The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aliya.turganbay05, 2024-02-20 23:04:57

Алаш һәм алашорда

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Keywords: Алаш

басарын және үш хатшысын сайлау жөнінде үсыныс жасаған осы Ғ.Әлібеков болды. Төрағалыққа Ж.Досмұхамедов1, оның орынбасары болып Ғ.Әлібеков пен А.Қалменов, хатшылары болып Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев сайланды. Уақытша үкімет атынан съезді Орал облысының комиссары жүзбасы (сотник) Григорий Бизянов қүттықтады. Жиналғандарға қоғамдық ұйымдардың өкілдері де өз құрметтерін білдірді. Делегаттар өз кезегінде премьер-министр Г.Е.Львовқа, мемлекеттік Думаның төрағасы М.В.Родзянкоға, Петроград кеңесіне және әділет министрі А.Ф.Керенскийге құттықтау телеграммалар жолдады. Ғ.Әлібековтің жұмысты күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселені: мемлекеттің басқару формасы туралы; Уақытша үкіметке көзқарас жөнінде; соғысқа қатынас халқындағы мәселелерді талқылаудан бастау жөніндегі үсынысын съезд қабылдады. Делегаттар монархияны түпкілікті жою қажеттігін мәлімдеп, "демократиялык республика идеясын қолдады', ал "ұлттық-территориялық федерация мәселесін әзірше ашық қалдырды"2 Съезд Уақытша үкіметті 'оның қызметі, уәде етілгендей, ... демократия мүддесін қорғауға бағыттала беретін болса"3 қолдайтындығын білдірді. Соғысқа байланысты делегаттардың пікірі оны герман милитаризмі жеңіліс тапқанға дейін жүргізе беру керек дегенге тоқтады және бітім Петроград кеңесі ұсынған аннекциясыз және контребуциясыз принциптері негізінде жасауға тиісті болды. Съезд қабылдаған осы үш мәселе жөніндегі қарарларды талдау Уақытша үкімет қызметінің басты бағыттарын қолдағанымен, сонымен қатар өз іргесін одан аулағырақ салғанын көрсетеді. Осыған дейінгі әңгіме болған Торғай және Жетісу съезінен Орал съезінің айырмашылығы — бірінші күні құрамында 20 Жаһанша Досмұхамедов, съезд хаттамасындағы мәліметтерге қарағанда, Томск округтік соты прокурорының қызметін аткарған; ол съезд жұмыс істеген кезде Оралда демалыста жүрген болатын. Округтік сот орынбасары үлкен лауазым иесі болган. Оған Томск губерниясындағы саяси айдауда болғандар мен қамау орындарының үстінен қарау құқүғы берілген болатын. Уральские областные ведомости. 1917^17 июня (приложение). С о н д а. 100


адам бар Жаһанша Досмұхамедов басқарған облыстык. қазақ комитетін сайлау болды. Біздің пікірімізше, Орал облыстық съезінің күн тәртібі басқалардікінен айтарлықтай ерекшелсніп тұр. Оида көлемі де, денгейіде, маңызы да әртүрлі бірбірімсн байланысты үш мәселе — жалпы-мемлекеттік, ұлттық және аймақтық (жалпыроссиялық, қазақтың немесе қазақстандық жәнс оралдық) мәселе жеке-жеке жүйеленген. Мұның үстіне съезде талқыланған мәселелер оған қатысушыларға сол кезеңнің сан қилы оқиғаларын бағалауға ғана мүмкіндік беріп қоймаған, сонымен қатар келешекті болжауға да түрткі болған. Съезде қаралган мәселелерь саны 23-ке жетіп, басқа съсздердің күн тәртібінен әлде қайда асып жығылды. Орал съезінің екінші күні аграрлык. мәселелерді талқылауға арналды. Бұл мәселедегі ерекшелік сол-оралдықтар аграрлық мәселені түбегейлі шешуді Құрылтай жиналысының үлесіне қалдырды. Съезд делегаттары жер иемдсну көлемі еңбек нормасына сай болу қажет деп шешіп, бүл мәселеде өздерінің Россияның халықтық-социалистік партиясының бағытына жақын тұратындықтарын ашық білдірді. Съезд делегаттары мемлекеттің жаңа жерлерді алу құқүна қол сұқпайтындарын мәлімдегеніне қарамастан, облысқа сырттан көшіп келуге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға тиым салуды қолдайтындықтарын ашық білдірді. Дінге байланысты съезд қабылдаған шешім торғайлықтардың көзқарасын қайталап, облыстық діни басқармасын орынборлық муфтаиатқа бағындыруды жақтады. Съезд делегаттары өз жүмыстарының үшінші күнін Халел және Жаһанша Досмұхамедовтердің облыстық қазақ аудандарын басқаруды қайта к.ұру жөніндегі бағдарламасы мен "Орал облысының далалық бөлігін басқарудың Уақытша ережелерін' әр бап бойынша талқылуға жұмсады. Айтылмыш ереженің 100 бабында іс жүзінде ауылды, облысты, уезді және облысты басқаруға тиісті өкімет пен атқару органдары жүйесін құрудың және оны іске қосудың нақтылы нұсқаулары анықталған болатын. Жаңа өкімет өзінің мәні жөнінен азаматтық болуға тиіс еді, ескі мемлекеттік аппарат түгел қиратылуға жатты. Жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін осыншама жан-жақты анықтау осы мәселелерді теориялық тұрғыдан да, практикалық 101


жағынанда шешуге қабілетті зиялы күштсрдің Орал облысында жеткілікті болғаңдығын көрсетті. Бүл-біріншіден. Екіншіден, осы Уақытша Ережелерді даярлау казак автономиясына деген күлшыныстың бір көрінісі еді. Бүл пікірді "Ерсженің" тоғыз баптан түратын "Милицияны қүру" деп аталған төртінші бөлімі растай түседі. Бүл бөлімде ауыл, поселка, болыс милициясының негізгі міндеттері анықталып, уездік милиция бастығының қызмет атқару тәртібі белгіленген, сонымен бірге милиция органдарының басқа өкімет қүрлымдары арасындағы қарым-қатынас жолдары айқындалған. Басқа сөзбен айтқанда 1917 жылғы көктемде "Орал облыстық казак, съезі шешімдері арқылы" Жаһанша Досмүхамедов пен облыстық казак комитетінің баска мүшелері 1918-1919 жылдары мемлекеттік-саяси қүрылым ретінде өмір сүрген Ойыл уәлаятының қызмет жүйесінің негізін қалады. Мәжілістің әңгіме болып отырған үшінші күні делегаттар бүкіл россиялық мұсылмандар сьезі туралы мәселені карап, оған қатысу үшін Мәскеуге үш саяси қайраткерді: Ж.Досмүхамедовты, Х.Досмүхамедовты, Ғ.Әлібековты, мұғалім Сүбхановты және алты молданы жіберу жөнінде шешім қабылдады. Облысқа кеңінен танымал үш бірдей саяси түлғалардың бүкілроссиялық мүсылмандар съезіне делегат болып сайлануы олардың жалпыроссиялық саяси қызметке араласуға шындап кол созғандығын көрсетті1 Соңғы, төртінші күні Орал сьезі облыстағы окуағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелерін қарады. Егер Торғай съезінің шешімдерінде жалпыға бірдей бастауыш білім алуға қол жеткізу міндеттері қойылса, Орал съезінің карарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатынасуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мүғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді. Орал съезінің делегаттары торғайлықтардың жалпы қазақ съезін шақыру туралы идеясын қолдады және өздерінің бүқілроссиялық мүсылмандар съезіне сайланған өкілдеріне баска облыстан келген делегаттармен осы Бұл жолда Жаһанша Досмүхамедов айтарлықтай табыстарга жетті: ол бірінші бүкілроссиялық мүсылмандар сьезінде оның аткару комитетіне мүше болып сайланса, бүкілроссиялық демократиялық мәжілісте Россия Республикасының Уақытша кеңесініи (предпарламент) к,ұрамына енгізілді. 102


мәселс бойынша келіссөзде жүргізіп, ортак. пікірге келуді тапсырды. Орал облыстық съезінің құжаттарын талдау оның қазак, қауымының сол кездегі көкейтесті кейбір мәселелері жөнінен Торғай съезінің шешімдеріне денгейлес болғандығын көрсетеді. Ал жалпыұлттық мәселелер жөніндегі оралдықтардың түжырымдары Торғай съезінде қол жеткен қағидаларды қайталаудан аспады. Бұл жағдайда бірінші кезекте Торғай облысында, оның орталығы Орынбор қаласында көпшілік танып мойындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты ұлттық көсемдердің өмір сүріп, қызмет етуімен түсіндіруге болатын еді. Әңгіме болып отырған кезеңде Қазақстанның қай аймагынан шыққан зиялы қауым өкілдері болмасын олардың көпшілігі Әлихан Бөкейхановтың және оның сенімді серіктерінің қазақ қауымы үшін жетекші саяси ролін мойындайтын. Мүның жарқын дәлелінің бірі ретінде өзі де қазақ үлттық интеллигенциясының үлкен түлғаларының бірі болған Мұқаметжан Тынышбаевтың Әлихан Бөкейхановқа 1917 жылы сәуірдің 10-ында жазған хатынан төмендегі үзіндіні келтіруге болады: "Қымбатты Әлихан аға!... Мүстафа (Шоқайүлы) Орынбордағы қазақтардың үстаған жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді. Мен сізбсн біздің көзқарасымыздың бірдей болып шыққандығына аса қуандым: Орынборға барып, келешектегі жасайтын қадамдарымды сіздің шешімдеріңізбен үйлестіру ойымда бар еді, алайда, бақытыма қарай, менің ойларым сіздің бағытпен бірге бірдей болып шықты"1 1917 жылы сәуірдің 25-інен мамырдың 7-сіне дейін Омбы қаласында өткен Ақмола облысының съезі қазақ съездерінің хронологиялық жағынан бесіншісі болды. Екі аптаға дерлік созылған бүл съезді Е.Итбаев басқарған арнаулы үйымдастыру комитеті дайындады. Оның 250 делегаттарының қатарында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездерінің өкілдері болды. Съезд төралқасының қүрамына А.Түрлыбаев (төраға) Е.Итбаев пен М.Дулатов (төраға орынбасарлары) М.Саматов, А.Сейітов және Тоқабаев (хатшылары) сайланды. Съезді Омбы әскери округінің командашысы генерал А.Григорьев, Уақытша үкіметтің облыстық комиссары И.Законов, 1 ҚР ОМА, қор-17, оп.І. іс-22, 27-парақ 103


шаруалар кеңесі атқару комитетінің төрағасы Юркевич, Омбы мұсылмандар бюросынан Каримов пен Ибатуллин, Торгам облысы қазақтары атынан М.Дулатов қүттықтады. 17 мәселені қамтыған съездің күні тәртібі және қабылдаған қарарлары көп жағдайда Торғай облыстық съезінде талқыланған жәйттарды қайталады. Жаңа мәселелер жүмысшылар мен әйелдердін жағдайларына байланысты болды. Қазақ өлкесінің басқа облыстық орталықтарынан Омбы қаласының артықшылығы оның тек қана ірі саяси орталық болуында емес, сонымен бірге батысы Петропавлдан шығысында Мариниск (Амантай) елді мекеніне дейінгі үланғайыр территориясының экономикалық орталығы болуында еді. Мүнда транспорт жүйелері тоғысты, бүкіл транссібтің ең ірі теміржол шеберханалары мен қорғаныс өндірісінің бірнеше кәсіпорындары орналасты. Жалпы алғанда Омбыда 20 мындай жұмысшы болды. Олардың шоғырлануы мен саяси белсенділігі қала мен облыс өміріне айтарлықтай ықпал жасап отырды. Омбы қалалық кеңесін батыс-сібір социал-демократтардың көрнскті жетекшілерінің бірі К.А.Попов басқарды. Ақмола съезі Торғай облыстық қазақ комитетіне мүше болған қайраткерлердің теориялық дайындығының жоғары екендігінің және олардың саяси күрес тәжірибесінің молдығын мойындай отырып, жалпықазақтық съезді шақыруды сол комитет белгілеген комиссияға тапсыруды жөн деп тапты' Ақмола облысынан бүкілроссиялық мүсылман съезіне делегат болып Мағжан Жүмабаев сайланды. Съездің соңғы мәжілісінде Айдархан Түрльібаев басқарған он адамнан түратын Омбы облыстық қазақ комитеті құрылды. Ақмола съезімен бір кезде дерлік Семей облыстық қазақ съезі (сәуірдің 27-сі — мамырдың 7-і) өтті. Съезге облыстың бес уезінен 200-ге жуық делегат және Алтай өлкесіндегі Бийск уезінің екі өкілі (қазақтар) қатынасты. Делегаттардың ішінде 7 әйел болды. Ұйымдастырду комитетінің төрағасы Райымжан Мәрсековтың үзаққа созылған сөзінен кейін делегаттар съездің төралқасын мына қүрамда сайлады: Жақып Ақбаев, (төраға); Х.Ғаббасов, Р.Марсеков, М.Баштаев, 1 1 КР Президентінік архиві, к.ор-811, оп.20, іс-72, 2-парак 104


Б.Сәрсенов (төрағаның орынбасарлары); Ә.Ермеков, Ә.Оразалин, М.Малдыбаев, Ш.Ақпанов (хатшылар). Алғашқы болып съезд делегаттарын ақын, тарихшы, философ ЦІәкәрім Қүдайбердиев құттықтады. Одан кейін Павлодар уезінің, Бөкей ордасының, әйелдер, оқушылар және жұмысшылар қауымдарының өкілдері сөз алды. Съездің атына Омбыдан, Томнан, Орынбордан, Ташкенттен және Әлихан Бөкейхановтың жеке атынан қүттықтау телеграммалар келіп түсті. Съездің күн тәртібінде 16 мәселе болды. Басқалармен сальістырғанда жаңа мәселелер қатарына "Автономия және өзін-өзі басқару" (күн тәртібінің 3-ші тармағы); "Медицина және ветеринария" (3-ші тармағы) жатқызуға болады. Омбы съезіндегідей бүл съездің күн тәртібіне де "Әйел мәселесі" (15-ші тармақ) енгізілді Ұйымдастыру бюросының есебін тыңдағаннан кейін съезд делегаттары 20 мүшеден және 10 мүшелікке кандидаттан түратын облыстық үлттық комитетті сайлады, оның қүрамына бір әйел — Н.С.Қүлжанова енді. Съезд өз жүмысын 6 секцияда жүргізді. Оның шешімдерінің көпшілігі, жоғарыда айтылғандай, мазмүны жөнінен Торғай съезінің қарарларын қайталады. Ос-ыған қарамастан Семей съезінің өзіне тән басты ерекшелігі онда мемлекеттік баскару мен қазақ халқының автономиясы туралы мәселелер бойынша қабылдаған шешімдер болды. Бірінші мәселе бойынша қабылдаған съезд шешімінде былай делінді: "Россия мемлекетінің территориясының кеңдігін, оны мекендейтін халықтардың ерекшеліқтерін, олардың мәдени дәрежесінің әртүрлілігін ескере отырып, съезд федеративтік ремократиялық республиканы жақтайтындығын білдіреді" Россияның федеративті республика болуын талап ету Казахстан автономиясының өмір қажеттілігі екендігін айғақтаумен бірдей еді. Съезд қүжаттарында халыққа автономияның қаншалықты қажет екендігі жан-жақты түсіндіріліп, халықтың іс жүзінде өзін өзі билеуі ол саяси тәуелсіздікке жеткен жағдайда жүзеге асатындығы баса көрсетілді. "Тұңғыш Россиялық Қүрылтай жиналысында, — делінді съезд шешімдерінде, — үлы Россияны мекендейтін халықтардың бостандығын, теңдігін және туысқандығын қамтамасыз ететін қүқықтары бекітілуі тиіс, әрбір халық өзінің үлттық, түрмыстық, мәдени экономикалық, тарихи-жағрапиялық ерекшеліктеріне сәйкес саяси өмірін қүру керек. Қырғыз 1 1 ҚР ОМА, қор-15, оп.2, іс-422, 44-45-парақ 105


