The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by hayat ss, 2024-04-04 07:00:38

Жүректің сырлары

Жүректің сырлары

1 ИМАМ ҒАЗАЛИ ЖҮРЕКТІҢ СЫРЛАРЫ (Мукашафатул-қулуб) Аударған: Қанат Сұлтанбекұлы Алматы, 2020


2 ӘОЖ 28 КБЖ 86.38 Ғ 21 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген Аударған: Қанат Сұлтанбекұлы Ғазали И. Ғ 21 Жүректің сырлары (Мукашафатул-қулуб) / ауд. Қ.Сұлтанбекұлы. – Алматы: «Самға» баспасы, 2020. – 480 б. ISBN 978-601-7980-44-3 Бұл еңбек – Ислам ілімімен жүректерге нұр шашқан, ұлы ойшыл Имам Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» (Жүректің сырларын ашу) кітабының қазақша аудармасы. Кітапта мұсылманшылықтың бет-бейнесі, Исламның нағыз жолы көрсетілген. Адам баласына Алла Тағаланың бұйрықтарына лайық түрде қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Кітап жалпы оқырмандарға арналады. ISBN 978-601-7980-44-3 © Қ.Сұлтанбекұлы, 2020 © «Самға» баспасы, 2020


3 Алғы сөз Бүкіл Ислам дүниесіне танымал ұлы ғалым Имам Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» еңбегі – қаншама ғасырлардан бері адамзатқа жол көрсетіп келе жатқан бағалы еңбектердің бірі. Өйткені бұл еңбек жан дүниесі алай-дүлей болып қиналған не адамдық асыл қасиеттерден алыстаған адамдарды Құранның және сүннеттің нұрымен бақытты өмірдің жолына бағыттап келеді. Қоғамды бұзатын тәкаппарлық, екіжүзділік, атаққұмарлық, кекшілдік, қатыгездік, әділетсіздік т.с.с. рухани кеселдер бар. Қайсыбір қоғамда сондай ауруларға шалдыққан пенделер көбейсе, сол қоғам моральдық тұрғыдан құлдырауға ұшырап, өз ішінен ыдырай бастайды. Адам табиғатын кемшіліктерден арылтып, жан дүниесіне иман, ықылас, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, жомарттық, кешірімділік, әділеттілік сияқты асыл қасиеттерді сіңдіруге бола ма? Имам Ғазали бұл еңбегінде жоғарғыдай кеселдерден арылып, мәңгілік бақыт пен жан дүние рақатына жетудің жолдарын көрсетіп өткен. Рухани дерттер орнайтын жай – адамдың жан дүниесі, яғни жүрегі болғандықтан, шығарма «Мукашафатул-қулуб» деп аталған. «Мукашафа» арабша тілінде «көмескі нәрселерді ашу» дегенді білдіреді. Кітаптың аталуын кеңірек мағынада «жүректі жаулап алған, адамдық қасиетке жараспаған сезімдерді ашып көрсету» десе де болады. Егер қоғамдағы мейірімсіздік пен қатыгездіктің орнын кешірім мен мейірім; тәкаппарлықтың орнын сыпайылық, кішіпейілдік; екіжүзділік пен мақтаншақтықтың орнын ықыластылық; әділетсіздіктің орнын әділеттілік иеленсе, сол қоғамда бақыт, тыныштық орнайды. Міне, сол себептен бұл кітаптың қазақ тіліндегі аудармасының елімізге тарту етілуі де өзгеше маңызды іс деп білеміз. Бұл жерде айта кетуге тиісті екі мәселе бар: біріншісі, аталған кітаптың атақты Имам Ғазалидің қолынан шыққан еңбек екендігіне ғылым дүниесінде біршама күдік-күмәндар бар. Өйткені ұлы оқымысты Имам Ғазалидің «Ихия» сияқты көлемді еңбектерінің ғылыми және идеялық тереңдігіне, тіл орамдарын қолдану және ой жүгірту стиліне салыстырмалы түрде бұл еңбекте көп айырмашылықтар бар делінген. Соған қарамастан, ұзақ уақыттардан бері Имам Ғазалидің еңбегі ретінде мұсылмандар арасында қастерленіп оқылып келгендіктен және бұл еңбек өте маңызды діни-тәрбиелік құндылықтарды өз ішіне қамтып тұрғандықтан, бүгінгі мұсылмандар үшін де өте пайдалы деп есептейміз. Екіншіден, кітапта сәнәді (қайнар бұлағы) анықталмаған риуаяттар мен оқиғалар да көп кездеседі. Бірақ олар жалпы Ислам құндылықтарын көрсетіп, Құран мен Сүннеттің тура жолына бағыттап тұрғандықтан, белгілі ғұламалар тарапынан кеңірек алқада қабыл алынып оқылып, айтылып, тәлім-тәрбиеде кеңінен қолданылып келген. Қорыта айтқанда, бұл кітапта адамды адам қылған және пенденің дүниелік-ақыреттік бақытына себепкер болатын өте маңызды ұғымдар қамтылған. Кітаптың авторы, Ислам әлемінің ұлы ойшылдарының бірі Имам Ғазалидің толық аты-жөні – Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали. Ислам дүниесінде ол «Хужжатул-Ислам» (Ислам ілімдерінің дәлелдеушісі) лақабымен танымал. Имам Ғазали һижри 450 жылы (1058 жылы) қазіргі Иран аймағындағы Тус қаласында дүниеге келген. Әкесі «ғаззал», нақтырақ айтқанда, мата тоқыған жұмысшы болғандықтан, «Ғазали» деп аталып кеткендігі айтылады. Кейбір ғалымдар оны Ғазала деген жерде туылғандықтан «Ғазали» деп те аталғанын айтады. Имам Ғазали жас кезінен көп оқып өте терең білім алған және 34 жасынан бастап өз дәуіріндегі Бағдат қаласының «Низамия» оқу орнында көп жыл сабақ берген. Оның қолынан талай оқымысты-ғалымдар жетіліп шыққан. Кейін әлемді саяхаттап, көптеген аймақтарға да барған. Имам Ғазали 53 жылдық өмірінде 200-ге жақын кітап жазып қалдырған. Оның кітаптары тәфсир (Құран аяттарының түсіндірмесі), хадис, тарих, философия, фиқыһ (Ислам құқығы), тасаууф ғалымдары үшін ғана емес, қатардағы қарапайым халық үшін де зор


4 мағынаға ие. Ислам құқықшылары Имам Ғазалидің «Басит» (Құқықтық толық баян), «Уажиз» (Құқықтық қысқа баян), «Уасит» (Құқықтық орта баян) сияқты кітаптарынан, тәфсир, ақида (иман-сенім) ғалымдары «Қауаидул-ақаид» (Сенім ережелері), «ар-Рисалатул-қудсия» (Қасиетті баяндар рисаласы), «әл-Иқтисад фил-итиқад» (Сенім туралы түсіндірме) кітаптарынан, тасаууфшылар «Ихияу улумиддин» (Дін ілімдерін жандандыру) сияқты кітаптарынан пайдаланып, рухани азық алған. Ислам дініне қарсы шыққандармен күресте оның «Хужжатул-Хақ» (Ақиқат дәлелдері), «Муфассил әл-Хилаф» (Таластарға нақты жауаптар), «Қауасим әл-Батиния» (Батиния ағымының негізгі мәселелері) сияқты еңбектері зор рөл ойнаған. Имам Ғазали философия жайында да бірнеше кітап жазған. Олардың ішінен «Тахафут әлФаласифа», «Мақасид әл-Фаласифа» еңбектері маңызды орынды алады. Имам Ғазали һижри 505 жылы (1111 жылы 19 желтоқсанда) бұл дүниеден өткен. Баспа үйі


5 БИСМИЛЛАҺИР РАХМАНИР РАХИМ Алладан қорқу Кейбір данышпан кісілер былай дейді: «Денсаулықтың мықты болуы – аз тамақтануда, жан дүниенің тазалығы – күнәдан аулақ болуда. Діннің туралығы – Алла жаратқан пенделердің ең ұлығы болған Мұхаммед (с.а.с.)1пайғамбардың жақсы әдебінен үлгі алып өмір сүру. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»2. 1 «с.а.с.» әріптері – арабша «саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» деген тіркестің қысқартылып берілген нұсқасы, «Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын» деген мағынаны білдіреді. Пайғамбарымыздың аты аталғаннан кейін жазылады. Бұл тіркесті толық оқып отырсаңыз, Пайғамбарымызға салауат айту сауабын аласыз. 2 «Хашыр» сүресі, 18 Аяттың мазмұны төмендегіше: Алладан қорқыңдар, оған мойынсұныңдар. Материалдық және рухани қиыншылыққа душар болғандарға жәрдемберіңдер. Әрдайым Алла жолында болыңдар, қиямет күні оның сыйлығын аласыңдар. Себебі Алла Тағала сауап істеріңді де, күнә істеріңді де – бәрін түгел біледі. Періштелер, аспан-жер, күн-түн... – бәрі дше пенденің жасағандары туралы куәлік береді. Тіпті кісінің өзінің дене мүшелері де өзі туралы куәлікке өтеді. Жер иманды және ықыласты пенделер жөнінде куәлік беріп: «Менің үстімде намаз оқып, ораза ұстап, қажылыққа барды», – дегенде, мүмин пенде соған қуанады. Жер кәпір және күнәһарлар туралы «Бұл кісі менің үстімде Аллаға ширк келтіріп, зина жасады, ішімдік ішті, арам жеді» деп куәлікке өтеді. Қайырымдылардың қайырымдысы Алла Тағала қиямет күні имансыздар мен шектен шыққан күнәһарларды жасаған істерінің бүге-шігесіне шейін сұраққа алғанда, олардың жағдайы өте жаман болады! Бүкіл дене мүшесімен Алладан қорыққан пенделер – бұлар мүминдер. Имам Әбу Ләйс былай дейді: «Алладан қорыққандықтың белгісі жеті нәрседе көрінеді: 1. Тілде: Алладан қорыққан пенде тілін жалғаннан, өсек-ғайбаттан, басқаларға жала жабудан және пайдасыз сөздерді сөйлеуден сақтайды. Оны Алланы зікір қылу, Құран оқу және ілім үйрену үшін қолданады. 2. Жүректе: Алладан қорыққан кісінің жүрегінде мұсылман бауырына деген дұшпандық болмайды. Жалған-жала және дұшпандық сияқты адам баласына жараспаған сезімдерді көңілінен шығарып тастайды. Себебі дұшпандық пенденің жақсы істерін жоқ қылады. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «От отынды жандырып күл қылғандай, дұшпандық та пенденің жақсы істерін жеп тауысады».3Құрметті оқырман, дұшпандық жүректі жаулап алып, қоғамдық өмірде көп зияндарға жол ашушы жаман ауру екенін біліп қой! Жүректегі кеселдер, яғни жаман сезімдер, күнә істер тек іліммен және жақсы істермен ғана емделіп, айығуы мүмкін. 3 Әбу Дәуіт, 4903; ибн Мажа, 4210 3. Көзде: Алладан қорыққан пенде арам асқа, ақысы жоқ киімге және жат біреуге көз салмайды. Дүниеге құмарлықпен және барлық нәрсеге ие болу үшін көз салмай, сабақ алу үшін назар салады. Арам нәрселерге қараудан өзін тыяды. Алла Елшісі


6 (с.а.с.) былай дейді: «Кім көзін арам нәрселермен толтырса, Алла Тағала қиямет күні оның көзін отпен толтырады». 4. Құрсақта: Алладан қорыққан пенде қарнына арам тамақ кіргізбейді. Себебі арам аспен азықтану – ең үлкен күнәлардың бірі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адамзаттың қарнына бір тістем арам түссе, сол тамақ ерімейінше, жераспандағы періштелер оған қарғыс айтып тұрады».4 4 әл-Фауаид әл-Мажмуға, 207-бет; 27-хадис. 5. Қолда: Алладан қорыққан кісі қолын арамға емес, Алланың разылығына лайық нәрселерге ұсынады. Кәғб (р.а.)төмендегі риуаятты айтады: «Алла жасыл изумрудтан бір сарай жаратқан. Ол сарайда жетпіс мың үй, әрбір үйде жетпіс мың бөлме бар. Бұл сарайға өзіне арам нәрсе ұсынылғанда, Алладан қорыққандықтан оны қабыл алмаған пенделер ғана кіреді». 6. Аяқта: Алладан қорыққан кісі күнә жолына емес, Аллаға ғибадат жасау жолында қадам аттайды. Ілім алу және жақсы әдеп-ахлақты үйренуі үшін ғалымдардың және тақуа пенделердің мәжілістеріне барады. 7. Құлшылықта: тақуа пенде Алланың разылығына жету үшін оған бас иеді. Ел көрсін деуден, басқаларға өзі не ісі туралы мақтанудан және екі жүзділіктен сақтанады. Адамның алты мүшесінде және жасаған ғибадатында сол нәрселер бар болса, онда Алланың: «Ол (қисапсыз нығметке толы мәңгілік бақыт мекені) ақирет болса, Раббыңның құзырында тақуалардың еншісінде»5 деп айтқан пенделерінен болады. Тағы басқа бір аяттарда тақуалар туралы былай деп айтылады: 5 «Зухруф» сүресі, 35 «Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған асылық жасаудан сақтанған тақуа жандар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады»;6 6 «Хижр» сүресі, 45 «Тақуа жандар болса, жаннат бақшаларында сан алуан нығметтерге бөленуде»;7 7 «Тұр» сүресі, 17 «Аллаға лайықты түрде тағзым ететін, Оның алдында асылық етуден барынша сақтанатын тақуа жандар болса, (азап атаулыдан ада) қауіпсіз жерде болады».8 8 «Духан» сүресі, 51 Жоғарыдағы аяттарда Алла Тағала тақуа мүминдердің қиямет күніндегі азаптан құтылатынын білдірген. Мүмин пенденің Алладан қорқумен бірге оның мейірімінен үміт үзбеуі керек. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!»9 9 «Зумәр» сүресі, 53 Хикая Әзірет Дәуіт пайғамбар (а.с.) Забур оқып отырған еді. Бір уақытта жерде жорғалап бара жатқан қызыл құртты көріп, өзінше: «Алла Тағала бұл құртты қандай мақсатта жаратты екен?» – деп ойлайды. Алланың бұйрығымен құртқа тіл бітіп, Дәуіт пайғамбарға: «Уа, Алланың пайғамбары! Алла Тағала күн сайын мың рет «Субханаллаһи уәлхамду лиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар», кешке мың рет «Алланың Умми (оқу-жазуды білмеген) Пайғамбарына, оның сахабаларына және үрім-бұтағына салауат, сәлемдер болсын», – деп айтуды илхам қылды. Сен зікір


7 қылғанда нелерді айтасың, маған да айтсаң, пайдаланайын», – дейді. Дәуіт (а.с.) қызыл құртты қадірсіз көргеніне пұшайман болып, Аллаға тәубе жасады. Мүмин пенде Алладан үміт үзбейді, ғибадаттарын толық орындайды, жаман істерден бас тартады және жағымсыз әдеттерін тастайды. Алланың досы Ибраһим пайғамбар (а.с.)жіберген қателіктерін еске алғанда есеңгіреп, жүрегі дүрсілдеп қатты қорқады екен. Алла Тағала оған Жәбірейіл періштені жібереді. Жәбірейіл (а.с.) Ибраһим пайғамбарға келіп: – Алла саған сәлем жолдады және «Досынан қорыққан да дос бола ма?» – деп жатыр», – дейді. Әзірет Ибраһим оған: – Уа, Жәбірейіл, жіберген қателіктерім еске түсіп, олардың жазасын ойлағанымда достықты да ұмытам, – деп жауап қайтарады. Пайғамбарлар, әулиелер және тақуа адамдар сондай еді. Сен де ойлан! Алладан қорқу туралы Имам Әбу Ләйс айтады: «Аспанның жетінші қабатында Алла жаратқан, Оған сәжде жасаушы періштелер бар. Алладан қорыққандықтан олардың жүрегі дірілдеп тұрады. Қиямет күні бастарын сәждеден көтеріп: «Уа, барлық кемшіліктерден таза болған Алла! Саған лайықты құлшылық жасай алмадық», – дейді. Алланың төмендегі аяты соған ишарат етеді: «Олар өздерінің жалғыз иелері – Раббыларынан шынайы түрде қорқады әрі өздеріне бұйырылғанды бұлжытпай орындайды».10 10 «Нахл» сүресі, 50 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадисі бар: «Пенденің денесі Алладан қорқып тітірегенде, күнәлар ағаштан түскен жапырақтай төгіледі».11 11 Байхақи, 1/491; Хаким, Ән-Науадир, 1/395 Хикая Бір кісінің бір әйелге көзі түседі. Күндердің бірінде ол әйел сауда-саттық үшін керуенге қосылып жолға шығады. Әлгі кісі де керуенге қосылып оның артынан жүреді. Күн кеш болып, керуен бір жерге тоқтайды. Әлгі кісі әйелдің жанына келіп, оған өзінің мақсатын айтады. Әйел: «Барып қарап келші, елдің бәрі ұйықтап жатыр ма?» – дейді. Айтқанын қабыл алды деп ойлаған кісі қуанғанынан аяғы-аяғына тимей бүкіл керуенді айналып шыққан соң: «Бәрі ұйықтап жатыр!» – деп жетіп келеді. Сонда әйел: «Ал Алла ше? Ол да ұйықтап жатыр ма?» – деп сұрайды. Бұл қиын сұраққа: «Жоқ, Алла ешқашан ұйықтамайды, көз ілмейді де», – деп жауап беруге мәжбүр болған еркекке әлгі әйел: «Олай болса, кісілер көрмесе де, ұйықтамаған және көз ілмеген Алла бізді көріп тұр. Бәрінен бұрын одан қорқып, ұял», – дейді. Сол сөздерден кейін әлгі кісінің көкірегін қорқыныш қаптайды. Ол Алладан қорқып, керуеннен бөлініп, тәубе жасап, үйіне қайтады. Тағы бір хикаяда мынадай оқиға баяндалады: Көне заманда Алла жолында жүрген бір әйел болған екен. Бір күні оның басына қиыншылық түсіп, балалары аш қалады. Сонда ол: «Барып, өзек жалғарға бір нәрсе тауып әкелейін», – деп бір саудагерге бармақшы болады. Әйел әлгі саудагердің үйіне барып, бала-шағасы үшін жеуге бір нәрсе сұрайды. Бірақ саудагер жәрдем берудің орнына жаман ниетін білдіреді. Әйел одан бас тартып, еш нәрсе алмай үйіне қайтады. Бірақ балалары аштыққа шыдай алмай шырылдай


8 бастағанда, әйел баяғы саудагерге қайта барып, оның шартына көнгенін айтады. Саудагер әйелге жақындағанда байғұстың денесі қатты дірілдеп жатқанын байқап: – Не мұнша дірілдеп жатсың? – деп сұрайды саудагер. – Алладан қорқып жатырмын, – деп жауап береді әйел. Сонда саудагер: – Сен мәжбүр болып тұрып Алладан осындай қорқып жатырсың. Шынында, Алладан менің қорқуым керек емес пе? – деп жаман ниетінен бас тартып, әйелге мұқтаж болған нәрселерін беріп жібереді. Өз үйіне көп азық-түлікпен келген әйел балаларын қуантады. Алла Тағала Мұса (а.с.) пайғамбарға уахи жіберіп: «Пәленшеұлы Түгеншенің барлық күнәларын кешірдім», – деп білдіреді. Мұса пайғамбар баяғы саудагерді тауып, оған: «Сен Алла Тағалаға ғана мәлім бір іс жасапсың», – дегенде, саудагер болған оқиғаны Мұсаға (а.с.) айтып береді. Мұса пайғамбар: «Міне, сол себептен Алла Тағала өткен барлық күнәларыңды кешірді», – деп саудагерге сүйінішті хабар береді. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят етілген бір хадистің мазмұны төмендегіше: «Алла Тағала былай дейді: «Мен пендемді екі қорқынышта және екі қауіпсіздікте бірдей қалдырмаймын. Кім бұл дүниеде Менен қорықса, оны ақыретте қауіпсіз қылам. Егер бұл дүниеде Менен қорықпаса, қияметте оған қорқыныш жаратам». Бір аятта былай деп айтылады: «...адамдардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар».12 Басқа бір аятта: «...Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар»13 деп айтылады. 12 «Мәида» сүресі, 44 13 «Әли Имран» сүресі, 175 Әзірет Омар (р.а.) Құран аяттарын ойлағанда, естен танып қалды. Бір күні ол бір тал сабанды ұстап тұрып: «Мен де осы шөптей не одан да өткен мағынасыз бір нәрсе болғанымда ғой! Әттең-ай, анам мені бұл дүниеге алып келмей-ақ қойсашы!» – деп көзінен жасы салалап жылаған екен. Оның жүзінде көзінен аққан жастан пайда болған қос сызық бар еді дейді. Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сауылған сүт қайта желінге кірмегендей, Алладан қорқып, көз жасын төккен кісінің де тозаққа кіруі мүмкін емес. Осылайша, Алла жолында жүргенде көтерілген шаң мен тозақтың түтіні еш уақытта бірікпейді».14 14 Тирмизи, Фадаилул-жиһад 8; Зуһд 9 «Рақаиқул-ахбар» деген кітапта былай деп айтылады: «Қиямет күні бір кісіні алып келеді. Сауап-күнәлары таразыға тартылғанда, оның күнәлары ауыр басады. Міне, осыған сай жаза беру үкімі шыққанда, әлгі пенденің кірпігінің бір талына тіл бітіп: «Уа, Жаратқан Алла! Сенің Елшің Мұхаммед (с.а.с.): «Кім Алла Тағаладан қорқып жыласа, Алла ол көзді тозақ отына арам қылады», – деп айтқан еді. Мен дүниеде сенен қорқып жылаған едім...» – дейді. Сонда Алла Тағала ол кісіні кешіреді және оны сол кірпіктің құрметіне тозақтан құтқарады. Жәбірейіл (а.с.): «Пәленше кісі Алладан қорқып жылаған бір тал кірпігінің құрметіне жазадан құтылды», – деп жар салады. «Бидаятул-һидая» (Тура жолдың басы) деген еңбекте былай деп айтылады: «Қиямет күні адамдар тозаққа жақын әкелінгенде оның өте қатты күркіреген дауысын естиді. Бұл дауыс бес жүз жылдық қашықтықтан естіледі. Сонда пайғамбарлар бастаған жалпы адамзат өз бастарының қайғысын ойлап: «Мен қайтер екенмін? Менің соңым қалай болады?» – деп сілейіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғана «Үмбетім не болады?» – деп Аллаға жалбара бастайды.


