The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aliya.turganbay05, 2024-02-20 23:04:57

Алаш һәм алашорда

Кеңес Нұрпейісов "Алаш һәм алашорда"

Keywords: Алаш

да соның құрамына кіру идеясынан байқалды. Ә.Бөкейханов Сібір мемлекеті құрамында казак, автономиясын қүру түпкі мақсатқа-тәуелсіз қазақ мемлекетін калпына кслтіру жолындағы уақытша шара деп түсінді және Сібірді мекендеген халықтармсн бірлесуді метрополияның отарлау саясатына пәрменді қарсы түру әдісі деп үқты. Сондықтан да ол "Қазақ" газетінде былай деп жазды: "Биыл жазда (1917 ж. — авт.) болған комитет сайлаулары, қазақ өзін өзі билегенде істеген істерін көрсетіп түр: Іс атқаратын азаматтың аздығын, жалпы жұрттың қараңғылығын біз ойладық, әуелі Сібірге сүйеніп, тасымалдай, жалғасып көшіп кетелік: жіп жалғап зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып соңынан бөлінелік деп. ... Түркістан өз алдына автономия болар ... Автономия болу — өз алдына мемлекет болу ... Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бір арбаға мініп, біз қайда барамыз?"1 Дәл сол кезде яғни 1917 жылдың күзінде Ә.Бөкейханов Сібірмен бірлесу келешек қазақ мемлекетінің аяғынан қаз түрып кетуіне қызмет ететіндігіне сенді, ал Түркістанмен бірігуге онша ықыласты бола қойған жоқ. Бұған Том қаласында өткен Сібір автономистерінің жалпы сібірлік съезіне қатынасқан Әлихан Бөкейханов пен Әлімхан Ермековтың 1917 жылғы қазанның 12-інде Семейге келіп, ондағы қазақ қауымдастығы бас қосқан жиналыс туралы "Сарыарқа" газетінің 1917 жылғы 18-20 сандарында жарияланған Сұлтанмахмұт Торғайғыровтың 'Талиханның Семейге келуі" атты мақаласында келтірілген мәліметтер дәлел бола алады* 2 Жиналғандар алдында баяндама жасаған Әлихан Бөкейханов автономия үш түрлі болады: "I) Қаны біргелік; 2) Жері біргелік (ягни территориялык — К.Н.); 3) Шаруасы біргелік" дей келіп Сібірмен оірігудің қажеттігіне мынадай дәлелдер келтіреді: "...Сібірден автономия сұрасақ, бөгет қылмайды ... Сібірмен қосылсақ, Россиядағы автономиялы халықтың бәріне сыбаға үлестіретік кең қазан — Думада елеулі боламыз, табақ жылдам тартылады, кезек ерте тиеді. Себебі: Сібір автономиясында басы қосылса, қазақ көп. Елеулі әскер бар, елсулі білім- *Бөкей ханов Ә., Шығармалар, А., 1994, 263, 264 б. 2 Бүл құжаттарды тарихшы Мәмбет Койгелдиев "Ақиқат" журмалының 1991 жылғы 11-санында өз алғы сөзімен жариялады. 150


мәдсниет бар, елеулі ішкі Россияға кететін шаруашылық нәрселері бар. Белек автономия боламыз десек, надандықтан басқа түгіміз жоқ, бізге кең қазаннан сыбаға жылдам тие қоймас. Сыбағамыз Сібірдің шағын қазанынан жылдам тиіп отырар ... Сібір Думасында якут, бурят, басқа буратаналармен қосылып көпшілікті яки тең боламыз ... Қоныстас мүжык, қазақтың жеке автономиясының ішінде қалам демес. Араларындағы қазақтар жерін оларға қалдырып кете алмас. Сібірге қосылуға мұжық даяр"1 Ә.Бөкейханов автономияны Түркістанмен қосылып алуға қарсы болуын былай түсіндірген: "... Түркістанмен бірге автономия алу қойны-қоншына тас толтырып, Ертіске сүигумен бір есеп. Себебі: бізден қараңғылығы 10 есе елден үміт ете алмаймыз. Ташкент городской управасында сарттың гласныйлары обаға қарсылық күнә болады, ем керегі жоқ деп жасаған қаулылары автономия арбасына есек пен түйе жегіліп оңбайтындықты көрсетеді"' Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов Семейде жасаған баяндамасында Түркістанмен бірлесіп автономия болудан бас тартуын сол өлкені мекендсген халықтың оқу-білімнен артта қалуымен СТО есе артық қараңғылық") және қоғамдық-саяси өмірге ислам дінінің күшті ықпал етуімен түсіндірді. Міржақып Дулатовтың 1929 жыылы қарашаның 30- нда ОГПУ-дің тергеушісіне жазып берген мәлімдемесі 1917 жылдың күзінде Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанның Түркістанмен бірлесіп автономия болуға қарсы болғандығын дәлелдей түседі. Міржақып Дулатов былай деп мәлімдеді: "Бөкейхановтың пікірі мынандай болады: өзбектерге және баска Орта Азия халықтарына қосылуға болмайды. Оларда консерватизм, клерикализм мен діни фанатизм күшті. Олар жақын уақытта діндарлар қастығы мен шариаттың езгісінен құтыла алмайды. Олардың шаруашылық жағдайы да ерекше, мәдениет жағынан олар бізден төмен тұр. Екі соқырдың одағынан ешнӘрсе шықпайды"3. Қазақ автономиясынан сәл бұрын қүрылған Түркістан (Қоқанд) автономиясы үкіметінің кейбір өкілдері, дейді одан әрі ол мәлімдемесінде МДулатов: "Әлихан Бөкейхановты кадет және орысшыл (русофиль) деп айыптады"4 *Бөкейханов Ә., Шығармалар, А., 1994, 375 б. С о н д а. Қазакстан Республикасы Үлттық қауіпсіздік комитетініц архиві, 124-іс, I т. 19-парак. С о н д а, 19-парак,тың екінші беті. 151


Алайда мұндай түсінбеушілік үзаққа созылмады: 1917 жылғы желтоксанда өткен екінші жалпықазақ съезіне келген Түркістан (Қоқанд) автономиясы үкіметінің басшысының бірі Мүстафа Шоқаев қазақтар мекендеген барлық облыстар (олардың ішінде әуел баста ТүркістанҚоқанд автономиясына кірген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақстанның құрамында болуға тиіс деген тоқтамға келді. Орынбор қаласында 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 күндсрі өткен екінші жалпы қазақ-қырғыз съезіне оны ұйымдастыру комитеті жасаған тәртіп бойынша эр уезде басы ел силаған екі ақсақалдан, әрбір облыстық қазақ комнтеттерінен келетін екі өлкілден тыс 30-ға жуық адамға арнаулы шақырулар жіберілді. Олардың қатарында Омар Қарашұлы, Қайырша Аметжанүлы, Ғабдолла Ешмұхамбетұлы, Ахметжан және Қожахмет Оразайүлдары, Қүрманбек Бірімжанүлы, Шәкәрім Қүдайбердіұлы, Мүстафа Шоқайүлы, Уәлихан Тана шүлы, Халел Досмұхамбетүлы, Жаһанша Досмүхамбетүлы, Бақтыкерей Құлманүлы, Шәңгерей Бөкейүлы, Есенғүл Маманұлы, Мүхаметжан Тынышбайүлы, Салық Қарпықүлы, т.б. болды. Бүлармен қатар "Ұран", "Сарыарқа", "Бірлік туы", "Тіршілік" газеттері мен жаңадан ашылған қауымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Съезд шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, С.Досжанов және Елдес Омаров белсенді еңбегі нәтижесінде екінші жалпықазақ съезінде 80-ге жуық делегаттар бас қосты. Өз газетінің беттерінде съезд жүмысы жөнінде хабарлар жариялаған ташкеңттік журналист былай деп жазды: "Съезге он облыстан — Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Фергана, Самарқан, Сырдария, Закаспий және Астрахань губерниясына қарайтын Бөкей ордасынан — келген 80-ге жуық делегат қатынасты. Делегаттардың көпшілігі орысша жақсы сөйлейді: европаша киінген жоғарғы және орта білімділер де аз емес"1 Съездің төралқасына (президиумына) Бақытксрей Қүлманов (төраға), оның серіктері болып Әлихан Бөкейханов, Халел Досмүхамбстов, Әзімхан Кенссарин, Омар Қарашев, хатшылары болып Дәулетше "С d о б о д н ы й Т у р к с с т а и", Ташкент, 1918, 20 января. 152


Күсепқалиев, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадірбаев сайланды. Съездің күн тәртібі жоғарыда әңгіме болған Алаш партиясы программасы жобасының талаптарынан және елде қалыптасқан қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Съездің талқылап, тиісті шешім қабылдауына 10 мәселе ұсынылды. Олар: Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одағы туралы; қазақ-қырғыз автономиясы; милиция туралы; ұлт кеңесі; ұлт қазнасы; муфтилік мәселесі; халық соты; ауылды басқару және азық-түлік жөніндегі мәселелер еді. Тез қарқынмен өзгеріп отырған жағдайдағы партия тактикасы мәселелері жөнінде және съездің күн тәртібіндегі маңызды проблемалар (автономия, милиция, ұлт кеңесі, т.с.с.) бойынша Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамбетов, т.б. қайраткерлер баяндама жасап, жарыс сөздерге белсенді түрде араласты. Съезд қазақ автономиясы мен милиция туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тындап, осы мэселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдады. Бұл жөнінде "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы қаңтардың 25 күнгі 29 — санында жарияланған "Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы" атты құжатта былай делінді: "Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытиіа үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде хальщқа сенімді және беделді үкіметтің жок;тыгын, әкімшілік жоқ болган соң, халык, арасы бүзылып, пышақтасып кететіндігін, бассыздьщ күіиейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке үшырап, күннен күнге халықтың күйі нашарлауын және бүл бүліншілік біздің қазақ-қыреыздық басына да келуін мүмкін деп ойлап, бүкіл қазаққыргызды билейтін үкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады: 1) . Бөкей елі, Орал, Торгай, Ақмола, Семей, Жепгісу, Сырдария облыстары, Фергана, Самарқан облыстарындагы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындагы және Алтай губерниясындагы іргелес болыстардың жері бірыңгай, іргелі — халк;ы қазақ-қыргыз, халі, түрмысы, тілі бір болгандьщтар өз алдына үлттъщ, жерлі Автономия қүруга; 2) . Қазақ-к;ыргыз автономиясы "Алаш деп аталсын, 3) . Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындагы кені Алаиі мүлкі болсын; ...5), Қазақ-қыргыз арасында түрган аз халықтың қүк,үк,тары тсқгеріледі. Алаш автономиясына кірген 153


үлттардың бәрі бүкіл мекемсде саныпа қарай орын олады... ...6). Алаш облыстарын қазіргі бүліпшіліктен қоргау мақсатымен Уақытша Үлттық Кеңес қурылсын. Мұның аты Алашорда' болсын. Алашордаиық агзасы (м)шесі — К.Н.) 25 болып, 10 орын қазақ-қыреыз арасыпдаеы басқа хальщтарга қалдырылады. Алашорданың уақытша түратын орны — Семей қаласы. Алашорда б)2іннсн бастап қыргыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады"1 Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкімсті) Ұлт Кеңесінің құрамына 15 адам сайланды: Уәлихан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамбетов (Орал облысы), Айдархан Түрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Садық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқаев (Сырдария облысы). Облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөксйханов, Жаһанша Досмұхамбетов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып (Якуб) Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітілді. Алашорданың (Алаштың ордасы-үкіметінің) төрағасы баламалы жағдайда сайланды. Үкімет төрағасына үш қайраткердің — Әлихан Бөкейхановтың, Бақыткерей Құлмановтың және Айдархан Тұрлыбаевтың — кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Ә.Бөкейханов — 40 дауыс, А.Тұрлыбаев — 20, Б.Құлманов — 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасап, бекітті. Съезд шешімінде милицияның әр облыстағы саны, оларды окыту және қажетті заттармен (киім-кешек, мініс аты, қару-жарағы, т.с.с.) қамтамасыз ету тіртібі анықталды. Милицияны қүру мақсатын съезд былай деп аныктады: "... осы күнде мемлекет ішіндс бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс..."2 I "С а р ы а р к а", 1918, 25 кацтар, N1.’ 29. С о н д а. 154


Сонымен, съезд Алаш атты қазақ автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, екінші жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермековтің сөзімен айтсақ: "... Желтоқсанның 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш" автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт отанды болды"1 Съезд Алаш автономиясы үлттық-территориялық ("үлттық", "жерлі") негізде құрылуы сөз жоқ, үлкен қоғамдық-саяси мәнге ие оқиға болды. Ұлттық- территориялық қазақ автономиялық мемлекетін құруда екінші жалпықазақ съезд делегаттары бірауыздылық танытқандарымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемлекеттік құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаган автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сенгізу, Алашорда үкіметін мойындату қиын болатын еді. Сондықтан да "Сарыарқа" газетінің жоғарыда аталған санында (1918, 22 қаңтар, № 28) жарияланған Ғаббастың (Халел Ғаббасов болар — авт.) "Алаш автономиясы” атты мақаласында: "... қазақ-қырғыз үкіметі — "Алашорда" Алаш (қазіргі жаңа Семей) қаласына келіп автономиясын жариялағаннан кейін, қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметіміз осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек" (астын сызган мен — авт.), — деп баса көрсетті. Бүкілқазақтық екінші съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу айтыстар бірнеше күнге созылды. Бұл айтыстардың негізінде Қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген орыстардың пікірін анықтау және жариялануға тиісті автономияға Түркістанды мекендеген Оңтүстік қазақтарының қосылуқосылмау мәселесін нақтылы шешу кажеттілігі жатты. Съезді шақыруға және оның жұмысына белсенді түрде араласқан Халел Ғаббасовтың көрсетуіне С о н д а. 1918, 22 қаңтар. Әлихан Ермековтын "Жасасын, Алаш, жасасын!” атты макаласыман. 155


қарағанда, онда "автономияны жариялау мсрзімі туралы принципті мәселсде бірінс-бірі қарама-қарсы скі бағыт қалыптасты. Бір бағытты (ағымды) Әлихан Бөксйханов басхарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдсрі болмаган Қазақстанды мексндейтін орыстардъщ еркін білмейінше автономияны жариялауды кідірте түру қажет деді.... Жаһанша Досмұхамбетов басқарған екінші бағыт автономияны дерсу жариялауды қолдады. Олар іс жүзінде дсмогогиялық дәлелдер келтірді және автономияны жариялаумен қатар жеке муфтиат қүру қажеттігін айтып, қазақтардың діни сезімдерін қоздыруға тырысты. Дауыс бсруде көпшілік бірінші бағыт жағында болды, бірак, қарсыластар мүнымен келіспеді"1 Дегенмснде үлттық, халықтық мүддені жеке бастарының саяси үпай жинауынан жоғары қойған Әлихан Бөкейханов баскарған съезд дслегаттары мен Жаһанша Досмүхамбетов басқарған Орал облысы мен Бөкей ордасының өкілдсрі Алаш автономиясын жариялау мерзіміне байланысты ортақ, ымыралы (компромисті) келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алгашында бүкіл қазақ жерін Түркістан автономиясының қүрамына енуін жак/гаған, ал соңынан бүл пікірінен бас тартқан Мүстафа Шоқаев онды роль атқарды. Съезд к.абылдаған ымыралы (компромисті) қаулының негізгі баптары мыналар еді: "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді ... 2. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм ісалған Алашқа автономия иғлан (жария-авт.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді. 3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан (жарияавт.) ету ықтияры Алашордаға берілсін"2 Екінші бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесс қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерсй Қүлмановты, Міржақып Дулатовты және Түрағүл Қүнанбаевті жіберуге үйғарды. Осы мәсслсге байланысты Әлихан Бөкейханов пен Мүстафа Шоқасв біріккен мәлімдемеге қол қойды. "Қазақ" газетінің 1917 жылы желтоқсанның 1 ҚР Үлттык, хауіпсіадік комитстііііц архипі, іс-124, I т. 137 б. 1 "Л к и к а г 1993, № 3, 76 б. 156


