251 Риуаятқа қарағанда қиямет күні кедей көрші бай көршісін жағадан алып: «Уа, Жаратқан Ием, бұдан Өзің сұра! Неге шариғатқа лайық маған беретін нәрсені бермеді, маған есігін ашпады?» – дейді. Бір кісі үйінде тышқан көбейіп кеткенін айтып кейиді. Оған: «Бір мысық тап», – десе, ол: «Мысықты сезген тышқандар көршінің үйіне қашса, өзім қаламаған нәрсені көршіме қалағандай жағдайға түсіп қаламын деп қорқам», – деп жауап береді. Төмендегі нәрселер негізгі көршілік міндеттер болып саналады: Көршіге жолыққанда сыпайы сәлемдесу, сөйлескенде сөзді ұзатпау, көп сұрақ сұрамау, ауырып қалса зиярат қылу, қайғы-қуанышын бөлісу, қателіктерін көрмегенсу, үйін аңдымау, оның дуалына бір нәрселерді жайып не іліп ашуын келтірмеу, оған тиісті жерден су алмау, үйінің алдына тастанды, сыпырындыларды төкпеу, өтпек жолдарын тарылтпау, естіліп қалған отбасылық сырларын жаймау, оның абыройына сөз тигізіп жатқандардың сөзін бөлу, ол жоғында үйін бақылап, қарап тұру, баласына жақсы сөздерді айту, діни және дүниелік мәселелерде білмегендерін үйрету. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көршінің ақылары не екенін білесіңдер ме? Егер жәрдем сұраса, жәрдем беріңдер. Қарыз сұраса, қарыз беріңдер. Қолы жұқарып қалса, қолдап, жәрдем беріп тұрыңдар. Ауырып қалса, жағдайын сұраңдар. Көзі өтсе, жаназасына қатысыңдар. Игілікке жетсе, құттықтаңдар. Басына мүшкіл түссе, көңіл айтыңдар. Одан рұқсатсыз үйлеріңді оның үйінен биік салмаңдар. Өйткені үйіңіз биік болса, оған келетін самал желді тосып қоясыңдар. Оны ашуландырмаңдар. Жеміс-жидек алатын болсаңдар, оған да беріңдер. Егер бере алмасаңдар, үйлеріңе алып келгендеріңді көрмесін. Балаларыңның қолына жеміс беріп сыртқа шығармаңдар. Өйткені көршінің баласы оны көріп жыламасын. Қазандарыңда қайнаған еттің иісімен олардың мазасын алмаңдар. Егер алып келген еттеріңнен көршілеріңе берген болсаңдар, онда еттің иісі шыға берсе болады», – деп айтты. Одан: «Көршінің ақысы не екенін білесіңдер ме? Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, көршінің ақысын Алланың мейіріміне ие болған кісілер ғана өтей алады» деп қосты. Мужаһид баяндайды: «Бір күні әзірет Омар ұлы Абдулланың жанында отырғам. Ұлы жанымызда қой сойып, терісін сиырып жатқан. Әкесі оған: «Сойып біткеннен кейін еттен көршілерге бергеніңде жанымыздағы яһуди көршіден баста», – деді. Абдулла бұл сөзді ұлына бірнеше мәрте қайталап айтты. Ақырында ұлы: «Әке, қанша мәрте қайталайсыз?» – деді. Абдулла оған: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) көршілік туралы өте көп айтқандықтан біз көрші көршінің мирасқоры болады ғой деп ойладық», – деп жауап берді. Атақты табиғиндердің бірі Хишам: «Хасан Басри құрбандық етінен яһуди мен христиандарға берілуін жаңылыс деген емес», – деген. Әбу Зәрр (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Қазан қайнатқаныңда суын көбірек құй, содан соң көрші үйлеріңнің санына қарап, оларға да бер», – деген». Ішімдік ішудің нәтижесі Алла Тағала ішімдік туралы үш аят түсірген. Біріншісі: «Олар сенен (мас қылатын) шарап пен құмар ойындарының үкімін сұрайды. Оларға: «Екеуінде де үлкен күнә һәм адамдар үшін бірқатар пайдалар бар. Алайда олардың пайдасынан гөрі күнәсі мен зияны әлдеқайда көп», – деп айт. Сондай-ақ олар сенен қайыр-садақаға не беру
252 керектігін сұрайды. Оларға: «Қажеттеріңнен (яғни өздеріңнен және қолдарыңа қарап отырған жандардың нәпақасынан) артылғанды беріңдер», – деп айт. Міне, осылайша Алла тағала сендерге (дүние һәм ақирет жайлы) жүйелі түрде һәм жан-жақты ойланарсыңдар деп, аяттарын ашып түсіндіреді»611. 611 «Бақара» сүресі, 219. Осы аят түскеннен кейін мұсылмандардың бір тобы ішімдік ішуді жалғастыра берді. Бір тобы ішімдікті тастады. Кейбір кісілер мас жағдайында намаз да оқыды. Бұл жағдай Алла Тағаланың тағы бір аят түсіруіне себеп болды: «Уа, иман келтіргендер! Мас (немесе ұйқылы-ояу) кездеріңде өздеріңнің не айтып тұрғандарыңды білетіндей естеріңді жиғанға дейін, намазға жақындамаңдар. Сондайақ жолаушылықты есепке алмағанда, бой дәреттерің бұзылғанда, толық жуынғанға дейін, намазға жақындамаңдар. Ал егер науқас немесе жолаушы болсаңдар, яки үлкен дәретке отырып келгеннен не болмаса әйелмен төсек қатынасына түскеннен кейін (жуынатын) су таба алмасаңдар, таза жерге тәяммум соғып (яғни алақандарыңды таза топыраққа соғып), онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Шүбәсіз, Алла – Афу (құлдарына әрдайым кеңшілік әрі жеңілдік жасаушы) һәм Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді)»612 612 «Ниса» сүресі, 43. Бұл аят түскеннен кейін мұсылмандардың көпшілігі ішімдікті тастады. Бірақ ішімдік ішкендер тағы да бар болды. Бір күні бір мерекеде ішімдік ішілді. Елдің көбі мас болды. Ішімдіктің кесапатынан жанжал шықты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл оқиғаны естіп қатты қапа болды. Міне, сол оқиғадан кейін төменгі аят түсірілді: «Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар. Шүбәсіз, шайтан арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер) һәм құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпандық пен өшпенділік отын жағуды, сендерді Алланы еске алудан һәм намаздан қақпайлауды (тыюды) ғана көксейді. Ендеше, бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?!» «(Бұлардан түбегейлі бас тартыңдар) сөйтіп, Аллаға мойынсұныңдар, Алла елшісіне мойынсұныңдар және (оларға қарсы келіп, асы болудан) барынша сақтаныңдар. Егер (бағынудан бас тартып) сырт айналатын болсаңдар, онда біліп қойыңдар, елшіміздің міндеті – хақ дінді (бүге-шігесіне дейін) ашық түрде жеткізу ғана!»613. 613 «Мәида» сүресі, 90–92. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ішімдікті тастамаған маскүнем пейішке кірмейді»614 деп айтқан. 614 Ибн Мажа, 3376 . Мас қылушы ішімдіктердің зияны туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаратқан Ием маған ширкті анықтап білдіргеннен кейінгі тыйым салған нәрсесі – еркектердің ішімдік ішіп, жанжал шығаруы еді», – деген. Ибн Әбу Дуня баяндайды: «Бір маскүнемді көрдім, ол өз қолына дәрет сындырып, дәрет алып жатқандай іс-әрекет жасап, содан соң «Исламды нұр, суды тазалаушы нәрсе қылған Аллаға мақтаулар болсын», – деді». Ислам діні келмей тұрып Аббас ибн Мирдастан «Неге ішімдік ішпейсің?» – деп сұрағанда, ол: «Мен ақылымды аздыратын нәрсені өз қолыммен ішіп, ішімді былғамаймын. Таңертең руымның құрметті басшысы болып тұрып, түнде елімнің ақымағы болғым келмейді», – деп жауап берген.
253 Байхақи әзірет Омардың ұлының риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жамандықтардың анасынан қашыңдар. Сендерден бұрынғы елдерде бір кісі бар еді. Ешкімге қосылмай бір шетте отырып Аллаға ғибадат жасайтын. Бір әйел оны қинау үшін артынан түсті. Бір қызметшісін оған жіберіп, «Бізге сіздің куәлігіңіз керек еді» деген сылтаумен шақыртты. Ол келіп әлгі әйелдің үйіне кірісімен әйел есігін құлыптап алды. Жанында бір ұлы және бір шөлмек ішімдік бар екен. Әйел оған: «Біз сені бұл жерге куәлік беруге шақырған жоқпыз. Мына баланы өлтір не менімен жыныстық қатынаста бол не мына ішімдіктен іш деп шақырдық. Егер сол шарттардың бірін қабыл алмасаң, саған жала жабам», – деді. Ол кісі біршама ойланып қалды. Құтылудың жолын таба алмай, ақыры: «Маған бір кесе ішімдік бер», – деп еді, әйел ішімдікті берді. Оның артынан тағы бір кесе сұрап ішті. Ақыры мас болып қалып, әйелмен жыныстық қатынаста болды. Содан соң баланы да өлтірді». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) миғражы Имам Бұхари Малик ибн Сасаның былай деп риуаят еткенін жазады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғраж туралы былай еске алады: «Қағбада ұйықтап жатқан едім. Біреу (Жәбірейіл) келді. Көкірегімді тамағыма шейін жарып, жүрегімді алып шықты. Иман тола алтын табақ алып келді. Жүрегімді жуып тазалады. Иман және данышпандыққа толтырды. Содан соң көкірегім жабылды және сол замат айықты. Содан соң қашырдан кішкене, есектен үлкенірек аппақ көлік алып келді. Ол көз көрген жерге бір секіріп жетеді екен. Оған міндім. Содан соң Жәбірейіл мені аспандардың бірінші қабатына алып шығып, қақпасын қақты. Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы келдіңдер ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің, құрметті қонақ! Қош келдіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп дарбазаны ашты. Аспанның бірінші қабатында Адамды (а.с.) көрдім. Жәбірейіл менен: «Бұл – сенің атаң Адам. Оған сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Адам (а.с.): «Қош келіпсің, уа, асыл пайғамбар!» – деп жауап қайтарды. Сонда Жәбірейіл мені аспанның екінші қабатына алып шықты. Қақпаны қақты. Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы келдіңдер ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің, құрметті қонақ! Қош келіпсіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп дарбазаны ашты. Ішкері кіріп, Яхия мен Исаға (аләйһимассәлам) жолықтық. Жәбірейіл: «Бұлар Яхия мен Иса! Сәлем бер», – деді маған. Сәлем бердім. Олар қабыл алып: «Қош келіпсің уа, жақсы бауыр, құтты пайғамбар!» – деді. Сонда Жәбірейіл мені аспанның үшінші қабатына алып шықты. Қақпаны қақты. Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шығуға бұйрық келді ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсіңдер, құрметті қонақтар!» – деп дарбазаны ашты. Ол жерден Жүсіпті (а.с.)
