The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:48:45

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

Кен өндірісінің қаһармандары

келген мәселені байсалдылықпен шешетін, - деп жылы сезіммен еске алады алғашқы ұстазы Рустем
туралы еңбек ардагері.

Мақсұм Әбдірахманұлы инабатты, кішіпейіл, қарапайым жан, кейінгілерге қамқорлық жасауға
әрқашан дайын тұрады. Оның осы қасиеттерінің нәтижесі болар осыдан бірер жыл бұрын Мақаң өзі
жылдар бойы жеке кітапханасына жинақтаған 214 кітапты Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған универ-
ситетіне сыйға тартты. Бұл жер қойнауын зерттеуші геология мамандарына аса қажетті әрі құнды кітап-
тар университеттің «Шахта және жерасты құрылысы геологиялық түсіріс және ізденіс» кафедрасынан
орын тапты. Сөйтіп, ол болашақ барлаушылардың геология ғылымдарының құпия сырын жан-жақты
меңгеруіне, білім көкжиегіне ұмтылуына зор үлес қосты.

Әке көрген оқ жонар демекші, әкесінің қиын да өнегелі өмір жолынан тағлым алып, абыроймен
жалғастырып келген Мақсұм Әбдірахманұлы да өз балаларын өнегелі етіп тәрбиелеп, білім нәрінен
сусындатты. Ақнұр, Нұргүл, Айдана, Мәдина, Алуа, Айдана мен Қайраты жоғары білімді мамандар. Ас-
тана, Алматы Сәтбаев қалаларында жоғары лауазымды қызметтерде жемісті еңбек етіп жүр.

- Қиыншылықпен, тартыспен өткен әкемнің өміріне қарағанда мен өзімді бақытты санаймын. Өзім
сүйіп оқыған мамандығым өмірлік серігім болды, инабатты, білікті, жаны жайсаң жандардың арасы-
нан достар таптым, қызметтес болдым, кейінгі ұрпақ үрім - бұтағым жапырақ жайып, жетіліп өсіп ке-
леді, бір адамның басына осыдан артық не бақыт керек, - деп қанағаттанғандық сезіммен әңгімесін
қорытындылады еңбек ардагері Мақсұм Әшенов.

Сәтбаев - Жезқазған, 2005 жыл, маусым.

100

Кен өндірісінің қаһармандары

ТАҒДЫР

Лодка тонет и не тонет
Потихонечку плывет.
Милый любит иль не любит,
Только времечко ведет.

Ах, Самара городок,
Беспокойная я,
Беспокойная я,
Успокой ты меня...

Ән... КСРО халық артисі Роза Бағланова апамыз шырқайтын
халықтың сүйікті әніне айналған осы бір сазды әуенді қазақтың
шүйкедей қара кемпірі шырқап қоя бергенде үлкен тойхана-
да отырған қауым сілтідей тына қалды. Ән таза орыс тілін-
де шырқалды.Әнші әжеміз әннің бір шумағын да қалдырмай
нақышына келтіре, акцентсіз орындады. Ән аяқталды.Отырған
халық үлкен кісінің орындау шеберлігіне ризашылық сезіммен
дүркірете қол соқты.

-Халқым, мен бүгін үлкен қуаныш құшағында отырмын.
Немеремнің алды үйленіп, бір балам екеу болып жатыр. Ке-
шегі ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын-қыстау күндері
отағасым екеуіміз осындай қуанышты күндерді армандайтын-
быз. «Қуанған мен қорыққан бірдей» дейді ғой,әнді қуанғаннан
айтып жатырмын. Әйтпесе жасым сексенге келгенде маған
ненің әні. Балаларым бақытты болсын, сендер де еркін оты-
рып тойлаңдар,-деп сөзін аяқтаған кейуана орнына отырды.
Бұл осыдан төрт-бес жыл бұрын болған оқиға еді.

Ол кісі біздің Өтеген деген ағамыздың бәйбішесі. Аты Жа-
мал. Жеңешемізді бір кісідей білеміз десек те оның әншілік
өнері барлығын бірінші рет көруім. «Сәлемнің де сәті бар» де-
мекші, әнші қарт анамен кездесіп, сұхбаттасудың сәті жуырда
ғана түсті. Бүгінде жасы сексеннен асып кеткен жеңешеміз
құдайға шүкір әлі тың. Немерелерінің жанында, солардың күміс
күлкісін, балдай тәтті сөздерін тыңдап мәз болып, тағдырына
шүкіршілік етеді.
Біз ұзақ әңгімелестік. Біраз сырдың беті ашылды.

-Мен негізі алматылықпын. Туыс-туғандарым баршылық. Бәрі сонда тұрады. «Адамның басы алланың
добы» дейтін қазақта мақал бар.Тура отағасымыз екеуімізге арнап айтылғандай сезіледі маған. Кешегі
ел басына қатер төнген сұрапыл соғыс болмаса ту Алматыдан мен, Жезқазғаннан ол Қарағандыға ба-
рар ма едік? Бір-бірімізге қалай кездесер едік? Міне, тағдыр деп осыны айт.

1942 жыл. Ұлы Отан соғысының қызған шағы. Аты тыл демесең елде де тыныштық жоқ. Аяқ-қолы
сау бір адам, бала-шаға үйде тыныш отырмайды. Бәрі жұмыс алаңында. «Бәрі майдан үшін» ұранымен
еңбек етіп жатқан колхозшылар бозала таңнан түннің біруағына дейін дамыл таппайды. Колхоздың
егіс даласын жыртып, тұқым себеді, малын күйттеп, арамшөп жұлып бір дамыл таппайды. Жамал да
өзі қатарлы құрбыларымен егіс даласында жұмыс істеді. Көктемнің ызғарлы желінің өтінде жүріп егін
егісті, қара суықта оны жинауға көмектесті, жүзімдікті күтті. Сөйтіп жүргенде бір күні бір топ құрбы-
құрдастарымен бірге әскери комиссариат арқылы Жамалды еңбек армиясына жөнелтті.

-Алғашында қайда баратынымызды да білмедік. Составымыздың жол бойы жүруінен тұруы көп,
сөйтсек майданға баратын солдаттар мен әскери қару-жарақ тиелген составтарға жол бірінші кезекте
беріліп, біздің поездың жүрісінің өнбей келе жатқаны содан екен. Арада төрт-бес күн жүріп үлкен бір
қалаға келдік.Сұрастырсақ, кәдімгі көмірлі Қарағанды қаласы. «Заттарыңды алып дереу түсіңдер, қазір
машинаға отырып Теміртауға барамыз»,-деген басшымыздың командасы естіліп, бәріміз жапатармағай
түсе-түсе қалдық. Ауа райы Алматыдағыдай емес ызғарлы. Жұқа киіммен шыққан біздер дірдектеп
тоңып барамыз. Біраз күттік. Машина да келіп, жарты сағаттың шамасында Теміртауға да жеттік-ау,
әйтеуір. Үй жоқ, барлығымызды даңғарадай үлкен клубқа кіргізді. Іші сұп-суық, азынап тұр. Жылу да
қосылмаған. Бір-бір комбинезон, күпәйке, етік берді. Біздің ендігі тұрағымыз осы болатынын айтпаса да

101

Кен өндірісінің қаһармандары

түсіндік. Әрқайсысымыз өзімізше жылынудың қамын істеп, тір-
шілік ете бастадық. Міне, алматылық сұлулардың Теміртаудағы
алғашқы күні осылай өтті - дейді сол уақытты еске алып Жа-
мал бәйбіше.

Қыздардың еңбек майданындағы жолы Теміртаудың ме-
таллургия зауытының карбид цехында басталды. Атшапты-
рым аумақты алып жатқан зауыттың іші қайнаған қызу еңбек,
күндіз-түні тыным жоқ. Домна пештерінің аузынан жалын атқан
балқыма лақылдап құйылып жатады. Тәртіп қатал. Жұмыс
елең - алаңнан басталады, түннің бір уағында үйге қайтады.
Шаршағаннан үйге әрең жетіп, тамағын ішер-ішпестен жата
қалады. Клубтың суықтығы сондай үстеріндегі киімдерін ше-
шпейді де. Қанша бейнет көрсе де қыздар мойымай еңбек
етіп, болашаққа сеніммен қарады. Жеңіс күнін асыға күтті.
Алғашында Жамал карбид салатын темір ыдыстар дайында-
ды. Оған да жоспар беріледі.

-Бастапқы кезде әдісін білмей жұмысты өндіртіп істей ал-
мадым.Сол кезде қатар жұмыс істеп жатқан карбид цехындағы
ұнтақтаушы жігіттер келіп көмектесіп, ыдысты қалай жасаудың
әдістерін үйрететін. Өмірлік қосағым Өтекеңмен де осы жерде
таныстым. Сондай бір мың болғыр, биязы жігіт екен. Менің қиналып жатқанымды көрсе болды жетіп
келетін еді,-дейді ол бір жастық шақтың қилы кезеңіндегі сәттерін көз алдына келтірген кейуана. Ол
Байқоңыр көмір шахталарында жұмыс істеп, аурушаң болып әскер қатарына жарамай, Теміртауға еңбек
майданына жіберілген болатын. Жұмыс десе жанын аямайтын. Сонысымен де зауыт басшылығының
көзіне түсіп, абыройға бөленді. Карбид ұнтақтаушы мамандығын тастап кейін балқытушы болып ауыс-
ты. Бұл зауыттағы ең жауапты да ауыр жұмыс еді.
1945 жылдың көктемі шуақты күнімен, арайлы таңымен бірге халықтың көптен күткен ұлы Жеңісін
ала келді.Соғыс аяқталып, ел бейбіт еңбекке көшкенде екі жас жүрек қалауымен қосылып, шаңырақ
көтерді. Жас шаңырақ иесі, еңбек озаты Өтеген Ақмұрзаевты зауыт басшылығы отау құруларымен
құттықтап, жеке пәтер берді, жас отауға керекті заттар алу үшін қаражат бөлді. «Еңбектегі ерен еңбегі
үшін» медалімен марапатталды. Осындай құрметке бөленген Өтекең бейбітшілік орнағасын Теміртауды
тастап кете алмады.
1954 жылға дейін балқытушылық кәсібін жалғастыра берді. Екі жастың тұңғыш нәрестелері Биғайша
мен Бибігүл осы Теміртауда дүниеге келді. Қанша болып, толғанмен бөтен жер өзің туып, кіндік қаның
тамған жеріңдей болмайды ғой. Он екі жыл өмірін Теміртаудың өсіп-өркендеуіне арнаған Өтекең 1954
жылы Жезқазған поселкесіне көшіп келіп, Батыс Жезқазған кенішінің «Покро» шахтасына қопарушының
көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Ұзақ жылдар бойы карбид цехында жұмыс істеп селикоз ауруына
шалдыққан Өтекең 1964 жылы зейнеткерлікке шықты. Содан өмірінің соңына дейін жер бетінде жеңіл
жұмыстар атқарып, шахтаның астына қайта түспестен кетті.
Ерен еңбегімен еліне сыйлы болған Өтеген ағамыздың баласы Нысанның әке жолын қуып Батыс
Жезқазған кенішінде забойшы болып жұмыс істегеніне де ширек ғасырдан астам уақыт болды. «Әке
көрген оқ жонар» демекші ол да абыройсыз емес. Еңбекқор. Жұмысына өте тындырымды.
Жұбайы Өтеген көрмеген қызықты бүгінде Жамал жеңешеміз көріп отыр. Немерелері үйленіп, шөбере
сүйіп отырған бақытты әже. Ананың қабағына кірбің түспеуі келінге де байланысты.
-Үйімнің құт-берекесі Нұрбибім. Қас-қабағыма қарап, апалап отырғанда не жаның қалады. Келініме
ризамын.-дейді қария. - -Оу, жеңеше, сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпепті ғой,-деп қағытып жа-
тырмыз, баяғы мейрамханада ән шырқағанын есіне салып.
-Әй, балалар-ай, мен осылай кемпір болып туа қалды деп ойлайсындар ма, мен де жас болдым. Ән
шырқадым. Ағаларың сол әніме ғашық болып қалған жоқ па?-деп маңайында отырған біздерді күлкіге
бір көміп тастады кейуана. Езуіңнен күлкі кетпесін анажан, немерелерің мен шөберелеріңнің қызығын
ұзақ көруге жазсын аллатағала.

Жезқазған-Сәтбаев, сәуір, 2005 жыл.

102

! Кен өндірісінің қаһармандары

ӨЗІНІҢ ЕСЕЛІ ЕҢБЕПМЕН КЕН ӨНДІРІСІНЕ ЛАЙЫҚТЫ ҮЛЕС ҚОСҚАН КЕНШІ

Жезқазған байыту фабрикасының
аумағындағы үш қабатты кірпіш үйге
орналасқан кен-металлургия комбинатының
мұрағаты қорынан алынған әрбір мате-
риал кенді өлкеміздің өткенін еріксіз көз
алдымызға әкеледі. Өткен ғасырдың 20-
30-40-50 жылдарында Жезқазған кен
басқармасында еңбек еткен кеншілердің өз
қолдарымен толтырылған жеке есепке алу
листоктары талай жәйтті аңғартқандай.

Осындай құнды материалдың бірін маған
таяуда Жезқазған мыс қорыту зауытының
экономикалық-жоспарлау бөлімінде эко-
номист болып еңбек ететін, еңбек ардагері
Райхан Бабасқызы Шаханова әкеп берді.
Ол әкесі Бабас Шахановтың өз қолымен
толтырған жеке есепке алу листогы мен «Покро» шахта басқармасының бастығы М.Қ.Бөпежановтың
атына жазған өтінішінің көшірмесі екен.

Бұл материалдармен таныса отырып кенші Бабас ақсақалдың өмірі жайлы біраз мағлұматтар алдық.
Ол деректер Райханның әңгімесімен қолға түсті.

-Мен,-дейді Райхан Бабасқызы, - әке-шешем Рудниктегі Клубная көшесінде тұрғанда дүниеге келіп-
пін. Кейін мен ес білгенде олардың поселкенің шығыс жақ бөлігіндегі Сейфуллин көшесі бойында тастан
үй тұрғызғанын жақсы білемін. Үш ағайынды жігіттің ішінде менің әкемде ғана бала болған. Оның үстіне
інім екеуіміз жастайымыздан жетім қалғандықтанда болса керек ол мені еркелетіп, маңдайымнан шерт-
пей өсірді. Мен естияр болғаннан кейін болуы керек бар көрген-білгенін маған әңгімелеп отыратын. Ата-
бабалары, нағашы жұрты жайлы да біраз сыр шертетін. «Қуатты адамдардың «мықтылығынан» да біраз
көрешекті көрдік қой»,-деп отыратын. Сол кезде «көрешекті көргені несі?»- деп ойлайтынмын. Сөйтсем
ол сөзінің жаны бар екен. Әкемнің ағасы Асылбек болыс болған, менің шешем атақты Сандыбайдың
Ерден-Дүзенінің ұрпақтарының қызы. Олар кешегі Кеңес өкіметі тұсында қудалауға түскенде менің әкем
мен оның ағалары да солардың қатарында елден ауып кетіпті.

Сөз арасында: «Жезқазған шахталарына 15 жасымда жұмысқа тұрдым, жұмыс ауыр»,-дегенін та-
лай естідім. Бірақ соған қарамастан кеншілер ерен еңбектің үлгісін көрсетіпті. Олардың стахановшы
болғандарын да, бүкілодақтық рекордтар жасағанын да кейін ұлғайғанда естідік. Әкем болса рекордтар
туралы ауыз ашпайтын. Қарапайым, мақтануды білмейтін жан еді.

Қолымыздағы құжаттарға сүйенер болсақ Бабас Асқарұлы Шаханов «Покро» шахта басқармасының
«Петро-Центральная» шахтасында дәрі аттырушы болып жұмыс істепті. 1936 жылы КСРО түсті ме-
таллургия өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағына мүше болып қабылданыпты. Ол кезде дәрі
аттырушының жұмысының ауыр болғандығын тарихтан жақсы білеміз. Рудник басшылары Өмірхан
Байқоңыров, Мұхит Бөпежанов, сол секілді өзінің зеректігімен, іскерлігімен, еңбекқорлығымен еліне та-
нылып, оқымай-ақ шахта бастығына дейін көтерілген Ысқақ Анарқұлов, кенші Отызбаевтармен қатар
тұрып жұмыс істейді. Жаста болса өз ісін жанын салып атқарған Бәкең ұжымның құрметіне бөленді. Ең
жоғары разрядты дәрі аттырушы дәрежесіне дейін көтерілді. Еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі де елеусіз қалған жоқ. «1941-1945 жылдардағы ерен
еңбегі үшін» медалімен және басқа да ордендермен марапатталды. Алайда, ауыр жұмыс, тұрмыстағы
қиыншылықтар Бабас Шаханұлын жастай ауруға шалдықтырды. Ол «Покро» шахта басқармасының
бастығы М.Қ.Бөпежановқа 1951 жылдың 18 қарашасында берген өтінішінде селикоз ауруына ұшырауына
байланысты өзін жұмыстан шығаруын өтініп арыз беріпті. Адамның жандүниесін түсіне білетін іскер бас-
шы Мұхит Құлжанұлы: «Бабас Шаханов ауру, ештеңеге жарамайды жұмыстан шығарылсын,-деп шешім
қабылдамай, өтінішке: - Бабас Шаханов жылу беру цехына слесарь болып жіберілсін,-деп бұрыштама
қойыпты. Қандай қайырымдылық, көрегендік десеңізші. Ол жұмыстан шығарылса далада қалатынын
жақсы сезінген. Сол жұмыста жүріп ол 52 жасында дүние салды.

-Соғыс кезінде тәртіп өте қатал болыпты. Әкем айтқан мынандай бір оқиға есімде қалыпты. Ол
уақыттарда шахтаға кешігіп келгендердің уақыты жинақталып, есептеліп, сосын әлгі еңбек тәртібін
бұзушының ісі сотқа берілетін болыпты. Сол кезде бір кенші, аты есімде жоқ, жалпы есеп бойынша
бір айда үш күн жұмысқа шықпапты. Сол үшін сот отырысында оны 15 жылға соттапты. Сот шешімді
оқығанда әлгі бейбақ неден екені қайдам ыржиып күліпті. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі»

103

Кен өндірісінің қаһармандары

деген емес пе, 15 жылға сотталған әлгі азамат жер аударылып, одан соғысқа қатысып, елге аман-есен
оралады. Сонда бірге істегендер:

-Өй, өзің 15 жылға сотталып тұрып, сонда ыржиып күлгеніңе жөн болсын,-депті.
Сонда әлгі жігіт:
-Қайдан білейін, үш күн прогул болғаным үшін 15 жыл береді деген ойымда да болмапты. Есім
шығып кеткен болуы керек,-депті. Міне, «заманына қарай амалы»деген, біздің тұсымызда осындай да
жағдайлар болған деп отыратын әкем, - дейді Райхан.
Еліміздің кен өндірісін дамытуға, ұлы Отан соғысында жеңісті жақындатуға өзінің ерен еңбегімен
үлес қосқан қарапайым еңбек адамы, кенші Бабас Шаханов өзі жер астында жұмыс істемесе де кейінгі
кезде кен өндірісіне келген техниканы, жаңа алып шахталарды көзімен көрді.
-Аурушаң болса да өзі шахтаға арнайы барып, соны өзгерістерді көріп таңқалып отыратын. «Мұндай
алып техниканы біз көрмесекте кейінгі ұрпақ көретін болды. Олардың болашағы жарқын. Біздің ылайықты
ізбасарларымыз өсіп келеді екен, оған да тәуба» деуші еді,- деп әңгімесін аяқтады кенші ұрпағы Райхан
Бабасқызы.

Жезқазған, ақпан, 2006 жыл

104

Кен өндірісінің қаһармандары

ӘРІ КӨМІРШІ, ӘРІ КЕНШІ БАЙҚОҢЫРЛЫҚ АРДАГЕР ТУРАЛЫ

Журналистика саласында ұзақ жыл еңбек еткенде
Байқоңыр кенішінде көмірші, Жезқазған шахталарында кенші
болған, өзінің еңбек жолын өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдарынан бастаған Ідіріс Үсейінов туралы бірде-бір рет
қалам тартудың сәті түспепті. Оп уақыттарда туысың туралы
жазу да журналистикалық этикаға жатпайтын қылық секіл-
ді көрінетін. Өкініштісі сол, жетпісінші, сексенінші жылдары
жезқазғандық кенші стахановшылар, Байқоңыр көміршілері ту-
ралы басылымдарға материалдар дайындап, өзі басқаратын
мұражайға құжаттар әзірлеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей-
тін өлкетанушы Сүтемген Бүкіров ағамыздың да ол кісі туралы
қалам тартпауы және ол туралы материалдардың мұрағатта
болмауы мені таңқалдырды.

Бұл Жезқазған шахталары мен кәсіпорындарының,
Қарсақбай зауытының ырғақты жұмыс істеуіне ауадай қажетті
шикізат болып есептелетін көмірді өндірушілердің алдыңғы
қатарында болған ағамыздың қарапайымдылығынан,
мақтануды жаны сүймейтіндігінен болса керек деп ойладым.
«Мақтауға тұрарлық ұлың болса, мақтан» демекші, Ідіріс ағам
мақтауға да, мақтануға да тұратын жан екенін әлі де болса ара-
мызда қалған оның көзін көрген көнекөз қариялардың аузынан
естігеннен кейін, балаларымен кездесіп сөйлескеннен кейін, оның еңбек құжатын, қолда сақтаулы тұрған
Мақтау Грамоталарын, жоғарыдағы лауазымды адамдардың Алғыс Хаттарын оқығаннан кейін білдім.

Байқоңыр көмір кеніші. Осы аттас өзеннің күн шығыс жағалауына орналасқан шағын көмір кенішін
шөл және шөлейтті аймаққа орналасқан Сарыарқа төсінде сіресіп жатқан саф алтындай сары мысты
алу үшін шетелдік алпауыттар ашқан болатын. Жезқазған мысын алудағы Байқоңыр көмірінің ролі зор
екенін түсінген шетелдіктер алғашқы уақыттың өзінде-ақ Байқоңырда бірнеше шахта ашып, 54 сква-
жина бұрғылады. Суырдың ініндей үңірейген, еңкейіп жүрмесе төбесі тірелетін тар да лас шахталар-
да көмір шығарған жұмысшылар күніне 12-14 сағат жұмыс істеп, есінен танып шығатын. Ағылшындар
қазылған көмірді ат күшімен айналатын шығыр арқылы жер бетіне шығаратын. Бұл жұмыс Совет үкіметі
келген алғашқы жылдары да онша ілгерілеп кете қоймады. Ол уақытта техника жоқ, бар шаруа қайла,
күректің көмегімен атқарылады. Ідекең де күнкөріс үшін осындай сұрықсыз да ауыр жұмысқа бозбала
кезінде жегілді. Алғашында ат айдаушы болды. Кейіннен өзі сұранып көмір қазуға кетті. Қайратты жігіт
алғашқы келгеннен өзінің ауыр жұмыстан қашпайтынын еселі еңбегімен дәлелдеді. Жылдар өте келе
тәжірибе молайды. Байқоңырлықтардың кешегі ел басына ауыртпалық әкелген Ұлы Отан соғысының
отты жылдарындағы ерен еңбегі естір құлаққа аңыз әңгімедей болып көрінуі де мүмкін. Бірақ, ол шын
мәнінде солай еді. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Байқоңыр көміршілері бүкіл Қарсақбай,
Жезқазған кәсіпорындарын, соның ішінде 6 мың киловатт-сағаттық электр энергиясын өндіретін,
сол кездегі бұл аймақтағы ең күрделі саналатын Қарсақбай электр станциясын көмірмен, ал ірі үш
поселкенің халқын отынмен қамтамасыз етуге тиіс болды. Міне, бұл кезде жезқазғандық кеншілер кен
рудасын, Қарсақбайлық мысшылар мыс шығаруды еселеп арттырып, рекордтар жасап, жеңіс күнінің
жақындай түсуіне зор үлес қосып жатса, байқоңырлықтар да одан қалыс қалған жоқ. Көмір өндіру, оны
өндірісті екі қалаға поездармен жөнелту толассыз жүріп жатты. Көмірді көп өндіру күресінің көш басын-
да бұрынғысынша байқоңырлық байырғы көміршілер, стахановшылар болды. Бұрғышы Тәжі Тоқыров,
Үдербай Мақышев, көміршілер Қалтай Дәндіров, Ідіріс Үсейінов, Бортан Ерәлинов, Мұқан Үлкенбаев
және тағы басқалар өздерінің сменалық жоспарларын екі-үш есе асыра орындап отырды. Олар
Ізмағанбет Жандарбеков басқаратын осындағы атақты №4 шахтаның маңдайалды кеншілері болатын.
Көміршілердің қажырлы еңбегі арқасында шахта 1941 жылдың екінші жартыжылдығында ғана жиырма
мың тонна көмірді жоспардан артық берді.Тәулігіне 508 тонна көмір жер бетіне шығарылып отырды. Бұл
бұрын-соңды қол жетпеген табыс еді.

Соғыс аяқталып, ел бейбіт еңбекке көшті. Байқоңыр кенішінде көмір қоры таусылып, бір мың тоғыз
жүз елу бірінші жылы көмір кеніші жабылды. Онда жұмыс істеген көміршілер Жезқазған мыс комбина-
тына ауыстырылды. Көміршілердің үлкен тобымен Ідекең де Жезқазған руднигіне көшіп келді. Жамбыл
көшесінің бойындағы екі қабатты үйлерден пәтер алды. Өзі «Покро-Центральная» шахтасына орнала-
сып, дәрі аттырушы болып жұмыс істеді. Жаңа орында да абыройлы болды. Ідіріс Үсейіновтың соғыс
жылдарындағы және бейбіт күндердегі ерен еңбегі үкімет тарапынан марапатталып отырды. «Ұлы Отан

105

Кен өндірісінің қаһармандары

соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі мен «Еңбек Қызыл Ту» ордені сол қажырлы еңбектің
белгісі ретінде бүгінде №57 шахтада монтажшы болып істейтін баласы Есболдың үйінде сақтаулы тұр.

Ағамыз туыс-туғандары қатты сыйлайтын ақкөңіл, ашық, бауырмал, ақынжанды адам еді. Ақынжанды
демекші, мен мұны жәй айтып отырғаным жоқ. Оның ақындығының талай куәсі болғандықтан айтып
отырмын. Алпысыншы жылдардың ортасында зейнеткерлікке шыққан ағамыз қолдағы бірер бас ұсақ-
түйекке мал азығындық шөп дайындау үшін көктемде жақын маңдағы совхоздарға барып қой төлдетуге
қатысатын. Сонда ауылдық жерде өтетін кішігірім тойларда өлең шығарып, оқып бергенінің талай куәсі
болғанмын.