(қазақ-авт.) халкының тұрмыс-тіршілігінің срекшеліктері оларға лайыкты жергілікті зандар шығаруды талап етеді; съезд автономияны жақтайды, ал ол мәселені түпкілікті шешуді жалпықазақ съезінің үлесіне қалдырады"1 "Уақытша өзін-өзі басқару және жергілікті комитеттер" аталған қаулысында Семей съезі жергілікті әкімшілік және шаруашылық баскару жөнінде Россияның орталық үкіметі арнаулы ереже шығаруы қажет екендігін көрсетті. Осы арқылы съезд өзінің бүкіл елмен, оның басқа аймақтармен тығыз байланыста болатындығын ескертті. Съезд делегаттары Россияны мекендейтін халықтарды олардың үлттық белгілері бойынша бір-біріне қарсы қоюдың катерлі екендігін анық көрсетті. Съезд қарарларының 4-ші бабында осыған орай облыс тұрғындарының ... сословиелік, ұлттық, діни нанымдары мен басқа да ерекшеліктеріне қарамай ортақ комитеттер (ел басқару жүйесінде — авт.) құру керек және оларда азшылықтың құқықтары қорғалуы қажет"2, — деп оаса көрсетілді. Біз осы үзіндіні әдейі келтіріп отырмыз. Ондағы максат — қазақ халқының ұлттық санасын қайтадан ояту ісінің бастауында түрған қайраткерлердің ұлтаралық қатынас сияқты нәзік мәселеге қаншалықты сергек қарағандықтарын көрсету. Өкінішке орай, соңғы кездерде әңгіме болып отырған кезең тарихының күрделі мәселелерін жете тексермеген жекелеген зерттеушілер жоғарыда айтылғанға карамақарсы мәнге ие пікірлер таратып, қорытындылар жасауда. Мәселен, Н.Т.Кенжебаев, А.К.Бисембаев, С.А.Асанова Қазақстандағы қосөкіметтіліктің мәні "үкімет-кеңес" бағытын бейнелеуінде емес, "орыстар-қазақтар" бағытын айқындауында деп түсіндіреді. "Осындағы (Қазақстандаеы — авт.) қосөкіметтіліктің мәні дүниежүзілік соғыс пен 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде ерекше шиеленіскен этникалық қарама-қарсы тұру мәселелерін шешуге бағытталуымен ерекшеленеді. Азаматтардың түріне, дініне қарамай олардың теңдігін жақтаған демократиялык мәндегі үрандар көтеріп, жергілікті халық өкілдерін басқару жүйесіне тартқан Уақытша үкімет өздерінің артык жағдайларын жоғалтудан хауіптенген европалыктардың ашуы мен наразылығын туғызды"3 Орыстар мен казактардың қатар өмір сүруі шешілуі аса қиын 1 1 С о н д а, 45-парақ С о н д а Қ араңы з: Кенжебаев Ы.Т., Бисенбиев А.К., А с а н о в а С.А. Казахский народ в начале XX века: трагический опыт модернизации. / / Казахстан в начале XX века: методология, историография, источниковедение. Выл. I. А., 1993. с.35. 106


мәселе деген тезисті дәлелдеу үшін ойдан құрастырылған бұл тұжырым өмір шындығына дәл келмейді. Қазақтың зиялы қауымының қайраткерлері, ең алдымен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсы-нов, аталмыш екі халықтың достық пен татулықта өмір сүру қажеттігін насихаттаған болатын. Ал Уақытша үкіметтің "европалықтар" тарапынан сенімсіздікке үшырауы оның езілген үлт аймақтары халықтарының кейбір талап-тілектерін орындауы нәтижесінде болған жоқ, оның Россияны империалистік соғыстан шығару, аграрлық реформаларды жүзеге асыру, орыс емес езілген халықтардың өздерін өздері билеу құқықтарын қамтамасыз ету сияқты сол кездегі қоғамның ең ауыр әрі күрделі мәселелерін шеше алмауының нәтижесінде болып еді. Дегенмен, съезд шешімдеріне оралайық. Торғай және Ақмола съездерінің делегаттары сияқты семейліктер де патшалық бюрократия өкілдерінің облыстағы қызметі туралы мәселені әдейі қарады. Осы мәселе бойынша қабылданған съезд қарарында былай делінді: "Халықты зәбірлеген, өздерінің жеке мүдделері үшін оның сөлін сорған зиянкес чиновниктерді әшкерлейтін жиналған деректер оларды қызыметтерінен тайдырып, сотқа беру үшін облыстық қазақ комитетіне табыс етілсін"1 Жалпыұлттық қазақ съезі туралы мәселені талқылай келіп, семейліктер осы идеяны толығымен қолдады, съезд шілде айында Петропавл қаласында шақырылсын деген тоқтамға келді. Сонымен, 1917 жылғы көктем айларында өткен облыстық және уездік қазақ съездері өлке халқының қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғалар болды. Қазақ қауымы зиялыларының ондаған, жүздеген өкілдері осы съездерді шақырып, олардың жұмысына белсене араласулары арқылы белгілі дәрежеде саяси күрес тәжірибесінің мектебінен өтті. Жалпы алғанда осы съездер шешімдері Уақытша үкіметтің сыртқы және ішкі саясатын қолдағанына қарамастан, оларда бүкілхалықтық ұлттық мүддеге сай келетін талаптар да аз болған жоқ. Ол талап-тілектер атап айтқанда ең алдымен жер-су (аграрлық), ұлттық тендік, ұлттық мемлекеттік, оқу-ағарту мәселелеріне тікелей қатынасты болды. Алайда қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясы өздерінің одақтастары санайтын жәңе елдегі 1 Қ Р О М А, қор — 15, тізім-2, іс.422, 47-парақ. 107


үкімет билігінің тізгінін іс жүзінде қолдарында үстап отырғам кадеттер мен эсерлер халықтың мұң-мүқтажын орындау түрмақ, оларды тындауға да ықылассыз болды. Мәселен, Уақытша үкіметтің Орал облысындаға комиссары Орал казачсствосының өкілі, кадет Т.Бизянов "Уральские областные ведомости" газетінде (1917 жылғы, 15 сәуір) жарияланған "Үндеуінде" ауыл түрғындарының патша үкіметі кезінде патша үкіметі тартып алған жерлерін өзіне қайтарып алмақ болған кез келген әрекеті жергілікті өкімет тарапынан қарсылыққа кездеседі деп ашық мәлімдеді. Ал казактардың қолына көшкен жерлер атап айтқанда, өзендер мен көлдер, орман-тоғайлар, т.с. мәңгі-баки солардың қолында калатындығына Уакытша үкімет кепілдік береді." — деді кадет Т.Бизянов өз "үндеуінде" одан әрі. Мамыр айында Ташкентте өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезі іс жүзіндс Орта Азия мен Қазақстанның түпкілікті халықтарына ұлттык, автономия беруге карсы шықты. Осыған мазмүндас қарар сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды. Қазақ съездерінде талқыланған мәселелер мен оларда қабылданған шешімдер оған қатынасқан делсгаттардың басым көпшілігінің өздерін ең алдыійен қазақпыз деп, екіншіден мүсылманбыз деп, үшіншіден Россияның азаматымыз деп түсінгендіктерін анық көрсетті1 Бір-бірімен тығыз байланысты болған осы үш мәселе Ақпан революциясынан кейінгі қазақ қауымында қалыптасқан қоғамдық-саяси қозғалысқа ғана тән болып қойған жоқ, сонымен бірге Россия империясын мекендеген мүсылман діндес халықтардың барлығын ойландырып-толғандырған мәселелер болды. Сондықтан да 1917 жылы мамырдың 1-інен 11-іне дейінрі аралықта Москва қаласында өткен Бүкілроссиялық мүсылмандар съезі империяны мекендеген мүсылман халықтарына ортақ көптеген проблемаларды қарастырды. Съезге жиналған 800-ге жуық делегаттар маңызды мәселелердің төмендегі үлкен тобын талқылады: Ақпан (1917 ж.) революциясынан кейінгі казак, кауымына тән осы ерекшеліктерге жас жапон ғалымы Т.Уяма өз диссертацмясыида біршама көңіл бөлгеи. Қарацыз: Уяма Г.Мирровоззрение казахских интеллигентов в начале XX в. о книге Мир-Якуба Дулатова "Проснись, казах!" Автореферат дисс... кандидата наук (гакудзюцу сюси), Токио. 1992. с.8. 108


мүсылмандарға үндеу, мүсылмандардың орталық органы туралы; Россияның мемлекеттік қүрылысы, аграрлық; әйел және жүмысшы мәселелері; Қүрылтай жиналысы сайлауына дайындық; әскери мәселе; діни мәселе; оқуағарту; жергілікті басқару; соғысқа көзқарас; Россиялық мүсылмандардың Орталық бюросы туралы. Създе сегіз секция жүмыс істеп, оларда барлық дискуссиялы мәселелер қарастырылды. Съезд делегаттары елді мекендеген 30 миллион мұсылмандар Россияның үлттық-федеративтік негіздегі демократиялық республика болуын қалайтындықтарын білдірді' Бұл мәселеде бүкілроссиялық мүсылмаыдар сьезі облыстық қазақ съездерімен салыстырғанда солшылдау әлі батылдау позиция үстады. Съезд делегаттарының айтарлықтай бөлігі Россиялық мүсылмандар қозғалысының көрнекті қайраткері Ахмед Цаликов ұсынған: I. "I) Россия мүсылмандарының мәдени-үлттық автономиясы ашық-қүқүқтық институт ретінде конституция арқылы кепілденуі қажет"1 2, — деген қарарды жақтады. Алайда дауысқа салғанда бүл ұсыныс өтпей қалды (271 делегат қолдады, -490 адам қарсы дауыс берді). Алайда Ахмед Цаликов "соғысқа көзқарас" деген мәселе бойынша ұсынған съезд қарарының жобасын делегаттар бірауыздан қолдады. Оның ұсынысы бойынша съезд соғысты империалистік саясаттың құралы ретінде айыптап, мұсылмандардың "европалық империализмніц қүрбандығы" болып отырғандығын баса көрсетті3 Аграрлық және дін мәселелері бойынша мұсылмандар съезі қабылданған шешімдерде Қазақстандағы қалыптасқан жағдайға көп көңіл бөлінді. Эсерлер партиясының мүшесі Шәкір Мүхамедяровтың (Петроград) баяндамасы бойынша съезд аграрлық мәселені түпкілікті шешуді Құрылтай жиналысының үлесіне қалдырды, сонымен катар съезд делегаттары жерге деген жекеменшікті жоюды жақтады. Бұл шешім съездің қазақ делегаттарын қанағаттандырмады. Олар облыстық қазақ съездері қабылдаған жергілікті халықтың өз жеріне өздері ие болулары жөніндегі қараларын қолдайтындығЫн баса көрсетті4 1 Революция и национальный вопрос, М., 1930. т.З.с.294. С о н д а. С о н>д а. 4 С о н д а. 300, 304 б. 109


Мүсылмандар съезі облыстық қазақ съездерінің дін мәселесі туралы қабылдаған шешімдерін жақтады. Мүсылмандардың бүкілроссиялық съезі Қүрылтай жиналысына сайлау барасында мұсылмандардың ұлттық үйымдарына бірлескен әрекет тактикасын анықтау жөнінде ұсыныстар (рекомендациялар) жасады. Ол үсыныстар негізіне мұсылмандардың демократиялық одағын құру және солшыл орталықтық (левоцентристская) Россиялық партиялармен келісу идеялары алынды. Съезд мүсылмандық Кеңес қүрды, ол өзінің құрамынан атқару комитетін сайлады. Атқару комитетке мүше болғандардың қатарында Жаһаншд Досмүхамедов, Уәлихан Танашев, Жақып Ақпаев және Көлбай Тоғысов болды1 1917 жылғы мамыр-маусым айларында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі оның ішінде ауылдың саяси халахуалы тез қарқынмен терең мағыналы өзгерістерге үшырады. Ақпан революциясының жеңісінен кейін елдің басқа аудандарындағыдай, Орта Азия мен Қазақстанда .да қосөкіметтің жергілікті органдарымен және қазақ комитеттерімен қатар немесе олардың ізімен іле-шала еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары құрыла бастайды. Олардың қатарында Сырдария мен Жетісу облыстарының біраз қалаларында 1917 жылғы көктем-жаз айларында ұйымдасқан "мұсылман еңбекшілерінің одақтарын" ("инттифактарды"), сол жылғы мамырда Пішпекте (Бішкекте) құрылған "Бұқара" ұйымын, 1917 жылғы жазда Верный (Алматы) қаласында құрылған "мұсылман жүмысшыларының біріккен одағын" жатқызуға болады. Осы "одақты” ұйымдастыруға мұрындық болғандардың бірі А.Розыбакиев атап көрсеткендей2, 1917 жылғы жазға қарай оның құрамында 600-ге жуық адам болды. Оған қаладағы барлық ұсталар, кірпіш заводтары жұмысшылары, қолөнерші және майдагер жұмысшылар кірді. "Одақ" мүшелері үлттық қүрамы жағынан қазақ, ұйғыр, татар халықтарының өкілдерінен тұрды. Біртіндеп "Одақ" А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фахриденовтердің ықпалымен жергілікті большевиктердің Верный уезінің түрғылықты халықтарының ішіндегі тірегіне айналды. Олар "Одақты" Верный қаласында қүрылған, негізіңен С о н д а. Қазақстан азамат соғысының от-жалынында. А., 1960. 192 б. 110


