The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by hayat ss, 2024-04-04 07:00:38

Жүректің сырлары

Жүректің сырлары

51 бәріңді (жайқалған жасыл бауларының арасымен және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшаларына кіргізер. Ол күні Алла пайғамбарды және жанындағы мүміндерді жерге қаратпайды. Олардың нұры алдарына әрі оң жақтарына шығып, алып-ұшып жолдарына жарық түсірумен болады. Сонда олар: «Уа, Раббымыз! Нұрымызды толықтырғайсың һәм бізді кешіргейсің. Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді», − деп жалбарынады»110 дейді. 110 «Тахрим» сүресі, 8. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да: «Күнәларынан тәубе жасаған кісі – Алла Тағаланың сүйіктісі һәм тәубе келтірген кісі – еш күнәсі жоқ адамдай», – деген. (Ибн Мажа). Алла Елшісінің қызметшісі Әнәс ибн Мәлик әл-Ансари (р.а.) баяндайды: Алла Елшісі (с.а.с.): «Құлы тәубе жасағандағы Алланың қуанғаны – біреуіңнің иен далада шөлде жоғалтып алған түйесін кенеттен тапқан кездегі қуанышынан әлдеқайда күшті»111, – деп айтқан. 111 Бұхари, Дағаат, 4; Мүслим, тәубе, 1. Мейірімділік Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішке мейірімділер ғана кіреді», – деп айтқанда, сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, біз бәріміз мейірімдіміз», – деді. Сонда Алла Елшісі: «Өзіне ғана емес, басқаларға да мейірімділік танытқан кісі мейірімді»112, – деді. 112 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 13477; Жамиғус-Сағир, 9961. Пенденің өзіне-өзі мейірімділік танытуы – өзін Алла Тағаланың азабынан қорғауы, тыйым салған нәрселерінен аулақ болып, бұйрықтарын орындауы. Ол үшін күнәдан бас тартып, бұрынғы күнәлары үшін тәубе келтіріп, ғибадат жасаумен ғана Алла Тағаланың разылығын көздеу керек. Басқаларға мейірімді болу – Ислам діні белгілеген адам ақыларына көңіл бөліп, басқаларға зиян бермеу. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман – қолымен және тілімен басқаларға зиян келтірмеген кісі»113, – деген. 113 Бұхари, 10; Мүслим, 4 Нәсаи, 4996; Әбу Дәуіт, 2481. Сондай-ақ хайуандарға да рақым қылып, оларға көтере алмайтындай шектен тыс жүк жүктемеу. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бір кісі сапар тартып бара жатып бірқұдық тапты. Құдыққа түсіп су ішіп қайта шықса, сыртта бір итауызын ашып қаталап, тілін салаңдатып тұрыпты. «Бұл байғұс ит те мендей шөлдеген екен» деп қайтадан құдықтың түбіне түсіп, аяқкиіміне су толтырып, аузына тістеп алып құдықтан шығып, итке берді. Нәтижеде ол кісінің жасаған ісіне Алла разы болып, күнәларын кешірді». Мұны естіген сахабалар Алла Елшісіне (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, хайуанаттарға рақым қылғанымыз үшін де сауап табамыз ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Барлық тірі жандылар себепті сауап табасыңдар»114, – деді. 114 Бұхари, Мусақат, 9; Мазалим, 23; Адаб, 27; Мүслим, Сәлам, 153. Әнәс ибн Мәликтің риуаят еткені бойынша, Омар (р.а.) кешкісін қыдырып жүріп бір жерде тоқтаған керуенді кезіктірді. Керуеншілердің бәрі ұйықтап жатқанын көріп, олардың мал-мүлкін біреу ұрлап кете ме деп уайымдай бастады. Сонымен түн болғанына қарамай Абдулла ибн Ауфқа жетіп барды. Абдулла әзірет Омарды көріп: – Уа, мүминдердің басшысы, тыныштық па? Жеті түнде адасып келіп қалғаныңа жол болсын? – деп сұрады. Әзірет Омар (р.а.) оған:


52 – Ауылдың айналасын қарап жүріп тоқтап тұрған керуенді кезіктірдім. Сосын әлгі керуеншілердің бәрі бірдей ұйықтап қалса, қарақшылар, ұрылар қол салуы мүмкін деп ойлаймын. Жүр, екеуіміз барып күзетте тұрайық, – деді. Сөйтіп олар керуеннің жанына барып, таң атқанша күзетті. Таң атып жер ағарғанда Омар (р.а.): – Уа, жолаушылар, намазға тұрыңдар! – деп үн салды. Жолаушылар оянғанда әзірет Омар (р.а.) ауылға қарай кетті. Сахабалардың жолында жүру – біздің міндетіміз. Алла Тағала оларды: «Олар бірбіріне өте мейірімді»115 деп мақтаған. 115 «Фатх» сүресі, 29. Олар мұсылмандарға және барлық жандыларға қайырымды. Тіпті мұсылман болмаған зиммилерге116 де қайырымды. 116 Мұсылман өлкесінде келісіммен өмір сүрген мұсылман емес жарандар. Әзірет Омар (р.а.) бір күні қартаң зиммидің әркімнің есігін қаққылап қайыр сұрап жүргенін көреді. Әзірет Омар оған жүрегі ауырып: – Кешір бауырым, біз саған ынсапты мәміле жасай алмаппыз. Жас, күш-қуатты кезіңде саған салық салып, тапқаныңнан үлес алушы едік. Енді осылай қартайғаныңда сондай ауыр жағдайға тастап қойыппыз, – деді. Содан соң Бәйтул Малдан117 (мемлекет қазынасы) ол кісіге жәрдем берілуін бұйырды. 117 Мұсылман өлкесінің мемлекеттік қазынасы. Әзірет Алиден төменгідей оқиға риуаят етілген: «Бір күні ертемен Омардың (р.а.) түйе мініп алып Абтах деген жерге жол тартып бара жатқанын көріп: – Уа, мүминдердің басшысы! Қайда бара жатырсың? – деп сұрадым. – Зекетке келген түйелерден біреу жоғалып кетіпті. Соны іздеп бара жатырмын, – деді ол. Оның жауабын естіп өзімше таңғалдым. – Уа, мүминдердің басшысы, сен өзіңнен кейін келетін халифаларды қиыншылыққа салдың ғой, – дедім. – Ей, Әбу Хасан, – деді ол сонда, – Мені айыптама. Мұхаммедті (с.а.с.) пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін, Евфрат (Тигр) дариясының бойынан бір қозы жоғалса, қиямет күні оның есебі Омардан сұралады ғой деп қорқам. Өйткені мұсылмандарды жаман жағдайға қалдырған және мүминдерді қорқытқан залым басшыларға бас июге болмайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үмбетімнің алдыңғылары көп намаз оқып, ораза ұстағаны үшін емес, жүректерінің тазалығы, жомарттылығы және барша мұсылмандарға мейірімділігі үшін пейішке кіреді», – деп айтқан. «Қайырымдыларға Қайырымды Алла рақым қылады. Жер жүзіндегілерге қайырымды мәміле жасасаңдар, көктегілер де сендерге қайырымды мәміле жасайды»118. 118 Әбу Дәуіт 4941; Тирмизи, 1924. «Басқаларға қайырымды болмағандарға рақым қылынбайды. Басқаларды кешірмегендер кешірілмейді». Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін риуаят етеді: «Сенің мойныңда мұсылмандардың төрт ақысы бар: 1) Жақсыларына жәрдем бер. 2) Күнәһарларының кешірілуін тіле. 3) Ауруларын зиярат қыл. 4) Тәубе жасағандарды сүй». Риуаяттарға қарағанда, әзірет Мұса Жаратқаннан:


53 – Уа, Жаратқан Ием! Қандай себептен кейін мені өзгеше пенде қатарына қабыл алдың? – деп сұрады. Алла Тағала оған: – Жаратқан нәрселеріме қайырымды болғаның үшін, – деп жауап берді. Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) балалардың артынан жүріп, олар ұстаған құстарды сатып алып ұшырып жіберді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Мүминдер бір-бірін жақсы көріп, бір-біріне мейірімділік жасауда, бір-біріне көмектескенде бір дене сияқты. (Кісінің) бір жері ауырса ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің дертіне серіктес болады емес пе».119 119 Дайлами, Муснадул Фирдаус. Хикая Қайсыбір қатты ашаршылық жүрген қатал жылы Исраилұлдарынан бір тақуа кісі жолда бара жатып құм төмпешігін көреді де, ішінен: «Сол төбелер ұн болып, Исраилұлдарының қарны тойса ғой» деп ойланады. Сонда Алла Тағала Исраилұлдарының сол сәттегі пайғамбарына: – Пәленшеге «Сол құм төбелері ұн болып, елдің қарнын тойдырғаныңдай сансыз сауап таптың», – деп айтып қой, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да өз уақытында: «Мүминнің ниетіжасаған ісінен жақсырақ», – деп айтқан.120 120 Табарани, Муғжамул кәбир, 6/185; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 1/61. Хикая Әзірет Иса (а.с.) бір күні Ібілісті жолықтырып қалады. Оның бір қолында бал, екіншісінде күл бар еді. Әзірет Иса (а.с.) одан: – Ей, Алланың дұшпаны! Бұл бал мен күлді не қыласың? – деп сұрайды. Ібіліс оған: – Тілдерін тоқтата алмай, өсектің ең шыңына жетсін деп балды өсекшілердің аузына жағамын. Ал күлді басқалар қор қылсын деп жетімдердің жүзіне себемін, – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетім таяқ жеп жылағанда Қайырымды Алланың Аршы дірілдеп, ұлы Жаратқан: «Ей, періштелерім! Мен әкесін топырақ астына жасырған нәрестені кім жылатып жатыр?» – деп сұрайды», – деп айтқан. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім бір жетімді жегізіп-ішкізсе Алла Тағала оған пейішті уәжіп қылады»121, – деген. 121 Тирмизи, 1917; Ахмад ибн Ханбал, 18546. «Раудатул-Улама» атты кітапта: «Әзірет Ибраһим (а.с.) тамақтанарда бір-екі шақырым жол жүріп, бірге тамақтанатын кісі іздеуші еді», – деп айтылады. Бір күні әзірет Алидің (р.а.) жылап отырғанын көріп, одан: «Неге жылап жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Жеті күннен бері үйіме қонақ келмеді. Алла Тағаланың назарынан тыс қалдым ба деп қорқып жатырмын», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Алланың разылығын ғана көздеумен бір аш кісінің қарнын тойдырған пендеге пейіш уәжіп болады. Кім аш кісіге тамақ беруден қашса, Алла Тағала қиямет күніоны сыйынан құр қалдырып, тозақта азаптайды»122 деген. 122 Табарани, Муғжамул кәбир, 22/326; Хайсами, Муғжамуз Зауаид. Бір хадисте: «Көп ғибадат жасаған сараңға қарағанда, жомарт пенде Аллаға сүйіктірек», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қияметте төмендегі төрт кісі сұрақсыз пейішке кіреді: 1) Ілімімен амал қылған ғалым;


54 2) Қажылыққа барып келгеннен кейін өлгенге шейін ешкіммен таласып-тартыспаған және күнәдан аулақ болған қажы; 3) Ислам дінінің жайылуы үшін соғысқан шейіт; 4) Адал жолмен тапқан мүлкінен ел көрсін деп емес, Алла ризалығы үшін Алла жолында садақа берген кісі. Міне, сол төрт кісі қияметте «сен бірінші кіресің бе не мен бе» деп тартысады». Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Елге пайдасы тисін деп Алла Тағала мал-мүлік берген пенделері бар. Егер бұл кісілер елге беруден сараңдық қылса,Алла Тағала олардың қолындағы нығметті алып, басқаларға береді»123, – деген. 123 Табарани, Муғжамул Аусат, 5/227; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 8/196. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Жомарттық – бұтақтары жер жүзіне иілген пейіш ағашы. Кім бұл бұтақтардың бірін ұстаса, ол сол кісіні пейішке жеткізеді»124 деген хадисі бар. 124 Муснадул Фирдаус, 2/341; Ихияу улумид дин, III, 244-бет. Миқдам ибн Шуайб әкесінен, әкесі үлкен әкесінен мынадай риуаят қалдырған: «Мен Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі! Менің пейішке кіруіме себеп болатын бір істі айт», – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.) маған: «Кешірімге себеп болған істер: 1) Тамақ беру, 2) Сәлемдесуді жаю, 3) Жақсы сөз сөйлеу»125, – деді. 125 Табарани, Муғжамул кәбир, 22/180; Жамиғус Сағир, 2499; Ихияу улумид дин, III,244-бет. Намаз Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Мен көктегі тақта отырған бір періштені көргем. Айналасында жетпіс мың періште қызмет жасап жүрген. Ол періште дем алған сайын Алла бірден періште жаратып тұрды. Енді оның Қаф тауының үстінде, қанаты сынып жылап жатқанын көрдім. Ол мені көріп: «Маған шапағат қыласың ба?» – деді. Мен: «Күнәң не?» – деп сұрасам, ол: «Мен миғраж түні тағымда отырсам, Мұхаммед (с.а.с.) жанымнан өтті. Мен ол үшін орнымнан тұрған жоқпын. Нәтижеде Алла Тағала мені жазалап, өзің көріп тұрғандай, сол жерге тастады», – деді. Кейін мен сол періште үшін Аллаға жалбарып, шапағатшы болдым. Алла Тағала маған: «Жәбірейіл, оған айт, Мұхаммедке салауат айтсын!» – деді. Сол періште қазір саған салауат айтып жатыр. Алла Тағала оны сол қылғаны үшін кешіріп, сынған қанатын қалпына келтірді», – деді. Қиямет күні пендеден бірінші болып намазы сұралады. Егер пенденің намазы толық болса, қалған істері де қабыл алынады. Намазы кем болса, басқа істері де шетке ысырылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз туралы төменгідей хадистері бар: «Парыз намаздар таразы сияқты, дұрыс тартқан кісі пайдасын көреді»126. 126 Абдулла ибн Мүбәрак, Китабуз Зуһд уәр Рақаиқ, 1190. «Үмбетімнен екі кісіні ойлап көріңдер, екеуі бірдей намазғатұрады. Рүкуғ пен сәжделері бірдей. Бірақ екеуінің намазының арасында аспан мен жердей айырма бар», – деп Алладан қаймығып оқылған намаздың маңызын баса айтқан. «Рүкуғ пен сәжденің ортасында белін түземеген пендеге қиямет күні Алла Тағала (мейіріммен) назар салмайды»;127 127 Ахмад ибн Ханбал, 10460.


55 «Кім уақытында намаз оқып, дәретін толық алып, рүкуғ пен сәждесін толық жасаса және намазды Алладан қорыққан жағдайда оқыса, ол пенденің намазы ақ, жарқыраған бейнеде көкке көтеріліп бара жатып: «Мені (әдебіне лайық) сақтағаныңдай, Алла Тағала да сені (әрқалайжамандықтардан) сақтасын», – дейді. Ал енді кім намаздың уақытын өткізіп оқыса, дәретін шала-пұла алып, рүкуғке, сәждеге және Алладан қорқуға немқұрайды қараса, оның намазы да қап-қара жағдайда көкке көтеріліп: «Мені құртқаныңдай, Алла Тағала да сені құртсын», – дейді. Сонда Алла Тағала бұйырған күн келгенде бұл намаз ескі киім сияқты оралып тұрып, оны оқыған кісінің бетіне лақтырылады»128. 128 Табарани, Муғжамул Аусат, 263. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Намазынан ұрлаған кісі – ең жаман ұры»129. 129 Ибн Ханбал, Муснад, 5/130; Мажмағуз Зауаид, 2719. Ибн Масғуд былай дейді: «Намаз таразы сияқты. Кім кемшіліксіз өлшеп берсе, оған да сауабы кемшіліксіз беріледі. Кім таразыдан алдаса, біліп қойсын, Алла Тағала: «Таразы мен өлшеуіштен жеп, елді алдайтын жандардың жағдайы қандай өкінішті!»130 деген. 130 «Мутаффифин» сүресі, 1. Бір ғалым былай дейді: «Намаз – саудаға ұқсас. Саудагер саудаға ақша салмай тұрып кіріс таба алмағандай, парыздарды мұқият оқымаған пенденің қылған намаздары да қабыл болмайды». Намаз уақыты келгенде әзірет Әбу Бәкір жанындағыларға: «Тұрыңдар, Алла Тағаланың өз қолдарыңмен жаққан отын өшіріңдер», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз – ұқыптылық және кішіпейілдік», – деген. Басқа бір хадисте былай дейді: «Иесін бұзақы және жаманістерден қорғамаған намаз пенденің Алла Тағаладан алыстауына ғана себепкер»131. 131 Табарани, Муғжамул кәбир, 11/54; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 3557. Жауапкершілік сезімі жоқ кісінің намазы жаман істерден және қателерден қорғамайды. Тағы бір хадисте төмендегіше айтылады: «Намазында шаршаудан және түрегеліп тұрудан басқа еш пайда ала алмаған қаншама кісілер бар!» Бұл жерде де жауапкершілік сезімі жоқ кісілер туралы айтылып жатыр. Басқа бір хадисте «Пендеге сезіп-біліп оқыған намазының ғана сауабы тиеді»132 деп айтылған. 132 Әбу Дәуіт, 896; Ахмад ибн Ханбал, 18415; Дарими, 2720. Ғалымдар былай дейді: «Намаз төрт негізден тұрады: – Намазды біліп бастау, – Намазға тұрғанында әдебін сақтау, – Барлық парыздарын маңызын сезініп орындау, – Намазды қорқумен аяқтау». Бір ғалым: «Жүрегін ақиқатқа бұрмаған кісінің намазы бұзылады», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіште «Афях» деген дария бар. Онда інжу, жақұттармен ойнаған, Алла зафараннан жаратқан хор қыздар бар. Олар Алла Тағалаға жетпіс мың тілде тасбих айтып тұрады. Үндері Дәуіттің (а.с.) үнінен де әсем. «Біз намазын беріле оқыған кісілер үшінбіз», – дейді. Алла Тағала «Ондайларды өз үйіме жайғастырамын және зияратшылардан қыламын», – деп айтады» деген хадисін айтып кеткен. Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деген: «Уа, Мұса! Мені еске алғаныңда, дене-мүшең тітіресін. Мені еске алғанда, көңілің беріліп тұрсын. Маған зікір


56 айтқанда, сөздерің жүректен шықсын, алдымда тұрғанда құлдай тағзым қыл, менен бір нәрсе тілегенде жүрегің дірілдеп, аузыңнан ақиқат сөз шықсын». Бір риуаят бойынша, Алла Тағала былай деп уахи жіберген: «Үмбетіңнің күнәһарларына айтып қой! Менің атымды ауыздарына алмасын! Өйткені атымды атағандарды атау – Менің шешімім. Демек, олар Менің атымды айтса, Мен де оларды қарғыспен еске алам». Бұл үкім Алланы зікір қылғанда немқұрайды қараған күнәһарларға тиесілі. Ал енді күнәһарлық та, немқұрайдылық та араласып тұрып Алланы зікір қылғандардың жағдайын өздерің ойлап көріңдер! Бір сахаба былай дейді: «Пенделер махшар алаңына намаздағы жағдайларына қарай әкелінеді. Намазын беріліп оқыған һәм оқыған намазынан ләззат алған кісілер махшарда да осындай жағдайда болады. Намаз сәтінде жоғарыда айтылғанға кереғар жағдайда болғандар махшарда да осындай жағдайда болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні намазда сақалымен ойнап жатқан кісіні көріп, «Егер бұл кісінің жүрегінде қорқу сезімі болғанда оның тұруынан байқалмақ. Жүрегінде қорқу жоқ кісінің намазы қабыл болмайды», – деген. Намаз оқығанда жүрегін қорқу сезімі ұялап, өзінің әлсіздігін сезген кісілерді Алла Тағала көптеген аяттарда мақтағаны жалпыға мәлім. Бұл мағынадағы аяттарда былай айтылған: «Намаздарын қаза қылмай уақытылы оқиды»133, «Олар намаздарын үзбей оқиды»134. 133 «Әнғам» сүресі, 92. 134 «Мағариж» сүресі, 23. Белгілі болғандай, намаз оқығандар көп, бірақ намазында қорыққандар аз. Қажылыққа барғандар көп, қажылықтың талаптарын орындағандар аз. Білімділер көп, білгенін орындаған білімділер аз. Намаз – Алланың бұйрықтарына мойынсұну амалы, Алладан қорқу және кішіпейілдіктің басы. Намаздың орындалу шарты мен қабыл болу шарты басқа-басқа. Намаздың орындалу шарты – парыздарды мұқият орындау. Қабыл болу шарты болса – қорқу және беріліп оқу. Алла Тағала былай дейді: «Мүміндер сөзсіз (азап атаулыдан құтылып) мақсатмұратына, нағыз жетістікке жетті. Олар – намазда (құдіреті күшті Аллаға) шын бейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар»135. 135 «Муминун» сүресі, 1-2. Тақуалық шарты туралы Құранда: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады»136 деген. 136 «Мәида» сүресі, 27. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Шын жүрегімен Аллаға беріліп екі рәкат намаз оқыған кісі анасынан жаңа туылғандай барлық күнәларынан арылады». Пенденің көңілін билеген ойлар қорқу мен намаз оқуда көңілін бөледі. Сондықтан оларды ойдан шығарып тастау керек. Ал енді оларды шығару үшін көңілді бөлетін нәрселерден аулақ жерде намаз оқыған жақсы. У-шу жерлер, әшекейлі кілемдер және ұнамды киімдер кісінің көңілін бөледі. Риуаяттарға қарағанда, Әбу Жахм атты кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір нәрсенің белгісі түсірілген белдік сыйлады. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) онымен бір мәрте намаз оқығаннан кейін белінен шешіп: «Мынаны Әбу Жахмға қайта апарып беріңдер, өйткені ол мені намазда көңілімді бөлді»,137 – деп айтқан. 137 Бұхари, 373; Мүслим, 556; Әбу Дәуіт, 4025; Ахмад ибн Ханбал, 25108. Тағы бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) аяқкиімінің бауының алмастырылуын бұйырған еді. Себебі ол жаңа болғаны үшін намазға тұрғанында оған көзі түсті. Сондықтан жаңа бауды алып тастап, ескісін тағуды бұйырды. Алла Елшісінің (с.а.с.) саусағында алтын жүзік бар еді. Ол кезде алтын жүзікке тыйым салынбап еді. Бір мәрте мінберде құтба оқып жатып сол жүзікті қолынан шығарып


57 лақтырып жіберді де: «Сендерге қарап тұрғанымда қайта-қайта оған көзім түсіп, мені алаңдатты» деп себебін түсіндірді. Риуаяттарға қарағанда, бір күні Әбу Талха (р.а.) үйінің бақшасында намаз оқып жатқан. Сол сәтте бір құс бұтақтардың арасынан ұшып қашуға әрекет жасай бастады. Әбу Талха бұл көрініске біршама қызыға қарап қалды. Нәтижеде қанша рәкат оқығанынан да адасты. Намаздан кейін бұл оқиғаны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып беріп, «Сол бақшаны садақа қылдым, қалағаныңыздай қолданыңыз»138 – деді. 138 Ихияу улумид дин, 1/164. Тағы бір сахаба туралы төмендегідей оқиға баяндалады: Құрма ағашы жеміс байлаған кез еді. Бақшада намаз оқып жатқан сахабаның көзіне құрма ағашы түсіп, оған сұқтана қарады. Сөйтіп ол да қанша рәкат оқығанын білмей қалды. Намаздан кейін дереу әзірет Османға (р.а.) барып оқиғаны айтып берді де, «Сол бақшаны қазынаға бердім. Оны Алла жолында жұмса», – деді. Әзірет Осман ол бақшаны елу мың дирхамға сатты. Ұлық ғалымдардың бірі былай дейді: «Мына төрт нәрсе намазға кедергісін тигізеді: – Сәжде жерінен басқа жаққа қарау. – Бетті сипау. – Сәжде жасайтын жердегі құм және шағыл тастарды лақтыру. – Алдынан біреу өтуі ықтимал болған жерде намаз оқу». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз оқыған кісі сәжде жасайтын жерден басқа тарапқа қарамайынша, Алла оған назар салып тұрады», – деп айтқан. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) намазда тірек секілді тіке тұрды. Кейбір сахабалар рүкуғте көпке шейін тұрғандықтан, құстар оларды жансыз нәрселер деп ойлап, жанына қона қалды. Жоғарғы лауазымды кісілердің алдында да құрмет көрсету жоралғылары жасалғаны жөн. Демек, патшалардың Патшасының алдында тұрғанда айрықша әдеп және құрмет көрсету шартын орындамай қою дұрыс емес. Тауратта «Уа, Адам баласы! Алдымда тұрып намаз оқығанда жылағаннан тартынба. Өйткені Мен саған өз жүрегіңнен де жақынмын және Менің нұрым ғайыпты да көреді» деп жазылғаны айтылады. Риуаятқа қарағанда әзірет Омар бір күні мінберде тұрып: – Мұсылман пенде сақалын ағартқанымен Алланың разылығына жеткізетін бірде-бір намаз оқымауы мүмкін, – деді. Мұны естігендер: – Мұны қалайша түсінсек болады? – деп сұрағанда, әзірет Омар: – Адам талабына сай қорқу және кішіпейілдік сезімімен Аллаға бет бұрып намаз оқымаған болады, – деп жауап берді. Әбу Алиден (р.а.): «Өйткені олар намаздарын ұмытыпкеткен»139 деген аяттың мағынасын сұрағанда, «Бұл аят намаз оқығанда бір рәкат оқыды ма әлде екі рәкат оқыды ма, сонысын білмей адасып, қашан сәлем берерін біле алмай қалғандар туралы айтылады», – деп айтқан. 139 «Мағун» сүресі, 5. Хасан (р.а.) бұл аят туралы «Бір нәрсеге алаңдап намаздың уақытын өткізіп жібергендер туралы айтылып жатыр» – деген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Алла Тағала «Пендем Менің азабымнан мойнына парыз жасаған ғибадаттардыорындаумен ғана құтылады»140 деп айтқан» деген хадисі бар. 140 Дарими, 1423.