Бірде сақманшы болып барған бұларды шопанның әйелі жақтырыңқырамай, мезгілімен дұрыстап
тамағын да істеп бермей тортаңдап жүреді. Содан біздің ағамыз мұнысына риза болмай былай деп әлгі
әйелге өлең шығарады:

...Жамал-ау, сен неге кердеңдейсің,
Жосықсыз алдымызда ербеңдейсің.
Біз болмасақ көрер ем жағдайыңды,
Уәдеңіз қалар еді бос сөз болып...
Оп уақытта шопандар 100 саулықтан 120 -130 - дан қозы аламыз деп көтеріңкі соци-
алистік міндеттеме қабылдайтын. Уәдеңіз деп мегзеп отырғаны сол міндеттемесі. Ол орындалмаса
шопан біраз экономикалық шығынға да ұшырайды. Осыны түсінген Жамал сақманшылардан кешірім
сұрап, бұдан былай қарай көзқарасты жақсартыпты.
Байқоңырда көмір шығарып, Жезқазғанда кен қазған асыл ағамыз осындай абзал жан еді.

Жезқазган-Сәтбаев, қыркүйек 2005 жыл.

106

Кен өндірісінің қаһармандары

ТАРТЫСПЕН ӨТКЕН ӨМІР

Жетпіс жылдан астам билігін жүргізіп келген
кешегі Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде
Ұлытау өңірінде ең алғашқылардың қатарында
Найманның төрт босағасының бірі-атақты
Сандыбайдың Ерден -Дүзенінің ұрпақтары
қуғынға ұшырады. Олардың біразы Оңтүстік жаққа
үдере көшсе, бірен-сараны сонау Ауғанстанға,
Ресейге дейін өтіп кетуге мәжбүр болды. Сон-
дай қуғынға ұшырағандардың қатарында
бүгінде жасы сексенге алқымдап қалған Сейсен
ақсақалдың ата-анасы да бар еді.

-Зобалаң туып, Қызылордаға қарай көшкенде
көрген қорлықтарын ауыл қарттары жыр қылып
айтатын, -деп бастады бізбен әңгімесін Сейсен
Төлеубаев ақсақал.- Заманның тарыншылық
уақыты, бүгінгідей зыр етіп жетіп бара қоятын
машина да жоқ. Қуғыншылардың көзіне түсуден қорқып түнделетіп, ағып-тамып, елім-телім болып
көшкен жұрт әйтеуір оларға «қайдан келдің, қашан келдің?» деген ешкім болмайды. Көшіп келгендердің
дені Тереңөзекке орналасып, ауыл шаруашылығы саласында әртүрлі жұмыстар атқара жүріп, ел ара-
сына сіңісіп кетіпті.

«Жұт жалғыз келмейді» демекші, менің ата-анам да былайғы жұрт сияқты енді-енді есін жия
бастағанда әкем кенеттен қайтыс болады. Сөйтіп, анам Дәукен екі баламен жесір қалады. Сол
қиыншылық уақыттарда бізді жетелеп жүріп жеткізген анамыздың қажыр-қайратына осы күнге дейін
таң қалам.

-Төлеубайдың шаңырағын шайқалтпаймын, отын сөндірсем «әруақ атады» деген жалғыз ауыз сөз
маған қиын-қыстау күндері қуат берді, жігерімді жаныды,-деп отыратын еді анам.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Дәукен де көп отыра алмай колхоздың бір мүшесі ретінде еңбекке
араласты. Ауыл шаруашылығында қысы-жазы жұмыс біткен бе, соның бәрінен қалмай, бар арма-
ны екі баласын жеткізу, ел қатарына қосу болды. Үлкені Әбсаттардың ер жетіп қалған шағы. Ондай-
мұндай жұмысты кәдімгі ерлерше атқаруға шамасы келіп, аз да болса колхоздың жұмысына ара-
ласып еңбеккүн табуға жарады. «Екі жарты бір бүтін» дегендейін анасы мен баласы бір-біріне сеп
болып қатар жүріп еңбек етіп, ел қатарына қосылып келе жатқанда тағы бір алапат, астан-кестең соғыс
басталды. Ел басына қара күн туғанда жастарды әскерге жасына қарап емес бойына қарап алатын
дәрежеге де жетті. Талай-талай жас қыршындар бойшаңдығынан әскерге уақытынан бұрын алынып
та жатты, солардың көбінің артынан қара қағаз келіп, талай ананың аңырап қалғанын да ел көрді.
Әбсаттар да солардың қатарында Отан қорғауға аттанды. Көмекшісіз қалған Дәукен енді көш басын
қайтадан Ұлытауға қарай түзеді.

-Сөйтіп, елге қырғын соғыс жүріп жатқанда, 1942 жылдың аяғына қарай оралдық. Онда қаланың
да, даланың да қазағының тығылатын жері Қарсақбай мен Жезқазған руднигі. Бұл жерлерде өндіріс
жүріп тұр. Жұмыс істесең ақша табасың. Ақша тапсаң әйтеуір аштан өлмейсің. Шешем шахтаға жұмысқа
тұрды. Мені ФЗО-ға алды. Аға шеберіміз Құсайынов деген жігіт болды, комсоргіміз Сауқымбаев Мұстафа,
менің бригадирім Баранов деген орыс жігіті. Оқу оқып жүр деген аты. Таңертең бәріміз шахтаның астына
түсеміз. Шахта ағылшындар тұсында салынған, ескі. Оның астына әрқайсысының ұзындығы 8-10 метр-
ден болатын ағаштан жасалған алты баспалдақпен түсеміз. Сонда бұл шахтаның жер бетінен тереңдігі
50-60 метрден аспайды деген сөз. Техника жоқ. Жұмыс қолмен атқарылады, ауыр. Сегіз сағаттан жұмыс
істейміз. Сол кезде менің он төртке де толмаған кезім. Бізді басқаратындар ересек адамдар, жұмыс істей-
тіндер әйелдер, қыз балалар, 14-15 жастағы мен секілді жетім-жесірлердің балалары. 400 килограмдық
вагонеткаларға кен тиейміз. Оны өндіретіндер сотталып келіп, түрмеде отырғандар. Бір рельспен бос,
екіншісімен кен тиелген вагонеткалар жүреді. Вагондарды итеретін адамдарды «подземный», «надзем-
ный» откатчиктер деп атайды. Олардың жұмысы кен тиеушілердікінен де ауыр. Бізге берген арнайы
жұмыс киімін үстімізден тастамаймыз, сонымен үйге қайтамыз. Монша, асхана дегендерің жоқ. Жаяу-
лап-жалпылап жатақханаға келеміз. Бізге жұмыс істейді деп бір килограмм нан, бір мезгіл ыстық тамақ
береді. Ол уақытта карточкалық жүйе, жалпы поселке тұрғындарына үш жүз грамм нан береді.

Алты айдан кейін ФЗО-дағы оқуымыз аяқталды. 1944 жылдың 1 маусымында бесінші разрядты
бұрғылаушы деген мамандық алдым, аттестат берілді. Аттестаттың 1387187 деген нөмірін осы күнге
дейін жатқа білемін. Бәрімізді шахта-шахтаға бөліп жіберді. Менімен бірге Әбдіраш Махатов, Тасыбай

107

Кен өндірісінің қаһармандары

Қожағұлов, Рахима, Шәмшия деген жігіттер мен қыздар жұмыс істеді. 2-3 жылдан кейін олар жер бетіне
шығып, мамандықтарын ауыстырды.

Мен Николай Рысов деген басқаратын №1 шахтаға бұрғылаушы болып орналастым. Ол 31-32
шахта басқармасына қарайды. Жұмыс ауыр. Забойдың іші бұрғылаудан кейін, аттырудан кейін аппақ
тозаң болады. Оның басылғанын күтсең бір күнің кетеді. Сондықтан оған қарамай, жанталасып жүріп
қопарылған кен жынысын вагонеткаларға тиесеміз. Қарап тұру деген жоқ. Соғыс бітердің алдында «Пок-
ро» шахтасына ауысып маркшейдер, пробщик болып жұмыс істедім. Ол кезде поселкеде аурухана, қан
алатын лаборатория жоқ болатын. Мәдениет сарайы Сталин өлетін жылы, ал аурухана 1954 жылы са-
лынып пайдалануға берілді. Оның бәрін зонаның әр жағында отырғандар салды. Біздің көрген алғашқы
мәдениет ошақтарымыз осылар еді.

Бүгінде жастай көрген сол ауыр еңбектің зардабы ғой денсаулық жоқ. Өміріміз тіршілік үшін тар-
тыспен өтті. Дамыл таппадық. Еңбексіз бір күніміз өтпепті. Жеті қат жер астының шаңын жұтқан оңай
дейсің бе, бұрғылау кезінде көк тастың құрамындағы мыс та, тағы басқа да ауыр металдар тозаңға айна-
лып, адамның тыныс жолдары арқылы ішке еніп, өкпеңді, қолқаңды қауып қалады екен. Селикоз, брон-
хит деген кілең иттер солар көрінеді. Қазір жасымыз сексенге жақындап қалса да соңымыздан қалмай
келеді. Ертеректе жоғары жаққа барып емделуге рұқсат бермеді. Кеңестік дәуірде сондай да сорақылық
болған. Шахтада жағдай жоқ. Селикоз алғандар көп. Олардың бәрін кәсіби ауру десек ақша жетпейді
деп үкімет басындағылар селикоз ауруымен ауырғандарды жасырып келген. Бронхит, туберкулез деп
емдеттірген. Кейіннен қаражат тапшылығы да қолбайлау болды. Енді өкін, өкінбе, бәрібір.

Ауыр тұрмыстың, жастай істеген еңбектің ауыртпалығын көтере алмай анам Дәукен соғыс біткеннен
кейін көп ұзамай қайтыс болды. Апам Күлімжанның арқасында өсіп, жетілдім. Үйлендірді. Бәйбішеміз
Ұрлығайым екеуіміз жарты ғасырдан астам бірге өмір сүріп, түтін түтеткен жылдарда жеті бала тәрбилеп
өсірдік. Өзім жетім болып өскеннен бе, баланы жақсы көрем, олардың маңдайынан шертіп көрген жан
емеспін. Оларда қатарынан кем қалып көрген емес, жақсы тәрбие алды. Жоғары оқу орындарын бітіріп,
мамандық алды. Мұхамбетәлім №42 шахтада еңбек жолын бастады, Кеңестік дәуірде Ауған соғысына
қатысты. Сол жылдары жаным мұрнымның ұшында отырды. Әйтеуір аман-есен оралды. Шайқымұрат
та еңбек жолын кеншіліктен бастады, бүгінде жеке кәсіпкер. Шайқыәлі Жәйрем кен байыту комбинатын-
да еңбек жолын жалғастырып жатыр. Менің ендігі бақытым-балаларым, олардан көріп отырған неме-
релерім мен шөберелерім. Бар тілегім-аспанның ашықтығы, біздің көрген күнімізді аллатағала соларға
көрсетпесе екен.

Сәтбаев қаласы, мамыр, 2005 жыл.

108

Кен өндірісінің қаһармандары

ІСКЕР БАСШЫ, ШЕБЕР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алдымда алпыстың асқаралы биігіне
көтерілген орта бойлы, қызыл шырайлы,
жұқалтаң келген жігіт ағасы отыр. Аты-
жөнімізді айтып танысып жатырмыз. Бұл
мен іздеп келіп, ат басын тіреген үйдің
иесі-Тұрсын Бейпілов. Тұрсын бол-
са өткен ғасырдың 30-40 жылдарында
Жезқазған кеніштерінде еңбек дүбірін
қыздырған кенші ағаларымыздың
бірі Әбілғазы Бейпідовтың бел бала-
сы. Тұрсынның көпті көргені, көңілге
түйгені баршылық екен, әңгімені әріден
қозғады.

-Өткен ғасырдың басында Ұлытау
баурайындағы Қаракеңгір өзені бойында
туып-өссе де әкем қала тіршілігіне ерте
араласқан жан.
«Жас кезімде осы Рудникке талай рет жаяулап келіп, шахталарда жаз айында жұмыс істеп тиын-
тебен тауып, үйге қант-шай алып кететінмін»,-деп отыратын әкем. Қаныш ағамыз Жезқазған кеніштерін
игеру сырттан әкелінетін жалдамалы жұмысшылардың күшімен бітпейтінін жақсы білді. Олар уақытша
жандар еді. Мол ақша қолына тисе мына қу мекиен далада бір күн де тұрмай, тайып тұратынын жақсы
сезді. Сондықтан жергілікті халықты өндіріске шақырды. Осындай хабарды естіген көкірегі ояу әкем,
Рудникке алғашқылардың қатарында келіп, еңбекке ерте араласып кетті.
Бұл жиырмасыншы жылдардың орта кезі болатын. Алғашында №1 шахтада откатчик, дәрі аттырушы,
забойшы мамандықтары бойынша жұмыс істеген Әбілғазы Бейпіловтың ширек ғасыр өмірі Жезқазған
шахталарында кен өндіруге арналыпты. Стахановшылар қозғалысының бел ортасында болған Әбекең
мол тәжірибе жинақтайды. Жетіқат жер астында бүгінгідей жағдай жоқ. Тар забойлар, су, қараңғы.
Бұрғылау, аттыру кезінде көтерілген шаң жуық арада басылмайды. Сондықтан оның басылуын күтпей-
ақ жұмысшылар аттырылған руданы вагондарға жанталаса тиеп, сыртқа жөнелтіп жататын. Бұл жұмыс
бір сәт те тоқтамайтын. Әбілғазы жұмыс істеген уақыттарда шахтада істейтін кеншілердің 80-90 пайы-
зы жергілікті жерде зонада тұрып жатқан сотталғандар болды. Солармен қатар тұрып жұмыс істеуге
тура келді. Қандай қиыншылық болсада қажымай-талмай, уақытпен санаспай еңбек етті. Соғыс кезіндегі
қазақ жігіттерінің қимылы ерен еді. Тәулігіне 10-12 сағаттан жұмыс істеді. Тіптен, алған міндеттеме-
лері орындалмай бара жатса шахтадан шықпай жұмыс істей беретін. Әбілғазының еті тірі жігіт екенін
байқаған №31-32 шахта басқармасының директоры Мұхит Құлжанұлы Бөпежанов оның арнайы курста
оқып, білімін жоғарылатуына жәрдемдеседі. Басшының бұл көрегендігі өз жемісін береді. Мұнан кейінгі
жылдары Әбекең шахта партия ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, шахта бастығы
қызметтерін атқарады. Қай салада жүрмесін ол өзінің шебер ұйымдастырушы, іскер басшы екенін
көрсете білді. №39 карьер жабылғанша ұзақ жыл шахта бастығы болып жұмыс істеді. Ол басқарған жыл-
дары шахта ұжымы жемісті еңбегімен көзге түсті, әрқашанда еңбек бәсекесінде алдыңғы шептен көріне
білді. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, еліміз бейбіт өмірге
көшкеннен кейінгі кездердегі қажырлы еңбегі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен атап өтілді. Сол кезде Рудник
поселкесінде болып жатқан әртүрлі мәдени шараларға белсене қатысты. Поселкелік Советтің депутаты
болып сайланған кезде ол халық қалаулысы ретінде кеншілер елді мекенінің инфрақұрылымының да-
муына қомақты үлес қосты.

Сонау отты жылдарда қажыр-қайратымен ел қуатын арттыруға, қанқұйлы фашистерді өз үңгірінде
талқандауға еңбегімен үлесін қосқан еңбек ардагері Әбілғазы қария арамызда жоқ болғанымен бүгінде
оның ісін одан әрі баласы Тұрсын жемісті жалғастырып келеді. Оның Жезқазған кен барлау экспедици-
ясында жұмыс істегеніне де жарты ғасырға жуық уақыт болыпты.

-Менің барлаушы мамандығын таңдауыма әкем себепші болды. Мектеп бітіріп, қолыма аттестат
алған күні әкем: «Балам, Қаныш ағаңдай барлаушы бол. Оның біздің өңірге сіңірген еңбегі орасан. Сол
секілді геолог болып оның ісін сендер жалғастырмағанда, кім жалғастырады? Оқы». Айтты, бітті. Біз
әкемізге өмірі қарсы сөз айтып көрген жан емес едік. Алматыға тартып отырдым. Абырой болғанда
тау-кен институтының геология факультетіне оқуға түстім. Өмірімді геологиямен байланыстырғаныма
өкінбеймін.-дейді еңбек ардагері Тұрсын Бейпілов.

Жезқазған Сәтбаев, қазан, 2006 жыл.

109

Кен өндірісінің қаһармандары

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОҒАН ЖАСТАЙ БІТКЕН ҚАСИЕТ ЕДІ

Ұлы Отан соғысының отты жылдары...
Ұзаққа созылған соғыстан қанша қалжыраса
да тыл еңбеккерлері жаудың беті қайтып, кес-
кілескен ұрыстар Совет елінің шекарасынан
әрі асқаннан-ақ жігерін жанып, еңбек дүбірін
бұрынғыдан да қыздыра түсті. Жезқазған
аудандық «Қызыл кенші» газетінің 1944 жылғы
қараша айындағы бір санында жарияланған
материалдарда аудан еңбеккерлерінің осы ұлы
дүбірге еселі еңбегімен үлес қосып отырғаны
туралы қуанышты хабарлар жарияланыпты.
Латын тілінде шығатын газеттегі «Екі шахтадағы
еңбек өнімі» деген мақаланың авторына көзім
түсті. Өміржан Әбуов- рудниктің нормировщигі
деп қол қойыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін
кириллицамен шыға бастаған осы газеттің 1953
жылғы санында жарияланған «Табысты баянды етуде» деген мақаланың авторы да Өміржан Әбуов екен.
Бұл жолы оның қызметі комбинат кәсіподақ комитетінің председателі деп беріліпті. Сол кезде Жезқазған
қаласында шығып тұрған «Жезқазған жұмысшысы» газетінің 1961 жылғы 22 маусымдағы санында СССР
Жоғарғы Советі Президиумының Указымен түсті металлургияны өркендетуде қол жеткен табыстары үшін
Жезқазған кен-метталлургия комбинаты бойынша бір топ озаттар ордендермен, медальдармен наград-
талыпты. Солардың қатарында Отанының жоғары наградасы-«Құрмет Белгісі» орденіне Жезқазған кен-
металлургия комбинатындағы рудалық комитеттің председателі Өміржан Әбуов те ие болыпты. Міне,
мен білетін Өмекең туралы әр жылдарда газеттерде жарияланған ақпараттар осындай.

-Соғыс кезінде атқарған нормировщиктік, одан кейінгі жылдардағы комбинат кәсіподақ комитетінің
председателі қызметі болсын өте жауапты жұмыстар болатын.Оны Өмекең ағамыз адал, жанын салып
атқарды,-деп еске алады еңбек ардагері Шермұханбет Байбосынов ақсақал. Ол нормировщик болып
істеп жүргенде жер астында жұмыс істейтіндердің дені әртүрлі статьялармен сотталып, жазасын өтеп
жатқандар болатын.Олардың арасында небір сотқар, жауыздары да, сыпайы, адамгершілігі мол, кіші-
пейілділері де болды. Нормировщик болса жер астында солардың жанында сегіз сағат болып, осы
уақытта қандай жұмыс атқарғанын, жұмысшының сол үшін қанша еңбекақы алатынын қағазға түсіріп
отырады. Еңбегіне ақы дұрыс төленбесе әлгі содырлардың адам өлтіруге дейін барған кездері болған.
Өмекең солармен тіл табысып жұмыс істеді. Бұл бір. Екіншіден, ол уақыттарда кәсіподақ комитетін
басқару деген өте жауапты да қиын жұмыс еді. Ол жұмысшының нағыз қамқоры, жанашыры болатын.
Өмекең осы талап биігінен көріне білді.Жұмысшылардың тұрмыс жағдайы, олардың жұмыс киімдері-
мен қамтамасыз етілуі, кен өндіретін құрал-саймандармен уақтылы жабдықталуы және тағы басқада
толып жатқан мәселелерге кәсіподақ комитетінің председателі тікелей араласып отыратын. Талапшыл
председатель жұмысшыға ара түскенде басшылармен қатты ренжісетін, бірақ оның қойып отырған та-
лабы орынды екенін түсінетін шахта, комбинат басшылары Өмекеңмен санасатын, қатты сыйлайтын.
Ұмытпасам, 1957-1958 жылдардың жазы болуы керек. Жезді өзені бойындағы пионер лагерінде де-
малып жатқан балалардың біреуі суға кетіп, қайтыс болды. Әлгі баланың ата-анасы жылдар өтсе де
жоғары жаққа арызданып, Өмекеңнің соңына түсіп алады. Бар мақсаты рудник кәсіподақ комитетінің
председателін соттату болды. Ол уақыттарда Жезқазған Қарағанды облысына қарайтын және облыстық
сот алқасы өзінің мәжілісін ай сайын әр қалаға барып өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. Жаңағы
ата-ананың арызы да Балқаш қаласындағы сот мәжілісінде қаралатын болып В.В.Гурба, Өміржан және
тағы басқа да адамдар Балқашқа жүріп кетеді.

Сот мәжілісі Ө.Әбуовтың мәселесін бірінші қарайды. Мәжіліс басталғанда В.В.Гурба сөз алып:
-Оқиғаның болғанына 2-3 жылдың жүзі болды. Тергеу органдары «бұл кездейсоқтық, оған ешкім
кінәлі емес»,- деп шешті. -Ал, сіздер кінәлі Ө.Әбуов деп ойлап, соңынан қалмайсыздар, ол кінәлі емес,
қателесесіздер, оған кінәлі мына мен. Мені соттаңдар,-деп отырып алыпты. Білдей бір комбинаттың ди-
ректорын, облыстық партия комитетінің Пленум мүшесін кім соттайды. Қай салада болмасын салмағы
бар, сыйлы азамат Виктор Васильевич осылай Өміржанды сотталудан құтқарып алып еді. Міне, бұл да
В.Гурбаның Өміржанды қатты сыйлайтындығының бір белгісі еді.Осы әңгімені мен Өмекеңнің өз аузы-
нан естіген едім.

Еліне сыйлы, әріптестерінің құрметіне бөленген Өмекең де жастық шақта талай қиындықты бастан
кешірген жан.

110

Кен өндірісінің қаһармандары

-Біздің жастық шағымыз ең бір қиын кезде өтті ғой. Совет үкіметі бай-манаптарға қырғидай тиіп кел-
ген жоқ па? Кешегі уақытта Өміржанның да әкесі аз уақыт болыс болған шекпенділердің бірі болатын.
Қуатты тұрды. Сол үшін де оның балалары қуғын-сүргін көрді. Әке-шешесінен ерте жетім қалды. Сөйтіп
панасыз қалған, Қызылорданың көшесінде қаңғырып жүрген жерінде баланы үкімет адамдары ұстап
алып, Жаңақорғандағы балалар үйіне өткізіп жібереді.

Бұл бүгінде жасы сексеннің үстіне шыққан Өміржанның жақын інісі Мұстафа Сауқымбаевтың әңгімесі.
Өмірге деген құштарлық бала Өміржанның небір қиын сәттерден аман шығуына күш-қуат береді.
Ол өзін тәртіпті ұстап, оқуға деген ынтасының арқасында үлгілі оқушылар қатарына қосылады. Сапа-
лы білім алады. Ата-анасынан айырылып, із-түзсіз кеткен Өміржанды елдегі ағасы Қомыш көп іздейді,
сұрау салады. Сұрастыра жүріп, оның Жаңақорған балалар үйінде екенін біліп, іздеп барып, елге
алып қайтады.
Өміржан Жезқазған руднигінде ФЗО мектебінде оқуын жалғастырып, кейін Жезқазған кен
басқармасында еңбек жолын статист болып бастап, соңынан шахта астына нормировщик болып ауы-
сады. Жерасты жұмысының ауырлығына қарамастан ол өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол
уақыттарда жер астында атқарылатын қым-қуыт жұмыстардың көлемін анықтау, оған жұмсалатын
шығынды белгілеу жөнінде ешқандай жазбаша нұсқау-ереже жоқ болатын. Тәжірибесі бар адамдар да
өте сирек еді. Жас жігіт өзінің еңбекқорлығы, жұмысқа деген ынтасы арқасында берілген тапсырма-
ны ыждаһаттықпен бұлжытпай орындап отырды. Соның арқасында шахта басшылығының құрметіне
бөленді. Қызмет бабында жоғарылап, «Покро» шахта басқармасының еңбек тобының бастығы болып
тағайындалса, көп ұзамай №31-32 шахта басқармасының еңбек және жалақы бөлімінің аға инженері
болып ауыстырылады. Қай салада болмасын ол өзінің іскер маман, шебер ұйымдастырушы екенін
көрсетеді.Свердловск қаласына жіберіліп, арнайы курста дәріс алады.Бұл оның бұдан былайғы еңбек
жолында көп септігін тигізеді.
Соғыстан кейінгі кезеңде Өміржан Әбуов ондаған жыл бойы Жезқазған руднигі кәсіподақ комитетінің
төрағасы болып қызмет істейді.1966 жылы Жезқазған шахтапроходка тресі құрылғанда трест
басқарушысының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін осы
қызметті атқарды.
Жастайынан жетімдікті басынан өткерген Өмекең қайырымдылығымен, биік адамгершілік қасиетімен
айрықша ерекшеленетін.Қызмет бабымен бізде талай рет Өмекеңнің алдында болғанбыз. Сонда ол
кісінің шебер ұйымдастырушылық қабілеті көзге бірден байқалатын.
-Ағайын-туысқа деген қамқорлығында шек болмайтын, жаны жайсаң жан еді,-дейді ағасын жылы
лебізбен еске алып Мұстафа бауыры. Балаларды өте жақсы көретін. Оларға өнегелі тәрбие, сапалы
білім беруге ерекше көңіл бөлді. Сондықтан болса керек Өмекеңнің ұл-қыздарының бәрі де жоғары білім
алды.Олардың бірі тау-кен инженері болса, енді бірі дәрігер. «Әке балаға сыншы» демекші, ағамыз ере-
кше жақсы көріп, зор сенім артатын қызы Гауһар медицина ғылымдарының докторы. Әке сенімі ақталды
деген осы.

Жезқазган, 2005 жыл, қазан.

111

Кен өндірісінің қаһармандары

1970—1971 жылдары Жезқазған телевизия студиясында қызмет істейтін мен қазақтың С.М.Киров
атындағы университетінің студенті едім. Оқу аяқталуға жақындағанда ақын Тайжан Қалмағанбетовтың
творчествосы жайлы диплом қорғауға тапсырма алғанмын. Көкшетау өңірінің тумасы, қазаққа аты әйгілі
Үкілі Ыбырайдың жиені Тайжекең өткен ғасырдың отыз жетінші жылдарында қуғын-сүргінге ұшырап
жер айдалып, содан хабар-ошарсыз кеткен жан. Н.С. Хрущевтің тұсындағы саяси жылымық кезінде
ақталған, бірақ, бұл кезде ол бұл дүниеде жоқ еді. Өлгенімізді тірілту мүмкіндігі туып тұрған шақта
Жамбылмен, Күләшпен және тағы басқада қазақтың біртуар дүлдүлдерімен бірге Қазақстан өнерінің
1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысып Ленинді, Сталинді, Калининді өлеңге қосып жырлаған,
кезінде Алатаудың ақиығы Жамбылмен, Қызылорданың сұңғыласы Нартаймен, Қарсақбайдың шайы-
ры Болманмен айтысқан дарынды ақынның творчествосын зерттеп, жарыққа шығаруға бел байладым.
Мұнымды ғылыми жетекшім филология ғылымдарының докторы Мырзабек Дүйсенов те қызу қолдады.
Мен осы жұмыспен айналысып жүргенде Тайжекеңнің баласы Қасымханмен, Жезқазған кен—метал-
лургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болып қызмет істейтін інісі Жәлел Шубайұлымен, атақты
Болман Қожабаев ақынмен кездесіп, тілдескен едім. Жәлел Шубайұлымен содан бері таныспын. Осы
таныстығымыз кейін жақсы бір сыйластыққа ұласты.

