The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:39:39

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Қайран, шеше!

бөленіп келеміз. Көрікжанның көп достары әдеттегідей тамаша-
ға бас қосқан шығар, шіркін, бауырмал жастар-ай, - деп ішімнен
разы болып қоямын. Сонда да әннен кім сырттайды. Делебені
қоздырып, баурап алып шыдатты ма, осылай бұрылдым. Қара
қазанды қақырата жарған бәйбішемнің ащы дауысы иманымды
қаза қылды. Бәрін естідім. Әсіресе жаным Сәніме жалмауыздай
ұмтылғанда жаным шыдамады, - деген қарттың үні тарғылда-
нып, көзіне жас үйірілді.- Мұндай қызықты көрген де, көрмеген
де бар. Өз қызығын әркім өзі көреді, өз өміріне өзі қожа! Қалауын
тапса қар жанады. Шыңдағы жердегіге бұйырады. Бұйрық осы
бопты. Ол үшін менің ойымдағым, дегенім болмады деу, опық
жеу... қате. Лашын құс ұшып кеп ұясына қоныпты. Оның ұясын
бұзатын кім енді?! - деді жан-жағына сүзе қарап. - Ондай ақ
сайтан ақылсызға кім жол береді? - Нұры аз, селдір кірпіктері
суланып, жасаураған жанарын тігіп, «не айтасыңдар, қане» де-
гендей, қабағы қарс жабылып, көпшілікті тінтіп шықты.

- Бәрің де жассың! Кәрің де, тозғаның да мына, - деп Зәурені
иегімен нұсқап, - бақырауық Капоста мен Зылиқа үшеуміз. Әр
нәрсенің пәтуасы болады. Сендер естімеген бір тоқтам ай-
тайын, тыңдап алыңдар. Қабақтарыңды ашып, сергіп, қызық-қуа-
ныштарыңды жалғастыра беріңдер. Ал қазір, бұ не, жылан көр-
ген балапандай, үрпие қалғандарың! Жайғасып былай, - деп өзі
де бір жастықты қолтығына қысқан Мұсабек, - отырыңдаршы.
Ән-күй базарын қыздырыңдар. Бүгін айтылмаған ән қалмасын.
Пәленшенің үйіндегі думан-қызықты-ай сондағы дейтіндей, ел
тамсанатын тамаша болсын бас қосуларың.

- Иә, бірді айтып бірге кетпейін. Іштеріңде биігіне шығып
көргендерің де, ол туралы қызықты әңгімені естігендерің де
бар шығар. Біздің туып-өскен кең атырабымызда Үшсандуғаш
атты биік шың бой көтерген. Иә, дұрысы сол бой көтерген. Е-е-
е-ей! - десейші. Сендер үшін бұл тарихи әңгіме шындықтан
алыс, ертегі-аңыз боп көрінуі мүмкін, жоқ, тіпті де солай емес.
Онда ұлы өмірдің, сұлулықтың жүрегі тулап, қан тамыры
бүлкілдеп соғып тұр. Мәңгі сөнбес нұр, нәзік шайқала құйылған
сағым саз боп, бой көтерген ғажайып сурет боп жалт-жалт
ойнаса, кім қызықпас, кім құмартпас! - Сол қасиетті көріңдер-
ші, тыңдаңдаршы, құрметтеңдерші! Сұлулық - өмірдің анасы.
Онсыз өмір жалаңаш тақырдай. Көркемдік - адамның жаны.
Қане, үңіліңдерші өз жандарыңа. Дүниедегі ғажайып әсемдікті
іздеп, шарқ ұрғанын қазір де сезінесіңдер. - Көрік Сәннің оң
қолтығынан ұстаған күйі тік қалыпта. Құлағы әңгімеде. «Манағы
апам айта бастаған дастан жыры ғой мынау, қарт та төгілте

Апбаз Қаражігітов

бастады. Тегінде айтулы әңгіме болды-ау. «Сұлулық - өмірдің
жаны» дейді. Бәлки, сол үшін өмір тәтті, қызықты, жарқын
көрінетін болар» деп ойлады. Қарттың үні қаттырақ естілді.
Мапдасын құрып, сақалын салалап ұзақ әңгімені бастап кеткен
сыңайы бар.

- Сол жылы қыс айтудай қатты бопты. Қар қалың түсіп, бетін
шыныдай шыңылтыр мұз басыпты. Мал жайылымнан қалып,
күні бұрын шөп дайындалмаған, мұндай төрт түліктің қолға
қарағанын көрмеген ел қатты күйзеліпті. Бірде көктемде ағыл-
тегіл күрт еріген қалың сіреу тесік сабадан ақтарылғандай,
дүниені селдетіп күркіреп, өзені сарылдап, сайы тасып, ақ жа-
рылқапты. Айра-жайра боп қыс қытымырлығын ұмыта баста-
ған елдің қуанышы көпке ұзамайды. Мал мен өнімсіз, азын-ау-
лақ диқаншылықтан бөтен кәсіпсіз елді құрғақшылық бидайдай
қуырады. Күні-түні дамылсыз соққан ыстық аптап шөп біткен-
ді қуратып, бүкіл атырапты жынды құйын жайлайды. Дала-
ның түбірлі сүйекті бұтасына дейін күйіп, күйреп кетеді. Мал
жануардың жарқыраған жаздың өзінде жілік майы үзіліп, тұра-
лап арықтап, «жаз жұты» деген пәлеге ұшырайды. Халық күйзе-
леді. Табиғаттың осы рақымсыз қысымы үш жылға созылады.
Сонда да халық ата-мекенін, балалардың кіндік қаны тамған
жерді қимай, не ауыртпалықтың бәріне төзіп, басқа жаққа қоныс
аудармай отырып қалады.

Қай кезде де көнекөз қариясыз болған ба, осы тұста жасы
жүзден асқан ел қорғаны батыр (есімін ұмытыппын) үшқанат
лашығында отырса, иығына бармақтай құс кеп қоныпты. Жай
отырмай, қанатын құлдыр-құлдыр қағып, дүр-дүр сілкініп,
біресе оң, біресе сол иығына шығып сайрап, неше түрлі жан
тебіренткен асыл сазды үнді үзілте шырқайды. Құйқылжыған
ән сай-сүйегін сырқыратып, кәріліктен можып, жауырыны
күлдіреуіштей имиген қартты рақатқа бөлейді. Көзіне нұр төгіп,
кеткен қуат бойына қайта кеп, жігіт шағына оралады. Бұлшық
еттері бұлтылдап, қаны қызып, мешел боп жатқан кәрі абыз
орнынан атып тұрады. Сонда әлгі бармақтай құс батырдың
төбесіне қонып, сайраған екен. Оның бір кездегі баһадүр күші
денесін кернеп, күндей күркіреп, дауысы дүниені дүр сілкінтеді
сонда. Жасы жетіп алжып, ертең бе, бүгін бе, қара жердің
қойыны күткен қарттың кенет жасаруы таңдандырған елі
төңірегіне топталады.

- О, халәйық, - деп дауыстапты кемеліне келген батыр.- Тір-
шіліктің базары-мәңгілік. Ол мен үшін,міне,қайтақызды.Жарық
дүниедегі махаббаттың үні қайта туғызды мені, қайта түледім.

Қайран. шеше!

Рақат жанымды баурап, көңілім шартарапқа шалқығанын көріп
тұрсыңдар. - Ол қолын көтере сермеп: - Мынау менің, сонау өт-
кен заманда, қандыбалақ қызыл көз жаудан, өзің үшін, о, туған
ел, жан аямай талай ұрыс салып, қорғап қалған атамекенім! -
Көзі танадай жарқырап, тамағын кенеген батыр: - Көремісіңдер,
байтағымдағы жайқалған орманым, ұя салар көлеңкелі сая-
сын құрғақшылық өрті жалмаған бармақтай сандуғаш, міне,
төбеме кеп қонып, сайрап тұр. Тамылжыған сол дауыс тал
бойымдағы кепкен қанды қозғады. Жігерімді қайта тулатты.
Өзегіме өрт салды. Жастық қуат боп тасыды. Қайтсін! Жалғыз
қапты. Жалғыздың күні күн бе!? - Оның даусы әруақтанып,
тауға жаңғырыққандай зорайып естіледі. - Алысқа ұшайын
десе бейтаныс жер, көрмеген атыраптың ойы-шұқырынан жү-
рексінеді. Туған жерін қимайды. Оның ауасы сәбиіне дәру, жа-
нына қуат емес пе, құс екеш құс та атамекенім деп сайрай-
ды. Тыңдаңдаршы! - деп төгіліп, тамылжыған от қанат әуенге
халықтың аңсарын аударыпты. Сылдырап шырқала биіктеген
үн сазы жібектей созылады. Аңыратып әлемді шалқытқан
сандуғаш байтақ даланы сілтідей тұндырған саз, нақышты
үнімен бар тіршілікті баурап алады. Асқақ тасқын саз бойды
балқытып жүректерге ұялап, құлақ құрышын қытықтап, тәтті
сезім боп ұйып қалады. Керемет сырлы әуен көкей тесіп, мың
нақыш, жүз құбылып титімдей құстың таңдайындағы пернеден
құйылған бал шуақ боп тамылжиды. Бірде сәби иісі бұрқырап
әлем бойына балғын жастық дарытады. Іле бүлкілдеп соққан
жүрек дүңкілі атша тулайды. Сол сырлы сазға, әйтеуір, кең
дала керіле құлақ түрсе, мөлдіреген күн кірпік қақпай қалады.
Халық демін ішіне алып, қалғып кеткендей сәтте батыр:

- Е-е-һ-ей! Шіркін, өмір, балдан да тәттісің-ау, тәттісің! Мына
құртақандай құс осы өмірдегі сұлулықты жағы тынбай неге жыр-
лап тұр. Әсемдікті, көріктілікті көрген көзде от жанады. Сонда
оның жаны күн нұрынан шоқтанады... Қараңдаршы, көзінің нүк-
тедей қарашығы от боп лып-лып жанып тұрған шығар, - дейді.
Батыр айтса - айтқандай, сандуғаштың қос қарашығы көк-
пеңбек боп, балқыған болаттай сәуле төгіп жанып тұрыпты.
Кенет әруақтанған батыр: - Көрдіңдер ғой, сол сәуле сұлулық,
сарқылмас келешек, өмір! Ал келешек, - заман, дәуір. Заман -
адамдар өмірі, оның еңбегінің жемісі.

Міне, титімдей құстың өнері бәріміздің жанымызды ерітті.
Бойымызға қуат, рухани күш берді. Осындай өлмес, өшпес өнер-
ді кім сүймейді, кім қастерлемейді. - Мұсабектің аузына қарап
қыбыр етпей манадан әңгімеге ұйыған жігіттер:

Апбаз Қаражігітов

- Апыр-ау, сол көнекөз ел қорғаны батыр сіз өзіңіз емессіз бе?
- Әкетай-ау, мына ғаламат әңғімеңіз - өмір дастаны ғой.
- Сіздің төгілдіріп айтқаныңыз соншалық, біз сол батырдың
алдында сандуғаштың әнін тыңдағаннан кем әсер алғамыз жоқ.
- Мұсеке, кідірмеңіз, аяқтай беріңіз. Балалар толық естісін, -
деді, сөзді бөлмеңдер дегендей, үй-ішін шолып көз жүгірткен
Зылиқа.
- Сонда батыр түкті қабағын керіп, көпшіліктен жауап күт-
кендей қарап қалыпты, - деп жалғады Мұсекең сөзін.
- Ешкім жауап бере қоймапты. Құс соңғы әуенін сызылта
созып, баяулаған кезде: - Өзінің туған, өскен топырағын қи-
май осынша сиқырлы өнері арқылы халқына мұңын шыққан
сандуғашты біз де қасиеттейік. Туған өлкесінде әсем әнін
шалқытсын. Елінің, жерінің мәртебесін көтерсін. Қазір бұған
бұрынғыдай пана болар орман, ұя салар тоғай жоқ.
- О, халайық, ендігі тілегім - еріңдер соңыма, жеті ата ұрпа-
ғыма айтар өсиетім: ел аты да, жер аты да асқар биігімен
шығады. Ұйым, бірлігімен шығады. Ұйымдасқанды жау ал-
майды. Халық қара аспан тауды көтереді, - халық деген ба-
тырды жеңетін құдірет жоқ! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп
қолына кетпенін алып, елін бастап кетіпті. Қазіргі бәріңе белгілі
Үшсандуғаш тауы өмірге сонда келген екен. Батыр ата іргесін
көтеруді бастапты, туған елі еңсесін көтеруді қостапты, - деген
Мұсабек жастарға ойлы көзін тастады.
- Әй, алжыған бейшара, не сандалып кеттің! Ертегі айтқалы
кеп пе ең? Ой-бо-ой! Онан да мына жәдігөйден сормаңдай ба-
лаңды құтқармайсың ба?- деп өзеуреген Зәуре Сәнді қолынан
ұстап жұлқа тартып, жетелей жөнелмек болғанда тағы Мұсабек:
- Тарт қолыңды! Кет былай! Қасиетсіз! Ессіздікті көрсетпе! -
деп қатты ақырды орнынан ырғала қозғалып. Төбесінен біреу
қойып қалғандай өктем дауыстан әбдіреген Зәуре қалт тоқтап:
- Құдай бір қарғағанда мың қарғайды деген осы ма еді, жұр-
тым-ау! Ай мен күндей құлыным осындай кембағалға душар бо-
лады, - деп ол үн салып қоя берген. Тағы да бар зілді дауысы-
мен ақырған қария: - Қайта көрер есігіңді қатты серіппе, - деп
кемпірін тоқтатты.
- Жәдігөй деп отырғаның - құдағиың, кембағалың - күйеу
балаң! Кесапат сөз кесел әкеледі. Ақылды сөз киелі. Аузыңа
келгенді айта берсең - ақымақ атанасың, - деді сабасына
түсіп, ойын ілгері созып. - О, Зылиқа, жалғыз құдағиым, бұл
өмірдегі ең жақынымсың енді. Менің айтпағым соноу ықылым
дәуірлерден бізге жеткен аталар мұрасындағы ұлылық, мәңгі

Кайран. шеше!

өлмес керемет еді. Өсиет тұғыр боп бізге жеткен Үшсандуғаш
тауы, күні бүгінде даланы сиқырлы саз, әсерлі әуенге бөле-
ген сандуғаш ұрпағы нені тұспалдайды, нені аңғартады? Туған
халқы табиғат лаңына ұшырап, жалғыз баласы опат боп, бауыры
күйіп, шөгіп қалған кәріні қандай күш тұрғызды сонда? - Мұсабек
отырғандарды бір шолып, тіктеліп отырды. - Ол - ән құдіреті
еді. Әлемді тебірентіп, ұйқыдағы жүректі оятқан құйқылжыған
үн сол! Ал біз, біліп қойыңдар, әрқашан естеріңде болсын, сол
қайта жасарған қарт батырдың ұрпағымыз, - деді Мұсекең,
ғасырлар жасырған қойманың теңін күшпен зорға шешкендей,
маңдайынан тері бұршақтап.

- Менің, мына менің, кішкене шаңырағымда сайрап тұрған
бармақтай тоты құсым, - еңсесін бұрып, Зылиқаға жадырай қа-
рады. - Ұшып кеп сенің балауса шыбығыңа қоныпты. Қайырлы
тұғыр болсын! Бақытты өмір, босағаң қуанышқа толсын! - деп
қос алақанын жайып, бетін сипады да: - Батырдың иығына қон-
ған сандуғаш оны жасартып еді. Сенің тотың балаңды кеселінен
тазартсын, бақытты ғұмыр кешсін, аумин! - деп батасын берді.

- Рахмет, Мұсеке! Мен айтатын не қалдырдыңыз. Бәрін өзіңіз
айтып шешіп кеттіңіз. Әзәлдағы бұйрыққа тосқауыл болу кімнің
қолынан келеді. Бұйрық осылай бопты. Екі бала... - дей берген
Зылиқаға, «ендігі сөздің орны жоқ» дегендей, Мұсабек оң қолын
көтеріп:

- Онан да тойыңды әзірле! Қалыңсыз қыз болғанмен, кәде-
сіз күйеу болмас. Қатар құрбылары да ойнасын, біз де қызыққа
батайық, - деп жайдары рақат күлкіге батты. Зәуре кемпір ма-
нағы долданған күйінде Сәннің қолынан ұстаған бойы отырып
қалған. Мұсабек өзі барып, оны қолтығынан сүйеп тұрғызды.

- Ей, жасық туған, боркемігім, өрісім кеңіді, үйіме үй қосыл-
ды, балам көбейді деудің орнына байғыздай бажылдап, о несі?
Бақыт деген осы! Мұны көрініп келген бақыт дейді. Күні ертең екі
құлыншағым деп айналып-толғанасың. Қуанышың ғой, бұлар, -
деді де Сән мен Көрікке бұрылды.

- Қызым, мен қапа емеспін. Осы қуанышыңа, шүкір! Бұдан
басқа тілегім де жоқ еді. Бір кезде бұл өмірден күлмей өтем бе
деп қорқушы ем! - деп, туа салып шетіней берген перзенттерін
есіне алды ма, белі бүкірейіп, ұнжырғасы түсе қалды. Қас қағым
болмай «Көп жасаңдар!» деп сілтідей тұна қалған көпті бір
серпілтіп, - заманыңа лайық азамат болыңдар! - деген даусы
саңқ етті.

- Үшсандуғаш тауы сөйтіп қолмен үйілген болды ма? - деді
біреу көптің ішінен.

Апбаз Қаражігітов

- Дәл солай. Сандуғаш тауы ол. Сандуғашқа арналған. «Көп
түкірсе көл» деген, - дейді Мұсабек мархаббаттанып.

- Батыр бабамыздан бері қырық-елу ме, одан көп ата өмірі
өтіпті. Жарықтық тарих тереңінде, ықылым замандар қатпарын-
да өз қолымен Үшсандуғаш атанған биіктің іргесін көтеріпті, -
деп ылғи өзімнің әкемнің шоқтығы шығып мақтанып отырғанын
талай естуші ем. Бір мысқал құнарлы топырақ бір уыс тамыр
өсіреді деп, қажымас қайрат пен сонша еңбек, ынтымақпен
тер төккен елдің ғажап әңгімесін түгел жеткізіп айтпадыңыз-ау,
құда! - деген Зылиқа сөздің қайта сабақталуын тосты.

- Жастар түсінген шығар. Әңгіменің негізіне. Жалаңаш сәби-
дей шырылдап, аптапқа өртеніп туған өлкесінен пана таппаған
сандуғаш батырды да, елді де дүр сілкіндірген екен сонда. Та-
мылжыған ән-әуен от сағым күш емес пе?! Және ол қалай шыр-
қалды екен десеңші сонда! Адамның тәніне шымырлап кіріп, жа-
ныңды білінбей кеп жайлап жатса ше? Бүкіл әлем от сезім боп
еріп, жан рухыңды балқытып жұдырықтай жүрегіңе билік құрмай
ма? Ындыны құрып, құмары қозбас пендені тапшы сонда! Сол
әлемдегі асыл күн сәулесінен кейінгі зейінмен ұғылатын тәтті-
лікті жүрек атты патша сорғалаған күйден ғана тапқан. Ал әннің
күй боп, ырғақ боп толқитын шағы ше, бәрінен ыстық құдірет!
Әне сол - күн нұры тәрізді себездеп, тіршілікті баурап, сәбиін-
дей құшып, көкейді тесіп елбектейтін күш. Тасыр, тас құлақ
керең болмаса, басқа сезімдіні құйқылжыған ән, төгілген күй
қыбыр еткізер ме?!

