101 сезесің. Тілің былдырлап, туғандарың мен жақындарың жылай бастасады. «Бұл ұлың – пәленше, бұлар туғандарың – түгеншелер», – деп, жаныңдағы кісілер де таныстырыла бастайды. Бірақ ол уақытта сен тілден қалған боласың. Сонда Алланың үкімі келіп, жаның денеңнен шығып, көкке көтеріледі. Жақындарың жиналып, кебінің дайындалады. Жаназаң жуылып, кебінге орайды. Енді кіруің, шығуың болмайды, сені көре алмай жүргендердің көңілі жайланады. Жақындарың мирасыңды бөлісумен әлек бола бастайды. Сен болса жасаған істеріңмен жалғыз қаласың. Демек, жек көруге ең лайықты нәрселердің басында дүние тұрады. Өйткені ол бергенін алады, тарту қылғанын қайта талап етеді. Біреуге жылмая қарағанымен басқа біреуге көз қысады, біреу үшін жылап жатып біраздан кейін оған күлгендермен қоса күледі. Жаңа ғана бермекші болып ұсынғанын көз ашып-жұмғанша қайта дауалап алады. Бүгін біреуге тәж кигізіп, ертең оған көр қазады. Кімнің келіп, кімнің кететіні ол үшін бәрібір. Қалғанды кеткеннің орнына қабыл ала береді». Хасан Басри (рахимаһуллаһу) халифа Омар ибн Абдулазизге жазған хатында былай дейді: «Дүние – уақытша қонақжай, ол мәңгілік жай емес. Алла Тағала Адамды (а.с.) пейіштен бұл жерге жазасын тарту үшін түсірген. Сол себептен бұл дүниеден сақтан. Әрдайым біреудің қанын төгеді. Оны құрметтеген жаман жағдайға тап болады. Онда мал-байлық жинаған пенде жарлы болады. Ол зияны білінбеген у сияқты. Ол у өлтіреді. Ол жерде жарасын емдеген жараланған кісі сияқты бол. Жараланған кісі ұзаққа созылған азаптан құтылу үшін қысқа уақыттың ішінде емделуге шыдайды. Бұл ынсабы жоқ алдаушыдан сақтан. Ол айла-амалмен кісілерді алдайды. Оған азғырылғандар ақыретін де ұмытады. Бірақ бір күні қатты өкінеді. Оған арбалғандар ешқашан оған байланысқан мақсаттарына жете алмайды. Шаршап-шалдығады және ақыры аяғында ол жерден азығы жоқ, арғы дүниеге салып қойған үйі жоқ, көшіп кете береді. Уа, мүминдердің басшысы, одан сақтана көр. Одан мүмкін болғанша алыс бол. Өйткені дүниеге берілгендер қуанышқа мүмкіншілік таба алмай жамандыққа, қайғыға батады. Одан пайдалануды қалағандар зиянға ұшырайды. Оның молшылығының артында бәле бар. Ол жерде қалу – жоқ болуға қарай қадам аттау болып саналады. Оның қуанышы қайғымен аралас. Келешектің қандай болатыны білінбегендіктен, алдамшы үміттер күтіп тұрады. Ақыл-есті кісілер ол жерде әрдайым қорқып тұрады, байлығы қолдан кетерінен қорқады. Басқа келер бәледен қорқады. Егер жаратушысы ол туралы ешқандай мағлұмат бермесе, ешбір мысалмен пенделерін ескертпесе де ұйқыларыңды оятуға, естен танғандарды есіне келтіруге дүние өзі жетпек. Алла Тағала ол туралы ескерткен бірнеше аяттарды түсіріп, оның маңызын түсіндірген түрлі насихаттарын берген. Алланың назарында оның ешбір қадірі жоқ. Жаратылғаннан бері ол жаққа қараған емес. Алла Тағала оның барлық қазыналарын кілттерімен қоса Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұсынды, бірақ ол қабыл алмады. Алланың бұйрықтарына қарсы шықпа, жаратушысы жақсы көрмеген нәрсеге (дүниеге) көңіл бөлме не өз иесі қадірлемеген нәрсені жоғары қойма. Сынақтан өтіп, дәрежелері көтерілсін деп, Алла Тағала тақуа кісілердің қолын жұқа қылды. Алданып мақтана тұрсын деп, оны дұшпандарының алдына жайып қойды. Дүниеге алданғандар, ол жерде өздерін күшті деп санағандар оны өздеріне тарту
102 етілген сыйлық деп көреді және аштықтан қарнына тас байлап жүрген пайғамбарына Алла Тағала қалай мәміле жасағанын ұмытады. Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деген: «Саған дүниенің жақындағанын көрсең, «Бұл – жіберген кемшілігімнің алдын-ала берілген жазасы» деп біл. Кедейліктің жақындағанын көрсең, тақуа пенделердей «қош келдің» де». Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Алла Тағала Мұса мен Харунды (а.с.) перғауынға жібергенде оларға былай деді: «Оның дүниелік атағы сендерді қорқытпасын. Оның тізгіні менің қолымда. Менің рұқсатымсыз сөйлей де, көзін жұма да, дем де ала алмайды. Оның көп байлығына да таңғалма. Өйткені байлық – бұл дүние өмірінің уақытша әшекейі, жолдан адасқандардың нығметі. Перғауын сендерді көргенде сендердің қолдарыңдағыдай байлыққа жете алмастығын түсінетіндей дүниені сендерге бергім келсе жай ғана беріп қоймақпын. Мен достарыма әрдайым сондай мәміле жасаймын. Қойшы қойларын қауіпті жерге жаймағандай, мен де достарымды бұл дүние қызықшылығына батып кетуден қорғаймын. Түйеші шөп өспеген қу шөлде түйелерін жайып өргізбегендей, мен де оларды бұл дүние шөлінен алыс ұстаймын. Әлбетте, бұл әрекетім достарыма мән бермегендігімнен емес, керісінше, менің жомарттығымнан өз үлестерін толық алып, марқайып қалсын деп сондай мәміле жасап жатырмын. Оларға жолыққанда үсті-басыңды оңдап түзе, олардың алдында кішіпейіл бол. Менің достарымның бірін қорқытқан кісі маған қарсы соғыс ашқан болып саналады. Қиямет күні мен одан сөзсіз өшімді аламын». Бір күні әзірет Али (р.а.) былай деп құтба оқыды: «Біліп қойыңдар, бір күні сөзсіз өлесіңдер. Содан соң өлгеннен кейін қайтадан тірілесіңдер. Бұл дүниеде жасаған істерің ине-жібіне шейін тексеріледі және олардың сауап-жазасын тартасыңдар. Бұл дүние өмірі сендерді алдамасын. Өйткені ол бәлеге оранған, уақытша және жалған дүние. Ондағы барлық нәрсе уақытша. Ол біреуден екіншісіне қалады. Бұл дүниеде қоқыстан келген кесел-кесапаттан қорғана алмайсың. Бұл дүниеде нәпсінің қалауларына еріп, бейбас өмір сүруді Алла Тағала айыптаған. Дүние кейде бар да, кейде жоқ. Адамдар дүниенің нысанасы, оларды бір-бірден теріп өлтіреді. Бәрінің ол жердегі минуты белгілі, үлесі өлшеулі. Уа, Алланың кұлдары! Бұл дүниеде сендердің жағдайларың сендерден бұрынғылардан өзгеше емес. Олар сендерден де ұзақ өмір сүрген, сендерден күшті патшалық жүргізген. Сендердікінен де ұмытылмас және мықты естеліктерді қалдырған. Бірақ күні келгенде ұзақ жылдар сақталған естеліктері естен шықты, өздерінің сүйектері шіріді. Керемет ұнамды сарайлары қирады. Іздері өшті. Қорғандармен қоршалған хансарайлардан, жібек төсектерден үсті тастармен жабылған, асты тас қабірге көшті. Мазарлар ескі үйлеріне жақын, бірақ оның ішіндегілер жападан жалғыз. Бұрынғы жайларының жаңа тұрғындары олар туралы ойламайды да. Оларда бұрынғыдай салтанат, той да жоқ. Жақын жерде жайғасқанына қарамай дос-жарандай бір-бірімен қатынаспайды. Олардың ортасында қандай көршілік қарым-қатынас болмақ, денелерін құрт-құмырсқа жеп қойған. Бір уақыттарда тірі жүрсе, енді өлік. Жалындап жанды жүрді де, енді жансыз денелер жатады шашылып. Жақындарын боздатқан күйі топырақтың астына кіріп кетті. Әттең, енді қайта қайту жоқ! Құран Кәрімде айтылғандай, олардың қайта қайтуы «Өліктің аузынан шыққан, еш жүзеге аспайтын сөз. Қайтадан тірілетін күнге шейін шыға алмас тосқауылдың артында».
103 Алла Тағала былай дейді: «Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады»256. 256 «Зилзала» сүресі, 7-8-аяттар. Тағы бір аятта былай деп айтылады: «(Қиямет күні) әр адамның алдына өзінің амал дәптері қойылады. Сол кезде дүниеде күнәға белшесінен батқан күнәһарлардың (амал дәптеріне жазылған күнәларын көріп) есі шыққанын көресің. Сонда олар аһ ұрып: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкендікішілі бірде-бір сөзді де, істі де қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» – дейді. Міне, осылайша, олар дүниеде не істеп, не қойған болса, соның бәрі алдарынан шығады. Раббың ешкімге әділетсіздік жасамайды»257. 257 «Кәһф» сүресі, 49. Алла Тағала бізді және сендерді Құран кітабының бұйрықтарына лайықты өмір сүріп, оның достарының жолында жүруді және аяғында Өз мейірімімен бәрімізді пейішке кіргізуін тілеп дұға қыламыз. Бір данышпан былай дейді: «Күндер оқ, кісілер нысанаға ұқсайды. Дүние әр күні үздіксіз оқ жаудырады. Денеңнің еш жерін қоймай шұрық-тесік қылады. Күн мен түн алмасып, өмір өтіп жатқанда денсаулығыңды қайтіп сақтап қала аласың. Өткен күндер сенен нелерді кемітіп жатқанын көре алғаныңда өткізген әрбір күніңнен шошып, уақыттың өтуі сені ауыр қайғыға салмақ. Бірақ Аллның ісі пенденің еркінде емес». Омар ибн Абдулазиз бір құтбасында былай деп айтады: «...Сендер бұл дүниеде мәңгілік қалу үшін емес, бұл дүниеден арғы дүниеге көшу үшін жаратылғансыңдар. Уа, Алланың кұлдары! Бұл дүниеде жеп-ішкендерің қиыншылыққа шыдағандарыңа сай. Қолдарыңа тиген әрбір нығмет сендер ажыраған басқа бір нығметтің орнына келеді. Қай жаққа сапар тартып бара жатқандарыңды және мәңгілік өлкелерің қайда екенін жақсы біліңдер». Әзірет Али бір құтбада жамағатқа былай дейді: «Уа, мүминдер, сендерді тастап кеткен дүниенің артынан түспеуге шақырамын. Сендер оның артынан қанша жүгірсеңдер де, ол сендерді тастап кетеді. Мақсатқа жету үшін қанша уақыт керектігін және кімнің қанша өмірі қалғанын ешкім білмейді. Дүниеге берілгендер көзі өткенше оның артынан жүгіреді. Бұл дүниенің қиыншылықтарына қайғырмаңдар, өйткені бір күні ол да бітеді. Оның кеңшілігіне де қуанбаңдар, өйткені ол да бір күні қолдан кетеді. Өлім қуалап жүргеніне қарамай дүниенің артынан түскендерге және әрбір іс-әрекеті сол сәтте бақылауға алынып жатқанына қарамай жасаған істерінің нәтижесіне немқұрайды қарағандарға таңғаламын». Мұхаммед ибн Хүсейін (рахимаһуллаһу) айтады: «Ұлық қасиеттердің, ілім-білімнің және әдептің иелері Алланың бұл дүниеге мән бермегенін, оны өзінің достарына лайық көрмегенін, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да одан аулақ болғанын, сахабаларын да оған беріліп кетуден ескерткенін білгендіктен дүниелерін ақырет үшін жұмсады. Дүниеден жеке зәруліктері үшін ғана алып, басқасына жақындамады. Ұятты жерлерін ғана жабатындай киінді, аштығын басатындай ғана жеді. Бұл дүниені уақытша, ақыретті мәңгілік деп білді. Жолаушы секілді өздеріне азық дайындады. Бұл дүниелері қираса да ақыретін тұрғызды. Бір күні барарын біліп, ақыретке кетті. Бұлардың бәріне Алланың жәрдемімен жетті. Алла разы болған істерді жасап, оған ұнамаған нәрселерден аулақ болды».
104 Қанағат қылу Жарлы қолындағыға қанағат қылып, басқалардың қолындағыға көз салмауы, ешкімге көреалмастық қылмауы және байлыққа қызықпауы керек. Зәрулікке қарай тамақ-ас, киім-кешек және бас сұғар үйді жеткілікті деп біліп, бұлардың ең азына және арзанына разы болу, отбасының күндік не айлық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қанағат қылуға тиіс. Өйткені кедей көп нәрсеге ие болғысы келсе не дүниеқұмарлық сезімдерге бой алдырса, қолындағыға қанағат қыла алмай, ашкөздікпен адамға жараспас жамандықтарға барады. Негізі, адам баласының табиғатында ашкөздік және қанағатсыздық бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адам баласының екі дала толған алтыны болса, үшіншісін аңсайды. Оның көзін топырақ қана толтырады. Алла Тағала тәубе жасағандардың тәубесін қабылдайды»258. 258 Бұхари, 6436; Мүслим, 1048. Әбу Уақид Лайси айтады: «Пайғамбарымызға (с.а.с.) жаңа уахи келген уақыттарда келген уахиді бізге үйретті. Бір күні оның жанына барсам, маған былай деді: «Алла Тағала: «Біз пенделерге мал-мүлікті намаз оқысын және зекет берсін деп бердік. Адам баласының бір дала толған алтыны болса екіншісін, екі дала тола алтыны болса үшіншісін қалайды. Топырақтан басқа еш нәрсе оның қарнын тойдырмайды. Аллатәубе жасаушылардың тәубесін қабыл алады», – деп айтты. Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай дейді: «Бараәт» сүресіндей бір сүре түсті. Содан соң Алла Тағала тарапынан қайта алынды. Ол сүренің төмендегі бөлігі кісілердің есінде қалды: «Алла бұл дінді күшейтеді. Адам баласының екі дала тола байлығы болса үшіншісін де сұрамақ. Оның ішін топырақтан басқа еш нәрсе тойдырмайды. Алла тәубе жасаушылардың тәубесін қабыл алады». Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Екі ашқарақ бар, олар тоймайды: бірі ілімге тоймайды, екіншісі байлыққа тоймайды»259. 259 Ахмад ибн Ханбал, Табарани, әл-Муғжамул кәбир. Бұл жерде де біз куә болғандай, ашкөздік пен сұғанақтық жаман сипат болғандықтан, Алла Тағала және оның Елшісі (с.а.с.) қанағаттылықты мақтаған. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ислам дінін қабыл алған және өмір шартына қанағат қылған кісілерге сүйінші!»260 – деген. 260 Тирмизи. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бай-кедейдің бәрі қиямет күні «Дүниеде маған зәру мұқтаждықтарды қамтамасыз ететіндей ғана мал-мүлік берілсеші, әттең!» – деп арман қылады»261, – деп айтқан. 261 Ибн Мажа. Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Байлық – мал-мүліктің көптігі емес, көңілдің тоқтығы». Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Рухул-қудус (Жәбірейіл періште) маған ризығын тауыспай тұрып ешкім өлмейтінін білдірді. Демек, Алладан қорқыңдар және адалдан табуға әрекет жасаңдар». Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: «Уа, Әбу Һурайра, қарның ашқанда саған бір нан мен бір кесе су жетті. Дүние тозаққа түссін!» – деген». Әбу Һурайраның тағы бір риуаятында былай деп айтылады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алладан қорықсаң, пенделердің ең көп ғибадат жасағаны боласың. Қанағат қылып жүрсең, бәрінің сүйіктісі боласың. Өзіңе қалағанды басқаларға да қаласаң, шынайы мүмин боласың», – деп айтты.
105 Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) ашкөздіктен тыйған. Бір күні бір бәдәуи араб Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған қысқа-нұсқа насихат айтсаң», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «Әрбір намазыңды ақырғы намазыңдай оқы! Ертесі күні кешірім сұрайтын ешбір сөз аузыңнан шықпасын! Басқалардың қолындағы байлыққа көз салма!» – деді. Ауф ибн Малик Ашжағи (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында тоғыз не сегіз не жеті кісі тұрғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: «Алла Елшісіне серт бермейсіңдер ме (ант бермейсіңдер ме)?» – деді. «Уа, Алланың Елшісі, біз саған бұрын да ант бердік емес пе?» – дедік. Ол тағы «Алла Елшісіне ант бермейсіңдер ме?» – деп сұрағанда, біз бәріміз қатарымызбен оған қол беріп, ант бере бастадық. Арамыздан біреудің кезегі келгенде ол: «Саған бұрын ант берген едік. Енді неге қайтадан ант беріп жатырмыз?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға еш нәрсені серік қоспай құлшылық жасауға, бес уақыт намазды оқуға, алған бұйрықтарға мойынсұнуға және ешкімнен еш нәрсе сұрамауға ант беріңдер», – деді. Міне, сол оқиғадан кейін сол күні ант бергендер ат-көлік үстінен түсіріп алған қамшысын да алып беруді басқа біреуден сұраған емес. Әзірет Омар (р.а.): «Сұғанақтық – кедейлік, тоқпейілдік – байлық. Басқаның қолындағыға көз салмаған кісі ешкімге мұқтаж болмайды», – деп айтқан. Бір данышпан кісіден «Байлық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Аз нәрсені қалау және жан баға алатындай дүниеге разы болу», – деген. Мұхаммед ибн Уаси (р.а.) қатқан нанды суға малып жеп отырып: «Осыған қанағат қылған кісі ешкімге мұқтаж болмайды», – деді. Суфиян Саури (рахимаһуллаһу): «Бұл дүниелеріңдегі ең жақсы нәрсе – сендерге сынақ болмаған нәрсе. Сендерге сынақ болған нәрселердің ең жақсысы – қолдарыңнан шыққаны», – деген. Ибн Масғуд (р.а.) былай дейді: «Әр күні бір періште былай деп айтады: «Уа, адам баласы, саған жеткілікті болған аз байлық сені көпірткен көп байлықтан жақсы». Сумайф ибн Адан (рахимаһуллаһу): «Уа, адам баласы, сенің қарныңның ұзындығы бір қарыстай. Оның ішіне неге от түсіп жатыр?» – дейді. Бір данышпаннан «Мал-мүлкің не?» – деп сұрағанда, ол: «Тоқпейілдік, тұрмыстағы үнемділік және басқалардың қолындағыға көз салмау», – деген. Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала былай дейді: «Уа, адам баласы, дүние түгел сенікі болса да саған жан бағатындай ғана тимек. Мен саған жан бағатындай дүние бергеннен кейін қалған дүние байлығының есептеуші жауапкершілігін басқаға жүктеуім саған жасаған жақсылығым болып саналады». Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Біреуің бір нәрсе сұрағанда сыпайылықпен сұрасын. «Сөзсіз беруің керек» деп қоқаңдамасын. Оған бөлінген ризық қана беріледі». Әбу Хазимге (р.а.) Әмәуи халифаларының бірі «Маған қалағаныңды сұрап хат жаз», – деп айтады. Әбу Хазим: «Мұқтаждықтарымды құрметті мырзама білдірдім. Бұлардың қайсысын берсе де қабыл алам және бермегеніне қанағат қылам», – деп жазады. Бір данышпаннан: «Ақылды кісі үшін сүйікті және қайғыдан арылуға негіз болатын нәрсе не?» – деп сұрағанда, ол: «Ақыл-есі орнында болған кісі үшін ең сүйікті нәрсе – ақыреті үшін жасаған жақсы істері. Ал енді қайғыдан арылтатын нәрсе – Алланың тағдырын разылықпен қабыл алу», – деді. Тағы бір данышпан: «Әрдайым қайғы тартқандар – көреалмастар, ең бақыттылар – қолындағыға қанағат қылған тоқпейіл кісілер. Қиналмай өмір сүргендер – дүниеге көп мән бермегендер, ең көп өкінгендер – біліміне жарасар іс жасамаған ғалымдар екенін көрдім», – деп айтқан.
106 Әзірет Омар (р.а.): «Сөзіме құлақ салыңдар, Алланың байлығының қаншасын өзіме адал санағанымды сендерге айтайын. Бірі қысқы, бірі жазғы екі киім, қажылық және ұмра үшін бір ихрам және бұдан тысқары құрайыштықтардікіндей зәру мұқтаждықтар. Бұлардан артық-кемі жоқ дүниеге ғана иемін. Аллаға ант етейін, осыншасының да адал-адал еместігін білмеймін». Біз куә болғандай, әзірет Омар (р.а.) осындай мүлкінің де қанағат қылу керек деген ең аз өлшемнен шектен тыс емес екеніне сене алмайды. Шағби (рахматуллаһи аләйһи) бір хикая айтқан: «Аңшы бір торғайды ұстап алады. Торғайға тіл бітіп, аңшыдан: «Мені не қыласың?» – деп сұрайды. Аңшы: «Сені сойып жеймін», – деп жауап береді. Торғай: «Менің етім жұмырыңа жұқ болмайды. Егерде мені қоя берсең, саған үш нәрсе үйретем. Олар менің етіме қарағанда сен үшін әбден пайдалы. Сөзімді қабыл алсаң, олардың әуелгісін қолыңда тұрғанда, екіншісін маңайдағы ағашқа қонғанда, үшіншісін әлгі төбеге қонғанда айтам», – дейді. Шымшықтың ұсынысы аңшыға ұнап, оны қоя бермекші болады да, «Айтар ақылыңды айта бер», – дейді. Торғай: «Қолыңан шығып кеткен мүмкіншіліктерге қайғырма», – деп айтады. Аңшы құсты қоя береді. Ол ұшып барып ағашқа қонады да: «Болмаған нәрсеге сенбе» деп екінші ақылын айтады. Бұл сөздерден кейін дөңге барып қонып алып: «Ей, байғұс кісі, егер мені сойсаң, ішімнен әрбірі жиырма мысқал ауырлықтағы екі дана бағалы інжу шығушы еді», – дейді. Бұл сөздерді естіген аңшы қолынан шығып кеткен мүмкіншілігіне өкініп, бармағын тістейді. Енді қолынан еш нәрсе келместігін түсінгеннен кейін «Енді үшіншісін айт», – дейді. Сонда шымшық аңшыға: «Сен қазір ғана айтқан екі насихатымды ұмытып қалдың, енді үшіншісін саған қайтіп айтайын. «Қолдан шыққан мүмкіншілікке өкінбе» демедім бе? Сен болса мені қолдан шығарып жібергеніңе өкіндің. «Болмаған нәрсеге сенбе» деп едім, сеніп қалдың. Менің етім, қаным және жүндерімнің бәрі қосылса да жиырма мысқал шықпайды. Содан соң менің қарнымда әрбірі жиырма мысқал салмақтағы екі інжу қайдан болсын?» – деп ұшып кетеді. Бұл хикаяның мағынасы мынадай: Адам баласы шектен тыс ашкөздікке беріліп, ақиқатты аңғара алмай қалғанда болмаған нәрселерге сене береді. Ибн Саммак (р.а.) айтады: «Басқадан үміт етсең, ол сенің жүрегіңе тұзақ, аяғыңа кісен болады. Адамдардан үміткер болмасаң, аяғыңдағы кісен шешіледі». Абдулла ибн Сәлам Кәғбул Ахбардан «Ғалымдардың көкірегіндегі ілімді не өшіруі мүмкін?» – деп сұрағанда, ол: «Сұғанақтық, нәпсінің тойымсыз қалауларына мойынсұну және дүниенің артынан түсу», – деп жауап берген. Бір кісі Фудайлдан Кәғбтың жоғарыдағы сөздерін түсіндіріп беруін өтінеді. Фудайл оған: «Пенде бір нәрсені қатты беріле сұраса, діні соның жолында жоқ болады. Нәпсінің тойымсыз қалауларына мойынсұнғанда нәпсі қызыққан еш нәрсесін қолдан шығарғысы келмейді. Содан кейін нәпсің қалаған нәрселердің бәрі сен үшін зәрудей көріне бастайды. Нәпсіңнің қалауларын орындатсаң, ол сенің мұрныңа мұрындық салып, қалаған жағына жетелейді. Сонда сені бас идіріп алады. Сен дүние үшін жақсы көрген кісілеріңе сәлем беріп, ауырса жағдайын сұрап барасың. Әлбетте, оған берген сәлемің де, онымен амандасып барғаның да Алла үшін болмайды. Демек, ол кісіден көп нәрсені күтпеуің сен үшін тағы жақсырақ болмақ».
