Ш.РАХМЕТОВ
Кен
өндірісінің
қаһармандары
ББК 76.01
Р24
Р24 РАХМЕТОВ Ш. Қ
Кен өндірісінің қаһармандары. - Алматы, 2008, - 234 бет.
ІSВN 9965-21-912-5
Журналист Шамхан Рахметов «Кен өндірісінің қаһармандары» деген туындысында өткен
ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап ауыл-ауылдан келіп Жезқазған шахталарына жұмысқа
тұрып, қазақ үшін соны кенші мамандығын игеріп қана қоймай, оның қыры мен сырын жете
меңгере отырып жанқиярлықпен еңбек еткен, сөйтіп, құрмет пен абыройға бөленген кеншілер
қауымының бірнеше буыны өкілдерінің жарқын бейнесін сомдаған. Бұл еңбекте ел құрметіне
бөленген даңқты кеншілермен қатар, аттары аталмай, кезінде елеусіз қалған қатардағы
қарапайым жұмысшылар жайлы да мол мағлұматтар берілген. Шығарма осынысымен де құнды.
Кітапқа кірген аға буын өкілдерінің өнегелі істері кейінгі ұрпақты еңбекке баулуда, оны қадірлей
білуде зор рөл атқарары сөзсіз. Шығарма көпшілік оқырманға арналған.
ІSВN 9965-21-912-5 ББК 76.01
©Рахметов Ш. 2008
Кен өндірісінің қаһармандары
АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА
Сәтбаев қаласының төңірегін аралап көрген адам тастан қашалып жасалған ескерткіштер, адамның
тас бейнелері, ескі дәуірлердегі мыс балқытуға арналған құрылыстар орнын көрер еді. Ғасырлар бойы
сақталып қалған осы жәдігерлер ерте дәуірдегі адамдардың мысты өңдеу және оны кәдесіне жарату
бағытында жасаған алғашқы іс-қарекеттерінің куәгерлеріндей сайрап жатыр. Оның іздері Жезқазған кен
орнының он алты жерінде, оның ішінде Петро, Покро, Златоуст, Кресто , Анненский, Никольский, Карпи-
енский және тағы басқа да кен орындарынан кездеседі.
Жезқазған кен орнының соңғы ғасырларда адам назарына ілігуі орыс саяхатшылары жүргізген
зерттеулердің арқасында мүмкін болды. Олар Жезқазған жерінде ерте заманның тұрғындары қазған
мыстың бай қорының жер бетінде шашылып жатқанына патша үкіметінің назарын аударған болатын.
Мұнан кейін де Жезқазған жерінде талай-талай орыс купецтерінің ізі қалды. Кеңгір мен Жезді өзендері
бойында бай мыс кенінің барлығынан хабардар купец Никон Ушаков оның бірнеше жылғасын жергілікті
байлардан 400 сомға сатып алып, кен өндіруге кіріседі. Ол кен жылғаларына орыстың діни мерекелерінің
аттарын қояды. Сөйтіп, өмірге Спасский, Кресто-Воздвиженский, Златоустский, Петровский, Покровс-
кий, Никольский және тағы басқа да атаулар келген еді.
Н.Ушаков 1847 жылы осы Ұлытау өңіріндегі өзі сатып алған мысты жерді Жезқазған кен орны деген
атпен үкімет ұйымдарында тіркеуден өткізеді. Жердің шалғайлығы, қаражаттың тапшылығы қолбайлау
болғандықтан Н.Ушаков бұл кен орнын купец Рязановқа сатуға мәжбүр болады. Алайда, Жезқазған
жерінде 60 жыл бойы мардымды ештеңе істеп үлгермеген ағайынды Рязановтар ең ақырында кен орнын
ағылшындарға сатады. Ағылшындардың бұл жердің ен байлығын игеру бағытында атқарған жұмыстары
тарихтан белгілі.
Жезқазғанның бағы Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі мерзімде ғана жанды. Қазақтың сайын даласын-
да кең көлемде жүргізілген кен барлау жұмыстарының нәтижесінде ірі мыс Магниткасы дүниеге келді.
Оның бастауында қайратты да қайсар, жас геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұрды.
Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл кітапта Кеңестер Одағы тұсында осы өңірде кен өндіріп,
Отанымыздың өнеркәсіп орындарына ауадай қажет шикізат қорын өндіруде аянбай еңбек еткен ар-
дагер ағаларымыздың есімін еске алып, ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынуды жөн көрдік.
Олар еңбек еткен өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары өте ауыр кезең болды. Шахталарға
әлі техника келмеген кез болатын. Кеншілердің жеті қат жер астынан кен өндірудегі негізгі құралдары
күрек, балға, сүймен болды. Шахта забойларының ауасын тазарту, жер асты суын құрғату дегендер
мүлде жоқтың қасы-тын. Өкімет пен партияның алға қойған басты талабы Жезқазған кен орнында мыс
өндіруді еселеп арттыру болғандықтан рудникте ағылшындардан қалған шахталар қалыпқа келтірілді.
Стахановтық қозғалыс кең өріс алды. А.Сафин, Б.Аймаханов, П.Шаталюк, И.Панин, Болбышев, Шоша,
Биболатов, Есенов, Жабағынов. Ақшалов және тағы басқада ондаған кеншілер озық еңбектің үлгісін
көрсетіп, стахановшылар қозғалысының алдыңғы сапынан көрінді. Алматының, Мәскеудің, Кавказдың
жоғарғы оқу орындарын бітірген жас маман кадрлар кен өндірісіне келе бастады. Олар алған білім-
дерін кен өндірісі технологиясын жетілдіруге, еңбекті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруға, сөйтіп, еңбек
өнімділігін арттыруға жұмсады.
Жезқазған кеншілерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен қаһармандыққа толы істері СССР
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен 16 рет аталып өтілді, ол бүгінде «Қазақмыс»
корпорациясының Н.В.Валукинский атындағы мұражай- көрме кешенінде мәңгілік сақтауға қойылған.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Жезқазған өнеркәсіп ауданының даму, жедел өсіп-
өркендеу шағы басталды. Бұл бағытта Одақтық үкімет басшылары бірінші кезекте Жезқазған тау-кен
комбинатының даму перспективасына басты назар аударды. Шахта құрылыстарын жүргізуге, жаңа кен
орындарын ашуға қаражат та аянбай бөлінді. Өйткені, ол ертеңгі күні бірнеше еселеп қайтатынын олар
жақсы білді. Анненский, Карпиенский карьерлерінде кен қорын зерттеу басталды. 1948 жылы №31
шахта пайдалануға берілді. Мұнан кейінгі жылдары поселкеде жаңа шахталар бірінен кейін бірі жедел
бой көтерді.
Ғалымдардың, мамандардың, тау-кен ісін ұйымдастырушылардың алдында жер асты кенін жаңа
технологиямен өндіру, өздігінен жүретін жер асты техникасын жасап, өндіріске енгізу міндеті тұрды.
Бұл бағытта ең алғаш атқарылған істердің бірі—1958 жылы Оңтүстік кеніштің №45 шахтасында Қазақ
ССР Ғылым Академиясының тау-кен институты ұйымдастырған тәжірибелік учаске болды. Қазақстан
ғалымдары мен Жезқазған комбинаты жанынан құрылған тау-кен лабораториясы қызметкерлерінің бір-
лесе жемісті жұмыс істеуінің нәтижесінде дүниеге келген экскаватор, электр самосвал, төрт перфора-
торлы бұрғылау кареткасы отандық тәжірибеде бірінші рет жер асты жағдайында сынақтан өткізіліп,
қолданыла бастады. Міне, осыдан былай қарай еліміздің көптеген қалаларында жасалған кен өндіру
3
Кен өндірісінің қаһармандары
техникаларының алуан түрі өндіріске енгізіліп, сынақтан ойдағыдай өтті. Кеншілеріміз оны шебер игеріп,
жоғары еңбек өнімділігіне жетті.
Жер асты қойнауында ғасырлар бойы тылсым жатқан мол қазынаны халық игілігіне жарату жолында
толарсақтан су кешіп, көк тастың тозаңын жұта жүріп аянбай еңбек еткен аға буын кеншілердің ерлік іс-
тері жайлы Алматы, Жезқазған қалаларының мұрағаттары материалдары негізінде мақалалар мен очер-
ктер дайындалып осы кітапқа енгізіліп отыр. Олардың ерлік істерін жас та болса көзімен көрген, қатар
тұрып жұмыс істеген бүгінде өздері зейнеткерлікте отырған еңбек ардагерлерінің, стахановшылардың
туыс—туғандары мен балаларының естеліктері де кеңінен пайдаланылды.
Өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлур-
гия комбинатының кен өндірісі кәсіпорындарында шикізат өндіру қарқыны өзінің шарықтау шегіне жетті.
Оның молынан өндірілуіне дүниежүзілік стандартқа пара-пар келетін озық технология мен кен өндіру
техникасы бірінші кезекте мол үлес қосты. Сонымен қоса бұл бағытта кеншілер арасында кеңінен өріс
алған тәулігіне мың тоннаға дейін кен өндіретін мыңшылар қозғалысы да айтарлықтай септігін тигізді.
Осы кездерде кен өндіру әдістерін жетілдіріп, жоғары табыстарға жеткен кеншілердің жаңа легі дүниеге
келді. Олардың көбі осы жолдардың авторы теледидарда істеп жүргенде тікелей забойларда, карьер-
лерде жүздесіп, маңдай терін сүрткізіп тұрып интервью алған жандар еді. Сол еңбек адамдарының біра-
зымен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында өтетін әртүрлі кеңестер мен мәдени шараларда кездесіп, тіл-
десіп телевизиялық очерктер де дайындаған кезіміз болған. Жаны жайсаң жұмысшы табы өкілдерінің,
инженер-техник қызметкерлердің үлкен бір тобының өмір жолы, еңбек жорығында жеткен жетістіктері
туралы материалдар кітаптан орын алды.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда ешкім де, ештеңе де ұмытылмауға тиіс. Өлілерге тағзым ету,
оны еске алу тірі пенденің міндеті. Кешегі дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы кезінде тылда
жанқиярлық ерлік көрсеткен жезқазғандық кеншілердің, одан кейінгі жылдарда жаңаша жұмыс істеп,
Жезқазғанды дүниежүзіне мәшһүр еткен жандардың арамызда көбі жоқ. Ал, олардың ерлік істері, Отанға
деген сүйіспеншілігі, патриотизмі кейінгі ұрпактарға үлгі-өнеге болары анық.
Биыл Жезқазғанның ең алғаш рет Жезқазған кен орны болып ресми тіркелгеніне 160 жыл, ал алдағы
жылы түсті металлургияның қара шаңырағы Қарсақбай мыс қорыту зауытында мыс бұлағының алына
бастағанына 80 жыл толады. Осы айтулы даталар қарсаңында жарық көріп отырған бұл кітап аттары
аңызға айналған аға буын-кенші-металлург аруактарға қойылған ескерткіш, бүгінде арамызда жүрген
жаны жайсаң ағаларымыздың қуанышына шашылған шашу деп біліңіз, құрметті оқырман.
Автор.
Журналист Ш. Рахметовтың «Кен өндірісінің қаһармандары» деген атпен ұсынылып отырған
шыгармасы туралы
4
Кен өндірісінің қаһармандары
ПІКІР
Жезқазған өңірінде ықылым заманнан-ақ жер асты байлығы қазылып, мыс балқытылғаны тарих-
тан да, археологиялық қазбалардан да белгілі болып отырған жәйттер. Алайда, жеті қат жер астында
ғасырлар бойы жатқан тұнба байлықты жүйелі түрде игеру кешегі Кеңестік дәуірде ғана қолға алынды.
Бұл 1925 жылы жаңа үкіметтің қаулысымен құрылған Қарсақбай мыс комбинатына жүктелді. Жезқазған
жеріндегі зауыт, шахталар осы комбинаттың төңірегіне топтастырылды. Сол уақыттарда Жезқазғанның
кен қоры қанша екені белгісіз болды. Яговкин басқарған геологтар бұл жерде кен қоры онша көп емес,
сондықтан зауыт, фабрика салу тиімсіз, өзін-өзі ақтамайды, өндірілетін аз-маз кенді Оралдың зауыт-
фабрикаларында өңдеуге болады деп дәлелдеп бақты. Бұған академик Обручевтің: «Қазақстанда темір
және басқа да жерасты байлығы жоқ»,- деген б ір ауыз сөзі де қолдау болды.
Қазақ халқының, Жезқазғанның бағына сол уақытта осында Томск политехникалық институтының
түлегі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев келген еді. Жас геолог сайын даланың жерасты байлығын зерт-
теуге он бес жыл өмірін арнады және өмірінің соңына дейін өзінің төл перзенті-Жезқазғанды көзінен
таса қылмай, оның проблемаларын алдыңғы кезекте шешуге үкіметтің назарын аударып отырды.
Болашақ ғалымның Жезқазған жерінде көрген қиыншылықтары туралы көпшілік қауым жақсы біледі.
Өжет, қайратты да қайсар, еңбекқор Қанекеңнің ең басты ерлігі-Жезқазғанда мол кен қоры бар екен-
дігін дәлелдегені, соны Мәскеу ғалымдарына, үкімет басшыларына мойындатқаны болды. Сол кезде
мыстың дүниежүзінде бес ірі кен орны болса Жезқазған соның бірі әрі бірегейі деп баса айтты, соған
ғалымдардың көзін жеткізді. Болашақта мұнда ірі мыс қорыту зауытын салуға болатынын дәлелдеді. Да-
нышпан ағамыздың көрегендігі арқасында дүниеге келген үлкен Жезқазғанда сексен жылдан бері мыс
бұлағы толасссыз ағып, халық игілігіне жаратылуда. Жезқазған Қ.Сәтбаевтың төл перзенті болса, сол
Жезқазған қазақ елін бүкіл әлемге танытты. Бұл айтуға жеңіл болғанмен оңай келген дүние емес еді.
Жерасты байлығының молдығынан не пайда, егер ол халық игілігіне жаратылмаса? Байлығы
дәлелденгеннен кейін Кеңес үкіметі мыс кенін молынан алуға күш жұмсады. Алғашқы уақыттарда кен
қарапайым әдіспен, қол күшімен өндірілді. Сол уақыттарда өндірісті көрмеген, кен өндірудің не екенін біл-
меген, өмірі мал бағумен күн көрген аталарымыз бен ағаларымыз өндіріске келіп, жұмысқа тұрды. Жаңа
мамандықтарды меңгерді. Отызыншы, қырқыншы жылдары Жезқазған шахталарында істегендердің 90
пайызға жуығы жергілікті халықтың өкілі болды. Олар кен өндіру әдісін игеруі, еңбекқорлығы жағынан
Ресейдің ішкі жағынан келген кәнігі жұмысшылардан бірде кем түспеді. КСРО-да 1935 жылдан бастап кең
өріс алған стахановшылар қозғалысына белсене қатысып, олар өте ауыр жағдайда болса да халқына
адал қызмет етті. Кен өндірудегі қарапайым әдістер елдің сол кездегі сұранысын толық қамтамасыз ете
алмайтындықтан уақыт өте келе шахталар салынды, жаңа техникалар дүниеге келді.
«Кен өндірісінің қаһармандары» деген атпен әзірленген кітапқа жинақталған материалдармен жан-
жақты танысып шықтым. Негізінен қаламгерлердің назарына жоғары атақ алғандар, орден-медальдар-
мен марапатталғандар, кәсіпорындардың басшылары ең бірінші болып ілігетін үрдіс қалыптасқан. Бір
мысал. Соғыс жылдарында Жезқазған кеншілеріне озық тәжірибесін үйретуге келген атақты бұрғышы
Янкин сол уақыттың өзінде Сталиндік сыйлықтың лауреаты, "Ленин" орденін омырауына таққан, кейін
Еңбек Ері атанған атақты кенші еді. Ол туралы қаншама еңбектер жазылды десеңізші.
Бұл маңдай терін төгіп, орден-медальдар дегендеріңнің не екенін білмей, қанша қаһармандықпен
еңбек етсе де еңбегі жанбаған, еш бағаланбаған аға буын өкілдеріне жасалған қысастық еді. Сондықтан
оқырман қолына тигелі отырған мына кітап өте құнды дүние дер едім. Мұнда Ұлытау өңірінде
қалыптасқан өндірістің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан, дамуына белсене қатысқан қаһармандар
мен сол аға буынның Жезқазған кен орындарында кейінгі кезеңдерде еңбек еткен ұрпақтары тура-
лы мағлұматтар жан-жақты топтастырылған. Жастық шағымызда, кейін қызмет істеген тұсымызда
ағайынды Байқабыловтар мен Сартовтарды, Арыстанбек Ақшалов, Ахметғали Сафин, Тұрғынбай
Дүрментаев, Жарасбай Ұстабаев, Рахымбек Жанжігітов секілді кісілерді көзімізбен көрдік. Ауыр жұмыс
істеп шыңдалғандікі болар шеттерінен алып тұлғалы болатын. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып
бастап, жоғары оқу орындарында оқымаса да кейін шахта бастығына дейін көтерілген Ысқақ Анарқұлов,
Әлібай Қуанышев, Оразбек Дүйсенбаев, Нұрғали Бекенов, Сүтен Қазанбаев, Зейнолла Биболатов және
тағы басқалар шетінен керемет іскер, өндірістің шебер ұйымдастырушылары болды. Олардың бойында
патриоттық сезім жоғары болды.
Сондықтан қазіргі экономикасы дамыған Жезқазған кен өндірісінің сонау бастауында болған, ерен
еңбектің арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО қорғаныс Комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын
он алты рет жеңіп алған жезқазғандық қазақ жұмысшы табы өкілдерінің есімін, олардың жарқын бей-
несін тарих бетінде қалдыру, ұрпақтардың жадына түсіруде бұл баға жетпейтін еңбек, өткенге тағзым,
ұрпаққа өнеге боларлық туынды. Бір сөзбен айтқанда, аға буын өкілдерінің есімі топтастырылған көпшілік
оқырманға арналған энциклопедия дер едім.
Мұзараф АХАНОВ,
партия, Совет органдарының ардагері, дербес зейнеткер, Сәтбаев қаласының
құрметті азаматы
5
Кен өндірісінің қаһармандары
Қ.Бекқожин
КЕНШІ ДОСЫМА
Білемін, базынаң бар жырға сенің, Ақын да бұрғышы ғой сөз кенінде,
Іздейсің жүрегіңе жыр әсемін. Шарықтап жыр шахтасын кезбедім бе?
Кешіктім кенші досым, кешір мені, Жоқ, тастың шаңқылы емес, мен ынтықпын,
Сенімен үндес едім, сырлас едім. Жаныңа, жалын жырды сезгеніңе.
Құмармын құдіретіңе, келбетіңе,
Найзадай бұрғың тауды алқымдаса, Жайнаттың кен асылын жер бетінде.
Шағылып тастардан от жарқылдаса, Сап құрсын жауынгердей өлеңдерім,
Білемін, жанарыңнан ұшқындар шоқ, Кенші дос,жүрегіңді тербетуге.
Жыр шалқып, күй тербеліп тартылмаса.
Қуаты бұрғышының қыза бойда,
Жатқанда жеті қатпар тау ұрылып, Қаламым жарқылдасын кең забойда,
Күркіреп жердің асты жаңғырығып, Болаттай, көмір тастай, мырыш тастай,
Разысың-сол гүлдерді жарып өтсе, Ақын да жалындаса сөз қызбай ма?!
Нөсердей өлең тасып, ән құбылып.
Тас орда жер астында- шатқал шахта,
«Алшаңдап Алматының гүл бағында, Табынып айбатыңа жатқан шата.
Іздедің сұлулықты жырларыңа. Жырлаймын сенің жеңіс маршыңды,
Дейсің сен-ақын досым, тыңда даусын, Тұрып бір өзің алға тартқан сапта.
Бұрғының әсем күй бар ырғағында».
Жыршыңмын ұққан сырды тас дабылдан,
«Жаныма бөлеп жырла дастаныңды, Өзгеше бұл әуенім басқа жырдан.
Тағы да тербел ақын, баста жырды!» Өзің сел-өрен, қатқыл дауысыңды,
Деп бұрғы дабылымен толғандырып Жырлаған сені тағы дастанымнан.
Шақырдың кенге жыршы достарыңды.
Шырқалсын жер астының кеңісінде,
Түсінем сырыңды мен кенші досым, Кірейін өлеңдетіп кен ішіне.
Өлеңде үлесі көп еншілесім. Кел кеншім, қосыл маған, жебе жырды,
Кен сөзден асылындай жыр атпаса, Жыр керек сен үшін де, мен үшін де!!!
Қалайша жыр жасығын менсінесің?!
1959 жыл.
XX ғасырда туған елінің көгілдір аспанына
Таңшолпанындай жарқырап шығып, артына
өлмес ұлы істер қалдырған аруақты аза-
мат, атақты геолог, мемлекет қайраткері,
Қазақстан Ғылым Академиясының туңғыш Пре-
зиденті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
6
Кен өндірісінің қаһармандары
ЖЕЗҚАЗҒАН КЕН ӨНДІРІСІНДЕП ТҰҢҒЫШ ЕҢБЕК ЕРІ
Бөпежанов Мұхит Құлжанұлы 1936 жылы Москваның түсті
металдар институтын бітіргеннен кейін СССР Ауыр өнеркәсіп
Халық Комиссарлар Советінің жолдамасымен Жезқазған руд-
нигіне келген болатын. Оның еңбек жолы алғашында мыс
комбинатының шахталарында ауысым бастығы болып бас-
талады. Мұнан кейін жас маман Байқоңыр көмір кенішіне жі-
беріліп, көмір шахтасының бастығы болып тағайындалады.
Бұл кезде Байқоңыр шахтерлерінің жағдайы өте ауыр болатын.
Көмір шахталары өте саяз, өнім өндіру қайламен, күрекпен
атқарылатын. Көмір жер астынан шанамен тасылатын. Осын-
дай қиын жағдайда жұмыс істесе де көміршілер жоспарларын
асыра орындап, Қарсақбай мен кеншілер поселкесіндегі өндіріс
орындарын, тұрғын үйлерді көмірмен жеткілікті қамтамасыз
етіп отырды.
Білікті маман, тау-кен инженері Мұхит Құлжанұлы екі-үш
жылдан кейін Қаныш Сәтбаевтың араласуымен Жезқазған
руднигіне қайтадан ауыстырылады. Ол мұнда комбинаттың
бас инженерінің орынбасары болып тағайындалады. Ұлы
Отан соғысының қиын-қыстау күндерінде жас инженер білімі
мен тәжірибесін кен өндіру процесін жеңілдетуге, өнім өндіруді
арттыруға жұмылдырады.
Оның іскерлігі, ұйымдастыру қабілеті Жезқазған кен
басқармасы директоры болып қызмет істеген жылдары айқындала түсті. Ол кезде кен басқармасының
құрамында тоғыз шахта бар болатын. Жезқазған поселкесінде кеншілер, шахта салушылар, теміржол-
шылар, басқада мамандықтардың иелері тұрып жатқан еді. Жас директор өндірісті дамыту, құрылыс
жүргізу секілді жұмыстармен бірге поселке тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне де басты көңіл бөлді.
Мектептер мен балалар бақшалары әрбір шахтаның қамқорлығына берілді. Поселкенің көшелері
тұтастай шаруашылық есеппен тұрғызылды, әрбір шахта өз күшімен кеншілерге үй салды. Мұның бәрі
жас басшының өндірісті басқарудағы жұмыс стилінің жаңашылдығының нәтижесі еді.
Мұхит Құлжанұлының Жезқазғанда директор болып қызмет істеген жылдары рудник шахталарының
астынан су сору автоматтандырылды, шахта астына таза ауа беру қолға алынды, №51, №45 шахталар-
да тәжірибе учаскелері ұйымдастырылып, онда қуатты экскаваторлар, кен тиеу машиналары, өздігінен
жүретін кен тасымалдау электровоздары, бұрғылау кареткалары сынақтан өткізіліп, шахталарда кен
өндіруде кеңінен қолданыла бастады.
Жезқазған кен өндірісі тарихында тұңғыш рет Мұхит Бөпежановқа 1961 жылы Социалистік Еңбек
Ері атағы берілді. Бұл жалғыз М.Бөпежановтың ғана емес бүкіл жезқазғандық кеншілердің жанқиярлық
еңбегін жоғары бағалағандық еді. Өз басшыларының Еңбек Ері атануын кеншілер зор қуанышпен
қарсы алды.
Түсті металлургия саласының білгірі, тау-кен инженері М.Бөпежанов ұзақ жылдар бойы Қазақ ССР
Түсті металлургия министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
7
Кен өндірісінің қаһармандары
САНАЛЫ ҒҰМЫРЫНДА ХАЛҚЫНА МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАН
Жезқазған телевизиясында отыз жыл еңбек еткен жыл-
дары есімі Жезқазған өңірінің, ондағы өндіріс ошақтарының
өсіп-өркендеуімен тікелей байланысты болған ардақты аза-
матпен бетпе-бет жүздесіп сөйлеспегенмен қалада өтетін
әртүрлі жиналыстар мен басқада облыстық, республикалық
көлемдегі әртүрлі семинар-кеңестердің мінбелерінен Вик-
тор Васильевич Гурбаның Жезқазған кеніштерінің болашағы,
металлургия саласын дамыту бағыттарындағы айтатын ке-
лелі ойларын, салмақты да салиқалы сөздерін тыңдап өскен
азаматпыз. Кенді өлкені дамытуға, мәдениеті мен әлеуметтік
салаларының дамуына, халқының қуатты тұруына саналы
ғұмырын арнаған іскер басшы қайтыс бопғаннан кейін оның
жарқын бейнесін, атқарған игі істерін есте мәңгі сақтау, өнегелі
өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну мақсатында екі
ғасырдың тоғысында замандастарының естелік жинағы жарық
көрді. Осы жинақтың тұсау кесерінен кейін мен «В.В.Гурба за-
мандастар есінде» деген айдармен осы іскер басшы, ірі тұлға,
қоғам қайраткері туралы хабар дайындадым. Хабарды сол
кезде «Қазақмыс» корпорациясының Н.Валукинский атындағы
көрме-мұражайының көрнекті жерінен орын алған ескерткіш
сувенирден бастадық. Сувенир болғанда кәдімгі Жезқазған
мысынан құйылған металлургтің сом денесі. Түтіні будақтап
аспанмен астасып жатқан мыс қорыту зауытының аясында
көкжиекке көз жіберіп тұрған металлург, қолында мыс құятын шөміш бейнеленген. Виктор Васильвичтің
зайыбы Анна Ивановнаның айтуынша бұл сувенир оған қатты ұнаған. Біраз уақыт ол оның жұмыс каби-
нетінде көрнекті жерден орын алып тұрған. Бұл Виктор Васильевичке оның алпыс жылдық мерейтойы
үстінде жезқазғандық металлургтер тартқан сый болатын. Қатты ұнайтын да себебі бар еді. Өйткені
Жезқазған мыс қорыту зауыты ол үшін туған баласындай, жүрегінің нақ төрінен қастерлі орынға ие
болған кәсіпорын. Ол үшін В.В.Гурба облыстан бастап әрісі Мәскеуге дейінгі аралықта талай-талай
жиындарда күрескен жоқ па?
