The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by hayat ss, 2024-04-04 07:00:38

Жүректің сырлары

Жүректің сырлары

151 Сабит Буннани (р.а.) айтады: «Мен Жаратқан Иемнің мені қашан еске алатынын білемін». Тыңдағандар бұл сөзді естігенде қорқып кетіп: «Оны қайтіп білесің?» – деп сұрады. Сабитул Буннани: «Мен оны қашан еске алсам, ол да мені сонда еске алады», – деп жауап береді. Алла Тағаланың бұл туралы аяттары төмендегілер: «Уа, иман келтіргендер! Алланы көп еске алыңдар»395. 395 «Ахзаб» сүресі, 41. «Қажылықта (саудамен айналысып) Раббыларыңнан ризық-несібе тілегендерің үшін күнә арқаламайсыңдар. Арафатта тұрғаннан кейін (бейне бір сел секілді Мұздалифаға қарай) ағылғандарыңда, Мәшғарул-харамда (яғни Мұздалифада) Алланы еске алыңдар. Ол сендерді қалай тура жолға салған болса, (соның қадірін түсіне отырып) Оны дәл солай жақсылап еске алыңдар»396. 396 «Бақара» сүресі, 198. «Қажылық парызының рәсімдерін толық орындап болған соң, (Исламнан бұрын Минада тұрып) ата-бабаларыңды (мақтап, мадақтап) еске алғандарыңдай, тіпті одан да асыра, Алланы еске алып, ұлықтаңдар. Адамдар арасында (тек дүние тіршілігін ғана ойлап): «Уа, Раббымыз! Беретін нығметіңді бізге осы дүниеде бергейсің» дейтіндер бар. Олардың ақиретте алар ешбір несібесі жоқ»397. 397 «Бақара» сүресі, 200. «Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»398 398 «Әли Имран» сүресі,3/191. «Намазды өтегеннен кейін, түрегеп тұрып, отырып немесе бір бүйірлеп жамбастап жатып (тіпті, соғыс жағдайында болса да) Алланы еске алыңдар»399. 399 «Ниса» сүресі, 103. Ибн Аббас жоғарыдағы аятқа төмендегідей түсіндірме береді: «Яғни түні-күні, теңізде, құрғақта, үйде, жолда, баршылықта, таршылықта, дені сау кезде, ауырғанда, жасырын, жария әрдайым, әр жерде Алланы еске алыңдар». Құранда мұнафықтар «Алланы өте аз еске алғандар»400 деп сипатталады. 400 «Ниса» сүресі, 142. Алланы еске алу туралы тағы басқа көптеген аяттар бар. Мысалы: «Ертелі-кеш іштей жалбарынып һәм (қаһарынан) имене отырып, бәсең дауыспен Раббыңды ауызға ал. (Ақиқаттан бейхабар) ғапылдардың қатарына қосылма»401. 401 «Ағраф» сүресі, 205. «Ол Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры»402 402 «Анкабут» сүресі, 45. Ибн Аббас жоғарыдағы аят туралы былай деп айтады: «Бұл аятты екі түрлі түсінуге болады: 1) Алланың сендерді еске алуы сендердің оны еске алғандарыңнан да мағыналы; 2) Алла Тағаланы еске алу басқа барлық ғибадаттардан жоғары тұрады». Бұған қатысты тағы бірнеше аят бар. Ал енді Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы төмендегілерді айтқан: «Немқұрайды кісілердің арасында Алланы еске алып жүрген кісі қураған шөптердің арасындағы көк шөп сияқты». «Немқұрайды кісілердің арасында Алланы еске алып жүрген кісі жауға қарсы соғысудан қашқандардың арасындағы соғысушыға ұқсас».


152 «Алла Тағала: «Мені еске алып жүргенде, аузы Мені зікір қылып, қыбырлап тұрғанда құлыммен біргемін», – деген. «Пейіш бақшаларында серуендеуді қалаған кісі Алла Тағаланы жиі-жиі еске алсын». Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең жақсы іс қайсы?» – деп сұрағанда, «Алланы зікір қылған тілің құрғамай жатып жан беруің», – деп жауап берген. «Ертелі-кеш Алланың атын зікір қылсаң, таң мен кешке күнәсіз кіресің». «Алла Тағала айтады: «Құлым Мені ішінен зікір қылса, Менде оны ішімнен еске аламын. Мені ел арасында зікір қылса, Мен оны одан да жақсырақ көпшіліктің арасында еске аламын. Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын. Маған бір кез жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіріп барамын». Қияметте «Жеті түрлі кісіні басқа еш көлеңке болмаған күнде Алла Аршының көлеңкесіне кіргізеді. Ол жетеудің бірі – жалғыз қалғанда Алланы еске алып, одан қорқып көздері жасқа толған пенде»403. 403 Сахихул Бұхари, 660. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабалардан: «Маған жақсылап құлақ түріңдер. Сендерге істеріңнің ең жақсысын, Жаратқан Иелеріңнің алдында ең таза болғанын, сендерді ең ұлы дәрежеге жеткізгенін, қағаз бен алтын ақша таратқаннан сендер үшін одан да қайырлысын, дұшпанмен бетпе-бет келіп, оны сұлата шапқаннан не мойындарың қия шабылып, шейіт болудан сендер үшін одан да пайдалы болғанын сендерге айтайын ба?» – деп сұрады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол қай іс?» – деп еді, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланы ауыздан түсірме», – деп жауап берді». Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала: «Мені зікір қылудан Менен бір нәрсе тілеуге уақыт таба алмағандарға қалағандарының ең жақсысын беремін»404 дейді». 404 Тирмизи, 2926. Фудайл (р.а.) айтады: «Білуімше, Алла Тағала: «Уа, пендем, Мені таң атқанда бір сәт, кеш кіргенде бір сәт зікір қылсаң, екеуінің ортасындағы уақытта сен үшін жеткіліктімін», – дейді». Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алланы зікір қылу екі түрлі: Біріншісі, Алла мен ортаңда жасырын қалатындай құпия зікір қылу. Зікірдің бұл түрі өте жақсы және дәрежесі биік. Екіншісі және біріншіден де бағалысы, арам нәрселерді көргенде Алланы зікір қылу». Риуаятқа қарағанда Алланы зікір қылып жүргендерден басқа барлық пенделер дүниеден көшер алдында қатты шөлдейді. Муаз ибн Жабал (р.а.): «Пейіштіктер Алланы зікір қылмай өткізген уақыттары үшін ғана қайғырады», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Жиналып алып Алланы зікір қылған кісілерді періштелер қоршап алады. Олар Алланың мейіріміне бөленеді және Алла олар туралы жанындағыларға айтады»405. 405 Сахих Ахмад, 49, Сахихул Жамиғ, 5608. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жиналып алып Алланың разылығынан басқа еш нәрсе күтпей оның атын зікір қылғандарға көктен «Күнәларың кешірілген жағдайда тұрыңдар, жамандықтарың жақсылықтарға айналды», – деп айтылады», – деген. Тағы бір хадисте: «Бір жерде отырып Алланың атын зікір қылмаған және Пайғамбарына салауат, сәлемдерді айтпаған топ сол қылғаны үшін қиямет күні қайғыға түседі», – деп айтылған. Дәуіт (а.с.) Алла Тағалаға былай деп дұға қылады: «Уа, Жаратқан Алла! Мені Сенің атыңды зікір қылушылардың мәжілісінен шығып, дүниеқоңыздардың арасына қосылуға


153 бара жатқанымды көрсең аяғымды сындыр. Бұл да Сенің маған берген нығметің болады». Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Періштелер Алла зікір қылынған үйлерді жұлдыздарды көрсеткендей бір-біріне көрсетіседі». Суфиян ибн Уйайна (р.а.) айтады: «Мүминдер жиналып алып Алланың атын зікір қылғанда шайтан да, дүние де олардың жанынан қашады. Шайтан дүниеге: «Көрдің бе, бұлардың не істеп жатқанын?!» – деп қайғырады. Бірақ дүние шайтанға: «Мейлі қыла берсін, шаршағанда оларды бір-бірден желкелеп, саған алып келемін», – деп жауап береді. Әбу Һурайра (р.а.) бір күні базарға кіріп: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұрасы мешітте бөлістіріліп жатса, сендер бұл жерде жүрсіңдер», – дейді. Бұл сөзді естіген саудагерлер мен сатып алушылар базарды тастап мешітке жүгіреді. Бірақ ол жерде ешқандай бөлісілген мирас көре алмайды. Олар Әбу Һурайраға: «Біз мешітте бөлісілген мирас көрмедік қой», – дегенде, Әбу Һурайра: «Онда не көрдіңдер?» – деп сұрайды. Олар: «Алланы зікір қылған және Құран оқыған кісілерді көрдік», – дейді. Әбу Һурайра оларға: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұрасы міне сол», – деп жауап береді. Ағмаш Әбу Салихтен, ал ол Әбу Һурайра мен Әбу Сағид әл-Худриден риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың кұлдарының істерін жазғандардан басқа жер жүзін тынбай кезіп жүрген бірнеше періштелері бар. Олардың міндеті – Аллаға зікір айтқан пенделер бар жерлерді іздеу. Олар Алланы еске алған кісілердің тобына тап болғанда, бір-біріне: «Бұл жерге келіңдер! Іздегеніміз бұл жерде!» – деп жар сала шақырады. Сөйтіп, олар әлгі кісілерді қанаттарымен қалқалап алып, сол айналаны аспанның бірінші қабатына дейін қоршап алады. Алла Тағала шексіз ілімімен бәрін біліп тұрса да, періштелерінен: «Пенделерім не деп жатыр?» – деп сұрайды. Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, олар саған тасбих айтып, мақтап, мадақтап, ұлықтап жатыр», – дейді. (Сонда Алла Тағала мен періштелердің арасында мынадай әңгіме өрбиді): – Олар Мені көрген бе? – Жоқ, Сені көрген емес. – Егер Мені көрсе қалай болар еді? – Егер Сені көрсе, Саған бұдан да көп ғибадат жасап, бұдан да көп ұлықтап, мақтау айтушы еді. – Пенделерім Менен не сұрайды? – Пейішке кіргізуіңді сұрайды. – Олар пейішті көрген бе? – Жоқ, олар пейішті мүлдем көрген емес. – Егер көрсе не жасайтын еді? – Егер олар пейішті көрсе, оған кіруге бұдан да қатты ынтызарланып, бұдан да қатты ұмтылып, бұдан да артық тер төгуші еді. – Олар неден қорқып қашады? – Тозақ отынан қашады. – Олар тозақты көрген бе? – Жоқ, олар тозақты ешқашан көрген емес. – Егер көрсе қалай болар еді? – Егер оны көрсе, бұдан бетер сақтанып, бұдан да қатты қорқушы еді. Періштелердің бұл жауабынан кейін Алла Тағала: – Періштелерім, онда сендер де куә болыңдар. Мен олардың бәрін кешірдім, – дейді. Мұны естігенде періштелердің бірі:


154 – Уа, Алла, олардың арасында ойда жоқ жерден өзінің жеке ісімен ғана келіп отырып қалған пәленше деген (күнәһар) біреу бар, – дейді. Сонда Алла Тағала: – Ол жиналғандар – жақсы кісілер. Олармен бірге отырып қалғандар да бақытсыздыққа душар болмайды,406 – деп айтады. 406 Бұхари, Дағуат 66. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың аузындағы ең ұлы сөз – «Лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу (Алладан басқа құдай жоқ, ол жалғыз, оның серігі жоқ)» деген сөз болған». «Кім күніне жүз мәрте «Лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шайин қадир» (Алладан басқа құдай жоқ, ол жалғыз, серігі жоқ. Әлем оның мүлкінде. Мақтау оған тән, ол барлық нәрсеге құдіретті) десе, он құл азат қылғандай болады. Дәптеріне жүз жылдық сауап жазылады және жүз күнәсі өшіріледі. Сол күні ақшамға шейін бұл сөздер оны шайтаннан сақтайды. Бұл сөздерді одан да көп қайталағандардан басқа ешкімнің ғибадаты соған жетпейді». Алла Елшісі (с.а.с.) тағы: «Жақсылап дәрет алып, содан соң көкке қарап: «Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу» (Алладан басқа құдай жоқтығына, оның жалғыз және серіксіз екендігіне, Мұхаммед оның құлы және елшісі екендігіне куәлік берем)» деген пенденің алдында пейіштің барлық есіктері ашылады және қалағанынан ішке кіреді», – деп айтқан. Намаздың ұлылығы Алла Тағала былай дейді: «Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (яғни әр намаз өз уақытында өтелсін деп) парыз етілді»407. 407 «Ниса» сүресі, 103. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бес уақыт намаз пенделерге парыз қылынған. Мән беріп, ешбір нәрсесіне немқұрайды қарамай сол бес уақыт намаздың парызын орындаған кісіні пейішке кіргізуге Алла уәде қылған. Бес уақыт намаздың парыздарын орындамағандар мен Алланың ешқандай келісімі жоқ. Қаласа, оны азапқа салады, қаласа, кешіреді», – деген. Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларынан: «Кімде-кім күніне бес мәрте есігінің алдынан сарқырап ағып жатқан дарияға жуынса, денесінде кір қала ма?» – деп сұрады. Сахабалары: «Жоқ, ондай кісінің денесінде еш кір қалмайды», – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бес уақыт намаз да осындай. Алла Тағала олармен күнәларды жуады»408, – деді. 408 Бұхари, Мауақит 6; Мүслим, Масажид 283. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде үлкен күнә жасамаса, оқыған намазы өткен-кеткен барлық күнәларын жуады», – деп айтқан. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды»409 деп айтқан. 409 «Һуд» сүресі, 11/114. Бұхари мен Мүслимнің жинақтары бас болған хадис дереккөздерінде ибн Масғудтан риуаят етілгені бойынша, бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) жат әйелді сүйіп алған


155 біреу келіп, күнәсынан қайтіп арылатыны туралы сұрайды. Міне, сол сәтте «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған біршама насихат»410 деген аят түседі. 410 «Һуд» сүресі, 11/114. Әлгі кісі: «Уа, Алланың Елшісі, бұл аят мен жайлы айтып жатыр ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол үмбетімнен Алла разылығы үшін жақсы істерді жасаған барлық пенделерге қатысты», – деді. Мүслимнің, Ахмадтың және басқа түрлі хадис жинақтары Әбу Умамадан (р.а.) риуаят еткені бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған Алла бұйырған жазаны бер», – деді. Ол бұл сөзін екі мәрте қайталады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның сөзіне құлақ салған жоқ. Біраздан кейін намаздың уақыты кіріп, намаз оқылды. Намаздан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әлгі кісі қайда?» – деп сұрады. Ол: «Мына менмін», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.) «Жақсылап дәрет алып, бізбен бірге намаз оқыдың ба?» – деп сұрады. Әлгі: «Иә», – деп жауап қайтарды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда сен қазір жаңадан туылғандай бейкүнәсің, бұдан кейін бұл істі жасама», – деді. Сонда Алла Тағала Өз Елшісіне (с.а.с.): «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған біршама насихат»411 деген мағынадағы аятын түсірді. 411 «Һуд» сүресі, 114. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бізді мұнафықтардан екі нәрсе айырыптұрады. Олар таң және құптан намазына (мешітке) бару. Олар мұны орындай алмайды», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намазды немқұрайды қалдырып қойып Алланың алдына барғандардың басқа жақсы істеріне Алла көңіл бөлмейді»412 деп айтқан. 412 Итхафу сағадатил муттақин, 9. Тағы бір хадисте: «Намаз – діннің тірегі. Намаз оқымаған кісі дінін қиратады», – деп айтылады. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең ұлы ғибадат не?» – деп сұрағанда, ол: «Кемшіліксіз дәретпен бес уақыт намазын оқып жүрген кісіге қиямет күні намаз нұр және жол көрсетуші болады. Бес уақыт намазды немқұрайды қалдырған кісі махшарда Перғауын және Хаманмен бірге болады», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз – пейіштің кілті»413 деп айтқан. 413 Тирмизи, 4. Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Алла Тағала пенделеріне таухид кәлимасынан тысқары намаздай сүйікті ғибадат парыз қылған емес. Егер одан да сүйікті ғибадат болғанда періштелер соны орындаушы еді. Олардың кейбірі рүкуғта, кейбірі сәждеде, кейбірі қиямда және кейбірі отырыста». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір намазды әдейілеп қалдырған пенде кәпір болады», – дейді. (Яғни намазды әдейі тастаған кісі иманнан шығуға жақындайды). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір намазын әдейі тастаған адам Мұхаммедтің қарамағынан шығады», – деген. Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, намаз оқу ниетімен үйінен шығып, сол ниетте жүрсе, намазда тұрғандай сауап жазыла береді. Басқан әрбір екі қадамының бірі үшін амал дәптеріне бір сауап жазылады, екіншісі үшін бір күнәсі өшіріледі. Демек, біреуің азанды естігенде уақыт өткізбесін. Үйі мешітке ең алыс


156 болғандар ең көп сауап табады», – дейді. Сахабалар: «Не үшін?» – деп сұрағанда, Әбу Һурайра (р.а.): «Көп қадам басқаны үшін», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құпия сәждедей (құпия оқылған намаздай) пендені Аллаға жақындатқан ешбір ғибадат жоқ», – деген. Тағы бір хадисте: «Алла үшін сәжде жасаған әрбір мүміннің мәртебесін Алла бір дәреже биіктетеді және бір күнәсін кешіреді», – деп айтылған. Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мені сенің шапағатыңа жеткендерден және пейіште сенімен бірге болғандардан қылуы үшін Аллаға дұға қыл», – деп сұранды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Көп сәжде жасаумен маған жәрдемші бол», – деп жауап берді. Риуаяттар бойынша, пенденің Аллаға ең жақын жағдайы – сәждедегі жағдайы. Негізінде, «Раббыңа сәжде ет те, Оған жақында!»414 (Бұл сәжде аяты, дереу сәжде жасау керек!) деген аяттың мәнісі де сондай. Сәжде аяттары Құранның 14 жерінде бар. Бұл сүрелердің және аяттардың реттік нөмірлері төменде берілген: 414 «Алақ» сүресі, 19. 7. Ағраф, 206, 13. Рағд, 15, 16. Нахл, 50, 17. Исра, 109, 19. Мариям, 58, 22. Хаж, 18, 25. Фурқан, 60, 27. Намл, 25, 32. Сәжде, 15, 38. Сад, 24, 41. Фуссилат, 37, 53. Нәжм, 62, 84. Иншиқақ, 20, 96. Алақ, 19. Тіләуат сәжде жасау ниетімен қолдарды құлақ тұсқа көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәжде жасайды. Үш мәрте «Субхана Раббиәл-Ағла» не бір мәрте «Субхана Раббана ин кәнә уағду Раббина ламафғула», – деп айтады. Одан кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеден тұрады. Алла Тағала: «Олардың белгісі – жүздеріндегі сәжде ізі»415дейді. Бір жорамал бойынша, бұл жердегі «белгі» сәжде уақытында намаз оқығандардың шекесіне жұққан шаң-топырақ сияқты нәрселер. Тағы бір жорамал бойынша, аяттағы «белгі» – пенденің көкірегіндегі тақуалықтың нұры. Бұл жорамал дұрысырақ. Басқа бір жорамал бойынша, айтылған «белгі» – қиямет күні дәреттің ізі арқылы намаз оқығандардың жүзінде байқалатын нұр. 415 «Фатх» сүресі, 29. Алла Елшісі (с.а.с.): «Адам баласы сәжде аятын оқып, артынан сәжде жасағанда шайтан бір шетке шығып алып: «Мен құриын, сол кісі сәжде жасауға бұйырылып, сәжде жасады. Енді пейішке кіреді. Мен болсам сәжде жасауға бұйырылғаныммен қарсы шыққаным үшін тозаққа кіремін», – дейді», – деген. Риуаятқа қарағанда Али ибн Абдулла ибн Аббас (р.а.) күніне мың мәрте сәжде жасады. Міне, сондықтан оны «сәждеші» деп атайды. Мағлұматтарға қарағанда Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) топырақтың үстінде намаз оқып, сәжде жасады.


157 Юсуф ибн Асбат (р.а.): «Уа, жастар, ауырып қалудан бұрын денсаулыққа жағдай жасаған мүмкіншіліктерді пайдаланыңдар. Мен қазір толық көріністе рүкуғ, сәжде жасай алғандарды қызғанамын. Өйткені денсаулығыма байланысты екеуін толық жасай алмаймын», – деген. Саид ибн Жұбайр (р.а.): «Бұл дүниеде сәждеден басқа еш нәрсеге уайымдамаймын», – деп айтқан. Уқба ибн Мүслим (р.а.) былай дейді: «Пенденің Аллаға ең сүйікті артықшылығы – пенденің оған жақын болу құштарлығы. Пендені Аллаға ең жақын қылған сәт – сәжде ететін сәті». Әбу Һурайра (р.а.): «Пенденің Аллаға ең жақын болған жағдайы – сәжде ететін жағдайы. Сол жағдайда көп дұға қылыңдар», – деп айтқан. Намаз оқымаған кісінің жазасы Алла Тағала тозақылар туралы былай дейді: «(Содан олар тозақылардан): «Сендерді осынау жаһаннамға не айдап әкелді?» – (деп сұрайды). Сонда әлгілер: «Біз намаз оқитындардың қатарында емес едік. Пақыр-міскінді тамақтандырмайтын едік. Ғапылдыққа салынғандармен бірге (Алланы, ақиретті ескермей, бос сөз, пайдасыз іспен уақыт өлтіріп, күнәға батыратын сауықсайранға елітіп) ғапылдыққа салынатын едік»416. 416 «Муддассир» сүресі, 42-45. Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Иманды пенде мен Аллаға серік қосудың және кәпірліктің арасындағы айырмашылық – намазды тастау»417деген. 417 Сахих, Ахмад, 389. Сахих хадисте Баззардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз оқымағанның Исламнан несібесі жоқ. Дәреті жоқ кісінің намазы қабыл болмайды»418, – деген. 418 Мажмағуз Зауаид, 1/292. Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аманатқа қиянат жасағанның иманы жоқ. Таза болмағанныңнамазы қабыл болмайды. Намаз оқымағанның діні жоқ. Бастың денеде орны қалай болса, намаздың діндегі орны да осындай», – деген. Баззардың және басқа бірнеше хадис жинақтары бойынша, ибн Аббас былай дейді: «Қарашығым орнында тұрып көзім көрмей қалғанда, маған: «Біз сені емдейміз, бірақ бірнеше күн намаз оқымай тұруың керек», – деді. Мен: «Жоқ, болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Намаз оқымаған кісіге Алла қаһармен қарайды»419 деп айтқан», – дедім». 419 Мажмағуз Зауаид, 1/295 . Табарани Мутабақатта риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған орындасам пейішке кіретін істі көрсет», – деп сұрады. Пайғамбарымыз оған: «Қиыншылық тартып, жаның сыздаса да ешбір нәрсені Аллаға серік қоспа. Ата-анаңа бас и. Мал-мүлкіңнен, қолыңдағы нәрселердің бәрінен ажыратса да ата-анаңа бас и. Намазды әдейілеп тастама. Өйткені намазын әдейілеп тастаған кісіге Алланың кепілдігі болмайды», – деп жауап берді.


