The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:39:39

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

karazhigitov A. tandamaly shygarmalar T.1

Абыздар биігі

Жақсының басына іс түссе,
Жасымайды, бойлай береді.
Жаманның басына іс түссе,
Күндіз-түні ойлай береді.
Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүкті пар көтереді,
Өлімді ер көтереді.
Болмаса хас патша мен хан көтереді.
Сен қарадан туған хан емес пе едің,
Айырдән туған нар емес пе едің, -

дегенде, Досбол сөзді іліп әкетіп:

Өлмесе қайда кетті,
Бұрынғының кәрісі?
Жер жүзін жұтса да,
Тоя ма қара жердің талысы.
Ерден-ау, өткенге өкінбе,
Келмеске кейіме.
Өлім деген ұзақ жолдың алысы, -

деп тоқтау айтқан. Ал сол замандағы от ауызды, орақ тілді
сұңғыла жүйрік ақындардың бірі Орынбай Бертағыұлы:

Ассаламағалайком, батыр Ерден,
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көріндің-ау келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың Оман дария кемесіндей,
Сұрасаң биіктігін мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей...
Ұсынса қол жетпейтін асқар белім,
Өлімнен қарсы келген қайтпас серім,
Қарындас қадір білмес тірлікте
Арыстандай асыл туған асыл ерім.
Иілмес қарағайдай терегімсің,
Ақылың көз жетпейтін зерегімсің!
Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта
Алаштың баласына керегімсің.
Елге - кек, жұртқа намыс кез келсе,
Жақұттай шығушы едің көзің жайнап,
Уай, Ерден, енді тумас сендей көзел
Ішінен Бағаналы судай қайнап, -

дейді.

Апбаз Қаражігітов

Жоғарыда аты шулы дуалы ауыз замандастарының бірі «Сен
де қарадан туған хан емес пе едің, Айырдан туған нар емес пе
едің» десе, екінші біреуі «Сұрасаң биіктігін мен айтайын, Күн
шалған Алатаудың төбесіндей» деп асқақтата бағалады.

Ал Ерден дүние салғанда Бағаналы руының бір бұтағы Бай-
назардан шыққан ақын қыз Құлпы батырдың нағашысы Жәуке
бата қылып келгенде айтқан жоқтауында:

Найман деген ұлы елдің
Марқасқасы өзі еді.
Намысқа елін бастаған,
Ардақты ерден айрылдық.
Арыстан туған басқадан,
Дананың сырын айтсақ біз
Басыңа қиын іс түссе,
Қабағын қағып саспаған.
Арқаның туған абызы,
Жетпегенді жеткізген
Тарамыс тіліп таспадан.
Жақсы айғырдың құлыны
Сүрініп шұқыр баспаған,
Қоқанменен соғысып,
Батырлығын танытып,
Шекпен киіп, шен алған
Жоғары ұлық патшадан, -

деп туған елінің қасиетті перзенті болғанын жырға қосады. Бұл
айтылғандар Ерден Сандыбайұлының қатарынан озған дара
білімді, ел қадірлісі болғанын дәлелдейді.

Сары Ерден атанған ел қадірлісі өз кезінде халықтың талай
сүйікті білікті өнер иелерімен дос болған. Соның бірі Жоғарыда
сөз еткен - Ықылас.

Ал Шөже, Тәттімбет, Сайдалы Сары Тоқа, Ақан сері, Жанақ,
Орынбаймен тату, сыйластығы хақында ел аузындағы деректер
қаншама. Өнер десе делебесі қозып, өнер адамын құрметтеп,
әркез арнайы шақыртумен жазғы жайлауда тамаша ойын-сауық
ұйымдастыру Ерден батырдың әдеті болады. Бірде өзімен көңілі
достық қатынастағы Орынбай ақынды Ұлытаудың шұрайлы
жері Қарағанды сай бойына алдырып, былқылдақ бастауларға
арнайы үй тіктіртіп, тамаша дүкен құрады.

Бірнеше күн қонақ болған Орынбай ақын рұқсат сұрап қайта-
тын күні дос ақынына мінгізіп жіберу үшін арнайы ел ауызына
іліккен Текежәумит деген қаракөк айғырдың тұқымынан көк

Абыздар биігі

бестіні ұстап байлатып қойғызады. Еліне қайту жайын айта
берген Орынбайға батыр:

- Аз жаттың. Әлі де сөзіңе құмарымыз қанған жоқ. Бірақ күзге
қарсы тағы келем деген соң рұқсат бергелі отырмын. Бұйымтай,
көңіліңе алған шаруаң болса айта кет, - дейді.

- О, батыр, рахмет! Қызық күндер өтті. Өзіңмен бір болған аз
күн естен кетпес әсер берді. Сол жетеді, - дейді ақын.

- Онда менің бір өтінішім бар. Қазір өзіңе мінгізетін атты
мына ашық есік алдынан жетелеп өтеді. Соны өлеңге қос. Егер
құлын, тай, құнан, дөнен болса қайтер еді. Аттың басы көрінген-
нен бастап, құйрығымен аяқтайсың. Бұл сенің ақындығыңа да
сын, - дейді де, атты жетелеп өтуге бұйырады. Атты жетелеуші
де жылдамдатып өтсе керек. Орынбай ойланбастан:

Құлын берсең, жер алыс жете алмайды,
Көк Есілден тай берсең өте алмайды.
Айырып үйірінен құнан берсең,
Болғанда күздің күйі ет алмайды.
Біздерге дөнен менен бесті берсең,
Алыстан Орекеңнен кете алмайды, -

деп айтып үлгереді. Батыр Орынбай ақынның суырып салма
ақындығына риза болып:

- Еліңе аттанарда баламның үйінен де дәм татып кет, - деп
отау үйіне апарады.

Ерден батырдың баласының үйінен аттанар кезде бір әзіл
айтылады да, тағы Орынбай:

Әкең ертіп келгенде құр қайтарма,
Күшің сенің жетпей ме бір байталға.
Батыр айғыр бергенде, сен бие қос,
Ерден көктің үйірі деп айтарға, -
депті.
- Пай! Пай! Қайран айыр көмекейім-ай! Берген жомарт емес,
алған жомарт деген нағыз жомарттықты көрсеттің-ау, - деп
Ерден көзінен жас аққанша күлген екен.
Өзінен жасы үлкен ағасы Дүзен інісіне: - Тым сауықшылсың.
Сенің ауылыңнан жыршы мен күйші шықпайды. Күнде қыз
ұзатып, келін түсіріп жатасың ба? Бұл неткен у-ду! - деп кейиді.
Сонда Ерден:
- Аға, өмірге жылап келген жан иесі сол өмірден жылап ке-
тетінін білмеуші ме едіңіз. Қысқа өмірдің маңдайға жазылған ша-
ғын бөлшегінде аз болса да ән мен жыр, тәтті күй естіп өтуді де

Апбаз Қаражігітов

қимаймыз ба? - деген екен. Дүзен содан былай інісі не істесе де
аузын ашпайтын болыпты.

Есіл өзенінің жағасы көк шалғыны пісіп, байтақ дала кілем
жамылған балбырап тұрған жаздың ақ шуағы төгілген кез екен.
Әдейі шақырта ма, әлде жолы түсіп өзі келді ме, Ерден ауылына
Сайдалы Сары Тоқа қонақ болады. Отырған жері күлдіргі, әзіл-
оспағы аралас, келісті ақ сұр кісі бетін күмістеген домбырасын
шертіп отырған үстіне Дүзен келеді. Жаңа ғана басталған бір
күйді төгіп тартып отырған күйші екі көзі шоқ болып, есіктен кең
далаға тігіле қарап мойынын толғап, бірде қабағының арасы
қосылып, көзі жұмылып, еріксіздік жеңгендей, осы сәтте күй де
үзілердей баяулап әлсірей түсіп, демі бітіп бара жатса керек.
Сонда шыдамы тозып, күйдің ырғағы баураған Дүзекең:

- Осы кезің, осы кезің титықтаттың-ау! Апыр-ау, неткен тәттілік
еді, - деп таңдайын қағыпты. Сонда күй әуеніне ұйыған Ерден:

- А, аға, сіз де келіп пе едіңіз, - деп орнынан атып тұрып
сәлем береді де: - Бір ерекше өмірді, ғажап тыныс кеңіткен
шақты бастан өткерген жоқсыз ба? Міне, қайталанбас сәт! - деп
Сайдалы Сары Тоқаға таныстырған екен Дүзенді.

Бейсеубет дүние шашуды дарақылық, мақтаншақтық са-
найтын Дүзен өнер құдіретіне табынып, күйшіні қонақ етіп, ас-
тына - ат, үстіне жанат ішік жауып жіберген екен сонда.

Кенесары бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталған соң, со-
ғыс жетекшілерінің бірі Жанайдар Орынбайұлы бірнеше жыл
патша үкіметі тарапынан қуғындалушылар қатарында болады.
Бірақ Ресей үкіметі халықты тыныштандыру мақсатында сол
көтерілістің тірі қалған басшысы - жетекшілеріне кешірім бе-
ріп, тыныш өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондай кешірім алған
Жанайдар Орынбайұлы сол кездегі Бағаналы наймандардың
жазғы жайлауы болып келген Терісаққан өзені бойын қоныс-
тануға Батыс Сібір генерал-губернаторынан жарлық алады.
Бұған дейін көп жылдар бойы бір шеті Атбасар, одан әрі Қара-
өткелге дейін емін-еркін қыс қыстап, жаз жайлап келген жердің
дәл ортасынан ойып, нағыз шұрайлы қонысты басқаның иелігіне
беруге, әрине, негізгі тұрғындар - Бағаналы елі үлкен наразы-
лық білдіреді. Ел басшысы Ерден Сандыбайұлы Батыс Сібір
генерал-губернаторына шағымданып, үлкен қиянат, халыққа
қарсы жасалған зорлыққа қарсы шығады. Батыс Сібір генерал-
губернаторы өзі берген жарлығын қайтып алмайды. Мемлекет
тарапынан жасалған жерді бекіту картасы күшінде қалады.
Патшаға дейін шағымданған екі ру арасында араздық шығып,
жер дауы үлкен барымтаға ұласады.

Абыздар биігі

Жанайдар да, Ерден де бірін-бірі қанша сыйласқан бұрын дос-
тас кісілер болса да, мынадай өзекті ел мүддесі жатқан мәселе-
де бірі-бірінің бетін жыртысады. Өзара айтыс-тартысқа ұласқан
ауыр сөздерге барады.

Жоғарғы ұлықтарға жеткен шағым-арыздар тыйылмай қояды.
Ақыры іс насырға шауып, қатар жатқан екі ел арасы жауласып,
тыныштық таба алмай, Ресей үкіметі араласуымен ғана Баға-
налы елі жаз жайлауға көші-қон кезінде Терісаққан өзені бойы-
мен емін-еркін көшіп өтуіне жол ашылған екі жақты бітім жа-
салады. Ал Терісаққан жері Бағаналы елі иелігінен Жанайдар
Орынбайұлының қарауына түпкілікті кетеді. Ол араздық рулар
арасында бітіспес өшпенділікті қайта қоздырады. Ақыры бұл
егес Ерден Сандыбайұлының аға сұлтан болып тұрған шағында
Атбасар жәрмеңкесінің қызып тұрған бір күнінде оның өлімімен,
өкінішпен аяқталады...

Айналайын нағашы,
Көзімнің ағы-қарасы,
Ерден өлді дегенде,
Жыртылды елдің жағасы.
Тыйылмай қалды көз жасы,
Жылады Найман баласы,
Ақмола, Есіл, Торғайдың
Алпыс екі саласы.
Осындай асыл ерімнің
Арғыннан болды жаласы!
Өлген жері батырдың
Атбасардың қаласы, -

деп жоқтайды оны ақын Құлпы қыз. Туған халқының ардақтысы
болған тұлғаның рухын биіктетіп қастер тұтады. Қиянат өлімді
айтады. Туған халқының аса қадір тұтқан басшысының дарқан
өмірі осылай егес үстінде қапыда мерт болады...

Асылы Ерден батыр айтар сөзге де шешен болған кісі, ол:
Батырлықтан не пайда?
Ажалға қылар айла жоқ!
Сараң байлықтан не пайда,
Жарлығы тиер пайда жоқ, -

деп бір тебіренсе, жастарға үлгі етіп:
Ел мықтысы ұранға шығады,
Ер мықтысы дуанға шығады.
Болатын ер аталы ердің сөзін ұғады,

АПБАЗ Қаражігітов
Болмайтын шіркін - адамнан
Қырғи көрген торғайдай бұғады, -

деп адамдық пен жасықтың арасын ашып өсиет тастайды.
Бұл күнгі әулие басындағы қызықты әңгіме ел бір ұйқыға кет-

кенше тынбай созыла түсті.
- Бір ғажап бас қосу, айтулы кездесу болды-ау, - десе Оспан,

- Әй, ішім жарылғалы жүр еді. Бір босаттым-ау, - деді Ахмет.
Бәрі тағы даурыға күлді.
- Е, е, әңгіменің төресі Күзеубайда ғой, - деді тағы Төре.
- Оның да реті келер, - деді ағам.
***

Болат жолдың үстінде дамыл жоқ. Байтақ даланы дабылда-
тып сілкіп, ерсілі-қарсылы ағып өтіп жатқан пойыз. Аты Теректі
аталған станса басы қарбалас жүріп жатқан құрылыс жұмысы.
Мына жерде келген пойызды қабылдап шығарып салатын ар-
наулы қызмет үйі, кезекшілер, мына жерде теміржолда ағыл-
ған пойыздың аман-сау жүріс-тұрысын қамтамасыз ететін жол
жөндеу жұмыскерлері тұратын үйлер салынады дей ме, әйтеуір,
келіп-кетіп, сапырылысып жатқан бір көпшілік. Өтіп жатқан па-
рауызға «водакашка» аталған терең қазылған құдықтан су бе-
ретін тағы бір шағын үйшік ағам үйінің дәл қасында, әй дейтін
жер. Тіпті әкем жатқан төрт құлақ қызыл тамнан қол созым ғана.
"Апыр-ай" демеске шараң жоқ. Көп қорымның іргесін басып өтіпті
болат жол. Сәл болса үстімен өтетіндей-ау!

Бұдан бұрын болашақ Жезқазған қаласында, күнді - күнге,
түнді түнге жалғап күрс-күрс дүңкілдетіп жердің астын атқылап,
кен қопарып, оны темір вагондарға тиеп, шіңкілдек парауыздар-
дың қара қоңыздай тырбыңдап сүйреп бара жатқанын көрген,
одан енді құм-шағыл құба дала Ақ кеңседен келген маған мына
жер дүниемен байланыс орталығы боп кетті. Ағамды мұнда
білмейтін кісі жоқ екен. Әдейі іздеп келіп сәлем береді. Қонақ-
тап жатып алады. Шетінен әңгімеші, өткен-кеткенді білгіш, бәрі
сөзуар сұңғыла жандар.

Бірақ маған түсініксізі - солардың қайсысы болмасын, "үй
артында кісі бар, айқайлама" дегендей аса сарабдал, тартына
сөйлеп, көкейлеріндегі барын толық ақтарып, ашып тастамай,
бүкпелеп, емеуріндеп отыратыны. Қаражардан үш-төрт құ-
лынды бие, он шақты қой, екі бұзаулы сиыр, бір ат, жетім нар
дейтін айтулы бура нармен көшіп келген ағам үйін бұл жерде-
гі ағайындар «бай келді» деп қуана қарсы алды. Рахымжан,

Абыздар биігі

ағамның баласы, теміржолдың парауызға су берушісі болып жұ-
мысқа тұра қалды. Суды тереңнен тартып, сорып алып, үлкен
бөшкеге толтырып қояды да, көз көрім жерге пойыз келгенше
үйде шаруасын атқарып жүреді. Бір рақат, жанға жайлы жұмыс.
Қолы бостың о жақ, бұ жағы. Отбасы шаруасы оңынан оралып
тұр.

Сондай күндердің бірінде ағама сәлем беретін көп сағынған
ағайындар келе қалды. «Осылардың-ақ бауыры еріп тұрады
екен. Тіпті сағынып жатса, ағамды неге ауылдарына шақыртып
алдырмайды» деп те ойлаймын кейде. Олай дейтінім осында
келгелі осы сағынған қонақтарға союмен аз ғана ұсақ тұяқ біту-
ге айналды.

Бүгін тағы, міне, сақалдарын сауған бір топ "әдейі сені көріп,
бір өткен-кеткенді еске алып, жарықтық Қарекеңнің басына дұға
оқуға келіп едік" деп қаумаласып келіп отыр. Және бәрі бауыры
еріп бара жатқандай, құшақтарын кең ашып, төстерін төске
тигізіп, аймаласып амандасады.

Ағам да жаны қапмай, бар ықыпасымен қарсы апады опарды.
- Алты-ын! - деп жеңгеме ағам, - ең бір қадірлі қонақтар,
сүйкімді достар, балалық, жігіттік, қарттық шақтың куәлары,
қимастарың келді. Төріңді дайында, - деп осы жолы ерекше
ықылас танытты да, - Апырай, сендердің бастарыңды адам
қосты ма, құдай қосты ма? - деп таңырқай қарады өзі.

Уай, жел айдаған қаңбақ
Қайдан тапсын салмақ.
Мына Тұрсын
Айнала шауып,
Бірімізді-біріміз алдап, арбап,
Осы отырғанымызды таңдап
Алып келді осында, -

деп анадағы бір сойдақ тіс Иманәлі есімді кісі сияқты, дауысын
әндете созып сөйлейтін ұзын жақты, сақал-мұрты ағара баста-
ған, сопақ маңдайлы, биік төбелі кісі төрге жайғаса беріп сөз
бастап кетті. Үстіндегі көнетоз түйе жүнінен тоқылған шекпе-
нін төрге кереге басына өзі іліп, бабымен, аспай-саспай бәрінің
ортасынан орын алған, өзара «Тұрсекелеп» қошемет еткен кісі
жайғасып алып:

- Жә, жарықтық Қарекем баласы, қоныстарың оң болсын.
Несібе, ырзық мол болсын. Табалдырығынды көп жылдан кейін
аттаған бізге де жақсы жол болсын! - деп жан-жағына өткір
қысаңдау көзін күлдіре қарап, реті келгенде әруақтардың атын

Апбаз Қаражігітов

атап, олардың рухын тірілтіп, жаны жаннатта болғырлардың ізіне
түсіп, сапар шеккен де теріс емес. - Дауысы тұнық көлін қимай,
лажсыз ұшқалы отырған қоңыр қаздың даусындай сыңғырлап
шықты да: - Жарықтық, Бағаналы елінен талай жүйрік тұлпар,
таңдайына гауһар басқан шешен, қара тұман, ақ боран көз
берместе адаспас көсем, жауын көрсе жаным бар демей, елі мен
жерін қызғыштай қорыған от жүректі батыр, ой, ақыл десе ақыл
қиялдың су төгілмес жорғасын жүген-құрықсыз ұстаған нелер
даналар өтті-ау. Мұқыш, сенің мына бес қанат отауыңа келіп,
шаңырағыңа көзім түскенде ұлы Кәдір бидің бір тапқыр шешімі,
түс жорығаны есіме түсті, - деп су төгілмес жорғадай тайпалып
ағып сөйлеп жөнелді де: - Бұл Жырықтан шыққан. Жырық та
Бағаналының бел баласы ғой. Өрен жүйрік Аймырза бидің қоңы
қашып жүрген кезі ме? Әлде қыран шашып жейді, құзғын басып
жейді дегендік пе, өзінің бір көрген түсін жорытқаны бар екен.