Ол сенің еркіңді билейді, ыстық сәуле боп сүйеді. Сол аяулы
түйсік, жанды еріткен сезім емес пе, шөгіп қалған батыр атаны
өркендей өсіріп, өмірге қайта жасартқан. Оның аты - күн нұры,
құйқылжыған ән! Тағы үшінші бір жан құмары батырдың көкіре-
гін жайлап жатыпты-ау! - деді отырғандарды көзімен бір шолып,
даусын көтере созған Мұсекең. - Үшсандуғашты білмейтінің
жоқ. Елестетіңдерші сол бейнені қиялыңа. Жарықтық алыстан
үш бұтақты гүл боп жайнап, миллион-миллион жауһардай жа-
пырағынан жұпар иісі бұрқырап тұрған жоқ па? Көкке құлаш ұрған,
қауызын ашқан алып гүл шоғы емес пе ол. Қандай сұлу көріктілік!
Ал төсінен арқырап төгілген өзені, - деп қиялына жасанды тау-
ды құндақтағандай көзін жұмып - О, дариға, өмір - ұлы айдын,
мөлдір түн тұңғиық екен-ау! Оның шалқарына біреу малтып шыға-
ды, біреу... қалқып шығады, бәз біреу тұңғиыққа жұтылып, батып
кетеді, бәз біреу өзінше өшпес із тастайды. Кейбірінің соқпағы
сайрап жосылып қалса, кейбірі тақтаға бормен жазған жазудай
өшіп жатады. Сонда өшпейтін не? - Қарттың тосын сауалы көпті

Қайран. шеше!
жалт қаратты. Бәрі де ойлана қалған. Шаршаған кісідей оң жам-
басына қисайған ол дауысын қырандай саңқылдай кетерді. -
Өмірге құштарлық! Еңбек! Адалдық, ізгілік ұлы өмірдің мәңгі
серігі боп келді. Әманда солай бола береді. Үшсандуғаш - туған
елін сүйген батырдың, өзі өскен ана топырағына махаббатын
арнаған сандуғаштың сүйіспеншілік белгісі. Ендеше адалдық,
ізгілік - тіршіліктің солмас гүлі. Сол қасиет жайласын сендерді.
Жүректерің ізгілік ұясы болсын, - деді сөз соңын аяқтаған қарт.

- Бәрекелді-е-е! Шіркін, біздің елдің қарттары-ай! Балала-
рыңыздың қызығын көре беріңіз, Мұсеке, қандай ұлағатты
келешекті сөз айттыңыз. Жанымызды күндей күлдірдіңіз, -
деген Давид, - Ау, жігіттер, не тұрыс бұл? Әкеміз ақ отаудың
шаңырағын көтеріп, бақанын тіреді. Енді сендер уығын шаншып,
туырлығын жабыңдар. Отбасы әнге, шат күлкіге толсын, - деді.
«Жүрегі алаулаған, басқаның қызығы үшін мұншалық елгезек,
бұл неткен ізгі жан еді. Осының негізінде бір инабаттылық бар-
ау» деп ойлады сонда Мұсабек өздері Дәуіт атандырған жігіттің
мына сөзінен кейін. Ән базары қыза жөнелген. Сән Зылиқаға
осылай келін болып түсіп еді...

Сол күннен бастап Көріктің өмірінде өзгеріс туды. Даланың
көктемгі қаулаған шалғынындай көңілі өсіп, бойын шаттық биле-
ді. Ол өзін кеммін, зағиппын деген ауыр қайғыдан құлан таза.
Ақжарқын мінезі отбасының базарын қайта қыздырды. Қасында
Сән. Оның жаңбыр жуған дала гүліндей жүзі нұрға толған.
Қалай десе де Көрік өзі сүйетін өмірге бар құштарлығымен
қайта келді. Зылиқа ана да көп күйіктен аз да болса сейіліп,
жаңа бір күйге ауысқандай. Көрігі мұратына жетті. Сүйгеніне
қосылды. Қасиетті жары оның кем-кетігіне қарамады. Жан
қалауын тапты. Рас, бәрі солай.

Әйтсе де ана жүрегіне көрінбей қадалған шөңге отырса, тұрса
удай ашытып, шаншуын бір сәт тоқтатқан емес. «Ұмытайыншы,
қарғамның көңілі бір жайлы болған тәрізді ғой. «Басқа түскен
баспақшыл», «Үш күннен кейін дозаққа да үйренеді» деп, өзінің
осы өміріне кәміл разы болса - не дермін. Қолдан келер не бар.
Құдайдың мұнысына да шүкір», - деп екі ұрық қиял шегетін.
Ана жаны содан болар, көзге жайраң қағып, іштей қасірет
жұтар еді. Оңаша қалғанда қасірет буындырып, егіліп-егіліп
жылап алатын. Қайран, шеше-ай, жөнің бөлек-ау!.. Сынаптай
жылжып күндер, алшаң басып жылдар өтіп жатты. Отбасы
көңірсіп, арманына жеткен жастар өмірі жаңа мазмұнмен байи
түскен шақ еді бұл. Көрік пен Сәннің қалтқысыз сүйіспеншілігі
ана мерейін тасытып, жанын рақатқа бөледі.

АПБАЗ Каражігітов

«Қайтер екен. Жастық-мастық деген ғой бұлардікі. Албырт
шактың ыстығы басыла, ертең-ақ шаң-шұңы шығады» деп өзара
көз қысып, ернін тістеген, талай жабықтан сығалағандардың
сағы сынды. Сөйтіп, бұл шаңыраққа тағы бір қуаныш көлеңкелі
көңілдің жібек баулы шымылдығын айқара серпіп, «қайдасың»
жарық дүние, аш есігіңді» деп іңгәлап сәби боп келіп еді.

Дәл сол күнгі Зылиқаның қуанышын сөзбен айтып жеткізу
мүмкін емес те шығар. Қара торы жүзі тершіген ол күле береді.
Екі беті алаулап, көзіне тұнған нұр толқып тулаған көңілін паш
еткен. Тіпті буын-буынынан әлі кеткендей, өз етегіне өзі сүріне
береді. Барын базарға шығарған бақалшыдай, осы аңсаған күн-
ге деп жиған-тергенін дастарқанына төгумен әуре. Асып-тасып
жүр. Манадан қарбаласып анталаған, өзіне қызыға қараған
тілеуқор көпке енді бұрылып:

- О, жұртым, разымын тағдыр жомарттығына! Бірде от, бірде
күл өмірді кім кешпеген басынан. - Дауысында бәрің де білесің
ғой деген сыңай бар.

- Бүгін ол мені алақанына салып қайта мәпеледі, - деді маң-
дай терін сүртіп. - Ол осы көптің ықыласы, өздеріңнің ақ тілеуің.
Әрине, өмірде бар арманым орындалды, тілегіме жеттім, енді
армансызбын деген пенде қателеседі. Өмір адам баласы үшін
қашанда бір олқылық, жетіспеушіліктен тұратын тәрізді. Сол
жетіспейтін, көңілді орта түсіретін сәттерге бел бермей, алға
үміт қуған ғана мұратына жетсе керек. Ол үшін мықты сенім, ке-
лешекке ғашық төзім, серігің болсын, - деп үні бұзылыңқырап
босап барып, қайта өзіне-өзі келді.

- Тегінде жан-жағында асқар таудай қоршаған жанашыр елі,
қамқор досы көпті қасірет, уайым жеңе алмайды. Мына бала-
ларыма менің беріп келген дәрісім - бұл! Менің шаңырағым сон-
дай шаңырақ! «Апыр-ай, мұным астамшылық сөз емес пе?» деп
ойлаған ол піскен бауырсақтай боп қызарып, - міне, үлкен-кіші
бүгінгі қуанышыма ортақ болып отырсыздар. Ортамызға жаңа
дәуірдің азаматы кепті. Оның үні жанымды жасартып, жүрегі-
ме қуат берді. Күндей күліп кеп сәбиіме құтты болсын айтқан
сіздерге көп-көп аналық алғысымды айтамын, - деп еді. Көпші-
лік дуылдап қол соғып жіберді.

- Зылиқа, - деген осы дабыр-дұбыр көпшіліктің үні басыла
бере Мұсабек. - Тауып айттың. Көңілден шыққан сөз - жан азы-
ғы. Жанымызды семіртіп жібердің. Адам қауыммен адам. Асқар
таудай елім, ажырамасжаны бір үлкен-кіші дегенің неткен абзал
сөздер еді. Қызығын көрер бақытты күндерің молая берсін. Үйің
іңгәлаған үнге толсын! - деп көтеріле сөйледі. Түкірігіне шаша-

Қайран. шеше!

лып: - Өзің куә, осы үйдің төрі жылдар бойы қызық, тамашадан
құр болған күн бар ма?! «Көп тілегі көл» деген осы. Бұл - өзің
көретін айтулы қуаныштың алды, төл басы, - деген. Үй-іші қайта
дуылдап, орындарынан дүр сілкіне тұрып қошемет көрсеткен-
дер:

- Асыл сөз!
- Ағынан жарылды Мұсекең!
- Немересінен несін аясын.
- Төл басы деді-ау! Айтқаны қабыл болсын! - десіп, көпке
дейін басыла алмады. Анық шат көңілдің желпінісі. У-ду! Сән
төлежіп, балбырап отыр. Әкесінің сөзі тұсында мойнын бұрып,
не айтар екен дегендей, жаутаңдап құлақ тосқан. Ақ құба өңіне
қызыл рең ойнап, ажары құбылған. «Жарықтығым-ай, жүрегің
қандай оттан жаралды екен. Мейірбандық боп езілген рухыңа
бас ием, әкешім», - деді ол ішінен.
Құндақтағы сәбидің үні естілді. Өрттей жанып ұялған Сән не
істерін білмей, төңірегіне жаутаңдай қарады. Бәрі мұны аңдып,
қайтер екен деп отырған тәрізді. Сәби дауысы үдеп барады.
Жуық арада тыншитын түрі жоқ. Қас қағым сәттің ауыры-
ай! Әйтеуір, таяу отырған анасы Зәуре көмекке кеп, абырой
болғанын қарашы.
- Дой-дой! У-у! Батыр екен ғой, оянып жатыр екен ғой, - деп
құндақты құшақтап бауырына тарта берді.
- Ә, ә, жас қонақ, сыпайыгершілік қайда! Есікті ашпай жатып,
мұнысы несі? Нар баласы бақырмас болар. Әйтеуір, нағашы
әжеңе ұқсай көрме, - деді Мұсекең кемпірін қағытып.
- Иә, тауып айттың. Соға бер деші атаңа. Әжемнен басқаң
жетісіп тұрсаң, бір адам ештемені бүлдіре қоймас деші! - деп
Зәуре есе жібермеген боп жатыр.
- Бәрекелді-е-е, жарықтық, ата-әжелер-ай, мәре-сәре боп жа-
тырсыздар ма?! Рақат деген осы болар. - Қарбалас сәтте есіктің
алдына кеп, топ жолдастарымен іркіле қалған Давид еркелей
дауыстады. - Бөбектеріңіз құтты болсын. Ақ босағаның мәңгі
өмірі енді басталды. Көрік! Сән! Шын жүректен құттықтаймыз, -
деген ол екеуін алма-кезек маңдайынан сүйеді. Гүл шоғын ұсын-
ды. «Бірге туған бауыр да бүйтпес. Жаны бір дос деген осы да!»
Осы ойдағы Мұсабек бір жасап көңілденіп қалды. Өздері айра-
жайра мәз боп жатқан қарттардың үстінен сау етіп кіріп келген
бұлар үлкендерді бір желпіндіріп тастады. Құрметі мен қуанышы
араласып, сәбиді емін-еркін ортаға енді ғана ала берген олар
әлденеден ыңғайсызданғандай да болған. Аңтарыла біріне-бірі
қарап жаутаңдаса қалған.

Апбаз Қаражігітов

- Сағынышы мол, көптен күткен, үні шырындай тәтті қонақты
алас-құлас сәтте ортаға алып жатқандарыңызды андып тұрған-
дай, біздің келісіміз ұят болды-ау өзі, - деп Давид сылқ-сылқ күлді.

- Өй деме, қарағым, - деді Зылиқа сасқалақтап, ренжіп қал-
дыға жорып Давидтің сөзін.

- Тәйірі, сөзім-ақ екен. Мұндай қонақ кімнің ажарына қараған.
Бұ дүнияда бұған қарсы келер пендені тапшы. Ал, ендеше керек
болса саған, батырың барылдады, - деді шыр-пыры шығып
жылаған сәбиге төне қараған Мұсабек.

- Әй, өзінің дауысы айнымаған мына сиыршы, - деп Зәуре
Мұсабекті нұсқады.

- Қоя ғой, қойшы енді. Сені көреміз деп папаңның кө-өп жол-
дастары кепті. Бақырауық дейді ғой. Ұят қайда? - деп, сәби
түсіне қоятындай өзінен-өзі сөйлеп, құндақты шешіп, - е-е бәсе,
- деп баланы қайта құндақтады.

- Мынау өзі трактордай дарылдап кетті. Менің дауысым
осындай ма? Өзінде ашу бар. - Мұсекең қарқылдап күлді.

- Е-һ-е! Біріңіз олай, біріңіз былай деп намысына тиген соң,
қайтеді. Ұлық басын иіп сәлем бере келсе, өздеріңіз, - деп қарт-
тарды ду күлдірді көп ішінен біреу.

- Батыр-екесі қойдық, қойдық. Намысшыл екен ғой, - деп
Мұсекең баладай екі қолын көтерген. - Бағындық. - Жаны
сәбидің үстінде. Соны сезгендей бала да сап тына қалған.

- Апыр-ай, сәл болса осы балалар-ақ сау етіп жетіп келеді
де тұрады. Кім шақыра береді осыларды деп ойламаңыздар.
Себепсіз келмейміз. Бұ жолғы сылтау өмірге келген кішкене -
Әлиев. Өзі шақырды. Ұяла-ұяла келдік. Шілдеханаға қазақ ата-
мыз шақырусыз келген дейді. Сондықтан, - деп жайып-шуған
Давидке:

- Құлыным-ау, о не дегенің! Ақ жарылқап күн туған мұндай
қуанышты күнде кім есігін жапқан. Және осы қызық сендердікі.
Көрігің, Сәнің, әне шақалағың алдарында. Біздікі, тәңірім
бұйыртса, сол тамашаны көру, - деді Зылиқа жұлып алғандай
жауап қатып.

- Апа-а!- деп ананың сөзін тосып тұрғандай, - балалы боп-
сыз, құтты аяқ бөбек кепті, - деп осы кезде есікті дауыстай аш-
қан шүйкедей қара келіншек шашуын бұршақтай жаудыра кірді.
Соңында жайқаңдай басқан Барақ:

- Біздің баламыздың біріне бүйткен жоқ едіңіз. Қолдағы бала
қожа деген осы-ау! Тіпті ағыл-тегілін шығарыпты! Ту-у, іздесе та-
былмайтын қадірлі азаматтар да осында, - деп дастарқан мен
үй-ішін шолып, қызғанышын жасырмады.

Қайран, шеше!
- Енді қайтеміз, - деп әйелі де томсара қалып еді, іле:
- Біз бұ кісіден туған жоқпыз, - деп тағы қойып қалды Барақ.
Әлгі арқа-жарқа мерейлі дастарқан басын лезде қоңыр көңіл-
сіздік басты. «Туған шеше мен іні түтін түтеткен шаңырақта осын-
дай шілдехана үстінде не айтып, не қойғандарын білмеген шір-
кіндерді қайтейін. Бар білгендері сол шығар» деп іштей күйінген
Зылиқа:
- Жүрегіме қай балам болса да сыйған. Біреуі - ол, біреуі
бұл емес! Барым солардікі. Қуаныш - ортақ, жан - ортақ. Ал,
балалар, ойын-сауықтарыңды, бастай беріңдер, - деп еді. Күлкі
базары қайта қызған. Қайран, шеше, бәрін жуып-шайып, бөгде
ойдың тігісін жатқызып жіберді. Соған орай сол күнгі тамаша
қызығы да айтарлықтай болып еді. Қаншама ән шырқалды, би
биленді. Домбыра, баян, скрипка, қобыз күй төкті.
Әсіресе сәбиге ат қою рәсімі шешуі қиын жұмбақтан кем бол-
мады.
- Адамның азамат болғандағы биік мәртебесі есімінде жа-
тады. Жақсы есім - Қанат. Дұрыс ат таңдаңдар. Естігенде жа-
ныңды жадырататын, иманыңды тасытатын есімдер аз ба! Аты-
жөні халықтың жүрегіне мәңгі орнығып, құрметке бөленген ұлы
перзенттерді еске алыңдаршы. Тіпті тым ұзаққа бармай-ақ ұлы
Абайды-ақ алайықшы. Қандай қасиетті сезінесің?! Бәрі бір ба-
сына сыя берген ұлы Абай-ай, шіркін! Бұрынғылар ат қоярда
кітапқа қарапты. Біз ол билікті бүгінгі оқығаны, тоқығаны мұхит-
тай өздеріңе бердік, - деген Мұсабек пен Зылиқа бірін-бірі бас
изесіп мақұлдасты.
Осыдан кейін-ақ талас күшейе түсті. Қаншама ғұламаның,
қолбасшының, зергердің, батырдың, ақынның, ұстаздың, тарихи
қайраткердің аттары аталды. Шарт бойынша таңдалған есімді
ат қою рәсіміне қатысушылардың ең кемі үштен екісі қолдауы
керек. Ешкім басым көпшілік дауысқа ие бола алмай, ду-ду айтыс
созыла берді. Кенет Көрік достарының назарын өзіне аударып:
- Сіздер басқаша ойлай көрмеңіздер, менде сәбидің есімі
Шырақжан болса деген ұсыныс бар, - деп едәуір қысылып,
ұялып айтты.
- Шырақжан!
- Шырақ?
- Тауып кеттің, Көрік. Шырақ - жарық сәуле. Осы есім
көкейдегі көп арманды арқалап тұр екен, - деді желпіне құп-
таған Давид. Ал осы ұсынысты көптің дауысына салам. Қане,
қалыс қалған? Жоқ! Қарсы! Жоқ! Бәрекелді-і-е, жүз процент!
Азаматтың аты бүгіннен бастап Шырақжан, фамилиясы -

Апбаз Қаражігітов

Әлиев. Үй-іші дуылдата қол соғып «Көп жаса!» әнін қосыла
шырқап, думандатып жіберді.

...Осыдан бірнеше жыл Көрік пен Сәннің тұла бойы тұңғышы
Шырақжан туғанда дос-жарандары осындай құрмет көрсеткен.
Ол Зылиқа ананың отының басында өткен есте қалардай қызықты
сәт еді. Ана бір жасаған. Ертеңінде сол ананың қуанышының
ойда-жоқта сүттей ірігенін қайтерсің. Отбасындағы өзін көзінен
таса қылмай қашанда арсалаңдап қасынан табылатын, не қуа-
ныш, не қайғысына ортақ Алыпсоқ үшті-күйлі жоқ болып шық-
ты. Шырақжанның шілдеханасы күні ақиқат бар. Іңірде тысқа
шыққан мұның аяғына оралып, еркелеп қыңсылаған. Бір-екі рет
маңқ-маңқ үріп жіберген. Өзінде ит болып, бұрын байқалмаған
мінез. «Бүгін үйде ойын - шілдехана. Бар, жата ғой, тамағыңды
іш», - деп оған аяушылық білдіргені де Зылиқаның есінде. Сол
Алыпсоқтың жоғалуы ана жүрегіне уайым, сұмдық боп сезіледі.

- Зықа, ренжіме, рас, итің қасиетті ит еді. Өзінің жасын сана-
сам, алжитын кезі бопты. «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді»
дегенді естуің бар шығар. Солай болды енді, - деп Мұсабек ана
көңіліндегі кірбіңді бір серпілткен.

- Осы босағаның адал тілеуқоры еді. Ақылы, зияттығы сон-
дай, не жақсылық, не жамандықты күні бұрын сезетінін қайтер-
сің. Осы Шырақжан туардағы ырымы да бөлек боп еді, - деп
Мұсабек пен Зәуреге қараған ол, - өздеріңіз білесіздер, мен
бірде Барақтың үйіне кетіп, қайта алмай қонып қалдым-ау.
Кім-кімнің де өз төсегі өзіне пейіш дегендей, туған баламның
үйі болса да, түнімен ұйықтай алсамшы. Ертерек үйге келсем,
есігімнің алдында жүрелеп біреу отыр. Қарсысында екі көзі қып-
қызыл шоқтай жайнаған Алыпсоқ. Атылатын жолбарыстай төніп
апты. «Әй, қыбыр етпе» дегендей, тамағын жыртып ырылдап
қояды.

Мені көріп, әлгіні жұлып тастайтындай шабалана ұмтылды.
«Кет!» деп қатты ақырып калдым. Есігімнің алдында біреуді итім
жарып тастаса, масқара-ай, не болам. Алыпсоқтым ұзамай сәл
кейін шегініп, көзін анадан алмай, тісін сақылдатып, өршелене
ырылдап тұрды. Әлгі адам тәлтіректеп орнынан зорға көтерілді.
Удай мас. Қалтасында әлі ішіліп болмаған жарты шөлмегі бар.
Сақал-мұрты өскен, мен бұрын көрмеген жан. Бетіме қинала
қарап:

- Шеш-ше-ше, кеш-кеш-ірі-ңіз. Иттің қолына түсіп... қор боп...
Кете алмай өлуге айналдым. Сәл қыбыр етсем... жеп, - деп
күшпен әрең-әрең тіл қатты.