Мәскеудің алтын және түсті металдар институтын елуінші жылдардың орта кезінде бітіріп келген жас
маман еңбек жолын №44 шахтада бастайды. Кейін учаске бастығы, ашық тау-кен жұмыстары карьерінің
бастығы қызметіне дейін жоғарылайды. Білімді де іскер басшы қоғамдық жұмыстардан да тыс қалмайды.
Жұмыс істей жүріп партия бюросының хатшысы болған Жәкең 1964 жылы комбинат кәсіподақ комитетінің
төрағасы қызметіне жоғарылатылады. Міне, осыдан былай қарай оның қызмет бабындағы өсу жолы
басталады. Жәкең әр жылдары Жезқазған кен-металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы,
Жезқазған облыстық кәсіподақтар Советінің төрағасы, облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облыстық партия
комитетінің екінші хатшысы, Жезқазған облыстық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары
қызметтерін абыроймен атқарды. Қазақ ССР Жоғарғы Советіне 1980-1990 жылдар аралығындағы екі
шақырылуда депутат болып сайланды. СОКП ХХУП съезіне делегат болып қатысты. Шаруашылық, пар-
тия, Совет органдарындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, екі рет «Еңбек Қызыл Ту»
және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды. Мұнымен қоса оның омырауында I—II - III дәрежелі
«Шахтер Даңқы Белгісі» сәуле шашып тұр.

Қала шетіндегі шағын ауданда көрші тұратын, өмірдің сан қырлы өткелдерінен сүрінбей, абыройлы
өткен қадірменді ағамыздан Жезқазған кен орнында өзі еңбек жолын бастаған алғашқы жылдар, сол
кездегі өнеркәсіптің жайы, халықтың—тұрмыс тіршілігі туралы еске алып, шағын материал жазып беруін
өтінген болатынмын. Жәлел Шубайұлы келісімін берді. Ағамыздың өз қолымен жазылған сол материал-
ды қаз-қалпында беріп отырмын.

112

Кен өндірісінің қаһармандары

СОЛ БІР КЕЗ БҮПНПДЕЙ КӨЗ АЛДЫМДА

Ж. ҚАЛМАҒАНБЕТОВ

Елуінші жылдардың басы Жезқазған руд-
нигінде №№ 51, 42, 44, 45, 3, «Покро» шахтала-
ры салынып, жұмыс істей бастаған уақыт бола-
тын. Қазіргі поселкенің айналасы сол кездерде
қаптаған сым қоршаулы зоналардан тұратын.
Онда отырғандардың дені әскери және саяси
тұтқындар, ішінде алуан ұлттардың өкілдері бар.
Жаңағы тұтқындарды тапия -талтүсте колонна-
колонна қылып сапқа тұрғызып, қолдарында ав-
томат, жетегінде абалаған иттері бар солдаттар
малша айдап шахта-шахтаға апарады. Сол жер-
де оларды санап шахтаға түсіреді, кешке ауы-
сым аяқталғанда қайтадан санап сапқа тұрғызып
зонаға айдап әкеледі. Күнде осы процес бірнеше
рет қайталанады. Әрбір колоннада мыңдаған
тұтқын болады. Олардың әлсіреген, жүдеген
түрін көргенде адам жаны түршігер еді. Жер астында жұмысты ұйымдастырып, әлгі тұтқындарға жұмыс
істететін учаске, ауысым бастықтары да сотталғандар болатын. Олармен қатар тұрып істеген жер-
гілікті тұрғындар өкілдері Ысқақ Анарқұлов, Төлен Сартов, Өміржан Әбуов тағы басқалар, сол секіл-
ді «Тасқұдық академиясын» бітірген, тау-кен жұмыстарының тетігін жақсы меңгерген ағаларымыз көп
болатын.Адам баласы неге болсада тез бейімделіп кетпей ме? Оқу бітіріп келген біздер де солармен
біте қайнасып, тіл табысып, барлық күш-жігерімізді өндірістік жоспарды орындауға бағыттадық. №44
шахтада 1,5-2 мыңға дейін тұтқын жұмыс істепті. Қазір сол кездегі жұмыс қарқынын, оны ұйымдастыру
шараларын еске түсірсем, жағдайы жоқ, жүйкесі шаршаған солармен қалай жұмыс істегенмін, - деп
өзіме-өзім таңқалам. Ол уақытта кен өндіру техникасының жетілмеген уақыты, солай бола тұрса да
тәулігіне 2,5—3 мың тоннаға дейін кен өндіріп жүрдік.

Шахта басшылары болған Темеш Садуақасов, Далабай Ешпановтар 25—30 жастар шамасындағы
жігіттер еді.

Әрбір ауысым аяқталғанда учаскелер сайын атқарылған жұмыстарды анықтап акцеп-нарядтар тол-
тырушы едік. Мұны зона бастықтары үшін істейтінбіз. Өйткені, олар әлгі құжаттар бойынша тұтқын-
жұмысшылар атқарған жұмыстарды анықтап, өздерінің алда атқарар жұмыстарында басшылыққа ала-
тын.

Соғыстан кейінгі кездегі рудниктегі ең бір тапшы мәселелердің бірі-тұрғын үй болды. Жамбыл, Садо-
вая, Әуезов, Калинин көшелері бойында салынған жаңа үйлер бұл проблеманы шешпеді. Мәселен, оқу
бітіріп келген жастарға пәтер беру деген ол уақытта болмайтын, әркім өзі тіршілік ететін, пәтер жалдайтын.
Маған 1956 жылы ауысым бастығы болып қызмет істеп жүргенімде Жамбыл көшесінде жаңа салынған
үйдің үш бөлмелі пәтерінің екі бөлмесі (18 м2) ғана тиді. Осы пәтердің 22 м2 бөлмесінде бір орыс жігітінің
семьясы тұрды. Осындай тарыншылықта мен 1960 жылға дейін тұрдым. Кен басқармасының директоры
Мұхит Құлжанұлы Бөпежанов адамгершілігі мол, жас кадрларға қамқор болып жүретін азамат еді, шахта
астына жиі келетін, менімен кездескенде жас кадр ретінде жағдайымды сұрастырып отыратын, соның
көмегі арқасында менің отбасыма жеке пәтер тиіп, жанұямыз бір қуанышқа бөленіп қалып еді.

Сол кезде Қазақстанның, Мәскеудің, Кавказдың жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар рудникке
көптеп келе бастады. Жұмыс орындарында шыңдалдық, мәдениет үйінде, өзіміз ағаштарын отырғызған
паркте өтетін мәдени шараларда бірге жүруіміздің арқасында бірлігіміз, ұйымшылдығымыз нығайды,
татулығымыз артты. Осыдан былай қарай біздерге, жас кадрларға да зор сенім артылып, жеке
кәсіпорындарды басқаруға жіберіле бастадық. Кәкімбек Салықов 1958 жылы «Покроға», Садық Асатов
№44 шахтасына, Аманжол Шамалханов №42 шахтаға бас инженер, мен Анненский карьерінің бастығы
қызметіне, Шатохин Николай Тихонович, Жақыпбеков Жолдасбек, Сағитов Жаналы әртүрлі қызметтерге
жоғарылатылды.

1956—1957 жылдары тұтқындағылар лек-легімен босатылып, лагерьлер, зоналар таратылды. Осы
кезде үкімет Жезқазған комбинатында шикізат өндіруді арттыру мәселесін күн тәртібінде бірінші орынға
қойды, сол себепті комбинат басшылығы жедел түрде жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін
игеріп, еңбек өнімділігін арттыруды қолға алды.

113

Кен өндірісінің қаһармандары

Бұрын мыңдаған тұтқын жұмыс істеген шахталарда жұмыс орны босап қалды, мамандандырылған
жұмысшы қолының жетіспеуіне байланысты жергілікті тұрғындар шахтерлікке тартылды, басқада рес-
публикалардан көптеген жеңілдіктер жасай отырып ұйымдасқан түрде адамдар әкелінді. Бірақ, қанша
жеңілдік жасаса да олардың көбі қиыншылыққа, ауыртпалыққа шыдамай кетіп қалатын. Осындай
жағдайда ең алдымен тұрғын үй мәселесін шешу керек болды. Сол себепті Никольский қаласының
негізі қаланды. Алғашқыда екі қабатты сегіз пәтерлі үйлер бой көтерсе, жылдар өте келе көп қабатты
ірі блокты панель үйлер тұрғызыла бастады. Никольский мен рудниктің екі арасына теміржол салынып,
жұмысшылар поезы қатынай бастады.

Міне, осы кезеңдерде ұйымдастыру қабілеті жоғары, адамгершілігі мол, Жезқазған десе жан-тәнін
беретін басшылар, өндіріс командирлері шыға бастады. Комбинат директоры Гурба Виктор Василье-
вич, кен басқармасының бастығы Бөпежанов Мұхит Құлжанұлы, шахта құрылысының бастығы Омаров
Ғазиз Омарұлы, Шығыс руднигінің директоры Ешпанов Далабай Оспанұлы, Оңтүстік руднигінің дирек-
торы Дәуітов Рүстем, Солтүстік руднигінің директоры Семидалов Юрий Иннокентьевич, №42 шахтаның
бастығы Сейтмағанбетов Қонақбай, Оңтүстік руднигінің бас инженері Асатов Садық Қасымұлы және
тағы басқалар осындай жандар еді.

Шахталарда руда өндіруді комплексті түрде жүргізу қолға алынды. Мұның да өзінің озаттары шыға
бастады. Олардың көшін Құсайынов Әубәкір, Кентаев Қасымхан, Тузов Леонид, Сидоренко Николай,
Марцинкевичус Бронислав, Болотов Николай секілді майталман жігіттер бастады. Олар шахталарға
түсірілген қуатты жаңа кен өндіру техникаларын жедел игеріп, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізіп,
басқаларға үлгі-өнеге көрсетті. Бүгінде осының бәрі аңыз секілді көрінеді, бірақ, бұл біздің өткен өміріміз,
өскен ортамыздың тыныс-тіршілігі екені ақиқат еді.

Өндіріс өмірінде келеңсіз жағдайлар да болмай қалмайтын. Соның бір есте қалғаны - 1960 жылдың
наурыз айының төртінші жұлдызында болған жұмысшылар ереуілі. №44 шахтаның жұмысшылары,
600-ден астам адам, екінші ауысымда ұйымдасқан түрде шахта астына түсуден бас тартты, келер
күні бұл жағдай одан әрі жалғасты, шахта жұмысын тоқтатты. Комбинат басшылары да, жергілікті
органдардың басшылары да бұл жағдай 1959 жылдың қыркүйек айында Теміртауда болған көтеріліс
секілді болып кете ме деп қатты састы. Бір көңілге қуаныш әкелетіні №44 шахтадағы жағдай басқа да
шахталардың жұмысшылары тарапынан қолдау таппады. Мен осы шахтаның №3 учаскесінің бастығы
әрі партия ұйымының жетекшісі едім. 6 наурызда шахта, рудник басшыларының қатысуымен екі рет
коммунистердің партия жиналысы өткізілді. Ереуілдің басты себептері анықталды. Бұл қозғалыстың
орын алуына ең басты себеп айлық есептеуде жіберілген кемшіліктер түрткі болыпты. Бірақ, шындап
келгенде ол уақыттарда жұмысшылардың тұрмыс-жағдайы әлі түзеле қоймаған кез болатын, жұмысшы
еңбегіне ақы төлеу де жетілдірілмеген еді. Никольскийден жұмыс орнына бару үшін жұмысшының кем
дегенде 3-4 сағат уақыты кететін. Рудникте істейтін жұмысшылардың жартысынан астамы үй-күйсіз еді.
Үлкен Жезқазғанды басқа республикалардан ұйымдасқан түрде әкелінген жұмысшы күшімен салу өз
нәтижесін бермейтіндігі де орынды қозғалды.

Қалалық, облыстық партия комитеттерінің бюро мәжілістерінде қаралған бұл мәселе көп жағдайларды
түзеуге бетбұрыс жасады. Бюро шешімдерінде Одақтық түсті металлургия Министрлігінің және басқада
ұйымдардың басшыларының Жезқазған комбинатының проблемаларына назар аударуы қатаң талап
етілді және оны бұлжытпай орындауға міндеттеді. Міне, осыдан кейін ғана Жезқазған кеншілеріне
тұрмыстық - әлеуметтік жағдайлар туғызу шындап қолға алынды. Никольский қаласының құрылысы
жедел қарқынмен жүргізілді, жағдай біршама жақсара бастады.

Жезқазган, желтоқсан, 2006 жыл

114

Кен өндірісінің қаһармандары

ҚАРТ АНА АЙТҚАН ӘҢГІМЕ

Қарсы алдымда көзін тарс жұмып алған екі ғасырдың куәгері
Ақбас шешеміз отыр. Көп нәрсені ұмытпаған. Сөзі әлі тың.
Әңгіме әріден басталды.

-Айналайын, қазақта «көрешегіңді көрмей көрге кірмейсің»
деген бір нақыл сөз бар. Сол рас екен. Мен жүз жасаған адам-
мын. Осы жасымда талай-талай жағдаяттарды көріп, басымнан
өткердім. Қазан төңкерісінен кейін елде болған өзгерістердің,
ашаршылықтың, Ұлы Отан соғысының қиын кезеңдерінің тірі
куәгерімін. Сен тыңда, мен айтайын. Қағазыңа түртіп ал. Со-
ларды айтып беретін адамдар қазір арамызда некен-саяқ
шығар,-деп әңгімесін бастады да бір сәт көзін жұмған қалпында
үндемей қалды.

Шамалы үнсіздіктен кейін әңгімесін одан әрі
жалғастырып әкетті.

-Сен менің көзімді жұмып отырғаныма таңқалма. Жас бол-
са келді, таңертеңнен кешке дейін үйде отырғасын өзіңнен-өзің
шаршайсың. Бір мезгіл тынығу үшін көзімді жұмып отыратын
әдетім бар. Әйтпесе, табан аяқтың астын көретін жанарым
бар. Сосын көзіңді жұмсаң барлық өмір жолың кинодағыдай көз алдыңа келеді.
Ертеде осы өңірде мамай руынан Байшуақ деген қуатты адам өмір сүрген. Мен соның әлпештеп
отырған қызы болатынмын. Жаңа заман орнағаннан кейін әкемді қудалап, мал-мүлкін кәмпескеледі,
өзін жер аударды. Содан кейін-ақ, оның артында қалған біздің жағдайымыз нашарлап кетті. Анамыз
өлді. Оның үстіне ашаршылық келді. Аштықтан ісініп-кебініп, елін-жұртын тастап, босыған халықты өз
көзіммен көрдім. Адам жаны түршігерлік жағдай.
Жалғыз інім Байқоңыр көмір кенішіне забойшы болып жұмысқа тұрды. Кеніш болса қазақтардың сол
уақыттағы күнкөріс орны болды. Жұмыс істегендер аштан өлген жоқ. Шахтада жұмыс істегендерге көк
талқан, күніне бір килә нан береді. Ініміз екеуіміз жамағайындардың үйінде тұрып жаттық. Менде жұмыс
та жоқ.
Осындай қысылтаяң кезде мен жатқан үйдегі жеңешем: «Ақбас, сен бұлай жүре берме. Өзіңді
өлтірмейтін бір жанның етегінен ұста, осында жуырда Досан жағынан көшіп келген малтабар
Жандарбектің үш баласы бар. Бәрі шахтада істейді. Өзің көріп жүрсің ғой, соның Ізмағанбеті дұрыс жігіт
пе деп қалдым, соның етегінен ұстағаның дұрыс болар. Екеуіңді өзім табыстырамын»,-деді. Жеңешем
сөзінде тұрды. Арамызға байланысшы болды. Жағдайды Ізмағанбетке айтса ол да қарсы болмапты.
Не керек, көп ұзамай Ізекең екеуіміз қосылдық. Міне, осы шаңыраққа келін болып түскеніме 73 жыл
болыпты.

Ол уақытта Байқоңырда үйдің де тапшы кезі. Мамай Мұстафа дегеннің семьясымен бір үйде үш се-
мья тұрдық. Ыдыс-аяқ жетпейтін, тамақты кезектесіп ішетін едік. Отағасымның ағалары Дәуренбек пен
Жақан бізге барынша көмектерін аяған жоқ. Ағайынды үш жігіттің үшеуі де шахтада забойшы болды.
Жұмыс өте ауыр. Көмірді жердің астынан ат жеккен шанамен сүйреп шығарады. Ат болмай қалғанда
оның орнына адамдардың өздері жегілетін.Оларды «саншиктер» деп атады. Соған қарамастан жұмысты
жақсы істеді. Ылғи мақтау алады. Кейін стахановшы атанды.

Отағасым семьяға өте қатал адам болды. Жұмыстан келгенде үсті-басы су-су, қап-қара көмір болып
келеді. Екі көзі жылтырап, тісі ақсиып көрінетін. Ол келерде су жылытып қойып, екі-үш шелек сумен
әрең тазалап алатын едім. Жұмыстан келеді-ау деген кезде алдынан шығып тұратынмын. Бірде бесік-
те жатқан жас баламен айналысып отырып отағасымның келетін уақыты болып қалғанын байқамай
қалыппын, ол болса жұмыстан келіпті де далада тұрып-тұрып: «Бұл үйде мені керек қылып отырған
адам жоқ екен»,-деп кейін бұрылып жұмысына кетіп қалыпты. Содан ол шахтаның астынан ертеңіне
бірақ шықты емес пе. Бірақ, сол қаталдығына қарамай семьяға адал болды, ешқандай қорлық, кемдік
көрген жоқпын, туысқа жаны ашып тұратын, бауырмал еді. Өзіміз тойып тамақ ішпей, екі-үш семья
алақандай жерге сығылысып тұрып жатқанда жетім-жесір қалған ағайындас қарындасы мен оның ше-
шесін қолына алды.

-Кеше мен жетім қалғанда қол ұшын берген ағамның баласы еді, оны мен қалай далаға тастаймын,-
деді. Айтты, бітті. Сол қарындасы кейін тұрмысқа шыққанша бізбен бірге тұрды.

Шахтада жақсы жұмысымен танылған Ізекең кейін десятник болды. Жоспарларын асыра орындаған
көміршілерді шахтадан сыртқа кілемге отырғызып шығарып, құрмет көрсететін. Іргедегі Сталин
колхозының үшінші фермасынан сауын сиыр беріп, жағдай туғызды. Оның қарамағында ағайынды Ідіріс,

115

Кен өндірісінің қаһармандары

Көпей Үсейіновтер, Кәрбоз Жансейітов, Өтеген, Құрманғали, Шайқы, Жолтай,Үдербай секілді жігіттер
істеді. Көпенова Базар, Ысқақова Қайша лебедкамен қырға көмір шығарушы болды. Қазақ ССР-ның
құрылғанына жиырма жыл толуы құрметіндегі социалистік жарыста жоғары көрсеткішке жеткен Базар
1940 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет Грамотасымен наградталды.

1936 жылы болуы керек Байқоңыр көмір кенішіне жоғары оқу орнын бітірген Мұхит Бөпежанов деген
жас жігіт келді. Келе жағдайы нашар шахтаның жұмысын қолға алды. Жөндеу жұмыстарын жүргізді, жаңа
шахта ашылды. Жұмысшылардың айлық жалақысы да біршама көтерілді. Әрине, мұндай жаңалықтың
бәрін мен Ізекеңнен еститінмін. Ол жаңа басшының ұйымдастыру шеберлігіне, іскерлігіне қатты риза
болатын. Мұхит бізде екі-үш-ақ жыл істеді. Оның жұмысты жақсы жүргізгенін көре алмаушылар болған
болуы керек, үстінен арыз жазғандықтан органның адамдары соңына түсіп, қуғынға ұшырады. Кейін
Жезқазған шахталарына ауысып кетті.

Жүз жасаған кейуана сол кезде болған жағдайды қаз-қалпында есіне түсіріп, әңгімелеп отыр. Сөзінде
ешқандай қате жоқ.

Ізмағанбет Жандарбеков еңбекке ерте араласқан жан. Сөзіміз дәлелді болуы үшін оған Қарсақбай
мыс қорыту комбинатының кадр бөлімі берген анықтамадан мына бір жолдарды келтірейік.

Онда Ізмағанбет Жандарбековтың 1930 жылдың 3 қазанында Байқоңыр көмір кенішіне бекітуші-кре-
пильщик болып қабылданғаны, 1933 жылдың 15 тамызынан 1936 жылдың 12 желтоқсанына дейін забой-
шы болып істегені, мұнан кейін оның анықтама берілген күнге дейін, яғни, 1939 жылдың 23 қаңтарына
дейін десятник болғаны жазылған.

Жетімдіктің тақсыретін жастай тартқан Ізекең шымыр, қайратты болып өсті. Жұмысты жанын салып
істеді. Еңбекқор жігіттің десятник болып жүрген кездегі іскерлігін, ұйымдастыру қабілетін байқаған кеніш
басшылығы оны №19 шахтаға бастық етіп тағайындайды

-Ізекең талапшыл, қатал басшы болды. Оның қаталдығы кешегі ұлы Отан соғысы жылдарында көп
септігін тигізді. Ылғи артта қалған шахтаға жібереді, оны екі-үш айда көтереді. Абыройлы жұмыс істеді.
Кеніш басшылары:-Ізмағанбет қанын шығарып жұмыс істетіп, майын шығарып ақша төлейтін-еді дей-
тін. Бұл сөздің жаны бар еді. Соғыс кезінде тәртіп қатты болды. Осы өңірдегі үш өндіріс орнын, елді ме-
кендерді көмірмен қамтамасыз ету керек. Соғыстың қатаң заңына сәйкес жоспар да бұрынғыдан жоғары
қабылданды. Оны орындау үшін көміршілердің шахтаның астынан сөткелеп шықпайтын кездері болды.
Осылай еңбек етудің арқасында жоспар үнемі асыра орындалып отырды. Тиесінше жұмысшыларға да
еңбек ақыны жақсы төледі. Ақшаны артық төледі-деп 3-4 ай қамауға да алынды. Бірақ аққа құдай жақ
қой аман-есен қайтып келді.

Байқоңырлық көміршілердің соғыс кезіндегі ерен еңбегі туралы жазушы Әбілқасен Өмірәлин «Арқада
туған алып» кітабында: Байқоңыр көміршілері ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында өз аттарына
дақ түсірмей, қаһармандықпен еңбек етті. Осындағы байырғы кенші, кейіннен №4 шахтаға бастық бо-
лып жоғарылатылған Ізмағанбет Жандарбеков бастаған коллектив соғыс кезінде жанқиярлықпен еңбек
етті, соғыстың аяғына дейін жоспарын асыра орындап отырды-деп жазады.

Байқоңыр кенішінде ұзақ жылдар бойы забойшы болған ағасы Дәуренбек Жандарбеков жемісті еңбегі
ушін «Ленин» орденімен марапатталса, Ізмағанбетке соғыс жылдарындағы тынымсыз еңбегі үшін 1947
жылы №126428 нөмірлі «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды. Одан кейінгі жылдары "Еңбек Қызыл
Ту" орденімен наградталды.

1951 жылы Байқоңыр кеніші жабылып, көміршілер Жезқазған руднигіне көшті. Еңбек ардагері
Ізмағанбет Жандарбеков «Покрохолм» шахтасына ауысып, зейнеткерлікке шыққанша забойшы болып
жұмыс істеді.

-Мен он төрт құрсақ көтердім,-деп әңгімесін одан әрі жалғастырды қарт ана. Содан бүгінде үш қыз,
екі ұлым қалды. Ең үлкен ұлым Өжітай жоғарғы оқу орнын бітіріп, Жезқазған комбинаты саласында ұзақ
жылдар бойы инженер-конструктор болып қызмет істеді. Бүгінде зейнеткерлікке шыққан. Оның жолын
балалары одан әрі жалғастыруда.

Нұрмағанбет деген ұлым 17 жасында әкесі жұмыс істеген шахтаға электрослесарь болып жұмысқа
тұрған. Кейін забойшы болды. Сол баламның аварияға ұшырағанына биыл ширек ғасыр толып отыр.
Авария болғанын естіп, жанұшырып шахтаға барғанда бетіне ақ жауып баламды зембілмен алып шығып
келе жатқанын көргенде есімнен танып, құлап қалыппын. Содан бірінші құдай, екінші дәрігерлер өлтірмей
алып қалды ғой. Құдайға шүкір бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отыр. Бірақ денсаулығы жоқ.
Соның қайғысынан енді-енді есімді жинап келе жатқанда Жезқазған шахтапроходка тресінде проходка-
шы-монтажшы болып жұмыс істеп жүрген Ермұхан деген ұлым 1986 жылы қайтыс болды. Міне, осының
бәрі ана үшін өте ауыр жағдайлар екен. Бірақ, Құдай көрсеткесін не шара, соның бәрін көріп отырған
жай бар. Әлгі сөзімнің басында айтқан «көрешегіңді көрмей көрге кірмейді екенсің» деген нақыл сөздің
шындығына көзім жетіп отыр.

Мұнан кейін Нұрмағанбетпен тілдесудің сәті түсті.

116

Кен өндірісінің қаһармандары

-Анам айтқандай мен еңбек жолымды 17 жасымда бастадым. Рудниктегі №7 мектепті бітірдім. Шах-
тада электрослесарьдың шәкірті болып еңбек жолымды бастады. Жер астындағы қыруар техника тоқ
күшімен жүреді. Забойларға жарық беретін электр желілерін тартамыз. !966 жылы Армия қатарына
алынғанша алғашқы екі -үш жылда осы салада біршама тәжірибе жинақтадым. Германияның Дрезден
қаласында тұрған әскери құрамада сапер болдым. Демалыс уақыттарында қалаға саяхатқа шығамыз,
атақты Дрезден галереясын аралап, өнер туындыларын тамашалаймыз. Небір ғажап асыл дүниелер
жинақталған. Оны ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ұлы Отан соғысы жылдары Европаның көптеген ұлттарының сан мыңдаған халықтары мен әскери жа-
уынгерлер тұтқында отырған Бухенвальд концлагерінде болдық. Ананы көргенде адам жаны түршігеді.
Фашистердің жауыздығына шек болмаған екен. Адамдарды тірідей өртеген пештер сол қалпында тұр.
Соғыстың адамзатқа әкелетін зардабы қаңдай болатынын болашақ ұрпақ біліп жүрсін, соғыстан аулақ
болсын деген ниетте істеліпті. Ел көріп, жер көріп есейіп, Отан алдындағы борышымды абыройлы өтеп
елге қайттым.