58 Өсек Алла Тағала Құран Кәрімде өсекті, ғайбат сөзді сынға алып, өсекшіні, ғайбат айтушыны өлген адамның етін жегенге ұқсатқан. Ұлы Жаратқан былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)»141. 141 «Хужурат» сүресі, 12. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман мұсылманның қанын төге алмайды, малмүлкін тонай алмайды, намысын таптай алмайды»142 деп айтқан. 142 Мүслим, 2564; Тирмизи, 1927; Әбу Дәуіт, 4882; ибн Мажа, 3933. Тағы бір хадисте: «Өсек-аяңнан сақтаныңдар, өйткені өсек-аяң, ғайбат сөз – зинадан да ауыр күнә. Зина жасаған кісі тәубе жасаса, Алла оны кешіруі мүмкін. Ал енді өсектелген кісі кешірмейінше өсекшінің кешірілуі мүмкін емес»143, – делінген. 143 Хайсами, Муғжамуз Зауаид. Ғалымдар біреуді өсектеген, ғайбаттаған пендені тас лақтырған балаға ұқсатады. Ол бала оңға-солға тас лақтырғанындай, өсекші де жақсы істерін ары-бері шашып жоқ қылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүмин бауырын қаралаумақсатында артынан сөйлеген кісіні Алла Тағала қиямет күні тозақтың көпірінде тоқтатады және сөзін қайтарып алмайынша жолын жалғастыруға рұқсат бермейді»144 деп айтқан. 144 Әбу Дәуіт, 4883; Ахмад ибн Ханбал, 1522. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.): «Ғайбат – мұсылман бауырының артынан оған жақпаған сөздерді айту»145 деген. 145 Мүслим, 2589; Әбу Дәуіт, 4874; Тирмизи, 1934; Нәсаи, 3231; Ахмад ибн Ханбал,8759. Демек, біреудің артынан оның дене-мүшесіндегі кемшілігі туралы болсын, тексіздігі туралы болсын не діні не дүниесі туралы қайсыбір кемшіліктерін айтса, бұлардың бәрі өсек-аяң, ғайбат. Тіпті біреудің киім-кешегі не мінген атын жамандап сынға алу да өсектеу болып саналады. Ал енді біреудің адамдық сипаты туралы намысқа тиетін ауыр сөздерді айту одан да үлкен күнә. Риуаяттарға қарағанда, бір күні кейбір мәселелер туралы мағлұмат алу үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) қысқа бойлы бір әйел келеді. Ол әйел шығып кеткеннен кейін Айша (р.а.): «Алла бұл әйелге қысқа бой беріпті», – дейді. Мұны естіген Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Уа, Айша, сен ғайбаттадың!»146 – деп ескертеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өсек-аяңнан, ғайбаттан аулақ болыңдар, өйткені ол үш түрлі апатты алып келеді: 146 Тирмизи, 2502; Әбу Дәуіт, 4884; Ахмад ибн Ханбал, 25180. 1) Өсекшінің дұғасы қабыл болмайды; 2) Жасаған жақсы істері қабыл болмайды; 3) Жамандықтары жиылады», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өсекшілік туралы былай деп айтады: «Қиямет күні пенделердің ең жаманы – біреуге басқа жүзбен, екіншісіне басқа жүзбен көрінген екі жүзді кісілер. Бұл дүниеде екі жүзді болғандардың қиямет күні оттан екі тілі болады». Алла Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисте: «Өсекшілер пейішке кіре алмайды»147 деген. 147 Бұхари, 6056; Мүслим, 105; Тирмизи, 2026; Әбу Дәуіт, 4871; Ахмад ибн Ханбал,22726. Сөйлеген, сөйлей алмаған барлық жандының тілі болғанымен неге балықтың тілі жоқ?


59 Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратып, періштелерді оған сәжде жасауға бұйырғанда Ібілістен басқа барлық періштелер сәжде жасаған. Сонда Алла Тағала оны періште кейпінен ажыратып, пейіштен қуған. Пейіштен қуылып, жер жүзіне түскен Ібіліс теңізге барып, алғаш балықты кезіктіреді де, оған Адамның (а.с.) жаратылғанын хабар береді. Содан соң Адам (а.с.) жер-судың бәріндегі жандыларға аңшылық жасайтынын айтады. Балық бұл хабарды басқа жандыларға да жеткізеді. Сонда Алла Тағала балықтың тілін түп-тамырымен жоқ қылады. Амр ибн Динардың (рахматуллаһи аләйһи) айтуына қарағанда, Мәдиналық бір кісінің Мәдинаның шетінде тұратын қарындасы бар екен. Ол әйел ауру болды. Анау кісі жиіжиі оның хал-жағдайын сұрап барып тұрды. Бір күні сол әйел көз жұмды. Бір бауыры оны кебіндеп, жерге көміп, үйіне қайтты. Қараса, жанында ақша салынған қапшығы жоқ. Оны мазардың ішіне түсіріп алғанын ұқты да, бір досын ертіп мазарға барды. Мазарды қазып, қапшығын тапты. Марқұм әйелдің бауыры досына: «Сен арырақ бара тұр. Мен бауырымның қандай жағдайда екенін көрейін», – деді. Үстіндегі топырақты қазып, қабірді ашты. Қараса, қабірдің іші күйіп тұр. Бұған куә болған кісі дереу анасына барып: «Маған бауырымның негізгі мінезі туралы айтып берші», – деді. Анасы: «Қарындасың көршілердің есігінің артына жасырынып алып іштегі сөздерді тыңдап, естігендерін басқаларға жеткізетін», – деп жауап берді. Әлгі кісі сонда өсектің қабір азабына себеп болатынын түсінді. Демек, қабір азабынан құтылғысы келгендер өсекшіліктен аулақ болу керек. Риуаятқа қарағанда Әбу Ләйс Бұхари (рахматуллаһи аләйһи) қажылыққа бара жатқанда әмиянына екі дирхам салып, «Меккенің жолында бара жатқанда не келе жатқанда біреу туралы өсек айтып қойсам сол екі дирхамды кедейлерге беремін» деп өзіне-өзі ант береді. Сонымен ол Меккеге барып, қажылық міндетін орындап үйіне қайтты. Баяғы екі дирхамы болса әлі әмиянында жүрген. Оның берген уәдесі туралы білген достары сұрағанда, ол: «Біреу туралы өсектегеннен гөрі жүз мәрте зина жасағанның күнәсі жеңіл», – деген (Құдай сақтасын!). Әбу Хафсул-Кәбир (рахматуллаһи аләйһи): «Бір жылдағы рамазан оразасын ұстамай қоюды бір кісіні өсектеудан артық көрем», – деген. Бір фиқыһ ғалымын өсектеген кісі Қиямет күні маңдайында «Бұл кісі Алла Тағаланың мейірімінен құр қалды» деген жазумен келеді. Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Миғражға шығарылған түні тырнақтарымен жүздерін тырнаған және өлексе жеген бірнеше кісіні жолықтырдым. Жәбірейілден «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, «Бұлар фәни дүниеде жүргенде басқалардың өлген етін жегендер (әркімді өсектегендар)», – деп жауап берді»148. 148 Әбу Дәуіт, 4878; Ахмад ибн Ханбал, 2320. Хасан (р.а.): «Ант етейін, ғайбаттаудың дінге зияны денеге түскен құрттың зиянынан да үлкен», – деп айтқан. Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Сендер бауырларыңның көзіндегі шөпті көріп, өздеріңнің көздеріңдегі бөренені көрмейсіңдер». Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бұл дүниеде мүмин бауырының етін жеген (оны өсектеген) кісінің алдына қияметкүні өсектелген бауырының өлігі әкелініп, оған: «Енді осы өлікті же, фәни дүниеде тірі кезінде жеген едің», – деп айтылады. Содан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?» деген мағынадағы аятты оқыды.


60 Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сәтінде өсек айтылса, дереу иісі сезілуші еді. Өйткені өсек өте сирек еді. Бірақ қазір өсек-аяң өте көбейіп, мұрындардың бәріне сасық иісі толғандықтан сезілмей қалды. Мысалы, тері өңдеген жерге кірген кісі ол жердің иісіне көпке шыдап тұра алмайды. Ал енді сол жерде істегендер жұмыс орындарында да тамақтанып, иісін сезбей жүре береді. Өсек-аяңның қазіргі кездегі жағдайы да осындай». Кәғб (р.а.): «Бір кітаптан оқығаным бойынша, өсектен тәубе жасағандар пейішке ақырғы болып кіреді. Ал енді өсекті тастамай өлгендер бәрінен бұрын тозаққа кіреді», – деп айтқан. Алла Тағала былай дейді: «Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!»149 149 «Һумаза» сүресі, 1. Бұл аят Уәлид ибн Муғира туралы түскен. Өйткені ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) және бүтіндей мұсылмандарға намысына тиетін ауыр сөздер айтып мазақтады. Мәлім болғандай, жеке бір кісі не оқиға туралы түскен аят жалпыға да қатысты болып қалуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ғайбаттан сақтаныңдар, өйткені ол – зинадан да ауыр күнә!» дегенде, сахабалар: «Ғайбат қайтіп зинадан ауыр болу мүмкін?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл сұраққа «Себебі зина жасап тәубе жасаған кісініңтәубесін Алла қабыл алуы мүмкін. Ал енді өсектелген пенде кешірмейінше өсекші кешірілуі мүмкін емес», – деп жауап берді. Біреуді өсектеген пенде өкініп, тәубе жасауы керек. Сонымен ол Алланың ақысынан құтылады. Оның артынан өсектелген кісіден кешірім сұрап, егер ол кешірсе адам ақысынан да құтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала қиямет күні мұсылман бауырын өсектеген кісінің жүзін көтеніне айналдырып қояды»150. 150 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/92. Демек, біреуді өсектеген кісі орнынан тұрмай жатып және айтқан ғайбаты өсектелген пенденің құлағына жетпей жатып ең әуелі Алладан ол үшін кешірім сұрауы керек. Өйткені ондай сәтте Алланың ғана ақысы болғандықтан тәубесі қабыл алынады. Ал енді айтқан ғайбаты өсектеген кісінің құлағына жетсе, өсектің күнәсі өшірілу үшін тәубенің артынан өсектелген кісіден де кешірім сұрауы керек болады. Зина мәселесі де сондай. Яғни бала-шағасы бар әйелмен зина жасаған кісі ол әйелдің күйеуі білмей тұрып тәубе жасаса тәубесі қабыл болуы мүмкін. Бірақ әйелдің күйеуі естігеннен кейін тәубенің қабыл болу үшін төсегі тапталған күйеу де кешіруі керек. Орындалмаған намаз, ораза, зекет және қажылық қарыздары, бұл қарыздар қаза қылынбайынша тәубемен жойылып кетпейді. Ақиқатын Алла біледі. Зекет Алла Тағала былай дейді: «...олар зекетін де береді...»151 151 «Муминун» сүресі, 4. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алтынкүміс, ақшасы бар болып, олардың ақысын (өлшемі белгіленген зекетін) бермегендер үшін қиямет күні сол алтын-күміс ерітіліп жалпақ тақтайға


61 айналдырылып, денелері олармен жандырылып және жамбасы мен жон терісі сол тақтайлармен теріс қаратылады». Яғни елу мың жылға созылған ауыр есеп-қисап күні бұл тақтайлар суыған сайын қайта-қайта қыздырылады және бұл көрініс есеп-қисап бітіп, әрбір кісінің пейішке не тозаққа баратыны білінгенге шейін жалғаса береді. Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Шүбәсіз, яһудилердің машайықтары мен христиан дінбасыларының көпшілігі (иләһи Кітаптағы үкімдерді бұрмалап, пара алу және дінді табыс көзіне айналдыру арқылы) елжұрттың дүние-мүлкін сөзсіз арам жолмен жеуде һәм оларды Алланың ақ жолынан қақпайлауда. Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үстіүстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен «сүйіншіле». Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен күміс тозақ отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін жиғандарың. Ал енді сол (ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін татыңдар», – делінеді»152. 152 «Тәубе» сүресі, 34-35. Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні «Біз үшін парыз қылынған ақымызды бермеді» деген жарлылардан басына бәле келген байлар құрысын! Өйткені сол сәтте Алла Тағала жарлыларға: «Ұлылығымның құрметіне бүгін сендерді өзіме жақындатып, оларды алыстатамын», – деп айтады». Оның артынан Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қолдарындағы дүние-мүліктерінде белгілі мөлшерде ақы бар екенін мойындайды. Қайыр тілеуден басқа амалы қалмаған пақырлардың һәм (қанша жерден мұқтаж болса да елге алақан жаюдан қымсынатын) мұқтаж жандардың (ақысы бар екенін біледі)»153 деген мағынадағы аятты оқыды.154 153 «Мағариж» сүресі, 24-25. 154 Табарани, Муғжамус Сағир, 62. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражға шығарылған түні сүті сауылған соң өздері улы шөпке жайылған не ыстық тастың үстіне айдалған қойлар секілді тозаққа қарай айдалған алды-арты жамаулы киімшең кісілердің тобын кезіктіреді де, Жәбірейілден (а.с.): «Бұлар кімдер?» – деп сұрайды. Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Бұлар – мал-мүлкінің зекетін бермегендер. Алла оларға зұлымдық жасаған емес. Алла Өз пенделеріне ешқашан зұлымдық жасамайды», – деп жауап береді. Хикая Бірнеше кісі Әбу Синанның үйіне барады. Ішке кіріп, жанына отырған соң Әбу Синан қонақтарына: «Жүріңдер, көршіміздің бір бауыры өлген екен, соған көңіл айтып келейік», – деді. Одан арғысын сол топтың арасындағы Мұхаммед ибн Юсуф әл-Фараби былайша баяндайды: «Ол кісінің үйіне бәріміз бірге бардық. Бейшара булығып жылап жатты. Оны жұбатуға қаншалық әрекет жасасақ та, сөзімізді тыңдар емес. Оған: «Өлім қашуға мүмкін болмаған сапар екенін білмейсің бе?» – дедік. Ол: «Әлбетте, білем, бірақ мен бауырымның күні-түні демей азап тартқанына жылап жатырмын», – деді. Біз одан «Алла саған ғайыпты білдірді ме?» – деп сұрағанда, ол төменгідей оқиғаны айтып берді: «Жоқ, ғайыпты білмеймін. Бірақ бауырымды көмген соң, елдің бәрі мазардан кеткеннен кейін қабірдің жанына отырып қалдым. Міне, сол уақытта іштен: «Әттең-ай, мені азапқа жалғыз тастап кетті. Мен намаз оқып, ораза ұстап жүрген едім ғой» деген үн естілді. Мен бауырымның осылай сыздағанына шыдай


62 алмадым. Нәтижеде, жағдайы қалай болды екен?» – деп қабірін қаза бастадым. Қазсам, қабірдің іші күйіп, бауырымның мойнына оттан жасалған бұғау кигізіліпті. Бауырмалдық мейіріміммен оны мойнынан шығарайын деп ұстасам, саусақтарым мен алақаным күйіп қалды». Ол соны айтып жамылғының астына жасырған қолын шығарып көрсетті. Алақанында шынында да күйіктің қара дағы бар еді. Бауыры қаза болған кісі сөзін одан ары былай жалғастырды: «Бұл жағдайға куә болғаннан кейін қабірді топырақпен көміп, кетіп қалдым. Бірақ бауырымның жағдайы көз алдымнан кетпей тұрып алды. Мен оның жағдайын біліп тұрып қайтіп жыламай отыра аламын? Оның тартқан азабын қайтіп ұмытамын?» Одан: «Бауырың тірі кезінде қандай жаман істерді жасаушы еді?» – деп сұрадық. «Мал-мүлкінің зекетін бермейтін», – деді. Сонда бәріміз: «Алла Тағаланың «Алланың шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады»155 деген аятын естідік. 155 «Әли Имран» сүресі, 180. Демек, оның бауырының азабы қиямет күнге қалдырылмай, қабірде де беріліп жатқаны». Мұхаммед ибн Юсуф сөзін былайша жалғастырды: «Біршама уақыттан кейін әлгі кісінің жанынан шығып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Әбу Зәррға (р.а.) бардық. Оған әлгі кісіден естігендерімізді айтып бердік те, «Яһудилер мен христиандар өлгенде неге олардың қабірлерінде мынадай көрініс болмайды?» – деп сұрадық. Ол: «Олардың тозақы болғаны анық. Алла Тағала мүминдердің мұндай жағдайларын сендерге сабақ болсын деп көрсетіп жатыр», – деп жауап берді. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, сендерге Раббыларыңнан ақиқатты көре алуларың үшін ап-айқын нұрлы сезімдер (жүрек көзі) келді. Ендеше, кімде-кім жүрек көзін ашып, маңдайындағы көзін де соған бағындыратын болса, өз пайдасына, ал кімнің көкірегі көр соқыр болса, өз зиянына. (Уа, Мұхаммед! Оларға): «Мен сендердің (төбелеріңнен төніп, әрдайым бақылап тұратын) қорушыларың емеспін», – де»156. 156 «Әнғам» сүресі, 104. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлкінің зекетін бермегендер Алланың алдында яһудилер және христиандар сияқты. Ұшр бермегендер болса Алланың алдында отқатабынушылардан айырмасы жоқ», – деп айтқан. Зекет пен ұшр бермегендер періштелердің, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қарғысына қалады және олардың куәліктері қабыл алынбайды. Әбу Һурайра (р.а.) сөзін одан ары былайша жалғастырады: «Зекет пен ұшр беріп жүргендер қандай бақытты! Берген зекетінен қабір және қиямет күнінің азабына ұшырамағандар қандай бақытты! Өйткені мал-мүлкінің зекетін бергендерге Алла Тағала қабір азабын тарттырмайды. Қиямет күні олардың денелерін тозақ отына арам қылады. Оларды сұрақсыз пейішке кіргізері де анық. Ондай пенделер қияметтегі қан қататын сәтте де шөлдемейді». Зина Құран Кәрімде былай деп айтылады: «Олар – абиырларын (қымтап, оны күнә атаулыдан) барынша сақтайды».157 157 «Муминун» сүресі, 5.


63 «Мейлі жария, мейлі жасырын болсын, арсыздық пен күнә атаулыдан аулақ жүріңдер»158. 158 «Әнғам» сүресі, 151. Бұл жерде зинаның түрлері – сүю, ұстау және қарау туралы да айтылып жатса керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қолдар, аяқтар, көздер де зина жасайды»159, – деген. 159 Әбу Дәуіт, 2152; Ахмад ибн Ханбал, 8321. Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ер кісілерге айт: Харамға көз салмасын (яғни, бөтен әйелдерге және өзге ер кісілердің әуреті сынды қарауға болмайтын нәрселерге қарамасын)! Сондай-ақ абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сол оларға әлдеқайда лайықты. Шүбәсіз, Алла олардың не істеп не қойып жүргенінен толық хабардар. Мүмін әйелдерге де айт: Харамға көз салмасын! Абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын. Әшекейлері мен сымбат-көріктерін күйеулері, әкелері (сондай-ақ әкелері, әкелері мен аналарының бауырлары), қайын әкелері, өз ұлдары, өгей (әрі сүт) ұлдары (сондай-ақ өзіңіз, өгей және сүт немерелері), (өзіңіз, өгей және сүт) бауырлары, бауырларының ұлдары, әпке-сіңлілерінің ұлдары, арлы мұсылман әйелдер немесе қызметші, яки жақсы араласатын әйелдері, қоластындағы күңдері, (қартайып немесе өзге де себептермен) еркектік қабілетінен айырылған еркек қызметшілері мен құлдары және әйелдіктің һәм әйел әуретінің не екенін әлі түсіне қоймаған жас балалардан өзгелерге көрсетуші болмасын. Жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармасын. Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»160. 160 «Нұр» сүресі, 30-31. Алла Тағала еркектерді де, әйелдерді де харамға қараудан тыйған. Ұлы Жаратқан бірнеше аяттармен зинаны харам қылған: «Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, ауыр жазаға ұшырайды»161. 161 «Фурқан» сүресі, 68. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Зинадан сақтаныңдар. Өйткені оның бұл дүниеде үш, ақыретте үш болып, жалпы алты апаты бар. Бұл дүниедегілері: 1. Ризықты кемітеді; 2. Өмірді қысқартады; 3. Адамды ұялтады. Ақыреттегі апаттары төмендегілер: 1. Алла Тағаланың азабына себеп болады; 2. Қатты сұраққа душар болады; 3. Тозаққа жол ашады». Риуаят бойынша, Мұса (а.с.) Алла Тағаладан: «Уа, Жаратқан Ием! Зинақорға қалай жаза бересің?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Уа, Мұса, оған үлкен таудың үстіне лақтырылса сол таудың бүкілін күлге айналдырып қоятындай отты киім кигіземін», – дейді. Бізге жеткен мағлұматтар бойынша, жаман жолға түскен бір әйел шайтан үшін мың күнәһар еркектен де сүйіктірек.