158 Басқа бір риуаятта былай деп айтылады: «Өлтірілсең де, өртелсең де, Аллаға еш нәрсені серік қоспа. Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа қарсы сөз айтып, қарсы шықпа. Парыз намазды әдейілеп қалдырып қойма. Өйткені парыз намазды әдейілеп қалдырған кісіге Алла Тағала қорғауға алу кепілдігін бермейді. Шарапты ішпе, өйткені оны ішу – барлық жамандықтардың басы. Күнә жасаудан сақтан, өйткені күнәнің кесапатынан Алланың қаһары келеді. Адамдар өлсе де соғыс майданынан қашпай орныңда тұр. Байлығыңнанотбасыңа жұмса және отбасыңды тәрбиелеу үшін қамшың дайын тұрсын. Алланың бұйрықтарын орындау үшін оларды қорқытып тұр». Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күн жабық болса, таң намазын ерте оқыңдар. Өйткені намаз оқымағандар кәпір болады», – деп айтқан. Табарани Пайғамбарымыз (с.а.с.) азат еткен Умаймадан риуаят еткені бойынша, Умайма былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) басына су құйып беріп жатқан едім. Сол сәтте бір кісі келіп: «Маған насихат айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Паршапарша болып майдалансаң да, отқа күйдірілсең де, Аллаға ешбір нәрсені серік қоспа. Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа қарсы сөз айтып, қарсы шықпа. Шарап ішпе, өйткені шарап ішу – барлық жамандықтардың басы. Парыз намазды әдейілеп қалдырыпқойма, өйткені әдейілеп парыз намазды қалдырған кісіге Алла Тағаланың және оның Елшісінің кепілдігі болмайды», – деді. Әбу Нағимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Еш себепсіз, әдейі намаз оқымаған кісінің атын Алла Тағала тозақтың есігіне, тозаққа кіретіндердің қатарына жазады», – деген. Табарани және Байхақидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Намаз оқымаған кісі отбасының және мал-мүлкінің тарап кетуіне жол ашады», – деп айтқан. Ахмад ибн Ханбал айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала Исламда төрт нәрсені парыз қылды. Кім олардың бәрін емес, үшеуін ғана орындаса, оған ешқандай пайда бермейді. Олар намаз, зекет, рамазан оразасы, Байтулланы зиярат қылу», – деп айтқан». Асбаханидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала себепсіз намаз оқымай жүрген кісінің барлық жақсылықтарын өшіреді. Тәубе жасап, қайтадан Аллаға қайтқанға шейін онымен ешбір байланысы болмайды», – деген. (Тағы осы мағынадағы бірнеше хадис айтылған). Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытынан бері келіп кеткен барлық ғалымдардың ортақ көзқарасы бойынша, намазды еш себепсіз оқымай қойған кісі кәпір болады. Әйюб (рахматуллаһи аләйһи): «Намазды әдейілеп оқымай қою күпірлікке жеткізетінінде талас жоқ», – деген. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Алайда кейіннен олардың орнын нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы терең сайға) құлап, сазайларын тартады. Ал араларынан тәубе етіп, игі істер істегендердің жөні бөлек. Олар жұмаққа кіреді, титтей де әділетсіздікке ұшырамайды».420 420 «Мариям» сүресі, 59-60. Ибн Масғуд айтады: «Аятта «тәрк етті» деген сөз «намазды толығымен тастады» деген емес, «Оны уақытында оқымады» деген мағынаға келеді. «Табиғиндердің» имамы Саид ибн Мұсайяб (рахматуллаһи аләйһи): «Сол аяттағы «тәрк етті» деген сөзбен екінті уақыты кіруге таяғанда бесін намазын, ақшам болатын кезде екінті намазын, құптан уақыты келместен ақшам намазын, таң кіретін кезде


159 құптан намазын, күн шығуға жақын таң намазын оқымай, намаздарды қаза қылуды әдетке айналдырып алғандар туралы айтылған. Міне, сол әдетін тастамай, тәубе жасамай дүниеден өткендерді Алла Тағала тозақтың терең және азабы ауыр шұңқырына лақтыруды алдын ала білдірген», – дейді. «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар».421 Кейбір тәпсір ғалымдарының көзқарасы бойынша, аяттағы «Алланы еске ал» деген сөз бес уақыт намазды білдіреді. Демек, сауда-саттық, өнер-еңбек не балашағамен әлек болып намазын оқымағандар зиянға ұшырайды. Сол себептен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні пенде бірінші болып намазынан сұралады. Егер бұл сұрағы жақсы өтсе, игілікке жетеді. Егер онда кемшіліктері болса, зиян тартады», – деп айтқан. 421 «Мунафиқун» сүресі, 9. Алла Тағала: «(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай өкінішті! Олар намаздарында ғапыл», – дейді.422 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аяттағы «Олар намаздарында ғапыл» деген сөз намазды уақытында оқымағандар туралы айтылған», – деген. 422 «Мағун» сүресі, 4-5. Ахмад ибн Ханбал, Табарани және ибн Хиббанның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз туралы баяндап жатып: «Кім намазын қалдырмай оқып жүрген болса Қиямет күні оған нұр, жол көрсетуші және құтқарушы болады. Ал енді намазға немқұрайды қарағандарға нұр да, жол көрсетуші де, құтқарушы да болмайды. Мынадай кісінің қиямет күндегі достары – Қарун, Перғауын, Хаман және Убай ибн Халаф», – деп айтқан. Ғалымдардың бірі: «Намазға немқұрайды қарағандардың Қиямет күні бұларға дос болудың себебі төмендегіше. Егер пенде көп мал-мүлкімен әлек болып намазды тастаса, Қарунға ұқсайды және сол себептен махшарда оған жолдас болады. Егер билігіне бола намазды тастап қойса, Перғауынға ұқсап, махшарда оған жолдас болады. Егер басшыға орынбасар болғандықтан намазға немқұрайды қараса, Хаманға ұқсайды және махшарда онымен бірге болады. Егер саудамен әлек болып намазды тастап қойса, Мекке кәпірлерінің саудагері Убай ибн Халафқа ұқсайды және махшарда онымен бірге болады», – деген. Хакимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Еш себепсіз екі намазды бір уақытқа жинап тастаған кісі үлкен күнәға батады», – деген. Бұхари мен Мүслим және басқа төрт хадис жинағы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екінті намазын қаза қылған кісі отбасын шашыратып, мал-мүлкінен ажырағандайболады»423 дейді. 423 Бұхари, 522; Мүслим, 626. Нәсаидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінті намазы туралы: «Намаздардың арасында бір намаз бар, оны қаза қылған кісі отбасын шашыратып, мал-мүлкінен ажырағандай болады», – деген. Мүслим мен Нәсаидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.) екінті намазы туралы: «Бұл намаз сендерден бұрынғыларға ұсынылып еді, олар немқұрайдылықпен тастап қойды. Енді оған мән беріп жалғастырғандарыңа екі есе сауап беріледі. Одан кейін жұлдыз шыққанға шейін намаз оқылмайды», – деді. Бұхари, Ахмад ибн Ханбал және Нәсаидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екінті намазын оқымаған кісінің жақсы істері өшіріледі», – деген.


160 Ахмад ибн Ханбал мен ибн Әбу Шайбаның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Ешбір себепсіз екінті намазын оқымай қаза қылғандардың барлық жақсы істері өшіріледі». Абдурраззақ айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларыңнан біреудің отбасының бұзылуы, мал-мүлкініңқолдан кетуі ол үшін екінті намазын қаза қылғанға қарағанда азырақ зиян болады»424 деген. 424 Табарани, 19/430; Мажмағуз Зауаид, 1/308. Имам Шафиғи мен Байхақидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Ешбір парыз намазды оқымай уақытын өткізгендер бала-шағасы шашырап, мал-мүлкінен қол үзгендей болады», – деп айтқан. Бұхариде келгені бойынша, Самура ибн Жундуб (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім түс көрді?» – деп тез-тез сұрап, айтылған түстерді Алла бұйырғандай жорып тұрды. Бір күні таңертең былай деп айтып берді: «Түнде екі кісі келіп мені төсектен тұрғызып, «Жүр, кеттік», – деді. Олармен бірге жүрдім. Жолда екі кісіні жолықтырдық. Біреуі жерде шалқасынан жатыр. Екіншісі әлгіні таспен басқа ұрып, басын жарып жатыр. Домалап кеткен тасты алып келгенге шейін әлгінің басының жарылған жері бітіп қалып жатты. Ол болса қайтадан әлгі ісін қайталай берді. Мені ерткен кісілерден: «Уа, Құдай, бұл не?» – деп сұрасам, «Жүр, кеттік» деп басқа жауап берген жоқ. Одан ары бара жатып тағы екі кісіні жолықтырдық. Олардың бірі жерде жатыр. Екіншісінің қолында темір шеңгел бар екен. Ол әлгінің бір жақ жағына темір шеңгелді сұғып, жағының жарымын, мұрнының бір танауын және екі қасының ортасынан маңдайын жарып жатты. Содан соң екінші жағынан тартып, жарып, паршалады. Бірақ сол заматта-ақ жарылған жақтар қайтадан бітіп, бұрынғы жағдайына келіп тұрды. Жанымдағылардан: «Уа, Құдай, бұл не?» – деп сұрадым. Олар: «Жүр, кеттік», – деп одан ары жүрдік. Алдымыздан тандырға ұқсаған ішінен от лаулаған шұңқыр шықты. Ішінен ызың-шу естіледі. Аузынан қарасақ, тырдай жалаңаш әйел-еркектер жүр. Шұңқырдың түбінен көтерілген жалын олардың денесін орап алыпты. От алауланған сайын олардың ащы айғайлары шығып жатты. Жанымдағылардан «Бұлар кімдер?» – деп сұрадым, қайтадан «Жүр, кеттік», – деді. Жолымызды одан ары жалғап бір дарияның жиегіне бардық. (Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Қан секілді қып-қызыл» деп суреттеді деп ойлаймын) ол жерде екі кісіні жолықтырдық. Бірі дарияда жүзіп жүр, екіншісі жиекте үйілген тастардың жанында тұр. Судағысы жиекке жақындаған сайын жиектегі кісі таспен ұрып қайтарып жатты. Жанымдағылардан «Бұл не?» – деп сұрасам, «Жүр, кеттік», – деді. Одан ары жүрдік. Жолда өте қорқынышты бір кісіні көрдік. Одан қорқынышты жанды жолықтыру мүмкін емес еді. Ол кісінің алдында от жанып тұрды. От бәсеңдеген сайын пенде оны қозғап, күшейтіп, тоқтамай отты айналып жүрді. Жанымдағылардан «Бұл кім?» – деп сұрап едім, олар «Жүр, кеттік», – деді. Сапарымыз ары қарай жалғасты. Алдымыздан биік бақтар өскен бақшаны кездестірдік. Бақшада жаз гүлдері, ортасында бойы аспан тіреген бір кісі бар екен. Оның айналасын өте көп балалар қоршап алыпты. Жанымдағылардан «Бұл кім?» – деп сұрадым. Олар «Жүр, кеттік», – деді. Жолымызды одан ары жалғап биік өскен ағаштың жанына бардық. Ол өте көркем еді. Бұрын-соңды ондай бақ көрген емеспін. Жанымдағылар «Бұл ағашқа шық», – деді. Бәріміз ағашқа жабылып шығып отырып бір қалаға жеттік. Қала ғимараттарының кірпіштері алтын мен күмістен екен. Қаланың дарбазасына келіп қақтық. Дарбаза


161 ашылып, ішке кірдік. Бізді денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз көріністегі біреулер тосып алды. Жанымдағылар оларға: «Жүгіріңдер, барып әлгі дарияға түсіңдер», – деді. Қарасам, суы аппақ дария ағып жатыр. Бізді тосып алғандар дарияға бір сүңгіп шығып, жанымызға келгенде денелерінің жағымсыз жерлері жоғалып, бастан-аяқ ең жақсы бейнеге келіп қалыпты». Жанымдағылар: «Бұл жер – Адн пейіші, осы жер – сенің орның», – деді. Жоғары жаққа қарасам, ақ бұлттай шаңқайған көрікті сарай тұр. Жанымдағылар: «Міне, осы – сенің орның», – деді. «Сендерге Алла береке берсін, рұқсат берсеңдер, мен сарайдың ішіне кірейін», – дедім. «Қазір болмайды, бірақ уақыты келгенде ол жайға кіресің», – деп айтты. Олардан «Осы түні қатты таңғаларалық нәрселерге куә болдым, олар не еді?» – деп сұрадым. Сонда олар: «Саған айтып берейік, тыңда», – десіп, сырлы оқиғаларды түсіндіре бастады: Алғашқы кезіктірген қайта-қайта басы таспен жаншылған кісі Құран Кәрімді біліп тұрып, бұйрықтарын орындамаған және парыз намаздарды оқымай ұйықтаған кісі еді. Жағы, мұрны және көзі темір шеңгелмен жарылған кісі таң атқанда үйінен шыққаннан бастап жалған-жала жайып жүрген біреу. Тандырға ұқсас құдыққа қамалған әйел-еркектер – зинақорлар. Жиекке жақындағанда таспен ұрылып, тынбай дарияда жүзіп жүрген пенде – өсімқор еді. Отты қозғап жағып жатқан өңі сұсты, жағымсыз кісі – тозақтың күзетшісі. Бақшадағы ұзын бойлы кісі – Ибраһим (а.с.), ал жанындағылар – мұсылман табиғатымен бұл дүниеден өткен жас балалар. Сол сәтте бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, мүшріктердің балалары да соған қосыла ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүшріктердің балалары да қосылады», – деп жауап берді. Денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз кісілер жақсы ісі де, жаман ісі де бар кісілер еді. Алла Тағала олардың жаман істерін кешіріп жіберген». Баззардың айтуына қарағанда хадис төмендегіше аяқталады: «Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастары таспен жарылған және жарылысымен қайтадан бітіп қалған бір топты жолықтырды. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Бұлар намазды ауыр деп санаған тар ойлы жалқау кісілер еді», – деп жауап берді». Хатиб және ибн Нажжардың (рахматуллаһи аләйһима) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Исламның өзгешеленген белгісі – намаз. Барынша ден қойып намаз оқығандар, уақыттарына, сүннеттеріне және өлшемдеріне мән бергендер – шынайы мүминдер», – деген. Ибн Мажа риуаят етеді: Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед) Сенің үмбетіңе бес уақыт намазды парыз қылдым және кім сол бес уақыт намазды өз уақытында толық орындайтын болса, оны пейішке кіргізеріме де уәде бердім. Кім бес уақыт намазды өз уақытында оқымаса, оған ешқандай уәдем де, кепілдігім де жоқ», – деп айтқан. Имам Ахмад ибн Ханбал және Хакимнің айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім намазды мойнындағы міндеті деп есептеп, оны кемшіліксіз орындаса, пейішке кіреді», – деген. Тирмизи, Нәсаи және ибн Мажаның риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Қиямет күні пенденіңсұраққа алынатын алғашқы ісі – намаз. Егер намазға тиесілі есебі кемшіліксіз болса, құтылады. Егер намазға тиесілі есебі шала және кем шықса, зиянға ұшырайды. Парыз намаздары шала шыққанда, Алла Тағала: «Қараңдаршы, пендемнің нәпіл ғибадаттары бар ма? Бар болса, бұлардың орнын


162 сонымен толтырыңдар!» – дейді. Намаз мәселесі сондай шешілгеннен кейін басқа істер де сол ережемен сұралады», – деген. Нәсаи риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні кісілер әуелі намаз туралы сұралады. Одан кейін ғана садақа, мұқтаждарға берілген жәрдемдер туралы сұрақ болады», – деді. Имам Ахмад ибн Ханбал, Әбу Дәуіт, Нәсаи, ибн Мажа және Хакимнің айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні пенде алғашқы іс ретінде намаз туралы есеп береді. Егер намазы кемшіліксіз болса, толық деп жазылады. Егер толық орындалмаса, Алла періштелеріне: «Қараңдаршы, пендемнің нәпіл ғибадаттарының ішінде намазды толықтыратыны бар ма екен? Бар болса, сонымен толтырыңдар», – дейді. Сонда зекетке өтеді. Одан кейін кезегімен барлық істері солайша есепке алынады» 425 деген. 425 Ахмад, 4/65; Нәсаи, 1/234. Әбу Дәуіт ат-Таялиси және Табарани риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Жәбірейіл (а.с.) маған келіп: «Уа, Мұхаммед, Алла Тағала былай деді: «Үмбетіңе бес уақыт намазды парыз қылдым. Кім бұл бес уақыт намазды дәретпенен, уақытында, рүкуғ пен сәждесін кемшіліксіз орындаса, оны пейішке кіргізуге уәде беремін. Ал енді намазы шала болып алдыма келгендерге ешқандай уәдем жоқ, қаласам, оларды азаптаймын, қаласам, қайырымды мәміле жасаймын», – деді. Байхақидің риуаятында «Намаз – таразы. Тура өлшеген адам сауабын алады»426 деген. 426 Канзул уммал, 18892. Дайлами риуаят еткен: «Намаз – шайтанның жүзін қарайтады, садақа – белін сындырады. Алла үшін сүю, Алла үшін ілімге берілу – шайтанның оқтарын жазып жібереді. Міне, соларды орындасаңдар, шайтан сендерден Шығыс пен Батыстай алыстайды»427. 427 Канзул уммал, 18893. Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким риуаят еткен хадисте: «Алладан қорқыңдар! Бес уақыт намазды оқыңдар! Рамазан оразасын ұстаңдар! Мал-мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Басшыларыңа бас иіңдер! (Солай жасасаңдар) ЖаратқанИелеріңнің пейішіне кіресіңдер». Бұхари, Мүслим, Имам Ахмад және Нәсаи риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Істердің ең жақсысы – уақытында оқылған намаз, содан соң ата-анаға жақсылық жасау, одан кейін Алла жолында күресу», – деді. Байхақи әзірет Омардан риуаят еткені бойынша, Алла Елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, Исламда Алланың алдында қай іс сүйіктірек?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уақытында оқылған намаз. Кім намазды тастаса, оның діні жоқ. Намаз – діннің тірегі», – деп жауап берді. Міне, сондықтан әзірет Омар жараланып, төсекте жатқанда, оған: «Уа, Мүминдердің басшысы, намаз!» десімен: «Намаз қандай жақсы нәрсе! Намаз оқымаған кісінің Исламнан несібесі жоқ» деп намазға тұратын және қаны тоқтамай ағып жатқанына қарамай намазын аяғына шейін оқып бітірген. Шамсиддин Мухаммад ибн Ахмад ибн Усман аз-Захабидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Пенде намазды уақыты кірісімен оқыса, ол намаз нұр шашқан бойы көкке көтеріліп, Аршқа жетеді және қиямет күнге шейін оны оқыған кісінің күнәларының кешірілуін сұрап: «Маған қанша мән берсең, Алла да саған солай назар салсын», – дейді.


163 Егер пенде намазын қаза қылып оқыса, бұл намаз қараңғылыққа оранған жағдайда көкке көтеріліп, барар жеріне жеткенде ескі шүберек сияқты иесінің жүзіне лақтырылады», – деген. Әбу Дәуіт риуаят еткен бір хадис бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла үш кісінің ғибадатын қабыл етпейді» деп, уақытын өткізіп оқылған намазды да солардың арасына қосады. Тағы бір риуаят етілген хадисте: «Кім бес уақыт намазды толығымен кемшіліксіз оқыса, Алла оған бес түрлі нығмет береді. Олар: 1. Алла оны тұрмыс қиыншылығынан құтқарады. 2. Қабір азабынан құтқарады. 3. Амал дәптері оң жағынан беріледі. 4. Сырат көпірінен найзағайдай тез өткізеді. 5. Сұрақсыз пейішке кіргізеді. Кім намазға немқұрайды қараса және оқымаса, оған он бес жаза бар. Бұлардың бесеуі бұл дүниеде, үшеуі өлім сәтінде, үшеуі қабірде, үшеуі қайта тіріліп қабірден тұратын кезде. Бұл дүниедегі жазалары: 1. Өмірі берекесіз болады. 2. Жүзінің нұры жоғалады. 3. Алла оның жасаған істерінің сауабын бермейді. 4. Қылған дұғасы қабыл болмайды. 5. Тақуа кісілердің дұғасындай дұға оған нәсіп болмайды. Өлім сәтіндегі жазалары: 1. Қор болып өледі. 2. Аш болып өледі. 3. Шөлдеген жағдайда өледі. Оған бүкіл теңіздердегідей су ішірілсе де шөлі басылмайды. Қабірдегі қиыншылықтары: 1. Қабір оған тарлық қылады. Қабірде қабырғалары қысылады. 2. Қабірде от жағылып, оттың шоқтары тасқа айналады. 3. Қабірінен Шужа деген ысқырығы күшті жылан шығады. Ол жыланның көздері жалыннан, тырнақтары темірден. Әрбір тырнағының ұзындығы бір күндік қашықтықтай ұзын. Ол жылан өлікке: «Мен күш-қуатты Шужамын. Жаратқан Ием оқымаған таң намазыңның жазасына сай күн шыққанға шейін сені шағуымды бұйырды. Оқымаған бесін намазыңның жазасына сай екінті уақытына, оқымаған екінті намазың үшін ақшамға шейін, оқымаған ақшам намазың үшін құптанға шейін, оқымаған құптан намазың үшін таң атқанша шағуымды тапсырды». Жылан әр мәрте шаққанда оны жерге жетпіс кез428 кіргізіп қояды. Бұл азап қияметке шейін жалғасады. 428 Ұзындығы 0,71 метрге тең болған өлшем Қабірден тұратын кездегі азаптар: 1. Сұрағы қатты болады. 2. Алланың қаһарына ұшырайды. 3. Тозаққа түседі». Басқа бір риуаят бойынша: «Намазға немқұрайды қарап, оны оқымаған кісі қиямет күні маңдайында үш қатар жазумен келеді: бірінші қатарда «Ей, Алланың ақысын жоқ қылған!» деген жазу; екінші қатарда «Ей, Алланың қаһарына қалған» деген жазу; үшінші қатарда «Сен дүниеде Алланың ақысын қалай жоқ қылсаң, бүгін оның мейірімінен солай құр қаласың» деген жазу болады».


