Шақпақ
салып, шаңдата қуылған көп жылқы да мына биіктің үстінен анық
көрінеді.
Бөріойнақ биігінің иек асты - ұрытамақ қалтарыс екен. Аты-
ның тізгінін іркіп, биік басында кідіргенЖақаң сонау жазыққа ұзақ
қарады. Екі көзі көш пен қуғын көрген малда. Бірақ тіс жарып, тіл
қатқан жоқ. Ат тұяғын тақ-тұқ соққан шақат тастарды дүсірлете,
еңіске түсе бере, шағаладай ауыл үстінен бір-ақ шықтық. Төбені
бауырлай өткен өзеннің жағасы байлаулы ма, әлде шідерлі ме,
шылбырына матастырылған ерттеулі аттан көрінбейді. Арқаның
мінгіш қыл құйрығы осында тоғысқандай. Көп адам жиылған
жер көкбалапан, майшөп өскен қоңыр көрпе, былқылдақ құрғақ
табан екен. Тегі, жері ылғал сақтағыш, бүк, шөбі сусоқты боп
ұйысып жататын көлтабанға ұқсайды. Ат шаптырымы болмаса
да, айқай жетер жерді иіле оралған өзенді жиектеп қалың, биік
тал-қамыс тебіндепті. Биік қамыстың үпелек басы үрлей соққан
желге бұлғаң-бұлғаң етеді. Ол маған мына жиындағылар не
айтар екен деп, анталай қоршаған көп қыздың тақиясындағы
үкісіндей боп та кетті. Кімді-кім білген заман ол. Дәу қарын,
шой желке жанат ішікті, құндыз бөрікті, балпаң-балпаң басқан
жалпақ сауырлы талай байлар келіпті мұнда. Орталарында
басқадан ерекшеленіп сары жез түймелі ықшам киімді бөгде
біреуі тағы бар.
Арнайы шақырылған қария, ақсақалдар, ұлық пен ел би-
леушілер тобы бір төбе болса, өз тағдыры туралы не айтады
деп келген 19 бен 31-дің арасындағы жастар қаншама. Мұрты
танауына ентелей енген, киімі қыр қазағынан бөтен, басқаша,
сары ала түймелі біреу ортаға шығып, көзіне әйнегін киіп, қо-
лын олай-бұлай сілтеп жұлқына сөйлеп тұр. Бірақ оның дауысы
жел жақтағы бізге естілген жоқ. Оның сөзін естімегендер орын-
дарынан бой жазып тұра алмай, құйрығымен жылжып, құлақ-
тарын қалқалап:
- Не дейді?
- Бұл кім? - деп, қыбыр-жыбырға ене берген кезде, орта бой-
лы, иығы мен мойны тұтасқан, бұғағы сиырдың желініндей ір-
кілдеген толық кісі ортаға шықты. Оның дауысы әлгіндей емес,
ашық саңқылдап шықты.
- Уа, халайық, мына кісі жандарал-күбірнатырдың өкілі. Пат-
ша ағзамның жарлығын орындауға келген. Құдай тағаланың,
Мұқамбет пайғамбардың атымен ақ патшаның әмірін әкепті.
Патшамыз қысылып жатқанда қол астындағы халқы қол қусы-
рып қарап отыра ма? 19 бен 31-дің арасындағы жастарымызды
қара малайға береміз.
АПБАЗ Қаражігітов
- Неге береміз?
- Кімге береміз?
- Патша екі сөйлей ме, уәдесі қайда?
- Уәде, уәде! - Мынау қысқа, бірақ қатты дауыспен шыққан
өктем сөздер әлгі жуан кісінің даусын көміп жіберді де, ол екі
қолын кезек-кезек көтеріп, су сабалағандай сасқалақтап, шың-
ғыра:
- Уа, тоқта! Тоғытқан қойдай шуламай. Малы барлар өз
орнына адам жалдап жіберсе де ерікті... - дей бергенде:
- Не дейді? Малы жоқтар қайтпек?
- Кедейдің жазығы не?
- Бар ауыртпалық сорлы кедейге түсіпті де, малсыз адамды
құрбандыққа шалады екен де! - деген дауыстар шығып қалған
еді. Ендігі дабыр-дүбірді елдің игі жақсы, ақсақал, қарасақалының
үні жеңіп, әр жерден:
- Тоқтамы не?
- Жандарал не дейді? - деген сабырсыз дауыстар көтеріл-
ген. Сөзді манадан ортада обадай боп тұрған семіз қайта жалғап
кетті.
- Ендігі сөз сол: жандарал күбірнатырдың әмірі бойынша, төрт
болыс Қарабаладан - 2500 жігіт, біздің болыстан - 700 жігіт. Мен
өз болысыма тиесілі 700 жігітті ауыл-ауылға бөлдім. - Ол жан-
жағына бүкіл денесімен бұрыла қарады. - Әрбір ауыл ақсақа-
лы қара малай жігіттерін екі жұма ішінде біздің ауылға, болыс
кеңсесіне топтастыруы керек...
Оп енді көзіне шалына қалған Жақсымбетке тесіле қадалып:
- Жаңғабыл-Сапақтың ақасақалы - Құлажан баласы Жақ-
сымбет, ауылың қашықта болғандықтан, арнайы саған айтарым:
өз тұқымыңнан 150 жігітті үш күн мерзімде болыс кеңсесіне жет-
кізесің! - деп бұйырды Жақаң мырс етіп күліп:
- Ақ сөйле, Адырбайым, аузыңа келгенді сөз деме, ойлап айт,
сен де бір қарқылдаған ала қарға емессің бе. Сенің ол қарқы-
лың кімге керек! - деді де, орнынан шұғыл көтеріліп, етегін
қақты. Ұлық аузынан шыққан мына санды көпсінуі ме:
- Ойбой, ұлығыңның мынасы сұмдық екен!
- Ей, мынау не оттап отыр?
- Баладан қалған не керек?
- Барсын, болыс пен атқамінерлер! - деп, жұрт жамырасып
кетті. Тоғыттағы көп қойдай азан-қазан. Осы кезде таңқ еткен
мылтық даусы шықты. Көпшілік селт етіп, қайта сабасына түсті.
Манағы сары түймелі тапаншасын тағы бір-екі рет басып-басып
жіберді.
Шақпақ
- Бұл не? Бунт па? - Ол жан-жағына ызғар шаша қарады.
Бет сүйегі шошайған, қысқа иекті, сопақ маңдайлы, көк көзді,
татар тұрпатты шәлтік кісі қаһарын төгіп тұр. - Мына Адырбай
мырзаның айтқаны - айтқан. Бұл үкімді кім бұзса, сол ең ауыр
жаза алады. Ал басқа болыстар, сіздер ше? - Ол жұртты барлай
қарады.
- Мақұл.
- Айтты ғой, пәтуаны бұзамыз ба...
Күңіренген жұрт сол күні ұйықтаған жоқ. Біреу ойға, біреу қырға
шауып, жалғыз жанды шүберекке түйіп, пана іздеген ел. Әр ауыл-
дың сырты тобыр, салт атты. Үре-сүре сөз. Өзара күңкіл. Бөріой-
нақ түбінде өткен жиналыс аяқталысымен, Адырбай Жақсымбет-
ті мына ұзақтан келген ұлық алдында шақыртып алды. Қасында
елдің Ақтай бастаған өзіне тілеулес беделді игі жақсылары. Бәрі
сыз қабақ, түнеріп алған. Осы жерде Жақсымбеттің қабырға-
сын қысып, өз дегендеріне көндіріп жібермек. Қабақтарын қарс
жауып, қалай да мына қақпайға көнбейтін асауды төбеге ұрып,
жуасытып жіберуге әбден бекінген. Сөзді Адырбай бастады:
- Е, һ-ым! Жақсымбет мырза, ақ патшаның жағасына жаудың
қолы тиіпті. Алысым емессің - жақынымсың, жасығым емессің -
асылымсың! - деп, пайғамбар атын атап, қалың қазақтан солдат-
қа адам сұрапты. Оны біз бүгін айттық. һәмме мұсылман қауымы
мақұл деп кетті. Оның ішінде өзің де барсың... - дей бергенде,
Жақаң тізесін бүкпей түрегеп тұрған бойда:
- Ей, Адырбай, тоқтат ол былшылыңды. Алыстағы патша тү-
гілі, қасымдағы сенен көрген қорлығым да бір басыма жетеді.
Азамат жанын қолыммен оққа байлап бере алмаймын! - деп
саңқ етті.
- О, қан жауғыр, қан жаусын саған. Не дейді мына лағынет? -
Жаңа ғана мүләйім отырған болыс бетіне түгі шығып, орнынан
борсалаңдап атып тұрды.
- Қан саған жаусын! - Жақаңның даусы қарсы шықты.
- Патша әмірін орындамайтын сен кім едің?
- Менің кім екенімді сен білесің.
- Өзің айтшы. Сен патшаға қарсы адамбысың? - деп
екіленген Адырбай өзіне жәрдем күткендей, оң жағындағы сары
ала түймелі ұлыққа қарады.
- Иә, - деп жөнеле берді осы кезде Жақаң.
- Итжеккен-ге-е... - деген Адырбайдың барылдаған даусы
біздің құлағымызға соңымыздан ілесе жетті.
«Ел арасы сапырылып кеткен. Болыстар тізім жасапты. 19
бен 31 жастың арасы түгел дейді». «Ойбай, несін айтасың. Бай-
Апбаз Қаражігітов
лар балаларының орнына адам жалдап жатыр дейді». «Е, е,
сонда қара малайлыққа баратын тек кедей сорлы болды ғой.
Лақтырған бақан пақырға тиеді деген осы да». Ел ішіндегі, бүкіл
сахарадағы әңгіме - осы. Алып-қашты, даңғаза, гу-гу сөз. Азамат
ат үстінде.
- Несін айтасың, солдатқа жүретіндер Адырбай болыстың
ауылына жиналып жатыр екен! - деген хабар тағы дүңк ете қал-
ды. Жас азамат аяз қысқандай қалтырауда. Жан тырнақ ұшына
келгендей. Сенделген аласұрыс бұл күндері Арқаның кең жазы-
ғы мен бел-белеңін жайлап алған. Елден ес кетіп, етек басқан
дәуір келді. Күн артынан күн өтіп жатты. Бір күннен бір күн ауыр,
қытымыр, қара түнек бейнеде. Біздің ауылдың үстін қарақұрым
адам басқан. Бәрі кілең «сен тұр, мен атайын» жастар. Басына
сол қатерлі күн туған 19 бен 31-дің арасы...
- Міне, азамат деп, адам деп соны айт.
- Ер екен! Ел екен.
- Батыр екен!
- Жанын шүберекке туйіп-ақ шыққан да! - деген көтерме,
мақтау сол күндері Жақаңның атына көп айтылды. Бұл - Жақ-
сымбеттің Адырбаймен алыстан келген жандарал күбірна-
тырдың өкіліне және басқа ел билеп отырған ақ сақал, қара
сақалдарға қамшы үйіріп, ат құйрығын біржола кесіп кеткен
күні ел аузынан шыққан қошемет сөз. Шер көкірек халық, мына
қысылтаяң, басына алмағайып ауыр салмақ түскен заманда
арыстандай жауына айбат шеккен перзентіне разы ақ пейілін
осылай көрсетті. Міне, сол халықтың осынау қиын-қыстау шақта,
ондап-бестеп қырғидан қашқан торғайдай басына сауға іздеген
қорғансыз балаларын Жақаңның төңірегіне жіберсе, оның несі
айып. Ауылдың үстін басқан топ - сол боздақ жастар. Олардың
да айтары, естігені мен білгені, жүрегіне түйгені, жарқ еткен
шақпақ отындай сыртқа шығар кегі бар. Әсіресе ыза мен ашуға
толы жігіттердің аузындағы әңгіме Адырбай мен елді апатқа
айдаған билер жайында өрбіп жатады. Олардың Жақсымбетке
қысас, өштігіне арналады. Болыс пен билердің сонда бірінің
аузына бірі түкіргендей, Жақаңа қарғыс айтып:
- Қаны қара бұзық адам!
- Ел бүлдіруші.
- Кісі өлтіруші, қаскөй.
- Күні кеше Адырбай болыстың жалақысын алған баукеспе
ұры.
- Не деп кетті өзі? Патшаға қарсымын дейді, ә!? - деп, не айтар
екен дегендей, жандарал күбірнатырдың өкіліне жалбарына
Шақпақ
жарамсақтанғанына дейін тап басып әңгімелейді. Жуан қарын,
сасық өңеш билерден бұл дәрменсіздікті байқаған ол:
- Немене? Сондай-ақ бұл жуан қазақ Россия императорына
Пугачев пен Степан Разиннен күшті болып па? Жаз, бер бәрің
сөзіңді! - деп бұйырған.
-Ия!
- Е, бәсе.
- Өзіне сол керек! - деп, талай сақал шошаң-шошаң еткен.
Талай дәу қарындар, талай шоқтық көтерілген. Таяу үш күннің
ішінде Жақсымбет аулына қарулы қырық жігіт аттанып, Адырбай
болыстың бар жылқысын қайтарып, Жақсымбетті қолға түсіріп,
байлап әкелмек. Ол - ел басқарған осы көптің мәслихатындағы
пәтуа бойынша патшаға қарсы адам, ел арасын бүлдіруші деп
танылып, ісі тергеуге беріліп, өзі қоса айдалуы керек. Міне, ел
ұлығы мен патша әкімінің шешімі. Жүзге жуық кілең дүр жігіттер
күні-түні ат үстінде болуының түпкі себебі де осы.
Алғашқы айқас көп кешікпей Қаражардың Талмас жақ жел-
кесінде болды. Аспанда ызғырық жел айдаған қою қара бұлт.
Ақтан бастаған жиырмаға тарта жігіт жылқы күзетіп кеткен. Ауыл
сыртында да сақ күзет бар. Іңір, ұйқының кезі. Қатты мызғып
ұйықтап кеткен екем. Дүние тасырлап барады. Қою қараңғылықты
тілген ащы айқай талып естіледі, қым-қуыт шабыс. Аттың басына
ерік берген біз сол тасырды бетке алып, сарнаған желге қарсы
жұлдыздай ағып келеміз. Таяна бере:
- Ұрып таста!
- Қаға соқ!
- Аяма атаңа нәлетті! Үйірмелеп қайыра қу!
- Ортаға ал, ортаға!
- Әне біреуді шаншып таста! - деп жаныққан дауыстың
ортасында тасырлата шапқан оннан астам адам бетпе-бет кеп
қарсыласа берді. Сарт-сұрт соққан сойылдың дыбысы. Ер-то-
қымын бауырына ап, оқырана шыңғырған аттың кісінегені. Бүкіл
дала екі ұдай боп қарсыласқан адамға ұрыс салып, сытыла
жөнелсе; екінші жағы желкелей соғып, қуып барады. Тасырлай
шапқан аттылардың дыбысы ұзай берді. Адырбай, Ақтай ат-
тандырған алғашқы қарулы қырық жігіт осылай жан сауғалап
кеткен еді. Сарысу, Кеңгір өзендерін мекендеген оңтүстікке бет
қойып көше бастады. Күні кеше осы жерде отырған шағаладай
ауыл ертесі жоқ, жып-жылы жұрт қана қалады. Қарабала-Шағыр,
Қозыбай, Шағатай руларының жігіттері атқа мінген.
- Таяуда Қараөткелден Атбасарлатып ел ішіндегі дүрбелеңді
басуға мың солдат шығыпты. Бет алысы - Қарсақбай, Ұлытау,
Апбаз Қаражігітов
Жезқазған. Жолдағы елді қырып-жойып, қарсы келгенді атып-
шауып келеді... - деген суық хабар онсыз да есі кеткен, етегін
басқан елді ойран асыр етті. Бөріден шошып, бастырылған қой-
дай үріккен ел алды-артын жия алмай жосып, жөңкіле көшті.
Жақаң аз ауыл Жанғабыл-Сапақты үркіте көшіруге лаж таппай,
ақыры, кекке-кек деп, біртүнде Адырбайдың жүзге жуық түйесін
қудырып алдырған. Енді мына қаһарын төгіп, қан сасытып
келе жатқан солдаттан ығыса көшкен елмен бірге өз жұртын
да жылжыта бермек. «Көппен көрген ұлы той, ала қайғыдан
сақта, құдай!» деген заманда, бала-шағаны бір күн болса да жау
көзінен тасалау керек.
Жақаңның төңірегіне қазір үш-төрт жүздей жігіт топтасқан.
Осы күш таяу қолтықтас отырған Қарабала, Шағыр, Қозыбай,
Шағатай, Шәлтекенің екі мыңнан астам жігітімен тізе қосса, тау
өзеніндей жойқын күшке айналғалы тұр. Онда сөзсіз апатқа қар-
сы сел қаптамақ. Туған жердің сай-сала, тау-тасы - бәрі адам,
бәрі қуат-күш емес пе. Міне, Жақаңның ойына түйген соңғы
кездегі үміт-қайраты - бұл. «Япырмай, Деев пен Әділбектен
хабар болмай кеткені несі екен. Заман сырын алыстан божай-
тын томағасыз қырандар неғып жауапсыз қалды?» - деп, көп
айта беретін болды сол күндері Жақаң. Ол бұрынғыдан көп
ысылған. Көбіне дамыл таппай ат үстінде жүргендіктен бе,
байырғы киімі де денесіне кеңіп, шұбалаң тарта бастағандай.
Көзінің үстінің еті бұрын томпайып тұратын тәрізді еді, қазір
азайып, көз аясы кеңи түскен. Онысы бет-бейнесіне басқаша
бір үстем сұс беріп айбаттандырып жіберген. Қалың қасы көзіне
төне түсіп, қыраулы күздің шыңылтыр салқынындай айбатпен
өзіне қарағанды жасытып тастайды. Оның ойлы кейпінен алыс-
та жатқан құдіретті күштің асау табы айқын көріне бастағандай
еді.
Үрке көшкен ел өскен жерін қимай қатты киналып, күңіреніп
барады. Атамекенді жырға қосып, азынаған азалы үндер, сыңси
шыққан дауыстар жиі естіледі. Бәрінің де жүзі сынық, өздері
жылаулы, көңілдері дауыл ұрғандай аласапыран...
***
- Бергі жағаға төрт-бесеуің, арғы жағаға да сонша, мына қар-
сы алдыға, сонау бір қалыңға он шақтың тез жетіңдер. Тез! - деп
бұйырды Жақаң. Қолындағы дүрбісін көзіне қайта көтеріп, - Иә,
ағып келеді. Жұлдыздай аққан екеу! Қалай да қолға түсіріңдер,
қапысыз болыңдар. Ақтан, тездет! - Жақаң биіктен ойға жүгіре
Шақпақ
түсті. Жұрт аяқ асты әбігерлене қалды. Бірінен-бірі озуға егескен
қос шапқын, шұбалаң шанды артына түйдектетен тастап келеді.
Әне, өзеннің бергі жағасынан төтелей қосылған бес атты. Оған
қосыла қарсы алдынан маңдай тұсынан қол созым биік талды
далдалап, бұғалық тастайтындай иықтарын оңтайлап көтере
ұмтылған Ақтан бастаған сойдауыттай кілең дүр тағы шық-
ты. Жоқ, мына ала құйын, ақ бақай жел табан жүйріктер шаң
қаптырып кетті. Сонша аттының ешқайсысы да атқан октай
зу етіп, құйысқаны сартылдап өткен мына желаяқ жүйріктерге
маңайласа да алмады. Оң жақтағысы жалт қарағанда, Ақтанның:
- А... а... ей, Ақ... нұр! - деген дыбысы ғана шығып, атойлап
қала берді.