18-індегі 255 санында жарияланған осы мәлімдемеде былай делінді: "... Екінші жалпы казақ-кырғыз съезі бүкіл Алаш баласын біріктіріп өз алдына автономия етуге қаулы қылды. Бұл туралы Түркістан қазағымен келісу үшін Алаш ордасы 5-інші ғинурада Түркістан шаһарында Сырдария облысының съезін шақырады. Съезге болыс басы бір өкіл келсін. Мүстафа (Шоқаев — авт.) һәм жолдастары бұл съезді 10-ншы ғинуарға шакырған еді. Оны өзгертіп, 5- інде болсын делінді. Түркістан казақтарымен сөйлесуге Алаш ордасы Бакыткерей Күлмановты, Мирякуб Дулатовты һәм Тұрағүл Құнанбаевты жібереді. Уакыт — шүғыл, мәселе зор болғандықтан шақырылған өкілдер съезге айтылған күннен қалмай келулері ксрек. Бұл съезге болыс басы бір кісінін үстіне мына кісілер арналып шакырылады: Байсын аксакал Көлдей ұғлы, Исуфбек Басырға ұғлы, Ибрагим Қасым ұғлы, Имамберді аксакал, Сабыркұл Алдабергенов, Мәуленкұл Байзаков, Алдиярбек Рахымқүлов, Әзімхан Кенесарин, Мұхаметжан Тынышбай ұғлы, Ерғали Касым ұғлы, Әлмұхамед Көтібар ұғлы, Санжар Асфендияров, Коңыркожа Кожабеков, Серікбай Акаев, Ғабдулрахманбек Оразаев, Сейітжапар Байсейіт ұғлы, Кожа Ахмет һәм Ахмет Оразай балалары, Садық Өтекенов, Зүлқырннн Сейдалин, Әлдібек Мангелдин, Мұстафа Шоқаев, Әуез Досбол ұғлы, Қалжан Кыратбай үғлы, Тәшім Айнеке ұғлы. Алашорда бастығы Әлихан Б өксйханов, М үст аф а Ш окрев' Алашорда өкілі ретінде Сырдария қазақтарының съезіне қатынасқан Міржақып Дулатов 1929 жылы ОГПУ тергеушісіне берген жауабында атап көрсеткеніндей, "екінші бүкілқазақтық съезден бірнеше күн бұрын Қоқан қаласында Түркістан халықтары өкілдерінің съезі болып, онда тарихқа Қоқан автономиясы атымен енген мемлекет қүрылып, оның үкіметі сайланды. Бұл жөнінде біз екінші бүкілқазақтық съезд жүріп жатқан кезде білдік. Съездің соңына қарай Мүстафа Шоқаев келді. Ол алғашқы кезде жеке қазақ автономиясын қүруға қарсы болып, съезд делегаттарын Түркістанмен бірігуге үгіттеді. Сондықтанда Түркістан қазақтарының казак автономиясы туралы пікірін білу үшін Сырдария облысы қазактарының съезін шақыру туралы шешім қабылданды" М.Дулатовтың мәлімдеуінше, Сырдария Б ө к е й х а н о в Әм Шығармалар, 268 б.


қазақтары съезінің делегаттарынан бастапқы кезде тек кана Сұлтанбек Қожанов Түркістан қазақтарының Алаш қазак. автономиясына қосылуын жақтады: кейін далалық қазақтар казак автономиясына қосылуға ниет білдірген соң, оңтүстіктің зиялылары да осындай пікірді қолдады Большевиктер партиясы мен Совет өкіметі ұлттықмемлекеттік қүрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын тандап алды. Сондықтан да олар казак халқын үлттық тұтастық пен бірлікке шакырумен боды. Әлихан Бөкейханов Қазақ автономиясы қүрыла сала, "Қазақ" газеті арқылы зиялы қауымға былай деп жар салды: "... Россия мемлекеті енді жакын арада үйірге косылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған аксакал аға, зиялы іні, жергілікті жүрт кызметін таза атқар. Жалпы жүртқа мұрындық бол!" Ал екінші жалпыказак съезінің казақтың автономиялы үлттық-территориялык мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 жылғы 11 ақпанда) былай деп мәлімдеді: "съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизімнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы-болыиевизіммен күрес турды"3 Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекетті аяғынан тік тұрғызу үшін және тек қана советтік негіздегі автономияларды ғана қорғап-қолдауға бейім тұрған "бостандықтың жауы — болыневизммен күресу үшін" Алашорда көсемдері "халықтық милиция" атанған ұлттық әскер құру мен советтерге карсы әртүрлі саяси күштермен одактасу ісіне үлкен мән берді. Сондықтан екінші жалпықазақ съезі милиция жасақтарын кұру мәселесін жан-жақты талқылап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен әрбір уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару-жарақпен және киім-кешекпен камтамасыз ету жолдарын айқындайды. ҚР Үлттык, кауіпсіздік комитетінің архиві, іс 124, т, 6.19-парақтың екінші беті. 2 Б ө к е й х а н о в Ә., ИІығармалар, 271 б. 3 А л а ш-0 р д а., Сборник документов ... 138 б. 158


Милиция қатарына әскери қызмет атқаруға жарамды 30 бен 35-тің арасындағы ер азаматтар негізінен еріктілік негізінде алынатын болды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарындағы милиционерлердің жалпы саны 13500 болсын делініп, әр облыс бойынша әскер қатарына шақырылғандар саны мына мөлшерде белгіленді: Бөкей — 1000, Орал — 2000, Торғай — 3000, Ақмола — 4000, Семей — 1500 және Жетісу облысында — 2000 адам. Милицияны үйымдастыруға байланысты жүмсалатын шығын 68960000 сом болып анықталды. Бұл қаражат жоғарыда аталған алты облыстың қазақтары есебінен жиналатын болды* Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милиционерлерді әскери тәртіп пен өнерге үйрету үшін офицерлер мен нұсқаушыларды: 100 милиционерге бір офицер, 50 милиционерге бір нұсқаушыны шақыру белгіленді. Қазақ офицерлерін дайындау үшін Орынбор казак әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажеттігі съезд шешімдерінде баса көрсетілді2 Ал мүның өзі Алашорда үкіметінің Орынбордық атаман А.Дутов ^асқарған күштермен Алашорда үкіметінің одақтасуы айтарлықтай дәрежеде формальды мәнге ие болды және, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, тиімділігі шамалы болды. Солай болғандығына қарамастан, Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені оңтүстік Оралда Әліби Жанкелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы П.Қобозев пен С.Павлов басқарған қызыл гвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынбор қаласын басып алды. Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орьшборды тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты біртүтас қазақ автономиясын қүрып үлгермеген және барлық қазақ жерлерін оның аясына біріктіре алмаған Алашорда өкіметі бірлігінен айырылып қалды: үкімет мүшелерінің біразы Семей қаласының маңындағы Алаш қаласы аталған (бұрынғы Жана Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады; үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты каласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің батыс 1 1 С о н д а. 73 6. С о н д а., 72 б. 159


бөлімі немесе Омыл уалайлты деп атады, үкімсттің тағы бір бөлігі Жстісу облысында әрекет стті. Осындай ауыр жағдайда жәнс Қазақстанның барлық облыстарында дсрлік Совет өкіметі бел алып, күшейіп жаткан кезеиде Алашорда Орталық Совет өкіметімен және оның жергілікті органдарымен амалсыздан байланыс жасауға мәжбүр болды: Әлихан Бөкейханов Москваға Орталық совет үкіметініц басшысы В.Ленинмен және ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.Сталинмен кездесу үшін өзінін екі жакын серігін — Халел мен Жаһанша Досмүхамбетовтерді жіберді; Ә.Бөкейхановтың тікелей тапсырмасымен 1918 жылғы 2 сәуір күні Халел Ғаббасов Семейден төтс сым (телеграф) арқылы В.Ленин жәнс И.Сталинмен Алашорда мен Совет өкіметінің аракатынасы жөнінде келіссөздер жүргізді. Осы келіссөздердің барысында Алашорда жетекшілері В.Ленин мен И.Сталиннің талап етуі бойынша "... Совет өкімстін Россиядағы барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі" деп тануға мәжбүр болды. Алайда, осыған карамастан, олар Алаш автономиясының тәуелсіздігін белгілі дәрежеде камтамасыз етуге тиісті біраз талап-тілектерді Орталық Совет өкіметінің алдына койды. Ол талаптар негізінен мыналар еді: Алаш автономиясының шеңберінде қазақ халқының атақоныс болған барлық жерлерді топтастыру (жинау); Алашорданың қолында заң шығарушы және билік жүргізуші өкіметтің шоғырлануы; қазақтар арасындағы даулы мәселелерді шешуді халықтың өзі сайлап қойған облыстық және уездік соттарға беру; халықтық милиция атанған Алаш автономиясының әскерін құру; жергілікті советтердің шешімімен тұтқындалған Алашорданы жақтаушы казак комитеттерінің, облыстық земство мен т.б. мекемелерге мүше болған казак зиялыларының босатылуы және келешекте саяси көзқарас тұрғысынан қуғын-сүргінге (репрессияға) ұшыратуға тиым салыну. Алашорданың бүл ұсыныстары советтік, таптық негіздегі және РСФСР-дің қүрамдас бөлегі ретіндегі казак, автономиясын (сол сиякты татар, башқүрт, Орта Азия халықтарының да) қүруды ойластырып қойған Совет өкіметі басшыларына ұнаған жок. Сондыктанда Алашорда өз талап-тілектеріне, кейбір жекелеген мәселелер жөнінде болмаса, жалпы алғанда Орталық Совет үкіметі төрағасынан канағаттанарлық жауап алған жок. Бүған Халел Ғаббасовтың мәліметтері дәлел бола алады. Алашорда атынан РСФСР-дің үлт істсрі жөніндсгі халық 160


комиссары И.Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасов бұл жөнінде 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдеді: "Келіссөздерде мен Совет өкіметінің декларациясының (әңгіме 1917 жылы қарашаның 2-сінде Совет үкіметі жариялаган Россия халықтары праволарының д е к л а р с щ и я с ы туралы болып отыр — авт.) йдеяларына сәйкес Қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен 14 тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы үлттық автономияны құру, қазақ халқының түтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмұны Алашорда Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Қүрылтай съезін шақыруға әрекеттер жасалады дегенге сайды ... Біз Сталинге телеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп* сол кезде Москвада жүрген Досмүхамбетовтерге (Халел мен Жаһанша — авт.) Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық ... Сталинмен сөйлесіп болғаннан кейін телеграф сымына облсоветтің (Семей облыстық — авт.) төрағасы Шугаев шақырылды, бірақ олардың не туралы сөйлескенін білмеймін. Осы сөйлесуден кейін облсовет бізге деген көзқарасын өзгертті, тіпті түтқындағылардың кейбіреулері босатылды"3 Халел Ғаббасовтың мәлімдеуінше, оның Сталинмен телеграф сымы арқылы келіссөзде қойған ұсыныс-талаптары алдын ала Ә.Бөкейханов, Р.Марсеков, Ә.Ермеков, Б.Сәрсенов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қатынасқан арайы мәжілісте тұжырымдалған болатын3 Халел және Жаһанша Досмұхамбетовтердің Москвада Совет үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф сымы арқылы Сталинмен жүргізген келіссөздерден Орталық Совет үкіметінің ынтымақ пен ұлттық тұтастық негізіндегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығы, Онда жұмысшы-шаруа үкіметінің үлт саясатының негізгі принциптері ретінде Россия халықтарының тендігі мен егемендігі, олардың өздерінін мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы жарияланған оолатын. ҚР Үлттык. қауіпсіздік комитетінің архиві, іс 124, 1 'т, 317, 318- парақ. Б ү л д а с о н д а , 318-парақ. 6-4 161


керісінше қазақ халқына таптық жіктелуге негізделген советтік түрапаттағы автономия беруге даяр екендігі анық байқалды. Орталық Совет өкіметі Адашорда жетекшілсрімен келіссөз жүргізу барысында екіжүзділік танытты. Бүған оның атынан Далалық Қазақ өлкесінің төтенше, комиссары болып тағайындалған Ә.Жанкелдинге 1918 жылы мамырдың 14-інде үлт істері жөніндегі халық комиссариатының таптық негіздегі Қазақ автономиясын қүру максатымен Бүкілқазақстандық советтер съезін шақыру міндетін жүктеуі дәлел бола алады Қазан төңкерісі қарсаңында большевиктер атынан "Ұлттардың өзін өзі билеу қүқын’ уағыздап келген Лсниннің пролетариат диктатурасы орнаған соң бүрынғы айтқанынан бас тартып, оны "Еңбекшілердің өзін өзі билеуі" үранымен алмастырғанының, басқа сөзбен айтқанда үлттық-мемлекеттік қүрылыста таптық принципті бірінші кезекке қойгандығының көрінісі болды. Сондықтан да Орталық Совет үкіметі қазақ халқының үзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық күресінің нәтижесінде дүниеге келген Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін іс жүзінде мойындамады, сол сияқты Орта Азияның жергілікті халықтарының заңды мемлекеттігі болған 1917 жылы желтоқсанның 10-да Қоқан қаласында өткен төртінші жалпымұсылмандық қүрылтайда жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясын 1918 жылдың ақпанында қарулы күш жұмсап талқандады. Ал бүған керісінше В.Ленин мен И.Сталин 1918 жылы сәуірдің 22-де Түркістан өлкесі советтерінің V съезіне жолдаған телеграммаларында съездің советтік негіздегі Түркістан автономиясын құрмақ болған жоспарына жан-жақты қолдау көрсетті. Ол телеграммада былай делінді: "Сіздердің өлкелеріңіздің советтік негіздегі автономиясын Халық Комиссарлар советінің қолдайтындығына сене беріңіздер, жолдастар; біз сіздердің бастамаларыңызды қуаттаймыз және сіздер бүкіл өлкені советтер жүйесімен толтырады, ал қазірдің өзінде советтермен толық байланыста болып жүмыс істейді деп барынша сенеміз ..."* 2 Осындай колдаудың нәтижесінде Түркістан өлкесі советтерінің V съезі (ТашВеликая Октябрьская социалистическая революция в Казахстане. Летопись событий. А., 1967. с. 410. 2 Л с н и н В.И. Орта Азия меи Казахстан туралы. А., 1960. 396 б. 162


кент, 1918 ж. сәуірдің 20-ы — мамырдың 1-і) сәуірдің 30-ында РСФСР-дің құрамындағы Түркістан Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы құрылғандығын жариялады. Оның құрамына Орта Азияның басқа өңірлерімен бірге Қазақстанның екі оңтүстік облыстары — сол кездегі Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Ал Қазақстанның басқа облыстары әкімшілік жағынан бытыраңқы жағдайда болып, РСФСР-дің әртүрлі губерниялық советтерінің қарамағында болып келді: солтүстікшығыстағы Ақмола мен Семей облыстары орталығы Омбыда болған Батыс Сібір өлкесіне бағынды. Торғай облысы Орынбор губерниялық советіне бағынды. Бөкей облысы Астрахань губерниялық советінің қол астында болды. Орталық Совет үкіметінің шешімімен 1918 жылы мамырдың 14-інде қазақ өлкесіне төтенше комиссар болып тағайындалған Әліби Жанкелдинге басқа жұмыстармен қатар Алашордаға қарсы күресті тікелей ұйымдастыру мен Қазақстанның советтік негіздегі автономиясын жариялау үшін Советтердің бүкілқазақстандық құрылтай съезін шақыру міндеттері коса тапсырылды. Осы міндетті орындаудың бастамасы ретінде Әліби Жанкелдин 1918 жылғы мамырдың орта кезінде Ферғана, Сырдария, Жетісу облыстарының басшыларына берген телеграммасында: "Қазақтың уездері Түркістан автономиясына (Түркістан АССР-ін айтып отыр — авт.) қосыла ма, не болмаса уездік атқару комитеттері казақ өлкесінің барлық халықтарын біріктіруді қолайлы қөре ме?"1, — деген сұрақ қойды. Большевиктер басшылық еткен Қазақ совет автономиясын қүруға дайындық жұмыстары өлкенің барлық аудандарында дерлік советтер жүйесін құру ісімен қатар жүргізілді. Олардың бұл жұмысы табыссыз да болған жоқ. Алашорданың шығыс бөлімі орналасқан Семей қаласынан Облыстық совет атқару комитетінің төрағасы Я.Шугаев 1918 жылдың көктемінде Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне (БОАК) жолдаған телеграммасында облыстың көпшілік болыстарында советтер ұйымдастырылды деп хабарлады. Ал сол жылғы сәуірдің 20-сындағы мәліметтер бойынша бір Семей облысының өзінде 262 ауылдық және селолық советтер құрылды. 1918 жылдың жазына қарай Жетісу облысының Верный Е л е у о в Т., Қазақ ауылында совет өкіметінің орнауы және нығаюы. А., 1967, 193 б. 163


