бөлектеніп, татар, түрікмен, орыс, қалмақ халықтарымен ғана аралас тұргандықтан, басқа тілдердің әсеріне көбірек ұшырады. Соған орай қайсыбір зерттеушілер юрт тілін ноғай тілінен ажыратып жүр. Татар тілінің әсері юрт тілінің сөздік қүрамымен қоса фонетикалык, морфологиялық құрылымынан да байқалады. Юрт тілінің әліпбиі орыс (кирилл) жазуына негізделген. Қосымша әріптеріне ә, ө, і, ү, щ қ, г, дж,н жатады. Юрт тілі лексикасының негізін қазақ, ноғай тілдерінің лексикасы қүрайды. Сондай-ақ юрт тілінің лексикалык кұрамында татар тілінің орталық, шығыс, мишар диалектілерінің сөздері, арабиран элементтері, орыс тілінен енгендері де аз емес. Юрт тілі жеке диалектілерге ажыратылмайды. Олардың материалдық жэне рухани қүндылықтары ноғай, татар, қазақ халықтарына жақын. Әдеб. Арсланов Л.Ш. Язык юртовских татар//Учен.зап. Казахского пединститута. Казань, 1976; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997; Небольсин П.И. Астраханские татары // Астраханские губернские ведомости, 1850, №33. ҚАРАҒ АШТАР Қарағаштар - Ресей Федерациясы Астрахань облысыньщ Краснояр, Харабалин аудакдарын мекендейтін аз санды түркі тілдес халық. Бүл екі ауданда 1973 жылы 6 мыңдай қарағаш тұрган. Қарагаштар облыс қалаларында да түрады. Өздерін «ногай - қарагашы» деп атайды. Оларды ертеректе кундоров татары деп те атаган. Антропологиялық жағынан қарагаштар оңтүстік сібір (түран) өтпелі нәсіліне жатады, еуропеидтер де кездеседі. Ислам дінінің суннит тармагын түтынады Қарагаштар 1740 жылы Кавказдагы ноғай үлысынан бөлініп, жаңа мекенге коныстанған соң казақтармен қарым-қатынас орнатқан. Астрахань ноғайларының ішінде карағаштар жалпы ноғайлык материалдық, рухани мәдениетін, тіл ерекшелігін көбірек сақтаган. Қарағаш тілі түркі тілдері қыпшақ бүтагының ногай-қыпшак тобына жатады. Бүл - түрмыста ғана қолданылатын үй-ішілік тіл. Жалпы халыкка ортак әдеби тілі жоқ. 1962 жылға дейін татар тілі оқытылған. Одан кейін оку-агарту ісі мен ресми мекемелер жүмысы түгелдей орыс тілінде жүргізіліп келді. Тек 1989 жылдан бері ноғай тілі пэн ретінде окытыла бастады. Ауыз әдебиеті үлгілерінен бөлек жазба ескерткіші жоқ, өзіндік жазба әдеби тілі де жоқ. Қарагаш тілінің әліпбиі орыс (кирилл) жазуына негізделген. Қосымша эріптеріне ә, ө, ү, ү, і, щ г, қ, ң,дж жатады. Бүл тіл ногай тілінің ақноғай диалектісіне тым жакын. Қарағаш тілінде қазақ тілінен ауысқан соз бэрінен де көбірек. Қазақтілінің эсері бүл тілдің лексикасымен бірге морфологиялык күрылымынан да молынан байқалады. Одан кейінгі орынды орыс, араб-иран, татар, ішінара қалмақ тілінен ауысқан сөздер алады. Ертеректен енген орыс сөздері дыбыстық өзгеріске ұшыраған: мэркү-морковь, бәлнік-валенки, мадор-помидор, бараткіпорядок, дураж-дрожжи. Қарагаш тілінде диалектілік ерекшелік жок. 148
Эдеб. Арсланов Л.Ш. Язык карагашей-ногайцев Астраханской области. Набережные челны, 1992; Языки мира. Тюркские языки, М., 1997; Баскаков Н.А., Ногайский язык и его диалекты. Грамматика, тексты и словарь, М- Л., 1940. ҚАРАЙЫМДАР Сонау бағы заманнан Кіндік Азиядан орталық Еуропаға дейін жеткен ерлігі ерен қайсар қыпшақ ұрпактарының бірі - қарайымдар. Олар өздерін карай, қарайлар деп атайды. Тілі, фольклоры, нәсілі жағынан алып зеттеушілер қарайымдарды Хазар қағандығының құрамындағы түркі тайпаларының ұрпағы деп анықтайды. Қарайым тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Бүл аз санды шағын халық бола тұра коныстану ареалының кеңдігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қарайымдар Литваның Тракай ауданында, Одесса, Волынь облыстарында, Қырым автономиялы Республикасында жэне аздаған бөлігі Полыпада тұрады. Қыпшак тайпалары ұлан-байтак территорияны тек қана жаугершілік дэуірде шапқыншылық жасап, зорлықпен иемденген деуге болмайды. Оған қарайым халқының тарихы дэлел. Қырымның таулы аймағын мекендейтін қарайымдардың бір бөлігін XIV ғасырдың соңында, дәлірек айтсак, 1397 жылы литвалық князь Витовс шекара күзету үшін Литваға әкеткен екен. Сол кезде Тракайдың негізгі түрғындары болып саналған қарайымдардың бүгінгі саны бар болғаны 250 адам ғана көрінеді. Өйткені олар басқа елдің қызына үйленген, бөтен жүрттың жігітіне түрмысқа шыққан үл-кыздарын да, олардан тараған үрпақты да санаққа қаспайды екен («Алматы ақшамы», 21.06.2012). Бүгінгі күндері поляк қарайымдары санының аздығына қарамастан, өз ұлттық-мэдени сәйкестілігін сақтауға тырысады. Польшада «Ашагутуг» (Даусымыз) қарайым журналы шығып, «Оозіаг» (Достар) би тобы жүмыс істейді. Поляк қарайымдарын біріктіретін және кауымдарының діни жэне мәдени сұраныстарына өкілдік ететін Қарайым діни ассосациясы жэне Поляк қарайымдарының ассосациясы. Қарайымдар халықаралық қоғамның назарын өздеріне көбірек аударғыл ары келеді, сонымен қатар Қазақстанның элемдік жэне дэстүрл і діндер лидерлері съезін шақыру бастамасына қатысуға қызығушылық білдіреді («Түркістан», 10.08.2009). Ал Украинаға олар осы мақсатпен 1408-11 жылдары қоныс аударды. Осы этностық жіктелістің эсерінен қарайым тілі үш диалектіге бөлініп кеткен. Қырымдағы қарайымдардың тілі, материалдық мэдениеті мен тұрмыс-тіршілігі қырым татарларына ұксас. Қарайымдардың жалпыға ортақ эдеби тілі қалыптаспаған. Литва қарайымдары литва халқының тұрмыс-тіршілігіне икемделді, кейін келе орыс мәдениетінің де ыкпалы айқын сезілді. Қырымды Ресей империясы жаулап алғасын карайымдарды Оңтүстік Украина мен Солтүстік Кавказға бытырай қоныстандырды. Ассимиляцияның кері 149
ыкпалының салдарынан мұндағы карайымдар көп санды халық арасында жұтылып бара жатқандай эсер қалдырады. Көбінесе теңіз жағалауына қоныстанған қарайымдардың дэстүрлі кәсібі - егіншілік, бау-бақша, сауда-саттық, жүзім егумен, қолөнерімен де шұғылданды. Литва карайымдары егін айдады, бау-бақша өсірді. Қарайымдар - жан-жақты кэсіп иелері. Бүл халықтың фольклорында олардың көне дәуірдегі хазарлармен тарихи байланысы аңғарылады. Өкінішке орай, қарайым тілі бұл күнде бірте-бірте жоғалып, өлі тілге айналып бара жатыр. Жастар түгелімен, ересек адамдардың басым көпшілігі төл тілін үмытқан. Жалпы үлт дегеніміз не дегенде, ғалымдар оның төрт белгісін атайды. Сол торт ерекшеліктің ең бастысы, ең бір маңыздысы - оның тілі, яғни тіл бірлігі. Тілін жоғалту - сол үлыстың да ізім-ғайым жок болуы. А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, сөзі жоғалған жүрттың өзі де жоғалады. Ал халықтың жоқ болуы - ата-бабалардың үрпақтан-үрпакка жеткізіп келген мүраларын, бай фольклорлық қымбат казынасын, бар салт-дәстүрін үмыт калдыру, тарих бетінен өшіру деген сөз. Оган мынандай статистикалык мэлімет айғақ болмақ. 1970 жылғы санақ қорытындысында бүрынғы Кеңес Одағында алты мыңға жуық карайым болса, небэрі тоғыз жыл өткен соң олардың саны күрт азайып, 3341 адамға кеміп кеткен. Ал 1989 жылы карайымдардың жалпы саны 2803 адам деп көрсетілген. Ресми дерек бойынша, олардьщ шамамен он пайызы ғана қарайым тілін ана тілім деп санайды екен. Қарайымдар сан жағынан ұдайы кеміп отырған. Ұлтаралық некеден туылгандар түгелдей дерлік оз үлтын орыс, украин, поляк, литван т.б. деп көрсетуде. 1840 жылдан бастап діни кітап, журнал басқанда, коне еврей, латын, орыс карпін қолданған. Ассимиляцияның қатты зардабына ұшыраған карайым тілі казір тек үй ішінде, түрмыста, оның өзінде егделеу жастағылар арасында кана колданылады. Қазіргі таңда синегогта да карайым тілінде ара-түра дүға окылатын корінеді. Қарайым тілін зерттеуші Кеңесбай Мүсаевтың айтуынша, карайымдар біршама жинакылау деген елді мекеннің озінде ана тілін білетін 4-5 адам ғана табылады. Олардың да көпшілігі сөйлеу тілінен гөрі карайымша жазғанды жеңіл санайды екен. Қыпшак тобындағы баска халықтардан қарайымдардың тағы бір өзгешелігі - баска дінді түтынатыны. Олар иуда дінінің VIII ғасырда Алдыңғы Азияда калыптасқан бір бүтағы караизм дінін түтынады. Халыктың аты да осы атаудан калыптасқан. Дей тұрсақ та қарайымдардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігінде, дүние танымында өздері ортасында өмір сүріп жатқан коп санды өзге тілді халықтардан өзгешелігі болмай отыр. Баска да кыпшак тілдері секілді карайым тілі де казақтар біршама еркін түсінетін тілдер қатарына жатады. Қарайым тілінің грамматикасы, морфологиялық кұрылымы, эсіресе лексикасы коп ретте казак тіліне ұксастығымен ерекшеленеді. Үш диалектіге бөлінеді. Алайда эдеби тілі жок. Создік қорында коне сөздер кобірек 150
сақталған: өксиз-жетім, өбге-ата-баба т.б. Қарайым тілінің сөздік қорында орыс, поляк, литва, украин, белорусь, грек, итальян тілдерінің де әсері елеулі. Синтаксисінен славян тілдерінің ықпалы байқалады. Тек тілдік қалпы жөнінен гана емес, карайымдардың мінез-кұлқы, ертеректегі тіршілігі, салт-дэстүрі, қалжың-оспакка тапкырлыгы, бірқақпай эзілге жүйріктігі жағынан да, ерлік дастандарының да көп ретте ортақ боп келуі жағынан да қазақтарга жақын болғаны жайында тарихи мағлүматтың бары белгілі. Жазу-сызуы жоқ, бірақ бай ауыз әдебиеті бар, көне түркі сөздері мол сақталган мүндай тілдерді гылым дүниесіне таныстырып, толық сипаттап хатқа түсіруге де үлгіре алмау орны толмас өкініш болар еді. Қарайым тілін зерттеуде мәскеулік қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Кеңесбай Мүсаевтың еңбегі зор. Ол 1960-1970 жылдары қарайым тілінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жазып, сөздігін қүрастыруға қатысты. Атап айтқанда, ғалымның «Грамматика караимского языка», «Караимскорусско-польский словарь» деген еңбектері түркологтардың жоғары багасын алды. Түрколог галымдардың Кеңесбай Мүсаевты қарайым тілінің қазақ жоқшысы, қарайым тілінің қазақ жанашыры деп багалауы тегін болмаса керек. Әдеб. Қазақ Совет энциклопедиясы, 6 т. А., 1973; Языки народов СССР. Т. 2. М., 1966; Мусаев К.М., Грамматика караимского языка, фонетика и морфология, М., 1964. ҚЫРЫМШАҚТАР Қырымшақтар - аз санды түркі халқы. Оларды түтынатын дініне қарап, еврейлердің аз санды этнографиялық тобы деп те атайды. Украинаның Қырым автономиялы Республикасының қалаларында тұрады. Сондай-ак Кавказдың Новороссийск, Сухуми қалаларында да кездеседі. 1989 халық санагында Кеңес Одагында 1848 қырымшак түрган. Олардың 34,9 пайызы гана қырымшақ тілін ана тілі санаган. Антропологиялық жагынан қырымшақтар еуропеидтік нэсілге жатады. XX гасырдың ортасына дейін қырым татары тілінде сөйлеп келген. Қазір түгелге жуық орыс тілінде сөйлейді. Сөйтіп қырымшақ тілі өлі тілге айналуда. Халықтың өзі де этникалық келбетін жогалтып, қалың орыс арасында жүтылып барады. Көп уақыт бойы иудей-таллиздист дінін тұтынып келсе, қазіргі үрпақ ол дінді де үмытып үлгерді. Қырымшақ тілі түркі тілдерінің батыс қыпшақ тобына жатады. Қүрылым- күрылысы қырым татары, қарашай, қүмық, үрым тілдеріне жақын. XIX ғасырдың соңына дейін олар өз тілін «шагатай тілі» деп атаган. 1989 жылы Симферопольде қырымшақ тілі мен үлттық мәдениетті үйрететін жексенбілік мектеп ашылды. Қырымшақ тілінде архаизм көбірек сақталган. Орыс, поляк, неміс, итальян, испан, еврей, тілдерінен ауыскан создер де коп. «Кырымчаклар» аталатын мәдени151
ағартушылық қауымның мәліметінше, халықтың 20 пайызына жетержетпесі ғана қырымшақ тілінде шамалап сөйлесе алады. Бұлар орта жастан жоғарылар ғана. Ертеректе Қырым автономиясы құрылған кезде қырымшақ тілінде оқытатын бастауыш сыныптар болған. Фашистік отарлау тұсында, 1941 - 44 жылдары, қырымшактар иуда дінін тұтынатындықтан, геноцидке ұшыраган. Ертеректе жеке адамдардың, кейде бүтіндей отбасының кәсібіне, дене бітіміне, мінез-құлқына, элеуметтік жағдайына тағы басқаға қарай қойылған лақап аттары болған: Куркчи (шубник), Каракоз (черноглазый), Куюлджи (ювелир), Бозак (пузатый), Камбур (горбатый), Амамчи (банщица), Шорбачы (хозяин), Хороз (петух), Мышык (кошка) т.б. Әдеб. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков, 2 изд., М., 1969; Языки народов СССР. Т. 2. М., 1966; Ачкинази И.В. Крымчаки // Материалы по археологии, истории и этнографии Таврии, Симферополь, 1992. ҰРЫМДАР Түркі тілінің кыпшақ бұтағына жататын тағы бір тіл - ұрымдардың тілі. Жетпіс мыңдай адам сөйлейтін үрымдардың тілі азды-көпті зерттелсе де, олардың өздері жеке халық ретінде аталып, санакка кіріп, бөлек көрсетілмеген. Бұған керісінше, қырымшақтардың саны белгілі болғанымен, тілі туралы гылыми мәлімет жоққа тэн екен. XVIII ғасырдың орта шенінде Қырымның теңіз жағалауы мен далалық бөлігіне қоныс тепкен гректер кырым татары тілін қабылдап, түркі тілді қауымға айналган-ды. Оларды грек татары деп атаган. Ал таулы өңірге орналаскан гректер өз ана тілін сақтап қалған. Оларды грек-эллиндер деп атаган. XVII гасырдыц соцында орыс үкіметі грек колонистері мен саудагерлерін Қырым түбегінен Украинаға, қазіргі Донецк облысындагы жаңадан салынып жаткан Мариуполь қаласына қоныс аудартты. Олардың едәуір болігі кырым татары тілін сақтап қалған. Алайда діні бір болғандықтан, өздерінен саны элдеқайда басым украин, орыс халқының түрмыс-тіршілігі мен наным-сенімінен елеулі айырмашылығы болмай отыр. Бір тілде сөйлеп келгеніне карап, кырымшак пен ұрымдарды кырым татарының субэтникалык тобына жаткызуға да болар еді. Алайда эр түрлі дінді түтынгандықтан, о бастан-ак олардың түрмыс тіршілігі мен болмыс-бітімінде елеулі айырмашылық байкалатын. Қазіргі тацда сондай-ак Украинаның Донецк, Запорожье облыстарында 30-дай үрымдар жинақы қоныстанган ауыл бар. ¥лы Отан согысы жылдары үрымдар жаппай репрессияга үшыраған. XVIII - XIX гасырға тэн грек жазулы эдеби колжазба мүралары сақталган. Ауыз эдебиеті үлгілері, әсіресе лиро-эпостық шыгармалары ортагасырлык түркі дастандарымен сабақтасып жатыр. Әдеб. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков, 2 изд., М., 1969; Языки народов СССР. Т. 2, М., 1966; Языки мира. Тюркские языки, Бишкек, 1997; Гаркавец А.Н. Тюркские языки на Украине, Киев, 1988. 152
ОҒЫЗ БҮТАҒЫ ТҮРІКТЕР Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың ең үлкен тобы, ең көп сандысы - түріктер. Олар түркі тілдес халыктардың оғыз тобына жатады. Түріктердің бүкіләлемдік жиынтык саны 75 миллиондай (2005). Бүл салыстырып айтқанда бүкіл түркі жұртының үштен біріне жуығы. Түрік халқының қоныстану ареалы да барынша кең. Кіші Азияда, араб елдерінде, Кавказ бен Орта Азияда, Қазакстанда, Аустралияда, Оңтүстік Америкада - бір сөзбен айтқанда, бес алып қүрлықтың бесеуінде де түріктер баршылық. Батыс Еуропа елдерін бірнеше миллион түрік мекендейді. Олар - мүнда жұмыс іздеп келіп, уакытша түрып жатқандар. Түріктер Кипр мен Грецияда, Болгария мен Югославияда көп. Румыния мен Албанияда да бар. XX ғасырдың бас кезіне дейін түріктер Балкан елдерінде өте-мөте көп болған. Алайда Балқандағы түріктер дискриминациялык саясаттан көп зардап шекті. Бүған Болгариядағы түріктерді кудалау толык айғақ болады. Тоталитарлық жүйе түсында Болгарияны мекендеуші түрік халқына қарсы бағытталған шовинистік пиғыл өршіп кетті. Миллионға жуык түрік азаматтары өз ана тілінде білім ала алмағаны былай түрсын, тіпті үй-ішінде де түрікше сөйлеуге қатаң тыйым салынды. Түріктердің, сондай-ак, мүсылман дінін түтынатын болғарлардың да аты-жөні, фамилиясы христиан дініндегі болгар есімімен зорлықпен жедел түрде озгертілді. Аңдаусызда түрікше тіл қатканды біреу-міреу естіп қалса, ол азамат жанүясымен бірге елден куылған. Адам қүкын қорғаудың Хельсинки шартына кол қойғанына карамастан, болгар үкімет басшыларының осылайша нағыз ортағасырлык зорлыкзомбылық саясатын Кеңестер Одагы үкіметінің үнсіз мақүлдауымен жүргізіп келгені өкінішті-ақ. Мүндағы козделген максат - Болгарияны түріктерден тазарту екенін Живков жасырмады. Жүздеген мың түріктер елден куылды. Алайда Болгар елін азык-түлікпен қамтамасыз етуде зор үлесі болған еңбеккор адамдардың кетуі елдің экономикасын кұлдыратып, азык-түлік тапшылыгын тудырғасын барып, прогресшіл жүртшылык Живковтың шовинистік саясатына наразылык білдіре бастады. Тоталитарлык тэртіп жойылғаннан кейін шовинистік пиғылды коздырып, үлт араздыгын тудырганы үшін Тодор Живковты сотқа беруді жақтаған мемлекет қайраткерлерінің болғанын білеміз. Тоталитарлык өктем жүйенің озбырлығын тартқан үлыстың бірі - месхет (Ахысха) түріктері. Осман түріктерінің ата қонысы МесхетияЖауахетия оңірін 1829 жылы Ресей жаулап алып, жергілікті халықтың өз елімен арасы үзіліп қалды. Ғасырлар бойы өмір сүрген тарихи отаны Грузияда, атап айтқанда оның батыс бөлігі - Месхетияда түріктер 220 153