Беліне қайқы қылыш байлаған Жақаң өз үйінің алдына шығып,
солардан көз алмай қарап тұрған. Жұлдыздай аққан аттыларды
бір мезгіл қызықтаса, бір мезгіл беймаза күйде іштей өрекпу-
де еді. Ауыл маңына тақай бере ат тізгінін тартып, жер сүзген
жануарларды шұлғытып, ойнақтата секіртіп келе жатқандарға
таңырқай қарап қалған-ды. Олар да өзеннің Қаражар жақ беті-
нен топтана құлаған көп аттыға назарлай қарап, ақ боз үйдің
алдында тұрған кісіні бетке алды. Дауыс жетер жерге таяна бере
қасындағыға өз атының шылбырын лақтырған Ақнұр:
- Көке! - деп, аттан түсе жүгірді. Бір сәтке аңтарылған Жақаң
мына таныс дауысты есіне енді түсірді ме, қалбалақтап оған
қарсы жүгірді.
- Ақыжан, нұрым, жаным! - деп кең бауырына тарта құшып,
маңдайынан шөп-шөп сүйіп жатыр. Ақнұр болса сыңсып, солқ-
солқ жылауда. Ауыл адамдары да жинала қалған. Бұл келген-
дер - Ақнұр мен Салықбай еді. Бірі - Адырбайдың ағасы
Доланның жалғыз баласы. Екіншісі - келіні, Салықбайдың
әйелі - менің апам. Мінгендері - қанатты құстай самғаған
Адырбайдың Кертайлақ, Бозтайлақ атанған ұранға шыққан
бәйге аттары. Салықбай Жақаңа екі қолын беріп амандасты
да, қиқылдаған әтештің үніндей бір жат дыбыс шығарды. Оң
қопын топшысынан қайырып, жалғыз саусағын иығынан асыра
көтерді. Тағы сол оң қолын төмен түсіріп, санын сабалады. Ал-
ғашқы ымдағаны - сояуы шошайған мылтық екен, соңғысы -
қылыш. Бұдан соң сұқ саусағын ұртына шығарып борс-борс
жел шығарды. Онысы - атады дегені екен. Сөйтті де, өзі келген
терістікті нұсқап, көзін алаңдатып, соншама көп адам келе
жатыр деген ұғым туғызды. Енді Ақнұрмен тілдесе келе, осы
соңғы бір жеті бойы ол елді қалың жазалаушы отряд басқанын,
мнәлі, кінәсіз демей, елді талап, бағзы бір қарсыласқандарды
АПБАЗ Қаражігітов
атып жатқаны анықталды. Болыстың жергілікті әкімдердің сіл-
теуі бойынша, жазалаушы отряд үшке бөлінген. Бір тобы -
Қарсақбай, одан Білеуті, Дүйсенбай өзеніне, бір тобы - Ұлытау,
енді қалғаны - осы Қаражарға бет алған. Бұлай қарай келетін
солдатты басқарушы атақты қаныпезер пристав Хамулла екен.
Олар жоғарғы ұлықтардың бұйрықтары бойынша, ошаң етіп
атқа мінген, ең көбі төрт-бес адам боп топтасқандарды ешбір
тергеусіз атуға ерікті. Осы қиын-қыстау заманда Ақнұр мен
Салықбайдың жеткізген тың хабары - бұл.
Күндіз-түні жылқы сүтімен суарылып, сұлыға пісіп бапталған
қос тұлпарды түнде жасырып мініп қашқан бұлардың мақсаты:
не болса да мынау жазалаушы отрядтан бұрын жетіп, хабар
беру. Жаңа жол тосып, бұларды қолға түсіре алмай, енді іле
жеткен жігіттер тағы қоршап алды. Істің мән-жайын түсінген
олар:
- Шіркін, Ақнұр-ай! - деді.
- Азаматым-ай, мұндай жанкешті қатерлі іске мылқауды қалай
көндірді екен, ә? Қыз да болса бірегей екен-ау! - деп жамырап
кеткен көпті:
- Жә, сәл! - деп тыйып тастаған Жақаң, сол жерде өз шешімін
хабарлады да, таяу елдің бәріне кісі шаптырды.
- Елден жан артық емес, жан - ел садағасы. Жау жағадан
алғанда, бұта түбін тасаларым жоқ. Осы түн бар ауыл Жеті-
қоңыр құмына, бетке қарай жылжи берсін. Ал маған ерген
азамат, еліне ықтың болғысы келген ер жігіт осы Қаражар бауы-
рында қалсын! - деп ағыла сөйледі де, бар даусымен:
- Мейлі, Мекалай патшаның өзі келсе де - бас имен! Өзекті
жанға - бір өлім, жағаласпай берер жаным жоқ! - деп шапқылай
ұрандады...
Бағанадан бері әңгіменің қиюын келтіріп, арқасы қозып, ша-
быттана сөйлеп отырған Нұрбай қарт осы тұсқа келгенде сәл
бөгеліп, көзі жасаурай ойланып қалды. Мен де оның әжімді жү-
зіне аңтарыла қарадым.
- Е-е-е, қарағым-ай, бұл өмірден, әне, сондай ержүрек ата-
ларың өткен... - деді. Сонсоң Нұрбай қарт сөзін жалғап:
- Ия, мүмкін, біздің осы шат өмірімізге бақыт тұғырын орнат-
қан сол сұрапыл бет қайтпас Жақаңа, Жақаң сияқты ерлерге біт-
кен ерлік шақпағы шығар. Шыбын жанын мына туған халқының
болашағы мен бақытына құрбан еткендер ғой олар! - деп сақа-
лын тарап қатты күрсініп алды...
- Осы Қаражар басынан соноу... бұлдырап көрінген Шайкөз
биігіне дейінгі екі ара - шеп құрған адамдар. Қарабала-Шағыр-
Шақпақ
дың жау тосқан мыңнан асқан қарулы жігіттері. Бергі жағы -
Жақаң бастаған біздің қол. Кеңгір өзенінің қамысы мен талын
далдалап жатырмыз. Бұл екі ортада қанша күн өткені есімде
жоқ. Әйтеуір, сарыла күтіп, жау тосқан жігіттердің аузына «әй,
сол солдатыңның келетіні бекер шығар» деген күңкілдің кіре
бастаған күндері еді ол.
Түн. Аспан тұп-тұнық. Біз биік басындамыз. Сарысай бойын-
дағы қыстау тұсынан лап етіп жанған от көрінді. От қанаты бірте-
бірте биіктеп, тік жанып, төңіректі қоңыр қошқыл шапаққа бөлеп
жіберді.
- Ақтан, Нұрбай, барыңдар тез! Шолып келіңдер! Не от?! -
деп Жақаң бізге әмір етті.
- Тез, тез!
Әрине, ол кез бұлдырық құстай ағып тұрған шағымыз емес
пе! Асығыс шабуылмен Сарысай табанына да жеттік. Тасалай
қарап тұрмыз. Қалың жазалаушы отряд, көп мылтық! - Нұрбай
қарт нұры азайған көзін кеңірек ашып, алыс атырапқа қарап
қалды.
***
...Сегіз қанат ақ үй оқшау тігілген. Жібек желбау қан қызыл ай-
шықты өрмек, айшықты ашық өрнекті басқұр, керегесіне, боса-
ғадан төріне жеткенше кілем тұтылған ақ орданың табалдыры-
ғына дейін сырмақ, текеметтер төселген. Оның үстіне сары ала
патсайы көрпе, құшақ толтыратын құс жастықтар тасталған.
Бұл - Адырбай болыстың жақында ғана иіс-қоңыстан аулаққа
келіп қонған беті.
Жаз бойы жан баспаған соны қау шөбі мал аяғымен тап-
талмаған. Таяу күндері толассыз төгіндеп өткен нөсер жауын-
ның әсері ме, буыны қатқан шөп те жасаңғырап, көксағалдана
қалыпты. Шөп түбі - жібек, көк күлте, көк шашақ. Бұл өзі - жыл
аралатып қана күз айында, онда да айлап емес, апталап қана.
Әсіресе осындай бір сыйлы қонақ күтер шақта ғана үй тігілетін
құйқалы жер. Жұрт бұл жерді «Көк кілем» деп атайды. Піскен
шөптің иісі қолқаны атып, танау жыбырлатады.
Үй алдында болыскей ақ самаурыннан будақтап шыққан түтін
баяу шалқып, қалың қауға сіңіп, қайта көтеріліп будай бұрқы-
райды.
Аулақта, әй дейтін жерде төрт-бес қараша үй ұмар-жұмар
біріне-бірі таяна тігілген. Сол үйлер жанында Ақсойыл бастаған
Көкжал ма, бірнеше жігіт қысырдың тайын қарбалас жығып жа-
тыр. Тай шыңғырып жіберді.
Апбаз Қаражігітов
Бірақ опай-топай тез қимылдаған жігіттердің бірі қылыштай
қайқиған өткір селебемен оның алқымын орып үлгерді. Әлсіз
ғана қыңқ еткен жануар бүкіл денесі дір-дір етіп, ендігі сәтте
құйрығы шошаңдап жатты.
- Кеспеге қара жоқ екен.
- Ақтай мырзаның аузы салулы ғой.
- Е, аруақты ер емес пе! - деген шолақ көтерме естіледі жігіт-
тер арасынан. Семіз жас жылқы етіне деген құмарлықпен апай-
топай тайдың терісі де түсіп-ақ қалды.
Ауыл сыртында, мына шаңқан ақ үйден аулақ кермеге бай-
ланған ер-тоқымды аттарға қарағанда, бұл ауылдағы қонақтар
он-он бес шамасы ғана. Соған қарамастан, тай еті түгелдей,
шып-шырғасы шықпастан, екі қарыс қара қазанның ішіне түсті.
Гүлді бұқар жібегінен қос етектеп тіккізген мол көйлек көр-
кіне көрік қосып, болыстың жас тоқалы күміс ожаумен сары қы-
мызды сапырып отыр. Сымдай бұралған ақ саусақ кәрлен ке-
сені көтергенде сынып кетердей майыса түседі. Тұп-тұнық қара
көз жалт етсе, жанар жапқан ұзын кірпіктер бір сырдың бетін
қымтағандай, ұзарып кететін сияқты. Аққудың бөтегесіндей үл-
біреген бүйрек беті мына жуандар алдында қысылып, ұялыс
таба ма, әнтек қызара қалды.
Сұлу тоқал, мол жасаулы ақ орда, сән-салтанат, байлық-бақыт
буына елтіген Адырбай кеседегі қымызды обыға дем алмастан
бір жұтып, манаураған тәкаппар бейнеде көзін шала жұмып,
төрдегі Ақтайға қарап сөйлеп кетті.
- О, Ақа, «көп қорқытады, терең батырады» депті бұрынғы-
лар. Бұл не сөз? «Мың қойды ай мүйізді серке бастайды» депті.
Бұл не сөз? - деп аз кідірді де: - Осы өмірімде арынды да-
рияның, не сарқырай аққан құдай жаратқан өзеннің арнасын
бұзғанын көрмеп едім... Сондай-ақ бет алған ағысынан танып,
кері аққанын көрдім деген пендені естісем керең болайын! - деп,
таусылған адамдай біраз отырды. Кім не айтар екен менің мына
тұспалыма дегендей паң отыр.
Төрдегілер ауыр денелерін зорға ырғай қозғап, бастарын шо-
шаң еткізіп көтерісіп-көтерісіп алды. Бәрі де селт етіп, Адырбай
сөзінің астары мен тігісіне ой көзімен жіті қадалатын сияқты.
Бірақ бәрі де қалың қабақтарын үнсіз түйіп, ойланып қалған-
дай. Адырбай тағы да іле сөйлей жөнелді.
- «Құл жиылып бас болмайды, құм жиылып тас болмайды»
деген немене екен? «Қаулы жерде өрт көп, даулы елде дерт
көп» деген немене екен? - деп мақалдаған ол, тағы да үй ішін
бір шолып өтті.
Шақпақ
Манадан дөңгелек жүзі бір-екі рет жыбыр етіп, езуіне күлкі
оралғандай болып қозғалақтаған Ақтай асықпай басын көтеріп:
- Ия, Адырбай мырза, сауалдарың өте орынды. Әрі ойланар-
лық сауал. Көп қорқытады, әрине, себебі ол - көп, мыңға қарсы
шыққан жалғыздың қолынан не келеді? Көпке топырақ шашқан
кімді көрдің, о заман да бұ заман? Айта алмайсың, әрине. Әр
нәрсе өз дәстүрінде. Халықтың «көпті жамандаған - көмусіз
қалады» деген даналығы тағы бар. Осы өзіміз мекендеген
жердегі биіктің бірін қопарып көрейікші. Сол биігің де кіл бітеу
тастан жаралған емес.
Ал әлгі бір «қаулы жерде өрт көп, даулы елде дерт көп» де-
ген тұспалың да осы бүгінгі күнің болып жүрмесін. Қазіргі алдың
қалың дүрбелең - қау емей немене! Ал ол тұтанып жанып алса,
сөнбейтін дау емей немене! Сондықтан ерте ойлан, ойлан да,
даумын деме, ал дау болсаң, дерттен саумын деме! Дау да
кесел... - деп ұзақ сөйлеп кетті.
Басқа жан тіс жарған жоқ. Бәрі тек бастарын изеп отыр.
Келіскені болар. «Көк кілем» бастауындағы қос жидеге қона
қалған бір топ қарға ғана әлгі пікірді құптағандай, бірінен соң
бірі кезек қарқылдап, ауыл үстін даңғаза етіп жіберді.
Тағы да мына сойылып жатқан тайдың жылы-жұмсақ қызы-
лынан дәметкен ала қанат сауысқан да ши басына қонып алып,
толассыз шиқылдайды.
Осы бір тақыс сақтық пен ашкөз сұғанақтық, екіншісі - айла-
сыз, құр айқаймен өңзелік бейнесі болып, Ақтай мен Адыр-
байдың көз алдарынан кетпей қойды. Қара қарға болса, тобын
жазбаған күйі дүркірей ұшып мана ғайып болған, ал сауысқан
ауыл үстін торып әлі жүр. Ақтай да, Адырбай да қабақтарын
шытына қалды.
Таразы басына қараған ақ қаптал, әккі саудагердей кірпікте-
рін жиі қағады. Демдерін ішіне алып, жанын шүберекке түйіп,
айдаһар алдын тосқан мергендей күй кешуде, бірін-бірі аңди
бағып қалған.
Дәл қазір сегіз қанат үйде ошаң етер тірі жан иесі жоқ сияқты.
Бәрі тас мүсін бейнеге көшіп, мелшиіп қатып қалған.
Мына қалпында олар өз ойларын айтып, орындауға әмір
ете ме, жоқ, болмаса онсыз да уысынан шығып бара жатқан
дүниені тәрк ете ме, түсініп болар емес. Отқа түсіп өртенетін,
не суға түсіп тұншығатын сыңайда ұстараның жүзіндей тол-
қып тұр. Әсіресе Ақтай ақ тастан құйылған сұпыдай қимылсыз
қалыпты.
- Адырбай мырза!.. - Ақтай өзіне Адырбайды жалт қаратса
Апбаз Каражігітов
да, ештеңе айтпады. Басқалар да, Адырбай да дауыстаған
Ақтайға телміріп қарап қалған.
Дәл қазір сонау қараша үйлерге кіріп-шыққан адамдар мен
байлаудағы аттар болмаса, бұл ауылдағы тіршілік мәңгі ұйықтап
кеткендей. Адырбай мен Ақтай бастаған мына отырғандардан
селт еткен әлі біреуі жоқ, селт етер де емес. Бәрі де алақанына
алмас не сынап уыстағандай қыл үстінде отыр. Сол қыл, әне-
міне, үзіледі, сынып тозып шашылады, алмас күрені қиып түседі
деген зіл салмақ еңсені езгелі қашан.
- Адырбай! - Ақтай қайта лап етіп, аялы көзіне от жиып алды
да:
- Наушабайға ошарылған, күні ертең зеңбіректің оғына тура-
латын боздақтардан... - тілі күрмеліп, мойын тамыры білеуле-
ніп, өңі өзгерген ол тағы үнсіз қалды. Айтар сөзі өзіне де, өзгеге
де ауыр тиеді деп ойлай ма, әлде ел билеген мына жуан қарын
жүлделес, үзеңгілес дос, тілеулестерінің көңіл шырқын бұзып
алам ба деп қорқа ма, кім білсін, тағы да іштей тынып қалды.
Төрде отырғандардың бірлі-жарымы ғана көктемнің алғаш-
қы ыстығынан бойына қуат жинап, енді ғана тірілген жыландай,
қозғалысқа ене бастады. Бірақ, неге екенін кім білген, Ақтай мен
Адырбайдан басқаның тілі байланған. «Шағатын жыланның бәрі
де улы...» деп түйді ойын Ақтай. «Ал у - жандыға ажал әкеледі.
Ендеше Сарыарқаның бойын өрлеп келе жатқан пристав
Хамулла да улы жылан!»
Мына ойы өзін шабатын қылыштай көрініп кеткен Ақтай селк
етіп, шытына қалды да:
- Жоқ! Қазір... Шабарман! Шабарман! - деп қатты айқайлап
жіберді.
«Маған да сол керек, сал бөксе семізім! Ер болсаң тап бас!» -
Ақтайдың не ойлағанын дәл басып, үстінен түсіп отыр. «Маған
жайы мәлім. Қарабала-Шағырдың кіл боздағын Хамулланың
оғына тоса алмайсың. Ендеше, сенің солқылдақтығың менің
жауымды жермен-жексен етеді». - Қас қаққанша Адырбайдың
өзінше іштей қорытқан байламы - бұл.
Қара қазанда бұрқ-бұрқ қайнап, түбі қоңырсып күйе бастаған
бөкпендей, өзін-өзі жеп, шыж-быжы шығып отырған Ақтайды
қайтпас шешімге келтіруді көздеген Адырбай оқты көзімен тік
қадап:
- О, Аха, шабарман іздеп келіп пе ең мұнда? Наушабайға
төте жол - Кеңгірдің басы деп отырсың ба? - деп шарта жүгініп
алды да: - Күні кеше жағаңа - қолын, кеңірдегіңе пышағын
жұмсаған рақымсыз нөпір бүгін бауырымдап қойнын ашады
Шақпақ
деп пе ең! Бердім саған, бауырың елжіреген екен! Тфа, тфа,
пәлекет, бар, бар! - деп етегін қағып қисая кетті де, сәлден соң
қайта тіктелді:
- Бірақ, Ақа, қолқаңа пышақ тиіп, қансыраған шағыңда көмек
сұрама! Елмін де, жаумын да демеймін!
Ел билеген жуан қарын би-болыстар осылайша әрқайсысы
өз таралғысына салмағын салып, шіренісе қалды. Кімді-кімнің
ат үстінен аударып кетері әзірге беймәлім.
- Мен ақ патшаның әміріне қарсы келе алмаймын! - деді
Ақтай, өзінің түпкі ойын жасыра.
- Сонда қарсы келетінің мен бе? - деп қияс тартты Адырбай.
- Ендеше, доғар, өзімшіл бас сауғаны!
- Мен бе бас сауғалаған?
-Әрине!
- Жоқ, Ақа, құдай бар, пайғамбар мен патша әмірін бұзушы
емеспін. Ол қасыңда, оң тізеңде отыр! - деп екіленді тағы
Адырбай Ақтайдың жанына тиіп.
Ақтай бар денесімен қозғалып, оң жағына қарады. Адыр-
байдың кімді меңзеп, кім туралы айтқанын тез түсінген ол:
- Әркім өз қызығын көрер! - деп, сызданып отырып қалды.
- «Не ексең соны орасың» деген бар.
- Мейлі! - Ақтайдың даусы қатқыл шықты, - өз еккенін орса
- орсын... Ол оң жамбасына қисайды.
Адырбай мен Ақтай осылай келісті.
Сол күні намаздыгер кезінде ауыл сыртында екі кісі сөйлесіп
тұрды. Бірі - Адырбай, екіншісі - Ақсойыл.
- Ендігі жұмыс сенде. Қарабала-Шағырдың мыңнан артық
жігіті Хамулланың жолына қақпан болып құрылғанын білесің.
Мақсат - сол топты осы түннің ішінде тарату. Ол үшін қазір
қасыңа екі адам ал да, тез аттан!
«Патша жарлығынан қайтты. Солдатқа қазақтан адам ал-
майтын болды», - деп, сол көпті сендіресің.