Өздерінің қамын ойлаған Балқаш кен-металлургия комбинатының басшыларынан бастап, Өзбекстан
республикасы Орталық партия Комитетінің бірінші хатшысы Рашидовқа дейін Жезқазғанға мыс қорыту
зауытының қажеті жоқ деген пікірді КСРО Министрлер Советінің, КСРО Түсті металлургия Министрлігінің
алдына дейін қойып, қаншама ашық шайқастар болды. Үлкен Жезқазғанның мол кенін тек Жезқазғанда
өңдеп, халық игілігіне жаратқанда ғана металлургия саласының ілгері дамитынын нақты фактілер мен
есептерге сүйене отырып дәлелдеген Виктор Васильевичтің сөзінен кейін ғана Жезқазған мыс қорыту
зауытының салынуына рұқсат беріліп, іргетасы қаланған болатын. Ол зауыттыңтез арада іске қосылуына
да зор еңбек сіңірді. Бұл үлкен жеңіс еді. Міне, сол үшін де әлгі сувенир оған өте қымбат.
Виктор Васильевич Гурба Украинаның Глухов қаласында дүниеге келген. Жастайынан оның бойына
адамгершілік қасиеттерді сіңіре білген ата-анасы баланың әрі қарай оқуына да көп жағдай туғызды. Жас
шәкірт ауыл шаруашылығын электрлендіру және механизациялау техникумын бітіріп, кейін Свердловск
облысындағы Орал түсті металл институтында оқуын одан әрі жалғастырады. Свердловскініңтау-кен ин-
ститутын «Кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітіріп, тоғыз жыл Карабаш кен басқармасында
учаске бастығы, бас инженер болып жұмыс істейді, кейін Нижний Тагильге кен басқармасының дирек-
торы болып ауыстырылады. Осында істеп жүрген кезінде Мәскеу оны металлургия өнеркәсібі минис-
трлігі БасМыстың Жезқазған мыс комбинаты директорының орынбасары етіп ауыстырады. Бір жыл
шамасында осы қызметте істеген Виктор Васильвич Жезқазған кен басқармасының директоры болып
тағайындалады.
Жас та болса тәжірибесі бар жаңа басшы директор болған сонау елуінші жылдардың бастапқы кез-
дерінде Жезқазғанда айтарлықтай көз тоқтатарлықтай жағдай да жоқ еді. Шағын Қарсақбай мыс қорыту
зауыты, жұмыс істеп тұрған бірнеше шахта мен қанатын кеңге жайған құрылыс алаңдары. Халықтың
тұрмыс жағдайы да түзелмеген кез. Тұрғын үйлер жетіспейді, әркім өзі тіршілік етіп тастан, саманнан
баспаналар тұрғызып жататынын жиі көруге болар еді. Есесіне жаңа шахталар, жылу орталығы, байыту
фабрикасының құрылысы жедел салына бастады.
Міне, осы кезде жаңа басшыға да оңай болған жоқ. Қым-қуыт проблемаларды іскерлікпен шешу-
де, құрылысты жедел қарқынмен жүргізуде, өндірістік жоспарды орындаудағы ұйымдастырушылық
8
Кен өндірісінің қаһармандары
қабілеті, оның басшы ретіндегі таланты көп септігін тигізді. Жаңалыққа жаны құмар басшы қиындықтан
бас тартпай, тек алға ұмтылды. Көп істеуге, жақсы істеуге, бар жақсылықты адам үшін істеуге бар күш-
жігерін жұмсады.
Жезқазған кен-металлургия комбинатын басқарған жиырма жыл Виктор Васильевич Гурба үшін
ең қиын да, ауыр, бірақ жемісті жылдар болды. Сол жылдарда салынған 55, 57 және 65 алып шах-
таларды, Златоуст-Беловский карьері, №1, №2 байыту фабрикалары, аты дүниежүзіне мәшһүр
болған алып мыс қорыту зауыты, тігін фабрикасы, ет комбинаты, сүт зауыты секілді объектілерді
көрген адам таңданбай тұра алмас еді. Бұлардың барлығы да В.В.Гурбаның іскер басшылығы мен
ұйымдастырушылық шеберлігі нәтижесінде қысқа мерзімде дүниеге келген ғажап құрылыстар бола-
тын. Металлургтер мен байытушылар және кеншілер қалаларының бас жоспарлаушысы Виктор Васи-
льевич десе де болады. Осы бағыттағы барлық жұмыстар оның қатысуымен жүзеге асырылды. Кейін
осы екі қаланың көркейіп- көріктенуіне не қажеттің бәрін тауып беруге бар мүмкіншілікті сарқа пайда-
ланды. Жаңа заман талабына сай халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар да жүзеге
асырыла бастады. Балалар бақшалары, мектептер, спорт сарайлары, санитарлық-емдеу мекеме-
лері бой көтеріп, халыққа жемісті қызмет етті. Оның басшылығымен қос қаланы сүтпен, бау-бақша
өнімдерімен қамтамасыз ететін Талап, Кеңгір совхоздары құрылды. Қазақстанда алғашқылардың
қатарында жезқазғандықтардың ТУ-154 самолетімен ұшуы, «Орбита» желісімен Мәскеу телевизия
хабарларын көруі де Виктор Васильевич Гурбаның арқасында мүмкін болған жағдайлар еді.
Үлкен Жезқазғанның бас жоспарында жаңа объектілерді салумен қатар халық шаруашылығына
қажетті мыс өндіруді еселеп арттыру міндеті бірінші орында тұрды. Бұл бағыттағы ең басты міндет тау-
кен өндірісін жаңа технологиямен жарақтандыру екенін жақсы түсінген комбинат басшысы, ең алды-
мен, қол перфораторлары мен тармақты ысырмаларды жедел арада бұрғылау станоктарына, кен тиеу,
тасымалдау машиналарына айырбастауды қолға алды. Осы бағытта 1958 жылы Кеңестер Одағында
тұңғыш рет №51 шахтада өздігінен жүретін бұрғылау кареткасы, экскаватор және электросамосвалы
бірлесе жұмыс істейтін тәжірибелік учаске ұйымдастырылды. Бұдан кейін де Жезқазған шахталарын-
да талай-талай отандық, шетелдік кен өндіру техникалары сынақтан өтізілді. Бүгіндері өлкенің кен
өндіру кәсіпорындарында жемісті еңбек етіп жатқан алуан түрлі жаңа алып техникалар сол алғашқы
тәжірибелердің нәтижесінде өмірге келген дүниелер. Жаңа технологияны өндіріске енгізуде қол жеткен
табыстары үшін В.В.Гурба және комбинаттың бір топ инженер-техник қызметкерлері КСРО Мемлекеттік
сыйлығына ие болды.
Кеншілердің, байытушылардың, металлургтердің, барлаушылардың энергетиктердің үлкен
отрядының қалыптасуы да Виктор Васильевичтің есімімен тікелей байланысты. Ең қиын елуінші
жылдардың өзінде ол кәсіпорындарды жас мамандармен, жұмысшылармен толықтыруға басты көңіл
бөлді. Сол бір кездерде шахталарда болсын, құрылыста болсын жұмысты зонада отырған саяси
тұтқындар атқаратын, елдегі «жылымық» кездің арқасында әлгілер бас бостандығын алып жан-жаққа
кете бастады, сондықтан олардың орнын ерікті еңбек етуші жұмысшылар басты. Жаңадан келгендер
кен өндіру жұмысынан бейхабар болатын. Оларды оқыту, үйрету керек болды. Осындай қиын кезде
Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден жұмысшылар шақырылды. Бірақ олардың көбі бізде тұрақтай
алмады. Бұл бағытта да комбинат басшысының тарапынан көп ұйымдық жұмыстар атқарылды. Алпы-
сыншы жылдары Жезқазған тау-кен техникумының, соңынан Жезқазған политехникалық институының
дүниеге келуі маман кадрлар проблемасын шешуге байланысты дүниеге келген оқу орындары болды.
Орталық Қазақстанда түсті металлургия базасын салуға және дамуына лайықты үлес қосқаны және
үлкен Жезқазғанның күрделі құрылысыныңжоспарын ойдағыдай орындағаны үшін Жезқазған кен-метал-
лургия комбинаты «Ленин» орденімен марапатталды, оның іскер басшысы, шебер ұйымдастырушысы
Виктор Васильевич Гурбаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Жезқазган қаласы, 2005 жыл, мамыр.
9
Кен өндірісінің қаһармандары
КЕНШІ ДАҢҚЫ
Менің алдымда «Социалистік Қазақстан» газетінің 1961
жылғы 9 маусым күнгі саны жатыр. Көзге бірден шалынатын бірін-
ші беттегі «Жоғары наградаларыңызбен» деп үлкен әріптермен
терілген құттықтаудың астында СССР Жоғарғы Советі
Президиумының Указы жарияланыпты. Онда: «Бесжылдықтың
жоспарын мерзімінен бұрын орындауды қамтамасыз еткені,
өндіріске жаңа кен өндіру техникасын енгізгені үшін Жезқазған
кен-металлургия комбинаты бойынша Мұхит Құлжанұлы
Бөпежановқа -Жезқазған кен басқармасының директоры,
Леонид Петрович Тузовқа-Жезқазған кен-металлургия
комбинатының забойшылар бригадирі, Социалистік Еңбек Ері
атағы берілсін»,-деп жазылыпты.
Бұл қуанышты хабар Жезқазғанға сол күні-ақ жеткен еді.
Тау қопарып, жеті қат жер астынан кен өндіріп жатқан кеншілер
үшін бұл үлкен қуаныш болатын. Жүздеген кеншілер арасы-
нан суырылып шығып еліміздегі ең жоғары атаққа осы өңірден
тұңғыш рет ие болып отырған Еңбек Ерлерін әріптестері сол
күні-ақ құттықтап жатты.
Қазақта таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер,-деген
жақсы бір қанатты сөз бар. Леонид те осындай бағы жанған
жігіт екен. Ол Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы
борышын өтегеннен кейін өзінің туған жері Калининград
облысының сонау түкпірінде жатқан Михайловск селосына
оралмай Жезқазғанға жол тартуға шешім қабылдады.
Армияға дейін де ауыл шаруашылығы саласында алуан түрлі
жұмыстар атқарып шыныққан жігіт мұнда келген бетте шахтаға сұранды. №31 шахтаға бұрғышы болып
қабылданған Леонид алғашқы күннен жастық жігермен құлшына еңбек етті. Ол уақытта кеншілердің қаруы
ПРгЗО бұрғысы, кен жинақтайтын шағын сырғыма лебедка ғана болатын.
Оның шахта астындағы алғашқы еңбек күнінің басталуы туралы сол уақыттарда баспасөз беттерінде
былай деп жазылды:
...Леонид стволға тұңғыш рет жүрексіне кірді.Шахта астына түсу белгісі берілді. Кеншілердің бірі
оның иығынан тартып: «Жігітім жүрексінбе, әубаста барлығы қорқынышты болады» - деді. Оған бір-
деме деп жауап беруге үлгерген жоқ, клеть төмен қарай зулай жөнелді. Әп сәтте клеть те жерге келіп
тоқтай қалды. Әлсіз шам жарығы штректің ішін дұрыстап көрсетуге шамасы да келмейді. Ілгері 5 - 1 0
минут жүргеннен кейін «Келдік» - деген алдағы жігіттің дауысы шықты. Бәрі тұра қалды. Алда забой.
Онда жұмыс істеп жатқан жігіттер де бұларды көріп «смена келді» - деп қуанысып жатыр. Бір сәтте
құлақ тұндырған скреперлердің гүрілі мен перфораторлардың тарсылы тына қалды. Жігіттер құрал-
саймандарын бөлісіп алып, жұмысқа әзірленді.Леонид қолына перфораторды алып көрді. Ол оған
қолайсыз сияқты көрінді.Бригадир қолдан шығып кетпеу үшін оны қалай ұстауды көрсетіп, оның жұмыс
істеу принципін қысқаша түсіндірді.
-Ал, енді өзің байқап көр»,-деді ол.
Леонид ауа беретін рычагты басып еді коронка руда қыртысына бойлап ене бастады. Бірақ, кенет-
тен перфоратор қолдан сусып шығып кетіп штанга шпурда қалып қойды. Мұндайды күтпеген жас жігіт
алғашында сасып қалды, не істерін білмей кен қабатының үстіне отыра кетті.
Міне, тәжірибесіз қандай адам болса да алғашқы еңбек жолы осылай сәтсіз басталары сөзсіз.
Леонид көп отырған жоқ. Орнынан ұшып тұрып жансыз темірге ызаланғандай, перфораторды мықтап
ұстап құшырлана жұмысқа кірісіп кетті. Алғашқыдай емес перфоратор да оған бағынатын сияқтанып
көрінді. Мұны байқап қалған ол өзінің жеңісіне қуанып кетті...
Жас жігіттің мұнан былайғы жолы тек күреспен өтті. Тынымсыз еңбек етті. Ізденді. Бригададағы қарт
коммунистердің ұсынысы бойынша партия қатарына да өтті. Уақыт өте келе перфоратор оның қолында
ойнап жүретін болды. Қай уақытта болмасын әріптесіне көмектесуге дайын тұратын қарапайым бұл жігіт
кеншілерге қатты ұнады. Қоғамдық жұмыстардан да тартынған жоқ. Екі рет облыстық Советке депутат
болып та сайланды. Ол комплексті бригаданың кеншісіне қажетті барлық мамандықтарды игерді. Шпур
бұрғылайды, қопарылған руданы ысырма лебедкамен жинастырады, дәрі аттырушыны да айырбастай
алады. Леонид осының бәрін аптықпай, асып-саспай атқарады.
1956 жылдан өзі еңбек жолын бастаған №31-32 шахтада комплексті забойшылар бригадасына же-
текшілік етті. Бригада әрбір забойшыға шаққанда кен өндіру көлемінің комбинат бойынша ең жоғары
көрсеткішіне қол жеткізді, жаңадан өндіріске енгізілген кен өндіру техникаларын толық қуатында пай-
далануды қамтамасыз етті. Қатардағы қарапайым жұмысшы Леонид Петрович Тузов еселі еңбегінің
арқасында Социалистік Еңбек Ері атанды. « Еңбек ер атандырады» деген осы.
10
І
Кен өндірісінің қаһармандары
ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІМЕН ҮЛГІ БОЛҒАН БАТЫР АҒА
Қасымхан Кентаев... Қасекеңнің есімі кезінде Жезқазған
өңірінен әрі асып, Одақ көлеміне танымал болған есім. Орта
бойлы, дембелше келген қызыл шырайлы азаматтың жүзінен
әрқашан жылылық лебі есіп тұратын. Кенші ағамызбен та-
лай рет кездесіп, жүздескенбіз. Жуырда Қасекең ағамыздың
үйінде болдық. Ендігі шаңырақ иесі баласы Тілеумен тілдесіп,
жанұяның сурет альбомындағы ағамыздың жансыз бейнесі
бейнеленген суреттерді көріп, өткен ғасырдың жетпісінші жыл-
дары еріксіз есіме түсті.
Ия, ол уақыттарда Оңтүстік Жезқазған кеніші №45
шахтасының забойшылар бригадасының бригадирі Қасымхан
Кентаевтың есімі Жезқазған кеншілері арасына кеңінен тарап,
дүркіреп тұрған кез болатын. Қалада, облыста өтетін қандайда
болмасын жиналыстарда сөз сөйлеген басшылардың аузынан
Қасымханның есімі бір түспейтін. Ескі кен өндіру техникасы-
мен жұмыс істейтін бригада тоқсандық, жылдық жоспарларды
әріптестерінен анағұрлым бұрын орындап, социалистік жарыс-
та үнемі алдыңғы шептен көрініп жүрді. Бригада тоғызыншы
бесжылдықта да өте тамаша жұмыс істеп, бесжылдық жос-
парды 1975 жылы В.И.Лениннің туған күні қарсаңында, яғни
22 сәуірде орындап шықты. Бұл Жезқазған кен—металлургия
комбинатының ескі технологиямен кен өндіруші бригадалары арасындағы ең жоғарғы нәтиже еді.
-Осындай жоғары өндірістік жетістіктің сыры неде? -деп сұрай қалсаңыз, шахта басшылығы
мүдірмей:
—Ол Қасымханның шебер ұйымдастырушылығының арқасы,- дер еді.
Шынында еңбек жолын 17 жасында осы кеніште забойшы болып бастаған жас жігіттің жылдар бойы
жинақтаған тәжірибесі ұшан-теңіз еді. Өндірісте қол жеткен жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен
де марапатталған-тын.
Ол қарапайым, қағылез азамат болатын. Бригадада өзімен ұзақ жылдар бойы бірге істеп келе жатқан
Ахметов, Гидаятов секілді жігіттердің тәжірибесіне сүйенетін. Күрделі мәселелер туындай қалса солар-
мен ақылдасып шешетін. Бұл бір жағынан «ақылдасып пішкен тон келте болмайды» деген қазақтың
даналық сөзіне арқа сүйегендік болатын. Ол сонымен бірге алда алынар асуларды алуға әріптестерін
шебер жұмылдыра білді. Қасымхан кеншілерді сөзбен ғана үгіттеп қоймай, оларды соңына өнегелі ісі-
мен де ерте білетін.
Осы шахтада бастық болған Иосиф Өбеев кезінде бізбен әңгімесінде былай деген болатын:
«Қасымхан секілді өз жұмысына жан-тәнімен берілген адамдар бізде әлі де болса аз. Қасымханға
1971 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы ол еңбек ететін шахтаға мен басшылық етіп жүргенде беріл-
генін мақтан тұтамын. Оған мінездеме беріп, ұсыныс жасағандар ортасында болдым. Мұнымыз жоғары
басшылар тарапынан да өзінің қолдаушыларын тапты. Ол туралы менің есімде қалған мына бір жәйтті
айта кеткен жөн болар,-деген еді Иосиф Көжекұлы.
- 65 шахта пайдалануға берілер қарсаңында рудник басшылығы алдында «ертең алып шахта іске
қосылады, ондағы кен өндіру техникалары жаңа әрі қуатты, жоспар да жоғары болмақ сонда оны игере-
тін, жаңа техникада жұмыс істейтіндер кімдер болмақ?» деген сұрақ тұрды. Оны жүзеге асыру үшін кен-
шілерді, кен өндіру техникаларын басқарушыларды қайта оқыту керек болды. Міне, осы кезде Қасымхан
көрегендік танытты. Ол өзі бастап, бригадасымен оқуға отырды. Олар асқан табандылықпен отандық
және шетелдік техниканы басқаруды меңгерді, өздігінен жүретін жабдықтардың ерекшеліктерін зерттеп,
үйренді. Оны басқа бригадалар да қолдады. Кейін №65 алып шахта іске қосылғанда қасымхандай ер
азаматтардың әлгіндей көрегендігі арқасында біз ешқандай қиындықсыз алып кен өндірісін қысқа мер-
зімде игеріп, жоспар бере бастадық».
Батыр, коммунист кенші Қасымхан Кентаевты облыс коммунистері 1976 жылы СОКП ХХV съезіне
делегат етіп сайлады. Съезден оралған бетінде бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне берген
сұхбатында ол тебірене отырып былай деген болатын:
- Мен күні кеше ғана СОКП ХХV съезінің жұмысына қатысып келдім. «Қатыстым» - деп бүгін сіздерге жай
ғана айтып отырмын ғой. Кремльдің съездер Сарайына кіргенде жүректі тебіренткен алғашқы толқыныс
сезімдерін сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Барша делегаттардың да жан дүниесіндегі шұғылалы сезім
жанарларынан нұр болып төгіледі. Жиналғандардың бәрі де алуан түрлі мамандықтардың иелері. Ерен
11
Кен өндірісінің қаһармандары
еңбекті саналы өмірлеріне серік еткен жандар. Алғашқы көргенде бәрі де маған таныс адамдардай бо-
лып көрінді. Үзіліс кезінде туысқан Коммунистік және жұмысшы партиялары өкілдерімен жылы жүзбен
әңгімелестік. Мен оларға атағы алысқа кеткен Қ.И.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия ком-
бинаты туралы және атқарып жатқан ұлан-ғайыр істеріміз жайлы шабытпен баяндадым.
Түсті металлургия саласының бір топ қызметкерлері СССР Түсті металлургия Министрі П.Ф.
Ломаконың қабылдауында болдық. Ол омырауымызға «Тоғызыншы бесжылдықтың еңбек озаты» бел-
гісін салтанатты жағдайда тақты.
Мұнан кейін мен уақыт тауып Министрмен тағы да кездестім. Шаруа жайында әңгімелестім. Атап
айтқанда, №65 шахтада кеншілерді лифтіден забойға дейін жеткізетін автобус жоқ. Мұның өзі кеншілердің
үш шақырымға жуық аралықты жаяу жүруіне, сөйтіп, бірталай уақыт жоғалтуына әкеп соғуда, сондықтан
адам тасымалдайтын жерасты көлігімен көмектесуін өтіндім...
Бригаданың іскер жетекшісі, съезд делегаты Қасымхан Кентаевтың Министрдің алдына қойған бұл
мәселесі көп ұзамай оң шешімін тауып, жаңа шахталардың барлығына дерлік кеншілерді тасымалдай-
тын автокөліктер бөлінген еді.
Жаны жайсаң, өзінің саналы ғұмырын Жезқазған кеніштерінде еселі еңбекпен өткізген ардақты
ағамыз бүгінде арамызда жоқ. Егер оның көзі тірі болғанда үстіміздегі жылдың желтоқсан айында 70
жылдық мерейтойын тойлаған болар едік. Топырағың торқа болсын, асыл аға, Батыр аға. Сенің маңдай
теріңді төгіп еткен еңбегің, өнегелі істерің ұрпақтардың есінде мәңгі сакталары сөзсіз.
Жезқазған қаласы, ақпан, 2006 жыл,
12
Кен өндірісінің қаһармандары
БАТЫР КЕНШІ
Батыр ағамыз, кенші ағамыз Әбекеңмен ең алғаш
таныстығымыз 1973 жылдың желтоқсан айының аяқ кезінде
басталған еді. Мен Жезқазған телевизия студиясының дикто-
рымын. Студияда алда келе жатқан жаңа жылды қарсы алуға
арналған «Көгілдір от» телевизиялық хабары дайындалып
жатқан. Оған қашанғы дәстүр бойынша еңбек озаттары, Ни-
кольский (бүгінгі Сәтбаев) және Жезқазған қалаларының атақты
адамдары шақырылады. Сол дәстүр бұл жолы да өз жалғасын
тапты. Студияның шағын павильонын режиссерлардың
көмекшілері шама—шарқы келгенше безендіріп, ортаға шыр-
ша орнатты. Жағалай бірнеше үстелдер қойылып, оған кел-
ген қонақтар отырады. Омырауында "Ленин" ордені мен
"Батырдың Алтын Жұлдызы" сәуле шашып тұрған орта бойлы,
жұқалтаң, қызыл шырайлы, шамасы елуге әлі тола қоймаған
жігіт ағасын осы хабардың авторы Файзолла Қабылов пен
бас редакторымыз Сапабек Мырзатов: «Мына кісі Әубәкір
Құсайынов—Социалистік Еңбек Ері, Оңтүстік Жезқазған
руднигінің №44 шахтасының забойшылар бригадасының же-
текшісі», - деп таныстырды. Сценарий бойынша мен оған сөзді
қала басшысының құттықтауынан кейін беруім керек. Ол кезде
хабарларды алдын- ала жазып алу деген болмайтын. Эфирге
тікелей шығатынбыз. Хабар қала басшысының жаңа жылдық
құттықтауымен басталды. Кезек Жезқазған өңірінің байырғы кеншілері арасынан шыққан тұңғыш Со-
циалистік Еңбек Ері Әубәкір Құсайыновқа келді. Жұқалтаң, қызыл шырайлы жүзі нұрланып өзінің еңбек
жолы, әріптестерінің еңбек табысы жайлы байыппен әңгімені бастап кетті. Сол жолы оның әңгімесін
тыңдап отырып, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында оның басынан қандай қилы-қилы кезеңдер
өткенін естіп таң қалдым.
Кедей семьяда дүниеге келген Әбекең 16 жасынан Байқоңыр көмір кенішінде әкесімен қатар тұрып
жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ол кезде ұлы Отан соғысының нағыз қызған шағы. Байқоңыр шахтала-
рында жұмыс ауыр, көмір өндіретін негізгі құралдар қайла мен сүймен, күрек. Солай болса да мың өліп,
мың тірілген сорлы қазақ жұмысшылары барлық күш-жігерін өнімді мол беруге жұмсады. Буыны қатпай
еңбекке араласқан Әубәкір шахтерлік жұмыстың небір құпияларын осы жерде игерді. Соғыс біткен
жылы Жезқазған руднигіне ауысқан ол №44 шахтаға электрослесарь болып орналасты. Жасынан зерек,
білімге құштар жігіт забойшылармен қатар жүріп, жаңа техникамен кен өндіріп жүрген кеншілердің іс-
қимылын, жұмыс істеу тәсілдерін жетік меңгеріп алды. Көп ұзамай ол ауысым бастығына өзін забойшы
етіп ауыстыруын өтінді. Әубәкір кенші болып Жезқазған кенішінде еңбек жолын бастағанда забойшыға
өздігінен жүретін жаңа техника көмекке келіп, кен өндіру процесі жаңа түрге ие бола бастаған еді. Ең
ғажабы бір бұрғылау қондырғысынан үш-төрт бұрғы іске қосылып жұмыс істей алатын. Бұл жұмыс
өнімділігін еселеп арттыруға жол ашты. Сөйтіп, баяғы қайламен, сүйменмен кен өндіру әдісі тарих
төрінен орын алды. Байқоңыр кенішінде қайламен көмір өндірген көмірші Әубәкір енді қуатты техника-
ны қысқа мерзімде игеріп, бейнелеп айтқанда бір ғасырлық жолдан өтті. Еңбекқор жігіт көп ұзамай за-
бойшылар бригадасының жетекшісі болып тағайындалды. Кәсіби біліктілік пен еңбекке деген ұмтылыс,
ұйымшылдық өз нәтижесін берді. Ол бастаған забойшылар бригадасы озаттар көшін бастады.