164 Хадисте айтылған жазалар он беске жетпей, он төрт болып қалды. Хадисті риуаят еткен кісі біреуін ұмытқан болуы ықтимал. Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні болғанда бір кісі әкелініп, Алланың алдына тұрғызылады. Алла оны тозаққа лақтыруды бұйырады. Ол кісі: «Уа, Жаратқан Алла, не үшін тозаққа лақтырасың?» – деп сұрайды. Алла Тағала оған: «Намазды уақытынан кешіктіргенің және Менің атымнанжалған ант ішкенің үшін», – деп жауап береді», – деген. Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына: «Уа, Жаратқан Алла, біздің арамыздан ешкімді құр қол және бақытсыз қыла көрме!» деп дұға қылыңдар дегеннен кейін «Құр қол және бақытсыз дегендер кімдер екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар – намаз оқымағандар», – деп жауап берді. Риуаятқа қарағанда, қиямет күні бірінші болып намаз оқымағандардың жүздері қараяды. Тозақта жыландарға толған «Ламлам» атты дала бар. Әрбір жылан түйенің мойнындай жуан және бір айлық қашықтықтай ұзын. Ол жыландар намаз оқымағандарды шаққанда уы олардың денесінде жетпіс жыл қайнап, ақыры еттерін шірітіп түседі. Исраилұлдарынан бір әйел Мұсаға (а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, үлкен күнә жасадым, бірақ тәубе келтірдім», – дейді. Мұса (а.с.): «Қандай күнә жасадың?» – деп сұрағанда, анау әйел: «Уа, Алланың пайғамбары, зина жасағанмын. Одан туылған баланы өлтірдім», – деп жауап береді. Соған ашуланған Мұса (а.с.) әйелге: «Жоғал, ей зинақор! Болмаса, сенің күнәң үшін көктен от жауып, бізді өртейді», – дейді. Әйел қапалы күйінде үйіне қайтады. Дәл сол сәтте Жәбірейіл (а.с.) түсіп, Мұсаға (а.с.): «Алла саған: «Уа, Мұса, күнәсіне тәубе жасаған әйелді неге қуып жібердің? Одан да жаманын көрген емес пе едің?» – деді. Мұса (а.с.) Жәбірейілден: «Одан да жаманы кім?» – деп сұрады. Жәбірейіл (а.с.): «Еш себебі жоқ бола тұра намаз оқымаған кісі», – деп айтты. Риуаяттарға қарағанда, көне заманда біреу қарындасын жерге бергенде мазардың ішіне қапшығын түсіріп алады. Мазардан қайтарда қапшығы қабірде қалғанын байқап, ел кеткеннен кейін мазарды қазады. Бірақ мазардың ішінде от жанып жатқанын көріп, топырақпен қайта жауып қояды. Үйіне келіп анасынан: «Анашым, маған қарындасымның жасаған істері туралы айтып берші», – деп сұрайды. Әйел: «Ұлым, неге сұрап жатырсың?» – дегенде, ана кісі: «Оның мазарында от жанып жатқанын көріп, содан сұраған едім», – дейді. Мұны естіген анасы жылай: «Ұлым, қарындасың намазға немқұрайды қарады және уақытында оқымаушы еді», – деп жауап береді. Намазды өз уақытында оқымағанның жағдайы сондай болса, мүлдем намаз оқымаған кісінің қандай болатынын өзің ойлап көр. Алла бізге намазға ден қойып, уақытында және кемшіліксіз оқуды нәсіп қылсын. Ол жомарт, мейірімді, кешірімді және қайырымды. Тозақ Алла Тағала тозақ жайлы: «Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың ішінен арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан кіретіні белгілі)»429деген. 429 «Хижр» сүресі, 44-аят.


165 Ибн Журайж: «Тозақтың жеті қабаты бар. Олар: Жаһаннам, Лаза, Хутама, Саир, Сақар, Жахим және Хауия. Бірінші қабаты иман келтірген күнәһарлар үшін, екінші қабаты яһудилер үшін, үшінші қабаты христиандар үшін, төртінші қабаты жұлдыздарға сиынғандар үшін, бесінші қабаты отқатабынушылар үшін, алтыншы қабаты пұтқатабынушылар үшін және жетінші қабаты мұнафықтар үшін. Демек, жаһаннам – ең үстіңгі қабат. Содан соң қатарымен басқалары тұрады», – деп айтқан. Сондай-ақ аяттың мағынасы бойынша, Алла Тағала шайтанға ергендерді жеті топқа бөліп, әрбір тайпаны тозақтың бір қабатына жайғастыратыны айтылады. Өйткені кәпірлік және күнәлардың дәрежелері әртүрлі және тозақтағы жағдайлары да әр басқа болады. Бір риуаят бойынша: «Көз, құлақ, тіл, қарын, ұятты жерлер, қол және аяқтан тұратын дененің жеті мүшесі үшін тозақ та жеті қабат болып жаратылған. Өйткені күнәлар сол мүшелермен жасалады және олардың барар жері де жеті қабат тозақ». Бұл туралы әзірет Али (кәррамаһуллаһу уәжһәһу): «Тозақ үсті-үстіне орналасқан жеті қабаттан тұрады. Әуелі біріншісі, содан соң екіншісі, содан соң үшіншісі болып, қатарымен барлық қабаттары толады», – деген. Бұхари мен Тирмизидің ибн Омардан риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың жеті есігі бар. Бұлардың бірі менің үмбетіме қылыш көтергендерге тиесілі», – деген. Табаранидің «Аусат» атты кітабында былай деп жазылады: «Бір күні Жәбірейіл (а.с.) әдеттегі келетін уақытынан басқа уақытта келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны тосып алып: «Уа, Жәбірейіл! Неге жүзің салқын тартып қалған?» – деп сұрайды. Жәбірейіл: «Егер Алла тозақтың көріктері туралы мағлұмат беруімді бұйырмағанда саған келмес едім», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жәбірейіл, маған тозақ туралы айтып бер», – дейді. Жәбірейіл (а.с.) баяндай бастайды: «Алла тозақ отын жағуды бұйырды. Мың жыл жағылғаннан кейін ол ағарды. Тағы жағуды бұйырып, мың жыл жағылғаннан кейін қып-қызыл болды. Содан соң тағы бұйырды. Сөйтіп тағы мың жыл жағылғанда қап-қара болды. Ол енді қап-қара. Енді одан ұшқын жылт етіп, жалын жарық шашпайды. Сені пайғамбар қылып жібергенге ант етейін, тозақтан бір иненің көзіндей тесік ашылса, бүкіл жер жүзіндегі жандылар өледі. Сені хақ пайғамбар қылып жібергенге ант етейін, егер тозақ күзетшілерінің бірі бұл дүниедегілерге көрінсе, бүтіндей жер жүзіндегілер оның жағымсыз көрінісінен және сасық иісінен өліп қалмақ. Сені хақ пайғамбар қылып жібергенге ант етейін, егер тозақылардың кісендерінің бір жүзікшесі – оның қандай екендігі Алланың кітабы Құранда суреттелген – бұл дүниедегі таулардың үстіне қойылса, оларды жердің астына шөктіріп жіберер еді. Таулар оның салмағын мүлдем көтере алмақ емес». Сөз сол жерге келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жәбірейіл, осыншамасы жеткілікті! Тағы сөйлесең, жүрегім жарылып өлемін», – деп Жәбірейілге (а.с.) қараса, ол жылап жатады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, Алланың алдындағы ұлы дәрежеңе қарамай сен де жылап жатырсың ба?» – деп сұрайды. Жәбірейіл (а.с.) оған: «Мен қайтіп жыламайын! Мен бәрінен көбірек жылауға тиіспін. Құдай біледі, бәлкім, қазіргі орнымнан басқа бір дәрежеде болуым мүмкін еді. Ақыры бір күні мен де Ібілістің жағдайына түсіп қалмасам екен деп уайымдаймын. Ол да періштелердің тобында емес пе еді. Харут пен Маруттың басына келген сынаққа мен де душар болмаймын деп айта алмаймын. Келешекте басыма нелер келерін білмеймін», – деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) де, Жәбірейіл де жылады. Олардың жылауы еш басылмастай еді. Сол сәтте: «Уа, Жәбірейіл! Уа, Мұхаммед! Алла сендерді күнәдан


166 сақтайтын болды!» деген үн естілді. Сол үн естілгенде Жәбірейіл (а.с.) ғайып болып кетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сыртқа шығып, ансарлардың бір тобы мәре-сәре болып отырғанын көрді. Оларға: «Тозақ арттарыңда тұрса, сендер күліп жатырсыңдар ма?! Егер менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер. Жеген-ішкендерің де сіңбес еді. Тауларға шығып алып Аллаға жалбарар едіңдер», – деді. Міне, сол сәтте «Уа, Мұхаммед, пенделерімнің үмітін үзбе! Мен сені ауырлатушы емес, сүйіншілеуші қылып жібергенмін» деген үн естілді. Сонда Пайғамбарымыз сахабаларға: «Тура жолдан таймай, Аллаға жақындаңдар!» – деп айтты. Имам Ахмадтың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілден: «Неге Микаилдың күлгенін еш көрмеймін?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Микаил, тозақ жаратылғаннан бері күлген емес», – деп жауап берді. Мүслимнің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні тозақ әрбірін жетпіс мың періште тартқан жетпіс мың арқанмен сүйретіліп келеді», – деп айтқан. Тозақ азабы Әбу Дәуіт, Нәсаи және Тирмизи риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай баяндайды: «Алла пейіш пен тозақты жаратқан сәтте Жәбірейілді пейішке жіберіп: «Пейіш пен пейіштегілер үшін дайындағандарымды көр!» – дейді. Жәбірейіл барып пейіш пен пейішке кірушілерге дайындалғандарды көріп, Аллаға: «Ұлылығыңа ант етейін, оныестіген кісінің бәрі пейішке кіргісі келеді», – деп айтты. Алла пейішке бұйрық бергенде көңілге жақпайтын нәрселерге оралды. Содан соң Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып пейішке кірушілерге дайындағандарымды көр!» – деді. Жәбірейіл барып көңілге жақпайтын нәрселерге куә болып, Аллаға: «Ұлылығыңа ант етейін, ол жайға ешкім кірмесе керек деп ойлаймын», – деді. Сонда Алла Тағала Жәбірейілге: «Тозаққа барып, тозақты және тозақыларға дайындағандарымды көр!» – деді. Жәбірейіл (а.с.) барып тозаққа қараса, толқынтолқын болып оралып жалындап күйіп жатады. Қайтып келіп: «Ұлылығыңа ант етейін, оны естісе, ешкім ол жерге кірмейді!» – деді. Алла тозаққа бұйрық бергенде, ол құмарлықты қоздыратын нәрселермен оралды. Содан соң Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып қарашы!» – деп еді, Жәбірейіл тозақты қайта көріп: «Ұлылығыңа ант етейін, ол жерге кіргісі келмеген кісі жоқ шығар деп қорқамын», – деді». Имам Ахмад, ибн Мажа, ибн Хиббан және Хакимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уайл – тозақтағы біршұңқыр дала. Кәпір оның түбіне түскенге шейін қырық жыл өтеді»430 деп айтқан. Осы хадис Тирмизидің риуаяты бойынша: «Уайл – екі таудың ортасындағы өте шұңқыр дала. Кәпір оның түбіне жеткенге шейін жетпіс жыл өтеді», – деп айтылған. 430 Ахмад, 75; Тирмизи, 3164. Тирмизи мен ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына: «Қайғы құдығынан (не даласынан) Аллаға сиыныңдар», – деп айтады. Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, қайғы құдығы (не даласы) деген не?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол – тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан сұрайды. Ол жай елкөрсіндік үшін Құран


167 оқығандарға дайындалған. Алланың ең қатты қаһарына қалатындар – елкөрсіндік үшін Құран оқығандар, залым патшаларды зиярат қылғандар», – деді. Табаранидің жазғанына қарағанда: «Тозақта тозақтың өзі одан қорғауды күніне төрт жүз мәрте Алладан сұраған бір дала бар. Ол жер әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетінің екі жүзділері үшін дайындалған», – деп айтылады. Ибн Әбу Дуня риуаят еткен хадисте: «Тозақта жетпіс мыңдала бар. Әр даланың жетпіс мың тармағы бар. Әр тармақтажетпіс мың үй бар. Әр үйдің жетпіс мың бөлмесі бар. Әр бөлмеде жетпіс мың құдық. Әр құдықта жетпіс мың қорқынышты жылан бар. Әр жыланның ауыз қуысында жетпіс мың шаян бар. Ешбір кәпір, ешбір мұнафық бұл жерлерге түспей қалмайды». Тирмизи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозаққа лақтырылған үлкен тас жетпіс жылда да түбіне жетпейді», – деген. Әзірет Омар (р.а.): «Тозақты көп еске алыңдар. Шынында, оның ыстығы қатты, түбі шұңқыр және тоқпақтары темірден», – деп айтқан. Баззар, Әбу Йағла, Мұхаммед ибн Хиббан және Байхақи риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер тозаққа бір тас лақтырылса, оның түбіне түскенге шейін жетпіс жыл өтеді», – деген. Мүслимнің риуаяты бойынша, Әбу Һурайра айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырып, ауыр нәрсе жерге түскенде шыққан үндей дыбыс естідік. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл ненің дыбысы екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дедік. Ол: «Бұл – тас. Алла оны тозаққа жетпіс жыл бұрын жіберген еді. Сол енді түбіне барып түсті», – деп айтты. Табаранидің риуаяты бойынша, Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бір күні Пайғамбарымыз қатты жаңырған үнді естіп шошып кетті. Сол сәтте Жәбірейіл келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Уа, Жәбірейіл, бұл ненің үні еді?» – деп сұрады. Жәбірейіл (а.с.) оған: «Жетпіс жыл бұрын тозаққа бір тас лақтырылған еді. Ол енді ғана оның түбіне түсті. Алла соның дауысын саған естіртуді қалаған», – деп жауап берді. Сол оқиғадан кейін көзі өткенге шейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ауыз ашып күлгені көрілген емес». Ахмад ибн Ханбал мен Тирмизидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер сондай (басын көрсетіп) домалақ тас көктен лақтырылса, ортадағы қашықтық бес жүз жылдық жол болғанына қарамай шам уақытына жетпей жерге түседі. Бірақ дәл сол тас тозақтың аузына лақтырылса, түбіне түсуі үшін қырық күн, қырық түн уақыт керек болады», – деп айтады. Ахмад ибн Ханбал, Әбу Йағла және Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың теміртоқпақтарының бірі жерге түсірілсе, адамдар мен жындар бірігіп те оны орнынан көтере алмас еді», – деген. Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың темір тоқпақтарының бірі тауға түссе, тау талқандалып, күлге айналмақ», – деп айтқан. Ибн Әбу Дуняның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақтың тастарының бірі бұл дүниедегі таулардың біріне түссе, тау еріп күл болмақ. Әр тозақтың жанында сондай тозақ тасы мен шайтан бар», – деген. Хаким риуаят еткені бойынша, былай деп баяндалады: «Жер жеті қабат. Әр екі қабаттың ортасы бес жүз жылдық қашықтық. Ең үстіңгі қабаты басы мен құйрығы аспанға көтерілген балықтың үстінде тұрады. Балық тастың үстінде, тас бір періштенің қолында. Екінші қабат желдің ойығы. Алла Тағала «Ад» қауымын жоқ қылғысы келгенде жел жауаптысын «Ад» қауымына қиратушы жел жіберуін бұйырды. Желге жауапты періште: «Уа, Жаратқан Ием, оларға өгіздің танауларынан шыққан желдей жел


168 жіберейін бе?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Соншалық желмен бүкіл жер жүзі мен барлық жандыларды жоқ қыласың. Сен оларға жүзіктің көзіндей жел жібер», – деді. Жердің үшінші қабатында тозақ тастары, төртінші қабатында тозақ күкірті бар. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, тозақтың күкірті бар ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әлбетте, жанымды қолында ұстаған Аллаға ант етейін, ол қабаттағы күкірт далаларына зор таулар салынса еріп, су секілді ағар еді», – деп жауап берді. Бесінші қабатта тозақ жыландары бар, олардың ауыздары бір даладай үлкен. Жердің алтыншы қабатында тозақ шаяндары бар. Олардың ең кішкентайы ертоқымды қашырдай. Олар бір мәрте шаққанда кәпірге тозақ отын ұмыттыра қояды. Жердің жетінші қабатында бір қолы алға, бір қолы артқа темір кісенмен кісенделген Ібіліс бар. Алла оны бір пендесіне саларда босатады». Ахмад ибн Ханбал, Табарани, ибн Хиббан және Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақта түйенің мойнындай жуан жыландар бар. Олардың бірі бір мәрте шақса ащысы жетпіс жылға шейін сезіледі. Сондай-ақ ер-тоқымды қашырдай үлкен шаяндар бар. Олар кісіні бір мәрте шақса, пенде қырық жыл бойы безгек болады», – деген. Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким риуаят етеді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олар су сұрағанда ақталған май сияқты жүздерін күйдіруші су беріледі» деген мағынадағы аят туралы: «(Бұл су) қайнатылған зейтін майындай. Аузыңа жақындатсаң, жүзің еріп, оның ішіне ағып түседі», – деген. Тирмизидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылардың бастарына төгілген қайнар су іштерінесызылып кіріп, ішек-қарнын ерітеді және іштерінде болған нәрсенің бәрі табандарынан сыртқа ағып шығады. Содан соң қайтадан бұрынғы жағдайына қайтарылады», – деп айтқан. Даххак (рахматуллаһи аләйһи): «Хамим – Алла жер-аспанды жаратқаннан бері тозақыларға ішірілетін және бастарынан төмен төгілетін уақытқа шейін үздіксіз қайнап тұрады», – деген. Бір көзқарас бойынша, тозақыларға ұсынылатын қайнаған су олардың өздерінің тозақ көлдерінде жиналған көз жастарынан пайда болады және өздеріне беріледі. «(Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа жандар) мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнақ сумен суарылғандарында ішек-қарындарының паршапаршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»431 деген мағынадағы аят сол сұйықтыққа ишарат етеді. Бұл туралы басқа сөздер де айтылған. Ахмад ибн Ханбал, Тирмизи және Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Содан пайғамбарлар мен мүміндер (Алладан) жеңіс тіледі. Нәтижеде, әрбір тоңмойын, озбыр залалға ұшырады. Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады және онда оған қан мен ірің аралас сусын ішкізіледі»432 деген мағынадағы аят туралы «Іріңді су аузына жақындағанда жиіркенеді. Тағы жақындатылса, жүзін күйдіреді, басының терісі еріп ағып, ішкенде ішектерін быт-шыт қылып, артқы тесігінен шығып кетеді» деп түсіндірме берген. 431 «Мұхаммед» сүресі, 15. 432 «Ибраһим» сүресі, 15-16. Алла Тағала былай дейді: «Мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнақ сумен суарылғандарында ішек-қарындарының парша-паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»433 433 «Мұхаммед» сүресі, 15. «(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт. Шүбәсіз,


169 Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда, оларға бетті қарып күйдіріп жіберетін балқыған темір іспетті су беріледі. Ол қандай жаман сусын еді! Сондай-ақ жаһаннам қандай жаман тұрақ (орын) еді!»434 434 «Кәһф» сүресі, 29. Ахмад ибн Ханбал мен Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ғассақтан бір шелек жер бетіне төгілсе, бүкіл дүние жүзін сасытып жібереді», – деген. Ғассақ – «Олардың сыбағасы, міне, осы, ендеше, ондағы қайнақ су мен қою іріңді әбден татсын»435 деген аят пен «(Тататындары) тек қайнаған су мен ірің ғана»436 деген аятта аталған қан-ірің. 435 «Сад» сүресі, 57. 436 «Нәбә» сүресі, 25. Бұл ірің туралы түрлі көзқарастар бар. ибн Аббастың айтуы бойынша, ол «кәпірдің терісінен сарығып аққан сары су», басқалардың көзқарасы бойынша: «кәпірлердің сасыған іріңдері». Кәғбул Ахбардың айтуынша, ол – тозақтағы бір көл. Ол жерге жылан, шаян және соған ұқсаған улы жануарлардың улары ағып жиналады. Содан соң кісілер әкелініп, сол сұйықтыққа бір-ақ мәрте салынып алынғанда терілері сылынып, еттері сүйектерінен айырылып, тізесі мен қызыл асығынан төмен салаңдап, пенде киімін сүйретіп басқан секілді жерге сүйретіледі. Тирмизидің айтуы бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар һәм (өмір бойы бір Аллаға қалтқысыз мойынсұнып, ажалдарың келгенде де) кәміл мұсылман болып қана жан тапсырыңдар, басқаша өлмеңдер»437 деген мағынадағы аяттарды оқығаннан кейін: «Егер заққумның бір бөлікшесі бұл дүниеге түссе, дүние жүзіндегі кісілердің барлық азықтарын бұзар еді. Енді жегені сол ғана болғандардың жағдайы қандай болатынын өздерің ойлап көріңдер», – деген. 437 «Әли Имран» сүресі, 102. Басқа бір риуаятта хадистің ақырғы бөлігі «Бұдан басқа жеуге еш нәрсесі жоқтардың жағдайы қандай болатынын өздерің ойлап көріңдер», – деп айтылады. «Кеңірдектен өтпеген тамақ» деген мағынадағы аятты ибн Аббас (р.анһума) «Кеңірдекке тығылып не ары не бері кетпей қалған тамақ» деп түсіндіреді. Бұхари мен Мүслимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кәпірдің екі иығының ортасы тез жүрген аттының үш күндік жолындай кең», – деген. Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кәпірдің азу тісі Ухуд тауындай, саны Байда төбесіндей, тозақта иеленген жері Қадид пен Меккенің ортасындай, (Басқаша айтқанда, үш күндік жолдай), терісі Йемен патшасы Жаббардың кез өлшемімен қырық кез бойы қалыңдығында», – деген. Тирмизидің Фудайл ибн Язидтен риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні кәпірдің тілі бір не екі фарсах438 жерге сүйретіліп, адамдардың табанының астында қалады», – деп айтқан. Бұл хадисті Байхақи және басқалар да риуаят еткен. Дұрысы осы риуаят болып саналады. 438 Фарсах – ұзындық өлшемі. Шамамен 5 шақырымға тең. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Тозақылардың денесі тозақта өте үлкейеді. Құлақтарының жұмсағы мен иықтарының бастарының ортасы жеті жүз жылдық қашықтық, терілерінің қалыңдығы жетпіс кез және азу тістері Ухуд тауындай биік болады».


