201 Масрур ибн Хинд бір кісіден: «Мені танисың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», – деп жауап береді. Масрур: «Мен Масрур ибн Хиндпін», – деп өзін таныстырады. Әлгі кісі қайтадан: «Сені танымайды екенмін», – дейді. Сонда Масрур оған: «Айды да танымағандарды Алла жазаласын!» – деп қаһарланады. «Тәкаппарлық – кішкентай кісілердің, кішіпейілдік – ұлылардың сипаты», – деп айтылады. Абдулла ибн Амрдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Нұх (а.с.) өлер алдында екі ұлын жанына шақырып, былай деп өсиет қылады: «Сендерді екі нәрсеге бұйырамын және екі нәрседен аулақ болуға шақырамын. Аллаға серік қосудан және менменсінуден сақтаныңдар. «Лә илаһа иллаллаһ (Алладан басқа құдай жоқ)» деген сөзді ауыздарыңнан түсірмеңдер. Өйткені аспан мен жер және ондағы нәрселердің бәрі таразының бір жағына «Лә илаһа иллаллаһ» сөзі арғы жағына қойылса, екінші жағы ауыр басады. Аспан-жер бірігіп бір шеңберше болса және ол шеңбершенің үстіне «Лә илаһа иллаллаһ» деген кәлима қойылса, үстіндегі салмақтан шеңберше сынады. Екіншісі «Субханаллаһи уәлхамду лиллаһ» деңдер. Өйткені бұл сөз – жанды, жансыздың бәрінің дұғасы. Жандылардың ризығы сол дұғада». Иса (а.с.): «Алланың Кітабын оқыған және біреуге зұлымдық жасамай дүниеден өткен пенде қандай бақытты!» – деп айтқан. Риуаятқа қарағанда Абдулла ибн Сәлам (р.а.) бір күні отын көтеріп көшеде бара жатып: «Неге бұлай істеп жатырсың, соған сен мұқтаж емессің ғой?» – дегендерге, «Нәпсімнен тәкаппарлықты қуғым келеді», – деп жауап береді. Құртубидің тәпсірінде: «Жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармасын»495 деген аят туралы былай деп айтылады: «Әйелдер еркектерге мақтану мақсатында сол іс-әрекетті жасаса, бұл ісі харам болады. Сондай-ақ еркектердің де мақтаныш ретінде солай жасауы харам. Өйткені менменсінуі үлкен күнә». 495 «Нұр» сүресі, 31. Жетімдерге жақсылық жасау және зұлымдықтан аулақ болу Бұхаридің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бас бармақ пен ортаңғы саусақты аша қылып көрсетіп: «Менімен жетімді қарамағына алған кісі пейіште сондай жақын боламыз», – деп айтқан. Мүслимнің дәл сол мәселе туралы риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бас бармақ пен ортаңғы саусақты жақындатып: «Туысының не басқаның жетімін қарамағына алған кісі пейіште маған осындай жақын болады», – деген. Баззардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екі саусағын біріктіріп, туған не туған емес жетімді қарамағына алған пенде менімен пейіште сол екі саусақтай жақын боламыз», – дейді. Тағы бір хадисте: «Үш қызды бағып қараған кісі де пейіште. Оған ораза, намаз ғибадатын орындап жүрген мұжаһидтің сыйы беріледі», – деп айтылады. Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш жетімге қол ұсынған кісі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстап өткізген және күн-түн қылыш сілтеп Алла
202 жолында күресумен өткізген кісідей. Сол екі саусақ бір-біріне жанасып тұрғандай, мен де онымен пейіште жақын болам», – деп бас бармақ пен ортаңғы саусақты біріктіріп көрсетті. Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім жетім мұсылман баланы қолынан ұстап, бақса, кешірілмейтін күнә жасамайынша пейішке кіруі анық», – деген. Ибн Мажаның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманның ең жақсы үйі – ішіндегі жетімге жақсы мәміле жасалған үй. Ең жаман мұсылман үйі – ішіндегі жетім қор болған үй», – деген. Әбу Йағланың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз: «Пейіштің есігін бірінші болып ашарымда менен озған әйелді көріп: «Не істеп жатырсың, сен кімсің?» – деп сұрасам, «Мен қолымдағы жетімге жақсы қараған әйелмін», – деп жауап береді», – деген. Табарани риуаят еткен хадисте: «Мені ақиқатпен пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын, жетімге жаны ашып, оған жылы сөйлегенді, жарлы байғұсқа рақым қылғанды және Алла берген байлығымен көршісіне мақтанбағанды Алла қиямет күні азаптамайды», – деп айтылады. Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім Алланың разылығы үшін бір жетімнің басын сипаса, оның қолы тиген жердегі шаштардың санындай сауап жазады. Қарамағындағы жетім балаға не қызға жақсылық жасаған кісі мен мен осы екі саусағым сияқты пейіште бірге боламыз», – дейді. Хакимнің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Тағала Жақыпқа (а.с.) соқыр, бүкір болудың және Жүсіпке бауырларының көрсеткен қорлықтарының себебін айтты. Ол мынадай болған еді: Жақып (а.с.) бір күні бала-шағасымен қой сойып жеп отырғанда босағасына келген жарлы, ораза ұстаған және қарны қатты аш жетімге байқаусыздан тамақ берген емес. Содан соң Алла Тағала оған жетімдерге және жарлы-жалшыларға тамақ беруді бұйырды және ол Алланың бұйрығын орындатты». Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетім-жесірлерге жәрдем берген кісі Алла жолында күрескен мұжаһид сияқты»496 дейді. 496 Бұхари, 5353; Мүслим, 2982. Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жесір мен жетімге қарайласқан кісі Алла жолында күрескен және түнін намаз, күндізін оразамен өткізген адамдай», – деген. Бұрынғы ұлылардың бірі: «Мен бұрын маскүнем, күнәға батқан кісі едім. Бір күні бір жетім баланы жолықтырып қалып, оған өз баламдай, тіпті одан да жақсы мәміле жасадым. Сол түні түсімде мені забанилер ұстап тозаққа алып бара жатты. Бір қарасам баяғы мен жақсылық жасаған жетім бала жолдан тосып алып, мені алып бара жатқан забанилерге: «Оны қоя беріңдер! Ол үшін Жаратқан Иеме дұға қылып жалбарам», – деді. Забанилер баланың сөзіне мән бермеді. Сол сәтте: «Оны қоя беріңдер. Біз оны одан жақсылық көрген жетім баланың өтінішімен кешірдік» деген үн естілді. Ұйқыдан оянып кеттім және сол күннен кейін жетімдерге жақсылық жасауға тағы көбірек мән бере бастадым», – деп айтқан. Риуаятқа қарағанда алауилерден497 біреу өліп, артында бірнеше қызы жетім қалады. Біршама уақыттан кейін олар кедейліктен қиналады және айналасындағыларға қорланбау үшін басқа жаққа көшеді. Жол жүріп бара жатып қараусыз қалған бір мешітке бас сұғады. 497 Шиалардың бір ағымы. Жесір әйел балаларын сол жерге қалдырып, өзі өзек жалғарға бір нәрсе іздеп жүреді. Қалада даңқты байлардан саналған бір мұсылманға жалбарынып жағдайын түсіндіреді. Бірақ ол: «Сенің жағдайың екенін сөзсіз анықтауым керек», – деп әйелді
203 құр қол қайтарады. Әйел одан ары бір отқатабынушыға барып жағдайын айтады. Отқатабынушы оның сөзіне сеніп, бір әйелді жіберіп оны жетім балаларымен үйіне алып келіп қарайласа бастайды. Сол түні баяғы мұсылман түсінде қиямет-қайым болғанын көреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Хамд туы»498 ілінген бір сарайдың жанында тұр екен. Мұсылман кісі Алла Елшісінен «Уа, Алланың Елшісі, бұл сарай кім үшін?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Мұсылман адам үшін», – деп жауап береді. Ол: «Уа, Алланың Елшісі, мен Аллаға серік қоспаған мұсылманмын», – дейді. Пайғамбарымыз: «Бұған дәлелің бар ма?» – дегенде, әлгі кісі таңғалады. Алланың Елшісі жетімдердің анасын оның есіне салады. Әлгі кісі сол қайғымен өкініп оянады. Дереу баяғы әйелді іздеп жүреді. Оны іздеп жүріп отқатабынушының үйінен әрең табады да, үйіне алып кетпекші болады. Бірақ «Солардың арқасында үйіме береке кірді», – деп отқатабынушы рұқсат бермей қояды. Мұсылман кісі жетім-жесірлерді күшпен отқатабынушының үйінен алып кетуге әрекет жасағанда, отқатабынушы оған: «Сен артынан түскен нәрсеге мен тағы лайықтырақпын. Түсіңде көрген сарай мен үшін жаратылған. Шынында, «мұсылманмын», – деп маған үстемдік қылғың келіп жатыр. Алланың атымен ант ішіп айтайын, мен және менің үй-жайым сол жесір әйелдің себепкерлігімен мұсылман болдық. Содан соң сен көрген түстің дәл өзін мен де көрдім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) менен: «Жесір әйел мен жетім қыздар жаныңда ма?» – деп сұрады. «Иә», – дедім. Алланың Елшісі: «Онда бұл сарай сенікі және отбасыңдікі», – деді», – деп жауап береді. 498 Хамд туы: Қиямет күні мүминдер жиналатын жайдағы белгі. Ақырғы жауапты естіген кісі қатты қайғыға батып, өкіне жолға түседі. Арам Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер»499 деген. 499 «Ниса» сүресі, 29. Аятта айтылған «арам жолдар» деген сөз қандай мақсатта айтылғаны туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбіреулер «Пайыз өсімі» десе, кейбіреулер «құмар» дейді. Тағы біреу «тонау» десе, кейбірі «ұрлық» дейді. «Аманатқа қиянаттық» дегендер, «жалған куәлік беру» дегендер, «жалған ант ішіп, басқаның мал-мүлкін алдап алу» дегендер де бар. Бәлкім, бұлардың бәрі қамтылған шығар. Риуаятқа қарағанда жоғарыдағы аят түсірілгеннен кейін сахабалар басқа біреудің үйінен бір нәрсе жегеннен де сақтана бастады. Сонда: «(Мұқтаж немесе қамқоршысы жоқ) зағип жан да, ақсақ та, науқас адам да (он екі мүшесі түгел, дені сау әрі хал-жайы жақсы адамдардың үйлерінен ішіп-жегені үшін) күнәға қалмайды. Сондай-ақ өздерің де жұбайларың мен балаларыңның үйлерінен, әкелерің мен аналарыңның (сондай-ақ ата-апаларыңның) үйлерінен, бауырларың мен әпке-қарындастарыңның үйлерінен, әкелеріңнің бауырлары мен әпке-қарындастарының үйлерінен, аналарыңның бауырлары мен әпке-сіңлілерінің үйлерінен және кілті қолдарыңда болған (яғни, өздеріңе аманат етілген) үйлерден немесе жақын дос-жарандарыңның үйлерінен (үй иелерінен рұқсат сұрамай-ақ) ішіп-жегендерің үшін күнәға қалмайсыңдар. Сондай-ақ сендер үшін бірге отырып немесе оңаша ішіп-жегеннің де айыбы жоқ. Осы айтылған үйлердің табалдырығынан аттағанда, Алланың атынан һәм Оның бұйырғанындай құтбереке мен игіліктің орнауына себепкер болған игі ниетпен бір-бірлеріңе сәлем
204 беріңдер. Алла ақылға салып ойланарсыңдар деп (сендер үшін маңызы зор) осынау аяттар мен нұсқауларды, міне, осылайша ашып баяндауда»500 деген мағынадағы аят түскен. 500 «Нұр» сүресі, 61. Бұл туралы айтылған көп хадистер бар. Ендеше, олардың бір тобын айтып өтсек. Әбу Һурайраның риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Таза және тазаны ғана қабыл алады», – деген. Алла Тағала: «Уа, пайғамбарлар, таза нәрселерден жеңдер және жақсы істерді жасаңдар»501 дейді және елшілерін бұйырған іске жалпы мүминдерді де бұйырып, «Уа, иман келтіргендер! Біз сендерге берген ризықтың адал-тазаларынан жеңдер. Егер Аллаға ғана сиынсаңдар, оған шүкір қылыңдар»502 деп айтады. 501 «Муминун» сүресі, 51. 502 «Бақара» сүресі, 172. Ұзақ жол жүріп, тұла бойы шаң болған кісіні елестетіп көріңдерші. Сол жағдайда алақан жайып: «Уа, Жаратқан Ием! Уа, Жаратқан Ием!» – деп дұға қылып жатыр екен. Оның ішкені арам, жегені арам, кигені арам болса, тек араммен азықтанса, соның дұғасы қабыл бола ма?» Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адал ризық іздеу – әр мұсылманның парызы», – деген. Тағы бір хадисте «Адал ризық іздеу – парыз ғибадаттардан кейінгі парыз», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Адал жеген, сүннетке лайық іс жасаған және ешкімге жамандығы тимеген кісі пейішке кіреді», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ондайлар қазір үмбеттің арасында көп», – деді. Пайғамбарымыз: «Менен кейінгі дәуірлерде де болады», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Төрт нәрсе сенде бар болса, бұл дүниеде бір нәрсеге жетпеуің саған еш зиянын тигізбейді. Олар: аманатты сақтау, шыншылдық, жақсы мінез және адал тамақ», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Тапқаны адал, жүрегі таза, сыртқы көрінісі байсалды, басқаларға жамандығы тимеген кісі қандай бақытты! Іліміне амал қылған, мал-мүлкінің мұқтаждығынан артығын таратып берген және керексіз сөз сөйлемегендер қандай бақытты!» – деп айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Сағд! Жегенің адал болса дұғаң қабыл болады. Мұхаммедті құдіреті астында ұстаған Аллаға ант ішіп айтайын, қарнына арам тамақ түскен пенденің ғибадаты қырық күн қабыл болмайды. Еті араммен азықтанған пендеге тозақ оты тағы лайықтырақ», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Аманатты сақтамағанның діні жоқ. Оның намазы да, зекеті де қабыл болмайды. Кім арамнан байлық тауып, сол жолмен бір көйлек кисе, сол көйлегі иығынан түспейінше намазы қабыл болмайды. Үстінде арамнан табылған көйлегі бар кісінің намазын және басқа істерін Алла қабыл етпейді», – деп айтқан. Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз: «Кім он дирхамға бір киім сатып алып, сонысының бір-ақ дирхамы арам болса, сол киім үстінде тұрғанда Алла оның намазын қабыл етпейді», – деп айтқан», – деді. Содан соң екі саусағымен құлақтарын жауып тұрып: «Бұл сөздерді Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естімеген болсам екі құлағым керең болсын», – деді. Тағы бір хадисте «Ұрланған нәрсені біліп тұрып сатып алған оның күнәсіне ортақ болады», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атына ант ішіп айтайын, сендерден біреулерің аузына арам тамақ салудың орнына, қолына арқан алып тауға шығып, отын теріп жан баққаны жақсырақ», – деп айтқан.
205 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім арамнан мал-мүлік тауып, содан соң оны садақа қылып таратса, ешқандай сауап таба алмайды және оның обалы сол кісінің мойнында», – деген. Тағы бір хадисте: «Кім арамнан мал-мүлік тауып, онымен құлды азаттыққа шығарса не жақындарына жақсылық жасаса, обалы мойнында болады», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла сендерге ризық бөлістіргендей құлық-мінездеріңді де бөлістірген. Алла дүниені сүйгеніне де, сүймегеніне де береді. Бірақ дінді сүйгеніне ғана нәсіп қылады. Алла дінді кімге берген болса, демек, оны сүйеді». «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, пенденің жүрегі таза, сөзі тура болмайынша мұсылман бола алмайды. Көршісі оның зиянынан қауіпсіз болмайынша мүмин бола алмайды». Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, зиян деп нені айтып жатырсыз?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін былай деп жалғастырды: «Зияны дегенім – оның қиянатшылығы және зорлық-зомбылығы. Арам жолдан тауып, садақа бергеннің садақасы қабыл болмайды. Ондай байлықпен жасалған жақсы істер де қабыл болмайды. Пенде мынадай мал-мүлікті артында қалдырып дүниеден өтсе, жазасы тозақ болады. Алла жамандықты жамандықпен емес, жамандықты жақсылықпен жібереді. Лас нәрсе ластықты жібере алмайды». Пайғамбарымыздан (с.а.с.) адамдардың тозаққа кіруіне ең көп себеп болған нәрселер не екені сұралды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тіл және ұятты жері», – деп жауап берді. Адамдардың пейішке кіруіне ең көп себеп болған нәрселер туралы сұралды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алладан қорқу және жақсы мінез», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Пенде қиямет күні мына төрт нәрседен жауапқа тартылмайынша құтылмайды: 1) Өмірін қайда өткізгені; 2) Жастығын қалай өткізгені; 3) Мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағаны; 4) Іліміне қандай амал жасағаны». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүние ұнамды және тәтті. Кім ол жерде адалдан ақша тауып, орнымен жұмсаса, Алла оған сауап беріп, пейішіне кіргізеді. Кім ол жерде адал емес жолдармен ақша тауып, жаңылыс жерлерге жұмсаса, Алла оны азапқа тастайды. Алланың және Елшісінің байлығына көз артқандарға қиямет күні тозақ азабы бар», – деген. Бұлар туралы Алла Тағала: «Алла кімді тура жолға салса, міне, сол ғана нағыз тура жолда. Ал кімді (өзі тілеп алғаны һәм соған лайық болғаны үшін) адастыратын болса, онда олар үшін Алладан басқа (тура жолға салатын һәм қолдайтын) жанашыр дос та, қорған да таба алмайсың. Біз қиямет күні ол кәпірлерді көрсоқыр, мылқау әрі саңырау күйінде етпетінен түсіріп, сүйреткен күйі махшар алаңына жинаймыз. Олардың ақыр соңында пана тұтар тұрағы – жаһаннам. Оның оты бәсеңдеген сайын, қайтадан маздатып, алаулатқан үстіне алаулата түсеміз»503 деген. 503 «Исра» сүресі, 97. Алла Елшісі (с.а.с.): «Арамнан азықталған қан мен ет пейішке кіре алмайды. Олар тозаққа лайық», – деп айтқан. Тағы бір хадисте «Арамнан пайда болған еттің әрбір үзімі тозаққа лайық. Араммен бағылған дене пейішке кіре алмайды», – деп айтылады.
206 Өсімқорлық Пайыз өсімінен тыйған аяттар көп. Бұл туралы хадистердің кейбірі Бұхари мен Әбу Дәуітте төменгіше риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) денеге қал салғанды, салдырғанды, пайыз жегендер мен жегізгендерді қарғысқа алған. Ит алып-сатуға, зина жолымен пайда табуға тыйым салған және сурет түсіргендерге лағынет айтқан» . Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Төменгі төрт түрлі кісіні пейішке кіргізбеу, оларға сол жайдың нығметтерінің дәмін таттырмау – Алланың анық уәдесі: 1) Әрдайым ішімдік ішкендер; 2) Өсімқорлық жасағандар; 3) Ақысы болмаса да жетімнің малын жегендер; 4) Ата-анасына жамандық жасағандар»504. 504 Хаким, 2/37. Өсімқорлық туралы бұдан басқа да көптеген хадистер бар, мысалы, ибн Аббас айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) піспеген жемісті сатып алудан тыйып, «Қайсы жерде зина мен өсімқорлық жайылса, сол жердің елі Алланың азабына лайық болады», – деген. Өсімқорлық туралы тағы бірнеше хадисті айта кетсек: «Арасында өсімқорлық жайылған қауым сөзсіз ашаршылықпен жазаланады. Арасында парақорлық жайылған қауым қорқынышпен жазаланады». «Миғражға шыққанымда аспанның жетінші қабатына жеткенге шейін найзағайларды, боран-дауылдарды көрдім. Ол жерде қарындары үйдей, ішінде тола жылан бар екені сыртынан-ақ байқалған бір тайпа кісілерді жолықтырдым. Жәбірейілден: «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, «Бұлар өсімқорлық жасағандар», – деп жауап берді». Исфахани Әбу Сағид әл-Худриден риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Көкке көтерілгенімде аспанның бірінші қабатынан бір тайпаны жолықтырдым. Олардың қарындары үлкен бөлмедей ісіп кетіпті. Олар Перғауынның отбасының өтетін жолына жиналып алған еді. Әр күні ертелі-кеш оттың жанына келіп: «Уа, Жаратқан Иеміз, ешқашан қиямет болмасын», – деп жалбарып жатты. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрадым. Жәбірейіл (а.с.) маған: «Бұлар үмбеттің арасында өсімқорлық жасағандар. Бұлар қабірлерінен шайтан ұрғандай тұрады», – деп жауап берді. Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметке жақындағанда зинақорлық, өсімқорлық және ішімдік жайылады», – деген. Абдулла ибн Уаррақ осылай еске алады: «Бір күні Абдулла ибн Әбу Ауфаны ақша алмастырушылардың базарынан көрдім. Ол: «Уа, ақша алмастырушылар, сүйінші!» – деп айқайлады. Ақша алмастырушылар одан: «Уа, Әбу Мұхаммед, Алла саған пейішті сүйіншілесін, бізге нені сүйіншілеп жатырсың?» – деп сұрады. Абдулла ибн Әбу Ауфа: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақша алмастырушыларға тозақты сүйіншілеңдер деген», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кешірілмейтін күнәлардан сақтаныңдар! Бұлардың бірі айлаамал және қиянатшылық. Айлакерлік және қиянаттық жолымен байлық тапқан кісі қиямет күні оны жонына көтеріп жүреді. Екіншісі – өсімқорлық және өсімқорлықтан пайда тапқан кісі. Ол қиямет күні махшарға жын ұрған кісідей келеді», – деді. Пайғамбарымыз сөзін одан ары жалғап: «Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенелдік деп ойласа да, қиямет күні қабірлерінен) бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі»505 деген аятты оқыды». 505 «Бақара» сүресі, 275.