Бұл төрт босаға атанған Бағаналы елінің Кәдірі де, Шегірі,
Сандыбайы, Бабырының да тірі, бірақ қартайған шағы болса
керек. Байлықта шекжоқ. Бағаналы епі мыңғыртып жылқы, түйе,
қой өсірген, ұранға шыққан тұс екен. Әлгі арғынның ауызы алты
қарыс Торайғыр Шоңның өзара өкпелесіп, Шоңның Бабырға
барам деп еліне көше жөнелетін тұсы бұл. Аймырза Бабырға
сәлем беріп қонып, ертесіне: "Бір түс көрдім. Жорисыз ба?" -
деп сұрапты.

- Иә, - депті бай. Сонда Аймырза:
- Түсімде өз үйімде жатыр екенмін. Бір жағымнан ай, бір жа-
ғымнан күн туып, төбемде үркер тұр. Қалған жұлдыздар маған
қарап мылтық кезеніп қалыпты. Бойым мұздап ояндым. Бұ не? -
депті
Бай:
- Қарағым, түсің жақсы екен. Айың оңыңнан, күнің солыңнан
туса, төбеңде шоқ жұлдыз үркер тұрса, төрт құбылаң түгел, ба-
қытты, бай боласың. Анау самсаған қалың жұлдыз күзетің де
мықты екен, - дейді түсін жорып. Бабырдың бұл жоруына көңілі
толмаған Аймырза Шегірге барып, түсін қайта жорытады. Ол
да Бабырдың айтқанын айтып, шығарып салады. Сандекем
де солай жорыды ғой деп ойлаған Айкең одан Кәдірге келіп,
сәлем беріп, бірер күн әңгіме-кеңес құрып, түсін айтады. Жас
бидің асты-үстіне түсіп, мал сойғызып, әбден күтіп, бірақ түсінің
жоруын айтпай, Кәдір Аймырзаны шығарып салмаққа есікке бет-
тепті. Аймырза шыдай алмай:
- О, Кәке, құдай артық жаратқан киелі аға, қасиетті қарт, дуа-
лы ауыз көсем, ел мен ер тағдырын қара сөзбен Кетбұға бабам-

Абыздар биігі

ша шешкен іріміз еді, бүгінгі Бағаналыдағы киелі тіріміз еді деп
көрген түсімді Сізге жорытқалы келіп едім ғой. Түсім ұнамады
ма, әлде жүрісім ұнамады ма, - депті сыртқа беттей беріп, сонда
Кәдір би:

- Сенің түсіңнің жоруы даяр тұр. Жүре көресің, - дейді сыртқа
алып шығып, - Сен бір кезде ақ орда тіккен екенсің. Соның бұл
күнде ақ үзігі тозып, мың торғай қамаса бір торғай тұрмайтын
болған екен. Әне, екі атанға артылған ақ киіз түсіңнің жоруы.

Ақ ордаң ақ үзікпен ағарсын,
Халқыңа адалдықпен жағарсың.
Еліңді отыңның басындай күзет,
Бақытты туған жерден табарсың!
Тілің тәтті, дінің қатты,
Осы бетіңнен қайтпа!
Әділдік алдында әкеңе бұрылып,
Жалған шешім айтпа!
Жолың болсын, қарағым, -
деп Аймырзаның әр кездегі әділ, адал билігіне, тапқыр өжет-
тігіне разы болып бата берген екен. Сол Кәдір би есіме түсті
үйіңе кіргенімде. Біз де сол Аймырза көрген түсті бүгін де көріп
отырған жоқпыз ба? Басқасы - басқа, тегі мына көк аспан,
маң дала, құдай жаратқан баспана ықтын болмай қалған жоқ
па? Ойланыңдаршы, - деген Тұрсын атты кісі басқаларға
байырқалай қарады.
- Әй, ерім-ай, сөзіңнің бәрі нақыл, айтатыныңның бәрі ақыл,
тыңдаушыңнан еститінің тек қана мақұл ғой. Оның несін ай-
тасың, өзің білмейтін сыр, шықпаған қыр бар ма? Бұл күнде
оны ақтарып айтатын Кәдірдей пір бар ма? Өзің-ақ! Әйтпесе
Ұлытаудың мың жыл өмір сүрген еменіндей шырқап биіктемес
едің-ау! Ойыңда да заңғарлық бар. Әттең, уақыт бұқтырып
тұрғаны болмаса. Атыңды да Тынымбай қария: «Тұрсын! Тұр-
сыншы осыным» деп әдейі болаттай бекітіп, ұлы тілекпен мық-
тап қойған, - деп көтермелеп кетті оны Күзеубай есімді ұзын
тұра арық кісі.
- Күзеке, - деп ыңқылдап үн қатқан Тұрсын, - ертеде бір
ашқарақ кісі алдына келген ыстық көжені ұрттап қалып, ау-
зы күйіп, сасқалақтап төбеге қарай, шаңырақтың күлдіреуішін
«мынау қандай жердің ағашы», - деп сұрағанда, оның аузының
күйгенін байқап отырған бойжеткен қыз: «Саздау жердің ағашы,
сабырсыз ердің сазасы» деген екен. Сондай-ақ екеуміз бірімізді
біріміз жерге түсірмей көтермелей бермейік. Ежелден сөзіне -

Апбаз Қаражігітов
дуа, басына бақ қонған тамырлы дарақтың бұтағына келгеніңді
ұмытпа. Әлгі бір аузы күйгеннің кебін құшып қалармыз, орнымен
сайра, бұлбұлым! - дейді.

- Бұ жерде қауіп жоқ. Бақ қонған жерде терең ақыл да бар, - деді
Күзеубай. - Әлгі Аймырзаның түсін жорыған Кәдір би заманын-
да қатарынан озған кісі-ау. Осы Қара бала атанған әулиенің тұ-
қымынан сондай білікті сөзуарлар шыға берген, ә ? - деп қалды.
Екеуінің құлағы ауыр ести ме, Көпбай есімді толық жұмыр денелі,
желін бет, көгілдір көзді кісі ыңырана қарады. Әлі ләм деп аузын
ашқан жоқ. Сөз тыңдауға келген өзінің айтары жоқ адам тәрізді.
Жерге құйған қорғасындай әлі бір қозғалмаған бағанағы отырған
қалпы. Анда-санда терең судай мөлдіреген көзін еріне ашып,
қасындағыларға қараған болады.

- Ой, сен өзі, тағы бір естен шығып бара жатқан сөзді қайта
ояттың-ау. Бар дуалы, киелі сөзді бір шалдың басына үйіп-төге
берме. Мына Түктібай атаңнан шыққан Бейіс бидің, Ақтаздың
Әбәйділдасының бір сұрағына жауабын-ақ айтайын. Қаншалық
салмағы бар, ұлағатты несі барын, ойының қаншалықты тартым-
дылығын байқарсыңдар, - деп еңсесін көтере отырды да, -
Әбәйділда: «Кейбіреулерді шіркін ақылды, бақытты кісі» деп
сыртынан дәріптеп жатады. Сонда әлгі кісіні дабырайтқан ақыл,
бақыт деген не? Және қандай адамды бақытты, ақылды деуге
болады, - деп сұрапты. Бейіс би ойланбастан:

- Адамдағы ақыл үш түрлі болады. Әркімде ақыл әр түрлі.
Біреуде терең мұхиттай, құдай ана сүтімен бірге бойына құя
салған ақыл болады. Ол өмірдің, тіршіліктің барлық ойы, қыры,
күнгейі, көлеңкесі, жақсысы, жаманы, арамы, адалы, обал, сауа-
бы дейсің бе - адами табиғат сырын ми таразысына салып өл-
шеп-пішіп отырады. Не оңға, не солға ауытқымай, қара қылды
қақ жаратын білгір дейді ондайларды, ақылды дейді. Оның аты -
екпе ақыл. Құдай тәніне құя салған қазына. Мәселен, Қаз дауыс-
ты Қазыбек, Абай, өзімізден әлгі Кәдір биді сондай ақылдылар
қатарына қосса болады. Сонау Әбу Насыр әл-Фарабидан бас-
тап, ақылына білімі сай қазақта ондай кемеңгерлерді қара қыл-
ды қақ жарған ақылы кемел, қасқа сөздің иесін санап тауыса
алар ма екенбіз.

Ақылдың екінші түрі - жұқпа ақыл. Оны да олқы көрме. Бұл -
білімдіден естігенін, өмірде көргенін ұлағат тұтып, санасына то-
қып, бойына жинаған, оқу, тоқу арқылы келген ақыл. Бұндай ақыл-
дылар қатарына халқымыз осы өзімізді қосса, бөркімізді аспанға
ата берейік. Шіркін, дүние-ай, даналардың айтқанын, ұлағатын,
берген білімін санаға сіңіріп, өнегеге қалдырған мұрасын өмір-

Абыздар биігі
де қолдана білсек, өне бойға жұққан кемеңгерлік болар еді-ау!
Әттең, ол қолдан келе бере ме! Көрген көзден, санадан ұшып,
жер сабалап қаламыз ба? Ол ойланып: - Ақылдың үшіншісі -
кезбе ақыл. Бұл тұрақсыз, соққан желдей, нөсерлеген жауын-
дай, жасыл ойнатып жарқ-жұрқ өте шығады. Қазір бар да, қазір
жоқ. Көршісімен бір күн тату, бір күн қату отыратын соқпа мінезді
адамдар сияқты болады ол.

Міне, осы ақыл қандай болса, бақ шіркінің де үш түрлі көріне-
ді. Оның біріншісі - орнықты бақ. Төбесіне тау құласа да үркіп
шошымайтын, бір қонған жерінен қозғалмайтын, тамыры қонған
адамының жанымен, рухымен бір жаратылған бақ, әне, сол! Әлгі
«аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» дейтін мәтел осы
бақтың иесіне арналған.

Екінші - орынды бақ. Бұл кінәмшіл, өкпешіл, ретсіз тиіссең
тәйт, - деп ұша жөнеледі. Негізі орынды бақ адамның ақылына
байланысты, өзінің қадір-қасиетін білуіне қарап абыройын асы-
рады. Ренжітіп алса, әлгі бағы ұшып кетті, немесе бағы жанбады
дегізіп сан соқтыратын да сол.

Үшіншісі - өткінші, әлсіз бақ. Бір қонып, түстеніп кеткен қонақ
тәрізді, оған мысал көп. Мысалы, өзіміздің Алдамқұлдың Қазбегі
бір сайлау болыс болып еді. Елге қаншама қиянат көрсетіп,
келесі сайлауда орнынан түсіп қалды. Әне, өткінші бақ деп соны
айтады.

Бәрі дуылдаса күлді. Бірақ Тұрсын күлмей, сазарып отырып
қалды.

- Сабазым-ай, әңгіменің де шоқтығын көтеріп, майын ағы-
зып жібересің-ау! Өткендегілерді сөзімен де, ісімен де тірілткен
өзіңдей жады кітап, осы өзі мәңгі құламас гауһар мүсін сирек-ақ
шығар. - Көпбай басын көтерді. Төрт бұрышты толық денесін
ырғала қозғап, сол қырылдаған дауысын созып, тамағын
қырнап:

-Әдемі айттың-ау. Әдемі. Бейіс көкеңніңәруағын бір қозғадың.
Ақыл иесі орнынан бір аунап түсіп жатқан шығар. Расында
ақыл мен бақтың әлгі айтылған сыр-сипаты еріксіз ойландырады
екен. Жаңа ғана Түрсекең айтқан Кәдір бидің мына төрелігі
қалай? - деп ойын сабақтап кетті.
Атын атамай-ақ қояйын, қай кезде де бай болғандардың көбі
сараң, дүниеқоңыз болған ғой. Сол мінездері үшін бәлем өздері
бұл заманда засырықтан өтіп, көрмегенді көрді-ау. Дәл сондай
байларға кеңес үкіметінің қазіргі істеп отырғанына өзім шоқ-шоқ
деймін, - деп бір күрсініп алған Көпбай, - Сол көп сараңның бірі
осы елдегі атакты етікшіні шақырып, «Бала-шағам, отбасым,

Апбаз Қаражігітов
өзіме дейін жалаң аяқ қалдық. Қолыңның шеберлігін бір көрсет.
Былғары жетеді. Бізге кебіс, мәсі, етік тігіп бер», - депті. Етікші
де: «Мақұл. Бірақ мен бала-шағамды осы қолөнеріммен асырап
жүрген кісімін, десе" - "Ақыңды ал", - дейді бай. Екеуі келісіп,
етікші соғымына бір байтал алып сояды. Шебер алғашқы етікті
де тігіп тастайды.

Бір күні ауылда бір ойын тамаша болады да, етікшіні де бай
баласы ертіп алып барады. Өзі әнші, домбырашы жігіт ойынның
ажарын кіргізіп, көпті қызыққа батырады. Оның мына өнеріне
кызыққан бай баласы қайда той, ойын болса етікшіні қасынан
қалдырмай ерте баратын болады. Сонымен жүргенде қыс өтіп,
етікші байдан үйіне қайтпақ болып рүқсат сұрайды. Бай:

- Не деп отырсың сен! Бір ту биемді жеп, бір етік қана тіктің!
Әлі де тігетін етік, мәсі жетеді. Кетпейсің, - дейді. Етікші:

- Жаз келді. Бала-шағамды асырау үшін атқаратын басқа
кәсібім бар. Кетемін, - дейді. Бай:

- Кетсең- кет, бірақ жеген биеңді құлынмен қайтарасың. Ол ту
бие еді, - деп дауласады. Етікші қысылғаннан Кәдір биге келеді.
Би байды алдырады. Мәселенің мәнін түсініп зерттеген би: - Бұл
үш ай қыс сенің балаңның қызметін істеп, әншісі, күйшісі болып,
ойын-сауықта көңілін көтеріпті. Әр күн сайын үйіңдегі етікшіні
ертіп бара жатқан балаңа неге тоқтау салмадың? Оған кінәлі
өзің. Солай да биеңді балаңнан ал. Егер бұл айтқанға көнбесең,
балаңды мына жігіттің қолына, не істетсе де өз еркі, үш айға
бересің. Сонда ғана биең қайтады, - деп кесім айтыпты.

- Бай біреуге баласын құлдыққа қайдан берсін, - деп қалды
Күзеубай.

- Әрине, бермепті ол, - деп ойын түйген Көпбай, - Кәдір би
осындай уәжшіл, тура әділдік атасы болған ғой, - деп аяқтады
сөзін.

Тағы бірді айтып бірге кетеміз-ау. Тұрсын қатқан қазықтай
болып манағы қалпынан қозғалған жоқ. Әдемі қоңыраудай дау-
сын созып:

- Жүйелі сөз жүйесін табады деген ғой. Осы үйге келгелі
аузымыз жабылған жоқ. Сондағы айтқанымыз ілгеріде өткен
қасиетті бабалардың ұлық сөзі. Ақылға қонымды, жанды жа-
дырататын үлгі-өнеге беретін тапқырлыққа баулыған даналығы
ғой.

Жарықтық Қарекең (әкемді айтып отыр) біреуден сөз уәж
сұраған кісі емес қой. Сол кісіден дарыды-ау, ә, саған, Мұқыш,
тапқырлық, - деп аз күле түсіп, - сенің, Аймырза, Бәтеш, - деп
ағайынды екеуін қатар айтамыз ғой, Бәтештің Жүнісіне оңаша

Абыздар биігі
айтқан бір сөзің еске түседі. Соны өз аузыңмен айтшы. Мыналар
естісін, - деді бұ жолы жарқылдап күліп. Ағам да байырғы
салмақты қалпын бұзбай:

- Тұрсеке, қайтесіз ол әңгімені. Одан бері не заман. Ерен
мінезді, жаны жомарт, сөзден түйін түйіп, таспа өрген, тайпала-
ған жорға Жүкең, Жүністі айтам, бұ дүниеде жоқ. Жатқан жері
торқа болғыр, - деп тартына берді.

- О , несі-ей, Тұрсын шикі сөзді сұрамайды. Шамасы жілігін ша-
ғып, бұл қасқаң майына кекірігі азған болды. Мұқа, сөйлеп жібер,
- деп Көпбай, Күзеубай бастаған үйдегі қонақтар қолқалап кетті.

- Апыр-ай, енді, Тұрсеке, өзіңнің сол күндерде қайда екенің
есімде жоқ, - деген ағам қабағын керіп, әңгіме бастайтындағы
тамағын кенейтін әдетін жасады:

- Қызылжыңғылға ел жігіттері - болыс, ауылнайлар бас қоса
қалды. Менің болыс кезім. Әлгі Алдамқұлдың Қазыбегі, Бұзау-
дың Ыбырайы, Айранбайдың Бәкірі, Бәтештің Жүнісіне керек
Бағаналы елінің атқамінерлері, мен кіммін дейтіндері түгел.

Жүніс қысырдың тел емген тайын сойып, қонақасы дайындап
жатыр. Қымыз да мол. Екі үлкен ақ үйі бар. Қонақ үйінде тайын-
шадай құмырсқа бел, сары қасқа тазы төрге жақын төселген сары
ала шайы көрпенің үстінде жатыр. Күтімі де бөлекше. Ыбырай,
Қазыбек екеуі мені бір қалт еткенде сыртқа шығарып, «Төрде
жатқан тазыны көрдің бе? Атақты, қарда қасқыр мен түлкіні ат-
татпайтын жүйрігің сол. Осы тазыны Жүністен сұрамағанымыз
жоқ. Маңына жолатпайды», - дегені. "Немене, ол сондай-ақ сен-
дерден артық болып па! Мен сұрасам, аламын", - деп мақтанып
қалдым. Ыбырай:

- Қой, көңілің қалады. Ол бәрібір бермейді. "Айырылысар дос
ердің артқы қасын сұрайды" деген, әуре болма! Мына Қазыбек-
ке - "баламды, қызымды сұра - берейін, бірақ Бидайықты ау-
зыңа алма" депті, - деді. Мына әңгімені тыңдағандардың ауызы
ашылып қапты. Ағам да асықпай әңгімесін жалғастырып:

- Ел жағдайы, ол кезде етек алған ұры-қары әрекеті, барымта,
жер-қонысқа қатысты сөздің ауыздан түспей тұрған кезі емес
пе, бір шие дау қызу талқыға түсіп, бәріміз терлеп-тепшіп, сәл
үзіліске шыққанбыз.

- Жүке, - деп оны қолтығынан алып, - сізде шаруам бар еді.
Оңаша айтам, - деп ауыл сыртына алып келе жатырмын. Ұзап
барамыз. Ауылдан айқай жететін жер шыққанда Жүкең:

- Оу, Мұқыш, қайда барамыз. Ауылдан ұзап кеттік қой, - деп
тартына берді.

- Біреу есітіп қояды. Әлі де былай...

Апбаз Қаражігітов
- Қой, нені естиді, осынша жерден, - деп кідіре берген оған,

жан-жағыма аландап қараңқырап, - біреу естіп қойса өлім! Өлім
ғой, - деп төңірегіме қайта тінте көз жүгірттім.

- Ой, айтшы, не болса да, тап осы жерден жер құлағы болмаса,
тірі жан естімейді - деп Жүкең жалына қарады.

- Апыр-ай, бауырым-ай қадірлі аға, қасиетті адамымыз едіңіз,
әйтеуір тісіңізден шықпасын. Осы жерде қалсын. Бұ сөзді сізге
айтуға өзім де қиналып тұрмын. Бірақ айтпасқа болмай тұр, -
деп қиналдым.

-Жаным, айта бер. Екеумізден басқа тірі жан естімейді - деп
Жүніс мөлтеңдей түсті.

- Болмадыңыз ғой, - Тағы да жан-жағымды тінтіп қарап, -
ақиқат ешкім естімейді, о, Жүке, - деп оны куәге шақырып
алып, - Мына жұрт сізді итпен туысты деп жүр, - дедім. Бетіме
жалт қарап, көзінен ұшқын ұшқандай, кірпігін тез-тез қағып
жіберді де, бауырына тартып қатты құшақтап қысты келіп,
қысты келіп:

- Бауырым-ай, сенбе едің туысым! Алдың! Алдың, - деді де
қарқылдап күлген беті жігіттер отырған өз үйіне келіп:

- Мына Мұқыш менен Бидайықты тартып алды. Бір-ақ ауыз
сөзбен алды, - деді көзінен жас шыққанша күліп. - Сөз киесі
қонған әруақтың шырақшысы сөзбен өртеп алды! - деп еді
жарықтық. Ағам қоңыр көзі жасқа толып мөлдіреп, жанындағы
отырғандарға кезек-кезек қарап отырып қалды.