107 Жұпыны өмір сүрудің артықшылығы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бұл үмбеттің ең қайырлысы – жарлылар және пейішке алдымен кіретіндері – әлсіздері»262. 262 Дайлами, 2921. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Менің екі кәсібім бар, кім оларды сүйсе, мені сүйген болады. Оларды жақсы көрмегендер – мені жек көргендер. (Ол кәсіптер) жұпыны өмір сүру және Алла жолында күресу». Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, Алла саған сәлем айтады: «Қаласаң, сол тұрған тауларды алтынға айналдырайын, қайда барсаң да сенімен бірге болсын» дейді», – деп айтады. Бұл ұсынысты естіген Алла Елшісі (с.а.с.) біршама басын жерге салып ойланып тұрып, содан соң Жәбірейілге (а.с.): «Уа, Жәбірейіл! Бұл дүние – мекенсіздердің мекені және қолында басқа жоқтардың мүлкі. Бұл дүниеде тастап кету үшін байлық жинағандар ақылсыздар», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзіне Жәбірейіл (а.с.): «Уа, Мұхаммед! Алла сені сөзге берік қылған», – деп разы болады. Риуаятқа қарағанда Иса (а.с.) жолда бара жатып киіміне оранып жерде жатқан біреуді көреді де: «Уа, ұйқыда жатқан кісі, тұрып Алланы зікір қыл», – деп оятады. Ол кісі көздерін ашып: «Менен не қалайсың? Мен дүниені оны сүйгендерге тастадым», – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Иса (а.с.): «Олай болса ұйықтай бер, досым», – деп айтады. Риуаятқа қарағанда Мұса (а.с.) жерде ұйықтап жатқан біреуді көреді. Оның үсті-басы, сақалы шаң болып, басына кесек жастанып киімін жамылып жатқан екен. Соған куә болған Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, сол пендең бұл дүниеде құрыған екен», – деп Аллаға өтінеді. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Мен біреуге жақсы көңіл бөлсем, оны дүниеден толық ажыратып қоятынымды білмейсің бе?!» – деп уахи қылады. Әбу Рафи (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) қонақ келген еді. Үйден оларға беретін еш нәрсе таба алмай, мені хайбарлық бір яһудиге жіберді. «Мұхаммед сенен келесі ережеп айына шейін қарызға не ақшаға ұн сұрап жатыр» деп айт», – деді. Яһудиге барсам, «Кепілдіксіз бермеймін» деп болмай қойды. Қайта келіп Пайғамбарымызға (с.а.с.) оның талабын айттым. Сонда ол маған: «Аллаға ант етейін, мен көкте қалай сенімді болсам, жер бетіндегі пенделердің арасында да сондай сенімдімін. Егер ол яһуди маған ұнын қарызға берсе, уәделескен күні келіскенімізге сай қарызымды бермекпін. Егер маған сенбей жатса, онда бұл сауыт киімімді алып барып, кепілдікке қалдыр (да, беретін ұнды алып кел)», – деді. Содан соң мына аят түскен: «Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ»263. 263 «Таһа» сүресі, 131. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Араларыңнан біреу таңертең оянғанда денсаулығы орнында, атын түнде қалдырғандай жағдайда және уақытша тамағы жанында болса, дүние түгел оған арналғандай болады», – деп айтқан. Атаул Хорасани (рахимаһуллаһу) айтады: «Бір пайғамбар жағада бара жатып балықшыны көріп қалады да оған қарап отырады. Ол дарияның бір жеріне «Бисмиллаһ» деп торын лақтырады. Торына еш нәрсе түспейді. Пайғамбар одан ары бара жатып тағы бір балықшыны көреді. Ол «бисми шайтан (шайтанның атыменен)»
108 деп дарияға тор тастайды. Торына өте көп балық түскендіктен тәлтіректеп жатып әрең тартып алады. Бұған куә болған пайғамбар Аллаға жалбарынып: «Уа, Жаратқан Ием, бұл оқиғаның сыры қалай? Екеуі бірдей сенің құдіретіңмен іске асып жатыр ғой», – дейді. Алла Тағала періштелерге: «Пердені ашып, бұл пендеге екі балықшының менің назарымдағы дәрежелерін көрсетіңдер» деп бұйырады. Пайғамбар біріншінің ұлы дәрежесінің жанында екіншінің қор жағдайын көргенде, «Уа, Жаратқан Ием, енді қанағаттандым», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішке кіргенімде ол жердегілердің көбі кедейлер екенін көрдім. Содан соң тозаққакіріп, ішіндегілердің көбі байлар мен әйелдер екеніне куә болдым» – деген264. Осы хадистің басқа бір риуаятында былай деп айтылады: «Пейіштегілердің көбі кедейлер екенін көрдім. «Байлар қайда?» – деп сұрасам, маған «Дүние әурешілігі оларды бұл жайға кіруден тосып қойды», – деп жауап берілді»265. 264 Бұхари, 5198; Мүслим, 2798; Тирмизи, 2602. 265 Ахмад ибн Ханбал, 6574. Тағы бір риуаятта бұл хадис: «Тозақылардың көбін әйелдер құрағанын көріп, бұларға не болған?» – деп сұрадым. Маған «Оларды екі қызыл – алтын мен шафран (сәнденетін нәрселер) көңілін жаулап алды», – деп айтылды»266. 266 Ахмад ибн Ханбал, 2179. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кедейлік – бұл дүниеде мүминге сыйлық», – деген. Тағы мынадай риуаят бар: «Сүлеймен (а.с.) көп байлыққа ие болғандықтан пейішке пайғамбарлардың ақырғысы болып кіреді. Бай болғандықтан пейішке ақырғы кіретін сахаба – Абдуррахман ибн Ауф». Басқа бір хадисте: «Оның пейішке еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім», – деп айтылады. Иса (а.с.): «Бай – пейішке қиыншылықпен кіреді», – деген. Әһл-Бәйт туралы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бір пендесін сүйсе, басына кесел-кесапат салады. Оны тағы көбірек сүйсе, бала-шағасыз және мал-байлықсыз қалдырады», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кедейліктің саған қарай келе жатқанын көрсең, тақуалардың жолын жалғастырып оған «қош келдің!» де. Ал енді байлықтың саған бағыт алғанын көрсең, «Бұл – күнәларымның бірінің бұл дүниеде берілген жазасы», – деп айт», – деп айтқан. Мұса (а.с.) Алладан: «Уа, Жаратқан Ием, пенделеріңнің арасындағы достарыңды айтшы, мен оларды Сен үшін жақсы көрейін», – деп сұрайды. Алла Тағала: «Барлық кедейлер, кедейлер», – деп айтады. Бұл жерде «кедейлер» деген сөздің қайталануы растау үшін айтылғандай, «өте қиын жағдайдағы кедейлер» деген мағынаға да келуі ықтимал. Иса (а.с.): «Мен жұпыны өмір сүруді сүйем және байлықты жек көремін», – деген. Шынында, ол «Ей, байғұс!» деп шақырылғанды жақсы көрді. Арабтардың «қаймақтары» мен байлары бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Кедейлерге басқа күнді, бізге басқа күнді белгілесең. Олар өздеріне белгіленген күні келсін, ол күні біз келмейік. Бізге белгіленген күнде біз ғана келейік, арамызда олар болмасын», – деген талап қойды. Олар бұл сөзімен әзірет Біләл, Салман, Сухайб, Әбу Зәрр, Хаббаб ибн Арат, Аммар ибн Ясир, Әбу Һурайра және «Асхабу Суффа» (р.а.) сияқты кедей сахабаларды айтып жатқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың бұл ұсынысын қабыл алды. Өйткені олар кедейлердің иісінен ренжіп жатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәселенің маңызын түсінгеннен кейін кедейлер мен байларды бір жерде жинай алмастығын біліп,
109 байлардың ұсынысын қабыл алды. Бірақ оның артынан: «Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт. (Дінді кеңінен жаю жолында септігі тиер деген оймен) қу тіршіліктің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілмей, сондай-ақ жүрегін Бізді еске алмайтындай етіп өзіміз ғапыл қылған, нәпсісінің қалауына ерген әрі бүкіл ісі шектен шыққан әлдекімге ерме. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт»267 деген аят түскен. 267 «Кәһф» сүресі, 28-29. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Қиямет күні бір пенде Алланың алдына әкелінеді. Сендер бұл дүниеде бір-бірлеріңнен кешірім сұрағандай Алла Тағала да ол пендеден кешірім сұрау ретінде былай дейді: «Ұлылығыма ант етейін, дүниеден аулақтатуым сені жаман көргендігімнен емес, керісінше, саған одан да бағалы жақсылықтарымды дайындап қойғандығымнан еді. Уа, пендем, енді Менің разылығыма жету үшін саған тамақ берген, киім кигізгендерді тауып, оларды қолдан ұста, пейіштеолар сенімен бірге болады». Ол күні адамзат кеңірдегіне дейін терге шомылып тұрғанболады. Әлгі кісі сап-сап тізілген пенделердің арасынан өзіне жақсылық жасаған кісілерді тауып, қолынан жетелеп өзімен бірге алып кетеді». Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Жарлыларды жиі-жиі іздеп, оларға жәрдем беріңдер. Өйткені олар үлкен артықшылыққа ие», – деді. Сахабалар: «Олардың қандай артықшылығы бар?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні оларға: «Қараңдар, кім сендерге бір мал тамақ берді? Кім сендерге бір киім кигізді? Оларды тауып, қолынан жетелеп тіке пейішке алып барыңдар», – деп айтылады», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.) айтқан: «Пейішке кіргенімде алдымнан біреудің аяқ басқан дауысын естідім. Қарасам Біләл екен. Пейіштің үстіңгі қабаттарына көз жүгіртіп үмбетімнің жарлылары мен олардың бала-шағасын көрдім. «Уа, Жаратқан Ием, бұлар қандай жағдайда?» – деп сұрадым. Алла Тағала маған: «Әйелдердің дәрежесін қызыл алтын мен қызыл жібек түсірді. Байлар болса көп уақыт алған есеппен әлек болды», – деді». Содан соң сөзін былай деп жалғастырды: «Сол кезде сахабаларды іздедім. Абдуррахман ибн Ауфты көре алғаным жоқ. Бірнеше уақыттан кейін өзі жылап жаныма келді. Одан: «Неге артта қалдың?» – деп сұрадым. Маған: «Уа, Алланың Елшісі. Аллаға ант етейін, сенің жаныңа келгенше өте үлкен тосқауылдарға тап болып, сені еш көре алмаймын ғой деген ойға кеттім», – деп жауап берді. «Неге?» – десем, «Малмүлкімнің есебін бере алмай жаттым»268, – деді». 268 Табарани, Муғжамул кәбир, 7923. Абдуррахманға қараңдаршы! Ол Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге жүріп, өнегелі өмір өткізген және тірі кезінде-ақ пейішке кіретіні сүйіншіленген он кісінің бірі еді. Соған қарамай байлығының себебінен сондай қиыншылық тартты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір кедейдің жағдайын сұрағалы барып оның үйінде еш нәрсе қалмағанын көреді. Сонда ол: «Егер бұл кедейдің нұры бүтіндей жер жүзінің халқына таратылса бәріне жетпек», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні сахабаларға: «Сөзіме құлақ салыңдар, сендерге пейіштің сұлтандары кімдер екенін айтайын ба?» – дегенде, сахабалар: «Айтыңыз», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Барлық әлсіз, қадірсіз, беті-басы жүдеу, жазықысы киген бір киімнен басқа иығына іліп олар киімі жоқ, ешкім көңіл бөлмеген
110 адамдар. Бұлар – Алланың атымен ант ішсе, Алла өтірікші шығармаған кісілер»269деп жауап берді. 269 Мүслим, 2622. Имран ибн Хүсейін (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардың ішінен маған өзгеше көңіл бұрып, жақсы мәміле жасады. Бір күні маған: «Имран, біздің назарымызда сенің өзгеше орның бар. Менімен бірге қызым Фатимамен амандасқалы барасың ба?» – деді. Мен: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам саған садақа кетсін, әрине барайын» – дедім. Сөйтіп бірге жолға шықтық. Фатиманың үйіне барғанымызда есікті қағып: «Ассәләму аләйкум, кіруге рұқсат па?!» – деп үн салды. Әзірет Фатима (р.а.) «Уа, Алланың Елшісі, кел», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жанымдағы жолдасыммен бірге кіре берейін бе?» – деп сұрады. Әзірет Фатима: «Ол кім еді?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Имран» деп мені айтты. Фатима (р.а.): «Сені елші қылып жіберген Алла куә, үстімде бір кементай270 ғана бар», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) онымен қалай орану керектігін ишарат қылып үйретті. Әзірет Фатима: «Денемді кементаймен орасам болады. Бірақ басымды немен жабамын?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) беліндегі ескірген белбеуін шешіп оған лақтырды да: «Ал, мұнымен басыңды ора», – деді. Содан соң кіруге рұқсат болып, ішке кірдік. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ассәләму аләйкум, қызым, қалай түнедің?» – деп хал-жағдайын сұрады. Фатима (р.а.): «Алла куә, жаным қиналып таң атырдым. Өзек жалғар нәрсенің жоқтығы ауруымды одан бетер күшейтті. Аштық жанға батты», – деді. Сол кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) көздері жасаурап: «Қызым, қапаланба, Алла куә (мен де) үш күннен бері өзек жалғаған жоқпын. Мен Алланың алдында саған қарағанда қадірлімін. Егер қаласам, Алла маған жайылған дастархан түсірер еді. Бірақ мен ақыретті дүниеден артық көрдім», – деп жауап берді. 270 Малшылар жауын-шашында және суықта киетін, жүннен тоқылған қалың сыртқы киім Сонда қолымен әзірет Фатиманың иығын ұстап: «Сүйінші! Аллаға ант етейін, сен пейішке кіруші әйелдердің алдыңғысысың», – деді. Әзірет Фатима: «Перғауынның әйелі Асия мен Мариямның дәрежелері қандай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Асия өзінің дәуіріндегі әйелдердің, Мариям да өз дәуіріндегі әйелдердің, сен де өз дәуіріңдегі пейішке кіруші әйелдердің алдыңғысысыңдар. Үшеуіңнің бірдей қамыстан үйлерің болады. Ол жайда қайғы-мұң, ашу-ыза деген болмайды. Бабаңның ұлының (Әзірет Алидің) жарлылығына қанағат қыл. Құдай куә, сені бұл дүниенің де, ақыреттің де мырзасы болған күйеуге бердім», – деді. Әзірет Алиден риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Адамдар кедейлерін қорлағанда, дүниеге құныққанда және алтын ақша жинауда жарысқанда, Алла оларға төрт бәле жібереді: 1) Ашаршылық, 2) Патшаның зұлымдығы, 3) Мемлекет қызметкерлерінің қиянаты, 4) Дұшпандардың қысымы». Әбу Дарда (р.а.): «Екі тиыны бар кісінің сұрағы бір тиыны бар кісінікіден ауыр жүреді», – деп айтқан. Бір күні Омар халифа Саид ибн Амирге (р.анһума) мың дирхам жібереді. Амир үйге қапаланып келеді. Әйелі «Жаман нәрсе болды ма?» – деп сұрайды. Амир: «Одан да жаманы болды», – деп жауап береді. Бірнеше уақыттан кейін әйеліне: «Маған ескі шапаныңды алып кел», – дейді. Әйелі алып келген шапанды сөгіп, бірнешеге жыртып, содан соң ақшаны кедейлерге тарату үшін сол шүберектерге бөлістіріп түйеді. Сонда намазға тұрып, таң атқанша намаз оқып, көз жас төгеді де әйеліне: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Үмбетімнің жарлылары байлардан бес жүз жыл бұрын пейішке кіреді. Сонда бір бай кедейлердің тобына араласып пейішке кіруге әрекет жасайды. Бірақ ұсталып, олардан бөлінеді»271 дегенін естігенмін», – дейді. 271 Тирмизи.
111 Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Үш кісі есепке тартылмай тұрып тікелей пейішке кіреді: «1) Киген киімін жуайын дегенімен алмастырып киетін киімі жоқ кісі; 2) Ошағында екі қазан қайнамаған кісі; 3) «Сусын беріңдер» дегенде, «Қайсысын қалайсың?» – деп сұралмаған кісі». Риуаятқа қарағанда, бір кедей Суфиян Сауридің (рахматуллаһи аләйһи) жанына барып, насихатын естігісі келді. Суфиян ол кісіге: «Кел, егер бай болсаң, сені жаныма жолатпаймын», – деді. Жарлыларға жақын, байлардан аулақтап тұрғандықтан, оның бай достары: «Әттең, біз де жарлы болсақ, жақсы болушы еді», – деп қынжылады. Муаммил (рахимаһуллаһу) айтады: «Сауридің жиналысында ең аз көңіл бөлінетіндері байлар, көп мән берілгендері жарлылар болғанын көрдім». Бір данышпан: «Байғұс адам баласы кедейліктен қорыққандай тозақтан да қорықса, екеуінен бірдей құтылмақ. Байлықтың артынан жүгіргендей пейіштің да артынан түссе екеуіне бірдей жетпек. Жүріс-тұрысында адамдардан ұялғандай Алладан да қорықса бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болмақ» депті. Ибн Аббас (р.а.) айтады: «(Біреуге) бай болғаны үшін құрмет көрсетіп, жарлы болғаны үшін қорлаған кісі қарғысқа ұшырайды». Лұқпан данышпан ұлына: «Ешкімді киімі ескі деп қорлама. Өйткені сенің де, оның да Жаратқан Иесі бір», – деген. Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) айтады: «Жарлыларды жақсы көруің – пайғамбарлардың мінезі. Олармен жолығып, әңгіме құруды жақсы көргенің – тақуа, ізгі жандардың белгілерінен. Олармен әңгімелесіп отырудан қашқаның – екі жүзділердің белгілерінен». Ескі діни дереккөздерде айтылғаны бойынша, Алла Тағала пайғамбарлардың біріне: «Саған ашуланып, сені жақсы көрмей қалуымнан сақтан. Әйтпесе дүниені басыңа бәле қыламын», – деген. Әзірет Айша әзірет Муғауия, ибн Амир және басқалар берген жәрдемдерден жинаған жүз мың дирхамды бір күннің ішінде жарлыларға таратып тастады. Сол сәтте өзі киіп жүрген шапаны жамаулы еді. Ол ораза болғандықтан, күңі оған: «Маған бір дирхам берсеңіз, сіздің ауыз ашарыңыз үшін біраз ет алайын», – дейді. Әзірет Айша (р.а.) оған «Ескертсең, берейін», – деп жауап береді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолда бар нәрсеге қанағат қылып өмір сүруді өсиеттеген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дүниеде өмір сүріп жатқанда оған: «Егер (ақыретте) менімен бірге болғың келсе, кедейлердей өмір сүр және байлардан қолдан келгенше аулақ бол. Иығыңа ілген шапаның жамалмайынша ескірді деп лақтырма»272 деген. 272 Тирмизи, 1839. Бір кісі Ибраһим ибн Адхамға (рахимаһуллаһу) он мың дирхам алып келеді. Бірақ Ибраһим оны алғысы келмейді. Алып келген кісі өтініп тұрып алғанда: «Он мың дирхам үшін атымды жарлылардың тізімінен өшіріп тастауымды қалайсың ба? Олай жасай алмаймын», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ислам дініне кірген және керекті мұқтаждықтарын ғана қамтамасыз еткен өмірде тіршілік еткеніне разы болған кісіге сүйінші!»273 деген. 273 Тирмизи, 2349. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, кедейлер! Аллаға шын жүректеріңмен разы болсаңдар, кедейлеріңнің сауабына ие боласыңдар. Әйтпесе сауапқа жете алмайсыңдар», – деп айтқан. Әзірет Омардың (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Барлық нәрсенің кілті бар. Пейіштің кілті – өз жағдайларына разы болып өмір сүрген кедейлерді сүю. Олар қиямет күні Аллаға жақын болады», – деп айтқан.