ауылда шоғырлана тұрды. Олар жеке- жеке ауыл болып та, грузиндермен, армяндармен араласып та өмір сүрді. Ахысқа түріктері - бөтен түріктер емес, Анатолия түріктерінің түрлі тарихи- географиялык жағдайларға байланысты сыртта қалыптасқан тармағы болатын. Өткен ғасырдың 20-30-жылдары Ахысқа түріктеріне қарсы корлау, үлттық беделі мен адамшылық абыройын аяққа басу шаралары жүзеге асырыла бастады. Күштеп олардың фамилиялары мен аттары, тіпті үлты өзгертіліп жазылатын болды. Сөйтіп 1937 - 1938 жылдары Ахысқа түріктерінің онсыз да аз зиялыларын қүртып жіберді. Месхетия жері Грузияның ең құнарлы аймағы болатын. Тоталитарлық жүйенің басшылары ежелден түрік халқы мекендеп келген осы жерді грузиндерге тартып алып беру мақсатымен месхеттік түріктерді Қазақстан мен Орта Азияга жер аудару мәселесімен ерте айналысыпты. Қазақстандагы месхед түріктерінің қогамы шыгарған «Возвращение» газетінің 1989 жылгы қарашадагы номерінде мынадай мәліметтер берілген: 1941 жылы Грузияның Түркиямен шекаралас бес ауданын мекендеген месхед түріктерінің жігіттерін майданға сыпырып әкеткен. Майданға аттанған 40 мың түріктің 26 мыңы шейіт болды. Жеті адам Кеңес Одағының Батыры атанған. Мыңдаған адам наградталған. Осындай жанқиярлык ерлікті көзге ілмей, НКВД жендеттері тылда адал еңбек етіп жүрген 139 мың месхед түркін бала-шаға, кемпіршал, әскер жанүясы демей, түгелдей зорлықпен қызыл вагонға тиеп, 1944 жылғы қараша айының 14-і күні небэрі екі сағаттың ішінде олар өздерінің ғасырлар бойы мекен еткен тарихи отаны - оңтүстік Грузияның Месхетия, Жауахетия, Ахысқа оңірінен күштеп Казақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Суыктан, мал таситын вагондардағы жайсыздықтан, аштықтан, медициналық көмектің болмауынан екі айға созылған жол жүру мерзімі ішінде Қазақстан мен Орта Азияға жеткенше аз ғана халықтың тағы да 20 мыңдай адамы опат болды (Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты). Көп ұзамай соғыс аяқталып, жауынгерлер жеңіспен туған жерге оралғанда, оларды күтіп алатын ешкім болған жоқ. Сөйтіп тұтас бір халық сан ғасыр бойы мекендеп келген тарихи отанынан куылып, үлттық территориясын жоғалтып отыр. Месхед түркінің көпшілігі қазіргі күні Қазақстанның оңтүстігіне шоғырланып, ежелгі Тұран жерінде қүт-береке тауып отыр. Алайда сол бір сүрқай жылдардың үмытылмас қиындығы мен әділетсіздігі, арнайы қоныс тэртібі салқынын тигізгені мэлім. 1956 жылы түрік диаспорасына жүргізілген катаң бақылау алынып, қолдарына қүжат тигендер атамекенге оралмақ еді. Алайда оган грузиндер мүмкіндік бермеді. Үкімет басшыларының озбыр саясатымен жер ауып келген түріктерді де кең пейілді қазақ хал қы қүшагын жайып, қарсы алып, бауырына басқан еді. Түрік үлттык мәдени орталыгының басшысы былай дейді: «Алматыдагы Түрік ұлттык мәдениетінің орталығы 1991 жылы күрылып, 1996 жылы «Қазақстан Республикасындагы түрік 154
қоғамы» деп аталуын өзгертті. Татулық пен ұлтаралық келісімді сақтау - мұнда үнемі басты назарда тұратын мәселе. Мәдениет орталығында «Чичеклер» деп аталатын ұлттық би ансамблі құрылған. Қазіргі таңда 50 мектепте түрік тілінен дәріс беріледі. Кеңес Одағының бүрынғы 13 республикасында 700 мыңнан астам түрік түрады. 1996 жылы біз Алматыда басқа республикада түратын түріктердің басын қосып, конференция өткізіп, ТМД түріктерінің федерациясын қүрдық. Өкінішке қарай, көп жерлерде біздің қандастарымыз өздерінің тілі мен мәдениетін дамытуға мүмкіндік ала алмай отыр. Бұл жағынан алғанда Қазақстан көш ілгері. Ол аз үлттарға камқорлык көрсетуде үлкен іс тындырып келеді. Алыс жолдан арып- ашып әрең жеткен бізді туысқанындай қарсы алған қазақ ағайындарымызға ризамыз. «Ашаршылықта жеген қүйқаның дәмі ауыздан кетпейді», - демей ме қазақ халқы. Сол сиякты біз де бүл елдің жаксылығын ешқашан үмытпаймыз» («Егемен Казақстан», 25.10.2003). Түрік халқының тарихына қатысты мол мэліметті араб, иран, грузин, әсіресе армян деректемелерінен табамыз. Түріктердің этникалык қүрамы негізінен екі топтан кұралған деп жүрміз. Олардың бастысы - сельжуктар шапқыншылығы түсында, дэлірек айтканда, XI ғасырдың 40-жылдарынан бастап ежелгі Түран жерінен Орта Азияға, одан кейін Иран арқылы Кіші Азияға қоныс аударған түркі тайпалары. Уз, печенег, қыпшақ тайпалары Қара теңіздің Солтүстігі, Балқан арқылы Анатолия жеріне өткен. Екіншісі - Кіші Азияның жергілікті түргын халқы. Осылайша түрік этногенезінің қалыптасуына карлүқ, қыпшақ, чигиль, ұйғыр, қүман, хазар тайпаларының, ішінара араб, курд, рум халықтарының да қатысы болган. Сельджук мемлекетінің құрамына кірген көшпелі түркі тайпалары шаруашылыққа қолайлы сулынулы жерге орныққаннан кейін корші халықтармен мэдени, рухани, экономикалык байланысын нығайтып, біртіндеп өздері де отырықшы тұрмыска көшті. Одан кейін де ХІІ-ХІІІ ғасырларда жойқын монгол шапкыншылығынан зардап шеккен түркі тайпалары сонау қиыр шеттегі Орта Азиядан Анатолия жеріне ауық-ауық қоныс аударумен болды. XVI гасырда аталган тайпалар бір этникалық топқа бірігіп, түрік халқы қалыптасты. Қазіргі түрік халқының қүрамында бірнеше этнографиялық топ сақталған. Анатолияның оңтүстік батысын саны жағынан жарты миллиондай жартылай көшпелі юрюк түріктері мекендейді. Олар мал шаруашылыгымен айналысады, жеке ру-тайпага бөлінеді. Айдын-Измир вилайетін көшпелі түрік үрпақтары зейбектер мекендейді. Түріктердің күрамында бүдан басқа тюрки, трухмен, абдал, кашкай, чепни, тахтадж, айсары аталатын этнографиялык топтар бар. Антропологиялық жагынан түріктер еуропеидтік нэсілдің балқанкавказ типінің балқан тобына жатады. Түрік ағайындар арасында европаның солтүстік өңіріне тэн көгілдір көзді, ақсары өңдісі де, қалың шашты, қаба сақал қараторысы да кездеседі. 155
Әскери - феодалдық түрік мемлекеті XIV ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасыпты. Бұл феодалдык хандық өзінің ең алғашқы князінің атымен Осман мемлекеті деп аталды. 1282 -1326 жылдары Осман сұлтан билеген заманда Кіші Азияда оғыз-селжүктер қүрған империя халқын «османдықтар» деп атады. Осман сүлтаны 1299 жылдан 1918 жылға дейін өмір сүрді. Осман мемлекеті өз қарамағына Айдын, Қарамай т.б. түркі хандықтарын косып алып, басқа халықтар есебінен де өз территориясын ұдайы үлғайту арқылы болашақ Осман империясының негізін қалады. XIV ғасырдың аяғына дейін Анатолия иелігі түгелдей, Балкан түбегін де тұтасымен, Венгрияны, Қырымды, Херсон даласы мен жарты Кавказды бағындырып, 1396 жылы Никополь шайқасында Еуропа рыцарларының біріккен күшін талкандады. 1444 жылы Варна маңындағы шайқаста Еуропа мемлекеттерінің әскеріне, 1448 жылы крест тағушылар жасағына күйрете соккы берді. 1453 жылы Константинопольды басып алып, Византия империясын құлатты. Қаланың атын «Стамбул» деп өзгертіп, Осман мемлекетінің астанасы етті. Осылайша Осман мемлекеті алып империяға айналып, өз иелігін XVII ғасырдың соңына дейін ұлғайтып келді. Алайда XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырда бір кезде дәуірлеген Түркия оз карамағындағы территорияның басым бөлігінен айрылды. Мүның басты себебі Еуропа елдері капиталистік даму жолына түсіп, техниканы өрістетіп, қару-жарактың да небір жетілген түрлерін шығарып, күшейетүсті. Ал Түркияның феодализмдік қарым-катынасты дамыта алмай, озык формация көшінен, техникалык даму сатысынан қалып коюы оз кесірін тигізді. Түрік мемлекеті XVIII ғасырдан бастап Еуропа мемлекеттерімен, Англия, Франция, Италия секілді отаршыл державалардың, эсіресе Ресей империясының оздерінен гөрі әлдеқайда мыкты қаруланган эскерімен ауыр күрес жүргізіп келді. XX гасырдың басында шетелдік шапкыншылык өзінің шарықтау шегіне жетіп, түрік халқының тәуелсіздігіне кауіп тонді. Антанта елдері интервенция ұйымдастырды. Грецияны түріктерге айдап салды. Алайда көкірегін ешкімге баскызып кормеген намысшыл да жауынгер, қаһарман түрік халқы аскан ерлік көрсетіп, баскыншыларға қарсы түра білді. 1918-1923 жылдары түрік халкы Англия, Франция, Италия жэне Грецияның біріккен күшіне карсы өз отанын корғап, ерлікпен шайқасты. Елде үлт-азаттык козғалыс өршіді. ¥лттык буржуазияның окілі, көрнекті эскери кайраткер, генерал атагы мен паша лауазымына ие болған «Халықтық республика» партиясын үйымдастырушы Мүстафа Кемал осы аталган азаттык күресінің қолбасшысына айналды. Шетелдік интервенция мен реакцияшыл сүлтандык үкіметке карсы багытталған азаттык согысын кемальшылар революциясы деп атады. Түрік ағайындар кашанда үлысын үлыктап, батырын бағалап, данышпанын даралап өткен игі дәстүрін ғасырдан ғасырға жалғастырып 156
келеді. Түрік халқының жанқиярлық күресінің арқасында басқыншылар толықтай жеңіліске үшырап, елдің тәуелсіздігі сақталып қалды. Сүлтандық жойылып, Түркия республика болып жарияланды. Түрік елінің өміріне зор өзгеріс енгізген елдің түңғыш президенті Мүстафа Кемалға паша лауазымы, маршал атағы, сондай-ақ гази (жеңіскер) құрметті атағы коса берілді. Өз халкының көрсеткен зор ілтипаты мен құрметі арқасында 1934 жылғы ұлттык жиналыс меджилисте Кемалға Ататүрік (түрік атасы) деген фамилия берілді. Отаршыл елдерге тәуелді болып, таяу уакытқа дейін қоғамдық, саяси-элеуметтік жағынан дамып келе жаткан елдер қатарында ғана түрған, экономикасы мешеу Түркияны соңғы ширек ғасырда алдыңғы катарлы дамыған елдер санатына косуда көрнекті мемлекет кайраткері Ататүріктің игі бастамасының маңызы зор болды. Ататүрік құкык пен мэдениет, экономика мен тұрмыс саласында реформа жүргізіп, бірсыпыра прогресшіл шараны жүзеге асырды. Түркияның тәуелсіз дамуын камтамасыз етуге үмтылды. Икемді де кореген сыртқы саясат жүргізіп, халқының едэуір бөлігі түркі тілдес үлыстарға жататын Кеңестер Одағымен достык, туыстык катынас орнатуға тырысты. Ал 1921 жылы 16-наурызда РСФСР мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастык шартына қол койылды. Ататүрік 1931 жылы Түркия ¥лы ¥лттык Мэжілісінде: «Бүгінгі кенестік Ресей - досымыз, коршіміз, одақтасымыз. Бүған біз бүгін мұқтажбыз. Бірақ ертең не боларын ешкім кесіп айта алмайды. Дэл Осман империясы сиякты, дэл Австрия - Венрия сиякты ыдырауы, бөлшектенуі мүмкін. Бүгін қолында үстап отырған халыктары уысынан шығып кетуі мүмкін. Сонда әлемде жаңа тепе-теңдік орнайды. Міне сонда Түркия не істейтінін білуге тиіс. Біздің досымыздың билігінде тілі бір, наным-сенімі бір, өзегі бір бауырларымыз бар. Соларға кол үшын беруге даяр болуымыз керек» деген еді. Кемеңгердің айтқаны келді («Алматы ақшамы», 27.05.2010). «Кемал Ататүрік - барша туыс халықтардың бағына туылған тарихи тұлға» дейді тарихшылар. «Анатолияда Түрік мемлекетін құрған бабамыз Мүстафа Кемал Ататүрікке тағзым ету - бізге зор парыз жэне құрмет. Ататүрік жолымен түрік елдерінің ынтымағы нығайсын! Қазақ - Түрік достығы жасасын!», - деп еді бір сөзінде Елбасымыз Н.Назарбаев. Өкінішке орай, кейін келе Кеңестер Одағының үкімет басшылары сөз жүзінде Ленин өсиетіне адал екенін мэлімдегеніне қарамастан, іс жүзінде түрік елімен дэйекті достық қарым-қатысын нығайтуға тырыспады. Керісінше, пантюркизм, панисламизм дегенді желеу етіп, еліміздегі славян халықтарынан кейінгі ең коп санды түркі халқы екенін елеместен, туысқан Түркия елімен достык қарым-қатынасына кесе-көлденең түрды. 50-60 жыл бойы Түркия үкіметінің саясатын бүрмалап, оны реакцияшыл, кертартпа бағыт деп, туыс халықпен жақындастырмаудың айла-шарғысын жасаумен болды. 157
Елдің сегізінші президенті Тұрғыт Өзалды халқы Ататүрік ісін алға апарушы, Ататүріктен кейінгі елдің үлы жетекшісі болған қоғамдық қайраткері санайды. Түркиядағы ірі реформаларға мұрындық болған бұл мемлекет қайраткері - туысқан түркі елдеріне ерекше көңіл бөлген саясаткер. Сондай-ақ Тұрғыт Өзал өзінің паңдығы мен кеңпейілдігі, басқарудың авторитарлык тэсілін үстанбағаны үшін сұлтан аталып кетті. Алпысыншы жылдардың ортасына дейін түрік халқы елдегі жұмыссыздықтан көп зардап шеккен-ді. Еңбек адамының да жағдайы тым ауыр болды. Батыс Еуропа өркениетін мұсылмандық дәстүрмен ұштастыра алған өз ісіне жетік саясаткер нарықтық экономикаға негізделген реформалар арқылы аз ғана уақыт ішінде терең тоқыраудағы елін тығырықтан алып шығып, елдің қоғамдық, әлеуметтік бет келбетін танығысыз етіп өзгертті. Шетелге жіберілген түрік жүмысшылары елдің валюта қорын молайтуға, ел қазынасын байытуға үлес қосумен бірге өркениетті батыс Еуропадағы ғасырлар бойы қалыптасқан еңбек тэртібі мен тәжірибесін экеліп, эралуан мамандықты игеріп, өз еліне қайта оралып, ондағы өндіріс қарқынын күшейтті. Ауыл шаруашылығында да түбірлі өзгерістер болды. Түркия азық-түлікпен өзін толық қамтамасыз етіп, эрі ауыл шаруашылығы өнімін сыртқа да шығара алатын басты елге айналды. Соңғы онжылдыкта ғана әлемдік көштің алдыңғы қатарына шығара алған Түрғыт Өзалды шетелдіктер «Түркиядағы экономикалык ғажайыптар атасы» деп те атайды. Кезінде Қазақстанға жиі келетін Түрғыт Өзал марқұмның бір сөзінде «Анадолы - анажүртымыз, Қазақстан - атажүртымыз» деуі де тектен-тек емес қой. Бірнеше күннен бері Қазақия алабын көк түріктер сарыны кернеп түр. Осы сарын баяғы қуатты мемлекеттер қүрған түркі заманының зор салтанатына айналсын. Ер түріктің бесігі - Түркістанның рухы бэрімізді қолдай берсін! Түркі тілдес түгел бол! - деген еді («Алматы Ақшамы», 27.05.2010). Бір елдің екінші бір елдің тәуелсіздігін екі сағат ішінде тануы - тарихта бұрын-соңды кездеспеген оқиға. Халқымыз тәуелсіздік алған тұста түрік елінің ағынан жарылып, алғашкы болып құшақ жаюында және Түркия Республикасының сол кездегі президенті, маркұм, үлкен жүректі азамат Түрғыт Өзалдың «Түркияда мені косып есептегенде жетпіс миллион казак бар» деген сөзінде жалаң саясаттан тыскары, үлкен тарихи мэн бар сияқты («Туған тіл» журналынан). Қазақстанда 28 түрік лицейі бар. Түрғыт Өзалдың «Бүл мектептер - түрік пен казақ арасындағы достықтың дәнекері. Осы мектептерді Қазақстан президенті Нурсултан Әбішүлына аманаттап кетемін» деген сөзін теледидардан естігеніміз бар. Алматыда Түрғыт Өзал атындағы үлкен көше бар. Түрік тілі (ескі аты - осман тілі) - көне жазбалы тіл. Ол түрікмен, әзербайжан, гагауз тілдерімен бірге түркі тілдерінің оңтүстік - батыс тобының оғыз бұтағын кұрайды. Ол - Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мемлекеттік тілі. Жазба ескерткіші XIII 158
ғасырға саяды. Түрік тілінің басты ерекшелігі - оның ауызекі тілдік айырмашылығының, ірілі - ұсақты диалектілерінің молдығы. Оларды негізінен екі диалектілік топқа біріктіріп қараймыз. Батыс немесе түрік-дунай диалектісіне адакалий, адрианополь, босния мен македон говорлары жатады. Шығыс Анатолия диалектісіне айдын, измир, караман, коний, сивас, анкара, кастамуни, трабзон, эрзурум говорлары жатады. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де Шыгыс Анатолия тобына кіреді. Болгария, Румыния, Югославияньщ Македония өлкесін мекен ететін түріктер тілін ерекшелеп, ғылым дүниесінде шартты түрде балқан түріктерінің тілі деп атау бар. Олардың жалпы саны 2,6 миллион адам. Сондай-ак түрік тілдес қауымдастыққа айналған 30 мыңдай кырым татары мен 5 мыңдай гагауздар да осы тілде сөйлейді. Бүл аталған түріктердің тілі ұзак уакыт өздерінің атамекенінің негізгі болігінен ажырап қалғандықтан, бір жагынан, коршілес славян тілдерінің (әсіресе болгар, Македония тілдерінің) әсерінен елеулі өзгеріске үшыраса, екінші жағынан, жогарыда аталган туыстас үш тіл өзара жақындасып, ұксас та бола түскен. Ұзақ жылдар түркологтар назарынан тыс калып келген Балкан түріктерінің тілі тек 1960 жылдардан бастап қана шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне іліге бастады. 1941-1945 жылдары Грузияның оңтүстік-батыс бөлігін мекендеп келген месхет түріктерінің тілінде де осыган ұксас өзіндік ерекшеліктер бар. Ерте заманнан-ак жазба әдебиеті дамығанына қарамастан, қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы тым бертінде 20-ғасырдың 30-50- жылдарында ғана орныккан. Енді оның басты себебіне тоқтала кетелік. Ертеректе түрік тіліне араб, иран тілдерінің әсері елеулі болса, XIX ғасырда Еуропа халықтары тілдерінен де біраз сөз ауысқан-ды. Өйткені 1925 жылдан бастап тілге реформа жүргізіле бастады. 1932 жылы Ғази Мүстафа Кемал Ататүріктің бастауымен түрік тілі қогамы үйымдастырылып тіл саясатының негізі қаланып, тілге реформа жүргізілді. Ататүрік инициативасымен «Түрік лингвистикалык қоғамы» қүрылды. Қоғамның мақсаты түрік тілін жетілдіру, оны жаппай оқып-үйрену деп белгіленді. Ең алдымен араб жазуын латын әліпбиіне ауыстырды. Одан кейін іле-шала түрік тілін кірме сөздерден, әсіресе араб, иран элементтерінен жаппай тазарту басталып кетті. Реформаторлар таза түрік сөздерін жергілікті ерекшелік лексикасынан, туыс тілдерден іздестірді, сондай-ак үмыт болған конерген создерді жаңгырту арқылы, орхон, ұйгыр т.б. көне жазба ескерткіштеріндегі сөздерді пайдалану тәсілімен де баламалар тапты. Қайсыбірі өздері де жаңа сөз киыстыруға, жаңа сөз тудыруға тырысты. Мысалы, орыс тіліндегі самолет сөзін бүрындары аэроплан немесе таяре деп атап келсе, енді учмақтүбіріне негіздеп учак (үшақ) деп атайтын болды. Мектеп атауы окумак түбірі негізінде оқул деп өзгертілді. Тэуелсіздікті истикляль деп атамай, багымсызлик деп, революцияны инкиляб деп атамай, 159