- Әне, сөз! Әне, тапқырлық!
- Әке сөзі ғой! - деп көтермелеп жатыр. Ағам ғана:
- Ол адамның сөзге түсінетін заманы ғой, - деді.
- Жүйрік тазының қызығын көрген екенсің ғой, - деді ақсақ кісі
ме, Күзеубай елеңдеп қозғалып.
- Алуын мен алдым, бірақ ауылдан шыға бере Бұзаудың
Ыбырайы саған алдым деген аты да жарайды деп, Бидайықты
менен алып кетті. Өзі де иттің сырттаны еді, - деді ағам. Ты-
нымбайдың Тұрсыны су төгілмес жорға, құйма құлақ, естігені, то-
қығаны көп зерделі кісі екен. Ағам да, Көпбай, Күзеубай да сөніп
бара жатқан отқа үстемелеп отын тастағандай, оны анда-санда
бір түртіп қалады. Кейде өздері де қызып кетіп, бір оқиғадан соң,
екінші оқиғаны қоздатып жібереді.
- Ұлытау десе ұлылар еске түседі. Тапқыр даналық сөздер
ойға оралады. Қазақ қазақ болғалы осы тауды кие тұтып, тәуеп
етіп келеді. Жерінің төрі, қара шаңырағы санап, бас иіп, табаны
тимеген кемеңгері, батыры, сәуегейі, әулиесі, шешені, ақыны,
бұлбұлы кемде-кем.

Абыздар биігі
- Сондықтан қара шаңырақ Ұлытау қазақ жерінің кіндігі ғой, -
деп сөйлеп келе жатқан Тұрсынды Күзеубай:
- Қой, тап бір қадамдап өлшегендей, сен де жердің ортасы
деп, - сөзін бөліп еді, ұзындау мойнын оғаш бұрып:
- Әй, Күзеубай, сен өзі сөз тыңдасаң жағаласпай тыңда. Сен
Қожанасырмен таласқан ақымақ хан сияқты болма! Қожакеңнің
ханның жердің кіндігі - дәл ортасы қайда дегеніне жауабын есті-
меп пе едің?
- Иә, ол қайда екен? - деп қалды біреу.
Сонда Қожа:
- Осы мен басып тұрған жер - жердің кіндігі. Сенбесең өлшеп
кел, - депті. Сенікі де сол. Сенбесең осы Ұлытаудан батысқа,
шығысқа, солтүстігіңе, оңтүстігіңе өлшеуішіңді сал. Дәл қазақ
жерінің ортасы боп Ұлытау шыға келеді. Менің айтпағым, - деп
сөзды сөзін ол, - не бәтуәлі, келелі жер тағдырын шешетін бас
қосу, бірлік, елдік мәселесі осы таудың бауырында шешілгендігі
еді. Жарықтық Ұлытау ақыл ұясы, мәмле ордасы ғой. Содан да
оның бауырында өскен ұрпағы сөзге, уәлі сөзге, адалдықка,
әділдікке бас иген. Өзінің де телі-тентегін тоқтата білген.
Бәлки, содан да болар, «ырысы тасығанның иті де үргіш
болады» дейді ғой бұрынғылар.
- Әй, ит те бекер үрмейді. Итті ит дей берме. Оның да сырт-
аны бар.
- Қасқыр көргенде құйрығын бұтының арасына қысып алып,
аса-тасамен зыта жөнелетіні де болады. Адам да ит мінезді
емес пе, алдыма ас құяр ма екен деп, «Асыра сілтеу болмасын»
дейтін заманның белсенділері сияқты, құйрығын бұлғаңдатып,
аяғыңа жығылып жата қалып еркелейтін. Ондай иттер басқа
біреу асқа тойғызса да қабады. Оны көрдік қой, - деп бір бөгеледі.
- Уай, сен қайда кеттің, тышқаншылап бара жатқан жоқсың
ба? - деп қиястана қарады Тұрсынға Көпбай.
- Ей, мен қайда қашады деп едің? Әншейін мына сөздің қисы-
ны ғой. Иттің жеті қазынаның бірі екенін білемін. Кейде адамның
да итке ұқсап кететінін ойыма алып кеттім. Бәрі мына Мұқыштың
Жүніске "Сізді итпен туыс деп жүр ғой" деген бір ауыз сөзінен
іштей шыға алмай малтып қалдым. Не сөз болса да Ұлытауға
соқпай кетпейді. Сол Ұлытаудың басына ел қамын жеген Едіге
де бекер келіп жатпаған шығар.
- Апырм-ай, Ұлытау, Ұлытау деп таңдайың тақылдап кетті ғой.
- Мүйізі шығатын болса, Сарғалдақ атаның баласы сол Көк-
төбенің шұрайын бауырына басып жатқалы не заман. Мен мына
Бетпақтың шөлінің етегінде жатып-ақ кезерген ернімді жалап,

Апбаз Қаражігітов

сарнаған сары жел, аңызақты бірде арқаммен, бірде жалаңаш
кеудеммен қалқалап, сенің бетің, не ерінің, еті жарылмасын, қа-
бағыңа кірбің түсіп, күлкің бұзылмасын деп, а десең аузыңа қа-
рап келген жоқпын ба? Содан не таптым? Сен не істедің? Мен
не көрдім? Күні кеше Сарғалдақтың Жылқайдарына ас бергенде
Жандәулеттің бұл заманның қасқасы мен жайсаңының алдын-
да Жанайдардың Мейрамына не айтқанын жақсы білесің. Осы
біздің жөніміз қайсы? - деп Көпбай шалысқа кетті. Осы екеуінің
бетіне кезек қарап, манадан сөз кезегі тимей отырған Күзеубай:

- Ой, сендер, - деп екі иығын кезек қозғап, - отбасы, ошақ-
қасына орала бердіңдер ғой. Неменеге тұсалып қалдыңдар.
Жақсының сырты разы болғанмен, назасы іште кетпей ме, - деп
жөткірініп, Мейрам тектілігін білдіріп, жасы үлкен Жәкеңе бір
ауыз сөз айтпастан кетіпті сонда. Әйтпесе, Мейрам сияқты, -
дей берген Күзеубайдың сөзін бөлген Тұрсын:

- Жарықтық Жәкеңдікі де зорлық қой. Болмаса «әртүрлі сөз
қашады. Жолдан жасырынып тұрып, ат қосып, төтеден келіп
озып, бәйгені олжалап кететін бір жаман әдет бар көрінеді бұ
жақта. Мына аста соны болдырмайық, Жәке! Атты айдаушы өзі
атқа жеңіл, беделі бар, құдайды, әруақты сыйлайтын адал кісі
болса», - десе:

- Сондай адам өзің емессің бе? Осы атқа да жеңіл, беделің
де, абыройың да бар, құдайды бек танитын сенің ат айдаушы
болғаныңды жөн көрем деуі, бір рудың бас адамы, Орта жүздің
баласына белгілі атақты Жанайдардың Мейрамына айтылуы
тым артық та болған.

- Ойланып сөйле, Тұрсеке, сен, немене, Ұлытаудың ұлы да-
расындағы ақ жібек көйлек киген, сәукелесі мен шолпысы сыл-
дырлаған қыздай ақ қайыңмен, жатсаң - жастық, тұрсаң төсегің
болған түйе көрінбес көк шалғын мен жазда күн түсірмеген кө-
леңке, қыста ақ көрпе жамылған ұя қоныс ордаң болған жерден
шыға алмай қалдың ба? Жәкең, кім біледі, заманындағы елдің
болдым, толдым деген азаматын сынау үшін айтқан шығар.
Салмағын, ақыл-ой өресін көрейін деген шығар. - Мына сөзден
кейін саябырлап, өзара әзіл-қалжыңға ауысып, сөзден қақпақыл
ойнап кетті олар. Сыртқа шығып, тобылғысы керегедей болып
биіктеп өскен, жусаны мен бозы, изені тізеден келетін көкжиегін
сағым сүйген даланы қызықтап қарап қалған достарына ағам:

- Мына Күзеубай тауып айтты-ау, расында Ұлытаудың да-
расын көрген кісі рақат құшағынан шыққысы келер ме? Ал мына
жерден Бетпақтың ыстық аңызағы соғады емес пе? - деді.

- Рас! Рас! - деді Тұрсын. Бір ғана Торғауыт қажының мекені-

Абыздар биігі

нің өзі не тұрады. Пейіш қой. Соған лайық қажы да, жарықтық,
сол топырақтың киесін асырып мешіт, медресе салып, халық-
қа ілім-білім шырағын жағып, қызмет еткен ғой. Одан былай
Төртқара, біздің ауылдың тұрақ қонысы, - дей берген оның сөзін
бөлген Көпбай оған қабағын түйіп, ұрып жіберетін кісіше түнере
төніп: - Әй, сен білгіш болсаң Қарағанды сай тарихын айтшы, -
деп шүйілді. Тұрсын дәл қышыған жеріне дөп тиіп, айызы қанған
кісіше сақылдап кеп күлді. Жай күлмеді, дауысын шығара күлді.
Бәрі Көкең, Көкең - деп отырған кісі түсін суытып:

- Әй, неменеңе күлесің! Бауырыңды, туыспын, жақыныңмын,
қорғаушыңмын, күні кешегі бабаңның батасы тілегімен аты ұран-
ға шыққан белгілі тұлғаның ұрпағы едім деп отырып-ақ, шөл-
ге айдап тастағанына қуанып отырсың ба? Онан да сол қалай
болды? Соны айтшы. Ең болмаса, "е жөні бар екен" деп өкпеміз
орнына түссін. - Әй, Тасқұлақ, сен өтірік кереңсің. Сенің ішіңде
талай ит үріп жатыр, ә? Оны сен жатқа білесің, бірақ мен айтсын,
мен арқылы жұртқа тарасын деп отырсың. Оны жырық Тілеубай
қажыға мына Досайдың тілі тас кескен, ойы орман, ақылы апиын
қайнатқан Қазыбегі Өте-Сансызбай билік еткен кездегі айтыс-
тартыста айтқанын жақсы білесің.

- Иә, Өте-Сансызбайға қатысты әңгімені кейінірек. Маған Қа-
рағанды сайды ашып берші. Өй, мына Шағыр баласының сол
ұжмақтан көшуіне таң қалам. - Мына сөзге Тұрсын бүкіл денесін
қозғап селкілдеп кеп күлді, оған кектене қараған Көкең:

- Неменеңе жетісіп күліп тұрсың? Сен ғой Шағырдың Май-
лыбайы Сандыбаймен құда екенін білесің.

- Иә, құда! Онда қайтейін?
- Сол құдасын деймін ғой...
- Ал, - деп мойнын толғап ұшатын аққудай төңірегіне қараған
Тұрсын әңгімені ұзақтан бастап кетті. - Оның рас, Қарағанды
сайы Қыдыр қонған жер екен. Сандекең бір жаққа қасында, әрине,
атқосшылары бар, жолаушылап келе жатып, осы Қарағанды
сайды жайлап отырған Майлыбайдың қой бағып тұрған үстінен
шығады. Анадайдан бір қора қойды үш кісі бағып жүргенін көріп,
«Мұнысы несі екен, бір қора қойды үш кісі баққаны, соға кетейік»
деп бұрылып келсе, Майлыбай болып шығады. Саңдекеңді за-
мандасы болғасын да, әрі елдің басшысы болғасын да Май-
лыекең жақсы білсе керек. Құрметпен сәлемдесіп: «Бүгін қой-
шым ауырып қалып, басқа кісінің реті болмай, осы бір қраны
айналдырып шығып едім. Ауыл мына қырдың астында, қонақ
боласыз, жүріңіз. Мына атқосшыңыздың бірі қойда бола тұр-
сын», - деп қолқалайды.

АПБАЗ Қаражігітов
Сандекең асығыс шаруамен кетіп бара жатқанын айтып,

рұқсат сұрап кетеді де, біраз жер ұзап кетіп, артына қараса
қойды үш кісі бағып жүргенін қайтадан көреді. Атының басын
тартқан батыр қасындағыларға: «Ғажап, ә? Әлгі Майлыбай
қойын жалғыз бағып жүрген жоқ па еді? Қасында басқа кісгжоқ
тәрізді еді ғой», - дейді. Атқосшылар да: «Бір өзі, қасында басқа
адам болса, о кісі жүрмей ме?» - дейді.

Мына көрініске қайран қалған Сандекең «Жігіттер, қайттық
Майлыбайға» деп қайта оралып келіп:

- О, Майлеке, сіздің үйдің дәмі тартты ма, қайтып келдік, -
деп, байдың ауылына келіп түседі.

Әрине, Сандыбай сияқты ел ағасы келгенде несін аясын,
оңаша үй тіккізіп, мал сойып, қонақ етеді. Осы айтулы қонақасы
кезінде шайын құйып, ас-суы тәрбиесін жасауда жүрген Май-
лекеңнің бойжеткен қызына көзі түскен Сандекең аттанарда:

- Майлеке, көп рахмет! Тәрбиеңе де разымын. Бір білмегім
болып қалды. Бойжеткен, өте тәрбиелі өсіп келе жатқан қыз
балаң бар екен. Басы бос па? - деп сұрапты.

- Уа, батыр, оны неге сұрадың? - десе:
- Балаңның басы бос болса, балаңа құда түсемін, - дейді.
- Қимайтын кенжем еді. Талайлар келсе де рай берген жоқ
едім. Елімнің де, жерімнің де иесі - сен сұрасаң, бетіңді қалай
қайтарамын. Айтқаның болсын, - деп қызын Сандыбайдың үл-
кен баласы Дүзенге берген ғой. Әрине, құдай артық жаратқан
Сандыбайға Майлыбайдың Қыдыры да көрінген емес пе! Сол
Қыдырға қызығыпты деген сөз де бар Сандекеңнің.
- Жарайды, қызын берсе - берсін, бірақ елімнің иесі деген
сөзге, жерімнің иесі деген сөзді бекер-ақ қосқан, - деп қалды осы
сөзді манадан тыңдап отырған Рақымжан ағам.
- Ей, енді олардың ойында иненің жасуындай қылау болды
дейсің бе, адал ғой олар - адал, - деп орныға отырып сөйлеп
кеткен Тұрсын қызып алды ма, әзір тоқтар емес. - Сонымен
Майлекең қызын еншісімен, қос қабат үзік жапқан ақ отауымен
ұзатады. Еншісіне түйені келесімен, жылқыны сауын бие, қы-
сырағымен, қойды өсер қозысымен деп жүз тұсақ, жүз тоқтысы
бар бір қора мал айдатады.
Сол жылы қыс қатты бола ма, Дүзеннің отауы малдан жұтап
қалыпты. Бұл хабарды естіген бай қызына сол мал түліктерін
тағы жібереді. Келесі жылы Дүзен тағы жұтапты. Үшінші рет
қызына енші жіберерде бай:
- Дүзенге сәлем айт. Менің малымның енін бұзбасын. Және
осы малдың ішінде сары ала ұрғашы бойдақ бар. Соны сойғы-

Абыздар биігі
зып, шып-шырғасын қалдырмай күйеу бала жеп қойсын. Сонда
Қыдыр да разы болар, - депті.

Дүзен атасының айтқанын екі етпей орындаған ғой. Содан
кейін-ақ, Қыдыр қонып, Дүзеннің малы өсіп, байып жүре береді.
Ерденнің күніне "жүзді алып, мыңды жетелесем де Дүзенге жете
алмадым. Саулық сауғаннан төл емізген жақсы екен" дейтіні де
содан. Қазір де Майлыбай байдың малының құлағындағы кез ені
бүкіл Сандыбай тұқымына біткен малдың құлағында қалды. -
Осы жерде тағы тыныс алған Тұрсекең: - Қарекең жарықтықтың
Байұлының үйінде қонып отырып:

- О, нағашы-еке, атаң Дүзекең жездеміз сары ала тоқтының
ештеңесін қалдырмай, күн тимесін деп қуырып жеп қойыпты ғой.
Содан байыпты. Рас па? - десе, Байұлы:

- Рас. Бірақ, жиенжан, мұны басқаға айта көрме. Әзіл жаман.
Біз арқамыз бар намысқой тұқымбыз. Біреумен жағаласып қа-
пармыз, - деп жалыныпты.

- Шіркін, батырдың тұқымы-ай, енді болғанды болды демей,
тәңір алдында жалған сөйлейміз бе? Қайта сондай ырыммен
байып, мыңғыртып мал өсірдік. Нағашымыздың қыдыры қонды
демейсіңдер ме, - деп қол-аяғын буып тастайды.

- Жиенжан, қой мұныңды. Сол әруақтын бір мінін жасыра
жүр. Астыңа өзімнің қара ала жүйрігімді, үстіңе атаңнан қалған
ішікті жабайын деген екен. Сонда ғой нағашысының ауылынан
қара ала атты жетелеп кете беріп:

- Оу, нағашы, қара ала ат ауыз бастырық бола алмайды.
Жатқан жері торқа болғыр Дүзекең өз жездем әрі нағашымның
«Атың шықпаса жер өрте» дегені бар. Оның болғаны рас, - депті
ғой деп дауыстаса, тағы Байұлы:

- Қап, ат пен шапанның босқа кеткені болмаса, расы, расы-ау,
- деген екен. Үйдегілер күлкіден тұншыға қапты. - «Жарықтық,
ойнаудың да, әзілдің де жөнін біледі-ау», - деп жатыр.

Иә, сонымен Қарағанды сайға келейікші. Ол Ұлытаудың Шағыр
баласы қоныс еткен қыртыс майлы жаясы ғой. Шалғыны етектен,
қасқа бұлақ, өзені құлдырап төстен төгіліп жатқан көктабан.

Бұл Ерденнің Атбасар жағындағы Бағаналының қалың елі-
нің шетінде арғын мен қыпшақтың ортасында жүрген кезі. Арғы
жағында нендей оқиға, себеп барын білмедім. Елдің сол кездегі
бас көтерерлері Ерденге: «Ел ортасына кел. Кешегі Сандыбай
батырдың баласысың, сенің сыртқары жүргенің жараспайды.
Ел ортасы - Ұлытауға кел», - деп шақырады. Ерден: "Барайын,
бірақ ортаңнан ойып орын бер", - деген тілегін айтады. Сонда
қартайса да Кәдір би:

Апбаз Қаражігітов

- Басқа бермесе де, мен беремін. Маған елім деген ер ке-
рек, - депті. Әйткенмен мына жерді берейік деп кесіп-пішіп
ештеме демепті де. Осы екі ортада Кәдір би дүниеден өтіп,
Ерден елге келеді. Нағашы жұртым еді деп алдымен Шағыр
Айдос, Жандос, Үркін, Меңін ауылдары жұбын жазбай отырған
Қарағанды сайдағы Майлыбай шаңырағына түседі. Жерді
көреді, елді көреді. Қыдыр түнеп, бақ қонған оңаша өлке ұнай
ма, арада шамалы уақыт өткенде Қарағанды сайдағы елге
қоныс аударады...

- Мынау не болып кетті өзі? Ақырында батыр келе салып,
Шағыр баласының ата қонысын тартып алған жоқ па? - деп,
бұрын естімеген әңгімесі ме, Күзекең ентелей түсті.

- Не десең де, солай болары болып кеткен жәйт ол, - деп
тершіген маңдайын сүртті Тұрсын.

- Апыр-ай, мынау... Сонымен Ерден батыр өзіне-өзі қол сал-
ды ма? - Күзеубай өзеуреп барады. - Сол жер сонымен қайтпай
кетті ме?