«Покро» шахтасына жерасты бұрғылау техникасының слесарі болып жұмысқа қабылдандым. 1973
жылы забойшылар бригадасына ауыстым. Бригаданы лезгин Велебек Исабеков деген жігіт басқарды.
Сайдың тасындай іріктелген кенші жігіттердің еселі еңбегі арқасында бригада әрқашанда озаттар
қатарында болды. Оныншы бесжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындауды қамтамасыз етуге
қосқан үлесім үшін 1981 жылы үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен наградталдым.

Байқоңыр шахтасында ширек ғасыр жұмыс істеген әкем:-көмір шахтасы саяз болды, Көміршілер
еңбектеп жүретін-деп отыратын. Жоқ, біздегі шахталар ондай емес. Забойлар кең де жарық, төбесі
биік. Астында кен тасыған электровоздар мен қуатты МоАЗдар әрі-бері зулап жүреді. Ауасы таза. Жер
астына түскенде шағын қалашықты аралап жүргендей әсерде боласың. Бірақ, осы қалашықтың адам
айтқысыз қаупі бар. Ол-төбеден тастың құлауы. Кені алынған забойлардың төбесі құламас үшін оны
арнайы әдіспен арматуралап, бетондап тастайды. Қанша мықты бекітілгенімен ондаған шаршыметр
алқапта мыңдаған тонна тау-кен жынысын ұстап тұрған әлгі жерлерден кейде тастар жарықшақтанып,
өз-өзінен құлап жатады. Ал кенші кен қабатын бұрғылап жатқанда әлі төбесі бекітіліп үлгермеген забой-
да жұмыс істеу бәрінен де қауіпті. Кез-келген уақытта төбеңнен кен қабаты опырылып құлап кетуі мүмкін.
Осындай қауіптің алдын алу үшін жұмысқа кірісерде забойшы қауіпсіздік сырығымен төбені мұқият тек-
серіп шығады. Бірақ, қанша қауіпсіздендірдім дегеніңмен қуатты бұрғылау станоктары туғызған діріл-
ден, дәрі қойып аттырылған қопарылыстың дүмпуінен кен қабатында жарықшақтар пайда болуы мүмкін,
сондықтан төбеден тастың құлауы болып тұрады.

Осындай жағдайға менде душар болдым. 1982 жылдың 6 маусымында 230-шы горизонттың 24 штре-
гінде таңертеңгі ауысымда жұмыс істеп жатқанда төбеден тас құлап, дүние астан-кестен болды. Осыдан
кейін ештеме білмеймін. Бірнеше тәуліктен кейін есім кірді. Болған жағдайды содан кейін ғана білдім.
Апаттан адам аман екен. Бригадиріміз екі аяғынан жарақаттаныпты. Мен белден, бастан жарақат ал-
дым. Менімен бірге істеген Нуриддин Исабеков, Вячеслав Афанасьев деген әріптес жігіттер бір-екі жыл-
дан кейін қайтыс болды. Құдай маған «жарық көрсін» деген шығар, сол апаттан аман қалдым. Оған да
ширек ғасыр болды. Мүгедекпін.

«Көресіңді көрмей көрге түспейсің» деген осы. Өліп жатқан жерінен дәрігерлер жанына арашашы
болып аман алып қалды. Міне, содан бергі жердегі ширек ғасырда ол қаншама бейнет көрді. Соған
шыдап келеді.

«Ат тұяғын тай басар» демекші, баласы Асхат өзі еңбек еткен Батыс Жезқазған кенішінің №55 шах-
тасында учаске бастығы болып қызмет істейді. Еңбегі жемісті. Балалы-шағалы. Гүлбануы осы шахтада
бақылаушы. Биыл алпыс жылдық мерейтойын тойлағалы отырған еңбек ардагері Нұрмағанбет Жан-
дарбеков жарық дүниенің қасіреті мен қуанышын қатар көріп отырғанына құдайға тәубашылық етеді.
Аспанымыз ашық болсын, біз көрген бейнетті кейінгі ұрпақ көрмесе екен деп тілейді.

Жезқазған қаласы, мамыр, 2006 жыл.

117

Кен өндірісінің қаһармандары

ТУЫСҚА ҚАМҚОР, ДОСҚА БЕРІК, ҚЫЗМЕТТЕ СЫЙЛЫ ЕДІ

Қалалық мұрағаттың алтын қорын көздің майын тауысып ақтарғанда өткен ғасырда Арқа өңіріндегі
құлазыған даланы еселі еңбегімен адам танымастай өзгерткен, сәулетті де сәнді қалалар тұрғызған,
алып шахталар мен зауыттардың бой көтеруіне үлес қосқан талай-талай қадірменді ағаларымыз ту-
ралы құнды материалдарға кездестім. Сондай материалдардың бірі-абзал азамат, туысқа қамқор,
досқа берік, қызметте сыйлы болған Асқар Шынтөринов туралы екен. Бала кезімізден, есейіп ер жеткен
шағымызға дейін көрші тұрып, көрші тұрғанда үйіміздің арасында үй жоқ еді, күнде кездесіп, ағалап
сәлемдесетін осы бір жаны жайсаң жан туралы бұдан бұрын да талай рет естелік жазып, басылымдар-
да бастырсам деген ойда болғаныммен оның сәті бола қоймады. Соның сәті енді келгендей.

Бір сәт шегініс жасап, сол балалық шақты еске алсақ. 1956 жылдың көктемі шыға байыту фабри-
касында жұмыс істейтін ағам Шүкірбай қаланың күн батыс жақ шетінен үй салуға жер алып, содан күн
жылына сол шаруаның қамына кірісіп кеттік. Бүгінгідей материал жоқ. Басты материал саз балшық және
одан құйылған кірпіш. Шолпан апамыз екеуіміз ертеңгілік ағамыз жұмысқа кетерінде бұқтырып кететін
балшықты жалаңаяқ айдап, иін қандырып ағаш қалыпқа құямыз. Таңертеңнен кешке дейін балшық
дайындау және оны қалыпқа құю процесі осылай бірнеше рет қайталанады. Ертеңіне кешке қарай кеше-
гі саз балшықтан құйылған ап-ауыр кірпішті кептіру үшін арасына саңылау қалдыра отырып қаттап жи-
наймыз. Маңайымыздағы көршілердің бәрінің тіршілігі осы. Барлығының да басты мақсаты—жылдам-
датып кірпіш құйып, күн суытпай тезірек баспана қарайтып алу. Жанымыздағы Асқар мен Шайқысылам
ағаларымыздың бізден бұрынырақ салып алған және төбелері шатырланған даңғарадай—даңғарадай
төрт-бес бөлмелі үйлеріне қызыға қараймыз. Олар ертелі-кеш жұмыстан қолы бос уақыттарда біздің
құрылысқа келіп, аралап көріп, мүшел жасқа толмаған балалардың іс-қимылына ризашылықтарын біл-
діріп жатады. Кім мақтағанды жек көрсін, соған біз мәз болып, бір марқайып қалатынбыз. Сол уақыттың
адамдарының қайырымдылығында шек болмайтын. Әлгі ағаларымыз ара-арасында қолы қысқалау
біздің ағамызға шама-шарқы келгенше құрылыс материалдарын табуға көмектесіп те жүретін. Асекеңнің
үйінің артында Өміржан деген інісі үй салды. Оған да қамқорлық жасап жатқан Асекең. Өзіміз үй салып
жатқанымызға қарамастан бір демалыс күні сол Өміржанның үйін салуға арналған асарға қатыстық,
келесі жолы Өміржан бастаған інілері Аманкелді, Мырзаттар келіп біздің үйдің қабырғасын көтеруге
көмектесті. Біздің үйдің іргетасын Тумырза деген көрші ағатайымыз қалады. Қабырғасы боса-болмаса
асардың арқасында бірер күнде тұрып қалды. Көрші-қолаңдар сондай тату-тәтті тұрды. Сол бірліктің,
татулықтың арқасында жаңа үйге күздің қара суығы жетпей ақ кіріп алдық.

«Казмедьстрой» тресінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген Асекең өзінің
қарапайымдылығымен ерекшеленетін. Ол туралы ел арасында талай-талай қызықты әңгімелер кеңінен
тарап кеткен еді. Соның бірі менің есімде қалыпты.

Ол уақытта Жезқазған қаласында бала бақшасының енді енді салына бастаған кезі. Бірен-саранын-
да орын да бола қоймайды. Бірде трестің құрылыс басқармасының бірінде жұмыс істейтін сылақшы
әйел кәсіподақ комитетіне келіп баласына бала бақшадан орын беруін талап етеді.

-Кезекте тұрғаныма көп болды. Жұмыс істей алмай жүрмін. Мен енді сіздің кабинеттің табалдырығын
тоздырып қашанғы жүрем, орын жоқ болса мына баламды өзіңіз бағыңыз. Осында тастап кетем,-деп
қоқанлоққы жасайды. Асекең де оның қиналып тұрғанын түсінеді. Бірақ оған бере қоятын орын да бола
қоймайды. «Шыдай тұр»,-дегенге тоқтайтын анау жоқ. - Енді не істеу керек?

Асекең аспай-саспай орнынан тұрады. Әйелдің қолындағы баланы алып:
Рахмет сізге, менің жеті балам бар, мына бала сегізінші болады. Өзім тәрбиелеймін, деп шешін-
діре бастайды.
Мұндайды күтпеген әйел не істерін білмей сасып қалады. Бөтен адамға бала беру оңай дейсің бе?
Біршама уақыттан кейін есін жиып, кешірім сұрап, баласын киіндіріп алып кетеді. Көп ұзамай Асекең әлгі
әйелдің баласына бала бақшадан орын тауып береді.
Асекең бұрынғы «Сарыкеңгір» совхозының Өткелбай қыстағында дүниеге келген. Жезқазған кен-ме-
таллургия комбинатының 50 жылдығы қәрсаңында облыстық «Жезқазған туы» газетінде жарияланған
естелігінде Асқар Құлшықұлы өзінің Жезқазғанға алғаш келуі жайлы былай деп баяндайды:
...1929 жыл. Бұл менің Жезқазғанға бірінші келуім.Әкем жамағайын туысымыз Көшмағанбет
Берденовтың үйіне жатқызды. Сол кездегі Жезқазғанның шағын поселкесіне келгендегі алғашқы
әсерімнің де жөні бөлек еді. Ол маған ұшы-қиыры жоқ үлкен қала болып көрінген. Қазанның дауысы,
жүріп жатқан кішкене шіңкілдек поезд, шахта, көшедегі некен-саяқ автомашина, бәрі бір керемет секілді
көрінді маған.

Мен алғаш осы замандық мектептің де есігін осы Жезқазғанда аштым. Шағын болса да оқу клас-
тары, партасы, тақтасы, электр жарығы бар мектеп маған қиялда ғана өмір сүретін дүниеге ұқсады.
Алғашқы сол шағын мектептің меңгерушісі Мапый, мұғапімдері Жүсіп Асанов, Сейітжаппар Оспанов,
Байғара Сыздықов, Алтайбай Орынбаев, Ақдәулетов мен білетін басқа адамдардан ерекше жаратылған
әлемдегі барлық білімді толық меңгерген, ерекше ғажайып жандар сияқты болып көрінетін.

Ауыл молдасынан арабша хат танып, әкесінің орыс достарының балаларынан орысша үйренген жас
бала мектепте өте зерек оқиды, білімге құштарлығымен ерекшеленеді. Жезқазған аймағында сол кезде

118

Кен өндірісінің қаһармандары

үлкен зерттеу жұмыстары жүріп жатқан болатын. Онда Ресейдің ішкі аймақтарынан келген мамандар
жұмыс істеді. Міне, солармен тіл табысып жұмыс істеу үшін, жергілікті халықты орыс мамандарымен
байланыстырып отыру үшін көкірегі ояу, орысшаға бейім балалар арнайы ашылған курстарға тартылды.
Асекең де осы курста оқып, білімін жетілдіреді. Жезқазған мыс комбинатында табельші, кейіннен бөлім
меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында рудник кәсіподақ комитетінің
төрағасы болып сайланған Асекең осы қиын-қыстау күндердегі Жезқазған кеншілерінің ерлік істері жай-
лы өз қолымен жазған естелігінде былай деп сыр шертеді:

...Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыс жылдарында Жезқазған мыс комбинатында қызмет
істеген мен өте ауыр жағдайда жұмыс істеген шахтерлердің ерлікке бергісіз істерінің куәсі болдым.

Жезқазған руднигінде бұл кезде небәрі бірнеше ғана шахта болатын. Есімде қалғандары №№1,11,12,8
шахталар. Ол кездегі жерасты қазынасын алу жұмысы да қияметтің қыл көпірінен өткендей іс еді. Шах-
тада қол сүңгімен қия көк тасты тесуден, оны дәрі қойып аттыруға дейінгі жұмыстың қиындығын ауызбен
айтып жеткізу мүмкін емес. Ал, оны күрекпен вагонеткаға артып, жер бетіне шығаратын клетьке жеткізу
тағы көп күшке түсетін. Жер асты жұмыстарының бәрі тек адамның күшімен орындалатын. Шахтаға
баспалдақпен түсіп, баспалдақпен шығатын. Жер астындағы суды кешіп жүріп, жұмыс істеуге тура ке-
летін.Шахта ішіндегі ауаның алмасуы болмайтын. Соған қарамастан кеншілер уақытпен санаспай, дем
алмай сөткелеп жұмыс істейтін. Олардың барлық күш-жігері, мақсаты өздеріне берілген тапсырманы
орындауға, майдан қажетіне керек мыс рудасын көптеп шығаруға жұмылдырылды. Егер ауысым немесе
учаске жоспарды бір себептермен орындай алмай қалса, онда әлгі тапсырма орындалмай кеншілердің
бірде-біреуі жұмыс орнын тастап кетпейтін.

- 1943 жылдың жазында,-деп жазады Асекең мұнан әрі қарай естелігінде, «Покро» шахтасында
кен тиеуші әрі вагон итеруші болып істейтін Тұрғымбай Дүрментаев пен Омар Жабағыновтар шахтаға
түсер алдында бір ауысымда 100 вагонеткаға кен тиеп, оны жер бетіне шығаратын жерге дейін қолмен
итеріп апаруға міндеттеме алды. Бұл дегеніңіз әлгі вагонеткаларды 150-160 метрге дейінгі қашықтыққа
итеріп апару деген сөз. Олар сөзінде тұрды. Сөйтіп сменалық жоспар 2,5 есе асыра орындалды. Осы
оқиғаға байланысты шахтада митингі болды, мен сол салтанаттың басы-қасында болған адаммын.Шах-
та бастығы еңбек ардагері, байырғы шахтер Балықбай Байжанов, смена бастығы Жүніс Тәжбенов бола-
тын. Соғыс кезінің тағы бір есте қаларлық өнегелі жәйттарының бірі-еңбек озаттарының еңбек жеңісін
марапаттау еді. Тапсырмаларын 150-200 процентке орындаған смена шахтерлері жұмыс орнынан по-
селкеге дейін музыкалатып шығарып салынатын. Бұған өте зор мән берілді және ол бір ауысымның
адамдарын ғана емес тұтастай поселке халқына қуат беретін.

Жезқазған мыс комбинатының аппаратында жұмыс істеген кезімде комбинат директоры Тихон
Федорович Харламов үй-үйді аралаған кезде мен аудармашы рөлін атқардым. Мұндай кездесулер
жұмыстан кейін, көп жағдайда демалыс күндері болатын. Ол шахтерлердің отбасыларымен кездесіп
әңгімелесіп, тұрмыс жағдайларымен танысып, балаларының оқуын сұрастырып отыратын.

Тихон Федорович кездесулерде майдандағы жағдай туралы әңгімелейтін, тылдағы қиын жағдайдың
уақытша екендігіне тоқтайтын. Ашық әңгіме халықты жақсы жұмыс істеуге, қиындықтарды жеңуге жігер-
лендіретін. Кейде адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан отбасыларын, әсіресе, көп балалы отбасыларды
көргенде қолма-қол шешім қабылдап, көмек көрсету шараларын белгілейтін, кейін оның орындалысын
өзі тікелей қадағалайтын. Міне, мен осындай тамаша адамдармен қызмет істедім.

Асекеңнің қамқорлығын көріп, адами қасиеттеріне шексіз бөленген жандардың бірі -еңбек ардагері
Жаңабай Сүтемгенов.

-Қоңырдың құмында шеткері жатқан ауылдан Рудникке көшіп келіп, анадан жастай жетім қалған ба-
лаларын жеткізем деп әкем Мағзұм шахтаға жұмысқа тұрды. Жұмыс ауыр. Жағдай нашар. Мен болсам
ФЗО-ны жаңа бітіріп.жұмысқа тұрам деп жүргенде аяқ астынан сүзекпен ауырып жатып қалдым. Мені-
мен қатар құлаған жеті баланың ішінен мен ғана аман қалдым. Осы уақытқа дейін жарық көріп жүргенім
Асқар Шынтөринов ағамыздың арқасы. Ол кісінің комбинат кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істей-
тін кезі. Комбинат шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Қызыл әскер» колхозының жерінен
жер алды. Асекең Ақтөбе облысынан әдейі барып шаруашылыққа түйелер алып келді. Соғыс уақыты.
Қалада азық-түлік тапшы. Ауырып жатқан мені Асекең ақ ішсін деп әлгі жаңадан ашылған шаруашылыққа
жіберді. Түйенің шұбатын, сиырдың айранын ішіп, ағамыздың қамқорлығының арқасында әйтеуір бір
өлімнен аман қалдым,-деп еске алады сол бір қиын шақты Жәкең.

Міне, осындай жаны жайсаң, халқына қамқор ағамыз кейін ұзақ жылдар бойы «Казмедьстрой»
тресінің құрылыс басқармаларында бас бухгалтер қызметін атқарды. Өмірінің соңына қарай Жәйрем
поселкесінде тұрды. Жезқазған өңіріне сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ. Омырауына «Еңбек Қызыл Ту»
орденін және басқа да медальдар тақты. Ең бастысы еліне аянбай еткен еңбегін елеп, оның жарқын бей-
несін мәңгі есте қалдыру мақсатында Жезқазған қаласының бір көшесіне Асқар Шынтөриновтың есімі
берілді. Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Өнегелі жанұядан ұшып шыққан Асекеңнің балалары Мансұр,
Талғаттар тәуелсіз Қазақстанның айбынды да, өркениетті ел болуына өзіндік үлес қосып келе жатқан
абзал азаматтар. «Әке көрген оқ жонар» деген осы.

Жезқазған, наурыз 2006 жыл

119

Кен өндірісінің қаһармандары

БІЛІМДІ КАДРЛАР ДАЙЫНДАДЫҚ

Жезқазған аудандық партия комитеті мен аудандық Советі атқару
комитетінің органы болып табылатын «Қызыл кенші» газетінің 1946
жылғы шыққан сандарын қарап отырып «Жетекші мамандыққа
жетілген кадрлар дайындаймыз» деген тақырыпта жарияланған
материалға көзім түсті. Мақала авторы Мұстафа Сауқымбаев-
комбинаттың кәсіпорындарына қажетті мамандар даярлайтын №22
ФЗО мектебі директорының саяси жұмыстар жөніндегі көмекшісі.
Автор мақалада: «...Жезқазған руднигіндегі №22 ФЗО мектебі өзінің
құрылған күнінен бастап мыс комбинатының шахталары мен қосалқы
кәсіпорындарына қажетті білікті мамандар дайындап беруде жемісті
еңбек етіп келе жатыр,-дей келе жалаң сөз болмасын деген болуы
керек, мұнан әрі тәрбиеленушілердің жұмысқа кіріскеннен кейінгі
қол жеткен табыстарына тоқталады. -Мысалы,-дейді ол,- Балмұқан
Аймаханов пен Павел Шаталюктің кенді көп құлату жөніндегі озық
әдісін толық меңгерген комсомол мүшесі Т.Пішенбаев бірнеше
рет рекорд жасап, өзін қажырлы еңбегімен аудан еңбеккерлеріне
танытты. Бүгінде оның озық әдісін үйреніп, өндіріске енгізушілер
қатары Тұрлыбаев, И.Сараев, В.Холодков секілді жастармен
толықты. Біздің мектепті бітірген жас мамандар В.И.Пересыпкин,
А.В.Харченко, П.Хвостенко, С.Олейников рудникте учаске, смена,
бөлім бастықтары болып жұмыс істеп жүр. Оқушылар Г.Ануфриев,
В.Хлыстунов, М.Бикенин, А.Зайцев, И.Ступак және тағы басқа жолдастар теориялық білімін тәжірибе
ісіне айналдырудың шеберлері деген атаққа ие болды...

Мақала мазмұны ФЗО мектебінде атқарылып жатқан игі істер жайлы әрі қарай осылай баяндап кете
береді. Оны оқып отырып осыдан 60 жыл бұрын ФЗО мектебінде атқарылған жұмыстар нышанын еріксіз
көз алдыңызға елестетесіз.

Мақала авторы Мұстафа Сауқымбаев ақсақал Сәтбаев қаласында тұрады. «Сексен көрейін де-
ген жасым ба еді, быламық жейін деген асым ба еді» демекші, жасы сексеннің үстіне шығып кеткен
қарияның денсаулығы да мәз емес екен. Бірақ, суыртпақтап отырып, әңгіменің бағытын ФЗО мектебінде
еңбек еткен жылдарға қарай бұра бердік.

-ФЗО мектептері елімізде жиырмасыншы жылдардың аяғында ашыла бастады,-деп бастады әңгімесін
қария. -Патшалық Ресей тұсындағы кәсіпорындардың жайы белгілі емес пе? Кеңес үкіметі келісімен
елдің экономикасын көтеруді жедел қолға алды. Жаңа ірі-ірі кәсіпорындардың іргетасы қаланды. Алайда
оған арнайы даярлықтан өткен жұмысшылар жетіспеді. Бүкіл Советтер Одағындағы жағдайды алмай-
ақ өзіміздегі жағдайға келетін болсақ, жиырмасыншы жылдардың аяғында Қарсақбай мен Жезқазғанда
және Байқоңыр көмір кенішінде небәрі оқыған төрт инженер, алты техник жұмыс істеді.Мұндай жағдай
Қазақстанның барлық жерінде де орын алған болатын. Осындай кемшіліктің орнын толтыру мақсатында
Петропавлда фабрикалық-заводтық училище «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл» тәрізді одақтық
маңызы бар өнеркәсіп орындарында тау-кен мектептері ұйымдастырылды. Қарсақбайда және Жезқазған
руднигінде ФЗО мектептерінің ашылу кезі осы тұсқа келеді. Біздің мектеп Жезқазған мыс комбинатының
жанынан ашылды. Весовой елді мекеніне орналасты. Басты мақсаты комбинат кәсіпорындарына ма-
ман кадрлар дайындау болды. Мектепте дәрі аттырушылар, забойшылар, электриктер, жөндеуші сле-
сарьлар, автомобиль жүргізуші шоферлар дайындалды. Басты мақсатымыз жастарға тиянақты білім
беріп, оны еңбекпен ұштастыру болды. Өзіңіз сөз етіп отырған 1946 жылғы оқу жылында мектепте 174
оқушы оқыды. Олардың дені жағдайы нашар, әке-шешесі жоқ жетім балалар болды. 60-70 проценті
Ресейдің қалаларынан арнайы жинақталып алдырылғандар еді. Қазақтар балаларын оқытудан қашты,
ал қабылданғандардың білімі жоқтықтан үлгерімі төмен болды. Мұғалімдер коллективі барлық күш-жі-
герді оқушылардың сапалы білім алуына, тәлім-тәрбиесіне жұмсады.

Енді-енді өркендеп келе жатқан Жезқазған мыс комбинаты ФЗО мектебінде оқыған, арнайы
мамандыққа үйретілген, шахталарда, кәсіпорындарда тәжірибеден өткен кадрлармен толыға баста-
ды. Оны даярлауда мектептің мұғалімдер ұжымының рөлі зор болды. Фабрика-заводтық мектептердің
жұмысына аса мән берілгендігі сондай- оқытушылары жоғары жақтағы оқу орындарына тәжірибе
алмасуға жіберілді. Мұсекең Ленинградта алты айлық арнайы курста оқып, білімін жетілдірді. Мектеп
директорының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін
атқарды. Мұнан кейінгі жылдарда Мұстафа Сауқымбаев сұрыптау фабрикасының механигі, аға ше-
бері бопып жұмыс істеді. Қандай жұмыста істемесін ол іскерпігімен, шебер ұйымдастырушыпығымен
көзге түсті. Өмірлік тәжірибесін өндірісте жан-жақты қолдана білді. Жастардың үлгілі тәрбиешісі, өнегелі
ұстазы болды. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан баланы оқыту, білім беру қағидасын өміріне серік еткен
қария балаларының бәрінің жоғары білім алуына, білікті маман болып шығуына, өмірде өз орнын та-
буына жағдай жасады.

Жезқазған-Сәтбаев, 2005 жыл, қыркүйек.

120

Кен өндірісінің қаһармандары

ӨТКЕНГЕ ӨКПЕМ ЖОҚ

Жаңабай Сүтемгенов, зейнеткер

Өткен ғасырдың аумалы-төкпелі заманында өмір сүрген
біздердің татқан тұщымыздан ащымыз көбірек болған секіл-
ді. Мен сонау дүниені дүр сілкіндірген қазан төңкерісінен кейін
ел іші тынышталып, бұрынғы үргін-сүргін, ақ-қызыл болып
соғысқан уақыт артта қалған кезде дүниеге келіппін. Қай уақытта
болса да жаңа қоғам орнату оңай болып па? Ол уақытта да
елдің ішкі құрылысы қаланып, белгілі бір жолға түспеген кезең
болса керек.Ауыл-ауылда ТОЗ серіктестігі, одан кейін артель,
бірлестіктер құрылып оның аяғы колхоздастыруға ұласыпты.
Олардың атауларының өзгеруімен бірге елдің қауымдасуы да,
шаруашылығы да оң өзгерістерге ұшырады. Осындай кезде
теңдікті кедейге әперем, байды кедейге теңеймін деп келген
жаңа үкімет бай болып, кедей болып бірлесе күн көріп отырған
елдің малын жинап ала бастайды. Кейін осы кезеңді көзімен
көрген, қорасындағы соңғы сиырына дейін бас жібін босатып,
белсенділердің алдына салып берген куәгерлер табын-табын
сиыр, қора-қора қойдың мал болып қатарға қосылмағанын, ай-
дап бара жатқан жолда қырғынға ұшырағанын өз көздерімен
көргендерін жыр қылып айтатын. Ал, мұның аяғы қазақ халқын
қойдай қырған ашаршылыққа әкеп соққанына тарих куә.
Ашаршылық кезде менің шешем қайтыс болды. Оның артында
үйелмелі-сүйелмелі үш бала қалдық. Халықтың осындай қырғынға ұшырап жатқанын көріп қиналған
елдің көзі ашық азаматтары өздеріне төнген қауіп-қатерге қарамастан сонау Мәскеуге дейін шындықты
айтып шырылдап жатты. Халық шеккен күйзеліс Сталинге де жеткен болар, елге жедел жәрдем көрсетіле
бастады. Азық-түлік көмегі келді. Әлгі ауылдағы жаңа құрылымдар енді колхоз болып атала бастады.
Колхоз басшылары жоғарының тапсыруы бойынша Жетіқоңыр құмының шағыл-шағылдарының арасын
жыртқызды. «Бидай егесіңдер» деді. Бұрын-соңды соқа дегенді қолына ұстап көрмеген қазақтар өгізін,
сиырын жегіп жер жыртты. Жыртылған жердің терең болуы керектігін де біліп жатқан жан жоқ. Әйтеуір
жыртты деген аты. Сонымен көптеп-көмектеп жүріп егін салынды, бірақ, еккен егін шамалы уақытта
көтеріле қоймады. Ауылдың шолақ белсеңділері мұның өзін халықтан көрді.