деврим деп, миллетті - улус деп, шаһарды - кент деп атау ұсынылды. «Ұлттық сезім мен тіл арасындағы байланыс өте күшті. Тілдің үлттық деңгейде жэне бай болуы - ұлттық сезімнің дамуына эсер ететін басты кұбылыс. Түрік тілі - ең бай тілдердің бірі. Оны тек саналы түрде колданылғаны лэзім. Елін, мәртебелі тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты тілін де шет тілдердің мойынтұрығынан құтқаруға тиіс», - деген еді Ататүрік. Өкінішке орай, түрік тілін осындай жолмен жетілдіру қайсыбір кезде науканшылыққа, ымырасыз пуристік пиғылқа (тілді кірме сөздерден арылтып, олардың орнына келсін-келмесін ана тіліндегі төл сөздерді қолдануға) үрындырды. Олардың арасында бүрындары жаңылыс кірме сөзге жатқызып келген, шын мэнінде түркі тілдерінің төл сөздері екені күмэн тұдырмайтыны да аз емес деп ой топшылдайды қайсыбір ғалымдар. Реформаторлардың жаңа түрік сөзін ендіруге еліктеп кеткені, асыра сілтеушілігі соншалық, эуелгі кезде түрікше жазылған мэтінді түсінуге сауатты зиялы кауымның өзі киналатын. Содан барып баспа орындары жаңа түрік сөздерінің сөздігін шығаруға мэжбүр болды. Халыктың өз сөзіндей боп кеткен, араб-иран элементі екені мүлде байкалмайтын атауларды өзгертудің тиімді еместігін өмір көрсетті. Мүндай жасанды жаргонды қарапайым халық түсіне бермейтін. Туыс тілдерден мүлдем алшақтап кетпес үшін харф, китаб, хюкюмет, хақиқат, фикир, инсаф, адалет, дин, худа (құдай), пейғамбер, намаз секілді біраз атаулар өзгеріссіз қалдырылды. Окушылар, журналистер баспасөз қызметкерлері, мүғалімдер, жазушылар - бүкіл зиялы қауым эдеби тілді тез арада жаппай үйренуге кірісті. Қиыншылығы да аз болмады. Аға буын кірме сөздерден тазарған әдеби тілді еркін түсінуге қиналса, жастар жағы өткен классиктер шығармаларының тілін, тіпті 20-30- жылдардағы эдеби туындылар тілін түсінуге қиналатынды шығарды. Атасы, әжесі бір тілде сөйлесе, ал немерелері сол тілдің басқа бір диалектісінде сөйлейтіндей эсер калдыратын. Түріктер - кашанда сөз өнеріне, оның адам өміріндегі роліне айрықша мэн беретін халык. Олардың мақал-мэтелдердің мэні мен тәрбиелік роліне қатты назар аударуы - мүның айқын айғағы. Әсіресе тіл мен сөз өнері жайындағы накыл сөз көп айтылады. Мысалы, «Ащы сөз - басқа бәле, тэтті сөз - көңілге дауа». «Жақсы сөз - көңілдің жайлауы». «Кей сөз араны бүзар, кей сөз - араны түзер». «Сөз білсең, сөйле - жүрт сенсін; білмесең, сөйлеме - сені кісі екен десін». «Пышак жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас». «Адам баласы - сөйлесумен, мал - иіскесумен». «Ата-баба сөзін үстанбаған далада калар». «Тауға шығаратын да, таудан түсіретін де сөз». «Іс бітіретін сөз бар, бас кетіретін сөз бар». «Тілім тыныш болса, басым аман болар». «Тіл жакынды алыстатады, алысты жақындатады». «Ұлылардың сөзін ұқпаған үлып қалар». «Тіл қылыштан өткір». «Тілде сүйек жоқ, бірак сүйекті сындырады». «Тура сөз түрпатынан белгілі». «Халык ал160
дында айтылар сөз бар, көмейде сақталар сөз бар». «Сөйлейтін - тіл, көретін - көз, үялатын - жүз». «Тілім, сені тілгілейін, басқа келгенді сенен емес кімнен дейін». Әлемнің көп бөлігіне кеңінен танымал өте-мөте бай түрік эдебиетінің үздік үлгілері туыс халықтар тіліне аударылмай келгені белгілі. Әдеби байланысты - достық елшісі дейтініміз бар. Түрік халқының әдебиеті туыс халықтар әдебиетімен сарындас. Халық ауыз эдебиетінде көне дәуірден келе жаткан «Оғыз нама», «Китәб Дэдәм Қорқуд» эпостық шығармалары «Көрүғлы» дастаны ерекше аталады. Халык фольклорында тұрмыс-салт эңгімелері, ертегілер, күлдіргі эңгімелер, Қожанасыр эңгімелері, мақал-мэтелдер елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде мани, кошма, ташлама сияқты қызықты өлең түрлері бар. Халық жыршыларын ашық, озан деп атайды. Түріктің бай жазба әдебиеті XIII ғасырдан бастау алған. Суфистік сарындағы әлеуметтік теңсіздік сыналған шығармаларға аруз маснави, касида, ғазел жатады. Ахмед Факихтың «Дағдыр кітабы», Шейад Хамзаның «Жүсіп пен Злиха» поэмасы, Ашик - пашаның «Қуғындалушының кітабы», Низами Гянжеуидің «Бес дастаны», Юсуп Шейхидің «Хосрау вә Ширині», Ахмед Гермиянидің «Ескендірнамасы» - өлеңмен жазылған серілік роман тектес шығармалар. ХУ-ХУІІ ғасырдағы Месихи, Михри Хатун, Махмуд Бақи, Омер Нефи, Жүсіп Наби - түрік поэзиясының дамуындағы классикалық дэуір окілдері. XVIII ғасырдан бастап драма, новелла, роман сияқты әдебиеттегі жаңа жанрға жататын шығармалар жазылды. Кейінгі акын-жазушылар Назым Хикмет Ран, Азиз Несин, Яшар Кемаль, Кемаль Тахир, Халдун Танер аттары шетелге де кеңінен мэлім. Сабахаддин Әлидің, Назым Хикметтің кітаптары, жекелеген шығармалары қазақ тіліне де аударылған. Бодандыктың ащы дэмін татпаған, қуғын - сүргінге үшырамаған түрік халқының мәдениеті мен онері, тілі мен әдебиеті секілді архитектурасы мен бейнелеу онері, театры мен киносы туралы да зерттеулер жеткілікті. Түрік музыка өнері, музыка мәдениеті барынша дамыған. Сықақ эні мани, лирикалық эндері тюркю, қошма әндерінен Орта Азия мен қазақ халықтарының музыкасымен эуендестік, сабақтастық байқалады. Дәстүрлі түрік музыкасының араб-иран мэдениетімен байланыстылығы ладтар (мақамдар) мен фасильдердің етенелігінен көрінеді. Түрік халық музыкасы қысқа қайырымды диапазонының ықшамдылығымен, ұзақ қайырымды диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді. Түрік музыкасында хиджаз, зенгуле, курды, гулистан секілді мақам көп. Түрік халық саз аспаптары түрі жағынан аса бай. Шекті аспаптары: мейдан, сарай сазы, бозық, бағлама, тамбур, жура, булгари, чалғы, чеку, чоғыр дабылғы, дамбура, дыңғыра, гибут, кеманча, кожесан, гумуз, тар, рүзба, чеште, бункар. Би музыкасының тынысы боп есептелетін үрлемелі, үрмалы аспабына ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дэф, давул т.б. жатады. Түркия республика боп 161
жарияланғаннан кейін Стамбул, Анкара, Измир консерваторияларының, сондай-ак Анкара оперетта театрының ашылуы профессионалдык музыканы дамыта түсті. Итальян, француз, т.б. Еуропа халыктары өнері эсерімен сарайлык эскери оркестр филармониялық қоғамы, аспаптың симфониялык оркестрі мен вокалдық ұжымдары концерт береді. Би өнері дамыған. Түрік биінің соншалықты нэзік иірімін, бишілердің дене қимылының әсемдігін, оның адамға берер лэззатын көзбен коргенде ғана сезіне аласың. Түрік ағайындарда би өнерінің құдіреті, оның кадір-қасиеті ел арасын жалғап жатқан рухани дәнекердің маңызды түріне теңеледі. Өнер үстанған, өнер сүйген коп кырлы талант иелері композитор мен сазгерлер ғасырлар бойғы халық музыкасының інжу - маржанын әлемге танытуға көл-көсір үлес косты. Түріктер көп салалы шаруашылыкпен, егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де катар айналысады, қолөнері дамыған. Жер жағдайы мен климатына карай ауыл шаруашылығы үш аймаққа бөлінеді. Біріншісі - субтропикалық Жерорта теңізі жағалауы. Мүнда бидай, арпа, тары, бүршақ, мақта, темекі, жүзім, инжир, зэйтүн, цитрус жемістерін, көкөніс пен жеміс-жидектіц түр-түрін өсіру дамыған. Сондай-ак жайылымдық мал шаруашылығы да өркендеген. Екіншісі - солтүстіктегі Қара теңізге жақын орманды алкап. Мүнда дэнді дакылдан жүгері, техникалық дақылдан темекі басымырақ, цитрус пен жацғақ плантациясы бар. Жері көбінесе қалың орманды боп келетіндіктен, бүл өлкеде мал шаруашылығының косалкы ғана маңызы бар. Үшіншісі ауа райы күрғақ, континентальды орталык жэне шығыс Анатолияда мал шаруашылығы басымырак дамыған. Қой мен ешкі, оның ішінде атакты ангор ешкісі көбірек бағылады. Тек озен, кол жағалауында ғана суармалы егіншілікпен айналысады. Түркияның барлык дерлік ауданында көкөніс мол осіріледі. Түркия үш жағынан теңізбен коршалған. Жағалаулык аудандарда балык ауланады. Қосымша кэсіпке сондай-ақ омарташылық, демек бал арасын ұстау, жібек қүртын өсіру, Валлоней еменінің жацғағын жинау жатады. Шаруашылық жүмысын дер кезінде тындырымды атқару үшін жергілікті жағдайдың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіріп иш таквими (жүмыс календары) белгіленген. Иш таквими бойынша жыл мезгілі әдеттегідей тортке емес, 45 күннен сегізге болінеді: Невруз, Хиндрелез - бүл коктем мезгілі Гюнденюмю, Агустос - жаз мезгілі, Мыхрыджан, Қасым - Күз мезгілі; Замхарэ, Боджук - кыс мезгілі. Дәстүрлі колөнер түрінен тоқыма мен жіп иіруді, тері өңдеуді атаймыз. Кілем току өнері үрпақтан үрпакка беріліп келеді. Халықаралык кормеде түрік кілемі үдайы жоғары бағаланып жүр. Қой жүнінен, ангор ешкісінің жүнінен, жібектен токылатын кілемніц ушақ, гердес, кула, кютахья, кайсери, караман, конья деп аталатын түр-түрі бар. Түркияның көп аудандарында отын тапшылығы сезіледі: Тандыр бөлменіц ортасына орналасады, тандырда нан пісіреді, сондай-ак ке162
дейлеу жанұяларында асты да тандырда пісіреді. Ауа райы жылы аудандарда тандыр орнына тұтқасы бар үш аяқты трубасыз темір пеш мангал пайдаланылады. Әрбір шаруа үйінде ағаштан өрнектеп жасаган гелін искемлеси (келін орындыгы) болады. Көшпелі малшылар жылдьщ коп мезгілінде карачадыр, алачыр аталатын палаталарда түрып келді. Қала кедейлерінің мекенжайы да мэз емес еді. Түрік аулы әдетте үлкен емес, шагындау. Әрбір елді мекенде мешіт, қахвехана (кофейня), конақхана (мейманхана), мисафирь одасы (жолаушылар орналасып, тыныгатын мекенжай) болады. Үйді кірпіштен, саманнан, тастан қалап салады. Шамасы келетіндер екі қабатты үй-ханай түргызады. Әлді-ауқаттылар әйелдерге болек, ерлерге бөлектеп, селямлык, харем деп аталатын бөлмелер салады. Кулюбе деп ағаштан қаланған үйді атайды. Еңбек болісі қатал сақталады. Ерлер сырт жұмысымен айналысады. Егіс даласындагы, бау-бақшадағы, жүзімдіктегі жұмыстар ерлер мойнында. Малға карау, каламен, сыртпен байланыс та ер адамдар міндеті. Әйел үй-ішіндегі тіршілікпен шүғылданады. Наукан кезінде ерлерге жэрдемдеседі. Еңбек тэрбиесі дұрыс жолға қойылган. ¥л бала 8-9 жастан әкесі мен ағаларына көмектеседі. 13 жаска толғанша кыз бала бала багу, ас пісіру, кір жуу, жіп иіру, токыма, тігіншілік өнері істерін толықтай меңгеріп, атқара алуға тиіс. Келешекте тату ата-ана, мыкты шаңырақ иесі болу еңбек тәрбиесіне байланысты, эке-шешесіне жаны ашып, колқанат бола білуінде деп есептейді түрік ағайындар. Туыс үлыстардың, сол секілді Балкан мен Кавказ, иран мен араб халыктарының аспаздык онерін молынан қамтитын сан түрлі түрік кулинариясы дүниенің коп бөлігіне кеңінен танымал. Халыктың негізгі қорегі - нан тағамы. Нанның екі түрі: бидай наны мен жүгері наны пісіріледі. Токаш түрлеріне лаваш, хамурсыз, юфка, гезлеме жатады. Ең дэмді нан тағамы - тон май, жұмыртка араластырып пісіретін чурек. Еттен, ұннан, сүт пен көкөністен даярлайтын үлттық тагамдары бүгіндері шетелге де кеңінен танымал. Оған ет тагамдары үлттық палау пиринч пилави, кавурма, кебаб, дөнер-кебаб, шашлық, пача, ысқара, пастырма, суджуқ, қадын буду, тавуқ гейсю жатады. Баска туыс халыктардан озгешелігі түрік агайындар жылқы етін жемейді. Қой етін үнатады, оны мол пайдаланады. Бағасы да кымбаттау. Сиыр еті мен қүс еті одан гөрі арзандау. Негізінен егіншілікпен айналысатын копшілік халыктың басты қорегі - сүт тагамы мен коконіс. Ең мол эрі арзан азық-түлік болгандықтан, жылдың бар мезгілінде түрік дастарханынан көкөніс үзілмейді. Көкөніс тагамы: долма, бамья, капуста, баклава, имам байылды, борч, зерде, ашуре. Ерте заманда көшіп-қонып тіршілік еткен бабалардан жалгасып келе жаткан сан алуан сүт тагамы - халықтың сүйікті дэміне тулум пейнири, курут, чекелек, қашар, кашқавал, айран, катык, йогурт, джаджық, каймак, қазан диби, везир парманы, диль163
бер дудасы жатады. Бөліш тағамы: субөрегі, қадаиф, манты. Салат түрлері рус салатасы, оливье, мезе, жаджик, лобис. Ас пісіргенде уксус, лазы, бұрыш, пияз, сарымсақ көп пайдаланады. Кондитерлік тэтті дэмдері: халва, ханым гебеи, рахат-лукум, кадайыф, баклаву. Бұрыннан келе жатқан сүйікті сусыны шербет, кофе. Кофенің екі түрі ішіледі: шекерлі қахве, шекерсіз қахве. Күні бойғы жұмыстан шаршап қайтып, тынығатын орын - кейф. Онда кофе ішіп, әңгіме-сұхбат құрады. Кейін келе шай көп ішілетін болды. Түрік - шайқұмар халық. Әрі кофе сырт елден тасылса, шай өз жерінде өсіріледі, тіпті экспортқа да шығарады. Шайды үш мезгіл тамақтан соң іше береді. Қыдырып жүріп те, жүмыс кезінде де, танысын кездестіріп әңгіме-сұхбат қүрғанда да шай ішу - күнделікті әдет. Қала көшесінің эр бүрышында орныққан чайджи (шай демдеп сатушы) қызметіңізге әр уақытта даяр. Түріктер - мұсылман-сунниттер. Ислам дінінің, сондай-ақ Нақшбенди, Мевлеви, Бакташи секілді діни ордендердің халық арасындағы ықпалы айтарлықтай жоғары боп келген. Әлді - аукаттылар мүшесі боп табылатын Нақшбенди ордені XIV ғасырда құрылган. XIII ғасырда ұйымдасқан Мевлеви орденінің мүшелері дервиштер мен мюридтер еді. Ал Беқташ ордені янычарларды қолдап қорғады. Қазіргі Түркияда діни орденге тыйым салынғанмен, оның ықпалы элі сезіледі. 1949 жылдан бері бастауыш сыныпта дін сабағы өтіп жүр. Ауылдық жерде рамазан айында жас демей, кэрі демей, бала-шағадан бастап бэрі отыз күн ораза ұстайды. Арнайы діни мектептер бар. Түрік ағайындар туыс халықтарга жан-жақты діни жәрдем көрсетуде. Түркияда біраз қазақ балалары тегін діни дэріс алуда. 1992 жылы ораза айында 20 шақты, 1993 жылы 30 шақты имам Түркиядан келіп, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі мешіттерге қажетті көмек көрсетті. Жүз талабаны 1994 жылы Түркияға оқуға жіберген. Туысқан түрік елінің өкілдері еліміздің эйгілі тарихи - діни ескерткіштерімен, мүражайларымен танысып, Түркістан қаласындағы әзірет Сұлтан Қожа Ахмед Иасауидің мавзолейін, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесін, Отырар мұражайын жөндеп, калпына келтіру, безендіру жұмыстарына, білікті мамандар мен шеберлерді оқытып даярлау ісіне көмек беруде. 1933 жылы Түркияда Қожа Ахмед Иасауи коры ұйымдастырылды. Алматыдағы мешіт құрылысына да жэрдемін тигізуде. Республикамызға келген түркиялық меймандар, соның ішінде казақтар да, қазақы қалпымызбен, үлттық салтымызбен сыйыспайтын ішімдік атаулының әдетті аттап, ибаны итеріп кете беретін келеңсіздігін тілге тиек етіп, одан аулак болуға шақыруы да олардың достык - ізгі ниетінің айғағындай. Айтса айтқандай, жан-дүниені жұтаңдатпаудың, рухани тазарудың бір кайнар көзі - ислам діні. Түрік ағайындардың діншілдігі, жастарының инабатты тәлім-тәрбиесі сол баяғыша түзік, сыпайы, кішік. Көптеген туыс халыктар секілді түріктер де туыстық жақындықты 164
эке жағынан есептейді. Руға бөліну ерте кезде-ақ өз әсерін жоқалтып алғанмен, үш-төрт атадан қосылатын әулеттер кейде Надир ұллары (Надир балалары), Әлигиллери (Әли ұрпақтары) дегенге ұқсас атау дәстүрі бар. ¥л баланың санасына жастайынан-ак «сен еркек кіндіксің, әйел жынысынан өзіңнің артықшылығыңды сезініп, үдайы есте сақтауың керек» дегенді жеткізіп отырады. Әйтсе де бүл басымдық еркек атаулының өз эпке-қарындастарына қамқор бола білуінен, қорғап-қолдауынан көрініс табуға тиіс. Әсіресе ананың ақ сүтін ақтауға тырысып, апасы мен әжесін аялап әлпештеу, қүрмет түту парыз саналады. Жасы кішінің үлкенді тыңдауы, оның айтқанын қалтқысыз орындауы, әйел баласының ерлердің алдында ізет сақтауы міндет. Ертеректе азаматтардың лауазымы мен қызметіне, тұрмыс жағдайы мен қоғамда алатын орнына қарай паша, хазретлери, бей, шейх, эфенди, аға, ханым деп атау дәстүрі болса, енді кемалистердің қолдауымен бай (мырза), баян (әйелге карата) деген жаңа ізет атаулары ұсынылды. Қазіргі халық үгымында бей, мырза, эфенди т.б. әлауқатымен қоса ұғымды сөзімен, ақыл-парасатымен сый-қүрметке ие болған, жан-жағына билігі жүретін беделді азаматқа лайықты. Жасы кішілерге қарата жаным, ики гөзим, құзұм деген секілді еркелеткен эрі ізет білдірген атау жиі айтылады. Жастар өзінен үлкен ер-азаматтың, әйелдердің де атын калай болса солай кесе-көлденең атай бермей, ізет атауымен жанамалай сөйлеп, өзінің нэзіктік сезімін тэрбиелік біліммен жеткізетін. Ұлының ересегін іні-қарындастары аға немесе ағабей деп, әпкесін абла деп сыпайылык таныта атау қалыптасқан. Нағашы ағасын дайы деп, нағашы тәтесін тейзе деп атау ізеттілік саналады. Әке жағынан туыстарын амдже, хала деп атау дәстүрі бар. Әке-шешесімен коса атасы мен әжесі бар үлкен шаңырақ хане деп аталады. Замандар бойы шетелдіктермен соғысып, жаугершіліктен көз ашпағандықтан болар, ұл баланың дүниеге келуі, туылуы-ата-ана үшін де, бүкіл ағайын туғандар үшін де үлкен қуаныш. Әркім өз шама-шарқынша той-томалағын откізеді. Бес жастан эрі қарай сүндетке отырғызуға болады. Бұл отбасы өміріндегі зор қуаныш саналып, сюннет дюгюни (сүндет тойы) өткізіледі. Түрік - күрес өнерін жетік меңгерген халық. Атакты түрік балуандарының даңқы әлемге эйгілі. ¥л баланы жастай күрес өнеріне баулиды. Күрес өнеріне арнап аламан мерекелер отеді. Джирид — найза шаншып өнер көрсететін ат спорты, көктемгі егіс жүмысы тамамдалған Хыдрелез мейрамында, егіс жүмысы аяқталған күзгі касым т.б. мейрамдарда, той-томалақта ұлттық спорт түрінен жарыс өтеді. Қүда түсердегі, үйлену тойындағы ырым-сырымында да өзгешелік баршылық. Қыздың келісім бермеуі - жігіт үшін үлкен намыс. Сондықтан жігіт әуелі қызға алма жіберіп, оның ойын алдын ала біледі. Қыз келіскен жағдайда жігітке жауап ретінде бір орамалын беріп жібереді. Балаларын үйлендіру толықтай әкенің еркінде. Үлдың 165