9 Сол кезде тозақтан таудай үлкен от шығады. Мұхаммедтің үмбеті оны кері қайтару үшін дұға қылып, былай дейді: «Уа, от, намаз оқығандардың, ақиқаттан адаспағандардың, Алладан қорыққандардың және ораза ұстағандардың құрметі үшін кері қайт». Бірақ таудай от кері қайтпайды. Сол кезде Жәбірейілдің (а.с.) «От Мұхаммедтің үмбетіне бағыт алды» дегені естіледі. Содан соң Жәбірейіл (а.с.) су алып келіп: «Уа, Мұхаммед! Мұны отқа шаш», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны шашқанда, от өшеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл қандай су?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Бұл – сенің үмбетіңнің күнәһарларының тәубе жасап жылағандағы көз жасы. Алла бұл суды отты өшіру үшін саған беруді бұйырды», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей дұға етті: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жас шықпай қалардан бұрын Сенен қорқып жылаған екі көз бере көр!»15 15 Абдулла ибн Мүбәрак, Аз-зуһд уар-Рақаиқ, 165; Әбу Нуаймин, Хилия, 2/196 Төмендегі екі жол өлеңде күнәлар үшін жылаудың қаншалық маңызды екендігін көрсетеді: «Күнәм үшін жас төкші, көздерім! Өмір өтті, бірақ оны сезбедім». Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Көздерінен шіркейдің жасындай жас ағып, жағынан төмен төгілген мүминге тозақ оты тимейді».16 16 Ибн Мажа, 4197 Хикая Абдулла ибн Мунзир17 жылаған кезде, жүзі мен сақалын көз жасы жуып кетуші еді. Ол сонда былай деп айтты:«Естігеніме қарағанда көз жасы тиген жерге тозақ оты тимейді». 17 Андалустық (Испания) амауилерден. 886-888 жылдарда халифалық қызметті орындаған. Жоғарыда айтылғандар бойынша, шынайы мұсылман пенде Алладан, оның беретін азабынан және нәпсісінің құмарынан сақтану керек. Сондықтан Алла Тағала былай дейді: «Міне, сонда, кімде-кім азғындап, шектен шыққан, әрі дүниенің қу тіршілігін (ақиреттен) артық көрген болса, онда шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері сол жалын атқан жаһаннам болмақ! Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан болса һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ!»18 18 «Назиғат» сүресі, 37-41 Кім Алланың азабынан құтылуды, сауабына және мейіріміне жетуді қаласа, бұл дүниенің қиыншылықтарына шыдасын, сабырлы болып, күнәлардан сақтансын. «Заһрур-рияд» атты кітапта айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Пейіштіктер пейішке кіргенде періштелер оларды түрлі тамақтар, сан алуан сусындар, мейманханалар, орындықтар, қысқасы, пенденің ойына да келмеген әрқалай нығметтермен күтіп алады. Олар қатты таңғалады. Сонда Алла Тағала: «Біздің бір уәдеміз бар еді. Соның уақыты келді», – дейді де, періштелерге: «Жүздеріндегі перделерді ашыңдар!» – деп бұйырады. Періштелер: «Уа, Жаратқан Алла! Бұлар күнәһар болып тұрып Сенің жамалыңды қайтіп көреді?» – дейді. Алла Тағала былай дейді: «Перделерді ашыңдар! Себебі олар дүниеде маған келу үшін зікір қылып, көз жасын төкті». Сөйтіп көздегі перделер ашылады. Пенделер Алланың жамалына қарап, дереу сәжде жасайды. Сонда Алла Тағала былай дейді: «Бастарыңды көтеріңдер! Себебі бұл жер ғибадат жасайтын жай емес, сыйдың жайы». Сонда олардан: «Уа, пенделерім! Сендерге сәлем. Мен сендерге разымын. Сендер де маған разы болдыңдар ма?» –


10 деп сұрайды. Олар: «Уа, Жаратқан Иеміз! Қайтіп разы болмаймыз? Сен бізге пенденің құлағы естімеген, көзі көрмеген, ешбір кісінің қиялына келмеген нәрселерді бердің», – дейді. «Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза»19 және «Һәм олар ерекше мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады»20деген аяттар да осыған ишарат етеді. 19 «Байина» сүресі, 8 20 «Иәсин» сүресі, 58 Сабырлылық және ауру-сырқау Кім Алла Тағаланың азабына душар болмауды және мейіріміне жетіп, пейішіне кіруді қаласа, нәпсісін дүние қызықшылығынан тыйсын және қиыншылықтарына, кеселкесапаттарына шыдап, сабыр қылсын! Алла Тағала былай дейді: «Алла сабырлыларды сүйеді».21 21 «Әли Имран» сүресі, 146. Сабырдың бірнеше түрі бар: 1. Аллаға құлшылықта сабырлы болу. 2. Алла Тағала арам қылған нәрселерден сақтануда сабырлы болу. 3. Кесел-кесапатқа, қиыншылыққа тап болғанда, әсіресе, кесел-кесапаттың алғашқы сәттерінде сабырлы болу. Кім Аллаға мойынсұнуда сабырлы болса, Алла оған пейіште әрбірі жер мен көктің арасындай болған үш жүз дәреже береді. Кім сабырлылық қылып, Алла арам қылған нәрселерден өзін тыя алса, қиямет күні оған алты жүз дәреже беріледі. Кім бұл дүниенің қиыншылықтарына, бәлелеріне шыдап, Алла Тағала белгілеген әдеп-ахлақ негіздеріне көңіл бөлсе, пейіште оған жеті жүз дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ортасы жер мен Арштың ортасындай болады. Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегені риуаят етіледі: «Алла Тағала былай деп айтады: Егер бір пендем басына бәле келгенде маған сиынса, тілек тілесе, оған берем. Дұға қылса, дұғасын қабыл алам. Егер бір пендемнің басына бәле келгенде маған емес, Мен жаратқан біреуге не бір нәрсеге сиынып, одан жәрдем сұраса, ол пендеме аспанның барлық есіктерін жауыптастаймын»22. 22 Ихияу улумид дин, IV, 72; ибн Кәсир, Қисасул әнбия, 481. Ақыл-есті кісі бәле-кесапаттарға сабыр қылып, елге шағымданбауы керек. Өйткені сол нәрсе оны бұл дүние мен ақырет азабынан құтқарады. Ең ауыр кесел-кесапаттар мен сынақтар Алла Тағаланың пайғамбарларының және әулие пенделерінің басына келеді. Жунайд Бағдади былай дейді: «Кесел-кесапат – данышпандарға шам шырақ, Алла жолындағыларға ескерту, мүминдерге тура жол, ақыреттен бейхабар жүргендерге өлім хабарын беруші. Мүмин пенденің басына бәле келсе, иманы артады, тағдырына наразы болмай сабыр қылады». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай деп айтқаны риуаят етілген: «Кім бір түн бойы ауырып, оған сабыр қылса және Алла Тағаладан разы болса, күнәларынан анасы туған күндегідей тап-таза болып арылады. Демек, ауырғандарыңда денсаулықты аңсай бермеңдер». Даххак былай дейді: «Кімнің басына қырық түнде бір рет болса да бәле, кеселкесапат не қайғы түспесе, Алланың алдында ол кісінің ешбір жақсылығы жоқ».


11 Муаз ибн Жабалдың (р.а.) былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Алланың бір мүмин пендесі бәлеге тап болғанда Алла Тағала оның күнәларын жазушы періштеге: «Қаламыңды оның дәптерінен ал!» – деп, сосын оң жақтағы сауап жазушы періштеге: «Бұл пендем жасаған істерінің ең жақсысын жаз!» – деп бұйырады». Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят етілген басқа бір хадисте былай деп айтылады: «Бір пенде ауырып қалғанда Алла Тағала оған екі періште жіберіп, оларға: «Пендемнің не қылып жатқанын қараңдар», – дейді. Егер ол пенде «Әлхамду лиллаһ (Аллаға шүкір!)» десе, бұл сөзі Аллаға жеткізіледі. Әлбетте, Алла – барлық нәрсені ең жақсы біліп тұрушы. Алла Тағала сол пендесі туралы былай дейді: «Егер пендемнің жанын алсам, оны пейішке кіргізем, егер шипа берсем, оның етін жақсырақ етке, қанын жақсырақ қанға алмастыруым және оның күнәларын жасыруым – ол пендемнің менің мойнымдағы ақысы»23. 23 Имам Малик, Мууатта, 1750; Имам Ғазали, Ихияу улумид дин, 2/209 Хикая Исраилұлдарының арасында адамдық қасиеті төмен біреу бар еді. Ол күнә жасаудан бас тарта алмайтын. Халық оны бұзақылығынан тыйғанмен, оны күнәдан арылтуға әлсіз болған. Сонда олар Алла Тағалаға дұға қылып, өздерін бұл бәледен құтқаруды сұранады. Алла Тағала Мұса (а.с.) пайғамбарға уахи жіберіп: «Уа, Мұса! Исраилұлдарының арасында бір бұзық жігіт бар, оны бұл жерден қуып жібер! Оның кесірінен сол жердің елі азапқа душар болмасын», – дейді. Мұса (а.с.) жігітті ол жерден шығарып, басқа бір ауылға жайғастырады. Алла Тағала Мұса пайғамбарға уахи қылып, ол жігіттің бұл ауылдан да шығарылуын бұйырады. Екінші мәрте қуылған жігіт үңгірге барып өмір сүруге мәжбүр болады. Ол көп өтпей ауырып, жер құшақтап жатып қалады. Жанында қарайласар ешкімі жоқ, топырақ жастанып жатып: «Егер анам жанымда болса, маған мейірімін төгіп, осы дертіме жылаушы еді. Әкем жанымда болғанда, маған жәрдем беріп қарайласушы еді. Жұбайым жанымда болса, менен айырылып жатқанына қайғырып жылаушы еді. Егер балаларым жанымда болса, артымнан жылап: «Уа, Жаратқан Алла! Өз жерінен басқа бір ауылға, ол ауылдан бір үңгірге қуылып, сол жерден ақыретке көшкен күнәһар, бейшара әкемізді кешіре көр!» деп дұға қылушы еді», – деп іштей айтады. Содан соң Алла Тағалаға жалбарынып: «Уа, Алла Тағалам! Менің үмітімді және байланысымды ата-анамнан және жұбайымнан үздің. Жоқ дегенде, мені Өз мейіріміңнен құр қалдырма! Олардан ажыратумен жүрегімді өртедің, енді күнәларым себепті денемді отқа жаға көрме», – деп дұға қылады. Сонда Алла Тағала ол жігіттің анасының, әйелінің бейнесіндегі хор қыздарын, балаларының және әкесінің бейнесіндегі періштелерді жібереді. Олар оның жанына отырып жылай бастайды. Мұны көрген жігіт өзінше: «Міне, менің анам, әкем, жұбайым және балаларым жаныма келді», – дейді. Содан соң көңілі жайланып, күнәларынан арылған жағдайда дүние салады. Бұл оқиғаның артынан Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса! Пәленше жердегі үңгірге бар. Ол жерде менің бір жақын пендем қаза болды. Оны жуып, көму істерін саған тапсырдым», – дейді. Мұса (а.с.) ол жерге жеткенде Алланың бұйрығымен туған жерінен қуылған жігіттің жансыз денесін көреді. Жігіттің айналасында хор қыздар жүрген еді. Мұса (а.с.) Алла Тағалаға: «Уа, Жаратқан Ием! Бұл баяғы сенің бұйрығыңмен туған жерінен де, ауылдан да айдап шығарылған кісі емес пе?» – дегенде, Алла Тағала: «Бірақ кейін мен оған рақым қылып, кешірдім. Себебі ол шын көңілден пұшайман болып маған жалбарды. Ел-жерінен, ата-анасынан, бала-шағасынан шетте жүрудің азабына шыдады. Оның


12 өлер алдында анасы мен жұбайының бейнесіндегі екі хор қызды, әкесі мен балаларының бейнесіндегі періштелерді жібердім. Олар оның аянышты жағдайына, қайғысына ортақтасты. Өйткені жалғыз қалған ғаріп пенде өлгенде жер-аспан оған қатты қайғырып, жылап тұрды. Мен қайырымдылардың ең Қайырымдысы болып тұрып оған қайтіп мейірім көрсетпей қояйын», – дейді. Жалғыз жолаушы (сапардағы кісі) өлімнің босағасын аттағанда, Алла Тағала періштелеріне: «Уа, періштелерім! Бұл кісі ғаріп өмір сүрді. Балалары, жұбайы, атаанасы алыста қалды. Егер ол өлсе, артынан жылап, жоқтаған кісісі жоқ», – дейді. Сол сәтте ұлы Жаратқан бір періштені ол кісінің әкесі, тағы бір періштені анасы, тағы басқа періштелерді оның балалары және жақындарының бейнесіне салады. Олар ғаріп байғұстың өлер кезінде жанына келеді. Оларды көрген бейшара кісінің көңілі жай тауып, ақыретке аттанады. Оны ақырғы сапарға ұзатқан періштелер қиямет күнге шейін оған дұға қылады. Ұлы Жаратушының «Алла құлдарына өте шарапатты. Қалағанына (қалағанынша) ризық береді. Ол – шексіз күш-қуат иесі, бәрінен үстем һәм құдіретті»24 деген аятының баянын міне сол жерден көруге болады. 24 «Шура» сүресі, 19 Ибн Ата былай деген: «Пенденің шынайы мүмин болып-болмағаны қиыншылықта не төрт құбыласы түгел кезде білінеді. Төрт құбыласы түгел кезде шүкір қылып, басына бәле келгенде шағымданып жылаған кісі өтірікші». Егер біреу адамдардың және жындардың бүкіл іліміне ие болып, бірақ басына бәле келгенде шағымдана бастаса, ол ғалымға ілімінің және жасаған жақсы істерінің ешқандай пайдасы болмайды. Өйткені Алла Тағала бір құдси хадисте былай дейді: «Кім Менің тағдырыма разы болмаса және Мен берген нығметтерге шүкір қылмаса, өзіне Менен басқа құдай іздесін».25 25 Табарани, Муғжамул кәбир, 22/320; Дайлами, 169; Хайсами, 7/207 Уәһб ибн Мунаббиһ төменгідей риуаят етеді: «Пайғамбарлардан біреу Алла Тағалаға елу жыл ғибадат жасады. Алла Тағала оның күнәларын кешіргенін хабарлағанда, ол пайғамбар: «Уа, Жаратқан Ием! Сен кешіргендей күнә да қылмадым ғой?» – дейді. Бұл жауапты естіген Алла оның мойнындағы тамырларының бірін тез соғуға бұйырды. Нәтижеде ол пайғамбар түнімен ұйықтай алмай шықты. Таң ағарғанда жанына келген періштеге түнімен тартқан азабын айтып берді. Періште: «Алла Тағала саған: «Елу жылдық ғибадат сол тамырдағы аурудың (болмау үшін шүкіршілікке) де тең емес», – деп айтады», – деді. Нәпсіні тәрбиелеу Алла Тағала бір аятта пенделерін былай деп ескертеді: «Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар».26 26 «Хашыр» сүресі, 18 Уа, адамзат! Әрдайым жамандықты қалап тұрған нәпсі саған шайтаннан да жаман дұшпан екенін біліп қой! Шайтан нәпсіңнің қалауымен мойныңа мініп алып, сені


13 Алланың жолынан шығарып жіберуі мүмкін. Нәпсің болса сені құрғақ қиялдармен алдап қояды. Себебі нәпсі надандықты, салғырттықты ұнатады және өмірді жалқаулықпен өткізуді қалайды. Ол әрдайым бұзақы істерге араласады. Тәкаппарлыққа азғырады. Егер нәпсіңе разы болып, оған бас исең, өміріңнің соңы өте жаман болады. Нәпсі ешқашан жақсылыққа алып бармайды. Нәпсі – бәлелердің басы. Шайтан үшін күнәнің құлы болған нәпсісін жақсы көрген кісі Жаратқанды тани алмайды. Құранда былай деп айтылады: «Аллаға қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп не қойып жүргендеріңнен толық хабардар».27 27 «Хашыр» сүресі, 18 Пенде өмірін қалай өткізгенін, ақырет үшін қандай іс жасағанын ойласа, сол нәрсе оның жүрегінің тазалануына себеп болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір сағаттық ой жүгірту – бір жылдық ғибадаттан жақсы», – деген. Әбу Ләйс ас-Самарқандидің тәпсірінде де солай айтылған. Ақылды кісілер өткен күнәларына тәубе жасап, өзін ақыретте тозақ отынан құтқаратын, Аллаға жақындатушы істер турасында ойлансын және оларды орындаумен ақыретін құтқарсын. Мақсаты жоқ, аяғы белгісіз істермен әлек болмасын! Жаман істерді тастауға ұмтылсын. Әрдайым Алланы еске алып, арам істерден аулақ болсын! Нәпсісінің шариғатқа жатпайтын қалауларынан қашып, оған қарсы тұруды сақтасын! Нәпсіні тәрбиелеу туралы ұлылардың сөздері: Сүлеймен (а.с.) пайғамбар былай деген екен: «Нәпсісін тәрбиелей алған кісі жалғыз өзі жер жүзін бағындырған батырдан да күшті». Әзірет Али (р.а.) айтады: «Мені мен нәпсім бір қора қой мен қойшыдаймыз. Қойшы қойдың бір жағын қайтарса, екінші жағы жайылып кете береді. Кім нәпсісін жеңіп, оның қалауларын тізгіндей алса, рақымға бөленіп, керемет топырағына көміледі. Кім жүрегіндегі асыл сезімдерді өлтірсе, лағынетке ұшырап, азап топырағына көміледі». Белгілі әулиелердің бірі былай дейді: «Аллаға ғибадат жасап, нәпсіңмен күрес. Аз ұйықта, аз сөйле. Аз ұйықтау ерікті күшейтеді. Аз сөйлеу бәлені жояды. Адамдарға және басқа жандыларға зиян келтірмеу пендені тілегіне жеткізеді. Аз тамақтану пендеге нәпсі құмарларын қиыншылықсыз жеңуге көмектеседі. Тамаққа әбден тою жүректі әлсіретіп, адамгершіліктен бездіреді. Аз тамақ жүректі нұрландырады. Әрдайым тоқ жүру пендені Алладан алыстатады. Сол себептен Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жүректеріңді аштықпен нұрландырыңдар. Нәпсілеріңмен күресіп, оны тәрбиелеу үшін аз жеу және аз ішу жолын қолданыңдар. Аштықпен пейіш есігін қағуды тоқтатпаңдар. Себебі оның сауабы жиһадтың сауабына тең. Алла үшін аш болудан өткен ғибадат жоқ. Кім қарнын үздіксіз тойдырып жүрсе, рухани әлемге кіре алмайды, рухани ләззат ала алмайды және ғибадаттың дәмін сезбейді». Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) айтады: «Мұсылман болғанымнан бері Жаратқан Иеме жасаған ғибадаттан ләззат алу үшін ешбір уақытта тойып тамақ жемедім және қанғанша су ішпедім. Себебі көп жеген кісі көп ғибадат жасай алмайды. Пенде тамағына шейін тойып алса, дене-бойы ауырлап, ұйқы басады. Буындары босап, көп ғибадат жасауға ниеттенсе де қыла алмай, қолынан ұйқыдан басқа еш нәрсе келмей қалады. Мұндай адам жуылған өлікке ұқсайды». «Минһажул абидин» атты кітапта да дәл солай айтылған. Лұқпан данышпан айтады: «Ұлым! Ұйқыда және тамақта шектен аспа. Себебі көп жеп, көп ұйықтағандар қиямет күні есеп беруге жаман жағдайда келеді, олардың ешқандай жақсы істері болмайды».


14 Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Көп жеп, көп ішумен жүректеріңді өлтірмеңдер. Өйткені көп суғарылған өсімдік тамыры шіріп қурап қалғандай, жүрек те (көп жеп-ішуіменен) өледі». Ғалымдардың кейбіреулері асқазанды жүректің астында қайнаған және оның буы жүректі үрлеп тұрған қазанға ұқсатады. Бу көп болса, жүректі қарайтады, тіпті өлтіреді. Көп тамақтану ой-түсінікті және білімді азайтады. Құрсақтың үлкендігі еске сақтауды нашарлатады. Хикая Бір күні Яхия пайғамбар (а.с.) шайтанға жолығып қалады. Оның қолында бірнеше жүген бар еді. Яхия (а.с.): «Бұл не?» – деп сұрағанда, шайтан: «Бұл – адамзатты аулайтын, шектен шыққан нәпсінің қалаулары» – деп жауап береді. Яхия (а.с.): «Бұның арасында маған тиесілісі де бар ма?» – десе, шайтан: «Жоқ, сен бір мәрте кешкі тамақты тойып жеп алғаныңда намазды саған ауырлатқан едік», – деп жауап берді. Бұл сөз өмірінде бір рет тойғандар үшін айтылуда. Ал енді өмірінің әрбір күнінде қарнын қампитып алып, аштық не екенін білмей тұрып ғибадат жасауға әрекет жасағандарға не деу керек? Риуаяттарға қарағанда, Яхия (а.с.) бір мәрте арпа нанмен қарнын тойдырып алып, сол түні зікір қыла алмай ұйықтап қалған еді. Алла Тағала оған былай деп уахи жіберген: «Уа, Яхия! Менің үйімнен жақсы үй тауып алдың ба? Не менен де жақын біреуді таптың ба? Ұлылығыма ант етейін, Фирдаус пен тозақты жақыннан көріп салыстыра алсаң, көз жастың орнына көзіңнен ірің ағып, тігілген киімнің орнына темір киім киер едің». Нәпсі мен шайтанға қарсы тұру Ақылды кісі нәпсінің азғыруын аштықпен, оразамен басады. Себебі Алланың дұшпаны болған нәпсі аштықпен ғана тізгінделеді. Шайтан пендені дене құмары, жепішу жолдары арқылы азғырады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Шайтан адамның денесінде қан тамыр арқылы айналып жүреді. Сондықтан сендер оның жолын аштықпен тарылтыңдар». Көпке шейін аш қалып, шөлдеп жүрген кісілер қиямет күні Аллаға жақын болады. Адам баласын құртатын ең үлкен қорқыныш – тойғанын білмеген қарны. Адам Ата (а.с.) мен Хауа ананың пейіштен шығарылып, азабы көп бұл дүниеге жіберілуінің себебі де сол. Себебі олар Алла тыйым салған ағаштың жемісіне қол созып қойды. Осындай құрсақ – дене құмарының басы. Бір данышпан былай деп айтқан екен: «Нәпсісіне жеңілген пенде оның қалауларының артынан еріп жүріп нәпсінің қателіктеріне ұрынады. Нәпсісі оның жүрегін көптеген пайдалардан мақұрым қалдырды. Дене мүшелерін нәпсісінің қалауларымен суғарғандар жүрегіне өкініш ағашын тігеді». Алла жандыларды үш түрде жаратқан: 1. ПЕРІШТЕЛЕР. Алла періштелерге ақыл берген, бірақ күнәға жетелеуші нәпсі бермеген. 2. ХАЙУАНАТТАР: Алла хайуанаттарға біздің түсінігіміздегідей ақыл берген емес, бірақ нәпсі берген.