170 Ахмад ибн Ханбал мен Хакимнің риуаятында Мужаһид (р.а.) былай дейді: «Бір күні ибн Аббас: «Тозақ қаншалық кең екенін білесің бе?» – деп сұрады. «Жоқ, білмеймін» десем, «Әлбетте, білмейсің! Тозақының құлағының жұмсағы мен иығының ортасы жетпіс жылдық қашықтық. Ол жерде қан-ірің дариялары ағады», – деді. Мен: «Қан-ірің дариялары дейсің бе?!» – деп сұрадым. ибн Аббас: «Жоқ, жоқ, қан-ірің далалары», – деп жауап берді. Күнәдан сақтану Пендені күнәдан сақтаған ең негізгі нәрсе – Алладан қорқу. Алланың жазасынан, азабынан сақтану. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, мүміндер!) Алла елшісінің өздеріңді шақырғанын һәм сендер үшін дұға еткенін, бір-біріңді шақырғанмен һәм бір-бірің үшін дұға еткенмен тең көрмеңдер. Оны бір-біріңді шақырғандай шақырмаңдар, оған бірбіріңе үн қатқандай үн қатпаңдар. Араларыңнан бірін-бірі қалқалап, (пайғамбар құзырынан) ұрланып шығып кететіндерді Алла, әлбетте, біледі. Олай болса, Алла елшісінің бұйрығына қайшы келгендер бастарына (берекелерін кетіретін) бір бәленің немесе жан төзгісіз ауыр азаптың келуінен қорықсын».439 439 «Нұр» сүресі, 63. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өлім алдында жатқан бір жас жігітті көргелі кірген еді. Одан: «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?» – деп сұрады. Жігіт: «Уа, Алланың Елшісі, Алладан үмітім бар, бірақ жасаған күнәларымнан қорқып жатырмын!» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер кісінің көңілінде сол екі сезім болса, онда Алла Тағала оны тілегіне жеткізеді және қорыққан нәрсесінен сақтайды», – деп айтты. Уахаб ибн Уард (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Иса (а.с.): «Пейішті сүю және тозақтан қорқу бәлелерге шыдауға мүмкіншілік береді, пендені бұл дүниенің бейбас құмарынан және жамандықтарынан аулақтатады», – деп айтты». Хасан Басридің (рахматуллаһи аләйһи) риуаят еткені бойынша, «Сендерден бұрын өткендердің арасында күнәні өте үлкен көргендіктен шағыл тастай көп алтынын садақа қылса да құтыла алмай қалудан қорыққандар бар болды», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларға: «Мен білгенді білсеңдер, аз күліп, көп жылап, Алланың азабының ауырлығынан, жазасының қаттылығынан қорқып тауларға шығып оған жалбарар едіңдер. Ешбірлерің құтылып, құтыла алмастарыңды білмейсіңдер», – деген. Бәкир ибн Абдулла әл-Музини (рахматуллаһи аләйһи): «Қуана-қуана күнә жасаған кісі жылап-сыздап тозаққа кіреді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде Алланың азабы туралы толық білсе, тозақтан қорқу сезімі еш көңілінен шықпас еді», – деген. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, «Алдымен ең жақын туыстарыңа ескерт»440 деген мағынадағы аят түскенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) орнынан тұрып, құрайыш руына: «Уа, құрайыштықтар! Өздеріңді Алладан сатып алыңдар. Мен сендерді Алланың ешбір үкімінен құтқара алмаймын. Уа, Абдуманаф ұлдары, сендерді Алланың ешбір үкімінен арашалап қала алмаймын. Уа, Алланың Елшісініңкөкесі ибн Аббас, сені Алланың ешбір үкімінен құтқара алмаймын. Уа, Алланың Елшісінің нағашы әпкесі Сафия, сені Алланың ешбір үкімінен сақтап қала


171 алмаймын. Уа, Мұхаммедтің қызы Фатима, менен қалаған мал-мүлік сұра, бірақ сені Алланың ешбір үкімінен арашалай алмаймын», – деді. 440 «Шұғара» сүресі, 214. «Сондай-ақ Алла жолында зекет-садақа бергенде және басқа да игі істер істегенде, өздерінің Раббыларына қайтар жолда екенін шын сезініп, (Раббымызға лайықты құл бола алдық па, Оны разы ете алдық па деп) қатты қобалжып, жүректері дүрсіл қағатындар. Міне, осынау ізгі жандар жақсылықта, қайырлы істерде дамыл таппай шырқ ұрып жүреді, жақсылық жасауда бірбірімен жарысады»441 деген мағынадағы аят түскенде, әзірет Айша Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Аятта зина жасаған, ұрлаған, шарап ішкен және сонымен бірге Алладан қорыққан кісілер туралы айтылып жатыр ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ. Аятта намаз оқыған, ораза ұстаған, садақа берген және соған қарамай «жасаған жақсы істері қабыл болды ма, болмады ма?» деп Алладан қорыққан кісілер туралы айтылып жатыр», – деп жауап берген. 441 «Муминун» сүресі, 60-61. Бір кісі Хасан Басриге (рахматуллаһи аләйһи): «Уа, Әбу Сағид, кейбір пенделер Алланың рақымы туралы естігендей баяндағанда көңіліміз толқып, ұшып кеткендей боламыз. Ондай уақыттарда өзімізді қалай ұстауымыз керек?» – деп сұрайды. Хасан Басри оған: «Аллаға ант етейін. Сендердің Алладан қорқу туралы баяндап, жүректеріңе сенім берген кісілермен әңгімелескендерің, әрдайым Алланың рақымы туралы айтып, Жүректеріңді толқытқандармен әңгімелескендеріңнен жақсырақ», – деп жауап береді. Әзірет Омар (р.а.) арқасынан пышақ қадалып, өлім алдында жатқанда ұлына: «Уа, жетім қалғырым! Жағымды жерге тигіз. Егер Ол (Алла Тағала) маған рақым қылмаса құрығаным сол!» – дейді. Ибн Аббас (р.анһума) оған: «Уа, Мүминдердің басшысы, неге мұнша қорқасың? Алла саған қаншама жеңістерді нәсіп етті, қаншама аймақтарды бағындыруға себеп болдың, қаншама игіліктерге жеттің?!» – деді. Омар (р.а.): «Ешкімге зұлымдық жасамай, ешкімнің жамандығын көрмей, құтылғым келеді», – деп айтты. Әзірет Алидің (р.а.) немересі Зайналабидин (рахматуллаһи аләйһи) дәрет алған сайын денесі қалтырайтын. Оның себебін сұрағандарға: «Кімнің алдында жалбаруға дайындалып жатқандарыңды білесіңдер ме?» – деп айтты. Ахмад ибн Ханбал (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорыққанымнан тамақ-асқа тәбетім тартпай қалады», – деп айтқан. Бұхари мен Мүслимнің риуаяттары бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір көлеңке болмаған қиямет күні Алланың Аршының көлеңкесінде саялайтын жеті түрлі кісінің бірі ретінде «Жалғыз қалғанда Алланы еске алып көздеріжасқа толған кісі», – деген. Ибн Аббастың (р.анһума) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екі түрлі кісінің көзі тозақты көрмейді: біріншісі – түн ішінде Алладан қорқып жылаған кісінің көзі, екіншісі – Алла жолында күзетте тұрып таң атырған кісінің көзі», – деген. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні сол үшеуінен басқа барлық көздер жылайды. Олар: 1) Алла арам қылған нәрсеге қарамаған көз; 2) Алла жолында күзетте тұрып таң атырған көз; 3) Алладан қорқып, шыбынның басындай жас ағызған көз», – деп айтқан. Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Сауылған сүт желінге қайтып кірмегендей, Алладан қорқып жылаған көз де тозаққа кірмейді. Алла жолында күрескен кісінің денесіне тиген шаң мен тозақ отының түтіні бірікпейді».


172 Амр ибн Ас (р.а.): «Алладан қорқып, бір тамшы жас ағызу мен үшін бір динар садақа бергеннен де сүйікті», – деген. Аун ибн Абдулла (рахматуллаһи аләйһи): «Білуімше, Алла үшін жылаған пенденің көз жасы денесінің қайсы жеріне тиген болса, Алла Тағала ол жерді тозақ отына тигізбейді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алладан қорқып жылағанда көкірегінен қайнаған қазанның үніндей бұрқылдаған дауыс шығып тұрды. Кинди (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорқып жылағанда аққан жастың бір тамшысы теңіздей үлкен тозақ отын өшіреді», – деген. Ибн Симак (рахматуллаһи аләйһи) өзін-өзі: «Тақуадай сөйлейсің, бірақ мұнафықтай жүресің. Содан соң пейішке кіргің келеді. Қайдағы пейіш?! Пейіш басқалар үшін. Олардың істері біз қалаған істердей емес», – деп жегідей жейтін. Суфиян Саури (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Жағфар Садықтың жанына барып: «Уа, Алланың Елшісінің немересі, маған өсиет айтыңыз», – десем, ол: «Суфиян, өтірікшіде адамгершілік, қызғаншақта тыныштық, жалқауда достық болмайды. Жаман мінезді кісіде кеңпейілдік болмайды», – деді. Оған: «Уа, Алла Елшісінің немересі, жалғастыра беріңіз», – дедім. Ол: «Суфиян, Алла арам қылған нәрселерден аулақ болсаң, ғибадат жасаған боласың, Алла берген үлесіңе разы болсаң, шынайы мұсылман боласың. Адамдар саған не деуін қаласаң, сен де адамдарға соны айтсаң, мүмин боласың. Күнәһармен дос болма, саған жаман әдеттерін үйретпесін. Яғни «Пенде досының дінінде болады. Сондықтан кісі кіммен достасуына қарасын» деген хадиске лайық жүруің керек. Бір іс бастардың алдында Алладан қорыққандармен кеңес», – деді. Мен оған: «Уа, Алланың Елшісінің немересі, сөзіңді жалғастыр», – дедім. Ол сөзін былай жалғастырды: «Суфиян, кім текке сүйенбеген асылдықты және мансапқа сүйенбеген күшке ие болуын қаласа, күнәға батпай Аллаға ғибадат жасасын». Оған: «Тағы жалғастыра бер», – десем, «Әкем маған: «Балам, жаман жолдасы болған кісінің басы бәледен арылмайды. Жаман жерлерге кіріп-шыққан кісі сынға ұшырайды. Тілін тыя алмаған пенде өкініп қалады» деген үш нәрсені баса белгілеп айтып берді», – деді. Ибн Мүбәрак (рахимаһуллаһу) айтады: «Ухайб ибн Уардтан: «Алланың бұйрығына қарама-қарсы іс жасағандар ғибадаттың дәмін тата ала ма?» – деп сұрадым. Ол: «Жоқ, Алланың бұйрығына қарама-қарсы іс жасауды ойлаған кісілер ғибадаттың дәмін сезе алмайды», – деп жауап берді. Имам Әбу Фараж ибн Жаузи (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алладан қорқу – бейбас нәпсіні күйдірген от. Демек, оның ұлылығы нәпсінің қалауларын жандырып жоқ қылғанына және күнәдан алыстатып, ғибадатқа жетелегеніне сай өлшенеді». Алладан қорқу қайтіп ұлы қасиет болмасын?! Аят пен хадистерден алған мағлұматымызға қарағанда, арлылық, тақуалық, Алла жолында күресу және соған ұқсаған Аллаға жақындататын істер Алладан қорқумен ғана пайда болады. Алла Тағала былай дейді: «Раббыларынан шын именетіндер үшін тура жолға бастайтын иләһи үкімдер мен нұсқаулар және рақым бар еді».442 442 «Ағраф» сүресі, 154. «Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады».443 443 «Байина» сүресі, 8. «Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар».444


173 444 «Рахман» сүресі, 46. «Алладан қорыққандар айтылған насихаттан сабақ алады».445 445 «Ағла» сүресі, 10. «Шынтуайтында, Алладан құлдарының арасынан тек ғұламалар ғана шын именеді».446 446 «Фатир» сүресі, 28 Ілімнің ұлылығын білдірген аят пен хадистер сонымен қатар Алладан қорқудың да ұлылығын білдіріп жатыр. Өйткені Алладан қорқу – ілімнің жемісі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенденің денесі Алладан қорқып тітірегенде қураған ағаш жапырағын төккендей күнәларынан арылады», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала: «Ұлылығымның құрметіне пендеме екі қауіпсіздікті екі қорқынышпен бірге бермеймін. Демек, бұл дүниеде Менен қорықпағандар ақыретте қорқынышқа душар болады. Бұл дүниеде Менен қорыққандардың ақыретін қауіпсіз қылам», – дейді». Әбу Сүлеймен Дарани (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорқу сезімі болмаған жүрек – құриды», – деп айтады. Өйткені Алла Тағала: «Әлде олар Алланың өздерін тосыннан жазаламайтынына сенімді болды ма? Шындығында, ақыр түбі орасан зиян шегіп, сорлап қалатын қауым ғана Алла өздерін аяқ астынан жазаламайды деп сенеді»447 деген. 447 «Ағраф» сүресі, 99. Тәубе Тәубенің ұлылығы туралы бірнеше аят түскен. Алла Тағала: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»448; 448 «Нұр» сүресі, 31. «Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтаннақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, ауыр жазаға ұшырайды. Қиямет күні оның азабы еселене түседі және ол сол азаптың құрсауында мәңгі-бақи қор болып қала береді. Ал кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады. Алла өте кешірімді, (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне біржола бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді. Кімде-кім істеген күнәларына өкініп, тәубе етсе әрі (өзін һәм қауымды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, шүбәсіз, бұл оның Аллаға шынайы түрде һәм тәубесі қабыл болған күйде бет алғаны»449 деген. 449 «Фурқан» сүресі, 68-71. Бұған қатысты хадистер де өте көп. Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала күндіз күнәжасаған кісілер тәубе жасасын деп түнде кешірімін ұсынады. Сондай-ақ түнде күнә жасаған кісілер тәубе жасасын деп күндіз кешірімін ұсынады. Алла Тағаланың бұл кешірімі күн батыстан шыққанға (яғни, қияметке) шейін жалғасады»450 деп айтқан. 450 Мүслим, Тәубе, 31.


174 Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Батыс жақта қырық не жетпіс жылдық қашықтық кеңдігінде бір есік бар. Алла Тағала аспан-жерді жаратқанда оны тәубеге ашқан. Күн ол жақтан шыққанға шейін ол есік жабылмайды», – деген. Алла Тағала былай деген: «Раббыңның қиямет-қайымға қатысты кейбір белгілері келген күні бұрын-соңды иман келтірмеген немесе тек сөз жүзінде иман келтіріп, ешбір қайырлы іс істемеген адамға (сондағы) иманы ешқандай да пайда бермейді. Ендеше, ондайларға: «(Істеріңнің қарымын) күте беріңдер, Біз де күтудеміз», – деп айт».451 451 «Әнғам» сүресі, 158. Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіштің сегіз есігі бар. Жетеуі жабық. Біреуі күн батыстаншыққанға шейін ашық», – деп айтқан. Ибн Мажаның риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күнәларың көкке жететіндей көп болса да тәубе жасасаңдар,Алла Тағала тәубелеріңді қабыл алады», – деп айтады. Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың ұзақ өмір мен тәубе нәсіп қылуы пенде үшін бақыт»452 деген. 452 Хаким, 4/240. Ибн Мажа мен Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бәрі күнә жасайды, бірақ күнә жасағандардың еңжақсысы – тәубе келтіргендер», – дейді. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір кісі күнә жасап, «Уа, Жаратқан Ием, мен бір күнә жасадым. Мені кешіре көр!» – десе, Алла Тағала: «Пендемжасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін білді», – деп ол пендесінің күнәсін кешіреді. Бірнеше уақыттан кейін баяғы пенде басқа бір күнә жасап, «Уа, Жаратқан Алла, мен тағы күнә жасадым, мені кешіре көр!» – десе, Алла Тағала: «Пендем жасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін білді», – деп оны кешіреді. Тағы бірнеше уақыттан кейін баяғы пенде басқа бір күнә жасап, «Уа, Жаратқан Алла, мен тағы күнә жасадым, мені кешіре көр!» – десе, Алла Тағала: «Пендем жасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін білді. Не қылса да бұл пендемді кешірдім», – деп оны да кешіреді». Мунзир (рахматуллаһи аләйһи) бұған: «Хадисте айтылған «не қылса да» деген сөздің мағынасы – аталған пенде әр мәртесінде басқа бір күнә жасағанын айтқанына қарағанда, жасаған әрбір күнәсі үшін пұшайман болып, сол күнәдан бас тартып жатыр деген мағынаға келеді. Демек, әрбір күнәсі үшін жасаған тәубесі сол күнәсінің кешірілуіне себеп болады және оған күнәсінің зияны тимейді. Хадисте пенде үздіксіз күнә жасап, содан соң сөзбен тәубе келтіріп, қайта сол күнәға қайтуы дұрыс деп айтылған жоқ. Өйткені бұл – өтірікшілердің тәубесі болады» деген түсіндірме берген. Бірнеше ғалымдардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің жасаған әрбір күнәсі жүрегінде қара дақ пайда қылады. Тәубе жасап, жаман істерден аулақтап, Алладан кешірім сұраса сол қара дақ жүрегінен өшіріледі. Егер күнә артынан күнә жасай берсе қара дақтар көбейіп, жүрегін орап қалады. «Жоқ! Әсте, олай емес! Олардың өз қолымен істеген күнәлары жүректерін әбден қарайтып тастаған (сондықтан олар ақиқатты көре алмауда)»453 деген аятта сол туралы айтылып жатыр», – деген. 453 «Мутаффифин» сүресі, 14. Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жан кеңірдекке келгенге шейін тәубе жасаған пенденің тәубесін Алла қабыл алады», – деп айтады.


175 Табаранидің риуаятында Муаз ибн Жабал (р.а.) баяндайды: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мені бір жаққа шақырып, екеуіміз бірге бір жарым шақырымдай жүргеннен кейін маған: «Уа, Муаз! Алладан қорқуды, тура сөйлеуді, уәдеде тұруды, аманатты орындауды, қиянатшылықтан аулақ болуды, жетімге мейірімділік жасауды, көршілеріне жақсы мәмілені, ашуланғанын басуды, сыпайы сөйлеуді, сәлемдесуді, басшыға мойынсұнуды, Құран Кәрім туралы терең ойлануды, ақыретті сүюді, жауапқа тартылудан қорқуды, дүниенің соңынан жүре бермей жақсы істерді жасауды саған кеңес етемін. Мұсылманға тіл тигізуден, өтірікшіге сенуден, шыншыл кісіні жалғанға шығарудан, әділетті басшыға қарсы шығудан, жер жүзінде бүлік шығарудан сені тыямын. Уа, Муаз! Әр ағаштың, әр тастың жанында Алланы еске ал, әр күнә үшін ашық не құпия тәубе жаса» деп насихат айтты. Исфаханидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде күнәларынан тәубе жасағанда Алла оның күнәларынқорғаушы періштелерге, пенденің дене мүшелеріне және жер жүзіндегі із бен белгілеріне ұмыттырып, жасаған күнәсі туралы қиямет күні еш куәсі жоқ Алланың алдына шығады», – деп айтқан. Исфахани риуаят еткен тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Күнәсіне өкінген кісі Алланың рақымын, менменсіген кісі оның қаһарын күтеді. Уа, Алланың кұлдары! Әркім жасаған істеріне сай жауапқа тартыларын біліп қойыңдар. Ешкім жақсы не жаман істерінің сый-жазасын көрмей тұрып бұл дүниеден көшпейді. Істер ниеттерге сай бағаланады. Күн мен түн – көлік секілді. Оларға мініп ақыретке сапар тартыңдар. Тәубені және жақсы істерді кешіктіруден сақтаныңдар, өйткені өлім кенеттен келеді. Алланың мейіріміне сеніп, өздеріңді алдамаңдар! Біліп қойыңдар, тозақ сендерге аяқкиімдеріңнің бауынан да жақынырақ». Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады»454 деген аятты оқыды. 454 «Зілзала» сүресі, 99/7-8. Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күнәларынан тәубе жасаған пенде күнәсі жоқ кісідей», – деп айтқан. Байхақидің риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Күнәларының кешірілуін тілеп тұрып, оны жасағанынтоқтатпаған пенде Жаратқан Иесін мазақтап жатқандай болады», – деп айтқаны бар. Ибн Хиббан мен Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жасалған күнәға өкіну – тәубе жасау болып саналады», – деп айтқан. Яғни Арафатқа шығу қажылықтың негізгі шарттарының бірі болғандай, өкіну де тәубенің негізгі шарты. Бірақ Алланың бұйрығына қарсы іс жасағанына және сол жаман ісі үшін азапқа душар болатынына өкіну керек. Ал енді күнә жасағаны үшін мал-мүлкінен айырылып қалудан қорқып пұшайман болса, бұл тәубе болып саналмайды. Мүслимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен жаным қолында тұрған Аллаға ант етейін, егер сендер күнә жасап, артынан күнәларыңның кешірілуін тілемесеңдер, Алла сендерді жоқ қылып, орындарыңа күнә іс жасап, кешірім сұрап тәубе жасаған елді алып келіп, күнәларын кешірер еді» – деп айтқан. Мүслимнің риуаяты бойынша, Жухайна руынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.с.) келді. Ол зинадан жүкті болып қалған еді. Нәтижеде ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, жазаға лайық қылмыс жасадым, жазамды бер», – деп сұранады. Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдің туыстарынан біреуді шақырып: «Бұл әйелге жақсы қарап,