Сол кезде №44 шахтаның директоры болған, өндірістің шебер басқарушысы Садық Асатовтың
Әубәкір Құсайыновқа берген мінездемесінде былай деп жазылыпты:
...Ә.Құсайыновтың бойына біткен ерекше қасиеттер: іскерлік, білуге деген құштарлық, творчестволық
ізденіс пен сапалы еңбекке деген ұмтылыс. Ол бұрғышы, кен тиеуші, жүргізуші- машинист, дәрі атты-
рушы мамандықтарын жете меңгерген өз ісінің нағыз шебері. Оның үстіне ол тамаша электрослесарь.
Әріптестері одан қорықпайтын, оны қатты сыйлайтын. Өйткені, Әубәкір әріптестеріне жағдай туғызатын,
оларды қорғай да білетін...
Ерлік еңбектің шежіреге айналатыны рас. Бірақ, ол ешқашан ескірмейді, көмескіленбейді. Қайта
уақыт озған сайын жасарып, жасампаз еңбекте өз жалғасын табады. Әубәкір ескі технологиялық әдіспен
жұмыс істей жүріп, жаңа жер асты техникасын игерудің алғашқы қарлығашы болды.
СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1966 жылғы 20 мамырдағы Указымен Ө.Құсайынов өздігінен
жүретін техниканы ойдағыдай игергені, екпінді жоғары өнімді еңбегі үшін "Ленин" орденімен және "Алтын
13
Кен өндірісінің қаһармандары
Жұлдыз", «Орақ пен Балға» медальдарымен марапатталып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Жезқазғандық кеншілер жерлестерінің қуанышын бірге бөлісіп, бірге тойлады. Әр кенші бұл жоғары
награда тек Әубәкірдің ғана еңбегінің бағаланғаны емес, бұл барлық кеншілердің еңбегіне берілген зор
баға деп түсінді.Үкімет пен партияға шынайы сезімдерін білдіріп жатты.
Бұрын да уақытпен санаспай еңбек ететін Әбекең батыр атағын алғаннан кейін тіпті тынымсыз болып
кетті. Оның үстіне қоғамдық жұмыстар да көбейді. СССР түсті металлургия өнеркәсібі жұмысшылары
кәсіподағының ХІV съезіне делегат болып қатысты. Съезд делегаттары оны Орталық Комитеттің мүшесі
етіп сайлады. Әбекең Мәскеуге жиі баратын. Сондай сапарларының бірінен кейін:
- Әбеке, осы сапарыңызда жоғары мінбеден шахтерлер проблемасы туралы мәселе көтердіңіз бе?
-дегенімізде, ол біздің әңгімемізді жедел іліп әкетіп:
- Маған кеншінің жайы белгілі. Олардың қандай жағдайда жұмыс істеп жүргенін жақсы білемін.Про-
блемалары да жеткілікті. Соның бірнешеуін, атап айтқанда, кәдімгі шахтердің басына қорғаныс үшін
киетін каскасы туралы мәселе көтердім. Біздің каскалар ескі. Сапасы нашар. Соны жетілдірудің уақыты
жеткенін айттым. Кеншілерді тамақтандыру мәселесі де сөз болды,-деді.
Батырдың жоғары үкімет деңгейінде көтерген бұл маңызды проблемалары көп ұзамай оң шешімін
тапты.
Жезқазған кен-металлургия комбинатының партия комитетінің сол кездегі хатшысы Кәкімбек Салықов,
Әубәкір Құсайынов туралы естелігінде былай дейді:
-Әубәкір өте қарапайым жан, онша ашылып сөйлей де қоймайды, ал отырыстарда, мәжілістерде
кеншілер проблемасы туралы сөз бола қалса ол тез жанданып, құлпырып кететін. Бірде комбинат ди-
ректорымен болған кездесуде Әубәкір кеншілер үшін коттедждерді көптеп салу жөнінде мәселе көтерді.
Ол өз сөзін түрлі дәлелдер келтіре айтты.
-Бізде бір коттедж салынса бастық кіреді. Құрметті адамдардың, зейнеткерлердің еңбегі бағалана
бермейді. Қаладағы көп қабатты үйлер- деді ол, қыста суық, жазда ыстық. Жұмыстан шаршап келген
жұмысшының дұрыстап тынығуына да мүмкіндік жоқ. Батыр кеншінің сөзін Виктор Васильевич зейін қоя
тыңдады. Бұл мәселені назарда ұстайтынын айтты. Ісі мен сөзінде алшақтық жоқ іскер басшының ара-
ласуымен көп ұзамай Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында бір қабатты коттедждер салына бастады.
Өзінің еселі еңбегімен, қарапайым мінезімен ел есінде қалған Социалистік Еңбек Ері Әубәкір
Құсайыновтың өнегелі ісі жезқазғандық кеншілердің кейінгі ұрпағына үлгі болары сөзсіз.
Сәтбаев қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.
14
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕКТЕ ЕСЕЙІП, БАТЫР АТАНДЫ
Федор Григорьевич Лукинскийді соңғы кездері Сәтбаев
қаласында өтетін әртүрлі мерекелік шараларда жиі кез-
дестірем. Жасы сексенге таяп қалса да ол әлі тың. Қашан
көрсең де ақжарқын жүзінен жылылық лебі есіп тұрады.
Бұл оның бойына туа бітті сіңген қасиет. Мен оны ши-
рек ғасырдан астам уақыт білемін. Ол туралы кезінде
телевизиялық очеркте дайындағанмын. Қазір қолымда сол
кезде пайдаланылған қойын кітапшам. Федор Григорьеви-
чпен интервью оның Жезқазған поселкесіндегі Жамбыл
көшесіндегі үйінде жүргізілген болатын. Осы материалды
сол қойын кітапшада жазылған мағлұматтарды пайдалана
отырып жазып отырмын.
Елдің солтүстігіндегі Архангельск Ломоносовтың Ота-
ны ретінде біздің есімізде сақталып қалыпты. Федор
Григорьевич Лукинский болса осы ұлы ғалым туған жер-
ден небәрі қырық шақырым қашықтықтағы Будрино дерев-
нясында 1927 жылы дүниеге келіпті. Бұл кез ел үшін де,
халық үшін де ең ауыр жылдар болатын. Кішкентай Федор
жастайынан шаруа еңбегін бағалап өсті. Буыны қатпай
соқа соңына тұрды. 15 жасқа толар толмаста Ұлы Отан
соғысы басталып, қолына балта алып соғыс қажетіне керек
Архангельскінің ну орманынан ағаш дайындауға қатысты.
1944 жылы Армия қатарына шақырылды. Запастағы отыз
үшінші атқыштар дивизиясының құрамында Карелия май-
данында болды. Бірақ, тура соғысқа қатыспағанымен
оның жауынгерлік жолы сегіз жылға созылды. Одақта оның бармаған жері жоқ. Эстонияда бандиттердің
жасақтарын жоюға қатысты, тұтқын немістерді күзетті. 1949 жылы Жезқазған лагерьлеріндегі
тұтқындарды күзетуге жіберіліп, олармен бірге забой астына да түсті. Жезқазғанмен осындай жағдайда
танысты. Бойында күш-қайраты тасыған, жүректе жастық жалын ойнаған жас жігіт Жезқазғанда қалып,
өзін кеншілік мамандықта сынап көруді ұйғарды. Бұған осында №31 шахтада медбибі болып істейтін
бойжеткеннің де әсері болмай қалған жоқ.
Сонымен Федор Лукинскийдің еңбек жолы №1 шахта құрылысы басқармасында басталды. Басқарма
кен қабатына жол салады, оқпандарды бекітеді. Бұл өте ауыр да қауіпті жұмыс. Альпинистер секілді бір
байламда болады. қатар тұрған екі адам бір-біріне жауапты. Бұл жұмыстың қыр-сырын алғашқы ұстазы,
бригадир Иван Николаевич Свищиннен үйренді. Ол: «Асықпа, жұмысты орында, бірақ, қасыңдағы
жұмыс істеп жатқан әріптесіңді көзден таса қылма,»-дейтін. Ұстазының осы сөзі оның есінде өмірлік
жатталып қалды.
1956жылы №31 шахтаға ауысып,проходкашы-бекітушілер бригадасына жетекші болып тағайындалды.
Федор Григорьевич орнықты, бір сөздің адамы. Осы бригаданы ол зейнеткерлікке шыққанша басқарды,
осы бригадамен еңбектің биік шыңына да көтерілді.
Әңгіме үстінде бастан өткерген небір қиын сәттер еске алынды:
«Ол кезде шахталарда қуатты техникалардың өндіріске енгізіліп жатқан кезі,-деп жалғастырды
әңгімесін одан әрі Федор Григорьевич. -Олардың жұмыс істеуі үшін жоғары вольтті электр желісі тарты-
луы керек және қуатты трансформатор жер астына түсірілуі қажет. Оны қосса еңбек өнімділігі үш есеге
дейін өспек. Трансформаторды оқпанмен төмен қарай түсіре бастадық. Алайда, ол орта жолда оқпанның
бекіткіштеріне тіреліп жүрмей қойды. Не істеу керек? Өмірге аса қауіпті болса да оны әрі қарай түсіру
үшін адам баруы керек. Игілікті іс үшін неге бармайсың. Техника қауіпсіздігі өрескел бұзылатындығына
қарамастан бір құдайға сыйынып, қолыма балтамды алып оқпанға түстім. Жібермей тұрған ағаш бекіт-
кіштерді жонып трансформатордың төмен қарай кедергісіз түсуіне жол салдым. Ол содан кейін қысқа
мерзімде монтаждалып іске қосылды. Кеніште кен өндіру еселеп артты.Сонда менің ісіме риза болған
учаске бастығы В. Зюзин: «Ерік менде болса саған батыр атағын, қолма-қол қазір-ақ берер едім - деді.
Оның айтқанынан не пайда, адам еңбекті батыр болу үшін істемейді. Құдай Зюзиннің аузына салған
шығар батыр атану үшін Лукинскийге әлі де ондаған жылдар бар еді. Осы жылдар ішінде кеншінің
тәжірибесі молайып, оның қол таңбасы қалған шахта оқпандары көбейе түсті. Соның бірі-Оңтүстік
Жезқазған руднигінің №44 шахтасы болатын. Оның жүк тасымалдайтын оқпанында трос үзіліп, скип
төмен қарай өте қатты жылдамдықпен құлағанда жолда талай нәрсені сындырып, инженерлік комму-
15
Кен өндірісінің қаһармандары
никацияларды істен шығарып кетті. Апатты жою үшін норма бойынша кем дегенде жарты ай керек.
Көмекке дер кезінде келген Ф.Г.Лукинский мен оның жігіттері жедел іске кірісті. Олар өздеріне жүктелген
жұмыстың аса жауапты екенін, оқпанның жұмыссыз тұрған әрбір минуты кәсіпорынға мыңдаған сом
шығын әкелетінін жақсы сезінді. Екі тәулік бойы оқпаннан шықпай күндіз-түні жұмыс істеді.Техникалық
міндеттерді творчестволықпен шешу зор септігін тигізді. Мұндай жетістіктер өздігінен келмейді,
тамақты да осында әкеліп беру ұйымдастырылды. Оларға тәжірибе, күш, ептілік, бригада мүшелерінің
ұйымшылдығының, ынтымақтаса еңбек етуінің, ата-бабадан келе жатқан қарапайым аспап-балтамен
жұмыс істеуді жете меңгеруінің арқасында қол жетті.
Федор Григорьевич оқпандарды бекітудің хас шебері деп толық айта аламыз, өйткені, ол бұл жұмысты
жете меңгерген жан. Оқпанды бекіту -бұл өте күрделі жұмыс. Солай бола тұрса да Лукинскийдің бри-
гадасы оқпандағы жұмыстарды ауысымаралық үзілістерде атқаруға тырысады. Ол үшін бригаданың
жұмыс кестесі де өзгерген, жұмыс таңертең сағат 5-те басталады. Бұдан олар пайда көріп отырған жоқ.
Тек олардың ұтқаны - кеншілердің уақытын үнемдеу, жүк тасқынын тоқтатпау. Бұл бастаманы ойлап
тапқан да Федор Григорьевич.
Кен өндірісін дамытуға, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жеткені, еңбектегі жанқиярлық ерлігі үшін
1966 жылы Ф.Г.Лукинскийге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
«Жоғары үкіметтік награда, бүкіл бригаданың,оның мүшелері В.Федоровтың, В.Чипорухиннің
С.Нечаевтың, В.Масленниковтың, А.Мирнюктің.П.Новосад секілді жігіттердің қажырлы еңбегінің
арқасы. Бұл осы жігіттермен қоян-қолтық еңбек етудің, бір-бірімізге қиын сәттерде көмек көрсетіп
жәрдемге келудің арқасында мүмкін болған зор жетістік. Жігіттерге әрқашанда рахметімді айтып оты-
рамын.Шахта астында жұмыс істеген қырық жылға жуық уақытта бригадамнан бірде-бір адам шығын
болған жоқ, ал өзім нақ үш адамның өмірін сақтап қалдым, Олар - Батыс Жезқазған руднигінің бас ин-
женері Прохасько, Саша Миринюк және Володя Комаров. Комаров осы күнге дейін мені «екінші әкем»
деп сыйлап жүреді»,- дейді батыр кенші.
Батыр кенші саналы ғұмырында қоғамдық жұмыстардан да қалып көрген жоқ. Ол Қазақстан
Компартиясының XIII съезінің делегаты облыстық және қалалық Советтердің депутаты болды. Қандай
қоғамдық жұмыстар атқармасын солардың бәрінде де Федор Григорьевич Лукинский кеншілердің және
Сәтбаев қаласының қарапайым халқының жырын жырлап, мұңын мұңдады. Жезқазғанның жер астында
маңдай терін аямай төгіп еңбек етіп ер атанған ардагер өмірі нағыз ер азаматтар таңдап алған шахтер
мамандығының иелеріне үлгі- өнеге.
Сәтбаев қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.
16
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕК ЕР АТАНДЫРДЫ
Кезінде жеті қат жер астындағы жұмыс орнында, облыс
орталығында өтетін жиналыстар мен әртүрлі салтанатты бас
қосуларда, сол секілді телестудияда хабар дайындау барысын-
да талай рет кездесіп, жүздескен Батыр ағамызбен Сәтбаев
қаласындағы үйінде жуырда тағы да жүздесіп, өткен- кеткенді
еске түсіріп, әңгімелесудің сәті түсті.
Өзінің ұзақ жыл еңбектес болған әріптестерін, жұмыс ба-
бында, қоғамдық жұмыстар атқарған кездерінде қызметтес
болған азаматтарды, басшыларды еске түсіргенде Демкең тап
қазір өзін солардың арасында отырғандай сезініп, ашық жүзі
арайлана, ажарлана түсті. Онымен бұған дейін де талай тіл-
дескенімізбен бүгінгідей ашылып сөйлегенін бірінші рет көріп
отырмын. Айтылмаған әңгімелер, шертілмеген сырлардың ти-
егі ағытылды:
-Қазақта «адам айдаса барма, дәм айдаса қалма» де-
ген жақсы бір нақыл сөз бар,-деп бастады әңгімесін Социа-
листік Еңбек Ері Демберген Баймағанбетов. -Мені Жезқазғанға
жастық шағымда дәм айдап келді. Олай дейтінім менің туған
жерім Қостанай облысының Семиозер ауданындағы Құсмұрын
елді мекені болатын. Заманның ең қиын кезінде, яғни қазақ
жеріне келген ашаршылықтың тұсында дүниеге келген менің
балалық шағым өте қиын өтті. Тұлдыр жетім өстім. Әкемнің
түр-түсінің қандай екенін білмеймін, шешемнің бейнесі де елес
секілді. Міне, осындай жетім шағымда Отан аялы алақанына
алды. Қамқор болды. Ешқандай кемдік көрмей жетілдім.
Ер жетіп, кәмелетке толған шағымда Совет Армиясы қатарына алындым. Отан алдындағы борышым-
ды өтеу кезінде ішкі істер армиясы кұрамында болып, Жезқазғанда түрмеде отырған тұтқындарды
күзетуге тура келді. Оларды таңертеңгілік сапқа тұрғызып шахтаға айдап апарып, кешке алып
қайтатынбыз. Шахта астына санап түсіріп, жұмыстан кейін санап түгендеп аламыз. Үш жыл 2 ай осылай
болды. Жезқазған мыс басқармасының директоры Виктор Васильевич Гурбаны мен ең алғаш рет осын-
да көрдім. Борышымызды өтеу мерзімі жақындағанда ол бөлімшеге келіп, казармада солдаттардың
алдында сөз сөйледі. Жезқазған кен орнының жайы, алдағы болашағы туралы тебірене әңгімеледі.
Сөзінің соңында Виктор Васильевич: «Бізде адам қолы жетіспейді, елімізге аса қажетті кен орнын игеру
сендердей жастардың күш- жігерін қажет етеді. Мүмкіндіктерің барларың бізде қалып жұмыс істеңдер.
Тұрмысқа қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз»,-деді. Жүзі жылыдан түңілме, -дейді біздің қазақ. Жүзі
жылы екен. Алғаш көргеннен-ақ ол бізге жақсы әсер қалдырды. Оның уәдесінде тұратынына біз сендік.
Сөйтіп, Шамиль Истаев, павлодарлық Яхия Құрманов, Леонид Тузов, Григорий Зубков деген төрт жігіт
осында жұмыс істеуге қалдық.
Сол уақыттарда №45 шахтаның бастығы Рүстем Дәуітов деген адамгершілігі мол, қарапайым, іс-
кер басшы болды. Ол бізді жылы қарсы алып, жұмысқа қабылдады. Мен екі жыл дәрі аттырушының
үйренушісі болдым, содан кейін жаңа бригадаға ауыстым.
Менің ұстазым әрі бригадиріміз Николай Яковлевич Сидоренко деген кісі болды. Алтын адам еді.
Маған өзінің туған баласындай қамқорлық жасады. Өзі білгеннің бәрін маған үйретті. Менде үйренуден
жалықпадым. Он үш жыл ескі технологияда ПР-24 қол бұрғысымен жұмыс істедім. Онымен жұмыс істеу
қандай қиын екендігін сол кезде істеген бұрғышылар өте жақсы біледі.
Әскерден босап, шахтаның астына жұмысқа түскенде үш жыл бойы өзім алдыма салып айдап
жүрген тұтқындардың кейбіреулерімен атап айтқанда: Степан Клим, Михайл Донец деген жігіттермен
жұмыс істеуге тура келді. Шынын айту керек алғашында қорқақтап жүрдім. Осыны сезді ме қайдам, бір
күні М.Донец: «Димка, сен қорықпа, сен бізді қойдай алдыңа салып айдағанға кінәлі емессің. Сен өз
міндетіңді атқардың,»-деді. Осыдан кейін мен олардан қорықпайтын болдым.Келе-келе достасып кет-
тік. .Жалпы жаман жігіттер емес еді. Степан түрмеден босағаннан кейін еліне кетті, ал Михайл үйленді,
кейін осы жерде қайтыс болды. Міне, өмір бірде алдын береді, бірде артын-береді деген осы.
1967 жылы Николай Сидоренко жаңа технологиямен жұмыс істейтін бригадаға ауысты. Кеншілердің
бәрі де жаңа техниканы меңгеріп, жаңа технологиямен жұмыс істегісі келді. Қазір Шығыс Жезқазған
кеніші №57 шахтасының алдында постаментте тұрған СБУ-2 бұрғылау кареткасы және басқа да техни-
калар сол кезде өндіріске келген болатын. Мен ұстазымның орнына бригадаға жетекші болып қалдым.
Кен өндірісінің қаһармандары
Негізін Николай Яковлевич құрған бригада көп ұлтты болатын әрі ұйымшыл еді. Мен ең алғаш рет Еңбек
Қызыл Ту орденін алғанымда бәрі де мен үшін шексіз қуанған еді».
Жетім өскен адамның бауырмал болатыны белгілі емес пе, еңбек ардагері де өзінің бригадасындағы
жігіттердің әрқайсысын өзінің бауырындай жақсы көрді. Бригадасы туралы ұзақ әңгімелеуден жалығатын
түрі жоқ әрі мақтанышпен айтқанда, осы ағамыздың өзі қартайғанда мақтаншақ болған ба?- деп те
сезіктенесің. Шынында, ол мақтанбағанда кім мақтанады. Бригаданың табысымен мақтанады. Демберген
Баймағанбетов басқарған забойшылар бригадасы СССР түсті металлургия министрлігі кәсіпорындары
арасындағы социалистік жарыста алда болды. Оның жетістіктері бүкіл елге тарап, даңқы шықты. Брига-
да көптеген тың бастамалардың инициаторы болды. Соның бірі: «,Жарақатсыз және апатсыз жұмыс іс-
тейік». Бастаманы СССР-дің барлық тау-кен өндірісі саласының ұжымдары қолдады. Бұл құр сөз емес,
іс жүзінде солай болды да. Демкең 34 жыл бригадаға жетекшілік еткенде ұжымда бірде-бір рет апаттық
жағдай болып, бір адам жарақат алып көрген жоқ.Мұндай жағдай өздігінен келген жоқ. Бұл бригада
жетекшісінің тынымсыз еңбегінің, шахтаға жаңа келген жас кеншілермен техника қауіпсіздігі жөнінде
тұрақты түрде жұмыс жүргізуінің нәтижесі.
«Мен,-дейді ардагер,- жаңадан келгендерге, сендер « жоспар- жоспар» деп жоспар үшін, артық шпур
үшін жанталаспаңдар. Забойға келгенде ең бірінші шаруаң өзіңді- өзің қауіпсіздендіріп алу, забойдың
ішін, төбесін мұқият тексеру. Бұл сенің де, сенен кейінгі келетін жігіттердің де қауіпсіздігінің, өнімді
еңбегінің кепілі»,-деп ақылымды айтып отырдым, техника қауіпсіздігін қатаң талап еттім.
Жетпісінші жылдары "Еңбек Қызыл Ту" және "Ленин" орденді кенші Демберген Баймағанбетовтың
бригадасы тағы бір бастама көтерді. Кеншілер көтерген «Айына бір күн үнемделген материалдармен
жұмыс істейік» бастамасы да өз қолдаушыларын тапты. Тәжірибелі бригадирдің жұмысты ұтымды
ұйымдастыруының нәтижесінде берген уәде ай сайын орындалып отырды.
-1972 жылы Шығыс Жезқазған кенішінің Роман Расновский басқаратын жаңа техникамен жұмыс
істеуші забойшылар бригадасы «Тәулігіне 1000 тонна мыс өндірейік» деген бастама көтерді. Оны
Жезқазған кен- металлургия комбинатының барлық кеніштерінің ұжымдары қызу қолдады. Жаңа бас-
таманы қолдап, тәулігіне 1000 тоннадан кен өндірушілер саны күн санап өсе түсті. Осындай тың бас-
тамаларды жаны сүйетін рудник директоры Қайролла Канафин бір күні Оңтүстік кеніштің забойшылар
бригадасының жетекшілерін жинап алып, тәжірибе алмасу үшін Р.Расновскийдің бригадасына апарды.
Мыңшылар бригадасының техникасында, еңбек ұйымдастыруында ешқандай ерекшелік, айырмашылық
байқалмайды. Бәрі өзіміздегідей. Осыны байқаған Қайрекең: «Жігіттер, мына техника бізде де бар. Ал
жұмысты бұлардан кем істемейсіңдер. Сонда тәулігіне мың тонна кен өндіру қолдарыңнан келмей ме?-
бұл бізді қайрағаны.- Мүмкіндікті жасаймыз. Не істейміз?»-деді.
Содан бұл бастаманы біз де қолдап кеттік,»-деп еске алады Батыр ағамыз сол бір тынымсыз да қызық
кезеңді. Бригада жұмысын жаңаша ұйымдастырдым. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, техниканың
ақауланып тұрып қалуын болдырмау, бригада мүшелерінің аралас мамандықтарды игеруін қолға ал-
дым.Көп ұзамай біздің бригада да тәулігіне мың тоннадан астам кен өндіру көрсеткішіне қол жеткізді.
Уақыт өте келе бұл бригаданың тұрақты көрсеткішіне айналды. Тоғызыншы бесжылдықтың
соңғы жылының өзінде ғана жоспардан тыс 41 мың тонна кен өндірілді. Бесжылдықтың басындағы
көрсеткіштермен салыстырғанда еңбек өнімділігі 69 пайызға артты. Осындай жоғары көрсеткіштерге
жеткен бригада жетекшісінің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Демберген Баймағанбетовке СССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Указымен 1976 жылдың наурызында Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Сөз арасында мен:
-Ағасы, қазақ жұмыс үшін туған жерін тастап, мынандай қу далада қалмас болар, одан да басқа се-
беп болды-ау осы,-деп әзілдеп едім, ақкөңіл ағамыз аңқылдап:
-Сендердің де білмейтіндерің жоқ екен, оны қайдан сездің, шынында мені осы жерге қазыққа
байлағандай етіп байлап тастаған найман атаның Анаркүл деген қызы ғой. Оны алғашқы көргеннен
ұнатып қалдым. Мен жұмысшыларды апаратын №45 шахтада жұмыс істейді екен. Содан бері жарты
ғасыр болды жұбымыз жазылмай бірге келеміз. Он бала тәрбиелеп өсірдік. Әйелім Батыр ана. Бір үйден
екі адам бір жылда Батыр атандық. Бұған қалай таңданбассың. Тағдыр деген осы. Кешегі киерге киімі,
ішерге асы болмай жүрген тұл жетім Совет үкіметінің қамқорлығы мен еселі еңбегінің арқасында ел
қатарына қосылып, Еңбек Ері атанды.
Демкеңнің 1982 жылы өзі сұранып рудниктегі артта қалған бригадаға жетекші болып барғаны әлі
есімізде. Ширек ғасырдан астам жер астында еңбек еткен адам құрметті демалысқа да шығуына бола-
тын еді, оның үстіне атақты кеншіні жасың келді, орынды босат деген де ешкім болған жоқ.
-Сонда сіз неге озат бригадаңызды тастап, артта қалған ұжымды басқаруға бардыңыз? Осыған сол
кезде көп адам таңданып еді, осы жай есіңізде ме?