-Байдың құйыршықтары жерді дұрыстап жыртпады, тұқымды дұрыс сеппеді, содан шықпай жатыр
деп, халықтың арасынан кінәлілерді іздеді. Құдайдың да халыққа деген көзі түзу болды ма, сол кезде
ағыл-тегіл жаңбыр жауып, егін су ішті. «Жыртық үйдің де құдайы бар» демекші сол жылы егін бітік
шықты. Оны жинап алғанша қара халықтың жаны сол егіннің үстінде болды. Халық бір тойынып қалды.

Ауылда жатып ұзынқұлақтан:
- Мына іргедегі Қарсақбайда зауыт салынып жатыр, оның бер жағында шахталар салынып, жер ас-
тынан тас өндіріп жатыр,- дегенді еститінбіз.
- Ол жәй тас емес, қымбат тұратын мыс екен, оны басқаларға сатады екен,-деп жататын өзара
әңгімесінде қариялар.
Отыз төртінші жылдың жаз айында жаңағы айтқан мыс кенішінен адамдар келіп, Ақкеңседегі
ауылдың ер адамдарын жұмысқа шақырды. Ауылда істейтін іс жоқ, әкемдер шартталып жұмысқа кетті.
Машина дегенді алғашқы көруім, ауылдың көп адамы соның үстіне мініп кетті. Балалар болып соңынан
қуғанымыз әлі есімде. Шамалы уақыттан кейін-ақ шаң қаптырып, көзден ғайып болып, көрінбей кетті.
Сол жылдың күзіне қарай әкем келіп бізді қалаға көшіріп алып кетті. Қала дегенді алғашқы көруім. Көп
нәрсенің не екенін де білмеймін. Түнге қарай жіпке ілінген шамдар жанады. Айналаң жап-жарық. Бұған
қалай таң қалмассың. Әр жер, әр жерде тау-тау болып үйілген тастар. Оның басына төрт дөңгелекті
арба теміржолдың бойымен зырғып көтеріліп, жер астынан шығарылған тастарды төгіп жатады. Күндіз-
түні толастамайды. №41 шахтаның күнбатыс жағында кезінде ағылшындар салған үш барақ бар екен
соның біреуінен бір бөлме тиіп, біз соған орналастық. Менің жастық шағым осы барақта өтті. Ұзын барақ.
Ортасынан екіге бөлінген. Қазіргідей жылу жоқ. Отын-суды өзің тасисың. Отқа баялыш жағамыз. Көмір
Байқоңырдан тасылады. Өмір сүру өте қиын болды. Поселкеде клуб болды. Анда-санда кино көреміз.
Біздің барактың алдында ойдым-ойдым карьер бар. Үлкендердің айтуынша сол жерлерде ерте заманда
мыс өндіріліпті. Мені әкем поселкедегі мектепке оқуға берді. Мектепте Жүсіп Асанов деген ағай директор
екен, оның табалдырығын аттағанда мен сегіз жаста едім. Әріптерді ежелеп оқимын. Қағаз-қарындаш,

121

Кен өндірісінің қаһармандары

дәптер дегендерің таптырмайды. Солай бола тұрса да балалардың оқуға деген ынтасы зор болды.
Әкем Мағзұм зерек адам болатын, ескіше хат танитын. Ликбезде оқып, латынша жазуды тез үйреніп

алды. Кейіннен кириллицаға көшкенде де оған жеңіл болды. Мектептегі ұстазым мұғалім болса, үйдегі
ұстазым көкем(ол кезде «папа» деген жоқ, туған әкемізді осылай атайтынбыз) болды. Жұмыстан шар-
шап келгеніне қарамастан маған сабақ үйретуге отыратын.

Шахта дегеннің не екенін, поселкенің ортасында, шетінде жағалай орналасқан тау-тау үйілген
тастардың не екенін көкем маған түсіндіріп, әңгімелеп отыратын. Төбенің басына орналасқан геологиялық
барлау партиясы үйінің маңайы толған шахталар болатын. Олар «Покро», №1, №13, №15, №6, №23
шахта деп аталатын. Ағылшындар бұл шахталарды мыстың ең бай жеріне және бір-біріне жақын сал-
дырыпты. Ойлары қат-қат жер астында жатқан мысты тез игеріп, тез баю болса керек. Ол уақыттарда
не Қарағандыға, не Жосалыға қарай темір жол жоқ. Шетелдік концессионерлер тегін жатқан байлықты
өндіргенімен оны өңдей алмай әбден қиналады. Руданы Жезқазған кенішінен 400-500 шақырым қашықта
жатқан Спасскіге арбамен тасуға мәжбүр болады. Өз арбасымен сол алыс жолда руда тасығандардың
бірі - Сахан Қырғызбаев деген кісі болатын. Сахаң көрген жол азабын жыр ғып айтып отыратын. «Бір-
де,- дейтін ол,- біз осы маңайда тұратын ауылдардан он жігіт руда тасу үшін ағылшындарға жалдандық.
Арбаларымызды жөндеп-майлап дайын болғанда шахталарға келдік. Жігіттер арбамызға дәу-дәу қара
тастарды тез арада тиеп берді. Шахтаның есепшілері ме, біреу: «Мынаның біреуін де түсіріп, жоғалтып
алмаңыздар, есептеулі»,-деп қатаң тапсырды. Жүріп кеттік. Ауыр жүк тиелген арбаға жегілген түйенің
жүрісі оңған ба, таңертеңнен кешке дейін алға қарай ілбиміз де отырамыз. Күн ыстық, абырой болғанда
жаз айы. Қазіргідей тас жол, не қара жол жоқ. Сай-сала, ой -шұқыр. Жүріп келеміз. Жүріс өнбейді. Күннің
есебінен де жаңылысуға айналдық. Бір жерлерге келгенде өзеннен өткел таба алмай қиналдық. Айна-
ла іздеп жүріп, жадағайлау жеріне арба салдық. Сол жерде бір арбамыз аударылып қалды. Шашылып
қалған тастарды судың астынан жанталасып жүріп теріп алдық. Әлгі тасымыз түгел болмай шыға ма
деп, Спасскіге қорқа-қорқа келіп едік, абырой болғанда түгел болып шықты. Қолымызға еңбекақыларың
деп ақша берді. Сол ақшаны жұмсап, балаларымызға киім-кешек, үйге азық-түлік алып бір байып қалып
едік. Жол азабы да ұмыт болды.

Көкем №13 шахтада кен тиеуші(загрузчик) болды. Шахтаның астында забойда дайындалған тау жы-
нысын кен көтеретін жерге дейін кішкентай ғана вагонеткалармен таситын. Забойлардан вагонеткалар-
ды клетке дейін қолмен итеріп апаратын. Жоғары жер бетіне көтерілген кен вагондарға қолмен тиеледі.
Осындай ауыр жұмыста жүргенде бір күні үйге қатты ауырып келді. Ол кезде дәрігер деген жоқ болатын.
Білетіндер көк еті жыртылған, енді ауыр жұмысқа жарамайды деді. Расында шабынан жоғарылау жерден
бұлтиып бірдеме шығып тұратын. Біраз уақыттан кейін бұрынғы жұмысын тастап, басқа жеңіл жұмысқа
ауысты. 1939 жылы Қарсақбайға Қарағандыдан келген дәрігерлер біздің поселкенің кеніштерінде бо-
лып, ауру-сырқау жұмысшыларды емдеді. Көкемнің жыртылған көк етін тікті. Содан ол шахтаның астына
қайта түсіп, кен тиеушілерге десятник болды.

Біз, оқушылар газеттен елдегі болып жатқан жаңалықтарды оқимыз. Мұғалімдеріміз де сабақта озат
кеншілер жайлы айтып отыратын. Стахановшылар қозғалысы деген еңбек бәсекесі кеншілер арасында
да қыза түсті. Жұмыстың ауырлығына, шаршағандарына қарамастан клубта шахталардың өнерпаздары
концерт қояды. Мереке күндері үлкен той болады. Әртүрлі спорт ойындарын тамашалаймыз. Өзара ай-
тыстар ұйымдастырылады. Кеншілер арасында ағайынды Байғабыловтардың есімі құрметпен аталды.
Бес ағайынды жігіт 2-3 сағатта бір составты тиеп жөнелтеді, сөйтіп рекорд жасады. Оларға стаханов-
шылар деген атақ берілді. Олардың қатары Аймаханов, Өйгелов, Ақшалов, Сафин секілді озаттардың
есімімен толыға түсті. 1939 жылдың күз айы болу керек клубта үлкен жиналыс болды, балалар ондай
шарадан қалып көрген емеспіз, бұл жолы да бардық. Көп адам сөйледі, айтатындары шахталардың
жайы, руда өндіруді көбейту мәселесі. Осы жиналыста Қаныш Сәтбаев ұзақ сөйледі. Ол өз сөзінде
шахта басшылары мен мамандарының руда өндіруді көбейту мәселесін көтеріп отырғанына ризашылық
сезім білдірді.

-Бізден үкімет те осыны талап етіп отыр. Өйткені халық шаруашылығына мыс ауадай қажет. Қазіргі
өндіріп жатқанымыз аз, болашақта жаңа техника келеді, кен өндіру әдістерін игереміз, сонда мыс өндіру
еселеп артатын болады. Шағын-шағын шахталар үлкен кен орындарына, мына маңайдағы елді мекен-
дер сәулетті қалаға-үлкен Жезқазғанға айналады,-деді.

Кейіннен мен ұзақ жылдар Шығыс Жезқазған кенішінде жұмыс істеп жүрген кездерде болып жатқан
оң өзгерістерді көргенде ұлы ғалымның сол айтқаны құлағымнан кетпейтін, ондаған жылдар өткенде
оның асыл арманы орындалды емес пе? Не деген көрегендік.

Өндіріс жүріп, халықтың әл-ауқаты жақсара бастады. Міне, осы кезде тағыда ашық аспанды қара бұлт
торлады. Неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан шабуыл жасады. Айдаһардай ажал төккен соғыс
басталды. «Соғыс» деген ызғарлы сөз бейбіт жатқан елді дүр еткізді. Елде үрей жоқ. Өнеркәсіп орында-
рынан, мекемелерден әскер қатарына шақырылушылар саны күннен-күнге көбейе түсті. Әскери комис-
сариат Қарсақбайда. Оған кеткендердің қайтып келіп жатқандары шамалы. Мектепте де сабақтан мән

122

Кен өндірісінің қаһармандары

кетті. Содан келер жылы ФЗО-ға оқуға түстім. Сонда Әбсейіт Жүнісбеков, Әбдікәрім Дәуленбаев деген
балалармен бірге оқыдым.(суретте). Мұстафа Жандәулетов деген жігіт 1942 жылдан шахтада істеді. Озат
атанды. Жезді марганец кен орны игерілгенде жарты жылдай сонда істеп келді. «Ашық аспан астында,
қыстың аязды күндерінде тәулігіне 15 сағатқа дейін жұмыс істедік»,-дейтін Мұстафа. Сондай ауыр жұмыс
қойсын ба, кейін ауырып, жер бетіне шығып кетті. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында жұмыс іс-
теді. Ал Әбсейіт өмірінің соңына дейін шофер болды. Әлгі оқу орны рудниктің өзінде. Шахталарға қажетті
жұмысшы мамандарын даярлайды. Мен слесарь мамандығын алып шықтым. Тәжірибе алмасу деген
жоқ. Оқу біткен күні ертеңіне №32 шахтаға жіберді. Бірден шахтаның астына түстік. Онда клетпен түсу
деген жоқ. Жаяулап-жалпылап барар жеріңе жетесің. Клетпен тек үстіне руда ғана көтереді. Қолымызда
карбит шам. Бет-ауызым ілезде қап-қара болып шыға келді. Ол сөніп қалды. Оны қалай жағуды да біл-
меймін. Шахтада істейтіндердің дені түрмеде отырғандар. Шахтаның асты шаң, түк көрінбейді. Қайдан
келіп, қайда тұрғаныңды да білмейсің. Бір жерге келгенде бізге темір-терсек тасытып қойды. Дәу-дәу
темірді буыны қатпаған бала қалай көтереді. Мастерім Баяновский деген: «Ана темірдің бір жағын
көтер»,-деді. Мен оны әрі айналдырып, бері айналдырып, көтермек түгілі орнынан да қозғай алмадым.
Содан мастерім жатып тұрып ашулансын. Аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты. Жұмыс аякталды. Баяновс-
кий мені бастықтарына жамандап, төменге түсіртпей қойды. Сонымен менің шахтерлік жұмысым осымен
бітті. Мені ертеңіне поселкедегі қазіргі ресторанның орнында болған автогараждың шеберханасына жі-
берді. Әбікен Мамахов сонда басшы қызметте істейді екен. Ондағылар да түрмеде отырғандар, темірден
түйін түйген қас шеберлер, қолдарынан келмейтіні жоқ. Поршень, вкладыш және басқада толып жатқан
қосалқы бөлшектерді темірден жонып жасай береді. Осында шамалы уақыт істегенен кейін сүзекпен
ауырып жатып қалдым. Менімен бірге жеті бала жатты. Соның үшеуі ғана аман қалып, қатарға қосылдық.
Қосылдық деген аты ғана. Құр сүйек. Жұмыс істемек түгілі жүруге де шамамыз жоқ.

Соғыс уақытында кен басқармасының шаруашылық жағын басқарып жүрген Асқар Шынтөринов деген
кісі қосалқы шаруашылық ашамыз деп Ақтөбеден көп түйе әкелді. Көрші жатқан «Қызыл әскер» колхо-
зынан жер сұрап алды. Қосалқы шаруашылықтың басқарушысы Аймақ Біржанов болды. Мені таза ауаға
бар деп сол шаруашылыққа жіберді. Аймаққа көмекші болдым. Ақ ішіп бетім бері қарады. Денсаулығым
түзелді. Содан 1943 жылдың аяғында Рудникке қайта оралдым. Паспорт, әскери билет алдым. Келер
жылдың ақпан айының 3 жұлдызында «Покро» шахтасына қайта оралып, қопарушы болып жұмысқа ор-
наластым. Шахта бастығы Зейнолла Биболатов екен. Оған дейін шахта бастығы болып істеген Өмірхан
Байқоңыров соның алдында ғана шахта басқармасына ауысып кетіпті. Соғыстың шарықтау шегіне
жетіп, фашистердің беті қайтқан кез. Мен атақты кенші Балмұқан Аймахановтың ағасының қарамағында
істедім. Шахтаның асты су. Забойлары тар. Жұмыс ауыр, әрі қауіпті. Кеншілердің забойдағы кен қабатын
бұрғылап болуын күтеміз, олар ПР-16 перфораторымен бұрғылайды. Оның салмағы 16 килограмм. Сол
салмақты ауысым бойы көтеріп ұстап тұрып бұрғылайды. Шамалы уақыттан кейін-ақ қолың талады.
Оңай ма 16 килограмм темірді үнемі көтеріп тұру. Оны жәй көтеріп тұрмайсың ғой, ол шлангамен ке-
летін ауаның әсерінен іске қосылады, кен қабатына кіру оңай ма, оны кеудеңмен қысып тұрасың. Сон-
да бұрғының әсерінен күллі денең қозғалысқа келіп, селкілдеп тұрасың. Бұрғының салмағымен кеудең
қажалады. Кенші қазақтар бұрғы кеудесін қажамас үшін үйден киіз әкеліп, кеудесіне төсейтін. Забойдың
іші көз көрінбейтін шаңға айналады. Ауаны қапқан қалың тозаңнан қай жағыңнан тас түсіп кететінін де
көрмейсің, байқамайсың да. Жанталаса жұмыс істегеннен оны байқауға шамаң да келмейді. Біздің мін-
детіміз кеншілер бұрғылаған жерге дәрі толтырып аттыру. Бұл да қауіпті жұмыс. Дәріні ұңғыға дұрыс са-
лып, оталдырғыш сымдарды дұрыс қоспасаң жарылыс болмай қалуы да мүмкін, бәріненде қауіптісі осы.
Уақыттан озу үшін забойдың шаң-тозаңын жұта жүріп жұмыс істедік. Кеншілер келесі забойды аттыруға
дайындап жатқан сәтте қопарушыларды кен тиеуге жібереді. Әрқайсысымызға жоспар 9 тонна. Кенді
шағын вагонеткаларға тиеп, негізгі штрекке тасимыз. Осылай жанталаса жүріп еңбек етіп, жеңіс күніне
жеттік-ау әйтеуір.

Ел бейбіт еңбекке бет бұрды.
Жеңіс күнін жақындатуға Жезқазған
кеншілері қосқан үлес ұшан теңіз.
Комбинаттың мұражайында тұрған
Бүкілодақтық қорғаныс Комитетінің
ҚызылТуы кеншілердің маңдайынан
төгілген терінің қайтарымы сияқты
көрінеді маған. Өндіріс жағдайы
да жақсара бастады. Барақтан
шықтық. Мен оқуымды кешкі мек-
тепте жалғастырдым, соңынан
нормалаушылар даярлайтын кур-
ста оқыдым. Оны бітіргеннен кейін

123

л

{ Кен өндірісінің қаһармандары

комбинаттың еңбек және жалақы бөлімінде статист, аға экономист болдым. 1954 жылы №31 шахтаға
еңбек және жалақы бөліміне бастық етіп жіберді. Тимеш Садуақасов біздің шахтада бас инженер болды.
Іскер жігіт болатын. Қайырымды, инабатты кісі еді. Кейіннен №44 шахтаға директор етіп жіберді. Сол
уақыттарда Далабай Ешпанов, Николай Тимофеев, Кәкімбек Салықов және тағы басқада жігіттермен
қатар жұмыс істедім. Олар кейіннен үлкен басшылыққа ауысты, қоғамдық жұмыстарда қызмет істеп,
еліне танымал азаматтар болды.

1967 жылы Шығыс Жезқазған кенішінің директоры Далабай Ешпанов жаңадан пайдалануға берілген
№57 шахтаға жұмысқа шақырды. Бұрынғы біз істеген шахталар жаңа шахтаның шаңына да ілеспейді
екен. Забойлары кең. Жарық. Ауасы тазартылып тұрады. Су дегенді білмейсің, құп-құрғақ. Кен өндіретін
алып техникалар келді. Еңбек өнімділігі еселеп артты. Ұзақ жыл сонда еңбек және жалақы бөлімінде
жұмыс істеп 1989 жылы зейнеткерлікке шықтым.

Ағайынды Шамған және Құрманғазы Жәнділдиновтер, Николай Макаров, Ә.Бекматов, Ө.Әбдіраманов,
Жамулутдин Идрисов, Тобылжан Табысов, Роман Расновский және тағы басқада сол кезде жер астын-
да кен өндіріп, еңбегімен танылған кеншілер Шығыс Жезқазған кенішінің мақтанышы еді.

Иә, өмір бір орында тұрмайды.Ол да өзен ағысы секілді. Ілгері жылжи береді. 1948 жылы бас қосқан
бәйбішем Биназым енесі Сәлиманның сүйікті келіні, о т а ғ а с ы н ы ң адал жары бола білді. Сегіз құрсақ
көтерді. Құдайға тәуба қазір балаларымның бәрі жоғары білімді, халық шаруашылығының алуан сала-
сында еңбек етеді. Ұлымның ең үлкені Ғабдолла №№55, 57 алып шахталарда проходкашы болып ұзақ
жылдар жұмыс істеді, Ибрагим Сәтбаев қаласындағы байыту фабрикасында механик, Ғабиден тау-
кен диспетчері. Бүгінде менің ізімді қуып, кенші болғандар осылар. Бала өмірдің жалғасы, ата-ананың
бақыты десек, олардан көрген 18 немерем бар. Солардың күміс күлкісін күнделікті естіп отырғанымызға
бәйбішем екуіміз шүкіршілік етеміз.

Жезқазған қаласы, 2005 жыл, ақпан.

124

Кен өндірісінің қаһармандары (

БАЛАУСА ҚИЯЛДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН АСЫЛ АЗАМАТ

Асатов Садық. Кезінде Жезқазған, Жәйрем, одан қалды
бүкіл Одаққа танымал болған бұл есім ұрпақтар жадында
мәңгілік сақталып қалған.

Қарт Ұлытау тауының батыс баурайында жатқан Боздақта
дүниеге келген Садық өзі қатарлы балалар секілді ауылдың
қозы-лағын бағып өсті. Алайда, мектеп табалдырғын аттап,
есейе келе ол қиялшыл, арманшыл болып ер жетті. «Мына,
өзі баурайында туып, ер жетіп келе жатқан тарихи Ұлытау,
осы маңайдағы тарыдай шашырап жатқан ойдым-ойдым қой
тастар, маңайды қоршаған тылсым дүние бала көңілін әр саққа
жүгіртетін. Әсіресе, мына қойтастар сыры неде? Жазық далаға
олар қалай келіп қалды? Маңайдағы кішігірім таулардың ас-
тында не бар, бәрі жәй үйіле салған тастар ма? Оның астын-
да қандай құпия сақтаулы екен? Міне, осындай толып жатқан
сұрақтар бала көңілін әр саққа жүгіртетін. Шіркін, соны ашып
көрер ме еді?»-деп талай армандаған.

Он жыл оқыған алтын ұя мектебімен қоштасар жылы оның
алдағы өміріне жол сілтер бағдаршамдай болған бір еле-
улі оқиға болды. Сол жылы күзге салым Боздаққа есімі елге
танымал бола бастаған геолог Қаныш Сәтбаев келе қалды.
Мұнан бұрын да талай рет көрген осы ұзын бойлы сымбатты,
жылы жүзді азаматты ауыл балалары алыстан ағайыны кел-
гендей қуана қарсы алды. Оның қолынан ешқашан тастамай-
_ тын балғашасы мен қапшығындағы өздері күнде көріп жүрген
қарапайым қара тастардай емес сары, қызғылт, қарақошқыл түсті жылтыраған майда тастарға қызыға
да таңдана қарайды. Балалардың ортасындағы батылдауы:
- Ағатай мына тастарды неге жинап алдыңыз, олардың керегі не?-деген сұрақтар да қойып жатыр.
Балаға ешқашанда бала деп қарамай, оған келешектегі маман ретінде қарайтын әдетіне салып Қаныш
сәл ойланды да қолындағы әр тастың сырын шертіп кетті.
-Балалар, бұл жәй тас емес.Бұларды ғылыми тілде магнезит, халькоперит, кавелин, халькозин деп
атайды. Құрамында мыс, темір, қорғасын, күміс, тіпті алтын да болады. Бұл өңір халық шаруашылығына
аса қажетті мысқа өте бай. Болашақта біз соны өндіретін боламыз. Жоғары жақта мына тастардың
құпиясын оқытып, үйрететін оқу орны бар. Жақсы оқыңдар. Елімізге оқыған мамандар ауадай қажет,-
деді. Өзіне бейтаныс мамандықтың иесі, әлгі ағасының сөзі Садықтың көңілінен шыкты.Оның болашақ
өмір жолын айқындап берді.
Алтын ұя мектебімен қоштасқан Садық еңбек жолын Жезқазған руднигіндегі «Покро» шахтасынан
бастады. Қопарылған тау жыныстарындағы руданың байлығын байқау жас жігітті нелер жұмбақ сырға
жетелейтін. Кейде өзімен-өзі оңаша қалғанда баяғы Қаныш Сәтбаев ағасының қолынан көрген шақпақ
тастардай жалт-жұлт еткен түйіршіктерді қолына ұстап тұрып, оның құпиясын білуге ынтыға түсетін,
белгісіз бір сезім бойын билей жөнелетін.
1956 жылы Алматы политехникалық институтын үздік бітірген Садық Жезқазған кен ордасына
қайта оралды.
Қолында дипломы бар жас жігіт №31 шахта бастығының қабылдауына имене кіріп:
-Кен басқармасы сіздерге жұмысқа жіберді,-деді.
Жас маманның қолындағы қызыл тысты дипломды көрген бастық:
-Теориялық білімің жететін сияқты, істе сынап көрелік, білмегенің болса көмектесеміз, үйретеміз.
Транспорт участогіне кен мастері болып барасың,-деді.
Институт табалдырығын жаңа ғана аттап шыққан жас маман алғашқы кезде жүрексінді де,
қиыншылықтар да кездеспей қалған жоқ. Руда таситын электровоздардың тоқтап қалуы, дозатордағы
бункерден руданың жүрмей қалуы және штрек бойындағы рельске төселген шпалдардың шегелерінің бо-
сауынан бір жерлерде рельстің аралығының тарылып, екінші бір жерлерде кеңейіп кетіп электровоздың
тоқтап қалуы салдарынан жұмыс қарқынының төмендеп кеткен кездері болды. Жас инженер бұл жайды
болдырмау жолында талай ізденіп, іскерлікпен еңбек ете білді. Ол сменаны қабылдарда машиналар
мен механизмдердің сапасын тексеріп, ақауы барларын дереу жөндеуден өткізіп отыруды әдетке ай-
налдырды. Сондай-ақ еңбек тәртібінің қатаң сақталуын, кеншілердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен
қарауын бақылап отыруды өзінің негізгі міндетінің бірінен санады. Өз білмегенін кеншілерден сұрап
отыруға да арланбады, бұл оның тәжірибесінің молаюына септігін тигізді. Сөйте жүріп кен қойнауы

125

Кен өндірісінің қаһармандары

байлығын халық игілігіне айналдыру ісінде мол тәжірибе түйген жас инженер жер астына келген жаңа
техниканы сынақтан өткізу құрметіне ие болады.

Жаңаға деген ұмтылыстың, бірлесе еңбек етудің нәтижесінде транспорт учаскесінің жұмысы
жақсарып, шахта бойынша кен тасымалдау жоспары ойдағыдай орындалып отырды.

Садықтың бұл еңбегі елеусіз қалған жоқ. Жас инженердің іске қабілеттілігін, еңбек сүйгіштігін көрген
шахта бастығы оны кейіннен бірінші участокке бастық етіп тағайындайды. Еңбек сүйгіш, өршіл жастың
қызмет бабымен өсу жолы осылай басталды.