207 Исфаханидің айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) «Пайыз өсімінен артық ақша жегендер қиямет күні Махшарға аяқтарын сүйреп, соққы жеген кісідей келеді» дегеннен кейін «Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенелдік деп ойласа да, қиямет күні қабірлерінен) бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі»506 деген аятты оқыды. 506 «Бақара» сүресі, 275. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пайыз өсімін кәсіп қылып алғандар аяғында сөзсіз жоқшылыққа ұрынады», – деп айтқан. Тағы бір хадисте «Өсімқорлықтан табылған пайда қаншалық көбейсе де аяғында азаяды»507 деп айтқан. 507 Ибн Мажа, 2279; Хаким, 4/318. Алла Елшісі (с.а.с.): «Өсімқорлықтың пайызын жемеген кісі қалмаған уақыт та келеді. Еш пайыз жемегенге де оның шаңы тиеді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, менің үмбетімнен кейбіреулер түнде сайран құрып, көңілді жатып, бірақ таңертең маймыл және доңыз бейнесінде шығады. Оның себебі – арамды адал деп санап, әйелдерге музыкалық аспаптарды шерттіріп, ішімдік ішуі, Пайыз өсімінен пайыз пайда жеуі және жібек киім киюі», – деген. Сол тақырыпта Ахмад ибн Ханбал мен Байхақидің риуаяттары төмендегіше: «Бұл үмбеттің кейбіреулері жеп-ішіп, көңіл көтеріп жатып, таңертең маймыл не доңыз бейнесінде тұрады. Сондай-ақ олардың кейбірінің басына жер жұтып кету және тас жауу сияқты кесел-кесапаттар келеді. таңертең ел: «Пәленшелерді жер жұтты. Түнде түгеншелердің үйі басына құлады», – деп айтады. Не Лұт қауымының кейбір руларына тас жауғандай, олардың үстіне де тас жауды. Бұның себебі – ішімдік ішуі, әйелдерге музыкалық аспаптарды шерттіру, өсімқорлықтың пайыз ақшасын жеу, туыстармен қарым-қатынасты үзу». Тағы бір нәрсе бар екені айтылған, оны риуаят еткен адам ұмытыпты. Адам ақысы Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары төмендегілер: 1. Жолыққанда сәлем беру, Алладан оған амандық тілеу. 2. Шақырғанда бару. 3. Түшкірсе, Алладан оған рақым тілеу. 4. Ауырса, хал-жағдайын сұрап бару. 5. Көз жұмса, жаназасына қатысу. 6. Насихат сұраса, тура жол көрсету. 7. Басқалардың оны өсектеуіне жол бермеу. 8. Өзің қалаған нәрсеге оның да жетуін қалау. 9. Саған жақпаған мәмілені оған да қаламау. Бұлардың бәрі хадистерден айтылған. Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Төрт нәрсе мұсылмандардың мойнындағы ақылардан. Олар: 1. Жақсы іс жасағандарға жәрдем беру; 2. Күнәһарлардың күнәлары кешірілуін тілеу; 3. Шариғат үкімдерінен бет бұрғандарды ол жолдан қайтару;
208 4. Жаман жолдан қайтқандарды сүю», – деп айтқан. Ибн Аббас (р.а.) «мүміндер (күпірлікте табандаған қаскүнем) кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан»508 деген аят туралы былай деп түсіндірме береді: «Мүминдердің тура жолдағылары жаман жолда жүргендерге, жаман жолдағылары тура жолдағыларға дұға қылады. Жаман жолдағылар тура жүргендер жөнінде: «Уа, Жаратқан Алла, оған берген жақсы сипаттарды арттыра көр. Оны сол жақсы жолда бекем қыл. Бұл жақсы ахлақтан бізге де нәсіп қыла көр!» – дейді. Ал енді тура жолдағылар әлгілер жөнінде: «Уа, Жаратқан Алла, оған тура жолды көрсет. Оны күнәлардан қайтарып, кешіре көр!» – деп дұға қылады. 508 «Фатх» сүресі, 29-аят. Мұсылманның тағы бір міндеті – өзі қалаған нәрсені басқа мұсылманға да қалауы. Нуғман ибн Басир (р.анһума) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүминдер бір-бірін жақсы көріп, бір-біріне мейірімділік қылу және өзара күйінуде бейне бір бүтін дене сияқты. (Пенденің) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің дертіне серіктес болады».509 509 Бұхари, Адаб 27; Мүслим, бирр 66. Тағы бір хадисте «Мүмин мен мүмин (жалпы мұсылман қауымы) бейне бір әрбір бөлігі бір-бірін бекем ұстап тұрған ғимараттың құрылысы сияқты», – деп айтқан. «Мұсылманның мұсылмандағы тағы бір ақысы – мұсылман бауырын ыза қылмау». Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Мұсылман – қолы және тілімен басқа мұсылманға зиян келтірмеген кісі».510 510 Бұхари, 6474. Тағы бір хадисте: «... Егер қолыңнан келсе адамдарды жамандықтан тыюға әрекет жаса. Бұл әрекет сен үшін садақа болады...» – деген. Басқа бір хадисте: «Шынайы мұсылман – тілімен де, қолымен де басқа мұсылмандарға зиян тигізбеген кісі», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардан: «Мұсылман кім екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі біледі?» – деді. Пайғамбарымыз: «Мұсылман – тілімен де, қолымен де басқа мұсылмандарды ыза қылмаған адам», – деді. Сахабалар: «Мүмин деген кім?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқа мүминдердің мал-жаны үшін қауіпсіз кісі», – деп жауап берді. Сахабалар: «Мұһажир деген кім?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Жамандықтан қашқан және сақтанған кісі», – деп жауап берді. Сахабалардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, Ислам деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүрегіңмен Аллаға беріліп, қолыңмен де, тіліңмен де мұсылмандарды ыза қылмауың», – деді. Мужаһид айтады: «Тозақыларға өте жаман қотыр тиіп, тырнай беріп, терісі сылынып, сүйектері көрініп қалады. Сол сәтте: «Уа, пәленше ұлы түгенше, бұл қышыма жаныңды қинап жатыр ма?» деген үн естіледі. Ол: «Иә» – деп жауап береді. «Бұл қинау – мұсылмандарға көрсеткен қорлығыңның жазасы», – дейді ғайыптан келген үн. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Бір кісінің пейішті қыдырып жүргенін көрдім. Оның пейішке кіруінің себебі, жол бойындағы ары-бері өткендерге тосқауыл болған ағашты қиып тастауы еді». Әбу Һурайра (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, маған пайдалы нәрсе үйретші», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылмандар өткен жолдан тосқауылдарды алып таста», – деп жауап береді. Адамзаттың Асыл Тәжінің (с.а.с.) бір хадисінде: «Мұсылмандардың жолынан тосқауылды алып тастаған пендеге Алла Тағала бір сауап жазады. Алла сауап жазған кісінің пейішке кіруі анық», – деп айтады.
209 Тағы бір хадисте «Діндес бауырын ренжітетіндей қарау мұсылманға адал емес», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Мұсылманның мұсылманды қорқытып, шошытуы адал емес».511 511 Әбу Дәуіт, 5004; Сахихул Жамиғ 7658. «Алла мүминдерді ренжітуді жақсы көрмейді». Рәбиғ ибн Хайсам айтқан: «Адамдар екі түрлі: мүмин және тура жолдан адасқан. Мүмин болса ренжітпе. Адасқан болса ерме. Мұсылман басқа мұсылманға кішіпейіл мәміле жасағаны абзал. Өйткені «Алла мақтанғандарды және менменсінгендерді сүймейді». Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала маған былай деп білдірді: «Бір-бірлеріңе кішіпейіл мәміле жасаңдар, ешкімге тәкаппарлық жасамаңдар. Соған қарамай оған біреу тәкаппар мәміле жасаса, оны дұрыс қабылдасын». Алла Тағала тағы бір аятында Пайғамбарына былай дейді: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма (наданмен надан болма)».512 512 «Ағраф» сүресі, 199. Ибн Әбу Ауфа: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлық мұсылмандарға кішіпейіл мәміле жасады және ешкімге тәкаппарлық көрсетпеді. Жетім-жесір, жарлы-жалшылармен бірге жүріп, олардың өтініштерін орындауға еш немқұрайды қараған емес», – деп айтқан. Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының тағы бірі – сөз аңдымау, мұсылман бауырының сөзін басқаларға өсектемеу. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Өсекші пейішке кіре алмайды», – деп айтқан. Хаул ибн Ахмад: «Басқаларды саған өсектеген кісі сені де басқаларға өсектейді. Басқалардың сөзін саған тасыған адам сенің сөздеріңді де басқаларға тасиды», – деген. Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының тағы бірі – қаншалық ашуланса-дағы таныған кісілерімен үш күннен артық ренжіп жүрмеуі. Әбу Әйюб әл-Ансаридің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман басқа мұсылман бауырымен үш күннен артық ренжіп жүруі, кезігіп қалғанда бір-бірінен теріс қарап кетуі дұрыс емес. Екеуінің ең жақсысы – бірінші сәлем бергені», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаза тайған мұсылманды қолынан ұстап, аяғына тұрғызғанды Алла да қиямет күні аяғына тұрғызады», – дейді. Икрима (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала Жүсіпке (а.с.) «Бауырларыңды кешіргенің үшін бұл дүниеде және ақыретте орныңды биік қылдым», – деп айтқан». Әзірет Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ешбір уақытта өзі үшін өш алған емес. Ал енді Алланың атына қарсы сөз болса, онда Алла үшін өш алды», – деген. Ибн Аббас: «Адам өзі ұшыраған әділетсіздікті кешірсе, Алла оның орнын биіктетеді», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір садақа мал-байлықты кемітпейді. Кешірімділік жасаған кісінің орны биіктейді. Алла үшін кешірімді болған кісінің абыройын Алла көтереді», – деген.
210 Нәпсіге құл болмау және тақуалық Алла Тағала: «Өз әуейілігін (құмарлығын) тәңір тұтып, көңілі соққан нәрсенің құлы болған, сондай-ақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның парқын) білсе де Алланың Өзі адастырып, құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзін перделеп тастаған бейбақты көрдің бе?! Оны Алланың Өзі адастырғаннан кейін тура жолға кім түсіре алады дейсің?! Міне, осының өзін ойлап, ғибрат алмайсыңдар ма?!»513 деген. 513 «Жасия» сүресі, 23. Бұл аятқа ибн Аббас (р.а.): «Бұл жерде Алланың тура көрсетпеуіне және шынайы дәлелге сүйенбей тұрып өзіне тура емес жол таңдап алған кәпір туралы айтылып жатыр. Ол өз нәпсісіне ерді. Алланың Кітабына емес, нәпсісінің шақыруына бойсұнады. Міне, сондықтан ол нәпсісіне сиынған болып саналады» деп түсіндірме берген. Алла Тағала: «Өзіңе келген ақиқаттан сырт айналып, олардың әуейіліктеріне еріп, өзіңе келген ақиқаттан тайма».514 514 «Мәида» сүресі, 48. «Уа, Дәуіт! Біз сені жер бетінде (Біздің үкімдерімізді басшылыққа ала отырып билік жүргізетін) халифа қылдық. Ендеше адамдар арасында әділ билік айт. Нәпсіңнің қалауларына ерме, әйтпесе, ол сені Алланың ақ жолынан тайдырып жібереді. Анығында, Алланың ақ жолынан адасқандарға жауапқа тартылар күнді ұмытқандары үшін тым қатты азап бар»515 деп айтқан. 515 «Сад» сүресі, 26. Өйткені нәпсінің қалаулары себеп болған істердің бәрі тозаққа сүйрейді. Алла бәрімізді одан сақтасын! Бір данышпан: «Қандай да бір мәселеде ақиқат қайда екенін біле алмасаң, қай жағы нәпсіңнің қалауларына жақын болса, оның керісіншесін жаса», – деген. Ибн Аббас (р.а.): «Екі көзқарастың қайсысы тура екенін біле алмай екі ұдай ойда болсаң, саған жағымды болғанын тастап, нәпсіңе жақпағанды таңда», – деп айтқан. Әзірет Омар (р.а.) айтады: «Нәпсілеріңді ауыздықтаңдар, өйткені ол сендерді жамандыққа шақырады. Шынында, ақиқат жолда жүру қиын, жаман жолға түсу оңай және нәпсіге жағады. Күнә істен аулақ болу, оны жасап алып, тәубемен жоюға қарағанда жеңіл. Арамға қарау асау құмарды қоздырып, көзге тартымды рақат ұзаққа созылған қайғыға жол ашады». Лұқпан данышпан ұлына: «Уа, балам, әуелі нәпсіңнен сақтануды өсиет етемін. Өйткені нәпсінің өз қалауы бар. Оған еретін болсаң, шектен шығарады. Шақпақ таста от жасырулы болғандай, жаман қалаулар да нәпсіде жасырылған. Егер оны шақсаң от тұтанады, тимесең, жасырылған күйі қалады», – деп насихат айтқан. Фадл ибн Аббас: «Кейде пенделердің абыройын көтереді. Кейде нәпсінің қалаулары қырағы, ақылды кісіні де төмендетеді. Кейде ел қателік жіберген біреуді мақтай береді. Кейде жақсы іс жасаған кісілер де сынға ұшырайды. Негізінде, оның жолы тура», – деген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде: «Алла Тағала ақылды жаратқанда, оған «бері кел» деді, ол келді. Содан соң «ары бар» деді, ол кетті. Алла Тағала: «Ұлылығыма ант! Сені ең сүйіктілеріме беремін», – деді. Ал енді ақылсыздықты жаратқанда оған «бері кел», – деді. Ол келді. «Ары бар» деді, кетті. Алла Тағала: «Ұлылығыма ант! Сені жаман көрген пенделеріме беремін» деген», – деп айтылады. Данышпандар айтқандай: «Нәпсінің қалаулары сені кедергілі қараңғылыққа алып баратын жолға ұқсайды. Сондықтан нәпсіге еруден сақтан!»
211 Данышпан адам біреуге былай деп насихат айтады: «Сені нәпсіңмен күресуге шақырамын. Өйткені нәпсі – жамандықтардың кілті, жақсылықтардың дұшпаны. Нәпсіңнің барлық қалаулары – саған дұшпан. Нәпсің саған күнә нәрселерді әсемдеп көрсетеді. Көңіліңді ұйқы-тұйқы қылған екі ұдай ойларды қуалап, жақсы-жаманды айыра білуің үшін мықты ерік, жалғаннан аулақ болған дұрыстық, үздіксіз жақсы істер, үмітсіздікке түспеген сабыр, ғибадатсыз қалмаған ниет керек». Уа, Жаратқан Алла! Ақылымызды нәпсімізге жеңдіріп, бізді зиянға ұшырата көрме! Бұл дүниемен әлек болып, ақыретті ұмытуымызға жол берме! Пайғамбарымыз және жолбасшымыз әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) құрметі үшін бізді Сені зікір қылғандардың және нығметтеріңе шүкір қылушылардың қатарына қос. Бізге түрлі нығметтерді берген Аллаға мақтаулар болсын! Енді тақуалық туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін тізбектей кетейік: «Діндегі ең жақсы істерің – тақуалық». «Істердің ең жоғары дәрежелісі – тақуалық». «Тақуалы болсаң, ел ішінен ең көп ғибадат жасаушылардан боласың. Қанағат қылсаң, ел ішінен ең көп шүкір қылушылардан боласың». «Алдынан шыққан күнәдан өзін ұстай алатындай тақуалығы жоқ кісінің жасаған істеріне Алла еш көңіл бөлмейді». Ибраһим ибн Адхам (рахматуллаһи аләйһи): «Тақуалықтың үш сатысы бар: бірінші сатысы – парыз. Ол – арам істерден аулақ болу. Екіншісі – иман саулығы. Ол – күмәнді істерден ұзақтау. Үшіншісі – ұлы дәрежеге жеткізеді. Ол – кейбір адал нәрселерді де өз ықтиярымен тастау», – деп айтқан. Яхия ибн Муаз (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бұл дүниеге сабақ алу үшін назар сал. Оны өз ықтиярыңмен таста, зәруліктен кейін онда еңбек қыл, шын жүрегіңмен ақыреттің артынан түс». Пейіштің сипаттары және пейіштегілердің дәрежелері Қиыншылықтары, азаптары жөнінде баяндалған тозаққа қарама-қарсы тағы бір жай бар. Енді сол жайдың нығметі мен рақатын ойла. Өйткені бұл жайлардың біреуінен алыс қалғандар сөзсіз екіншісіне жайғасады. Тозақтың азап, қиыншылықтары туралы көпке ойланып, жүрегіңді қорқу сезімі ұяласын. Пейіштегілерге дайындалған мәңгілік нығметтерді ойлап, көкірегіңде үміт пайда болсын. Сонда нәпсіңді қорқу қамшысымен қамшылап, үміт тізгінімен Тура Жолға бұрасың. Сөйтіп жан шыдағысыз азаптан құтылып, ұлы нығметке жетесің. Енді пейіштегілерді ойла. Жүздерінде қуаныш, мөрленген кеселерден пейіштің шарабын ішеді. Ақ інжуден жасалған шатырларда, қызыл жақұт кереуеттерде отырады. Жерге төселген кілемдері жасыл жібектен. Бал мен шарап аққан дариялардың жиегіне әсем орындықтар қойылған. Бұл дария жиектері хор қыздарға және қызметшілерге лық толған. Хор қыздар жақұт, ақықтай көрінеді. Оларға бұрын адам да, жын да тиген емес. Олар пейіште ары-бері саяхаттағанда көйлектерінің етектерін жетпіс ғылман 516 көтеріп жүреді. Олардың жібек киімдері көз жауын алады. Бастарында інжу, ақық тастар бар. Хор қыздар еш қартаймайды. 516 Пейіштегі қызметшілер.
