The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aliya.turganbay05, 2024-02-20 23:04:57

Алаш һәм алашорда

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Keywords: Алаш

окып, ондағы өлеңдерді жаттап алып халыкка таратушылардың қатарында Жетісудағы бслгілі тілмәш, жергілікті патша әкімшілігіне жакын жүретін Койсерке Тоқсанбасвтың, Қалмұхамед Кадырбаевтын, Мырзахан Төлебаевтың, Түленбек Теміровтың т.б. адамдардың есімдері аталады. Мұндай адамдар Казакстаннын баска аудандарында да аз кездеспеген. Жоғарыда айтылганнан мынадай корытынды жасауға болады. Біріншіден, 1909 жылы жарык көрген "Оян, казак" Қазакстанның барлық аймактарына кеңінен тараған, оған кітаптын казак, өлкесінің алыс өңірі Алматыға дейін жетіп, жергілікті кітап дүкені аркылы окырмандарға таралғандығы дәлел. Екіншіден, Казакстаннын Жетісу өнірі сияқты баска аймактарында айтарлыктай зиялы қауым болған. Осы қауым "Оян, казакты" өздері ғана окумсн шектелмей', оның мазмүнын халык арасында мүмкіншіліктері жеткснше ксңінсн насихаттаған. Үшіншіден, "Оян, қазақтығы" жалпы демократиялык талап-тілсктер жергілікті халық ішінде отаршылдыкка карсы саяси халахуал калыптастыруға қызмет еткен. Сондықтан да патша әкімшілігі ол кітапты патшалык тәртіп үшін зиякды шығарма деп бағалап, оны "түткындаған "Оян, казак ең алдымен патша үкіметінік отарлык, саясатын әшкерлеуімен, сынауымен күнды. Патшалық отарлаушылар дейді М.Дулатов, ең алдымен казактын жсрін тартып алды. Отарлаушылар ең қүнарлы да шүрайлы жерлерді тартып алып, "кала салды": Кала үшін кеткен біздін жак.сы жсрлер, 'Гәтті шөп, түщы судын бәрі сомда, Табатын бүғаи хәйлә каііда ерлер? Земіір тау, аккан бүлак, шалкар кәлдср, Kerri гой бетегелі биік белдер. Кмскарып жер ксткен сои нрісіміз, Калды ғой жата к болып кай ран ерлер Отарлаушылар жерді ғана алып койған жок, ол дін мен ділімізден де айыру саясатын жүргізуде, дсйді М.Дулатов. "Әйтеуір ата-бабам мүсылман" деген дүрмекті коятын кезің келді дей отырып, Міржакып Дулатов "Казактың көп жерінде мешіті жок, жогына себеп болған миссионер поп" деп басып айтады. Казак арасындагы оку ісінің де мүшкіл халде екенін Міржакып: "Тәртіпті медресе жок бұл казакта, салады сәбилерді тек ғазапка. Молдекем шарт жүгініп каһар етіп, босатар күн батканда арен шакта", — дсп суреттейді. 50


Қазақты ояту, оны қараңғылық пен мешеуліктен қутқару "өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандар" мен өсіп келе жатқан көзі ашық жастардың іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін Міржақып "Оян, қазағында" сан рет қайталап айтады: Найзамен түртсе де, Жатырсын, казак оянбай. Мұнша қалың ұйқыны Бердің бізге, ой, алла-ай! Халыққа, жастар, басшы бол! Қараңғыда жетектеп. Терек судан өтер ме, Мың қойды серке бастамай? М.Дулатов қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген халін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына (жерге, дінге, әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар) байланысты деп түсінді2, алайда ол басты айып жаңа дәуірге (Россиянин отары ретінде метрополиямен бірге капиталистік қатынастарға ене бастаған дәуірге) ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады: Үйқыда жатыр казак көзін ашпай, Кеттік қой отка күйіп, оттан кашпай. Әр халык алға кетіп жатсадағы, Біздің жүрт шегінеді кадам баспай. Сахара, сахара деп қалдық надан, һунерлі халықтармен араласпай. Баска жұрт алтын, күміс мысалында, Простой казак біздің кара тастай — деуі содан. Жалқаулықтан, өнерге ұмтылмағандықтан қазақтың артта қалуын жан ашырлықпен оның бетіне басып айтты, қара халыққа жаны ашымас "пасық байларды", "атқа мінер сұмдарды" сынады. Сондықтан да Міржақып: Осы және одан бұрын "Оян, казак' келтірілген үзінділерді қараңыз: Д у л а т о в М.Шығармалары. Алматы. 1991, 30, 31, 32, зз; 36, 37? б. М. Д у л а т о в т ы ң "Сайлау хакында", "Қазак жерлері”, "Мәсжід — медресе хакында" т.б. өлеңдерін қараңыз, көрсетілген шығарма. 27-32, б. Д у л а т о в М. Көрсетілген шығарма 41, б. 51


'Қазағым, надансың, өнсрден амансың. Мың салса, бір баспас, жігер жоқ шабансың. Оянып, ойланып, өнермен жұмысың жоқ. Ел ксзіп, ст андып, есекше қарның тоқ", — деп налыды; "Бай болсаң мақтанып, тыраштанып, баптанып. Басқаны жау көріп, өзінше сақтанып", — деп мсйірімсіз байдан жиіркенді; "Атк.амінср сұм жүр, сүмдығын сатып халыққа ... Артынып-тартынып, болыс болып алған соң, берген пара есебін елден жиып алуы", — деп ”ел билеуші" сұмдарды әшкереледі Түптеп келгендс Міржақып Дулатов халықты оқу, өнер үйрену арқылы оянуға, мұсылманшылық арқылы имандылыққа шакырды. М.Дулатовтың және онымен пікірлес ұлттық-либералдық интеллигенция өкілдерінің мұсылманшылдығы фундаменталистік емес жадидтердің идеяларына жақын мүсылманшылық еді. Ә.Бөкейханов төңірегіне XX ғасыр басында топтасқан қазақ зиялыларының басым көпшілігі Міржақып Дулатов сияқты панисламизм мен пантүркизмнен алые болды. М.Дулатовты зерттеп жүрген жас жапон ғалымы Уяма Томохико дұрыс тұжырымдағанындай, олар (М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, т.б.) ен алдымен өздерін қазақпыз деп үқты, ал содан кейін мүсылманмын деп санады2 М.Дулатов және оның серіктестері патша үкіметінің қатал сыншылары болды, алайда орыс халқына жаулық көзқараста болған жоқ, үлтаралық наразылықты қоздыратын сөздер айтып, әрекеттерге барған жоқ. М.Дулатов әлемдік өркениетке Россия арқылы жетуге болады деп есептеді және соған сенді. Ол қазақ халқының келешегі ғылым мен техниканың жетістіктерін игеруге тікелей байланысты деп санады. Сондықтанда өнер-білімді таратудағы басты түлға болуға тиісті интеллигенцияны ол, халықтың көшоастаушысы деп бағалады және оны (интеллигенцияны) осы атағы мен міндетіне сай еңбек етуге шақырды. "Оян, қазақтағы" біз әңгіме еткен ой-толғаныстарды баяндауда және олардан туындайтын ұсыныстарды айтуда М.Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деп, екіншіден, мүсылманмын деп, үшіншіден, Россияның азаматымын деп санады. Қазақ қоғамын жаңарту идсологиясын ол орыстық-европалық өркениеттен, содан соң мүсылмандықтан іздестірді3 1 1 С о и д а, 38,39, б. Қараңыз: НұрпейісовК. Уяма Томохико — Міржақып Дулатовты зерттеуші жапом галымы / / "Қазак, әдсбиеті" 1993, 17-желтоқсан. С о н д а. 52


Казақты сынау мен оятудың Міржақып Дулатов уағыздаған идеяларына үқсас, сонымен сарындас дәл сол кезеңде Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкейханов та, басқа сөзбен айтсақ, кейін Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі айтты. Мәселей, 1911 жылы жазылған "Қазақтың өкпесі" атты Ахмет Байтұрсыновтың мақаласында мынандай сөздер бар: "... Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандыктың кесапаты әр жерден-ак, мандайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай-ақ келеміз Жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын казак аз ..."' Осы "ғылым мен өнерді керек қылатын" қазактардың көбеюі Ахмет Байтүрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыны ұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай түрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтүрсынов "көп есектерге" теңеді, ашу-ызаға булықты: Не жазып ем, к,ұдай-ау, мен қазаққа, Мүншама ғып салғандай бұл азапка?! Адамшылык есебіне кірісіп, Колы жетсіи дегенім бе азатқа? Жөн сілтедім казак деген намысқа, Жол сілтедім жақын емес алыск,а. 'Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, — Дедім, — сен де қатарыңнан қалыспа!" Қимамады абақтыға жапқат.і, Киын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардын бәрінен Өз ауылымның иттері уріп, қапқаны Ахмет Байтүрсынов, ,басқа да үлттық-либералдық интеллигенцияның көрнекті өкілдері — өз замандастары сияқты, бір жағынан отарлық билік жүйесінің озбырлығьғн көріп, екінші жағынан, "өз ауылы иттерінің" балтырын тістеп қанатқанына қинала жүріп өз халқын оятып, өз өлкесін жаңартуға бар күш-жігерін салды. * *Ьайтұрсыиов А. Ак, жол. 214, б. С о н д а 71, б. (1911 жылы жарық кәргсн "Маса' агты кітабына енгсн "Көк есектерге” деген өлеңінен). 53


Қазак зиялылары халыктын калың бүкарасын туган өлкені кайта құрып, түрлендіру ісіне жүмылдыруда үлттық газеттер мен журналдар, поэзиялык жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан такырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Өйткені, зсрттеуші Ө.Әбдіманов дүрыс көрссткеніндсй, казак зиялылары алғашқы саяси күреске бірінші орыс революциялары жылдарында, үлттық басылым болмағандыктан орыс жәнс татар тіліндегі әр түрлі газеттер мен журналдарда өз макалаларымен көріне бастады 1907 жылы наурыздың 27-сінде Петербургте Шаһмардан Қосшығүлов пен Әбдрашид Ибрагимовтардың әрекеті нәтижесінде казақ тіліндегі түңғыш бирәсми "Серке" газетінің бірінші әрі соңғы саны жарық көрді. Онда М.Дулатовтың "Жастарға" деген өлеңі ^ мен "Біздің мақсатымыз" атты мақаласы жарияланды' А.Байтүрсынов: "... газета-халықтың көзі, күлағы һәм тілі. Адамға көз, қүлақ, тіл қандай керек оолса, халыкка газет сондай керек ... Жүртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы түрып, қарғаға көзін шокытпасқа тырысады"* 3, — деген түжырымы арқылы газеттің коғамда алатын орнын, онын саяси маңызын барынша айқындап берді. Қазақтың үлттық баспасөзінің толыққанды алғашкы екі басылымы 1911 жылы дүниеге келді. Олар 1911 жылы қаңтардың 11-інде Троицк қаласында Мүқаметжан Сералиннің кайрат-жігері нәтижесінде бірінші саны жарық көрген "Айқап" журналы мен сол жылы наурыздың 16-сынан бастап Бөкей Ордасында Шәңгерей Бөкеев пен Елеусіз Бурин шығара бастаған "Қазакстан" газеті болды4 "Қазақстан" газеті оның атынан көрініп түрғандай жалпы үлттық мәселелерді көтеруге үмтылды. Осы газетті жан-жакты зерттеген профессор Хайыржан Бекхожин кезінде: "Газеттің "Қазақстан" деп аталуында мән бар. Бүл казак жерлерін біріктіріп, демократиялык республика орнату идеясын аңғартады"5, — дсген түжырым Әбдіманов Ө. Көрсетілген ецбек. 24, б. Әбсеметов М., Ақынның азаматтық ажары / / Дүлатов М., Ояи, казак,. Алматы. 1991. Алгысөздіи 9, б. 3 "Казак", 1913. № 1. "Айқап' 1915 жылдык тамызына дсйін шығып түрды. Омың 83 саны жарык көрді. Оныц таралымы 900-1200 данаға дешн жетксн кездері болды. "Қазакстан" ғазеті 5-ші саиынан бастап Орал каласында басьишы. Оның 1913 жылдыц шілдесінс дейін і8 саны жарык кирді. / / Әбдіманоп Ө. көрсетілген сңбек. 26, 30, 37, б. Бскхожин X. Казак баспасвзі тарихыньнс очеркі. А., 1981. 47, б. 54


жасады. Бүлардан басқа Омбыда, Ташкенттс, Петропавлда анда-санда (эпизодты түрде) кішігірім газеттер шығып түрды, бірақ та цснзураның қаталдыгы мен баспахана киыншылықтары (кағаз тапшылығы, баспаханалық қүрал-жабдықтардың, бояудың т.с.с жетімсіздігі) газет шыгару Ісін қолға алғандардың жігсрлерін қүм етті. Қалай дегснде де 1912 жылға дейін өзінің жске басының пікірін ғана емес, қазақ қауымының көпшілігін ойландырып-толғандырған қоғамдық-саяси, әлеуметтікэкономикалық мәселелер жөнінде мерзімді баспасөз бсн баска да басылымдар арқылы халыққа арнап сөз айтатын айтарлықтай зиялылар тобы қалыптаскан сді. Солардың алдыңғы легінде болған Ахмет Байтүрсымов, Әлихан Бөксйханов, Міржакып Дулатов 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы үлттық биресмилік "Қазақ" газстін шығара оастады' Көп ойланудың, жақсы дайындық жүмыстарының нәтижесіндс дүниеге кслгсн осы газет бірден жалпы үлттық мәнге ие болған басылымға айналды. Оны Қазакстанның барлық аймақтарының өкілдері жаздырып алып оки бастады2 Газет 1913 жылы акпанның 2-сінен 1918 жылы наурызға дейін шыгып түрды. Осы кезендс оның 265 саны жарык көрді. Алғашқы жылғы оның таралымы 3 мың дана болса, кейінгі жылдары 8 мыңға жетті3 "Қазақ" газеті алгашқы Халел Досмұхамедои "Казак, газстінің дүниеге кслу жағдайы, оиы үйымдастмрған кайраткерлер жәме олардың халыктың саиси-коғамдык ойын қалыптастырудағы ролі туралы өз иікірім ОГПУ тергеупіілері алдыпда 1931 жылы былай деп білдіргеи ексн: "1913 жылы Л.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұлттық-демократиялық бағыіты уагыздаитын "Казак" газетін шығара басіады. Олар өздерініц төңірегінс мүғалімдердік айтарлықтай бөлігін, Орынбор мен Уфа калаларындағы талия" мсн "Хұсния" медреселсріндс окитыи шәкірттсрді топтастыра білді ... Орта және жокарғы білімді казак зиялыларының басым көпшілігі "Казакка" ерді. Бөкейханов "Казақтың" басты жетекшісі болды, оііың платформасын апыктауға ат салысты, бірак газсттің күндслікті жүмысьша араласып тұруыпа мүмкіидігі болмаді.і. "Казак" газеті біріпші орыс революциясы ояткан казак халкының белгілі қауымын ұйымдастыратын және оған басшылык жасайтын орталыкка айиалды. Газет казактың саяси өмірі жөиінен маңызды макалалар беріп түрды, кептсген көкейтесті мәселелер бойьшша иікірталастар уиымдастырды және сол кездегі коғамдық-саяси ойды бір арнаға оағыттаушы болды" (КР Ұлттык кауіпсіздік комитетініц архиві ...). "Казак" газетінің бүкіл Казакстаи облыстары ғана емес, одаи тыс жерлерге де таралуы жөнінде оиың 1914-ші жылғы 45-саиында мыиаидаи мәлімсттср жариялаған:" I) Торғай-694, 2) Семей-612, 3) Лкмола586, 4) Сырдария-327, 5) Орал-301, 6) Жетісу-157, 7) Ішкі Ордалык-136, 8) Ферғана-30, 9) Самаркан-8, 10) Закасгіий-5, Өзіч; жерлсрдеи: 1) Орыибоп-37, 2) Уфа-14, 3) Казан-13, 4) Кытай казағы10, 5) Петсрбург-9, 6) Түркия-5, 7)Мәскеу-3, 8) Гомск-3 және баска - 57"з ^„Казак газстінщ шығу тарихы, оні.іц халкымыздың рухани өмірінде алатын орны жөнінде толығырак мәліметтсрді карацыз: Ә б д і м а н о в Ө. "Казак" газсті. А., 1993. 55