64 «Масабих» атты кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Пенде зина жасағанда иманы жүрегінен шығып, көлеңке секілді төбесінде асылып тұрады да, зина ісі біткеннен кейін пенденің жүрегіне қайтып келеді» деген сөзі жазылған. «Китабул-иқнада» деген кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Алланың алдында еркектің некесі жоқ әйелдің жатырына ағызған бір тамшы ұрығынан үлкен күнә жоқ» деген сөзі бар. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы болса зинадан да өткен үлкен күнә. Әнәс ибн Мәликтен риуаят болған бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Еркекпен жыныстық қатынаста болған еркек пейіштің иісін де сезбейді. Ал пейіштің иісі бес жүз жылдық қашықтықтан сезіледі», – деген. Отбасылы әйелді құмарлана сүйген кісі жетпіс қызбен зина жасағандай болады. Бір қызбен зина жасаған кісі жетпіс мың жесір әйелмен зина жасағандай болады. Қалби «Раунақут-тәпсір» атты кітапта былай деп жазылады: «Алғашқы жолы еркек пен еркектің жыныстық қатынасын Лут қауымына Ібіліс үйреткен. Оларға сүйкімді жігіт бейнесінде көрініп, еркектерді жыныстық қатынасқа шақырды. Бұл азғырумен кейбір еркектер онымен жақындасты. Сөйтіп, еркектің еркекке жақындасуы лас әдетке айналды және жат еркек көрген сайын оған жақындасуға әрекет жасай бастасты. Сонда Алла Тағала оларды бұл жамандықтан қайтуға және пұттарға сиынудан бас тартып Аллаға құлшылық жасауға шақыру үшін Лұтты (а.с.) пайғамбар қылып жіберді. Лұт (а.с.) оларды бұл істен тыйып, Аллаға ғибадат жасауға шақырды. Күнә істерін жалғастыра берсе, Алланың азабы келерін айтып ескертсе де, оның елі бұл насихатты тыңдамай, «Егер айтқаның шын болса, бізге Алланың азабын алып кел», – деді. Басқа шара қалмағанына көзі жеткен Лұт пайғамбар Алла Тағалаға дұға қылып: «Уа, Жаратқан Ием, бұл күнәһарларды жеңіп шығуды нәсіп қыл», – деп жалбарды. Алла Тағала олардың басына тас жаудыруды көкке бұйырды. Әрбір таста оның кімге тиері жазулы еді. Аятта сол жауған тастар туралы баяндағанда «Алланың алдында белгі қойылған» деген сөздің қолданылуы – осы шындықтың дәлелі. Яғни тастардың әрбірінде Алланың өзгеше белгілері бар еді. Риуаяттарға қарағанда, Лұттың (а.с.) қауымынан бір саудагер кісі сол сәтте Меккеде, Қағбаның ішінде сауда-саттықпен айналысып жүрген. Көктен түскен бір тас келіп сол саудагерге тиетін кезде, періштелер «Келген жеріңе қайтып кет, бұл кісі қазір Алланың қорғауында», – деді. Сол тас Қағбаның сыртында, аспан мен жердің ортасында қырық күн ауада қалқып тұрды да, ол саудагер Қағбадан шығысымен басына тиіп, оны жоқ қылды. Әзірет Лұт (а.с.) өз қауымының апатқа ұшырайтынын білісімен, әйелін және өзіне иман келтірген кісілерді жинап, ауылдан шықты. Ол өзіне еріп келе жатқандарды артына қарамай жүруін ескертті. Әйелі ғана бұл бұйрыққа бас имей, ауылдың апатқа ұшырағанын естісімен «Уа, елім!» деп артына қарағанда, бір тас келіп басына тиіп, жан тәсілім болды. Мужаһид (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Сол күні ертемен Жәбірейіл (а.с.) бұл адасқандардың өлкесіне келіп, ол аймақта өмір сүрген елімен қоса қанатымен сүзіп алып, көкке көтеріп шығып кетті. Содан соң қайта оларды жерге тастап тас-талқанын шығарды. Олардың басына келген бәле ешбір халыққа келген емес. Алла Тағала әуелі олардың көздерін соқыр қылып, содан соң өлкесін жермен-жексен қылды. Бұл жерде Содом бас болған бес аймақ бар еді. Құран Кәрімде «Бараәт» сүресінде баяндалған апатқа ұшыраған жерлер солар еді. Ол уақыттарда бұл аймақта 4 миллиондай адамның өмір сүргені айтылады.


65 Туыстық қарым-қатынас және ата-ана ақысы Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан (болмыс бітімі өзіне ұқсайтын) жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар. «Алла үшін деп», атын атап, бір-біріңе өтініш айтысқан Аллаға қарсы келіп, асы болудан һәм туыстық байланысты үзуден (яғни ата-ана мен туған-туыстың ақысын аяқ асты етуден) сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алла – сендерді әрдайым көріп, бақылап тұрушы»162. 162 «Ниса» сүресі, 1. «(Әй, мұнафықтар!) Демек, (қолдарыңа билік тізгіні тие қалса), сөздеріңнен тайқып, Алладан сырт айналмақ һәм жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, құлақтарын (хақ сөзді) естімейтін тас керең, көздерін (ақиқатты) көрмейтін көрсоқыр етіп қойды»163. 163 «Мұхаммед» сүресі, 22-23. «Ол азғындар (Аллаға иман келтіріп, пайғамбарға толық бойсұнуға қатысты) Аллаға берген уәделерінде тұрмай, серттерін бұзады. Сонымен қоса, Алла бұйырған (туыстық, достық) қарым-қатынастарды үзіп, азғындыққа бастап, жер бетінде бүлік шығарып, бұзғыншылық жасайды. (Екі дүниеде де) зардап шегетіндер, міне, солар»164. 164 «Бақара» сүресі, 27. «Ол (Аллаға иман келтіріп, пайғамбарға толық бағынуға қатысты) Аллаға берген уәдесінде тұрмай сертін бұзғандарға, Алла бұйырған (туыстық, достық) қарым-қатынастарды үзіп, азғындыққа бастап жер бетінде лаң салып бүлік шығарғандарға келсек, олардың сыбағасы лағынет (Алланың рақымынан мәңгілікке аласталу) және ең жаман мекен тозақ болмақ»165. 165 «Рағд» сүресі, 25. Бұхари мен Мүслим Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала барлық нәрселерді жаратқанда «Туыстық байланыс»: «Уа, Жаратқан Алла! Бұл жай – туыстық және достық байланыстарын үзгені үшін қайғырғандардың орны», – деді. Алла Тағала: «Саған көңіл бөлген пендеге жақын болуыма және саған немқұрайды қарағандарды өзімнен аулақ ұстауға разы болмайсың ба?» – деп сұрады. «Туыстық байланыс» «Разы боламын», – деді. Алла Тағала: «Онда сол жай сенікі», – деп айтты. Қаласаңдар, Алла Тағаланың төменгі аятын оқыңдар: «Демек, (қолдарыңа билік тізгіні тие қалса), сөздеріңнен тайқып, Алладан сырт айналмақ һәм жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, құлақтарын (хақ сөзді) естімейтін тас керең, көздерін (ақиқатты) көрмейтін көрсоқыр етіп қойды»166. 166 «Мұхаммед» сүресі, 22-23. Әзірет Әбу Бәкірден (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақыреттегі азабымен бірге жазалары кешіктіріліп, бұл дүниеде берілетін күнәлардың басында зұлымдық пен туыстық құқықтарды бұзу тұрады»167, – деп айтқан. 167 Тирмизи, 2511; Әбу Дәуіт, 4902; ибн Мажа, 4211.


66 Бұхари мен Мүслим арқылы келген мағлұматтар бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Туыстық құқықты таптағандар пейішке кірмейді»168, – деген. 168 Бұхари, 5984; Мүслим, 2556; Тирмизи, 1909; Әбу Дәуіт, 1696. Суфиян: «Бұл сөздің мағынасы «туыстармен қарым-қатынаста болмағандар» деп тұжырымдаған. Имам Ахмад риуаят еткені бойынша: «Адам баласының жасаған істері әр бейсенбі күні және жұма түндері Алла Тағалаға ұсынылады. Туыстық құқықтарды таптағандардың істері қайта артқа қайтарылады»169 деп айтылған. 169 Бұхари, Әдәбул Муфрад, 35; Ахмад ибн Ханбал, 9902. Байхақидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Жәбірейіл (а.с.) маған келіп былай деді:Бүгінгі түн – шағбан айының он бесінші түні (Бараәт түні). Алла Тағала бұл түні Қалб руының қойларының қылдарының санынша көп кісіні тозақтан босатады. Бірақ мына кісілердің жүзіне қарамайды. Олар: 1) Алла Тағалаға серік қосқандар; 2) Кек сақтағандар; 3) Туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар; 4) Менменсіну және тәкаппарлықтың белгісі ретінде киімдерін табандарына шейін сүйретіп алғандар; 5) Ата-анасына бас имегендер; 6) Үздіксіз ішімдік ішкендер».170 170 Байхақи, Шуғабул Иман, 7666. Ибн Хиббан және басқалардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш түрлі кісі пейішке кірмейді: 1) әрдайым ішімдік ішкендер; 2) туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар; 3) балгерге сенгендер»171 деген. 171 Ибн Хиббан, ас-Сахих, 6137. Ибн Әбу Дуния және Имам Ахмадтың риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) төменгідей хадисі бар: «Бұл үмбеттің ішінен сондай біреулер шығады. Олар түнде басқа кісілер сияқты тек жеп-ішіп көңіл көтереді, бірақ маймыл және доңыз бейнесінде таң атырады, оларды жер жұтады не бастарына тас жауады. Ел: «Кеше түнде пәленше ұлдарын жер жұтты, пәленше дүниеқоңыздардың үйі астан-кестен болды», – дейді. Лұт қауымының кейбір руларына тас жауғандай олардың және үйлерінің үстіне де тас жауады. Ад қауымынан кейбіреулердің ұшырағаны сияқты боранға душар болады. Бұл апаттардың себебі төменгі күнәлары: 1) Әрдайым ішімдік ішу; 2) Еркектердің жібек киім киюі; 3) Әнші әйелдердің болуы; 4) Пайыз өсімі; 5) Туыстық қарым-қатынастарға немқұрайдылық». Әзірет Жәбир (р.а.): «Тағы бір нәрсе бар еді, бірақ оны Жағфар ұмытып қалыпты», – деп айтқан. Табарани «әл-Аусаттағы» риуаяты бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп: «Уа, мұсылмандар, Алладан қорқыңдар және туыстық құқықтарға көңіл бөліңдер. Өйткені ең көп құрметтелген жақсы іс – туыстық байланыстарға көңіл бөлу. Зұлымдықтан сақтаныңдар, өйткені жазасы тез берілетін күнә – зұлымдық. Ата-анаға қарсы шығудан сақтаныңдар, өйткені төмендегілер мың жылдық қашықтықтан сезілген пейіш иісін де иіскемейді: 1) Ата-анаға қарсы шыққандар; 2) Туыстық байланыстарға немқұрайды қарағандар; 3) Қартайғанда зина жасағандар;


67 4) Менменсіну, мақтаныш үшін киімдерін жерге сүйретіп жүргендер. Себебі ұлылық Аллаға ғана жарасады»172 деді. 172 Табарани, Муғжамул-Аусат, 6/18; Хайсами, Мажмағуз-Зауаид, 8/149. Исфаханинің риуаяты бойынша, Жәбир (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында отырған едік. Ол: «Туыстық байланыстарға немқұрайды кісілер арамызда отыра алмайды», – деді. Бір жігіт орнынан тұрып шығып кетті. Нағашы әпкесімен ренжісіп жүрген екен, оған барып кешірім сұрапты. Нағашысы оны кешіргенін білдіргенде қайта келіп арамызға қосылды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларында туысының ақысын таптаған кісі бар жамағатқа Алланың мейірімі түспейді»173, – деді. 173 Бұхари, Әдәбул муфрад, 63. Жоғарыдағы хадис басқа бір риуаятты растайды: Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісі (с.а.с.) туралы айтып жатып: «Ол туыстарымен қарым-қатынасын үзгендерді арамыздан шығарып таста», – дегенде, сол жерде отырған бір жігіт топтың арасынан шығып кетті. Ол бірнеше жылдар бойы ренжісіп жүрген нағашы әпкесімен татуласып келді. Әйел інісінен бұл істің себебін сұрағанда, ол Әбу Һурайраның (р.а.) сөзін айтып берді. Әйел: «Бар, бұл мәселе туралы тағы кеңірек мағлұмат ал», – деді. Жігіт Әбу Һурайраға келіп кеңірек мағлұмат сұрады. Әбу Һурайра: «Өйткені мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Арасында туған-туысымен қарым-қатынасын үзген кісісі бар елге Алла мейірімін төкпейді»174 – деп айтқанын естігенмін», – деді. 174 Бұхари, Әдәбул муфрад, 63. Табаранидің (рахматуллаһи аләйһи) риуаят еткені бойынша, «Арасында туыстық құқықтарға немқұрайды қараған кісі бар елге періштелер түспейді», – деп айтылады. Табаранидің сахих риуаяты бойынша былай деп айтылады: «Бір күні таң намазынан кейін ибн Масғуд (р.а.) көпшіліктің арасында отырып: «Арамызда туғандарымен қарымқатынасын үзгендер бар болса шығып кетсін. Өйткені біз Жаратқан Иемізге дұға қыламыз. Аспанның есіктері туғандарымен байланысын үзгендер үшін жабық» дегенін естіп қалдым. Бұхари мен Мүслимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Туыстық мәміле Аршта ілініп тұрады және ол: «Кім маған мән берсе, Алла да оған назар салады, кім маған немқұрайды қараса, Алла оны мейірімінен құр қалдырады», – дейді» – деген»175. Бұл хадисті Әбу Дәуіт пен Тирмизи да риуаят еткен. 175 Мүслим, 2555; Ахмад ибн Ханбал, 6488. Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала: «Мен Алламын, мен Рахманмын. Туыстықты жараттым және оған Өз есіміммен бір түбірден келген ат қойдым. Оған мән берген пендеге Мен де назар саламын, оған немқұрайды қарағанды рақымымнан құр қалдырамын»176, – деген. 176 Баззар, Муснад, 1895; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 13446. Имам Ахмадтың сахих риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Пайыз өсімінің көп еселенгені – мұсылманның намысына жөнсіз тіл тигізу. Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) Алла Тағаланың «Рахман» деген есімінен келіп шыққан. Осы туыстық байланысты сақтамағандарға Алла пейішін харам қылады»177. 177 Әбу Дәуіт, 4876; Ахмад ибн Ханбал, 1654. Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) – Алланың «Рахман» деген есімінен келіп шыққан. Ол (туыстық қатынас) «Уа, Жаратқан Ием! Мені аяққа таптады, маған немқұрайды мәміле жасады. Уа, Жаратқан Ием, маған әділетсіздік жасады. Уа, Жаратқан Ием! Уа, Жаратқан Ием...!» – дейді». Ол сөйтіп шағымданғанда, Алла


68 Тағала оған: «Саған көңіл бөлген кісіге назар салуыма және сені таптағандымейірімімнен құр қалдыруыма разы емессің бе?» – деп айтады»178. 178 Бұхари, 5988; Ахмад ибн Ханбал, 7872. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) – Аршқа ілінген жүзікше. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Маған көңіл бөлгенге Сен де көңіл бөл, маған немқұрайды қарағанды мейіріміңнен аулақтат», – дейді», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Мына үш нәрсе Аршқа байланған: 1) Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас). Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің жаныңдамын, ешқашан байланысымды үзбеймін», – дейді. 2) Аманат. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің жаныңдамын, ешқашан қиянаттық жасамаймын», – дейді. 3) Нығмет. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен де Сенің жаныңдамын. Ешқашан шүкірсіздік қылмаймын», – дейді»179. 179 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 849; Жамиғус сағир, 3470. Базар мен Байхақидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Мөр Арштың тірегінде ілініп тұрады. Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) біреу туралы шағымданғанда немесе бір пенде Алланың бұйрықтарына қарсы шығып күнә жасағанда, Алла мөр періштесін жіберіп жүрегіне мөр бастырады. Одан кейін ол кісі өзі жасаған жаман істерінің ешбірін байқамай қалады»180. 180 Байхақи, Шуғабул иман, 5/444; Дайлами, Муснадул Фирдаус, 3980; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 7/269. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға және ақырет күніне сенгендер қонағын жақсы сыйласын. Аллаға және ақырет күніне сенгендер туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлсін. Аллаға және ақырет күніне сенгендер пайдалы сөз сөйлесін не үндемесін»181 деген. 181 Бұхари, 6018; Мүслим, 47; Ахмад ибн Ханбал, 7571. Бұхари мен Мүслимнің тағы бір хабарында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ризығының мол және өмірінің ұзын болуын қалағандар туған-туыстарымен қарымқатынасының мықтылығына көңіл бөлсін». Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Өмірінің жақсаруын және өмірінің ұзын болуын қалаған пендетуғандарымен қарым-қатынасының мықтылығына көңіл бөлсін» дегенін естіген. Бұл хадисті Бұхари мен Тирмизи төмендегіше риуаят еткен: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Ата-тектерің туралы туыстық байланыстарды жалғастыратындай деңгейде мағлұмат алыңдар. Өйткені туғандармен байланыста болу бала-шағаға сүйіспеншілік, мал-мүлікке молшылық, өмірге береке алыпкеледі»182. 182 Тирмизи, 1079; Ахмад ибн Ханбал, 8651. Туғандармен қарым-қатынас туралы айтылған тағы басқа көп хадистер бар: «Өмірінің ұзын, ризығының кең болуын және ақырғы демдеимансыз жан бермеуді қалаған кісі Алладан қорықсын және туғандарымен байланысын күшейтсін»183. 183 Ахмад ибн Ханбал, 1217; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. «Тауратта «ризығының және өмірінің берекелі болуын қалағандар туыстық қарым-қатынасын үзбесін» деп айтылады»184. 184 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/153. «Садақа бергені және туыстық байланыстарға көңіл бөлгені үшін Алла Тағала пенденің өмірін ұзартады, ақырғы демде имансыз жан беруден сақтайды, жағымсыз және қорқынышты нәрселерден аулақ қылады»185. 185 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 151. Әбу Йағла (рахматуллаһи аләйһи) хатам руынан бір кісінің былай дегенін риуаят етеді: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) бардым. Ол бірнеше сахабасымен отырған еді. «Алла Елшісімін деген сенсің бе?» – деп сұрадым. Ол: «Менмін», – деді. «Уа, Алланың Елшісі, Алланың алдында ең ұлы іс қайсы іс?» – деп сұрасам, ол: «Аллаға


69 иман келтіру», – деп айтты. «Уа, Алланың Елшісі, одан кейін не?» – деп сұрадым. Ол: «Туыстық байланыстарын бекем сақтау», – деп жауап берді. Содан кейін сөзіміз төмендегіше жалғасты: – Уа, Алланың Елшісі, Алла еш жақсы көрмейтін іс қайсылары? – Аллаға серік қосу. – Содан кейін ше? – Туыстық мәмілені бұзу. – Содан кейін? – Жамандыққа шақырып, жақсылықтан тыю»186. 186 Әбу Йағла, Муснад, 7/139; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/151. Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сапарда бара жатқанда алдынан бір бәдәуи шықты. Ол Алла Елшісінің түйесінің тізгінінен тартып тұрып: «Уа, Алланың Елшісі, мені пейішке жақындатып, тозақтан алыстататын іс туралы айтшы», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұраққа жауап берерден бұрын сахабаларына қарап: «Бұл кісі шындап игілікке жетті не шынымен тура жолға түсті», – деді. Содан соң бәдәуиден «Не дедің?» – деп сұрады. Ол сұрағын қайталағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақтан алыстап, пейішке жақындағың келсе, еш серік қоспай бір Аллаға құлшылық жаса, намазды дұрыс оқып, мал-мүлкіңнің зекетін бер және туғандарыңмен қарым-қатынасыңа көңіл бөл. Енді түйемнің тізгінін қоя бер, жолымды жалғастырайын», – деді. Бәдәуи артына қайтып кетіп бара жатқанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) жанындағыларға: «Егер бұл кісі айтқандарымды орындаса, пейішке кіреді», – деді.187 187 Бұхари, 1396; Мүслим, 13; Нәсаи, 468; Ахмад ибн Ханбал, 23027. Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дүниеге келгеннен бері оларға ашуланып, жүзіне қарамаған қауыммен өлкені дамытып, өмір шартын жақсартады», – деген. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсек болады?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұның себебі, ол елдің туыстық қарым-қатынасқа жақсы көңіл бөлуінде» – деп жауап береді»188. 188 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. Ахмад ибн Ханбалдың (рахматуллаһи аләйһи) сенімді кісілер арқылы жеткен риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы мінезді пенде бұл дүниеде және ақыретте ең жақсы үлеске, туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлуге, жақсы көршілікке және жақсы мінезге ие болады. Бұлар өлкелерді өркендетеді және өмірлерді ұзартады»189, – деген. Бірақ бұл хадисті риуаят еткен кісілердің тізбегінен біреу ғана белгісіз. 189 Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 26688; Табарани, Муғжамул кәбир, 24/257. Әбу Шейх, ибн Хиббан және Байхақидің (рахматуллаһи аләйһим) айтуы бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Кісілердің ең жақсысы кім?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алладан қорыққандар, туыстық қарым-қатынасқа үлкен мән бергендер және жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап жүргендер», – деп жауап берді. Табарани және ибн Хиббанның айтуы бойынша, Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Досым – Алла Елшісі (с.а.с.): 1) Маған байларға емес, жарлыларға қарауды; 2) Қолында жоқтарды жақсы көріп, оларға жақын болуды; 3) Ренжісең де туысқандардың арасындағы туыстық қарым-қатынастарды бекем сақтауды, 4) Алланың разылығы үшін біреудің сынынан қорықпауды; 5) Ащы болса да шындықты айтудан тайынбауды;


70 6) «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһ» деп айтуды бұйырды. Өйткені бұл сөз – пейіш қазыналарының бірі»190. 190 Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 20906; Табарани, Муғжамул кәбир. Бұхари мен Мүслим және тағы басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы әзірет Маймуна Алла Елшісіне (с.а.с.) айтпай тұрып өзінің бір күңін азат қылады. Кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бөлмесіне келгенде «Уа, Алланың Елшісі, мен күңімді азат қылдым», – деп хабарлайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сен солай жасадың ба?» – дегенде, әзірет Маймуна: «Иә», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Оны азат қылғаннан гөрі нағашыларыңның біреуіне тарту етсең тағы көбірек сауап табар едің», – дейді. Ибн Хиббан және Хакимнің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Үлкен күнә жасадым, менің тәубем қабыл бола ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз одан: – Анаң бар ма? – деп сұрайды. – Жоқ, – деп жауап береді әлгі. – Нағашы апаң ше? – Бар. – Онда бар, соған жақсылық жаса, – дейді Пайғамбарымыз. Бұхари және басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Туысқандарынан көрген жақсы мәмілеге қарай дәл сондай жақсы мәміле жасаған кісі туыстық қарым-қатынасты күшейткен болып есептелмейді.Ренжіскен туысқандарымен байланысқан кісі туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлген болып саналады»191. 191 Бұхари, 5991; Тирмизи, 1908; Әбу Дәуіт, 1697. Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқалардан жақсылық көрсек, біз де оларға жақсы мәміле жасаймыз, бізге әділетсіздік жасаса, біз де сондай әділетсіздік жасап, олардан өшімізді аламыз» деген ақылсыздардан болмаңдар. Басқалардан көрген жақсылықтарға жақсылықпен жауап беруге және сендерге қарата жасалған әділетсіз мәмілелерге әділетсіздікпен жауап бермеуге тырысыңдар»192, – деп айтқан. 192 Тирмизи, 2007. Мүслимнің риуаяты бойынша, бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, менің бірнеше бауырым бар. Олармен қарым-қатынасқа жақсы көңіл бөлем, бірақ олар арамыздағы туыстық ақыларға немқұрайды қарайды. Мен оларға жақсы мәміле жасаймын, олар болса жамандық жасайды. Қалай жасайын?» – деп сұрайды. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) оған: «Егер жағдай сенің айтқаныңдай болса, сен олардың жүзіне ыстық күл шашып жатырсың. Оларға сондай мәмілеңнен танбасаң, оларға қарсы Алланың қолдауы демеп тұрады», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Садақаның ең жақсысы – кек сақтап жүрген туғанға берілген садақа», – деп айтқан. Табарани мен Хакимнің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде сол үш сипат бар болса, Алла оны жеңіл сұрақтан кейін пейішке жібереді», – дейді. Сахабалар: «Ол қандай мінездер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 1) Сенен байлығын аяғанға садақа беруің; 2) Туыстығын үзіп қойғандармен қарым-қатынасты жалғастыруың; 3) Саған әділетсіз мәміле жасағандарды кешіруің. Міне, сол үш сипат сенде болса, Алла сені пейішке кіргізеді», – деп жауап береді. Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Уқба ибн Амир (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) кезігіп қалып, қолын ұстап тұрып: «Уа, Алланың Елшісі, маған ең жақсы іс қайсы екенін айтшы», – деп өтіндім. Ол маған: «Уа, Уқба, туыстық


