The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:39:39

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Абыздар биігі

Шұбар тулы Жаулыбай атанған батыр Бұланты соғысында,
Аңырақай даласындағы жекпе-жекте қалмақтың алты батыры-
ның басын алыпты.

-Өмірімде өзіме-өзім разы болып, қуанғаным: қазақтың дуа-
лы ауыз биі Қазыбектің аузынан ер болса, елі үшін не қиындық-
қа да айла-тәсілге де баратын сендей болсын, Жаулыбайым!
Тау көшіріп, тас қопарған Ізбасардың шұбарларының үйірін.он
мың қол тұтқиылдан шапқандай жау шебіне тулата төгіп, бү-
кіл Сарыарқаны ұрандатып жібергенің неткен тапқырлық еді.
Қыдырың да, ерлігің де еліңе мақтан! - деген сөзді естігенде:
"Жау алдында мерейім үстем болар, түнде ылғи қыран болып
көкте қалқитын едім. Уа, дүние-ай", - деп отырады екен бері
қартайған шағында.

Сол жаугершілік заманда аттан түспей, сан айқастарда ба-
тырлығымен ел құрметіне бөленіп, дуалы ауыз даналардың
батасын алған, кезінде «шұбар тулы Жаулыбай» атанған ба-
тырдың ұрпағы да қазір бір тайпа ел. Бағаналы елінің Сар-
ғалдақ атасынан тарайтын Ырсайдың үлкен баласы Тәңір-
берліден - Өтеген, Өтегеннен - Жаулыбай, Ізбасар... Осы
тұқымның Алпысбай есімді адамы «Шебер ата» атанып, қиын-
қыстау кезеңде Жаулыбай батырдың сарбаздарына қару-жа-
рақ соғумен айналысқан деседі. Белгілі Бұланты шайқасы
дайындығы тұсында Көкбұлақ баурайында, одан кейін Кент
құмында арнайы соғыс қару-жарағы шеберханасын ашқан да
осы кісі болса керек.

«Кент құмы» дейді, ә». Менің есіме Кентке байланысты қиял-
дағаным оралды. Расында, ол тегін жер емес. Бұрын қала бол-
са болған шығар онда. Бірақ Иманжан есімді кісінің үлкендерге
айтып отырған сөзін бөліп, кент туралы сұрау қоя алмағаныма
әлі өкінемін. Мүмкін, ол кісі кенттің де сырын білетін шығар? -
Әттегене...

Әркім мына әңгімеден алған әсеріне іштей беріліп кеткен
сияқты еді, бір кезде Жүндібай:

- Жаулыбай да ірі батыр болған-ау. Айласы да мол екен деп
еді.

- Сөз бар ма! Дүрлердің бірі де бірегейі де - сол. Әйтпесе
ұрыстың бір шетін басқару сеніп тапсырыла ма оған, - деп
Иманжан тағы түсінік берді де. - Мен тек Бағаналы батырлары-
ның бір ерлігін ғана айттым, - деді.

- Айтуға тұратын ерлік! - деген Имекеңе қарап, ағам:
- Кершолақ атты Ер Шоштанның төрт босағаңды Ұлытаудың
шыңдарына бекіттім дегені де тегін айтылмаған-ау. Ойлап қара-

Апбаз Қаражігігтов
сақ, қазақтың қара шаңырағы ¥лытау елдігіңнің ақ босағасы,
іргетасы дегені емес пе?

- Сол ғой, сол! Қай заманда да қысылған ел Ұлытауда бас
қосып ақыл қорытқан ғой. Қалмақпен соғыста да сөйткен. Ал
төрт босаға жайы ерекше мазмұнды әңгіме, - деген Иманжан
Иманәліге қарады.

Кермеде тықыршып, жер тарпыған тұлпардай Иманжанның
сөзін бөліп, сұрау үстіне сұрау қойып, жағаласып отырған сойдақ
тіс аға Иманәлі:

- Төрт босаға - төрт құбылаң ғой - деп сөзді іле бастап кетті
де, "ау, өзі үй артында кісі бар дегенді ұмытқан жоқпыз ба!" -
деп төңірегіне қысықтау көзін жүгіртіп, қалыңдау қабағын түксите
қарады. Оған күлген ағам:

- Кәнтікбай байлаулы жатыр. - Кәнтікбайы Әбдірақманның
қабаған сырттан төбеті. - Бұл жерге оның құлағы жетпейді, -
деді. Бәрі «дұрыс екен» деп күлісіп алған. Мұнысы не сөз тағы:
«Кәнтікбай байлаулы. Байлаулы жатыр». Кейде жұмбақтап сөй-
лейтіндері бар сөйтіп. «Кәнтікбай байлаулы жатыр». «Кәнтікбай
бос жүр ғой», - деп айта жаздап, сасқанымнан аузымды баса
қалдым.

- Сол төрт босаға, төрт құбыла болғанда бір ауыз сөзге ба-
ғынып, бір ауыздан пәтуа, бір жеңнен қол шығарғанын білеміз
бе мына біз? Оның аты - ұлы бірлік деген тақуадан бастау ала-
ды. - Иманәлі есімді кісі ағып сөйлеп, бәрін шұлғытып тастады.
Өзі біле беретін, құйма құлақ, әр сөзінен май тамған, бал тілді
жан болып шықты. Анда-санда Иманжанға сүзіле қарап алады
да, сөзін жалғай береді.

- Әне, сол бірлік, ұйымшылдықтан шайтан да қашқан-ау, ша-
масы. Ағайынды төрт кісі төрт босағасын бекіткен Ұлытауға бақ
та, қыдыр да қонған. - Бәріне өзі қатысып, сол әңгіме бірлік дү-
кенінің басы-қасында болғандай, мөлдірете баяндап кетті. - Біз-
дің көбіміз «Жерді жаратуын құдай жаратты, бөлуін Шегір бөлді»
деген сөздің төркініне барған емеспіз. Оу, мына төрткүл дүниеде
шек бар ма? - Ол бәрін жалт қаратып алып: - Шегіріңіз мына
Ұлытаудыңжуан қоныш найманы емес пе? Құдай жаратқан ұлан
жерді сол бөлді дегенге кім сенеді.

Құйма құлақ басқадан зердесіне тоқығаны көп Иманәліге бәрі
бас шұлғып тәнті пейілде қарап қалған. - Осыны ойлағандарың
бар ма? Үндемейсіңдер, ә? Бұл, әрине, солай еді деп қолма-
қол жауап бере қоятын сауал емес. Ойлағанға оның мәні - әлгі
бірлік, татулық, кеңпейілділік, ұйымшылдық, жартыны бүтін,
бүтінді түгел етуден шыққан пайғамбарлық ұлы санадан жа-

Абыздар биігі

ралған адалдықта жатыр. Әне, Ұлытаудың қай заманда да
қазақ сахарасының қара шаңырағы, қауіп-қатер төнгенде бас
қосып, ақыл қорытып, бірлік, туысқандық туын көтеретін киелі
ақ ордасы болуы, әлгі иеліктерден бата алған. Қане, ойлаңдар-
шы, соноу Кетбұға, Ер Шоштан ту тіккен осы тауға атам қазақтың
ана кемеңгерлерінен табаны тимегені бар ма? Атақты қолбасы
елбасынан осы таудың бауырына келіп бір түнеп, ауасын жұтып,
кәусардай бұлағынан сусынын қандырып, аунап-қунап, түлеп
ұшпағаны жоқ! Ұлытау - ұрпақ өсірудің батагөй ақ босағасы!

Дүниені дүр сілкілеген Шыңғысханның үлкен баласы Жошы,
ақ туындай атақ-айбарың - Алаша хан, Едіге батыр осы
таудың топырағын неге жамылып жатыр?! - Сөйлеген сайын
арқасы бар кісідей шоқтығы биіктеп, тыңдаушыларын ұйытып
тастаған ол: - Басқа - басқа, бәрің жақсы білетін Абайды
ғана айтайыншы. Сол данышпан, кемеңгер Абайдың атасы
Кеңгірбай бәріміз суын ішіп, сабатында рахат көріп отырған
осы Кеңгір өзені жағасында туған. Керек десеңдер, ұлылық,
дарындылық, ақыл мен парасат, ойшылдықты сол баба да осы
Ұлытаудан тәуеп етіп әкеткен дер едім.

- Сілте! Сілте! Әй, өзің түбін өлік басқан, неше жыл аршылма-
ган құдықтай екенсің ғой, бетінен қалқып бес-он шелек су алып
төгіп едім, мөлдіреп тазарып шыға келдің ғой, - деп Иманжан
күліп алды. - Сонда ақындық, даналықты, халқын сүйген ұлы-
лықты да Абай сенің Ұлытауыңнан алған дегің келе ме?

- Қызықсың сен де! Құдай адамына, мәселен Мұхаммед
салла аллаһу ғалайком уәссаламға қалай басқа пендеге бітпе-
ген қасиет дарыса, әлемдік топан су қаптап, дүние қараң болған-
да Нұх пайғамбардың кемесін аман сақтап қалған алақандай
құрлықтың Қазығұрт тауы екенін білмеуші ме едің!

-Әне, кие аунаған, кие түнеген жер! Сенің Ұлытауыңда, Қазы-
ғұрт тауы да қазақ үшін, жаңа ғана өзің айтқан, жоңғар қалмақ-
тарына жанын шүберекке түйіп лап қойған қазақ батырларының
әруақ тамыры, құдірет қуат-күші сонда жатыр. Ұлытау елдіктің
ақ ордасы! Енші алар алтын босаға! Ой, сен өзің, өлең, қисса
жазып, әңгіме теріп, туған жердің қасиетін парықтап жүр ме де-
сем, бос әндетіп кеткеннен саумысың, болмаса мына қырдың
астындағы Таңбалы Нұраға баршы. Ұлытаудың табаны ғой ол!
Атаң үш жүздің баласы енші алып, таңба бөліскен Меккең әне!
Бәтуа босағасы. Ал сол жерден бата бөлісіп, ант алысқан елдің
бір бұтағы біз - Бағаналы елі. Содан да төрт босаға атанып,
іргең шайқалмай келеді. Сен білмеуші ме едің, Шегір бабаң-
ның бір көзін қысып алып: "Уәй, мына малың мыңғырып жеріңе

Апваз Қаражігітов

сыймай барады. Іргең-іргеңе жабысып, қадамың қысқарып кет-
ті. Қонысыңды бөліп беремін. Жайлауыңды жазайын", - деп
үш бауыры - Кәдір, Бабыр, Сандыбайға сөз салатынын. - Бәрі
дуылдасып күліп:

- Сол жер бөлісінде болып па едің? Сен де «бояушы, бояушы
дегенге сақалын бояпты» дегендей, - деп қағытып еді, Иманәлі
ұзын мойнын созып, сойдақтісін көрсете қарқылдап:

- Қыран құс биік жартас, құз тауды сағалайды, ақылды баста
кемел ой саялайды, - деп бәрін топшылап тағы бір қағып өтті.

- Әдемі айтты. Жеткізіп кетті санаңа, - деп, ағам Иманәлі-
нің тапқыр сөзіне тәнтілік танытып. - Осының сөзін бөлмей тың-
дайықшы. Бұлақтың көзі жаңа ашылып келеді, - деп басқаларға
басу айтты.

- Жо, дуылдамаңдар. Сол Шегір үлкеніміз - Кәдір аға, - деп,
қошемет сөзін ағасынан бастап, құдай жаратқан Ұлытаудың шы-
ғыс жақ етегі күркіреп аққан бұлағы, бұлаңдаған толқынды өзе-
ні көк шұға жамылған құламаны, қарағанды сайды сіз иеленіңіз.
Бапама (Бабырды Бапа дейді екен) - осы таудың батыс беті.
Ал Сандыбайға теріскейі, өзіме оңтүстік-шығысы тиесілі бол-
сын. Дуалы ауыз Кер Шолақ атты Ер Шоштан бабамыз: «Баса
білсең жерің, міне, баға білсең елің, міне», - деп бізге осы майы
бетіне шыққан жерді, байлық ырысы Ніл дариясындай тасыған
елді мұраға қалдырып кеткен екен. Сол ұлы әруақ, бәрімізді
жебеп, қолдай берсін, әумин, - деп қолын жайып бата жасап-
ты. Басқалары да оны бір ауыздан қолдап, оның батасын қабыл
алады. Жерді жаратуын құдай жаратты, бөлуін Шегір бөлді дей-
тіні содан.

- Ұлытаудың ұлылығын ту етіп жарық дүниеге паш еткен мен
емес, сол бабалар, - деп дауысына айбар шақырған Иманәлі, -
соның арқасында осы жерді мекендеген ел - Едігенің майлы
жұрты атанды. Ұлытау халқының батырлық, кек пен намысы,
ары мен ожданының асқары, биігі, мызғымас тұғыры болды. -
Ол аз кідіріп: - мейлі, қандай зауал, қандай зұлмат күн туса да
текті халық тамырын үзбейді. Тектілік тек тектіліктен шығады.
Адамдықтан - адалдық, адалдықтан мәңгілік өмір өсіп-өнеді.
Қай кезде де зұлымдық зауалсыз кетпеген. Әлгі жоңғарлар
неге елдігінен, халықтығынан айырылып, бұл күнде жер бе-
тінде қолмен санайтындай халге жетті. Қиянаттың өрісі - тар.
Кәнтікбайдан неге қорқып отырмыз осынша топ? - Иманәлінің
мына астарлы сұрағына бәрі күле түсіп, Иманжан ғана:

- Кәнтікбай да қанша үре берер дейсің. Оны да шынжырлап
ұстағандар мәңгі емес шығар, - деді.

Абыздар биігі
«Мыналар тағы не деп кетті? Кәнтікбайды шынжырлап ұста-
ғандар да мәңгі емес шығар». Бұ не сөз. Шыдай алмадым.
- Иман аға, бұ не сөз? Кәнтікбай, әне бос жүр ғой, - деп қал-
дым, үлкендердің сөзді үзгенін пайдаланып. Ол бетіме бүкіл де-
несімен бұрыла қарап:
- Ой, сен өзің, сөз сапырғалы тұрған бала емессің бе? - деп
күле түсіп, қабағын сәл шытынып: - Ол сен түсіне қоятын сөз
емес, - деді танданған бейнеде.
- Сойдағым, - деді едәуір күліп барып, сабасына түскен
Иманжан. - Бұл балаға батаңды бер. Қожас атаңа батасын
үйіп-төгіп берген шалдың бел баласы бұл. Сол өз атасы бер-
геннен, ең болмаса бірдеңені ырымдасын да бала. Шық бермес
Шығайбай емес шығарсың. Қаракеңнің сірке жияры, ең кенжесі
менің жиенім. Әйтпесе, әлгі сөзіңді төркіндет деп қай бала айта
алар еді, - деп мені қолдап кетті.
- Ә, солай ма еді. Бәсе, мұрнын қайта-қайта тартып, қасы-
мыздан шықпай қойып еді, - деген Иманәлі, - ол сөзді кейінірек
түсінесің. Бірақ есінде сақта, - деді. Ағам достарының алдында
маңдайымнан жұмсақ алақанымен сипап:
- Кішкентай болат кездігім ғой менің. Ағаларының аузынан не
шығады деп аңдып отырған, - деп мейірлене арқамнан қақты.
Жүрегім аузыма келердей тулап, аға сөзіне қуандым. Жүндібай
нағашым:
- Иманжан, бұл жиеніңе батаңды өзің де бер. Алыстан келген
нағашым мінгізіп еді десін. Тай беріп кет. Байқайсың ба? Сөзге
кедей болмас, - деп бәрін бір күлдіріп алды. Осы да бойыма кұт
деп ойлаған мен орнымнан тұра бердім. Ойымда төрт босаға
туралы әлгі әңгіме. Қалмаққырылған оқиғасы. Бірде кең-байтақ
дала қалың әскер, өзара қырқысқан, біреуді-біреу жаншып, қы-
лыштап жатқан... Бұлақ, өзен, қалың орман, мыңғырған мал
өрісі. Бейбіт ел... Көк шалғыны аяққа оралған ұлан өрісте не
қызықты көріп, қызықты өмір сүрген ата-бабалар - Кәдір, Бабыр,
Сандыбай, Шегір...
Құлағым үйдегі үлкендердің әңгімесінде. Дауысын созып, әр
сөзін әндете көтеріп айтатын Иманәлі:
- Жарықтық Ұлытау - ұлы десе ұлы ғой. Текті жерден текті ұл
туған емес пе? Әлгі төрт босағадан от ауызды, орақ тілді шешен
де, ел басқарған көсем де, ел қамын жеген Едіге сынды талай
қасқа мен жайсаң өмірге келген, - деп сәл жөткірініп алды да, - әлгі
өзің айтқан Қалмақ қырылған - Білеуті шайқасында атын атаған
Барлыбай, Сандыбайлар шоғырын таратып, ел құлағына сіңі-
ріп айтар заман ба бұл? Аузыңды ашсаң, тіліңе жабысқалы тұр.

Апбаз Қаражігітов
Көмекейіңмен қоса жұлып алады. Мылқау бол дейді. "Тексізбін,
құл, меңіреу, кеще, миғұламын" деп айт деп қабағын қарс жап-
қан сұмдық төніп тұр төбеңде! Әлгі балаға айтшы, ата-бабаң-
ның қандай, әруақты Әзіреті Әлідей құдіретті ер жүрек болғанын.
Қалай мақтанып, бойындағы кісілік, тамырындағы батырлыққа
марқаяр екен. Әттең, айта алмайсың, - деген ол:

- Алтын, - деп жеңгемді өзіне қаратып, - қымыз әкел, мына-
лар мені сөйлетіп қойып, шөлге қамады, - деді әзілдеп.

Құлағым солардың әңгімесінде. «Бұлар неден қысылады. Бұ-
ларды қорқытатын бір жасырын күш бар-ау, ә». Өзіммен-өзім
болып ойланған болам. Бірақ өз сұрағыма табар жауабым жоқ.
Өзің ойлан. «Ешкіммен ақылдаспа! - дейді үлкен кісі. Бірақ кейін
түсінесің дейді, ә». - Сол күндерде менің де қиялымда осын-
дай сауалдар мазалап түнеп қалып еді. Сөйтсем, ол ел басына
Голощекин орнатқан, Сталин жетекшілік еткен нәубет жылдар
екен.

Үйдегілердің дауысы қатты шығып, бәрі күлкіге батқан соң, үй-
ге қайта кіргем. Үйдің бір жағына қалың төсекке жайғасып, қызыл
ала шытпен тысталған жастықты шынтағына басқан Шабдан:

- Расы сол, төрт босаға деп төрт кісінің атын атадыңыздар.
Оның ішінде біз бармыз ба? Әлде іргеден шығып қалдық па? -
деп әзіл сөзін қайталады.

- Түсінбей қалдың-ау, шамасы. Көлін қорыған қызғыштай,
Ұлытауын жанымен де, арымен де жаудан қорғай білген атаң
Сарғалдақ батырдан тараған Жаулыбай, оның әкесі Өтеген,
одан бері толып жатқан түкті жүректілер - Аманбай, Есенғабыл,
Есенбек батырларды айтсақ та болар. Тегінде Сарғалдақ атаң-
нан туып-өскен ұрпақтың ерлікке толы өмірі кейінгі жастарға үлгі
болар тұстары жетерлік. Ал бақ пен қыдыр, дуалы сөз қонған
Саты бабаң жайлы әңгіме мүлдем басқаша. Оған Бейіс әкеңді
қос, - деп әңгімені Иманжан едәуір созып тастады.

- Иә, - деді Иманәлі әзілге сайып, - мына әкең айта алмай
отырған Ұлытауды мекендеген, бірде молда Жұмабай, бірде
жорға Жұмабай, бірде ұры Жұмабай атанған әкең де, Алдамқұл-
дың Қазыбегі сынды немесе "бүкіл Ұлытауды екі қу жейді, ал сол
екі қуды бір қу жейді" дейтін айласы мен ақылы тең жаратылған
ірілер де табылады, - деп әзіл алақанын да жайып қалды.