254 көрдім. Жәбірейіл: «Бұл – Жүсіп, оған сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Ол қабыл алып: «Қош келіпсің, уа, жақсы пайғамбар!» – деп айтты. Жәбірейілмен төртінші аспанның дарбазасына келдік. Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы келдіңдер ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің, құрметті қонақ! Қош келіпсіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп дарбазаны ашты. Іштен біреуді жолықтырдық. Жәбірейіл: «Бұл – Ыдырыс, оған сәлем бер!» – деді. Ыдырыс қабыл алып: «Қош келіпсің, бауырым, қош келіпсің, жақсы пайғамбар!» – деді. Сонда Жәбірейіл мені аспанның бесінші қабатына алып шықты. Қақпаны қақты. Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы келдіңдер ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің, құрметті қонақ! Қош келіпсіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп дарбазаны ашты. Ол жерде Харунға жолықтық. Жәбірейіл: «Бұл – Харун! Сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Харун қабыл алып: «Қош келіпсің, бауырым! Қош келіпсің, асыл пайғамбар!» – деді. Аспанның алтыншы қабатына көтерілдік. Дарбазадан кіріп Мұсаны жолықтырдық. Жәбірейіл: «Бұл – Мұса, оған сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Қабыл алып: «Қош келіпсің, бауырым! Қош келіпсің, уа, асыл пайғамбар!» – деді. Мен кетіп бара жатқанда, Мұса жылай бастады. «Неге жылап жатырсың?» – деп сұрасам, «Менен кейін келген пайғамбардың үмбетінен пейішке көбірек кісі кіреді, мен өз үмбетіме жаным ашып жатыр», – деп жауап берді. Жәбірейіл мені аспанның жетінші қабатына алып шығып, дарбазасын қақты. Күзетшінің: «Кім бұл?» – деген сұрағына «Жәбірейілмін», – деп жауап берді. Содан соң менің Мұхаммед екенімді және миғражға шығу үшін маған бұйрық болғанын айтты. Күзетші: «Қош келіпсіңдер!» – деді. Ішке кірдік. Жәбірейіл: «Бұл – Ибраһим, оған сәлем бер!» – деп бір кісіні маған көрсетті. Мен сәлем бердім. Ол қабыл алып: «Қош келіпсің, жақсы ұл, асыл пайғамбар», – деді. Одан соң Алла Тағаладан басқа ешкім білмеген аспанға көтеріліп, СидратулМунтаһа деген жерге бардық. Ол жерлер маған көрсетілді. Сидра деген ағаштың Набик деген жемісі Хажар елінің құмыраларына ұқсап тұрды. Оның жапырақтары пілдің құлақтарындай еді. Жәбірейіл: «Бұл жер – Сидра!» – деді. Сидрада екеуі жасырын, екеуі ашық көрінген төрт дария ағып жатады. Жәбірейілден: «Бұлар қай дариялар?» – деп сұрадым. «Жасырулы, яғни, жер астымен ағып жатқан екі дария пейішке тиесілі. Сыртта ағып жатқан екі дария – Ніл мен Евфрат дарияларының басы», – деді. Сонда маған Байтул-Мағмур көрсетілді. Әр күні жетпіс мың періште бұл жайды қыдырады екен. Міне, сол сәтте шәрбат, сүт, бал кеселері әкелінді. Мен дереу сүтті алдым. Жәбірейіл: «Дұрыс жасадың», – деді. «Сүт сенімен үмбетіңнің таза табиғатын білдіреді. Егер шәрбатты алсаң, үмбетің жолдан адасушы еді», – деп түсіндірді. Алла маған және үмбетіме бір күнде толық елу уақыт намаз оқуды парыз қылды. Қайтып келе жатып Мұсаның (а.с.) жанына бардым. «Жаратқан Иең қандай міндет жүктеді?» – деп сұрады. «Бір күнде елу уақыт намаз оқуды тапсырды», – дедім. «Үмбетің соған шыдай алмайды. Мен адамзатты жақсы білем. Яһудилердің әдепсіздіктерін жою үшін көп әрекет жасадым. Адамзат шыдамсыз. Жаратқан Иеңнен бұл міндетті азайтуын сұра», – деді. Алла Тағаладан парыз намазды азайтуды сұранып дұға қылдым. Алла он уақыт намазды кемітті. Мұсаға келіп, болған оқиғаны айтып бердім. «Парызды тағы кемітуді сұра», – деді. Алладан сұранған сайын он уақыттан кемітіп отырып, он-ақ уақыт намаз қалды. Мұсаға (а.с.) айтсам, он да ауырлық
255 қылатынын және оны да кемітуді өтінуімді айтты. Қайта сұрансам, бес уақытын тағы қысқартты. Мұсаға келіп айтсам, «Мен яһудилерден жақсы білем, адамдар бес уақыт намазға да шыдамайды. Тағы кемітуін сұра», – деді. Мен: «Жаратқан Иемнен ұялам. Бес уақыт намазға разымын. Қабыл алдым!» – дедім. Жолға түсерімде «Уа, Мұхаммед, бес уақыт намазды парыз қылдым. Пенделерімнің жүгін жеңілдеттім. Сол бес уақыт намаз үшін елу уақыт намаздың сауабын берем» деген үн естілді. Жұма күнінің ұлылығы Жұма – қасиетті күн. Бұл күнді Алла Тағала Өзі мадақтап, «Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу (құтба тыңдап, намаз оқу арқылы) Алланы зікір етуге асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ»615 деп айтқан. 615 «Жұма» сүресі, 9. Алла Тағала бұл аятта жұма күні намаз үшін азан айтылғаннан бастап дүниеге тиесілі істермен әлек болуға және жұма намазына баруға тосқауыл болатын барлық нәрсеге тыйым салған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұма намазы туралы хадистерінен: «Бүгін осы жерде Алла Тағала бізге жұманы парыз қылды». «Кім себепсіз үш мәрте жұма намазға бармаса, Алла оның жүрегін мөрлеп қояды». Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Менің алдыма Жәбірейіл келді. Қолында жарқыраған айна бар еді. «Бұл жұма күні. Жаратқан Иең оны саған және сенің үмбетіңе мейрам болсын деп, саған парыз қылды», – деді. «Бізге оның қандай пайдасы бар?» – дедім. Ол: «Жұмада біз үшін әбден сауапты бір сәт бар. Кім сол сәтте жақсы нәрсе сұраса, Алла оны сөзсіз береді. Не бір күнәдан сақтану үшін Алладан сұраса, Алла оны сақтайды. Біз үшін ол – күндердің ең ұлығы. Біз оны ақыретте «өте үлкен қуаныш тарту етілген күн» деп атаймыз», – деп жауап берді». Хадисте айтылған: «Ең жақсы күн – жұма күні. Адам (а.с.) сол күні жаратылған. Сол күні пейішке кіргізілген. Сол күні жер жүзіне түсірілген. Сол күні тәубесі қабыл болған. Сол күні дүниеден қайтқан және сол күні қайтадан тіріледі. Алланың алдында бұл күн «сауабы көп күн» деп аталады. Көктегі періштелер де бұл күнді солай атайды. Мүминдер Алланың Нұр Жамалын да сол күні көреді». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жұма күні Алла Тағала жүз мың кісіні тозақтан шығарады», – деген. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Жұма күні жақсы өтсе, басқа күндер де жақсы өтеді»616деген» 616 Хаким, 2/59. Тағы бір хадисте: «Тозақтың жалыны әр күні тапа-тал түс алдында жаңадан жандырды. Бұл уақытта жұма намазынан басқа намаз оқымаңдар. Өйткені жұма күні толығымен намаз болғандықтан, тозақ оты жұма күні жаңадан жағылмайды», – деп айтылған. Кәғбул-Ахбар: «Алла қалалардан Меккені, айлардан рамазанды, күндерден жұманы, түндерден Қадір түнін басқалардан қасиетті қылды», – деген. Риуаятқа қарағанда жұма күні құстар да, құрт-құмырсқалар да бір-біріне жолыққанда «Сәлем, сәлем, қандай жақсы күн!» – дейді екен.
256 Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жұма күні түнде өлген мүминге Алла шейіттің сауабын береді. Оны қабір қиыншылығынан сақтайды», – деген. Әйелдің күйеуіндегі ақысы Әйелдің күйеуінде өте көп ақысы бар. Еркектер оларға жақсы мәміле жасауы керек. Әйелзаты табиғатынан еркекке салыстырмалы түрде әлсіз екенін еске алумен оларға рақым қылып, кейбір қиялдарына шыдау сол түрге кіреді. Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! (Дүниеден озған жақындарыңның) әйелдерін (мұраға қалған дүниедей көріп) қаламаса да әмеңгерлік жолмен иелену, (мәһірлерін бермей өздеріңе некелеп алу немесе қалың мал алу үшін басқаларға мәжбүрлеп қосу) адал іске жатпайды. Сондай-ақ ашық түрде азғындық (зина) жасап, ауыр күнә арқаламайынша, өз әйелдеріңе (қалыңдық сыйы ретінде) берген мәһірлеріңнің бір бөлігін қайтарып алуды көздеп, орынсыз қысым көрсету (арқылы оларды ажырасуға мәжбүрлеулерің) де адал іске жатпайды. Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар, (сабырлылық танытыңдар), қайдан білесіңдер, бәлкім, Алла сендер ұнатпаған нәрсенің артын қайырлы қылып, көптеген жақсылыққа ұластыруды қалайтын шығар»617. 617 «Ниса» сүресі, 19. «Расында, сендер бір төсекте қосылып, бір-біріңмен соншалық жақындастыңдар һәм (некелескенде) әйелдерің сендерден (құқығын аяқ-асты етпеуге қатысты) берік уәде алған еді. Ендеше, берген сыйларыңды қалай қайтарып алмақсыңдар?!»618 618 «Ниса» сүресі, 21. «Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар. Шүбәсіз, өзін әлдеқандай көретін мақтаншақты Алла жақсы көрмейді»619 619 «Ниса» сүресі, 36. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қоштасу құтбасында үш нәрсе туралы баяндайды. Сөйлеп жатып жылап, жылап жатып сөйлегенде үні дірілдеп, қарлықты. Сонда ол былай деп айтқан еді: «Намаз, намаз, намаздарыңа көңіл бөліңдер, мүлдем немқұрайдылық жасамаңдар! Қол астарыңдағыларға күші жетпейтін істі тапсырмаңдар. Әйелдердің құқықтарына құрмет көрсетіңдер. Бұл мәселеде Алладан қорқуға шақырам. Өйткені олар сендердің жәрдемшілерің және сендердің жәрдемдеріңе мұқтаж. Олар – сендерге Алланың аманаты. Алланың сөзімен олардың әр нәрсесі сендерге адал қылынды». Тағы бір хадисте: «Әйелінің жаман қиялдарына шыдап, сабыр қылған еркекке Алла Тағала Әйюбтың (а.с.) бәлелерге шыдағанындай сауап береді. Күйеуінің теріс қиялдарына шыдаған әйелге Алла Тағала Перғауынның әйелі Асияға бергендей сауап береді», – деп айтылған. Әйелмен жақсы мәміледе болу – оған зорлық-зомбылық көрсетпеумен ғана шектелместен, оның әрқандай теріс қылықтарына шыдау, ол ашуланса жұмсақ мәмілемен жібітуді де білдіреді.
257 Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары да кейде сөз қайтарып, білместік жасады. Мұндай уақыттарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) байсалдылықпен жұмсақ мәміле жасады. Бір мәрте әзірет Омарға әйелі қарсы сөз айтып, жаман мәміле жасағанда, Омар (р.а.): «Маған сөз қайтарып, дөрекілік жасаудан ұялмайсың ба?» – деді. Әйелі: «Алла Елшісі (с.а.с.) сенен жақсы болғанымен оның әйелдері де (қызымыз Хафса) сөз қайтарады», – деп жауап берді. Әзірет Омар: «Егер Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз қайтарып жатқан болса Хафса қателеседі», – деді. Кейін әзірет Омар Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз қайтарғаны үшін қызы Хафсаны ескертіп: «Сен Әбу Бәкірдің қызына ұқсап Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз қайтарма. Ол – Алланың Елшісінің сүйіктісі, білдің бе?!» – деген. Риуаятқа қарағанда бір мәрте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларының бірі оны көкірекке ұрады. Оны көрген қыздың апасы қызын тыюға әрекет жасағанда Пайғамбарымыз «Тимей-ақ қой, олар керек болса одан да артығын жасап кетеді», – деді сабырлылықпен. Бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен әзірет Айшаның ортасында келіспестік болды. Тіпті төрешілік үшін әзірет Әбу Бәкірді де шақырып келді. Ол қандай сөз болғаны туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Айт, әлде мен айтайын ба?» – деді. Әзірет Айша: «Сіз айтыңыз, бірақ шынын айтыңыз!» – деді. Сол сөзді айтысымен әзірет Әбу Бәкір қызын алақанымен бір салып қалып: «Ей, тілің кесілгір! Ол, тегі, саған бір-екі мәрте жалған айтты ма?!» – деді. Әзірет Айша әкесінен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артына өтіп қорғанады. Алла Елшісі (с.а.с.) қайынатасы Әбу Бәкірге: «Былай жасауыңызды қалаған емес едік», – деді. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Алланың Елшісі әйелдерге және балаларға өте мейірімді мәміле жасады». Әйелі мен күйеуі әзілдесіп, тамашаласып тұруы да оның ақыларынан болып саналады. Өйткені осындай әрекеттен әйелдердің көңілі көтеріледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдердің мінезіне және деңгейіне сай әзілдесіп, ойнап-күлуші еді. Тіпті бір риуаятта әзірет Айшамен жарысып жүгіргені айтылады. Әйелдерге ешкім Пайғамбарымыздай (с.а.с.) сый-құрмет көрсете алған емес. Әзірет Айша былай дейді: «Бір мәрте мухаррам айының Ашура күні сырттан айқай-шу естілді. Хабаштықтар және басқа кісілер топ-топ болып ойнап-күліп жатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Олардың ойынын көргің келіп жатыр ма?» – деп сұрады. Мен: «Иә!» – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.) босағаға келіп, бір қолымен есіктің қорабына таянып тұрды. Мен иегімді оның қолының үстіне қойдым. Хабаштықтардың ойнағанын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолына иегімді сүйеген жағдайда көріп тұрдым. Біршама уақыттан кейін «Болды ма?» – деді. Мен: «Тағы біраз көрейікші», – десем, «Уа, Айша, жетеді!» – деп айтты. Пайғамбарымыз ойнап жатқандарға ишарат қылды. Олар ойынын тоқтатып, ары кетті. Сол күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иман жағынан толық кісі – бала-шаға мүшелеріне жақсы мәміле жасаушы кісі», – деді. Тағы бір мәрте Алла Елшісі (с.а.с.): «Ең жақсы кісілер әйелімен жақсы мәміледе болады. Сендердің араларыңда мен де әйеліне жақсы мәміле жасағандарданмын», – деді. Әзірет Омар табиғатынан қатал көрінгенімен: «Адам отбасына жас баладай жақсы мәміле жасауға тиіс», – деді. Жесір әйелге үйленген Жәбирге Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қызға үйленсең, онымен әзілдесіп, ойнап отыратын едің. Ол да сенімен ойнағысы келіп тұрушы еді», – деген.
258 Кісі әйеліне жақсы мәміле жасағанда байсалды болып, өз қадірін сақтауы да әйелдің ақыларына кіреді. Өйткені еркек әйелінің алдында өз абырой жоғалтса, әйел нәпсісінің жетегіне мойынсұна бастайды. Сөйтіп, әйелдің әдеп-ахлағы бұзылады. Күйеуін тоғатпай қалады. Міне, сондықтан еркек әйеліне жылу мәміле жасағанда да өз байсалдылығын және қадірін сақтауға тиіс. Әйелдің әрбір жаңылыс іс-әрекетін түзеп, жіберген кемшіліктерін жойып, оны тура жолға салуы, шариғатқа және адамдық әдепке лайық келмеген жағдайға куә болса екі ұдай болып отырмай оған тәрбие беруі керек. Хасан Басри: «Әйелдің бейбас қалауларына мойынсұнған еркекті Алла тозақ отына тастайды» – деп айтады. Әзірет Омар: «Әйелдерге мойынсұнбаңдар. Оларға қарсы тұрмасаңдар, үйден береке кетеді», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әйелге құл болған кісі құрсын!» – деп айтқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай деп айтқанының себебі, әйелінің бейбас қалауларына мойынсұнған еркек оның құлы болып қалады. Шынында, мұндай еркек қарғысқа лайық. Өйткені Алла Тағала оны әйелге жетекші қылып жаратқан. Ол болса әйелінің бейбас қалауларына бас июмен Алланың үкіміне қарама-қарсы іс жасап, шайтанға мойынсұнған болып қалады. Сол үшін Алла Тағала шайтан туралы баяндағанда былай деп айтады: «Сол шайтанға Алланың лағынеті жаусын! Кезінде ол Аллаға: «Ант етемін! Сенің құлдарыңнан өзіме тиесілі үлесімді алмай қоймаймын». «Ант етемін! Оларды тура жолдан тайдырамын һәм оларды қол жетпеске ұмтылдырып, жеткізбейтін желік үмітпен алдаймын. Сондай-ақ, олар менің бұйыруыммен (пұттарға арнап құрбан шалу үшін өздеріне харам еткен) малдардың құлағын кесіп ен салатын әрі Алланың жаратқанын өзгертетін болады», – деп ант-су ішті. Ендеше, кімде-кім Алланың орнына шайтанды дос тұтса, шүбәсіз, анық зиянға ұшырағаны»620. 620 «Ниса» сүресі, 118-119. Отбасыда басшы болу – еркектің ақысы. Әйелге басқартып қалу адам табиғатына тән емес. Құранда «(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету, қорғау және тәрбиелеу ер адамның міндеті болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған»621 деп айтылады. 621 «Ниса» сүресі, 34. Демек, әйеліне бас иген, оның бейбас қалауларына мойынсұнған еркек – Алланың нығметін жоққа шығарып, оның үкіміне қарама-қарсы іс жасап жатқан болып есептеледі. Күйеуінің әйеліндегі ақысы Әйел күнә болмайтын барлық мәселеде күйеуінің еркіне мойынсұнуы керек. Әйелдің күйеуінің құқықтарын сыйлауы зәру екендігі туралы бірнеше хадис бізге жеткен. Алла Елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір әйел күйеуі одан разы болған жағдайда дүниеден өтсе, сол әйелдің пейішке кіретіні анық»622 деп айтқан. 622 Ибн Мажа, 1754. Тағы бір хадисте: «Әйел бес уақыт намаз оқып, рамазан оразасын ұстап, ар-намысын жат кісілерден сақтап, күйеуіне бас исе, пейішке кіреді», – деп айтылады.