15 3. АДАМЗАТ: Алла адамзатқа ақыл да, нәпсі де берген. Кімнің дене құмары ақылына үстемдік қылса, ол хайуаннан төмен жағдайға түседі. Кімнің ақылы нәпсісіне үстемдік қылса, ол періштелерден де жоғары деңгейге жетеді. Хикая Ибраһим Хауас баяндайды: «Бір күні Луқам тауында едім. Бір анар бағын көріп, анар жегім келді. Біреуін үзіп, дәмін татсам, қышқыл екен. Лақтырып жіберіп жолымды жалғастырдым. Біраз жүргеннен кейін жерде жатқан кісіні көріп қалдым. Оған аралар үйіліп алыпты. Ол кісіге: «Ассәләму аләйкум!» – дедім. «Аләйкум сәләм, Ибраһим!» – деп жауап берді ол. «Мені қайдан танисың?» – деп сұрадым. Ол: «Кім Алланы таныса, оған еш нәрсе жасырын емес», – деді. «Алла Тағаламен байланысың жақсы екенін көріп тұрмын. Аралардан құтқаруы үшін одан сұрамайсың ба?» – десем, ол маған: «Мен де сенің Алламен жақсы байланыста екеніңді көріп тұрмын. Енді анар қалауынан құтқаруды сұрамайсың ба? Пенденің анарға (тамаққа) ет-бетінен түсуінің жазасы ақыретте беріледі. Ал енді араның шаққаны бұл дүниеде ғана, қысқа минутта айығады. Ал енді (көп тамақтанудың нәтижесіндегі) дене құмары жүректі жаралайды», – деген жауапты қайтарды. Бұл жауапты естігеннен кейін ол кісіні тастап, жолымды жалғастырдым». Құмарлану патшаны құл қылады, сабырлылық құлды патша қылады. Жүсіп пайғамбар (а.с.) сабырлылығымен Мысырдың патшасы болды. Зылиха патшаның жұбайы еді. Дене құмарына алданғаны үшін ұятқа қалып, бейшара жағдайға түсті. Себебі Зылиха Жүсіпті сүйіп қалғаны үшін сабыр қыла алмады. Әбул Хасан ар-Рази баяндайды: «Бірде әкесі екі жыл бұрын қаза болған әкесін түсінде оттан киім киіп жүрген жағдайда көріп: «Уа, әкетай, неге тозақылардың арасында жүрсің?» – деп сұрайды. Әкесі: «Балам, мені нәпсім тозаққа түсірді. Нәпсіңе алдана көрме!» – деп аянышты жауап берді. Ғапілдік (Алланы еске алмай өмір сүру) Алладан бейхабар болсаң, қайғыға батасың. Нығмет қолдан шығып, жақсылықтан алыстайсың. Алланың жолынан шығып, елге дұшпан болып, өкініште қаласың. Бір тақуа пенде өзінің ұстазын түсінде көріп: «Ұстазым, сіз қайсы іс үшін қатты өкіндіңіз?» – деп сұрайды. Ұстазы: «Алладан бейхабар жасағаным үшін өкіндім», – деп жауап береді. Сопылардың бірі түсінде Зуннун әл-Мисриді көріп: «Алла саған қалай мәміле жасады?» – деп сұрағанда, Зуннун: «Алла маған: «Ей, Мені сүйгенін айтқан өтірікші! Мені сүйгеніңді айттың, бірақ менің сүюімнен бейхабар өмір сүрдің» деп ашуланды», – деп жауап береді. Бұл туралы бір ақын мынаны айтқан: «Алладан бейхабар жүрегің адасты, Өмір өтті, күнәң асып-тасты». Тағы бір тақуа пенде әкесін түсінде көріп: «Әке, қалайсыз?» – деп сұрайды. Әкесі: «Балам, дүниеде Алладан бейхабар өмір сүріп, бейхабар күйі өтіп кеттік», – деп жауап береді. «Заһрур-Риад» атты кітапта баяндалғаны бойынша, Жақып пайғамбар (а.с.) мен Әзірейіл періште (а.с.) жан дос еді. Бір күні Әзірейіл Жақыптың (а.с.) жанына келеді. Жақып пайғамбар: «Уа, өлім періштесі, мені көргелі келдің бе не жанымды алуға ма?»


16 – деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.) оған: «Сені көргелі келдім!» – деп жауап береді. Жақып пайғамбар: «Ажалым жақындағанда маған білдіріп қоюыңды қалаймын», – деп өтінеді. «Жарайды, сенің ажалың келерден бұрын екі не үш хабаршы жіберем», – деп айтады Әзірейіл періште. Бір күні Жақыптың (а.с.) ажалы жеткенде, Әзірейіл періште оның жанына барады. Жақып пайғамбар одан: «Мені көргелі келдің бе әлде жанымды алуға ма?» – деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.): «Жаныңды алғалы келдім», – дегенде, Жақып пайғамбар: «Маған екі не үш хабаршы жібермек емес пе едің?» – деп сұрайды. Сонда Әзірейіл (а.с.): «Шынында, солай болды. Қап-қара шашыңның ағарғаны, денеңнің күшқуаттан қалғаны, беліңнің бүкірейгені – мына солардың бәрі өлімнің хабаршылары еді», – деп жауап қайтарады. Әбу Али Даххак28 баяндайды: «Бір тақуа кісі бар еді. Ол өз заманының ұлы ғалымы болды. Ауырып төсекте жатып қалған екен, көргелі бардым. Жанында оқушылары отыр екен. Ол кісі өзі жылап жатыр. Мен одан: 28 Әбу Али Даххак – һижри II-III ғасырларда өмір сүрген сопы. – Ұстаз, неге жылап жатсыз? Бұл дүниеден кетіп жатқаныңызға ма?.. – деп сұрадым. – Жоқ, дүниеден кетіп жатқаныма емес, намазымды мән бермей оқып жүргеніме жылап жатырын, – деді. – Қалайша? Сіз намазыңызды толық оқушы емес пе едіңіз?! – дегенімде. – Рас, толық оқимын. Бірақ сол күнге шейін ақыреттен бейхабар намаз оқып жүріппін, – деп жауап қайтарды. «Уйунул-Ахбар» атты кітапта Шақиқ әл-Балхи былай дейді: «Адамдар үш нәрсені айтады. Бірақ істері айтқан сөздеріне кереғар: 1. «Біз Алланың кұлдарымыз» дегенімен, жауапкершіліксіз іс жасайды. 2. «Алла біздің ризығымызға кепілдік береді» дегенімен, көңілдерін дүние ғана тойдырады. 3. «Өлімнен қаша алмайсың» дегенімен, еш өлмейтіндей іс жасайды. Бауырым! Өзіңді жөнге сал. Ұлы Жаратқанның алдында қай денемен тұратыныңды есіңе сал. Қайсы тілмен оған жауап беріп жатқаныңды ойла. Ол сенен анша-мұнша нәрселер туралы сұрағанда қайтіп жауап бересің? Сұраққа жауап, жауапқа сауал дайында. Алладан қорық. Ол барлық жасаған істеріңді біліп тұрады. Мүминдерге насихат айтып, үлгі бол. Алланың үкіміне мойынсұнсын және оған ширк келтірмесін. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Арштың етегінде былай деп жазылған: Мен (Алла) маған мойынсұнғанның тілегіне жеткізіп, істеріңді игілікті қылам. Мені сүйгенді сүйем. Маған дұға қылған пендеге тілегін берем. Кешірім тілегенді кешірем». Ақылды мұсылман Алладан қорқып, оған мойынсұнады. Оған ғана құлшылық жасайды. Оның үкіміне және тағдырына разы болады. Басына түскен қиыншылықтарға сабыр қылады. Ие болған жақсылықтарына шүкіршілік етеді. Алланың бергеніне қанағат қылады. Алла Тағала құдси хадисте былай деген: «Кім Менің үкіміме разы болмаса, сынақтарыма сабыр қылмаса, берген нығметтеріме шүкіршілік етпесе, ол өзіне Менен басқа құдай тауып алсын!» Бір кісі Хасан Басриге29 келіп: «Мен Аллаға ғибадат жасаудан ләззат ала алмай жатырмын», – дейді. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) оған: «Сен Алладан қорықпаған біреуге қол жайып қойғанға ұқсайсың. Құлдық жасау – барлық нәрсені Алла үшін тастау», – деп айтады. 29 Хасан Басри – атақты табиғин, хадис және фиқыһ саласындағы ұлы ғалым. Һижри 21 жылы туылған. Әзірет Алидің қолында тәрбиеленген. 130 сахабаға жолыққан. Һижри 110 жылы дүниеден қайтып, Басрада жерленген. Тағы біреу Әбу Язидке: «Мен Аллаға құлшылық жасаудан ләззат ала алмай жатырмын», – дегенде, Әбу Язид: «Өйткені сен Аллаға емес, ғибадатқа құлшылық


17 жасап жатырсың. Аллаға құлшылық жасасаң, ғибадаттың ләззатын татасың», – деп жауап берген екен. Бір кісі намазға тұрып, «Саған ғана құлшылық жасаймыз» деген аятты оқығанда, шынында, өзін Аллаға ғибадат жасап жатырмын деп ойлайды. Сонда ғайыптан: «Жалған айтып жатырсың. Сен мақұлықтарға ғибадат жасайсың» деген үн естіледі. Сол оқиғадан кейін ол елден аулақтап, намазын қайта басынан бастайды. «Саған ғана құлшылық жасаймыз» дегенде, «Жалған айтып жатырсың. Сен киімдеріңе сиынып жүрсің», – деп қайтадан баяғы үн естіледі. Сонда ол кісі үстіндегілерден басқа барлық киімдерін садақа қылып таратып жібереді. Содан соң намазға тұрады, «Саған ғана құлшылық жасамыз» деген аятты оқығанда, баяғы үн қайтадан естіліп: «Міне, енді тура айттың. Жалғыз Жаратқанға құлдық қыла бастадың», – дейді. Бір кісі қаптарын кімге бергенін есіне түсіре алмай жүреді. Бір күні ол намазда тұрып кім алғанын есіне түсіреді. Нәтижеде қызметшісіне: «Пәленше кісіге барып қаптарды алып келші», – дейді. Қызметкері одан: «Оны қашан есіне түсірдіңіз?» – деп сұрайды. «Намазда тұрғанда», – деп жауап қайтарады әлгі кісі. Сонда қызметкері: «Қожайыным, сен намазда Алланы емес, қаптарды іздеген екенсің», – дейді. Бұл сөзді естіген қожайын, қызметшісінің иманы бекемдігін түсінеді де, оны азат қылады. Ақылды пенде дүниені тастап, Аллаға ғибадат жасап, келешегін ойланып, ақырет бақытын тілеу керек. Құран Кәрімде бұл туралы былай деп айтылады: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне, солар».30 30 «Хашыр» сүресі, 19 Сол үшін Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) 40 мың динар құпия садақа, 40 мың динар жария садақа қылған. Үйінде байлық дегеннен еш нәрсе қалған емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) және оның бала-шағасы да бұл дүние ләззаттарынан бас тартқан еді. Сондықтан әзірет Фатима әзірет Алиге тұрмысқа шыққанда, оның үйінде бір қошқардың терісі мен ішіне құрма жапырағы салынған бір жастық қана болған.31 31 Әбу Дәуіт, 2125; Нәсаи, 3375 Алланы ұмыту және екі жүзділік Хасан Басриге бір әйел келіп: «Менің жап-жас қызым қайтыс болды. Оны түсімде көргім келеді. Соның жолын үйретесің бе деп саған келдім», – дейді. Хасан Басри оған түсінде қызын қалай көруге болатынын үйретеді. Сөйтіп әйел қызын түсінде көреді. Қызының үстінде оттан киім, мойнында шынжыр және аяқтарында кісен бар еді. Әйел бұл туралы Хасан Басриге айтып бергенде, ол қатты қайғырады. Бірнеше уақыттан кейін Хасан Басри түсінде баяғы қызды пейіште басына тәж киіп алып жүргенін көреді. Қыз оған: «Мені таныдыңыз ба? Мені түсінде көргісі келген әйелдің қызымын», – дейді. Хасан Басри: «Сен қалайша мынадай болып қалдың?» – дегенде, қыз: «Бір кісі біздің мазардың жанынан өтіп бара жатып, Алла Елшісіне (с.а.с.) бір мәрте салауат айтты. Мазарда азап тартып жатқан бес жүз елу марқұм бар еді. Сол салауаттан кейін «Бұл марқұмдардың азабы сол кісі айтқан салауаттың құрметіне тоқтасын» деген бұйрық естілді!» – деп жауап береді. Бір кісінің бір мәрте айтқан салауаты бес жүз елу кісінің азабын тоқтатып жатқан болса, елу жылдық өмірі бойынша салауат айтқан пенде қиямет күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына ие болмай ма?!


18 Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар». 32 Яғни олар Алланың бұйрықтарына немқұрайды қарап, оның бұйрықтарына қарсы іс жасайды. Олар бұл дүниенің жайбарақат өміріне беріліп, оған алданады. 32 «Хашыр» сүресі, 19 Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мұнафық туралы сұралғанда: «Мүмин пенденің ойында намаз бен ораза бар. Ал мұнафықтың ойында (хайуандар секілді) жеп-ішу бар», – деп жауап берген. Мүмин пенде садақа берумен күнәларының кешірілуін қалайды. Мұнафық болса дүниеге беріліп, құр қиялдардың артынан жүре береді. Мүмин пенде Алладан басқа ешкімге сүйенбейді. Мұнафық болса Алладан басқаның бәрінен үміт етеді. Мүмин пенде дінін дүниеден артық көреді, мұнафық болса дүниені діннен артық көреді. Мүмин Алладан ғана қорқады, мұнафық болса Алладан басқа бәрінен қорқады. Мүмин жақсы істерді жасайды және Алладан қорқып жылайды, мұнафық болса күнә жасап қойып уайымсыз жүре береді. Мүмин жақсылыққа үндейді, мұнафық жамандық жасап, күнә істерге шақырады және жақсылықтан тосады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Екіжүзді ерлер мен екіжүзді әйелдер бір-бірінен айнымайды. Олар әркез жамандықты бұйырып, ел-жұртты жақсылықтан, ізгіліктен қақпайлауға тырысады. Қолдарын ашпайды (яғни, Алла жолында қайырымдылық жасауға келгенде көк тиын шығарғысы келмейді). Олар Алланы ұмытты, Алла да оларды ұмыт қалдырып, мүлдем тәрк етті. Шүбәсіз, екіжүзділер – адамгершіліктен безген азғындардың нақ өзі. Алла барлық екіжүзді ерлер мен әйелдерге һәм барлық кәпірлерге ішінде мәңгі-бақи қалу шартымен тозақ отын уәде етті. Сол (азап, сол қорлық) оларға әбден жетеді. Сондай-ақ Алла оларды рақымынан біржолата аластады. Олар үшін бітпейтін, таусылмайтын азап бар»33. 33 «Тәубе» сүресі, 67-68 «Шүбәсіз, Алла екіжүзділер мен кәпірлердің бәрін жаһаннамға жинайды»34. 34 «Ниса» сүресі, 140 Жоғарыдағы аяттарда мұнафықтар бірінші айтылған. Өйткені олар кәпірлерден де жаман. Содан соң артынан бұл екі топтың бірдей тозаққа кіретіні білдірілген. Басқа бір аятта Алла Тағала былай дейді: «Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында. Оларға (қол ұшын беріп тозақтан құтқаратын) бірде-бір медеткер таба алмайсың»35. 35 «Ниса» сүресі, 145. «Мұнафық» деген сөз «көр тышқан» деген мағынадағы сөзден келіп шыққан. Себебі көр тышқанның інінде екі тесік болады. Бірінен көрініп қойып, екіншісінен шығып кетіп қалады. Міне, сондықтан мұнафыққа да сол ат берілген. Себебі ол мұсылман болып көрінгенімен, шынында, мұсылман емес, діннен шыққан кісі. Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Мүмин деген кім, мұнафық деген кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Мүмин намаз оқиды, ораза ұстайды. Мұнафық болса, хайуандай жеп-ішеді, намаз оқымайды және Алла бұйырған әдеп-ахлаққа кереғар іс жасайды. Мүмин пенде қиналып жатқандарға жәрдем беруменжәне Алладан кешірім сұраумен әлек болады. Мұнафық болса нәпсінің жетегінде ашкөздікпен жан-жаққа жүгіре береді. Мүмин Аллаға ғана сенеді. Мұнафық болса Алладан басқа барлық нәрсеге сенгенмен Аллаға тәуекел ете алмайды. Мүмин дінін мал-мүлікке сатпайды. Мұнафық болса дінін ақшаға сатады. Ол үшін мал-мүлік діннен де, иманнан да жоғары тұрады. Мүмин Алладан басқа ешкімнен қорықпайды. Мұнафық болса Алладан басқа әркімнен қорқа береді. Мүмин күнәдан сақтанады, Алла үшін көз жасын төгеді. Мұнафық болса күнәдан тыйылмай, емін-еркін жүре береді. Мүмин


19 жалғыз қалып, Аллаға болған сүйіспеншілігін күшейтуді жақсы көреді. Мұнафық жалғыздықты жақсы көрмей, әрдайым басқалармен араласып жүргісі келеді. Мүмин түзетуді жақсы көреді, жамандықтан тыйылады. Мұнафық болса жамандықты жақсы көреді. Мүмин Алла бұйырғаны үшін жамандықтарды тоқтатып, ізгі істерді қылуға ұмтылады. Мұнафық болса өз пайдасын ғана көздейді. Тіпті жаман істерге шақырып, жақсы істерге бөгет болады». Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұнафық – екі отар қойдың ортасында біресе бұл отарға, біресе әлгі отарға қосылуға әрекет жасап, бірақ екеуіне де бөтен болғаны үшін олардың ешбіріне қосыла алмаған қойға ұқсайды»36, – деген. 36 Мүслим, 2784; Нәсаи, 5037; Табарани, Муғжамул Аусат, 2604; Хайсами, 18573. Соған ұқсап екі жүзді (мұнафық) кісілер де бәріне жат болып, имандыларға да, имансыздарға да қосыла алмайды. Алла Тағала бұлар үшін тозақты жеті есікті қылып жаратқан. Себебі Құран Кәрімде: «Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың ішінен арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан кіретіні белгілі)»37 деп айтылады. 37 «Хижр» сүресі, 44. Бұл есіктер қарғыс пен темірден қапталған. Дуалдарының ішкі беті жез, сыртқы беті қорғасынмен қапталған. Астында азап, үстінде аяусыз жаза бар. Оның асты темір, әйнек және жезден. Тозақылар үстінен, астынан, оңынан және сол жағынан отқа оранған. Тозақ қабат-қабат. Мұнафықтар үшін тозақтың ең астыңғы қабаты дайындалған. Риуаяттар бойынша, тозақ төмендегіше баяндалады: «Алла Тағала тозақты жаратқанда оны мың жыл жандырып жақты және ол қып-қызыл болды. Содан соң тағы мың жыл жаққанда ағарды. Содан соң әбден қарайғанға шейін тағы мың жыл жақты». Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) тозақты төмендегіше суреттеп берген: «Уа, Мұхаммед, сені пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішейін, егер тозақылардың киімдерінен біреуі жер жүзіне шығып қалса, бүкіл адамзат өледі. Тозақтың суынан бір кесе су жер жүзінің суларына қосылса, одан ішкен жан өледі. Егерде Алланың: «Содан соң ұзындығы жетпіс аршын шынжырмен матаңдар да, сол күйінде жаһаннамға тастаңдар!»38 деп айтқан аятындағы шынжырлардың кішкентай бөлігі бұл дүние тауларының біреуінің үстіне түссе, тауды ерітіп жібереді. Егер бір кісі тозаққа кіргізіліп, қайта бұл дүниеге шығарылса, оның улы иісінен бүтіндей адамзат өліп қалады». 38 «Хаққа» сүресі, 32. Алланы және оның ұлылығын білген кісі одан қатты қорқады және ақыретте азапқа душар болып қалмас үшін нәпсісін алдын-ала тәрбиелеп барады. Жасаған күнәларының беті ашылып, Алланың алдында жауапқа тартылып, тозаққа жөнелтілуден бұрын өз жүріс-тұрысын жөнге салады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейіл (а.с.) періштеге былай дейді: «Уа, Жәбірейіл! Маған тозақ есіктерінің қалай екенін айт, оның есіктері де біздің есіктеріміздей ме?» Жәбірейіл (а.с.): «Жоқ! Оның есіктері бір-біріне қабаттасып тұрады. Бір есіктен кейінгісіне шейін жетпіс жылдық қашықтық бар. Әр екі есіктің ортасындағы ыстықтық бұрынғысынан жетпіс есе жоғары», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл есіктерден кімдер кіретінін сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.) былай деп жауап береді: «Хауия деп аталған ең астыңғы есігінен мұнафықтар кіреді. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында». Екінші есік – Жахим. Одан мүшріктер кіреді. Үшінші есігі – Сақар. Бұл есіктен жұлдызға сиынғандар кіреді. Төртінші есік – Лаза. Одан Ібіліс және оған ерген барлық отқатабынушылар кіріседі. Бесіншісі – Хутама. Одан яһудилер кіреді. Алтыншы есік – Саир. Бұл есіктен христиандар кіреді».