әкесі ауылдың екі-үш сыйлы азаматын ертіп, қыз әкесіне жолығып, дастархан басында келген шаруасын айтады. Үй иесі іштей мақұлдап тұрса да, қызы бардың назы бар дегендей, сыр бермегенсіп, әдеп сақтап, бірден келісе салмайды. «Қызым тым жас» дегенді тілге тиек етеді. Жігіт жағы үшінші рет келгенде ғана мәслихат шайын даярлап, қалыңдық үйі өз келісімінің, ризалығының белгісі ретінде құдаларға сый-сияпат көрсетіп, дастарханга палау, халва, шербет қойып, қалың мал мәселесін әңгімелеп тарқасады. Үйлену тойына дейін кыз бен жігіт бір-біріне сыйлық жіберіп тұрады. Жігіт жүзік, сақина, орамал, халва жібереді. Қалыңдық жүзікті саусағына салып нишанлы (демек аттастырған) аталады. Жаулык салып, шашын бос тастамай, явуклу аталады. Той боларда қалыңдықтың қол-аяғы хнамен боялады да, хналы той деп аталады. Жігіт бүл жолы айна мен тэтті сыйлайды. Айна - қалыңдықтың қуаныштан нүрланған ақ дидарының белгісі де, тэтті - оның алдағы алаңсыз бақытты өмір жолының белгісі. Балуандар күресі, ат жарысы, атпен шауып келе жатып ағаш найза лактыру сайысынан т.б. үлттық спорт түрінен жарыс өтеді. Өзінің кызықты салт-дәстүрімен ерекшеленетін үйлену тойы екі жақта, қалыңдықтың жэне күйеу жігіттің үйінде өтеді. Қалыңдықты алып кетуге жігіттің әкесі мен жақын туыстары келеді. Күйеу жігіт өзінің анасымен үйінде күтеді. Қалыңдыкты үйінен шығарарда оның ағасы күш-қуат берсін деген ырыммен карындасының белдігін үш рет байлап, үш рет шешеді. Қалыңдықты үйге кіргізерде өмірі балдай тэтті болсын деген тілекпен қолына, есіктің жақтауына бал жағады. Сирек жагдайда көп қалыңмал төлеуге жагдайы жок кедей жігіт жолдас-жоралары жэрдемімен келісіп жүрген қызын алып қашып, жасырынуга дейін баратын. Бүл - жігіт өміріне кауіп төндіретін қатерлі әрекет. Өйткені қалыңдықтың экесін кондіру, онымен қайта татуласу - қиынның киыны. Ауыл ақсакалдары ара ағайындыққа жүрсе де, екі араны жарастыру оңай емес. Ақыры табысқан жагдайдың озінде жігітті қалыңмалдың бір бөлігін біртіндеп болса да төлеуге мэжбүр етеді. Кедей ата-аналардың кайшы кұда болуы да үшырасады. Өзінің келісіп жүрген қалыңдығының үйлене алмай жүрген агасы я інісі болса, жігіт оны өзінің қарындасымен я әпкесімен жарастырып жіберуге тырысады. Өйткені сонда ғана қалыңмал қажет болмай қалады. Өкінішке орай, жақын туысына үйлену түрік ағайындарда да үшырасады. Мүндайда әлсіз, я болмаса ақыл-ой қабілеті төмендеу баланың туылу каупі басым болатындықтан, ал келер ұрпақта өз туысына үйлену қайталана калган жағдайда тіпті кемтар баланың да өмірге келетінін медицина дәлелдеп бергендіктен, аталған зиянды әрекетке қарсы үгіт-насихат жүмысы да жандана бастағандай. Кейде кедей жігіт күш күйеу (күшік күйеу емес), басқаша айтқанда жүмыс адамы боп, болашақ ата-енесінің қолына кіреді. Қалыңмал кұнын отегенше сол үйде шын беріліп қызмет қылады, сосын барып, 166
калыңдығымен қосылады. Қалалы жерде үйлену тойы осы заманғы жаңа дәстүрге сәйкес өтіп жүр. Бірак ішімдік аз, кейде болмайды дерлік. «Жүрттың көзінше күйеу мен калыңдыктың сүйісуі былай түрсын, бірбіріне деген нэзік ілтипатын көрнеу білдіру де әдепке жатпайды екен», - деп жазыпты түрік елінде боп кайткан бір шетелдік журналист. Түрік отбасы шағын болмайды. Атасы мен әжесі, үлы мен келіні, немерелері ынтымағы жараскан бір жанүяны күрайды. Ата-анасы үй-жай болған кенже ұлымен бірге түрады. Баска үйленген баласын өмірлік, тұрмыстык тәжірибе жинасын деп, бір-екі жыл өздерімен бірге тұрғызып, сосын барып бөлек отау қүрғызады. Бүл ата-ананың үйленген келін- балаларының сэбидің туылуымен алғашқы жылдың эралуан киындықтарын жеңе білуіне септігін тигізеді. Түрік ағайындардың да күнделікті түрмыс-тіршілігінде әйел тәрбиесіне қатал карайтыны айқын сезіледі. Келін өзі ханым атанғанша, ата-енесіне ғана емес, сондай-ақ еріне де, оның жасы үлкен туыстарына да толықтай бағынышты күй кешеді. Әйел адам егде тартып, балаларын үйлендіре бастағанда ғана ханым аталады. Туған-туыстарының, бүкіл ауыл-аймағының сый-кұрметіне бөленетін көп балалы аналар да өзін ханым деп сезінеді. Алайда дэл казіргі кезде бойжеткен қыздан бастап эйелдердің бэріне де ізет атауы ретінде ханым деп қана тіл кату әдетке айналған. Әр халыктың үлттық бейнесін сақтап, оны өз тілінде, ділінде, эдет-ғұрпында тэрбиелеп, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, жақсылыққа, енбекке, парасаттылыққа, адалдыққа, бар жақсылыққа баулыған ең үлкен тамыр - сол елдің әйелдеріне деген шығыс даналығын есте сақтап, түрік ағайындар өз қыздарының ар-намысына шаң жуытпауға тырысады. Қалыңдык пен күйеудің алғашқы өткізген түнінен кейін, енесі келінінің бүзылмай ак босағаны аттағанын дәлелдеп, көпшілікке білдіруі тиіс. Олай болмаған жағдайда дау-дамай өршіп кетеді. Қалыңдықтың эке-шешесіне «Сіздің қызыңызды тышкан кемірген екен», - деп әшкерелеу - ата-анасының бетіне үлкен салық, өмір бойы үмытылмастай үят. Бүгінгі қала түрғындары, зиялы қауым, элді-ауқаттылар, жүмысшылар мен ауыл түрғындарының тұрмыстіршілігінде, мәдениеті мен әдет-ғұрпында, күнделікті дағдысы мен киім киісінде айырмашылық жоқ емес. Бүрынырақ күйеу әйелінен кезкелген уақытта ажыраса алатын. Ол үшін «сенің басың бос, еріктісің» деп екі куэгердің көзінше үш рет кайталаса болғаны. Бірак кыруар калыңмал төлегендіктен, әйелінен ажырасу өте сирек үшырасады. Ауылдық жерде хюлле аталатын салт бойынша күйеуі ажырасқан әйелімен қайта косылғысы келсе, эйел ең алдымен екінші рет жалған түрде, көбінесе қаусаған кэрі шалға түрмысқа шыққансып, сосын барып одан ажырасқансып, керекті қүжатын толтырып барып өзінің заңды күйеуіне қайтадан қосылатын дэстүр бар. Ислам торт эйел алуға дейін рұқсат етеді. Онда да егер эйелдерін 167
киіндіріп, ішіндіріп дегендей, үй-жай етуге шама-шаркы жетсе. Кемалистер көп эйел алуға тыйым салғанмен, ауыл тұрғындары арасында бірлі-жарым элді-ауқаттылардың имамның қолдауымен екі, сирек жағдайда үш әйелге дейін үйленуі кездесіп қалады. Алайда бірінші алған бәйбішесі ғана заңды әйелі боп табылады да, басқасы үй-ішіндегі кызметші эйел ретінде түрып жатады. Қос әйел алуға өзіне-өзі сенімді, денсаулығы дүрыс, тұрмыс жағдайы тэуір, мінезкүлкы орнықты, адамгершілік бейнесі келісті адамдар баруы керек деп есептейді елдің игі жақсылары. Оның есесіне қайсыбір елде дерт сияқты етек ала бастаған неке бұзудың сан түрлі жолына Түркияда тоскауыл қойылған. Ататүрік швейцарлық үлгімен азаматтык кодекс қабылдады. Әйел теңдігін сақтауға тырысты. Үйлену жасын ерлер үшін 16, әйелдер үшін 15 жас деп белгіледі. Бүрындары кыз балалар 13 жастан бастап түрмысқа шыға беретін. Ататүрік әйел хүқын қорғауға көп күш-жігер жүмсады. Соның нәтижесінде түрік эйелдері арасынан дэрігер, медбике, мүғалім, сот, адвокат, журналист, тіпті жазушы, профессор, ғалым, парламент депутаты болғандар бар. Түрік әйелдері пече, чаршаф деп аталатын жамылғымен оранып, аузы-мүрнын жауып жүрмейтін болды. Қазір түрік әйелдерінен атақты әншілер, балериналар, артистер шықты. Дей тұрсак та ауылдық жерде элі де болса эйел баласы ер адамның келе жатқан жолын кесіп өтпейді, басып озбайды, бөтен еркекке бір нәрселер жайында оздігінен тіл қатпайды. Тіпті ірі қалаларда да жырқылдап күлген, күшақтасқан әйел баласын кормейсіз. Шетелдік туристерге «танымайтын эйелді биге шақырмаңыз, эзіл айтып тіл катпаңыз, түріктер мүны әдепсіз қылық деп түсінеді» деген сиякты ескертпелерді таяу уакытка дейін айтып келген. Еркектің ер мінезді болып, үй-ішінің кам-қарекеті жолында тынбай еңбектенуі, эйел адамның инабаттылығы мен нэзіктігі, тэртіптілігі эрбір отбасының береке-бірлігінің негізі дегенді естен шығармайды. Еуропалык мэдениет пен түрмыс-тіршілікке еліктеу сезілетін Стамбул, Анкара, Измир секілді ірі қалаларда эйелдер озін анағұрлым еркін үстайды. Алайда бұл еркіндік жастарды эр алуан кылмысқа, әдепсіздікке итермелемес пе екен деп, қауіп білдірушілер де жок емес. Вендетта (демек канды кек, канға канмен жауап беру) дэстүрі сакталған. Оны түрікше кангютме деп атайды. Жеке бір әулеттер үшін, тіпті бүтіндей бір ауыл-аймак үшін кыруар кайғы-қасірет тудырған бүл катыгез эрекет әсіресе шығыс Анатолияда кең тараған. Түріктің қангютмесі кешірім дегенді білмейді. Яғни кұн талап ету деген жоқ. Тек кінәлі жак өз кыздарының бірін кек алушы жақка беріп қана қанды кекке токтау салатын кез сирек те болса кездесіп жүр. Түрік - ғасырлар бойы ұлттык дэстүр-дағдысын, елдік салтын, тірлік қалпын бұзбай, бүлдірмей сактап келген жасампаз халық. Түрік халқының игі дәстүрі экологиялык тағлым ретінде олардың қайнар мен бұлак көздерін 168
қасиет тұтып, оған ешкімді жақын келтірмей, төңірегіндегі тал-теректі кестірмей таза сақтайтынын атай кеткен жөн. Бұлақ маңында мал суармайды, ешкім жуынып-шайынбайды. Бұлақ суы саз балшықтан жасалған труба арқылы елді мекендегі чешме деп аталатын суатка жеткізіледі. Ауыз суына тапшылық көріп жатқан Израиль мемлекетінің бұлак суын танкермен Түркиядан ғана тасуы тегін болмаса керек. Түрік халқының көнеден келе жатқан озык салт-дэстүрі, үланғайыр мэдени байлығы, тамаша рухани қазыналары - қаншалықты қызықты көрінгенмен, ең бастысы адамдар, олардың үлттық кескінкелбеті, үлттық психологиясы екені белгілі. Адамдардың өзара карымқатынасынан, бір-біріне сый-қүрмет танытуынан, ілтипат білдіруінен, тұрмыс-тіршілігінен - бәрінен де түнып тұрған ұлттык әдет-ғұрып пен түла бойы тұнған зиялылықты сеземіз. Туыс халықтар арасында тек түріктермен ғана еуропалыктар замандар бойы тығыз қарым-қатынас жасап келгеніне карамастан, көп уакыт бойы шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері «Түрік мінезінде қарама-кайшылық басым. Бүл халықтың ұлттык психологиясы европалықтар үшін элі күнге дейін жүмбақ» деген пікірде боп келді. Бүл айтылып отырган қарамақайшылык кандай? Қонақжай халық. Есігінен бас сүққан адамға жоқ дегенде бір пиала айран не кофе үсынбай жібермейді. Келген адамга «суфра» деп аталатын дастарқан жайылып, тагамнан ауыз тигізеді. Құрметті қонақтарының келуіне қатты дайындалып, тәтті де дэмді тағамның түр-түрі пісіріледі. Түріктер жасы үлкен адамды сыйлағыш, олардың айтқанын тыңдағыш келеді. Отбасының үлкені атасы мен әжелері немерелеріне тэлім-тэрбие береді. Сырттан барган адамға түріктердің ізет сактағыш эдептілігі бірден байқалады. Көшеде, дүкенде, театрда, қала транспортында, кезекте тұрганда болсын абайсызда аңгармай қалса, сәл нэрсеге бола қиылып, кешірім өтініп жатады. Ал шетелдікке деген қатыгездік пен жеккөрініш сезім, жаулық сезім, сенбеушілік, ғасырлар бойы мүсылман халықтарын қанап, басыпжаншыган отаршыл державалармен согыста кордаланып калган деген болжам айтылады. Өте намысшыл, алайда өзімшіл, өркөкірек деуге болмайды. Шетелдіктердің түрік тілін үйренуге деген ынтасын, әдетгұрпына деген күрметін іштей талап етеді. Шетелдіктермен қарымкатынасында барлык іс-эрекетімен, бет-бейнесімен, эңгіме-сүхбатымен мені сыйласаң тілімді үйрен, халқымды кадірле дегенді аңгартқандай. Оңтүстік тұргындарына тән жарқылдаған ойын-күлкі, шаттанган көңіл күйін бет-пішінімен аңгарту, жүлқынып, қолын сермеп сойлеу, сөзуарлық тэн емес. «Мың сөзден бір онегелі ісің артық» дейді түрік мақалы. Түріктер өздерінің ыстык темпераментін, қызу қандылыгын сирек жагдайда, айтыс пен дау-дамайда, үрыс-жанжалда, төбелес шыққанда гана сездіріп қояды. Еңбексүйгіштік-түрік халқының басты ерекшелігі. Олар балаларын 169
кішкентайынан еңбекке баулиды. ¥лдарын дала жүмысына төселдіреді Қыздарын үй ішілік шаруаға жаттыктырады. Түрік адамының жалқау, икемсіз, орашолақ, керенау еместігіне Батыс Еуропаның көзі жеткендей. Бір ғана Германияда жарты миллионнан астам түрік жүмысшысы бар. Еңбекқорлығы мен ынталылығы, қабілет дарыны мен жоғары еңбек өніміне қол жеткені үшін түріктерге неміс халқы кұрметпен қарайды. Мінез-қүлқында туыс халықтармен, шығыс халықтарымен ұксастығымен қатар өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Ешқашанда отарлык езгінің ащы дэмін татпағандықтан болар, отарлык бүғаудан азат болған көп халықтағы ескіліктің саркыны ретінде танылатын жағымпаздық, екіжүзділік, жалған мінез, көлгірсушілік, қүлдық психология түрікке тэн емес. Олардан намус (намыс) деген сөзді жиі естиміз. «Малымжанымның садағасы, жаным-ар-намысымның садақасы» дегенді қарапайым халык бір сэт те естен шығармайды. Табиғат болмысында ар-намысын жоғары ұстап, адамгершілігін сезініп турашыл боп өскендіктен, сөзге сараң, түйық, бос мылжыңнан гөрі нақты іс-әрекетті, іскерлікті бағалап, пайдакүнемдік пен дүниеқорлыққа жаны қас боп тэрбиеленеді. Сондай-ақ шетелдіктерді таңғалдырған түріктердің қиын-қыстауда төзімділік пен сабырлылық танытуы. Ұйымшылдығы, айтқанын екі етпейтін уэдеге беріктігі түрік менталитетінің басты ерекшелігі. Түрік халкының элемде қай жағынан болсын алдыңғы катардан орын алатын үлт екені жайында ғұламалар былай дейді: «Түрік ұлтының мінезі асқақ. Түрік халқы - еңбекқор халық. Түрік халқы - зерек халық» (Ататүрік). «Түрік халқы - батыр халық. Түрік халқы - арыстан халық.»(Мұстафа Шоқай). «Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Ол тілге аударылған барша ілім» (Шәкәрім). Білетіндердің айтуынша, түріктер ұлт мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қоятын, білімге күштар, еңбексүйгіш, ана тілі мен ұлттык мәдениетіне деген сүйіспеншілігі күшті, отаншылдык рухы мықты, намысшыл. Ататүріктің аты аталса, бэрі тік тұрып тағзым етеді. Бұл елде халықтың береке бірлігі өз мәнінде. Ауқаттылар кедейлерге эрдайым колұшын беріп, көңіл бөледі. Халықтың ислам дініне, өз салт-дәстүріне деген кұрметі ерекше. Жас балалар бейтаныс адамға да сәлем беріп түрады. Түркия - зайырлы мемлекет. Елде 80 мыңнан астам мешіт бар екен. Елдің энүранын жас баладан қарияға дейін ерекше рухты сезіммен орындайды. «Тағы бір есте қалғаны, - дейді бір каламгер, - бір жерге оншакты түрік азаматы барса, артынан имам, бір мұғалім жіберіп, барған жерлерінен түрік дүкенін аштырады. Неге? Арам жемейік, адал жейік дегені. Имам жіберетіні - дінін ұмыттырмасқа. Мүғалім жіберетіні - тілін үмыттырмасқа. Қай жерде түріктер бар, сол жерде осы үш дүние міндетті түрде болады. Жэне солардың барлық қаражатын Түркия үкіметі өз мойнына алады» («Қазақ әдебиеті», 16.05.2008). Тұйык, бұйығы көрінген түріктер аз сөйлегенмен, саз сөйлегенді, 170
көркем де дэмді сөзді, орнымен тауып айтылған өткір мысқылды, эдемі эзіл-қалжыңды бағалай біледі. Ходжа Насреддиннің күлдіргі әңгімелерін ұнатады. Кейде эдемі, көркем тілде тыңдаушысын тебіренте сөйлеп кетеді дейді қайсыбір зерттеушілер. Түрік - рухы күшті халык. Шетелдік ғалымдар түрік халкының бітім-болмысын, ұлттық бейнесін сипаттағанда бірінші орынға батырлық пен өжеттікті, ар-намыс пен отаншылдықты жатқызады. Бүл халыкка сондай-ак үй-ішіне, ағайынға үйір боп жакын түтушылық, қанағатшылық, шыдамдылык, төзімділік, үлкенге, білімдіге кұрмет, жомарттык, кеңпейілділік, ізгі ниеттілік, достыққа беріктік, қошеметшілік сияқты мінез-қүлыкты да жатқызып жүр. Бұл аталған игі касиеттер ерте кезден бүкіл түркі жүртына тэн болғанын үмытпалык. Өркендеудің қүты, қасиеті іспеттес, отаншылдык сезімнің түрік елін элемдік өркениет көшіне косқан басты күш болғаны осы айтқанымыздың бүлтартпас бір айғағындай. Қайтыс боларының алдында ғана Қазақстанға келген сапарында маркүм Түрғыт Өзалдың «Тамырымыз ортак болғандықтан, біздің бір-бірімізбен ізгі-келісімде өмір сүруіміз, шынайы достардың арасында болатындай мүқтаждық пен қуанышты эрқашан бірдей бөлісу мандайымызға жазған», - деген аталы сөзіне лайым адал болайық. Туыскан түрік халкы жөнінде сөз бола қалғанда, олардың халықтар түрмесі аталған Ресей отаршыларының қуғын-сүргінінен зардап шеккен өз қандастары мен діні бір басқа да халықтарға тигізген зор шапағаты еске түседі. Патшалық Ресей отаршыларының қуғын-сүргініне, аяусыз езуіне, кырып-жоюына үшырап, тығырыққа тірелген, тағдыры тоқсан тарау қыл үстіне қалған түркі халықтары мен Солтүстік Кавказдағы тау халыктарының сан мың өкілдері, ғасырлар бойы Түркиядан баспана тауып жан сауғалаған. Әсіресе «Барлықтүркі баласы - бауырың» дегенді үран ғып үстанған Ататүрік кезінде жерінен, елінен еріксіз босқан туыс халықтар өкілдеріне қамқорлық жасап, мүмкін болған көмегін аямады. Түркия қазақтарының аталары өткен ғасырларда Шығыс Қазақстан мен Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан аймағында өмір сүрген. 1864 жылы Қытай мен Ресей патшалығы шекараны белгілегенде, олар Шығыс Түркістан жақта қалып койған. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақтар гоминдан отаршыларының зорлык-зомбылығынан, куғын - сүргінінен Шығыс Түркістаннан босып, Баркөл, дүнген жері Шанхай, Ішкі Монғолияға өтіп кетіп, бірақ ол жерде де қуғын-сүргінге ұшырады. Момын елді қырып-жойып, малы мен дүние-мүлкін талантаражға түсіріп келе жатқан қарулы әскерге соққы бере отырып, Елісхан батыр бастаған көш Үндістанға бет түзеуге мэжбүр болды. Аса зор қиындықпен Тибет асып, онан Үндістан мен Пакистанға өтіп, ол елдерден жөнді жәрдем ала алмай, түрмыс тауқыметін көріп эрі ыстық климатқа бірден көндіге алмай, өлім-жітімге үшыраған қазақтар түрік елінен баспана сүрады. Қазақтарға АҚШ-та жанашырлық білдірген еді. Алайда қазақтың көшбастаушы жетекшілері түбі бір 171
туысқан, тілі мен діні бір Түркиядан басқа елге баруды қаламады. Олардың пікірінше, ұрпақтардың ұлттық болмыс пен қазақи салтдәстүрді сақтап калуы үшін бұл қажет еді. Атақты тарихшы ғалым Хасен Оралтайдың «Елімайлап өткен өмір» атты кітабында атап өтілгендей, азатшыл қазақтардың үлкен бір тобын басқарып, Әлібек Хэкім аса ауыр да қасіреті мол бірнеше жылдық сапардың нәтижесінде Түркияға барып орналасады. Қуғын-сүргінге үшыратқандармен үрыс жүргізе отырып, эрі Гималай тауынан асуға, Гоби шөлін басып өтуге мэжбүр болған олар жолда коп адам шығынына ұшырайды. Хасен Оралтай былай дейді: «Түріктер Қытайдан кашып барған біздерді бауырына тартты. Түркі тектес туысым деп қабылдады. «Нағыз түрік сендерсіңдер, айырмашылығымыз - біз мың жыл бұрын кеттік. Сендер Қытайдан қашқанда туысым бар, жанашырым бар деп келдіңдер, енді ешқайда қашпайсыңдар, мемлекетің, елің осы. Енді Түркияны қорғайсыңдар, гүлдендіресіңдер» деп министрлер шығып қарсы алды»(«Жас қазақ», 26.09.2008). Баркөлден Түркияға дейін 6 мың километрден аса азапты жол жүріп, жарты әлемді жаяу басып өткен, тағдыр тәлкегімен босқынға айналған қандастарына түрік елі туыстық қолын созып, қалтқысыз көмек көрсетіп, ілтипат білдірді. Оларға бір жылға дейін қонак үйінен тегін орын беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, кейін жүмысқа орналастырып, мекенжай салып беріп дегендей ыстық қүшағына алып, бауырына басканын, үрпақтарын сақтап қалғанын сол елден келген қазақтар зор ризашылық сезіммен, аңызға бергісіз гып айтып отырады. Қазіргі күні төрткүл дүниенің торт бұрышында жүрген қазақтардың ата-анасы осы түрік жерінен жан сауғалап, үрпагын өсірген. Түрік елінің дүниежүзілік кауымдастыкты толгандырып отырган демократия мен имандылық шарттарын негізге алып, ғасырлар бойы бір тудың астына бірікпей, бір орталыққа багынған үлттық мемлекетін кұра алмай, соның кесірінен бөлшектеніп, сыртқы жаулардан жапа шеккен қандастарын тіл мен мәдениет жағынан да, біртұтас боп рухани жақындасуға, қиындықты ынтымақтаса отырып жеңуге үндеуі - мемлекетаралық шынайы достық карым-катынастың үлгісіндей. Түркия - туыс елдер ішінде экономика мен жаңа технология, мәдениет саласында болсын өздерінің түріктік келбет - болмысын сактап қалған іргелі ел. Түркия басқа туыс елдердің мэдениетін котеруге де кол ұшын созып келеді. Түрік бауырларымыз - Қазақстанның тәуелсіздік алғанын түңғыш танып, куанган ел. Қазакстанға екі халықаралык университет пен отыз қазақ-түрік лицейлерін салып берді. Мұның өзі үлтымыздың ертеңі мен ел болашагын ойлағандық. Бүгінгі түркі тілдес республикалар саяси эрі экономикалық қолдауы үшін, қалтқысыз достық көмегі үшін Түркияга ризалық білдіруде. Түркия қазақтарының басым көпшілігі тоқсаныншы жылдардың аягына карай Қазакстанга көптеп келген екен. Бірақ көбі қайта Түркияга 172