Өзіне де, өзгеге де талап қойғыш жас инженер көп кешікпей №44 шахтаның бас инженері болып
жоғарылатылады. Одақ бойынша осы шахтада тұңғыш рет жаңа алып техниканың толық комплексімен
жер қойнауында проходкалау жұмысы жүзеге асырылады. Жаңа техниканы өндіріске енгізуде көптеген
табыстарға жетіп, еңбек өнімділігін арттыруда бұған дейін болмаған көрсеткіштерге ие болған шахтаның
бас инженері С.Асатов 1964 жылы сол шахтаға директор болып тағайындалады.

Бұл Жезқазған кен ауданының бұрынғыдан да тез игеріле бастаған кезеңі еді. Осы кезде қарамағында
№44, №45 және Кресто-Запад шахталары бар Оңтүстік Жезқазған руднигі жеке отау тігіп шығады. Білікті
маман енді осы рудниктің бас инженері болып ауыстырылады. Жаңа техниканы кеңінен пайдаланған
рудник кеншілері Бүкілодақтық социалистік жарыстың жүлдегері атанады. СССР Министрлер Советі
мен СССР Түсті металлургия Министрлігінің ауыспалы Қызыл туын бірнеше рет жеңіп алады. Терең
жер қойнауындағы кен байлықтарын Отан игілігіне айналдыруда, Советтік ғылымның озық жетістіктерін
кеңінен пайдалануды жүзеге асыруда инженер С.Асатов өзіндік ізденіс үстінде болды. Ол жер астында,
жер бетінде пайдаланылатын техниканың тиімді әрі өнімді қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлді. Сол
зерттеу үстінде ол өндіріске бірнеше жаңа ұсыныстар енгізді.

Өзіне жүктелген ісіне жіті қарайтын коммунист С.Асатовты Жезқазған қалалық партия комитеті мен
Қ.И.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының басшылығы мемлекеттік тапсырма-
ны орындай алмай отырған өндіріс орындарына басшылық қызметкерге жіберді.

Осындай себептермен 1970 жылы Солтүстік Жезқазған кенішіне жіберілген ол келген беттен
рудниктің жағдайымен танысып, жұмысты ұтымды әрі тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Озат-
тарды ынталандыруға басты назар аударды. Көп кешікпей-ақ бір кездері артта қалып келген рудник озат
өндіріс орнына айналды. Мұнда да өз ісінің шебері, іскер басшы жаңа алып техниканы игеріп, толық
қуатында пайдалануды жүзеге асырады.

1973 жылы Жезқазған облыс болып құрылды. Сол жылдың күзінде Садық Қасымұлы барлық
техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалып, тұтастай комбинаттың жоспарын
орындауға кедергі жасап отырған Батыс Жезқазған кенішіне директор болып жіберіледі. Үнемі артта
қалып келген кәсіпорын көп ұзамай озаттар қатарына қосылады.

Жоғарыда аталған басшы қызметтердің бәрінде де үнемі ізденіс үстінде жүретін тау-кен инженері
400-ден астам өнертапқыштық ұсыныстар жасап, мемлекетке 600 мың сом пайда келтіреді. Сонымен
бірге жаңа алып техниканы пайдалануда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, теория мен тәжірибенің
ұтымды бірлігін Жезқазған кен орындарында қолданудың жаңа тәсілдерін іске асырады.

С.Қ.Асатов қазақ политехникалық институтының ғылыми Советінде «Златоуст-Беловский карьерінде
мол жүк көтергіш автотранспортты технологиялық жағынан толық пайдаланудың жағдайларын зерттеу
және оны орналастыру» деген тақырыпта техника ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін диссер-
тация қорғады.

Жәйрем! Арқа төсіндегі тұл жатқан,
полиметалға өте бай өлкені игеру
тағы да Садық Қасымұлының үлесіне
тиді. Бүкілодақтық құрылыс алаңына
айналған Жәйремде қысқа мерзімде
қалашық бой түзеді. Болашақ кен ор-
нын игеруге қажетті қосалқы мекеме-
лер құрылды.

СОКПгның ХХУ съезі ашылар
қарсаңында таза кенге жету үшін
тұңғыш рет мұнда қопарылыс жаса-
лып, ол ежелгі Жәйрем өңірін дүр
сілкіндірген еді. Съезге тарту ретінде
алғаш рет өндірілген полиметалл кені
ел игілігіне жаратыла бастады. Оның
алғашқы директоры Садық Асатов
партияның ХХУІ съезінің жұмысына
делегат болып қатысты.

126

Кен өндірісінің қаһармандары

Сарыарқа жерінде кен өндірісі саласында жоғары өндірістік жетістіктерге жеткен білікті маман және
шебер ұйымдастырушының қол жеткен табыстары жоғары бағаланып, ол «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет
Белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сәкең қоғамдық жұмыстардың
да бел ортасында жүретін. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының заседателі, поселкелік, қалалық Советтің
депутаты болды. Барлық күш-жігерін кеншілердің тұрмыс-жағдайын жақсартуға, қаланың көркейіп-
көріктенуіне жұмсады.

Осы бір асыл ағамен жүздесудің өзі бір ғанибет еді. Ол поэзияны жан-тәнімен сүйетін және өзі де
өмірден алған әсерлерін өлең жолдарымен көркемдеп жеткізуге құштар болатын.

-Аяғымды апыл-тапыл басып, қаз тұрып, ер жеткен кезімнен бастап өзіме мына бұйрат төбелер
ерекше ыстық көрінеді. Ол туған жерге деген сүйіспеншілігім бе, әлде оның қойнындағы сарқылмас
қазынасына қызығушылығымнан ба, әйтеуір, осы өңір мені өзіне магниттей тартады да тұрады...-деп
еді бізбен болған бір сұхбатында. Балауса қиялды жүзеге асырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі
бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Жезқазган-Сәтбаөв, қаңтар, 2006 жыл.

127

Кен өндірісінің қаһармандары

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН КҮРЕС НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚТЫҢ АҚ ЖОЛЫ

Музараф Аханов қарапайым жумысшы
табының өкілі гана емес, ол XX гасырда
дүниеге келген қазақ интеллигенциясының

ішіндегі оқыган, шоқтыгы биік, адами
қасиеттерімен ерекшеленген азамат.

(Сәтбаев қаласы тұргындарымен
әңгімелескеннен кейін туындаган ой

тұжырымдамасы).

Біз жас кезімізде- «еліңде кімің бар?»- дегенде кенді өлке
өндірісінің дамуына, елді мекендерінің өркендеуіне өзіндік үлес
қосқан Өмірхан Байқоңыров, Мұхит Бөпежанов, Ғазиз Омаров,
Ошақбай Асылбеков,Садық Асатов, Далабай Ешпанов сынды
аға буын өкілдерінің есімімен мақтанушы едік. Осылардың ішін-
де жетім өсіп жетіліп, жоғарыда есімдері ел тарихына алтын
әріппен жазылып қалған зиялы қауымның бел ортасынан ойып
орын алған Мұзараф Ақановтың есімі ерекше аталатын. Оның
кешегі қылышынан қан тамған Компартияның қолшоқпары,
Жезқазған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған
Н.Г.Давыдовпен және басқада өркөкірек, ел қамынан бұрын
өз қамын көбірек ойлайтын көрсоқыр "зиялылармен" аянбай,
қорқақтамай айқасқаны аңыз болып ел арасына кеңінен тарағаны
баршаға мәлім. Сол қайратты да қайсар Мұзағаңмен қызметтес
болмағанмен Сәтбаев қаласында басшы қызметтерде жүрген
кездерінде жұмыс бабымен талай кездескенбіз.

Қазір жетпістің бел ортасына жақындап қалған Мұзағаң
өзінің сүйікті қаласы Сәтбаевта тұрып жатыр. Қаланың құрметті
азаматы. Ол басшылық қызметтер атқарған жылдарда талай
шайқаспен дүниеге келген зәулім үйлер мен мектептерді, балалар мекемелері мен сауда орындарын
кеншілер қаласының әрбір көшесінен кездестіруге болады.
Өмірде өшпестей із қалдырып отырған ағамызға ардагерлер жайлы кітап дайындаумен айналысып
жүрген соңғы бір-екі жылдың бедерінде ерте демей, кеш демей қоңырау шалып, мезгілсіз уақытта бара
қалсам-«кеп қалдың ба?»-деп жайдары мінезбен қарсы алып, жағдайымды сұрап, қазақы дәстүрмен
төрге шығарып арқа-жарқа болып қалады. Бір қарағанда сұсты болып көрінетін, дауысын көтермей баяу
ғана сөйлейтін Мұзағаңның шындап келгенде жайдары, ашық мінезді жан екеніне көзім жетті. Бірінші
кездескенде-ақ келген жұмысымды айтқанда Мұзағаң:
-Жезқазған кен орнының бастауында техника жоқта қара күшпен еңбек еткен, алайда, елге ауа-
дай қажетті мыс өндірудегі ерен еңбектері еленбей қалған ардақты ардагерлердің есімі ең болмаса
қағаз бетінде қалса, бұл кейінгі ұрпақтың әруақтар алдындағы парызын өтегендік болып табылады.
Сондықтан мына ізденісіңе сәттілік тілеймін, мүмкіндігінше көмегімді көрсетемін,-деп сеніммен айтқан
ағаның сөзі бойға қуат, жанға ләззат берген еді.
Мұзағаң әңгімені жақсы айтады. Кездескен сәттерде сыр сандық ашылып, талай-талай әңгіменің
беті қайтарылды. Қайсар да қайратты, адами қасиеттерімен ерекшеленетін аға туралы материалды сол
сұхбаттасу барысында айтылған әңгімелерді арқау ете отырып өрбітуді жөн көрдік.

Бірінші шегініс немесе жастық шақтың кейбір сәттері
Мұзағаң айтады:
-Біз дүниеге ең бір ауыр кезеңде келіппіз. Өз тұстастарым секілді қиындықты да, аштықты да,
жалаңаштықты да бастан өткердім. «Зауыт-фабрика жұмысшыларға, жер шаруаларға»,- деп ұран
тастай келген жаңа үкіметтің саясатын халық өте кеш түсінген еді. Соның сапдарынан халықтың жағдайы
тез түзеліп кете қоймады. Оның үстіне Қазақстанда жаппай кәмпескелеуден кейін халық ашаршылыққа
ұшырады. Міне, осындай ел басына ауыртпалық түскен тұста жаңа қоғамның жүргізіп отырған саясатынан
қыспақ көрген халық туған жерінен ауып, басқа жерге қоныс аударуға, тіптен шекарадан әрі өтіп кетуге
мәжбүр болады. Қуғын-сүргінге ұшырап, шетелге бет түзегендердің бірі кешегі Ресей патшасының 1916
жылы қазақтың 19-бен 31 жас арасындағы жастарын әскерге алу туралы жарлығы шыққанда Бағаналы
халқын көтеріліске бастап шыққан Хасен хан еді. Кеңес үкіметі орныққаннан кейін қудалауға ұшырап

128

Кен өндірісінің қаһармандары

жер аударылады. Сол жерде жүргенде Хасен ханды жақтастары ақ түйеге мінгізіп, бір түнде Әмудария
өзенінен әр жаққа өткізіп жібереді. Мен сол оқиға болатын жылы Тәжікстанның Қорғантөбе елді мекенін-
де дүниеге келген екенмін. Өтуге үлгіре алмай қалған қазақ ауылдары Түркістанға көшіп, сол маңға сіңісіп
кетеді. Менің әкем Ащысай полиметалл комбинатына кен тасымалдаушы (откатчик) болып жұмысқа
тұрады. Стахановшылар қозғалысы тұсында озаттар қатарына қосылады. Өкінішке орай, қызғаншақтық,
көре алмаушылық деген адамға жат қасиеттердің белең алып тұрған шағында адал еңбегімен танылып
жүрген Арқадан барған бір топ наймандардың қатарында «шахтада қопарылыс жасайын деп жүр» де-
ген лақаппен «халық жауы» болып ұсталады. Осы оқиғаға байланысты түрмеге жабылған 18 адамның
11-і 1937 жылы атылады. Соның бірі менің әкем Ақан еді. Халық жауының әйелдерін жер аударады,
балаларын аналарынан, туған-туыстарынан айырып зорлап балалар үйіне береді екен дегенді естіген
анам Сәлима «халық жауының семьясы» ретінде қуғын-сүргінге ұшырап, көзтүрткі болмас үшін мені
алып, 1939 жылы жаяулап-жалпылап елге оралады. Бағаналы Беркімбай бақсының ұрпағынан келетін
анам қайратты адам еді.Он құрсақтан қалған жалғыз мені жеткізем деп Жезқазған шахталарына тоқ бе-
ретін электр станциясында ауыр жұмыста еңбек етті. Жұмыстан оралғанда шаршап-шалдығып келген
анамның аяқ-қолы қақсап ауырғанда уқалайтыным бүгінгідей көз алдымда.

Бала Мұзараф мектеп табалдырығын Ұлы Отан соғысының нағыз қызған шағында аттайды. Уақыттың
қиындығына қарамастан ұстаздар қауымы шәкірттерге сапалы білім беруге тырысты, оларды Отан
сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиеледі, адамгершілікке баулыды.

-Бойымда қандай жақсы қасиеттер болса, ол біріншіден анамның еңбегі деп білемін, сосын алғашқы
білім нәрімен сусындатқан, өмірді танытқан ұстаздарымның арқасы,-дейді Мұзағаң.

-Мен өмірдің қиыншылығымен қатар оның әділетсіздік тұстарын да көріп өстім. Мына бір жағдай
есімнен кетпейді. Біз №7 мектепте оқыдық. Соның оныншы сыныбын бітіргенше біз поселке ішінде бос
тұрған төрт-бес ғимаратқа көшіп жүріп оқыдық.Үлкен де кең ғимараттарда ұлы халықтың балалары
оқыды және олар сондай көп болар ма, араға жыл салып мектеп салынған сайын орыстардың көшуі
дәстүрге айналды. Ал бұл кезде қазақ мектебінің бір сыныбында 30-40-қа дейін бала оқыды. Жоғары
сыныптарға барғанда «біз неге көшіп жүріп оқимыз, тұрақты мектебіміз қашан болады?» деген ойға
келіп, ондай әділетсіздікті ашықтан-ашық айтып жүрдік, бірақ оны елеп жатқан ешкім болған жоқ.

Тағы бір мысал.. Елуінші жылдардың басында «Правда» газетінде Кенесары көтерілісіне теріс баға
берген Орталық Комитеттің қаулысы шықты.Осындай қаулы-қарарларымен бұратана халықтарды
үркітіп алайын дегені болар ол уақытта осы секілді құжаттар бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатын.
Біздің мектепте де жиналыс болды. Директорымыз Бүркітбай Найманбаев ағамыз қаулыны жоғары сы-
нып оқушылары алдында тарихқа жақындау маған дауыстап оқытты. Бала қашанда ойындағысын ай-
татыны бар емес пе? Мен де мәтінді оқып болған соң «Кенесары хан бастаған көтеріліс-ұлт азаттық
көтерілісі, мына қаулымен келіспеймін»,-деп пікірімді ашықтан-ашық айтып салдым. Залдағылар бір сәт
тына қалды. Директор «жиналыс бітті, тараңдар» деп оқушыларды үйлеріне қайтарып жіберді. Барлығы
кеткесін мені оңаша алып қалған ол: «Мұзараф, мынандай пікіріңді ешқашан елге естіртпе, түрмеге
отырғызады»,-деді. Ештемеге түсінбеген мен сонда: «Мына кісі не деп тұр. Тарихты бұрмалауға бола
ма екен?»-деп таңқалдым. Мұндай ашық айтудың арты неге апаратынын кейін ғана білдік қой.

Мектеп бітіріп, балалық бал дәурен шақпен қоштасар сәт те жақындады. Ол уақыттарда өмірге жол-
дама алғалы тұрған шәкірттердің мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге арналып мектептерде «Кім
болам?» деген тақырыпта кеш өткізілетін. Сондай бір кешке Жезқазған геологиялық барлау партиясының
бас геологы Шахмардан Есенов келді. Есімі ел аузынан түспейтін Қаныш Сәтбаевпен қатар еңбек еткен
геолог ағамыз өз мамандығы жайлы айта келіп, орыстың ғалымы академик Обручевтің :«Адам жер ба-
сып жүреді, бірақ оның тарихын білмеуі қателік»,-деген қанатты сөзін келтіреді. Атақты ғалымның осы
сөзі, Қаныш ағаның өнегелі өмір жолы да жас жүректерге әсер етпей қоймады.

Он жыл білім берген алтын ұядан 1953 жылы ұшып шыққан бір топ шәкірт Алатау баурайындағы
әсем қала Алматыға сапар шекті. Сол жолы қазақтың тау-кен металлургия институтының геология
факультетіне құжат тапсырған Мұзараф Ақанов, Мақсұм Әшенов, Мәлік Омаров, Қарғаш Дүйсенбаев,
Кеңес Есетов және тағы басқа да жезқазғандықтар емтиханнан сүрінбей өтіп, студент атанады. Оқумен,
ізденіспен, талпыныспен өткен студенттік шақ артта қалды. Жоғары білімді жас геологтың еңбек жолы
Жезқазған кен-барлау партиясында аға коллекторлықтан басталады. Сол кездері туған өлке қойнауының
қазба байлығын іздестіріп, Қаныш жасап кеткен Ұлытау - Жезқазған аудандарының металлогения
картасындағы белгіленген кен ошақтарының қор көздерін зерттеп, оның мөлшерін анықтаумен айналы-
сып жүрген қолында балғасы, мойнында асып алған қапшығы бар Мұзағаңды сайын дала төсінен жиі
кездестіруге болар еді.

Туған жеріне, еліне қызмет ету қайсыбір азаматтың да абзал борышы болса керек. Ата - анаңа де-
ген борышың қандай көп болса, туған жерге де сондай қарыздарсың. Бұл еш жерде жазылмаған, бірақ
әрбір адамның, ер азаматтың қал- қадерінше орындауға тиісті өмір заңы. Осы қағиданы бала кезінен

129

Кен өндірісінің қаһармандары

жадында берік ұстанған ол бар саналы ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнады. Бұл жолда талай-та-
лай асулардан, бұралаңы мен бұлтарысы көп жолдардан өтуіне тура келді.

Өмір-өзен. Бір жерде тұрмайды. Сол секілді Мұзағаңның өмір жолы да саналуан тораптардан тұрады.
Кешегі геологтың былайғы өміріне көп өзгеріс әкелген сәт Жезқазғанда бой көтерген №55 шахтаның іске
қосылуымен тұспа-тұс келді. Тағы да оған әділетсіздік себеп болды.

Мұзараф айтады:
-Бірде барлау партиясында жұмыс істеп жүрген кезімде жоспардың орындалысы, кен көздерін
ашу, барлаушылардың әлеуметтік жағдайы секілді мәселелерді қараған жиналыс болды.
Басшылардың сөзіне қарасақ бәрі тамаша. Шындығына келгенде жағдай олай емес еді. Мен шы-
дамай кетіп сөз алдым.
-Біз осында арман қуып келген жастармыз. Болашағымыз алда. Қолында балғасы, компасы, мой-
нында рюкзактан басқа түгі жоқ барлаушы не тауып қарық қылады. Бағзы замандағыдай жаппай аша
беретін кен орны жоқ. Біз Қаныштың зерттегенін пысықтағаннан басқа түк бітіріп жатқан жоқпыз. Осы
жерден кен шығады-ау деген жерлерді бұрғылау қажет.
-Василий Иванович, сіз Жезқазғанды өз өміріңізбен есептеп отырсыз, оныңбайлығы сіздің өміріңізге
жетеді, ал болашақ ұрпақ не істейді? Бұрын шахталарда кен қол күшімен атқарылды, еңбек өнімділігі
өте төмен болды. Қазір қуатты техника келді, кен өндіру жүздеген есеге артты. Еңбек өнімділігі мен кен
көзін аршу процестерінің арасы өте алшақ, бүгінгі шахталарда қазба байлықтар таусылады сонда не іс-
темекпіз?-дедім. Бұл өмір шындығы еді. Қатар жүрген жігіттердің көкейіндегі мәселе болғандықтан олар
да мені қолдады. Алайда, осыдан кейін-ақ маған В.И.Штифанов «қамқоршы» болып:

- Денсаул ығың бол май жүр ғой, шахтаға ауыссаң қайтеді,-деген ұсынысты бірнеше рет қайталағаннан
кейін өзім таңдап барған мамандықтан кетуге мәжбүр болдым.

Осы жерде оқырманға мынаны ескерткім келеді. Бүгінде В.И.Штифановты біреулер оны Қаныш
ағаның шәкірті деп әспеттеп жатады. Бұл қате пікір. Мен оған қосылмаймын. Бұл жөнінде айтып та,
дәлелдеп те жүрмін. Ол ешқашанда Қаныштың шәкірті болған жоқ, ол тек қызметтесі, бірге істеген сый-
ласы ғана болды.

Алғашында М.Ақанов №55 алып шахтаға бас геологтың орынбасары қызметіне шақырылды. Мұнан
кейін жаңадан құрылған шахтапроходка тресінің бас геологы, осы кәсіпорынның партия ұйымының хат-
шысы, Никольский (Сәтбаев)қаласы партия комитетінің екінші хатшысы, Никольский қалалық Советі
атқару комитетінің төрағасы секілді жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Кешегі балаңжігіт есейді,
өмір тәжірибесі молайды, өмірге деген жаңа көзқарасы қалыптасты.Басшылық қызметтерде жүргенде
іскерлігімен, азаматтығымен есімі қала төңірегінен шығып, шартарапқа тараған сәттерде Мұзағаңның
кеншілер үшін, қаланыңтұрғындары үшін жасап жатқан игі істері туралы неше түрлі әңгімелер еститінбіз.
Оның қала және комбинат басшылығын қойып, тіптен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысымен
айқасқаны баяғының хас батырының жеті басты айдаһармен айқасқанын көз алдымызға елестететін.
М.Ақановтың қайсарлығына, өжеттігіне, көзсіз батырлығына сүйсінетін де едік.

Екінші шегініс немесе ел үшін еңбек еткен шуақты күндер
-Өмірде байқап жүргеніміздей, көбімізге күнделікті тірлікте азаматтық, ұлтжандылық, жетісе бермей-
ді. Ішкі істер органдарының берген жеке азаматтық төлқұжат нағыз азаматтыққа жеткіліксіз. Әсілі, нағыз
азамат деп өз халқының, өз ұлтының игілігін ойлаған, қамын жеген кісілерді айтқан жөн. Есімі үлкен
әріптермен жазуға тұрарлық осындай азамат Ғазиз Омаров ағамыз болатын.
Қазақ ССР Министрлер Советі 1966 жылы 30 наурызда Жезқазған кен-металлургия комбинатының
құрамындағы екі шахта құрылысы басқармасының негізінде шахтопроходка тресін құру жөнінде қаулы
қабылдады. Оның бірінші басқарушысы болып, Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшы-
сы Банниковтың ұйғарымымен тағайындалған Ғазиз Омаров кәсіпорынды жиырма жыл басқарды. Арт-
та қалған саланы дамытуға депутат ретінде септігін тигізеді деп оны Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депу-
тат етіп сайлауға ұсыныс жасаған да сол әзамат еді. Оның бойындағы бай өмір тәжірибесі, жан-жақты
дайындығы және қомақты теориялық білімдердің жиынтығы трестің стратегиялық дамуында басты роль
атқарды. Ғазекең басқарған жылдары трест ірі шахталар салатын еліміздегі ең алып кәсіпорындардың
алдыңғы қатарынан орын алды.

Мен алғашында трестің бас геологы болдым, кейін 1967 жылы оның партия ұйымы жеке отау
көтергенде коммунистер мені осы партия ұйымына хатшы етіп бірауыздан сайлады. Шынын айту керек
партия хатшысы болғанда мен қаражат жағынан көп ұтылдым. Соны сылтау етіп бас та тартып көрдім.
Алайда, қалалық партия комитеті оныммен келіспеді және ол кезде партия мүшесі партия қайда жіберсе
сонда баруы керек-деген партиялық қағида қалыптасқан еді. Партия бір айтқанда оның айтқанымен
келіспесең, екінші рет айтуы, қызмет ұсынуы екі талай, сондықтан партия ұйымын басқаруға келісім
бердім. Менің қоғамдық жұмысқа араласуым осылай басталды.

Трестің партия комитеті қала партия ұйымының белсенді көмекшісі бола алды деп толық сеніммен

130

Кен өндірісінің қаһармандары

айтуға болады. Сол кезде трестің шахта салушылары арасында кеңінен өрістеген социалистік жарыстың,
тың бастамалар мен саяси-идеологиялық жұмыстардың бастауында партия ұйымы тұрды. Калинин,
Сторчак, Маханов және тағы басқада коммунистер авангардтық роль атқарды. Олар алдыңғы шепте,
ең ауыр жұмыстар істеді. Жаңа техниканы өндіріске енгізуді насихаттауда, коммунистік еңбек бригада-
ларын құруда партия ұйымы белсенділік танытып, ұйтқы бола білді. 1967 жылы №57 алып шахта іске
қосылды. №42, №31, №45 шахталарда кен қабаттарына жаңадан жол салынды. Трест басшылығы мен
партия ұйымының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде кен қоры таусылуға жақындап, тұралауға шақ
қалған Кен-металлургия комбинатының жағдайы біршама жақсарып, кен өндіру қарқыны еселеп артты.
Осы кездерде комбинат шахталарында «тәулігіне мың тонна кен өндірейік» деген бастама көтерген
«мыңшылар» бригадаларының қатары көбейді.

1972 жылы Д.А.Қонаев Ұлытау өңіріне іс сапармен келді. Ел басшысы Жезқазған, Никольский
қалаларын аралап көрді. Өндірісі дамып, Одаққа танымал болып тұрған Жезқазған кен-металлур-
гия комбинатының жұмысшылары тұратын қос қаланың әлеуметтік саласының мешеулігі сырт көзге
бірден түсетін. Бұл Дінмұханбет Ахметұлының да назарынан тыс қалмады. Оның көрегендігінің,
қамқорлығының арқасында 1973 жылы облыс құрылды, келер жылы жұмысшы поселкесі Никольскийге
жеке қала статусы берілді, ұйымдастыру конференциясында мен қалалық партия комитетінің екінші
хатшысы болып сайландым. Сол кездегі Никольскийді қазір бір сәт көз алдыма әкелсем онда бір мез-
гілде жүргізілген құрылыс объектілерінің көптігіне таң қаламын. Соның бәрін істеуге қалай үлгердік екен.
Екпінді құрылыстарда штаб құрдық. Оны басқару, өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізу менің
міндетім болды.

1982 жылы Мұзараф Аханов Никольский(Сәтбаев) қалалық Советі атқару комитетінің төрағасы бо-
лып сайланды.

Жаңа бой көтеріп жатқан қалаға басшы болып тағайындалған басшының алдында шешімін таппаған
талай проблемалар андағайлап тұрды. Ең қиыны күнделікті өмірде кездесетін жеңіл-желпі мәселелер
болмаса басқаларды шешу үшін жоғары жақтың рұқсатын, келісімін алу керек болды. Қаланың бас-
шысы болды дегенмен бір қарағанда оның қолында ештеме жоқ, ештеме шеше алмайтын жағдайда
екенін сезді. Осындай қиын жағдайларда ол өз көзқарасынан таймай, адамдық абыройын сақтап қалуға
батылдығы жетті, қарақан басының қамы үшін өкімет орындарының сүйкімді адамына айналуға бой
алдырмады. Ол ешқандай да «сарай маңы» басшысы болуды қаламады. Бойындағы бар күш-жігерін,
жастық қуатын, білімін халқына шынайы қызмет етуге бағыштауды алдына мақсат етіп қойды.

