The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:39:39

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Абыздар биігі

таң-тамаша қалып, ой соқты боп опынады. Бәрі жым-жылас.
Қайысып, мына байтақ өңірдің шалқарына сыймай отыратын
ұлан ел-жұрты, бүтін тірі жаны тігерге тұяқ қалдырмай, құрдымға
сіңіп кеткен...

Тақуа үстіндегі қабаттап бөзден тігілген ақ шекпенін жайып тас-
тап, майда меруерттей сусыған қызыл құмға салалы алақанын
жая «дембе-дембе, дембе екен, дембе судан кем бе екен» деп,
дәрет алу тәртібін жасады. Сол рәсімін аяқтап, бесін намазына
жығылған ол қыбыр етпей, басқа жаққа мойын бұрмаған, ұйыған
қалпы ешбір мүлтіксіз намаз шартын орындап, қоржынындағы
дұғалық кітабын алып, бірсыпыра үңілді.

Күн кеш тарта бойын тіктеп орнынан қозғалған ол өзінің ба-
лалық шағы өткен Бетбақ шөлінің етегін басып жатқан Барша
құмының еңсесі көтеріңкі бір шағылының үстінде отырғанын біл-
ді. Ойша қиял жүгіртіп, бір шеті Шу өзені Текей, Тасты бойын,
мына жағы Көкшетау баурайы, Атбасар, Қараөткел, Есіл жағасын
жайлап, қыс-қыстайтын туған елін көз алдына елестеткен бол-
ды. «О, құдауанда, бір Алланың өмірімен осынша атырапты ме-
кендеген, мыңғыртып мал өсіріп, үрім-бұтағы қара ормандай жер
қайыстырған ел-жұрттың құйын қуған қаңбақтай жер бетінен жо-
ғалуы несі?! Бір құдайдың құдіретінсіз, жер бетінде апат болмақ
емес қой! Әлде...» Ол одан әрі пенделік ойға барған жоқ. Атына
мініп, күннің батысына қарай беттеп жүріп кетті. «Адам туғаннан
кейін сөзсіз өледі. Адам да көшкен керуен. Ендеше мен де күннің
ш ы ғ ы с ы н а емес, батысына қарай жүруім керек» деп түйді ол.

Мінген аты да жүрісті, белді, қоңы берік жылқы еді. Салдыртып
тік тартып келеді. Әлгіде намаздыгер оқып, атын оттатып бел
босатқан. Намазшам оқыған. Тағы жүріп кетті. Таң қылаң бере
үстіне қалың құрақ, бірер түп жиде, тал өскен бұлақ басына
келіП жетті. Атын отқа жіберіп, асықпай дәрет алып, намазын
оқып, қоржынындағы азын-аулақ ауқатын алдына ала бергені
сол, асыр-тасыр шапқан ат тұяғының дүбірі естілді. Сөйткенше
болған жоқ, көк мылтық, қылыш асынған топ мұны қоршалай кеп
ат басын ірікті. Бірі бұған мылтық кезеп, бұл түсінбейтін тілде
дауыс көтерді. Аң-таң, не айтып тұрғаны, не талап еткенінен
бейхабар бұл тек орнынан қозғалмай, аңтарылған қалпы қарап
калды. «Алланың не бұйырғанын көрмейді пенде», басында
басқа ой жоқ. Басында сәлдесі, қасында бір беті ашылған кітабы
жатқан тақуаны енді:

- О, дамулла, жауап бергін! Ел қайда? Бұ халық қайда кет-
кен? - деген жіңішке шақылдаған дауыс елең еткізді.

- Нансоғар, не дейсіз? Мен де жолаушымын. - Нансоғар оның

Апбаз Қаражігітов
дағдылы әдет сөзі. - Сол елді таппай, бұл атырапқа сыймай
отыратын халықтың жер жұтқандай, мал-жанымен жоғалғанына
таң-тамаша қалып, бетім ауған жаққа кетіп барамын мен де, -
деді.

Әлгіде мылтығын кезеп, бұған қоқақтап шауып жеткен көк көз,
тықыр қасты сары басқа тілде зілдене сөйлеп бірдеңе деп жатты.

- Біз ақ патшаның әмірін орындаушы отрядпыз. Мына кісі біз-
дің басшы командир, - деген тілмаш татар жігіт қазақ тілінде
жатық сөйлеп, - бізді бастап жүрсін. Елін тапсын дейді командир.
Болмаса осы жерде атып кетеміз деп тұр, - деп түсіндірді.

- Мен де сол елді іздеп келем. Ел жоқ. Қайда кеткенін мен
қайдан білейін. Ал, атам десе, менің тағдырым, ажалым жетіп
тұрса не шара, ата берсін, - деген оған тілмаш:

- О, ғажайып жан, таза мұсылман екенсіз, бірақ бұларға қар-
сы келмеңіз. Бұларда рақым жоқ. Обал, сауап, күнә дегенді біл-
мейді. Әне, сіз бастап жүрсін, елін тапсын деп әмір етті, - деп
аяқтады сөзін.

Сол бір топ көк мылтықты «жазалаушы отряд» атанғандар-
дың қапияда қолына түскен тақуа бірнеше күн азапты жол
шегеді. Олар іздеген ел табыла қоймайды. «Жазалаушы одряд»
командирі мұны сан реттік тұрғызып, оңашалап қарауылға алып,
бірнеше рет басынан асырып, кейде оң жақ, сол жақ қабырға-
сын сөгердей оқпен тілгілеп, мергендігін де сынап қорқытады.
«Не болса бір Алланың әмірімен болады. Ажалым жетсе өлем
де. Ажалсыз пендеге өлім жоқ. Пешенеме жазылғанын көрем
де» деп, бір тәңіріне сыйынған тақуа аузын ашып, не өкініш, не
жалынып жалбарыну білдірмейді. Сонда әбден ыза болып, не
қайғырып, не мұңайып, сыр бермейтін жұмбақ сырлы адамға
таңырқап қараған жазалаушы отряд басшысы:

- Бұ қандай ғажап адам! Не қорқып, не жалынып, еңкейіп
бас имейді. Мұның не қарсылығын көрмейміз. Сәл қолы боса-
са күннің батысына қарап жығылып-тұрып жатқаны. Бұл нет-
кен жан? - деп сұрайды тілмаштан. Тілмаш татар жігіті де тақуа
жанның мінез-қарекетіне, мұсылмандығына кәміл тәнті бол-
ғандығын танытып, бастығына:

- Бұл діни адам екен. Молла. Дүниеде нендей құбылыс бол-
са, бір құдайдың құдіретімен болады. Рақат та, бейнет те, өмір
де, ажал да, өлім де - бәрі-бәрі жазмыштың ісі. Мені өлтірсең-
дер сол құдайдың әмірімен өлтіресіңдер. Онда ажалым келгені.
Ал азаптасаңдар, сондай бейнетті құдай жазды маған, - дейді
деп түсіндіреді. «Жазалаушы отряд» бастығы басын шайқап:

- Молла болса - болар, бәріне мойынсұнып тұрады. Осыны

Абыздар биігі

босатып жіберіңдер, - деп бұйырыпты. Өзінің босанатынын ес-
тігенде:

- Бәрекелді, бір Алланың рақымы түскен екен маған, - деп
кәлимаға тілін келтіріп, бір дұға оқыпты...

Молланың көз алдынан көшкен елдей болып, сол күндер-
де басынан өткен, өзін азаптаған қиын сөттер тізбектеле берді.
бұл - ел үріккен, бір мың тоғыз жүз он алтыншы жыл патшаның
июнь жарлығы шығып, он тоғыз бен отыз бірдің арасындағы жас
жігіттерді солдаттыққа алады дейтін ұлы дүрбелең кез еді. Сон-
да осы жоғарыдағы байтақ даланы емін-еркін жайлап, көшіп-
қонып өмір сүрген Бағаналы-Балталы елінің дүрк көтеріліп үрке
көшіп, жан сауға, бет ауған жаққа аз күн болса да бой таса жа-
сап, патшаның жазалаушыларының қолына түспес бір амал
жасаған шағы еді ғой. Қазірде сол күндер көз алдымда.

- Иә, - деп іштей ойға шомған дамолла, - апыр-ау, бұ қалай?
Өз кұзырындағы халықты жөн-жосыксыз қинап, бір тарының
қауызына сыйғызған ақ патшаның тақтән қалай тайғанын бұл
үкімет білмей ме? Әлде қарғысқа ұшыраған билеушілердің құ-
дай алдында жауап беретінін, зауал тартатынын түсінбей ме?
Жан иесіне жазықсыз зәбір беру күнә екенін, бұл дүниеде бол-
маса, о дүниеде хақ алдында жауап беретінін, тамұқ отына тү-
сетінін бұлар білмей ме, әлде таза діннен безген, құдай таға-
ланы мойындамайтындар ма?

- Бұнысы несі? Адамды бай, кедей деп дәулетіне қарап жік-
теп, бай табы, кедей табы деп екі топқа бөліп өзара қырқысты-
рып, атыстырып, шабыстырып, ел арасын белсендіге қаптатып
жіберген сұмдығы мынау. Бай болса да, кедей болса да бір
Алланың берген несібесіне ие емес пе?

Ал кеп кәмпеске дегенді шығарып еді. Онысы байдың барын
сыпырып алды да, азын-аулағын кедейлерге бөліп берген болып,
көп байлықтың басым бөлігін, әсіресе мал біткенді көз көрмес
ішкі базарға ма, әлде басқа ма, айдап кетіп жоқ етті. Ел іші аз
жылда қаңырап, мал жарықтық таусылып, күйзеліс басталды.
Бай құрыды. Енді орташаны құрықтаңдар", - деп, оның да
азын-аулақ қара-құрасын қаузап бітірді. "Ойбай, бұл болмайды
екен. Серіктестік құрамыз, бір қазаннан ас ішіп, бір көрпеден
бас шығарамыз" деп тағы ұрандады. Онысы не болды? Алланы
мансұқ еткен, дінсіздік жайлаған елді берекесінен айырып, аш-
тық аранына лақтырып тастады. Қазақ даласын аштан қырыл-
ған адамның өлігі басты. Ғасырлар бойы тіршілігі мал бол-
вн халық малы кеткен соң, ауыл-ауыл боп отырған жерінде
қырылып қалды.

Апбаз Қаражігітов

- О, Пәруәрдігер, өз құдыретіңде бәрі! - Молла басын көтеріп,
өзін зілдей боп басқан сұрапыл ойдан, көз алдынан өткен соңғы
жиырма жыл бойғы апат, зұлмат өзі куә болған кесірлі әлемнен
шошына тұрды. Енді байқады. Өзі отырған биіктің басына осы-
дан аттай жиырма жыл бұрын көк мылтық асынған ақ патша-
ның, сол кездің тілі бойынша, «жазалаушы» отряды қамауынан
өзінің босанып, әбден қалжырап келіп шыққаны есіне оралды.
Иә, сол нансоғарларға халықтың жазығы не? Ол неткен нәубет?
Ал бүгінгі мына замандағы өзім көбіне куә болған сойқандар
ше? - Дамулланың ойын осы жерде өзара дабырласа сөйлес-
кен аттылар бөлді. Бәрі аттарынан аударыла түсіп:

- Ассалаумағалайко-ом! - деп жапырласа сәлемдескендерге:
- Уағалайкомәссалам! - деген молланың ашық дауысынан
шарапат дарығандай, бәрі өте көңілді күй кешкен.
- О, нансоғарлар, мен сіздерді таң намазын оқысымен осы
биіктің басында тосып отырмын. Қане, қандай әңгіме айтпақ
едіңіздер, - деп оларға барлай қарады. Сөзді дауысын жібек-
тей созған, өзінің де аздап ескіше діни сауаты бар, ел ішінде
көптің құрметіне бөленіп «Сақаң» атанып кеткен Мыңқайдың
Сақтағаны бастады.
- Иә, қасиетті моллеке. - Ол бірдеңеден қуыстанғандай,
осы сөзімді әлдебіреу естіп қала ма деген кісіше, жан-жағына
елеңдей қарап алып. - Біз сөйлер аузымызға қарауыл, айтар
ойымызға кісен салған уақытқа тап болдық. Біреуге біреудің
сенімі кетті. Жер көкті «халық жауы» деген қорқынышты үн
кернеп барады. Куні кеше мына Мұқаң және Жақыптың Сүт-
байы - үшеуміз Қарсақбайдан келдік. Одан әрі Атбасар, Қара-
өткел, мына жағы Қарағанды, әрісі Алматы, не керек, сол
атақпен құлақ жетер жерде ұсталып, қамалып жатқандарда
есеп жоқ. Екі адамның басы қосылып, тең сөйлесіп жүре ал-
майды. Бұл не сұмдық? Үлкен ғұламасыз. Бұған не лаж бар?
Құран Кәрімде бұ жайлы ештеңе айтылмаған ба? - Сақаң
шағырлау көзін молладан алмай қадала қалды.
Жаратылысында көп сөйлемейтін, айтар ойын шариғат
заңына бағындырған кең маңдайлы, атжақты мал емен денелі,
өткір қоңыр көзді, бойшаң молла өзін қоршай келіп құмақ төбе-
нің басына жайғасқандарға:
- Нансоғарлар, - деп ойлана іркілді, - мен ешбір кітаптан
ондай сөзді оқыған емеспін. Әрине, тірі адамда күнәкар пен-
делер болуы мүмкін. Бірақ құдай жаратқан жанның халықтың
жауы атануы үшін қаншалық күнәсі болуы керек? Халықтың
жауы деген айыпты сонда қандай күнәсі үшін тағуға болады?

Абыздар биігі
Және оны кім дәлелдеп, халық алдында түсіндіре алады? Кімнің
қанша күнәсі барын бір құдайдан басқа кім біледі?

- Иә, моллеке, ондай жаман атақты дәлелдеу үшін ол адам-
ды абақтыға қамап тергейді. Әлгі Мүңкір-Нәңкірдің көр ішінде
күнәкәр пендеден жауап алғаны тәрізді, - деп сөзге Қараның
Бактыбайы араласты. «Халық бұта түбіне тығылған торғайдай
болды» деп әр сөзін қазықтай қағып, мәнін аша сөйледі ол.
Оның сөзін үнсіз тосып, уақыттың сұрапылынан бойым да, ойым
да шошынған мен:

- Әрине, абақтыға жабылғандарды біреумен тілдестіру, жа-
қын туыс-туғанына жолықтыру, не үшін отырғанын айту деген
жоқ көрінеді. Ол тозаққа түскендер енді қайтып, бостандық көр-
мек емес тәрізді, - деп жалғадым.

- Егер ойлап қарасақ, сол тамұқ төңірегінде жұмыс істейтін-
дер сөзіне сенсек, жауаптағылар көретін зорлық, зомбылық тірі
пенденің ақылына сыймайтын сұмдық. Күні-түні тік тұрғызып,
ұйқы бермей, суық, не шектен асқан ыстыққа қамап, тырнағының
көбесіне, үрпіне ине тығып, болмаған қылмысты болды, айтыл-
маған сөзді айтылды, жасалмаған қылмысты жасалды, немесе
біреуге қасақана бәле жауып жалған кінәлі ету сияқты озбырлық
көрсетіледі екен, - деп естігенін жеткізді Жақыптың Сүтбайы.
Мына сөзден денесі оқыс түршіккен жандай қатты қозғалақта-
ған молла, отырғандарды өткір жанарына сыйғызып, өзі мақал-
мәтелдей көміп айтатын дағдылы сөзімен:

- Иә, нансоғарлар, - деп аз ойланып, - жерден береке, құт
қашарда елден бірлік, халықтан бауырмалдық кетеді. Шайтани-
лағнат дінсіздік болып, әр кеудеден орын алады. Құдайды бір,
пайғамбарды ақ дейтін имандылыққа күмән туғызылады. Дүние-
ні арамдық жайлайды, біреуге біреудің сенімі жойылады. Қазір
сондай, - деген молла өзін қаумалап ортаға алған елдің білікті,
беделді, өзіне не қиын сауал қойып, ел басына түскен тауқымет
қыспағынан қалай шығудың, мына қасірет нәубет болып келген
ауыртпалықтың сырын діни ұғымдармен түсіндіруді тілегендер-
ге тағы көз тастады. Молла көп отырды. Бірден шешіле алмай,
өзі де торығып отырған бейнеде - құдайдың құдіретімен, әлде
бір күнәкар пенденің кесапаты ма, осы хұқмет билегелі не сұра-
пыл ақылды тоздырған қиянат істерге орын берілді. Білмедім.
О замана одан бері қанша ықылымдар өткенін кім білген, елді
қырып-жойған аштық жайлапты. Байлық, адам баласы қорек
етер жер бетінде ештеме қалмапты. Оның себебін ешкім біле
алмай. тірі халық сарсаң күйге түскен шақта ұлы ғұлама кітап
ашқан екен дейді бір кітапта: «Атақты, дәулеті тасыған, ел биле-

Апбаз Қаражігітов
ген ірі тақ иесінің зайыбы бірде үлкен дәрет ұсатқан баласының
құйрығын сүртер басқа нәрсе таппай, піскен нанды үзіп алып,
сонымен сүртіп, әлгі нанды кесек қабырғаның қуысына тыға
салады. Сол тәкаппар, кесірлі әйел аштықтан көзі қарауытып,
әлгі баласының нәжісі тиген нанды қай күні жесе, жерге қыдыр
қайта келіп, дүниеге береке, адамға ізгілік оралады», - деп
жазылған деген екен. Өзі де солай болыпты. Аштан өліп бара
жатқан әйел, тіміскілеп жүріп, бірде сол нанды тауып жепті.
Әне, сол сағаттан бастап, елге береке қайта оралады.

Міне, сондай бір астамшылық адамға, жан иесіне шексіз қия-
нат көрсетілетіндей кепиетті қаракет болды ма? Дүниені барды
қолдан жоқ етуге, кешегі кәмпескені, аштықты жасауға басшы
болған осы билеудің мазмұнын түсіну қиын. Басын төмен салып,
алдындағы кітабының бір бетін аударып, кәлимаға тілін келтір-
ді ол. Бұл билеу "Құдай жоқ! Дін - жалған" деп айқайлап келді
емес пе? Барды жоқ, қасиеттіні қасиетсіз деп уағыздау арқылы
жер бетіндегі киелінің бәрімен күрес ашты. Бұл соның жемісі.
Ақылдыны, естіні жоқ ету арқылы қарапайым көптің үрейін алып,
дүниені тамұқ етіп билемек. Жер бетінде өзімнен басқа құдірет
жоқ деп түсіндірмек. Бұл сол уағыздың басы.

- Тақсыр! - деді дауысын созған Мақыштың Ишаны, - бұл
сойқаннан құтылар жолды айтсаңызшы. Елдің бетке ұстар бас-
шылары, ақылдылары құртылып жатқан көзсіз сұрапыл тажал-
дың аранын қалай жабу керек?

Молла көп ойланып отырып қалды. Күн төбеге көтерілген.
Бір тайпа ел қадірлеген ғұлама молла не айтар екен деген аза-
маттар қыбыр етпей жауап тосқалы да қаншама сағат өтті. Бәрі
де шыдап бақты. Сонда олардың көз алдында осы тақуа жан-
ның басқа әркімдердің қолынан келе бермейтін оғаш іс-әрекеті
де өтіп жатқан.

Ақпанның ауыздан ұшқан түкірік қатқан ақ аязды бораны ыс-
қыра соғып тұр. Қасында осы отырғандардың бірнешеуі бар, Жеті-
қоңырдың құмынан Сарысу бойындағы елге бет алған жүргінші
топ Жамантау биігінің иығына көтерілген. «Уа, нансоғарлар, бесін
намазы болып қалыпты. Мен намаз оқып алайын» деген молла
атынан түскен. Үстіндегі ақжарғақ тонын қалың күпсек, жаяу
борасын жүріп жатқан апаңқайға төсеп жіберіп, аяғындағы көн
етікті шешіп тастап, мұздай суық ақ қарды салалы саусағымен
көсіп алып, дәрет алу рәсімін жасап кеткен.

- О, дамулла, үсіп өлесіз ғой! Мына ақ шұнақ аязда, бұныңыз
не? - дегендерге:

- Нансоғар, олай деме! Дәретсіз намаз, намаз бола ма?