(Алматы) уезінде 36 ауыл, село және қыстақ советтері, ал Қапал мен Сарқант уездерінде 60 сслолык., 80 ауылдық советтер ұйымдастырылды. 1918 жылы шілденің 1- не қарсы Бөкей ордасында 4 поселкелік, 87 болыстық советтер қүрылды. 1918 жылғы мамырда Ә.Жанкелднн Москваға Торғай облысының барлық болыстарында советтер қызмет істеп жатқанын хабарлады Ауыл-селоларда советтер жүйесін құру көп жағдайда әртүрлі әлеуметтік саяси наукандарды жүзеге асыруда кейінгі жылдары большевиктер партиясы кең көлемде пайдаланған өнеркәсіп жүмысшыларының "басшылығымен’ дәлірек айтсак, бұйрығымен жүргізілді. Мәселен, РК(б)П Өскемен уездік комитетінің 1918 жылғы көктемдс қазақ ауылдарына жіберілген өкілдерінін қатарында Риддер ксңінің (рудник) жүмысшылары Ш.Бәшіров пен Б.Өтепов болды. Кезінде Б.Өтепов бұл туралы былай деп еске алган болатын: "...Өскеменде совет өкіметі орнаған соң советтің председателі Яков Ушанов шақырып алып, былай деді: — Баяш, біздін жергілікті жерлерде совет өкіметін орнатуымыз және болыстық атқару комитеттерін қүруымыз керек. Сен Риддер руднигінің жүмысшысың, жұмысшылардың өмірін жақсы білесің, демек олардың таптық мүддесін қорғайсың, казак, кедейлерін де жас совет өкіметінің төңірегіне топтастыра аласың. Ұлан ауданына барып, советтердің сайлауын өткіз, болыстык атқару комитетін үйымдастыр ... Біз Ұлан ауданына жүріп кеттік. Ауыл кедейлерінің арасынан арка сүйер мықты таяныш таптық. Ауылдық советтердің сайлауын өткіздік, болыстық атқару комитетін сайладық ... Бай элементтер арқылы кедергі жасап бақты, бірак біз табанды болдық"' 1918 жылдың көктемінде ауылдық және селолық советтер жүйесін қүру барлық жерде дерлік осы схемамен жүргізілді. Бұл схеманың басты буыны пролетариаттың және ком м ун ист партияның "басшылығы" болды, өйткені "ауыл кедейлері арқа сүйер таяныш" болған жергілікті (болыстық, ауылдық) советтер В.Ленин жариялаған пролетариат диктатурасы" мемлекетінің төменгі жүйесі болуға тиіс еді. Негізінен ауыл тұрғындарының Н V р п с и і с о н К., Казакстаннын иіарүалар советтсрі, А., 1972^ 82 б. Революция о т-ж а л ы н ы н д а. Естеліктер. А 1959, 211 б. 164


кедейлснгсн, кайыршыланған тобының өкілдерінен тұратын ауылдық советтерді "пролетариат диктатурасы" мемлекеті мен оның саяси жетекшісі-коммунистік партия халықтың баска әлеуметтік топтарына (ауқаттыларға, байларға) таптық тұрғыдан қарсы қойды және сол аркмлм ашыктан-ашык әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді. Қазакстанды осылай советтендірудің алғашқы кезеңінде Алаш автономиясы жарияланғаннан кейін облыс, уезд, болыстарда калыптаскан оның жергілікті органдары күштеп таратыла басталды. Сондықтанда Алашорданың органы болып саналған Семейде шығып тұрған "Сарыарка" газеті 1918 жылғы сәуірдің 15-індегі санында: "... К,ай болыс, қай қала болсын большевик өкіметі алмаған жер калған жоқ. Советтен совет шығып жергілікті мекемелердің бәрін төңкерді, иледі, биледі" — деп жазды. Советтер бел алған мұндай жағдайда Алашорда жетекшілері жергілікті өкімет органдарын қүруда олармен ымыраға (компромиске) баруды жөн деп тапты. Алайда бүл тактика барлық жерде бірдей табыска кол жеткізген жок. Большевиктер партиясының радикалдык тобының өкілдері көпшілікке ие болған Петропавл, Перовск (Кызылорда), Әулиеата (Жамбыл) советтері билік жүргізген аудандарда Алаш белсенділері сол кездің өзіндеак саяси күғын- сүргінге душар болды, тек жекелеген облыс және уезд орталықтарында, атап айтқанда Семейде, Верныйда, т.б. кейбір калаларда 1918 жылғы көктемде үлттық-демократиялық Алаш қозғалысының кейбір өкілДері жергілікті советтермен қаска мерзімдік ымыраға (компром исс) қол жеткізіп, ресми (советтік) басқару органдарында мүше болып сайланды. Мәселен, осындай келісімге келудің нәтижесінде жергілікті Алаш үйымының жетекшілерінің бірі, Алашорданың мүшесі Халел Ғаббасов Семей облыстық советі атқару комитетінің мүшелігіне өтсе, уездік земствоның төрағасы Ахметжан Қозбағаров және Алаш партиясының белсенділері Биахмет Сәрсенов пен Имам Әлімбеков уездік советке мүше болып сайланды. Бүл жөнінде "Сарыарка' газеті "Облыстық съезд" атты бас мақаласында мынандай түсінік берді: "Соңғы кезде заманның түрі өзгеріп, саясат толқыны қүбылып, әкімшілік бірден-бірге күшейіп келіп ақырында мемлекеттің бар билігі совет қолына уйысқаны халыққа мәлім шығар ... Областной казак комитеті областной съезд шакырып казак билігінің түрі калай .болуы шешілгенше советке кісілорін уакытша кіргізіп отыр. Жергілікті ме165


кемелер қай калыпта болуы белгісіз ... Билік сонет қолына ауғанына халық кай көзбен қарайтынын және не пікірде екенін білуге, келешсктегі бір облыс елдің өмір турмысы қандай түрде болуын шешуге Семей областной казак комитеті областной съезд қүруға (шакыруга — авт.) қаулы қылды"1 Семей облыстық қазақтар съезінің талқылауына жеті мәселе үсынылды: Автономия туралы, заманның қазіргі халі, жергілікті мекемелер, жер мәселесі, оку-ағарту ісі, азык-түлік мәселесі және Түркістан өлкесіндегі қыргынға ұшыраған қазақ-қырғыз жайы. Облыстық съезді шақыруға мүрындык (инициатор) болтан "Сарыарка" газетінің ұсынысы бойынша оған болыс басы 4 кісі, уездік казак, комитеттерінен 2 адамнан және коғамдық ұйымдардан бір кісіден делегаттар келсін деп анықталды2, Сі >езд жүмысы туралы, өкінішке орай, "Сарыарқа' газетінің қолда бар сандарынан мәліметтер кездестіре алмадық. Мұның есесіне Семей облыстық советінің органы "Трудовое знамя" газетінің 1918 жылғы 29 мамыр, 4 және 8 маусым күндеріндегі сандарында облыстық қазақ съезі жөнінде шағын-шағын үш мақала басылған. Ең алдымен осы мақалалардың тақырыптары көңіл аударарлық: "Қырғыз автономиясына қарсылар" ("Противники киргизской автономии"), "Қырғыз съезіндегі қактығыс" ("Инцидент на киргизском съезде"), "Қүпия жогалып кету" ("Танинственное исчезновение"). Осы макалалардың мәліметтеріне жүгінсек, съезді тікелей шакыруға және оны өткізуге Алашорданың белгілі кайраткерлері Халел Ғаббасов пен Әлімхан Ермеков белсенді түрде ат салыскан. Съезд ашылардан бір күн бұрын 1918 жылы мамырдың 26-сында Жака Семейде (Алаш каласы аталған) көп адамдар катынаскан бірнеше митингілер болып, оларда сөйлеген әртүрлі саяси ұйымдарының өкілдері облыстык казак съезінде талқылануға тиісті басты мәселе Қазақ автономиясы ‘туралы өз ойларын ортаға салған. Мәселен, "Трудовое знамя" газетінің мәліметі бойынша "Қазак пролетариатының саналы бөлігінің өкілдері" дейтіндер автономия енгізу үшін әзірге кажетті "пролетарлык мәдени күштердің жок" екендігін тілге тиек етіп, егер автономия дереу жарияланған жағдайда казак халкына "байлар мен баска да казак пролетариатының жаулары билік жүргізеді"3 — деп мәлімдеген. Митингіге * “С а р ы а р к. а", Семей, 1918, 15 аирелі.. * С о м д а "Трудовое знам я" 1918, 24 мая. 166


катынасушылардын скінші бір тобының өкілдері бүған карсы пікірде болып, автономияны ешбір кедергісіз жариялау кажет десе, үшіншілер осы мәселе жөнінде түракты пікірге келмегендігін айткан. Ертеңінде ашылған съездін алғашкы әрі соңғы мәжілісіне де осы митингелік хал-ахуал тән болған. Бүған басты себеп сол кезде бүкіл елде, омың ішінде Қазакстанда да, қалыптасқан түраксыз саяси жағдай болды, өйткені мемлекет азамат соғысының қарсаңында түрды: оның әртүрлі аудандарында нығайып үлгермеген совет өкіметінс карсы карулы көтсрілістер мен бүліктер басталған еді, ол Казакстаннын солтүстік-шығысындағы калаларға орналаскан чехославак корпусы солдаттары мен офицерлерінт арасымда да совет өкіметіне наразылык білдірген толкулар да орын алған болатын. Съсздің мәжілісі жанжалмен басталған. Күн тәртібінің бірінші мәселесі — автономия туралы мәселені талкылау барысында оның делегаттары бір-біріне карсы екі топка бөлінген. Олардың бірінші тобының өкілдері Совет өкіметі жағдайында екінші жалпыказак съезі жариялаған біртүтас үлттык түрпатт^ғы автономияны жүзеге асыру мүмкін емес десе, екінші топтың өкілдері "Сталин уәде еткен автономия Совет өкіметінің шеңберіне сиғанымен, казак енбекшілерінің санасына, ең алдымен оның жыртык калтасына "симайды' — деп мәлімдеген' Осындай екі үдай пікірден басы каткан съезд делегаттары, деп жазды анонимді макала авторы, "халыктың не ойлайтындығын ескерместен, үйді-үйіне кымыз ішу үшін тара п кетті"' Осыдан кейін, деп хабарлады "Трудовое знамя" газеті "Казак съезін ұйымдастырушы облыстык советтің мүшелері Ғаббасов, Ермеков және Оразалин кұпия түрде көзден ғайып болды. Олардың кандай себептермен кай жакка кеткені немесе кайда жасырынғанын жакындары да білмейді ... Кейбіреулердін айтуынша олар түткындалу кауіпінен жасырынуға мәжбүр болған, ал екінші біреулер олар кырға кетіп "орданы" көтеріліске шакырумен айналысуда"3 деп жүр. Қалай болғанда да облыстык казактар съезі өз жұмысын бастамай жатып тарап кетті. Оның басты себебі съезд делегаттарның жергілікті Совет өкіметі тара- 1 1 "Т р у д о в о е знамя' 1918, 4 июня С о н д а "11 а р о д н о е дело" 1918, 28 июля 167


пынан тұтқындалу хауіпінен сақтануында еді. Мүндай хауіп-қатер ең алдымен Семей қаласындағы Алаштың белгілі кайраткерлеріне төніп еді. Бұған дәлел ретінде Ә.Бөкейхановтың жақын таныстарының бірі, Омбыда шыгып түрған "Сибирская речь" газетінің тілшісі Н.Я.Коншиннің аталған газеттің 1918 жылгы шілденің 28-індегі санында жарияланған "Қырғыз автономиясы" атты мақаласында көрсетілген мәліметтерді келтіруге болады. "Большевиктердің ... билігінің соңғы күндерінде, — деп жазады автор, — белгілі қырғыз {қазақ-аът.) қайраткерлері Ә.Бөкейханов, "Қазақ газетінің редакторы А.Байтүрсынов және баска интеллигенция өкілдері жасырын жағдайға көшуге мәжбүр болды" Осыған байланысты мынаны айту қажет: Алаш жетекшілерінің 1918 жылғы наурыз-сәуір айларында Совет өкіметімен жакындасуы шарасыздан туган қадам еді. Сондықтан да олар сол кезде жасырын жағдайда болған жергілікті кадеттер мен эсерлер партия ұйымдарының басшыларынан қол үзген жоқ еді. Керісінше Совет өкіметімен ымыраға келіп, әртүрлі мекемелерде жауапты қызмет атқарып жүрген Халел Ғаббасов, Имам Әлімбеков земство мен кооперация жүйелері арқылы Советтерден бой тасалап жүрген кадеттер мен эсерлерге қажетті мәліметтер жеткізіп, ақшалай көмек көрсетіп түрды. Ал Биахмет Сәрсенов поручик Давьщов-Зубаревтің басшылығымен қүрылған эсерлердің жасырын әскери тобына мүше болып кірді. Бүл жөнінде поручик Давыдов-Зубарев "Семей қаласы мен Семей облысында 1918 жылы Совет өкіметін қүлатуды үйымдастыру’ деген есебінде толық баяндайды. Осы қүжатта былай делінді: "Осы (ягни 1918 жылдың — авт.) сәуір айының ортасында мен саяси комиссар және Уақытша Сібір үкіметінің өкілі ретіндс Барнаул облыстық штабының шешімімен Семей каласында Совет өісіметіне қарсы көтеріліс үйымдастыру үшін жіберілдім. Семейге келгеннен соң ... тапсырманы орындауға кірістім. Ең алдымен жергілікті офицерлермен, Совет өкіметін қүлату идеясын жақтайтын және сол үшін жүмыс істеуге даяр адамдармен, жекелеген коммерсанттармен байланыс жасадым"1 Одан ары карай Давыдов-Зубарев Алаштың облыстық үйымы жетекшілері қомақты көмек көрсеткендігін айта келіп, онын дәлелі 1 1 В е г м а и В.Д., Сибирские контрреволюционные организации 1918 года, "Сибирские огни" 1928. № 1 с 144 168


ретінде төменгі мәліметтерді келтіреді: "Қырғыздар (Қазақтар-аът.) өздерінің өкілі Сәрсенов арқылы 29.000 сомды қолма-қол берді ... көтеріліс бастар (совет - ке қарсы-авт.) кезде 100-ге жуық атты әскер шығарды Кейін қырғыз (қазақ-аът.) отрядының саны 300 адамға дейін жетті"1 Осы адамдар көп кешікпей бірінші атты алаш полкінің негізін қурады. Давыдов-Зубаревтің жазбаларындағы мәліметтерге және жекелеген зерттеулерге сүйенсек, Семей большевиктері сәуірдің соңы мен мамырдың басында қүрылған жергілікті ЧК (төтенше коммиясия) аппаратының көмегімен бірнеше жасырын акгвардияшыл ұйымдары әшкерелеп, олардың Алаш басшылығымен байланыста болғандығын анықтады. Бүл жағдай Ә.Бөкейханов пен А.Байтүрсыновты Семейден жасырын түрде кетуге мәжбүр етті. Н.Я.Коншиннің мәліметтері бойынша олар және басқа да Алаш жетекшілері Семейге 1918 жылғы маусым айының 11-нен кейін оралған2, өйткені дәл сол күні Семейде алашшылардың көмегімен болған ақ гвардияшыл төңкерістің нәтижесінде Совет өкіметі қүлатылған еді. 1918 жылдың жазына қарай Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен советтердің соңына ерген күштер баррикаданың қарама-қарсы жақтарында қалып, өкімет үшін ашық күреске шықты. Көп кешікпей Қазақстан территориясының басым көпшілігі ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарының қолында қалды. Тек қана Бөкей ордасы мен Түркістан АССР-нің қүрамындағы кейбір аудандарда ғана советтік қүрылыс тоқтаусыз жүріп жатты. Азамат соғысы жағдайында Алашорда мен Совет өкіметінің бір-біріне қарсы туруы, жаңа сипат алды. 2. АЛАШ ПЕН АЛАШОРДА АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА Орталық пен жергілікті жерлерде жүмысшы-шаруа советтердің өкімет билігін тартып алуы Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап саяси биліктен айырылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Іс жүзінде азамат соғысы дәл сол кезде басталған өкімет 1 С о н д а, 144-146 б. "Сибирьская реч ь \ 1918. 23 июля. 169