- Мұнда неге келдің? Кімді іздедің, - десем. «Қараңғыда

Қайран, шеше!

танысымның үйі деп, шарбақтан кіріп... итіңіз тапжылтпай, міне,
жағам дал-дал» Дейді, өзі дірілдеп тұр. Сөйтіп Алыпсоқ мас-
күнемді де бір түн қамауға алған. - Бәрі ду күлді. - Шіркін, ондай
ит түсе бермес енді, - деп Зылиқа қатты күрсінді.

- Ит ырыс қой. Алыпсоқ ырысын қалдырып, осы үйдегі қайғы-
қасіретті қуып кеткен, құдағи. Өзі және Шырақжан туған күнгі
шілдеханада болыпты. Жақсы ырым. Ренжіме, - д е д і Зәуре өзі
өз болып көңілден шығып сөйлеп.

- Ылайым солай болғай, - деген басқалар...
Соңғы жылдары Көріктің қолынан домбыра түспейтін болып
алған. Әдепкі жылдардағыдай емес, қолы төселіп, көкірегі тың
әуен, ырғақ іздейтін жаңа машық тапқан. Қарағай домбыраның
көмейін бүлкілдетіп, таңдайын тақылдатып жібереді. Он саусақ
ойнап, ортекедей секіреді кеп. Сонда қос ішек неше түрлі үнде
бебеулеп, соны са^ын іздейді. Жаңа, бұрын адам естімеген тың
мақаммен жанды өбектеген басқаша сыр шертеді.
Сай-сүйекке жетіп, жүрек қылын басып тәніңді ерітетінін қай-
терсің. Ондайда домбыра көмейі жанды арбаған ыстық әуенге
толып, лықсып тезірек шығуға ұмтылып, шалқып кетеді. ¥лы тас-
қын, тау шатқалын^ сыймай, жөңкіле ақтарылған сел дерсің оны.
¥лан-асыр ел көшкендей сол домбыра шанағынан ұрандаған
саз, шаттық сазы ерекше шабыт боп естілер еді сонда. Мұндай
шақта тұңғышы Шырақжан, қызы Танакөз, кіші ұлы Тілек әке
қасынан қыбыр етпей қалатын. Бөгде қимыл біржола түгесіліп,
демдерін іштерінен зорға алып, құмартып қас қақпай тыңдар еді.
Сол машық Көрікті жаңа, бұрын қолына домбыра ұстаған қазақ
сахарасындағы хас шебердің бірде-бірі тартпаған тың асқақ құ-
діретті әуенге бастап еді. Жатса-тұрса оны өбектеген асыл үн
жанына жайлау, кең өріс іздеп шарқ ұрғызған. Домбыра! Қу қа-
рағайға тіл берсе, адамша сөйлейтінін кім көрген. Бұдан бірне-
ше жыл бұрын икемсіз оқтаудай добал саусақ - қазір майшы-
ның қалағындай жылпылдап, көз ілеспес жылдамдық тапқан.
Қалаған жерін қалтқысыз басады. Көріктің көкірегі саусағына көз
бітіріпті. Және жай баспайды, аңсаулы әуенмен көкейді егілткен
ырғақ табады. Төбе құйқаңа дейін ерітеді сонда. Ақырын ғана
ырғақ, бас пернеде>н басталатын қоңыр дауыс өріле тайпалған
жорғадай сырғи сорғалап жөнелетінін қайтерсің. Домбыраның
тар шанағын жарып, сабасына сыймай лықсып ақтарыла кететін
тұс бойды шымырлатып, тәнді арбап, ерітіп тұрып алады. Кірпік
қақтырмай, дітіңді қоздырып, сабыр-тағатыңа атой сап кететіні
ғажап!
Сағаққа кеп, түпқі қос пернеге кезек алмасып, бұлбұл көмейі-

Апбаз Қаражігітов

нен шырқала шығатын саз болып, шайқала биікке тұнады. Сон-
да домбыра тұла бойы күй, қаптаған ән болып құйқылжып, туған
кең даласына бұлбұл боп қалықтап ұшып бара жатады. Көрік
осы өзі бар ынта-ықыласымен тартатын күй толқынында бір
батып, бір шығып балқиды.

Ал сорғалап төгілген әуен мамырлап ұйып, құлақта тұрып
алады. Содан ба, осы туындысының атын ол «Үштоты» атапты.
Бітім болмысы бөлек дүние. Биіктен сорғалап, жылап ағып, келе-
келе арындап кеңге құлаш ұратын қуатты сарқырама тәрізді.
Кей тұста шиыршық атып оқтай атылар уыт жолбарыс бейнеде
түйіліп, бірте-бірте тарқатылған жібек шүйкедей созылар кезі
тым ыстық, өткір. Домбыра шанағынан сонда мың дауыс, мың
жаңғырық өріледі. Анадағы Мұсабек атасы шерткен батыр ту-
ралы аңыз Үшсандуғаш боп елес береді. Шырқалған саз тал
бойын аймалап, жүрегіне әдемі лебіз боп жетеді. Жай жетпейді,
батыр ата дауысы боп, кең жазықта тау тұрғызған құдіретті
қолдарда жарқ-жұрқ ойнаған кетпендер, күрек тісі ақсиып, рақат
күлкіге көмілген жандар боп кетеді. «Әуен - адам екен-ау! - деп
тебіренеді сонда Көрік. - Адам, иә, адам! Соның үні боп бүкіл
дала әнге толып кетті емес пе? Еңбектің, адамның дауысы ол!
Қолдан тау тұрғызған адам, бүкіл ұрпағына өнеге болған адам-
ның үні. Бұлбұлын сайратқан, сұлулыктың ізі жосылып күй
болып құйылуын-ай!» - деген оның домбыраның қос ішегін қуа-
лаған саусақтары бүлкіл қағып, ең соңғы түп пернеде көкте бір
орнында байланып қалған құстай діріл қақты. Сол екі перне
жалт еткен қара көздің жанарын қымтаған салалы кірпіктей жиі
қағылады. Сым дауыс бір үзіліп, бір созылып тілге келеді.

Енді ол «Үштоты», «Үш бұлбұл», «Үш сандуғаш», - деп екі
аяғына алма-кезек секірген баладай сайрап кетті. Сағаға әкеп
буып, бар сырын тақ-тақ таңдай қақтырып сөйлеткен домбы-
рашының саусақтары біртіндеп перне қуып жоғарылай береді.
Қазіргі жамыраған саз биікке өрлеп шығып бара жатқан да-
быралы көптің әуені тәрізді еңсесі өсіп, биіктеген дауыс «аты-
рабым, атырабым!» десе, екінші тілде «асылым, асылым!»
деп дауыстағандай. Осы ырғаққа балқып берілген жігіт шабыт
тұлпарына мінген. «Көп жайтты білмей, түсінбей кеппін-ау!» -
деді ол ішінен домбырасын қасына сүйеп қойып жатып. «Барлық
игілік те, махаббат та, өмір, сенің бір өзіңде екен. Сенің сазыңның
қанатым екенін білсемші! Жетім сандуғаштың тілін түсінген,
қайран бабам-ай, сенің жүрегің неге мегзейді!

Өмірді сүй, өмір - махаббат деп кетіпсің-ау! О, дана бабам,
өсиетіңе құлмын. Өнер бар жерде ізгілік бар дегеніңді ұқтым. Сен

Қайран,шеше!
маған - ұрпағыңа туған жеріңе, ел-жұртыңа адал бол!» - деп
кетіпсің. Сенің әруағыңа арнадым осы күйді. Осы кіндік қаның
тамған жерге өшпес белгі етіп Үшсандуғаш тауып, далаңа бұл-
бұл үнін сыйласаң, мен асқақ от саз, жүрек тербеген әуенге
құрылған еңбегімді өзіңе арнадым.

- Апа, Сән! - дауысының қалай оқыс шыққанын өзі аңғарма-
ды. - Күй аты «Үштоты», «Үштоты», - деп қуанышы қойнына
сыймай орнынан көтеріле берді.

Тыңдаушыларын тәнті етіп, ынтық отын маздатқан мәңгілік
өмір, халық құдіретін, шынайы махаббатты жырлаған айтулы
«Үштоты» күйі осылай туған еді. Көрік бұдан кейін «Достық»
күйін шерткен. Оны жан аямас жолдасы, досы Давидке арнапты.
Осылайша бір күйден соң қарағай домбыра шанағынан күй
топаны төгіле беріп еді...

«Үштоты» күйі аз күнде бүкіл қалаға тарап кетті. Оны алғаш
ұйып тыңдаушылардың бірі Мұсабек баладай таңдайын қағып:

- Балам, - деп Көріктің қасына тақала отырды. -Халық мәңгі
қадірлеген әруақты бабаңның алдында жұрағаттық міндетіңді
өтепсің. Өлмес, өшпес Үшсандуғаш заңғарындай қастерлі
дүние екен мұның. Жарықтық, атамыз қолмен, маңдай терімен
сол мұраны қалдырса, сен жүректілімен оның күн шалған құза-
рын бөктеріпсің. Сары ала бұлбұлды сайратып, ту-у шығанда
тұлпарды кісінетіп, қарағай домбыра шанағында не асыл әуезді
иіріп ұстап шеберлікке жетіпсің. Паһ! Өнерім-ақ! Не айтатыны
бар, бойды балқытып, жанды жадыратып жіберді - деген. Кәрі-
нің көзі жасаурап, жүйе-жүйесі едәуір босап сөйледі. Домбыра-
шыға қайта-қайта қарай берген.

Әкенің осы сөзіне Көрік өсіп қалды. Бұл оның өз құлағымен
естіген бірінші қошеметі. Содан ба, делебесі қозған. Зәуре
қарап отыра алмады.

- Атаңның жанына жағыпты, бопты да, - деді. Кекеткені,
қоштағаны белгісіз. Кемпірінің бетіне «осы не айтып отыр»
деген кісіше адырая қараған Мұсабек:

- Тамылжыған әуенге не дауа бар. Жаныңды аялап, - дей
беріп еді.

- Түсінгішсің ғой, әйтеуір, - деп тағы нықыртып өтті.
- Тасыр деп пе ең мені, - деді шамданған қарт, - бізге ол
қасиет туа біткен, әріден дарыған, - деп тамағын жырта кенеп,
келелі әңгіме айтатындай сыңай танытты.
- Көрікжан, көңіліңе алма. Шешеңнің жақсыға да, жаманға
да жағаласып отыру сүйегіндегі әдеті. Не істерсің бұған, - деп
өзінің лажсыз екенін аңғартты.

і

Апбаз Қаражігітов

- Иә, бәрі жақсы шарапаттан шығып жатыр. Күйлеріңнің атын
«Үштоты», «Достық» атапсың. Тауып қойылған. Ізгілікті істің
екінші бір есімі - қайырымдылық. Ықылым заманда иығына қон-
ған сандуғашқа қызмет еткен батырды, баба ұрпақты келтірші
көз алдыңа. Панасыз сандуғаш жылаған сәби емес пе? Жалғыз
дән! Сол бір түйірден өскен өркенді ойлашы. Көптің қайыры-
мы тау түрғызды, ал әлсіз үн әлемді тербеткен күшке айналды.
Құйқылжып, тамылжыған дауыс жанды рақат бесігіне бөледі.
Ойлап отырсам, дүниені от әуез, биік шәрбат сазға бөктірген
сандуғаш әні осынау атам биігінен тараған тәрізді әлемге. Бәрі
жалғыз сандуғаштың ұрпағы ма деймін. Қайран бабамның
асыл еңбегі мәңгі жасап, әлемде қайырымдылық деген ұғымға
ие болыпты-ау! Содан есіме оралды. Аңыз шығар, мейлі.
Атамыз жаңа туып жатыпты. Баспана қамыс лашық жақыннан
түскен жай отынан лаулап жана жөнеледі. От тілі тірі жанды
маңайлатпай, іште қалған нәресте күйетін болады. Нартәуекел
деп отқа түскен талайдың беті қайтады. Өмір мен өлім айқасы
қыза түседі. От - ажал боп алаулайды кеп. Сонда шыр-пыры
шығып, отқа түскен ана басын қатерге тіге жүріп, баланы
оттан алып шығыпты. Әттең, не керек, есіл сәби шала күйіп
қалады. Талмаурап тынысы тарылып, демі таусылғалы жатқан
шаранаға:

- Балам, аш көзіңді, аш! Сенің өлуге хақың жоқ! Өлім,
аулақ! Аулақ, - деп қатты дауыстап, «шыбыным» деп баланы
бауырына тартқан ана: - Сен өмірге бекерге келген жоқсың,
өмірдегі борышыңды, адамдық міндетіңді атқарып кет. Келер
ұрпағыңа өнегелі іс қалдыр, - депті. Әл үстіндегі, өлгелі жатқан
нәрестеге айтылды ма, болмаса иісі адамға айтылды ма осы
құдіретті сөз! Бұл, мүмкін, ана жүрегінен шыққан өсиет шығар.
Шырқыраған ана жанының мәңгі тілегі шығар! Ана мейіріміне
шомылған сол сәби қанша күйсе де, әйтеуір, тірі қалыпты. Біздің
түп-тегімізді сол нәрестеге апарады шежіре. Ойлап отырсам, ақ
ниет, ұрпағым деген адамның еңбегі көп жасайды екен. Соның
куәсі емес пе - «Үшсандуғаш, мәңгі өлмес өмір боп жалғасқан -
ана мейірімі - ұрпақ», - деп іркілді ол. Үй ішінде тырс етіп ешкім
тіс жармады. Әркім өз ойымен болып кеткен тәрізді. Үнсіздікті
Зәуре бұзды.

- Шал, өзіңмен осыншама ғұмыр кешіп келе жатып естімеген
әңгімем болды бұл. Ойыңнан шығардың ба?- деді.

- Ойдан қайдан шығарайын. Көрікжан тартқан күй, тамыл-
жыған ән қай-қайдағыны қозғады емес пе? Құлындағы сақау,
құнандағы тісеуімді шығарды. ЬІқылым замандар, жылдар қой-

Қайран, шеше!
нында қалған сырлы сезім оянса, не айтарсың, - деді қарт.
«Қайырымдылық - жақсылықтың екінші есімі!» - дейді.

Өмір, мына мұхиттай шексіз, буырқанған өмір... Махаббат,
адамдық Көріктің санасына бүкіл әлем ән болып, созылған
тәтті саз болып, дірілдеп тына қалды. Қараңғылық пердесі тұ-
тылған маңдайын сипап ойға шомған. Елес дүние мөлдірей
түсті. Көк аспандай керіліп шайқалмай мөлт-мөлт етеді. Сәл
қозғалса бәрін тәрк етердей, қас қақпай отыр. «Жұмыр жер,
ана-жер жақсылық үшін, адамның бақыты үшін жаралған жоқ
па? Ұрпақ үшін емес пе!» деп айқай салғысы келді оның. Бірақ
әлгі мөлдіреген сезім қаймағын шайқаудан жасқана берді. Қарт
бетіне, оның қазіргі тұлғасына қанша үңілсе де, көргісі келсе де,
амал не, тағдыр көруді жазбапты. Көкірегін қарс айырған бар
өкінішін ол күрсінумен ғана білдірді.

«Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп халық бекер
айтпапты. Сән бұл үйге береке ала келді. Жұрт айтса айтқан-
дай, сөйлесе де әр сөзін қолмен қойғандай салмақты, ақылға
құратын жас әкесі Мұсабектен аумай қалыпты. Құйындай ұйыт-
қып, жүрген жерін айқай-шуға бөктіретін Зәуреге ұқсаған мыс-
қал мінез жоқ жан отбасының ұйытқысы болып алды. Әсіресе
Зылиқа апа қатты разы. Қашан, қай уақытта үлгеретінін де
білмей қалады. Отбасы тап-таза, кірі жуулы, асы пісірулі, бәрі
көңірсіп тұрады. Ательедегі жұмысын да тиянақты, абыроймен
атқарады. Ал Көрік жайы мүлдем басқаша, оның күтіміне, көңілі
қаяулы азаматтың сағы сынбай отыруына не қажеттің бәрін
жасап, алдын ала әзірлеп, келістіріп, бабын табады. Ең арғысы
түскі үзіліске демала келген қысқа уақыттың өзін осы үйдегі екі
жанның ыңғайын табуға арнайды. Қайтсе де бірі есейген, екін-
шісі мүгедек атанған ет-бауыр, сүйікті жандарын сергек ықылас-
пен күтімге ала білді. Аз жылдар ішінде-ақ үйі қатардағы белгілі
шаңырақтардың біріне айналды. Зылиқаның жиған-тергені, оған
қоса екеуінің еңбек ақысына қисапсыз береке дарыды. Қала
тұрмысына қажетті дүние-жиһаз бұл үйдің төрінен өз орнын
тапты. Әлгі кірсе шыққысыз, көрсе көз тоймайтын дейтін дүние-
мүлік лезде молынан жиналып-ақ қалды. Зылиқа әлдеқалай үл-
кен, тұрғылыстары бас қосқан жерге шақырылса қымбат бағалы
киімге малынып баратынды шығарды. Соның бәрінде:

- Шырағым-ай, жұрт көзіне түсіп қайтем, құба-төбел күйім
жетеді, - деп қанша тартыншақтаса да, келіні болмай:

- Апа, бекер олай дейсіз. Көре алмаған көзге сүйел шықсын.
Несібеңізге бәрі бар. Көрік екеуміздің табысымыз бір сізді жар-
қыратуғажетеді. Әрі ол киген-сіздің, әрі балаңыз-біздің мерейі-

Апбаз Қаражігітов
міз. Екі мерей - бір мақтан, - деп еріксіз ең жақсы, жаңа тігілген,
өзі тіккен киім-кешегін қоярда-қоймай кигізетін. Осындай келін
махаббатына бөленген Зылиқа ойға шомып, қазіргі тағдырына
тәубе келтіретін. Әйтсе де жақсы келін туралы жаяу сөз, қаңқу
әңгіме де тыныш жатпайтын.

- Капустаның қызын қарашы. Осы заманның баласы іштен
оқып туады. Өзінің шамасын білген жасқа не дауа, соқыр
демеді. «Сүйдім, күйдім» деп өліп-өшіп тиіп алып еді. Алдына
шығатын кімі бар. Жалғыз кемпірді уқан-суқан ғып, айтқанына
көндіріп, айдауына жүргізіп отыр, әне! - десе, біреуі:

- Қой, енді көзіне қара көзілдірігін тағып, мойылдай қара кос-
тюмін сәндеп кигізіп, Көріктің қолтығына жабысып бара жатқан-
да көрсең. Перінің қызы дерсің. Өзі толыса бастапты. Көңіл
шіркін шарықтаса жан семіреді деген сол.