-Әрине, есімде. Мен елдің өткен тарихын жақсы білемін, өз елімнің патриотымын. Алда стахановтық
қозғалыстың 50 жылдығы келе жатты. Сондықтан сол бабалар дәстүрін одан әрі жалғастырғым келді. Өз
бригадаммен оза шаппай артта қалушыларды да қатарға қосқым келді.Көп қиналдым.Жұмыс уақытын
18
Кен өндірісінің қаһармандары
қалай пайдаланамыз, әр адамға шаққанда өнім көрсеткіші қандай, міне, осыларды білу үшін рудниктің
еңбек және жалақы бөлімінен комиссия да шақырттым. Оның қорытындысымен бригададағы кеншілер-
ді таныстырғанда көп кемшілік жіберіп жүргендерін олар жақсы түсінді. Еңбекақыны әр жұмысшының
еңбекке қатысу коэффициенті бойынша төлеу әдісін енгіздік. Жұмыс уақытын тиімді пайдалануға күш
салдық. Бұл жұмыстардың бәріне бригада түсіністікпен қарады. Жұмыс та жүре бастады, осыған байла-
нысты еңбекақы да жоғарылады. Екі-үш жылдың шамасында бригадаға тағылған «артта қалушылар»
деген атақ мүлдем қалды.Ең бастысы кеншілер өз күшіне өздері сенді.
Демберген Оңтүстік Жезқазған кенішінде еңбек еткен 42 жылда өз ісіне ондаған жасты тәрбилеп
шығарды. Оның шәкірттері Камаев Алексей, Багаев Иван, Айдабеков Дүйсен забойшылар бригадала-
рына жетекшілік етіп, озаттар көшін бастады. Шахтада ұстаздық етіп жинаған тәжірибесі Жезқазған Кен-
металлургия комбинаты директорының бұйрығымен Сәтбаев қаласындағы №1 училищеге шебер-ұстаз
болып барғанда көп пайдасын тигізді. Жетімдіктің дәмін татып өскен Демкең жас шәкірттер тәрбиесіне,
олардың училищеде алған білімін өндірісте біліктілікпен ұштастыруына аса ыждаһаттылықпен көңіл
бөлді. Кенші мамандығының қыр-сырын жетік меңгеруіне атсалысты.
Социалистік Еңбек Ері, жастардың ұлағатты ұстазы Демберген Баймағанбетов өзіне лайықты ізба-
сарлар дайындады. Бүгінде Демкеңнің бес ұлы Оңтүстік Жезқазған кенішінде жемісті еңбек етіп, әке
дәстүрін лайықты жалғастыруда.
Жезқазған-Сәтбаев, тамыз, 2006 жыл
19
Кен өндірісінің қаһармандары
ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ БОРЫШЫ САНАДЫ
Еліне есімі кеңінен танымал азамат Ғазиз
Омарұлы Омаров саналы ғұмырының алпыс
жылын көне Сарыарқаның сары алтындай
сары мысын өндіріп, халық игілігіне жаратуға
өзінің күш—жігерін, қайраты мен білімін ая-
май жұмсаған жан. Оның адами қасиетінің
ең биік шыңы мен шындығы-халқына қызмет
етуді әрқашанда өзінің азаматтық борышы
деп санауында жатыр. Ғазекең туралы соңғы
кездерде баспасөз беттерінде өте көп жазы-
лып жүр. Мұнымен бірге қызметтес болған
әріптестері, туыстары мен шәкірттерінің
естелік кітабы да жарық көрді. Ол тура-
лы қанша жазса да артық емес. Жарқын
бейнесі жадымызда жатталып қалған осы
асыл ағамызды мен жақсы білемін деп толық айта аламын. Ол кісі Жезқазған шахтапроходка тресінің
басқарушысы болып қызмет істеп жүрген кезінде қызмет бабында соғып, хабарларымызға қатыстырып
талай сұбхаттасқанбыз. Осындай жылы кездесулердің бірі Ғазиз ағамыздың 70 жылдық мерейтойы
қарсаңында өтті. Жезқазған қаласындағы Ә.Өмірәлин көшесіндегі үйіне телестудияның шығармашылық
тобын бастап барып, біршама уақыт ол кісімен әңгімелескенім бүгінгідей есімде. Сол күні қойын дәптеріме
жазылып қалған мағлұматтарды пайдалана отырып осы материалды жазып отырмын. Бұл мақалада
мен тыңнан ештеңе қоса қоймаспын, солай бола тұрса да ағамызды бір сәт еске алғанның ешқандай да
артықтығы болмас деп ойлаймын.
Жетпіске келіп қалсада әлі қайратты, орта бойлы, зор денелі ағамыз, жанарын микрофонға тік қадап,
биязы, жұмсақ үнмен өзінің өмір тарихын бастап кетті.
Қаракеңгір өзенінің бержақ қапталында жатқан Қыпшақбай, Итауыз, Сарыоба, Жыланды Ғазекеңнің
ата-бабалары жайлаған, кіндік қаны тамған құт мекен. Өткен ғасырдың бас кезінде Жезқазған кен орын-
дарына шетелдік миссионерлер иелік етіп, мыс өндіре бастағанда Ғазиздің әкесі Омар да күнкөріс үшін
ағылшындарға қызмет істеп, мыс рудасын көпшілікпен бірге маңдайындағы жалғыз түйесімен Жоса-
лы станциясына тасыды. Ауылда өскен Ғазизді алты жасқа толғанда әкесі Рудниктегі туыстарының
үйіне жатқызып, қазақ мектебінің бірінші класына оқуға береді. Бала мектепте зор ынта танытып, жақсы
оқиды. Жас күнінен жазғы демалысқа ауылға барғанда шаруашылыққа қолғабыс тигізіп, соңына ерген
інілеріне қамқорлық жасауды әдетке айналдырды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Сол кезде онымен бірге оқыған жасы он сегізге толған ба-
лаларды әскерге шақырып, майданға аттандырды. Оқитын бала қалмағандықтан Ғазиз оқыған класты
жауып, оған орыс мектебіне ауысуды ұсынады. Келер жылы онжылдықты бітірген ол №31 шахтаға нор-
мировщик болып орналасады. Көкірегі ояу, көзі ашық жігіт бұл мамандықты тез игеріп әкетеді.
Кезінде осы өңірдің асты-үстін зерттеп, барлау жұмыстарын жүргізген жас геолог Қаныш Сәтбаев
Омар ақсақалдың үйінде жиі болатын. Ескі достардай болып кеткен Омекең мен Қаныш өткен-кеткен та-
рихтан сыр шертісіп, ұзақ әңгімелесетін. Әңгіме үстінде Қаныш-Жезқазган өңірі кенге бай, келешегі зор,
оны игеретін де жастар болады, сондықтан Ғазиз жоғарғы оқу орнына баруы керек деп кеңес береді.
Туғандай болып кеткен жанашыр жанның сөзі түрткі болып Ғазиз екі жылға жуық шахтада жұмыс істе-
геннен кейін өзімен кластас Темеш Садуақасов екеуі Алматыға кетіп, Қазақ тау-кен металлургия инсти-
тутына оқуға түседі.Оқуды жақсы оқып, қызыл диплом алып елге оралған Ғазекең Жезқазған өңіріндегі,
оның ішінде Айранбай әулетінің ішіндегі алғашқы жоғары білімді тұңғыш инженер еді. Келген бетте ол
өзі еңбек жолын бастаған №31 шахтаға қайта оралып, кен шебері, көп ұзамай бас инженер, шахта
бастығы болады. Кейін №42—47 шахтаның, шахта құрылысы басқармасының бастығы бола жүріп кенші
еңбегінің сырын жете зерделеп, тәжірибе жинақтады, туған өлкесінің қарыштап өскен өндірісін одан әрі
дамытып, түлетуге бар күш-жігерін, жастық жалынын арнады.
Оның басшы және кен ісінің шебері ретіндегі ерекше қасиеті мен таланты 1962 жылы Жезқазған кен
басқармасының директоры болып тағайындалғанда кеңінен ашыла түсті. Басқарма құрамына барлық
кен өндіру кәсіпорындары еніп, жұмыс ауқымы кеңейе түскен еді. Осы кезде Советтер Одағында тұңғыш
рет Ғазиз Омаровтың басшылығымен №44, №45, №51 шахталарда өздігінен жүретін кен техникала-
рын сынақтан өткізу—тәжірибелік учаскелері ұйымдастырылды. Үкімет басқарма алдына Жезқазған
кен—металлургия комбинатының қуатын арттырып, Жезқазған мысын молынан өндіру міндетін қойды.
Бұл жоғары талап биігінен көріну үшін ең алдымен жаңа шахталар салуды тездету және оның салыну
20
Кен өндірісінің қаһармандары
мерзімін қысқарту қажет болды. Шахтасалушылар күрделі тау—кен кешені жұмыстарын атқарумен бірге
жерасты жабдықтарын монтаждау және коммуникацияларын қоса жүргізуге тиісті еді. Осындай күрделі
міндеттерді шешу үшін 1966 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің шешімімен екі шахта құрылысы
басқармасының негізінде Жезқазған шахтопроходка тресі құрылды.Трест басқарушысы болып өндірістік,
басшылық тәжірибесі мол инженер Ғазиз Омарұлы Омаров тағайындалды.
Трест ұжымы шахта салудың соны жетістіктерін қысқа мерзімде меңгеріп, Советтер Одағындағы
ең озық коллективтердің біріне айналды және Қазақстан индустриясының даму тарихында айшықты
із қалдырды. Оның басқарушысы 30 жылдан астам уақыт бойы есімі елімізге кеңінен танымал басшы,
Социалистік Еңбек Ері, Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры Виктор Васильевич Гур-
бамен қоян қолтық жұмыс істеді. Өлкеміздің кен өнеркәсібін дамытудын екі бірдей алыбы бір мезгілде
СССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атанды.
Ғ.Омаровтың басшылығымен және тікелей қатысуымен №55, №57, №65 алып шахталар іске қосылып,
Ақши Спасск карьері, Анненск кеніші және №67 шахтаның құрылысы басталды. Жезқазған шахталарын-
да көлбеу проходка жүргізуде рекордтық көрсеткіштердің дүниеге келу кезеңі де осы уақыт еді.
Есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылып қалған абзал ағаның Отан алдындағы сіңірген
еңбегі лайықты бағасын алды. Оған "Социалистік Еңбек Ері" атағы берілді, екі рет Отанымыздың ең
жоғары наградасы Ленин және "Еңбек қызыл Ту" ордендерімен, 1998 жылы Тәуелсіз Қазақстанның
«Құрмет» орденімен наградталды.
СССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты. «Өлді деуге бола ма, артына өшпестей із қалдырған»—
демекші, артына өшпестей із қалдырған Ғазиз ағаның есімі ұрпақтар есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Осы
бағыттағы игі жұмыстардың бірі ол жиырма жылдан астам басқарған Жезқазған шахтопроходка тресіне,
Жезқазған қаласындағы сәулетті көшелердің біріне есімінің берілуі деп білеміз.
Жезқазған, 2005 жыл, қазан.
21
Кен өндірісінің қаһармандары
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ
Қарт Ұлытау баурайында кіндік қаны тамып, өмірдегі еңбек
жолын қара шаңырақ Қарсақбайда жұмысшыдан бастаған,
кейіннен есімі еліне кеңінен танымал болған тау-кен инже-
нері Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыров туралы материал-
ды әзірлеу барысында техника ғылымының докторы Марат
Ескендірұлы Жәркеновпен кездескенде Мәкең:
«Өмекең ағамызбен мен қызмет бабында талай кездесіп,
көзін көріп, бетпе-бет тілдескенмін, ақылшы-ұстазым деп са-
найтын адамым. Ол кісі туралы қанша айтса да көп болмай-
ды. Бұл жөнінде мен сізге қол ұшын беруге әзірмін. Жуырда
ғана мына бір материалды естелік ретінде жазып едім. Осыны
негізге алып пайдалануыңа болар деп ойлаймын,»-деді. Мен
қуана - қуана қарсы алдым. Төменде Марат Іскендірұлының
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген естелігінен
үзіндіні оқырманға ұсынып отырмыз.
Ұлы даланың Ұлытауы және Жезқазғаны жер қойнауының
пайдалы қазбаларымен ғана емес сол жерден шыққан, еңбек
еткен ғұлама ғалым мамандарымен де бүкіл елімізге белгілі.
Үлкен Жезқазғанның өмірге келуі мен өркен жаюының
негізін салушы шын мәнінде академик Қ.И.Сәтбаев болса,
Қазақстан экономикасының бел омыртқасы, дамуының басты
факторларының бірі болып саналатын өнеркәсіптің кен-метал-
лургия саласын одан әрі дамытып жетілдіруде, жоғары кәсіби мамандар дайындауда көп еңбек сіңірген
адам-академик Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыров ағамыз еді.
Үлкен талант, творчестволық өмір иесі, республика ғана емес, бұрынғы СССР жұртшылығына танымал,
көрнекті қоғам қайраткері Өмірхан аға киелі, қасиетті жер, елдің басын қосып бәтуаласқан аруақты Ұлытау
баурайында 1912 жылы дүниеге келген. Сол жерде өсіп, ержетті, ат жалын тартып өмірге қадам басты.
Өзінің еңбек жолын Ө.Байқоңыров Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген қазақ өнеркәсібінің
тұңғышы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жұмысшы болып бастады.
Сол заводтың жанындағы фабрика-завод училищесін бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев басқаратын
геологиялық партияда жұмысын геолог-коллектор болып жалғастырды. Өз ісіне ұқыпты, өте жауапты,
ізденімпаз, сергек жасты байқаған ғұлама ғалым Қанекең оған білімін жалғастырып, жоғары оқу орнына
түсуіне жолдама берді.
Қазақ кен-металлургия институтын 1940 жылы бітіріп кен инженері мамандығын алғаннан кейін
Өмірхан Аймағанбетұлы 12 жылдан астам уақыт Жезқазған кен-металлургия комбинатының кені-
штерінде әртүрлі инженер-техникалық қызметтер атқарды. Осы қызметте жүріп ол өндіріске көптеген
өнертапқыштық ұсыныстар енгізген жаңашыл кен инженері бола білді. Қазіргі уақытқа дейін Жезқазған
кеніштерінің кен мамандары, инженерлері Ө.Байқоңыров ұсынған өте тиімді оздыра бұрғылау әдісімен
кен өндіру жүйесін еске алып, айтып жүреді. Бұл жүйе Жезқазған шахталарында кеңінен пайдаланылып
кеншілердің еңбек өнімділігін екі есеге жуық арттыруына, кен өндірудің өзіндік құнын едәуір төмендетуге
мүмкіндік берді.
Жезқазған кеніштерінде жұмыс істей жүріп Ө.А.Байқоңыров ғылыми ізденістермен де кеңінен айна-
лысты. Кен өндіру ісін жетілдіруге ұсынған көптеген жаңалықтары негізінде А.С.Поповтың жетекшілік
етуімен ол 1951 жылы ғылым кандидаты диссертациясын ойдағыдай қорғады,
Осыдан бір жыл өткен соң техника ғылымдарының кандидаты Ө.Байқоңыров қазақ кен металлур-
гия институтының директоры қызметіне тағайындалды. Өндірістік бай тәжірибе мен ғылымды оңтайлы
ұштастыра білген ағамыз бұл жауапты жаңа қызметін де жемісті атқарды.
Осы жылдары өндіріске аса қажетті инженер кадрларын даярлайтын кен-металлургия институты
еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналды, жоғары деңгейдегі ғылыми-педагогикалық
кадрлары көбейіп, материалдық-техникалық базасы нығайды. 1960 жылы кен-металлургия институты
қазақтың политехникалық институты болып қайта құрылды.
Ғылымға сіңірген еңбегін ескере отырып және академик Қ.И.Сәтбаевтың ұсынуымен Ө.Байқоңыров
1962 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының толық мүшесі және бас ғылыми хатшысы болып сайлан-
ды. Қ.И.Сәтбаев қайтыс болғаннан кейін академик Ө.Байқоңыровты басшылар Ғылым Академиясынан
кетуге мәжбүр етті, сөйтіп ол педагогикалық-ұстаздық жұмысқа қайта оралды. 1964 жылдан өмірінің
соңына дейін қазақ политехникалық институтының пайдалы қазбаларды өндірудің технологиясы және
кешенді механизациясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
22
Кен өндірісінің қаһармандары
Көрнекті өнеркәсіп басшысы, ғұлама ғалым тәрбиені, оқу-білімді және ғылымды ұштастырған тама-
ша ұстаз еді. Академик Ө.Байқоңыров 400-ден астам ғылыми еңбектер мен жаңалықтардың авторы.
Алматының және Мәскеудің жетекші ғылыми баспаларында академиктің 12 монографиясы, үш жүзден
астам ғылыми мақалалары жарық көрді.
Ө.Байқоңыровтың жерасты қазба әдістерін таңдауға және жіктеуге, жерасты кеңістіктерін тол-
тыру технологиясына, геофизика әдістерін кен ісінде пайдалануға, қазба жұмыстарын кешенді
механикаландыруға және тағы басқа проблемаларға арналған монографиялары кен инженерлері
мен студенттердің столүстілік кітаптарына айналды. Қазақстан және бұрынғы Одақ бойынша ол өзінің
ғылыми бағытын, мектебін жасады, елуден артық ғылым докторларын, кандидаттарын дайындады.
Қазақстанның көптеген кен өндіру кәсіпорындарында, ғылыми-оқу мекемелерінде Ө.Байқоңыровтың
шәкірттерін көптеп кездестіруге болады. Олардың қатарында техника ғылымдарының докторлары
Филимонов А.Т., Ермеков Т.,Бөкейханов Д., Битембаев М.,Крупник Л., Рыскелдинов Б., Әуезов М., тех-
ника ғылымдарының кандидаттары Нұғыманов К., Еділбаев И., Ешпанов Д., Асатов С, Саитов Ж., Ин-
кельс Е., Шериев А., Жанұзақов И., және тағы басқалар бар.
Қарапайым жұмысшыдан академикке дейінгі өмір жолынан өткен ол әлем таныған ғұлама ғалым
Қаныш Сәтбаевтың шәкірті әрі ізбасары бола білді. Аққан жұлдыздай жарқырап із қалдырған Өмірхан
ағамыздың өзі арамызда болмағанымен, ол саналы ғұмырын арнаған кен-металлургия саласында
ғылыми жаңалықтары, ізгі ісі, сол ізгілікті істерді жалғастырушы шәкірттері қалды.
Академик Ө.Байқоңыровтың ғылыми мұраларына көз жіберсек біраз жайларға қаныққандай боламыз.
Жезқазғанда 1961 жылы наурыз айында Қ.И.Сәтбаев басқарған Қазақстан Ғылым Академиясы мен
Геопогия Министрлігінің бірлескен көшпелі ғылыми сессиясы өткізіліп, онда Ортапық Қазақстан өнеркәсіп
аймағының өндірістік күштерін өркендету мәселелері жан-жақты сөз болды. Оған сол кездегі СССР-дің
жүзге тарта жетекші ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарының мамандары, ғалымдары
қатысып үлкен Жезқазғанның өркендеуі жолындағы негізгі міндеттер төңірегіндегі мәселелер бойынша
жан-жақты әңгіме қозғалды.
Сессияда сөз алған Өмірхан Аймағанбетұлы кенді тиімді де қалдықсыз кешенді игеру жолында жаңа
технологияларды, тиімділігі, өнімділігі жоғары машиналарды кен өндіру саласында кеңінен пайдалану
уақытының жеткенін айтты. Өндірісте ғылым мен техниканың жаңалықтарынсыз-ақ, тек ағымды жоспар-
ды орындаса жетеді деген жаңсақ пікірдің қалыптасуына болмайтындығына тоқталды.
Үлкен Жезқазғанды өркендету бағдарламасын жасаған осы сессияның шешімі Жезқазған кен-метал-
лургия комбинатының ғылыми және өндірістік базасының шапшаң дамуына негіз қалады. Бұл комбинат
арада ширек ғасыр өткен соң еліміздің аса ірі ғылыми-өндірістік бірлестігіне айналды. Оның құрамында
1970 жылы құрылған Түсті металлургияның ғылыми-зерттеу институты «ЖезқазғанНИПИцветмет»
те бар еді. Институт құрылған кезде оған келген маман-кадрлардың дені сол Жезқазған шахталары
мен кеніштерінде, фабрикаларында қызмет істеген азаматтар болатын. Олар өндірісте мол тәжірибе
жинақтаған, ғылымға деген ынтасы жоғары инженерлер еді. Сол институт ашылған жылы мұнда
жалғыз-ақ ғылым кандидаты болатын. Ол алпысыншы жылдардың орта шенінде өндірістен қол үзбей
жүріп ғылыми диссертация қорғаған Өсер Иманғалиұлы еді. Содан кейінгі бес жылға жуық уақыт ішінде
институттың ұжымынан 20-ға жуық адам диссертация қорғап, ғылым кандидаты атағын алды.
Ол кезде Өмірхан Аймағанбетұлының Жезқазған кеніштерінің мәселелерімен ғылыми тұрғыда жан-
жақты айналысып жүрген кезі. Өзі Алматыда тұрса да кенді өлкеде жиі болатын. Жоғарыда айтылған
жиырмаға жуық кандидаттың жартысына жуығына ғылыми жетекшілік еткен, қамқорлық жасаған да осы
академик ағамыз болатын.
1972 жылы Ө.Байқоңыров Жезқазғанға келген сапарында мен басқарып отырған ғылыми-зерттеу
институтына келіп, оның жұмысымен танысып, мамандармен кездесіп, кейбір ғылыми-практикалық
мәселелерді талдап, пікір алмасты. Мен ол кісінің алдында ғылыми ізденіс кезінде табылған химиялық
полимер көпіршіктер жайлы, оны тау-кен өндірісінде бұрғылау-уаттыру жұмыстарында қолданудың жол-
дары жөніндегі ойларымды баяндап бердім. Менің сөзімді асықпай, мұқият тыңдады ғалым ағамыз.
-Марат,- деді бір кезде ол, айтып тұрғаныңның бәрі жөн, бұл дегенің екі ғылымның-тау-кен мен
органикалық химияның түйіскен жерінде шыққан жаңалық. Ауқымы үлкен жұмыс, бір лабораторияның,
жалғыз адамның ғана ісі емес. Осы проблеманы жан-жақты зерттеп, үлкен ғылыми-практикалық
нәтижелер, жаңалықтар алуға болады, жұмысыңды әрі қарай жалғастыра бер.
Сол күні Өмекең мені өндірістен қол үзбей жүріп ғылыми ізденістерін жалғастыратын сырттай оқитын
аспирантураға өзіне аспирант етіп алуға келісімін берді. Атқарып жүрген жұмысыма ғұлама ғалымның
берген биік бағасы мені қанаттандырып жіберді. Ғылыми ізденіске шұғыл кірісіп кеттім. Арада бір жыл
өткен соң академикке жұмысымды апарып көрсеттім.Қорғаудың алдында Өмекең менің ғылыми дис-
сертациямды мұқият зерделеп қарап шықты.Ол кісінің ғылыми еңбекті талдап, қарап шығу әдісі тіпті
ерекше еді. Диссертацияны басынан аяғына дейін өзіме дауыстап оқытты. Арасында сын-ескертпе-
лерін де айтып қояды. Қай бөліміне, қай сөйлеміне баса мән беріп, назар аудару керектігіне тоқталады.
23
Кен өндірісінің қаһармандары
Ақыры, 1974 жылы Алматыда еңбегімді абыроймен қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесіне ие болдым. Үлкен ғалымның айтқаны келіп, мен қорғаған тақырып төңірегінде кейіннен
оншақты ғылым кандидаттары, үш ғылым докторы диссертация қорғады. Олар жезқазғандық Мұхамбет
Сатов, Қырғызстаннан В.И.Нифадьев және Н.М.Калинина.
Міне, мұның өзі ғалым ағамыздың ғылым саласындағы соны жаңалықтарды жете сезіне, түйсіне
білетінінің айқын дәлелі деп есептеймін. Келтірілген мысалдар академик Өмірхан Аймағанбетұлының
инженерлік, ғылыми, ұстаздық ұшан-теңіз қызметінің аздаған көріністері ғана деуге болады.
Орасан зор ағартушылық, ғылыми еңбегімен ата жұртының шаңырағының биік болуына зор үлес
қосқан академик Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыровтың артында Қазақстанның өнеркәсібі мен
ғылымының, білімінің тарихында мәңгілік орны қалды. Ұлы Абай айтқандай, жақсының аты, ғалымның
хаты өлмейді деген осы.
М.Жәркенов,
техника ғылымдарының докторы.
Алматы қаласы, 2005 жыл, тамыз.
24
Кен өндірісінің қаһармандары
БІЛІКТІ ИНЖЕНЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Темеш Садуақасұлы Жезқазған өнеркәсіп ауданының дамуы
кезінде оның бастауында тұрған ірі тұлғалардың бірі.
Кешегі өткен дәуірде Темештің әкесі Жезқазған шахталарында
ағылшындарға жалданып жұмыс істеді. Кейіннен совет үкіметі кел-
геннен кейін де ол бұл жұмысты тастаған жоқ. Жұмыс ауыр болды.
Әкесінің қандай жағдайда жұмыс істегенін жас бала Темеш көріп өсті.
Тумысында зерек баланы ата-анасы оқытып, білім беруге тырысты.
Рудник поселкесінде орта мектепті бітірер-бітірместе кенеттен ала-
пат соғыс басталды. Байтал түгіл бас қайғы болып тұрған заманда
Темеш 17 жасында №12 шахтаға нормировщик болып жұмысқа ор-
наласады. Оның міндеті кеншілер өндірген руданы өлшеп, күнделікті
есебін жүргізу. Күніне шахтаның талай штректерін аралайды. Талай
адамдармен кездеседі. Осы тұста ол шахта астындағы жұмыстың
қандай екенін көзімен көрді. Кеншілердің негізгі құралдары қайла,
сүймен, күрек болды. Шахталар аласа, забойлары тар, астына
ағаш баспалдақтармен түседі. Кен тиелген вагондарды откатчик-
тер қолмен итеріп сыртқа шығаратын жерге апарады. Соғыс беті
қайтып, жау ел шекарасынан қуылған кезде жасынан оқуға ынтық
Темеш Алматыға барып қазақтың тау металлургия институтына
оқуға түседі. Оны 1949 жылы бітіріп, кен инженері мамандығын алып
шыққан жас жігіт институттың жолдамасымен Жезқазғанға қайтып
оралып, Жезқазған кен басқармасының №12 шахтасына ауысым бастығы болып жұмысқа орналаса-
ды. Болашағынан үміт күттірер білікті инженер өзінің білімдарлығы, жұмысшылармен тіл табыса білуі,
шебер ұйымдастырушылығының арқасында шахтаның бас инженері, шахта бастығы қызметіне дейін
көтеріледі. Осы кезде Жезқазған мыс басқармасының кәсіпорындарында жаңа шахталар салына бас-
тайды, жерасты жұмыстарын жеңілдету мақсатында өндіріске жаңа технологияны енгізу жұмыстары
қолға алынады. Темеш Садуақасұлы осы жұмыстардың бел ортасында жүріп, институтта алған білімін
өндіріспен ұштастырады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, қабілетті жігіт 1957 жылы партия жұмысына
жоғарылатылып, Жезқазған қалалық партия комитетінің екінші секретары болып сайланды.