Абыздар биігі

Дәреттің де шарапаты бар. Неге тоңайын, - деп, сол бетінен
қайтпаған ол бесіннің ұзақ он бас намазын тапжылмай оқып
шыққан. Жаяу борасын ысырған қар жайнамаз орнына төсел-
ген тонның үстін басып, толарсағына жеткен еді сонда. Мына
отырғандардың көз алдында сол көрініс, молланың сондағы
әрекеті қайта тірілді. Молла көптен кейін басын көтеріп, жан-
жағына зейін аударды да:

- О, нансоғарлар, құран-кәрімде жазылған ақиқатта дүние-
ні аздырушы кесапаттан құтқаратын бір ғана құдірет Алланың
қолында деп атап айтылған. Алланың бірлігіне, пайғамбары-
мыздың ақтығына сенген адам ғана бұл сұмдықтан құтылады.
Адамды шайтанның азғыруынан, азғындаудан арашалап ала-
тын күштің тамыры бір Аллада. Ол үшін құдайдың бірлігіне кәміл
сеніп, ұйым, бірлік, бір ауыздан сөз, бір жағадан бас шығару
керек. Бірде-бір адам бірінің сыртынан бірі ғайбат, өсек, жала
сөз таратпауы тиіс. Мәселен, осы отырғандарың: мына Сарғал-
дақ руына - Сақтаған, Бақтыбай, Жауғаштыға - Ақпанбай-
дың Мұқашы, Мақыштың Ишаны, Жақыптың Сүтбайы, Шағыр
еліне - Мұқыш, Ілияс, Дәулеткелді, Балталыға Өтебайдың
Жартыбайы ие болып, әлдеқалай жаман сөз, өсек-аяң тарауын
тыйсаңдар, ол апаттан аман қаласыңдар. Адамды аздыратын
адам бойында екі тесік бар. Күнә да, қиянат та содан шығады.
Соны бекітуге пәтуа болсын. Ол үшін осы отырған бір тайпа
елдің бас көтерер азаматтары әрқайсың өз еліңе ие бол. Міне,
менің айтарым осы.

- Құп болады!
- Тамаша ой!
- О, жарықтық-ай! - деген дауыстарды тоқтатқан молла:
- Иә, нансоғарлар! Бұл оңай пәтуа емес. Осы уәдеміз осы тө-
бенің басында кәміл сенім боп, басқаға тарамайтын, Алла аты-
мен айтылған ант болып қалса...
- Әрине! Әрине!
- Ондай ант, пәтуасыз не болмақ! - деп бәрі орнынан қозғала
қостап кеткен.
«Апырай, мына пәтуаласқан сөзіміз НКВД-ның құлағына
жетсе, тұқым-тұғырымыздан түк қалмайды-ау! Мұнымыз аса
қатерлі мәселе-ау өзі» деген ой жанымды жеген мен:
- Моллеке, осы пәтуаға анық бекінсек, алдыңыздағы құран-
ды ұстап, басқаға тісімізден шығармасқа бәріміз ант етейік. Бұл
елімізді, халқымызды сақтау үшін ойластырылған ақ ниет қой.
Мына сұмдық апаттан сақтану ғой, - дедім.
Бір мың тоғыз жүз отыз жетінші жылдың қоңыр күзінде Жақсы

Апбаз Қаражігітов
Барша құмының Нарқызыл дейтін биігінің басында есімі Ұлы-
тау аймағына кеңінен танымал Сүлеймен молла Сүйімбайұлы-
ның алдында осы уағдаластық болып еді.

Одан бері қанша қаралы күндер өтті. Рақымсыз заман теңізі
тола тасып кемерінен асып, қазақ халқының қаншама біртуар
марқасқа дана перзенттерін жұтып жіберді. Қаншама күнәсіз
азамат бейкүнә атылды, жоғалды.

- Мұқыш-ау, мына сөзіңе қарағанда, бір тайпа елді «халық
жауы» деген апаттан әуелі құдай, сосын молла Сүлеймен жа-
рықтық сақтап отыр десеңші. Ой, әулие-ай, - деп Әбдірақман
қауқалақ қақты.

- Айтпа, бұл дабыраның әңгімесі емес, Әбеке, осы жерде
қалсын, - деп ағам орнынан тұрды.

Ағам осы әңгімені айту үстінде көп толғанып, сан құбылып,
запыран жұтып отырғаны қазірде менің есімде. Менің білетінім,
жарықтық Сүлеймен молланың ақылы арқасында біздің сол
кездегі екінші ауыл атанған елден бірде-бір адам «халық жауы»
атанбай келе жатқаны. Ал басқа...

... Бәрі қазір ел басынан өткен тарих болып қалған сол кеңес-
тік кеңістікке көз жүгіртсек, расында қалың өртке шалынбай
қалған көдедей Жетіқоңыр құмы мен Сарысу бойын мекенде-
ген аз ғана ауылға зұлматты «халық жауы» апаты соқпай өтіпті.

Қасиетіңнен айналайын, шарапатты ғұлама, бір құдайдың
құдіретіне бас иген сенің кереметің-ау апат жолын бекіткен
деймін осы әңгімені ойға алып мен де бүгін. Бүкіл қызыл им-
перияны жайлаған қанды қасап қырғыннан аман қалу, әрине,
кездейсоқтық емес...

***
Ақ кеңсе... Менің бала қиялыма бұл төңіректегі үлкен шаһар-
дың бірі болып елестейтін. Үлкендердің, әсіресе апта сайын
пошта апарып келетін ағамның, күндіз-түні ерсілі-қарсылы
ағылып жүріп жататын жолаушылардың әлдеқалай сөздерінен
естуімше, олардың сөз нобайына қарағанда, ол халықтың көп
тұратын жері. Ақ кеңседе жиналыс болды, ауданнан келген
басшылар сөз сөйледі, халықтың жағдайы, бүгінгі күннің ел-
тұрмысына қатысты өзекті-өзекті мәселесі айтылды деген үзік-
үзік әңгімелер. Қалай дегенде де Ақ кеңсе сол кезде Жезқазған
руднигінен кейінгі бұл аймақтағы аты шыққан жұмбақ ел мекені.
Не жаңалық та, келешек жайлы әңгіме де - бәрі-бәрі Ақ кеңсе-
ден шығып, басқа елге таралып жатқандай көрінетін маған.

Абыздар б и і г і
Қара суық күз. Аңырап, даланың шаңы мен тозаңын суырған
жел толассыз соғып тұр. Жетім нарға үйіміздің бар мүкәммалы
екі ескі кебеже, төсек-орын, текемет, төсеніш-киізі ме, анам өзі
қайда жүрсе де тастамай алып жүретін кереғе, уық, шаңыра-
ғы бар туырлық құрымына дейін артып алып, қазіргі Жезқазған
қаласының автовокзалы тұрған жердегі жер кепеден көшіп
шықтық-ау!
- Ақ кеңсеге барамыз, - дейді анам.
- Алақай, Ақ кеңсеге барамыз, - дейді түйе үстінде жүк ара-
сына жасалған қоршауда көрпе жамылып, жақ жүні үрпиген кіш-
кене Сәлдеш пен Әсия мәз болып. Артымда қалып бара жат-
қан паровозы тасыр-тұсыр қозғалып, гөкілдеген стансаға қарап
алып:
- Ақ кеңсе үлкен қала дейді. Мынадай емес. Қасында биік-
биік құм тау бар екен - десе, Әсия:
- Басына шығып қар түскенде шанамен зырлайтын тамаша
болды-ау. Анада Кеңгірдің жағасынан зулағандай, - деп Сәлдеш
қиялданады. Кенет ол:
- Кәнки алмадық, а? Шана ше? Әже, - шешемізге қарап, -
менің шанам қалып қойған жоқ па? - деп жыламсырады. Онысы
Отыншы көкемнің қарағайдан құрап, табанына қаңылтыр қағып
берген ит шанасы.
- Сенің шанаң неге қалады? Кебеженің ішіне-ақ салғам, -
дейді анам оны тыныштандырып.
- Әлгі тауы біздің үйге жақын болса ма, шанадан түспеймін.
Жұлдыз боп ағам, - дейді Сәлдеш қиялданып.
- Тоңып қаласың. Онда күн суық шығар, - дейді Әсия қауіп
айтып...
Сол аңсаған, қиялға сыймаған Ақ кеңсеге де жеттік-ау араға
екі қонып. Жолда Талдықұдық деген құба жон, қу даладағы құдық-
тың басына қонғандағы тоңғаным есімнен кетер емес. Сарнаған
қара жел, қылыштай кесіп, көзге көрінбей соноу көкжиектен бір
қатыгез суық айдаған көрік басып тұрғандай болған. Жерде қар
жоқ, сонда да топырақтың өзі аяз шақырады...
Сейтсек, әлгі қиялыма сүңгіп, жер бетіндегі кереметтің бірі
санап жүрген Ақ кеңсем - он шақты ғана шикі кесектен қалаған
жатаған үйлері бар шағын ауыл. Бізді ауылдың бір топ иті
абалап қарсы алды. Бес-алты итті үлкен қара ала төбет бастап
шығыпты. Кес-кестеп жалғыз түйелі көшті жетелеп жаяу келе
жатқан анамды талап жейтіндей тап-тап береді. Шәңкілдеген
дауыстары не деген ащы.
Біз кіретін үй - мұғалімнің отбасына деп күні бұрын бөлініп

Апбаз Қаражігітов

қойған аласа ғана, төбесін талмен, қамыспен жапқан, алақан-
дай ғана терезесі бар, есігі де, топсасы тозып, сықырлап зорға
жабылатын қоржын үй екен.

Туған ағам Нақыпбек мұғалім болып, осында орналасып, бізді
көшіртіп алдырып отыр. Анам жарықтық бой қуаты мықты қарулы
кісі еді. Келе сала әлгі үйді сыпырып, тазартып, осындай азып-
тозған үй тиетінін күні бұрын сезгендей, жарты қап ала келген
әкті езіп жіберіп, қабырғаларды ағартып алды. Пеші жөнделіп,
қазандық орнатылып, от жағылып, үй іші көңірсіп жылынып шыға
келді.

Нақыпбек көкем Шымкентте мұғалімдер даярлайтын оқу ор-
нын бітірген, білімді, сол кездегі ағарту қызметінің жақсы ма-
мандарының бірі екен. Бастауыш мектепте үш мұғалім бар.
Директоры - Сары Әлібеков, көкем мен Мұрат Қожабеков екеуі
қатардағы мұғалім.

Үш-төрт класс бөлмесі ғана бар аласа, төбесіне қолың же-
тердей шағын мектебіміз бар. Бірсыпыра оқушылар Талды, Кент
деген жерлерді қыстап отырған ауылдардан жаяулап, кейбірі
тайынша-танасына, түйесіне шана жегіп қатынап оқиды. Біздің
үйіміз мектептің қасында.

Алғашқы күндері аздап қаладағы күндерімді аңсап, қоңыл-
тақсып, айдалада адасып жалғыз қалған жандай боп та жүрдім.
Қайда қарасам да тұңғиық терең жазық, шет-шегі жоқ. Тәнке
сайынан Әбдірақманның жылқысын айдап келетіндегідей,
көретінім құлазыған дала.

Бір күні сабақтан келсем, үйде қонақ отыр. Нағашым Бақты-
бай. Қараның Бақтыбайы. Осы өңірге атағы жайылған Сар-
ғалдақтың Қозыбайының кезінде белді ақсақалы болған, есімі
түріне қарап Қара атанып кеткен Жандәулеттің баласы. Қасында
өзінің туысы Құлажанның Темір атты азамат баласы бар. Қазан
асылып жатыр. Үй іші көңілді. Бақтыбай нағашым өте көрікті сұлу
кісі. Екі иығына екі кісі мінсе, көтере жөнелетін атпал қарулы
түрінің өзі оның көп қырын аңғартқандай. Дауысы қандай әдемі,
бір әңгімені айтып, сылқ-сылқ күліп отыр. Нақыпбек көкем Темір
екеуі аузына қарап қалыпты.

- Бірде, - дейді - осы өздерің отырған үйден көп аласа, шым-
нан өрілген үйді қыстап отырған мына Темірдің үйінде өзіңнің
ағаң Мұқыш, ұмыттым есімдерін, қасында тағы бір-екі жігіт бар,
кездесе кеттім. Құлажан ағаның тірі кезі. Қырмызы жеңешем мол
қолды кісі еді. Қазанын толтырып-ақ асқан екен.

- Мынадай ма, - ол төбеге қарап, - қамыспен жабылған
төбеден қап-қара ыс үлпілдеп төгілгелі тұр. Үйдің қабырғасы да

Абыздар биігі
қап-қара, қазанның түп күйесін жағып тастағандай. Ойпырай,
мына лашықта қалай күн көріп отыр екен деп ойлағанымша,
үлкен астау табақ үйемелеп салған қазы, қартаға толып, буы
бұрқырап алдымызға келе берді. Қолында жүзі жарқ-жұрқ ойна-
ған жезмойнақ ақ пышағы бар Құлажан аға да табаққа таянып,
етті жосытып турай бастады. Сере қазы, қай жерін кессе де
аппақ май болып түрілген ет, табаққа жапырақ-жапырақ болып
түсіп жатыр.

- Жігіттер, алыңдар. Бұйырған малға тісің тисін деген бар, -
деп Құлекең кекірік ата күліп алды.

- Соғымыңыз ірі, семіз болған екен. Сіздің жылқыңыздың
тұқымынан-ау, - деп Мұқыш бір қағытып өтті.

- Е, Мұқышжан, айтарсың, айта бер. Даладағы бөріге кім қо-
лынан сыбаға береді. Құдайдың бұйыртқан несібесін теріп, бөрі
тірлік кешіп келеміз. Ал, ала бер - деді қарқылдай күліп. Сөйтсек,
бөрі мінез аға таяу мандағы бір байдың жылқысынан сол жылы
соғымды көзге көрінбейтін қылбұғаумен матап сойған екен.

- Жә, ол патша заманы. Ал, Нақыпбекжан, мына қойың семіз
екен, - деп алдына келген тағамды мақтай түсті де, - мұғалімде
ақша бар ғой. Дұрыс, алғашқы айлықты қазанды майлауға жұм-
сағаның жақсы ырым - деді.

Бақтыбай нағашым сол күні көп әңгіме айтты. Әсіресе заман
жайы, өткен-кеткенді аузына көп алып: - Мұғалім халықтың
көзін ғана емес, санасын ашатын беделді тұлға. Сен өзі өзіңнің
кімнің баласы екеніңді білесің бе? - Көкем оның бетіне таңырқай
қарады.

- Сен кешегі тақтан тайған Николай патшаның жанашыры, не
көзі, сол дәуірдің мықты өкілі Қаражігіт бидің баласысың. Бай-
қап жүр. Аузыңа ие бол! Әр қадамыңды бақылаушы сыртта көз
бар, - деді бір қауіп-қатерден қуыстанған бейнеде. Көкем басын
изеді, ләм деп сөз қатпады.

- Ей, шырағым, - деп аз ойланып, - бұл Ақ кеңсеге бізден
бұрын, ықылым дәуірлерде мына Талды, Кентке кімдер келіп,
кімдер кетпеді дейсің, киелі топырақ қой. Су ағады, тас қалады,
шаш алынса бас қалады. Осы жерден қол созым Қалмаққырыл-
ған деген биік бар. Уақыт өткен сайын бір кезде қоралап тас үйіп,
биік етіп қорымдап көмілген қалмақтардың бейіті қазір жер бе-
тінен өшіп, жел-құздың демімен жоғалып, «Қалмаққырылған»
деген төбеде ғана аты қалды. Әйтеуір, халық басынан өткен сұ-
рапылдан қалған із, қазақ халқының қаһармандық, азаттық кү-
ресінің мәңгілік ескерткіші боп елес береді ол. Бәрін тауысып бір
отырыста өткен-кеткенді жеткізіп айту мүмкін емес.

АПБАЗ Қаражігітов
- Сен білесің бе? - Үй ішіндегілерге, сосын көкеме сауал тас-

таған ол: - Мына жер көшеді. Қоныс аударады. Құм көшеді. Ал
адам оның қасында не? - деп бір әңгімеге ауысты. Осы Ақ кеңсе
аталған қазіргі ел тұрағынан бүгінгі аяқ алып жүргізбейтін тау-тау
қызыл құм сәскелік жер еді. Ал қазір құм көшкіні отырған елді
басып, жылжып, тіпті қатқылға кетіп бара жатқан жоқ па?

Өз әкемнің бір сөзі ұмытылмай күні бүгін де жадымда қалды.
Біздің ата мекеніміз, қыстауымыз мына Талды құмының жылы
қолтық, қалың қорыс, қияқты, қамысты, майда шілік, тал, жиде
өсетін жерінде. Қазір ол Ақ кеңседен едәуір жерде. Бір жылы
сол қыстаудан көктем шыға бері жылжып қонып, мал төлдетіп
отырса, қара дауыл құм бораны соғыпты. Боран жаздың көз
бермес құм бораны. Көз бермей, далаға шыққан адамды да
домалатып, ұшырып кеткен сұрапыл желден киіз үйлерін бас-
тырып, қазықтап қара жерге бекітіп, апырым-тәңірім деп бірнеше
күнді бастан өткізеді.

Құдіреттің әміріне не дауа! Бір күндері дауыл басылып сырт-
қа шығайын десе, киіз үйдің есігі ашылмайды. Енді не істеу
керек. Жалғыз тесік шаңырақтан басқа шығар саңылау жоқ.
Ғажап! Тысқа шықса, киіз үйді төбесіне дейін құм басқан. Үйдің
сонша салмақтың қысымынан қалай күйреп, қирап кетпегеніне
таң қалады. Алақандай шаңырақтан асып, төгілуге аз-ақ қалған.
Дүние қып-қызыл құм. Мал қайда, басқа қайда, елдің есін алған
сұмдық апат әйтеуір өте шығыпты.

Әкем төңірегіне таңдана көз салып, қарап тұрып өз үйі есігі
алдында тұрған, қап-қара сырына дейін әлі кетпеген пәуескені
көреді. Төрт дөңгелекті күйме сол қалпы. Ат-сайман, қамыты,
тіпті божы қамшысы қыстырулы тқр. Тек жан иесі - не адам, не
көлік жоқ.

«Бұ не, сиқырдың ісі ме? Әлде ертегідегідей жын-пері, не
дию көз байлап тұр ма?» - деп ойлаған әкем, не де болса, мұны
анықтап көрейін деп қасына келеді. Үйден шыққан басқа бала-
шағасын шақырып, көрсетіп тамашалайды. Сол кезде Жылқы-
айдар деген еркелеу баласы «Әй, мынау жақсы болды-ау, мен
ойнайтын арба әкеліп тастағаны біреудің» деп үстіне шыға
берсе, саудырап үгітіліп кетіпті. Бақтыбай бір сәт ойланып қалды
да:

- Бұл заманның да сол бір дәуірде құм басып, кейін жел
аршыған пәуескедей болмасына кім кепіл, - деп әңгімесін аяқ-
тап еді.

Мені қиял қуа жөнелді мына әңгімеден кейін. Қаладағыдай,
әлгі Немешаев директордың астындағы пәуескеге екі ат жеккен

Абыздар биігі
арбаға мінгім келіп кетті. Артынша машинаға, поезға, ең ақыры
Бақтыбай нағашым мініп жүрген Қаракер жорғаға ойша мініп,
мауқымды бастым. Өзімнен өзім қиялға беріліп қайран қалам.
Құм көшеді дейді. Құмның астынан жел аршып жер бетіне шық-
қан пәуеске күйме! Не деген ғажап дүние! Сонда қапай болғаны?
Осы жерді басып жатқан шағылдардың астында көміліп қалған
ел, олардың асыл дүние-мүлкі тығылып жатқаны ма? Кент құмы
дейді. Кент деген атының өзі көп жайды аңғартпай ма? Кент қала
деген сөз емес пе?