санынан бастап халыкты агарту. оный, саясатка дсгсн ынтасын арттырып, тарихи зердесін (историческая память) ояту жәнс үлттык сана-ссзімді тәрбиелеу міндеттсрін койды. Бүл міндсттср оның бірінші санында окырмандарға арнадган Ахмст Байтүрсыновтык макаласында жанжакты ашылып көрсстілді. Газстті халықтың көзі, күлағы жәнс үні дсп аныктаған А.Байтүрсынов, халыкка арнау сөзін былай деп аяктады: "Аталы жүртымыздың, адуынды үлтымыздың әруакты аты дсп газстіміздің ссімін 'Казак дсп койдык. Үлт үшін дсгсн күштің үлгаюына күшін қосып, көмсктесе кызмст сту казак баласына міндст. Қызмст стсмін дсссндср, азаматтыктың зор жолының бірі осы"1 Ахмет Байтүрсыновтың осы сөздерінсн анык көрініп түрғанындай, "Казак" газсті жалпы халыктык мүддслерді көтсріп, "үлт үшін дегсн күштің үлгаюына" кызмст стугс тиісті болды Бүл жөніндс Мүхтар Әуезов 1923 жыль’ "Шолпан" журна лында жарияланған "Казак әдебиетінің казіргі дәуірі" деген еңбсгінде төмендег, саликалы ойды түйгсн сксн: "Казак газетінің мезгілі ... казак жүрты 1905 жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінін себебін үғып, емін біліп, снді казакты оятып, күшін бір жерге жиып патша саясатына қарсылык ойлап, күрғак уайымнан да, бос сөзден де іске карай аяк басамыз деп, талап кыла бастаган уакытта кслді ... Бүл түтынган жолында "Казак" газсті өз міндетін дөп аткарды"* М.Әуезовтың осы сөздсрінсн "Казак" газстінің казак зиялыларының патша саясатына карсы күрес органы ретінде "бос сөзден іске карай аяк басар ксзде" дүниегс кслгснін немесе оның казак кауымының саяси-рухани сүранысына жауап рстінде шыға бастаганын көреміз. Ұлттык-демократиялык интеллигенцияның көптеген әрі көрнекті өкілдсрі кызмст істеген "Казак" газеті өзі шыгып түрган жылдары Казакстанның коғамдык-саяси, әлеуметтік-экономикалык және рухани өмірінің көксйтесті мәселелерін көтерді, халыктың ұлттыіс санасеаімін оятуда, жалпы үлттык саяси партия ісү.руды дайындауда сан кырлы да саликалы жүмыстар аткарды. Газет аркылы казак кауымы іс жүзінде көшпелі және жартылай көшпелі казак ауылы өмірінін барлык 1 "Казак-. 1993., \» 1 Үзінді (цшаи) Ө.Әбдімамонті.іи жогармда кнрссГсігеп снбеіінси алыиды 32, б. 56


мәселелері жөніндс хабардар болды. "Казакта' әсіресе, көшпслі ауылды отырықшыландыру мәсслелері жанжақты талкыланды, Айкап" журналы төнірегінс топтаскан зиялылармсн осы мәсслелер төңірсгіндсгі пікірсайыстар осы скі басылым беттерінде үздіксіз жарияланып, оларды окушылардың назарын аграрлык мәселелер төңірегіндс тсрсңнсн ойлау мсн нактылы әрексттер жасауға аударды. "Казак" газсті мен "Айкап" бсттсріндс жср мәсслесімсн қатар басқа да көптеген мәселелер көтеріліп, талкыланды. Олар: Казакстанның Россия империясы жүйссіндегі орны мен ролі; коғамньщ даму жолдары мен түрлсрін тандау; миграция мәселелеріне, бірінші кезскте патша үкімстінің коныс аудару саясатына көзкарас, үлттык мәдснистті дамыту шаралары мон казак орыс мәденн қатынастары мәселелері; дін мәселссі мен рухани казыналарды бағалау мсн дамыту мәселелері, т.с.с. Осымсн катар "Қазақ газеті жан-жақты хабар тарату органы болды. Ол ішкі жәнс сыртқы ок.иғаларды халыққа хабарлап, түсіндіріп отырды. Ахмст Байтүрсынов сөзімен айтсақ, газет 'дүниеде болып жатқан істер, сөйлеп жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге залалды екендігін күні-бүрын біліп, пайдалы болса шаттанып, залалдысынан сактанып тұрды"1 Газет бірінші дүние жүзілік соғыс басталысымен майдан және 'жұмысшылар өмірінен" (1916 жылы тылдың қара жумысына алынгапдар туралы-ант.) тұрақты жана такырыптар бере баста ды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, оған байланысты отарлық езгінің күшеюі, соғыс мұқтаждарына жиналатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі "Казак." төңірсгіне топталған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жағдайын күрделендірді. Соғысқа, оның барысында 1916 жылы майданным кара жұмыстарына Казахстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының өкілдерін шақыру жөьнндегі патша жарлығына және осылардан туындаган салдарларга байланысты өз көзқарастары мен позицияларын анықтау ұлттық-демократиялық казах интеллигенциясы үшін оңай болған жох. 1914 жылы басталған бірінші дүнисжүзілік согыс халыхтың жағдайын бүрынғыдан әрі ауырлата түсті. Ша1 "Камхк" 1913, N. 1 57


р\ашылык күйзеліп, сгіс колсмі азайып, оныи оиімі курт төмендеді, мал басы ксміді. Соғыс кисапсыз көп шикізатты, азык-түлікті, малды, т.б. матсриалдық игілікті жалмай бсрді. Соғыстың алғашкы үш жылында Түркістан өлкссінсн (огаи қсміргі Қа.шқсташіың К,ы;>ылорди, Оптүстік К,а;шқстап, Жамбым, Талдыкоргаи, Алматы облыстары кіретін) 20299 мың пүт макта, 300 мың пұт ст, 474 мың пұт балық, 299 мың пүт сабын, 70 мың жылкы, 13 мыңға жуык түйе, 38 мың шаршы ксз киіз, 13441 киіз үй, 109 мың пүт макта майы алынды. Соғыс басталған 1914 жылы Жетісу облысынан 34 миллион сомның малы мсн шаруашылык өнімдері алынса, бұл көрссткіш бірнсше ссс көбсйсді. Уакыт өтксн сайын соғыска байланысты тонау, канау саясаты күшсйс түсті. Соғыс басталысымен әр түрлі салыктардың мөлшері артты. Бүрынгы салықтардың үстінс әр түтіннсн міндетті түрде алынатын соғыс салығы снгізілді. Земство салығы мсн болыс басшыларының пайдасына жиналатын "алымның" мөлшері көбейді. Соғысқа байланысты жсргілікті халық төлейтін салықтар көлемі 3-4 ссс, ал жскслсгсн жағдайларда 15 ссе өсті. Мысалы, 1914-1916 жылдары аралығында Жетісу облысында әр түтінгс салынатын салық 3 сомнан 8 сомға дейін өсті. Азық-түліктің, баска да халык тұтынатын заттардың бағасы үздіксіз кымбаттай берді. Мәсслен, XX ғасырдың басында үнның бір пүты 94 тиын болса, ол 1916 жылы 40 сомга дсйін көтерілді. Тек кана Қазакстаннын солтүстік-шығыс облыстарында 1916 жылы бмдай үнның бағасы 1,5 есе, ал еттің багасы екі есеге жоғарылады. Патша үкімсті 1916 жылгы көтеріліс карсаңында одан бұрын көп жылдар бойы жүзеге асырылып ксілгсн казак жерлерінс коныс аударушы орыс, украин шаруалары үшін, казачество әскерлері үшін түрғылықты халыктың атамекснін тартып алу саясатын катты каркынмен жалғастырды. 1914 жылдың ортасына карай патша үкіметінің казак халкынан тартып алған жердің көлемі 45 миллион десятинаға тең болды. Қүнарлы егіндігінен, шүрайлы шабындыгынан аймрылган казактар таулы және шөлейіт жерлерге ығыстырылды. Бүл туралы "Қазак" газсті макалалар тізбегін жариялады. Оларда патша үкіметінің, жсргілікті коныс аудару мекемелерінің жер мәселссіне байланысты озбырлыктары әшкерслснді. 58


Бұл ретте Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Райымжан Мәрсековтың, т.б. қазақ зиял ыларының мақалаларын бірінші кезекте атаған жөн' Мәселен, А.Байтүрсынов "Қазақ жерін алу туралы низам" атты мақаласында ("Қазақ" 1913, №№ 29, 30) былай деп жазды: "Қазақ пайдасындағы жерді алады, қыстауларынан көшіреді ... сондай жолсыз істерден орынсыз жәбір көріп, әуре болып жүрген казақтар көп. Қыстау салған жерінен айырылып, қыстайтүғын жаңа жерді общества бермей, жер алып беріп орналастыруға міндетті мекемелер оған қабырғасы қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл, төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай, отырарға орын таппай, сандалып жүрген қазақтарды көз көріп жүр" "Қазақ газетінде бас мақала ретінде жарияланған А.Байтұрсыновтың "Жер жалдау жайынан" атты еңбегінде ("Қазақ", 1913, № 34, 16 қазан) Қазак, жерінің екі ұшы екі қолда: бір ұшы қазакта, екінші үшы орыста екендігі айтыла келіп, мынандай маңызды ой түйілген: "Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос үстаған жағы айырылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау, бос үстау қазақтың өздерінен ... Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Әркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп іс қылып, жүрт пайдасы мен зарарына тіпті қарамайды"2 Бұл жерде өз ойын ашық айтуға мүмкіндігі болмаған А.Байтұрсынов, халықты орыс патшалығының жерін тонауына бірлесіп қарсы тұруға, "қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылуға" шақырып отырғандығын аңғару қиын емес. "Қазақ" газетіне осыған мазмүндас мақалалар аз жазылмаған, мәселен, Райымбек Мәрсековтың "Ата қонысынан айырылған қазақ жайлы’ ("Қазақ", 1916, № 179, көкектің 30-сы), "Жер мәселесі" ("Қазақ" 1914, № 67, маусымның 23-і), Асқаровтың "Жер іздеген қазақтар" ("Қазақ", 1913. № 5, наурыздың 9-ы), А.Букаевтың ”Ел қамынан бір-екі сөз") "Қазақ", 1913, № 5, Бұл туралы толығырак караңыз: Сүбханбердима У Казак, Алаш, Сарыарка. Мазмүндалған библиографиялык көрсеткіш. А„, 1993. 24-32 беттер; Әбдіманов Ө. Казак" газеті. А., 1993. 86-100, т.б. б. 'Байтүрсынов А., Лк жол., А., 1991 228-бет 59


наурмздың 9 ы), А.Жанталиннщ 'Ж ер мүңы’ ( 'Қазақ" 1914, № 69, шілдснің 9-ы), мақалаларында, сол сияқты газет басқармасының атынан жазылған рсдакциялық жариялымдарда патша үкіметінің қазақ халқының жері есебінен жүргізілген қоныс аудару саясатына, оны жүзсге асырудағы озбырлық пен заңсыздықтарға қарсы наразылық білдірілген1 Осы жариялымдар сөз жоқ қазақ қауымының арасында отарлыққа қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастырып, нығайтуға кызмет етті. Міржақып Дулатовтың "Оян, қазағынан" Ахмет Байтүрсыновтың "Масасынан” басталған халықтың жер мен суынан айырылуына байланысты наразылық білдіру, сол арқылы отарлық езгіге қарсы санасын оятып, жігерін қайрау ісі енді жалпы ұлттык. басылым "Қазақ газеті аркылы жалғастырылды. Бұл бағытты Қазақ өлкесінің әр бөлігіндегі зиялылар іліп алып, дамытты, Мәселен, Жетісу өңірінде өмір сүріп, жоғарыда айтылған оқиғаларға (ата қоныстан айырылуға) куә болған Албан Асан Бәрмембекүлы (1866-1916) ақын патша үкіметінің отарлық саясатының қасіретті нәтижесін өз аймағының мысалында былай деп өлеңге қосқан: Күннен күиге, Ллбаным, Заманыи сенің тарылды. Өркөкірек, ксц қоиыс, Дәуірің сснің калғаи-ды. Кен коныстан айырі.ідып, Ұшып кетер жеріц жоқ, Канатыц сынып талған-ды. Екі көзііі тслмірсп, Мойнына шынжыр салған-ды. Кайсы бірін айгайын, Ішіидс толған арман-ды! Әлеуметтік және үлттық езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бүқарасының қайыршылануы, кымбатшылык пен аш-жалаңаштық өріс алуы — міне, осының бәрі еңбекші бүқара тарапынан жаппай наразылық туғызды. Жүмысшылардың ереуіл қозғалысының, шаруалардың аграрлық және үлттық езгіге қарсы күресінің жаңа С ү б х а м 6 е р д и н а У., Көрсетілген шмгарма, 29, 30, б. 60


толқыны басталды. Бүл қозғалыстан қоныс аударушы село тұрғындары да шет қалмады, өйткені олардың ішінен армия қатрына еңбек етуге ең жарамдыларын шақыру, майданның мұқтаждары үшін мініс ат пен көлік қүралдарын көптеп алу село халқының да түрмыстіршілігін айтарлықтай ауырлатқан еді. Басқа сөзбен айтқанда, соғыс бүкіл елдегі жалпыүлттық дағдарысты шиеленістірді. Россия империясына тән осы дағдарыстың жарқын көрінісі — Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі болды. Аталған аймақтарды түгелге жуық қамтыған бүл көтеріліс бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патшалық Россияда әбден толғағы жеткен революциялық ахуалцың нақтылы бір көрінісі болуымен қатар, өлке еңбекшілерінің 1917 жылғы екі революцияның қарсаңында ұлттық және таптық сана-сезімдерін оятуда және өз бостандықтары үшін күреске дайындауда ерекше роль атқарады. Көтерілістің басты себептерінің әлеуметтік-экономикалық және саяди-рухани мәні болды. Ол себептер, жіктеп айтқанда, мынаған саяды: отарлық езгінің күшеюі, халықты ата-қоныс жерінен айыру, салықтар мен алымдардың шексіз өсуі, патша үкіметі ондаған жылдар бойы жүргізіп келген жергілікті халықтарды орыстандыру саясатының немесе рухани отарлаудың күшеюі, халық бұқарасы жағдайының соғысқа байланысты күрт нашарлауы. Көтерілістің тікелей басталуына патша үкіметінің 1916 жылы маусымның 25-інде Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтарының азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы шығарған жарлығы түрткі болды. Россия империясының заңдары бойынша шет аймақтардағы отар өлке халықтары әскерге алынбайтын, себебі патша үкіметі олардың қолына қару беруге сенбейтін. Дүниежүзілік соғыс патша үкіметін шет аймақтағы халықтарды майданның қара жүмысына (окоптар қазуға, ағаш кесуге, майдан шебіндегі аудандарда жол салуға, қорғанысқа қызмет істейтін кәсіпорындарында жұмыс жасауға, т.б.) шақыруға мәжбүр болды. Патша жарлығы бойынша Орта Азия мен қазақ өлкесінен 19 бен 43 жастың (кейін бүл 31 жаспен шектелді) аралығындағы азаматтар алынуға тиісті болды. Ьүл өлкелерден 400 мың адам, оның ішінде 61


Қазакстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мын адам алынбақ болды. Отарлық жүйснін чиновниктсрі мен казак аулының билеуші топтарының (бірінші кезекте болыстық әкімшіліктің өкілдерінің) айтарлықтай бөлігі байлардан пара жеп, олардың балалары мен туыстарына тиіспей, кедейлерді майдан жүмысына алынатындар тізімінс көптеп тіркей бастады. Еңбекшілер катты састы. Казакстанның көптеген аудандарында майданның қара жұмысына алынушылардың тізіміне енгсндер патша үкіметі мсн алпауыт байлары майданға барып корғағанша, қолға кару алып, олардың өздеріне қарсы күреске шыкпак болуға ниет білдірді. Қазакстандағы көтеріліс, Орта Азиядағы сияқты, патша жарлығы шығысымен стихиялы түрде басталды. Шілде айының басында Қазакстанның барлық аудандарында дерлік стихиялық наразылық білдіру жаппай орын алды да, олар көп кешікпей көтерілістерге үласты. Халық каһарының алғашқы соккысы майдан жұмыстарына баратындардың тізімдсрін жасаған болыс басшылары мен ауыл старшындарына және де баска патшалык әкімшіліктің жергілікті кызметкерлеріне тиді. Қара жүмыска алынатындардың тізімін жасауда орын алған заңсыздыктармен катар партия өкімет орындарының казак кауымының белгілі топтарының өкілдеріне жеңілдіктер ("бронь") берулері казак бұкарасының наразылығын күшейте түсті. Атап айтқанда, патша үкіметінің майданының кара жұмысынан ресми түрле болыстар мен ауылдар әкімшілігі кызметкерлерін, жергілікті халықтан шыккан төменгі полицейлік чиндерді, имамдарды, молдалар мен мударистерді, майда кредит мекемелерінің есепшілері мен бухғалтерлерін, орта және жоғарғы оқу орындарында окитындарды, үкімет мекемелерінде кызмет атқаратындарды, дворяндар мен кұрметті азамат кұкмларын пайдаланатындарды босатуы халыктың басым көпшілігінің ашу-ызасына май кұйғандай эсер етті. Патшаның катігез жарлығына және оны жүзеге асыруда ашыктан ашық орын алған әділетсіздікке ашынған еңбекшілер колына не түссе, сонымен каруланып "адамдарды бермейміз" деген ұранмен патша өкіметінің жергілікті өкілдеріне — болыс басшыларына, ауыл старшындарына, полицейлер мен казактарға шабуыл жасап, оларды соккыға жыкты, кейбіреулерін алтірді, іс кағаздары мен жүмыска алынатындардың тізімдерін өртеді. 62


Осылай стихиялық түрде басталған қозғалыс тамызқыркүйектің басында үйымдасқан қарулы көтерілістерге ұласты. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің, әсіресе, Торғай мен Жетісу облыстарындағы ошақтары бұқаралық сипатқа ие болды және өлкенің басқа облыстарымен салыстырғанда ұйымшылдықпен өтіп, үзақка созылды. Бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс негізінен патшалықтың қатал әскери-отарлық және кең көлемді орыстандыру саясатына бағышталған үлт-азаттық қозғалысқа үласты. Сонымен қатар бүл көтеріліс халық шаруашылығын дағдарысқа, ал халықтың баеым көпшілігін қайырщылыққа ұшыратқан бірінші дүниежүзілік импералистік соғысқа да қарсы бағытталды. Көтерілістің басты мақсаты үлттьгқ және саяси тәуелсіздікке жету еді. Оның негізгі қозғаушы күші қазақ ауылының еңбекші шаруалары болды, оған ішінара жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық. жұмысшы табының өкілдері мен қолөнершілері қатынасты. Қозғалыстың үлт-азаттық мәніне байланыеты көтерісшілер қатарында қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының өкілдері болғандығын баса айту қажет. Олардың ішінде байлар да, билер де, болыс баешылары мен ауыл старшындары болды. Өрине, еңбекші шаруалардың қалың бұқарасының өкілдерімен салыстырғанда көтерісшілер қатарындағы соңғылардың үлес салмағы айтарлықтай аз болды. Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің үлттық қүрамы негізінен қазақтардан тұрды. Өлкенің оңтүстігінде ғана (Жетісу мен Сырдария облыстарында) қазақтармен бірге ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және кейбір басқа халықтардың өкілдері қатынасты, олардың қатарында бірді-екілі орыс халқының өкілдері де болды. Қазақ қауымында патшаның маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жок: ауылдың фео^ далдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің ("Туземная администрация") белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім аз ғана өкілдері (мәселен, Тоқаш Бокин, Жанабай Ниязбеков, Түрар Рысқүлов, Әубәкір Жүнісов, Әліби Жангелдин, 63


Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де катынасты. Ал "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан либералдыдемоісратиялық интеллигенция өкілдерінің жетекшілері (мәселен, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов) патша жарлығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына байланысты радикал интеллигенттер сияқты батыл әрекеттерге бара қойған жоқ. Олар, бір жағынан, халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар кантөгіске ұшыруы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді' "Қазақ" газеті 1916 жылы шілденің 6-сындағы санында патшаның жарлығы — ақиқат, сондықтан оған қарсы тұруға болмайды, деп жазса, сол жылғы тамыздың 11- індегі санында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың және М.Дулатовтың атынан халықты ешбір қарсылықсыз патша жарлығын орындауға шақырды, ал бүлай етпеген жағдайда үкімет органдары елге жазалаушы жасақтарын шығарып, қантөгіске дейін баруы мүмкін деп сақтандырды. "Қазақ" газетінің 1916 жылғы 192-ші санында осы үш қайраткер "Алаштың азаматы" деген макала- хаттарында:" ... казак карсылық кылса, елге отряд шығады, отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады", — дей келіп, қантөгіс болдырмау үшін халыкты патша жарлығын орындауға шақырды. Осы газеттің 1916 жылы 207-санында "Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына арналған Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадырбаев және Мүхамедияр Тұңғашин қол қойған үндеу макала жарияланды. Онда атап айтқанда былай делінді: "... біздің Торғай һәм ЬІрғыз уездерінен казанның 15-інен бастап кісі алынбакшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге кеше мың әскер зеңбірек шығып тұр ... көнбесендер Жетісу, Жизактың күні сендердің де бастарыңа туады. Қырғын болады, босқа кан төгіледі, шаруа күйзеледі ... Қатын-бала бір кырылады, жігіт екі алынады... Бүл хатты жазушы біздер — өз балаларың, тумаларың. Жанымыз ашиды, кабырғамыз кайысады. Біздің ата-ана, туған-туыстарымыз іштеріңізде. Бізді казак баласы ... десеңдер тіл алыңдар. Қан төкпеңдер, карсылык кылмаңдар ... Біз орысша окып, 1 1 Қсірақыз: "Казак.' 1916, 6, 8, 15 шиле. II тамыз. 64


орыс арасында жүр, пайдамызды айтпас деп ойлайтындарын бізді құдай мен әруаққа тапсырындар. Біз газет аркылы болсын, ауызша да болсын бұрын сан рет айтқанбыз, көнбесеңдер елге бүліншілік болады, әскер шығады, түбінде алмай қоймайды дегенбіз. Сол айтқанымыз міне келді ... әлі де болса ... біздің ең соңғы қысылғандағы ақылымызды алыңдар" Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты зиялы қауым әкілдері патша жарлығына байланысты туындаған күрделі мәселелерді бүкілқазақстандық мәжілісте талқылау қажет деп санады. Сондықтан олар көп кешікпей майданның тыл жүмыстарына қазақ жігіттерін шакыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін Ақмола, Жетісу, Семер, Орал және Торғай облыстары өкілдерінің кеңесін шақыруға мүрындық болды. Кеңес 1916 жылы тамыздың 7-сінде Орынбор қаласында өтті. Бүл Кеңес осыған дейін айтылып жүргендей патша жарлығы шығысымен қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының лидерлері ... өкімет органдарына көмек көрсету"1 үшін шақырылған жоқ, керісінше, мүмкіндік болғанша қазақ жігіттерін майдан жұмыстарына жіберуді кешеуілдетудің жолдарын іздестіруге, ал майдан жұмысына алынғандар мен олардың отбастарына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыруға арналды. Басқа сөзбен айтқанда, күрестің бейбіт жолдарын таңдап алған жоғарыда аталған қазақ зиялыларының тобы патша жарлығына байланысты қазақ даласында қантөгісті болдырмауға тырысты. Бүған архив қорларында сақталған және бірнеше рет жарияланған жоғарыда айтылған Қазақстанның бес облыс өкілдері мәжілісінің 1916 жылғы тамыздың 7-сінде жазылған хаттамасы дәлел бола алады1 2 Мәжіліс Торғай облысының генерал-губернаторының сөзімен ашылды. Ол маусымның 25-індегі патша жарлығының мазмұнын өз тұрғысынан түсіндіріп, мәжіліске қатынасушыларды жарлықты орындауға көмектесуге шақырды да мәжіліс залын тастап кетіп калды. Содан сон бес облыс өкілдері мәжіліс төрағасына Ә.Бөкейхановты, хатшылары етіп О.Алмасов пен М.Дулатовты сайлап, жұмыстарын әрі қарай жалғастырды. 1 Казак ССР тарихы. Бес томдық. Ill т. A., 1982, 459, б. 2 Қараңыз: Б р а й н и н С., Ш а ф и р о Ш. Көрсетілген шығарма, 105-108 беттер; Алаш-Орда. Со. документов. А., изд. "Айқап" 1992, с. 5-10. 3 - 4 65


Мәжіліске катысушылар патша жарлығынык казак халкына аспаннан жай түсксндей эсер етксндігі, өйткені ол алдын ала баспасөзде жарияланбай, халыкка ауызша жеткізілгендігі және ешбір кешеуілдетусіз орындалуы талап етілгендігі туралы айтты. Мұның үстіне 19-43 жастың арасындағыларды майдан жұмыстарына шакыру сөз жок казак, шаруашылықтарын күйзеліске, халықты аштыкка үшырататын каупін туғызғаны баса көрсетілді. Ал жергілікті әкімшіліктін, ен алдымен болыс билеушілері мен ауыл старшиндарының байлармен ауыз жаласып, олардан пара альт, тек кана түрмысы нашар отбасыларының өкілдерінен жүмыска алынатындардың тізімдерін жасағандығы халыктың ашу-ызасын келтіргені, олардың ашык заңсыздық жасауға барған жекелеген болыс басшыларын өлтіргендігі айтылмыш күжатта нактылы мысалдармен дәлелді баяндалды. Қазак ауылы әкімдерінің киянат жасауына карсы көтерілген казак халкының казіргі үрпағы, делінді хаттамада одан әрі, "казак отрядтарымен танысты ... казак отрядтарының іс-әрекеттері бейбіт халыктың үрейін туғызды ... Жастар ауылдарын тастап каша бастады, олардың кейбіреулері оңтүстікке көшіп кетті. Пісіп келе жаткан астык, шабылған шөп жинаусыз калды ... Шаруашылыктар орын толмас зиян шегуде, өйткені жарлық шыккалы ешкім шаруамен айналыспайтын болды Осынын барлығы ... жарлыкты жүзеге асырудағы төтенше асығыстыкка байланысты. Сондыктан халыкты тыныштандыру үшін кырға шыккан казак отрядтарын кайтарып, жер-жерлерде халык екілдерінің мәжілістерін өткізу кажет. Жергілікті өкімет орындары, әсіресе болыс билеушілері, өздерінің асығыс әрекеттсрімен, дөрекілігімен, кызмет бабын пайдаланып қиянат жасаушылығымен. бейбітшіл, момын халыкты ашындырды"1 Одан әрі тұтанып келе жаткан үлкен кантөгісті болдырмау үшін және жүмыска алынушылар мен олардың отбастарына женілдіктер туғызу максатында кеңеске катынасушылар патша үкіметінің алдына 17 тармактан талап-тілектер койды. Олардың негізгілері мыналар: I) Тыл жұмысына шакыруды Қазакстанның солтүстік уездерінде 1917 жылы каңтардың 7-сіне дейін, ал оңтүстік уездерінде — 1917 жылы наурыздың 15-іне дейін калдыру. 1 С о іі ;і а, 5-7, б. 66


2). Майдан жүмыстарына бірінші кезекте қатарларында үйленгендері аз 19 бен 31 жастың аралығындағыларды шақыру. ...4). Әрбір отбасына майдан жүмысына шақырылуға тиістілерден бір адамнан қалдыру. ...8). Әрбір 50 түтінге бір мүғалімнен қалдыру. ...10). Бүрынғы асығыс және дүрыс толтырылмаған тізімдердің күшін жойып, жаңа тізімдер жасау үшін әрбір он үйден бір өкілден қүрылған және ауыл түрғындарының жалпы жиналысында бекітілген комиссияларға тапсыру. ...12). Жүмысшыларды майданға жіберу мәселесін қарайтын қабылдау комиссиялардың қүрамына шешуші дауыспен әр болыстан екі өкілді енгізу. 13) . Жүмысқа жіберілетіндерді 30 адамнан жеке-жеке артельдерге топтастырып, әр артельді молдамен және тілмашпен қамтамасыз ету. 14) . Майдан жұмыстарында ауырғандарға жараланған жауынгерлермен бірдей дәрежеде медициналық көмек көрсету. 15) . Жүмысшы қазақтар жергілікті қалалық және земстволық одақтардың қамқорында болуға тиіс ... 16) . Майданның қара жұмысындағыларға жер-жерден киім-кешек пен азық-түлікті жеткізіп түру үшін эр болыстан екі адамға теміржол вагондары тегін берілуі қажет. 17) . Сенімді себептер болғанда жүмысшы қазақтарға демалыс берілуі тиіс"1 Патшалық үкіметке тапсырылған осы қүжатқа мәжілістің төрағасы Ә.Бөкейханов және оның хатшылары О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған. Осы құжатқа байыппен баға берсек, кейінірек (1917 жылғы шілдеде) "Алаш' партиясын қүрып, Алашорда үкіметін үйымдастырған (1917 жылғы желтоқсанда) қазақтың көрнекті зиялылары патшаның маусымның 25- дегі жарлығын сөз жүзінде қолдап, ал іс жүзінде оған қарсы болғандықтарын аңғару қиын емес. Олай деуге осы аса маңызды деректе патша үкіметінің отарлау саясаты, патша жарлығын шығарудағы асығыстық, оны жүзегс асырудағы заңсыздық, халық наразылығын өршітпей түрып басып-жаншыу үшін ауылдарға қылыштарынан қан тамған жазалаушы казак-орыс 1 С о м д а, 8-10 б. 67


әскерлерінің шығарылуы барынша әшкереленуі дәлел болды. Сонымен бірге патша жарлығы орындала койган күнде майданның қара жұмысына алынатындар мен олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсстілуі талап етілген. Ал мұның өзі көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде үлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ түжырым екендігін көрсетеді. Сөз жоқ халықтық ұлт-азаттық көтеріліске Алашорда қозғалысының жетекшілері тікелей қатынасқан жоқ, оның кейбір кезеқцерінде олар солқылдақтық позиция үстап, табандылық көрсете алмады. Алайда Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына шақырылғандарға да сатқындық жасаған жоқ. Керісінше олар майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтады: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. ондаған қазақ зиялылары Минскіде, т.б. тыл жүмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бәрін көрсетті. 1917 жылы ақпан төңкерісі жеңісінен кейін Алаш қозғалысының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, т.б. тылдың қара жұмысында болғандар мен көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Қытай ауып кеткендерді ата қоныстарына қайтаруда, көтеріліске қатынасушыларға үкімет тарапынан кешірім (амнистия) жасатуға табандылықпен көп күш-қайрат жұмсады. Алаш қозғалысына белсенді түрде қатынасқан Дінмүхамбет Әділов кейін, 1928 жылы желтоқсанның 24-індегі ОГПУ тергеушісіне берген жауабында қазақ зиял ыларының 1916 жыл оқиғаларына байланысты ісәрекеті туралы былай деп көрсетті: "... 1916 жыл басталды. 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланды ...Қазақ халқы қарсылық қозғалысына шықты ... Қазақ даласына зеңбіректермен, пулеметтермен қаруланған жазалаушы отрядтар ағылып келе бастады. Жер-жсрлерге губернаторлар шықты, түрмелер ер жігіттерге толды. Ақтөбеге келген Торғайдың (облыстық-К.Н.) вице-губернаторы былай деп мәлімдеді: "патша жарлығы бірде-бір қырғыз (қазақ-К.Н.) тірі қалғанша орындалады. Осының бәрін көріп, біле отырып, ең бастысы халықтың дәрменсіздігін, қарусыздығын ескере отырып, біз казак халкын өкіметке қарсылык көрсетпеуге шакырдық. Өйтпеген жағдайда казак даласы қанға бөгер сді деп 68