176 туғаннан кейін маған алып кел», – дейді. Әйел туғаннан кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкелінеді. Алла Елшісінің (с.а.с.) бұйрығымен әйелдің киімдері денесіне бекем байланып, тасборанға алынды. Содан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жаназасын оқыды. Әзірет Омар: «Уа, Алланың Елшісі, оның жаназасын оқып жатырсыз ба? Ол зина жасамап па еді?!» – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол шын жүрегінен тәубе жасағандықтан, оның тәубесі Мәдина елінен жетпіс кісіге бөлінсе де бәріне жетер еді. Сен өзі адасып келіп, Алланың үкімінің орындалуын сұранған бұдан да жақсы әйелді көрдің бе?» – деді. Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким ибн Омардан (р.а.) риуаят етеді. Ол былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан бірнеше мәрте естіген хадисті айтып берейін. Ол: «Исраилұлдарының ішінде Кифл атты күнә істен бас тартпаған біреу бар еді. Бір күні оның жанына бір әйел келді. Кифл онымен зина жасау үшін алпыс динар берді. Ол жақындағанда жаңағы әйел дірілдеп жылай бастады. Анау кісі одан: «Неге жылап жатырсың, не мені жақсы көрген жоқсың ба?» – деп сұрады. Әйел: «Жоқ, мәселе онда емес. Мен бұл істі осыған шейін еш жасаған емеспін. Қазір қара басымызды баға алмағанның себебінен ғана сол іске баруға мәжбүр болдым», – деп жауап берді. Кифл әйелге: «Егер осыған шейін бұл істі жасаған емес болсаң, онда кете бер, ақшаны да ал. Мен де бұдан кейін күнәға бармауға Аллаға ант беремін», – деді де, сол түні қаза болды. Ертесі оның есігінен «Алла Кифлді кешірді» деген жазу тұрғанын көрді». Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Екі аймақ бар еді. Бірінің елі жақсы, екіншісінікі жаман болды. Бір күні елі жаман аймақтан бір кісі елі жақсы аймаққа қарай бара жатып, жолда қаза болды. Сонымен ол туралы періште мен шайтан таласа бастасты. Шайтан: «Ант етейін, ол кісі еш маған қарсы шыққан емес», – деді. Періште болса: «Әйткенімен ол анау аймақтан тәубе жасау үшін шыққан еді», – деді. Аяғында, Алла Тағала өлген кісінің қайсы аймаққа жақынырақ екенін анықтауға бұйырды. Нәтижеде қаза болғанның жақсылардың аймағына бір қарыс жақынырақ екенін көрді. Сонымен оның күнәлары кешірілді». Мағмар (рахматуллаһи аләйһи): «Мен бұл туралы «Оны Алла Тағала жақсылардың аймағына жақындатты», – деп айтқан сөздерді естігенмін», – дейді. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Сендерден бұрын өмір сүргендерден бір адам тоқсан тоғыз кісіні өлтірген еді. Бір күні ол сол күнәлары үшін қайтіп тәубе жасарын сұрау үшін сол кездің ең үлкен ғалымын іздестірді. Нәтижеде ел оған бір монахты кеңес берді. Әлгі кісі айтылған монахқа барып, тоқсан тоғыз кісі өлтіргенін айтып, тәубесінің қабыл болып-болмайтынын сұрады. Монах: «Жоқ, қабыл болмайды», – дегенде, кісі өлтіргіш оны да өлтіріп, сонымен жүз кісінің жанын қиған болды. Сонда сол заманның ең үлкен ғалымын іздеп тауып, одан үкімін сұрағанда, ол тәубе жасауға болатынын, онымен Алланың ортасына ешкім түсе алмайтынын айтып, «Пәленше жерге барсаң, Аллаға ғибадат жасаған пенделер бар. Солармен бірге сен де Аллаға ғибадат жаса. Ауылыңа қайтып барма, өйткені ол жаман жер», – деді. Мұны естіген кісі өлтіргіш тіке айтылған жаққа кетті. Бірақ көздеген мақсатына жетпей, жарым жолда өліп қалды. Ол өлген соң оның жанына мейірім періштелері мен азап періштелері таласа бастасты. Мейірім періштелері: «Бұл кісі тәубе жасаған үшін сол жерге келді», – десе, азап періштелері «Ол мүлдем жақсы іс жасаған емес», – деді. Міне, сол сәтте адам бейнесіндегі бір періште келіп қалды. Мейірім періштелері мен азап періштелері одан үкім сұрады. Адам бейнесіндегі періште: «Қашықтықтарды өлшеңдер. Қай жаққа жақын


177 болса, сол жаққа тиесілі болсын», – деді. Қашықтықтарды салыстырғанда бара жатқан жағына жақынырақ екені анықталып, оны мейірім періштелері алып кетті». Басқа бір риуаят бойынша, хадистің ақырғы бөлігі: «Оның өлігі жақсылардың аймағына бір қарыс жақынырақ болғандықтан жақсылардың санына қосылды» деп аяқтайды. Тағы бір риуаятта: «...Алла Тағала әлгі аймаққа алыста, анау аймаққа жақында» деп бұйырғаннан кейін адам бейнесіндегі періште: «Екі жақтағы қашықтықтарды салыстырыңдар», – деді. Періштелер өлшеп көріп, тәубе жасаушылардың ауылына бір қарыс жақынырақ екенін көрді және сонымен өлген кісінің күнәсі кешірілді», – деп айтылады. Басқа бір риуаят бойынша, хадис: «...Өлім періштесі келгенде кісі ақырғы күшін жұмсап, жақсылардың аймағына жақындады» деп аяқтайды. Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бір кісі шектен шыққан бейбас еді. Жолда бара жатып жолыққан біреуден «Мен тоқсан тоғыз кісі өлтірдім, тәубе жасасам қабыл бола ма?» – деп сұраса, әлгі: «Жоқ», – деп жауап берді. Содан кейін кісі өлтіргіш оны да өлтіріп, одан ары жолға түсті. Біршама уақыттан кейін басқа біреуге жолықты. Одан да «Мен нақақтан-нақақ жүз кісі өлтірдім, тәубе жасауға жол бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Егер саған «Алла Тағала тәубе жасаған пенденің тәубесін қабыл алмайды» десем, жалған айтқан боламын. Пәленше жерде уақытын ғибадатпен өткізген бірнеше кісі бар. Солармен бірге Аллаға ғибадат жаса», – деп жауап берді. Жүз кісі өлтірген адам айтылған жаққа бара жатып қайтыс болды. Мейірім және азап періштелері оның жанын қайсы жаққа алып баратыны туралы таласа бастасты. Алла Тағала оларға бір періште жіберді. Келген періште «Екі жақтағы қашықтықтарды салыстырыңдар. Өлік қай жаққа жақын болса, солардан болсын», – деді. Аралықтар өлшенгенде өлік тәубе жасаушылардың аймағына жақынырақ екенін көрді және сонымен оның күнәсі кешірілді». Басқа бір риуаятта хадистің ақырғы бөлігі: «...Сонда күнәһар басқа бір монахқа барып: «Мен жүз кісі өлтірдім, тәубе жасасам бола ма?» – деп сұрады. Монах оған: «Өте жаман іс жасапсың. Білмеймін, бірақ жақын жерде екі ауыл бар. Бірінің аты – Насара, екіншісінікі – Қафара. Насараның елі пейіштіктердің істерін жасайды. Ауылда олардан басқа ешкім өмір сүрмейді. Қафараның халқы болса тозақылардың ісін жасайды, ауылда солар ғана бар. Қазір сен Насараға бар. Егер ол жерде қалып, олардың ісін жасасаң, тәубең қабыл болатынына күмән жоқ», – деп жауап берді. Нәтижеде кісі өлтіргіш адам Насара ауылына қарай жолға шығып, екі ауылдың ортасында өлді. Періштелер оны не істейтіні туралы Алладан сұрады. Алла Тағала оларға: «Қараңдар, пенденің өлігі қайсы ауылға жақынырақ болса, оны сол ауылдан деп жазыңдар», – деді. Қашықтықтар өлшеніп салыстырылғанда, оның Насараға бір елі жақынырақ екендігі анықталып, сол ауылдың елінен болып саналды». Зұлымдықтан тыйылу Алла Тағала былай дейді: «Ал (шайтан мен нәпсінің жетегінде кетіп) өздеріне һәм өзгелерге зұлымдық қылғандар (және адасқан ақындар) болса, өздерінің


178 ақырының не боларын, әрі қандай төңкерісті бастан кешіретіндіктерін әлі-ақ біледі».455 455 «Шұғара» сүресі, 227. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Зұлымдық қиямет күні қараңғылық болады», – деген. Тағы бір хадисте: «Ақысы жоқ бір қарыс жерді иеленіп алған кісінің мойнына қиямет күні Алла Тағала жеті қабат жерді кигізеді», – деп айтылған. Бір кітапта жазылғаны бойынша, Алла Тағала: «Менен басқа қолдаушысы жоқ кісіге кім зұлымдық жасаса, оған қатты ашуланамын»456 деп айтқан. 456 Ад-Дур әл-Мансур, 353. Ұлық ғалымдардан біреу «Әлсіздерге зұлымдық жасап күштілердің жаманынан болма», – деп айтқан. Әбу Һурайра (р.а.): «Дуадақ бір залымның зұлымдығынан қорқып жүріп ұясында жатып өледі», – деген. Риуаяттарға қарағанда, Тауратта: «Қиямет күні Сырат көпірінің артынан «Ей, шектен шыққан залымдар, ей ауыздықсыз бейбастар! Алла Өз ұлылығына ант берумен айтады, бұл күні сол көпірден ешбір залымның зұлымдығы өтпейді» деп жазылады. Алла Тағала бес түрлі кісіге қаһарланады. Қаласа, бұл дүниеде жазалап, қаласа, ақыретте оларды тозаққа кіргізеді. Бұл бес түрлі кісі төмендегілер: 1) Қол астындағылардан ақысын алғанымен оларға ынсапты мәміле жасамаған және олар душар болған әділетсіздікті тоқтата алмаған мемлекет басшысы. 2) Қол астындағылар шын жүрегімен бас игеніне қарамай, күштілер мен әлсіздердің мәмілесін жөнге сала алмаған және рәсім үшін ғана сөйлеген басшы. 3) Бала-шағасын Аллаға құлшылық жасауға үндей алмаған және оларға дін туралы мағлұмат бере алмаған кісі. 4) Жұмсаған жұмысшысының ақысын бермеген кісі. 5) Әйеліне маһир (қалың мал) бермеген күйеу». Абдулла ибн Сәлам (р.а.) айтады: «Алла Тағала пенделерді жаратып, тік тұрғызғанда, олар Аллаға жалбарынып: «Уа, Жаратқан Иеміз, Сен кімді қолдайсың?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Ақысы берілгенге шейін әділетсіздікке ұшыраған бейшара тараптамын», – деді. Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Бір залым зәулім сарай салып, айналасына қорған салдырады. Тағы бір кемпір оның жанына келіп, сарайға жақын жерге бас паналайтын жәбірейген кепе жасайды. Бір күні баяғы залым атына мініп шығып сарайдың айналасын қыдырады. Қыдырып жүріп кемпірдің кепесі көзіне түседі. Іздестіріп жүріп оның қартайған жарлы кемпірдікі екенін біледі де, дереу бұзып тастауды бұйырады. Кемпір түнде кепесінің қирап жатқанын көріп, «Кепемді кім бұзды?» – деп сұрайды. «Әлгі сарайдың иесі бұздырып тастады», – дейді көргендер. Сонда әлгі кемпір алақан жайып: «Уа, Жаратқан Ием, мен бұл жерде жоқ болдым. Ал енді Сен қайда едің?!» – дейді. Алла Тағала дереу Жәбірейілге (а.с.): «Залымның сарайын ішіндегілерімен қоса жермен-жексен қыл» деп бұйрық береді. Жәбірейіл бұйрықты дереу орындайды». Риуаяттарға қарағанда, Бармақилердің басшыларынан бірі ұлымен бірге зынданға тасталғанда, ұлы әкесіне: «Әке, сонша билікте тұрып, енді осылай шынжырға маталып зынданға түстік», – дейді. Сонда әкесі: «Балам, қорлық көрген кісінің қарғысы түнде жүреді. Біз байқамадық, бірақ Алла оны көріп тұрды», – деді. Язид ибн Хаким (р.а.): «Кімге зорлық-зомбылық көрсетсем, ең көп содан қорықтым. Өйткені маған Алла жетеді, Алла сен екеуіміздің ортамызда», – дейді. Шынында, мен оның қолдаушысы жалғыз Алла екенін білем», – деген.


179 Әбу Умама (р.а.): «Залым қиямет күні Сырат көпіріне барғанда одан жәбір тартқан кісі алдынан шығып, көрсеткен қорлығын есіне салады. Сөйтіп залымдар қолдарындағы сауаптарын бермей тұрып жәбір тартқан кісілерден құтыла алмайды. Егер жақсы істері жоқ болса, зорлық-зомбылығына қарай күнәлары жәбір тартқандардан алынып, оған жүктеледі. Сөйтіп, тозақтың ең алдыңғы қабатына жөнетіледі». Абдулла ибн Унас (р.а.) айтады: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін естідім: «Адамдар қиямет күні тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз Махшарға келеді. Алыстан және жақыннан бірдей естілген үн оларға: «Сұрақ жүргізуші жалғыз патша Менмін. Біреуге зұлымдық жасап, жоқ дегенде, жаққа ұрған кісінің да ақысы алынбайынша пейішке де, тозаққа да кіре алмайды. Жаратқан Иең ешкімге зұлымдық жасамайды», – дейді. Біз: «Уа, Алла Елшісі (с.а.с.), біз тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз бір жерге жиналсақ, бір-біріміздің ақымызды қайтіп алып-береміз?» – деп сұрадық. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Толық жаза ретінде жақсылық және жамандықтарыңмен есептесесіңдер. Жаратқан Иең ешкімге әділетсіздік жасамайды», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім біреуді қамшымен ұрса, қиямет күні соныңжазасын тартады», – деп айтқан. Риуаятқа қарағанда Парсы патшаларының бірі ұлына тәлім-тәрбие берсін деп бір мұғалім жалдайды. Шахзада тәлім-тәрбие жағынан талаптағыдай деңгейге жеткенде мұғалім оны ешқандай себепсіз қатты сабайды. Содан бастап шахзада мұғаліміне кек сақтап қалады. Кейін әкесі дүниеден өтіп, ол патшалық таққа отырғанда мұғалімді шақырып алып: «Пәленше күні неге мені себепсіз тоқпақтадың?» – деп сұрайды. Мұғалім оған: «Уа, Патшам, ұлы қасиеттеріңмен және тәлім-тәрбиеңмен талапқа лайық деңгейге жеткеніңді көріп, әкеңнен кейін сенің таққа отырарыңды түсіндім. Міне, сондықтан патша болғаныңда ешкімге зұлымдық жасамасын деп саған таяқпен зұлымдықтың ащысын таттырғым келген еді», – дейді. Сонда патша: «Алла саған жақсылық берсін!» – деп, мұғаліміне сый-тартуларын беріп жібереді. Жетімге қорлық көрсетпеу Алла Тағала: «Жетімдердің мал-мүлкін жеп, оларға қиянат жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда. Олар көп ұзамай-ақ (дүниенің отына мүлдем ұқсамайтын һәм қуатын бір Алладан басқа ешкім білмейтін) жалын атқан отқа түсіп, әбден шыжғырылатын болады»457 деп айтқан. 457 «Ниса» сүресі, 10. Қатада (р.а.): «Бұл аят ғатафан руындағы бір кісі туралы түскен. Ол қарамағында қалған кішкентай жетім бауырының мал-мүлкін жеген еді» деп ескереді. Құранда: «Қамқоршылардың арасынан кімде-кім бай болса, жетімнің малмүлкіне тимесін. Ал қолы қысқа адам (жетімге көрсеткен қамқорлығының ақысы ретінде) оның мал-мүлкінен мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде ішіпжесін» деп ескертілген.458 458 «Ниса» сүресі, 6. Аяттағы «мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде» деген сөз «мұқтаждыққа жететіндей» не «қарызындай» не «қараған, баққан қызметінің ақысындай» деген мағынаға келеді. Жетімнің бағып-қағар жақыны жетімнің мал-мүлкінен алған қарызын


180 мүмкіншілігі болғанда қайтарады. Егер еш ондай мүмкіншілікке жете алмаса, алғаны оған адал болады. Алла Тағала сол аятта жетімдердің ақысының маңыздылығы және бұл мәселеге ықтиятты мәміле жасалуы керектігі туралы жетімге қараған жақындарын ескертеді. Алла Тағала: «(Адамдар) арттарына өз күнін өзі көре алмайтын шиттей жас балаларын қалдырып кетуге мәжбүр болған жағдайда қанаты қайырылған балалары үшін қалай қорқып, қам жейтін болса, қамқорлықтарындағы жетімдердің ақысын жеуден де дәл солай қорықсын. Сондай-ақ олар бұл мәселеде Аллаға қарсы келіп, қаһарына ұшыраудан сақтансын және (мұра бөліскенде әрі жетімдермен қарым-қатынас жасағанда) әрдайым жақсы һәм дұрыс сөз айтсын»459 деп айтқан. 459 «Ниса» сүресі, 9. Аятта қол астындағы жетімге қараған кісі туралы айтылып жатыр және жетімге қалай сөйлеу керектігіне шейін барлық жағынан жақсы мәміле жасауға шақырады. Демек, жетімді қарамағына алған жақыны оған өз баласындай «балам» деп бауырына басып, оның мал-мүлкін де жақсы сақтауы керек. Өйткені қиямет күнінің патшасы әрбір пенденің жасаған істерінің сауап-жазасын береді. Жасаған ісіңнің рақатын не кесапатын толық көресің. Адам баласы басқаның мал-мүлкіне және бала-шағасына жауапкершілікпен мәміле жасап жүріп басына өлім келсе, Алла Тағала да соған сай мәміле жасайды. Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Дәуітке (а.с.): «Уа, Дәуіт, жетімге қамқор әкедей, жесірге мейірімді күйеудей мәміле жаса. Не ексең, соны орарыңды біл. Өйткені бір күні сөзсіз өлесің. Сенің де артыңда жетім балаң, жесір әйелің қалады», – деген. Жетімнің мал-мүлкіне жауапкершілікпен мәміле жаса, бұл жайында әділетсіздіктен ескерткен аяттарды растаған, мынадай жаман жағдайға түсуден аулақ болуға шақырған хадистер бар. Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу Зәрр, сені әлсіздей көрем. Мен өзіме нені қаласам, саған да соны қалаймын. Екі кісіге басшы болма; Жетімнің мал-мүлкін қарамағыңа алма!» – деген. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құрдымға ұшыратушы жеті нәрседен сақтаныңдар», – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, олар нелер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 1) Аллаға серік қосу 2) Сиқыршылық 3) Алла тыйым салған жанды нақақтан-нақақ өлтіру 4) Өсімқорлық 5) Жетімнің мал-мүлкін жеу 6) Алла жолындағы күресте соғыс майданынан қашу 7) Ата-анасына жамандық жасау», – деп жауап берді. Хаким риуаят еткен хадисте: «Алла Тағала төрт түрлі кісіні пейішке кіргізбейді және пейіштің нығметтерін таттырмайды. Олар: 1. Маскүнемдер; 2. Өсімқорлар; 3. Жетімнің мал-байлығын жегендер; 4. Ата-анасын баласынан бөліп тастағандар». Ибн Хиббанның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Амир ибн Хазм арқылы Йемен еліне жіберген хатта былай жазылған: «Қиямет күні Алланың алдындағы ең үлкен күнәлар төмендегілер: 1) Аллаға серік қосу;


181 2) Нақақтан-нақақ біреудің жанын қию; 3) Алла жолындағы күресте соғыс майданынан қашу; 4) Ата-анасына қарсы шығу; 5) Абыройы таза әйелге зинақор деп жала жабу; 6) Сиқыр үйрену; 7) Өсімқорлық және жетімнің мал-байлығын жеу. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні бір қауым қабірлерінен тұрғанда ауыздарынан от шашады», – деп айтқанда, естіп туғандар: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Ол: «Жетімдердің мал-мүлкін жеп, оларға қиянат жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда»460 деген мағынадағы аятты көрмейсіңдер ме?» – деді. 460 «Ниса» сүресі, 10. Мүслимнің айтуы бойынша, Миғраж хадисінің бір жерінде: «Қарасам, бірнеше кісінің жанында тұрып тұрмын. Олардың бастарына басқа кісілер отырып алып әлгілердің сақалдарынжұлып жатты. Міне, сол сәтте тағы басқа бірнеше адам от алыпкеліп, олардың аузына салғанда, жұтқан тастары артынан шығып жатты. Жәбірейілден (а.с.): «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, маған: «Ақысы жоқ бола тұра жетімнің мал-мүлкін жегендер. Олардың жегені қарнында жалындаған от болады», – деп жауап берді. Тәкаппарлықтың зияны Тәкаппарлықтың зияны және жаман нәтижесі туралы жоғарыда айтылғандарға төмендегілерді қоса кетейік. Ібіліс те тәкаппарлық жасап Алланың лағынетіне қалған және аспан-жердей кең пейіштен тозақ азабына қуылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тәкаппарлар еркектің бейнесінде құмырсқадай болып Махшарға айдалып келеді. Әр тарапынан қорлық көреді. Оларға тозақылардың тері ішіріледі», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні Алла Тағала үш түрлі кісімен сөйлеспейді және оларға назар салмайды. Оларға қатты азап бар. Олар: зинақор қария, залым патша және тәкаппар кедей», – деп айтқан. Ибн Масғуд (р.а.): «Пендеге басқа біреу «Алладан қорық», – дегенде, «Сен өзіңе қарап алшы», – деп айтуы күнә ретінде жеткілікті», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) біреуге: «Оң қолыңмен же», – десе, ол «Олай жасай алмаймын», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жасай алмай қалсаң екен!» – деді. Өйткені ол кісі тәкаппарлығынан солай деген. Бірнеше уақыттан кейін қолы сал болып, көтере алмай қалды. Сабит ибн Қайс (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Өзің көріп жүргендей, мен жарасымды киінгенді жақсы көрем. Бұл тәкаппарлық па?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Жоқ. Тәкаппарлық ақиқатты қабыл алмастық және басқаларды жақтырмастықтан келіп шығады», – деді. Шынында, басқалар да оған ұқсаған кісілер. Бәлкім, Алланың алдында одан да жақсырақ». Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): «Мұса (а.с.) Перғауынға: «Иман келтіріп қойып патшалық жасай бер», – деп кеңес бергенде, Перғауын: «Хаманмен сөйлесейін», – деп жауап береді. Хаманмен кеңескенде, ол: «Сен басқалар сиынған құдай едің, енді


182 Құдайға сиынған құл болып қаласың ба?» – дейді. Сонда ол Аллаға құл болуын және Мұсаға (а.с.) мойынсұнуды жоққа шығарады. Сөйтіп Алла оны суға тұншықтырып жоқ қылған». Құрайыштықтар «Сондай-ақ олар: «Бұл Құран мына екі шаһардың (Мекке мен Тайыф) біріндегі бетке ұстар бір ұлыққа түсірілуі керек емес пе еді?!» – десті»461 деген мағынадағы аятта айтылған. 461 «Зухруф» сүресі, 31. Қатада (р.а.) айтады: «екі шаһардың біріндегі бетке ұстар бір ұлық» дегендер Уалид ибн Муғира мен Әбу Масғуд Сақафи болды. Олар Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы: «Ол жетім бала. Алла оны бізге қайтіп пайғамбар қылып жіберді?» – деп, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) да үлкенірек жолбасшы іздеді. Алла Тағала оларға жауап ретінде: «Сонда (біреуді пайғамбарлыққа лайық көріп, енді біреуді лайық көрмейтіндей) Раббыңның рақымын үлестіру солардың еншісінде ме екен?!»462 деп сұрады. 462 «Зухруф» сүресі, 32. Сонда олардың тозаққа кіріп, «суффалықтар» сияқты өздері жақтырмаған кісілерін көре алмағанда таңғалғаны туралы Алла Тағала олардың аузынан: «Оу, біз (дүниеде жүргенде) жаман санаған адамдарымызды көрмей тұрмыз ғой?!»463 деп баяндайды. 463 «Сад» сүресі, 62. Риуаяттарға қарағанда, бұлар жоғарыдағы сөздерінде Аммар, Біләл, Сухайб және Миқтад (р.а.) сияқты сахабаларды айтып жатыр. Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): «Ілім жаңбыр суындай. Жаңбыр суы көктен таза болып түскенде, ағаштар оны жібектей тамырларымен еміп, өз түрлеріне қарай түрлі жеміс береді. Ілім де осындай. Адамдар оны әрекеттеріне және қалауларына сай алады. Ол тәкаппарды тәкаппар, кішіпейілді одан бетер кішіпейіл қылады. Өйткені ілімсіз сәтінде тәкаппар болған пенде ілім алғаннан кейін іліміне сеніп, одан бетер тәкаппар болады. Ілімсіз сәтінде Алладан қорыққан кісінің ілімі тереңдеген сайын тақуалығы мен кішіпейілдігі артады. Міне, сондықтан ибн Аббастың риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оқыған Құрандары тамақтарынан ары өтпеген халық болады. Олар: «Құран оқыдық. Кім бізденде жақсы оқи алады? Кім бізден жақсы біледі?» – дейді. (Сонда сахабаларға қарап) «Бұл адамдар сендердің араларыңнан шығады. Уа, үмбет, міне, солар – тозақтың отыны», – деді. Әзірет Омар (р.а.): «Ғалымдардың тәкаппарланғандарынан болмаңдар. Білімдерің пенделіктеріңе жетпейді», – деген. Риуаятқа қарағанда, әр жерде бүлік шығарғаны үшін «Исраилұлдарының айлакері» деп танылған кісі «Исраилұлдарының тақуасы» деп аталған кісімен жолығып қалады. Айлакер тақуа кісіге әрдайым көлеңке қылып жүрген бұлтты көреді. Сонда ол өзінше «Мен – Исраилұлдарының жексұрынымын. Ол болса Исраилұлдарының мақтанышы, тақуа кісісі. Егер оның жанында отырсам, маған да Алла рақымдылық жасар» деп тақуа кісінің жанына отырады. Тақуа болса «Мен Исраилұлдарының асылы, ең тақуасымын. Бұл болса барып тұрған күнәһар, ең төмен кісісі. Енді сол неме қайтіп менің жанымда отырсын?» – деп ойланады да, «Ей, тұршы ары! Менен аулақ жүр!» – дейді. Олардың ниет-пейілін білген Алла Тағала сол дәуірдің пайғамбарына: «Оларды жаңа іс бастауға бұйыр. Өйткені мен бұзақыны кешіріп, көп ғибадат жасаған тақуаның жасаған істерін өшіріп тастадым» деп білдіреді. Басқа бір риуаят бойынша, тақуа кісінің басындағы бұлт күнәһардың басына өтеді. Бұл хикаядан Алланың пенделердің жүрегіндегі тазалығын білсе болады.


