл. Олар қауырт жұмыс, наукан кезінде бұлка (асар) ұйымдастырады. Бұлқаның бірнеше түрі бар: Чөп бұлқа - арамшөпті отау жұмысы; орақ бұлқа - астык жинау науқаны; ғабиджей бұлқа - жүгері егістігіндегі жүмыс. Кедейлер үш-төрт отбасыдан қосылып, жер жырту кезінде жүмыс көлігі мен шаруашылық қүрал-саймандарын бірігіп пайдаланады. Мұндай көмек түрін «ортак» деп атайды. Еңбек тэрбиесі - басты мақсаттың бірі. «Ара екеш ара да өз қорегін еңбекпен табады» дейді халык мақалы. Үлкеннің көзінше эдеп-иба сақтап, алдынан кесе өтпей, тік түрып карсы алып, иіліп сэлем беріп, ақыл-кеңесі мен өтінішін ықылас білдіре тыңдау дәстүрі айтарлықтай. Ақсақалдар алқасы араздаскандарды жарастырып, бірлесе жүмыс істеуге, сөйтіп қиындықты күш біріктіре отырып жеңуге бастап келді. Дүғадай ақылы әрдайым керек болған көшелі сөз айтып, ақсақалдық абыройына қылаудай кір жүқтырмаған қарттык - күмықтар үшін тәрбиенің үлкен кұралы. «Данышпан ақсақал мен көреген қарттары болмаған елдің ақылды жастары да болмайды» деген бабалардан қалған сөз бар. Балалар есейіп, үй-жай болғанда, қүдандалы екі жак жакын туысқа айналып, бір-біріне қолғанат болады. Үлкен отбасылық қауымдастық (эулет) үллы ожақ (үлкен ошақ) деп аталады. Әдетте мүндай әулеттің бас иесі -шаруашылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген, мол тэжірибе жинақтаған, көпті көрген, бар билік қолына шоғырланған адам. Оларды туыстық жақындығына карай дада (ата), атай (әке), ағай (аға эмірші) деп атайды. Қүмық ағайындардың үлттық салт-дәстүрін көздің карашығындай сақтап, үрпақтан ұрпаққа жеткізуі жасөспірімдер тэрбиесіне игі эсерін тигізуде. Құмықтардың қонақжайлылығы баршаға аян. «Қонаққа барыңды бер, бәрінен бүрын кабағыңды бер» дейді халық мақалы. Шамасы келгендер үйдің бір бөлмесін қонаққа арнайды. Ауқаттылар конақ күтетін арнайы үй салдырады. Қонағы үшін эр қүмық басымен жауап беруге эзір. Сондай-ақ қүмықтардың дос мінезі де баршаға аян. Дағыстанда болып кайтқандар қазактар секілді қүмық азаматтарының да достыкка адалдығын, досын жауға бермес әділдігін, бетінен қайтпас қайсарлығы мен мэрттігін сүйсіне эңгімелейді. Ертеректе қүмықтар баска да кыпшақ тайпалары секілді түқымға (руға) бөлініп келсе, бертін келе бүл дәстүр өз эсерін жоғалтып алды. Соның салдарынан туыс адамдардың, тіпті немерелестердің де үйленуі сияқты өсер үрпақ үшін өте зиянды әрекеттің бой көрсетуі сирек болса да байқалып қалуда. Дегенмен ежелден отырыкшы басқа мүсылман елдерімен салыстырғанда оз туысына үйлену сирек. Қүмықтарда үш атаға дейін қыз алыспау ғұрпы болған. Құмықтар - ата салтын берік ұстаған, үлкен мен кіші арасындағы күрмет пен ізет үзілмеген, кыз-келіншектер ешкімнің алдынан кесіп өтпеген, біртуар абзал азаматтарын қастер тұта білетін өр мінезді, намысшыл халық. Отбасының бүкіл билігі ер-азаматтың қолына 123


жинақталған. Қызын ұзату, ұлына қалыңдық таңдау да толықтай әкенің еркіне байланысты. Әйелі ешкандай жағдайда өз еркімен күйеуінен кете алмайтын. «Адат» пен «шариатқа» арқа тұтқан халық ерлі-зайыптының ажырасуын күйеуінің еркіне байланыстырып келді. Тек өте сирек жағдайда, онда да ел ақсақалдарының рүқсатымен, әйел өз еркімен ажыраса қалса, үй-жайын, бар жиған-терген дүниемүлікті күйеуіне қалдырып, соқа басын ғана азат ете алатын. Жалпы кұмықтарда ерлі-зайыптылардың ажырасуы жоқтың қасы; жесір қалу да, кос әйел алу да өте сирек. Әйелі бала көтермесе, қүмық онымен ажырасуға немесе әйел үстіне эйел алуға ерікті болатын. Көп уақыт әмеңгерлік заңы бойынша ер- азамат жесір калған жеңгесі не келініне (кейде эйелі бола тұрып та) үйленіп келген-ді. Сөйтіп туған бауырының қалыңмал төлеп алған зайыбын дүние-мүлкімен өзіне қалдырып, балашағасын да жатқа жібермейтін. Қыз баланы үй бұзаған (жат жүрттық) деп атаса, үл балаға арнап «үлан десе үй толады», қиын-қыстауда ел-жұрттың қорғаны болады, отбасының тірегі деп, оған үлкен үміт артатын. ¥л баланың санасына жасынан «болашак отбасының басшысысың, қожайынсың» дегенді сіңіріп бағатын. «Інімнің (ағайымның) атымен ант етемін» деп қарғанып-сілену - қыздардың адалдығы мен кінэлі еместігін білдіретін ең үлкен серттей. Он бес жаска толғанда бозбала ересектер қатарына қосылып, қанжар асынады, әкесімен бірге болып, сырттың ауыр жұмысын атқарады; қалыңдық таңдауына, тіпті үйленуіне де рұқсат. Алайда үнатқан кызын экесіне өзі айтпай, бөгде адамдар арқылы білдіретін. «Арым - жанымның садағасы» деп есептейтін кұмық кыздары ер адамға көз тоқтатып карау түгіл, еркектің фото - көзінен де кымсынады деп естиміз. Иманды, инабатты жанның қайырымы да мол болатыны белгілі. Тәрбиелі үл мен қызды ел байлыгы санап, халықтың тамаша дэстүрін жалғастырушы деп карайды. Әйел-ананы элпештеу, қыз балаға қүрметпен карап, оларға камқор бола білу дәстүрі сақталған. Әйел баласын жазым ету ең ауыр қылмыс, кешірілмес күнэ саналады. Кэрі әжелер, кейуана аналар береке-бірлік пен ізгілік жаршысы ретінде бүкіл ағайын туыстарының ілтипатына бөленуге тиіс. Қаркарадай боп төрде отыратын әжелер - отбасының амандығын ойлайтын камқоршысы, қара шаңырақтың ырысы да, қүты да деп, ауыл адамдары белгілі бір уақыт өткесін карт эжелердің халжағдайын біліп, сәлем беріп, ақ батасын алуы - ертеден келе жатқан игі дәстүр. Құмыктың фольклорлық жырларынан «адамды адам еткен - ана», «адамды еңбекке үйреткен - ана»; «ана ақылына кұлақ аспаған - өз мақсатына жетпеген»; «шешеден кейінгі ең жақын жанашырың - әпке-қарындасың (сіңлің)» деген секілді қанатты сөздер мен мақалмэтелді окыр едік. Кейуана әжені «абай» деп атайды. Абай қыздары мен келіндеріне әділетті билік жүргізуге, тэрбиелеп, ақыл-кеңес беруге міндетті; үрып-соғып жазалауға да ерікті. «Абай ұрған келіннің еті 124


ауырмас» дейді құмык мақалы. Гелін (келін) абайдың бабын табуға, бәрінен де кеш жатып, ерте тұруға тиіс. Абайлар эулеттің кеңесіне, кейде тіпті ауыл мәслихатына да ерлермен қатар араласа алатын. Өз өмірінің бар қызығын, бақытын елінің абыройымен, балаларының бақытты болашағымен өлшеу, мұны ең басты мақсат ету - жаны нәзік, жүрегі жомарт, қайырымды да аппақ көңіл, ізгілігі мол адал жанды аналардың ғана қолынан келеді деп пайымдайтын құмык ағайындар кыз бала тәрбиесіне баса көңіл бөледі. Әйелдер мойны мен омырауын жалаңаштау былай тұрсын, бұрымы мен жалаң балтырын да көрсетпейді. Қыз бала көшеде, басқа жерде бөгде ер адаммен сөйлеспейді. Тек кеш қарай су алуға барғанда, жігіттер қыздармен тіл катыса алатын. Сондыктан бұлақ басына, өзенге кыздар сыланыпсипанып, тэуір киініп барады. Үй сылағы, баска да жұмысты сылтау етіп, жігіттер жеңгесі немесе шешесіне қолқа салып, бұлка (асар) ұйымдастыруын өтінетін, оған ұнатқан қыздарын шақыратын. Қыздар алтыбакан ұйымдастырып, би билеп, эн салып дегендей, жігіттермен өнер сайысын өткізетін. Эке сыйлап үйренген қыз, ана сыйлап дағдыланған үл ертеңгі күні өмірлік жарын да сыйлап, ұрпак саулығы үшін керек толыкканды өнегелі жанүясын күра алады. Көргенді атаанадан тэрбиелі, мейірімді үрпақ өспек дейді күмық ағайындар. «Ел мактаған жігітті - қыз жақтаған» дегендей, эр ата-ана өз үлының тынымсыз еңбекпен, ісмерлік өнерімен көп аузына ілініп, атағын шығару аркылы өзі таңдап, қалаған қызына үйленуін тілейді. Жігіттердің басқа ұлт кыздарына үйленуі сирек те болса кездессе, күмық қыздарының баска үлт өкіліне түрмысқа шығуы жоктың қасы. Үлкеннің көзінше әдеп-иба сактап, алдынан кесе өтпей, тік түрып карсы алып, иіліп сэлем беріп, ақыл-кеңесі мен өтінішін ықылас білдіре тыңдау дәстүрі айтарлықтай. Ақсақалдар алқасы араздасқандарды жарастырып, бірлесе жүмыс істеуге, сөйтіп қиындықты күш біріктіре жеңуге бастап келді. Дүғадай акылы эрдайым керек болған көшелі сөз айтып, ақсақалдық абыройына қылаудай кір жүқтырмаған қарттық - қүмыктар үшін тәрбиенің үлкен кұралы. «Данышпан ақсақалы мен көреген қарттары болмаған елдің акылды жастары да болмайды» деген бабалардан қалған сөз бар. Балалар есейіп, үй-жай болғанда, құдандалы екі жак жақын туысқа айналып, бір-біріне қолғанат болады. Ерлі-зайыптылар бөгде жүрттың, тіпті бала-шағасының көзінше де бір-бірінің атын атамай, бәленшенің әкесі, анасы, ағаңыз, әпкейіңіз секілді атауларды қолданады. Қыз алып кашып үйлену кездеспейді дерлік. Жігіт жағы құда түсіп, қалыңмалын (кейде үзақ саудаласып барып) төлеп, той-томалағын өткізіп, үлкендер батасын алу аркылы үй-жай болады. Үлкенге қүрмет, кішіге ізет көрсете, өзгенің де адамшылық қадір-қасиетін бағалай алатындай етіп тәрбиелеудің тағы бір сыры жастардың санасына ішімдік атаулы ата-салтымыз бен үлттык дәстүрімізге, имандылык шарты мен ұрпақ тазалығына кайшы 125