259 Жоғарыда көріп тұрғанымыздай, Алла Елшісі (с.а.с.) Исламның шарттары болған намаз бен оразаның қатарына күйеуге мойынсұнуды да қосқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні әйелдер туралы баяндап жатып: «Әйелзаты – қиналып босанады, бала емізеді, ана ретінде балаларына мейірім төгеді. Егер күйеулеріне бас иместік қылмай намаз оқыса, пейішке тіке кіреді», – деген. Тағы бір хадисте: «Тозақ туралы білдім. Тозақтағы кісілердің көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген. «Уа, Алланың Елшісі, неге олай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өйткені ауыздан жаңылып, көп қарғайды, күйеулерінің қадірін білмей надандық қылады», – деп жауап берді. Басқа бір хадисте: «Пейішке барып, пейіштегілерде әйел аз екенін көрдім. «Әйелдер қайда?» – десем, «Олар алтын-күміс және басқа әшекейлермен әлек болып пейіштен құр қалды» деген жауап болды», – деп айтылады. Әзірет Айша баяндайды: «Алланың Елшісінің жанына жас және күш-қуатты бір әйел келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мен жас, күшті әйелмін. Күйеуге тиейін деймін, бірақ қорқып тұрмын. Күйеуінің әйелінде қандай ақылары бар?» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер күйеуің қан-іріңге батып жатқан болса да оған бас имесең, шашынан тырнағына шейін тазаласаң да оның ақысын өтей алмайсың», – деді. Әйел: «Уа, Алланың Елшісі, күйеуге тие берейін бе?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бала-шаға жақсы нәрсе», – деді. Тағы бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен бойдақпын. Бала-шаға құрайын деп едім, күйеуінің әйелде қандай ақылары бар?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Әйел түйенің үстінде сапарға дайындалып тұрғанда, күйеуі қаласа, келісуі де күйеуінің әйелдегі ақысы болып саналады», – деп жауап берді. Күйеуінен рұқсатсыз үйінен бір нәрсе бермеу, күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл (қосымша) ораза ұстамау да күйеуінің әйеліндегі ақыларынан. Егер күйеуіне білдірмей оның мүлкінен біреуге бір нәрсе берсе әйелге күнәсі, күйеуіне болса берілген садақаның сауабы жазылады. Күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза ұстаса қабыл болмайды. Оған аштық пен шөлдеу ғана қалады. Әйел күйеуінен рұқсатсыз үйінен шықса, үйіне қайтып келгенше және тәубе жасағанға шейін періштелер оған қарғыс айтады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер мен бір пендені басқа бір пендеге сәжде жасауға бұйырғанымда, күйеуінің әйелінде ақысы көп болғандықтан, күйеуіне сәжде жасасын деп бұйырар едім», – деген. Тағы бір хадисте: «Әйелдің Жаратқан Иесіне ең жақын уақыты – үйде болған уақыты. Әйелдің үйдегі намазы мешіттегі намазынан жақсырақ. Үйінің бір бұрышында оқыған намазы үйінің ортасында оқыған намазынан сауаптырақ. Үйдің бос бөлмесінде оқыған намазы басқа жерінде оқыған намаздарынан жақсырақ», – деп айтылады. Суық көзден қорғану үшін солай жасағаны дұрыс. Күйеуінің әйелде ақылары көп. Ең негізгілері төмендегілер: 1) Әйелдің оранып жүруі, бала-шаға сырларын сақтауы, арлылығы. 2) Күйеуінен шектен тыс нәрселерді талап етпеуі, күйеуінің арам табысына себеп болмауы. Көне заманда еркек сауда-саттық үшін сапарға шығарда, әйелі: «Байым, арамнан ақша табудан сақтан! Біз аштыққа да, басқа мұқтаждыққа да шыдаймыз. Бірақ қиямет күні тозақ отына шыдай алмаймыз!» – деді. Қыздары да әкелеріне сол сөздерді айтты. Шамдық Исмаил, Ахмад ибн Абдулхауариге қызы Рабияны алсаң деп ұсынады. Бірақ Ахмад көп уақыттарда ғибадатпен әлек болғандықтан бұл ұсынысқа келіспей: «Мен өз алдымша өмір сүрген, өзімен өзі әлек болған кісімін. Әйелдермен ісім жоқ», – дейді. Рабиа: «Мен сізден де көбірек өзімен өзі әлек болған кісімін. Мен дене құмарына да
260 қызықпаймын. Бірақ бұрынғы күйеуімнен біраз мал-мүлік қалған еді. Сіз мұқтаж кісілерді жақсы танисыз. Менде қалған бұл байлықты оларға жұмсасаңыз деймін. Сол ниетпен сізге тұрмысқа шығуды ойлап жатырмын. Сонда Аллаға жақынырақ болар едім», – деп жауап береді. Абдулхауари үйлену мәселесі туралы Әбу Сүлеймен Дараниден кеңес сұрайды. Дарани Абдулхауариді үйленуден тыйып, «Біздің кісілердің қайсысы болмасын үйленген соң бәрі өзгерді, бұзылды. Үйленсең, сен де бұзыласың», – деді. Бірақ Рабианың жоғарыдағы ұсынысы туралы айтқанда, «Ол (Рабиа) Алланың әулие пендесі екен, оған үйлене бер», – деді. Сөйтіп Ахмад ибн Абдулхауари оған үйленді. Ақырындап бүтіндей байлықты кедей-кембағалдарға және мұқтаж, тақуа кісілерге жұмсады. Осы шамдық Рабиа басралық Рабиаға (Рабиа Адауияға) ұқсас тақуа әйелзаттан еді. Күйеуінің мал-мүлкін ысырап қылмай жақсы қарау да әйелдің міндеті. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күйеуінің рұқсатынсыз оның мал-мүлкін әркімге беру әйелге адал емес. Бірақ бұзылып кетуі мүмкін болған тамақ-асты бере алады. Егер күйеуінің рұқсатымен біреуге бір нәрсе жегізсе, ол да күйеуімен бірдей сауап табады. Егер күйеуінің рұқсатынсыз берсе, күнәсі оған, сауабы күйеуіне жазылады», – деген. Ата-ананың да күйеуге ұзатылатын қызының алдында бірнеше міндеттері бар. Олар қыздарына күйеуге тигеннен кейін күйеуімен ынтымақта жасау, оған жақсы мәміле жасау жолдарын үйретуге тиіс. Фазари қызы Асма атты қызын күйеуге ұзатып жатып оған төменгідей насихатын айтқан екен: «Қызым, осы күнге шейін өмір сүріп келген үйден басқа үйге бейтаныс, бұрын сөйлеспеген кісімен бірге өмір сүргелі бара жатырсың. Сен ол кісіге жақын бол, мейірімді жар бол, ол кісі саған аспан болып, сені өз қорғауына алсын. Сен оған төсеніш бол, ол саған таяныш болсын. Сен оған күң бол, ол саған сұлтан болсын. Оны еш ренжітпесең, ол да сені ренжітпейді. Одан алыстамасаң, ол да сені ұмытпайды. Егер саған жақындамақшы болса, сен де оған жақында. Егер сенен аулақтағысы келсе, сен де одан аулақ бол. Оның мұрнын, құлағын, көзін сыйла, жақсы қара. Сенен әрдайым жағымды иіс аңқып тұрсын. Аузы-мұрныңнан жағымсыз иістер келмесін. Сенің аузыңнан әрдайым жақсы сөздерді естісін, құлағына жаман сөздер кірмесін. Сені әрдайым жағымды жағдайда көрсін. Сенен көңілі суымасын, жиіркенбесін!» Алла жолында күресу Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Нағыз мүміндер – Аллаға және Расулына шын көңілден иман келтірген һәм содан кейін (иман мәселесінде) әсте күмәнға бой алдырмаған және мал-дүниелері әрі жан-тәндерімен Алла жолында күрескен жандар ғана. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, солар»623. 623 «Хужурат» сүресі, 15. Нуғман ибн Басир баяндайды: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында едім. Біреу: «Мен мұсылман болғаннан кейін ең сауапты іс ретінде қажылыққа барғандарға су тарқатуды мойныма алам», – деді. Басқа біреу: «Мен мұсылман болғаннан кейін ең сауапты іс ретінде Харам мешітін күтіп, көркейту деп білемін», – деді. Үшінші кісі: «Жиһад – айтқандарыңның бәрінен сауапты», – деді. Міне, сол сәтте әзірет Омар
261 олардың таласына нүкте қойып: «Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында айғай-шу қылмаңдар! Бүгін жұма. Жұмадан кейін барып таласқан мәселелеріңді Алла Елшісінен сұраңдар!» – деп айтты. Міне, сол күні Алла Тағала: «(Ей, мүшріктер!) Сонда сендер тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету әрі Харам мешітін күтіп, көркейту ісін Аллаға және ақирет күніне кәміл сенетін һәм Алла жолында жан-тәнімен күресетін жандардың ісімен тең көресіңдер ме?! Бұл екеуі Алланың алдында тең емес. Алла озбыр қауымды тура жолға салмайды, мақсат-мұратына да жеткізбейді»624 деген аятты түсірді. 624 «Тәубе» сүресі, 19. Абдулла ибн Сәлам баяндайды: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан бірнеше кісі бірге отырған едік. Өзімізше: «Алла және Оның Елшісінің алдында қандай іс сауапты екенін білсек, соны жасайтын едік», – дедік. Сонда Алла Тағала: «Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі Алланы мінсіз һәм кемшілік атаулыдан ада екендігін айтып, ұлықтайды! Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге негізделген теңдессіз даналық Иесі). Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе. Алла Өзінің жолында бейне бір кірпіштері қорғасынмен қаланған берік құрылыс тәрізді қатар-қатар сап түзеп соғысатындарды жақсы көреді».625 деген аятты түсірді. 625 «Саф» сүресі, 1-4. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған Алла жолында күресуге тең келетін істі айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен ондай істі таба алмаймын, – деді де, – сендерден кімде-кім Алла жолындағы күреске қатысса, бұл ісі оның үйінде жетпіс жыл оқыған намазынан жақсырақ», – деп жалғастырды. Шайтанның айлакерлігі Бір кісі Хасан Басриден: – Шайтан ұйықтай ма? – деп сұрады. Хасан Басри бұл сөзге күліп: – Ұйықтаса жақсы болушы еді, біз де тынығып қалар едік! – деп жауап берді. Демек, мүмин пенде одан құтыла алмайды. Оның айла-амалының әсерін ғана жоғалта алады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сапарда түйені тізгіндегендей, мүмин да шайтанды тізгіндейді», – деген. Қайс ибн Хажжаж626 айтады: 626 Хижранын II-III-ғасырларда жасаған, тасаууф кітаптарының аутору. «Шайтан: Мен сенің жаныңа құтырған түйедей келген едім, қазір шымшықтай болып қалдым», – дейді. Мен «Неге?» – деп сұрадым. Ол: «Күнәға батыру үшін әрқалай амалмен азғырсам да, сен Алла Тағаланы еске алып, мен көрсеткен жолдан бас тартасың. Мені солайша солдырып тауыстың. Тақуа кісілерге шайтанның азғыруынан өзін қорғау оңай». Абдулла ибн Масғуд (р.а.) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) бір сызық сызып: «Бұл – Алланың жолы», – деді. Содан соң ол сызықтың оң жақ, сол жағына тағы бірбірден сызық сызып: «Бұлар да жол. Бұл жолдардың екі жағында жолаушыларды шақырып отырған шайтандар бар», – деп айтты да: «Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай
262 теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге осыларды бұйырады»627 деген мағынадағы аятты оқыды. 627 «Әнғам» сүресі, 153. Жүректе шайтанның азғыруына ашық есіктер өте көп. Періштелер кіруі мүмкін болған есік біреу ғана. Жүрек сондай болғандықтан адам баласы қараңғы түнде қай жаққа жүрерін білмей жан-жаққа қарайлап шөл жолында адасқан жолаушыға ұқсас. Ондай жерде жол табу көзі өткір кісілерге ғана нәсіп болады. Құраннан және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен үйренген ілімдер болса жолға жарық шашқан күн нұрындай. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бір оқиға риуаят етіледі: «Бұрынғы өткен заманда бір монах бар еді. Шайтан оны жолдан адастыруды көздеді. Сол сәтте бір кісінің күңі қатты ауырып жатқан. Шайтан: «Бұл ауруды пәленше монах айықтырады», – деп күңнің отбасын азғырды. Күңді емдеу үшін монахтың үйіне барды. Бірақ ол қабыл алмай қойды. Олар қайта-қайта бара берді. Ақыры монах оны қабыл алуға мәжбүр болып, емдей бастады. Шайтан оны күңмен жыныстық қатынаста болуға азғырып, ақыры бұл мақсатына да жетті. Нәтижеде күңнің бойына бала бітіп қалды. Содан соң шайтан монахты: «Сен мұны өлтіруің керек. Егер өлтірмесең, ертең елге жайылып, жер қарап қаласың. Одан гөрі қазір оны өлтір, отбасына «Өзі өліп қалды» дей саласың», – деп азғырды. Монах шайтанның айтқанындай жасады. Сонда шайтан күң әйелдің отбасына барып: «Монах сендердің қыздарыңмен жыныстық қатынас жасап, содан соң оны өлтіріп тастады», – деді. Олар келіп істің мән-жайын білгеннен кейін, монахқа қол жұмсады. Сонда шайтан, монахпен бетпе-бет келіп: – Бұл істердің бәрін мен сені азғыру арқылы жасадым. Қаласаң, сені құтқарып қалуым мүмкін. Бірақ әуелі маған екі мәрте сәжде жасауың керек! – дейді. Монах шайтанға сәжде жасайды. Сонда шайтан оған қарап тұрып: – Мен сенен ұзақпын. Мен сені танымаймын. Сенімен ешқандай байланысым жоқ, – деп ат-тонын ала қашады». Алла Тағала Құранда міне сол ақиқатты, яғни шайтан әуелі азғырып, жолдан шығарып, содан соң ат-тонын ала қашатынын білдірген: «Яһудилерді соғысқа итермелеген мұнафықтардың мысалы, тура шайтанға ұқсайды. Шайтан алдымен адам баласын: «Күпірлік қыл», – деп азғырады. Ол шайтанның сөзіне еріп күпірлік қылғанда, шайтан оған: «Мен сенен аулақпын, менің саған мүлдем қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп ат-тонын ала қашады»628. 628 «Хашыр» сүресі, 16. Ібіліс Имам Шафиғиден: – Мені қалағанындай жаратып, қалағанындай қолданған Жаратушы туралы қалай ойлайсың? Ол қаласа, мені пейішке кіргізеді, қаласа, тозаққа кіргізеді. Бұл әділеттілік пе не әділетсіздік пе? – деп сұрайды. Имам Шафиғи ойланып тұрып: – Ей, сен қандайсың, мен білмеймін! Бірақ біліп қой, егер сен қалағаның үшін сені жаратса, саған әділетсіздік жасаған болар еді. Егер ол Өзі қалап жаратқан болса, жасаған ісі үшін жауап бермейді. Жаратылғандар болса жасаған істері үшін есеп береді, – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген шайтанның үні өшеді. Одан: – Ей, Шафиғи, мен осы сұрақпен жетпіс мың тақуаны діннен шығардым, – деген екен.