20 Сол сөзді айтқаннан кейін Жәбірейіл (а.с.) үндемей қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жетінші есіктен кімдер кіретінін не үшін айтпағанын сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Ол – үмбетіңнен үлкен күнә жасап, тәубе келтірмей өлгендер кіретін есік», – деп жауап қайтарады. «(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды. Бұл Раббыңның (мөрі басылған) кесімді үкімі»39 деген аят түскенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатты қорқып, үмбетінің сұрағының ауырлығын ойлап жылайды. 39 «Мариям» сүресі, 71. Жаратқан Иесін таныған және оның азабын білген кісі одан шындап қорқады және бұл ауыр сәтті көрмей тұрып жылайды. Бұл қорқынышты тозаққа кірмеу үшін Аллаға жалбарынады. Қаншама қартайған кісілер бар. Олар: «Әттең, менің жас шағым!» – деп қайғырады. Тағы қаншама жастар: «Қайран менің жастығым!» – деп жүрегі сыздайды. Қаншама әйелдер де жасаған күнәларына жылайды. Ол жайда бәрінің денесі қап-қара болып, белдері бүгіліп қалады. Ол жайда ұлыларға құрмет, кішілерге рақым болмайды. Әйелдер тырдай жалаңаш қалады. Уа, рақымдылығымен кешіруші ұлы Алла! Бізді тозақ отынан, тозақтың азабынан және тозаққа жақындатушы әрқандай істерден сақта! Бізді жақсы пенделеріңмен пейішіңе кіргізе көр! Уа, мейірімділердің Мейірімдісі! Кемшіліктерімізді жасырып, басшыларымызды сенімді қыла көр! Жаза басқаннан кейін қайтадан түзелуімізді нәсіп қыл және бізді алдыңа барғанда ұялта көрме! Пайғамбарымызға (с.а.с.) және оның жақындарына, сахабаларына сәлем және салауаттар жолдаймыз. Тәубе Барлық мұсылман еркек пен әйел тәубе келтіруге тиіс. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Шынайы түрде тәубе етіп, Аллаға бет бұрыңдар!»40 40 «Тахрим» сүресі, 8. Басқа бір аятта: «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін ұмыттырған бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне, солар»41 деп айтылады. 41 «Хашыр» сүресі, 19. Аяттағы «Алланы ұмытты» деген сөз Алла Тағалаға берген уәделерінен тайып, оның бұйрықтарына мойынсұнудан бас тартты деген мағынаны білдіреді. «Алла да оларға өздеріне ұмыттырды» деген сөз болса, жаман нәрселерден бас тартуды, жақсы істерді жасауды Алла оларға ұмыттырып қойды деген мағынаға келеді. Айша анамыздың (р.а.) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Алламен жолығуды қалаған кісімен Алла да жолыққысы келеді. Онымен жолығуды қаламаған кісімен Ол да жолығуды қаламайды».42 42 Мүслим, Зікір 14-17. Аяттың аяғындағы «күнәһарлар, міне, солар» деген сөзбен Алла Тағалаға қарсы шығып, өз ақыреттерін құрдымға ұшыратқандарды, Өзінің тура жолынан шығып кеткендерді айтып жатыр. Негізінен, дене құмармен байланысты күнәлардың кешірілуінен үміт етуге болады. Бірақ түбінде тәкаппарлық пен ширк болған күнәлардың кешірілуін күту қиын. Себебі


21 Ібілістің қарсы шығуының түбінде тәкаппарлық және менмендік жатыр. Міне, сондықтан өлім келмей тұрып күнәлардан бас тартып, тәубе келтіру керек. Себебі Алла Тағала былай дейді: «Ол құлдарының шынайы тәубесін қабыл алады және жамандықтарды біржолата кешеді»43. 43 «Шура» сүресі, 25. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күнәлардан тәубе келтірген кісі еш күнә жасамағандай болады»44, – деп айтқан. 44 Ибн Мажа, 4250. Бір хикаяда былай деп айтылады: бір кісі жасаған күнәларының бәрін бір дәптерге жазып жүрді. Бір күні тағы бір жасаған күнәсін жазу үшін дәптерін ашты. Бірақ дәптерде (күнәлары емес) төменгі аят жазылған екен: «Ол кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады»45. 45 «Фурқан» сүресі, 70. «Иман келтіргендердің жүректері Алланың ұлы жолдауының (Құранның) һәм өздеріне түскен басқа да ақиқаттардың алдында тағзым етіп діріл қағатын һәм жұмсаратын (сөйтіп, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын) уақыт келмеді ме?»46 46 «Хадид» сүресі, 16. Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге ұқсамаңдар. Уақыттың көп өтуімен олардың жүрегі қатып қалған және олардың көбі күнәһарлар. Яғни ширкті иманға, зинаны кешірімге, күнәні бейкүнәлікке және Аллаға мойынсұнуға алмастырып қояды. Әзірет Омар Мәдинаның көшелерін аралап жүріп қойнына шарап қыстырып бара жатқан жігітті жолықтырып қалады. Омар (р.а.): «Қойныңа не салып алғансың?» – деп сұрайды. Жігіт шындықты айтқаннан ұялып, ішінен: «Уа, Жаратқан Алла! Мені әзірет Омардың алдында ұятқа қалдыра көрме. Айыбымды жасыра көр. Бұдан кейін ешқашан шарап ішпеймін», – деп жалбарынады. Содан соң Омарға қарап тұрып: «Мүминдердің басшысы, бұл жай ғана уксус қой», – деп жауап береді. Әзірет Омар: «Қане, көрсетші», – деп сұрағанда, жігіт қойнындағыны оған береді. Тексеріп көрсе, шынымен уксус болып шықты. Мына пенденің басқа пендеден қорқып жасаған тәубесіне қараңдаршы. Шын жүректен жасалған тәубенің құрметіне Алла Тағала шарапты уксусқа айналдырып қойды. Егерде күнә іс жасаған біреу жасаған күнәсіне өкініп, шын жүректен тәубе келтіретін болса, Алла Тағала оның барлық күнәларын сауапқа айналдырып қояды. Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды: «Бір күні құптан намазын Пайғамбарымызбен бірге оқығаннан кейін сыртқа шықтым. Жолда бара жатсам алдымнан бір әйел шығып: – Әбу Һурайра, мен бір күнә жасап қойдым, тәубе жасасам қабыл бола ма? – деді. – Қандай күнә жасадың? – дедім мен. – Зина жасап, кейін сол зинадан туылған баламды өлтірдім. – Сен құрыпсың. Анауың аз болғандай тағы бір жанның өмірін қиған екенсің. Енді тәубе жасасаң да болмас деп, Алланың алдында ант ішемін, – дедім. Мұны естіп әйел естен танып қалды. Ол туралы ойланып бара жатып өзімше: «Арамызда Алла Елшісі (с.а.с.) тұрғанда, мен үкім шығара салыппын ғой», – деп дереу қайтып барып, оқиғаны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып бердім. Алла Елшісі былай деді: «Өзің де күнәһар болдың, әйелді де құрдымға ұшыраттың. «Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, ауыр жазаға ұшырайды.


22 Қиямет күні оның азабы еселене түседі және ол сол азаптың құрсауында мәңгібақи қор болып қала береді. Ал кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады. Алла өте кешірімді, (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне біржола бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді»47 деген аятты естіген жоқ па едің?» 47 «Фурқан» сүресі, 68-70. Сонда жаңылыс үкім шығарғанымды түсіндім. Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан шығып: «Менен үкім сұраған әйелді кім тауып береді?!» – деп айқайладым. Жас балалар «Әбу Һурайра ақылынан адасып қалыпты!» – деп сыбырласа бастады. Мен оларға қарамай жүгіріп жүріп баяғы әйелді тауып, мәселені түсіндірдім. Ол қуанғанынан айқайлап жіберді. Сосын: «Менің бір бақшам бар. Оны Алла және Оның Елшісі үшін садақа қылдым», – деді. Хикая Күнәһарлығымен ел-жұртқа әбден танылған бір кісі Хасан Басридің сабағына келді. Сол сәтте Хасан Басри елге: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың ұлы жолдауының (Құранның) һәм өздеріне түскен басқа да ақиқаттардың алдында тағзым етіп діріл қағатын һәм жұмсаратын (сөйтіп, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын) уақыт келмеді ме?»48деген аятты оқып беріп жатқан. Аятты оқығаннан кейін өте жақсы түсіндіріп берді. Жамағат жылап тыңдады. Кенет бір жас жігіт орнынан тұрып: 48 «Хадид» сүресі, 16. – Уа, мүминдердің ең тақуасы, Алла мен сияқты күнәһарлардың да күнәларын кешіре ме? – деп сұрады. Хасан Басри: – Алла Тағала сенің күнәлар үшін жасаған тәубеңді қабыл алады, – деп жауап берді. Бұл сұрақ-жауапты естіген әлгі күнәһар кісінің өңі қуарып барып, бір айқайлап алып естен танып жығылды. Сонда қайта өзіне келіп Хасан Басриден: – Ұстаз, ұлы Алла маған ұқсаған күнәһар пенденің де тәубесін қабыл ала ма? – деп сұрады. Хасан Басри оған: – Күнәһар пенденің тәубесін кешірімді Алладан басқа кім қабыл алады?! – деді. Сонда жігіт алақан жайып төмендегідей дұға қылды: «Уа, Жаратқан Алла! Тәубемді қабыл алып, күнәларымды кешірген болсаң, мені ойлы және зейінді пенде қыла көр! Құраннан және ілімнен не естісем есіме сақтап қалайын. Я, Алла! Маған өте әдемі үн нәсіп қыла көр, сенің Құраныңды оқығанда естіген кісінің жүрегі қаншалық қатты болса да жұмсарып, иманға келсін. Я, Алла! Маған адал және еш күтпеген жерден ризық бере көр». Алла Тағала бұл пенденің қылған дұғасының бәрін қабыл алды. Оның зейінін күшті қылды. Ол Құран оқығанда, естіген кісінің бәрі тәубе келтіріп, үйіне әр күні бір табақ сорпа мен екі нан келіп тұрды. Бұлардың қайдан келгенін де ешкім білген емес. Бұл көрініс ол пенденің өліміне шейін жалғасты. Бұл – Алла Тағаланың шындап тәубе келтірген пенделеріне берген несібесі еді. Өйткені Құдай деген құр қалмайды емес пе?! Бір ғалым «Пенде тәубе келтіргенде тәубесінің қабыл алынып, алынбағанын біле ала ма?» деген сұраққа: «Бұл туралы анық айтылған үкім жоқ. Бірақ оның белгілері бар. Олар: пенде күнәлардан аулақ жүреді, жүрегінде қуаныш азайып, әлемнен Алла Тағаланың құдіретін сезеді, жақсы кісілерге жақындап, күнәһарлардан аулақтайды. Дүние байлығының азын көп, ақыретке байланысты істердің көбін аз көре бастайды.


23 Көңілі әрдайым Алла Тағала парыз қылған нәрселермен әлек болады, тілін тыяды, әрдайым ойлы жүріп, жасаған күнәларына өкінеді», – деп жауап берген. Сүю Бір кісі шөлде бара жатып өңі-түсі ұсқынсыз біреуді көріп, одан: «Сен кімсің?» – деп сұрады. Ол: «Мен сенің жаман істеріңмін», – деді. Әлгі адам: «Сенен қайтіп құтылуға болады?» – деп сұрады, түрі суық неме: «Пайғамбарға салауат, сәлем айтумен құтылсаң болады», – деп жауап берді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Маған салауат айту – Сырат көпірінде нұр болып келеді. Кімде-кім жұма күні сексен мәрте маған салауат айтса, Алла Тағала оның сексен жылдық күнәларын кешіреді», – деген. Бір хикаяда былай деп айтылады: Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтпай жүрген бір немқұрайды кісі түсінде Алла Елшісін (с.а.с.) көрді. Бірақ Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) оған мүлдем қарамай қояды. Нәтижеде ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) жалбарынып: – Уа, Алланың Елшісі, сен маған наразысың ба? – дейді. – Жоқ, – деп жауап береді Пайғамбарымыз. – Онда неге маған қарамай жатырсың? – Өйткені мен сені танымаймын. – Мені қайтіп танымайсың? Мен сенің үмбетіңненмін ғой. «Пайғамбарымыз үмбетін ата-ана баласын танығаннан да жақсырақ таниды» деп ғалымдар айтты ғой. – Турасын айтыпты. Бірақ сен маған салауат айтпайсың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына қарай болады. Содан бастап әлгі кісі күніне жүз мәртеден салауат айтуға өзіне-өзі уәде берді және бұл уәдесін орындайды. Бірнеше күннен кейін түсінде Алла Елшісін (с.а.с.) көрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Енді сені танып жатырмын және саған шапағат етемін, – деп сүйіншіледі. Себебі ол кісі Алла Елшісін сүйе бастаған еді. «Әли Имран» сүресінің 31-аятының түсу себебі төмендегіше: Алла Елшісі (с.а.с.) Кәғб ибн Ашраф пен оның достарын Исламға шақырғанда, олар: «Біз Алланың ұлдарындаймыз және біз Алланы көбірек сүйеміз», – деді. Сонда Алла Тағала Өз пайғамбарына: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)» 49 деген аятты түсірді. 49 «Әли Имран» сүресі, 31. Мүминдердің Алла Тағаланы сүюі – оның бұйрықтарына бас июімен болады. Алла Тағаланың мүминдерді сүюі олардың тілектерін қабыл алуы, күнәларын кешіруі, оларды қорғауы, қолдауы және рақымы мен жақсылықтары болып саналады. «Ихияу улумиддин» кітабында төмендегілер баяндалады: Кім төрт нәрсені айтып, төрт нәрсені орындамаса, ол өтірікші. Олар төмендегілер: 1. Пейішті сүйем дегенімен Алланың бұйрықтарын орындамағандар; 2. Алла Елшісін (с.а.с.) сүйем дегенімен ғалымдарды және жарлыларды сүймегендер;


24 3. Тозақтан қорқам дегенімен күнәларды тастамағандар; 4. Алланы сүйем дегенімен басына бәле келгенде шағымдана бергендер». Ел ішінде төмендегідей бір хикая айтылып келеді: Бірнеше кісі Имам Шиблиге келеді. Имам Шибли олардан: – Сендер кімсіңдер? – деп сұрайды. – Біз сенің достарың боламыз, – деп жауап қайтарады әлгілер. Сонда Имам Шибли оларды таспен ұра бастайды. Олар түсінбей артқа қашады. Сонда имам Шибли: «Сендер менен қашып жатырсыңдар ма? Егер дос болғандарыңда менен келген бәледен қашпаушы едіңдер», – дейді. Содан соң айтты: «Сүюге берілгендер сүю кесесінен шарап ішеді. Бүтіндей жер жүзі оларға тарлық қылады. Алла Тағаланы шындап таниды, оның ұлылығынан қорқады. Құдіретіне таңданады. Оның сүю кесесінен шарап ішеді және оның достық теңізіне сүңгиді. Оған дұға қылудан рахат алады. Бура күйлеп жүргенде 40 күн жем жемейді екен. Оған басқа уақытта көтеретін жүгінен он есе көп жүк жүктелсе де көтере береді. Себебі ол сүйіктісін аңсап тұрғандықтан жем де жемейді, ауыр жүктерді де тасиды. Міне, түйе баласы да сүйіктісін аңсағанда, жепішуге көңіл бөлмай, ауыр жүктерді қарамай таси береді. Ал сендер ше?! Сендер ұлы Жаратқан үшін арам нәрселерден аулақ бола аласыңдар ма? Алла разылығы үшін нәпсілеріңе ауыр жүк жүктей аласыңдар ма? Егер бұл айтылғандардың ешбірін орындай алмасаңдар, онда сендердің айтқандарың негізсіз. Бұл сөздеріңнің сендерге бұл дүниеде де, ақыретте де пайдасы тимейді». Әзірет Али былай дейді: «Кім пейішке кіруді қаласа, жақсы істерді жасасын. Кім оттан қорықса, нәпсісін құмардан сақтасын. Өлімді анық білген кісіге дүние ләззаты қызықсыз». Ғашықтық Сүю – бұл бір нәрсеге көңілі ауу. Егер бұл сезім күшейсе, онда ол ғашықтық деп аталады. Пенде ғашық болған кісісінен еш нәрсесін аямайды. Зылихаға қарамайсыңдар ма? Ол сүйіспеншілігі үшін мал-мүлкінен де, сұлулығынан да, лауазымынан да айырылуға разы болған. Оның жетпіс түйеге жүк болатын алтын-күміс әшекейлері бар еді. Бәрін Жүсіпке (а.с.) арнаған сүйіспеншілігі үшін жұмсады. Тіпті «Мен бүгін Жүсіпті көрдім» деген кісіге де ойланбай тұрып бір бағалы әшекейін сыйлық етіп берді. Сөйтіп байлығын да шашып тауысты. Қолында еш нәрсесі қалған жоқ. Барлық нәрсені Жүсіп деп атады. Ғашықтығының себебінен одан басқа барлық нәрсені ұмытты. Аспанға қараса, жұлдыздар Жүсіп деп жазылып тұрғандай көрінуші еді. Айтушылар бойынша, Зылиха иман келтіргеннен кейін Жүсіппен (а.с.) бас қосып, бірақ одан бөлек өмір сүре бастады. Өзінше бөлектеніп, жалғыз Аллаға ғибадат жасап жүрді. Жүсіп (а.с.) күндіз жатайық десе түнге қалдырды, түнде жатайық десе күндізге қалдырды. Ол: «Жүсіп, мен сені Алланы танығанға дейін сүйдім. Оны танығаннан кейін одан басқаның сүйіспеншілігіне орын қалмай қалды. Мен оның сүйіспеншілігінің орнына басқа нәрсе қаламаймын», – деді. Бұл жағдай Жүсіп (а.с.) оған: «Алла Тағала сенен екі бала нәсіп ететінін және оларды пайғамбар қылатынын айтты» дегенге шейін жалғасты. Зылиха: «Егер Алла Тағала саған солай бұйырса және мені соған себепкер қылса, онда Алла Тағаланың бұйрығына бас ию керек», – деп қосылуға келісті.


25 Ләйланың Мәжнүнінен «Атың кім?» – деп сұраса, «Ләйла», – дейді. Тағы бір күні Мәжнүнге: «Ләйла өлді», – десе: «Жоқ. Ол менің жүрегімде. Ол өлмейді. Себебі мен Ләйламын», – деп айтады. Бір күні Мәжнүн Ләйланың үйінің жанында тұрып көкке қарай берді. Оны көргендер: «Ей, Мәжнүн, аспанға қарамай Ләйланың үйіне қарасаңшы. Бәлкім, оны сол жерден көріп қаларсың», – деп айтты. Сонда ол: «Мен Ләйланың үйіне сәулесі түскен жұлдызды көрсем де разымын», – деп жауап қайтарды. Риуаяттарға қарағанда, Халлаж Мансурды он бес күн абақтыға қамады. Имам Шибли оған келіп: – Мансур, ғашықтық деген не? – деп сұрады. Мансур: – Бүгін емес ертең сұра, – деді. Ертесі күні оны абақтыдан шығарып, дардың жанына алып келді. Сол сәтте Имам Шиблиді көріп: – Шибли, ғашықтықтың басы – күйіп-жану, аяғы – өлім, – деді. Шынайы сүюдің үш қасиеті бар: 1. Сүйгенінің сөздерін басқа барлық сөздерден артық көру; 2. Сүйгенімен бірге болуын басқалармен бірге болудан артық көру; 3. Сүйгенінің разылығын басқалардың разылығынан артық көру. Бір кісі Евфрат дариясына жуынып жатып біреудің: «Әй, күнәға белшесінен батқан күнәһарлар! Қане, бүгін өзгелерден араларыңды үзіп, оқшауланыңдар»50 деген аятты оқығанын естіп қалды. Сонда оның денесін қалтырап, суға құлап, тұншығып өлді. 50 «Иәсин» сүресі, 59. Жунайд Бағдади: «Тасаууф – бұл нәпсінің қалауларын тастау», – деген. Зиннун Мисри бір күні Харам мешітіне кіріп тіректің алдына тасталған аурушаң, жалаңаш жігітті көрді. Ол аянышты ыңырсып жатыпты. Одан арғысын Зиннун Мисри төмендегіше баяндайды: «Оған жақындап барып, сәлем беріп: «Ей, жігіт, сен кімсің?» – деп сұрадым. Ол: «Мен ғашық болған әлсіз жанмын», – деді. Оның айтқанын түсіндім де: «Мен де сендеймін», – дедім. Мұны естіп ол жылай бастады. Мен де өзімді ұстап тұра алмай жыладым. Жігіт: «Сен де жылап жатырсың ба?» – деп сұрады. «Мен де сендеймін», – дедім. Ол баяғыдан да қаттырақ боздап жылады. Бір кезде қатты айқайлады да, жан берді. Киіміммен үстін жауып қойып, кебін сатып алуға кеттім. Қайта келгенімде оны жатқан орнынан таба алмадым. «Субханалла!» – дедім таңдана. Сол сәтте ғайыптан:«Ей, Зиннун, бұл таңғажайып пендені бұл дүниеден шайтан іздеп таба алмады, Мәлик (тозақ періштесі) іздеп көре алмады, Ридуан (пейіш періштесі) пейіштен іздеді, тапқан жоқ», – деген үн естілді. Мен: «Ол қайда?» – деп сұрадым. Тағы ғайыптан: «Жаратқанның жанында, ол шексіз сүйіспеншілікпен ғибадат жасап, тәубе жасауға берілгендігінен сонда», – деген жауап келді. Бір ғалымнан «Ғашық деген кім?» – деп сұрағанда, ол:«Елмен аз жолығып, көбінше жырақ жерлерде болған, әрдайым ойлы жүріп, көп сөйлемеген, қараса көрмеген, шақырсаң естімеген, сөйлесе түсініксіз сөйлеген, басына бір бәле келсе қайғырмаған, қарны ашқанын сезбеген, біреу ұрысса әсерленбеген, Алладан басқа ешкімнен қорықпаған кісі. Ол жалғыз қалғанда да Алланы ойлайды. Онымен байланыста болады. Дүниені сүйгендермен дүние туралы таласып-тартыспайды», – деп жауап берді. Хикая Иса пайғамбар бір күні бақ суғарып жүрген бір жігітке жолығады. Ол Исаға (а.с.): – Жаратқан Иеңнен сұрашы, маған да сүйіспеншілігінен біраз нәсіп қылсын, – деп сұранады. Иса (а.с.) оған:


26 – Сен оның кішкентай сүйіспеншілігіне де шыдамайсың, – деп жауап береді. – Олай болса кішкентайдың жарымын сұра, – дейді әлгі. Сонымен арадан біршама уақыт өтеді. Бір мәрте Иса (а.с.) тағы сол жерден кетіп бара жатып баяғы жігіт туралы сұрастырады. Ол жердегілер: – Ол ақыл-есін жоғалтып тауға шығып кеткен, – дейді. Иса (а.с.) Алла Тағалаға дұға қылып, жігітті өзіне көрсетуін сұранады. Нәтижеде оны таудың арасында бір тастың үстінде көкке алақан жайып отырған жерінен тапты. Иса (а.с.) оған сәлем берді, бірақ жауап болған жоқ. Иса (а.с.): «Мен – Исамын», – деп өзін естіртуге әрекет жасады. Сонда Алла Тағаладан: «Жүрегінде Маған болған сүюдің кішкентайының жарымындайы бар пенде сенің сөзіңді қайтіп естиді? Өз ұлылығыма ант етейін, егер оны арамен аралап тастасаң да сезбейді», – деген уахи келді. Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен үш нәрседен тазаланбаса, ол алданған болып саналады. Бұлар: 1. Алланы зікір қылудан рахат алғанын айтқанымен дүниені сүйгендер; 2. Ықыласты іс жасауды жақсы көретінін айтқанымен басқалардың өзін құрметтеп тұруын қалағандар; 3. Жаратушысын сүйгенін айтқанымен нәпсісіне бас игендер. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үмбетімнің басына бір уақыт келеді. Сонда олар бес нәрсені сүйіп, бес нәрсені ұмытады: – Дүниені сүйіп, ақыретті ұмытады, – Мал-мүлікті сүйіп, есеп беруді ұмытады, – Жаратылғандарды сүйіп, Жаратқанды ұмытады, – Сарайларды сүйіп, қабірді ұмытады». Мансур ибн Аммар бір жігітке былай деп насихат айтқан: «Ей, жігіт! Жастығыңа алданба. Тәубені кешіктіріп, еш өлмейтіндей жүрген, өлімді еске алмаған қаншама жастар бар. Олар: «Мен ертең не одан кейінгі күні тәубе жасаймын», – дейді. Бірақ өлім періштесі оларды тәубеден бейхабар жүргенде желкеден алып, қабірге түсірді. Ол қабірде мал-мүлік, құл-құтан, бала-шаға, ата-ана пайда бермейді. Бұл туралы Алла Тағала былай деген: «Ол – мал-мүлік те, бала-шаға да титтей пайда бермейтін күн». «Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді)»51. 51 «Шұғара» сүресі, 88-89. Уа, Жаратқан Алла! Бізге өлімнен бұрын тәубе келтіруді нәсіп қыла көр және біздің жүрегімізді оят! Бізді пайғамбарлардың ең асылы болған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына жеткіз! Күн сайын, сағат сайын тәубе келтіру, жасаған күнәларына өкіну, өмірін жалғастыра алатындай дүниеге разы болып, басқа нәрселерге қызықпау, керісінше ақырет істерімен шұғылданып, Алла Тағалаға шын ықыласымен ғибадат жасау – міне, осылар шынайы мүминдердің сипаты. Хикая Сараңдығы, екі жүзділігі жағынан алдына ат салдырмаған кісі жұбайына ешқашан, ешкімге садақа бермеуін, егер беретін болса, сол сәтте талақ қылатынын айтып бір жаққа шығып кетті. Арадан көп өтпей бір тіленші келіп, олардың есігін қақты. «Уа, қожайындар! Алла үшін маған бір нәрсе беріңдерші?» – деді ол. Әйел оны құр қол жібере алмай үш нан ұстатты. Тіленші әйелге ризалығын білдіріп, кетіп қалды. Ол біраз жүріп еді, баяғы екі жүзді, сараң кісінің дәл өзіне жолықты.