212 Пейіш бақшаларының ортасында құрылған жақут сарайлардың бөлмелерінде болады. Бал-бұл жайнаған көздерімен өз мырзаларынан басқаға қарамайды. Пейіштегілерге және хор қыздарға кеселермен дәмді, ақықтай тұнық сусындар ұсынылады. Оларға ақықтай болған жастар қызмет жасайды. Пейіштегілер бұл дүниеде жасаған істерінің сыйлығы ретінде қауіпсіз жайға жайғасады. Олар мөлдір бұлақтар аққан ұнамды бақшаларда сайрандайды. Мәңгілік қайғы-мұңсыз көңілді өмір сүреді. Өлім және ауру-сырқау деген қиыншылықтары да жоқ. Әртүрлі нығметтердің дәмін татады. Тамсандырған тамақтарын жеп, сүт, бал, шарап суларынан ішеді. Ол жайдың топырағы күміс, шағылы ақық, топырағы миск, өсімдігі шафран иісті. Жұпар иісті жаңбыр жауады. Бұл сулар түрлі-түсті кеселермен ұсынылады. Інжу, жақут және ақықпен әшекейленген кеселер шарап қосылған тәтті суға толып, жарқыраған кесе шағылысқанда шарапты жағымды көрсетіп, тәбетті ашып тұрады. Бұл кеселерді жүзі жарқыраған қызметшілер ұсынады. Олардың жарқыраған жүзінің жанында күн нұры байқалмай қалады. Сондай дүниенің бар екеніне және ол жайға кіргендер өлместікке жететініне және ешқандай бәлелерге душар болмайтынына сенген кісінің бұл жалғандағы тез бұзылуына, уақытша дүниеге беріліп кеткеніне таңғаласың. Аллаға ант етейін, ақыретте өлім, аштық, шөлдеу жоқ болуымен бірге, денсаулық қана болса, сол үшін бұл дүниенің орнына ақыретті таңдауға татиды. Пейіште сондай-ақ қайғы-мұң да жоқ. Бұл дүние пейіштен қайтіп артық болсын! Пейішке кіргендер қауіпсіздікте патшадай өмір сүреді! Әрқалай қуанышқа бөленеді, оларға қалаған нәрсесі беріледі. Әр күні Аршқа жақындап Алланың Нұр Жамалын көреді. Алланың жүзін көргенде, пейіштің басқа нығметтерінен асып түсетін рахатқа бөленеді. Олар пейіштің нығметтерінің құшағында сайрандайды және ол «рақат жоқ болады» деп қорықпайды. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіште: «Уа, пейіштіктер! Сендерге мықты денсаулық беремін, бұдан кейін еш ауырмайсыңдар. Өлместікке жетесіңдер. Қартаймай жас күйі қаласыңдар. Үмітсіздік қосылмаған зор бақытқа жетесіңдер», – деп айтылады», – деген. Алла Тағаланың төмендегі аяты бұл ақиқатты баяндайды: «Сонда оларға: «Міне, пейіш бақтары! Сендер бұрын жасаған істерің үшін соның мирасқоры болдыңдар», – деп айтылады». Пейіштің қандай екенін білгің келсе, Құран Кәрімді оқы, өйткені ешкім Алладан жақсы суреттей алмайды. Мысалы, «Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар»517 деген аяттан бастап «Рахман» сүресі, «Уақиға» сүресін және басқа соған байланысты аяттарды оқы. Егер пейіш туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) берген кеңірек мағлұматтарды білгің келсе әуелі пейіштің санынан баста. 517 «Рахман» сүресі, 46 Пайғамбарымыз (с.а.с.) «мүмінге екі бірдей жаннат бар» деген аят туралы: «Екі пейіштің ыдыс-аяғы, бұйымдары күмістен, қалған екі пейіштегі нәрселер алтыннан. «Адн» пейішіндегілер Жаратқан Иесін көргенде олар мен Алланың ортасында «Ұлылық пердесі» болады», – деп айтқан. Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім мал-мүлкінен екеуін Алла жолында садақа қылатын болса, пейіштің барлық есігінен шақырылады. Пейіштің сегіз есігі бар. Кім намазын толық оқып жүрсе, намаз есігінен шақырылады. Кім оразасын қалдырмай ұстаса, ораза есігінен шақырылады. Кім садақа беріп жүрсе,
213 садақа есігінен шақырылады. Кім Алла жолында күресіп жүрген болса, жиһад есігінен шақырылады», – деген. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Бір пенде бұл есіктерінен бірінен шақырылуының зәрулігі жоқ. Бірақ бір пенде сол есіктердің бәрінен бірдей уақытта шақыру алуы мүмкін бе?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондайлар да бар. Сенің де солардан болуыңды тілеймін»518 деп жауап берді. 518 Бұхари, 2741, 3216; Мүслим, 1027. Асим ибн Дамра519 (р.а.) әзірет Алидің айтқандары туралы баяндайды: «Әзірет Али тозақ туралы сөз қозғап, оның қорқыныштарын айтып берді. Содан соң пейіш және пейіштегілер туралы сөз қозғап былай деді: «Жаратқан Иесінен қорыққандар (тақуалар) топ-тобымен пейішке алынып барып, пейіш есіктерінің біріне жақындағанда түбінен екі су атқылап ағып жатқан ағашқа тап келеді. Бұйрық бойынша, әуелі біреуіне жақындап суынан ішеді. Сонда іштеріндегі әрқандай ауру, қайғы-қасіреттің бәрінен арылады. Содан соң екінші суға барып жуынады. Онда пейіш сұлулығына ие болады. Одан кейін шаштары өзгермейді, кірлеп, шаң болмайды. Майлап қойғандай құлпырады. Пейіш есігіне жетіп, кірерде күзетшілер оларды тосып алып: «Ассәләму аләйкум! О, қандай сымбаттысыңдар, бұл жерде мәңгілік қаласыңдар!» – дейді. Содан соң оларды ғылмандар күтіп алады. Бұл дүниеде сырттан кіргенде сүйікті балалары тосып алғандай, пейіште оларды ғылмандар тосып шығады. «Алла сендерге пәлендей-түгендей нығметтерді дайындап қойды», – дейді. Содан соң бірнеше ғылмандар барып ол еркектерге тиесілі хор қыздарға хабар беріп, «Дүниеден пәленше деген атпен аталған кісі келді», – дейді. Содан соң хор қыз: 519 Төртінші халифа әзірет Алидің тәрбиесін алған тәпсір ғалымдарынан. – Сен оны көрдің бе? – деп сұрайды. – Көрдім. Міне, артымнан келе жатыр, – дейді. Хор қыздар қуанған бойы есіктің жанына жетіп келеді. Пейішке кірген кісі өзіне дайындалған сарайдың жанына барып, оған таңдана қарайды. Домалақ інжулердің үстіне салынған қызыл, жасыл және сары түстегі сарайды көреді. Оның төбесіне қарағанда көздері ұялады. Егер сонда Алла сақтамаса, бәлкім, көздері соқыр болып қалмақ. Содан соң айналасына қараса, алдарына құмыралар қойылған биік тақтар тұрады. Тақтардың жанында қабат-қабат жастықтар, оны айнала қызмет жасаған ғылмандар жүреді. Сонда пейіштік болған пенде сарайдың дуалына сүйеніп: – Бізді тура жолға салған Аллаға мақтаулар болсын! Егер Алла бағыттамаса, біз тура жолды таба алмаушы едік, – дейді. Сонда: – Сол жайда мәңгі өмір сүресің. Жайғаса бер, бұдан кейін ешкім сенің мазаңды алмайды. Денің сау, ешқашан ауырмайсың, – деген үн естіледі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадисі бар: «Қиямет күні пейіштің есігіне келіп, есіктің ашылуын өтінем. Күзетші періште: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Мен: «Мұхаммедпін», – дегенімде, күзетші періште: «Маған сенен бұрын пейіштің есігін ешкімге ашпау бұйырылған», – деп жауап береді». Адамдар бұл дүниеде жасаған құлшылығы және әдеп-ахлағымен бір-бірінен қалай ерекшеленіп тұрған болса, сондай-ақ жасаған істеріне сай алған сауаптары және ақыреттегі дәрежелері де түрлі болады. Әй, пенде! Егер ақыреттегі дәрежелердің ең жоғарғысына талапкер болсаң, бұл дүниеде жасаған ғибадатың және жақсы әдепахлағыңмен алдыңа адам салдырма. Алла Тағала айтқан: «Раббыларыңнан болатын кешірімге және Аллаға һәм елшілеріне шынымен иман келтіргендер үшін әзірленген, ені жеті қат көк пен жердің еніндей болған жұмақтан орын
214 алу үшін жарысыңдар. Міне, бұл – Алланың қалаған пенделеріне нәсіп ететін шарапаты. Алла – шексіз шарапат иесі»520, 520 «Хадид» сүресі, 21. «Оларға (зиянды нәрселерден ада, таза екенін білдіретін) мөрі бар тап-таза мөлдір шарап ұсынылады. Ішілген соң түбінен хош иісі аңқиды».521 521 «Мутаффифин» сүресі, 25-26. Істің қызығы, мысалы құрбы-құрдастарыңның не көршілеріңнің біреуі байып кетіп, сенікінен жақсы үй салып алса, бұл саған ауыр тиеді. Жүрегің қысылып, көреалмастықтың отына күйесің. Негізінде, сен үшін маңызды нәрсе Аллаға мойынсұну және жақсы әдеп-ахлаққа ие болу жағынан жарысу емес пе?! Әдеп-ахлағы сенікінен жақсы болып, сенен озып кететіндер болуы мүмкін. Бұл дүниенің барлық жақсы нәрселерін жисаң да ақыреттегі нығметтерге және дәрежелерге тең бола алмайды ғой! Әбу Сағид әл-Худри риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Пейіштегілердің арасынан өте жоғары дәрежеге ие болғандар бар. Олар асыл қасиеттерімен өзгешеленіп тұрғандықтан, сендерге шығыстан батыстағы жұлдыздардай алыс, биік болып көрінеді», – деген. Жанындағылар: «Уа, Алланың Елшісі, бұлар пайғамбарлардың дәрежесі ме? Ол дәрежелерге басқа кісілер жете алмай ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаным қолында болған Иемнің атымен ант ішемін, Аллаға иман келтіріп, пайғамбарларының пайғамбарлығын растағандар да ол дәрежелерге жете алады. Биік дәреже иелері сендер аспанның бір шетінен шыққан жұлдызды көріп тұрғандай, өз тақтарында отырып оларды көріп тұрады. Әбу Бәкір мен Омар да олардың арасында. Олар да осындай нығметке жеткен», – деп жауап береді. Жәбир (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні: – Сендерге пейіштегі әсем сарайлар туралы айтып берейін бе? – деп сұрайды. – Уа, Алланың Елшісі! Ата-анамыз саған садақа болсын, айтып берші, – деді жанындағылар. Сонда Пайғамбарымыз мен естіп отырғандардың арасында төменгідей әңгіме өрбіді: – Пейіште таза гаухардан салынған зәулім үйлер бар. Сырты ішінен, іші сыртынан көрінеді. Ол жайда көз көрмеген, құлақ естімеген және ешкімнің қиялына да келмеген нығметтер, ләззаттар және қуаныштар бар. – Ол сарайлар кім үшін? – Ол сарайлар сәлемдесу жоралғысын жайған, біреудің қарнын тойдырған, үздіксіз ораза ұстаған және бәрі ұйықтап жатқанда намаз оқығандар үшін. – Бұларға кімнің күші жетеді? – Менің үмбетім мұны орындай алады. Бұл қалай болатынын сендерге айтып берейін: Кім мұсылман бауырымен жолыққанда сәлем берсе, сәлемдесу жоралғысын жайған болып есептеледі. Өзінің бала-шағасының қарнын тойдырса, «Басқаның қарнын тойдырғандардың» тобына қосылады. Рамазанмен қоса әр айда үш күннен ораза ұстаса, үздіксіз ораза ұстаған болады. Құптан және таң намаздарын жамағатпен оқығандар, басқалар (яғни яһудилер, христиандар және отқатабынушылар) ұйқыда жатқанда намаз оқыған болып есептеледі. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сонда (Алла) күнәларыңды кешіріп, (жайқалған жасыл бауларының арасымен және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшаларына, түгесілмейтін нығмет пен мәңгілік шаттық мекені Адн жаннатындағы керемет үй-жайларға орналастырады. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс деген – осы»522 деген мағынадағы аят туралы сұраққа: «Інжуден сарайлар, әрбір сарайда қызыл жақуттан жетпіс үй бар. Әр үйдің жасыл изумрудтан жетпіс бөлмесі бар. Әрбір бөлмеде жетпістен жататын орын, әр орында әр түрден жетпіс төсек, әр төсекте ботагөз хор қыз
215 болады. Әр бөлмеде жетпіс дастархан, әр дастарханда жетпіс түрлі тамақ бар және әр бөлмеде жетпіс қызметші болады. Әр таңда бұлар жаңаланып тұрады», – деп жауап берді. 522 «Саф» сүресі, 12. Сабырлылық, Аллаға ризалық және қанағат Алланың разылығының ұлылығын баяндаған аяттар төмендегілер: «Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады».523 523 «Байина» сүресі, 8. «Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!»524 524 «Рахман» сүресі, 60. Жақсылықтың жеткен шегі – Алланың пендеден разы болуы. Алланың пендеден разы болуы – пенденің Алладан разы болуының сыйы. «Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ішінде мәңгі-бақи бақытты ғұмыр кешетін, (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларын, әсіресе Адн жаннатынан керемет үйлер беруді уәде етті. Ал (аталмыш нығметтердің) бәрінен де зоры – Алланың (оларға деген) разылығы. Ең үлкен жетістік – міне, сол».525 525 «Тәубе» сүресі, 72. Біз куә болғандай, Алланың разылығы Адн пейіштерінен де жоғары тұрады. Алла Тағала оны зікір қылуды намаздан да жоғары құрметтеген: «Өйткені намаз – адам баласын арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды. Ал Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры. Алла сендердің не істеп жүргендеріңді толық біледі».526 526 «Анкабут» сүресі, 45. Намазда аты аталған Алла Тағаланың Нұр Жамалын көру намаздан да жоғары тұрғандай, пейіштердің Иесінің разылығы пейіштерден де жоғары бағаланады. Нақтылап айтқанда Алланың Нұр Жамалын көру – пейіштегілердің ақырғы тілегі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала мүминдерге: «Менен не қаласаңдар, сұраңдар», – дегенде, мүминдер: «Сенің разылығыңды», – дейді», – деп айтқан. Мүминдер Алла Тағаланың Нұр Жамалын көргеннен кейін оның Разылығын тілеуі – Алланың разылығы ең ұлы мақсат екенін білдіреді. Пенденің Аллаға разылығы туралы кейінірек баяндаймыз. Алланың пендеге разы болуы басқа мағынада. Алланың пендені сүюі тақырыбында айтқандарымызға жақын. Жалпы алғанда, пенде басқа уақытта мұны түсіне алмайды. Көреген, көсем кісілер ғана түсінеді. Қысқасы, Алланың Нұр Жамалын көруден биік дәреже жоқ. Жоғарыдағы хадисте де айтылғандай, Алланың «Менен сұраңдар» деген бұйрығына пейіштегілердің «Разылығыңды тілейміз» деп жауап беруі, міне, сол себептен Алланың разылығы – оның Нұр Жамалын үздіксіз әрдайым көруге себеп болады. Мысалы, олар Алланың Нұр Жамалын көрумен ақырғы мақсаттары іске асқанына куә болады. Бірақ оларға «Сұраңдар!» – деп айтылғанда «Разылығыңды тілейміз» деп жауап берумен «Нұр Жамалыңды көру нығметінің үздіксіз болуын қалаймыз» деген мағынаны білдіреді.
216 Өйткені Алланың олардан разы болуы перденің әрдайым ашық тұруына себеп екенін біледі. Алла Тағала: «Онда олардың қалаған нәрселерінің бәрі бар. Сондай-ақ құзырымызда одан да көп сый-сияпат бар»527 деп айтқан. 527 «Қаф» сүресі, 35. Кейбір тәпсіршілер былай дейді: Пейіштегілерге Жаратқан Иесі үш сыйлық береді: Біріншісі: Пейіштің көз көрмеген, құлақ естімеген, адамның қиялына да келмеген сыйтартулары. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Дүниеде істеген игі істері үшін оларды (ақиретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый-сияпаттың, нендей тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді»528 деген. 528 «Сәжде» сүресі, 17. Екіншісі: Жаратқан Иесінің сәлемі. Құранда: «Һәм олар ерекше мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады»529 деп айтылады. 529 «Иәсин» сүресі, 58. Үшіншісі: Алланың разылығы. Құран Кәрімде: «Ал (аталмыш нығметтердің) бәрінен де зоры – Алланың (оларға деген) разылығы. Ең үлкен жетістік – міне, сол»530 деп жазылған. 530 «Тәубе» сүресі, 72. Аяттың тәпсірі төмендегіше: Алланың разылығы пейіштегі нығметтердің бәрінен жоғары тұрады. Бұл – пенденің разылығының жемісі. Разылықтың ұлылығын көрсеткен хадистер төмендегілер: Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалардан: – Сендер кімсіңдер? – деп сұрады. – Мүминбіз, – деп жауап берді сахабалар. – Имандарың неден байқалады? – Кесапат-бәлелерге сабыр, нығметтерге шүкір, басымызға не келсе де ризалықпен қабыл аламыз. – Құдайақы, шынында сендер мүминсіңдер!» Тағы мынадай хадистер бар: «Кім Алла берген адал ризыққа разы болса, Алла да оның істеріне разы болады». «Алла сүйген пендесін бәлелерге душар етеді. Егер сабыр қылса, оны басқалардан жоғары қояды. Егер разы болса, оны сыйлайды». «Қиямет күні Алла Тағала кейбір пенделеріне қанат жаратады. Олар қабірлерінен пейішке ұшады. Ол жерде қалағанындай сайрандайды. Сонда періштелер мен олардың ортасында төменгідей әңгіме жүреді: – Есеп бердіңдер ме? – Біз есеп не екенін білмедік. – Сыраттан өттіңдер ме? – Біз Сырат деген нәрсені де көрмедік. – Тозақты көрдіңдер ме? – Біз еш нәрсе көрмедік. – Қайсы пайғамбардың үмбетісіңдер? – Мұхаммедтің (а.с.). – Алла үшін айтып беріңдерші, дүниеде қандай істерді жасаушы едіңдер? – Біздің екі сипатымыз бар болды. Бұл мәртебеге Алланың бұйрығымен жеттік. – Олар қандай сипаттар еді? – Жалғыз жүргенде де Аллаға күнә жасаудан қорқушы едік және Жаратқан Иеміздің бізге берген несібесіне разы болушы едік.
217 – Олай болса сендер соған лайықтысыңдар». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, кедейлер! Аллаға шын жүректен разы болсаңдар, кедейліктің сауабына жетесіңдер, өйтпесеңдер, сауапқа жете алмайсыңдар», – деп айтқан. Риуаятқа қарағанда Исраилұлдары Мұсаға (а.с.): «Жаратқан Иеңнен сұра, бізге оның разылығына жеткізетін істі көрсетсін», – деді. Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Олардың айтқанын естідің», – деп Жаратқанға дұға қылады. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса! Оларға айт: Менен разы болса, Мен де олардан разы болам», – деді. Сабыр тақырыбына келетін болсақ, Алла Тағала бұл туралы Құран Кәрімнің тоқсаннан аса жерінде баяндаған және барлық жақсы істерден өте көп сауапты оған ұйғарып, сол жақсы істердің бәрі сабырдың жиынтығы екенін білдірген. Сабырлыларға басқа жақсы істерді орындаушылардан да көп қуанышты хабар берген және «... Міне, солар – Раббыларының кешірімі мен рақымына бөленгендер. Тура жолға түскендер де солар»531 деп айтқан. 531 «Бақара» сүресі, 157. Біз көріп тұрғандай, аятта тура жол, рақым және амандық сабырлылар үшін жиналған. Сабырлылық туралы аяттардың бәрін тізбектеп айту қиын. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадистері бар: «Сабырлылық пейіш қазыналарынан бір қазына». «Иман деген не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.) «Сабырлылық», – деп жауап берген. Тағы бір хадисте «Істердің ең жақсысы нәпсіге ауыр келген нәрсені жүзеге асыру», – деп айтылады. Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай деп уахи қылды: «Менің мінезімнен үлгі ал. Менің қасиеттерімнің бірі – сабырлымын». Ибн Аббастан риуаят етіледі: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) жиналып отырған ансарларға келіп: «Сендер мүминсіңдер ме?» – деп сұрады. Олар үн қатпады. Әзірет Омар: «Иә, уа, Алланың Елшісі!» – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Имандарыңның белгісі не?» – деді. Ансарлар: «Молшылық болып тұрғанда шүкір қыламыз. Бәлелерге сабыр қыламыз. Тағдырға разылық көрсетеміз», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Құдайақы, онда сендер мүминсіңдер!» – деді. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жағымсыз нәрсеге сабыр қылғаның өте жақсы. Иса (а.с.): «Сендер өздеріңе жақпаған нәрселерге сабыр қылумен ғана сүйіктілеріңді (яғни, Алланы) таба аласыңдар», – деген». Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер сабырлылық бір пенде болғанда, ол өте көп жақсы қасиеттерге ие болады», – деген. Алла сабырлыларды сүйеді. Бұл туралы айтылған хадистер өте көп. Пайғамбарымыз: «Қанағат қылған ұлық болады, сұғанақтық қылған қор болады», – деген. «Қанағат – сарқылмас қазына». Қанағатшылдық туралы жоғарыда да көп сөздер айтылған.
218 Аллаға тәуекел ету Бұл туралы аяттардың бірі төмендегіше: «Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді».532 532 «Әли Имран» сүресі, 159. Бұл – өте ұлы дәреже. Оған жеткендерді Алла сүйетіні, олар Алланың кепілдігіне және қорғауына алынатыны білдірілген. Демек, бұдан ұлы дәреже болуы мүмкін бе? Бұл ұлы дәреже – Аллаға тәуекел ету дәрежесі. Кімде-кім Алла оған жеткілікті екенін, Алла оны сүйетінін және оны Өз кепілдігіне алатынын айтып жүрген болса, әлбетте, оның үлкен бақытқа жеткендігі анық. Өйткені сүйікті кісі жазаланбайды, сүргінге айдалмайды, түрмеге қамалмайды. Бұл туралы айтылған хадистердің кейбіреулері төмендегілер: Ибн Масғуд (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қажылық мезгіліндегідей үмбеттерді көрдім. Өз үмбетімді де көрдім. Олар тау-тасқа, далаларға толған еді. Олардың көптігі қатты таңғалдырды. Менен: «Разы болдың ба?» – деп сұралды. «Иә», – деп жауап бердім. Маған тағы да «Бұлармен бірге тағы жетпіс мың кісі сұрақсыз тіке пейішке кіреді» деп айтылды. Бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар менменсініп тәкаппарланбағандар, біраз қиыншылық, машақат бола қалса оны бақытсыздық демегендер, дем салдырып оқытпағандар және Жаратқан Иесіне ғана тәуекел қылғандар», – деді. Уққаша ибн Михсан орнынан тұра қалып: «Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаға дұға қылыңызшы, Уа, Алланың Елшісі!» – деп сұранды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естіген тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Менің де олардың қатарында болуым үшін Аллаға дұға қылсаңыз», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уққаша бұл мүмкіншілікті сенен бұрын пайдаланып кетті», – деді». Тәуекел туралы бұдан басқа да көптеген хадистер айтылған: «Егерде Аллаға лайықты тәуекел етпегендеріңде, ол сендерге таңертең ұясынан ашқарын ұшып шығып, түнде тоқ қайтып келген құстарға ризық бергендей ризық берер еді». «Кім Аллаға тәуекел қылып, Оған сүйенсе, әрқалай мұқтаж жағдайда Алла оған жәрдем беріп, күтпеген жерден оған ризықтың есіктерін ашады. Кім дүниесіне сүйенсе, Алла оны дүниенің артына тастап қояды». «Кім адамдардың ең дәулеттісі болуын қаласа, өз қолындағыға емес, Алланың беретініне көбірек сенсін». Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйіндегі бір мұқтаждықтан бастап қиыншылыққа душар болса бала-шаға мүшелеріне: «Намазға тұрыңдар! Жаратқан Ием маған: «Отбасыңа және үмбетіңе намаз оқуды бұйыр әрі өзің де намаз оқуда табандылық таныт. Біз сенен ризық сұрамаймыз, керісінше сенің ризық-несібеңді Біз берудеміз. Ең жақсы нәтиже – (нағыз жетістік пен шын бақыт, құлшылықтың мәйегі болған) тақуалықта»533 деп бұйрық берді», – деді. 533 «Таһа» сүресі, 132. Бір жағынан Аллаға құлшылық жасап, екінші жағынан өзін-өзі мақтаған кісі тәуекел қылған болып есептелмейді. Риуаятқа қарағанда Ибраһим (а.с.) катапультамен отқа лақтырылып жатқанда, Жәбірейіл періште оның жанына келіп: «Жәрдем керек пе?» – деп сұрады. Әзірет Ибраһим алдыңғы айтқан «Маған Алла жеткілікті. Ол қандай жақсы қолдаушы!» деген сөзінде бек тұрумен Жәбірейілге: «Мұқтаждығым бар, бірақ саған емес!» – деп жауап берді. Өйткені Ибраһимді отқа лақтыру үшін қолға түсіргенде: «Маған Алла жеткілікті.
219 Ол қанай жақсы қолдаушы!» – деген еді. Катапультамен отқа лақтырылып жатқанда да сол сөзінде, яғни, Аллаға тәуекел қылу сөзінде бекем тұрды және оны Жаратқан Иесі ғана құтқаруын күтті. Нәтижеде Алла: «Сондай-ақ міндетін лайықты түрде атқарған Ибраһимнің (парақтарындағы ақиқаттардан да хабардар емес пе?)»534 деген мағынадағы аятты түсірді. 534 «Нәжім» сүресі, 37. Алла Тағала Дәуітке (а.с.) уахи арқылы: «Уа, Дәуіт, ешбір пенде Мен жаратқан нәрселерге сүйенбей, маған ғана сүйеніп, сенсін. Егер оған жер-аспан соғыс ашса да, егер қаласам оған құтылу жолын тауып берем», – деген. Саид ибн Жубайр (рахматуллаһи аләйһи): «Бір күні қолымды шаян шағып алды. Анам «сені дем салушыға алып барып емдетем», – деп ант ішті. Мен болса дем салушыға барғанда сау қолымды ұсындым», – деп айтқан. Ибраһим ибн Хаууас: «Өлмес Тірі Аллаға сен» деген аятты оқығаннан кейін «Бұл аятты оқыған кісі Алладан басқаға сенбеуі керек», – деді. Ғалымдардың бірі түсінде: «Аллаға тәуекел еткен пенде өз өмірін кепілдікке алады» деген үнді естиді. Бір ғалым: «Үлесіңе тиген ризық сені мойныңдағы парыз ғибадаттан қалдырып қоймасын. Онда ақыретіңді құрдымға ұшыратасың және бұл дүниеде тағдырыңа жазылған несібеңнен артығына да жете алмайсың», – деген. Яхия ибн Муаз: «Адам артынан жүгірмей-ақ ризық табады, ризықтың адамды іздеуге бұйырылғанын көрсетеді», – дейді. Харам ибн Хаййан Ууайсул Қараниден: «Қайда өмір сүрейін?» – деп сұраса, ол Шамды ұсынады. Харам «Ол жерде қайтіп жан бағамын», – десе, Ууайс: «Сол Аллаға тәуекел қылмаған жүректерге насихат пайда бермейді ғой!» – деп жауап береді. Бір данышпан: «Аллаға сүйенсем, барлық жақсылықтарға жол табам», – деген. Бізге Алланың алдында әдептілікті нәсіп қылсын деп Алладан тілейміз. Әумин, я, Муин! Мешіт «Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақиретке иман келтірген, намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзге ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады. Міне, солар тура жолдан таймай, мақсат-мұраттарына жетуге үміт ете алады»535. 535 «Тәубе» сүресі, 18. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадистері бар: «Кім кекіліктің ұясындай болса да мешіт құрса, Алла ол үшін пейіште бір сарай тұрғызады»536. 536 Ахмад, 1/241; Мажмағуз Зауаид, 2/7. «Мешітті сүйгендерді Алла да сүйеді». «Кімде-кім мешітке кірсе, отырудан бұрын екі рәкат намаз оқысын». «Мешітке көрші болған кісі намазын сөзсіз мешітте оқысын»537. 537 Байхақи, 75.