Мұнан кейінгі жылдарда КПСС Орталық Комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебін бітірген
ТСадуақасов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсәп бөлімі меңгерушісінің орын-
басары, Оңтүстік Қазақстан облысы өлкелік партия комитетінің, кейіннен Шымкент облыстық партия
комитетінің өнеркәсіп—транспорт бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1965 жылы Темеш Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі
қызметіне қайта тағайындалады. Осы қызметте жүргенде Темеш Садуақасұлы өзі еңбек жолын бастаған
Жезқазған кен-металлургия комбинаты шахталарының жұмысын жетілдіруге, жаңадан салынып жатқан
№55, №57 алып шахталардың қазіргі заман талабына сай жарақтануына көп атсалысады.
Білікті инженер, өндіріс саласының жоғары деңгейдегі ұйымдастырушысы ТСадуақасовты жерлес-
тері 1967 жылы №197 Кеңгір сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат етіп сайлай-
ды. Сөйтіп, ол депутат бола жүріп туған өлкесінің экономикалық және әлеуметтік салаларының жан-
жақты дамуына зор үлес қосты.
25
Кен өндірісінің қаһармандары
ЖАЛЫНДЫ ПАТРИОТ, АТАҚТЫ КЕНШІ
Кеңестік дәуірде жас Совет үкіметінің іргетасын нығайту
үшін жедел түрде ел экономикасын дамыту қажет болды.
Ол үшін елді жаппай индустрияландыру саясаты жүргізілді.
Барлық одақтас республикаларда ірі-ірі өнеркәсіп орындары
бой көтерді. Кешегі Магнитогорск, Днепропетровск, Қарағанды,
Норильск, Чиатури тағы басқада осындай ірі-ірі қара және
түсті металлургияның кәсіпорындары совет халқының энту-
зиазмы мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде дүниеге келген
алып кәсіпорындар болатын. Осы бүкілодақтық құрылыстарда
жүмысты жедел жүргізу үшін, халықтың арасында еңбек
бәсекесін арттыру мақсатында соны бастамалар дүниеге келді.
Солардың бірі Донецк көмір бассейнінің озат шахтері Алексей
Стахановтың есімімен байланысты болатын. Ол -стахановшы-
лар қозғалысы еді.
Алғашқы бесжылдықтардың балғасын солқылдата соғып,
экономикамызды өрге тартып, жеті қат жер астынан кен
өндіруді еселеп арттырған жезқазғандық стахановшылар есімі
есте мәңгі сақталары сөзсіз.
Ресейдің ішкі жағындағы өндіріс орындарынан Жезқазған
өңіріне 1927 жылы келген, жоқшылықтың азабын тартудай-
ақ тартқан кедей жігіт Ахметғали Сафин мүнан былайғы өмірі
Жезқазған кен орнымен біте қайнасып кететінін сол кездерде білген де жоқ болатын. Келе шахтаға кен
бұрғылаушы болып жұмысқа тұрды. Ол уақыттардағы шахталардың жайы белгілі, шахта деген аты ғана.
Коперлары аласа, асты саяз. Шамалы жерден-ақ руда қаза бересің. Ағылшындар кетерінде соның өзін
бұзып, кейбіреулерінің астына су толтырып кеткен еді. Шахталарды жаппай қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілді. Кеншілерге жұмыс істеу өте ауыр болды. Қажетті құрал-саймандар жетіспейтін. Шахта астын-
да ауа жоқ, қараңғы. Оның үстіне халықтың тұрмыс жағдайы да қиын шақ болатын.
Ең алғаш стахановшылар қозғалысы басталған кезде жағдай біршама түзелген кез-тін. Комбинатқа
жоғары оқу орындарын бітірген, жаңаша ойлау қабілеті бар жас мамандар келе бастады. Оралда
революциялық шайқастарға қатысып, Орал өңірінің ірі өнеркәсіп орындарында көп жыл жұмыс істе-
ген еңбекте шыныққан, тәжірибе жинақтаған, Жезқазған руднигінің сол кездегі директоры А.Ненашев,
бұрынғы үздік бұрғышы, рудком председателі Қияс Дүйсенбаев, рудник партия комитетінің хатшысы
Нағым Жаманбаев жаңа толқын, жас мамандардың әрбір игі қадамдарын мақұлдап, олардың жаңашыл,
тиімді ұсыныстарын қызу қолдап отырды. Ахметғали да сол жаңаша, творчестволықпен жұмыс істеуге
ұмтылушылардың алдыңғы сапында болды. Бәрін біліп, бәрін тиянақтылықпен, шеберлікпен атқаруды
өзінің міндеті, азаматтық борышы деп білді.
Бұрын тереңдігі көп дегенде 1,5 метрден аспайтын шпур салу әдісі қолданылатын. Бұл әдісті жаңашыл
жастар батыл бұзып, шпурларды забой бетіне қиғаштап салудың, терең бұрғылаудың жаңа жүйесін
қолданды. Жаңа жүйе бойынша шпурларды 1,5 метр емес 3-4 метрге, тіпті кейбір жағдайларда одан да
көп тереңдікке дейін бұрғылайтын бұрғылар орнатылды. Бұл техникалық жаңалық Жезқазған шахтала-
рында бұрын-соңды болмаған таңғажайып еңбек өнімділігіне қол жеткізуге жол ашты.Терең бұрғылау
әдісінің авторы да, оны табысты жүзеге асырушы да, ақылшысы да рудниктің бас инженері Алексей
Фадеевич Харченко болды.
Бұрғышы Ахметғали ең алғаш рет жаңа жүйені қолдана отырып, 1936 жылдың 25 қаңтарында шахтаға
түсіп, бір ауысымда 332 тонна руда қопарды. Сөйтіп, ол бүкілодақтық рекорд жасады. Содан бастап
әріптестері Ахметғалиды «тау қопарған алып» деп атап кетеді. Осыдан кейін ол:
«Басқа да әріптестеріме менің айтқаным тіптен де артық болып көрінуі мүмкін, бірақ, мен бұдан бы-
лай қарай терең бұрғылау әдісін қолдана отырып ауысым сайын 500 тоннадан кем руда өндірмейтін бо-
ламын,»-деді. Алайда, атақты бұрғышы шамалы болса да қателескен болатын. Көптеген бұрғышылар
оның атаған бұл цифрынан анағұрлым көп кен өндіре бастады. Ал, Ахметғалидің өзі де бір ауысымда
700 тонна кен өндіруге қол жеткізеді. Терең бұрғылаудың сан қилы әдістерін жетік меңгерген, еңбек
сүйгіш, ер көңілді азамат әріптестерінің құрметіне бөленеді.
Құрметке бөленгені емес пе, Жезқазған кеншілерінің бастамасын қызу қолдаған Қарсақбай ауданының
барлық сайлаушылары Ахметғали Сафиннің жанқиярлық үлгілі еңбегін, патриоттық бастамасын жоғары
бағалап, 1938 жылы өткен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сайлауында атақты кеншіні Қазақ ССР Жоғарғы
26
Кен өндірісінің қаһармандары
Советінің депутаты етіп бірауыздан сайлайды. Қоғамдық жұмыстардың көбеюіне байланысты Ахметғали
Жезқазған комбинатына руданы сапалы өндіру жөніндегі нұсқаушы қызметіне ауыстырылады. Сөйтіп,
жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесін жастарға үйретуге кең жол ашылады.
22 маусым 1941 жыл. Сан миллиондаған адам қырылған қанды соғыс басталды. Бейбіт еңбек соғыс
жағдайына көшірілді. Жезқазған кеншілерінің митингісінде Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасаған
гитлершіл басқыншыларға лағынет айтып сөз сөйлеген озат жұмысшы Ахметғали Сафин:
«Кәрі-жас демей, бәріміз жаппай сүйікті Отанымызды қорғауға еселенген еңбегімізбен үлес қосуымыз
керек. Директор жолдастан бүгіннен бастап мені бұрғышылар қатарына жіберуін өтінемін,»-деді. Сөзі
мен ісінде алшақтық болмайтын халық қалаулысы сол күні бір перфоратормен 41 текшеметр шпур
бұрғылады. Бір ауысымда жоспардан тыс 400 тонна руда қопарып, тапқан табысы-1200 сомды қорғаныс
қорына аударды. Өзінің жалынды патриот екенін ісімен дәлелдеген А.Сафин «Тыл гвардееці» құрметті
атағын иемденді. Оның бұл жалынды сөзі мен ісі кеншілер мен металлургтер арасында қызу қолдау
тапты. Кешегі бейбіт еңбек кезіндегі стахановшылар А.Ақшалов, З.Биболатов, И.Панин, Қ.Айгелов
А.Болышев, Қ.Дүйсенбаев, Б.Аймаханов, Ө..Жанғабылов және басқалар дереу сөзден іске көшіп,
жұмыла еңбек етіп, кен өндіру жоспарын еселеп арттырды. Бейбіт күндердегі норма жәй қатардағы
көрсеткішке айналды.
Сол бір қиын-қыстау күндердегі қарапайым жұмысшылардың, стахановтық қозғалыстың алғашқы
қарлығаштарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі, ар-намысы мен сезімі ғасырлар өтсе де
кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қалары сөзсіз.
27
Кен өндірісінің қаһармандары
АРТЫНА ӨШПЕСТЕЙ І3 ҚАЛДЫРДЫ
Біз жас кезімізде қазақтың атақты жазушылары Мұхтар
Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ғабиден
Мұстафиннің, Мұқанбетжан Қаратаевтың шығармаларын іздеп
жүріп оқитынбыз. Бірде М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл»
романы қолыма түсіп, көлемді кітап болса да басынан аяғына
дейін үш-төрт күннің ішінде оқып шықтым. Романның тілі жеңіл,
сюжеті өте тартымды құрылған. Әр тарауын оқыған сайын өзіңе
бұрыннан таныс есімдер жиі-жиі кездесіп отырады. Балмұхан
Аймаханов, Ахмет Сафин, Павел Шаталюк, Зейнолла Бибо-
латов, Шенеу Далабаев ... Енді кім туралы айтылар екен деп
құныға оқи түсесің.
Сол уақыттан жүрегіме жатталып қалған, ақ қағазға түсірілген
осы бейнелерді Сүтемген Бүкіров ағамыз ұйымдастырған
Жезқазған кен-металлургия комбинатының мұражайынан жиі
көретінбіз. Кейіннен Жезқазған телестудиясының белгілі журна-
лисі Файзолла Қабылов өзінің «Жез қазғандар» деп аталатын
телевизиялық журналында Балмұхан Аймахановтың сурет-
терін жиі пайдаланып, ол туралы байырғы кеншілер естелік-
терін айтып жататын. Жерлесіміз, дарынды ақын Шынболат
Ділдебаев: «Алшаң басып Аймаханов көшесімен келемін,»-
деп өзінің өлеңіне оның атын қосты.
Осы соңғы екі-үш жылдың көлемінде жолымыз түсіп
Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» акционерлік қоғамы
шаруашылығына бардық. Жанымда үш-төрт жігіт бар. Сол
шаруашылықта істейтін Мұқатай деген жігіттің үйіне арнайы кел-
генбіз. Қуанышты жағдай. Келін түсірдік. Келініміз Мұқатайдың
қызы, мақсатымыз ата дәстүріміз бойынша құданың алдынан
өту. ҚҚұұддааммыызз Мұқатайды бірінші көруіміз. Жылы жүзбен қарсы
алып, арқа-жарқа болып жатыр.
Ой, ғажап-ай, өзіме қашаннан таныс Балмұхан Аймахановтың үлкейтілген суреті нақ төрден орын
алған. Жан-жағында тағы басқада адамдардың суреттері ілінген. Ортасында Мұқатайдың суреті.
Мұндайда журналистер қарап отыра ма:
-Оу, біздің Бәкең қайдан жүр,- деппін таңданып.
-Бәкең, Мұқатай құдаңыздың туған әкесі. Сіздер осал жермен құда болған жоқсыздар, балалар
бақытты болсын!- деп, қуанышты хабарды естіп келген көрші- көлемдер, жора- жолдастар шынайы
сезімдерін білдіріп жатыр.
Міне, сол Бәкең жайлы материалды Жезқазған кеншілері туралы жазылатын естелік кітапқа енгізу
үшін қайтадан «Даладағы дабылды» және тағы басқада материалдарды көтеріп, танысуға тура келді.
Архивтен алынған Балмұханның өз қолымен жазылған өмірбаяндық деректемеде:
-Мен 1910 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында дүниеге келдім делінген.
Көп ұзамай аумалы-төкпелі заман келеді. Сол кездегі ауыр жағдайларға байланысты әке-шешесі
Оңтүстікке көшуге мәжбүр болады. Балмұханның жастық шағы ол жақта Жұмабай Тайжанов деген
байдың қойын бағумен өтеді. Байларды кәмпескелеу басталып, Бәкең жұмыссыз қалады. Бұлай жүре
беруге болмайтынын сезген Балмұхан он сегіз жасында Ащысай полиметалл комбинатының қантағылы
кенішіне бұрғышы болып орналасады. Жұмыс ауыр. Бірақ бірбеткей, қайсар жігіт өзінің табандылығы
арқасында бұрғышы мамандығын жақсы меңгеріп алады. Ел аузына ілігіп, озаттар қатарына қосылады,
комбинаттың мақтау грамоталарымен, ақшалай-заттай сыйлықтарымен марапатталады.
Ұлы Отан соғысы басталардан бірер жыл ғана бұрын елге оралған Балмұхан туған ауылында біраз
дем алады, бағатын болса мұнда да қой жеткілікті екен, бірақ, оның өндірістен қол үзгісі келмейді.
Жақын жердегі Жезқазған кеніштерінде бағын сынап көргісі келеді. Сөйтіп, 1939 жылдың наурыз айын-
да Жезқазған кенішіндегі №15 шахтаға өзінің бұрынғы үйренген мамандығы бойынша жұмысқа тұрады.
Осы жерде «Даладағы дабылдан» мына бір үзіндіні оқып көрелік.
... Балмұқанды алғаш көргендердің көпшілігі, аласа бойлы, әлжуаз, шашын зиялылар сияқты жел-
кесіне қарай жыға қайырған түрін көріп: «Бұдан қандай шахтер шықпақ?»-деп ойлаған болуы керек.
Балмұқанды кен қопарушы болып істейтін ағасы ертіп келгенде, он бесінші шахтаның бастығы да
солай ойлаған болар.
-Бұрын қайда істеген едің?-деп шұқшия сұрапты шахтаның бастығы Балмұқаннан, оны откатчик етіп
тағайындағысы келіп. Күтпеген жерден:
-Қантағы қорғасын кенінде бұрғылаушы болдым,-деген жауап естиді.
-Саған жетінші разряд береміз,-деп шахтаның бастығы ұяң жігітті сменаның бастығына жібереді.
... Қазіргідей есімде, осы иықты, жас жігіт Балмұқанды сменаға түсетін едәуір салтанатты сағатта
майданда шабуылға шығар алдындағы солдатқа ұқсататынмын.
28
I
Кен өндірісінің қаһармандары
Міне, резина прокладкаларды, бұрғыны шығаратын кілтті, масленканы, ауа үрлейтін түтікті
солдаттың ұрысқа түсер алдында әрбір тетігін бес саусағындай білетін өзінің автоматын тексергеніндей,
ұқыптылықпен қарап көріп тұр.
Смена басталды. Балмұқан асықпайды, саспайды, алайда бір минутін де текке жібермейді. Оның
қимылы байсалды да тындырымды. Забой біртүрлі иір-иір боп қобыздай созылып жатыр.
Көпті көріп көнектен өткен тәжірибелі кеншілер Балмұқанның жұмысын қадағалай жүріп, сөз арасын-
да ақыл айтып та қояды:
-Ал, жігітім, рекордқа бас! Бүкіл Одаққа атағың жайылатын болады...
Әлжуаз денелі, кішіпейіл жігіт басын шайқап, қашқақтайды:
-Рекорд деген не? Ол биікке қарғу ғой. Алдымен аяңдап жүріп отырудың өзін үйрену керек...
Ал оның аяғының өзі күн сайын кен үюшілердің екі, тіпті, екі жарым нормасын қамтамасыз етеді.
Аймақанов Балмұқанды парткомге шақырып, сыпайы түрде болса да аздап ескертпе жасайды:
-Сөз жоқ, сен жұмысты жақсы істейсің.-дейді оған жасы үлкен коммунист жолдастар,-бірақ жақсы
жұмыс бар да, Отан үшін ерлік жасау бар. Біз сенімен, қымбатты Балмұқан, ерлік жөнінде, егер ол сенің
қолыңнан келмейтін болса сөйлеспеген де болар едік.
Балмұқан ернін тістеп, қабағын шытып, төмен қарайды.
-Жарайды, мен ойланып көрейін,-дейді жас жігіт, сөйтеді де кетіп қалады.
Жазушы Балмұқанның еңбекқорлығын, қарапайымдылығын, мақтануды сүймейтіндігін осы жолдар-
мен-ақ шынайы суреткерлікпен дәл бере білген. Балмұқанның еңбек рекордттары кешегі ел басына
бұлт төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында еселеп артты. Ол сменалық жоспарын бір мың алты жүз
процентке дейін орындап жүрді. Оның есімі радио арқылы бүкіл елімізге жайылды. Тыл гвардеецтерінің
қатарына қосылды.Тәпелтек, әлжуаз, ұяң жігіт еңбек батыры атанды. Ол кезде шахтаның ахуалы нашар
болатын. Тоқ беретін шағын станция қондырғылары бірде істеп, бірде істемейді. Жұмыс ауыр болды. Ал
бұрғышының жағдайы да мәз емес еді. Кен қабаты ПР-16 бұрғысымен бұрғыланады. Забойдың іші әп
сәтте аппақ шаң болып, көз көрінбей кететін. Бұл құрғақ бұрғылаудың әсері.
Соғыс жылдарында Қазақстанда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Отан үшін» деген патриоттық ұранмен
облыстық, республикалық ақындар айтысы өтті. Оған қатысушы сөз зергерлері Совет халқын достық-
ынтымаққа, жеңіске шақырса, тылдағы еңбек ерлерін майданға көмектесуге жұмылдырды. Жезқазғанның
атынан шыққан Болман ақын Шашубаймен кездесуде Жезқазған кеншілерінің жетістігін мақтан етіп, бы-
лай деп жырына арқау еткен екен:
...Жанарың, ақын аға, жетпес шолып, Атқарған қырық адамның қызметін,
Бергенім жеңіс үшін жатыр толып: Алып жоқ Балмұханнан асқан әлі,
Өндірген жоспардан тыс рудаммен Бұрғышы кім білмейді Өйгеловті,
Түп-түгел қаруланад сексен полк. Самғаса сан жарыста бәйге ілікті.
Қияның қол жетпестей қиясымын, Бітірген айлық істі бір тәулікте,
Деп бүгін мақтануға сыясымын. Өнері ерлігіне сай келіпті.
Тудырған таңырқарлық, алып ерлік, Кімің бар пар келетін Ақшаловқа,
Өйткені, рекордтар ұясымын. Ерлікпен даңқы шыққан шар тарапқа.
Атағы Алатаудай асқар әлі, Нормасын жиырма адамның жабар еді,
Жетерлік мың -сан жауды жасқарға әлі. Бір күнгі еңбегінен енші алып та...
Балмұханның сол кездегі жанқиярлық ерен еңбегін қазақтың тұңғыш Академигі Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев: «Отан соғысы кезінде елу бұрғылаушының жұмысын бір өзі атқарып, елу мың тонна мыс
өндірген Балмұқан Аймақанов сынды ерлердің өнегелі ісі мәңгі жасайды»,-деп жоғары бағалаған.
«Мен,-деп жазады Балмұқан өзі туралы өмірбаяндық деректе:-1946 жылдың қыркүйек айында 31-32
шахта басқармасына смена бастығы болып ауыстырылдым. Жезқазған кенішінде жоғары өнімді еңбек
еткенім үшін 1943 жылы «НКЦМ озаты» белгісімен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен
марапатталдым, онымен қоса маған атым жазылған сағат пен костюмдік мата сыйға тартылды. 1945
жылы соғыс кезіндегі ерен еңбегім үшін екінші дәрежелі "Ұлы Отан" соғысы орденімен және медальмен
наградталдым. 1942 жылдың тамыз айынан ВКПб/К мүшесімін.
Ұлы Отан соғысы кезінде әр жыл сайын өндірістік жоспарымды асыра орындап отырдым: 1941 жылы-
260%, 1942жылы-275,1943жылы-275%, 1944жылы-119%, 1945 жылы-180% және 1946жылы-155%. 1946
жылдан осы мерзімге дейін окладпен жұмыс істеймін». Өмірбаяндық деректеме соңына өзі қол қойған.
Абыройлы еңбек етіп, ел басына қатерлі күн туғанда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен аптал азамат
1948 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланады. Бұл оған халқы көрсеткен зор сенім
еді. Еңбек пен қоғамдық жұмыстарды қатар атқарып жүріп, Балмұқан дертке шалдығып, ұзақ ауырады.
Айналдырған ажал алмай қоя ма, 1956 жылы 46 жасында дүние салды.
Б.Аймахановтың өзі өлгенімен оның артында ұрпағы бар. Өнегелі ісі кейінгі жас ұрпаққа үлгі болып
қала берері сөзсіз.
Жезқазган, мамыр, 2005 жыл.
29
Кен өндірісінің қаһармандары
ОТКАТЧИКТЕН ШАХТА БАСТЫҒЫНА ДЕЙІНГІ ЖОЛ
Еңбек жолын Қарсақбайдан бастаған Сүтемген Бүкіров
ағамыз біздің өңірдің шын мәніндегі тарихи шежірешісі болатын.
Ұзақ жылдар бойы Жезқазған кен-металлургия комбинатының
тарихи-өлкетану мұражайын басқарды. Кенді өлкенің ерте кез-
дегі тарихы, алғашқы қадамдары мен өсіп-өркендеуі тұсында
еңбек еткен ардагерлер туралы әңгімелеп айтуға бір шарша-
майтын. Мұражайға қашан барсаң да оны үнемі жұмыс үстінде
көрер едіңіз. Бірде шаң-шаң болып жатқан құжаттар топтама-
сын ақтарып жатса, енді бірде Мәскеу, Алматы мұрағаттарының
өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, өзіне керекті адамдар
туралы мағлұматтар алып жататын. Әрине, бұл жұмыстар да
оңайға түспейтін. Жергілікті баспасөзбен, телевизия және ра-
дио қызметкерлерімен тығыз байланысты болатын. Жылт еткен
жаңалық болатын болса жедел жариялатып, оқырмандарды ха-
бардар етіп отыратын. Мен ол кісімен ең алғаш рет телевизияға
диктор болып келгенде таныстым. Оның ізденімпаздығына,
жалықпай-шаршамай жұмыс істейтініне қызығатынбыз. Ысқақ
Анарқұлов туралы да ең алғаш рет сол кісінің телевизиялық
хабарға қатысқанда айтқан әңгімелерінен естіп білдім.
Себепсіз салдар болмайтыны сияқты ғасырлар бойы
тұл жатқан Жезқазған өңірінің адам танығысыздай өзгеріске
ұшырауына да басты себеп-қазан төңкерісі болды. Осы тари-
хи оқиғадан кейін ағылшындардан қалған мыс қорыту зауытын
салып, шахталарды қалыпқа келтіріп, мыс кенін өндіру бастал-
ды. Оны Оралдан, Ресейдің басқада өндірісті қалаларынан келген, бұрын кен өндірумен айналысқан
тәжірибелі жұмысшылар атқарды. Әрине, өмірі мыс қорытып, кен өндіріп көрмеген қазақтар алғашында
шахта жұмысынан қашты. Бұл тарихи шындық. Осы кезде жоғарғы оқу орнын бітіріп келіп, Жезқазған
аймағының кен қорын зерттеумен айналысқан жас геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жергілікті халықты
өндіріске тартуда көп еңбек сіңірді. Ол халықтың арасында жиі болатын, Жезқазғанның келешегі зор,
оның байлығы жеті қат жер астында жатқан жез екенін түсіндіріп, оларды өндіріске шақыратын.
Жаңа заманның бетбұрысына түсіністікпен қараған жергілікті тұрғындар да біртіндеп өндіріске келе
бастады. Сол алғашқы шоғырдың қатарында Ысқақ та болатын. Шахта жайы оған әкесінің әңгімелерінен
бұрыннан таныс еді. Сондықтан болса керек жас жігіт келген бетте еңбекке құлшына кірісіп кетті.
Алғашында ол шахтада откатчик болды. Оның міндеті-кен тиелген вагонеткалар составын итеріп,
клетьке жеткізу. Шахта астында жеңіл жұмыс жоқ, ал мынау болса соның ішіндегі ең ауыры. Ол жұмыс
ауыр деп тартынған жоқ. Аянбай еңбек етті. Жастайынан зерек, еңбекқор жігіт бірер жылдан кейін №11
шахтаға бұрғышы болып ауысты. Бұл кезде өндірісте перфоратор бұрғы, ысырмалаушы шығыр ЛС-15
қолданыла бастаған болатын. Әлі де әлсіз, қуаты аз бұл техникалар, әйтеуір, сүйменнен тәуір еді.Ол
бұрғылау, аттыру жұмыстарының қыр-сырын жетік меңгеруге ұмтылды.
Ағылшындарда ұзақ жыл шахтер болып жұмыс істеген әкесі: «Балам, шахта астына түскенде, сен
жұмысқа жанталасып кірісіп кетпе, "асыққан шайтанның ісі",-дейді дана халқымыз. Шахтердің жұмысы
байыптылықты, асықпауды-аптықпауды ұнатады. Ең алдымен жұмыс істейтін орныңды мұқият қарап,
тексеріп ал. Төбенің жағдайына басты назар аудар. Онда жарықшақтанып, құлауға дайын тұрған тастар
болуы мүмкін.Ол өмірге аса қауіпті.Ең алдымен соларды сүйменмен түсір»,-деп көпті көрген қария ба-
ласына деген жанашырлықпен ақыл-кеңесін айтып отыратын.