- Ей, сен не естіп, не көріп отырсың. - Тұрсын дауыстап
жібереді. Бәрі сол орнында, тек Шағыр атаң қыс Шу қыстап,
жаз Есіл, Көкшеге дейін жайлап, мыңғыртып мал өсіріп, атағын
дүниенің төрт бұрышына шығарады. Қазір бірақ содан не
қалды?

Бәрі біріне-бірі қарап, бірдеңе жоғалтқандай томсарыса қал-
ған. Күзеубай ғана сақалын тарамшылап:

- Әй, осы біз бүгінгі заманның от-жасын, қылыш, мылтық ой-
натқан зығырына іштей қынжылып, - деп, ойындағысын ашып
айтуға бата аламаған кісіше, мүдіріп аз отырды да - жүргеніміз
бекер болды-ау. Әйтпесе, сол өз еркі өзінде, не ішейін, не киейін
демеген, болып-толған заманда біреудің, әсіресе жақынның
жақынға озбырлығына, оның ішінде біледі, әділдік иесі дейтін
кісілердің қиянатына не айтар едің? Өз әкем Өзденбай айтқан,
оның өз қолымен жасалған мына оқиғаның ойыма оралғанын
қарашы! Аузымнан пенде болып шығып отырғаны да осы. Біз,
әрине, бұл заманының адамы бола алмаймыз ғой. Осымен
іштей күңіреніп, бұл уақыттың оспадар жан күйзелткен сұм-
дығына тек куә болып өтерміз. Әлгі Тұрсынның Қарағанды
сайы қоянды қозғап барады, - деп сөзін бастап кетті. Әкем осы
әңгімені айтқанда: «Толысекең жарықтықтың сондағы бейнесі
әлі көз алдымда» деп еңкілдеп жылап алғаны бар...

Жандәулеттің кемел шағы. Өзінен басқаның сөзін сөз де-
мейтін, алған бетінен қайтпайтын, қайсар қара бурадай ашуына
кезіккенді төсіне басып жатып алатын тасыр жан шаңқай түстің

Абыздар биігі

кезінде атымды атап, айқай салды. Қара бала атанған бір тай-
па елді ашса - алақанында, жұмса жұдырығына сыйғызып, "туу"
деген түкірігі бөрі соғып, қақырығы қар жауғызған оның даусы
ұйқыдан шошып оянғандай үрейлі жетті. Алдына жүгіріп жеттім.
Түсі суық. Үстінде етегі тізесіне түскен ақ көйлек, дамбалшаң,
аяғында жеңіл мәсі, басында қара мәуіті тақия, сақал-мұрты
тікірейіп кетіпті. Ашуланғанда қасын қозғай беретін әдеті бар
еді, қасы біресе маңдайына, біресе көзіне қарай ойнап қапты.

- Табан қайда? - деп зілдене дауыстады.
- Үйінде.
- Не істеп жатыр?
- Білмедім.
- Сендер қашан білесіңдер осы? - деп ақырғанда жеп жібере-
тін шығар деп те қалдым. Құданың құдіреті, Жәкеңнің алдында
кім болса да мүсәпір болып бұқпалап, тайсақтап қалатын еді.
Мен екі бастан ол кісінің қабағының астындамын.
- Әй, - деді шаңқылдап, - бір шалға өзіңнің де шамаң келеді.
Сол тарақтыны әуре етпей-ақ қой. - Тарақтысы - Табан, Сыз-
дықтың әкесі. Қашанда өз қарауыңда жүретін төрт-бес үй, өзі
ылғи Ноқта ағасы деп көтермелеп отыратын тарақты руының
шағын ауылы бар. Табан сол ауылының иесі. Мен де, ол да
«шаш ал десе, бас алатын» қылпып тұрған шақтамыз. Не бол-
са да, әсіресе Жандәулет біреуді өлтіріп кел десе, ақиқаты сол,
құныкер өзі, несіне аянамыз, өлтіруден де тайынбаймыз. Оның
мына түрін байқаған мен не дер екен деп лыпып тұрмын. Менің
әмірін екі етпейтінімді өзі де жақсы біледі.
- Сен мына күн қайтысымен атыңа мін. Ақ биікті білесің,
Толысбай бай намаздыгерін сол биіктің басында оқиды. -
Малын көзінен таса қыла ма ол. Намазына жығылып жатып
Бетпақтың шөліне қарап, қара жерді қайыстырып жайылған
жылқысынан көзін алмайды. Оның алты қос жылқысының
дүбірі төбемді тесіп болды, жетті енді! - Жәкең ашулы, тепсініп
таянды маған. «Не дейді осы кісі, сол жылқыны қуып келдей
ме», - деп қас қақпай тосып тұрмын. Үйінің алдында тұрып-ақ
арқасы бар кісідей қалш-қалш етеді. Булығып:
- Керек емес оның мыңдары! Астындағы тақымына басқан
атақтысын аударып әкелесің. Бозтарланын, тұлпарды әкел! Өз
астынан аударып әкел! Бар! Шап!..
Аузынан жалыны шығып, арыстандай айбаты жаны барды
жапырған Жандәулеттің атса - оғы, шапса - қылышы болған
мен, сол күні намаздыгерін енді оқып болып, Ақ биіктің үстінде
атына беттеп бара жатқан Шағырдың атақты байы Өтептің

Апбаз Қаражігітов

Толысбайына сәлем бере түстім атымнан. Толысекең жұмсақ
мінезді, шалқар кісі еді.

- Өзденбаймысың, амансың ба? Ағаң қалай? Жақсы ма? Бұ
не кештетіп, суыт жүрсің ғой, - деп, ойында ештеңе жоқ, бейғам
қалпы құшақ жая амандасты.

- Бәрі аман, - дедім де, сөзді келтесінен қайырып, - мен мына
Бозтарлан тұлпарға келдім. Жәкең өзім мінем, - дейді дедім. Ол
бетіме үрке, бойын жия қарады.

- Жәкеңің кім? - деді аздан кейін.
- Жандәулет!
- Не, оған бұдан басқа ат жетпей қалып па? Қолын сілтеп: -
Анау шұбырып жатқан мыңдардың ішінде Жандәулет мінетін бір
текежәуміт бар шығар. Бозтарлан өзімнің төл атым. Берілмейді,
- деді тершіген маңдайын алақанымен сүртіп, басындағы көзіне
түскен бөрікті түзеп киіп.
Ол кездің адамы шетінен ірі, батыр тұлғалы жаратылған ба,
әлде соның ішінде мына Өтептің сегізінің бірі - Толысбай ірі
ме, көзіме таудай көрінді. Егер алыса кетсе, бірме-бірге берісе
қояр түрі көрінбейді. Көзі де жайнақты, кең екен. Ірі мұрынды,
жақ сүйегі семіз тайдың жаясындай, бетін жазық даладай жайып
жіберіпті.
- Ай, Өзденбай, сенің сүйегіңді білем ғой. Бөтен емессің,
бірақ бұл сен келетін жер, сен шығатын төбе емес еді ғой.
Қайта бер. Жандәулет мыңдардың ішінен өзіне керегін таңдап
ұстатып алып мінер, тек менің тақымымдағы Бозтарланға қы-
зықпасын, - деді.
- Жоқ, Толысеке, маған бұйырды, әкел деді. Айтқанын екі ете
алмаймын, - деп байдың қолындағы Бозтарланның шылбырын
жұлып алдым. Толысбай ұзын шекпені шұбатыла орнынан атып
тұрды. Бетіме танымай тұрған кісіше үңіліп қарап:
- Әй, екеуміз бір тайға таласып, Ақ биіктің басында күш сына-
самыз ба? Ар сынасамыз ба? Бұл қай қылығың? - дегенше, ат-
тың ер-тоқымын алып, жүгенін сыпырып, ноқталап та үлгердім.
Қолында он екі өрім бұзау тіс қамшы, қолы дір-дір етіп:
- Сен менен атты күшпен ала алмайтыныңды білесің. Мен
сендей он Өзденбайға ат бермейтін дүлділдің өзімін. Бірақ қазір-
гі белдесер жауым, иә жауым, - деп аз кідірді де, атына қарап, -
О, сен не дейсің? Осымен алысып, жүгеніңді басыңа қайта ілейін
бе? - дегені. Ат кісінеп жіберді. Бай да, мен де солай қарадым.
Қырға қарай бір салт атты шығып келеді екен. Осы сәтті пайда-
ланып, атыма міндім де, Бозтарланды жетелеп, шоқыта жөнел-
дім. Бай қозғалмаған күйі орнында қала берді. Алдым бөлек-

Абыздар биігі
бөлек үйірі өзара шұрқырап жайылған көп жылқы. Қаттырақ
жүріп кеттім. - Осы әңгіме басталғалы қайта-қайта ырғалып,
ойына бірдеңе түскендей қозғала берген Тұрсын:

- Толысбайдың Бұзаудың әкесі екенін білетін шығарсың, - деп
көлденең сауал тастады да: - Апыр-ай, сөзіңді бөлетін болдым-
ау, ойлап қарасам сол кезде де қолында күші, басында бағы бар-
лар ойына келгенін істеген екен-ау. Бір анадан туып, бір атадан
тарап отырып, әлгідей қиянатқа барады, ә?

- О, Көпеке, сен өзі зорлықтың сол заманнан қалған көзі
де екенсің ғой. Саған кінә жоқ екен, қасыңда Өзденбай, Табан
сияқты «алып кел, шауып келің» жоқ, бар қолыңнан келетіні қа-
рындашқа жармасу, - деп, Жауғашты атамыздың бабалары-
ның мына Кеңес заманында «алпыс қарындаш» шағым жазғыш
атанғанын айтып, біраз селкілдеп күліп алды. Оған былқ еткен
Көпбай жоқ. Басын көтеріп «не деп отырсың» дегендей, иегін
изеді де қойды.

Тұрсын: - Әлгі әңгімең ғой Бозтарлан тұлпар ғой себеп бо-
лып Бұзауды өмір тартысына шығаратын. Оны, Мұқыш, сен
кейінірек сен айтарсың. Мыналар тыңдасын, - деді де. - Бұл
Есенғабыл Есенбектің ерлік қуаты жүріп тұрған заманның сөзі.
Әлгі Толысбайдың алдындағы алты қостың төркіні, арғы түп
тамыры оның әкесі Өтеп байдың жылқысына барады. Арадағы
жылдарды, оқиғаларды аттап кетем. Оны, Мұқыш, сен айтшы, -
деп ағама тағы бір көз тастаған ол ойын жалғады. - Берігіректе
Есенбек батыр Бұзаудың аузынан өзіне қатысты бір жайсыз
әңгіме шығыпты деп естіп, арнайы келіпті. Батырды ойындағыдай
құрметпен, Бұзаудың болыс, ұранға шыққан кезі емес пе, қарсы
алып, күтіп, үлкен қошемет көрсетеді. Қаншама иіліп, ілтипат,
бас ию болса да, батыр шешілмей, қабағы жазылмай, жауатын
бұлттай түнеріп отырыпты. Оны байқаған болыс:

- Батыр, соңғы жылдары сирек келесіз елге, біз де сізді із-
демеппіз. Қабағыңыз қату, бірдеңеге ренжулі емессіз бе? - деп
қалады. - Жарықтық батыр туған солардың табиғаты да бөлек-
ау. Жалт қарап сонда:

- Ей, сен не айтып отырсың? Сені бәрін біле береді, ел де
өзі, жер де өзі, ақылды, абырой, бақты да құдай сол үшін аямай
берді. Біздің тілегіміз шығар деп жүрсем, не болып барасың? Өзі
болған ұл ма десем, өзі болған қыз ба едің? - деп бас салады.
Мына сөзден сәл абыржыған Бұзау:

- Батыр, мына тосын сырыңызға түсіне алмадым. Рас, көптен
сізге сәлем бере алмай - десе:

- Сәлем сәлем ғой, бәленді тарт бірақ менен? - деп дауысы

Апбаз Қаражігітов
күндей күркіреп. - Ей, Бұзау, сен бұл оқиғалардың тұсында бұл
дүниеде жоқсың. Әлі тумаған едің. Мүмкін, содан да сен менің
сөзімді жалғанға шығарарсың. Жоқ, жалған сөз - жанды жейтін
шайтан, - деп дауысын көтерген батыр: - Бес жүз қарулы қоқан
аттаныпты деп екі Кеңгірдің бойындағы Найман үрке көшті, бұл
Аманбай батырдың қартайған шағы. Ағамыз екеуіміз Есенғабыл
мен батырға: «Батаңды бер. Мына жауға қарсы шабамыз деп
келдік. Батыр ойланып, теңселіп отырып алды. Екі көзін жауып
кеткен қасын жалпылдатып», олар көп қой! Көп! - дей берді.
Шыдамадым. Мойныма шылбырымды салып, алдына тізерлеп
отырып, батыр бабалардың, нағашым Қашқан батырдың атын
атап, әруақтарды тебіренттіріп отырып алдым. Сонда Аманбай:

- Апыр-ай, мына Сөлтік қайтеді-ей.
- Әй, Есенғабыл, - деп ағамды өзіне қаратып. - Бердім ба-
тамды! Барыңдар! Құдай арам аяғымен жерімді басқан жаудың
желкесін қисын. Мен шақырғаным жоқ, өзі келді. «Шағамын» деп
үйге кірген жыланды өлтіреді. Ақ құймайды, - деді.
Жау Аяқ асуынан асып келеді екен. Жер жазық. Ағайынды
екеуміз ақылдасып, Кеңгір өзенінің Сарысуға құйылысында қа-
лың тоғайдан шыға тиюге келістік. Жан шүберекке түюлі. Екі-ақ
кісіміз. Қаннен-қаперсіз жау он-он бес буын боп құйылып келеді.
Астында қаратөбел арғымағы бар Қоқанның батыры сауыты
жарқырап алдыңғы топты бастап, келе берді. Иә, Алла деп тиіп
кеп кеттік. Ұрғанын ұрып, шанышқанын шаншып, ең алдындағы
батырды құдай дес бергенде шу дегенде құлатып кеттім. Осы
жан алып, жан берген тұста бір қарасам, ағам түйедей дәу қара-
мен айқасып қалыпты. Беріле қояр бәле емес анау. Мен тұсынан
өте беріп: «Ей, бұ немеге несіне кідіріп тұрсың!» - деп айқай
салғанымда әлгі жалт қарағаны маған. Ағам құдай қолдады ма,
көз ілеспес жылдамдықпен оны іліп тастады.
Міне, сол шайқастан жау батырының басын қанжығаға бөкте-
ріп, ағайынды екеуміз Аманбай батырдың алдына келдік. Сонда
батыр қуанғаннан ба, әлде аруақ қысты ма, денесі селкілдеп:
- Бәсе, бәсе, жұлын тұсым қатты терлеп кетіп еді. Елге жау
тигенде, жеңіске жететінде, Барлыбай, Төлек, Жаулыбайлар-
да болатын белгі еді ол. Жарадыңдар! - деп жалбырап көзіне
түскен қасын көтергенде, көзінен моншақтай боп екі түйір жас
үзіліп түсті. Бұның аты не?
Бұзау:
- Ерлік! Ел үшін жасалған жанкештілік, - десе, батыр:
- Ә, Сөлтігім, әрі тыңда - дейді.
- Өтеп сенің атаң емес пе?! - Қойқаңдап қозғалып. - Бір күні

Абыздар биігі
асылы Сөлтік деген сөз Аманбай батырдың аузынан түспейтін
көсем сөзі. Соны еншілеген ағам түн ішінде үйдің сыртынан
келіп:

- Әй, Сөлтік! Тұр тез! Өтептің жылқысын жау әкетті, - деп ай-
қай салды. Ат белдеуден кеткен бе, міне, салып тұра шаптық.
Жарықтығым-ай, ағамды айтам, Есенғабыл батыр жол үстінде
не қақырынбай, не түкірмей ат үстінде тас мүсіндей тік отырып
еді. Аты да алшаң-алшаң басып, тақыммен бірге қозғалып, көсем
жүретін. Сол таңның атысында Шағыр аулына, бүгінгі сен биле-
ген елге келдік. Көп адам жиналған, бірақ ішінде жауға шабары
жоқ. Бос даңғаза. Ағам:

- Әй, Сөлтік, - деді маған, - жау қанша дейсің. Зоры анада-
ғыдай-ақ шығар. Тарт! Баста! Шегінетін жер жоқ! - деп ақырды.

Жауды қуып кеттік. Шу өзенінің бергі қабағы. Қалың орман-
дай сексеуіл. Дандайсыған жау жайбарақат. Бір ту биені сойып,
мәре-сәре болып сексеуілді ортаға үйіп, семіз етті асып жатыр.
Айсыз түндегі от қандай, бүкіл атырапты алауға бөлеп, самалға
толтырып жіберген. Өзен жағасына таяу кеп тұрмыз. Ат шөлде-
ген. Біз де жетісіп тұрғамыз жоқ.

- Атыңды ауыздығымен суар. Кісінейді, - деп ескертті ағам.
Мәре-сәре жау бір кезде піскен етті ортаға алып, қораланып
отыра берді. Осы сәтті тосқандай:

- Әй, Сөлтік, көрейін сені, - деп түнгі самалада бетіме түксие
қараған Есенғабыл. - Бар! Бергі шеттен ти! Анау лапылдаған
өрттей жанған сексеуілдің шоғына лақтыр шетінен. Арғы жағын
маған бер! - деді. Сөз қатпадым. Қылышым белімде. Найзамды
тұрған жеріме шанша салып, жүгіре жөнелдім. Айналам да, көзім
де от болып кетті.

Келген бетімде жарты қазыны қаннен-қаперсіз аузына асай
берген дәу қараны желкесінен алып отқа атып жібердім.

Екінші біреуін тағы, тағы... Апыр-топыр, төбеден жай түскен-
дей, жаудың есі шығып, у-ду болды да қалды.

- Ұр! Соқ! Өрте! - деген ағамның әр дауысы түнгі даланы
дүр сілкінтті. Бір қара қасқа ат отқа таяу жерде ер-тұрманымен
қаңтарулы тұрған. Бір қарасам, екі адам жанталаса мінгесіп,
шаба жөнелгені. Жүгіре түскен менің қолым аттың құйры-
ғына тие берді. Табанымды сексеуілдің түбіріне тірей тартып
қалғанымда, ат бір лоқсып, құйрығын үзіп кете барды.

- Ей, Бұзау, тыңдап отырмысың, - деген батыр: - бұл екі.
Тыңдап отыр! Келесі бір жылы Өтептің жылқысын жау әкетті деп
тағы хабар жетті.

Жылқы алған жау онымен қоймай Өтептің баласын, Табанды

Апбаз Қаражігітов

да байлап әкетіпті. Ол кезде мал иесінің малының басы-қасын-
да болатын кезі. Ал, Табан - Өтептің аса сенімді, жақсы көретін
баласы. Қас-қабағы ақ қырау Есенбек: - Уай, Бұзау, Табан -
Өтептің баласы ма еді? - деп дауыстайды. - Дұрыс, білсең
болды, - дейді де, - сол жылқыны, Табанды қоса әкеткен жауды
қуып кеттік. Өтеп бай: «Малы құрысын. Қос батыр, баламды тірі
әкеліп берсеңдер болды», - деп егіліп қалды.

Иә, сол жаудың қолында отыншысы, сушысы, тамақ пісіретін
аспаз болып жүрген бір татар жігіт бар екен. Ол да қайбір жеті-
сіп жүрген жан. Пенде болып жаудың қиянатына кім разы бола-
ды. Сол Табанға: «Мыналар осы түнде сені өлтірмекші. Мына
түнде қашқанмен құтылмайсың. Қазір мен сонау өліп жатқан
биенің ішін алып тастаймын. Жан керек болса, өлген биенің
ішіне кіріп тығыл. Әйтпесе өлесің», - дейді. "Сені, түбі мал
дауы болса, тірі куә көзін жоямыз дейді", - депті. Жан шіркін
тәтті емес пе, түйедей Табан тарыдай болып өлген биенің ішіне
сыйып, тірі қалды. Оның үстінен ағайынды екеуміз шығып, үшеу
болдық. Шіркін, Табан да ер, айтулы күш иесі еді-ау! Жаудың
кез келгенін сырықпен түртіп, құлатып отырады. Әсілі, біреудің
малына, дүниесіне қиянат жасаған кісі де қауқар болмаса керек.
Сондағы жау бізге шетінен шыбын болып кетті. Берекесі кетіп,
құты қашып, быт-шыты шықты. Жылқыны аман айырып қайттық.