үшін күрестің жалгасы болып табылады, сондықтан да революция мен азамат соғысының арасына уақыт тұрғысынан айқын межс қою киын. Казахстан жағдайында азамат соғысының алғашқы ошагы 1917 жылғы қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынбор қаласында пайда болды. Мүнда Орынбор казак әскерлерінің атаманы Дутов жергілікті совет өкіметін күшпен қүлатып, Россияда Совет өкіметінін орнағандығын жария еткен советтердің Бүкілроссиялык екінші съезінің делегаты С.Цвиллинг баскарған рсволюциялық комитетінің мүшелерін түтқындады. Совет өкіметіне қарсы карулы күрестің екінші орталығы Жетісуда қүрылды. 1917 жылғы 1 (14) карашада Верный (Алматы) қаласыннда Жетісу казак әскерлерінін басшылығы "әскери үкімет" дегенді қүрып, большсвиктер бастаған жергілікті күштерге карсы карулы күрес жариялады. Орталықта женіске жеткен социалистік революция мен оның жергілікті жақтастарына қарсы үшінші қарулы орталық 1917 жылғы қарашада Оралда дүниеге келді Осында да қүрылған "облыстық әскери үкімет" көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл өкімет билігін өз қолына алды. Ақ гвардияшыл офицерлерге, казак станциялары мен переселендер селоларының атаманшыл және кулак элементтеріне сүйенген және совет өкіметін қабылдамаған, қолдамаған саяси партиялар мен ұйымдардан (соңғыларынын ішінде кадеттер, оншыл эсерлер, меньшевиктер, Алаш партиясы да болды) қолдау тапкан осы үш "әскери үкімет' Казақстандағы советтерге қарсы күрестің негізгі күштерін қүрды. 1917 жылдың соңында қүрылған Казак. және Қоқан автономияларынын жетекшілері советтерге қарсы позицияда болды және соған сай әрекеттер жасады. Азамат соғысы 1918 жылдын жазына клрай кең етек жайды. Оган шетелдік империалиста мемлекеттердің Совет өкіметін күлату максатымен ішкі революцияға қарсы күштермен одақтасуы себеп болды. Советке карсы біріккен осы екі күштің екпінді тобының ролін Чехословак корпусы атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың барысында Россия армиясының қолына түскен түткындар — Австро-Венгрия карулы күштерінің құрамында болған чех, словак және де баска славян тектес халықтары өкілдерінен тұратын 50 мың адамдық бұл корпус 1917 жылгы көктемнің соңы мен жаздың басында Еділ бойы 170


мен Сібірде (Трансібір темір жолының бойында) бір мезгілде совет өкіметіне қарсы қарулы бүлік шығарды. Бұл бүлік Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарының да айтарлықтай жерлерін қамтыды. Бүлікшіл корпустың бөлімдері ішкі контрреволюцияның күштерше сүйене отырып Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. 1918 жылы маусымның 11-інде Семейде де совет өкіметі құлатылды. 1918 жылдың жазында Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Торғай облысының көпшілік бөлігін ақ гвардияшылар жаулап алды. Семей облысынан оңтүстікке қарай жылжьгған контрреволюция күштері Жетісуға да баса көктеп кірді. Сонымен 1918 жылдың ортасына қарай совет өкіметі Түркістан өлкесіне қайрайтын Жетісу мен Сырдария облысының айтарлықтай бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей ордасының жекелеген аудандарында ғана сақталып қалды. Ақтөбе және Жетісу майдандары пайда болдьғ. Жетісудың Лепсі уезінің территориясында кейін Черкасс қорғаны аталған шаруалардың өздерін өздері қорғайтын ауданы құрылды. Көп кешікпей совет өкіметі құлатылған Россияның Қазакстанға жақын кейбір қалаларында советтік билікке қарсы бағытталған және Антанта елдерінің қолдауьгна сүйенген үкіметтер қүрылды. Олардың қатарында 1918 жылғы маусымда Самара қаласында қүрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (комитет членов учредительного собрания — Комуч), Омбыда қүрылғам уақытша Сібір үкіметі, өзін "уақытша бүкілроссиялык үкімет" деп санаған және 1918 жылғы қыркүйекте құрылған "Уфа директориясы" ("Уфимская директория") болды. 1918 жылғы қаңтарда Орынбордан қуылған атаман Дутов елде орын алған өзгерістерді пайдаланып, қайтадан бүлік шығарып, 1918 жылы шілденің 3-інде Орынборды басып алды. Орал мен Жетісу казак әскерлерінің билеуші топтары да совет өкіметіне карсы күресін күшейтті. Россия контрреволюциясының чехославак корпусының бүлігі нәтижесінде Сібірде, Қазақстанның солтүстікшығыс облыстарында совет өкіметін қүлатылуын басқа да пролетарлық емес партиялар сияқты Алаш • партиясы да қанағаттанарлық сезіммен қарсы алды. Алаш көсемдері бүкілқазақстандық екінші қазақ съезінде қүрылғандығын жариялаған Алашорданы шын мәніндегі 171


орталык, үкімст етіп қүру және оның жсргілікті органдар жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде кірісті. Осыған дсйін қазақ мемлекеттігі (Алаш автономиясы) мәселесі жөнінде совет өкіметі тарапынан түсіністік таппаған Алаш партиясының жетекшілері енді Самарадағы эсерлер басшылық жасаған Комучке, Омбыдағы сібірдің ақ гвардияшыл уақытша үкіметінс, Уфа директориясына сенім артып, олар Алаш автономиясын біртүтас үлттық мемлекет ретінде мойындайды деп дәмеленді. Сондықтанда осындай, кең көлемді азамат соғысы басталған және Қазақстанның көпшілік аудандарында совет өкіметі қүлатылған жағдайда, Алашорда жоғарыда аталған советке қарсы үкіметтермен жақындасып, Орал, Сібір, және Жетісу казачествосымен тығыз байланыстар орнатты. Алашорда Омбыдағы және Самарадағы үкіметтерге, одан соң Уфа директориясына үміт артып, кейін осы үкіметтік қүрылымды алмастырған Колчак диктатурасына Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасап, Алаш автономиясына әр түрлі дбңгейде көмек көрсетуді сүрады. Алайда бүл өтініштер ойлағандай нәтиже бермеді' Алашорда алғашында Омбыдағы Сібір уақытша үкіметі мен Самарадағы Комучқа арқа сүйей отырып, өз мүмкіндіктеріне орай бүкілқазақтық екінші съездің шешімдеріне сәйкес Алаш автономиясын нығайтып, баянды ету жолында: жер-жерлерде қүлатылған совет өкіметінің орнына Алаш автономиясының баскару органдарын кұру, автономияның сан-салалы өмірін реттейтін зандық қүжаттар мен нұсқаулар жариялау, халықтық милиция түріндегі қарулы күштерді қүруға кірісу, большевиктер басқарған саяси қарсыластары қудалау сияқты К е й і н і р е к, 1-918 жылы карашаның 4-інде, Уакытша Сібір үкіметінін жарлығымен Алаш автономиясының үкіметі — Алашорда таратылып, оның баскару органдары тиісті қаулы шыкканға дейін өзін оүкілроссиялық баскарушы өкімет деп жариялаған Уақытша Сібір үкіметіне бағындырылды. Алашорданың орнына Уақытша Сібір үкіметініц Алаш автономиясын басқару жөніндегі бас өкілінін қызметі енгізілді. Сонымен к.атар Уақытша Слбір үкіметі Алаш автономиясын қазак,тыц-территориялық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. (АлашОма. Сборник документов .... с. 134-135). Казак халкы, Россияныц Сіоір аймағындағы баска халыктар сиякты, тек кана мадени автономияга ие болуға құкұкты болды. Ал 14 карашада Омбьша өзінік аскери диктатурасын орнатып, "Россия мемлекетінің жоғарғы билеушісі'" деп жарияланған Колчак казактың әлсіз автономия түріндегі болса да үлттык мемлекеттігі жөніндегі үмітті түбірімен жойды. Бұл жағдай Алашорда жетекшілерін аса ауыр жағдайда калдырып, кейін 1919 жылдың көктемінде, баска факторлармен катар оның ыдырай бастауына әкеп сокты. 172


және т.б. бағыттарда белгілі шаралар жүйесін жүзеге асырды. 1918 жылғы маусым айында Алашорда зандық күші бар бірнеше қаулы-қарарлар қабылдады. Атап аитқанда, маусымның 24-інде Алашорда Алаш автономиясы территориясындағы совет өкіметі шығарған барлық декреттердің күшін жою туралы қаулы қабылдаса, сол күннің ертеңінде облыстар мен уездерде Алашорда кеңестерін құру жөніндегі шешім күшіне енгізілді. Маусымның 24-інде қабылданған тағы бір қаулыда Алашорданың жанында үш адамнан түратын әскери кеңес құрылғандығы жарияланды. Осы әскери кеңеске қорғаныс министрлігінің міндеттері жүктеліп, облыстар мен уездерде әскери бөлімдер ашу тапсырылды. Әскери кеңеске, — делінді қаулыда, "-жігіттерді большевиктермен күресу үшін шақыру міндеті жүктеледі"1 Алашорда қабылдаған алғашқы заңдық мәні бар маңызды құжаттардың бірі — 1918 жылы маусымнын 24-інде Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев және Х.Ғаббасов қол қойған "Алаш автономиясының территориясында уақытша жер пайдалану тәртібі" деген қаулы болды. Онда Бүкілроссиялық қүрылтай жиналысы жер туралы заң қабылданғанша Қазақстанда жерге деген жеке меншіктің жойьілатындығы, жер мен су байлықтарын пайдалану Алашорданың рұқсатымен ғана болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауын жергілікті өзін-өзі билейтін земстволық органдар шешетіндігі айтылып, жер пайдалануға байланысты басқа мәселелерді шешудің тәртібі көрсетілген* 2 Алашорданың үлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы қызметінің алғашқы қадамдарында "халықтық милиция" түріндегі Алаш автономиясының қарулы күштері және басқарушы өкіметтің жергілікті органдарын қүру мәселелеріне үлкен мән берілді. 1918 жылы шілденің 24-інде Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейханов Жана Семейден (Алаш қаласынан) Зайсан, Көкшетау, Павлодар, Қарқаралы, Петропавл, Ақмола, Атбасар, т.б. уездердегі қазақ комитеттері мен земство басшыларының атына жолдаған жеделхатында Бүкілқазақтық екінші съездің шешімдеріне сәйкес Алашорданың (Алаш автономиясы үкіметінің) өз қызметіне Алаш Орда. Сборник документов ... с. 109. 2 С о н д a, 111, 112 6. 173


кірісксндігін хабарлай ксліп, бұл үкімсттің жергілікті органдарын, милиция жасақтарын дереу құру қажеттігін баса көрссткен. Сонымен бірге Ә.Бөкейханов Алашорданың Сібірдің уақытша үкіметімсн, Башқүрт автономиясымен одақтық қарым-қатынас орнатқандығын, Семей облысындағы халықтан жиналған салық есебінен алғашқы алаш жасақтарының қүрылып, олардың Сібір үкіметінің әскерлерімен большевиктерге қарсы қарулы күрес жүргізіп жатқандығы туралы жергілікті қазақ комитеттеріне хабарлаған. Дәл сол күні осы мазмүдағы жеделхат Орал облысындағы қазақ комитеттері мен земство басқармаларына жолданған. Ә.Бөкейханов жер-жерлердегі өз жақтастарына халықтык. милицияны үйымдастыру барысында Орал және Орынбор казачестволары басшыларынан (ең алдымен атаман Дутовтан) қару-жарақ пен әскери инструкторлар бөлулері жөнінен көмек сұрау қажеттігін ескерткен' Азамат соғысы жағдайында Алашорда жетекшісі өздерінің басты саяси қарсыластары большевиктерге қарсы нақтылы әрі пәрменді күрес жүргізуді де ұмыт қалдырмаған. 1918 жылы шілденің 13-інде Алашорда үкіметі қазақтан шыққан большевиктерді жазалау мақсатында ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын құру жөнінде қаулы қабылдаған. Мәселен, Семей облысы бойынша тергеу комиссиясының мүшесі ретінде Райымжан Мәрсеков пен Сыздық Дүйсембин тағайындалған2 Азамат соғысы жаңадан кең етек жая бастаған жағдайда және жоғарыда айтылғандай, оның айтарлықтай бөлегінде большевиктік билік сақталып қалғандықтан бір-біріне қару алып қарсы түрған күштердің арасалмағы тұрақсыз болды. Сондықтан да ұланғайыр өлкені Алашорданың бір ортаЛықтан (атап айтқанда Алаш автономиясының кіндік қаласы деп Бүкілқазақтық екінші съезд анықтаған Семейден) тиімді басқару қиынға соқты. Алашорданың батыс және оңтүстік (Түркістан, Жетісу) бөлімдерімен оның Семейге орналасқан шығыс (әрі орталық) бөлімі арасында біртүтас үкіметтік жүйеге тән түрақты байланыс орнату мүмкін болмады. Ал Алашорданың батыс бөлімінің жетекшілері Жаһанша мен Халел Досмүхамбетовтердің 1 1 С о н д а, 94, 95 б. С о н д а, 96 б. 174


Әлихан Бөкейханов баскарған Орталык. Алашорданың бүйрык-жарлықтарын жүре тандауға, басқа сөзбен айтқанда белгілі дәрежедегі сепаратистік пиғылда болуы Алаш автономиясын бір орталыктан басқару ісін қиындата, шиеленістіре түсті. Алашорданың батыс бөлімі жетекшілерінің сепаратистік пиғылы мен іс-әрекеттері 1918 жылғы маиыр айының 18-21-і аралығында Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазактарының IV-облыстық съезінде анық көрінген еді. Чехословак корпусының бүлігі басталып, Еділ бойынан Сібірге дейінгі кен алқагтта совет өкіметі кұлатылған уақытында өткен бүл съездің ашылу сәтіне 300 делегат келсе, ол жүмыс істеген алғашқы үш күнде оларға тағы да 150-дей адам қосылды. Съездің күн тәртібіне 20 мәселе енгізілді, оның төртеуі съездің барысында анықталды. Съезге қатынаскандар мен басқа да куәгерлердің мәліметтері бойынша оның құрамы мен күн тәртібіндегі мәселелердің талқылану барысы Орал облысындағы интеллигенция өкілдері мен ауылдың қалың бүқарасы Халел мен Жаһанша Досмүхамедовтар айқындаған бағытты қолдайтындықтарын көрсетті. Съезді кіріспе сөзбен ашқан Х.Досмүхамедов өзінің облыстық земство баскармасының төрағасы ретінде Москвада РСФСР Халық Комиссарлар Советімен, Орал облысымен шекаралас советтердің жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп, Орал казачествосы басшылығымен жақындасу әрекеттерін жасағандығын айтты. Осы келіссөздерге съезд саяси баға беретіндігін ескере отырып Х.Досмұхамедов өзін съезд төралқасы қүрамына сайламауды оның делегаттарынан сүрады. Съезд төралқасына Жаһанша Досмүхамедов (төраға); Дәулетшах Құсбегіәлиев, Жанғожа Мергенов (торағаның орынбасарлары); Асанов және Кәрім Жәлеков (хатшылар) сайланды. Съезд делегаттарының қүрамына және оның жүмыс баірысына баға бере келіп "Яицкая воля" газетінің (әскери үкіметтің органы) тілшісі былай деп жазды: "Бүл жерде пролетарий де, буржуй да, дворян мен шаруа да, кадет те, эсер де, большевиктер мен эсдектер де жоқ, тек қана рулық қауымдастық өмір салтын сақтаған бір жалпы халықтық семья бар. Олардың кейде мен-мендікке жэне жеке басының екінші кезектегі мүддесіне сай айтысқа түсетіндігі ауыз бірлікке нүқсан келтіріп жатады"1 Съездің күн тәртібіне енген 20 мәселенің негізгілері "Я и ц к а я в о л я " 1918. 27 мая. 175