Тәжірибелі бұрғышы уақыт өте келе өз ісінің хас шебері атанды. Еңбекқор, іскер жігіттің маңайына
жастар да көп жиналатын болды, оның жұмыс істеу әдістерін үйренуге тырысатын. Ысқақ болса
тәжірибесімен жалықпай бөлісіп, қажет болса іс жүзінде көрсететін. Ол уақыт өте келе жастардың ұстазы
болып қалыптасты.
Алғашқы кезде шахталарда өз ісін жетік білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы маман-
дар жетіспейтін. Өз ісінің майталманы Ысқақ Анарқұловтың іс-қимылын байқаған шахта басшылығы
оны ауысым бастығы етіп тағайындайтындықтарын айтқанда, бастық болуға құмарлығы жоқ Ысқақ
өзінің білімінің жоқтығын, кен өндіру технологиясын әлі жетік білмейтінін алға тартып бастықтықтан бас
тартты. Бірақ, бастықтардың: «Үйренесің, үйретеміз, сен істемегенде кім істейді»,- деген уәжіне тұрып,
келісімін берді. Шахтерлер де бұл ұсынысты қызу қолдады.
Қашанда алдыңғы түйенің жүгі ауыр болатынындай, үнемі алдыңғы сапта жүретін шахтаның ауысым
бастығының да жүгі ауыр еді. Жұмысты ұтымды ұйымдастыру, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуін
30
Кен өндірісінің қаһармандары
қадағалау, кен өндіру жұмыстарының өнімділігін арттыру оның басты міндеті болатын. Осы талаптар
биігінен шығуға ұмтылған Ысқақ күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеді.Ол қарапайым жұмысшының еңбегін
жоғары бағалады, қиын-қыстау сәттерде жанынан табылды, сол үшін Ысқақ шахтерлардың ыстық
ықыласына, құрметіне бөленді. Ұжымның алдына қойған қандай да болмасын күрделі мәселелерді ше-
шуді шебер ұйымдастыра білетін қабілеті үшін де комбинат басшылары Ысқақты қатты сыйлайтын. Оның
осы қабілетін жете сезінген олар 1938 жылы Ы.Анарқұловты №11 шахта меңгерушісі етіп тағайындайды.
Бейбіт еңбек бірқалыпты жүріп жатты. Жоспар асыра орындалып, шахта комбинат бойынша алдыңғы
лектен көрініп жүрді.
Міне, осы кезде Ұлы Отан соғысы басталды. Қанқұйлы жаудың тұтқиылдан жасаған шабуылы елдің
үрейін алды, бірақ халық бұрынғыдан да топтасып, ұйымшылдықпен еңбек етуге біркісідей жұмылды.
Кезінде оның қол астында жұмыс істеп, іс-тәжірибесін үйренген бір топ бұрғышылар: Рақымжан Есенов,
Арыстанбек Ақшалов, Базылбек Байкенеев, Жақия Бегайдаров, Шахан Отызбаев және тағы басқалар
бір ауысымда мың тонна кен өндіруге қол жеткізгені соның айқын айғағы еді.
Соғыстың алғашқы күндерінде рудниктегі ең ірі №32 шахтаға бастық болып тағайындалған Ысқақ
ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жаңа жұмыс орнында кен өндіруді молынан арттыруға
жұмсады. Есімі Одаққа танымал көп перфораторлы бұрғылаудың шебері, атақты бұрғышы Илларион
Янкин өзінің іс-тәжірибесін осы №32 шахтада көрсетті. Ол үшін арнайы учаске құрылды. Онда Балмұқан
Аймаханов,Зейнолла Биболатов, Ахметғали Сафин, Павел Шаталюк секілді атақты кеншілер Янкиннің
телескоптық бұрғылау әдісіне машықтанды. Олар жинақтаған тәжірибелерін басқада шахталардағы
әріптестеріне үйретті. Сөйтіп, Жезқазған шахталарында еңбек дүбірі бейбіт кездегіден де еселеп артты.
Соның нәтижесінде жезқазғандық кеншілер Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің қызыл Туын 16 рет жеңіп
алды. Ол Ту бүгінде корпорацияның мұражайына мәңгі сақтауға қойылған.
Ысқақ Анарқұловтың еңбек жетістіктері жоғары бағаланды, ол соғыс даласында ерлік көрсеткен жа-
уынгерлерге ғана берілетін "қызыл Жұлдыз" орденімен және кейін "Еңбек қызыл Ту" орденімен, Қазақ
ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Жақсының аты өшпейді демекші, еліне қысқа ғұмырының ішінде аянбай қызмет еткен, еселі еңбектің
нәтижесінде қатардағы откатчиктен шахта бастығына дейінгі жолдан абыройлы өткен аяулы азаматтың
есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл бағытта өлкетанушы С.Бүкіров көп еңбек сіңірді. Атап
айтқанда, оның ұсынысымен Жезқазған кен-металлургия комбинатында 1978 жылдан бері өндіріс озат-
тарын марапаттау үшін Ы. Анарқұлов атындағы арнайы жүлде тағайындалған. Қаламыздың ең сәулетті
көшелерінің бірі атақты кеншінің есімімен аталған.
Жезқазған қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.
31
Кен өндірісінің қаһармандары
ӘКЕМНІҢ КӨЗІН КӨРГЕНДЕРМЕН БІРГЕ ІСТЕДІМ
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының аяқ кезінде стахановтық қозғалысқа қатысып стахановшы
атанған, кешегі дүниежүзін дүр сілкіндірген "Ұлы Отан" соғысы жылдары броньмен тылда қалдырылған,
Жезқазған шахталарында жанқиярлықпен еңбек еткен Қонысбай Махамбетов ақсақал туралы матери-
ал дайындау барысында көп қиыншылықтарға тап болдым. Комбинаттың мұражай-көрме кешенінде
ол кісі туралы ешқандайда мағлұмат болмады. Екіншіден, біреулердің шатастыруы салдарынан оны-
мен фамилиялас басқа бір кісі туралы мағлұматтар жинап, материал да жазып, бас кеңесшілеріме
апарып көрсеткенімде мұным қате екенін айтып, кезінде "Ленин" орденімен наградталған Қонысбай
Махамбетовтың баласы бар, соны тауып ал,—деп кеңес берді, тіпті оның мекен-жайын да сілтеп жібер-
ді. Сөйтіп, сілтеумен Қонысекеңнің баласы Қыдырәліні тауып алдым. Сәтбаев қаласында тұрады екен.
Отыз жылдан астам Жезқазған шахталарында дәрі аттырушы болып жұмыс істеп, бүгінде зейнеткерлік-
ке шыққан Қыдырәлі ақсақал жетпістің үстіне шықса да ширақ екен. Екеуіміз біраз әңгімелестік.
«Біз рудникте Аманкелді көшесінде өзіміз қолдан салып алған тас үйде тұрдық. Әкем «Покро», «Пок-
ро—Центральный» шахталарында еңбек еткен. Бұл екі шахта қатар орналасқандықтан оны бір шахта
деп айтуға да болады. Бір шахтаның адамдары екінші шахтаның асты арқылы өтіп өзініңжұмыс орнына
бара беретін. Кейде адам қолы жетіспей жатса екі шахтаның жұмысшылары ауыс-түйіс болатын кезі
де кездесетін. Мен ес білгенде әкем өзінің өмірі жайлы, еңбек жолы туралы айтып отыратын, шамасы
балаларының есінде қалсын дегені болуы керек.
-Мен ауылдан келіп шахтаға жұмысқа тұрғанымда 30 - ға да толмаған шағым еді. Алғашында кен ти-
едім, сөйте-сөйте келе кен бұрғылау, шпурларға дәрі толтырып, оны аттыру секілді жұмыстарды меңгеріп
алдым. Көзім әбден үйренген соң бірыңғай дәрі аттырушы болып ауыстым. Шахтерлердің жұмысы ауыр
болды. Қуатсыз карбид шамы забойдың ішін жарық ете алмайтын. Оның іші үнемі шаң-тозаң бола-
тын. Соған қарамастан жанталасып жүріп, кен өндіруді жыл сайын еселеп арттырдық қой. Кешегі Ұлы
Отан соғысы жылдарындағы кеншілердің ерен еңбегін адам аузымен айтып жеткізу қиын еді. Жұмыс
тәулік бойы толассыз жүргізілетін. Шахта астындағы жұмысшылардың дені түрмеде отырғандар. Бір
шахтаның астына 200—300-ге дейін адам түсетін. Техника жоқ. Барлық ауыр шаруа солардың қолымен,
қара күшімен атқарылды. Оларды солдаттар зонадан сапқа тұрғызып айдап әкеледі. Жетектерінде
абалаған овчарка иттер. Санап астына түсіреді, смена аяқталғаннан кейін санап шығарып, қайтадан
зонаға айдап әкетеді. Олар осындай жағдайда еңбек етті. Біз болсақ шахта жұмысына өз еркімізбен ба-
рып тұрғандармыз. Соған қарамастан тәртіп қатал болды. Жұмысқа кешіксең ісің сотқа беріледі. Соттың
шешімімен талай адам жаза да алды,—деп әңгімелеп, өзінің басынан кешкендерін жыр қылып айтып
отыратын.
Оның еңбегі жоғары бағаланды. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медальмен ма-
рапатталса, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1949 жылы комбинат саласындағы ұзақ
жылғы еңбегі мен металлургия саласындағы жоғары еңбек жетістіктері үшін «Ленин» орденін омырауы-
на тақты. Алайда, сол наградаларды омырауына тағып, жарқыратып жүруге де оның шамасы келмеді.
Әкем 1951 жылы 3 мамырда қайтыс болды. Қатты ауырды. Шахта астында жұтқан тозаң өкпе ауруы-
на шалдықтырды. Селикоз болды. Бүгінгідей ем-дом жасай қоятын дәрігерлер де жоқ. Сол уақыттарда
біздің үйде әкем сонау Атбасар жақтан бидай әкелуге барғанда сатып әкелген ала сиыр болатын. Әкем
қайтардан екі- үш күн бұрын сол сиыр өріске айдаса кетпей, қайтып келіп, шарбақтан басын сұғып
мөңіреп, өкіріп тұрып алатын болды. Содан бірер күннен кейін әкем қайтыс болды. Сонда көнекөз
қариялар: «Ғажап-ай,Қонысбайдың қайтыс боларын ала сиыры да білді-ау жануар»,—деп отырғанын
естіп едім. Көп ұзамай ауырмай-сырқамай ала сиыр да өлді. Мүшел жастан енді ғана асқан шағымда
көрген осы бір оқиға бүгінгідей көз алдымда.
Үйде бас көтерер адам жоқ. Он жеті жасқа жетер-жетпесте әкем жұмыс істеп кеткен «Покро-Централь-
ная» шахтасына жұмысқа тұрдым. Сонда әкемнің көзін көрген жұмысшылармен, балалық шақта ынтыға
қарайтын колонна—колонна болып айдалып бара жатқан тұтқындармен қатар тұрып жұмыс істедім.
Оларда адам екен. Араларында сондай сыпайы, қайырымды азаматтар болды. Менің әкемді көрген
олар маған аянышпен қарайтын. Көмектесуге әзір тұратын. Дәрі аттырушылар учаскесінің бастығы Ма-
кинов деген татар жігіті болды. «Қыдырәлі, сенің әкең кәттә жұмыс істеген адам, сенде сондай бол»,-
дейтін маған ол, забойда кездескенде. Бригадиріміз тәжірибелі дәрі аттырушы Сейілов Жақсылық деген
кісі. Мен одан көп нәрсе үйрендім. қазіргі №31 шахтаның күнбатыс жағында кен басқармасының дәрі
қоймасы болатын. Рудниктегі шахталардың дәрі аттырушылары дәріні содан алады. Мен де талай жыл
қыс демей, жаз демей содан қапшықпен күніне екі рет дәрі тасыған адаммын».
Әке орнына дәрі аттырушы больіп жұмысқа тұрып, сол мамандық бойынша забойларда он бес жылға
жуық уақыт жұмыс істеген Қыдырәлі «Покро- Центральная» шахтасы жабылғаннан кейін 1965 жылы
32
Кен өндірісінің қаһармандары
№57 алып шахтаға ауысып, қуатты кен тасымалдау техникаларына арналған жерасты жолдарын салу
учаскесінде зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді.
Әкем: "Жұмыс ауыр" - деп отыратын. Сол ауыр жұмысты көзіммен көріп, қолыммен атқарған адам-
мын. Жезқазған шахталарында ең ауыр кезеңдерде, ең ауыр жағдайда жұмыс істеп, қазіргідей бірша-
ма жақсы жасалған тұрмыстық жағдайларды көрместен жастай өмірден озған кеншілер еңбегі тиісті
бағасын алмады ғой. Олардың бірен-сараны ғана ордендермен марапатталды, ал еңбегі аталмай
кеткендер қаншама. Сол әруақтарға Сәтбаев қаласында ескерткіш тұрғызса артық болмас еді»,—деп
аяқтады сөзін қарт кенші.
Шынында да Қыдырәлі Қонысбайұлы Махамбетов қарияның сөзінің жаны бар. Қазіргі заманда
әлеуетті елдерде итке де құсқа да ескерткіштер тұрғызылып жатқан жоқ па? Ал кешегі сан миллион
қазақ қырылған ашаршылық кезінде, Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Жезқазған шахталарының
астында жанқиярлықпен еңбек еткен кеншілер қауымының ерлік істерін паш ететін бір ескерткіш шах-
терлер қаласы Сәтбаевтың орталық көшелерінің бірінің төрінен орын алса артық болмас еді. Ленин ор-
денді кенші Қонысбай Махамбетов секілді шахта астындағы ауыр жұмыстан ауру тауып ерте дүниеден
озған талай жандардың әруағы риза болмай ма?
Жезқазған қаласы, ақпан, 2006 жыл.
33
Кен өндірісінің қаһармандары
ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІНЕН
Соғыстың алғашқы екі жылындағы Жезқазған кәсіпорындары жұмысшыларының адам айтқысыз ер-
лік еңбегін дәлелдейтін қысқаша мынандай мағлұматтарды назарларыңызға ұсынамыз:
1941 жыл.
25-26 маусымда Жезқазған кен басқармасында, Қарсақбай мыс қорыту зауытында, Байқоңыр көмір
кенішінде кен, көмір өндіру, мыс балқыту жұмыстарының жұмыс кестесі нақтыланды, социалистік жа-
рысты ұйымдастыру, жаңадан білікті кадрлар дайындау мәселелері қаралды.
27 маусымда Жезқазған аудандық партия комитетінің секретары М.Зварыгин елдегі жағдайды
талқылау мақсатында және Жезқазған өндірістік ауданын әскери жағдайға көшіру мәселесін қарау үшін
бюро мүшелерін жинады.
Аудан бойынша митингілер, жиналыстар өтіп, онда жұмысшылар өздерін соғыс мерзімінде
мобилизациялауға жатады деп есептеді.
Кәсіпорындар мен колхоздар өз жұмыстарын ең қысқа мерзімде соғыс жағдайына көшірді және
майданға жоспардан тыс өнім бере бастады.Жезқазған руднигі, Жезқазған кен-барлау мекемесі, «Қызыл
Жұлдыз» артелі алғашқы болып соғыс жағдайына көшіп, жұмыс істей бастады.
Маусымда Жезқазған ет комбинаты кұрылды.
Жезқазған кен барлаушылары кеннің мол қорының көзін ашып, «Покро-Оңтүстік-Батыс», «Златоуст»,
«Покро-Центр» аудандарында жоспарды 200% орындады.
Жезқазған руднигінде 138 стахановшы, 133 екпінді, 25 екіжүздік жұмыс істейді.
3 тамызда Қарсақбайдың барлық қызметтерінің жұмысшылары ауысымнан кейін қосымша екі
сағаттан жұмыс істеуге ұйғарды.
29 қыркүйекте ауыр салмақты балқыма алу жөніндегі бастаманың иегері, конвертер шебері Құсайын
Ниязов конвертердің жобалық қуатынан едәуір артық өнім беруін қамтамасыз етті, зауыт болса қыркүйек
айында бұған дейін ондаған жылдар бойы орындамаған көрсеткішке қол жеткізді.
1 қазанда Жезқазған руднигінде медицина сестраларын дайындайтын курс ашылды, оны аяқтағаннан
кейін қыздар майданға жөнелтіледі.
26 және 27 қазанда металлургтер мен байытушылар жоспарды асыра орындады. Көккөзовтың, Пи-
терский мен Лобановтың ауысымдары бәрінен де жақсы жұмыс істеді.
Зауыт басқармасының әйелдері ай сайын майдангер әйелдерге сыйлық жіберіп тұруға шешім
қабылдады.
Қарашада Жезқазған кен-барлау конторының жұмысшылары мен қызметкерлері Қызыл Армия жа-
уынгерлеріне 33 жұп пима, 4 келте тон, 11 күпәйке, 5 құлақшын, алты жұп қолғап, оның сыртында 10
килограмм жүн, 11 метр мата мен 36 қой терісін жинады.
16 қарашада Қарсақбайдың теміржолшылары мен олардың отбасы мүшелері сенбілікке шығып, одан
түскен 1000 сом қаржыны майдан қорына қосты.
Желтоқсанда 110 сағаттық бағдарламамен әскери оқыту аяқталды. Базаков пен Озолин жетекшілік
ететін батальонның жауынгерлері жақсы көрсеткіштерге жетті.
1942 жыл.
Қаңтарда Қарсақбай мыс қорыту зауытында социалистік жарысқа 1757 адам қатысты.
21 ақпанда №12 шахтаның бұрғышысы, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты А.Сафин бір пер-
форатормен жұмыс істей отырып, бір ауысымда 1400 тонна руда қопарып, өзінің тапқан 1200 сом
еңбекақысын қорғаныс қорына аударды.
Сәуір айының соңында Үлкен Жезді өзенінің жағалауында 10 палатка тігіліп, оған болашақ Жезді
марганец руднигінің алғашқы құрылысшылары орналастырылды.
Мамыр айында аудан өнеркәсіп орындары жоспардан тыс 40 тонна мыс, 1049 тонна көмір, 763 тонна
мыс рудасын берді. Мыс қорыту зауытындағы озаттар қатарында Көккөзов, Кашанов, Манукян, Матю-
шин, Өйтенов, Жезқазған руднигінде Ақшалов, Есенов, Анарқұлов, Аймақанов, кен барлау партиясы
бойынша Сейілов, Тұңғышбаевтардың есімі құрметке ие болды.
4 маусымда жезқазғандық өнеркәсіп кәсіпорындары Бүкілодақтық социалистік жарысқа қосылды.
Маусымда Жезқазғаннан 6 шақырым жердегі Найзатас кен орнын игеру басталды.
Маусымда В.Штифанов басқаратын Жезқазған геологиялық кен-барлау партиясы жартыжылдық
жоспарды 140% орындады.
12 маусымда Жезді марганец руднигі тұтынушы зауыттарға жөнелтілген алғашқы тонна марганец
кенін бере бастады.
18 маусымда СССР Ғылым Академиясының бригадасы Жезқазған кен комбинатының, НКВД-ның,
Қарсақбай мыс зауытының және Басмыс рудниктерінің басшыларымен Орталық Қазақстанның шикізат
ресурстарын майдан қажетіне жарату мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
34
Кен өндірісінің қаһармандары
22 маусымда Қазақ ССР-ның облыстарынан және Оралдан Жезді марганец руднигіне 920 адам кел-
ді, 200 машина, 3 автокомпрессор, 3 жылжымалы электр станциялары әкелінді.
Маусым-шілде айларында СССР Ғылым Академиясының комиссиясы Қарсақбайда және Балқашта
мыс балқытуды арттыру мақсатында Балқаш маңы және Жезқазған аймағы кешенінің барлық телімдерін
тексерді, кен байлықтарының сипаттамасын нақтылады, тау-кен шаруашылығы, байыту фабрикалары,
металлургия кәсіпорындары мен транспорттың жайымен танысты.
24 шілдеде жергілікті радиодан металлургтердің үндеуі берілді, онда металлургтер жергілікті
тұрғындарды екінші отражатель пеші құрылысын салуға қатысуға шақырды.Үндеу қолдау тауып, отража-
тель пеші ең қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілді.
20 қыркүйектен бастап ауданның барлық өнеркәсіп орындарында майдандық онкүндіктер өткізіле
бастады, оның басты мақсаты еңбек өнімділігін, мыс және марганец рудаларын өндіруді неғұрлым арт-
тыруды көздеді.
Қазанда Байқоңыр көмір кенішінің тау-кен құтқару отрядының жасақшылары №9 шахтада жұмыс
істеп, жоспарын 140-200% орындады. Жасақшылар Жалғасбаев, Ордабаев, Үсенов, Қожахметов жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізді. Әрқайсысы тапқан еңбекақысынан 135-140 сомды «Тау-кен құтқарушы» танк
колоннасын салуға аударды.
35
Кен өндірісінің қаһармандары
АДАЛ ЕҢБЕПМЕН ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛДЫ
Арқа төсіндегі бүгінгі Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен
алып шахталардың дүниеге келуі өз алдына бір тарих. Оның
бастауында тұрғандарды біз бүгін зор ілипатпен еске ала-
мыз. Солардың бірі Көкшетау уезіне 19 ғасырда зорлап қоныс
аударылған Прокопий Паниннің үшінші ұлы Илья болатын.
Илья Прокопьевич өзінің ата қонысына айналған Савельевка
селосынан Жезқазған руднигіне 1923 жылы көшіп келеді.
Сол кездегі Жезқазған өңірін бір сәт елестетіп көрсек,
көз алдымызға бүгінгі инфрақұрылымның оннан бірі де
жоқ сұрықсыз дала, әр жер-әр жерде ағаштан тұрғызылған
шахтаның коперлары көрінер еді. Олардың шахта деген аты
ғана. Өздері саяз. Оның өзін ағылшын концессионерлері ке-
терінде бұзып, су толтырып кеткен...
Енді соның бәрін қалыпқа келтіруге ел жұмыла кірісті. Осы
кезде тәжірибелі ағаш шеберлері Шаптин, Панин және басқада
жұмысшылар жаңа қоғамға тән еңбек үлгісін көрсетті. Әрбір
объектіні қайта қалпына келтіргенде олар «өзім үшін, балаларымның болашағы үшін салынып жатқан
құрылыстар»,- деген көзқараста болып, аянбай еңбек етті. Көп ұзамай кешегі сүреңсіз далада жаңа
коперлар бой көтеріп, түп-түзу көшелер бойына кеншілерге арналған сәнді үйлер сап түзеді. Илья
Панин тас қопарушы да, вагон итеруші де, ағаш шебері де болды. Осылардың ішінен оған балташы
мамандығы қатты ұнайтын. Сондықтан болса керек ол ұзақ жыл Жезқазған шахталарында бекітуші бо-
лып жұмыс істеді. Стахановшылар қозғалысының бел ортасында жүрді, еңбек озаты атанды. қарапайым
еңбек адамының Жезқазған кен өндірісіне сіңірген еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Осы саладағы ұзақ
жылғы жемісті еңбегі үшін ол "Ленин" орденімен марапатталды. Илья Прокопьевич еңбек озаты ғана
емес, сегіз бала тәрбиелеп өсірген үлгілі жанұяның басшысы болатын. Жезқазған руднигіндегі орта мек-
тепте дәріс алған оның балалары кейіннен еліміздің халық шаруашылығы салаларында жемісті еңбек
етті. Көбі Жезқазған өндірісінде жұмыс істеп, туған қаласының көркеюіне лайықты үлес қосты. Мәселен,
Кен өндірісінің қаһармандары
Владимир Ильич кезінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевта шофер болды. Лидия Ильинична Жезқазған
д мыс қорыту зауытының компрессор цехында машинист болып жұмыс істеп, еңбек демалысына шықты,
бірнеше дүркін қалалық Советке депутат болып сайланды. Тағы бір қызы Вера Ильинична соғыс жыл-
арында Қарағанды политехникалық тау-кен техникумын бітіріп, Жезқазған шахталарында маркшейдер
болып жұмыс істеді.
Өлке танушы Сүтемген Бүкіров 1974 жылы осы Верамен кездесіп әңгімелескен екен. Сол әңгімені
қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:
« Мен әкемді жанымдай сүйдім. Ол қарапайым, еңбекқор жан еді. Іштей балаларының ең болмағанда
біреуінің кенші болғанын қалайтын, алайда мен ғана оның мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрмін.
Жастайымнан кенші болуды армандадым. Сол арманым орындалды. Маркшейдермін.
Шахтада апаттық жағдай болса әкемді күн демей, түн демей шақырып алып кететін. Бірде кен
басқармасының бас инженері Харченконың өзі келіп түн ішінде әкемді ертіп әкеткені әлі есімде. Содан
үш күнге дейін ол істен шыққан шахта стволын жөндеп, жер бетіне шыққан жоқ. Шахта ол үшін екінші
үйі іспетті болатын. Жұмысты жан-тәнімен істейтін, жұмыс болса жеке басының жағдайын ұмытып та
кететін.
Мен маркшейдер болып жұмыс істегенде 45 бис, 43, 44 шахталардың астын талай кезіп, шарладым.
Әкемнің мамандығының ауыр да маңызды жұмыс екенін сонда ғана түсіндім. Шахта стволындағы апат-
ты жағдайды жою өте қауіпті, ерлікке бергісіз жұмыс. Сонда ғана мен №31 шахтаның бекітушісі Федор
Григорьевич Лукинскийге Социалистік Еңбек Ері атағы тегін берілмегенін сезіндім. Әкемнің мамандығын
мақтан еттім.
Әкем балық аулауды жан-тәнімен сүйетін. Ол кеншілер поселкесінің жасыл желекке бөленіп, таза
елді мекен болуын армандайтын. Оның арманы орындалды. Алғашқы үйлер бой көтергенде-ақ Калинин
көшесінен оған коттедж берілді. Ол бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрды».
Коттедж демекші, осы материалды дайындау барысында Рудник поселкесіндегі Калинин көшесіндегі
И.П.Панин тұрған №38 үйде болдым. Қазір бұл көшеге Қозғанбай Өбиевтің есімі беріліпті. Басқа
ешқандай өзгеріс жоқ. Үйде еңбек ардагерінің баласы Владимирден туған немересі тұрып жатыр екен.
Жезқазған кен барлау экспедициясында қызмет істейтін Владимир Владимировичпен алдында ғана
кездесу жөнінде сөйлескем, бірақ оның сәті түспеді, Мәскеу жаққа ұзақ іссапарға кетіпті. Мені Илья
Прокопьевичтің шөбересі Михаил қарсы алды. Жезқазған университетінің студенті екен.