Үшінші шегініс немесе халық мүддесі үшін күрес
Мұзараф айтады.
-Баяғы мектеп қабырғасында жүргенде көргенім жәй екен, әділетсіздіктің көкесін кейін басшылық
қызметке ауысқан жылдары көрдім. Менің қызметтен шығарылуым, қуғын-сүргінге ұшырауым осы
әділеттік үшін күрестен басталды.
Ол уақыттарда қалада бірталай жұмыстар атқарылып жатқан, ал атқарылар жұмыстар одан да көп
еді. Кезек күттірмейтін күрделі мәселелер қатарында Жезқазған поселкесіндегі кені алынған аудандарда
тұрған халықты көшіру бірінші орында тұрды. Өнеркәсіп объектілерін салу талаптарына сәйкес тұрғын
үйлер және басқада құрылыстар әлгі объектілерден алшақ салынуы керек. Ал, бізде жағдай басқаша
қалыптасқан еді. Кешегі ашаршылықта, соғыс кезіндегі қиын заманда кен басқармасының халыққа
тұрғын үй салып беруге жағдайы да келмеді. Ал, халық астында қазба байлықтары бар аймақтарға жер-
гілікті материалдардан өздеріне баспана салып, комбинаттың жұмысын біршама жеңілдетті. Содан бері
де елу жылдың шамасы болды. Олар тұрған аумақтың жер асты кені алынып, қуыс пайда болды. Бір
күні болмаса бір күні ол жер опырылып ішке кету қаупі туды. №51 шахтаның маңайы опырылып құлады.
Онан кейін төртінші шақырым елді мекенінің аумағына қауіп төнді. Үрей туғызған осы қопарылыстан кейін
қауіпті аймақтан көшіру туралы халықтан өтініш жиі түсе бастады. Осыған байланысты халықты қауіпсіз
аймаққа көшіру жөніндегі ұсынысты мен қалалық партия комитетінде екінші хатшы болып жүргенде-ақ
мәселе етіп көтергем. Бірақ оған ешкім құлақ аспады. Араға оншақты жыл салғанда ғана Жезқазған
облыстық Советінің атқару комитеті Жезқазған руднигінің қауіпті аймақта орналасқан халқын Сәтбаев
қаласына көшіру жөнінде шешім қабылдап, кестесін бекітті. Онда бұл шара бір жылда емес бірнеше
жылда жүзеге асуы керек болды. Өкінішке орай комбинат басшылары Жезқазған кентінің тұрғындарын
қысқа мерзімде Сәтбаев қаласына көшіру жөнінде ұсыныс жасады. Олай ету ол кезде мүмкін емес еді.
Кеншілер қаласында онсызда тұрғын үй жетіспеді. Кезекте тұрғандар саны өте көп болатын. Бірер айда
15 мыңға жуық халықты басқа қонысқа көшіру ешқандай ақылға симайтын шаруа еді. Көшіре қалғанда да
оларға бұрынғы тұрған үйлеріне өтемақы беру керек емес пе? Бұл жөнінде КСРО Министрлер Кеңесінің
1944 жылғы қаулысында: « ...Мемлекет қажет болған жағдайда үйді көшіретін болса орнына үй береді
және үйдің ақшалай құнын төлейді»,-делінген. Оның үстіне қалаға көшіп келгеннен кейін оларға мәдени-
тұрмыстық қызмет көрсету шараларын жүзеге асыру қалай шешіледі? Бұл мәселелердің күрделілігін

131

Кен өндірісінің қаһармандары

комбинат басшылығы тусінгісі келмеді. Міне, Жезқазған кен-металлургия комбинатының басшылары-
мен менің алғашқы келіспеушілігім осыдан туындады.

Жезқазғанның мемлекетке берген байлығы ұшан теңіз болғанымен оның халқының мемлекеттен
көріп отырған пайдасы шамалы болды, тіптен қызығын көре алмады. Қазақтың «аспаннан нұр жауса
құлға ұлтарақтай да тимейді» деген мақалының кері келді. Жезқазған мен Никольский егіз қала, шешіп
отырған мәселесі біреу - кен өндіру. Комбинат жұмысшыларының 60% Никольскийде тұрса да жылына
бөлінетін қаражаттың 20-30 пайызы ғана кеншілер қаласының үлесіне тиді. Мәдениет ошақтарының
дамуы өте төмен дәрежеде болды. Ең ақыры Никольскийде халық жуынатын дұрыс монша да жоқ бо-
латын. Облыс орталығында отырған комбинат басшылығы бар жақсылықты сонда жасады. Мұны сол
кездегі кен-металлургия комбинатының директоры Т.М.Урумов біле отырып, түсінгісі, мәселені шешкісі
келмеді. Олар бұл мәселелерді шешуден көрі мысты көп өндіріп, жоғары жақтан жылы лебіздер естуге
бар жан-тәнімен жұмыс істеді. Соның зардабын қарапайым кеншілер көрді. Мен болсам бұл мәселеде
принциптілік танытып, комбинат басшыларымен тікелей сөйлесіп, өзіміздің үлесімізді алуға тырыстым.

Менің тұсымда қалада су тапшылығы қатты сезіліп тұрды. Санитарлық талаптарға сай беті ашық
өзен-көлдерден су ішуге болмайды, оны тазарту керек. Бізде Жезқазғаннан тартылған құбырмен келген
су резервуарда хлорланып, тұтынушыларға жөнелтіліп жатты. Мұның денсаулыққа зиян екенін біле тұра
комбинат басшылығы қаражат шығармау үшін осылай жасап отырды. 1967 жылы қалада тәулігіне 87 мың
текше метр су тазалайтын тазалау қондырғысы салына бастаған еді. Алайда, Есқұла жерасты суының
қалаға келуіне байланысты оның құрылысы толықтай тоқтатылды. Есқұла суына келсек ол №55, №65
шахталардың бұрғылау жұмыстарына пайдаланылды, енді бір бөлігі Жезқазғаннан келген суға құйылып
қалаға берілді. Халық Есқұланың таза жерасты суын ішіп отырмыз деп алданды. Су тапшылығын комби-
нат директоры Т.Урумов менен көрді. «Горняк», «Спутник» бау-бақша серіктестіктерін қысқарту, коттедж
үй маңындағы бау-бақшаларды, қаланың көшелеріндегі ағаштарды суаруды кестемен жүргізуді талап
етті. Біздің өлкенің климаты жағдайында кеншілер дастарханына ауадай қажетті жеміс-жидек, көкөніс
өсіріп беріп отырған қала тұрғындарының бұл бастамасын қолдау қажеттігін айттым. Олар пайдаланып
отырған судың мөлшері рудниктегі өнеркәсіп орындары пайдаланып отырған судың мөлшерінен бір-
неше есе аз екенін дәлелдеп бердім және шахталар жерасты суын неге пайдаланбасқа деп ұсыныс та
жасадым. Бұл да оның қытығына тиді.

Негізінен қызмет істеген жылдары мен данышпан халқымның «иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар»
деген мақалын жаныма серік еттім. Қаланың «тәңірі» жергілікті атқару комитеті. Ол егерде халықтың
әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін шешумен айналыспаса, мұң-мұқтажына құлақ аспаса ондай үкімет
кімге керек?-деген принципті ұстандым. Облыстың және Жезқазған кен - металлургия комбинатының
басшылары тарапынан кеншілер қаласының проблемаларын шешуде қолдау таппағандықтан мен тіке-
лей Алматыға С.Тәкежановқа, Мәскеуге, Түсті металлургия министрі П.Ф.Ломакоға шықтым. Олардан
қаланың көптеген мұң-мұқтажын шешуде қолдау таптым, халықтың атынан жазылған хаттың біреуі де
аяқсыз қалған жоқ. Сол хаттарға жауап ретінде осы кезде қалада 1564 орындық мектеп, жүзу бассей-
ні бар 320 орындық балабақша, 300 орындық монша салынды. Балалар тағамы комбинаты, «Салта-
нат» сауда үйі, «Балалар әлемі» дүкені, кеншілерге қызмет ететін, балаларын оқытатын дәрігерлер
мен ұстаздарға арналған тұрғын үй, емхана және басқа да объектілер бой көтерді. Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесінің депутаты болып жүргенімде Н.Давыдовтың атына « Жезқазған кентіндегі тау-кен техникумын
Сәтбаев қаласына көшіру мәселесі шешілмей жатыр, соған облыстық партия комитетінің жанды көмек
беруін сұраймын»,-деп депутаттық сұраныс жолдадым. Сұранысымды ол өте салқын қабылдады.
Сөйтсем, мен оған ондай хатты жолдамауым керек екен, ол үшін менің хатым оны балағаттағанмен
бірдей нәрсе екен.

Мен халықтың қамы үшін еңбек еттім. Мұным қаланың бірінші хатшысы Н.Шустов пен комбинат бас-
шысы М.Урумовқа жақпады. Олармен арамыздағы кикілжің, шиеленіс Н.Давыдовқа жетеді. Ақ-қарасына
жетудің орнына ол облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі П.Белоусовқа тапсырма беріп, менің
үстімнен қағаз жинатты. Нәтижесінде «комбинат директоры Урумовпен және Сәтбаев қалалық партия
комитетінің бірінші хатшысы Шустовпен тіл табыса алмады» деген желеумен қызметімнен босатылдым.

Мұзағаңның кеншілер қаласының көркеюі үшін, осында тұратын 70 мыңға жуық халықтың игілігі үшін
атқарған жұмыстары туралы Жезқазған облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болған Қамза
Бижанұлы Жұмабеков «Ізің ісіңмен қалады» деген кітабында былай деп жазады:

...Сәтбаев қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған Мұзараф өндірісті жетік
білетін, жоғары білімді маман, әрі партия жұмысында ысылған жас болса да көп тоқып, көпті көрген,
басқаларға ісімен үлгі берген, ерте шешіп өмірдің сан сұрағын, қиын жолдың өзінде аттай желіп,
ұйымдастырушылық қабілеттілігі мол азаматтардың бірі болып шықты.

Арада біраз жыл өткен соң Мұзараф қалалық кеңес атқару комитетінің төрағалығына сайланған
шағында жұмыс бабымен араласып, қоян-қолтық пікір алысып, қарым-қатынас жасауға тура келді.

Қаланың негізгі халқы кеншілер болғандықтан солардың талабы мен сұрамына сәйкес ой-пікірін

132



Кен өндірісінің қаһармандары

тұжырымдап, тиісті жолдастармен пікір алысып, ақылдасып, шегіне жете, төзімді тауыса, жүйкені
жұқарта жүріп талай шаруаны тындырды...

Шындыққа жету жолында Мұзараф Ақанұлы ұзақ күресті. Жұмыстан аластатылып қана қоймай пар-
тия қатарынан да шығарылды. «Аққа құдай жақ» дейді қазақта, сол ақтығының арқасында бәрі орнына
келді. Алайда, жазықсыздан жүрекке түскен сызат уақыт өтсе де кейбір шактарда сыр беріп қалатыны
байқалады.

Төртінші шегініс немесе адалдықтың ақ жолы
Мұзараф айтады:
-Он күннің ішінде жұмыс берем деген Давыдов айлап үнсіз жатып алды. Өзім кінәсіз болсам да
қызметсіз қалған сол кездегі менің жан күйзелісімді адам баласының басына бермесін. Төрт ай де-
генде Шахтопроходка тресіне бас геолог болып әрең орналастым. Жұмысқа кіріскенім сол еді, мені
негізсіз қаралаған мақалалар баспасөз бетінде жиі жариялана бастады. Соның бірі " Правда» газетін-
де жарияланған «Ескі байланыстар» деген мақаладан кейін партия қатарынан шығарылып, жұмыстан
босатылдым.Арым таза болғаннан кейін қандай қиянат болса да шыдап бақтым, ақиқаттың ақ таңы
атар күнге деген сенімімді еш жоғалтпадым. Республика Орталық Комитетіне, КПСС Орталық Комитеті-
не жолданған хаттардан кейін менің жазған хаттарым бойынша мәселе он алты рет тексерілді. Ақыр
аяғында сотқа жүгіндім, оның үкімімен Давыдовтың әрекетінің заңсыздығы дәлелденді, бос жүрген
уақыттағы еңбек ақымды өндіріп алдым, партия қатарына қайыра қабылдандым.

Қудалауға ұшыраған кезде «Ақанов ұлтшыл» деген атақ та тағылды маған. Ұлтшылдық өзінен-өзі
пайда болмайды. Мені ұлтшыл қылған өздері. Орыстың шовинизмі сол кезде көзге бірден ұрып тұратын,
бірақ оны айтуға шама болмады, айтсақ ұлтшыл деген атақ алатын болдық. Лақтырған таяқтың екі ұшы
болады демекші ұлтшылдық бар жерде шовинизм де болады.Партия ұйымдары қазақ кадрларын екінші
сатыда ұстады.Бір орыс қызметінен алынса, « ол неге алынды?» деп жоғары жақ түсінік сұрайтын, ал
жоғарылатсаң, « о, бұл жақсы қызмет істеген екен» дейді.Ал қазақты қызметінен босатсаң, « сен оны
неге босаттың?» деп ешкім сұрамайды, ал жоғарылатсаң, « бұл қалай?» деп әбден тексеріп, түсінік
алды. Сол жағдайлар көпшілігінде бізге қатты батып жүрді. Намысымызға тиді, бірақ, мен өз басым ша-
мам келгенше талай жігіттерді партиялық сөгістен, жазалаудан құтқарып отырдым.

Соңғы шегініс немесе әңгіме түйіні
Ол бақытты адам. Бақыт оған оңай келген жоқ. Оған жету жолында қиын-қыстау күндерді бастан
өткерді. Өз басына бақытты тәңірдің қолдауымен, адал еңбегімен, халқы үшін атқарған қажырлы
қызметімен, кісілік келбетімен, қайырымды ісімен, шынайы адамгершілік болмысымен орнатқан адам.
Кешегі Кеңестер Одағы тұсында алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналған Жезқазған шахтопроходка
тресіндегі жемісті еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған, облыстық Кеңестің және Рес-
публика Жоғары Советінің депутаты болған Мұзараф Ақанұлы қолыма қызмет келді деп адамгершіліктің
ақ жолынан тайған емес. Бір ғана мысал. Қызмет істеген жылдары шиеттей бала-шағамен отырып,
шағын пәтерде тұрды. Ал, бұл кезде өздерін нағыз коммунист-деп санайтын Давыдов пен оның жандай-
шаптары адам саны аз болса да дағарадай-дағарадай төрт-бес бөлмелі үйлерде тұрды.

Мұзағаң бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ордалы әулеттің ақылшы тірегі. Зайыбы Шабал
Бейсенбекқызы болса саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған білікті ұстаз. 32 жыл мектеп директоры
болып қызмет істеген КСРО және Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі атағының иегерін ел
ұстаздардың ұстазы-деп орынды атайды. Мұзағаң мен Шәкеңнің отбасында дүниеге келген 9 баланың
бәрі де еліне сыйлы да құрметті ата-анасының тағылымына лайық азамат болып өсіп, ер жетті. Бүгінде
олардың әрқайсысы бір-бір үйдің иесі, бала өсіріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып отырған жан-
дар. Жоғары білімді, кәсіби мамандық иелері. Егеменді Қазақстанның одан әрі гүлдене беруіне лайықты
үлес қосу жолында халық шаруашылығының алуан саласында жемісті еңбек етіп жүр. Мұзараф ағай
мен Шабал апайға тәңірі солардың қызығын ұзақ көрсетуге жазсын.

Жезқазган - Сәтбаев, сәуір, 2007 жыл.

133

Кен өндірісінің қаһармандары

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК АТАНҒАН

Менің алдымда өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында
Жарық көрген газеттердің тігінділері жатыр. Олардың сарғайған
беттерін ақтарып отырып газет тілшісінің «Жүзден жүйрік» де-
ген мақаласына көзім түсті. Онда тілші былай депті:

-Шахтаның қызыл бұрышына тұс-тұстан кеншілер лек-легі-
мен келіп жатыр. Біреулері сменадан шықса, енді бірі жұмысқа
жаңа келген шахтерлер. Керней оркестрінің орындауында еңбек
күйі шалқиды. Шығыс Жезқазған руднигі №42 шахтасының бас-
шылары, озат кеншілер құрметті президиумға көтерілді. Ме-
рекедегідей киінген мына бір топтың жүздері шат. Қуанышты
келбеттерінен еңбек лебі еседі, жалын атады. Бұлар Совет
өкіметінің 50 жылдығы атындағы коммунистік еңбек бригада-
сы. Анау сом денелі, үнемі жүзінде күлкі табы ойнап тұратын,
қарулы жігіт сол бригаданың бригадирі, жезқазғандықтар ара-
сында еңбегі аңызға айналған жайсаң жігіт. Арыс Азамат!

Салтанатты еңбек митингісін шахта партия ұйымының хат-
шысы А.Телбеков жолдас ашты. Бұл жиын Тұрман Танабаев
басқарған бригаданың бесжылдықты мерзімінен бір жылдан
астам уақыт бұрын орындағанына арналған. Партия ұйымының
секретары осыны хабарлағанда, жұмысшы алақаны тарсыл-
дап, думан дуылдап сала берді. Шахта бастығы Евгений Ким
жолдас сөз алды:

-Жолдастар,-деді бастық байыппен,-біз бүгін Тұрман
Танабаев жолдас басқарған бригаданың жаңа жылдық кешіне жиналып отырмыз. Біздің көбіміз 1970
жаңа жылды тойлайтын болсақ, олар 1971 жылдың салтанатты столында отыр қазірде. Жетпіс бірінші
жылдарың құтты болсын, еңбектес достар!

Зал ішін кенші алақанының дуылы кернеп кетті. Әріптестер бір-бірін қызу құттықтап жатыр. Ыстық
құшақ, шалқыған күй.

Еңбек жеңісін оқырмандарына қуана жеткізген шағын ғана мақаланың басты кейіпкері Тұрманның
еңбек жолы әріден басталған еді. Соғыстан кейінгі кез. Халықтың әл-ауқаты әлі көтеріліп кете қоймаған
шақ. Үйде үйелмелі-сүйелмелі іні-қарындастары бар. Жастары ұлғайып қалған әкесі мен шешесіне
қолғабыс тигізу үшін Тұрман еңбекке ерте араласты. Ол ең алғаш рет Қарсақбай мыс қорыту зауытының
табалдырығын имене аттағанда небәрі 16-ақ жаста болатын. Еңбек оны тез есейтті.

Мұнан әрі оның еңбек жолы Жезқазған руднигіндегі №42 шахтада жалғасты. Жаңа ұжым оны бөтенсімей
қарсы алды. Орта бойлы, еңбекте ысылған, шымыр денелі, көрікті жігіт өзінің еңбекқорлығымен, адами
қасиеттерімен әріптестерінің де басшылардың да көзіне бірден ілікті. Көп ұзамай бригада жетекшісі
болып тағайындалды. Сол уақыттарда В.И.Лениннің туған күнін, кезекті партия съездерін, тағы басқада
айтулы даталарды екпінді еңбек вахталарына тұрып, табыстың тай қазанын тасытып қарсы алып жату
қалыптасқан үрдіс болатын. Тұрман Танабаев басқарған забойшылар бригадасы да осындай игі баста-
маларда үнемі бастамшы болып алғы шептен көрініп жүрді.

-Мен Тұрман Танабаевты өте жақсы білемін. №42 шахтада кен мастері, учаске, шахта бастығы,
рудниктің бас инженері болып қызмет істеген кезімде ол забойшылар бригадасын басқарды,-деп
еске алады еңбек ардагері Нұртілеу Жоныстегі. Ол қарапайым, еңбексүйгіш азамат болатын. Сегізін-
ші, тоғызыншы бесжылдықтар тұсында үнемі жоспарын асыра орындап, шахтаның мерейін тасытып
жүрді. Әлі есімде, жеті жылдық жоспарды ойдағыдай орындағаны үшін ол «Еңбек Қызыл Ту» ордені-
мен наградталған болатын. Орден тапсыру салтанатында ол келесі бесжылдық жоспарды бригада төрт
жылда орындайды.деп уәде берді. Бригада бұл биіктен де абыроймен көрінді. Бригада жігіттері өте
ұйымшыл еді. Кейіннен Тұрманның бригадасы №57 алып шахтаға ауысып, жаңа техникада жұмыс іс-
теді. Оны тез меңгеріп кетті.

-Тұрман, сендердің еңбек жеңістеріңнің сыры неде?-деп сұрағандарға, ол:
-Оның ешқандайда жасырын сыры жоқ. Жігіттерім ұйымшыл. Жұмысты «сенікі», «менікі» деп
бөлмейді. Есептеспейміз. Тапсырма алысымен іле жұмысқа кірісеміз. Бізде тұру деген болмайды,-дейді
жымия. ТАхметов, Ф.Стельмащук, И.Мукулевичус, А.Шалғынбаев секілді жігіттер өз ісінің майталман-
дары болатын. Оларды Тұрман өте мақтан тұтатын. Жастар тәрбиесіне зор мән беретін. Мынандай бір
оқиға осы күнге дейін есімнен кетпейді.

134

Кен өндірісінің қаһармандары

Алик Тухватуллин деген жігіт еңбек тәртібін жиі бұзып жүрді. Ішкеннің кесірінен бригадасына жексұрын
да болып бітті. Біздер де оны тәрбилеу мақсатында ақыл-кеңесімізді айтып жүрдік. Бірақ көнбеді. Ақыры
Жванковтың бригадасының шыдамы тауысылып, оған бригададан кетуді ұсынды. Біздің алдымызда:

- Не істейміз, оны шахтадан шығарамыз ба?_-деген сұрақ тұрды.- Қайда барады? Әйелі, балалары
бар. Оны жұмыстан шығармақ болып жатқанымызды естіген Тұрман маған келіп:

-Нұреке, Аликті біздің бригадаға жіберіңіз. Жігіттермен келістім. Ол да адам баласы ғой, тәрбиелейік,
түзеліп кетер,-деді. Біз қуана-қуана келістік. Кейін сол А.Тухватуллин озаттар қатарына қосылды.
Қалалық Советтің депутаты болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып кетт.і .Міне, бұл адамның
адамға деген сенімінің арқасы.

- Тағы да мынандай бір жағдай есіме түсіп отыр, -деді Нұрекең. 1968 жылы алтыншы учаске өте
қиын жағдайға душар болды, жоспар орындалмады. Учаскенің кені мысқа бай. Тастап кетуге болмайды.
Партия бюросының отырысында осы мәселені қарадық. Учаскені күшейту керек. Бірақ, артта қалған ол
жерге кім барады? Таңдау Т.Танабаевқа түсті.

-Мен келісемін,-деді ол..
Парткомның шешімін естіген А.Тухватилин:
-Мені де өзіңмен бірге ала кет, бригадир,-деп өтінді. Тұрман өзімен бірге үш-ақ жігітті алды. Әрине,
соның бірі Тухватуллин болды. Екі ай бригада жоспарын орындай алмай, ақша ала алмай отырды. Бірақ
жігіттер шыдамдылық танытты. Еңбек тәртібін бұрынғыдан да қатайтты. Әрбір минутты ұтымды пай-
даланды. Нәтижесінде үшінші ай дегенде ғана бригада жоспардан тыс өнім бере бастады. Содан бері
табыс тасқыны толастап көрген емес. КСРО Түсті металлургия Министрлігі кәсіпорындары арасындағы
бригадалар арасында бірінші орындарды иемденді. Міне, сол құрамда бүгін жеңіс тұғырына тағы да
көтеріліп, бесжылдық жоспарды төрт жылда орындап шықты. Жоғарыдағы марапаттау соның құрметіне
өткізілген бір ғана шара еді.
Мұнан кейін де коммунист Тұрман Танабаев басқарған забойшылар бригадасы талай-талай асулар-
ды алып, еңбек биігінен көрінді, елінің құрметіне бөленді. Жастайынан еңбекпен біте қайнасып өскен
алымды азаматтың еңбегі жоғары бағаланып, еліміздегі ең жоғары награда «Ленин» орденін омырауы-
на тақты. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Қалалық партия комитетінің бюро мүшесі, қалалық
Советтің депутаты болып қатарынан бірнеше жыл сайланды.
Кеншінің шахта астындағы әрбір минуты қауіп-қатерге толы болатыны қашаннан белгілі жәйт.
Забойдың төбесіндегі жақпар тастарды қанша мықтадым дегеніңмен бірде болмаса бірде сыр беріп
құлап жатады. Бірде бригада жұмыс істеп жатқан забойда күтпеген жерден төбеден тас құлап Тұрман
аяғынан ауыр жарақат алды. Міне, содан кейін ол өзінің сүйікті жұмысына қайта орала алмады.
Тұрманның қандай азамат болғандығын жерлесіміз Марат Жәркенов өзінің «Өткен күннің белгісі»
деген кітабында былай деп еске алады:
...Аманғали досым 4-5 ай Тұрман Танабаевтың үйінде тұрды, зайыбы Жүкеш.
Шахтада кеншілер бригадасының бригадирі болып жұмыс істейтін Тұрманның өзі нағыз батыр, кел-
бетті, алып тұлғалы азамат еді.
Кенші кәсібі қашан оңай болған? Тұрман басқаратын бригада кен өндіруде үлкен жетістіктерге жетіп,
«мыңшылар» бригадасы атағын алған еді. Осы еңбектегі жоғары табыстарын бағалап комбинат басшы-
лары Тұрманды Социалистік Еңбек Ері жоғары атағына ұсынған. Ол кезде мемлекеттік наградалар ту-
ралы ақырғы шешім Мәскеуде қабылданатын. Бұл жолы да мәселені өздері шешкен мәскеуліктер КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Тұрманды «Ленин» орденімен марапаттады.
Біз Тұрманның өзімен де, отбасымен де Аманғалидың үйіне барып жүріп жақын танысып, достасып
кеттік. Өзі бір өте қарапайым, ақкөңіл де бауырмал азамат болатын.
Сол Тұрман шахтада ерен еңбек жасап жүрген кезінде болған бір күтпеген жағдай әлі есімде. Алпы-
сыншы жылдардың аяқ шені болу керек, бұрғылау қондырғысымен жұмыс істеп жатқан Тұрманның үстіне
кеңістіктің үстінен үлкен тас құлап кетіп бір аяғын басып қалады. Абырой болғанда сол үлкен шыңтас
бір басымен бұрғылайтын қондырғыны, екінші жағымен Тұрманның аяғын басқан. Аяғы сынғаннан кейін
досымыз операциядан кейін ақсаңдап басатын болып қалды. Бұл кезде оның отбасында 3-4 кішкентай
болатын. Аман қалғанына тәуба айтып қуанғанымыз бар.
Жарақаты жазылғаннан кейін Тұрман кеншілік секілді ауыр еңбекке жарамсыз болып қалды, кеншілік-
ті жер үстіндегі жеңіл жұмысқа ауыстырды. Бұл орында да Тұрман біраз жыл адал еңбек етті. Көптеген
жылдар отбасымызбен бірге араласып, сыйласып кеткен жақын дос, аяулы азамат еді Тұрман.