Менің қазіргі ұстазым Мұрат Қожабеков бетінің білінер-білін-
бес шешек дағы бар, үнемі терлеп, мұрнын тартып жүретін, қо-
лынан дәс орамалын тастамайтын кісі. Сабақты жаны қалмай
түсіндіреді. Сол кездегі оның борша-боршасы шығып терлеге-
нін көрсеңіз, жаныңыз ашиды. Бойындағы бар білімін сарқып
береді. Әлде шәкірттері өзінің бір осал жерін біліп қала ма дей
ме, әйтеуір, әрбір қырық бес минөтте моншаға түсіп шыққан-
дай болатын. Кезекті бір сабағын түсіндіріп болып, «Балалар,
сұрақтарың бар ма?» - деп қалғаны. Мен қолымды көтеріп:

- Мұғалім, кент деген не? Соңда ол бұрын қала болған ба?
Әлде оны құм бораны басып қалды ма екен? - дедім. Мұғалім
ойланып қалды. Балалардың бәрі мына тосын сауалға не дер
екен дегендей, оның бетіне жаудырап қарай қалған. Дәс ора-
малын қалтасынан алып, мойны-басын сүртіп, маған:

- Сен қиын сұрақ қойдың. Кент деген расында қала деген
пайымдаудан шықса керек. Осындағы Ақай қарияның айтуы
бойынша, ол расында бір замандарда қала болған жер екен. Бір
сұрапыл айлап соққан құм дауылы қазіргі өздерің көріп отырған,
- деп терезеден көз тастап, - осынау шағыл тауларды екпінімен
көшіріп, оны басып тастапты.

- Не дейді? Құм басып? - деп бір баланың оқыс дауысы
естіліп қалды да. - Сонда адамдарды да, - деген қобалжуын
аңғарған мұғалім:

- О л әншейін аңыз ғой. Құм дауылдың астында тірі адам жата
ма? - деп сабырға шақырды да, - осындағы сол Ақай ақсақал
бір әңгімесінде Кент құмы - көненің көзі, кәрі қойма ғой. Шіркін-
ді, құмнан аршып көрер ме еді деп отырғанын естідім. Бірақ
оны сонша жерді алып жатқан құмнан тазарту үшін қанша күш
керек, - деп тоқтады.

Бұл әңгіме бізге бірнеше күн қиял жарыстырған ертегі болған.
Ал өз басым күні бүгінге дейін Кент құмы астында жатқан бел-
гісіз құпияны қиялыммен шоламын. Бірақ нақты дерекке жеткен
кісіні естіген емеспін. Ақай қариядан Кент сырын сұраймын, -

Апбаз Қаражігітов
деп жүргенімде жасы сол кездерде сексенге келген кісі дүниеден
озып, санымды соғып қала бердім. «Әттегене-ай, Кент сырын
өзімен бірге о дүниеге ала кетті-ау» деп өкінгенім әлі есімде.

Расында ол жер неге Кент аталды екен?
Бірде осы қиялымды шабақтаған сұрақты өзімнің туған ағам
Мұқышқа қойып қалдым. Аңтарылып бетіме қарап отырды да:
- Сұрағың дұрыс. Онда осы жерді мекендеген халықтың, ел-
дің тарихы, басынан өткен өмірі жатыр. Ол көп әңгіме. Асықпай
отырып айтпаса, бір сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп Кент
сырын әңгімелеуді кейінге қалдырды.
Иә, сөйтіп Ақ кеңседе алабұртқан балалық шақ қиял қуған
күндер өтіп жатты. Әлі де рудниктегі, Кеңгірдегі мектебімді, он-
дағы достарымды, мұғалімдерімді аңсаймын, сағынамын.
Әртүрлі ұлт өкілдері мекендеген жердегі өмір қызықтырады,
ондағы күн сайынғы өзгерістер, салынып жатқан қала - бәрі-
бәрі көзіме сағымша бұлдырайды. Мектептес балаларға ол
өмірді жыр ғып айтам. Өзімше сөйлетем. Біздің үйде шын аты
Зейнелғабиден, кейін Әбідін атанып кеткен туысымыздың бала-
сы жатып оқиды. Өзі жүдеу бастау, басының әр жерінің шашы
түскен қотыраш, шілдің сирағындай жіп-жіңішке сирағының терісі
қопсып, жара басып жүретін бала. Бір пошта алып келгенінде
ағам оны көріп:
- Ой, мынау, Мақаңның немересі екен ғой, жарықтық Мақаң
бөлек жаратылысты, кең адам еді-ау! Әй, сен атаңа тарт. Ол үшін
жақсы оқы, - деп оны қолпаштап, көтермелеп арқасынан қақты.
Бірақ Мақасы кім, оның бөлек жаратылысы туралы әңгімелеген
жоқ. Сонда да ол кісінің тегін адам болмағаны, әйтсе де нендей
ерекшелігі барлығын білу менің ойымда қалды. Асығыс, үнемі
бір шаруасы бітпей, қашанда жұмыс басты жүретін ағамнан о
жолы Мақаң жайын батып сұрай алмадым.
Оның есесіне Әбідінім, бұрын көп сөйлемейтін бұйығы бала
сол күннен бастап сайрауық, сөйлегіш боп кетті.
Сабағына ұқыпты, сол тез қимылы бар, жылдам сөйлейтін,
елгезек. Күнде қала өмірін сұрап, ондағы балалардың ойын-
қызығын тәжікелеп мазаны алатын болды.
Бір күні бетіне қарап отырсам, Әбідінімнің қасы сарғыштау,
өзі сирек екен. «Қассыз қалай әдемі жігіт болып өсесің. Оның
жақсылап өсуі үшін қиып, жіңішкертіп бояу керек. Қалада орыс-
тың әйелдері, тіпті қазақтар да қасын қиып, бояп, күтеді - деп
едім, Сәлдеш пен Әсия қолдап, Әбідін де көне кетсін. Көкемнің
ұстарасын алып жіберіп, Әбідіннің онсыз да селдіреген қасын
қиып жіңішкертейін. Одан ештеме шықпай, қасы қас болмай

Абыздар биігі
қалған соң, бәрін сыпырып тастап, орнына қара күйе жағып
қойдық.

Түскі үзіліс кезінде сабақтан шығып, көкем келді үйге. Тәртіп-
ке, әсіресе отбасы біздің тәртібімізге айрықша көңіл бөлетін ол
орынсыз тымпия қалғанымызды байқады да:

- Әй, бірдеңені бүлдіріп отырған жоқсыңдар ма? - деп тек-
сере қалды. Әбідін төмен қарады.

- Саған не болды? Көтер басыңды, - деп ақырып еді. Ол:
- Мен әдемі болсын деп, - деп міңгірлегені.
- Әдемі болғаны несі! Қане, бері қара! - деп оны өзіне қаратты
да, қап-қара қас орнына жағылған күйені көріп:
- Бұларың не? Не сұмдық? Адамның бетіне күйе жағу аз
ба еді бүл өмірде! Қайдағыны шығарып, - деп қатты ашу-
ланды. - Жаман ырым! Ер адамның бетіне күйе жағу сұм-
дық! Мына дүниеде не болып жатқанын сендер түсінер ме
едіңдер! Жазықсыз қара бет атанғандар аз ба бұл өмірде.
Ал сендер... - деді де, - бәрін жасап отырған сен ғой, - деп
жағымнан шапалағымен тартып жіберді. Көзімнің оты жарқ ете
қалды. Бірақ ісімнің терістігін анық сезінген мен жыламадым.
«Жазықсыз қара бет атанғандар аз ба бұл өмірде?» - деген
оның ызаға толы үні әлі күнге құлағымда өшпей қалды.
Нақыпбек көкемнің сол жағыма тиген шапалағынан кейін жан-
жағыма сергек қарай бастағам. «Жазықсыз қара бет атанғандар
аз ба?» - деген дауысынан соң үлкен ағамның Әбдірақманға
айтқан әңгімелері есіме орала беретін болды. Әбідіннің қасына
жағылған күйе қара дақ болып менің енді жүрегіме көшті. Өзім
де толық пайымдай қоймаған маған белгісіз бір жұмбақ сырлы
қиянат өмірдің санадағы шағылысы ұшқын шашады. Әлі түйсік
тауып, нақты бейне сурет болып көріне алмай бұлдырайды. Ол
не сонда? Өзін қоршаған әлеуметтік ортада, өмірде не болып
жатқанын білуге деген құштарлық адамның бүкіл саналы тір-
шілігінде жүріп жататын жанды құбылыс екенін енді ғана
пайымдағандай болам қазір. Сол күндерде радио арқылы бе-
рілетін, газет бетінен түспей жататын жау-зиянкестер туралы
сөздерді оқып не естігенде төбе шашымызға дейін түршігер еді.

Ағамның ауылдасы Әбдірақманға айтқан бір әңгімесінде
есімін құрметпен атаған «Кемеңгерлері Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов бар ішінде үлкен зиянкестердің аттарын
шұбырта айтып, бір топ халық жаулары жойылды» деген ха-
барды радиодан естігенім бар. Ағам: «Достарым деп еді-ау
Ал олар халық жаулары болып шықты. Сонда менің ағам кім
болады, ә?» деген суық жаман ой жүрегімді шабақтап өткен

Апбаз Қаражігітов
еді сонда. Өзіммен-өзім болып уайымдаймын. Масқара ғой,
ағамды... ар жағын ойлауға мұршам жоқ. Көзімнің алды тұ-
манытып, дүниені өрт шалғандай болып кеткен. Қараптан-
қарап отырып тұншығып бара жатқандай бір дәрменсіздік би-
леп алған. Сұмдық! Үрей буады. Бұ не?

Ақ кеңсе басында үлкен жиналыс болып жатыр. Ауылкеңес
кеңсесі лық толған кісі. Мектептен сабақтан шыққан біздер шу-
ласа жүгіріп, үйді-үйімізге беттегенбіз. Үстінде ұзын қара тоны
бар ағам кеңседен шығып келе жатыр. Қасында Бақтыбай наға-
шым, Сақтаған есімді қызыл шырайлы кісі бар. Мені көре салып:

- Бар үйге, тез шай қойсын, - деп жүгіртіп жіберді. Бақтыбай
нағашымның үйі Талдыда. Сақтағанның үйінің қайда екенін біл-
меймін.

Шай қайнап дайын тұр екен. Олар да келіп, төрге жайғасты.
Шай жасалып жатыр. Үшеуінің әңгімесі - жиналыстағы сөз.

- Осы дүниені шулатып зиянкестер жойылды деп ұрандай
беруден не ұқтыңдар. Құритын жау құрыды ғой. Одан бізге
келер-кетер бар ма? - деп Сақтаған сөз бастады.

- Расы, сондай сөзді даңғазалай бергеннен не шығады? Ха-
лықтың үрейін ала беру ғой әйтеуір, - деп Бақаң қостады.

- Е, ұр! Ұр! - деп екеуің айқайлай бер, үшінші, мына үйдегі
отырған басқалар қосылып дауыс көтерсек ұран болып естіл-
мей ме? Бұл - сол! Дүниені сілкіп, дүрліктіре беруде, - деді ағам
Мұқыш.

- Әйтеуір, жер басқан адамның жартысы жау болған бір
нәубет заман келді ғой. Ақырын бір құдай өзі оңдамаса, - деді
Сақтаған. Шай ішіліп жатыр. Мен де қарап отыра алмай:

- Аға, анадағы сіздің атақты достарыңыз Ахмет, Міржақып та
халық жауы екен ғой. Жақында оларды атылды деп хабарлады
радио, - деп қалдым. Ағамның түріне қарасам, қара жердей
болып кеткен екен.

- Тәйт! Жап аузыңды! Аулақ жүр ондай сөзден, - деп Бақ-
тыбай нағашым айқай салды. Үйден атып шығып кеткенімді
білем. Қораның бір бұрышына кіріп, тығылып жылап тұрмын. От
басқан халдемін. Олар дабырласа шығып бара жатты. Артына
бұрылған Бақтыбай:

- Мәуия! А, Мәуия! - деп шешемді шақырып алып, - әлгі ит-
ке айтшы, аузын бағып жүрсін. Әлгідей кісілердің атын атама-
сын, - деп тапсырды.

- О, сұбыхан Алла, сондай ұлы адамдардың атын атауға бол-
майтын заманды да бастан кешкен екеміз. Не дерсің бұл тағдырға.

Үлкендер ұзап кеткен соң үйге келдім. Бір жақсысы әлгі әңгі-

Абыздар биігі

менің кезінде Нақыпбек көкем үйде жоқ еді. Егер жаңағыдай ағат
сөзді ол кісі ести қалса, менің жон терімді сыпыратыны да сөзсіз
еді. Соны білетін анам:

- Әй, балам-ай, аңдамай сөйлейсің-ау. Сол үлкендердің сө-
зіне араласып нең ғана бар еді. Сондай сұрақты қайдан тауып
қана қоя қалдың, - деп ренжігенде танауы терлеп қоя беретін
әдетімен тершіген мұрнын сүртіп, байқадың ба, ағаң сол сәтте
қара жердің жарығы болса кіріп кетердей болды ғой. Мына заман
ба, мына заман кісі жеп жатыр! Кісі жеп! - деп зорға басылды.

Менде үн жоқ. Жанымдай жақсы көретін, басқадан ерекше,
асқар тауымдай ағамның жанды жеріне тигеніме опық жеп, өкініп
отырмын. «Білмеген у ішеді» демей ме, мен ол сөздің соншалық
құбыжық екенін қайдан білейін. «Құрысыншы! Сондай әңгімені
тыңдамайыншы. Естісем де тез ұмытайыншы!» деп өзіме серт
бердім.

Бірақ адам өмірге келген соң, оның сыр-қырын білуге, за-
манының жайы-күйін аңғаруға зейін қояды екен. Бірге жүрген
замандас-құрбыларыңның, ауылыңның, еліңнің тыныс-тіршілігі
сені қалайда шет қалдырмай, ағыс боп баурап алады екен. Аз
күнде әлгі өзіме-өзім берген "басқа тірі пендемен араласпаспын-
ау, біреуде не шаруам бар" деген райымнан қайтып қалдым.
Өмір өзені мені толқынымен қақпалап ағызып алып кетті.

Анамның «мына заман кісі жеп жатыр» деген сөзі тағы да кө-
кейіме қонақтап, өшпей қалды. Дәл осы күндердің бірінде Тал-
дыны қыстайтын Дәулетбай деген кісінің басынан бұрын-соңды
болмаған бір оқиға өтті. Бір жақтан келе жата ма, әлде мал бағып
жүре ме, ол жағының анық-қанығы белгісіз. Әлгі кісі ауыздығын
алып, өзі күнде мініп жүрген қаракөк сәурігін отқа жібере салып,
аз оттаған соң қайта ауыздықтап мінбекші болады. Сол кезде
әлгі қаракөк сәурік Дәулетбайдың сол қолын азуға бір-ақ баса-
ды. Қаттырақ мытып, сүйегін жаншып босатпай қояды. Айдала-
да жападан-жалғыз. Арашаға келер тірі жан жоқ. Дәулетбайдың
шыбыны шырқырайды. Тілсіз мақұлықтың аузына түскен қолы-
нан қан ағып, сүйегі ұнтатылып барады. Олай-былай босанудың
қамын жасайын десе, онан жаман тісін батырған тілсіз мақұлық
Дәулетбайды жетелеп жүріп отырыпты.

Ғажабы сол ауылға беттепті. Иесінің сол қолы аузында, азу-
га басқан. Жерде едәуір қар бар. Малтып, әйтеуір, шықпаған
жаны тілсіз «жаудың» жетегінде бір кезде ауылға да жетеді.
Жан дауысы шығып айқайлай-айқайлай қалжыраған бейбақты
әйелі шығып, зордың күшімен сәурікті басқа көзге сабалап жүріп,
әйтеуір босатып алады.

Апбаз Қаражігітов
Міне, осы оқиға бір ауылды таңғажайып әңгімеге қарқ қыл-

ған. Дәулетбайдың Сейітжаппар деген алакөз баласы бізбен бір
класта оқиды. Оқуы да шамалы. Сөзге де шорқақтау, жуас бала.
Оның мінезіне қарай мына оқыстан болған оқиғаға байланысты
балалар оны сөзге тартады.

- Әй, сенің әкең шамасы «халық жауы» болса керек, - дейді
бір бала. Мына сөзден зәресі ұшқан Сейітжаппар жылап жіберді.

- Әй, неге жылайсың. Жылама! Онан да жөніңді айт. Ол қалай
болған? - деп үзіліс кезінде ересек балалар оны ортаға алады кеп.

- Білмеймін, - деп безілдейді ол.
- Білесің.
- Айт, - деп қайта даурығады басқалар.
- Әй, бұл айтпаса да түсінікті, - дейді Әлібек дейтін танауы
желпілдеген бала өзеуреп. Малда тіл жоқ, бірақ мұның әкесінің
«халық жауы» екенін жақсы біледі. Сондықтан оны НКВД-ға ұс-
тап беру үшін қолынан тістеп жетелеп алып бара жатқаны емес
пе?
- Соқпаңдар ондай сөзді! Менің әкем халық жауы емес. Оның
ешкімге зияны жоқ адам. Ал халық жауы деген зиянкестер.
Менің әкем ешкімге тиіскен жоқ. Үйде де аузын ашпайды, - деп
безектейді.
- Ал, сонда астындағы мініп жүрген аты неге қолынан жете-
леп НКВД-ға алып бармақшы болады. Мұнда басқа адам білмей-
тін сыр бар. Оны әкеңнің астындағы аты ғана, қаракөк дедің бе
түсін, сол қаракөк біледі. Ол - халық жауы.
- Жоқ, менің әкем халық жауы емес, - деп Сейітжаппар, ең-
кілдеп жылап жіберсін. - Қазір мұғалімге айтамын. Айғыр тісте-
ген адам қалай халық жауы болады? - деп өзімізге тап берсін.
Мен сасайын дедім. Ана жолы аузыңды жап, ондай сөзден
тыйыл деген қатаң тапсырма алған басыма үлкен қауіп төнді.
Әсіресе мұғалім көкем мұндайға тым қатал, сойып салады.
«Дүние өртеніп тұр. Саясат деген сайқал шықты. Оның атына
жем беруге болмайды. Не жаман - сөзде қаңқу жаман», - деп
ауыз аштырмай отырады.
Енді міне, балалардың жамырама әңгімесі ушығып барады.
Сейітжаппар шағымданса-ақ болды. Жазаның көкесін көретін
мен, ойында ештеме жоқ Әлібек:
- Қара көк сәурік «халық жауын» ұстапты, - деп айқайлап
кірді класқа. Қолында журналы, мұғалім де кіре берген.
- Әй, бұ не сөз? - деп дауыстап қалды ол. Балалар жым-
жырт. Орнынан сүметіліп Сейітжаппар көтерілді.
- Мыналар... мыналар, - деп мөңіреп жыласын. Менің әкемді

Абыздар биігі
астындағы аты НКВД-ға ұстап... - деп сөзін аяқтай алмай, өкіріп
қоя берді.

Жоқ жерде бәле басталды. Мұғалімде өң қалмады. Онсыз
да терлеп-тепшіп жүретін кісі, бет аузын айғыз-айғыз тер буып,
дағдарып тұрып-тұрып:

- Қазір мен сендердің тілдеріңді кесемін, - деді де шығып
кетті. Қазір де мектептің директоры Сары мұғалімді, көкем На-
қыпбекті ертіп келді. Үшеуі де өрт сөндірғендей. Бәрімізді тік
тұрғызып тергеді келіп. Соңы "кім айттыға" жеткенде қысыла
бастаған Әлібек екеуіміз ғана. Бейсембек (Жұмабеков), Жамал
(Байжанова - ауыл кеңестің төрағасының қызы) кластағы тәуір,
белсенді оқушылар атып тұрып, «бәле сөздің» қайдан бас-
талғанын сайрап айтып берді.

Тапая тал түсте болған оқиға әлгі. Тектен-текке Әлібек екеуіміз
жазаға ұшырадық. Сотымыз - мұғалімдер. Қаралаушы - клас-
тағы балалар. «Оу, Дәулетбайдың атының оның қолынан тістеп
жетелеп кеткені өтірік пе? Мал да болса бір қылмысын біледі
ғой. Мына балалар сол үшін неге жаза көреді» дейтін бір пенде
табылсайшы. Екеуімізді сол күні класқа қамап қойды. Екеуімізде
де үн жоқ. Не болса да ішімізде. Тіпті жылаған да жоқпыз. Онда
не тұр. «Дәулетбайды аты тістеп, жау деп ұстап, тиісті жерге
апармақ болған...»

"О, қызық уақыт-ай", - деймін бұл күнде. Адамды үрей буған
заман екен-ау. Бір шәңгі жылқының иесін тістегенінен де «халық
жауын іздетті-ау!» Тіпті басқа - басқа, әлі оң-солын танымайтын
мектеп оқушыларының даңғазаға түсуін айтсаңызшы!