- Тек, сойдағым, баланы шатастырма! Айла мен ақылдың кім-
ді қандай қоян жымға салатынын өскенде өзі де түсіне жатар.
Бабалар жайындағы ұлы сүрлеуге сал бұларды, - деп ол тақы-
рыпты Иманжан біржола жауып тастады.

- Дұрыс! Дұрыс! Заман, заман ғой кімді де болса оң жолдан

Абыздар биігі
ауытқытып, не жаутаң көз ететін. Қайсың, кәне, осы күннің ішіне
кіріп, ақ көйлегінің мына жерін кір шалыпты, - деп ашық айта
аласың? Артық-кемін өзі білген уақыт басқаға ырық бермей-
ді. Ендеше сен де өткеніңді қаузамай-ақ қой, - деді ағам сөзін
астарлап.

- Сонда не ақты - ақ, қараны - қара, батырды - батыр, жақ-
сыны жақсы деп ашық айта алмай өтеміз бе? - деп айтар сөзін
аяқтай алмай, Шабдан қатты жөтеліп кетті. Бәрі соған жаутақтап,
қара терін сүрткен Әбиза апам мен Жүндібай нағашыма кезек
көз тігіп, үнсіз отырысып қалды.

- Заман да осы. Қазіргі билеушің де осы, - деді едәуір уақыт
өткізіп, іштей өзімен-өзі сөйлескендей ағам. Байқаймын, қайда
болса да, қай әңгіменің үстінде де бұлар тұтығып, айтар ойла-
рын жеріне жеткізе алмай, күмілжіп қалады. Сөздерінің астарын-
да айтылмай қалатын іште сүйек болып қатқан бір сыр бардай
болады да тұрады. Бұлары несі деп күпті боп қалам. Ол ойымды
мен де аша алмаймын. Міне, бүгін де сол.

- Сол ғой, сол, сон-о-оу Мәскеудегі қатты жөткірінсе, мұнда-
ғылардың маңдайынан жан тері шығады - деді сыбырлап қана
Иманәлі.

- Жә, ұзама! Үй артында кісі бар, - деп езу тартты Иманжан.
- Қайтеміз, құдай өзі берген жанын өзі алады да! Өлшеулі
өмірді кімнің қолына тарту етеді, өз еркінде, - деді күні бойы
ауыз ашпай үнсіз әңгіме тыңдаған Әбдірақман. Осы кезде
Сандықбай да жеткен.
- Әке, әжем тамақ пісті, терісін илеп болса келсін, - деді деп
мұрнын сүртті.
- Иә, мынау жақсы хабар екен. Шабданның қасынан шыға
алмай. Ал біздің үйдегі бағланның еті де пісіпті. Сіздерге арнал-
ған мал. Қане, тұрайық, - деп ол орнынан көтерілді.
- Әй, бала, - деді Иманәлі маған қарап: - Қарекем баласы,
сен де жүр. Құлақ жейсің. Әңгіме естисің. - Мен де олардың
соңына ердім...
Бір әңгімеден бір әңгіме туып жатыр. Бірақ біреуі де бүгінгі
заман тақырыбына соқпайды. Өткенді қаузайды. Ата-бабалар
өмірін майын тамызып, солармен бірге басы-қасында болған-
дай, жеріне жеткізе, бірінен-бірі асыра мадақтай баяндайды.
Келгелі бері солар не айтса да бас шұлғып, тағзыммен құрмет
етіп, әрбір сөздеріне тәнтілік танытып, өзі тыңдаушы болған
ағам Әбдірақманның үйінде сөзге араласып:
- Мына Иманәлі төрт босаға жайында берекелі әңгімені еске
түсірді. Қай заманда да дуалы сөзге конақ берген халықпыз ғой.

Апбаз Қаражігітов
Кейде бір адамның пешенесіне бір ғасырдың бақыты қонады,
оның басына дәуірлер түнеп, рухы ұрпақтармен бірге мәңгі
жасап қалады. Сондай адам-ау, тегі Өтебай. - Бәрі енді ағамның
сөзіне елеңдей қарасып, құлақ түрді. - Ол сөзге дуа да, кие де
қонған, адам тек әділдік пен ақылға ғана жүгінген. Құдай мен
пайғамбардың үкіміне сыйынған уақыт-ау Әйтпесе бір ауыз сөз-
бен кісі құнын шешер ме еді! - Әдетінше тамағын кенеп, көзін
сәл жұмып, қасын кере күрсінді де: - Жарықтық, сол Өтебай
баба қаршадай күнінде билік айтып, сол тапқыр билігінің құдіреті
ме, бір тайпа ел қара бала атаныпты.

- Дуалы ауыз болған ғой, - деп қалды Иманжан қозғалақтап.
- Олар сені мен мен деп отырмысың. Сөз қадірін білген,
әділдікке бас иген, ақ пен қараны ақыл таразысына салған, қы-
лаудай қиянатқа жол бермеген ойшылдар емес пе? Болмаса
оның баласының сөзіне құлақ асып, пәтуәлі билік айтты деп
тоқтай ма? - деп Иманәлі ағамның әңгімесіне араласты. Ша-
масы, Өтебай есімді кісі туралы өзі аз білмейтін тәрізді.
- Тыңдайықшы, не депті сонда әлгі қаршадай бала, - деп
сөзге сарабдал, тек тыңдаушы болып отырған Жүндібай әлгі
қара бала айтты деген сөзді төркіндеткісі келді. Бәрі әңгімешіге
қарады.
- Бірде, - деп ағам әңгімесін қайта жалғап, - айтулы бір ас-
тойға асау ат мініп барған беделді азаматтың аты аса қадірлі
кісінің жалғыз баласын теуіп өлтіреді. Сол баланың қазасы ел
арасында көп жылдарға созылған құн дауына ұласады. Дау
аяғы барымта, таусылмайтын ұзақ сөзге, бітімсіз келіп-кетіс
жанжалға жалғасады. Күнде барымта, "қуып кетті, алып кетті"
деген даурықпа халықты мезі етеді. Дау ақылға қонымды, әділ
шешім таппай, құн сұраушы мен құн беруге тиісті екі жақ текеті-
рес айтысқа түседі. Әңгіменің әбден дағдарысқа ұшыраған
кезінде, ойын баласы болса да, сөзге құлақ түріп, есік алдында
отырған бала:
- Дат, ұлық ағалар, - деп қалады. Бәрі балаға жалт қарапты.
Шөкімдей мұрнын қайта-қайта тартып, төрде отырғандарға те-
сіле қараған баланың мына тосын дауысына елеңдей қараған
құн даулаушы жақтың биі:
- Әй, қара бала, иә, не айтайын деп ең, айта ғой, - деп қалып-
ты. Бала тайсалмай:
- Егер рұқсат етсеңіздер, осы көпжылдық даудың билігін ай-
тайын деп едім, - дейді. Би де жұдырықтай баланың тақымдап,
суырыла тайсақтамай сөйлегеніне қызығып: «Ал, сен-ақ айта
қойшы, құдай аузыңа уәлі сөз салар ма екен», - деп сөз береді.

Абыздар биігі

- Айтсам, - деп сөз бастаған бала, - сол бала тірі болғанда,
бұл күнде ел ағасы, айтулы азамат болар еді. Солайда оның
құны ересек, толысқан адамның толық қүны болсын, - деп бас-
тайды да. - Ат баланы үйдің белдеуінде тұрып теуіп өлтірсе,
толық құн төленетін болсын. Өйткені жолаушы, құныкер ат иесі
ат байлайтын арнаулы жер бола тұра, балалар ойнап, кірген-
шыққан адам көп жүретін үйдің белдеуіне асау атын байлағаны
үшін айыпты. Сол үшін толық құн төлеуі керек. Егерде ат иесі
асау атын арнаулы ат байлайтын жерге байлаған болса, баланы
сол жерде теуіп өлтірсе, жарты құн болсын. Өйткені ол балалар
ойнайтын жерден асау атын аулақ байлады. Баланың ол жерге
баруына ат иесі себепкер емес. Ал ат арнаулы жерге, көп аттың
ішіне байланса, сонша аттың ішінде тұрған асау атқа барып
ұрынып өлсе, бала құнсыз болуы керек. Өйткені оны ол жерге
ажал айдап барды. Құнын ажалдан сұрау керек, - дейді. Мына
сөзге құн даулаушы жақтың бас биі отырып-отырып:

- Мына қара бала тауып айтты. Қара баланың билігі - билік
болсын. Баланың құнын ажалдан сұрамасақ, кімнен сұраймыз, -
деп уәжге тәнтілігін білдіреді. Бірнеше жылға созылған дау осы
пәтуамен аяқталады. Сол күннен бастап Өтебай есімді кісі қара
бала атанып, сырт ел, басқа рудың бас биі аузынан шыққан билік
айтқан қара баланың ауылы деген бір ауыз сөзден Аққыз әже-
ден туған Жауғашты, Шағыр, Әзеке, Бодықты да бір-ақ атаумен
Қара бала деп, әлгі есімді бұл күнде де бірнеше ру болып кеткен
елге айта береді, - деп тоқтады ағам.

- Е, е, - деп дауысын сөзған Иманәлі жарықтық сол бір тайпа
елді қара бала атандырған Өтекең туралы бізге жеткен киелі
әңгіме бар ғой. Соның бірі - оның замандасы Жанғабыл байдың
мына бір әрекеті. Бір жылы қыс қатты болып, Өтебайдың көп
жылқысы жұтап, малы азайыңқырап қалады. Ол, әрине, олардың
ұйым берекесі, тілегі бір заман емес пе, -деп сойдақтісін көрсете
ырқ-ырқ күліп, - біз сияқты әр сөзіне күзет қойған заман деймісің
ол, сол үшін құдай оларға бермесін берді, қыдырды да, бақты да
төріне қондырды, кемеліне келтірді.

Әлгі қыста малы жұтаған Өтебай қара бала атанған кісіге
замандасы Жанғабыл бай, олардың туыстық тамыры бізден жа-
қын жатыр, - деп тағы бір тұспал айтып алып, - Өтекең биыл
соғымды менен сойсын, - дейді де, қара қасқа айғыр бастатқан
төрт ту бие айдатып жібереді.

- Апыр-ай, ә, апыр-ай, ә, - деп Жанғабыл байдың мына туыс-
қандық мырзалығына разы болған би далаға шығып, соғым
малдарын көреді де:

Апбаз Қаражігітов

- Уай, Жәкеңнің мынасы несі? Қара қасқа айғыр жылқысы-
ның қыдыр басы еді ғой. Мұны мен соймаймын. Қыдырға пышақ
жұмсамас болар, - деп қайтарып жібереді. Мына сөзді естіген
Жанғабыл жылқышы баласына ұрсып:

- Апар, Өтекең соя берсін соғымына, қара қасқа айғыр - ма-
лымның басы, қыдыр иесі болса, Өтебай - елімнің басы, хал-
қымның қыдыры емес пе? - деп қайтадан жіберткен екен. Әне,
бірлік, туысқандық, сыйластық негізі қайда жатыр.

Сол айғыр бауыздаларда үш рет кісінеп жаны шырқырап
зорға шыққан екен. Содан кейін-ақ Жанғабыл байдың дәулеті
қайтып, едәуір кедейленген еді дейді бізге жеткен әңгіме, - деп
тоқтады Имекең.

- Олардың туысы да, жаратылысы да бөлек қой.
- Бәрі көріпкел тамыршыдай дөп басып айтып, біле бере-
ді.
- Әулие ғой олар, - деп бірінен соң бірі сөз жарыстырып,
бабаларына бас шұлғып, қасиеттерін көтеріп кетті. Бұл әңгіме
тұсында ойланып отырған Иманжан кенет қыран бүркіттей дүр
сілкініп, Өтекең қара бала атанып кеткен кісінің сондағы бала
өліміне айтқан билік сөзі ғой мынау:

«Құдайдан күшті ешкім жоқ,
Құдай жіберген ажалда көзге түсер кескін жоқ.
Бір құдайсыз жерде бетімен шығар өскін жоқ.
Ажалдан қашып құтылар жан сақтайтын тескін жоқ.
Ажал жетсе күні ертең,
Сойыл, соққы тимей-ақ кетеміз біз де көшкін боп,
Ажалдың келер хабарын,
Қанша дана болсаң да, көріп, біліп есту жоқ!
Айтыңыздар, қанекей, кім біледі
Қай күні, кімнің қалай өлерін,
Білетін оны, әрине, тірі пенде адам жоқ!
Құдайдан ғана көрейік,
Бір Аллаға сенейік.
Бүкіл елді шулатпай,
Жазмыштағы іске көнейік.
Құнын осы баланың ажалдан алып берейік.
Ал ажал қолға түспесе,
Ақылға ғана көнейік!» -
деп төрелік айтқан екен он бір жасар Өтебай. Шамасы құн дау-
лап, топ бастап келген кісі де тегін болмаған-ау, «Осы қара
баланың билігі - билік болсын», - деген шешіміне тоқтапты.
Соның аузынан шыққан «қара бала» сөзі Өтебайға таңылып,

Абыздар биігі
тіпті төрт болыс елде қара бала атанып кетті ғой, - деп бір
заманда өткен билік тарихын қайта таратып берді.

- Е, мынау өлең боп кетті ғой. Әлгіде қара сөзбен айтылмап
па еді, - деген Жүндібайға Иманжан:

- Тегі, ол билік осы отты өлең жолымен айтылса керек. Асы-
лы, өткір уәлі сөздің атасы осындай нақылмен айтылған, - деп
түсіндірді де, - қазақ шешен халық кой, - деді.

Жарықтық Өтекеңнің тапқырлығы жайлы ел арасында сақтал-
ған әңгіме көп қой, - десе де, олар одан әрі бүл тақырыпты
созбады. "Айта түссеңіздерші" деуге батылым жетпеген менің
құмарым тарқамай, "әттеген-ай, айта түспеді-ау" деумен қала
бердім... Өзіңнің тегіңді білу, жақсылардан ғибрат алу, ата-баба
дәстүрін бойға сіңіру, әсіресе ізгілік, әділдік, адалдық, бірлік,
татулық атты қасиет-құдіреттің парқына жету адамдық борыш
екенін пайымдаудан артық не бар өмірде. Ата-баба өмірі ғой
ол. Әне, кісілік тауы! Қарап көрші құздарына, көзің жетер ме
екен!!!

Қаражар бауырындағы үш-төрт үйлі ауылда бір-екі күн ғана
болған Иманәлі бар, басқалары бар - жөн-жөніне тарасып,
әңгіме базары тарқап кетті. Шабдан есіне сол бір әңгімелерде
есімдері аталған кісілер түсті ме, ағама:

- Нағашы, - деді оны өзіне қаратып. - Әне, бір әңгімеде,
Барлыбай, Сандыбай, Ерден, Құдайменде, Өте, Сансызбай
тағы қанша әруақты еді деген кісілер аттары аталып еді. Бірақ
олардың не қасиеті, не ерлігі, не кісілігі айтылмай қалды. Олар
жайлы сіз білесіз бе? - деп сауал тастады да, - Шамасы, ат
төбеліндей десе де, осы найманнан да атақты кісі аз шықпаған-
ау, - деді. Ағам оған:

- Күнім-ау, тауып айтып, дұрыс сұрап отырсың. Бұл елден
де талай білікті біртуар адамдар шыққан. Оны бір кең отырып
айтармыз, - деді де. - Бұл құнарлы жер ғой. Не өссе де құнары
мол жерге өседі. Адам да өмірдің өркені, - деген де қойған.

Бірақ ол әңгімені, әлгі ¥лытау жерінде өскен бір туар адам-
дар жайлы әңгімені көкірек ауруы меңдеген Шабдан ести
алмай, дүниеден өтіп кетті.

Ал менің есіл-дертім сол атақтылар жайлы әңгімелерді есту.
Шіркін, олар не айтты екен деймін іштей үздігіп. Бірақ есімде-
рін қадап-қадап атағаны болмаса, олар айтты деген қасиетті
сөздерді таратып айтатын сәт туа қоймады. Ойда-жоқта соның
да орайы келе қалғаны.

Біздің қазіргі мекеніміз Теректі стансасы. Мұнда көшіп келге-
німізге де бірсыпыра болған. Осы жерде менің жеті жасқа енді

Апбаз Қаражігітов

толған, оң, солымның не екенін әлі ажыратпаған шағымда
әкемді Мақат есімді кісінің сыртын қызыл кірпішпен өрген төрт
құлақты тамына жерлеген қаралы күндер есіме оралды. Бәрі
көз алдымда қайта тірілді. Бұл - көп адам жерленген, Қара
бала атанған елдің Шағырдан тарайтын ұрпағының кезінде
белгілі дәулетті кісілерінің бірі - Мейірманның сүйегі жатқан
үлкен қорым. Есімдері ұмыт болған талай боздақтар осында
мәңгілік ұйқыда жатыр.

Енді, міне, сол елдің бір замандағы жаз жайлауы, берекелі
қонысы болған кең-байтақты қақ жарып өткен болат жолдың
бойына Теректі стансасы салынып, әке сүйегі жатқан жер біздің
де тұрақты қонысымызға айналған. Теріскейі көк тума ұбақ-шұ-
бақ сағымға шомылған бел-белес боп көрінген қырқа, халық
Теректі әулие атап кеткен, әлі маған бейтаныс адыр, оңтүстігін-
де бір иығын ғана көтеріп бойын жасырған Дулығалы батырдай
Борсеңгір биігі бұлдырап атойлайды. Қазір мені жеті жасымда-
ғы санамда өшпей қалған суреттер, қайғылы сәттер, шер-ше-
мен боп қатқан сүреңсіздік пе, көріністер қамалап кеткен.

Шағын ауыл Ақмая, Керегетас аталатын қырқаның молалы
Борсеңгірге қарап, сеңсең қой терісінен мол етіп тігілген тонның
қапталындай байтақ болып созылған боз далада күзге салым
оңаша отыр. Өзі не бәрі бес-алты ғана үй. Тамыз айының ыстық
күндерінің бірі. Ауыл жанындағы маңдайға шыққан ұрадай жал-
ғыз қызыл төбешіктің үстіне шығып, көбіне өзімен-өзі оңаша бо-
лып, кейде кешқұрым ауылдың Үдербай, Әбей, Әлмен сияқты
ересек кісілеріне не қилы сырын айтып, замандастары, айтулы
ел ағасы, халқына адал еңбек еткен білікті кісілері жайлы ұзақ-
ұзақ толғанып отыратын әкем үйге қатты науқастанып келіп құ-
лады. Ірі денелі, екі көзіне бүкіл дүние сыйғандай жанарлы жан
денесі қызулап, отқа түскендей болды. Ауыл адамдары уайым
шоғына күйіп, не істерін білмей дал бола қалды. Бірде қатты
қысылып, ауруы жанына батқан қарт кісі, лоқсып құсып-құсып
алады. Онысы қара құрым ба, әлде қан аралас қоңыр қошқыл
запыран ба, әйтеуір жан қинаған өзгеше сұйық болып шығады.
Әлгі естияр ауыл адамдары не істерді білмей қатты дағдарған
бір тұста, өзіне-өзі келген әкем:

- Сендер саса бермеңдер. Не болса бір құдайдың жазуымен
болады. Әйтсе де дайындықсыз болмаңдар. Мұқышты, басқа
балаларды алдырыңдар, - деді.

Мұқыш ағамның өмірі жұмысы таусылмайтын адам еді.
Өзім білетінім ағам қашанда жолаушылап жүреді. Бұ жолы да
көп жұмыстарымен Қарсақбайға, үкімет басшыларына жолық-

Абыздар биігі
қалы, мына байлардан тәркіленіп алынған қазір өзінің жауап-
кершілігіндегі көп малды қысқа ұрындырмай тиісті өткізетін же-
ріне тапсыру мәселесін шешуге кетіпті. Өзімен бірге Нақыпбек
көкемді де, әйелі Алтынды да ерте кеткен. Рақымжан да Қар-
сақбай мен Жезқәзған кен қалашығы арасын жалғастыратын
теміржол бойындағы Алшымбай деген жерде жұмыста, осы
жолы соған да соға келмек.