санадык. Қазіргі кезде кейбір жолдастар ... сол кезде қазақ интеллигенциясы көтерілісті баскара алмады ... патша үкіметінің соңынан ерді, онымен бірге әрекет жасады дегсн сияқты пікірлер айтады. Менің ойымша сол кездегі жағдаймен жақсы таныс адам осылай айтпаған болар еді... Әр жерде басталған толқулар көп кешікпей кару күшімен басылды да реквизиция жүзеге асырылып, майданный кара жұмысына адамдар жіберілді. Осындай жағдайда "Қазак" газетінің редакциясы майданның кара жүмысына жіберілгендерге қызмет көрсету үшін зиялыларға арнап үндеу жариялады. Үндеуді ... ең алдымен халык мұғалімдері қолдады. Көп кешікпей Минскідегі земство одағында бұратаналар (инородческий) бөлімі қүрылды. Мен Минскіге баскалардан кейін жүріп кеттім ..." 1916 жылғы көтерілістің казак халкының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алатындығын Алаш зиялылары түсінбей койған жоқ, түсінді. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін үзак жылдар бойы жүргізген ерлік күресінің дәстүрінде тәрбиеленген казак халкы 1916 жылы үлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне карсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезенде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында, Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, ЖәмСңке Мәмбетов және баска халык батырлары кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Касымовтар көтерген бостандык үшін күрес туын кайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған үлт-азаттық козғалысынан кейін 1916 жылЕы ішч^ерЬііс бүкілказакстанлык сидаіка ир бпгадд, үланғайыр Қазакстанның барлык өңірлерін камтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыкка карсы бағытталды да казак халкының үлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні (ауылдың феодалдық билеуші тобына кйрсы бағытталуы) екінші кезекте болды да негізгі максатпен салыстырғанда екінші дәрежелі роль атқарды. Көтерілісшіл халықты да, оның зиялы қауым өкілдерін де келе жаткан 1917 жылдың кос төңкерісі мен оларға жалғаскан азамат соғысының "тар жол, тайғак кешу" кезеңі күтіп түрды. Казахстан Республикасы Үлттық Кауіпсіздік Комитетіиің архиві, 124-іс, том I, 100, 101 б. 69


Үшіпші тарау. МОНАРХИЯ ҚҮЛАҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ "АЛАШ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ I. МОНАРХИЯНЫҢ ҚҰЛАУЫ ЖӘНЕ ӨЛКЕДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ 1917 жылдың қарсаңындағы Казахстан Россия империясының оңтүстік шығысындағы аса ірі отарлық аймағы болды. Оның экономикасының жетекші саласы мал шаруашылығы еді. Патша үкіметі қазақ халқы мекендеген жерді мемлекеттің мсншігі деп жариялап, қүнарлы алқаптарды қоныс аудару қорына, казак әскерлерін орналастыру учаскелеріне, патша әулетінің жеке меншігіне, т.с.с. күштеп тартып алып отырды. Қазақ ауылын баскаратын төменгі әкімшілік аппарат, болыстар мен старшындар патша үкіметінің жергілікті билеу органдарымен біте қайнасып кеткен бай-феодалдар өкілдерінің қолында болды. Олардың басым көпшілігі царизмнің отарлаушы саясатының қолшокпарлары ролін аткарып, өздерінің тарапынан шаруаларды езіп-жаншыды. XX ғасырдың басынан қалыптаса бастаған өнеркәсіп өлкеде нашар дамыды. Қазақстанның қисапсыз табиғи байлықтары өте баяу игерілді. Өлкснің өндіріс орындарының көпшілігі ауыл шаруашылығының, оның ішінде ең алдымен мал шаруашылығының өнімдерін өндейтін кәсіпорындары еді. Мүнымен қатар өлкеде біршама таукен рудниктері, көмір шахталары мен түсті рудаларын өндіретін кәсіпорындары болды. Темір жол жүйесі де өте жеткіліксіз еді. Казақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия капиталистерімен қатар шетелдік кәсіпшілдер де қол сүқты. Мүнда шетелдік ірі сауда және кәсіпкерлер компанияларының өкілдіктері жүмыс істеді, өлке қалаларында, ең алдымен облыс орталыктарында Россияның Орыс-Азия, Сібірдің Сауда, Орыстын Саудаөнеркәсіп сияқты ірі банктерінің бөлімдсрі ашылды. Сонымсн катар аса ірі сауда компанияларының: ОралКаспий мүнай қоғамының, Риддср Тау-кен коғамының, А -'асар мыс кендері коғамынын бөлімшелсрі күрылды. 70


Олардың басқармалары Лондонда, Петроградта орналаскан болатын. Осы компания баскармалары мүшелерінің катарында аса ірі орыс капиталисі А.Путилов, ағылшындық алпауыт Л.Уркарт, т.б. болды. Қазакстанға капиталистік катынастардың ене бастауы өлкеде өндіріс орындарының, темір жолдардың пайда болуына және қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастауына негіз болды. Казакстанда болған өзгерістердің маңызды ерекшелігі сол, өлке экономикасын Россия капитализмінің аясына енгізу ұлт жұмысшы табының калыптасуына эсер етті, ол жұмысшы табының қалыптасу процесі ұлттық буржуазияның пайда болуынан озық жүрді. Орта және үсақ кәсіп орындарында, шахталарда, рудниктерде, кәсіпшіліктерде, қүрылыстарда және темір жол пайдалануда қызмет еткен 60 мың жұмысшылардың кәсіби мамандығы жоқтарының көпшілігі қазақтар еді. Бұл өндіріс орындарының жұмысшылары өте ауыр жағдайда өмір сүріп, еңбек етті. Олар 12-14 сағатқа созылған жүмыс күні үшін өмір сүру минимумына жетержетпес жалақы алды. Әсіресе, ешқандай кәсіптік мамандығы жоқ қазақ жұмысшыларының халжағдайлары аса қиын болды. Патша үкіметі мен империалистах буржуазияның отарлық саясатының нәтижесінде қазақ өлкесі шикізат көзі мен товар өткізетін рынокқа айналды. Казак аулының, баяу да болса, капиталистік катынастардың шеңберіне тартыла бастағанымен, жалпы алғанда онда 1917 — жылдың қарсаңында капиталистік өндіріске дейінгі қатынастар үстем болды. Сондыктанда Қазақстан жағдайында буржуазияшыл ұлтшылдықты уағыздайтын таза үлттық саяси партия кұру үшін әлеуметтік негіз қалыптаспаған еді. Егер 1917 жылдың карсаңында көп үлтты Россия мемлекетінгң шаруалар кауымының айтарлықтай бөлігі — орыс, украин, белорусь, грузин, т.б. шаруалары — әркайсысы әртүрлі дәрежеде капиталистік даму жолына түскен болса, казак шаруаларының (сол сиякты Орта Азия, Солтүстік Кавказ, т.б. аудандардағы шаруалардың жергілікті ұлттык топтарының) арасында патриархалдыкфеодалдык өндірістік карым-катынастар үстем болды. Казак ауылындағы аграрлык катынастар формальды түрде жерді кауым (ауылдық, рулык) болып пайдалануға негізделді, алайда іс жүзінде жер мен судың (суа71


рылмалы сгін шаруашылығы бар аудандарда) иесі фсодалдық-рулык. билсуші топтар болды. Кедейленген қазақ шаруаларының бслгілі тобы аса ауыр шарттармен кулактар мсн бай-фсодалдардан жсрді арендаға алуға мәжбүр болды. Шаруалар ссебінсн батрактар мсн маусымдап сңбск стстін жұмысшылардын саны өсті. Отырыкшы жәнс жартылай отырықшы өмір сүругс көшіп, егіншілікпен айналысатын қазақ шаруаларының қатары да көбейе бастады. Мүны қазақ шаруаларының қолындағы сгіндік көлемінің өсуі дәлслдсйді. Мәсслсн, 1906 жылы Семей облысындағы қазақ шаруаларының меншігіндсгі сгіндіктің көлсмі 57 600 десятинага тсн болса, 1916 жылы бұл көрсеткіш 111 мың дссятинага, ал 1917 жылы 119 858 десятинаға жетті. 1917 жыл қарсаңындагы қазак, аулы осы өлкегс, әсіресе. XX ғасырдың басында көптеп көшіп келген орыс, украин коныстанушыларының сслоларымен күрделі этникалык жәнс айтарлықтай тығыз шаруашылық-мәдени өзара қатынас жасады, 1917 жылға дейін қазақстанда негізінсн Орталык, Россиядан, Еділ бойына жәнс Украинадан ксліп, қоныс тепкен 1,5 миллионға жуык. орыс, украин шаруалары өмір сүріп, егін шаруашылығымен айналысты. Қазақстанга көшіп келген орыс, украин еңбекші шаруалары мен қазақ еңбекшілері арасында шаруашылық жәнс мәдени қарым-қатынастар орнап, нығая бастады. Қазак еңбекшілері көшіп келушілерден егіншілік кәсібінің сырларын үйренсе, қазақтар олармен өздерінің мал өсірудегі гасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесімен бөлісті. Алайда Қазақстандағы үлтаралық қатынастар, әсіресе қазақтар мен осында орталық Россиядан көшіп келушілер арасындағы қарым-қатынастар, аса күрделі әрі қиын болды. Қазақстанды отар өлкеге айналдырудагы патша үкіметінің, Россия мемлекетінің тарапынан орын 'алған катыгездік пен озбырлық, жергілікті халықтьі атақонысынан ығыстыру, оны әлеуметтік- экономикалык тұрғыдан ғана емес, рухани тұргыдан да отарлау өз "нәтижелерін' бермей қойған жоқ. Патшалық империяның отарлау саясаты түтас алғанда бүкіл казақ халқының тарапынан наразылық пен қарсылыққа кездесті. Ол 1916 жылы қазақ халкынын бүкіл олкені қамтыған ұлт-азаттық көтерілісіне әкеп соқты. Қазак еңбекшілерінің 1916 жылғы үлт-азаттық қозгалысы 1917 жылғы ақпанда женіске жеткен буржуазияшыл-демократиялық революцияга үштасты. 72


1917 жылы ак.панның 27-сінде басталған Петроградтын солдаттары мен жүмысшыларының стихиялық көтерілісі нәтижесінде монархия құлатылып, елде республикалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімсн өзгсртті. 300 жылдан астам Россияны билеп кслгсн Романовтар әулстінің және осы әулет басқарған патшалық тәртіптің 1917 жылы наурыздың 2-сінде ресми түрде тарих сахынасынан кетуі елдің өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жасауға мүмкіндіктер туғызды. Петроградтағы ақпан төңкерісінің жеңісі, Уақытша үкіметтің қүрылуы мен Петроград Советінің ісәрекеті туралы телеграммалар Қазақстанға наурыз айының 2-3 күндері жетті. Уақытша үкімет пен Петроград Советі іс жүзінде өкімет билігі үшін текетірес болуына байланысты елдің орталығында іс жүзінде қосүкіметтілік орын алғандығы жөніндегі хабарларда халық арасына кең тарады. Россия монархиясы XX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстардың нәтижесінде қүлады. Романовтар әулетіне империя халқының басым көпшілігі: ел түрғындарының 82 процентке дейінгісін қүратын шаруалар, халықтың 15 процентін қүрайтын және революцияшыл пиғылдағы жүмысшы табы наразы болды. Елдегі өкімет билігін өз қолына алуға тырысісан россиялық либералдық буржуазия офицерлік корпустың халық жағына шығуында көрнекті роль атқарды. Дворяндардың айтарлықтай бөлегі де ІІ-ші Николайға оппозицияда болды, олар патша төңірегіндегі халықтың ыза-кегін туғызған Григорий Распутин сияқты жексүрын адамдардан қол үзуді патшадан талап етті. Ал интеллигенция, оның ішінде үлт аймақтарындағы зиялылар, патшалық тәртіптің езгісінен өз халықтарын азат ету жолында талай жылдардан бері тер төгіп келе жатқан сді. Қоғамның әртүрлі саяси бағыттағы және әр текті күштерінің патша үкіметіне қарсы топтасуында бірінші дүниежүзілік соғыс айтарлықтай роль атқарды. Қарулы күштердің майдандарда женіліске үшырауы орыс халқының үлттық сезімінің нәзік пернелеріне ауыр тиді. Ал патшаның "бүратаналарды" майданның қара жүмыстарына шақыру туралы жарлығы ел тылында патша өкіметінс және ол бейнелейтін үлттық езгіге қарсы 1916 жылғы қарулы көтеріліскс әкеп соқты. 73


Ақпан революциясы Россия импсриясының барлык. саяси жүйесіне тән дағдарыстың занды нәтижесі болды. Патшалық тәртіптін қүлауы слдс сапалық түрғыдан жана саяси жүйс қүруға мүмкіндіктср тугызды. Импсрияда бүрыннан орын алып келген "біртүтас және бөлінбес Россия" идеясы мен соған негізделгсн мсмлсксттік саясатқа сызат түсс бастады. Ақпан жеңісінсн кейін жаңа таптық, әлеуметтік, үлттық және партиялық мақсатмүдделсрді. көп жағдайда бір-бірінс қарсы болған мақсат-мүдделерді, жақтайтын күштер саяси күрес аренасына шықты. Революция жеңісінен кейін бүкіл ел көлемінде саяси күреске тоқсанға жуык, партиялар тартылды. Соғыс монархиянын күйреуін тездетті, ал мүның өзі жаңа жағдайда саяси күреске араласа бастаған үйымдар мен партиялар төмендегідей маңызды қорытындылар жасауға міндетті еді: I) согысты жалғастыратын үкімет тез арада халықтык, қолдаудан айрылады; 2) шаруалардың мүддесімен санаспайтын үкімет халықтың басым көпшілігін, демек армияны да өзіне қарсы қояды; 3) экономика тығырықка тіреліп түрған жағдайда мемлекеттің мүмкіндігінен артық шығынға бармау керек; 4) көпүлтты мемлекетте шиеленісксн үлттық-аграрлық мәселелерді шешуді кейінге қалдыруға болмайды; 5) соғыс тек қана жүмысшылар мен шаруалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын күрт төмендетіп қойған жоқ, сонымен бірге интеллигенция мсн дворяндықтың жағдайын да айтарлықтай нашарлатты; соғыс ел экономикасының негізін-шаруалар шаруашылықтарын ауыр жағдайға душар етті және осының нәтижесінде азык-түлік дағдарысын шиеленістірді. Акпан революциясы қалай бағалануы тиіс, ол Россия империясына және соның қүрамында болған Қазақстанға не берді? Біз жоғарыда Ақпан төңксрісінің жалпыхалыктык. мәнін, оның барысында барлық топтардың, партиялар мен үйымдардың негізгі мақсат-мүддесінің бір арнада тоғысуын атап өткен едік. Шындығында да Ақпан революциясы жеңісі нәтижесінде тарихта сирек кездесетін елді жалпыазаматтық бітім мен келісімге сүйене отырып ауыртпалықсыз дағдарыстан шығару мүмкіндігі пайда болған еді. Акпан бүқараны саяси белсенділікке жүмылдырудың жана түрлері мен әдістерін тудырды, оның жеңісі нәтижесінде бүкіл елде Кенестер түріндегі өкімет пен баскару органдары күрылды. Іс жүзінде революция Россияда кен көлемді халықтық де74