мұсылман саудагерлері мен кәсіпкерлерінен тұратын "Құрылтай" ұйымына қарсы қойды. Жергілікті халықтың ең кедейленген өкілдерінің бастарын құрған "Одақ" таптық күреске шақырған большевиктік үрандарды қабылдауға бейім түрды... Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанның 20-ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының үйымдары пайда болды. Олардың көпшілігі 1917 жылғы көктем және жаз айларында құрылды. Олардың қатарында Омбы қаласында құрылған "Демократиялық оқушы жастар кеңесі" мен "Бірлік" ұйымы, Ақмолада үйымдасқан "Жас қазақ", Спасскі заводының қазақ жастарын біріктірген "Жас жүрек", Әулиеата уезінің Мерке қыстағында Тұрар Рысқүлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы" т.с.с. болды. Сондай-ақ, Семейде "Жанар" Қызылжарда "Талап" атты қазақ жастарының ұйымдары құрылды. Бүл ұйымдардың көпшіліғі алғашқы кеэде өздерінің алдына негізінен ағартушылық мақсаттар қойды. Жастар ұйымдары қазақ еңбекшілерінің арасында газет пен журналдар таратуды, халықтың сауатын ашуға көмектесуді, әйел теңдігі үшін үгіт жүргізуді өздерінің басты міндеттері деп түсінді. Қазақстандағы саяси күштер, ең алдымен ұлттык,-либералдық интеллигенцияның жетекшілері мен Россия социал-демократиясының жергілікті ұйымдары өлке еңбекшілері мен жастарының жоғарыда айтылған бұқаралық үйымдарына ықпал жүргізу үшін күресті. Елдегі революциялық қозғалыстың және Ақпан революциясынан кейін орын алған әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалымен кейбір жастар ұйымдары ("Қазақ жастарының революциялық одағы'-, "Жас қазақ,; "Демократиялық оқушы жастар кеңесі, т.б.) біртіндеп өз программаларына ағартушылық мақсаттармен қатар ауылдағы үстем таптарға, Уақытша үкіметке қарсы күрес талаптарын кіргізіп, түбірлі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтере бастады. Мысйлы, 1917 жылдың жазына қарай Ақмолада С.Сейфуллин, Б.Серікбаевтың тікелей басшылығымен қүрылған "Жас қазақ" ұйымы өзінің "Тіршілік" атты газетін шығарып, Уақытша үкіметтің жергілікті оргаңдарына, бай-феодалдарға, алашшылдарға қарсы күрес жүргізілді. Алғашқы кезде "Жас қазактың" 40 адамғы жуық мүшесі болды. Оның жүмысына Ж.Нұркин, 111


Б.Әділов, Р.Дүйсснбаев, Н.Бскмүхамедов, т.б. кызу ат салысты. Көп кешікпей большевиктік партияға мүшс болған жоғарыда аталған адамдар баскарған "Жас казак." "Казак” газетінің, ал 1917 жылғы шілдедсн бастап "Алаш" партиясының ыкпалы күшті болып отырған уездік казак комитетіне карсы күресті таптык тұрғыдан жүргізді. Қүрамында отызға жуык мүшесі болған Түрар Рыскүлов ұйымдастырған Меркедегі "Қазак жастарының революциялык одағы" Әулиеата уезіндегі белгілі большевиктер Н.Чернышев, С.Хмелевский С.Феодоров-Завадскийлермен және Әулиеата әскери гарнизонындағы большевиктік пиғылдағы солдаттармен тығыз байланыс жасады. "Одак" мүшелері жергілікті большевиктердің ыкпалымен уездегі казак еңбекшілерінің арасында революциялык үгіт-насихат жүмыстарын жүргізді. Омбы оку орындарында окитын казак жастарының "Бірлік' ұйымының солшыл канаты дербес "Демократиялык окушы жастар кеңесіне" топтасты. Оның күрамында кейін социалистік революция үшін және оның жеңістерін баянды ету жолында белсене күрескен Ә.Досов. Ж.Сәдуакасов, Х.Жүсіпбеков, Т.Арыстанбеков, т.б. болды. Бүл ұйым Омбы жүмысшы және солдат депутаттары Кенесінен каржы алып тұрды және сол кезде Акмолада болған С.Сейфуллин мен омбылык большевик Залман Ловковтың күшті ықпалында болды. "Революциялык окушы жастар кеңесі" "Алаш" партиясы мен оның Омбыдағы жастар бөлімшесі болған "Бірлік" үйымына қарсы идеялык позицияда болды. Казак жастары үйымдарының барлыгы бірдей болған жок. Кейбір қалалардағы жастар үйымдары, атап айтканда, Семейдегі "Жанар" Кызылжардағы "Талап", Омбыдағы "Бірлік" үйымдары негізінен "Алаш" партиясының ыкпалында болып, әлеуметтік-таптык тартыста соның саяси бағытын колдады. Казак ауылы мен переселендер селосындағы саяси өмірді жандандыруда патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен майданның кара жүмысына алынған қазақ жігіттерінің елге оралғандары мен бірінші дүниежүзілік соғыстың майдандарынан кайткандар айтарлықтай роль аткарады. Тыл жүмысында болғандардың көпшілігі елдің орталық аудандарындағы саяси тартыс пен революциялык күрестің куәгерлері болды және орыс, украин, беларусь еңбекшілерінің күрес тәжірибесінен тәлім-тәрбие алды. 112


Олар тыл жұмысында жүріп көптеген саяси партиялардың, солардың ішінде большевиктердің де бағыт бағдарламаларымен, күрес ұрандарымен танысты. Орталық Россиядағы тыл жүмысына қатынасушылардың бірі ақмолалық Е.Бекмұхамбетов өз естелігінде майдан жұмыстарында жүріп большевиктермен таныскандығын, олардан В.И.Лениннің "Апрель тезистері" туралы естігендігін айта келіп, былай деп жазды: "кешкілікте бізде Совет өкіметі туралы, болашақ өмір туралы қызу-қызу әңгіме болып, кейбіреулер большевиктер партиясының қатарына түсуге дайындалды. Көптеген қазақ жұмысшылары бастықтардын рұхсатын күтпей-ақ туған жеріне қайтып кетті"1. Олардың қатарында осы естеліктің авторы да болды. Ол 1920 жылы большевиктер партиясының қатарына кірді. Майданның тыл жұмыстарын Каменск-Подольскіде атқарған жетісулық Жүсіп Бабаев та өз атажүртына 1917 жылғы маусым айында оралған еді. Ол өз естелігінде былай деп жазды: "Біз Уақытша үкіметке ... деген өшпенділікті, большевиктік партияның ұрандарын, кедейлер мен батрактардың дербес ұйымы болуы қажет деген ұғымды ауылдарға жеткіздік. Біз өзімізбен бірге Совет өкіметі үшін орыс пролетариатының ерлік күресі туралы хабар әкелдік"7 Ж.Бабаев 1918 жылы Алматыда большевиктер партиясына мүше болды. Тыл жұмысына барғандардың осындай топтары атамекенге халықтың ұлттық және әлеуметтік бостандығы үшін күрес жүргізуге бел байлаған ниетпен оралды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін олардың кейбіреуі өздерімен бірге қару-жарақ, оқ-дәріге дейін ала келді. Мәселен, 1917 жылы мамырдың 6-сында "Петроград" атты кемемен Павлодар арқылы Шығыс Қазақстанға қайтып келе жатқан қазақ жігіттері жасырын түрде винтовка, қылыш, т.б. қару-жарақ түрлерін елге ала кеткені жөнінде архив мәліметтері сақталған. Ал маусымның 5-і күні Омбыда "Нор-Зайсан" кемесіне отырар кезде жұмысшы қазақтардың екінші тобынан жергілікті өкімет органдары ондаған мылтықты кәнпескелеген. Павлодар уезінің Ермак селосы ауданында тағы бір кемедегі жұмысшылардан 100-ге жуық винтовка мен көптеген окРеволюция от-жалынында. Естеліктер. А., 1959, 162 б. Казахстан азамат соғмсыныц от-жалынында. А., I960, 184 б. 113


дәрі тартып алынған. Сол кездегі жсргілікті баспасөздіц мәліметтерінс қарағанда, майданның. тыл жұмысынан қайтқан жігіттср "қыр жолдары арқылы пулеметті дс елдеріне жеткізген"1 Мұндай әрекеттср, әрине, тыл жұмысына барған 150 мыңгл жуық казақтардың бәріне смсс, ксрісінше аздаған тобына тән сді. Алайда олардың басым көпшілігі өз ауылдарына бұрынғы аңқау, саяси мәселслерден қабарсыз адамдар ретінде қайтпағаны да шындық. Олар Россияда болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгсрістерді жете түсінбесе де, түсінуге талпыныс пен қүлшыныска ие болған жағдайда елге қайтты. Бүл туралы Жүсіпбек Аймауытов өзінің "Қартқожа" романында дәл басып айтты. Романның бас кейіпкері Қартқожа тыл жүмысында жүріп әртүрлі ұлт өкілдерімен (башқұрт, татар, орыс т.с.с.) танысады, олармен сан-алуан тақырыптар төңірегінде әңгіме-дүкен құрады. Соның бірі Андрей деген (бұрын 5 жылдай айдауда қазақтар арасында болған) орыс жігіті Қартқожаға "патша жаман" қазақты ел қылмайды. Біздің мұжық та надан. Басқа жүртты жек көреді. Патша тұрғанда қазақтың да, мүжықтың да, жүмысшының да түрмысы оңбайды дейді ... Қартқожа нанар-нанбасын білмейді. Нанбайын десе сөзі шын: еріксіз нанады. Қараңғы ойына аз-аздап сәуле түскендей болады ... Сондай күйде жүргенде, бір күні Андрей Қартқожаға қуанышты хабар естіртті. Жақсылық болады — революция ... Патшаны түсіреді. Бостандық, тендік болады. Патшаны кім түсіреді? Андрей саяси партияларды, саясатты, жұмысшыларды айтты. Қартқожа партия саясатына түсінген жоқ, тек "патшаны түсіреді, бостандық болады", дегенді ұқты ... Екі күн өткен жоқ: "Революция! Бостандық! Патшаны түсіріпті!" деген лакап дүңк ете түсті. Андрейдің айтқаны келді. Қартқожа жолдастарымен бірге қызыл жалау көтеріп, дүрмекке кірді де кетті"2 Осындай күн сайын үлкен саяси өзгерістер орын алып отырған жағдайда қазақтың либеральдық-демократиялық қозғалысының көсемдері бүкілқазақстандық съезді шақыруды тездету жөнінде шешімге келді. Омский вестник. 1917. 2 июня; "Сибирская речь", 1917. 22 июня; Казахстан Республикасы Орталых мемлекеттік архиві. Қ. 992. т. к. II. 2-парах. Аймауытов Ж., Шығармалары. А., 1989, 99, 100 б. 114


III. АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либеральдықдемократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде қүлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан үлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген ашық хатында (хат "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы N? 29 санында көшіріліп басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сүраққа ("кадет партиясынан неге шықтым" деген сұраққа) жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн" дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқүртша көрші мүжыққа сатып, біраз жылда сытырылып, жалаңаш шыға кедвді. Кадет партияеы үлт автономиясына қарсы. Біз Алаш үранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мүны орысша "отделение церкви от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде — К.Н.) жалпы қазақ съезінде айтқан едім" Басқа сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін 115


өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен — агоарлық, үлттық-мемлекеттік қүрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық- демократиялықтан үлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Осының нәтижесінде Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Фергана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан аса адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдықсаяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ съездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға үсынылған еді. Олар мыналар: " 1) Мемлекет оилеу түрі. 2) Қазақ облыстарында автономия. 3) Жер мәселесі. 4) Халық милициясы. 5) Земство. 6) Оқу мәселесі. 7) Сот мәселесі. 8) Дін мәселесі. 9) Әйел мәселесі. 10) Учредительное собрание сайлануына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар. 11) Бүкіл Россия мүсылмандарының кеңесі (Ш ура и ислам). 12) Қазақ саяси партиясы. 13) Жетісу облысының оқиғасы. 14) Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу”' Халел Досмүхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтүрсыновтың, Әлмүхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық съезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын үлттық автономия, жер, қүрылтай съезіне дайындық және қазактың саяси партиясын қүру проблемаларына аударды. Съезд қарсаңында "Қазақ" газетінде болашақ автоно- 1 1 "Қ а з а к," 1917, 24-маусым. 116


мия туралы әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылған мақалалар тізбегі жарияланды. Оларда автономияның негізіне нені алу керек: территорияны ма, әлде мәдени ерекшеліктерді ме? Қазақ мемлекеті әлде Федеративтік Россиянин бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме? — деген сұрақтар қойылды, бірақ оларға бір мағналы, үзілді- кесілді жауап берілмеді1 Съезде А.Байтүрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын үсынды, ал Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады. Архивте сақталған съезд қаулысында "Қазақ облыстары ... территориялық-ұлттық автономия алуға тиіс"1 2 делінді. Сонымен, съезд басым көпшілікпен Ә.Бөксйхановтың ұсынысын қолдады. "Казак." газетінің 1917 жылы шілденің 31-індегі 238 санында жарияланған съезд жұмысы туралы мақалада бүл қаулы "қазақ облыстары ұлт жігіне қарай областной автономия алуға тиіс" — деген редакцияда берілген. Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқылады. Осы мәселе бойынша съезд 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Оның бастылары мынаған саяды: "қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайрылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселенец орнықпагандар, отрубтар ... Бос учаскелерге жазылу тоқтатылсын ... Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары әлі көшпеген болса, қазақтың өзіне қалсын ... Айрықша қазына мүлкінде деген тоғайлықтардағы қазақ шабындығы өзіне қайтарылсын ... Жер хақында қазақ өз алдына жер (заңыныц —г К.Н.) жобасын жасасын..."3 Съезд Құрылтай съезінің болашақ депутаттарына жер мәселесі туралы баска саяси партиялармен келісуді" тапсырды. Бірінші жалпықазақтық съезд Құрылтай жиналысына 1 "К а з а қ' 1917, 24-маусым. РФ Орталык. мемлекеттік әскери тарих архиві (ЦГВИА), қор 366, Тізбе 2, іс 195, 40-парақ. 3 "К а з а қ', 1917, 31 июль. № 238. 117


сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы (Бұхара, Фергана және Хиуа) казақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші катарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, облыс жетекшілері Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев (Семей), Айдархан Түрлыбаев, Асылбек Сейітов (Ақмола), Міржақып Дулатов, Ахмет Бірімжанов, Сейітәзім Қадырбаев (Торғай), Халел Досмүхамбетов, Ж аһанша Досмүхамбетов (Орал), Мүхаметжан Тынышбаев, Ыбырайым Жайнақов, Садық Аманжолов (Жетісу), Мүстафа Шоқаев, Әзімхан Кенесарин (Сырдария), Қоңырқожа Қожықов, Габдалрахман Оразаев (Ферғана облысынан), Бақыткерей Қүлманов, Уәлихан Танашев (Бөкей), Алдабек Мангелдин (Самарканд) т.б. болды. Бүлармен қатар Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар болып жалпықазақтық съезд бекіткендердің қатарында Ақмола облысынан Сәдуақас (Сәкен) Сейфуллин мен Мағжан Жүмабаевтың, Сырдария облысынан Сүлтанбек Қожанов пен Санжар Асфендияровтың, Фергана облысынан Нәзір Төреқүловтың, Семей облысынан ғалым, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потанин, Ферғана облысынан Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі Вадим Чайкиннің болғандығын ерекше атау керек. Бұл, біріншіден, Әлихан Бөкейханов пен оның жақын серіктері шақырған бүкілқазақтық съезд қазақ қауымының әртүрлі саяси көзқарастағы өкілдерін Құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат етіп бекітуі арқылы осы мәселеде таптық көзқарасты емес, керісінше жалпыүлттық мүратты бірінші кезекте ұстағанын көрсетсе, екіншіден, орыс халқының екі өкілін үсынуы арқылы түрғылықты халықтың мүддесін Қүрылтай жиналысында олардың қорғайтындыгына деген сенім білдірді. Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша съезд қабылдаған шешімдерде де қазақ зиялыларынын ықпалы сезіліп түр. Бүл әсіресе дін, оқу-ағарту және әйел мәселелері жөнінде қабылданған съезд карарларынан айқын көрінеді. Атап айтқанда: съезд шешімдеріне сәйкес осыған дейін көп жағдайда діндарлардың ықпалында болып келген ескі сот жүйесі ("народный сот") таратылып, олардың орнына "қазақ түрмысына 118


лайық айрықша сот қүрылуға" тиіс болды; міндетті түрде бастауыш оқу енгізу", "бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде" жүргізілуі білім алудың тегін болуы талап етілді; "әйелдер саяси қүқықта ерлермен тең", "күйеуге тию еркі әйелдің өзінде" болып, "қалың малдың жоғалу" қажеттігі баса көрсетілді; "түл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын", "жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын" — делінді' Сонымен катар съезд қарарларында Акмола, Семей, Торгам, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазактар үшін жеке муфтиат (діни басқарма) қүрылу қажеттігі айтылды. Бірінші жалпықазақтық съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі — қазақ саяси партиясын қүру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Қүрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бүл партияның жобасын жасауды съезд шораи исламға сайланған казак өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмак. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер казак областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған казак депутаттары қарап бекітеді. Қазак саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің каулылары Учредительное собраниеге баратын казак депутаттарына наказ-аманат болады"* Жаңадан қүрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды"3 Бүкілроссиялык мұсылмандар кеңесіне (шорои-исламға) съезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Түрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мүстафа Шоқаев, Ферғанадан Габдалрахым Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов сиякты С о м д а. ' С о н д а. С о и д а. 119


қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көссмдсрі басқарған Алаш партиясының құрамыпа әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми жәнс шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері — М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмүхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық принциптсрге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше сол кездегі қазак. қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыүлттық мүддеге негізделген "қазақ халқын отарлық езгіден қүтқару үшін" деген үранның астында топтастыруға бағыт алды. Бүл бағытты жүзеге асырудың басты құралы — бірінші жалпықазақтық съезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Алаш бағдарламасының жобасын талдауды кейінге қалдыра тұрып, "осы ұйым әдеттегі, дәстүрлі саяси партия дәрежесіне көтерілді ме?" — деген сауалға жауап беру қажет деп ойлаймыз. Бұл сауалға жауап беру үшін алдымен саяси партия дегеннің не екенін, оның тарихи дамудың қай кезеңінде, қандай жағдайда болатынын, оған қандай негізгі ерекшеліктер тән екенін еске түсіре кеткеннің артықтығы жоқ. Әлемдік тарихтың даму тәжірибесі көрсеткендей, саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы қоғамның таптарға, әлеуметтік топтарға бөлінуіне тікелей байланысты. Ең алдымен саяси партия дегеніміз таптың немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін білдіреді және өз қатарына солардың барынша белсенді өкілдерін біріктіреді. Партия саяси ұйым ретінде өзінің әлеуметтік негізін қүрайтын белгілі таптың немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін күреседі. Әрбір қалыптасқан саяси партияның жақын кезендегі және перспективалық мақсаттарын айқындайтын бағдарламасы және оның ұйымдық құрылымы мен нақтылы іс-қимылын белгілейтін жарғысы болды. Капитализм орнап, нығая бастаған жағдайда 120


қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді. Патшалық Россияда саяси партиялар XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көптеп ұйымдасып, өздерінің әлеуметтіқ тегін құрайтын қоғамдық таптар мен топтардың мақсат-мүдделерін белсенді түрде қорғай бастады. Россия империясының орталық аудандарында қоғамның өмірінде осындай өзгерістер орын алып жатқанда оның отарлық аймағы болған қазақ өлкесінде XX ғасырдың бас кезінде шын мәніндегі, дәстүрлі (классикалық түрдегі) үлттық саяси партиялардың құрылып, дамуы үшін қажетті алғы шарттар бар ма еді? Бұл сауалға үзілді-кесілді бір жақты, оңды жауап беру қиын. Өйткені XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан Россия империясының патриархалдықфеодалдық қатынастар үстем болған аграрлы отарлы шет аймағы болды. Қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалы таптық, аграрлық және ұлттық мәселелердіь, шиеленісуімен ерекшелінеді. Осы шиеленістен туындайтын Қазақстанда орын алған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдық пен феодалдық езгіге қарсы бағытталды. XX ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат-міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқуағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру, т.с.с. қойды. Бұл істің басы-қасында ат төбеліндей аз ғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. Олардың бір бөлігі бірінші орыс революциясының әсерімен және елдің орталық аудандары мен кейбір ұлт аймақтарында көптеп құрыла бастаған әртүрлі бағыттағы саяси партиялардың ықпалымен қазақ қауымының әлеуметтік топтарының мүддесін белгілейтін саяси ұйымдар құруға Экәне өлкедегі буржуазиялық- демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Оның алғашқы көрінісінің бірі — 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен қазақ интеллигенттері өкілдерінің бес облыстық делегаттық съезінде "Қазақ конституциялық демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекет еді. Мұндай әрекет 1906 жылдың басында Семей қаласында да орын алды. Қазақ топырағындағы кадет партиясының бөлімшесін құру жөніндегі осы іс-қимылдың басында кейін (1917 ж.) Алаш партия121


сын ұйымдастырушылардың бірі Ә.Бөкейханов болды. Дсмек, бірінші орыс рсволюциясы жылдарында Әлихан Бөксйхановтың төңірегінс топтаскан қазақ зиялылары өздерінің саяси аренаға шыққан алғашқы қадамдарында сол кездс патша үкіметіне оппозицияда болған және оны сынға алып отырған кадеттер партиясын өздеріне үлгі тұтты. Баска сөзбен айтқанда, кадст партиясына іш тарткан Ә.Бөкейханов бастаған қазақ интеллигенциясының алғашкы легінің бір тобы XX ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдегісі келіп, феодалдық-патриархалдық қатынастар үстем болған казак кауымын дамудын буржуазиялық жолына түсуіне жол көрсетпек ниетте болды. XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері казактың үлттык партиясын әуел баста патша үкімстіне оппозицияда болған либералды орыс буржуазиясының партиясы — кадеттердің үлгісінде құруға бейім тұрды. Сондыктан да 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін кұрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн. Ал, осыдан келіп Алаш партиясы ресми түрде құрылған кезсңге дейінгі коғамдық-саяси аренада әрекет жасаған казак интеллигенциясына, 20-шы жылдардан бері ғылыми және саяси әдебиетте орын алып келгендей, жаппай Алаш немесе Алашорда айдарын тағуға бола ма? Жок, болмайды. Өйткені, жалпы казак интеллигенциясы бар да, сонымен катар алаш козғалысына қосылған интеллигенция өкілдері бар. Екіншіден, 1917 жылғы екі революцияға дейінгі казак интеллигенциясы белсенді араласкан казак кауымына тән қоғамдық козғалыс бар да, 1917 жылдың шілдесінен 1920 жылдардың аралығын камтыған Алаш қозғалысы бар. Біз осы екі козғалыстың, біріншіден, жылнамалык межесін анык ссте сактауымыз керек, ал екіншіден, осы екі козғалыстың саяси ағым ретіндегі сапалык ерекшеліктерін ажырата білуіміз кажет. Қоғамның өзі сиякты осы екі козғалыс та күрделі болды. Осы күнгі тарихнамамызда революцияға дейінгі казак интеллигенциясының саны мен әлеуметтік кұрамы толык аныкталған жок. Сол сияқты олардың каншасы кейін алаш козғалысына катыскандығын да айға таңба баскандай айта кою киын. Мұндай жағдайдың басты себептері тарихымыздың осы сюжетінен нактылы деректе122


мелердің аз сақталғандығы және жиырмасыншы жылдардың соңынан бастап соңғы кезге дейін осы мәселелерді зерттеуге ресми түрде тыйым салынып келгендігі. Революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясын олардың кәсіби мамандығы бойынша бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: отарлы қазақ өлкесінің басқару аппаратында әртүрлі жұмыстарды атқарған чиновниктер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, журналистика, оқуағарту және мәдениет саласында еңбек еткендер және сан жағынан басқа топтардағыдан аз болған инженертехник қызметкерлер. Қазақ интеллигенттерінің алғашқы тобының басым көпшілігі әмбебап мамандар болды: олар ғылыми жүмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де катар айналысты. Басқа сөзбен айтқанда, олар сол кездегі қазақ қауымының рухани сұраныстарына мүмкіндіктерінше толық жауап беруге ат салысты. "Айқап" журналын және жалпыүлттық тұңғыш "Қазақ" газетін шығару арқылы олар халықты оқуға, көшпелі шаруаларды отырықшылдыққа шақыруда, шаруашылықты жүргізудің прогрессивті формаларын, әйел теңдігін насихаттауда, патша үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыруда айтарлықтай оңды істер тындырды. Әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясының революцияға дейінгі идеялық-саяси көзқарастарында да айырмашылықтар болмай қойған жоқ. Олардың бір бөлігі негізінен біртіндеп "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасып, кейін Алаш партиясының ұйтқысы болса, ал қалған тобы М.Сералин басқарған "Айқап" журналының төңірегіне топтасты. Әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың ықпалымен таптық және оған байланысты идеялық-саяси жіктеліс тұтастай алғарда қоғамда ғана емес, саяси қозғалыстар мен партиялардың өз ішінде жүрді. Қазақ интеллигенциясының арасындағы осындай жіктелісті теэдеткен факторлардың бірі тылдың қара жұмысына "бүратана" халықтардың жастарын шақыруға байланысты патшаның 1916 жылы маусым жарлығына көзқарае мәселесі болса, екіншісі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының жеңісі нәтижесінде бүкіл елде орын алған жаңа саяси қал-ахуалы еді. Осындай жағдайда, 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде 123


Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым рстінде өмір сахнасынан кстксн 20-шы жылға дсйін Алаш нсмесе Алашорда козғалысы Казахстан тарихынан орын алды. Сөз жок, Алаш партиясының күрылуы (дәлірек айтқанда — бірінші съезде партия күрылды деп жариялау) казак халкы өміріндегі елеулі окиға болды, өйткені ол түңғыш үлттық саяси үйым сді. Алаш 1917 жылдың жазында калыптаскан жағдайда халықтың келсшек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыүлттык мәселслерді саяси күрестің күн тәртібінс койып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет аткарды Бүл ең алдымен партияның программасының жобасын дайындаудан, казак үлттык мемлекетін күру ісінс белсенді түрде кірісуден, казак кауымынан Қүрылтай жиылысына депутаттар үсынып, оларды сайлау ісіне кажырлылықпсн ат салысудан аса айқын көрінді. Бүл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсенс араласа бастады. Бүл күрестің түпкі максаты казак халқын отарлык езгіден күтқару мен буржуазиялык үлгідегі оның мсмлексттігінс қол жеткізу болды. Баска сөзбен айтканда, Алаш коғамдык-саяси козғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия импсриясының отары болып келгсн Казакстанды тар шеңбердегі таптық түрғыдан емес, керісінше жалпыүлттык максат-мүдделер негізінде дербес ел етугс ұмтылды. Осы еңбектің "Кіріспесінде" айтылғандай, 20 — 30-жылдардағы әдебиетті былай койғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып бойынша жарык көргсн еңбектердің өзінде Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортак түжырым қалыптаскан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш үсакбуржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдыкбайшылдык пен үсакбуржуазиялык демократиялык партия дсп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі коғамдык-саяси қозғалыс деп анықтауды жактайтынын білдірді. Алаштын әлеуметтік тегі туралы пікірдің осылайша болуы заңды да, өйткені оның қүрамында алғашкы кездс бай, жартылай феодалдық топтардың, аксүйектердің" (төрс әулстінің) өкілдсрімен катар казак топырағының "әртектілсрінің" (разночинцы), енбекші шаруалардың өкілдері болды. Олардың басым көпшілігі, казак қауымының кай тобынан шыкканына қарамастан, нсгізінен казақтың үлттык интсллигенциясы124


ның өкілдері еді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпыұлттық идеядан туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатыкастарға ыңғайлауға тырысқан, негізінен ұлттық интеллигенция өкілдерінен тұратын, идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым деп анықтауға болады Бірінші жалпықазақ съезі өзінің басты назарын Қазақстанның саяси жағдайы мен өлкенің әлеуметтікэкономикалық даму мәселелеріне аударды және осы проблемаларды бірінші жалпықазақ съезі Уақытша үкіметтің ішкі және сыртқы саясатымен тығыз байланыста қарастырды. Алайда съезд делегаттары іс жүзінде Россиядағы (оның ішінде Қазақстанда да) екінші үкімет ролін атқарып отырған және күн өткен сайын еңбекшілер арасында өз беделін күшейте бастаған жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Советтері жөніндегі мәселені өзінің күн тәртібіне енгізбеді. Бірінші жалпықазақ съезінің Советтерді осылайша елемеуі, олардың келешекте елдегі буржуазиялық өкімет билігіне қарсы түратын балама өкімет болатынын ескермеуі, дәлірек айтсақ түсіне алмауы, съезде қүрылғандығы туралы жарияланған Алаш партиясының, оның көсемдерінің саяси тәжірибесінің аздығын, оның шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия деңгейіне жетпегендігін көрсетті. Сөз жоқ, бірінші жалпықазақ съезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі үғымдағы саяси партия болып калыптасуының алгашқы және аса маңызды қадамы боды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол қүрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияга тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болған жоқ. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. Мұны Міржақып Дулатов ОГПУдің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның 30-да берген жауабында растай түседі. Осы құжатта Міржақып Дулатов былай дейді: Алаш партиясының жарғысын бекіткен съезд болған емес. Газет арқылы СҚазақ” газеті, 1917, 21 қараша — К.Н.) жарияланған жобамен танысқан және оны мақұлдағанның бәрі өзін партияның мүшесімін деп санады ... Шын мәнінде нүскау (директива) беретін 125