- Әй, сонда бейбақ соқырға тидім деп семіре ме екен. Пішту!
Мүндай сөздер Көрік пен Сәннің құлағына жеткен емес,
әрине.
- «Ақылды келін ауылын билейді. Ауылын билесе, аймақты
билейді» деген сөзде жан бар. Сол бармақтай жан қарт әке-
шешесін де көзінен таса қылмай, бағып-қағып отыр. Екі үйдегі
үш кәріні соноу Үшсандуғаш тауындай көкке көтеріп, әруағын
асырған ондай жасқа алғыстан бөтен не айта аларсың, - деді
тағы бір сөзуар ағынан жарылып.
- Оны қойыңызшы, туған әке, шеше, ене не десе де ақылдан
шықпақ емес. Жөн іске кім қарсы шығар. Сол келіннің өлеңді
жердің өгізіндей қайнағасы Барақ пен абысынын иліктіруін айт.
Бетім-ау, аналар туған шешені керек қылмай кеткен, өзі бол-
ғандар емес пе? Сән жеңді. Ақылмен жеңді. Қазіргі сол иіс-сал-
мастар інісінің үйіне жиі келе бастады. «Абысын тату болса,
ас көп» дегендей, күйген күлшедей абысынын аузына қаратып
алған. Бүл ма, бұл есті кісі болады. Салиқалы бәйбіше, жөндем
ана болады, - деп асыра мақтаушылар да аз емес.
- Зылиқа, құдай берген жансың. Келінің қандай тәртіпті,
өнегелі адам болды. Көрігіңнің жанын жай тапқызған сол
шығар. «От жалын жаста қасірет шекті-ау, енді күні не болар
екен?» дегендердің аузы ашылып қалды емес пе? Қосағымен
қоса ағарсын балаң, - деп ішіне қайғы қатқан ананы семіртіп-ақ
тастайды кейбір жанашыр. Көңіл шіркін, жас тері емес пе, сол
сәл сөзге Зылиқа едәуір көтеріліп, өсіп қалатын. «Мұнысына
тәуба, Зұмырат құсағандар не демейді. Жағың қарысқыр-
ай, «сенен туған бала не оңады» деп қарғады-ау. Аузы қалай
ғана сондай сөзге барды екен. Жазықсыз жанға жәбір беруге

Қайран, ШЕШЕ!
жүрегі қалай төзеді сондайлардың», - деп ойлай қалушы еді
ол. Мұның бақытына отбасы базарлы болды. Бірінен соң бірі
үш сәби дүниеге келді. «Төсекпен берем, төсекпен бермесем,
есеппен берем» дегендей, үйелмелі-сүйелмелі Шырақжан,
Танакөз, Тілегі туды. Олардың әжесі десе өліп-өшіп жатқаны.
Ол да сөзсіз Сәннің тәрбиесі. Жүрегі езіліп, қанша жақсы көріп
отырса да, біреуін менен туып едің деп бауырына оқыс тартты
ма екен. Жоқ! Әлдеқалай бірі таяна қалса:

- Әрі жүр. Әжеңе бар. Сендер со кісіден туғансыңдар, - деп
күле отырып, маңайына жолатпайтынын қайтерсің. Расында
Сән бір шаңырақтың аты аңызға айналған көркі де, бақыты да
еді. Осы жанның, күндей күлген жайдары жанның елгезектігі
шығар, өмірден көрер қызығын көре алмай арманда кеткен
Әлидің үйі соңғы кезде шаттық мекеніне, бақыт ордасына
айналған. Екінші жағынан - ол Көріктің күйшілік өнерімен
байланысты көрінген «Үштоты», «Достық», «Аңсау» күйлері.
Көптің дауысы бар Көрік отбасында Сәнмен қосылып шырқап,
жақында «Сүйінші» әні арқылы ән сүйген қауымға тағы бір тың
қырынан танылған. Мұндай сәтке, досының өнер есігін айқара
емін-еркін ашқан соны табысына қуанған Давид бастаған
жастар оны завод көркемөнерпаздары коллективі құрамында
қала мәдениет сарайында концерт қоюға апарды. Бар атақ та,
даңқ та Көрікке сол жерде келді.

Қарағай домбырадан шертілген күй көптің жүрегіне жол тап-
ты. Дүрілдете соғылған ду қол шапалақтау, әсіресе жастар жағы-
ның «бис! бис!» деген айқайымен қарсы алынды. Осы сахна-
да тұңғыш рет «Сүйінші» әнін Сәнмен қосылып шырқап берді.
Адамға келер бақыт кейде дауылдатып, кейде жауындатып
келеді демекші, «от басы - ошақ қасында» жылдар, айлар
түнек құшағында күн өткізген жастың атағы осы өнер кешінен
кейін республика жұртшылығына тарап кетіп еді. Әуесқой
композитор атанды. Туындылары радио, телевизордан жиі
беріле бастады.

-Жұпарын шашқан гүл де құнарлы топыраққа өседі. Көріктің
тегінде бар. Топтан озған домбырашы атасынан тамыр тартқан
өнер бұл, - десе біреулер, екіншісі:

- Е, сіз де айтқыш екенсіз. Көрмей жүрген бала ма еді. Оған
Мұсабектің қызы бақ боп қонған жоқ па? Оқтау жона алмайтын
саусаққа өнер құйған сол ардақты жанның керемет қасиеті.

Сән тірі болса, көресіз, бұл соқырды ұшпаққа шығарады.
Парижде ән салған Әміредей, әлем театрларында «Достық»
күйін шерткізеді. Әне, жақсы әйел - жанға ырыс деген сол!

Апбаз Қаражігітов
- Ту-у, сіз де бір бұйырмаған әңгіме айтады екенсіз. Көрік -

біртуар дарын. Қойнындағы әйелі өнер үйретеді, содан қасиет
дариды дегенге итім сене ме! Рас, сол келіншекті алып, көңілі
тасыған азаматтың ұйқыдағы қабілеті оянды де! Таласым жоқ,
бірақ әлгі пікіріңіз қате.

Осындай көп талас, сан-саққа өрекпіген сөз олардың төңіре-
гінде борандап ұйытқып жататын. Не десе де, қортындыда
әйтеуір жастардың адамгершілігі мадақталушы еді. Домбыра
шанағына тіл бітірген дарын жайында ауыздарынан суы құрып
әңгімелейтін. Қалай десе де бір қаланың мақтанына айналған
Әлидің шаңырағы биіктеп, оның ұрпағының есімі көпке кеңінен
таныла бастады. Сырт көзге қазір бұл мұңсыз, тек бақыт құшқан
боп көрінер еді. Әйтсе де ана жүрегіне қадалған шөңге оқтын-
оқтын сыздатып кететін. Қолмен жұлып тастар дерт пе? Қарт
ана лажсыз тағдырға бас июші еді...

***
Тілдей қағаздағы тасқа басылған жазуға Зылиқа мың қара-
ған шығар. Киелі тұмардай, жан қалтасына, жібек орамалының
шетіне түйіп алыпты. Сәл оңашалана берсе, сол түйіншекті
шешіп, оқи қоятындай-ақ үңіледі кеп. «Әйтеуір, рас болсыншы.
Тіліграм Мәскеуден дейді. Бекер болмас...» дей береді.
Өмірден талай опық жеп, запы болған кәрі жүрегі алып-ұшып
тынышын алған. «Сабыр..., сабыр, сап көңілім» деп өзіне басу
айта береді. Содан ба, екі шекесі солқылдап шағып кетті. Күн
батқалы, ел жатқалы не заман көз шырымын ала алмады,
күйбеңдеп оны-мұны ермек еткен боп жүр. Сағатқа да әлсін-әлі
қарап қояды.
Асыққанда уақыт шіркін өте қоя ма, сағыздай созылып тұрып
алды. «Таң тезірек атса екен. Самолеті ұшпай қалмаса...» деп
ана ойы сан-саққа жүгіреді.
- Балаларды қарсы алуға біз де барамыз, - деп Мұсабек пен
Зәуре де келген. Шырақжан, Танакөз, Тілегі тағы бар. Есін біліп
қалған бала емес пе, әсіресе Шырақжаны:
- Әже, әжетай, - деп Зылиқаның бауырына кіріп, әлі де дауы-
сын қатты шығара алмай сыбырлап, - соқырдың баласы деген
аттан құтылатын болдық-ау, әйтеуір, - деді. Неше жылғы мазақ
болғанын, жанының қор болғанын бүгін ашық білдірді. Қайран
сәби, іштен тынып, намыс отына күйіп жүріпті-ау! Зылиқа үнде-
меді, басын изеген де қойған. Көрігін көзімен көргенше көңілі
күпті, жығыла сеніп тұрған жоқ. Қалай сене қойсын. «Жиырма

Қайран, шеше!
жыл оп-оңай ма?! Тас түнек қалай серпіле қалады?!» - дей
береді өзіне-өзі.

Зылиқа самолеттен шұбыра түскен көптің ішінен бала-
сын алыстан-ақ көрді. Сән екеуі қатар иықтасып, Давид бірер
қадам алда келеді. Өздері олжамен қайтқан тәрізді. Қол жүктері
едәуір қомақты. Көрік адымдап, аяғын еркін басады. Екі езуі екі
құлағында. Кетерінде ұстап кеткен имек бас таяғы қазір қолын-
да жоқ. Бірдеңе деп сөйлеп, Сәнге мойнын бұра созады. Зылиқа
өз көзіне өзі сенбегендей, жасаураған жанарын сүрткіштей
береді. «Ақиқат өзі, жазылған екен, жарығым. Өз еркі өзіне тиіп,
алшаңдай басып..» Ана жүрегі шымырлап кетті.

- Әне, келді! Әне, көкем, - дейді алып ұшқан немерелері.
- Көзімнің қарашығы, қуатым-ау, өз бетімен жүріп келеді.
Тілек қабыл болды деген осы, - деп аңырады енесі Зәуре.
Мұсабек қария сыр бермей, сақалын салалап сипана берді.
Дәл қасына кеп, бетпе-бет тұрып көргенше сыңайы жақ ашпақ
емес. Басқадан бұрын:
- Көк-е-е, - деп шыдамы таусылған Шырақжан дауыстап ұм-
тылды. Әкесінің мойнынан құшақтап жабысып қапты. Өліп-өшіп
сүйіп жатыр. Танакөз бен Тілек бір жағынан әке бауырына кіре
түскен. Шіркін, қуаныш үстіндегі сәби жаны-ай! Бір күліп, бір жы-
лап «папалап» аймалайды кеп. Үш баласы үш жағынан ортаға
алған Көріктің қара торы жүзі алаулап қоя берді. Аймалап,
кезек-кезек беттерінен сүйген оның:
- Балақандарым-ау, өздерің қандай тамаша едіңдер, - деген
дауысы аэропорт ішіне жаңғырыға естілді. Ұзақ жылдар жанар-
сыз қалған жанның бұл өзінің балаларын өз көзімен бірінші рет
көруі еді. Іші-бауыры езіліп, жүрегі тулаған Көріктің көзі шоқтай
жанып, мейірім шапағы лаулай қалған. Өз бөбектерінен көзін
ала алар емес. Ішіп-жеп қарай береді. Қараған сайын жанына
өмірдің жарық сәулесі тамылжи түсетін тәрізді.
- Садағаң кетейін, Дәуі-ті-ім, жарылқаушым екенсің. Күндей
нұрын төккен жанарыңнан айналдым сенің! Жаным құрбаның
болсын. Ғылым құдіретін, тәңір игілігін сен болмасаң қайдан
көрер едік. Жиырма жылғы түн-түнекті серпіп тастаған ілім құ-
діретіңе бас идім, жаным! Егізімнің сыңары, өмірімнің жанары,
бәріне себёпшіл, келші бері, - деп маңдайынан, екі бетінен
кезек сүйген Зылиқа құшағын жазбай тебіренді. - Тіршілігіме
жан берген, өмір боп күлген от жүрегің көп жасасын. Бақытты
бол. Сен болмасаң, бұл дүниеден құса жүрекпен булығып аңы-
рап өтер ем. Енді арман жоқ! - деді салиқалы үнге ауысып. -
Сендей ұл туған анадан айналдым, халықтан айналдым.

Апбаз Қаражігітов

- Саған айтылар алғысты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ай-
тарым - көрсеткен өнегең ұрпақтарға тарасын. Кәрі жүрегімді
адамгершілікке толтырдың, жастық әкелдің. Ерте заманда мұн-
дай азаматтар татулығын, жақындық қарым-қатынасын достық
деп атар еді. Ал сен ол сөздің мағынасын әлдеқайда кеңітіп жі-
бердің. Ол сөз енді бауыр болды. Бауырлас достықтарың мәң-
гілік, азаматтық жандарың өмірде жамандық көрмесін, - деп
Мұсабек қарт желпіне сөйледі. Қайта-қайта Давидтің қолын
қыса берді.

- Қалқашым-ау, достық деген кеудедегі жүрек пе еді, жан
ба еді. Бұған дейін мен бейбақ не біліп келгем, - деген Зәуре
Давидті құшағынан босатар емес. Бода-бодасы шығып жылап
тұр. Мінезі шәлкес, тумысынан қыңыр жаратылған жанның
еміренген сөзі талайға таңдай қақтырды. Көзін сүрте жүріп,
Давидке қарай береді.

- Апа, Мұсеке, Зәуре шеше, рахмет, лебіздеріңізге. Баянды
қуаныш болсын өздеріңізге. Көріктің қуанышы біздің де қуаны-
шымыз. Оған барлық достар ортақ. Бізде қарымта тілейтін
сатулы қызмет деген болмайды. Жаны бір адам жанымен
жалғасып өмір кешеді. Мүддесі бірдің, тілегі бірдің - жүрегі бір
деген сөз ол. Сіздер көп алғыс рахметті ғылымға айтыңыздар.
Ғалымдарға бағыштаңыздар, - деді Давид. - Менің де төбем сол
күні көкке жеткен. Әне, қараңыздаршы, қап-қара көзі көмірдей,
жанары мөлдіреген Көрік бар шаттықты алып орталарыңызға
оралды. Іздегеніміз, арманымыз орындалды. Одан артық
олжаның керегі не?! Және осынау аз жылғы қиын күндер оның
мойнында өшпес дарын отын жақты.

Замандас үшін одан қымбат қасиет бар ма? - Үлкендердің
аузы ашылып, Давидке қарап қапты. «Өз бойына түк жолат-
пайды. Мұндай сыпайы біртоғаны кім көрген. Мәрт азамат екен-
ау!» - деп түйді Мұсабек. Балаларынан босаған Көрік Мұсабек-
тен бастап қарттарға қос қолын ұсынып сәлем берді. Мұндайда
ана жаны шыдаған ба, Зылиқа:

- Көзіңнен айналдым. Әлидің жанары тіріліпті, - деп салды.-
Енді арманым жоқ. Бүгінгі бақыт тасытқан күнге өтелмес қарыз-
дар жанның бірімін мен. Соның ішінде ең қомақтысы Дәуіт-
тің үлесі, Дәуітімнің еңбегі. Дүниені мөлдіреткен аспан түстес
көзіңнен айналдым, Дәуітім! Бойыңдағы ізгілік өшпесін. Сендей
ұлы бар ел қашанда бақытты! Бұл - ана батасы, ана бағасы. Егіз
ұлым, достықтарың мәңгілік болсын! - деді. Осындай қуаныш-
ты күні өз бойын бекітіп қанша ұстамдылық көрсетейін десе де
аналық мейірім ыстық жас боп, көз жасы боп төгіле берді.

Қайран, шеше!

Әлиевтер әулеті бұл күнде бау-бақшалы қалада өмір кешіп
жатыр. Барақ пен Көрік ақар-шақар балалы-шағалы берекелі,
белгілі шаңырақтар. Дос-жарандары, қаншама! Бәрі - ана шір-
кіннің тәрбиесі шығар.

Қарттар деген қазына емес пе!? Зылиқа, Зәуре, Мұсабектер
егде тартса да, әлі қунақ. Немерелерінің қызығын аңсап, келер
күннің шуағын асыға күтетін сияқты. Әсіресе Зылиқа ширап алған.
«Әр нәрсенің қайыры болғанға не жетсін! Өмірге өкінбеймін. Не
көрмедік. Қуанышын да, қасіретін де шектім. Бір күнгідей болған
жоқ. Бәрінен қымбат адамдық ізгілік екен. Біреудің біреуге мейір-
бандығынан, достығынан асыл қазына болмайтынын ұрпағыма
аманат етермін-ау!» - дейді.

Қайран, шеше-ай, жөнің бөлек-ау...

- Шырағым, Зәкір, сені қолқалап осы сапарға ертіп жүруім-
нің бір ғана сыры бар еді. Оқығаның, тоқығаның бар, зерделі,
қазитке мақала жазып жүрген азаматсың. Ел мен жер тарихын,
ерек туған азамат өмірін зерттеп жүрген жастың бірісің. Осы өті-
нішімді орында. - Қарт үні бірден өзіне елең еткізді. - Өзіңе ғана
айтатын бір шежіре сырым бар. - Жаңағы, - деп, жан-жағына
бойлай қараған ол, шоқша сақалын тарамдап аз ойланды, -
жер болып кеткен бейітте менің бауырларым жатыр. Олар осы
төңіректегі елге аты әйгілі қаралы оқиғада қаза болған шейіттер.
Сол ел ардақтыларына бір ескерткіш орнату ежелгі арманым
еді. Бірақ оның ретін келтіре алмай-ақ қойдым. Бұл ізгі мақсат -
ата-бабасын қадірлеген бүгінгі сезімтал да мәдениетті ұрпақтың
еншісі. Мен орната алмаған, арманым болған сол ескерткішті
сен орнат, шырағым. Ол өзі желге тозбайтын, күн қызуы жемей-
тін, қар мен жаңбыр суы алмайтын, әрі зәулімдігімен көз тарта-
тын болсын. Бірақ соны қандай мәрмәр тастан соғар екенсің,
оған керекті құрылыс материалын, қарағым, өзің тап, ал мен
өзімде барды саған табыс етейін, - деді.

Мен үнсіз басымды изедім. Ол ойлы қалпын бұзбастан, ұзақ
сөйлеп кетті.

- Уақыт, тұлпарсың-ау, шіркін!
Нұрбай қарт «осы сен тыңдап отырмысың» дегендей, маған
бұрыла қарады да, сөзін қайта жалғастырды.
- Осы Қаражар бауырына алғаш қыстау салған жыл. Жа-
рықтық Сарыарқаның ақпаны мен қаңтары қай кезде шаруаға
қолайлы болған. Нөсерлетіп, жаңбырлатқан күз арты төпей
жауған қалың қарға ұласты. Атырап аз күннің ішінде ақсүмекке
көпсіді де қалды. Бірақ сол үлпілдеген ақ мақта дала кенеттен
алай-түлей, астан-кестені шығып, тулап бір кетті-ау... Сарнаған
жел алапат күшпен ойда орғып, қырда қарғып қойын-қонышыңа

Шақпақ
қар толтырып, аһылап-уһілеп безек қақты. Оқпанына түскеннің
бәрін түтіп, тырнағымен осқылап өрекпи жөнелді. Беймәлім
алыста, жер түкпірінде, арыстан ақырып, аш бөрі ұлығандай. Он
жетіге жаңа ғана шыққан жасымда мұндай сұрапылды бірінші
көруім. Зікір салып, қобызын сарнатқан көзге көрінбейтін бақсы
ма дерсің.

Әлі есімде, желтоқсанның бас кезі. Үлкен үй - Жақсымбеттікі
соғым сойған күн. Бір күн тұқымның өсіп-өнген, енші алған, ба-
тагөй, дарқан ұясы, ата төсегінің қасиетті орны - бұл. Ол үйдің
шаруасы да басқаға қарағанда мол етектілеу, сорпасының беті
майлы, қазаны қаспақты. Сонысына баға ма, ол үйге қонақ та
көп келгіш.

Бүгін шағын ауылдың бала-шағасы сонда соғым сойысып,
ет бұзысып, ішек-қарын аршысып, қолғабысын тигізіп, абыр-
сабыр болып жатыр. Қазіргідей өмір қайда ол кезде. Даланың
тағысындай қыр қазағының рақат күні кемде-кем заман. «Жар-
лының бір тойғаны - шала байығаны» деп, алғаш соғым
сойылған үлкен үйге жиналғанбыз. Қазан астында жыңғылдың
томары сытыр-сытыр қыза жанады. Мұндайда әлекедей жа-
ланып кететін әйелдер отты көсей түсіп, маздатып жіберген. Жас
еттің көбігін алып, бір жағынан қазан бетінен май қалқып, мәре-
сәре. Далада - боран, үйде - жаз. Төрде өзім өмірімде бірінші
көрген кәресін шам қалт-құлт шалқып жанып тұр.

Арқаларына сыз өте ме, әкем де, Жақаң да иықтарына сеңсең
тондарын жамылып, шаруа жайын әңгімелеп отырған. Осы кезде
үсті-басы ақ қырау болып, бейтаныс біреу үйге ене берді. Еркін
басып, дауыстап сәлем бере кірді. Үні зор, жүріс-тұрысы ширақ,
қою сақал-мұртты, қоңқақ мұрынды, ала көздеу кісі. Түйе жүн
шекпенін, түбіт бөкебайын шешіп, тері шалбар, шағын тонымен
сидаң-сидаң басып, төрден орын алды. Бәріміздің көзіміз бей-
таныс кісіде.