Бір күні үйге дөңгелек жүз, бұғағын ақ сақалы жапқан, қабағы
ет жеңді, томпақтау, көз нұры тая қоймаған, төртбақ, иықты кісі
келе қалды. Анам құрақ ұшып, төрге көрпе салып, бәйек болды
да қалды.

- Аға, қош келдіңіз, - деп қошемет етуде. Ол ашық дауысын
созып, ән салатын кісіше тамағын кенеп:

- Әдейі келдік, қарағым. Сендерді көрейік деп. Жарықтық
Қарекең үйі көшіп келіп жатқанда, ерулік бермесек те, мына
Қалампыр екеуіміз амандасып шығайық дедік, - деп мән-жайды
айтып кетті. Шешем бәйек болып жатыр.

- Сіз болмасаңыз, Қалампыр жеңешем келмес те еді, - деп
күліп қойды.

- Қыз-ау, мен неге келмейін. Келем ғой, бірақ, - деп ойын
аяқтай алмай күмілжіді де, - оны мына ағаңа айт. Мына уақыт-
тың етек басты етіп отырғанын білесің ғой, - деп мән-жайды
айтып кетті.

Апбаз Қаражігітов
Бұл келген Қозыбай руының сол кездегі үлкен қарттарының

бірі - көненің көзі Шөжебайдың Ақайы деген, заманында елге
беделі, сөзі жүрген айтулы адамы екен.

- Қалқам, - деп қоңыраудай үнін созып, - біздің заманымыз
өткен. Біз бұл уақыттың өгей баласы тәріздіміз. - Ол сылқ-сылқ
күліп алды да, - күні кешегі қызықты естіген шығарсың. Өзіміз-
дің тентек ерке Аймырзаны бір ауыл болып жабылып, ақырында
бұл күнгі бас көтереріміз Бақтыбай, Сақтаған, қазіргі Шотанның
Жанбайы, Дүйсектің Байсалбайы бар, асаудай қамалап, арқан
керіп, зордың күшімен ұстадық емес пе! Ол жаңа заманның
ырқына көнбек емес.

Енді ұйымдасқалы жатқан басқосуға атыңды қос дегенге
көнбей, бүлік шығарды. Оған басқа жанашыр: "Оу, Айеке, елден
шығамысың, у ішсең - руыңмен" десе, ол: "Жоқ, мен оларыңа
қосылмаймын", - дейді.

- Сосын ғой, өзін байлап тастап, астындағы атты алып жүргені
елдің. Мұндайды да көрдік, - деп әкем жайлы әңгімесін жалғап
кетті.

- Жарықтық Қарекең, - деп, - әй, сен әкеңді жақсы біле-
сің бе? Тым жас қалдың-ау. Жеті жас, о? Жеті! - деп ойланып,
Шағыр деген елде, қалды бүкіл Бағаналы елінде соңғы заман-
да сенің әкеңдей білікті, ойлы, адал жаратылысты адам сирек
шығар. Құдай бір адамға берсе үйіп-төгіп тастайды емес пе?
Сол берген кұдай атаң Сүйінбайға бірінен-бірін асырып он ұл
берді. Олардың ішінде байы да, тақуасы да, білімді, озат ойлы
ақылдысы да болды. Солардың ішіндегі бірегейі еді Қарекең.
Өзі кейінгі балалар білмейтін де болар. Әкеңнің азан шақырып
қойылған есімі Байменде. Біліп ал!

- Сол жарықтық, қасиетіңнен айналайын, әкеңнің бір-екі билік,
төрелігін айтайын тыңда! - деді де:

- Бірде бір үлкен аста қымыз бен етке тойған елдің екі тәуір
жігіті төбелесіп, үсті-басын жыртысып, бет-ауыздарын жарақат-
тап, елдің үлкендері, билері отырған жеріне келіп төрелік сұрай-
ды. Екеуі бірінен-бірі озып, дауласып, әрқайсысы өзін кінә-
сіз санап, сөзге жосық бермей қояды. Екі даукес, төбелескен
жігіттердің қайсысын кінәлі санауды білмей билер дағдарып
қалмай ма? Сонда шеткерілеу отырған бала жігіт Қарекең оң
қолын басынан аса көтеріп, ауаны олай бір, былай бір осып
өтіпті. Ел басшылары билер оған назар аударып:

- Иә, жігітім, сен сөйлеші, не айтпақсың, - дейді. Сонда
Қарекең әлгі қимылын қайталап:

- Не естідіңіздер? - деп сұрапты.

Абыздар биігі
- Ауа қармаған қолдан не естіледі, - деп таңырқапты билер.
- Ендеше, мынаны тындаңыздар, - деп екі алақанын біріне-
бірін соғады да, ал, енді не естідіңіздер, - дейді. Сонда үйде
отырғандар:
- Шарт-шұрт соғылған қол дауысын естідік, - дейді. Сонда
Қарекең:
- Мына төбелеске осы жіғіттердің екеуі де кінәлі. Егер бірі қа-
шып кетсе, екінші қуып жүріп ұрса, одан ат-тон айып алып беру-
ге болар еді. Ал бұл жерде екеуі де айыпты. Әдейі күш сына-
су үшін төбелескен. Сондықтан кінәліні іздемеңіздер, - депті.
Сол жерде қазір есімі есімде қалмапты, бір дуалы ауыз би: -
Осы Қаражігіттің билігі - билік. Төрелігін тауып айтты. Екеуі де
айыпты, - деп шешіпті. Сол күннен бастап, сенің әкеңнің есімі ел
арасында Қаражігіт атанып кеткен екен, - деп сөзін әрі созып: -
Қазір ұмыт болып барады, оны жаңғыртып айтып, еске салатын
адам да таусылды. Әкең айтты деген сөз көп қой. Есімде қалған
мына бір сөзін айта отырайын деген ол:
- Бірде өзі жаяу, өзінің басқаға берешек қарызы да шашынан
көбейген сөзуар адам айтулы бір мәслихат үстінде Қарекең
беделді ақсақалдар отырған жерге келіп, есік алдында отырады.
Шамасы, Қарекең бір молдадан естіген шариғатын айтып, жұртты
күлдіріп, пейілдендіріп отырса керек. Сөзін қайырымсыз байлар-
ға тигізіп, "егер біреудің өтей алмай жүрген қарызын өтеп жібер-
се, о дүниеде күнәдан пәк болып, пейішке барады екен" деген
пайғамбар сөзін келтіріп отырады. Жұрт ұйып тыңдап отырған
осы тұста манадан аяқ жақта отырып, әңгімені қалт жібермей
естіген әлгі жаяу кісі:
- Қареке, сізге бір-екі сауалым бар еді, - депті.
- О, айнам, сауалыңды айта қой десе, анау:
- Бірінші сауалым - жаяудың сыпайысы бола ма? Екінші
сауалым - кедейдің сыпайысы бола ма? - дейді. Сонда Қарекең
ойланбастан:
- Арқасында көтерген жүгі болмаса - әне жаяудың сыпайысы.
Сол сияқты екінші сауалыңа айтарым - егерде мойнында қары-
зы болмаса, кедейдің сыпайысы дей бер оны да, - депті.
Мына жауапты естіген жұрт кеу-кеулеп: «Тауып айтты, тауып
айтты. Тауып сөйлемесе, бұ кісі Қаражігіт атанар ма еді», - деп
тоқыраған сәтте:
- Уай, жігітім, сен бұл сауалды бекерге қоймаған шығарсың.
Шамасы, жаяу болдың ғой. Онда менің атымды мін. Бірақ ер-
тоқымымды өзіме қалдыр. Ал қарызыңды айт, қанша болса да
мен көтерейін, - депті.

Апбаз Қаражігітов
Сөйткен, жарықтық Қарекеңнің шаңырағына тәуеп еткелі кел-

дім. Мына Қалампыр жеңгеңді де әдейі ерте келдім. Мына балаң-
ды көріп, жақсы оқиды, әңгіме-сөзге құлағы түрік екен дегенді
естіп, ішімнен тұлпардың тұяғына батамды бергелі келдім, - деп
ұзақ әңгіме шертті.

Әттең, не керек әкем туралы қызық-қызық әңгіме айтқан сол
қасиетті Ақай есімді қария көп ұзамай дүние салды дегенде,
әкемді білетін соңғы адам дүниеден өткеніне өкініп, жылаға-
ным бар. Шіркін-ай, талай деректі, қызықты жәйттерді, өзімен о
дүниеге ала кетті-ау! Дүние жалған деген сол!

Не бәрі он-он бес қана түтін! Ақ кеңсе ауылы күнде базар.
Ойдан-қырдан ағылған келім-кетім кісісі үзілмейтін, жиын мәс-
лихаты таусылмайтын, жер бетіндегі тоғыз жолдың торабы
тәрізді. Күніне қанша жиын болса да, қанша кісі келсе де бәрі-
нің жұмысын реттеп отыратын бір ғана адам. Ол - Жақыптың
Сүтбайы. Шағын денелі, мығым, тоқпақтай кісі. Мұрнының ас-
тына бармақтай мұрт қойған, қара жердің өзін ойылып кете-
тіндей аңдап, аяңдап, ақырын басады. Жүрген жүрісінің өзі жі-
бектей созылған жұмсақ жан. Әлдеқалай кеңсе есігінен қарап
қалғанда үнемі жазу үстінде отырғанын көресің. Ол кісінің өзі-
нен басқаға дауыс көтеріп, не бір мінез танытқанын қызметтес
достары да, қатар құрбылары да көрмесе керек. Күні-түні өзіне
берілген ауылдық кенестің хатшылығы жұмысын төрт аяғы-
нан тік тұрғызып, ауыл өміріне еніп жатқан жаңалықты, заман
тынысын реттеуші тұлға тәрізді. Ал ауылдық кеңес төрағасы
Досмағанбет Байжанов үнемі ат үстінен түспейтін жүріс-тұ-
рыстың адамы сияқты. Қашан көрсең де аты белдеуінде бай-
лаулы, не тепектеп жол жүріп кетіп бара жатқаны.

Сол тынышсыз адамның әлгі күн сайынғы болып жататын
жиналыстарда сөйлемейтін кезі болмайтындай еді. «Досекең
былай деді. Ауданнан мынадай тапсырыс келіпті. Досекең бы-
лай кетті. Ертең мынадай мәселе шешіледі екен» деген сөз
ауыздан түспейтін. Әлде төңірегіндегілер оның сөзін, жүріс-
тұрысын көбейтіп өсіріп айта ма, ал Сүтбай болса оның бар-
лық әрекетін қағаз бетіне түсіруші, күнбе-күн жүзеге асырушы
болып көрінетін.

- Сүтбай қос аумас қой. Аузынан артық сөз шықпайтын, әрі
ісі мен сөзі бір жерден шығатын бір тоға азамат, - деп ағамның
мақтағаны бар.

- Өзі көп оқыған кісі-ау, шамасы, - деп қалды Нақыпбек көкем.
- Иә, бірсыпыра оқығаны бар. Қай кезде де дәулеті барлар
ойындағысына жеткен ғой. Осы елден бір топ бала - Бұзау-

Абыздар биігі

дың Ыбырайы, Махаттың Арыны, Жақыптың Сүтбайы, Ахмет
ишанның Мұстафасы сияқты азаматтар Омбы, Троицк, Орынбор
тағы басқа қалаларда гимназияда, мектептерде дәріс алған,
орысша оқыған.

- Аға, сіз неге оқымадыңыз? - деп қалдым мен.
- Әй, қарағым-ай, ағаң оқымайын деді ме, кедейдің баласы
болдық, басқа тартса - аяққа, аяққа тартса басқа жетпейтін құ-
нымсыз ырзық адым ашырды ма?
- Әкем қалай оқытпады сізді, - деп Нақыпбек көкем сөзге
араласты. Ағам інісінің бетіне ойлана қарап:
- Әкелеріңнің сырын білмей қалдыңдар ғой. Ол жарықтық
дүние, мал жинамаған. Елімде болса, менде болғаны деп өмір
өткізген кісі.
Бір ғана өз көзіммен көргенімді айтайын: ол елдің болып-
толып, малды мыңғыртып айдай алмай отырған шағы. Бір ғана
Шағырдың өзінде ең кемі отыз-қырық қос жылқы, бес-он мың
түйе, әлденеше мың қой бар. Соны өсіріп, ырғап-жырғап дәу-
леттен көше алмай отырған байлар қаншама! Жетпейтіні - жер,
қыс - қоныс, жаз - жайлау! Біздің елдің қыс қыстауы Шу өзе-
нінің бергі беті - Тікей, Тасты. Жаз жайлауға Есіл бойына, бағзы
бір жылдары Көкшетау баурайына дейін ұзақтап кетеді. Соның
бәрінде тұнық су, соны от қуып, малдың бабын күйттеп, бір жер-
де көп болса он-он бес күн ғана отырып, қоныс аудара береді.
Әне, малдың көбейіп, мыңғырып өсетіні, бағымына байланысты
болады дейтіні де содан.
Бір әңгімеден бір әңгімеге көшіп, өткен кездегі елдің тұр-
мыс-тіршілігін қыза сөйлеген ағам, мал баққан ел сонымен
бірге жан да баққан деп сөзін созды. Береке-бірлік - барлықта,
байлықта, - деп, осы тұста жан-жағына ой сала көз тастап:
- Қазір сендерге ата-бабаларың тақырда өмір сүргендей көрі-
нетін болар. Ол заман өтті, кетті ғой. Енді қайтып шамалы уақыт-
та орала қоймас. Иә, сонда мына о шеті мен бұ шетіне күннің көзі
жетпейтін Бетбақтың шөлін біздің Шағыр елі мыңғыртып малын
айдап, әндетіп, той-думандатып-ақ көктемде бір, қыста бір асып
өтіп кетуші еді.
Сол дәулеттің қызығын көрген, келген қонағына ас-су берген,
ыдыс-аяғын екінші рет шығармайтын, қонағына төсеген қалы
кілем, жібек көрпе-төсегін екінші қонаққа жаймайтын Байболат
әжі сияқты Шағыр елінің атақты ырысы тасыған байы да өтті
шалқытып. Сарыарқа жерінде ондай сияқты береген кісі өтпе-
ген шығар. Қарыз, не көмек сұрап келген кісіге шанақтағы ал-
тын, қоржындағы қағаз ақшасын тастап, керегіңді санап ал дейді

Апбаз Қаражігітов

екен. Сол берген қарызы соңынан барған кісі де емес дейді
көзі көргендер. Байболат әжі Шағырдың үлкен үйі, туысы Өтеп
байдың жылқысын бағып, содан алған ақысымен байыпты. Бай
көктемде жылқысын иіріп қойып санап, әрбір жүз бірінші жыл-
қыны бақташысына береді екен. «Сол ағамның жылқысын үш
жыл баққанда байыдым. Базарға апарып алтын таптым», - дейді
екен әжі. Сол дәулеттің қызығын да көретін, азабын да тартатын.
Мына шеті Ташкент, Бұқар, бір жағы Атбасар, Түмен, Қоянды,
тіпті Қытай базарына дейін мыңғыртып мал айдап саудалайтын
елдің несібесі көл-көсір заман ол.

Шағыр атаның бесіктегі баласы мен еңкейген кәрісінің қай же-
ріне шаншу қадалғанына дейін біліп, күні-түні солардың тілегін
тілеп, жар құлағы жастық көрмейтін адамның бірі - әкем. Атба-
сар жәрмеңкесі қызып жатқан күндер. Әрине, базарға әр елдің
қасқа мен жайсаңы келеді, беделдісі қалмайды. Ел мен елдің
арасындағы алыс-беріс, шешілмей жүрген дау-дамайдың да
сарапқа түсіп, бітім табатын кезі де осындай басқосуларда орын
табады.

Сол жылы Атбасар аспаны жауын-шашынсыз қапырық ыс-
тықтан өртеніп тұрды. Пәтер жалдаған ел көлеңкеден шыға
алмай жан сауғалайды. Әкемді іздеп үлкендер, болыс баста-
ған ақсақалдар жатқан үйге келгем. Басқалар түгел, о кісі жоқ.
Сойылған ту биенің қазы-қартасына тойып, сапырылған саба-
саба сары қымызды емін-еркін сіміріп, самауырын оттан түспей,
карта ойнап, әзіл-күлкіге қарық болған жігіттер.

Күн ұясына беттеген кезде түтігіп, шөлдеп, қажыған әкем
арқа-жарқа пәтерге кіріп келді. Жігіттер абыр-дабырдан тыйы-
лып, басы Бұзау болыстың өзі болып, Мақат бастаған үлкендер
төрден орын беріп, қошемет етіп жатты. Ыстықтан келгендігі ме,
үйге келген соң бой-бойы шығып терлеңкіреген ол:

- Бір жұтатын сусындарың бар ма? - деп сол кездегі жігіттер-
дің ішіндегі алғыр, пысығы, қонақ күту, әсіресе осындай басқосу-
ларда билеп-төстеп біліктілік, ұйымдастырушылық танытып,
бәрін игеріп жүретін Томарбайға қарады. Қызыл шырайлы өңіне
қан ойнап шыға келген ол:

- Апыр-ай, аға, - деп жан-жағына қаранып, -жігіттер, ештеме
қалды ма? Аға қатты шөлдеп кепті ғой, - деді сасқалақтап.

- Ештеме қалмапты. Мына тобырдан не артылар еді, - деген
біреудің дауысы естілді.

- Онда бір аяқ мұз салған су келтір! - деп бұйырды әкем.
Айтқаны келді, саптыаяқ толы мұздай суды бас алмастан бір-ақ
жұтып тауысты. Сол сол-ақ екен, әлгі тер - тер ме, ағып жүре

Абыздар биігі

берді. Әкеме жаным ашып кетті. Әкемді аға деуші едім. Мына
халін көріп, шыдай алмай:

- Аға, - дедім оны өзіме қаратып, - мына аспан айналып жер-
ге түскен ыстықта жанынды осынша қинап, әкең Сүйінбайдың
жылқысын жаудан айырып жүрсің бе? Бұ не өлердей боп, -
дедім. Қалтасынан орамалын алып, бетін сүртіп, маған қарап
сылқ-сылқ күлді. Мақаң да, Бұзау да, басқалар да үнсіз. Аздан
кейін:

- Айнам, маған әлгі сөзді жаның ашып айттың-ау! Мен сен кө-
ріп отырған азаптан рақат тауып жүргенімді білмейсің ғой. Рас,
үш күн бойы Бейсенбі-Саматай баласының Шудағы басқаның
қиянат зорлығына жем болып бара жатқан қыс қыстауы дауын
дуанбасы алдында айтысып шешумен жүрдім. Бірақ ол менің
пайдама шешілді. Одан артық рақаттың маған керегі не? - деді.