оралған. Оның себебін эркім эртүрлі түсіндіреді. Біреу жылдар бойы алшактық салдарынан менталитеттің өзгешелігі басты себеп болды десе, екіншісі орыс тілін меңгермегендігінің салдары тигендігін айтады. Үшіншісі Түркиядағы әжептәуір бизнесінің Қазақстанда жолға қойылмағандығын, соның кесірінен көптеген каржысынан айрылып калғандығын жеткізді. Қалай дегенмен де қазір олардың қос мекені бар, Қазакстан жэне Түркия. Екі мекеннің арасын көпір кып жүріп жаткан жайы бар. Түрік пен казак - ежелден бір-бірімен сабактас, тамырлас халыктар. Сондықтан олардың бірлесе колға алған ой-мақсаттары оң нэтижесін бермек. Осы түрғыдан туыс халықтардың үн бірлігі, мүдде тұтастығы айқын сезіледі. Демек тэуелсіз қазақ елінің кабырғасын бірге калап, іргесін бірге бекітуіміз керек деген пиғылдан түрік ағайындар айнып көрген емес. «Түркі тектес халықтардың ішінен дербес мемлекет Түркияның кезінде жалғыздығын сезіндік, сондыктан да туысты аңсау түйсігіміз ерте оянды» дейді олар. Тағдыр таукыметімен 1944 жылғы қарашаның қасіретті кара күнінде Грузияның Қара теңіз жағалауынан зорлықпен көшірілген сан мың түрік казак халқының үлкен бауырмал көмегі мен шапағатмейірімінің арқасында өз тіршілігін одан эрі жалғастырып, өсіп-өнді. Қазір Қазақстанда 200 мыңнан астам түрік түрады. Түрік тілінде білім беретінмектеп пен лицейлер көптеп ашылуда. Тағдыртәлкегінеұшырап, кіндік қаны тамған, бабаларының зираты жатқан ата конысынан көз көрмеген, қүлақ естімеген елге күштеп көшірілген бейкүна жандардың касіретіне түсіністікпен, аяушылыкпен караған қазак халқы түрік ағайындарына да көмек қолын созды. Әдеб. Еремеев Д.Е. Этногенез турок. М., 1971; Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М., 1962; Народонаселение стран мира, справочник. М., 1974; Народы Передней Азии. М., 1957. ӘЗЕРБАЙЖАНДАР Әзербайжандар - Әзербайжан Республикасының байырғы тұрғын халқы. Олар өзіндік бай мәдениеті бар, ерте кезден жазу дәстүрі берік орныккан, қолөнері мен сауда-саттығы дамыған, кең жүректі, кемел ойлы, атақты ғүламалар шыққан көне түркі халқының бірі. Конституция бойынша, Әзербайжан Республикасы - демократиялық, қүкықтық, зайырлы унитарлы мемлекет. 1989 жылқы санақ бойынша бұрынғы Кеңес Одағындағы эзербайжандар саны - 6771 мың адам болып, олардың 97,7 пайызы өз тілін ана тілім деп таныған. Олар негізінен Әзербайжан Республикасында, сондай-ақ Грузия мен Дағыстанда, Қазақстан мен Орта Азияда, Ресей Федерациясында түрады. Алыс шетелдерде, Иракта, Түркия мен Ауғанстанда да эзербайжандар жинақы қоныстанган. Ресми дерек бойынша, қазіргі таңдағы эзербайжанның бүкіл әлемдік 173
жиынтык саны - 26,5 миллион адам (2009). Туыс халықтар арасында сан жағынан үшінші орын алады. Дегенмен бұл болжам ғана. Әзербайжан халқының басым көпшілігі оз республикасынан тыс жерлерді мекендейді. Мұның өзіндік тарихи себебі бар. XIXII ғасыр әзербайжан халқының тілі мен этнографиялык бірлігінің қалыптасуының маңызды кезеңіне жатады. Әзербайжан халқы өз ата қонысын шетелдік басқыншылардан сан ғасыр бойы ерлікпен қорғап келді. Алайда күшті мемлекетке бірікпеген бытыранды елге өз тәуелсіздігін сақтап қалу қиынға соқты. Бертін келе әлденеше рет қайталанған Ресей мен Иран арасындағы қақтығыста нашар қаруланған Иран эскері жеңіліске үшырап, 1813 жылы Гюлистан мен 1828 жылғы Туркменчай бітім шарттары бойынша солтүстік Әзербайжан мен Нахичеван түгелдей Ресейге қарады. Осылайша ел территориясы екіге болінді. Иран Әзербайжанының жер колемі 100 мың шаршы километр. Оның халқының 90%-ы әзербайжандар. Демек оз үлтының басым көпшілігін қүрайтын Ирандағы эзербайжандар - сол жердің автохтонды халқы. Олар - оз ата-бабасының қонысында мекендеушілер. Ауыр үлттық қанауға душар болған Иран эзербайжаны парсыларға қарсы ғасырлар бойы үлт-азаттық күресін жүргізіп келді. 1920 жылы сәуір айында Тебриздегі билік үлт-азаттық қозғалысының басшысы шейх Хиабаниді жақтаушылар қолына көшіп, Иран эзербайжаны Азадистан (азат ел) аталды. Алайда тамыз айында Иран үкіметі әскер төгіп, Хиабани қозғалысын жеңіліске үшыратты. 1925 жылы үкімет басына келген Реза-шах түсында Иранда шовинистік пиғыл өршіп кетті Резашах эралуан мекемеде, қоғамдық орында, оку орнында эзербайжанша сөйлеуге тыйым салуға тырысып, ассимиляторлык саясат жүргізді. Иран тілдес курд, гилян, лур, мазандарандарды ғана емес, түркі тілдес әзербайжанның да этникалық келбетін, үлттық ерекшелігін жойып, парсыландыру максатын коздеді. 1959 жылғы ресми деректе Кеңес Одағында 2,9 миллион әзербайжан болса, Ирандағы эзербайжан саны одан екі еседен астам коп деп болжамдалған. Дей тұрсақ та ассимиляцияның кері эсері зардабын шеккен Иран әзербайжанының сан жағынан осуі Эзербайжан Республикасындагылармен салыстырганда коп томен. Бүған коса Иран эзербайжаны аталатын өлкенің жергілікті түрғындарының санын дэл атау киын боп отыр. Кейбір ресми емес дерек бойынша эзербайжандар Иран мемлекеті халкының 20 тіпті 25 пайыздайы делініп жүр. Калай дегенмен мүндағы эзербайжандар саны үлт республикасындағы санынан анағүрлым артық. Бүған қосымша Иранды саны үш миллиондай басқа да түркі үлыстары мекендейді. 1945 жылы желтоксанда Эзербайжан демократиялык партиясының бастауымен аса күрделі саяси - әлеуметтік жағдайда зор киындықпен Иран Эзербайжаны автономиялық өлкесі қүрылып, С.Д.Пешевани бастаған ұлттык үкімет үйымдасып, ана тілі мен мәдениетін, өнерін дамыту 174
бағытында шаралар белгілеудің сәті түскен-ді. Алайда арада бірнеше ай өтісімен Иран үкіметі әскер төгіп, үлттық козғалысты қатыгездікпен басты. Сан мың әзербайжанды зорлыкпен баска жерге коныс аудартты. Ел халқының үштен бір бөлігіне жуығы жергілікті түркі тілдес үлыстар болғанына карамастан, қазіргі күнге дейін мемлекеттік тіл - парсы тілі ғана. Бүкіл іс қағазы, ресми хаттар, оку орнындағы дәріс, телерадио мен бүкаралық баспасөз парсы тілінде ғана жүргізіледі. Түркі тілдері кейбір мектепте мемлекеттік тілге косымша пэн ретінде ғана оқытылады. Бұл айтылғанға керісінше, Октябрь революциясынан кейін Әзербайжан республикасындағы жергілікті халык сан жағынан да, үлес (пайыз) жағынан да айтарлықтай өсті. Үдемелі карқынмен жүріп жаткан ассимиляцияның колайлы эсерінің арқасында республика жеріндегі ұсақ үлыстардың әзербайжан үлтымен бірігіп, топталуы байкалады. Мысалы, Кавказ тілі тобына жататын будуг, крыз, хиналуг секілді аз санды үлыстар 1959 жылғы санакта аталмаған. 1926 жылғы саны 77039 талыштар, саны 3700 удиндер де әзербайжан боп кеткен. Рухани мәдениеті мен түрмыс-салтында әзербайжаннан еш өзгешелігі жоқ курд, лезгин, тат, авар, цехур халықтарының саны да күрт кеміген. 1988 жылга дейін Арменияны 250 мыңнан аса әзербайжан мекендеген. Алайда Таулы Карабах жанжалына байланысты Армениядагы әзербайжандар түгелімен боскынга айналып, өз атамекенінен тыскары жерге қоныс аударуга мэжбүр болды. Кеңестер Одағы күлауға шак қалғанда Таулы Қарабахта қарулы қақтығыс түтанып кетті. 25 мыңдай бейбіт түрғын қаза тауып, соншамасы жарақат алды. Ресей Арменияға казіргі заманғы ең озык кару - жарақ жеткізді. 1992 жылы 25 -26 акпанда армяндар Ресейдің эскери комегімен Ходжалы қаласында 2 мыңнан астам әзербайжанды кыргынға ұшыратты. 1993 жылы 24 шілде мен 28 қазан аралығында Армения Ресей қарулы күштерінің сүйемелдеуімен шапкыншылык жасап, Әзербайжанның Кельбаджар, Агдан, Физулин, Джебраиль, Зангелан, Губадлин жэне Лачин аудандарын басып алып, түрғын халқын мекенжайынан айырып, бір миллиондай адам боскынға айналды. Қарабак - Әзербайжанның ежелден келе жаткан тарихи мекені. Мұндағы армяндардың басым бөлігі - патшалы Ресейдің көмегімен шетелден қоныс аударғандар дейді тарихшылар. 1993 жылы Арменияның басып алған территориясын Әзербайжанға қайтару жайындагы Б¥¥-ның резолюциясы қабылданды. 1994 жылы Әзербайжан мен Армения қарулы кактығыс ошағын тоқтатып, жанжалды бейбіт түрде шешу туралы хаттамаға кол қойды. Алайда қаружарақ пен техникамен жабдықтап отырған Ресейге арқа сүйенген Армения мұның бэрін ескерусіз қалдырып, алган бетінен қайтар емес. Тіпті кейбір армяндық БАҚ «соғыстың ертерек болғаны жаксы» деп тайсалмай жазуда. 175
Әзербайжан Республикасының нығайып, өркендеуінен қауіптеніп, Армениямен қарым-қатынасын жандандырған, жан-жақты көмек көрсетіп келген тағы бір ел - Иран ислам республикасы. «У Ирана же в отношении Армении - свои политические и стратегические виды. Очень интригующе выглядит и участие Ирана в возможном разрешении карабахского конфликта. Так, в 1992 году Иран фактически дал «зеленый свет» Армении на занятие ее войсками так называемого Лачинского корридора, который связывает территорию Армении и Нагорного Карабаха, и тем самым, по существу, выступил против Азербайджана, имея тем временем на собственной территории более 20 миллионов этнических азербайджанцев. На сегодняшний день практически все важнейшие грузы - стройматериалы, продукты питания, горючее, промышленные товары и технику Армения завозит из Ирана. Иран также осуществляет поставки электроэнергии и природного газа в Армению, что в условиях блокады со стороны Азербайджана, по существу, обеспечивает само существование армянского независимого государства», - деп жазыпты «Деловая неделя» газетінде (30.10.2008). Туыс халықтар, Біріккен Ұлттар ¥йымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастыгын катыстыра отырып, сан ғасыр бойы коян-колтык араласып келген екі халык жанжалын реттеп, тату көршілікті калпына келтіруге күш-жігер жұмсап, эзербайжан жерін азат етуі - заман талабы. Өткен гасырда-ак патшалы Ресейдің капиталистік өндірісінің ірі орталыгына айналган мұнайлы Бакуге сырт өлкеден халықты көптеп коныстандырудан бұл аймак коп ұлтты мекенге айналган. Өндіріс орны түгелдей көп үлтты болды. Олардың ең көп сандысы армян диаспорын патша отаршылары әуелден-ак жергілікті эзербайжан халкына айдап салып, қарулы кақтыгысқа жол беріп келген. Патша әкімдері эрдайым христиан дініндегі армяндарға қару-жарак пен астыртын көмегін беріп келген. Отарлык езгі, артта калган коғамдық катынас өндіргіш күштің өсуіне кедергі келтірді. 1920 жылы Эзербайжан Одақтас Республика болып жарияланды. Кеңес Одагының ыдырауымен 1991 жылы Эзербайжан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды. Ұлттық мейрамдары: 20, 21 наурыз - Новруз байрамы, 28 мамыр - Республика күні, 15 маусым - Қарулы күштер күні, 18 қазан - Мемлекеттік тәуелсіздік күні, 17 караша - Ұлттык өркендеу күні, 31 желтоқсан - әлем эзербайжандарының халықаралык ынтымақ күні. Қайгы тұтатын күндер: 20 каңтар - Қанды каңтар (1990), 26 ақпан - Ходжалыдағы геноцид (1992), 31 наурыз - Әзербайжандардың геноциді (1918). Халык өзін әзербайжанлы деп, кейде азери деп те айтады. Эзербайжан - грек сөзі. Қазақшага сөзбе-сөз аударганда «от сақтаушылар елі» деген магынаны білдіреді. Эзербайжан этногенезінің кұрамына оғыздармен бірге сак, гунн, бүлғар, печенег, қыпшақ, албан тайпасы кірген. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде эзербайжан 176
жерінде кұрылған мемлекет те Албания аталған. Эзербайжан мен қазақ халқының тарихи байланысы көне дәуірден басталса керек деген болжам бар. Эзербайжан Республикасында қазақ атауымен аталатын аудан бар, қала бар. Эзербайжан тілінің казак говоры бар. Айта берсек, ең атақты жоғары бағалы кілемін «қазақ үлгісіндегі кілем» деп атайтынын білеміз. Ғалым Кулиеваның 1927 жылы Баку қаласында басылып шыққан «Кибитки на эйлагах полукочевых турок казахского уезда» деген еңбегінде біздің дэуірдің I ғасырында қазақ тайпаларының Каспий теңізінің солтүстік жағалауы арқылы Закавказьеге қоныс аударганын айтыпты. Автордың пікірінше, киіз үйге байланысты атаудың, үй-мүлік атауларының Эзербайжан тілінде айтылмайтын, казак тіліндегі сөздер екені - мүның бір айғағындай. Арғы тегі бір бауырлас эзербайжан, казақ халықтарының рухани мүрасы мен мәдени жәдігерлігінде өзара үндес, ортақ түстар аз еместігін айгақтайтын «Азербайджанско-казахские литературные связи» - деп аталган зерттеу еңбегі 1991 жылы Бакуде жарық корді. Эзербайжан халқының калыптасуы ХІ-ХІІІ ғасырларға дейін созылды. Олар еуропеидтік нэсілдің оңтүстік тармагына жатады. Сан ғасырлық эдеби дәстүрі бар коне жазбалы эзербайжан тілі - Эзербайжан республикасының мемлекеттік әрі үлтаралықтілі. Ол түркі тілінің оңтүстік-батыс тармагына жатады. Түрік тілімен бірге оғыз бұтағының огыз-селжүк тобын кұрайды. Эзербайжандар ғасырлар бойы араб жазуын түтынып келді. Тек 1922 жылы гана латын әліпбиіне кошу туралы жоба қабылданды. 1940 жылы орыс (кирил) әліпбиіне көшіп, ол 1998 жылға дейін жалғасты. Қазіргі танда 9 дауысты, 23 дауыссыз эрпі бар латын графикасы қолданылады. Ертеден бытыранды боп, бір орталыққа бағынған мемлекетке бірікпегендіктен, Эзербайжан тілінде айырым-өзгешілік, диалекті көп-ақ. Зерттеушілер бүл ерекшелікті төрт үлкен жүйеге боліп зерттейді. Эр диалекті өз ішінен көптеген говорга ажыратылады. Эдеби тіліне Баку диалектісі негіз етіп алынган. Орыс, парсы тілі кең тараған. Көршілес Кавказ тілдері мен кейбір түркі тілдеріндегі секілді эзербайжан тілінде де геминаталар (қосарлы дауыссыздар) қолданылады. Қайсыбір түркі тілдерімен салыстырғанда эзербайжан тілінің мынадай ерекшелігі бар: 1) үяң д, г, г дауыссыздары сөз басында жиірек айтылады: даш (тас), гол (қол), ғүш (күс), гөз (көз), гүн (күн). 2) э дыбысы сөздің барлық шебінде колданылады: тәкә (теке), кэпэк (кебек). 3) Кей сөздердің басында шүғыл н келеді: һашан (кашан), һэлэ (элі). 4) Кей сөздердің басындағы ж түсіп қалады: илан (жылан), улдуз (жүлдыз). Туыстық жағынан қазіргі түрік тіліне жақын. Бірақ эзербайжан тіліндегі ә дауыстысы түрік тілінде айтылмайды. Қыпшақ сөздері де бүл тілде түрік тіліне Караганда молырақ. Тіл өнеріне ден қойған халық болгандықтан, эзербайжандар әдемі ыргақпен мәнерлеп сойлеуді ұнатады. Олардың мақал - мәтелдері түркі тілдерінің осы саладага үндестігін танытады. Мысалы, «Сөз сөзді түртпектейді, соз 177
- сөздің басытқысы», «Сөзіңе сенейін бе, көзіме сенейін бе?», «Сөз өз уақытында айтылар», «Кей сөз жол таптырар, кей сөз жолдан адастырар», «Тілден келгеннің бэрі қолдан келе бермейді», «Тіл жартастан секіртер», «Тілде сүйек жоқ, бірақ сүйекті сындырады». Әзербайжан тілі - Әзербайжан Республикасының қоғамдық - саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылуда. Әзербайжан халкының аса бай ауыз әдебиеті нүсқалары, көп жанрлы фольклоры сақталған. Көне заманнан ғасырлар бойы қалыптасқан еңбек пен түрмыс-салт эндері, аңыздар, тарихи эпикалық және ғашықтық жырлары, дастандары, ертегілер, мақал-мәтелдер халықтың өмірлік тәжірибесіне, таным-түсінігіне, тэлім-тэрбиесіне, арман-мүддесіне негізделген. Тұрмыс-салт ертегілерінің басты кейіпкерінің тазша боп келуі, сондай-ак Молла Насреддинмен байланысты сатирикалықюмористік аңыздар әзербайжан фольклорын Орта Азия мен Қазақстан халықтары эдебиетімен туыстастырады. Оғыз халықтарына ортақ туынды саналатын «Қорқыт ата кітабы» эпосы, «Ғ ачақ Наби», «Көрүғлы» мен «Ашық Ғариб», «Дивар ғанлы Аббас», «Құрбанлар», «Шах Исмаил» тэрізді ғашықтық жырлары кең тараған. Сонау көне түркі заманынан бастау алатын әзербайжан әдебиеті өте бай эрі сан салалы. Ерте замандағы ақын-жазушылар өз шығармаларын сол кездегі ресми тіл саналған араб тілінде, ал Х-ХІІІ ғасырларда парсы тілінде жазған. Сол кезде өмір сүрген Г.Тебрези, Хагани, Шируәни, Фелеки, Гәнжәуилер кос тілді, тіпті үш тілді ақындар болатын. Таяу жэне орта шығыс халықтарының ежелгі ескерткіші ескі қолжазбалар тілі «Авеста» - әзербайжан эдебиетіндегі көне шығарманың бірі. Коне әдебиеттен бастау алған эзербайжан әдеби тілі ХІІ-ХУ ғасырда орныккан деп жүрміз. 1233 жылы ақын Али «Юсуф туралы аңыз» ән-жырын, одан кейінірек Изәддин Гасаноглу аты аңызға айналған «Кер-оғлу» туралы эн-жырын жазған. Эзербайжан - XII ғасырда өмір сүрген адамзат пайым-парасатының гүлі, асқак ақылойының мэуесі Низами Гянджавидің отаны. Низамидің адамгершілік такырыбына арналған «Хамса» (Бестік) деген атпен парсы тілінде жарық көрген шығармасының көптеген шығыс елдері эдебиетінің дамуына игі ықпалын тигізгені мэлім. Хагани, Низами, Несими сынды үлы ақындардың калдырған мүрасын XVI ғасырда үлы ойшыл ақын Мүхамед Физули жалғастырды. «Лейли мен Меджнун» романтикалык поэмасы- Физули шығармасының биік шыңы. Мүнан кейін де ақынжазушылар халык фольклорының асыл қазынасын бойына сіңіріп, жоғарыда аталған эзербайжан әдебиеті классиктерінің нақыл-осиетке, ағартушылыққа негізделген туындысынан нэр ала отырып, жаңа шығармалар тудырды. Эзербайжан елі - дүниеге ерте кезден-ақ техника мен ғылымды, демократиялық мәдениет пен өнерді дамытуға лайыкты үлес қосқан кемеңгер ойшылдар мен ұлы қайраткерлер, техника мен ғылымды 178