- Сақа, жол болсын, - деген үлкендерге:
- Әлей болсын, ел арасы, - деп қысқа жауап қатты да, ары
қарай даусын көтере сөйлей жөнелді. - «Адамның басы - Алла-
ның добы» деп бұрынғылар дұрыс айтыпты. Қырық бес жыл-
дық өмірімде жел қуған қаңбақтай шығанға шығып, адасқаным
да осы шығар. Бүкіл дүние көз алдымда әлі дөңгелеп тұр. Қара
басты мені. Қара басты! Қара басқаны емей не, өмірі болмаған,
басымнан кешпеген жағдай - бұл. Көзімді таңып тастап,
орнымда шыр айналдырып, қараңғы түнде қоя берсе де, бір
көрген затты жазбай табатын мына мен есімнен адастым ба,
білмеймін. Маған бірдеңе көрінетін шығар, шамасы. Құдайдың

Апбаз Қаражігітов

желі де бағдар бермей, біресе оңнан, біресе солдан шығып,
мың құбылды. Айнала - ақ шымЫлдық. Топан судай тасыған
екпінді үскірік үйіре соғып, теңіздегі жалғыз қайықтай айдап
кетті. Жаңа ғана мағұрыптан мәшүріпке келгендей, Кеңгірдің
қалың тоғайына енгенімді бір-ақ білдім. Бұл сұрапыл, сірә,
бүгін-ертең басыла қоймас. Расында да, Жақсымбет аға, мына
мен осы сіздікінде отырмын ба? Әлде... - Үй ішін тінте қараған
ол бәрімізді ду күлдірді.

Жақаң мына сөзге таң-тамаша қалғандай басын изеп, Са
ғымнан көз алмай ұзақ қарап отырып қалды. Тіл қатқан жоқ.

Үйдің ішіне сәл болса да тыныштық орнаған осы сәтте жаға-
лай қолға су құйылып, дастарқан жайылып, ортаға буы бұрқы-
рап етке толы астау келе берді. «Соғым сойған күні қазаныңды
толтыра ас, түбінде шеміршек, астауыңда ет қалсын, соғымың
берекелі болады» дейтін қазақ емес пе, жас түйенің семіз еті, жү-
рекке шық ете қалатын көкпеңбек өркеш майы астауда былқып
жатыр. Әсіресе ми шұжық! Турамыштаған жұмсақ етке аралас-
қан ми. Жеңді білектей ішекке салынып пісіріліпті. Тәбеті қозып,
сілекейін жұтқан бір қауым адам табаққа жұтына қарап қалған
еді. Жақаңның:

- Дәм алыңыздар, - деуі мұң екен, отырғандар астауға аш-
қарақтана қол салды. Олар әңгімеден тартылып, үнсіз тамақ-
танды.

Ет желініп, отырғандар дастарқаннан шегінесе бастаған. Осы
мезетте Сағым бір шаруамен асығыс жүргенін айтып, үй иесінен
рұқсат сұрады.

- Сақа-ау, өзің адасып жүрмін дейсің. Сөйте тұра мына ақ
түтекте тағы қайда бармақсың? - деді Жақаң салқын раймен. -
Боран басылған соң, күн ашықта жүрсең де болады ғой.

- Құдайдан... - деді Сағым бата жасап, орнынан қозғала
беріп. - Бойым жылынды, ішке ел қонды, оң-солымды айырып
алғандаймын, енді адаса қоймаспын...

Сағым үйден шығып кетісімен-ақ отырғандар:
- Әлгіні сор түртті ме, мына күннің түрі жаман, жазым бол-
маса игі еді, - десті.
Айтқандары айнымай келді, Сағым адасып, үсіп өлді. Сіресіп
қатып қалған денесі ауыл іргесінен табылды.
- Бұл Тәңірге не айтайын! Жала боп жабыспаса не қылсын, -
деді Жақсымбет өлікті көргенде. Даусы күйзеліп, мұқалып шықты.
Аз ғана ру жанғабыл-сапаққа жасын ойнатқан қара бұлт сол
жылы осылай кеп төнген еді. Бұл өңірді мекендеген бір тайпа
елге дау-дамайымен әйгілі болған қаралы оқиға талай жылға

Шақпақ

созылып, үзілмей келе жатқан айтыс-тартысты қайта қоздатты.
Әмірі жүріп, айтқаны болып тұрған Адырбай болыс, көктен тіле-
гені жерден табылғандай, азулы жыртқыш етіп өсірген қолбала
ұрысы Сағымның құнын жоқтаушы болып шыға келді. Жақсым-
бет күні кеше ғана мұның үстінен оязға арыз берген-ді. Қара
халықтың сөзін сөйлеп, ел ішінде беделді болып жүрген. «Енді
содан кек алатын сәт келді-ау», - деп қуанды Адырбай. Көп
кешікпей орта тоқсанның қызыл шұнақ аязды күндерінің бірінде
боздағымды ата-бабамның қорымына қойғызамын деп, оның
сүйегін жерлеген жерінен қаздырып алдырды да, Жақсым-
бетке сөз салды. «Өз билігін өзі айтсын, қара қылды қақ жа-
ратын әділ би де, ақылды да өзі. Айыпты да өзі. Арысымды
өз қолымен өлтірді, кінәні» өз мойнымен көтеріп, құнын да өзі
кессін. Болмаса, тұрар жерін айтсын. Аянарым жоқ!» болды
Адырбайдың сөзі.

Ақыры орта шілдеде жердің шөбі пісіп, малдың да қаны тол-
ған шақта, Талмас әулие бейітінің түбіне үй тігіліп, осы дау ортаға
түсті. Беделдімін, сөзім өтеді, ақ пен қараны танимын дейтін,
осы төңіректегі елге қадірі бар ру басы, би атаулы түгел келді.
Талай-талай дәу қарын, бұғағы іскен шоң билер пысылдап,
ырсылдап отыр. Шілденің де кемеліне келген шағы емес пе,
төбеден төнген күннің қызуы күйдіріп барады. Көбі мына дауға
берер ақылы, келелі кеңесі болмаса да, сығыраңдап жыртыс
аңдыған кемпірдей, әншейін, пәленше не билік, не бітім айтар
екен, соны естиін деген ниетпен сөз тыңдауға келгендер. Көбінің
не кәсібі, ауыратын ауыруы жоқ. Осындайда біреуге ши жүгіртіп,
сөзден - сөз, даудан дау туғызатын, ұшқыннан өрт шығаратын
ел пысықтары бұлар. Қасқыр қойды қырмаса, сауысқанға тамақ
қайда? Нақты шешім-кесім айтылатын сәтке дейін өзара бірі
олай, бірі былай деп, әр саққа сөз жүгіртіп, өздерінше тон пішіп
жатыр. Жүйрікатты, қақсойылды, алты өрім қамшысы, мылтығы
сай, «аһ... аһалап» айқайлаған топтың бүгінгі ортаға алары да,
аңдығаны да бір-ақ адам. Ол - Жақсымбет.

Сарысу өзенінің қалың жыңғылды, бидайығы ұйысқан сазды
табанына тігілген ақ үйдің өзі ысып кетті де, билер сыртқа
шұбыра шықты. Бірінің өңінде қаяу жоқ, өздерінше мәз, күлкі-
әзілі жараса қалған. Олар енді өзеннің жарқабағына, жел өтіне
шығып, жібек көрпедей жұмсақ көгалға отырысып жатыр.

Осы сәтте қабақтары түксиіп, қанын ішіне тартқан билер
дұшпанын таптап тастардай айбар көрсетті. Қамшыларын қол-
дарына қыса ұстап, әрқайсысы өз тізесінің астына баса отыр-
ды. Бәрінің көзі Жақсымбетте. Жақаң да кең кеудесін кере тас-

Апбаз Қаражігітов
тап, үстіңгі ернін жымқыра түсіп, маңайымда кім бар дегендей,
төңірегін бір шолып қойды.

- Е, Жақсымбет мырза, бүгін мына көпшілік ойда жоқта дау
тауып, ұйқыда жатқанда жау шауып, соның бітіміне алдыңа келіп
отыр. Болған оқиға құдайға аян, саған аян. О заманда, бұ заман
қазақ сүйегін жоқтаусыз қалдырған емес, ол - ата-баба жолы,
төрелігін өзің айт! - деп, белгілі қоңыр дауысымен сыңғырлай
жөнелді Ақтай би. Жан-жақтан «Жақаң не айтар екен» дегендей,
талай жуан мойындар созылып, құлақтар қалқайды.

- Дұрыс айтасыз, Ақа, - деп, осы төңірекке төбе би атанған
Ақтайға ілтипатпен қарады ол. - Ойда жоқта дау тауып, ұйқыда
жатқанда жау шауып, шерменде болған елің - біз. Жазым болса
быламыққа тіс сынады дегеніңіз - осы, - дей беріп еді:

- Әй, мынаның быламығы не? Айыбын мойындаудың орнына
сөзді түлкі бұлтаққа салғысы келіп отыр ғой... - деп күңкілдеген
дауыс та естіліп қалды.

- Олай деме, Жақа, жөніңе көш. Сөздің тыйылымы қайсы,
соны айт! - деп, Ақтай бір ырғалып қойды.

- Не жөн бар онда, жөні бұған дейін айтылған. Адырбай бо-
лыстың алдында отқа қақталған терідей талай сілкілендім емес
пе!? Болыс - ұлық! ¥лық алдында арылмай, ақтығымды айтпай,
енді не істеуім керек?

- Кісі өлтіріп тұрып мынау қайтеді-ей! - Біреудің даусы қатты
шығып кетті.

- Әне, естіп отырмысың, Жақа, сол ұлығың, болысың не
айтты? - деді Ақтай қатқыл үнмен.

- Адам адалдығын, адамдығын айтады. Мен өзімнің кінәсіз-
дігімді баяндадым. Әлі де сөзім - сөз, ойымнан шығаратын
ештеңем жоқ. Ал Адырбайдың табатыны болса, айта берер... -
деп, төңірегіне бұрыла қарады.

- Олай емес, Жақсымбет мырза, арысы аттан құлап жатқан
Адырбайға жармаспа. Сағымды қалай өлтірдің? Мына халайық-
тың сенен білмегі - сол! - деп, Ақтай оған одырая қарады.

- Е, бәсе, өстіп қыл сағаққа жармассаңшы. Жанды жері - сол.
- Шіркін, Ақаң, - деген қошемет үндер дуылдап кетті.
- Тоқта, бөрінің күшігендей шуламай!!! - деп, орнынан атып
тұрды Жақаң. - Мен Сағымның қазасына жазалы бола алмай-
мын. Менің куәм - адалдық арым.
- Пәлі, сөзіңе болайын... - Біреудің кекесін даусы тағы естілді.
- Мейлі, сеніндер, сенбеңдер, Сағым адасып өлді. Айтқан
тілді алмады. ¥лып тұрған боранда асығыс шаруа бар еді деп,
ет жеді де, шығып кетті...

Шақпақ
- Қалай-қалай қиыннан қиыстырады... Өзі адасып келген
адам, қайтып боранға беттеуші ме еді?
- Е, жан бермек оңай деймісің, - деген сөздер де естіліп
қалды. Күннің тамылжыған ыстығы қыздырып, күйдіріп барады.
- Жақсымбет адалмын десе, жан берсін. Қолына құран ұс-
тасын! - деп дауыстады сырттан біреу
- Уай, кісі өлтірген адамда жан бар, құдай бар дегенге итім
сене ме, тоқта былай даурықпай, түге!
- Ақа, неге кідіріп қалдыңыз? Дінсіз адамға құдайдың да, құ-
ранның да қасиет-қадірі болмайды. Одан да төрелігін айта бері-
ңіз, - деп, оның желке тұсынан Адырбай болыс маңқылдай үн
қатты.
- Адырбай, сен орынсыз адаспа! Құдай, құран дегеннің ата-
сы - адалдық, ар. Халық сеніміне онымен енбейсің. Басқа біл-
месе де, жазымның не екенін сен білсең керек. Сағымның ажа-
лы ешкімнің болжауынсыз, ойламаған жерде, жазымнан болды.
Ендеше, адалдыққа сен, жазықсыз жанды жәбірлеме! Әрі әкет
алабүлігіңді! -Жақаң айқайлап жіберді. Ақтай түсі ағарып, қолын
көтерді. Онысы «Тоқта, тыйыл» дегені еді. Орнынан белі ұйы-
ғандай шұбалаңдап, зорға тұрды. Сәл ойланғандай, жан-жағын
барлап қарап алды да, өз шешімін айтып кетті...
Ол «аузы қисық болса да бай баласы сөйлейтін» заман еді
ғой. Ақыры сонымен тынды. Сөздің тоқ етері көнсең де көнесің,
көнбесең де көнесің деген қара күшке тірелді. «Сағым өлген
жерде Құлжанның әулеті өзің ғана оңаша болдың. Ойыңа кел-
геніңці істедің, өзің мерт еттің. Бір елдің еркесі, жігіттің серкесі
еді Сағым. Оның құны - жүз қара», - деп, - бас би Ақтай кесімін
айтқан. Оның бұл билігін ел билеген әкімдер мен «дуалы ауыз»
билер түгел қостап, біреуі бармағын, біреуі мөрін басып, қолма-
қол бекіткен.
- Бұл әділ билік емес. «Көп қорқытады, терең батырады», бұ-
ның аты - қиянат! - деген Жақсымбетке:
- Жоқ, өлтірген сен! Сен! - деп, ел билері бір ауыздан шу ете
түсті. Билік сот үкіміндей сол жерде күшіне енді. Орындау мерзімі
де қысқа - үш күн. - Егер бұл билік осы мерзім ішінде орындал-
маса, күш қолданамыз. Ерден ердің артық-кемі жоқ, басқа - бас,
жанға - жан. Жақсымбеттің немесе Құлажан тұқымынан ондай
бір боздақтың мойнына қыл арқан түседі.
Мұнша малды қалай төлейді, қайдан алады? Басар жер,
шығар тау қайда? Бар малды дегеніне екі-үш қана қара-құра
біткен жанғабыл-сапақ ауылы қиянат отына күйіп, қайғы жұтып
күңіреніп кетті. Не істемек? Әділдік айтатын, оқиғаның шын-

Апбаз Қаражігітов

дығына сенетін кім? Осындай тұйыққа тірелген шақта, күші мен
ірілігіне сенген Адырбай тағы кісі жіберіп:

- Жақсымбет малым жоқ деп қысылмасын, ел жақсылары
айтқан бәтуә-билік бұзылмасын, қыздың құны - қырық жеті. До-
ланның баласы Салықбайға немере інісі Әжібектің бой жетіп
отырған қызын берсін. Мың жылдық құда болсын. Арадағы
көңіл мен жүректе қатқан кек қанмен емес, жанмен жуылсын, -
депті. - Долан - Адырбайдың ағасы, ал Салықбай болса оның
тілі жоқ, мылқау жалғыз ұлы еді. Әділдік пен адалдық қара
халықтың көзіне көрінбейтін терең зынданда жатқан дәуірде ел
әкімдері кімнің сөзін тыңдаған, кімнің зарын естіген. Мұнда да
солай болды. Көп кешікпей ежелден жоқ-жітік атанған аз ғана
рудың тай-танасы Адырбайдың алдына түсті. Жетпеген малдың
бодауына, менің туған апам Ақнұр Доланның мылқау баласына
зорлықпен ұзатылып кетті. Қара жон болып өртенген даланы
құйындай қопарған бұл қиянат бір дүйім елді улатып-шулатып
кетті. Барлы-жоқты малынан айрылып, өңеші жыртылғанша
аңыраған аш бала мен ана зары ел әкімдерінің құлағына жет-
педі. Қорлық пен зорлықтың бодауы болған Ақнұрдың сондағы
сыңсыған үні, өксіген даусы әлі де құлағымнан кетпейді. Бөрінің
арқасындағы лақтай болып, есіл әпкем бел асып кете барды.

Рақаты аз, қасіреті мол күндер жөңкіген бұлттай жылжып өтіп
жатты. Денеге шыққан шиқандай сай-сүйекті сырқыратқан осы
дау-дамайдың оты өше бастады ма, бір күні әкем ойда жоқта
Ақнұр апамдікіне барып қайтуға әзірленді. Тұңғыш баласы
болған соң ба, әйтеуір Ақнұр десе, әке-шешем ішкен асын жерге
қоятын. Жанын үзіп, жүрегімен беріліп, құрмет тұтатын еді. Апам
аулына әкеммен бірге мен және Ақтан - үшеуміз жүріп кеттік.

Сол жылы қыс та қатал болатын. Қар ерте жауып, жол бе-
кіп, ел арасындағы қатынас үзілген. Біреудің біреу амандығын
ұзынқұлаққа талып жеткен сәлем арқылы ғана білетін. Әсіресе
құдасы Доланға мына кезде сәлем беріп көрісіп, Ақнұрдың
маңдайынан иіскеп қайту әкеме қажыға барғаннан кем көрінбей
келеді. Бауырын кім сағынбайды, апамды көруге өрекпіген көңіл
менде де бар.

Қаражардың түбінен сонау Сарыкеңгірге дейін бірнеше қо-
нып, Долан аулына тяп келеміз. Аспан ақ шаңдақ, айнала
аппақ. Көзге ілінер ноқат көрінбейді. Жалғыз аяқтаптаурын жол.
Анда-санда ақсақ ойылған қасаң қарлы жолда жаздай міністе
болған көбеңнің аяңы да тым ауыр. Мына митің-митің өнімсіз
жүріс әбден жалықтырып жіберді. Мен жан-жағыма елеңдеп
қарап келемін. Өзеннің оң бетіндегі ауыл бірден өзіне назар

Шақпақ
аудартты. Кешқұрым шаруа жабдығында, тіршілік қамындағы
адамдар көрінеді. Солай қарай самарқаулау иегін көтерген әкем:

- Мына көрінген Адырбай болыстыкі. Аулында деп еді,
көріп тұрса, бұрылып сәлем бермеді дейтін болды-ау, - деді
атын тебіне түсіп. «Онда не шаруамыз бар, Ақнұрдікіне тезірек
жетейікші» деген ой билеген мен:

- Апам ауылы таяу ма? - дедім.
- Мұншама қашық болар ма? - дейді Ақтан, өзінің шаршаға-
нын білдіре мені қостап.
- Міне, келіп те қалдық, ендігі қыстау солардікі, - деді әкем.
Күн батып, түн туырлығы түнере көтеріліп келеді. Төңірек қа-
раңғылана бастаған. Осындай қысталаң шақта біздің бүгін ке-
летінімізді қайдан естіп біле қойғанын қайдам, әйтеуір, қыстау-
дың қарасы көрінер-көрінбестен басына желегін жамылып, Ақнұр
апам қарсы алды. Бұл - ертеден бар дәстүр. ¥затылған қыз туған
аулынан келген туыс-туған, жақындарын алдынан шығып қарсы
алатын әдет барын білетінмін. Бірақ Ақнұр әпкем басынан желегін
алмады, бетін ашқан жоқ. Неге екенін қайдам, төменшіктеп, дау-
сын шығарып сөйлеспей, алдымызға түсіп жол бастады. Айнала
қап-қараңғы. Сөйтсе де маған Ақнұрдың бойы өсіп, денесі ірілен-
ген сияқты көрінді. Әкем де әлденеден сезіктенгендей, қайта-
қайта жөткірініп, Ақтан жаққа жалтақтай берді. Бір кезде:
- Ақнұр қалқам, шешең сәлем айтты... - деп еді, ол боздап
қоя берді. Даусы қарлыққан ба, бір түрлі жат сияқты естілді.
Бірақ: «Қайтсін-ай, әкемді, шешемді, мына біздерді сағына-
сағына, жүдеп-жадап, даусы да қарлығып, еңсесі түсіп кетіпті-
ау...» деген аяныш сезім менің көңілімді босатып, еңкілдеп тұ-
рып жылап жібердім. Менің бұл қылығым әкемді де толқытып
жіберді-ау деймін. «Қарағым-ай, даусың қарлығып, еңсең түсіп,
адам танымастай боп өзгеріп кетіпсің, денің сау ма, ауру емессің
бе, бет-аузыңда жарақат жоқ па?» - деді дауысы дірілдеп.
Әкем екеуміз атымызды жетелеп, Ақнұрдың соңынан қатар-
ласа ілестік. Кенет Ақтан айқайлап жіберді. Даусы сондай ыз-
ғарлы, ызалы шықты.
- Әжеке-ау, қайда барасыз? Жүрісі Ақнұрға ұқсамайды мына-
ның!
Ақтан оқтай атылып барып әлгінің басынан желегін жұлып
алды.
Анау да сойыл тиген қасқырдай қайқаң етіп, қарсы қарап тұра
қалды. Мен сақал-мұрты сапсиып, бет-аузы тыржиып кеткен жат
біреуді көріп, шалқамнан түсе жаздадым. Әкем қап-қара боп
түтігіп кетті.