келеді деген ұғымды сіңіре білуде болса керек. Халық арақ ішуге дағдыланбаған, маскүнем құмықты көрмейсіз. Азғындық, дөрекілік, екіжүзділік, былапыт сөз, зорлау жоққа тән. Құмықтар - достықты қастер түтатын, достыққа берік халық. Олардың елдігін сақтап келе жатқан қайнарлар - үят-иман, обалсауап, адал-арамның парқын білу болса керек. Ислам діні достықтың үдесінен шығу үшін бес нәрсеге аса сақ болуға үндейді. «Біріншіден, досыңның ешқандай сырын ашпа; екіншіден, ол туралы ешқашан ғайбат айтпа; үшіншіден, оған жалған сөйлеуші болма; төртіншіден, саган бір нәрсені бүйырган болса, бүлжытпай орында; бесіншіден, ол сенен ешқашан қиянат көруші болмасын» деп, достыққа адал болуға шақырады. Бүл - шынайы қүндылық. «Қоянды қамыс, қүмықты намыс кинайды» деген қанатты сөз бар. Қүмықтар қызуқанды екенін ашық көрсетеді. Олардың жомарттығын, төзімділігін, намысшылдығын, шыншылдығын, жайсаңдығын, үлкенге құрмет көрсететінін, сыйластықты бағалайтынын да зерттеушілер атап өткен. Басқа да кавказдық көптеген тау халықтары секілді қүмықтарда қанды кек, қанга қанмен жауап беру дәстүрі элі де кең тараған. Бұл дәстүрден халықтың шеккен өлшеусіз қайғы-қасіреті елдің игі жақсыларын ойға қалдырып келді. Түп-түяғымен қүрып кеткен әулеттер-мұның бір айғагындай. Сондықтан кейін келе алым (күн) төлеу дэстүрі де қалыптасты. Кісі өлтірушінің туыстары ауыл ақсақалдарына қолқа салып, қанды кектің алдын алып, даулаушы жақпен татуластыруды өтініп, қүн төлеуге келісім береді. Ақсақалдардың күш салуымен араздасқан екі топ бет көрмекке (жүз көрісуге) белгіленген жерге жиналып, қарама-карсы тұрады. Өлім бэрінен де ананың қабырғасын қаусатып, жүрегіне айықпас жара салады деп түсінеді. Сондықтан кісі өлтіруші еңбектеп отырып, марқүмның анасының алдына жетіп, болған іске катты өкінетінін, ана қайғысын бөлісетінін, кандай жазаға бүйырса да, мойынсұнатынын айтып, жалынып-жалбарынып кешірім өтінеді. Анасының ақсақалдар өтінішіне амалсыз тоқтайтынын білдірген белгісінен кейін қаралы жақтың, әсіресе эйелдердің күңірене жылаған жоктауы басталады. Егер қүн даулаушы жақ талап етсе, кінэлі жак қалың малсыз қыз беруден де бас тартпауга тиіс деп шешілетін. Бүдан кейін кісі өлтіруші көзге күйік болмай, қаралы жандардың кайгы-қасіреті біршама тарқап жүбанғанша ауылдан жырақтау кетіп, бірнеше жыл көрінбеуге тиіс. Қүмық музыкасы қыпшак үлыстары, сондай-ақ кавказдық тау халықтары музыкасымен үндес. Би өнері дамыған. Шығыстык бай колориті бар, жүрек тебірентер сиқырлы күпия сырымен көрерменін баурап алып, сұлулыққа жетелейтін көңіл-күйдің барлық шадыман сэттерін жүрекке жеткізетін күмық биінің эсері айтарлықтай. Қүмық биі - нағыз кызылды-жасылды театрлық көріністерге бай, табиғи да нақышты, мазмүндық бояуларға молынан малынган, пішіндік жағынан 126


(формалық) алғанда, өте-мөте күрделі кұбылыс. Техникалықтұрғыдағы киындықтарды айтпағанда, әмбебап қимыл- қозғалыстарға құрылған сикырлы көрінестер бас айналдырып, көз тұндырар еді. Халықтың лирикалық эн-жыры сарын, йыр, тақмақ секілді түрге ажыратылады. Қүмык халкының бай ауыз әдебиетінде энмен, музыкалык аспаптың сүйемелдеуімен орындайтын «Батыр эрлени иырлары» деп аталатын эпостык шығармалар елеулі орын алады. Мүндай эпостык жырларға шетелдік шапқыншылықка, элеуметтік теңсіздік пен феодалдық езгіге қарсы халық наразылығын баяндайтын «Мунқуллу», «Эльдаруш», «Қартқожак пен Мақсуман», «Айғазы», «Нарт» аңыздары жатады. Батырлық жырларында 1817-1864 жылдар аралығындағы 47 жылға созылған Ресей отаршылдарына карсы тау халқының ұлт-азаттык күресі де баяндалады. Тарихтан «мюридизм», «ғазават» деген атпен белгілі Шамиль бастаған осы қасиетті соғыста сан мың күмықтың еразаматы бақайшығына дейін каруланған орыс патшасының түрақты әскерімен жан аямай ерлікпен шайқасты. Имам Шэміл есімінің бүкіл элем тарихындағы «азаттық үшін болған шайкастардың үлы көсемдері» деген тізімге ілінері сөзсіз. Себебі - біріншіден, Ресей деген үлы империяға 30 жылдай тойтарыс беру - бүл үлкен қайсарлық, батырлық. Шамиль мен муридтердің Ресей отаршыларымен ауыр азаттық соғысы халык шаруашылығын зор күйзеліске үшыратты. Сол кездің прогресшіл жүртшылығы тау халқының батыры Шамильді қызу қолдаған еді. Орыс халқында өзге халыктарға деген ізгілік пен эдептіліктің эрқашан болып келгенін тарихшылар атап өткен. Өткен ғасырдағы озық ойлы орыс зиялыларының азаттык үшін көп жыл бойы ауыр күрес жүргізген ержүрек кавказ халықтарының жоғын жоқтап, мүңын мүңдап, олардың тағдырына ара түскені - мұның айкын айғағы. Эпикалық қүмық жырларының біразы «Қазақ йырлары» деген атпен белгілі. Негізгі сарыны өсиет, насихат, жауынгерлік арнау түрінде келетін «Қазак йыры» - ноғай, құмық халықтарының ауыз әдебиетінде толғау, терме түрінде айтылатын жырлар. «Қазақ йыры», мен «Қазақламақ» жырлары орта ғасырдағы Еділ-Жайық пен Днепр арасындағы көшпелі қыпшак тайпаларының басынан кешкен жаугершілік заманнан елес беретіндей. Бүл жырдың негізгі мазмүны жауынгерлік түрмысқа («Бү қазакқа оңғай келер мал бар ма»), шапқыншылык соғысқа, барымталау жағдайындағы адамдардың өзара қарым-қатынасына («Яр башына үй салма») арналады. Ноғай, кұмык халықтарының «Қазақ йырлары» қазақтың Шалкиіз, Доспамбет, Сыпыра жырау, Бүхар, Махамбет т.б. ақын-жыраулар жырымен, башқүрттың Салауат Юлаев пен қүбайырлар аталатын жырларымен сарындас келуі бұл халықтардың жыраулық дәстүрінің Еділ мен Солтүстік Кавказда, Қырым мен Қара теңіз жағалауында көшіп қонған қыпшақ тайпаларының жыраулық үрдесімен үндесіп жатуының айғағындай. Тұрмыс - салт жырларына «Ғалалайлар», «Сүйдюмтаяк», 127


«Боза йыр», «Бесик йырлары», жоқтау жырлары «Яслар», «Баяғлар», еңбек жыры «Ғалилайқайбарлар», «Навруз байрам», ұлттық мейрам жыры жатады. Аңыз-эңгімелер, нарт ертегілері, мақал-мэтелдер (аталар сөзлері) құмық ауыз әдебиетінің алтын қорына жатады. Өткен ғасырда Сібірде бірер жыл айдауда болған эрі ақын, эрі сазгер, эрі энші Ирчи Қазақ жаңа құмық эдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Мұхамед эпенді Османов (Осман-Заде) Петербург университетінде түркі тілдерінен дэріс бере жүріп, 1883 жылы «Ноғай мен құмық халық жырлары» жинағын қүрастырып, бастырды. Бүл жинақ-қүмық тілінде жарық көрген ең алғашқы басылым. Ақын Темирбулат Бейбулатов құмық тілінде «Таң Чолпан» қоғамдық - әдеби журналын шығаруға зор күш-жігер жұмсады. Жазушы Нүхай Батырмүрзаевтың «Хабибат», «Давут пен Лайла» повестері жарық көрді. Құмык тілі айырмашылығы шамалы үш говорға бөлінеді. Оларға солтүстік (Хасавюрт), орталық (Бүйнақ), оңтүстік (Қайтак) говоры жатады. Әдеби тіл Хасавюрт говоры негізінде қалыптасты. Басқа батыс қыпшақ тілінен өзгешелігі кейінгі ықпал әсерімен н дыбысы л-ге айналады, сөз басындагы к орнына г айтылады: заманлар-замаллар, кеттигетти, келди-гелди. Солтүстік Кавказдағы кұмық, қарашай-балқар, ноғай тілінде сөйлеушілерді қазақтар қиналмай еркін түсінеді. Олардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық күрылымы да айтарлықтай жақын. Қүмық тілінің эліпбиінде ү, ө, қ, г, ң, дж тэрізді орыс графикасына қосымша алты эріп бар. Қазақ тілінен айырмашылығы кейінгі ықпал әсерімен н дыбысы л - ге айналады; сөз басындагы қ, к, ж орнына г, г, й айтылады: адамдар - адамлар, кілем - гилем, жақсы - яхши, қатты - г атты. Құмық пен қазақ тілінің жақындыгы екі тілдің фразеологизмінен көрініс тапқан. Мысалы, авзуна бир тамчи да алмау, аякьча турғызыв (аякка тұргызу), башы бар адем (басы бар адам), аякъ басмагьан ер (аяқ баспаған жер), авзу ачылып кальмакь (аузы ашылып қалу) тіркестері екі тілде де мағыналық бірлігін сақтап қалған. Қүмық мысалдары «бирлик болмай, тирлик болмас», «итге арыгын билдирмей, бөрю сыртын гөпдюрген», «сен сюйгенни алма, сени сюйгенни ал», «ежелги душман эл болмас», «болған ишге болат» тәржімесі-ақ эр қазаққа түсінікті. Кеңес үкіметі тұсында құмықтар жинақы отырған жазық далалы аудандарға, шаруашылыққа қолайсыз таулы өңірден дарғын, авар, лезгин, лактар қоныс аударып, көптеген елді мекендер салынды. Қүмықтар атажүртының осылайша көп үлтты мекенге айналуы олардың ұлттық территориялық құрылымын тиянақтап, өздеріне тиісті жеке дара автономиясын алуына, сондай-ақ тілі мен мәдениетін, салт-дэстүрі мен халықтық өнерін одан эрі дамыта беруіне елеулі қиындық тудырып отыр. Қазіргі уақытта кұмықтар республиканың солтүстігінде орыс, ноғай халықтарымен; батыста авар, дарғын, лақ, чечендермен; оңтүстікте дарғын, әзербайжандармен аралас түрады. Көп уақыт бойы 128