-Илья Прокопьевич Панин саған кім болады?-деп сұрадым сөз арасында.
-Ол менің атам. Жезқазған шахталарында жұмыс істеген. Жақсы жұмысы үшін "Ленин" орденімен
наградалған. Біз оны ұмытпаймыз,-деді ол. Жас азаматтың жауабына ризашылық сезіммен оралдым.
Илья Прокопьевич Панин 1961 жылы қайтыс болды. Оның есімі кеншілердің кейінгі ұрпақтарының
есінде мәңгі сақталып қалды. Сәтбаев қаласының бір көшесіне есімі берілген. Қатардағы жұмысшы,
«Ленин» орденінің иегері мұндай құрметке өзінің "Отан" алдындағы адал еңбегі үшін ие болған еді.
Жезқазган қаласы, сәуір, 2006 жыл.
37
Кен өндірісінің қаһармандары
СТАХАНОВШЫНЫҢ КЕЛІНІ АЙТҚАН ӘҢГІМЕ
Қазақта «бір жоқты бір жоқ табады»,-деген
жақсы бір нақыл сөз бар. Осы кітапты жазуға
дайындалу үстінде өткен ғасырдың қырқыншы
жылдарында стахановшылар қозғалысына
қосылып, Жезқазған шахталарында еңбек
дүбірін қыздырған Арыстан Ақшалов ақсақал
туралы материал дайындамақ болып, атақты
кеншінің туыс-туғандарын іздестірдім. Сөйтіп
жүргенде-бір білсе Қойшан Таутанов біледі-
деген бір кісілердің сілтеуімен Таутанов
Қойшанның үйін іздеп Сәтбаев қаласының 56-
шы орамының біраз көшелерін аралап жүріп,
оның да үйін таптым. Қойшан өзі жұмыста
екен. Сағат төртте келеді-деген соң, басқада
шаруаларымды орындай берейін деп қайтып
кеттім. Белгіленген уақытта қайтып оралдым. Келсем Қойшан да үйде екен. Сәлем беріп, амандасып,
келген шаруамды айтып жатырмын.
«Алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін. Сол қиын-қыстау кезеңдерде қайла-
күрекпен, сүйменмен жерасты байлығын өндіріп, ел қажетіне жаратқан аға буын өкілдері туралы кітап
жазу ойларыңызды құптаймын. Ол деген үлкен тарих. Ертеде Сүтемген деген ағамыз біраз стаханов-
шы еңбек ардагерлерін жарыққа шығарды. Бірақ оның таба алмай, шығара алмай кеткендері қаншама.
Бұл тарихы сонау қола дәуірінен басталатын Жезқазған кен орнының тарихы, кешегі совет дәуірінде
қайламен, алып қуатты техникамен кен өндірген үлкен кеншілер буынының тарихы. Келер ұрпақ оны
жете білуі керек.
Сіздің іздеп жүрген Арыстан Ақшаловыңыз туралы Мәлік Омаров жақсы білуге тиісті. Өйткені,
олардың жекжаттық қарым-қатынасы бар. Ал, енді ертеде еңбек еткен кенші-ардагерлерді іздестіріп
жүр екенсіз, сізге мына бір суретті көрсетейін, сосын оның сырын да айтайын»,-деп Қойшан маған осы
кітаптың бетінде жарияланып отырған суретті ұсынды.
О, ғажап! Мен үшін қандай тамаша олжа! Қуанғаннан есім шығып кете жаздады. Ұзақ уақыт
сақталғаннан сарғая бастаған суретте алты адам бейнеленген. Үстерінде баяғы өзіміз де киген, шеше-
леріміз қолдан тігіп берген күпәйке, біреуінің басында түлкі тымақ. Міне, тарих! Нағыз еңбек адамдары.
«Бұл суретті Сүтемген Бүкіров Мәскеуге барған бір сапарында әкеп беріп еді. Мына бірінші қатарда
оң жақта отырған менің әкем - Асан. Нағыз стахановшының өзі болған», -деді Қойшан.
Осы жерде әңгімеге Қойшанның зайыбы араласты: «Бұл үйдегі ерлі-байлы екеумізде де қос-қос аттан
бар. Менің шын атым Қазиза. Жұрт мені Нүрилә десе, отағасымды Қойшан ,дейді. Оның азан шақырып
қойған аты-Советқали. Сіздің іздеп жүрген жоғыңыз туралы Советқалидан гөрі мен көбірек мағлұмат
бере алатын шығармын,-деп ойлаймын. - Кезінде жас болдық, мұндай әңгімеге онша мән бере қойған
жоқпыз емес пе? Енем Жәмила жақсы адам еді. Мені баласындай ұстады. Көп әңгіме айтатын, сырла-
сатын. Содан есте қалғандарды есіме түсіріп көрейін, кәдеңізге жарар деп ойлаймын»,- деді. Мен оған
қуана-қуана келістім.
-Сәкеңнің әке-шешесі Рудниктегі Сейфуллин көшесінде өздері тастан қалап, салып алған жатаған
үйде тұрды. Жастайынан көрген бейнет қойсын ба, менің атам соғыс біткеннен кейін екі-үш-ақ жыл ғана
өмір сүріпті. Енем қолына мал ұстайтын. Жаз айларында сол екі-үш қара мен оншақты ұсақ-түйектің
жайымен қара Кеңгір өзенінің жағасын жайлайтын. Балалар болса жас. Сөйтіп жүргенде жаз бойы сыр-
тынан құлыптаулы тұратын үйі тоналып, кәдеге асатын біраз дүние, кезінде сатып алған мемлекеттік
облигациялары мен үйдегі адамдардың толып жатқан жеке басының құжаттары, атамның еңбекте алған
орден-медальдары қолды болыпты.
Кезінде мен сол Сейфуллин көшесіндегі үйге келін болып түстім. Жастық шағымыз сонда өтті,
балаларымыздың алды сол үйде дүниеге келді.
Енем әңгімешіл, ашық адам болатын. Енемнің айтуынша атам Асан (ибалы келін екен атасының
атын бір атаған жоқ, отағасымның әкесі деп отырды) жас кезінде жайлаудан Рудникке келіп,
ағылшындарға жұмыс істеп, күнкөрістік ақша тауып жүрген. Кейін Совет үкіметі орнап, өндіріс жүрген
кезде ең алғашында №1 шахтаға жұмысқа тұрған. Кейіннен №12, 15 шахталарға ауысып, забойшы
болады. Жылдар өте тәжірибе жинақтады. Жанын сала жұмыс істеді. Озаттар қатарына қосылып
қана қойған жоқ стахановшы атанды. Қанша сұранса да кешегі Ұлы Отан соғысының қан майданына
да жібермей, броньмен алып қалған. Ол кезде шахталарда стахановшыларды марапаттаудың әртүрлі
38
Кен өндірісінің қаһармандары
әдістері қолданылады екен. Соның бірі-озаттарға, аусымдық
жоспарды асыра орындағандарға арнайы азық-түлік бөліп,
оны арбамен стахановшылардың үйлеріне апарып беретін
болған. Бұл рәсім ерекше бір салтанатты жағдайда өткен. Руд-
ник жұмысшыларын азық-түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің
бастығы болған Махамбет Ыбыраев деген кісі біздің үйге де
талай рет арбамен азық-түлік әкеліпті. Енемнің айтқан тағы
бір әңгімесі есімде жақсы қалыпты. Елде алғаш сайлау өткізу
болғанда менің атамды да депутаттыққа сайламақшы бо-
лып, кандидатурасын ұсынғанда, жанында жүрген еңбектес
орыстар,татарлар «сотталып кетесің» деп үгіттеп, жібермеген.
Соңынан ол дауыс беруге де бармапты.
30 жыл шахта астында жұмыс істегенде бір тырнағы да сын-
бай кетті ғой жарықтықтың. Бірақ жұмыс ауыр болды. Қыс де-
мейді, жаз демейді жұмыстан үйге жаяу келеді. Сонда үстіндегі
киімі су-су болып денесіне жабысып, суықта сақырлап қатып
келетін. Бет- ауызы аппақ шаң, сығырайып көзі ғана көрінетін.
Озат жұмысшы деп оған Қырымға демалыс орнына жолда-
ма беріліп, бір ай демалып келгенде: «Анадан жаңа туғандай
болдым ғой», - деп отыратын. Ұзақ жыл істеген ауыр жұмыс,
өкпесін қапқан тозаң қойсын ба, атаң 50 жасқа да толмай
қайтыс болды. Қатты ауырды. Қабырғасы іріңдеп, тесілді. Одан
қанды іріңмен қоса майда мыс ұнтағы қоса шығатын еді. Еңбегі жанып, омырауына орден де тақты ғой.
Оны мен бейбақ жоғалтып алған жоқпын ба?-дейтін енем.
Енем 12 құрсақ көтерген адам. Тұңғышы Әбдіқадір соғысқа жүрейін деп тұрғанда соқыршектен қайтыс
болыпты. Менің отағасым (Қойшан) ағасы қайтыс болғаннан кейін дүниеге келіпті. Міне, менің енемнен
естіген әңгімелерім осындай».
Бір адам туралы мынандай өте маңызды дерек берген Қазизаға ризашылығымызды білдіре оты-
рып, оның да осал адам емес екенін айта кетуді жөн көрдім. Ол 1959 жылы сегізжылдықты бітіргеннен
кейін шахта құрылысы басқармасына лампашы болып жұмысқа орналасады. Өндірісте 3-4 жыл еңбек
етіп, көзі қарақты болған жас қыз №55 шахта пайдалануға берілгенде клеть машинасының машинисі
болып ауысады. Әрқашанда өз ісіне тиянақты, жауапкершілікті жете сезіне білетін Қазиза Бижанова
жер астына жүк түсіру, ауысымнан шыққан кеншілерді жер бетіне шығару сияқты жұмыстарды аса
мұқият атқарып, басшылықтың жоғары бағасына ие болады. Соның нәтижесінде ол 1966 жылы «Құрмет
Белгісі» орденімен марапатталды. Қоғамдық жұмыстардан да қалыс қалып көрген жоқ. Қалалық, по-
селкелік Советтердің депутаты да болып сайланды. Атасы Асан секілді депутат болудан қорықпай-ақ
халқына халық қалаулысы ретінде белсенді қызмет атқарды. Жезқазған кен-металлургия комбинатының
саласында 35 жыл еңбек етіп, бүгінде құрметті демалыста отыр. Жезқазған шахтапроходка тресінің
№4 басқармасында жарты ғасырға жуық электрослесарь болып еңбек етіп жүрген Советқалидің қас-
қабағына қарап отырған жайы бар.
«Балаларымыздың бәрі аяқтанып кетті, ендігі біздің арманымыз осылардың қабағына кірбің түспесе
екен, аспандары ашық болып, біз көрген қиыншылықтарды көрмесе екен-дейміз»,-дейді орденді ана.
Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, тамыз.
39
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕК ЖАЛШЫЛЫҚТАН ҚҰТҚАРЫП, АТАҚТЫ КЕНШІ АТАНДЫРДЫ
Еліміздің бас басылымы «Социалистік Қазақстан» газеті де
өткен дәуірдің өтпелі кезеңдерінде елде болып жатқан келелі
оқиғаларды, жаңа замандағы халықтың тұрмыс-жағдайындағы
орын алған оң өзгерістерді оқырмандарына жедеп жет-
кізіп тұрыпты. Газеттің 1933 жылғы 22 маусымдағы санында
Жезқазған кеншілерінің еңбек тынысын баяндаған мақалада
озат кенші Әділ Майгелдин туралы былай деп баяндайды:
...Жезқазған руднигіне алғашқылардың қатарында
келгендердің бірі Әділ Майгелдин болса, оның да өмір жолы
кешегі тар заманда өмір сүруге онша қолайлы бола қоймапты.
Әкесі Майгелді ағылшындардың қол астында тас аударып жүріп
мертігіп, содан қаза тапты. Өзінің бұл дүниелік емес екенін сез-
ген әкесі өлер алдында баласына:
«Әділжан, енді сені бала деп айтуға болмайды, жасың 1 1 -
ге келді. Әкем өлгенде мен небәрі сегіз-ақ жаста болатынмын.
Мұнан кейін шешем қайтыс болды. Шиеттей төрт бала жетім
қалдық. Өмірдің небір қиындығын бастан кеше жүріп, итшілеп
өмір кешіп, әйтеуір жетілдік. Ержеткенде Жезқазғанға келіп
жұмысқа тұрдым. Балалы-шағалы болдым. Сенің әлі бұғанаң
беки қойған жоқ қой, мен олай-бұлай болып кетсем елге бар,
ағайын-туыс бар, әйтеуір бірі болмаса, бірі қол ұшын берер.
Сендерді жетімсіретпес, мен секілді тас қопаруға әлі жассың, шамаң келмес, ертерек»,-деді Майгелді.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін Әділ ата-бабасының ескі қонысы Жыланды бойындағы ауылға ба-
рып, қозы бағып, көрші-қолаңның отын-суын тасып күн көрді. Оны жалшылықтан Октябрь револю-
циясы құтқарды.
«Мен Рудникке 1926 жылы келдім, алғашында забойшы болып істедім,-дейді Әділ өзі туралы. -Пар-
тия қатарына 1929 жылы өттім. Өндірістік жоспарымды 200 проценттен кем орындап көрген жоқпын.
Алдыңғы қатарлы жұмыскерлермен бірге мені де Қазақстан Орталық Атқару Комитеті социалистік
жарыстың екпіндісі белгісімен және Грамотамен наградтады. Мен 1931 жылы Мәскеуде өткен съезге
қатысып, Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) мүшесі болып сайландым. Соңғы жылда-
ры жер астындағы бұрғылау жұмысында нұсқаушылық қызметін атқарып жүрмін. Сменам әр аусымда
екі жоспарға дейін орындап жүр. Қарамағымдағы 20 адамның он бесі екпінділер...»
Ия, сол бір қиын кезеңдерде Қарсақбай өңірінде талай қазақ жұмысшылары өздерінің адал еңбегімен
зор құрметке бөленді, даңқы бүкіл елімізге әйгілі болды. Солардың бірі еселі еңбегінің арқасында
жалшылықтан құтылып, ел аузына іліккен Әділ Майгелдин еді.
40
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕПМЕН ТАНЫЛҒАН ДЕПУТАТ КЕНШІ
Рудникте ағылшындардан қалған шахталардың қалыпқа кел-
тіріліп, ашылып жатқан кезі болатын. Сол кездерде Жезді өзені
бойынан бастап қазіргі Весовой, төртінші километр елді ме-
кендері мен Сәтбаев қаласы тұрған жердегі Досқана құдығына
дейінгі аралықты ел жайлайтын. Қатар-қатар тігілген киіз үйлер.
Ауыл-ауылдың жылқы-сиыры тау-таудың арасында жайылып
жататын. Өндірістің, шахтаның не екенін білмейтін мал бағуға
дағдыланып, қайла, күрекпен жұмыс істеуге жүрексінетін жер-
гілікті тұрғындар шахтадан бойларын аулақ салып, кейіншектеп
басқа жұмыс қарастырады. Онда да әйтеуір күнкөріс үшін.
Бір күні шахтаның байырғы жұмысшыларының бірі Әлімбай
Қуанышовқа аласа бойлы, өткір көзді жас жігіт келіп:
-Аға, мен шахтаға жұмысқа тұрғым келеді. Жағдайым на-
шар, жанұямызда кілең жетім жас балалар, бас көтерер жан
жоқ. Шахтер болғым келеді. Жұмысқа тұруға көмектессеңіз, -
деп тұр.
Ақылға дана жігіт ағасы жағдайын айтқан жігітті ойлы
көзімен бір шолып өтіп, оның жағдайының қиындығын түсініп
және жастығына қарап:
-Қарағым тым жас екенсің, шахтаның жұмысы ауыр бола-
ды, қолдан қайла, иықтан күрек түспейді, істей алар ма екенсің,
өзің қандай жұмысты қалайсың? Оны меңгеруге шамаң келе
ме? Әлде балалыққа салынып, жұмыстың қиыны кездессе
табаныңды тайдырып, жалт етпейсің бе?-деді.
-Жоқ, аға, менің барлық шыным да мақсатым да шахтер
болу. Ешқандай ауыр жұмыстан қашпаймын,-деп көз жанары от шашып тұрған балаң жігітке Әлекең:-
Жарайды, ертең күн шыға осында кел. Маған көмекші боласың. Атқаратын жұмысымызды откатчик деп
атайды ,- деп иығынан қақты.
Ертеңіне ертемен шахтаға келген Темірбекті арнаулы жұмыс киімін киіп, қолында кішкене жарық
түсіретін лампасы, иығына қайла мен күрегін асынған жұмысқа шыққалы тұрған Әлімбай қарсы алды.
-Жарайсың жігітім. Көп күттірмей келдің. Уақытты босқа өткізудің қажеті жоқ. Менімен бірге жүр.
Складқа барып саған арнаулы жұмыс киімдерін аламыз.
Әлімбайдың соңына ерген Темірбек жедел жүріп складтан өзіне шақтап киім таңдап киді.
Клет маңы. Шахтерлердің бәрінде де өзінің үстіндегідей біркелкі киім. Бәрінің қолында жылтылдаған
лампа. Клетке жақын тұрған Әлекең: «Ал, шырағым байқа, алғашқы сапарың ғой, қорқынышты болуы
мүмкін. Өзіңе-өзің берік бол»,- деп жатыр. Клет төмен түсіп, қараңғылық құшағына енгенде жан-жақтан
тамшылап тұрған судың дыбысы естілді. Шахтерлер лампаларын жағып, бір-біріне жарық түсіріп жұмыс
жайында әңгімелесіп, өзара қауқылдасып жатыр.
Клет тоқтап, кеншілер біртіндеп сыртқа шықты. Әлімбайдың соңына ерген Темірбек қараңғылау
камераға келіп тоқтады.
«Ал, Темірбек, біздің жұмыс істеп, кен өндіретін жеріміз осы. Біз тұрған жерді камера дейді, осы
камераның кенін алу міндетіміз. Жұмыстың дені қолмен атқарылады»,-деді де қолындағы қайламен
үйреншікті жұмысына кірісіп кетті. Темірбек те қарап тұрмай қолына қайласын шапшаң алып бар ын-
тасымен көктасты қопаруға кірісті. Жас кенші ТАрыстановтың шахта астындағы алғашқы еңбек күні
осылай басталған еді.
Жылдар жылжып өтіп жатты. Ол шахтаның әр саласында жұмыс істеді. !937 жылы дәрі аттырушы
мамандығын меңгерді. Оған осы мамандығымен әр шахтада жұмыс істеуге тура келді.Оны қай шахтаның
дәрі аттырушылары бригадасы мен сменасы нашар істесе сол шахтаға шақыртып, нашар бригадаларға
бастық етіп жіберетін болды. Баяғы еңбек ардагерінің алғашқы ұстазы Әлімбай Қуанышовтың соңына
еріп шахтаға түскеннен бері де ширек ғасырдан асып кетіпті. Балаң жігіт бүгінде ел ағасы болған.
Тәжірибелі кенші. Осы мерзімде ол талай-талай қиын кезеңдерді бастан өткерді. 1936 жылдары стаха-
новшылар қозғалысына қатысып, кеншілер арасында өрістеген социалистік жарыстың алдыңғы шебінен
көрініп жүрді. Ал, соғыс кезіндегі ел басына түскен ауыртпалықты бірге көтерісті. Майдан даласында
мерт болған ағасының балаларын да жеткізді.
Темірбек «Кресто-Запад» шахтасының тұңғыш рет іргетасын қалап, стволын тұрғызып, астына
алғашқы штректерді жүргізгендердің де қатарында болды. Осы шахтада дәрі аттырушы болып істей-
41
Кен өндірісінің қаһармандары
тін еңбек ардагері Зыряновск шахтерлерінің дәрі аттырудағы іс-тәжірибесі туралы хабардар болды.
Олар арнаулы схемаға сүйене отырып, ешқандй ауытқусыз 26 шпурмен бұрғылайды. Мұндай әдісті
пайдаланғанда бұрғылау жеңілге түседі екен, сонымен қоса атқылау тиімділігі 5-10 пайызға өскен.
Темкең Зыряновск кеншілерінің осы әдісін өздерінде кеңінен қолдануды үйренді. Үйреніп қана қойған
жоқ, оған жастарды да үйретті. Ол тәрбиелеген М.Бекенов «Покро» шахтасында аға дәрі аттырушы
болса, Наурызбаев «Петрода» қатардағы дәрі аттырушы болып жұмыс істеген. Олар мамандықтарын
жақсы меңгеріп, еңбек озаттарының қатарынан орын алып, құрметке бөленді.
Жұмыста белсенді, адамгершілігі мол, озат өндірісшіні әріптестері 1959 жылы №191 Жезқазған
сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат етіп сайлады. Темірбек Арыстанов еселі
еңбегімен, кеншілер лоселкесінің әлеуметтік-мәдени дамуына атсалысып, халықтың бұл жоғарғы сенімі-
нен шыға білді.
42
Кен өндірісінің қаһармандары
«АДАМ-ЭКСКАВАТОР» НЕМЕСЕ ҚАРА КҮШПЕН КЕН МОЛШЫЛЫҒЫН
ЖАСАҒАН ЖАН
...Рудник, Жезқазған... Бала күнімізде тау-тасын аралап,
төбе-төбесіне лақ-қозы жайған шақта оның жеті қ ат жер ас-
тында мол байлық жатқанын бала көңіл сезбепті де ғой. Сол
елді мекенді жайлаған әрбір отбасынан кем дегенде бір адам
шахтада жұмыс істейтін. Ал, олардың немен айналысатыны-
нан біз бейхабар болатынбыз.
Рудник, Жезқазған атауларын әлемге әйгілі еткен көк
тасы болса, жүздеген метр тереңдікте жатқан сол тасты өндіріп,
халық шаруашылығы кәдесіне жаратуға қаншама абзал жан-
дар маңдай терін төкті десеңізші! Соньің бірі менің әкем Омар
болатын - деп бастады әңгімесін бүгінде асқаралы алпыстың
үстіне шығып, ата атанып, кейінгі жас ұрпақтың ақылшысы бо-
лып отырғән Болат.
Біз рудниктің кейін «Шанхай» деп аталып кеткен бөлігінде
жақпар - жақпар жұқа тастардан қаланған жатаған үйде тұрдық.
Мен ес білгенде әкемнің шахтада жұмыс істейтінін жақсы
білемін. Бұл соғыстан кейінгі жылдар болатын. Көптен күткен
жеңіс келгенмен жағдай әлі түзеле қоймаған кез. Қазір қай
мамандық иелері болмасын жұмысқа таза киіммен барады.
Жылы автобустармен қатынайды. Ал мен әкемнің жұмыстан қыстың көзі қырауда үсті-басы мұз болып,
қатып келгенін талай көргем. Сол сурет осы күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Жұмыстан әлсіреп ке-
летін. Қандай аянышты хал десеңізші. Өзінің қалжырап, шаршап келгеніне қарамастан мені шақырып
алып, маңдайымнан мейірлене иіскеп: «Ту, шаршағаным басылып қалды-ау, Болатжанымды жеткізсем,
адам болғанын көрсем»,- деп отыратын. Алайда, әке арманы орындалмады. Жастай жұтқан, қос өкпені
қапқан көктастың шаңы, буын-буынды байлаған суық қойсын ба, менің қызығымды көрмей селикоздан
ерте қайтыс болды.
Ағылшындардан қалған Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылғаннан-ақ бұрын тұл жатқан
Ұлытау өңіріне жан кіре бастады. Қирап қалған шахталар қалпына келтіріліп, кен өндіру жолға қойылды.
Қарапайым әдіспен жүргізілсе де тұрғын үйлер салынып, бой көтере бастады. Жабағының Омарының
Жезқазған кенішінің «Покро» шахтасына жұмысқа тұруы да өндірістің осыпай жандануымен тұстас келді.
Оқуы, тоқуы жоқ ауыл қазағы жұмысқа келгенде: «Әйтеуір, екі қолға бір күрек табылар, күнкөріске тиын-
тебен тапсам болар»,-деп келеді. Шахта бастығы «откатчик боласың» дегенде, Омар да өзін шахтаға
жұмысқа алғанға мәз болып, қатты қуанды. Ол қандай жұмыс екенін де сұрамапты. Ертесіне жас жігіт
ең алғаш рет шахта астына түсті. Тірі адамның өз бетімен жер астына түсуі де алғашында қорқынышты
екен. Абырой болғанда кеншілер арасында бірен-саран ауылдастары кездесіп жақсы болды. Солар-
мен жөн сұрасып жүріп, жердің астына сықырлауық баспалдақпен қалай түскенін де байқамай қалды.
Штрекке келіп тоқтаған жұмысшыларға ауысым бастығы тапсырма беріп жатыр.
Бастық шамалы уақыттан кейін Омарға бұрылып: «Сенің жұмысың вагонеткаларға кен тиеу, оны
анау айналымның әр жағында кенді қыр үстіне шығаратын клеть бар соған тасып жеткізу, Тұрғынбай
жұмысты біледі, екеуің соны атқарасыңдар», - деп, жанында тұрған палуан денелі жігітті нұсқады. Міне,
жас кенші Омардың алғашқы жұмыс күні осылай басталып, өзінің әріптесі Тұрғынбай Дүрментаевпен ең
алғаш рет осылай танысты. Осы таныстық екеуінің ұзақ жыл бойы қатар тұрып еңбек етуіне ұласты.
«Тұрекең ағамыз бертін келе қайтыс болды. Ол мен үшін туған әкемдей болып кеткен жан еді. Қазақта
«әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін», - деген жақсы бір нақыл сөз бар. Сол шын екен. Мен оны
жақсы сезіндім. Әлгі ағамыз мені көрген сайын: - Болатжансың ба ей, қалай ержеткенсің, әкең бір та-
маша адам еді. Шахта астында жанталасып жүріп еңбек еттік қой. Демалатын уақыт өнебойы бола бер-
мейді. Анда - санда сондай сәт түсіп, отыра қалғанда сені аузынан тастамайтын. Жарықтықтың сенің
қызығыңды көрмей кеткені өкінішті-ақ, - деп әкемді еске алғанда, денем шымырлап, әкемді сағынғаннан
көзіме еріксіз жас келетін», - дейді сөз арасында Болат.
Сонымен Омекеңнің шахта астындағы еңбек жолы басталып кетті. Бастықтың «вагонетка-
ны ана жерге дейін итеріп апарасыңдар» деген жері -150 метр, кейде одан қашық аралық болады.