мыналар болды: I) Россия мен Орал облысындағы іғымдагы жағдайға (текущий момент) көзқарас. 2) Земство дслегациясының Мрскваға баруы жөніндегі есебі. 3) Орал облыстық земство басқармасынын казачествомен одактасу саясаты туралы баяндамасы. 4) Жалпы саяси бағытты анықтау. 5) Кіммен және қандай негізде одақ құру керек? 6) Орал облысының қазақ бөлімінде мықты өкімет құру. 7) Земство мекемелерінің билігін кеңейту ... 16) Орталык земство басқармасын қырға көшіру ... Съезд күн тәртібінің мазмұнынан көрініп тұрғандай, ол жалпымемлекеттік, аймақтык және ұлттык саясаттың көкейтесті мәселелерін қамтығанын көреміз. Сонымен катар съезд талқылайтын мәселелер қатарында ымыраға (компромисс) келу, ұлттық бірлікті сақтауға байланысты мәселелер болғандығы айқындалып тұр. (Мәселен, "Кіммен және кандай негізде одак құру керек?"). Жалпы саясат мәселелері жөніндегі өз стратигеиясы мен тактикасын анықтай келіп, Орал облыстық қазақ съезі өзінің негізгі міндеті ретінде Бүкілроссиялық Қүрылтай жиналысы мен келешектегі Россия Федерациясындағы казак автономиясы үшін күрес идеясын алға тартты. Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар съезд шешімімен Ойыл уалаятының уакытша үкіметін күрды. Оның кұрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, ЬІрғыз уездерінің казақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді. Осы өңірде 1917 жылы жойылған Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарларының орнына Ойыл уалайаты Уакытша үкіметтің билігі жүретін болды. Баска сөзбен айтқанда, бүл әрекет Бүкілқазақтык екінші съезінің ұлттық-территориялық автономия кұру жөніндегі шешімінің батыс Қазақстанның айтарлықтай территориясында жүзеге аскандығының көрінісі еді. Алайда Орал облыстық IV казак съезінің бүл шешімі Орал казачествосы әскери үкіметі тарапынан да, Самарада 1918 жылғы 8 маусымда кұрылтай съезі мүшелерінен қүрылған Комуч үкіметі тарапынан да, сол сиякты Орталык Алашорда үкіметі тарапынан да карсылыққа кездесті1. Сондықтан да 1918 жылғы қыркүйекте Уфа директориясын кұру туралы мәжіліске катынаскан Алаш автоно- "Народное дел о", 1918. 31 июля. 176


миясының делегаттары сол айдың 11-жүлдызында автономияның жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талк.ылап. Алашорданың батыс бөлімшесін к,үру туралы шешімге қол қойды. Бүл мәжіліске Алашорданың төрағасы ^лихан Бөкейханов, мүшелері: Уәлитхан Танашев, Халсл Досмүхамбетов, Жаһанша Досмүхамбетов, Ахмет Бірімжанов, Әлімхан Ермеков және Мүхаметжан Тынышбаев катынасты. Мәжілісте қабылданған шешімніңнегізгілері мыналар болды: I) "Алашорда Алаш автономиясы территориясындағы бірден-бір басқару органы болып табылады ... 2) Жергілікті басқару жергілікті және қалалык. өзін-өзі баскару жүйесі мен Алашорданың комиссарлары арқылы жүзеге асырылады ... 4) Облыстық, уездік комиссарларды Алашорда тағайындайды және олар 1917 жылғы Уақытша үкіметтің зандары анықтаған қүқыктармен ... пайдаланады. 5) Қүрамына Бөкей ордасы, Ойыл уалайаты, Закаспий облысының Маңғыстау уезі, Торғай облысының Ақтөбе және Ыргыз уездері кіретін Алаш автономиясының батыс бөлегін іс жүзінде басқару үшін соғыс жағдайына және қатынас жолдарының нашар дамуына байланысты Алашорданың бөлімшесі қүрылады. 6) Алашорданың осы бөлімшесі автономияның көрсетілген бөлігін (ягни Батыс Қазақстанның айтарлықтай тсрриториясын — К.Н.) Алашордадан түсетін маңызды және принципті нүсқаулар негізінде басқарады ... 9) Төтенше жағдайлар болғанда және Алашордамен байланыстар үзілгенде бөлімше Алашорданың (Орталық үкіметінің — К.Н.) қүқүқтарына ие болды"' Алашорданың батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жаһанша Досмүхамбетов тағайындалды. Алашорданың батыс бөлімшесі қүрылуына байланысты Ойыл уәлайатының уақытша үкіметі таратылып, оған осы кезге дейін бағынып келген Батыс Қазақстанның қазақтар мекендеген жерлері аталған бөлімшенің қарамағына берілді. Азамат соғысы басталып ол кең өріс алған жағдайда Әлихан Бөкейханов Қазақ автономиясын құру жөніндегі Бүкілқазақтық екінші съездің шешімін жүзеге асыруды Алашорданын басты міндеті деп білді. Бүдан бүрын айтылғандай, автономия идеясын, онда да таптық және советтік негіздегі автономия идеясын большевиктер ғана қолдады. Ал басқа саяси күштер бүл А л а ш О р д а, Сборник документов 97 б. 177


идсяға бірден қарсылық көрсетпегсндерімен, оны жүзеге асыруды Бүкілроссиялық қүрылтай съезінің еркімен байланыстырды, басқа сөзбен айтқанда, Қазак. автономиясы туралы мәселені шешуді Қүрылтай жиналысының үлесіне қалдырды. Ал Қүрылтай жиналысын большевиктер басқарған советтер күштеп таратып жіберді. Енді 1918 жылғы жазда азамат соғысы өріс алып, Совет өкіметі қүлатылған жағдайда Қазақ автономиясын қүру жөніндегі Бүкілқазақтық екінші съездің шешімін орындау аса қиын мәселеге айналды. Бүл ретте ең алдымен елдегі хал-ахуалдың күрт өзгеріске ұшырауын және соған байланысты саяси күштердің арасалмағының басқаша сипат алғанын баса айту қажет. Екінші сьездің шешімдері мен Алаш партиясы программасының жобасында Россия демократиялық федеративтік мемлекеті құрамында, оған кіретін "к.үрдас" (терезесі тең) басқа мүшелермен қатар Қазақ автономиясын қүру қажеттігі баса көрсетілген еді. Басқа сөзбен айтқанда, Алаш көсемдері Қазақстанды іс жүзінде конфедерациялық принциптерге негізделген мемлекеттің қүрамдас бөлігі ретінде көргілері келді. Екіншіден, бүл талаптар үлттық-мемлекеттік қүрылыс мәселесін шешу жолы ретінде қалыптасқан кез өліара уақытқа дәл келген еді: ескі мемлекет ыдырап, күйреп жатты, жаңа өкімет әлі орныға қойған жоқ еді. Елді анархия билеген болатын. Ал Қазақ автономиясы идеясын жалау етіп көтерген Әлихан Бөкейханов пен оның серіктері анархияны большевизммен — бас бүзарлықпен бірдей деп санады. Олардың пайымдауынша анархиядан, жаппай бүлінуден шығудың жолы большевизмге қарсы түрарлық автономия құру еді. Ал Совет өкіметін қүлатып, негізінен кадеттер мен эсерлерден түратын үкіметтердің қүрылуы (Сібір үкіметі, Комуч, т.с.с.) ак. гвардияшылардың пікірінше анархия мен жүгенсіздіктің ауыздықталуы, көп үлтты унитарлы (бөлінбейтін) Россия мемлекетін қалпына келтіру болды. Ал мүндай жағдай қалыптасқанда унитарлы Россия мемлекетінің қүрамында үлттық автономияларға, оның қатарында Қазак автономиясына да орын табылуы онай емес еді. Солай болды да. Алаш үкіметін Самарадағы Комуч та, Омскідегі Сібір үкіметі де (кейін Колчак диктатурасы) Алашорданы Қазак. автономиясының үкіметі деп ресми түрде мойындаған жоқ. Азамат соғысы басталысымен үш ай бойы Алашорда өз билігін орнату мақсатымен автономияны басқару, жер пайдалану тәртібі, салық, сот, дін, әскер істері жөнінде 178


көлтеген қаулы-қарарлар қабылдады. Алайда Сібір үкіметі тарапынан да, Орынбор мен Орал қалаларындағы "әскери үкіметтер" тарапынан да оларды қолдау туралы ешбір әрекеттер жасалмады. Сібір үкіметінің Қазақ автономиясы мәселесіне көзқарасы сібір кадеттерінің органы "Сибирская речь" газетінің 1918 жылғы тамыздың 5- індегі санында жарияланған "Қырғыз (қазақ-авт.) автономиясы туралы мәселеге'1 деген мақалада ешқандай бүлтарыссыз айтылды. "Қырғыз (қазак;-авт.) өкілдері талап еткен формадағы автономия, — делінді мақалада, — Россиядан түгелдей бөлініп, жеке тәуелсіз қырғыз (к;азақ-авт.) мемлекетін қүрумен бірдей. Біз жатжүрттықтардың {инородцы-авт.) мәдениұлттық мүқтаждарын орындау жөніндегі талаптарын қолдауға дайынбыз, алайда өзін-өзі қүртуға бет бүрған мемлекет қана осындай жатжұрттық сепаратизмге жол береді деп санаймыз"1 Бұл мақаланың жариялануына Алашорданың төрағасы Әдихан Бөкейхановтың Сібір үкіметінің премьер-министрінің атына 1918 жылғы 13 (26) шілдеде келіссөздер жүргізу жөнінде жазған хаты түрткі болды. Онда Алашорданың жетекшісі Алашорданың басқару органдарының құрылуы мен Алашорда үкіметінің қызметінің заңды екендігін дәлелдеуге тырысты. "... қазіргі кезде, — деп жазды өз хатында Ә.Бөкейханов, — біртұтас Россия жоқ. Біртұтас мемлекеттік өкімет те жоқ ... Сондықтан да тарихи оқиғалардың күшімен болыпевиктер билігінен құтылған автономиялы облыстар мен халықтар мемлекеттік тәуелсіздік жолына түсулері керек ...Сібір мен Алаштың өзара ортақ мақсат-мүдделері екі автономияның тығыз одағы болуын талап етеді. Өзара тану күштерді біріктіреді ... Біз автономиялы Сібір үкіметіне талқылау үшін келісімнің төмендегі баптарын ұсынамыз: 1) Сібір үкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі таниды ... 3) Алаш территориясын мекендейтін барлық халықтар мойындайтын өкімет құрылғанша Алашорда қазаққырғыз халқының өкімет органы болып табылады ... 4) ... Армия территориялық және ұлттық негізде құрылады ... ол соғыс кезінде Уақытша Сібір үкіметінің әскерлерімен ортақ командованиеге бағынады. Сібір үкіметі армияны қару-жарақпен ... азық-түлікпен және "Сибирская р е ч ь", 1918. 5 августа. 179


әскери нүскаушылармен қамтамасыз стуге міндетті. ... Алашорда Алаш территориясын большсвиктік бандалардан тазартуды, Түркістан мсн Жетісуға көмек көрсстуді өзінің бірінші міндеті деп санайды. ...5) ... банктср мсн басқа да каржы мексмелері әзіргс Уакытша сібір үкіметіне бағынады ... 6) Таяу уакытта большевиктсрден азат етілген автономиялық халықтар мсн шет аймақтардың депутаттар конгрссін федералдық өкімет қүру мақсатымен шакыру кажет ... Сібір, Алаш, Башкирия және Түркістан федерациясын күру мүмкін"1 Әлихан Бөкейхановтың әңгіме болып отырған Сібір үкіметімен келіссөз жүргізу принциптерін анықтаған осы хатында зерттеушінің назарын аударатын бірнеше жәйттер бар. Ең алдымен Ә.Бөкейханов өзі баскарған Алашорда үкіметін келіссөз жүргізу барысында Сібір үкіметімен терезесі тең үкімет деп дәлелдеуге үмтылған. Екіншіден, Ә.Бөкейхановтың пікірінше, бүкілроссиялық біртұтас үкімет болмай отырған жағдайда Алашорданың кызмет етуі занды; сондықтанда Алашорда бүкіл Қазакстанға ортак елді баскару үкімет жүйесін қүруға кұкылы. Үшіншіден, Ә.Бөкейханов бүрынғы Россия империясының жекелеген алкаптарында автономиялардың, олардың ішінде облыстық автономиялардың пайда болуы Қазак автономиясын мойындау кажет ететіндігін баса көрсетті. Алаш автономиясын мойындамау ең алдымен Россиянин, көпүлтты мемлекет болып кала беруіне катер туғызатындығы да Ә.Бөксйханов хатында ашык ескертілді. Осы ойын дәлелдей келіп, Ә.Бөкейханов былай деп жазды: "Біздің Сібір үкіметімен келіссөзіміздің созылып кетуі Алаш автономиясының Орал облысынан айырылып калуына әкеп сокты. Большевиктерден күтылған баска казак-кырғыз облыстары да Алаш автономиясына толығымен жете алмай Оралдың жаман жслына түсуі мүмкін. Ал одан кейін олар (басқа қазақ облыстары-аът.) Бакуге келіп орналаскан немістердің басып алу хаупіне кездесіп отырған Түркістанмен жакындасу жолдарын іздесттіруі ғажап емес... Алаш автономиясының тарап кету каупі Алашорданы батыл шешімдерге барып, Сібірмен одактасудан бас тартып, казак-кырғыз халкының бірлігін сактап калу үшін ... Алаш автономиясын жариялауға мәжбүр етеді. 1 Л я а ш О р л а. Сборник документов с. 126, 127 180


Сібір үкіметінің Алаш автономиясын мойындауы оған Түркістанды немістік бағыттан бұрып, оны Россия Федерациясының аясында сақтап қалуға мүмкіндік берер еді"1 Ә.Бөкейхановтың хаты, толық болмаса да, белгілі дәрежеде онда алға қойған мәселелердің шешілуіне эсер етті. Азамат соғысының майдандарындағы жайдайдың түрақсыздығы сібірлік ақ гвардияшыларды әрі әлсіз, әрі сенімсіз болса да Алашордамен одақтасуға итермеледі. Сондықтанда Сібір үкіметі келіссөз барысында жартылай шараларды ғана жүзеге асыруға келісті. Премьер-министр П.Володарскийдің жарлығымен туземдік істер жөніндегі министр В.Шатиловтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері болып Ішкі істер министрінің орынбасары В.Михайлов, Министрлер кабинетінің көші-қон бөлімінің меңгерушісі А.Ярмоша, әскери мекеменің өкілі генерал В.Попов тағайындалды. "Комиссия жүмысына білгір адам ретінде Алашорданың жетекшісі Бөкейханов тартылды"2 . Төрт күн бойы — 1918 жылғы шілденің 29, 30-ы және тамыздың 2,3-і күндері — аталған комиссия Алашорда делегациясы үсынған хаттағы "Алашорда мен Сібір үкіметі арасында уақытша қатынастар орнату туралы" мәселені талқылап төмендегі негізгі шешімдерге келді: А/іашорда казак халкын баскаратын өкімет органы болып мойындалсын, оған үй бас сайын салык (кибиточная подать) пен баска да алым-салык жинауға рүхсат етілсін, Алашорда үлттык сот күруға күкылы болсын. Ұлттык армия күру мәселесі бойынша кабылданған шешімде оның Сібірдің әскери мекемесі белгіленген тәртіп бойынша қүрылатындығы айтылды. Ұлттық армияның командашысы мен әскери бөлімдердің командирлерін Алашорданың келісімімен сібірдің әскери министрлігі тағайындайтын болды3 Қабылданған шешімнен айқын көрініп отырғанындай, Сібір үкіметі Алашорданы жартылай ғана мойындады, соңғысының саяси статусы туралы тиянақты корытынды жасалмады. Екі үкімет белгілі дәрежедегі (анык айтсак, жартылай) ымыраға (компромисске) кол жеткізді. Келіссөздердің барысы мен олардың нәтижелері Сібір 1 С о н д а, 126 б. 1 "С и б и р с к а я р е ч ь" 1918 1 августа. ' Алаш Орда, Сб. документов с 128-131 181