- Құп! - Ақсойыл әдетінше мысық мұртын тіліне орап,
жалап-жалап алды. Қашан айтақтайды деп иесіне қараған
аңсыраған тазыдай қипаңдаған ол жіті басып атына беттеді.
Ақсойыл Адырбайдың әмірін екі етпеді. Сол түні Наушабайдың
алқымында Хамулланы тосқан қауымды сүттей ірітіп, таратып
жіберді.
«Ал, Жақсымбет, маңдайың мықты болса - шыда менің тоқ-
пағыма», - деп Адырбай қалды.
Апбаз Қаражігітов
***
...Жарақты қалың солдат, биіктен кең айдынның тоспасыз
жалпақ жазығына төгіле жөнелген селдей, сол күні суыт жүріспен
Қаражарға таяп келіп ат басын ірікті. Бұл қансыратар арам ойын
жасырмай, бар айбын, қайратын паш еткен, «келсең - кел» деп
сыбанған құбыжық ерлік еді. «Қане, тіктесер, белдесер қуат,
орақтай оратын қылыш, көзге көрінбес оққа төтеп берер ер
болсаң, шық былай атойлап!» деген тәжіке өктемдік еді ол.
Жау саны жағынан көп болмаса да, қару-жарағы, винтовка,
пулемет, қылыш, қол бомба және ықшам тез қимылға төселген
машығымен-ақ шұбалған шекпен киген қыр қазағынан әлдеқайда
басыммын деп тұр.
- Уа, жігіттер, өзекті жанға - бір өлім! - деп, Жақсымбет топ
алдына шықты. Түсі суық. Астындағы қара көк арғымақ артқы екі
аяғымен тік тұрып аспанға атылып, бой бермей тұр. Мына кел-
ген - мені қыратын, тірі қалғаныңды - құл, қатыныңды күң ететін
қас жауың. Көк желкеңе қылыш безеп, көрініп келген әзірейіл -
бұл. Айтқаныма көнсең де, көнбесең де көнесің деп келе жатыр.
Жеріңді өртеп, күйедей жалап, «астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі
ерні көктіреп», жалмауызбен деп келеді. Жалмауыздың да жаны
бар. Солдатқа барсаң да өлдің! Ал бірақ туған жерде өлу - бір
басқа. Ол - кіндік қаның тамған ана бесігің. Ата-бабаларыңның
жастық шағы өткен, өздеріңнің қаз басқан мекенің.
- Мұнда жауыңмен шайқасып өлу де мәртебе, даңқ! - деді ол
қолын сілтеп.
Әне будақ-будақ түтін шыққанын көріп тұрсыңдар. Түскі ас қа-
мына енген шағы болар жаудың. Ақтан, Нұрбай! - деді, енді біз
тұрған жаққа шұғыл бұрылып, - өз жүздіктеріңді алып, өзеннің
осы тұсынан өтіп, топты шолып, - Қаражар биігінен көріне беріп,
жау назарын өзімізге аударамыз. Олар Қаражардың ықылым за-
маннан бері жел қауып, аз қарып, жауын шайған қабағын оқтың
астына алар. Әрине, ол оқ мына биіктегі бізге жете бермейді.
Ал жолдарың болсын! - деп, өзі Қаражардың күн бетіне қарай
жорта жөнелді.
Аспан күмбезі әлем-тапырық. Дауыл. Аспандағы дауыл. Адам
айтып болмас зор екпінмен жағаға соққан мұхит толқыны бүгін
көк биігіне көшкен сияқты, аласапыран. О шеті мен бұ шетіне
көз жетіп, ауқым-аймағын байқата бермейтін ақ сеңгір, көгіл-
жім, орқы-шорқы таулар. Бірінің үстіне бірі өрмелеп, күрс-күрс
соқтығып, бірін-бірі паршалап жатыр.
Аспан әлемінен ұлыған қасқырдың, не қасқырдан қорынып
Шақпақ
тайынша-танасын ортаға алып өкіре жөңкілген көп сиырдың үні
естілетіндей. Ия, кейде бірін-бірі тапаған тау күтір-күтір күйреп,
қатты салмақпен соғылысқан жартастар ыспалап, жарқ еткізіп
шақпақ шағып, мына қара көлеңке жазирада не болып жатыр
дегендей, сығырая қарайтын сияқты.
Кейде гуілдеген өкпек түтеп-түтеп екпіндеп соғады. Міне, сол
сәтте жер бетіндегі тіршілік тұншығып, шыңырауға батып бара
жатқандай даңғаза үн естіледі.
Аздаған қамысы болмаса, тал, жиде өсе қоймайтын көсенің
иегіндей Сарысуға сырты түкті жұлдыз құрттай ирелеңдеп, қа-
лың тал мен қамыс жамылған Кеңгір жылжып ағып, Қаражар
биігінің түбінен келіп құйып жатыр.
Екі өзеннің құшағы айқасқан қолтық-жайылма, су қаптап,
бидайық өскен жазық жер. Мұнда Шәлтеке Аманбай батырдың
қыстауы бар.
Міне, осы қыстауды көк ала түтінге көміп жатқан қалың сол-
дат биік басына шыққан сарбаздарды көре сала, ордалы оқ жы-
ландай бастарын қайқайтып, соғыс жағдайына көшті. Екі жер-
ден құрылған пулемет, жүздеген винтовка бір мезгілде «сөйлеп»
кетті.
Ғасырлар бойы түкті қабағын ойлана түйген Қаражар биігі
маңдайын оққа тестірді, беті шешек жегендей лезде шұрқ-шұрқ
болды.
Алыстан талып жеткен оқ биік басынан төбе көрсеткен Жақаң
тобына дарымай, жарқабақты қауып жатыр. Есі-дерті сонау
Қаражар үстіндегі топта болған солдаттар желкелеп соғар қатер
барын ойламаған.
- Қапта!
- ¥мтыл!
- О , а!
- Қаптағай! Қаптағай! - деп ұрандаған қарағай найзалы,
айбалталы сарбаздар қалың тал мен қамыс, көк жиденің іші-
нен өре ұмтылып лап қойды. Қас қағым арасында қолма-қол
ұрыс өріс алды. Жаудың сол қанатын ұйлыққан орта шеніне
төге ұмтылған Ақтан даусы күндей күркіреп, қайың сойылды
екі жағына алмас қылыштай кезек сілтеп барады. Лап қойған
тұтасқан қол шу дегенде көк майсаны жәпырып өткен қалың
іздей, бір сәтке жаудың үрейін ұшырып, бұқтырып-ақ тастады.
Осы қарбаласты пайдаланған Жақаң тобы да биік басынан
төмен құйыла қаптап берді.
- Қаптағай! Қаптағай! Қаптағай! - деген айбарлы үн кең да-
ланы дүр сілкіндіріп, жаудың жанын бір қауызға тыққандай бол-
АПБАЗ Қаражігітов
ды. Мына екі жүздік сойыл, айбалта, найза жұмсап, алапат қар-
қынмен солдаттарды ат бауырына алып, ілгері озып, енді қайыра
ұмтылғанда, бір қабырғасы құлаған қора түбіне пулеметін сүй-
рей жөнелген Хамулла пристав оған тіл бітіріп те үлгерді.
Өз адамымен миласып, араласып кеткен сарбаздарға оқ
жұмсай алмаған ол, биік басынан түйдектеле ойға төгіле құлап,
ұрысқа араласуға таяп қалған Жақандарға оқты қардай борат-
ты. Алдыңғы қатардағы бірнешеуі ат-матымен омақаса құпады.
Сонда да алғашқы бетінен қайтпаған топ құйындай дөңгеленіп
таяй берді. Әне, тағы да бірнеше адам оққа ұшты. Иесіз қалған
аттар оқырана кісінеп, дүрмекпен ілгері шауып келеді.
Ал жау болса, мына аласапыранда машықты әскер екенін та-
нытып, тез-ақ атқа қонып үлгерген.
Енді алмас қылыш жарқ-жарқ ауаны тілгілеп, қым-қиғаш ұрыс
қыза түсті. Таңқ етіп атылған винтовка, наган даусы жиі-жиі шы-
ға бастады. Сарбаздар шебі сөгіліп, қасқырдан үріккен қойдай,
өзенге қарай қайта серпіле лап қойды.
- Қайтпа, қайтпа! Қаптай шап! - деп, қоңыр даусы құмыға
шыққан Жақаң мен Ақтан жігіттерді аруақтандырып, жауға өр-
шелене ұмтылуда. Қолында қарағай найза. Әне өзіне қарсы
ұмтылған шикіл сарының сермеген қылышын денесіне дарыт-
пай, найзасын қайта сілтегенше болған жоқ, қара көк арғымақ
шыңғырып аспанға секірген бойда мұрттай ұшты.
Бұл тұста жау шебі де кейіндеп, жиі атылған оқ астында қал-
ған сарбаздар тобы сиреп, көпшілігі өзенге, қалыңға еніп те кет-
кен. Енді байқады, төңірегінде он-он бес шамасы ғана адам қа-
лыпты. Олардың да осы қас пен көздің арасында бірнешеуі оққа
ұшты. Өзі жаяу, ал жау болса атқа қамшы басып андағайлап таяп
қалды. Осындай жаннан үміт үзген ауыр шақта: - Аға, кел! - деген
дауысқа жалт қарады Жақаң. Ақтан екен. Торы қасқа атты көл-
денең тосып, өзі кейін жылжып, ерін босата берді.
- Тарта бер! Тарт! Жаныңды сақта! - деді Жақаң, алпамсадай
екі адамды бір аттың құтқара алмайтынын әп-сәтте болжап.
- Мін, бауырым, кел! Сізді тастап кете алмаймын! - Ақтан
ағасына ірі әмір ете, әрі жалына қарады. Шаң-шұң айқай, тарс-
тұрс атылған мылтық даусынан үрке шиыршық атқан торы қас-
қаның үзеңгісіне еріксіз аяқ салған Жақаң ер үстіне отырып, енді
мойнын бұрғанда, арқасынан қапсыра құшақтаған Ақтанның
«аһ» деген үнін естіді.
Ызғырық қара суық әлі тоқтаған жоқ. Жер де, көк те, бүкіл
дүние, кең сахараның бұтасы ғана емес, бір уыс топырағына
дейін азалы күй, зарлы мұң шегіп жүр...
Шақпақ
***
- Бұл күнде Қаражардың батыс жонында бірнеше сұпы, үйме
топырақ пайда болды. Бәрі де бір күнде, бір мезгілде жерленді.
Кілең 19 бен 31-дің арасындағы қыршын жас боздақтар. Он екіде
бір гүлі ашылмаған қырдың желкілдей, дүр етіп бір мезгілде өс-
кен жауқазын жастары. Аптап ыстық ұрғандай, бір сәтте қурап
сола қалды. Мана мен басына барып мінажат еткен бірыңғай
малта таспен өрілген сұпыда Ақтан, оған жетеғабыл жатқан
менің әкем Әжібек. Ал кейінгілері көп боздактар... - деді Нұрбай.
Мен ұрыс болған кең даланы, жаңа ғана биігіне шыққан Қара-
жарды көз алдыма елестетіп келемін. Арманда кеткен, мына
советтік заманның ең болмаса алтын шапағын көре алмаған
қыршындарға жүрегім езіле түседі. Көз алдыма жеміс беретін
жас шыбықты рақымсыз біреу қаршылдатып балталап шауып,
қиып жатқандай.
Маған естірте күрсінген Нұрбай қарт:
- Ия, шырағым, Қаражар түбінде бір топ адамның сүйегін қал-
дырған Хамулла жауыз сол күні Сарысу өзенін жоғары өрлей,
Қарабала-Шағыр ауылдарына қарай жол тартты, - деді толға-
нып. - Ел күңіреніп кетті. Халық денесіне түскен мына жара ауыр
да, ащы да еді.
Жақаң болса бұл күндері қап-қара болып түтігіп, қанын ішіне
тартып, ғасыр жүгін көтерген құлпытастай қатып қалған.
Тек қана шейіттерді жерлеп, бері шыққан соң атына қонған
сарбаздарды қанталаған көзімен бір шолып, жарықшақтанған
даусын соза, найзасын серт ұстап:
- Ей, бақиға кеткен бауырлар, қош болыңдар! Армандамын
деме, алысып кеттіңдер! Алыстамын демеңдер, туған жеріңнің
қойнына жеттіңдер. Мына тәнімнің жалғыз жапырағы қалғанша
сенің намысың мен арың болар жоқтарым! Мына қарағай най-
замен түн түндігін түрткілеп, еңку-еңку жер шалып, жарық таңға
жетпей тынбан! О, әділет күні, қайдасың! - деп, шығысты бетке
алып шаба жөнелген.
Қалың нөпір боп өре шапқан сарбаздар биік басына, осы
Қаражар басына шыққан. Бәрі де сыз қабақ, үнсіз. Манадан ас-
панның бір ауқым жерінен көзін алмаған Жақсымбет талақтай
қарайған бетін көпке бұрып:
- Ей, жігіттер!
«Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске», -
Апбаз Қаражігітов
дейді ардагер, арыстан жүректі батыр, ақын Махамбет Өтеміс-
ұлы. Қане, қабырғасын қаусатса да қайтпайтын, маған ерем
дегендерің оң жағыма шық, ал... - деп, ойын толық аяқтамай,
қолын созды.
Осы сәт үш жүзге жуық сарбаз бір мезгілде атыла қамшы
ұрып, Жақаңның оң қолының астына топтасқан еді...
***
- Ол өзі дүрбелеңі көп қиын заман еді ғой, - деп, Нұрбай маған
барлай қарады. - Күн құйып тұрған. Аспанда оймақтай да тесік
жоқ. Қарақұрым бұлт. Шатыр-шұтыр ойнаған найзағай қалың жа-
бағы бұлтты осқылап, көз ілеспес жылдамдықпен от арқандай
ирелеңдеп қалады. Жел де екпіндеп, үдере соғып өтеді.
Ат құйрығын шарт түйген әр түрлі киімді сарбаздар толарсақ-
тан саз кешіп, сылп-сылп желіп келеді. Бәрі де сүмектеп суға
малшынған, жүздері суық, қабақтары қатқан.
Кең даланың да әрі кетіп, бұта біткен жапырағынан ажырап
сояуланып қалған. Бұрынғыдай жағалай отырған ел, жайылған
мал жоқ. Дала төрі жүдеу, жабырқау.
Ел де, мал да - бәрі жұтты болып жоғалған. Сарысу бойы
елсіз. Қаңырап бос жатыр. Қалың бидайығы теңіздей толқып,
мыңғырған малға сыймайтын Бөріойнақ алқабы - мына жатқан,
тым-тырыс құлаққа ұрған танадай...
Жақаңның астындағы ат ана жолы Ақнұр мен Салықбай мініп
келетін Адырбайдың белгілі бәйге аты - Кертайлақ.
Беталысымыз айтпаса да белгілі - Сымтас. Онда Қарабала-
Шағыр руларының бірнеше ауылдары бар. Кешегі Қаражар
бауырында қан төккен қалың жазалаушы отряд солай кеткен.
Жақаңның да аңдығаны - сол қан құйлы пристав Хамулланың
ізіне жарық алып түсіп келеді.
Қазір Хамулла - маңдайы тасқа тиген бекіре балық болса,
Жақаң - оны тұмсыққа соққан алып биік жартас. Әзірше жау
мұрнын ғана қанатып, аз шығынмен кетіп барады.
- Нұрбай, бері кел!
Мен қасына шауып келгенде, Жақаң:
- Әне бір шөгіп жатқан түйені көрдің бе? Өзінің үстіндегі жүк
пе, әлде қоршау ма? Әйтеуір, жай емес. Мына елсізде неғып
жатқан түйе, соны біл! - деп бұйырды.
Оның әмірін қолма-қол орындау үшін әлгі қараға құстай ұшып
жеттім. Айтқанындай түйе. Үстіндегі әдемілеп түр салып ай-
шықталған бесік екен. Текеметпен мұқияттай қоршапты. Жай-
Шақпақ
барақат күйсеп жатқан түйе мені көре сала орнынан атып тұрды
да, аузынан жынын бүркіп, бақырып желе жөнелді.
Мен таянсам болды, түйе жынын құса, сигектеп, құйрығын
қайқаң-қайқаң еткізіп, тайраңдай жөнеледі. Бетімен жүрген не
қылған жануар деп, төңірегіме жалтақ-жалтақ қараймын. Еш-
кім көрінбейді. Сөйткенше құлағыма жылаған баланың дауысы
шалынғандай болды. Атымның басын тартып, тың тыңдап тұра
қалдым. Қателеспеппін. Ақиқат баланың даусы. Арт жағымнан
әлгі түйенің шөгіп жатқан жерінен аулағырақ тобылғы ерек жу-
сан, боз бидайық, өскен қалыңның арасынан шыққандай.
Кейін қарай бұрылып, бас киімімді қолыма алып, дыбыс шық-
қан жаққа қарай желе жортып келемін. О, тоба! Бала, кәдімгі
кішкентай сәби... - деп, Нұрбай қарт көзін жұмып, басын шайқа-
ды. - Сасқаным сонша, не істерімді білмей, аңтарылып қалдым.
Шалқасынан түсіп, омырауы ашық қалған әйелдің кеудесінде
жатыр. Не істейін, ұзап кеткен сарбаздарға атой салдым. Әрі бет
алып бара жатса да, мені көзінен таса қылмаған олар, әні-міні
дегенше шапқылап келіп те қалды.
- Не? - деп айқайлайды Кертайлақтың басымен алысқан Жақаң.
- Бала!..
- Не қылған бала?
- Бала, кәдімгі сәби, адам баласы... - Басқа түсінік беруге
дәрменім біткен сияқты.
Аузы бүлк-бүлк етіп, ашылған омыраудан шыққан емшекті
сорып жатыр. Сүт шықпай ма, әлде жағы тала ма, тез-тез сорып,
ерні бүлкілдеген бала шар етіп жылап, емшекті аузынан шыға-
рып жібереді. Қайта сорады. Бозтаңдақ тартқан емшектің ұшы
жылағанда баланың аузынан қайта шығып кетеді. Аймалап
қайта табады.
Баланың қол-аяғы көкпеңбек, үстінде иткөйлегі ғана бар. Ша-
масы, төрт-бес айлық. Шешесі шалқасынан жатыр. Сол жақ құ-
лақтың сыртын ала, көк желкесінен оқ тиіпті.
Аттан қарғып түскен Жақсымбет баланы көтеріп алды. Түне-
ріп, күйедей қарайып:
- О, сорлы қазақ, осы ғой күнің, мына жетім сәбидей ғой ха-
лің, - деп біраз тұрды да, - жігіттер, мына өліп жатқан Сәтемір-
дің келіні ғой. Танисыңдар ма, енді болмаса мына бала да өлер
еді... - деп, сәбиді қойнына тығып, күйзеліп көп тұрды. Не істерін
білмей шиыршық атқан жігіттерге:
- Ал не тұрыс бар? Мына әйелдің жүзін жасырыңдар, - деді.
Кенет төбеден шатыр-шұтыр жай атылғанда, аттар дір-дір
етіп, кісінеп-кісінеп кетті. Шелектеп құйған нөсер қайта төгіп кетті.
Апбаз Қаражігітов
Ең даланың төсін ат тұяғы дүбірлетті. Жер жібу. Аспан түнере
түсті.
Ат қарқыны Сымтас биігіне жетіп, Сарысу өзенін өте басқан
бұл топтан қараң ете қалған жалғыз атты қалың қамысты таса-
лай қашты. Атын басқа-көзге сабалап барды. Соңынан тұра қуған
мына топтан құтылмасын білді ме, әлде жандалбаса ма, аттан
түсіп, жаяу қашты да, айдын суға киімімен сүңгіп жоқ болды.
Бауырынан жараған жіңішке торы тізгініне оралып ентігін баса
алмай, бүйірін соғып тұр. Әлгінің қас пен көздің арасында ғайып
болғанына таңданған жігіттер:
- Ей, біз елміз, шық бері!
- Тіл бер!
- Сорлы тұншығып өлерсің...