I

Апбаз Қаражігітов

- Долан алдымнан қызымды емес, масқарампазын шығарған
екен ғой! Соғұрлым не жаздым оған, - деп ысылдады ол, - әлде
бұл ағасы Адырбайдың айтағы ма? Апыр-ай, сүйекке таңба
болды-ау!

Әкем атына қарғып мінді де, әлгі масқарампазды тобылғы
қамшымен дәл жауырынынан тартып-тартып жіберді. Біздің де
тұла бойымызды дүлей ашу биледі. Атымызға қарғып міндік.
Ақтан екеуміз де әлгіні қамшымызбен бір-екі рет тартып өттік.
Әлгі неме ине жұтқан иттей ирелеңдеп, қаша жөнелді. Біз аттың
басын кері бұрдық.

Ашуға булыққан әкем атына қамшы үстіне қамшы салып,
суыт келеді. Мына қоңыр түнде Кеңгір өзенінің қарау қалың тал,
қамыс, жиде өскен қабағын басып, түнере көшкен бұлттай жа-
бығып алған. Желе жортып барады. Түн қылаусыз мажыра күйі-
нен ызғырық желге айналған. Дүр сілкінген қыран қанатынан
сіркірей төгілгендей жылт-жылт еткен даланың ақ қиыршық қары
сәл желдің өзіне суырыла көшіп жатыр. Манағы кермиық, ақ
кірпік сұлу табиғат енді үрпе-түрпе кейіпке көшкен. Содан ба, кім
білсін, құлазыған көңіліміз мынау қарлы даладай астан-кестен,
аласапыран.

- Не боп қапты соншама, тоқтамайтын! - деген дауысқа жалт
қарасам, қасында бір-екі адамы бар Адырбайдың алыпкел-
шауыпкелі, қанды құрық, Ақсойыл атанған Бодықбектің өзі екен.
Анада Ақнұрды алып кетерде күйеу жолдас болып келген. Мен
оны содан танимын. Қалыңның арасындағы кешпе сұр қарды
ат бауырына сыздырып, біздің жолымызды төтелей кесіп келеді
екен.

Әкем манағы қалпы, сол жүрісі жүріс, ештеңеге алаңдар,
көңіл бөлер түрі жоқ. Мыналардың дабырласып жол тосып келе
жатқанын елер емес.

Ақсойыл қатты екпінмен атын шоқырақтатыңқырап келіп
әкемнің алдына көлденең тұра қалды.

- О, Әжеке, тоқтаңыз. «Ашу - дұшпан, ақыл - дос» деген бар.
Бір ағаттық балалар тарапынан болса болған да шығар, неге
сонша морт сынып кеттің! «Бас жарылса - бөрік ішінде, қол сын-
са - жең ішінде» дегенді ұмытпайық, - деп омыраулай сөйледі.

- Уай, Ақсойыл. Бұл шешендік сынар жер емес. Ар сынар
жер. Жаным арымның садағасы деген жер!

- Е, не бопты соншама? Бары - әлгі Көкжалдың Ақнұр келін
боп көріскені ме? Күлсін дегені болар, - деп құж ете түсті Ақсойыл.

- Масқаралап күлмес болар жақын адам, - деп, әкем де ыты-
рына қалды.

Шақпақ
- Оған кектенетін ештеме жоқ. Тастаңыз қияс ашуды!
- Сеңцерше ештеңе болған жоқ шығар. Маған жетті. - Ақсойыл
да тақымдап қояр емес:
- Әй, қу тұяқ кедей, жілігіңе май жүгірейін деген екен.
- Әруақ аттаған оңбайды дегенді ол атаң мен бұл атаңнан
естігенің жоқ па еді? Әруақты екі аттама, жүр. Қайт былай!
Қадірлегенді, қасиеттегенді біл. Адекеңнің құрметті қонағы бол.
Әдейі өзі жіберді, - деді біраз жайды аңғартып.
- Осы сол Адырбайдың мазағы емес пе! Оны мен білмеймін
бе?! Екінші - кедейлігіме жетпе! Малым - арымның садағасы!
Адырбайдың жуындысына оңалма! Сенің ар жақ, бер жағың
маған белгілі. - Әкем қамшысын бүктеп, білеп тұрып: - Адыр-
байыңа айта бар, құрбысынан озғанмен, құдайдан озбайды. Аты
үнемі бәйгеден келе бермес. Адамға парасат майданынан екі
өтпек жоқ. Бір емес, екі емес, қайта-қайта қорлайтындай. Есіне
Сағымның оқиғасы түсті ме? Мұның артын да көрерміз, - деп,
даусы түнгі ауада жаңғырыға шыққан ол атын тебіне берді.
- Әй, Әжібек, иттің басы сырлы аяқтан шоршып түседі деген
ғой мынауың. Ендеше, өл де қал. Адырбай құдаңның сәлемі
мынау: - Қайтсын, қайтпаса, ат құйрығын кестім. Өзіне-өзі өкпе-
лесін. Белдеспесін менімен. Көресісін көрген, қайталатпасын оны
деді, - деп, бар зәрін шашқан улы сөздерін ақтара айтты да, атын
бауырлап-бауырлап жіберіп, кейін қарай шаба жөнелді Ақсойыл.
Шипың торы бүлкектеп желіп келеді. Жолдағы ауылдардың
біріне соқпай, түнімен, келесі күні ұзақ күн жүріп, қонаға Сарысу-
дағы Жақсымбеттің ауылына жеткенбіз. Бұл екі ортада бір рет
ат белін суытып аз-кем кідіргені болмаса, жүрістен бір танған
әкем жоқ. Анда-санда оқыс тіл қатады, іле қайтадан тынып,
жарылатын шиқандай, екі беті талаурап сыздай түседі. Әкемнің
қазіргі халі мен сағынып барған құдамыздың көрсеткен мынау
өрескел мінезі жас жанымды қандауырмен шабақтағандай, тым
жабырқатып жіберді. Өзім шеше алмайтын сансыз сұрақтар
әбден мезі етті. Әсіресе Ақсойылдың: «Ей, қу таяқ кедей, жілігіңе
май жүгірейін деген екен!» - деп әкеме тап-тап бергені көз
алдыма елестеген сайын жүрегім өрекпіп, зығырданым қайнап,
қатты күйініп кетем. Сонда мынау үскірік аязда аппақ дүние
күңгірт тартқандай тұмандана қалады.
«Жілігіңе май жүгірейін деген екен!» Доланның Адырбайдан
жасырған боп, жең ұшынан қол жалғасып берген екі-үш байтал,
бес-он ұсақ-түйегі ғой. «Әй, кедейлік-ай» деп кіжінемін.
Тұңғыш рет байлық, кедейлік туралы ойға шомдым. «Япыр-
ау, олар қалай байыды. Ең болмаса шөп басын сындырып, ең-

Апбаз Қаражігітов

кейіп жерден бұта көтермейді. Сонда да шалқыған байлық,
несібе-ырыс солардың босағасынан арқан бойы ұзамайды. Ел
басқаратын да, билік, төрелік айтатын да - солар. Жоғарыдан
келсе ұлық, шенді-шекпенділер де соларды табады.

Біз, иә, мына біз, өңшең кедей соның малын бағып, шөбін
шауып, күлін шығарып, суын тасушылар қанша еңбек етсек те,
ешкіміз егіз тумайды. Егін ексек: шегіртке жеп, ыстық жел соғып,
қара күйе басып кетеді.

Мұның себебін тағы таба алмаймын. Әсіресе мені тандан-
дыратыны - байлардың дәулетінің бір ортаймайтыны.

Япыр-ау, содан ба екен, бай мен кедейліктің қыс пен жаз, ащы
мен тұщы сияқты өзара біріне-бірі кереғар, екі дүние секілдене-
тіні.

Расында, әкем немесе мына Ақтан, иә мен Долан сияқтылар-
дың осы сорақы сойқандарын көріп тұрып, ит қорлығына көне
береміз бе?! Олардың майда тіліне сене қоямыз ба?! Ой, сұр-
қиялық-ай! «Әй, пақыр болып жаралған кедейлердің баласы-ай,
арқа етің арша, борбай етің борша болып, азулылардың ашса -
алақанында, жұмса - жұдырығында, күлсе езуінде кеткенің-ау»
деймін қамығып. Әрине, менде ол күндері бұдан басқа ойдың
болуы да мүмкін емес еді.

***

Сол жылы көктем кеш келді. Өлер алдында санаулы өмірін
ұзақ күзеттірген науқастай, қыс шіркін де созыла-созыла шаруа-
ның көз майын тауысты. Жіңішке баяғыда үзілген, ал жуанның
өзі қылдай созылып, қалт-қулт ете бастаған. Әсіресе көктемнің
жалаңаш теріге қадалған тікендей қара суығы ақпанның ақ
көбік шашқан аязынан қатты тиіп барады. Адам арыған, мал -
көтерем.

Жомарт табигат күрт құбыла қалды. Міне, бүгін екінші күн

оңтүстік-батыстан соққан ыстық лепке кәрі қыстың қабат-қабат
зауыты сөгіле бастады. Сүрі қардың көбесі көпсіді. Күні кешеге
дейін мұз құрсаған дала ағыл-тегіл, буы бұрқырап, лезде буса-
нЫП қоя берді.

Күн де күле шығып, тіршілікке қызықтап күлімдей қарап, алтын
алауын, бар жылуы мен жалынын мейірлене төгіп тұрды.

Қар күрт еріді. Қос өзен - Кеңгір мен Сарысу арнасынан асып,
Қаражар алқабына көсіле жайылған.

Әкем ауыл адамдарын төңірегіне жинап, дән сеуіп, жер жыр-
ту жұмыс жайлы кеңесіп отырды. Біреулер соқаны, біреулер қа-
мыт, мойынтұрық, ең арғысы ағаш самиян, шілия дей ме, оны-

Шақпақ

мұнысын жөндеп, әйтеуір, мына аз ғана ауылдың сыртындағы
тастақ төбенің күнгей бетінен түспейді. Қап-қара боп ыс басқан
қатпар-қатпар қос көрікті әкем өзі тынбай басады да, Ақтан қып-
қызыл шоқтың арасынан сом темірді қысқашына тістетіп алып,
төске жаншып, «ы..., ы..., ы!..» деп, маңдайынан тері бұршақтап,
ұрып жатады. Мұнысы - болашақ соқаның тісі.

Мен болсам ауылдағы он-он бестей ұсақ тұяқты былай шыға-
рып салып, қыстан қалжырап, сіңірін созып шыққан тайынша-
тананың батпақтап қалмауын бақылаймын.

Осыдан бір жыл бұрынғы айтулы дау-дамаймен бірге Сағым
өлімінен кейін жанғабыл-сапақ елі бір жерге бас қосқан. Өзен
өз аңғарына түсіп, су басқан табанның көк сағал шөбі қалың-
дап қалған кез. Шалғын арасынан сыңғырлай сырғып, мөлдірей
аңғып жатыр.

Аулымызда не бары жиырмадан астам мініс көлік бар. Олар-
ды да кешегі қатал қыстан Кеңгір өзенінің қалың талы мен қамы-
сы сақтап қалған-ды. «Орманды жер - қорғанды жер» деп халық
бекер айтқан ба!

Сол аз жылқы Бестөбе, Балқаншанышқан аталатын жон, теп-
сеңде, қалың бетегелі, боз, изенді жазықта жатқан.

Астымда Ақтанның торы қасқасы. Ауылда малды терістікке
өрістетіп, енді ғана егін жаққа бұрылғам. Аңырап тұрып қалдым.
Сойылын көтеріп, қиқулаған бес аттылы біздің ауылдың жылқы-
сын қуып барады.

Егіншілер де соқадағы бір-бір шолағын ағыта сап, жайдақ
мініп, солай ағылды.

Жылқыны қуа жөнелгендер сондарынан шапқан ауылдың
жайдақ қуғыншыларын жан дейтін емес, қастарынан таяқ сілтем
жерден айқайды салып, баса-көктеп, ауыл сыртындағы өткелге
қиқулап бет алды. Олар бесеу - қуғыншы он шақты.

Осы кезде жылқыны төрт кісі қуа жөнелді де, біреуі ғана бөлі-
ніп, сойылын көлденең ұстай, келсең- кел деп, қуғыншылардың
жолын тосып тұрып қалды.

Біздің адамдар таяна бергенде, әлгі ақырып:
- Е, ел сұрқын алған азғындар! Қапта-қапта! - деп, аш бөрідей
қарсы ұмтылды. Екпінді, семіз атты, ер-тұрманы сайлы әккі ұры
ә дегеннен бес-алты адамды жайдақ аттарынан ұшырып түсір-
ді. Астындағы атын басқа-көзге ұрып, жете алмай, зығырданы
қайнап күйіп-пісіп, түйе жүн шекпенінің етегі делеңдеп әкем де
келе жатыр. Көлігі жайдақ, қолындағы тұтамдай ғана ағаш.
- Ә, Әжібек, кездестің бе? Қанымды қарайтып кетіп едің! -
деп, күжілдей айқайлаған әлгі ұры қояндай орғыған шабдар

АПБАЗ Қаражігітов

атпен ағыза келіп, әкемді маңдайың осы-ау деп салып кетті.
Шақ еткен дыбыс шықты. Көзімді жұмып қалып, қайта аштым.
Әкем әлі ат үстінде. Ал ананың ақ табан сойылы ортасынан
омырылып, сынып кетіпті. Шамасы, әкем қолындағы келтегімен
қаққан болуы керек. Ортасынан қақ бөлінген сойылдың жартысы
қолында шолтаңдап жұр. Екпінімен ағып өтіп, ат басын жарқ
етіп қайта бұрғанда таныдым. Белгілі Ақсойыл - Адырбайдың
ұрысы. Дүлейленіп алған.

Шабдар атқа қамшыны үстін-үстіне ұрып, әкеме қайта төнді.
Қолындағы сойылының қалдығын лактырып тастап, құйғытқан
бойы бетпе-бет келіп, әулетті шеңгелімен әкемнің жағасынан
ала түсті. Есесін жіберсін бе, әкем де оны буындыра сығымдап,
екеуі бір денедей тұтасып, тіресе қалды. Аттар да тік жарға кез
келгендей кілт тоқтап, қарғыды. Танаулары делдие ентігіп тұр.

- О... а... аһы-һ... қан жауғыр! - деп, даусы барылдай соққан
Ақсойыл атын тебіне берді осы кез. Әкем атынан сырылып
бара жатты. Ер-тоқымы жоқ еді. Біздің адамдар жапа-тармағай
өкшелете шауып келе жатса да, бірде-біреуі олармен әлі жанаса
алған жоқ. «О, атаңа нәлет!» деген ызбарлы айқайдан басқа
әзірге айқас жоқ.

Ақсойыл да қарулы атпалдың бірі екен. Сол беті топ жарып
дөнен серкені жеке тақыммен алып шыққан шабандоздардай
әкемді жағасынан ұстаған бойы «һап!» деп бір лықытып, биік
қасты құранды ердің алқымына көтеріп, атын текіректеткен күйі
үзай берді.

Әкем Ақсойылдың жағасынан айрылар емес, сом денесін оның
ырқына бермей, аттың кеудесін қағып, солбалақтап барады.

Ту сыртымнан Ақтанның айқайлаған даусы жетті құлағыма.
- Түс аттан! - Өз атына бір-ақ секіріп мінген Ақтан торы қас-
қаның бауырын жазды.
Жылқыны қуғандар Кеңгір өзенінің ну қалыңына еніп, өткелге
жақындап қалды. Ақсойыл да өзенге таяу. Осы кезде бұлдырық-
тай зырлап келе жатқан шабдар ат оқ тигендей ұшып кетті де,
әкем мен Ақсойыл жерге қатар құлады. Белдесіп, топ алдына
сайысқа түскен палуандардай емес, бұл екеуі бірін-бірі опат
қып, жоқ етер жыртқыштыққа басқан. Бірақ тең куш бірін-бірі
бүктеп кете алмай, кезек лақтырысып, талқыға түскен шикі
қайыстай мың бұралады. Шабдар ат жығылған орнынан атып
тұрып, оқыранып, денесі дір-дір етіп, алдыңғы бір аяғын көтеріп
тұр. Жалғыз қазық ұрған алдыңғы оң аяқ жіліншіктен омырылып
кетіпті.
Осы кезде бұлардың қасына Ақтан да жеткен. Әй-шайға

Шақпақ
қарамайтын, тумысынан ожар жаратылған ол қолындағы құ-
лаштай тал шоқпарды сілтеп қалды. Әкеммен жағаласып жүрген
Ақсойыл төбесінен жай түскендей, осы соққыдан басы шыр
айналып құлап түсті.

- Әй, бекер ұрдың-ау! - деген әкемнің сөзін естіді ме, естімеді
ме, Ақтан жылқы соңынан шаба жөнелді.

Қарақұстың оң жағын ала тиген шоқпар орнынан қан бұрқ ете
қалды. ¥зын, алпамсадай, иықты, кең жауырынды Ақсойыл қа-
нын ішіне тартып қимылсыз жатыр. Өрттен қалған бір түп көде-
дей шошайған сақалы желге желкілдеп, мұрнының астына қарай
үдере өскен жұлық мұрты жыбыр-жыбыр етеді.

Атты-жаяулы ауыл адамдарының алды-арты жиылып қалған.
Жығылғанына бие сауымдай уақыт өткен шамада Ақсойыл «уһ!»
деп, өзінің тірілігінен белгі берді. Көпшілік емес пе, мұның мына
жатысына біреулер аяушылықпен, біреулер қаһар тіге қарап
қалған.

- Жортуылшының басы жолда қалады деген осы да! - деп,
жиналғандар дабыр-дұбыр сөйлеп тұр. Әкем бәрін үнсіз тыңдап
отыр. Бір жапырақ құрым киізді күйдіріп, Ақсойылдың қара құсы-
на басты.

- Ит қансырамасыншы, - деп қояды салқын ғана. Күн кешейіп
барады. Ақсойыл есін енді-енді жиды. Шарасы үлкен ала көзін
кең ашып кірпігін қаққанда керемет сұстанып кеткендей көрінді
маған.

Ол қолға түсіп, аузы құрсауланған қасқырдай төңірегіне ызалы
қарады. Әкем бұл қасқой ұрыға қаһарын төккісі келмейтін сияқты.
Адамшылық арын оятқысы келетін сыңай таныта сөйледі.

- Ақсойыл, мен сен сияқты қанымды қарайтып едің деп, кек-
тенбеймін де, мына халіңді табаламаймын да, адамдығыңды
ардақтап, ал иттігіңе іспен жауап беруге дайын жан екенімді көр-
сеткім келеді. Мен сен өңгеріп кете қоятын, Адырбай болыстың
алдына алдырып, пышақ кезейтін бұлақ басында жалғыз қалған
жетім тоқты емеспін. Жүр былай, ауылға қарай! - деп қоңыр
үнмен дауыстамай.

Ақсойыл сыздап, әкемнен көз алмай көп отырды. Ақыры,
орнынан тұрып, бір жерім қирап қалмады ма дегендей бойын
жазды. Аяңдап шабдар аттың қасына барды. Кекілін тарап, көзін
сүртіп, кеудесін алақанымен қақты.

- Қанатым едің, жануар мерт болдың! - деді де, басқадай ләм
деместен менің артыма мінгесіп ауылға келді.

Әкем және ауылдың басқа адамдары түн ортасы ауғанша
Ақсойылдан оны-мұны сұрап сөз тартып отырды. Ол да «мейлі,

Апбаз Қаражігітов

осылар Адырбайдың сырын біле қойғанда қолдарынан не келе-
ді. Қайта жүректерінің отын баса отырайын әрі өзіме де сенім
артсын» деген оймен бар білгенін бүкпей сөйлеген.

- Ой, Әжібек, сен не білесің! Адырбай сені құдам деп, теңім
деп отырған жоқ. О жолы ауылыма соқпады, сәлем бермеді,
қазақ жолдағы бейітке де құран оқушы еді. Қу кедей жетісейін
деген екен. Содан соң артынан кісі шаптырып, ашуынан қайтсын
дегеніме де көнбеді. Енді тігерге тұяқ қалдырмай, тапа тал түсте
шауып әкел деп жұмсаған да сол құдаң.

Бұдан кейін жер тістетіп, егінін отап, шаңырағын ортасына тү-
сіремін деп отыр. Болыстың бет алысы - осы! - деген Ақсойыл.

Ауыл адамдарының бірдеңе дегісі келгенін әкем жасқап сөй-
летпеді. Өзі де жай бас изеп қана үнсіз қалған.