220 «Сендерден біреу намаз оқыған жерде тұрғанда сөйлемейінше не мешіттен шықпайынша, періштелер ол үшін «Уа, Жаратқан Алла, оған рақым қыл! Уа, Жаратқан Алла, оның күнәларын кешіре көр!» – деп дұға қылады». «Ақыр заманда үмбетімнен кейбір кісілер мешіттерге келіп шеңбер құсап отырады. Ал енді сөйлеген сөздері дүние және дүние сүйіспеншілігі туралы болады. Олармен бірге отыра көрмеңдер. Алла олардың ешбір тілегін қабыл етпейді». «Алла Тағала қасиетті кітаптарының бірінде: «Менің жер жүзіндегі үйлерім – мешіттер. Барғандар ол үйлерді жандандырып, ұлықтайды. Үйінде дәрет алып, тазаланып менің үйімді зиярат қылғандар қандай бақытты! Зиярат қылынған жайдың міндеті – зияратшысына сый көрсету», – деп айтқан. «Біреудің мешітке үздіксіз барғанын көрсеңдер, оның мүмин екеніне куәлік беріңдер» деген хадис бар. Саид ибн Мусайяб: «Мешітте отырған пенде Жаратқан Иесімен жалғыз отырған болып саналады. Ол жақсы сөз ғана сөйлеуі керек», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мешітте дүниелік істер туралы сөйлесу хайуандар шөп жегендей сауапты жоқ қылады», – деген. Нахаи (р.а.) былай дейді: «Алғашқы мұсылмандар қараңғы түнде мешітке жаяу бару пейішке кіруге себепші іс деп айтты». Әнәс ибн Мәлик: «Кім мешітке бір шырақ жақса және ол шырақ сол мешітті қаншаға шейін жарқыратып тұрса, Аршты көтерген және басқа періштелер оның күнәларының кешірілуі үшін дұға қылады», – дейді. Әзірет Али «Пенде өлгенде жер жүзіндегі намаз оқыған жері мен көкке көтерілген істерінің көктегі жайы оны жоқтап жылайды» деп содан соң артынан: «Көк те, жер де оларды жоқтап жыламады. (Өздері тілеп алған азап үкімі шыққан соң) оларға мұрсат та берілмеді»538 деген мағынадағы аятты оқыды. 538 «Духан» сүресі, 29-аят. Ибн Аббас (р.а.) «Мүминнің өліміне жер жүзі қырық күн аза тұтып жылайды», – деп айтқан. Атаул Хорасани: «Жер бетінің қайсыбір жерінде бір мәрте сәждеге барған пенде үшін сол сәжде жасаған жайы қиямет күні куәлікке өтеді және өлген күні аза тұтып жылайды», – деген. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) «Намазбен, зікірмен Алла еске алынып жатқанда басыптұрылған жайлар сонымен мақтанады. Оны жердің жеті қабатына шейін жар салады. Намаз оқыған кісі тұрған жай құлпырып көркейе түседі», – дейді. Риуаятқа қарағанда адамдар тұрақтап, тоқтаған жердің бәрі өткен-кеткендер үшін дұға қылады не қарғыс жаудырады. Көр нәпсінің проблемалары Алла бір пендесіне жақсылық қаласа, оған өз кемшілігін көре алатындай көрегендік нәсіп қылады. Кім көреген болса кемшіліктері өзіне көрінбей қалмайды. Пенде өз кемшіліктерін білсе, оны жоя алады. Бірақ адамдардың көпшілігі өз кемшіліктері мен айыптарын көрмейді. Кейде өзінің басындағы түйені көрмей, біреудің басындағы шөпті көреді. Кім өзінің кемшіліктерін көргісі келсе, бұның төрт жолы бар:
221 Бірінші жолы: Нәпсінің кемшіліктерін көрген және құпия зияндарды жақсы білген біреуді пір тұтып, нәпсімен күресуде пірдің нұсқауларын орындау. Бұл жол муридтің шейхымен, шәкірттің ұстазымен болған байланысын көрсетеді. Бұл жолда ұстаз кісіге кемшіліктерін білдіріп, оны жоюдың шараларын көрсетеді. Қазіргі заманда мұндайлар өте аз қалды. Екінші жолы: тақуа, көсем және діндар кісімен дос болу. Мұндай дос оның ісәрекеттерін бақылап тұрсын, тура емес ісін көрсе, оны ескертсін. Көне заманда дін және мемлекет қызметкерлері солай жасады. Әзірет Омар (р.а.): «Менің кемшіліктерімді көрсетіп тұрған кісіге Алла жақсылығын берсін!» – деген. Көбінше ол Салман Фарисиден өз кемшіліктерін сұрады. Бір күні Салман келгенде: «Сенің ойыңша, менің қандай кемшіліктерім бар?» – деп сұрады. Салман Фариси әзірет Омардан кешірім сұрауменен: «Естуімше, дастарханыңа екі түрлі тамақ қойдырады екенсің. Бірі күндіз, бірі түнде киетін екі шалбарың бар екен!» – деп жауап берді. Әзірет Омар: «Бұлардан басқа ше?» – деп сұрады. Салман (р.а.) «Жоқ», – дегенде, ол: «Сол екеуі маған жетерлік!» – деді. Әзірет Омар да Хузайфадан (р.а.) жиі-жиі кемшіліктерін сұрап тұрды. Бір күні одан: «Сен мұнафықтар туралы мәселеде Алланың Елшісінің сырласы едің. Менде мұнафықтың белгілерінен бар ма?» – деп сұрады. Омар (р.а.) қадірлі, мәртебелі кісі болғанына қарамай, өз нәпсісінен сондай күмәнданып тұрды. Адам қаншалық ақылды және дәрежесі биік болса, тәкаппарлық жағынан соншалық кішік болады. Ол өз нәпсісінен әрдайым күмәнданып тұрады. Бірақ шынын айтқанда, мұндай қасиеттер жоғалып бара жатыр. Ондай адамдар өте сирек кездеседі. Дос-жар, туыс-туғандардың ортасында жамандық жасамағандар, біреудің кемшіліктерін жаймағандар, көреалмастық қылмағандар өте азайып бара жатыр. Міне, сондай себептерден Дәуіт Таи елден аулақтап тұрды. Одан «Неге елге араласпайсың?» – деп сұрағанда, «Менің кемшіліктерімді айтпайтын кісілерге араласып не қылам? Діндар адамдар үшін ең сүйікті нәрсе – басқалардың ескертуімен өз кемшілік, айыптарын білу», – деп жауап берген. Өткен ұлы тұлғаларымыз сондай болды! Біздің заманымызда болса керісінше болып қалды. Жағдайымыз өте аянышты! Адамдардың ең жаманы бізге насихат айтып, кемшіліктерімізді шұқылаушы болып қалды. Бұл – иманымыздың әлсіздегенінің белгісі. Өйткені жаман іс-әрекеттер, әдеттер – улы жыландар, улы шаяндар. Киімімізге жабысып алып шағайын деп тұрған шаянды біреу көрсетсе, әлбетте, оған рақмет айтамыз және шаянды жерге түсіріп, өлтіруге әрекет жасаймыз. Шаян денеге зиян келтіреді, шаққан жері бір күн, жарым күн ауыртады. Жаман мінездің жүрекке тигізген зияны одан да жаман. Өлімнен кейін мәңгілік не мыңдаған жылға созылған азапқа салу қорқынышы бар. Ал енді бізге біреу кемшіліктерімізді айтса, соған қуанбаймыз және кемшіліктерімізді жоюға әрекет жасамаймыз. Керісінше біз ол кісіге ашуланып, «Сен мені қойып өзіңе қарап алшы. Сен ғана әйдіксің бе?!» – дейміз. Сөйтіп оның насихатынан пайдаланғанның орнына, кек сақтаумен дұшпандыққа себепші боламыз. Мұндай жағдайға түсуіміз күнәларымыз көбейіп, жүрегіміз қатып қалғанынан келіп шығады. Негізінде, бұлардың бәрі иманның әлсіздігіне барып тіреледі. Алладан «Бізді тура жолға сала көр!» деп тілейміз. Алла бізге кемшіліктерімізді байқай алатын көрегендік нәсіп қылсын! Сол айыптарымызды емдеумен әлек болу бақытына жеткізсін! Бізге кемшіліктерімізді көрсеткен кісіге разылық білдіруді нәсіп қылсын!
222 Үшінші жолы: Нәпсінің кемшіліктерін, айыптарын дұшпандардың аузынан есту. Өйткені саған ашуланған кісі кемшіліктеріңді көреді. Кісі айыбын ашқан дұшпанынан пайдаланғандай, қошемет көрсетіп, көз алдында оны мақтаған және кемшіліктерін жасырған досынан пайдалана алмайды. Шынында, адам табиғаты дұшпанын өтірікшіге шығарып, оның айтқандарын дұшпандыққа жориды. Бірақ көреген кісі дұшпанының өзі туралы айтқан сынынан пайдаланудан қашпайды. Өйткені оның айыбы және кемшіліктері дұшпанның аузында болады. Төртінші жолы: Елге көбірек араласып, халық арасында бейәдеп саналған ісәрекеттермен өзінің іс-әрекеттерін салыстыру. Өйткені мүмин – мүминнің айнасы. Міне, сондай жолмен басқалардың айып, кемшіліктері арқылы өзінің кемшілік, айыптарын көреді және адамның табиғаты нәпсісінің қалауларын қалап тұрарын біледі. Егер басқа біреудің жаңылыс іс-әрекетін көрсе, өзіндегі осындай мінезді тастауы керек. Үгіт-насихат әсер қылатын кісіге соның өзі-ақ жеткілікті. Егер әрбір кісі басқаларда көрген және өзін ренжіткен жаман іс-әрекеттерді және мінездерді тастағанда, оған ешбір тәрбиеші және насихатшының керегі болмақ емес. Әзірет Исадан (а.с.): «Сізді кім тәрбиеледі?» – деп сұрағанда, ол: «Мені ешкім тәрбиелеген жоқ. Пенденің пенделігін, ақымақтың әдепсіздігін кемшілік және айып ретінде көріп, пенделіктен және әдепсіздіктен қаштым», – деді. Бұлардың бәрі Алланы таныған, ақылды, зерек, нәпсінің айып-кемшіліктерін көре алатын, мейірімді, діни үгіт-насихат істерін жүргізу қолынан келген, жаман ісәрекеттерден аулақ болған, Алланың пенделерінің әдеп-ахлағын оңдаумен әлек болған жол басшысы жоқ адамдарға қатысты. Егер кімде-кім сондай қасиеттерге ие жолбасшы таба алса, ол өз дәрігерін тапқан болады. Ол сол жолбасшысынан ажырамасын. Жолбасшы оны моральдық ауру болып саналған әдепсіздіктен құтқарады. Бәлелердің тұзағына түсірмейді. Егер бұл айтқандарымнан сабақ алғың келсе, сол туралы ойланып жатқан болсаң, көзің ашылады. Жүрегіңнің рухани ауруларын емдеу жолын ілімнің жарығымен табасың. Егер оған күшің жетпесе, жоқ дегенде, басқаларды құптап иман келтіруді кешіктірмеуің керек. Өйткені ілімнің дәрежесі болғандай, иманның да дәрежелері бар. Ілім иманнан кейін пайда болады. Ілім иманның артында. Алла Тағала: «Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне ілім берілген білімпаздардың дәрежесін еселеген үстіне еселей түседі»539деп айтқан. 539 «Мужадала» сүресі, 11. «Аллаға алып баратын жол – нәпсінің қалауларымен күресу» екенін растап, бірақ оның себебін және сырларын біле алмаған пенде аятта айтылған «иман келтіргендер» тобына ғана кіреді. Ал енді нәпсісінің айла-амалдарын жақсы білген кісілер аятта баяндалған «Ілім берілген адамдардың» тобына кіреді. Алла екі топқа да пейішті уәде қылған. Құранда, хадисте және ғалымдардың сөздерінде сондай иман келтірудің зәрулігі туралы дәлелдер сансыз. Алла Тағала былай дейді: «Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ»540 540 «Назиғат» сүресі, 40-41. «Алла елшісінің құзырында даурықпай дауыстарын бәсеңдетіп сөйлейтіндерге келсек, Алла тақуалық (Өзіне, дініне шын жүректен тағзым етіп, мойынсұну) мәселесінде олардың жүрегін сынап бақты (олар бұл сынақтан сүрінбей өтті). Ендеше, оларға (Алланың құзырында) кешірім мен үлкен сый бар»541
223 541 «Хужурат» сүресі, 3. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: Мүмин бес нәрсенің шабуылына ұшырайды: 1. Мүминдер оған көреалмастық қылады; 2. Мұнафық оны жек көреді; 3. Кәпір оның өміріне қол салады; 4. Шайтан азғыруға әрекет жасайды; 5. Нәпсі онымен тартысады542. 542 Итхафус сада, 7/351. Риуаятқа қарағанда Алла уахи арқылы Дәуітке (а.с.): «Уа, Дәуіт, сахабаларыңды нәпсісіне еріп кетуден сақта. Өйткені нәпсінің тұтқыны болған жүректер мені тани алмайды. Оларға перде түріп қоямын», – деген. Иса (а.с.): «Өзі көрмесе де барлығы ақиқат болған ақырет үшін бұл дүниеде нәпсінің қалауларынан бас тартқан кісілер қандай бақытты!» – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұшпанмен соғысып қайтып келе жатқан сахабаларға қарап: «Кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қош келдіңдер!» – деген. Сонда сахабалардан біреу: «Уа, Алланың Елшісі, үлкен жиһад деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Нәпсімен күресу», – деп жауап берді. Тағы бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұжаһид – Алла жолында нәпсісімен күрескен кісі»543 деген. 543 Тирмизи, 1621. Аллаға қарсы шыққан нәпсіңе бойсұнба. Қиямет күні нәпсің саған дұшпандық жасаса, кейбір мүшелерің басқа мүшелеріңе қарғыс жаудырады. Бірақ Алла кешірсе және Өз қорғауына алса, ешбір бәле келмейді. Данышпандардың сөздерінен: Суфиян Саури: «Мен үшін басқа нәрселерімді емдеу нәпсімді емдегендей ауыр болмады. Өйткені ол кейде мені қолдаса, кейде маған қарсы шықты», – деген екен. Әбу Аббас Мусули өз нәпсісіне: «Ей, көр нәпсім, не бұл дүниеде патшалардың балаларындай дәурен сүрмедің, не ақырет үшін Аллаға берілген пенделерімен оның жолында күреспедің! Мұндай жағдайда сен екеуіміз тозақ пен пейіштің ортасында қамалып қаламыз ғой! Ұялмайсың ба, ей, нәпсім!...» – деген. Хасан Басри: «Нәпсіңді асау атты ауыздықтағаннан да бекем тізгінде», – деп айтқан. Яхия ибн Муаз Рази: «... Нәпсіні тәрбиелеудің төрт жолы бар: 1) Аз тамақтану, 2) Аз ұйықтау, 3) Керексіз сөздерден аулақ болу, 4) Адамдардың жамандығына шыдау (біреудің көңілін ауыртпау)», – дейді. Аз тамақтану нәпсінің қалауларын бәсеңдетеді. Аз ұйықтаудан ерік күшейтіледі. Аз сөйле, яғни мағынасыз әңгімелесулерге уақыт жоғалтпаумен бәлелерден сақтануға болады. Адамдардың жамандығына шыдаумен көздеген мақсаттарға жетуге болады. Адам үшін, қорлыққа тап болғанда сыпайы болу және қиыншылықтарға ұшырағанда сабыр қылудан өткен ауыр нәрсе жоқ. Жүзіңде, тұрыс-тұрпатыңда рухани әсер байқалады. Барлық жақсылықтар сен жасаған жерде болады. Дем алуға шыққан патша сияқты әсем бақшаларда сайран құрып, дәурен сүресің», – деген. Яхия ибн Муаз тағы бір сөзінде: «Адам баласының дұшпаны үшеу: 1. Дүниесі; 2. Шайтаны; 3. Нәпсісі. Нәпсіңді тыйып дүниеден, күресіп шайтаннан, рақатыңнан бас тартып нәпсіден сақтан», – деген. Бір данышпан: «Нәпсі кімді жеңіп алcа, ол нәпсісінің тұтқыны болады. Тізгіні нәпсінің қолында болып құриды. Нәпсі жетелеген жаққа барады. Жүрегіндегі жақсылықтарға бойсұнуға тосқауыл болады», – деп айтқан.
224 Жағфар ибн Хамид айтады: «Барлық ғалымдар мен данышпандар Нағим пейішіне нәпсіні жеңумен ғана жетуге болатыны туралы бірдей көзқараста». Әбу Яхия Уаррақ: «Кім нәпсіге мойынсұнып, дене құмарын қандырған болса, жүрегіне өкініштің ағашын отырғызады», – деген. Ухайб ибн Уард: «Наннан артығы – нәпсінің қалауы. Бұл дүниеде нәпсісінің қалауларына қызыққан кісі қор болуға дайындалсын», – деген. Риуаяттарға қарағанда, Жүсіп (а.с.) Мысыр өлкесімен қазыналарына ие болып, патшалық таққа отыру салтанаты болып жатқанда патшаның жұбайы Жүсіпке: «Алла Тағала күнәһар патшаларды құл, Өзіне мойынсұнған құлдарды патша қылады. Сұғанақтық және нәпсінің қалаулары патшаларды құлдың жағдайына түсіреді. Бұл – күнәһарлардың жазасы. Сабырлылық және тақуалық болса құлдарды патша қылады», – деп айтты. Жүсіп (а.с.) Құранда айтылғандай оған: «Кімде-кім (Жаратқанға) асылық қылудан сақтанса әрі басына түскен тауқыметке сабырлылық танытса, Алла ондай ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейді»544 деп жауап берді. 544 «Юсуф» сүресі, 90. Жунайд Бағдади баяндайды: «Бір күні түнде ұйықтай алмай орнымнан тұрып, Алланы зікір қылмақшы болдым. Бірақ әдеттегідей зікірден ләззат ала алмадым. Ұйықтайын деп қайта жаттым. Тағы ұйықтай алғаным жоқ. Тұрып отырдым. Тыншым кетіп сыртқа шықтым. Бір кезде қарасам, жолда тонына оранып алған бір кісі тұр. Ол мені танып: «Уа, Әбул-Қасим, менімен біраз басуға уақытың бар ма?» – деді. Мен: «Уәделеспей ме?» – деп сұрадым. Ол: «Алладан саған жолығуды және көңіліңді маған бұрдыруды қалаған едім», – деді. «Не қалайсың?» – десем, «Нәпсінің ауруы қашан нәпсінің еміне айналады?» – деп сұрады. «Нәпсі өз қалауларына қарсы тұрғанда», – деп жауап бердім. Сонда ол нәпсісіне «Тыңдап ал! Мен саған сол сөзді жеті мәрте қайталап айтқам. Ал сен оны қабыл алмай «Жунайдтың ғана аузынан естідім!» – деп тұрып алғансың», – деді де кетіп қалды. Сол бойы оның кім екенін біле алғаным жоқ». Язид Раққаши: «Маған салқын су бермеңдер. Ақыретте одан құр қалмаудан үміт етейін», – деді. Бір кісі Омар ибн Абдулазизден: – Қашан сөйлесеміз? – деп сұрады. – Үнсіздікті қалаған кезіңде. – Қашан үндемей қалайын? – Әбден сөйлегің келгенде. Әзірет Али: «Пейішті қалаған адам бұл дүниеде нәпсісінің қалауларынан тыйылсын!» – деді. Иман және екі жүзділік Алланың бірлігін және пайғамбарлардың Алла Тағала тарапынан жіберілгенін растау болып саналған иманның толық болуы жасалған жақсы істерді көбейтуге байланысты екенін біле жүр! Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Нағыз мүміндер – Аллаға және Расулына шын көңілден иман келтірген һәм содан кейін (иман мәселесінде) әсте күмәнға бой
225 алдырмаған және мал-дүниелері әрі жан-тәндерімен Алла жолында күрескен жандар ғана. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, солар»545 545 «Хужурат» сүресі, 15. «Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратуда емес. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, иләһи Кітапқа және пайғамбарларға сенген жандардың, сондай-ақ (адал жолмен тапқан) малмүлкінен – оны қанша жерден жақсы көрсе де – (Алла разылығы үшін) жақын туыстарына, жетімдерге, міскіндерге, елінен жырақта жүрген яки жолда қалған ғаріп жолаушыға, тарыққаннан (қарыз немесе қайыр-садақа) сұрағандарға және азаттыққа қауышқысы келген құлдар мен тұтқындарға берген, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыған, зекетті толық берген, уәделескенде уәдеде тұратын, сондай-ақ таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген міндеттерді мейлінше толық орындауға тырысып) сабырлылық һәм табандылық танытқан жандардың ісі. Туралықтан айнымай (сөздерінде, істерінде, құлшылықтарында һәм сенімдерінде) шынайылық танытқан жандар, міне, солар. Олар – Аллаға тиісінше тағзым ететін һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын нағыз тақуалар»546 546 «Бақара» сүресі, 177. Тағы мынадай аяттар бар: «Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне ілім берілген білімпаздардың дәрежесін еселеген үстіне еселей түседі»547. 547 «Мужадала» сүресі, 11. «Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі болып, ондағы барлық нәрсе түбінде Аллаға қалатынын біле тұра, неліктен Алла жолында зекет, садақа бермейсіңдер? Араларыңдағы (алдағы барлық жеңістердің басы болған) ұлы жеңістен бұрын дүние-мүлкін дін жолында жұмсаған әрі соғысқан жандар өзгелермен тең болмайды. Олар ұлы жеңістен кейін дүние-мүлкін дін жолында жұмсаған әрі соғысқандардан дәреже жағынан әлдеқайда биік тұрады. Дегенмен Алла олардың барлығына да ең керемет сый (жұмақ пен кешірімін) уәде етеді. Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»548. 548 «Хадид» сүресі, 10. «Олардың (яғни адамдардың) Алла алдындағы дәрежелері әр қилы»549. 549 «Әли Имран» сүресі, 163. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «Иман жалаңаш. Оның киімі – тақуалық». «Иманның жетпістен аса бұтағы бар. Ең кішкентайы – жолда мұсылмандарға тосқауыл болатын нәрселерді алып тастау», – деген. Бұл хадистер иманның толық болу жақсы істермен тығыз байланыста екенін көрсетіп тұрады. Иманның толық болуы үшін пенде екі жүзділіктен және ел көрсіндіктен аулақ болу керек. Бұл туралы Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Төрт нәрсе кімде болса ол шынайы мұнафық (екі жүзді). Тіпті ол ораза ұстап, намаз оқып, өзін мүмин деп санаған болса да ол шынайы екі жүзді. 1. Сөзіне жалған араластырса; 2. Берген уәдесінде тұрмаса; 3. Аманатқа қиянат жасаса; 4. Біреумен ұрыса кеткенде шектен шықса. Мұнафық (екі жүзділер) туралы Алла Елшісінің (с.а.с.) басқа да көптеген хадистері бар: «Бұл үмбеттің екі жүзділерінің көпшілігі – Құран оқушылар».