- Қара малайға барып, сен не оңдырасың, түрің мынау - тал
түсте суға сүңгіген! - деп, әзіл-шыны аралас айқайлап жатыр.
Сөйткенше Жақаң да келіп жетті.
- Әй, жігіттер, бейшараны бекер қудыңдар ғой. Шәйіт болған,
су жүрек боп қорлық көрген қазақ аз ба! Жүрек шайлы бейбақтың
бірі де ол... - деді Жақаң даусын көтере сөйлеп.
Осы кезде Жақаңның мына сөзін естіді ме, өзеннің жарқаба-
ғына өскен қалың қамыс сыбдыр ете қалды да, үсті-басы малман-
дай су бала жігіт шыға берді.
- Ас-са-салаумағалөйком, Ж-жа-қа! - деп, сәлем берді ол
кекештене.
- О-о, әліксалам, Әжікпісің, ей! - деп, Жақаң жылы үн қатты.
Салқын күнде суға түскен, күні бойғы жаңбыр сүйегіне дейін
өткен және әбден қорыққан бала жігіт қалш-қалш етеді. Бет-аузы
су тиген көңдей көгілдір тартып қаязып кетіпті. Тісі-тісіне тимей
дір-дір етеді. Іннен шыққан қосаяқ секілді, ақсиған күрек тісін
көрсетіп, қалтырап, күлген болып тұр.
Осы сәт Жақаңның қойнынан баланың даусын естіген ол
еңіреп жылап жіберді...
***
Аяғын қақпан қиған ызалы көкжалдай, ытырына лекіген жа-
залаушы отрядтың басшысы Хамулла сол күні Бөріойнақтың
биігіне шығып, дүрбі салып тұрды.
Қомды түйені жетелеп, өзенді жағалаған салт атты қылт етіп
олардың көзіне шалынған.
Биік басында тұрып дүрбі салған Хамулла қоршаулы қомдағы
балалы әйелді де, түйе жетелеген салт атты жігітті де жанында
Шақпақ
тұрғандай анық көріп, ұзақ қарады. Оның көзіне бұлардан бас-
қа тірі жан шалынбады. Ол ашуланып, сызданып, тісін шақыр-
шұқыр қайрап: «Даланың тағылары, сендерге рақым жоқ», - деді
даусын шығарып. Бұлардың бір жақтан келе жатқан, не бара
жатқан жолаушы екені сырт көзге айтпаса да белгілі еді. Асын-
ған мылтық, сүйреткен сойыл жоқ, бейбіт, әрі түйеге бёсік артқан
жолаушынының жаугершілікпен тіпті де байланысы жоқтығы өз-
өзінен айқын еді.
Бірақ жыртқыш жанда рақым, жанашырлық болған ба? Талай
қиянатты басынан кешірген, адам қанын судай төккен, бұл дала-
да өзі би, өзі кожа Хамулла шолақ қара винтовканың шүріппесін
қайырып, түйелі жолаушыны қарауылға ала берді.
Бүлкілдей желген түйе үстіндегі әйелдің ағарған жаулығы ине-
нің жасуындай қарауыл сызығына іліне бергенде, мылтық даусы
да таңқ ете қалды. Көк түтін бұрқ еткенде, түйе үстіндегі әйел де
шалқалап, жайыла құлап бара жатты.
Әлгінде ғана емшек іздеп жылаған баласын бесіктен шешіп,
ыстық бауырына алып емізіп келе жатқан ана қас қағым сәтте
төңкеріліп кетті. Сонда да оң қолымен баланы құшақтай құлады.
Хамулла шегір көзі ұшқын ата аса бір мақтанышпен айқай салды:
- Әппе! Қарақұстың аузын жұлып, көк желкені қиып кетті.
Ақиқат! Барып көріңдер! - деді өзіне бағыныштыларға.
Расында, Хамулла ұшып бара жатқан құстың топшысын қиып
ататын сыралғы мерген еді. Міне, сол машығын тапа тал түсте
балалы әйелді атып тағы көрсетті.
Мылтық даусынан соң сатырлап тұра шапқан аттылардың
дүрсілін естіген, өзіне қарай қаптап келе жатқан көк мылтық
асынған көп солдатты көрген жігіт жөпелдемеде не істерін
білмей, аңтарылып қалған.
Бұл өзіне-өзі келгенше әулекіленген көк мылтық, көп қылыш-
ты қарулы топ та келіп жетті...
Атқан аңын арам өлтіріп алам ба деп, бауыздауға асығып,
тұра шауып ентігіп жеткен аңшыдай аласұрған мынау қатыгез
топтың түсі жан шошырлық болатын.
Олар келе сала, ай-шайға қарамай, баласын қолтығына қыса
шалқалай құлаған жансыз әйелдің желке жағын, қарақұсын,
одан атқылап шыққан қанды көріп, мәз-мейрам болды.
- Міне, мерген!
- Сонша жерден қалай дөп тигізді екен!
- Бәсе, қаршыға көз дейтіні осы ғой генералдың бұл кісіні.
- Пәлі, айтудай-ақ бар екен! - деп, бастықтарын жамырай
мақтады.
Апбаз Қаражігітов
Тап осы сәтте олар неше күн сандалып, өзегі талып келіп,
енді ғана тұмсығын ыстық қанға көміп, тірі етті үңги жөнелген
жыртқыштай еді.
Міне, жирен қасқа арғымақты секіртіп қопақтай шауып,
Хамулла да келіп жетті. Ол өзінің мергендігіне дәсередей бо-
лып, тасыған сүттей көбіктене қалған. Ірімтік беті піскен өкпедей
қабындап, қызара қалған. Танауы желпеңдей күлген ол:
- Қане, көрдіңдер ме? - деді, өзінің қиядағыны қиып түсетін
ажал қылышы екенін бағыныштыларына ұқтырып.
Содан соң:
- Жауыңа ажал болсын, өзіңе бақыт табасың. Өзіңе келетін
бақыт басқаға бақытсыздық әкеледі, - деп, қанын ішіне тартып,
қабағын түйе қалды.
Ол енді байқады, сәби бала анасының төсіне жабысып, мынау
дабыр-дұбырдан бейхабар күйде еріндері бүлкілдеп қана жатыр.
Баланың қол-аяғы балғадай, өзі де аппақ, арыстай екен. Үл-
біреген жұқа жібекке орап тастаған, көздері жұмулы. Етжеңді
саусақтарын ербеңдетіп оң қолымен анасының ашылған омы-
рауын аймалап жатыр.
Хамулланың шегір көзі бала тәніне қандауырдай қадала
қалды. Ол әлденеше құбылып, қолын біресе қылыштың, біресе
наган қынабына жүгіртті.
Арбағанын жұтып өлетін жыландай, зәрін бойына жиған.
Бірақ оның осы жат қимылын бөрінің күшігіндей шу ете қалған
солдаттардың үні бөліп кетті.
Ол жалт қарағанда, жүзге жуық жылқыны тықсыра қуған бір-
неше адам қатты екпінмен Сымтас биігінің бергі алдындағы бе-
легірге шоқталып шыға берген еді.
Арғы қабағы жарлауыттанып, жанат ішіктің жағасындай шал-
қиып жатқан Сарысу өзенінің иініне еніп, тасаланып бара жатыр.
Сәл кешіксе, қыр асып көзден таса болады.
Жаныға дауыстай, құрық үстіне құрық салып, жылқыны қуып
бара жатқандарды Хамулла тегін топ емес-ау деп жорамалдады.
- Алға! - деп әмір етті де, ойланбастан өзі де шаба жөнелді.
Қалың солдат қонақтаған жерінен дүр етіп, қанаттарын са-
балай қарқылдап ұшқан қарғадай, жылқыға қарай барын салып
еліре ұмтылысты.
Осы әулекі топтың артында қамшы үстіне қамшы жеген торы
дөнен төрт аяғы төрт жаққа кетіп, танауы пыр-пыр етіп шауып
келеді. Оның үстіндегі Әлжікте ес қалған жоқ. Сарт-сұрт етіп
атының сауырына тиген қамшы дыбысын ғана естиді. Анасы бір,
мынасы бір ұрып өтіп кетіп барады. Мына тұрған сол - Әлжік.
Шақпақ
Хамулланың ажал шашқан алақанынан қалай тірі қалғанына
әлі сенбей тұр...
Төпелеп ат басын ірікпей барын сала ұмтылған жазалаушы
отряд дөңгеленген қайыңдай ағып, Сымтас биігінің ұшар басына
шыға берген жылқыны қуып жетті. Бірақ алдына шығып қайтару-
ға үлгермеген олар бірнеше дүркін оқ шығарды.
Бұрын мұндай жат дыбысты естімеген жылқы үйірі шошына
үркіп, оқырана кісінеп, құйрықтарын шаншып, ұмар-жұмар болып
обыға жөнелді.
Мылтық даусын естіп, өздеріне төнген қатерді анық сезген
жылқышылар енді барын салды. Шоктай топталып, сеңдей со-
ғылысқан көп жылқының ішіне сіңіп, аттарының жалын құшып
бара жатты. Сымтасты бауырлай, өзеннің батыс жақ қабағын
ала үркіп, енді аз уақытта тас төбешікті айналып асып кетуге
таяп қалған. Қатты үріккен жылқы тұяғынан будақ-будақ кө-
терілген шаң Хамулла тобын көміп, көз бермеді. Әлі де оқтын-
оқтын мылтық атылуда. Өрттей өрекпіген жылқы құтырына үркіп
барады. Алғашқыда түйдегімен жеткен жазалаушылардың қар-
қыны қайтып, қатары іріп, бірте-бірте шұбалып, үздік-создық,
қала бастады.
Өздерінің мына халіне ыза болды ма, бірнеше мылтық бір
дауыспен гүрс етіп бір-ақ атылған. Оқыс шыққан дыбыстан шо-
шып, бұрынғыдан да бетер ышқына жүйткіген жылқы Мұрынтақ
тас төбені айнала берді. ¥зап бара жатыр. Осы кез төбенің ба-
сына жирен қасқаны ойнақтата шыққан Хамулла атын қаңтара
салып секіріп түсті де, жүрелеп отыра берген бойда мылтық
атты. Шоғырланған жылқының ең алдында мойны озып бара
жатқан ақ боз бие үш рет домалап кетті. Оған қақтығып сүрінген
тағы бір-екі жылқы ұмар-жұмар құлап түсті де, іле қайта тұрып
шаба жөнелісті. Тағы бірнеше рет ең алдыңғы жылқыны атып
құлатып, жылқы бетін кейін бұрмақ ойын іске асыра алмаған
Хамулла түтігіп кетті. Жылқы болса қара үзіп барады. Бұл түрімен
жеткізер емес. Ыза буған Хамулла тісін шақұр-шұқыр қайрап
орнынан тұра берді. Енді оның қанды көзіне жылқы соңында
аты шабандап қалып бара жатқан адам шалынды. Хамулла ой-
ланып жатпады. Көзінен от ұшқындап мылтығын кезене берді.
Бірер секундта қанаты қиылған құстай болып, жылқы қуған адам
атынан аударылып құлап түскен еді. Хамулла мылтығын қайта
оқтап орнынан тұрғанша, жылқы үйірі көзден ғайып болған. Күн
кешкіріп кетті.
Жау атылған адамды ортаға алған. Ұзын бойлы, сүйекті, маң-
дайы кереқарыс, қалың қас-қабақты, ат жақты, орақ тұмсық ке-
Апбаз Қаражігітов
лісті жігіт қырындай құлапты. Оқ кеудеге тисе керек. Оның арқа
тұсынан жылжып аққан қан көрінді...
Бұл оққа ұшқан осы елдің белгілі билерінің бірі - Сүтемген-
нің Еділбайы болатын. Осы оқиға да айна-қатесіз Әлжіктің көз
алдында болды.
- Сен Хамулладан қашан босандың? - деген сұрауға Әлжік:
- Бүгін үшінші күн, - деп жауап берді.
Жақаң түнере түсті. Бар айтқаны: «Қасқыр бөлтірігін қанмен
ауыздандырады».
Күн ызғырық. Аспан бұлтсыз ашық болса да, денені темір-
дей қарып, суық жел соғып тұр. Жақсымбет оқ бойы алдымызда
келеді. Ол байырғы әдетінше, кеудесін шалқақ ұстап, ат үстінде
нығыз отыр. Оның қазіргі ойы бізге белгісіз. Мақсаты не, ендігі
бет алысы қайсы? Өзі шешіліп айтпаса, оған сөз салатын ешкім
жоқ. Бізге белгілі жайт-жазалаушы отрядтың бұл күндері бізден
әлдеқайда ұзап кеткендігі ғана.
***
Сарбаздар Шайкөз биігінің басында тұр. Бәрінің көзі - Бес-
төбе, Бақаншанышқан жақта. Деевтен хабар келгелі де бір-
неше күн өтті. Уәделі күн де - осы күн. «Жігіттерді ыдыратпай,
Амангелдіге қосылыңыз. Оның адамдары да сізге тез жетеді. Ел
жігіттерінің басын мол жия беріңіз. Бұл жақта бүкіл ел көтерілуде.
Солқылдақтыққа жол бермеңіз!» - депті Деев хатында. Жақаң
осы сөзді ойына қайта бір жүгіртіп, дүрбісін көзіне апара берді.
Алыстан бұлдырап көрінген биік төбенің басына бес-алты атты
шауып шыға келді. Көзге де айқын көрініп тұр. Алдыңғысының
қолында ұзын сырықтың басына байлаған бірдеңе алыстан
қарауытып көрінеді. Мінген аттары да шиыршық атып, ойқастап
басымен алысып, аспанға секіреді.
- Жігіттер атқа қоныңдар! Әне Деевтің, Амангелдінің адам-
дары! - деп даусы саңқылдап кетті Жақаңның. Үнінде бұған дейін
естілмеген ерекше шаттық, жүзінде қуаныш бар. Бұл - соңғы
бірнеше күн бойғы Хамулланы қуып жете алмай қалғаннан бергі
Жақсымбеттің көтеріңкі шыққан ақ жарқын даусы.
- Ал, жолдарың болсын! - деп атына қамшы басып шаба
жөнелді. Жақаңның сондағы бейнесі әлі көз алдымда. Елтірі ты-
мағының құлағы елбеңдеп, оң қолын жоғары көтере, үстіндегі
түйе жүн шекпені Кертайлақтың сауырын жаба шұбатылып, биік
жарқабақтан орғып, секіре жөнелген тау текедей алдымызда
орағыта заулап бара жатты...
Шақпақ
***
Нұрбай қарт үнсіз қалды. Жүйткіген «Волга» Жезқазған қа-
ласына таяп келеді. Биік тұрбалардан будақтаған көк түтін тар-
қатылған бұрымдай шұбалады аспанда. Аспан тұп-тұнық ашық.
Күн нұры төгіліп, толқып тұр. «Әрине, бұл - бүгінгі заманымыз,
біздің күніміз ғой. Нұрекеңдер көрген күн...» деген ішкі ойымды
аяқтатпай:
- Ия, мен сонда тұңғыш рет бостандық пен бақыттың қызыл
туын көрдім. Сол күні езілгендердің көсемі Лениннің атын естіп-
білдім. Жақаң да қайта түлеп шыға келді.
- Ей, жігіттер! Күнің туды, есең қайтады. Кешегі бір топ
бауырлар бекер өлмепті. Кедейдің жоғын жоқтап, мұңын
мұңдайтын, езілген халықтың қорғаны басшысы бар екен.
Сүйіншіңді дайындай бер. Ол - Ленин. Оның туын көтерген
халқымыздың батыр перзенті Амангелдіге тарттық! - деп
айқай салды.
Саржеліспен кең жазықты дүсірлете жөнелген топтың дүбірі
күні бүгін де кұлағымда... - деп аяқтады сөзін Нұрбай қарт.
Мен Нұрбай қарияның ойлы жүзінен қараңғы халық көгінде
Жақсымбет сияқты зерделі адамдар жарқ еткізіп жаққан шақпақ
сәулесін көргендей болдым.
Табиғи жаратылысында тек күлкі мен өмірдің күнгейінде ғана
туғандай, қабақ шытуды білмейтін кісілер болады екен. Өмірдің
қас қағым ыстық-суығына не күйініп, не суынып, астан-кестен қуа-
нып не опық жеп отырғанын да жарқыратып көрсетпейтін мұн-
дай тұлғалар тіршілікте аз емес шығар, көп те болмас. Әттең, не
керек, қатар жүргенде тағдырлас болғанда ондай игілігі тасыған
қасиеттілерімізді байқамай, елемей қалатынымыз да бар-ау!
Өмірге кім келсе, мен осындай боламын, мен мұнша бақыт,
ақыл, даналық, білім немесе байлық иесі боламын деп айқайын
салып келмейді. Ол бай, кедей, бақыттЫ әлде бақытсыз ба, мы-
на жарық дуниеде қанша тіршілік кешеді білмек емес! Демек,
әрбір адамның, жан иесінің өмірі жұмбақ. Ертеңгі күніміз қалай
өтері белгісіздікке құрылған.
Расында, ақиқатқа, тіршіліктегі шындыққа жүгінсек, әрбір пен-
де өз басынан өткенін безбендей салмақтаса не болмаса өзі
кешкен өмірді қайта бір екшеп, ақыл елеуішінен өткізіп іріктесе,
пайым атты сарабдал сыншыға билік айтқызса, қанша сырдың
қоймасы ашылар еді, адам өзін-өзі зерттей артық-кемін өлшеп,
кейінгіге өнеге, нұсқа етер, не өкінішін, не мақтанышын жария
етер еді-ау! Әрине, әлгі өмірдің ыстық-суығы дейтініміздің бас-
талар тұсы осында жатқанын да түсінер едік. Мен ойында не
болса да жарқыратып айтып, жақсысын да, «әттегенайын» да көз
алдыңа жаудыратып келтіріп айтып отыратын ақ көйлек - жаны
жаз адамды ұмыта алар емеспін. Туған ағаммен дос, сырлас
үзеңгілес қатар өскен бұл қасиетті жан ойшыл, сөзшілдігімен,
көп көргендігі, құймақұлақты, зерделілігімен санамды түпкілікті
жайлап алыпты. Қазір де, жасы егделікті мойындаған тұста да,
көзінен нұры тулап, шоқша сақалын уыстап тұтамдап қойып,
Ахмет ишанның соңгы сапары
екі тізесін астына басып алып, күле түсіп, жарқылдап сөйлеп
отырғанын қараңызшы.
«О, бәрекелді! Төре әңгімеге кетті. Қызық енді басталды! Тың-
даңдар!» - деп бүкіл атырап құлақ түре қалғандай.
- Иә, тыңдайық! Әдетінше, күлкі жүрген жерде береке, шат-
тық жүреді. Шаттық пен бақыт егіз ғой, - деп, жайдары қалпы
жайлауға тіккен ақ боз үйде күмбірлеп күліп ол:
- Иә, бұл осы ғасырдың басы - жиырма, жиырма екінші жыл-
дар шамасы. Менің албырт жастықтан өткен, жігіттіктің хас тұл-
парын бабына келтіріп жаратып, теріп алған шағым. - Қарап оты-
ра алмадым, төренің сөзін бөліп, - Апырай, аға, жігіттіктің хас
тұлпарын жаратып дейсіз. Ол өзі бәйгеге қосылатын жүйрік пе
еді? - дегенім. Екі иығын ұшатын қырандай атыла қомдаған төре:
- Әй, не дейді мынау!? Не дейді?
Әулиенің баласы-ау, жігіттіктің тұлпары, керек десең, бәй-
геден күнде келеді, оның бабы өз бойында емес пе? - деп таң-
дана қарап жан-жағына: - Қап, мынаны-ай, ә? Мынаны, - деп
демін ішіне тарта көз тікті отырғандарға. Үйдегілер мәз болып
күлісіп алды. Едәуір ұялыс таптым. Маңдайымнан терім бұрқ
етіп, тысқа атып шықтым.
Менің ұяттан бүкіл денемде қызу пайда болды. «Қияс сөйледім-
ау, өзіме де обал жоқ» деп іштей күйзелдім. Жан-жағыма қарап үл-
гергенім сол, астындағы шабандау күреңін тебініп біреу ат үстінен:
- Күзекең барма үйде? - деді басқа сөзге келмей:
- Бар.