112 Әзірет Алидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла сүйген пенде – қолына тиген ризыққа қанағат қылып, Алладан разы болған кісі», – деген. Тағы бір хадисте: «Уа, Жаратқан Алла! Мұхаммедтің отбасына бұл дүниеде жететіндей ғана ризық бер»274 деп айтылған. 274 Бұхари, 6460; Мүслим, 1055. Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні бай-кедейдің бәрі «Дүниедегі (тірі кезімдегі) үлес жан бағатындай берілсеші» – деп арман қылады»275 деген. 275 Ахмад ибн Ханбал, 11753. Алла Тағала Исмаилге (а.с.): «Көңілі түскен кұлдарымның жанынан ізде», – деп уахи қылды. Исмаил (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Олар кімдер?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Тура жолдан адаспаған кедейлер», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала қиямет күні: «Қайда менің өзгеше пенделерім?» – дейді. Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, олар кімдер?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Бергеніме қанағат қылып, тағдырыма разы болған мұсылман кедейлер. Оларды дереу пейішке кіргізіңдер», – деп бұйырады. Сөйтіп олар дереу пейішке кіреді. Елдің бәрі есеп беру үшін ары-бері жүгіріп тұрғанда, олар жеп-ішіп отырады». Бұл сүйінішті хабарлар Құдайдың бұйырғанына қанағат қылған және өз жағдайына разы болған кедейлер туралы айтылды. Бұлардан да жоғары тұрған, дүниеден қол үзген жарлылар бар. Олардың ұлылығы туралы кейінірек баяндаймыз. «Қолындағыға разы болу» және «қанағат қылу» туралы бірнеше керемет сөздер айтылған. «Қанағат қылудың» қарама-қарсысы – «сұғанақтық және ашкөздік». Әзірет Омар (р.а.): «Сұғанақтық – кедейлік, тоқпейілдік – байлық. Кім өзіне берілгенге қанағат қылып, басқалардың қолындағыға көз салмаса, ешкімге мұқтаж болмайды», – деп айтқан. Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Әр күні бір періште Арштың алдынан адамдарға былай деп үндейді: «Уа, адам баласы! Мұқтаждығыңа жеткілікті болған аз мал-мүлік, сенің жолдан шығуыңа себеп болған көп байлықтан жақсы». Бір данышпаннан «Байлық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Аз нәрсені қалап, зәру мұқтаждықтарыңды қамтамасыз ететіндей мүлікке разы болуың», – деп жауап береді. Риуаятқа қарағанда Ибраһим ибн Адхам бұрын Хорасанның алдыңғы қатарлы байларынан еді. Бір күні сарайының балконынан айналаға қарап тұрса, көзіне бір кісі түседі. Ол қолындағы тоқашты жеп, ұйқыға кетеді. Ибраһим қызметшілерінің біріне әлгі кісіні көрсетіп, «Ол оянғанда шақырып кел», – деп айтады. Қызметші оның бұйрығымен біраз уақыттан кейін әлгі кісіні алып келеді. Ибраһиммен әлгі кісінің арасында төмендегідей әңгіме жүреді: – Тоқаш жеп жатқаныңда аш па едің? – Иә. – Сол тоқашты жеп тойдың ба? – Иә. – Сонда тыныш ұйықтадың ба? – Әлбетте. Бұларды естіген соң Ибраһим ибн Адхам: – Нәпсі осыншамалығына қанағат қылып жатқан болса, мен мұнша дүниені не қылам? – деп мұңайды... Амир ибн Абдулқайс (р.а.) тұздалған ноқат жеп жатқанда, біреу келіп: «Уа, Алланың құлы, дүниеден алған осындай несібеңе разысың ба?» – деп сұрайды. Амир: «Саған бұдан да нашарына разы болғандарды айтайын ба?» – дегенде, әлгі кісі: «Олар
113 кімдер?» – деп сұрайды. Амир: «Ақырет үшін дүниеге разы болғандар», – деп жауап береді. Мұхаммед ибн Уаси (р.а.) қарны ашқанда бастығынан құрғақ нан алып суға жібітіп, тұзға малып жеп тұрып: «Дүниенің осыншамалығына разы болғандар ешкімге мұқтаж болмайды», – деді. Әбу Зәрр (р.а.) бір күні біреулермен отырса, әйелі келіп «Үйде жегенге де, ішкенге де еш нәрсе жоқ, сен болса бұлармен отырсың», – деп зекиді. Зуннун Мисри (рахматуллаһи аләйһи): «Кәпірлікке ең жақын кісі – сабырсыз кедей», – деген. Алладан басқаны дос тұту Алла Тағала былай дейді: «Сондай-ақ өзгенің де, өзінің де обалына қалып жүрген залымдарға сәл де болса көңілдерің ауып, ықыластарың түспесін (оларға мүлдем көңіл салмаңдар), әйтпесе (екі дүниеде де) отқа күйесіңдер. Шындығында, сендердің Алладан өзге қорғандарың да, қамқор достарың да жоқ. Содан кейін Одан да қолдау таппайсыңдар!»276 276 «Һуд» сүресі, 113. Икрима (р.а.): «...залымдарға көңіл салмаңдар» дегенді «Олармен серіктесіп іс жасамаңдар» деп түсіндірген. Аятта барлығынан мүшріктер және бұзылған мұсылмандармен ымыраға келуден тыйған. Нисабури тәпсірінде: «Ғалымдар бұл аятта тыйым салынған «көңіл салмауды» «залымдардың іс-әрекетіне разы болу, олардың жолын басқаларға мақтау және дәріптеу, олардың әрқандай жаңылыс істеріне серік болу» деп көрсетеді. Бұл көзқарастар бойынша, қайсыбір зиянның алдын алу не уақытша пайда үшін залым басшыларға тілену аятта тыйым салынған «көңіл салмау» мағынасына жатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адам досының дінінде болады. Әрбір пенде кімді дос ұстанғанын жақсы білсін»277, – деген. 277 Әбу Дәуіт, Тирмизи, 2378. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы дос әтір сатқан саудагерге ұқсас. Ол саған әтір тарту етпесе де, жақсы иісі сіңеді. Жаман дос көрік басқан кісіге ұқсас. Жаққан оты сені күйдірмесе де, түтініне ысталасың»278, – деген. 278 Бұхари, 2101; Мүслим, 2628. Алла Тағала былай дейді: «Алладан өзгені ие (пір) тұтқандардың мысалы бейне бір өзіне тордан ұя салған өрмекшіге ұқсайды. Анығында, ұя біткеннің ең осалы – өрмекшінің ұясы. Олар осынау ақиқатты білсе ғой»279. 279 «Анкабут» сүресі, 41. Алла Елшісі (с.а.с.): «Байға байлығы үшін құрмет көрсеткен кісі дінінің үштен бірінен айырылады», – деп айтқан. Тағы бір хадисте: «Күнәһар кісі мақталғанда, Алла Тағала ашуланады және сол себептен Арш тітірейді»280 деген. 280 Әбу Йағла, Муснад. Алла Тағала былай деп айтқан: «Күндердің күнінде (ғарасат майданына) барлық адамдарды өздері пір тұтқан пәруарларымен (рухани көсемдерімен) бірге шақырамыз. Кімде-кім (бұл дүниеде ақиқатқа бастайтын нағыз жолбасшыға ерсе
114 һәм соның нәтижесінде ақиретте) амал дәптерін оң жағынан алса, ондай бақытты жандар дәптерлерін қуана-қуана оқиды һәм игі істерінің қарымын алуға келгенде титтей де әділетсіздікке ұшырамайды»281. 281 «Исра» сүресі, 71. «Нәтижеде, кімнің амал дәптері оң жағынан берілсе, ол көңілі тасып: «Қане, келіңдер, оқыңдар! Мінеки, менің амал дәптерім!» «Шынтуайтында, мен (дүниеде істеген істерім жөнінде) есеп беретініме имандай сенген едім», – дейді. Ол енді көңіліне өте ұнайтын (мәңгілік бақытты) өмірге қадам басады. Сондай ғаламат жаннат бақшасында. Мәуелеген миуалары қол жетім жерде тұрады. (Онда оларға былай деп үн қатылады): «Өткен күндерде істеп, осы жерге жолдаған игі де сауапты істеріңнің қарымы ретінде тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!» Ал амал дәптері сол жағынан берілгенге келсек, былай деп аһ ұрады: «Әттең, маған амал дәптерім берілмей-ақ қойғанда ғой!»282 282 «Хаққа» сүресі, 19–25-аяттар. «Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде...Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып тастағанда... Адам баласы: «Бұған не болды?» – деп зәре-құты қалмай шошыған кезде... Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен бар істің хабарын түп-түгел баяндайды. Өйткені Раббың оған бұларды (яғни, кімнің не істеп, не қойғанын) уахи арқылы білдіреді. Сол күні адамдар дүниедегі жақсы-жаман істерінің нәтижесі өздеріне көрсетілу үшін қабірлерінен шығып, топ-топқа бөлініп (ғарасат майданына) бет алады. Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады»283. 283 «Зілзала» сүресі, 99/1-8. Ибн Аббас жоғарыдағы сүренің «жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып тастағанда» деген мағынадағы аятына түсіндірме бергенде «жер терең қабатынан бері дірілдеп, ішінде көмілген барлық өліктерді және қазыналарды сыртқа тастайды», – деп айтқан. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен бар істің хабарын түп-түгел баяндайды» деген аятты оқығанымызда «Оның айтқан хабарлары не екенін білесіңдер ме?» – деді. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жер жүзінің хабарларын айтуы – әрбір құлдың және күңнің жасаған істері туралы куәлік беруі», – деп жауап берді. Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жерден сақтаныңдар. Өйткені ол – сендердің аналарың. Сондай-ақ ол үстінде жасалған жақсы іс бола ма, жаман іс бола ма, ол турасында айтып шығады»284, – деген. 284 Табарани, Муғжамул кәбир, 4596. Сүр үрлеу, қорқыныш, қабірден тұру Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қайтіп тынышым кетпесін? Сүрдің иесі (Исрафил) сүрді аузына ұстап, құлақ түріп, үрлеу бұйрығын күтіп тұр»285, – деген. 285 Тирмизи, 2478.
115 Муқатилдің (р.а.) көзқарасы бойынша, «Сүр» мүйіз сырнай сияқты. Исрафил (а.с.) сырнайды аузына ыңғайлата ұстап тұрады. Сырнайдың басының кеңдігі жер мен көктің ортасындай кең. Исрафил (а.с.) Аршқа қарап, сырнай шалу бұйрығын күтіп тұрады». Исрафил (а.с.) Сырнайды бірінші үрлегенде жер-аспандағы барлық жандылар естен танып құлайды. Яғни Алла Тағала тірі қалуын қалаған жандылардан басқа бәрі қатты қорыққанынан өліп қалады. Тірі қалатындар Жәбірейіл (а.с.), Әзірейіл (а.с.), Микаил (а.с.) және Исрафил (а.с.). Одан кейін Әзірейіл (а.с.) Алланың бұйрығымен Жәбірейілдің жанын алады. Аяғында Жаратушының бұйрығымен Әзірейіл өзі де өледі. Сырнай бірінші үрленгеннен кейін өлген жандылар қырық жыл солай қалады. Қырық жылдан кейін Алла Тағала Исрафилді тірілтіп, оған Сырнайды екінші мәрте шалуға бұйырады. Бұл туралы Құран Кәрімде былай деп айтылады: «Сур үрленеді, сонда Алланың Өзі (сақтап қалуды) қалаған тіршілік иелерінен басқа күллі аспан әлеміндегі және жердегі бар тіршілік сұлық түскен бойда жан тапсырады. Содан кейін ол тағы бір рет үрленеді, сол-ақ екен, өлілердің барлығы қабірлерінен түрегеліп, (бір жағынан, аң-таң болысып, бір жағынан, енді не болар екен деп уайымға салынып) тікелерінен тік тұрған күйде жан-жақтарына жалтақтап, қараумен болады»286. 286 «Зумәр» сүресі, 68. Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Маған пайғамбарлықберілгенде сырнай иесі келді. Ол сырнайды аузына ұстап, бір аяғын алға, бір аяғын артқа қойып, Сырнайды үрлеу бұйрығын күтіп тұрады. Сырнайды үрлеуінен қорқыңдар!» Қабірлерінен тұрарда алғашқы естен танғандағы қорқыныштың әсерінен шыға алмаған және өздері туралы жақсы үкім беріле ме не жаман үкім беріле ме, біле алмай абыржып тұрған жандардың үмітсіздігін ойлап көрші. Олардың арасында болсаң сен де не қыларыңды білмей сасып қалар едің. Тіпті жер жүзіндегі жандылардың ең беделдісі болсаң да басқалар сияқты ауыр қиыншылықты басыңнан өткізесің. Жер жүзіндегі патшалар сол күні бәрінен бейшара, бәрінен қор жағдайда болып, елдің табанының астында қалады. Сол кезде барлық жабайы жануарлар бастарын жерге салбыратып, басқа жандылармен араласып, таулардан және шөлдерден Махшар алаңына бет алады. Сырнайдың үні хайуанаттарды Махшарға айдап, бұрын адамзаттан қашып жүргенін оларға ұмыттырады. Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «Жыртқыш аңдар (қойдай иіріліп Алланың құзырына) жиналған кезде...»287 287 «Тәкуир» сүресі, 5. Сонда жағдайдың қорқынышын сезген қыңыр кәпірлер мен шайтандар есі шығып қорқады. Олар Алланың бұл аятын растау ретінде көрінеді. «Раббыңа серт! Біз оларды (өздерін азғырған) шайтандарымен қоса қайтадан тірілтіп, махшарға жинаймыз. Содан кейін барлығын (қорқыныштан) тізе бүккен күйі жаһаннамның айналасына жинаймыз».288 288 «Мариям» сүресі, 68. Сондағы өзіңнің жағдайыңды ойлап көрші. Содан соң тірілтілген барлық жандылар тыр жалаңаш, жалаң аяқ, жалаң бас күйі Махшар алаңына айдалады. Махшар алаңы теп-тегіс, аппақ, шексіз кең дала. Онда бас қалқалайтын төбешік те, ішіне кіріп жасырынатын шұңқыр да болмайды. Сырнай бірінші мәрте тартылғаннан кейін екінші мәрте үрлеумен бүкіл жандылардың бәрін Махшар алаңына жинаған Алла құдіретті және кемшіліксіз.
116 Бұған куә болған жүректердің есі шыға қорқуы және барлық көздердің қорыққаннан бадырайып ашылуы табиғи көрініс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «Қиямет күні бүкіл адамзат өсімдік өспеген, панасы жоқ, ешқандай белгі қойылмаған, тегіс және аппақ далаға жиналады»289. 289 Бұхари, Мүслим. Бұл даланы жер жүзіндегі далалар сияқты деп ойлама. Аталуы ғана ұқсамаса, басқа ешбір жағынан ұқсамайды. Алла Тағала былай дейді: «Күндердің күнінде жер басқа жерге, көк те басқа көкке айналады һәм күллі адамзат (пен жын) атаулы Қаһһар (күллі болмыстың жалғыз иесі) Алланың алдына барады»290. 290 «Ибраһим» сүресі, 48. Ей, байғұс адамзат! Сол күннің қорқынышына мән бер! Барлық жандылар сол майданда жиналғанда көктегі жұлдыздар төгіліп түседі. Күн мен Ай нұры өшіп, барлық жарық көздері өшкендіктен жер бетін түнерген қараңғылық қаптайды. Адамдар сондай жағдайда болып, періштелердің кейбірі үстінде, кейбірі астында тұрғанда аспан қирап талқандалады. Аспанның тас-талқаны шыққанда қандай қорқынышты үн естіледі, кім біледі! Көктегі орасан зор және қатты заттардың талқандалып, кейде сарғайған сұйық жездей болып төгілуі, көктер көлкіген сұйық металға, таулардың әбден түтілген мақтаға айналуы, кісілердің ары-бері сапырылысы және бәрінің жалаң аяқ, жалаңаш жүруі қаншалық қорқынышты болатынын елестету қиын! Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адамдар жалаң аяқ, жалаңаш, сүннетсіз болып, құлақтарына шейін терге шомылған жағдайда тіріліп бір жайға жиналады». Бұл хадисті риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы әзірет Сауда (р.а.): «Бұл сөздерді естігенде Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Қандай ауыр көрініс! Бір-біріміздің барлық жерін көріп тұрсақ», – дедім. Ол маған: «Ол күні әркім өз жағдайымен әлек болғандықтан, бір-біріне қарауға дамүмкіншілік болмайды. Адамдар басқа нәрсемен әлек бола алмайтындай деңгейде өз басын ойлап тұрады»291 деп жауап берді. 291 Бұхари, 1662; Мүслим, 2759. Қандай қорқынышты күн! Бәрінің ұятты жерлері ашық жүргенімен, ешкім ешкімге қарай алмай қалады. Қайтіп қарамақ?! Пенделердің кейбірі бауырымен, кейбірі бетімен сүйретіліп жүрсе, басқа біреуге қайтіп қарай алмақ? Сахабалардан Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні кісілер үш топқа бөлініп Махшар алаңына жиналады. Көлікке мінгендер, жаяулар және бетімен сүйретіліп жүргендер болады», – деді. Арамыздан біреу: «Уа, Алланың Елшісі, үшінші топтағылар бетімен сүйретіліп қайтіп жүреді?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оларды аяғымен жүргізген Алла Тағала бетімен сүйретілтіп жүргізуге де құдіретті»292 деді. Көзімен көрмеген, әдетте болмаған нәрселерді жоққа шығару – адам баласының өзгермес мінезі. Егер кісі бауырымен жорғалап бара жатқан жыланды көрмегенде аяқсыз жүруді елестете алмас еді. 292 Бұхари, Мүслим. Шынында, аяқпен жүруді көрмесе, пенде үшін ол да мүмкін еместей сезілмек. Сондықтан бұл дүниедегі нәрселерге ұқсамайды деп Қиямет күні туралы айтылған ғажайыптардың қайсыбірін жоққа шығарудан сақтану керек. Өзіңнің тыр жалаңаш, аянышты жағдайыңды, сен туралы жақсы үкім беріле ме не жаман үкім шыға ма деп күтіп тұрғаныңды елестет және мұны есіңнен шығарма. Өйткені жағдай өте маңызды. Сонда төмендегілерді де елестет: Адамдар, періштелер, жын-шайтандар, жабайы және жыртқыш жануарлар, құстар т.б. Жер-аспанның барлық жан-жануарлары бір жерге жиналады. Жанға жағымды нұр
117 шашқан Күннің ыстығы бірнеше есе күшейіп, жандылардың басына тиетіндей жақындап келеді. Арштың көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайды. Ал енді Арштың көлеңкесіндегі саяға белгілі бір жақсы істерді істеумен Аллаға жақын болғандардан басқалар кіргізілмейді. Арштың көлеңкесіне кірмей сыртта қалғандар Күннің ми қайнатқан ыстығында естен танғандай болып, қиналғаны жүздерінен байқалады. Сонымен бірге ол күндегі жан-жануардың көптігін елестет. Бір жағынан абыржулы, бір жағынан кейбірі аяғымен басып бара жатса, кейбірі жорғалап бара жатқандықтан бір-бірін таптап өтеді. Жүрек дірілдеткен бұл жағдайға Алланың алдына барғандағы қорқыныш та қосылады. Күннің қайнаған ыстығы, дем алудың ауырлығы мен жүректің дүрсілдеп соғуы! Дененің әрбір түгінің астынан аққан тер қолқаға жеткен көлге айналады. Әрбір жанды Алланың алдындағы дәрежесіне сай кейбірі тізесіне, кейбірі беліне, кейбірі құлағына шейін, кейбірі толығымен бастан асқан терге көміледі. Ибн Омардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні Алланың алдындатұрғанда кісілер құлағына шейін терге көміледі»293 деп айтқан. 293 Бұхари, 4938; Мүслим, 2862. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні кісілер қатты терлегендіктен, олардың тері жерге жетпіс құлаш сіңеді және адамдардың құлағына шейін көтеріліп, бәрін құшағына алады»294 деген. 294 Бұхари, 6532; Мүслим, 2863. Басқа бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Адамдар қиямет күні қырық жыл аспанға қарап, тікесінен тік тұрады және тартқан қиыншылықтары себепті өздерін көміп қалатындай терлейді». Уқба ибн Амирдің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні Күн Жер бетіне қатты жақындағандықтан, адамдар қатты терлеп, кейбірінің тері қызыл асығына, кейбірінікі балтырына, кейбірінікі тізесіне, кейбірінікі санына, кейбірінікі беліне, кейбірінікі аузына шейін жетеді»295, – деген. 295 Мүслим, 7864; Ахмад ибн Ханбал, 16986. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерді айтып жатып қолымен ауызын жапты және (қолын басының үстіне қойып) «Кейбірі толығымен терге көміліп қалады», – деді. Ей, бейшара адамзат! Махшар алаңына жиналған кісілердің тартатын қиыншылықтары және төгетін тері туралы ойлан. Бұл ауыр қиыншылықтарға шыдай алмағандардың бір тобы Алла Тағалаға сиынып: «Уа, Жаратқан Ием, тозаққа кіргізсең де мені бұл қиыншылықпен сарғая күту азабынан құтқар!» – деп жалбарады. Бұлар әлі есепке тартылғанға дейінгі азапқа салатын қиыншылықтар. Сен де бұл қиыншылықтармен бетпе-бет келесің. Теріңе қаншалық көмілеріңді әлі білмейсің. Қажылық үшін, Алла жолында күресу үшін, ораза, намаз, мұсылмандардың қиыншылықтарын жою әрекеті үшін, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю үшін жүгіріп төгілмеген терлер қиямет күні қорқудан, қиналудан төгіледі және ол жерде көп қиыншылықтарға жол ашады. Адам баласы нәпсіге алданбаса, ғибадат жасап тер төгу және шаршау қиямет күніндегі қиыншылықтан шығуы жеңіл болатынын түсінеді. Өйткені қияметтің ғасырларды қартайтатын күні өте қатал және өте ұзын.