183 Бір күні сахабалар Пайғамбарымызға бір кісінің жақсы қасиеттері туралы мақтау сөз айтып қалды. Кенет жақын арадан мақталған кісі де көрініп қалды. Сахабалар оны көре сала: «Уа, Алланың Елшісі, міне, осы пенде туралы айтып жатқанбыз», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса оған қарап тұрып, «Мен оның жүзінен шайтанға тән қараңғылықты көріп тұрмын», – деді. Кенет жаңағы кісі жақындап келіп, отырғандарға сәлем айтты. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына келгенде: «Алла үшін сенен сұрап жатырмын. Нәпсің саған сол айналадағы ең ұлы пенде сен екеніңді айтып жатыр, дұрыс па?» – деп сұрап еді, ол: «Иә», – деп жауап берді. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жүрегінде қатты жамандықты пайғамбарлық нұрымен көрген екен. Сахабалардан Харис ибн Жузуф Зубайди (р.а.) айтады: «Құран оқығандардың күлкілі жағдайы мені таңғалдырады. Олардың кейбірін жарық жерде тосып алсаң, ол саған ілімін міндет қылғандай ашулана қарайды. Алла мұсылмандардың арасында мынадайлардың санын көбейтпесін». Риуаятқа қарағанда Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында біреумен таласа кетіп, ашуыма шыдамай: «Ей, қара қатынның ұлы!» – деп жібердім. Алла Елшісі (с.а.с.) маған қарап: «Уа, Әбу Зәрр! Кесені тасыттың, кесені тасыттың! Ақтың баласы мен қараның баласының ортасында ешқандай өзгешелік жоқ», – деді. Мен жаңағы кісінің алдына жата қалып: «Кел, жүзімді тепкіле», – деп, айтқан сөзім үшін жаза алуымды сұрандым». Әзірет Али: «Тозақы кісіні көргісі келгендер маңдайында басқалар тік тұрса да, өзі отырып алған кісіге қарасын», – деген. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Сахабалар үшін Пайғамбарымыздан (с.а.с.) да сүйікті кісі жоқ еді. Бірақ оны көргенде орындарынан тұрмаушы еді. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.) мұны жақсы көрмейтінін білетін еді». Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде сахабалармен бара жатқанда оларды алға өткізіп жіберіп, ортада жүрді. Оның бұл іс-әрекеті кішіпейілдіктің үлгісі не пендедегі тәкаппарлық сезімін жою еді. Міне, сол себептен болса керек, бір мәрте намазға тұратын кезде жаңа киімін шешіп, ескі киімін киген. Кішіпейілдік және қанағатшылдық Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жарлы бола тұра кішіпейіл бола алған, жинаған дүниесін Алланың бұйрығына сай қолданған, әлсіз, мұқтаждарды бауырына басқан және білімді кісілермен бірге жүріп-тұрғандарға сүйінші! (ақырет бақыты бұйырады)»464 деген. 464 Байхақи, 4/182; Риуаятқа қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше кісімен бірге үйінде тамақ жеп отырған. Кенет есік алдына бір қайыршы келіп қалды. Оның бүкіл бойы жиіркенішті ауруға шалдыққан еді. Оған ішке кіруге рұқсат берілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны отырғызды да, «Кел, тамақтан же», – деді. Сол сәтте құрайыштық біреудің одан жиіркенгені байқалды. Кейін сол құрайыштық та дәл осындай ауруға шалдықты.


184 Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Жаратқан Ием екі нәрсенің – құл пайғамбар не патша пайғамбар болудың бірін таңдау еркін берді. Қайсыбірін таңдауды біле алмадым. Періштелерден жан досым Жәбірейіл бар еді. Басымды көтеріп қарасам, ол маған: «Жаратқан Иеңнің алдында кішіпейіл бол», – деді. Сонда мен: «Құл пайғамбар болғым келеді», – дедім». Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Ұлылығыма тағзым қылып, жандыларымның алдында менменсінбеген және әрдайым шын жүрегімен Менен қорқып жүргендердің намазын қабыл алам», – деп білдірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Ұлылық – тақуалық, абырой – кішіпейілдік және анық сенім – байлық»465. 465 Итхафус сада, 8/352. Иса (а.с.): «Бұл дүниеде кішіпейіл болғандарға сүйінші! Ақыретте тақтардың иелері солар. Бұл дүниеде адамдарды татуластырғандарға сүйінші! Қиямет күні «Фирдаус» пейіші оларға беріледі. Бұл дүниеде жүрегі таза өмір сүргендерге сүйінші! Қиямет күні Алланы солар көреді», – деп айтқан. Бір ғалым былай дейді: «Естуімше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Алла Тағала пендені Ислам жолына салып, жүзін сұлу, мансабын ұлы қылып, мұнымен бірге оған кішіпейілдік берсе, ол – Алланың ең өзгеше құлдарынан болады», – деп айтқан». Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала мына төрт нәрсені Өзі сүйген пенделеріне ғана нәсіп қылады: 1) Аз сөйлеу. Бұл – ғибадаттардың басы, 2) Аллаға сену, 3) Кішіпейілдік, 4) Дүниеге беріліп кетпестік». Риуаятқа қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) дастарханда отырғанда басында қатып қалған жарасы бар адам келіп қалды. Ол кімнің жанына отырса, орындарынан тұрып кетіп жатты. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жанына келіп отырып: «Адам түр-тұрпатын жағымсыз көрсеткен кемшілігімен өзінің тәкаппарлығын жойғанын жақсы көрем», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларға: «Неге сендерде ғибадаттың ләззатын көре алмай жатырмын?» – дегенде, сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ғибадаттың ләззаты деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Кішіпейілдік», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Үмбетімнің кішіпейілділерін көрсеңдер, сендер де оларға кішіпейіл мәміле жасаңдар. Егер үмбетімнің тәкаппарларын көрсеңдер, сендер де оларға абыройлы мәміле жасаңдар. Бұл мәміле оларды сабасына түсіреді»466, – деген. 466 әл-Фауаидул мажмуға, 253. Қанағатшылдық туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің ұлылығы – басқаларға мұқтаж болмау», – деген. Қанағатшылдықта біреудің қолына қарамастық және ұлылық бар. Міне, сондықтан «Біреуге тоқпейіл мәміле жасасаң, сол кісідей боласың. Кімнің қолына қарасаң, оның құлы боласың. Кімге жақсылық жасасаң, оның төресі боласың. Мұқтаждығыңды қамтамасыз еткен аз нәрсе сені шектен шығарған көп нәрседен жақсырақ», – деп айтады. Бір данышпан: «Қанағатшылдықтан өткен байлық және сұғанақтықтан өткен кедейлік көрмедім», – деген. Данышпандар: «Ұлылық – жарасымды киімде емес», – дейді. Өйткені киім-кешекке қызыға беру және әсемдік, әшекей пендені алдатады. Бұл дүниеге көңілі ауып, діни міндеттеріне немқұрайды қарай бастайды. Мұндай кісі тәкаппарланып кетуі ықтимал.


185 Дүниеге алдану Дүниеде қуанышқа бөлейтін және көңіл түсіретін оқиғалар болып тұрады. Барлық пенделер үшін бұл дүниеде өмір оңайға соқпайды. Себебі олар Алланың үкіміне сай әрқандай жағдайда болады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Егер Алла қаласа, әлбетте, күллі адамзатты (бір шариғатпен жүретін) бір ғана үмбет етер еді, алайда (оларға ықтияр, таңдау еркі берілді). Сөйтіп олар (қанша жерден ескерту алса да) ақиқаттан ауытқып, әртүрлі теріс жолдарға түсіп кете берді. Алайда Раббың кімді (бойындағы кейбір маңызды қасиеттері үшін) рақымына бөлеп, тура жолға салған болса, оның жөні бөлек. Анығында, Алла оларды сол үшін (яғни, Алланы танып, тура жолды тапқандардың мәңгілік бақытқа жетуі және адасқандардың мәңгілік бақытсыздыққа душар болуы үшін) жаратты. Нәтижеде, Раббыңның әу баста айтқан «Мен тозақты жындар мен адамдардың арасынан соған кіруге лайық болғандармен толтырамын» деген сөзі расталады».467 467 «Һуд» сүресі, 118-119. Бір тәпсір ғалымы «Аяттағы «өзгешелік» – олардың мал-байлығы жағынан бай-кедей болуы жөнінде», – дейді. Алла Тағала: «Екіжүзділер мүміндерге: «(Дүниеде) біз де сендермен бірге болмап па едік?» – деп үн қатады. Сонда мүміндер оларға: «Иә, солай еді. Алайда сендер өзөздеріңе кесір қылдыңдар, қайтер екен (мүміндердің мерейі үстем болар ма екен, жоқ әлде кәпірлер мықты шығар ма екен десіп) үнемі әліптің артын бағумен болдыңдар, күдік пен күмәннан еш арылмадыңдар және (Алланың нұры қайткен күнде де сөнеді деген) құр қиялдарың мен жалған үміттерің сендерді үнемі алдарқатты. Ақырында, Алланың пәрмені жетіп (ажал құштыңдар). Сөйтіп қулығына құрық бойламайтын әзәзіл (шайтан) көңілдеріңе Алла жайлы жаман ойлар салып, бәріңді алдап соқты»468 дейді. 468 «Хадид» сүресі, 14. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақыл-есті адамдардың ұйқысы және оразасыз уақыттары да қандай жақсы! Ақымақтардың оразасына және ғибадат жолындағы әрекеттеріне ешкімнің мұқтаждығы жоқ. Ықыласты және тақуа кісінің кішкентай ғибадаты да екі жүзділердің және ғибадатымен мақтанғандардың жер жүзін толтырған жақсылықтарынан артық»469 деген. 469 Итхафус сада, 8/427. Алла Елшісінің алтын сөздерінің тағы бірі төмендегіше: «Нәпсісін жеңіп, өлімнен кейінгісі үшін жақсы істерді жасаған пенде ақылды. Нәпсісінің бейбас қалауларына мойынсұнған және Алладан құрғақ қиялдарының орындалуын тілеген кісі кем ақыл». Риуаятқа қарағанда бір бәдәуи араб бір ұрыға қонақ болады. Үй иесі оған тамақ тартады. Тамақтан кейін шатырдың көлеңкесінде ұйықтап жатса, үй иесі шатырды шешеді. Бетіне күн тиген қонақ ойланып, орнынан тұрып, сапарын одан ары жалғастырады. Жолда бара жатып өзінше: «Әттең-ай, әттең! Бас қалқалаған көлеңке секілді, бұл көлеңке де бір күні жоғалады», – дейді. Ибн Масғуд (р.а.): «Ілім үшін Алладан қорыққан жеткілікті, пенделік үшін «Алланың кешіріміне алданған жеткілікті», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүниені сүйген және оған разы болған пенденің жүрегінен ақыреттен қорқу сезімі шығып кетеді», – деп айтқан. Бір данышпан: «Пенде жете алмаған дүниесіне қайғырғаны үшін де, қолға тиген байлығына сүйінгені үшін де жауапқа тартылады», – деген. Исламның алғашқы дәуіріндегі мұсылмандар сендер арамдардан қашқаннан да қатты адалдардан қашты. Сендерге мағынасыз көрінген бірнеше нәрселер олар үшін қиратушы қорқыныш ретінде қабыл алынды.


186 Дүниенің жамандығынан сақтану Әбу Умама Бахилидің (р.а.) айтуы бойынша, Сағлаба ибн Хатиб Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған мал-мүлік берсін деп Аллаға дұға қылып қойшы», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның бұл қалауына «Сағлаба, шүкіршілігін орындай алған аз байлық шүкіршілігін орындай алмаған көп байлықтан жақсы», – деп жауап берді. Бірақ Сағлаба болмай, «Уа, Алланың Елшісі, Аллаға дұға қылшы, маған байлық берсін», – деп өтіне бергенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сағлаба, менен үлгі алғың келмей ме? Алланың Елшісіндей болуды қаламайсың ба? Жаным қолында тұрған Аллаға ант етейін, таулардың мен үшін алтын-күміс болуын тілесем, сол да болар еді», – деді. Сағлаба бұл сөзді де ұнатпады. «Сені ақиқат дінмен пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант берем, егер маған байлық берсін деп Аллаға дұға қылсаң (маған берілген байлықтан) ақысы барларға ақысын толық берер едім...» – деді ол бұл жолы. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, Сағлабаға мал-мүлік нәсіп қыл», – деп дұға қылды. Көп өтпей Сағлаба қойлы болды. Бара-бара қойлары құрттай көбейді. Көбейіп отырып, көбейіп отырып Мәдинаға сыймай қалғанда иен далаға көшті. Содан бастап бесін мен екінті намаздарын ғана жамағатпен оқып, қалған уақыттарда жамағатқа келе алмай қалды. Қойлары одан да көбейгенде, Сағлаба тағы басқа алысырақ жерге көшуге мәжбүр болып, жұма намазға ғана әрең келетін болды. Барабара қойлары көбейгендіктен, соның артынан жүріп жұмаға да келе алмай, Мәдинадағы хабарларды өткен-кеткен керуендерден ғана естіп жүрді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сағлаба не істеп жүр?» – деп сұрады. Оған: «Уа, Алланың Елшісі, ол қора-қора қойы Мәдинаға сыймай көшіп кетті», – деп болған жағдайды айтып берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ай, құрыған Сағлаба, құрыған Сағлаба!» – деп кейіді. Міне, сол күндерде «Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне дәнекер бол. Сондай-ақ олар үшін дұға ет! Өйткені сенің дұғаң оларды жан тыныштығына бөлеп, жүректерін орнықтырады. Алла – Сәмиғ (бәрін естуші) һәм Алим (барлық нәрсені, соның ішінде құлдарының жай-күйін әрі мұң-мұқтаждарын толық білетін шексіз ілім иесі)»470 деген аят түсіріліп, зекет парыз қылынған. 470 «Тәубе» сүресі, 103. Алла Елшісі (с.а.с.) жухайна руынан екі кісінің қолына жазу түріндегі бұйрықнама беріп, зекет жинау үшін тағайындады. Оларға «Сағлаба ибн Хатиб пен Бану Сулайм руындағы пәленше кісіге барып зекеттерін алыңдар», – деді. Зекет жинаушылар Сағлабаға барып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрықнамасын оқып, зекетін сұрады. Сағлаба зекет жинаушыларға: «Бұл жизиядан (мұсылман еместерге салынған жер, байлық салығы) басқа нәрсе емес, бұл жизиядан басқа нәрсе емес. Бұл жизияның нақ өзі. Басқа істерің біткеннен кейін келіңдер», – деді. Зекет жинаушылар одан ары Бану Сулаймдық кісіге барды. Ол түйелерінің ең семізін таңдап зекет жинаушыларға бергенде, олар: «Ең семізін беруің шарт емес, сондықтан мұны сенен алмаймыз», – деді. Бану сулаймдық кісі: «Ол не дегендерің? Мен оны шын көңіліммен шығарып беріп жатырмын, алыңдар», – деді. Зекет жинаушылар істерін бітіріп келе жатып Сағлабаға екінші мәрте жолығып зекетін сұрады. Сағлаба бұл жолы «Жандарыңдағы жазуды көрсетіңдер», – деді. Жазуды оқыған соң «Бұл жизияның нақ өзі екен. Сендер бара беріңдер, мен ойланып көрейін», – деді. Зекет жинаушылар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды көріп сөйлеспей тұрып-ақ: «Ай, құрыған Сағлаба!» – деп кейіді. Содан соң Бану сулаймдық


187 кісіге бата берді. Зекет жинаушылар Сағлабаның және Бану сулаймдық кісінің не қылғанын айтып берді. Сонда Алла Тағаладан: «Араларында: «Егер Алла бізді шексіз шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп жарылқаса, міндетті түрде зекет-садақа береміз әрі үнемі игілікті істер істейтін ізгі жандардың қатарынан табыламыз», – деп Аллаға уәде бергендер бар. Алайда Алла оларды шексіз шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп етек-жеңін кеңейткенде, сараңдық қылды және (өздерінен зекет, садақа сұралғанда) көздеріне де ілмей сырт айналып кете барды. Сөйтіп Алла Өзіне берген уәделерінен тайғандығы әрі өтірік айтуды әдетке айналдырғандығы үшін олардың жүрегіне Өзіне қауышатын күнге дейін жалғасатын екіжүзділік ұялатып қойды»471 деген мағынадағы аят түсірілді. 471 «Тәубе» сүресі, 75-77. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында болған Сағлабаның бауыры түскен аятты естіп Сағлабаға барып: «Уа, анаң өлгір Сағлаба! Алла Тағала сен туралы сондай аят түсірді», – деді. Мұны естіген Сағлаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) зекетін алып барды. Пайғамбарымыз: «Алла сенен зекет алуға маған тыйым салды», – деді. Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл жауабын естіген Сағлаба басын ұстап өкінді. Кейін Сағлаба Әбу Бәкірге, содан соң Омарға зекетін тапсырайын деп келген кезде, олар да еш қабыл алмай қойған. Сағлаба әзірет Османның дәуірінде қатты өкінішпен өлген. Жарирдің айтуы бойынша, Лайс былай дейді: «Бір кісі әзірет Иса мен (а.с.) дос болады. Әзірет Иса (а.с.) сапарға шығарда баяғы досы «Сенімен сапарлас болсам бола ма?» – деп сұранады. Өтініші қабыл алынып, әзірет Исамен бірге жолға шығады. Екеуі жүріп отырып бір дарияның жиегіне тоқтайды. Жандарындағы үш нанның бірін Иса, бірін досы жеп, бір нан қалады. Иса (а.с.) дарияға барып су ішіп келсе, әлгі қалған нан жоқ. Досынан «Нанды кім жеді?» – деп сұраса, ол «Білмеймін», – деп жауап береді. Одан ары сапар тартады. Жолда екі лағын ерткен киікті көріп қалады. Әзірет Иса (а.с.) лақтардың бірін жанына шақырып алады. Оны ұстап сойып, етінің бір бөлігін пісіріп жейді. Тамақтанғаннан кейін Иса (а.с.) лақтың қалған қалдығына «Алланың бұйрығымен тіріліп кет», – дегенде, оған жан кіріп, тұрып кетеді. Иса (а.с.) бұл оқиғаға куә болып тұрған досына: «Саған қазіргі мұғжизаны көрсеткен Алла үшін сұрап жатырмын, үшінші нанды кім алды?» – деп сұрайды. Жолдасы тағы да «Білмеймін», – деп жауап береді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, бір дарияның жанына келгенде Иса (а.с.) әлгі кісінің қолынан ұстап, екеуі су үстінен басып, арғы жиекке өтеді. Иса: «Осы мұғжизаны көрсеткен Алла үшін айтшы, үшінші нанды кім алды?» – деп досынан тағы сұраса, әлгі бұл жолы да «Білмеймін» – деген жауап айтады. Одан ары сапар шегіп отырып, біршама уақыттан кейін бір шөлге барады. Иса (а.с.) бір жерге құм, топырақ үйіп, үйіндіге «Алланың бұйрығымен алтынға айнал», – дегенде, үйінді алтынға айналады. Иса алтын үйіндіні үшке бөліп: «Үштен бірі менікі, үштен бірі сенікі, қалған үштен бірі баяғы нанды алғандікі», – дегенде, әлгі кісі «Оны мен алғанмын», – деп шындықты айтады. Иса (а.с.): «Ендеше, сол алтынның бәрі сенікі болсын», – деп ол жерден кетіп қалады. Әлгі кісі алтын үйіндінің жанында тұрса, екі жолаушы келеді. Келгендер жаңағы кісіні өлтіріп, алтынды алмақшы болады. Әлгі кісі: «Мұны үшке бөліп алайық, қазір біреулерің қалаға барып жейтін бір нәрсе алып келіңдер», – деп кеңес қылады. Оның ұсынысымен әлгілерден біреуі қалаға кетеді. Қалаға бара жатқан кісі жолдан: «Алтынды неге бөліспек екенмін? Одан гөрі тамаққа у қосып, оларды өлтірейін. Сөйтіп алтынның бәрі маған қалады», – деп ойланып, алған тамағына у қосып әкеледі. Алтынның жанында қалғандар: «Оған алтынның үштен бірін неге бермек екенбіз? Одан гөрі оны келісімен өлтіріп, алтынды екеуіміз бөлісіп алайық», – деп келіседі. Нәтижеде қайтып келісімен оны өлтіріп тастайды. Оның артынан әкелінген тамақты