өркендете түскен ғұлама ғалымдар берген құтты мекен. Орта ғасырданақ мұнда медицина, астрономия, география, философия, тарих ғылымы дамыған. XI ғасырда өмір сүрген философ Бахманяр Ибн-Мирзбанатақты Абу Али Ибн-Синаның (Авиценнаның) шэкірті. Хатиб Тебризи (1030-1108) еңбегі философия мен логикага, тіл мен әдебиетке арналған. XII ғасырда өмір сүрген астроном Фаридэдди Ширвани, галым эрі инженер Эмреддин Масуд Нахчевани, медик эрі философ Эфзеладдин Абдулмелик Хунджи, ХІІ-ХІУ ғасырда өмір сүрген атақты Марагин обсерваториясын үйымдастырушы астроном Насирэддин Туси т.б. өз еңбегімен төрткүл дүниеге кеңінен мэлім болды. «Дар-ашшафа» (емделу үйі) аталған шығыс университетінде бір мезгілде 6-7 мың студент білім алған. Музыка мәдениеті барынша дамыған. Өзіндік өрнегімен ерекшеленетін сан қырлы эзербайжан музыкасының таяу шығыс елдері, әсіресе Орта Азия мен Закавказье халықтары музыкасымен үндес, сарындас түстары бар. Халықтың көнеден жеткен эн жанрына елдің ауыр тағдырынан туындаған мұңды әндер, қарапайым адам қам-қаракетін жырлайтын еңбек эні, тұрмыс-салт эні, эралуан жоқтау, лирикалық эндер жатады. Лирикалык эн жанрына махаббат жыры, бесік жыры, балалар эні жатады. «Гүл-башмақ», «Сандык» секілді диалог түрінде орындалатын күлдіргі әндер бар. Сан алуан эн жанрын орындайтын халык эншісін «ханенде» дейді. Шығыс елдерінің біразына тэн бірнеше бөліктен түратын вокалдык музыкалык шығарманы муғам дейді. Қүрамында тарист, кеманчист, ханенде бар муғамистер ансамблі түрлі эуенге негізделген муғам тесниф, ренг эндерін орындайды. Эзербайжан фольклорының көнеден жеткен маңызды бір саласысаза, бубна, кеманчи аталатын аспаптар сүйемелімен жеке адамның сазды музыкамен эндетіп орындайтын эпостык жыр жэне романтикалык махаббат жыры деп бөлінетін дастандары. Дастанды мәнерлеп сазды музыкамен жырлайтын адам ашуг аталады. Ашугтар сондай-ак лирикалык эн гезеллемені, ақыл-парасат әні устаднамэні, күлдіргі сықақ эн де орындайды әрі олең киыстырады. Ең қызыктысы - ашугтардың сазды акындық айтысы. Оны дэйишмэ деп атайды. Халық арасынан суырылып шыккан өнерпаздар саналатын ашуг, сазандар, ханенде аталу үшін эрі сазгер музыкант, эрі энші, эрі акын болу керек. Эзербайжан музыкасының ерте заманнан келе жаткан сазгерлер жарысы, әншілер жарысы секілді өзіндік төл ерекшелігімен айқындалатын дэстүрі бар. Топ күрап, маска киіп, көше бойлап, үй-үйді аралап, эн салып, би билеп, көрермен кауымды күлдіріп, көңіл көтеретін театрланған ойынсауык «кос-қоса» аталады. Қазан төңкерісінен кейін эзербайжан халқының музыка өнері профессионалдык дәрежеге одан ары шарықтап дамыды. Эзербайжан композиторларының таңдаулы ән-романсы, операсы мен балеті, хоры мен симфониялык аспаптык музыкасы алыс шетелге де танымал. Му179
зыка аспабы үш топқа бөлінеді. Саз аталатын сегіз металл шекті аспабы кең тараған. Он бір шекті тар аспабы гитараға ұқсас. Скрипкаға ұқсас кеманчаның төрт шекті пернесі болады. Соқпалы аспабына барабан, литавра, бубен жатады. Үрлемелі аспабы екі түрлі. Флейта тобына свирельге ұксас тутек жатады. Гобойн тобына цилиндрлі балабан мен зурна жатады. Би өнері жан-жакты дамыған. Ешбір жиын-той бисіз, халык сазгерлері зурнайшылар ансамблінсіз отпек емес. Газахы, инаби, мирзан т.б. секілді сан-алуан арнайы би музыкасымен орындалатын би үш бөліктен тұрады: әсем ырғакпен шеңберді айналу, бір орында тұрып билеу, екпіндете айналым жасап билеу. Ертеден келе жаткан топ қүрып билейтін күлдіргі ойын биі «яллы» аталады. Ерлік пен жаугерлік дәстүрді уағыздайтын ерлер биіне «Джанги» мен «Зорхана» жатады. Әйелдер биінің де түр-түрі бар. Әйелдердің топ қүрып билейтін күлдіргі, сықак биі - «Ғытғылда». Эзербайжан - ауыр жэне жеңіл өнеркәсібі қатар дамыган индустриялы республика. 1848 жылдан өндіріліп келе жаткан мүнай - елдің аса маңызды табыс көзі. Мұнай өнімі қазіргі таңда бюджет кірісінің 40 пайызын кұрайды. Эзербайжан жері кұнарлы, орман-тоғайлы, шалғын шөпті болғандыктан, ерте кезден-ак шаруашылығы көп салалы. Эзербайжан - бағы заманнан жер кәсібін жете меңгерген халық. Ең көп егетін дэнді дакылдары: бидай, күріш, арпа, жүгері, тары. Одан кейінгі басым шаруашылык - бау-бақша мен жүзімдік. Ерте кезден жүзімнен шарап әзірлеген. Үшінші орынды макта мен субтропиктік цитрус дакылы алады. Жібек күртын осіру дамыған. Эзербайжан жібегі әлемдік рынокта жоғары бағаланады. Мал шаруашылығы да дамыған. Барлык жерде қой, жылқы өсіреді. Аз санды жартылай көшпелі тайпалар коктемде қойды язлығ аталатын жайылымда, жазда яйлагта, кыста ғышлағта бағып келген. Көпшілік отырықшы жүрт ешкі, мүйізді ірі кара, сиыр малының жергілікті Кавказ тұкымы буйвол мен зебу де өсіреді. Таулы, тау етегіндегі ауданда омарташылык дамыган. Ертеректе орман-тоғайда ан жыртылып айрылатын. Анды тазы итпен, кыран күс салып та аулаган. Үлттык тагамның түр-түрі бар. Нан тагамы басым жаратылады. Нанның отызга жуык түрі пісіріледі. Қой етін ұнатады. Шала қуырып, май қүйып, аузы мыкты жабылған күмырада сақтайтын қой етін говурма дейді. Етке пияз, сарымсақ косып түздап та сактайды. Оны басдырма дейді. Басдырмадан кэуап пісіреді. Үлттық ет тағамы түріне бозбаш, пишти, келем долмасы, люле кебаб жатады. Палаудың неше түрін пісіреді. Қүс етінен чығыртма аталатын тагам даярлайды. Жемістің түр-түрін кептіріп тағамга жаратады, бекмез-дошаб аталатын сироп өзірлейді. Жеміс-жидекке жүзім шырынын құйып қайнатып, джем түріндегі ирчал даярлайды. Коне мүрага ыждаһаттыкпен қарап, тарихи жэдігерлікті бүгінгі рухани кажеттігіне жарату дэстүрге айналган. Ерте заманнан бейне180
леу өнері, миниатюралық өнер, мейлінше әдемі де нэзік істелген сурет, эр алуан кескіндеме, көркемдеу мен мүсіндік бейне өнері мықтап дамыған. Көнеден жеткен сэулетті архитектуралық кұрылыс орта ғасырлық сэулетшілік, сэндік өнері көз тартады. Закавказьедегі ең ертедегі тұрғын үй ғарадамнан (кара там) бастап әр жердің жер, табиғат жағдайына сәйкес тастан, кірпіштен, ағаштан, қамыстан тағы басқадан тұрғызған эралуан баспана кездеседі. Малшы тайпалар алачығ, мюхюра аталатын жиналмалы мекен тұрғызады. Ең көп салынатын үй имарет делінеді. Ленкоранда талыш аталатын үй де салынады. Эзербайжан халқының кәсібі сан алуан. Шикізаттың молдығы қолөнерінің дамуына игі ықпал етті. Үсталык пен зергерлік, мыстан ыдыс, қыш қүмыра жасау, ағаш пен тас өңдеу, саз балшықтан ыдыс-аяқ жасау, тері өңдеу мен қамысшылык, тоқымашылық, киіз, текемет басу, ағашқа, сүйекке, тас пен металға әсемдеп ою түсіру, таза жібек өндіру, киім-кешек тігу мықтап дамыған. Кілем токудан ТМД елдерінде көрнекті орын алады. Түрмыс-тіршілігінде бертін уақытқа дейін сорорат пен левират сакталды. Атап айтқанда, жесір қалған әйелді төркініне немесе жатқа жібермес үшін, эмеңгерлік дэстүрімен қайнысы мен кайнағасының бірі алатын. Бай, элді-ауқаттылар арасында екі-үш әйелділер кездесетін. Сондай-ак әйелі қайтыс болған еркек екінші рет үйлену тойын жасап, артық шығынға үшырамас үшін, балаларын өгейсітпес үшін эрі кимас жақыны боп кеткен қайын-жүртымен туыстық қатысын үзіп алмас үшін өз балдызына, қайынбикесіне үйленетін. Бүған екі жақ та үмтылып, қызды көндіріп, жарастыруға тырысады. «Балдызы жоқтың эйелі өлсе, нағыз сормаңдай сол болар» деген эзербайжан мақалы осыны меңзегендей. Қалыңдықты жігіттің анасы немесе эпкесі, карындасы таңдайды. Сосын жігіттің экесі мен атасы құптаса, бірнеше эйел барып ресми емес күда түсіп кайтады. Содан кейін ғана экесі екіүш ақсақалды ертіп ресми қүдалық кәдесін жасайды. Қыз туыстары кұда түсушілерді барынша сыйлап, асты-үстіне түсіп күтеді. Отырыс соңында ақсақалдардың ара ағайындығымен қалыңмал мөлшері анықталады. Некеге отыру үш сатыдан түрады: белге (алдын ала келісім), нишан (некелестіру), той кончасы (үйлену тойы). Әр сатының өз тарту-таралғысы болады. Атап айтканда башлык (қалыңмал төлемі), йол пулу (жол қаражаты), аталығ пулу (экеге арналғаны), сюд пули (ананың ақ сүті). Үйлену тойы әдетте шаруашылық жүмысы тамамдалып, абырсабыр басылған күз айында өтеді. Жүздеген адамды күтуге лайықтап әуелде тойхана аталатын уақытша баспана түрғызады. Қонақтар өз шама-шарқына қарай той иесіне ақшалай көмек ұсынады. Бұл ырымды немер немесе душелге деп атайды. Жиналғандар көңілін аулау максатымен әзіл-сықаққа, сазды музыка мен биге, эн-жырға тойдуманда баса көңіл бөледі. Үйлену тойында өтетін хан-хана аталатын ойын бойынша хан сайланып, ол эр алуан бүйрық, жарлығымен 181
жұртты қыран күлкіге батырады. «Кафтар-қос», «Марал ойыны» аталатын театрланған қойылым көрсетіледі. «Зорхана» аталатын қойылымда жас жігіттер белдесіп салмақ көтерісіп, баска да жарыс ұйымдастырып, неше алуан өнер көрсетіп, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы, ел мақтаған, қыз жақтаған жан екенін танытуға тиіс. Қалыңдық отырған күйменің алдын кес-кестеп жібермей, күйеу жағынан сыйсияпат күту ырымы бар. Неке бөлмесін қалыңдықтың жеңгетайы жиыстырып, жас отау иелерінің төсегін салып, қыздың беті шіркеусіз болса, таңертеңгісін күйеуден сый-сияпат күтеді. Бұл куанышты хабарды басқалары екі жақ кұдаларға жеткізіп, ата-енеден тиісті кэдесін алады. Қыздың пэк емес, қолды болуы сүйекке таңба түсіретін масқара қылық саналады. Қыруар той шығынын ауырсынып, күйеу өз достарының жәрдемімен қалыңдығын алып кашып та үйленетін. Бүл кейде қыздың ата-анасының еркімен істелінеді. Мүсылман елдерінде туыстық ынтымаққа үлкен мэн берілетінін білеміз. Алайда сыйластықтың жөні осы екен деп, эндогамдык үйлену салтына жол беру, демек өз туысына үйлену өсер ұрпаққа залалын тигізіп, өкінішке ұрындырмақ. Жалпы христиан дінін тұтынатын елдерде өз туысына үйлену өте сирек. Мысалы, христиан дінін түтынатын армян, грузин халықтарында 4-5 атаға дейін үйленуге тыйым салынса, мұсылман дінді әзербайжандарда емшектес болмаса болды деп немерелес бауырлар да үйлене береді. Ажырасу сирек. Перзент көрмеу - эр отбасы үшін ең ауыр бақытсыздық. Ажырасу үшін ері куәгердің көзінше әйеліне үш рет «сен талақсың» деп айтса, жеткілікті болған. Әйелдердің ерінен өз еркімен ажырасуы қиынырак еді. Ол үшін әйелі еріне: «Менің кебінімді (демек жасау, дүние-мүлкі) түгел өзіңе қалдыр да, басыма еркіндік бер», - деуі керек. Демек эйелге ештеме де тимейді деген сөз. Аяғы ауыр әйелге бар жағдай, үлкен қамқорлық жасап, айтканын қаз-қалпында орындайды. ¥л туғанға күн туар дегендей, жаугершіліктен көз ашпаған эзербайжан ағайындарда үл тапқан ананы үй іші мен туған-туысқандар түгелдей қүрметке бөлейді. Қыз туылса, «Уайымдамаңдар, элі де балаларың болады, күдай қаласа, үл да туылар» дегенді құттыктау сөзге қосып айтатын. Өлген адамды түнетпей, мүсылманша жөн-жоралғы жасап, сол күні-ақ жерлеуге тырысатын. Үшін, жетісін, қырқын, жылын атап өтеді. Эзербайжан ағайындар ғасырлар бойы қалыптасқан ғибраты мол ғүрпына, сарабдал салтына, кәделі әдебіне өсер ұрпақтың ден қоюына баса көңіл бөледі. Аксақалдар туыстық жақындығын ескеріп, жетім калган балаларды асырап алып тәрбиелейтін қамқоршы белгілейді. Ақсақалдар акыл-кеңесімен жеке отбасы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ есептеседі. Олар кешкі намазға мешітке жиналып, алда түрған келелі мәселені шешіседі. Әйелдер мен бала-шагаға қатысты мэселені карарда ең сыйлы деген бірнеше кейуана ана арнайы шақырумен ғана ақсакалдар алқасына катыса алады. Әке мен ата сөзін аяқ асты 182
қалдырмай, толықтай тыңдау-көнеден жеткен игі дәстүр. Қыз бала әжесі мен апасына (анасына) коса әпкесінің де айтқан ақыл-кеңесіне ден қоюы тиіс. Келіндері ата-енесі мен еріне толықтай бағынышты. Әйел баласының өз бетімен кыдырып кетуі, рұқсатсыз төркініне, көршіқолаңға баруы, жырқылдап күлуі, дауыстап сөйлеуі, аяғын сәнмен баспай, тасырлатып жүруі әдепсіздік саналады. ¥л баланы 7-8 жастан бастап атасы мен әкесі секілді ағасы да еңбекке дағдыландырып, ер мінезді болуға баулып, діни тэрбие бере бастайды. ¥л бала қыздан гөрі екі есе көп мүраға ие болмақ. Оджағ (ошақ) - отбасы, әулет, түқым-тұқиян мағынасын білдіретін сөз. Ана сүтімен, нанмен, түзбен, ошақпен қарғанып-сілену - ант ішудің ең ауыр түрі. Әзербайжанның үштен бір бөлігі - мұсылман-сүнниеттер де, қалғаны - мұсылман-шийттер. Діннен айрылған дүлейлік деп үғатын халық имандылық тәрбиесін басты мақсаттың бірінен санайды. Новруз байрамды табиғат ананың жаңару, түлеу мейрамы ретінде бүкіл халык боп тойлайды. Суға, тасқа, орманға табыну сілемі сақталған. Халық емшісін хеким немесе тебиб деп атайды. Олар күн сәулесімен, теңіз суы ваннасымен, ыстық кұммен, жеміс-жидек, шөп, эралуан қайнатыммен ауруды емдейді. Дэллек - хирургиялык тәсілмен сауықтыратын емші. Олар сынған, шыққан жерді орнына салатын сынықшылар да. Эзербайжан мен Қазакстан халықтарының қарым-қатынасы дамып келеді. Біздің республикалар үкімет басшыларының кездесуі ел мен елді, туыс пен туысты кауыштырған, екі елдің келешегі мен қуатты берік ынтымактастығын танытқан салтанатты мерекеге айналуда. Эзербайжан халқының қүрамында бірнеше субэтникалық топ бар. Келесі эңгімеміз солар жайында. Әдеб. Народы Передней Азии. М., 1957; Народонаселение стран мира, справочник. М., 1974; Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М., 1962; Языки народов СССР, т. 2, М., 1966; Қазац совет энциклопедиясы, 2 т. А., 1973; Түркістан, хальщаралыц энциклопедия, А., 2000. ҚАШҚАЙЛАР Қашкай, афшар, қарадағ, қарапапах, айрум, падар, шахсеван, хаджар, баят, қызылбас деп аталатын Иран Ислам Республикасын - ішінара Алдыңғы Азияның басқа да елдерін мекендейтін көпшілігі ру-тайпаға бөлінетін, жартылай көшпелі түрмыс кешкен түркі үлыстарының бар екені мэлім. Орта ғасырларда казіргі Иран мемлекетіне қарасты эзербайжан жеріне көшіп келген түркі тілдес көшпелі халықтардың диалектілері эзербайжан тілімен жақындаса түскен. XVI ғасырдағы Сефевидтер аталатын түрік династиясы түсында, одан кейінгі Каджарлар түсында да Ирандағы шах билігі түркі үлыстарына көшкен кезі тарихтан белгілі. Аталмыш халықтардың бэрі де Эзербайжан 183
тіліне жакын диалектіде сөйлейтініне карамастан, тұрмыс-тіршілігі мен рухани мәдениетіндегі сәл-пэл өзгешелігіне бола, сондай-ақ Иран үкіметі билеушілерінің күш салуымен эр бөлек ұлыска жатқызылып келді. Ал Закавказьеде бүл халықтар жеке аталмайды. Ондағы үш республиканы мекендеген бүл үлыстардың шағын тобы 20-ғасырдың 30-40-жылдары-ақ эзербайжан халқының қүрамына еніп, бір этносқа айналған. Тек 80-жылдардан кейін ғана Иран үкіметінің бөлектеуге барынша тырысқан әрекетіне карамастан, аталған ұлыстардың өздеріне тілі мен ділі етене жакын эрі мәдениеті мен өнері басым дамыған эзербайжан ұлты төңірегіне топтасып, бір этносқа бірігуге икемделе түскені байқалды. Атап айтқанда, тілімен қоса, әдет-ғұрпы, нанымсенімі, тұрмыс-тіршілігі де өте жакын, саны 400 мыңдай баят үлыстары қазіргі кезде өздерін эзербайжан ұлтына жатқызып жүр. Отарлаушы үкімет тарапынан материалдық эрі рухани қанауға душар болған иран түркілерінің бір бөлігі Закавказьеге, Орта Азияға, Еділ бойына көшіп барып паналаған. Ресми мәлімет бойынша 1891 жылы - 15,6 мың, 1903 жылы - 32,8 мың, 1905 жылы - 62,2 мың, 1912 жылы - 81,9 мың адам көшіп барған (Народы Передней Азии. М., 1957, с. 287). Қашқайлардың саны - 800 мын адам (2002). Олар решури, шашбюлюк, кашкули, фарсимадан, амале секілді тайпалық одақтарға бөлініп, Иран Ислам Республикасының Фарс, Исфахан провинциясында көшіп-қонып тіршілік етіп келген. Қашқайлардың шыгу тегі мен тарихына қатысты анықтала қоймаган жэйттер, талас пікір толастаған жоқ. Г.Керзон олардың эдет-ғүрып жагынан лур халқына үқсас екеніне коңіл боліп, түркіленген лурлар десе, В.В.Бартольд қашқайларды түркі тайпасы халаджилер ұрпағы деп дэлелдеуге тырысады. М.Б.Бахманбеги «каш» деген сөзге мэн беріп, қашкайлардың шығу тегін эзербайжанмен байланыстырып, солардан бөлініп шыққан дейді. XX гасырдың отызыншы жылдарына дейін Иран үкіметі жауынгер де ержүрек кашқайларды күшпен бақындыруға жүрексініп, оларды үстем билеуші тобы ильхандар арқылы гана басқаруға мэжбүр болды. Иран үкіметі қашқайлардың арасына іріткі салып, басын біріктірмей, ильхан болғысы келген феодалдарды қырқыстырып қойып, билікті өз қолына алгысы келгенмен, көп уақыт ол мақсатына жете қоймады. Сосын қашкайларды отырыкшы тұрмысқа көшіріп, ильхандарды биліктен айырмак болды. 20-ғасырдың 30-40-жылдары қашқай халқы Иран үкіметіне карсы қарулы көтеріліс үйымдастырып, элденеше рет жеңіске жеткен. Алайда бұл жеңістің жемісін шетелдік империалистік күштер өз мақсатына пайдаланып бақты. Қаншама жауынгер халық болганмен, бір орталыкка багынбаган бытыранды қашқайлардың тэуелсіздікке жетуі қиын еді. Қашқайлар эзербайжан тіліне жақын диалектіде сөйлейді. Әрі материалдык жэне рухани мәдениеті де үқсас болгандықтан, кейде оларды әзербайжанның этнографиялық тобына жатқызады. 184