118 Жан-жануарларға берілетін үкімдер Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Банкрот болған кісі кім екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Біздің білуіміз бойынша, банкрот болған адам – ақшасы және мал-байлығы қалмай қалған кісі», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда төмендегіше айтты: «Үмбетімнің банкрот болғаны – қиямет күні намаз, ораза және зекет сияқты көп жақсы істердің сауабымен келеді. Бірақ ол пәленшені ғайбаттаған, түгеншеге жала жапқан, біреуінің мал-мүлкін жеген, біреуінің қанын төккен, біреуге қол көтерген еді. Міне, сондықтан оның жасаған жақсы істерінің сауаптары анаған-мынаған алынып беріледі. Егер мойнындағы кісі ақылары бітпей жатып сауабы таусылып қалса, онда ақысын жеген кісілердің күнәлары оған жүктеледі. Аяғында (күнәһар болып) тозаққа лақтырылады».296 296 Мүслим, бирр 59. Сондай есеп күнінде басыңа келетін қиыншылықтарды ойлан. Өйткені елкөрсіндік пен шайтанның басқа тұзақтарынан құтылған жақсылығың жоқ. Егер шайтанның тұзақтарынан құтылып, жақсы істерді жасаған болсаң да, сенің әділетсіздігіңе ұшыраған кісілер келіп сауаптарыңды қолыңнан тартып алады. Тура жолдан таймай, үздіксіз ораза ұстап, түнді намаз оқып өткізсең де, күн сайын жақсы істеріңді жойып, жоқ қылатындай өсек айтасың. Жеген арам тамағың, арамадалы белгісіз іс-әрекетің және жасаған ғибадаттарыңдағы кемшіліктерің қалай болады? Мүйіздіден мүйізсіз тоқал жандының ақысы алынатын есеп күні әділетсіздік жасап жіберген күнәңнан құтыла алам деп ойлайсың ба? Әбу Зәрр (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүзісіп жатқан екі қошқарға қарап тұрып маған: – Әбу Зәрр, бұл қошқарлар неге сүзісіп жатқанын білесің бе? – деп сұрады. – Жоқ, білмеймін, – дедім мен. Пайғамбарымыз: – Алла бұл ұрыстың себебін біледі және қиямет күні олардың ортасында үкім береді», – деді297. 297 Ахмад ибн Ханбал. Әбу Һурайра (р.а.) «Жер басып жүрген жан-жануарлардың, қос қанатымен самғап ұшқан құстардың түр-түрі (өздерің сияқты қауым болып топтасып тіршілік ететін, әрқайсысының өзіне тән өмір салты болған) өз алдына бірер үмбет болып табылады»298 деген мағынадағы аят туралы төмендегілерді айтқан: «Хайуанаттар және құстар, барлық жан-жануарлар қиямет күні қайтадан тірілтіліп, бір жерге жиналады және мүйізсіз қой мүйізді қойдан ақысын алатындай деңгейде Құдайдың әділетті үкімі жүреді. Одан кейін Алла Тағала хайуанаттар мен құстарға «Енді топыраққа айналыңдар!» деп бұйрық береді. Міне, сонда алдарындағы азапты ашық-айқын көрген кәпірлер: «Әттең-ай, мен де топырақ болып кетсемші!» – дейді. 298 «Әнғам» сүресі, 38. Ей, бейшара адам! Сол күні қолыңа сауап дәптеріңді алып, жасаған жақсылықтарың жазылған беттің бос тұрғанын көргенде: «Менің жасаған жақсы істерім қайда?» – деп сұрайсың. Сонда: «Олар сен әділетсіздік жасаған кісілердің дәптерлеріне көшірілді» деген жауапты естисің. Өмір бойы нәпсіңнің қалауларына қарсы тұрып, сен алыс болған күнәлармен бүкіл дәптерің толып қалғанын көріп: «Уа, Жаратқан Ием, бұл күнәларды мен жасаған емеспін ғой?» – дейсің. Сонда «Бұлар сен өсектеген, сөккен, жамандық жасаған, сауда-саттықта, көршілікте, әңгімелескенде, таласыптартысқанда, сабақ оқып жатқанда, ілім іздеп жүрген уақытыңда және қандай да бір
119 серіктес істе алдаған, ақысын жеген кісілердің күнәлары» деген жауапты аласың және сол күні қандай жағдайда қалар екенсің?! Ибн Масғудтың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан Ислам дүниесін пұттарға сиынтудан үмітін үзген. Бірақ кейбір қателерді жасағандарыңды жеткілікті көреді. Олар – әділетсіздіктер. Демек, қолдан келгенше әділетсіздіктен сақтаныңдар!» – деп айтқан. Өйткені пенде қиямет күні таудай ғибадаттарымен Алланың алдына келеді. Оның жасаған ғибадаттары тозақтан құтылуына жеткілікті болмақ. Бірақ сол сәтте біреу шыға келіп: «Уа, Жаратқан Ием, бұл кісі маған әділетсіздік жасаған» – дегенде, Алла Тағала: «Олай болса оның жақсылығын сен ал» деп бұйырады. Солайша сауаптары өшіріліп отырып, аяғында ешбір жақсылығы қалмай қалады. Бұл жолдағы керуенге ұқсас. Олар бір жерге тоқтап қалады. Жандарында отыны жоқ. Жолаушылар шартарапқа жайылып, отын іздеп жүреді. Біршамадан кейін бір құшақ отын жинап, от жағады. Күнәлар да соған ұқсайды»299. 299 Мүслим, Ахмад ибн Ханбал, Байхақи. «Шүбәсіз, ақыр соңында сен де өлесің, олар да өледі. Содан кейін қиямет күні Раббыларыңның құзырында бір-біріңмен дауласатын боласыңдар»300 деген мағынадағы аят түсірілгенде, Зубайр (р.а.): «Уа, Алланың Елшісі, бір-бірімізге тиесілі күнәлар қайтадан тергеле ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Әлбетте, әрбіреуге ақысы қайтарылып берілуі үшін қайтадан тергеуге алынады», – деп жауап берді. Мұны естіген Зубайр (р.а.): «Құдай-ай, іс қиын екен!»301 – деді. 300 «Зумәр» сүресі, 30-31. 301 Ахмад ибн Ханбал, Тирмизи. Сондай-ақ қателіктер немқұрайды қалдырылмаған, күнәсіз кісіні бір нұқыған не айтылған бір ауыз сөз де есепсіз қалмаған, жабырқаған кісінің ақысы әділетсіздік жасаған кісіден алынған күнді қазірден жақсы ойлан. Әнәс (р.а.) айтады: Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін естідім: «Алла жалпы адамзатты тыр жалаңаш және шаң-топыраққа араласқан жағдайда қайтадан тірілтіп, Махшарда жинайды. Содан соң жақыннан да, алыстан да естілген үнмен былай дейді: «Мен Патшамын және Сұлтанмын! Пейішке кіретін пенде мойнында бір тозақының ақысы бар болса, бұл ақы тозақыға берілмей тұрып пейішке кіре алмайды. Сондай-ақ бір тозақының мойнында пейішке кіретін пенденің ақысы бар болса, Мен ол ақыны тозақыдан алып пейішке кіретін кісіге бермейінше тозақы тозаққа кірмейді. Бұл ақы бір-ақ нұқу болса да солай». Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Бұл қалай іске асады? Себебі біз Махшар алаңына тыр жалаңаш, шаң-топыраққа оранып, яғни басқа еш нәрсеміз жоқ күйде барамыз ғой?» – деп сұрадық. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ақының алашақ-берешегі сауап және күнәлармен іске асады», – деп жауап берді»302. 302 Ахмад ибн Ханбал, 3495. Уа, Алланың пенделері! Басқалардың мал-мүлкін тартып алғаннан, намысына қол салғаннан, көңілін қалдырғаннан, жаман мәміле жасағаннан сақтаныңдар. Өйткені Алла мен пенденің ортасындағы күнәлар ғана тез кешіріледі. Мойнында басқа біреудің ақысы бар пенде тәубе келтіргенімен ақы иелерінен кешірім сұрау мүмкіншілігін таба алмаса, онда ақылар иелеріне қайтарылатын күнге дайындалумен қатар жақсы істерді көп жасауы керек. Алла мен пенденің ортасындағы жасырын орындалған істерді ықыласпен жалғастыруға тиіс. Әнәс (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) отырғанымызда, оның тістері анық көрінетіндей күлгенін көрдік. Әзірет Омар (р.а.): «Уа, Алланың Елшісі, атаанам саған садақа болсын, неге күлдіңіз?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
120 «Үмбетімнен екі кісі Алланың алдында тізе бүгіп тұрған. Біреуі: «Уа, Жаратқан Ием, бұл бауырымнан ақымды алып бер», – деп айтты. Алла арғы кісіге: «Бауырыңның ақысын бер», – деп бұйырды. Берешегі бар кісі: «Ешбір жақсы ісім қалған жоқ», – деді. Алашағы бар кісіге Алла Тағала: «Қалай қыласың, бауырыңның саған берер сауапты ісі қалмапты», – дегенде, ол: «Олай болса менің ақыма сай күнәмді мойнына алсын», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерін айтып жатып, көздерінен жас төгіліп: «Ол күн өте қатал күн, әрбір күнәһар ептеп күнәсін жүктейтін біреуді іздейді», – деді. Содан соң одан ары сөздерін былай жалғастырды: «Сонда Алла Тағала алашағы бар кісіге: «Басыңды көтеріп, пейіш бақшасына қара», – деп айтты. Адам басын көтеріп: «Уа, Жаратқан Ием, алтыннан тұрғызылған бірнеше хансарайларды және інжулермен әшекейленген қалаларды көріп тұрмын. Бұлар қай пайғамбарға не қай сыддыққа не қай шейітке дайындалды?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Сен көріп тұрған бұл үй мен хансарайлар маған ақысын төлегендерге беріледі», – деп айтады. Алашағы бар кісі: «Уа, Жаратқан Ием, олардың ақысын саған кім төлей алады?» – дегенде, Алла Тағала: «Сен бере аласың», – дейді. Адам: «Оның ақысы не?» – деп сұрағанда, Алла Тағала: «Жолдасыңдағы ақыңды кешіп жіберуің», – дейді. Сонда алашағы бар кісі: «Уа, Жаратқан Ием, ондағы ақымды кештім», – дейді. Алла Тағала сонда: «Олай болса бауырыңды қолынан жетектеп алып пейішке кір», – деп бұйырады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге: «Алладан қорқыңдар, орталарыңда болып кеткен келіспестіктерді тыныш жолымен шешіңдер. Алланың мүминдерді жарастырып жатқанына куә болудасыңдар»303, – деді. 303 Хаким, Мустадрак. Өзіңше ойланып көрші. Егер қиямет күні дәптерің күнәдан таза болса не Алланың кешірімімен бақытқа жетеріңді білсең, сұрақ алынған жерден пейішке жол тартып, шексіз қуанышқа жетесің. Міне, сонда қуаныштан жүрегің қабынан шығып кеткендей болады. Жүзің айдың он төртіндей жарқылдайды. Мойныңдағы барлық жүкті алып тастағандай жеңілдеп, басқалардың алдында абыроймен басып, Жаратқанға разы болғаныңды елестет. Дүние түгел сенің сұлулығыңа және бақытыңа сұқтана қарайды. Періштелер сені шыр айналып: «Бұл пәленше ұлы түгенше. Алла одан разы болды және оны разы қылды. Ол енді шексіз бақытқа жетті!» – дейді. Міне, сондай дәрежені бұл дүниедегі екі жүзділіктен, жалтақтау және жасандылық пен кісілерге жағымпазданудан артық көрмейсің бе? Егерде бұл мәртебенің тағы пайдалырақ екенін білсең, нақтылап айтқанда, екеуін бір-бірімен салыстыруға да болмастығын қабыл алсаң, Аллаға шын ықыласыңмен беріліп, ақ ниетіңмен сол дәрежеге жетуге әрекеттен. Бұл мәртебеге жетудің бұдан басқа жолы жоқ екендігі де айдан анық. Сен мән бермеген, бірақ Алланың алдында ауыр деп саналған күнәң бар болса, міне, сол күнә себепті Алланың қаһарына ұшырап, Ол саған: «Ей, жаман адам, саған мың лағынет, сенің ғибадатыңды қабыл алмаймын», – десе, бұл сөзді естісімен жүзің қарайып, Алланың қаһарына қалғаның үшін періштелер де саған қаһарын төгіп, «Біздің және бүкіл жандылардың лағынеті болсын!» – дейді. Сонда азап беруші періштелер де айбатты, өте қорқынышты көріністе саған шап беріп, төбе шашынан ұстап, елдің көзінше сені жер сүздіріп сүйрейді. Топырлаған көпшілік сенің жүзіңнің қарайғанына және жаман жағдайыңа қарап тұрады. Сонда сен «Содан гөрі өліп жоқ болсамшы!» – деп налып айқайлап-өкіресің. Забанилер (азап беруші періштелер): «Бір мәрте өліп жоқ болуын емес, көп мәртелік өлімді жәрдемге шақыр!» – дейді.
121 Періштелер сені: «Бұл адам пәленше ұлы түгенше. Алла бұның жамандықтарын және күнәларын әшкере қылып, қарғады. Ол мәңгілік бақытсыздыққа ұшыраған», – деп бәріне естірте жар салады. Бұл жаман нәтиже бұл дүниеде елден жасырын не елкөрсіндік үшін әдейі көріну не ел арасындағы абыройыңнан айырылып қалудан қорқып жасаған бір ғана күнәң үшін басыңа келуі мүмкін. Бұл дүниедегі уақытша және ақыреттегіге қарағанда өте аз кісінің алдында ұятқа қалудан қорқып, ақыреттегі сансыз көпшіліктің алдында ұятқа қалудан қорықпағаның қандай надандық! Сондай-ақ ақыр аяғында Алланың қаһарына ұшырап, жан қинаған азапқа қалып, забанилердің қолында тозаққа түсу де бар. Ақыретте душар болатын сондай қиын жағдайлар бар, бірақ сен қорқынышты сезгендей емессің! Көр дүние Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен балашағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар».304 304 «Мунафиқун» сүресі, 9. «Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін бірер сынақ (яғни сендерді хақ жолдан тайдыратын немесе адамдықтың кемеліне жеткізетін нәрселер), одан басқа түк те емес. Ал ең үлкен сый-сияпат, ең зор сауап Алланың құзырында».305 305 «Тағабун» сүресі, 15. Демек, мал-мүлкі мен бала-шағасын Алланың алдында табатын сауаптан артық көргендер соған алданады және ауыр зиян тартады. Алла Тағала былай дейді: «Кімде-кім (істеген игі істері арқылы) осы дүние мен оның сән-салтанатын ғана қаласа, оларға дүниеде істеген игі істерінің қарымын толық қайтарамыз. Бұл дүниеде олардың еншісі кемітілмейді. Алайда ақиретте оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе бұйырмайды. Олардың жалған дүниеде істеген бүкіл істері, тіпті жақсылықтарына дейін дүниеде қалып, ақирет тұрғысынан зая кетті, істеген барлық ісі түкке тұрғысыз болып қалды»306. 306 «Һуд» сүресі, 11/15-16. «Өзін (Аллаға) мұқтаж еместей көріп. Әйтсе де, шындығында, (өлгеннен соң) қайтар жол Раббыңа болмақ».307 307 «Алақ» сүресі, 7-8. Алла Елшісі (с.а.с.) былай деп айтқан: «Байлық және атақ-даңққа қызығу – су буды өндіргендей, жүректе екі жүзділікті өндіріп, өсіреді». «Атақ-даңққа, байлық пен билікке қызығудың мұсылманның дініне келтірген зияны бір қора қойға шапқан қасқырдан да ауыр»308. 308 Тирмизи, 2376; Нәсаи, Сунанул құбра. «Алланың пенделері арасында пәленшеге осыншама, түгеншеге осыншама берілсін дегендерден басқа көптеген бай кісілер ақырет бақытсыздығына ұшырайды. Бірақ әлгіндей адамдар өте аз»309. 309 Ибн Мажа, 4129; Ахмад ибн Ханбал. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Келешекте бір ел болады. Олар дүниенің ең әдемі және тәбет ашқан тамақтарынжеп, жақсы бағылған, мықты аттарға
122 мініп, ең сұлу және қылықты әйелдерге үйленіп, ең жақсы және ұнамды киімдерді киінгенімен қарындары азға, көздері көпке тоймайды. Күн-түн демей дүние үшін тер төгеді. Алланы тастап, дүниеге сиынады. Оның бұйрықтарына және нәпсінің жөнсіз қалауларына мойынсұнады»310. 310 Табарани, Муғжамул кәбир. Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниені оған қызыққандарға тастаңдар. Мұқтаждықтарынан шектен тыс дүние жинағандар өздері байқамай бастарына бәле дайындайды»311 деген. 311 Жамиғус Сағир, 4220. Тағы бір хадисте: «Адам баласы «Мал-мүлкім, мал-мүлкім!» дей береді. Шынында, сенің жеп тауысқаныңнан, киіп ескірткеніңнен және садақа қылып беріп, келешек үшін бөлгеніңнен басқа не дүниең бар еді?»312 деп айтылады. 312 Мүслим, 5958; Тирмизи, 2342. Бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, неге өлімді жақсы көрмеймін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлкің бар ма?» – деді. Әлгі: «Бар», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлкіңді алдыңа жөнелт (жақсылық жолда жұмса). Өйткені мүминнің жүрегі мал-мүлкіне байланып тұрады. Демек, оны өзінен бұрын (ақыретке) жіберсе ғана оған өлімнен соң жеткісі келеді. Ал енді оны артында қалдырса, өзі де қалып, онымен бірге болуын қалайды», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Адам баласының үш досы бар. Бірі жаншыққанша оған ереді, екіншісі қабірге кіргенге шейін жанында болады, үшіншісі қайтадан тірілтіліп, Алланың алдына барғанша жанынан ажырамайды. Өлгенше жанында жүрген –малмүлкі. Қабірге кіргенге шейін серік болған досы – дос-жары. Қайтадан тірілтіліп, Алланың алдына барғанға шейін жанынан ажырамаған досы – жасаған істері»313 деген. 313 Тарғиб уә Тархиб, 4728. Хауарилер (апостолдар) Исадан (а.с.): «Неге сен судың үстінде батпай жүре аласыңдағы, біз жүре алмаймыз?» – деп сұрағанда, Иса (а.с.) қайта өздеріне: «Дүние мен ақшаны қалай көресіңдер?» – деп сұрақ береді. Хауарилер: «Олар біз үшін жақсы нәрселер», – дейді. Иса (а.с.): «Ал енді мен үшін олардың лайдан айырмасы жоқ», – деп айтқан. Салман Фариси Әбу Дардаға (р.анһума) мынадай хат жазады: «Уа, бауырым, бұл дүниеде шүкір келтіре алмайтындай мүлік жинай көрме! Өйткені мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Бұл дүниеде Алланың бұйрықтарына мойынсұнған кісі мал-мүлкі алдына салынған жағдайда Сырат көпіріне әкелінеді. Мал-мүлкін алдына салып Сырат көпіріне шығайын дегенде, мал-мүлкі: «Өте бер, өйткені сен мойныңдағы Алланың ақысын бердің (шүкіршілігін қылдың)», – дейді. Оның артынан бұл дүниеде Алланың бұйрықтарын орындамаған біреу Сырат көпірінің басына әкелінеді. Оның мал-мүлкі үстіне артулы болады. Сол жүкпен Сырат көпірге шықпақшы болғанда үстіндегі мал-мүлкі кісіге: «Қарашы басыңа келген бәлені! Бұрын Алланың мендегі ақысын бермейтін едің!? (Шүкіршілік қылмайтын едің!)», – дейді. Мал-мүлік пендеге бұл сөздерді тоқтаусыз қайталап айта бергендіктен, кісі аяғында «Басыма келгендерді қарашы, (бұдан гөрі) жоқ болып, құтылсам ғой, әттең!» – деп айқайлайды». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біреу өлгенде, періштелер: «Ақыреті үшін бұрын не жіберді екен!» – десе, кісілер: «Артында не қалдырды екен?» – дейді», – деп айтқан. Алла Елшісі (с.а.с.): «Екі шырпыға ие болмаңдар, дүниені сүйіп қаласыңдар», – деп айтқан. Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарданы (р.а.) бір кісі сөгіп, жамандық жасағанда ол: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жамандық жасаған кісіге денсаулық, ұзын өмір және көп байлық бер», – деп жауап айтады екен.
123 Біз куә болғандай, Әбу Дарда (р.а.) байлықтың қоштауындағы денсаулық пен ұзын өмірді бәлелердің ең үлкені деп есептеген. Өйткені мынадай кісіні мал-мүлкі шектен шығаруы анық. Әзірет Али (р.а.) алақанына бір дирхамды қойып тұрып: «Сен менің қолымнан шықпай тұрып маған еш пайда келтірмейсің», – деп айтқан. Риуаят бойынша, халифа Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы Зейнеп бинт Жахшқа (р.а.) қазынадан бірнеше өлшемде ақша жібереді. Зейнеп: «Бұл не?» – деп сұрағанда, ақшаны алып келгендер: «Мұны саған әзірет Омар жіберді», – деп жауап береді. Әзірет Зейнеп: «Алла оның күнәларын кешірсін», – деп Омарға (р.а.) дұға қылады. Содан соң ескі жаулығын ортадан екіге айырып, келген ақшаны туғандарына, жақындарына және олардан қалған жетімдерге бөлістіріп, шүберектерге салады да, алақан жайып: «Уа, Жаратқан Алла, осыдан кейін Омардың сый-тартуы маған келмесін», – деп дұға қылады. Әзірет Зейнеп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынан жұбайларының арасынан бірінші болып дүниеден қайтқан. Хасан Басри (рахимаһуллаһу): «Аллаға ант етейін, қолында бар кісі Алланың алдындағы қадірін жоғалтады», – деген. Риуаяттарға қарағанда, ақша басылғанда шайтан оны алдына қойып сүйеді. Сосын: «Саған қызыққан кісі – менің шынайы құлым», – деп айтады. Сумат ибн Ажлан (рахимаһуллаһу): «Ақша – мұнафықтардың (екі жүзділердің) жүгені, тозаққа сонымен жетеленіп барады», – деп айтқан. Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Ақша ұлы шаян сияқты. Егер оны жөнге сала алмасаң, онда мүлдем қолыңа алма. Өйткені ол сені шағатын болса, уы сені өлтіреді». Яхия ибн Муаздан «Ол қайтіп жөнге салынады?» – деп сұрағанда, «Адал жолмен тауып, орынды пайдаланумен», – деп жауап берген. Ала ибн Зияд (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Дүние барша әсемдігімен маңайыма келді. Оны көргенде: «Алла сенің жамандығыңнан сақтасын», – дедім. Оған тіл бітіп: «Егер Алла сені менен сақтауын қаласаң, ақшаны сүйме», – деп айтты. Дүниенің бұл жауабы өте дұрыс. Өйткені ақша – дүниенің өзегі. Өйткені ақшамен дүниедегі барлық нәрсені сатып алуға болады. Демек, ақшадан аулақ болғандар дүниеден аулақ болады». Риуаят бойынша, әмәуи басшыларының бірі Мусаллама ибн Абдулмалик өлім төсегінде жатқан халифа Омар ибн Абдулазиздің жанына келіп: «Уа, мүминдердің басшысы, сен бұрынғы әмәуи халифаларының ешбірі жасамаған істі жасап, балашағаңды мал-мүліксіз қалдырдың», – деді. Халифаның он үш баласы бар еді. Омар ибн Абдулазиз бұл сынды естігенде: «Мені отырғызыңдар», – деді. Оны отырғызғанда, Мусалламаның сынына жауап қайтарып былай деп айтты: «Балашағама мал-мүлік тастамағаным туралы айтатын болсам, мен олардың ешбір ақысын жегенім жоқ және оларға басқалардың ақысын да жегізбедім. Менің балаларым екі түрлі кісінің бірі болады. Не Алланың бұйрығына лайық өмір сүреді. Олай жасаса оларға Алла жеткілікті. Өйткені ол жақсы кісілерді сақтайды. Не Алланың бұйрығына қарсы шығады. Егер сондай болса, олардың маған қатысы жоқ». Риуаятқа қарағанда, Мухаммад ибн Кәғбул Қаразидің (р.а.) қолына үлкен байлық тигенде, оған: «Қолыңа тиген мұнша мүлікті балаларыңа мирас үшін сақтап қоймайсың ба», – дейді. Ол бұл сөзді айтқандарға: «Одан гөрі бұл байлықты өзім үшін Алланың алдында жинаймын. Балаларымның ризығын болса Алла Өзі береді», – деп жауап береді.
124 Біреу Әбу Абдуррабқа (р.а.) келіп: «Бауырым, жамандықты өзіңмен қоса ала кетіп, бала-шағаңа байлық тастама», – дейді. Сонда Абдурраб байлығының жүз мың дирхамын садақа қылып таратады. Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу): «Өлім сәтінде мал-байлыққа байланысты екі бәленің теңдесі жоқ», – деп айтады. Оның сөзін естіп отырғандар «Ол қайсы бәлелер?» – деп сұрайды. Яхия: «Мал-мүлкің түгел қолыңнан алынғанымен оның бәріне жауап бересің», – дейді. Орындалған істер, таразы және тозақ азабы Бауырым, жасаған істеріңнің таразыға тартылуы және сауап-күнә дәптеріндегі парақтардың ары-бері ұшатыны әрдайым есіңде болсын. Өйткені адамдар сұраққа тартылғаннан кейін төменгі үш топқа бөлінеді: 1) Жасаған ешбір жақсы ісі болмағандар. Тозақтан қап-қара мойындар созыла шығып, мұндайларды құс шоқығандай іліп алып, оралып тұрып отқа лақтырғанда от оларды дереу жалмап алады. Олардың жаман нәтижеге душар болғанын қатты дауыспен жар сала естіртеді. 2) Ешбір жаман іс жасамағандар Бір періште қатты дауыспен: «Қандай жағдайда болмасын Аллаға мақтау айтқандар орындарынан тұрсын!» – деп жар салады. Бұл топ сөйтіп пейішке жол тартады. Содан соң түндерін ғибадатпен өткізгендер, содан соң сауда-саттық Алланы зікір қылудан (намаздан) ала алмағандар да солай шақырылғаннан кейін олардың бәрі шексіз бақытқа жеткені қатты дауыспен естіртіледі. 3) Жақсы істерді де, жаман істерді де жасағандар Пенделердің көбі сол түрге кіреді. Олар жақсы істері немесе күнәларының қайсысы басым екенін білмесе де ұлы Алла оны жақсы біледі. Бірақ кешірсе ұлылығы, жазаласа әділеттілігі ашық-айқын білінуі үшін Алла Тағала олардың жасаған істері туралы үкімін мұқият көрсетуді қалайды. Міне, сондықтан сауап және күнә істер жазылған дәптердің парақтары желге ұшқандай біртіндеп ұшады және таразы құрылады. «Оң бетінде жазу бар ма не сол бетінде ме?» – деп дәптерге қараған көздер сол сәтте-ақ «оң табағы ауыр баса ма не сол табағы ауыр баса ма?» – деп таразыға қарайды. Бұл көрініс кісілердің миын қайнататындай қорқынышты. Хасан Басридің айтуы бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын әзірет Айшаның тізесіне қойып ұйықтап қалады. Сол сәтте ақырет туралы ойлаған Айшаның (р.а.) көздері жасаурап, жағынан төмен сызылып аққан көз жасы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзіне тамады. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) ойланып кетіп: «Айша, неге жылап жатырсың?» – деп сұрайды. Әзірет Айша: «Ақыретті еске алып, соған жыладым. Сендер, еркектер, қиямет күні жұбайларыңды еске аласыңдар ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған былай деп жауап береді: «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін: «Ақыретте үш сәтте әркім өзін ғана ойлайды: Біріншісі, таразылар қойылып, пенденің жасаған істері тартылып жатқанда әркім жасаған жақсы ісі ауыр баса ма не жеңіл ме деп ойлап, соны көргенге шейін өзін ғана ойлайды.