226 «Менің үмбетімдегі ширк Сафа тауындағы құмырсқаның басқанынан да байқалмайды». Хузайфа (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытында пенде бір сөз айтқаны үшін өлгенше мұнафық болып саналды. Мен ол сөзді сендердің әрбірлеріңнің ауыздарыңнан күніне он мәрте естимін», – деген. Бір ғалым: «Екі жүзділікке ең жақын кісі өзін екі жүзділіктен алыспын деп жүрген кісі», – деп айтқан. Хузайфа айтады: «Бүгінгі күнімізде мұнафықтар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманындағыдан да көп. Бұрынғылар екі жүзділігін ішінде сақтады. Бүгінгі күні ашықтан-ашық екі жүзділік жасайды. Жасырын мұнафықтық иманның тазалығына және бекемдігіне тосқауыл болады. Мұнафықтықтан қорыққан кісі одан аулақ болады. Өзінің екі жүзділіктен алыс екенін айтып жүрген кісі екі жүзділікке жақын. Хасан Басриге: «Қазір мұнафықтық қалмай қалды деп айтады», – деді. Хасан Басри оған: «Құрметті бауырым! Егер мұнафықтар жоқ болса, жолдар бос қалып, жалғыз жүруден қорқушы едің», – деді. Хасан Басри не басқа біреу былай дейді: «Мұнафықтарға құйрық шыққанда жер бетінде аяқ қоярға орын қалмас еді». Абдулла ибн Омар біреудің Хажжажды сынаған сөзін естіп, «Егер Хажжаж сол жерде сені естіп тұрса сол сөздеріңді айта алатын ба едің?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп жауап берді. Сонда Абдулла: «Біз мынадай нәрсені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл дүниедегі кезінде екі жүзділік деп санаушы едік», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл дүниеде екі сөйлеген кісіні Алла қиямет күні екі тілді қылып қояды», – деп айтқан. Алла Елшісінің (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Адамдардың ең жамандары – біреуге басқа, екіншіге басқа сөз сөйлеген екі жүзділер», – деген. Хасан Басриден: «Кейбіреу «Біз екі жүзділіктен қорықпаймыз», – дейді. Сіз соған қалай қарайсыз?» – деп сұрағанда, ол: «Аллаға ант етейін, екі жүзділіктен аулақ екенімді білуім мен үшін жер бетінің алтынға толып-тасқанынан да жақсырақ» – деп жауап берді. Хасан Басридің тағы бір сөзінде: «Тілдің жүрекпен, ішкі дүниеңнің сыртқы көрінісіңмен дәл келмеуі – екі жүзділіктің белгілерінен», – деп айтылады. Бір кісі Хузайфаға: «Мен мұнафық болғаннан қорқып жатырмын», – дегенде, Хузайфа (р.а.) «Егер сен мұнафық болсаң, мұнафықтықтан қорықпаушы едің. Өйткені мұнафық «екі жүзді болып қалдым ба», – деп қорықпайды», – деп жауап берді. Ибн Әбу Мулайқа: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүз отыз (басқа риуаятта жүз елу) сахабасын жолықтырдым. Олардың бәрі де мұнафықтықтан қорқушы еді», – деген. Риуаятқа қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларымен отырғанда біреу туралы сөз болып қалып, сахабалар оны қатты мақтады. Міне, сол сәтте әлгі кісі де шыға келді. Ол жаңа ғана дәрет алған екен, жүзінен су тамшылап, аяқкиімдерін қолына ұстап алыпты. Маңдайында сәжденің ізі бар еді. Сахабалар Алла Елшісіне (с.а.с.) «Саған айтқан кісіміз сол», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен оның жүзінен шайтанның белгісін көріп тұрмын», – деді. Әлгі кісі келіп сәлем беріп, сахабалардың жанынан орын алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Алла үшін сенен сұрап жатырмын, шындықты айт, бұл жерге келе жатқанда ішіңнен «Бұлардың арасында менен жақсысы жоқ» деп ойладың ба?» – деп сұрады. Ол «Иә», – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, білген және білмеген нәрселерім үшін сенің кешіріміңді тілеймін», – деп дұға қылды.
227 Сахабалар «Қорқып жатырсың ба?» – деп Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрағанда, ол: «Қайтіп қорықпайын? Жүректер Алланың қолында емес пе, оларды қалаған жаққа бұрады», – деді. Алла Тағала: «Сол күні оларға Алла тарапынан ойларына да кіріп шықпаған нәрселер (яғни, азап түрлері) көлденең тартылатын болады!»550 деген. 550 «Зумәр» сүресі, 47-аят. Бұл аяттың түсіндірмесі бойынша, олардың жақсы деп ойлаған кейбір істері ақыретте таразыға қойылғанда жамандық болып шығады. Сирри Сақати: «Біреу бізге белгілі болған барлық құстардың түрі қонған бақшаға кіргенде әрбір құс әртүрлі тілмен «Ассәләму аләйкум, ей, Алланың досы!» деп оған тіл қатса және ол кісі соны жақсы көрсе, онда ол құстардың тұтқыны болады», – деген. Жоғарыдағы хадис және данышпан сөздерден екі жүзділіктің қандай жаман нәрсе екенін жақсы түсіндің. Қарашы, әзірет Омардай ұлы адам да Хузайфадан өзінің мұнафық болып-болмағанын сұрап жатыр. Әбу Сүлеймен Дарани: «Бір патшаның бір сөзіне қарсы шығайын деп, бірақ мені өлім жазасына тартып жіберерінен қорықтым. Өлімнен емес, жаным шығып жатқанда басқалардың алдында менменсініп кетем бе деп қорқып, патшаның сөзіне қарсы шығудан бас тарттым», – деген. Мұнафықтық екі түрлі. Біріншісі кісіні діннен шығарып, кәпірлердің арасына қосады және мәңгілік тозақылардан қылады. Екіншісі – пенденің тозаққа түсуіне не ұлылардың дәрежесінің төмендеуіне және сыддықтардың дәрежесінен төмен болып қалуына жол ашады. Өсектің жамандығы Алла Тағала өсектеуді Құран Кәрімде сынға алып, бауырының өлігінің етін жегенге ұқсатады: «Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)»551 551 «Хужурат» сүресі, 12. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылманның барлық нәрсесі: қаны, мал-мүлкі және арнамысы басқа мұсылман үшін харам», – деген. Өсек ар-намысқа да тиесілі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір-бірлеріңе көреалмастық қылмаңдар, бір-біріңе кек сақтамаңдар, өтірік алатындай болып тауардың бағасын көтермеңдер, бір-бірлеріңді өсектемеңдер, Алланың өзара бауыр пенделері болыңдар!» – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біреуді өсектеуден сақтаныңдар, өйткені ол зинадан да ауыр күнә. Пенде зина жасауы мүмкін және тәубе жасаса, Алла оның тәубесін қабыл алады. Бірақ өсектелген кісі кешірмейінше өсекші кешірілмейді», – деп айтқан. Әнәс (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Миғраж түні өзінің жүзін тырнаған кісілерді жолықтырдым. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрасам, «Бұлар басқаларды өсектегендер, басқалардың ар-намысына тіл тигізгендер», – деп жауап берді», – деген.
228 Сүлеймен ибн Жәбир риуаят етеді: Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып: «Маған пайдалы нәрселерді үйрет», – дедім. Ол маған: «Су сұраған кісіге шелегіңдегі суды құйып беру, мұсылман бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу және оның артынан өсектемеу сияқты ешбір жақсы істі маңызсыз деп есептеме!» – деп насихат айтты. Бара риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге сөйлеп жатып, үйдегі әйелдер де естісін деп даусын қатты шығарып айтты: «Уа, тілімен иман келтіріп, жүрегімен сенгендер! Мұсылмандарды өсектемеңдер! Олардың айып-кемшіліктері туралы сөйлемеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын шұқыласа, Алла да оның айыбын іздейді. Алла кімнің айыбын іздесе, оны үйінің ішінде-ақ ұятқа қалдырады», – деді. Риуаятқа қарағанда Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Кім өсектен тәубе жасап өлсе, ол пейішке кірушілердің ең ақырғысы болады. Кім өсектен тәубе жасамай өлсе, ол тозаққа кірушілердің ең біріншісі болады» деп уахи қылған. Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына бір күн ораза ұстауға бұйырып: «Ешкім менен рұқсатсыз ауызын ашпасын!» – деген еді. Сол күні бәрі ораза ұстады. Шам болғанда бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, бүгінгі күнім оразамен өтті. Рұқсат берсең, ауыз ашайын», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған рұқсат берді. Оның артынан тағы біреу, артынан тағы басқалар келіп жатты. Сол сәтте тағы бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, бала-шағамның арасында екі жігіт бар. Бүгінгі күнді оразамен өткізді. Рұқсат алғалы келе алмады. Рұқсат берсеңіз, олар да ауызын ашсын», – деп өтінді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған рұқсат бермеді. Ол кісі өтінішін қайталады. Алла Елшісі (с.а.с.) оған тағы да рұқсат бергісі келмей тұрды. Әлгі кісі өтінішін үшінші мәрте сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар ораза ұстаған жоқ. Күндіз басқалардың етін жеп (біреуді өсектеумен) өткізген кісі ораза ұстаған болып саналмайды. Оларға барып, егер ораза болса «Енді құсыңдар!» – деп айт», – деді. Ол кісі барып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрығын айтты. Олар құсқанда ауыздарынан бөлік-бөлік ұйыған қан түсті. Ол кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) қайтып барып болған оқиғаны айтып берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға ант етейін, егер іштерінде де сондай қан қалған болса, оларды тозақ оты ғана жейді», – деді. Басқа бір риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол кісіге қарамай қойғанда, ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, қыздар аштықтан өлетіндей болды», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Оларды бұл жерге алып кел», – деп айтты. Қыздар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір табақ алып келіп, олардың біреуіне «құс!» деді. Ол құсқанда аузынан табақ тола қан, ірің ақты. Содан соң екіншісін құстырды. Оның аузынан да осындай нәрселер ақты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл екеуі Алла адал қылған нәрселерді жеп-ішпей ораза ұстады. Бірақ Алла арам қылған нәрселермен ауыз ашты. Басқалардың етін жеді», – деді. Анастың басқа бір риуаятында былай деп айтылады:Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір құтбасында өсімқорлық және пайыз өсімінің жамандығы туралы: «Адамның өсімқорлық жолымен тапқан бір теңгесі Алланың алдында күнә жағынан отыз алты мәрте зина жасағанынан да өткен үлкен күнә. Пайыз өсімінің ең жаманы – мұсылманның намысына тию», – деп айтты. Cөз тасушылық қандай жаман! Алла Тағала былай дейді: «Өзгелерді кемсітіп ар-намысқа тиетіннің, сөз тасығыш өсекшінің, үнемі жақсылықтың алдын кес-кестейтіннің, шектен шыққан әрі күнәға белшесінен батқан залымның, қатыгез озбырдың, сондай-ақ тексіздің, дәулетті һәм әулетті екен деп, (ырқына бағынба!)».552 552 «Қалам» сүресі, 11-14.
229 «Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті»553 553 «Һумаза» сүресі, 1. «Алла күпірлікке белшеден батқандар үшін Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін мысалға келтірді. Екеуі де құлдарымыз арасындағы екі ізгі құлымыздың некелі жары еді. Алайда (олар күпірлікке бой алдырып һәм дін дұшпандарына болысып) жұбайларына опасыздық жасады. Жұбайлары (пайғамбар болса да) ол екеуін Алланың жазасынан арашалап қала алмады. Сөйтіп, екеуіне: «Тозаққа кіретіндермен бірге сендер де кіріңдер», − делінеді».554 554 «Тахрим» сүресі, 10. Риуаятқа қарағанда Лұттың (а.с.) әйелі Лұттың қонақтары келгенде білдіртпей кәпірлерге хабар береді. Нұхтың (а.с.) әйелі болса күйеуін жынды болып қалған деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сөз тасушы пейішке кірмейді»555деп айтады. Тағы бір хадисте: «Аллаға ең сүйіктілерің – мінезі жақсы болғандарың, отбасының алдындағы міндеттерін орындағандарың, ынтымаққа шақырғандарың және ынтымаққа келуге әрекет жасағандарың. Аллаға жек көрініштілерің – анаған-мынаған сөз тасығандарың, жамандық жасағандарың және пәк, таза кісілерді қаралауға әрекет жасағандарың», – деп айтылады. 555 Мүслим, Иман, 105. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бір мұсылманның абыройын түсіру үшін жоқ жерден айыптаса, Алла сол үшін оны тозаққа түсіреді», – деген. Тағы бір хадисте: «Кім бұл дүниеде біреудің абыройын түсіру үшін негізсіз сөз жайса, сол сөзі үшін ол кісіні қиямет күні Алла Тағала тозаққа тастап қор қылуы анық болады»556деп айтылған. 556 Итхафус сада, 7/563. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бір мүмин туралы жалған куәлік етсе, тозақтан өзіне орын таңдасын», – деген. Риуаятқа қарағанда қабір азабының үштен бірі сөз тасушылық үшін болады. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала пейішті жаратып тұрып оған «Сөйле!» – деді. Пейіш «Маған кірген бақытты болады», – деп айтты. Сонда ұлы Жаратқан: «Ұлылығыма ант етейін, сегіз түрлі кісі сенде өмір сүре алмайды. Олар: 1) Үздіксіз ішімдік ішкендер; 2) Зинақорлықты тастамағандар; 3) Сөз тасушылар; 4) Әйелін басқадан қызғанбағандар; 5) Қатал жасауылдар; 6) Қызтекелер; 7) Туған-туыстарымен қарым-қатынасты үзгендер; 8) Алланың атынан сөз беріп қойып орындамағандар», – деді. Кәғбул-Ахбардың айтуы бойынша, бір уақыттарда Исраилұлдары қатты құрғақшылыққа ұшырайды. Мұса (а.с.) бірнеше мәрте жаңбыр тілеп дұға қылады, бірақ еш жаңбыр жаумай қояды. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Араларыңда сөз тасушылықты тастағысы келмеген біреу тұрғанда сенің де, жаныңдағыларыңның да дұғасын қабыл алмаймын» деп уахи қылады. Сонда Мұса: «Оның кім екенін маған білдірсең, бөліп тастайын», – деп жалбарады. Алла Тағала: «Уа, Мұса, сендерге сөз тасушылықты тыйым салып жатып өзім сөз тасушы болайын ба?» – дейді. Одан кейін елдің бәрі бірге дұға жасағаннан кейін, жаңбыр жауды.
230 Риуаятқа қарағанда бір кісі жеті мәселе туралы білу үшін жеті жүз фарсах557 қашықтықтағы данышпанға жолыққалы барады. Оған барып: «Алла саған берген ілімнен пайдалану үшін келдім. Айтсаңыз: 557 Фарсах: 5км. Ұзындық шен өлшемі. 1) Аспаннан ауыр не? 2) Жерден кең не? 3) Теңізден бай не? 4) Оттан ыстық өртегіш не? 5) Аяздан салқын не? 6) Тастан қатты не? 7) Жетімнен өткен байғұс кім? – деп жеті сұрақ береді. Данышпан оның сұрақтарына былай деп жауап береді: 1) Күнәсіз кісіге жабылған жала аспаннан да ауыр. 2) Ақиқат жер бетінен де кең. 3) Қанағатшыл кісінің жүрегі теңізден де бай. 4) Көреалмастық және қызғаныш оттан да ыстық. 5) Туған-туыс тарапынан қамтамасыз етілмеген мұқтаждық аяздан да салқын. 6) Кәпірдің жүрегі тастан да қатты. 7) Сөз тасушылығы әшкере болып қалған кісі жетімнен өткен байғұс. Шайтанның дұшпандығы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүректе екі түрлі түрткі болады. Періштеден болғанда жақсылық жаққа жетектейді. Ішінде сондай түрткіні сезген кісі мұны Алладан деп біліп, оған шүкір қылсын. Екіншісі – дұшпаннан. Жамандыққа жетектеуді, ақиқатты жалғанға шығаруды және жақсылықтан аулақ болуын көңілге салады. Ішінде сондай нәрсені сезген пенде лағынеттелген шайтаннан Аллаға сиынсын», – деген соң: «Шайтан сендерді (зекет, садақа берсеңдер, дүниелерің ортайып қалады деп) кедейлікпен қорқытады. Сондай-ақ сендерге сараңдықты, дүниелеріңді күнәлі, арсыз істерге жұмсауды бұйырады. Алла тағала болса, сендерге өз тарапынан кең кешірім және мол шарапат уәде етеді. Алла – Уасиғ (өте кең, асқан жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін, кімнің дүниесін қандай жолда жұмсап жүргенін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі)»558 деген мағынадағы аятты оқыды. 558 «Бақара» сүресі, 268. Хадистегі түрткілер туралы Хасан Басри былай дейді: «Олар жүректегі екі түрткі. Бірі – Алладан, екіншісі – дұшпаннан (шайтаннан). Жүрегіне түрткі болғанда оған көңіл бұрып, Алладан болғанын алып, шайтаннан болғанына қарсы күрескен кісілерге Алланың мейірімі төгілсін». Жәбир ибн Убайд айтады: «Ала ибн Зиядқа: «Мен көкірегімде шайтанның азғыруын еш сезбеймін», – дедім. Ол маған: «Жүрек ұрылар кірген үйге ұқсайды. Онда бір нәрсе тапса тінтіп-іздейді. Таба алмаса тастап шығып кетеді», – деп жауап берді. Бұдан төмендегідей мағына шығаруға болады: Нәпсіге мойынсұнбаған жүректі шайтан азғыра алмайды. Міне, сондықтан Алла Тағала шайтанға: «Менің (ықыласты һәм Маған толық мойынсұнған) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың (пәрменің) жүрмейді. Сенің ықпалың тек өзіңе ерген адасқан азғындарға ғана жүретін болады»559 деген.
231 559 «Хижр» сүресі, 42. Нәпсісіне ерген кісі – Алланың құлы емес, нәпсінің құлы. Сондықтан Алла оны шайтанның шабуылдарынан қорғамайды. «Өз әуейілігін (құмарлығын) тәңір тұтып, көңілі соққан нәрсенің құлы болған, сондайақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның парқын) білсе де Алланың Өзі адастырып, құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзін перделеп тастаған бейбақты көрдің бе?! Оны Алланың Өзі адастырғаннан кейін тура жолға кім түсіре алады дейсің?! Міне, осының өзін ойлап, ғибрат алмайсыңдар ма?!»560 560 «Жәсия» сүресі, 23-аят Бұл аят нәпсіге табынған пенде Алланың емес, нәпсінің құлы болатынын ашық-айқын баяндап тұр. Амр ибн Ас Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, шайтан мені намазымнан және намаздағы қыраатымнан алаңдатты», – деген еді. Пайғамбарымыз: «Мұны шайтан дейді! Оны бекер «шошқа» демейді. Оны сезгеніңде Аллаға сиын. Сол жағыңа үш мәрте түкір!» – деді. Амр ибн Ас: «Мен кейін осылай жасадым. Алла оны менен аулақтатты», – деп еске алған. Тағы бір мағлұматтар бойынша: «Дәрет алған сәтінде кісіні күмән ойларға салып қинайтын бір шайтан бар. Ол «Уалахан» деп аталады. Одан Аллаға сиыныңдар», – деп айтылған. Алланы еске алып, оны зікір қылған кісінің жүрегінен шайтан орын таба алмайды. Шайтанның көңілге күмән тудырған азғыруынан сақтану үшін Алланы зікір қылып, «Ағузу билләһи минаш шайтанир ражим уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алийил-азим» деп Алладан баспана сұрау керек. Тақуа кісілер ғана бұл дұғаны өздеріне әдет қылып алады. Пенде дүбәра болып не қыларын білмей аңтарылып тұрған сәттерінде шайтан оларды азғыру үшін айналшақтайды. Сондықтан Алла Тағала: «Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады. Сонда көкірек көздері бірден ашылып (ақиқатты анық көре алатын болады)»561 деген. 561 «Ағраф» сүресі, 201. Мужаһид «әзәзіл шайтанның кесірінен»562 деген мағынадағы аятқа тоқталып, «Шайтан көңілге күмән салып азғыру үшін әрдайым дайын тұрады. Алланы зікір қылғанда оның әсері жоғалады. Алланы еске алмаған кісінің жүрегін түрлі шек-күмәндар қаптап қалады. Алланы зікір қылуды және шайтан жүрекке салған күдікті ойды қараңғы мен нұрға, түн мен күндізге ұқсатуға болады», – деген. 562 «Нас» сүресі, 114/4. Бұл екі нәрсе бір-біріне қарама-қарсы болғаны үшін Алла Тағала: «Оларды әзәзіл шайтан билеп әкетті де, Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар – шайтанның одақтастары. Біліп қойыңдар, шайтанның жақтастары үнемі жеңіліс табады»563деп айтқан. 563 «Мужадала» сүресі, 19. Әнәс ибн Мәликтің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтанның тұмсығы адамзаттың жүрегінің үстінде. Егер пенде Алланы зікір қылса, шайтан әсер бере алмай қалады. Егер Алланы ұмытса, шайтан оны қолға алады», – деген. Ибн Уаддах риуаят еткен бір хадисте былай деп айтылады: «Адам қырық жасқа шыққанға шейін тәубе жасамаса, шайтан оның жүзін сипап: «Уа, әкем! Бұл – тозақтан құтыла алмаған кісінің жүзі», – дейді». Азық құмарлар кісінің етіне, қанына араласқандай, шайтан да оның етіне және қанына кіріп барып, жүрегін иеленіп алады.