27 – Бұл нандарды саған кім берді? – деді сараң тіленшінің қолындағы нандарға қызыға қарап. – Пәленше үйден алдым, – деді әлгі тіленші түсіндіріп. Әбден ашуланған сараң үйіне кіріп келіп әйелін бір ұрды. – Мен саған ешкімге еш нәрсе берме демедім бе?! – Мен Алла Тағаланың разылығы үшін бердім, – деп жауап берді әйелі. Ашуы қайнаған кісі тандырға от жағып, қатты ысыған кезде әйеліне: – Қане, Алла үшін тандырға өзіңді тасташы! – деді. Әйел тұрып ең жақсы киімдерін киді. Сараң оған қарап тұрып: – Жаңа киімдеріңді қалдыр! – деді. Әйел: – Адам сүйгені үшін сәнденеді. Мен Жаратқан Иемді зиярат қылғалы тұрмын, – деп болмай қойды. Содан соң сол бойы барып тандырға өзін тастады. Екі жүзді кісі тандырдың ауызын жауып тастап кетіп қалды. Арадан үш күн өткенде баяғы сараң барып тандырдың қақпағын ашты. Ішіне қараса әйелі Алланың құдіретімен аман-есен отырады. Екі жүзді оны көріп қатты таңғалды. Сол сәтте ғайыптан «От біздің сүйгендерімізді өртемейтінін білмейсің бе?» деген үн естілді. Перғауынның әйелі Асия Аллаға иман келтіргенін күйеуінен жасырып жүрді. Бір күні перғауын оның иман келтіргенін біліп қалып, жазаға тартты. Оны әртүрлі қинауға салған соң: «Дініңнен қайт», – деді. Бірақ әйелі қайтқан жоқ. Жуан таяқтармен гүрсілдете ұрса да болмады. «Сен менің денемді ауыртып, талқандауың мүмкін, бірақ жүрегім Жаратқанның қорғауында. Сен мені майдалап бөліп тастасаң да, менің Аллаға болған махаббатым арта береді», – деді. Сол сәтте кетіп бара жатқан Мұсаға (а.с.) Асия жалбарынып: – Айтшы, Жаратқан Ием маған ашуланып жатыр ма? Не менен разы ма? – деді. Мұса (а.с.): – Асия! Көктегі періштелер саған қарап тұрады. Алла Тағала сенімен мақтанады. Мұқтаждығыңды айт, не қаласаң да қабыл болады, – деді. Сонда әзірет Асия: «Уа, Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан құтқара көр!»52 – деп дұға қылды. 52 «Тахрим» сүресі, 11. Салман (р.а.): «Перғауын әйелін күннің қайнап тұрған аптабына тастап қинады. Бірақ (перғауын жақындарымен) ол жерден кетісімен періштелер оны қанаттарымен қалқалады. Асия болса пейіштегі үйін көріп отыратын еді», – деп айтқан. Бұл оқиға туралы Әбу Һурайра (р.а.) былай деп риуаят етеді: «Перғауын әйелі Асия үшін төрт қазық қақтырып матап қойды. Көкірегіне бір диірмен тасын қойдырды. Содан соң басын Күнге қаратып бұрдырды. Сонда Асия көкке қарап: «Өзің маған пейішіңнен үй тұрғыз!» – деп дұға қылды. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Алла оны құтқарды. Содан соң пейішіне алып кетті. Ол сол жайда өмір сүріп жатыр», – деген. Бұл жерде қиыншылық сәтте Алла Тағалаға сиынып, Одан жәрдем сұрау мүмин пенделердің сипаты екеніне дәлел бар.


28 Алла тағалаға мойынсұну және Пайғамбарды сүю Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)»53. 53 «Әли Имран» сүресі, 31. Пенденің Алланы және Оның Пайғамбарын сүюі – оларға мойынсұну, бұйрықтарына бас ию болып саналады. Алланың өз пендесін сүюі оған жақсылық-нығметтерді беруі, сыйлауы, оны кешіруі. Пенде ұлы Жаратқанның ұлылығын, кемшіліксіздігін және өзіндегі жақсы қасиеттер Алла Тағаладан екенін түсінгенде Алланы сүйген болып саналады. Пенденің бұларды түсінуі оны жақсы істерді жасауға жетелейді. Хасан Басридің айтуы бойынша, кейбіреулер Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Мұхаммед! Біз Жаратқан Иемізді сүйеміз», – деп айтқанда жоғарыдағы аят түсірілген. Бишр Хафи (р.а.) былай дейді: Бір күні Пайғамбарымызды (с.а.с.) түсімде көрдім. Ол: «Бишр, Алла сені қайсы қасиеттерің үшін құрдастарыңнан жоғары қылып қойғанын білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ, білмеймін», – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы кісілерге қызмет жасап, мұсылман бауырларыңа насихат айтуың, достарыңды және менің сүннетімді ұстанғандарды сүйгенің және менің сүннетіммен жүргенің себепті жоғарылатты», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисте: «Кім менің жолымдыұстанса, мені сүйген болады және кім мені сүйсе, қияметте пейіште менімен бірге болады»54, – деген. 54 Тирмизи, 2678; Мунауи, ат-Тайсир, II, 390-бет. Адамдардың әдеп-ахлағы бұзылып, түрлі ағымдарға бөлініп кеткен сәтте, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетін бекем ұстанғандарға жүз шейіттің сауабы беріледі. «Сиратул-Ислам» атты кітаптағы мағлұматтар да мұны растайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кіргісі келмегендерден тысқары үмбетімнің бәрі пейішке кіреді», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, кім пейішке кіруді қаламасын?!» – деп таңғала сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мағанмойынсұнғандар пейішке кіреді, маған қарсы шыққандар болса пейішке кіруді қаламағандар»55, – деп жауап қайтарды. 55 Бұхари, 7280. Тасаууф жолындағы бір кісі былай дейді: «Егер аспанда ұшқан, теңізде жүзген, аузына от салған және сол сияқты адам баласы жасай алмайтын істерді жасаған, бірақ Алла парыз қылған ғибадаттардан не Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерінен біреуін біліп тұрып жасамаған тариқат шейхын көрсең, оның көрсеткен өзгеше істері керемет емес истидраж56 екенін біліп қой. Оның жамандығынан Құдай сақтасын». 56 Имансыздарды ақиқат жолдан алыстатып, жоғалтуға ұшыратқан кейбір таңғажайып өзгешеліктер. Жунайд Бағдади (рахматуллаһи аләйһи): «Алланың жәрдемінсіз ешкім оған жете алмайды. Аллаға жетудің жолы – елшісі Мұхаммедтің жолымен жүру», – деп айтқан. «Сиратул-Ислам» атты кітапта баяндалғаны бойынша, Ахмад әл-Хиуари (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Сүннетке жатпаған істер қабыл болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім менің сүннетіме ермесе, оған шапағатым арам болады», – деп айтқан. Риуаяттарға қарағанда, бір кісі бір жындының лайықсыз іс-әрекетіне куә болып, бұл туралы Маруф әл-Қарһиге (рахимаһуллаһу) айтады. Маруф әл-Қарһи жымиып тұрып оған: «Бауырым, сен жолықтырған кісі Алланы сүйгендердің жындыларынан. Себебі


29 Алланы сүйгендердің ішінде ақылдысы, жындысы, кішкентайы және үлкені болады», – деп жауап береді. Жунайд Бағдади былай дейді: «Бір күні Сирри (рахматуллаһи аләйһи) ұстазымыз ауырып қалды. Оның ауруының себебін біле алмадық, емін де таба алмадық. Бізге бір дәрігерді кеңес берді. Сирридің (рахматуллаһи аләйһи) кіші дәретін бір ыдысқа құйып алып, оған алып бардық. Дәрігер кіші дәретін тексеріп көріп, бізге: «Бұл кіші дәрет ғашық болған кісінің кіші дәретіне ұқсайды», – деді. Мен сол кезде айқайлап жіберіп естен танып, қолымдағы кіші дәреттің ыдысын жерге түсіріп алыппын. Кейін қайтып келгенде Сирриге (рахматуллаһи аләйһи) болған оқиғаны айтып берсем, ол жымиып: «Алла жанымды алсын, ол қайтіп білді екен?!» – деді. Мен: «Шейхым! Демек, сүю кіші дәретте де белгілі болады екен ғой?!» – деп таңырқадым. Маған: «Әлбетте, білінеді», – деп жауап берді ол. Суфиян (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Кім Алланы сүйгендерді сүйсе, ол Алланы сүйген болады. Кім Алла Тағала құрметтеген пенделеріне құрмет көрсетсе, ол Аллаға тағзым еткен болады». Саһл (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алла Тағаланы сүюдің белгісі – Алланың Кітабын сүю. Алла Тағаланы және Оның Кітабын сүюдің белгісі – Пайғамбарды (с.а.с.) сүю. Пайғамбарды (с.а.с.) сүюдің белгісі – оның сүннетін орындау. Оның сүннетін орындаудың белгісі – ақыретті сүю. Ақыретті сүюдің белгісі – бұл дүниені сүймеу. Бұл дүниені сүймеудің белгісі – ақыретке азық болатынынан артығын тұтынбау». Әбул Хасан аз-Занжанидің (рахматуллаһи аләйһи) былай дегені айтылады: «Ғибадат көз, жүрек және тілмен орындалады. Көз жылап сабақ алса, жүрек ойланады, тіл Алланың бар екенін, бірлігін және ұлылығын растап, тасбих айтумен ғибадатты орындайды. Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Алланы көп еске алыңдар! Оны (мінсізсің, кемшілік атаулыдан, орынсыз іс істеп, лайықсыз үкім шығарудан, әрі Өзің жаратқан жаратылысқа ұқсаудан) пәксің деп, ертелі-кеш ұлықтаңдар!»57 57 «Ахзаб» сүресі, 41-42. Риуаяттарға қарағанда, Абдулла мен Ахмад ибн Харб бір жерде отырғанда Ахмад ибн Харб жерден бір тұтам шөп жұлды. Сонда Абдулла оған былай деп айтты: «Ахмад, сол қылғаның үшін бес нәрсеге душар болдың: 1. Жүрегіңді Алла Тағаланы тасбих қылудан қалдырдың. 2. Нәпсіңді Алланың зікірінен басқа нәрсемен әлек қылдың. 3. Басқаларға жаман үлгі болдың. 4. Ол шөпті Алла Тағаланың зікірінен қалдырдың. 5. Қиямет күні Алла Тағаланың алдында өзіңе қарсы бір дәлел таптың. Сирри (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні Журжанидің (рахимаһуллаһу) қуырылған ұн жеп отырғанын көріп: «Неге басқа нәрсе жемедің?» – деп сұрадым. Ол маған: «Есептесем, тамақты шайнап жұтқанға шейін жетпіс тасбих айтатындай уақыт кетеді екен. Міне, сондықтан қырық жылдан бері мүлдем нан жегенім жоқ» – деп жауап қайтарды. Саһл ибн Абдулла он бес күнде бір тамақ жеді. Рамазан айы кіргенде бір мәрте тамақ жеді. Кейде жетпіс күн тамақ жемей жүргенін де көрген. Тамақ жегенде әлсіреп, аш жүргенде күшейді. Керек болса, отыз жыл бойы Әбу Хаммад әл-Асуадпен Харам мешітінде көрші болды, бірақ оның жеп-ішкенін көрген жоқ. Әрдайым Алланы зікір қылумен әлек болды. Алланың бір досы Амр ибн Убайд (рахимаһуллаһу) үш нәрсе үшін ғана – жамағатпен намаз оқу, аурудың көңілін сұрау және жаназа намазына тұру үшін ғана үйінен шықты.


30 Ол былай деді: «Адамдарды ұры-қарақшыдай көрем. Негізі, өмір – ең бағалы нәрсе. Демек, олар сондай бағалы нәрсені түсінбейді. Мынадай бағалы заттан ақырет үшін азық дайындау керек еді. Ақырет өмірін қалаған кісінің басқа қайғысы болмау үшін бұл дүние өмірін тақуалықпен өткізу керек. Себебі пенде өз деңгейін сақтап қалу үшін материалдық және рухани жағын жөнге сала білуі керек». Мүмин әрдайым дәретпен жүргені дұрыс. Дәреті бұзылғанда дереу дәрет алып, екі рәкат намаз оқығаны абзал. Әрдайым құбылаға қарап отыруға мән беріп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында отырғандай отырып, іс-әрекеттеріне көңіл бөлуі керек. Салауатты болып, қиыншылықтарға сабыр қылуы, жамандыққа жақсылықпен жауап беріп, әрқалай күнәсі үшін тәубе жасауы керек. Ілімімен мақтанбай, менменсінбей, әрдайым кішіпейіл болғаны абзал. Себебі менменсіну – шайтанның сипаттарынан. Тақуа кісілерді құрметтеу жақсы. Өйткені тақуаларды сыйламағандарды Алла Тағала олардан бөліп қояды. Ғибадатқа мән бермегендердің жүрегінен ғибадат сүйіспеншілігін шығарып тастайды. Фудайл ибн Ияздан (рахматуллаһи аләйһи): «Әбу Али, пенде қашан тақуа болады?» – деп сұрағанда, ол: «Басқаларға әрдайым насихат айтуды ойлағанда, жүрегінде Алладан қорқу пайда болғанда, аузынан әрдайым шын сөз шыға бастағанда және дене мүшелері жақсы істерді жасағанда, кісі тақуалардан болады», – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисте былай деп айтады: «Дүниеден қол үзу денені де, жүректі де рахатқа бөлейді. Ал енді дүниені сүю қайғыға салады. Дүниені сүю – барлық қателіктердің басы, одан аулақ болу – барлық жақсылықтардың басы».58 58 Табарани, Муғжамул Аусат, 6/177; Әбу Нуаймин, Хилия, 6/288. Бір тақуа кісі жиналған елдің жанынан өтіп бара жатса, ол жерде бір дәрігер аурулар және олардың емдері туралы баяндап жатыр екен. Нәтижеде ол да сөзге құлақ түріп, отырып қалады. Біршама тыңдаған соң: «Уа, денсаулықтың сақшысы, жүректерді де емдейсің бе?» – деп сұрады. Дәрігер: «Маған ауруың туралы айтшы», – деді. Тақуа кісі: «Күнәлармен қарайған жүректің емі бар ма?» – деді. Дәрігер: «Ондай жүректің емі – күні-түні Алла Тағалаға жалынып-жалбару, тәубе жасау. Жүректердің емі сол, ал шипасы болса ғайыпты білетін Алладан», – деп жауап қайтарды. Мұны естіген тақуа кісі жылай бастады да: «Сен өте жақсы дәрігер екенсің, жүрегімнің емін тура таптың», – деді. Бір хикаяда былай баяндалады: «Бір кісі құл сатып алса, құлы қожайынына: «Уа, қожайыным, менің «Уақыты келгенде парыз намаздарымды оқуға рұқсат бересің, күндіз мені қанша жұмсасаң жұмсай бер, бірақ түнде жұмсамайсың және үйіңнен маған ғана тиесілі бір бөлме бересің» деген үш шартым» бар, – дейді. Қожайын оның шарттарын қабыл алып, құлына үйін көрсетіп бір бөлме таңдауын айтады. Үйді қыдырып шыққан құл ең нашар бөлмені таңдап алады. Қожайын неге оның сол бөлмені таңдап алғанын сұрағанда, ол: «Алламен бірге болғанда ең нашар қираған жерлер де гүлзарға айналарын білмейсің бе?» – деп жауап береді. Сөйтіп құл күндіз қожайынына қызмет жасап, түнде Аллаға ғибадат жасап жүре береді. Бір күні қожайын үйін айналып жүріп, құлының бөлмесінен жарық шығып жатқанын көреді. Бөлмеге жақындап келсе, құлы сәждеде тұрады, жанында ауада бір шырақ асылып тұр. Тыңдаса, Алла Тағалаға: «Уа, Жаратқан Алла! Маған қожайынның қызметін жүктедің. Сондықтан күндізді қызмет жасаумен өткізудемін. Егер олай болмағанда күнімді де, түнімді де бір Өзіңе ғибадат жасаумен өткізер едім. Уа, Жаратқан Ием, мені кешіре көр!» – деп жалбарып жатады. Оның ғибадаты таң атқанға шейін жалғасады. Қожайын болса ғибадат жасап жатқан құлынан көзін ала алмай естіп отырады. Таң атқанда болған оқиғаны әйеліне айтып береді. Ертесі күні әйелімен бірге құлына көз салады. Құл дәл алдыңғы күндегідей Аллаға жалбарады. Оны көріп


31 қожайын мен әйелі көз жасын тыя алмай кемсеңдеп жылайды. Сонымен жерге жарық түсіп, таң да атады. Қожайын құлын шақырып алып: «Сені Алланың разылығы үшін азат қылам. Бұдан кейін Алла Тағалаға емін-еркін ғибадат жасай бер», – дейді. Құл дереу көкке алақан жайып: «Уа, сырларды білуші Алла Тағалам! Сырым ашылып қалды. Бұдан кейін жасай алмаймын. Менің жанымды ала көр!» – деп жалбарынады да, сөзі бітпей жатып жан береді. Аллаға ғашық пенделер сондай болады. Ібіліс Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп баяндайды: «(Сондай-ақ оларға): «Аллаға һәм Алла елшісіне бағыныңдар», – деп айт. Егер олар (бағынудан бас тартып) сырт айналып кете барса, (онда кәпірлер біліп қойсын) шүбәсіз, Алла кәпірлерді жақсы көрмейді»59 59 «Әли Имран» сүресі, 32. Мәлім болғандай, Алла Тағала Ібілістің тәубесін оның күпірлігі және тәкаппарлығы үшін қабыл алмады. Ал енді Адам (а.с.) тәубе жасағанда, оның тәубесі қабыл болды. Себебі Адам (а.с.) қателік өзінен кеткенін түсініп, жасаған ісіне пұшайман болып, өзінөзі кінәлады. Сонымен бірге бұл шынайы мағынадағы күнә емес еді. Себебі пайғамбарлар күнәсіз. Олар пайғамбар болғанға шейін де, пайғамбар болғаннан кейін де күнә жасаған емес. Бұл қателік қана болып есептеледі. Құранда баяндалғаны бойынша, Адам (а.с.) мен Хауа ана жіберген қателіктерінің артынан дереу Аллаға былай деп жалбарынған: «Уа, Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең әрі есіркеп рақымыңа бөлемесең, зиянға ұшырағандардың қатарында боламыз»60 . 60 «Ағраф» сүресі, 23. Демек, олар өздерінің жасағандары үшін Жаратқаннан жәрдем сұраған және Алла Тағаланың мейірімінен үміт үзген емес. Себебі Құран Кәрімде де Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді»61 деген. 61 «Зумәр» сүресі, 53. Шайтан болса жіберген қателігін мойынға алған емес және шындап тәубе де келтірмеді. Алланың мейірімінен үміт үзіп, тәкаппарлана бастады. Кімнің жағдайы шайтандікіндей болса, оның тәубесі қабыл болмайды. Кімнің жағдайы Адамның (а.с.) жағдайындай болса, Алла Тағала оның тәубесін қабыл алады. Өйткені нәпсімен байланысты барлық күнәлардың кешірілуінен үміт етуге болады. Ал енді менменсінуге, тәкаппарлыққа негізделген ешбір күнә кешірілмейді. Хикаяда айтылғаны бойынша, Ібіліс Мұсаға (а.с.) келіп: – Алла саған пайғамбарлық беріп, өзгеше пенделерінен қылды. Енді сенімен сөйлесіп тұра ма? – деді. Мұса (а.с.): – Иә. Ал сен өзің кімсің? Менен не қалайсың? – деп сұрады. Ібіліс: – Мұса, Иеңе айтшы, Оның жаратқандарынан біреу тәубе жасағысы келіп жатыр, – деді. Сонда Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деп уахи қылды:


32 – Мұса, оған «Адамның қабіріне сәжде жасасаң, өтінішің қабыл болады», – деді деп айт. Егер сәжде жасаса, оның тәубесін қабыл алып, бүтіндей күнәларын кешіремін. Мұса (а.с.) Алланың қалауын білдіргенде, Ібіліс тәкаппарланып: – Мұса, мен оған пейіште сәжде жасаған жоқпын. Енді өлігіне қайтіп сәжде жасаймын? – деді. Риуаяттарға қарағанда, тозақта Ібіліске азап күшейтіліп, былай деп айтылады: – Алланың азабы қалай екен? – Өте қатты екен. – Адам пейіш бақшаларында. Оған сәжде жасап, кешірім сұрасаң, Алла сені кешіреді. Бірақ ол сонда да тәкаппарланады. Нәтижеде оның азабы басқалардың азабынан жетпіс мың есе күшейтіледі. Құрметті, мұсылман бауырым! Егер Ібілістен құтылуды қаласаң, ұлы Жаратқанның бұйрықтарына бас и. Қиямет-қайым болғанда оттан жасалған орындық қойылып, лағынеттелген Ібіліс оған отырғызылады. Барлық шайтандар оның жанына жиналады. Кәпірлер де оның жанында болады. Ібіліс ақырған есектікіндей үнімен: – Уа, тозақылар! Жаратқан Иелеріңнің бүгінгіге берілген уәдесі қалай болды?! – деп ақырады. – Уәдесі шын шықты, – дейді жанындағылар. Сонда Ібіліс: – Бүгін Алланың мейірімінен үміт үзген күнім, – дейді. Сонда Алла Тағала періштелерге Ібілісті және оған ергендерді оттан жасалған тоқпақпен сабауға бұйрық береді. Оларды қырық жыл солай қинайды. Олар тозақтан шығу деген сөзді де естімейді. Алла Тағала сондай жағдайдан сақтасын. «Әлбетте, осының өзінде ақыл иелері үшін талай ғибрат бар»62. 62 «Зумәр» сүресі, 21. Пейіштен қуылған шайтан ұлы Аллаға: – Уа, Жаратқан Ием! Адамның себебінен мені пейішіңнен шығардың. Мен өзім одан өш ала алмаймын. Сен жәрдем берсең ғана бұл мақсатыма жете аламын, – дейді. Алла Тағала: – Оның ұрпақтарын азғыруға саған рұқсат беремін, – дейді. – Бұдан басқа да мүмкіншілік беруіңді сұраймын. – Сенің ұрпағың Адамның ұрпағынан екі есе тез көбейеді. Шайтан: «Тағы басқа мүмкіншілік бер», – дегенде, Алла Тағала: «Білгеніңді істе, шамаң келгенді сұрқия дауысыңмен азғырып, түрте (жамандыққа бастай) бер! Оларға атты әрі жаяу жендеттеріңмен атой салып, шабуыл жаса. Мал-пұлдары мен бала-шағаларына ортақтас бол һәм оларға жиі уәде бер!» – деп айтты. Әйтсе де әзәзіл шайтан оларды алдағаннан басқа не бір жетіскен уәде береді дейсің!»63 63 «Исра» сүресі, 64. «Сен ұрпағыңнан шыққан балаларыңның бәрін Адамның ұрпақтарына қарсы жібер. Оларды арам жолмен байлық тауып, арам жолға жұмсауына, арам жолдардан перзент табуына азғыр. Балаларына пұтқатабынушылықты білдіретін ат қоюға шақырып, атабабаларының тегіне сенуді айт. Тәубені кешіктіруді үндеп, оларды алда». Алла Тағала Ібілісті ескертті. Төменгі аяттың мағынасы да сондай: «Расында, (болмыстағы һәм Кітаптағы) аяттарымызға келгенде, ақиқаттан ауытқитындар Бізден жасырына алмайды (яғни, олардың ісі Біз үшін беймәлім құпия болып қалмайды). Өздерің айтыңдаршы, тозақ отына тасталатын адам қайырлы ма, жоқ, әлде қиямет күні еш нәрсеге алаң болмай, өзін қауіпсіздікте сезінген күйде құзырымызға келетін адам қайырлы ма?! Ендеше, қалағандарыңды істеңдер! Ол не істеп не қойып жүргендеріңді толық көруде»64.