71 мәмілесін үзгендерге жақсы мәміле жасай бер, сенен малын аяғандарға сен аяма және саған әділетсіздікжасаған кісіні кешір», – деп жауап берді. Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сөзіме құлақ сал! Өмірі ұзын, ризығы кең болуын қалағандар туыстық ақыларына көңіл бөлсін», – деп аяқтаған. Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір сахабаға: «Бұл дүние мен ақыретте ең пайдалы мінез туралы айтайын ба? Мәмілесін үзген жақыныңа туыстық мәміле жаса, құр қол қайтарғандарға бер және саған жамандық жасаған кісіні кешір», – деген. Табаранидің басқа бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ең жақсы сипат – байланысын үзіп қойған жақындарыңа туыстық мәміле жасауың, қолыңды құр қалдырғандарға беруің, саған көңіліңді қалдыратын сөздерді айтқандарды кешіруің», – деп айтқан. Табаранидің тағы бір риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла мемлекеттерді ұлы қылып, пенделерінің дәрежелерін биіктетуіне себеп болған мінездер туралы айтайын ба?» – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, айтыңыз», – деп құлақ түріп қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «1) Саған жаман мәміле жасағандарды дұрыс түсінуің; 2) Әділетсіздік жасағандарды кешіруің; 3) Сенен малын аяғандарға беруің; 4) Туыстық мәмілесін үзгендермен байланыста болуың» – деп жауап қайтарды. Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сауабы бұл дүниеде ерте берілетін жақсылықтар – ата-анаға жақсылық жасау және туыстық мәмілені сақтау. Ал енді ең ерте жазасы берілетін жамандықтар – ата-ана мен басқа туыстарға жамандық жасау және туыстық мәмілені үзу»193, – деп жауап қайтарды. 193 Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 15191; Табарани, Муғжамул кәбир, 20/188. Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ақыретке сақталған жазасынан тысқары бұл дүниеде жазасы берілуіне ең лайық жамандықтар – туыстық мәмілені үзу, аманатқа қиянат жасау және жалған айту. Ал енді сауабы өте тез берілетін жақсы іс – туыстық мәмілелерге мән беру. Бір бала-шаға мүшелері моралдық жақтан бұзық болса да туыстық мәмілесін жақсы сақтаумен мал-мүлкінің көбеюінтілесе, мал-мүлкі көбейеді»194. 194 Тирмизи, 2511; Әбу Дәуіт, 4902; ибн Мажа, 4211. Ата-анаға жақсылық жасау Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткені бойынша, ибн Масғуд (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Алланың алдында ең сүйікті іс қайсы?» – деп сұрадым. – Уақытында оқылған намаз, – деп жауап берді. – Содан кейін қайсы? – дедім. – Ата-анаға жақсылық жасау, – деді. – Содан кейін ше? – дегенімде, – Алла жолында күресу, – деді.195 195 Бұхари, 527; Мүслим, 85; Нәсаи, 610.


72 Мүслимнен басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бала атаанасының ақысын біреудің қолында құл болып жүрген жерінен оларды сатып алып, құлдықтан босатса ғана өтей алады»196, – деген. 196 Мүслим, 1510; Әбу Дәуіт, 5137; Тирмизи, 1906. Мүслимнің риуаят еткені бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Өз өлкемнен шығып, Алла жолында күресіп сауапқа жетуге саған ант беремін», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Ата-анаңның көзі тірі ме? – деді. – Екеуі де тірі, – деді әлгі. – Сен шындап Алла жолында сауап тапқың келе ме? – Әлбетте. – Онда ата-анаңның жанына барып, оларға жақсы қара, – деді Пайғамбарымыз.197 197 Мүслим, 2549. Әбу Йағла мен Табаранидің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен Алла жолында күресейін деп едім. Бірақ соған күшім жетпейді. Маған не ұсынасыз?» – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: – Ата-анаң тірі ме? – деп сұрады. – Анам тірі, – деді анау кісі. – Онда оған жақсы қарап, Алланың разылығын тіле. Егер мұны орындай алсаң, қажылықтың, ұмраның және жиһадтың сауабына ие боласың198, – деді Пайғамбарымыз. 198 Әбу Йағла, Муснад, 2/149. Табаранидің тағы бір риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мен Алла жолында күрескім келеді, маған не ұсынасыз?» – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) «Анаң тірі ме?» – деп сұрайды. Адам: «Иә», – деп жауап бергенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда оның жанынан шықпа. Пейіш – оның табанының астында», – деп жауап береді. Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ата-ананың балада қандай ақылары бар?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішің де, тозағың да – солар», – деп жауап берген. Ибн Мажа мен Нәсаидің риуаят еткені бойынша, бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! «Соғысқа қатысайын ба» деп кеңес сұрағалы келдім», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Анаң бар ма?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда оның жанынан шықпа, өйткені пейіш оның табанының астында», – деп жауап береді. Сол хадистің басқа сахих риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлгі кісіден «Ата-анаң бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Иә», – дегенде, «Олай болса олардың жанынан шықпа, пейіш солардың табандарының астында», – деп жауап береді. Тирмизидің айтуы бойынша, бір кісі Әбу Дардаға (р.а.) келіп: «Отбасылымын, бірақ анам жұбайыммен ажырасуымды талап етіп жатыр. Маған қандай өсиет етесіз?» – дейді. Әбу Дарда (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Әке – пейіштің ортаңғы есігі», – дегенін естігенмін. Қаласаң, сол ортаңғы есікті қолдан шығар, қаласаң сақтап қал», – деп жауап береді. Ибн Хиббанның сахих хадистер жинағында былай деп жазылады: «Бір кісі Әбу Дардаға келіп: «Әкем менің жанымда. Тіпті мені үйлендірді. Енді әйеліммен ажырасуымды талап етіп жатыр. Қалай жасайын?» – деп сұрайды. Әбу Дарда (р.а.) әлгі кісіге: «Мен саған «Әкеңді ренжіт» деп те, «әйеліңмен ажырас» деп те айта алмаймын. Бірақ қаласаң саған Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген бір сөзді айтайын: «Ол: «Әке – пейіштің ортаңғы есігі» – деген еді. Сен сол есікті сақтап қал не қолдан шығар», – деп жауап береді»199. 199 Тирмизи, 1900; ибн Мажа, 2089.


73 Ибн Хиббан мен Тирмизидің риуаяты бойынша, әзірет Омардың ұлы төменгідей оқиғасын айтып кеткен: «Менің бір әйелім бар еді, оны өте жақсы көруші едім. Бірақ әкем Омар (р.а.) оны жақсы көрмеді. Маған: «Онымен ажырас», – деді. Мен келіспедім. Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып бұл туралы айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) мені шақырып алып: «Әйеліңмен ажырас», – деді». Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім өмірінің ұзын болуын және ризығының кең болуын қаласа, ата-анасына жақсы қарасын және туыстық байланыстарды бекем ұстасын», – деген. Әбу Йағла мен Хакимнің риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Атаанасына жақсы қарағандарға сүйінші! Алла олардың өмірін ұзартады», – деді. Ибн Мажа мен ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адам күнә жасау арқылы ризығының азаюына жол ашады. Тағдырға жазылған нәрсені дұға ғана жоюы мүмкін. Өмірді жақсылық қана ұзартады». Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өз әйелдерің арлы болсын десеңдер, басқалардың әйелдерін жолдан шығармаңдар. Балаларың сендерге қарасын десеңдер, ата-анаңа қараңдар. Кімге мұсылман бауыры кешірім сұрап келсе, күнәһар болсын, бейкүнә болсын оны кешіріп, татулассын. Әйтпесе пейіштегі бұлақтан су іше алмайды», – деген. Табаранидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ата-аналарыңа жақсы қарасаңдар, балаларың да сендерге жақсы қарайды. Басқалардың әйелдерін жолдан шығармасаңдар, сендердің де жұбайларың арлы болады», – деп айтқан. Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Мұрнымен жер сүзсін, мұрнымен жер сүзсін, мұрнымен жер сүзсін!» – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, кім тұмсығымен жер сүзеді?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Анасы не әкесі не екеуі бірдей қартайған кездежанында тұрып оларға жақсы қарамай, пейішке кіре алмай қалғандар (мұрнымен жер сүзсін)», – деп жауап береді. Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде тұрып үш мәрте: «Әумин! Әумин! Әумин!» – деді. Содан соң бұл айтқандарының себебін төмендегіше түсіндірді: «Жәбірейіл маған келіп: «Уа, Мұхаммед, ата-анасының бірі қартайған кезде жанында тұрып оларға жақсы қарамай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен шеттетеді. Соған «Әумин! де», – деді, мен «Әумин!» – дедім. Содан соң «Уа, Мұхаммед, Рамазан айына жетсе де күнәларының кешірілуіне себеп бола алмай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны Өз мейірімінен шеттетеді, соған «Әумин! де», – деді. Мен «Әумин!» – дедім. Сонда «Уа, Мұхаммед, сенің есімің аталғанда саған салауат-сәлем айтпай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен аулақтатады, соған да «Әумин! де», – деді. Мен де үшінші рет «Әумин!» – дедім200. 200 Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/139. Бұл хадистің түрлі риуаяттары бар. Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім мұсылман құлды азат қылса, ол құл оны тозақтан құтқаратын төлем болады. Кім атаанасынан біреуі қартайғанға шейін жанында болып, оған жақсы қарап, өз күнәларының кешірілуіне себепкер ете алмаса, оны Алла Өз мейірімінен алыстатады»201, – деген. 201 Табарани, Муғжамул кәбир, 12/83; Әбу Яағла, Муснад, 10/328. Бұхари мен Мүслим риуаят еткені бойынша: бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Кімге ең жақсы мәміле жасайын?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Анаңа», – дейді. «Содан кейін кімге жасайын?» – дейді жаңағы кісі. Пайғамбарымыз тағы «Анаңа», – деп жауап береді. «Содан кейін ше?» – дейді әлгі.


74 Тағы да «Анаңа», – деген жауап алады. «Содан кейін кімге?» – дегенде ғана Пайғамбарымыз «Әкеңе», – деп жауап береді202. 202 Бұхари, 5971; Мүслим, 2547. Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкірдің (р.а.) қызы әзірет Асма (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде анам маған келді. Ол пұтқатабынушы болды. Мен Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Анам маған келді. Ол Исламға кірмей жатыр, онымен байланысымды жалғастыра берейін бе?» – деп сұрадым. Ол: «Әлбетте, анаңмен байланысыңды жалғастыра бер», – деп жауап берді. Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әкеге не анаға қарсы шығу – Аллаға қарсы шығу», – деп айтқан. Баззардың риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Ата-ананы разы қылу Алланың ризалығына жеткізеді. Ата-ананы ренжіту Алланың қаһарын алып келеді»203 деген. 203 Тирмизи, 1899. Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға мойынсұну – әкеге (не анаға) мойынсұну, Аллаға қарсы шығу – әкеге (не анаға) қарсы шығу», – деп айтқан. Тирмизи мен Хакимнің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен бір үлкен күнә жасадым, тәубем қабыл бола ма?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.) ол кісіге: «Анаң тірі ме?» – деді. Әлгі: «Жоқ» – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Нағашы апаң бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.) «Онда соған жақсылық жаса» – деп айтты204. 204 Тирмизи, 3975. Әбу Дәуіт және ибн Мажаның риуаятында сахабалардан біреу Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам өлді, бұдан кейін оларға қандай сауапты іс жасай аламын?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол кісіге: «Олар үшін дұға қылу, күнәларының кешірілуін сұрану, олардың тірі кезде берген уәделерін орындау, олар жақтан болған туыстарымен қарым-қатынасты жалғастыру және достарына жақсылық жасаумен сауап іс жасай аласың»,205 – деп жауап берді. 205 Әбу Дәуіт, 5142; ибн Мажа, 3664. Мүслимнің риуаяты бойынша, бір күні әзірет Омардың (р.а.) ұлы Абдулла (р.а.) Меккенің жолында бір бәдәуиге жолығып сәлем береді де, мінген атын, басындағы сәлдесін оған сыйлық қылады. ибн Динар (рахматуллаһи аләйһи): «Біз соған куә болып тұрған едік. Абдуллаға «Алла жақсылығыңды берсін, мұншалық мәміленің керегі бар ма? Бұл бәдәуилер бұдан аз нәрсеге де разы болмақ», – деп оның мәмілесінің себебін сұрадық. Абдулла бізге: «Бұл кісінің әкесі әкем Омардың өте жақын досы еді. Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Жақсылықтардың ең ұлығы – балалардың өз әкелерінің достарына жасаған жақсылықтары»206 дегенін естігенмін», – деп жауап берді. 206 Мүслим, 2552; Тирмизи, 1903. Ибн Хиббан былай деп риуаят етеді: «Әбу Бурда (р.а.) айтады: «Бір күні Мәдинаға бардым. Барысымен Абдулла ибн Омар менімен амандасып келіп қалды. Сөз үстінде «Саған неге келгенімді білесің бе?» – деп сұрады. «Жоқ», – дедім. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім қабірдегі әкесімен байланысқысы келсе, оның артында қалған достуғанымен байланыссын» деген сөзін естігенмін. Әкем Омар мен сенің әкеңнің арасында бірталай жақындық бар еді. Мен де сол достықты жалғастырғым келді»207, – деді. 207 Ибн Хиббан, Сахих, 443. Бұхари мен Мүслим риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Сендерден көп уақыт бұрын өмір сүрген бір елден үш кісі бала-шағасының тұрмыс қамымен сапарға шығады. Жолда бара жатқанда қатты жаңбыр жауып, таудағы бір үңгірді


75 паналауға мәжбүр болды. Олар үңгірде отырғанда, кенеттен құлап келген үлкен тас осы үңгірдің ауызын жауып қалды. Олар бір-біріне: «Сол уақытқа шейін жасаған жақсы істерімізді себепкер қылып дұға қылудан басқа еш нәрсе бізді бұл тастан құтқара алмайды», – деді. Басқа бір риуаят бойынша, олардың арасынан біреу әлгі екеуіне: «Осыған шейін Алла разылығы үшін жасаған істеріңді еске түсіруге әрекет жасаңдар. Соларды ортаға салып, Аллаға жалбарсаңдар, бұл тасты жылжытар», – деді. Тағы бір риуаят бойынша, араларынан біреуі әлгі екеуіне: «Іздеріміз өшті, үңгірдің ауызын тас жауып қалды. Алладан басқа ешкім біздің бұл жерде екенімізді білмейді. Сенген жақсы істеріңді ортаға салып, Аллаға жалбарыңдар», – дейді. Сонда олардың біреуі алақан жайып Аллаға былай деп дұға қылды: «Уа, Жаратқан Алла! Менің өте қартайып қалған ата-анам бар еді. Мен түнде оларға сүт бермей тұрып балаларыма да, малыма да қарамаушы едім. Бір күні отынға барып, үйге кеш келіп қалдым. Келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Сүтті сауып, ысытып келсем, әлі ұйықтап жатыр екен. Оларға сүт бермей тұрып балаларыма тамақ, малыма жем бергім келмеді. Сүт құйылған шәйнекті қолыма ұстап, олардың оянуын күтіп жандарында отырдым. Таң атып жер жарық болғанға шейін сол жағдайда күттім. Олар оянысымен оларға сүт бердім. Уа, Жаратқан Алла! Егер бұл істі Өзіңнің разылығыңа жету үшін жасаған болсам, бізді бұл үңгірден құтқара көр!» Оның бұл дұғасынан кейін тас орнынан біраз жылжыды. Үңгірдің аузы біраз ашылғанымен әлі де кісі шығатындай емес еді. Басқа бір риуаятта былай деп айтылады: «Менің шиедей болған жас балаларым бар еді. Малды үйге айдап келгенде сүтін сауып әуелі қартаң ата-анама, содан соң балаларыма сүт беретін едім. Бір күні отын алғалы барып, үйге қас қарайғанда келдім. Келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Әдеттегідей сүтті сауып, оны пісіріп алып жандарына барсам, әлі қызу ұйқыда екен. Олардың ұйқысын да бұзғым келмеді, олардан бұрын балаларыма сүт беруді де қаламадым. Шыдамы кеткен балаларым жылап аяғыма жабысып жүрді. Соған қарамай ұйқыда жатқан ата-анамды күтіп отырып таң атырдым. Уа, Жаратқан Алла! Мен бұл істі Өзіңнің разылығың үшін жасағаным саған мәлім. Сол ісім үшін бізді мына жердің қараңғылығынан құтқарып, Күннің көзін көрсете көр». Оның бұл дұғасымен тас орнынан жылжып, оларға Күннің көзін көре алатындай жылжып ашылды. Екінші кісі бауырының қызымен зина жасаудан Алладан қорқып, өзін тыйғанын айтып дұға қылды. Үшіншісі біреудің еңбек ақысына берілетін қойды көбейтіп бағып жүріп кейін иесіне толық қайтарып бергенін айтып дұға қылды. Бұл дұғалардан кейін үңгірдің аузы ашылып, үшеуі құтылып сыртқа шығып, одан ары жолын жалғастырды»208. 208 Бұхари, 2152; Мүслим, 2674. Зекет және сараңдық Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:


76 «Алланың шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады»209. 209 «Әли Имран» сүресі, 180. «(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Мен де сендер сияқты адам баласымын, (менің сендерден бір ғана айырмашылығым) маған: «Құдайларың – жалғыз Құдай», – деген уахи келеді. Ендеше Оған тұп-тура бет алыңдар және Одан (күнәларың үшін) кешірім тілеңдер», – де. Аллаға өзгелерді серік етіп қосатын мүшріктер қараң қалсын! Олар дүниелерінен зекет бермейді, ақиретті де мүлдем жоққа шығарады»210. 210 «Фуссилат» сүресі, 6-7. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлік иелері бермеген зекет үлесі қиямет күні жылан бейнесінде келіп мойындарына оралады»211, – деп айтқан. 211 Ибн Мажа, 1784. Басқа бір хадисте былай айтылады: «Уа, мұһажирлер, бес нәрсе бар. Олар бастарыңа келіп, сонымен сыналуларыңнан Құдай сақтасын: 1) Бір елде зинақорлық жайылып, ашық жасала бастағанда, ол елде оған шейін кездеспеген проблемалар және аурулар жайылады. 2) Таразыда кем тартқандар пайда болған елді жұт, ашаршылық қаптап, залым патша басқарады. 3) Мал-мүлкінің зекетін бермегендер көбейген ел құрғақшылықпен жазаланады. Егер олардың мал-жаны болмағанда жаңбырдың жүзін көре алмақ емес. 4) Аллаға және Оның Елшісіне берген сөзінен тайған елге сыртқы дұшпандар қол салып, кейбір байлықтары қолдарынан кетеді. 5) Мемлекеттік қызметкерлер Алланың Кітабы бойынша үкім жүргізбеген елде ішкі проблемалар пайда болады»212. 212 Ибн Мажа, 4019. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Бүтіндей өмірін сараңдық қылып жүріп өткізгеннен кейін өлімге жақындағанда жомарт болып көрінгендерге Алла қаһарын төгеді»213. 213 Жамиғус Сағир, 1857. Сараңдық туралы тағы да төмендегідей хадистер бар: «Сараңдық және теріс қиял – екі сипат бір мүминде болмайды»214. 214 Тирмизи, 1962. «Алла сараңды пейішке кіргізбеуге ант берді»215. 215 Жамиғус Сағир, 6125. «Сараңдықтан сақтаныңдар. Өйткені сараңдық халықты зекет беруден қашуға, туыстық қарым-қатынастарды бұзуға және бір-бірінің қанын төгуге шақырады»216. 216 Әбу Дәуіт, 1698. «Алла Тағала бейшаралықты жаратқанда, оны сараңдық пен дүниеге орады». Хасан Басриден «Сараңдық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Кісілер мал-мүлкінің зекет қылып берген жағын жоғалттым деп, қолында қалғанын байлық деп санауы», – деп жауап берген. Сараңдықтың басы – мал-мүлікті сүю, шектен тыс ашкөздік, кедейліктен қорқу және шектен тыс бала-шағаны бәрінен артық сүю. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Перзент пендені қорқақ және сараң қылады»217, – деп айтқан. 217 Ибн Мажа.