үкіметі мсн Алашорда тсрезесі тсң партнерлер бола алмағандығын анық көрсетті. Алашорда сұраушы, ал Сібір үкіметі бсруші ролін аткарды. Ал әркашан сұраушы берушідсн әлсіз болатындығы жөніндегі әлімсақтан белгілі шындык, тағы да расталды. Алашорда делегациясымен Сібір үкімстінің комиссиясы арасындағы келісімге Уфа қаласында өткен мемлексттік мәжіліс карсаңында қол жстті. Тарихта Уфа мемлекеттік мәжілісі (Уфимское государственное совещание) деген атпен бүл бас қосу 1918 жылы кыркүйектің 8-інде ашылды. Оның жұмысына 147 адам (қейбір деректер бойынша 170 кісі) қатынасты. Олардың ішінде Қүрылтай жиналысының 81 мүшесі болды. Казак, облыстарынан мемлекеттік мәжіліске Ә.Бөкейханов. Х.Досмүхамедов, Ж.Досмүхамедов, С.Досжанов, Б.Жахандамов, А.Байтұрсынов, Г.Әлімбеков, М.Тынышбаев, М.Шоқайұлы, І.Тұрмұхамедовтер қатынасты' Уфа мемлекеттік мәжілісінің басты мәселесі бүкілроссиялык өкімет күру болды. Оның басты міндеттері бүкілроссиялык жоғарғы өкімет кұру жөніндсгі актыда анықталды. Жана үкімет Директория деген атқа ие болды. Ол бес адамнан түрды: төрағасы Н. Авксентьев (эсерлер партиясы орталык комитетінің мүшесі, философия докторы); мүшелері — В.Зензинов (эсерлер партиясы. Орталық комитетінің мүшесі, философия докторы), В.Виноградов (халык, бостандығы партиясы Орталык комитетінің мүшесі), генерал В.Болдырев, П.Вологодский (Сібір үкіметінің премьер-министрі). Директорияның негізгі міндеттері болып мыналар жарияланады: 1) Россияны большевиктік өкіметтей кұткару үшін күрес; 2) Бөліп алып кеткен, бөлінген және бытыранкылыкка ұшыраған Россия облыстарын біріктіру; 3) Брест бітімін және баска да халыкаралық мәні бар келісімдерді мойындамау ... 4) Герман коалициясына карсы соғысты жалғастыру"2 Директория елдін бөлшектену процссіне (децентрализация) карсы бапял да шұгыл шаралар В е с т и и к К о м и т е т а ч л е н о в В с с р о сс и й с к о г о у ч р е д и т е л ь и о г о с о б р а н и я . 1918, 18 сентября. * Л к т об образовании Всероссийской Верховной власти, принятый на Государственном совещании / / Болдырев В.Г.Дирскторня. Колчак. Интервенты. Мовониколаевск. 1925. с. 495-496. 182


колданылатындығын мәлімдеді. Директорияны бүкіл Россияның тұтастығы мазаландырса, Әлихан Бөкейхановты өзі үкіметін баскарған Алаш автономиясының тағдыры, ең алдымен оның территориялық бірлігі толғандырды. Қазақстаныың оңтүстік облыстарының Түркістанның құрамында болуы қазак, мемлекеттігін (Алаш автономиясын) калыптастыруда көптеген күрделі мәселелер тудыратынын Ә.Бөкейханов жақсы түсінді. Сонымен қатар оны жеке облыстық ұлттық-территориялық Ойыл уалаитын кұрып, сеператистік пиғылда болған Алаштың батыс тобының іс-әрекеті де аландатты. Ә. Бөкейханов Қазакстанның территориялық тұтастығын қалпына келтіру мәселесін ойластырып жатқан кезде Сібір мен Еділ бойында Алашорданың жағдайын киындатып жіберген саяси оқиғалар орын алды. Сібірлік армияның қалыптасып, нығаюы Самарадағы Комуч әскерінің қызылдардан ойсырай жеңіліс тапкан уақытына дәл келді. Ал мүның өзі Директорияның ішіндегі саяси күштердің арасалмағын айтарлықтай өзгертті. Оның эсерлер партиясынан мүше болған министрлері үкімет саясатьша ыкпал етуден қалды, өйткені олардың нактылы сүйенетін күші қалмады. Директориянын Сібір үкіметін таратпақ. болған әрекетінен1 ешнәрсе шықпады. Н. Авксентьев басқарған Директорияның Алашордаға ғана шамасы келді. Бүкілроссиялык. уақытша үкімет (немесе Директория) 1918 жылғы қарашаның 4- індегі жарлығымен Алашорда үкіметін тарады деп жариялады. Оның орнына 'қазак-қырғыз халқының мәдени-тұрмыстық және экономикалық мүқтаждықтарын" қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі бас өкіл тағайындалады"2 делінді. Алашорданың жергілікті органдары уақытша сақталатын болды, бірақ олар ретіне карай Бүкілроссиялық уақытша үкіметтің мекемелеріне бағьшатын болды3 Директория тарапынан Алашорданы тарату жөніндегі шешім Ә. Бөкейханов пён оның серіктері үшін күтпеген, окыс оқиға еді. Мұны Алашорданы тарату жөнінде бүйрык жарияланғаннан екі күннен кейін "Рабочий день' газетіне жарияланған мына хабар растай түседі "Омбыда шығып түрған газеттің кызметкері Қырғыз * I II а р о д в а я С и б и р ь, 1918, 16 ноября * Л л а ш Орда Сб документов С 134 С о н д а 183


үкіметінің (Алашорданың — авт.) мүшесімен әңгімелескенде ол мынаны айтты: "біздің Директорияға деген көзқарасымыз өзіміздің Уфа мәжілісінің барлық жұмыстарына және ортақ өкімет күруға қатынасымызбен анықталады. Біз Директорияны мемлекеттік мәжілісте қабылданған платформаны орындауға күш жұмсағаны үшін қолдаймыз. Біз бұрынғысынша Бүкілроссиялык федеративтік республиканы жақтаймыз; өз автономиямыздың жеке біртұтас республика көлемінде болғанын қалаймыз"1 Алашорда азамат соғысы басталып, Қазакстанның көптеген аудандарында совет өкіметі кұлаған жағдайда Алаш автономиясын таныту максатымен Комуч, Сібір үкіметтерімен, одан кейін Директориямен келіссөздер жүргізуге бірінші кезекте мән берді де, жер-жерлерде өзінің жаңа жағдайдағы саяси платформасын халыққа түсіндіруде қажетті белсенділік көрсете алмады. Мүның үстіне Орал бойы соғыс аймағына айналды, Лепсі мен Қапал уездерінде кызыл және ак әскерлерінің кескілескен ұрыс әрекеттері болып жатты. Ақтөбе мен Ырғыз аудандарында соғыс жағдайы жылдам өзгеріп тұрды. Жетісудың көпшілік аудандары мен Сырдария облысы түгелімен Совет өкіметінің бакылауында болды. Осының бәрі жиналып келгенде Алаш пен Алашорданы жақтаушылардың қоғамдық-саяси белсенділігінің томен болуына эсер етті. Азамат соғысы басталғаннан кейін екі-ақ уездік және бір облыстық казак, съездері болғандығы жөнінде сақталған мәліметтер осыны растай түседі. Қостанайда уездік съезд шакыру әрекеті большевиктер өкіметі кұласымен жасалды. Алайда оған жиналғандар санының аз болуына байланысты уездін казак шаруалары өкілдері мен коныс аударушы шаруалар өкілде^і (орыс-украин селоларының) біріккен мәжіліс өткізді' Онда кабылдаған карарлардың Алаш пен Алашорданы толғандырған мәселелерге катынасы шамалы болды. Жергілікті Алаш белсенділері уездік казак съезін шакыру идеясын акыры жүзеге асырды. 1918 жылы казанның 14-17-сі күндері А.Алдияровтың, А.Бірімжановтың және Омаровтың басшылығымсн Қостанайда төтенше уездік казак съезі болды. Съезд ' " Ра б о ч ий день" 1918. 6 ноября. ‘"Оренбургский к р а й" 1918, 5 июля. 184


жүмысына алғашкы кезде 39 делегат қатынасып, кейін олардың саны 69 адамға жетті. Съезді Торғай және Ырғыз уездерінің өкілдері қүттықтады. Съезд Алашорданы жоғарғы үкімет деп танып, уезд территориясын Қазақ автономиясының қүрамдас бөлігі деп анықтады. 15 қазан күнгі мәжілісін съезд үлттық армия қатарына жігіттерді шақыру, костанайлык полікті жасактау және әскер өнеріне үйрету, оны Сібір үкіметінс бағыныштылықтан шығарып, толығымен Алашорда қарауына беру мәселелерін талкылауға арнады, 16 казан күнгі мәжілісте қазақтың үлттык сотын күру және оның міндеттері мен істерді қарау тәртібін аныктау сияқты мәселелер талкыланып, тиісті шешімдер кабылданды. Съезд уездік милицияны қүру кажеттігін жақтап, оның міндеттерін айкындады1 1918 жылғы мерзімді баспасөз беттерінде 1-тамыз күні Петропавл уезінің Пресновская станицасында уездік казак съезі өткендігі және онда өкімет аппараты мен үлттық армияға еріктілерді тарту (шакыру) мәселелері каралғандығы туралы мәліметтер кездеседі1 2 Сол жылдың 10-31 тамыз күндері Лепсі каласында Жетісу облыстык Екінші казак съезі болды. Онда облыста баскару органдарын күру, үлттық армияның бөлімдерін жасактау, окыту, кажетті заттармен (каружарақ, киім-кешек, азық-түлік) камтамасыз ету және оларды соғыста пайдалану мәселелері талкыланды. Съезд Алаштың облыстық комитетін кайта сайлап, оның қүрамына белгілі саяси қайраткер Мүхаметжан Тынышбаевты енгізді3 Алаштың облыстык комитетінің жаңадан сайланған қүрамында мына адамдар болды: Ыбраим Жайнақов (Верный гимназиясының алты класын бітірген — төраға; мүшелері Сатылған Сабатаев (ғалым-агроном), Төлебай Дүйсебаев (гимназияның төрт класын бітірген), Нүсіпбек Жакыпбаев (дәрігер), Базарбай Мәметов (заңгер, Казан университетін бітірген), Біләл Сүлеев (семинарист, мұғалім), Иса Тергеусізов (Тернеусізов?) (Верный гимназиясының үш класын бітірген), Мүхаметжан Тынышбаев (жол катынасы инженері) және Садық Аманжолов (зангер, бітістіруші сот)4 1 А л а ш О р д а., сб. докумемтои .. с. 76-81 2 ”П р и и ш и м ь е", 1918, 18 августа. 3 А л а ш О р д а., сб. документов .. с. 86-87 4 С о н д а 185


Барлык денгсйдегі Алаш бдсшылыгы 1918 жыл бойы улттык, қарулы күштерді қуруға үлкен ман бсрді. Алаштың алгашкы жасағы (отряд) 1918 жылғы кантар-акпан айларьтда күрылды, бірак совет өкіметі орнағаннан соң көп кешікпей ол карусыздандырылып, оның катарындағы жігіттер таратылды. Ұлттық армияның алғашкы бөлімдері шындап Семейде поручик Давыдов-Зубарев баскарған жасырын әскери үйымның мүшелері болған нүскаушы офицерлердің көмегімен жасақталды. 1918 жылы маусымның 11-інде Семейдегі большевиктік билік күлаганнан кейін Ә.Бөкейханов қырдан карулы жасакпен калага келу туралы шешім кабылдады. Омбыда шыгып түрған "Сибирская речь’ газетінде Н .Коншин "Семейге кыргыз (казак-авт.) отрядынын келуі" деген хабар жариялады. Онда былай делінді: "Семейге кырдан нүскаушы — орыс офицерлері баскарған кырғыз отрядтары келді. Сарсенбі-маусымнын 6 (19) күні ксшкі сағат алтылар шамасында олар калага кірді. Никольск шіркеуінін к.асындағы аланда оларға салтанатты кездесу үйымдастырылды. Штаб бастығының көмекшісі Папин, адютант капитан Виноградов, Уақьгтша Сібір үкіметінің өкілі Давыдов қүттыктаулар айтты. Кездесу кезінде алаңға белгілі үлттык. қайраткер Бөкейханов келді. Оның күрметіне подполковник Токтамышевтің үсынысымен салт аттылар "Алла" деп жар салды Ак жалауларға кырғыз тілінде: "Жасасын бүкілроссиялык және сібірлік күрылтай жиналысы!" "Жасасын Отаннын адал үлдары!" деген үрандар жазылған"1 Большевизмге қарсы күресу үшін Алашорда баска да антисоветтік күштермен, ең алдымен казачествомен және Сібірдін ерікті армиясынын командованиесімен ашық байланыстарды 1918 жылғы мамыр айының ортасынан бастады. Колда бар күжаттарға сүйенсек, бүл байланыстың хроникасы төмендегідей болды: Май айының екінші жартысында Ойыл уалайаты үкіметінщ арнаулы өкілі Ысхан Топаев Орал казактары әскери үкіметімен большевизмге карсы бірлесіп күрес жүргізу мәселслерін талкылау үшін Жммпитыдан Оралга жіберілді; Осындай максаттармен маусымның тогызы күні Ойыл уалайатынын уакытша үкіметі Орынбордагы әскери 'С и б и р с к а я речь" 1918 30 июня 186


үкімет пен Орынбор казак әскерінің бас штабына арнайы хат жолдап, Батыс Қазақстанда "халықтық милиция’ жасақтарын құру үшін қару-жарақ, киім-кешек беруді және жігіттерді әскери өнерге үйретуге 15 офицер және 20 урядникті жіберуді өтінді. 1918 жылғы шілденің ортасында Омбы қаласында өткен Сібір казачествосының съезіне Семейде қүрылған бірінші қазақ полкінің командирі арнаулы өкіл ретінде жіберілді. Съезд төралқасы оған 15 шілдедегі кешкі мәжілісте сөз берді. "І-ші қырғыз (қазақ-авт.) полкінің командирі капитан1 Тоқтамышев шеңберге (казак чий крут — авт.) өзінің қүттықтауын айтты, — деп жазды жергілікті "Сибирская речь' газеті, — шешен Семейде большевиктік өкіметтің құлауына тоқтай келіп, осы төңкерісті қырғыздардың (қазақтардың — авт.) қолдауына сүйенген офицерлер мен казактардың тобы жасады деді. Қырғыздардан алаш полкі құрылуда, оның жетекшілері мен командалық қүрамы орыс офицерлері болды. Алашорда Уақытша Сібір үкіметін және қырғыз (қазақ-авт.) мүддесін қорғау үшін өзінің армиясы болғанын қалайды"2 1918 жылы қыркүйектің 8-інде болған Орынбор казак әскерлерінің үшінші төтенше съезінде әскери атаман генерал-майор Дутов Алашорданың Торғай облысындағы өкілі Қадырбаевтың құттықтау телеграммасын жариялады. Онда атап айтқанда былай делінді: "... қымбатты көрші казактарға ыстық сәлем жолдап, барлық істерде табыстарға жетуді шын көңілмен тілеймін. Осы күнге сіздерге материалдық көмек көрсетіп келген қазақ халқы таяу уақытта казактармен бірге большевиктік бандиттерге қарсы күреске шығады деп сендіремін..."3 Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермековпен және Алашорданың әскери бөлімінің бастығы Х.Тоқтамышевпен бірге 1918 жылғы шілде және тамыз айларында Самара және Омбы қалаларында Комуч пен Уақытша Сібір үкіметтерінің әскери мекемелерінің өкілдерімен Алашордаға қарулы күштерді құруға көмек Офицер Тоқтамышевтың өмірбаяыы мен ресми іс қағаадары әзірге зергтеушілерге белгісіз. 1918 жылғы әр түрлі кұжаттарда онын кызметі мен әскери шені әр түрлі жазылған: бірде ол "подполковник", екінші құжатта — ’майор", үшіншісінде — "капитан". Онын "қызметі де бірде — "Ллаш полкінің командирі", екінші кұжатта — "Алашорданьмі әскери бөлімшесінің жетекшісі деп көрсетілген. ‘"Сибирская р е ч ь", 1918. 19 июля. 3 С о н д а, 115, 116, 117, 118 б. 187