33 64 «Фуссилат» сүресі, 40. Шайтанның бұл қалауларына қарап Адам (а.с.) да Алла Тағалаға былай деп жалбарады: – Уа, Жаратқан Ием! Оны менің басыма түскен бәле қылдың. Егер Өзіңнің жәрдемің болмаса, мен одан өзімді қорғай алмаймын. – Сенің ұрпағыңның әрбіріне қорғаушы періште жіберем. – Тағы да? – Жақсы істеріңнің сауабы он есе беріледі. – Тағы да? – Ұрпағыңның жаны денесінен шыққанға шейін тәубе келтіру мүмкіншілігін қолынан алмаймын. – Тағы да? – Тәубелерін қабыл алам. Адам (а.с.) разы болды. Бұған Ібіліс қарсы шығып: – Уа, Жаратқан Алла! Адамның ұрпағынан пайғамбарларды жараттың, оларға кітап түсірдің. Менің елшілерім қайда? – деді. Алла Тағала: – (Сенің елшілерің) балгерлер (деді). – Кітаптарым ше? – Татиуровка. – Сөзім ше? – Жалған. – Құраным ше? – Ән. – Азаншым ше? – Музыкалық аспаптар. – Мешітім қай жер болады? – Базар. – Үйім ше? – Монша-сауналар. – Тамағым ше? – «Бисмилла» айтылмаған тамақтың бәрі сенікі. – Сусыным ше? – Мас қылушы ішімдіктер. – Тұзақтарым ше? – Әйелдер...


34 Аманат Алла Тағала былай дейді: «Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті қат көкке, жерге және тауларға (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны мойындарына алудан қашты, оның ауыр жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам баласы өз мойнына алды»65. 65 «Ахзаб» сүресі, 72. Алла Тағала аспанға, жер жүзіне және тауларға жүктеуді қалаған аманат бүгін адамдардың мойнындағы мұсылмандық міндеттер. Яғни аятта айтылған «аманат» сөзінің мағынасы – нәтижесінде жаза не сауап берілетін парыздар және ғибадаттар. Имам Құртуби бұл аяттағы аманат жалпы діни міндеттерді қамтитындығын айтады және бірнеше ғалымдар да сондай көзқараста. Ибн Масғуд (р.а.) аяттағы аманат сөзін мал-мүлік қауіпсіздігі деп түсіндіреді. Оның пікірі бойынша, «аманат» деген сөз парыздарды қамтумен бірге, өзгеше мал-мүлік қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Абдулла ибн Омар (р.а.) баяндайды: «Алла Тағала кісінің мүшелерінің ішінен жыныс мүшесін жаратып, оған: «Бұл – менің саған берген аманатым. Оны адалда ғана пайдалан. Егер сен оны сақтасаң, Мен де сені сақтаймын», – деді. Жыныстық мүше аманаты, көз аманаты, тіл аманаты, құрсақ аманаты, қол аманаты, аяқ аманаты. Аманатты сақтамағанның діні толық болмайды». Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Алла Тағала аманатты аспанжерге және тауларға ұсынғанда олар және олардың ішіндегілер қорқып тітіреді. Алла Тағала оларға: «Егер сол аманатты орындасаңдар, сендерге сауап беріледі. Орындай алмасаңдар, сендерге азап бар», – деді. Сонда олар «жоқ» деп аманатты алған жоқ. Мужаһид (рахимаһуллаһу) былай деп айтқан: «Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратқанда дәл сондай шарттармен бұл аманатты оған ұсынды. Адам (а.с.) бұл аманатты қабыл алғанын айтты. Алла Тағала бұл аманатты тауларға, аспан-жерге ұсынғанда оларды мәжбүрлемей өз ықтиярына қалдырған. Егер оларға мәжбүрлеп жүктесе ешбіреуі одан бас тарта алмас еді». Каффал Шаши және онымен пікірлес ғалымдардың көзқарасы бойынша, аяттың негізгі мақсаты – таулар, жер және аспан алыптығына қарамай шариғатты көтеретін күшке ие емес екенін баяндау. Себебі шариғаттың бұйрықтарын орындау – тау, аспан және жер көтере алмайтын ауыр іс. Осындай ауыр аманатты адам баласы мойнына алған. Адам (а.с.) және оның ұрпағы аманатты қабыл алғанда, әлбетте, оның жауапкершілігін де қабыл алған. Аяттың жалғасында Алла Тағала былай дейді: «Шүбәсіз, адам баласы тым залым (яғни, әділдікке қас, қателікке, күнәға жақын һәм жауапсыз келеді) әрі өте надан (ақиқаттан бейхабар, ғапыл, парықсыз һәм нәпсісіне ергіш) келеді».66 66 «Ахзаб» сүресі, 72. Адамзат бұл аманатты мойнына алумен өздеріне зұлымдық жасаған. Осындай аманаттың жауапкершілігін білмей надандық жасаған. Ибн Аббастың (р.а.) риуаяты бойынша, Адамға (а.с.) бұл аманат ұсынылғанда оған былай деп айтылады: «Мұны ішіндегілерімен қоса ал. Егер мойынсұнсаң, кешірілесің, егер қарсы шықсаң, азап тартасың». Адам (а.с.) да оны ішіндегілерімен бірге қабыл алғанын айтқан. Екінті мен ақшамның ортасындағыдай бір уақыт өткенде Адам (а.с.)


35 тыйым салынған ағаштың жемісін жеді. Бірақ Алла Тағаланың рақымымен тәубе келтіріп, тура жолға түсті. «Аманат» деген сөз «иман» деген сөзбен бір түбірден шыққан. Кім Алла Тағаланың аманатын сақтаса, Алла Тағала да оның иманын сақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аманатқа ұқыпты қарамаған кісінің иманы жоқ. Сөзінде тұрмаған кісінің діні жоқ»67, – деген. 67 Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 135; ибн Хиббан, 1/422. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл жөнінде бірнеше хадисі бар. Олардың кейбірін мысал келтірейік: «Мүмин қиянатшыл және өтірікші болудан басқа барлықмінезбен мінезденсе болады».68 68 Ахмад ибн Ханбал, 21666. «Үмбетім аманатты, олжаны және садақаны жоғалтпайынша қайырлы».69 69 Әл-Исаба, 7/52. «Мұнафықтың (екі жүздінің) үш белгісі бар: сөйлесе жалған сөйлейді, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды».70 70 Бұхари, Иман, 24; Мүслим 79; Тирмизи 2631. Хадисте де айтылғандай, мұнафыққа сыр айтсаң, жайып жібереді. Мал-мүлік аманатқа берілсе, оны сақтамайды немесе аманатты рұқсатсыз өз пайдасына қолданады. Аманатқа ие болу – Алла Тағалаға жақын болған періштелердің, пайғамбарлардың, Алладан қорыққан мүминдердің сипаты. Алла Тағала былай дейді: «Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады»71. 71 «Ниса» сүресі, 58. Тәпсіршілердің пікірі бойынша, бұл аят шариғаттың бірнеше негізгі ережелерін қамтиды. Аят жалпы басшыларға және қатардағы қызметшілерге, яғни бүтіндей жауапкер пенделерге айтылады. Басшылар қол астындағылардың құқықтарын аяққа таптамау керек. Бұл да аманат. Мүминдердің, әсіресе, жетімдердің мал-мүлкін қорғау бұның басында тұрады. Ғалымдар елге діни үкімдерді үйретуі керек. Өйткені бұл – ғалымдарға жүктелген міндеті. Ата-ана бала-шағасын әдепті қылып тәрбиелеуге тиіс. Себебі перзент те ата-анаға Алла Тағала тарапынан берілген аманат. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бәрің қойшы сияқтысыңдар және бәрің қарамағыңдағылардан жауаптысыңдар»72. 72 Мүслим, 1829, Әбу Дәуіт, 2928; Тирмизи, 1705. «Заһрур-рияд» атты кітапта төмендегідей оқиға баяндалады: Қиямет күні Алла Тағаланың алдына бір пенде әкелінеді. Алла Тағала одан: «Пәленшенің аманатын қайтарып бердің бе?» – деп сұрағанда, пенде: «Жоқ», – дейді. Сонда Алла Тағала бір періштеге бұйырып, періште пендені қолынан сүйреп, тозаққа алып барады. Тозақтың түбінде оған аманатты көрсетеді. Тозақтың түбіне жеткенге шейін жетпіс жыл өтеді. Содан соң аманатты алып жоғары көтеріледі. Тозақтың шетіне шыққанда аяғы тайып қайта тозаққа құлайды. Бұл жағдай Алланың мейірімі, Пайғамбардың (с.а.с.) шапағаты келіп, аманат иесі разы болғанға шейін жалғасады». Әбу Сәламадан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте былай деп айтылады: «Біз бір күні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге отырғанда, жаназасы оқылатын бір өлік әкелінді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Жоқ» деген жауап болғанда, тұрып жаназа намазын оқыды. Оның артынан тағы бір жаназа әкелінді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жолы да: «Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Бар», – деп айтылғанда, «Артында не


36 қалды?» – деді. «Үш динар қалдырды», – делінді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның да жаназасын оқыды. Оның артынша үшінші жаназа келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Иә», – дегенде: «Артында бір нәрсе қалдырды ма?» – деп сұрады. «Жоқ», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл бауырларыңның намазын сендер оқыңдар», – деді.73 73 Бұхари, 2391; Нәсаи, 1961; ибн Ханбал. Қатададан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) адам ақысы туралы былай дейді: «Алла Тағалашейіттің барлық күнәларын кешіреді. Бірақ адам ақысы бұдан тысқары»74. 74 Мүслим, 1829, Әбу Дәуіт, 2928; Тирмизи, 1705. Намазды Аллаға беріле оқу Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Мүміндер сөзсіз (азап атаулыдан құтылып) мақсат-мұратына, нағыз жетістікке жетті. Олар – намазда (құдіреті күшті Аллаға) шын бейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар»75. 75 «Муминун» сүресі, 1-2. Байхақидің риуаяты бойынша, Мұхаммед ибн Сирин (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.с.) намаз оқығанда аспанға қарай бергені үшін сол аяттың түскенін естідім». Байхақи мен Хаким Әбу Һурайрадан (рахматуллаһи аләйһи) төмендегіні риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз оқығанда аспанға қарады. Бұл аят түскенде, басын дереу сәжде жасаған жаққа иген». Хасан Басридің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бес уақыт намаз сендердің біреуіңнің үйінің алдынан ағып тұрған суы мол дарияға ұқсас. Әр күні бес мәрте бұл дарияға жуынып тұрған кісінің үстінде кір қала ма?»76 76 Бұхари, 666; Тирмизи, 2872. Яғни намаз пенденің үлкен күнәларынан тысқары барлық күнәларынан арылуына себеп болады. Бұның бұлай болуы үшін оқылған намаз қорқумен оқылу керек. Бұлай болмаған намаз – иесінің бетіне лақтырылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Кім бұл дүниемен арадағы барлық байланысын үзіп, екі рәкат намаз оқыса өткен күнәлары кешіріледі»77. 77 Бұхари, 160; Мүслим,226; Нәсаи, 84; Әбу Дәуіт, 106; ибн Мажа, 285. Басқа бір хадисте былай деп айтылады: «Намаз оқу, қажылыққа бару, тауап қылу (Қағбаны айналу) және басқа ғибадаттар Алла Тағаланы зікір қылу (еске алу) үшін бұйырылған»78. 78 Әбу Дәуіт, 188; Тирмизи, 902; Дарими, 1853. Егер сол зікір қылу сәтінде жүректе берілу және қорқу болмаса мұндай зікірдің қандай мағынасы болмақ?» Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Оқыған кісіні жаман және жағымсыз істерден тыймаған намаз – пенденің АллаТағаладан тағы көбірек алыстауына себеп болады»79 79 Табарани, әл-Муғжамул кәбир, 11/54; Жамиғус Сағир, 9014.


37 Бакир ибн Абдулла былай дейді: «Уа, адам баласы! Алла Тағаланың алдына рұқсатсыз барып, онымен себепкерсіз сөйлесуді қаласаң, соған оңай жетсең болады. Әуелі жақсылап дәрет алып, содан соң намазханаға барасың. Міне, сонда сен Алла Тағаланың алдына рұқсатсыз кіріп, онымен себепкерсіз сөйлескен боласың». Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Алла Елшісімен бетпе-бет отырып, бір нәрселер айтып әңгімелесіп отырушы едік. Бірақ намаз уақыты кіргенде Алла Тағалаға құлшылықпен терең кірігіп кеткендіктен, ол бізді, біз оны танымағандай болып қалушы едік». Алла Елшісі (с.а.с.): «Пенде жүрегі мен денесі бір бүтіндікте (беріліп) оқымаған намазға Алла Тағала қарамайды», – деген. Алланың досы әзірет Ибраһим (а.с.) намазға тұрғанында оның жүрегінің соққаны екі шақырым жерден естіліп тұрды. Саид ат-Таннухи (рахимаһуллаһу) намаз оқығанда көз жасы сақалына шейін ақты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреудің намаз оқып жатып сақалымен ойнағанын көріп: «Егерде бұл кісінің жүрегінде Алладан қорқу болғанда барлық мүшелерінде қорқынышболар еді», – деп айтқан. Риуаяттарға қарағанда, әзірет Али (р.а.) намаз оқығанда өңі қуарып, денесі қалтырады. Одан: «Уа, мүминдердің басшысы, саған не болып жатыр?» – деп сұрағанда, ол: «Алла Тағала жер-аспанға, тауларға ұсынып, олар қорыққанынан мойнына ала алмаған, бірақ мен мойныма алған аманаттың уақыты келді ғой...» – деп жауап берді. Али ибн Хүсейін дәрет алғанда, өңі қуарып кетті. Одан: «Дәрет алғанда неге осылай боласың?» – деп сұрады. Ол: «Кімнің алдына шығатыныңды білесің бе?» – деп жауап берді. Хатамул-Асамдан намазды қалай оқу керектігі туралы сұрағанда, ол: «Намаз уақыты жақындағанда жақсылап дәрет алып, намаз оқылатын жайға барам. Дене-бойымды тынышталдыру үшін біраз отырамын. Содан соң намазды бастау үшін орнымнан тұрамын. Қағбаны екі қасымның ортасына, Сырат көпірін аяғымның астына, пейішті оң, тозақты сол жағыма, өлім періштесін арқама алып, ең ақырғы намазымды оқып жатырмын деген оймен, қорқу мен үміттің құшағында намаз оқи бастаймын. Тәкбірді именіп айтамын. Сүрені не аяттарды жай, мұқият оқимын. Рүкуғтарды кішіпейіл, қаймыққан жағдайда орындаймын. Содан соң сол аяғымның сыртын жерге төсеп, оң аяғымның бас бармағын жерге тік қоямын. Бұларға ықыласты қосамын. Бірақ намазды біткенімде қабыл болып-болмағанын білмеймін», – деп жауап берген. Ибн Аббас (р.а.): «Ұзартпай және қысқартпай шын жүректен оқылған екі рәкат намаз сезімсіз, немқұрайды жағдайда түнімен оқылған намаздан жақсы», – деп айтқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір хадисінде былай баяндалады: «Ақыр заманда үмбетімнен кейбір кісілер мешіттерге келіп, шеңбер болып отырады. Олардың ойында дүние болады. Олармен отырмаңдар. Олардың ғибадатына Алланың мұқтаждығы жоқ».80 80 Ибн Хиббан, ас-Сахих, 15/163; Байхақи, 87. Хасан Басридің (рахматуллаһи аләйһи) былай деп айтқаны риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерге адамдардың арасынан ең жаман ұрлық жасаған кім екенін айтайын ба?» – дейді. Ол жердегілер: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «Намазынан ұрлағандар», – деп айтқан. «Намазынан қайтіп ұрлайды?» – деп сұрады әлгілер. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаздың рүкуғы мен сәждесін кеміткендер ұрлайды», – деп жауап берді.81 81 Мууатта, 1/167; Дарими, 1/350; Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 22136. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні пендеден алғаш намаз туралы сұралады. Егер ол пенде намазды толық орындаған болса, Алла Тағала ол пенденің сұрағын


38 жеңілдетеді. Егер намазы кем орындалған болса, Алла Тағала періштелеріне: «Бұл пендемнің нәпіл (қосымша) ғибадаттарыбар болса, онымен парыз намаздарын толықтырыңдар», – деп айтады».82 82 Әбу Дәуіт, 864; Нәсаи, 465; Тирмизи, 413; ибн Мажа, 1425. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пендеге екі рәкат намазға рұқсаттан тағы жақсырақ нәрсе берілген емес»83 деп айтқан. 83 Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 5/268. Бір күні Халаф ибн Әйюб намаз оқып жатқанда, оны ара шағып алды. Бірақ ол денесінен қан шыққанына қарамай мұны сезген жоқ. ибн Саид соған көз салып тұрған еді. Намаздан кейін ол: «Сені ара шағып, денеңнен қан шықты ғой, сезбедің бе?» – деп сұрады. ибн Әйюб: «Өзің ойлап көрші, Алланың алдында, өлім періштесінің жанында, сол жағында тозақ, аяқ астында Сырат көпірі тұрған кісі осындай нәрсені сезбек пе?» – деп жауап қайтарды. Амр ибн Зәр тақуалықта жоғарғы дәрежеге жеткен кісі болды. Оның қолы іріңдеп, шіріп бара жатқан еді. Дәрігерлер: «Қолыңды кесіп тастауымыз керек», – деді. Ол: «Мейлі кесіңдер» – деп келісті. «Сені байламай тұрып кесе алмаймыз» – деді әлгілер. Сонда ол: «Мені байлаудың қажеті жоқ. Намазға тұрғанынымда кессеңдер болады», – деп жауап қайтарды. Нәтижеде оның қолы намазда кесілді және кесілгенін сезген жоқ. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер (Раббыларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер»84. 84 «Әли Имран» сүресі, 110. Қалби атты тәпсір ғалымы: «Бұл аят Ислам үмбетінің басқа үмбет және елдерден өзгеше екенін баяндайды. Демек, Ислам үмбеті ең жақсы үмбет екендігінде талас жоқ», – деп тұжырымдаған. Аятта «адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған» деп айтылған сөз «адамдардың жақсылығы және пайдасы үшін ғасырлар бойы өзгешеленген және танылған» деген мағынаны береді. Жоғарғы аяттың жалғасындағы: «Үнемі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға кәміл сенесіңдер»85 деген сөз үмбеттің өзгешелігінің себебін түсіндіреді. Егер жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю міндетін тастап қойса, ең құнды қасиетінен айырылады. 85 «Әли Имран» сүресі, 110. Демек, қайырлы және өзгеше болудың шарты – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адамдардың ең жақсысы – адамзатқа пайдалы болғаны, адамдардың ең жаманы – адамдарға зиянды болғаны».86 86 Азхари, Тахзирул Мүслимин, 153; Жамиғус сағир, 2/10. Аятта айтылған «Аллаға сенесіңдер» деген сөз «Алланың бірлігін танисыңдар, сенімде бекем болып, әзірет Мұхаммед (с.а.с.) Алланың елшісі екенін растайсыңдар» дегенді түсіндіреді. Өйткені Алла Елшісінің (с.а.с.) пайғамбарлығын қабыл алмағандар Алла Тағалаға сенген болып есептелмейді. Себебі олар әзірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Алла Тағаладан алған хабарларын өзі ойдан шығарған деп ойлайды. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) баяндайды. Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: «Араларыңнан біреу бір жаман істі көрсе, оны қолымен түзетсін. Егер оған шамасы


39 жетпесе, онда тілімен түзетсін. Соған да шамасы жетпесе, жүрегімен (ішінен) жақтырмасын. Бұл – иманның ең әлсізі»87. 87 Мүслим, Иман 78. Кейбір ғалымдар бұл хадиске төмендегіше түсіндірме береді: «Жаман істерді күшпен өзгерту – биліктегі басшылардың; сөзбен түзету – ғалымдардың; шын көңілден қарсы тұру – жалпы мұсылмандардың міндеті». Басқа ғалымдар болса бұлай бөлмей, әрбір мұсылман жамандықты тыюға міндетті екенін айтады. Олар бұл көзқарастарына төмендегі аятты дәлел қылады: «(Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бірбіріңе жәрдемдесіңдер!»88 88 «Мәида» сүресі, 2. Демек, жақсы істерде жәрдемдесу, жақсылыққа үндеу, жамандыққа және дұшпандыққа алып баратын жолдарды мүмкін болғанша азайту, тіпті жоюға әрекет жасау – әрбір мүминнің міндеті. Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Кім бидғатшыға қарсы шықса, Алла Тағала оның жүрегіне сенімділік пен иман толтырады. Кім бидғатшыны тоқтатса, Алла Тағала оны ең қорқынышты күнде (қияметте) қауіпсіз қылады. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғандар – Алла Тағаланың жер жүзіндегі өкілдері, оның кітабын үйретуші және елшісінің өкілдері»89 деген. 89 Суюти, әл-Лайалиул Маснуға, 1/250. Хузайфадан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте былай деп айтылады: «Адамдардың басына бір күн келеді, сонда есектің өлексесі олар үшін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға қарағанда сүйкімдірек болып қалады». Мұса (а.с.) Алла Тағаладан: «Уа, Жаратқан Алла, мүмин бауыры үшін дұға қылып, оны жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған кісі қандай сауапқа ие болады?» – деп сұрағанда, Алла Тағала: «Оның әрбір сөзі үшін бір жылдық ғибадаттың сауабын жазамын және оған тозақ азабын тарттырудан ұяламын», – деп жауап берген. Бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Уа, адам баласы! Тәубені кешіктірген, құр қиялдармен жүріп ақыретке сауапсыз келген кісілерден болып қалмаңдар. Ондай адамдар құлшылық жасаған пенделер сияқты сөйлегенімен мұнафықтардың ісін қылады. Өздеріне бұйырғанға көздері тоймайды және жоқшылыққа сабыр қыла алмайды. Тақуакісілерді сүйгенімен өздері олардай емес. Мұнафықтарды жек көргенімен өздері солардан. Жақсылыққа шақырады, бірақ өздері жасамайды. Жамандықтан тыюға әрекеттенгенімен өздері сол істі жасауды жалғастыра береді». Әзірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Ақыр заманда пісіп жетілмеген, ақылы қысқа, адамзаттың ең жақсысының сөзін сөйлегенімен көмекейінен ары кетпеген (жүректерінен шықпаған) халық болады. Олар оқ аңды тесіп өткендей діннен шығады»90 деген сөзін риуаят еткен. 90 Бұхари, 6930; Мүслим, 1066. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Миғраж түні еріндері қайшымен қырқылған бірнеше кісіні көріп: «Уа, Жәбірейіл! Бұлар кімдер?» – деп сұрадым. Жәбірейіл: «Бұлар үмбетіңнен басқаларды жақсылыққа шақырғанымен өздері жасамаған үгітшілер», – деді».91 91 Ахмад ибн Ханбал, 13103. Алла Тағала өздері орындамастан, басқаларды ғана жақсылыққа шақырғандар туралы төмендегі аятта ашық-айқын баяндаған: «Сендер ел-жұртқа ізгілікті бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің Кітапты оқисыңдар, еш ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»92 92 «Бақара» сүресі, 44.