Антропологиялық жағынан олар еуропеидтік нәсілдің алдыңғы азиялык тобына жатады. Патриархалды-феодалдық қатынас сақталған қашқайлардың «ел», «аил» аталатын елді мекенін елбегінің жэрдемімен ильхандар баскарады. Олар ауыл ақсақалдарының да ақыл-кеңесімен есептесіп отырады. Ру, тайпаның кедхуда, қалантар, ришсефид аталатын билеуші топтары ұрпақ қуалап қана тағайындалады. Тұрмысы мен коғамда алатын орнына қарай халық бес сословиеге бөлінеді. Әлді-ауқаттылар ильхан, қалантар, кедхуда, сосын барып райя деп аталатын топқа бөлінеді. Ал ең төменгі сословиеге табакатепаст жатады. Эр сословиеге жататын кыз бен жігіттің бір-бірімен көңіл қосуына жол берілмей келді. Зор байлыққа ие болған ірі феодалдар ильхан аталады. Олар малайлар ұстайды. Еңселі екі қабатты үйлерде тұрады. Резиденциялары, соңгы талаппен жабдықталған моншасы болады. Қарапайым кашқайдың мекенжайы - чадар аталатын ұзын сырықпен іштен тіреп қоятын, төбесі мен керегесі тері жамылғымен жабылған дөңес шатырлы үй. Басты кәсібі - экстенсивті мал шаруашылығы. Қалың жүртшылық өз тұрмысының күрт төмендеуінен XX ғасырдың ортасында егіншілік кәсібімен қосымша айналыса бастады. Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, есек үстайды. Парсы шығанағында қыстап, көктем шыга солтүстікке жылжиды. Күндізгі ыстықтан қоргану үшін көбінесе түнге қарай көшіп қонады. Негізгі қорегі арпа, жүгері үнынан пісірген тоқаш нан мен сүт тағамы, финики. Ауқаттыларда қой еті, құс еті, күріш үзілмейді. Шөп тамыры да тағамға жаратылады. Ата-әжесі, бала-шағасы бірге тұратын қашқай жанұясында патриархальды тэртіп толық сақталады. Әкеден кейінгі билік, жас мөлшеріне қарамастан, қолынан іс келетін үлына тапсырылады. ¥л баласы бар үйде экеден калган мүрадан әйел баласына еш нәрсе де тимейді. Егер қайтыс болган ата-ананың бірден-бір мүрагері боп жалгыз кыз бала қалса, ондай жагдайда ол қыз оз туысының біріне түрмысқа шығуга мэжбүр. Өйткені туыстары қыз дүние-мүлкінің бөтенге кетуіне жол бермейді. Әмеңгерлік заңы сакталган. Жесір қалган эйелді бөтенге жібермей, күйеуінің, агайын-туганының біріне қосады. Сол себептен қос әйелді жанүясы аз емес. Әйелі қайтыс болган еркектің мүмкіндігінше өзінің балдызына я қайынбикесіне үйленуі құпталып келді. Үлгі түтар бір нәрсе, ажырасу дегеніңіз кездеспейді дерлік. Өйткені жігіт қыруар калыңмал төлеп қана үйленеді. Мал, ақша, зат, киіт түрінде берілетін қалыңмалдың мөлшері қыз жасауының күнынан элденеше есе артық. Қалыңмал төлеген қайсыбір отбасы кедейленіп жатады. Жігіт үйінде өтетін үйлену тойы да кымбатқа түседі. Оган бүкіл ауыл-аймак қатысады, эралуан өнерпаздар, әнші мен бишілер арнайы шакырылады. Көптеген ырым-сырымын жасап, қалыңдықты үзату басталады. Қыз өзі өскен үйді үш рет айналып, оны сүйеді. Алкашқы күні өз ата-анасының берген тагамын гана жеу үшін беліне нан орап 185
байлайды. Өздеріне арналған жас отауға жеткен кезде күйеу жағы қалыңдыққа сыйлық ұсынып, аттан түсіреді. Үй ішіндегі шымылдыққа қарама-қарсы жаққа айна мен суы бар ыдыс қойылады. Бұл - жас отау иелері бақытты болсын деген ырым. Шымылдық ішінен шыққан келін күріш я үн, ақша салған қоржынга қолын сүғады. Бүл - жас отау иелері әлді-ауқатты болсын деген ырым. Өкінішке орай, эндогамдық отбасы, демек белгілі бір рудың, жақын туыстың өз ішінен ғана қыз таңдап үйлену салты белең алған. Әйел-ана үлкен кұрметке ие, өйткені үй тіршілігінің бар тауқыметін әйелдер көтереді: малға қарайды, мал сауады, тамақ пісіреді, азық-түлік әзірлейді, бала бағады, дэрілік шөп жинайды, көшіп қонуға даярлық жасайды, киім-кешек тігеді, терітерсек, жүн-жүрқадан керектілерін жасайды дегендей. Мейманқостык дэстүр қатал сақталған. Оны ғонақ перстлиқ дейді. Қанды кек алу әдеті бар. Егер хан өз билігін жүргізіп, жігерлі әрекетпен тоқтау салмаса, қанды кектің үзақ жылға созылып көп кұрбандыкқа үшыратуы мүмкін. Өткен кезде кең тараған қанды кек алу дәстүрі Иран түркілері мен Әзербайжанда кейін келе қүн төлеуімен ауысты. Оны хұн-бағасы (қан ақысы) дейді. Кейде кісі өлтіруші елден қуылады. Алайда қасакана эрі жауыздықпен кісі өлтірсе немесе біреудің жалғызы секілді ең аяулысын мерт кылса, ондай адамға ешқандай кешірім жасалмайды. Қашқайлар - мүсылман шииттер. Алайда басқалармен салыстырғанда олар аса діндар емес. Әруакка сиыну дәстүрін имамзаде деп атайды. Ошаққа сиыну, ошақты қастер түту ғүрпы бар. ¥лы коп үйдің ошағы көп деп есептеп, ұлы жок үйді «соқыр» немесе «мылқау» деп санайды. Мәдениеті мен фольклоры, музыкасы мен үлттық өнері жағынан эзербайжандарға жақын. Еңбек процесімен, егіншілікпен, күріш орумен байланысты түрмыстық әндер кең тараған. Чангиха аталатын сазгер музыканттар сатаре, таренай, сазе, карнас, барабан секілді музыка аспабымен эншілерді сүйемелдейді. Ашикха аталатын топ каманче аталатын скрипкамен хорды сүйемелдейді, сахналық шығармалар орындайды. Көп жанрлы ауыз әдебиеті дамыған. Сатира мен юмор - халық фольклорының маңызды саласы. Басқа да мұсылман елдеріндегідей Молла Насреддинмен байланысты күлдіргі әңгімелерді халык сүйіп тыңдайды. Баска да Иран түркілерінің тұрмыс-тіршілігі осы тэрізді. Әдеб. Народы Передней Азии. М., 1957; Народонаселение стран мира. Справочник. М., 1971. ҚАРАПАПАХТАР Қарапапахтар - Ирандагы Резайе көлінің оңтүстік жағалауындағы Сулдуз округінде түратын түркі тілдес халық. Қарапапах тайпасының саны 160 мыңдай (2002). Олар мүнда Закавказьеден көшіп келген. 186
Орыс-парсы соғысы кезінде Иран жағында соғысқан қарапапахтардың бір бөлігі - соғыс аяқталғасын Грузияның Ворчало ауданы мен Әзербайжанның Қазақ ауданынан, Севан көлі жағалауынан Иранга қоныс аударғандар. Олар көп уақыт Ирандағы курдтармен аралас тұрып, олардың түрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің көп элементін қабылдаған. Антропологиялық жағынан еуропеидтік нэсілдің кішіазиялық тобына жатады Ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Қарапапахтардың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті мен музыкасы, мәдениеті мен өнері, наным-сенімі мен менталитеті қашқайлармен бірдей. Олар эзербайжан тіліне жакын диалектіде сойлейді. Қарапапах тілінде мектеп, баспасоз болған емес. Оқу-ағарту ісі, іс қағазы парсы тілінде ғана жүргізіледі. Иран түркілерінің тілінде сингармонизмнің ыкпалы айтарлықтай емес. Қарапапахтың әдеби тілі мен жазуы калыптаспаған. Ауызекі сойлеу тілі ғана қалыптасқан. Парсы тілінен ауысқан сөздер көп. Қарапапахтар теркавюн, сарал, араплы, борчало, жанахмеди, чахарлы, улачлы секілді жеке тайпаларға болінеді. Борчалолар өздерін хан тайпасы есептеп, басқа тайпаларға өз билігін жүргізіп келген. Олар отырықшы түрмысқа көшіп, мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысатын болды. Бидай, арпа, тары, бүршақ дақылдарын, бау-бақша, жүзім өсіреді. Тагам түрлерінен сүт онімдері мен қамырды, жеміс-жидек пен көкөністі басым пайдаланады. Ауыз әдебиеті дамыган. Халық фольклорына ерлік пен лирикалык жыр, аңыз әңгімелер мен балладалар, ертегілер, күлдіргі эңгімелер жатады. Әдеб. Народы Передней Азии. М., 1957. ШАХСЕВАНДАР Шахсевандар - Иран Ислам Республикасында түратын түркі тілдес халық. Ұзақ уақыт кошпелі түрмыс кешкен шахсевандардың саны 410 мыңдай (2002). Олар да ру-тайпага бөлінеді. Бүл атау «шахқа берілген», «шахты үнататын» деген үғымды білдіреді. Ирандагы мемлекеттік билікке ықпалды белгілі бір этникалықтоп осылай аталып, олардан тараған ұрпақ кейіннен жеке халық болып кетсе керек. Жалпы, Иран тарихына зер салып отырғанда байқайтынымыз, парсылар айналасындағы түркітектес халықтарды бір-біріне айдап салып, өзара қырқыстырып қойып, озіне қарсы келер күшті элсіретіп отырған. Шахсевандар тағдыры бүған мысал бола алады. Дәстүрі мен мәдениетінен айрылып, өздері жағымсыз эжуа деңгейіне түсіп кеткен. Шахсевандар XVI гасырдағы сефевид монархиясының тірегі болған. Шах үкіметін қорғайтын қауым болғандыктан, шахсевандарға артықша жағдай тудырып, жеңілдіктер берілетін. Бүл тэртіп 1925 жылға дейін, Реза-шахтың үкімет билігін қолына алганға дейін созылып келді. 187
Шахсевандардың материалдық жэне рухани мэдениеті, тұрмыстіршілігі мен салт-дэстүрі Иран әзербайжандары мен қашқайларға ұқсас. Олар ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Заказкавказиядағылары өздерін эзербайжан ұлтының өкіліне жатқызады. Антропологиялық жағынан олар еуропеидтік нәсілдің алдыңгы азиялык тобына жатады. Бұрындары көшпелі тұрмыс кешіп, мал шаруашылығымен ғана айналысқан шахсевандар біртіндеп отырықшы тұрмысқа көшіп, бидай, арпа, бау-бақша өсіретін болды. Мал шаруашылығы өнімдері кеңінен пайдаланылады. Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе өсіреді. Ет, сүт тағамы басым. Малдың жүні мен терісін кэдеге жаратады, тезегін отын қылады. Халық екі сословиеге бөлінетін қауымдастық құрайды: бектер жогары сословиеге, шаруалар төменгі сословиеге жатады. Түркі тілінің оғыз бүтагына жататын шахсеван тілі эзербайжан тіліне жақын. Бірақ бүл тілде парсы тілінің ыкпалы басымдау. Ересектер түгелдей қос тілді. Олар өз ана тілімен қоса парсы тілін де меңгерген. Шахсевандардың әдеби тілі мен жазуы қалыптаспаган. Оқу-агарту жүмысы мен іс қагаздары парсы тілінде гана жүргізіледі. Өз ана тілі үй ішілік деңгейде гана қолданылады. Әдеб. Народы Передней Азии. М., 1957; Народы мира, историко — этнографический справочник, М., 1988. ҚЫЗЫЛБАСТАР Қызылбастар - Иран Ислам Рсепубликасының солтүстігін мекендейтін түркі тілдес халық. Саны - 360 мыңдай адам (2002). Қазақтың батырлық жырында айтылатын түркі тілдес қызылбас үлысы 12 шейит имамының кұрметіне тігілген 12 сайлы қызыл бас киім киюіне байланысты аталған. Қызылбастар Иран, Сирия тагы басқа Кіші Азия елдеріндегі көшпелі түркі тайпаларының бірлестігін қүрған. Сөйтіп XV ғасырдың ортасына таман аталган түркі тайпаларының әскери эрі діни туыстығына айналған шейиттік, дэруіштік Севефи орденінің басты тірегі болды. 1503 жылдан батыс Иранда билік жүргізген Севефи әулетінен шықкан кызылбас билеушілері бүкіл парсы мемлекетін өзіне қаратып, астананы Тебризден Исфаханга көшірген. Қызылбастар жеті тайпага бөлінеді. Олар да таяу уақытқа дейін жартылай көшпелі түрмыс кешкен. Қазіргі кезде отырықшы тұрмыска көшіп, мал шаруашылыгымен қоса егіншілікпен де айналысады. Бұл тайпалар бір тілдің эр алуан диалектісінде сойлейді. Діні бір. Тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі, мэдениеті мен өнері, нанымсенімі мен үлттық психологиясы да шахсеван, кашқайлармен бірдей. Қызылбастар қой, ешкі, аздап сиыр мен жылқы өсіріп, ет пен сүт, көкөніс тағамын басымырақ пайдаланады. Бидай мен жүгері үнынан 188
нан пісіреді. Қызылбастарда немере туысына үйлену жиі кездеседі. Өйткені мұндай жағдайда жігіт жағы қалыңмал төлемейді. Қызылбас тілі эзербайжан тіліне жакын. Ересектер ана тілімен коса парсы тілін де түгелдей меңгерген. Алайда Иран үкіметінің шовинистік саясатының салдарынан иран түркілерінің тілінде оқу орны, баспасөз болмагандықтан, олар парсылану процесін бастан кешуде. Қызылбас тілі үй ішілік деңгейде ғана қолданылады. Әдеб. Народы Передней Азии. М., 1957; Народонаселение стран мира, справочник. М., 1971. СОНКОРЛАР Сонкорлар - Ирандағы Сонкор қаласында жэне соған жакын Фархад-хан, Корве елді мекендерінде түратын түркі тілдес халық. Сөйлеушілер саны - 86 мыңдай адам. Антропологиялык жағынан, рухани мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, діни наным - сенімі жағынан сонкорлардың жоғарыда аталған ирандық түркі үлыстарынан айта қаларлыктай өзгешелігі жок. Олар ислам дінінің суннит тармағын түтынады. Түркі тілі оғыз бұтағының оңтүстік-батыс тобына жататын сонкор тілін түркологтар эзербайжан тілінің диалектісіне жатқызады. Алайда сонкорлар өздерін бөлек үлысқа жаткызады. Сонкор тілінің басқа оғыз тілдерінен айырмашылығына мыналар жатады: сөз соңында н дыбысы сусып түсіп калады: та-тап, за-зап, Ьи-Ъиі, тапа-маган, запа-саган. р-т, д-р дыбыстары алмасады: сіасіа-сіага (әке), агуаі-агуаг (әйел), сіигсіх-сіисіах (ерін), аг-асі (ат). Дыбыс үндестігінің эсері солгын. Парсы тілінен ауыскан соз көп. Сонкор тілінде мектеп те, баспасөз де болган жоқ. Бүл түрмыста гана қолданатын үй-ішілік тіл. Сонкордың ауызекі тілі екі говорға бөлінеді: қалалыктар тілі, ауылдық жердегілер тілі деп. Сонкор тілінің лексикалық, грамматикалық ерекшелігі аз зерттелген. Жазуы араб әліпбиіне негізделген. 12 дауысты, 23 дауыссыз фонема бар. Сонкор тілінің жалпыға ортак эдеби нормасы жок. Ресми тіл - парсы тілі. Кейінгі кезде өз ана тілінен білімі таяз жастар бой көрсетіп жүр. Әдеб. Ооег/ег Ү. Әаз зопцог — Тйгкізсһе (еіп УогІсіи/і§ег Вегісһі)//5іис1іа ОпепіаШ. НеЫпкі, 1977; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. ХАЛАДЖДАР Халадждар - Иран мемлекетінің астанасы Тегеран қаласынан оңтүстік - батыска карай 200 шақырымдай қашыктықтағы оңірді мекендейтін түркі тілдес халық. Сөйлеушілер саны - 45 мыңдай адам (2002). Халадждар 50 шақты елді мекенде эзербайжан, парсы, кашкайлармен аралас түрады. Сондықтан ересектер - түгелдей дерлік 189
қостілділер. Жастар көбінесе парсыша сөйлейді. Халадж тілін әйелдер жақсыракмеңгерген. Соңғы кездері халадждардың эзербайжан ұлтымен топтасып, жақындай түскені байқалады. Бірсыпыра түркологтар халадждар тілін эзербайжан тілінің диалектісіне жатқызып жүр. Алайда халадждар тілі ирандағы бірқатар оғыз тобындағы тілдермен салыстырғанда эзербайжан тілінен алшақтау тұр. Оны халадждар тілінің лексикасынан, ішінара морфологиялық қүрылымынан байқауға болады. Көп уақыт басқа түркі халқынан оқшау тіршілік еткендіктен лексикасында көнерген сөздер көбірек. Жалғамалы тілге жатқанымен морфологиялық күрылымынан парсы тілінің әсері байқалады. Халадж тілі - кенже жазбалы тіл, жазба ескерткіштері жоқ, әдеби тілінің нұсқасы да жоқ. Халадждар - Махмүд Қашқари еңбегінде аталған оғыз, карлұқ, қыпшақ, қаңлы тайпалық одақтарымен қатар аталған ең ертедегі тайпа. Халадждар тілі түрмыста ғана қолданылатын үй ішілік тіл. Халадж тілінде мектеп те, баспасөз де болған емес. Оқу-ағарту жүмысы, мекемелердегі іс қағазы парсы тілінде ғана жүргізіледі. Сөздік құрамында парсы тілінен енген сөздер көп. Халадждардың антропологиялық кескін-келбеті, түрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімі, салт-дэстүрі, материалдық жэне рухани мәдениеті ирандағы түркі үлыстарына ұксас. Олар ислам дінінің шиит тармағын үстанады. Антропологиялық жағынан еуропеидтік нәсілдің кішіазиялык түріне жатады. Әдеб. Зейнолов Ф.Р. Об одном древнем тюркском языке в Среднем Иране// Советская тюркология, 1972. қ 6; Дерфер Г. Является ли халаджский язык диалектом азербайджанского языка?//Советская тюркология. 1974. ңі. ХОРАСАН Хорасандар - Иранның Хорасан провинциясын мекендейтін түркі тілдес халық. Хорасан тілінде сөйлеушілер саны - 500 мыңдай адам (2002). Антропологиялык жағынан хорасандар еуропеидтік нәсілдің кішіазиялық түріне жатады. Ислам дінінің шийт тармағын түтынады. Хорасан атауы сасанидтер дәуірінен белгілі. 13-ғасырдағы монгол шапқыншылығына дейін Хорасан Орталық Азиядағы экономикалық жағынан ең дамыган өлкенің бірі болатын. Хорасан - жер өңдеу кэсібі, егіншілік дамыған аймақ. Бидай, арпа, күріш жэне мақта басым егіледі. Аймақтың солтүстік өңірінде кой мен ешкі көбірек бағылады. Жеңіл жэне тамақ өнеркәсібі, қолөнері дамыған. Сыртқы саудаға кілем, жүн, мақта, каракүл, күріш шығарылады. Хорасандар коп салалы шаруашылыкпен айналысады, дэнді дақыл, бау-бакша осіреді, мал шаруашылығы да дамыған. Материалдык, рухани мәдениеті жағынан да түрікмен, эзербайжан халыктарына жакын. Түркі тілдері оғыз бүтағының оңтүстік-батыс тобына жататын 190
хорасан тілін эзербайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы аралық тіл деуге болады. Көп санды халык бола тұра хорасан тілінде жүргізілетін оқу орны, баспасөз болған емес. Оқу-ағарту жүмысы, мекемелердегі іс қағазы ресми тіл парсы тілінде ғана жүргізілді. Иран үкіметі түркі халықтарын парсыландыру саясатын жүргізіп келді. Сол себептен парсы тілінің әсері хорасан тілінің лексикасымен қоса фонетикасынан да, морфологиялық кұрылымынан да айқын сезіледі. Парсы тілінің әсерінен хорасан тіліндегі дауысты дыбыстардың үндестігі (сингармонизм) өз эсерін жоғалтып алған. Бөгде тілдің әсері хорасан тілінің вокализмінен де, консонантизмінен де аңғарылады. Хорасан тілі батыс, солтүстік, оңтүстік диалектісі делінген үш жергілікті ерекшелікке бөлінеді. Хорасан тілінің лексикасы мен синтаксисі аз зерттелген. Әдеб. Әоег/ег Ү. Оан Сһоганапійгкінсһе. Апкага. 1978; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. БОДЖНҰРДИЛЕР Боджнұрдилер - Ирандагы Хорасан провинциясының батыс оңірін мекендейтін түркі тілдес халык. Жалпы саны елу мыңдай адам. Олар өздерін дербес үлысқа жатқызғанмен, түркі танушылар боджнұрдидің сөйлеу тілін хорасан түркілері тілінің диалектісіне жатқызады. Тіл жақындыгымен коса боджнұрдилердің материалдық, рухани мәдениеті, діни наным-сенімі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, салт-дәстүрі де хорасандарға ұқсас. Антропологиялық жағынан еуропеидттік нэсілдің кішіазиялық тобына жатады. Олар ислам дінінің шиит тармагын түтынады. Боджнүрди тілінде мектеп те, баспасөз де болган емес. Бұл - түрмыста гана колданылатын үй-ішілік тіл. Ересек боджнұрдилер - түгел дерліктей қостілділер. Жыл өткен сайын боджнүрди тілінде сөйлеушілер азая түсуде. Парсы тілі кең тараган. Парсы тілінің әсері лексикадан да, фонетикалық, грамматикалық құрылымынан да аңғарылады. Атап айтқанда, дауысты дыбыстар үндестігі өз әсерін жоғалтып алған. Парсы тілінен ауыскан жалғаулык сөздер, қосымшалар бар. Құрмалас сойлем түрлерінен де сәл-пәл парсы тілінің синтаксистік құрылымы байқалады. Боджнұрди тілінің диалектілері аз емес, эдеби тіл нормасы қалыптаспаған, жазба әдебиеті де жоқ. Оқу ағарту жүмысы мен іс кагаздары парсы тілінде жүргізіледі. Араб тілінен ауысқан сөздер де аз емес. Әдеб. Ғагяу ЗгаЬоІсз. Әа$ ВоЖсһпигс/і, еіп Ійгкізсһег Оіаіекі іп сһогаяап. Озірегхіеп. 1977; Языки мира. Тюркские языки. М., 1997. 191