Әкемнің сағаттап төмендеп бара жатқанына көзі жеткен
Әлмен аға, қасында Әбей, олардан үлкен, жасы әкемнен де үл-
кен Үдербай есімді қарт кісі бар:

- Бұл отырысымыз болмайды, - деп малшы ауылдан
Өмірәліні алдырды. Көзі бақырайған, қысқа мойын, төртбақ жігіт
Өмірәліге Әлмен аға:

- Қарсақбайға тез жет! Мұқаңды тап! Әке жағдайын айт! Қалай
да жетсін! - деп өтініш айтты. Ол:

- Немен барам? Ат жоқ, біздегі көлік - түйе.
- Сол түйенің ең таңдаулысын мінесің. - Өмірәлі қипақтап
еді, - Ауылда қазір менің қарасұр атымнан басқа жарамды
ат жоғын білесің. Басқа ат белсенділердің астында кеткені-
нен бейхабар ма едің? Ал қарасұр атты, - басын әкем жаққа
изеп, - әлдеқалай заман болса қайтеміз, керек болады, - деп
түсінік берді.
Тамыздың күні де қайнап кетті. Шағын ауылдың бар жан иесі
әке тілегінде. Жазылса екен - басқа ой да, тілек те жоқ. Азын-
аулақ ұсақ тұяқ бар. Оны күнде Үдербай ақсақал бағып, жайып
жүруші еді, міне, екі-үш күн әкемнің қасынан шыға алмай, олар
менің қарауыма өткен.Ауылотырған Үшқұдық қалың тобылғылы,
оты қалың жер. Әйтсе де "ит-құс жазым етеді немесе ұсақ мал
ұзап шығып кетеді", - деп ауыл адамдары көзден таса қылмауды
қатты тапсырған. Мен сол мал соңындамын. Екі көзім ауылда.
Ойымда әкем. Керегетастың биік шыңына күйген табақтай боп
бір шеті ілігіп қып-қызыл оттай күн ұясына жете алмай әлі тұр.
Қолат-қолатқа көлеңке ұялап, төңірек қарауытып келе жатқан
бейуақ шақ. Кенет ауыл шу ете қалды. Менің де басыма қара
аспан құлап түсті. Әсіресе анамның зарлы дауысы, кішкентай
Әсияның "әкелеп" шырқыраған ащы үні құлағыма жеткенде дү-
ние төңкеріліп жүре берген. Үйге қалай жүгіріп жеткенім есімде.
Улап-шулап жылаған, бірін-бірі құшақтап көрісіп, еңіреген
шағын ауылдың адамы дүниені күңірентіп жүре берді.
Ауыл қара жамылды. Қарсақбайға әке науқасы туралы
ағама хабарға кеткен Өмірәліден әлі дерек жоқ. Табиғатында
уайымшыл ма, әлде жанындай жақсы көретін бауыры, ағасы -

Апбаз Қаражігітов

ел ақсақалы, қимас жаны - әкемнің қазасына күйзелген Әлмен
аға көз жасын тыя алмай, үш күнді өткізді.

- Енді басқа шара жоқ! Ол қара сұр атқа шағын ләкшеңке
арбаны жегіп, әкемнің денесін ата-бабалар қорымы Жетіқоңыр
құмының бергі етегінде жатқан Шалтайға апармаққа дайын-
далды. Оған Әбей:

- Күн мынау қайтпай тұрған. Және Шалтай қайда, біз қайда?
Оған жеткенше мәйіт ағып кетеді. Өзі аманат еткен Мақат аға-
сының қасына жерлейік, - дейді. Әлмен аға қатты дағдарды.
Ақыры Әбейдің айтқанына көнді. Ағамнан хабар келмеді. Бүкіл
саналы өмірі Шағыр елінің атақты басшылары Бұзау болыс
пен (Мақаттың) Мақаңның қасында өтіп еді. Ағасының қасынан
өзі де тірі күнінде орын сұраған. Бұл дұрыс болды, - деді тағы
Әбей әкемнің қабірін қазып болып.

Қорым бұрыннан белгілі жер екен. Айнала теп-тегіс. Көрпенің
Қара ойы атанған жазық. Үлкен сегіз қанат үйдей төбелі мола-
ның қасына кеп отырып құран оқыған Әбей:

- Бұл Мейірман әкеміздің жатқан жері. Төртқұлақ төбесі
ашық қызыл тамды нұсқап, - екі аға да ертең құшақтаса жа-
татын болды, - деді. Әкемді жерлеуге алып шыққанбыз. Жасы
сексеннен асқан Үдербай мәйіт артылған арбаның соңынан
дауыс салып:

- Бауырым-ау, мені расымен тастап кеткенің бе? Сенен қал-
ғанда мен не болам! Ала кет қасыңа! - деп өкіре жылады. Ол
көп күйзелді ме, әкемді жерлеп келген күннің ертеңіне ауыл
адамдарын шақырып алып, бақұлдасты да, ауырмай-сырқа-
май дүниеден өтіп кетті. Жұрт таң қалып:

- Тілегі болды, - деп жатты. Ондай да болады екен...
Ағам келесі күні әкемнің денесін жер қойнына беріп жатқан-
да, Үшқұдықтың бергі бетіндегі қырдың үстіне астында қара көк
аты бар шауып шықты. Атынан өкіріп құлап:
- Шіріп кетсе де, тоспадыңдар ма мені? Құдай бір төбенің
басын бұйыртпады ма бұ кісіге, - деп екі көзінен қан аққанша
жылағаны әлі көз алдымда...
Қайран әке солай кетті өмірден. Мен сонда жеті жастамын.
Маған әкесіз дүние қараңғы қапас әлем болып алды. Бұл бір
мың тоғыз жүз отызыншы жылдың тамызы еді.
Жетім деген сөзді бұрын шешесі өлген үйдегі сүт ішетін
ботаға айтатын еді. Енді шер көкірек, тас жетім, жеті жасында
әкесін жалмаған деп маған айтатын болды жұрт. Қандай суық,
зілді, удай ащы сөз! Кейін оның қиямет-қайым тақсыретін де
тарттым. Әкесіз өмір азап, жоқшылық, қорлық! Қайран әке!

Абыздарбиігі

Бірақ «жаман балаға жақсы әке қырық жыл азық» деген халық
нақылының жылуын да бастан өткердім,

Дауылдатқан қара суық күз ерте түсті сол жылы. Апыр-топыр
аяқ астында көшетін болдық. Өзіміздің қыстауға барамыз дей-
ді. Көшіміз - бес түйе. Бір түйеге қоршау жасап, үстіне біздер-
ді жайғастырды. Тағы бір түйеге дәл сондай орын дайындады.
Мұнша қоршаудың мәнін кейін білдім. Біздің көш Үшқұдықтан
Борсеңгір биігіне беттеп ұзай бергенде, бір бүйірден екі-үш атты
шапқылап шыға келді де, кес-кестеп көштің алдын бөгеді.

Осындай біреулердің біздің көшті тосатынын күні бұрын білді
ме, ағам көш қатарында келе жатқан оларға қарсы барды.

- Түйелерді тексереміз, - деді біреуі.
- Мұнша түйе сендерге қайдан бітті? - деді екіншісі.
- Ей, сендер даурықпаңдар. Бұл әкемнің өз малы.
- Сен не деп тұрсың? Әкең бір жақтан түйе әкеліп пе еді, -
деп шақ-шақ етті жіңішке дауысты біреуі, атынан аударыла түсіп.
Сөйтті де, түйелердің оң жамбасын қарап шықты да:
- Әй, мына түйеге таңба басылған сияқты ғой. Жүні өсіп, сәл
айқын көрінбей тұр, - деді.
- Соқпа, - деді өжеттеу Нақыпбек көкем оған дауыс көтеріп. -
Тасмаңдай десе, Тасмаңдай екенсің. Жұрт неге Әбіш демей,
Тасмаңдай атаған десем, осы мінезің екен ғой. Бар! Бара бер!
Баратын жеріңе! Бұл Дәуіт әжінің бәйбішесі Айсұлу әжемнің
әкеме азаға салған Қоңыр інгені! Немене ол түйесін таңбалап
қойды деп пе едің, - деп оны айдап салды.
Ағам ғана:
- Әбеке, енді әкеңнің үйінің көшін де тінтуге дәтің барды-ау.
Қаракең осы Шағырдың әр отының басының қаракетімен жа-
лаң аяқ жер басып, иығына түзу көйлек қимей кеткен адам еді.
Осы сенің әкеңнің қолды болған бір тайын іздеп, қатар отыр-
ған Дәулеткелді тама Бимұрат ауылындағы бір ұрыдан даулап
алып келіп еді. Сонда сенің жоғынды іздеген сол емес пе еді?!
Ал сен бүгін келіп оның көшін тінтесің! Әй, Әбекем, оңбассың,
оңбассың-ау! - дегені бүгінгідей құлағымда.
Күздің қара жаңбырлы күндерінің бірінде Барша құмындағы
қыстауға да келіп жеттік. Үрпек төбе, өкпедей құм. Түйесіңір,
дүзген, тал, шілік, мысыққұйрық, қамыс өскен ойы мен биігі
жықпыл-жықпыл құба дала. Сыңсыған жел үзілмей соғады да
тұрады.
Біздің үйдің көшіп келгенін естіген ағайын-туыс әкемнің орны-
на дұға оқып, күнде келіп, кетіп жатады. Өте көңілсіз күндер еді
ол...

Апбаз Қаражігітов

Бір күні үйге анадағы жағында қырым ет жоқ, мысық мұрт,
қитар, бір көзі бір көзімен атысқан тасмаңдай Әбіш келе қалды.

- Әй, қатын, - деп шешеме адырайып. - Көрпе сал төрге! -
деп айқай салды.

- Не, көзің не көріп тұр! Көрпе жатқан жоқ па төрде, - деп
айқай салды анам.

- Сілкіп, қағып сал!
- Отырсаң - сол! Отырмасаң - шық! - деді анам. Мен атып
тұрдым.
- Ит жоқта шошқа үреді қораға деген осы екен, ә?
- Әй, қатын! Көрпе сал! Қағып сал!
- Әдіра қалғыр! Жеткен екенсің! Мә! - деп екі саусағының
арасынан бармағын шығарды. Анау:
- Мен саған "мәні" үйретейін шынжыр балақ, шұбар төс бидің
қатыны,баукеспе ұрының қызы,табың жат сенің,-деп қолындағы
қамшысын шешеме сілтей берді. Оның сондай әрекетке барарын
күні бұрын сезгендей, шешем қолындағы қамшысын жұлып алды
да, есікке лақтырып тастады. Оған намыстанды ма, кеудесіне
нан піскен Тасмаңдай шешемді жұдырықпен ұрып өтті.
- Мына неме қайтеді-ей. Енді адам сабайтын болып па едің.
Үйбай, шірік неме, - деген анам оң қолынан шап беріп ұстады
да, қайырып шалқасынан түсірді. Көрсетейін қатын сабағанды. -
Кеудесіне мініп, екі жағына шапалақпен осып-осып жіберді. - Осы
жатқан жеріңде кеңірдегіңді суырып алайын ба? Басқан топы-
рағынан садаға кеткір. «Шынжыр балақ шұбар төс!» деп, мақ-
танудың орнына, киелі адамға тіл тигізеді, ә!
-Же-же-жеңеше! Қойдым! Қойдым - деп жалынып еді, - Сен
қоймайсың, ұмытып кетесің! Біз Үшқұдықтан көшкендегі қорлы-
ғың естен кетпес. Қу шірік! Белсенді, белсенді дегенге «асыра
сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп бір дүйім елді қан-
сыраттың ғой сен-ақ! Өлтіріп жіберейін бе? - деп қарулы қолын
кеңірдегіне апарып сәл мытып өтті.
- Қойдым! Қойдым! - дейді Тасмаңдай.
- Ендеше, бар осы тойғаныңмен! Бірақ байқа! Аңдап бас ая-
ғыңды. Ана Дабыл мен Мағзұмға да осыны айт. Аямаймын, - деп
шешем Тасмаңдайды желкелеп үйден қуып шықты.
Қиямет күндер басталып кетті. Малдан айырылған халық аш-
тыққа ұрына бастады. Ауыл арасы ерсілі-қарсылы шапқылаған
белсенді. Қалған-құтқан бірлі-жарым қара-құраны әртүрлі сыл-
таумен тартып әкетіп жатқаны. Ашыққан елге азық-түлік жәр-
деміне баратын көлік жинау деген науқан басталды. Біздің үй-
де шешем мен Кәшен жеңгем екі жағынан қатар тұра қалып

Абыздар биігі

сауғанда орта шелек сүт беретін саулы сауылатын ақ тұмсық,
жалғыз өркеш қоңыр нар бар. Отбасының күн көрісі осы түйенің
мойнында. Кезек сол нарға келді. Үнемі жолаушы жүретін ағам
Әлмен екеуі Нақыпбек, Отыншы көкелерімді ертіп, Қызылордаға
мал айдап кеткелі қанша уақыт өткелі хабарсыз. Отбасындағы
бас көтерер анам ғана. Әлгі ашыққан елге азық тасу кіресіне
түйе жинау науқаны басталғалы, шешем қораның төбесінен түс-
пейді. Біреудің қылт еткен төбесі көрінсе болды, үйге келеді де,
қоңыр нарды қораның түбіне жетелеп барып, шөгеріп, тіздеп,
көзге көрсетпей тығып тастайды. Бірде Мағзұм белсенді, бірде
Дабыл келген. Екеуіне де түйемізді таппай отырмыз деп жағдай
айтып, шиеттей балаларын немен асырауды білмей отырғанын
түсіндіріп жіберген. Біреу сырттан айтты ма, әлде өздері де біле
ме, бір күні Тасмаңдай бастап үшеуі бірден келді де:

- Ақ тұмсық нарды табасың! Ел ашығып өліп жатқанда кіреге
бермей отыра алмайсың! - деп қиғылық салды. Ұры иттей тіміс-
кілеген Тасмаңдай жып беріп далаға шығып кетіп еді, қайта
кіріп. - Ә, шынжыр балақ бидің тоқалы! Сен Мекелай патшаның
қалдығы екенсің! Түйеңді қораңның түбіне тығып қойып, жоғалып
кетті деп отырсың, ә? Алдай алмайсың мені! Шығар түйені! - деп
айқай салды. Ана жолғы көргені есінен шығып кеткендей.

- Қай-нем! - деді анам дауысы күңіреніп, сәл жасып шықты
да, бізді нұсқап, - мына қара қарындарды аясаңшы.

- Ей, не оттап тұрсың? Он емес, жүз емес, мыңдар өліп жатыр.
Сенің екі-үш балаң олардың қасында не?! Біз кедейдің баласын
сақтауымыз керек. Байдың, езуші таптың баласы садақа! - деп
зікір салды.

- Аспай сөйле! Ақыры өлетін болсақ, көзім тірі тұрғанда түйем-
ді бере алмаймын. Тартып алу үшін, - дей беріп еді, Тасмаңдай
иығын қақты қасындағыларға:

- Кеттік! Әй, Дабыл, алып шық түйені! - деп бұйырды. Үшеуі
жапырыла шыққан. Үстіне күпісін жамылып анам да жүгіре ерді.
Бәрінен бұрын түйеге жеткен ол:

- Таянбаңдар! Үшеуіңнің де қаныңды ішем! Қолында ұзындығы
жарты кез ақ болат пышақ. Қазір жарып-жарып, - аяғының астын
теуіп, - мына құмға көмемін. Онан да кетіңдер сау күндеріңде! -
деді зәрін шашып.

- Мынау қайтеді-ей! Айттым ғой мана. - Тасмаңдай екеуіне
қарап. - Бұл жауыз әйел. Ап, қане, жаршы мені, - деп бір адым
таяна түсті.

- Кел, ұстас менімен. Түйеге таяншы, не болар екенсің.
- Әй, - деді Мағзұм, - ұятты. Қаракең шаңырағында масқара

Апбаз Қаражігітов
боп... - деп ойын аяқтамай, - кетейік. Бір түйе ешкімнің жырты-
ғын жамамас. Ал бұл үй ішін... - деді.

- Қап, мынаны-ай, ә! Сені ме, бәлем, мелиса әкеліп, әкеңе та-
нытпасам ба, Әбіш атым құрысын, - деп жөнеле берді.

Арада бір-екі күн өтті ме, өтпеді ме, Тасмаңдай қасында
мылтық асынған біреуі бар, дауылдатып жетіп келді. Олардың
шауып келе жатқанын көрген шешем түйе қораға кіріп шыққан.
Әлгілерді қораның алдында қарсы алды.

- Түйе қайда? - деп ақыра келген ол қасындағы мылтық-
тыға: - Бір өзі отыз-қырық пұт көтеретін жалғыз өркеш бір тұма
нар бар бұл үйде. Кешегі Мекелай патшаның көзі болған бидің,
шынжыр балақ шұбар төстің жесірі мына тұрған. Контр, - деді
аузынан көбігі бұрқырап.

- Бәрі рас. Бір сөзінде жалған жоқ. Өзі сол біздің үлкен кісінің
(әкемді шешем үлкен кісі дейтін) жақын туысы. Ағасын мақтап
жатыр ғой. Рахмет, қайным! - деді.

- Түйе қайда?
- Қорада.
- Шығар.
- Өзің шығар.
- Жоқ, сен өзің үстіне жабуын жауып, оған қоса бес-алты қап-
пен қорадан жетелеп алып шығасың.
- Өзің барып, тұрғызып ал! Өлгелі жатқан түйені қалай
жетелейін.
- Соқпа! Жүр! - деп мылтықтыны ертіп қораға кірді.
Бәріміз ере бардық. Жарықтық ақ тұмсық нар аузынан ақ кө-
бігі бұрқырап, басын екі бүйіріне соғып аласұрып жатыр. Түйенің
мына халін көрген Тасмаңдайдың көзі адырайып кетті.
- Бұған не болған?
- Білмедік. Бүгін осындай ауруға тап болды. Иттің қу боғын
жеп қойды ма, - деді шешем.
- Әй, мынау өледі. Арам өлмесін, бауыздап ал. Боршасы
аз күн болса да балаларыңа керек болар, - деп атына беттеді.
Олар кетісімен анам түйесін отқа қойды. Сөйтсем, әлгідей бел-
сенділердің келер жолын үй үстіне шығып, аңдып тұрады екен
де, қарасы көрінісімен түйенің жағына оқтау салып, аузын ашып,
тілін түбінен жіппен буып байлап тастайды екен. Тілі буылған
түйе қалжалақтап лезде аузынан ақ көбігі бұрқырап, басын
бүйіріне соғып теңселіп қалады екен.
Міне, осындай айламен анам ақ тұмсық саулы нарды белсен-
ділердің қарамағынан аман алып қалды.
Бұл Жетіқоңырдың барша құмындағы басқа елден жырақ Бет-

Абыздар биігі
пақ даланың шетінде қалған бірнеше ауылдың аштық шеңгеліне
түскен жылы еді. Жер қарайып, қар кетіп, жаужұмыр, қаракеней
піскенше талай шаңырақ ортасына түсіп, талай ауылдың жұрты
қалды. Жалғыз нардың бұйдасынан ұстап, күндіз-түні көзден
таса қылмай, соның сүтін қорек етіп отырған біздің үйге тәңірдің
бір түнінде Мұқыш ағам, Отыншы көкем жетті-ау! Қайдан кел-
ді, қайда болды, онда біздің не шаруамыз бар. Келе сала үйдің
бау-шарбағын буғызып, сол түнде басқа тірі жанның көзіне
түспей, көшіріп алды да кетті.

Досай Қазыбектің бейіті тұсынан түнде өтіп бара жатырмыз.
Қалың шиді өртеп, айнала жүгірген үш-төрт адам шалынды
көзге алыстан.