125 Екіншісі, сауап-күнә дәптерлері таратылып жатқанда. Бәрі дәптері оңнан берілерін не солдан берілерін көргенге шейін басқаны ойлана алмайды. Үшіншісі, Сыраттан өтерде де әркім өзін ғана ойлайды»314. 314 Әбу Дәуіт, 4755. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Қиямет күні адам баласы Алланың алдына әкелініп, таразының екі табағының ортасына тұрғызылып, жанына бір періште қойылады. Таразыда сауаптары ауыр басқанда басындағы періште жалпыға естілетіндей қатты дауыспен: «Пәленше мәңгілік бақытқа жетті!» – дейді. Ал енді таразыда жақсы істері жеңіл басқанда, сол сәтте періште: «Пәленше нәтижесі жаман бақытсыздыққа ұшырады!» – деп дауыстайды. Сауап жағы жеңіл болғанда қолдарына темір күрсі алған, оттан киім киген азап беруші періштелер келіп, тозаққа баратын кісіні алып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күні туралы былай деген: «Қиямет күні келгенде Алла Тағала Адамға (а.с.): «Уа, Адам, орныңнан тұрып, тозақ керуенін тозаққа жібер», – деп айтады. Адам «Тозақ керуені қаншалық?» – дегенде, Алла Тағала: «Әр мың кісінің тоқсан тоғызы», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ақырғы сөзі сахабаларды терең ойға салып, үнсіз отырып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың қайғырғанын байқағанда: «Сендер жақсы істеріңді жалғастырыңдар және Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін, сендермен бірге екі тайпа ел бар. Олар қайсы үмбеттің дәуірінде жасаса, сол үмбеттің санын бүтіндейадамзат және шайтандардың өліктерінің санындай көбейтеді. Соған қуаныңдар», – деді. Сахабалар: «Бұл екі тайпа кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Яжуж және Мажуж», – деді. Сонда сахабалардың көңілі біраз жайланды. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін одан ары жалғастырып: «Жақсы істерді жалғастырыңдар. Сендерге сүйінішті хабар бар! Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін: «Қиямет күні сендер адамдардың арасында түйенің қарнындағы дақ не аттың аяғындағы жараның ізіндей аз санда болып қаласыңдар»315 деді. 315 Бұхари, 3348; Мүслим, 222. Ей, уақытша дүниенің азғыруына алданған пенде! Көшіп кететін жерің жайлы басыңды ауыртудың орнына көшіп баратын жайың туралы ойлан! Өйткені тозаққа барлық пенде баруы мүмкін екені саған білдірілген. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды. Бұл – Раббыңның (мөрі басылған) кесімді үкімі. Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу арқылы ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен күйі қалдырамыз»316. 316 «Мариям» сүресі, 71-72. Демек, сенің тозаққа барарың анық болғанына қарамай, одан қайта шығарың да күмәнді. Оған кіріп қалу қорқынышын жүрегіңде сезсең, бәлкім, ол жерге түсуден сақтанасың. Адамдар ақырет азабынан қиналып, ол күні қорқу және қиыншылықпен тікесінен тік тұрып, бастарына нелер келетінін білуді және құтқарушылардың шапағатын күтеді. Міне, сол сәтте күнәһарларды күйдірген бұлттар қаптап, жалындаған от оларды орап алады. Бұл оттың гуілдеген үні бәріне естіледі. Оның у шашып, күркіреп күйгені естілгенде күнәһарлар бастарына келген бәлені анық түсінеді. Тіпті жақсы пенделер де жағдайларының нашарлауынан қорқады. Забанилердің (азап беруші періштелердің) бірі: «Фәни дүниеде өмір сүріп жатқанда құрғақ қиялдардың жетегінде кетіп, өмірін жаман істерге қорлатқан пәленше ұлы
126 түгенше қайда?» – дегенде, азап періштелері күрсісін қолға алып, сол кісінің алдына ентелеп барады. Қорқытып, үркітіп, ауыр азапқа тартады. Оның басын тозақтың дәл ортасына бұрады да, Құранның тілімен: «(Содан кейін әлгі кәпірге): «Ол енді (жаһаннам азабының дәмін) тат! Сен (дүниеде өз пайымдауыңша бәрінен) үстем әрі құдіретті һәм асыл текті бекзат емес пе едің?!»317 деп айтады. 317 «Духан» сүресі, 49. Сонда пенде тар, шығар жері белгісіз бір жерге қамалады. Бұл жай – күнәһарлардың мәңгілік баспана қылатын жайы, ол жерде от күйіп тұрады. Тозақылардың ол жердегі сусындары – қайнаған су, тұрағы – «жахим» (тозақтың бір қабаты). Тозақыларды бір жағынан забанилер тоқпақтаса, екінші жағынан «хауия» (жалынды от) оларды бір жерге жинайды. Олардың жақсылықтан үміті үзілген, аяқтары маңдайларына байланған. Күнәлар жүздерін қарайтқан. Тозақтың әр бұрышынан «Уа, Малик (тозақтағы періште), қорқынышты ақыбетке душар болдық. Уа, Малик, күрсінің соққысына шыдай алмай қалдық. Уа, Малик, теріміз күйдірілді. Уа, Малик, бізді бұл жайдан шығар, енді бұлай жасамаймыз» деп айқайлайды. Забанилер осылай айқайлаушыларға: «Бұл азаптан құтыла алмайсыңдар. Үндемеңдар! Егер бұл жайдан шығарылсаңдар, қайтадан арам нәрселерге ораласыңдар», – деп жауап береді. Забанилердің бұл жауаптарын естіген тозақылар азаптан құтылудан үміт үзеді. Дүниеде Алла тыйым салған істерді жасап, күнә жасағанына қайғырады. Бірақ өкініш те, қиыншылық та олардың қайғысын баса алмайды. Керісінше шынжырларға байланып, етпетінен жатқызылып, алдынан, үстінен, оң-солынан жалын жалмап, от дариясына батады. Жегені от, ішкені от, кигені от және жатқан жерлері от болады. Олар от үйінділерінің, от киімдердің, темір күрсінің соққыларының және шынжырлардың алдында езіледі. Тозақ оты оларды ошақтағы қазаннан бетер бұрқылдата қайнатады. Айғайлап шыңғырады. Олар шыңғырған сайын бастарынан төмен ішек-қарнын және терілерін күйдірген қайнаған сулар төгіледі. Олар үшін дайындалған күрсілер бар. Тозақылардың ауыздарынан ірің ағып, қатты шөлдеп, өзектері өртенеді. Көз қарашықтары ағып, жақ төмен салбырайды, шаштары түсіп, жақ еттері, бүтіндей денесінің терілері сыпырылады. Терілері күйген сайын оның орнына жаңадан тері қаптайды. Еттері сылынып түсіп, қаусаған сүйектері қалады. Жандары тамырларында ғана болады. Оттың ішінде шыжғырылады. Өлгісі келеді, бірақ өле алмайды. Оларды мынадай көріністе көрсең қандай жағдайда қалар екенсің. Бастарынан төмен төгілген қайнаған сулар жүздерін қап-қара қылып, көздері соқыр болып, тілден қалады. Белдері сынған, сүйектері ажыраған, құлақтары кесілген, терілері үзік-үзік болып, қолдары мойындарына байланады. Аяғы аспаннан келіп, оттың үстінде сүңгиді. Көздері қызарған темірлерге қадалып, жалындаған от ішек-қарнын жалмайды. Тозақтың жылан, шаяндары денелеріне жабысады. Біз суреттеген нәрселер тозақтың кейбір жағдайларын бейнелейді. Енді олардың қорқынышты жағдайларының кеңірек суреттелуіне назар сал. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Тозақтың жетпіс мың даласы, әр даланың жетпіс мыңнан жылғасы бар. Әр жылғада жетпіс мың жылан мен жетпіс мың шаян бар. Кәпірлер мен екі жүзділер бұл жылғалардың әрбірін басып өтпейінше баратын жеріне жете алмайды»318. 318 Тарғиб уә Тархиб, 5383. Әзірет Алидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қайғы құдығынан не даласынан Аллаға сиыныңдар». Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың
127 Елшісі, қайғы құдығы не даласы деген не?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол – тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан сұрайды. Алла оныҚұранды жұртқа көрсету үшін оқығандарға дайындаған»319. 319 Тарғиб уә Тархиб, 5379. Жеті қабат тозақ пен оның далалары және әр даладағы жылғалар солар. Бұл далалар мен жылғалардың саны жер жүзіндегі далалар мен жылғалардың және күнәға айтақтаған оңбаған нәпсінің қалауларының санына тең. Тозақтың есіктері күнә жасағанда қолданылған жеті мүшенің санындай (жеті мүше үшін жеті есік). Тозақтың есіктері және қабаттары бар. Ең үстіңгі қабат – «жаһаннам», содан соң «сақар», «лаза», «хутама», «саир», «жахим», «хауия». Тозақтың тереңдігі туралы ойлашы: дүние туралы қалауларыңның түбі жоқ һәм бұл дүниеде әрбір тілекке жеткен сайын басқа тілекке жетуге түрткендей, тозақтың шұңқырларының тереңдігі де шексіз. Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырғанда, жаңырған дауыс естілді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дауыс не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерге естілген дауыс тозақтың түбіне жаңа ғана құлап түскен тастың үні. Бұл тас тозаққа жетпіс жыл бұрын лақтырылған»320, – деді. 320 Мүслим, 2844. Сондай-ақ тозақтағы қабаттардың айырмашылығына да көңіл бұр. Адамдардың дүниеге берілуі әртүрлі болғандай, тозақтың күнәһарларды тартуы да әрқалай. Өйткені Алла кішкентай да әділетсіздік жасамайды. Тозақыларға берілетін азаптар жай ғана қайталана бермейді. Әрбір азаптың күнәлардың дәрежесіне сай айырмасы бар. Бірақ тозақтың азабы баршасынан өте қатты. Ең жеңілі – азап тартқан тозақыға бұл дүние мен ондағы барлық байлық арналса да ол азаптан құтылу үшін соның бәрін бергенге разы болмақ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Қиямет күні тозақылардың арасында ең жеңіл азап тартқандар оттан жаратылған екі аяқкиім киіп жүреді. Олардың табанынан тиген оттың ыстығы миларын қайнатады»321. 321 Мүслим, 211; Ахмад ибн Ханбал. Сен сол жеңіл азап тартқан кісінің қиыншылығына қарап, ауыр азап тартатындардың жағдайы қандай болатынын елестет. Тозақ азабының ауырлығы туралы күмәндансаң, саусағыңды отқа тосып, сол ауруды тозақпен салыстыр. Бұл салыстыруда жаңылып жатқаныңды да ұмытпа. Өйткені бұл дүниенің оты мен тозақтың оты бір-бірінен мүлдем басқа. Бірақ бұл дүниедегі ең жан ауыртқан нәрсе сол отқа күю болғандықтан, тозақ оты сонымен танытылады. Тозақтың ең үстіңгі қабатында азап тартқандар бұл дүниедегідей от болса, сонымен азапталуға разы болып, шыдамақ. Міне, сондықтан кейбір риуаяттарда: «Бұл дүниедегі от жандылар шыдай алатындай дәрежеге түскенге шейін жетпіс мәрте мейірім суына салынды», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақты суреттегенде: «Алла тозақтың мың жыл бойы жағылуын бұйырды, сонда ол қып-қызыл болды. Содан соң тағы мың жыл жақтырғанда аппақ болды, содан соң тағы мың жыл жағуға бұйырғанда қап-қара болды. Қазір тозақ оты қап-қара»322 деген. 322 Тирмизи, 2591. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Тозақ оты Жаратқан Иесіне «Уа, Жаратқан Ием, ішімдегі суық және ыстық бөлімдер бір-бірін жеп жатыр» деп арызданды. Сонда Алла Тағала тозаққажазында және қысында, жылына екі мәрте дем алуға рұқсат берді. Шілденің ми қайнатқан ыстығы тозақтың ыстығынан болғандай, қыстың сүйектен өткен суығы да тозақтың мұздай отынан»323.
128 323 Бұхари, 3660; Мүслим, 617. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Фәни дүниенің ең рақат өмірінде тіршілік еткен кәпірді Алланың алдына алып келгенде: «Оны бір мәрте тозақ отына салып шығарыңдар», – дейді. Тозақтан шығарылған соң: «Дүниеден рақат көрдің бе?» – деп сұралғанда, кәпір «Жоқ, көрген емеспін», – деп жауап береді»324. 324 Ахмад ибн Ханбал. Ал енді бұл дүниеде материалдық жақтан көп қиыншылық тартқан пенде Алланың алдына әкелінгенде: «Оны бір мәрте пейішке кіргізіп шығарыңдар», – деп бұйырады. Пейіштен шығарылған мүмин «Дүние өмірінде еш қиыншылық тарттың ба?» деген сұраққа «Жоқ», – деп жауап береді. Әбу Һурайра (р.а.): «Мына біздің мешітте жүз мың не одан да көп кісі жиналса және олардың үстіне тозақтың лебі үрленсе, бәрі күйіп өлмек», – деп айтқан. Ғалымдардың бірі Құранның «Онда жүздерін тозақ оты жалап күйдіргенде, беттерілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады»325 деген мағынадағы аяты туралы: «Тозақтың жалыны тозақыларды бір мәрте жалағанда сүйектерді жалаңаштап, барлық етін ерітіп, аяқ астына ағызады», – деп айтқан. 325 «Муминун» сүресі, 104. Енді тозақылардың денесінен аққан және тозақыларды көміп қалатын «Ғассақ» атты қан-іріңнің иісін еске ал. Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың ғассақ атты іріңінен бұл дүниеге бір шелек төгілсе, жер бетіндегі барлық жандыларды сасытып жібереді»326 деген. 326 Ахмад ибн Ханбал. Тозақылардың сусыны міне сол ірің. Олар қаны қатып, шөлдеп, «су, су!» деп жалбарынғанда арасынан біреуіне сол қан аралас ірің ұсынылады. Ол іріңді ұрттағанымен жұта алмайды. Әр тараптан жан алатындай қорқыныштар болып тұрғанымен өлуге мүмкіндік болмайды. Алла Тағала былай дейді: «Ей, хақ жолдан адасып, (ақиретті) жоққа шығарғандар, содан кейін мына сендер міндетті түрде Заққум ағашының жемісінен жейтін боласыңдар. Жеп-жеп, қарындарыңды сонымен лықа толтырасыңдар. Оның үстіне қайнаған су ішесіңдер. Құдды әбден шөлдеп келіп суға бас қойған түйелерше сіміресіңдер»327. 327 «Уақиға» сүресі, 51-55. «Ол – жалындаған жаһаннамның шыңырау түбінде өсетін ағаш. Жемістері құдды шайтандардың бастары сияқты. Тозақылар сол ағаштың жемісін өлгенше жеп, қарындарын лықа толтырып (қампайтып) алады. Содан кейін оларға заққұмның артынан ішетін бұрқ-сарқ қайнаған сусын беріледі. Содан соң олардың қайтар жері, шүбәсіз, жалындаған жаһаннам болмақ»328. 328 «Саффат» сүресі, 64-68. «Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқсарқ қайнаған қайнардан ғана су беріледі»329. 329 «Ғашия» сүресі, 4-5. «Өйткені Біздің дәргейімізде оларды сарыла күткен бұғаулар мен жалын атқан жаһаннам бар. Оған қоса, өңештен өтпей тұрып қалатын тағамдар мен жан төзгісіз азап бар»330. 330 «Муззаммил» сүресі, 12-13. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Заққумның бір тамшысы дүниедегі теңіздерге төгілсе, барлық жандылардың денсаулығын бұзады. Енді жеген тамағы сол болғандардың жағдайын елестетіп қой»331. 331 Тирмизи, 2585; Ахмад ибн Ханбал, 2730.
129 Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла сендерді қызықтырған нәрселердің артынан түсіңдер, сендерді қорқытқан азаптан, қинаудан және тозақтан қорқып қашыңдар. Егер сендер өмір сүрген дүниеге пейіштен бір тамшы түссе, жағымды иіс қаптап қалмақ. Ал енді дүниеге тозақтан бір тамшы түссе, дүниені түгел бүлдіреді», – деген. Әбу Дарда (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылар аштықтың азабын қатты тартады. Аштықтың бұл азабы олар тартқан азаптардың бүкіліне тең келеді. «Тамақ, тамақ» деп жалбарынғанда оларға қарын тойдырмаған, аштықты баспаған, көп қайнағанымен тойдырмаған тамақ беріледі», – деген. Тағы «тамақ, тамақ» деп жалынғанда кеңірдектен өтпейтін бір нәрсе беріледі. Фәни өмірде кеңірдегіне тығылған тамақты сусынмен ары өткізгенін еске алып, «Су, су», – дейді. Сонда оларға сусынның орнына қайнаған су беріледі. Ауыздарына жақындатса, жүздерін күйдіреді, тамағынан ары өтуімен ішек-қарнын талқандайды». «Бізге тозақтың күзетшілерін шақырыңдар!» – деп жалбарады. Күзетшілер келгенде, оларға: «Жаратқан Иелеріңе дұға қылыңдар, азапты бір күнге жеңілдетсін», – дейді. Тозақ күзетшілері: «Сендерге ашық-айқын дәлелдерімен пайғамбарларың келмеді ме?» – деп сұрайды. Тозақылар: «Келді», – дейді. Сонда күзетшілер: «Онда Аллаға өздерің дұға қылыңдар. Бірақ кәпірлердің дұғасы пайдасыз», – деп жауап береді. Күзетшілерден пайда көре алмаған тозақылар: «Бізге Маликті (тозақтағы жазалаушы періште) шақырыңдар», – дейді. Малик келгенде, оған: «Уа, Малик, Жаратқан Иең осы азабын тоқтатсын», – деп жалбарады. Малик оларға: «Сендер бұл жерде қаласыңдар», – дейді. (Ағмаштың айтуына қарағанда, тозақылар Маликті шақырғаннан мың жылдан кейін ғана жауап ала алады). Басқа айласы қалмаған тозақылар бір-біріне: «Жаратқан Иелеріңе дұға қылыңдар. Алладан басқа ешкімнен жақсылық жоқ», – дейді. Сонда бәрі бірге: «Уа, Жаратқан Иеміз! Жамандыққа алдырып, зұлымдық жасаған топ болдық. Уа, Жаратқан Иеміз! Бізді бұл жайдан шығара көр! Егер тағы күпірлікке қайтсақ, біз өзімізге өзіміз қайта зұлымдық жасаған боламыз», – деп жалбарады. Алла оларға: «Орындарыңда қалыңдар!» – деп бұйырады. Бұл ақырғы жауапты естігеннен кейін азаптан құтылудан үміт үзіп: «Әттең-ай, уақытында пәлендей-түгендей істерді жасасақ болмас пе еді» десіп айқайлап өкіре бастайды». Әбу Умаманың риуаяты бойынша, «Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады және онда оған қан мен ірің аралас сусын ішкізіледі. Ол әлгі (жиіркенішті) сусынды амалсыздан аз-аздан ұрттап ішуге тырысады, алайда тамағынан өткізе алмайды. Өлім оған жан-жағынан келіп құрсау салады, бірақ ол сонда да өлмейді. Артынша оған басқа да адам айтқысыз ауыр азап бар»332 деген аят туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Іріңді қайнаған су жақындатылғанда тозақтағы кісі одан жиіркенеді. Алдына қойылғанда жүзі күйіп, басының терісі сылынып түседі. Одан ішкенде ішектері майдаланып, арт жағынан шығады». 332 «Ибраһим» сүресі, 16-17. Алла Тағала айтады: «Тақуа жандарға уәде етілген жаннаттың мысалы: онда суы әсте лайланбайтын һәм борсымайтын тұп-тұнық өзендер, дәмі еш өзгермейтін (ашымайтын) сүттен өзендер, ішкен жанды ерекше ләззатқа бөлейтін шараптан өзендер және қоспасыз таза балдан өзендер бар. Сондай-ақ олар үшін онда сан алуан жемістер мен Раббыларының шексіз кеңшілігі де болады. (Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа
130 жандар) мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнаған сумен суарылғандарында ішек-қарындарының парша-паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»333 333 «Мұхаммед» сүресі, 15. «(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт. Шүбәсіз, Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда, оларға бетті қарып күйдіріп жіберетін балқыған темір іспетті су беріледі. Ол қандай жаман сусын еді! Сондай-ақ жаһаннам қандай жаман тұрақ (орын) еді!»334 334 «Кәһф» сүресі, 29. Қарны ашып, шөлдеген тозақылардың жеп-ішкені солар. Енді тозақтағы жыландарға, шаяндарға, олардың уына, үлкендігіне, көріністерінің қорқыныштылығына келсек. Ол жылан-шаяндар тозақыларға жіберіледі де, олар үздіксіз шағып тұрады. Әбу Һурайраның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла берген малмүліктің зекетін бермегендердің байлығықиямет күні жыланға айналып, мойындарына оралады және жақтарынан ұстап «мен сенің мал-мүлкіңмін, мен сенің байлығыңмын», – дейді»335 деп айтқан. 335 Бұхари, 1403. Бұл сөздерден кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Алланың шексіз шарапатымен үйіптөгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады. Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі (яғни ондағы барлық нәрсе түбінде Аллаға қалады). Алла олардың не істеп, не қойып жүргенінен толық хабардар»336 деген аятты оқыды. 336 «Әли Имран» сүресі, 180. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Тозақта түйенің мойынындай жуан жыландар бар. Олар шақса, уы қырық жылға шейін кетпейді». Ал жылан-шаяндар дүниедегі сараңдарға, әдепсіздерге және басқаларға зиян келтіргендерге жіберіледі. Ал жамандықтан аулақ болғандар ақыреттегі жыланшаяндардан аулақ болады. Сондай-ақ тозақылардың денелерінің үлкеюін де ойлап көр. Алла тозақыларды көп азап тартуы үшін денелерін ебедейсіз үлкен, бойларын ұзын қылып қояды. Тозақтың жалындарының күйдіруін, жылан мен шаяндардың шағуын ірі денелерімен қаттырақ сезеді. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Тозақта кәпірдің азу тісі Ухуд тауындай, терісінің қалыңдығы үш күндік қашықтықтай». «Тозақта кәпірдің алдыңғы ерні көкірегін жабатындай жалпайған, үстіңгі ерні жүзін жабатындай түрілген болады». Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Қиямет күні кәпірдің тілі қатты ұзарғандықтан, жерде сүйретіліп, елдің аяғының астында тапталады», – деген. Тозақылардың денелері осындай ірі болғанымен отта күйіп, сылынады. Бірақ әр мәртесінде терілері мен еттері жаңаланып тұрады. Алла Тағаланың: «Міне, осылайша аяттарымызды мойындамай күпірлік қылғандарды күндердің күнінде қуатты (бұл дүниедегі от атаулыдан әлдеқайда күшті) алапат отқа тастаймыз. Сол жерде олар үздіксіз азап тарту үшін терісі әбден күйіп, шыжғырылған сайын орнына жаңа тері қаптап отырамыз. Шүбәсіз,
131 Алла – Азиз (ұлы, бәрінен үстем), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)»337 деген мағынадағы аяты туралы Хасан Басри (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Тозақыларды от күніне жетпіс мәрте күйдіреді. Бірақ әр мәртесінде оларға «Бұрынғы жағдайларыңа қайтыңдар» деп бұйрық берілгенде дереу бұрынғы жағдайына келеді». 337 «Ниса» сүресі, 56. Енді тозақылардың зарлап жылауын, өкіріп-бақыруын, «Әттең-ай, бұдан гөрі өліп жоқ болып, құтылсақ қой!» – деп боздағанын елестетіп көр. Олар тозаққа кірісімен сол жағдай басталады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні тозақ әрбірін жетпіс мың періште сүйреген жетпіс арқанмен тартылып келіп, орнына құрылады»338. 338 Мүслим, 2842. Әнәс ибн Мәликтің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақылар ойға шомылып, көз жастары құрғағанша жылайды. Көздерінде жас қалмай суалып қалғанда қан ағады және олардың көзінен аққан қан кеме жүзетіндей көлге айналады»339 деген. 339 Ибн Мажа; Әбу Йағла. Жылағанда, «Әттең-ай, бұдан гөрі өліп құтылсамшы!» деп айқайлап-өкіріп тұрғанда, біраз көңілдері тыншиды. Бірақ бірнеше уақыттан кейін соған да тыйым салынады. Мұхаммед ибн Кәғбтың айтуы бойынша, тозақылардың төрт сұрағына Алла Тағала жауап береді. Содан соң бесінші сұрақты сұрай алмайды. Тозақылардың осы өтініштері мен Алла Тағаланың оларға беретін жауаптары Құранда төменгіше баяндалады: Алғашқы өтініште: «Сонда кәпірлер: «Уа, Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтіріп, екі рет тірілттің. Біз енді күнәларымызды толық мойындадық. Енді бұл жерден шығар жол бар ма?» – деп зар илейді. Иә, солай болады һәм сөйтіп жалынатын боласыңдар! Өйткені бір Аллаға ғана иман келтіріп, құлшылық етуге шақырылғанда, қасарысып, күпірлік қылатын едіңдер. Ал Оған өзгелер тең тұтылып, серік қосылғанда, соған сенетін едіңдер. Қайткен күнде де, ақырғы әрі кесімді үкім Али (бәрінен асқақ, ең ұлы), Кәбир (бәрінен зор, бәрінен де жоғары) Аллаға ғана тән»340 деп жауап береді. 340 «Мумин» сүресі, 11-12 . Екінші өтініште: «Күнәға белшелерінен батқан күнәһарларды Раббыларының алдында бастары салбырап, жерге кіріп кете жаздап тұрған кездерін көрсең ғой! Сонда олар: «Уа, Раббымыз! Біз енді ғана анық көріп, анық ести бастадық. Жалынамыз, бізді дүниеге қайтара көр, онда (өзіміздің һәм өзгелердің игілігі үшін) игі істер істейік. Біз енді (Өзіңнің де, Сөзіңнің де рас екендігіне) қалтқысыз сенеміз», – деп жалбарынады»341. 341 «Сәжде» сүресі, 12. Алла Тағала оларға былай деп жауап береді: «Сендер бұдан бұрын өздеріңе зауал жетпейтінін айтып, ант-су ішпеген бе едіңдер?» – (делінеді)»342. 342 «Ибраһим» сүресі, 44. Үшінші өтініште: «Тозақта олардың құлындағы дауысы құраққа шығып: «Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара көр (дүниеге қайтаршы)! Бұрын-соңды істеген теріс істерімізден бөлек игілікті істер атқарайық!» – дейді»343. 343 «Фатир» сүресі, 37. Алла Тағала оларға былайша жауап береді: «Сендерге ақылға салып, ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай (һәм өзінің жаратылыс мақсатына қарай әрекет етіп, біраз игілікті істі тындырып тастайтындай) жеткілікті ғұмыр