Сенің атаң Өтепбайдың жылқысын қоқандар үшінші рет ал-
ды. Бұл ағамның дүние салған кезі. Мен байға: «Жалғызбын ғой,
қасыма Табанды қос. Жылқыны қуамын», - дедім. Сонда Қыдыр
иесі бай: «Бұ жолы жылқыны қума! Екі рет айырдың жылқым-
ды жаудан. Тілек үш рет қабыл болмайды. Жазым боларсың.
Тоқта», - деді. Мен көнбедім. Ақыры құдайға сыйынып, әруақты
арқаланып, "ақ адал малым, ішінде арамнан туған байтал түгі-
лі, тай да жоқ" деп жалғыз қуып кеттім. Сонда байдың сонша
малды адалдан жиғандығына сеніп кеттім. Мына Жетіқоңырдың
құмынан әрі асып, Бетпақтың шөліне шығып бара жатқан, қара
қалпақ па, ақ қалпақ па, Қоқан ба, ит біле ме, есімде жоқ қазір,
жетпіс кісіден бес жүздей жылқыны жалғыз найзамен жүріп
бір өзім айырып қалдым. Батырдың бетіндегі түк, сақал-мұрты
тікірейіп, көзі шоқ болып жанып. - Енді, Бұзау, сен сөйле! Атаң
Өтепке біткен малдың бақташысы кім екен? Кім бағып күзетіпті?
Бізде ол кезде сенікі, менікі болған емес. Ел шетіне жау келсе,
ақ туын көтеріп, ала туын желбіретіп шыққан баяғы батырлар -
Қабанбай, Барлыбай, Төлек, Жаулыбай жаным бар демеген,
сол мұра бізге жұққан! Найман десе, өрісі қазақ десе, шыбын
жанды шүберекке түйіп шаба беріпті, шаба беріппіз. Сендер ғой,

Абыздар биігі
қазір сенікі, менікі дегенді тауып жүрген, - деген батыр денесі
қалтырап, діріл буып, төрде тұрған найзасына қол созып, мына
сүңгіні елу-алпыс жыл ұстап келдім. Мұны енді шабатын жау
болмаса, сындырамын, - деді түсі өзгеріп.

- О, батыр, сөзіңіз сөз-ақ. Бір ағат сөздің желге ұшқаны.
Енді бұдан былай Өтеп баласы ғана емес, қасымда, міне, аға-
ларым Қаражігіт, Мақат отыр. Бүкіл Шағыр баласы алдыңызға
шықпайды. Жыл сайынғы соғым, келім-кетім қонақтың барлық
кәдесі, жазғы сауыныңыз қалағаныңызша алдыңызда болсын.
Мал иесі екеніңізді білмедік, - депті. Сонда Есенбек батыр:

- «Е, Сөлтігім, еліңді сыртынан да, ішінен де қорғай біл. Біз
найзамен қорғасақ, сендер өнермен, тілмен қорғайтын уақыт
келіпті. Бірақ ағайынның, туыстың қиянаты болмасын. Бата -
менікі, ел - сенікі» депті, - деп тоқтады Тұрсын. Бірінен бірі асы-
рып, өткен-кеткенді жырдай төгіп, бірде жасаған асқанын-тасқа-
нын, бірде көрген қорлығы мен зорлығын айтып өзара мәз.

Бірді айтып, бірге кетіп жатамыз. Батырлығын, ерлігін, халыққа
істеген жақсылығын, адами ізгілік қасиетін айтып, қос батырды -
Есенғабыл, Есенбекті жағы талғанша мақтанып әңгімелемейтін
Бағаналы баласы жоқ. Соның бәрі қамал бұзған батыр, әлгі қос
батырдың ағасы, тіпті жебеушісі, батагөйі, тәрбиелеушісі болған
Шәлтеке Аманбайды көп айта бермейді, - деп тағы бір ұмтылып,
есімі аз айтылып жүрген әруақты қозғап, сөз бастап кетті Тұрсын:

- Е, Аманбай батырдың жөні бөлек қой. Әлгі жүрегінің түгі
бар дейтін батырыңыз да сол шығар. Әйтпесе, Кенесары мен
Наурызбай барып әдейілеп сәлем бермесе еді-ау! Жарықтықты
қарттық тізелеп тастаған екен. Көзін жапқан шудадай төгілген
қасын қайырып, жаудырап қараған көзіндегі от күннен бөлініп
түскен қып-қызыл шоқ па деп қалдым, - деп Кенесары таң
қалмас еді.

- Апыр-ай, солардың ерекше қасиеті, сұңғыла білгірлігі, адам
жанын бір көргенде танып зерттегіштігі-ай! Әлгі Кенесары хан
Аманбай батырдың көзіндегі басқаға бітпеген нұрды бір көрген-
де қалай біле қалды екен! Аманбай батыр жауға шапқанда көбіне
айсыз қараңғы түнді таңдайды екен. «Қанша күшің басым болса
да, қапы қалдыру, ойда-жоқта, әсіресе түн ұйқыда барыстай бас
салу - жарты жеңіс», - дейді екен. Батыр өмірімде басқа елге
өз аяғымнан барып тиіп, қан төккен емеспін. Басқаның малын,
дүниесін олжалау үшін шығу - қарғыс-қиянат көзі. Ал жау боп
тиіп, сені олжалау үшін, халқыңды құл ету үшін мысық табан-
дай келіп тиген немесе астам қаруымен күшіне сеніп басын-
ған дұшпанды келсең - кел деп қарсы алмау - қорқақтық емес,

Апбаз Қаражігітов
сорлылық! Мен мына өмірге мүсәпір болып келгем жоқ. Әке-
шешем ұл тапты деп қуанғанда, халқым менің ар-намысымды
қорғайтын перзентім бар деп ақ батасын бергенде, менің аянар
нем бар! Халық құдірет иесі - оның батасы алдырмас қамал! Сол
халқым атынан жауға кек буып атылғанымда жолым болмаған
жерім жоқ деп отырады екен.

Сол тамаша батыр жауға аттанғанда Тышқанкөз атанған боз
атымен көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде қолды бастап оқ
бойы отырар еді дейді. Бірде Қоқанның Шерәлі ме, Құдияр ма
ханы қазақтың көп жерін жаулап алып, қарапайым елді алым-
салықпен күйзелтіп қана қоймай, асып-тасқаны сонша, Ұлытауды
мекендеген елдің он бес мың жылқысын қудырып алдырады.
Қоқанның бұл әрекеті «Бұл қазақтар қайтер екен, қарсыласа
ала ма, жоқ, біздің тегеурінімізге төтеп бере алмасын біліп, ың-
ғайымызға көнер ме екен» деген барлау да екен. Онысымен
қоймай, тіпті орыс патшалығының Хиуа мен Бұқар, Ташкент,
Самарқанд сияқты қалаларына жіберілген керуендерін тонап,
мейманасы тасып тұрған шағы болса керек.

Бұл Ерденнің аға сұлтан тағына отырған дәуірі дейді айту-
шылар. Қоқандықтардың мына озбырлығына қарсы күреске пат-
шалық Ресей де мүдделі болады. Ерденнің сұрауымен арнайы
отряд жасақтап, Бағаналы елінің қоқандықтарға қарсы жоры-
ғына қолдау жасайды.

Түн. Астында ақ боз ат Аманбай батыр алда оқ бойы келе
жатқан. Ерденді қасына шақырып:

- Сонау қобыланып қарайып көрінген өзен. Сол өзеннің бергі
қабағында жаудың қамалы көрінеді. Арғы бетте мың-мың жылқы
тобыры жатыр. Көріп тұрсың ба? - дейді. Ерден батыр аң-таң.

- Аға-ау, сіз оны қалай, қайдан көріп тұрсыз. Мен мына тас-
түнекте атымның құлағын зорға көріп тұрмын, - десе:

- Ой, Сөлтігім, сен аяғыңның астын ғана, онда да күндіз кө-
ретін бе едің? Мен түнгі айқай жететін жердегіні күндізгідей кө-
ремін ғой, - деп таң қалдырыпты да, - қолдың бас-аяғын қос!
Мен ұйқыда жатқан қамалдағы жауға шабамын. Сендердің мін-
деттерің мені қолдау болсын! - дейді де найзасын көтеріп, шаба
жөнеледі.

Қаннен-қаперсіз ұйқыда жатқан қоқандықтардың күзетін жо-
йып, қорғаннан асып түсіп, қақпасын ашып сол түннің ішінде
тас-талқан қырғын салады. Өлгені өліп, өлмегені жан сауғалаған
жау қатты жеңіліске ұшырайды. Құпия есіктен хан әйелін алып
қашып, құтылып кетеді. Хан сарайында ханның қызы, күтуші-
лері, таққа мұрагер ұлы қалады. Оларды байлап алмай ма?!

Абыздар биігі
Аманбай, Ерден, жас батыр Лепесбай бастаған Бағаналы елі
жасақтары қоқандықтарды ойсырата жеңіп, қолды болған малын
қайтарып, кейін қайтады. Көп мал, басқа олжа, ханның қызы мен
баласын тұтқындаған бұлар Бетпақтың қуаң даласымен асып,
Айнакөлге келіп тоқтайды.
Әрине, қамалдың құпия есігінен қашып шыққан Қоқан ханы
да тек жатпай, тың әскермен бұлардың соңына түседі. Арада
бірнеше күнгі қанды соғыс, жорық жолы қажытқан Бағаналы жа-
сағы Айнакөлге келіп, жайбарақат демалып, жеңіс қуанышына
бөленеді. Ханның атақты сұлу қызын жас батыр Лепесбайға қо-
сып, той жасап, хан сарайынан олжалаған ақ жібек шатыр отауға
жастарды жайғастырады.
Неше күнгі жорықтағы жүрістен қажыған қол бейғам ұйқыға
кеткен сәтте Қоқан әскері лап қояды. Әскер ұйқыда, ат жайы-
лымда. Тек қана Аманбай батыр Тышқанкөз тұлпарын шаты-
рының іргесіне арқандап қойған екен. «Ча-ча! Ча-ча!» - деп
ұрандап тиген жаудың дауысына жер тепкілеп арқырай кісіне-
ген атының үнінен ұйқыдан атып тұрған Аманбай батыр атын
ерттеуге де үлгірмей, жайдақ, міне, шабады.
О, дүние-ай десейші, сол батырлардың астындағы аты да
өзіне сай болған-ау. Қамбардың Қара қасқасы, Қобыландының
Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары сияқты, АманбайдыңТыш-
қанкөзі де батырдың жанашыр серігі болыпты. Мына арқырап
кісінеуі соның куәсі. Осы бір қатерлі шақта атына мінген батыр
қоқандықтарға түре тиіп, шанышқанын шаншып, түйрегенін түй-
реп, айсыз қараңғы түнде жауды ойсырата қуады. Түнгі жаудың
және оған қарсы Бағаналы қолының дабылды үні жер дүниені
күңірентіп жібереді. Мына қапелімде қаннен-қаперсіз жатқан
қолды қапыда қалдырған жауды Аманбай батыр бар күш-қуатын
жұмсап, өшіге қуады. Дұшпанның талайының жанын жаһаннам-
ға жіберіп, әлденеше ондағанын атынан аударып, қан-соқта жа-
сайды. Жау қаша ұрыс салып, жан сауғалап қаша береді.
Осы кезде батырдың есіне жібек шатырда хан қызының қой-
нында жатқан Лепесбай батыр оралады. "Апыр-ай, соны қапыда
мерт қылмаса нетті" деген удай ащы уайым жүрегін тілгілеген
батыр атының басын кері бұрады. Жолда ер-тоқымымен иесі
опат болған алпыс-жетпіс дұшпанның атын алдына салып
қуа кейін қайтады. Айнакөл жағасына шабуылдап жеткен
батыр Лепесбай жатқан жібек шатырдың есігін найзасымен
түре көтеріп қараса, есіл ер, жасы жиырмаға енді ғана жеткен
қыршын жас батырдың хан қызымен қоса қылыш астында
туралып жатқанын көреді.

Апбаз Қаражігітов

Бұл кезде Ерден батыр бастаған қол да қашқан жауды өкше-
леп қуып, едәуір ойсыратып, шығынға ұшыратып, бір биіктің
басында Аманбай батырдың қайда кеткенін білмей дағдарып
тұрған кезі екен. Кеше Қоқан ханның қамалын шапқанда қолға
түскен ханның мұрагер баласы Ерден батырдың үзеңгісін
жалап, шыбын жанына сауға сұрап, жылап тұрған үстіне Ле-
песбайдың қапыда қаза тапқанына іші-бауыры өртеніп келе
жатқан Аманбай батыр да келеді. «Ой, мына неме әлі зарлап
жүр ме еді. Мұның жаны Лепесбайдан артық па!» - деп, сөзге
келместен кылышпен тартып жібереді. Хан баласының басы
домалап бара жатқанда Ерден: "Әттегене, сауға сұрағанның
шыбын жанына кешірім ету керек еді-ау!" - деп қалады. Сонда
Аманбай: "Менің қазір көзімнен қан ағып тұрған жоқ па!? Не
деп тұрсың, Лепесбай қайда?!" - деп атынан аударыла құлаған
екен.

Осы жолы батыр «түнде айқай жететін жерді күндізгідей кө-
ретін көз берген құдайға разымын. Мыңдаған жаудың жанын
жаһаннамға жіберуіме көзімнің түнгі жарығы көмек етті. Әттең,
атыма жайдақ мінгенім, әйтпесе бір қоқан тірі кетпесе еді» деген
екен. Әлгі Ерден батыр Аманбайды қарсы алатын Айнакөл
жанындағы биік кейін Ерден шыққан төбе атанып кетеді. - Ле-
песбайдың қапыдағы қазасы батырдың бүкіл өмірінде жүрегіне
қатқан өкініші болды. Әркез сол оқиға есіне түскенде "Жауғаш-
ты атаның сол қыршын кеткен батыр баласы тірі болғанда,
талай жаудан кек алатын атақты ер болатын еді" деп отырады
екен. "Арманда кеткен сөлтігім-ай, өзі де адамзаттың көріктісі
еді-ау", - деп аһ ұрар еді дейді.

Міне, әлгі Есенғабыл, Есенбек батырлардың жетекшісі, бас-
шысы болған Бағаналыдан шыққан дүрлердің бірі осындай. Ал
сол батырдың балалары да әкеміздей боламыз деп армандаса
керек. Бірде оларға астында көк ала байталы бар қартаң кісі
кезіге кетеді. Сәлемдесіп тұрып, байталға қызыққан жігіттер:

- Қарт, мына көк ала байталды бізге бер, - демей ме?
- Иә, ол ненің ақысы? - деп шақшиыпты шал.
- Қызығып тұрмыз, тәуір мал екен, - десе:
- Жарайды, - деген шал байталынан түсіп, айыл тартпасын
мықтап тартып, қайта мініп, саптама етігінің қонышынан үзбелі
найзасын шығарып, - Ал, батырлар, қане келіңдер, енді бай-
талды қай жеңгеніміз мінеміз, - деп үш жігітті аттарынан аударып
тастап, алдына салып айдап, - Енді жөндеріңді айт, - демей ме.
Олар Аманбай батырдың атын атайды. басын шайқаған қарт
«Есіл әруағы-ай, сөлтігім екен ғой», - деген ол енді. "Аттарың

Абыздар биігі
өздеріңе олжа, барыңдар" деп босатып қоя беріпті әлгілерді.
Әкесіне келіп болған оқиғаны айтқанда, қарт батыр: «Біздің қа-
тарымыз сондай болған. Сондай бола береді», - деп қуанып,
қарқылдап күліпті. Бізге жеткен әңгімеде бұл Жұртшы, Сағындық,
не Дүтбай, немесе Жанғабыл Кәрібек болуы керек, - деп аяқта-
ды бұл әңгімесін Тұрсын. Аң-таң болам. Сонша біреуге қасқыр-
дай шапқан, түлкідей айла шарғылы неткен заман. Байлық анау
Сәл тынып, әңгіме үзілген кезде маңдайын сипап, өз көзін өзі
уқалаған Күзеубай:

- Бозтарланды ауыл сыртына арқандатып тастаған Жәкең
кештетіп әдетінше қыр басына шығып: "Зәніңді ұрайын, көрейін
Құланбайын шошаңдатып, бәйгеге қосып болмайды. Ал, отыр
жаяу! Және шетінен әжі, шәйнегі қолынан түспейді. Мекешіл-ақ.
Пайғамбардың қайда екенін көрсетейін", - деп өзімен-өзі бұр-
қан-талқан.

- Иә, - деді ағам бәрінің назарын өзіне аударып. - Өздекем
Бозтарланыңды жетелеп жөнелгенде Толысекеңнің қасына жет-
кен Шағырдың сол кездегі сәуегей қариясы Байтөбет әжі екен.

- О, не болды? Бозтарланыңды кімге беріп жібердің? - десе:
- Тартып әкетті. Зорлық етті.
- Кім екен ол?
- Өзденбай! Жандәулеттің бас кесері.
- Оның себебі неде екен?
- Себебі Жандәулет тұлпарды мен мінемін, әкел, - депті.
- Солай де! Ә, Шағырым, енді қайда көшер екенсің?! Мына
атаң Кетбұға, Ер Шоштан, Барлыбай, Кәдір сыйған байтаққа енді
малың ғана емес, басың сыймайын деді ме?
- Бүгін астыңдағы атыңды алса, ертең қойныңдағы затыңды
апар. Кеудеңнен бас кетіп, иесіз шатың қалар. Көтер басыңды
Сілкін! Жандәулет енді Ерденнен көргенін істейді, - десе, бай:
- Не дейсің маған сонда?
- Мына малыңның билігін бер үш жылға! Сенде - баулысаң
көкке қанат қағатын қыран да бар, көмейінен дуалы сөз, кие
төгілген, Алла деп аузын ашқан адал, зейіні пәк ұлан да бар.
Қос бәйгеге! Күні кеше «Құдайға қарап, құлшылыққа қарап отыр-
мыз» деген бауырыңа отарыңды шетінен бөліп беріп, ырысын
тасытқанда, тапқаның мынау. Жауғаштының бес баласы сенен
әлденеше көп. Көптігіне бағып отыр. Кеше Барлыбайдың ба-
тасымен ақ туын желбіреткен Сандыбайдың баласы Ерденнің
шалғыннан тасқа айдағаны анау Ал мына Бозтарлан оқиғасы-
ның мақсаты тіпті басқа! - депті. Сонда Толысбай:
- Құдай артық жаратқан дуалы ауыз көсемім, бердім өзіңе

Апбаз Қаражігітов
мал билігін! Мал берген құдай иесін берсе, немді аяймын, -
деген екен.

- Міне, сол тұлпар оқиғасынан кейін екі ел арасында мал
таласы емес, бақ таласы басталып кетіпті, - деп тоқтады ағам.