кұмык балалары бастауыш класта ғана ана тілінде оқып, орта мектепте білімін орыс тілінде жалғастырып келді. Тек кейінгі жылдары ғана Дағыстан халықтары тілінде орта мектептер ашылды. Республикалық газет бес Дағыстан тілінде, «Достық» әдеби эрі коғамдық-саяси журналы 6 тілде, әйелдер журналы 6 тілде шығып келді. Радио мен теледидардан алты тілде хабар береді. Дағыстан Республикасының көркем әдебиеті авар, кұмық, дарғын, лак, лезгин, табасаран, тат, ноғай, орыс тілдерінде дамып келеді. Дағыстан елінің ұлы ақыны Р.Гамзатовтың туған тілін ұмытқан ұлын өлдіге санаған ана үкімі жайындағы хикаясы бар. Әр азаматтың өз тіліне деген құрметі - өз анасына, өз халқына, өз отанына деген кұрмет деп түсінген, туған тілі үшін өзегі өртеніп, оны көздің карашығындай сақтайтын құмыктың намысшыл ұл-қыздары өсіп келеді. Түркі мемлекеттерімен достық, бауырластық, ынтымақтастық, саяси-әлеуметтік, мэдени байланысын дамыту мақсатымен қүмық зиялыларының «Интертүрік қоғамы» аталатын үйым қүрғанын баспасөзден оқығанымыз бар. Өз колымыз өз аузымызға жеткен қазіргі таңда ағайындардың мүңын мүңдау қалай еткенде де олардың жайкүйін жеңілдетуге атсалысып, қамқорлығына алу туыс халыктардың, ел мен елдің бірлігін жалғастыруға дәнекер болмақ. Әлеуметтік өмір мен күнделікті түрмыста бірге жасап, біте қайнасу арқылы кавказдық түркі халықтары бабалардан қалған туыстық байланысын жетілдіріп, бірлігін арттыра берер деген үміттеміз. Әдеб. Народы Кавказа, т.1. М., 1960; этнография народов СССР, Лен., 1971; Языки народов СССР, т.2, М., 1966; Қазақ Совет энциклопедиясы, т.7. А., 1975. ҚАРАШАЙЛАР Қарашайлар - Ресей Федерациясының кұрамындағы Қарашай - Черкес Республикасының байырғы халқы. Олардың жиынтық саны 280 мыңдай (2009). Алайда алыс шетелдегі дэл санын анықтау киындык келтіреді. Қарашайлар - Солтүстік Кавказдың ежелгі түрғыны. 2009 жылгы халык санағы бойынша, ұлттық республикадагы қарашайлардың 96,7 пайызы өз үлтының тілін ана тілім деп таныған. Қарашайлар негізінен Қарашай-Черкес Республикасын мекендейді. Олардың шағын тобы Қазақстанда тұрады. Қарашайлар өздерін қарачайлы деп атайды. Қайсыбір көрші Кавказ халықтары оларды аландар деп те атаган. Қарашайлардың қайсыбір топтары түрған мекендерінің атауына қарай өздерін бахсанчылар, чегелилер, халамлылар, бызынгылар деп атап келген. Зерттеуші галымдар қарашай халқының этногенезі туралы бір түжырымға келген сияқты. Аталған халықтың шығу тарихын олар түркі тайпалары бүлғар, хазар, печенегтермен, әсіресе кыпшақтармен 129


байланысты алып қарайды. Қыпшақтардың тілі мен салт-дәстүрінің қарашай, балқар халықтарында басымырақ сақталуы - мұның айқын дәлелі. XI ғасырда Дешті-Қыпшақ даласы атанған кеңбайтақ коныста көшіп-қонып тіршілік еткен қыпшақтардың бір ұрпағы қарашай халқы көп ғасыр бойы өзге тілді ортада тіршілік еткеніне қарамастан, қиын да күрделі жағдайда этникалық санасын жоғалтпай, өз тілін сақтап қалды. Қарашай, балқарлардың басқа түркі халықтарынан оқшаулануы көне түркі элементінің басымырақ сақталуына эсер етті. XIV ғасырдағы түркі тілінің жазба ескерткіші «Кодекс Куманикус» тіліне ең жақын тіл, зерттеушілердің пікірінше, қарашай-балқар тілі. Антропологиялық жағынан қарашайлар еуропеидтік нэсілдің Кавказ тобына жатады. XIX ғасырдың бірінші жартысында қарашай жерін патшалы Ресей түгелдей өзіне қаратып, жергілікті шаруаларды шүрайлы жерінен күштеп ығыстыра бастады. Тонау мен қуғын-сүргінге үшыраған халык басына зобалаң түсті. Әсіресе 1861 жылдан кейін ол жерлерде казакорыс станицалары көптеп орнады. Столыпинның аграрлық реформасы жылдарында шаруалар қолындағы азғана жердің өзін зорлықпен казакорыстарға алып беріп, халық қарашекпенділердің тонауына үшырады. Джегута, Хурзук, Теберда ауылдарында шаруалар қозғалысы болды. Сан мыңдаған адам шетелден (Түркиядан) баспана тапты. Қазіргі Кабардин - Балқар жэне Қарашай - Черкес Республикаларына, яғни төрт халыкка болінген жер колемі 26,6 мың шаршы километр ғана. Бүл - олардың ата конысының аз ғана бөлігі. Қарашай халқының тартқан зобалаңы Октябрь революциясынан кейін де аз болған жоқ. 1942-1943 жылдары гитлерлік фашизмге қарсы ¥лы Отан соғысында қарашай мен балқар жері кескілескен үрыс аренасына айналды. Ат жалын тартып мінер қарашайдың ер-азаматтары түгелдей дерлік үрысқа қатысып, жаумен шайкаста ерен ерлік корсетті. Қарашай-Черкес автономиялы облысы түрғындарынан 14 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 15 мыңнан аса жауынгер үкімет наградаларына ие болды. Олардың арасындағы карашай үлтының өкілдері де аз емес. Қарашай халқы тылда жан аямай еңбек етті. Соған карамастан, Кеңес үкіметіне қарашайлар «мынадай қастандық жасады» дейтіндей ешкандай дэлелді қүжаттар болмаса да, 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялы облысын таратып, қарашай халқын жер аудару туралы қүпия қаулы шығарылды. Соғыс жүріп жатқан 1943 жылы 2 қараша күні таңға жақын Кавказдың Қарашай автономиялы облысын Кеңестің НКВД бөлімшелері қоршауга алды жэне екі сағат ішінде бүкіл қарашай халқы қарудың күшімен мал таситын вагондарға тиеліп, Қазақстанға жер аударылды. Бұған карсы шыққан жүздеген қарашай тұрған орнында атылды. Ертеңгі сағат онда қарашайларға лык толған вагондар жүруге дайын болды. Ол вагондарда 69 267 жазықсыз қарашай бар еді. («Вопросы истории», 1989, №5, стр.27). Қарашай мен балқарлар 130


мекенжайынан, өмір бойы еңбектеніп, маңдай терімен тапқан басқа да дүние-мүлкінен айрылып, кәрі-жасы, еркек-эйелі демей түгелдей зорлықпен, мылтықтың үшымен, солдаттың күшімен қияндағы алыс өлкеге жер аударылды. Жол-жөнекей суықтан, ауру - сыркаудан, жоқшылыктан сан мың адам күрбан болды. Бүл өркениетті, цивилизациялы елдер тарихында болмаған, тек тоталитарлық жүйе тұсында кездескен бүтіндей бір халыкқа жасалған қатыгездік, ортағасырлық вандализм, ауыр кылмыс деп жүрміз. 14 жыл Кавказдан алыста айдауда өмір сүрген қарашай халқы тек 1957 жылы атамекеніне оралды. Бірақ элі күнге дейін жер аудару орындарынан Кавказға оралмаған 20 мыңға жуық қарашай Қазақстан мен Орта Азияда өмір сүруде («Алматы ақшамы», 31.05.2011). Шаруа қуған момын да акжаркын, дастарканы бір жиналмайтын қонақжай, төзімділік қанына сіңген кеңпейіл карашай халқының тілімен, тұрмыс-салтымен казак ағайындары, әсіресе оңтүстік өңірі түрғындары жақсы таныс. Ағайыншыл, бауырмал халық деп, оларға зор кұрметпен қарайды. Қазақ халқы уакыттың қысылтаяң, қиындығына қарамай, озбырлық жүйенің қүрбаны болып, жазықсыздан зэбір-жапа шегіп, арып-ашып келген ағайындарына қолдан келген қолғабысжәрдемін, мүмкін болған көмегін көрсетті. Туыс халықтар төсекте басы, төскейде малы косылып, тез арада-ақ коян-қолтық араласып, ортақ тіршілікке көшті. Сүйек - шатыс, кұдандалы болған екі туыс халықтың үрпақтарын бүгіндері қазақ жерінен де, Кавказдан да кездестіреміз. «Біз қазақ жерінен қүт-береке тапқан халықпыз. Тарихқа үңілсек, бір өліп, бір тірілген халықпыз. Мүсылман еліне, қазак агайындарға келгенде ес жидық. Біздің тіліміз, дініміз бір болғандықтан аман қалдық», - деп жиі еске алады олар. «Басымызга пана, жанымызға медеу болган кең қолтық, адал пейілді, түбіміз бір казак тугандардың, бізді зорлықзомбылыктың ащы дэмін көп таткан, кайғы-касіреттен кан жүтқан, көңілі жарым бізді анамыздай асырап, әлпештегенін калай үмытарсың. 1956 жылы туған жерге атбасы бүрылып, көш басталғанда қарашай мен казақтар жеті күн той жасап, бір-бірімен жылап айрылысканын көрсеңіз», - деп, қазақтың бауырға деген ыстық құшағы ашық екенін еске алыпты Алматыдағы «Минги тау» қарашай-балқар ұлттык мәдени ортал ығы н дағы л ар. Қарашайлар ерте кезден-ақ көп салалы шаруашылықпен айналысты. Мал шаруашылығы дамыған. Қой мен ешкі өсіру басым. Құс өсіру мен омарта шаруашылығы да өркендеген. Халык егіншілікпен және кэсіпшілікпен де шұғылданады. Жері кұнарлы, қара топырақты болғандықтан, бидай, жүгері, техникалык дақыл, көкөніс басым егіледі. Ерте кезден қолөнерінің түр-түрі дамыған. Ыдыс-аяқ, киіз калпак, бурка тігу кұрал-сайман, киіз, үй жиһазын жасау, ағаш пен темір ұстасының жүмысы, зергерлік өнер, ұлттық киім-кешек тігу кең тараған. Сүт тағамы басым жаратылады. Оған башлық (күрт), сары131