188 жеген әлгі екеуі де жан тәсілім болады. Оқиға болған жерден қайта кетіп бара жатқан Иса (а.с.) әлгілердің жанына келіп, «Дүние деген сол, одан сақтаныңдар», – деген екен. Хикая Зулқарнайн сапарда жүріп ешбірі бұл дүние нығметтерінен пайдаланбаған елді жолықтырады. Олар өздеріне бір-бірден қабір қазып алыпты. Таң атқанда бәрі мазарларына кіріп, сол жерді сыпырып, сол жайда ғибадат жасайды екен. Қарындары ашқанда мал сияқты оттайды. Тіпті кейбір өсімдіктерді де өздеріне арам қылып алған. Зулқарнайн ол елдің басшысына хабар жіберіп, онымен көріскісі келгенін білдіреді. Ол шақырып барған елшіге: «Менің оған ешбір талабым жоқ, егер өзінің қалауы бар болса келсін», – дейді. Зулқарнайн: «Дұрыс айтады», – деп оған барып: – Маған келсін деп елші жіберсем, келмедің, міне, өзім келдім. – Егер сенде ісім болғанда келмес едім. – Неге басқа елде жоқ нәрселерді сендерден көріп тұрмын? – Сені таңғалдырған нәрселер не? – Қолдарыңда ешбір дүние жоқ, неге алтын-күміс жинап, одан пайдаланбайсыңдар? – Біз алтын-күмісті жақсы көрмейміз. Өйткені пенденің біраз алтыны не күмісі болса нәпсісі қозып, тағы көбірегіне ие болуға ұмтылады. – Мақұл, онда не үшін өздеріңе қабір қаздыңдар? Таң атқанда бәрі мазарға жүгіріп, тазалап, ол жерде намаз оқиды екен? – Дүние бізді азғырғысы келгенде нәпсімізді сонымен ауыздықтағымыз келеді. – Шөптен басқа тамақтарың жоқ екен. Неге хайуанаттарды қолға ұстап, сүтін ішіп, көлік ретінде пайдаланбайсыңдар? Қарнымызды жандылардың мазары қылғымыз келмейді. Өсімдіктерге қанағат қылдық. Кісіге аз-ақ азық жеткілікті. Қандай тамақ болмасын кеңірдектен ары өткеннен кейін ешқандай дәмі жоқ. Сол кезде басшы Зулқарнайнның арт жағына қол созып, кісінің бас сүйегін алып шықты: – Бұл кім екенін білесің бе? – Жоқ, ол кім? – Бұл – жер жүзінің патшаларының бірі. Алла оған патшалық нәсіп қылған. Кейін ол зұлымдығы, әділетсіздігімен шектен шықты. Алла оның зорлық-зомбылығын көріп басын денесінен ажыратты. Бас сүйегі лақтырылған тастай домалап жатыр. Алла ақыретте жазасын беру үшін оның жасаған істерін жазып қойған. Содан кейін басшы тағы бір қу басты қолына алды: – Зулқарнайн, ал бұның кім екенін білесің бе? – Жоқ, білмеймін, ол кім? – Бұл баяғы патшадан кейін таққа отырған патшаның басы. Бұл өзінен бұрынғы патшаның зорлық-зомбылығын көрген. Сондықтан Алладан қорқып, кішіпейіл, әділетті болған. Міне, оның да соңын көріп тұрсың. Алла ақыретте сауабын беру үшін оның да жасаған істерін жазып қойған. Сонда басшы Зулқарнайнның басына ишарат қылып тұрып айтты: – Бұл бас сүйек те солардай болады. Зулқарнайн, ойланып іс жаса! Зулқарнайн басшыға: – Маған дос боласың ба? Сені Алла маған берген байлықта серік, уәзір қылып алайын, – деді. Басшы: – Екеуміз біріге алмаймыз, – деп жауап берді. – Неге?


189 – Өйткені елдің бәрі саған дұшпан, маған дос. – Қалайша?! – деп таңғала сұрады Зулқарнайн. – Өйткені сенің мансабыңды, мал-мүлкіңді бәрі қызғанады. Бұл жағдайда менің дұшпаным бар деп ойламаймын. Өйткені мен олардың бәрін тастағанмын. Еш нәрсенің азайып-көбейгеніне мән бермеймін, – деп жауап берді. Сөйтіп, Зулқарнайн патша одан ғажайып насихат сөздерді естіп, таңғалып және сабақ алып қайтқан екен. Садақаның пайдасы Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім адалдан тапқанынан бір құрманың мөлшеріндей садақа берсе, Алла оны берекелендіріп, разылықпен қабыл алады және сендердің біреулерің құлын-тайын бағып үлкейткеніндей ол садақаны таудай үлкейтеді», – деп айтқан. Құран Кәрімнің төменгі аяттары бұл хадиске дәлел: Алла Тағала былай дейді: «Сонда олар Алланың құлдарының шынайы тәубесін һәм шын көңілмен берген зекет-садақаларын қабыл алатынын және Алланың, шынымен, Тәууаб (яғни, құлдарының тәубесін қабыл етіп қана қоймай, оларды шынайы тәубелері үшін мол сауапқа бөлеуші) һәм Рахим (тәубе етіп, Өзіне біржолата бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді) екенін білмей ме?!»472 472 «Тәубе» сүресі, 104. «Алла (көп кіріс әкелетіндей көрінетін) өсімге береке дарытпайды, әрі одан түскен дүниені бірте-бірте кемітіп, түбінде, жоқ қылады. Ал (көп адамдар дүниені кемітеді деп ойлайтын) зекет-садақаны керісінше өсіреді (берекелі етіп, еселеп көбейтеді)».473 473 «Бақара» сүресі, 276. Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл туралы көптеген хадистері бар. Мысалы: «Садақа байлықты кемітпейді. Алла басқалардың кемшіліктерін кешіргендердің абыройын көтереді. Алланың алдында кішіпейіл болған пенденің дәрежесін ол сөзсіз көтереді». «Садақа мал-мүлікті азайтпайды. Пенденің берген садақасы әуелі Алланың қолына түседі. Адам мұқтаж болмай тұрып тіленсе, Алла оған кедейліктің есігін ашады». «Пенде «мал-мүлкім!» дей береді. Шынында, оның мал-мүлкі үшеу: 1) Жеп тауысқаны; 2) Киіп жыртқаны; 3) Қайыр-садақа қылып бергені. Қалғаны қолынан кетеді не басқаларға қалады». «Алла әрбірлеріңмен қияметте себепкерсіз сөйлеседі. Сонда пенде оң жағына қарап өзінің жасағанын көреді, сол жағына қараса ол жақта да жасаған істері. Алдына қарап тозақтан басқа еш нәрсе көре алмайды. Құрманың сынығымен болса да тозақтан сақтаныңдар!» «Құрманың кішкентай бөлігімен болса да әркім өзін тозақтан сақтасын». «Су отты өшіргендей садақа да күнәларды өшіреді».474 474 Тирмизи, 614. «Садақа Алланың қаһарын тоқтатады, имансыз өлімнен сақтайды». «Алла садақаның артымен жетпіс түрлі жаман өлімді пендеден алыстатады». «Алла пенделер туралы үкім шығарғанға шейін әрбір кісі өзі берген садақасының көлеңкесінде тұрады». «Пенде берген әрбір садақа одан жетпіс шайтанның жамандығын жібереді».


190 Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Қайсы садақа ең жақсы?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мал-мүлкі аз кісінің беруге әрекет жасаған садақасы», – дейді. «Әуелі өзің бағуға міндетті кісілерден баста». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір дирхам жүз дирхамнан асып түседі», – дейді. Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, бұл қалай болады?!» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Бір бай кісі мал-мүлкінен жүз дирхам садақа береді. Тағы бір кісінің екі дирхамы бар. Ол екі дирхамының бірін садақа қылады», – деп жауап берді. Бір хадисте: «Тырнақтай нәрсе болса да сенен бір нәрсе сұраған кісіні құр қол қайтарма», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқа еш көлеңке қалмаған қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі кісіні Аршының көлеңкесінде саялатады» – дегеннен кейін сол жеті түрлі адамның бірі ретінде «Оң қолының бергенін сол қолы сезбейтіндей жасырын садақа берген кісі», – деп айтқан. Тағы бір хадисте «Жақсылықтар жаман нәтижеден сақтайды. Жасырын берілген садақа Алланың қаһарын тоқтатады. Жақындарға жақсылық жасау өмірді ұзартады», – деп айтылған. Табаранидің риуаяты бойынша, жоғарыдағы хадис былайша аяқтайды: «...Барлық жақсылық – садақа. Бұл дүниеде жақсылық жасағандар ақыретте жақсылық көреді. Бұл дүниеде жамандық жасағандар ақыретте жамандық көреді. Пейішке бірінші болып кіретіндар – жақсылық жасағандар». Табарани мен Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Садақа деген не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Еселеп көбейген сыйлықтар. Алланың алдында одан да көбі бар», – деп одан: «(Дүниесін Алла жолында жұмсау арқылы немесе мұқтаждарға зекет-садақа беру арқылы) Аллаға жақсы қарыз беретін кім бар, Алла оның берген қарызын еселеген үстіне еселей түссін (көбейтіп қайтарсын). Алла (кейде ризық-несібелеріңді немесе жан-дүниелеріңді) қысып тарылтады, кейде кеңейтеді»475 деген аятты оқыды. 475 «Бақара» сүресі, 245. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тағы бір мәрте: «Ең жақсы садақа қайсысы?» – деп сұрайды. Алланың Елшісі: «Жарлыға жасырын берілген не аз байлықтан беруге әрекет жасалған садақа», – дегеннен кейін: «Қайыр-садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы! Ал егер ешкімге көрсетпей, жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін әлдеқайда жақсы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»476 деген аятты оқыған. 476 «Бақара» сүресі, 271. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманға бір киім кигізген кісі, оның үстінде бір жібі не жамауы қалғанға шейін Алланың қорғауында болады», – деп айтқан. Тағы бір хадисте: «Бір мұсылман жалаңаш қалған мұсылманға киім кигізсе, Алла оған пейіш жібектерінен киім кигізеді. Кім аш мұсылманды тойдырса, Алла оған мөрленген пейіш шарабынан ішіреді», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жарлыға берілген садақа – бір-ақ садақа. Алайда туысқа берілген садақа – әрі садақа, әрі туыстармен қарым-қатынас болып, екі садақаға есептеледі», – деген. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең жақсы садақа қандай садақа?» – деп сұрағанда «Сені жек көрген бауырыңа берілген садақа», – деп жауап берген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім сауынды түйені сүті тартылғанға шейін мұқтаж біреуге берсе не біреуге қарыз ақша берсе не жолаушыға жол көрсетсе, бір құл азат еткендей сауап табады», – деп айтқан.


191 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әрбір берілген қарыз – садақа болып саналады», – деп айтқан. Садақа туралы тағы көптеген хадистер бар: «Миғраж түні пейіштің есігінде «Әр садақаның сауабы он есе. Берілген қарыздың сауабы он сегіз есе» деп жазылғанын көрдім». «Қиыншылықта қалған пенденің ісін жеңілдеткен кісіге Алла Тағала бұл дүние және ақыретте жеңілдік көрсетеді». Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ислам дінінде ең жақсы істер қайсылары?» – деп сұрағанда, «Тамақ беруің және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің», – деді. Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Барлық нәрсенің басы, бұлағы не екенін айт», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Барлық нәрсе судан жаратылған», – деп жауап береді. Сұрақты сұраған сахаба: «Пайғамбарымыздан «мен орындасам пейішке кіре алатын істі айтсаңыз», – десем, ол маған «Мұқтаждарға тамақ жегіз, сәлем бер. Жақындарыңа жақсылық жаса. Түнде басқалар ұйқыда жатқанда намаз оқысаң, саусәлемет пейішке кіресің», – деді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың рақымын алып келетін нәрселердің бірі – мұсылман жарлының қарнын тойдыру», – деп айтқан. Басқа бір хадисте: «Мұсылман бауырының қарнын тойдырған және шөлі қанғандай су берген кісіні Алла тозақтың жетпіс шұңқырынан алыстатады, әрбір екі шұңқырдың ортасы бес жүз жылдық қашықтық», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) төменгідей хадисті де айтып кеткен: «Қиямет күні Алла Тағала: «Уа, адам баласы! Ауырдым, жағдайымды сұрап келмедің», – десе, пенде: «Сен әлемдердың Иесісің. Мен Сені қайтіп зиярат қыла алмақпын?» – дейді. Ұлы Жаратқан: «Білмедің бе? Пәленше пендем ауырғанда жағдайын сұрап бармадың. Оның жағдайын сұрап барсаң, Мені оның жанынан табатын едің», – дейді. Одан: «Уа, адам баласы! Сенен тамақ-ас сұрасам, маған тамақ-ас бермедің?» – дейді. Пенде: «Уа, Жаратқан Ием. Сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп тамақ бере алмақпын?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Пәленше пендем сенен тамақас сұраса, бермедің. Егер оған тамақ-ас берсең, оның сыйын Менің алдымда көретініңді білмедің бе?» – деді. Одан: «Уа, адам баласы, Сенен су сұрасам, бермедің», – дегенде, пенде: «Уа, Жаратқан Ием, сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп су бермекпін?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Сенен пәленше пендем су сұраса, бермедің. Егер оған су берсең, сыйлығын Менен аларыңды білмедің бе?» – дейді. Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету Алла Тағала: «(Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар»477 деген. 477 «Мәида» сүресі, 2. Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету туралы көптеген хадистер бар:


192 «Мұсылман бауырының пайдасы үшін әрекет жасаған кісіге Алла жолында жиһад жасағандардың сауабы беріледі». «Алла кейбір пенделерін басқа кісілердің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жаратқан. Оларға тозақ азабын таттырмайтындығы туралы Өзіне Өзі уәде берген. Қиямет күні олар үшін нұрдан орындықтар болады және бәрі есеп беріп жатқанда, олар жанға жайлы орындарда отырып, Алламен сөйлеседі». «Кім мұсылман бауырының мұқтаждығы үшін жүгіріп, бір істі орындаса не орындай алмаса да, Алла оның күнәларын кешіріп, оның тағдырына екі нәрседен құтылуды жазады: бірі – тозақтан, екіншісі – екі жүзділіктен құтылу». «Мұсылман бауырына жәрдем берген кісінің жасаған істері қиямет күні таразыға тартылып жатқанда жанында тұрамын. Егер сауабы ауыр басса, онда ешқандай проблема жоқ. Жеңіл басса, оған шапағат етемін». Әнәс ибн Мәликтің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман бауырының мұқтаждығы үшін жүгірген кісінің әрбір қадамы үшін жетпіс сауап жазып, жетпіс күнәсін өшіреді. Егер бауырына ол арқылы жәрдем берілген болса, анасынан туылған күндегідей бүкіл күнәларынан тазарады. Егер сол сәтте өлсе, есеп-сұрақсыз пейішке кіреді»478 деген. 478 Әл-Лалиул маснуға, 2/46. Ибн Аббастың (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кім мұсылман бауырына жәрдем беру үшін онымен бірге жүріп, істерінде оған жол көрсетсе, Алла онымен тозақтың ортасына жеті шұңқырлық қашықтық қояды. Әр екі шұңқырдың ортасы жер мен аспанның ортасындай болады». Ибн Омардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың кейбір елге берген жақсылықтары бар. Олар басқалардың қамы үшін жүгіріп, бұл істен танбайтын сәтте Алла оларға берген жақсылықтарын үзбейді. Егер олар жәрдемдесу міндетін орындамай тастай салысса, Алла ол жақсылықтарды алып басқа елге береді», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалардан: «Арыстан күркірегенде не дегенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Арыстан күркірегенде: «Уа, Жаратқан Алла, мені жақсылық жасаушыларға қол салдыра көрме», – дейді», – деп жауап берді. Әзірет Алидің (кәррамаһуллаһу уәжһәһу) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерден біреу бір іспен жолға шығатын болса, бейсенбі күні таңертең жолға шықсын. Үйден шығарда «Аманар-расулу» аяттарын, «Аятул-күрсіні», «инна анзалнаһу» мен «Фатиха» сүресін оқысын. Өйткені бұл аяттарда бұл дүние және ақырет мұқтаждықтары бар», – деген. Абдулла ибн Хасан ибн Хүсейін (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір іспен халифа Омар ибн Абдулазизге барып қалсам, ол: «Маған ісің түсіп қалса, біреуден хабарлап қой не хат жаз. Өйткені Алла сені менің есігімде сығалағаныңды көруінен ұялам». Али (р.а.) айтқан сөздерден: «Барлық үнді естуші Аллаға ант етейін, басқаның жүрегін қуантқан кісіге Алла сол қуаныштан көңіл тоқтық тарту етеді. Адамның жүрегі ауырғанда сол көңіл тоқтық сезімі оның жүрегін ұялап, жат түйені қуалағандай пенденің көкірегіндегі ренішті қуып тастайды». «Істі лайықсыз кісіге бергеннен гөрі оның жасалмай қалғаны жақсы». «Бір бауырыңнан жиі-жиі жәрдем сұрай берме. Өйткені қайта-қайта емуге әрекет жасаған бұзауды енесі сүзіп тастайды».


193 Дәрет Дәрет туралы хадистерден: «Кім жақсылап дәрет алып, екі рәкат намаз оқыса және екеуінде де бұл дүниенің проблемасын ойламаса, анасынан жаңа туылған күндегідей күнәсінен тазарады». Басқа бір риуаят бойынша, хадис былайша аяқтайды: «...екеуінде де қателік жібермесе, бұрын жасаған күнәлары кешіріледі». «Алланың күнәларды кешіруіне және дәрежелерді көтеруіне себеп болған ғибадаттарды айтайын ба? Күнә жасасаң дереу дәрет алу, мешітке қарай қадам басу, бір намазды оқығаннан кейін кейінгі уақытты күту. Құтылу деген сол». (Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақырғы сөзді үш мәрте қайталаған). Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәретте жуылатын мүшелерін бір мәртеден жуып дәрет алды да: «Бұл – дәрет. Алла намазды осымен ғана қабыл алады», – деді. Содан соң сол мүшелерін екінші мәрте жуып: «Кім сол мүшелерін екі мәрте жуып дәрет алса, Алла оған екі сауап береді», – деп айтты. Содан соң үшінші мәрте жуып: «Бұл – менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың дәреті», – деді. Дәрет туралы тағы басқа хадистерден: «Дәрет алып жатқанда Алланың атын атаған пенденің Алла бүкіл денесін тазартады. Ал енді Алланың атын айтпастан дәрет алған кісінің жуған мүшелері ғана тазарады». «Дәрет үстіне дәрет алған кісінің амал дәптеріне он сауап жазылады». «Дәрет үстіне дәрет алу – нұр үстіне нұр». Бұл хадистердің бәрі мүминдерді дәрет жаңалауға үндейді. «Мұсылман пенде дәрет алып жатып ауызын жуғанда аузындағы күнәлары шығып кетеді. Мұрнына су алса, мұрнының күнәлары шығып жоқ болады. Жүзін жуғанда көз қабақтарының қырларына шейін жүзіндегі бүкіл күнәлары жуылады. Қолдарын жуса, тырнақтарының астына шейін қолының күнәлары кетеді. Басын сумен сипағанда, құлақтарының астына шейінгі барлық күнәлары кетеді. Аяқтарын жуғанда, тырнақтарының арасына шейін барлық күнәлары жуылады. Содан соң мешітке шейін жүріп барып намаз оқуы – қосымша сауап». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Дәретті кісі ораза кісі сияқты» дегені риуаят етіледі. Тағы бір хадисте «Кім жақсылап дәрет алып, көкке қарап «әшһәду ән лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһ»(Куәлік етемін: Алладан басқа құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Мұхаммед Оның құлы және елшісі) десе қалағанынан кіре алатындай пейіштің сегіз есігі ашылады», – деп айтылады. Омар (р.а.) айтады: «Дұрыс алынған дәрет шайтанды сенен қуалайды». Мужаһид (р.а.): «Дәретсіз, тәубесіз және зікірсіз ұйықтамауды әдет қылып алғандар сол әдетінен жазбау керек. Өйткені жаны қандай жағдайда алынса, қайтадан осындай жағдайда тіріледі». Риуаяттарға қарағанда, Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың сахабаларынан біреуді Қағбаға жабу алып келу үшін Мысырға жібереді. Ол сапар тартып бара жатып бір шіркеуге жақын жерде тоқтап, ондағы монахтың ілімінен пайдаланғысы келеді. Дегенмен монах одан білімді емес еді. Сахаба шіркеуге келіп есігін қағады. Бірақ есік біршама уақытқа шейін ашылмайды. Аяғында есік ашылып, монахтың жанына кіреді. Бірнеше сұрақ қойып, естіген жауаптары көңіліне қонады. Әңгімелесу сәтінде есік алдында көп күтіп қалғанын да айтып, арыз-мұңын білдіреді. Монах оның датын естіген соң: «Есігіміздің алдына келгеніңде сені патша бейнесінде көріп, сенен қорықтық. Сені есік алдында күттіргеніміздің себебі: «Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Бір патша қорқытса,


194 өзің және отбасың болып дереу дәрет алыңдар. Өйткені дәретті кісілер менің қорғауыма кіріп, қорыққан нәрселерінен қауіпсіз болады», – деп айтқан еді. Біз де отбасымызбен дәрет алып, намаз оқып, сенен қауіпсіз болғанға шейін есікті ашпадық», – деп жауап берген екен. Намаз Намаз ғибадаттардың ең ұлығы болғандықтан, Алланың Құранына лайық намазға үндейміз. Бұл туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша баяндамақшымыз. Мұхаммед ибн Сирин (рахматуллаһи аләйһи): «Екі рәкат намаз бен пейіштің бірін таңдау еркіме берілсе, екі рәкат намазды таңдамақпын. Өйткені екі рәкат намазда Алланың разылығы бар. Ал пейішті менің көңілім қалайды», – деген. Риуаятқа қарағанда Алла Тағала жеті қабат аспанды жаратып, періштелерге толтырды және оларды намаз ғибадатымен міндеттендірді. Олардың әрбір қабатындағыға әртүрлі нәрселерді бұйырды. Аспанның бірінші қабатындағыларға Сырнай үрленгенге шейін тік тұруды, тағы бір қабатындағыларға рүкуғты, тағы біреулеріне сәждені, қалғандарына Алланың ұлылығы алдында қанаттарын жерге жайып ғибадат жасауды бұйырды. Иллийун періштелері мен Арш періштелері Аршты айналып, Аллаға мақтау, тасбих айтады, жер жүзіндегілер үшін одан кешірім сұрайды. Алла Тағала бұлардың бәрін мүминдерге сый ретінде намазда жинап қойған. Онда періштелердің барлық ғибадаттарының үлгісі бар. Сондай-ақ намазда Құран Кәрімді оқу қосылған және пенделерден бұл ғибадатқа шүкір келтіру талап етілген. Бұл шүкіршілік намазды шарттарына лайық оқумен болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Міне, солар ғайыпқа (яғни, сезім мүшелерімен сезіліпбілінбейтін тылсым әлемге) кәміл сенеді, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды және Біз өздеріне ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақылпарасат, білім, т.с.с.) нығметтерден (Алла разылығы үшін, міндет етпей игі мақсатта) жұмсайды»479. 479 «Бақара» сүресі, 3. «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар»480. 480 «Бақара» сүресі, 43. «Алайда олардың арасындағы ілімде тереңдегендер мен шынайы мүміндер саған түсірілген (Құранға) һәм өзіңнен бұрын түсірілген иләһи кітаптарға иман келтіреді. Міне, солар намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқитындар, зекетті толық беретіндер, сондай-ақ Аллаға һәм ақирет күніне сенетіндер. Міне, соларды жақында үлкен сый-сияпатқа бөлейміз»481 деп айтқан. 481 «Ниса» сүресі, 162. Құран Кәрімнің қай жерінде намаз туралы айтылған болса «кемеліне жеткізіп орындау» деген шарт қосылғанын көресің. Ал енді екі жүзділер туралы баяндалғанда Алла Тағала: «(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай өкінішті! Олар намаздарында ғапыл, сондай-ақ құлшылықтарын ел-жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды»482 деген. 482 «Мағун» сүресі, 4-6.