132 бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші ретінде пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! (Күпірлікте қасарысып өзіне һәм өзгелерге зұлымдық жасаған) залымдардың медеткері болмайды»344. 344 «Фатир» сүресі, 37. Төртінші өтініште: «Олар: «Уа, Раббымыз! Біз сорымызға (азғын нәпсімізге) жеңіліп, тура жолдан адасқан қауым болған екенбіз. Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара көр! Егер (шыққаннан кейін) бұрынғы күнәларымыз бен жат қылықтарымызға қайтатын болсақ, онда нағыз залым болғанымыз (онда өзімізге де обал жоқ)», – деп жалбарынады»345, – дейді. 345 «Муминун» сүресі, 106-107. Алла Тағала оларға: «Сол тозақта қор болып қала беріңдер, үндеріңді өшіріңдер, бұдан былай Маған тіл қатушы болмаңдар!»346 деп жауап береді. 346 «Муминун» сүресі, 108. Міне, сонда тартқан азаптары шегіне жете күшейеді. Одан кейін мәңгілік сөйлей алмай қалады. «Ал енді біз қанша жерден жылап-сықтасақ та, сабырлылық танытсақ та, бәрі зая, енді бізге қашып құтылар һәм пана тұтар жер жоқ», – дейді»347. 347 «Ибраһим» сүресі, 21. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Қиямет күні өлім семіз қошқар бейнесінде әкелініп, пейіш пен тозақтың ортасында бауыздалады және пейіштегілер мен тозақтағыларға «Мәңгілік жайларың сол, бұдан кейін сендерге өлім жоқ!» – деп айтылады»348. 348 Бұхари, 4730; Мүслим, 2849. Бір күні Хасан Басридің жылап жатқанын көргендер: «Неге жылап жатырсың?» – деп сұрады. Ол: «Оның (Алланың) мені тозаққа лақтырып, содан соң еш көңіл бөлмай қоюынан қорқамын», – деді. Жоғарыда айтқандарымыз, негізінен, тозақтағы азаптардың айрықша түрлері. Ол жердегі қиыншылықтарды, өкініштерді бүге-шүгесіне шейін санап біту мүмкін емес. Тартқан азаппен бірге тозақыларға қатты тиетін нәрсе – пейіштегі бақыттан, Алланың разылығына жетуден және Алланың жамалын көру мүмкіншілігінен айырылу. Сондайақ біліп тұрып еш нәрсеге арзымаған нәрселердің артынан жүруінің нәтижесінде сондай жоюлардың болуы. Өйткені бағалы нығметтерді уақытша дүниелік қалаулардың жолында жойған. Сондықтан ол күні істерінен: «Неге Алланың бұйрықтарына қарсы шығып өзімізді жойдық. Неге нәпсімізді сабырлылыққа зорлай алмадық? Егер шыдағанда, ол күндер артта қалып, бүгін Алланың разылығына жетіп, оған жақын болушы едік», – дейді. Енді барлық мүмкіншіліктерден айырылып, бастарына түрлі бәле үйіліп келеді. Дүниедегі бақыттылықтарының ешбірі қалмайды. Егерде пейіш бақытына куә болмаса мұншалық қатты қайғырмас еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Қиямет күні тозақтағы бірнеше кісіні пейішті көруге алып келеді. Бұлар пейішке жақындап, оның ес тандырған иісін иіскеп, Алланыңпейіштіктерге сыйлаған нығметтерін көрісімен, оларға: «Кетіңдер, ол жерде сендердің еш үлестерің жоқ», – деп айтылады. Бұл үнді естігенде олар бұрынсоңды болмаған қайғыға батып қайта қайтады. Сонда: «Уа, Жаратқан Иеміз! Егер пейішің мен достарыңды, ол жердегі нығметтерді көргізбей, бізді тозаққа кіргізгеніңде бізге тағы жеңіл болар еді», – дейді. Алла Тағала оларға: «Бұның солай болуын Мен қаладым. Өйткені дүниедегі кездеріңде Маған қарсы шықтыңдар. Елдің көзінше шынайы болмыстарыңды жасырып, басқаша көріндіңдер. Менен емес, пенделерден ұялдыңдар. Маған емес, адамдарға құрмет көрсеттіңдер. Адамдарды ойлап кейбір істерді жасамағандарыңмен, Менің тыйым
133 салуларыма мойынсұнбадыңдар. Енді Мен сендерді шексіз сыйдан құр қалдырғандай жан төзгісіз азапқа саламын», – дейді». Ахмад ибн Харб (р.а.): «Көлеңкені Күннің ыстығынан артық көреміз, бірақ пейішті тозақтан артық көрмейміз», – деп айтқан. Дәуіт Таи (р.а.): «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің күніңнің ыстығына шыдай алмай жатып, тозағыңның ыстығына қайтіп шыдайын? Мен Сенің мейіріміңнің үніне шыдай алмай жатып, азабыңның күркірегеніне қайтіп төзе алам?» – деген. Ей, бейшара пенде! Қияметтің біз баяндаған қорқыныштары туралы жақсы ойлан. Алла Тағала барлық қорқынышты ақиқаттарымен тозақты жаратқандай саны белгілі жан-жануарларды да жаратқан. Олардың бәрінің үкімі белгіленген. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед!) Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін айтып, ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен (ғапілетпен) өткізуде әрі иман етпеуде»349. 349 «Мариям» сүресі, 39. Бұл аят қиямет күніне, нақтылап айтқанда, ежелден белгіленіп, қиямет күні жарыққа шыққан үкімге ишарат етеді. Ежелден саған байланысты қандай үкім берілгенін білмей тұрып қайтіп сайрандап жүресің? Қайтіп бұл опасыз дүниенің өткінші нығметтерімен әлек боласың, таңғаларлық?! «Баратын жайымды, ежелден мен туралы берілген үкімді білсемші, әттең!» – деп жатқан болсаң, қолыңда тұрған жаңағы тілегіңді қанаттандыруға жәрдемші болған маңызды белгі бар. Бұл белгі сенің жасаған іс-әрекеттеріңнен байқалады. Егер жақсылық жолы ашылып, жақсы істерді жасау саған нәсіп болып жатса, онда бақыттысың. Тозақтан алыссың. Егер бір жақсы іс бастамақшы болғаныңда алдыңнан тосқауыл шығып тұрып алса, ал енді жаман істі көздесең еш тосқауылсыз сол ісің болып тұрса, онда соңының жаман болатыны туралы үкім берілгенін біліп қой. Мен айтқан нәрсенің сенің соңыңды білдіруі – жаңбыр жердің көгеруіне, түтін оттың күюіне дәлел болғандай анық нәрсе. Алла Тағала: «Ізгі жандар, шүбәсіз, нығметтердің ішінде, (көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының ойына да келмеген) нығметтерге толы Нағим жаннатында. Ал күнәға белшесінен батқан арсыздар болса, шүбәсіз, жалын атқан жаһаннамда»350 деген. 350 «Инфитар» сүресі, 13-14. Өзіңді сол екі аяттың таразысына салып көрсең, ақыреттегі орныңды анықтай аласың. Турасын Алла біледі. Аллаға мойынсұну Аллаға құлшылық жасау – барлық жақсылықтардың жинағы. Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше аятында пенделерді соған үндеп, адамдарды нәпсілерінің қараңғылығынан Алланы тану жарығына шықсын, Алладан қорыққандар үшін ішінде ешбір көз көрмеген, құлақ естімеген және ешкімнің қиялына да келмеген нығметтер дайындалған пейішке кірсін деп пайғамбарларды жіберіп, адамзатты ғибадат жасауға шақырған.
134 Өйткені адамдар мақсатсыз жаратылған емес. Күнәһарлар күнәсінің жазасын тартуы, жақсы іс жасағандар сыйын көруі үшін жаратылған. Алла пенделердің ғибадатына мұқтаж емес. Адамдардың оған қарсы шығуы оған ешбір зиянын тигізе алмайды. Біреу құл сатып алса, одан талап етілген қызметті жан-жүрегімен орындауын, қожайынының барлық бұйрықтарына мойынсұнуын қалайды. Құл бір қателік жіберсе, оған ашуланып, алатын ақысын азайтады не сатуға қояды. Онда бізді жоқтан бар қылып, ең жақсы бейнеде жаратқан, жауған жаңбырдың тамшыларындай көп кемшілік жібергенімізбен біздің өміріміз үшін ең зәру болған нығметтерінен құр қалдырмаған Иемізге неге құлшылық жасамаймыз? Бізді жіберген кемшілігіміз үшін жауапқа тартуға күші жетіп тұрса да мұрсат беруде. Сондықтан тәубе келтірейік, ол біздің кемшіліктерімізді кешіріп, айыптарымызды жасырсын. Ақыл-есі орнында болған кісі Жаратқан Иесін таниды және Оған жақындап, разылығына жетуге ұмтылады. Әрбір жасаған күнәсі үшін тәубе жасап, Жаратушысына сиынады және оның мейірімінен еш үміт үзбейді. Нығметтеріне шүкіршілік қылып, Оның разылығын табуға ұмтылады. Оның сүйіспеншілігіне ие болғандардың қатарына жазылады. Әбу Дарда (р.а.) Кәғбул Ахбарға: «Маған Таураттағы аяттардың ең қысқа-нұсқасын айтшы», – дегенде, Кәғбул Ахбар: «Алла Тағала Тауратта: «Жақсы пенделер маған жолығуды ұзақ уақыт бойы аңсайды. Мен де оларға жетуді одан бетер күтем», – деген. Бұл аяттың жанында: «Мені іздеген табады, Менен басқаны іздеген Мені таба алмайды» деп жазылған», – деп жауап береді. Әбу Дарда (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін өз құлағыммен естідім: «Әзірет Дәуіт (а.с.) туралы келген хабарлар бойынша, Алла Тағала оған былай деген: «Уа, Дәуіт! Мені сүйгенді Мен де сүйерімді жер бетіндегі адамдарға білдір. Менімен отырғанға Мен де жолдас болам. Мені зікір қылуды әдетке айналдырған пендеге жақынмын. Мені дос қылғанның досымын. Мені таңдағанды Мен де таңдаймын. Маған мойынсұнған кісінің тілегін орындатамын. Жүрегінде маған деген сүйіспеншілігі бар пендемді өзіме қабыл алып, оны ешбір жан сүйе алмағандай дәрежеде сүйем. Шындап іздеген пенде Мені табады. Менен басқаның артынан жүрген кісі Мені таба алмайды. Уа, Жер жүзіндегі адамдар! Еш нәрсеге алданбай Менің жолымда болуға ұмтылыңдар, Мен де сендерге жақын болайын және сендерге махаббатымды жалғастырайын. Өйткені Мен сүйіктілерімді Халилим Ибраһим, Нажиім Мұса және Сафиім Мұхаммедпен қоса жараттым. Мені сағынғандардың жүрегін нұрымнан жаратып, ұлылығыммен бақтым». Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай деп уахи қылды: «Уа, Дәуіт, тағы қашанға шейін пейішті ойланасың және Мені сағынбайсың?» Дәуіт (а.с.) Алла Тағаладан: «Сені сағынғандар кімдер?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Мені сағынғандар – әрқандай қайғыдан арылтқандарым, Менен қорқуы үшін ескерткендерім және жүректерінен маған есік ашқандарым. Мен олардың жүрегін алақаныма салып көкке шығарып, таңдаулы періштелерімді шақырамын. Бәрі Менің алдымда сәжде жасайды. Оларға: «Мен сендерді маған сәжде жасасын деп емес, Мені сағынып күйіп-жанғандарды сендерге көрсетейін және сендердің алдарыңда олармен құрметке бөленейін деп шақырдым» – деп айтамын. Өйткені жер жүзіндегі адамдарға күн өзінің нұрын төккендей, Мені сағынғандардың жүрегі де көктегі періштелеріме жарығын шашады.
135 Уа, Дәуіт! Мені сағынғандардың жүрегін разылығымнан жаратып, Өз нұрыммен нұрландырдым және оларды Өзіме дос етіп таңдадым. Жер жүзіне олардың денелері арқылы қараймын. Жүректерінен маған жеткізетін жол аштым. Маған деген сағыныштары күннен-күнге күшейіп барады». Дәуіт (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, сүйіктілеріңді маған көрсет» – дегенде, Алла Тағала былай дейді: «Уа, Дәуіт, Ливанның тауына бар. Ол жерде жас жігіттерден, орта жастардан және қариялардан, жалпы алғанда, он төрт кісі бар. Олардың жанына барғаныңда Менің сәлемімді айт және оларға «Жаратқан Иелерің «Менен не тілейсіңдер? Сендер Менің достарымсыңдар және сүйіктілерімсіңдер. Сендердің қуанғандарыңа мен де қуанамын», – деп айт». Дәуіт (а.с.) бұл топтың жанына барса олар бір бұлақтың басында Алланың ұлылығы туралы ойға батып отыр екен. Дәуітті (а.с.) көргенде орындарынан тұра қалып, одан қашады. Сонда Дәуіт (а.с.) оларға: «Мен Алланың сендерге жіберген елшісімін. Жаратқан Иелеріңнің бұйрығын сендерге жеткізгелі келдім», – дейді. Бұл сөздерді естігенде олар Дәуітке (а.с.) сиынып, оның айтар сөзіне құлақ түріп қалады. Дәуіт (а.с.) оларға: «Мен Алланың сендерге жіберген елшісімін. Ол сендерге сәлем айтты және: «Тілеген тілектерің бар ма? Маған тіленсеңдер, сөздеріңді естиін. Сендер Менің өзгеше достарым және жақындарымсыңдар. Сендердің қуаныштарың Мені де қуантқандықтан сендерді разы қылғым келеді. Мейірімді ана баласына қалай қараса, Мен де сендерге солай қараймын», – деді» деп Алланың сәлемін жеткізеді. Бұл сөздерді естігенде бәрінің көздері жасаурап, беттерінен төмен қарай жас төгіледі. Қариялары «Субханәкә, субханәкә (Сен кемшіліктерден тазасың!). Біз Сенің әлсіз кұлдарыңбыз. Әкелеріміз де Сенің әлсіз кұлдарың еді. Бізді кешіре көр, осы жасқа шейін жүректеріміз әрдайым Сен деп соқты», – дейді. Сонда тағы біреу: «Субханәкә, субханәкә, біз Өзіңнің әлсіз пенделеріңбіз және әлсіз пенделеріңнің балаларымыз. Сондықтан ортамыздағы ынтымақтың құрметіне бізге рақым қыл», – дейді. Тағы біреу: «Субханәкә, субханәкә, біз Сенің әлсіз кұлдарың және кұлдарыңның балаларымыз. Сен біздің жеке өзімізге тән мұқтаждығымыз жоқ екенін біліп тұрсаң дұға қылуға батылдана аламыз ба? Сен бізге жолыңнан шықпауды нәсіп ете көр. Сонымен бізге болған кешіріміңді тамамда», – деп айтады. Келесісі шығып: «Біз Өзіңнің разылығыңның соңынан түсе алмай жатырмыз. Жомарттығыңмен бізге бұл жайтта жәрдем бер» десе, одан кейінгісі: «Бізді бір тамшы судан жараттың. Соған қарамай бізге ұлылығың туралы ойлану түсінігін бердің. Сенің ұлылығыңа қарағандар, ұлылығыңды ойлағандар сөз айтуға батылдана ала ма? Нұрыңа жақындауымызды қалағаннан кейін Сенен басқа не сұрай аламыз?» – дейді. Содан кейін сөз алған кісі: «Сүйіктілеріңе кешірімділігіңнің кеңдігі, достарыңа жақындығың және орныңның ұлықтығынан саған дұға қылуға тілдеріміз әлсіз», – деп айтады. Сонда тағы біреу: «Жүректерімізді Сенің зікіріңе бұр, Сені ғана ойлауға лайық көңілді нәсіп қылған да Өзіңсің. Саған жеткілікті шүкір қыла алмағанымыз үшін кешіре көр», – дегенде, кейінгісі сөз жалғап: «Тілегімізді Өзің біліп тұрасың. Бұл тілек – Өзіңнің разылығыңа ғана жету», – дейді. «Құл қожайынының алдына қайтіп шыға алады? Өзіңнің жомарттығыңа сай бізге дұға қылуды бұйырдың. Көк аспанның қараңғы қабаттарының арасында саған жету үшін жолымызды жарықтататын жарық нәсіп қыла көр», – деп айтады тағы бірі. Одан арғысы: «Ғибадаттарымызды қабыл алуыңды және әрдайым Өзіңе ғана құлшылық жасауды бізге нәсіп ет», – десе, тағы біреуі «Басқалардан өзгешеленіп тұруымызға негіз болған нығметтерді тамамдауыңды қалаймыз», – дейді.
136 Кейінгі сөз алғаны: «Жаратқандарыңның арасында еш нәрсеге мұқтаждығымыз жоқ. Бізге Нұр Жамалыңды көруді нәсіп қыл», – дегенде, одан ары сөз алған біреу: «Сенен дүниеге және дүниедегілерге қарамауды, жүрегімде ақыреттен басқа нәрсе болмауын сұраймын», – деді. Содан кейінгісі: «Уа, ұлы Жаратқан! Достарымды сүйгеніңді анық білдім. Бізге жүрегіміздің Сенен басқа барлық нәрседен аулақтап, жалғыз Өзіңе бұрылуын нәсіп қыла көр», – деді. Алланың Ливан тауларындағы он бес сүйіктісінің бұл жауаптарынан кейін Алла Тағала Дәуіт (а.с.) арқылы оларға: «Айтқандарыңды естідім, тілектеріңді қабыл алдым. Енді бір-біріңнен бөлініп, әркім өзіне баспана тапсын. Мен сендер мен ортамыздағы перделерді алып тастаймын және сендер Менің ұлылығыма және нұрыма қарайсыңдар», – деп уахи қылды. Дәуіт (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, бұлар қайтіп мынадай ұлы дәрежеге жетті?» – деп сұрайды. Алла Тағала оған төмендегідей жауап береді: «Бұл достарым Мен туралы жақсы ойда болып, дүниеден және дүниедегі нәрселерден аулақ болғандықтан және Менімен жалғыз қалғанда Маған жалбарып дұға қылғандықтан сол дәрежеге жетті. Бұл дәрежеге дүниеден түгел қол үзіп, оны ойға да алмағандар, Мені барлық нәрседен артық көріп, көңілін маған ғана бұрғандар жете алады. Осындай құлыма Мен де мейірім төгіп, оның нәпсісін басқа нәрселерге берілуден сақтаймын және ақырында онымен ортамыздағы пердені алып, басқа нәрселерге қарағандай Мені көруіне жағдай жасаймын. Оған әрдайым кереметімді көрсетіп, оны Өзімнің нұрыма жақындатамын. Егер ауырып қалса, мейірімді ана баласына қарағандай қараймын. Егер шөлдесе Мені зікір қылудың дәмін таттырып, сусынын қандырамын. Уа, Дәуіт, Мен оған сондай мәміле жасағанда нәпсісін дүниеге берілуден және басқаны сүюден шектеймін. Әрдайым маған ғана сиынып, Менің разылығыма жетуді ғана көздейді. Мен болса оның жанын алуды қаламаймын. Өйткені ол арқылы жаратқан нәрселерді қарап тұрмын. Ол Менен басқаны көрмейді және Мен де одан басқаға қарамаймын. Уа, Дәуіт! Ұлылығымның құрметіне ол пендемді пейішіме кіргізіп, оған Нұр Жамалымды көрсетіп, разы қылып, уайымын таратамын!» Дәуітке (а.с.) қатысты хабарларда тағы былай деп айтылады: «Уа, Дәуіт! Менің махаббатымды іздеген пенделеріме айт: «Олар мен Менің ортамда перде бар, бірақ сендер мен ортамдағы пердені алып тастап, Мені жүректеріңмен көрулеріңе мүмкіншілік бергеннен кейін тағы не қалайсыңдар? Дінімді алдарына жайғаннан кейін дүниені олардан аулақтатуым еш нәрсе емес. Менің разылығымды оларға нәсіп қылғаннан кейін адамдардың жек көруінің олар үшін ешбір мағынасы жоқ». Тағы бір риуаяттарда былай деп айтылады: «Алла Тағала Дәуітке (а.с.) төмендегілерді уахи қылды: «Сен Мені сүйетініңді айтасың. Егер Мені шындап сүйсең жүрегіңнен дүние сүйіспеншілігін шығар. Өйткені Менің сүюім мен дүние сүйіспеншілігі бір жүректе бірікпейді. Уа, Дәуіт! Мен сүйгенді шын көңілден сүй. Сыртқы көрінісіңе сай мәміле жасай бер. Дінге толық мойынсұн, діни міндеттерді орындағаныңды басқаларға мақтанба. Менің сүюме қарсы келмеген күмәнсіз нәрселерді ұстан. Менің сүюіме лайық келіпкелмеген күмәнді істерде Менің бұйрықтарыма бойсұнсаң, сені тура жолға бағыттаймын. Сенің жолбасшың боламын. Сен сұрайтын мұқтаждықтарыңды беріп, саған жәрдемші боламын».
137 Шүкіршілік Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры»351 деп айтумен бірге Алланы зікір қылу мен шүкіршілікті былайша баяндайды: 351 «Анкабут» сүресі, 45. «Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар (яғни алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісін істемеңдер)»352. 352 «Бақара» сүресі, 152. «Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді азаптап қайтеді?! Алла – Шәкир (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп қайтарып, қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші) һәм Алим (барлық нәрсені, құлдарының жай-күйін жақсы білетін шексіз ілім иесі)»353. 353 «Ниса» сүресі, 147. «Ешбір жан Алланың қалауынсыз, о бастан жазылып қойған ажалы жетпейінше өлмейді. Кімде-кім дүниенің сауабын қаласа, оған одан өзіне тиесілі сыбағасын береміз. Ал кім ақирет сауабын қаласа, оған да өз сыбағасын береміз. Шүкіршілік етушілерді жақында міндетті түрде сый-сияпатқа бөлейміз»354. 354 «Әли Имран» сүресі, 145. «Ібіліс: «Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (яғни, сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа кесе-көлденеңдеп отырып аламын. Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре алмайсың», – деді»355. 355 «Ағраф» сүресі, 16-17. Жоғарыда куә болғанымыздай, шайтан адамдарды азғырып, шүкіршіліктен алыстатады. Бұл оның Адамға (а.с.) сәжде жасамағаны үшін Алланың мейірімінен алыс қуылғанының кегі еді. Алла Тағала: «Құлдарымның арасында лайықты түрде шүкіршілік ететіндер неткен аз еді»356 дейді. 356 «Сәбә» сүресі, 13. Алла Тағала бұл аятта ешбір нәрсені бөлмей тұрып, шүкіршілік үшін барлық нығметтерді мол қылатынын білдіреді: «Сондай-ақ Раббыларыңның «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын. Ал егер жақсылықтың қадірін білмесеңдер, онда азабым расында да тым қатты» деп жар салғанын естеріңе алыңдар»357. 357 «Ибраһим» сүресі, 7. «Сонда жаннаттықтар: «Аллаға мадақ жаудырып, шүкіршілік айтамыз! Ол бізге берген уәдесінде тұрды һәм бізді осынау (ұшы-қиыры жоқ, қисапсыз нығметке толы) жерге мұрагер қылды. Біз енді жаннатта қалаған жерімізде, қалағанымызша тұра аламыз», – деп, мәз-мейрам болады. Міне, (бір Алланың разылығы үшін риясыз) еңбек еткендердің алатын сый-сияпаты қандай керемет!»358 358 «Зумәр» сүресі, 74. «Олардың жұмақтағы дұға-мінәжаттары: «Субханәкә (Уа, Раббымыз! Сен мінсізсің, қателік пен кемшілік атаулыдан адасың)!» деген дұға және бір-біріне айтатын ізгі лебізі мен қошеметі қашанда «Сәләм (бейбітшілік, есендік тілеу)»
138 болмақ. Барлық дұға-мінәжаттары «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин (күллі мадақ, шексіз шүкіршілік күллі әлемнің Раббысына ғана арналады)» деген сөзбен тамамдалады»359. 359 «Юнус» сүресі, 10. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Жегеніне шүкір келтірген кісі аштыққа шыдап ораза ұстаған кісі сияқты»360. (Алла Елшісі (с.а.с.) бұл жерде нәпіл ораза туралы айтып жатыр). 360 Ахмад ибн Ханбал. Ата (р.а.) айтады: «Бір күні Айшаны (р.а.) зиярат қылғалы бардым. Одан: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сен куә болған ең таңғаларлық ісі туралы айтып берші», – деп сұрадым. Әзірет Айша (р.а.) көздері жасаурап тұрып: «Оның, тегі, қайсы әрекеті таңғаларлық емес еді? Бір күні түнде үйге келді, төсекке жаттық. Сонда ол маған: «Уа, Әбу Бәкірдің қызы, маған рұқсат берсең, Жаратқан Иеме ғибадат жасайын», – деді. Мен: «Сенің жанымда болуыңды қалаймын, бірақ сенің қалағаныңды одан да артық көрем», – деп оған рұқсат бердім. Дереу орнынан тұрып, аз-аздан су құйып дәрет алып, намазға тұрды. Ол жылағанда аққан жастары көкірегіне тамшылап түсіп жатты. Содан соң жылаған бойы рүкуғке, сәждеге барды. Көзінен жасын төгіп сәждеден басын көтерді. Біләл таңғы намаздың азанын айтқанға шейін бір жағынан жылап, бір жағынан намаз оқыды. Сонда мен одан: «Алла Тағала өткен және келешектегі барлық күнәларыңды алдынала кешірген ғой, неге мұнша жылап жатырсың?» – деп сұрадым. Ол маған: «Мен шүкір келтірген құл болмайын ба? Алла Тағала маған: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы талай айқын белгілер (анық дәлелдер) бар. Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!» 361 деген аят түсірмеп пе еді», – деп жауап берді. 361 «Әли Имран» сүресі, 190-191. Бір риуаятта былай деп айтылады: Пайғамбарлардың біреуі жолда бара жатып кішкентай тас көреді. Ол тастан сызылып су шығып жатады. Пайғамбар соған таңғалады. Сол сәтте Құдайдың құдіретімен тасқа тіл бітіп: «Кәпірлер үшін әзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ отынан (Аллаға, елшісіне және Құранға иман келтіру арқылы) сақтаныңдар»362 деген аятын естігеннен бері содан қорқып тоқтамай жылап жатырмын», – дейді». 362 «Бақара» сүресі, 24. Пайғамбар Аллаға жалбарып, ол тасты тозақтан құтқарады. Бірақ бірнеше уақыттан кейін кетіп бара жатып, сол тастың тағы жылап жатқанын көреді. Одан: «Енді неге жылап жатырсың?» – деп сұраса, тас: «Өткенде қорыққанымнан жылап жатқанмын. Енді шүкіршілікпен қуаныштың көз жасын төгіп жатырмын», – деп жауап береді. Адамдардың жүрегі де тас сияқты, тіпті тастан да қаттырақ. Бұл қаттылықты қорқу және шүкіршілік келтірумен жылап жұмсартуға болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Қиямет күні «Аллаға мақтау айтқандар орнынан тұрсын!» – деп айтылғанда бірнеше кісі орындарынан тұрады. Оларға өзгеше белгі ту беріліп, бәрі пейішке жіберіледі», – деп айтады. Сахабалар: «Мақтау айтқандар кімдер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қандай жағдайда болса да Аллаға шүкір келтіргендер», – деп жауап берген.