май, маңыз, каймақ, сыр жатады. Ең көп ішетіні - айран. Нан тағамы: ғырджын (күлше нан), хычын (самса), лоқұм (шелпек). Мерезе - қатық пен ұн араластырып пісірген ботқа. ¥н мен маңыз (шикі қаймақ) араластырып қояжабха тағамын пісіреді. Етті тұздап, сүрлеп ұзағырак сақтайды. Оны қайнатып та, булап та, куырып та жейді. Сүйікті дэмі - кэуап, сорпа. Сарымсақ, пияз, лазы (бұрыш), укроп араластырып «қыйма» аталатын шүжық даярлайды. Мекенжайын эл дейді. Қарашайдың тұрғын үйлері бөренеден қаланып немесе жарды кеулеп те салынады. Үлкен үйді ұлы юй деп атайды. Онда ата-ана балаларымен түрады. Сол үйге жалғап үйленген үлдарына отау үй салынатын. Асты үлкен үйде даярлап, бірге тамақтанатын. Ауқатты отбасылар арбаз аталатын жабық аулалы үйде түратын. Көбінесе ерлер түрып жүмыс істейтін уакытша баспананы жаздық қош, қыстық қош деп ажыратады. Таулықтар үйін таулы жерге лайыктап тастан, ағаштан қалап тұрғызады. Елді мекенінде орта ғасырдан қалған қала деп атайтын тастан қаланған қорғаныс бекінісі (башня) болады. Қарашайдың тұрмыс - тіршілігі мен әдет - гұрпында кавказ халықтарымен, сондай-ақ қазақтармен ортақтық, ұқсастық байқалады. Олар түқымға (руға) бөлініп, туыс адамдарының қан араласуына тыйым салып келді. Рулас адамдардың бір-біріне көмек беруі, қолғабыс етуі парыз саналады. «Тұкым учюн жан берген» деу жігіт адам үшін үлкен мақтау саналған. Құда түсу, қалыңмал төлеуде де қазактармен ұқсастық көп. Ел басшысын тауби деп атаған. Таубилер дау-дамайға жол бермей, жүртты жарастырып, билік жүргізуге міндетті болған. «Ынжық жігіт - адамның соры, әдепсіздік - қыздың соры» деп ұғатын қарашайлар жас үрпақ тәрбиесіне баса назар аударады. Баланы алты жастан бастап эке (юи иесі) тәрбиесіне көшіретін. Ол әкесімен бірге коста түрып, малга қарауға көмектеседі. Юи бичеге (бэйбішеге) қыздары мен келіндерді тэрбиелеу жүктелген. Қарашайлар жас ұрпаққа үлгі ретінде өз ата-тектері туралы аңыз эңгімелерді, өнегелі істерді, шежірені ауыздан-ауызға таратып, үрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Жас өспірімді үлттық өнерге баулу басты мақсаттың бірінен саналады. Сондай-ақ тіл өнеріне де баулыды. Жастар дана таубилердің тіршіліктен түйген өрелі ой-пікірі мен ғибратты әңгімелерінен эсер алып, тәрбиеленді. Қисынды да шүрайлы, мейлінше ырғакты да оралымды көркем суреттеме мен кестелі тілді бағалай білді. Сөздің қадыр-қасиетіне мэн беріп үйренді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, эр ата-ана өз ұрпағын ибалыкқа, эдемі де үйлесімді ғұрпын қастерлеуге баулыды. Әйел адамның күдай қосқан қосағын сыйлауы отбасының шырқын бүзбай, береке-бірлігін сақтау үшін керек дегенді қыздарының қүлағына құйып отырады. Жетім калғандарға қамқорлық жасау парыз саналады. ¥л асырап, тәрбиелейтін эдет (аталычество) бар. Қарашайлардың өз 132


балаларын кішкентайынан инабаттылыққа, ізеттілікке, үлкенге кұрмет көрсетуге баулитын, «егер қартты сыйласаң, құдай сенің келешегіңді келісті етеді» деп ұктыратынын, егер үйге ақсақал немесе кейуана ана келіп кірсе, барлық жас түрегеліп бас иетінін шетелдіктер сүйсіне жазыпты. Қарашай - мұсылман-сунниттер. Молданы эфенді дейді. Мешітке уактылы бара алмағандар айыппүл төлейтін. Сондай-ақ тэңірге (тейриге) табыну ғұрпының сілемі де сакталған. Аң тәңірісі - Апсаты, қой перісі - Аймуш, өзенде су анасы, орманда ағаш киесі, егіс пен жайылымда жер иесі болады. Үй ішінің қамкор жебеушісін үй иесі, байчы, юй бийче деп атайды. Әруаққа, ата-баба рухына сиыну ғұрпы да бар. ¥л бала төртке толғанда сүндет тойын өткізеді. Қайтыс болған адамның үші мен жетісі (ысхат), қырқы (моулит) атап өтіліп, мал сойып таратады. Ер азаматтың атқарар ісі, міндеті мен жауапкершілігі басым деп есептейді. Әйел жынысын кұрмет түтып, оған ауырлық көтертпейді, өзі жаяу жүрсе де, әйелді көлікке отырғызу секілді игі дэстүр бар. Қалыңдығын алып-қашып та үйленетін. Өйткені ағайын-туған мен көрші-қолаңның жәрдеміне қарамастан, үйлену тойы шаруа отбасын қыруар шығынға ұшырататын. Оның үстіне қалыңмал мөлшері де тым жоғары болатын. Көңілге қонымды жағы - екі-үш ата аралығында қыз алыспайтын әдет сақталған. Жігіт қүда түсуге елдін бірнеше сыйлы ақсақалын аттандырады. Қыз барынша әдеп сақтап, өз келісімін атаанасы арқылы білдіреді. Келіспеген жағдайда ойын тура жеткізбей «Мен өзімнің сүйікті әке-шешемнің калауымен ғана түрмыс күрам», - деп қана білдіреді. Әдемі де тапқыр қалжыңды үнатады. Басқа да Кавказ халықтары секілді қалыңдықты үйден алып кетерде эзілдеп, эр алуан тоскауылдар қойып, күйеу жағынан ақы тілеп, көңіл көтереді. Қызды төсектегі жастыққа отырғызып, қоршап тұрады, сый-сияпатын көрген соң ғана босатады. Сыртта да эр алуан тосқауыл күтіп түрады. Ұстап тұруы қиын сыртын майлап қойған жылтыр эрі шелектей үлкен ыдысқа сыра қүйып, күйеу жолдастарына ішкізеді. Оны күйеу-аяқ дейді. Дүрыс іше алмаса, айып төлейді. Үйлену тойында қазақтың жаржарына үқсас «Уарайда» аталатын эн шырқалады. Қарашай-балқар тілі азды-көпті айырмашылығы бар үш диалектіге бөлінеді. Әдеби тіл карашай-баксан-чегем диалектісі негізінде қалыптасты. Зерттеушілер қарашай-балқар тілінің қыпшақ тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне етене жағындығын тілге тиек етіп, бүл тілдің сөздік қоры мен фонетикасы, морфологиялық құрылымы таяу ғасырға дейін көптеген қыпшақ халықтарының бір ғана тілде сойлеп келгенін таныткандай деген тұжырым жасады. Ғасырлар қатпарынан жеткен мына томендегідей орнекті сөздер қазақ, қарашай халықтарының тілі де, діні де, ділі де бір туысқан екенін айғақтайтын ортак рухани мұрамыз: Тіл сүйексіз болса да сүйекті сындырады. Тілі барлар халық 133


болған, тілі жоқтар балық болған. Аз сөйлеген аз жаңылысады. Аз сөйлесең көп естисің. Достык - жігіттің ерлігі. Дос атқан тас бас жармайды. Жақсы кісі жәрдемшіл. Бөгде тілді қоршауда қалған қарашай, балқарлардың тілі мен фольклорында, материалдык мәдениеті мен өрнектерінде көрші халықтармен, әсіресе осетиндермен ортак белгілер баршылық. Қарашай-балқар тілі - кенже жазулы тіл деген пікір айтылады. Дей тұрсақ та бұл халыктар ғасырлар бойы араб әліпбиін тұтынып келгені белгілі. Өткен ғасырда қарашайдың ойлы азаматы Ислам Тебердичи (И.Ақбаев) ана тілінде оқу кұралын шығаруға талпынды. Қарашай әдебиетінің негізгі бастауы бай ауыз әдебиеті боп саналады. Солтүстік Кавказ халқының біразына ортақ кесек туынды «Нарттар» эпосында халықтың дүние танымы, этикалық, эстетикалык көзкарасы, ерлік пен еңбек қүдыреті үлкен шеберлікпен суреттелген. Аңыз эңгімеде, Қожанасыр әзілдерінде, тағы басқа сықак-әжуада тау халқы үшін ең жеккөрінішті қылық - корқақтық пен қомағайлық сыналады. Халык арасынан шыққан жыршы-жыраулар туындылары халыққа кеңінен мәлім. Кеңес үкіметі түсында ақындар А.Уртеновтың, И.Қаракетовтың, жазушы Х.Аппаевтың т.б. шығармалары қарашай әдебиетінің дамуына үлес қосты. Олардан кейін бірнеше автордың түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрді. Қарашай музыкасы баска да қыпшақ ұлыстары мен кавказдык тау халықтары музыкасымен сарындас. «Нарт» эпосын мерекелі жиынтойда музыка аспабының сүйемелімен жыршылар әндетіп орындайды. «Бекболат», «Гапалау», «Гора Аузунда», «Ачемез» әпостык жырларында жаугершілік заманы, шетелдік жаудан елін қорғаған батырлар жырланады. Аңшылар жыры «Апсаты», махаббат дастаны «Бинечер» де кең тараған. Еңбек энінің түр-түрі бар. Дололай - май шайкаушылар әні, Инай - тоқымашылар эні, Ындыр, Эрирси әндері орақ кезінде орындалады. Басты музыкалык аспаптары: қобыз, кыл кобыз, терс қобыз, сыбызғы, сырыйна, сокпалы аспап харс. Би өнері де кең тараған. Биді тебсеу дейді. Жүртшылыкка танымал әсем ырғақты қарашай биінің үш түрі бар. Топ құрап билейтін билері: Тегерек, Абезех. Екі адам орындайтын би - Тюз тебсеу. Сандырак - лезгинкаға ұксас екпінмен жылдамдата орындалатын би, исламмей (лезгинка), жанғызға бару (ер адам биі). 1957 жылы карашай халқының бұрынғы үлттық автономиясы калпына келтірілді. Алайда олардың бүгінгі таңда көріп отырған киыншылығы, проблемасы аз емес. Өкінішке орай, жазықсыз куғынга түскен халықтың үй-жайы мен егістігінің, мүліктері мен шаруашылық кұрал-сайманының, жабдықтарының өтем-кұны қайтарылмады. Ең киыны уакытша баспана тұрғызуға да кыруар кедергі жасап, халыкты эуре-сарсаңга түсірді. Қарашай-балқар халқының тарихтан тиесілі үлес салмағын қайта калпына келтіріп, сан жағынан олқылығын тол134