мократияның қалыптасуына жол ашты. Ақпан революциясы ел үшін ең маңызды үш мәселенің — аграрлық, үлттық, Республика түріндегі жаңа саяси жүйені қалыптастыру мәселелерін шешу үшін алғы шарттар жасады. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғары сатысы — республикалық қүрылысқа көшуге жағдай туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндіктер берді. Осының нәтижесінде үлттың өзін-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтікэкономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Уакытша үкімет іс жүзінде қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі қорғауға құқықты болғандығын мойындады. Жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды, көтеріліске белсенді түрде қатынасқандарға кешірім (амнистия) жарияланды. Алайда бір мезгілде 1916 жылғы көтерілісті аяусыз басып-жаншуды ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдармен бірге болғандарға да кешірім жасалды. Ақпйн революциясы қоғамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызды. Бүл қоғамның барлық дерлік әлеуметтік топтарының мүдделеріне сай келетін еді. Ақпан революциясы жеңісінің ең маңызды нәтижесі елде ^ең көлемде саяси бостандықтар мен бүкіл қоғамдық өмірдің демократияландырылуы болды. Алайда Ақпан революциясының жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ. Мәселен, революция соғыс туралы мәселені шешкен жоқ, бірақ оны шешу үшін мүмкіндіктер жасады. Жер жөніндегі мәселе де өз шешімін таппады, алайда Ақпан революциясы дворяндардың басты тірегі болған патшалық билікті қүлатты, помещиктердіц позициясын айтарлықтай шайқатты, ауыл түрғындарының қолындағы жерлерді алуды тоқтатты, алайда қазақ халқының XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында патша үкіметі тартып алған жерлер заңды иелеріне қайтарылмады. Февраль революциясы жеңісінің нәтижесінде майданның қара жұмыстарына алынған жігіттер ата жұртына, от-басына қайтуға мүмкіндіктер алды, бірақ келешекте ауыл түрғындары мен орталық өкіметтің жаңа қарулы қақтығысқа бару мүмкіндігі жойылған жоқ. Февраль революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппараттарын түбегейлі жоя алған жоқ. Ол бұрынғыша калды, тек қана губернаторлардыц орындарына облыстык комиссарлар келді, ал уезд бастықтарын уездік комиссарлар


алмастырды. Баска сөзбен айтқанда, Акпан революциясы слдсгі өкімст туралы мәселені күн тәртібіне койғанымсн оны бірдсн жәнс түпкілікті шсшс алған жоқ. Жаңа өкімет органдарын күру үшін күрсс айтарлыктай күрдслі болды және үзакка созылды. Астанадағы революция туралы орталықтан жібсрілген телеграммалар Қазақстанға акпанның 27-сінде бастап келс бастады. Мәселен, дәл осы күні революция туралы тслеграммалар Актөбеге, Оралға және Петропавлге келді, бірак, оларды жергілікті әскери билеушілер халыкка жеткізбей жасырып койды. Наурыз айының алғашқы бес күні екінші Николайдың тақтан тайғаны туралы хабар өлкенің барлық аймактарында белгілі болды. 1917 жылы наурыздың 8- інде Ә.Бөкейханов Минскіден Семейге, Қаркаралыға, Оралға, Петропавлға және баска калаларға телеграммалар жолдап, елде болып жаткан өзгерістерге баға берді. Үлттык интеллигенция көсемі жоғарыда аталған калалардағы өзінің жактаушыларын үлттық (немесе қазак.) комитеттеріне шұғыл түрде сайлау өткізуге, Уакытша үкіметті жақтауға бағытталған іс-әрекеттер жасауга, майданға азык,-түлікпен көмек көрсстудің көлемін арттыруға шақырды. Телеграммаларда Әлихан Бөкейхановтың жалпы саяси мәселелерді шешу үшін Петроградқа баратындығы хабарланды1 Осыдан кейінгі оқиғалар анық көрсеткеніндей, ұлттық жетекшінің саяси тапсырмалары аса қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Наурыздың 14-індегі мәліметтер бойынша хазақ комитеттері өлкенің барлық облыс орталықтарында және жскелеген уездік қалаларда қүрылып, іске кірісті. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстык, және уездік атқару комитеттерінің құрамдарына енгізілді. Жаһанша Досмұхамедов Орал облыстық атқару комитетіне, Халел Ғаббасов Семей облыстык. атқару комитетіне, Жакып Акбаев Карқаралы уездік атқару комитетіне, ал Асфендияр Кенжин Елск уездік комитстіне мүше болды. Екі жақ өкілдері бірдсн және барлык. мәселелер бойынша тіл табысып ксткен жок.. Отарлык аппарат чиновниктері мен үлттық интеллигенция өкілдері арасындағы қырғиқабақтык пен келіспеушіліктер бірден-ақ басталды. Мұндай жағдайлар Оралда, Костанайда, Қарк.аралыда, т.б. жекелеген қалалар да орын алды. ■'Бюллетень Семипалатинского областного исполнительного комитета", 1917, 17 марта. 76


Қазақ зиялыларының (үлттық интеллигенция өкілдерінің) жаңа өмір құру ісіне белсенді түрде араласа бастауы елдің жоғарғы басшылығы тарапынан қолдау тапты. Уақытша үкімет жаңадан қүрылып жатқан қазақ комитеттерін өлкедегі өзінің аса маңызды тіректерінің бірі деп есептеді. Уақытша үкімет қүрыла салысымен Әлихан Бөкейханов 1917 жылы наурыздың 3-інде оның Торғай облысындағы комиссары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол сәуірдің 7-сінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді. Мүхаметжан Тынышбаев та үлкен қызметке тағайындалып, Түркістан комитетінің қүрамына енгізілді1. Реті келгенде айта кетейік: Мүхаметжан Тынышбаев жалпы саясат мәселелері мен кадрлар таңдау мен тағайындауда Әлихан Бөкейхановтың пікірін әркез жоғары бағалаған. Өз кезегінде Ә.Бөкейханов та М.Тынышбаев үсыныстарымен келісіп отырған. Ә.Бөкейхановқа жазған хаттарының бірінде оған өзін Түркістан комитетінің қүрамына ұсынғаны үшін рахметін айта келіп осы комитеттің қүрамын ішінара өзгерту жөніндегі пікірін де білдірген. Ең алдымен М.Тынышбаев Түрккомитеттің қүрамына Садретдин Мақсудовтың енгізілуіне наразылық білдіріп, ол туралы өз пікірін бүкпесіз айтқан. М.Тынышбаевтың ойынша Россия мұсылмандарының Уақытша Орталық бюросының мүшесі болған С.Мақсудов түрік халықтарының мәдениағартушылық қозғалысының идеологтарының бірі ретінде әр халықтың өзіне тән ерекшеліктерін мойындамайтын адам. Ә.Бөкейханов М.Тынышбаевтың Түрккомитет мүшелігінен С.Мақсудовты шығару жөніндегі пікірімен санасып, сонғының комитет мүшесінен босауына өз үлесін қосқан Патшаның тақтан қүлауын, елде республикалық ҚР ОМА. Қор-17, іс. 22-парақ 21; Политические деятели России: Биографический словарь. М., 1993. С. 324; Бұрынғы, әсіресе, кейінгі кезде жарық көрген жекелеген тарихи енбектерде Алаш белсенділерінің жоғарғы мемлекеттік қызметтерге тағайындалуы жөнінде таңғаларлық пікірлер жазылып жүр. Мәселен, А.К.Бисембаев пен Н.Т.Кенжебаев жақында жариялаған мақаларында былай деп жазды: "... А лаіиорда ж етекш ілері Уакытіиа үкім ет т ің қолынан әр уақы т т а мы нандай қы зм ет т ер алды: Ә .Й .Б өкейханов-Тореай облы ст ы қ ком иссары , л .А .Ғ аббасов-С ем ей облыстык, зем ст во басқармасының мүиіесі, Д улат ов М .-Тореай облыстык, зем ст во баскармасынық мүиіесі және Торгай облыстык, комиссарының көмекиіісі..." II Казахстан в начале XX века. Вып. 2. А., 1994. с. 68. Осыган орай мынаны еске салған жөн: Уақытша үкімет тек облыстар мен губерниялардың комиссарын тағайындады. Земство баскармасы сайланып қойылатын қызмет болған, ал комиссардың көмекшілері таза техникалық міндеттер атқарды және олар үкімет деңгейіндегі номенклатураға енбеген. КР ОМА, қор-17, on. I, іс -22, 27-парақ. 77


тәртіптің орнауын Қазақстан еңбекшілері зор қуанышпен қарсы алды. Өйткені ақпан революциясының жеңісі халыққа бүрын болмаған көптеген демократиялық бостандықтар берді: саяси партиялар қүру, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, түрлі митингтер үйымдастыру мен манифистациялар бостандығы. Орталық езгінің символы болған царизмнің қүлауын Россия империясының шет аймақтағы халықтары, оның ішінде қазақ халқы да, үлттық-саяси бостандыққа жетуге жол ашады деп сенді. Екінің бірінің аузынан "бостандық" деген сөз естілді. Халықтың барлық топтары жаппай саясатпен айналыса бастады. "Қазақ елінің патшаға қадірі" жүрген азаматсымақтарының басқаның бәрі-ақ, — деп жазды Сәкен Ссйфуллин, — патшаның түскеніне жалпы қуанды. Патшаны қазақ елі "жерімізді алды, өзімізді қорлады, солдат алатын болды, дінімізді жояйын деп жүр ..." деп жек көретіндігі айқын еді ... Оның үстіне 1916 жыл қазақ жүрегіне қан қатырып, тарқалмас кек болып еді"1 Тағы да С.Сейфуллинге жүгінсек, "елде де, қалада да патша түскен соң топ-топ жиналыс. Гу-гу сөздер. Күн сайын жиналыс, күн сайын митингі. Екі күнде бір комитет сайлау ... Жиналыс сайын ... сөйлейтін шешендер, "көсемдер" шыққан... патша түскен соң, халыққа саяси ерік тиген соң, бұқара халық не қыларын білмеді ... Тәжірибе жоқ, тәртіп жоқ, жоба жоқ ... Жұрттың бәрі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады. Біреуге біреу басынып, бір лайықсыз іс істесе, "бүл қалай?" десен: — Е, бүл слаубода (свобода) дейтін боды": Мүндай жағдай үзаққа созылған жоқ. Көп кешікпей жер-жерлерде буржуазияшыл уақытша үкіметтің органдары қүрьіла бастады. Бүлармен қатар ақпан төңкерісінің барысында жүмысшылар мен солдаттар өздерінің тікелей ■революциялық өкімет органдары болып табылған Советтер жүйесін үйымдастырды. Қосөкіметтілік ақпан революциясының басты ерекшелігі болды. "Біздің революцияның аса тамаша өзіндік ерекшелігі — оның қосөкімет туғызғандығында, — деп жазды В.И.Ленин. — ... Қосөкімет дегеніміз не? Ол мынау: Уақытша үкіметпен, буржуазия үкіметімен қатар * С е й ф у л л и н С., Тар жол, тайғак кешу. Үшімші рет басылуы. А., 1960, 54 б. * С о н д а, 54, 55, 59 б. 78


әлі әлсіз, жаңа ұрық салып келе жатқан... екінші үкімет — жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері қүрылды. Бүл үкіметтің саяси сипаты қандай? Бүл-революциялық диктатура, яғни орталықтандырылған мемлексттік өкіметтің шығарған заңына емес, ... бүқара халықтың төменнен болатын тікелей бастамасына сүйенетін өкімет"1 "Жаңа үрық салып келе жатқан’’ советтердің әлсіздігін пайдаланған және ресми билікті қолына алған буржуазия Уакытша үкіметті және оның жер-жердегі органдарын — атқару комитеттерін қүруға кірісті. Бүкіл халық болып сайланған Мемлекеттік Думаның шешімімен қүрылған Уакытша үкімет, сөз жоқ, өзінің жергілікті органдарын үйымдастыруға заңды құқүққа ие еді. Ал халықтың басым көпшілігінің (жүмысшылар мен шаруалардың) қолдануына сүйенген Петроград Советінің бүкіл ел көлемінде Советтер жүйесін құрып, Уақытша үкіметтің, дәлірек айтқанда буржуазиялың, үстемдігін шектеуге ұмтылысы да демократиялық саяси күрес логикасынан туындаған қүбылыс болды. Жер-жерлерге Петроградтан, бір жағынан Уақытша үкімет тарапынан, екінші жағынан, Петроград Советішң атынан түсіп жаткан бұйрық-иүсқаулары, елдің басқа аудандары сияқты Қазақстанда да буржуазия мен они қолдайтын топтардың, сол сияқты революцияшыл демократиялық күштердің өкімет үшін күрестегі саяси белсенділігін арттырды. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарында Уақытша үкімет пен халық билігінің — советтердің жергілікті жүйесі қатар қалыптаса бастады. Уақытша үкімет империяның Қазақстан сияқты отарлы аймақтарында кадеттердев, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған казақтың үлттық-либералдық интеллигенциясының жекелеген ©кілдерінен өз комиссарларын тағайындады. Мәселен, 1917 жылғы сәуірдің 7-сінде кадет Н.Щепкин басқарған қүрамында М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов бар Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қүрылды. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл социалист О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. М.Шокаев, А.Бірімжанов, А.Кене1Л е н и и В.И., Шығармалар тшіык. жиішғы, 31, 159 б. 79


сарин сиякты казак зиялыларының өкілдсрі де Түркістан өлкссі мен Торғай өңіріндегі Уакытша үкіметтің жсргілікті органдарында жауапты қызметтср аткарды. Облыс, усзд орталықтарында Уакытша үкіметтің жсргілікті органдары-аткару комитеттер, коалициялық комитеттер, азаматтык комиттсттср жүйесі калыптасты. Олар нсгізінсн жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпксрлердің, банкирлердің өкілдсрінен құрылған еді. Аткару комитсттергс мүше болғандар негізінен кадеттер партиясының, сол сияқты эсерлер партиясының жергілікті ұйымдарының өкілдері болды. Уакытша өкімсттің өлкедегі үлттык тірегі 1917 жылдың наурыз айының ортасынан құрыла басталған казак жәнс мұсылман комитеттері болды. Олар қазақтың үлттык интеллигенциясының көпшілік таныған жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың тікелей ұсыныс — нұсқауымен кұрылды. Мемлекеттік Думаның, кадеттер партиясы Орталық Комитетінің белгілі қайраткерлерімен тығыз байланыста болған Ә.Бөкейханов 1917 жылғы ақпан революциясы жеңіске жеткен кезде Қазақстаннан тыс жердс — Белоруссияның Минскі қаласында болған еді. Ол жакка Ә.Бөкейханов майданның тыл жүмысына алынган казак жігіттерінің жағдайын білу және оларға көмек көрсету максатымен бір топ казак зиялыларын бастап барған болатын. Акпан революциясы жеңіске жетісімен Ә.Бөкейханов •бастаған казак зиялыларының 15 өкілі "Қазактарға, жаңарған Россияның ерікті азаматтарына" арналған мәлімдеме жариялады. Онда атап айтканда былай делінді: "... Россияның барлык халыктары үшін бостандыктың, теңдіктің және туыскандыктың күні туды. Жаңа коғам мен жаңа үкіметті колдау үшін казактар ұйымдасуы керек. Жаңа коғамды колдайтын барлык үлттармен байланыса жүмыс істеу кажет. Қазактар Құрылтай жиналысына дайындалып, лайыкты кандидаттарды белгілеуі керек. Біз сіздерді ескі казакшыл айтыстар мен отбасының ұрыс-керісін тастауға шакырамыз, халыктың ұраны-бірлік пен әділсттілік. Жер мәселесін тез арада талкылаңыздар. Біздің үранымыз: демократиялык республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік аркылы табыс алатындарға беру. Қүдайдан баскадан корыкпаңыздар ... Әділет жолымсн жүріп, жаңа үкіметті колдаңыздар. Министірліктің азык-түлік ісі жөніндегі өкілдері мен май80


дандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..." Үндеу авторларының алдағы атқарылар қызметтің негізгі үш саласы бойынша басты мақсат-міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар: 1) Саяси әрекетте бірінші орында жалпыроссиялық проблемалар, әсіресе өкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұру керек ("жаңа үкіметті қолдау" және " демократиялық республика" үраны); 2) Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепкс ала отырып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою; 3) Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бүрынғы қорғалақтық пен бас июшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі (бұрынғы айтыстарды ұмыту, "құдайдан басқадан қорықпау"). Жер-жерлерде қазақ және мүсылман комитеттерін құру жөнінде қызу жүмыстар жүргізіле бастады. 1917 жылғы сәуір — мамыр айының бірінші жартысында бұл жұмыстар Қазақстан территориясын түгелге дерлік қамтыды. Облыстар мен уездер орталықтарында қаза£ халқы өкілдерінің жиналыстары мен съездері шақырылып, оларды жоғарыда айтылған 15-тің "үндеуінде" көтерілген мәселелер кеңейтілген түрде жанжақты талқылануға тиіс болды. "Үндеу" авторларының біразы көп кешікпей Петроградқа келіп, онда Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А.Ахтянов шақырған мұсылмандар мәжілісіне қатынасты. Мәжілісте Қазақстаннан Н.Қүрбанғалиев, Ә.Бөкейханов, А.Кенжин, Ж.Сейдалин, М.Дулатов және М.Бозтаев болды. Пікір алыса келіп, мәжіліске қатынасушылар Россия мүсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру органы — Орталық мұсылман бюросын құру және бүкілроссиялық мұсылмандар съезін шақыру кажст деп тапты1 Мажіліске қатысқан Қазақстан делегациясының басым көпшілігі халыққа Россияда ақпан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан жағдайды түсіндіру үшін елге қайтты. Ә.Бөкейханов конституциялық-демократтар (кадеттер) партиясының наурыздың 25-27-сінде өткен съезіне делегат ретінде қатынасу үшін Петроградта кідіріп қалды. Кадеттер партиясының саяси багыты Уақытша үкіметті 1 "Речь" М., 1917, 19 марта. 81


толығымен колдауға қызмет етті. Атап айткднда кадеттер "соғысты жауды толығымен және түпкілікті женгенге дейін жүргізуді" аграрлық және үлттық мәселелерді шешуді шақырылуға тиісті Қүрылтай жиналысының үлесіне қалдыруды жактады. Алайда Орталық өкімет органдарына жер-жерден түсіп жатқан хабарларда соғыс, аграрлық жәнс ұлт мәселелсрін шешуді кешеуілдету мемлекеттік құрылыс үшін, демократия үшін аса қатерлі екендігі жөніндс дәлелді пікірлер көптеп айтылып жатты. Кадеттер съезі жөнінде берілген "Речь" газетінің есебінде Семейден келген делегат Никольский "съезді қазақ халкының аса ауыр жағдайымен таныстыра келіп, қазақтардың Россияда демократиялық республиканың орнауын жақтайтынын және Қазақстанға үлттық-мәдени автономия берілуін қалайтындықтарын" айтқанын баса көрсетті. Съезд мәжілісінде аграрлық мәселелер жөнінде пікір сайысқа Әлихан Бөкейханов "Заңсыз тартылып алынған жерлерді казактарға дереу қайтарып беруді талап стті"1 Сонымен, ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен үлттықлибералдык. козғалыстың басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уакытша үкіметтің және оның саяси тірегі болып отырған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытбағдарламасына қайшы келген жоқ. Ал мұның үстіне осы қозғалыстың басшысы Ә.Бөкейхановтың кадет партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайлануы оған және оның кейбір әріптестеріне Қазақстандағы өкімет билігі жүйесінде ресми басқару қызметтеріне қол жеткізулеріне мүмкіндік берді. Мұны Ә.Бөкейхановтың Торғай облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалуы мен М.Тынышбаев, А.Кенесариннің, М.Шокаевтің, т.б. кейбір қазақ зиялыларының Қазақстан мен Түркістандағы Уақытша үкімсттің жергілікті органдарындағы жауапты, жоғарғы лауазымды қызметтерге қойылуы анық көрсетті. Жаңа жағдайда қазақтың ұлттық қозғалысынын көсемдері кадеттермен идеологиялық жағынан жақын болуларының үстіне енді олардын саяси бағытын іс жүзінде асыру ісіне тікелей араласа бастады. Сондықтан да козғалыс басшылары Уақытша үкіметке оппозицияда болып, кадеттср партиясының идеялық-саяси бағытына 1 С о н д а, 1917, 28-маурыз. 82


үйлесе бермейтін (ал көп жағдайда қарсы келетін) жолды ұстаған советтерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірак, советтер жаппай құрылып, олардың төңірегіне революцияшыл-демократиялық күштер көптеп топтасқан кезде бұл көзқарас қазақтың ұлттық-либералдық қозғалысын аса күрделі жағдайға душар етті. Ақпан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейінгі өлкедегі саяси-қоғамдық өмірдің жағдайы қысқаша айтқанда осындай болды. Өкімет билігіне ұмтылған әртүрлі саяси күштердің жіктелу мен топтасу процестері қатар жүрді. Бұл халықтың барлық топтарының, ең алдымен еңбекші бүқараның, саяси күреске құлшына араласуының көрінісі болған барлық жерде жұмысшы, солдат және шаруа делу таттары кеңестерінің жаппай қүрылуынан айқын көрінді. Қазақстан еңбекшілері өздерінің сан жүздеген телеграммалары мен жиналыс- минитинглерінің қарарларын Петроград Кеңесіне жолдап, патша үкіметін қүлатқан революцияшыл жұмысшылар мен солдаттарды құттықтап, оған жан-жақты қолдау көрсетті. Революцияның алғашқы күндерінде қүрылған Петроград, Москва және басқа да ірі орталықтардағы кеңестердің қолында нақтылы күш болды, өйткені олар революцияшыл халықтың сеніміне ие болды, ал соңғылары кеңестерді, ең алдымен жұмысшылар мен солдаттар Петроград кеңестін, өздерінің еріктерін білдіретін өкімет органы деп таныды. Алайда Петроград кеңесіндегі көпшілік орынға ие болып отырған ұсақ-буржуазияшыл эсерлер мен меньшевиктердің көсемдері уақытша үкіметпен ымыраға келуге бейім түрды. Осы келісімпаздық саясат ресми биліктің де, ал одан кейін нақтылы биліктің де біртіндеп Уақытша үкіметтің қолына көшуін қамтамасыз етті. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің түрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай үзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалиста буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл-демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. 83


Орталық Россия сияқты Қазақстанның негізгі облыс, усздік орталықтары мен теміржол бойына орналасқан ірі елді мекендерінде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңсстері 1917 жылдың наурыз айында құрылды. Мәселен, Жетісу облысының орталығы Верный (қазіргі Алматы) қаласында 1917 жылы наурыздың 12-сінде жұмысшы депутаттары кеңестерінің алғашқы мәжілісі болып, онда кенестің атқару комитеті сайланды. Сол жылдың наурыздың 11-інде Семейдің қалалық жұмысшы депутаттары кеңесінің 32 адам қатынасқан ұйымдастыру мәжілісі болып өтті; наурызда Қызылжар (Петропавл) қаласында жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің алғашқы біріккен мәжілісі болды. Оған жұмысшылардан 40 депутат және солдаттардан 64 депутат қатынасты. Наурыз айында жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері Павлодар мен Өскеменде, Қостанай мен Ақмолада, Перовскі (Қызылорда) мен Қазалыда, Әулиеата (Жамбыл) мен Черняевте (Шымкент) ұйымдасты. 1917 жылдың сәуір — мамыр айларында шаруа депутаттар кенестері де жер-жерде құрыла бастады. Жоғарыда аталған кеңестердің құрамы негізінен революцияшыл солдаттар мен жұмысшылардан тұрса, Оралда жағдай басқаша қалыптасты. Мұнда, Уақытша үкіметтің жергілікті органы болып табылатын атқару комитеттің құрамына облыстағы негізгі әлеуметтік топтар мен олардың мүддесін білдіретін барлық саяси күштердің өкілдері енді. Атап айтқанда жергілікті революционерлер мен либералдардың өзара түсінісіп, келісімге келуінің нәтижесінде атқару комитеттің қүрамына қалалық думаның, казачествоның, жүмысшылардың, қызметкерлердің, солдаттар мен жергілікті гарнизон офицерлерінің, қазақ қауымының өкілдері кірді. 1917 жылғы наурызда осы атқару комитетінің құрамында 200 адам болды' Осыншама адамды біріктірген атқару комитеті іс жүзінде жергілікті буржуазия мен революцияшыл демократияның біріккен органы болып табылды, ал осының қүрамындағы жүмысшы өкілдерінің тобы (фракциясы) жүмысшы депутаттары кеңестерінің міндеттерін атқарса, әскери комитет солдар депутаттары кеңесінің қызметін орындады. Қазақстанда қүрылған Советтердің ішінде бграқ 1 1 "У р а л е ц". 1917. 8 марта; "Уральский вестник" 1917. 17 марта. 84


кеңесті — Черняев (Шымкент) кеңесін большевик А.Морозов баскарса, Петропавл кеңесін жергілікті РСДЖП ұйымының жетекшісі, меньшевик-интсрнационалист А. Поволоцкий басқарды. Ал өлкеде ұйымдасқан басқа кеңестерге түгелге дерлік эсер (социалист-революционер) партияларының өкілдері жетекшілік жасады. (Мәселен, Семейде — Л.Юдин, Верныйде — Домашев, Қазалыда — Н.Эйдельман, тт.). Объективті және субъективті себептсрге байланысты (көп жылдар жасарын жағдайда жұмыс істеу, саяси қуғын-сүргіндер көру, жергілікті біріккен РСДЖП ұйымдарының кұрамында сандарынын аз болуы, т.с.с) алғашкы кеңестерді қүруда, жалпы өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде большевиктер белгілі роль аткара алмады. Сәкен Сейфуллиннің акпан төңкерісінің алғашкы күндері "саясат ісіне катынаса бастағандар... большевиктерді білмеді"1, — деуінің негізі бар. Бұл кеңестерге еңбекшілер халық өкіметініц органдары деп қарады және олар революцияшыл халықтың талап-тілектерін түгелімен жүзеге асырады деп сенді. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары (облыстық және уездік, болыстық атқару комитеттері) әуел баста кейбір мәселелерді шешуде кеңестерді өкімет рстінде тануға мәжбүр болды. Аткару комитеттер мен кеңестер бірлесе отырып патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін таратты, түрмелер мен айдауда болған саяси түткындарды босатты, 1916 жылғы көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін атаконыстарын тастап Қытай ауып кеткен қазақтарды елге қайтару ісімен айналысты, ұлттык және экономикалык. мәселелерді шешуге айтарлықтай талпыныстар жасады. Бүкіл елдегі сияқты Уақытша үкіметтің жергілікті органдары мен кеңестердің осылай бірін-бірі түсініп кызмет істеуі үзакка бармады. Сәуір айының басында 10 жылдық эмиграциядан Россияға оралған большевиктер партиясының көсемі В.И.Ленин елге келісімен Россияда ешқандай таптар бірлігі болған емес және болмайды да, таптар бірлігі мен олардың өзара түсінушілдігін насихаттау халықты ұятсыздықпен алдаудан баска ешнәрсе емес деген үзілдікссілді тұжырым жасады. Ол рсволюциялык дамудыц" жаңа үрандарын үсынды. Олар негізінсн соғыска, С с й ф у л л и м С. Карсеіілгеи шыпірма 54-6. 85


Уакытша үкіметке, аграрлық және үлттық мәселелерге тікелей байланысты болды: "... соғыс Львовтың жәнс К“- нің капиталистік сипаттағы жаңа үкіметі түсында да Россия тарапынан сөзсіз тонаушылық болып қала берстіндіктен ... Уакытша үкіметті ешқандай колдаушылық болмасын. ... бүкіл елде, төменнен жоғарыға дсйін, жүмысшы батрак, және шаруа депутаттары Советтерінің республикасы ... Елдсгі барлық жерді национализациалау" В.И.Лениннің "Апрель тезистерг" деп аталып кеткен "Правда" газетінің 1917 жылғы сәуірдің 7-сіндегі санында жарияланган "Пролетариаттың осы революциядағы міндеттері туралы" мақаласында койылған бүл талаптар көп кешікпей өткен РСДЖП(б)-ның VII (сәуір) конференциясында төмендегі қағидамен толықтырылды: Россияның қурамыпа кіретін улттардың бәрі де өз еркімен бөлініп шыеып, өз алдына дербес мемлекет қуруга праоолы деп тапылуы керек"2 Ленин анықтаған бүл талаптар 1917 жылғы наурыз айында қалыптаса бастаған қоғамдағы азаматтық келісімнің негіздерін шайқатты, буржуазияшыл демократия арасында іргесі жаңадан қаланып келе жатқан өз ара түсінушілікке карама-қайшы келді. Осыған дейін мүмкін болғанша қоғамда азаматтық кслісім орнатуға бағытталған іс-әрекеттер қате деп айыпталып, екі өкіметті біріне-бірін ашық қарсы қою бағдарламасы жарияланды. Сотые пен бітім, аграрлық және ұлттық мәселелерді шешу халық бүқарасының Уақытша үкіметіне қарсы ымыраға келмейтін күрес жүргізуі аркылы ғана шешілетіндігі айтылды. Балама бағытты танудағы осындай бас бұлтартпас қатаңдықтың негізінде халықтың соғыс қасіретінен, күн өткен сайын етек жайып, үдей түскен аштық пен жалаңаштықтан, қымбатшылық пен қайыршылықтан көрген қиыншылықтары жатыр еді. Сөз жоқ, лениндік талаптардың қаталдығы көпшілікті үрейлендірді, тіпті большевиктер партиясының кейбір жетекші қайраткерлері әуел баста бүл бағытпен келіспеді. Дегенмен де согыс жағдайындағы халықтың басым көпшілігінің қайыршылануының күшсйуі олардың жанына батты, орыс-украин селолары сңбекшілерінщ өздерін қанаушыл дворяндар мсн помещиктерге дегсн * Ленин В.И., Шығармалар толық жинағы, 31 т. 124, 126, 127 б. * С о н д а, 481 б. S6


өшпенділігі күннен-күнге арта түсті. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылы тұрғындарының барлық әлеуметтік топтары патша өкіметі заңсыз тартып алған жерлерін өздеріне кайтаруды табандылықпен талап етті. Осының барлығы келешекте халықтың айтарлықтай тобын большевиктер үрандарының астына топтастырды. Өкімет үшін күресті шешу жолындағы сұрақ енді ашық койылды. Ол сүрак: Кімнің жағындасың — Уакытша үкіметтің бе, әлде кеңестердің бе? (сімге қарсы күрссесің — Уақытша үкіметке ме, әлде советтерге ме? Бүл сүрак жалпы алғанда бүкіл елді, оның ішінде Қазақстан жүртын да негізгі үш саяси лагерьге бөлді. 1917 жылға дейін Россиядағы саяси күштердің жіктелуінде (ара салмағында) монархист" дейтін ұғым оңшыл лагерьді, либерал" ұғымы аралық (центристер) лагерін, "социалист" деген үғым саяси күштердің солшыл қанатын (лагерін) айқындайтын еді. Ал акпан төңкерісінен кейін саяси күштердің жіктелуінде, олардың жекелеген топтарының құрамында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Енді сырттай қарағанда саяси аренадан кеткендей болған монархистер амалсыздан либералдарға жакындасты. Ал либералдар болса, өздерінің бұрынғы идеялық позицияларында қалғанына қарамастан, Ақпан революциясы тудырған дамудың барысында саяси күштердің оңшыл қанатына ауысты. Социалистер арасында да бөліну орын алды: олардың либералды партиялармен, ең алдымен кадеттермен өзара тығыз қарым-қатынас жасағандары (эсерлер және меныиевиктер) аралық (центристік) лагерьді бейнелейтін болды. Ал Россия социалистерінің большевиктік қанаты мен эсерлердін радикал топтары ("солшыл эсерлер") елдің қоғамдық-саяси өміріндегі солшыл лагерьді құрастырды. Солшыл лагерьде аталған саяси партиялармен қатар анархистер, меньшевиктердің аз ғана тобы (меньшевик — интернационалистер) және үлттық-демократиялық қозғалыстардың солшыл элементтері болды. Қазакстандағы саяси күштердің топтасуы мен жіктелуінің орталык аудандармен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеліктері болды. Ол ерекшеліктер ең алдымен өлкенің империяның отарлық аймағы болуьіна және онын тұрғындары күрамының көпүлттылығына тікелей байланысты еді. Қазақстандағы саяси күштердің оң канаты мен аралык (цснтристік) топтарынын күрамы қүбылмалы болды, кейде тіпті олардың ара жігін ажырату киынға түсетін еді. Оң канатты негізінен Уақытша 87