139 Басқа бір риуаятта: «Баршылықта да, таршылықта да Аллаға шүкір келтіргендер»363 дейді. 363 Табарани, Муғжамул кәбир, 12345. Тағы бір хадисте: «Мақтау (шүкіршілік) – Рахманның киімі», – деп айтылады. Алла Тағала әзірет Әйюбпен (а.с.) сөйлескен сөзінде: «Мен сүйген пенделерімнің шүкіршілігін сыйлық ретінде қабыл аламын» деп уахи қылған. Сондай-ақ сабырлы пенделер туралы: «Олардың жайы – Дарус-сәлам пейіші. Ол жайға кіргенде оларға шүкіршілік келтіруді нәсіп етемін, ол – сөздердің ең жақсысы. Шүкіршілік қылғанда оларға бергендерімді көбейтемін. Мені көруді нәсіп қылумен оларға берген нығметтерімді көбейткен боламын», – деген. Байлық жинау туралы аяттардың бірі түсірілгенде Омар (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Қайсы байлықты жинайық?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Зікір қылушы тіл, шүкір қылушы жүрекке ие болыңдар»364 деді. 364 Тирмизи, ибн Мажа. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) байлықтың орнына шүкіршілік қылған жүрекке ие болуын бұйырып жатыр. Ибн Масғуд (р.а.): «Шүкіршілік – иманның жарымы», – дейді. Шүкіршілік жүрекке де, тілге де, дененің кейбір мүшелеріне де тиесілі. Біріншісі, жүрекке тиесілі. Жүректің жақсылыққа бағыт алуы және барлық жандыларға жақсылық жасау сезімінде болуы. Екіншісі, тілге тиесілі. Тілдің Алланы мақтау мәніндегі сөздерді Аллаға шүкіршілік келтіру үшін айтуы. Үшіншісі, дене мүшелеріне тиесілі. Дене мүшелердің Алла берген нығметтерді оған ғибадат жасау мақсатында жұмсауы, оның бұйрығына қарама-қарсы қолданудан сақтануы. Бұған мысал келтіретін болсақ, көз арқылы жасалатын шүкіршілік – мұсылманның бейәдеп кемшіліктеріне көз жұму. Құлақ арқылы жасалатын шүкіршілік – мұсылман туралы естіген кемшілікті жасыру. Бұлар көз бен құлақ үшін шүкіршілік жасау қатарына кіреді. Алланың тағдырына разылық білдіру – тілдің міндеті болған шүкіршілік түрінен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні таңертең бір сахабадан: «Түнді қалай өткіздің?» – деп сұрайды. Сахаба: «Жақсы өтті», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан «Құдайға шүкір, жақсы өтті» деген жауапты алғанға шейін бұл сұрақты қайта-қайта қайталады. Ақыры сол жауапты алғаннан кейін «Сенен осыны естігім келген еді», – деді. Бұрынғы мұсылмандар бір-бірінің жағдайын сұрауды әдетке айналдырған. Олардың мақсаты Аллаға шүкіршілік келтіруге жағдай жасау еді. Сонымен шүкіршілік келтіргені де, хал-жағдайды сұраумен осыған себепші болғаны да ғибадат сауабын алды. Хал-жағдайы сұралған кісі не шүкір келтіреді не өз жағдайынан шағымданады не еш жауап бермейді. Шүкіршілік келтіріп жауап беру – ғибадат. Жағдайына наразы болып шағымдану – мұсылманға жараспайтын жағымсыз көрініс. Барлық нәрсеге құдіретті Алла Тағаланы қолынан еш нәрсе келмеген пендеге шағымдану қайтіп жағымсыз болмасын! Басына келген бәлеге шыдай алмаған және еркінің әлсіздігі оны шағымдануға итермелеген кісі тікелей Аллаға шағымданса жөн болмақ. Өйткені бәлені берген де, оны жіберген де Алланың Өзі емес пе. Мұқтажын Аллаға айтқаны бірақ Алладан басқаның алдында шағымдануы абыройсыздық. Маңайындағы өзі сияқты әлсіз пенде екенін ұмытып, оған шағымдануы жағымсыз көрініс.
140 Алла Тағала былай дейді: «...Анығында, Алланы ұмыт қалдырып, табынған пұттарың сендерге ризық-несібе бере алмайды. Ендеше, ризық-несібені Алланың құзырынан іздеңдер, бір Аллаға ғана құлшылық жасаңдар және Оған әрдайым шүкіршілік етіңдер! Өйткені бәрің де Оған қайтарылудасыңдар».365 365 «Анкабут» сүресі, 17. «Алланы былай қалдырып, тәңір тұтып табынған нәрселерің – құдды өздерің сияқты жоқтан жаралған құлдар. Егер оларға сенетіндерің рас болса, қане, оларға жалбарынып дұға етіңдерші, дұғаларыңа «жауап бергенін» көрейік».366 366 «Ағраф» сүресі, 194. Демек, тілмен шүкіршілік келтіру – шүкіршіліктің бір түрі. Риуаяттарға қарағанда, бір күні бірнеше адам әмәуи халифасы Омар ибн Абдулазизге (рахматуллаһи аләйһи) зияратқа барады. Араларынан бір жігіт шығып сөйлемекші болғанда, халифа: «Ең үлкендерің сөйлесін», – дейді. Сонда баяғы жігіт орнынан тұрып: «Уа, мүминдердің басшысы, іс қарияларға қалған болса, мұсылмандардың арасында сенен де жасы үлкендер бар емес пе», – дейді. Бұл жауапты жақсы көрген халифа ол жігітке: «Онда сен сөйле», – деп рұқсат береді. Сонда жігіт: «Біз бір нәрсе тілеп не баспана сұрап келген жоқпыз. Өйткені құрметті басшыларың бізге қалағанымызды жеткізді. Әділеттілігің бізден қорқу сезімін кетіріп, сенім берді. Біз разылық білдіру үшін келген топпыз, саған өз аузымызбен алғыстарымызды айтып, қайта қайтпақшымыз», – деді. Тәкаппарлық Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде тәкаппарлықты және менменсінген кісілерді айыптап, сынға алған. «Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне алмайтындай етемін). Олар жолымыздың хақ екенін көрсететін қанша дәлел, қаншама мұғжиза көрсе де, бәрібір оған иланбайды. Тура жолды көрсе де, оны өздеріне лайықты жол деп есептемейді. Ал керісінше, теріс һәм азғындық жолын көрсе, оны өздеріне лайық көріп, бірден сол жолға түседі. Иә, солай істейді, өйткені олар аяттарымызға сенбеуді әдетке айналдырған еді һәм олардың мәнмағынасын, пайдаларын түсінуден мүлдем қалған еді»367 367 «Ағраф» сүресі, 146. «Ондайлар өздеріне Алладан ешқандай айғақ келмесе де, ешқандай өкілеттілік берілмесе де, Алланың (бүкіл болмыстағы, өз бойларындағы һәм Кітабындағы) айқын аяттары төңірегінде бей-берекет сөз таластырады. Олардың бұл қылығы Алланың алдында да, Оған иман келтірген жандардың алдында да ашу шақыратын өте жағымсыз іс-әрекет болып табылады. Алла әрбір тәкаппар озбырдың жүрегін, міне, осылай мөрлеп тастайды», – деді».368 368 «Мумин» сүресі, 35. «Алла олардың нені жасырып, нені жария етіп жүргенін жақсы біледі, әрі иман етуді ар санайтын, өркөкірек тәкаппарларды ұнатпайды».369 369 «Нахл» сүресі, 23. «Күпірліктеріне байланысты, Бізге қауышуды қаламайтын, тіпті, ойламайтындар: «Бізге елші ретінде көктен періштелер түссе, қайтер еді, яки
141 Раббымызды өз көзімізбен көрсек болмас па еді?!» – дейді. Расында, олар өздерін сондай зор санап, астамсуда әрі тым шектен шығуда»370. 370 «Фурқан» сүресі, 21. «Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін. Шүбәсіз, тәкаппарлыққа салынып, Маған құлшылық қылуды бойларына шақ көрмейтіндер әбден қор болған күйде жаһаннамға кіреді», – деп айтады»371. 371 «Мумин» сүресі, 60. Құран Кәрімде тәкаппарлықты сынға алған басқа тағы бірнеше аят бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүрегінде сары тарының дәнінің салмағындай тәкаппарлығы бар кісі пейішке кіре алмайды. Ал енді жүрегінде сары қышаның дәнінің салмағындай иманы бар кісі тозаққа түспейді»372 деген. 372 Мүслим, 91; Ахмад ибн Ханбал. Әбу Сәләма ибн Абдуррахман (р.а.) айтады: «Бір күні Абдулла ибн Амр мен Абдулла ибн Омар Сафада кезігіп, бір сәтке аялдай қалады. Абдулла ибн Амр еш нәрсе демей өтіп кете береді. Абдулла ибн Омар орнында тұрып жылай бастайды. Одан: «Уа, Абдуррахманның әкесі, неге жылап жатырсың?» – деп сұрағанда, «Бұл кісінің (Абдулла ибн Амр туралы айтып жатыр) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Жүрегінде сары тарының дәнінің салмағындай тәкаппарлық болған кісіні Алла Тағала аяғын аспаннан келтіріп тозаққа лақтырады», – деп айтқан сөзінен күмәні бар ма?»373 – дейді. 373 Ахмад ибн Ханбал. Алла Елшісі (с.а.с.): «Пенде нәпсінің артынан еріп жүріпзалымдардың қатарына жазылып қалады және олар душар болған азапқа ұшырайды»374 деп айтқан. 374 Тирмизи. Абдулла ибн Амр баяндайды: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «Нұх (а.с.) өлер алдында екі ұлын шақырып: «Екеуіңе екі нәрсені бұйырамын, екі нәрседен тыямын: 1. Аллаға серік қосудан және нәпсіге құл болудан тыямын. 2. Лә илаһа иллаллаһ (Алладан басқа құдай жоқ), Субханаллаһи уә бихамдиһи (Алла барлық кемшіліктерден таза, оған мақтаулар болсын!) деген ақиқаттарды растауға шақырамын. Өйткені аспан-жер және ондағы барлық нәрселер таразының бір жағына, «Лә илаһа иллаллаһ» сөзі екінші жағына қойылса, «Лә илаһа иллаллаһ» ауыр келері анық. Егер аспан-жер теп-тегіс кеңдік болып, «Лә илаһа иллаллаһ» оның үстіне қойылса, оны шөктіріп жібереді. «Субханаллаһи уә бихамдиһи» болса барлық пенделердің дұғасы. Пенделердің бәрі сол дұғамен ризықтандырылады», – деп насихат айтады. Әзірет Иса: «Алла кімге Өз Кітабын үйретсе және ол ешкімге зорлық-зомбылық қылмай өлсе, ол ең бақытты», – деген. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Зорлықшыл және менменсінгендер қиямет күні Махшар алаңына кішкентай болып келеді. Олар Алланың бұйрығын да құрметтемегендіктен елдің аяғының астында тапталып қалады», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Уа, Жаратқан Алла! Менменсінгендердің мақтанышынан сақта! Үш нәрсеге қатысы жоқ жағдайда денесінен жаны шыққан адам пейішке кіреді. Олар: 1) Менменсіну. 2) Қарыз. 3) Біреудің ақысын алдап алу375. 375 Тирмизи, Нәсаи, ибн Мажа. Әзірет Әбу Бәкір (р.а.): «Ешбір кісі бір мұсылманды кемсітпесін. Өйткені мұсылмандардың ең қарапайымы да Алланың алдында қадірлі», – деген. Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Алла «Адн» пейішін жаратқанда оған: «Сен менменсігендердің бәріне жабықсың», – деп айтты.
142 Мухаммад ибн Хүсейін ибн Али (рахматуллаһи аләйһи): «Пенденің жүрегіне аздыкөпті тәкаппарлық кіретін болса, ақылы сонша өлшемде азаяды», – деген. Сүлейменнен «Қайсы жаман іспен бірге жақсы іс қабыл болмайды?» – деп сұрағанда, «Тәкаппарлық», – деп жауап берген. Нұғман ибн Басир (р.а.) бір күні мінберде елге құтба оқып жатып: «Шайтанның бірнеше тұзағы бар: Алланың нығметтерін шектен шығуға себеп қылу, Алланың бергенін мақтаныштың сылтауы сияқты пайдалану, Алланың пенделеріне тәкаппар мәміле жасау және Алланың бұйрықтарына қарсы істерде нәпсінің қалауларына мойынсұну. Алланың кешірімділігіне және жомарттығына сүйеніп одан кешірім және амандық тілейміз». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тәкаппарлық жасап киімін сүйрелте басқан пендеге Алла қарамайды»376 деп айтқан. 376 Ахмад ибн Ханбал, Муснад II,539. Зайд ибн Аслам (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні ибн Омар жанымда тұрғанда ішке Абдулла ибн Уақид кірді. Ол жаңа киім киіп алыпты. ибн Омардың оған былай дегенін естідім: «Балам, киіміңді жерге сүйрелтпе. Өйткені мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Алла тәкаппарлық жасап киімінжерге сүйрелткен пенденің жүзіне қарамайды» дегенін естігенмін». Алла Елшісі (с.а.с.): «Үмбетім мақтанып шайқала басып, византиялықтарды, парсыларды қызметші қылып алған күні Алла оларды бір-бірімен қақтығыстырады»377 деп айтқан. 377 Тирмизи, 2261. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы: «Менменсіп, мақтана басып жүргендер Алланың алдына барғанда Оның қаһарына тап болады»378 деген. 378 Ахмад ибн Ханбал, 5959. Әбу Бәкір Хузали (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні біз Хасан Басримен тұрсақ, ибн Ахтам мешіттің сұлтандар отыратын жайына өтті. Үстіне шекпенінен шығып, қызыл асығына шейін жетіп тұрған жібек киім киіп, менменсіп, шайқалып, тәкаппарлана басып бара жатты. Хасан Басри оған бір қарап алып: «Ей, ақымақ, сен Аллаға шүкіршілігі жасалмаған, Алланы еске алмай, оның әмірлеріне сай келмеген жолдармен тапқан киіміңе мақтанасың. Алла берген мүшелеріңнің әрбірі – оның нығметтерінен. Аллаға ант етейін, кім болса да қарапайым, кішіпейіл жүруі тәкаппарлығынан жақсырақ», – деді. Ибн Ахтам өзі туралы айтылып жатқан бұл сөздерді естіді де, қайтып келіп жасаған іс-әрекеттері үшін Хасан Басриден кешірім сұрады. Хасан Басри оған: «Менен кешірім сұраудың орнына Аллаға тәубе жаса. Сен Алланың «Сондай-ақ жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң да күшқуатың, білімің және қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір, жерді жара алмайсың, тауларменен де бой теңестіре алмайсың»379 деген бұйрығын еш естіген емес пе едің?» – деп жауап берді. 379 «Исра» сүресі, 37. Тағы бір күні бір жігіт Хасан Басридің жанынан өтті. Үстінде қызыл түсті әдемі киімі бар екен. Хасан оны шақырып: «Уа, жастығымен мақтанған және сыртқы көріністің жарасымдылығына шаттанған адам баласы! Қабір денеңді орап, жасаған істеріңмен жалғыз қалғандай жағдайдасың. Жүрегіңді тазала, өйткені Алла пенделерден жүрек тазалығын талап етеді», – деді. Мұхаммед ибн Уаси (р.а.) ұлының менменсінгенін көріп, жанына шақырып алады да: «Ұлым, сен кім екеніңді білесің бе? Анаң күң болып жүрген жерінен жүз дирхамға сатып алдым. Ал енді әкең туралы айтатын болсам, Алла оған ұқсағандарды мұсылмандардың арасында көбейтпесін!» – деді.
143 Абдулла ибн Омар (р.а.) бір күні киімін жерге сүйрелтіп жүрген біреуді көріп, екі не үш қайталап: «Шайтанның көптеген туыстары бар екені анық!» – дейді. Мутарриф ибн Абдулла ибн Шиххир бір күні Мухаллабты көріп қалды. Ол жібек шапанымен мақтанып жүріпті. Мутарриф оған: «Уа, Алланың құлы, бұл жүрісің Алланың және Оның Елшісінің азабына себеп болатын жүріс», – деді. Мухаллаб одан: «Мені танымайсың ба?» – деп сұрайды. Мутарриф: «Әлбетте, танимын. Басталуың – бір тамшы су, соңың – сасыған мәйіт. Сен сол екі нәрсенің ортасында лас нәрсе тасыған біреусің», – деп жауап берді. Бұл жауапқа жеңілген Мухаллаб «ләм» дей алмай, содан бастап тәкаппарланбайтын болды. Жаратылыс туралы ой жүгірту Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде ой жүгіртуге үндейді: «Ол иман келтіргеннен кейін күпірлік қылғандардың һәм күпірлікте қасарысып, одан сайын азғындыққа салынғандардың тәубесі қабыл болмайды. Олар – нағыз адасқандар»380. 380 «Әли Имран» сүресі, 90. «Ол – Алла, ойланып, ғибрат алуды, яки шүкіршілік етуді қалайтын әрбір жан үшін түн мен күндізді бір-бірінің ізін ала алмасып тұратын қылды»381. 381 «Фурқан» сүресі, 62. Алла Тағала жақсы нәрселер туралы ой жүгірткендерді мақтау ретінде былай дейді: «Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»382 382 «Әли Имран» сүресі, 191. Ибн Аббас (р.анһума) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла туралы ой жүгірткен бір топпен жолығып, оларға: «Алла Тағаланың Өзі жөнінде емес, Оның жаратқандары туралы ой жүгіртіңдер. Өйткені сендер Оның ұлылығын түсіне алмайсыңдар»383, – деді. 383 Табарани, Байхақи. Риуаяттарға қарағанда, Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні ойға батып отырған кісілерді кезіктіріп қалып, олардан: «Неге сөйлемейсіңдер?» – деп сұрайды. Әлгілер оған: «Алланың жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіп жатырмыз», – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Міне, солай жасаңдар. Алланың Өзі жөнінде емес, жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіңдер», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Батыс жақта аппақ бір өлке бар. Ол жердің ақтығы жарықтығындай, жарықтығы да ақтығындай. Күннен қырық күндік қашықтықта. Алла ол жерде кейбір кісілерді жаратты. Олар көз ашып-жұмғанша да Алланың бұйрығын қалдырмай орындайды», – деді. Тыңдап отырғандар: «Уа, Алланың Елшісі, шайтан оларды азғыруға әрекет жасамай ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар шайтанның бар-жоқ екенін де білмейді», – дейді. Тыңдап отырғандар: «Олардың адамзатпен де байланысы жоқ па?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Олар адамзаттың да бар-жоқ екенін білмейді», – деп жауап береді.
144 Ата (р.а.) айтады: «Бір күні Убайд ибн Умайрмен (р.а.) бірге әзірет Айшаға (р.а.) бардық. Ол бізбен перденің артынан сөйлесті. «Уа, Убайд, сені бізбен амандасып келуден тосқан қандай себеп?» – деп сұрады. Убайд: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Кей-кейде зиярат қылсаң, сүюің артады»384 деген хадисі», – деп жауап берді. 384 Баззар, Әбу Нуаймин. Сосын Убайд: «Уа, мүминдердің анасы, Алланың Елшісінің өміріндегі өзің куә болған таңғаларлық оқиғалардан айтып берші», – деді. Әзірет Айша көздерінен жас төгіп: «Оның әрбір іс-әрекеті ғажайып емес пе еді! Бір күні түнде жаныма келіп, денесін денеме тигізіп тұрды да: «Рұқсат берсең, Жаратқан Иеме ғибадат жасайын», – деді. Мен рұқсат бердім. Ол барып дәрет алды. Намазға тұрды. Көз жасы салалай ағып, сақалын су қылды. Содан соң сәждеге барды. Жайнамазы да көз жасқа жуылды. Намаздан кейін жамбастап жата кетті. Міне, сол сәтте Біләл таң азанын айтты. «Уа, Алланың Елшісі, сізді не жылатты? Сіздің бұрынғы және келешектегі бүкіл күнәларыңыз кешірілмеді ме?!» – деп сұрады Біләл (р.а.). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ой, Алла жазалағыр Біләл! Мені одан не тыя алады? Алла маған сол түні: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы талай айқын белгілер (анық дәлелдер) бар»385деген аятты түсірді. Бұл аятты оқып, оның мәнмаңызы туралы ой жүгіртпеген пенделерге бауырым ауырады»386 деп жауап берді. 385 «Әли Имран» сүресі, 190. 386 Ибн Хиббан, Сахих. Мухаммад ибн Уаси баяндайды: «Басралық бір кісі Әбу Зәрр өлгеннен кейін Үммі Зәррға үйленген еді. Ол күйеуі одан «Әбу Зәрр қалай ғибадат жасаушы еді?» – деп сұрады. Үммі Зәрр: «Ол күні бойы үйінің бір бұрышында ойланып отыратын», – деп жауап берді. Хасан Басри: «Бір сағаттық ой жүгірту түні бойы жасалған ғибадаттан жақсырақ», – деп айтқан. Фудайл былай дейді: «Ой жүгірту айна сияқты, саған жақсы мен жаманды шағылыстырып көрсетеді». Ибраһим ибн Адхамнан: «Сен неге көп ойланасың?» – деп сұрады. Ол: «Ой жүгірту – ақылдың өзегі», – деп жауап берді. Әбу Сағид әл-Худри риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Көздеріңе ғибадат үлесін беріңдер», – деді. «Уа, Алланың Елшісі, көздердің ғибадатта қандай үлесі бар?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құран оқу, ол жөнінде ой жүгірту және одан әсерленіп, үлгі алу», – деп жауап берді. Кейбір ұлылардың сөздерінен: Омар ибн Абдулазиз: «Алланың нығметтері туралы ой жүгірту – ең ұлы ғибадаттардан», – деп айтқан. Абдулла ибн Мүбәрак Саһл ибн Алидің терең ойға шомып отырғанын көріп: «Қай жерге жеттің?» – деп сұрады. Саһл «Сырат көпіріне», – деп жауап берді. Бишр: «Егер кісілер Алланың ұлылығы туралы ойланса, оған қарсы шықпаушы еді», – дейді. Әбу Шурайх жолда бара жатып шапанына оранып отыра қалып жылай бастады. Одан «Неге жылап жатырсың?» – деп сұрады. Ол: «Өмірім кетіп бара жатқанына, жақсы істерімнің аздығына және ажалымның жақындап келе жатқанына жылап жатырмын», – деді.