232 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан адам баласының қан тамырларымен жүреді. Сондықтан аштықпен оның жолдарын тарылтыңдар», – деген. Өйткені аштық пенденің асау құмарларын ауыздықтайды. Нәпсінің қалаулары жүректі иеленіп алғаны шайтанның ол жерде өз іс-әрекетін жүргізіп жатқанын білдіреді. Сол себептен Құранда: «Ібіліс: «Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (яғни, сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа кесе-көлденеңдеп отырып аламын. Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре алмайсың» деді»564 деп айтылады. 564 «Ағраф» сүресі, 16-17. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Шайтан адамзатқа көп жағынан шабуыл жасайды. Басқа діннен Ислам дініне өтіп жатқан кісінің көкірегіне күмән салуға әрекет жасап: «Бұрынғы дініңді және ата-бабаларыңның дінін тастап мұсылман болғалы жатырсың ба?!» – дейді. Ол шайтанға құлақ салмай мұсылман болады. Содан соң шайтан оның һижрат қылған жолынан тосып: «Ел-жұртыңды тастап һижратқа шықтың ба?» – деп айтады. Ол тағы да құлақ салмай һижрат жасап кете береді. Содан соң шайтан пендені жиһад жолынан тосып: «Жиһад жасап жатырсың ба? Бұл сенің мал-жаныңды талап етеді. Сен басқаларды өлтіресің не басқалар сені өлтіреді. Содан соң әйеліңді басқалар алып, мал-мүлкіңді басқалар бөліп алады», – дейді. Бірақ мұсылман соған да азғырылмай күреске қатысады», – деді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім сол сатылардың бәрін басып өтсе, Алланың оны пейішке кіргізуі анық болады», – деп сөзін қорытады. Алланы сүю және нәпсіні тыю Суфиянус Саури (р.а.) «Алланы сүю – Алла Елшісіне (с.а.с.) еру», – деген. Басқа бір көзқарас бойынша, «Әрдайым Алланы зікір қылу», – деп айтылады. Тағы біреулердің айтуынша, «Сүйіктіні басқа нәрселерден артық көру» немесе тағы бір анықтама бойынша, «Бұл дүниеде қалуды жақсы көрмеу», – деп түсіндіріледі. Жунайд Бағдади былай дейді: «Басқа нәрселерге көңілденген пендеге Алла Өзінің сүйіспеншілігін арам қылады. Басқа нәрсеге бағытталған сүю ол нәрсенің жоқ болуымен бірге аяқталады». Зиннуни Мисри: «Алланы сүйгендей көрінгендерге айтып қой: Алладан басқаға бас имесін!» – деген. Рабиа Адауия бір күні: «Бізді кім сүйіктімізге алып барады?» – дегенде, бір күңі «Сүйіктіміз бізбен бірге, бірақ дүние бізді одан ажыратты», – деген. Ибн Жала айтады: «Алла Тағала Исаға (а.с.): «Бір жүрекке қарап, оның ішінен бұл дүние мен ақырет сүйіспеншілігін таба алмасам, оны маған қараған сүюмен толтырамын және қорғауыма аламын» деп уахи қылған». Риуаятқа қарағанда Зиннуни Мисри бір күні Алланы сүю туралы сөйлеп жатқанда алдына бір шымшық қонып, жерді шоқылай бастайды. Бір кезде ол тұмсығы қанап, қансырап өледі.
233 Ибраһим ибн Адхам: «Уа, Жаратқан Алла! Маған нәсіп еткен (Өзіңді) сүю, Сені зікір қылуға құмарлығым және ұлылығың туралы ой жүгіртудің жанында пейіш мен үшін шіркейдің қанатындай да маңызы жоқ екенін білесің», – дейді. Сирри айтады: «Алланы сүйген өмір сүреді, дүниені сүйген адасады. Ақылсыз пенде мағынасыз таң атырып, күн кешіреді. Ақылды кісі өз кемшілігін іздейді». Пенденің өз нәпсісін сұраққа алуы туралы Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»565 деп айтқан. 565 «Хашыр» сүресі, 18-аят. Бұл аят жасаған істерді бақылаудан өткізудің зәрулігін көрсетеді. Міне, сол себептен әзірет Омар: «Есепке тартылудан бұрын өздеріңді өздерің сұраққа алыңдар. Жасаған істерің таразыға тартылудан бұрын өздерің таразылаңдар», – деп айтқан. Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған насихат айтыңыз», – дейді. Пайғамбарымыз оған: «Сен шынымен де кеңес сұрап жатырсың ба?» – дейді. Одан: «Бір іс жасайтын кезде нәтижесін жақсылап ойлан. Тура болса баста, жаңылыс болса таста», – деп айтады. Хадисте айтылғанына қарағанда, ақылды кісінің уақыты төртке бөлініп, бір бөлігінде өзін-өзі сұраққа алуы керек. Алла Тағала былай дейді: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»566 566 «Нұр» сүресі, 31. Тәубе – бір күнә істі қылып қойғаннан кейін оған өкіну. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен күніне Аллаға жүз мәрте тәубе келтіремін», – деген. Тағы бір аятта: «Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады»567 деп айтылады. 567 «Ағраф» сүресі, 201. Риуаятқа қарағанда Омар (р.а.) әр күні түнде өзінің аяғын қамшымен ұрғылап, «Бүгін не қылдың?» – дейді екен. Маймун ибн Махран: «Пенде бірге істескен серігімен есептескендей не одан да өткен шеберлікпен өзін-өзі есепке тартпайынша тақуа бола алмайды. Серіктер әрбір істен кейін есептеседі», – деп айтқан. Әбу Талха үйінің бақшасында намаз оқып жатса, бір құс оның көңілін бөледі. Ғибадат кезінде пұшайман қылған сол оқиға үшін кейін ол бақшаны мемлекеттің қазынасына өткізіп беруі де үлкен шеберліктің мысалы болып саналады. Риуаятқа қарағанда, ибн Сәламның отын көтеріп бара жатқанын көргендер «Уа, Әбу Юсуф, бұл істі жасайтын бала-шағаң, кұлдарың бар емес пе!» – дейді. Сонда ибн Сәлам: «Сол ісіме тосқауыл болар ма екен деп нәпсімді сынағым келген», – деп жауап береді. Хасан Басри: «Мүмин – өз нәпсісін басқарып, оны Алла үшін сұраққа алған кісі. Бұл дүниеде өзін сұраққа алатын кісілердің ақыреттегі сұрағы жеңіл болады. Нәпсісін сұраққа алмай өмір өткізгендердің қиямет күні сұрағы да ауыр болады», – деген. Хасан Басри сөзін одан ары жалғап, нәпсіні сұраққа алу туралы төмендегілерді айтады: «Мүмин нәпсісіне жаққан нәрсеге кенеттен ұшыраған кезде, ішінен «Құдай куә, сен маған ұнап тұрсың, сен маған керексің. Бірақ сенімен менің ортамда тосқауыл бар», – деп айта алса, міне, сол нәрсе нәпсіні сұраққа алу болып саналады».
234 Кейде пенде бір нәрседе тым шектен шығып кетіп, ішінен «Неге бұлай жасадым екен? Соған ешқандай себеп жоқ болды. Құдайақы, бұл істі екінші қайталамауға ант берем» деп жіберген кемшілігіне өкінгенін білдіреді. Әнәс ибн Мәлик былай деп айтады: «Бір күні әзірет Омар үйден шығысымен, мен де оның артынан шықтым. Ол бір бақшаға кіріп кетті. Ортамызда дуал бар еді. Дуалдың артынан оның «Уа, Хаттаб ұлы Омар, мүминдердің басшысы, не Алладан қорқасың, не азапқа ұшырайсың», – деді». «Өзін-өзі жазғырушы нәпсіге де серт»568 деген мағынадағы аят туралы Хасан Басри былай дейді: «Мүмин пенде сол сөзді неге айттым екен, сол тамақты неге жедім, сол ішімдікті неге іштім екен!» деп әрдайым өзін кінәлап тұрады. Ал енді күнәһар кісі болса өзін сынға алмай өмірін өткізеді». 568 «Қиямет» сүресі, 2. Малик ибн Динар: «Сол кемшілікті жіберген сен емес пе едің?!» – деп өзін кінәлап, содан соң Алланың Кітабының бұйрықтарына бас иіп, нәпсісін Алланың Кітабына сай жөнге салған пендеге ұлы Жаратқан Өзі рақым қылсын! Нәпсіні кінәлау солай болады», – деген. Маймун ибн Махран айтады: «Тақуа кісі өзін залым патша және сараң ортағынан да қаттырақ есепке тартады». Ибраһим Ат-Тайми: «Бір мәрте нәпсімді пейіште жүргендей көрдім. Пейіштегі жемістерден жеп, дарияларынан ішіп, хор қыздармен ойнап жүріппін. Тағы бір мәртесінде тозақта жүргендей болдым. Заққумнан жеп, ірің ішіп, шынжыр кісендерді көтеріп жүріппін. Нәпсімнен «Ей, нәпсім, не қалайсың?» – деп сұрасам, «Дүниеге қайтып, жақсы істерді жасағым келеді», – деді. «Олай болса, аман-есен дүниеде жүрсің. Мүмкіншілік қолыңда тұрғанда жақсы істерді жаса», – дедім» деп еске алады. Малик ибн Динар: «Хажжаж бір құтбасында: «Басқаның сұрағына қалмай тұрып өзін сұраққа алған пендеге Алла рақым қылсын, жасаған істерін ықтиятты жасаған кісіге Алла рақым қылсын, өлшеп-тартқан нәрселеріне ықтиятты қараған пендеге Алла рақым қылсын», – деді. Оның бұл қайталанған сөздері мені жылатты», – деп айтқан. Ахнаф ибн Қайстың достарының бірі баяндайды: «Онымен бірге жүріп, түнгі намаздарының көпшілігінде дұға қылғанына куә болдым. Сондай-ақ ол шырақтың жанына келіп саусағын күйгенге шейін отқа тосып, содан соң өзіне-өзі: «Ей, Ахнаф! Пәленше күні пәлендей күнәні, түгенше күні түгендей күнәні неге жасадың?» – деді». Ақ-қараны айырмаудың зияны Алла Елшісі (с.а.с.): «Үмбетім денедегі киімдер ескіргендей жүректе Құран көнерген заманға тап болады. Алладан қорықпағанымен жасаған істерінен үміт етеді. Жақсы іс жасаған пенде: «Бұл ісім қабыл болады», – десе, күнә жасаған кісі «Бұл кешіріледі», – дейді», – деген. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ол уақыттағы кісілер Құран Кәрімнің азап туралы хабар берген аяттарын білмегендіктен, Алладан үміт еткенмен Одан қорықпай қалады», – демекші. Тап сондай жағдай Алла тарапынан христиандар туралы да білдірілген: «Содан олардың орнын қайырсыз, нашар ұрпақ басып, Кітапқа (Тәуратқа) мұрагер болды.
235 Алайда олар оны (қалауларына қарай бұрмалап) мына қу дүниенің баянсыз әрі болмашы бұйым-боқшасына айырбастайды һәм содан кейін: «Қайткен күнде де, күнәларымыз кешіріледі (өйткені біз Алланың таңдаулы да сүйікті құлдарымыз)», – деп, өз-өздерін алдайды. Сондай-ақ олар дәл сондай дүние-мүлік (жемқорлық, өсім, құмар ойындары сынды заңсыз жолдармен) келсе, оны да міз бақпай ала береді. Сонда олардан Алла жайлы ақиқаттан өзге еш нәрсе айтпайтындығына қатысты қолдарындағы Кітаптың үкімі бойынша, берік уағда алынбап па еді?! Һәм олар сол Кітаптың ішіндегілерді қайта-қайта оқып, өзгелерге де оқытпап па еді?! Әйтсе де, ақирет мекені Аллаға қарсы келуден барынша сақтанып, тақуалық аясында өмір сүретін жандар үшін әлдеқайда қайырлы. Әлі де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»569 569 «Ағраф» сүресі, 169. Алла Тағала Құранда: «Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар»570 570 «Рахман» сүресі, 46. «Сөйтіп, олардан кейін ол жерге сендерді орнықтырамыз. Міне, бұл жетістік Менің құзырыма (күнәһар болып) келуден қорыққан және ескертуімнен (яғни, ескерткен нәрселерімнен) тайсалғандар үшін»571 деп айтқан. 571 «Ибраһим» сүресі, 14. Құран Кәрімде ескертуші және қорқытушы аяттар көп. Жақсылап ой жүгірткен кісі егер оның ішіндегілерге сенсе, ұзақ уақытқа шейін өзі туралы қайғыға батып, қорқады. Адамдар Құран Кәрімді оқиды. Оның әріптерін дұрыстап оқуға әрекет жасайды. Бірақ арабша жыр оқып жатқандай мән бермейді. Бұл дүниеде бұдан өткен алдану бар ма? Осыған ұқсаған алданулардың тағы бірі – күнә да, сауапты іс те жасап, күнәлардың кешірілуін күтіп жүру. Бұл неткен надандық! Қарасаң, кейбір кісілер арам-адал араласқан ақшасынан бірнеше тиын садақа беріп, екінші жағынан берген садақасынан бірнеше есе көп байлықты не күмәнді кірісті өз мүлкіне өткізіп алады. Мұндай кісілердің кейбірі «Жақсы істеріміз жасаған күнәларымызға қарағанда басым» деп ойлайды. Өйткені өз-өзін сұраққа алмайды. Жасаған күнәларын тексермейді және еске алмайды. Ал енді бір жақсы іс жасап қойған болса, оны ұмытпайды, соған сенеді. Мысалы, бір кісі Алладан кешірім сұрап күніге жүз рет жалбарғанымен, оның артынша-ақ мұсылмандар туралы өсек таратып, олардың абыройына күмән келтіреді және ертеден кешке шейін Алла разы болмаған сөздерді сөйлейді. Аллаға қылған дұғаларына сенеді де, жасаған күнә істеріне мән бермейді. Шынында, жасаған күнәлары айтқан тасбихтерінен жүз, бәлкім, мың есе асып түседі. Хатшы періштелер олардың жаман сөздерін жазып тұрады. Пенденің аузынан жаман сөз шыққанда Алла оны ескертіп: «Сондай-ақ адам баласының аузынан нендей сөз шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар»572 деп айтады. 572 «Қаф» сүресі, 18. Бірақ ол тағы да айтқан тасбихтерінің сауабынан үміт етіп, соған сенеді. Өсекшілерге, өтірікшілерге, сөз тасушыларға, іші-тысына ұқсамаған екі жүзділерге және басқа күнәһарларға берілетін жазаларды еске алмайды. Міне, сол жағдай үлкен алдану болып саналады. Егер сауап-күнәларды жазушы періштелер бұл кісінің кемшіліктерін және айтқан тасбихтерінен шектен тыс жаман сөздерін жазғаны үшін ақы сұраса, пенде бір сөз айтудан да сақтанып, періштелердің жазған ақылары көбейіп кетпесін деп аузынан шыққан сөздерін де санар еді.
236 Жамағатпен намаз оқудың сауабы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті дәреже жоғары тұрады», – деген. Әбу Һурайра (р.а.) былай деп еске алады: «Бір мәрте кейбіреулер жамағатпен оқылған намазға келмей қалды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз сәтінде біреуді орныма дайындап қойып, жамағаттан қалғандардың үйлерін өртейін деп ойладым» деген». Тағы бір риуаятта бұл хадистің аяғы: «... Содан соң жамағаттан қалғандарға барып, отпен үйлерін өртеуді бұйырайын деп ойладым. Егер бұлардың бірі майлы сүйек не екі сирақ алатынын білсе (құптан намазына) келер еді» деп аяқтайды. Әзірет Осман (р.а.): «Құптан намазын жамағатпен оқыған кісі түннің жарымын, таң намазын жамағатпен оқыған кісі түнін толығымен ғибадат жасап өткізгендей болады», – деп айтқан. Алла Елшісі (с.а.с.) «Бес уақыт намаздың біреуін жамағатпен оқыған пенде тамағына шейін ғибадатқа толады», – деп айтқан. Саид ибн Мұсайяб (рахматуллаһи аләйһи): «Жиырма жылдан бері азаншы азан айтып жатқанда мен мешітте болам», – деген. Мұхаммед ибн Уаси былай дейді: «Бұл дүниеден үш нәрсе ғана қалаймын. Олар: 1) Жолдан тайғанда мені түзелтетін діндес бауыр; 2) Ешкімге мұқтаж болмай жан бағатындай адал кәсіп; 3) Кемшілігі менен кешірілген және сауабы маған жазылған жамағат намазы». Риуаятқа қарағанда Әбу Убайда ибн Жаррах бір мәрте намазда жамағатқа имам болып, намаздан кейін: «Шайтан мені азғырып, өзімді басқалардан артық көруге азғырды. Бұдан кейін ешқашан имамдық қылмаймын», – деген. Хасан Басри: «Ғалымдармен бірге жүрмеген кісінің артында намаз оқымаңдар», – деп айтқан. Нахаи: «Білмей тұрып имам болған адам аз-көбін айырмай тұрып теңізде су өлшеген кісіге ұқсайды». Хатамул-Асам: «Бір мәрте жамағат намазға үлгермей қалып едім, Әбу Исхақ Бұхари ғана көңіл айтып келді. Егер бір перзентім өлсе, он мыңнан астам кісі көңіл айтып келер, өйткені адамдар дін жайындағы жоғалтуға дүниеге байланысты жоғалтудай мән бермейді», – дейді. Ибн Аббас (р.а.): «Азанның үнін естіп тұрып, оған жауап беріп бармаған кісі жақсылықты қаламайды және жақсылық та оны қаламайды», – деген. Әбу Һурайра (р.а.): «Адамдардың құлағына еріген қорғасын құйылуы, азанды естіп тұрып шақыруға жауап бермегенінен жақсырақ», – деп айтқан. Риуаятқа қарағанда Маймун ибн Михран бір күні мешітке келсе, оған жамағаттың тарап кеткенін білдіреді. Сонда ол: «Біз Алланың мүлкіміз және оған қайтамыз. Намаз мен үшін Ирак патшалығынан да сүйіктірек», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім қырық күн намазын бірінші тәкбирден қалмай жамағатпен оқыса, Алла оны екі жүзділіктен және тозақтан құтқаратындығын тағдырына жазады»573 деген. 573 Әл-илалул мутанахия, 1/435. Риуаятқа қарағанда қиямет күн келгенде кейбір кісілер жұлдыздай жарқыраған жүзбен махшар алаңына келеді. Періштелер олардан «Фәни дүниеде қандай іс жасадыңдар?» – деп сұраса, олар: «Азанды естігенде басқа нәрсемен әлектенбей,
237 дереу дәрет алуға жөнелетінбіз», – деп жауап береді. Олардың артынан тағы бірнеше кісі жүзі айдай жарқырап Махшарға келеді. Олар періштелердің жоғарыдағыдай сұрағына «Намаз уақыты кірісімен дәрет алатынбыз», – деп жауап береді. Олардың артынан келгендердің жүзі күндей жарқырайды. Олар бұл сұраққа «Әрдайым азанды мешітте отырып еститінбіз», – дейді. Тағы бір мағлұматқа қарағанда алғашқы мұсылмандар бірінші тәкбирге жетпей қалғанда үш күн, жамағат намазға үлгермей қалғанда жеті күн аза тұтатын еді. Түнгі намаз Алла Тағаланың Құранда төменгідей аяттары бар: «Раббың кейде түннің үштен екісіне жуығын, кейде тең жарымын, кей кездері үштен бір бөлігін құлшылықпен өткізетініңді, сондай-ақ қасыңдағы кейбір мүміндердің де солай істейтінін біледі. Түн мен күнді жаратып, екеуінің мерзімін белгілейтін – бір Алла. (Уа, мүміндер!) Алла, сендердің түнгі құлшылықты қаза қылмастан өтей алмайтындарыңды білгендіктен, сендерге шарапаты мен мейірімін төгіп, кеңшілік һәм жеңілдік жасады. Ендігі жерде, түнгі құлшылықты Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, енді біреулердің Алла жолында жаугершілікке шығып, бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқыңдар. Алайда қандай жағдайда болмасын, намазды кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Зекетті толық беріңдер, сонымен қатар, (мал-дүниелеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін жолында және мұқтаждарға жұмсау арқылы) Аллаға көркем қарыз беріңдер. Естеріңде болсын, өздерің үшін (о дүниеге) нендей сауап жолдайтын болсаңдар, оны Алланың дәргейінде орасан зор болған һәм еселенген үстіне еселенген күйде көресіңдер. Алладан ұдайы кешірім тілеңдер! Шүбәсіз, Алла – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді)»574. 574 «Муззаммил» сүресі, 20. «Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорқып, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалыныпжалбарынып дұға етеді. Сондай-ақ өздеріне ризық-несібе ретінде берген нығметтеріміздің бір парасын ізгілік жолында жұмсайды»575. 575 «Сәжде» сүресі, 16. «(Мұндай бейбақ) түн ішінде Аллаға бас иіп, сәждеге жығылып һәм тікесінен тік тұрып құлшылық еткен, ақиреттен қорқатын және Раббысының шексіз рақымынан үміт ететін (мүмін) адамдай бола ма?! «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт. Әйтсе де, (осынау ақиқаттарға) тек нағыз ақыл иелері ғана ой жүгіртіп ғибрат алады»576. 576 «Зумәр» сүресі, 9. «Олар түннің бір бөлігін Раббыларына сәжде етумен әрі тік тұрып құлшылық қылумен өткізетін жандар»577. 577 «Фурқан» сүресі, 64. «Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар»578 578 «Бақара» сүресі, 153.