АФШАРЛАР Афшарлар - Иранның солтүстік- батыс өңірін мекендейтін, ішінара Түркия мен Ауғанстанда кездесетін түркі тілдес халық. Жалпы саны - 430 мың (2002). Антропологиялық жағынан еуропеидтік нәсілдің алдыңғы азиялық түріне жатады. Ислам дінінің шийт тармағын түтынады. Афшарлар таяу уақытқа дейін ру-тайпаға бөлініп келген. Афшарлар жартылай көшпелі түрмыс қүрып, жайылымдық мал шаруашылығымен, ішінара егіншілікпен айналысты. Көбінесе қой, түйе, жылқы өсіреді. Дәстүрлі қолөнері кілем тоқу, түскиіз тігу, жүннен мата жэне басқаны тоқумен әйелдер айналысады. Шаруашылық түріне қарай түрғын жайдың эралуан түрі кездеседі. Кедейлер саз балшықтан, саманнан тұрғызылган үйлерді мекендейді. Ғасырлар бойы басқа тілдік ортада аралас тұрғандықтан, афшар тілінің лексикасында басқа түркі тілінде айтылмайтын біраз сөз кездеседі. Ресми тілі - парсы тілі. Парсы тілінің әсері сөздік құраммен коса афшар тілінің грамматикалык кұрылымынан да аңғарылады. Үндестік заңы өз әсерін жоғалтып алған. Афшарлардың ауызекі сөйлеу тілі көптеген жергілікті ерекшелікке ажыратылады. Жалпы халықка ортақ әдеби тілі жоқ. Афшар тілінде мектеп те, баспасөз де болган емес. Оқу-агарту жүмысы, іс қағазы парсы тілінде ғана жүргізіледі. Ересек афшарлар - дерліктей қос тілділер. Парсы тілі кең тараған. Қайсыбір түркологтар афшар тілін эзербайжан тілінің диалектісіне жатқызады. Расында да, афшарлардың тілімен коса материалдық жэне рухани мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі де иран әзербайжандарына жақын. Әдеб. Большая Советская энциклопедия. 2 т. М., 1970; Народы Передней Азии, М., 1957. ТҮРІКМЕНДЕР Түрікмендер - тәуелсіз бейтарап Түрікменстан Республикасының тұрғын халқы. Түрікмен тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Түрікмендердің бүкіл әлемдік жиынтық саны сегіз миллиондай. 2008 жылғы санак дерегі бойынша оз республикасындагы түрікмендер саны торт миллион адам болса, олардың 98%-ы түрікмен тілін ана тілім деп таныган екен. Түрікмен диаспоры Өзбекстанда, Қарақалпақстан мен Тәжікстанда, Астрахань облысы мен Солтүстік Кавказда да бар. Тарихи тағдыры киын-кыстауга толы баска халықтар секілді түрікмен агайындар да коп елдерге тарыдай шашылып кеткен. Алые шетелдерін үш жарым миллионга жуық түрікмен мекендейді. Иран Ислам республикасында 1100 мыңдай, Иракта 830 мыңдай, Ауганстанда жарты миллиондай, Түркияда 100 мыңнан астам, Сирия, Иордания т.б. араб елдерінде 300 мыңдай түрікмен бар. Антропологиялық жағынан түрікмендер окшау тұр. Өйткені олардың кескін-келбеті Орта Азияның 192
баска халықтарына онша ұксамайды. Рас монголоидтық элементтің шамалы гана болуы жағынан озбектерге жакын сияқты көрінгенмен, олардың сақал-мұрты мен жақ сүйегі, қабағы, бас құрылысы болекше. Түрікмендердің бойы биіктеу, ат жақты, сопақ бетті болуымен оңтүстік эзербайжандары мен парсыларға ұксастау. Зерттеушілер түрікмендерді еуропеидтік нэсілдің Жерорта теңізі антропологиялык тобына жатқызып жүр. Түрікмен халкының қалыптасу тарихы XV ғасырға дейін созылып келді.Бұлхалықтыңқалыптасуындаоғызтайпасышешушірөльатқарған. Сельджук, қыпшақ, жалайыр, сондай-ак бірлі-жарым иран тілдес тайпалар оғыздармен араласып кеткен. Ертеректегі теке, иомуд, гоклен, сарық, салар, эрсары, човдур, нохурли, емрели, алили, қарадашлы, ата деген этнографиялық топтар мен тайпалар бертін келе бірыңғай түрікмен этникалық бірлігін қүрған. Ертеректе түрікмендерде овган, арап, гуллар, гурд, гурама, тат, кыпчак, аймаклар, гирей, газен, галмыклар, гарамугол аталатын түрікмен халқының этногенезін анықтайтын рулар болган. Кейін келе руга боліну өз әсерін жогалтып алган. XVXVI ғасырларда үлан-байтақ территорияны, Каспий теңізінің шыгыс жагалауын түгелімен, Маңқыстау өңірін қоса түрікмендер мекендепті. Алайда эралуан себептен, ішкі-сыртқы жагдайдың эсерімен халык дүркін-дүркін үдере кошумен болган. Бертін келе Хиуа хандыгының дүркін-дүркін жасаган қарақшылық шапқыншылыгынан халық қыруар зардап шекті. ХУІ-ХУІІІ гасырларда Сарықамыш көлінің қүргап қалуы салдарынан Түрікменияның батыс өңірінен халық Хорезм оазисіне жаппай қоныс аударды. Түрікмендер-жауынгерлігімен, ержүрек батырлығымен, отаншылдыгымен, бостандыкка құштарлыгымен ерекше козге түскен халық. Ертеректегі жиһангерлер олардың жүрек жүтқан батырлығын, ант пен сертке мейлінше адалдығын, қолы ашық жомарттыгын жогары багалаған. Ғасырлар бойы өз ата-мекенін шетелдік басқыншылардан коргап келген түрікмен халкының тарихы ерлікке толы. Еңбек адамының бір қолында кетпені болса, екінші колынан қаруын тастаған емес. Қыргиқабақ алауыздық кесірінен эралуан тайпалардың бір мемлекетке біріге алмауы халықтың жағдайын ауырлата түсті. XVI ғасырдан бастап түрікмен жеріне көз алартқан Иран, Бүхара, Хива хандыктары өзара кескілескен күрес жүргізді, жергілікті халыққа да озбырлык көрсетті. Ата жүртын қоргау үшін халык шетелдіктермен ауыр күрес жүргізуден көз ашпады. Ұзакка созылган өзара қырқыс, коршілес хандыктардың қугын-сүргіні, қысым көрсетуі, эсіресе, шаруашылықты зор бүліншілікке үшыратқан қалмақ шапқыншылыгы түрікмен халқының әлеуметтік, экономикалық, мэдени дамуына кесеколденең боп, үшан-теңіз зиян келтіріп, жапа шектірді. Стратегиялық маңызы күшті, қойнауы кенге бай түрікмен еліне өз жерін патшалы Ресей басқыншыларынан да қорғауга тура келді. 1869 жылы Каспий теңізінің шыгыс жагалауына орыс эскерлері келіп, 193
Красноводск (қазіргі Түркменбаши) бекінісін салды. Ержүрек те жауынгер, намысшыл, еркіндік сүйгіш түрікмен халқы орыс патшасының басқыншылық эрекетіне табандылықпен қарсы тұра білді. 1879 жылы Ахалдағы Геок-Тепе бекінісін штурммен алмақ болған мүздай каруланған орыс эскері жеңіліске үшырап, көп шығынмен кері шегінді. Келер 1880 жылы да Ахал алқабының түрғындарының генерал М.Д.Скоблевтің зеңбірекпен, пулеметпен қаруланған эскеріне табандылықпен қарсы түрып, өздерінің басты камалын үш апта бойы ерлікпен қорғаганы аңызға бергісіз. Күш тепе-тең емес еді. Орыс әскері сан жағынан да, әсіресе қару-жарак жағынан да әлдеқайда басым еді. Орыс эскерінің жеті ай бойгы ауық-ауық шапқыншылығынан екі жақ та қалжырайды. Патша генералы өз күнделігінде былай деп жазыпты: «12 января 1881 года русские войска подорвали крепостную стену. В огромные проломы ринулись семь тысыч русских солдат и после жестокой схватки они сломили сопротивление туркмен» («Деловая неделя», 24.01.2003). Сөйтіп ақыры Геок-Тепе қамалын орыс әскері талқандап тынды. Генералдың бүйрығымен ержүрек түрікмендердің ешбірін де тұтқындамай, тұрган жерінде өлтіре берген. Атты әскер қашып бара жатқан бала-шага мен әйелдерді, шалдарды да қүтылып кетпесін деп қыргынга үшыратқан. Орыс әскерінің де торттен бірі үрыста қаза тапты. 1990 жылдан бері түрікмендер жыл сайын 12 қаңтарды «Хатыра гюни» деп атап өтіп, Геок-Тепе шайқасында ерлік көрсеткен отандастарын еске алады («Деловая неделя», 24.01.2003). 1918 жылы 30 сәуірде Ресей Федерациясы күрамында Түрікмен Автономиялық Республикасы құрылды. 1924 жылы 27 қазанда Түрікмения Одақтас Республикага айналды. 1991 жылы Түрікмения тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Қазіргі түрікмен тілінде ірілі-ұсақты диалектілер мол-ақ. Зерттеушілер оларды үш үлкен топқа бөліп қарайды. Әдеби тіліне теке диалектісінің ахал говоры негіз етіп алынды. Оғыз бүтагын құрайтын түрік, эзербайжан, гагауз тілдерімен салыстырғанда қазақтардың түсінуіне анагұрлым жеңілі - түрікмен тілі. Өйткені өзінің тарихи даму барысында түрікмен тілі қыпшак тілдерінің әсеріне ұшырап, белгілерін қабылдаған. Ерте кезден түрікмен тілінде араб графикасына негізделген жазу жүйесі пайдаланылды. 1928 жылы латын әліпбиі қабылданды. 1940 жылы ол кирилицага ауыстырылды. Қазіргі таңда жазу қайтадан латын графикасына көшірілді. Түрікмен тілінің өзіне тэн басты ерекшелік - дауыстылардың созылыңкылыгы мен ерін үндестігі, сын есімнің грамматикалық түрленіске түспеуі. Түрікмен тілі - Түрікмен Республикасының мемлекеттік эрі ресми тілі. Ол қогамдықэлеуметтік өмірдің барлык саласында кеңінен қолданылып, ұлтаралык тілге айналып отыр. Бүл тілде бай көркем, ғылыми-техникалық эдебиет, т.б. басылымдар бар. Түрікмен тілінде оқу- агарту жүмысы, іс қагазы жүргізіледі. 194
Түркі тілдерінің қайнар көзі аса бай, сан-салалы ауыз әдебиеті деп жүрміз. Түрікмен әдебиеті эпостык шығармаларға, дастандар мен ертегіге бай. XVI ғасырда жарық көрген 12 жырдан кұрастырылған «Қорқыт ата кітабы» әдеби мүрасында, «Көрүғлы» эпосында түрікмен халқының ертедегі түрмыс-тіршілігі, діні мен наным-сенімі, эпостык дәстүрі бейнеленген. Түрікменнің бай да эралуан жанрлы ауыз әдебиетінде лирикалық түрмыс-салт жырлары басым. Оған бесік жыры хувди, қыздар эні ляле, жоқтау эні ағы, түрмыстық әндер монджук жатады. Түрікменнің жазба әдебиеті көне дэуірден бастау алады. XIII ғасырдағы селжүктер сұлтаны Жалалиддин Мелих шах, XIV ғасырдағы Челеби Хусамеддин акын, Ақсак Темір әулеті мен үлы Могол билеушілер сарайының ақындары Хилали Чағатай, Байрамхан Ханханан, Мирза Бархадур Туркменилер өз туындыларын парсы, шағатай тілінде жазған. Түрікмен әдебиетін дамытуға зор үлес қоскан озат идеяның көшін бастаған XVIII ғасырда омір сүрген атакты акын, философ Мақтымқүлы шығармасында айтылатын адалдық, еңбек, үлкенді сыйлау, айтқан сертке беріктік секілді ұлттық бет-бейнені жақсартуды меңзейтін ілім-тағылым бүгінгі уақыттың үрдісімен үндесіп жатқандай. Түрікменнің атакты қалам қайраткері Кемине (1775-1836) «Мақтымқүлы акындық аймақтың астығын түгел орып кетті, біз содан қалған бірді-екілі масақты терушілер ғанамыз», - деп ұлы үстазының ақындық қуатына зор баға беріпті. ¥лы ақынның өлең тілімен жеткізе білген кокейкесті арманын, ой-пікірін кейініректе өмір сүрген акын-жазушылар жалғастырып, түрікмен әдебиетін дамытуға лайықты үлес қосып, жазба әдебиетін биік белеске котерді. Түрікмен халқы музыкасының көп ғасырлық тарихы бар. Халықтың музыкалык мәдениеті өзінің түрі мен жанры жағынан бай эрі жанжакты. Халык эндерінің құрамына жар-жар, бесік жыры, лирикалық эндер мен еңбек эндері енеді. Зікір жанры кең тараған. Музыка аспаптарына дутар, шекті гиджан, гилли-тюйдук, үрлемелі гопуз т.б. жатады. Бақсылар емші болумен бірге дутардың сүйемелімен шығыс дастанын, үлттық дастандарды да орындайтын. Түрікменнің төл композиторлық мектебінің негізін салушының бірі - Д.Овезов. Түрікмен халкының музыкалық мәдениетін дамытудағы зор табысты мынадай екі нәрсе айғактайды. Қазан төңкерісіне дейін халыктың эн өнері бір дауысты ғана боп келсе, кейінгі жарты ғасырда хор өнерін дамыту мықтап қолға алынды. А.Эсадовтың басқаруындағы түрікменнің мемлекеттік хорының орындау шеберлігі бүгіндері алыс шетелге де мэлім. Екіншісі - би өнері. Республиканың халык жазушысы, халық поэзиясының аксакалы болған Б.Кербабаев өзінің «Айдар» поэмасында «менің халкым ғасырлар бойы билемей келді» деп жазыпты. Мүның өзі орны толмас өкініш, үлкен олқылық дегенді аңғартқандай. Халықтың би өнерінің бастауы қашанда ел ішінде, халыктың оз орта195
сында екені белгілі. ¥рпақтан үрпақка, атадан балаға мирас болып келген асыл қазынасы ежелден келе жатқан этнографиялық би мәдениетін қалпына келтіріп, өзіндік келбеті мен өрнегін сақтап, көкжиегін кеңейтіп биікке көтеруге ыждағаттықпен қарау өз нәтижесін берді. Түрікменнің ерте кездегі би өнерін қайта жаңғыртып, заман талабына сәйкес дамыта түсуді мақсат тұтқан халық өнерпаздары қыруар шаруа тындырғандай. Түрікмен халық би ансамблі концертінің бүкіл Еуропа мен араб елдерінде, Таяу Шығыста зор табыспен өткені мэлім. Бүгінгі түрікменнің би өнерінде Орта Азия, Кавказ, Таяу Шығыс елдері билерімен ұқсастықпен қатар өзіндік үлттық ерекшелігі анық байқалады. Би өнерінің халықтың рухани тіршілігінде аткарар қызметі өлшеусіз өсті. Түрікмендердің шаруашылығы ерте заманнан коп салалы. Олар суармалы егіншілікпен, отарлы мал шаруашылыгымен катар айналысты. Сондыктан халыктың басым көпшілігі жартылай көшпелі түрмыс кешті. Көшпелі малшыларды чарва деп, отырықшы дихандар чомурлар деп аталатын. Алайда чарва мен чомурлардың арасында шек коюга келе бермейді. Өйткені сулы, нулы оазистегі бидай, арпа, бау-бакша, шитті мақта өсірумен айналысатын дихандар бір-екі айға Қарақүмға көшіп, малшы туыстарына көмектесіп, қырқымға қатысып, мал сауып дегендей, мал шаруашылығы өнімін иемденіп, үй-жайына қайта оралатын. Чарва мен чомурдан басқа XIX ғасырдың соңына дейін халық мынадай кейбір әлеуметтік жікке бөлінді: иг - таза қандылар, гұл - қүл, гырнақ - күң, ярым - күң мен еркін азаматтан туылғандар, гелмишек - келімсек (кірме). Жібек шаруашылығы өркендеген. Шетелдік саяхатшылар түрікмендерді көшпелі деуге де, толықтай отырыкшы деуге де келмейді дейтін. Т өрт түлік малдан кой, оның ішінде қаракөл койы, құрғақ та қатал климатқа төзімді түйе малы көп өсірілді. Түрікменнің атакты ахалтеке жылқысы элемдік нарыкта жогары бағаланды. Қарақүмдағы көшіп-конып күнелтетін малшылардың еңбегі өте-мөте ауыр эрі қауіп-қатерге толы болатын. Мұндай кәсіпке көбінесе калыңмалға жететін қаржы жинау мақсатымен кедей отбасылардың жастары баратын. Теңіз жағалауындағылар ерте кезден-ақ балық аулап, оның өнімін өңдеуді кәсіп еткен. Аңшылық - түрікменнің көнеден жеткен кэсібі. Қүс, түлкі, қаскыр, жабайы мысық, киік, тау ешкі, қоян т.б. аңдарды мылтықпен, тор, қақпан қүрып, тазы жүгіртіп, ителгі, бүркіт секілді қыран кұстарды салып аулау дэстүрі бар. Түрікмендер жылдың көп мезгілінде ғатық, сүзме, ағаран т.б. сүт тағамын басым жаратты. Қой мен ешкі, түйе мен сиыр сүті пайдаланды. Нан тағамына чорек, ғатлама, челпек жатады. Ыстық тағамы - ет қосқан сорпа, говурма (куырдақ), палау, кеспе коже, түшпара. Көк шайды үш уакыт ішеді. Көне дэуірден-ак колөнері дамыган. Ерте заманнан кілем тоқу өнері үрпақтан үрпаққа жалғасып келеді. Түрікмен кілемі өзінің жоғары сапасымен әлемге эйгілі. Халықаралық көрмеде түрікмен 196
кілемі әлденеше рет алтын медальға ие болды. Кілемдік тоқымадан сондай-ақ дорба, чувал, мапрач, хорджун, осмалдық, халық, акиүн, йолам (голан) секілді тұрмыстық бұйымдар тігіледі. Кесте тігу өнері, киіз, текемет басу өнері дамыған. Қыштан бұйым жасайтын шебердің, темір ұстасының еңбегі, зергерлік өнер, алтын-күмістен эшекей жасайтын шебердің еңбегі жоғары багаланады. Халык көп салалы шаруашылықпен айналысқандықтан, мекенжайдың түр-түрі кездеседі. Киіз үйді «ғара үй» дейді. Оның кішірегі ороча, гөтдикме аталады. Отырықшы элді-аукаттылар бірнеше отбасына арналған биік қорғанды ховли аталатын үй тұрғызды. Олар тұрмысқа қажет харазхана (диірмен), жүбазхана (май айдайтын мекенжай), мыхманхана (мейманхана) салды. Мал қоралары да эр алуан: атхана, сейісхана (жылқыға арнап), түйеге арнап дүеятак, қойға арнап малхана, гоюнятак тұрғызды. Түбі бір, тілі бір туыс халықтарға тән мінез-құлық, отбасылык тұрмыс-тіршілігі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, жүріс-тұрысындағы ортақтық басым дейміз. Өлсек көріміз бір, төрлесек төріміз бір, шыккан тегіміз бір, дініміз бен діліміз де бір, тіліміз де жақын деп ұғатын тарихы ұқсас, тағдырлас түркі жұртының ерте ғасыр қойнауынан бастау алған ортақ салтсанасының Қазан төңкерісінен кейінгі 70 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырап үлгіргені белгілі. Ал түрікмен- өздерінің үлттық сана-сезімін айғақтайтын ата-бабаларынан келе жатқан ғибраты мол, игі дэстүрін жоймай, жоғалтпай, көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұлағат үрдісін үздірмей, дәстүр дәнекерін сетінетпей келе жатқан елдің бірі. Түрікмендердің түрмыс-тіршілігі мен ғүрпының қазақтармен ұксастығыаземес.Атаменәже-жанұябасшысы,үй-ішініңқамқоршысы. Отбасы иесінің көзінше келіні ғана емес, ересек қыздары да дауыстап сөйлемейді, естіртіп күлмейді, оған тікелей сүрақ қоймайды. Отағасы өз әулетінің мүшелеріне жүмысты бөліп беретін. Әсіресе жас келіннің жағдайы ауыр болатын. Ол бет-аузын жаулығының үшымен жауып, оны көрсетпеуге тиіс. Бөгде еркектің алдында бетін ашкан әйел - талақ, қүдай қосқан қосағын үйден қуып шығу үшін осының өзі жетіп жатыр. Күйеуінің туыстары барда сыбырлап қана сөйлейді. Оларға бірнәрсе айтқысы келсе, тікелей емес, жас өспірім үл бала, я қыз бала арқылы ғана білдіретін. Ляле деп аталатын түрікмен энінде жас келіннің жағдайы гүл байлап терең құдыққа тасталған тасқа теңелген. Шағын отбасында да жас келін күйеуіне толықтай бағынышты еді: айтқанын орындауға, алдынан қия өтпеуге, қарсы пікір айтпауға міндетті болды. «Эри аялының кичи таңрысыдай» (ері әйелінің кіші тәңірісіндей) деген түрікмен мақалы бар билік күйеуінің қолында екенін айғактайды. Егер күйеуі белгісіз бір себептен үзақ уақыт жоқ боп кетсе де, эйелі баскамен тұрмыс қүра алмайтын. Тек егде жастағы әжелердің, сондайақ көп балалы аналардың жағдайы жеңілірек. Жасы келген әйелді кейвана деп атайды. Шалы қайтыс болған кейвана билікті қолына алуға 197