- Қайтсін, - деді ағам бізге естіртіп, қатты күйзелген дауыс-
пен, - өртенген жерде қалған, өлген, күйген бірдеңелерді тауып
жеп жан сақтайды да. Қайран, бір кезде май жемейтін халық,
енді, міне, күйген, өлген тышқанның қалдығына таласып жатыр.

- Әлгі адамды сұрыптап жатырмыз дегені осы шығар Тасмаң-
дайдың, - деп сұрап қалды анам.

- Е-е, көлін қорыған қызғыштай, әр отбасын көзінен таса қыл-
май, жоғын жеткіземін, барын көбейтемін деп жар құлағы жас-
тық көрмей өткен кешегі Бұзау, Мақат ағамдардың елі ғой бұл
сұрыпталып жатқан. Мұндай «сұрыптау» жер-жердің бәрінде,
дүниенің төрт бұрышында жүріп жатыр, - деді қатты күрсініп
ағам. «Сұрыптауы» несі, бұ не сөз деймін ішімнен.

- Аузына бір шай кесе сүтті апарғанша Өтегеннің жүрегі
үзіліп, көзімше өлді уыздай жас жігіт, - деді анам ойына оның
өлімі түсіп.

- Естідім. Есіл азамат аштан өліпті, - деді Отыншы көкем.
Мен Өтегенді көктемге салым Талды құмындағы нағашым Бақ-
тыбайдың үйіне барып келе жатып көргемін. Беті кілкілдеп іс-
кен, аяғын зорға сүйрете басып жүрген әлсіз жігіт-тін. Арқамда
нағашым берген бір шелек бидайым бар, қарадүзген қыстауын-
дағы Қожырбай ағаның үйіне соққанмын. Қожекең оң қолының
қарына аяқтай ұра өскен, сүйық сақал, мұртты, қысқалау иекті,
толық бүйрек бетті, маңдайы кең, көзі күліп отыратын кісі екен.
Сәлем беріп кірген мені бірден:

- Оу, Қарекемнің, ағамның сірке жияры, жоғары, жоғары,
бері маған таяу кел, бері отыр, - деп қалбалақтады да қалды.
Мейірім-шапағатымен-ақ мені өсіріп, бауырына тартып әкетті. -
Ұлбала, әлгі мен жеп жүрген нанды әкелші, - деп әйеліне бұйыра
тіл қатып, - өзі тоңып қапты, тез шай даярла! - деп бәйек болды.
Аз уақытта талай сұрақ қойып, біздің үйдің жағдайын біліп алды.

Апбаз Қаражігітов

Шешеңе айт, саспасын, Мұқыш та кеп қалар. Сендерді өлтірмес,
жетеді! Түйесінен айрылмасын, - деп ақылын да айтып жатыр.
Әйеліне дереу бір кесе бидай қуыртып, менің қалтама салғызды
да:

- Осында Өтеген жүр. Әлгі Тасмаңдай бастаған белсенділер
бар малын тартып алған, оның ауылы өліп бітіп, өзінің сопа
басы қалыпты. Берген тамағыңа тоймайды. Оны аштық сүреңі
ме, әлде отбасы, ауылының аштан қырылған сұмдығы әлеметі
ме, ұнжырғасы үзіліп барады. Ол қазір сенің соңыңнан қалмас.
Жеткізбе! Алдағанына тоқтама. Мына піскен бидайды таяна
бергенде қар үстіне үйіп төгіп кет, соған алданып отырып қал-
ғанда, ұзап та кетерсің, - деген. Қожекеңнің айтқаны дәл келген.
Анамның айтып отырғаны Өтеген. Сұмдық-ай, сондағы Өтеген-
нің соңымнан қалмай, ыңылдап өлеусіреп шыққан дауысының
жаманы-ай! Адамның өлердегі дауысы сондай аянышты бола
ма әлде?! Өзекті өртейді. Ыңырсып күйініп, өз тіршілігіне өкініп
қиналғаны жанды жеп жіберген. Артыма жалт-жалт қарап ұзай
бергемін. Өмірді ажал қуып келе жатқандай болып көрінеді қазір
де. Бақсам, ол сұмдық заман екен...

***

Бүгін ойда-жоқта Әбиза апам, Жүндібай нағашым, қасында
Ислам есімді еркелеу баласы бар, келе қалды. Туған апам-
ды алса да, мен Жүндібайды нағашы деймін. Ол менің анам
Мәуияның әкесі Байдәулетпен бірге туған Жандәулеттің үлкен
баласы. Байдәулет пен Жандәулет Тұяқбайдан туады. Үйлерінде
қыздары болмай ма, әлде сол заманда енші алыспаған туыстар
бірінің баласын бірі бауырына салып асырай бере ме, менің
болашақ анам осы кісінің қолында өсіп, ұзатылыпты. Содан да,
онсыз да туыстығы туған нағашыларыма жақын Жүндібайды
нағашы деп аса қадір тұтамын.

Міне, сол нағашым қасына апамды, Шабдан, Төленбек есімді
аузынан жалыны шыққан, дарынды өжет жаратылысты бала-
лары дүние салып, кұдайдан мойнына бұршағын салып, тілеп
алған Исламын ертіп арнайы ағам үйіне келіпті. Қайдан келгені,
қайда бара жатқаны есімде жоқ, осы қадірлі қонақтардың үстіне
Шағатай Наурызбайдың Бейсегі есімді атпал жаратылысты, қо-
лынан шәйнегі түспейтін өте сыпайы мінезді кісі келе қалды. Бұ-
рыннан жақсы білістігі бар ма, шүйіркелесіп, бірінің-бірі отбасы
жағдайына дейін сұрасып, үлкен әңгімеге ойысып кетті.

Мана келгеннен «әкем басына барып дұға оқып, тәуеп етіп

Абыздар биігі

қайтайық» деп қайта-қайта мазасыздана берген Әбиза апамның
тілегін орындау үшін бәрі сыртқа шыққан.

Жаздың ақ шуақ қоңыр желі желпіген дала сағым көрпесін
жамылып, көк кілемдей кеңжазық көзді арбап мамырлап жатыр.
Алыстағы қыр-қырат жібек шымылдығын көлеңдетіп, мен мұн-
далайды. Солай көз тіккен Бейсек:

- Анау көрінген ақ түндік төбе Теректі әулие-ау, сағым құш-
қан! Паһ! Паһ! Келбетіңе болайын! Жарықтықтың саңлақтануын!
Мұхаммед пайғамбарымыздың күйеу баласы - атақты батыр
Әзірет Әлінің бір түнеп, намаз оқып кеткен жайнамаз шоқысы
ғой ол!-деді.

- Жайнамазыңыз - жайнамаз, шоқыңыз не? - деп қалды
Жүндібай.

- Басына бармай түсінбейсің оны. Көргенде білесің, - деген
Бейсек. Ағам екеуі бастаған олар әкем жатқан қорымға беттеді.

Бейсек өткен-кеткенді көп білетін адам сиякты. Қорымға жет-
кенше пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлі батыр туралы,
тіпті батырлық, ер жүректілік, жанкештілік дегеннің мұсыл-
ман баласына сол кісіден бастау өріс алып келе жатқанын, өз
жерімізде Сары, Сарғалдақтан туған Барлыбай, Жаулыбай,
Аманбай, Есенғабыл, Есенбек, Бағаналының басқа руларынан
шыққан Төлек, Оразымбет, Сандыбай, Ерден, Дүтбай, Сағындық,
Саптыяақ, Өткелбай тағы басқа батырлардың қолдаушы рухы-
ның түп-тамыры да сонда екенін де айтып тастады.

- Мынау бір қызық мазмұнды басқосу болғалы тұр-ау, Бейсе-
ке, - деп ағам да оған қошемет көрсете, әңгімесін үзбесе деген-
дей сыңай танытты.

- Бүгін бізбен бірге бол, - деп Жүкең де оған ықылас білдірді.
Осы кезде манадан үнсіз әңгіме тыңдап, жайымен қатарда келе
жатқан Әбиза апам:

- Бұ кісі бізді әлгіде өзі айтқан Әзірет Әлінің дүлдүлінің ізі түс-
кен тас жайнамазға, жарықтықтың маңдайының, саусақтарының
табы өшпей бүгінге дейін сақталған - Теректі әулиеге бастап
апарсын. Исламым тәуеп етіп, зиярат етіп қайтсыншы, - деп
ұсыныс жасады. Сөзге келген жоқ Бейсек:

- Мақұл, баруға болады, - деп қалды.
- Бұл бір сәтті кездесу болатын болды-ау, - деп басқалар да
қолдап кетті. Мен де сол ақ түндік жамылған әулие төбеге қа-
рағыштап келемін. Мені де ала кетсе, мына кісілердің әңгімесін
естісем, әулиені көрсем, әсіресе әлгі тасқа басылған маңдай-
дың, қолдың, одан қалды батырдың тұлпарының ізін көрсем
деп қиялданамын, ойым - ойға, қиялым - қияға самғап кетті.

Апбаз Қаражігітов
Қиялымды Бейсектің әуені бөлді. Құран оқығанда да мақамы-
на келтіріп, дауысын созып, әндетіп, аспай-саспай байсалды
отырған ол қорымнан шыға бере:

- Жарықтық, Қарекеңмен бір-екі рет дәмдес болдым. Ал
Мақатты жастау кезімде бір-ақ рет көрдім. Шағырдың атақты екі
қариясы бір қорымда жатыр екен-ау. Мақаң да маңғаз кісі еді, -
деген ол: - Қарекең маған: - Ей, айнам, Шағатай бала, Есенбай
қажы өте тақуа, дәретсіз жер баспайтын, адал, әр шаруада әділ
кісі еді. Атаңнан ол мінез қайсыңа жұқты? - деп сұрады да, -
әлде Қырқы балалары Есенғабыл, Есенбектің батырлық жолын
қуып кеттіңдер ме? - деп әзілдеп, - қажы асыл кісі еді, - дегені
есімде. Мен де әзіліне әзілмен Әзірет Әлінің пайғамбардың
қызына құда түскен әңгімесін айтып беріп, бір күлдіріп едім.

- Айнам, өзің дұрыс бала екенсің. Дұрыс айттың ол әңгімені.
Қызының міні деп, он екі мүшесінде кісі қызығарлық ештеме
қалдырмаған пайғамбарға «не десеңіз де, пешенеме жазылға-
ны сол шығар мен Фатиманы қаладым» деуі анық батырлық қой
Әзірет Әлінің, - деп разы боп күлгені бар.

- Иә, батыр ғой олар, - деп Бейсек ойына келген бір әңгімеге
кірісе бергенде, Жүкең:

- Әлгі пайғамбарымыздың қызы жайындағы әңгімені бізге
айтпай кеттің-ау. Соны айтсаңшы алдымен, естиік, - деп қол-
қалады. Әбиза апам да "соны айтыңыз" деп қалған. Бейсек
биязы ғана күлімсіреп, жай аяңдай келе жатқан қалпы:

- Ол расында қызық, үлгі сөз, - деді. - Пайғамбарымыз қызына
құда түсе барған Әзірет Әліге: - Қызым туралы айтып қояйын
дейді де. - Ең бірінші оның екі көзі көрмейді, мұрны да, аузы да,
екі қолы да, аяғы да жоқ. Мұндай адам сен сияқты баһадүрге
қалай жар болады, - дегенде, әлгі айтылған сөзді қайталап, "бір
құдай пешенеме сондай тағдырлы жанды жазса, қашып құты-
ла алмаспын", - депті. Енді кеп Фатиманы алар шақта онымен
бірінші дидарласқан баһадүр ат-тонын ала қашады.

- Оу, - деп қалды әңгіме тыңдап келе жатқан кісілердің бірі, -
әлгіде ғана пешенеме жазылғанына тәнтімін демеп пе еді? Ендігі
ат-тонын ала қашқаны несі?

- Оның мәні бар, - деп күлді Бейсек, - болашақ жұбайын
көрмей ме, баһадүр. Көркі ай мен күндей көрікті, көзінен нұры
төгілген, саусақтары сымдай, қол-аяғы сау, хас сұлудың өзі.
Әзірет Әлі:

- Пайғамбардың маған айтқан қызы мұндай емес-тін. Құдай
тағала маңдайыма не жазса - соны көрем. Өзі айтқанын бер-
сін, - деп шалқасынан түседі. Бұл сөз пайғамбарға да жетеді.

Абыздар биігі

Сонда Салла Аллаһу уағалейком уассалам оған күліп:
- Әзірет шеріге айта барындар: қызымның көзі жоқ дегенім -
жаман, лас нәрсеге қарамаған еді, қолы жоқ дегенім - арам
нәрсе ұстамаған еді, аузы жоқ дегенім - еш уақытта жалған, бас-
қадай ғайбат жаман сөз айтпас еді, аяғы жоқ дегенім - дәретсіз
жер баспаушы еді, - депті. Қарекең өте көңілшек кісі екен. Осы
әңгімені естігенде солқылдап жылап:
- Жарықтық пайғамбарымыз Фатиманың басындағы осы қа-
сиеттерді айту арқылы үмбетінің қандай болуын да өсиеттеп
кеткен екен-ау. Әттең, дүние біз оны білеміз бе? - деді де: -
Айнам, атаңнан - қажыдан естігенің, түйгенің, оқығаның да бар
екен той. Әлгі Шағатай батырлардың есімін атап, олардың кей-
бір қиғаштау мінезі есіме түсіп, әзіл айтып жатқаныма ренжіп
қалма, - деп іле мені көтермелеп кетті де:
- Негізгі пәктік, адалдық, әділдік ақылдан, даналықтан шыға-
ды. Өмірде адам әртүрлі қиянатқа, кейде озбырлыққа барады,
күнәға да батады. Батыр атаңның бір ауылына, атын атамай-ақ
қояйын, бір жақтан жолаушылап, астында айтулы жүйрік аты бар
бір жігіт келіп қонады. Ол өзі қатарынан озып, атағы енді шығып,
сымбат көркімен де, өнерімен де көзге түсіп келе жатқан аза-
мат болса керек. Ауыл болған соң азаматсыз, жастарсыз бола
ма, оның үстіне өнерпазды кім қадірлеп, қастерлемеген. Қатары
ортаға алып, әлгі жігітті бірнеше күн қонақ етеді. Қызық думан-
ды күндер аяқталып, қонақ кетпекші болса - аты жоқ. Айнала
сұрау салып, іздестірсе, атты ауыл иесі ұстатып алдырғаны
анықталды. Жігіт атын сұраса:
- «Атты айыпқа алдым. Сен де біздің бір байталымызды бір-
неше күн пайдаландың», - деп бойтеңелдік бермейді. Не істерін
білмей дағдарған жігіт Кәдір биге барады. Мән-жайды зерттеген
би екі жағын да шақырып, дауды ортаға салады. Ат иесі болған
жайды, жазықсыздығын айтып атын сұрайды. Анау:
- Бұл қарап жатпай, менің келініме қол салды - деп мөл-
дірейді. Сол үшін ат-тон айыбына алғам, - дейді. Ат дауының
шынтуайтына жеткен би көп ойланады. Көзбен көрген, қолмен
ұстаған айғақшы тағы жоқ. Атты барымталаушының жүйрік атқа
қызығып, зорлық жасап отырғаны да белгілі. Мынасы бос сыл-
тау. Сонда би жолаушының атын тартып алған кісіге:
- Осы келініңіз түскенде бетін аштырып па едіңіз? Кім ашып
еді? - деп сауал тастапты. Мына тосын сұраққа мүдіріп қалған
ауыл иесі:
- Есімде қалмапты. Шамасы беташар жасамадық-ау! - деп
жауап береді.

Апбаз Қаражігітов
- Онда, - дейді би бұрын беті ашылмаған келінді де, жолау-

шыны да кінәлауға болмайды. Атын қайтар деп бұйырыпты.
Сен, айнам, сол ауылдың баласысың ғой, бірақ Есекем сүттей
таза кісі еді, - дегені ойыма оралды.

Жастау кезім ғой және үлгілі сөзге де құмар кезім, әлі де
Қарекеңді сөйлете түскім келіп, оның үстіне әлгі билік айтқан
кісінің атын да бірінші естуім еді. Атын аса құрметпен атап сөз
арасында қара қылды қақ жарған әділ кісі болған деп бекіте
сөйлеген соң:

- Ол қай жердің биі? - деп қалдым.
- Айнам-ау, Кәдір биді білмеуші ме едің? Естімеп пе едің?
Сен - Сарғалдақтан, біз Сарыдан тараймыз. Біздің ана-
мыздың аты Аққыз. Сол қасиетіңнен айналайын анадан туа-
тын Жауғаштының бір баласы Кәдір, - деп аз кідірген Қарекең,
- ол бүгінгідей омырауына сылдырмағын тағып алып, мыл-
тығын шошаңдатып, жер тепкілеп, шәңк-шәңк үрегеш иттей ша-
қылдақтардың закүн-закүн деп билік құрған заманы емес, ақыл,
әділдік үстемдік құрған дәуір. Адамның санасын ақыл төрелігі
билеген уақыт ол. Айнам, қай күнде де ақыл, білім ғана көзді
шындыққа жеткізіп, қиянатқа, озбырлыққа, зұлымдыққа жол
бермеген. Оның тамыры әділдікте жатады. Адал сөз қашанда
өмірдің шындығын, ақиқаттығын туғызады, ал ақиқат білім мен
ақылдан туатын зеректік, - деген ол, - Кәдірдің мына бір билігін
айтайын, - деп әңгімелеп кетті.
Бұл әңгіме Теректі әулиеге бет алған жол үстінде жалғасып
келеді. Күн тамылжыған ыстық. Түйеге жегілген ескі арбаның
дөңгелегі шиқылдап, бір жағынан осындай жегіндіден әбден
шығынған ба, өркеші бір жағына жығылған боз інген бақырып,
әңгімені шала естіп келем. Әйтеуір басқалар сөзін естісін дей
ме, Бейсекең дауысын көтере сөйлейді.
- Ол түлкі деген аңның аз кезі ме, әлде айласы көп аң кез
келгеннің қолына түсе қоймай ма, - деп бота көзін кеңірек
ашқан Қарекең, - мезгіл қыс айы болса керек. Ауыл сыртында
мал жайып жүрген кісінің қасына таяу қуып келіп біреу қызыл
алтайы түлкіні соғып алады. Аң қызығы деген тамаша ғой. Мал
баққан кісі де тұра шауып жетеді. Келсе, өрттей қып-қызыл
түлкіні әлгі жігіт қанжығасына байлап аттанғалы жатыпты.
- Аң басы көбейсін! Оу, ата жолы, олжа! - депті келгені.
- Айтсын, - деген түлкіні соғушы ондай олжасын қайдан
байлай қойсын, әсілі қимаған болуы керек, жүре беріпті. Мынау
да тегін кісі болмауы керек. Және мұны адамсынбай, ата-баба
салтындағы түз тағысын олжа ретінде байлау деген дәстүрді

Абыздар биігі
бұзғанына ренішті ойда оның шаужайына жармасыпты кеп.
Анау жүре түсіп:

- Ей, сенің не ақың бар менде? Түлкіні соққан мен. Сенің не
қатысың бар. Аулақ! - деп дауыс көтереді. Сонда жағасына жар-
масқан кісі:

- Түлкі менікі, - дейді.
- Қалай сенікі болады? Далаға жайылымға жіберген түлкің бе
еді? - деп қарсы шығады.
- Ей, азамат, бұл түлкіні күшік күнінен бағып келем. Сенбесең
жүр, мен оның ініне, қыс қыстайтын үйіне дейін көрсетейін.
Жүні жетілсін, өссін деп жүргенімде сен келіп соғып алып кетіп
барасың. Түлкімді бер, - дейді.
- Соқпа бос сөзді! Мен мұны қанша жерден қуып келдім.
Сенің ауылың қайда, түлкі жорытқан жер қайда! Аулақ! Сен
қызықты екен деп атымды зорықтыра жаздап, күшпен соққан
түлкімді бере алмаймын, - деп, ақыры дауласып өзара бітімге
келе алмаған екеуі Кәдір биге келеді. Әулие би екеуін тыңдап
алып, мына билікті айтыпты:
- Егер түлкі ұрғашы болса, мына түлкіні жетілсін, жүні де өссін
деп сыртынан інін бағып жүруші едім деген жігітке тиесілі болсын.
Өйткені ұрғашы түлкі ін бағады. Ол отбасындағы қазан-ошақ
баққан әйел сияқты, ошағынан ұзамайды. Егер түлкі еркек болса,
атын зорықтырып қуып соққан жігіттікі. Олай болатыны аңның
арланы қашанда түзге көп жортады. Бала-шағасын асырау үшін
ер адам көбіне сырт жұмысты атқармай ма? Отбасында отыр-
мас болар, - депті. Сөйтіп, түлкі ұрғашы боп шығып, ін күзеткенге
бұйырған екен. Ойлашы, ақылды билік емес пе? Атамыз Кәдір
би осындай тапқыр кісі болған екен. Қай дәуірде де ақыл жеңеді
деп еді Қарекең жарықтық, - деп әңгімесін аяқтаған ол: - Міне,
әулиеге де кеп қалдық, - деп арбадан түсті.
- Мына ойдағы қорым саңырық Өтенікі, - деген оның сөзін:
- Әке, қайда келдік? Тас қой мынау үйілген, - деп Ислам
арбадан жүгіре түсіп қырға шығып бара жатты.
- Тоқта! Жығыласың. Әулие басында жүгірмес болар, - деп
Әбиза апам да, басқалар да бәйек бола қалды.
Ауыздары жыбырлап іштерінен жалбарына ма, әлде дұға
оқып келе ме, жан-жағына жаутақ-жаутақ бірдеңеден сескеніп
жасқанғандай қына басқан, үстіне ойдым-ойдым үркіп тобылғы,
жусан, сирек боз, селеу өскен биікке қарап тас шатқалды қуалап
көтеріліп келеміз. Бақайымды тас қағып, судай боп қан ақса да,
көптен қалмай тас жайнамазды көруге едәуір биіктеп кетіппіз.
Төбенің басына шыға бере:

Апбаз Қаражігітов

- Міне, әулиенің тастан ойып қазылған құдығы. Қараңыздар-
шы, құдайдың құдіреті күшті емес пе? Шимандай жіксіз сом
жаратылысты тау үстіндегі тасты ойып тереңдігі кісі бойы, қол
ұсыным дейтін құдық қазылған. Суы да қандай мөп-мөлдір
таза! Басына өскен жыңғылдың өзінде қанша қасиет бар, - деп
Бейсекең құдық жайында әңгімеледі. Бәрі құдықтың басына
тоқтады. Расы, осынша биік төбедегі тасты ойып қазылған құдық
екен.