- Бүйтіп көрген рақаттың жан азабы... - дей бергенімде:
- Ей, айнам, халқыңа қалқан болмаған жанның өзіңе ықтын
болмайтынын ұқ! Менің жаным Шағыр атамның «менен туған
ұрпақ, біріңнің жаның екіншіңнің жанының күзетшісі болсын!»
деген өсиетіне құл, - деді бойында оқыс бір діріл пайда болып.
Құс жастықты шынтағына басып қисайып жатқан Мақат басып
көтеріп:
- ¥лы баба сөзін орынды жерінде айттың-ау, Қареке!
- Мақа, аға, - деп одан кейін әкем екі ағасына кезек қарап,
ауыр денесін шайқала қозғап Бұзау:
- Бірді екі етем деп бөтеннің бөтегесінде, тізелінің тақымына
кетпей, елдік ар-намыс қасиетті сақтауда шыбыны шырқы-
рағандарды уақыт танытпаса, біз айтып жеткізе алармыз ба? -
деді.
Томарбай қозғалақтап бірдеңе айтқысы келгендей рай таны-
тып еді, мана қалтасынан шақшасын алып, үлкендердің аузын
бағып, үнсіз отырған қалпы алақанына салған насыбайын екі
саусағымен шымшып мұрнына апарған Шубай қолын көтеріп,
басын шайқады. Бір адам тіс жармады.
- Балалар, айнам, - деп әкем тағы бір соңы әңгіме айтатын
әдетімен үй-ішіндегілерді өзіне қаратып алып. - Бекқұлы екеуі-
мізбен кім сырласты дейсіңдер, - деп бастады сөзін бұл жолы.
Бекқұлы - әкемнің құрдасы, жақын туысы, батыр, шалыс елден
оқшау жүретін бөлек қоныс, ұрт мінезді, бірбет кісі. Әкем енді
сол құрдасы туралы сөйлеп кетті. Бекеңнің Шудағы қыстауы
елдің шетінде екенін бәрің білесіңдер. Шудың ит тұмсығы өт-
пейтін, түйе көрінбейтін қалың қамысының қылау шалмаған
шағы. Бекеңнің көшіп-қонатын он бес-жиырма түйесі, екі-үш

Апбаз Қаражігітов
үйір жылқысы ғана болады. Одан артық малды ұстамайды,
заңғарың. - Әкем күліп алды. Сол түйелерінің ішінде ерекше
үкідей үлпек жүнді ақ түйесі болады. Түйе болғанда да сәулетті
болса керек. Малымның басы дейді екен өзі оны. Қалың қамыс,
ажырықты тепсеңде өрістегі түйеден әлгі жануар ұшты-күйлі
жоғалады. «Ә, бір зәнталақ, қапысын тапқан жыртқыш болды
бұ жерде» - деп ойлаған Бекең қайың шоқпарын беліне қысты-
рып, түйелері жатқан қалыңға келіп, бақылау жасайды. Байқаса,
қалың ну орман боп биік өскен қамыстың арасына жылан жол
жалғыз сорап із шұбатылып кетіп жатады. Сол жалғыз аяққа
түсіп бұ да жылжиды. Көп ұзамай қарсы алдында шұп-шұбар
айдаһар бейне жолбарыс атыла ұмтылады бұған. Қапелімде
жыртқышпен кездесу қандай қатер! Әлдеқалай деп оңтайына
ұстап келе жатқан қайың шоқпарды "ә, о, атаңа нә-ә-нә-лет!" -
деп тұтыға дауыстап, маңдайың осы болар деп сілтеп қалады.
Мысықша атылып, аузын әректей ашқан жолбарыс кісі бойы
көкке көтерілген күйі сылқ етіп құлап түседі.

«Пенде болып сонда, қорыққаным ба, шошығаным ба, денем
су болып терлеп кеттім. Өзіме-өзім келіп қарасам, жолбарыс-
тың қара тұмсығынан қан сигектеп ағып жатыр екен», - дейді.
Ой, заңғар-ай, ажалдан қорықпайтын жан иесі бола ма? Сонда
Бекең жалғыз басы жүріп, расы сол, шыбын жанын шүберекке
түйіп, малын да, жанын да қорғады емес пе? Ал біздің - мына
Бұзау, мен, Мақаңның қорғайтыны - еліміз, жұртымыздың ар-
намысы! Іздейтініміз солардың ақысы. Әкем отырғандардың
көңілдегісін тауып отыр ма, әлде шындығы сол ма, бәрі үнсіз
бас изеді.

- Ал, бұл күнде ше? - деп сұрады ағам. - Мына дүниеде
не болып жатыр. Тұрымтай тұсымен, пақыр басымен кетті.
Жарықтық, сол әкемнің қазір елім, жұртым дегенінен не қалды?

Осы кезде менің тамағым жыбырлап, өткен жазда Әбдірақ-
манның өзіне айтқан бір сөзін есіне салғым келді. Бірақ Нақыпбек
көкемнің «ішің толып бара жатса, артыңмен дем ал!» деген ас-
тарлы сөзі ойыма түсіп, тілімді тістедім. Ол сонда: «Мұқыжан-ау,
заман не болып кетті. Біреудің біреуге қасқыр болып шабатыны
несі. Біздің жақын туыс Бүкірдің Нұрмағамбеті рудниктегі электр
стансада жақсы жұмыскер еді. Өзі де ақ көңіл, біреуге жазары
жоқ момын жуас бала болушы еді. Жақсы жұмыскерді кәмөнес-
ке алып жатқан жоқ па, қазір. Оны да бір күні "сен партияға өт!"
деп жиналысқа салады. Сол жиналыста біреу: "Мұны партияға
қалай аламыз? Туысы Хасен "халық жауы" деп қарсы шыға-
ды. Бас-аяғы болғаны осы. Үш күннен кейін ГПУ-дің адамдары

Абыздар биігі

келіп, қолына кісен салып, ұстап әкетіп, соттап жіберіпті. Әлгі
Хасен деп отырғаны - өзің жақсы білетін Тоқының Жақыбының
баласы. Жақсы сауаты, білімі баржігіт. Бір кезде әкесі оқытты ғой
оны. Кешегі ашаршылық кімге қоныс аудартпады. Түркістанға,
одан Ащысайға жеткен. Жап-жақсы аты шығып жүрген сол бала
да ұсталды. "Сұмдық, - дейді осы жақында келіп кеткен Үсен
деген бала. - Ащысайдың шахтасының аузында НКВД "халық
жауысың" деп бейкүнә адамдарды тобымен ұстап, кісендеп
әкетіп жатыр". Бір күнде жетпіс шахтер қамауға алынған. Естіген
құлақта жазық жоқ. Айтушы әлгі Хасеннің туған інісі. Ақырзаман
деген осы шығар", - деген. Бұл әңгімені сол жерде ағамның өзі
де жандандырып, өте терең, білімді, көп оқыған, әр сөзі алтын-
ға бағаланатын заманының тамыршысы, ойшылы Ахметтің ау-
зынан естігенін ерекше бір ықыласпен айтқан.

Қашанда салиқалы, ойлы әңгіме айтарында қасын төңірегіне
кере, көзін бір жұмып алып, тамағын кенейтін әдетімен:

- Ақаң сөйлегенде тайпалған жорғадай ағып жүре беретін кісі
еді. Әйтпесе, ол қазақтың Байтұрсыновы атанар ма! - деп алды
да, - қазақ - қазақ болғалы іргесі бекіп, өз алдына дербестік түті-
ні тік ұшқан, бірлігі туысқандығы мемлекеттік дәрежеге жеткен,
әлем таныған ел емес. Құдайдың сүйегіне берген батырлығы,
қайсарлығы, өжеттігі дарынды алғырлығы сақтап жеткізді оны
бұл күнге. Әттең, сол қасиетіне бір ауыздан - сөз, бір жеңнен
қол шығару жазылған болса, әлемдегі ең озық халықтың бірі бо-
лар еді-ау! Ал қазіргі халі қандай, сондай жомарт жаратылысты
халықтың? Ақаңның сұраулы кескіні жан шошырлық еді сон-
дағы... - Атын атамай-ақ қояйын, есімі дәулетімен шыққан
атақты бай болды осында, - деп сәл тыныс алған Ақаң ойын
жалғап бірде, - көктем кезі болса керек. Сауын айтып, жыл
бұрын ас беретінін хабарлап, елді елеңдетіп қоятын дағдылы
дәстүр бар емес пе! Ас иесі бай да әкесіне берілетін ас қамына
үлкен ыждаһатпен кіріскен екен. Үнемі бәйгеден келіп, атағын
асырып жүрген атының терін алып, бабына келтіріп жүрген
күндердің бірінде «қой, мұнымен өріске барып, жылқыларды,
түйелерді аралайын, әрі жақсылап таңасуға даярлайын» деген
оймен аттанып кетеді. Жапырақ, шайырдың өсіп, жердің гүл
шоғына малынып тұрған кезі болса керек. Ауа таза, аспан ашық.
Құс біткеннің базары қызған шақ. Далада құйқылжыған ән, құс
үні қалықтайды. Мұндай шақта жүйрік атқа мініп саяхат құру-
дың өз желігі тағы бар. Желе жортып қырда жатқан түйелеріне
таяна бергенде алдынан құйрығын шапақтап, келеден аузынан
ақ көбігі бұрқыраған қара бура бұған қарсы шабады. Түрі

Апбаз Қаражігітов

жаман қара дауыл боп, ұйпап, жолындағыны ұшырып әкететін
үйірмелеп соққан құйын боп бұған ұмтылып кеп береді ол.

Байда ес қалмады. «Ойпырай, мынау менің ажалым бол-
мағай! Мұны жасқайтын ең болмаса қолыма құрық та ал-
маппын. Жазым етпегей», - деп аттың басын бұрып алып,
кейін қарай бетін аудармақ болып, бір бүйірге шаба жөнеледі.
Әбден бауырын тартып жарап, тиісерге қара таппай шабынып,
өз бабына келіп жүрген бураға керегі де сол еді. Барын сала
лөкілдеп мұның соңына түсіп береді. Әдепкіде үйіріне қайтар,
әншейін тосырқап, жай айбаттылық қызғаныш баураған болар
деген ойы болмады. Мұның соңынан қалар емес. Бірте-бірте
бауырын жазып жер апшысын қуырып, бұған тақала түскендей.
Бұл да атына қамшы басып, атақты жүйріктің сауырын тілгі-
леп келеді. Енді көзі жетті. Бура бұған жетпей тоқтар да, мы-
на сұмдық тажал қаһарынан қайтар да емес. Барын салып
ұмтылып келеді. Әбден ерегісіп, өштесіп, қайтсем де жетемін,
төс табаныма басамын деген аждаһа өшпенділік билепті оны.
Қанша жер қуды бура, бұл қанша жер қашты, қазір есепке
алар шама жоқ. Әйтеуір бір шындық сол - ол бұған жетпей,
мұны тапап жаныштамай тоқтамақ емес. Осындай жан мұрын
ұшына келген шақта алдынан ең болмаса терең сай, өзен де
кезікпей, қиналған оған бір бүйірден төбелі там-мола көріне
берді. Сұрапыл мұны басып қалар, үстіне құлап, аударылып
келе жатқан әлеметтен құтылар не айла бар! Ең болмаса,
осынау молаға жетсем-ау деп ойлағанша бураның гүрсілдеп
желген, қара жерді ойып жіберердей дауылды екпіні де жетті
құлағына. Көзінің қиығын салғанда, енді болмаса мұны қарпып
түсердей, жақын кеп қалған қап-қара албасты бейнедегі бура-
ны анық көрді. Бай састы. Сөйткенше, бір адам кіріп шығатын-
дай есігі бар төбелі молаға жетіп еді ол. Атынан аударыла құ-
лап, жанталасып молаға еңбектей кірді. Бура да жетті. Мұның
үстіндегі етегі желпілдеген түйе жүнінен тоқылған шекпенінің
етегінен қарпып, бір тістеп қалды. Бірақ мұны сүйреп шығара
алмады. Содан кейін не болды дерсіздер. - Ақаң осы жерде
бір езу тартып күліп алды да: - Бай молаға өзінің бабалары
жатқан дейтін кірер есігі ғана бар, төбесінде тесігі де жоқ қа-
раңғы қапасқа қырғидан қашқан торғайдай боп жансауғалап
паналады кеп. Жан шіркін тәтті емес пе, шыбыны шырқырап,
ентігін баса алмай, өкпесі аузына келіп, есі кеткен ол мәңгіріп
көп отырды. Көзі қарауытты ма, басы айналды ма, дүние
қап-қара боп түнеріп тұрып алды. Екі көзі моланың есігінде.
Қара бура кектенгені сонша, алақандай тесіктің аузына кеп

Абыздар биігі

шөгіп, аузынан көбігі бұрқырап, қылыштай тістерін шиқылдата
қайрап құлаштай мойнын ішке созып, алып кеудесімен әлде-
неше ондаған жылдар қара дауыл, ақ боран, нөсерлі жауын,
азынаған желдің өтінде міз бақпай, іргесі де, қабырғасы да
болаттай бекіген, күйдірген қыштан соғылған бейітті үйкеп,
құлатпақ бейнеде аласұра берді. Күркіреген дауысы жер
жарардай, бура қалайда сені таптамай, төсіме басып жаншып
ұнтамай тынбаймын деген қара ниетінен қайтар емес. Бар
қуатын, қайрат күшін жұмсап, моланы опырып құлатып,
дегеніне жетпек жыртқыш ниетпен барын салып арпалысқан
қимылға көшкен.

Бай састы. Егер мына дүлей қара күштен мола опырыла
құласа да, бураның аузына түссе де өледі. Не істемек енді?
Жанталасып бітеу моланың қараңғы бұрышына еңбектеп
шегіне берген. Адам жаны қысылғанда неге де болса көнеді
емес пе! Өзінен-өзі дайын тұрған қуысқа қалай кіріп кеткенін де
аңғармай қалды ол. Бура болса әлі де қаһарын төгіп, моланы
қалайда құлатып сені табармын-ау деген, өштескен райынан
қайтар емес. Еселеген қуат күшке кесек жардай тірелген өркеші
кептеліп тосқауыл болмаса, мұны мына жерден суырып алып,
анау сақылдаған азуға басар еді-ау!

Аздап болса да себездеп алақандай есік арқылы сырттан
түскен сәулені де бураның денесі бүркеп қалды. Дүниені ен-
ді тас қараңғылық басты. Бай да моланың түпкі қабырғасына
қарай домалаған күйі өзінен-өзі бір қуысқа қалай түсіп кетке-
нін де аңғармай қалған бұл кезде. Дүниені қараңғылық басты.
Бура бар қаһарына мінген бойы, "сені қайткенде де осы қапас-
тан шығармаймын" деген райда, күр-күр етіп әлі жатыр. Қозға-
лар емес. Осы аңдысу, арбасумен қанша уақыт, күн өткенінен
жаңылған бай бір қозғалғанда өзінің мола ішіндегі қабірде лақат
қуысында жатқанын білді. "Сұмдық-ай, ендігі тірлігім не болар
екен?". Оның жаны шырқырап, бойы түршікті, - деген Ақаң
пайымдағанда, - қазақ халқының бүгінгі халі соноу құтырған
жарау, қан аңсаған бура қуған байдың тағдырына ұқсас. Оны
бура ата-бабасының сүйегі көмілген қабірден тірі шығара ма? Ол
жарық дүниеге, ерікті әлемге шығып, атамекені кең-байтақ баба
даласында рақат, бейбіт өмір сүре ала ма? Міне, қазағымның
қазіргі тағдыры, - деп еді. Қайран, кемеңгер жаратылған Ақаң
сонда халық басынан кешетін осындай қатерлі күнді айтқан
екен-ау, - деп тебіренген ағам.

- Сонда әлгі байдың соңына түсіп қуған құтырған бура, оны
әкесінің көріне қамап тыққан рақымсыздық осы бүгінгі үкімет

Апбаз Қаражігітов
емес пе? - Әбдірақман аңғал мінезімен жүрекке алмас пышақ-
тай қадалған сұрақты қойып қалды. Ағам оның бетіне қабағын
түйе жалт қарап:

- Байқап сөйлеңіз, - деп орнынан тұра берді де, - ойланы-
ңыз оның жауабын. Өзіңіз де табасыз. Бірақ Ақаң бір адамның
емес, ұлтының тағдырын, оның басына түскен күнді тұспалдап
отыр, -деді.

- Апырай, ә? Апырай, ә? Мұнысы енді бағзы біреулердің бу-
раның төс табанында жаншылып, кейбірі қырғи қуған торғай-
дай күйге түскенін күні бұрын көргендік болды, - деді сақалын
сипап Әбдірақман.

Қыстың орта кезі. Мектепте жағатын отын таусылып, бір-екі
күнге сабақ болмайтын болды. Өзімізге еркіндік тиген бір топ
бала - Бейсенбек, Әлібек, Ахмедия, Әбідін бар, ағаш шананы
жетелеп шағылға шыққанбыз. Ойымыз сырғанақ тебу. Күн ашық.
Сәл шымшыма аяз бар. Бір биіктің басына шығып көкжиекке көз
жүгіртіп, орқы-шорқы көбік боп қайнап тасыған сүттей ақтөбе-
перге таңырқай қарап қалғам. Бұл менің қар жамылған қысқы
даланы биылдыққа бірінші көруім.

- Анау көрінген ақ төбелерде ел бар ма? - деймін танауын
бір тартып қасыма жеткен Әлібекке.

- Ол Кент қой, - деді осы жерде туып-өскендігін білдіріп.
- Кент? Қала ма? Онда не бар? - деймін таңдана.
- Ол құм, осындай шағыл, - деді оны қостап, өзінің білетін-
дігін сездіріп Бейсенбек те.
- Ей, сендер де соғады екенсіңдер, түк білмей деймін. Осын-
дағы Ақай деген кісі, Бақтыбай нағашым, Сақтағандар оны
қала, құм басқан қала дейді, - десем:
- Соқпа! Ол - осы өзіміз үстіне шығып тұрған биік шағыл
сияқты құм. Жыпырлаған бұйрат төбелер. Түйе сіңір, дүзген,
көтібос, қаражусан, теріскен, қамыс, тал, жаужұмыр ма, неше
түрлі шөп басқан құмақ, - деп өзеуреді тағы Әлібек.
Менің берілгім жоқ. Өйткені жақында ғана әлгі дүниеде не
болып жатқанның бәрін білетін, тіпті көбін өз көздерімен көр-
ген кісілердің аузынан естігем. Құм дауылы соғып, мына ша-
ғылдардың көшіп, құм астында қалған қоймалардың ашылып,
не түрлі қиялда ғана елестейтін құндылықтардың жарқырап
жер бетіне шығып қалғаны айтылған. Сондай бір сұрапыл
боран Кент шаһарын басып қалған. Ішімде арыстан ойнап, сол
сөздер есіме түскен мен:
- Фу! Түк білмейсіңдер! Қасында жүріп сондай қалаға да
бармайсыңдар, - дедім білгішсініп.

Абыздар биігі

- Бекер лақпа! Ол - дәл осындай аяғыңа есіліп жатқан шикі
өкпедей езілген құм! - деп ежіреңдеді Әлібек. Бейсенбек:

- Әлібектікі рас. Біздің ауылға жақын, біріне-бірі жалғасып
кетіп жатқан, басына бөрік кигендей бұйра бас бұйрат төбелер
ол,-деді.

- Қойыңдаршы сендер! Үлкендер өтірік айта ма? Онда бір
кезде ел отырған, Рудниктегі сияқты электр шамы жанып, гудогі
айқайлаған қала болған, - деп өзеуреп, есіл-дертім соны көру
болып мен тұрмын.

- Өзі бірталай жер, ә? - деді Әбідін қаудырлаған тонын қау-
сырынып.

- О, о! Көп жер! Көрініп тұрғанмен, - деді тағы Әлібек.
- Әйда, барып қайтамыз. Көреміз. Мүмкін, қаланың орнын та-
бармыз, - деп еліктірем.
- Жоқ, мына суықта қатып өлеміз бір жерде. Және қасқыр
бар, - деді көзі алаңдаған Әлібек үрей шақырып.
- Қорқақ! Қорқақ! - деп шамына тиген болып едім.
- Әй, сен өзің білмейтін жердің ой-шұқыры көп болады деген-
ді естімеген екенсің. Кентке барғыш болсаң, жаз шықсын. Күн
жылынғанда барамыз, - деп басу айтты тағы Әлібек.
Бір күні менімен еріп сол Әлібек біздің үйге келе қалды. Анам
бұрыннан біле ме, оны тани кетіп:
- Әке-шешең аман ба? Үкілінің дені сау ма? - деп жақын
тартып, жылы қабақ танытты. Маған:
- Үкілі - мына баланың шешесі сенің апаң. Бұл бізге жиен.
Соқырды білесің. Соқыры - Еділбайдың Исасы. Қайнысы атын
атамайды. Жеңгелері ол кісіні көзі қитарлау болған соң соқыр
деп ат қойған. Үкілі сол кісінің қарындасы екен. - Екеуің жақын
жүріңдер, - деп бірге оқитын біздерді таныстырып жатты.
Анадағы Дәулетбайдың сәуріктің қолына түскен оқиғасынан
кейін мұғалімдерден жаза көрген екеуміздің расында ымы-жы-
мымыз қосылып кеткен. Ауыл баласы, ол осы жердің қойнынан
шыққандай, білмейтіні, естімегені жоқ, әсіресе жер жағдайын,
тіпті әр отбасы тіршілігі сырына дейін жетік білетін пысық, құйма
құлақ, сөзуар-ақ. Жыммен қашқан қояндай құлдырап, ағып
сөйлегені-ақ қызық. Сөзшең. Әр нәрсені айтып, оңашә сөзге
тартып, өзі көрген-білгенін көкірегіне тоқып алған құймақұлақ.
- Әй, - деді маған көзінен ұшқын шашыратып. - Ашаршылық-
ты көрдің бе?
_?
- Неге аң-таң қалдың? Мына құмның бойында болған сұмдық-
ты көрсетпесін құдай енді, - деп, жүз жасаған кісідей, күңірене

Апбаз Қаражігітов
сөйледі кеп. Мен оның бетіне «осы не айтқалы тұр» деп үрке
қарадым. «Ашаршылық» деген атының өзі жанымды түршіктіріп
кетті. Ол сұмдықты басынан кешпеген қазақ жоқ шығар. Жоным-
нан құмырсқа өріп өткендей, арқам терлеп қоя берді. Ол:

- Мына Жетіқоңырдың құмындағы елдің өлгені - өліп, өлмеге-
ні, әл-қуаты бары жаужұмыр қазып, босып, беті ауған жаққа жан
сауғалап кетіп жатқанда біздің үй май жеп отырдық.