77 Кейбір кісілер мал-мүлкінің зекетін де бермейді, отбасына да жақсырақ өмір шартын жасамайды. Олар дүние жинағаннан ғана рахат алады. Шынында, бұл кісілер бір күні өлерін де біледі. Бишр (рахматуллаһи аләйһи): «Сараңмен бауыр болу ауыр, оған қарасаң, жүрегің қысылады», – деп айтқан. Имам Ағзам (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Мен сараңды әділеттілік қылады деп айта алмаймын. Өйткені сараң кісі «тышқанға кебек алдырмағанға» әрекет жасап жүріп, аяғында өз ақысынан да артығын алады. Мұндай пендеге сенуге болмайды». Бір күні Яхия (а.с.) Ібіліске жолығып: «Ей, Ібіліс, айтшы, дүниеде ең сүйген және ең жек көрген кісілерің кім?» – деп сұрайды. Ібіліс: «Ең сүйген кісім – сараң мүмин, ал ең жек көрген кісім – әдебі жоқ, бірақ жомарт кісі» – деп жауап береді. Яхия (а.с.) «Неге?» – деп сұрағанда, шайтан: «Өйткені сараңның сараңдығы мен үшін жеткілікті. Бірақ күнәһар, бұзақы, бірақ жомарт кісіні оның жомарттығы үшін Алла Тағала кешіріп жіберуінен қорқам», – деп айтты. Содан соң «Егер сен Яхия (а.с.) болмағанда, саған бұл сырды айтпас едім», – деп кетіп қалды. Ашкөздік және құр қиял Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер үшін екі нәрседен қорқамын. Олар – дүниеге тірек болатындай сезімдеріңе және нәпсілеріңнің ашкөздігіне алдануларың. Өйткені дүниеқұмарлық сезімде болу ақыретті ұмыттырады. Нәпсініңашкөздігіне алдану пендені ақиқаттан адастырады»218. 218 Байхақи, Шуғабул иман, 8/730. Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниеге құнығу, дүниеқұмарлық, дүние үшін сараңдық жасау. Міне, осы үш нәрсе: қураған кедейлікке, бітпеген тіршілікке, байлықтан ажыратқан қайғыға итермелейтініне кепілмін», – деп айтқан. Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) хумус еліне былай деген: «Уа, хумус елі! Ішінде тұрмайтын бос үйлерді салудан, құр қиялдарға алданудан, жегеннен шектен тыс мал-мүлік жинаудан ұялмайсыңдар ма? Сіздерден бұрын өткендер биік ғимараттарды салып, көп мал-мүлік жинаған және өздерін дүниені тіреп тұрғандай сезінген. Бірақ салған ғимараттары олардың мазары болды. Дүниені тіреп тұрғандай сезімдері жоғалды және жинаған мал-мүлкі ешбір іске жарамай қалды». Әзірет Али әзірет Омарға (р.анһума): «Екі досыңа (Пайғамбарымыз (с.а.с.) мен әзірет Әбу Бәкірге) жолығуды қаласаң, киген киімің жамаулы және аяқкиімің ескі болуға тиіс. Дүниені тіреп тұрғандай сезімдерге алданба және ешқашан қарның тойып тамақтанба», – деп насихат айтты. Әзірет Адам (а.с.) ұлы Шиске (а.с.) бес насихат айтты және бұл насихаттарды келешекте өз ұлдарына өсиет қылып кетуін өсиеттеді. Оның айтқан насихаттары төмендегідей: 1) Ұлдарыңа бұл дүниеге сеніп алмауды өсиетте. Өйткені мен мәңгілік деп пейішке беріліп кеттім де, Алла мені ол жайдан шығарды. 2) Ұлдарыңа әйелдерінің қалауымен бір іске бармауын өсиетте. Өйткені мен жұбайымның қалауына мойынсұнып, тыйым салынған ағаштың жемісінен жегенім үшін өкініште қалдым.


78 3) Ұлдарыңа әрбір істің соңын алдын-ала ойлауын өсиетте. Егер мен жасаған ісімнің соңын ойлағанымда басыма жалпыға мәлім болған бәлелер келмес еді. 4) Егер бір істі бастарда көңілдерің күмәнданса, ол істен алыс болыңдар. Өйткені мен тыйым салынған ағаштың жемісін жейтін кезде көңіліме күдік ойлар келген еді. Бірақ соған қарамай ол істен бас тартпағаным үшін ақырында өкініп қалдым. 5) Бір істі бастарда оны жақсы білгендермен кеңесіңдер. Егер мен тыйым салынған ағашқа жақындамай тұрып періштелермен кеңессем, басыма бұл бәлелер келмес еді». Мужаһид (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Абдулла ибн Омар бір күні маған былайша насихат айтты: «Таң атырғаныңда «Түнде не жасаймын?» деп ойланба. Кеш кіргенде «Ертең не болады?» деп уайымдама. Тірі кезіңде өлімің үшін, денің сау кезде ауырып қалатын күндерің үшін қамдан. Өйткені ертең не болатынын біле алмайсың». Риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабалардың арасында төмендегідей әңгіме болды: – Бәрің пейішке кіруді қалайсыңдар ма? – Әлбетте. – Олай болса, дүниені тіреп тұрғандай сезімдерге беріліп кетпеңдер және Алладан шындап ұялыңдар. – Біз бәріміз Алладан ұялады емеспіз бе? – Сендердің ұялғандарың шынайы ұялу болып есептелмейді. Қабірді және денелердің шіруін әрдайым естеріңде ұстаңдар. Қарындарың мен ондағы мүшелерді, бастарың мен ондағы мүшелерді харамнан сақтаңдар. Ақыреттегі биік орындарды қалаған кісі бұл дүниенің әшекейіне берілмеуге тиіс. Алла Тағаладан шындап ұялу сондай. Пенде сонымен Алланың достығына жетеді 219. 219 Тирмизи, 2458. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Бұл үмбеттің амандығының басы тақуалықта болғандай, құрдымға кетуі де сараңдық пен дүниені тіреп тұрғандай, еш өлмейтіндей сезімдерге алдануында»220. 220 Байхақи, 7/345. Үмміл Мунзирдің былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Бір күні түнде Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардан: «Уа, адамдар, сендер Алладан ұялмайсыңдар ма?» – деп сұрады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, не болды?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: «Жеп тауыса алмастай байлық жиясыңдар, құр қиялдардың артынан жүгіресіңдер, тұрып үлгере алмастай көп үй саласыңдар», – деп айтты. Сахабалардан Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) айтады: «Бір күні Усама ибн Зайд Зайд ибн Сабиттен ақшасын бір айдан кейін бермекші болып жүз дирхамға бір күң сатып алады. Сонда Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Усаманың бір айлық несие сауда қылғаны сендерді таңғалдырды емес пе? Ол өзін еш өлмейтіндей сезініп қалыпты. Аллаға ант етейін, мен көзімді ашқан сайын қайта жұма бере Алла жанымды ала ма деп ойлаймын. Бір нәрсеге қараған сайын қайта жерге қарауға үлгермей өлем бе деймін. Аузыма тамақ салған сайын оны жұта алмай өліп, тамақ кеңірдегімде қалып қала ма деп ойлаймын», – деп айтқанын естідім. Одан кейін: «Уа, халайық, егер ақыл-естерің орнында болса, өзіңдеріңді өліктердің арасында деп есептеңдер. Аллаға ант етейін, сендерге білдірілген ақырет көз ашыпжұмғанға шейін бастарыңа келіп қалады және оны тоқтата алмайсыңдар», – деді. Риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) көпшілікпен әңгімелесіп отырып қолына үш шырпыны алады да, біреуін алдына, екіншісін жанына жерге қадап, үшіншісін алысырақ лақтырады. Содан соң сахабалардан: «Бұлар нені түсіндіретінін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дегенде, ол: «Алдыңғы жағымда қадаулы тұрған шырпы – пенде, жанымдағы – ажал,


79 алысқа лақтырғаным – кісінің түбі жоқ құр қиялдары. Пенде құр қиялының артынан жетпей жүгіріп жүріп ажалдың шеңгеліне түседі», – деп қорытындылады. Риуаяттарға қарағанда, Иса (а.с.) бір жерде отырған. Арғы жақта бір қария күрекпен жер қазып жатты. Иса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Бұл қарияның көкірегінен дүниені тіреп тұрғандай құр қиялдарды өшір», – деп дұға қылды. Сол сәтте қария күрегін тастай салып жерге жата кетті. Иса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, бұл қарияға көп өмір сүру үмітін қайтарып бер», – деп дұға қылды. Содан соң баяғы қарияның жанына барып, жасап жатқан ісін тоқтатып, қайта бастауының сырын сұрағанда, ол: «Жерге жатпас бұрын «Сен қатты қартайдың, тағы қаншаға шейін істемек едің» деген ой пайда болып, күректі тастап жерге жата кеттім. Бірақ біраз демалғаннан кейін «қалған өміріңде де жан бағуың керек» деген оймен күректі қайтадан қолға алдым», – деп жауап береді. Ғибадатқа бекем болу және арамнан аулақ болу Ғибадаттың мағынасы – Алла Тағаланың парыздарын орындаумен бірге харам нәрселерден аулақ болу және Оның қойған шегінен шықпау. Мужаһид «Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа»221 деген мағынадағы аятты түсіндіріп жатып, «Бұл аяттың мақсаты – «Аллаға құлшылық жасау», – деп айтсақ болады» деген еді. 221 «Қасас» сүресі, 77. Ғибадаттың негізі – Алланы тану, Одан қорқу, Одан үміт ету және әрдайым Оның сынағында екеніңді білу. Пенде бұл сипаттардан алыстаса, иманның маңызын түсіне алмайды. Өйткені Алланы танымайынша, Оның бар екенін түсінуге адамзаттың білімі және ой-сезімі жетпейінше, Оның барлық нәрсені естіп, көріп, біліп тұратынына және барлық нәрсеге күші жететініне сенбейінше, орындалған ғибадаттар қабыл болмайды. Бірде Мұхаммед ибн Али ибн Хүсейіннен (рахматуллаһи аләйһи) «Сен Аллаға ғибадат жасағанда оны көресің бе?» – деп сұрайды. Мұхаммед ибн Али оған: «Әлбетте! Көрмеген біреуге қайтіп ғибадат жасамақ едім?» – деп жауап береді. Әлгі кісі таңғалып: «Оны қайтіп көресің?!» – дейді. Мұхаммед ибн Али: «Көзбен оны көруге болмайды, бірақ шынайы иман арқылы жүрек оны көреді. Сезім мүшелері арқылы сезілмейді, өйткені ол адамға ұқсамайды. Аяттарымен танылады, белгілері арқылы сипаттары байқалады. Ол – аспан-жердің серіксіз жалғыз Иесі», – деп түсіндіреді. Мұхаммед ибн Алидің сөздерін естіген әлгі кісі: «Алла пайғамбарлықты кімге беретінін өте жақсы біледі», – дейді. Ғалымдардың бірінен «Жасырын ілім» деген не?» – деп сұрайды. Ол: «Жасырын ілім – Алланың періштеге де, пендеге де ашпаған, бірақ сүйген құлдардың жүрегіне салған сыры», – деп жауап береді. Бізге жеткен мағлұматтарға қарағанда Кәғбул-Ахбар (рахматуллаһи аләйһи): «Егер адамдар Алла Тағаланың ұлылығы туралы кішкентай болса да нақты мағлұматқа ие болғанда су мен желдің үстінде басып жүретін еді», – деп айтқан және «Пенденің Алланы толық тани алмағанын мойындауын иман деп, нығметтерге толық шүкір қыла алмағанын қабыл алуын шүкіршілік деп қабыл алған Алла кемшіліктерден таза», – деген.


80 Демек, пенде Алланың ұлылығы туралы анық білсе, Оған құл екенін толық қабыл алады. Иман жүрекке орнағанда Аллаға ғибадат жасау зәрулігі өзінен-өзі пайда болады. Иман «заһир» және «батин» болып екіге бөлінеді: Заһири иман – иман келтіргенін сөзімен білдіру. Батини иман – жүрекпен сену. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер иесінен қорыққандықтанғана міндетін орындаған жаман иттей немесе берілмесе істемеген жаман шәкірттей болмаңдар», – деген. Алла Тағала: «Адамдар арасында Аллаға тек қара басының пайдасы үшін сүлесоқ құлшылық ететіндер бар. Мұндай адам мақсатына жетіп, жақсылыққа кенелсе, жаны жай тауып, мәз болады. Ал қандай да бір сынаққа, қиындыққа тап болса, бірден сырт айналып, жалтара қалады. Сөйтіп, дүниеде де, ақиретте де бар жақсылықтан қағылып, оңбай зиян шегеді. Міне, оңбай зиян шегу деген – осы»222 деген. 222 «Хаж» сүресі, 11-аят Аллаға құлшылық жасауымыз және бұл ғибадаттың бізге парыз болуы да оның сыйтартуы. Оның бізді соған бұйыруы және жасаған ғибадаттарымыздың сауабын беруі, бұйрықтарына қарсы шықсақ, жазалауы да әділеттілік. Тәуекел (Аллаға сену) – қиыншылық сәтінде және басымызға бір бәле келгенде төзімділікпен, сабырлылықпен Аллаға арқа сүйеу. Аллаға тәуекел еткендер барлық нәрсеге оның ғана күші жететінін, Оның барлық нәрселерді жоспарлап, құтылуға себеп болатын себепкер себептерді уақыты келгенде жарататынын біледі. Мұндай кісілер әкелерінен де, балаларынан да, байлықтарынан да, қолдағы мүмкіншіліктерінен де жәрдем күтпейді. Керісінше, Алла көрсеткен бағытта жүріп, барлық нәрсені оған тапсырып, қандай жағдай, қандай шартта болса да Алладан басқаға арқа сүйемейді және Одан басқадан үміт етпейді. Ғалымдардың бірі: «Аллаға ең жақын кісілер – оның берген несібесін шын көңілімен қабыл алғандар», – деп айтқан. Тағы бір мағыналы сөзде: «Қаншама қуаныштардың түбі – ауру, қаншама аурулардың түбі – шипа», – деп айтылады. Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «Сендерге қанша жерден ұнамаса да (керек кезде Алла жолында) соғысу парыз етілді. Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер»223. 223 «Бақара» сүресі, 216. Пенде бұл дүние сүйіспеншілігін тастамайынша, Аллаға толық құлшылық жасай алмайды. Бір нақыл сөзде: «Ең әсерлі насихат – ортада перде болмай, тікелей жүрекке жеткен насихат», – деп айтылады. «Ортадағы перделер» – дүниелік тосқауылдар. Бір данышпан былай дейді: «Бұл дүние – көзді ашып-жұмғандай уақыт, сен оны ғибадатқа айналдыр». Бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен өлімді жақсы көрмеймін», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Мал-мүлкің бар ма?» – деп сұрады. Ол кісі: «Бар», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлімнен құтылу мүмкінемес болғандықтан, мал-мүлкіңді өзіңнен бұрын жөнелт (қайырымды істерге жұмса). Өйткені пенде мал-мүлкінің жанында», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Тыйым салынған нәрселерге) қарау – шайтанның оғы. Алладан қорқып, көзін харам нәрселерден сақтағандардың жүрегіне Алла Тағала ләззаты жүректе байқалған иман тарту етеді», – деген. Бұл туралы айтылған мағыналы сөздерге көз салайық: «Көзін әр нәрсеге қарай беруден тыймағандар көпшілік сәтте өкініп қалады».


81 «Көздеріңе ие бол. Егер оларды бос қойсаң сені күнәға батырады. Егер оларды басқара алсаң, басқа мүшелеріңді де басқара аласың». Платоннан «Естіген нәрсе жүрекке зияндырақ па не көрген нәрсе ме?» – деп сұрағанда, ол: «Көру мен есту жүрек үшін құстың екі қанаты сияқты. Екі қанатсыз құс ұша да, қона да алмайды. Бір қанаты сынық құс аспанға ұшам десе қиналады және шаршайды», – деп жауап берген. Бір кісі алдында бара жатқан құлға қарап алып күліп жатқанда, бір тақуа кісі оған: «Ей! Көкірегі соқыр, көзінен у шашқан пенде! Сен жасаған істеріңді жазған және ісәрекеттеріңді бақылап тұрған періштелерден ұялмайсың ба? Олар саған бәлеге ұшыраған және батпаққа батқан байғұстай қарайды. Сен болса ешкімнен ұялмаған немқұрайды кісілердің жағдайына түсіп қалыпсың», – дейді. Әзірет Али (р.а.): «Көздер – шайтанның тұзақтары. Ол денедегі мүшелердің ішінен ең тез әсерленуші және ауыр соққы жеуші. Аллаға ғибадат жасау жолында дене мүшелерін басқара алған кісі мақсатына жетеді. Ал енді дене мүшелерін нәпсінің қызметіне беріп қойған пенде барлық істерін жойып жоқ қылады», – деп айтқан. Абдулла ибн Мүбәрак (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Иманның өзегі – Пайғамбарымыз (с.а.с.) алып келіп үйреткендердің ақиқат екенін қабылдау. Өйткені Құранның шындығына сенген кісі оның бұйрықтарын орындаумен мәңгілік тозақы болудан құтылады. Харамнан сақтанып, адалдан азықтанған пенде тәубе жасап, тақуалыққа беріледі. Парыз ғибадаттарын орындаған кісінің мұсылмандығы күшейтіледі. Шын сөйлеген кісі қиыншылықтардан құтылады. Әділетсіздіктен алыстаған пенде өшігуден алыс болады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін орындаған адамның істері маңызды. Алланың ғана разылығын көздеген кісінің жасаған істері қабыл болады». Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған насихат айтшы», – деп өтінеді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Әбу Дарда, тапқаның адал, істерің дұрыс болсын. Алладан уақытша ризық тіле және өзіңді өлік деп сана. Жасаған істеріңмен мақтанба. Бұл нәрсе – жасаған істерді жоққа шығаратын үлкен қорқыныш. Өйткені өз ісін жақсы көріп, сонымен мақтанған кісі жасаған істері қабылболды ма, болмады ма деп ойланбай, Аллаға қолқа сала бастайды. Пұшаймандық және өкініш алып келген қаншама күнәлар менменсінумен мақтаныш тудырған ғибадаттан жақсырақ. Және ел көрсіндіктен сақтан. Себебі Алла Тағала: «Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер һәм соның тағы бір есесі күпірлік қылғандардың қолында болса, сөйтіп, олар қиямет күнінің азабынан құтылу үшін соның бәрін төлем ретінде берсе де қабыл болмайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар»224 деген» деп насихат береді. 224 «Мәида» сүресі, 36-аят Ибн Масғудтан риуаят етілгені бойынша, Құран Кәрімнің ең ақырғы түсірілген аяты төменгі аят: «Бірің қалмай Аллаға қайтарылатын сол бір алапат күннен қазірден бастап қорқыңдар (сақтаныңдар). Содан кейін әрбір жанға (дүниедегі жақсы, жаман істерінің) қарымы толық қайтарылады һәм олардың бірде-біріне әділетсіздік жасалмайды»225. 225 «Бақара» сүресі, 281. Дәуіт (а.с.) пайғамбар Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға былай дейді: «Мүмин адамның үш белгісі бар: 1) Орындай алмаған істерін Аллаға тапсырады. 2) Жеткен нәрселеріне разы болады. 3) Қолдан кеткенге өкінбей сабыр қылады».


82 Бір мағыналы сөзде: «Бәлеге сабыр қылған адам мақсатына жетеді», – деп айтылады. Сабырдың бірнеше түрі бар. Парыздарды өз уақытында және кемшіліксіз орындауды жалғастыру, қосымша ғибадаттарды жалғастыру, кедейлікке, ауруларға шыдау; күнәларға, нәпсінің жөнсіз қалауларына, күнә болу мүмкін нәрселерге, барлық дене мүшелерінің істеріне және басқа жаман іс-әрекеттерге қарсы тұру. Міне, соның бәрі сабырдың түрлеріне жатады. Өлімді еске алу Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «(Жалған дүниенің) ләззаттарын жойып, бірталай ұмыттыратын өлімді көп еске алыңдар!»226 деген. Бұл – өлімді тез-тез еске алып, бұл дүние қызығына батып кетуден сақтайды дегенді білдіреді. 226 Тирмизи, 2307; Нәсаи, 1824. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер хайуанаттар өлім туралы адам баласы білгенді білсе, онда әрдайым арық малдың етін жейтін едіңдер»227 деп айтқан. 227 Әбу Нуаймин, Хилия, 6/392. Әзірет Айша бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Қиямет күні шейіттермен бірге махшарға келгендер бола ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Болады. Өлімді күн-түн демей жиырма мәрте еске алғандар келеді», – деп жауап берді. Бұл ұлы қасиетке жетудің себебі – өлімді еске алу арқылы пенде өзін алаңдатқан дүние қызықшылығынан бас тартып, ақырет үшін дайындалуы. Ал енді өлімді естен шығару болса, дүниеге берілуге итермелейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисте: «Өлім – мүмин үшін сыйлық»228 деп айтқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өлімді «мүмин үшін сыйлық» деп айтуының себебі мынадай: Мүмин нәпсінің түрлі қалауларын орындаудың қиыншылығына шыдау, бейбастық сезімдерін шектеу және шайтаннан қорғану сияқты бірнеше міндеттерді арқалағандықтан, бұл дүние мүминдер үшін зындан сияқты және өлім оны сол азаптан құтқарады. Бұл құтылу ол үшін үлкен сыйлық. 228 Ибн Әбу Дуня, әл-маут. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисінде елге қолымен де, тілімен де зиян келтірмеген, үлгілі әдеп-ахлақ көрсеткен, ұсақ-түйек кемшіліктерден басқа үлкен күнәларға батпаған мүминдерді айтып жатыр. Өлім сондай үлкен күнәлардан аулақ болып, парыздарды орындап жүрген кісілерді күнәларынан арылтып, тазалайды. Әнәс (р.а.): «Өлімді жиі-жиі еске алыңдар, өйткені ол күнәдан аулақтатады және дүниеден көңілдеріңді қалдырады»229 деген. 229 Ихияу улумиддин, IV, 450-бет. Басқа хадистерде: «Өлім – ескертуге жеткілікті» және «Өлім – насихатшы болуға жеткілікті» 230 – деп айтылған. 230 Табарани, Байхақи. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні мешітке кіріп, іштегілердің күлкі аралас бажылдап сөйлесіп жатқанына куә болады да, оларға: «Өлімді еске алыңдар. Жаным қолында болған Аллаға ант ішіп айтайын, мен білгендерді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер», – деді.


83 Алла Елшісі (с.а.с.) де қатысып отырған бір мәжілісте сахабалар біреуді асыра мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Сендер сөз қылып жатқан жолдастарың өлімді еске ала ма?» – деп сұрады. Сахабалар: «Оның өлім туралы айтқанын еш естімедік», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олай болса ол достарың сендер мақтағандай емес екен», – деді. Ибн Омар (р.а.) айтады: «Он кісілік топтың оныншысы болып Пайғамбарымызбен (с.а.с.) амандасқалы барып қалдым. Ансардан біреу Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, адамдардың ең ақылдысы және қадірлісі кім?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл сұраққа: «Ең ақылды және қадірлі кісілер – өлімді жиі-жиі еске алып, оған көп дайындық жасаған пенделер. Олар бұл дүниеде де, ақыретте де қадірге ие болған ақылдылар», – деп жауап берді. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Өлім бұл дүниенің қадірін түсірді, ақыл-есі орнында болған пенделердің тынышын кетірді», – деп айтқан. Рәбиғ ибн Хайсам: «Мүминнің өлімнен де бағалы санаған нәрсесі жоқ. Менің өлімімді ешкімге естіртпеңдер. Өзімді болса Жаратқан Иеме тапсырыңдар», – деген. Бір данышпан кісі досына жіберген хатында былай деп жазады: «Уа, бауырым, өлімді сағынып, таба алмайтын әлемге (ақыретке) көшуден бұрын бұл әлемде өлімнен қорық». Өлім туралы сөз қозғалғанда ибн Сириннің (рахматуллаһи аләйһи) тұла бойы қатып қалды. Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) әр күні сарайына фақиһ ғалымдарды жинап, олармен өлім, қиямет күні және ақырет туралы әңгімелесетін. Содан соң алдарында жаназа тұрғандай жыласатын еді. Ибраһим Тайми (рахматуллаһи аләйһи): «Өлім және Алланың алдында тұрғанымды сезу – сол екі нәрсе мені бұл дүниенің рахатын сезбейтін қылып қойды», – деген. Кәғбул Ахбар (рахматуллаһи аләйһи): «Өлерін білген кісі бұл дүниенің қиыншылықтарына және машақаттарына мән бермейді», – деген. Мутарриф (рахматуллаһи аләйһи): «Түсімде Басра мешітінің ортасында мінберде сөйлеп жатқан кісінің: «Өлімді еске алу Алладан қорыққандардың жүрегін жарып кетті. Мен олардың не қыларын біле алмайтынын көрудемін», – деп айтқанын естідім», – деген. Ашас (рахматуллаһи аләйһи): «Хасан Басридің жанына кіргенімізде ол кәдімгі оттың, кәдімгі ақыреттің және өлімнің естелігі сияқты көрінді», – деп ескерген. Сафия (р.а.) айтады: «Бір әйел әзірет Айшаға (р.а.) келіп, өзінің жүрегінің қаттылығын айтып шағымданды. Әзірет Айша оған: «Жиі-жиі өлімді еске ал, сонда жүрегің жұмсарады», – деді. Ол әзірет Айшаның (р.а.) кеңесін орындаса, шынымен де жүрегі жұмсарды. Біршама уақыттан кейін әзірет Айшаға келіп рақмет айтты». Әзірет Дәуіттің (а.с.) жанында өлім, қиямет күні туралы сөз қозғалғанда буындары айырылып, дене мүшелері шашырап кеткендей жылап, Алланың рақымы туралы айтылғанда ғана өзіне келуші еді. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Мен көрген ақыл-есі орнында болған кісілердің бәрі өлімнен қорқып, өліктің артынан қайғырушы еді», – деп айтқан. Әмәуи халифаларынан Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) жанындағы ғалымдардың біріне: «Маған насихат айтыңыз», – деді. Ғалым: «Өлімнің дәмін тататын бірінші халифа сенсің», – дер еді. Халифа: «Жалғастыра беріңіз», – дегенде, ғалым: «Адамнан бастап барлық аталарың өлімнің дәмін татудан құтыла алған емес. Енді кезек саған келді», – дер еді. Сол кезде Омар ибн Абдулазиз жылай бастады. Рәбиғ ибн Хайсам (рахматуллаһи аләйһи) үйіне бір шұңқыр қазып қойып, әр күні бірнеше мәрте ішіне кіріп жатушы еді және сонымен өлімді есінен еш шығарған емес.