қалыптасқан партия болған жоқ.^ Тск қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы партияның атынан үсынылды, бұдан басқа партия тарапынан жасалган әрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың (1917 жылғы желтоксанда құрылған қазақ автономиясы үкіметінің — К.Н.) көлеңкссінде қалды"1 ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында Мағжан Жүмабаев та Міржақыптың осы түжырымына жақын пікір айтады. "Алашты, — дейді Мағжан, — саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды"* 2 Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде қүжаттар да сақталған. Дей түрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы — жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М.Дулатов дәл айтқанындай, "Алашорданың көлеңкесінде қалғаны" тарихи шындық. 1917 жылдың күзіне қарай Қазақстанда тағы да бір ұлттық-саяси ұйым — "Үш жүз" партиясы дүниеге келді. Ол өзін "қырғыздың (қазақтың — авт.) социалистік партиясы" деп атады. Жоғарыда айтылғандай қазақ интеллигенциясы, жалпы алғанда қазақ қоғамы сияқты, бір текті болған жоқ. Оның қатарында, сан жағынан аз болса да, ұзақбуржуазияшыл ортадан немесе соларға жақын әлеуметтік ортадан шыққан жекелеген топтар болды. Қазақ зиялыларының осы тобына Россиядағы социалистік бағыттағы партиялар насихаттаған идеялар айтарлықтай ықпал етті. Мұндай партиялар татар, башқұрт сияқты қазактарға жакын халықтардың еңбекшілсрі тарапынан белгілі дәрежеде қолдау тапты. Түрік халықтары ортасыКазақстан Республикасының Ұлттык, қауіпсіздік комитетінің архив!. Іс 124, том 6, І9 б. 2 С о н д а. 3 т. 158 б. 126


нан шыққан әртүрлі бағыттағы социалистер Россиялық буржуазияға және оның елдің қоғамдық-саяси өмірдегі өкілі кадеттерге тән шовинизмді белсенді түрде әшкерлеп отырды. 1917 жылы Россиядағы Советтер мен Уақытша үкімет арасындағы саяси қарсылықтың тереңдей, шиеленісе түсуі- барысында үлттық социалистер ұлттық буржуазиялық ұйымдардан өз іргелерін алысырақ салып, тіпті кейбір әлеуметтік-саяси мәселелер төңірегінде оларға ашық түрде қарсы шыға бастады. Осыған ұқсас, осымен сабақтас процестер Қазақстанда да орын алды. Мұны "Үш жүз партиясының" өмірге келуінен анық көруге болады. "Үш жүз" 1917 жылғы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алашпен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік- экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты сынаушысына (оплонентіне) айналды. "Үш жүз" саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов1, фельдшер және тілмәш Шаймерден Әлжанов, оқушы Әбілхайыр Досов, жүк тасушы жұмысшы Ысхақ Кабеков, журналист Мұқан Айтпенов атқарды. Ш.Әлжанов, М.Айтпенов және К.Тоғысов 1912-1915 жылдары "Айқап" журналына жақын болып, оның беттерінде мәдениет, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, жер мәселелері туралы мақалалар жазып тұрған. К.Тоғысов 1907-1912 жылдары патшалық әкімшілік тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған. 1916 жылдан бастап ол Ташкент қаласында "Алаш" атты газет шығарды. Оның алғашқы сандарында ресми өкіметке ашық қарсы мазмұндағы мақалалар жарияланған жоқ, алайда бүл басылым өзінің 12-ші санынан бастап (1917 жылғы 24 ақпан) революциялық-демократиялық бағыт үстады. 1917 жылғы наурыз-сәуір айларында Көлбай Тоғысов Сырдария облысының қалалары мен басқа елді мекендеріңде "Шора-и-Ислам" партиясының ұйьімдарын қүруда Мүстафа Шоқайүлына көмектесті және оның Ташкент ұйымына мүше болды. Осы ұйымның атынан К.Тоғысов мұсылмандардың бүкілроссиялық съезіне делегат болып қатынасып, оның атқару комитетінің құрамына сайланды. Көлбай Тоғысовтың арнайы заңгерлік мамандығы болмаған, соған қарамастан ол 1905 жылдан бастап Зайсан уезінде адвокаттык, қызметпен айналысқан. 127


1917 жылдын бірінші жартысында Көлбай Тоғысов казак, кауымының демократиялық бағытты ұстайтын пікірлестерімен бірге жалпымұсылмандык және оның аймактык. козғалыстары аясында белсенді түрде саясатпен айналысты. Алайда ол 1917 жылғы көктемде өткен бірде-бір облыстық казак сьездсріне қатынаспады, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ съезіне де шакырылмады. Мұның себебін казір дәл басып айту мүмкін емес. Дей тұрсак та, Әлихан Бөкейханов пен оның жакын серіктері сол кездің өзінде Көлбай Тоғысовка сенімсіздікпен карағаны дау туғызбаса керек. Калай десекте, Көлбай Тоғысов 1917 жылғы көктемде казак кауымының солшыл пікірдс болған әртектілер өкілдерінен өзінің саяси үйымын (партиясын) құру ісіне кірісті. Саясат сахынасында өз партиясын орнықтырып, оны көпшілікке кеңінен таныстыру үшін К.Тоғысов пен оның пікірлестері өз жақтастарының бір тобын Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар етіп ұсынды. Ұсынғандардың Семейде тұратын Нұрғали Құлжановтан баскасының барлығы Ақмола облыстық казак комитетінің үш мүшесі: Хасенкожа Бекқожин, Қазы Торсанов және Байсейіт Әділов; Омбы уездік казак комитетінің төрағасы Мүқан Айтпенов және Петропавл уездік казак комитетінің төрағасы Ғалиасхар Қуанышев болды. Көлбай Тоғысовтың өзі кандидаттар катарынан Бүкілроссиялық шаруалар Советінің атқару комитетінің мүшесі ретінде орын алды' Жоғарыда аталғандардан тыс кандидаттар тізімінде Үсен Қасаев, Сәкен Сейфуллин, Семей семинариясының оқытушысы Нүрғали Құлжанов, әскер қатарынан кеткен офицер (отставной офицер) Махмуд Уэлиханов, фельдшер Шәймерден Әлжанов, Султан Аблаев және Ыбырай Төлебаев болды. "Үш жүз" тізімі бойынша Қүрылтай жиналысы депутаттығына үсынылған жоғарыда аталған 13 адам негізінен сол кездегі россиялық үш саяси партияға: эсерлерге, үлттық социалистерге және социал демократтарға іш тартты, 1917 жыл жағдайында жоғарыда есімдері аталған кандидаттардын "Үш жүз" тізімі арқылы депутаттықка ұсынылғандыктарына қарсы болғандығы жөнінде сол кездің баспа сөзінде және архив құжаттарында, сакталған мәліметтер тарихшыларға белгісіз. Совет өкіметі азамат соғысында жеңіске жеткеннен ксйін Сәкен Сейфуллин ғана "Үш жүз" атынан Құрылтай жиАткару комитетіиің мүшелігіне К.Тоғысов 1917 жылы мамыр айында болған шаруалар депутаттарымыи бірінші Ііүкілроссиялық ст.саінде сайлангам еді. 128


налысы мүшелігіне кандидат етіп үсынылуға өз келісімін бермегендігі жөнінде мәлімдеді. Кандидаттар тізімі "Қырғыздың (қазақтың-авт.) социалист^ "Үш жүз" партиясының" Орталық комитетінің қүрылуы туралы хабармен қатар жарияланды. "Үш жүз" партиясы Орталық комитетінің алғашқы төрағасы болып Мұкан Әйтпенов, оның орынбасарлығына Көлбай Тоғысов сайланды1 Өзінің әлеуметтік тегі жөнінен "Үш жүз" үсақбуржуазияшыл демократтардың саяси үйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат-мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан баска позиция үстады. Кейінірек, елде саяси хал-ахуал шиеленісіп, өкімет үшін күрес шырқау шегіне жетіп, таптық жіктелу процесі күшейген жағдайда "Үш жүз" іргесін Алаштан аулақ «.альт, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті және Қазан революциясы жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты (Бүл туралы осы еңбектіи, келесі тарауынан қараңыз). Орынборда бірінші жалпықазак съезі өтіп, онда үлттық саяси ұйым — Алаш партиясы күрылардан сәл бүрын (шілде айының бас кезінде) елдің орталык аудандарында саяси күштердің ара салмағын күрт өзгерткен, саяси партиялардың іс-әрекеттеріне айтарлықтай эсер сткен окиға болды. 1917 жылғы шілденің 3-інде Петроградта "Бүкіл өкімет Советтерге берілсін!" деген большевиктік ұран астында өткен және Уақытша үкіметтің соғыс саясатына қарсы бағытталған жүмысшылар мен солдаттардың бейбіт демонстрациясын ресми өкімет органдары күшпен басты. Демонстрацияны большевиктердің мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеті деп бағалаған Уақытша үкімет олардың бірнеше басшыларын түтқынға алды. В.И.Ленинді қамау туралы бүйрық шығарды. Шілде оқиғаларынан кейін өткен (шілденің 26-сы — тамыздың 3-і) большевиктер партиясының VII съезі Уакытша үкіметті қүлатып, пролетариат диктатурасын орнату үшін қарулы көтеріліс дайындау жөнінде шешім қабылдады. Съездің тапсырмасымен большевиктер партиясының Орталық Комитеті жүмысшыларға, кедей шаруаларға елдің езілген халықтарына манифест жолдап, оларды буржуазия мен помсщиктерге қарсы "ең соңғы, шешуші шайқасқа" немесе қарулы көтеріліске әзірленуге шақырды. Шілде окиғалары және оның салдарлары ел "Р с в о л ю ц и о и н а я м ы с л ь'. 1917, -4 қараша. 5 -4 129


өміріндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті: бір жағынан оңшыл күштер бел алды, ал Советтер саяси сахнаның бірінші қатарынан ығыстырылды, орталық күштер оңшылдарды қолдай бастады, солшылдар (ең алдымен большевиктердің) позициясы айтарлықтай әлсіреді, олардың көсемі Ленинге бүлікке жетекшілік жасаған "сатқын" деген айып тағылды. Шілде оқиғаларынан кейін саяси жағдайдың ссылай шиеленісуі орталық аудандарымен қатар Қазақстанға да тән болды. Россиядағы саяси күштердің куресі түптеп келгенде өкімет билігінің кімнің қолында оолуына жауап беруғе тиіс еді: ол буржуазия қолында қала ма әлде әскери диктатураның немесе Советтердің қолына көше ме? 1917 жылы тамыздың 12-15-сінде Москвада өткен мемлекеттік кеңестегі пікірсайыс осы сүрақтардың төңірегінде болды. Кеңеске қатынасушылардың көпшілігі болған ірі капитал мен мемлекеттік чиновниктердің өкілдері әскери диктатура орнату қажет деген шешімге келді де диктатор роліне генерал Корниловты ылайық деп тапты. Сонымен монархист генерал Корнилов елдеіі ошныл күштердің туына айналды. 1917 жылы тамыздың 25-інде генерал Корнилов Ақпан революциясының жеңістерін жоюға арналған әскери күштерді Петроградқа аттандырды. Корнилов бүлігі Уақытша үкімет пен оның жақтастары (олардың қатарында Алаш партиясы да бар) үшін де сол сияқты. саяси күштердің солшыл канаты (ең алдымен болыневиктер мен солар ықпал еткен Советтер) үшін де аса қатерлі еді. Сондықтан да Корнилов бүлігін талқандауға А.Керенский басқарған Уақытша үкімет те, солшыл күштерді ең алдымен бейнелейтін большевиктер де ат салысуға мәжбүр болды. Большевиктердің ықпалында болған Советтер бүлікті талқандау үшін соғыс-революциялық комитеттер қүрып, қызыл гвардия жасактарын ұйымдастырды. Корниловшыларға қарсы болыне§иктер басқарған қозғалыс Қазақстанда да етек алды. Өлкенің көптеген қалалары мен баска да елді мекендерінде көп адам қатынасқан митингілер "Корниловшылар талқандалсын!", "Корниловшыларды талқандауға барлық күшті жұмсайық!" деген үрандармен өтті. Ақтөбе, Перовск (Қызылорда), Павлодар, Петропавловск, Түркістан, Семей, Черняев (Шымкент), Әулиеата Советтері батыл түрде корниловшыларға карсы шықты. Семейде, Ақтөбеде, Перовскіде, Қазалыда қызыл гвардия жасақтары үйымдасып, дербес большее и ктік үйымдар қүру басталды. Петропавл Советі 1917 жылы тамыздың 30-ында 12 адамнан түратын (үш большевик, торт солшыл эсер, үш меньшевик-интернационалист, үш эсер) әскери-революциялық комитет қүрды. Гурьев (Атырау), 130


Орал, Өскемен, және Қостанай Советтері әртүрлі формада әскери бүлікті айыптады. Корнилов бүлігін талқандау оңшыл күштердің қоғамдағы беделін түбірімен түсірді, аралық күштерді әлсіретті, ал солшылдарды ең алдымен большевиктерді айтарлықтай күшейтті. Саяси тандау өрісі айтарлықтай тарылды. Атап айтқанда, енді үштің бірін — Совет өкіметін, немесе буржуазия билігін, ол болмаса, Керенскийдің жеке диктатурасык тандау мүмкіндігі ғана қалды. Осы үш баламаның біріншісі күн сайын күш алып отырса, қалған екеуінің жағдайы уақыт өткен сайын әлсірей берді. Солшыл партиялар большевиктермен жақындасу ниеттерін ашықтан-ашық білдірді. Жаңадан қалыптасқан саяси жағдайда Советтерді жандандыру және олардың қүрамын большевиктендіру кезеңі туды. Советтерді жаппай большевиктендіру процесі басталды. 1917 жылдың күзіне қарай Торғай облысының орталығы Орынбор қаласының большевиктері қалалық Советтегі көпшілікті өз жағына қаратты. Петропавл, Семей, Өскемен Советтерінің құрамындағы большевиктердің де саны өсті. Казан төңкерісіне тікелей дайындық кезінде Қазақстанда орталық аудандардан большевиктік эмиссарлар келе бастады. Олардың бірі сол кезде Торғай облысына арнайы тапсырмамен келген Петроград Советінің нүсқаушысы, қазақстан шыққан алғашқы коммунист Әліби Жангелдин болды. Осы кезде Омбыда шығатын "Свободная речь" газеті қазақ даласына 35 большевикүгітшінің өтіп кеткенін хабарлады. Өлкенің қалалары мен басқа ірі елді мекендерінде жергілікті Советтердің басшылығымен қызыл гвардия жасақтары құрылды. Олардың қатарына негізінен жергілікті өнеркәсіп орындарының жұмысшыларьі, майданнан қайтқан солдаттар мен тыл жұмысынан оралған жекелеген қазақ жігіттері кірді. 1917 жылғы қыркүйек бүкіл Россияда революциялық дағдарыстың шұғыл пісіпжетілген кезеңі болды. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігін лениндік сценарий бойынша пролетариат қолына алар кезеңге таяды: бүкіл елде ереуіл тоқтамады; көптеген заводтар мен фабрикаларда жұмысшы бақылауы орнатылды. Қызыл гвардия жасақтары айбынды күшке айнала бастады. Петроград пен Москва Советтеріне ілешала Орал, Сібір, Донбасс, Орта Азия, т.б. Советтері де большевиктер жағына шыға бастады. Ел тұрғындарының басым көпшілігі — шаруалардың помещиктердің жерін 131