- Ой, суайт! - Шыдамым таусылып: - Ел аштан қырылып жат-
қанда сенің үйіңе елден алабөтен қайдан ағып келген май ол?!
Соқпа! - деп бетін тырнап алдым.

- Иә, нанбайсың ба? Жүр біздің үйге, апама барайық. Сенбе-
сең Үкілі апаңнан-ақ сұра, - деп мені қолымнан тарта сүйреді.
Мен басымды шайқадым.

- Ендеше ол былай болды, - деген ол. - Түннің бір мезгілі.
Қашанда біздің үй елге қосылмай, басқа ауылдардан оқшау оты-
ратын жеке қыстау. Мына биік-биік нар шағылдың қай қуысынан
тауып әкелгенін әкемнің мен қайдан білейін. Өзіміздің отбасы-
мыз ғана. Жалғыз өркеш қызыл бұйра, шағыл құм төбедей нар
түйені әкем үйге аяғын буып, жығып, сүйреп кіргізді. Аяғындағы
саптама етігінің қонышынан тастамайтын сыртында қыны бар
алмас қылыштай жүзі қылпыған пышағын суырып:

- Үкілі, тез әкел, шылапшынды, - деп әмір етті де, көзді ашып-
жұмғанша түйенің мойнын екі жерден бауыздап, қанын орқыра-
тып ағызып алды. Әкем қасап адам.

- Сен мына қанды төкпе. Қазір қазанға құй да, қайнатып ал, -
деп бұйырды.

- Қан қайнатқан несі, - деп еді:
- Сол. Айтылды - орында. Жеймін, - деп бір-ақ кесті. Өзі жан
алып, жан беріп, түйенің терісін де түсірді, етін де бұзды. Күні
бұрын дайындап қойған ба, әлде бар нәрсе ме, үш-төрт кебеже-
ге, артылғанын теріге орап, тұздап буып тастады. Түйе айтулы
семіз де екен. Қомын, өркешін турап, майын қарынға, ыдысқа
құйып, мұқият сакталатын етті. Бұл жұмыс бір-екі күнде біткен.
Түннің бір мезгілі. Етті түн ортасында ғана жейміз.
- Үкілі, - деді әкем, сосын үйдің басқа адамдарына сұстана
қарап, - ел басына нәубет келді. Бұл нәубеттен кімнің тірі, өлі
боларын бір құдай ғана біледі. Мына балаларды аман алып
шығу - екеуміздің әке-шешелік борышымыз. Сол үшін күніне
өлшеп берем етті. Оны тек түнде ғана, ел жатқанда асып, түнде
ғана бересің бұларға. Сүйегін, онда да майын қайнатып алған
сүйекті өзім құмға ит қазып алмайтын етіп, тереңге көмем! -
Әкемнің дауысы жердің астынан шыққандай боп жетті құлағыма.

Абыздар биігі

Бәрімізге тесіле түсіп түнеріп отырды да: - Жан керек болса,
ауыздарыңа ие болыңдар! Жақтарынды ашпаңдар! - деді.

Сөйтіп, не керек, біздің үйдің адамдары басқалардай емес,
қуатты, жілік майы үзілмей, сыр бермей шықты қыстан. Ал басқа
ел, күндіз-түні ойға-қырға жүріп-тұратын әкемнің айтуынша,
аштан қырылып жатыпты.

Ал біздің үй... Қарнымыз тоқ. Әкем айтқан аузымызды емес,
жағымызды да ашпаймыз, - деп өткен аштық жылдардағы от-
басы құпиясын ашты да:

- Дәл сондағыдай, осы қазір не болып жатыр. Анада мұға-
лімдер «ауыздарыңа ие болыңдар!» деп төбемізді тесе жазда-
ды, - деді менен өзінің жанын жеген бүгінгі күннің сырын білгісі
келгендей алақтай қарап.

Мен аузымды қос қолдап бастым да, сөздің бетін аударып:
- Ой, сенің әкең ұры екен ғой, - дедім. Ойында ештеме жоқ
ол мына тосын сөзден сасып:
- Ол сенің неңді ұрлады? - деді.
- Әлгі өзің айтқан түйе ше?
_?
- Ол аузын аша алмай аңырды да қалды. Мені де түйе туралы
жұмбақ ой буып, мең-зең кісідей хал кештім. Маған дүние су
тигенде кеңіп, кепкенде аяқты қысып, қажайтын, жанды жеген
көн етік тәрізденіп кетті. Мына адамзат мекені өзінен-өзі тары-
лып, тірі жанды рақымсыз құшағына алып қысып келе жатқан
ертегілердегі қара дүлейдің құзырына берілгендей болып жүре
берді.
- Әй, неге мелшиіп көкжиекке қарап қалдың. Кентке қалашы
жіберіп пе едің, - деп айқай салған Әлібек, - әйда, кеттік! Отыр
шанаға, - деді.
Биік басынан жұлдыздай аға жөнелдік. Көз алдымда дү-
ние шыркөбелек дөңгелеп келеді. Бірақ не себепті екенін біл-
меймін. Мен өзімнен-өзім елегізіп, шыр айналған далаға үрке
қадаламын. Сонда мына әлемде өзіме белгісіз, санама салмақ
салған бір түсініксіздік бар. Ішім толып бара жатқандай. Ол не?
Тап басып оны ақылыма құйып, бейнелеп былай екен ғой деп
ұғымға келтіре алмаймын. Бұлдыр бірдеңе. А деп аузымды
ашсам, лақ етіп төгілердей белгісіздік қинайды кеп. Нақыпбек
көкемнің «ішің толып бара жатса, артыңмен дем ал» дегені
есіме оралады сол сәт. Ішімнен тынам. «Құдайым-ау, бұ не,
адамдарды біріне-бірін жалтақтатып қойған» деймін. Бірақ
оның жауабын таба алмаймын.
Бақтыбай нағашым сол күні әдеттегідей қасына Сақтағанын

Абыздар биігі

соңда басты асыл сөз жарып тұр ма, артық сөз жарып тұр ма?
Соны біле ме, мыналар!? - Ағам ойлана көз тікті. Бір кезде ата-
лы сөз қайдан шығады, соны білсек десек, енді одан жан сауға-
лап қашатын болдық. Бірақ жүйелі сөзді киеліге санаған атам
қазақтың әруағын ешкім жоққа шығара алмас, - деп бір кідірді
де. - Қазіргі күнде жау деп, зиянкес деп, есімінің өзін бүгінгі үрім-
бұтаққа ататпай, қара бүлттың арғы жағына тығып қойған, күн
сипатты ерлер қаншамаІСоның бірі-АхметБайтұрсынов. Қайран
ерім-ай, "бұл қазаққа қазіргі керегі - білім, байлық, бірлік", - деп
еді бір отырыста. Ойлап қарасам, осы айтқаны құран сөзіндей
екен. Дәл бүгін мына жастарда осы үшеуі де жоқ - білім де,
байлық та, бірлік те. Өзі білімсіз елдің қолындағы малын «асыра
сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп тартып алып, қырық
пышақ еттік. Күні кеше, ішінде осы екеуің де барсың, қалмақтың
Аймырзасының тақымындағы жалғыз атын "бермедің, серіктікке
қоспадың" деп, кермелеп арқан тосып, ауыл болып жабылып
айнала қуып, ақырында құрық салып ұстадыңдар. О заманда
бұ заман, адамды құрық салып ұстағанды бірінші көруім. - Бәрі
дуылдаса күлді.

- Енді қайтейік. Айтқанға өлсе көнер емес.
- Мен жаяу жүремін бе? Ортаға берерім жоқ! Аулақ! - дейді
батырың.
- Әй, ондай өмірі қағу көрмей, даланың еркесі болып, бұла өс-
кен тағы жаратылысты жанға «У ішсең руыңмен» деген жылы сөзді
де қимайсыңдар. Не дегенде де ол елінен, жұртынан безген жан
емес қой. Заманың сол, бүгінгі тынысың сол! Құрық сал, кермеле
деп тұрса, не істемексің. Көнесің, - деп бір тоқтау айтты ағам.
- Не десек те, Аймырза - Сарғалдақ батырдың ықылым за-
мандарды басынан өткерген ерлік сарқыты, бізге жеткен ұшқы-
ны - деп сөз қосты Бақтыбай. - Әйтпесе мына адамы адамына
жау болған кезде сөйтер ме? Жанкешті кісі - деді. - Басқаға
бағынбау ғой.
- Айекең көкенікі өркөкіректік қой, - деп сөзге араласты
Шабдан. - Ал Сарғалдақ атамның Аққыз әжемді Сарыға бере
салғаны несі? - Сөзді басқа жаққа бұрғысы келді ме, әлде,
әзілден ұтқысы бар ма: - Жарықтық өзі алса ғой, бізден қанша
атақты кісі, би, дуалы ауыз, шешен бүгінгі заманның Мұқаш,
Сүтбай, Досмағамбет сияқты басшылар шығар еді. Қолына
тиген сұлуды ағам еді, үлкен еді деп бір емес, екі емес Сары
атаға бере беріпті. Мен осыған қапамын. - Бәрі бұған ду күлді.
Бақтыбай екі иығы селкілдеп көпке дейін күлкісін тия алмады.
Інісінің ұтымды әзіліне айызы қанып қалғандай.

Апбаз Қаражігітов

- Ай, Шабдан, сен бұл сөзді мына Нақыпбек нағашыңды
сөзден тоқтатамын деп айтып отырғаныңды түсінемін. Ал сол
Сары ата атанған кісінің он екі әйелі болғанын білесің бе? - ол
басын шайқады. - Білмесең, оны да біліп қой. - Сақтаған Сары
атаны өзі үйлендірген кісідей дауысын жібектей созып әңгімелей
жөнелді. Оның көбі жеңілген жаудан түскен олжа. Ол кездің
адамдарының жаны да, тілегі де бір болған. Бірі үшін бірі өлім-
ге, әлгі қанды қылышын, найзасын, шоқпарын көтеріп «Жекпе-
жек! Жекпе-жек!» деп ажал боп ақырған қияметке қас қақпай
барған. Сондай бірліктегі оларды қандай жау алады?! Шағыр
көзін ежірейте қарады ол - олар жеңілмеген! Міне, содан да, -
деп аз ойланып, - олар да сенікі, менікі, мынау алысым, мынау
жақыным деген болмаған. Бәрі бауыр, жақын, туыс болған.
Әне, тектілік пен туысқандық, адалдық төркіні қайда? - Қолын
көтеріп. - Солардан ізде! Бүгінгі заманға олардың сорпасы мың
қайнаса да қосылмайды. Содан да Сары ата Елтінді атты кісіге
әлгі көп шешемізге барып қонып шыққанда шомылатын жылы
суын мұқият дайындап тұратынына разы болып, «Үрім-бұтағың
өссін. Дәулетің де, бағың да тасысын» деп бата беріпті. Адам
тіршілігінде батадан қымбат не бар? Ал, сол Елтіндіден тараған,
өскен ұрпақ бүгін Сары-Сарғалдақты екі орап алады. Егерде сол
батаны атаң өз баласына берсе ше? - Сақаң әдетінше тосыла
қарады.

- Әншейін Сарғалдақ атаның ағасына құрметін, жомартты-
ғын, бауырмалдығын айтамын да! Үлкенді сыйлау дегеннің
өшпес үлгісі де осы екеніне көңілім толады. Болмаса Аққыз
әжемді қайтып алғалы отырғам жоқ, - деп Шабдан күлді де, -
оның ар жағында біз біле бермейтін мұншалық сыр жатқанын
қайдан білейік, - деді.

- Е, қарағым, әлгі ақпейіл адалдық деген мәңгілік өмірдің қа-
сиетін кім біле берген. «Батамен ер, жаңбырмен жер көгереді»
демей ме атаң қазақ. Ол - ол ма, жаңа өзің атын атаған Аққыз
әжеден туған Әзеке, Бодық, Жауғашты, Шағырдың Жауғашты
бұтағынан туған Барлыбай атаңның - хан Барлыбайдың Төлек
батырдың баласы Сандыбайға берген батасы ше? Ол бір дас-
тан, - деп сөзге Бақтыбай араласты.

- Иә? Бұ тұқымнан хан да шыққан ба сонда? - Шабдан хан
Барлыбай дегенге елеңдей қалды.

- Хан да шыққан, - деді ойын бекіткен Бақаң. - Бірді айтып
бірге кетемін-ау, әлгі Шабдан сенің Аққыз әже туралы дерегің
сол ұлы бабалардың бүкіл болмыс-бітімін көз алдыма әкеледі.

Шамасы, ол қазақтың Бағаналы елінің аты-жөні бізге белгі-

Абыздар биігі
сіз бір жаумен итжығыс түсіп, бірде олар, бірде біздің жақ жеңіп
тұрған заманы болу керек. Айтуда Бағаналы батырлары жауды
түре қуған бір сәтінде жеңілген жақ жұртына ақ отауымен қыз
қалдырып кетеді. Міне, сол қыз - әжең Аққыз. Батырлардың
бәрі де түсініп тұр. Отаудағы қыз біреу. Бұл олжадан дәмелілер
әлденешеу. Сонда қолбасшы батыр:

- Уай, баһадүрлар, мына олжаны қай атың озғаның аласың.
Таласқа жол жоқ, - депті де. - Ал, жолдарың болсын! - депті.
Бәрі де ат басын босатады. Көп дүрмек отауға ұмар-жұмар келе
береді. Мына көптің алдында келе жатқан, бірақ аты қалып бара
жатқан Сарғалдақ батыр бар екпінімен шауып келе жатқан беті
құлаштай кеп найзасын отауға лақтырған екен. Найза туырлық-
ты тесіп өтіп, маңдайшаға қадалады. Ең алдымен жеткен батыр:

- Ей, сұлу қыз, шық бері! Ұста менің атымның шылбырын! -
деп дауыстайды да. - Сен аты озған батырдың сауғасысың! Шық
бері! - деп бұйырады. Сонда ақ отаудың есігін серпе шыққан
қыз:

- Құп, төрелігіңізге, батыр! Бірақ сізден де қолы бұрын жеткен
батыр бар іштерінде. Мен кім болса да соның қалауындамын, -
дейді. Бәрі аң-таң. Сонда қайта сөйлеген қыз:

- Ақ туырлықты қақырата тіліп, маңдәйшаға кеп қадалған көк
сүңгі иесі кім болса, мен соған бұйырам, - дейді.

Жүзі көкжиегін нұрға бөлеген күндей аппақ, иегі аққудың топ-
шысындай, бүйрек беті қиылған құс қанатындай қара қасты, қос
бұрымы тобығына түскен, қыпша белі үзілердей қара көз сұлуға
таңдана қараған бір батыр:

- Ей, Аққыз, онда өз қолыңмен алып шық әлгі көк сүңгі найза-
ны, кімдікі екен, иесін табайық, - дейді. Найза иесі Сарғалдақ
батыр болып шығады.

- Әттегене-ай, ә! - деп өкінді тағы Шабдан.
- Сен болғанда ғой, басқаны әлгідей сұлудың маңайына жо-
латпас едің, ә? - десе Нақыпбек.
- Әттең, өтті-кетті! - деді Шабдан. Үлкендер тағы да бір күлі-
сіп алды.
Міне, сол қызды батыр Сары ағасына атастырады. Неке қия-
рында атын сұраса, - Менің атымды батырдың өзі Аққыз деп
қойған. Менің ендігі атым - Аққыз, - депті.
Тамағын бір кенеп алған ағам:
- Жарықтық, сол анамызды құдай тегін жаратпаған ғой. Қан-
шама ұрпақ, ел өсіп, өркен жайды етегін жарып шығып. Міне,
ұлы ананың ұрпағы - біздер оны еске алып отырмыз. Киелі ана
болған ғой ол. Сол қасиеті ме, өмірі тірі жән иесі оның алдын кесіп

Апбаз Қаражігітов
өтпепті. Өте де алмапты. Аққыз әже келе жатқанда шабынған
бура, құтырған ит те беті бұрылып жүре береді екен. Жалт етіп
тігіле қараған жанарына қарсы тұра қалған әлдеқалай біреу
болса, бет-ауызы қисайып, не мүгедек болып қалатын болған.

- Бірде, - дейді бізге жеткен әңгімеде, - ауылдың бас көтерер
ер адамдары жортуылға кетіп, ауылда бала-шаға қалса керек.
Барымтаның да біреуді-біреудің олжалап, қиянат кылышының
жарқ-жұрқ ойнап тұрған заманында өмір сүрген олар не көрме-
ген. Сондай бір күндерде бейбіт отырған ауылға сау етіп қарулы
суық жүрісті топ келе қалыпты. Аты ерттеулі, түйесі ашамайлы,
ер адамы бес қаруын бойынан тастамайтын, көші-қоны аяқ ас-
тынан бола қалатын уақытта олар қайбір дүние жияды. Келген-
дер үйлерді тінтіп, ештеме таба алмай, бір ауылдың ажар-көркі
әжемізге қызығып:

- Әйел болса да, көркі күндей екен. Осыны олжалап-ақ ке-
тейік. Бөктер алдыңа, - деп айқай салыпты жау басшысы се-
ріктерінің біріне. Сонда Аққыз әже:

- Асқақтама, жігітім! Аспандағы күн қандай алыс, қандай ыс-
тық болса, мен де сондаймын. Қолың жетпейді маған, қолың
жетсе де күйіп өлесің! - депті.

- Не дейді, - ей, мынау, - деп ашуға булыққан содырлау бас-
шысы астындағы ақ шұбар арғымағын қамшылап, - қане, өртеп
жіберетін сені көрейін мен, - деп ұмтылады. Сонда астындағы
жер-су баспайтын тұлпар, бірдеңеден шошығандай, қалт-қалт
дірілдеп, аяғын аттап баспай, етпеттеп құлапты. Әне, әжеміз
қандай қасиетті кісі болған, - деді ағам.

- Міне, міне, осы ғой менің де айтып отырғаным. Сол әже-
ден тусақ қой біз, - деп Шабдан бәрін күлкіге қарық қылды. -
Талайларды таң қалдырар едік, ә, - деді.

- Тауып айттың! Алып анадан, ат биеден туатыны рас. Әйтсе
де өзіңді де олқы деме! - деп жатыр Бактыбай мен Сақтаған
қосарланып. Үй-іші бір дуылдап басылған кезде Бақтыбай:

- Әне, бұрынғының адамы қандай қасиетті, киелі болған?
Қолында мылтығы не сойылы жоқ қарапайым ана бес қаруы
бойындағы менменсіген жауын аттатпай буып тастаған, ә? Мұ-
нын сыры неде? - деп сауал тастады.

- Оның сырын да, құпиясын да ойлансаң өзің де табасың, -
деді Сақтаған.