84 Сұрағандарға: «Өлімді еске алу көзді ашып-жұмғанша да болса жүрегімнен шықса жүрегім бұзылады», – деп айтты. Мутарриф ибн Абдулла Шиххир (рахматуллаһи аләйһи): «Сол өлім байларды байлығына алданудан тоқтатты. Демек, өлместікті және мәңгілік бақытты іздеңдер», – деп айтқан. Халифа Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) Анбасаға: «Өлімді жиі-жиі еске ал. Егер кеңшілікте өмір сүріп жатқан болсаң, бұл нәрсе сені жұпыны өмірге итермелейді. Егер тапшылықпен өмір сүріп жатқан болсаң, тірілікті байлық деп санауыңа негіз болады», – деген. Әбу Сүлеймен Дарани (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Үммі Харуннан «Өлгің келе ме?» – деп сұрасам, «Жоқ», – деді. «Неге?» – десем, «Біреудің тілегін орындамасам, оған кезігуді қаламаймын. Алланың бұйрығына мойынсұнбадым. Енді қайтіп оған жолыққым келсін», – деп жауап берді». Әбу Мұса ат-Тамими (рахматуллаһи аләйһи) былай деп баяндайды: «Белгілі ақын Фараздақтың жұбайы қаза болғанда Басра қаласының атқамінерлері жаназаға келді. Олардың арасында Хасан Басри да бар болды. Ол Фараздақтан: «Уа, Әбу Фирас, бұл күнге не дайындадың?» – деп сұрады. Фараздақ: «Алпыс жылдан бері қайталап жүрген (Лә илаһа иллаллаһ) куәлік кәлимасын» – деп жауап берді. Көк аспан туралы және басқа заттар Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әлемді бір «өзектен» жаратып, оған сұспен қарағанда Алладан қорыққанынан «өзек» еріп, суға айналды. Сонда Алла Тағала суға мейіріммен қарағанда жарымы қатты. Алла сол қатқан судан «Аршты» жаратты. Арш та сілкіне бастағанда Алла оның үстіне «Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадун расулуллаһ» (Алладан басқа құдай жоқ. Мұхаммед – Алланың елшісі)» деген кәлиманы жазды. Сонда ол тынышталып қалды. Қалған суды қиямет күнге шейін өз жағдайында қалдырды. Алла Тағала бұл туралы «Оның Аршы судың үстінде еді»231 деп айтады. 231 «Һуд» сүресі, 11/7 Сонда су шалқып, көбіктене бастады. Одан бу шығып, жиналып отырып, жоғары көтерілді. Будың көбігінен «қабат-қабат» жер-аспанды жаратты. Бұл сатыда жер-аспан бір-біріне жабысып тұрған. Алла Тағала олардың ортасына жел жаратып, қабаттарды бір-бірінен ажыратты. Алла Тағала бұл туралы: «Сөйтіп, Ол (газ бұлты күйіндегі тұмандық) көкті екі күнде жеті қат көк етіп толық қалыптастырды»232 – дейді. 232 «Фуссилат» сүресі 41/12 Данышпандар былай деген: «Алла аспанды неге будан емес, тұманнан жаратты? Өйткені тұманның бөлшектері бір-бірімен біріккен жағдайда жаратылған. Ол орнында тұрақты. Бу болса тұрақты емес, құбылып, өзгеріп тұрады. Бұл да ұлы Жаратқанның кемшіліксіз данышпандығын көрсетеді». Сонда Алла Тағала суға мейіріммен назар салғанда су қатты. Бұл мағлұмат Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисімен расталған. Аспан мен жер жүзінің ортасында және барлық аспан қабаттарының ортасында бес жүз жылдық қашықтық бар.


85 Риуаяттарға қарағанда, аспанның бірінші қабаты сүттен де ақ. «Қаф» тауының жасылдығы шағылысып, оны көк-жасыл қылып көрсетіп тұрады. Аспанның бірінші қабатының аты – «Рақиа». Екінші қабаты нұр секілді жарқыраған темірден, аты – «Файдум» не «Маун». Үшінші қабаты жезден. Аты – «Мәләкут» не «Харюн». Төртінші қабаты ақ күмістен. Көз шағылыстыратындай жарқырап тұрады. Аты – «Заһира». Бесінші қабаты қызыл алтыннан. Аты – «Музайна» не «Музһира». Алтыншы қабаты нұр шашқан бір заттан. Аты – «Халиса». Жетінші қабаты қызыл жақуттан. Аты – «Лабиа» не «Дамиа». «Байтул-Мағмур»233 аспанның жетінші қабатында. Байтул-Мағмурдың бірі қызыл жақуттан, екіншісі жасыл изумрудтан, үшіншісі ақ күмістен және тағы бірі қызыл алтыннан болған төрт тірегі бар. 233 Періштелер әлемінің құбыласы Тағы бір риуаят бойынша, ақықтан болған Байтул-Мағмурға әр күні жетпіс мың періште кіріп шығады және қиямет күнге шейін бұл періштелердің ешбірі қайтып келмейді234. 234 Бұхари, Бәдул-халқ. Сенімді пікір бойынша, жер жүзі аспаннан да жоғары тұрады. Өйткені пайғамбарлар жер жүзінде жаратылып, жер жүзіне көмілген. Жердің ең бағалы қабаты – үстіңгісі. Өйткені барлық жандылар сол қабаттан пайдаланады. Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, аспандардың ең жоғарғы қабаты Аршқа жақын болғандықтан «Күрсі» деп аталады. Жеті планетадан басқа барлық жұлдыздар сол қабатта. Жеті планета аспанның жеті қабатына шашылған деп айтылып қалған. Бұлардан «Сатурн» аспанның жетінші қабатында және ол бейсенбі күнге дәл келеді. «Марс» бесінші қабатта. Ол сейсенбі күнге дәл келеді. «Күн» төртінші қабатта және жексенбіге дәл келеді. «Венера» үшінші қабатта және ол жұма күнге дәл келеді. «Меркурии» аспанның екінші қабатында және ол сәрсенбіге дәл келеді. «Ай» аспанның бірінші қабатында және ол дүйсенбіге дәл келеді. Алла Тағаланың шеберлігіне қарашы! Жеті қабат аспан бір-біріне ұқсамағанмен, бәрі бірдей тұманнан жаратылған. Осындай көктен жаудырған жаңбырмен жер жүзінде түрлі өсімдікті және жемістерді жаратты. Алла Тағала пенделерді де түрлі көріністе жаратқан. Олардың кейбірінің өңі ақ, кейбіреуінікі қара. Кейбірі білімді, кейбірі білімсіз. Бірақ бәрінің түпкі тегі Адамға барып тіреледі. Алла Тағаланы барлық кемшіліктерден таза деп пәктеңдер! Күрсі, Арш, муқарраб періштелер, ризық және Аллаға тәуекел ету Алла Тағала Құран Кәрімде: «Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған»235 деген. 235 «Бақара» сүресі, 255.


86 Кейбір тәпсір ғалымдарының көзқарасы бойынша, «Күрсі» – Алла Тағаланың ілімінің жасырын аты. Кейбірлерінің пікірі бойынша, Алланың Патшалығы. Кейбір ғалымдардың жорамалына сүйенсек, бұл жерде аспан денелері айтылуда. Әзірет Алиден (р.а.) риуаят етілгені бойынша, «Күрсі» жарқыраған інжуден тұрады және оның ұзындығын Алладан басқа ешкім білмейді». Бір хадисте: «Аспандар мен жеті қабат жер Күрсімен біргешөлде жатқан жүзік сияқты», – деп айтылады. Ибн Мажаның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аспандар – Күрсі кеңістігінде, Күрсі – Арштың алдында», – деп айтқан. Икриманың риуаятында: «Күн Күрсінің жетпістен біріндей. Арш болса нұр перделердің жетпістен біріндей», – деп айтылған. Риуаяттар бойынша: «Күрсіні көтеріп тұрған періштелер мен Аршты көтерген періштелердің ортасында жетпіс қараңғы, жетпіс нұрлы перде бар. Әр перденің арасы бес жүз жылдық қашықтық. Егер олай болмағанда Күрсіні көтеріп тұрған періштелер олардың нұрынан күйіп кететін еді», – деп айтылады. Арш Күрсіден де биік. Ол нұрдан жаралған және Күрсіден басқаша. Хасан Басри бұл көзқарасқа қосылмайды. Арш қызыл жақуттан, жасыл гаухардан, ақ інжуден т.б. екендігі туралы риуаяттар бар. Бұл мәселеде нақты пікір айтудан қашып, ауыз ашпай қойған өте дұрыс. Шариғат ғалымдарының көзқарасы бойынша, «Арш» пен «Күрсі» – әлемнің ең жоғарғы шегі. Оның сыртында еш нәрсе жоқ. Бұл шек адамзаттың ілімінің де шегі болып саналады. Бұл шектен тысқарысын түсіну мүмкін емес, ол туралы іздеу де орынсыз және тек қана бекершілік. Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед!) Егер олар (сенің өздеріне деген ынтызарлығыңа, жанашырлығыңа қарамастан) сырт айналып кете барса, онда: «Маған (қамқор ие ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе ғана арқа сүйеп, тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және күллі жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі)», – деп айт»236 деген. 236 «Тәубе» сүресі, 129. Аятта баяндалғандай, Алла Тағала Аршты «ұлы» деп сипаттаған. Өйткені әлемдегі ең орасан зор нәрсе сол. Сондай-ақ жоғарыдағы аяттың бұйрығы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаға толық тәуекел еткен. Міне, сондықтан Тауратта және Алла Тағала түсірген басқа қасиетті кітаптарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Мутауаккил» (Аллаға тәуекел етуші) деп айтылады. Себебі Аллаға тәуекел ету – Алланы жалғыз деп танудың табиғи нәтижесі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) – Алланы жалғыз деп танығандардың басшысы. Бірақ Аллаға тәуекел ету кейбір себептерді орындауға тосқауыл емес. Бір бәдәуи Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Түйемді байлап қояйын ба әлде оны Аллаға тапсырып бос қояйын ба?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Түйеңді байла, содан соң Аллаға тапсыр», – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер Аллаға толық тәуекел етпегендеріңде таңертең ұясынан аш шығып, кешке тоқ қайтқан құстардың ризығын қалай берсе, сендердікін де солай бермек»237, – деп айтқан. 237 Тирмизи. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисінде «Құстардың таңертең жолға шыққанын» баса белгілеп айтумен бірге, Аллаға тәуекел ету себептерді орындаумен болатынына ишарат қылған. Хикая


87 Ибраһим ибн Адхам мен Шақиқул-Балхи (рахматуллаһи аләйһи) Меккеде жолығып қалды. Ибраһим Шақиққа: «Сол жағдайға келуіңе не себеп болды?» – деп сұрады. Шақиқ: «Бір күні шөлде бара жатып қанаты сынып жерде жатқан құсты көрдім. Өзімше: «Сол жерден бұл шымшықтың ризығы қайдан келетінін қарап тұрайыншы», – деп оңашарақ барып отырдым. Бір уақытта шегіртке тістеп бір құс ұшып келді. Ол жаңағы қанаты сынық шымшықтың жанына қонып, шегірткені оған жегізді. Мұны көргенде «Сол құсты келесісінің ризығына себепкер қылған Алла қайда болсам да менің ризығымды берер» деп дүниенің артынан жүгіргенімді тоқтатып, өзімді толығымен ғибадатқа арнадым», – дейді. Ибраһим ибн Адхам Шақиқул-Балхиға: «Онда неге сен сол қанаты сынық шымшыққа жем тасыған қанатты сияқты жоғарғы дәрежеде болғың келмейді? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Үстіңгі қол (бергеннің қолы) астыңғы қолдан жақсырақ»238 дегенін естіген емес пе едің? 238 Бұхари, Зекет. Мұсылманның белгісі – екінің бірін таңдаса, ең жоғарғысына жетуге әрекет жасау. Сонымен ғана ұлы кісілердің деңгейіне жетуге болады», – деді Мұны естіген Шақиқ Ибраһим ибн Адхамтың қолынан сүйіп, «Уа, Әбу Исхақ, сен біздің ұстазымызсың», – деді. Бірақ пенде бір нәрсеге жету үшін себептерді орындап қойып, соған ғана қарап қалмау керек. Оның мақсаты – бір Алла болуға тиіс. Бұл жайтта қайыршыдан үлгі алған жөн. Жалпыға мәлім болғандай, қайыршылардың алдында бір табақ тұрады. Олар қайыр сұрап отырғанда табақты емес, оған бір нәрсе салатын кісілерге қарайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адамдардың ең байы болғысы келген кісі Алланың алдындағы байлыққа қолындағыбайлықтан да көбірек сенуі керек»239 деп айтқан. 239 Ихияу улумиддин, IV, 244-бет. Ұзақ уақытқа шейін Ибраһим ибн Адхамның қызметінде жүрген Хузайфа Рашиден: «Ибраһим ибн Адхамның жанында жүргеніңде сені таңғалдырған қандай оқиғаға куә болдың?» – деп сұрайды. Хузайфа былай деп жауап береді: «Меккеге сапар тартып бара жатып жолда бірнеше күн аш қалдық. Куфаға жетіп бір мешітке тоқтадық. Ибраһим ибн Адхам менің жүзіме қарап тұрып, сұрақ қойды: – Хузайфа, қарның аш секілді көрінесің, солай ма? – Жағдайым, ұстаз, көріп тұрғаныңдай. – Маған қағаз, қалам алып кел. Қағаз, қалам алып келдім. «Биссмилладан» кейін «Әрдайым саған ғана сиынып, Сенен ғана жәрдем сұраймыз» деп жазды. Содан соң төмендегіше жалғастырды: «Мен Өзіңе мақтау айтып, шүкіршілік етемін, зікір айтамын. Мен аш-жалаңаш, жол таба алмай алаңдаймын. Алты нәрсені айтып өттім, алғашқы үш нәрсе мойнымдағы міндетім, қалғандарына Өзің кепіл бола көр! Өзіңнен басқаны мақтап, даңқын көтеру мен үшін тозаққа түсу болып саналады. Әлсіз пенделеріңді тозаққа түсуден сақта!» Ибраһим ибн Адхам осыны жазып, қолыма қағазды ұстатып былай деді: «Сыртқа шығып, бұл қағазды алғашқы жолыққан кісіге бер». Сыртқа шықсам, қашыр мінген бір кісі келе жатыр екен. Қағазды оның қолына ұстаттым. Жазуды оқыған кісі жылай бастады. Сосын: «Мұны жазған кісі қайда?» – деп сұрады. «Пәленше мешітте» – деп жауап бердім. Ол маған алты жүз динар салынған қапшықты ұстатып кете берді. Оның артынан кетіп бара жатқан бір кісіден: «Әлгі қашыр мінген кісі кім?» – деп сұрасам, «Ол христиан», – деп жауап берді. Ибраһимнің жанына барып, болғанын болғандай етіп айтып бердім. Ол маған: «Қапшыққа тие көрме, ол қазір-ақ қайтып келеді», – деді.


88 Айтқандай-ақ біраздан кейін христиан кісі кіріп келді. Ибраһимнің жанына тізе бүгіп отырып, оның басын сүйе бастады және оның артынан Исламды қабыл алды». Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала Аршты көтеріп тұрған періштелерді жаратқанда оларға «Аршымды көтеріңдер», – деп бұйырды. Олар көтере алған жоқ. Сонда Алла Тағала олардың әрбіріне бүкіл аспандағы періштелерді қосып беріп, қайта «Аршымды көтеріңдер», – деді. Олар тағы да көтере алмады. Сонда Алла Тағала оларға: «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһи»240 деңдер» дегенде, періштелер мұны айтып Аршты көтерді. Бірақ періштелердің аяқтары жердің жеті қабатына шейін батып кетті. Табандарын еш жерге тірей алмай қалғанда Аршты ұстап қалуға мәжбүр болды. 240 Мағынасы: "Бір Алладан басқа сүйенер күш те, қуат та жоқ". Арасынан біреу құлап кетсе, қайда құлағаны білінбей қалады деп қорқып, бір-ақ кәлиманы қайталап жатты. Олар Аршты, Арш болса оларды көтеріп тұрды. Бірақ бәрін бірдей Алланың құдіреткүші көтеріп тұрған еді. Риуаяттарға қарағанда: «Әр күні таңертең және түнде жеті мәртеден «Хасбиаллаһу лә илаһа иллә һууа, аләйһи тәуәккәлту уә һууа раббул аршил-азим (Маған (қамқор ие ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе ғана арқа сүйеп, тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және күллі жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі) деген кісінің қандай тілегі болса да орындауды Алла Өзіне алған». Басқа бір риуаят бойынша, ақырғы бөлігі төмендегіше: «Бұл дүниеге не ақыретіне тиесілі қандай тілегі болмасын, оны орындауды Алла Өзіне алған»241. 241 Әбу Дәуіт, 5081. Көр дүниенің қорлығы Алланың кітабы Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әдеп-ахлағына лайық келмеген тәрізді жасауды айыптаған аяттар өте көп. Аяттар адамдарды қалағанындай сайрандап өмір сүруден аулақ болуға және Алла бұйырған негіздерге лайық өмірге шақырады. Пайғамбарлардың мақсаты да сол. Олар елді шариғатқа лайық өмір сүруге шақыру үшін Алла Тағала тарапынан жіберілген. Бұл мәселе Құранда ашық баяндалғандықтан аяттардан мысал келтірудің зәрулігі жоқ деп, тақырыпқа қатысты хадистердің кейбірінен мысал келтіреміз: Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жолда бара жатып қойдың өлексесін көреді де, жанындағыларға: «Бұл қойдың өлексесінің иесіне керегі жоқ екенін қабыл аласыңдар ма?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әлбетте, мән бермегені үшін тастай салды да», – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған Аллаға ант ішіп айтайын, Алланың алдында дүние – пенденің алдындағы сол қойдың өлексесіндей де қадірі жоқ»242 деді. 242 Тирмизи, 221. «Егер Алланың алдында дүниенің шіркейдің қанатындай қадірі болса, онда кәпірлерге бір жұтым су да ішкізбес еді»243. 243 Тирмизи, Табарани. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Дүние – мүминнің зынданы, кәпірдің пейіші»244. 244 Мүслим, 3952; ибн Мажа, 4113.


89 Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Бұл дүние қарғысқа қалған. Алланың разылығынан тысқары нәрселердің бәрі қарғысқа қалған»245. 245 Тирмизи, 2222; ибн Мажа, 4112. Әбу Мұса әл-Ашғаридің берген мағлұматы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл дүниені жақсы көрген пенде ақыретіне зиян келтіреді. Ақыретін сүйген пенде бұл дүниесіне зиян келтіреді»246 деген. 246 Ахмад ибн Ханбал, Табарани. Демек, мәңгілік өмірді өткінші дүниеден жоғары қою керек! Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниені сүю – барлық күнәлардың басы», – деген. Зәйд ибн Арқам (р.а.) былай дейді: «Бір күні әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) жанында отырған едім. Ол су сұрады да, оған бал қосылған су алып келді. Шәрбатты аузына жақындатып барып, қайта ішуден бас тартты да, жылай бастады. Оның көз жасы жанындағыларды да жылатты. Бірақ жанындағылар тоқтағанымен, ол тағы да жылай берді. Жанындағылар оның көз жасының себебін сұрай алмай, күтіп қалды. Бір уақыттан кейін ол жылағанын тоқтатып, көз жасын сүртті. Сонда жанындағылар: «Уа, Алланың Елшісінің халифасы, неге жыладың?» – деп сұрады. Сонда ол былай жауап қайтарды: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырған едім. Бір кезде оның бір нәрселерді қолымен қақпайлап ары қуып жатқанын байқадым. Жанында ешкім жоқ болды. «Уа, Алланың Елшісі, нені қуалап жатырсың?» – деп сұрадым. Ол маған: «Бұл дүние алдыма үйіліп келді. Оған: «Жоғал! Менен аулақ бол!» – дедім. Ол маған: «Сен мені қуаладың, бірақ сенен кейін келгендер менен құтыла алмайды деді», – деп жауап берді247. 247 Ихияу улумиддин, III, 202-бет. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Мәңгілік өмірдің бар екеніне иман келтіргеннен кейін, жалған дүниенің артынан жүгірген кісі қандай ақылсыз!» Риуаяттарға қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Келіңдер, дүниені көріңдер», – деп тастандыдан шіріген матаның жыртығын және қарайған сүйектің сынығын алып: «Міне, дүние деген сол!» – деді. Ал бұл шіріген мата дүние әшекейлері бір күні шіріп, сол мата сияқты болатынын көрсетіп тұрады. Бұл дүниеде көріп тұрған жан-жануардың бәрі бір күні шіріген сүйекке айналады демекші болған деді ол. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Дүние тартымды және көзге жағымды. Алла жер жүзін сендерге тапсырды да, не қылар екен деп көз салып тұрады. Дүние Исраилұлдарының алдына жайылғанда, олар адасып әшекейлерге, киім-кешектерге, жағымды иістерге және әйелдерге беріліп кетті».248 248 Мүслим, 7242; ибн Мажа, 4000. Иса (а.с.) айтқан: «Дүниеге табынбаңдар, ол сендерді құл қылып алмасын. Қазыналарыңды жоқ қылмайтын Алланың жанына жинаңдар. Өйткені бұл дүниеде жиналған байлықтың жоқ болып кету қорқынышы бар. Ал енді қазынасы Алланың жанында болған кісі байлығының жоқ болып кетуінен еш қорықпайды». Иса (а.с.) тағы: «Уа, хауарилерім! Бұл дүниені үстінен өтіп кететін көпір сияқты көріңдер. Оны мәңгілік көріп, бекем жайғасып алуға әрекет жасамаңдар. Барлық күнәнің басы – дүниені сүю екенін біліңдер. Көзге тартымды асау құмарлар пенделерге үлкен азапты алып келген. Дүние сендерге шөгіп келген, сендер оған міндіңдер. Ол жерде патшалармен және әйелдермен таласып отырмаңдар. Патшалармен бұл дүние істерінде таласпай, өз алдынша қалдырсаңдар, олар сендерге тиіспейді. Әйелдерге азғырылудан намаз және оразамен сақтаныңдар».