- Бері шығып кетсін деші. Асығыспын, - деді әлгі. Қайта кіріп
Күзеубай ағаны шығарып бердім. Екеуі апыл-ғұпыл сөйлесіп
кетті. Дауыстары әнтек естілді. Сөз жобасы бір асығыстықты,
әлде біреудің тапсырмасын жеткізіп тұрғандай. Күзеубай іле
үйге кіріп:
- Төре, жүретін болдық. Сенімен оңаша бір әңгіме-дүкен құ-
рамын ғой деп едім. Оның сәті түспеді. Қалекең аулына (Қале-
кесі - аты Орта жүзге белгілі Қалманбай болыс), осы заманның
десем еш артығы жоқ, Бағаналы Найманның маңдайына біткен
бүгінгі шолпан жұлдызы Ахмет ишан келіпті. Қалекең үйінде
қонақ болып жатыр екен. Күнжамал бәйбіше мені шақыртып
жатыр. «Сен де жүр! Ел ағасын көр!» - Шақырудың мән-жайын
айтып, асығыс киіне бастады....
- Иә, бұл айтпағым ғасырдың бас кезінде болған еді. Ол
менің жігіттік тұлпарын мүйіздей қатырып баптап мінген кезім
еді, - деген ойымды мына бала бөліп жіберді. Ол Күзеубайдың
да болып-толып тұрған шағы еді. Қапсағай денелі, биік бойлы,
Апбаз Қаражігітов
сөзге шешен, әр сөздің бабын таба білетін, жақсы мен жаманды
аңғарғыш, талай жыл Бағаналының Жауғашты атасының бо-
лысы, би, көсемі болған, атағы асқан ақыны Байдаулеттің Қал-
ман байының атқосшысы, серігі болған кісі. Міне, сол қатар құрбы
үйіне кеп қонақтап жатқан мені мынадай тосын хабармен елең
еткізіп тастады.
- Уай, Ахмет ишан дейсің бе? Атақ-даңқы бүкіл Сарыарқа,
Алатау, Қаратау, Самархан, Бұқар, Ташкент, тіпті төрт құбылалы
әлемге жайылған ұлық қой ол!
Әлгі оқымысты бір баласын қазақтың қазіргі замандағы оқы-
мысты белгілі басшы ғұламаларының қатарына қосып, қазит-
жорнал шығартып, өзі де ұлық ойды әспеттеуші болып жүрген,
қазақ мілләтінің болашағын, мәмләкәт болып өмір кешуін ар-
мандайтын сөз иесі, емші, дәрігер емес пе ол?!
- Дәл өзі! Өй, жалғыз атты, жалғыз үй төре, сен оның қадір-
қасиетін қайдан білесің. Сен өзі, - деп Күзеубай алара қарады
бетіме. Шамасы мені ештеңе сезбейтін, ой-өрісі таяз пенде көре
ме, өзін жоғары санап, кеше атақты болыстың атқосшысы, алып-
кел, шауыпкелі боп жүріп көп мәселенің басы-қасында естіген-
түйгенін өзіне мәртебе санай ма, биіктеу сөйлеп, мені кемсітіп,
жалғыз үй төре дегені намысыма от қойып жібергені:
- Әй, Күзеубай, тіліңді тартып сөйле! Мен қазақты қазақ ет-
кен, ел еткен, Абылай ханның ұрпағымын. Мен алып Ресейді дүр
сілкінтіп, қазақтың жеке елдігін құру үшін ту көтерген Кенесары
ханның тұяғымын. Ақырғаным - айта жеткен барыспын мен! Не-
ге артық сөйлейсің. Мен Ахмет ишанды көрмесем де, бұрын
естігенім, оның даналығын әрі биік білімін мактаныш еткен тө-
ремін. Зор болса, оны сен туысым деп, Ақтаздың баласы деп өзіңе
жақын санап, кеудеңді соғып тұрған шығарсың! Ақылды, кемеңгер,
білімді дана не көзсіз батыр, ғұлама ойшыл халыктың баласы
болмақ. Ол қазақтың баласы екенін күні кеше қазақтың басына
апат оба келгенде көрсетті. Ұлтын сақтап қалды. Сол жерде жалғыз
қызынан да айрылды. Неге артық айтып, жәбірге барасың!
- Ой, ой, Төреке, төрем, кешір! Мен сені әдейі сөзге шақыр-
дым. Кемітпеймін. Артықсың. Сөзің - сөз. Мен ойнап, - деп сас-
қалақтаған досым:
- Сенің, апырай, бір көрсем-ау деп жүргенің есіме түсіп, әдейі
түрткенім. Қане, кеттік, Қалекең аулына, Ахмет ишанға, - деп
арқамнан қақты.
Атақ-даңқы халқына кең тараған белгілі кісіні көруге деген
құштарлығым қойныма сыймай, атқа міндім. Ауа райы да
жақсы екен. Әлгідегі сөз қағыстан таяқ жеген досым ауылдан
Ахмегп ишанның соңгы сапары
шығысымен желе жортып алдыма түсті. Жайшылықта ауыз-
дыға - сөз, аяқтыға жол бермейтін Күзеубай үнсіз алдымда
жортып келеді. Тек ауылдың қарасы көрінгенде ғана:
- Жарықтық Ақаңдар сирек құбылыс қой. Екі заманды
көрді, екеуін де, - деп ойланған Күзекең: - Әй, Төре, білімдіге
дүниеде жасырын сыр жоқ қой. Мен бұл кісі жайлы Қалекеңнен
көп естідім. Қалекең Ахмет ишанның ғұламалығын, әсіресе
емшілігін, сонау қадым заманнан қалған емшілік-тәуіптікті қа-
лай пайдаланып, дамытып жүргенін әңгімелеуші еді. Шіркін,
бүгіндері Қалекең тірі боп, екеуінің сырын естір ме едік. Бірі -
ана заманнын би болысы, екіншісі де сол заманның оқығаны,
ғұламасы, мүфтиі, дәрігері, осы заманның ел таңдаған көсемі.
Өзара не дер еді? - деп бір толғап өтті.
- Ишан Қалманбайдың үйіне түсіпті. Атағы шыққан дәулет-
ті шаңырақ, халықтың айтулы қадірлісін ойдағыдай ықыласпен
қарсы алыпты. Бір ауылдың бас көтерер игі жақсысы жиналған.
Бүкіл халықты шошытып үрей, ажал боп келген оба ауруына
қарсы жанын шүберекке түйіп күрескен ишанның адамдық ұлы
атағы халық сүйіспеншілігіне бөленген шақ бұл.
Ахмет ишан ажалмен жекпе-жекке шыққан айтулы батыр, ел
қамқоры деген сенім ел жүрегін жайлаған кез. Әрі Бағаналы
хандығының бас биі, мүфтиіне құрмет те, сүйіспеншілік те ай-
тып жеткізе алмастай еді. Мынандай атақты кісі елге келіп жат-
қанда елгезек жаратылған Күзеубайда дегбір қалмады. Және
Қалманбайдың бәйбішесі Күнжамал арнайы шақырту жіберіп,
дігерлеп жатса, онсыз да ұшуға қанатын қомдап отыратын
Күзеубай қайдан шыдам тапсын.
Ахмет ишан ортадан биік, жұқа денелі, көз ұясы мейірім ша-
пағатқа толған, кең маңдайлы, қаршыға пішінді, жүзі өткір бей-
несінен ибалылық жұпар шашқан кісі екен. Біздің сәлемімізді
ақ киімін шұбалта тұрып, баладай тез қозғалып, өте ықыласты
қарсы алды. Отырған жерінде ашылып сөйлеп, ойындағысын
ірікпей ақтарып отыратын жасаулы теңдей шешілетін кісі екен.
Өткен дәуірлердің ұлағатын, елге, туған жерге қамқор болған
тарихи тұлғалар хақында, ізгілік тамыры, оның исламдық адал-
дық қасиетін пайымдаттырған пайғамбар заманынан түйсік
жарған ұзақ әңгімелер таратты.
Сол ізгілік түсінігі жанын бажайлап, арасында ел басындағы
қазіргі хал-ахуал адамға адамның жанашырлығы, қамқорлығы
жайында, бүгінгі ел ішіндегі толқу, ақ пен қызыл, төңкеріс сыры
да қылаң беріп жатты. Бірде қыран қабағын сәл қозғалақтатып,
ойланып отырды да:
Апбаз Қаражігітов
- Адамзат, сонау Адам Ата, Хауа Ана заманынан бері, өзін
Алла тағала дүнияға көзін ашқан кәдім дәуірден күні бүгінге
дейін әділдік, пәктік, адалдық, тірі жанның тірі жанға зәредей
залал етпесі үшін ақыл-парасатымен шарқ ұрып келеді: сол
жолда адасуда, ібілістің азғыруына алдануда не қилы күнә, оз-
бырлықтардан да өтіп келеді. Бір Алла сол күнәкәрлық қарекет-
ке өзі кешірім етпесе, бұл тіршілікте адамзат басынан өткен
қиянат-зұлымдықты, біреуге біреудің қиянатын, озбырлықты,
біреуге біреудің үстемдігі, қанауы, зәбірі дейміз бе, қисапсыз
ғой. Зұлымдыққа тән әрекеттер қаншама! Оның бәрін санап,
түстеп шығу не көзге көрсетіп, ел алдына шығарып, ақ-қарасын
ажыратып беру тек бір Алла құдіретінде. - Қалың төрт қабат көр-
пе үстінде тіп-тік шаншылып отырған қалпынан есік ашылғанда
ғана сәл селт етті де:
- А, кеп қалды ма? - деп қозғалақтады.
- Ассалаумағалайком! - деген шіліңгірлеу дауысқа:
- Уағалайком ас-салам! Молда бол! - деген ишан орнынан
қозғалып: - Күнжамал бәйбіше, ұлықсат етіңіз! Сізге рахмет!
Енді біз кешелі бері сөз болған кәсал жігітке барайық. Алла
шипасын берсе, жәрдем етіп көрелік. Осы сапардағы менің
жүрер, барар жолым да ұзақтау тәрізді, - деп орнынан тұра
берді.
Күнжамал бәйбіше нұры бетінен таймаған, қызыл жүзді, сұң-
ғақ бойлы, босағасын қыдыр күзеткен, ырысы да, дәулеті де та-
сыған шаңырақты алақанында ойнатқан беделді марқаба дағ-
дысына басып, ерке шалдуар қағытпа мінезіне бағып:
- Ағаның үйі ақ жайлау деген бар. Төріңіз, міне, төсегіңіз,
әне, аса қадірлі қайным! Қалекең бұл дүниеден озғалы бұл
шаңырақта киелілердің болуы сирексіп кеткен еді. Міне, сол
бір орны толмас сағынышы, қадір-қасиеті айрықша қымбат
сәтті бір тірілтіп тастадыңыз. Әлі де болса бола түсіңізші?
Кемпірқосақтың көкке ілінген кестесіндей, төрімде бір әдемі
көрініс, даламда жұпар иісі бұрқырады. Ағаңыздың бейнесі,
салауатты қасиеті оянды жаныма. Қалай қиып кетесіз аға
шаңырағын? - деп үзіле қағытты.
Сыртқы жеңіл киімдерін киіп үлгерген ишан таспиғын төс
қалтасына жөнелтіп, қолына алған зерлі оюлы күміс жалатқан
таяғын серпей сілтеп тұрып:
- Аса қадірлі, асыл ойлы, білімдар, ойсан жаратылысты аға-
ның жан серігі екеніңізді ісіңізден де, сөзіңізден де бек танып,
қатты құрсан боп қалдым. Балаларыңыздың қызығын көріңіз, -
деді де: - Апыр-ай, асыл аға тәрбиелік, инсандық мәні зор көп
Ахмет ишанның соңғысапары
хиссалар жазып еді. Солардан алған өнеге, үлгі бар-ау сізде, -
деп Қалманбайдың ақындық насихатын да атап көрсетіп, есікке
беттей берді.
Күнжамал бәйбіше де құрақ ұшып, ишанға деген қошеметін
әлі де жалғастырып:
- Жақсының шарапаты өзімен ере жүреді, - деуші еді
бұрынғылар. Бір жасап қалдық. Еліміз де сергіп, бой жазды.
Енді тәңір жарылқап әлгі бір науқас оңалып кетсе, Қыдыр
әлейкүмссалам келгендей болар едік-ау! - деп есік алдына
шығып ишанды өз қолымен аттандырып қала берді.
Астында жайлы жол жорғасы бар, жал құйрығы төгілген,
жоны астаудай сұлу, биік торы ат. Аты жүрісті ме, әлде өзі түзу
ұшқан жебедей тік сызып, бұлтақсыз жүруге дағдыланған кісі ме,
ауылдан шыға сала топтан оза жөнелді. Қамыс құлағы жел қақ-
қан ақ қайыңның жапырағындай күнге жарқ-жұрқ еткен қоңды ат
та тайпала жорғалап, ексімдене ауыздығын шайнап, алға ұмты-
ла шайқалады. Ишанның атқа отырысы да басқадан өзгеше,
әсем, тым әсерлі көрінді маған. Басымен алысып, бір сілтейін,
жіберші деп шұлғып алға ұмтылған ат үстінде ишан аппақ ақ
мүсін. Осы сәт маған жерұйықты іздеген Асанқайғы тәрізденіп
те кетті. Көп алдында отырыс-тұрысы, басқаға ұқсамайтын
табиғаты, сөз сөйлеу мақамы мені магниттей өзіне тарта берді.
Оның әр қимылын бағамдап, әрбір сөзін есіме сақтап, жадыма
жасырам. Тыңдаушысын ұйытып, не айтса да санаға құйып,
мән-мағынасын түптеп жіберетін қасиеті ерекшелене береді.
Бұл кісіде артық сөз, орынсыз қимыл, бекер күлкі болмайды
екен. Сырт бөгернайын атқа отырысына дейін жүрегіме түйіп,
әр мінез іс-қимылын қалт жібермей аңдаушымын. Ғажап кісі.
Оңашалау, өзеннің бүгілдеу қопасына тігілген үш-төрт үйлі ша-
ғын ауыл алдымыздан жарқ ете түскені. Жүдеу бастау қартаң
кісі бастаған үш-төрт адам қарсы алды.
Бәрінің ықыласы, ниеті ақ киімді, басқалардан құрылысы бө-
лек ишанға ауған. Атынан қолтықтай түсіріп, атының тізгінін ұс-
тап, қошемет, құрметке бөлеп жатыр.
- О, қасиеттім, «Қырықтың бірі - Қыдыр» деген сөз бар ата-
мызда. Құдай айдап, дәм тартып біздің жерімізге кеп қапсыз.
Бір Алла жолыңызды оңғарсын, құдіретімен жарылқасын! - деді
жүдеу тартқан жүзіне көзінің жасы төгілген, ұзын бойы күл-
діреуіштей иілген кісі үні бұзыла сөйлеп. - Өзіңді әдейі өз үйіме
түсірдім. Қасиетіңнің құрбаны болайын. Аттан түспей жатып бар
мұңымды шаққаныма кешірім етіңіз. Мына бір жалғыз балам
тірі пендеге не екені белгісіз науқасқа ұшырады. Себебін бір
АпбзҚаражігітов
Алла біледі. Ендігі сенерім, үмітім Алладан соң өзіңіз, - деп
кемсеңдеген қарт: - Уай, балам, мына әулиені бір Алла өзі кел-
тірді. Ықыласыңды жық! - деп егілген кісі ишанға еңкейе берді.
- Болды, болды! Асық кетпеңіз, бәріне бір Алланың өзі се-
бепкер, жарылқаушы да өзі, - деп ишан тез қозғалып, науқастың
қасына барды. Алдымен тамырын ұстап, аузын аштырып, кө-
зінің аясын ашып көрді. Екі құлақтың тұсын сүйір саусағының
ұшымен түртінектеп, құлақ тамырын іздегендей болды да,
сәл нұқып бытыр-бытыр еткізді. Әлқазір жігіттің бүкіл денесін
жалаңаштап, жіліншік, буын тұстарын сипағыштап, айғыз-айғыз
сүйекпен теріге жабысқан қан тамырларды аялап, саусағымен
сыртынан сипалап, қанын сүзгендей ме - бір белгі жасады. Мен
оның әр қимылын, тышқан аңдыған мысықтай, бағып, не істеп,
не қойғанын қалт жібермей отырмын. Науқасты бір жатқызып,
бір тұрғызып, аударып-төңкеріп, жартылай өлі денені қолы-
мен сипалап әбден зерттеуден өткізді. Бар аспабы қолы, өзінің
қыран жанары ғана. Ойлы отыр. Ләм деп тіс жарған жоқ. Іштей
ғана демі діріл қаққандай бір белгісіз күй, өзімен-өзі қимылсыз
хал кешті.
- Кесел әбден басынып, иыққа шығып алған екен. Қазір ол
өзім қожамын, не істесем ерік менде деп тұр. - Қабағының
арасы қосылып, сұйықтау ақ араласа бастаған сақал, мұртын
сүйрік саусағымен бір сипап: - Қайтеміз, тілсіз жаумен жекпе-
жек айқасамыз да! «Келсең кел» деп тіл қатқысы жоқ. Енді бір
Аллаға жалбарынып, белдесіп көреміз. Мен, құдай қаласа, үш
күн осында болам. Осы үш күн, - деді ажарына жылы шуақ
жинап, - айқас күні бопар. Тәуекел, айқасқа шықтық. Ол үшін ең
алдымен үш жылғы ту, өзі меңсіз қара ту қой табасыз. Соны осы
бүгін терісін теспей, мес қып сойып, мына науқасты сол шелі
еріп ағып тұрған теріге саламыз. Ол, әрине, ана құрсағындай
ыстық, ана құрсағындай мәйекті, ана құрсағындай бүкіл сай-
сүйекті ерітіп, тамыр-тамырды бүлкілдетіп, қан тулатып, кесел
шеңгеліндегі зақымды жібітіп шығарады. Азамат, шіркін, бір түн
шыдаса сол қысымға!
- Шыдайды! Шыдайды, әулием! - деп қалбақ қақты науқас-
тың әкесі.
- Бір Алла өз пәрменімен келтірген шығар Ақаңды, жарыл-
қайын деп.
Халқына қасірет келсе, жанын шүберекке түйіп арашаға шы-
ғатын жалғыз жанашыр ишаным-ай! - деп отырғандар дуылда-
сып кетті. Көбінің көзінде разы көңілден, сенімнен шыққан мон-
шақ-моншақ жас.
Ахмет ишанның соңгы сапары
Абырой болғанда, айтылған үш жылғы ту меңсіз қара қой үй
иесінің өзінен табылды. Семіздігі де жануардың айта жүретін-
дей болды. Тәуіпке де керегі семіз қойдың ыстық терісі екен.
Сойылған қойдың басы-қасында жүріп көргенім: қара қойдың
терісіне біткен шелі еріп, өзінен-өзі сорғалап ағып жатты. Жігітті
анадан туғандай қалпында тыр жалаңаш сол майы ағып былқып
тұрған ыстық тері ішіне тек басын ғана шығарып кіргізіп қойды.
Сондағы қара местің ішіндегі жақ сүйегі сорайған, кірпігі әзер
қимылдап, демін зордың күшімен алып отырған жігіт бейнесі көз
алдымнан әлі кетпейді. Ірі адамды шикі майға қамағанды кім
көрген! Көзі жәудіреп, жақ сүйегі сорайған мүрде қап-қара терінің
ішінде отыр. Кірпігі де ұзын екен. Қара қойдың қара түгіне кірігіп,
жігіттің қасқалана бастаған шашымен тұтасып кеткен. Оның
қасында кесе түбінде пілте шырақ жанып тұр.
Ишан әлі көз ілген жоқ. Қасында қас қақпай мен отырмын. Бір
үйде науқас қасында дені сау екі-ақ адамбыз. Жарықтық, қандай
шыдамнан жаралды екен. Іңірдегі отырған қалпы. Мен далаға
он шығып, он кірдім. Ал ол сол баяғы қалпы, қыбыр етпейді.