263 Бір мәрте Ібіліс Исаға (а.с.) жолығып: «Лә илаһа иллаллаһ де», – деді. Иса (а.с.): «Бұл сөз ақиқат, бірақ мен сен айтып тұрғаныңдай айтпаймын!» – деді. Өйткені шайтан ақиқат пен жалғанды араластыру үшін кейде ақиқатты сөйлеп жатқандай көрінеді. Сондай жолмен тақуа кісілерді, байларды және түрлі деңгейдегі адамдарды жолдан шығарады. Оның азғыруынан Алла сақтаған кісілер ғана аман қалады. Уа, Жаратқан Алла, бізді шайтанның айла-амалынан сақтай көр! Сенің алдыңа тура жолда барайық. Ән-күй, музыка Әбу Тайиб Табари: «Шафиғидің жолдастарының айтуы бойынша, еркек кісі жат әйелдің әндеткенін тыңдауы жақсы емес», – деген. Әбу Тайиб Имам Шафиғидің тағы бір сөзін еске алады: «Елді жинап, күңін әндеткен кісі ақылсыз, ол куәлікке өте алмайды». Әбу Тайибтің айтуы бойынша, Имам Шафиғи сол кездегі таяқтарды ырғақпен ұру ойынын да мәкруһ деп есептеген. Бұл тәсілді бұрынғы заманның имансыздары Құранды тыңдауға тосқауыл болу үшін ойлап тапқандарын соған себеп қылып көрсеткен. Имам Малик ән тыңдау туралы: «Біреу күң сатып алып, оның әнші екенін білсе, оны иесіне қайтарып беруі керек», – деген. Әбу Талиб Мәкки кейбір кісілер ән тыңдауды мубах (рұқсат берілген) есептегені туралы: «Пайғамбарымыздың сахабаларынан Абдулла ибн Жағфар, Абдулла ибн Зубайр, Муғира ибн Шуғба, Муғауия және басқалар ән тыңдады. Бұрын өмір сүріп кеткендерден сахабалар және табиғиндердің бір тобы да музыка тыңдауды жоққа шығарған емес», – дейді. Әбу Талиб Мәкки сөзін жалғап: «Хижаздықтар629 Меккеде, біздің жанымызда, жылдың ең қасиетті күндерінде ән тыңдаушы еді. Мысалы, пендеге Алланы зікір қылу бұйырылған Құрбан айт күндері олардың көпшілігі ән тыңдаушы еді. Меккеліктер сияқты Мәдина елі де ән тыңдаудан қашқан емес. Атаның екі күңі бар еді. Олардың әнін достары да тыңдаушы еді. Салим ұлы Әбу Хасаннан «Ән тыңдауды арам деп айта аласыз ба?» – деп сұрағанда, ол: «Менен жақсы кісілер де оған рұқсат берілген деп есептеді және тыңдады. Олай болса мен не дей алам?» – деген. 629 Мекке мен Мәдинаны өз ішіне алған аймақ. Ибн Журайж шертпе аспаптарды тыңдауға рұқсат берді. Одан: «Бұл қияметте жақсы іс болып санала ма?» – деп сұрағанда, ол: «Жаман іс деп те, жақсы іс деп те саналмайды. Өйткені ол құр бекер айтылған сөздерге ұқсайды. Алла былай деп айтады: «Алла тағала сендерді байыбына бармай берген анттарың үшін жауапқа тартпайды»630 деп жауап берген. 630 «Бақара» сүресі, 225.
264 Бидғат және нәпсіге бас ию Алла Елшісі (с.а.с.): «Дінге кейін қосылған әдеттерден сақтаныңдар. Әлбетте, кейін ойдан шығарылған ережелер – бидғат. Барлық бидғат – адасу. Әр адасудың аяғы – тозақ», – деген. «Кім дінімізге жаңа нәрсе қосса, ол қабыл алынбайды». «Менің сүннеттеріме және менен кейінгі халифаларға (яғни төрт халифаны – әзірет Әбу Бәкір, әзірет Омар, әзірет Осман және әзірет Алиге) еріңдер». Бұл хадистерден төменгідей мағына келіп шығады: Құранға, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әдеп-ахлағына және әзірет Мұхаммедтің (а.с.) үмбетінен шыққан басшылардың және ұлы ғалымдардың әдеп-ахлағына тура келмеген әрқандай нәрсе – бидғат, діннен тысқары. «Кімде-кім Исламда жақсы жол салып, қандай да бір жақсы іске бастаушы болса, өзінен кейін сол істі жасағандардың сауабындай сауапқа ие болады. Сондай-ақ ол жақсы істі жасағандардың сауабынан да еш нәрсе кемімейді. Ал енді кімде-кім Исламда жаман жол салып, қандай да бір жаман іске бастаушы болса, оның күнәсін және өзінен кейін сол істі жасағандардың күнәларын мойнына алады. Кейінгілердің күнәлары бұдан кемімейді».631 631 Мүслим, Зәкәт 69; Ахмад, 4/361. Қатада «Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге осыларды бұйырады»632 деген мазмұндағы аятты оқып, «Біліп қойыңдар, жол біреу. Тура жол, ол пейішке алып барады. Ібіліс болса бірнеше жолдарды тауып алған. Бұл адастырушы жолдар тозаққа алып барады», – деген. 632 «Әнғам» сүресі, 153. Ибн Масғуд (р.а.) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) бір сызық сызып «Бұл – Алланың жолы», – деді. Содан соң сол сызықтың оң жақ, сол жағына тағы бірнеше сызық сызып «Бұлар да жол. Бұл жолдардың екі жағында жолаушыларды шақырып отырған шайтандар бар» деп содан соң «Әнғам» сүресінің жоғарыдағы 153-аятын оқыды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім менің сүннетімнен бет бұрса, менің үмбетімнен емес», – деген. Тағы бір хадисте: «Пайғамбарлардың көзі өткеннен кейін дінге (дінге тура келмеген) жаңа нәрселерді кіргізбеген ешбір үмбет жоқ. Бірақ олар қанша бидғат ойлап шығарған болса, діннің сонша негіздерін жоғалтып қойған»633. 633 Табарани, 18/99. «Сөздің ең жақсысы – Алланың кітабы Құран. Тура жолдың ең жақсысы – Мұхаммедтің (а.с.) тура жолы. Күнә істердің ең жаманы – кейін ойдан шығарылған (діннен болмаған және дін негіздеріне қарама-қарсы) нәрселер – бидғат. Әр бидғат адасудан басқа нәрсе емес. Мен сендердің дене құмарына, қарынның және нәпсілеріңнің қалауларына бас иіп, жолдан адасуларыңнан қорқам. Бидғаттардан сақтаныңдар. Әлбетте, әр бидғат – діннен адасу». «Алла бидғатшыға тәубе есігін жабады. Бидғатты тастамайынша, ол есікті ашпайды»634. 634 Әл-илалул мутанахия, 1/138. «Алла бидғатшының оразасын, қажылығын, ұмрасын, жиһадын, тәубесін қабыл алмайды. Ол Ислам шегінен қамырдан суырылған қыл сияқты оп-оңай шығып кетеді».
265 «Мен сендерді түні күндізгідей жарық болған жолға қалдырдым. Бұл жолдан адасуға ұшырайтындар ғана бұрылып кетеді». «Әр өмірдің бір мақсаты, әр мақсаттың бір әлсіз жағы бар. Менің сүннетімді көздегендер тура жолды табады. Басқа нәрсені көздегендер адасуға ұшырайды». «Үмбетім үшін төменгі үш нәрседен қорқам: 1) Ғалымның адасуы. 2) Нәпсінің қалауларына еруі. 3) Залым басшы». Ойын туралы Бұхари риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім жолдасына «Кел, құмар ойнайық», – десе, садақа беріп, тәубе жасасын», – деді». Мүслим, Әбу Дәуіт және ибн Мажалар риуаят етеді: «Кім нард ойнаса, қолын шошқаның еті мен қанына батырғандай болады»635. 635 Мүслим, 22/60. Имам Ахмад және басқалардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құмар ойнап отырып содан соң тұрып намаз оқыған кісі бейне бір ірің және шошқаның қанымен дәрет алып намаз оқыған кісіге ұқсайды», – деген. Дайламидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бал ашатын тас, шахмат, нардыға ұқсаған арам ойындарды ойнап жатқан кісілерді жолықтырып қалсаңдар, оларға сәлем бермеңдер. Егер сендерге сәлем берсе, қабыл алмаңдар», – деп айтады. Ережеп айының қасиеті «Ережеп» деген сөз «таржиб» деген сөзден келіп шыққан. «Ережеп – пейіштегі суы сүттен ақ, балдан тәтті, сап-салқын дарияның да аты. Оның суынан ережеп айында ораза ұстап, жаман істерден және ниеттерден арылғандар ғана іше алады» деп те айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – үмбетімнің айы», – деп айтады. Әріптердің мағынасын түсіндіруші кейбір кісілер: «Рәжәб үш әріптен тұратын арабша сөз. 1) Р – (Рахмат) Алланың рақымы. 2) Ж – (Журм) пенденің күнәсі. 3) Б – (Бирр) Алланың берген жақсылығы. Алла Тағала «Пендемнің күнәсін рақымым мен жақсылығымның ортасында жоям», – дейді» деп түсіндірген. Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім ережеп айының жиырма жетінші күні ораза ұстаса, оған алпыс айлық ораза ұстағанның сауабы жазылады», – деп айтқан». Ережептің жиырма жетінші күні Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға бірінші мәрте аян алып келген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға да сол күні шыққан.
266 Әнәс (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Кім харам айларында (зулқағда, зулхижжа, мухаррам, ережеп) үш күн ораза ұстаса, оған тоғыз жүз жылдық оразаның сауабы жазылады. Сол хадисті Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естімеген болсам керең болайын. Бұрыннан былай айтылады: «Харам айлары төртеу – зулқағда, зулхижжа, мухаррам, ережеп. Періштелердің ұлығы төртеу – Жәбірейіл, Әзірейіл, Микаил, Исрафил (аләйһим сәлам). Дәретте жуу парыз болған мүшелер төртеу. Аллаға тасбихтер төртеу: «Субханалла», «Әлхамду лиллаһ», «Лә илаһа иллаллаһ», «Аллаһу әкбар». Есеп ілімінің негізгі бірліктері төртеу: бірлік, ондық, жүздік, мыңдық. Уақыт бірліктері төртеу: сағат, күн, ай, жыл. Жыл мезгілдері төртеу: көктем, жаз, күз, қыс. Табиғат жағдайлары төртеу: «Жылу, суық, құрғақ, ылғал. Халифалар төртеу: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Али (р.анһум). Дайлами әзірет Айшадан риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла төрт түнде жақсылықты төгіп шашады. Олар: Құрбан айт түні, Ораза айт түні, шағбан айының он бесінші Бараәт түні және ережеп айының бірінші түні». Дайлами Әбу Умамадан риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бес түн бар. Алла Тағала бұл түндерде қылынған дұғаларды бос қайтармайды. Олар: ережеп айының бірінші түні, шағбан айының он бесінші түні, жұманың түні және екі айт түндері», – деп айтқан. Берекелі шағбан айы Шағбан – «кісіні таңғалдырып, ақылын қайран қылған» деген мағынаны береді. Бұның себебі бұл айда сан мыңдаған көп жақсылықтар болады. Әбу Умама Бахили былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Шағбан айы кіргенде жан дүниелеріңді тазалап, ниеттеріңді туралаңдар», – деп айтады. Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп ораза ұстағандықтан, біз оны әрдайым ораза ұстап жүрсе керек деп ойлаушы едік. Ораза ұстамаған уақыттарын көргенде еш ораза ұстамайды ғой деп ойлаушы едік. Ол шағбан айында ең көп ораза ұстаушы еді». Нәсаи Усамадан (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, ешбір айда шағбандағыдай көп ораза ұстағаныңызды көрмедім», – десем, Пайғамбарымыз: «Адамдар ережеп пен рамазан айларының ортасындағы бұл айға көп мән бере алмайды. Шынында, бұл айда жақсы істерің Жаратқанға көтеріледі. Мен де істерімнің ораза кезімде Аллаға көтерілуін қалаймын», – деп жауап қайтарды». Бұхари мен Мүслимнің хадис жинақтарында әзірет Айшадан риуаят етіледі: «Мен Алланың Елшісінің Рамазан айынан басқа айларда толық ораза ұстағанын көрмедім. Шағбаннан басқа айларда да толық ораза ұстағанын көрген емеспін». Басқа бір риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айын толық оразамен өткізген. Мүслимнің басқа бір риуаяты бойынша да Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының басым бөлігін ораза ұстап өткізген. Бұл риуаяттар алдыңғы хадисті кеңірек түсіндіреді. Қорытындылап айтатын болсақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының басым бөлігін ораза ұстап өткізген.