90 Мұса ибн Ясардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала үшін жаратқан нәрселерінің ішінен ең жек көрініштісі – дүние. Жаратқаннан бері оған еш көңіл бұрған емес», – дейді. Риуаяттарға қарағанда, бір күні Сүлеймен ибн Дәуіт (а.с.) үстінен құстарды, екі жағынан кісілер мен жындарды жүргізіп бара жатып Исраилұлдарынан шыққан бір тақуа кісіге жолығады. Ол: «Уа, Дәуіт ұлы Сүлеймен, шынында, Алла саған ұлы патшалықты нәсіп қылған!» – дейді. Сүлеймен (а.с.) оған: «Мүминнің сауап дәптеріне жазылған бір тасбих Сүлеймен ибн Дәуітке берілген зор патшалықтан да жақсырақ. Өйткені Сүлейменге берілген патшалық уақытша. Ал енді мүмин айтқан тасбихтің сауабы мәңгілік!» – деп жауап берген». Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Дүние жинау құмарлығысендерді азғырды. Адам баласы «мал-мүлкім!..» дей береді. Шынында, сенің жеп-ішкеннен, киіп ескірткеннен және садақа беріп, мәңгілікке тастап кеткеннен басқа қайбір байлығың бар?!»249 249 Мүслим, 2958. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Бұл дүние мекені – жоқтардың мекені және байлығы жоқтың байлығы. Ақылсыздар бұл дүние үшін байлық жинайды. Надандар дүние үшін таласып-тартысады. Түсінігі тар кісілер дүниені қызғанады. Шынайы иманға ие бола алмағандар ғана оның артынан жүгіреді»250. 250 Ахмад ибн Ханбал; Ихияу улумиддин, III, 203-бет. Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Дүниені бірінші орынға қойған кісі Алладан еш нәрсе үміт ете алмайды. Алла Тағала ол кісінің көңілінен төрт нәрсені шығармайды: 1) Бітпес қажеттілік; 2) Бос уақыт таптырмаған әурешілік; 3) Көз тойдырмаған кедейлік; 4) Мақсатқа жеткізбеген құрғақ қиялдар»251. 251 Ихияу улумиддин, III, 203-бет. Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Әбу Һурайра, саған бұл дүниенің шынайы жүзін көрсетейін бе?» – деді. Мен: «Әлбетте», – деп жауап бердім. Ол мені қолдан алып Мәдинаның құрғақ сайларының біреуіне алып барды. Ол жерде бас сүйектер, хайуан қилары, ескі маталардың жыртықтары және қураған сүйектер үйіліп жатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әбу Һурайра, бұл бастар да бір кезде қазіргі сендер сияқты ашкөз және дүниені қиялданған кісілердің бастары еді. Енді олар қураған сүйекке айналды. Кейінірек желге ұшқан қоқым шаңға айналады. Бір уақытта жеген тамақтары осылай қиға айналды. Тамақты қандай ғана жерлерден тауып жеуші еді. Енді осылай кім болмасын жиіркеніп, алыс тұратын лас нәрселер болып қалды. Бұл шүберектер олардың киімдері болды. Енді ары-бері желге ұшып, сапырылып жатыр. Бұл сүйектер – олар мінген көліктердің сүйектері. Оларды мініп алып жер қыдырып саяхаттады. Дүние үшін жылағысы келгендер жылай берсін», – деді. Біз әуелі көз жасымызды үнсіз төгіп отырғанбыз. Аяғында іңіреп жылай бастадық... Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әзірет Адамды (а.с.) жер бетіне түсіргеннен кейін оған: «Тіршілік үшін үй сал, өлу үшін балалы бол», – деген. Дәуіт ибн Хилал (рахимаһуллаһу) айтады: «Ибраһимге (а.с.) түсірілген парақтарда былай деп жазылған: «Уа, дүние! Сен азғыру үшін қаншалық әсемденсең де тақуа пенделерім үшін еш қадірің жоқ! Өйткені олардың жүрегіне саған қарата жек көру сезімін салдым. Жаратқандарымның ішінен мен үшін ең қадірсізі сенсің. Ақыры барып жоқ боласың. Өйткені сені жаратқанымда да өткінші және қолдан-қолға өтіп


91 тұратындай қылып жараттым. Саған ие болғандардың сараңдығына қарамай бұл үкім өзгерместен қала береді. Маған шын ықыласымен ғибадат жасағандар қандай бақытты! Оларға сүйінішті хабар берем, олар Менің мейірімім төгілген пейішке кіргенге шейін қабірлерін нұрландырып, періштелермен қорғап тұрамын». Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала бұл дүниені жаратқаннан бері оны жераспанның ортасында қалдырып қойған. Ұлы Жаратқан оған қарамайды. Қиямет күні дүние «Уа, Жаратқан Ием, бүгін мені достарыңның ең төменгі дәрежедегісіне бер», – дейді. Алла Тағала оған: «Ей, еш нәрсеге арзымаған дүние! Үндеме! Оларға сені фәни дүниеде лайық көрген емеспін. Енді қалай бермекпін?» – деп жауап береді». Адам (а.с.) тыйым салынған ағаштың жемісін жегенде қарны құрылдай бастады. Бұрын жеген жемістерінің ешбірі оның асқазанын бұзған емес еді. Негізі, міне, сол себептен ол жеміске тыйым салынған еді. Қарны құрылдаған Адам (а.с.) пейіштің ішінде ары-бері жүре бастады. Алла Тағала періштелердің бірін онымен сөйлесіп келуге жіберді. Келген періште одан «Не қалайсың?» – деп сұрады. Адам (а.с.) періштеге: «Қарныма ауырлық қылған нәрсені шығарып тастағым келіп жатыр», – деді. Алланың әмірімен келген періште оған: «Қарныңа жүк болған нәрсені қай жерге төккің келеді? Төсегіңе ме, жастығыңа ма, дарияға ма не бақтардың арасына ма? Тегі, бұл жерде осыған лайықты жай бар ма екен? Дереу жер бетіне түс!» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Қиямет күні пенделер Алланың алдына Тихама252 тауындай жақсы істерімен келіп, бірақ аяғында тозаққа тасталуға бұйырылады», – деді. 252 Араб жартыаралының Түстік-Батыс жегіндегі дөңестер. Мұны естіген сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол кісілер намаз да оқушы ма еді?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Олар намаз оқып, ораза ұстап, тіпті түннің бір бөлігін ғибадатпен өткізді. Бірақ дүниені көрген мезетте баса қалды», – деп жауап берді. Алла Елшісі (с.а.с.) бір құтбасында былай дейді: «Мүмин екі қорқыныштың ортасында тұрады. Бірі – өткен өмір, ол туралы Алла қалай қылғанын білмейді. Екіншісі – қалған өмір, ол туралы Алла қалай үкім бергенін білмейді. Демек, әркім өзіне өзі, бұл дүниесінен ақыретіне, тірілігінен өліміне және жастығынан кәрілігіне азық дайындауы керек. Өйткені бұл дүние сендер үшін, сендер ақырет үшін жаратылдыңдар. Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, өлімнен кейін сұрап талап ететін нәрсе жоқ. Бұл дүниеден кейін пейіш не тозақтанбасқа жай жоқ». Әзірет Иса (а.с.): «Су мен от бір ыдыста бірікпегендей, дүние сүйіспеншілігі мен ақырет сүйіспеншілігі бір мүминнің жүрегінде бірікпейді», – деп айтқан. Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) Нұх пайғамбардан: «Уа, пайғамбарлардың ұзын өмірлісі, бұл дүние қалай екен?» – деп сұрайды. Әзірет Нұх (а.с.): «Алды-артында екі есігі бар үйге ұқсайды, бірінен кіріп, екіншісінен шықтым», – деп жауап береді. Әзірет Исаға (а.с.): «Тұрақты өмір сүретіндей үй салып алмайсың ба?» – дегенде, ол: «Бұрынғылардан қалған қалдықтар бізге жетеді», – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүниеден сақтаныңдар, өйткені ол Харут пен Маруттан253 да сиқырлырақ», – деген. 253 Сиқыр ілімін мықты білген періштелер. Хасан Басридің (рахимаһуллаһу) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабалардың алдына шығып былай деді: «Араларыңда соқырлықтан Алланың құтқаруын қалағандар бар ма? Мені тыңдаңдар. Дүниеге берілгендерді және өздерін дүниеге құныққандарды ниеттеріне қарай Алла көкіректерін соқыр қылып қойған. Ал


92 енді дүниеге қызықпаған және одан шектен тыс нәрсе күтпегендерге ілім нәсіп қылып, тура жолға салған. Назар салыңдар! Сендерден кейін бір елдер өмір сүреді. Олардың биліктері қылмыссыз және зұлымдықсыз жүрмейді, байлықтары сараңдық және мақтанышпен қошталады. Сүюлері асау нәпсілерінің қалауларына негізделеді. Назар салыңдар! Ол күнге қалғандар бай болу мүмкіншілігі бар болса да жарлы болып қала алса, Алла разылығы үшін ғана соған сабыр қылса, Алла елу әулиенің сауабын береді». Риуаяттарға қарағанда, бір күні Иса (а.с.) жарқылдаған найзағайлы, шелектеп төккен жаңбырлы күнге тап болып, бас сұғар жай іздейді. Алыстағы бір шатыр көзіне шалдығып, жанына барса, ішінде бір әйелдің отырғанын көреді де, ол жерде қалғысы келмей жолын жалғастырады. Сөйтіп бара жатып, таудағы үңгірге тап болып, ішке кірейін десе үңгірдің ішінде бір арыстан жатады. Ол арыстанды сипап отырып, Аллаға: «Уа, Жаратқан Алла! Барлық жандыға ұя бердің де, маған пана болар жайды нәсіп қылмадың», – деп өтінеді. Сонда Алла Тағала уахи арқылы оған былай деп білдіреді: «Сенің үйің менің мейірімімнің ортасында. Сені қиямет күні Өз құдіретіммен жаратқан жүз хор қызға үйлендірем. Тойыңда әр жылы дүниенің өміріндей ұзын болған төрт мың жылдық сый берем. Бір жаршыға бұйрық берем. Ол: «Дүниеге қызықпағандар қайда? Дүниеден бас тартқан Мариям ұлы Исаның тойына келіңдер» – деп жар салады». Бұл уахиден кейін әзірет Иса (а.с.): «Дүниеге құл болғандардың басына келген бәлелерді қарашы! Олар қайтіп өледі, бұл дүниені және бұл дүниеде тапқандарын қайтіп тастап кетеді?! Дүние оларды алдаса да оған күмәнсіз сеніп жатыр. Сол алданғандар құрсын! Дүние оларға жағымсыз нәрселерді көрсеткен, оларды сүйіктілерінен ажыратқан және қорыққан бәлелерін басына түсірген. Көздегені дүние және жасаған істерінің бәрі күнә болғандар құрсын! Жасаған күнәлары үшін ертеңгі күні жерге қарайды ғой!» – дейді. Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әзірет Мұсаға былай деп уахи қылды: «Уа, Мұса! Әділетсіздердің тұрағы болған дүниеге қызықпа. Ол мекен саған тұрақ болып қалмайды. Оны ұмыт, ол өте жаман орын! Бірақ ол жерде жақсы істерді жасағандар үшін өте жақсы. Уа, Мұса, қорлық көрген пенденің ақысын алғанға шейін зұлымдық жасаған пендені қолдан шығармаймын». Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Убайданы (р.а.) Бахрейнге жібереді. Ол сол жақтан көп мүлікпен келеді. Әбу Убайданың қайтып келгенін естіген ел таң намазын Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге оқуға ұмтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) намаздан кейін мешіттен шығып бара жатқанда, сахабалар тізіліп қалады. Оларды көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсірей: «Әбу Убайданың бір нәрсе алып келгенін естіген сияқтысыңдар», – дейді. Ансарлар «Естідік», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сүйіне беріңдерші, көрейік! Аллаға ант етейін, кедейленіп қалуларыңнан емес, бұрынғыларда болғандай сендерде де кеңшілік болуынан қорқам. Дүние жинауда бұрынғы елдердей жарысқа түссеңдер, Алла оларды құрдымға ұшыратқандай, сендерді де құрдымға ұшыратады», – деді. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір мәрте: «Сендер үшін ең қорыққаным – Алла жерден шығарған нәрселердің берекесі», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, жердің берекелері деген нелер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Түрлі дүние байлығы», – деп жауап берді. Тағы бір хадисте: «Дүниені ойлау және дүние сөздерімен алаңсыз болыңдар», – деп айтқан. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеге берілу емес, оны еске түсіруге де тыйым салған.


93 Аммар ибн Саид айтады: «Иса (а.с.) хауарилерімен бірге саяхаттап жүріп, бір ауылға барады. Ол ауылдың елі көшелерде, жолдарда өліп жатады. Иса (а.с.) жолдастарына: «Уа, хауарилер, бұл ауылдың елі Алланың қаһарына қалып өлсе керек. Болмаса бірбірін жерге көмер еді», – дейді. Хауарилер: «Уа, Рухулла, біз бұлардың басына қандай бәле келгенін білгіміз келеді», – дейді. Иса (а.с.) Аллаға дұға қылғанда, Алла Тағала: «Қараңғы түскенде олардан сұрасаң, жауап береді» деп уахи қылады. Кеш кіргенде Иса (а.с.) бір төбешікке шығып: «Уа, халайық!» – деп үн салады. Біреу: «Уа, Рухулла, құлақ сенде», – деп жауап береді. Иса пайғамбар: «Сендер қалайша бұл жағдайға түсіп қалдыңдар?» – деп сұрайды. Ол: «Дүниеге құл болып алғанымыз және Алланың бұйрығына қарсы шыққандарға мойынсұнғанымыз үшін ұшырадық», – деп жауап береді. Иса (а.с.): «Дүниені қаншалық сүюші едіңдер?» – деп сұрағанда, «Жас бала анасын сүйгендей сүюші едік. Дүние бізге бет бұрса қуанып, қарамаса (істеріміз жүрмей қалса) қайғырып жылаушы едік» деген жауапты естиді. Иса (а.с.): «Жолдастарың неге жауап бермей жатыр?» – деп сұрап еді, әлгі: «Өйткені олардың аузына оттан ауыздық салынған және тізгіндері қатал періштелердің қолында», – деп жауап берді. Иса (а.с.): «Ал сен қалай жауап беріп жатырсың?» – дегенде, құпия үн: «Өйткені мен олардың арасында едім, бірақ олардан емес едім. Оларға Алланың қаһары келгенде маған да тиіп, қазір тозақтың қырында асылып тұрмын, құтылам ба не ішіне түсем бе, білмеймін», – дейді. Сахабалардан Әнәс (р.а.) айтады: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Адба атты бір түйесі бар еді. Ешбір түйе онымен жарыса алмаушы еді. Бір бәдәуидің түйесімен жарысқанда оның түйесі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйесінен озып кетті. Бұл мұсылмандарға қатты тиді. Мұны байқаған Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дүниеде Алла нені биіктеткен болса, бір күні оны сөзсіз шөктіруі де Оның өзгермес үкімі», – деді. Иса (а.с.): «Теңіз толқындарының үстіне кім үй сала алады? Сендердің дүниелерің де осындай. Демек, оған толық жайғасып алмаңдар», – деген. Исаға (а.с.): «Бізге Алланың сүйіспеншілігіне жеткізетін ілім үйрет», – дегендерге Иса (а.с.): «Дүниені жек көрсеңдер, Алла сендерді сүйеді», – деп жауап береді. Әбу Дарданың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні бізге: «Мен білгенді білсеңдер аз күліп, көп жылаушы едіңдер. Дүниеден теріс қарап, ақыретті артық көруші едіңдер», – деді. Содан соң Әбу Дарда былай деп жалғастырды: «Егер мен білгенді білгендеріңде тауға шыға қашып, өз жағдайларыңа боздап жылап, Аллаға жалбаратын едіңдер. Жандарыңа зәру бұйымдарыңды ғана алып, бар малмүлкілеріңді бірталай тастап кетуші едіңдер. Бірақ дүниеқұмарлық сезімдер ақыретті ұмыттырды, бар күштеріңмен дүниенің артынан түсіп, басқа еш нәрсе білмегендей болып қалдыңдар. Неге бір-бірлеріңді жақсы көрмейсіңдер? Сендер Алланың дінінде ортақ бауыр емес пе едіңдер. Неге бір-біріңе тура жолды ұсынбайсыңдар? Өзара пікір қайшылықтарыңның себебі – іштеріңнің бұзықтығынан. Жақсылықта біріксеңдер, бірбіріңді сүюші едіңдер. Дүние істерінде бір-біріңе ақыл айтасыңдар, бірақ неге ақырет істерінде бір-біріңе насихат айтпайсыңдар? Тіпті сүйген және қолдаған кісісіне де ақырет туралы насихат айтпағандар бар. Бұл – жүректеріңдегі иманның әлсіздігін көрсетеді. Ақыреттің пайда-зиянына бұл дүниедегідей сенсеңдер, ақырет үшін жүгіруді бұл дүниеден артық көруші едіңдер. Өйткені ақырет мәселесі сендерге тағы көбірек қатысты. Егер «көз көріп тұрған пайдаға қызығу пенденің табиғатынан», – деп айтатын болсаңдар, сендердің бұл


94 дүниеде бірнеше алыстағы пайда үшін жақындағы пайдаларыңды құрбандық шалғандарыңды да көрудеміз. Тіпті, бәлкім, ешбір уақытта жете алмайтын мақсаттарың үшін түрлі қиыншылықтарға шыдай аласыңдар. Жасаған істеріңде көкіректеріңдегі иманның ізі де байқалмаған көр пендесіңдер. Егер Мұхаммедтің (с.а.с.) алып келген хабарлары туралы күмәндарың бар болса, бізге келіңдер, барлық нәрсені түсіндіріп, көкіректеріңдегі күмәнді жоятын жарық жолды сендерге көрсетейік. Ақыл-естерің орнында болғандықтан сендердің сылтауларың бар деп те айта алмаймыз. Өйткені бұл дүниеге тиесілі пайда-зиянды ажырата аласыңдар және дұрыс шешім шығарасыңдар. Сендерді түсіне алмаймын, тапқан біраз дүниелеріңе қуанып, біраз зиян тартсаңдар қатты қайғырасыңдар және істерің жүрмей қалса «кесел-кесапат басты!» деп айғайлайсыңдар. Ал енді дін жағынан үлкен жоғалтуларға ұшырағандардың көбінің жүзінен қайғының белгісі де байқалмайды. Аллаға ант етейін, Алла сендермен байланысын үзіп қойғандай. Өйткені бәрің таныстарыңды, достарыңды күлімдеумен күтіп аласыңдар және ешкім досына жағымсыз мәміле жасағысы келмейді. «Қалай мәміле жасасам сондай мәміле көрем» деген оймен «кісілердің арасындағы байланыста сыпайы болғанды білесіңдер. Ал неге Алламен байланыстарыңда осындай шеберлік көрсетуге құдіреттерің жетпейді?» Алдамшылыққа көніп алдыңдар және құрғақ қиялдарың сендерді құртты. Өлім туралы ойлап та қоймайсыңдар. Алла мені сендерден құтқарып, сағынғаныма (Пайғамбарымызға (с.а.с.) жолықтыруын қатты қалаймын. Егер Алла Елшісі (с.а.с.) бұл дүниеде болғанда сендердің бұл жағдайларыңа көз жұмып қоймаушы еді. Егер жақсы жаққа қайтуды қаласаңдар, мен сендерге барлық нәрсені айттым. Алланың алдындағы сауапқа ұмтылсаңдар, оған оңай жетесіңдер. Өзіме және сендерге Алланың жәрдемін тілеймін». Иса (а.с.) хауарилеріне: «Уа, хауарилер, дүниеге берілгендер дүние үшін дінінің әлсіздеуіне разы болғандай, сендер де діндеріңнің сақталуы үшін дүниелік қиыншылыққа шыдаңдар», – деп айтқан. Бұл туралы Абдулла ибн Мүбәрак былай дейді: «Көп кісілер діні, иманы әлсіз болса да, соған қанағат қылып жүре береді. Ал енді дүние істерінде азға қанағат қылғанын көрмейсің. Олар байлық-билік, мансап үшін діннен алыс қалғандай, сен де дін үшін дүниеден ұзақ бол». Иса (а.с.): «Ей, өз амандығын дүниеден іздеген пенде, сенің амандығың үшін ең қайырлысы – дүние сүйіспеншілігін жүректен шығарып тастау», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менен кейін бір дүниеге тап боласыңдар. От отынды жаққандай, ол да сендердің имандарыңды жалмап кетеді», – деген. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Дүниеге қызыға көрме, өйткені менің алдыма сен алып келетін ең ауыр күнәң сол», – деп уахи қылды. Бір күні Мұса (а.с.) жолда бара жатып жылап отырған кісіні көреді. Біраз уақыттан кейін сол жолдан баяғы жылаған кісіні жолықтырады да, Алла Тағалаға: «Уа, Жаратқан Ием, пендең Сенен қорқып жылап жатыр», – дейді. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса, сен көрген кісінің көзі жылап отырып ағып қалса да, дұға қылып жатып қолдары жерге түсіп қалса да оны кешірмеймін. Өйткені ол дүниені сүйеді», – деп жауап береді. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Бұл дүниені аманат деп біліп, сенімді қолға өткізіп беріп жауапкершіліктерінен құтылып, бұл дүниеден өтіп кеткен пенделерге Алла рақым қылсын. Дін жолында жарысуға әрекет жасаған кісілермен жарыс. Дүние жинау үшін сенімен жарысқан кісілерді дүниемен бетке ұр», – деген.