195 Жоғарыда айтылғандай, Алла Тағала мүминдер туралы «Намазды кемеліне жеткізіп орындағандар» деп, екі жүзділер туралы «намаз оқығандар» деп баяндайды. Бұның себебі намаз оқығандар көп, ал енді «намазды толық оқығандардың» аз екенін баса көрсетеді. Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Немқұрайды пенделер жасаған істерін әдетке лайық деп жасай береді және жасаған ғибадаттары Аллаға ұсынылғанда «Қабыл бола ма, жоқ па?» – деп ойламайды», – деген. Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларыңда кейбіреулеріңнің оқыған намазының үштен бірі не төрттен бірі не бестен бірі не алтыдан бірі (Пайғамбарымыз оннан біріне шейін шықты) жазылады», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисімен намаздардың ықыласпен көңіл қойып оқылғаны ғана қабыл болатынын айтқысы келеді. Бір риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Аллаға шын жүректен беріліп екі рәкат намаз оқыған кісі жаңа туылған кезіндегідей күнәлардан арылады», – деген. Пенде шын жүрегімен Аллаға берілгенде ғана оның оқыған намазы үлкен мәнге ие болады. Намаз оқып жатып әр нәрсеге жалтақтай берген кісі төменгі хикаядағы кісіге ұқсайды: Бір адам күнәсінің кешірілуін сұранып патшаның сарайын қағады. Кіруге рұқсат беріліп, ішке кіреді. Патшаның жанына келгенде ары жақ, бері жағына қарана бастағандықтан патша оның тілегін орындатпайды. Өйткені патша өзіне мән берілгеніне қарай тілектерді орындатады. Оның сыңарындай, пенде намазында оның мән-маңызын сезбесе, оқыған намазы қабыл болмайды. Намаз патшаның елге берген сый тамағына ұқсайды. Ол жерде жалпыға арналған тегін тамақ-астар, сусындар бар. Намаз да сол сияқты. Алла Тағала әрқалай зікірлерді, дұғаларды ұсынып, пенделерді соған шақырады. Ғибадаттың көп түрлі дәмін бір жерден татсын деп оларға намазды ұсынған. Оның ішіндегі іс-әрекеттер сый дастарханға қойылған тамақтардай, зікір-дұғалар сусындар сияқты. Намазда он екі мың сипат бар деп айтылады. Содан соң бұл он екі мың сипат он екі сипатқа жиналған. Кемшіліксіз намаз оқығысы келген кісі сол он екі сипатты орындауы керек. Бұл он екі сипаттың алтауы намазға шейін, алтауы намаздың ішінде: 1. Ілім: Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біліп жасаған аз іс білмей жасаған көп істен жақсы», – деп айтқан. 2. Дәрет: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дәретсіз намаз болмайды», – дейді. 3. Киім: Алла Тағала: «Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын (немесе Қағбаны тауап ететін) болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер»483 деген. 483 «Ағраф» сүресі, 31. 4. Уақытқа көңіл бөлу: Алла Тағала: «Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (яғни әр намаз өз уақытында өтелсін деп) парыз етілді»484 деп айтады. 484 «Ниса» сүресі, 103. 5. Құбылаға қарау. Алла Тағала: «Қане, жүзіңді Харам мешітіне қарай бұр. (Уа, мүміндер!) сендер де қай жерде болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай бұрыңдар»485деген. 485 «Бақара» сүресі, 144. 6. Ниет: Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Істер ниеттерге қарай. Әркім не ниет қылса, соған ие болады», – деп айтады. 7. Тәкбир айту: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тәкбир келтіргенде намаздың сыртындағы барлық нәрсе арам болады, сәлем бергеннен кейін бұл тыйым жойылады», – деген.


196 8. Тік тұру. Алла Тағала: «Алла үшін тік тұрған жағдайда дұға қылыңдар», – дейді. Бұның мағынасы: «Тік тұрып намаз оқыңдар» дегені. 9. Фатиха сүресін оқу: Алла Тағала: «Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер»486 дейді. 486 «Муззаммил» сүресі, 20. 10. Рүкуғқа бару: Алла Тағала: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар»487 деп айтады. 487 «Бақара» сүресі, 43. 11. Сәждеге бару: Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Рукуғ жасаңдар, сәждеге бас қойыңдар, (сонымен қатар, басқа да құлшылықтарды атқарып) Раббыларыңа толыққанды құлшылық етіңдер және барлығы бастан-аяқ қайырлы болған діндеріңнің өзге үкімдерін де бұлжытпай орындаңдар», – деп айтылады.488. 488 «Хаж» сүресі, 77. 12. Тахиятта отыру: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адам ақырғы сәждеден басын көтеріп, аттахият оқығандай уақытқа отырғанда намазы аяқталады», – дейді. Міне, осы он екі шарт орындалу үшін және бұлардың толық болуы үшін мөр ретінде ықыластылық талап етіледі. Сондай-ақ, намаздың бұдан басқа барлық уәжіп және сүннеттері де толық орындалып, ықыластылықпен оқылу керек. Қияметтің қорқыныштары Риуаяттарға қарағанда, Айша (р.а.) мынадай риуаят етеді: «Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Уа, Алланың Елшісі, қиямет күні сүйгендер бір-бірін еске ала ма?» – деп сұрадым. Ол маған: «Үш жерде еске алмайды», – деді. «Біріншісі – таразының жанында. Жақсылықтары ауыр тартары не жеңіл басары білінгенге шейін еске алмайды. Екіншісі – сауап-жаза дәптері беріліп жатқан сәтте. Әркім дәптерін оң жағынан берілерін не сол жағынан берілерін күтіп жатқанда. Үшіншісі – тозақ отынан бір созылған нәрсе шығып, бірнеше кісінің мойнына оралып «Мына үш түрлі адамға қарсы жіберілдім» деп, Алламен бірге тағы басқа нәрселерге сиынғандарды, зорлықшыларды және есеп күніне сенбегендерді қысымға алып, тозақтың түбіне лақтырады. Тозақта қылдан жіңішке, қылыштан өткір көпір бар. Оның үстінде иілген темір шеңгелдер және тікендер бар. Бұл көпірден кейбір кісілер найзағайдай, кейбірі соққан желдей өтеді». Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала аспан-жерді жаратқанда Сырнайды да жаратып, Исрафилдің қолына берді. Ол Сырнайды аузына ұстап, «Қашан үрлеуге бұйрық алар екенмін» деп Аршқа қарап күтіп тұрады», – деді. Мен одан: «Уа, Алланың Елшісі, сырнай деген не?» – деп сұрасам, ол: «Нұрдан жаратылған мүйіз», – деді. «Уа, Алланың Елшісі, ол қандай нәрсе?» – десем, «Кең, шеңбер көріністе. Мені ақиқат дінмен пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын, оның кеңдігі аспан-жердің ортасындай», – деп жауап берді. Одан: «Исрафил (а.с.) бұл Сырнайды үш мәрте үрлейді. Бірінші үрлеу қорқыту, екіншісі жанжануарлардың бәрін өлтіру, үшіншісі қайтадан тірілу үшін. Үшінші мәрте үрлегенде рухтар жер-аспанның ортасын аралардай толтырады және денелерге кіреді. Топырақты жарып, бірінші болып мен шығам», – деді.


197 Басқа бір хадисте айтылғаны бойынша, Алла Тағала Жәбірейіл, Микаил және Исрафилді (аләйһимус-сәләм) қайтадан тірілткенде олар дереу Бұрақ атын және бір қабат пейіш киімін алып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабіріның жанына түседі. Сол замат қабірдің топырағы жарылып ашылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілге қарап: «Бұл қай күн?» – деп сұрайды. Жәбірейіл (а.с.): «Бүгін қиямет күні», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, Алла Тағала үмбетімді не қылды?» – дегенде, Жәбірейіл (а.с.): «Кейінірек айтайын, сен жерден бірінші болып шықтың», – деп жауап береді. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла Тағаланың: «Уа, адамзат және жындар! Мен сендерге керекті насихатты айттым. Енді істерің дәптерлеріңе жазылды. Жақсылыққа жеткендер Аллаға мақтау айтсын. Басқа нәрсеге ұшыраған пенде өзінен басқаны айыптамасын» деген сөзін айтып кеткен. Риуаятқа қарағанда бір күні Яхия ибн Муаз ар-Рази (рахматуллаһи аләйһи) қатысып отырған бір мәжілісте: «Күндердің күнінде Алланы қадір тұтып, Оған асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды сыйлы да құрметті қонақ ретінде Рахманның дәргейіне қошеметтеп жинаймыз. Ал күнәға белшелерінен батқан күнәһарларды кенезесі кепкен күйде жалынды жаһаннамға айдаймыз» 489 деген мағынадағы аят оқылғанда, ол: «Уа, адамдар! Біразға көңіл бөліңдер! Ертең махшарда жиналасыңдар. Шартараптан топтоп болып келіп Алланың алдына тізілесіңдер. Жасаған істеріңнің әрбірі үшін жауап бересіңдер. Аллаға жақын тақуалар көлікпен барады. Күнәһарлар Алланың азабына жаяу және шөлдеген жағдайда алып барылып, топ-тобымен тозаққа түседі. 489 «Мариям» сүресі, 85-86. Бауырларым! Алдарыңда сендердің есептеріңмен елу мың жылға тең бір күн бар. Ол күн «теңселген күн», «жақындаған күн», «Ол күні адамзаттың бәрі Алланың алдына тізіледі», «Ол күн уайым және өкініш күні», «Ол күні таласты және есептесу күні», «есеп күні», «жәрдем сұрап сыздаған күн», «келері анық күн», «жүректер дірілдеген күн», «қайтадан тірілу күні», «әркім өз қолымен жасағандарын көретін күн», «кейбіреудің жүзі ағарып, кейбіреуінікі қараятын күн», «Алланың алдына жүрегі таза келгендерден басқа мал-мүлік, бала-шаға пайда бермеген күн», «залымдардың сылтаулары қабыл алынбайтын күн, олар үшін жаман жай дайындалған күн», – деп айтқан. Муқатил ибн Сүлеймен (рахматуллаһи аләйһи): «Адамдар қиямет күні еш сөйлемей жүз жыл күтеді, жүз жылды қараңғылықта қарманып өткізеді, жүз жыл толқын-толқын болып Алланың алдында таласып-тартысады. Қиямет күні сендердің есептерің бойынша елу мың жылға созылғанына қарамай ықыласты мүмин үшін ең қысқа намаздың ұзындығындай-ақ болады», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде төмендегі төрт нәрседен есепке алынбайынша құтылмайды. Олар: 1) Өмірін қайда өткізгені; 2) Денесін қайда жаралағаны; 3) Ілімімен қандай амал қылғаны; 4) Мал-мүлікті қайдан тауып, қайда жұмсағаны», – деп айтқан. Алла Елшісі (с.а.с.): «Әр пайғамбардың сөзсіз қабыл болатын дұғасы бар, бәрі бұл ақыларын сол дүниеде қолданды. Мен дұға қылу ақымды қиямет күні үмбетіме шапағат үшін сақтадым», – деген. Уа, Жаратқан Алла! Бізді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Өзіңнің алдыңдағы ұлылығының құрметі үшін оның шапағатына жеткізе көр!


198 Тозақ және таразы Бұл тақырыптың кейбір жақтарын жоғарыда баяндап өткенбіз. Толық пайдалы болу үшін қайтадан баяндамақшымыз. Бұзылған және жүрегі оянбаған адамдарға қайталанған ақыл-насихаттар пайда береді. Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде тозақтың және қияметтің қорқыныштылығын баса айтады. Алла Тағаланың бұл баяндаулары ақыл-есті кісілердің жүрегіне терең әсер беріп, ақыретті басқа нәрселерден артық көргізеді. Тозақтың қандай жер екендігі туралы мәселеге келетін болсақ, Алла бәрімізді ол жайға түсуден сақтасын. Хадисте суреттелгені бойынша, ол жер қап-қараңғы, еш жарығы жоқ. Тозақтың жеті есігі бар. Әр есіктің үстінде оттан жасалған жетпіс мың тау, әр таудың үстінде жетпіс мың төбе, әр төбеде жетпіс мыңнан от шұңқыры, әр шұңқырда жетпіс мың от даласы бар. Әр далада жетпіс мың оттан жасалған сарайлар, әр сарайда жетпіс мың оттан үйлер, әр үйде жетпіс мың жылан, жетпіс мың шаян, әр шаянның жетпіс мың құйрығы, әр құйрықта жетпіс мың шеге, әр шегеде жетпіс мың түрлі у болады. Қиямет күні келгенде тозақтың жабуы ашылады және одан адамдар мен жындардың оң жақ-сол жағынан, алдынан-артынан және үстінен ұшқан бірнеше шатырлар шығады. Адамдар мен жындар мұны көргенде аңтарылып, бір ауыздан «Уа, Жаратқан Алла, бізді құтқара көр!» – деп жалбарып айқайлайды. Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні тозақ әрбірін жетпіс мың періште тартқан жетпіс мың шылбырмен сүйретіліп әкелінеді». Бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақта ірі, қатал, Аллаға қарсы шықпаған, берілген бұйрықтарды мұқият орындаған періштелер міндеттендірілген», – деп айтқан. «Тахрим» сүресінің 6-аятында айтылған тозақтағы забани періштелер туралы былай айтылады: «Бұл періштелердің әрбірінің екі иығының басы бір жылдық қашықтықтай. Олар өте күшті, қолындағы темір күрсімен тауды шапса, тас-талқанын шығарады. Әр соққысымен жетпіс мың кісіні тозақтың терең шұңқырына түсіреді». «(Тозақтықтың) басы-қасында он тоғыз бірдей (азап періштесі) бар»490 деген мағынадағы аят тозақта міндет атқарған періштелердің алдыңғыларының санын мәлімдейді. Ал енді тозақта міндет атқарған жалпы періштелердің санын Алладан басқа ешкім білмейді. 490 «Муддассир» сүресі, 30-аят. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Раббыңның әскерлерін бір Өзінен басқа ешкім білмейді», – деп айтады.491 491 «Муддассир» сүресі, 31-аят. Ибн Аббастан (р.а.) тозақтың кеңдігі туралы сұрағанда: «Тозақтың кеңдігі қаншалық екенін білмеймін. Бірақ мағлұматқа қарағанда тозақта міндеттендірілген періштелердің құлақ жұмсағы мен желкесінің ортасы жетпіс жылдық қашықтықтай. Тозақта қан және ірің дариялары ағады», – деп жауап берген. Тирмизи риуаят еткен бір хадис бойынша: «Тозақтағы шатырлардың қалыңдығы қырық жылдық қашықтықтай». Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендердің сол оттарың тозақ отынан жетпістен біріндей ыстық», – деп айтады. Сахабалар: «Егер толық болғанда қандай болмақ?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл оттың ыстығы


199 алпыс тоғыз есе күшейтілгендей және тозақтың әрбір қабатының ыстықтығы бұл дүниедегі оттың ыстығындай күшті», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылардың бірі бұл дүниедегілерге қол ұзатса, оның ыстығынан бүкіл дүние жүзі жанып кетеді. Тозақ періштелерінен біреу сыртқа шықса, оның үстінде байқалған Алланың қаһарынан бүтіндей адамзат дереу өліп кетеді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларымен бірге отырса, дүрсілдеген қатты үн естілді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дүрсілдеген нәрсе не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетпіс жыл бұрын тозаққа бір тас лақтырылған еді. Ол осы уақытқа шейін түбіне түсіп бара жатқан. Сендер естіген үн – сол тастың тозақтың түбіне жеткендегі дауысы», – деді. Омар (р.а.) «Тозақты жиі-жиі еске алып тұрыңдар. Өйткені оның ыстығы өте қатты, түбі өте терең және күрсілері (тоқпақтары) темірден», – деп айтқан. «Осынау от оларды алыстан көргеннен-ақ, олар оның қаһарына мініп бұрқ-сарқ қайнағанын һәм ышқына лаулап жанғандағы жантүршігерлік гуілін естиді»492 деген аят туралы ибн Аббастан: «Тозақтың көзі бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Әлбетте, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Біліп тұрып менің атыман жалған айтқан кісі өзіне тозақтың екі көзінің ортасынан орын дайындасын» деген хадисін естіген жоқсыңдар ма?» – деді. 492 «Фурқан» сүресі, 12. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тағы: «Уа, Алланың Елшісі, тозақтың көзі бар ма?» – деп сұралған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: «Тозақ оларды алыстан көргенде» деген аятты естіген жоқсыңдар ма?» – деп жауап берген. «Тозақтан бір мойын шығады. Оның көрген екі көзі және сөйлеген тілі бар. Ол «Бүгін Аллаға басқаны серік қосқандарға қарсы жіберілдім», – дейді. Ол тозақыларды тарының дәнін көріп шоқыған құстан да жақсы көреді» деген хадис те бұл шындықты баяндайды. Таразының қандай болатыны туралы айтатын болсақ, хадисте баяндалғанына қарағанда, «Оның сауаптар қойылатын табағы нұрдан және күнәлар қойылатын жағы қараңғы». Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Пейіш Арштың оң жағына, тозақ сол жағына құрылады. Таразының сауап тартатын табағы Арштың оң жағында, күнәлар қойылатын табағы сол жағында болады. Сөйтіп, пейіш жақсылықтар қойылатын жағына, тозақ жамандықтар қойылатын жағына дәл келеді». Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Жақсылықтар мен күнәлар екі табағы және бір тілі бар таразыда тартылады. Қиямет күні Алла пенделерінің жасаған істерін тартарда оларды осындай көрініске айналдырады». Тәкаппарлық және менменсінудің жамандығы Алла бізді бұл дүние және ақыреттің жақсылығына жеткізсін! Бас көтеру және менменсіну жақсы қасиеттерден айырады. Ол насихат тыңдауға және тәрбиеге тосқауыл болады. Міне, сондықтан ойшылдар: «Ілім – тартыну мен бой көтеру бар


200 жерге жоламайды. Сел биік ғимараттарға дұшпан болғандай, ілім де бас көтергендерге дұшпан», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүрегінде кішкентай тәкаппарлығы бар кісі пейішке кіре алмайды», – деген. Тағы бір хадисте: «Тәкаппарлық жасап, киімін жерге сүйреткеннің жүзіне Алла қарамайды», – деп айтылады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ал сонау ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне келсек, оны жер бетінде (молшылықты көтере алмай) асып-тасуды һәм бүліншілік шығаруды қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік – Алланы лайықты түрде ұлықтайтын әрі азабынан сақтанатын тақуа жандарға тиесілі (Алланы лайықты түрде ұлықтайтын әрі азабынан сақтанатын тақуа жандардың ақыры қайырлы болады)»493. 493 «Қасас» сүресі, 83. «Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне алмайтындай етемін). Олар жолымыздың хақ екенін көрсететін қанша дәлел, қаншама мұғжиза көрсе де, бәрібір оған иланбайды»494деп айтқан. 494 «Ағраф» сүресі, 146. Ибн Ауана тәкаппар кісі еді. Риуаят бойынша, ол бір күні қызметшісінен су сұраса, ол «Иә», – деп жауап береді. ибн Ауана: «Жоқ», – деп айта алатындар ғана «иә» дей алады» деп қызметшісіне ашуланып, жасауылдарына сабатады. Тағы бір мәрте ол бір диқанды шақырып, онымен сөйлесіп, сөзі біткен соң су алдырып, онымен сөйлескеніне жиіркеніп, ауызын шайқайды. Бұл туралы «Пәленше өзін өте жоғары көтеріп еді, құласа быт-шыты шығады», – деп айтылады. Белгілі әдебиетші Жахиз айтады: «Құрайыш руынан тәкаппарлығымен танылғандар Бану Махзум және Бану Умайя рулары, арабтардың арасында Бану Жағфар ибн Куаб, Бану Зурарат ибн Ади рулары еді. Парсы патшалары болса өздерін құдай, елді құл ретінде көрді». Тәкаппарлығымен танылған біреуден: «Неге халифаны көргелі келмейсің?» – деп сұраса, ол: «Көпір менің дәулетімді көтере алмай қалады деп шошимын», – деп менменсінеді. Хажжаж ибн Артатқа: «Неге жамағатпен оқылған намазға келмейсің?» – деп сұраса, «Диқан, малшылардың арасына қысылғым келмейді», – деп жауап береді. Риуаятқа қарағанда Йемен елінің атқамінерлерінен Уаил ибн Хажар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған егін даласынан бір үлес жер бөліп беріп, Муғауияға: «Мен бөліп берген жерді оған көрсетіп, оның атына жаз», – деп оған қосып жібереді. Ми қайнатқан ыстықта екеуі жолға шығады. Муғауия Уаил мінген түйенің артынан жүріп бара жатып қатты қиналады. Бір кезде ол Уаилге: «Мені түйеңе мінгестіріп алшы», – деп сұранады. Уаил оған: «Сен патшамен бір көлікке мінетіндерден емессің», – деп болмай қояды. Муғауия: «Онда аяқкиімдеріңді маған берші», – дейді. Уаил бұл сұранысты да қабыл алмай: «Е, Әбу Суфиян ұлы, сенен аяқкиімімді аяйтындай сараң емеспін, бірақ менің аяқкиімімді кигенің туралы Йемен руларының арасында сөз жайылуын жақсы көрмеймін. Сен түйенің көлеңкесінде жүр, сол саған даңқ ретінде жеткілікті», – деп жауап береді. Риуаятқа қарағанда сол Уаил әзірет Муғауияның халифалық дәуіріне шейін өмір сүреді. Бір күні ол халифаны зиярат қылып барып қалады. Әзірет Муғауия оны жанындағы орындыққа отырғызып, әңгімелеседі.


Click to View FlipBook Version