- Осы құдықтан Әзірет Әлінің дүлділі су ішкен, баһадүрдің өзі
дәрет алып жуынған. Құдіреттің күшімен Әзірет Әлінің құрме-
тіне тәңірдің өзі қазған құдық бұл, - деді тағы Бейсек.

- Жарықтық-ай, ә? - деген Әбиза апам, - әлгі тас жайнамазы
қайда?-деді.

- Қазір, - деп, құдықтан қол созып алақанымен су алып, беті-
аузын шайған бастаушы қалтасынан тиын ақша алып шолп еткі-
зіп құдыққа тастап жіберді де, дес орамалының шетінен жыртып
алып, жыңғылға ақтық байлады. Басқалар да көргендерін істеп
жатыр. Еңкейіп құдық түбіне қарасам, баданадай-баданадай
боп төгілген күміс пе, түбі жалтырап жатыр.

-Аға, құдықтыңтүбіндегі ағарып жатқан не?-деп сұрай қалдым.
- Ол ақша ғой. Халықтың әулиеге тастаған садақасы, - деді
біреуі.
- Не сондай-ақ, әулие де халықтан садақа ала ма? - деп
қойып қалды еркелеу Ислам.
- Күнім-ау, өйдеме. Әулиені құрметтеген, оған тәуеп еткен кісі
желеп-жебеп жатсын деп қайыр-садақа тастайды, - деп апам
түсіндірген болды.
- Сонда да, — деп бала болар емес.
- Енді қараңыздар, - қасындағылардың назарын аударған
Бейсек, - мына жерде дүлдүл тұрған. Тасқа түскен ізін көріңіз-
дер, - деп, батпақта жүргендей баттиып-баттиып көк тасқа ша-
шасына дейін айқын түскен ат тұяғы ізін көрсетті де:
- Ал тас жайнамаз дегеніміз мынау, - деп бір төбенің осынша
үстін сегіз қанат үйдің төріндей боп алып жатқан алаңды сілте-
ді. - Қараңыздар, міне, сәждеге тиген маңдай, міне, намазға
жығылған кезде екі тізе, қос алақан тигенде қара тас та еріп, сол
қалпы мөрдей өшпей мәңгілікке қалған із. - Бәрі тәуеп етіп, ұзақ-
ұзақ, қайта-қайта дұға оқып асықпай мінажат етіп, емін-еркін
отырып қалды. Ислам үлкендердің мына өзіне жұмбақ түсініксіз
отырыстарынан іші пысты ма:
- Әке, тұрайықшы, әне бір адам келеді, - дегеніне елеңцей
қарасқан үлкендерге:

Абыздар биігі
- Ассалаумағалайком! - деп биікке көтерілген ентігін зорға
басып кеп сәлемдесті ол. Бәрі апыр-жұпыр қол беріп, қол алы-
сып кетті.
- Уай, төрем-ау, жерден шықтың ба, көктен түстің бе? - деп
қалды ағам.
- Әне, Суық бұлақтың басына осы жаңа бір әзірде әкеліп қон-
дырып кетті. Жаппамызды тіге салып, өздеріңді көріп, әулиеге
келіп жүрген кім екен деп келгенім, - деді ол. Сөйткенше етек-
тегі арбада қалған ақ серкенің маңыраған дауысы да естілді.
Төре құлағын тосты. Өздері ойнай ма, әзілі ме:
- Әне, төреден бата тілеген әулиенің серкесі де маңырады.
Тұрайық, намазды сонда оқимыз, - деді Жүндібай нағашым.
Бәрі тұрған. Биіктен ойға түсе бергені сол, тағы бір атты көрінді.
Таудан түсіп, етектегі арбаға жеткенше атты да кеп қалды.
- Ой, мынау Оспан ғой. Өзіміздің Кәрі шалдың ақсақалы
ендігі, бұл қайдан жүр? - деп ағам оны сонадай жерден-ақ танып
жатыр.
- Құдай жарылқап жолымыз болады екен, - деді сәлем беріп,
аттан домалай асығыс түсіп жатқан Оспанға екі қолын ұсынған
Жүндібай. - Ноқта ағасы Кебек әженің баласымен - мына ақ
сүйек төремен әулиенің басында кездесеміз деген үш ұйықтасақ
ойда бар ма?
- Тамаша болды-ау мынау, - деп Бейсек те, Төре де қау-
қалақтап жатыр.
Оспан сүйекті келген ірі денесіне шарадай басты да құдай
лайықтап жаратқан кісі екен. Жай сөйлейтін, әр сөзіне мән бе-
ретін кісі тәрізді.
- Иә, жолдарың болсын! - деп бірден ашық сөзге шақырды
ол.
- Әлей болсын, аға! - деп Ислам ойда-жоқта көргенділік көр-
сеткені оған.
- Көп жаса! Міне, көргенділік! Әй, екі жібектің ортасынан жіп
шықпас деген осы-ау, ә? Жарықтық қос Қарекеңнің ұрпағы, -
деп кеңк-кеңк даланы жаңғырта күлді. Бәрі мәз. Бұларды қош-
тағандай ақ серке тағы маңырады.
- Күн түс боп қалды. Мына малды әулиеге шалмаймыз ба? -
деді апам.
- Иә, мезгілі болды, - деді Жүкең.
- Төренікіне тарттық онда, - деді ағам.
Ақсерке о дүниеге аттанып, бір жапырақ еті қалмастан жілігі
қазанда қайнап жатыр. Үйде әңгіме қызған. Әзірет Әлі, Рүстем
батыр дей ме - талай әңгіме төркіндеп жиен құрық алып кетті.

Апбаз Қаражігітов
Бәрі сөзшең. Ортаға алатыны Төре. Атын өздері атап, бірде
Ахмет деп, бірде Төре деп әйтеуір қолпаштауы көп. Аса қадірлі
кісі екен. Ол кісі де сөзден қала соғатын сөзуар, уәзшіл, әзілқой
екен. Бой бермей, не айтса да бәріне жауап табады. Сол:

- Байқаңдар, мен әулиенің басына бекер кеп қонғам жоқ. Бұл
қазақ атамның жаны қысылған шағында басына келіп түнеп,
жебеп, желей гөр деп жалбарынатын бата алатын жері. Иығын-
да ¥лытау. Көзі ұшында - пәтуа биігі - Түркістан, Ордабасы, -
деп ұзаққа сілтеп кетеді.

- Төре ұзама! Төркініңді білеміз, - деп Оспан оны тұсаула-
ғысы бар. Ол көнер емес, ұзаққа сілтейді.

- Е, - деді қиралау көзін кең ашып, - ұзамасам ұзамай-ақ
қояйын. Ал, бірақ бабаң десем де болады, Барлыбайға сол сегіз
қырлы бесаспап кісіге ел басқару, мәмлегер болу, берісі хан,
батыр болу сияқты ұлы қасиеттерді дарытқан мен емеспін бе?

- Ой, не деп кетті мынау? - Оспанның көзі шарасынан шы-
ғардай шатынап, - Сасық иісі шыққан маңғұл Таянхан бабам-
ның тұсында кім едің, ә? - деп орнынан қозғалақтап кетті.

- Сабыр! Сабыр! Екі қошқарды әулиенің басында сүзістіріп
алармыз, - деп Бейсек лекіте күлді.

- Қара мұның заңғар бола қалуын! Мынаны-ай, өзіңнің мені-
мен белдесер қуатың бар ма? Шық бері, ышқыр жыртысайық, -
деді Төре, - бірақ әлі де Оспандығым бар.

- Әй, сен... - деп кіжінген боп, - әттең, мына жердің әулие
басқан топырақ болып отырғаны, әйтпесе ме?

- Қойдым, арқаң бар еді. Мен-ақ жеңілейін. Бұл - Барлыбай
бастаған батырлар туған киелі жер ғой, - деп Ахмет төре атанған
кісі, ойына бірдеңе түскендей, күлдіреуіші тозған шаңырағына
қарап. - Апырай, сол дәуірдің адамдары шетінен көріпкел, әу-
лие болған-ау, - деп тастады.

- Сөз бар ма?! Барлыбайдың әкесі Тауасар он кісіге ат бер-
мейтін өте қарулы, қатарында түйе балуан атанған кісі екен, -
деп сөзді Оспан іліп әкетті. Бүкіл өмірі ол замандағы бабалар
ат үстінде, иығында сойылы, қарында садағы болған той. Сол
бабамызды дүниеге келтірген анамыз да олқы болмаса керек.
Түс көріпті. Түсінде әбден жарап, тиісерге қара таппай, аузынан
ақ көбігі бұрқырап, құтырған бура лөк қуып береді. Қашады
кеп. Алты қырды алты-ақ аттаймын деп күшіне сенген ашулы
тажал боп төнген кекті жануар қойсын ба, басқан жері ойылып
кетердей боп жаяу әйелдің үстіне төніп кеп қалады. Әйел
құлап түседі. Сол кезде жан дауысы шығып, қатты айқайлап
жіберсе керек. Ашулы бура да үстіне шөге түспек болып, әрі

Абыздар биігі

ақ шумақ көбігі төгілген аузын қарпып түсуге аша береді. - Сон-
да, - депті әйел, аузымнан бір жылан ысқырып атып шыққаны.
Шыға салысымен көзді ашып-жұмғанша алыптай өсіп, бураның
мойнына оралып, енді болмаса мені төсіне басып жаншып
өлтіргелі төнген жыртқышты буындырып құлатты. Шошып
ояндым. Жан дауысымды естіген енем: «Балам-ай, түнде қатты
қорықтың-ау», - деді. Таң намазын оқып болып орнынан тұрып
жатып, мен көргенімді айттым. Сонда анам жарықтық: «Жақсы
түс екен. Түсінде бура қуса, ол - дұшпан. Ал ол сені өлтірмек
болып ұмтылғанда аузыңнан жылан шығып, ол көз алдында
айдаһар болып өсіп, әлгі қара дүлей пәлені буындырып өлтір-
се, батыр ұл туады екенсің. Сенің аузыңнан шыққан болашақ
ерен батыр, перзентің ғой», - деп жорыды. Көп кешікпей жүкті
болдым. Бірақ жерігім де қатты болды. Не жесем де, ішсем де
аузыма татымай, қара судай дәмсіз, нәрсіз бола берді. Есі-дер-
тім ерімнің астындағы қара көк тұлпардың жүрегіне ауады да
тұрады. Оны мал иесіне айтуға батылым жетпейді. Өзім жүдеп,
күн сайын әлсіреп бара жаттым.

Бір күні енем жарықтық «келін» деп қасына шақырды да:
«Сен не, мұнша жүдеп кеткенің? Не бір жерің ауыра ма?» - деп
сұрады. Ұялсам да жағдайымды айттым. Анам ойланып қалды.
Баласының астындағы ер қанаты дейтін жалғыз атын пышаққа
қайдан қисын. Және жаугершілік біреуді-біреу аямайтын, олжа-
пап кететін заманда ер адамның отбасында жаяу отырғаны
өліммен тең кез ол.

Тағы да бір күні енем қасына баласын да, мені де шақырып:
- Құдай бергелі тұр, балам. Келінімнің аяғы ауыр. Маңдайын
күн сүйген ұл туады бұ келін. Ұлың еліңнің қорғаны, ата-бабаңның
атын шығаратын бес қаруы беліндегі батыр, айтулы ер болады.
Менің тілімді ал. Ана көк тұлпарды сой! Балаң да тұлпардай
жүйрік, төзімді болсын, жүрегін асып бер келінге, - деді.
Әке айтса, шеше айтса - сөз жерде қалған ба о заманда. Ләм
деп аузын ашпаған ерім көк тұлпарды сойып-ақ тастады. Жерігім
қанды. Барлыбайым өмірге солай келіп еді, - деп әңгімелейді екен
анамыз, - деп Оспан мақтанған кісіше көтеріле аяқтады сөзін.
- Иә, менің де әжем бураның миына жерік болған. Одан біз
бура боп кеттік пе? - деп қалды мына әңгімені шешесінің қасын-
да етпеттей жатып тыңдап отырған Ислам. Бәрі дуылдаса күлді.
- Мынау не дейді, ей, атаң Қара олқы болған жоқ қатарында,
батырлығы да болған. Сен де ешкімнен кем болмассың, - деп
Ахмет төре оны арқадан қақты. Екі қараның ортасынан шыққан
батыр,-деді.

АПБАЗ Қаражігітов

- Е, ол бір өткен заман ғой. Расында, анасы түсінде көрген-
дей Барлыбай батыр болған кісі ме? - деді Жүндібай.

- Болғанда қандай. Ол жоңғар қалмақтарының бағы тасып,
беті қайтпай қатар отырған елге зорлық, әсіресе қазаққа шапқын-
шылық жасап тұрған дәуірі екен. Бұл «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұламаны» естіген жоқ па едің? Барлыбай сол кездің,
қазақтың елдік тағдыры шешілетін заманының батыры. Ал мына
сөз болатын жәйт одан сәл ертерек болыпты. Найман, Қоңырат,
Кіші жүздің Әлім, Шөмекей руларының да ауылы аралас, қойы
қоралас іргесі сөгілмеген кезі болса керек. Жаудың қанша қол-
мен келгенін кім білсін, аталған елдің бар малын сыпырып ай-
дап кетеді Қазақ руларының бас көтерер, аузында дуасы бар
Әлімнің Төртқара тармағынан шыққан Басықара, Көбек билер
жан-жағына хабар беріп, жаудың соңына түседі.

Қазақ қолы да оңай олжа іздеп, өзі тиіскен жауды ұзатпай,
Шу өзені бойында қуып жетеді. Көбіне жолы болып бейбіт
елді шауып, малын олжалап дәніккен жауды астына сүліктей
қара арғымақ мінген Жоржы есімді қалмақ батыры бастап кел-
ген екен. Әбден мейманасы тасып, беті қайтпай, айтқаны да,
ойлағаны да болып жүрген ол қазақтардың алдынан еліре
шауып шығып, «Жекпе-жек! Жекпе-жек!» - деп атойын салады.
Қазақтар жағы мұндайды күтпеген бе, ошарылып, бірден киіп
кете алмай тоқырап, аңтарылып қалыпты. Осыны күткендей,
дауысы жер жарған Жоржы: «Жекпе-жек! Жекпе-жек! Батырың
бар ма, шық бері! Жүрегі түкті батыр жүретін жер бұл! Батыры
жоқ елге теңдік жоқ. Теңцігі жоқ жерде елдік жоқ! Қайт! Қайт!» -
деп айқай салады.

Осы кезде жас жігіт Барлыбай топты жарып: «Батырсыз ел
болмайды, таусыз жер болмайды. Келсең - кел! Келсең - кел!
Сені ажал қуып келді, мені намыс, ел кегі қуып келді. «Қаптағай!
Қаптағай!» - деп күндей күркіреп атыла шығады.

Сүліктей қара арғымақтың сауырына қамшы салып, Жоржы
да ұмтылады. Екі батыр шақ-шұқ сойыл ма, найза ма, қарсы
сілтесіп, аяспай айқасып кетеді. Бірі - тау, бірі - төбе. Өлім мен
өмір көздеріне қан толып даланың шаңын құйындай көтеріп,
бетпе-бет асыр салады. - Мә, ажал жұтсын сені! - деп, қан
көрген бұқадай өкіре айқайлап, қара арғымағын аспанға секір-
те ойнақтатқан, бар екпінімен кеп соғып өткен Жорждың қақ
сойылын қысқалау дойырмен қаға қарсы ұмтылған Барлыбай
онымен бетпе-бет тіресе қалады. Батырлыққа жылдамдық,
тапқыр кимылды серік еткен баба жауын қас қағымда алдас-
панын суырып орып өтіпті. Қаны орқырай төгілген жау ат

Абыздар биігі

үстінде теңселіп ауытқып қалған сәтте қара арғымақты жетелей
тартып, Басықара мен Көбек бидің алдына келіп:

- О, билер, міне, қас дұшпан ажал айдаған жанын да өз-
деріңізге тапсырсын деп әкелдім алдарыңызға, - деп қара ар-
ғымақтың шылбырын лақтырыпты. Басшысы өлген жау туы
жығылып, тұра қашыпты.

- Осы жерде емес пе, - деп манадан сөзге араласқысы кеп
тыпыршып отырған Ахмет төре, - Кіші жүз атамыздың дуалы
ауыз Басықара, Көбек билері: "О құдай, ұл бергеніңе тәуба!
Халқымның таусылмас бақытын, қазағымның арын бер еріме!
Алаштың туын мәңгі көгіне көтер. Атақ та, бақ та, дәулет те,
қазағымның жерінде, Барлыбай сынды ерлерім де мәңгі қалсын!
Халықтан - бірлік, азаматтан ірілік кетпесін!" - деп Сарыарқаны
күңірентіп бата беретіні.

- Дөп бастың, төре! Ол кездегі қазақ атаңның баласы бір
ауыздан - сөз, бір жеңнен - қол, бір жағадан бас шығарған.
"Елдік атасы - бірлік" деген ұғым олардың көгіндегі туы, жан
азығы болған, - деп аяқтады сөзін Оспан.

- Осы Барлыекемді Қарадан шығып хан болды деген не сөз,
- деп ағам да бір сауалдың шетін шығарды.