95 Лұқпан данышпан ұлына былай деп насихат қылады: «Ұлым, бұл дүние терең теңіз, оған көбі шөгіп кеткен. Демек, онда сапар тартқанда мінген кемең – тақуалық, кеменің жүгі – Аллаға иман және желкені – Аллаға тәуекелдік болсын. Бәлкім, сонымен шөгіп кету қорқынышынан құтыласың. Одан басқа жолмен құтыларыңа сенбеймін». Фудайл (рахимаһуллаһу): «Біз жер бетіндегі барлық нәрсені сол жердің ажарын келтіретін (әрі адамдардың көз жауын алатын) әшекейі етіп жараттық. Осылайша адамдардың арасынан (кім сол әшекейге алданар екен, ал) кім (оларды Алла жолында қолданып) игілікті іс істер екен деп, оларды сынап көрудеміз. Расында, Біз жер бетіндегі барлық нәрсені құп-құрғақ топыраққа айналдырудамыз (және адамдардың сынақ мерзімі біткенде, олардың барлығын түгелдей топыраққа айналдырамыз)»254 деген аят мені терең ойға салды», – деп айтқан екен. 254 «Кәһф» сүресі, 7-8. Бір данышпан былай дейді: «Бұл дүниеде сен жолықтырған нәрсенің бәріне сенен бұрын біреу жолыққан және сенен кейін де біреу жолығады. Сенің бұл дүниеден несібең – кешкі тамақ пен бір күндік азық. Сол үшін өзіңді құрбандыққа шалма. Бұл дүниеге қарата ораза ұстағандай бол, ақыретке қарата ауыз ашқандай бол. Өйткені бұл дүниенің байлығы – жоқтық, алып келгені – тозақ». Бір монахтан: «Уақытты қалай бағалайсың?» – деп сұрағанда, «Денелерді қартайтып, үміттерді жаңалайды. Өлімді жақындатып, тілек-мақсаттарды алыстатады», – деп жауап берген екен. «Бұл дүниеде өмір сүріп жатқан кісілер туралы қандай ойдасың?» – деп сұраса, «Дүние кімнің қолына тисе ол шаршайды, кім оған жете алмаса, бар күшімен оның артынан қуалайды», – деп жауап берген. Басқа бір данышпан: «Бұл дүниенің ең үлкен кемшілігі – кісілерге тәтті болған нәрсесін шектен тыс не кем беруі», – деген. Суфиян Саури (рахимаһуллаһу) айтады: «Бұл дүние нығметтері Алланың қаһарына қалған секілді әрдайым лайықсыз кісілердің қолына тиеді». Әбу Сүлеймен Дарани (рахимаһуллаһу): «Дүниеге қызыққан кісіге одан бір нәрсе тисе, тағы көбірегін қалайды. Ақыретке ғашық болған пендеге одан бір нәрсе берілсе, тағы көбірегіне ұмтылады. Бұның да, әлгінің де аяғы жоқ», – деп айтқан. Бір кісі Әбу Хазимге: «Менің жұртым болмаса да бұл дүниені сүйгенім үшін өз жағдайымды жақсы көрмеймін, саған өзімді арызданамын», – дейді. Әбу Хазим ол кісіге: «Алла саған бұл дүниеден берген несібеге ықтиятты қара. Оны адал жолмен тауып, адалға жұмса, сонда дүние сүйіспеншілігі саған ешқандай зиянын тигізбейді», – деп жауап береді. Әбу Хазимнің жауабының себебі төмендегідей: Дүниені сүйгені үшін оны сынға алатын болса, ол кісі қатты қайғырып, бұл дүниеден көңілі қалып, өлгісі келер еді. Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Бұл дүние – шайтанның сауда орны. Шайтанның сауда орнынан еш нәрсе ұрлама. Ұрланған нәрсесін іздеп шықса, сені ұстап алады». Әбу Хазим (рахимаһуллаһу): «Дүниеге беріліп кетуден сақтаныңдар. Білгендерден естігенім бойынша, дүниені жоғары құрметтеген кісі қиямет күні Алланың алдына әкелінгенде, оған «Міне, осы пенде Алла мән бермеген істерді жоғары қойды», – деп айтылады», – дейді. Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Бұл дүниеде бәрі қонақ, мал-мүлкі аманат. Қонақ кете береді, аманат қайтарылады». Рабиа (р.а.) бір күні достарына кездесуге барады. Достары бұл дүниенің жамандықтары, зияндары туралы сөз қозғайды. Сонда Рабиа (р.а.): «Бұл дүние туралы айтқандарың жетті, тоқтатыңдар. Егер ол жүректеріңді жаулап алмағанда ол жөнінде


96 мұншалық көп айтпаушы едіңдер. Айтқан сөзіме құлақ салыңдар. Бір нәрсені жақсы көрген кісі ол жөнінде көп айтады», – дейді. Лұқпан данышпан ұлына: «Ұлым! Ақыретің үшін бұл дүниеңді бер, екеуін бірдей табасың. Бірақ бұл дүниең үшін ақыретінді берме. Екеуінен бірдей айырыласың», – деп насихат айтқан. Мутарриф ибн Шиххир (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Патшалардың шалқыған өміріне емес, олардың дүниеден тез өтуіне және жаман нәтижесіне қара». Ибн Аббас (р.а.): «Алла Тағала бұл дүниені үшке бөлді: «Бір бөлігі мүміндікі, бір бөлігі мұнафықтікі және қалған бөлігі кәпірдікі. Мүмин өз үлесін өзіне азық қылады, мұнафық тапқанымен масаттанып, мақтанады. Кәпір болса өз үлесінен қалағанша пайдаланады», – деген. Бір данышпан: «Дүние – өлексе, одан үлесін алуды қалағандар иттермен бірге өмірге шыдау керек», – деп айтқан. Әбу Дарда (р.а.) айтады: «Бұл дүниенің Аллаға ұнамауының себептерінің бірі – сол жайда ғана Аллаға қарсы шығулар болады. Сол себептен Алланың алдында ұлы дәрежелерге жету үшін бұл дүниеден бет бұру керек». Әбу Умама әл-Бахили (р.а.) айтады: «Әзірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық берілгенде шайтанның көмекшілері Ібіліске келіп, «Жаңа пайғамбар жіберілді, жаңа үмбет пайда болып жатыр», – деп хабар берді. Ібіліс «Бұл үмбет дүниені сүйе ме?» – деп сұрайды. Көмекшілері «Иә», – деп жауап берді. Сонда Ібіліс төмендегілерді айтты: «Егер дүниені сүйсе, олардың пұттарға сиынбауы мен үшін маңызды емес. Мен күнітүні оларға жақындап, оларды үш нәрсеге: 1) Арам жолдармен мал-байлыққа ие болуға; 2) Арам және күнә жолда жұмсауға; 3) Лайықты жақтарға жұмсауға тосқауыл болуға азғырамын». Бір кісі әзірет Алиге «Уа, мүминдердің басшысы, бізге дүние туралы айтып берші», – дейді. Әзірет Али оған: «Саған дүние туралы не айтам? Бұл жерде сау кісі ауырады, жай жүрген кісі өкінішке ұшырайды, жарлының жаны сыздайды, бай түрлі қиыншылықтарға душар болады. Адалдан тапқаныңның сұрағы, арамнан тапқаныңның азабы, күмәнді байлықтың айыбы бар», – деп жауап береді. Сол сұрақ басқа бір мәрте әзірет Алиден тағы сұралады. Әзірет Али: «Жауабым қысқа болсын ба әлде ұзын ба?» – деп сұрайды. «Қысқа болсын», – деп айтылғанда, әзірет Али: «Дүниенің адалы – сұрақ, арамы – азап», – дейді. Малик ибн Динар (рахимаһуллаһу) айтады: «Арбап алушы дүниеден қорқыңдар, ол ғалымдардың жүрегін де сиқырлап алады». Әбу Сүлеймен Дарани (р.а.): «Ақырет жайғасқан жүрекке дүние келсе, ақыретті қуып шығарады. Ал енді дүние жайғасып алған жүрекке ақырет кірсе, оны қумайды. Өйткені ақырет сыпайы және абыройлы, ал енді дүние пәс», – деген. Бұл – фәни дүние мен ақыреттің қарама-қайшылығы туралы айтылған ауыр сөз. Саййар ибн Хәкәмның (р.а.) бұл мәселе туралы айтқаны тағы дұрысырақ деп ойлаймын. Ол: «Дүние мен ақырет бір жүрекке кірсе қайсысы басымдылық жасаса, бергісі оған бағынышты болады», – деген. Малик ибн Динар (рахимаһуллаһу): «Дүние үшін қаншалық қайғырсаң, ақырет туралы ой жүрегіңнен соншалық алыстайды. Ал енді ақырет жөнінде қайғырғаныңа сай дүние қайғысынан алыстайсың», – деп айтқан. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Құдай куә, өмірім дүниеге топырақтай да мән бермеген кісілердің арасында өтті. Дүние батты ма, шықты ма, ол тарапқа бағыт алды ма не бұл тарапқа ма, ол кісілер үшін еш қызығы жоқ еді».


97 Бір кісі Хасан Басриден: «Алла берген байлықтан садақа да беріп, жақындарын да қолдаған кісі туралы не дейсің? Мынадай кісі байлығын қалағанындай жұмсап өмір сүргені дұрыс па?» – деп сұрайды. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Жоқ, дұрыс болмайды. Бүкіл дүние онікі болса да зәру мұқтаждықтарын қамсыздап, орны-есебімен жұмсап, жиналған байлығын қолда жоқ болып қалған күндеріне сақтауы керек», – деді. Фудайл (рахимаһуллаһу): «Егер бүкіл дүние маған адал қылынып, ақыретте одан сұраққа тартылмасым маған білдірілсе, мен бәрібір алдынан шыққан өлімтік киіміме тимесін деп жиіркенгендей дүниеден жиіркенбекпін», – деген. Риуаятқа қарағанда, әзірет Омар (р.а.) Шамға келгенде Әбу Убайда (р.а.) оны жалаң қабат шылбырлы жайдақ түйенің үстінде тосып алды. Омар (р.а.) Әбу Убайдаға сәлем бергеннен кейін оның хал-жағдайын сұрады. Содан соң оның тұрып жатқан үйіне барды. Үйінде қылыш, қалқан және ер-тоқымдарынан басқа нәрсе көзіне шалдықпады. Әзірет Омар (р.а.) Әбу Убайдаға: «Біраз дүние жинамайсың ба?» – дейді. Әбу Убайда (р.а.): «Уа, мүминдердің басшысы, бұлар бізді мазарға алып барады», – деді. Суфиян Саури (рахматуллаһи аләйһи): «Дүниеден денең үшін, ақыреттен жүрегің үшін ал», – деген. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Аллаға ант етейін, Исраилұлдары бұрын Аллаға құлшылық жасап жүріп, кейін дүниеге беріліп, пұттарға сиына бастады», – деп айтқан. Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): «Бір кітапта оқығаным бойынша, бұл дүние ақыл-есі орнында болған кісілер үшін олжа, надандар үшін беймәлім мекен, ол жерден кеткенге шейін оны тани алмайды, кеткеннен кейін қайта қайтуды сұранады, бірақ қайта алмайды», – деген. Лұқпан данышпан ұлына былай деп насихат қылады: «Ұлым, дүниеге келген күннен бері әрбір өткізген күніңмен бірге дүниені артта қалдырып, ақыретке бет алып бара жатырсың. Әр күні қадам сайын жақындаған үйің қадам сайын алыстаған үйіңнен тағы жақынырақ». Суайд ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Бұл дүниеге тиесілі істері жүрген сайын ақыретке тиесілі істері артқа кеткеніне разы болып жүрген біреуді көрсең, бұл бетімен сайрандап жүргенін сезбеген пенде екенін біліп қой». Амр ибн Ас (р.а.) бір күні құтба оқып жатып: «Аллаға ант етейін, Пайғамбарымыз (с.а.с.) аулақ болған нәрселерге мұншалық берілген басқа ел көрген емеспін. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында үш кісі бар болса, бір нәрсе алуға келгендер бір нәрсе беруге келгендерден көп болар еді», – деді. Бір күні Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай деді: «Уа, адамдар! Алланың уағдасы, әлбетте, хақ. Олай болса, дүниенің қу тіршілігі сендерді қызықтырып, алдамасын. Сондай-ақ әзәзіл сұм шайтан да сендерді Алланың кеңшілігіне, шексіз мейіріміне құр үміт арттырып, алдап соқпасын»255 деген аятты оқығаннан кейін, «Бұл дүние сендерді алдамасын деп кім айтып жатыр? Дүниені жаратқан және сондықтан оны бәрінен жақсы білген Алла айтып жатыр. Бұл дүниемен әлек болып қалмаңдар. Бұл дүние қатты алдайды. Пенде өзін әлек қылушы бір есік ашса, оның артынан өзінен-өзі әлек қылушы он есік ашылады. 255 «Фатир» сүресі, 5. Байғұс адам баласы адалының сұрағы және арамының азабы бар бұл дүниеге разы секілді. Шынында, байлығын адалдан тапса, сұраққа тартылады, арамнан тапса, азапқа ұшырайды. Адам мал-мүлкін аз көргенімен жақсы істерін аз көрмейді. Дініне келген бәлеге мән бермейді, бірақ дүниесіне келген бәлеге қайғырады».


98 Омар ибн Абдулазиз оған жауап жазды: «Сәлем саған. Сен дүниеде жүргендейсің, бірақ еш бар болмағандайсың. Сен ақыретте жүргендейсің және тағы да сол жердесің». Фудайл ибн Иаз (рахимаһуллаһу): «Дүниенің кіруі оңай, шығуы қиын», – деген. Бір әулие кісі: «Өлімді анық біліп тұрып қуанған кісіге таңғалам. Тозақты анық біліп тұрып күлген кісіге де таңғалам. Тағдырды анық біліп тұрып, ашкөздік қылғандарға да таңғалам», – деген. Бір күні екі жүз жастағы нажрандық қария әзірет Муғауиямен амандасқалы келіп қалады. Әзірет Муғауия одан бұл дүниені қалай бағалағанын сұрайды. Қария: «Апат пен құрғақшылық жылдары қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кеңшілік жылдарын, күн күнді, түн түнді қуалап келеді. Біреу туылып, біреу өледі. Туылғандар болмаса, пенде ұрпақ жоғалтады, өлгендер болмаса, дүние адамзатқа тарлық қылмақ», – деп жауап берді. Әзірет Муғауия қарияға: «Не қалауың болса, айт», – деді. Қария: «Өткен өмірді қайтара аласың ба не жақындаған ажалды қуалай аласың ба?» – деп сұрады. Әзірет Муғауия: «Бұған күшім жетпейді», – деп жауап берді. Сонда қария Муғауияға: «Олай болса сенен еш нәрсе сұрамаймын» – деп айтты. Дәуіт ат-Таи (р.а.): «Уа, адам баласы! Тілегіме жеттім деп қуанасың, бірақ оған жаның шыққандай болып әрең жеттің. Содан соң жақсы істеріңді басқалар үшін жасағандай кешіктірдің», – деген. Бишр (рахимаһуллаһу) айтады: «Алладан дүние сұраған кісі қиямет күні Оның алдында көпке (сұрақ беріп) тұруды сұраған болып саналады». Әбу Хазим (рахимаһуллаһу) былай деген: «Алла бұл дүниеде сені қуантатын барлық нәрсеге сені қапалантатын нәрсені қосып қойған». Хасан Басри айтады: «Пенденің жаны бұл дүниеден үш түрлі арманмен шығады: 1) Жинаған байлығына тоймайды; 2) Тілектеріне жете алмайды; 3) Баратын жеріне жетерлік азық дайындай алмайды». Бір ғалымға: «Байлыққа ие болдың», – дейді. Ол: «Дүние құлшылығынан құтылғандар ғана байлыққа ие болады», – деп жауап береді. Әбу Сүлеймен (рахимаһуллаһу) айтады: «Жүрегінде ақырет болмаған кісілер дүниеге ұмтылған асау сезімдеріне қарсылық бере алмайды». Малик ибн Динар (рахматуллаһи аләйһи) бір күні: «Бәріміз дүниеге алданып қалдық. Бір-бірімізді жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыя алмай қойдық. Алла бізді бұл жағдайда қалдырмайды. Ол бізге қандай азап жіберерін білсемші, әттең!» – деген. Әбу Хазим айтады: «Аз дүние адам баласын көптеген ақыреттік тілектерінен алып қояды». Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Бұл дүниеге мән бермеңдер. Аллаға ант етейін, бұл дүние оған мән бермегендерге ғана пайдалы болған. Алла бір пендесінің жақсылығын қаласа, оған әуелі бірнеше байлық береді, содан соң біршамаға шейін бермей тоқтатып қояды. Берген байлығы таусылғанда тағы береді. Пенде дүниеге мән бермесе, оған мол қылып береді». Әулиелердің бірі: «Уа, көк аспанды түсірмей ұстап тұрған Алла! Дүниені де ұсташы, маған шабуыл жасамасын», – деп дұға қылды. Мұхаммед ибн Мунқадир (рахимаһуллаһу) айтады: «Адам еш ауыз ашпай күн сайын ораза ұстаса, еш ұйықтамай түнін ғибадатпен өткізсе, қолындағы мал-мүлкінің бәрін садақа қылып таратса, Алла жолында жиһад жасап, Алла тыйым салған нәрселерден аулақ болса, бірақ қиямет күні Алланың алдына әкелінгенде «Бұл кісі Алла қор көрген нәрсені жоғары қойды және Алла қадірлеген нәрсеге мән бермеді», – деп айтылса,


99 оның жағдайы қалай болатынын білесің бе? Кіміміз ондай емеспіз! Бәріміз жіберген кемшіліктеріміз және күнәларымызмен бірге дүниені жоғары қоямыз». Әбу Хазим (рахматуллаһи аләйһи) баяндайды: «Бұл дүние байлығын да, ақырет байлығын да табу ауырлады. Ақырет байлығын табудың қиыншылығы – ол жақта жәрдем берер ешкімді таба алмайсың. Дүние байлығын табудың ауырлығы болса, қайсы нәрсеге қол созсаң, сенен бұрын иеленіп алған бір күнәһарды көресің». Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Дүние жер мен аспанның ортасында ескі қапшық сияқты асылып тұрады. Алла оны жаратқан күннен жоқ қылатын күнге шейін «Уа, Жаратқан Ием! Уа, Жаратқан Ием! Неге мені бағаламайсың және мен жаққа қарамайсың» деп әрдайым Аллаға жалбарынып тұрады. Алла Тағала «Үндеме, ей, еш нәрсеге арзымаған дүние», – деп жауап береді». Абдулла ибн Мүбәрак (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Бір жағынан дүние сүйіспеншілігі, екінші жағынан жасалған күнәлар жүректі қоршап алған. Жақсылық оған қай жақтан кірмек». Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Дүниенің қайсыбір нәрсесіне көңілі қуанған кісі данышпандықтан ажырайды. Асау тілектерін жеңе алған пенде шайтанды көлеңкесінен аулақтатқан болады. Жасаған істері нәпсісіне үстемдік қылған адам жеңіске жетеді». Бишрге «Пәленше кісі өлді», – деп айтқанда, ол: «Бұл дүниеде (байлық) жинаумен ақыретке көшті, өзіне өзі жаман қылды», – деді. «Ол мына-мына істерді жасады», – деп ол кісінің жасаған бірнеше жақсылықтарын айтты. Бишр: «Дүние жинаудың артында жүргеннен кейін олардың ешқандай пайдасы жоқ», – деді. Бір әулие былай дейді: «Дүние бізді жек көргеніне қарамай біз оны сүйеміз. Егер ол бізді сүйгенде қалай қылмақ екенбіз?!» Бір данышпаннан «Дүние кімдікі?» – деп сұрайды. Данышпан «Оның артынан түспегендердікі», – дейді. «Ақырет кімдікі?» – деп сұралғанда, «Оны қалап, оған ұмтылғандардікі», – деп жауап береді. Тағы бір данышпан: «Бұл дүние – қирағандардың мекені. Оған бекем жайғасып алғандардың жүрегі одан да жаман қираған. Пейіш – жақсы қаралған үй. Оны іздеген жүрек одан да жақсы жай». Жунайд Бағдади (рахимаһуллаһу) айтады: «Имам Шафиғи (рахматуллаһи аләйһи) бұл дүниеде ақиқатты айтқан муридтерден еді. Ол бір мәрте мүмин бауырына Алла Тағала жөнінде айтып беріп жатып, оны Алладан қорқуға шақырды: «Уа, бауырым! Бұл дүние – тайғақ, жаман жер. Көркем жайлары қирайды. Онда тіршілік еткендер – мазарға қарай бара жатқан жолаушылар. Оның соңы хаоспен аяқталады. Байлығының соңы – кедейлік. Ол жердегі молшылық – жұт, ал кедейлікте молшылық бар. Алладан қорық. Оның саған берген ризығына разы бол. Уақытша дүниеден мәңгілік дүниеге дайындықсыз көшпе. Өйткені сенің өмірің уақытша көлеңке. Құр қиялдардан аулақ болып, жақсы істерді көп жаса». Ибраһим ибн Адхам (рахимаһуллаһу) бір кісіге: «Түсіңдегі бір дирхамды қалайсың ба не ояу кезіңде қолыңа тиген бір динарды қалайсың ба?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Әлбетте, ояу кезімде қолыма тиген бір динар артық», – деп жауап береді. ибн Адхам (рахимаһуллаһу) әлгі кісіге: «Дұрыс айтқан жоқсың. Өйткені бұл дүниеде жеткің келген нәрсенің бәрі түсіңде алуды қалаған нәрселерге ұқсайды. Ал енді сен таңдамаған ақырет істері ояу кезіңде алғың келген нәрседей», – деп жауап берді. Исмаил ибн Аййаш (рахимаһуллаһу) айтады: «Сенің достарың дүниені ұрғашы шошқа деп атады және «Ей, ұрғашы шошқа, бізден алыс тұр», – деді. Бұдан да жаман ат тапса, дүниені сол атпен атаушы еді».


100 Кәғбул Ахбар (рахимаһуллаһу): «Дүниеге өте беріліп, оған және онда тіршілік етушілерге құл боласыңдар», – деп айтқан. Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) айтады: «Төмендегі үш түрлі кісі ақылды: 1) Дүние одан теріс қарап кеткенде одан бет бұрғандар; 2) Ішіне кіретін мазарын дайындағандар; 3) Алдына баратын Жаратқанның разылығын тапқандар». «Дүние өте жаман. Оған есіл-дертіңмен кіріп кету былай тұрсын, оның сағынышы да сені Аллаға ғибадат жасаудан алып қояды». Бәкір ибн Абдулла (рахимаһуллаһу): «Дүниеге дүниемен қарсы тұруды қалағандар сабанмен от өшіруге әрекет жасағандардай», – деген. Әзірет Али (р.а.) айтады: «Дүние мына алты нәрседен тұрады: 1) Тамақ; 2) Сусын; 3) Киім; 4) Үй жануары; 5) Некеленушілер; 6) Жақсы иістер. Тамақтардың ең бағалысы – бал. Шынында, ол – шыбынның тамағы. Сусындардың ең бағалысы – су. Бірақ оны жақсы-жаманның бәрі ішеді. Киімдердің ең бағалысы – жібек. Бірақ оны құрт тоқиды. Үй жануарларының ең бағалысы – ат. Оның үстінде кісінің жаны қиылады. Некеленушілердің асылы – әйел. Бірақ зәр шығаратын жеріне зәр төгіледі. Әйел ең көрікті жерін сәндейді, бірақ оның ең жаман жеріне құмар артады. Жақсы иістердің ең бағалысы – миск. Ол қаннан жасалады». Бұл дүние өмірі туралы Бір ғалым былай дейді: «Уа, адамдар! Ойланып іс жасаңдар. Көкіректеріңде әрдайым Алладан қорқу сезімі болсын. Дүниені тіреп тұрғандай құрғақ қиялдарға беріліп, өлімді ұмытып қалмаңдар. Дүниеге еш сенбеңдер, өйткені ол өтірікші, көздеріңді бояп, бастарыңды айналдырады және ұнамды көрініп, өзіне тартады. Ол қияли келін сияқты көрінеді. Көзқарастар оған қадалып, жүректер оған тартылып, нәпсі оған ғашық болады. Ал қаншама ғашықтарының қанына кінәлі болып, оны сүйген қаншама пенделерді етбетінен құлатқан. Оған шындықтың көзімен қараңдар. Ол сансыз бәлелердің мекені және оны Жаратқан Өзі жек көрген. Оның жаңасы ескіреді, мүлкі қолдан кетеді, қадірлісінің бағасы түседі, көбі азаяды, сүйіспеншілігі өледі, жақсылығы жоқ болады. Ойланыңдар, Алла одан жақсысын берсін. Бір күні сендер жөнінде «Пәленше қайғыға батты» не «Қатты ауырып жатыр. Ауруының дауасы бар ма екен? Не оны дәрігерге көрсетейік пе?» деп айтылатын ұйқыларыңнан ояныңдар. Содан соң сен үшін дәрігер шақырылады, бірақ айығуыңнан үміт жоқ болады. Сонда «Пәленше өсиетін айтып, мал-мүлкін (мирасқа) есептейді. Содан соң тілден қалып, жақындарымен сөйлесе алмай, көршілерін тани алмай қалады», – деп айтылады. Шекеңнен мұздай тер шыпылдап, ыңырсып, жақындап қалған соңың туралы ойлана бастайсың. Көзің ілінбей бір нүктеге қадалып, ойлағандарың жақындап қалғанын


Click to View FlipBook Version