Өздері кенді күрекпен тиейді. Артынан оны клетьке дейін итереді. Осы жұмыс ауысым сайын бірне-
ше дүркін қайталанады. Тұрғынбай екеуінің бұл жұмысқа үйреніп кеткендігі сондай оларды былайғы
жұрт «адам - экскаватор» деп атап кетті. Қос алып кешегі ел ішінде кеңінен өрістеген стахановшылар
қозғалысы тұсында да қарқынынан тайған жоқ. Вагонеткаларды итере жүріп, дәрі аттырушы, бұрғышы
43
Кен өндірісінің қаһармандары
мамандықтарын да игеріп кетті. Ауысымдағы жігіттердің бірлі - жарымы ауырып - сырқап қалса әлгі екеуі
олардың орнына тұра қояды. Күндік жоспарларын асыра орындап стахановшы да атанды.
Бейбіт өмір тыныштығы кенеттен фашистік Германия бастаған қырғын соғыстан бұзылып кетті. Жұмыс
бұрынғыдан да ауырлай түсті. Ешбір адам уақытпен санаспайтын болды. Барлық күш майдан қажеті
үшін мыс өнімін көптеп беруге жұмылдырылды. Сол кездегі Жезқазған кеніштеріндегі жұмысшылардың
ерлік істерін өз көзімен көрген еңбек ардагері Асқар Шынтөринов «Шыңға шыққан шынар» деген
естелігінде осы жағдайды шынайы суреттепті. Ол өз естелігінде былай деп жазады: «1943 жылдың
жазында «Покро» шахтасында кен тиеуші әрі вагон итеруші болып істейтін Тұрғымбай Дүрментаев пен
Омар Жабағыновтар шахтаға түсер алдында бір ауысымда 100 вагонеткаға кен тиеп, оны жер бетіне
шығаратын жерге дейін қолмен итеріп апаруға міндеттеме алды. Бұл дегеніңіз әлгі вагонеткаларды 150 -
160 метрге дейінгі қашықтыққа итеріп апару деген сөз. Олар сөзінде тұрды. Сөйтіп сменалық жоспар 2,5
есе асыра орындалды. Осы оқиғаға байланысты шахтада митингі болды, мен сол салтанаттың басы-
қасында болған адаммын. Сол күнгі көрсеткіш кейін тұрақты орындалатын болды».
Алып күштің иесі Омардың еңбегі әрине, еленбей қалған жоқ. Ол «1941 -1945 жылдардағы ерен еңбегі
үшін» медалімен марапатталды, кейіннен омырауына ордендер де тақты. Алайда, осының барлығы да
денсаулыққа жетпейді екен. Жер астындағы жанталаста жүргенде алып адам сол жақ қолынан жарақат
алды. Кейін сол жарақаттан қолы семіп қалды.
Жүк тиелген вагонеткаларды итерген «адам -экскаватор» өмірде болған оң өзгерістерді, атап айтқанда
алып шахталардың бой көтергенін, жер астына қуатты кен өндіру, оны тасымалдау техникаларының
келгенін, кешегі қаңырап жатқан өңірде сәулетті қалалардың бой көтергенінің бірін де көре алмай ерте
көз жұмды. Артында қалған Болаты бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Бір тайпа елдің басшы-
сы. Омар кеншінің немересі Еркін өңірімізге кеңінен танымал «СЭР- клуб» ансамблінің әншісі. Кеншілер
мен металлургтердің көңілінен шыққан, жан дүниесін тербететін бірнеше әннің авторы.
«Еркін, сенің атаң Омар жер астында кен тиелген вагонеткаларды итеріп, кен бұлағын тасытқан, сол
үшін де «адам- экскаватор» атанған әруақты, палуан жан болған десең нанбас та. Бірақ, Еркін, ол солай
болған. Біздің қазақ не көрмеген, басынан нені өткермеген. Бұл шындық. Сен оған илан».
Жезқазган қаласы, 2005 жыл, желтоқсан.
44
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ
Жезқазған кен орнын алғаш игерушілердің қатарында Зей-
нолла Биболатовтың есімі құрметпен аталады. Ол орын-
ды да. Жезқазған өңірінің тумасы Зекең де өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдарының аяғына қарай Жезқазған руд-
нигіне келіп жұмысқа орналасқан болатын. Бұл кездегі рудник
шахталарындағы жағдай белгілі. Жұмыс ауыр. Жағдай жоқ. Осы
өңірдің жер қойнауын зерттеп, кен қорының молдығын жоғары
жаққа дәлелдеумен жүрген жас геолог Қаныш Сәтбаевтың да
еңбегі жанатын түрі бар. Отызыншы жылдардың ортасына қарай
жоғары жақ қаржыландыру мәселесін қолға алып, Қарсақбай
зәуытының ырғақты жұмыс істеуіне, қуатының артуына көңіл
бөле бастады. Бұл дегеніңіз оны шикізатпен қамтамасыз ететін
шахталардың жұмысы да жанданады деген сөз. Үкіметтің
мұндай шешімімен жігерленген Жезқазған кеншілері ескі техни-
камен болса да кен өндіру көлемін арттыра түсті.
Сол уақыттардағы жағдайды көзімен көріп, кен өндіру ісіне
тікелей қатысқан, инженер Жетпіс Дүйсекеев «Гүлденген өңір»
атты кітабында былай деп еске алады:
...Ол кезде рудникте төрт шахта жұмыс істейтін, оларда
забойлардың саны көп болғанымен көлемі шағын, қопарылған
руданың мөлшері де өте мардымсыз еді. Ал шахталарда
забойлардың ені кеңеюіне байланысты қопарылатын руда да
молая бастады. Осыған байланысты рудник басшылары төрт
шахтаның орнына екі шахта қалдырды, осы жаңадан ұйымдастырылған екі шахтаны басқару оқуды
жаңа бітіріп келген жас инженерлер Ғабдолла Сымайылов пен осы жолдардың авторына тапсырылды.
Шахтаның жұмысын талапқа сай ұйымдастырып, оларда жаңа технологияны игеруде Зияда Түсіпбаев,
Зейнолла Биболатов, Өжікен Жанғабылов сияқты тәжірибесі мол жұмысшылардың көмегі зор болды,
шпурларды забойға таратып салудың жаңа әдістері қарастырылды.
Міне, өздеріңіз оқып отырғандай кешегі мал соңында жүрген қарапайым қазақ жігіті бүгін жаңа
мамандық меңгеріп, озаттар қатарынан орын алды, жас инженерлердің көмекшісіне айналды. Рудник-
ке алғашқы келген беттен Ленин партиясының мүшелігіне өткен Зекеңді №12 шахтаның коммунистері
өздерінің жетекшісі етіп сайлады. Бұл оны жаңа еңбек белестеріне көтерілуге жігерлендірді.
1935 жылы 19 желтоқсанда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп орындары
стахановшыларының слеті болды. Оған Қарсақбай комбинаты жұмысшылары атынан Зияда Түсіпбаев та
қатысты. Осы айтулы оқиғаны еселі сменада табысқа жеткені аз. Біз бірнеше жұмысшының, бригаданың,
мүмкін бүкіл еңбекпен атап өтуге арналған жиналыста шығып сөйлеген стахановшы, парторг Зейнолла
Биболатов былай деді:
«Біздің, №12 шахтаның кеншілері, слетке қатысушылардың құрметіне еңбекте аса зор көрсеткішке
жетеміз деп уәде бере аламыз. Меніңше қазіргі жағдайда бір адамның бір шахтаның үздік жұмыс істе-
уіне жетсек, сонда ғана мақтануымызға болады. Соңғы кезде Сафин, Ақшалов, Айгелов, Байкенеев
сияқты озат бұрғышылар, вагон айдаушы Мусин, Байғабылов, Сайдалиев, Тұрлыбеков нағыз стаха-
новшылар болып алды, олардың үздік еңбегін, жоғары көрсеткіштерін біз мақтан етеміз».(Ж.Дүйсекеев.
Гүлденген өңір).
Коммунист кеншінің ісі мен сөзінде алшақтық болмады. Көп ұзамаи ол кен өндіру нормасын 968
процент орындады. Сөйтіп, З.Биболатовтың есімі бүкіл Қазақстанға әйгілі болды. Оның бұл еңбек
көрсеткішін қайталаушы стахановшылар саны Жезқазған руднигінде көбейе түсті. Аға буын өкілінің
осындай өшпестей із қалдырған ерлік істері ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді.
45
Кен өндірісінің қаһармандары
ТАУ ҚОПАРЫП, ТАС ЖАРҒАН ЖАЛЫНДАҒАН ЖАС ЖҮРЕК
Қазақ ССР-не еңбек сіңірген геолог, бүгінде құрметті дема-
лыста отырған Мәлік Омарұлы ақсақалды халық «Экспедиция»
деп атап кеткен Жезқазған іргесіндегі елді мекенге арнайы із-
деп бардым. Күздің шуақты күндерінің бірі. Мәкең үйінде екен.
Қашанғы жайдары мінезімен, қуана қарсы алды. Көпті көрген
азамат қой, келген беттен «неге келдің?» деп сұрақ астына
алған жоқ. Жай- жапсарымызды, хал-жағдайымызды сұрап,
біраз қаныққаннан кейін ғана:
- Шәке, біздің жаққа келе бермейтін жігіт едің, нендей ша-
руамен келдің? Қолымнан келсе көмектесейін,-деді. Мен де
шаруамды айттым.
- Бұйымтайым, сізден нағашыңыз Арыстанбек Ақшалов ту-
ралы дерек алсам ба? - деп едім.
- Дұрыс. Өткен тарихты көтеріп, Жезқазған жерінің байлығын
халық игілігіне жаратқан сол менің нағашым Арыстанбек секіл-
ді аға буынның өкілдерінің қажырлы да қайратты, ерлікке бер-
гісіз істерін жас ұрпаққа жеткізіп отыру тірілердің парызы бо-
луы тиіс. «Өлі риза болмай тірі байымайды»,- дейді халқымыз.
- Мен мұны байып кету үшін айтып отырғаным жоқ. Әруақты
риза ету тірінің борышы. Сол үшін айтып отырмын. «Атаңа не
істесең, сол алдыңа келеді»,-деген. - Осындайды көріп, естіп
өскен ұрпағымыз, ертең олар да ата—бабаларын еске алып,
құрметтеп отырады.
Мәкең, бірауық ойланып қалды. Шамасы, сонау өзінің
жастық шағын еске түсіріп, көз алдына келтірді ме екен? Біраз үнсіздіктен кейін баяу үнмен әңгімесін
бастап кетті.
- Әрине, мен ол кезде жас болатынмын. Жезқазған руднигіне соғыстан бұрын әкем ең алдымен
«оқысын» деп Ғазизді жіберді. Ол бір жақын туыстың үйінде жатып оқыды. Соғыс жүріп жатқан жылдары
оқуын бітіріп, өндіріске жұмысқа тұрды. 1944 жылы Алматыға оқуға кетті. Ол оқу оқып жүргенде баяғы
туыстың үйіне жатып мен де мектеп табалдырығын осы рудникте аттадым. Көп ұзамай біздің үй де
көшіп келді. Ол уақытта баламыз ғой. Көп нәрсенің парқына бара бермейміз, өйтпесе, шешем Жекеннің
ағасы Арыстанбекті талай көрдім. Дөңгелек жүзді, бойы ортадан жоғарылау, дембелше келген кісі еді.
Дөңгелек жүзіне жарасып тұратын мұрты болатын. Шахтада істейтін.
Ия, заманның тарыншылық уақыты, жаңа үкімет келіп кедейлердің жолы болып тұрған кезең бола-
тын. Тігерге тұяғы жоқ Арыстанбек те ауылдастары секілді өндіріске бет алған. Оның алғашқы еңбек
жолы Жезқазған руднигіндегі барлаушылар мекемесінде бұрғышының көмекшісі болып басталды.
Көктем шыға жер беті дегдіген кезде Тасқұдық, Милықұдық пен Сорқұдық үстінде мосы сияқтанған
айбақ-сайбақ бағандар құрылып, солардың іргесінде мазасыз дүңкіл естіле бастайды. Бұл Сәтбаев
бастаған бұрғышы-барлаушылардың станоктары. Олар мотормен жүреді. Жерді ұңғыған снарядтың
бөгеусіз жүруі үшін скважинаға су үнемі толтырылып отырылады. Суды да, майды да, лайлық сазды
таситын да жергілікті қазақтар. Көмекші деген белгілі емес пе, ананы әкел, мынаны апар, таңертеңнен
кешке дейінгі шаруасы сол. Скважинаға келген суды толтырады. Осындай жұмыстар атқара жүріп бір
жазды да бітірді-ау. Күн суыта өзі бірге істеген сырттан келген орыс барлаушы-бұрғышылар кетіп қалды.
Арыстанбек тағы жұмыссыз қалды. Бұлай жүре беруді жөн көрмеген ол №29—33 шахтаға бұрғышының
үйренушісі болып жұмысқа тұрады. Шахта жұмысы ауыр. Бірақ өзі келді. Қайткенде төзу керек. Кеншілік
мамандықты бұрын көрмеген, сондықтан оның қыр-сырын үйрену керек. Бұрғышының басты құралы
салмағы бес килограмм болатын дәу балға, күрек және екі-үш бұрғы. Кен қабатының бетіндегі алғашқы
сантиметрлерді бұрғышы кішкентай бұрғымен тесіп, сосын шпурды келесі екінші, үшінші бұрғылардың
көмегімен тереңдететін. Бұрғышының күндік нормасы 108 сантиметр болатын, бір ауысымда 700—800
килограмм кен өндіретін. Бұрыннан істеп келе жатқан тәжірибелі жұмысшыларға қарайды, солардың
істегенін істейді, білмегенін сұрайды. Еңбекқор жас жігіттің жұмысқа деген ынта-жігерін байқаған ауы-
сым бастығы көп ұзамай оны өз бетінше жұмыс істеуге қойды. Алғашқы күннен тапсырманы ойдағыдай
орындап, көзге түсті. Жылдар өте тәжірибе молайды.
Сол кезде елімізде өндіріс қарқынын арттыру мақсатында халықтың ынта - жігерін барынша көтеру
үшін талай-талай соны бастамалар өмірге келді. Соның бірі Донбасс шахтері Алексей Стахановтың
бастамасы болатын. Бұл бастама сонау түкпірде жатқан Жезқазған кеншілері арасына да жетіп, қолдау
46
Кен өндірісінің қаһармандары
тапты. Қарапайым әдіспен бір ауысымда 1-2 тоннаға деиін кен өндіруге қолы әрең-әрең жетіп жүрген
жұмысшылар енді кен өндіру, бұрғылау, кен тиеу әдістерін жетілдіріп, көрсеткішті жоғарылатуға ұмтылды.
Өндіріске келген жаңашыл жас мамандар бұған көшбасшы болды. Елдің басқада өндіріс орындарындағы
тау-кен жұмысында вагонеткаларға кен тиеу сырмамен(скрепер) атқарылатын. Бір қарағанда бұл онша
күрделі механизм емес. Оны Жезқазған жағдайында рудниктің механикалық шеберханасында жасап,
№1 шахтада қолданыла бастады. Кен қабатын бұрғылау бұрын камуфлетті әдіспен жүргізілсе, енді ол
бұрғыланатын шпурлардың диаметрін үлкейту арқылы жүзеге асырылатын болды. Тың әдісті өндіріске
алғашқы енгізушілер Ахметғали Сафин, Арыстанбек Ақшалов, Өжікен Жанғабыловтар болды. 1936
жылы бұрғышы Арыстанбек бір ауысымда 150 тонна руда қопарып, стахановшылар көшін бастады.
Қырқыншы жылдарға қарай Жезқазған кен орындарында перфоратормен кен қазу жүйесі іске асыры-
ла бастады. Бірақ, мұның ең ауыры бұрғыны көтеріп тұрып, иығыңмен итеріп бұрғылайтынсың. Одан
біріншіден қолың талса, екіншіден иығың қажалып қалатын. Осындай қиындыққа төзе отырып, қазақ
жұмысшылары еңбек өнімділігін еселеп арттырды.
«1941 жылдың 22 маусымы. Соғыс. Осы бір суық хабар Жезқазған тұрғындары арасына жылдам та-
рап кетті. Бала болсақ та үлкендердің неміс басқыншыларына лағынет жаудырғанынан, қас-қабағының
түйілгенінен жағдайдың қиындығын жүрекпен сезіндік,-деп жалғастырды әңгімесін ардагер. - Апамның
айтуына қарағанда Арыстанбек секілді шахтада істейтін озат кеншілер соғысқа алынбайтын болыпты.
Шешемнің ағасының тілеуін тілеп, құдайға күнде сыйынып отыратыны менің есімде жақсы сақталып
қалды.
Соғысқа алынбағанымен сол азаматтар еңбек майданында қаһармандықтың, жанқиярлықтың адам
айтқысыз үлгісін көрсетті. Соғыс басталған алғашқы күндерден-ақ Жезқазғанның өнеркәсіп орында-
ры, мекемелері соғыс жағдайына көшірілді. Озат жұмысшылар Панин, Аймақанов, Өйгелов, Ақшалов,
Болышев, Сафин және басқалар аудан еңбеккерлерін «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» ұранымен
еңбек етуге шақырды. Бастама иелері жұмыс орындарында қажырлы еңбек етіп, жоспарды орындамаған
күндері болған емес. Сол кезде кеншілердің еңбек жеңісінің құрметіне шахталардың коперларына
қызыл Ту ілу дәстүрі қалыптасқан болатын. Талай рет нағашымды жұмысынан поселкеге музыкалатып
шығарып салғанын, үйіне арбакештердің арнайы тамақ әкеп беретінін өз көзіммен көрген адаммын. Ол
уақыттарда мұның озаттарды марапаттаудың бір түрі екенін қайдан білейін. Бізге қызық.
Комбинат басшылығы мен партия ұйымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Илларион Янкиннің
көп перфораторды қолданып бұрғылау әдісі мен Балмұқан Аймақановтың шпурларды терең бұрғылау
тәжірибесін кеншілер арасына кеңінен таратуға үнемі көңіл бөліп отырды. Комбинатта қысқа мерзімді
тәжірибе мектептері ашылды. Жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің конференцияла-
ры өткізілді. Осындай шаралар нәтижесінде жаңа тәжірибені үйренушілер саны көбейіп, социалистік
жарыс бұрынғыдан да кең қанат жайды. 1944 жылы стахановшылар Ш.Ганиатуллин - 4600 тонна,
А.Ақшалов—3500 тонна, Шакиров—2000 тонна тапсырмадан тыс кен қопарды. Тапқан қаржысын
қорғаныс қорына аударды.
Сол отты жылдарда Балқашта өткен республикалық ақындар айтысында Болман Қожабаев:
...Кімің бар пар келетін Ақшаловқа,
Ерлікпен даңқы шыққан шар тарапқа.
Нормасын жиырма адамның жабар еді,
Бір күнгі еңбегінен енші алып та ... деп Шашубаймен айтысында Арыстанбектің еңбек жетістіктерін
осылайша мақтан еткен екен.
Тау қопарып, тас жарған жалындаған жас жүрек елі үшін, халқының тыныштығы жолында ыстық пен
суықта, көз көрмейтін газ бен шаңда қайсарлықпен еңбек етті. Нәтижесінде жасы алпысқа толмастан
селикоздан бұл пәниден бақиға аттанып жүре берді. Атақты кеншінің есімі ел есінде, ел тарихына алтын
әріптермен жазылып қалды, соған тәуба дейміз.
Жезқазған қаласы, қазан, 2005 жыл.
47
Кен өндірісінің қаһармандары
ЖАСТЫҚ ЖІГЕР РЕКОРД ЖАСАУҒА КӨМЕКТЕСТІ
Сол бір кездерде Ұлытау-Жезқазған өңірінде жас
геолог қаныш Сәтбаевтың есімі ауыл-ауылға кеңінен
тарап кеткен еді. Кен барлау жұмыстарының жүрмей
жатқаны да, оның Мәскеуге қайта-қайта барып, жоғары
басшылардың табалдырығын тоздырып жүргенінен
де жақын маңдағы жергілікті тұрғындар хабардар еді.
Көбі үйде отырып та оған жаны ашып отыратын. Кейін
Қаныш Мәскеуден жеңіспен оралыпты, Жезқазғанға
теміржол салынатын болыпты, шахталар саны көбейетін
көрінеді—деген сөздер де жатақтарға бәрінен бұрын
жеткен-тін. Бұл жылы сөз оларды да орнынан қозғалуға
мәжбүр етті. Қашанғы ұсақ-түйек малдың жайын күйттеп,
қарап отырады.Өндіріске барамыз, жұмыс істейміз - де-
ген сөздер шығып, Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендерінің
бойын жайлаған ауылдардың бас көтерер азаматтары
рудникке бет алды. Сол ұлы көштің алдыңғы легіне ілесіп
келіп, Қасымбекте №12 шахтаға қатардағы жұмысшы бо-
лып орналасқан болатын. Есейіп қалған қарулы жігіт за-
бойда кен өндірді, кей жағдайларда вагонеткаларға кен
тиеп, оны клетьке дейін итеріп откатчик те болды. Не ке-
рек, шахта астында тәжірибе жинақтап, стахановшылар
козғалысынын бел ортасында ЖҮРДІ.
Осы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысқан
Жезқазған кеншілері еліміздегі басқа да кен орындары кәсіпорындары жұмысшыларының оң
тәжірибелерін, кен өндіру техникаларын жетілдіру бағытындағы ізденістерін назардан тыс қалдырмай
отыратын. Донбасс, Алтай, Орал кен орындарында перфоратормен кен бұрғылауда қатты құймалар
қолданылып, ол кен барлауда, өнеркәсіптің басқа да салаларында жақсы нәтиже беріпті. Көп ұзамай оны
жезқазғандық кеншілер де қолдана бастады. Соның нәтижесінде осы уақытқа дейін қолданылып келген
мыңдаған дана болат бұрғыны ондаған «победит» айырбастады, мұның өзі қыруар қаржы үнемдеп,
еңбек өнімділігін еселеп арттыруға мүмкіндік берді. Соны жаңалықты жаны сүйетін Қасымбек перфо-
раторда «победитті» қолдана отырып бұрғылап бір ауысымда 250—300 тоннаға дейін мыс қопарып
жоғары еңбек көрсеткішіне жетті. Сөйтіп, «победитті» қолданудың тиімділігін дәлелдеп берді. Қолы іс
білетін ісмер жігітті ауысым бастығы перфоратор жөндейтін слесарь етіп тағайындайды. Уақыт өте
келе Қасымбек Өйгелов перфоратордың барлық бөлшектерінің жұмыс істеу принципін жете меңгереді.
Оның қай тетігінің ақауланғанын дыбысынан-ақ аңғаратын нәтижеге жетеді. Кен өндіруде стахановшы
болған қарапайым жұмысшы осылайша техника тілін жетік меңгерген көзі қарақты, білікті маманға ай-
налады. Оны істен шыққан перфораторларды жөндеуге басқа шахталарға да шақыртып алатын болды,
жастардың ұстазына айналды.
Қасекең Отан басына қауіп төнген отты жылдарда қайтадан қолына бұрғы алады. Басқа да әріптестері
секілді ауыр жағдайда еңбек ете жүріп жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосады.
Мәскеу түбінде жауды тас-талқан етіп жеңіп, батысқа қарай үдере қуған қызыл Армияның жеңісі
жезқазғандық кеншілердің қайратын жаныды, жаңа жеңістерге жетеледі. 1942 жылдың қаңтары.
«Бұрғышы Қасымбек Өйгеловтың жылдың алғашқы күндерінде жаңажылдық вахтаға тұрып бір ауы-
сымда 618 тонна кен қопарған еңбек жеңісі туралы хабар рудник кеншілері арасына ілезде тарап, оның
аты аңызға айналып кетіп еді. Сол күні ол еңбек ететін №12 шахтаның коперіне қызыл Ту ілініп, рекорд-
шы кеншіні поселкеге дейін музыканың сүйемелдеуімен шығарып салғанын көзіміз көріп еді»,—деп еске
алады еңбек ардагері Шермұханбет Байбосынов ақсақал.
Қасымбектің және оның басқада әріптестерінің соғыс кезіндегі ерлікке бергісіз еңбегі жайлы сол
уақыттарда жарық көрген газеттерде жариялаған сарғайған материалдардан да оқуға болады. Сөзіміз
дәлелді болу үшін "Қызыл кенші" газетінің 1942 жылғы ақпан айындағы санында жарияланған "Рекордтық
табыспен қарсы аламыз" деген айдармен берілген мына бір материалды оқып көрелік. Мақала авто-
ры қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты және Жезқазған руднигінің сапалы руда өндіру жөніндегі
нұсқаушысы Ахметғали Сафин. ...Жезқазған руднигінің шахтерлері: «Ісіміз де, күшіміз де, біліміміз
де керек болса өміріміз де жеңіс үшін, майдан үшін!» -деген ұранмен еңбек майданын бұрынғыдан
да гөрі қыздыра түсті.Атақты шахтер, коммунист Анарқұлов бастаған №11 шахтаның коллективі мен
48
Кен өндірісінің қаһармандары
№15 шахталар(басқарушысы Васин)планын үздік асыра орындай отырып, рудниктің ең алдыңғы
шахталарының бірі болып саналады.
Қазыбеков, Айгелов, Есенов сияқты алдағы семиволосшы бұрғышылар терең бұрғымен қайта атты-
ру әдістерін қолданып, руда құлатуды бұрынғыдан бір жарым еседен екі есеге дейін жақсартты.
№12 шахтадағы бурильщик Айгелов және Қазыбеков жолдастар қызыл Армиямыз бен соғыс-Теңіз
Флотының XXIV жылдық тойы- 23 февраль күнін рекордтық табыстармен қарсы алу үшін 2 забойдан
ұрып, дайындық жұмыстарға қарқынды кірісуде. Бұл забойларда кеңдігі үш-төрт метрлік, биіктігі 4-5
метрлік руда пласталар құлатуға дайындалып жатыр (Мәтіннің орфографиясы газетте жарияланған
қалпында өзгеріссіз алынды).
Міне, кешегі ауылда қой баққан қарапайым дала қазағының өкілдерінің бірі- Қасымбек Өйгелов те за-
ман талабына қарай техника меңгеріп, жер асты байлығын игеруге осылай атсалысты. Атсалысып қана
қойған жоқ ол үздіктер көшін бастады, әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетті. Фашизммен соғыста қызыл
Армияның жеңісін жақындатуға осылай лайықты үлесін қосты.
Жезқазган қаласы, ақпан, 2006 жыл
49