тыра алмауымен коса, олардың мемлекеттік статусы әлі де төменгі дэрежеде қалуда. Балқарлар мен қарашайлар төскейде малы, төсекте басы косыдған, тілі мен діні, жер аумағы бір, салт-дәстүрі ұқсас, тарихы ортақ, өнер мен мәдениеті бір-біріне жақын үлттар. Алайда олардың басын қоспау мақсатында тілі баска өзге ұлттармен қосып бір-біріне экімшілік жағынан тәуелді етіп қойды. Тілі мен мәдениеті, ұлттык өнері мен тұрмыс-тіршілігі ортак халық бір этносқа бірігудің орнына екіге ажырап, қарашайлар черкестермен, балқарлар кабардиндермен қосылып автономиялы статусын алуға мэжбүр болды. Бүлар - тарихи тағдырлас болғанымен, тілдері мүлде басқа халықтар. Черкес, кабардин халықтары Кавказ тілдерінің абхаз-адыгейлік тобына жататын тілде сөйлейді. Үзақ уақыт туыс халықтармен үзіліп қалған байланысын қалпына келтіріп жолға қоюдың қарашай-балқар халқы үшін өмірлік маңызы бар. Қандай да бір тілдің дамып, қолдану өрісінің өз мэнінде болуы үшін тілдік ортаның қажет екені анық. Қарашайлар автономиялык облыс халқының 29 пайызына жуық. Мүндай демографиялық ахуалда қарашай-балқар тіліне мемлекеттік мэртебе беріп, оны қарым-қатынас күралына айналдыру қиынға соғып отыр. Үлттык баспасөздің кенжелеп дамуы - мүның бір айғағындай. Автономиялы республикада қарашай-балқар тілінде мерзімді басылымнан екі газет, үгітші блокноты, бір альманах қана шығып келді. Үлы Даланы ғасырлар бойы мекен етіп келе жатқан қазақтың дархандығы мен шапағатшылдығын эралуан этникалық топтар дәріптеп айтып жүр. Әсіресе, сонау 40-жылдардағы қакаған қыста қазақ жеріне еріксіз айдалып, етегі жасқа толған кавказдық ағайындардың көз жасын құрғаткан да қазақ болатын. Мүны сол аумақтан келген бүгінгі ага буын өкілдері элі күнге жыр қылып айтып, ақ алғысын білдіріп жүр. Қарашай, балқарлар - қазақ десе, қабырғасы кайысатын халық. Олар қазақ ағайындарына ерекше ілтипат білдіріп, құрметпен қарайды, жас Қазақстан Республикасының табысы мен жетістігіне өзімізден кем қуанбайды. Жетпісінші жылдары Грозный қаласына делегаттар кұрамымен барған Қасқабай Мүнапов деген азамат мынадай жан тебірентер жайды эңгімелейді. «Армысыз, аға! Сізді көргенде туып-өскен, ойнап күлген, білім алган кең жазира қазақ даласын, жарқын жүзді, қонақжайлы, бірге туғандай болып кеткен казак халқын көргендей болып отырмыз. Ана тіліміздей болып кеткен қазақ тілін сағындық. Сіз қазақша сөйлесеңіз екен» - деп, бірде-бір қатесіз қазақша жазған өтінішті алып, тэнті болып, сөзімді бастадым. «Кавказ тауының сұнкарлары, чешен-ингуш халкының сүйікті үлдары! Мен сіздерге Алатаудың баурайынан - әсем қала Алматыдан, Қазақстан халқынан туыскан чешен-ингуш бауырларға жалынды сэлем ала келдім!» дегенім сол екен, 500 кісілік зал ішінде күн күркірегендей дауыс шығып, құлак түндыра қол соққан шапалактың үніне толып кетті. Мүндай 135


әсерлі көріністі өмірімде бірінші рет кездестірдім. «Қазақстан - туған жеріміз, қазақ тілі - екінші ана тіліміз, Алатау-Кавказ жасасын!» деген дауыстар естіліп жатты. («Егемен Қазақстан» газеті, 15.03.1996). Дэл осындай қуанышты қауышу қарашай-балкар ағайындармен де болды. «Қазақстан - құт қонған мекен. Тағдырдың тауқыметімен жер ауып, ел ауып келген қарашайлар қасиетті қазак топырағына қоныстанып, тамыр жайып, өсіп-өркендеді. Өсіп- өніп қана қоймай, өздерінің салтдәстүрін, әдет-гұрыптарын сақтап, туған тілін де дамытты», - дейді олар. Өз болашағына үмітпен де, күдікпен де қарап отырған қарашай халқы қазақ елін, басқа да түркі тілдес мемлекеттерді арқа түтып, олармен тығыз қарым-қатынас орнатудың тиімділігіне сенімді. Әдеб. Народы Кавказа, т. 1. М., 1960; Қазақ Совет энциклопедиясы, 6 т., А., 1975; Очерки истории Карачаева-черкескии, т. 1. Ставрополь, 1967. БАЛҚАРЛАР Балқарлар Ресей Федерациясы құрамындағы президеттікпарламенттік Қабардин - Балкар Респубикасының жергілікті түрғын халқы. Олар - көшпелі өмір салтын бастан кешірген жүрек жүтқан батырлығымен, ант пен сертке мейлінше адалдығымен, достыққа беріктігімен, еркіндікке қүштарлығымен тарихшылар мен жиһангездерді сүйсіндірген қыпшақ ұлысының бірі. Тарихи тағдыры тығыз байланысты туысқан екі халық қарашай мен балқардың ортақ тілі түркі тілдерінің батыс қыпшақ немесе кұман тобына кіреді. Тілі мен ділі бір, діні мен әдет-ғұрпы ортақ, наным-сенімі мен мәдениетінде, өнері мен түрмыс-тіршілігінде ешқандай бөліп-жарар өзгешелігі жок болғандықтан, қарашай мен балқарды біртұтас халыққа жатқызуға да болар еді. 1989 жылғы халық санағы бойынша бүрынғы Кеңес Одағындағы балқарлардың жиынтық саны 88 771 адамға жеткен. Олардың 92,9 пайызы қарашай-балқар тілін ана тілім деп таныған. Балкарлар Кабардин-Балқар Республикасын мекендейді. Қазақстан мен Қырғызстанда олардың шағын топтары бар. Өздерін ертеректе таулу, малқарлы деп атаған. Балкар этногенезіне алан, бұлғар, хазар т.б. түркі тайпасының, әсіресе қыпшақтардың ықпалы елеулі болды. Антропологиялық жағынан балкарлар еуропеидтің нэсілдің балканкавказ тобына жатады. Діни наным-сенімі жағынан мұсылмансунниттер. XIII ғасырда монгол - татарларга карсы ұзак жылга созылган табан тірескен күрестен кейіп балкардың арғы ата-бабалары Орталық Кавказдың тау шаткалдарына ыгысты. Монгол шапқыншылығы кесірінен балкар елі күйзеліске үшырады. Тау шатқалындағы балқарлар бес түрлі тау коғамына бөлінді. 1827 жылы Балқарияның Ресейге қосылу процесі аяқталды. Столыпиннің аграрлық реформасы жылдарында шаруалар колындагы жер мен орманның басым көпшілігі тартып алынып, 1910 жылы Чечем шатқалында халық толқуы болды. 1913 136


жылы ол Золь, Черек шаруалар көтерілісіне ұласты. 1922 жылы Таулық АССР-нан Балқар округы бөлініп, ол кабардамен бірігіп, КабардинБалкар автономиялы облысы кұрылды. 1936 жылы автономиялы облыс автономиялы Республикаға айналды. 1941-45 жылдардағы Отан соғысында Кабардин-Балқар Республикасының 15 мыңнан астам жауынгері үкімет наградасын алды, 20 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 1943 жылы қаңтар айында жергілікті халық Кеңес армиясының келуін қуанышпен қарсы алды. Балқарлар майданда да, бейбіт еңбекте де ерлік көрсетті. Халықтың осыншама жан қиярлық еңбегі мен ерлігіне қарамастан, 1944 жылдың басында мемлекеттік корғаныс комитетінің құпия қаулысымен конституциялык заңдылықтың өрескел бұзылуы кесірінен балқарлар зорлықпен жер аударылды. Балқарлар республиканың небэрі төрт экімшілік ауданын мекендейдін жэне жалпы саны 40 мың 900 адам ғана болатын. 9 —11 наурыз аралығында 37 мың 103 балқар эшелондарға күшпен тиеліп, қияндағы Қазақстан мен Қырғызстанға жөнелтілді. Солтүстік Кавказ халықтарын күшпен қоныс аудару қорытындыларына жүгінсек, 1944 жылдың ақпан - наурыз айларында Қазақстан мен Қырғызстанға барлығы 602 193 адам қоныс аударылған, оның ішінде шешендер мен ингуштер - 496 460 адам, қарашайлардың - 68 327, балқарлардың - 37 406 адам екенін көреміз. Бүлардың негізгі бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды (Ресей Федерациясы мемлекеттік мүрағатынан). 1957 жылы 9 қаңтарда Қабардин-Балқар автономиялы Республикасы қалпына келтірілді. Қазіргі таңда бес мыңдай балқар ұлтының өкілі Қазақстанда түрып жатыр. Қазакстан мәуелі бэйтерек болса, осындай алып елдің бір бұтағы - балкар үлты деп білеміз. Сонау 1944 жылы балкарларды туған жерінен көшіргенде, біраз балқарлар осы қазақ елінен пана тапты. Қиналғанда көмек қолын созу - қазақ ағайындардың қанына сіңген қасиет. Бүгінгі таңда салт-дәстүрімізді, тілімізді, тарихымызды, үлттық тәрбиелерімізді сақтауға жэне дамытуға қолдау жасап отырған осы республика. Менің де туып өскен жерім - Қазақстан. Сондықтан Қазақ елінің әр жетістігін осы елді мекен еткен барша ұлт өкілдері де ерекше мақтан түтады», - дейді парламент мәжілісінің депутаты Людмила Хочиева («Егемен Қазақстан», 08.08.2009). Белгілі журналист Атсалим Идигов былай дейді: «Қазактардың біздерден, кавказдықтардан айырмашылығы - әлдекайда шыдамды, ұстамды, бейбітшілік сүйгіш халық. Бұл уақытша ғана. Ал егер еліне қауіп төнсе, олардың бойын ата-бабаларынан сіңген күрескерлік рух кернеп кетеді. Дэл қазақтардай басқаға жаны ашығыш халықты білмейміз. Олар өздері адам төзгісіз ауыр жағдайды бастан кешіргеніне қарамастан, жер аударылған басқа халықтардың қайғы-қасіретін, қиыншылығын бірге бөлісті. Қазақстан - менің туып өскен отаным» («Ана тілі» 31.05.2012) Қарашай-балқар тілі түркі тілінің батыс қыпшақ тобына жатады. Екі халық, карашай мен балқарлар, бір тілдің жеке диалектісінде 137


сөйлейді. Бұл екеуінің дыбыс пен грамматикалык жүйесінде бірліжарым өзгешелік бар. Қарашай диалектісіндегі ч, дж дыбыстарының орнына балкарларда ц, дз айтылады: Мысалы, чаиі, джер, чап сөздерін балқарлар цац, дзер, цаф дейді. Қарашайлар барайым, келгенме десе, балқарлар барайын, келгейін дейді. Екі диалектінің айырмашылығы онша көп болмағандықтан, әдебитіл қарашайға да, балқарғадатүсінікті. Әдеби тіл қарашай-бақсан-чегем диалектісі негізінде қалыптасты. Басқа қыпшақ тілінен айырмашылығы сан есімде жиырмалап санау жүйесі бар. Сөздік қорында осетин, черкес, абхаз, сван тілдерінің әсері байқалады. Балқарлар - тіл өнеріне ден қойған халық. «Оқ жүректен өтер, сөз сүйектен өтер». «Бір ауыз жалған сөзбен тірі ердің қүны кетер. Бір ауыз шын сөзбен өлі ердің қүны бітер». «Епті сөз ине сабақтайды». «Сөз канатсыз да үшады» дейді халық даналығы. Бір республикаға біріккен, бірақ эр түрлі тілде сөйлейтін кабарда мен балқар халықтары тарихи тағдырлас болғандықтан, олардың әдебиеті бір арнада қатар дамыды. Екі халықка бірдей ортак «Нарттар» эпосында шетелдік басқыншыларға қарсы халықтың ерлік күресі сипатталған. Балқар фольклорында өлең-жырлар, ертегі мен аңыздар, мақал-мэтел, батырлык эпостардың мол үлгісі бар. Қоркыт ата, Асанқайғы, Қазтуған секілді ғүламалардың мүрасын зерттеу басқа да қыпшақ үлыстары секілді балқарлар тарихына да қатысты мол мағлүмат берер еді деушілер бар. Халық ауыз әдебиетінен бастау алған балқар әдебиетінің негізін қалаған ақын Кязим Мечиев болды. Балкар этнографы, фольклорисі С.Урусбиевтің еңбегі жарық көрді. Қайсын Кулиевтің «Таулар» (1957), «Жаралы жартас» (1964) т.б. кітаптары жарық көрді. Бүл аталған қаламгерлер еңбегі көптеген тілге аударылды. Балқардың үлттық музыкасының дені эн мен би жанрын қамтиды. Кавказдыктардың билері тау кыпшактарының биімен тығыз тамырлас екенін венгр тарихшылары дәлелдеп берген. «Бейбарыстың кезіндегі кыпшақтардың қимылын зерттесек, қаншама дүние шыгады», - дейді казак билерін зерттеуші Сапар Байжанов («Егемен Қазақстан», 07.05.1993). Балқардың кең тараған ұлттык билері - тюз-тепсеу, төгерек-тепсеу, абзех. ¥лттык музыка аспаптары: жия кобыз, кыңғыр кобыз, кыл кобыз (ішекті), сырына, сыбызғы (үрлемелі), каре (сокпалы), накырэ. Қазан төңкерісінен кейін профессионалдық музыкадан коп дауысты хор, ұлттык опера мен балет, симфония жанры, ансамбльдер! жүмыс істеді. Балқар халқы ерте кезден отарлы мал шаруашылыгымен айналысты. Кейін келе егіншілікпен, кэсіпшілікпен де шүғылданды. Зерттеушілер балқардың еңбеккорлыгын жоғары бағалаған. Айталык, таулы жердегі егіншіліктің киындығы аз емес. Балкарлар ең алдымен бүта ағаштан, тастан тазарган алаң даярлап, оны қоршап, кейде баспалдақ (террас) жасап, сосын барып арпа, бидай, сұлы, картоп, қызылша екті. Огород пен бау-бақша жасады. Суару жүйесін жасады. Алайда жері аз болгандыктан, шаруа адамы косымша кәсіп ретінде ағаш, темір, руда өңдеумен, тері, жүн өңдеумен, қолонерімен, ыдыс-аяқ, қүрал-сайман 138