267 Ұлы Рамазан айы Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер»636 деген. 636 «Бақара» сүресі, 183. Рамазан оразасы һижраттың екінші жылы парыз болған. Рамазанның сауаптылығы туралы айтылған көптеген хадистер бар. Мысалға алсақ: Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Рамазанның бірінші түні Алла бәріне пейіш есіктерін ашады. Ай бойы бұл есіктердің ешбірі жабылмайды. Алла бір жаршыға бұйрық бергенде ол: «Уа, жақсылық күткен пенде, кел! Уа, күнә жолына түскен пенде, күнәдан қайт!» – деп жар салады. Одан: «Күнәларының кешірілуін сұрағандар жоқ па? Күнәлары кешіріледі. Тілек тілеген кісі жоқ па? Тілегені беріледі. Тәубе жасаушылар жоқ па? Тәубесі қабыл болады», – дейді. Бұл жағдай таң сөгілгенге шейін жалғасады. Алла Тағала айт күні түнде азапқа лайық болған мыңдаған кісіні тозақтан азат қылады». Салман Фарси риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының ақырғы күні бізге қарап: – Уа, адамдар, сендер ұлы айға кірдіңдер. Онда мың айдан да жақсы және қайырлы Қадір түні бар. Алла бұл айда ораза ұстауды парыз қылған. Түнгі ғибадатты еріктеріңе қалдырған. Кім бұл айда бір сауап іс жасаса, ол сауабынан тысқары бір парызды орындағандай болады. Бұл ай – сабырлылық айы. Сабырдың сауабы – пейіш. Бұл ай – өзара жәрдемдесудің айы. Бұл айда мүминнің ризығы артады. Кім бұл айда ораза ұстағандарға ауыз аштырса, бір құлды азат қылғандай сауап табады. Күнәлары кешіріледі, – деді. Біз: – Уа, Алланың Елшісі, бәрімізде ораза ұстағандарға ауыз аштыратындай мүмкіншілік жоқ қой? – дедік. Ол: – Алла бұл сауапты ораза ұстаған кісіге бір ұрттам сүт, бір ұрттам су не бір құрмамен ауыз аштырған пендеге де береді. Кім бір ораза ұстаған кісіні тойдырса, бұл оның күнәларының кешірілуіне себеп болады. Жаратқан Иесі оның шөлін менің бұлағымнан қандырады және ол мәңгілік шөлдемейді. Бұл айдың басы – рақым, ортасы – кешірім, аяғы – тозақ отынан құтылу. Кім бұл айда қызметшісінің жүгін жеңілдетсе, Алла оны тозақтан азат қылады. Сендер бұл айда төрт нәрсені көбейтіңдер. Осы төрт нәрседен екеуімен Жаратқан Иелеріңді разы қыласыңдар. Қалған екі нәрсе сендерге сөзсіз керек. Жаратқан Иелеріңді разы қылатын екі нәрсе «Лә илаһа иллаллаһ», яғни «Алладан басқа сиынуға лайық құдай жоқ» деген сөз және өз әлсіздіктеріңді мойындап, Алладан кешірім сұраңдар. Сендерге сөзсіз керек болған екі нәрсе пейіш пен тозаққа тиесілі. Сондықтан бұл айда Жаратқан Иелеріңнен пейішті сұраңдар. «Тозақтан құтқара көр» деп Алладан сұраңдар, – деп жауап берді. Тағы бір хадисте айтылған: «Кім шын жүректен сеніп және Жаратқаннан ғана сауап күтіп ораза ұстаса, Алла оның өткендегі және келешектегі күнәларын кешіреді». (Алла Тағала айтады): «Адамзаттың барлық істері өзі үшін. Бірақ оразасы бұның сыртында. Ол – Мен үшін. Оның сауабын жеке Мен өзім берем. Пайғамбарымыз айтқан: «Менің үмбетіме Ораза айында бес өзгешелік берілді, бұл менен бұрынғыларға берілген емес: 1. Ораза ұстаған кісінің аузының иісі Алла үшін мисктен де жақсы. 2. Періштелер ауыз ашарға шейін ораза ұстағандардың күнәларының кешірілуін сұрайды.
268 3. Бұл айда шайтандар байланады. 4. Алла әр күні пейішті сәндейді және «Тақуа пенделерім жамандық және қиыншылықтан құтыларына жақын қалды», – дейді. 5. Ол айдың ақырғы түні оларды кешіреді». Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол – қадір түні ме?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ. Бірақ әрбір жақсы іс жасаған кісінің жақсы істері қабыл болғанда сауаптары беріледі», – деді. Қадір түні Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Қадір түні Жәбірейіл бірнеше періштемен жерге түседі. Олар тік тұрып, отырып Алланы зікір қылып жатқан барлық пенделерге сәлем беріп, олар үшін Алладан кешірім тілейді», – деді. Әбу Һурайра айтады: «Қадір түні көп сандағы періштелер жер жүзіне түседі. Олардың түсуі үшін аспанның есіктері ашылады. Нұр төгіледі. Періштелер шартарапқа жайылады. Бұл сәтте адамдардың жағдайы әртүрлі болады. Біреуге аспан-жердің сырлары ашылады, аспандағы перделер алынып тасталады. Біреулер аспанда періштелерді тік тұрған жағдайда, отырған, рүкуғ, сәжде жасап жатқан, Алланы зікір қылып, оған шүкіршілік келтірген, тасбих айтып, оның ұлылығын мадақтап жатқан жағдайда көреді. Басқа біреу пейішті, пейіштегі сарайларды, хор қыздарды, дарияларды, ағаштарды, жемістерді көреді. Ол Алланың Аршын, пайғамбарлардың, әулиелердің, шейіттердің және тақуа пенделердің дәрежелеріне куә болады. Сол түні мүминдердің бір тобы Алланың Нұр Жамалын көреді. Перде көтеріледі. Сол мүминдер ғана Алланың Жамалын көре алады». Әзірет Омардың риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кім рамазанның жиырма жетінші түнін таң атқанша ғибадатпен өткізсе, оның бұл ісі Мен үшін рамазан бойы барлық түні жасалған ғибадаттардан да жақсырақ». Әзірет Фатима (р.а.) «Әке, түнді ғибадатпен өткізуге әлі келмеген әйел, еркектер не істесін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар бұл түннің қайсыбір уақытын жастықтарын тік қойып, оған жастанып отырып Аллаға дұға қылуы, Мен үшін үмбетімнің баршасы рамазан түндерінің бәрін ғибадатпен өткізгенінен тағы жақсырақ», – деп жауап берген. Айша анамыздың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кім Қадір түнін жандандырып, түнде екі рәкат намаз оқыса және тәубе келтіріп, истиғфар айтса, Алла оны кешіреді. Алланың мейіріміне ие болады. Жәбірейіл оны қанатымен сипайды. Жәбірейіл қанатымен сипаған барлық кісілер пейішке кіреді» – деген. Айт мейрамы Шәууал айының бірінші күні – Ораза айт, зулхижжа айының оныншы күні Құрбан айт болады. Бұл күндердің айт (қайту) деп аталуының себебі мынадай:
269 1. Мүминдер Рамазан айында Аллаға бас июді білдірген рамазан оразасын ұстағаннан кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) еріп алты күндік шәууал айының оразасын ұстайды. Құрбан айтында болса Алла үшін қажылық парызын өтеп, Пайғамбарымызды (с.а.с.) зиярат қылуға дайындалады. Сөйтіп қуаныштар қайталанады. 2. Бұл айт мейрамдары әр жылы қайталанады. 3. Мейрамда Алланың жақсылықтары мол болады. 4. Мейрам күні қуаныш келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айт намазын бірінші мәрте һижраттың екінші жылы оқып, оны рамазан айт намазы деп жариялаған. Әбу Һурайраның (р.а.) риуаяты бойынша, «Мейрамдарыңды тәкбирмен әсемдеңдер»637 деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім айт күні жүз мәрте «Субханаллаһи уә бихамдиһи» десе және оны марқұм мұсылмандарға бағыштаса, әрбір қабірге нұр кіреді. Ол пенде дүниеден қайтқанда, Алла оның қабіріне мың нұр кіргізеді», – деп айтқан. 637 Әл-муғжам ас-сағир, 1/215. Уаһб ибн Мунаббиһ баяндайды: «Ібіліс әрбір айт күні жәрдемшілерін шақырады. Жәрдемшілері одан: «Ұлы басшымыз, неге мұнша ашуланып жатырсың?» – деп сұрайды. Ібіліс оларға: «Алла мүминдерді кешірді. Енді сендер олардың нәпсілерін қоздыру үшін қатты жұмыс істеулерің керек», – деп жауап береді. Уәһб ибн Мунаббиһ өзі былай дейді: «Алла пейішті Ораза айт күні жаратты. Құтты Туба ағашын сол күні тікті. Жәбірейілді сол күні уахи жеткізуші елші қылып тағайындады. Перғауын сиқыршыларының тәубесі сол күні қабыл болды». Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім айт түнін ғибадатпен өткізсе, жүректер өлген күні оның жүрегі өлмейді»638 деген. 638 Ибн Мажа, 17/82. Әзірет Омар (р.а.) айт күні кіші баласын көрді. Оның үстінде ескі көйлек бар еді. Әзірет Омар жылай бастады. Бала оның неге жылап жатқанын сұрады. Әзірет Омар: «Балалар сенің бұл ескі көйлегіңді киіп жүргеніңді көрсе, еңсең түседі ғой деп ойлағанымнан жыладым», – дейді. Баласы оған: «Алланың разылығынан ажыраған не ата-анасына қарсы шыққан кісі қайғыруы керек. Сіз менен разы болсаңыз, Алла да разы болады деп үміт етем», – деп жауап берді. Бұл жауапты естіген әзірет Омар қайтадан жылап, ұлын бауырына қысып, дұға қылды. Бізге жеткен баяндардың арасында төменгідей мағлұмат та бар: «Айт күні таңның алдында Алла періштелерді жібереді. Олар жерге түсіп, барлық көшелердің басына тұрып алып, адамдар мен жындардан басқа барлық жандылар еститін үнмен: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті, орындарыңнан тұрыңдар! Мұқтаждықтарыңды аянбай берген Раззақ Алланың алдында тұрыңдар. Бұл күн үлкен жақсылықтар болады, көп күнәлар кешіріледі!» – деп жар салады. Мүминдер намаз оқығалы мешіттерге жиналғанда Алла Тағала періштелерден: «Жұмысшы жұмысын бітіргенде не қылу керек?» – деп сұрайды. Періштелер: «Қызмет ақылары төленуі керек?» – деп жауап береді. Сонда Алла Тағала: «Сендер куә болыңдар, Мен оларға сауап (сыйлық) ретінде өз разылығымды және кешірімімді тарту еттім», – дейді.
270 Зулхижжаның ұлылығы Ибн Аббас риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла үшін бұл күндерде жасалған істер басқа күндері жасалған істерге қарағанда сүйіктірек», – деді. Сахабалар: «Алла жолындағы күрестен де сүйікті ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла жолындағы күрестен де сүйікті. Бірақ мал-жанымен Алла жолында күреске шығып үйіне қайтпай қалған пенденің ісі бұдан тысқары», – деп жауап берді». Ибн Масғуд айтады: «Алла күндерден төртеуін, айлардан төртеуін, әйелдердан төртеуін өзгеше жаратты. Бұдан тысқары төрт кісі пейішке бірінші болып кірушілердің алдыңғы қатарында болады. Тағы басқа төрт кісіні пейіш шыдамсыздықпен күтеді. Күндердің біріншісі – жұма. Бұл күнде бір уақыт бар, кім бұл сәтке тұспа-тұс келгенде, Алладан дүниелік не ақыретке тиесілі бір нәрсе тілесе, ол сөзсіз беріледі. Екіншісі – Арафат күні. Арафат күні келгенде Алла періштелеріне: «Уа, періштелерім, менің пенделеріме қараңдар. Қиыншылықтарды көтеріп, қолында жоқтарды тойдыруда. Сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім», – дейді. Үшіншісі – Құрбан айттың бірінші күні. Біреу Алла үшін құрбандық шалса, оның қанының алғашқы тамшысы күнәларының кешірілуіне себеп болады. Өзгеше күндердің төртіншісі – пітір садақа беріліп, мұқтаж және жарлылар қуандырылған күн. Мүминдер Рамазан оразасын ұстап, мейрамға жетсе, Алла періштелеріне: «Әрқандай жұмысшы жасаған ісі үшін ақы алады. Пенделерім парыз қылынған бір айлық оразаны ұстады. Ертең мейрамдайды, ақыларын беруіміз керек. Уа, періштелер, сендер куә болыңдар, Мен оларды кешірдім», – дейді. Сонда біреу: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті, көңіл бөліңдер! Жаман істерің жақсы істерге алмастырылады!» – деп жар салады. Өзгеше айлар: ережеп, зулқағда, зулхижжа және мухаррам. Өзгеше әйелдер: Имран қызы Мариям, Хууайлид қызы Хадиша, Мазахим қызы Асия, Мұхаммед қызы Фатима. Пейішке кірушілердің алдыңғы сапындағылар: Пайғамбарымыз (с.а.с.), Салман Фариси, Сухайб (р.а.), және әзірет Біләл. Пейіш қалап күткен кісілер: әзірет Али, Салман Фариси, Аммар ибн Ясир, Миқдад ибн Асуад. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Кім Арафат күнінен бір күн бұрын ораза ұстаса, Алла оған Әйюбтің (а.с.) бәлелерге сабыр қылғаны үшін берілгендей сауап береді». «Кім Арафа күні ораза болса, Алла оған Исаға (а.с.) бергендей сауап береді». «Арафат күні Алла жер жүзіне өз мейірімін төгеді. Бұл күні өте көп пенделерін кешіреді. Кім Арафат күні Алладан дүниелік не ақыретке тиесілі мұқтаждығын сұраса, Алла оның сұрағанын береді»639. 639 Мүслим, 1162. Ашура күні (Ашура – мухаррам айының оныншы күні) Ибн Аббас риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келгенде Ашура күні яһудилердің ораза ұстап жатқанын көріп себебін сұрады. Олар: «Алла Тағала сол күні Мұсаны (а.с.) және Бану Исраилді Перғауынның зұлымдығынан құтқарды. Біз Алланың сол ісіне шүкір ретінде ораза ұстаймыз», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біз Мұсаға