145 Ибн Аббас: «Жақсы нәрселер туралы ой жүгірту сол жақсылықты жасауға үндейді. Жамандыққа өкіну осындай жамандықтан аулақтауға үндейді», – дейді. Исхақ ибн Халаф баяндайды: «Дәуіт Таи айлы түнде тамның үстіне шығып алып аспан-жер туралы ой жүгіртіп отырып аспанға қарап жылай бастады. Бір уақытта ол көршісінің үйінің ішіне құлап кетті. Үй иесі оны ұры деп ойлап, қолына қылышын алып жанына келді. Оның Дәуіт Таи екенін көріп, қылышын орнына қойып қайта келді де: «Сені тамның үстінен бұл жерге кім лақтырды?» – деп сұрады. Дәуіт: «Білмеймін, кім лақтырғанын сезбей қалдым», – деп жауап берді. Өлім Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүмин пенде өлімнің қиыншылығының шарасын табады. Оның буындары «Сәлем саған. Қазір бір-бірімізден ажырадық, қиямет күні қайтадан жолығамыз» деп, бір-бірімен сәлемдеседі», – деп айтқан. Өлімді қоштаған үш бәле бар: Біріншісі, жоғарыда баяндалғандай, жанның қиыншылықпен шығуы. Екіншісі, өлім періштесін (Әзірейілді (а.с.) жалғыз көргендегі жүрек тітіреткен қорқыныш. Өлім періштесінің күнәһар пенденің жанын алардағы бейнесін көргенде ең шыдамды кісілер де төзе алмай қалады. Риуаяттарға қарағанда, Ибраһим (а.с.) бір күні Әзірейілге (а.с.): «Күнәһар кісінің жанын алардағы бейнеңді маған көрсетесің бе?» – деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.): «Оған төзе алмайсың», – деп жауап береді. Ибраһим (а.с.): «Сен көрсете бер, мен шыдаймын», – дегенде, Әзірейіл (а.с.) оған «Ары қара», – деп айтады. Біраз артына қарап, қайта бұрылған Ибраһим (а.с.) жүзі қара, шаштары тікірейген, түрі өте суық, қара киімдерге оранған, аузынан және танауларынан от, түтін шыққан бір кісіні көріп есінен танып жығылады. Есіне келсе, Әзірейіл (а.с.) бұрынғы бейнесіне келіп қалған екен. Ибраһим (а.с.) оған: «Уа, өлім періштесі, күнәһар кісі өлім сәтінде сенің сол бейнеңді көруден басқа бәлеге душар болмаса да, оған сол-ақ жетпек», – дейді. Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) мынадай оқиғаны айтып берген: «Дәуіт (а.с.) отбасын қызғанғандықтан үйден шығарда әйелін ішке қалдырып, сыртынан құлыптап кетті. Бір күні есігін жауып кеткеннен кейін әйелі іште бөтен біреу жүргенін байқайды. Әйел қызметшілерге: «Бұл кісіні кім кіргізді? Егер Дәуіт келсе соған көресіні көрсетеді!» – дейді. Сол сәтте Дәуіт (а.с.) кіріп келіп, жат кісіден: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Бейтаныс адам: «Мен патшалардан қорықпаған және олардың тосқауылдарына қарамаған біреумін», – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Дәуіт (а.с.): «Демек, сен өлім періштесі екенсің» деп тұрған жерінен сұлқ жығылады. Риуаяттарға қарағанда, Иса (а.с.) бір күні жолда бара жатып кісінің бас сүйегін көреді. Оған: «Алланың бұйрығымен сөйле», – дейді. Тілге келген бас сүйек: «Уа, Рухуллах, мен пәленше дәуірде патша едім. Бір күні тәжімді киіп, тағыма мініп, айналамды күзетшілеріме қоршатып алып мемлекет қызметкерлерімен отырғанымда өлім періштесі шыға келді. Сөйтіп, денемнен жаным шығып, онымен кетті. Әттең-ай, осындай көпшіліктің арасында емес, жалғыз болсам қане!» – дейді. Күнәһарлардың басына келетін бәле сондай. Бұл бәле Аллаға мойынсұнған мүминдердің басына келмейді.
146 Пайғамбарлар өлім періштесін көрген кісінің қорыққанын емес, өлім қиыншылығын ғана суреттеген. Егер пенде өлім періштесін түсінде көрсе, өлер-өлгенше тамаққа тәбеті жоғалады. Демек, өлім қорқынышын көру қандай екенін өзің елестет. Аллаға құлшылық жасап жүргендер өлім періштесін ең жақсы келбетінде көреді. Икрима ибн Аббастан (р.анһума) риуаят етілгені бойынша, Ибраһимнің (а.с.) үйінде ғибадат жасауға арналған арнайы бөлмесі бар еді. Сыртқа шығарда бұл бөлмені құлыптап қойды. Бір күні ішке кіріп, бөлмеден жат біреуді көреді. Одан: «Сені үйіме кім кіргізді?» – деп сұрағанда, жат кісі: «Иесі кіргізді», – дейді. Ибраһим (а.с.): «Иесі менмін», – десе, жат кісі: «Сенен және менен де бұрын үйге ие болған біреу мені ішке кіргізді», – деп жауап береді. Ибраһим (а.с.): «Маған мүминдердің рухын алардағы бейнеңде көрінші», – деп сұранады. Өлім періштесі: «Мақұл, ары қарап тұр», – дейді. Ибраһим (а.с.) ары қарап тұрып, қайта бұрылғанда бір жас жігітті көреді. Ибраһим (а.с.) оның көрінісін «Сымбатты, жарасымды киінген және жағымды әтір себінген» деп суреттеген. Бұл көрініске куә болған Ибраһим (а.с.): «Мүмин пенде өлім сәтінде сенің сол жүзіңді көрсеақ сый ретінде оған жетпек», – дейді. Өлім сәтінде куә болатын тағы бір нәрсе – сауап-күнә жазушы екі періште. Бұл туралы «Міне, сол сәтте өлім алдында жатқан кісінің көздері сол періштелерге ілігеді және одан кейін бұл дүниені көре алмайды» деп жазылған. Өлім сәтінде душар болатын бәлелердің үшіншісі – күнәһарлардың тозақтағы орындарын көруі және бұл көруден бұрын қорқады. Өйткені олар өлім сәтінде бар күшінен айырылып, өздерінің жандарының шығуына да куә болған. Бірақ кісілер өлім періштесінің асқақ үнмен жар салғанын естімей өлмейді. Өлім періштесі: «Уа, Алланың дұшпаны, саған тозақты сүйіншілеймін!» деп немесе «Уа, Алланың досы, саған пейішті сүйіншілеймін» деп жар салады. Сезімді кісілердің өлімнен қорқуы сол себепке сүйенеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір пенде өзінің соңын біліп, пейіш не тозақтағы орнын көрмейінше бұл дүниеден шықпайды», – деген. Қабір және қабірдегі қорқыныштар Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ішіне өлік көмілгенде қабір оған: «Уа, адам баласы! Мені еш ойламадың. Менің қиыншылық, қараңғылық, жалғыздық және құрт-құмырсқаның мекені екенімді білмейтін бе едің?» – дейді», – деп айтқан. Егер марқұм жақсы істерді жасап жүрген біреу болса, қабірден: «Егер бұл пенде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған біреу болса, онда оған қарата қандай мәміле жасайсың?» – деп сұралады. Қабір: «Онда мен оған жасыл бақша боламын, оның денесі нұрланады және рухы Аллаға көтеріледі»387 деп жауап береді. 387 Тирмизи, Сифатул қиямат. Убайд ибн Умайр Лайси (р.а.) айтады: «Қабір оның ішіне кіргендердің әрбіріне: «Мен қараңғылықтың және жалғыздықтың мекенімін. Егер тірі кезіңде Аллаға мойынсұнып жүрген болсаң, мен саған қайырымды болам. Егер тірі кезіңде Алланың бұйрықтарына қарсы шығып жүрген болсаң, онда бүгін сенің басыңа бәле боламын. Аллаға бас иіп жүріп көз жұмып маған келген пенде бұл жайдан қуанышты кетеді. Алланың
147 бұйрықтарына қарсы шығып жүріп маған келген пенде бұл жерден жылап-сыздап кетеді», – дейді. Мұхаммед ибн Сибих (р.а.) айтады: «Риуаяттарға қарағанда, пенде қабірге қойылып, азап тарта бастағанда не бірнеше қиыншылықтарға тап болғанда басқа қабірлерде жатқан көршілері оған: «Уа, өлгеннен кейін достары мен көршілері дүниеде қалған пенде, бізден неге сабақ алмадың? Қолыңда мүмкіншілік тұрғанда біздің сауап-күнә дәптеріміздің өліммен жабылғанын көрмедің бе? Достарыңның қолдан шығарған мүмкіншіліктерін сен пайдаланбайтын ба едің?» – деп айтады. Тағы біреулер: «Уа, дүниенің көрінісіне алданған кісі, отбасыңнан дүниеге алданып, сенен бұрын топырақ қойнына кіргендерден сабақ алмадың ба?! Өзіңнен бұрынғылардың жаназалары қашуға болмайтын жайға тасылғанын көріп жүрген едің!» – дейді. Язид ар-Раққаси (р.а.) айтады: «Білуімше, өлік көрге кіргенде, дүниеде жасаған істері үстіне үйіліп, Алланың бұйрығымен тілге келіп, иелеріне: «Уа, көрінде жалғыз қалған пенде! Достарың мен отбасың сенен айырылды. Бүгін бізден басқа ешбір жолдасың жоқ», – деп айтады. Кәғбул Ахбар (рахимаһуллаһу): «Жақсы пенде қабірге көмілгенде намаз, ораза, қажылық, жиһад және садақа сияқты жақсы істері айналасын қоршап алады. Азап періштелері оған аяқ жағынан шабуылға өткенде намаз: «Одан аулақ болыңдар, оған тиюге ақыларың жоқ. Бұл аяқтарымен ұзақ уақыт тік тұрып Алла разылығы үшін мені оқыған», – дейді. Азап періштелері оның бас тарапынан қол салмақшы болғанда оразасы: «Оған тие алмайсыңдар. Ол Алла разылығы үшін көпке шейін су ішпей жүрген еді. Сондықтан оған жақындауға жол жоқ», – дейді. Азап періштелері оның қапталынан келгенде қажылық пен жиһад: «Одан аулақ болыңдар. Нәпсісін құрбандыққа шалып, дене-бойы шаршап-шалдыққанына шыдап қажылық міндетін өтеді, жиһад жасады. Міне, сондықтан оның жанына кіре алмайсыңдар», – дейді. Азап періштелері оның қол жағынан жақындамақшы болғанда садақа: «Менің мырзамнан аулақ болыңдар. Сол екі қолдан шыққан қаншама садақалар Алла разылығы үшін жарлының қолына тиді. Міне, сондықтан сендер оған жолай алмайсыңдар», – дейді. Сонда ол марқұмға: «Сүйінші! Тірі кезіңде бақытты өмір сүргеніңдей, өлгенде де бақытқа жет», – деп айтылады. Содан соң рақым періштелері келіп оған пейіштің төсегін салады. Қабірі көз жеткен жерге шейін кеңейеді. Оған пейіштің шырағы ұсынылады және қайта тірілгенге шейін қабірінде жарық нұр ішінде уақыт өткізеді. Убайдулла ибн Убайд ибн Омар (р.а.) бір жаназа намазда былай деген: «Естуіме қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлік мазарға қойылғанда оны жер қойнауына бергендердің басқан дыбысы ғана естіліп, онымен сөйлесер кісі қалмайды. Сонда қабір оған: «Уа, адам баласы, құрып қал! Дүниеде мен туралы, тарлығым туралы, жағымсыз иісім туралы, қорқынышым және құрттарым жөнінде қорқынышты нәрселерді естімедің бе? Мен үшін қандай дайындық жасадың?» – дейді», – деп айтқан. Бара ибн Азиб (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге бір ансардың жаназасын жерге бердік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жер қарап мазардың басына отырып, үш мәрте: «Уа, Жаратқан Алла! Қабір азабынан Өзіңе сиынамын» деп, содан соң сөздерін былайша жалғастырды: «Мүмин пенде ақыретке көшкенде, Алла оған жүзі нұрлы бірнеше періште жібереді. Қолдарында оның кебіні және иісі бар. Олар көз жеткен жерге шейін қатар тізіліп отырады. Мүминнің жаны шыққанда жер-аспанның
148 ортасындағы және көктегі періштелердің бәрі оған дұға қылып, аспанның барлық есіктері оның рухына ашылып, жол береді. Сол пенденің рухы көкке көтерілгенде, «Уа, Жаратқан Ием, пәленше құлыңды алып келдік» деп үн қатады. Алла Тағала: «Қайта алып кетіңдер, оған мен дайындаған ұлы дәрежелерді көрсетіңдер. Өйткені мен бұл дүниеде оған: «Біз сендерді сол топырақтан жараттық және соған қайтарудамыз. Кезі келгенде сендерді одан тағы да шығарамыз»388 деп айтамын дейді. 388 «Таһа» сүресі, 55. Оны жерге беріп қайтып бара жатқандардың басқан дыбысын естіп жатқанда, періштелер жанына келіп: «Уа, пенде, Жаратқан Иең кім? Дінің қайсы? Пайғамбарың кім?» – деп сұрайды. Ол: «Жаратқан Ием – Алла, дінім – Ислам және пайғамбарым – Мұхаммед (с.а.с.)», – деп жауап береді. Сұрақ қатал жүреді. Бірақ бұл оның ақырғы сынағы болады. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Дұрыс айтасың» деген үн естіледі. Алла Тағала айтқан: «Алла иман келтіргендерді бұл дүниеде де, ақиретте де бекем сөзде (иман ақиқатының дәнегі болған «лә иләһә иллаллаһ» сөзінде) табанды қылып, аяғын нық басқызады. Сондай-ақ Алла қиянатшылдарды адастырады. Алла қалағанын істейді»389. 389 «Ибраһим» сүресі, 27. Сонда оның жанына жарасымды киінген, жұпар иісті әтір себінген біреу келіп: «Алланың мейіріміне және мәңгілік нығметтеріне толған пейішті саған сүйіншілеймін», – дейді. Марқұм: «Алла саған да жақсы хабарларды сүйіншілесін! Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ол: «Сенің жақсы істеріңмін. Аллаға ант етейін, сенің ғибадат жасауға қаншалық құштар, ал енді күнәдан қаншалық аулақ екеніңді жақсы білем. Сондықтан Алла саған жақсылық берді», – дейді. Сонда «Оның астына пейіш төсегін жайыңдар және мазарынан пейішке бір есік ашыңдар!» деген үн естіледі. Сол бұйрықпен астына пейіш төсегі жайылып, жатқан жерінен пейішке бір есік ашылады. Соған куә болған пенде: «Уа, Жаратқан Алла! Қиямет күніңді тездете көр, бала-шағамды көрейін», – дейді. Кәпірдің көзі кетерде жанына қатал және өңі сұсты бір періште кіреді. Оның қолында оттан жасалған киімдер мен кендірден іш киімдер болады. Олар дереу кәпірді қоршауға алады. Ол ақырғы демін шығарғаннан кейін аспан-жер арасындағы және көктегі барлық періштелер оған қарғыс айтады. Оның рухына аспанның барлық есіктері жабылады. Аспан есіктерінің ешбірі оның рухына жол беруді қаламайды. Сондықтан жоғары көтерілген рух жарым жолдан артқа қайтарылады және «Уа, Жаратқан Ием, пәленше құлыңды көк те, жер де қабыл алмай жатыр», – деп айтылады. Сонда Алла Тағала: «Қайта алып барып Мен оған дайындаған азаптарды көрсетіңдер. Өйткені Мен оған: «Сендерді топырақтан жараттық, оған қайтарамыз және қайта содан шығарамыз» деп уәде бергенмін», – дейді. Оны қабірстанға алып келгендердің басқан дыбыстары алыстай бере сұраққа алатын періштелер: «Ей, кісі, Жаратқан Иең кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?» – деп сұрайды. Кәпір бұл сұрақтарға «Білмеймін», – деп жауап бергенде, сұраққа тартқан періштелер: «Білуің керек еді», – дейді. Содан соң оның жанына өңі сұсты, сасыған және ұсқынсыз кейінген біреу кіріп, оған: «Алланың қаһарын және тоқтаусыз азабын саған сүйіншілейміз!» – дейді. Кәпір одан: «Құдай ұрғыр, сен кімсің?» – деп сұрағанда, ол: «Сенің жаман істеріңмін. Аллаға ант етейін, сен күнәға жүгіріп, ал ғибадатқа көңілсіз едің. Енді Алла жазаңды берді», – деп айтады. Ол да: «Сенің де жазаңды берсін!» – дейді.
149 Сонда керең, соқыр және мылқау азап періштесі келеді. Қолында адамзат пен жындар біріксе де көтере алмайтындай ауыр және шапсаң тауды да құмға айналдыра алатындай зор күрсісі болады. Күрсімен кәпірді бір шапқанда ол майдаланып шаңға айналады. Содан соң қайтадан денесі жиналып, жан кіргізілгенде күрсі тағы бір мәрте тиеді. Күрсі тиген сайын оның айқайлағанын адамзат пен жындардан басқа барлық жандылар естиді. Содан: «Оның астына екі қабат отты жайыңдар және жатқан жерінен тозаққа бір есік ашыңдар» деген бұйрық келеді. Астына екі қабат от жайылып, қабірінен тозаққа бір есік ашылады». Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің қабірі жасыл бақша және жетпіс кез кеңдігінде. Айдың он төртінші түніндей жарық», – деп айтқан. «Ол үшін қиыншылықты өмір бар» деген мағынадағы аят кім туралы түсірілгенін білесіңдер ме?» – деді ол (с.а.с.). Ол жердегілер: «Алла мен Оның Елшісі біледі» дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл аят қабірдегі кәпірдің тартатын азабы туралы баяндайды. Кәпірге тоқсан тоғыз аждаһар жіберіледі. Қандай аждаһар екенін білесіңдер ме? Ол тоқсан тоғыз алып жылан. Әр жыланның жеті басы бар. Соның бәрі кәпірді шағады және денесіне у жайылады. Бұл жағдай қабірден тұрғанға шейін жалғасады», – дейді. Жыланның тоқсан тоғыз деп белгіленгеніне таңғалмау керек. Өйткені бұл жылан мен шаянның көптігі тәкаппарлық, елкөрсіндік, қызғаныш, іштарлық, кек сақтау және соған ұқсаған жаман мінездердің санына барабар. Өйткені бұлардың есептелу негіздері бар. Жаман мінездер содан келіп шығады және бұлар жылан, шаяндарға айналады. Жеті басты күштілері тоқсан тоғыз жыландай қатты шағады. Әлсізі шаяндай шағады. Олардың ортасындағылар біз білген жыландардай шағады. Көреген, ақылды кісілер сондай жаман сипаттарды көре біледі, бірақ бұларды Пайғамбардың нұрымен ғана көре алады. Болатыны анық Қиямет күні Алла Тағала Құранда: «Жо-жоқ! Егер мұны ілімге сүйенетін нақтылықпен білгендеріңде, (мұндай жат қылыққа бармас едіңдер)»390 дейді. Бұл аятқа кейбіреулер: «Қияметтің қандай екенін анық білгендеріңде көпке сұқтанып, мақтанып жүре бермей, пайдалы істерді жасаушы едіңдер. Зиянды істерден аулақ болушы едіңдер және қиямет күні мал-мүліктеріңнің көптігімен мақтанудың ешбір пайдасы болмайтынын пайғамбарлар сияқты анық білгендеріңде мақтанбаушы едіңдер» деген түсіндірме берген. 390 «Тәкәсур» сүресі, 5. «(Алайда мұндай жат қылықтарыңды қоймасаңдар,) шүбәсіз, жалын атқан жаһаннамды көресіңдер»391 391 «Тәкәсур» сүресі, 6. Алла Тағала ант ішумен «Ақырында, оны өз көздеріңмен көресіңдер»392 деп айтады. Яғни тозақты анық, өз көздеріңмен көресіңдер. 392 «Тәкәсур» сүресі, 7. Әзірет Али (р.а.): «Дүние нығметі – бұл денсаулық. Бидай нан жеген, Евфраттың салқын суынан ішкен және бас сұғар үйі болған кісінің бұл байлықтары – есебі сұралатын нығметтер», – деген.
150 Әбу Килабаның (р.а.) риуаят еткені бойынша, «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер»393деген мағынадағы аят түскенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл аятта үмбетімнің арасынан май мен балды араластырып жегендер туралы айтылып жатыр», – деген. 393 «Тәкәсур» сүресі, 8. Икриманың (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда «Жоғарыдағы аят түсірілгенде, сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, біздің қолымызда қайсы нығмет бар? Біз арпа нанды да тойып жеген емеспіз», – деді. Сонда Алла Тағала Пайғамбарына (с.а.с.): «Оларға айт: «Аяқтарыңа аяқкиім кимедіңдер ме, салқын су ішпедіңдер ме? Міне, солар да нығмет болып есептеледі», – деді. Тирмизи және басқа хадис қайнарбұлақтарында «Тәкәсур» сүресі түсіп, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер» деген мағынадағы ақырғы аятқа шейін оқығанда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Біз қайсы нығметтен сұраламыз? Қолымызда екі қара нәрсе – су мен құрма бар. Қылыштарымыз мойнымызда және дұшпан жанымызда. Солай бола тұра қайсы нығметтен сұраламыз?» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Міне, содан да (сұрақ болады)», – деп жауап берді. Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні пендеден алғашқы болып «Біз саған денсаулық бермедік пе, сені салқын суға қандырмадық па?» деген сұрақ сұралады», – деген. Мүслимнің және басқалардың риуаяты бойынша, Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жолда бара жатып Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) жолықтырып, олардан «Бұл уақытта үйлеріңнен неге шықтыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Алланың Елшісі, аш болғанымыздан шықтық», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Нәпсім құдіретті қолында ұстаған Аллаға ант етейін, мен де сол себептен шықтым. Қане, жүріңдер», – дейді. Сөйтіп үшеуі ансарлардан бір сахабаның үйіне барса, ол үйінде емес екен. Оның жұбайы Пайғамбарымызды (с.а.с.) көріп: «Қош келіпсіз, кіріңіз», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Пәленше қайда?» – деп үй иесін сұрайды. Әйел: «Ішерге су іздеп кетіп еді», – деп жауап береді. Дәл сол сәтте әлгі сахаба келіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен жолдастарын көріп: «Құдайға шүкір, бүгін аса қадірлі қонақтар келіпті!» – деп қуанады. Дереу жүгіріп барып бір себет құрма көтеріп келеді. Өзі «Бұдан жей тұрыңдар», – деп қолына пышағын алады. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Сан қойыңды соя көрме!» – дейді. Сахаба оларға қой сояды. Олар қойдың еті мен құрма жеді. Қарындары тойып, салқын суға шөлі қанғаннан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға: «Нәпсім құдіретті қолында ұстаған Аллаға ант етейін, қиямет күні бұл нығметтен де сұраққа тартыласыңдар», – дейді. Алланы еске алып зікір қылу Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар (яғни алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісін істемеңдер)»394 дейді. 394 «Бақара» сүресі, 152.