жасаумен айналысты. Қорғасын балқытты, тасшы, құрылысшы боп істеді. Балкарлардың үй-жайы мен түрмыс-тіршілігінде, салт-дэстүрі мен болмыс-бітімінде, мәдениеті мен өнерінде, үрпак тэрбиелеу үрдісінде қарашайдан еш айырмашылығы жоқ десе болғандай. Баска да Кавказ халықтары секілді балқар ағайындар да үл баланың батыл да намысшыл болып өсуіне баса көңіл бөледі. Өз үрпағын біліммен сусындатып, елдің ертеңіне жарайтындай етіп тәрбиелейді. Отбасында ер азаматын ардақтау-балқар халқының ізгі дэстүрі, саналы салты. Қашанда шаңырақ иесі ер-азаматтың мерейі үстем түрғаны абзал. «Ер ел үшін туылады, ел үшін өледі» дегенді жадында түтқан еркеккіндікті азаматтар - қасиетті мекенді қасық қаны қалғанша ерен ерлігімен жаудан қорғап, халықтың тыныштығын сақтаушы, отбасын асырайтын биік корғаны. Азаматы айбынды жанүясының қадір-кұрметі ешкімнен кем болмайды деп үғады эр балқар. Сондай-ақ отбасының үйтқысы, берекелі шаңырақтың сүйеніші эйел - анаға зор кұрмет білдіре қарау - эрбір балқардың жас кезінен қанына сіңген қасиеті. «Ерлер үлды тәрбиелейді, әйел-ана үлтты тэрбиелейді» деген халық даналығын ескерген ел ақсақалдары эйел тәрбиесі нашар болса, ерлердің де нашар болатынын, үл тәрбиесі нашар болса, ұлт тэрбиесінің де нашар болатынын жас үрпақтың санасына жеткізумен келеді. Қызына қырык үйден тыйым жасап, үлын ауыл болып тәрбиелеген балкарлардың өз ұлтына, туған жеріне, тіліне, дініне, салт-санасы мен дәстүрлі мэдениетіне деген қүштарлыгы бүл халықтың болмыспішінінің сымбаттала түсуіне әсерін тигізгендей. Басқа да Кавказ халықтары секілді конақтың басынан қүс үшырмау, қонақ еркіндігін сақтау, барынша мейманқостык - эр балқардың қанына сіңген, ежелден келе жаткан ата дәстүрі. Көнеден жеткен салт-дэстүрдің бэрі де өмірден, түрмыс-тіршіліктегі қажеттіктен алынған. Сондықтан елдің игі жақсылары бүтінгі таңда үмыт бола бастаған халықтың өткендегі өмірінен сыр козғайтын қайсыбір салт-дэстүрін жалғанның жарығына алып шығып, қайта жандандырып, өз жүйесімен, ретімен орындалуын кұптайды. Әсіресе өз елінің арғы-бергі тарихын, шежіресін, батыр бабалардың ғажайып ерлігі мен өшпес еңбегін жастардың көкейіне жастай түйіп өсуінің тиімділігіне ден қоюда. Балқар халқының мемлекеттік статусы қалпына келтірілгенмен, олардың бүгінгі таңда көріп отырған қиыншылығы аз емес. Атақонысына қиындықпен оралған момын халыққа қалдырып кеткен үйжайы мен дүние-мүлкінен еш нэрсе де тимеді. Демографиялық ахуал да мэз емес. Балқарлар - республика халқының 11 пайызына жуығы. Мүндай жағдайда үлттық баспасөз бен ағарту орнының жүмысын өз мэнінде дамыту оңай емес. Республикадагы 20-дан астам мерзімді басылымнан қарашай-балкар тілінде бір газет «Достық» альманағы, үгітші блокноты ғана шығып келген. Әдеб. Народы Кавказа, т.1, М., 1960; Қазақ Совет энциклопедиясы, 2 т., А., 1973; Языки народов СССР, т. 2, М., 1966. 139


НОҒАЙЛАР Ноғайлар - XIII ғасырда Алтын орданы билеген Ноғай ханның атымен аталып кеткен аз санды түркі ұлысы. Олар кара ноғай, ақ ноғай, ачикүлақ ноғайы, астрахан ноғайы деген төрт субэтникалық құрамнан тұрады. 2009 жылғы санақ деректері бойынша бұрынгы Кеңестер Одағындағы ноғайлар саны - 110 мыңдай адам. Олардың 89,9 пайызы ноғай тілін ана тілім деп таныған. Ноғайлар ислам дінінің суннит тармағын тұтынады. Ноғайлар Дағыстанда, Қарашай-Черкес, Чечен Республикаларында, Терек пен Кума өзені аралығында, Кубаньда бытырай қоныстанған. Тұрмыс-тіршілігі Еділ бойы татарынан өзгеше болғанына қарамастан, Астрахан облысындағы ноғайлар бұл күндері өздерін татар үлтының өкіліне жатқызады. Дағыстанның Хасавюрта, Бабаюрта ауданындағы ноғайлар құмық тілінде сөйлейді. Қырымның солтүстік далалық бөлігін мекендеген ноғайлар 1926 жылғы халық санағында-ақ үлтын қырым татары деп көрсеткен. Татардың шағын этнографиялық тобына жататын ноғайбақтар да оңтүстік Оралға ауып келген ноғайлар үрпағы. Тарихшылар атап өткендей, Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастап, XIV гасырда эмір Едіге түсында жалғасып, оның баласы Нүраддиннің (1426 - 1440) кезінде орнықты. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер әдебиетте алғаш рет тек XVI ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлар өздерін маңғыт деп, аз өз үлысын «маңғыт жүрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар да осы атпен білген. Ноғай ордасының қүрамына маңғыттармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлүқ, алаш, тама жэне басқа рулар енді. Бағзы бір заманда сонау Алтайдан бастап оңтүстік Орал, Төменгі Еділ, Солтүстік Кавказ, Қырымга дейінгі, Днепр, Прут өзеніне дейінгі аралықтакөшіп-қонып, шығыс деректемелерінде Дешті Қыпшақ аталған, үлан-байтақ даланы тұлпарының түяғымен дүбірлеткен, ерлігі ерен қыпшақтардың құрамына енген этникалық топтың ішінде ең көп аталып келгені - ноғайлар. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Ноғай ордасы аталған мемлекеттің болғаны мэлім. Қазақ ғалымы Шоқан дінінде, тілінде, тұрмысында, өнері мен әдебиетінде, тайпалықрулық қүрамында ешбір бөтендігі жоқ ноғайлардың шығу тегі мен қоныстарына айырықша мэн беріп, қазақтардың Есіл даласындағы ноғайлардан шыққанын, сондай-ақ казақ даласында ескі қала мен мешіттердің орны көп екенін, олардың ноғайлардан қалғанын еске салады (Ш.Уәлиханов,...том 1, 2126.). Үлкен ноғай Еділдің төменгі бойын, Кіші ноғай Кубаньды, Дон мен Днепр аралығында иелік етіп, төрт түлік мал өсірді, ішінара егіншілікпен де айналысты. Олар өз атамекенін шетелдік баскыншылардан қорғап, жүздеген жылдар бойы ерлікпен шайкасып келді. Алайда ноғай ұлысының ішіндегі алауыздық, 140


үздік-создық шайқас онсыз да бытыраңқы, бір тудың астына біріге алмаған, бір орталыққа бағынбаған ноғайлар арасын ажыратып, одан эрі бөлшектенуге итермеледі. Орыс патшалығы кыпшак тайпаларын өзіне тәуелді етіп, ұлан-ғайыр территорияға иелік ету мақсатымен, олардың арасына сына қағып, бір-біріне айдап салып, өзара қырқыстырып, іргесін ажырату әдісін қолданды.Отаршыларноғай ордасындабірнешедербесиеліктергебөліп жіберіп, әлсіретугетырысты. Содан кейін барып үздіксіз шапқыншылық басталды. XVI ғасырда Ресей алдымен Қазан мен Астрахань хандығын, Алдыңғы Кавказ бен Үлкен Ноғай ордасын күшпен бағындырды. Жаңа қоныс іздеген келімсектердің, казак-орыс карашекпенділерінің түркі тайпаларының ежелгі конысына топ-тобымен ағылып келуі осы кезден басталды. Ноғайларды шаруашылыққа қолайсыз жерге ығыстыру асқан қатыгездікпен толассыз жүргізілді. ХУ-ХУІІІ ғасырларда ноғай, қазак халықтарының саяси, этникалық байланысы ажыраған емес. Алайда ноғай билеушілерінің үзақ уақыт өзара қырқысып, билікке таласуы Ноғай ордасын дағдарысқа үшыратып, әлсіретті. Олардың бір бөлігі біртіндеп казақ руларының қүрамына кіре бастаса, қалғандары Ресейге бағынуға мэжбүр болды. XVII ғасырдың басында ноғайлар үшке бөлініп, олардың екеуі Кубань мен Азовты, Терек пен Еділдің төменгі сағасын мекендеді. Үшінші бөлігі Орал өлкесінің шығыс жағында қалып қойып, кейінірек этникалық, үлттық келбетін жоғалтып, татар, башқүрт, казак халықтарының кұрамына енді. Ноғайлар - тағдыры өте аянышты түркі үлысы. 1783 жылы А.В. Суворов ноғайлы еліне жазалау экспедициясын үйымдастырып, көпке танымал көсемдері мен көзі ашық зиялыларын, соғыс ісіне жарамдыларын түгелдей кұртып жіберді. Қазакпен жаны да, қаны да бір туыс халық таңға жақын үйқыда жатқанда Суворов бірден шабуылға шығуға бүйрық береді. Кескілескен шайқас күні бойы жалғасады. Кеш қарай шегінгендерді өкшелей қуған патша әскерлері бала-шаға демей халықты аяусыз кырғынға ұшыратады. Кейін бүл соғыстың соңы барлық ноғайды жаппай кырып-жоюға ұласып кетті. Қанды қасап кезінде 500 мыңнан астам ноғай қырғынға ұшырап, миллионная астамы Түркияға босып кетуге мэжбүр болды («Түркістан», 17.05.2012). Маңдайының соры ашылмаған бейшара халыкты жойқын қару күшімен кырып-жойып, тоз-тозын шыгарып, туған топырағынан бездіріп, тентіретіп жібергені жүректегі шөңгедей қадалып жатыр элі. Казак-орыстар жергілікті халыкка зэбір-жапа көрсетумен қоса, оларға калмақтарды да айдап салып отырды. XVII ғасырда Жоңғариядан оңтүстік Сібір арқылы Еділ бойына ауып келген қалмақтың қалың колы бейкам жатқан ноғай ауылдарына үздіксіз жорық жасап, талантаражға үшыратып, қалмақ билеушілеріне тәуелді етіп, ауыр алымсалық төлеттіріп, халықты күйзеліске үшыратты. Қалмак шабуылына үшырап кысым корген көптеген ноғайлар 1634 жылы ата-мекенін калдырып, Донға, кейінірек Қара теңіз жағалауына, Прут өзеніне 141