271 сендерден де жақынырақпыз», – деді және сол күні ораза ұстауға бұйырды. Бірақ «Яһудилерге ұқсап қалмас үшін Ашура күнінен бір күн бұрын және бір күн кейін қосып ораза ұстаңдар» деп бұйырды. Ашура күнінің ұлылығы туралы бірнеше мағлұмат бар. Адам (а.с.) сол күні жаратылып, сол күні пейішке кіргізілгені, сол күні тәубесі қабыл болғаны, Арш, Күрсі, аспан-жер, Күн, Ай және жұлдыздар сол күні жаратылғаны, Ибраһим (а.с.) сол күні туылғаны және Намрудтың отынан сол күні құтылғаны, Иса (а.с.) сол күні туылып, сол күні аспанға көтерілгені, Идрис (а.с.) сол күні ұлы орынға көтерілгені, сол күні Нұхтың кемесі Жуди тауына тоқтағаны, Сүлейменге (а.с.) ұлы патшалық сол күні берілгені, Жүніс балықтың ішінен шығарылғаны, Жақыптың көзі көре бастағаны, Жүсіптің құдықтан шығарылғаны, Әйюбтің (а.с.) бәледен құтылғаны, бірінші жаңбыр сол күні жауғаны, бұрынғы үмбеттерге Ашура оразасы парыз болып, Рамазан оразасымен үкімі жойылғаны айтылады. Байхақи жазып алған бір хадисте: «Кім Ашура күні бала-шаға мүшелерін қуантса, Алла да жыл бойы оны қуантады», – деп айтылған. Табарани кітабында жазған, бірақ сахихтігі анықталмаған бір хадис төменгідей: «Ашура күні қылынған бір жақсылық жетпіс мың жақсылыққа тең». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немересі әзірет Хүсейіннің Ашура күні шейіт болуы да оның Алланың алдындағы дәрежесінің ұлылығын көрсетеді. Сондай-ақ оның құтты әһл-бәйтте ұлы орын иеленгеніне дәлел болады. Кім Ашура күні Хүсейіннің (р.а.) басына келген кесел-кесапат бәлені еске алғысы келсе, барлық кісілер бұл дүниеде уақытша екенін және барлық нәрсе Алладан келіп, Аллаға қайтарын еске ұстап, терең ой жүгіртуі керек. Рафидилердің, Шиалардың және басқа тура емес ағымдардың жаңылыс жолдарына түспеуге тиіс. Ашура күні жылап-сыздап, айқайлап-өкіріп, өзін сабап аза тұтуға болмайды. Өйткені мұндай іс-әрекеттер мұсылманшылыққа тура келмейді. Егер мұсылманшылықта айқайлап-өкіріп, бетін жыртып жылап, айғай салу бар болса әзірет Хүсейіннің атасы, әлемнің жарық күні – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеден өтуі соған ең лайықты болмақ. Алла Тағаланың өзі бізге жеткілікті. Ол қандай жақсы Қолдаушы! Жарлыларға қайырымдылық Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қонақты жұмсамаңдар, көңілін қалдырасыңдар. Кім қонағын ренжітсе, Алланы наразы қылады. Кім Алланы наразы қылса, Алла оны жек көреді»640деген. 640 Итхафус сағада, 5/238. Тағы бір хадисте «Қонақ күтпеген кісіде жақсылық болмайды»641 деп айтылады. 641 Ахмад, 4/157; Сахихул жамиғ 7492. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір кісінің үйіне бас сұға қалды. Ол бай тұрды. Сан мыңдаған түйелері, аттары бар еді. Бірақ қонаққа сый көрсету жоралғысын жасамады. Пайғамбарымыз оның үйінен шығып, басқа жарлырақ біреудікіне кірді. Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) мұсылмандық адамгершілігін көрсетті. Сонда Алланың Елшісі: «Бұл екі кісіге қараңдар. Әдеп-сый Алланың қолында. Жақсы мінезді нәсіп қылғанына береді», – деді. Әбу Рафи (р.а.) баяндайды: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйіне қонақ келген еді. Бірақ Алла Елшісінің (с.а.с.) үйінде қонаққа беретін еш нәрсесі жоқ еді. Ол маған:
272 «Пәленше яһудиге барып «Пайғамбарымызға қонақ келді. Ережеп айына шейін қарызға біраз ұн бере тұрсын деп айт», – деді. Барып айттым. Яһуди: «Кепілдікке бір нәрсе қалдырмаса бермеймін!» – деп айтты. Қайта келіп Алла Елшісіне жағдайды түсіндірдім. Пайғамбарымыз: «Мен көкте де, жер бетінде де сенімді кісімін. Егер қарызға берсе, уақытында төлеймін. Міне, бұл сауыт киімімді алып барып кепілдікке таста!» – деді. Алланың досы Ибраһим (а.с.) тамақтанудан бұрын бір-екі шақырым жерді қыдырып, бірге тамақтануға серік не қонақ іздеуші еді. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Иман деген не?» – деп сұрағанда «Біреуге тамақ беру және бәріне сәлем беру», – деді. Тағы бір мәрте Пайғамбарымыз «Күнәлардың кешірілуіне және дәрежелердің көтерілуіне себеп болатын істер қайсы?» деген сұраққа: «Біреуге тамақ беру және ел ұйқыда жатқанда ғибадат жасау», – деп жауап берді. «Қажылық сәтінде ең жақсы қабыл алынған іс қайсы?» деген сұраққа, «Біреуге тамақ беру және жақсы сөз айту», – деді. Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Қонақ кірмеген үйге періштелер де кірмейді», – деп айтқан. Жарлыларға және қонақтарға сый көрсету туралы өте көп мағлұматтар бар. Қонақ шақырған кісі әуелі тақуа және жақсы кісілерді шақырып, қолдан келгенше күнәһарларды шақырмауы керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін қонаққа шақырған кісіге: «Тамақ-астарыңды жақсы кісілер жесін!» – деп дұға қылған. Тағы бір хадисте «Тақуалардың ғана дастарханынан тамақ же! Сенің дастарханыңнан да тақуалар ғана тамақ жесін»642деп айтылады. 642 Итхафу сада, 4/138. Тағы бір көңілге түйетін нәрсе, сыйға жалаң бай-билерді емес, негізінен жарлыларды шақыру керек. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дастарханның ең жаманы – байлар шақырылып, кедейлер шақырылмаған тойдың дастарханы»643 деп айтады. 643 Бұхари, 5177. Елді тамаққа шақырғанда туыстарын ұмытпау керек. Өйткені мынадай уақыттарда ағайын-туғанды әдейілеп не немқұрайдылық жасап шақырмай қою қатынасты суытады. Достарды, таныс-білістерді және туған-туыстарды сыйға шақырғанда дастарханға жақсы көңіл бөлу керек. Кейбіреуіне өзгеше мәміле жасалса, басқа біреудің көңілі қалуы мүмкін. Елді қонаққа шақырғанда байлығына мақтанбай, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әдеттерін жасау, мүмин бауырлардың ортасындағы ынтымақты арттыру және олардың көңілін көтеруді көздеу керек. Шақырса келмеген және келсе де елді жақсы көрмеген кісілерді шақырмай қойған жақсы. Шақырылған жерге бару – сүннет. Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер біреу сирақ пісіріп шақырса да бармақпын. Сирақтың бір бөлігі берілсе де алмақпын», – деп айтқан. Данышпандар айтқан: «Жылы жүзбен, тартымды сөзбен және қарсы алып-шығарып саларда шын пейілмен қонақ күту өте керекті».
273 Табыт, қабір Өлік салынған табыт – көре білген пенделерге үлкен сабақ. Ал енді ой-сезімсіз кісілер үшін ешқандай маңызы жоқ, бар болғаны оларды қайғыға ғана салады. Өйткені олар басқалардың табытын көріп жатырмын деп қана ойлайды. Ерте ме, кеш пе, өздері де сол табытқа түсерін ойламайды. Бәлкім, ойлайды, бірақ оны өзінен өте ұзақ көреді. Сол табыттың ішіндегілер де өлім өте ұзақ деп жүргендер бұрын. Бірақ олай болмады. Өмірінің аяғы кенеттен кіріп келгендей болды. Өлік салынған табытты көрген әрбір кісі оның ішінде өзі жатқандай қабыл алуы керек. Өйткені көп ұзамай-ақ ол да сол табыттың ішіне түседі. Ағмаш: «Жаназаға қатысқанымызда бәріміз жылағанымыз үшін кіміміз кімімізді жұбатуды білмей қалушы едік», – деген. Сабит әл-Бунани былай дейді: «Жаназа жоралғыларына қатысқанымызда басын жерге салып жыламаған кісіні көрмес едік». Алғашқы мұсылмандар өлімнен сондай қорықты. Қазір болса жаназаға қатысқан кісілердің көпшілігі құлпырып-жайнап, марқұм артында қандай мирас қалдырғаны және оны қайтіп бөлісетіні туралы ғана сөйлескенін көреміз. Марқұмдардың жақындары, ағайын-туғаны қандай жолмен мирастан көбірек үлес алып қалу жолын ойлап, ешбірі өзі табытқа жатып қалғанда басына қандай түйсік түсеріне бас ауыртқысы келмейді. Мынадай немқұрайды жағдай жүректердің күнәмен қапталып қатып қалғанын білдіреді. Міне, сондықтан Алланы, ақырет күнін және алдымыздағы қорқынышты жағдайларды ұмытып, бізге пайдасы болмаған нәрселермен әлек болып жүреміз. Алла бізді осындай немқұрайдылықтан және сезімсіздіктен құтқарсын! Жаназаға қатысқан кісілердің орынды іс-әрекеті өлікке жылау ретінде көрінеді. Негізі, ақиқатты білсе, өлікке емес, өздеріне жылар еді. Ибраһим Заййад өлікке жылап жатқандарды көріп: «Өздеріңді аяп жыласаңдар, тағы пайдалырақ болады. Өйткені бұл марқұм үш нәрседен өтті кетті. Біріншісі, өлім періштесінің жүзін көрді. Екіншісі, өлімнің ащы дәмін татты. Үшіншісі, ақырғы демдегі қорқыныштан құтылды», – деген. Әбу Амр ибн Ала былай дейді: «Бір күні белгілі ақын Жарирмен бірге отырған едік. Ол хатшысына өлең жаздырып жатты. Міне, сол сәтте жаназа келіп қалды. Жарир үнсіз қарап тұрды да «Құдай куә, бұл жаназалар мені қартайтты», – деді. Өлімді ойлап, одан сабақ алу «ақырғы сапарға» дайындалу, табытты көтеріп келе жатқанда байсалды болу, өлген кісі күнәһар болса да ол туралы жаман ойда болмау – жаназаға қатысқандардың әдебінен. Пенде өзін-өзі сынға алып, айыптасын, бірақ өлік туралы жаман ойда болмасын. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, адамдардың арасында нәпсісіне мойынсұнудан тез құтылып кететіндар кімдер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Қабірді, өзін күтіп тұрған бәлелерді ұмытпаған, дүние қызықшылығынан бас тарта алатын, мәңгілік нәрсені уақытша нәрседен артық көрген және өзін қабірдегілердің қатарындамын деп есептеген пенде нәпсісін тез тізгіндей алады», – деп жауап берді. Әзірет Алиден: «Неге қабірстанға жақын жерде тұрасыз?» – деп сұрағанда, «Қабірстандағылар – менің ең жақсы көршілерім. Олар тілді жаман сөзден тыйып, ақыретті еске салып тұрады», – деп жауап берген. Әзірет Осман (р.а.) жол бойында қабір көрсе тоқтап, сақалы су болғанша жылайды. Бір күні одан: «Пейіш пен тозақ туралы айтылғанда мұншалық жыламайсың дағы, мазардың жанына келгенде неге тоқтай алмай қаласың?» – деді. Осман (р.а.) оларға:
274 «Мен Алла Елшісінің «Қабір – ақырет сапарының алғашқы аялдамасы. Егер пенде қабірдегі сұрақтан аман шықса одан арғы жағы жеңіл болады. Егер ол жердегі сұрақтан аман шықпаса, одан арғысы қиын болады»644 деп айтқанын естігенмін», – деп жауап берді. 644 Тирмизи, 2308; Сахихул Жамиғ 1684. Мужаһидтің айтуынша, адамзат өлгенде қабір шұңқыры оған бірінші болып: «Мен – құрт-құмырсқалардың мекенімін. Мен – жалғыздық, құсалық және қараңғылықтың мекенімін. Мен саған қазірше соларды дайындап қойдым. Сен маған қандай дайындықпен келдің?» – деп айтады. Тозақ азабы Бұхари риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) көбінше: «Уа, Жаратқан Иеміз, бұл дүниеде де, ақыретте де бізге жақсылықтарды бере көр және бізді тозақ отынан сақта», – деп дұға қылушы еді». Әбу Йағла баяндайды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір құтбасында: «Екі ұлы нәрсені – тозақ пен пейішті ұмытпаңдар!» – деді. Содан соң жылағанда сақалы көз жасына жуылды. Оның артынан: «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, ақырет жөнінде мен білгенді білсеңдер, бұл таза топырақтың үстінде тәкаппарланбай әрдайым жаяу жүріп, жүздеріңе топырақ жағатын едіңдер», – деп айтты. Табарани «Аусатта» былай деп жазады: «Бір мәрте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына Жәбірейіл періште кенеттен келе қалды. Алланың Елшісі: «Уа, Жәбірейіл, не болды, өңің қуарып тұр?» – деді. Жәбірейіл: «Келмес едім. Алла Тағала тозақ отын үрлеушілерге алауын күшейту туралы бұйрық берді!» – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, маған тозақтың көрінісі қандай болатынын суреттеп берші», – деді. Жәбірейіл (а.с.): «Алла Тағала тозаққа бұйырды, ол мың жыл жағылып, ақ қорға айналды. Содан соң тағы мың жыл жағылғанда қып-қызыл болды. Содан соң тағы мың жыл жағылғанда қап-қара болды. Тозақ қазір қап-қара. Алаулап жанған от та, жылт етіп ұшқан ұшқыны да жоқ. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын! Егер тозақтан кішкене тесік ашылса, оның ыстығынан бүкіл жер жүзіндегілер өліп қалар еді. Егер тозақтың забанилерінен (жазалаушы періште) біреу жер жүзінде көрініп қалса, оның жағымсыздығынан және сасықтығынан жер жүзіндегі барлық жандылар қырылып қалар еді. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант ішіп айтайын! Егер Алла өз кітабы Құранда сипаттап айтқан тозақылар маталған шынжырлардың бір-ақ жүзікшесі жер жүзіндегі тауларға түссе, таулар оның салмағынан жерге батып кетер еді». Сөз сол жерге келгенде Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, жетеді! Жүрегім қабынан шығып өліп қалам!» – деді. Содан соң Пайғамбарымыз Жәбірейілге қараса, ол жылап жатыр. Пайғамбарымыз одан: «Уа, Жәбірейіл, неге жылап жатырсың? Сен Алла бұйырған істі арқалап, ұлы орында тұрсың. Сен қорқатын ешқандай негіз жоқ қой!» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Мен жыламай кім жыламақ еді. Керісінше, мен көбірек жылауым керек. Алланың алдында бәлкім мен басқа жағдайда шығармын. Бәлкім, Ібілістің басына келген сынақ менің де басыма келе ме, білмеймін. Ібіліс те періштелерден еді. Бәлкім, менің де басыма Харут пен Маруттың басына түскен бәлелер түсер, оны да біле алмаймын!» – деді.