тартып алу жолындағы күресі шегіне жетті: қыркүйекте деревня түрғындары 1000-ға таяу помещиктердің жері мен мексн-жайын тартып алды. "Шаруалар көтерілісі сияқты факт болып отырғанда, — деп жазды Ленин сол күндері, — қалған саяси белгілердің бәрі тіпті жалпы үлттык дағдарыстың осы пісіп жетілуіне қайшы келетін болса да, олардың ешқандай дерлік маңызы болмас еді" 1917 жылдың күзіне қарай большевиктердің Батыс майданының, Балтық флотының, Қазан, Сібір және Түркістан әскери округының әскерлері арасындағы ықпалы күшейіп, беделі артты. Қазақстан территориясында Орал, Черняев (Шымкент), Әулиеата, Петропавл, Семей, Павлодар, Қазалы, Түркістан, т.б. гарнизондарының солдаттары болыпевиктердің Совет өкіметі үшін күрестегі негізгі тірегіне айналды. Олар Уақытша үкіметтің басшысы А.Керенскийдің бұйрық-жарлықтарын орындаудан бас тартқан және революциялық комитеттер құрған Ташкент, Омбы, Том гарнизондарының бастамасын қолдады. 1917 жылғы қыркүйек-қазан айларында лениндік ұрандарға ("жер-шаруаларға, заводтар мен фабрикалар — жүмысшыларға, езілген халықтарға — үлттық тендік", т.с.с.) сенген Қазақстан жұмысшылары, кедей шаруалары өкіметті Советтердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды жиі-жиі талап ете бастады. Өлке шаруалары Уақытша үкіметтің жергілікті әкімдеріне бағынудан, алым-салық төлеуден бас тартты. Қазанның 3-інде Перовск (Қызылорда), 18-інде Петропавл жұмысшы және солдат депутаттары Советі "Өкімет Советтерге берілсін" деген қаулылар қабылдады. 1917 жылғы 19 қазанда солшыл күштердің ықпалымен жергілікті жұмысшылар өкілдері Омбы қаласында Ақмола облыстық қазақ комитетінің мүшелерін тұтқындауға әрекет жасалды. Ал қазанның ^З-інде Верныйдан (Алматы) Ташкентке "Уақытша үкіметтің комиссарлары Шкапский мен Тынышбаевқа қазақтар сенімсіздік білдіреді" — деген телеграмма жолдады. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл ел сияқты, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде терең бетбұрыс жасаудың алғы шарттары пісіп жетілді. Ленин В.И., Шығармалар толык. жинағы. 34 т. 313 б.


Төртінші тарау. АЛАШОРДА ЖӘНЕ СОВЕТ ӨКІМЕТІ I. АЛАШ ЖӘНЕ СОВЕТ ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ Елдегі күштердің ара салмағының түбірімен өзгеруі большевиктер көпшілігін басқарып отырған Советтердің қолына өкімет билігінін көшуін қамтамасыз етті. Петроград гарнизоны мен ел астанасы жұмысшылары Керенский басқарған үкіметті қүлату мақсатында қарулы көтерілісті қызу жүргізіп жатқан кезде 1917 жылы қазанның 26-сында Советтердің бүкілроссиялық екінші съезі ашылды. 690 съезд делегаттарының төрттен үшке жуығы елдегі өкімет билігінің Советтерге берілуін қолдады. Сондықтан да съездің атынан "Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға" арнап Ленин жазган үндеуде: "жұмысшылардың, солдаттардың және шаруалардын орасан басым көпшілігінің еркіне сүйене отырып, съезд өкіметті өз қолына алады"1 делінді. В.И.Лениннің ұсынысымен съезд қабылдаған үндеуде "... жергілікті жерлерде бүкіл өкімет жүмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Советтеріне көшетіндігі" баса көрсетілді. Қазақстан сияқты мемлекеттің үлт аймақтары халықтары үшін үндеуге жарияланған: "Совет өкіметі ... Россияны мекендеуші барлық ұлттардың өзін өзі билеуіне шын мәнінде право берілуін қамтамасыз етеді 2 — деген уәденің ерекше маңызы болды. Съезд қабылдаган Бітім және Жер туралы декреттер жаңа өкіметтің орнығуы үшін үлкен маңызға ие болды, өйткені олар Советтерге деген халықтың басым көпшілігі болған шаруалардың сенімін күрт арттырды. Бірнеше күннен кейін (2 қарашада) Совет үкіметі жариялаған "Россия халықтары праволарының декларациясында" елді мекендеген халықтарға тендік, өзін-өзі билеу, тіпті дербес мемлекет құруға дейін баратын өзін-өзі * Л с н и н В.И. Шығармалар толық жинағы, 35 т, II б. С о к д а, 11 б. 133


билеу қүқықтары берілетіндігі айтылды. Осыған мазмүндас уәде сол жылғы 20 қарашада совет үкіметі қабылдаған "Россия мен Шығыстың барлық мүсылман еңбекшілеріне" деген үндеуде де орын алды. Қазан революциясы жеңіске жетісімен Совет өкіметінің үлт мәселесін әділ шешуге осылайша уәде беру і, сонымен қатар Советтердің бүкілроссиялық екінші съезінің халыққа арналған үндеуінде жаңа өкімет "помещиктік, уделдік, монастырлық жерлердің шаруа комитеттерінің қарамағына тегін берілуін қамтамасыз етеді, армияны толық демократияландыру ісін жүргізе асырып, солдаттардың праволарын қорғайды, өндіріске жүмысшы бақылауын орнатады, Құрылтай жиналысының дер кезінде шақырылуын қамтамасыз етеді, қалаларға астықтың, деревняларға ең керекті заттардың жеткізілуіне қамқорлық" жасайды деп мәлімдеуі бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында бұрынғыдан әрі күшейе түскен әлеуметтік және үлттық езгінің ауыртпалығын көтерген еңбекшілердің айтарлықтай бөлігінің тарапынан қолдау тапты. Ал Алаш партиясының басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең өзекті мәселелерін (үлттықмемлекеттік құрылыс, жер, қоныс аударушылар, қазакорыс әскерлерінің зорлық-зомбылығы, т.с.с.) шеше алмаған Уақытша үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп, жогарыда аталған проблемаларды таптық принциптер негізінде шешуге уәде еткен Совет өкіметіне күмәнмен қарады. Жалпыресейлік түрғыдан келгенде солшыл эсерлерден басқа саяси күштер — монархистерден либералдар мен социалистерге дейін Қазан революциясы жеңісіне қарсы бір одаққа бірікті. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да қалыптасты. Сондықтан да өлкеде Совет өкіметінің орнауы, осыған дейін айтылып та, жазылып та келгендей, "салтанатты шеру" (лениндік анықтама) түрінде өткен жоқ, керісінше өте қиын да күрделі процесс болды. Бүл процесс 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айының басына дейін созылып, төрт айдай мерзімді қамтыды. Қазакстанда Совет өкіметін орнатуда большевиктер ыкпалында болған жергілікті күштер, бірінші дүниежүзілік соғыстың майдандарынан келген солдаттар мен қалалық гарнизондардың жауынгерлері шешуші роль аткарды. Жалпы социалистік идеяларды, оның ішінде больше134


визмді, қабылдамаған қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісінен көп бүрын, әсіресе Алаш партиясы дүниеге келгеннен кейін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламалық қағидаларын кенінен насихаттаған болатын. Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, "Қазақ" газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 — санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмүхаметов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия программашның жобасы он баптан түрады. Олардың ең маңыздылары мыналар: "I. Мемлекет қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағнасы — құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада һәр мемлекетің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. һәр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді..." Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлекеттік қүрылыс мәселесіне Россиянин терезесі тең ("құрдас") мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект ("құрдас мемлекеттер") өзінің егемендік құқы бар ("іргесі бөлек") болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда "ынтымағы бір" болуын талап етті, "II. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе, бірден-ақ өз алдына жеке болу... Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тартқан айту жағына бастайды" Алаш программасы жобасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: б і р і н ш і — Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі ("ағзасы") болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді ("қазақ жүрген облыстарды байланыстырады".) және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Казахстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады ("бірден135


ақ өз алдына жеке болады"); е к і н ш і — өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жак, зорлыққа кас болады. "III. Негізгі құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек, әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік ... сот сүрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық..." "IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болу ы. Дін біткенге тең құқық. Дін ұстауға ерік, кіру, шығу жағына бостандық... Муфтилік қазақта өз алдына болу ... V Билік және сот. һәр жүрттың билік пен соты түрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жүрттың тілін білу ... Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу ... VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде үсталмауы. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету ... Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық. Хал-ауқат, табысқа қарай: байға-байша, кедейге-кедейше ғаділ жолмен таратылу. VIII. Жүмысшыдар. Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде зауыт-фабрика аз, сондықтан қазақтың жүмысшылары да аз. Алаш партиясы жүмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды). IX. Ғылым білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық һәм ақысыз болу; жүртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазак өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу: хүқмет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылу. X. Жер мәселесі. Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жүртқа берілсін... Қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мүжық келмеуі; бүрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі; сыбаға өлшеу, норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне карай жасалу ... Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді 136


қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу ... Жер законында жер сату деген болмау, һәркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазнанікі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш (орман-тогайлар — К.Н.), зор өзендер мемлекеттігі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне салыну" Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Қүрылтай съезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. Қазақстанда Қүрылтай жиналысына депутаттар сайлау негізінен белгіленген мерзімде — қараша айының 12-18-і аралығында өтті. Сайлау тек қана Жетісу мен Сырдария облыстарында осы мерзімнен кешірек жүргізілді. Осыған дейін барлық партиялар мен саяси ұйымдар өз кандидатураларын ұсынып, қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп үлгерген болатын. Тек қана болыиевиктер бүл жүмыстан іс жүзінде тыс қалды. Өлке болыневиктері бұл кезде біріккен социал-демократиялық жүмысшы партиясы ұйымдарынан бөлініп, жеке партия ұйымдарын қүру кезеңін бастан кешіріп жатқан еді. Мұның үстіне сол кезде большевиктер үшін Қүрылтай жиналысы арқылы өкімет билігі үшін күресуден тікелей революция жасауға дайындық әлде қайда маңызды болып саналады. Архив қорларында сақталған толық емес мәліметтерге сүйенсек, осы сайлауда Алаш партиясы басқа саяеи ұйымдармен салыстырғанда аса ірі жеңіске жеткендігін көреміз. Сол кездегі баспасөзде әділ жазылғанындай, басқа партиялармен салыстырғанда Алаштың сайлау алдындағы бағдарламасы байыптылығымен және шыншылдығымен, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктерін ескеруімен ерек шеленді. Мәселен, сол кезде Орынборда шығып тұрған "Южный Урал" газеті Алаштың сайлау алдындағы бағдарламасына баға бере келіп 1917 жылғы 2-желтоқсандағы санында былай деп жазды: "Алаш — демократиялық радикалдық партия, оның халық бостандығы партиясынан айырмасы федеративтік демократиялық республиканы талап етіп, жерге жеке меншіктік болуға қарсы шығып шіркеуді мемлекеттен бөлуді жақтауында" Жекелеген облыстар мен уездердегі сайлау 137


қортындылары төмендегідей нәтижелер бсрді1: Торғаіі облысы бойынша. Қостанай уезінде Алаш — 72 745 дауыс, эсерлер — 51 245. РСДЖП — мсньшсвиктср — 3465; Ырғыз уезінде Алаш — 55349, эсерлер — 181, РСДЖП — меньшевиктер — 1516; Ақтөбе уезінде Алаш — 28202, эсерлер — 12114, РСДЖП — меньшевиктер — 1736; Торғай уезінде Алаш — 54978, эсерлер - 210, РСДЖП — меньшевиктер — 41 дауыс алды. Нәтижесінде Торғай облысы бойынша Құрылтай жиналысының депутаттығына бөлінген бес орынның үшеуіне Алаш партиясы, екеуіне эсерлер партиясы ие болды. Семей облысынын осы аттас уезінде: Алаш партиясы үшін 59331 сайлаушы дауыс бесре, эсерлер — 3375, казактар (казак-орыстар) — 1910, ал калган 10 партиялар мен ұйымдар небәрі 1300 дауыс алды. Орал облысынын Ілбішін уезінде: Алаш — 75544 дауыс, казактар — 19571, солшыл эсерлер — 1325, эсерлер — 125 дауыска ие болды. Тек Орал қаласы бойынша гана казактар 7248 дауыспен алға шықса, екінші орынды эсерлер (2737 дауыс) алса, үшінші орынды иемденген Алаш партиясы 976 дауыс алды. Қазақстандағы Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау нәтижелеріне баға бергенде, оның Петроградта Қазан қарулы көтерілісі жеңіске жетіп, Орталық Совет үкіметі (В.И.Ленин басқарған) құрылған жағдайда жүзеге асқандығын естен шығармау қажет. Қазан революциясының жеңіске жетуі Совет өкіметі мен оның қарсыластары арасындағы қатынастарды қатты шиеленістірді. Әуел бастан-ақ советтер жүйесін мойындамаған Алаш саяси оқиғалардың табиғи дамуының барысында большевизмге қарсы тұрған күштер жағына шықты. Қазақстан мен Орта Азияда болыиевиктерге қарсылықты ұйымдастыратын бір орталық болған жоқ. Антисоветтік күштер шашыраңқы, бытыраңқы жағдайда болды. Ұлт аймақтарындағы демократиялық күштер мен олардың саяси ұйымдары Совет өкіметі мен большевизмге қарсы бәріне ортақ күрес жолын анықтай алмады. Демократтарды айтпағанның өзінде Қазақстандағы казакорыс әскерлерінің басшылары, өздерінің оңтүстік-шығыс "Ю ж н ы й Урал. Оренбург, 1917, 10 ноября и 2 декабря: Народное дело. Оренбург, 1918. ЗІ июля; "С в о б о д н а я р е ч ь". Семипалатинск. 1918. 31 января; "Яицкая воля", Уральск. 1917. 10 и 25 декабря. 138