дейін ығысты. Мұнда да олар қақтығыстарға, отаршылардың аяусыз қырып-жоюына ұшырады. Халықтар түрмесі атанған патшалы Ресей отаршыларының қанды қақпанына тап болған ноғайлы елі атанған жұрттың тоз-тоз боп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, шетелден баспана іздеуден басқа амалы қалмады. 1859-1960 жылдары ғана Түркияға 180 мың ноғай коныс аударған. Ноғайлардың басым көпшілігі ата жүртын, кіндік қаны тамған мекенін тастап, тас басып, тау асып, тағдыр тап қылган сырт өлкені паналап, түрақтап қалған. Бір кезде Солтүстік Кавказдагы ең көп санды халық саналып, он сан елім ноғайлым аталған, қазақпен терезесі тең іргелі ел болған, ал бүгін таңда жиынтық саны жүз мыңнан сәл ғана асатын ноғай жүртының мүшкіл халі түбі бір түркіміз деп есептейтін қай азаматтың болса да көңіліне мүң үялатып, жүрегін сыздатып, қабырғасына батары анық. Тарихшылардың атап өткеніндей, отаршылардың қан тепкісіне үшырап, тоз-тозы шыққан ноғай халқының тағдырын дэуір трагедиясы деуге болатын шығар. Бүгінгі күні ноғай жүртында рухани да, саяси да орталық жоқ, төл мәдениеті жоғалу қаупінде. Ноғайлар ерте кезден отарлык мал шаруашылығымен айналысты. Қуаңшылық жылдары жазда жемшоп қорын жеткілікті даярлай алмай, қыс катал боп, кар қалың түскенде мал жүтқа, жұрт күйзеліске үшырайтын. Оның үстіне отаршылар сулы-нулы жерді тугелдей тартып алып, жаз-жайлауы, қыс кыстауынан айрылып, қонысы тарылған ноғайлардың кошіп-қонуы қиындады. Сондықтан Кубань ноғайлары XVIII ғасырдан бастап отырықшы түрмысқа кошіп, егіншілікпен, қолонерімен,темірүсталығымен,сондай-ақтеріилеу,қайыспенбылғары бүйымын жасау кәсібімен басымырақ айналысты. Бидай, жүгері, сүлы, күнбағыс екті, огород пен бау-бақша үстады. Казак-орыс станицаларына барып, маусымдық жүмысқа жалданды. Қалың көпшіліктің түрмысы өте ауыр еді. Зерттеушілер ногайларды қүрып бітуге айналған халыққа жаткызған. Бүкара халық патша отаршыларының аяусыз қанауына үшырады. Мал басына салық төлетті. Почта станциясының жүмысын атқаруға, жол катынасын қамтамасыз етуге, тұз ондірісі кәсібінде істеуге міндеттеді. Әскери қызметке алынбағаны үшін де қосымша салык толетті. «Осыдан үш ғасыр бүрын қазақ пен ноғай халықтарының түрі мен тамыры да, сыры мен сыбыры да бір болғаны белгілі. Сондықтан да олардың кескін-келбеттері мен мінез-қүлыктары да, әдет-ғұрыптары мен түрмыстары да, ішкен астары мен киген киімдері де, тіпті сөйлеген сөздерінде де айырма жоқ еді», - дейді ноғай жазушысы Сүйін Қапаев. («Қазақ әдебиеті», 25.09.1987). ¥лттық тағамы мен ішіп-жемі де қазақпен ортақ. Ноғайдың дастарқан мәзірінен қуырдақ, самса, орама нан, бесбармақ, коже, бауырсак, тоқаш, қүрт, ірімшік, қатық секілді етсүт тағамы үзілмейді. Олардың ішіп-жемінде сүт тағамы мен қымыз басым. Сүт катқан, май, қаймақ, түз, лазы қосқан үйғырдың әткен 142


шайына ұқсас шай демдейді. Ең сүйікті сусыны-кірпіш шайы. Тарыдан боза даярлайды. Кейінірек сүттен, қымыздан спирттік ішімдік даярлайтын болды. Ноғай халқының көп жанрлы бай фольклоры аз зерттелген. Қазақ, ноғай халықтарының көптеген аңыз эңгімесі, ертегі мен қиссадастаны, эпостық жэне тұрмыс-салт жырлары өзара үндесіп түрады. Ноғайлы аталған дәуірден қалған екі халықтың ортак рухани мүлкі, көне мүрасы саналатын «Ер Төстік» ертегісі, «Жиренше шешен», «Алдар көсе» аңызы, сондай-ақ аты әйгілі, аруақты батырлар «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ Мамай», «Қырымның қырық батыры» эпостық жырлары мен қисса-дастаны - мүның айқын айғағы. 1883 жылы кұмық ақыны Магомед әпенді Османов қазак пен ногайға ортақ Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Шалкиіз, Досманбет, Жиембет, Қазтуған сияқты ноғайлы дэуірі ақындарының жырларын хатқа түсірген. Ногай халқы жөнінде зерттеу еңбегін жазған С.Ш.Ғаджиеваның айтуынша, өткен уақыттарда көшпелі ноғайларда би көп болмаған. Оның есесіне домбыраға косылып эн-жыр орындау, айтыс өнері кең тараған. Кейін келе ноғайлардың тұрмыс-салтында, ұлттык өнерінде көршілері казак-орыстың, құмық, карашай, чешен, черкес, абазин, т.б. халықтардың әсері сезіле бастады. Бүгіндері зиялы кауым ана тілі мен игі әдет-ғұрпын жандандырып дамытуда соны бастамаларды қолга ала бастағандай. Дәстүрдің озыгы бар, бірақ тозығы жоқ деп есептеп, ногай бауырлар көнеден жеткен салт-сананың тәрбиелік күшін молықтыра, дамыта түсуді мақсат түтуда. Мәселен, әншілікпен коса қазіргі таңда ұмытыла бастаған әңгімешілдік, орындаушылық, күйшілік дарынымен танылатын жыршылық өнеріне, сондай-ақ халық мүрасын айырықша қастерлеп, танымдық-тагылымдық, тәрбиелік-тэжірибелік мэні бар әуенді сөз шумағын теріп айта білетін термешілік онеріне ден қоюда. Сондай-ақ тіл өнеріне де мэн беріп, көнеден жеткен асыл мұра деп, тәрбиелік эрі танымдык мэні бар ақындар айтысы өнерін насихаттауда. Ноғай тілі қазақ, карақалпақ тілдерімен бірге түркі тілінің кыпшақноғай тармағын қүрайды. Қазан төңкерісіне дейін қазақтар ноғай деп татарларды атап, ал ноғайларды бөлек ұлт деп есептемей, қазаққа жаткызып келгені тегін болмаса керек. Қазақ, ноғай, қарақалпақ, сондайақ бүгіндері өзбек үлтының қүрамына кірген құрама, түркі сияқты этникалық топтар, қырым татарлары, қарашай, балқар, т.б. түп тамыры бір, бір халық боп қалыптасудың аз-ақ алдында түрған жүрттардың этникалыктұтастығынсақтап қалаалмауыныңөзіндіксебептеріболғаны белгілі. Ноғай тілі үш диалектіге бөлінеді. Әдеби тіліне қараноғай диалектісі негіз етіп алынған. Бүл - Дағыстан ногайларының тілі. Басқа кыпшақ тілдерінен ерекшелігіне соз қүрамындағы дауыстылардың жиі редукциялануы (пшақ-пышақ, тлек-тілек), сөз ортасындагы н 143


дыбысының ассимиляциялануы (тоннар-тонлар-тондар) жатады. Сөз соңында с-ш дыбыстарының жарыса қолданылуынан түзілген вариант сөздер бар (бас-баш). Ноғай тілінде 1960 жылға дейін бастауыш сынып оқулығы, аудандык газет, ішінара көркем әдебиет басылып тұрғаны мэлім. Ноғай әдеби тілінің қалыптасуына ақын-жазушылар Ф.Абдулжалилов пен К.Темирболатовалар елеулі үлес қосты. Ноғай тілі туралы белгілі түрколог Н.А.Баскаковтың, ноғай этнографиясы жөніндегі Г.Ш.Гаджиеваның зерттеу еңбектері жүртшылыққа кеңінен танымал. Ноғайдың көнеден қалған нақыл сөздері мен мақалмэтелдерін бір халықтың еншісіне телу мүмкін емес. «Алтыда білген ана тілің алпысыңда үмытылмас». «Тура тілді тыя алмадым, туганыма сыя алмадым». «Бетке айтқаннан шетте айтқан жаман». «Ақиқат ащы болар, ақыры жақсы болар». «Тентектен тымырлық жаман». «Әйел жайында әйелден сүра». «Әзіл - шындықтың жартысы». «Малдың сырты ала, адамның іші ала» секілді екі халыкка ортак нақыл сөздер аз емес. Ел аузында сақталған бір өлеңде «Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір», «Он сан Ноғай ішінде үш алпыс отау қазағым» делінген екен. Сондай-ақ «Алаштан қазақ тараған. Ноғайлыға қараған. Жауға алдырмай ноғайлар. Бір-біріне жараған. Ноғайдан казак бөлініп, үш жүз болып тараған» деген жолдарды да баспасөзден окығанымыз бар. Мекенжайын көбінесе кесектен, шымнан, саз-балшыктан түрғызып, оны үй немесе там деп атайды. Жиналмалы үлкен киіз үйін терме деп, кіші киіз үйін отау дейді. Киіз үйлі ауылды күп деп атап, оны мурза мен султандар биледі. Қараноғайларда рулық катынас бертін уақытқа дейін сақталып, жақын туыстардың үйленуіне тыйым салып келген. Үш-төрт атадан косылатын туыстар тығыз қарым-қатынас жасап, бір-біріне сыйсияпат, өзара көмек көрсетіп келген. XIX гасырдың соңына дейін жеткен канды кек дәстүрі қүн төлеу ғүрпымен ауысқан. Адамы қайтыс болған үйге дауыс шығарып жылап кіреді. Үй иесі жыл бойы каралы бөрік киіп жүреді. Маркүмның жылын береді, денесін жерге бергенше мысықты байлап қояды. «Ең үлкен абырой елің мен жерің үшін басыңды бәйгеге тігу» деген халык даналығына мән беріп, ноғай ағайындар өз отанын қоргаған ер-азаматтарының есімін үмыт калдырмайды. Соғыста ерлік көрсетіп, шейіт болғандар эулие саналады. Үйлену салтында қазақтардан айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бұрындары ұлдарына жастай кұда түсіп, қалыңмалын төлеп, тойтомалағын өткізіп үйлендіретін. Ең батыр, өжеттері тәуекелге бел байлап, қалыңдығын алып қашып та үйленетін. «Көріп алган көріктіден, көрмей алган текті артық», «тегіне қарап кызын ал, соғуына қарап кару ас», «шешесіне карап қыз өсер» деген халық нақылын ескеріп, ата-ана болашак келінін өзі таңдайтын. Келін алғаш босанғанга дейін бет-аузын жауып жүреді, ата-енесіне тікелей тіл қатпайды. Күйеуін тыңдап, оның туыстарына ізет, сый-сияпат көрсету міндет саналады. 144