көрссту жөнінде келіссөздер жүргізді. Комуч псн Уақытша Сібір үкімсті Адашорданың қарулы күштсрін жасақтауына кару-жарақпсн, киім-ксшекпен жане инструктор-офмцерлермен көмек беругс дайын екендігін білдірді. Алашорданың батыс бөлімшесінің жетекшілсрі Жаһанша жане Халел Досмүхамбетовтар Самарадагы Комуч үкімстінің есебінсн 600 винтовка мен бір пулемет алды және көп кешікпей ортақ жауға (совет өкіметіне) қарсы бірлссіп күрес жүргізу үшін 2000 адамнан түратын казак, жасақтарын күруға уәде берді. Алашорданың Торғай бөлімшесі 300 мылтық пен 20 мың патронға ие болды. Орынбор казак әскерлерінің атаманы Дутовтын тікелей көмегімен Костанай және Ырғыз уездерінде екі атты полкты жасақтау жүзеге асырылды. 1918 жылы тамыздың 12-сінде Алашорданың әскери бөлімінің бастығы Х.Токтамышев Уакытша Сібір үкіметінің соғыс министрінің атына жазған хатында Семей қаласында құрамында 750 жауынгер мен 38 офицер бар алаш полкінің қүрылғандығын баяндай келіп, Зайсанда қазак милициясының 200 адамнан, Павлодарда — 150, Қарқаралыда 250 және Өскеменде 250 адамнан тұратын әскери қүрамалар жасакталғандығын хабарлап, бірақ оларға кажетті қару-жарақ пен киім-кешектің жоқ екендігін, ақша тапшылығы орын алып отырғандығын мәлімдеді. Сонымен бірге Х.Тоқтамышев ақ гвардияшылардың көмегімен жасакталған алаштың әскери күрамаларының Қызыл Армияға қарсы соғысқа тікелей кіріскендігі туралы жазды' Әлихан Бөкейхановтың 1919 жылғы акпанның 11-інде Колчак үкіметінің ресми делегациясымен жүргізген келіссөздерінде келтірілген мәліметтер бойынша сол кезде азамат соғысы майдандарында Қызыл Армияға қарсы күреске қатынасқан Алаш қарулы күштерінің саны үш мың жауынгерден сәл ғана асқаныц* көреміз. Осы келіссоздердің барысында Алашорда делегациясының басшысы Ә.Бөкейханов (оның қүрамында Ә.Бөкейхановпен бірге А.Түрлыбаев және У.Танашев болды) Уақытша Сібір үкіметінің Ішкі істер министрлігінің өкілі В.Малаховтың: "милицияны калай түсінуге болады? — деген сұрағына "милиция — біздің әскеріміз. Ол казір іс жүзінде бар: 700 жігітіміз Жетісу майданында, 540 адам Троицк түбінде, 2000 адам Орал облысында соғыс әрекеттеріне қатынасуда", — деп жауап берді2 Қ арақы з: Томск облыстык архипі, қ-72, оп-І, іс-5, 1-парак. КР Үлттық кауіпсіздік комитетінің архииі, іс-124, I т, 109, 114-иарак. *А л а ш О р д а. сборник документои.. 142-6. 188


Ә.Бөкейханов келтіргсн осы мәліметтсрге Алашорданың батыс бөлімшесі ұйымдастырған әсксри құрамаларды қоссақ, "халықтық милиция" атты Алаш автономиясының әскерлерінің қатарында бес мыңға жстер-жетпес кана адам болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтанда нашар қаруланған, соғыс жүргізу тәжірибесі жок. олар Казақстандағы азамат соғысының барысына шешуші түрде ықпал ете алған жоқ. Бүл жөнінде Алашорда үкіметі мүшесінің 1918 жылғы қараша айында жарияланған төмендегі мәлімдемесін келтіргеннің артығы жоқ (газетте мәлімдеме авторының аты-жөні айтылмаған): "Большевиктік-герман езгісінен қүтылу үшін жүргізіліп жатқан ортак, күреске біздің қатынасуымызға байланысты мәселеге келетін болсақ, ол ойдағыдай емес. Біз қүрылған әскери бөлімдер үшін қажет қару-жаракты көптеген себептерге байланысты дер кезінде ала алмадық. Қазіргі кезде қарудың біздерден баскаларға жетпей жатқандығын түсінеміз"1 Жоғарыда сөз болған Алашорданы тарату және оның орнына қазақ істерін басқару үшін бас өкіл Ә.Бөкейханов басқарған арнаулы орган қүру туралы Директорияның қаулысынан кейін ұлттық-мемлекеттік қүрылыс ісі тоқтап қалды. Алдағы саяси оқиғалардың барысы большевиктердің орнына келген россиялық өкімет жүйелерінің Алашордаға теріс қарауы ел билігіндегі оңшыл элементтердің біртүтас мемлекеті ыдырау қаупінен қалай болса да қорғап қалу жоспарынан туындағанын көрсетті. Осындай оңшыл саяси күштер алдында Директорияның төңірегінде көп шоғырланса, кейін олардың өкілдері А.Колчак басқарған үкімет құрамында да аз болған жоқ. Россия билеушілерінің Алашордаға байланысты ұстаган бұл саясаты Қазақстанды іс жүзінде Совет өкіметіне қарсы жүргізілген белсенді күрестен ығыстырып тастады, өйткені осы саясаттың нәтижесінде қазак. халқының басым көпшілігі совет өкіметі құлатылған жағдайда өзінің ұлттык мемлекетіне ие болам деген үмітінен, үлттық негіздегі күрес стимулынан айырылды. Өзін Россияның жоғарғы билеушісі деп жариялаған адмирал Колчак өкімет басына келгеннен соң үш күн өткенде жарияланған мына қүжаттан оның Алашордаға байланысты көзқарасын анық көруге болады: "Рабочий лень', 1918. 6 ноября. 189


"Семей облысында мемлексттік тәртіп псп қоеамдық тыныштықты с а к; may туралы Далалык, Екінші Сібір корпусы комсшдирі өкілінің бүйрыгы. 20 қараша 1918 ж. № 14 Семей қаласы. Семей қаласының өзеннің ареы бетіндегі бөлігіпде (Заречная елабодка-авт.) Алаш атанеан қаланы өзін өзі басқару әлі де қызмет етуде. Совет өкімсті кезіндс қүрылган және қазіргі үкімет мойындамагап Алаш басқармасы таратылсын, оның ісқсиаздары Семей қалалык, басқармасына берілсін. Заречная слабодка бүрынеысынша Семей қаласьтың қүрамдас бөлігі болып саналсын ... Осы бүйрықты жүзеге асыру милицияның төртінші бөлімшсеінің бастыеы Пионтовичке жүктелсін. ... Полковник Караев Алашорда мен Колчак үкіметі арақатынасы осындай болып жатқанда майдандардағы оқиғалардың арасалмағы қызылдар жағына қарай ауысты. Ақ гвардияшылардың ең куатты күші — Колчак армиясы қайта құру, резервтерді майдан шебіне жақындату сияқты жұмыстармен айналысып, дер кезінде Орынбор мен Орал казачествосына көмек көрсете алмады. Осының нәтижесінде қызыл армия бөлімдері осы екі казак әскерлерінің әкімшілік орталықтарын ақтардан босатып, Орынбор-Ташкент темір жолының ең бойында өз бақылауларын орнатты, Орал казакчествосын Орынбор мен Сібірден бөліп тастап, советтердің Түркістан мен Жетісуда өз ықпалын күшейтуіне мүмкіндік туғызды. Москвадағы совет басшылығы Азамат соғысының алғашқы жылының қорытындыларын шығара келіп, совет өкіметін ұлт аймақтарында нығайтудың тиімді жолдарының бірі — ұлттық-мемлекеттік қүрылысты тереңдету қажет деп санады. Бұл бағытта советтік негіздегі Татарстанның, Башқұртстанның және Қазақстанның автономиялық мемлекеттігін тез арада құру большевиктердің ұлт саясаты саласындағы маңызды міндеттерінің бірі деп анықталды. Бүл бағыт большевиктер партиясының VIIIсъезінде (наурыз 1919 ж.) бекітілді. Большевиктер іс жүзінде ақтардың қолынан инициативаны өз қолына алды: олар Алаштың ақтар қозғалысынан көңілі түңілген '"Свободная реч ь", 1918. 23 (10) ноября. 190


және совет басшылығымен жалғасуға ұмтылған топтарымен РСФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының қазақ бөлімі арқылы байланыс орнатуға кірісті. Ең алдымен мұндай байланысқа Алашорданың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынов басқарған тобы барды. 1919 жылдың наурыз айында Шалқар станциясында советтік комиссар Әліби Жангелдинмен кездескеннен кейін Ахмет Байтұрсынов Москваға барды және онда ¥лт істері жөніндегі халық комиссариатының Қазақ бөліміне енгізілді. Осындай жағдайда А.Колчак төңірегіндегі кейбір дұрыс пиғылды адамдар Қазақ автономиясы мәселесіне қайта оралу әрекеттерін жасап көрді. 1919 жылғы ақпан айының басында ведомствоаралық комиссия құрылып, ол өз жұмысын кейбір үзілістермен сол жылғы мамырға дейін жалғастырды. Комиссияның қүрамына енгендер: A. Колчак үкіметінің Ішкі істер министрінің жолдасы (орынбасары-авт.) П. Коропа чанский, сол министрліктің өкілі В.Малахов, Ішкі істер министрлігінің заң кеңесшісі B. Петропавловский, Ақмола облысының басқарушысы C. Рязанов, бас штабтың өкілі, подполковник Оберткин, Сыртқы істер министрлігінен Эльтеков, генерал-майор В.Попов, Әділет министрлігінен Плетнев, Қаржы министрлігінен А.Астахов, Көші-қон басқармасының бастығы А.Кордо, Омбы округтік сотының мүшесі И.Петржкевич болды. Осы комиссиямен Алашорданың қүрамында Ә.Бөкейханов, У.Танашев және А.Түрлыбаев бар делегациясы келіссөздер жүргізді. Комиссия төрағасы П.Коропачанскийдің мәлімдемесінде оның комиссияның Бүкілроссиялық қүрылтай жиналысы қазақ халқының тағдырын түбегейлі шешуі үшін атқарылатын жұмыстардың алдын ала бағыттарын анықтау үшін құрылғаны айтылды. Содан кейін П.Коропочанскийдің өтініші бойынша Ә.Бөкейханов талқылануға тиісті мәселенің тарихын баяндап берді. Ә.Бөкейханов 1917 жылдың өң бойында уездер мен облыстар деңгейінде (уездік және облыстық қазақ съездерінде) қазақ халқы өз өкілдері арқылы қазақ автономиясын қүру туралы үкім шығарғанын баса айтты. "Орынборда 1917 жылғы шілденің 20-26-ында болған Бүкілқазақтық съезде қазақ халқынан Бүкілроссиялық қүрылтай жиналысына кандидаттар белгіленді, — деді одан әрі Ә.Бөкейханов. — Кандидаттар Қүрылтай жиналысында қазақ-кырғыз халқыньгң қолын ұлттық-территориялық автономияға жеткізу 191


жөнінде аманпт алды. Алаш автономистсрінің партияеы барлык облыстар бойынша өз тізімін өткізді (43 адам). Сол кезде Россиядағы окигалар күтпегсн жаққа бет алды: Кұрылтай жиналысы белгісіз уақытқа кейін калдырылды. Елдсгі билікті большевиктер тартып алды. Елде анархия басталатыны белгілі болды. Большевизм дәуірінде 1917 жылы желтоқсанның 5-і мен 13-і аралыгында Орынбор қаласында екінші Бүкілқазақтык. съез шакырылды. Съезде Күрылтай жиналысының рұқсатын күтпей-ақ казак халкының ұлттык-территориялык автономиясын жүзегс асыру туралы шешім қабылданды. Съезд шешімі казактар мекендеген тсрриторияда анархиями болдырмау, слдс большевизмнің өріс алу мүмкіндігіне тоскауыл қою ниетінен туындаған болатын. Съезде үкімет сайланды. Сол кездегі Россия жағдайында қырғыз (казак-авт.) автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандыктың жауы-большевизммен күрес түрған болатын. Алашорда үкіметі құпия түрде Сібір территориясындағы социалист-революционерлер партиясының жасырын ұйымдарымен байланыс жасап, олармен бірге большевизмге қарсы күресті. 1918 жылғы маусымда большевизм Сібірде құлады, Уакытша сібір үкіметі кұрылды, одан соң, Уфа мәжілісінде директория ұйымдасты. Уфа мәжілісінде болған А^іашорда өкілдері директорияның жеке облыстық үкімсттердін таратылуы туралы талап-бұйрығына бағынды... 1918 жылғы қазанның 22/4-індегі бұйрықтан кейін келешекте не боларын білмегендіктен біз ешбір әрекетсіз отырмыз. Енді сіздердің шақыруыңызбен біз бауырлар ретінде келіп отырмыз. Қырғыз (қазақ-авт.) халкында сеператистік пиғыл жок., оның Россиядан бөлінгісі келмейді. Біз — батысшылдармыз. Біз халықты мадениетке жеткізу талпынысымызда шығысқа, Монголияға, қарамаймыз, онда мәдениет жоқ екенін білеміз. Біздің назарымыз батысқа бағытталған, біз мәдениетті содан алуымызға болады. Россия арқылы, орыстар арқылы. Біз бұл жерге бір ғана ниетпен — мемлекет Күрылтай немесе үлттык жиналыска жетуі үшін тәртіп орнату ниетімен келдік"1 Кысқаша пікір алысу мен Алашорда өкілдерінің комиссия мүшелерінің сүрактарына жауап алынғаннан соң 'ллаиі Орла сборник документов, с. 138-139 192


айтылған сөз сол жерде қалып, ешбір нақтылы шешім алынбады. Ведомствоаралық комиссия тек қана "Алашорда мәселесін ары қарай зерттеу қажет" деген жалпылама корытынды жасады. 1919 жылдың көктемінде Алашорда жетекшілері жағдайының қиындап, күрделеніп кетуінің өзіндік себептері бар еді. Колчак режимі іс жүзінде монархия көксеушілердің диктату расы болатын. Ол 1918 жылғы қарашада үкімет басына келісімен Сібір мен солтүстік Қазақстанда совет өкіметін құлатуда көрнекті роль атқарған эсерлерге қарсы қуғын-сүргін ұйымдастырды. Колчакшылар бүрынғы Омбы облысының комиссары П.Дерберді, түземдік істер жөніндегі министр Б.Шатиловты, т.б. эсер партиясының жергілікті белсенділерін тұтқындады. 1919 жылы наурызда Семейдегі азаматтық істер жөніндегі қазақ сотының төрағасы Жақып Ақбаев пен "Сарыарқа" газетінің редакторы Имам Әлімбеков камауға алынды. Алаш қозғалысының белгілі мүшелері болған бұларға большевизмді жақтаушылар деген жала жабылды. И.Әлімбековке сонымен катар заңсыз қару-жарак сақтады, жасырын эсерлер ұйымымен байланыста болды, үкіметке (Колчак үкіметіне) карсы листовкалар таратты деген айып тағылды. Осыдан сәл бұрын жергілікті кадеттердің оңшыл тобының органы Семейде шығып тұрған "Свободная речь" газеті Алашорданың жетекшісі Ә.Бөкейхановты Колчак үкіметі алдында жаманатты етуге әрекет жасаған болатын: "Біз сұлтан Бөкейханов қырғыз (қазақ-авт.) өлкесін басқаратын басты өкіл болады екен дегенді естідік... Бөкейханов бүкіл қырғыз (қазақ-авт.) халқының еркін білдірмейді, ол бар болғаны қырғыз (қазақ) интеллигенциясының жеке бір тобының мүддесін жақтайтын басшы. Сондықтан да Бөкейханов мырзаны қырғыз халқын басқаратын өкіл етіп тағайындау отардың тағдырын көкжал қасқырға тапсырумен бірдей болмай ма?"1 Алаш пен Алашордаға қарсы бағытталған осы әрекеттердің бәрі Семей мен Семей облысында орын алды. Оның да өз сыры бар еді. Өйткені, осы өңірде екінші далалық корпустың штабы мен бөлімшелері, атышулы атаман Б.Анненковтың жеке армилсының ставкасы мен командатурасы орналаскан болатын. Осындай ' "С в о б одна я р е ч ь", 1919к 27 января (9 февраля). 7 - 4 193