үкіметтің жсргілікті әкімшілік жүйесі — облыстық, усздік аткару комитеттср, облыстык жәнс усздік үкімет комиссарларм күрады. Оның саяси тірсгі кадсттср партиясының жсргілікті үйымдары мен топтарынан, Орал, Орынбор, Сібір жәнс Жетісу казачсстволарының билсуші элемснттсрінсн, Қазакстанның оңтүстігіндсгі (Әулисата, Черняев, Түркістан, Қазалы) "Шуро-и-Ислам" партиясының жсргілікті комитсттсрінсн түрды. "Шуро-и-Ислам" партиясының Қазакстандык комитсттсрі кейде оңшылдардан іргесін аулак салып, эссрлсрмсн одактаса отырып цснтристік саясат жүргізді. Аралык. (центристік) лагерь 1917 жылгы көктем мен жазда Қазакстан советтерінің басым көпшілігін баскарған эсерлсрден түрды. Оларға өлкедегі меньшевиктер одактас болды, алайда олар үлкен белсенділік көрсете алған жок, өйтксні меньшевиктердің жігер-күші РСДЖП-ның біріккен үйымдарының аясында большевиктермен күреске жүмсалды. Эссрлер сонымен біргс ауылдың революциялык. — демократиялық элементтерінің белгілі дәрсжедегі сүйеуіне ие болды. Соңғылардың катарында 1917 жылы мамырдың 5-індс құрылған Верныйдағы "Мұсылмандардың бірікксн еңбек одағы”, Қазақ депутаттарының Перовом (Қызмлорда) Советі, Шымкенттегі мардикерлер (жүк тиеушілср) одағы, т.б. жекелегсн үйымдар эсерлер басқарған аралық (центристік) лагерьге колдау көрсетті. Саяси күштердің солшыл канаты ақпан төңкерісі жеңісінен кейінгі алғашқы айларда өте әлсіз-тұғын. Большевиктердің үлес салмағы тек қана Шымкснт жүмысшы депутаттар кеңесінде басым еді, ал Петропавл, Перовскі, Қазалы, Семей, Верный кеңестерінде олардың жекелеген ғана өкілдері қызмет етті. Уақытша үкіметке қарсы күреске шақырган Лениннің Апрель тезистері" баспасөзде жарияланғаннан кейін большсвиктер басқарған солшыл лагерьдің жағдайы қиындай түсті. Саяси күштердің он жәнс аралық топтары большевиктерді қатты сынға алып, оларға саяси айыптар такты. Эсерлер үстемдік етксн Петропавл калалық кснесі Ленин мен оның серіктерінің кызметін зиянкестік саяси әрекет деп бағалаған каулы кабылдады, ал Актөбе қалалык кенесі большевиктік үгітке жол бермеу жөнінде шешім кабылдап, өзінің құрамынан большевик В.Зинченконы шыгарды. 1917 жылғы көктем айларында Қазакстанда ресми билікке ис болып отырған либералды-демократиялық одактыц да позициясы түракты гүрде беки койган жок 88


сді. Оған бірінші кезекте ссбеп болған Уақытша үкімсттің соғыс министірі П.Милюковтың одактастарға Россия соғысты жалғастыра береді дсген мазмұндағы нота жолдауы болды. Бұл нота бүкілхалықтық наразылық туғызды. Ал мүның өзі тек қана Уақытша үкімсттің сәуірдсгі дағдарысын туғызып қана қойған жоқ, сонымен бірге оның жергілікті органдарының, оның ішінде Қазақстандағы, қоғамдағы орны мен роліне теріс эсер стті. II. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРДІҢ ЖАНДАНУЫ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫК, ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ 1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ кауымының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан революциясынан кейін мсмлекеттік қүрылысқа қатынасу, үлттық қоғамдық-саяси ұйымдар қүру, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өмірінс араласу бағыттарында көрініс тапты. Біз жоғарыда казак, зиялыларының монархия күлағаннан кейінгі Россияның саяси өмірінс қатнасуы туралы ішінара тоқталған едік. Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шокайүлы казак халқының либералдық-демократиялық топтарының өкілдері ретінде В.И.Ленин "косөкіметтілік" деп аныктаған саяси симбиоздың уакытша "түтастығына" жат адамдар болған жоқ. Негізінен осы үш кайраткер Ақпан революциясы жеңісіне жетісімсн казак интеллигенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік күрылымдардың кызметіне үсыну мәселелерін шешуге өз міндеттеріне алды немесе, қазіргі терминологияны қолдансақ, олар басқару жүйесіндегі кадр мәселесін айқындауға атсалыс т ь і. Олардың үсыныстары бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ахмет Бірімжанов, Ғалиасқар Қуанышев, Балға Күрметов, Біләл Малдыбаев, Ахмет Кснесарин, Айдархан Түрлыбаев, Мүхтар Саматов және басқалар тағайындалды. Мүхаметжан Тынышбаев пен Мүстафа Шоқайүлы Уакытша үкіметтін Түркістан комитеті қүрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезенде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлык. басқару жүйесінің жүмысын жолға 89


қойып, оны үйлестіру ісімен тікслсй шұғылданды. М.Тынышбасв 1917 жылғы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік күрылыс процссін тездсту мақсатымен Түркістан өлкесіндегі (оның ішіндс Сырдария мсн Жетісу облыстарындағы) атқару комитеттері делегаттарының съсзін шакырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды' Съезге Түркістан өлкесі облыстары мсн Бүкара хандығы атқару комитеттерінің 171 делегаты қатнасты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Губайдулла Ходжаев, Серәлі Лапин2 сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпүлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды3 Жаңа мсмлекеттің билсу-басқару органдарының төменгі — ауыл мен болыс деңгейіндегі жүйесін құру ісі айтарлықтай тез қарқынмен жүрді. Бүл жүйені қүруда тағайындау мен сайлау принциптері қатар орын алды. Комиссары Әлихан Бөкейханов болған Торғай облысында жергілікті өкімет органдарын қүру сәуірдің екінші жартысында облыстық және уездік азаматтық комитеттер қүрылысы аяқталысымен тсз қарқынмен өрістеді. Мәсслен, Ақтөбе уезінің Хобда болысының бес ауылында (№ № 1,5) азаматтық комитеттер сәуірдің және мамырдың 28-29-нда ұйымдасты. Осымен қатар болыстық азаматтык комитеттерді сайлау жүргізілді. Олардың қүрылуымен жергілікті атқару билігі жүйесін құру прочее і аяқталды. Азаматтық комитеттердің ауылдағы атқару комитеттерінің қүрамы демократиялық жолымен сайланған 3-5 мүшедсн тұрды. Олар таратылған ауылыайлардың құқүктарына ие болды. Осыған үқсас өкіметтік құрылымдар көшіп келуші шаруалар селоларында да үйымдасты. Осыдан кейін М.Тынышбаев Жетісу облыстык казак съезіне катынасу үшін Всрныйға (Алматы) жүріп кетті де, съездік калган мәжілістерін Уакытша үкіметтің Ташкентке акырында келіп жеткен төрағасы Н.Н.Щепкин баскарды. Лапин Ссрәлі Мұңайтпас ұлы (1868, Акмсшіт — 1919 ж. Самаркан) — ағартушы, адвокат, қазактың тұцғыш шыгыс сәулет өнері тарихыи зерттеуші, 1891-ші жылы Петербург университетініц зан факульте іін бітірген. 1917 ж. Акпан революцйясынан кейін С.ЛапинЛкмсшп те "Халык өкілдсрі кецесі" атты үйым курды. (Қ араңы з: Казак совет э н ц и к л о п е д и я с ы. т. 7. А., 1975. 183 б. М у с т а ф а Шоқай, Түркістанныц килы тағдыры. А., 1992. 117, 118 6. Протоколы стлзда делегатов исполниіельных комитетов Туркестанского края. 9-16 апреля, 1917, Ташкент, 1917. с. 1-32 90


Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шакырылған ауылдык, селолык, болыстык және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Оған күрылтай съезі деген дәреже — "статус" беру патшалык (монархиялық) баскару жүйесінен демократиялык коғамдық күрылыска көшудің занды күбылыс екендігін көрсету максатынан туган еді. Съезд аяқталғаннан кейін басқару әкімшілігінің ескі жүйесін жанамен алмастыру жоспарлы сипатқа ие болды. Мамырдың 3-інде күні облыстық басқарма Ақтөбе уезіне болыстық және поселкелік азаматтық комитеттер күру үшін баскарма төрағасының орынбасары И.П.Салохвалов пен оның мүшесі Ф.П.Казанцевтен түратын комиссия жіберілді. Облыстық басқарма сол кезде орын алған косөкіметілікті ескере отырып және өз тарапынан азаматтык комитеттердің төменгі буындарын (ауылдық және болыстық) қүруға кажетті кадрлардың жетіспегендігінен осы шараларды жүзеге асыруға солдат дспутаттары кеңестерінен және калалык думалардан көмск сүрағандығын ерекше атар едік. Ауылдык азаматтык комитеттерді кұру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма қүрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қыдырғалиевті белгіледі1 Егер де мемлекеттік қүрылыс түрінің өзгеруін (монархиядан республикаға өтуді) қазақ қауымының барклық топтары қолдаған болса, жергілікті әкімшілікті (болыстар мен аулынайларды) ауыстыру соңғылардың тарапынан белгілі дәрежеде қарсылыққа кездесті. Болыстар мен ауылнайлар (старшиндар) билік пен байлыққа кенелтіп отырған қызметтерінен ерікті түрде айрылғылары келмеді. Көптеген бұрынгы болыстар мен ауылнайлар жанадан сайланған ауылдык атқару комитеттеріне мөрлері мен іс қағаздарын өткізуден бас тартты. Бүған Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов әкімшілік аппараты арнайы жарлыкпен тиым салды, басқа сөзбен айтқанда Ә.Бөкейханов өзі баскарған өңірде уакытша үкіметтің шығарған заңдардың орындалуын бірінші кезекте талап етті* 2 Облыстык. комиссар Ә.Бөксйхаиовтмң жеке өкілі Л.Кыдыркалисвпсн катар Торғай облыстык казак а.сзіпіи шешіміие сәйкес ауылдык азаматтык комитеттер ұйымдастыру үшін Актөбе уезіне 9 адамнаи, Ырғыз уезіне 9 адамнан, Костанаи уезіне 12 адамнан, Торғай уеэіие 6 адамнан тұратын арнаулы тшітар (комиссиялар) жонелтілді. 2 КР ОМА, кор-17, оп.І, іс-23, парактар: 51, 68, 70 9 1


Жаңа республиканың мемлексттік жергілікті оргакдарын қалыптастыру жөніндегі уақытша үкіметтің облыстық және уездік әкімшіліктерінің осындай іс-әрекеттері халық бүқарасы тарапынан қолдау тауып отырды. Ауыл түрғындары мемлекеттік қүрылыс ісіне осылайша біртіндсп тартыла басталды. Ақпан төңкерісінен кейін басталған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси белсенділіктің келесі бір және жарқын көрінісі — 1917 жылдың көктем айларында қалыптаса бастаған облыстық және уездік дәрежедегі ұлттық немесе қазақ комитеттері жүйесі болды. Олар 1917 жылы негізінен сәуір-мамыр айларында өткен облыстық және уездік қазақ съездерінде құрылды. Атап айтқанда, мұндай съездер сәуір айында Орынборда (Торғай облыстық), Оралда (Орал облыстық), Семейде (Семей облыстық), 27-сәуір — 7-мамыр аралығында Омбыда (Ақмола облыстық), т.б. қалаларда болды1 Қатынасқан өкілдердің саны жағынан, талқыланған мәселелердің маңыздылығы түрғысынан әр түрлі деңгейде өткен бұл съездерде жалпы алғанда ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда қалыптасқан өзгерістерге баға беруге жәнс бүкіл халықтық талқылауға үсынуға тиісті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелердің ауқымын анықтауға деген талпыныс айқын көрінді. Мәселен, Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте өткен қазақ съездерінде аграрлық және ұлттық мәселелерге баса назар аударылса, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев және М.Дулатовтың басшылығымен Омбыда өткен қазақ ұйымдарының облыстық съезінде оқу-ағарту, қаражат (финанс), дін, әйелдер теңдігі мен земство қызметі жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов жетекшілік еткен Семей облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді. Осы съездегі Н.Қүлжанованың қазақ қауымындағы әйелдер тағдыры жөніндегі ой-толғамдары тыңдаушыларға күшті эсер етті. Аталған съездер қабылдаған қарарлардың барлығында дерлік уақытша үкіметке сенім білдіріп, оның "соғысты толық жеңіске жеткенше' жүргізу жөнінде саясаты қолдау тапты. *б 'К а з а 1917, № 225, 12 апрели; № 231, 27 май; № 234, 24 июнь; "Омский вестник", 1917. 22 апреля; 13 (26 мая); "С иб и р с к а я речь" 1917. 24 мая. Ллаш-Орда. Сб. документов А. 1992-21-45. б. 92


Осы съездер туралы кеңірек мағлұмат алу үшін Торғай облыстық қазақтары өкілдерінің Орынбор қаласында 1917 жылы сәуірдің 2-8-інде аралығында өткен съезінің жұмысына толығырақ тоқтауды жөн көрдік. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, бұл съезді дайындап, оны басқаруға сол жылғы шілдеде құрылған "Алаш" партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты; съездің жұмысы А.Байтұрсынов, Сейітәзім Қадырбаев, Уәлихан Танашев, Омар Алмасов сияқты Алашорда қозғалысының белсенді қайраткерлерінің ықпалымен өтті және онда келешектегі "Алаш" партиясының кейбір бағдарнамалық тұжырымдары оған қатынасушылардың талқысына түсті. Екіншіден, бұл съезд қабылдаған қарарлардың бір ғана Торғай облысына қатысы болмады, олар бүкіл қазақстандық мәнге ие болды. Съезге жалпы алғанда 300-ден астам адам қатынасты. Олардың қатарында Торғай облысының өздерінен келген делегаттармен қатар Ақмола, Семей, Сырдария, Бөкей облыстары қазақтарының да өкілдері болды. Сондықтан да Торғай облыстық қазақтар съезі қабылдаған қарарлар Қазақстанның басқа өңірлеріндегі осындай бас қосулар үшін белгілі дәрежеде үлгі болды. Съездге қонақ ретінде Қазан мүсылман комитетінен Нәджіп Хальфин, Уфа мұсылман комитетінен Әбдірахман Рахметдинов, Орынбор мұсылман бюросынан татардың "Уақыт" ("Вахт") газетінің редакторы А.Хусайнов қатынасты. Съезді кіріспе сөзбен ашқан "Қазақ" газетінің редакторы Ахмет Байтүрсынов қазақ қауымын бірлікке, жаңа өкіметті қолдауға, жер-жерлерде жаңа құрылыс пен бостандықтарды баянды ету үшін тәртіп пен тыныштық сақтауға шақырды. Мәжілістің төрағасы бо>іып А.Байтүрсынов, оның орынбасарлары болып І-мемлекеттік думаның мүшесі Алпысбай Қалменев және Уәлихан Танашев, хатшылар болып Сейітәзім Қадырбаев, Омар Алмасов және Шафхат Бекмухамедов сайланды. Съезд ашылған күні "Вахт" газетінің редакторы Ф.Каримов оған қатынасушыларды орынборлық татарлар атынан қүттықтады. Ал Орынбор генерал-губернаторы Эверсманға құлатылған патша әкімшілігінің өкілі және көптеген жылдар бойы царизмнің отарлау саясатын жүргізуші болғандығы үшін, 1916 жылғы үлт-азаттық қозғалысты басым-жаншуды тікелей үйымдастырғанда қатігездікке барғандығы үшін сөз берілмеді: съезді 93