- Ол рас. Қатарынан озғандығы да шығар, бірақ өте адал,
әділ, халық қамқоры болған деседі о кісіні. - Төре қайта кірісті
сөзге: - Оны атақты сегіз сері Баһрам ұлының мына өлеңінен де
білеміз.

«Өтіпті бізден бұрын ер Барлыбай,
Алашқа аты шыққан Алатаудай.
Найман, Қоңырат, Шөмекей Барлыбайды
Ақ киізге көтеріп хан сайлаған,
Басқаға болмайық деп құл мен малай
Жылында мың жеті жүз сексен бірдің», -

деген емес пе?
Бұл Абылайдың дүниеден өткен жылы. Халықтың орны толмас

сүйікті басшысын азалаған, атақты елбасы өмірден кеткен, енді
не болар екен деп теңірегіне уайыммен қараған шағы.

Міне, осы бір алакөңіл кезеңде о шеті мен бұ шеті алты
айлық жол қазақ жерінің бірлігіне селкеу, жарықшақ түспес
үшін де, жер-жерде осындай білікті беделді батыр-билердің,
елге қадірлі кісілердің төңірегіне топталу болған. Барлыбай
батырдың хан аталуы да осы кез. Жарықтық Барлыбай өмірі
алыстан жеті қырдан естілген, жанды әсем ырғағымен тербеген
асқақ ән сияқты. Аса мазмұнды өнегелі өмір ғой. Әттең, ол кісінің

Апбаз Кәражігітов

өмірбаяны, жасаған ерлігі, шешендігі, қиыннан жол тапқан әділ
қазылығы туралы тек аңыз ғана жетті бізге. Өзі "өз өмірімде он
бір рет жекпе-жекке шықтым» депті.

- О, Ақа, неге олай дейсіз? Нақты бізге жеткен дерек те аз
емес. - Оспан үлкендеу көзін кеңірек ашып шаншыла қарады. -
Мәселен, ол кісінің елшілік қызметі, Қытай еліне сан рет Абылай
жіберген мәмлегерлер құрамында болуы жай сөз емес. Қытай
сияқты апып мемлекеттің билеушісіне қазақ елі атынан сөз
сөйлеу, елдің тағдырына байланысты мәселе шешу оңай шаруа
ма! Және Абылай ондай елмен қарым-қатынасты реттеу ісін
анау-мынау адамдарға тапсыра салған да емес.

- Дұрыс айтасың. Солардың рухы ма, қазір бүкіл сахара қазақ
даласы, мына әулие басы, тау сөйлеп кеткендей маған. Тіпті
Шәді төренің:

«Шапырашты Наурызбай бар бір дүрісі,
Найманнан Барлыбай бар екіншісі.
Елшіге Кіші жүзден қосыпды кеп,
Тамадан Есет батыр деген кісі», -

дегені де ойға оралады. Бұған не айтамыз? Өз дәуірінің шын-
дығы бұл, - деп, өз сөзіне өзі разы болғандай, шоқтығын көтеріп
Ахмет төре күліп алды.

- Өз әкемнің Барлыбай хан айтқан екен деп отыратын мына
сөздері ше? «Ел билегің келсе, ойлы бол, бай болғың келсе,
қойлы бол. Үнемі тасып жататын сай жоқ, дәулеті таусылмайтын
бай жоқ. Жауға шапсаң ұрандап шап, рухың қозады, ұрансыз ел
бордай тозады. Ел құдіреті бірлікте» сияқты мағыналы нақыл да
қалған ғой, - деді ағам.

- Жарықтық бойына Алла тағала неше түрлі қасиет, батыр-
лық, адалдық, шешендік, мәмлегерлік ел басқару сияқты толып
жатқан ерекшелік берген екен-ау, - деп Жүндібай нағашым да өз
ойын айтып қалды.

- Ерекше жаратылысты адам ғой, - деп Ахмет төре атанған кісі.
- Уай, сендер, сол ұлы бабаларың туған, өмір сүрген, өздері
қызғыштай жанымен де, тәнімен де қорғап өткен жерде не
барын білесіңдер ме? Ұлы тарих, ұлы дерек осында, жүріңдер,
мен сендерге кереметті көрсетейін, - деп орнынан тұрды. Бәрі
өре түрегелген.
- Дала пісіп тұр, - сөйлей шықты үйден Ахмет төре. - Алдымен
мына Суық бұлақты, сосын Талды бұлақты бір шолып алындар.
Биік басынан, әулие төбе - Теректі әулие атанған, ақ шұбар
тастан қолмен қашап соғылғандай еңселі төбенің төсінен құлап

Абыздр биігі

аққан қос бұлақ жанат ішіктің айқара ашылған өңіріндей болып
жазыла қалған. Ұйысқан, белден келетін көк шалғын, балдыры
мен изені, иісі кеңсірікті ашытқан үкідей үлбіреген жусаны ақ,
қызыл, көк, сары, жасылы аралас гүлі бойлап өскен көк бал-
ғын терек пен тал, жыңғыл ма, бүлдіргені қып-қызыл боп езіліп,
үзіліп, басқан аяғыңды бояған ғажап дала!

Жер бетіндегі көбелек атаулы, мен бұған дейін көрмеген әнші
құстардың неше түрі осы бір кілемдей түрленген жерді мекен-
деп, өңеші үзілердей сан нақышты әніне басып жатыр.

Ағаштан - ағашқа, бұтақтан - бұтаққа ұшып-қонып бірінен-
бірі үнін асыра бұрын адам баласы естімеген тың, соны әнмен
байтақ өңірдің әсемдігін жарыса жырлап кеткен.

- Әлгіде есімдерін құрметпен атаған ата-бабаларың шыбын
жанын шүберекке түйіп, жаудан қорып, сақтап қалған жердің
ауасын жұтыңдаршы! Иісі қандай? Қулық биенің сүтінен ашыған
саумалдай емес пе? Жұпарың мұның қасында түк емес! - Ахмет
төре қайта көсілді.

- Енді төмен, мына қос бұлақ құлдырап ағып өтетін, сонау
Мұзбелге, анда Уыттың жалына, Борсеңгірге қараңдар! Мен не
көріп тұрмын, соны сендер де көріңдер. Салқар қош, бірінен-бірі
озған, сәулетімен дүниені өзіне қызықтырған әлем, әне! Мың-
ғырған мал - топ-топ жылқы үйірі, шәуіттеп айдаған отар-отар
қой, ырду-дырду, ұбақ-шұбақ бүкіл осынау байтақ далаға сыймай
шалқып келеді. Әне, әне! - Ахмет төре есімді кісі маған түрегеп
тұрып сөйлеп, ұйықтап, түс көріп тұрған кісідей боп кетті.

- Жағалай көп құдық-құдыққа қонып, жасау теңдерін шешіп,
үй тігіп, шаңырақ көтерген ел. Қараңдаршы, бірнеше жігіт, қыздар
тіпті ат үстінде сегіз қанат ақ үзікті үйдің уығын шаншып жатыр.
Сәукелесі жалт-жұлт күнге шағылысып, шолпысы сылдырап,
қыпша белі үзілердей майысқан сұлу қыз-келіншектердің сы-
қылық атқан күлкісі де естіледі.

Мына тұста тайға мініп жарысып кеп жаңа жұрттың шалғы-
нына аунаған балалар. Бүкіл көкжиегін сағым сүйген атырап
мыңғырған малға сыймай, ыңырсып кетті...

- Иә. - Ол өзіне енді келгендей. - Мен бәрін көз алдыма қай-
та тірілттім. Өткен өмір ол. Бұдан бірнеше ондаған жыл бұрын
болған көрініс. Содан бүгін не қалды? - Басқалар үнсіз. Таңдайы
тақылдап біз келгелі жағы бір тынбаған ол. - Сендер қалдыңдар,
мен қалдым. Ал, енді былай көз салыңдар, - қолтығын көтеріп,
қолын созды. - Айтпақшы, жаңа мен көздеріңше бір кесе сүт,
осы жерден тағы мына зәмзәм суы тасыған, көмейі бүлкілде-
ген бұлақтан бір кесе мұздай су іштім. Әлгі атыраптан, бір өтірігі

Апбаз Қаражігітов

жоқ, көргенімдей, нақпа-нақ әлгі ішкенімді қайтып төгейін. Бірақ
байқаңдар, сүт пен су араласпай шығады, - деді де басын шұл-
ғып: - Қайт-қайт! - деп аузын аша берді. - О, тәңірім, суы - су,
сүті - сүт қалпы аузынан жерге қайта төгілді. Бізге көрсету үшін
кеңірдегіндегі қалталарына бөлек-бөлек құйып алған тәрізді.

- Әй, сен бүйтпесең Ахмет төре, көз байлағыш төре атанбас
едің-ау! Мұндай да өнерің бар ма еді, - деп таң-тамаша қалған
Оспан да, басқалар да күлді. Ислам кекештеніп:

- А-а-ата, мен үйден сүт әкелейін, осыны маған да үйретші, -
деп жалынды.

- Күнім-ау, оны бұ кісі өзі ғана істейді. Басқаның қолынан
келмейді, - деп Әбиза апам баласын әрең көндірді.

- Көрдіңдер ғой, мен мына тіршілігімде осы көргендеріңдей
әлгі айтылған әңгімедегі көріністі бастан кештім. Ал, енді бы-
лай қараңдар, соноу мұнартқан - Қарасу. Бергі жағында Сек-
тас, Тасқұйы, Шошала, Қақпақтас, одан әрі Жартас, Қойыс.
Осы жерге ер қаншама жылдар мал тұяғы тимей, әбден пісіп,
кемеліне келіп, сүрленген семіз шұжықтай боп тұр. Қазаныңды
ас та, қайнатып жей бер. Мұрнын ұстап уқалап: - Жарықтықтың
иісі, - деп, ілгері аяңдады. Қолында алақандай ескі тоқымның
шетінен кесіп алған киізі бар. Әулие төбенің үстіне шығып, үй
орнындай жалпақ тасқа келіп, малдасын құрып отырды да:

- Мына кереметті көріңдер енді. Бұл үшін бәрің ата-бабаға
қарыздар боласыңдар. Олар қалдырған баға жетпес асыл мұра
осы! - Қолындағы киізге сіңіріп алған ба, әйтеуір, манағы ақ-
серкенің майына салған киізбен қақпақтастың бетін ысып-ысып
жіберді:

- О, құдірет! Май жаққансың ба? Қына басқан тас айнадай
жалтырап шыға келді. Беті қаптаған сурет! Тау теке, ешкі, қой,
түйе, сиыр ма, кейбірі біз көрмеген жануарлар таңбалары. Бә-
діздер. Қысы қатал, жазы ыстық, жауын-шашын өтінде ғасыр-
ларды басынан өткерген суреттер өше бастағандай.

Осы ғой адам өмірі - мына біздің өміріміз. Ата-бабалар бұл
суретті бекерге салған жоқ. Ғибрат алсын, - деп қалдырған. Өз
өнеріне тәнті еткен. Сонымен бірге туған жеріне, ата-мекеніне
сен де ізіңді қалдыр деп тұр! Ал біз мұраға не қалдырар екеміз?
Ол кенет ойына бірдеңе түскендей. - Расында біздің ата-баба-
ларымыз қызық қой. Бірі осындай тасқа қашап, не айтқанымды
өзің шеш, еткен әрекетін өмірін үлгі етеді. Соның бәрінде бір
ғажабы еліңе еңбек ет деген ұлы мұрат жатады, - деді де. -
Мұндай көне дүние сырын көкірегіне тоқығандар, әрине, қазір
аз,-деді.

Абыздар биігі
- Неге, ғұлама ғалымдар бар емес пе? Солар ашқан бабалар
өмірі құпиясы қаншама! Соның көбінің әңгіме арқауы тамыры
батырлықта, мына тас суреттегі көріністерде сақталған. Ал біздің
өз еліміз тарихында, негізі қазақ тарихында көп орын алатыны
батырлық қой.
Алаштың ала туын алып алдыма түс, артыңа ерген аламан-
ның бірімін. Қылша мойыным талша қиылып, түскен жерде құным
жоқ. Желіккен жауды, жерімді арам тұяғымен басқанды құртқан-
ша менде тыным жоқ! - деген ер жүрек халықтың ұрпағы емеспіз
бе? - деп аяқтады Ахмет төренің ойын Оспан. Әлі де бірдеңе
айтатын кісідей мұрты жыбырлап, ала көзіне бүкіл атырапты
сыйғызардай боп қолды-аяққа тұрмай, аузы да дамыл көрмеген
Ахмет төреден көз ала алмай қалдым. Не сиқыры бар. Аузын
ашса тарихтың, өткен заманның керегесін керіп, шаңырағын
көтереді. Ата-баба басып өткен топырақтан соны, өзінен басқа
білмейтін дерек табады. Әулие төбенің басында тұрып талай
жерді шолып, талай елді көшіріп-қондырды, мыңғыртып малын
айдатты. Міне, ол тағы қозғалақтап:
- Жатқан топырағың торқа болғыр сол хан Барлыбай да
өмірден өтті-ау. - Өзі сол кісінің намазына қатысқалы тұрған
кісіше сөйлеп кетті де. - Жарықтық дүниеден өткенде әлгі Жау-
ғаштыдан шыққан атақты төкпе ақын-жырау Жанкісі Бөрібай
баласы жеңгесі Таңшолпанға:

- Уа, Таңшолпан,
Отырмысың қайғырып
Адамнан туған Қабыланға!
Бет қаратпай дұшпанын,
Бір келіп кеткен жалғанға!
Егіліп босқа шаршама,
Ортақ бүл қайғы баршаға.
Халық үшін туып ед,
Қайғы емес түскен аршаға,
Елін топтап басқарып,
Әділ болды ол баршаға!
Кешегі өткен Барлыекем,
Енді қайтып келмейді,
Опасы жоқ жалғанға.
Ақылмен тоқтап ойға сал,
Басшысынан әйырылып,
Жетім болып қалғанға.
Қоңырат, Найман Кіші жүз,
Бір көруге енді арманда.

Апбаз Қаражігітов

Риза болып сабыр ет,
Сексеннен асқан жасында
Иесі келіп алғанға! -

деп жұбату көңіл айтқан.
Ахмет төре бұлбұл боп сайрап, өлең жолдарын төгіп-төгіп

өтті.
- Ой, заңғарым-ай, сен өзің бабыңда екенсің-ау! Сенің ащы

теріңді алып бәйгеге қосар ма еді, - деп ағам қатты разы боп
қалды.

- Ондайды айтпа! Жоғалтып аламыз мұны. Ақ сүйек, мына
қара халықты дәуірлер бойы билеп хандық құрған Шыңғыс
маңғұлдың, Жошы ханның, Абылай ханның бүгінгі тірі тұяғы деп
мұны НКВД ұстап әкетеді. Жасыр мұны. Анда-санда оңашада
сайратып, мына тасқа басылған суреттей бетін көріп, пәтипон-
ша сөйлетіп, мауқымызды басайық. Қалтақтап аузынан суы
мен сүтін ағызып жүре тұрсын. Бұл керек, - деп Оспан оны бір
қағытып өтті.

- Сен де қорықпайтыннан қорқасың. Мені хандығын қалпына
келтіремін деп ормандай орыспен он жыл айқасқан Кенесары
көремісің. Ондай қауіп жоқ, - деп төре де беріспеген болды.

- Кім біледі, әлгідей құйма құлақ, сөз сарайы, кеудесіне
асыл сөз жинаған деп ішінді ақтарып, ана дүниенің үгітшісі деп
сорыңды қайнатпасына кім кепіл. Сөйтіп, жаңа өзің айтқан өлең-
дегідей «Басшысынан айырылып жетім болып қалмасақ, - деп
күліп еді.

- Саспа! Мен көптің ішінде емес, осындай далада, тау ба-
сында, оңашада ғана сайраймын, - деді төре.

- Әй, төрем-ай, бұлбұлсың-ау! Сендегі өнерді, қазынаны
мына балалар қалай алады, - деген ағама:

- Күзеубай мен Бұлдыбайдан алсын. Көп байлық, өткен
тарих соларда жатыр, - деп тоқтады да, - Барлыбай ата да
орнынан бір аунап түскен шығар бүгін. Мүмкін, мұсылманның
батырлық бастауы Әзірет Әлімен кездесіп, біздің сөзімізді тың-
дап жатыр ма?

Бәрі оның бетіне таңдана қарады. Бал ашып тұр ма?!
- Әй, - деді өзара анайы сөйлейтін Оспан Ахмет төреге:
- Сен Бағаналы Төлек, оның баласы Сандыбай, одан туған
Ерден батырлар туралы ең болмаса ескеріп, есімдерін де ата-
мадың-ау.
- Е, оны сен айт. Сен не, жоғалған екі-үш байталыңды іздеп
соноу Жезқазғаннан осынша жерге елім-телімің шығып келген-

Абыздар биігі
де, сондай ұлы әруақтар туралы білетінінді айтып беруге шамаң
келмей ме? Әйтпесе...

- Әй, әй, сен адаспа! Біз қазақ деген ежелден ұлыққа бас иген,
төре сөйлесін деп отырмыз.

Тегі бізді ата-баба өмірінен бейхабар санама. Мүмкін, жоғал-
ған байталымды емес, сені, сендегі қоймада көмілген көне за-
маннан тығулы жатқан қазынамды алуға келген шығармын, -
деп Оспан да берілмей кетті.

- Бос сөзді қой. Ол қазынаны іздесең, менің қасымда жат. Бірі-
гіп қазайық. Сенде күш бар, менде тіс бар, - деп Төре орнынан
тұрды.

- Қос кұрдас сағынғанда құшағың кең еді. Сендер, бұ не,
текетіреске түсіп кеттіңдер, - деп екеуін уәжге шақырған ағам:

- Төлек батыр жайлы көп естігенім жоқ. Ал Сандыбай батырға
Барлыбай ханның, батырдың, ел қорғанының «ұраның да, руың
да Сандыбай болсын!» - деп үйіп-төгіп бата берді дегенін осы
бәріміз алдыңғы айтулы ұрпақтан естіп келеміз. Ол жай айтыла
салған боза сөз емес және олар кім болса соған болмашыға
разы болып бата бере салған да емес. Олардың батасы оттың
басында, аттың қомында, жанын шүберекке түйген жаугершілік
заманда, қылыштың жүзінде, найзаның ұшында берілген.

- Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді, - деп хал-
қымыз бекер айтпаған. Бата кімге берілсе де ақ пейілден, ізгі-
лік-ықыластан, адами тазалықтан бір құдіреттің күшіне жалба-
рынудан, адал тілектен шыққан. Кімнің болса да бүкіл рухани
тілектен туатын бұл ақ бата мәңгілік алғыс, сол үшін де киелі,
дуалы саналған. Сондай қалтқысыз, алдаусыз берілген, шынайы
адал жүректен шыққан бата әркез қабыл болып, көптің көңілінде
мәңгі өшпей, халықтың санасында қалған. Сондай батаның бірі -
аруағыңнаң айналайын Барлыбай бабаның Сандыбайға берген
батасы. Бұл бата ел басына қиын-қыстау күн туған заманда,
ердің ерлігі, азаматтың адалдығы сынға татып, адамның ары
мен жаны таразы басына түскен алмағайып сағатта беріліпті.
Ағамды қас қақпай ынта қойып тыңдағандар бірінен соң бірі:

- Осы бір айтыла жүретін әңгіме еді-ау.
- Жарықтық, дуалы ауыз болған-ау.
- Ер басына күн туған шақта, - деп жарыса қоштап кетті.
- Ол жоңғар қалмақтарының түкірігі жерге түспей, әмірін айға
артқан заманы екен. «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама»
дейтін зұлматқа ұшырап, ұлы ұядан безген, бала-шағасы ұлар-
дай шулап, сайда - ізі, сахарада сүйегі қалған апаттан, енді
ес жия бастаған күндер болса керек. - Ағамның үнінде әріден

Апбаз Қаражігітов

шыққан асау діріл бар. Көзге басқаға көрінбейтін бұрқасын
ызғары бойын қалтыратып келе ме, қабағы түйіле түсіп, - сол
әбден дәніккен қазақ елін табанында таптап біржола жоқ етуді
мұрат тұтқан қалмақтар Біпеуті, Шүбар теңіз бойында қыр-
ғын айқасқа шыққан күндердің бірінде, кезекті бетпе-бет соғыс
басталар алдында жау жағы: «Жекпе-жек! Жекпе-жек!» - деп
дабыл қағыпты. Бағаналы қолының жетекшісі Барлыбай мына
дабылды күтпесе керек. Жау дабыл үстіне дабыл ұрып «Жекпе-
жек! Жекпе-жек!» - деп ортаға өз батырын шығарды. Қазақтар
жағынан ешкім атылып шыға қоймай, жау мерейі өсіп, үстемдік
көрсете бастаған сәтте Барлыбайдың алдына уылжыған жас
жігіт тізерлей отырып, қолын жайып бата тілейді:

- Жо! Уылжыған жас екенсің! - деп жау батырының үйдей
болып отырған қарасына қарап, жас батырды тым балғын көр-
ген қолбасы рұқсат етпей тоқырайды. - Қор болған қазақ! - деп
айқайлайды ортаға шыққан қалмақ батыры. Туыңды жық енде-
ше! Жеңілдім де! - деп соңғы рет астындағы тұлпарына қам-
шы ұрып, дөңгелене шапқан жаудың мына басынғаны жанына
батқан әлгі жас батыр:

- Уа, батыр аға, басындырмаңыз жауымды. Ашындырмаңыз
жанымды! Өлсем - елімнің ары үшін, жеңсем - халқымның бағы
үшін! Батаңызды беріңіз, - деп үшінші рет тілек тілепті. Сонда
Барлыбай батыр жан-жағын тінте қарап тепсініп тұрған басқа
ешкімді көре алмай:

- Бар! Бағың батпандай екен! Тауаның аспандай екен. Не
албастыны басқандай жүрегің - от, көзің - шоқ екен! Жан-жағың
алдындағы атаң, артыңдағы балаң есіміңді атап ұрандап кетті
ғой! Бар! - деп батасын беріпті.

Тәңір қолдады ма, әруақ жебеді ме, батырлығы асты ма, қал-
мақ батырын әп-сәтте жәукемдеп, арғымағын жетелей келіп,
кесілген басты алдына тастай берген жас батырға разы болған
Барлыбай:

- Қабылан жүректі балғыным, есіміңді аташы. Кімсің? - десе.
- Атым Сандыбай, әкем - Төлек! - дейді. Қатты риза болып,
тебірене ақ батасын беріпті сонда.

- Жарықтық-ай, қатты разы болып кеткені-ау. Атасы Қапта-
ғайдың да ұрандағы есімін Сандыбайға бере салғаны, - деп
Оспан қозғалақтап кетті.

- Шамасы, қалмақ батыры атағы бұрыннан белгілі жанкеш-
ті дүлейдің өзі болса керек. Сондай алып батыры мерт болған
жау ойсырап жеңіліпті.

- Сонда да тым жомарттық қой бабанікі, - деп сөз қосқан Ахмет

Абыздар биігі

төре. - Көреген, сәуегей кісі ғой Барлыбай хан, сол Сандыбай-
дың баласы Ерден, Дүзен де атақ-даңқтан кем болмапты, - деп
әңгімеге қайта араласты. Әр дәуірдің өз ұрпағы, өзінің талап-
тілегі бар. Соған лайық ел намысын, жер тағдырын қорғап,
уақыт салмағын көтерер азаматының да қалыптасуы, ата-баба
намысын ту етіп, басқаның құлы болудан елі-жерін қорғап,
шыбын жанын шүберекке түйген ерлердің атойлап ат белін
тартып ұрандап шығуы да өмір заңы. Солардың бірі - Ерден
батыр ғой.

Бірінің аузына бірі тәттіні үзіп салғандай қызықты әңгіме жал-
ғасқаны қашан. Бірінен бірі бүйірі қызып оза шапқан жүйріктер
тәрізді самғап кетті. Әңгіме тақырыбы біржола Ерден батырға
ауған. Әкесі Сандыбайды, одан әрі Төлекті аңыздап жеріне жет-
кізген әңгіме енді анасына ауысып, оның Сарғалдақтың Қара-
торғай бұтағының қызы, аса ақылды, заманының дуалы ауыз,
қасиетті анасы болғанын тәптіштеп біраз жерге барды. Бүкіл
дала, Теректі әулие мына көк желек жамылған аспаны да, жері
де мүлгіп, тек мына сөзуар қарттарды тыңдап қалған. Санама
бұғанға дейін көзі бітіп, өзі ғана ашылған бұлақтан кәусар
суы құйылып жатыр ма, тынысымды ішіме тартып, емініп мен
отырмын. Ислам ғана Әзиза апама «қайтайықшы ауылға» деп
қыңқылдайды. Мына сөз, әңгіме үзілмесе екен деймін ішімнен
мен. Әңгіме қыза түсті. Қазір кім айтып отыр, кім сөйлеп отыр,
онда менің жұмысым жоқ. Менің арманым - тек тыңдау, білу...
Шіркін-ай, айта берсе екен деймін.

Бұл шамасы Қоқан хандығының қазақ жерінің оңтүстігіне, Сыр
бойына баса кіріп, Түркістанды басып алған кезі болса керек.
Қоқан хандары Шерәлі, Құдияр билік құрған жылдар. Қоқан
бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдары
жылына түндік басы алты қой, жиырма төрт қап көмір, төрт
өгіз арба сексеуіл салығын өтеп, қанау мен қорлықтың зарда-
бын шеккен кезең. Қай кезде де ортақ жауға ұйымдасып, "бір
жағадан - бас, бір жеңнен қол шығарып" келген қазақ ұлыстары
Қоқан хандығына қарсы жорыққа аттанды. Аңыздарда жиыр-
ма бір жасар бала жігіт әкесі Сандыбайдан қазақ халқының
ортақ жауы қоқандықтармен соғысқа аттанбақ ойын айтып, бата
тілейді. Жасы шау тартып қалған қарт батыр баласының бетіне
күн салғандай қолын көлегейлеп қарап:

- Қазіргі жау біз соғысқандағы жау емес. Бұл - от-қарудың за-
маны, балам, ойлан, - депті. Сонда анасы:

- Балам, жақында бір түс көрдің-ау, ә?! Әкеңе соны жорыт-
шы, - дейді. Бала батыр анасына жапақтап, әдепкіде не дерін

Апбаз Қаражігітов

білмей сасып, "бұ кісі менің түс көргенімді қайдан білді екен"
деген оймен аз үнсіз қалады. - Сол түсіңді мен де көрдім. Сен
түсінде не көрсең, мен де соны, - дей берген анасына:

- Айтайын, ана, айтайын. Өзі де қорқыныштылау. Түркістан
коқандардан босаған соң әулие хазіретке жорытам ба деп едім.
Әкем-ақ жорысын, - деп көрген түсін былай баяндаған екен. -
Шалқамнан жатыр екем. Ашық қалған кеудемнен мұп-мұздай
болып бірдеңе алқымыма қарай өрмелеп жылжып келе жатты.
Қарныма инедей қадалған көп тікенек боп жосылта қозғалады.
Жұтқыншағыма жеткенде денесін жиып жиырылып, екі көзімнің
арасынан маңдайыма қарай қазықтай қадалап тұрдыда,ысқырып-
ысқырып жіберді. Қозғалуға дәрмен жоқ. Болмашы ғана салмағы
бар сияқты еді. Енді батпан боп басып алды. Тапжылтар емес.
Көзімді аштым. Тұрқы қос сүйемдей, арқасында күдірейген жалы
бар, маңдай тұсы аппақ, қара шұбар жылан. Тілін жаңа ғана егеп
қайрап ұштаған қандауырдай жалақтатып, көзі күнге шағылған
алтындай жарқ-жұрқ етіп, жан-жағына ысылдап айбат шегіп
тұр. Атып тұрғым келді. Шама жоқ. Әп сәтте мойныма оралып,
әлгідегі жіп-жіңішке денесі өзімді жауып, лезде манағыдан да зор
алыпқа айналды. Жан-жағым от болып, алау болып кетті көзіме.
Айқайлағым келді, үнім шығар емес. - Иә, сонда оң қолың ғана
икемге келіп, бар күшіңмен шеңгеліңді ашып, кеудеңді басқан
алып жыланның мойнынан ұстап, әлгі пәлекетті өзіңнен аулақ
лақтырғың келіп, бар пәрменіңмен қинала қозғалдың-ау, балам!
Әйтеуір, үрейленген қорқынышты дыбысың шықпады, - дейді
Ерденнің мына түсін тыңдап отырған, сол сәттегі баласының
басынан еткен ахуалды өзі басынан кешкендей болған ана.

- Апырай, анашым-ай, Сіз оны қайдан көріп едіңіз, - деп
Ерден де таң-тамаша қалады.

- Ә, балам, тәңірім сенің болашағыңды, кім болатыныңды ту-
ған анаңа аян еткен сонда. Бірақ әлгі маңдай тұсы аппақ, көз-
дерінен зәр ұшқан алып аждаһа сенің иығыңа шығып ысқырған
күйі төңірегіне айбат шеккен қалпы қалып қойып еді-ау!

- Дәл солай, - дейді Ерден анасына таңдана қараған күйін
бұзбай. Манадан баласы мен бәйбішесінің айтқандарын қалт
жібермей тыңдап отырған қарт Сандыбай:

- Мынауың ғажап түс екен. Түс болғанда да өңіңдегідей, тәңі-
рім бар ұлы өміріңді алдыңа жайып салған екен. Шалқаңнан
жатсаң, - деп ақсақалын тарамдаған Сандекең, - мынау елің-
нің байтағын дара билейді екенсің. Өзің еліңе қадірлі болады
екенсің. Анау төсіңе, одан мойыңа оралған жылан жан-жағына
ысқырып айбат шашқан сені қауіп-қатерден қорғайтын әруағың.

Абыздар биігі
Оның сен мойнынан оң қолыңмен ұстасаң, ол қайып-ерен қы-
рық шілтенің болып иығыңа қонғаны. Оның көзінен ұшқан ұшқын
алау боп жайылғаны, - әлемге тарайтын атақ-даңқың.

Тәңірім басыңа қайтпайтын бақ, алысқа жетер атақ бергелі
тұр екен. Алысқан дұшпаның табаныңа түсетін, қарсыласқан
жауың мерт болатын күш-қуатың арыстандай болғалы тұр екен,
балам. Алла бақытыңды ашсын! Атаң Қаптағайдың, маған
бата берген Барлыбайдың әруағы қолдасын! - деп бата береді
баласының түсін жорыған Сандыбай.

Сол сапарында қасында өзі жасақтаған Бағаналы елінің қо-
сыны бар Телікөлдің қалың ну қамысын жарып өтетін жолмен
қаперсіз келе жатқан қосынның алдынан тұтқиылда жолбарыс
шыға келеді. Таң атып келе жатқан шақ. Ерден қолды өзі бастап
келе жатады. Күтпеген жерден атылған жыртқыштан батырдың
астындағы боз тарлан ат оқыс үркіп, шыңғыра шұрқырап кісінеп
те жібереді. Қас қағымда найзасын серт ұстап үлгерген Ерден
енді болмаса алып түсетін дала жыртқышының арандай ашылған
аузына салған найзасын жұлын тұтасына жеткізе сермей сілтеп,
жанын жаһаннамға жібереді. Батыр мінген боз тарлан ат сонда
ауыздығымен алысып, батырдың найзасына ілінген жыртқыш-
тан әлі де үрке тулап жүрсе де, ұзындығы пәлен кез жолбарыс-
ты тымақтай көтеріп, жаны шыққанша жерге тастамапты. Сонда
қасына ерген бір құрдасы:

- Пай-пай, Ерден-ай! Батырлығыңа жаңа риза болдым-ау,
шұбар ала жібек көйлек киген қалыңдығыңды Ұлытаудың көк
майса, нулы күміс бұлағы сылдырап аққан дарасында оңаша ақ
төсіңе басқандай тап бердің-ау! Жарайсың! Ер болсаң, қапысыз
бол деген осы! - деп шын қошеметін көрсеткен екен. Жиырма
бір жасар батырдың ақ жолы осылай жолбарыс алудан баста-
лып, Түркістан маңында қоқандармен ұрыста әкесі Сандыбай-
дың бағы қонып, жау батырын құлатып, бұдан былай ел аузына
Ерден батыр атанды, - деп бір жосып өтті.

Ерден Сандыбайұлы өмір сүрген уақыт қазақ сахарасының
ру-руға жіктелген, қонысы белгіленген, әсіресе Ресейдің бодан-
дық зұлым саясатының кемеліне келген шағы емес пе?

Бұл қазақ елі мен жерінің дуандарға, гүбірнелік аймақтарға
бөлініп, патша шенеуніктерінің тежеусіз үстемдік еткен кезі. Бір
жағынан, бұл қазақтың беделді, ел басқарушыларын біріне-бірін
айдап салып, ұрыстырып, іштей алауыздық отын тұтатып қойып,
ішкі Ресейден қара шекпенділерді қазақ сахарасына көшіріп,
шұрайлы жерді тартып алып жатқан қиямет жылдар. Қарапайым
халықтың туған жерінен ең шұрайлы жайылым, шабындықты

Апбаз Қаражігітов

қонысынан айырылып, жер-жерде отарлаушы орыс мемлеке-
тінің әскери бекіністері ірге тепкен қасіретті шақ.

Қазақ халқының ұлы тарихынан өшпес орын алған Кене-
сары - Наурызбай бастаған хандық көтерілісі де осы кезеңнің
ғажайып оқиғасы.

- Сәл шегін! Шегін! - деді Оспан, - шамасы, Төре, бабаларың
есіңе түсті ме, мұртың жыбырлап кетті ғой. Сол күніңді аңсап, ақ
туыңды көтеріп жүрме!

- Ой, сен де қайдағыны айтасың, ә? Осы отырғандарыңа би-
лігім жүрсе де болды. Осының өзі хандықтан кем емес, - деп
жарқылдап күліп алды ол.

- Кенесарыны хан көтерген киіздің бір шетін Бағаналы елінің
сол кездегі билерінің бірі Қозыбай Саты ұстапты деген не сөз, -
деп Жүндібай да бір сөз қосып қалды.

- Иә, ондай аңыз бар, - деді Оспан.
- Ерден батыр Ұлытау бауырында күні бүгінге халықтың тәуеп
етер орнына айналған хан ордасы тігілген жерде Кенесары хан-
ның ордасына келіп, қасында Шәлтеке Аманбай, Жырық Өткел-
бай, Саптыаяқ, Шағатай, Есенғабыл, Есенбек тағы басқа Бағана-
лы елінің ту ұстар билері, батырлары бар үлкен құрмет көрсетеді.
Кенесары хан батырға бірнеше сауалдар қойып, қазақ елінің
дербестікке жетуге ұмтылған күресіне қосылуды талап етеді.
- Жүке, сен жаңа бір жанды сауал тастадың. Ол Саты биге
қатысты сауалың. Әй, төре, сен сөзімді бөлдің деп орысқа най-
засын көтерген Кенесары бабаң сияқты, маған сойылыңды
көтерме! Мына Жүндібайдың сұрағы жетім қалмасын деген
Оспан. - Байтемірден екі бала туады емес пе - Жарғанат,
Саты. Осы соңғысы өте ділмәр, бір айтар, бетті кісі болады. Со
кісінің осы аузымның суын тауысып мақтанышпен атын атап
отырған Ерденнің өзіне әмірін жүргізгені бар. Ел арасы қай
заманда да дау-шарасыз болған ба, әсіресе барымта, ұрлық
дегені бар. Сол аты өшкір, елдің арасында тартыс-айтыс ту-
дырған күндерінің бірінде, оған дейін Қыпшақ елінің бірнеше
айғыр үйірлі жылқысына жалалы болған Бағаналының дауын
өз мойнына алып, тындырып келген Ерден Сатыға: "Осы жолы
менің маңайым бұл ұрлықтан аман, адал десе, жанын бер-
сін", - деп кісі жіберіпті. Күні кеше Орта жүздің айтулы билері-
мен Кенесарыны хан көтергендердің бірі және ел қадірлісі Саты
бұған қатты ренжіп, "Мына қара құл қайтеді-ей! Менің батаммен
көгеріп, бауырымнан туып отырып, енді жаныма шапқаны несі!
Әзірет Әлі де құлынан өлген деген бар еді. Мынау со құл екен
ғой. Қой, тірі күнімде мұның басын алайын! Әй, Сары аталық-

Абыздар биігі
ай, Барлыбай-ай!" - деп кіжініп, шабарманын Есенғабылға шап-
тырыпты.

Батыр да табыла кетеді.
- Ей, Есенғабыл, сен шын батырсың ба? Әлде қатынсың ба?
Ағасынның алдында құрдай жорғалаған:
- Ләббай, не бұйырасыз? Мен шын батырмын, - деген Есен-
ғабылға:
- Қазір атыңа мін! Ертең осы уақытта Ерденнің басы менің
табалдырығымның алдында жатсын, - дейді.
- Құп! - батыр атқа мініпті.
Ерден ауылы Ұлытаудың құламасы Қарағанды сайда был-
қылдақта отырса керек. Бес қаруы бойында, түнімен жүрген
Есенғабыл батыр таң атып, әй-жай көріне, батырдың анасы
дәрет алуға шыққан сәтте шапқылап жетіпті. Ерден ауылына
келушілер аттарын, қару-жарағын да аулақта қалдырып, онда
да рұқсатпен келетін кез екен. Таң ата дүниені дүр сілкіндіріп
шапқылап жеткен, сауыт-сайманы жарқылдаған адамға назары
түскен Аппақ ана інісін танып:
- О, Есенжанбысың? Бұ не суыт жүрісің, - деп таңырқай қа-
рап амандасады. Анау-мынау маймөңке сыпайы сөзді білмейтін
Есенғабыл батыр:
- Маған Ерден керек. Ерденнің басы керек, - дейді. Сонда
Ерденнің анасы:
- Ерденжан, әне, анау ақ ордасында жатыр. Басы да иығын-
да шығар, - деп жөн сілтеп жіберіпті. Ерден ордасының алдына
барып, атын қаңтарып ішке кірген батыр:
- Ерден! Тұр! Кел бері, батыр болсаң, - деп айқай салған ол
қылышын қынабынан суырып, - алдымен мына жыланыңның
басын қағайын, сосын сенің басынды, - дейді.
Сонда Ерден:
- Қап, әттегене, Сатекемді ашуландырып алған екем-ау. Қы-
лышыңды қандама, батыр! Төрге қара! Мәуітімен тысталған,
алтын жіппен тігілген құндыз бөрік тұр. Ол да менін басым ғой.
Сатекеме апаршы соны. Өзі де түсінер, - депті жатқан орнына
тұра алмай.
Есенғабыл батырдың баласының үйінен тез аттанып кеткенін
көрген Аппақ ана таң намазын оқып болып, Ерденге келіп:
- Не болды? - десе:
- Анажан, ініңіздің беті жаман екен. Әруағы қара бүркіт екен.
Шаңқылдап шаңырағыма келіп қонғанда, қара шұбар жылан ке-
реуетімнің астына кіріп кетті-ау! Сатекемді ашуландырып ал-
дым. Райынан енді қайтар, - деген екен.