40 Яғни «Алла Тағаланың Кітабын оқып тұрып, оның бұйрығын орындамайсыңдар» деп айтылуда. Өйткені бұл кісілер басқаларды садақа беруге шақырғанымен, өздері бермейді. Міне, сол себептен мүминдер басқаларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюмен бірге өздерін де ұмытпау керек. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-біріне шын жанашыр дос. Олар елге ізгілікті, жақсылық жасауды бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды. Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық береді және Аллаға және пайғамбарына әрдайым бағынады. Міне, соларды Алла арнайы түрде шексіз мейіріміне бөлейді».93 93 «Тәубе» сүресі, 71. Мүминдер «басқаларды жақсылыққа шақырғандар» деп сипатталды. Жақсылыққа шақырмағандар бұл аятта айтылған кісілерге қосылмай қалады. Сондай-ақ Алла Тағала жақсылыққа шақыру міндетін орындамаған халықты былайша баяндайды: «Олар қандай да болмасын жаман іс істегенде, одан бірбірін тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман еді!»94 94 «Мәида» сүресі, 79. Әбу Дардадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Не жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар не болмаса Алла Тағала бастарыңа өте залым патша алып келеді. Ол үлкендеріңе құрмет көрсетпейді, кішілеріңе рақым қылмайды. Араларыңдағы жақсы кісілердің қылған дұғалары да қабыл болмай қалады. Алла Тағаладан жәрдем сұрағанымен жәрдем болмайды.Күнәлары кешірілсін деп жалбарады, бірақ кешірілмейді».95 95 Тирмизи, 2169. Әзірет Айшадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала он сегіз мың халықты жазалады. Олардың жасаған істері пайғамбарлардың жасаған істеріндей еді», – деп айтады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсе болады?» – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар Алла үшін ашуланған да емес, жақсылыққа шақырып ескерткен де емес», – деп жауап қайтарды. Әбу Зәрр әл-Ғифариден (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, мүшріктермен соғысқаннан басқа жиһад бар ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жер жүзінде Алла Тағаланың шейіттерден де жоғары тұрған мұжаһидтері бар.Олар аманшылықта жеп-ішеді және жер бетін басып жүреді. Алла Тағала олармен көктегі періштелерге мақтанады», – деп жауап берді. Әбу Бәкір (р.а.): «Олар кімдер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғандар және Алла үшін сүйіп, Алла үшін ашуланғандар. Бұл кісілердің пейіштегі сарайлары шейіттердің сарайларынан да биікте тұратынына жаным қолында тұрған Аллаға ант ішіп айта аламын!» – деп айтты. Алла Тағала Мұсадан (а.с.): «Уа, Мұса, Мен үшін бір іс жасадың ба?» – деп сұрайды. Мұса: «Уа, Жаратқан Алла! Сен үшін намаз оқып, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым, Өзіңе шүкіршілік айттым. Кітабыңды оқыдым, Сенің атыңды зікір қылдым», – дейді. Сонда ұлы Жаратқан: «Уа, Мұса, намаз саған жол көрсетеді, ораза – сенің қалқаның, берген садақаң саған көлеңке болып тұрады, сәждеде айтқан тасбихың – пейіштегі ағашың болып өседі. Кітабымды оқығаныңның сыйы – пейіштегі сарайлар мен хор қыздар. Менің атымды еске алғаның саған нұр болады. Енді жеке Мен үшін не іс жасадың?» Сонда Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Жеке Сен үшін орындалатын істі көрсет, мен соны жасайын», – деді. Алла Тағала Мұсаға: «Уа, Мұса, Менің разылығым үшін біреумен дос болдың ба? Мен үшін біреумен дұшпан болдың ба?» – деді.


41 Алланың алдында ең сүйікті іс – Алла үшін сүйіп, Алла үшін жаман көру екенін Мұса (а.с.) сонда түсінді. Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.): «Алланың алдында ең жоғары бағаланған шейіт кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Залым патшаны жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап, сол себептенөлтірілген пенде»96 деп жауап берді. 96 Мунзири, Тарғиб уә Тархиб, 168. Хасан Басриден (рахимаһуллаһу) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп айтқан: «Үмбетімнің шейіттерінің ең ұлығы – залым басшыға барып, оны жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап жатып сол залым басшы тарапынан өлтірілгені. Ол шейіттің пейіштегі орны Хамза мен Жағфардың ортасында». Алла Тағала Юша ибн Нун пайғамбарға (а.с.): «Сенің қауымыңнан алпыс мың жаман кісімен бірге қырық мың жақсы кісіні жоқ қыламын» деген уахи жібереді. Юша (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, жамандар үшін айтар сөзім жоқ, бірақ жақсыларды қиратуыңның себебі не?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Өйткені олар жамандықтарды Мен үшін жаман көрмеді және олармен бірге жеп-ішті», – деп жауап қайтарады. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) төменгіше риуаят етеді: «Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Өзіміз толық орындамайынша жақсылыққа шақырмаймыз ба? Өзіміз толық арылмайынша басқаларды жамандықтан тыймаймыз ба?» – деп сұрадық. Ол бізге: «Жоқ, жақсылықты толық орындай алмасаңдар да, оған басқаларды шақырыңдар және әрқалай жамандықтан аулақ бола алмасаңдар да, басқаларды жамандықтантыйыңдар», – деп жауап берді».97 97 Табарани, Муғжамул Аусат, 6/365; Муғжамус Сағир, 981. Ұлы ғалымдардан бір кісі ұлдарына төменгідей насихат айтты: «Араларыңнан біреу жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғысы келсе, өзін сабырлылыққа дайындасын және Алла Тағала беретін сауапқа сенсін. Өйткені Алладан келетін сауапқа сенген кісі тартқан қиыншылығының ауырлығын сезбейді». Шайтанның дұшпандығы Әрбір мүмин-мұсылманның ғалым және тақуа пенделерді жақсы көруі, білмегенін олардан сұрап үйренуі, насихаттарын тыңдауы, жаман іс-әрекеттерден аулақ болуы және шайтанды дұшпан деп білуі керек. Алла Тағала: «Шүбәсіз, шайтан – сендердің қас дұшпандарың. Ендеше, сендер де оны өздеріңе бітіспес дұшпан тұтыңдар. Ол өз жақтастарын тозақтық болсын деп, өзінің жолына шақырады»98 деген. Яғни Алла Тағаланың бұйрықтарын орындаумен шайтанға қарсы тұрыңдар, Алланың бұйрықтарына қарсы шығып шайтанға ермеңдер. Жаңылыс іс-әрекет жасаудан сақ болыңдар. Өйткені шайтан сендердің жасаған істеріңді жай ғана жақсы көрсетіп, мақтанышқа түртпесін және жаман істерді ұнамды көрсетіп, сендерді адастырмасын. Шайтанға қарсы Алла Тағаладан жәрдем тілеңдер. 98 «Фатир» сүресі, 6. Абдулла ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, ол былай дейді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір сызық сызып тұрып бізге: «Бұл – Алла Тағаланың жолы», – деді. Содан соң оның оң және сол жағына басқа сызықтарды сызып: «Бұлардың әрбірі – шайтан бастаған адасу жолдары», – деп, содан: «Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла


42 сендерге осыларды бұйырады»99 деген аятты оқыды. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге шайтанның тұзақтары туралы баяндады: 99 «Әнғам» сүресі, 153. «Бұрынғы өткен заманда бір монах өмір сүріпті. Шайтан оны жолдан адастыруды көздей бастады. Сол сәтте бір кісінің күңі қатты ауырып қалады. Шайтан: «Бұл ауруды пәленше монах айықтырады», – деп күңнің отбасын азғыра бастады. Нәтижеде жақындары күң әйелді емдеу үшін монахтың үйіне барды. Бірақ ол қабыл алмай қойды. Олар қайта-қайта бара берді. Ақыры монах оны қабылдауға мәжбүр болып, емдей бастады. Шайтан оны күңмен жыныстық қатынаста болуға азғырып, ақыр аяғында бұл мақсатына да жетті. Сөйтіп күңнің бойына бала бітіп қалды. Содан соң шайтан монахты азғыра бастады. «Сен мұны өлтіруің керек. Болмаса ертең елге жайылып кетсе, ел қараған бетің жер қарайды. Одан да қазір оны өлтіріп, отбасына «Өзі өліп қалды!» дей сал», – деп сыбырлап жатты ол. Ақыры, монах шайтанның айтқанын жасады. Шайтан күң әйелдің отбасына барып: «Монах сендердің қыздарыңмен жыныстық қатынаста болған соң, оны өлтіріп тастады», – деді. Олар келіп шындықты білді де, монахқа қол жұмсай бастады. Сонда шайтан монахқа бетбе-бет келіп: – Бұл істердің бәрін сені азғыру арқылы мен жасаттым. Қаласаң, сені құтқарып қалуым мүмкін. Бірақ әуелі маған екі мәрте сәжде жасауың керек, – деді. Қиналып тұрған монах шайтанға сәжде жасап жіберді. Сонда шайтан оған қарап тұрып: – Мен сенен ұзақпын. Сені танымаймын. Сенімен ешқандай байланысым болған емес, – деп шетке шыға берді. Бұл хикаяда айтылғандарды растау ретінде мына аяттарды көрсетуге болады: «Яһудилерді соғысқа итермелеген мұнафықтардың мысалы, тура шайтанға ұқсайды. Шайтан алдымен адам баласын: «Күпірлік қыл», – деп азғырады. Ол шайтанның сөзіне еріп күпірлік қылғанда, шайтан оған: «Мен сенен аулақпын, менің саған мүлдем қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп аттонын ала қашады»100. 100 «Хашыр» сүресі, 16. Шайтан бір күні Имам Шафиғиден: «Уа, имам, мені қалағанындай жаратқан және қалағанындай пайдаланған, содан соң қаласа, пейішке не тозаққа кіргізетін Алла туралы қалай ойлайсың? Оның бұл ісі әділеттілік пе не әділетсіздік пе?» – деп сұрайды. Имам Шафиғи ойланып тұрып: «Ей, ақымақ, егер сені сенің қалауың бойынша жаратқан болса, саған әділетсіздік болмақ. Егер Өз қалауымен жаратқан болса, жасаған ісі үшін жауапкер емес», – деді. Шайтан мынадай жауапты естігеніне қатты өкінді. Бірақ бірден өзіне келе қалды да: «Уа, имам, мен бұл сұрақпен жетпіс мың тақуа кісінің басын айналдырып, оларды Аллаға құлшылық жасаудан алыстаттым», – дейді. Жүрек қамал сияқты. Шайтан – оның ішіне шабуылдап кіріп, бағындырып алуды көздеген дұшпан. Қамалды дұшпаннан қорғау үшін оның дарбазаларына, кіреберіс жерлеріне күзетші тұру керек. Жүректі шайтанның шабуылынан қорғау уәжіп. Бұл – әрбір жауапкер мүминнің міндеті. Шайтаннан сақтану үшін оның қай жақтан шабуыл жасайтынын жақсы білу керек. Шайтанның қамал сынды жүрекке кіретін жолдары көп. Олардың кейбірі төмендегілер: 1. Қызуқандылық және тәнқұмарлық. Ашулану пендені ақылдан аздырып, хайуанға ұқсатады. Ақылы азайған кісіге шайтанның әскерлері шабуыл жасайды. Ашуланған кісіні шайтан баланың ойыншығындай ойнатады.


43 Бір әулие кісі шайтанға: «Адам баласын қалай жеңгеніңді маған айтшы!» – дейді. Сонда шайтан оған: «Кісіні ашуға тұтығып тұрған жерінен жетектеп кетем», – деп жауап беріпті. 2. Көреалмастық және ашкөздік. Пенденің бір нәрсеге көзі түскенде ашкөздігі оны соқыр, құлағын керең қылады. Сол сәтте шайтанның көктен іздегені жерден табылғандай болады. Көздегені жаман нәрсе болса да, оған жеткізуші барлық жолдар пендеге жақсы көрінеді. Нұх (а.с.) Алла Тағаланың бұйрығы бойынша, әрбір жандыдан жұп-жұптап алып, кемеге кіргенде бейтаныс бір қарияның кеменің бір бұрышына жасырынғанын байқап қалады. Пайғамбар оның кемеге неге мінгенін сұрайды. Қария: «Адамдардың жүрегін билеп алу үшін шықтым. Олардың жүрегі менің уысымда болса, сенің жаныңда олардың денесі ғана қалады», – деп жауап береді. Мұны естіген Нұх пайғамбар: «Уа, Алланың дұшпаны, жоғал бұл жерден! Сен қарғыс атқан шайтансың ба?!» – деп қуып тастауға әрекет жасайды. Сонда шайтан Нұх пайғамбарға: «Мен пенделердің бес нәрсемен құруына себеп боламын. Қазір солардың үшеуін саған айтып берем, қалған екеуін айтпаймын», – дейді. Алла Тағала Нұх пайғамбарға: «Саған сол екеуін айтсын, қалған үшеуі маңызды емес», – деп уахи қылады. Сонда Нұх (а.с.) шайтанға: «Мақұл онда, кейінгі екеуін айт», – дейді. Шайтан: «Бұл екеуінде ешкім мені жалғанға шығара алған емес. Онымен әрдайым мақсатыма жетіп келемін. Бұлар – көреалмастық және ашкөздік. Көреалмастықтың себебінен мен өзім Алла Тағаланың алдынан қарғысқа қалып қуылғанмын. Ашкөздік туралы айтатын болсақ, бір ағаштың жемісінен басқа пейіштегі барлық нәрсе Адамға адал еді. Оны қызықтырып отырып, тыйым салынған ағаштың жемісін жеуге көндірдім», – дейді. 3. Тоқтық: Қарын тоқ кезде, құмарлық күшейеді. Бұл – шайтанның құралы. Шайтан бір күні Яхияға (а.с.) көрінеді. Қолында түрлі нәрселерден жасалған жүгендер бар еді. Яхия (а.с.): «Қолыңдағы жүгендер не?» – деп сұрағанда, шайтан: «Бұлар – пенделерді ұстау үшін әрқалай қалаулар», – дейді. Яхия: «Арасында маған тиесілі жүгендер бар ма?» – деп сұрады. «Бір мәрте қарныңды асқа тойдырып алғаныңда сені намаз бен зікірден тосып қойғанмын», – деп жауап берді. Сонда Яхия (а.с.): «Бұдан кейін қарнымды асқа тойдырмау – менің міндетім», – деді. Сонда Шайтан: «Бұдан кейін ешбір мұсылманға насихат айтпауға ант беремін!» – деп айтты. 4. Киім-кешек, үй және үй әшекейіне қызығу. Кімнің жүрегінде үй, үй әшекейлеріне құмарлық бар болса, шайтан оны сол әлсіздігінен пайдаланады. Оны үйін әшекейлеп, қабырғаларын және төбесін сәндеп, бөлмелерін кеңейтуге шақырады. Қымбат бағалы киімдерге қызықтырады. Мынадай жағдайға алданып қалған пенде нәпсісінің жетегінен шыға алмай, ойда жоқ істерді жасайды. Ондай пенде бұл қалауынан құтыла алмайды. Себебі оның қалаулары да бітпейді. Сол қалауларының артынан жүгіріп жүріп өмірін өткізіп алғанын да білмей қалады. Міне, бұл жалғаннан сол күйде өтіп кетуден қорқу керек. Құдай сақтасын!.. 5. Пенделерден үміт ету. Сафуан ибн Салимнен риуаят етілгені бойынша, бір күні Абдулла ибн Ханзалаға шайтан көрініп: «Ей, Ханзала! Саған бір нәрсе үйретейін бе?» – дейді. ибн Ханзала естігісі келмей қарсы шығады. Бірақ шайтан қоймайды. «Құлақ салып көрші, жарай ма? Егер пайдалы болса, қабыл аласың, пайдасыз болса, лақтырып жібер. Нең кетеді?» – дейді. Содан соң ол: «Ей, ибн Ханзала, Алладан басқа ешкімнен үміттенбе. Ашуланғаныңда қандай жағдайға түсеріңді байқа. Өйткені ашуланғаныңда сені оңай тұтқындап, қалағанымды жасатам», – деп айтады. 6. Сабырсыздану және асығу.


44 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Асығу – шайтаннан, байсалдылық – Жаратқаннан», – деп айтқан. Пенде байсалдылығын жоғалтып, сабырсыздана бастағанда, шайтан білдіртпей күнә жолдарын қабылдата бастайды. Риуаяттарда Иса пайғамбар (а.с.) туылған күні шайтандар жиналып Ібіліске келіп: «Осы түні пұттар шалқасынан құлады», – деп хабар берді. Ібіліс мұны естісімен: «Тараңдар! Бұл үлкен жаңалық!» – деп, дереу жер жүзін айналып шықты. Бірақ жаңа еш нәрсе таба алған жоқ. Бір кезде ол Иса пайғамбардың туылғанын және періштелер оны зиярат қылып жатқанын көрді. Нәтижеде ол өз жайына қайтып келіп: – Кеше түнде бір пайғамбар туылыпты. Негізі, мен туылған нәрестелердің бәрін білемін. Бірақ бұл баладан хабарым болған емес, – деді. Иса (а.с.) туылғанда, Ібіліс кісілерді пұтқа сиындырудан үмітін үзген шайтандарға қарап: – Бұдан кейін адамзатты жеңіл ойлылық және сабырсыздық жағынан ұстаймын! – деді. 7. Ақшаның, мал-мүліктің артына түсу. Тамақ-ас пен басқа мұқтаждықтардан артық мал-мүлік – шайтанның жайы. Сабит әл-Бунани былай дейді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық келгенде, шайтан өз әскерлеріне: – Бүгін бір нәрсе болды. Барып не болғанын анықтап келіңдер!» – деп бұйырды. Шайтанның жәрдемшілері барлық жерді шарлап, еш нәрсе таба алмай келді. Сонда Ібіліс: – Мен қазір біліп келемін, – деп көзден ғайып болады. Бірнеше уақыттан кейін келіп серіктеріне: – Алла Мұхаммедті пайғамбар қылыпты, – деді. Сонда өз әскерлерін сахабалармен шұғылдануға жіберді. Бірақ ешбірінде олардың жолы болмай, үмітсіз қайтып жатты. – Өмірімізде бір мәрте де мынадай жаман жағдайда қалған емес едік. Олардың жанына барсақ, намаз оқып жатқан болады. Жасаған әрекетіміздің бәрі текке кетті, – деп жатты олар. Мұны естіген Ібіліс: – Оларды бірнеше уақытқа шейін өз жайына қалдырыңдар. Алла Тағала оларға дүние есіктерін ашып қалса, олардан қалағанымызды аламыз, – деді. Иса (а.с.) бір күні тас жастанып жатқанда, оған шайтан келіп: – Иса, бұл дүниеге разы секілдісің ғой? – деп айтады. Иса (а.с.) ол тасты шайтанға лақтырып: – Бұл дүниемен бірге сол тас та сенікі болсын, – деді. 8. Сараңдық және жарлы болып қалудан қорқу. Бұл да адам баласын садақа беруден тыйып, дүние жинауға итермелейтін мінез. 9. Өз айтқанын бермеген қырсықтық, басқаларға кек сақтау. Дұрыс болмаса да өз пікірінен қайтпау, біреуге кек сақтау, басқаларға мән бермей әрекет ету. Бұл мінез қоғамдағы жақсыларды да, жамандарды да құрдымға ұшыратады. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) мынадай хикая айтып кеткен: «Естуімізше, шайтан: «Мұхаммедтің үмбетін азғырып, күнәларға итермеледім. Бірақ олар Алла Тағаладан кешірім тілеп, күнәлары кешіріліп, мені қайғыға салды. Әйткенімен мен оларды басқа күнәларға ұрындырамын және олар ол күнәлары үшін Алладан кешірім сұрамайды. Бұл – құр қиял мен қалаулардың артынан түсу», – деп айтқан. Қарғыс атқыр шайтан расын айтты. Өйткені мұндай кісілер ерегесіп жүріп адасып, күнәларға батқанын білмегендіктен тәубе де жасамайды. 10. Мұсылмандар туралы жаман ойда болу.