Ноғайлар өте мейманқос: бар дәмдісін қонаққа сақтайды, төрден орын береді. Олар мейлінше адал, аңқылдаған ақкөңіл, жомарт жанды, уәдеде тұрғыш, өтірік пен жалған мінезге жаны қас, достыққа берік дегенді естіп жүрміз. Қырқым, шөп шабысы, қашар, қора тұрғызу секілді қауырт жүмыс кезінде ноғайлар асар ұйымдастырып, өз ауылдастарын көмекке шақырады. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі, жамандыққа жаксылык - ер жігіттің ісі», «Тас атқанға - ас ат» секілді накылдар қасиетті де қадірлі күндері өмірге келсе керек. Наурыз тойында үлкендер ат кұйрығын кесіп, бір-бірлерінен көңілдері қалған бауырларды, досжаранды табыстырып, ел ішіндегі бірлік, ынтымакты күшейтуге үлес қосқан. Үлкенге ізет, кішіге салауат, инабат сиякты үлгі-өнеге тұтар ізгі қасиетті бойына сақтап, ортақ намысты тең ойлағанда ғана шаттықка толы сәби күлкісіне бөленген, жүрт үлгі алып үңілетіндей отбасы бола аласың депті ата-бабаларымыз. Ноғай ағайындар көп балалы жанүясын ер мен әйелдің сүйіспеншілігін, ананың аялы алаканы мен экенің әсерлі эңгімесінің жемісі деп құрмет түтады. Кешегі тоталитарлық жүйе үстемдік құрып тұрған кезде өткен тарихы азапқа толы, кыруар зэбір-жапа шеккен ноғай халкының ауыр тағдырын ашып айту қиын еді. Бүгінгі күнге өте аз санмен жетіп отырған, оған қоса экімшілік-территориялық жағынан біріге алмай, бес бөлікке ажырап кеткен, мемлекеттік статустан жүрдай, тым болмағанда автономиялы облыс статусын да ала алмай отырған ноғай ағайындардың тілі мен мәдениетін дамыту былай түрсын, жеке этнос ретінде өзіндік ерекшелігін сақтап қалу шешімі қиын проблемаға айналып, бүтіндей бір халыкка рухани қүлдырау қаупі төніп отырғаны құпия емес. Ноғайлар жинақы мекендеген елді мекенде балалар тек бастауыш класта ғана ана тілінде білім алып, ал орта мектепте факультативтік сабақ ретінде оқылатын ноғай тілі пәнінен баска дэріс түгелдей орыс тілінде өтеді. Мерзімді баспасөзден Қарашай-черкес республикасындағы облыстық газет пен Қараноғай аудандық газетін ғана атаймыз. Ықылым заманнан еншісі бөлінбеген ноғай ағайындар қазақ халқына деген жүрек түкпірінде берік ұялаған іңкәрлік сезімін өсер ұрпақ зердесіне қүйып келді. Олар тек таяуда ғана ежелден армандап келген егемендігіне қолы жеткен Қазақстан Республикасына үлкен үміт-тілек арта, қамқорлық-медеу күте қарайды. Бауырлас ноғай халқын жойылып кетуден сақтап қалу үшін Қазақстанга түп көтеріп кошіріп алу керек пе деген мэселе ара - түра баспасөзде жарық көрді. «Жалпы ноғай деген - қазақтың бір бөлігі, біз бір халықпыз. 1990 жылы Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Мэскеуде бүтін түркі халқы жиналдық. Сонда ноғайлармен кездестік. Сонда олар «бізді өздеріңе Қазақстанга қосып алыңдар» деген тілек айтты», - дейді Жағда Бабалақ. «Ноғайлар - жағдайы өте ауыр халықтың бірі. Кеңес үкіметі кезінде басқа үлттарға автономия беріліп жатқанда, ноғайға ештеңе тимей қалды. Ең болма145


са кішігірім ауданы да жоқ. Біз қазір қол созбасақ, азғантай уақыттан кейін жер бетінен ноғай халқы жоғалып кетеді. Одан қазақтың еш ұтысы жоқ», - дейді Ғарифолла Әнес. («Ана тілі», 25.10.2006). 2012 жылдың 29-қазанында Мұрат Авезовтың ұйымдастыруымен өткізген Дағыстан, Чешенистан, Қарашай-Черкес Республикасы мен Ставрополь өлкесінен 200 адам қатысқан құрылтайда Ресей президентіне үндеу жолдап, қордаланып қалған түйткілдер атап айтылып, бірауыздан ноғайларға автономия сұрап, территориялық құрылым құруды өтінді. Мұндай шешім Ресейдің Солтүстік Кавказдағы қауіпсіздігін нығайтып, ноғай ұлтына қатысты тарихи эділдікті орнатады, сондай-ақ аталған шекара бойынша автономия құру ешбір үлттың мүддесіне нүқсан келтірмейді делінген үндеуде («Түркістан», 15.11.2012). Ресей мен Қазақстан арасындағы достык пен ынтымақ, дипломатиялық тығыз қарым-қатынас негізінде өзімізбен бір туған ноғай ағайындардың мүң-мүқтажын алға тартып, ана тілі мен ғибраты мол әдет-ғұрпын, мэдениетін жандандыруға дәнекер боп, сыйластық шарапатын корсете алсақ, келер ұрпақтың бауырлас елге деген шексіз алғысына ие болар едік. Әдеб. Народ Кавказа, т. 1. М., 1960; Народы СССР, краткий справочник. М., 1958; Этнография народов СССР. Л., 1971; Қазац Совет энциклопедиясы, 8 т., 1976. АСТРАХАНЬ ТҮРКІЛЕРІ (ноғайлары) Астрахань түркілеріне жататын алабұғаттар - Ресей Федерациясына қарасты Қалмақ республикасы Каспий ауданының Манғыт, Улан-Холл елді мекендерін мекендейтін аз санды түркі ұлысы. Оларды алабүғат татары деп атап келген. Бірақ алабұғаттар соңғы кездері өздерін ноғай ұлтына жатқызып жүр. Зерттеушілер алабүғат этникалык тобын ноғай, қазақ, қазан татары, түрікмен, өзбек, қалмақ халықтары өкілдерінің араласып кетуінен қалыптасқан деген түжырымға келді. Бұлардың ішіндегі көбірегі ноғайлар болған. Жалпы саны - 4220 адам (1989). Бүдан бір жарым ғасыр бұрын 1852 жылы олардың саны 4212 адам болған екен. Антропологиялык жағынан алабүғаттар түран өтпелі нәсіліне жатады. Олар ислам дінінің суннит тармағын түтынады. Алабұғаттар ертеректе көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданып, киіз үйде түрган. Астрахань түркілерінің басым көпшілігі элімсақтан егін мен мал шаруашылығымен айналасып келген, соңғы ғасырда өндіріске араласқаны да аз емес. Олардың қазіргі басым айналасатын кәсібі балык аулау, бау-бақша мен мал багу болып отыр. Алабұғат тілі түркі тілдері қыпшақ бүтағының ноғай-қыпшақ тобына жатады. Алабұғат тілінен ноғай, қазақ тілімен бірге татар тілінің де сөйлеу ерекшелігі байкалады. Сондай-ақ көп уақыт калмақ тілді коршауда өмір сүргендіктен, алабұғаттардың материалдық, рухани мәдениетінен қалмақ эсері де сезіледі. Сөздік қорында қалмақ 146


тілінен енген едәуір сөз бар (қостық-сіріңке, зурмын-суыр, гөлмө-төр). Өздерін ноғай тілді қауымдастыққа жатқызған алабұғат тіліндегі қыз, қызларымыздан, екі, алты, жетті, барасың, баласыз, атшы, келші, хаша, әкәл, ечкі, қысқа, қойға, толтыр, көлі, күйрық, түлкі, келтір, өлтір, бармайсың, барсын, карт деген секілді сөздерді окып қазақ тілінен елеулі айырмашылығын байкамай да қалатын кез болады. Бұл тілде көнеріп қалтарыста қалып қойған түркі создері кездеседі: коңырау (подсолнух), соғай (корень чакана), дайы (дядя), шанжақ (булавка), шатырак (пасмурный день). Алабұгаттар орыс (кирилл) әліпбиін тұтынады. Қосымша эріптеріне ә, ө, ү,ү, і,щ қ, г, ц,д, ж эріптері жатады. Алабұғаттардың жалпыға ортак эдеби тілі жоқ. 1962 жылға дейін жазба тіл ретінде татар тілі пайдаланды. Одан кейінгі жылдары оку-ағарту жұмысы, іс кағазы орыс тілінде ғана жүргізіліп келеді. Алабұғат тілінде мектеп, баспасөз болған емес. Алабүғат тілі тұрмыста, үй-ішінде ғана қолданылады. Алабүғат диалектісіне ең жакын тіл - юрт тілі. Әдеб. Арсланов Л.Ш. Язык алабугатских татар Каспийского района Калмыцкой АССР. Казань, 1988; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. ЮРТТАР Юрттар - Ресей Федерациясы Астрахань облысыныц Приволжский, Нариманов, Володар аудандарын мекендейтін аз санды түркі ұлысы. Олар өздерін ноғай үлтына жаткызады. Коршілері «юрт татары» десе, казан татары оларды «кариле нугайлари» (ногайцы с черными домами) деп атаған. Зерттеушілер юрттарды Астрахань каласының іргесін алғашкы болып түрғызған ноғайлардың әтнографиялық тобы дейді. Жалпы саны - 12 мың адам (1989). 1850 жылы олардың саны 8700 адам болған. Қазіргі таңда дэл санын анықтау қиын. Өйткені кейінгі кезде олардың едәуір бөлігі өздерін татар үлтының өкіліне жаткызып жүр. Юрттардың басым бөлігі - ноғай тіліне жақын диалектіде сөйлеп келген көшпелі тайпалардың үрпағы. Кейіннен олардың кұрамына баска да кыпшақ үлыстары енген. Антропологиялык жағынан юрттар оңтүстік Сібір (түран) өтпелі нәсіліне жатады, ішінара еуропеидтері де кездеседі. Олар ислам дінінің суннит тармагын түтынады. Юрттар ерте заманнан мал шаруашылығымен катар егіншілікпен де айналысып, отырықшы түрмыс кұрган. Юрт татарының (ногайының) тілі -түркі тілдері кыпшак бүтагының ноғай - кыпшақ тобына кіреді. Жалпыга ортақ әдеби тілі жоқ. Әдеби тіл ретінде оқу-ағарту ісінде 1962 жылга дейін татар тілі қолданылды. Соның әсерінен татар тілінің тигізген ыкпалы басымырақ байқалып жүр. Одан кейін тек орыс тілінде гана окытып, іс қағаздарын жүргізіп келеді. Тек 1989 жылдан кейін ғана мектепте татар тілі оқытылатын болды (ноғай тілінің орнына). Юрт тілі түрмыста ғана колданылатын үй-ішілік тілге айналды. Ертеректе юрттар қазақтармен тығыз карымқатынаста болған. Юрттар коп ғасыр бойы ноғайлардан мүлдем 147


Click to View FlipBook Version