Таң алды. Жігіт шыдай алмай ыңыранып, қинала бастады.
Науқастың қасында тапжылмай отырған ишан оның тері ішінен
тамырын ұстап:
- Тәңірі жарылқапты! Шыда! Күн шыға жаңа шыққан күнмен
бірге сен де шығасың, - деді.
Қамау тер болып майға түскен адамды көргенім осы: сырты
бітеу, өзі ыстық май қаптың ішінде қол-аяғы бүрісіп, анасының
құрсағында жатқандай болу қандай қиын сәт. Бұл емшінің өзі
тапқан, басқаға белгісіз тың емдеу тәсілі болса керек. Бір ауыл,
тіпті бүкіл байтақ дала осы ауылда не болды екен дегендей,
тым-тырыс еді. Күн де күндегісінен өзгеше нұр төгіп, бұлтсыз
аспанды жарқыратып шықты. Осы сәтті - күннің шығуын қас
қақпай күтіп жатқан жігіт те қабығы ашылған жұмыртқадай боп
қара қойдың терісінен босанды. Күні кеше қайыстай созылып,
сүйегіне жабысқан терісі ақ жем-май жылт-жылт етеді. Бүкіл
денесі мөлдіреп төгілгелі тұрған меруерттей ұп-ұсақ тер үгіндісі
боп шалынды көзге. Қаусап, еті қашып, арса-арсасы шыққан
дене сүйегі қазір қолға ұстасаң үгіліп кеткелі тұр.
- Әп, бәрекелді! - Осы сәт, - деп ишан тез қимылдап, жігітті жас
баладай арулап тез киіндіріп, алдына алды. Қолы қолына жұғар
емес. Науқастың қара башайынан бастап, денесін пытыр-пытыр
үзіп кетті. Емшінің қолы тиген жері - мейлі тізе, ұршық, жамбас,
омыртқа, иық сүйегі болсын, күтір-күтір, бырт-бырт. Оның қолы
тимеген бармақтай дене қалмастан жауырынға жетті. Етпеті-
А п б а зҚаражігітов
нен жатқызып қойып, тамыр үзудің неше түрлі тәсілін көрсетті
де, қайта шалқалатып жатқызып, емшек тұсы, қолтық, мойын,
иек асты, құлақтардың түбі, бас сүйектің сырт нобайы дейсіз бе,
үзгілеп бытырлатып тамыр мен сіңірді созбақтап бакты. Әсіресе
екі құлақтың түбіне үшкір саусақтар тигенде жігіт ыңырсып кетті.
Ишан бір тәулік бойы көз ілмей, науқасты өбектеумен болды.
Оған біз біле бермейтін не қилы дөңгелек дәрі, түрлі тамшылар
беріп, жұтқызып, оның ішетін тамағының өзін мысқалдап өлшеп
отырды.
Күн ұлы бесінде еңкейген шақ.
-Ал, бала, шыдап бақ. Сенің буын-буының сәби шағына келді.
Оны ұстаған, жайлаған сарысу, әлде тұз дейміз бе, қозғалысқа
түсті. Беріш боп байланғысы келген тас-түйіндер еріді. Ендігі
мәселе сенің қаныңды тазартуда қалды. Қан жүрісінде кедергі
бар. Ол үшін қандауыр жұмсаймыз. Аш аузыңды, - дегенде,
жігіт аузын ашып үлгерді ме, байқай да алмай қалдым.
Көзімше оның тілінің астынан қап-қара қан сигектеп атқылап
кетті. - Ашып отыр аузыңды. Бері еңкейе бер! - деуі мұң екен,
қандауырдың болат ұшы жыланның тіліндей сап етіп, науқастың
мұрнына тиді. Қан серпіле шықты, түрі қоңырлау екен. - Әлі де
еңкейші, - дегенде, қандауыр науқастың шеке тамырына жалт
тиді. Жұп-жұқа алмас, сабы ораулы ишанның оң қолының үш
саусағы арасынан сәл ғана шалынады.
Қарасұр жүзі тершіген қыран бейнелі кісі аласұрудан енді ғана
басылды. Осы бір сәт науқастың білек тамырын ұстап, әлі де
мөлт-мөлт аққан қан мөлшерін аңдып, қарап қалған.
- Бәрекелді-і-і! Міне, міне, жаңа түзелді, жаңа! Манадан бері
денеде ұйып, қойылған кеселді қанды сұйылтып, оның артығын
ағзадан алу тәсіліне қарасақ, мақсатымыздың орындалғанына
енді көз жетті. Қанның қошқыл түсі шымқай таза қызылға айнал-
ды. Ыс басқан, кесел жұтқан қан ағып, тазасы көбейді.
Енді тек жақсылап қалжалау қалды.
- Оу, тақсыр, - деді науқастың әкесі. - Қалжаңыз не?
- Қалжа - жақсы дәм, тәтті сусын, адам бойына қуат беретін
түрлі тағам, - деген емші, - жігіттің күш-қуатын тасыту үшін жас
байталдың- бірінші құлындаған биенің қымызына қосатын дәрі
жасап беремін. Сол қымызға сүр қазы салып, әбден пісіп, ашы-
тып, мейлінше бабына келтіріп, күніне бір шай кеседен бастап
тәулігіне төрт-бес кесеге жеткенде ... иә, тым құнығып кететін
болмасын, сол нобайды ұстап, бір-екі ай кепірездеу арқылы
бұл науқастан құлан-таза жазылады. Бұл қан ауруының өте
асқынған түрі, - деп толастады ишан.
Ахмет ишанның соңғы сапары
Қазір, иә одан бері не заман, сол науқастың есімі жадымда
қалмапты. Әйтеуір, оның Ахмет ишанның шарапаты, артықша
емі арқасында кеселінен жазылып кеткенін білем. Расын айт-
сам, ишан сонда өлгелі жатқан кісіні жұрт көзінше тірілтіп алып
еді.
- Ей, Күзеке, Күзеубай! - деп дауыстаған төре, - сен сонда
бар едің-ау, дұрыс айтып отырмын ба? - деді.
- Дұрыс айттың. Әй, сенің жадың мықты еді ғой, не болды
саған? Өлген жыланның сүйегіне қарап атын айтатьін зердеңе
не болды сенің? Ойланшы, мендей емес, сен өткенді ұмытпай-
тын шежіре төре емессің бе? Біз төреге сенген қазақ деген
халықпыз, - деп құрдасын бір қаузап күліп алды.
Адам жас кезінде еліктегіш, жақсыға құмар, сұлуға, тәуір-
ге назар салғыш болатыны табиғи заңдылық қой. Өзімнің
бойымда әсірешілдік, ойын-сауықта басқаның қолынан келе
бермейтін не түрлі тез қимыл, көз ілеспес жылдамдық арқылы
жұртты таң-тамаша қалдыратын сиқыр шалыс, тіпті «төренің
көз байлайтыны бар» деген дақпырттың да тарауына негіз
қалағанмын. Кейде басы ауырып, балтыры сыздағанды ұшық-
тайтын, тамыр ұстайтыным да болатын. Міне, сол құланның
қасуына мылтықтың басуы тура келді, - деген сәтке таң
болдым. Менің де тәуіптік халықтық ем-домға аса ден қойған
кезім еді бұл. Мынадай аты Сарыарқаға ғана емес, бүкіл
мұсылман қауымына дақпырт боп, тіпті ұран боп тараған киелі
кісінің кереметін, емшілік даналығын көзіммен көріп, куә болып
отырып, қалай ғана соңынан қалам. «Қой, әкем Нұрмахан
төре, ұлы бабаларым, өздерің қолдаңдар! Бүкіл өмірімде ишан
сияқты мыңдардан емес, жүздерден, ондардан алғыс алып, ұлы
емшілер дұғасы жұқса - арманым жоқ» деп іштей бекіндім. Сол
сапарда ишанның соңына, өзі айтпаса да, өзім тіленіп, еріп кет-
тім. Аса қасиетті, білімді ғұлама қайда барса да соңынан қал-
май, тақуалық адал ілімі мен емшілік өнерді үйренуді мақсат
еттім.
Бір көңіліммен әлі күнге кетпейтін сол ғажайып кісінің ерекше
мінезі, тіпті, әдеті Алла тағала бойына асыл қасиет етіп сіңірген
жаратылыс еді. Мен сонау неше жыл сол ауруға шалдығып,
төсек тартып жатқан мүрдені емдеу кезінен өзінің қасынан қал-
май қолбаласына айналып, өзімен тәнім басқалығы болмаса,
жаным, ниетім бірігіп кеткенін біліп тұрса да, «осы сен не
қылған жансың, қалайша маған жақындап кеттің, кімсің?» - деп
сұраған емес. Менің ықылас, пейілімді, өзіне берілгенімді іштей
түсініп, ләм деген емес. Мен де өз ниетімді ашық айтпай, тек
Апбаз Қаражігітов
зейінімді, ыңғайымды, шынайы қабілетімді ғана аңғартқандай,
таза беріліп кеттім.
Бүкіл іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, әрбір қадамы, ынсандық тағы-
лымы адамға, оның кім екені, нәсіл-тегіне, бай-кедейлігіне қа-
рамай, қайткенде де шама-шарқы жетсе бір жақсылық етуді ғана
мұрат тұтқан ишанмен өткен сол бір сапарым әлі күні бүгінгідей
есімде қалды. Жұмысбастылық дегенді білмейтін сәдірмек қу-
ған, еркіміз өзіміздегі, шама келсе игі жақсыларды сағалайтын,
думан-қызықты күйттейтін, өнеге-білім, жақсылықты үйрену, ең
арғысы ұлағатты сөз, өсиет, нақылды бойға сіңіруге барымызды
салатын кезіміз. Бірнеше жыл Қалманбай болыстың, айтулы ел
ағасының қасында болған, жанында да, тәнінде де адамгерші-
лік, адалдық, адамдық игіліктері молырақ бала күнінен досым
Күзеубайға оңаша:
- Әй, Күзеке, біз осы заманның ғұламасы, найманның атақты
бүгінгі бас биі, Хасен хан бастаған хандыктың бас мүфтиі, адам
жанының білгір, талапкер емшісі - сенін туысың, - бұл сөзді
әдейі тиісіп қағытып айттым, - ғажап кісіге кездестік. Бұл кісіден
үйренеріміз көп екен. Айда, соңынан қалмайық, осы сапарда
қайда барса да бірге болып, өмірінен тағылым алайық, - дедім.
- Ей, сен, - деп, бойына шаншу қадалғандай маған ақилана
қарай, - неге бөліне бересің. Сені қаны бөлек, сүйегі бөтен деп
бірдеңе айттық па? Осы мінезің-ай, сенің, - деп сәл қозғалақтай.
Дос қой, иткөйлекті бірге тоздырған. Менің шымшылап сөй-
лейтінімді жақсы біледі, көңіліне алған жоқ.
- Мақұл, тарттық бірге! Мұндай сәт кездесе бермес, - деп
мені төсіне басып қысты. Мен Күзекеңе рәзы болып қалдым.
Ахмет ишанның қасында бірнеше жігіт атқосшылары бар.
Бәрі де сыпайы, артық сөз, артық қимыл жоқ, біртоға азаматтар.
Қашанда бәйек ұшып қадірлі кісінің қасынан табылып, не қажетін
айтқызбай атқарып жатады. Жарасымды мінез, сыпайы жүріс-
тұрыс ізгілік боп өріліп көрінеді олардан. Қызығасың. Қайран,
Сарыарқа, желің жібек, сары май, топырағын торқа, береке,
құт қонған дарқаным-ай! Кез келген жеріне түсе қалып, бес уа-
қыт намазын оқып, тәуеп етіп келеміз. Киелі даланың талай бұ-
лағына түсіп, өзеніне шомылып, рахат тапқан жолаушылар Ба-
ғаналы елінің төрт босағасының бірі аталғән Кәдір бидің баласы
Сарыбайдың Жалпағының ауылын бетке әлып келеді. Қалың ну
жамылған Кеңгір өзені тулап ағып жатыр алдымызда. «Жақсы
адам жүрген жерге Алланың нұры шашылады» деген ұлағатты
сөздің қасиетін осы жолы өз көзіммен көрдім. Көріп қана қой-
ғам жоқ, тірі куәгері болдым. Мұндай айтулы басқосу елдің
Ахмет ишанның соңғы сапары
игі жақсылары бас қосқан ашық мәслихат, сырласуды бірінші
көруім. Мына беделді де абыройы асқан көптің ішінде өзімді
әдепті, сыпайы ұстауға, өзімді азды-көпті оқыған-тоқығаны бар
талантты, келешекке ұмтылған азамат етіп көрсетуге тырыстым.
Бар ықылас-пейілім - бүгінгі біз өмір сүрген уақыттың шашбауы
қалай сылдырлайды, соны бағамдау ғана.
Сарысу бойынан шыққалы да бірнеше күн. Жайшылықта аяқ-
тыға жол, ауыздыға сөз бермей, көптің алдында көсемсіп, тіпті
болмайтын әңгімеден пәтуалы ой тудырып, жақсы лебізге қарық
қылатын Күзеубай ишанның қасына ергелі аузын сараң ашатын
болды. Қойылған сауалға нақты жауап беріп, өз бойын сақтап
келеді. Әлгі өзіміз отырған жиын басқосуда әріден - Найман ата
дәуірі, тіпті одан да тереңдеп - Адам Ата заманы, берігірек Шыңғыс
хан жорығы, Жошы хан, Кетбұға, одан Абылай хан, Кенесары,
біртіндеп өзімізге жақындап, Кершолақ атты Ер Шоштан, Баға-
налы, Балталы, Қожас, Сары, Сарғалдақ, Барлыбай хан деп шұ-
быртып, әңгіме-дүкенді қыздыра жөнелетін сөзуар тілін тістеп
қалған. Астындағы ақ шұбардың тізгінін қақпай келеді.
Ахмет ишанның аты да оқшау жүрісті тайпалған жорға, басын
шұлғып тастап алға, еліне ұмтылып, тізгінін созғылай келеді. Біз
гүрс-гүрс солқылдатып желумен зықымыз шықса да, сыр бер-
меуге тырысып келеміз. Үстіне кіл ақ киім, басына тақия дейін
десең - тақия емес, не сәлде емес, сыртын бірыңғай ақ жібек
жіппен өріп тоқыған ақ кепеш киген Ақаң бүкіл болмысына
басқаға белгісіз мол қазына жиған құпия жан болып көрінеді. Өзі
сөйлемесе, басқамыз батылымыз жетіп тіл қата да алмаймыз.
- Дамуллалар, сәл жүріңкіреп алайық. Шамамда, бүгінгі қо-
налқа жеріміз де едәуір қашықта тәрізді. Мына ақ жалдың ми-
тың жорғасы сендерді күрс-күрс желдіріп, сүйектеріңді сырқы-
ратқан болар. Сарыарқаның жібек шапанын бір желпіп алайық.
Ат бауырын жазатын жазық қой бұл, - деп шаба жөнелген ишан
едәуір жер жүгіртіп, ат шабы терлегенде тізгін тартып: - Тұлпар
тақым жазар шабысты, сұңқар көкке қанат қағар қағысты ті-
лейді. Екеуі де самғауды қалайды. Сендер де сол мінездің, сол
қуаттың серілерісіңдер ғой. Аздап желпініп, қолтықтарға сал-
қын жел жібердік пе?! - деп күлді де, - қараңдаршы, аттар да
құлақтарын тігіп, елеңдей қалды, - деді.
Ахмет ишан көп сөйлемейтін, бірақ аз сөзге көп мағына сый-
ғызатын кісі екен. Не айтса да беріліп, тыңдаушысын ұйытып,
санасына жеткізіп, тәтті етіп ұғындырып тастайды. Жан-жағына
қара көзін күлдіре қарап, маған көз тікті. Қас-қабағының арасы
сәл қосылып:
Апбаз Қаражігітов
- Міне, бір сапарлас болғанымызға да, дәмдес болғанымызға
да бірнеше күн. Бірақ тікелей тіл қатысып, жөн сұраспаппыз.
Реті де келген жоқ. Жүріс-тұрысын, қимылын әрі істегі ыңғайың,
әбжілдігің көңілге қонады. Елгезек жаның құрақ ұшқан жігіт
екенсің. Жөніңді айтшы, кімсің? - деді. Осы сауалды көптен
тосқандай қатарлас келе жатқан Күзеубай:
- Тақсыр, бұл сүйегі төре, бірақ осы жердің тумасы. Бағаналы-
ға сіңіп, сүйегін ғана төре деп жүрген жігіт. Өзін сонау Шыңғыс
хан, Абылай ханға апарады. Есімі Ахмет Нұрмаханұлы. Сізбен
аттас, - деді бір әзіл айтқысы келгенде беті жайылып күле түсетін
әдетіне басып. Әзілін ишаннан жасқанып айта алмай қалды.
- Бәрекелді! Аттас болдың-ау! Өте жақсы! Өзің болып тұрған
жас екенсің. Ана жолғы сал ауруға шалдыққан жігітті емдеу ке-
зінде қолыңның епсектігі, ыңғайың байқалып еді, - деді. Атақты
ел ағасының мына сөзі жаныма қанат бітіріп, едәуір марқайып
қалдым.
- Иә, бұл сізге еліктеп, үлкен мақсатта жүрген жігіт. Апла бір
кездестірсе деп тілеп жүруші еді. Енді сол арманы орындал-
ғандай. Өзіңізден қалмай келеді, - деп менің ойымды тағы бір
шегелеп өтті Күзеубай.
- Бұл жігіт мені қайдан біледі екен?
- Сізді иісі қазақта білмейтіні некен-саяқ шығар. Сіздің «Қазақ»
газетіне берген бәйге-жарияңыз бұл дүниедегі ұлт намысын оят-
ты емес пе? Сізді ғұлама, дін басы, ұстаз, қазақ халқының қам-
қоры санайды еліңіз. Күні кешегі патшаның июнь жарлығы елді
дүрліктіргенде елге жанашырлық көрсеткен, ақыл берген елдің
басшысы, биі, Алаш ұранын көтергендердің бірі сіз емессіз бе?
Мұхаммед пайғамбардан тараған Алла өсиеті - адалдық, пәк-
тікті насихаттаушы, медресе, мектеп ашып, қараңғы жұртқа ілім,
білім таратушы сізді кім білмейді. Ғұлама санайды, - деді ишан
мына сөзді ықыластана тыңдап, жан-жағына мейірлене қарап,
ойлы қалды.
Апырай, Күзеубай бұл кісінің халықтың басына түскен сұмдық
қасірет - оба ауруы кезіндегі адами емшілік еңбегін неге айтпай
келеді деп келемін. Сөл ойланып кідірген ол:
- Тақсыр, сізді Алла Тағала дарқан жаратылған, кең пейілді
халқының ақ тілегіне берген ғой. Егер сол апат келген тұста сіз
болмасаңыз, қазақ халқы, әсіресе үлкен шаһарлардан емдеу
орны бар оқымыс адамдары бар ірі жерлерден аулақ жатқан
ел қырылып кетер еді. Туған халқыңыз сол еңбегіңізді ұмыта
алмайды. Санадан өшпейтін өкініш - халыққа ем жасай жүріп,
ауру жұққан қызыңыз опат болды-ау! Мұны бүкіл ел аңыз етіп
АХМЕТ ишаинын соңғы сапары
айтуда, - дегенде, ишан ат үстінен бүкіл денесімен бұрыла
еңсеріле тағы бір қарады. Басын изеді де қойды.
Лекітіп жүріп келеміз. Жаздың шуақты күні тамылжып тұр.
Дала барын киген сұлу қыздай көзді қытықтайды. Алдымызда
Қаракеңгір өзені көк жапырақ нуға оранып, қалың тоғайдың
құшағында бұлдырай тулап ағып жатыр. Өзеннің екі қабағы
құшағын ашып, сағынған баласын қарсы алуға ұмтылған, гүл
құшақтаған қарт ана тәрізді. Ауада түшкірік шақырған әдемі
жұпар иіс бар.