Ертеңіне Ақсойылдың көрші үйдің жалғыз атын мініп қашып
кеткенін бір-ақ білдік.

- Әй, Ақсойыл, қаныпезер, екі жүзді болмасаң, сен үры да
болмас едің ғой, - деп кіжінді күйінген әкем сонда.

Сөйтіп, біздің ауылда жер жыртып жүрген аз ғана ат пен
Ақтанның торы қасқасынан басқа жылқы тұяғы қалмады. Бәрі
осылайша қолды болды.

***

Бірер күннен соң әкем мына көктемгі қарбалас диқаншылық-
тың еңбек қамытын ауылдың басқа адамдарының мойнына ілді
де, өзі Жақсымбеттікіне кеткен. Онда бір қонып, суыт оралды.
Жақаңның не айтқанын, өзінің не дегенін ешкімге де жария
еткен жоқ. Бар болғаны - бір жері ауырған кісідей, қабағын
түйеді де жүреді.

Адырбай біреуден: «Әжібек өзіне-өзі өкпелесін! Қызын бер-
генде менің сақау інімді сыйлап берген жоқ. Сағымның құнын
өтеуге, малының бодауына берген. Қызды жау да алады. Мен
жаумын, тұрар жерін айтсын!» - депті.

Бұл хабарды естіген күні әкем дөңбекшіп түнімен ұйқы көрмей
шықты. Ертеңіне ерте тұра сала:

- Ей, Нұрбай, тұр былай, салсүйектенбей! - деп, мені ақырып
оятқаны әлі есімде. Көзі кісі алатын бурадай қанталап кетіпті.
Белін мықтап буған, оқыс шешімге келген адамныңтүрі. Қабағын
қарс жауып алған.

- Бар, өрістегі түйелерді айдап кел! - деп бұйырды. Көктем-
нің жапырақ, шайырына тойынып, бошалағы шығып, өркешін
қаз тұрғызып, тікейте бастаған аулымыздың бес-алты мойнағы

Шақпақ

қырда жатқан. Түс болмай-ақ айдап келдім. Өзіміздікі деген
жалғыз өркеш бір тума. Биік, зор денелі, нағыз ойсылқараның
өзі. Түйенің бір көрікті сұлуы сондай-ақ болар. Әкем оны ұста-
тып қалды. Кешіне үйдегі азын-аулақ ұсақ тұяқтан таңдап,
етті деген бойдақтың бірін сойып, ауыл адамдарын шақырды.
Бір тосын әңгіме айтардағы әдетіне басып, бетінің ұшын жы-
бырлатып отырып:

- Иә, жамағат, әлсізді әлді басынған, әлсіздер қатты ашынған
уақыт келді білем. Дөң аспас, құл сабар атандың қазір. Анадан
ұл болып туып, қор боп өтеміз бе?- Көпті барлай қарап, қабағын
түйген күйі аз кідіріп, басқаның жауабын күтпестен:

- Адырбай адыраңдап кетті. Біздің аз ғана бес-он қыл құй-
рығымызға уысы толмаған ол енді арымызды, адамдығымызды
паршалап, «тұрар жерін айтсын» деп хабар айтыпты. Бұл біздің
одан көрген бірінші корлық-қиындығымыз емес, бірақ... - деп,
тағы түнере түсті.

- Айтпайсыз ба, тұрар жерді...
- Айтыңыз!
- Неге тартынасыз!?
- Бір күн туып, бір күн өліппіз бе...
Ақтан босаға жақта отыр. Түйе жүн шекпенді жалаңаш арқа-
сына жамыла салған. Жүн басқан апай төсін айқара ашып тастап,
айналасына сұстана қарап, ызалы, ширыққан сыңай танытады.
- Өзекті жанға - бір өлім, жасқаншақтық - қорқақтық емес
екенін болыс қауымы білсін. Бұға берсең- найзасын сұға бергісі
келеді, не бар аянатын, - деп, орнынан ырғалып қозғалақтап
қойды Ақтан.
- Болыс оңай жау емес. Онымен алыспа, алыссаң - аянба.
Не жаға жыртылады, не бас кетеді. Ал жағаластың екен, бітім
тілеме! - деп, әкем шегелей сөйледі.
- «Албастыны да алысқан алады» демей ме атам қазақ. Зор
болса Адырбай албастыдай-ақ шығар. Ажалдан қашсақ, Қорқыт-
тай қобыз өңгеріп, ел кезіп кетейік. - Зор даусын соза сөйледі
тағы Ақтан. Тамақтан соң:
- Мейманасы тасқанның көңілі басылсын, қорлық-зорлық
көрген елдің көзі ашылсын. Әділет үшін алысқан пақырлардың
күші тасысын!.. - деп бата жасады.
- Амин!
- Иә, құдай! - деген үндер тебірене шықты. Осылай көппен
бірге жалбарынған әкемнің де күс-күс кең алақаны бетін жапты.
- Иә, - деді, - басын көтеріп жан-жағын шолған әкем. -
Бұған дейін құдайдың бергенін алып келдік, ендігі жерде есені

Апбаз Қаражігітов

қолмен аламыз. Күшпен аламыз. Ортаға түспей дау болмайды,
жағаласпай жау болмайды. Аттан, ағайын, аттан! - деп даусы
жарқыншақтанып булығып шықты.

«Жаяу құрыққа жабы ұстатпас» деп, мен отырмын ішімнен.
Сонда да болса, әкемнің мына шешімі құлағыма жылы тиді. Оны
Жақсымбетпен соңғы жолы кеңесіп, ақылдасып шешкен ісінің
түйіні осы екенін енді түсіндім. Жақсымбет - әкемнің немере
ағасы. Бүкіл тұқымымыз, тіпті тұтас бір тайпа ел ол кісіні Жақаң
дейді, қошеметтеп құрмет тұтады. Ақылына табынады. Оның
да өзіндік себебі болса керек.

* **

Міне, осы бір уақиғадан кейін әкем мен Ақтан кішкене ұста
дүкенінен шықпайтын болды. Тақ-тұқ, шақ-шұқұрылған балғаның
даусы естіледі де жатады. Менің бар жұмысым - қара нарды
ашайлап мініп, аз ғана қойды жаю, одан қалса тайынша-танаға
көз салу. Әкем қара нардың қолтығын терлетіп күнде суытады.
Түнеме шөгеретін жерге су сепкізіп тастайды. Жақсы қоңданып
семірген бір тума атан нар, алты-жеті рет таң асып алғаннан
кейін ішін тартып, аяқтары ұзарып, бір түрлі әдеміленіп шыға
келді. Әсіресе таңғы салқында ерекше құлпырып, құйрығын ша-
пақтап, қарсы алдынан қараған кісіге құйрықсыз самұрықтай
боп көрінетін. Мейіздей боп қатты. Алты айлық жолды алты
аттайтындай алсұрады да тұрады. Түйе баласының күйітіне
келгенін кім көрген. Жануар тісін қайрап, көзі қып-қызыл боп
жан-жағына көз салып, телмеңдеп қарайды. Жүнделген терісі
май жаққан былғарыдай жып-жылтыр, қап-қара. Осы борбайы
иір-иір жануарды әкемнің мұншама шиыршық атқызып, өзімен-
өзі алыстырып қойғаны маған жұмбақ.

* **
Нұрбай қарт әңгімені майын тамызып суреттеп, бейнелеп ай-
татын шешен қарт қой. Менің ұйып тыңдап отырғаныма риза
болды ма, сәл күлімсіреп былай деді:
- Кедей халық кектенсе, қандай қаһарлымын деген бай-ма-
напты ықтырады екен, жеңеді екен. Сол жылы Жақаң біздің
ауылға келіп, жігіттерді көтеріп, Адырбайдың жылқысын шауып
алды. Енді соны тыңда.
- Айтыңыз.
- Алға қарай еміне шұлғып, тізгінді сүзіп, қаракер жорға дөң-
еленіп келеді, - деп, әңгімесін желдірте жалғастырды ол. -Жер
анабын тартып, көз көрім жерді әш-пұш дегенше артта қал-

Шақпақ
дырған аттың мына сылаң жүрісі қандай тез болса, үстіндегі
денелі кісінің ойы да сондай жылдам. «Жуас түйе жүндеуге
жақсы дей ме бұл? Болмаса ат төбеліндей аз ғана ауылдың бас
көтерерін шидің ұзынындай жұлып, қысқасын өртеп жіберемін
дей ме екен! Мынасы - не істесем де менің еркімде, көнсең- көн,
көнбесең - кел, шамаң болса алыс деген-ау, ә!» «Әділет ауылы
тасада, мойын созып көре қояр жерде емес» деп кім айтып еді
осы». Ол өзімен-өзі сөйлесіп келеді. - «Ей, е! Сол рас болды.
Көреген кісінің сөзі бір жыл болмай-ақ дәлелденді емес пе?»

Былтыр өзі қатты ауырып, Тіней Оразайдың Ахметінің ауы-
лына барып жатқанын естіген-ді. Бұл мұның қауіпті кеселден
енді ес жиып, құлантаза жазылуға бет бұрған күндері еді. Ақаң
қос атпен шаптырып, сонау Байқоңырдан алдырған ұзын бойлы,
сида, ат жақты, көк көз кісінің аузынан шығып еді бұл сөз. Иә,
сол Ақаң екеуі қызу сөйлесіп кеткен бір шақта, сапырылған сары
қымызды сыздықтатып жұтып отырған әлгі кісі:

- Ақа, әділет туралы, бүгінгі заман туралы не айтар едіңіз? - деп
иегін көтеріп, тұнық көк көзін киіз үйдің есігінен далаға қадап
отырып қалған-ды. Сода Ахмет:

-Ғаділет туралы бір сөзбен айта алмаймын. Сонда да біздің
сахарада қазір билік құрып тұрған заң бар деу қиын. Мілләт
хақы, ынсап, адам ұжданы жайындағы мәселенің һәммасы заң-
законмен қорғалу керек-ті, солай емес пе, Еван Мәселеевич?
Мен діни адаммын. Сондықтан мына қарапайым халықтың
мені «ишан» дейтінін сіз де жақсы білесіз. Адам санасына қат-
ты ықпал етуші күштердің бірі - діни нанымдар екенін де сіз
жақсы білесіз. Сол ретте қазақтар үшін ислам дінінің қаншалық
қызмет атқаратыны һәм сізге белгілі. Русларда христиан діні
қандай қызмет етсе, мұнда да солай болуы өзінен-өзі түсінікті.
Бұл хақында, өз пікірімше, ислам діні - қазақ міллеті арасында
әлі толық тарап болмаған дін дер едім. Сол себебінен болуы
ықтимал, бұл діннің өсиетіне барлық адам (әрине, өз ұлтым
туралы айтамын) мойынсұнбайды. Қазірінше исламның діни уа-
ғызын алпыс жастан асқандардың бір парасы ғана, демек, қарт
адамдар ғана қабылдап отыр. Оның басты себебі де белгілі,
сіз айтқан ғаділет мәселесіне байланысты болса керек. Заң-
законы жоқ қазақ мілләты өз ортасынан шыққан білгірсымақ
би-қазылар, болыстар және орыс шенеунігі сияқты хакімдердің
билігінен де ешбір ғаділет тауып отырған жоқ деп ұғамын.

- Дұрыс айттыңыз, тамаша айттыңыз, Ақа! - деп, әлгі көк
көзді кісі балаша қуанып, өз алақанын бір-біріне соғып шарт-
шұрт еткізді.

АПБАЗ Қаражігітов

- Рас, сіздің халық әлі дінмен уланып болмаған, - деп, ол

тағы ойлы пішінге көшті.
- Сонда, Еван Мәселеевич, әлгі мен айтқан пікірге қосы-

ласыз ба?
- Әлбетте, - деп Иван Васильевич Ақаңның өзі көп айтатын

жауабын қайталады. - Иә, әділет атулы әзірше тасада. Дәл
осы үйдің төрінен мойын созып көре қоятын жерде емес.

- Сонда қалай болғаны Еван Мәселеевич, ғаділет үшін

алысудың да қажеті болмай ма? - деп, Ақаң оған тесіле, торыға

қарады.
- Жоқ, Ахмет Оразайұлы, сізге мен орыс ұлтының басынан

өткен арпалыс күресі туралы айтқаным бар-ды. Ол күрестің
түпкі мақсаты - әділдікке жету. Дәл бүгін сәтті болмаса да, дәл
бүгін түпкі мақсатқа жетпесе де, күрес ширыға түсуде. Халық
көксеген мақсатына сөзсіз жетеді. Өз халқыңыздың «Аяз би»
атты ертегісін есіңізге алыңызшы. Тыңдаған боларсыз.

- Әлбетте, өзім талай қызықтап, балаларыма күні бүгін де
айтып беріп отырған хикаям ғой ол.

- Ендеше, Ақа, осы ертегіде қанша мән тұр?
-Иә!..
- Мұндағы мән сол: халықтың еңбек адамынан, езілген тап-
тан шыққан әкім ғана адал, әділ билей алады. Барлық әділдік,
адалдық тек еңбекші адамда. Өмірді сүйген мәңгі махаббат та
сол еңбек адамына ғана тән. Ойлап қараңызшы: дүниедегі бар-
лық байлықты өндіруші кім? Дүниедегі, тіпті бәрін қойғанда, күні
кеше өзіңіз оқыған Бұхарадағы зәулім ғимараттарды, мешіттерді
салған кім? Соның бір қышын көтеруге бір байдың, не бір мырза-
ның, бидің, болыстың, чиновниктің қолы барды ма екен?
- Жоқ! — Даусы әнтек көтеріңкі шығып кетті.
Иван Васильевич сөзін одан ары жалғастырды:
- Атаңыз қазақ «малды тапқанға баққыз, отынды шапқанға
жаққыз» деп бекер айтпаған. Еңбек адамының өз еңбегінің
өніміне қалай болса солай ысырап қорлықпен қарамайтынын
халық даналықпен түйіндеген. Ал еңбек - махаббат көзі ғой.
Сондықтан мен, Ақа, еңбекші тапты өмірге құштар деп білемін.
Ал халықтың өз еңбегінің қызығына өзі ие, қожа боларлық дәуір
таңы, әне қылаңытып, рауандатып атып келе жатыр!.. - деп,
киіз уйд/ң турулі есігінен шымқай көк жібектей керілген аспан
күмбезіне қарап отырып қалды.
- Қане, Деев мырза, көзім жетсе рауандаған шапағыңыз-
ды мен көрейінші! - деді Ақаң Иван Васильевичке тақала
отырып, досының арқасына қолын артып. - Сіз, кейде пелшір

Шақпақ

дос, адам тәнін ғана емес, бүкіл рухын де емдейтін ғұлама
болып та кетесіз-ау өзі, ә? - деп сол қолымен сақалын тарап,
Деев қараған атырапқа бұл да үңіле түскен. Олар көп уақыт сол
отырыспен үнсіз қалған еді...

Міне, қазір Жақаңның көз алдына елестеген көрініс те - осы.
Ол мойнын толғай, жан-жағына бойлап қарады. Сол жолы Ахмет
пен Иван Васильевич үнсіз тілдескен сонау аспан әлемінің бір
ауқым жеріне бұ да көз тоқтатты. Бірақ олар көрген рауан бұ-
ның көзіне шалынбады ма, қатты күрсініп, бар даусымен:

- Әділет! Әділет! Қайда сен тіккен ақ боз үй? Сен тек
қиялдағы ғана нәрсемісің? Адам ары талқыға түскен, адам
жаны ғарышқа кеткен күн осы емес пе! Қайда сенің ғазауат
майданында төрелік айтар сәтің? Мен көре аламын ба ол күнді,
жоқ па! - деп күңірене үн қосып, сегіз өрме бұзау тіс қамшыны
қаракердің сауырына оқыс сілтеп өтті...

Жақаң сол жолы біздің ауылға, міне, осылайша кектеніп ши-
рығып келген еді.

- Әжібек, Ақтан! Қаратаяқтар! Қайдасыңдар түге?! - Күн
шығар алдындағы бұл ащы дауыс мына түнерген дүниемен
бірге тым үрейлі әрі қаһарлы естілген еді.

Бұл дауыстан біздің ауылдың үлкен-кішісі түгел селт етіп,
тысқа жүгіре шықты.

- Құрмалдыққа шалыңдар мені! Осы күн батып, таң атқанша
Адырбайдың көк ала жылқысын құлын-тайын шыңғыртып, Қа-
ражардың мына қалың нуына қамаңцар! Шығарыңдар қара бет
Адырбайды Арқаның мына жазығына! Көрсін халық! Көрсін
мына бетін бұлт басқан күн! Білсін кімнің адал, кімнің арамын
тұл дүние! Көтеріңдер әділет үнін! - Жақсымбет осылай ашына
дабыл қақты.

- Дұрыс, Жақа!
- Құп болады.
- Оған да зауал келсін! - Таңғы дауыс атырапты селк еткізіп,
бар екпінімен Қаражардың биік жар қабағына соғылды. Неше
ғасыр үнсіз, меңіреу, керең құлақ бейнеде қабағын ашпай, тө-
мен қарап шөгіп жатқан биік жар бір қозғалып кеткендей күрт-
күрт етіп, жаңғырығы аһ ұрды да, қайта тына қалды.
Жарқабақты сүйе жылжып аққан Сарысу өзенінің ойнап шық-
қан шұбар шортаны да осы сәт құйрығымен піскендей қатты
шыққан тынымсыз шолпыл үдей түсті...
Аспан ала бұлт. Зымырық салқын жел соғып тұр. Терістікке
аспан күмбезінің іргесі сөгіліп, қорғасындай сұр бұлттар бу-
далана көтеріліп келеді.

Апбаз Қаражігітов
Адырбайдың жүген-құрық тимеген бес айғырының қамауға

түскелі қанша күн! Бірнешеуі қанды бұрау, көктақым болып
жігіттердің астында жүр.

Ақтан бастаған ауылдың қара табан, шоқпыт көйлек, жыртық
шапандары иірілген жылқыны доптай қағыстырып қайырма-
лауда. Қолдарында құрық. Құрық басында бұғалық.

Ауыл сыртында бірнеше ерттеулі ат қалмақ байлауында. Қа-
зір мұнда сырттан бөгде кісі бар. Жерошақ басы көк ала түтін.
Кимешектерінің құйрығы шұбатылған әйелдер қарбалас кіріп-
шығып, бірі от жағып, бірі қазанның қақпағын көтеріп, еттің көбі-
гін алып жатыр.

Үйден көп адамның дабырлаған дауысы шығады. Маңдайын
бір шаршы орамалмен тартып алған Жақаң ақ тұмсық бүркіттей
шаңқылдап сөйлеп отыр:

- Ара қарындас ағайын, адал болсаң, айтар дауым жоқ. Әділдік
тұрған жерде адамдық тұрады. Ал әділдік пен адамдыққа қарсы
айтар сөз бар ма? - Ішіне демін молырақ тартып, - Адырбайдың
асқанына қарсымын. Шегінен асып-тасқанына қарсымын. Біздің
де анамыз ұл таптым деп қалжасын жеген. Зор болса Адырбай -
бай, болыс шығар. Атасы Таутаннан бері сасық өңеш, шірінді
неме ғой. Мына кедейхана, жоқ-жітіктің қолына түскен аз ғана
дөңгелек тұяғына қылы қыңыраяр деймісіз... - деп бір тоқтады.

Біздің аз ғана рудың басына төнген қаралы дауда қоңыраудай
сылдырлап, Сағымның құнына жүз қара кескен атақты би Ақтай
сондағы қалпы міз бақпай отыр. Пұшпақ бөрікті, шоқша қоңыр
сақалды, сұлу мұрт, ақ құба өңді ол әлден уақытта ғана басын
изеп, майда қоңыр үнмен:

- О, Жақа, оның несін айтасың, «есептескен ел болмайды»
деген бар. Адырбай не қылды? Өзің не істедің! Оның көрпесін
ашқалы келгем жоқ. Бұттан - бұт, қолдан қол өткен жақын, құдан-
далы адамдарсыңдар. Табыс деп келдім. Біріңнің бетіңді бірің
жыртпа. Атам Қарабаланың аруағын арқаланып келіп отырмын.
Қылыш тиген жерден қан шығады. Ойла, түсін! - деді.