Бірін-бірі қатты сағынысып, кездескен бұлар дәм үстінде де
аузы сөзден босамайды. Айтатындары өткен заманның әңгімесі.
Ана ескі дүниеден қонаққа келіп, өткен-кеткенді ұмыт болма-
сын деп зейіндеріне қайта тоқып, еске түсіріп отырған сияқты.
Осындай әңгіме тарихтың бәрін қоздатып, келесі сөзді тұздық-
тай бастайтын да, түрткі салатын да, мойнын аққудай созатын
да Тұрсын. Ол сөйлесе, бәрі соның аузына қарайды. Бұ жолы
Күзеубай әкем айтып еді деп оның сөзін бөліп, манағы әңгімені
аяқтайыншы деді де:

-Жәкеңнің неге күйгелектеніп, соқтығар қара таппай, мұнша-
лық ашу буғанын көргенім осы. Ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс, Ұлытауды мекендеген елдің ең биік беделді ақсақа-
лы атанған кісінің ойда-жоқта өзінен-өзі бүлінгеніне іштей таң
қалам. Алдына келгенді тарпып, артына келгенді теуіп, өз
дегенінен басқаның сөзін де, ісін де өрге бастырмайтын бет
қаратпас адуын, бірақ бәрін ақыл таразысына салып, жұрт-
шылықтың көкейіндегісін тауып отыратын білім иесінің мына
нілдей бұзылғаны бір астамшылықтың басы сияқтанып та
кеткен. Беталысы - мен не айтам, сол болады.

Күн нөсер жаңбырдан кейін жарқырап ашылып, ауыл жанын-
дағы биіктің басына шығып, әдетінше ел тағдырына байланыс-
ты, өткендегі ата-бабалар ерлігі, әділ ісі, адалдық, кісілік жайлы
ағып сөйлеп отырып, қабағынан қар жауғаны.

- Әй, - деп дауыстап қарады маған. - Байғара тұқымының
әлгі, зәніңді ұрайынның аты аузыма түспей отыр. Қара суды
теріс ағызады дейді өзін. Қойына топалаң, жылқысына жамал-
дату тигенде Жандостың Итемегені дегені барып қойының, жыл-
қысының ішін басынан бір, аяғынан бір аралап өтсе, мал өлімі
пышақпен кескендей тыйылады, - деп естуші едім. Енді соның
Сыр бойындағы моласының әулие атағы шығып жатыр. Мұның
сыры неде? Төбе басында отырған бір ауылдың бас көтерері би-
дің сауалы саған арналады дей ме, бәрі маған қарап қалыпты.
- Әкем қарқылдап күліп алды.

- Е, оны айтасыз, күні кеше көз алдыңызда әкеңіз Құлыбекке
Орта жүздің баласына сауын айтып ас бергенде, сол Итемеген-
нің баласы Досымбай бақсы көрсеткен кереметті ұмытып қал-
дыңыз ба? - деп қалдым.

- Ә-ә, зәніңді ұрайын, сөйтті-ау! Сөйтті! - Жәкең орнынан қо-

Абыздар биігі

паңдап. - Әй, өзі мен Қыпшақтың Қойлыбай бақсысынан бата
алғамын. Түсімде Барлыбай бата берген. Менің қырық шілтен
әулие-әмбие қолайымда деп те үлкен әруақтың атын атап еді.
Әкесінің ісі анандай... Құдай біреуге бақ пен ұлы қасиет дары-
тайын десе, қиын ба? Солай болды. Солай екен, - деп тұнжырай
төмен қараған Жәкең, - сонда біреу Қыпшақ Қойлыбай бақсы
бәйгеге қобызын қосып алдымен келтіріпті деп дәуірлеген жоқ
па? Осы даурықпа әңгіменің үстінде Итемегеннің Досымбайы
келе қалғаны. Иығында қара қобыз. Оның қобызын көрген әлгі:

- Әй, қара қобызды босқа арқаламай, Қойлыбайша сен де
бәйгеге қосып, бас бәйге жүз елу құр атты неге алмайсың, -
дегені.

- Несі бар, қоссам - қосам, бірақ ас өзімдікі, бәйгені сырттың
алғаны дұрыс. Атағымыз алысқа шығады, - деді ол. Оның мына
сөзіне "осы не сандалып отыр" деген райда қараптан-қарап қи-
тығып Жәкең:

- Қолыңнан келсе, қос бәйгеге қобызыңды! Алдымен келтір!
Көрейін сен әулиені, - дегені бар. Әне, керемет! Үш жүз елу ат,
бір қобыз қосылды бәйгеге. Әлгі қобыз иесі Досымбай ат ай-
даушыларға қобызын беріп жатып: «Атты жіберетін жерге барып
қонатын шығарсыңдар. Мына қобызды мықтап тұрып, мейлі,
қандай тамырлы ағаш болса да, мына қыл арқанмен сол өсіп
тұрған ағашқа байлап, таңып тастаңдар», - дейді.

Ат айдаушылар қобызын қосқан оны келекелеп: "Мұны біз
өзің іздеп барып шешіп алатындай бекітерміз. Қам жеме", - деп
кетеді. Содан не болды дерсіңдер, келесі күні кіші бесінге дүрбі
салып, биікке шыққандар бәйге аттардың шаңы көрінгенін
жеткізді. Мың-мың адам. Ат қосқандар, бәйгеден дәмелілер-
де дегбір жоқ. Көтермелеушілер де топ-топ болып, аттарының
алдынан кетіп жатыр. Әне, қара дауыл құйын боп дөңгелене
көтерілді. Оның соңынан бірнеше ат түйдегімен шыққан. Қа-
рақшы басында ас иесі Жәкең, елдің бас адамдары тұрған.

- Мәссаған! Әлгі құйын боп дөңгелене көтерілген шаң арасы-
нан діңіне құттақ жетпейтін бір түп жидені тамырымен қопарып
сүйреткен қобыз - Досымбайдың қобызы қарақшыдан әлемді
ақтұман шаңға көміп өте берді. Екінші ат Жанайдардың Мейра-
мынікі, үшінші ат...

Соны өз көзіммен көрдім, - деп Жәкең сәл кідіріп, екі танауын
кезек ұстап сипап отырып қалды...

- Е, Досымбай тегін кісі болмаған ғой, - деп сөзді әрі созды
Көпбай Күзеубайдың бетіне жалтақтай қарап. - Көктемде
Сарысу өзені қатты тасып кетіп, өзеннің екінші бетінде болып

Апбаз Қаражігітов

жатқан, арнайы шақырған тойға өте алмай қалады Досекең. Бір
өзі болса ештеңе емес, қасында бір топ нөкері бар екен. Арғы
беттегі той иесіне айқайлап, келгендерін айтса:

- Сең жүріп, өзеннің екі қабағын кеміріп жуып жатқан тасқын-
нан өту қауіпті. Қастарыңда әулие бар екен ғой. Тойдағы сыбаға-
сын ақ үйі мен дастарқанына дайындап қоямыз, өзі алдырып
жер, -депті.

- Мақұл! - депті бақсы. Не керек, Досекең қобызды шалып
бір сарын дауыс көтереді. Сөйткенше болмай, ақ үй дөңгелене
қозғалып, өзеннің екінші бетіне келіп, тігулі қалпы жайғасыпты.
Бұған не деуге болады! - Біріне-бірі таңдана қарайды. Тұрсын
ғана: - Әруақ қой, - деді.

- Әруақ екеніне кім таласады, бірақ сол әруақ қасиет боп,
әлгідей көзге көрінбей, өзінен өзгені құдіретімен таң қалдырып,
тіпті ақылға сыймайтын ғажап кереметтер жасау бұл күнгі
адамның қолынан неге келмейді. Мені ойға қалдыратыны сол.
Сиқырлы күштің сыры неде? - деп әкем айтып еді, - Жандәу-
лет айтып еді, - деп осыншама таңғажайып әңгімені айтушы
Күзеубай қайта сауал тастады.

- Оның сырын несіне сұрайсың? Ол кездің адамдары дә-
ретсіз жер баспады. Арамдық, зұлымдықтан аулақ болды. Бү-
гінгідей құдайға, дінге қарсы соғыс ашып, санасына қулық-сұм-
дық, бірді-бірге айдап салып, пәле қарап, өзін-өзі талап, арам,
адал, обал, сауаптың не екенін білмейтін ақ пен қараның жұ-
лысқан заманы деп пе ең! Адам зердесінде құдайды - бір,
пайғамбарды хақ деген ақиқат қана өмір сүрген уақыт ол, - деп
Тұрсын шешіле сөйледі.

Қанша уақыт үлкендер сөзін ести жүре заманға, өздері өмір
сүріп отырған кезеңге ашық наразы пікір айтқанын естігенім
осы. Мен де айтылған әңгіменің сиқырлы сырына түсіне алмай,
таң-тамаша қалып отырмын. Мені үлкендердің көкейінде бұғып
жатқан бір құпия баурай түскендей. Бірақ оны түстеп, дәп баса
алмай дал болам.

- Сонда не? Пенделер жасаған зұлымдық, арамдық, күнә,
қиянатты тоқтатуға құдайдың да шамасы келмей ме? - Көпбай
өре түрегелді. Достарына адырая қарап, қияс сұрақ қойып отыр.

- Құдайдың шамасы келмейтін ештеңе жоқ. Құдай өз қо-
лымен, сол қасиетсіздікті, кесапатты, қиянатты жасаушы басқа
бір пендесі арқылы зауал түсіріп жазалайды. Алла тағала он-
дай зұлымдықты жасаушыны қай дәуірде де мәңгі қалдырған
емес. Сол үшін құдіретімен Құран кәрім түсірген. Оған мысал
көп, - деп ойын түйген. Ол - күні кеше Төбектің жыландысы

Абыздар биігі

атанған Сарысудың жағасындағы қалың бидайықты жайлаған
жылан ордасын Досымбайдың қалай көшіргенін әке-шешеміз
көзімен көрген жоқ па? Сонда, жарықтық, өрістегі жылқыны
шағып өлтіре берген өзен жағасындағы төбені мекендеп, сонау
қырдан жазда жылқы табынындай шаңын бұрқыратып суға құ-
лап, кешкі салқынмен ордасына қайтатын жыланды көшіру
үшін шабындық ортасына ақ боз үй тіктіріп ойнапты. Бақсының
дауысы да зор болса керек. Қара қобыздан не сырлы әуен,
жанды тербеп, жүректі қозғаған айбарлы сазды асқақтатып:

- Уа, тәңірдің құлы мүміні,
Пайғамбардың үмметі!
Тыныштал, тыңда, үнімді
Алындар, менің тілімді.
Тәңірсіз еш іс қылма,
Жасаған жалғыз құдірет,
Дүниені мына өшіріп,
Тірліктен қайта мың рет!
Жан иесі тіршілік!
Зұлымдықтан аулақ бол!
Алдыңда жатыр әнекей,
Құдай салған адал жол.
Ғалайкомуссалам Мұхаммед
жолына кәміл бақыл бол! -
деп сарнап алып:
Ой қойқапта жатқан көп пері,
Шуылдамай, жет бері.
Шақыра кел осында
Қара жылан патшасын,
Жайсын келіп алдыма
Бұрқыраған ақ шашын!
Жылдам келіп көшірсін
Таудағы қарау тақшасын!
Менің пірім Барлыбай,
Қыпшақта бар Қойлыбай.
Асан-Тоқпақ Мергенбай,
Балталыда Беркімбай,
Шағырда мен Досымбай!
Қара қобызды лақтырып тастап осы сәтте отта қып-қызыл
боп жанып жатқан қылышты қолына алып, аяғының астын осып
жібергенде екі босағадан маңдайының қасқасы әліп таңбасын-
дай жарқыраған екі жылан ысқырып шыға келіпті.

Апбаз Қаражігітов

Кет дегенде - кет енді,
Көш дегенде - көш енді.
Қанша жылқы өлтіріп,
Келтірдің қанша кеселді!
Ала кет қазір қасыңа,
Ұрпағыңды, әке-шешеңді, -

деп күңірене ойнап кетеді.
Міне, сол күннің ертеңіне таң атқаннан келесі күннің батарына

дейін Жыланды төбеден жылан көші батысқа ауа жылжып кет-
кен екен. Досымбай бақсы осындай ірі қасиеттің иесі болған, -
дейді, көнекөз қариялар, - деп тоқтады Тұрсын.

- Дұрыс айтасың! Расы, сол Жыланды да қазір бір кездегі
ордалы жыланнан тұқым да қалған жоқ, - деп қостады ағам.

- Тағы бір қызығы Жәкеңнің ашуы әлі де басылмай, - деп
әңгімесін созған әкем, - деген Күзеубай, - зәніңді ұрайын, сонда
бұл Шағыр баласына құдай бәрін берген бе? Бәріне көндім. Ал
Бейсембісінікі не? Сұмдығым-ау, ол құдайдың құдіретіндегі жыл-
дың қай күні қандай болатынын болжайтын көріпкелдік, сәуе-
гейлікке ие болыпты, - деп бидің даусы қатты шығады. - Қардың
қай күні жауатыны, сол қардың қай күні еритіні, өзеннің қашан
таситыны, не керек кұдайдың үш жүз алпыс күнінің бәріне ен
тағып, таңын атырып, тауығын шақыртып болжап отырады, -
деді екіленіп.

Өткен жұт кімді қалжыратпады. Шуды қыстайтын Қоңырат-
тың Майбас байының Айсұлу атты қызы ауылы жанындағы
күрек ашар тебіні таусылып, Бейсембі айтыпты деген қар еритін
күнді асыға тоспай ма?! Күн бесін ауып, қара суық жел азынап
соқпай ма?! Жүнін жұлып, жеген қойды не істерін білмей, әлі
де қар күреп, малына талғажау іздеген қыз ауылының тұсынан
қасында екі-үш жолдасы бар Бейсембі өтіп бара жатса, олар
екенін танымаса да:

- О, азаматтар, соға кетіңіздер, - деп дауыстапты да, сәлем-
нен кейін:

- Мына Найманда Бейсембі деген есепші бүгін қар күрт ери-
ді. Елді қарғын алып кетеді. Сақтансын, - депті. Бұ не сөз? Ол
өзі есепші ме, әлде аузына ие болмаған өсекші ме? Білесіздер
ме? - деп қағытыпты. Шамасы жігіттердің наймандар екенін
білсе керек қыз. Сонда Бейсембі жұлып алғандай:

- Үйіңіз айқай жететін жер екен. Малыңызды тез айдаңыз.
Міне, қар түгілі, қара жерді ағызатын нөсер басталды. Ал, жігіт-
тер, тез ауылға жетейік, - деп шаба жөнеледі. Айтқанындай үш
күн, үш түн құйған нөсер астында қалған Айсұлу қыз найман-

Абыздар биігі
дағы есепші Бейсембіге өмірі қарыздармын. Қиналып тұрып:
"Құдайдың құдіретін болжайтын сен кім едің?- деп жазғырып
едім. Әттегене, соныма әлі өкінемін депті", - деп ентігіп, демін
зордан басты. Жарықтық бір мәселеге көңілі ауса түптемей
тынбаушы еді. Енді кеп, ойда-жоқта, өз туысына кегі бар жандай
зілдене қадалып отыр. Бірақ негізгі ойындағысын ашып айтпай:

- «Ә, зәніңді ұрайын, шетінен әулие ме», - деп күбірлей
берді...

- Әрине - Жәкеңнің ол сыры болыс сайлау тұсында айдай
әлемге ашылды ғой, - деген Күзеубай, "мен болдым" деген
кісіше жастыққа қисайды.

- Әулие - құдайдың өзі қолымен жер бетіне жаққан шырағы!
Оның қасиетін білу, бас ию пенденің ісі, - деді ағам бәрінің ойын
қорытқандай.

«Бұл не деген керемет! Өмірде мұндай да болады екен-ау!
Оның сырын білуді тәңір, бірақ әркімнің пешенесіне жазбаған
болар», - деп түйдім ойымды сол күні. Басқаша ойлау қайда...

- Мейрамға ат айдаушы бол деп жүрген қисық шал Бағаналы-
ның көзі тірісінде ешқайсысына билік бермеген ғой. Өзінен бойы
биіктеп бара жатқанды көрсе, кезінде тұқыртып отырады екен.
Сол әдеті ғой Толысбай байға істегені. Дәулеті мен бағы таситын
ағайынды бір қарпып тастағаны да. Сонысына баққаны да ой-
пап қарасам. Ал, жаңағы Итемеген, Досымбай, Бейсембі жайын-
дағы әңгімеде Жәкең басқа қырынан көрінді, - деп аяқтады сөзін
Күзеубай. Соңғы кезде Бағаналыда өз қатарынан Арзықұлдың
Арыстанбайынан асқан кісі болмапты, - деді Тұрсын.

- Арыстанбай дегеніңіз мына Түркістан жақты биледі дейтін
кісі ме? - деді Күзеубай.

- Сен де қоймайтын сұрақтарды қойып, сөзді үзе береді
екенсің. Бағаналыда неше Арыстанбай бар еді? - Көпбай қы-
рыстанып, Күзеубайды қиып болмай отыр, - Ол - елдің ортақ
мақтанышы.

- Адам жаны жұпар иісі бұрқыраған гүл ғой, - деп созды сөзін
Тұрсекең, көздің жауын алып, жарқырап көрініп, бір мезгіл жай-
нап тұрады да ұшып кетеді. Сол аз ғана уақытта артына өшпес
із, тозбайтын атақ, еңбек қалдырады. Ақылды, кемеңгерлігін
паш етеді. Біреу найзаның күшімен, біреу қызыл тілдің ұшымен.
Соның бәрінде адамның жаны азаматтық дабылын қағады.
Арыстанбай сондай өз заманында айтулы, атақты кісі болған.

Құдайдың бұйрығы шығар, жақын туысының қызын алып қа-
шып, оңтүстікке дәм тартқан Арыстекең шалғайда жүріп-ақ ше-
шендігімен, ақылымен ел билігіне ие болған адам. Нақты бізге

АПБАЗ Каражігітов
жеткен деректерде - Арыстекең патшалық Ресейге көп қызмет
сіңірген қайраткер. Жасында Омбыдағы кадет корпусында оқы-
ған. Орыс тіліне жетік болған кісі. Сол білімі арқасында оңтүс-
тікте болыс, дуан басы дәрежесіне жеткен. Мына қырғыз елін бір
оқ шығармай, қырғыннан сақтап, орыс патшалығына өз еркімен
қосылуға көп еңбек сіңірген. Сол үшін полковник шені берілген
Сарыарқадан Ұлытаудан шыққан бірінші адам.

Міне, сол өзі ел билеп тұрған кезде Арыс бойында бұл күнде
бірде «Найман арығы», бірде «Арыстанбайдың ақ арығы» атан-
ған канал қаздырып, шөл даланы суландырып, елді қоныс-
тандырып, диқаншылықты дамытуға басшы болған да со кісі
екен.

Бірақ қай жерде болса да күншілдік, біреуді-біреу көре алмау,
қастандық жасау сияқты астыртын зұлымдық болған емес пе, -
ол даусын созып, - басқа - басқа, қазақтың күншілдігі кімді аяды
дейсің. Соның бір мысалын Арыстекеңнің басынан өткен мына
оқиғадан көруге болады. Бұл Арыстанбайдың аға сұлтан болып
тұрған кезі. Ұлы жүздің Дулат тармағында Дана Қасымбек, Бала
Қасымбек атты екі белгілі азаматымен дәмдес, сыйлас жүріп-
ті. Әйтсе де әлгі арбасу күншілдік, көре алмаушылық, басқаның
азғыруы ма, бұлардың арасына көзге көрінбейтін араздық жа-
ғып үлгереді.

«Патшаға, басқа ірі ұлықтарға мұның беделі, абырой-атағы
бәрімізден де асты. Мұны ажал жеңбесе, ештеңе ала алмайды.
Жалғыз атты найманға елімізді билетіп қоямыз ба, мұның кө-
зін құртайық», - деп өзара құпия қастандыққа даярланады. Ар-
найы қонақасыға шақырып, тамағына у салып беруді, өлтіруді
жоспарлайды. Сырты қанша жылы, кішіпейіл, иіліп тұрғанымен,
іштерінде өзіне деген зіл жатқанын іштей байқап, сезе жүретін
Арыстекең қонаққа шақырған күні ойда жоқ бір сылтау айтып
бармай қалады. Қашанда бірге дәмдес, сырлас, көп жылдар қа-
сынан қалдырмай өзіне етене жақын дос тұтқан батыршалыстау
тағы бір ер көңілді азамат досы болған екен. Сол келіп:

- Арыстеке, екі Қасымбектің қонақасына бармадық қой.
Дәмнен үлкен болғанымыз ба? - депті. Мына аталы сөзге ой-
лана қалған ол: «Ажалым жетсе, ауырмай да өлмеймін бе?
Солар қастандық жасайды деп корыққаным не? Қой, тәуекел,
барайын», - деп іштей өзін-өзі қайрап, досына:

- Жарайды. Қонақасыға барайық... Қашан баруды, өзің ше-
шерсің, - деп келісім береді.