- Сонда да?
- Адамды алдымен адалдық билеу керек. Біреуге біреу қия-
нат жасамай, ақ ниет жанашыр болса - бірлік, татулық, бауыр-
малдық, обал, сауап, күнә дегеннің не екенін, арам мен адалды

Абыздар биігі
ажыратса ғана кез келген кісінің бойында ізгілік отын жағады.
Ал бүгінде ше? Егер Сүлекең, - дей беріп еді, ағам басын
болар-болмас қана изей түсіп, шайқап қалды. Үшеуі біріне-бірі
қарап отырып қалды. Ағам ғана:

- "Құдайдан қорықпағаннан қорық" деген сөз бекер айтылма-
ған ғой. Құдайсыздар жайлаған жерде адамгершілікке орын қай-
дан қалсын. Жаудың да көбейер жері сол болады да, - деді.
Біріне-бірі жұмбақ айтып отырған кісілер тәрізді, бір тұспал.
Сүлекесі - Сүлеймен молла екенін түсініп те қалдым. Бірақ әліп-
тің артын ашпады. Онда не сыр бар? Мына әңгімені ұйып тың-
дап отырған көкем:

- Саясатқа бармаңыздар, - деді бірдеңеден қуыстанған кісіше.
- Сол үшін де нағашым құдайдан қорықпағаннан қорық деп
отыр ғой, - деді Шабдан. Мен ештемеге түсінбеген күйде қал-
дым.
Шабдан өз қатарынан артық пайымымен көзге түсіп келе жат-
қан есті жігіт. Бізге туған жиен. Туған ағам Мұқыштан төрт-бесжас
кіші апам Әбизадан туады. Әкесі поштасын алып әр күн келген
сайын ағаммен әңгіме-дүкен кұрып сырласа беретін Бақтыбай-
дың туған ағасы Жүндібай есімді қызыл шырайлы, өткір қоңыр
көзді, ат жақты, биік бойлы кісі. Ол да замандастарынан шоқ-
тығы биік адам. Кейін сол Шабдан көкірек науқасына шалдығып,
Қаражардағы ағам үйіне келіп, одан қаладағы дәрігерге қаты-
нап көрініп жатты. Балғын жас. Көзінде шоқ жанғандай тесіле
қарайтын, ойлы жігіт. Әкесі Жүндібай да, шешесі Әбиза да бірге
келген. Сөз сыңайларына қарағанда, Шабданның науқасы бар
адам. Әке-шешесі үстіне түсіп өлердей болып отырады. Ағам
үйі отбасы да Шабданға бар ықыласын аударған. Бәрі соның
жағдайын жасайды.
Сол күні қалаға кеткен ағам бір топ адам болып оралды. Қа-
сындағылар да өзара бұрыннан етене таныс кісілер тәрізді. Әңгі-
мелері жарасып, әзіл-қалжыңды түйдек-түйдек төгеді өздері.
Әсіресе сойдақ тіс, әр сөзін тереңнен қауғамен тартқандай, мой-
нын созып, екі иығын керіп сөйлейтін кісі көсемсіп кетеді. Бәрін
күлдіріп алады. Оның сөзін басқалар қызыға тыңдайды.
- Есімі Сарыарқадан тыс жерлерге де кеңінен танымал, айту-
лы ділмәр Аймырза бидің атақ-даңқы қалай шыққанын білесің-
дер ме? - деді үй ішін тінте қарап. Арғын Аққошқар Сайдалы мен
Ерден құда болыпты. Ерденнің де бағы жанып тұрған заманы
екен. Қай кезде де бай - байға, сай - сайға құяды емес пе, екі
елдің білікті басшы дөйлері құда болуы екі жағының да мерейін
асырмай ма!?

Апбаз Қаражігітов

Қырық жетіні санап алып, құйрық-бауыр желініп, қалыңдыққа
сырға тағып деғендей, жол-жоралғы ырым-жырымы аяқталады.

Бір күндерде күйеу де ұрын келеді. Ол ұлттық салт-дәстүрдің
қаймағы бұзылмаған заманда күйеу бала да жеңгелеріне тарту-
таралғы, балдыздарына кәдесін, әйтеуір өзіне лайықты жолы-
мен есік ашады. Екі елдің арасын, екі айтулы әруақты адам-
дардың достық құшағын жалғастыратын мұндай құдалықтың да
құрмет-қошеметі аз болмаса керек. - Осы тұста сойдақ тіс осы
сендер тыңдап отырмысыңдар деген кісіше қасындағыларға
адырая қарап, - Уай, Иманжан, - деп өзіне таяу отырған ұзын
қапсағай денелі, арықтау жақжүні өскен, селдірлеу ұзын шоқша
сақалды кісіні өзіне қаратты да, - шатақтың басы әлгі күйеуден,
жездемізден шықты, - деді үлкен даудың басы-қасында болған
кісідей көзін ежірейтіп.

- Иә, не болды? Төбелесіп қалдыңдар ма? - деді ол да жұлып
алғандай.

- Төбелес деген не тәйірі. Үлкен сорақы іс болды. - Тағы да
Иманжан есімді кісі. - Базардағы саудагер сартқа ұқсамай, айт-
саңшы былай, не болды? - деп оған қозғала қарады.

- Не болсын! - дауысы өктемдеу шықты. - Бірнеше күн апа-
мыздың қасында болған күйеу кетерінде қалыңдығының бұры-
мын кесіп алып кетіпті.

- Бұрымын кесіп? - деп қалды шоқ басқандай шошыған үнмен
Иманжан.

- Иә, қыздың бұрымын кесіп алып кетіпті. Бұл бұрын-соңды ел
естімеген қорлау бірте-бірте үлкендердің құлағына жетіп, Аққош-
қар ауылына бір сылтауды желеу етіп осы оқиғаға байланысты
он-он бес кісі бара қалады. Мақсаты осы оспадар істі төркін-
дету, - деп созды әңгімесін сойдақ тіс. - Әрине, қай заманда да
құдасын ғана емес, қонағын да құдайдай күткен қазақ емес пе,
оның үстіне найманның айтулы жерінен келген жаңа жекжатты
ыстық ықылас, бар пейілімен күтеді. Қонақтар келген шаруасын
бірден айта қоймай, жата береді. Ақыры, қонақ күтуден жалыға
бастаған ауыл ақсақалы жөн-жосықты өзі келіп біледі. Басты
мәселе ортаға түспей ме? Сонда көптің талқысына түскен күйеу:

- Онда тұрған ештеңе жоқ! Бар айтарларыңыз бұрым шығар.
Мен өз байталымды күзедім. Басқаның үйіріне барғам жоқ, -
депті түтігіп. Сонда он екі жастағы Аймырза өз адамдарының
күйеудің мына сөзіне тосылып қалғанын байқап, орнынан атып
тұрып, күйеу жігіттің бір құлағын түбінен отап кесіп алып, қолма-
қол орамалына орап, қалтасына салып алыпты да: - Бұрым -
жездеме, құлақ бізге өшпес белгі болсын, - дейді.

АБЫЗДАР Биігі

- Өй, мынау қайтеді-ей! Тал түсте құлақ кесіп, - деп ауыл
ақсақалы айқай салса, Айекең оның бетіне жалт қарап:

- Е, қария, бұл байталын түнде күзесе, мен айғырыма тал
түсте ен салдым. Оның несі айып, - депті. Ел ақсақалы да тегін
кісі болмауы керек:

- Кегің қайтты! Кегің қайтты, - депті. Оның сөзіне тағы да қа-
рап қалмай Аймырза:

- Бұдан былай бір құлағы жоқ жігіт көрсеңдер, найманға күйеу
дерсіңдер, - депті. Әлгі «шұнақ болса, найманға күйеу» деген
әзіл сөз содан тарапты елге. Осы оқиғадан кейін Аймырзаның да
өжеттігі мен тапқырлығы елге аңыз болып жайылып, атақ-даңқы
артады.

Мына сөзге үй іші бір дуылдап күліп алды. Біреулер: - Оның
арты немен тынды екен? - десе, сойдақ тіс: - Не болушы еді,
күйеу құлақсыз шұнақ атаныпты да, апамыздың бұрымы жаулық
астында көрінбей қалыпты, - деді.

Манадан үнсіз ғана мына әңгімені беріле тыңдаған Шабдан:
- Аймырза есімді кісілер тегін болмаған екен тегі. Біздің Ай-
мырза да "Қалмақ қырылғанды" күні кеше баяғы қалмаққа жекпе-
жекке шыққан батырлардай бір сілкіндіріп еді, - деп езу тартты.
- Қалмақтың Аймырзасы ма, өзіміздің, - деп елеңдей қал-
ған Иманжан: - Е, ол кісіні де тегін демеңдер, - деп аз ойланып
алды да: - Атасы Сартос батыр, әкесінің аты Қалмақ болса, өзі
Аймырза болса, ол туламай кім тулайды, - деді.
- Шіркін, қазағым-ай, батыр ғой батыр!
- Әттең, - деп бармағын тістеп едәуір кідірді де: - Қазақ саха-
расындағы қора-қора қорым болып сүйегі қалған жоңғар қал-
мақтарын да оңай жау демеңдер. Бір дәуірде қара қытайды да,
ормандай орысыңды да дірілдеткен халық емес пе!

Жай оғы боп төбеден құйылғандай,
Халық бопты ол тау тесер сүйір мандай.
Сол тажалды тас-талқан етті қазақ,
Ажал ғана жерінен бұйырғандай, -

деп тақпақтап бір шумақ өлең жолын төгіп тастаған Иманжан
ұзақ әңгіме бастап кетті. - Халық қаһары деген сол. Өткен
тарихты зерделесек, ата-бабалар жүріп кеткен соқпақтарды
барласақ - бұл өмірдің не қилы сырына сүңгисің. Азуын айға
білеген, түмен тұлпарларының тұяғы тимеген жер, баспаған
тауы қалмаған патшалар Зұлқарнай, Кир, Шыңғыс хан сынды
дүниені билеген империялардан не қалды? - Иманжан қос
алақанын жайып, жаутаң-жаутаң өзінің қолына қарап: - Ештеңе

Апбаз Қаражігітов
де қалған жоқ! Оқпен келген билік те оқпен кетті. Қазір солардың
орнында, - деді де, - әлгі "Қалмақ қырылғанды" дүр сілкіндірді
дегенге өткен дәуір оқиғалары ойға оралып, атам қазақтың, оның
ішінде осы Ұлытауды мекендеген ат төбеліндей елдің ерлігі еске
түсіп отыр, - деген ол сақалын бір саумалап алды.

"Міне, міне, айтылатын сөз сол! Анада Ақ кеңседегі үйде
осы жайлы әңгіме басталып, тұтанбай бықсып жанбай қалған
оттай болып үзіліп өшіп еді. Менің де құлқынымды тесіп айтса
екен деп отырмын соны. Сол ойымды оқығандай сойдақ тіс аға:
"Мына балалардың да зердесінде қалады. Өткеннің шындығын
біз айтпасақ бұларға кім айтады", - деп балаларға, оның ішінде
ересектеуі маған бір көз тастады. Қуанып қалдым.

- Имеке-ай, сөзді бөле бермей, шыдасаңшы, өзім де осы ба-
лалар үшін санасы болса, ұлы әруақтардың ең болмаса есім-
дерін, жанкешті ерліктерін жадында сақтар деген оймен айтып
отырмын, - деді сойдақ тіс кісіні тежеп.

- Сөйтіп, бұл әңгімені Кетбұға бабадан ба, Кершолақ атты
Ер Шоштаннан ба, әлде берідегі Барлыбай, Сандыбайдан ба,
қай тұсынан бастайын, - деп тағы дүбір естіген тұлпардай деле-
бесі қозып, сөзге араласып кеткісі келіп отырғап досына сауал
тастады Иманжан.

- Ей, сен айтар болсаң, "алтын қазсаң, белден қаз" дегендей,
түбінен қазып айт. Асанқайғыша жеріне жеткізіп сөйле. Жаңқа-
лама! - деп оны сойдақ тіс тағы бір қағып өтті. Иманжан оның
сөзіне шамданбай, қайта рахаттана күліп алып: - Бұл осылай
санға біз сұғып, жанды жеріңді жаралап отырмаса Иманәлі
бола ма? Құдай мұның зердесіне анамыздың ішінде жатқанда
«мынаны біл, мынаны біл» деп құйып тастаған. Болмаса оқуы
шамалы. Ал оқыды ма, белгілі ғұламалардың бірі болар еді, -
деп оны бір көтеріп тастады. Енді білдім Сойдақ тістің есімі -
Иманәлі екен.

- Сонымен қазақ халқынын қара шаңырағы, қысылғанда ес
жиятын, ұлттық бірлігінің ақ туы көтерілген ант ордасы - Ұлытау
дуалы ауыз шешен, ел бастаған көсем, қара қобызымен қара
халқының арманы мен мұратын жырлаған Кетбұға баба табаны
тиген жер. - Алдындағы сырлы аяқтағы қымыздан бір жұтып: -
Әулие басқан топырақ бұл. Содан да киелі, содан да бірлік туы
болып, қазақтың ар-намысының құламас шыңы болып келеді.
Заманында есімі талайларды тамсандырған Абылай ханның
немересі Шоқанның айтуынша, Ұлытауға найман елі Бағаналы-
Балталы он екінші ғасырда Шыңғыс хан соққысынан жылжып
келіпті.

Абыздар биігі

- Шоқаның өзіміздің Ерден батырмен аға сұлтандыққа тала-
сатын төре емес пе? - деп Иманәлі тағы сөз қосты.

- Дәл өзі! Сол! Ол жайында кейінірек, - деген Иманжан
әңгімені әрі жалғап кетті де. - Әлгі үлкен баласы Жошыны
құлан шайнап өлтіргенде, кімде-кім Жошының өлімін ауызбен
айтып естіртсе, - өңешіне қорғасын құйып өлтірем дейтін
Шыңғыс ханның үкіміне қара қобызын сөйлетіп, Жошының
өлгенін естіртетін Кетбұға баба бұл. Сол қанқұйлы дүниені
ашса алақанында, ұстаса уысында сиғызған, қазақ ұлтының
мақтанышы ұлы жібек жолы бойындағы шамшырағы Батыс пен
Шығысты байланыстырған алтын көпір ғылым мен мәдениеттің
Әбунәсір әл-Фараби дәуіріндегі ғылыми орталығы болған
Отырар, Сығанақ сынды шаһарларды жермен жексен еткен
қаһарлы Шыңғыс ханның білгір сәуегей кеңесшілерінің бірі
бола тұрып, Шыңғыс ханға қырғын сала берме деп кеңес бере
алмаған-ау, ә? - деп тағы сөз қосты Иманәлі. Одан басқалар
Иманжанның алдында жақ ашпауға уәде еткендей үнсіз.

- Қанға құныққан әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, әмір иесі
ойына қарсы шыққанға қанмен жауап берген емес пе! Қай за-
манда да сол! Тақ иесіне кім қарсы шыққан! Сен немене, әдейі
түк білмеген болып отырмысың, әлде бүгінгі күннің де көрпесін
қақ дегің келе ме? - деп қабағын шытты. Байқаймын шамданып
қалған сыңайы бар. Ал, Кершолақ атты Ер Шоштан жөні де бөлек.
Сол туған халқын жанынан да биік қойған даналар үшін құрбан
болып кетер ме еді, шіркін, - деп көкірегі қарс айырыла сөгіліп
- біздер олар сияқты қаны тамған қылышқа, қақырата өкпеңді
тескен найзаға қарсы ұмтылып, ажалмен жекпе-жекке шықпақ
түгілі, тықыр еткен дыбыстан, сыбыр еткен дауыстан жүрегіміз
жарылардай үркіп отырмыз. Бізді қазір көзге көрінбеген үрей
қамалап тұрған тәрізді. Ой, дүние, шіркін десеңші, - деген ол,
- Ер Шоштан: «Төрт құбылаңды көрсетіп кеттім. Дүниенің төрт
бұрышына дыбысыңды жеткіздім. Төрт босағаңды - Ұлытаудың
шыңдарына бекіттім. Баса білсең, міне, жерің, баға білсең,
міне, елің», - депті. Осы сөзде қанша мағына, ой жатыр. Елдің
арманы да, түптің түбіндегі мұраты да осында.

Сонау бір заманда қандай азулы рақымсыз жаумен айқасқа
шықпасын, елін, жерін сүйген біртуар ерлер зердесінде «баса
білсең, міне, жерің, баға білсең, міне, елің» деген сол Шоштан
баба айтқан киелі сөз қалған. Қазақ халқы басынан өткен
тауқымет қасіретін түгел тауысып айту мүмкін емес, әрине.

Бір ғана «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» еске
алудың өзі не тұрады. «Қара таудың басынан көш келеді» зар

Абыздар биігі

аңсап отырғандай да болып кетеді. Тыңдаушылар ұйып қалған.
Кең-байтақ далаға өшпес сурет, өлмес бейнелер қаптап жүре
берді.

Көкбұлақ басы ығы-жығы қалың нөпір. Ақ ордалы бірнеше
үй Арғынатыға қарай созылып, кілемдей түрілген былқылдақ-
қа оқшау қондырылған. Дауыс жетер одан шалғайырақ төменгі
етектегі жалғыз шоқы бауырында он-он бес шамалы қараша
үй дөңгелене тігілген. Осы үйлерден шақ-шұқ дыбысы тау тес-
кендей бір бөгде жат үн талып шығады. Таңның атысы, күннің
батысы сол дыбысты үн соңғы айлар бойы бір тыным тапқан
емес. Ол үйлерге барыс-келіс те суыт әрі тынымсыз. «Ой, мына
жебеңнің ұшы мұқыл!», «Айбалтаның жүзі өтімсіз!», «Қылышың,
қылыш-ақ! Ал найзаң адам түгілі, тас теседі». «Бәрекелді-і! Міне,
міне!» - деген дауыстар тауға жаңғырады. Соноу басын бұлт
басқан тау шатқалынан жосыла күні-түні тынымсыз, әсіресе
соңғы күндері топ-топ болып құйылған шапқын, суыт жүріс қа-
зір мүлде молая түскен. Енді, міне, қалың нөпір болып әдепкі
жүзден мыңға, мыңнан он мыңға ұласқан бес қарулы қалың қол
жер қайыстырып, Сарыарқа даласын басына көтеріп барады.

- Уай! - Сөзін шегелей айтатын, өзін ұлы шаңырақтың есі,
мына отырған қадір-қасиеті де, сәуегейлігі де елге танымал тұл-
ғалар алдында еркін ұстайтын Әйтеке: - Дәметпестен дәмет-
кен тарыққанның белгісі, Жаудан күткен жақсылық зарыққанның
белгісі! - деп кешелі берлі іштей жанын жеген толғанысын сырт-
қа бір-ақ шығарды.

Қазыбек би оның бетіне ақ сақалын тұтамдай тарап көтеріле
қарады. Бұл кезде ақбурыл тартып, шаш-сақалына қылау түс-
кен Әйтеке тұтас біткен кең кеудесін ашып, омырау түгі тікірейіп,
қабағын түйіп алыпты.

- Жан-жағыңның бәрі жау! Төбеңде найзағай ойнап, жер ас-
тында қылыш жарқылдайды. Күйдіремін, өртеймін, ұнтаймын,
шабамын, - дейді. - Қазыбек өз тұспалын осылай түйді. - Ел-
дігіңнің сыналар, соңғы бұлқынар шағы келді. Ормандай орыс,
құмырсқадай көп шүршіт, Ррит! Соқ, соқ! - деп жауыңды айдап
салып отыр. Халқыма жан берген Құдай! - Бидің дауысы қатты
шықты.

- Батысында да, шығысында да аш қасқырлар бірін-бірі ұлып
шақырады. Бұлар дала тағысы қасқыр емес, адам тағысы. Бұ-
лар әлемдегі не сұмдықты, ілім-білімді игерген жеті қат көк, жеті
қат жер құпиясын біліп, ішіне зұлымдық қайнатқан тажал! Қара
күш - аждаһа! Дойыр көтерілсе, тиген жерін күйретпей, өзінен-
өзі сынбайды. - Қазыбек би манадан қозғалмай қос жастықты

Апбаз Қаражігітов
шынтақтаған күйі ойлы қалпын сақтаған. Орданың ашық есігінен
кең далаға енді көз жіберді. Тау, Ұлытау қозғалғандай, билер
біріне-бірі үнсіз қарап қалысқан. Қысқа тіл қатты енді.