275 Бұл сөздерді естіп Алла Елшісі (с.а.с.) де, Жәбірейіл де жылады. Көз жасы көл болды. Міне, сол сәтте бір үн естілді. Оларды атымен шақырып: «Уа, Жәбірейіл! Уа, Мұхаммед! Алла сендерді Өзіне қарсы шықпаған бейкүнә қылып жаратты!» – деді. Мұны естіп Жәбірейіл көзден ғайып болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса сыртқа шықты. Сыртта бірнеше кісі ойнап-күліп, мәре-сәре болып жатқан екен. Оларға: – Күліп жатырсыңдар ма? Арттарыңда тозақ бар. Егер мен білгенді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер. Жеген-ішкендеріңді ас қыла алмай тауларға шығып, Аллаға жалбарар едіңдер, – деді. Міне, сол сәтте Алла Елшісіне бір үн естілді. Ол Пайғамбарымыздың атын атап: «Уа, Мұхаммед, сен пенделерімді үмітсіз қылма. Мен сені сүйіншілеуші қылып жібергенмін. Адамдарды қинау үшін жіберген емеспін!» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тура жолдан адаспаңдар, тура жолға жақын болыңдар!» – деді. Бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілден: «Мен Микаилдың күлгенін көрмедім, неге ондай?» – деп сұрады. Жәбірейіл (а.с.): «Микаил тозақ жаратылғаннан бері еш күлген емес», – деді. Ибн Мажа және Хаким риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендер пайдаланған от тозақ отының жетпістен бір ыстықтығына тура келеді. Егер оттарыңа екі мәрте су сеуіп мұздатылмағанда оны қолдана алмас едіңдер. Сендер пайдаланып жатқан от қайтадан тозаққа қайтармауды Алладан сұранады», – деген. Байхақи риуаят етеді: Әзірет Омар: «Сол жерде олар үздіксіз азап тарту үшін терісі әбден күйіп, шыжғырылған сайын орнына жаңа тері қаптап отырамыз» 645 деген мағынадағы аятты оқып, «Уа, Кәғб, маған бұл аятты түсіндіріп берші, естиін. Егер тура түсіндірме берсең, растаймын. Тура түсіндіре алмасаң, жаңылысыңды түзеймін», – деді. Кәғб аятқа: «Кісінің терісі бір сағатта не бір күнде алты мың мәрте күйдіріліп, қайтадан жаңаланады» деп түсіндірме берді. Әзірет Омар: «Тура түсіндірме бердің», – деп оның сөзін растады. 645 «Ниса» сүресі, 56. Хасан Басри аятқа былайша түсіндірме берген: «Тозақ оты кісілердің терісін әр күні жетпіс мың мәрте күйдіреді. Әрбір мәртесінде «Бұрынғы жағдайларыңа қайтыңдар!» – деп айтылады. Олар бұрынғы жағдайына келеді». Мүслим риуаят етеді: «Бұл дүниеде мәре-сәре күн кешіп өткен кісі тозақыларға қосылады. Ол тозаққа салынып алынғаннан кейін: «Уа, адамзат, дүниеде мәре-сәре өмір сүрдің. Көрген рақатың туралы айт...» – деп сұрағанда, «Жоқ, Құдайақы, мен дүниеде еш рахат көрмедім!» – дейді. (Тозаққа көз ашып-жұмғанша уақыттай салынып шығарылуы оның дүниеде көрген рақаттарын ұмыттырады). Сонда пейіштегілердің арасынан бұл дүниедегі өмірін қиыншылықтар қаптаған бір кісіні алып келеді. Ол пейіш рақатын жақсылап көрген болды. Одан: «Уа, адамзат, сен дүниеде қандай қиыншылық, азаптарды көрдің?» – деп сұрайды. Ол: «Жо-жоқ, мен дүниеде еш қиналмай өмір сүрдім», – деп жауап береді». Ибн Мажа риуаят етеді: «Тозақылар бір мәрте қатты жылайды. Көп жылап, көз жастары құрғайды. Содан соң көз жасының орнына қан ағады. Міне, содан жүздері қатып, шарт-шарт жарыла бастайды. Бұл жарақаттардан аққан қан дариясына кеме салсаң жүзіп кетуі мүмкін!»
276 Таразы және сырат көпірі Әбу Дәуіт хадис жинағында әзірет Айшадан риуаят етеді: «Айша анамыз бір күні өкіріп жылап жатқанын Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп: – Айша, неге жылап жатырсың? – деді. Айша анамыз: – Тозақты еске алып жыладым, ақыретте отбасыңызды еске аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Үш жерде – орындалған істер таразыға тартылғанда, дәптерлер берілгенде, Сырат көпірінен өткенде ешкім ешкімді еске алмай, өз басын ғана ойлап қалады, – деп жауап берді». Тирмизи Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) қиямет күні маған шапағат қылуын сұрандым. «Құдай бұйырса, шапағат етемін», – деді. Мен: «Сізді қайдан табам?» – десем, «Мені әуелі Сыраттың алдынан ізде», – деп айтты. «Ол жерден таба алмасам ше?» – деп сұрадым. «Жасалған істер тартылатын таразының жанынан ізде», – деді. Мен: «Таразының жанынан да таба алмасам ше?» – деп сұрасам, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кәусар бұлағының жанынан ізде! Мен әлбетте сол үш жердің бірінде болам», – деп айтты. Хаким баяндайды: «Қиямет күні бір таразы қойылады. Бұл таразыға бүтіндей аспанжерді тартуға да болады. Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, бұл кім үшін құрылады?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Жаратқандарымнан қалаған нәрселерім үшін», – деп жауап береді. Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, сен барлық кемшіліктерден тазасың! Біз саған толық құлшылық жасай алмадық!» – дейді. Мүслим Үммі Мубашшар Ансариядан (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хафсаның жанында тұрып: «Құдай бұйырса, (Худайбияда) ағаштың астында ант бергендер тозаққа түспейді» дегенін естідім. Хафса (р.а.): «Әлбетте, Алланың Елшісі!» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны сөзден тоқтатты. Бірақ Хафса (р.а.): «(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды»646 деген мағынадағы аятты оқыды. 646 «Мариям» сүресі, 71. Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса: «Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу арқылы ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен күйі қалдырамыз»647 деген мағынадағы аятты жалғастырып оқыды. 647 «Мариям» сүресі, 72. Пайғамбарымыздың дүниеден қайтуы Ибн Масғуд (р.а.) риуаят етеді: «Қоштасу (өлім) жақындап қалған күндердің бірінде әзірет Айшаның үйіне Алла Елшісін (с.а.с.) көргелі бардық. Ол бізге қарап тұрып, көздеріне жас толды. Содан соң сөйлей бастады: «Қош келіпсіңдер! Алла бәріңе берекелі өмір берсін. Жаратқан Өзі сендерді мақсаттарыңа жеткізсін. Өзі қолдасын. Сендерге кеңесім, Алладан қорқыңдар, тақуа болыңдар. Тағы айта кетерім, мен Алланың сендерге жіберген ескертушісімін. Енді маған ажал жақындады. Сендерге
277 және мен дүниеден өткеннен кейін дінімізге кіргендерге Алланың сәлемі және рақымы болсын!»648 648 Әл-хилия, 4/198. Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дүниеден өтер алдында Жәбірейілден (а.с.): «Менен кейін үмбетім кімнің қолында қалады?» – деп сұрайды. Алла Тағала Жәбірейілге: «Сүйікті Елшіме сүйіншіле. Оның үмбетін тастап қоймаймын. Адамзат қайтадан тірілтілгенде қабірден бірінші болып ол шығады және махшар алаңында үмбетінің басында тұрады. Оның үмбеті ішке кірмейінше, пейішке басқа үмбеттердің кіруіне рұқсат жоқ» деп хабар жібереді. Сонда Пайғамбарымыз: «Енді көңілім жайланды», – деді. Әзірет Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз жеті құдықтан алынған жеті құмыра сумен өзін жуындыруды тапсырды. Біз айтқанын орындадық. Көңілі сергіп қалды. Содан соң үйден шығып жамағатпен намаз оқыды, содан соң Ухуд шейіттері үшін Аллаға дұға қылды. Оның артынан ансарлар туралы: «Уа, мұһажирлер! Сендер көбейіп жатырсыңдар. Бірақ ансарлар бүгінгіден көбеймес болды. Ансарлар – менің баспанам. Олардың жақсыларын сыйлаңдар. Қателік жібергендердің қателеріне көз жұмыңдар» деп өсиеттеді. Сонда сөздерін былайша жалғастырды: «Бір пендеге бұл дүниеде өмір сүру не Алланың алдына бару ықтияры берілді. Пенде Алланың жанына баруды таңдады». Бұл сөзді естіген Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туралы айтып жатыр, дүниеден өтеді ғой деп ойлап жылай бастады». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу Бәкір, өзіңді ұста! Мешіттің көше жақтағы есіктерін жабыңдар! Әбу Бәкірдің жолы жақтағы есік қана қалсын! Өйткені мен үшін бұл дүниеде Әбу Бәкірмен әңгімелескеннен артық нәрсе жоқ», – деді. Әзірет Айша сөзін одан ары жалғап былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің үйімде, менің қолымда көз жұмды. Алла Тағала өлім сәтінде онымен менің сілекейімді біріктірді. Міне, сол сәтте інім Абдуррахман келді. Қолында мисуак бар екен. Пайғамбарымыз мисуакқа қарады. Тіс тазалағысы келіп жатқанын сезіп: «Оны сізге алып берейін бе?» – дедім. Бас изеді. Мисуакты алып бердім, аузына салды. Бірақ мисуак қатты еді. Мен «Жұмсартып берейін бе?» – дедім. Тағы бас изеді. Мен мисуактың ұшын шайнап жұмсартып бердім. Жанында бір ыдыста су тұрған еді. Қолын суға салып, жүзін сипап: «Алладан басқа құдай жоқ. Әлбетте, өлімнің қинауы бар», – деді. Содан соң қолына су құйып бердім. Одан: «Ұлы Досымның жанына...» деп қайталады. Мен өзімше: «Демек, ол бізді таңдаған жоқ», – дедім. Саид ибн Абдулла өзінің әкесінен риуаят етеді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ауруы күшейгенін көріп ансарлар мешітке жиналды. Аббас (р.а.) Алла Елшісінің жанына кіріп, сыртта ансарлар уайымдап жатқанын білдірді. Содан соң Фадлдың жанына келіп, сол сөздерді айтты. Оның артынан әзірет Али ішке кіріп, ол да сол сөздерді айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын созып «Ұстаңдар», – деді. Дереу оның қолын ұстап: «Не дейсіз?» – деп сұрады. Жанындағылар: «Сені үзіле ме деп қорқып жатырмыз», – деді. Еркектер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына жиналғанда, әйелдер де шуылдай бастады. Пайғамбарымыз төсектен тұрып, Али мен Фадлға сүйеніп мешітке кірді. Аббас (р.а.) алда бара жатты. Алла Елшісінің (с.а.с.) басы таңулы еді. Өзі жүріп барып мінбердің бірінші сатысына отырды. Ел айналасына жиналды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаға мақтауларын айтқаннан кейін: «Уа, адамдар! Естуімше, мені өле ме деп қорқып жатыр екенсіңдер. Өлімнен жатырқап тұрғандайсыңдар. Пайғамбарларыңның өлері таңғалатын нәрсе емес қой? Өлерімді бұрын да айтпадым ба? Сендер менің өлерімді білуші емес пе едіңдер? Мен
278 сендердің араларыңда мәңгілік қалатындай, бұрынғы пайғамбарлар үмбетінің арасында мәңгілік қалды ма? Мен Жаратқан Иемнің алдына барам, сендер де барасыңдар. Менің сендерге бірінші насихатым: «Мұһажирлерге жақсы мәміле жасаңдар!» Өйткені Алла Тағала: «Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде. Тек иман келтіргендердің, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың, бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың және (қайғы-қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек»649 деген. 649 «Аср» сүресі, 1-3. Барлық істер Алланың бұйрығымен жүреді. Бір іс кешігіп жатқан болса, саспаңдар. Өйткені пенде сасқанымен, Алланы састыра алмайды. Кім Алланың үкімдеріне қарсы шықса, оны Құдай ұрады. Оны алдауға әрекет жасағанның жазасын береді. «Егер басқаруды қолға алсаңдар, жер жүзінде жамандық шығарып, бауырмалдық мәмілелеріңді үзіп тастайсыңдар ма?» Ансарларға жақсы мәміле жасаңдар. Өйткені сендер мұһажирлерден бұрын олар Мәдинаны баспана және иман ұясы қылған. Оларға (ансарларға) жақсылық жасауға шақырам. Сендерді мал-мүлкіне серік етпеді ме? Сендерді өз жеріне қабыл алмады ма? Өздері мұқтаж болып тұрғанына қарамай сендерді өздерінен артық сыйламады ма? Ескертіп қояйын, кім екі кісінің ортасындағы мәселеге төрешілік жасайтын болса, жақсысына жақсы мәміле жасасын, жаманының кемшілігін кешіріп, көрмегенсіп қоя салсын. Сендердің араларыңнан кетіп бара жатырмын. Сендер де артымнан келесіңдер. Кәусар бұлағында жолығамыз. Бұлағым Шамның Басра қаласы мен Йеменнің Сана қаласының аралығындай кең. Кәусар бұлағынан сүттен ақ, ақ көбіктен жұмсақ, балдан тәтті су ағады. Одан ішкендер еш шөлдемейді. Тастары інжу, иісі миск. Есеп күні кім одан құр қалса, әрқандай жақсылықтан құр қалады. Кім ертеңгі күні менің жаныма келгісі келсе, қолын, тілін керексіз нәрселерден сақтасын», – деді. Сол кезде Аббас: «Уа, Алланың пайғамбары, құрайыштықтарға насихат айтыңыз», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл насихаттарым құрайыштықтарға ғана айтылады. Адамдар құрайыштықтарға ғана ереді. Жақсылар жақсыларына, жамандар жамандарына ереді. Уа, құрайыштықтар, бәріне жақсы мәміле жасаңдар! Күнәлар нығметтерді және бұрын бөлінген нәсіпті өзгертеді. Ел жақсы болса, басшылар да оларға жақсы мәміле жасайды. Ел жаман болса, басшылар да оларға қатал мәміле жасайды. Алла Тағала: «Біз осылайша залымдарды өз қолымен істеген әрі амал дәптерлеріне жазылған күнәлары себепті, (күнәға одан сайын бойлай түссін деп, жамандық жасауға келгенде) бір-бірінен қолынан келген көмегін аямайтын дос-жаран қыламыз»650 деген». 650 «Әнғам» сүресі, 129. Ибн Масғудтың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкірге: «Бір нәрсе сұрайтын болсаң сұра», – деді. Әбу Бәкір мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ортасында төмендегідей әңгіме жүрді: – Уа, Алланың Елшісі, өлім жақындады ма? – Өлім жақындап, үстіме салаңдап қалды. – Уа, Алланың Елшісі, Алланың алдындағы барлық нәрсе саған құтты болсын! Басымызға не келерін білсемші! – Аллаға аманат. Сидратул Мунтаһаға, пейішке, Фирдаусқа, толған кеселерге. Ұлы Жаратқанға, жақсы нәсіп, рақат өмірге... – Сені кім жусын?