Уәделі күн жетіп Дана Қасымбектің үйіне келіп түседі. Аға сұл-
танды басқаға жасалмайтын құрмет, бай дастарқан мәзірімен

Абыздар биігі
күтіп қарсы алады. Бір сәт бабына келген сары қымыз сапыры-
лып жатқан тұста Арыстекеңнің қасындағы атқосшысы, батыр-
шалас досы сыртқа шығып, қайта келеді де, бұрын әдетінде
болмаған мінез танытып, Қасымбек пен Арыстекеңнің арасына
келіп отырады. Осы кезде алтын жиекті күміс кәрленге толтыра
құйылған қымызды Арыстекеңе ұсына берсе, әлгі досы жолын
кесіп: «осы қымызды мен-ақ ішейін, не мынау», - деп қалтасы-
нан көк қасқа көлбақаны тулата шығарып, "басың балпанақтай
болып, сен-ақ бар көлді шулатып, бақылдай бересің-ау. Енді
қымызды да көрші" деп шолп еткізіп аяқтың ішіне тастап жібереді.
Бір шоршып түсуге ғана шамасы келген көлбақа сеспей қатыпты.

Сонда досы:
- Арыстеке, тұрыңыз, кеттік. Енді қонақасын бұл Дулаттың
үйінен емес, мен Дулаттың үйінен ішерсіз! - деп тұрып, жүріп
кетіпті.
Бұл Арыстекеңнің сүйіп алған сүйікті жары, әлгі айта беретін
өзінің жақын қарындасы дейтін әйелі қайтыс болып, аса күйзе-
ліп жүрген кезі де екен. «Қой, есің барда елің тап» деген де бар
еді, - деп Сарыарқаға, Ұлытауына оралуға бекінеді. Сандыбай-
дың Ердені дүниеден өткен Бағаналы елінің жетімсіреп, басшы-
сыз қалған кезі де осы. Арыстанбай елге келеді. Ағайын-туыс,
жақын қуана қарсы алады. Қалай дегенде де үлкен ақыл иесі,
дуан-ел басқарған есімі патшалық ұлықтарға мәлім кісі емес пе,
жасы ұлғайып келген туысы әрі атасы Сарыбайға әдейі тарту-
таралғысымен барып сәлем береді. Сонда Сарыбай:
- Апыр-ай, көрмеймін деген көреді екен, өлмеймін деген
өледі екен-ау. Көнбеймін деген көнеді екен-ау! Жарайды, өтті,
кетті, - депті. Қандай ірі мағыналы сөз! - Тұрсын достарына бір
қарап алды да:
- Бағаналы елінің мал басы қарыштап өсіп, жер жайылым,
су тапшылығын көре бастаған жылдар да осы кез. Әсіресе Қара
бала атанған рудың Шу қыстап, Бетбақтың шөлін асып, жаз жай-
лау тарыншылығына душар шағында елге келген Арыстанбай
халқына қайтсем көмек етемін деген ой үстінде қалады. Мыл-
тықтың басуына құланның қасуы дөп келіп, елге жер-су дауын
шешуге генерал-губернатор келеді деген хабар тарайды. Мұны
естіген Арыстекең Терісаққан өзенінің айтулы барқыт төселген-
дей шалғыны піскен саласына ақ үзікті үйлер тігілген құрметті
қонақты қарсы алу рәсімі жүріп жатқан жерге келеді.
Дыбысы жер жарған Ұлытау баурайын дабырайтып, күнді -
күнге, түнді түнге жалғап ұрандатып жіберген дуанбасы келетін
айтулы сәт те туады.

Апбаз Қаражігітов
Сол дәуірдің атақты ел басыларының бірі - Жанайдардың

Мейрамына қонақ болғалы әрі ел арасындағы дау-шарды шеш-
келі келе жатқан жарты патша мінген пәуескенің де қоңырау үні
жаңғырығы естіледі. Салт атты күзет стражниктер жан-жағын
қоршалап, шапқылап келе береді.

Иығында полковник шені, омырауында құрметті айрықша бел-
гісі бар киімінің сыртынан сүйікті жары, аса іскер шебер Аяулы
марқұм тірі күнінде аса бір ыждаһатпен әсемдеп тоқып, етек-
жеңіне нақышты ою тіккен түйе жүні шекпенді жамылған Арыс-
текең дуан басшысы күймесінен талтаңдап түсе бергенде, әлгі
бөтен, басқада жоқ көріністе қарсы шыға береді.

- А, Арыстанбай Арзыкулович! Аспаннан түстіңіз бе, жерден
шықтыңыз ба? - Құдая тоба, мұндай да кездесу болады екен-
ау, губернатор, - деп қолтығынан алып, көк барқыт төселгендей
даланы алшаң басып, құшақтасып кете барады. Мейрам Арыс-
танбайды сыртынан естігені болмаса, танымайды екен. Аңырып
тұрып қалады. Сонда осы дүбірлі дуан басы қошеметін қызық-
тауға келгендердің бірі - Жаманкөздің Есеті:

- Әй, арғын, қыпшақтың баласы-ай, Омбы мен Троиск, Орын-
бор, Ташкент, Бұқарды, Мәскеу, Петерборды талтақтап басып,
сыра мен бозаға тойып, орыстың мәтушкесінің аузына қара-
ғаннан басқа түк бітірмепсің-ау! Найманның мына иығына оқа
таққан қаңғыбасы беліңді сындырып кеткен жоқ па? - деп күй-
зеліпті. Сол жолы Арыстыекең Терісаққан өзенінің кез келген
жеріне қонып, Есіл, Қараөткел, Атбасар, Көкшеге дейін Бағаналы
елінің жайлауға емін-еркін өтуіне рұқсатта алған екен. - Бәрі
қауқалақтап мына сөзге қуанысып қалды. Өздері қызық, арнайы
осындай өткен-кеткенді, біреудің есесі біреуге қалай кетті,
соны саралап, анықтап алу үшін мына оңаша жерге, ағам үйіне
әдейі келіп жатқан сияқты. Жал құйрығын сүзіп, бір-бір жүйрігін
тақымына басып мүше алып қашқан ойынсақ ауыл балалары
тәрізді, бірінің аузындағы сөзді бірі жұла қашады.

- Әй, Тұрсын, ойды-қырды кезіп, ақыры қайтып келдің бе,
ауылға?! Ерденді де, Жандәулетті де тірілтіп, Арыстанбайды
оның атасы Кәдір биді де ояттың ба, ә ? - Көпбай манадан
жантайып жатқан, басын ыңырана көтерді. Сол Арыстекеңнің
де ақыры ажалы кісіден болды дегенді естіп пе ең? - Ол ба-
сын изеді. - Естісең, соның қазасын естірткенде анасының ба-
ласының келешегін болжаған түсін айтайын. Керемет анада ғой.
Түп тамыры Хауа анадан басталатын мәңгілік ана махаббаты
қашанда сәуегей.

- Жүкті болып жүрген күндерім еді, - депті анамыз. Түн.

Абыздар биігі

Түйенің үстінде қоршауда келе жатыр екенмін. Түйені шөгерген
қолыма сүйене түр деп таяқ ұстатты. Сүйеніп тұр едім, әлгі таяқ
от болып жана жөнелді. Жан-жақ алауға көміліп, дүние жап-
жарық болып, бүкіл атырап жарқырап көрінді көзіме, көкжиегі
бұлаңдап сағым толқып, таулар еңсесін көтереді. Сөйткенше
болмай, әлгі сүйеніп жанып тұрған ағашым дәл орта тұсына
келгенде жалп етіп сөнді де, көз алдым қарауытып жүре берді.
Ояна кеттім. Түсім. «Бұ не болып кетті. Ер бала туам-ау. Ол атағы
қатарынан асқан бақыт иесі, төңірегіне нұр тулатқан ерекше жан
болады-ау. Бірақ қолымдағы ағаш ортасына дейін ғана жанды.
Өмірі орта жас болмағай еді?» - деп жорып, әкесіне айтып
едім. Ол да «Апыр-ай, ә? Мына түсің солай деп тұр ғой», - деп
еді. Сол болды. Арыстанбайым арыстан еді. Кетті ғой. Сөнді
ғой сол шырақ», - деген екен. Олар шетінен әулие, көріпкел.
Жарықтықтар жаны, тәні адал, құдайдан ағынан тілегендер
ғой, түсінде не көрсе, өңінде де сонысы болып жатады. Ал
біз сыртымыз қандай шұбар ала болса, ішіміз де көбіне таза
болмаймыз. Сөйтіп те кейде құдайға өкпелейміз. Мына қызықты
тыңдаңдаршы, - деп ағам өтіне дауыстады. - Сонау Өтеп
байдан бері қарай есігін қыдыр күзеткен Байғара байдың бір
жылы жылқысын бағатын адамы аздау болып, Балталыда
пысық, аты шығып жүрген Басалқа деген жігітке келіп: - Биыл
менің бір қос жылқыма бас-көз болсаң қайтеді, - депті. Сонда
ол да:

- Жарайды, бай, бірақ қыстық соғым сізден болады, - десе,
Байекең:

- Бас-көз бол, - деп отырмын мен саған. Демек сол жылқының,
бір қостың басшысы сенсің. Есіңде болсын, көктем қыстан аман
шыққан, аман туған құлынын қоса санағанда жүз біріншісі - сенікі.
Ол ат па, айғыр ма, бие ме тай ма тұлпар ма, - жұмысым жоқ.
Жүз біріншісін санағанда кезіккен мал, бакташының ақысы дейді.

Басалқа Байғараның жылқысын бір жыл емес, үш жыл бағады.
Үш жылда қасында серіктері де байып, өзі үш үйір жылқылы
болады. «Осы да бойыма құт. Азды-көпті малды болдым», - деп
байдан рұқсат алып, кетеді.

Қалай дегенде де, негізінде құдай береке бермеген мал емес
пе, Басалқа бір-екі жылда-ақ кедей болып, ескі кәсібі ұрлығы-
на кірісіп кетеді. Берегірек келгенде оның Мақаш есімді бала-
сы айтулы тақуа, Меккеге барып қажы атанады. Халыққа өте
қадірлі, сыйлы, адал кісі болады. Мақаштың Басалқаның басқа
баласынан ерекше қасиетін байқаған бір кісі Басалқаның үйіне
қонып отырып:

Апбаз Қаражігітов

- О, Басеке, сізде ұл жетеді. Бірінен бірі асқан ұрысы да, қой
аузынан шөп алмас адал, такуасы да бар. Бір әке, бір анадан
туып, балаларыңның әртүрлі болуы қалай? - деп сұрапты.
Сонда Басалқаның әйелі жұлып алғандай:

- Оның несін сұрайсыз. Мақашым бойыма бітерде бұл Байғара
байдың жылқысын бағатын еді. Адал еңбекпен айналысып жүр
еді. Адал қазаннан дәм ішіп, адал ниетпен төсекке жататын еді.
Мақаш сол таза ниетпен жүрген тұста пайда болып, туып еді.
Ал басқалары түн-түнекте біреудің онысын, біреудің мұнысын
қақшып жүргенде пайда болғандары, - депті.

- Не дейді-ей, мынау, - деп, мұндай сөзге басқаларынан тез
көңіл аударатын Тұрсын таңдана қарап қалды.

- Иә, ол солай. Сол Басалқаның баласы Мақаш әкесін "қар-
тайдың жасың келді құдайға құлшылық ет. Райыңнан қайт. Тәу-
беге кел", - деп Меккеге апарады. Меккеден қайтып келген Бас-
алқаның үйінде жейтін ет болмай қалса, Басалқа балаларына:

- Ей, оңбағандар, ет қайда? Меккеге кетсем, мен кеттім, сен-
дер ауылда емес пе едіңдер! - деп ұрысқан екен, - дегенде
отырғандардың күлкіден ішегі түйілердей болды. Дуылдасып
кетті.

- Апыр-ай, Меккеге барса да өмір бойы еткен кәсібін таста-
ғысы келмеген-ау, - деп жатыр.

- Асылы, кісі ақысы деген өте ауыр нәрсе ғой. Мен ұрының
байығанын, отбасы жарығанын көрген емеспін, - деді Күзеубай.
- Адалдан жиғанға не жетсін.

Ал бүгін ғой, міне, жұрттың жалғыз-жарымын тартып алып,
ортаға қосып көбейтеміз, бай боламыз деп жатыр. Әй, қайдам,
еріксіз, ықылассыз берілген мал түбі көбейсе де, береке бер-
мес. Біз көрмесек, кейінгі балалар көрер, бұл дәулет болып тұ-
рақтамайтын, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін
мал болады, - деді Көпбай ыңырана түсіп. Өзінің ойын достарына
ағынан жарылып бірінші айтқаны да осы.

- Дұрыс айтасың! Солай болар-ақ, - десті басқалар. Мана
бір әңгімеде Жандәулеттің Толысбай байдың мыңға балаған,
тақымына басқан Бозтарлан тұлпарын Өздекеңе аудартып ал-
дырғаны айтылды. Ол рас болған оқиға. Жөкең оны қиястықпен,
зорлықпен істеді деп түсінбеңдер.

- Е, сен де, зорлықты - зорлық, қиянатты - қиянат демей, не
дегің келіп отыр, - деп Күзеубай шыдай алмай қабағын шытты.

- Ол қиянат емес. Адамды шыңдау, кекке баулу, - деген
Көпбай, - соның арты не болғанын пайымдамай, құр босқа, -
деп, дауысын көтерді.

Абыздар биігі
Иә, содан бастап Шағыр баласы атқа мінді емес пе! Шағыр
атына қамшы басқан ел басшысы Байтөбет әжі, әлгі қыр басын-
да жаяу қалып, қапа болып отырғанда «Е, Алла, мал берсең,
иесін қоса берсең еді» деп жылағанын естігендей: - Сенде бәрі
бар! Тек, жетпейтіні билік! Соны тап! Таппайсың ба? Қайталай-
мын, мен табам! Берші, мына малдың билігін, - дейді.
- Ал! Ал! Тек астыма тақ, басыма бақ бер! - деген Толысбайға.
- Әне, маңдайы жарқыраған Бұзауың, Мақатың, Баймендең.
Үш қасқырың тұр! Осы биылғы сайлау сенің бағыңды ашады,
көтер басыңды! - деп қатты ақырыпты. Осылайша намыс отын
жағып, байға ой салады. Бұл бір түбірлі әңгіме.
- Әй, Мұқыш-Қара жорға! - Қатары ағамды көтермелеп осы-
лай деп атайды. Сен Өте мен Сансызбайдың басынан өткен
тартысты оқиғаны білесің бе?
- Жоқ! - Көпбай дірілдеп кетті.Сөзді Күзеубай созды. Ол ел
арасына таусылмас дау, бітпейтін кек әкеле жаздаған, ел іргесін
сөге жаздаған зардапты әңгіме.
Жаз айы. Ел жайлауға қонып, кемеліне келген шақ. Кеңгір мен
Сарысу өзендері қатты тасып екі дарияның жағасы көк шалғынға
ғана емес, гүлге көміліп, адам да, мал да рақат бесігінде тербел-
ген тамаша күндердің бірі екен.
Боржыда көк шалғынға жағалай ақ үй тіккізіп, сатырлатып бие
байлап, жігіттер құс салып, күнде той, қызық думанды күндер өт-
кізіп жатқан Сансызбайдың ауылын жүз елу атты қару асынған
топ қоралай кеп, қоршап тоқтайды. Осы бір жан шошырлық сұс-
ты сәтте, алдын ала кеп тосып жатқандай, дәл сол күні Жабай-
дан шыққан Өте би де Сансызбайдың ауылына қонақтап кеп
қалған екен. Көп тобыр, көп дауыс боп, ауылды тік тұрғызады.
- Сансызбай!
- Өте! Шық бері! - екі ақ ауыз шолақ жаныққан дауыс. Бұйы-
рып, әмір ете келеді.
Сол кездегі Бағаналы елінің Ерден дүниеден озғаннан кейінгі
бір шоғыр жылдарда ел тұтқасын ұстаған екі басшысының осы
сәтте бас қосып, ел-жер жағдайын сөз етіп, әсіресе соңғы жыл-
дары Қожас баба балалары тарапынан дуанға қардай борап
кеп түсіп кеткен шағым, оның шектен шығып, насырға шауып
бара жатқанын әңгімелеп отырған үстіне мына бет қаратпас со-
дырлы дулы топтың зор айбат күш көрсете келгені бірден аң-
ғарылады. Және жай емес, үзеңгілерін шіреп, тақымға кімді бол-
са да көкпардай баса кетер кекті бейнеде, қабағы қарс түйілген
Сандыбайдың бас көтерері Тілеубай қажы өзі басқарып кеп:
- Сансызбай! Сансызбай! Шық бері! - деп тесіле айқайлап

Апбаз Каражігітов
тұр. Бұлар болса мұндай ойда-жоқта төбеден түсер дүлей кек
буған жау тобырды күтіп отырған жоқ-ты. Сансызбай - кешегі
Қара бала атанған Өтебай бидің ұрпағы. Сансызбай саспайтын,
ойы да жүйрік, қиыннан жол табатын, сөзуар кісі болыпты. Үлкен
ақ боз үйінің есігінен сыртқа көз жүгіртіп, жағдайын мана-ақ
болжаған. Қоңыр салқын үйде көйлекшең отырған қалпы. Өтенің
мына жігіттердің бірін жұмсап, «бұ неғылған қол, неғылған
бейбаста топ, алдымен білсеңші» дегеніне көңіл аудармай,
«ішінде Тілеубай қажы бар екен ғой» деп сыртқа шығады.

- Күзеке, осы әңгімені айтпай-ақ қойшы. Кейінгі ұрпақ оны
қалай түсінеді? - деп ағам оның сөзін бөлді.

- Ей, «халық жауы» дегенді де естіді ғой бұ халық. Одан ауыр
емес. Қайта сол замандағы аталардың қандай екендігінен ұрпақ
тағлым алады, - деді де самғап сөйлеп кетті.

Астындағы биік торы қасқа аты ауыздығымен алысқан Тілеу-
бай қажыға сәлем бере шыққан Сансызбайды көрген жау ниетті
топ қанша зәрін шашып, айбат шексе де бірден соқтығып кете
алмай, "қажы не дер екен" дей ме, іркіліп қалады. Қалай дегенде
де ұлық алды - ұлық қой. Сонау генерал-губернатор дуанбасы
мойындап, өзі тағайындап билік тұтқасын ұстатып қойған кісіге
бас жоқ, көз жоқ бас салып таяқ көтеру де оңай болмаса керек.

- О, қажы, қош келдіңіз. Міне, еліңіз. Әне, төріңіз. Атыңыздың
шылауын ұстайын, түсіңіз - деп қысқа сәлемнен соң тіл қатқан
Сансызбайға Тілеубай:

- Мен тамақ, қошемет іздеп келгем жоқ саған. Есеме келдім.
Төгілген абыройым, арымның қарымтасына келдім, - деп морт
сынатын қыңыр беталыс танытса:

- Сонда қалай, Тілеке, есеңізді ат үстінде ақ сойылға сүйе-
ніп тұрып аласыз ба? Әлде мынаны мынау үшін, ананы анауым
үшін алам деп түстеп түгендейсіз бе?