казак әскерлері одағына кіргеніне қарамастан, советке қарсы күресудегі өз әрекеттерін үйлестіре алмады. Орал казачествосы өзін Орынбор казак әскерінен тәуелсіз жағдайда ұстады. Ал Орынбор казак әскері Сібір және Жетісу казачествосымен тығыз байланыстар орнатуға ықылассыз болды. Алаш партиясы жетекшілерінің арасында да советке қарсы бірлесіп күресу идеясы мен ол күрестің тактикасы бірден қалыптаса қоймады. Оның аймақтық көсемдері советке қарсы күрес әдістері мен жолдарын қалыптасқан саяси жағдайды өздерінің жеке бағалауына қарай анықтады. Алаштың оңтүстік қанатының басшылары Мұқаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Шурои-Улема мен Шуро-и-исламия партиясының бүкіл Түркістан аясында болыпевизмге қарсы күресті басқару жөніндегі ұсынысын қабыл алды. Сандықтанда М. Тынышбаев Түркістан автономиясының (тарихта "Қоқан автономиясы" аталған) премьер-министрі болды, ал Мұстафа Шоқайүлы автономдық Түркістанның сыртқы істер министрі қызметін атқарды (ресми атауы — Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің сыртқы қатынастар бөлімінің басшысы). Шамамен сол кезде Г.Н.Потанин басқарған Сібір автономистерінің үкіметі — Сібір облыстық думасының құрамына Алаш партиясының орталық басшылығының өкілі Әлімхан Ермеков кіреді. Саяси оқиғалардың дамуына талдау жасай келіп, Алаштың көсемі Ә.Бөкейханов А.И.Дутовтан нақтылы көмек болмайтындығын ескере отырып, жалпьгқазақтық екінші съезд Алаш автономиясының орталығы деп анықтаған Семейге қоныс аударуды жөн деп тапты. Ал Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар басқарған Алаштың батыс тобы Қазақстанның осы өңірінде болса да автономия құру үшін қолайлы жағдайды күтумен болды ... Қазақстанның оңтүстік облыстары құрамында болған Түркістан өлкесікдегі жағдай аса күрделі болды. Қазан революциясы нәтижесінде ескі типтегі Роесиялық мемлекеттіктің күйреуі, елде күштеу мен зорлау жүйесінің орнай бастауы, большевиктердің үлттардың өзін өзі билеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәдесі империяның ұлт аймақтарында ұлттық автономиялар құруды жоспарлаған саяси күштердің алдында тұрған тосқауылды жеңуге мүмкіндіктер туғызғандай көрінді. 139


Түркістан (Қсжан) автономиясын' жариялаған Қоқан қаласында өткен өлкелік IV төтеншс мүсылмандар съсзіндс (1917 жылы қарашаның 26-29-ында) Мүстафа Шоқайүлы былай деп мәлімдеді: "Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтардың өзін өзі қүтқаруды жәнс Ұлы үлттық революцияны {1917 жылеы ақпан рсволюңиясын айтып отыр — авт.) қүтқаруды қамтамасыз етуді ойлауға мәжбүр етіп отыр. Қазан қантөгісін бастан кешкен Россия мсн Түркістанға өз тағдырларының қамын ойлаулары қажет"2 Автономиялық Түркістанның (Қоқан автономиясының) Уақытша үкіметінің төрағасы әрі Ішкі істер минситрі болып Мүқаметжан Тынышбаев сайланды. Шешімнің осылай болуына М.Тынышбасвтың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде көпшілікке танымал болуы негіз болды. Премьер-министр болған аз ғана уақытта осы қызметті атқару қай жағынан болса да қолайсыз екендігіне Мүхаметжан Тынышбаевтың көзін жеткізді. Осындай қорытынды жасауға оған төменгі факторлар негіз болды: автономияның аяғынан қаз түрып кетуіне ауыз толтырып айтарлықтай негіз болмады; Түркістан (Қоқан) автономиясы3 жариялана салысымен оның басшы қайраткерлері арасында айтыс-тартыс басталды; автономияны қорғауды бүрынғы қылмыскер Ирга ш Қүрбашы басқарған қарулы қүрамаларға жүктеу — сол өңірдегі саяси хал-ахуалдың күрт өзгеруіне себепші болды. Мүның үстіне экономиканың құлдырауы мен автономия түрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етудегі қиыншылықтарды кейбір саяси күштер оның басшылығында отырған басқа үлт өкілдерінің (ең алдымен М.Тынышбаевтың) қызыметімен байланыстыра түсіндіріп, IV-Түркістан өлкелік мүсылмандар съезіне өлкені мекеңдеген мұсылман халыктарының екі жузден астам өкілдері делегат оолып •катынасты. Съезд Түркісіанды РСФСР-мен ынтымағы бір территориялык автономия деп жариялап, оның басты шарттары таяу күндерде шакырылуға тиіс Түркістан күрылтайының ыркына берді. Съезд карашаның 28-і күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Мухриаты) деп жариялап, Түркістан құрылтайы шықырылғанға дейін ондағы саяси билікті Түркістан уакытша кенесіне оеретіндігін мәлімдеді. Уакытша үкімет кеңесі кұрамына 54 адам сайланды. Олардың ішінде негізінен казактар мекендеген Сырдария және Жетісу облысынан Н өкіл болды. Түркістан Уакытша Кеңесі 12 адамнан Түркістан автономиясының М.Тынышбаев баскарған Уакытша үкіметін бекітті. Туркестанский вестник., 1917, 9 декабря. Кокан автономиясын 1918 жылғы қаңтардың басында большевиктер карулы күшлен талкандады. 140


өзбектер мен қазақтар арасына от тастауға дейін барды. Осы жағдайлардың бәрімен есептесе келіп М.Тынышбаев үкімет басшылығынан кету туралы шешім қабылдады. М.Тынышбаевтың осы қадамының тағы бір себебі: Жетісудағы Уақытша үкіметтің комиссары болған өзінің пікірлесі және бүрынғы қызметтесі Орест Авениорович Шкапскийдің большевиктер мен эсерлерден тұратын Түркістанның Халық комиссарлар кеңесінің қызметтен тайдырылуы еді' Совет өкіметі М.Тынышбаевты да қуғын-сүргінге ұшыратып, түтқындауы мүмкін еді, өйткені ол кезінде О.А.Шкапскиймен бірге Жетісудағы Уақытша үкіметтің комиссары болтан еді. М.Тынышбаевтың үкімет басынан кеткеннен кейін оның орнын басқан Мүстафа Шоқайұлының іс жүзінде Қоқан қаласы мен уезіне ғана жүргізген билігі үзаққа созылмады. Оның кабинетіндегі нақтылы күш Ирғаштың адамдарының қолында боды. Полковник И.Зайцев басқарған Хива хандығына қызмет етіп жүрген орынборлық казактардың көмегіне артқан үміт ақталмады: оның отрядтары Қызыл гвардияның күшімен талқандалды. Мұның үстіне Қоқан қамалына орналасқан советтік әскери құрамалармен өз күштерін асыра бағалаған Ирғаш жасақтары жиі-жиі қарулы қақтығыстарға бара берді. Іс насырға шаба бастады: Түркістандағы совет басшылығы Мұстафа Шоқайұлы баеқарған үкіметке ультиматум жариялады. Бұл туралы М.Шоқайұлы Қоқаннан қашып жүрген кезінде жазған хатында2 былай деп әңгімелейді: "... 31 гинуар күні күндізгі саеат 2-де Қоқан болыиевиктерінің бізге тапсырган ультиматумын сөз қылып отырганымызда тасыр-тасыр атылган мылтьщ дауысы шықты. Бақсак; мылтык; атысып, согыс бастаган болыиевиктердің солдагцтары екен. Болыиевиктердің бүл ісі өздерініц ультиматумында қойган іиартнамасына қарсьі келді: олар ультиматумда мәлім шарттарын кеңесуге үш сагат срок қойган еді һәм сол сроктың уақьіты сагат екіден 20 минут өткенде гана бітетін еді. '"Наша газет а" Ташкент, 1917, 6 (19) декабря. 'Х ат Мүстафаның өз қолтаңбасы бойынша "Тау ішінде" 1918 жылғы 24 (II) ақпавда жазылған. Хат Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешуінде" "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 18 наурызда шыққан 34-ші санынан көшіріліп жарияланған. Хаттың үзінділерін М.Қойгелдиев "Ақиқат" журналының 1993 жылғы үшінші санында жариялады. 141


Сөйтіп болыиевиктер өз серттерін өздері бүзып, мәмле сөздің жолын бөгеді ... Шора-и-исламис үйіиде жиналып отырган үкімегп адамсары ... большевик солдат тары жақындап келе жатыр деген хабарды естіп, жан-жак,к,а тарасып кетті ... большевиктердің мылтық атқан дауысын естіген соң мүсылмандар к,олдарына қару-жарақтарын алып көшеге шыгып қалды. Алдыида укіметтің: большевиктерге қарсы к,ару-жарак, алып шықпаңдар: әлі де болса мәмлеге келерміз деген сөзіне олар қүлақ қоймады ... К,оқанда болган. сол көңілсіз оқигаиың саяси себептерін. бастан аяк, түгел жазуга әзір заман көтермейді. Соның угиін меп бүл жерде бүл оқиеа болганнан кейін өз басымнан өткен ахуалды гана көптің алдына үсынгым келеді. Аудара қарап, ақтара түскен адамга бүл жазгандардан бірсыпыра саяси қыртыстар көрінер. Большевиктердіқ овынан қашып, Қоқан. қаласындагы қышлақтардагы сарт агайындардың ішінде 10 күн жүрдім. Сол аз гана күннің ішінде көрген жәбірімді, дүшпан болса да, қүдай большевиктерге де көрсетпесін ... Иргаш қарақшы бас болып, Қоқандта сарттар большевиктермен согыс бастаганда оларда жеңеміз деген ой тіпті болган жоқ. Соның үшін олар: сарт заманы болып қалды; Иргашты хан көтереміз; Ферганада сарттардан басқа жан қалдырмаймыз; қазақ пен большевиктердің ешбір фарқы (айырмасы — авт.) жоқ; ногай болса, ол мүсылман емес, себебі К,ок,андта бір ногай мүгалімніқ аягын қыбылага беріп үйқтап жатқанын көрдік деп, қышлақ сарттары үрген местей күмпиіп сарттан басқа жанның бәрін қырып жібермекке бел байлап, қолдарына пышак,, болта, шот, кетпен, орақ, арк,ан-жіп, қанжарларын алып, көшеге симай күпілдесіп кетті"1 Мұстафа Шоқайүлының осы хатынан оның үкімет басынан кетуіне бір жағынан большевиктер, екінші жағынан Иргаштың адамдары да мүдделі болғанын көреміз. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің басшылығынан күшпен қуылған Мүстафа Шоқайүлы өмір бойы Түркістан мемлекетін қүру идеясынан бас тартқан жоқ. Оны жүзеге асыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. 'Сейфуллин С., Тар жол, тайғак. кешу. Үшіиші басылуы. А., I960. 143, 144 б; "Ақиқат", 1993, № 3, 76 б. 142


Алаш партиясының Сырдария ұйымының саяси бағыты да көп жағдайда сол идеяға байланысты еді. Осы идеяның Мүстафа Шоқайүлыньгң ойын билегендігі соншалық, ол Ресейді билеген А.Керенский үкіметіндегі министрлік қызметтен де, больщевиктердің Түркістандағы совет үкіметін басқаруға шақырған ұсынысынан да бас тартты' М.Тынышбаебтың Жетісуға қоныс аударуына және М.Шоқайүлының шетелдік эмиграцияға кетуінің (ГрузияТуркия-Германия-Франдия) нәтижесінде жетекшілерінен айырған Алаштың оңтүстік канаты 1918 жылдың көктеміне қарай іс жүзінде тарқады. Оның мүшелерінің кейбіреуі белсфнді саяси қызметтен кетсе, екіншілері болыневиктер жағына шықты, ал Жетісудағы Алаш ұйымының көрнекті мүшелері Ыбрайым Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсебаев, т.б. Қытай ауып кетіп, сол жақтан болыневиктерге қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру әрекеттерін жасады2 Сонымен, Алаштьщ оңтүстік канаты үш ай бойы ғана Совет өкіметіне қарсы белсенді қарсылық көрсете алды. Алаштың сібіршіқ автономияшылармен Сібірдің облыстық думасы аясындағы Сойетке қарсы құрған одағы аса қыска мерзімді камтыды. Сібір автономиясының органы ретінде Сібір думасына сенім білдіріп, сонымен жақындасу арқылы Алаш жетекшілері Сібір көлемінде казак автономиясы идеясын іске асырудың жолдарын іздестіру мен мемлекеттік қүрылыс мәселесінде тәжірибе жинақтауды көздеді. 1917 жылғы 7-15 желтоксан аралығында Томскіде төтенше жалпысібірлік съезд өтті. Онда Сібір үкіметі — Г.Н.Потанин басқарған Сібір облыстық советі қүрылды. Облыстық совет екінші жалпықазақ съезінің Алашорданы қүру туралы шешімін қолдап, Совет өкіметін мойындамау жөнінде каулы қабылдады3 Сібір думасының өмірі ұзаққа созылмады. 1918 жылғы каңтардың 26-сы Томск советі Презедиумының жарлығымен Сібір думасы таратылып, оның басшылығының бір бөлігі түтқындалды4 Әлімжанов Ә. Мұстахһа Щоқай!... 0;і кім? / / Шоқай М.Т^ркістанның қилы тағдыры. А., 1992. 14 б.. К.Р Президентінің архиві, қор. 811, оп. 24, іс. 144, 9-парақ. Дело С и б и р и, 1917, 30 декабря. Демидов В.А., Октябрь и национальный вопрос в Сибири, 1917-1923. Новосибирск, 1978, с. 140. 143