- Жігіттер, - деп көпті өзіне қаратқан ишан, - осы біз үстіне
көтерілген биікті халық Ұшпа атапты. Осы биіктен арттарыңа қа-
раңдаршы, семіз жылқының жонындай боп тігілген бел-белес
жатыр. Теріскейден оңтүстікке шұбала қырат тартып, қатпар-
қатпар ту жылқының қартасындай өзек-өзек бұлақты сала-сала,
ойдым-ойдым көк шалғын қоныс, тіршілікті еркелеткен иірімдер
құраған. Ауасы жұпар, топырағы шұғадай жер жұмағы ол, міне,
жұмақтың ұшар басын Ұшпа деп атапты. Қазір біз сол биікте
тұрмыз. Енді бір назар аударындар, мына қарсы бетте қызыл там
тұр. Ол Найман атаның бүгінгі ұрпағы есімін мақтан тұтқан атақ-
ты Сарыбай баба жатқан киелі жер. - Қолтығын көтеріп қолын
созған ишан: - Сонау сағым ойнатқан қызыл айшық Шыңғыс
ханның атақты баласы Жошы хан мазары. Әне, содан сәл
солға көз жіберсеңдер, Алаша хан тұр. Мына тұста қоңырайып
«мені көрмей барасыңдар ма?» деп Домбауылдың қорымы
қарап қалыпты. Тағы бір көз тігіңдер, Ұшпа биігі талай жердің
ой-шұқырын алдына келтіреді. Сарыарқа жеріндегі төсін керіп,
иығын көтеріп жатқан бұл тас биік, әне, Үпытауды қасыңа әкеліп
тұр. Әне, мұнартқан биік басына қыран түнеп тәуеп еткен Ер
Едіге, Асанқайғы мәңгі топырағын жастық еткен Ұлытауды Ұшпа
биігінен бір тамашалаңдар. Қайран, Сарыарқа, көз тоя ма саған!
Ойы-қырыңды көзбен де, оймен де бір шолып рахаттандым-ау, -
деп күрсіне дем алған ишан ақ жалдың тізгінін босатты. Биіктен
желе түсіп кеттік.
Атағы туған жеріне тақуалығы, адамдық басқада жоқ ірі қасие-
тімен тараған, өз дәуірінің асқақ тұлғасы Бағаналы Найман-
ның Сары аталық бабасынан тарайтын Жауғаштының әруақты
қариясы есімдері ұранға шыққан белгілі Кәдір, Өтебай билер
өскен, төрт босаға атанған елдің пір тұтқан ағасы, басшысы
болған Сарыбайдың бейітіне беттеп келеміз. Ұлы бабаға дұға
оқып, тәуеп етіп, зиярат ету ниеті бар.
Бір қауым топпыз. Өзеннің қалың нуын жарып алдымызда
ишан оқ бойы келеді. Жүріс - желе жорту. Сөйткенше болмай,
Апбаз Қаражігітов
Қаракеңгір өзенінің қалың нуынан бір топ атты шыға келгені.
Олардың да беталыс бағдары Сарыбаба мазары бағыты тәрізді.
Ойда жоқта қалың қорыстан шыға келген жолаушылар бетпе-
бет келіп шұрқыраса сәлемдесе тоқтады. Бұрыннан таныс, біліс
кісілер ме, аттарынан алас-құлас түсе-түсе құшақ жайып, қол
алысып қауышып кетті. Бөрінің жүзінде жайдары бір-біріне де-
ген құрмет бар. Бейіт қол созым жерде тұр.
- О, қасиетіңнен айналайын ғұламам, ишаным, әулием, жол
болсын! Алла Тағала бізді бүгін ойда жоқта әкеміздің басында
кездестіріп сағынышымызды бөлісуге жазған екен! О, тәңірім тәу-
ба! О, Алла, құдіретіңе, міне, бас, мінәжат өзіңе! Қасиетіңе бас
ием, ишаным, хош келіпсің, - деп басқадан ерекше ақтарыла сөй-
леген орта бойлы, толық денелі, ақ сары кісі селдірлеу ақ сақа-
лын сипалап, - осындай сәтті күн, қошуақ кездесу, жақсылармен
қауышу көбейе берсін, - деп ишанға құшағын қайта жайды.
- Алла тілегіңізді қабыл етсін. Ақмешіт, Түркістан, одан бері
Телікөл, Сіңіртектегі елге соғып, мына бабалар жатқан ұлы хал-
қымыз мекендеген жерді аралай, қазіргі ел-жұртымызбен ди-
дарласып қайту мақсаты билеп, - деп күлді ишан.
Даусында жылы леп бар. Туған жері мен елін аралау сәби
шағыңды, ата-ана басқан топырақты басу бабаларыңды есіңе
түсіреді екен. Ұшпа биігінің басында тұрып көз алдыма ұлы ба-
балар бейнесін елестеттім. Міне, қазір Сарекеме келіп тұр-
мыз, - деп кідірді.
- Тауып айттыңыз, тақсыр!
- Міне, сөздің де, ойдың да атасы!
- Жарықтық дөп басады-ау!
- Уай, қай кезде де туған елінің, халқының, мұрат-мүддесін
зердесіне түйіп жүретін заңғарым-ай, - деген әнтек қошемет
дауыстар кең далада дабырласып кетті.
Осы бір ойда жоқта төбеден түскендей боп кездесе қалған
топтан ақ шұбар атқа мінген бала жігіт асығыс ауылға қарай
шоқытып кетіп бара жатты. Мына дабыр-дұбырмен сағынышы
тарқамаған көптен бөлініп шауып бара жатқан аттыға ишанның
назары ауғанын байқаған, манадан ауызы сөзден босамай, көп-
шілікті өзіне тәнті етіп тұрған ақ сары кісі бейіт басында ұзақ
құран оқылып, бет сипалғаннан кейін:
- Бұрын мына мені сыртымнан қатар-құрбыларым «Жалпақ-
тың аты қашанда үйінің белдеуінде байлаулы тұрады. Әлде-
қалай сырттан бейсеубет кісі қара көріне қалса, ауылдан жолға
шыққан нежоқ қараған кісі болып қарсы шығып, сыртта кездесіп,
әңгімеге тартып, өз ауылынан ұзатып алып шығып: «Апырмай,
АХМЕТ ишанның соңғы сапары
әңгімемен біздің ауылдан ұзап кетіппіз ғой, бұл да бөтен емес,
біздің ауыл» - деп басқа туыстарының аулына түсіреді екен.
Ал әлдеқалай біреу-міреу үйіне келе қалса, сәлем бергелі
келген ғой, молдекең үйінен тойған да бір, татқан да бір деп,
алдарына құрт, не дәм атасы деп тұз татырып шығарып салады
екен» деген алыпқашпа сөз таратқан еді. Соның жалғандығын
білдіру үшін сізді әкемнің мазарының басында, Алланың берген
абыройы ма, әлде әруақтың желеп-жебеуі ме, бұрын-соңды
болмаған кездесу құрметіне баламды «ауылға ұлық ишан кел-
ді, дайындалсын» деген хабар беруге шаптырып жібердім, -
деп ақ жарқын қарқылдай күлді. Кең-байтақ жалпақпен қоса
дуылдап күлкіге толды.
Менің ел ағасы, дуалы ауыз, сөз иелері, беделді кісілер
арасында бірінші болуым бұл. Аң-таң, олардың аузын бағып,
тыңдап, тамашалап, ұтқыр ойларын бағамдап, өзімше түйсінемін.
Қайсысы сөйлесе де тауып айтып, ойдағысын ақтарып тастай-
ды. Бірін-бірі ұтқыр сөзбен түртіп, берекелі ой тудырады. Со-
ларына таңданып, санамды сапырып, жақсысын зердеме түюге
тырысамын.
Бұл, расында, естен кетпес бас қосу еді. Әдейілеп шақырсаң
да бастары қосыла қоюы екіталай кісілер жинала қалды. Көбін
танымаймын. Сырттай атын естігенім ғана, енді бас қосуларына
куә болып отырмын.
Жалпақ есімді кісі тез сөйлейтін, тез қимылдың адамы екен.
Жақында ғана Кеңгір өзенінің шалғынды жағасына көшіп қонып-
ты. Әлі көкорай барқыт төселгендей дала көксауыр қалпы был-
қыл қағады. Ауыл маңы көк жапырағы төгілген тоғай, жиде, тал,
қамыс қалғыған ну
Алты қанат ақ боз үйдің еңсесі тым биік екен. Өзім бұған
дейін бірнеше жыл болыс, ел ағасы Қалманбай отырған ша-
ңырақта ғана болатын сәулет дүниесі бұл үйдің төрінде де тө-
гіліп тұр. Алыс-жақын қала, жәрмеңкелерге барып, емін-еркін
сауда жасап, таңдап, талғап жиһаз жинаған үйдің қалпын тағы
осы үйден көрдім. Байлығын, барлығын паш еткен, кең төрдің
ажарын кіргізген, қалы кілем керегені жапса, іргеге қатарлап
жинаған әшекейлі ою-өрнекті сандықтар, кебежелер де көз
тартады. Қонақтар емін-еркін жайғасып отыра беретіндей етіп
төселген кілем үстіне қалың, өзі жұмсақ арнайы нақыш өрнекті
түрмен тігілген төсеніш көрпелер тасталып, бірнеше мол-мол
жастықтар қатарласа тасталған осындай сәулетті үйге Жалпақ
өзі бастап, арнайы күтуші жігіт есікті айқара ашып кіргізді.
Жүзінде меймандостық, ізгі ілтипат нұры тулаған үй иесі:
Апбаз Қаражігітов
- Хош келдіңіздер. Құдіреті күшті Алла өз пәрменімен тамаша
сәтін салып, қадірлі қонағым болуларыңызға рақым етіпті. Жайға-
сып отырар кие дарыған атақ-даңқы асқан кісілердің ақ босағасы
Өтебай, Кәдір, Сарыбай аталардың үйі деп біліңіздер, - деп ақ
дария ыстық ықыласын ақтарды. Бейсеубет басқадай сөз айту-
ға ешкімнің батылы жетпей ме, әлде Ахмет ишанға деген құр-
мет, қошемет бөгде сөз айтуға, басқадай қимылға жол бермей
ме - бәрі сол кісінің аузын бағып үнсіз қалған.
- Рахмет ықыласыңызға! Алланың нұры жаусын! Жаңа қоныс
құтты болсын! - деп сыпайы тіл қатқан ишан сырт киімін шешіп,
жеңілденіп төрге жайғасты. Жан-жағына, кең үйдің шаңырағына
көз жіберді.
Шіркін, Сарыарқаның қоңыр салқын самалы соққан жайлауы-
ай! Ауасында халқымыздың рухы, жайсаң жаны, бүкіл табиға-
ты, болмысы көрініп тұр-ау, - деп үй ішіндігі жайдары көрініс-
ке разы ниетте сөйлеп кетті. - Қасиетімен халқына өшпес мұра
қалдырған Сарекем (Жалпақтың әкесі Сарыбайды айтып отыр)
жарықтықтың шаңырағында мына бір ғажайып оқиғаның есіме
түскенін қарашы. Бәріңіз де бек жақсы білесіздер, біз имам ағ-
замның мазһабындағы ислам дінін ұстаушылармыз. Сол, есі-
мінен садаға кетейін, ұлық имамның әкесі Нұғман ибн Сәбит
бірде су ағып жатқан арықтың бойымен ағып келе берген қызыл
алманы көріп, оны ағыстан ұстап алады. Әбден піскен алма иісі
бұрқырап, ұстаған оны қызықтырып жіберсе керек. Шетінен бір
тістеп әкеп жіберіпті. Алма тәттілігімен тілін үйіріп кетсе де, қалт
тоқтап: «Апыр-ай, ә, мен не істедім? Бұл бөтен біреудің алмасы
емес пе? Иесінен ұлықсатсыз неге, неге жедім. Қой, мұның иесін
табайын, кешірім сұрайын», - деп, су аққан арықты бойлап жүріп
отырып, қалың жеміс-жидек өскен баққа келіп кіреді. Кез болған
бақ, иесіне: «Шамасы, осы сіздің бағыңызда өскен бір алма
сабағынан ұшып түсіп, арықтағы сумен ағып келіп, мен тұрған
тұста менің қолыма түсті. Өзі әбден піскен, түсі де қып-қызыл,
бұрқыраған иісі де ғажап екен. Қызығып кетіп, сол алманың
жартысын мен жеп қойдым. Сол үшін сізден кешірім сұрағалы
келдім. Кешірім етіңіз», - депті өтініп. Түкке тұрмайтын нәрсеге,
сонша қысылып, жалынған жігітті тағы не дер екен деп сынамақ
пейілде, өзі іштей таң қалып, одан әрі сөйлетіп, дауысын
қатайтып, «Жоқ, кешіре алмаймын», - депті. Сонда алма же-
ген жігіт: «Онда құнын айтыңыз, ақысын төлейін. Егер пұлым
жетпесе, сол өтеуін аяқтағанша қызмет етуге де дайынмын», -
деп жалынады. Бақ иесі жігіттің пәктігіне таңданып, мұны әлі де
сынамақ пейілде:
Ахмет ишанның соңгы сапары
- Жарайды, онда осы бақта, жеміс-жидек өсіруде үш жыл
менің қызметшім боласың. Сонан кейін арғы жағын көре
жатармыз, - депті. Жігіт бақ иесінің бұл айтқанына сөз айтпай
көнеді. Арада уағдалы үш жыл өткенде жігіт қожасына келіп:
- Менің сізге уәделі қызмет ету үш жыл мезгілім бітті. Үш жыл
қызмет еттім. Енді кетуіме ұлықсат етіңіз, - депті. Қожесы:
- Сәл сабыр етіңіз. Мен сізге маған үш жыл қызмет етесіз.
Сонан кейін тағы көрерміз демеп пе едім. Әлі де бір шартым
бар. Соны орындасаңыз ғана боссыз, - дейді. Мына сөзге
ықырар болған жігіт:
- Мақұл. Онда сол шартыңызды айтыңыз, - дейді.
- Меніңекі көзі көр, екі құлағы керең, қол-аяғы сал, аузы, мұрны
кеміс қызым бар. Соны аласың, - депті. Жігіт ойланбастан:
- Құп, көндім, - дейді. Іле-шала қыздың ұзату тойы болады.
Некелесу сәті де келеді. Жігіт қараса, қыз әлемде жоқ керемет
сұлу, бүкіл мүшесі, көзі, қол-аяғы сап-сау ерекше жан. Жігіт аң-
таң боп қыз әкесіне:
- Бұл қалай? Сіз айтқан қыз мұндай емес еді ғой. Мен тағдыр
маңдайыма не жазса да көндім деп уәде еткем. Маған жалған
сөйледіңіз бе? - деп таңырқай, - неге олай дедіңіз? - депті.
Сонда қыз әкесі аса қуанышты түрге келіп, олай деп айтуының
себептерін айтыпты:
- Қызым ешқашан жаман, лас, харам нәрсеге көз салмаушы
еді. Сол үшін оны көр дедім. Адам жаны шошитын, жанға зәбір
беретін былапыт сөзді естімеуші де, өзі ондай жаман сөзді аузына
алмаушы еді, дәретсіз жер басып, қолына лас ештеңе ұстамаушы
еді. Анадан туғалы қызымның адам болып басқаға қиянат етке-
нін, біреуді ренжіткенін көрген де, естіген де емеспіз. Сол үшін
оны өзіңе айтқандай етіп түсіндірдім. Акиқаты бүгін қалай көріп
тұрсаңыз, сол аппақ күн нұрындай бейнелі жан, - дейді. Сол үшін
оны қол-аяғы жоқ, көзі, құлағы жоқ деп айттым, - дейді. Сонда
жігіт: - Бұл ерекше жаралған адам болды-ау, - деген екен.
- Біздің имам Мағзам піріміз сол анадан туған екен, - деді.
Осылай имам Мағзам туралы өте қызықты әңгіме бастап,
тыңдаушы қауымды бір селт еткізді. Әркім әр тұстан сауал
тастап, ишанды ортаға алып, дуылдасып кетті.
- Таза періште ғой мынау.
- Апыр-ау, өзі сумен ағып келген алманы жеп қойғанды кім
көрер еді.
- Егерде алмасы суға ағып кеткен бақ иесін өзі іздеп бар-
маса, әлдеқалай сабағынан бір алманың үзіліп түскенін ол
білмес еді ғой.
Апбаз Қаражігітов
- Не дегенде де, Алла тағала адал ерекше қасиет берген
пенде болды ол.
- Қалай десе де, кісі ақысы - мойыннан түспейтін қарыз.
Оны таза еңбекпен өтеу парыз деп ұққан жаны таза кісі екен де.
Әркім өзінше пікір айтып, талдап даурығысып кеткен. Дуыл-
дасып кеткен жігіттерге назар аударған ишан тағы да айтары
бардай тамағын сәл кенеп:
- Әрбір пенденің өзіне ғана, бір Аллаға ғана аян күнәлары
болады. Әрбір пенде өзінің ағат ісіне, өзінің жасаған күнәсіне
өзі куә. Расында, Нұғман ибн Сәбит әлгі алманы тістегенін өзі
ғана біледі. Қасында көріп тұрған ешкім жоқ еді. Солай болса
да оны өзіне қарыз, күнә санады. Демек, күнәні жасаушы кім
болса да, қасында айғақшы болмаса да, Алладан жасыра ал-
мақ емес. Ол соны білді. Алладан қорықты. Нұғман ибн Сәбит
өзі жасаған зәредей күнәдан қашты. Адам үшін күнәда кісі
ақысынан ауыр күнә жоқ, - деді де, аз ойланып отырып: - Алла
тағалаға кімнің де болса жасаған қылмысы, басқаға қиянаты
жасырын емес. Таңда мақшар күнінде сол істеген қылмысы,
күнәсі үшін әрбір пенде өз жазасын тартады. Әлгі алмаға
байланысты әрекетте Нұғман ибн Сәбит сол жазадан күні
бұрын қашты. Өз еңбегімен күнәсін жуды. Ақыры оны Алла
рақымымен жарылқады. Ұлық имам Мағзам сияқты сүйікті
құлының атасы етті: төрт шаһариярдың бірі болу құрметі
кімнің маңдайына сыйған! Әне, пәктіктің атасы! - деп тағы аз
тыныстап. - Ендігі сөз, Жапеке, сізге қатысты болмақ. Сіз бізді
осынша құрметпен, таза ықыласпен қарсы алып, абыр-сабыр
боп, үйді-жайды даярлап, көп еңбек жұмсап жатырсыз. Оның
ақысын біз қалай төлейміз? Бізге күнә артпақсыз ба? - деп
әзіл тастады. Отырған орнынан баладай атып тұрған Жапекең
төрге, көпке қарап, ишанның алдына таянып кеп еңкейіп басын
иіп:
- Атағы асқан ғұлама, - деді үні дірілдеп, толқып. - Бұл менің
бір Алладан тілеген тілегім - әруақ орнында бабаларыма арнап
бір дұға оқытып, ас беру еді. Бүгін сол тілегім қабыл болып,
Бағаналы елінің бас мүфтиі,ұстазы,көсемі сізді Алла ойда жоқта,
аспаннан түскен жұлдыздай, әкемнің бейіті басында кездес-
тірді. Бұл - сізге, мына көпке берген қонақасым, бабаларым-
ның шарапаты. Бұл өзімнің адал еңбегім, аталарымнан қал-
ған мұраның сарқыты. Бүгін осы үйде қандай құрмет, тағам
татсаңыздар - бәрі Алла хақы үшін ақ пейілден берілген деп
ұғыңыз, - деп орнына қайта жайғасты.
Осы кезде үйге мана бейіт басынан ақ шұбар атпен шауып
Ахмет ишанның соңгы сапары
кеткен Жалпақтың баласы Жақынбек келіп кірді. Жапекең
асығыс шығып, іле қайта оралды.
-Жарықтық имам Мағзамныңұрпағы, - деп сөйлей кірді үйге, -
Алла ұлық шарапатымен жарылқайын десе оп-оңай ә?! Оп-оңай!