құттықтамақ болған өтініші оған қатынасушылар тарапынан қолдау таппаған Эверсман залды тастап кетуге мәжбүр болды' Оның соңынан іле-шала Міржақып Дулатовтың мәлімдемесі негізінде Орынбор қаласындағы орта оқу орындарының дін сабағының мұғалімі Әбдірахман Мачиев пен Торғай облыстық басқармасының тілмашы Мұхамедияр Тұнғаншинге "жергілікті жандармерияның жасырын агенттері болды" деген айып тағылып, олар мәжіліске қатнасушылар қатарынан аласталды2 Осы екі әрекеттің өзі жалпы ұлттық басылым — "Қазақ" газетінің төңірегіне топталған ұлттық-либералдық интеллигенция өкілдерінің инициативасымен шақырылып және солардың ықпалымен өткен съез делегаттарының Ақпан революциясы жеңісі нәтижесінде құлатылған қоғамдық құрылысқа және оның жергілікті әкімшіліктеріне деген халықтың көңіл-күйін аса айқын көрсеткендігін дәлелдейді. Съезд негізінен патшалық тәртіп құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съезд шақыру, мәдени, шаруашылық және дін ісі, уақытша үкіметке және ол жалғастырып отырған соғысқа көзқарас, жаңа сот және байланыс жүйелерін қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерді өз жүмысының күн тәртібіне енгізді. Атап айтқанда, съездің күн тәртібі 14 мәселеден тұрды: 1. Жер-жерлердегі азаматтық комитеттер. 2. Жалпы қазақтық және жалпы мұсылманды қ съездер. 3. Мемлекеттік басқару формалары және құрылтай ж и на лысы. 4. Дін басқарма. 5. Халыққа білім беру. 6. Аграрлық мәселе. 7. Сот. 8. Земство. 9. Баспасөз. 10. Почта... 11. Қоғамдық қаражат. 12. Уездік бастықтар мен зиянды чиновниктер. 13. Соғысқа көзқарас. 14. Қазақтарды тыл жүмысына шақыруға байланысты Торғай облысында болған оқиғалар. * П-сәуір күні облысты баскару тізгіміи Уақытша үкімсттіц комиссары Ә.Бөкейханов өз колына алды. * Алаш-Орда. Сборник документов ... 21, 22 б. 94


Осы маңызды мәселелер бойынша кабылданған шешімдердің мәні мен мазмүны мынаған саяды: "I). Уақытша үкіметтің жаңа қүрылысты, тыныштық пен тәртіпті ... нығайтуға ... бағытталған іс-әрекетін қолдау мақсатында жер-жерлерде азаматтық комитеттер қүру қажет. Комитеттерді күру еркі халықтың өз қолында болады. ...2). Бүкіл казак халкын біріктіру, оның мүқтаждыктарын аныктап, шешу үшін жалпы қазактык съезд шакырылсын. Бүл үшін ерекше үйымдастыру бюросы күрылсын. Оған съезд бағдарламасын жасау мен оның шақыру уакытын және өтетін орнын анықтау тапсырылсын. Бюро күрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржакып Дулатов, Сейтәзім Қадырбаев, Омар Есенкүлов, Имам Әлімбеков, Иса Түрмүхамбетов, Керей Түрымов сайлансын. 3) . 7-8 мамыр аралығында Москвада өтуге тиіс жалпы мұсылмандык съезге ... Торғай облысынан төрт делегат — Ораз Татиев, Сейтәзім Қадырбаев, Аккағаз Дощанов және Сүлтанғазы Ыскақов — жіберілсін. 4) . Қүрылтай жиналысының күрамына казак халкынан депутаттар сайлануы кажет ... съезд Россия мемлекеті ... демократиялык, парламенттік және орталыктанбаған (децентралистская) республика болуын калайды. ...5). Шіркеу мемлекеттен бөлінуі қажет... Торғай облысының казақтары уакытша Орынбор муфтилігіне (муфтиат) косылады... Мешіттер саны халыктың еркіне сай аныкталады. ...6). Міндетті түрде бастауыш білім алу керек... мектептерде алғашқы үш жылда оку ана тілінде жүргізіледі ... Мектептерде үл балалар мен кыздар бірге окытылады. Мектептер земстволык және мемлекеттік каражатпен камтамасыз етіледі. ...7). ... Бүрын қоныс аудару корына алынған ... жерлер өз иелеріне кайтарылуы кажет ... Түркістан өлкесінде жерге орналастыру жүмыстары токталуы тиіс ... Қазақтарды ... атаконысынан көшіру тоқтатылсын. ...8). Торғай облысында ... земстволык баскару енгізілсін ... 9). Өтпелі кезендегі баспасөздің маңыздылығына сәйкес ... "Қазак" газетін шығаруды жиілетіп, халыкка арналған жалпыға түсінікті кітаптарды жариялауды көбейту керек... 12) ... Қазак халқы үшін ешкандай пайдасы жоқ әрі 95


зиянды уездік шаруалар бастықтары (крестьянские начальники) институтын дереу тарату туралы Уақытша үкіметке өтініш білдірілсін, олардың орнына уездік комиссарлар жүйесі енгізілсін... 13). Отанды корғау ісіне қолдан келген көмектің бәрі жасалсын. ... Майданның тыл жұмыстарына шақырылғандардың жағдайымен таныса келіп, съезд тиісті өкімет органдарынан мынаны сүрайды: Ауруларды дереу елге қайтару; медициналық комиссиялар тағайындау; от басының бірден-бір асыраушысы болған жүмысшыларды көктемгі егін егу мерзіміне үйлеріне қайтару..."1 Съезд өз жұмысының соңында 1916 жылғы Торғай облысындағы тылдың қара жұмысына адамдар алуда және Торғай облысындағы ұлт-азаттык. көтерілісті басыпжаншуда орын алған заңсыздық пен қатыгездікті тексеріп, айыптыларды жазалау үшін ерекше тергеу комиссиясын қүруды Уакытша үкіметтен талап етті. Келесі кезекте өткен Жетісу облыстық қазақ съезі сәуірдің 12-сі мен 13-і аралығында Верный (Алматы) қаласында болды. Оған облыстың барлык, уездерінен 81 делегат қатынасты, олардың үштен екісі — 54 адам Верный уезінің өкілдері еді. Съездің өзіне тән ерекшелігі — оның ашылуына облыс әскерлерінің қолбасшысы А.Алексеевтің, вице-губернатордың қызметін атқарушы А.Гусевтің, Верный округтік прокурорының қызметін атқарушы В.Петровыхтың қала басшысы (городской голова) Н.Кадкиннің, мүсылман комитетінің төрағасы З.Тазетдиновтың келулері еді. Жоғарыда аталған лауызым иелерінің съездің ашылуына келуі Жетісу облысы соғыс жағдайында өмір сүріп отырғандығын, ал жоғарғы өкімет органдары ескі аппараттың қолында екендігін айқындап көрсетуде еді. Кейбір деректерге қарағанда, съезд жұмысына Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі М.Тынышбаев келмекші болғанг алайда оның съезд жүмысына қатынасканы жөнінде сенімді мәліметтер сақталмаған. Торғай съезімен салыстырғанда Жетісу съезі екі есс үзақ мерзімге созылды, өйткені оған қатынасушылар өз жүмысының бес күнін құттықтау сөздерді тыңдауға жүмсады. I Лдаш-Орда, сб. документов, с. 21-35 ’ ҚР ОМА, қор -17, оп.І, Іс-22,27-парак. 96


Жетісу съезінің делегаттары көп жағдайда Торғай съезі талқылаған мәселелерді қайталады. Оған 17 мәселеден тұратын съездің төменгі күн тәртібі дәлел болды. I). Соғысқа көзқарас. 2). Уақытша үкіметке көзқарас. 3). Жергілікті және өлкелік өкіметке, сонымен бірге атқару комитеттері мен басқа қоғамдық ұйымдарға көзқарас. 4). Россияны басқарудың келешектегі жоғарғы түрі. 5). Рухани-діни іс. 6). Азық-түлік мәселесі. 7). Жергілікті басқару. 8). Сот. 9). Партиялық араздықтык,ты тоқтату шаралары. 10). Білім мен оқу ағарту. 11). Облыстағы жер мәселесі. 12). Су мәселесі. 13). Мал шаруашылығы. 14). Отырықшылыққа көшу. 15). Заттай салық. 16). Қырғыздар мен орыстардың қарымқатынастарын реттеудің жолдары. 17). Босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері. Съезд төрағасы болып Жетісуға кеңінен белгілі қоғам қайраткері Ибраим Жайнақов, оның орынбасарлары болып Ғ.Удербаев пен А.Құдайбергенов сайланды. Съездің хатшылық міндеттері Қ.Шегіров пен Н.Жақыпбаевқа жүктелді. Ресми адамдардың съездің ашылуына қатынасуы бірінші кезекте соғыс пен Уақытша үкіметке көзқарас мәселесінің талқылануына эсер етті. Съезд делегаттары жеңіске дейін соғысты жалғастыру жөнінде және Уақытша үкіметке бағынып, оған жан-жақты қолдау көрсету туралы қарар қабылдады. Күн тәртібінің үшінші және төртінші тармақтары бойынша қабылданған шешімдер Уақытша үкіметтің жаңа мемлекеттік басқару жүйесін құру жөніндегі бағытына сай болды. Жетісулықтар рухани-дін мәселесі жөнінде басқаларға ұқсамайтын ерекше шешім қабылдады. Жетісу қазақ съезі делегаттары, біріншіден, мұсылман дінін православиемен теңестіру үшін Петроградта мұсылмандардың діни басқармасын құру қажет деп тапты; екіншіден, съезд қарарында: "... далалық Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына ортақ "ерекше діни жиналыс" қүрылсын және ол "Казахстан" деп аталсын"1 — делінді. Құжаттан келтірілген үзіндіден көрініп тұрғандай, діни мәселелерге байланысты алынған Жетісу съезі қарарында қазақ жерінен біртұтас территориялық қүрылым (қазірше Сырдария облысы мен Маңғыстаусыз) қалыптастырып, оны мемлекетіміздің қазіргі күнгі аты 1 ҚР ОМА. Қор-9, оп.І, іс-51 парақ-2. 4-4 97


Қазақстан деп атауды ұсынған. Сонымен қатар қарарда айтылған ұлттық (Қазақстандық) діни басқарма қүру идсясы қазақ облыстарын татар және башқұрт муфтиаттарынан шығарып алу арқылы қазақ халқының руханидГни топтасуына мүмкіндіктер туғызуға хызмет етті. Жстісулықтар торғайлықтар сияқты шіркеуді мсмлекеттен бөлу үшін дауыс берген жоқ, керісінше оларды одақтас еткісі келді, діннің қоғамда көрнекті орын алуын қолдады. Күн тәртібінің жетінші тармағы бойынша қабылданған қарарында съезд Мүхаметжан Тьгнышбаевтың 1905 жылы Россия минситрлер кеңесінің төрағасының атына жазған хатында айтылған Жетісу облысын әскери генерал-губернаторлық арқылы билеуді азаматтық билеумен алмастыру туралы пікірін қайталап, оны жақтады1 Съезд шешімдерінде басқару жүйесінің барлык деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан — "бір орыс, екіншісі мүсылман"2 — тағайындау қажеттілігі көрсетілді. Бүл шешім Уақытша үкімет пен оның Түркістандық комитетінің (бірінші қүрамы) Жетісуға облыстық комиссарлар етіп Мұқаметжан Тынышбаев пен Орест Шкапскийді жібермек болған бағытына дәлме-дәл келді. Басқару жүйесіне байланысты шешімдердің тағыда бір ерекшелігін атап өтейік: съезд, айтарлықтай дәрежеде билігі шектелген жағдайда, бүрынғы болыстар мен ауылнайларды қызметтерінде қалдыра түруға болады деп есептеді. Болыс басшылары мен ауылнайлар туралы мәселе күн тәртібінің тоғызыншы тармағында қаралды. Рулық тартыс пен қақтығыс, пара беру мен пара алу сияқты келеңсіз құбылыстарды өршіту де, оларды бәсендету мен өшіру де көп жағдайды биліктің төменгі буынындағы адамдарға тікелей байланысты, делінді, — съезд шешімдерінде. "Облыстағы жер мәселесін" жан-жақты әрі қызу талқылай келіп, жетісулықтар торғайлықтардан өзгеше шешім қабылдады: "облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын"3 Басқа сөзбен айтқанда облыстық казақ съезі Жетісу — әртүрлі мем- * Тынышбаев М., История казахского народа, А., 1993, 15-19 б. * ҚР ОМА. Қор-9, оп.1, іс-51, 3-парак С о н д а, 5-парак. 98


лскеттік қорлар үшін жаңа жерлер кесіп алуға тиым салынған өңір деп жариялады. Делегаттар 1916 жылгы үлт-азаттық көтерілісіне байланысты шиеленіскен ұлтаралық қатынастарды реттеуге үлкен мән берді. Осы мәселе бойынша қабылданған қарарда қазақтар мен орыстар арасында өзара түсіністік табу жолдары мен әдістерін анықтауға, ауыл мен кірме орыс поселкелері арасындағы шаруашылық қарымқатынастарды қалпына келтіруге күш салу қажеттігі айтылды. Келешекте қарулы қақтығыстарды болдырмау үшін облыстағы орыс селолары тұрғындарының қолдарындағы қаруды алу қажеттілігі ескертілді. Съезд күн тәртібінің соңғы мәселесі Қытайға ауып кеткен босқындарды (1916 жылғы көтеріліс басып жаншылғанда) қайтаруға байланысты болды. Осы мәселеге байланысты съезд шешімдері негізінен Пржевальск уезінің мәліметтеріне негізделді де ішінара Верный мен Жәркент уездеріне қатысы бар құжаттар ескерілді. Съезд босқындар мәселесін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің өз бақылауына алуын сұрады. Жетісу сьезіне орай тағы да бірнеше мәселеге көңіл аударған қажет сияқты. Съезд делегаттары назарынан жалпықазақ және бүкілроссиялық мұсылмандар съездері мен Құрылтай жиналысы сайлауына дайындық мәселелері тыс қалды. Бұдан басқа да Орынбордағы Торғай облыстық съезінде айтарлықтай мән берілген кейбір проблемаларға Жетісу съезі тиісті дәрежеде мән бермеді. Верныйда рухани, діни мәселеден басқа жалпы ұлттық, саяси маңызы бар мәселелерді қойып, шешуге қабілетті қайраткерлер болмады. Сондықтан да Жетісу облыстық қазақ съезінде жекелеген, нақтылы, мәселелерге (мысалы, мал шаруашылығы, отырықшылыққа көшу сияқты экономикалық мәселелерге) көбірек көңіл бөлінді. 1917 жылы сәуірдің 19-22-сі аралығында өткен Орал (Батыс Қазақстандық) облыстық қазақ съезіне 800-ден астам делегат қатынасты. Делегаттар саны жағынан сол жылғы көктёмде өткен қазақ съездерінің одан асқаны жоқ. Съезді шақырушылар оған мұқият дайындалды. Делегаттар арасында, Орал облысының уездерін айтпағанда, барлық болыстардың өкілдері болды. Съезді шақыру жөніндегі ұйымдастыру бюросы ол жұмысын . бастаудан көп бұрын Ғ ұбайдолла Әлібеков төрағалық еткен Уақытша облыстық қазақ комитетін құрған болатын. Съезді кіріспе сөзбен ашып, оның төрағасын, екі орын99


Click to View FlipBook Version