- Иә, Ақа, ер бірлігі - ел бірлігі. Оның арғы атасы - ар бір-
лігі емес пе. Қаратаяқ атанған жоқ-жітік, жаным - арымның са-
дағасы деген кедей елміз. Намысымыз тапталып, қор болған
үніміз құлағыңа жетпеді ме? Жылаулы күнімізді көзің көрмеді
ме? Біздің момын халықтың басына Адырбайдың ақ сойылы бір
тиген жоқ, сан тиген. Қорлықтың, қиянаттың шегі бар шығар! -
деп қанталаған көзбен ызалана қарады Жақаң Ақтайға.

- Уай, Жақсымбет, құдай несібесіз жан жаратқан жоқ. Тірі
адамның тіршілігі өтеді де. Неменеге күйрей қалдың...

Шақпақ
- Қалай күйремеймін! Менің құлағымнан тамақ іздеп тақыл-
дап жылаған баланың дауысы кеткен күнді айтшы, қане? Тың-
дашы, сен де осы қазір не естір екенсің. Бірақ жоқ-жітіктің
даусын ести қоятын құлақ бар ма сенде?!
- Ой, қойшы, сол бір безілдек сөзді... - деп, Ақтай қабағын
шытты.
- Ұры - қарының серігі деп еді бұрынғылар. - Жақсымбет екі
иығын қозғап, дауысын көтерді: - Шамасы, Ақтай мырза, осы
жолы да оңтайыңа ала келген сыңайың бар екен. Бар онда!
Қолыңнан екі келсе, бірін аяма! Бар! Адырбайың ба, басқаң ба,
шауып ал, шауып ал! Менің жер қайысқан малым жоқ, әділет
іздеген адал жаным бар. Сол жаным аман болса - көрермін.
Мұнымен бұл өмір өте бермес. Бізге де есе тиетін күн ұзақ
емес шығар! - деп, орнынан ыршып тұрды. Ақтай қолын қатты
сермеп:
- Ей, Жақсымбет, аш көзіңді! Қара жан-жағыңа. Тау күйіп, тас
жанған жоқ. Зор болса, Адырбайдың ақымақтары бір жылғы
егініңді жеген шығар. Атасы шөп, қайта ексең, тағы өседі. Сен
Адырбайдың желісін қиған шығарсың, оның да негізі жүн, шүй-
келейтін қол бар. Жаңасын тағы еседі. Сендерге «ырр-ит соқ!»
дейтін қызыл-көзің мен емен. Елдестірмек - елшіден, жау-
ластырмақ - жаушыдан. Менің тілейтінім - ағайынның тату-
лығы. Қайта айтамын, төрт болыс Қарабала, Шағыр араңа түсті.
Көн! Еріксіз көндірем! Мейлің Адырбай, мейлің Жақсымбет. Қай
ел ымырасын бұзғандарың таяқ астында, тулақ үстінде бола-
сың... - Ызалы Ақтай пұшпақ бөркін қолына алып, алақанына
соғып-соғып қалды. «Ей, көремісің, сенің қауқарың менің
алдымда осы бөріктей-ақ» дегені сияқты болды - онысы. Үй іші
тым-тырыс. Әркім өз ойымен қалған. Біреуге біреу тіл қатпай,
қабақ танытып отыр.
Бұдан бірнеше күн бұрын Ақтай ауылына Адырбайдың
шабарманы жеткен. Ол - ә десе, мә деп, мұндайда сақпанның
тасындай ағатын Ақсойыл. Басын таңып алған. Түсі солғын,
ырабайсыз, көз жанары майы таусылған сықсима шамдай кө-
мескілене сығыраяды. Ақсойылдың мына суық жүрісіне іші қылп
ете қалған үй иесі ақырын аяңдап тысқа шықты. Адырбайдың
кертайлағы мама ағашқа байланған, белгілі бәйге ат ұшқан
құстан басқаны шаңына ілестірмейтін, қос қанат тұлпар атан-
ған жануар ақ көбікке малынып, екі бүйірін соғып, демін зорға
алып тұр. Ақтай ішін тартты. Кертайлақты анау-мынау жолға
мінгізбесе керек еді. Мұнда бір сыр болды ғой.
Ақсойыл Ақтайдың әйелі ұсынған бір сапты аяқ қымызды

АПБАЗ Қаражігітов

өндіршегіне сар еткізіп құя салды. Сирек мысық мұртын тілімен
оңды-солды жалағанына көзі түскен әйел шошып кетті: «Ой-
пырмай, мына иттің пошымы кісі шошырлық екен. Тышқан жұт-
қан мысықтай, қалай-қалай жаланады антұрған» деп таңдан-
ды. Төрге барып енді отыра берген Ақтайдың қолына Ақсойыл:

- Мынаны Адекең беріп еді! - деп, бір жапырақ қағаз ұсынған.
Хатта: «Құрматлу Ақтай қария, үшбу хат арқылы сіздің ата-ба-
баңыздың, арғы жағы Сары-Сарғалдақ, бергі жағы Қарабала-
Шағырдың аруағына бір құдайдан марқабат тілеймін. Алла та-
ғала олардың топырағын торқа етсін, үрім-бұтағы, зәу-затына
бұл дүниенің рақатын берсін. Хат арқылы құдай атымен дос
болған құрметті Ақа, сізге айтарым төмендегіше: осы жылдың
орта шілдесінде Қызыладыр бойындағы көп бастауларды жай-
лап жатқан жылқыма жау тиді. Бір түнде түйеге және атқа мінген
мылтықты жау тұтқиыл төбеден түскендей түн қараңғысын жа-
мылып келіп, жүз елу жылқымды қуып кетті. Үшбу хатты беруші
Ақсойыл сол жаумен ұрыста қатты соққыдан басынан жарала-
нып, айдан астам уақыт ауыр халде болды. Жау алыстың жауы
емес. Дәл үйіңіздің түбінде отырған Жанғабыл-Сапақ, соның
ішінде ҚұлажанныңЖақсымбеті».

Міне, қазір де көк құрыштай сұсы қайтпайтын сол қайсар
Жақсымбет қарсы алдында отыр. Күні кеше құйрық-бауыр
жесіп, құда болған досы, атақты іргелі нәсілден шыққан, жеті
атасынан бері басынан бақтаймаған Адырбай болыста алыстан
айбат көрсете елестейді. «Ойпырмай, мен үшін осылардың
шақпақтың тасындай өзара соқтықпағандары, араларынан
ұшқын атып, от шықпағандары жақсы еді-ау. Ай, Адырбай, сен
ғой, болмаса сирағы көрініп отырған Жақсымбеттің сенде не
жұмысы бар. «Ойнақтаған бота от басады» деген осы да». Өз
ойы өзінің еңсесін басып, Ақтай төмен қарады. Әлгінде ғана
төрт болыс өз елінің қарабура күшін айтқанда, мына тұтанғалы
тұрған дау-дамайды басып, арасын табыстыру оп-оңай сияқты
көрінген еді. Енді қайқы ағаштың қай басын басарын білмей
отыр. Қозғалып кетсе, ойылып кететін көкше мұздың үстінде
тұрғандай демін ауыр алды.

- Ойбай, пәле келді! Аттан, ат-та-а-н! - Даусы дүниені
күңіренткен біреу далақтап шауып келеді. Ауыл адамы, үйде
отырғандар далаға дүрліге шықты. Жалаң аяқ, жалаң бас.
Жел үстіндегі көйлегін қуықтай керген біреу атын басқа-көзге
сабалап келеді. Қарлыққан дауысы «ойбай, аттаннан!» басқаға
келмей, қырылдап тұншыға шығады. Күн жеп, қап-қара ыс
басқандай жадау, бойшаң, арық, қара сұр жігіт бетін жуған

Шақпақ

терді алақанының қырымен сүртіп, атынан зорға түсті. Екі қоңы
ойылып, аяғын талтаңдай басады.

Манадан бар зәрін бойына жинап, адам жұтатын айдаһар-
дай болып отырған Ақтай да елеңдей қалды. Жақсымбет жігітке
қатты зекіп:

- Е, не болды? Әкеңнің ордасы құлады ма? - деп еді.
- И-и-ә, құлады! Құлағаны емес пе? Сол-сол-дат, қара мал-
а-й... - деген сөздерді санап-санап қана айтты да, әл-дәрмені
таусылғандай сылқ етіп отыра кетті. Әбден қиналған, өн бойын
үрей буған жігіттің қалың еріндері діріл қағады. Бүкіл ауыл
адамы, бала-шаға лезде опыр-топыр үрейлене қалды. Бәрінің
көзі, құлағы жігітте.
- Патша, патша... - деді жігіт сөзін үзіп, - патша, ақ патша
жарлық қылыпты... -Жігіт демі бітіп, әлі таусылып бара жатқан-
дай, арқасын керегеге сүйей отырды. Осы кезде шыдамы
таусылды ма, ауыр денесін ырғай қозғап, салалы шеңгелін
жігіттің оң иығына салып, өзіне қарай жұлқа тартқан Жақаң:
-Ей, бауырым, недедің?Түсіндірші бізге, айтшы, қайталашы.
Не сөз мынауың? - деді. Әлі де аптығын баса алмаған жігіт:
«Айттым ғой енді, не деймін одан әрі?» - дегенде аң-таң
күйде оның бетіне үнсіз қарап қалды.
- Жақа, сәл тыныс берші осыған, - деді Ақтай жігіттің мүшкіл
халін байқап. Жігіт біршама уақыттан соң өзіне-өзі келгендей
орнынан тұрды. Үрпиісіп қалған ауыл адамдарына жалынышты
жанарын тастап, сонан кейін Жақаңа:
- Мен жаңылмасам, Жақаң сіз боларсыз? Сізге осы жақтағы
елге хабар бер деп жіберіп еді... - Жігіттің көзі боталады. -
Патша жарлық беріпті.
- Қандай жарлық?
- Қазақтан солдат алмаққа.
- Солдат?
- Иә, солдат.
- Қой! Мұның не сұмдық? - Жұрт дүрліге қалды.
- Дәл солай, солдатқа, қара малайға алады дейді...
- Онысы неменесі? - деп, сырттан біреу сөзді бөлді.
- 19 бен 31 жастың арасы түгел солдатқа алынады дейді,
менің бар білетінім, айтарым - осы.
- Ей, сонда оларды қайда апарады?
- Әлгі Руссия мен Керман соғысы болып жатыр дей ме, міне,
соған алады екен! - деді ентіккен жігіт, солығын енді-енді ба-
сып. Манадан үнсіз отырған Ақтай табанынан сыз өткендей тез
қозғалақтап:

Апбаз Каражігітов

- Қой, бұл сөздің қисыны жоқ. Ақ патша ағзам «қазақтан ра-
мат, түтін салығын аламын, солдат алмаймын» деп шартқа
отырып, оны қағазға да емес, тозбайтын ит терісіне жазып,
мөрін басып, ант-уәде берген. Ұлық уәдесі құдай тағаланың
әмірімен беріледі. Ендеше, мынауың жай бір баланың аузынан
шыққан өсек, алып-қашты жел сөз тіфа, тіфа! Естіген құлақта
жазық жоқ. Періштенің құлағы керең, - деп етегін қаққан.

Осы тосын хабардан шошып, сескене қалған Жақсымбет
енді есін жиғандай, тебірене сөйлеп кетті:

- Баба тұқымынансыз ғой, Ақа. Бірақ мына сөзің онсыз да
жаралы жанымды өртеп барады. Патшаңыздың ит терісіне
жазған уәде шартында, оған басқан мөрінде не қасиет болушы
еді. Жазған терісінің де басқа емес, ит терісі болуы, әрине,
«иттен иттіктен басқа ештеңе шықпайтынын» меңзеп тұрған
жоқ па! Е, е, енді білдім, ұлық басы - патша, оның ауылдағы
иті - Адырбай болғаны да... - деп даусын көтерді. - Уа, жігітім,
танып отырмын сені. Белгілі сорлының бірісің. Жолың болсын!
Мен батамды бердім. Қақ дабылыңды. Сал аттаныңды! - Сәл
тыныстап, бар дауысын көтере: - Ақтан, ау, Ақтан! - деп айқай
салды. Ауыл сыртында Адырбайдың жүген-құрық тимеген сары
бауыр атына бұғалық тастап, қырылдатып тақымға басып,
сүйретіп келе жатқан алып денелі кісі:

- Ә... ә-у-у! - деп үн қатты.
- Тез жет бері!
Асығыс жеткен оған Жақсымбет бұйыра сөйледі:
- Түс, мына жігітке бер астыңдағы атыңды! - деді де, мойнын
бұрмастан: - Ал, жігітім, шап, шаба бер. Ақ патшаның мына
сұмдығын исі қазақ естісін! Тұяқ жетер жерге хабарла! - деп,
төбеге қарай беттеді.
Аттан салған, ойбайлаған, азалы айқай шыңылдап әлі құ-
лақтан кетпей тұр. Үрейленген жұрттың дүрлігуі де басылар
емес. Мүмкін, соның ызғары ма, әлде суңғыла сөзге түсінгіш
адам ба, Ақтай атқосшыларына атын алдырып, тез аттанды. Ақ
құба өңі күн жеген матадай оңып, солғынданып, маңдай терісі
де қыртыстана қалыпты. Көзінің қарасынән гөрі аласы үлкейің-
кіреп, тамырлары қызыл жіптей көрініп, қанталап кетіпті. Өңіне
айбар, аузына ызғар жинаған ол:
- Зұлмат, сұмдық қой бұл, сұмдық! Елден - береке, сөзден
дуа қашқан екен де. Ата-бабаның із-жолы, қадір-қасиеті де
аяққа басылыпты. Не қалды енді? Біреуге біреу тоқтамайтын
күн келгенін де көрдік-ау. Біздің де тірі елік болғанымыз ба?
«Билеушің - қасқыр болса, қарашыға қарғыс тиеді» деген осы

Шақпақ

шығар. Сенің сөзің, Жақсымбет мырза, осыған сайды, кімді-кім
мұқатады. Көрермін! - деп, тістеніп жүріп кетті. Кімді жақтап,
кімге өкпелеп кетті Ақтай, онысын ашып айтқан жоқ.

Сол күні Жақсымбет түннің беймезгіл шағына дейін үйге кір-
меді. Бір өзі сенделіп, ауыл алдындағы қоңыр жонды жағалап
ерсілі-қарсылы аяндап жүрді де қойды. Ал менің бар ұққаным:
«Адырбайдың алыстан атқан бердеңкесінің оғы нысанаға дөп
тимей, жерді соғып, жауырынына дарымай кетті. Оның таңқ етіп
құмыға шыққан дауысын мына дүрбелең тарсылы тұншықтырып,
басқаға естіртпей көміп жіберді. Сол нысанаға дарымаған, жер
соғып, шыр етіп ұшқан оғы емес пе - ана аттанып бара жатқан
Ақтай» деп ойладым сол бір зымырық суық желді күні.

Ел арасы бөрі тиген қойдай күңіреніп кетті. Жамандық жат-
пайды деген рас екен. Мына суық хабар сол күні-ақ бүкіл Сары-
арқаны құшағына алды. Ел арасы үзік-үзік шолақ шапқын. Ауыл-
ауылдың сырты қазір топ-топ салт аттылар. Ел жастары бір-бір
атын тақымында баптап, қатулы қабақпен сонау бір белгісіз тұс-
қа тістене қарайды. Бүгін тағы да Жақаңа шапқын келген:

- Атбасардан жандаралдың өкілі келіпті, ертең түсте Бөрі-
ойнақта төрт болыс Қарабаланың және Кеңгір болысының ақса-
қалдары мен білікті ұлықтары бас қосады. Оған беделді қариялар
мен ру басылары келуге міндетті. - Осы хабарды жеткізген шап-
қын атын борбайлап ілгері шаба жөнелді. Белгілі жау шапты,
қысталаң жүріс.

Ел іші алып-қашты күбір-күбір сыбыс, даңғазаға толды. Қара-
өткелден қайтқан бір қалашы айтыпты: «Несін айтасың, Көк-
шетау, Қызылжар жағында пристав, болыс дегендерді қойдай
бауыздап, ел жігіттері топ-топ болып тауға, орманға сіңіп кетіп
жатыр. Торғайдан да хабар келіпті. Онда Аманкелді деген батыр
төңірегіне сарбаз жинап, патшаға қарсы шығыпты. - Сонау бір
тарих көші өткен ескі соқпаққа үңілген халық ойында бұл күнде
не барын кім білсін. Әйтеуір, түйе шекпенінің етегі мен елтірі
тымақтың құлағы жиналыпты...

Алысқа, өзінің кең жазығына, қас қақпай көз тігіп, мылтығының
қарауылына сығалаған сыралғы мергендей ойланып қалған
Жақаң сол сұрапыл күндердің бірінде бір емес, екі жерге тығыз
шапқын жібертті. Бірін - Байқоңырға, екіншісін - Атбасарға. Өзі
соңғы күндері тұйықтанып, көп сөйлемейтін болып алған. Не
болса да ішінде. Табиғи қоңыр түсі бұрынғыдан гөрі тотыққан
ба, қарауытып, жауар бұлттай түнереді де жүреді. Ауыл адам-
дарынан онымен бұл күнде арагідік тілдесіп, қысқа-қысқа тұ-
жырымды әмірін еститін әкем мен Ақтан ғана. Олар да мына

Апбаз Қаражігітов

«июнь» дауылынан кейін бұрынғыдай жайбасар емес, ширап,
жараған аттай, неге болса да дайын сыңайда лыпып тұр. Жүріс-
тұрыстары жинақы, жүздері қатулы, алдағы үлкен арпалысқа
шұғыл әзірленіп жатқандай түр танытады. Тағы сол екеуі бүгін
өздері билеп, Жақаңның атын ауыстырып ерттеп қойыпты.
Ол бұдан екі жыл бұрын Жақаң қатты ауырып қайтатын жолы,
әлгі Ахмет пен Деевке жолығатын сапарда алатын қара көк
ақалтеке. Жануар көптен тілі байланып, отжемей құрсақ жарау
болған ба, тас төбесіне қос құлағын қадап, айналаға үдірейе
үрке қарайды. Сыпыра сарнап соққан желге, ұзақтағы қыбыр-
дабырдың бәріне елеңдеп жер тарпып, шиыршық атып тұр.
Жақаң үстіне кеңірдек барқыт қаптал шапанын киіпті. Белгілі
бір сапарға аттанатын пейілі бар. Белін көк жібек белбеумен
буып алған. Онысы жуан қарнының үстінде төсіне қарай сырғып
босап кетіпті. Үйден қолына тобылғы сапты қамшысын өрімімен
қосып, қыса ұстап шықты.

- Әжеке, менің атқосшым кім? - деді.
- Е, он-он бес барасыз да... - дей бергенде:
- Жоқ-а, Нұрбайды ғана алам. Келе жатқан ұлық деді ғой... -
деп атына қарай ойыса берді.
Біз тез аттанып та кеттік. Іш құса болып тұрған қара көк ар-
ғымақ ауыздығын қар-қарш шайнап, артқы екі аяғымен ғана жер
басып аспанға атылды да, күлдір-күлдір кісінеп жіберді. Оның
басымен алысқан Жакаң арғымақтың ащы даусына:
- Ей, жігіттер, ат басына күн туды, ауыздықпен су ішер. Ер ба-
сына күн туды, етігімен су кешер. Құдай маңдайыңа бермесе де,
таңдайыңа берді. Адырбайдың көк аласынан адам басына екі-
ден жаратыңдар. Қапы мол, қауіпті, зор ысырап майданы - жан
шүберекке түйілген заман келеді алдыңда. Аңқаты дүниеге атой
салар күн келер. Сақ бол, сақ! - деп тақымын қақты.
«Бөріойнақ» дегені тақиядай ғана тастақ, қызыл шақат төбе
екен. Терістігі мен батысы - баялышы керегедей қоңыр жон да,
шығысы мен оңтүстігі - қалың бидайық. Етегінде Сарысу өзені
бұрала ағып жатыр. Айнала жағасы жасыл желек жамылған.
Сол көгілдір әлем мал нөпіріне тұна қалған. Әсіресе топ-топ ;
жайылған үйір-үйір жылқы табыны осы өңірдің ажарын ашып,
баданадай боп көрінді. Терістік беттен оңтүстікке қарай ойыса,
шұбай көшкен салқар нөпір көш те байқалып қалды. Ұбақ-
шұбақ үдере тартқан көш әуе айналып жерге түскендей күннің
ыстығына да қарар емес. Қайқая тартып барады. Беті - оңтүстік.
Шаң көтеріп, қуғынға түскен мыңғырған мал өрісі де ұбақ-шұбақ.
О шетте өзеннің оңтүстік иінінен қырға қарай құрық үстіне құрық


Click to View FlipBook Version