279 – Жақындығына қарай туыстарымның еркектері. – Қандай кебінге орайық? – Үстімдегі киімдеріме. Йемен матасынан бір киімге және Мысырдың ақ бөзіне ораңдар. – Жаназа намазыңды қалай оқиық?.. Бұл сәтте біз жылап жаттық. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Тоқтаңдар, Алла сендерді кешірсін және пайғамбарларың үшін сендерге жақсылық берсін. Мені жуып, кебінге орағанда бұл үйдегі кереуеттің үстіне, қабірімнің жанына қойып, бірнеше уақытқа сыртқа шығып тұрыңдар. Өйткені әуелі Алла мейіріміне алады... Содан соң мен үшін кешірім сұрауға періштелерге рұқсат беріледі. Алланың жаратқандарының арасынан бірінші болып мен үшін Жәбірейіл (а.с.) кешірім сұрайды. Содан соң Микаил, Исрафил, Әзірейіл қатарымен Алладан кешірім сұрайды. Одан кейін періштелердің бәрі жаныма келеді. Сонда кезек сендерге келеді. Топ-топ болып кіріп, әуелі бір-бірден сәлем беріп, намаз оқыңдар. Мені ақтап-жақтап, мадақтап, айқайлап жылап-сыздап менің тынышымды алмаңдар. Әуелі имам бастасын. Оның артынан жақындығына қарай қатарымен туыстарым, содан соң әйелдер, ең артында жас балалар кірсін». Әбу Бәкірдің (р.а.) «Сені кім қабірге қойсын» деген сұрағына Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақындығына қарай туған-туыстарымның бір тобы, сендер көре алмаған, бірақ сендерді көріп тұрған бірнеше періштелермен бірге қойсын. Енді барып артта қалғандарға сөздерімді жеткізіңдер», – деді. Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) арамыздан кеткен күні оның жанындағылар таңертең ауруының жеңілдеп қалғанын көріп, қуанып үйлеріне және жұмыстарына тарасты. Оны жұбайларының жанына тастады. Біз бұл жағдайды көріп үмітпен қуанып тұрғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдеріне: «Шығыңдар. Періште келіп жаныма кірейін деп жатыр», – деді. Менен басқа барлық жұбайлары сыртқа шығысты. Басы құшағымда болды. Ол басын көтерді. Мен үйдің бір жағына өттім. Пайғамбарымыз періштемен біршама уақытқа шейін сөйлесті. Сонда мені жанына шақырып, басын тағы құшағыма қойды. Басқа жұбайларына да «Ішке кіріңдер», – деді. Мен: «Бұл Жәбірейілдің көлеңкесі емес пе», – десем, Пайғамбарымыз: «Айша, бұл – өлім періштесі (Әзірейіл (а.с.)). Ол маған келіп: «Алла Тағала мені саған жіберді. Бірақ рұқсатсыз жаныңа кірмеуімді бұйырды. Егер рұқсат бермесең, қайта кетіп, сен қалағанда келейін. Алла Тағала, сен бұйрық бермейінше, жаныңды алмауымды айтқан. Сен не дейсің?» – деді. Мен: «Жәбірейіл маған келгенге шейін ары бара тұр», – дедім. «Қазір Жәбірейіл келеді», – деді. Әзірет Айша айтады: «Біз жауабын таба алмаған не қылуды ойлай алмаған жағдайда қалдық. Терең қайғыға көмілдік. Басқа ұрғандай есеңгіреп тұрдық. Біз үшін бұл үлкен қайғы еді. Ішіміз әлем-жәлем. Үйдегілердің бәрі үнсіз тұнжырайды. Жәбірейіл уақытында келді. Сәлем берді. Мен оның Жәбірейіл екенін білдім. Үйдегілер сыртқа шықты. Жәбірейіл кіріп: – Алла саған сәлем айтты. Өзіңді қалай сезініп жатқаныңды сұрады. Ол сені бәрінен жақсы біледі. Ол сенің дәрежеңді көтермекші. Сенен үмбетіңе үлгі болуыңды талап етеді, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Мен өзімді әлден айырылғандай сезіп тұрмын, – деп айтты. Жәбірейіл: – Мен саған жақсы хабармен келдім. Алла сені сен үшін дайындап қойған нәрселеріне жеткізбекші, – деді.
280 Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Уа, Жәбірейіл, өлім періштесі менен рұқсат сұрап жатыр, – деп болған жағдайды айтты. Жәбірейіл: – Уа, Мұхаммед, Жаратқан Иең сені күтіп жатыр. Періште саған неге келгенін айтпады ма? Алла куә, өлім періштесі соған шейін ешкімнің жанын алу үшін рұқсат сұраған емес. Бұдан кейін де сұрамайды. Жаратқан Иең сенің дәрежеңді барлығына жеткізгелі жатыр. Ол сені сүйеді. Сондықтан еш қайғырма, (өлім періштесі) келе берсін, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Олай болса өлім періштесі келгенге шейін жанымнан кетпе, – деді және әйелдерге ішке кіруге рұқсат берді. Сонда «Уа, Фатима, жақын кел», – деді. Фатима оған иілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның құлағына бір нәрселерді сыбырлады. Фатима жылаған бойы басын көтерді. Көз жасына булығып сөйлей алмай жатты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтадан: «Құлағыңды тос», – деді. Фатима оған иілгенде Пайғамбарымыз оның құлағына тағы бір нәрселерді айтты. Бұл жолы Фатима жымия күліп басын көтерді. Бірақ тағы да сөйлей алмай жатты. Біз соған таңғалдық. Кейін Фатимадан бұл туралы сұрасақ: «Әуелі маған «бүгін өлем», – деді. Сол үшін жыладым. Содан соң ол: «Жаратқан Иемнен сені маған бірінші жеткізсін және отбасымның ішінен әуелі сені менің жаныма жіберсін», – деп сұранып дұға қылдым», – деді. Міне, сол үшін күлімсіредім», – деп жауап берді. Фатима екі ұлын Пайғамбарымызға (с.а.с.) жақындатты. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды иіскеп-иіскеп алды. Сонда өлім періштесі (Әзірейіл (а.с.) келіп сәлем берді де, ішке кіруге рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған рұқсат бергенде, өлім періштесі «Уа, Мұхаммед, бізге айтарың бар ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Мені дереу Жаратқан Иеме жеткіз», – деді. Өлім періштесі: «Мақұл, бүгін-ақ жіберем. Жаратқан Иең де сені күтіп жатыр. Ешкімге сендей тоқталмады. Сенен басқа ешкімнің жанына рұқсатсыз кіруіме тыйым салған емес. Сен күткен уақыт келіп қалды», – деп айтты. Міне, соларды айтқаннан кейін ол сыртқа шығып, Жәбірейіл кірді. Ол: «Уа, Алланың Елшісі! Сәлем саған. Бұл менің жер жүзіне ақырғы түсуім. Уахи тоқтады. Менің жер жүзінде сенен басқа да ісім жоқ. Саған жолығудан басқа жер жүзімен еш байланысым да болмайды. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін, бұдан кейін бұл жерде тұрудың еш зәрулігі қалмады», – деді. Үйдегілерден ешбіріміз не істеуді білмей есеңгіреп тұрдық. Әсерлі сөздерді естіп отырып Пайғамбарымыздың еркек туыстарына хабарлау да есімізге келмепті. Есеңгіреп отырып қалдық. Сол сәтте басын көкірегіме сүйесін деп Алланың Елшісіне жақын бардым. Көкірегінен сүйедім. Міне, сол сәтте ол есін жоғалтып, әлсіреп кетті. Шекесі қатты терлеп кетті. Ешкімнің бұлай терлегенін көрген емеспін. Терін сүрте бастадым. Оның осы ақырғы терінің иісіндей жағымды ешбір иіс жоқ еді. Өзіне келгенде оған: «Ата-анам, жаным және бала-шағам саған садақа болсын, маңдайың қатты терледі», – дедім. Маған: «Уа, Айша! Мүминнің жаны термен, кәпірдің жаны есектің жанындай жақтарының ортасынан шығады», – деді. Міне, сонда өзімізге келіп, жақындарымызға хабарладық. Үйге бірінші болып әкем жіберген бауырым келді. Солайша ешкім келмей тұрып Пайғамбарымыз (с.а.с.) арамыздан кете берді.
281 Еркектерді оның жанында тұрғызбаған да Алла Тағала еді. Өйткені оған Жәбірейіл (а.с.) мен Микаил (а.с.) міндеттендірілген еді. Өлім алдында «Ұлы Досыма...» – деп айтып жатты. Содан соң тағы бір сөзі «Намаз, намаз» еді. Әзірет Айша айтады: «Пайғамбарымыз дүйсенбі күні сәске мен түс ортасындағы уақытта арамыздан кетті». Фатима (р.а.) айтады: «Аллаға ант етейін, бұл үмбет сол дүйсенбі күндей әсері үлкен басқа оқиғаға куә болған жоқ». Үммі Гүлсім (р.а.) әзірет Али Куфада шейіт етілген күні де сол сияқты сөз айтқан еді: «Дүйсенбі күні көп қайғы тарттым. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәл сол күні көз жұмды. Али (р.а.) сол күні өлтірілді. Әкем де сол күні өлтірілген». Әзірет Айша (р.а.) сөзін төмендегіше жалғастырады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) арамыздан кеткеннен кейін ел мешіттің айналасына жиналып, жылап-сыздай бастады. Періштелер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үстін киімімен жауып кетті. Ел бұл оқиғаны әртүрлі қабыл алды. Кейбірі Алла Елшісінің (с.а.с.) дүниеден өткеніне сенбей жатты. Кейбірі тілден қалғандай тұнжыраса, кейбірі мағынасыз сөздерді күбірлеп жатты. Кейбірлері қолынан келгенше өздерін ұстап байсалды тұрса, тағы біреу буындарынан күш кетіп, орындарында шалқайып отырып қалды. Әзірет Омар да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүние салғанына сенбегендерден еді. Әзірет Али болса орнынан қимылдай алмай отырып қалды. Осман (р.а.) тілден қалғандай үнсіз еді. Мұсылмандардың ешбірі сол сәтте әзірет Әбу Бәкір мен Аббастай (р.анһума) өздерін ұстай алмады. Алла Тағала оларға осындай жағдайда тура жолды көрсетті. Әзірет Аббас: «Жалғыз Аллаға ант етейін, «Алланың Елшісі өлімнің дәмін татты. Негізі, ол біздің арамызда жүргенде-ақ Алла Тағала оған: «Шүбәсіз, ақыр соңында сен де өлесің, олар да өледі. Содан кейін қиямет күні Раббыларыңның құзырында бір-біріңмен дауласатын боласыңдар»651 демеп пе еді», – деді. 651 «Зумәр» сүресі, 30-31. Хабар Әбу Бәкірге (р.а.) хазраж руынан Харис ұлдарының үйінде отырған жерінде жетті. Ол дереу келіп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына кірді. Жүзіне қарап, иіліп сүйді де: «Уа, Алланың Елшісі, әкем-анам сізге садақа болсын, сен екі мәрте өлмейсің. Аллаға ант етейін, Алланың Елшісі өлді», – деді. Содан соң сыртқа шығып, жиналған елге былай деп айтты: «Уа, адамдар! Кім Мұхаммедке құлдық қылып жүрген болса Мұхаммед өлді. Кім Мұхаммедті жаратқан Аллаға құлдық қылса, ол Тірі және Өлмес». Алла Тағала былай дейді: «Мұхаммед (ақиқат жаршысы ретінде жіберілген) елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса, онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла (тура жолда жүрудің қадірін түсініп) шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді»652. 652 «Әли Имран» сүресі, 144. Ел бұл аятты бірінші мәрте естіп жатқандай құлақ салып тыңдады». Басқа бір риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) хабарды естігенде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйіне салауат айтып кірді. Көздерінен жас құйылып, кеңірдегі құмыраның аузындағы судай қимылдап тұрды. Соған қарамай сөздері және іс-әрекеттері орынды еді. Иіліп Алла Елшісінің (с.а.с.) жүзіндегі жабуды ашты. Маңдайынан, бетінен сүйді, жүзін сипады. Содан соң көз жастарын тыя алмай былай деді: «Атам-анам, жаным және бала-шағам түгел сенің жолыңа садақа болсын. Өмірің де, өлімің де қандай әдемі! Сенің өліміңмен басқа ешбір пайғамбардың өлуімен тоқтамаған уахидің аяғы үзілді. Сен жайлы баяндап біте алмаймыз, сен өте ұлықсың, сен үшін жылауға болмайды. Өте өзгеше болғандығыңнан бәріміз сенің айналаңа жиналдық. Сен бізді ынтымаққа
282 шақырып, бір бүтін болдық. Егер өлімің өзіңнің таңдауың болмағанда көз жасқа көмілуші едік. Егер сен жылағаннан тыймағаныңда, саған жылап көз жастарымыз құрғап қалушы еді. Біз тоқтата алмаған көз жастарымыз – ажырағысыз болып қалған сенен айырылғанымыздың және сені еске алуымыздың белгісі. Уа, Жаратқан Алла, бұл сезімдерімізді оған жеткізе көр! Уа, Мұхаммед! Бізді Алланың алдында еске ал, әрдайым сенің жадыңда сақталайық. Егер бізге байсалдылықты үйретіп кетпегеніңде сенен айырылуға ешкім шыдай алмас еді. Уа, Жаратқан Алла! Біздің дертімізді Пайғамбарыңа жеткізе көр, оны біздің арамызда қыла көр! Уа, Жаратқан Алла, пайғамбарға сәлемімізді жеткіз, оны әрдайым арамызда жүргендей сақтай көр!» Осымен кітап аяқталды. Көңілдеріміз оған бұрылып, Пайғамбарымыз бізге үлгі-өнеге болсын! Жамандықтарымызды жақсылыққа айналдыруын және иманмен Пайғамбарымызға (с.а.с.) жолықтыруын Алладан тілейміз. Әрбір жақсылықты Алладан сұрап, оның мейірімін үміт етеміз. Мақтау әлемдердың Иесі Аллаға болсын!