45 Жаман кісілерді айыптаудан да аулақ болу керек. Елдің бәрінің қателігін көріп, басқалар туралы жаман мағлұматтарды жайған кісіні көрсең, демек, оның ісі бұзық, арам ойы сыртына шығып жатыр. Сондықтан пенде басқалар туралы жаман ойдан алыс болуымен шайтанның шабуылдарынан сақтануға тиіс. Ибн Исхақ (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Сахабалардың қасиетті Мәдинаға һижрат жасағанын және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа достарды (ансарларды) тапқанын естіген Құрайыш мүшріктері оның күшінен қорқа бастады. Себебі оның мүшріктермен соғысу үшін қол жиып жатқанынан хабар алған еді. Нәтижеде мүшріктер әрдайым жиналыс өткізу үшін Дарун-Надуаға жиналысты. Рудың барлық істері сол жерде талқыланып, шешім шығарылғаны үшін сондай ат қойылған. Құрайыш руы барлық мәселелерін сол жерде шешті. Олар Әбу Жаһилдің басшылығымен сенбі күні жиналды. Міне, сондықтан сенбі «тұзақ құру» күні деп аталған. Нажидтік қарияның кейпін киген Ібіліс те осы жиынға қатысты. Ол әдемі жібек шапан киіп, бай-манаптың бейнесінде есіктен кіріп келгенде, мүшріктер: «Бұл кім?» – деп бірбірінен сұрасты. Шайтан оларға: «Нажид аймағынан келдім. Жиында не сөз болатынын білгім келді. Бәлкім, кейбір мәселелерде сендерге өсиет етемін», – деді. Құрайыштар оған рұқсат берді де, жиынды бастады. Мүшріктер Пайғамбарымызды (с.а.с.) не қылу керек деп қызу таласқа түсті. Олар жалпы жүз кісі болды. Кейбір риуаяттарда 15 кісі деп те айтылады. Әбу Бухтари (ол Бәдір соғысында кәпірлердің қатарында өлген): «Оны шынжырға матап тұрып қамап тастайық. Бұрынғы және кейінгі ақын, сиқыршылар душар болған жазаға ол да душар болсын, – деді. Нажидтік қария бейнесіндегі шайтан: – Жоқ, болмайды. Сендер оны шынжырға матап қамаймыз десеңдер, әлі есік жабылмай жатып оның кісілері қаптап келіп қолдарыңнан құтқарып кетеді. Содан соң күш жинап алып сендерді құртады. Сондықтан бұл ой дұрыс емес, басқа шарасын табыңдар, – деп оған қарсы болды. Құрайыштың басшыларының бірі Әбул Асад әл-Амири: – Оны бұл жерден қуып жіберейік. Қайда барса сонда барсын. Кейін мүлдем қарамай қоямыз, – деді. Қария бейнесіндегі шайтан оған да қарсы болды. – Ол қайтіп болсын?! Құдайға ант етейін, егер оны қуып жіберсеңдер, сырттағы бір руға барып, оларды да алдап, сендерге қарсы қоюы мүмкін. Ол тіпті қол жиып келіп сендерді бағындырып алады да, қалағанындай басқарады. Одан гөрі басқа бір пікір айтыңдар, – деді ол. Сонда Әбу Жаһил алға шығып: – Менде бір ой бар. Қазір тыңдап тұрсам, біреуің де менің ойыма жақын пікір айтқан жоқсыңдар. Ойым мынадай. Әрбір рудан алмас қылышты бір-бірден ер жүрек, батыл жігіт таңдалсын. Міне, сол жігіттермен барып Мұхаммедті өлтірейік. Оның жанына барғанда барлығымыз бірдей қылыш сілтейміз. Одан сөйтіп қана құтылсақ болады. Сонда ғана Мұхаммедтің руластары кейін кімнен өш аларын білмей қалады. Қария бейнесіндегі шайтанға Әбу Жаһилдің пікірі өте ұнады. Сөйтіп жиын Мұхаммедті (с.а.с.) өлтіру шешімімен аяқталды. Бірақ бұл уақытта Жәбірейіл (а.с.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: – Бүгін түнде бұрын жатып жүрген орныңа жатпа, – деп кетті. Қас қарайғанда құрайыш кәпірлерінен жиналған таңдаулы жігіттер Алла Елшісінің (с.а.с.) үйін білдіртпей қоршауға алып, ұйықтауын күтіп тұрды. Олардың мақсаты Пайғамбарымызды ұйқыда жатқанда басып кіріп, төсектен тұрғызбай қылыштап тастау еді.


46 Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса Жәбірейілдің бұйрығымен әзірет Алиге (р.а.) өзінің жасыл шекпенін жамылып орнына жатқызып қойды. Сөйтіп әзірет Али (р.а.) өз жанын құрбандыққа шалып, Алла Елшісін (с.а.с.) қорғаған алғашқы мұсылман болды. Түн болғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйінен шығып, мүшріктердің алдынан өтіп кетті. Алла Тағала олардың көзін қараңғылап тастағандықтан, ешбірі оны көрген жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Иәсин» сүресінен: 1. Иә, Син. 2. Хикметке толы Құранға серт! 3. Сен, әлбетте, (ақиқатты жар салу міндетімен жіберілген) елші пайғамбардың бірі һәм бірегейісің! 4. Тұп-тура жолдасың. 5. Бұл – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді) Алланың бірте-бірте түсірген Кітабы. 6. (Оны саған) ата-бабалары еш ескертілмеген, сол себепті (ақиқаттан) мүлдем ғапыл қалған қауымды ескертуің үшін (түсірді). 7. Адамдардың басым көпшілігіне қатысты Алланың («жаһаннамды адамдармен және жындармен толтырамын» деген) сөзінің хақ екендігі айқындалды. Бұл көпшілік иман етпеуде және етпейді де. 8. Өйткені, Біз олардың мойынына иектеріне дейін жетіп, бастарын игізбей тіреп тұратын темір ажырғылар кигіздік, сол себепті олардың бастары кекжиіп, мұрындары көкке көтеріліп қалған. 9. Сондай-ақ олардың алдына бір бөгет, артына бір бөгет қойып, алды-артын көлегейлеп тастадық, сондықтан олар (ақиқатты) көре алмауда»101 деген мағынадағы аяттарын оқыды да, көздеген жағына жүріп кетті. Сол сәтте аңдып тұрғандардың жанына біреу келіп: «Бұл жерде кімді күтіп тұрсыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Мұхаммедті күтіп тұрмыз», – деп сыбырласты. Сонда әлгі кісі: «Құдай сендердің тілектеріңді қаптырды. Мұхаммед сендердің алдарыңнан жаңа ғана өтіп кетті. Өтіп бара жатып әрбірлеріңнің бастарыңа топырақ шашып кетті. Сенбесеңдер, бастарыңа қараңдаршы», – деді. Ол жердегілердің бәрі тегіс бастарына топырақ шашылып қалғанын байқады. 101 «Иәсин» сүресі, 1-9. Жасырынған жерлерінен шығып Алла Елшісінің (с.а.с.) үйіне баса көктеп кірді. Пайғамбарымыздың орнында жатқан әзірет Алиді (р.а.) көріп: «Міне, Мұхаммед шекпеніне оранып ұйықтап жатыр», – деп үндемей қалды. Сонымен олар тағы таң атқанша күтіп тұрды. Таң атқан кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) орнынан әзірет Али түрегелді. Міне, сонда ғана мүшріктер: – Түндегі бейтаныс дұрыс айтқан ба? – деп бармағын тістеп қалды.102 102 Ахмад ибн Ханбал, 3241; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 6/51. Кейін бұл жағдай туралы төменгі аят түсірілген: «(Уа, Мұхаммед!) Кезінде күпірлікте қасарысқандар сені зынданға тастап, қамап қоюды не болмаса өлтіруді, яки жер аударып жіберуді ойластырып бірқатар айла-амал ойластырып, тұзақ құрумен болған еді. Олар тұзақтарын құра берсін, бәрібір Алла Өз дегенін болдырып, біреуге құрған тұзақтарына олардың өздерін түсіреді. Алла тұзақтың қайырлы болғанын құрушы (һәм үнемі жақсылықты мұрат етіп, Өз дегенін болдырушы)»103. 103 «Әнфал» сүресі, 30. Сол оқиғадан кейін Алла Тағала Өз Елшісіне (с.а.с.) Меккеден шығып кетуге рұқсат берді.


47 «(Сондай-ақ қандай да бір жерге аяқ басқан кезде һәм Мәдинаға таяп қалған осы шақта) былай деп дұға ет: «Уа, Раббым! Маған қандай да бір жерге аяқ басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде кіруді, сондай-ақ ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған мықты қолдау көрсетіп, айқын дәлел бергейсің»104. 104 «Исра» сүресі, 80. Ибн Аббас (р.а.) бұл аятты түсіндіріп жатып былай деді: «Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) жанына әзірет Әбу Бәкірді алуын бұйырды». Хаким ан-Нисабури әзірет Алиден риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижрат жасау бұйрығын жеткізген Жәбірейілден (а.с.): «Жанымда кім болады?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл періште: «Әбу Бәкір», – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден кететінін әзірет Алиге айтып, қарамағындағы аманаттарды иелеріне тапсыруды бұйырып, оны Меккеде қалдырды. Әзірет Әбу Бәкірдің қызы Асма (р.а.) һижрат туралы былайша баяндайды: «Біз Меккеде тұрғанымызда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) күніне екі мәрте, ертелі-кеш біздің үйге келді. Һижрат жасайтын күні түске қарай үйге келе жатқанын көріп, әкеме: «Әке, Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын орап алып үйге келе жатыр. Бұл уақытта келмейтін еді ғой?» – дедім. Әкем маған: «Ата-анам оған садақа болсын! Демек, бір маңызды оқиға болса керек...» – деді. Ал әзірет Айша сол күн туралы төмендегіше баяндайды: «Бір күні түске таман үйде отырсам, Пайғамбарымыз (с.а.с.) есіктің алдына келіп, кіруге рұқсат сұрады. Әкем Әбу Бәкір (р.а.) оны ішке кіргізіп, оған орын көрсетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайланып отырған соң Әбу Бәкірге: «Үйдегілерді сыртқа шығара тұр», – деді. Әбу Бәкір (р.а.): «Бұлар өз отбасың», – деді. Басқа бір риуаят бойынша, «Арамызда бөтен кісі жоқ. Бұл жерде екі қызым ғана бар», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мен Әбу Бәкірдің арасында төмендегідей әңгіме өрбіді: – Маған һижрат жасауға рұқсат берілді. – Ата-анам сенен садақа кетсін! Мен де сізбен аттансам бола ма? – Болады. Әзірет Әбу Бәкір қуанғанынан жылап жіберді. Ол сондай күн болып қаларын күтіп, алдын-ала қамданып екі түйе бағып жүрген. – Қамдап жүрген екі түйемнің біреуін алыңыз, – деді әкем. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Сатып алу шартымен ғана аламын, – деп айтты. Ғалымдардың айтуы бойынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйенің біреуін сатып қана алатынын айтқаны Алла жолындағы һижраттың ақша және күш-қуатпен орындалуы ғибадат екенін білдіреді. Әзірет Айша сөзін одан ары төменгідей жалғастырады: «Дереу сапарға шығуға қамдана бастадық. Жол азыққа бір қойдың піскен етін қоса салдық. Сіңлім Асма (р.а.) кепкен нан турап, азық салынған қапшықтың ауызын байлады. Алла Елшісі (с.а.с.) мен әкем (р.а.) Сәуір үңгіріне барып, үш күн тұрды». Сәуір үңгірі Меккенің жанында. Ол жерге бірінші болып Сәуір ибн Абдулманаф шыққандықтан, соның атымен аталып кеткен. Бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір (р.а.) әзірет Әбу Бәкірдің үйінің артқы есігінен шыққаны айтылады. Осы жолда оларға Әбу Жаһилдің жолыққаны, бірақ Алла Тағала Әбу Жаһилге оларды көрсетпей қойғаны да деректерде бар.


48 Әзірет Асманың айтуы бойынша, әзірет Әбу Бәкір қолында болған бес мың дирхамымен сапарға шыққан. Құрайыштықтар Пайғамбарымызды (с.а.с.) Меккені түгелдей тінтіп іздеді. Алла Елшісін (с.а.с.) қолдан шығарып жібергеніне қатты қайғырып, оны (с.а.с.) ұстап келген кісіге жүз түйе сыйақы беретінін жариялады. Бұл сыйлыққа қызыққан елдің бәрі дүрбелең түсіп жүріп, екі жолаушының Сәуір тауы жаққа кеткенін біліп, із қуып кетті. Із тіке Сәуір үңгірінің алдына шейін барды. Қады Ияз арқылы келген риуаят бойынша, Сәуір тауы Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, менен қаш. Өйткені сенің құтты қаның менің үстіме төгілсе, Алла Тағаланың қаһарына ұшыраймын деп қорқамын», – деп айтқан. Алла Тағала ол үңгірдің алдына бір бұтақ өсірді. Бұл бұтақ үңгірдің жолын кәпірлерден жасырды. Бір өрмекшіге үңгірдің аузына ау тоқуды бұйырды. Бір жабайы көгершін үңгірдің кіре берісіне ұя салды. Бұлардың бәрі мүшріктерді жаңылтып, үңгірге кіруден бас тарттырды. Қазіргі сәттегі Харам аймағындағы көгершіндер сол Сәуір үңгірінің аузына ұя салған көгершіндердің тұқымы екені айтылады. Олар сол күні Пайғамбарымызды (с.а.с.) жасырып қалғаны үшін көбейіп, қауіпсіз жайда өмір сүруге ие болған дейді. Құрайыш руынан шыққан ізкесерлер Мұхаммедті (с.а.с.) ұстап беріп сыйлыққа жүз түйе алу үшін сайма-сай қаруланып, сәйгүлік аттарды мініп алып үңгірге шейін жетіп келді. Үңгірге жеткенде біреу атынан түсіп, жақындап келіп, ұясында беймарал жұмыртқа басып жатқан көгершінді көрді. Нәтижеде артындағыларға айқайлап, ұяда кептер жатқанын, демек, бұл жерге ешкім кірмегенін айтты. Соған қарамай жігіттердің біреуі: «Осыншама келген соң ішіне кіріп көрмейміз бе?» – деді. Бірақ олардың арасында тұрған Умайя ибн Халаф оған: «Бос үңгірге кіріп не қыласың? Сенбесең, тесіктегі өрмекшінің өрмегін қарап көрші. Сонау Мұхаммед тумай тұрғанда өрілген секілді қатпар-қатпар болып жабылып қалыпты. Егер бұл жерге біреу-жарым кірсе, көгершіндер ұясын тастап ұшып, анау өрмекші ауы бұзылып қалмақ», – деді. Бұл дәлелге енді ғана иланған құрайыш жігіттері үңгірге кіруден бас тартып, одан ары жүріп кетті. Олардың осылай сөйлескені үңгірдегі Пайғамбарымызға кәдімгідей естіліп тұрды. Содан кейін ол Алла Тағала өзін дұшпандардан қорғағанын түсінді. Бұхари мен Мүслимнің әзірет Анастан (р.а.) риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкір (р.а.): «Үңгірде отырғанымызда Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Егер қуғандар аяқтарының ұшымен қараса, бізді көретін еді», – дедім. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үшіншісі Алла болған екі кісі туралы қалай ойласың?»105 – деді. 105 Бұхари, 3653; Мүслим, 2381, 3096. Хасан Басридің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір (р.а.) түнде үңгірге қарай бара жатқанда, Әбу Бәкірдің (р.а.) біресе Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына түсіп, біресе артына өтіп жүргені айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан неге бұлай жасап жатқанын сұрағанда, әзірет Әбу Бәкір (р.а.): «Жол бастап бара жатқанымды еске алсам, алдыңнан, сақшы болып бара жатқанымды еске алсам, артыңнан жүрем», – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер бір нәрсе болса мен үшін өлуге дайынсың ба?» – деп сұрағанда, Әбу Бәкір (р.а.) еш күмәнданбастан: «Сені пайғамбарлық міндетімен жіберген Аллаға ант ішемін, мен дайынмын», – дейді. Үңгірге барғанда әзірет Әбу Бәкір: «Уа, Алланың Елшісі, сіз бұл жерде күте тұрыңыз, мен үңгірді қарап, тазалап шығайын», – деп ішке кіріп, үңгірдің ішін бірсыпыра жинастырып, үстіндегі шекпенін майдалап жыртып жылан-шаяндардың іні сияқты тесіктің бәрін бітеген. Бірақ ең аяғында бір тесікке шекпеннің жыртығы жетпей ашық қалған.


49 Кейін екеуі кіргенде әзірет Әбу Бәкір (р.а.) «сол тесіктен бір зиянды нәрсе шығып, Алла Елшісін шағып алмасын» деп тобығымен бітеп отырды. Айтқандай, бір кезде ол жақтан бір нәрсе шығып келіп әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) табанын шағып алды. Бірақ ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) оятпас үшін дымын да шығарған жоқ. Бар болғаны жаны қатты ашып кеткендіктен көзінен сүзіліп шыққан бір тамшы жас Алла Елшісінің (с.а.с.) бетіне тамып кетті. Сол кезде ол оянып, «Әбу Бәкір, саған не болды?» – деп сұрады. «Ата-анам сенен садаға кетсін, Пайғамбарым! Табанымды жылан ба, шаян ба, әйтеуір бір нәрсе шағып алды», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағылған жерге сілекейін сүртіп еді, сол заматта ол жер айығып, ауырмай қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден бейсенбі күні шығып, үңгірде үш күн түнеген соң дүйсенбі күні Мәдинаға қарай жүріп кетті. Бұл оқиға Рабиғул-әууал айының бастарында болған еді. Сол айдың екінші жұма күні екі жолаушы Мәдинаға жетеді... Деректерге қарағанда, Зәкәрия атты тақуа кісі қатты ауырып, өлім алдында жатқан еді. Кенет жанына бір досы келіп, «Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ» деп кәлима айттыруға әрекет жасайды. Бірақ ауру кісі қабағын түйіп, кәлиманы айтпай қояды. Досы екінші мәрте қайталайды. Ол бұл жолы да айтудан бас тартады. Үшінші мәрте мүлдем айтпаймын деп қарсы шығып, содан соң есінен танып, досының тізесіне жығылады. Бірталай солай жатқан соң, көзін ашып досынан: «Маған бір нәрсе деп айттың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Саған үш мәрте кәлиманы айттырайын десем, екі мәрте қабағыңды түйіп, үшінші мәртесінде «айтпаймын», – деп жауап бердің», – дейді. Сонда тақуа адам өз басынан өткен жағдайын былай баяндап береді: «Маған шайтан келді. Қолына бір кесе су ұстап алыпты. Оң жағыма келіп кесені шайқай ұстап тұрып: «Су ішесің бе?» – деп сұрады. «Иә», – дедім. Ол: «Иса – Алланың ұлы», – деп айтсаң, берем», – деді. Сөйткенде жыным келіп, жүзімді бұрып әкеттім. Содан соң сол жағыман келіп, тағы сол сөзін қайталады. Бұл жолы да бас тарттым. Үшінші мәрте де сөйтіп келгенде: «Жоқ, айтпаймын!» – дедім. Міне, сонда ғана ол су төгілген кесесін лақтырып жіберіп, көзден ғайып болды. Сөйтіп, мен сенің емес, шайтанның сөзінен бас тартып жатқанмын. Енді кәлиманы айтсам болады», – деді де, «Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһу уә әшһәду әннә мухаммадән абдуһу уә расулуһ» деп кәлиманы айтты. Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) айтқан: «Тақуа пенделердің бірі шайтан адам баласының қайсы жерінде болатынын көрсетуін тілеп Аллаға жалбарады. Содан соң түсінде тұп-тұнық әйнек секілді іші-сырты көрінген бір кісінің денесін көреді. Шайтан дененің басы, иығы мен құлақтың ортасындағы кеңістікте және сол иығында бақа бейнесінде отырғанын көреді. Оның ұзын, жіңішке тұмсығы бар екен. Адам Алла Тағаланың атын атағанда бақа бейнесіндегі шайтан көрінбей қалып жатқанын байқайды». Уа, Жаратқан Алла! Қарғыс атқыр шайтаннан және басқа дұшпандардан сақта. Пайғамбарлардың ақырғысы болған Мұхаммедтің (с.а.с.) құрметіне саған зікір және шүкір қылуымызға жәрдем бере көр... Аманат және тәубе Мұхаммед ибн Мунқадир әкесінің былай дегенін естіген: «Суфиян Саури Қағбаны айналып жүріп әр қадам басқан сайын Алла Елшісіне (с.а.с.) салауат айтқан кісіні көріп: – Сен Аллаға зікір айтуды тастап, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтуға беріліп кетіпсің. Бұл туралы бір білгенің бар ма? – дейді. Әлгі кісі:


50 – Алла күнәңді кешіргір, сен кімсің? – дегенде, әлгі: – Мен Суфиян Сауримін, – деп жауап береді. Сонда әлгі кісі: – Егер сен осы дәуірдің ең тақуа кісісі болмағаныңда, саған бұларды айтпас едім. Бір мәрте әкеммен қажылық сапарына шыққанбыз. Тоқтаған жерімізде әкем қатты науқастанып қалды. Нәтижеде біз де оған қарайлап сол жерде тұрып қалдық. Бірақ ауруы асқынып кетті де, ақыры көз жұмды. Жаны шыққаннан кейін қарасам жүзі қарайып кетіпті. Мен қатты қорқып: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз»106, – деп бетін жауып қойдым. Кенет қатты шаршаған соң көзім жұмылып, есіней бастадым. Сол қайғырып отырған бойы ұйықтап кетіппін. Түсімде жүзі нұрлы, таза киінген, хош иісі бұрқыраған біреуді көрдім. Ол әкемнің жанына асығыс басып келді. Кебінді ашып, алақанымен әкемнің жүзін сипап өткенде, оның жүзі жарқырай түсті. Содан соң әлгі нұр жүзді кісі кетіп бара жатқанда етегіне жабысып: 106 «Бақара» сүресі, 156. – Уа, Алланың құлы, сен кімсің? Иен далада Алла сені әкеме жіберіп, жақсылыққа себепкер қылды, – деп сұрадым. Ол маған бұрылып: – Мені таныған жоқсың ба? Мен Құранның иесі Абдуллаұлы Мұхаммедпін. Сенің атаң күнәһар кісі еді. Бірақ маған көп салауат айтты. Өлгенде ауыр жағдайға түсіп қалғанын көріп жәрдемге келдім. Мен, маған көп салауат айтқандарды тастамаймын, – деді. Сол жерден ойланып кетіп қарасам, шынымен, әкемнің жүзі ағарып, жарқырап қалыпты». Бір риуаятта Амр ибн Динар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін айтқан: «Кім маған салауат айтуды ұмытса (немқұрайды қалдырса), ол пенде пейіштің жолынанадасады»107. 107 Ибн Мажа, 908. «Аманат» деген сөз «әділетсіздіктің алдын алу» деген мағынаға келеді. Бұның керісіншесі – қиянат. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Айлакерлік қылғандар, алдағандар және аманатқа қиянат жасағандар – тозақылар»108деген. 108 Хаким, Мустадрак, 4/650; құдаи, аш-Шихаб, 1/175. Мұндай сипатқа ие болған кісілер тозаққа кіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Басқалармен мәміле жасағанда – ақысын жемеген, сөйлессе – алдамаған кісі – адамгершілік жағынан жетілген, әділеттілігі расталған және туыстық байланыс (құру) керек болған кісілер». Бір бәдәуи бір елді: «Аманатты берік сақтады. Өздеріне берілген қызметте әділеттіліктен таймайды. Ешбір мұсылманның ақысын жемейді. Олардың мойнында ешкімнің ақысы қалмайды, олар – үмбеттің ең жақсылары» деп мақтаған. Қазір сол бәдәуи айтқандай кісілер қалмай барады деп айтсақ артық айтқандық болмас. Қазір кісі бейнесіндегі «қасқырларды» жиі кезіктіресің. Әзірет Хузайфадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адамдар бір-бірімен сауда-саттық жасап, бірақ олардың ешбірі аманатты сақтауға әрекет жасамайтын уақыт келеді. Міне, сонда «пәленше руда сенімді біреу бар» деп айтылып қалады», – деген. Күнәлардан тәубе жасау аяттар мен хадистерде көп айтылған: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»109 деген аят жалпы мүминдерге тиесілі. 109 «Нұр» сүресі, 31. Алла Тағала басқа аятта: «Уа, иман келтіргендер! Шынайы түрде тәубе етіп, Аллаға бет бұрыңдар. Міне, сонда Раббыларың күнә-қателіктеріңді өшірер һәм


Click to View FlipBook Version