О, қасиетті ұлық ишан, тағы бір топ, өзіңіздің дос-жарларыңыз
кеп қапты. Ішінде әр атаның сіз бен біз білетін балалары бар
екен. Олар аттан түсіп жатыр. Және бір сәті келген шаруа: сізге
берілетін қонақасы малы да өзіңізден бата тілегелі есік алдында
тұр. Аумин деңіз, - деп елбек қақты.
- Қой, ұлы аруақтың төрінде отырып, малға бата беру астам-
шылық болар, тысқа шығайық, - деп ишан орнынан тұрды.
Жаңа «сөйлес» айтқан қонақтар көліктерінен түсіп үйге қарай
бет алған екен. Бәрі дуылдаса ишанға қол беріп, амандасып
кетті. Қаракер байталды жетелеп, басын тұқырта ишанның
алдына келген Жақынбек:
- Қане, ишан аға, бата тілейміз, - деді.
- Алла, не берсе ағынан берсін! Халқыма мәңгілік таусыл-
масты бағынан берсін. Несібе байлығын, адамдық пәктігін, елге
тыныштығын, пендеге татулығын берсін. Көгімізде пайғамбардың
ақ туы желбіресін, аумин! - деп бетін сипады. Дуылдасқан
көпшілік үйге кірген.
Алты қанат ақ орда іші гу-гу. Қызу әңгімеге толды. Бірі ойдан,
бірі қырдан келген қонақтар басты сыйлы адамы - ишанды ор-
таға алып, сұрақ үстіне сұрақ қойып жатыр. Табиғатында Алла
салмақты сабыр иесі етіп жаратқан кісі ме, Ахмет ишан да
өзін құрметтеген қауымның әр сауалына аспай-саспай жауап
қатып отыр. Әр сөзі дәлелді, сенімді шығады. Оқығаны, ой-
зердесіне тоқығаны көп ғұлама әсіресе ислам діні қағидаларына
келгенде хадистен мысалдар келтіріп, Құран Кәрімнен аяттарды
жатқа соғады. Бәрі ишанға ұйып, оның әр жауабына қатты
ризашылықты байқатып та отыр. Ишан жайғасқан төрдің кеуде
тұсында отырған, тығыршықтай жұмыр денелі, биік қара сұр,
қоңыр көзді жігіт қыза түскен әңгімеге от тастап:
- О, бойыңызға Алла ерекше қасиет - ілім дарытқан, ишан
аға, о бір жылы «Қазақ» газетасына сіздің «бәйге жариялаймын»
деген үлкен дақпыртты жариялауыңыз шықты. Сондағы мақсат-
мұратыңыз орындалды ма? - деп төте сауал қойды.
- А, оны оқыған екенсің-ау! Ол елім деген ұлық сүйіспеншілік,
таза инсаны жүрек сырымды білдірген үлкен арман мұддығадан
туған тілек еді, - деп ойын сабақтаған ишан, - онда кең бай-
тақ сахараны емін-еркін жайлаған, мал бағып, ілім-білімнен
қазіргі замандағы озық елдерден артта қалып бара жатқан туған
Апбаз Қаражігітов
халқыма бір қозғау салу мақсұты жатты. Жақсы ауылдың бала-
сы, көргенді-тектілігіңді аңғарттың-ау! Өзіңді патша заманында
Атбасар оязының бастығына қарсы шаршы топта тапқыр да өткір
дәлелді кінәлар айтып, халық мұддығасын сөйлеген азамат деп
таныған едім, Мұқтаржан! Көкейдегіні тап басып сұрап отыр-
сың. Ол «Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды», -
десе Ыбырай Алтынсарин, «Жасымда ғылым бар деп ескерме-
дім», - деп өкініш айтқан Ұлы Абай армандарын насихаттаудың
бір жолы еді ғой. Түпкі мақсат халықты ілім-білімге шақыру, ол
үшін дәулеттілерді шапқа түрту жатқан еді-ау. Сөйтіп, мәдение-
ті, өнері, артқан халықтар қатарына ұмтылдыру ниеті еді. Қай
заманда да өнері, білімі артық халық мәртебелі, мұратты бол-
мақ. Біз түп-тұқиянымызға көз жіберсек, шығыс халқын ілім-
білімге бастаушы, күллі адамзатқа ғылымда сара жол салған
Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Мухаммед әл-Бурини, Ибн Сина,
¥лықбек сынды ғұламалардың, ойшылдардың ізбасарымыз. -
Қолына бет орамалын алып маңдайын сүртіп, төңірегін барлаған
ишан: - Ал мына дәуірде біз неге кібіртіктеп, әйгілі ғұламалар
салған сара жолда шабандаймыз? Жоқ, тіпті де олай емес.
Біз де сол ғылымға, Алла сілтеген сара жолға қасқая түсуіміз
керек. Алла сөзі - Құран Кәрімді егер жақсы түсініп, меңгеріп,
біліп игерсек, бүкіл ғылымның бастау көзі де сонда. Өзіңді, -
Мұқтарға бұрыла қарап, - осында отырған көп азаматтарды,
көзі ашық ілімі, түсінігі барлар қатарынан санаймын. Мен сол
бәйгеге екі мың сом өз қаржымды тігіп, мал-дәулеті тасыған
іріген байларды жомарттық көрсетуге шақырдым. Бірақ сол игі
мақсатыма қолдауды бірлі-жарым кісілерден естідім. Қара суға
шолп етіп түскен лақтырылған тас тәрізді болды. Шымырлап
тереңге батып кетті.
Мәселен, күні кеше десе де болады, уыты қайтпас жастық
жалынмен Атбасар оязының өзіне қарсы мол жиында сөз сөй-
леп, ащы пікір тастағаныңда, сол жиынға қатысқан көптен бір
кісі шығып, сенің сөзіңді қолдап, дауыс көтерді ме? - Ишан
үй ішіндегілерді отты қара көздерімен бір барлап қарап өтті
де: - Атаң Еламан, Жоламан, одан әрі Саты бидің әруағы бір
дүр сілкініп, сенің сүйеуішің болған шығар. Ал мына жерде
әлденеше кеудесін керген мықтымыз деген мырзалар аузын
ашпады емес пе?!
- Тақсыр, өте дұрыс айттыңыз. Туған халқыңыздың санасын
ашуда, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, оң мен солды та-
нуда, мына дүнияда не болып жатқанымен хабардар болуда,
бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың азаматтық, адамдық болмысын қалып-
Ахмет ишанның соңғы сапары
тастыруда, әділдік пен зорлық-зомбылықтың туу себептерін
көруде ел айнасы болған «Қазақ» газетасын ашудағы еңбегіңізді
айтсақ ше? Ұлыңыз Мұстафаның қызметі, ол тараптағы ата-
ғы халқына мақтаныш болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов еңбектері... - деп санамалаған Жалпақ Сарыбай бала-
сы, - Мұқтардың үн көтеріп, сондай қарқара мәжілісте сөз сөй-
леуі жаңалық қана емес, келешекке ұмтылу болмас па екен.
Сонау заманда Қонтәжі ханның алдында ұлт сөзін сөйлеп, ел
мұратын қорғаған Қаз дауысты Қазыбек баба сияқты Ресейдің
күрзісіне жұдырығын көрсеткен жігіттің меселін қорғай алмау,
әрине, - деп кідірген Жапекеңе:
- Ол аз ерлік емес, - деді ишан сөз қосып.
- Иә, бұл жерде, мына алас-құлас заманда біз теңдігіне ұм-
тылған Бағаналы хандығының алға қойған мақсат-мұраттарын
ғана емес, түптеп келгенде қазақ ұлтының бар арманын, міл-
ләттік ғұмыр кешу, басқалармен тең тіршілік биігіне көтерілу-
ді басты арманы еткен Қожахмет пен Мұстафаның Петрбор
шаһарына сапары жайын білудің өзі не тұрады, - деп ишанның
жақындары атқарған істерді тілге тиек ете қозғалақтаған, көптен
үнсіз отырған Әбіт «басқалар қалай көрер екен» дегендей,
төңірегіне ойқастай көз тастады. Мына ойда-жоқта әдейілеп
шақырылғандай, бір елдің бас көтерерлерінің мәслихаттасуы,
айтса айтқандай, тәңірдің әмірімен болғандай да еді. Көбі
осы кезеңнің ықпыл-жықпылын, уақыттың алас-құлас аумалы-
төкпелі сәттерін түсінетін, өздері де сол құбылмалы кезеңді
басынан өткеріп, арты не болар екен? - деген күдіктегілер де
еді.
- Ол ұзақ әңгіме, - деді Ахмет ишан, - оны жеріне жеткізіп
айтып, мән-мағынасын түсіндіру бүгінгі бір сәттік басқосудың
міндетіне жатпас. Қай дәуірде болмасын ел тағдыры елге жана-
шырмын деген кісілердің жадынан шықпақ емес. Шегіне шығып
сөз бағамдасақ, елсіз азаматпын деудің өзі күпірлік. Қашанда
сонау көне дәуірлерден бастап, туған елі-жері, хал-ақуалы, оның
болашағы хақында бүкіл ғұмырын сарп еткен, әл-қадыры жеткен-
ше оның мұң-мұқтажыныңжоқшысы болған азаматтар қаншама!
Ондай тағылым, өнеге, үлгі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруі
ләзім. - Ишан төңірегіне толғана бір қарап: - Сол керуенніңжаңа
бір үрдісін бастағандай, Қожахмет пен Мұстафаның Петрбор
шаһарына сапар шеккені бір хикая. Соның алдында ғана жа-
һангерлік соғысқа боздақтарын жібермеу үшін дүр сілкінген хал-
қымызды заң, закон жүзінде қорғау, халқымыздың бостандық
құрсауындағы қиянаттағы өміріне араша, бостандық, әділеттік
Апбаз Қаражігітов
қуат берілуі сияқты ізгі талап, ниеттегі бұл сапар думаға тірел-
ген. Қазақтан басқа мілләт өздерінің мұң-мұқтажын, тағдырына
қатысты мәселе көтеріп, ұлттың өміріне байланысты не қиял
істерді шешуде мемлекеттік думада өз өкілдерін ұстайды. Міне,
осы өзекті тақырып Петрбор сапарының басты мәселесі де
болды. Мұндай маңызды, ұлт тағдырына қатысты істі шешуде
қандас ноғай, татар, башқұрт халықтарының өнегесінен тағылым
алуға болады. Патшалық өкіметтің құзырлы орындарына өз өті-
ніш, ұлт тілегін білдірген сапар иелері осы жолы қазақ оқыған-
дарының, басшыларының бірегейі Әлихан Бөкейхановты ұлт
өкілі ретінде дума депутаты етіп сайлау мәселесін күн тәртібіне
қойып, шешіп қайтты. Бұл сапарды осы мәселе - ұлт мұраты
деңгейінде қарағанда сәтсіз болды деп айта алмаймыз. Қалай
дегенде де, мілләт сөзін сөйлейтін өз ауызы болмай, теңдікке
қол жетпек емес, - деп түйді ол ойын.
Заманның, уақыттың сырын басқалардан терең түсіне ме,
әлде білімі, ойшылдығы артық па, Бағаналы елінің бас мүфтиі
әрі биі, ғұламасы атанған Ахмет Оразайұлына сұрақ азаяр емес.
- Тақсыр, - деп майда, жіңішкелеу дауысын соза түскен
Әбіт, осы жолы Ақмешіт бергісі Телікөл, Сіңіртек, тағы басқа ел
қонысын аралап келем деп қалдыңыз. Бұл Сіңіртекте не бар?
Ондағы елдің бүгінгі ахуалы қандай? - деп көлденең отбасы
шаруасына бұрды сөзді.
- Әбеке, сөзді төтеден жол қысқарта бастадыңыз-ау. Дұрыс
сауал. Менің қазіргі қонысым - Қорғантас, Медресе. Сіздікі -
қасиетті Ұлытаудың батыс бетінен суы мөлдіреп ағып, бұл күн-
де өз есіміңізді иеленген Әбіт булағы атанған жер. Екеуінде де
елді елең еткізер өмір бар. Бізді көптен толғандырған басты
мәселе - қайтсек халқымызды ой-санасы кемелденген елге
айналдыру, ұрпағымызды әлемдік тазалық, ұлы исламдық
қасиеттерге баулу. Ойлап қарағанға күндердің күнінде бар
береке диқанның қолында, өндірісті, өнеркәсіпті, халықтың
көп шоғырланған қонысы шаһарларда қалмағы мүмкін. Бай-
қайсыздар ма, сонау араб жеріндегі бәдеуилер, олардың өмір
салты, бір кездегі тұрмыс-тіршілігі бұл күнде келмеске кетті.
Ойлайықшы, бір құнарлы жерге отырғызылған дарақ жайқалып
өсіп, бұтақ жайып, өз төңірегіне көлеңке түсіріп, гүл шашып,
өз маңайына қанатты әнші құстар шақырып тұрады. Әлгіндей
дарақ көбейген сайын бүлбұлдар саны арта береді. Бара-бара
сол жер бұлбұл бағына айналады. Міне, құнарлы жерге ірге
тебудің мәні қайда жатыр.
Сіңіртекке арық тартып, бұйдасынан жетелеген түйедей, суды
Ахмет ишанның соңғы сапары
құнарлы дақыл өсетін кеңістікке апару сол жерде мекен еткен
елге қаншама береке, ризық шашпақ. Байтақ далаңда жайқал-
ған егін өсіп, елдің береке, ырысы боп түлеп жатқанға не жетсін.
Биігінде Едіге, Асанқайғы бабалар жатқан киелі де әруақты
Ұлытау бауырында сыңғырлап ағып, не түрлі жеміс-жидек, дақыл
өсіріп, мыңғыртып мал өргізіп жатса, қандай бақытты тұрмыс көк-
тер еді. Әні, сондай көріністі көз алдарыңа келтіріңдерші, Қандай
әдемі, ләззат шоғы жанып, ұрпағыңның шаттыққа бөленгенінің
куәсі болар едің! - Ишан тыңдаушы көпке «мұныма не дейсің-
дер» дегендей, байыптай қарады.
- Е, әңгіме осылай ауылға келсінші, - десе, біреу:
- Басқа емес, құрығын сүйреткен Қозыбай атаның аулына бет
бұрды, - деп ду күлдіріп тастады.
- Петрбор сияқты алыстағы шаһарға барып халықтың жоғын
жоқтау кез келгеннің қолынан келе бере ме? - деп сөз бағдарын
манадан қалт жібермей отырған Көтібардың Мұктары:
- О, аса қадірлі, қасиеті мол ишан аға, сізбен кездесіп, мұндай
кең жайлауда сұхбат кұрудың сәті келе бере ме?! Бұл естен
кетпес күн болды. Қолдағы қашаған қайда құтылар дейсің! Қазір-
гі көкіректі шерге толтырып, жүректі күпті еткен уақыттың ішіне
үңілсек қайтер еді. Бүгінде біріміз - ақ, біріміз қызыл боп, күні
кеше қоян-қолтық жүрген елдің айқасқа шығып кеткені қалай?
Мұнда не сыр бар? Жел айдаған қаңбақтай, ой толқынында ес
кіріп, ақыл адасып кетпей ме? - деп ишанға тың сауал тастады.
Ақаң манағы тіп-тік отырған қалпын бұзбай, байырғы сал мақты
қалпында сәл езу тартып, қабағын кере Мұқтарға қарады. Ор-
нынан тұрып ақ шапанның төс калтасынан шағындау кітап алып
шықты. Асықпай кітап бетін аударып, аз кідіріп, бір бетін оқыған
болды. Әлгі кітаптың сол тұсына едәуір үңіліп отырып қалды.
Аздан кейін жүзін көпке бұрды. Жаңа ас қамымен сыртқа шығып
кеткен Жалпақ қария да үйге қайта кірген.
- Әлгі бір әңгіме-сауалға жауап болмай қалды ма? - деді
қонақтарына жаутаңдай қараған ол.
- Қазір, қазір, - деп әлгіде қолына алған шағын кітаптың бе-
тін парактап сипады да, - Құран-Кәрімдегі «Лұқман» сүресінің
соңғы аятында айтылған бір Алланың ғана құдіретімен болатын
бес ғайыпты санамалап кетті: - олар, - деді сәл маңдайы жіп-
сіп, бетіне қызыл арай ойнаған Ишан бір Алладан басқа ешкім
білмейтін бес ғайып-қияметтің қашан болатыны, екінші - жауын,
дауыл, жел, жер сілкіну, жанартау атылу, үшінші - туылатын,
өмірге келетін нәрестенің дүниеде бақытты, бақытсыз, кедей
немесе бай болатыны, төртінші - ертең қандай күн, басқа не
Апбаз Қаражігітов
тауқымет, басқа не бақыт, не қасірет келетінін, адам баласы қай
күні қайда, қандай жағдайда өлетінін білмейтіні. Бұл айтылғандар
тек бір Алланың қолындағы ғайыптың ісі. - Ишан тағы ойланып,
аз отырды да: - Әлгі ақ пен қызыл арасындағы ахуал да сол
бір Алла әміріндегі басқаға белгісіз жайт. Қантөгіс қақтығыс та
әрқашан шайтани лағнеттің араласып болатыны, екі пиғылдың,
ниеттің ақыл шегінен, әділет биігінен адасатыны белгілі, - деді.
Тыңдаушылар үнсіз қалды.
- Бұл аты аталған бес ғайыптың сырына өздерің үңіліңдер,
ақыл таразысына салыңдар, өмірге келген, енді келуге бар күш-
қуатын, дәрменін жұмсап жанталасқан тіршілік арасындағы ке-
лешек не боларын өзі, иә, өзі шешеді, - деген бетбұрыс тұспал
жатқан тәрізді деп, тоқтатады. Көпшілік үнсіз қалды. Бұл жолы
үнсіз тыныштықты Жапекең (Жалпақ) бұзды.
- Ақ патшаның июнь жарлығы сүттей ұйыған елді астан-кестен
еткені ешкімге құпия емес. Сол кезде бақа басымен, тұрымтай
тұсымен деп әркім өз бас қамымен кетсе, бұл ел не болар еді.
Сол кездегі бұқараның көпті көңілде дүрлігуі, іштен тынуы қазір
де байқалмай ма?
- Иә, төбеден түскендей, сол қасіретті уақыттың тамырын дөп
басқан ұлт жанашырлары болмағанда, тұтастай бір халықтың
қырғын апат астындағы қаупі төнген. Халқын көрініп келе жатқан
апат, қырғыннан алып қалу үшін Әлихан Бөкейхан, Міржақып
Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды алаштың біртуарлары не
қилы әрекеттерге бармады. Қазір сіздерге, тіпті кез келген оқы-
маған қарапайым жұртшылыққа түпкі мақсаты анықталған сол
кездегі Ресей саясаткерлерінің ұстанған бағыты, оны қолда-
ған билеушілердің іс-әрекеті нені көрсетті? Ұлт бостандығын,
дербестігін, әрбір адамның жеке бас еркіндігі, құқы деген Алла
берген ерікті өмірді көкпарға түскен бөрідей созғылап, оның
атамекені, туған жеріне билігінен ажырату қатері төнді емес пе?!
Міне, осы кезде ұлттық ар-намысын ту еткен ерлер - өз дәуірі-
нің Абылай, Қабанбайлары атқа мінді. Ұлт ұранын көтеріп, ұлт
туын желбіретті. Оған қарсы зеңбіректен оқ боратқан рақымсыз
сұрапыл күш ажал боп төнді. - Ишан осы жерде осыған дейін өз
бойында байқалмаған қатты күрсінісі арқылы көпті өзіне жалт
қаратты.
- Көктегі жарық жұлдыздай туған халқына жарқын жол сілтеп,
қырғыннан сақтанудың не қилы бағыт-бағдарын көрсетіп, нұсқа-
ған ұлы ой-пікірлер болмаса, қаудай жанып, сендей соғылатын
көзсіз сұрапыл төнген. Қазақ даласы дариядай тасып, атқа қон-
ғалы қалған. Осындай қатері мол екіталай шақта алаш көсем-