238 Риуаяттарға қарағанда, ақырғы аяттағы «намаз» түнде оқылған намаз. Бұл намаздың ауырлығына шыдау нәпсіге қарсы күрес болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан ұйықтап жатқан әрбірлеріңнің желкесіне «Ұйықтай бер, түнің ұзын болсын» деп үш түйін түйеді. Адам ойланып, Алланың атын зікір қылса, түйіндердің бірі шешіледі. Егер орнынан тұрып, дәрет алса, тағы бір түйін шешіледі. Намаз оқыса, тағы бір түйін шешіліп, пенде сергек және көңілді таң атырады. Әйтпесе көңілсіз, жалқауланған жағдайда таң атырады»579. 579 Бұхари, 1142; Мүслим, 776. Біреудің таң атқанша ұйықтағанын айтқанда Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол кісінің құлағына шайтан зәрін төгіп кетіпті», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Түнде оқылған екі рәкат намаз пенде үшін бұл дүниеден және ондағы барлық нәрседен де пайдалы. Үмбетіме ауыр келмесе екі рәкат түнгі намазды оларға парыз қылар едім»580. 580 Итхафус сада, 5/175. «Түннің бір уақыты бар. Сол уақытта Алладан жақсы не тілесе мұсылманға Алла сол тілегін береді». Муғира ибн Шуғба (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір түні екі аяғы іскенше намаз оқыды. Одан «Алла сенің өткен және келешекте болу мүмкін болған күнәларыңның бәрін кешірмеді бе?» – деп сұралғанда, ол: «Шүкір қылған пенде болмайын ба?» – деп жауап берген. Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл іс-әрекеті одан да ұлы дәрежелерге ұмтылғанын білдіреді. Өйткені шүкіршілік өніп-өсуге себеп болады. Алла Тағала: «Раббыларыңның «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын. Ал егер жақсылықтың қадірін білмесеңдер, онда азабым расында да тым қатты» деп жар салғанын естеріңе алыңдар»581 деп жариялады. 581 «Ибраһим» сүресі, 7. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу Һурайра, егер дүниеден өтерде және қабірден қайта тірілгенде Алланың рақым қылуын қаласаң, түнде Алла разылығы үшін тұрып намаз оқы. О, Әбу Һурайра, үйіңнің ішінде намаз оқысаң, үйің көктегі жұлдыздардай нұрланады және дүние елі үшін де жұлдыздай болады», – деп айтады. Тағы бір хадисте: «Түнде намаз оқыңдар! Өйткені ол – сендерден бұрынғы тақуа пенделердің әдеті. Түнде ғибадат жасау Аллаға жақындатады, күнәлардың кешірілуіне себеп болады, денені аурулардан сақтайды және күнәлардан қорғайды»582 деп айтқан. 582 Тирмизи, 3549. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Түнгі намазды оқымақшы болғанда ұйқы басқан кісіге намаздың сауабы жазылады және ұйқысы садақаның орнына өтеді», – деп айтады. Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Зәррдан: «Сапарға шығарда дайындық жасайсың ба?» – деп сұрайды. Әбу Зәрр: «Әлбетте», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз: «Қиямет күннің сапары қандай болады? Маған құлақ салшы, сол күні саған пайдасы тиетін нәрсені айтайын ба?» – дейді. Әбу Зәрр: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам сенен садақа кетсін, айтшы!» – деді. Алланың Елшісі: «Қайтадан тірілу күні үшін аптапты күндерде ораза ұста. Қабірдегі жалғыздық үшін түн қараңғылығында екі рәкат намаз оқы. Қияметтің үлкен белгілері үшін бір мәрте қажылық жаса және мұқтаж кісіге садақа бер. Сөйлесең орынды сөйле не жаман сөзден тіліңді тый», – деп айтты. Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытында бір кісі бар еді. Ол ел ұйықтағанда орнынан тұрып намаз, Құран оқып: «Уа, тозақтың Иесі, мені тозақтан сақта», – деп дұға қылды. Бір күні ол туралы Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтқанда: «Ол дұға қылып жатқанда, маған хабар беріңдер», – деді. Кейін ол дұға қылып жатқанда, жанына барып, сөздерін естіді де, таңертең оған: «Уа, пәленше, Алладан пейішті
239 тілемейсің бе?» – деп айтты. Ол кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, мен ол дәрежеге жеткен емеспін. Жасаған істерім оған жетпейді», – деп жауап берді. Міне, сол сәтте Жәбірейіл (а.с.) келіп: «Пәленшеге айтып қой, Алла оны тозақтан құтқарып, пейішке кіргізді», – деп айтты. Риуаятқа қарағанда Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Ибн Омар жақсы кісі! Түнгі намазды оқыса қандай жақсы болмақ!» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы ибн Омарға айтты. Ибн Омар сол күннен бастап түнгі намаздарды қалдырмай оқи бастады. Нафи: «Ибн Омар түнде намаз оқып, «Нафи, таң атты ма?» – деп сұрады. «Жоқ» десем, қайта намазға тұрды. Кейін тағы сұрағанда «Иә» десем, жер жарық болғанға шейін отырып, күнәларының кешірілуін Алладан сұрады» деп еске алады. Әзірет Али былайша баяндайды: «Бір күні түнде Яхья (а.с.) арпа нанға қарнын тойдырып ұйықтап, зікір қыла алмай таң атып кетеді. Сонда Алла Тағала оған: «Уа, Яхья! Мен берген мекеннен де жақсы мекен, маған жақын болудан да пайдалы орта тауып алдың ба? Уа, Яхья! Ұлылығыма ант етейін, егер бір-ақ мәрте пейішті көрсең, оған жету үшін жаныңды беріп, майың еріп арықтап, жанталасып күшің сарқылатын еді! Егер тозақты бір-ақ мәрте көрсең, майың еріп арықтап, көзіңнен жас емес қан ағып, шапанның орнына тері киер едің» деген уахи жібереді. Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Пәленше кісі түнде намаз оқып, күндіз ұрлық қылады», – дегенде, Пайғамбарымыз «Оның ғибадаты жасаған жамандықтарына жақында тосқауыл болады», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Түнде намаз оқығалы тұрып, жұбайын тұрғызып, ол да намаз оқыған не тұрғысы келмеген әйелінің жүзіне су сеуіп тұрғызған кісіге Алланың рақымы болсын. Түнде намаз оқығалы тұрып, күйеуін тұрғызып, ол да намаз оқыған не күйеуі тұрғысы келмесе жүзіне су сеуіп тұрғызған әйелге Алланың рақымы болсын!» – деп айтқан. Тағы бір хадисте: «Егер бір кісі түнде тұрып, әйелін де оятып, екеуі бірге екі рәкат намаз оқыса, Алла екеуін де Алланы көп зікір қылушылардың қатарына қосады», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыздардан кейін ең сауапты намаз түнде тұрып оқылған намаз», – деген. Әзірет Омардан риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім әдет қылған түнгі намазын оқымай ұйықтап қалып, таң мен бесін намазының ортасында оқыса, түнде намаз оқығандай сауапқа ие болады», – деп айтқан. Дүниеқор ғалымдардың жазасы «Дүниеқор ғалымдар» деп – ілімдерін бұл дүние үшін және ел алдында атақ-даңққа жету үшін пайдаланған ғалымдар туралы сөз болуда. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні ең ауыр азапталатын кісі – Алланың ілімінен пайда ала алмаған ғалым», – деген. Сол мәселеге байланысты тағы көптеген хадистер бар: «Адам іліміне лайық іс жасамайынша ғалым бола алмайды».
240 «Ілім екі түрлі: бірі – ауыздағы ілім. Бұл – Алланың адамдарға қатысты ашық-айқын дәлелі. Екіншісі – жүректегі ілім, пайда берген ілім, міне, сол». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақыр заманда діндар надандар мен күнәһар ғалымдар көбейеді», – деген. «Ғалымдарды сөзге жығу, ақымақтармен таласып-тартысу және елдің көңілін өздеріңе бұру үшін ілім үйренбеңдер. Олай жасағандардың орны тозақта». «Кім білгенін басқаларға үйретпей жасырса, Алла оның аузына оттан ауыздық салады». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен үшін сендерге дажжалдан да қорқынышты нәрсе білем», – дегенде, сахабалар: «Ол не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Елді адастырған дін басшылары», – деп жауап берді. Тағы бір хадисте: «Кімнің білімі жоғарылаған сайын дүние азғыруынан алыстамаса, күннен-күнге Алладан алыстайды», – деп айтылады. Әзірет Иса (а.с.): «Қашанға шейін өздерің адасып жол таппағандармен жүріп, қайта адасқандарға жол көрсетесіңдер!» – деген. Осыған шейін айтылған дәлелдер ілімнің маңызы зор екенін, ғалымның мәңгілік жоғалту не мәңгілік бақыттылық арасында екенін, ілімге сүңгіп кірген ғалым бақыттылыққа жете алмаса оның тозақтан құтылуы қиын екенін көрсетеді. Әзірет Омар (р.а.) айтады: «Бұл үмбет үшін ең көп қорқынышты нәрсе – екі жүзді ғалым». Оның сөзін естіп отырғандар: «Екі жүзді ғалым қандай болады?» – деп сұрайды. Омар оларға: «Сөзімен ғалым көрінген, бірақ жүрегі және жасаған істері наданша болған кісі», – деп жауап берген. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Ғалымдардың ілімін, данышпандық інжулерін жинасаң да, орындауда ақымақтардың жолымен жүрме», – деп айтқан. Бір кісі Әбу Һурайраға: «Ілім үйренгім келеді, бірақ оны қайта жоғалтудан қорқамын», – дейді. Әбу Һурайра: «Ілімнен аулақ болғаның – оны жоғалтқаның сол», – деп айтады. Ибраһим ибн Уйайнадан «Ең көп өкінетіндер кімдер?» – деп сұрағанда, ол: «Бұл дүниеде жақсылықты білмейтін надандарға жақсылық жасағандар, өлерде жолдан адасқан ғалымдар», – деп жауап береді. Халил ибн Ахмад айтады: «Адамдар төрт түрлі: 1) Түсінеді және түсінгенін өзі біледі. Міне, сондайлар ғалымдар. Оларға еріңдер. 2) Түсінеді, бірақ түсінгенін білмейді. Олар ұйқыдағы кісілер, оларды оятыңдар. 3) Түсінбейді, бірақ түсінбегенін біледі. Олар жол көрсетуге мұқтаж кісілер. Оларға жол көрсетіңдер. 4) Түсінбейді бірақ түсінбегенін де білмейді. Олар надандар. Олардан аулақ болыңдар». Ибн Мүбәрак айтқан: «Өмір бойы үйренген кісі ғалым болады. Бәрін білем деп ойлаған адам ең надан» Фудайл ибн Ияз айтады: «Үш түрлі кісіге жаным ашиды: 1) Бір елдің қор болған басшысына. 2) Бір елдің жарлы болып қалған байына. 3) Дүниенің қуыршағы болып қалған ғалымға». Хасан Басри: «Ғалымдардың ең үлкен жазасы – жүрегінің өлуі. Жүректердің өлуі – ақыреттің істерімен дүние табуға әрекет жасау», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ғалым өте қатты азапқа ұшырағандықтан, оның тартқан азабына тозақылар да таңғалады», – деп айтқан. Бұл хадисте дүниеқор, күнәһар ғалым туралы айтылып жатыр. Усама ибн Зайд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Қиямет күні бір ғалым тозаққа лақтырылады. Оның жуан ішектері сыртқа шығып, өзі
241 шығырдың583 тірегіне байланған есектей оның (ішектерінің) айналасында айналып жүреді. Оның бұл жағдайын көргелі келген басқа тозақылар «Саған не болды?» – деп сұрайды. Ғалым оларға: «Фәни дүниеде жасап жатқанда басқаларды жақсылыққа шақырып, бірақ өзім жасамаушы едім. Жамандықтан тыйғаныммен оны өзім жасаушы едім», – деп жауап береді». 583 Шығыр – су сүзгіштері бар дөңгелек. Ғалымның жасаған күнәсі үшін басқалардан да ауыр азапқа тап болуы, оның күнәні біліп тұрып жасағандығында еді. Міне, сол себептен Алла Тағала: «Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында. Оларға (қол ұшын беріп тозақтан құтқаратын) бірде-бір медеткер таба алмайсың»584деп айтқан. 584 «Ниса» сүресі, 145. «Біз кітап түсірген қауым (дін басылары мен ғұламалары) ақырғы пайғамбарды (құбыласы һәм бүкіл ерекшеліктерімен қоса) өз балаларын танығандай таниды. Сөйте тұра олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады»585. 585 «Бақара» сүресі, 146. «Оларға Алладан қолдарындағы Тәуратты растайтын Кітап келді. Бұдан бұрын олар кәпірлерді жеңу үшін (Алладан медет тілегенде, «Тәуратта айтылған ақырғы пайғамбардың құрметіне бізге медет бере көр», деп) дұға ететін. Ал енді өздері бес саусағындай білетін сол пайғамбар келгенде, оны мойындамай күпірлік қылды. Оларға Алланың лағынеті жаусын»586 586 «Бақара» сүресі, 89. Алла Тағала Балам ибн Баура оқиғасы туралы былай дейді: «(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ оларға өз тарапымыздан аяттарымызға қатысты ілім нәсіп еткен кісінің оқиғасын айтып бер. Иә, ол (өзіне берілген осынау ілімге қарамастан бейне бір сыпырылған терідей) аяттарымыздан іргесін ашып сыпырылып шықты. Ақыры, шайтан оны соңынан ілестіріп әкетті, сөйтіп ол азғындардың біріне айналды. Егер қаласақ, оны аяттарымыз арқылы (кемел адам деңгейіне көтеріп, адамгершіліктің шыңына шығарып), мерейін үстем қылар едік. Алайда ол жерге (яғни, фәни дүниеге) жабысып қалды да, өзінің әуейіліктеріне еріп кетті. Оның мысалы құдды итпен тең. Зекіп қусаң да, тілін салақтатып (қу сүйек болса да беріп қалар ма екен деген дәмемен ұзап кетпей айналшықтап жүреді), тимей жайына қоя берсең де, (тіске басар бір нәрсе беріп қалар ма екен деп) тілін салақтатып, айналшықтап қасыңнан кетпейді. Аяттарымызды жалғанға шығаратын қауымның жағдайы, міне, осындай. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, ғибратқа толы осы мысалды оларға айтып бер, бәлкім, ойланып сабақ алар»587. 587 «Ағраф» сүресі, 175-176. Күнәға батқан ғалымның жағдайы сондай болады. Өйткені ол Алланың Кітабын білді. Бірақ оған қарамай бейбас құмарлыққа беріліп, итке ұқсап қалды. Аяттың мағынасы төмендегіше: «Ол аяттың мағынасын білсе де, білмесе де айырмасы жоқ. Нәпсінің бейбас құмарына мойынсұна береді». Иса (а.с.): «Жаман ғалым дарияны бөгеп қалған алып тасқа ұқсайды. Ол суды өзі де ішпейді, өсімдіктерге де жібермейді», – деп айтқан. Жақсы мінез Алла Тағала сүйікті Пайғамбарын (с.а.с.) мақтау және оған берілген нығметті білдіру ретінде былай дейді: «Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің»588 588 «Қалам» сүресі, 4-аят.
242 Айша (р.а.): «Пайғамбарымыздың мінез-құлқы – Құран еді», – дейді. Бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жақсы әдеп-ахлақ туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма (наданмен надан болма)»589 деген аятты оқыды. 589 «Ағраф» сүресі, 199. Сонда әлгі кісіге берген жауабын төмендегіше жалғастырды: «Жақсы мінез – сенімен қарым-қатынасын үзгендерге кең пейіл және қайырымды болуың, сенен жақсылықты аяғандарға жақсылық жасауың және саған зорлық-зомбылық көрсеткендерді де кешіруің». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен жақсы мінез-құлықты толықтыру үшін жіберілдім»590 дейді. 590 Байхақи, 10/192. Тағы бір хадисте: «Қиямет күні жақсы істер таразыда тартылғанда ең ауыр тартатыны – Алладан қорқу және жақсы мінез», – деп айтылады. Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі жолығып: «Уа, Алланың Елшісі, дін деген не?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы мінез», – деп жауап берді. Содан соң оң жағына өтіп: «Уа, Алланың Елшісі, дін деген не?» – деп қайта сұрады. Пайғамбарымыз: «Жақсы мінез», – деді. Ол кісі енді Пайғамбарымыздың сол жағына өтіп: «Уа, Алланың Елшісі, дін деген не?» – деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қызу қандылыққа салынбау. Түсіндің бе?» – деді. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған насихат айтыңыз», – дегенде, Алланың Елшісі: «Қайда болсаң да Алладан қорық. Жамандықтан кейін күнәңді жуып кететіндей жақсылық жаса», – деді. «Тағы да?» – деді әлгі кісі. Пайғамбарымыз: «Адамдарға сыпайы мәміле жаса», – деп жауап қайтарды. Алла Елшісінен (с.а.с.) «Істердің қайсысы жақсырақ?» – деп сұрағанда «Жақсы мінез», – деп жауап берді. Тағы бір хадисте: «Алла Тағала жақсы мінезді қылып жаратқан ешбір пендесі тозаққа жем болмайды», – деп айтылады. Фудайл ибн Ияз баяндайды: «Пайғамбарымызға «Пәленше әйел күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқиды. Бірақ мінезі жаман. Көршілерін ренжітеді», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олай болса оның ешбір жақсылығы жоқ. Ол тозақы», – деді. Әбу Дарда: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқанын естігенмін: «Қиямет күні Таразыға бірінші қойылатын істер – жақсы мінез бен жомарттық»591. 591 Хилиятул әулия, 5/75. Алла Тағала иманды жаратқанда, иман: «Уа, Жаратқан Ием, маған қуат бер!» – деп дұға қылды. Алла Тағала оны жақсы мінезбен және жомарттықпен қуаттады. Алла кәпірлікті жаратқанда, кәпірлік «Маған қуат бер!» – деді. Алла оны сараңдық және жаман мінезбен қуаттады» дегенін естігенмін», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дінді Өзі үшін таңдаған. Міне, сондықтан дініндегілерге жомарттық және жақсы мінезден басқа нәрсе жараспайды. Сөзіме құлақ салып, діндеріңді сол екі қасиетпен әсемдеңдер», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Сендер адамдарды мал-мүлік берумен разы қыла алмайсыңдар. Оларға жылы жүз, жағымды мінезбен ғана жағасыңдар», – деп айтады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сірке суы балды бұзғандай, жаман мінез жақсы істі бұзады», – деп айтқан. Жарир ибн Абдулланың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз: «Алла сені сұлу жаратты. Сен де мінезіңді жақсарт», – деген.
243 Бара ибн Азиб: «Пайғамбарымыз адамдардың ең сымбаттысы және мінезі ең жақсысы еді», – деп айтады. Әбу Сағид әл-Худридің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, дене-тұрпатымды сымбатты қылып жаратқандай мінезімді де жақсы қыла көр!» – деп дұға қылды. Абдулла ибн Омар баяндайды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, Сенен денсаулық, амандық және жақсы мінез тілеймін» деп көп дұға қылды». Әбу Һурайраның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің діні – оның абыройы, тегі, жақсы мінезі, адамгершілігі және ақылы», – деген. Усама ибн Шарик: «Бәдәуилер Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Пенделерге берілген нәрселердің ең жақсысы не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы мінез», – деп жауап бергеніне куә болған едім», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың және менің сүюіме арзитындарың – мінез-құлқы ең жақсы болғандарың», – деп айтады. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Сол үш өзгешеліктің үшеуі де не біреуі кімде жоқ болса, оның ешбір ісін есепке алмаңдар: 1) Алланың бұйрығына қарсы шығудан сақтаған тақуалық. 2) Ақылсызға шыдар байсалдылық. 3) Адамдармен жақсы түсінісіп өмір сүре алатын жақсы мінез». Алла Елшісі (с.а.с.) намазында: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жақсы мінез нәсіп қыла көр. Сенен басқа ешкім мені оған жеткізе алмайды. Уа, Жаратқан Алла! Мені жаман мінезден алыс қыл. Сенен басқа ешкім мені одан сақтай алмайды» деп дұға қылды. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Әсемдік неде?» – деп сұрағанда: «Әсемдік жылы сөз, жылы жүз және күлімдеуде болады. Кім адамдарды жағымды қарсы алып, оларға жақсы мәміле жасаса, оның ешкімге ауырлығы тимейді және оның бір туыстық мәмілесі мақталады», – деп жауап берді. Күлкі және киім-кешек туралы Тәпсір ғалымдарының бірі: «Сонда сендер (өздеріңді мәңгілік бақытқа шақыратын) осынау сөзге таңданасыңдар ма?! (Қиянаттарың мен күнәларың үшін жылаудың орнына) үнемі күлесіңдер, еш жыламайсыңдар»592 деген мағынадағы аяттар туралы: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл аят түскеннен кейін күлімсірегеннен артық күлген емес. Тіпті басқа бір риуаят бойынша, бұл аят түскеннен кейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күлгенін де, күлімсірегенін де ешкім көрген емес», – деген. 592 «Нәжім» сүресі, 59-60. Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні мешіттен шығып келе жатып күлкі аралас сөйлескен бірнеше кісіні көрді. Оларға сәлем бергеннен кейін: «Дүние рахатын бірталай жойған өлімді жиі-жиі еске алыңдар», – деді. Тағы бір күні мешіттен шығып, қаттырақ сөйлесіп жатқан бірнеше кісіге: «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деген.
244 Қызыр (а.с.) Мұса пайғамбармен қоштасатын уақытта Мұса (а.с.): «Маған насихатыңды айта кет», – деді. Қызыр (а.с.): «Ешқашан айқайлап сөйлеме, себепсіз бір қадам да баспа. Таңғаларлық жағдай болмаса күлме, басқаларды жіберген қателіктері үшін айыптама, кемшілікті өзіңнен ізде», – деп өсиеттеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көп күлу жүректі өлтіреді», – деп айтқан. Тағы бір хадисте: «Жас кезінде көп күлген кісі қартайғанда жылайды. Бай болып тұрғанда күлген кісі жарлы болғанда жылайды. Тірі кезінде күлген кісі өлгенде жылайды», – деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Құран оқығанда жылаңдар. Егер жылай алмасаңдар, жыламсыраңдар». Хасан Басри «Сондықтан олар өз қолдарымен істеген (әрі амал дәптерлеріне жазылған) күнәлары үшін аз күліп, көп жыласын»593 деген мағынадағы аят туралы: «Бұл дүниеде өмір сүріп жатқанда аз күліп, көп жыласын» деп түсіндірме берген. 593 «Тәубе» сүресі, 82 Хасан Басридің бұл жайлы айтылған тағы бірнеше нақыл сөздері бар: «Алдында тозақ тұрғанда күліп-ойнаған және алдында өлім тұрғанда ойнап-секірген кісілерге таңғалам». Хасан Басри күліп-ойнап жатқан бір жігітті көріп, «Балам, Сыраттан өттің бе?» – деп сұрайды. Ол «Жоқ», – дегенде, Хасан Басри: «Пейішке кірерің белгілі болды ма?» – деп сұрайды. Жігіт: «Жоқ», – деп жауап береді. Хасан Басри: «Олай болса неге рақат жүрсің?» – дейді. Содан кейін баяғы жігіттің күлгенін ешкім көрмепті. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Күліп күнә жасаған кісі жылап тозаққа кіреді», – дейді. Алла Тағала бір аятта жылағандарды мақтау ретінде: «Сөйтіп, олар жылаған күйде тағы да сәждеге жығылады. Міне, Құран олардың Аллаға деген сый-құрметін осылайша арттыра түседі»594 деп айтқан. 594 «Исра» сүресі, 109. Аузаи: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкенді-кішілі бірде-бір сөзді де, істі де қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» – дейді»595деген мағынадағы аят туралы: «Кішкене күнә дегені – күлімсіреу, үлкен күнә дегені – қарқылдау», – деп айтады. 595 «Кәһф» сүресі, 49 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні үш көз ғана жылайды. Олар: 1) Алладан қорқып жылаған көз. 2) Алла арам қылған нәрселерді қараудан сақтанған көз. 3) Алла жолында ұйқысыз күзеттеген көз». Риуаятқа қарағанда мына үш нәрсе кісінің жүрегін қатайтады: 1) Жөнсіз күлу. 2) Қарын ашпай жатып тамақтану. 3) Құрғақ бос сөз». Пайғамбарымыз (с.а.с.) шалбар, көйлек, шапан және басқа киімдерден тапқанын киді. Жасыл түстегі киімдерді жақсы көрді. Көп киімдері ақ түсте болды және «Ақты тірілерің киім ретінде киіңдер, өлгенде кебін қылып ораңдар», – деді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кездеме596 киімі де бар еді. Ақ денесіне жасыл түс жақсы жарасты. Барлық киімдері қызыл асығына шейін түсіп тұрды. Көйлегі тізесіне шейін жетті. 596 Барқыттың түгіне қарағанда біраз ұзынырақ, жұмсақ түгі бар жалтырақ түстегі киім. Қара киімі де бар еді, оны біреуге сыйлыққа берген. Жұбайы Үммі Сәләма: «Ата-анам садақа болсын, қара киімің қайда?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оны кисін деп біреуге бердім», – деді. Үммі Сәләма: «Ақ денеңе сол киімнен тағы жарасымдысын көрмеп едім», – деген.