жагдайда Алашорда мен онын ж етекш ілерін ж ам андау науқанын ұйымдастыру, ақтар қарулы күш тері басш ы ларының қазақтың ұлттық қозғалысы өкілдерімен ымыраға келіп, жақындасу ниеттерінің жоқ екенінің белгісі еді. Ә.Бөкейхановтың жақын серіктері — Алаш пен оның белгілі қайраткерлеріне қарсы Сібір баспасөзінеде ұйымдастырылған жалақорлық науқан көп кешікпей өз нәтижесін берді: "Сарыарқа" газетінің редакторы ретінде үлттык, бостандық идеясын насихаттаған Имам Әлімбековтың тұтқындалды және Петропавл қаласында шығып түрған казак, жастарының үні — "Жас азамат" жабылды' Өздерінің саяси-қоғамдық қызметін халыққа қажет еңбек деп түсінген Алаштың жекелеген қайраткерлері мен белсенділері жергілікті және сібірлік өкімет органдарына шағымданып, өздеріне қарсы үйымдастырылған қуғын-сүргінді тоқтатуын талап етті және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің большевизммен ешкашан ымыраға бармайтын саяси күштер екендігін және совет өкіметімен саналы түрде күрес жүргізгендіктерін мәлімдеді. 1919 жылы суәрдің 14-інде Семей облыстық земство басқармасының төрағасы Р.Мәрсеков, оның орынбасары Х.Ғаббасов және облыстық земство басқармасьшың мүшесі Ә.Сәтбаев Семей облысының басқарушысының атына арнайы хат жолдап, онда И.Әлімбековке Алаш ісіне шын берілген, большевизммен белсенді күресуші деген мінездеме беріп, оны түтқыннан босатуды өтінген. Осыған мазмүндас хаттар мен қарсылықтар Петропавл, Павлодар, Қарқаралы уездерініц басшыларынын аттарына да жолданды. Алаш жетекшілері Колчак үкіметінің жергілікті органдары тұтқындаған, ал 1919 жылғы 7 шілдеде әскери дала соты ату жазасына кескен Жақып Ақбаевты өлімнен алып қалуға көп күш жүмсады1 2 Ак гаардияшыл қозғалыстың басшылығы тарапынан ең алдымен оның негізгі күшінін басшысы Колчак тарапынан Алашордаға сенімсіздяс білдіру, тіпті кейде оған жау ретінде кара у Алаш көсемдері тарапынан өз одақтастары деп санаған күштерге байланысты тек кана түңілу сезімін тугызып койған жок, сонымен катар 1 Семей облыстык мемлекеттік архив). Кор. 147. On. 9. Іс. 27-naрак; "Сибирская реч ь”, 1919. 18 (5) февраля. 2 Алаш-Орда, сб. документов .... С.154-157; ҚР Мемлексттік қауіпсіядік комитетінін архиві. Іс. 6610, I т. 437-иарак. 194


қаэақ халқының өзін-өзі билеу мәселесін шешудің жаңа әдістері мен жолдарын іздеуге оларды мәжбүр етті. 3. СОВЕТТЕРМЕН ЖАҢА ЫМЫРАҒА КЕЛУ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ АЛАШОРДАНЫ ТАРАТУ Азамат соғысының қатал тәжірибесі халықтардың өзін-өзі билеу құқығын советке қарсы күрескен ақтар үкіметтерінің қолдарынан ала алмайтынына көптеген ұлттык, қозғалыстардың жетекшілерінің көзін жеткізді. Мұндай қорытындыны бірінші болып татардың ұлттық қозғалысының көсемдері жасады. Олардың өкілдерінің бірі 1918 жылғы күздің өзінде Россиялық буржуазияның жетекші партиясы — кадеттерге сенімдерінің жойылғандығын баса айтты: "Ащы тәжірибе кадеттердің ұлттарға (Россияны мекендеген орыс емес үлттарга — авт.) еш нәрсені бермейтіні былай тұрсын, тіпті олар езілген ұлттардың әділетке сай құқықтарға ... ие болуына қарсы шығатындарын көрсетті' Татарлардан соң ақтарға деген сенімді башқұрттар да жоғалта бастады. 1919 жылдың басында Зәки Валиди басқарған башқұрттың атты әскер корпусының бөлімдері совет өкіметі жағына шықты. Заки Валидидің бұл қадамы колчакшылардың Директорияны ыдыратып, ұлттық үкіметтерді (олардың қатарында Алашорданы да) таратуынан кейін жасалды. Заки Валиди Россияны мекендеген мұсылман халықтарынан шыққан ірі түлға еді. Ол 1917 жылға дейін-ақ IV Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясы бюросының қызметіне белсене араласқан. Заки Валиди қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көптеген белсенділерімен жақсы таныс болған2 Совет өкіметі Заки Валидидің большевиктер жағына шьщуын қуана қарсы алды. РСФСР ұлт істері жөніндегі коетиссариатының органы "Жизнь национальностей" газеті "Башқұрттар арасындағы өзгеріс" ("Перелом среди башкир") деген мақаласында былай деп жазды: "Орынбор. 2 науырыз. Заки Валидов (белгілі баіиқүрт қайраткері, 'Рабочий день. 1918. 14 сентября. 'Тун ж е р Б а й к а р а . Ахмед Здқи Валиди Тугаи, 1890- 1990. Материалы к изучению жизни и творчества, Уфа. 199и, с. 6-7, 195


Уфа )кіметімеп бірге советтерге қарсы шайқасқан). совет өкіметін мойындады және Дутовка қарсы күресуде, бүл туралы ол өзімен байланыста болган Әлихан Бөкейхановка (Аптеке) айтқан. Валидов осы жолга Бөкейханов та түседі деп санайды"1 Советтік ресми газеттің бүл жазғандарына сенуге болады. Тіпті Әлихан Бөкейханов Заки Валидидің Совет өкіметі жагына шығуы туралы хабарды алысымен оны өзінің жакын ссріктерімен талкылады деп жорамалдауға болады. Мүны Алашорданың Торғайлык тобының белсенді мүшесі Сә-пімгер^й Клраіл^уомаяң 1929 жылы шілденің 2-сінде ОГПУ тергеушісіне берген жауабындагы деректер растайды. Актар шегініп жаткан кезде, — дейді С.Қаратлеуов өз жауабында, — Кәрім Токтабаев келіп Совет өкіметі жағына өту мүмкіндігін ойластыруды әңгімеледі. Бүл 1918 жылдын желтоксанында болған еді. Түнде мені Байтұрсынов өзіне шйқырып, Совет өкіметі жағына шығу туралы үсыныс вяр екенін айтты және осы қиын істі жүзеге асыру мүмкіндігі туралы менін пікірімді сүрады. Бұл кезде генерал Дашков пен баскалар (Тореай полкінің әскери иүсқаушыяары — авт.) бізбен бірге еді. Мен совет жагына шығу туралы пікірді қолдадым және оны дереу ... жүзеге асырмак болдык. Қызылдардың комиссары Жангелдинге карсы шыкпауға келістік. Содан кейін генерал Дашковты тұткындау жөнінде шешім кабылдадық. Маған тапсырылған бұл міндетті мен сол түні орындадым. Совет жагына шыгу туралы шешімді қабылдауға Есболов пен Дулатов қатынасқан жоқ. Егер де Колчактың орнында Қүрылтай жиналысы болса, мүндай шешім қабылданбас еді. Алашорда қмзылдар мен ақтардың қыспағында калган жағдайда кызылдардың жағына шығу біздерге тиімдірек болды. Дәл осы кезде қызылдар жағына шығу жүзеге аскан жок, дегенмендс Дашковты түтқындау және Жангелдиннің жасагына қарсы шабуылды тоқтату кызылдар жагына шығуды дайындаудын нактылы әрекеттері болды"* 2 Мүндай шешімге келуді тездетуге Колчактын Ала- "Ж изнь н а ц и о н а л і. н о с т е й". 1919, 9 марта. Макалаға газет редакциисы берген ескертпеде былай дслінпеи: "Бөкейханов бірінші Думаныц депутаты.. Кадеттер партиясыныц бурынгы мүиіесі, Дербер баскарған Омбы үкіметінпі бүрынгы Сырткы істер Миннстрі". 2 КР Үлттык кауіпсіздік Комитетініи архиоі., іс 124. 3 т., 82-парак. 196


шорданы тарату және Алаш жасақтарын Қазақстанның солтүстігінде қызылдарға қарсы соғысқа тікелей қатынастыру жөніндегі бүйрықтары тікелей эсер етті. "Орынбор мен Орск соғыс аренасына айналғаннан соң, — деп мәлімдеді Міржакып Дулатов өзінің 1929 жылы карашанын 30-да ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында, — біз (яепи Алашорданың Торгай бөлімшесі мен ол үйымдастырган қарулы жасақ — авт.) Қостанай уезінің Денисовка селосына келіп, сонда өз адамдарымызды үйретуді (согыс өнеріне — авт.) жалғастырдық. Алашорданы тарату туралы хабар алысымен Торгай уезіне ауыстық. Осы кезде казак әскери штабынан Орынборға қайту жөнінде бүйрық алдық. Біз оған көнбедік, ал біздің отрядтың командирлері (орыс офщерлері — авт.) жігіттерді Орынборға баруға үгіттеді ... Біз офицерлерді алғашында тұтқындап, кейін олардың Орынборға кетуіне мүмкіндік бердік. Сол кезде Торғайда болған Ә.Жангелдин біздің Орынбор казактарымен дау-жанжалда болғанымызды біліп, біздерді келіссөзге шакыртып өз өкілін жіберді"1 Калай дегенде де Алашорда бір жағынан Сібір үкіметінің П.Коропачанский оасқарған комиссиясымен келіссөздер жүргізе отырып, екінші жагынан Совет өкіметімен өз байланыстарын қалпына келтіру камына кіріскенін байқау қиын емес. Совет .өкіметімен байланысты жандандыру бүл жолы бүкіл Алашорда атынан емес, оның Ахмет Байтүрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. Сондықтан да Ахмет Байтүрсынов алдымен Ә.Жангелдинмен келіссөздер жүргізіп, одан кейін келіңссөздерді Москваға барып Сталинмен жалғастырды. Советтермен жакындасу әрекетінің шын көңілден шыққан шешімнің нәтижесі екендігін дэлелдеу үшін 1919 жылғы көктемнің басында Алаштың 4-ші (Торғайлық) полкі Торғай қаласына, Совет өкіметіне шын берілген Амангедді Иманов әскери комиссар болып тұрған уезд орталығына келді. Екі жақтың алдын ала келісіміне сәйкес полк жауынгерлері ант бергеннен кейін олар қызыл армия қатарына қабылданды, оның командалық құрамы өз қызметтерін сактап калды. Полкпен бірге Торғай каласына Ә.Бөкейхановтың ерекше сенімді серігі ретінде Алашорда жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатов келді. Алайда 1919 жылғы сәуірдің бас кезінде майдаңдағы жағдай күрт өзгерді. Бұл жолғы өзгеріс ақтарға пайдалы болды. А.Колчак басқарған әскерлер, ал одан кейін Орал ак казактарының бөлімшелері шабуылға шығып, 1 ҚР Үлттык кауіпсіздік комитетінің архиві., іс. 124. 6 т., 20-парақ. 197


Қызыл армия бөлімдерін ығыстыра отырып Еділге жақындады. Ақтар Орынборды қоршауға алып, Ақтөбені басып алды. Осының нәтижесінде Торғай қызылдардың негізгі күштсрінен бөлініп қалды. Колчак билігіне карсы багытталған Қостанай көтерілісі дс сәтсіздікке ұшырады. Торғайдағы 4-ші Алаш полкіне екінің бірін тандау ксрек болды: не ол қызылдармен бірге алыстағы Арал тсңізі бағытында жол тартуы, немесе ақтарға қайтадан оралып, Кызыл армия қатарында болғанын "амалсыздан жасалған тактикалык, тәсіл" деп түсіндіруі керек еді. Алашордашылар ақтарға қайтадан оралуды тандап алды. Бұл тандау қасіретсіз болған жоқ: Амангелді Иманов пен онын адамдарының біразы апат болды. 1919 жылы сәуірдің 23-де Торғайға таяу жерде Алашорданың 4-ші полкі Қостанайдан шегініп Амангелдіге қосылу үшін келе жатқан Қостанай уездік Советінің төрағасы Лаврентий Таран басқарган қызыл көтерілісшілер жасағьш қарусыздандырды. Л.Таран ақтардың әскери бөлімшесінің командирі "штабс-капитан Тащеевтің, қарауьша берілді, Торғайға жеткізілген ол ссш жерде атылды"1 Торғайдағы осы Амангелді Иманов пен Лаврентий Таранный өліміне байланысты оқиғалар көптеген жылдар бойы Алашорданың тікелей арандатушылығынан болды, оның басты ұйымдастырушысы Міржақып Дулатов еді деп жазылып та, айтылып та жүрді* 2 М.Дулатов жөніндегі бұл пікір ешбір сенімді құжатқа сүйенбей айтылды. Осы оқиғалар жөнінде Міржақыптың өз сөзін куәлікке тартуды жөн көрдік. М.Дулатов 1929 жылы қаңтардың І-інде ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында Алашорданың Торғайлық тобы мен 4- ші Алаш полкінің Торғай қаласына кандай жағдайда келгенін және одан кейінгі оқиғалардың калай өрістегенін былай деп баяндайды: "... казактар өкіметімен байланысты үзген біздер Торғай уезіне келіл ондағы «Совет өкіметі өкілдеріменен келіссөздер бастадық. Келіссөздер жүргізу үшін Торғайға Байтүрсынов, мен және басқалар келді. Нәтижесінде біздер Совет өкіметі жағына уақытша шыгатын болдық та, мәселені түбегейлі шешу үшін сол күннің ертеңінде Байтүрсынов Москваға жүріп кетті. Біз Торғай қаласына кіріп, өз күштерімізді жергілікті Қызыл армия жасагына костык* ал жергілікті Совдеп қүрамына бізден біраз адамдар ' "Куста майский лист ок", 1919, 20 мая. 2 Караңыз: История Казахской ССР. С древнейших премен до наших дней, Л., 1943. с. 458; Казак. ССР тарихы, том II. Социализм дәуірі. Алматы. 1961; Казахстан Коммунистік партиясы тарихмнын очерк!. А., 1963, 169 б; Батырдың биік түлгасы, А., 1986. 80-81 б. 198


енгізілді. Бұл 1919 жылғы көктем басында болып еді ... Бір күні тікелей сым арқылы Шалкардағы Кызыл армия штабынан Торғайдағы біріккен отрядтың 24 сағаттың ішінде Шалкарға жетуі жөнінде бұйрык келді. Ол кез қар катты еріп, жолдың бұзылған уакыты еді. Мұндай жағдайда әскери керуен (обоз) тұрмақ жеке салт аттының жүруі мүмкін емес еді. Иманов шұғыл мәжіліс шақырып, онда жоғарьща айтылған себептерге байланысты дәл сол кезде Шалқарға жету мүмкін еместігін штабка хабарлайтын болып келісті... Бірнеше күннен кейін біз келісілген шешімді Шалкарға хабарлаудың орнына А.Имановтың штабтың бұйрығын орындауға Алашорда кедергі жасап отыр деген жалған сөздер айтқанын білдік. Имановтың осы арандатуынан кейін Шалқарда, Актөбеде Алашорданың торғайлық ұйымы Совет өкіметі жағына шықпак, болған уәдеден бас тартты деген пікір қалыптасты. ...Осыдан кейін бізге деген сенімсіздік пен жаулық көзқарас күшейді... Біз ыңғайсыз жағдайда қалдық: ақтармен байланысты үзген біздер енді қызылдардың негізсіз сенімсіздігіне тап болдық. Бірде Иманов бізді тұтқьгндайды екен, оның пәтерінде Костанай жақтан келе жатқан отрядтьщ барлаушысы жасырьшуда екен деген хабар алдық. Сол күні Имановты және оның үйіндегі бейтаныс адамды түтқындадық та отрядымыздың бір бөлігімен Торғайға келе жатқан қызылдарға қарсы шықтық. Қауесет расталды: Торғайға Таранның партизан отряды жақын келіп қалған екен, ал Имановтың үйінде түтқындалған адам Таранның өзі болып шықты. Біз қызылдар отрядын қарусыздандырып, адамдарын таратып жібердік. Келесі күні кешкісін Торғайға қайтып келгесін қарбалас сәтте осында қалған жасақтың бір бөлігі Иманов пен Таранды өлтіргенін білдік... Осыдан үш-төрт күн өткеннен кейін Торғайға... Могилев басқарған казак полкі келді. Могилев біздің күш пен мүліктерді өзіне қосып алды; біз қандай бір болсын әрекет жасауға дәрменсіз болдык..,. Енді біз осы полк пен халық арасын... байланыстырушы ролін ғана атқардык,1" Қалай болғанда да Амангелді Иманов апат болды. КР Үлттык кауіпсіздік комитетініц архиві, іс. !24, I т. 103, 104, 105; . Сол жылғы 3 иантарда ОГПУ тергеушісіне берген жауабында М.Дулатов: "...мен Совет өкіметіне карсы иолыма кару алып күрескенімді жасырмаймын”, — дей келіп, өз ойын ары карай былай жалғастырады: "Иманов пен Таранның апат болулары үшін мен моральдык жауапкершіліктен кете алмайтын. Біздің отряд екіге бөлінді. Соның бірімен мен Торғайдан кеттім, біз кайтіп оралғанда (Торғайғаавт.) олар тірілердің катарында жок еді. Торғайда' калған отрядтың бөһігін Қасымов баскарды... ’ (ҚР Үлттык кауіпсіздік комитетініЯ архиві, іс 124, 1 т, 109-парак) 199


Click to View FlipBook Version