- Уай, сен өзіңің тіктескің келетін түрің бар-ау! Сен атқа мін-
генше Қара баланың мыңдарын мына ақ сойылды жігіттер
Ұлытау асырады. Соған келдім. Айттым, болды, - деп таралғысы
үзілердей шіреніпті қажы.

- О, Тілеке, сіз қалмақта, қоқан да емессіз. Түсіңіз атыңыздан!
Жау да жекпе-жекке шақырып, айқайлап келетін. Жау боп тием
десеңіз, сөз басқа онда. Жол әне. Ал мал дейсіз бе? Онда мал
жолда! - депті Сансызбай.

- Қалмақ емессің дедің-ау! Тауып айттың. - Жан-жағына шұ-
ғыл назар аударған Қажы лажы таусылған жандай. - Жігіттер!
Мына Сансызбай қалмақ та, қоқан да емес шығарсыз деп мені
уәжден жеңіп тұр. Мен сөзге тоқтадым, - деп атынан аударыла

Абыздар биігі

түседі. Сансызбайдың үйіне кіргенде сәлем беріп қарсы ұмтыл-
ған Өтені көріп тағы қырсығы ұстағандай:

- Е, бірің есігіңнің алдында жалған маймаңдап, бірің төрің-
де шалқайып жатып, бұл күнде азуы кеткен кәріні қақпақыл жа-
сағыларың келген-ау! Айтқаным айтқан - ойымдағым болады.
Айтқаныма көндіріп, айдауыма жүргізем. О дүниеге ала кётер
кек емес, бұ дүниелік есем бұл! - деп ежелден ата-бабасына,
одан өзіне дарыған өркөкірек, басқаға көрсетер биіктігіне қайта
басады Қажы:

- Құлдық, Қажеке! Сіз не айтсаңыз да құдайды, пайғамбарды,
шариғатты мойындайтын бұл күндегі еліміздің білікті қариясы-
сыз. Не десеңіз де құдай жолымен болса, біз дайын.

- Әрине, заң-закүн, орыс-ұлық біткенді жемдеп, жем дорба-
сын көргенде оқыранатын мінгі атындай қақпалап үйренген сен
екеуің оңай көнбейтіндеріңді де білем.

- Жо-жоқ, Тілеке, алдымен істің мәнін, біздің күнәмізді, әлгі
айта беріп отырған есеңізді аныктаңызшы. Содан кейін бәрі ше-
шіледі емес пе? - деп Өте де сөзге араласады.

- Болды! Болды! Онда халықтың көзі көріп, құлағы естісін.
Ортаға түс! Ортаға түсіңцер! Қоқан, Жырық, Қожастың есесін
өзім жоқтаймын. Таразы басына күнәңді өзім салам! Маған уәж
айтар биіңді шығар! - деп қияс бет қаратпас сыңай танытады
Тілеубай қажы.

- Айтқаныңыз екі болмайды, Тілеке. Біз де көндік. Бірақ біздің
биімізді кемі үш күн тосасыз, - деген Өтеге:

- Тостым! Алдыр биіңді, - дейді тағы қажы. Қара бала елі-
нің сөзін ұстайды деген кісі Жабайдың Досай атасының бата-
сы Қазыбек есімді жазы, қысы Жетіқоңырдың теріскей бетінде
өмір кешіп жатқан жалғыз атты, жұқа шаруалы, шағын ауылдың
иесі еді.

Араға үш-төрт күн салып, міне, сол Қазыбек те жетеді. Ол
да тегін кісі емес қой, басқа жаққа ат басын бұрмай, ежелден
үлкен сыйлап, ата қадірлеген халықтың салт-дәстүрін сақтап,
әрі кешегі есімі ұранға шыққан Сандыбай батырдың ұрпағы еді
десе керек, бірден Тілеубай қажы отырған үйге ат басын тірейді.
Үлкен ұлыққа келгендей, қажыға аса құрметпен сәлем береді.
Төрге де оза қоймай, төменшіктеп орын алып, аз-кем отырып
қалған сәтте:

- Уай, Қазыбек! - деп мұрнынан ыңылдап сөйлейтін қажы дау-
сын созып, - «Қой асығы деме, қолайыңа толса сақа ғой деген
бар. Мына Қара бала сені басымызға ие, сөзімізді ұстайды деп
сонша жерден ат сабылтып алдырып отыр. Дайын ба едің?

Апбаз Қаражігітов
- Келдік қой шақырды деген соң.
- Сонда не? - деді қажы қатуланып.
- Сонда неңіз не? - Қазыбек те қарсы қарайды.
- Билікке ақылдасып шығасың ба? Отырып айтасың ба, тұрып

айтасың ба, халқыңды жиып айтасың ба? - деп отырмын саған
деп азуы тоқылдап Қазыбекті қаузап кетіпті.

- Сіз білесіз де, - деп Қазыбек те тойпаңдап қарсыласпай
иіледі.

- Уай, сен сіз білесіз дейсің. - Қарсыласын біржола жасытып
илеуіне көндіріп алғысы келген Қажы. - Алдымен өзіңді танытшы
сен, қай Қазыбексің? Әлгі Қаз дауысты Қазыбексің бе, немесе
көншарқасы тобығын қажаған қой дауысты, құм шайнап, шаң
жұтқан, елден жырақ, жалғыз жылап жүрген Досай Қазыбексің
бе? - Тілеубай Қазыбекті осы босағада кебінге орап шығару-
ға бекініп қазымырланып, - Қазыбек аттының соңғысы болсаң,
бүгінгі тірі Бағаналы үскі тимеген күрек тісіңмен, мөрі түгел
азуыңа қалай бассаң да алдыңа келді! - дейді.

- Тілеке-ай, Тілекем-ай, маған соққыны ес тандырардай ұрып
тым ауырлатып жібердіңіз-ау! Бұл жерге сіз бар деген соң ғана,
бүгінгі әулие дарақ, тамырын Телек, Сандыбай, Сары Ерден
өсірген нудың көлеңкесінен бір тыныс табармын деп сағына
жетіп ем. Ал сіз, - дей берген Қазыбекке шағатын аждаһадай
қайта қадалған Қажы:

- Әлгі атын атаған ұлыларды, әруақты қор етіп, өзін зор еткен,
бүгінгі қайқы төс арамзаларды салып бересің табаныма! Сал-
дырамын!

- Апырай, менің қолымнан келер ме екен оныңыз!
- Келеді. Мен білетін Бағаналыда Кетбұға мен Кәдір биден
кейінгі үшінші сөз саған тиіп отыр. Бұл - сенін бағың!
- Қажеке, бұ не боп кетті өзі? Не үшін, кімді жазалап отырсыз?
Есе сұрайды деп естіп едім. Рас болмағай.
-Сұраймын!Аламын! Малымды-малдай, жанымды-жандай,
арымды ардай қалпына келтірем. - Қажы күшіне мінгені сонша,
билік төрінде отырғандай шаңқылдап қыза сөйлеп кеткен. Мұ-
нысы Қазыбекті айтқаныма көндірдім. Енді ойымдағым болады
деген анық сенім болып та естілген. Осы кезде Қазыбек:
- Қадірлі Қажы, қасиетті аға! Сіз бұжерге есем бар деп кепсіз.
Ол - мал, ар, жан деп жіктелді.
- Иә! - саңқ еткен Тілеубайдың дауысынан шаңырақтағы күл-
діреуіш сықырлады.
- Қажеке, - деген Қазыбек, - осы жерден Сіз де қайтыңыз,
мен де қайтайын. Сіз есеңізді де, ар, жан төңірегіндегі сөзді

Абыздар биігі
де доғарыңыз. Ол, қаза берсе, елдіктің тамырын сөгетін ауыр
апатқа апарады.

- Әй, не деп отырсың?
- Сөй деймін, Қажеке!
- Неге?
- Мал, есе мал қашанда жан ашуын шақырған. Ар-абырой.
Ұлы қасиеттерді оған қоса азалау сізге де, басқаға да қауіпті.
Солай да осы аз кеңесіміз бәрін шешті, түсіністік деп тарасақ
қайтеді?
- Жоқ! Олай болмақ емес, - Тілеубай булығып. - Есепке
отырам. Малымды, жәбірленген жанымды халыққа жария етем.
Алар айыбым өз алдына.
- Апыр-ай, Қажеке, болмадыңыз-ау. Сонда сіз атаң Сары
Ерденнен бастайсыз ба?
Тілеубай бағжиып отырып қалады.
- Қажеке, есе дедіңіз, ар-жан басқа дедіңіз, - соның бәрі әрісі
Сары-Сарғалдақ, бергісі Әзеке, Бодық, Жауғашты, Шағыр-Қара
бала атанған елде де болған.
- Болса ше? - тағы дауыстады Қажы.
- Болса, әлгі аты аталған елдің атаң Ерденнің әмірі жүріп тұр-
ған заманында жылжыған жорғасы, жылмиған жүйрігі астыңда
болмады деп айта аласыз ба? Қойының шелдісі, түйесінің қом-
дысы, жылқысының жалдысы қазанында қайнамады деп айта
аласыз ба? Қаракөз, айы мен күні, мықыны былқылдаған, оймақ
ауыз көріктілері қолтығымда болмады деп айта аласыз ба?
Жатсаң-жастығың, тұрсаң-төсегіңболды ма, болды. Аузыңнан
шыққаныңды екі етпеді, рас па, Тілеке?! Сенің табаныңа бат-
қан шөңге маңдайыма қадалсын деп, ақ ордаңды тіксін деп ба-
басының сүйегі жатқан туған жерін де берді. Атаң Сары Ерденнің
сүйегі сол жерде жатқан жоқ па қазір? Мал дейсіз, атаң Дүзенге
Шағыр Майлыбай қыдыр иесі үш рет енші бергені қайда? Ол
Бағаналы елі енші алыспаған ел еді деген сөз емес пе? Ел бірлігі,
ірге бүтіндігі осы емес пе? Рас па, Тілеке? - Тілеубайда үн жоқ,
Қазыбек өзі сөйлеп отыр.
- Ендеше, Тілеке, келіңіз, егер атаңыз Сары Ерденнен
қашпайтын болсаңыз, есепке отырайық.
Ауысқанымызды санайық. Қиянатымызды саралайық. Төгіл-
ген ар, жәбірленген жанымызды көп алдына шығарайық. Көрсін
ел, куә болсын сұмдық пен сұрқиялық сырына. Бір Бағаналы
емес, басқа ел-жұрт куә боп таразыға салсын. Кімнің ақ, кімнің
қара екеніне ең болмаса құдайлығын айтсын.
- О, Қажы аға! Көтеріңіз басыңызды. Егер атаң жасаған, сол

Апбаз Қаражігітов
мен айтқан іс-әрекеттерден бүгінгі, әлгі өзіңіз айтқан «қайқы
төстер» сұмдығы асып жатса, сонша есеңізді де, басқаңызды
да аласыз. Жетпесе Қара баланың малын, жетпесе туырлығын
турап берем. Не дейсіз? Келіңіз, есепке отырамыз.

Құдай жаратқан жарық күннің астында жасырынған қылмыс
жоқ! - депті. Тілеубай үндемейді. Шекпенінің етегін шұбата ор-
нынан тұрған Қазыбек:

- Қажеке, мен айтып болдым. Сіз не дейсіз? - депті. Сонда
Тілеубай:

- Шақыр Сансызбайды, - деп, ол келген соң: - Мынау көнтақа
тақысын жеткізді маған. Біз қайттық! Біздің жігіттер жиналсын, -
деп орнынан тұрыпты.

- Міне, кісілік!
- Енді қайтеді-ей. Әкесі Ерденді жауапқа шақыр деп отырса,
не демек!
- Қол-аяғын буып тастаған, ә? - Бәрі жамырасып кетті. - Шіркін,
бабалар-ай, сөзге тұрған-ау. Аз сөзбен талай оқыс істердің бетін
ашып, жұрт алдында сарапқа түсуден бас тартулары, іштей бол-
ған қателікті саралап мойындап, тұтанатын өртті сусыз-ақ сөн-
діріп, әсіресе ел бірлігі деген қасиетке кір жұқтырмай кеткен, -
деп Тұрсын едәуір көтеріліп қалды да.
- Мұқа, әлгі бір түбірлі әңгіме дедің де, оны айтқың келмей-
тін сыңайда отырсың. Мына Көпбай болса, әкесі Жандәулет
Шағырға не істесе де намысын қозғау үшін жасады деп отыр, -
деп, сөзге тамызық тастады.
Ағам тамағын кенеп:
- Ол әлгідей емес, ашық айқас үкімет күші араласқан әре-
кетке жеткен «шыңдау» болыпты. Әкемнің айтуынша, сол болыс
сайлауы ел аузында қырғын сайлау атаныпты кейін.
Халықтың кемеліне келген, ырғап-жырғап, мал дегендеріңізді
жер бетіне сыйғыза алмай мыңғыртып өсірген кезі екен. Толыс-
бай байдың Бозтарланы ел ішін екі жарып жіберді. Туысқандық,
бірлікке саңылау түсті. Расында, Жандәулет бәрін уысымда ұс-
таймын, Аққыздан туған баланы қабағымның астымен жүгірте-
мін деп, сондай астамшылыққа барған ғой. Мәселе бір атта
емес, сол арқылы өзінің ірілігін көрсетуде жатыпты.
Ел жайлауға қонған. Осының алдында ғана сайлау дабылы
қағылып, қызу дайындық та басталып кеткен. Сайлау қырқада
Тасқұйы-Қақпақтас деген жерде өтпек. Дуаннан Майыр бастаған
оннан астам стражник болыс сайлануының дұрыс өтуін бақы-
лаушы, басқарушылар да келген. Ауыл-ауылдан шарға түсетін-
дерге дауыс беретін әрбір елу кісі үшін бір сайлаушы выборщик-

Абыздар биігі
тер дайындалған. Ел арасы, осы науқанның қызуы ма, қым-қуыт
шабыс.

Айтулы сайлау күні де жетті. Тасқұйы басы бүгін көп жиын.
Ас та төк молшылық та осында. Шарға түскен Қалманбай мен
Бұзауды қолдаушылар бірінен-бірі асып, малын да, ақшасын
да шашып жатыр. Ойын, ән базары, той-думан бұрын-сонды
бұл өлкеде болмаған жаңа ырғақ тапқандай. Бір жерде ақын-
дар айтысса, бір жерде палуандар күресіп, шағын көкпар, бәйге
ұйымдастыру да бар.

Міне, ең жауапты сәт те келді. Мылтықтарын асынған страж-
никтер жүздеген ақ боз үйлердің ортасына оқшаулау көтеріңкі
тігілген сегіз қанат ақ орданы күзетке алған. Дауыс беру бастал-
ғалы да едәуір болған. Ортада мөрлеп, сыртын асыл матамен
қаптап, үлкен ықтияттылықпен биік тұғырға орналастырған шар
салатын жәшік тұр. Бірі кіріп, бірі шығып, аяғын ұшынан бас-
қан сайлаушылар. Ақ орда іші кенет у-шуға толып жүре бергені.
Айқай! Күрс-күрс атылған мылтық дауысы.

- Ей, сен не істеп кеттің? - деп тұра ұмтылған Жандәулет
Балталының Өтебайын бұзау тіс сегіз өрім қамшының астына
ала берді де, Майырға:

- Тоқтат, мына бассыздықты! Сайлау бұзылды. Зәкүніңді ұра-
йын, қара, сен құрттың бәрін! - деді де: - Майыр мырза, бұл сай-
лау бұзылды. Жауғашты баласы сайлаудан кеттік. Бұл - арам
сайлау! Тас салу қайта басталсын, - деп әлгіде бүркіт бүрген
қояндай уысынан жағасын босатпаған Балталы Өтебайды сүй-
реп шықты сыртқа. - Қара ала атты аласың, қырмызы шапанды
киесің. Тасты Толысбай баласына саласың. Зәніңді ұрайын! Мен
сені көрейін!

Осы кезде Жәкеңнің төңірегіне едәуір адам топталып та
қалған.

Қылышы оң қапталын жарқ-жұрқ соғып күнге шағылысқан
жирен мұрт, көзі тұздай көк, семіз Майыр аспанға үстін-үстін
мылтығын атып, жұртты қасына иіріп алды.

- Сайлау тәртібін бұзып, жоқ жерде дау шатақ-шығарушылар
тоқталыңдар! Сайлау өтеді. Бәрі дұрыс, - деп мойын тамыры
білеулене айқай салды.

- Арам сайлау өтпейді!
- Сайлау бұзылды! - Осы кезде Майыр үшкірлік шалып, бүкіл
стражниктерін жинап алып, қолын шошайтып:
- Сонау тас төбенің үстіне, мына шеттегі құрым үйдің бірін тез
тігіңдер! Қас қағым сәтте үйде тас төбенің үстінен орын алды.
Жандәулет қасына Қалманбай, Жанәділ, тағы басқа Жауғашты

Апбаз Қаражігітов

атаның бас көтерерлерін ертіп ап, енді Тасқұйыдан аттана
берген. Майыр:

- Тоқтат! Ұста аналарды! Қама айдап әкеп мына үйге! - деп
бір-ақ бұйырды. Лезде әлгі бір әзірдегі ыстық аптап алау өртке
айналып жүре берді. Сарыарқа даласында, Ұлытау баурайын-
да, дуаннан, қала, шаһардан шалғай құба далада өлексеге
таласқан аш құрсақ тағылардай жауыққан топ өзара шарпыса
қалды.

«Қамалып қалды!» Бір ауыз сөз сол күні дүниенің төрт бұры-
шын кезіп кете барды.

Семіз Майыр жұмысын ертеңіне жауап алудан бастады.
Ойда-жоқта осынша дау-жанжал тудырған Жауғашты азаматта-
ры ыңғайсыз жағдайын тез-ақ сезінген. Сайлау қорытындысы да
шықты. Бұзау Толысбайұлы көп дауыс алып, жеңіске жетті.

Ол - әділ, адал жеңіс еді. Болыс сайлауын өткізуге келген
Майыр бәрін өзі шешті. Қазақы қиястыққа жол бермеді.

Ал Тас төбедегі құрым үй бірнеше күн күзетте қала берді.
Байтөбет әжі:
-Жігіттер, - деп әмір етіпті, -Тастөбедегі құрым үйде қамаулы
жатқандар жау емес, туыс-бауырлар емес пе? Бұл - бақ тала-
сы, дұшпандық жаулық жоқ мұнда! Мол етіп тамағын, қымызын
жеткізіңдер. Оны Аухау апарсын! Жаясын, қос қазысын, барлық
айтулы мүшесін салған семіз табақты алдына алған Жанәділ,
сонда:
- Е, бір сақина үшін жанымызды қинамай, сусынымызды қан-
дырып, тамаққа тойып алайықшы. Қара бала болыссыз қалмас!
- депті. Қалманбай ғана:
- Әй, сенің құлқының-ай, қара ала ат пен қырмызы шапан
алған Өтебай сияқтысың-ау, - депті бәрін ду күлдіріп.
Бұзау Толысбай баласының бірінші болыс болып сайлануы
осындай үлкен тартыспен аяқталған. Сайлау қорытындысынан
кейін Шағыр елі, оған тілеуқор жанашыр Жабай, Балталы жұрт-
шылығы қатысқан үлкен той болған. Бұл дәулеті де, сәулеті де
тасыған Аққыздан туған төрт баланың бірі Шағырдың ел қата-
рына қосылуының басы болған үлкен оқиға болады. Бір анадан
туса да, астауындағы суға шөліркеп келіп таласқан саяқтардай,
бірін-бірі иықтау, күйі асқаны әлсізді қақтықтырып, ығыстырып
жіберу ол кезде өмірге мықтап енген шақ.
Басқа - басқа, жақының, өз бауырыңның биіктік көрсетуі,
ыңғайы келсе, айтқанын істеп, айдауына көндіруге ұмтылуы
жанына батқан Шағырдан тараған ұрпақтың енді-енді кемеліне
келіп, азаматтық жаны да, малы да өсіп, қоғамдық тіршілік ор-


Click to View FlipBook Version