245 Пайғамбарымыз (с.а.с.) киім кигенде оң жағынан бастап, «Мені киіндірген, ұятты жерлерімді жабуға жараған және ел алдында сымбатты көрінуіме жағдай жасаған киімдерді нәсіп қылған Аллаға мақтау!» – деп дұға қылды. Киімді сол жағынан бастап шешті. Жаңа киім алса, ескісін бір жарлыға беріп: «Қайсыбір мұсылман Алла разылығы үшін ескі киімін бір жарлыға берсе, ол киім киіліп тұрған сәтте берген адам өлсе де, тірі болса да Алланың қорғауында, қауіпсіздігінде және жақсылығында болады», – деді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір шекпені бар еді. Қайда барса да оны екі қабаттап астына салды. Көпшілік сәтте шидің үстінде ұйықтады және астында одан басқа нәрсе болған емес. Құран кәрім, ілім және ғалымдардың ұлылығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл жайлы айтылған бірнеше хадисі бар: «Кім Құран Кәрімді оқып, содан соң басқа біреудің одан да бағалы нәрсеге жеткенін ойласа, Алланың ұлылығын қадірлемеген болып саналады»597. 597 Итхафус сада, 4/463. «Үмбетімнің ең ұлы ғибадаты – Құран оқу». «Сендердің ең жақсыларың Құран үйреніп, білгенін басқаларға үйреткендерің». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Темірді дат басқандай, жүректі де дат басады», – деді. Сахабалар: «Дат баспау үшін не істеу керек?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Құран Кәрім оқу және өлімді көп еске алу керек», – деді. Сондай-ақ былай деген: «Кім «Наср» сүресінің ақырғы аяттарын таңертең оқыса және сол күні ажалы жетіп өлсе, оның маңдайына шейіттіктің мөрі басылады. Дәл сол аяттарды түнде оқып, таң атқанға шейін өлсе, онда да маңдайына шейіттіктің мөрі басылады». Ілім және ғалымдардың ұлы орны туралы да хадистер көп: «Алла кімге жақсылық қаласа, оған терең дін ілімін беріп, қырағылықты илхам қылады». «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары». Шынында, пайғамбарлықтан ұлы дәреже жоқ екендігі мәлім. Бұл мәртебеге мирасқор болғаннан артық нәрсе жоқ. «Адамдардың ең құрметтісі – иманды ғалым. Ел сұраса, елге пайдасын тигізеді, сұрамаса, өзін мықты алып жүреді». «Пайғамбарлық дәрежеге ең жақын адамдар ғалымдар мен мұжаһидтер. Өйткені ғалымдар пайғамбарлар алып келген ақиқатты елге үйретеді. Мұжаһидтер болса пайғамбарлар алып келген ақиқат үшін күреседі». «Бір рудың қырылып қалғаны бір ғалымның өлгенінен жеңіл болады»598. 598 Итхафус сада, 1/73. «Қиямет күні ғалымдардың қолданған сиясы мұжаһидтердің қанымен таразыда тең тұрады»599. 599 Итхафус сада, 1/41. «Ақырғы тұрағы пейішке жеткенге шейін ғалым ілімге тоймайды». «Үмбетім екі нәрседен құрдымға ұшырайды: ілімнен алыстау және мал-мүлік жинау». «Не ғалым бол, не шәкірт бол, не тыңдаушы, не ілімді сүюшілерден бол. Бесіншісі болма. (Яғни ілімді жақсы көрмегендерден болма). Әйтпесең құрдымға ұшырайсың». «Ілімнің апаты – менменсіну».
246 Бір данышпан былай дейді: «Кім басшы болу үшін ілім алса игілікке жету мүмкіншілігін және елге болған әсерін жоғалтады». Алла Тағала: «Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне алмайтындай етемін)»600 деген. 600 «Ағраф» сүресі, 146. Имам Шафиғи: «Кім Құран Кәрімді үйренсе, қадірі көтеріледі. Кім фиқыһ үйренсе, абыройы өседі және кім хадис үйренсе, сендіру қабілеті күшейеді. Кім математика үйренсе, зейіні артады. Кім аз білінген ақиқаттарды білсе, мінезі жұмсарады. Кім намысты болмаса, ілімі оған пайда бермейді», – деп айтқан. Хасан ибн Али айтады: «Кім ғалымдармен бірге көп жүрсе, шешендігі артады. Зейініндегі кемістік жоғалады. Жан дүниесінің байығаны көңілін көтереді. Білгендеріне сенімі артады және үйренгендерін айтуға батылданады». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Надандықтан өткен кедейлік болмайды», – деген. Намаз және зекет Алла Тағала зекетті Исламның тіректерінің бірі деп есептеген және оны ең ұлы ғибадат болған намаздан кейін сөз етеді. «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар»601. 601 «Бақара» сүресі, 43. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ислам діні бес негізге құрылған: 1. Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) оның елшісі деп куәлік беру. 2. Намаз оқу. 3. Зекет беру. 4. Рамазан оразасын ұстау. 5. Мүмкіншілігі жетсе қажылыққа бару». Намаз оқымаған және зекет бермеген күнәһар кісілерге қатты жаза беріледі. Алла Тағала былай дейді: «(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай өкінішті! Олар намаздарында ғапыл, сондай-ақ құлшылықтарын ел-жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды. Олар (қоғамдағы садақа, зекет және өзге де әлеуметтік жәрдем түрлерін қамтитын) қайырымдылық істеріне теріс қарайды»602. 602 «Мағун» сүресі, 4-7. Намаз туралы жоғарыда жеткілікті деңгейде айтылған. Бұл жерде кеңірек баяндап отырмастан, төменгі аяттарды естеріңе сала кетпекшіміз: «Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үсті-үстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен «сүйіншіле». Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен күміс тозақ отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін жиғандарың. Ал енді сол (ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін татыңдар», – делінеді»603. 603 «Тәубе» сүресі, 34-35. Зекет берерде тақуа кісілер жарлыларды іздеуі керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сен тақуалардың ғана тамағын же. Сенің тамағыңды да тақуалар жесін», – деген.
247 Бұның себебі төмендегіше: Тақуа кісі жеген тамағы, алған зекеті және садақасымен тақуалығын жалғастырады. Сол жолмен сен де оның ғибадатының сауабына серік боласың. Ибн Мүбәрак зекетінің ілімді кісілерге берілуін қалады. Одан бұның себебін сұрағанда: «Мен пайғамбардан кейінгі дәрежеде ғалымдар тұратынын білем, бірақ ғалымдардың дәрежесінен жоғары дәрежені білмеймін. Егер олардың кейбірлерінің жүрегі тіршілікпен әлек болса, ілімін жетілдіруге уақыт таба алмайды, мұғалімдік қызметін де толық орындай алмайды. Олар уақыттарын ілімге ғана бөлуі үшін жағдай жасау – ұлы іс», – деді. Кесел-кесапатқа ұшырағандар, әсіресе, туған-туыс және жақын таныстар егер зекет алатындай мұқтаж болса, зекет берушілердің тізімінің басында тұрады. Өйткені ағайын-туған, дос-жаранға берілген зекет әрі садақа, әрі туыстық байланыс болып саналады. Жоғарыда баяндағанымыздай, туыстық қарым-қатынаста көп сауаптар бар. Сондай-ақ істерге елкөрсіндік араласса, бұның өзі бақытсыздық болып саналады. Міне, сол себептен зекетті жасырын беру керек. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жасырын берілген садақа (зекет) Алланың қаһарын басады»604 деп айтқан. 604 Әл-муғжам ас-сағир, 2/96; Сахихул Жамиғ, 3759. Алланың Аршының көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмаған қиямет күні Алла сол көлеңкеге алатын кісілер туралы баяндаған хадисте «оң қолының бергенін сол қолы сезбейтіндей жасырын садақа берген кісі», – деп айтылған. Егер садақаны (зекетті) жария беру басқаларға үлгі болу сияқты ниетте болса, онда жасырмай беру де кемшілік болып саналмайды. Бұл жерде сөз елкөрсіндік аурудан сақтануы жөнінде болып жатыр. Берілген садақаны міндетсіну де жақсы емес. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын, Аллаға һәм ақирет күніне сенбейтін адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе (садақа алған жандарды) ренжітетін сөздермен әрекеттерге бару арқылы зая қылмаңдар»605 деген. 605 «Бақара» сүресі, 264. Міндетсіну – жасалған жақсылықты жоққа шығарған үлкен апат. Жақсы іс жасаған пенде ол жақсылығын жасыруы және ұмытуы керек. Біреулердің оған жасаған жақсылығын ұмытпай айтып жүруге тиіс. Сондықтан хадисте: «Адамдарға рақмет айтпаған Аллаға шүкіршілік етпейді», – деп айтылған. Ата-анаға жақсылық жасау және перзенттің ақылары Туған-туыстардың өзара бір-бірінде ақылары бар екені туралы бұрын айтылған еді. Туыстық жағынан ең жақыны ата-ана мен перзенттер болғандықтан басқа жақындарға қарағанда бұлардың ақылары және бір-біріне қатысты мойнындағы міндетжауапкершіліктері туралы көп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) айтқан: «Перзент әкесінің ақысын ешқашан өтей алмайды. Егер оны құлшылықта жүрген жерінен сатып алып азаттыққа шығарса ғана ақысынан құтылады». «Ата-ананы сыйлау – намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, қажылыққа-ұмраға бару Алла жолында жиһад жасағаннан артық». «Кім ата-анасын разы қылған жағдайда ертемен орнынан тұрса, оған пейіштің екі есігі ашылады. Кім ата-анасын разы қылған жағдайда күн батырса да сондай болады.
248 Егерде олардың біреуін разы қылса, пейіштің бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да ата-анаға еш қарсы шықпаңдар. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда таң атырса, ол үшін тозақтың екі есігі ашылады. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда күн батырса да осындай болады. Егер олардың біреуін наразы қылса, тозақтың бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар»606. 606 Итхафус сада, 6/314. «Пейіштің иісі бес жүз жылдық қашықтықтан сезіледі. Ата-анасын ренжіткен және туыстық қарым-қатынасын үзген кісі оның иісін сезбейді». «Әкеңе, анаңа, әжеңе, қарындасыңа, ағаңа, ініңе, содан соң басқа жақын туғандарыңның бәріне тегіс жақсылық жаса». Риуаятқа қарағанда Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса, кім ата-анасына жақсылық жасап, бірақ маған қарсы шықса да оны жақсылардың тізіміне жазам. Кім маған бас игенімен ата-анасын наразы қылса, оны шектен шыққандардың тобына қосамын», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Біреу бір нәрсені садақа қылғанда мұны ата-анам үшін деудің керегі жоқ. Егер ата-анасы мұсылман болса, берген садақасының сауабы оларға да тиеді. Сондай-ақ оларға қанша сауап берілген болса, сонша сауап еш кемітілместен өзіне де беріледі», – деген. Малик ибн Рабиа (р.а.) баяндайды: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында отырсақ, Сәләма ұлдары руынан бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам өлгеннен кейін оларға жақсылық жасай алам ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иә. Олар үшін дұға қылып, күнәларының кешірілуін сұрап Аллаға жалбаруың, өсиеттерін орындатуың, достарына сый-құрмет көрсетуің және туыстарымен қарам-қатынасты үзбеуің жақсылық», – деп жауап берді. «Біреудің әкесі өлгеннен кейін оның дос-жаранына жақсылық жасауы да әкесіне жақсылық жасау болып саналады». «Перзенттің мойнындағы ананың ақысы әкесінің ақысынан екі есе көп». «Ананың дұғасы тезірек қабыл болады». Міне, осы сөздерден кейін адамдар: «Уа, Алланың Елшісі не үшін солай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өйткені перзентке әкеге қарағанда ана жақынырақ», – деп жауап берді. Жақын болғанының дұғасы бірінші қабыл болады. Бір кісі «Уа, Алланың Елшісі, мен кімге жақсылық жасайын?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ата-анаңа жақсылық жаса», – деді. Әлгі: «Менің ата-анам жоқ», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда балаңа жақсылық жаса. Сен атаананың алдында қарыз болғандай, балаңның алдында да қарызсың», – деді. Тағы бір хадисте: «Өзіне жақсылық жасауда перзентіне жәрдем берген кісіге, яғни, оған жаман мәміле жасамай, ұрсып айтып, қарсы шығуына себепші болмаған кісіге Алла рақымын жаудырсын», – деп айтылған. Әзірет Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Ұл бала жеті күндік болғанда құрбандық шалынып, аты қойылады және жуындырылады. Алты жасқа шыққанда намаз үйретіледі. Тоғыз жасында жатқан төсегі өз алдына бөлек салынады. Он үшке толғанда намаз оқымаса аздап нұқып қою керек. Он алты жасқа келгенде оны үйлендірсе болады. Содан соң қолынан ұстап тұрып «Саған тәлім-тәрбие бердім, үйлендірдім. Бұл дүниеде бұзақылығыңнан және ақыретте сенің азабыңнан Алла сақтасын!» – дейді». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы тәлім-тәрбие және жақсы ат қою – перзенттің атаанасының мойнындағы ақыларынан». «Әрбір ұлың не қызың үшін ақиқа құрбандығы шалынуы керек. Жетінші күні құрбандық сойылып, шашы алынады».
249 Абдулла ибн Мүбәракқа бір кісі келіп, баласының бас имей жатқанын айтып шағымданды. ибн Мүбәрак «Оны қарғадың ба?» – деп сұрады. «Иә», – деді арызданған кісі. ибн Мүбәрак: «Оны сен жолдан шығарыпсың! Балаға мейіріммен жұмсақ мәміле жасау керек», – деді. Балаға жұмсақ мәміле жасау мустахаб (шариғатта жақсы саналған іс). Ақра ибн Хабис бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немересі Хасанды сүйгенін көріп: «Менің он балам бар, ешқайсысын сүйген емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Біреуге мейірім көрсетпеген кісі құдайдан мейірім көрмейді», – деді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде сөйлеп жатқанда немересі Хасан жерге жығылып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу мінберден түсіп, оны көтеріп алды да: «Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін бірер сынақ (яғни сендерді хақ жолдан тайдыратын немесе адамдықтың кемеліне жеткізетін нәрселер), одан басқа түк те емес»607деген мағынадағы аятты оқыды. 607 «Тағабун» сүресі, 15 Абдулла ибн Шаддад (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) жамағатқа имам болып намаз оқып жатқан. Сәждеге барғанда, әзірет Хүсейін оның мойнына мініп алып, Пайғамбарымыз сәждеде көпке тұрды. Артындағылар бір нәрсе болды ма екен деп ойлады. Намаз біткеннен кейін «Уа, Алланың Елшісі, сәждеде көп тұрғаныңнан біз саған бір нәрсе болды ма деп ойладық», – деді. Пайғамбарымыз: «Немерем мені көлік қылып мініп алды. Оның көңілі көтерілсін деп, дереу сәждеден тұрғым келмеді», – деп жауап берді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы іс-әрекетінен төменгідей пайдаларды көруге болады: 1) Аллаға жақындық. Пенденің Аллаға ең жақын сәті – оның сәждедегі жағдайы. 2) Балаға жақсы мәміле жасау және жақындық. 3) Осындай сәтте қалай жасау керектігін үмбетіне үйрету». Алла Елшісі (с.а.с.): «Баланың иісі – пейіштің иісі»608 дейді. 608 Итхафус сада, 6/320. Язид ибн Муғауия былайша баяндайды: «Әкем біреуді жіберіп Ахнаф ибн Қайсты шақыртып алып, оған: «Уа, Ахнаф, бала туралы қалай ойлайсың?» – деп сұрады. Ахнаф әкеме: «Уа, Мүминдердің басшысы! Олар жүрегіміздің жемісі және тірексүйенішіміз. Біз олар үшін жұмсақ топырақ және баспана болған аспан сияқтымыз. Әрқандай игілікке олардың себепкерлігімен жетеміз. Сондықтан олар бір нәрсе сұраса бер. Ашуланса, көңілін тап, саған жақын болсын. Оларға жүк болма, сенен қажып өліміңді күтпесін және саған көңілсіз мәміле жасамасын», – деп жауап берді. Сонда Муғауия: «Уа, Ахнаф, сен ішке кіргенде Язидке ашуланып отырғам», – деді. Ахнаф кеткенде Муғауияның Язидке ашуы тарап, оған екі жүз мың дирхам мен екі жүз киімді сыйлыққа жіберді. Оны алған Язид Ахнафқа жүз мың дирхам мен жүз киімді сыйлыққа жіберді. Көршілік ақылары және жарлыларға жақсылық жасау Мұсылмандық туыстықта көршілік ақылары өзгеше орынды иеленеді. Мұсылман көршінің Исламдағы туыстық ақысынан тысқары бірнеше көршілік ақылары да бар. Сондықтан Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Көршілер үш түрге бөлінеді:
250 1. Бір ақысы бар қоңсы. 2. Екі ақысы бар қоңсы. 3. Үш ақысы бар қоңсы. Үш ақысы бар көрші мұсылман және туыстығы бар қоңсы. Бір – көршілік ақысы, екі – мұсылман бауырлық ақысы, үш – туыстық ақысы. Екі ақысы бар көрші – туыстығы жоқ мұсылман қоңсы. Оның көршілік және мұсылман бауырлық ақысы бар. Бір ақысы бар көрші – бір Құдайға сенбеген мүшрік қоңсы. Оның көршілік ақысы ғана бар»609. 609 Әл-хилия, 5/207. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көршілік туралы бірнеше хадисі бар: «Көршіңе жақсы көршілік жасасаң шынайы мұсылман боласың». «Жәбірейіл періште маған көршілермен жақсы қатынаста болу керектігі жөнінде өте көп айтқандықтан, ақыры көршіні көршіге мирасқор қылып қоя ма деп ойлап қалдым»610. 610 Бұхари, Адаб 28; Мүслим, бирр 140. «Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсы мәміле жасасын». «Көршісі зиянынан қауіпсіз болмайынша, пенде мүмин бола алмайды». «Қиямет күні бірінші болып қастасып қалған көршілер жауапқа тартылады». «Итін ұрсаң, көршіңді ашуландырасың». Ибн Масғудқа бір кісі келіп: «Менің бір көршім бар. Мені қинайды, сөгеді, тіл тигізеді, қысым көрсетеді», – деді. Ибн Масғуд оған: «Бар. Егер ол сен үшін Аллаға қарсы шығып жатқан болса, сен ол үшін Аллаға мойынсұн», – деп жауап берді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Пәленше әйел күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқиды. Бірақ сонымен қатар көршілеріне жаман мәміле жасайды», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол тозаққа түседі», – деп айтты». Алла Елшісіне (с.а.с.) бір әйел келіп көршісі туралы шағымданды. Пайғамбарымыз: «Сабыр қыл!» – деді. Сөйтіп үшінші, төртінші мәрте келгенде: «Бұйымдарыңды жолға шығарып таста!» – деді. Шағымданған әйел солай жасады. Өткен-кеткендер: «Саған не болды?» – деп сұрағанда, ол: «Көршім көп қысым көрсетіп жатыр», – деп жауап беріп жатты. Сонда олар: «Көршің Алланың қарғысына қалсын!» – деп кетіп жатты. Сонда жасағанына пұшайман болған көршісі келіп: «Бұйымдарыңды жина, Аллаға ант берем, бұдан кейін сенің тынышыңды алмаймын», – деді. Захари риуаят етеді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі келіп көршісі туралы шағымданды. Алланың Елшісі жаршы шақырып, мешіттің дарбазасының жанында «Қырық үй көрші! Қырық үй көрші!» деп жар салуға бұйырды. Жаршылар «Қырық үй көрші, қырық үй көрші, қырық үй көрші, қырық үй көрші!» деп шартарапқа жар салды». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Береке және берекесіздік әйелде, үйде және атта болады. Әйелдің берекесі – халіңнің жеңілдігі, некенің жеңілдігі және мінез-құлқының жақсылығы. Әйелдің берекесіздігі халіңнің ауырлығы, некенің қиындығы және мінезқұлықтың жамандығына байланысты. Үйдің берекесі – тұрақ-жайдың кеңдігі және көршілердің жақсы кісілерден болуы. Берекесіздігі тұрақ-жайдың тарлығы және көршілердің жаман болуына байланысты. Аттың берекесі – оның мүминдығы. Асау ат істің берекесін қашырады», – дейді. Көршілік міндеттер көршіге зиян келтіру ғана емес, көрші үшін қандай да бір қиыншылықты көтеруде де жатады. Өйткені көршіге зиян келтірмей қоюмен ғана көршілік міндет орындалған болып саналмайды. Сондықтан тіпті кейбір қиыншылыққа шыдау да аздық қылады. Сонымен бірге көршіге жақсы мәміле жаса, оған моральдық және материалдық жақтан жәрдем беру де керек.