Қазакстандагы әртүрлі партмялар мсн коғамдык үйымдар Қүрылтай жиналысына дспутаттар сайлау үшін жәнс ол иіақырылған жагдайда ел басқарудың түбірлі мәселелерін шешу үшін саяси күрсс жүргізіп жатқан кезде большсвиктер, бүкіл сл сияқты, Қазақстанда да таптық идея мен бірпартиялық жүйеге негіздслген Совет өкіметін орнату үшін жүргізілген шабуылды басқарды. Совет өкіметі Қазакстанның барлық аудандарында оңай жеңіп, бір қалыпты орнай қалған жоқ. Революциялык күштер басым болған, жергілікті Советтср большсвиктср жагына бүтіндей шыққан, жақсы қаруланған қызыл гвардия жасактары бар аудандарда өкімет билігі совсттерде большевиктердің көпшілік орынға ие болуы аркылы бейбіт жолмен көшті (Қазакстанның Солтүстікшығыс аудандарында, Сырдария және Бөкей облыстарында), ал Казан төңкерісіне ашык қарсы күштер шоғырланған (ак казак әскерлері, орталыктан кашкан контрреволюция күштері, Алашты жактаушылар т.с.с.). Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі карулы көтеріліс жолымен орнатылып жатты. Уакытша үкіметтің күлауы, оның жергілікті органдарының бірінен сон бірінің биліктен айырылуы, большевиктердің мемлекеттік кұрылыс саласындағы алғашкы кадамдары, олардың жаңа сапалы, социалистік коғамдык кұрылысты орнатуға бағыт алуы әртүрлі саяси партиялардан, олардың ішінде Алаштан да жаңа стратегия мен тактиканы аныктауды талап етті. Алаш саяси партия ретінде 1917 жылғы күз бен кыс айларында калыптаса бастады. Шілдеде өтксн бірінші жалпыказак съезінен кейін Қазакстанның жекелеген облыс орталыктарында оның бөлімшелері мен комитеттерін үйымдастыру жүмыстары жүргізілді. Корнилов бүлігі талкандалысымен Ташкентте өткен казактардың Түркістан өлкелік съезі делегаттары үлттық партия күру идеясын колдады, ал съезд делегаттары "Бірлік туы" атты Түркістан өлкелік газет шығаруды кажст деп тапты' 1917 жылы кыркүйек айының 15-18-і аралығында Жакып Акбаев пен Райымжан Мәрсековтың басшылығымен өткен Семей облыстык казак съезі бірінші жалпыказак съезінің шешімдері мен нүскауларын жүзеге "Туркестанское слов о", Ташкент, 1917, 17 сентября. 144


асыру мәселелерін талкылады. Облыстык съезд делегаттары ең алдымен Қүрылтай жиналысына ұсынылатын кандидату раларды жан-жакты карап, халыктык милицияны қүру ісіне үлкен мән берді және Алаш партиясының облыстык комитеті мен жергілікті үйымдар күру мәселелерін талкылады. Осындай мәселелерді талкылаған облыстық казак съездері 1917 жылғы кыркүйек — караша айларында Орал, Торғай, Жетісу, Акмола облыстарында өткені жөнінде кұжаттар көптеп кездеседі. Олардың кейбіреулерінің жүмысына алаш үйымының жетекшісі Ә.Бөкейханов пен оның жекелсген сенімді серіктері қатынасып отырған. Мәселен, Семейде шығып түрған "Дело" газеті 1917 жылы карашаның 11-індегі (24) санында былай деп жазды: "31 казанда Омбы каласында үлттык Алаш партиясын күруға (Лқмола облысы көлеміпде — К.Н.) арналған күрылтай өтті. Оған 100 адам, олардың ішінде белгілі казак кайраткері Бөкейханов катынасты. Қүрылтайда Омбы каласында ... партияның облыстык комитетін күру жөнінде каулы қабылданды, оның төрағасы болып А.Д.Сейітов сайланды" Алаштың Акмола облыстык комитетінің күрылуы туралы мәліметті Дінмүхамет Әділовтың 1928 жылы желтоксанның 24-інде ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабы нактыландыра түседі. Онда Д.Әділов Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылы казанда Том каласында болған Сібір автономистерінің съезінен кайтып келе жатып Омбыға токтағанын айта келіп, былай деп көрсетті: "... әлі есімде біз (негізінеп Омбыда оқитын оқуиіы қазақ жастары — К.Н.) 50-60 адамдай Бөкейхановпен кездесуге жиналдық. Ол өзі үйымдастырған Алаш партиясынын программасын түсіндірді. Оған карсы сол кезде медициналык мектепте окитын Әлжанов сөйлейді. Оны Әйтпенов Мүкаш, егер үмытпасам, кейін чехословактар атып тастаған Көбеков (Ысқак; — К.Н.) кыстады. Әлжанов казактың үш жүзінің басын косатын "Үш жүз" партиясы кажет деді. Жалпы алғанда Әлжановтың жактаушылары аз болғандыктан олар жеңіліс тапты. Бөкейхановтың баяндамасынан кейін Алаш партиясына жазылу басталды. Оған көп адам жазылды, олардың қатарында мсн де болдым. Мені облыстык комитеттің мүшесі етіп сайлады. Комитет төрағалығына Айдархан Түрлыбаев сайланды. Оның мүшелері түгслдей есімде 145


жоқ, алайда Сейітов Асылбектің және Жұмабасв Мағжанның мүше болгандығы жадымда”1 Облыстык. казак. съездерінде жоғарыда әңгіме болған "Қазак" газетінің 1917 жылы карашаның 21-індегі санында жарияланған программасының жобасы жан-жакты талқыланып, ол негізінен колдау тапты. 1917 жылы күзде Алаш партиясы басшылығының шешімінс сәйкес жалпыказактык скінші съезд шақыру жөнінде үйымдастыру комитеті күрылды. Оның қүрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржакып Дулатов, Сағындық Досжанов және Елдес Омаров енді. Алда болар съезде қаралатын басты мәселелердің бірі және бірегейі қазақ автономиясы туралы мәселе боды. Ақпан революциясынан кейінгі өткен уақытта Ә.Бөкейхановтың казак автономиясы туралы көзкарасы сапалы өзгеріске ұшырады. Егер ол ақпан революциясы жеңісінсн кейінгі алғашқы күндерде Қазакстанға жергілікті земстволарға сүйенген мәдени автономия қажет деп санаса, 1917 жылдың күзінде ол оған үлттық-территориялық автономия кажет деп санады. Мүның негізінде, бір жағынан, Әлихан Бөкейхановтың уакытша үкіметке деген сенімінің азайғандығы жатса, екінші жағынан, оны қүлатқан Қазан төңкерісін қабылдамауы мен большевиктердің советтік негізіндегі Қазакстан автономиясын күрмак болған жоспарына карсылық жатты. Съезд шақыру қарсаңында жоғарыда айтылған Әлихан Бөкейханов басқарған бес адамнан түратын ұйымдастыру комитеті "Қазақ" газеті аркылы карашаның 14-і, 26-сында аса маңызды екі үндеу жариялады. 1917 жылы қарашаның 14-інде жарык көрген үндеуде елде кең жайылған анархиядан құтылу үшін желтоқсан айында Орынборда жалпы қазақ съезін шакырып, онда казак, халкы өзін өзі қорғау үшін "айырықша милиция" ұйымдастыру қажеттігі айтылса, қарашаның 26-сындағы екінші үндеуде Қазақ автономиясын және оның үкіметі болып табылатын "Ұлт кеңесін" сайлау мәселелері ашық көтерілді. "Өзімізді өзіміз қорғау үшін, — делінді "Казак." газетінің карашаның 14-індегі санында жарияланган үндеуде — бізге жалпықазақ милициясын күру керек ... Ка.так.стап Республикасы Үлгтық қауіпсіздік комитстінік архипі, іс 124 I т, 49-пара к,. 146


Егер біз өзімізді өзіміз қорғай алмасақ, бүлікшілік зорайып, қиыншылыққа айналғанда, қазақ халқы құрбан болады ... Алаш баласының басына бір сын күн туды. Өтінеміз, қалайда болса, 5 желтоқсанда Орынборға әр уезден жұртқа қадірлі екі ақсақалдан және эр областной комитеттен екі оқыған кісіден жіберіңіздер" Ал "Қазақ" газетінің 1917 жылы қарашаның 26-сындағы санында жарияланған үндеуде елде қалыптасқан саяси хал-ахуалға мынадай баға берілді: "Россия іріпшіріп жатыр, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде, не болары белгісіз, ортасына ойран түсіп, түп қазығы суырылып, әркім бетіне кетіп, білгенін істеп жатыр. Біреу өлмес қамын қылып жатыр, біреу осы лайсаң бүліншілікке кірмес қамын қылып жатыр. Біз де қазақ-қырғыз болып бірігіп қам қылмай отыра алмаймыз. Мұндай лайсаң заманда закон жоқ, жол жоқ, қорғалайтын пана жоқ, Әркім өзін өзі қорғайды. Әуелі өлмеске, екінші малмүлкімізді талауға бермеске, үшінші осы лаңның ішіне кірмеске қолдан келген күшімізді, ісімізді сарп етуге керек. Данышпандар білімін, азаматтар қайратын үлты үшін аямай жұмсайтын орын осы" Зерттеуші М.Қойгелдиев дұрыс көрсеткендей, Әлихан Бөкейханов сол кездің өзіндегі Қазақстанның көп ұлтты өлке болғандығы автономия құруда мықтап ескеретін және байыппен есептесуге тура келетін фактор екендігін жақсы түсінді. Осыған байланысты өз ойын ол былай түйіндеді: "Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуші бір қиын жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қатынас; бұл облңстарда мұжық пен қазақ қымқиғаш аралас. Мүжықпен аралас қазақты тастап, ылғый қазақ болып шығамыз десек, қазақ орыста қалады; қазақты бұл жерден көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата-қонысынан көшпес; көшсе — ақылсыздық болады; қазақ жерінің ең жақсысы сол мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ үлтының автономиясы енді тұрмыс халда туысқан автономия болар емес, жерге байланысты автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мүны мақүлдайтын көрінеді"'. Сондықтан да 1917 жылы қазанның 8-15-інде Том қаласында өткен басты мәселе ретінде Сібір автономия- ' "А к и к, а т , А., 1991, № 11, 64 б. 147


сын кұру проблемасын талқылаған жалпысібірлік съезге Қазак. өлкесінің Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу. Орал облыстары мен Бөкей өңірінен Әлихан Бөкейханов басқарған 9 өкіл қатынасты. Қазақ халқының өкілдері Қазақстанның уақытша Сібір автономиясы құрамына снетіндігін мәлімдеді. Съезд бекіткен Экономикалық Кеңес, негізгі занды дайындайтын комитет құрамыына қазақ өкілдері де енді. Съезд сайлаған Сібір кеңесінің құрамына Қазақстаннан Құрылтай жиналысының депутаттары Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Ережеп Итбаев, Сағындық Досжанов енгізілді' Қазақ мемлекеттігін (қазақ автономиясын) құру ісі күн тәртібіне қойылған сәтте өлкенің көп ұлттылығы, әсіресе, оны бір жарым миллионнан астам орыстар мен баска да славян тектілердің мекендеуі тек қана Алаш партиясы жетекшілерін аландатып қойған жоқ, сонымен қатар "Үш жүз" партиясы басшыларын да қатты ойландырды. "Үш жүз" партиясының қазақ автономиясы туралы, әсіресе осы автономия мен үлтаралық қатынас мәселелері хақындағы көзқарас бірде "Алаш" көсемдерінің пікірлеріне қайшы келіп, бірде жақындағанын байқауға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін "Үш жүз" газетінің 1918 жылы наурыздың 2-сіндегі жетінші санында жарияланған "Алаш автономиясы" атты мақаладан үзінділер келтірейін: "... қазақ-қырғыз оқу, өнер, ғылымның және басқа дүние байлықтарынан айнала жарлы ... Азат болып отырғаның кеше. Енді мынау жаңа заман жайғаспай, бостандық, тендік дариясынан, тым болмаса, ерсілі-қарсылы жүзіп, түр көріп, нүсқа алмай, жалаңаш кеуде, құр қолмен аюдай автономияны қалай ұстап бағамыз ... Біздің қазақ-қырғыз шөлдегі бытыраңқы қүландар сияқты. Құланды қорқыту (қоршауга алу магнасында — К.Н.) қандай қиын болса, қырдағы қырғыз-қазақты автономияға көндіру сондай ауыр" Көп ұлтты Қазақстанның автономия болу қиыншылықтарын түсіндірудегі "Үш жүз" партиясының пікірі, кейбір қайшылықтарға қарамастан, Ә.Бөкейханов ойларымен сабақтас. Мүны аталған мақалада айтылған мына пікірден анық көруге болады: "... Қазақтың өз алдына автономия болуына жер, суы шалғай жатыр. "Е г е м е н д і Казахстан'. 1992, 18-к.аңтар. 148


Қазақ-қырғыз басы Астраханьда, аяғы Қытайда. Ортамызда ұзын аққан Ертіс, Есіл, Тобыл, Еділ, Жайық секілді өзендер жатыр. Бұлардың алқабындағы жердің бәрінде де қашаннан бері орналасып кдлған кірме, көрші орыстар отыр. Бұлардың өзінде я бізге кіру жоқ, я бізден кету жоқ, ауыл шетінс отыру тағы жоқ. Бұлай болған соң олармен, әлбетте силасып-сипасып отырыспақ жоқ нәрсе. Көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата коймайды"1 Одан әрі газет: "Қазақ халқы өзі көшпелі, өзі кедей, өзі ата қуып, тап-тайпасымен түратын, өзі бұрын тарих жүзінде мемлекет болып өрнек алмаған жұрт", — дей келіп, былай қорытындылайды: "Басқасын тастап осы аталған бес нұсқаның төрт көзі түгел түрғанда қазақ-қырғыз белек автономия боламыз деп, жүртқа жар салып, жария қылғанымыз аспанға атқан мылтықпен бір есеп ... Қысқасы мынау сұрапыл заманда қазақ-қырғыз аралас көрші отырған жүрттармен қостас болып, қол ұстасып, қазақты я Сібірге, я Түркістанға бірге қағысып бас қамдарын қылмаса, өз алдымызға автономия болмағымыз қатер"2... "Үш жүз" партиясының қазақ автономиясы туралы бұл пікірлері газет бетіне 1918 жылғы наурыз айының басында жарияланғанымен, олар 1917 жылғы қараша-желтоқсан айларында жасалған түжырымдар еді. Әлихан Бөкейханов пен жоғарыда келтірілген "Үш жүз" партиясының қазак автономиясы туралы көзқарастарының ұқсастыктары мен қайшылықтары неде деген сұраққа жауап берер болсақ, ол мынаған саяды: Қайшылықтар — Ә.Бөкейханов көп ұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішімізден орыстар оны қолдайды деп үміттенеді, ал "Үшжүзілер" "Көп орыс аз орысты қазақка бауырлата қоймайды" дейді. Ә.Бөкейханов отарлау саясаты нәтижесінде жойылған қазақ мемлекеттігін жана жағдайда қайтадан қүру қажет десе, "үшжүзшілер" қазақтар бүрын тарих жүзінде мемлекет болып өрнек алмаған жұрт деп қате түжырым жасап, өз алдымызға таяу уақытта автономия қүра алмаймыз дейді. Алаш пен "Үш жүз" партияларының осы мәселе жөніндегі көзқарас ұқсастығы Г.Потанин бастаған Сібір зиялыларының Сібір мемлекетін құрмақ болған ниетін қолдаудан және онымен одақтасу немесе уақытша болса I "Ү ш ж ү з" Петропавл, 1918, 2 наурыз, С о м д а. 149


Click to View FlipBook Version