Апбаз Қаражігітов

Сонда Аппақ баласына:
- "Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!" дегенді
естімеп пе едің? Батыр - шалыс, ақыл - қалыс болады. Тым
асқақтап барасың. Баубек батырмен араң анау, өз бауырыңмен
жағдайың мынау. Бұл күні кеше Қыдыр қонған Меңей ағаңның
таяғы түлкі алса, түйесі қасқыр соққан жер емес пе!
Енді сен төріңе найза көтеріп, күнде қиқу-барымта дау шақыр-
дың. Тоқтат мұны. Жақсыны жайсаң сағалайды, сәурікті байтал
сағалайды. Осы ақ ордаң тігілген жер кімдікі еді? Ойлан! Жерден
жік шығар, өкпелі жүрекке түк шығар. Сен бабаң берген батаны
ұмытпа! Бақтан бата күшті. Сол батаға қылау түсті. Бүгінгі бала
ертең өсіп ер болмай ма, қалған көңіл жер болмай ма? - депті.
- Аппақ өте ақылды болған екен-ау, - десе біреуі.
- Е, батыр оңай анадан тумас болар, - деді Оспан. Сол Саты
ғой ол. Қозыбайдың дүрі, - деп сөзін аяқтады Оспан.
- Иә, - деп өз ойын жалғаған Төре қайта сайрап кеткен. Біл-
мейтіні жоқ, ойына түйгені көп оның айтқандары әлі жадымнан
өшер емес. Шағын денелі, жылдам сөйлеп, бұлдырықтай бұлт-
бұлт қимылдап, қозғалып отыратын әдеті де көз алдымда. Неге
екенін қайдам, ағамнан бастап, бәрі соның аузына қарап сөйлетіп
қойып, әр сөзіне бас иіп, күлісіп мәз болады. Бір тамаша кісі.
"Бұл кезде қазақ елін рушылдық, жершілдік сияқты неше түрлі
айла-тәсілмен алауыздық арқылы бірлігінен тайдырған сұрқия
саясаттың қатты жүріп тұрған кезі" дей ме, әйтеуір ол ағып әлі
сөйлеп отыр.
Міне, осы тұста Кенесары:
- Иә, Ерден батыр, киелі топырақ, қазақ мемлекетінің дербес-
тігінің алтын діңгегі ¥лытауда бірнеше ай бекіністе ұлы жорық
алдындағы ірі дайындықта болдық. Бағаналы - бүкіл қазақ емес,
оның бір ғана бұтағы. Ендігі жерде бай құнарлы топырақтан бізге
керегі мінетін ат, ішетін тамақ, киетін киім! Не көп, ұста көп екен
еліңде! Мына Жетіқоңыр құмындағы Кент жерінде "Ақтабан шұ-
бырынды, Алқакөл сұлама" заманында қару-жарақ, қылыш, ай-
балта, найза, садақ жебесін соққан дүкендер әлі бар екен. Сол
дәстүрді жалғап отыр. Бізге керегі осы, - дейді. Кенесарының
бұл тілегі қабылданып, бір түнде қаншама ат, киім, азық-түлік
жиналады. Мұндай қимылға, берекелі іске риза болған Кенесары
хан:
- Атың да ер, затың да ер екен! Соңымызда өзіңдей сенеріміз
бар, біз де мұратымызға жетеміз, - депті.
Қайсысы сөйлесе де, Ерденді жер-көкке сыйғызбай мақтай
жөнеледі.

Абыздар биігі

Ерден өз кезінде қатар, тұстас үзеңгілестері - мейлі ол батыр,
ел билеген аға сұлтан, лауазымызды шенеунік, беделді би не-
месе басқадай озық мансапты болсын, ешқайсысынан ығып қай-
мықпаған. Айтам дегенін кімнің болса да бетіне айтып, кектен-
ген кісіге есесін жібермеген, аса батылдығымен, беттілігімен
халықтың көзіне түскен кісі екен. Ол сондай қайсар мінезімен
бірде есімі сол заманда бүкіл Батыс Сібір генералитетіне мәлім,
биік мәртебелі орыс патшалығына аса қадірлі адам саналған
полковник Шыңғыс Уәлихановпен сөзге келіп қалады. Шыңғыс
білімділігін, қазақтың Абылай сынды атақты ханының ұрпағы
екенін айтып, зиялылығын бетке ұстап, Ерденге: «Сен қанша
мақтансаң да, даланың малына сенген жуан қоныш қазағысың!
Қайтесің қарныңцы кампита беріп», - депті. Сонда батыр жұлып
алғандай: «Шыңғыс мырза, Абылайды Абылай еткен қазақ. Сол
кенбіс халықтың ұлымын мен! Кешегі құлым едің түйемді баққан,
Бұқар жырау атамның данагөй ақылымен Қабанбай, Бөгенбай,
Малайсары, менің аталарым Барлыбай, Оразымбет, Жаулыбай,
Төлек сынды жау жүрек батырлардың жанкешті, елі, жері үшін
ерлігімен тәуелсіздігін сақтаған елдің тағына кеп отырып, енді
маған иық көрсеткелі отырмысың. Абылайдың жөні бір басқа!
Тіпті сен күні кеше жалпы казақтың елдігі мен тәуелсіздігі үшін
жанын пида еткен Кенесары ханның басқан ізіне де тұрмай-
сың! Халқымның қорғаны емес, қорлаушысы болып, Ресейдің
бодандық саясатын күйттейсің, иығыңа оқа таққаныңа тасыма!
Жоқ, мен ол қорлығыңа көне алмаймын! Сен білген орысты
біз де танимыз. Қане, қазаққа не еңбегің сіңді? - деп тарпа бас
салыпты.

Дәл осы сөзден, осы қарпысудан кейін екеуінің арасында үл-
кен айтыс-тартыс басталып, ол айтыс Шоқан мен сол кездегі
Батыс Сібір губерниясын билеген орыс шенеуніктері арасын-
дағы келіспеушілікке ұласады.

Ерден Сандыбайұлы атағы жер жарған Абылай ханның тұқы-
мы Шыңғыс Уәлиханов пен оның баласы оқыған, бүкіл сол за-
мандағы орыс қауымына есімі танымал, Орыс географиялық
қоғамының белсенді мүшесі ғалым Шоқан Уәлихановпен ашық
айқасқа шыға қоятын күшті қайдан тапты деп ойланбасқа бола
ма қазір? Шыңғыс Уәлиханов айтқандай, оқымаған қырдың жуан
қоныш қазағы қарнын несімен қампитты екен сонда?!

Қазір ойлап қарасақ, осы сауалдар сол дәуірдегі қоғамдағы
саяси-әлеуметтік қайшылықтарға меңзейді. Оның негізі «бөліп
ал да билей бер» дейтін оспадар патшалық озбыр саясатта
жатыпты. Бұл бірді-бірге айдап салу қазақ елінің беделді, ел-

Апбаз Қаражігітов
ге қадірі бар билеушілерді өзара қырқыстырып, айтыстырып
қойып, "құда да тоқ, құдағи да тоқ" дейтін патша шенеуніктерінің
айла-шарғысының тамаша көрінісі. Осы айтыс-тартыста өзара
қырғи қабақ араздықта болған Ерден Сандыбайұлы мен Шоқан
Уәлиханов Атбасар дуанының аға сұлтаны болу үшін шарға
түседі. Бұ жерде екі жағы да аянып қалмағаны, екі жағы да биік
мансап, дәреже үшін бар күшін жұмсағаны айтпаса да түсінікті.

Әр дәуірдің өз қайраткері бар. Аға сұлтан Ерден Сандыбай-
ұлы - заманның озық перзенті, өз тұстастарынан оқшау, дара
тұрған биік тұлға. Оны замандастарының берген бағасынан,
ол жайында айтылған уытты сөздерден де көреміз. Ерденнің
аға сұлтан болып сайлануынан бұрын-ақ, әлдеқалай оған
келетін қонақтар көліктерін ауыл сыртына қалдырып, оның
үйіне жаяулап келеді екен. Бұл келе-келе әдетке айналып,
Ерден ауылына сондай инабаттылық, әдептілік көрсету болып
қалыптасады. Осы жағдай бірден-бірге тарап, қатар, іргелес,
қоныстас отырған басқа ру кісілері де, қандай қадірлі беделді
болса да, Ерден ауылына келгенде сол тәртіпті сақтайтын
болған.

Бірде Ерден ауылы жазда Есіл бойын жайлап отырады. Қай-
дан келе жатқаны, не үшін келгені жайында әңгімеші нақты
дерек келтірмейді. Батыр ауылы көк шалғыны қалың, өзеннің
жағасына таяу күнде ғана қонса керек. Сатырлатып бие байлап,
жайлау салтанатын асқақтата күтуші, қызмет ауылы да айқай
жететін жерге орналасқан екен. Соңында бір топ салт атты
нөкері ме, әлде атқосшылары ма, пәуеске мінген жолаушьь
лар суыт жүріспен Ерден ауылының төріне кеп ат басын бір-ақ
тартады. Мұндай баса көктеуді көрмеген: - Сөйлес-ау! - дегең
дауысқа, - Бұ не айқай! - деп қасындағы әйелін оятыпты Ерден.
Әлгі дауыс қайта шыққанда, әйелі барып ақ боз үйдің алтын
жақтаулы қарағай есігінен сығалай қарап:

- Күйме мінген, аттылысы бар, бір топ кісі, - дейді
- Е, е... Не ақысы бар екен! Неткен бейбастақ жолаушы, -
деген батыр орнынан қозғала қоймайды.
Өмірі қошемет пен басқаның құрметіне, ел тағзымына дағды-
ланған Шорманның Мұсасы болады бұл келген. Жас шамасы
да қатар. Әрі Ерденді жиен деп әзіл-қалжыңда қағыта жүретін,
бір жағынан басқаның мұндай тәкаппарлығын кешірмейтін ол,
қасындағы серіктерінен қысыла ма, намысы қозып, күймеден
атып шығып, атқосшысына:
- Бар! Мұса кеп тұр де! - деп бұйырады. Атқосшысы да лып
беріп Ерден үйінің есігін айқара ашып кіре беріп, қалт тоқтап, не

Абыздар биігі
әрі, не бері жүре алмай состиып тұрып қалады. Сәлден кейін
қайта бұрылып Мұсаға:

- Мырза, мына үйдің табалдырығында айыр тілінен от ша-
шып, ысқырығы жер жарған қара шұбар жылан жатыр. Кіре ал-
мадым, - дейді.

- Не деп тұрсың? Ерден айдаһар болып кетіп пе? - деп дүрсе
қоя берген Мұсаның дауысын естіп, үйден шыққан Ерден:

- Мұса мырза, алдын ала хабарсыз бұқпантайлап келген
жау ма, дос па - тексеретін күтушіміз де бар. Дос болсаң, төр
міне, - деп кідіреді. Әлгідегі атқосшысының не көргеніне әлі де
таң-тамаша ойда қалған Мұса Ерденнің мына әзіліне:

- Апыр-ай, адам да тапай тал түсте басқаның көзіне айдаһар
болып шалынады екен, а?! - депті айтар ойын әзілге сайып.
Сол күні сыйлы қонағы болып, Ерден ауылынан аттанып бара
жатып, қасындағы серіктеріне Мұса:

- Өткен жазда осы Ерден Омбыдан келе жатып, біздің ауыл-
ға түсіп, бір-екі күн құрметті қонағым болған еді. Ауылдан ат-
тандырып тұрғанымда Шоқай би әзілдеп қағытып:

- О, мырза, мына сұмырай бөрік, сұп басың кім? - деп
сұрағаны. Сонда Ерден жұлып алғандай, биге қарсы сауал тас-
тап:

- Ағасы, осы ит қалай дүзеді? - дегені. Шоқай:
- Е, малтып дүзеді де, - деді. Осындай жауапты күткен Ерден:
- А, а, онда сіз де малти беріңіз, - деп екінші сөзге келмей
жүріп кеткен. Оның соңынан ұзақ қарап, бармағын тістеген
Шоқай би сонда:
- Апырай, мен қателестім-ау, иттің қалай дүзетінін өзінен сұра
десемші. Мынаның әруағы қара бұлттай өсіп барады екен, - деп
еді. Сол рас болды-ау, Ерденнің сөзі де, ісі де, қонақ күтісі де
ірі жатыр ғой. Жауға шапқанда бабасы «Қаптағайлап» ұрандай-
тын Бағаналы найманның соноу "Ақтабан шұбырынды, Алқа-
көл сұламадан" кейін басын қосып хандық құрған Барлыбайдың
батасынан әруағы аспандап "Сандыбайлайтындығын" білдірді-
ау, - деп атқосшысына қарап, - сен не көрсең де тегін көрмеген
екенсің, - деген екен.
Сарыарқаның ұлан-байтақ даласын емін-еркін жайлаған қа-
зақ рулары өзара дау-дамай, барымта-сарымтасыз да болмаған
ғой. ¥лытаудан сонау Есілге дейін бір шеті Шу бойын мекенде-
ген Бағаналы-Балталы елі Кіші жүзбен де, Орта жүздің Арғын,
Қыпшағымен де, бір шеті Ұлы жүзбен де шекаралас. Бәрінің
ортасында ат төбеліндей болып жатыр. Бірде ел арасы болған
соң ауыс-түйіс болмай тұра ма, мал дауымен қыпшақтың Тілеулі

АПБАЗ Қаражігітов

тұқымынан бір топ кісі келіп, Ерден ауылына түсіп жатыпты. Сол
кездің тәртібі: мұндай дау-дамайды әділ шешуге екі жақтың білікті
билері бас қосады екен. Сондай билік айтылар сәтте қонақтар-
ға қымыз беретін сырлы саптыаяқтар көтерген бала жігіт Ер-
ден үйінің табалдырығын аттай беріп, сүрініп құлап қолындағы
ыдыстары төрге дейін шашылады. Мұны сөкет көрген сыйлы
конақтың бірі:

- Өй? Ит көрген тайлақтай үріккені несі мынаның! - д е п
қалады. Сонда Аймырза жұлып алғандай:

Бай екенін кім білер,
Қымқаптан туырлық жаппаса.
Мырза екенін кім білер,
Алтын жүген тақпаса.
Сары Ерденнің босағасы екенін кім білер,
Кірерде біреу, шығарда біреу
Сүрініп жығылып жатпаса, -

депті.
Қонақтар біріне-бірі қарап, орынсыз сөйлеген жолдасына

айып тартқызған екен.
Асылы Ерден Сандыбайұлы ел басқарған заманда Бағаналы

найманның дәулеті тасып, Едігенің майлы жұрты атанған.
Ерден батыр аға сұлтан сайланған бір мың сегіз жүз алпыс
екінші жылы Бағаналы еліндегі бір мың бес жүз алпыс сегіз
шаңырақта алпыс екі мың жылқы, отыз алты мың қой, бірнеше
мың түйе болған екен.

Ерден әкесі Сандыбайдың асына бес жүз бие, бес мың қой
сойылып, Ақмола губерниясы, Торғай, Сырдария облыстары тү-
гел шақырылыпты. Сол асқа тігілген үй, салтанат, бәйге бұрын-
соңды болмаған молшылық болып айтылды. Аламан бәйгеге
тігілген бас бәйгені айтпағанда, екінші атқа елу, ал ең соңғы
отызыншы атқа бес жылқы бәйге беру астың айтулы болғанын
көрсетсе керек.

Ел аузында қалған бір әңгімеде бүкіл сол асқа сойылған
малдың өкпесін далаға тастаса сасиды деп, суға ағызыпты.
Қанша қарқынды болса да, күні-түні ағып жатқан өзеннің бетін
басып кеткен көп өкпеден үркіп, жылқылар жаз бойы су ішпей,
жылқышылар лажсыз қоныс аударады. Міне, байлығы мен
салтанаты асқан Бағаналы, Балталы елі Сары Ерден тұсында
осындай молшылық өмір кешкен.

Ерден Сандыбайұлы өз замандастарына аса қадірлі, сыйлы
кісі болған. Бірақ басынан артық сөз асырмайтын, намысшыл,

Абыздар биігі

кісі алдында бас имеген тәкаппар менмендігі басым болыпты.
Ол: «Еңкейсең - еңкейемін, пайғамбардың ұлы емессің, шал-
қайсаң - шалқаямын, сатып алған құл емеспін», - дейді екен.
«Адамның кісілігі ақылында, наданның күші тақымында. Мен
тақымға емес, ақылға бас иемін» деп отырар еді, - дейді оны
білетіндер.

Өз дәуірінде елін қызғыштай қорып, ру намысын ту етіп ұс-
таған Ерден батыр сол замандағы не бір айтулы ақын-жырау,
күші тасыған батыр, айыр көмей шешендермен дос болады. Өзі
басқарған елінің атағын асыруға күш салған адам. Содан да Сары-
арқаның, иісі қазақтың не айыр көмей шешені, ақын-жырауы,
күйшісі әркез Ерден ауылына келіп сыйлы қонағы болған.

Бірде Сыр бойына атағы жайылған қыл қобыздың Қорқыт-
тан кейінгі ерен жүйрігі Ықылас Ерден ауылына келіпті. Бұл
Ерденнің аса тәуір көретін баласының қайтыс болып, күйіктен
шерлі болып отырған шағы болса керек. Батыр бір аңыздың
басын ғана қобызына шалып, әрі қарай өрбітіп әкете алмай,
шоқырықтай береді екен. Қобыздың сол дәуірдегі дәулескер
пірі атанған Ықылас батырға "былай тартыңыз" деп айта ал-
май, сыпайыгершілік сақтайды. Бір сәт Ерденнің сыртқа шық-
қан кезінде қобызды алып жіберіп дәулескер күйші күйдің
сол тұсын, Ерден келтіре алмай тұрған қайырмасын аңырата
тартқан екен. Аһ ұрып, үйге қайта кірген батыр:

- О, әруағыңнан айналайын, Қорқыт баба,»артыңа Ықылас-
тай ұрпақ қалдырған сенің арманың жоқ! - деген екен. Ол бүгінгі
бізге жеткен «Ерден күйі» деген күй.

Ерден батыр аса жақсы көретін баласы дүние салып, қайғыдан
басын көтермей жатқан күндерінде көңіл айта келген құдасы
Қанжығалы Нөгер мырзаның қасындағы Асаубай шешен:

Ассалаумағалайком, Ерден,
Қарсылық қылма Аллаға,
Көтер басыңды жерден!
Балаңды алған құдай,
О баста өзі берген.
Көтереміз деп басынды,
Арнайы келдік елден.
Көрмегелі көп болды,
Көрісейік, келші бермен!
Келіп тұрған қасымда
Құдағи мен құда бар!
Өзі беріп, өзі алған,
Жазуына Алланың
Сабырлық етіп шыдаңдар!

Апбаз Қаражігітов

Азаға арнап әкелген,
Бір биеден туғандай,
Тоғыз шұбар құнан бар.
Шығарған Құран хатым бар,
Айтатын сізге датым бар,
Азаға тағы әкелген,
Көрмеген жан қарап тұрғандай,
Алты шұбар атым бар.
Уа, Бименде өлсе,
Бимендедей тағы балаң бар.
Тоқтатпаса беруін
Алладан үміт және бар.
Екі айғырдың терісінен тігілген,
Нар түйеге артып әкелген,
Түйе мойын сабам бар.
Тағы сізге әкелген
Жанат ішік киім бар.
Басы құндыз болғанда
Тоғыз түрлі бұйым бар.
Еліңді тегіс жиыңдар,
Қымызым жетед құйыңдар!
Сағағынан сынды ма,
Алмас қылыш болатың!
Қайырылып қалды ма
Топшыңнан тиіп қанатың?
Ерлерге керім кездессе,
Жуан созылып болғанша,
Жіңішке үзіліп қалатын.
Қанатымен құс ұшпаса,
Құйрығымен қонатын.
Баланың қатты қайғысы
Өртеніп өзек жаратын.
Дүниеге келген жан
Жақсы-жаман, кәрі-жас
Уақытынан асырмай
Темір үйде жатса да,
Аманатын Алла алатын, -

деп батырдың қайғысын бөліседі. Осы қаза тұсында Ерденге
көңіл айтуға атақты Шоқай би мен Досбол шешен келіп, Шоқай:

Ассаламағалейком, Ерден.
Кеткенің бе керден?
Әруаққа шет болма,
Басыңды көтер жерден.
Көрісейін деп келдім,
Қолыңды әкел бермен!
Әкең Сандыбай да өлген,
Оны да мына Шоқай көрген.


Click to View FlipBook Version