- Ж а н берген құдай!
- Жан берген құдай!
- Жан берген құдай!
Билер осы сөзге тоқтады ма, манадан бұлардың сөзін қалт
бағып, сұп-сұрболып, қанын ішіне тартып, тас мүсіндей қыбырсыз
отырған Әбілқайыр сәл қозғалақтап қалды. Бірақ жақ ашпады.
Тез атып тұрды да, сауыты жалт-жұлт етіп, дулығасын баса киіп,
қылышы санын соғып, найзасын серт ұстап сыртқа шығып кетті.
Әлгідей болған жоқ, бүкіл дала ат тұяғының дүбіріне толды.
- О, қасиетті ел басы, ұлы діңгек, батагөйлер! Міне, ертеңгі
күннің жау шебін бұзар батырлары тұр алдарыңызда. Мақсат
та, арман да - біреу. Ол - елімізді қырғынға ұшыратып, жеріміз-
ді таптап, ырысымызды шайқаған жаудан кек алу! Кек алу ғана
емес, қырып салу! Ата жауды түре қуып, елімізге, жерімізге азат-
тық алу! Бұл айқас жауды күйрете жеңудің басы болмақ! Бір
емес, бірнеше жерден бір сәтте түйдек-түйдек соққы берілмек.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Бағаналы Барлы-
бай, Оразымбет, әне, жұрттың назарын аударып шұбар туын кө-
терген осы айқастың даңқын асырар батыры Жаулыбай! - Әбіл-
қайырдың үнін сарнаған жел үзіп кетті. Астындағы арғымағы
арқырай кісінеп жіберді.
Бір сәт билер біріне-бірі қарасып бата беру ретін екшесіп қал-
ғандай. Әбілқайыр бас болып, батырлар қол жайысып қалған
сәтте мына тұстан:
- Бас тақымға!
- Ой, сен өзі бір байталға шамаң келмей жүр ме?!
- Былай буындыра тарт! - Айқай-сүреңге билер аңтарыла
қарады.
Ірі денелі, бойы тұрған түйе үстіндегі сабаның аузын ше-
шетіндей, көзінен жалын атқан, бетіндегі қара шұбар меңі ба-
данадай толық денелі кісі басқа жылқыдан алабөтен маңдайы
жарқыраған ақ шұбар биені құлата сүйреп келді де:
- О, құдай асыл жаратқан Кетбұға әулиенің ұрпағы, тәңір
аузына - дуа, даласына қыдыр қондырған алашымның асыл-
дары! Бата! Қанеки, бата! Жануардың жаны ертеңгі ұлы жеңістің
кұрбаны! - деп күректей алақанын жайып, ақ шұбар ту биенің
қыл мойнына ширатылған қыл арқанды сілке тартып, жүрелеп,
дауыстап отырып қалды. Билер тағы да біріне-бірі қарап, ортада
ақсақалы кеудесіне сыймай, бота көзі жасқа ма, әруақ қысты ма,

Абыздр биігі

мөлдіреген Қазыбек екі алақанын жая берді. Кеудесін шалқақ
көтеріп, маңдайын төрге шыққан күнге қаратып, зор үнмен:

- Уа, қазақ есімді халықты жер бетіне жаратқан жалғыз құдай!
- Бидің дауысы мұншалық зор, соншалық тебіреністі болар ма,
бүкіл атырап демін ішіне тартып, байтақ дала, тау мүлгіп, мың-
мың садақты, найзалы, сойылын көтерген сап, ақжаулықты апа,
ес білген бала басын иіп, алақанын жайып, аузына қарап қалған.
Қарт би ақ жібек шапанының омырауын оң қолымен қаусыра
қымтап:

- Қыл мойынға түскен тұзақты қи. Жазықсыз елімнің көзінен
аққан қанды жасын тый! - деп тағы бір ырғалып, - Жеріме жау-
дың табанын бастырма, бақытын қайта бер халқымның душар
болған босқынға! Бостандық, әділет туын тік жеріме, ертеңгі бо-
лар айқаста жеңісіңді бер еліме! Боз шұбар биенің жаны жаудан
кек алсын, жау тозып, әділдік озып, қазақ елі, о, құдайым, елдігін,
жерінің кеңдігін сақтасын! Қолына бер жұртымның тәуелсіздік
ноқтасын! - Бидің қолы маңдайын сипағанда:

- Әумин! Қабыл болсын батасы!
- Құдай бере гөр!
- Бауызда боз қасқаны! - деген дауыстар жамырап естілді.
Манадан дір-дір етіп, осқырып, тулап тұрған бүкіл денесі теңбіл
ақ шұбар биені тыпыр еткізбей ұстап тұрған бетін мең басқан кісі
лып еткізіп, лақ жыққандай алып ұрды да, қынынан күміс сапты
алмас пышақты суырып:
- Қыдыр маңдайына түкірген үш мыңның алды едің. Қаның
да жаның да құрбандық! - деп былқылдаған алқымды орып
жіберді. Өткір алмастың уыты ма, әлде тағдыр әмірі ме, шұбар
бие жаны шығар сәтте атырапты жаңғыртып шырқырай кісінеп
жіберді.
- Уай, Ізбасар, киелі малдың кісінесі ғой, мынау! Қаптағайлап
ұрандап шықты ғой биенің жаны! Ертеңгі шайқас жоңғардың
соңғы тұяқ серпері болады екен! Жау түріле қашты! Жау қашты!
Ал, сілте найзанды, - деп Әйтеке би көпке көз жүгіртті.
Мың-мың қол жер қайыстырып, шашақты найзасы көк тіреп, ел
басы билер аузынан бата алып, шұбар биені орқыратып шыбын
жанын құрбандыққа шалып тұрған осы бір сәтте ақ шұбар, ұзыны
есік пен төрдей атын тебініп алға шыққан қыл шашақты найзаны
көкке тесе сермеген тұлғалы кісі дауысы күр-күр шығып:

«Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт қашпасын деп,
Жерімізді жау баспасын деп,

Апбаз Қаражігітов

Найзамызға үкі таққан елміз,
Ешбір дұшпан басынбасын деп.
Адал көңілімізді жасырмаған елміз,
Басымыздан намыс асырмаған елміз.
Атаның өсиеті балаға,
Баланың беретін анты анаға -
Арымнан жаным садаға!
Еріміздің анты осындай.
Еліміздің салты осындай!» -

деген сіз емес пе едіңіз, - деп тақ-тақ сөйлеп кетті. Билер баста-
рын шұлғып, мына сөзге иіле қалған.

- Бұл мына жаны құрбандыққа шалынған, ертеңгі қазақтың ел-
дігі мен тәуелсіздігі бостандығының шешілер ұлы шайқасына ақ
бата тілеген Ізбасар байдың бауыры - қолына шұбар ту ұстаған
Жаулыбай батыр! Сөз Қазеке сіздікі, ертеңгі жекпе-жектегі ерлік
басы Жаулыбайдікі болмақ! - деген Барлыбайдың саңқылдаған
дауысы Ұлытау шыңдарын жаңғырықтырып жіберді.

Манадан бері жанарына әлемді сыйғызғандай тұла бойы
ерекше сезімге берілген қас-қабағы ақ қырау би:

- Құдайға құлшылық еткен елдің бірлігі де, елдігі де осы
Ұлытаудан басталсын! Тарт биікке! - деп қолын алға сермеді.

Қол дүркірей қозғалды. Алдында Әбілқайыр...
Дала аппақ шаң. Ат тұяғынан көтерілген топырақ борандай
бұрқырап, байтақ өңірді селдей басты. Қалың қол қазір бір ауызға
қараған. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, бір ғана қолбасы
бар. Ол - Әбілқайыр. Астында оң жақ танауын жау қылышы тіл-
ген көк бурыл тұлпар. Әлденеше мың бес қаруы бой-басын мұз-
дай құрсаған саптың алдында оқ бойы келе жатыр. Екі көзі алда.
Тірі жанмен сөйлесуді өзіне мін санайтындай тәкаппар пішіндегі
қолбасыға аптығып жеткен шапқын:
- Алдияр, барып қайттым! Жау Бұлантыға селдей құйылып
келеді. Ең азы жүз мың!
- Қанша?!
- Ең азы жүз!
- Санадың ба?
- ?! - Шапқынның үні бітіп қалған. Атынан домалап түсіп:
- Шамасы сонша, соноу Қарақұмнан, Керегетастан бергі,
бергі бүкіл атырап, өзен, Бұлақ, құдық біткен... иә жау...
- Жап аузыңды! Үрей шақырма! Тіліңді кесемін! - Әбілқайыр-
дың дауысы ащы шықты...
Бас сардар атының басын ірікті. Қол тыныс тапқан. Кімге
қандай бұйрық, қандай жарлық беретінін күні бұрын шешіп қой-

Абыздар биігі
ғандай. Ендігі жалғыз шешімі жекпе-жекке шығар батырларды
анықтау. Әрине, жау бір есіктен кіретін конақ емес. Оның қы-
лышы, найзасы, сойылы, доп атар от қаруы қай тұстан кімге қа-
лай тиері белгісіз. Қазақ үшін олар ажал боп келсе, қалмақ үшін
де Сарыарқа даласы тек мола, қарсы соғар тажал боп түре тиюі
керек. Бас сардардың сөзі қысқа! Кесіп айтады, жер жағдайы,
соғыс алаңы алақаныңда. Бәрін түйіп-шешіп арыстандай атылар
тұсты белгілеп, әр батырдың шабуыл шебін анықтап тастаған.
Сонда...

Білеутінің Қара сүйір беті қалың қол. Бас сардар не ойлады
екен, кім білген. Мана бүкіл әскерін аттарының түріне қарай топ-
қа бөлген. Енді кеп аумағы ат шаптырым биіктің жау көрмейтін
сыртынан Сарыарқа даласынан ағылып, құйылып жатқандай
жарақты қолды қайта-қайта жөңкілте өткізуде. Бірде боз атты,
бірде қаракер, бірде шұбар, бірде құла ма, басқа түсті ат мінген
жасақ тау өзеніндей құбылып жатыр. Өтіп жатыр, таусылар емес.
Бір он мыңның өзі жауға жүз мың боп көрініс берген. Жаудың да
кәзі талған шығар. Бірді он етіп көрсетіп, дұшпанда үрей тудыру
дегенді тапқан да сол сардар.

Бетті тілген қара суық. Сарыарқа даласы сарнап, ажал қо-
бызы дүниені басына көтеріп тұр. Бұланты өзені арқырап аққан
тегеурінді ағысы ерсілі-қарсылы жосылған ат тұяғынан табаны
таяздап тоқырап барады. Біріне-бірі қарсы келген қос жанар тау
қалай атыларын білмей аңтарыла аңдысып қалған тәрізді.

- Жаулыбай, - Барлыбайдың үні қатты шықты, - дайындал!
Егер жаның сенбесе, кәміл жеңіске батылың болмаса, ашық айт!
Оразымбет те дайын! Осы дауысты естіп тұрғандай, жоңғардың
құла төбел мінген дой қара батыры: «Жекпе-жек! Жекпе-жек!» -
деп айқайлап атыла шықты.

- Менің атым Дой Ламан! Түк емес - бірің тіпті, он маған!
Керек болса жүзіңнің басын кесіп, мыңдардан тегін олжа алам!
Қайда, қазақ, шық бері! Жекпе-жек! Батырмын мен, көк пері! -
деп даурыға келді ол.

Жаулыбай - тұлғасы сом жаратылған, барыс мінез, ірі намыс
несі. Әлгідегі аға батыр Барлыбай сөзі, одан бергі Оразымбет,
Төлек батырлардың: «Әй, Шұбарым-ай, басың қалмақтың қан-
жығасында кетіп, әкең Өтеген батырдың рухын жылатып кетпе!
Өлсең - қалмақпен бірге өл! Тірі болсаң, олжаға қалмақтың
басын емес, сұлуын қоса келтір!», әлгідегі Оразымбеттің: «Мен
шығайын алдымен! Саған басқа шынжаулауы табылар. Мынау
айтулы дөй ғой! Сені бүктеп тастар», - дегені өзегін өртеп, кек
буған ол атына қамшы ұрып, атыла ұмтылды.

АПБАЗ Қаражігіғпов

- Арам қалмақ! Табаныңның астына қара! Жер менікі! Сен
өзеуреп, өзге жерден өлім іздеп келген жаусың! Жау өледі, жер
иесі көмеді! - деп айқай салды бұл да.

- Ендігі жер иесі мына мен! Бұл жоңғар даласы атанбақ! Басың
кесіледі қазір! Сүйегіңді күл етемін! - деп қалмақ батыры да
қарсы шапты. Екі батыр тау соғысқандай сақ-сұқ найза салысып
кеткен. Бірден бірін-бірі ала алмай сан рет қарсы келісіп, тіресіп
қалып жүр. Екі батырдың жеке айқасына көз тіккен жауласқан
топ, бұзылатын сеңдей ол тұр. Найзамен күш сынасып, жеңісе
алмаған олар, әне шоқпарласып кетті. Кезек ұрысып, аяспай-ақ
жатыр. "Соқ! Аяма! Мандайдан ұр! Әп, бәрекелді!" - деген кө-
терме дауыстар әруақтандырды ма, Жаулыбай батырдың дәл
тиген соңғы соққысы Дой Ламаны есеңгіретіп кетті. Қайта бір
қайраттана ұрғанда жау атынан өкіре құлап бара жатты...

Бұл жер қайысқан қазақ қалмақ қолының Бұланты өзені
бойындағы бетпе-бет айқасының бірі еді. Бір тұста Қабанбай,
екінші бір жерде Бөгенбай, тағы да Олжабай, Барақ бастаған
ерлер жауды күйрете соғып жатыр. Сарыарқа даласы мың-мың
мұздай құрсанған қарулы қарсыластан белі қайысып күңіренген
сәт Кімнің қайда, кіммен соғысып жатқанын біліп болмас қантөгіс
аласапыран қазандай қайнап жатқан. Соны азалағандай соңғы
күндері басылмай соққан қара жел бүгін ерекше екпінмен үдей
түскен. Кенет Ұлытау бауырынан көтерілген ақ тұман тау боп кө-
шіп, жер сілкініп келе жатқандай, бүкіл атырапты бұрын-соңды
адам баласы естімеген дүбірге толтырып жіберді. Әлденеше
мың қалың нөпір боп, кіл шұбар жылқы тобыры үріккен құландай
түйдегімен құба даланың қыртысын қопарған ұлы екпінмен ұрыс
даласына қарай құйылып кетті. У-шу, азан-қазан, айқай-сүрең
жапты даланы. Көзсіз сел боп жер мен көктің арасын басқан ақ
шаң ба, қара боран ба, әлде мына жазықсыз бір халықтың қанын
төккен шапқыншы жауды басып қалатын аспанға көтерілген тау
ма, сұрапыл сұмдық көрініс пайда болған, осы сәтте «Ұмтыл!
Ұр! Соқ! Жой!» - деген құдіретті айқай даланы дүр сілкіндірді.
Жылқы тұяғы тиген дауыл боп, тау болып қопарылып басып
өткен сұрапыл арасынан «Қаптағай! Қаптағай!» - деген зор үн
жер жара естілген. Ұлан-байтақ дала, әлемге жар салып бүкіл
Сарыарқа осы дауысқа толып, шұрқыраған жылқы, ұрандаған
қазақ үні қосылып, жер дүниені күңірентіп кетті. Мынадай алапат
қара жер көтеріліп кеп басып қалардай сұмдық қуатты көзі көріп,
қиялы білмеген қалмақтар үріккен қойдай жосыла қашты. Жау
шебі бұзылды. «Жау қашты! Ұмтыл! Түре соқ! Табанын жерге
тигізбе!» - деген ұлы сүрең айқай әлемді кезіп, даланы тулатты.

Абыздар биігі
«Жаулыбай! Төлек! Барлыбай! Оразымбет!» - деген дауыстар
шаң-шұң айқай арасынан даралана естіледі. Жау тоз-тозы
шығып, дүркірей жосылды. Бұл жылқы қалқаны Жаулыбай ба-
тырдың ағасы Ізбасар екеуінің оңаша, дара шешімі еді. Екі
жақтың текетірес шағында тың күш кеп қалды дегізіп, жаудың
бетін қайтару үшін жасалған айла, жылқы шабуылы!..

Ауа-райы қара дауыл боп сарнап, әлем азынаған шұрқыраған
жылқы, бос бетімен шапқан ер-тоқымды ат, ыңырсыған, жылаған
адам дауысына толып кеткен...

Бас сардардың дауысы Айрантөгілген биігінің басынан есті-
леді. Қолында ақту. Бұланты бойы қан сасып, екі күн, екі түн жан
алып, жан берген сұрапыл соғыс даланы адам өлігіне толтырып
кетіпті. Сардардың үні қатты шықты.

- Ұлы жеңістің дабылын қағыңдар! - деген ол бірнеше күнгі
осы майданның басы қасында қиян-кескі қырғынды көзімен өт-
кізіп елі мен жерінің тағдыры шешілер кезде ат үстінен түспеген
қазақ халқының түтіні ыққан елдік ошағының ұлы тағаны, алтын
діңгегі, биік басында тұрған билерге қарай шаба жөнелді.

Бас сардар бірақ қолындағы ақ туын әуелете көтеріп, «Ба-
тырлар, батырлар! Жиналыңдар!» - деген әмірін әр мың басы-
на шапқын жөнелтті. Барлық батыр келген. Бас сардардың сөзі
қысқа болды.

- Бұланты - қазақ елінің жеңіс туы! Жау сүйегі жер бетінде
жатпасын! Мына Айрантөгілген бұдан былай «Қалмаққырылған»
аталсын! - деп билерге қарады.

- Жаудан әлі жерің тазарып, кегің қайтып болған жоқ! Жау тек
есеңгіреп қана кетті. Қуа, соңынан түре, тие беріңдер!

- Уай, кеше жанымен де, малымен де жауға шапқан, кілең ақ
шұбар жылқы тау көшіріп, тұяғымен тас қопарып, бүкіл Сары-
арқа даласын адамы "Қаптағайлаған" ұранға толтырып, қара
жерді қозғаған құдірет шақырған Бағаналы батыры бармысың
осында?! - деген Қазыбек бидің зор үні шықты. Астындағы ақ
шұбар тұлпарын ойнақтатып, шұбар туы желкілдеген Жаулыбай
батыр шыға берген.

- Бәрекелді! Ерім-ақ екенсің. Батырдың бұл да бір айласы.
Қара дауылда тосын көл, тың күш болып, жер дүниені көшірген
мың тобыр шұбарыңа да, Дой Ламаны жеңген өзіңе де болайын!
Елімнен, жерімнен жаным садаға деген осы! - деп разылық
танытқан Әйтеке биге жалт қараған батыр:

- Уа, ұлы билер! Міне, сол Дой Ламаның басы менің қанжы-
ғамда әлі жүр! - деп білектей айдарынан қанжығасына байлан-
ған қалмақтың басын алдарына тастай берді.

АПБАЗ Қаражігітов

- Жарайсың! Қазағымда өзіңцей ұл, ерлер көбейе берсін.
Шұбар туың желбіреп, еліңнің даңқын, ұлтыңның атын шыға-
ра бер! Қазақ жері әлі жаудан босап болған жоқ. Бұлантыда
басталған жеңістеріңді құдай баянды ете берсін! - деп Әйтеке
би бата берді.

- Алға! Қапта, жау соңынан! - Әбілқайырдың әмірі даланы
күңірентіп жіберді. Жер қайысқан қол жөңкіле қозғалып, қашқан
қалмақты Аңырақайға қарап түре қуып бара жатты... Бағаналы
елінің кейін атағы алты алашқа жайылған атақты батыры Шұбар
тулы Жаулыбайдың Бұлантыдағы беташар ерлігі басқаларға
өнеге болды. Бұдан кейінгі сан шайқастарда ерен батырлығы-
мен көзге түскен сол айтулы ерлерді былай деп жырлаған едім:

Бағаналы Барлыбай,
Шұбар тулы Жаулыбай,
Естіген соң осыны
Шығарған қосын тұра алмай, -
дей келіп:
Ерлердің басы құралған,
Тұлпар мініп ту алған,
Белгілі ерлер, батырлар.
Ордабасы Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара Керей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай,
Сүйіндіктен Олжабай
Малайсары Мұрын бар,
Жантай, Барақ, Жаулыбай,
Бағаналы Сандыбай
Тауға жортқан құлжадай, -

деп елі үшін жанын қиған батырларды мадақтәған жолдар,
әрине, кейінгі ұрпақты да мақтанышқа бөлері сөзсіз, - деген
Иманжан өз әңгімесіне разы болғандай, тершіген бетін сүртіп,
құс жастыққа қисайды. Ол қисса оқып отырғандай жалығар емес.
Тыңдаушылары да:

- Керемет екен!
- Әне, ерлік!
- Иә, Қалмаққырылған атанды ол жер!
- Кіл тас оба!
- Тасты қайдан тасыды екен? - деген жамырама сауалдар
көбейіп кетті.


Click to View FlipBook Version