Жезқазған қаласы, 2005 жыл, мамыр.

135

Кен өндірісінің қаһармандары

ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНҒАН ЕҢБЕК

Кезінде еселі еңбегімен еліне танымал
болған осы бір қарапайым еңбек адамының «Ле-
нин» орденінің иегері екенін Сәтбаев қаласы
тұрғындарының бірі біліп, бірі білемейді де.
Қаршадайынан еңбекке араласып өскен Ба-
укен Айбеков ақсақалдың өмір жолы бүгінгі «Қой
үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманның жас
ұрпақтарына өнеге болары сөзсіз.

Баукеңнің әңгімесі әріден басталды. Іштен ой-
лап отырмын «тегін адам таз болмайды» дегендей,
мына кісі омырауына тегіннен-тегін «Ленин» ор-
денін тақпаған екен, жетпістің үстіне шықсада әлі
ширақ, ештеңені ұмытпаған, жасында қандай бол-
ды екен?

-Соғыс жылдарында мына Жыланды
өзенінің бойында «Бостандық» деген колхоздың
қойын бақтым. Ер адамдар соғысқа кеткен. Ауылдағы бас көтерер біздер, балалар. Бұрыннан мал
шаруашылығында келе жатқан адам ғой, ақылшы-кеңесшім анам Күлән. 1944 жылдың қысында абырой
болғанда отарымыздан мал басы шығын болмай, көктемгі төл төгіні кезінде қозы алу жоспары артығымен
орындалды. Содан күзге қарай озат шопандардың, егіншілердің слеті болды. Ұлытау аудандық атқару
комитетінің төрағасы Мұқажан Жұмажанов келді. Слетке қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.
Соғыстың беті бері қарады, Совет әскері жауды түре қуып барады. Жеңіс күнінің де ауылы алыс емес.
Оны жақындатуға бүкіл Совет халқымен бірге осы тұрған сіздер де лайықты үлес қосып келесіздер,-
деді. Озат еңбеккерлердің атын атап, сыйлық берді. Маған 12 қой, 400 сом ақша сыйлық тағайындау
жөнінде шешім қабылданыпты.
Сөзінің соңында ауатком төрағасы:
- Ал ағайындар, соғыс әлі жүріп жатыр, Қызыл Армияға әлі де болса көмек керек, кім қандай көмек
бере алады?-деді. Әркім шама-шарқы келгенше көмек қолын созып жатыр. Құдай қалай аузыма
салғанын білмеймін.
-Маған сыйлық бергендеріңізге рахмет, маған жаңағы сыйлыққа берілген 12 қойды менің атымнан
соғыста жүрген ағаларыма, бауырларыма көмек қорына қосыңыздар,-дедім. Жұрт ду қол шапалақтап
қошемет көрсетіп жатыр.
-Мына, Айбектің ұлы ерледі, қарай көр өзін. Мынаған кім үйреткен-ей, - деген мақтау сөздер де айты-
лып жатыр. Сөйтіп, ең алғаш рет сөз сөйлеп, ел арасына осылайша таныла бастадым.
Көптен күткен Жеңіс күні де келді. Ауылдағы еңбек одан әрі жалғаса берді. Ойым мына іргедегі
қалаға кету. Өндіріске жұмысқа тұру. Қашанғы қой соңында жүре берем деген ой келіп, басшыларға мені
жұмыстан босатыңдар, өндіріске кетем десем болмайды.
-Бір-екі жыл істе.-дейді. Сөйтіп жүргенде 1949 жыл болды. Ақыры қыңқылдап жүріп ауылдан боса-
дым. Сол жылдың 14 сәуірінде Рудниктегі энергетика басқармасына монтер болып жұмысқа тұрдым.
Жұмысым жердің бетінде. Көтерме станцияда кезекшілікте болам, кейде поселкенің көшелері бойындағы
бағандардың басына шығып, үзіліп қалған сымдарды жалғаймын. Үй-үйді аралап, үзіліп қалған электр
желілерін жөндеп берем немесе жаңадан объекті пайдалануға берсе соған желі тартам. Өстіп жүргенде:
«Жер асты жұмысы дұрыс, стаж деген болады, ертең зейнеткерлікке ерте шығасың, айлығы да жаман
емес»,-деп ақыл айтқандар да болды.
Үлкендер бірдеме біледі ғой, ол да дұрыс екен деп «Покро» шахтасына барып, жер астына берілетін
ток жүйесін реттейтін станцияға кезекші электрик болып орналастым. Станция шахтаның астына түсер
жерде орналасқан. Одан жер астындағы штректерге, жұмыс істеп тұрған техникаларға арнайы схемамен
ток беріледі. Учаске бастығы, ауысым шеберлері келіп, қай штрекке, қай горизонтқа, қандай қуаттағы ток
керек екенін айтып, тапсырыс береді. Біз сол тапсырыс бойынша токпен қамтамасыз етеміз. Бұған дейін
де электрик болып істеп, тәжірибе жинақтағандықтан жұмысты тез игеріп кеттім.
Алайда, мұнда ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік болмады, Армия қатарына шақырылдым, ол уақытта
Отан алдындағы борышты өтеу мерзімі үш-үш жарым жыл болатын. 1956 жылы Кеңес үкіметінің Армия
қатарынан 1 миллион 200 мың әскери қызметшіні босату туралы Жарлығы шығып, мен екі жыл дегенде
елге қайтып оралдым.
№51 шахтаға учаскенің кезекші электригі болып орналастым. Мен жұмыс істейтін учаскенің бастығы
Садық Асатов еді. Ол кезде әскер қатарынан келген жастарға өмір көрді, оң-солын таниды, ақыл тоқтатқан

136

Кен өндірісінің қаһармандары

деп зор сенім артылатын. Бір күні Садық мені шақырып алып: «Бауке, менде бір ой болып жүр, осы біз
қазақ жігіттерінен неге жеке проходкашылар бригадасын құрмаймыз. Біздің жігіттер де көрінсін. Жаңа
техникада жұмыс істейтін бригаданы басқаратын боласың»,-деді.

Бастық айтты, келістім. Бригадаға тоғыз қазақ, үш орыс жігіті біріктірілді. Жер астына жаңа техниканың
келіп жатқан кезі. Оның үстіне біздің шахтада өздігінен жүретін бұрғылау станоктары, кен тиеу, тасымал-
дау машиналары сынақтан өткізіледі. Жігіттердің бәрі тәртіпті, жұмысты жапыра істейтін, өз жұмысын
жақсы білетіндер. Тапсырған шаруаны мұнтаздай етіп орындайды. Жаңа техникада жұмыс істеуді де
үйрендік. Кен қабатын проходкалау жоспарын ай сайын асыра орындап отыратын жағдайға жеттік.
Озат бригада жетекшісі ретінде қоғамдық жұмыстарға да араласа бастадым. Металлургия өнеркәсібі
жұмысшылары кәсіподағының облыстық конференциясына делегат болып қатыстым.

Өндірістегі жемісті еңбек пен қоғамдық жұмысты ұштастыра істеп, абырой-беделге ие болып
жүргенімде, бірде мынандай бір оқыс жағдай болды. Забойға аттыруға қажетті дәрі алып келе жатқан
жолда төбемнен тас түсті. Әлгі тас касканың маңдайында тұрған шамды тіліп түсті. Құдай сақтап мен
аман қалдым. Осыдан кейін менен зәре кетті. Аяқ-қолым дір-дір етеді. Бұрынғы батыл қимылдан қалдым.
Шынын айтқанда қорқам, жан-жағыма қарап жалтақтай берем. Осындай күй кешіп жүргенде бір күні
учаскеге Садық Асатов келді. Болған жағдайды айттым.

-Құдай мені ескерткен шығар, мен басқа жұмысқа ауысайын, жұмыс істей алатын түрім жоқ,- дедім.
Садық дегендерің ақылды жігіт еді ғой. Менің айтқаныма түсіністікпен қарады. Ол да шахта астындағы
жағдайды жақсы біледі. Жағдай аяқ астынан өзгеріп кетуі мүмкін. Құдай жаманшылығынан сақтасын.
Мен кенеттен бірдеңеге ұрынып қалсам өкініші кетпей жүрер деген болуы керек:
-Жаңа ғана озаттар қатарына ілігіп, атың шығып келе жатыр едің. Істегенің дұрыс еді, өзің біл,-деді.
Көп ұзамай Жезқазған шахта проходка тресі жанынан электромонтажшылар учаскесі ашылып, сон-
да ауыстым. Учаскедегі монтажшылар атқарар жұмыстардың ауқымы кең. Мен басқаратын құрамында
22 адам бар монтажшылар бригадасы №55, №57, №65 алып шахталардың, Анненск шахтасының жер
астындағы күллі электр, байланыс желілерін, көтерме станцияларын салып монтаждауға қатысты.
Бұлар өте жауапты жұмыстар. Трест басқарушысы Ғазиз Омаров әлгі күрделі жұмыстар аяқталғаннан
кейін командасымен келіп аралап көреді. Жұмыстың атқарылуын мұқият тексереді. Мұнан кейін комби-
наттан комиссия келіп жаңа объектілерді қабылдап алады. Мынауың дұрыс емес деп кейінге қалдырып,
қайта істеткен жағдай болған емес. Сол жылдарда біздің атқарған жұмысымыздың сапасына «4»-«5»-
тен кем баға қойылып көрген жоқ. Бұл дегеніңіз жұмыс сапалы орындалды деген сөз. Жұмыстың сапалы
атқарылғанына риза болған Ғазиз ағамыз жұмысшылардың еңбегін бағалап, сыйақымен марапаттап,
бір қуантып тастайтын.
Шахталардың астына қуаты алты мың вольттық ток беріледі, ол экскаваторды іске қосуға қажет,
ал электродвигательдерге трансформатор арқылы төмендетілген қуаты 380 вольттық ток беріледі,
штректерге, забойларға берілетін жарық қуаты 120-130 вольт. Таңертең ауысымға келген бетте
монтажшыларға учаскелерден, бригадалардан келіп түскен тапсырысқа сәйкес наряд беріп, бөліп-бөліп
жіберем. Соңынан өзім аралап жүріп берілген тапсырмалардың орындалысын тексерем. Кезінде учаске
бастықтары болып істеген Өтеген Салықов, Атажан Мұқашев, Оразбек Усмановтарға ауысым аяғында
атқарылған жұмыстар туралы «мына тапсырма орындалды, ана горизонттағы жұмыс аяқталмай қалды,
оның себебі мынау, ал ана горизонттағы жұмыс қосалқы бөлшектің дер кезінде жеткізілмеуінен ертеңге
қалдырылды» деп тәптіштеп айтып берем. Жұмысты осылай тыңғылықты атқарғандықтан бастықтарым
да менің жұмысыма сеніммен қарайтын болды. Берілген тапсырманы үнемі ойдағыдай орындап, жос-
пар биігінен абыроймен көрініп жүрдік. Бригаданың қол жеткен жетістіктерін, оның жетекшісінің жұмысты
ұтымды ұйымдастыра білуін бағалағаны болуы керек, бесжылдықтың қорытындысы бойынша 1971
жылы еліміздегі ең жоғары награда «Ленин» орденімен марапатталдым.
Бүгінде құрметті демалыстамын. Еңбегімнің зейнетін көріп, немерелерімнің алдында, олардың
қызығын бірге қызықтап отырған жай бар.

Сәтбаев қаласы, маусым, 2005 жып.

137

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕСЕЛІ ЕҢБЕКПЕН, БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТПЕН ӨТКЕН КҮНДЕР

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Райхан Аппасованың
есімі кеншілер қаласының шеңберінен шығып, қос астана Алма-
ты мен Мәскеуге дейін шарықтап тұрған кез болатын. Жезқазған
кен-металлургия комбинаты электр цехының Жезқазған посел-
кесіндегі бөлімшесіне жұмыс бабымен талай барып, еңбек оза-
ты Райханмен талай рет сұхбаттасқанбыз. Міне, сол күндерден
бері де біраз уақыт өтіпті. Бидай өңді, жүзінен нұры тамып, қашан
көрсең де күлімдеп жүретін Райхан салиқалы да салмақты әже
болыпты. Қаланың орталығындағы бес қабатты үйдің екінші
қабатындағы пәтерінің есігін қағып, кіріп келгенде, бізді бірден
тани кетті. Осының алдында бірер апта бұрын келгенімде Рай-
хан қысымы көтеріліп, ауруханаға түсіп қалған екен. Сәлемдесіп,
денсаулығын сұрап жатырмыз.

-Құдайға шүкір, жаман емес. Адам ұлғайған сайын организ-
мі де машинаның механизмдері секілді тозады екен. Бір жеріңді
емдетсең, шамалы уақытта екінші бір жерің сыр бере бастайды,-
деп өзінің аяқ астында денсаулығы болмай қалып, ауруханаға жа-
тып шыққанын әңгімелеп жатыр.

Алыстан туысы келгендей қуанып, менімен емін-жарқын
сөйлесіп, альбомдардағы суреттерде бейнеленген әріптестерін,
құрбыларын көрсетіп жатыр. Олардың көбін мен де таниды екен-
мін. Біраз азаматтарды жылы лебізбен еске алдық.
Келген шаруамды айтқаннан кейін:
-Менің өмір жолым туралы өзің жақсы білесің ғой. Оның несін қайталай берейін. Өзіңе сендім. Мына
суреттерден қажетіңе жарайтынын таңдап ал,-деп суреттер топтамасын алдыма қойды.
Дүниеде бәрінен де «өзің білесің» деп барлық шаруаны саған сеніп тапсырғаннан ауыр шаруа жоқ
қой. Үйге оралғаннан кейін Рекең туралы мақаланы қалай бастарымды білмей біраз толғандым, арасын-
да жазғаным ол кісінің көңілінен шыға ма, шықпай ма деген де ой қылаң беріп қалады. Сонымен сонау
жылдарда естіген әңгімелерді еске түсіріп, « нар тәуекел» деп жазуға кірісіп кеттім.
Жастайынан әкеден айырылған Райханның еңбек жолы ерте басталды. Ең алғаш рет кеншілер
поселкесінің шет жағындағы «Весовой» деп аталатын елді мекендегі теміржол мекемесіне теміржол
бақылаушысы болып орналасқанда оның жасы 16-ға да толмаған кез болатын.
-Мен оны байып кету үшін жұмысқа беріп отыр дейсіңдер ме, қанша ақша тауып қарық қылар дейсің,
әйтеуір, өзіне қажетті анау-мынау алуға жараса болар.-дейтін анасы, көрші-қолаң әйелдердің:
-Райхан жұмысқа тұрыпты, қолың ұзаратын болды, құтты болсын,-деген сөздеріне онша елпілдей
қоймай. Бұл кезде оның көзіне мөлтілдеп жас та келіп қалатын. Жастай күйеуі қайтыс болған ананың
өмір тіршілігі де қай жөнді оңып тұр дейсің. Бар мақсаты-енді соның артында қалған ұрпақтарын ешкім-
ге көзтүрткі қылмай жеткізу. Тұңғышы Райхан жұмысқа тұрды. Ана бұған да тәубешілік етеді.

Кішкентайынан үйдің де, түздің де шаруасына араласып өскен Райхан орналасқан жұмысын
тыңғылықты атқаруға тырысты. Өзіне бекітіліп берілген темір жол бойын аралап, олай-бұлай өтіп жатқан
поездарға тіркелген вагондардың доңғалақтарын тексеріп майлау секілді жұмыстарды басшылық тара-
пынан берілген нұсқауларда айтылғандай бұлжытпай орындап жүрді. Шамалы болса да тиын-тебен
алатын болды. Оған үйдегі кішкентай бауырларына аяқ киім, тағы басқа да ұсақ-түйектерді сатып ала-
тын халге жетті. Күндіз жұмыс істеп, кешке жұмысшы жастар мектебінде оқуын одан әрі жалғастырды.

Екі жылдан кейін Райхан комбинаттың электроцехына электрораушының үйренушісі болып ауысты.
Бір қарағанда бұл өте қарапайым, оңай жұмыс болып көрінуі де мүмкін. Бірақ олай емес. Шахталар-
да жұмыс істейтін алып техникаларды іске қосатын электр двигательдері оның жүрегі іспетті. Ол істен
шықса жеті қат жер астынан жер бетіне кен көтеру, кеншілерді жұмыс орындарына түсіру, жұмыстан
шығару секілді жұмыстар тоқтап қалады. Бұл өте жауапты жұмыс. Электр двигательдерінің ішіндегі
әртүрлі жуандықтағы сымдарды рет-ретін бұзбай орау өте ұқыптылықты, орнықтылықты, төзімділікті
қажет етеді. Орамы дұрыс жиналмаса электр двигателі жанып кетеді. Міне, Райхан үйренуші болып
орналасқан жаңа жұмыс осындай жауапты жұмыс еді.

Бірде сұбхат кезінде:

-Еңбек жолыңыздың басталуы, алғашқы ұстаздарыңыз туралы әңгімелеп берсеңіз, -дегенде:
-Менің еңбек жолым теміржолда басталып, содан кейін осы электроцехта жалғасты ғой,-деп бас-
тайтын әңімесін Райхан. - Алғашқы ұстаздарым түрмеде отырған «зектер» болды. Оған таңданбаңыз.
Елуінші жылдары Жезқазған поселкесіндегі барлық шахталарда, кәсіпорындарында түрмеде отырған
сотталған адамдар жұмыс істейтін. Басқа кәсіпорындардағыны қайдам біздің цехта істейтіндер шетінен
сауатты, зиялы, көбі жоғары білімділер еді. Осындай мейірімді, ақылды, еңбекқор жандардың не үшін
сотталғандарына таңқалатынбыз. Олар кейіннен түрмеден босады, көбі өздерінің туған жерлеріне кетті,

138

Кен өндірісінің қаһармандары

біразы осында қалды. Кейін олардың кейбіреуімен қатар тұрып жұмыс істедім. Алғашқы ұстазым Юрий
Степанович Ситник деген кісі болды. Ауыл баласымын ғой, орысшаға шорқақ болдым. Соған қарамастан
ол жұмыстың бүге-шігесіне дейін жалықпай үйрететін. Математика мен тригонометрия мен үшін ең қиын
сабақтар болды. Одан да Юрий Степанович маған дәріс берді. Геометриялық фигураларды шикі кар-
топтан кесіп, сабақ түсіндіргені осы күнге дейін көз алдымда. Осы бір тамаша адам ақталғаннан кейін
комбинатта бас энергетиктің орынбасары қызметін атқарды.

Өмір жолында кездескен қиындықтар мен жақсы адамдардан үйренген сабақтары Райханның өмірінде
өшпес із қалдырды. Оның кәсіби шеберлігі шыңдалуымен бірге өмірге деген көз қарасы қалыптасты,
ең бастысы -қандай жағдайда да болса адаммен бірге болуды үйренді, олардың мұң-мұқтажына, жан
күйзелісіне де бей-жай қарай алмады, әрқашанда қол ұшын беруге дайын тұратын. «Адамның күні адам-
мен» деген қағиданы қатты есте сақтады.

Өзі ұнатқан мамандығы болғандықтан Райхан жұмыста шаршау-шалдығу дегенді білмеді. Жұмысқа
тыңғылықты жас маман жоспарын да үнемі асыра орындап отырды. Жұмыс сапасы да жоғары.

Электроцехта жүргенде өмірлік жары Өсербаймен кездесті. Өсербай осында шебер болып істейтін.
Тәртіпті, сыпайы, мамандығын жақсы меңгерген азамат еді. Екеуі отау құрды. Тұрмыстың қиын кезі,
қазіргідей аламан-тасыр той да жасалған жоқ. Ең бастысы екеуі бірін-бірі сүйіп қосылды. Жас отаулар
тұратын баспана да болмады. Ондай қиыншылықтарға махаббат қарата ма, үй жалдап тұрды. Кейіннен
дүниеге тұңғышы Бақыт, одан кейін Розасы келді. Жұмыс орнынан жас жұбайларға жаңа пәтердің кілті
тапсырылды. Өсербай екеуі екі жақтап жүріп балаларды тәрбиеледі, қажу дегенді білмеді. Жылжып
жылдар өткен сайын Райханның тәжірибесі молайып, шеберлігі шыңдала түсті. Суреті Жезқазған кен
- металлургия комбинатының құрмет тақтасынан тұрақты орын алды.

-Ең алғаш рет мен Қарағанды облыстық Советіне депутат болып сайланғанда 23 жаста болатын-
мын,-деп еске алатын өзінің депутаттық қызметі жайлы ол. Депутаттардың ішіндегі ең жасы мен бол-
дым. Ұяң, ұялшақ, биязы болып өскен мені қоғамдық жұмыс шыңдады. Өтірік дегенді жаным жек көреді,
«уәде-алла сөзі» дейді қазақта, уәде бердің бе орында. Кейбір басшылар берген уәдесін де ұмытып
кетіп жататын. Бірақ, мен ондайлардың соңынан қалмай жүріп берген уәдесін орындататынмын. Сонда
ол менің өз басымның шаруасы емес, сайлаушылардың шаруасы. Біріне пәтер қажет, енді бірінің үйінің
төбесінен су ағады, оны жөндету жөнінде көмек керек, тағы бірінің баласын қалдыратын жер жоқ, ба-
лалар бақшасынан орын керек. Ол уақытта қалалық партия комитеті болсын, кәсіпорындарда болсын
депутаттардың сөзін тыңдайтын, әрқашанда көмек қолын созатын.

Осылайша еңбекте озат, қоғамдық жұмыста белсенділік танытып жүрген Райхан Аппасованың
өмірінде 1966 жылдың көктемінде елеулі, естен кетпес оқиға болды. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге
жеткені және бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындағаны үшін ол еліміздің ең жоғары награда-
сы «Ленин» орденімен наградталды. Мұндай естен кетпес қуанышты Райханмен бірге оның әріптестері,
туған-туыстары қоса бөлісті.

Жоғары награда оған көп жауапкершілік жүктеді. Бұрын қатардағы сым ораушы болса енді ол елінің
құрметтісіне, жастардың ұстазына айналды. Қоғамдық жұмыстар көбейді. Елде болып жатқан елеулі
оқиғалардың бел ортасында жүру, халқыңа шамаң келгенше қол ұшын беріп, көмектесу қандай бақыт.
Райхан кәсіподақтардың белсенді мүшесі ретінде Қазақстан кәсіподақтарының лидерлері қатарына
қосылды. Сонау Сарыарқа төсінде жатқан шағын қалашықтан келген қарапайым жұмысшының
қолындағы СССР Түсті металлургия министрлігі өнеркәсібі саласы жұмысшылары кәсіподағы Орталық
комитетінің қызыл кітапшасы кеншілердің, металлургтердің, байытушылардың өмірінде кездесетін
көптеген проблемаларды Одақтық үкімет деңгейіне дейін көтеріп, оң шешілуіне көмектесті. Мәскеуде
кәсіподақтар съезіне қатысты. Зал толған таныс жүздер, үкімет басшылары, космонавтар, артистер, өзі
сияқты жемісті еңбегі үшін ордендермен марапатталған әйелдер. Бұл Райхан үшін ең бір қуанышты,
бақытты күндер еді.

Уақыт деген қандай жылдам десеңші. Электроцехтың табалдырығын кеше ғана имене аттаған
қарапайым сым ораушы ауыл қызының осында жұмыс істегеніне де жиырма жылдың жүзі болыпты.
Еңбекте есейіп, өмірдің бел-белестерінен сүрінбей, абыроймен өтіп, мол тәжірибе жинақтаған Райхан
1971-1975 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды, сөйтіп халық қалаулысы
ретінде Жезқазған өңірінің проблемаларын мемлекеттік деңгейде көтеру мүмкіндігіне ие болды. Кен-
шілер қаласындағы «Байқоңыр» кинотеатрының, медициналық-санитарлық бөлімінің, қала жолдарының
салынуына депутат ретінде Райхан көп үлес қосты.

Саналы ғұмырының жарты ғасырдан астамын еңбекке, қоғамдық жұмыстарға арнаған Сәтбаев
қаласының құрметті азаматы, «Ленин» орденінің иегері Р.Аппасова бүгінде зейнеткерлікке шыққан.
Немерелері Данияр, Әлия, Камилла еңбеккер ананың мақтанышы. Жас бүлдіршіндер де зейнеткер
әжесінің өмір жолын мақтан тұтады.

Ұстаз демекші, ол тәрбиелеген жастар баршылық. Бүгінде апасының орнын жоқтатпай жемісті еңбек
етіп жүрген Жібек Нұрмұханова, Орынбасар Орынбаева, Айсара Қиясова және тағы басқа да ондаған
қыз-келіншектер Райханның мақтанышы.

Кеншілер қаласының көркейіп, сәулетті қалаға айналуында өзінің үлесі барлығы есіне түскенде зей-
неткер Райханның кеудесін мақтаныш сезімі билейді. Өмірінің зая кетпегеніне тәубашылық етеді.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, маусым.

139

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕСІМІ ЕЛГЕ ТАНЫЛҒАН КЕНШІЛЕР

Біз сирек кездесетін едік. Бұл екеуіміздің екі қалада
тұратындығымыздан да шығар. Бірақ, шахтаға бара қалғанда,
Сәтбаев қаласында өтетін әртүрлі салтанатты шерулерде не-
месе көшеде кездесе қалсақ әзілдесіп, ойнап-күліп, арқа-жарқа
болып қалатын едік. Алып тұлғалы осы азамат менің көзіме
ертегілерде әңгімеленетін баяғының алыптарындай көрінетін.
Расында, ол ұзын бойлы, денелі, шомбал қара еді. Кейде:
«Кәреке-ау, мына денеңе анау-мынау киім де, етік те шақ кел-
мейді, комбинатты шығындатып, банкротқа отырғызасың ғой»,-
деп қағытып та алатынбыз. «Әзілің жарасса атаңмен де ойна»
деген бар емес пе? Әзіліміз жараса кетуші еді. Иә, сол Кәрекең
жасы ұлғайған шағында қолына таяқ ұстап жүретін болды.

-Кәреке, мынауыңыз не енер, қолыңа таяқ ұстап, қыздарға
ұнағыңыз келіп жүр ме?-дейтін едік әзілдеп.

-Әй, балалар-ай, мен қай жөнді сол сұлуларға ұнайын деп
жүр дейсің. Кезінде олардың алдында талай көлбеңдедік те
ғой. Ал, мына өнеріміз аурудың салдары ғой, кәрілік ең ал-
дымен аяғың мен көзіңнен келеді,-деп алып, аяғын езінің
өмірі, еңбек жолы жайлы ұзын сонар әңгімеге жалғастырып
әкетер еді.

Байқоңырда дүниеге келген қара баланың сәби шағы
пәлендей сәнді болмаған. Жетімдік пен жоқшылықтың
«төмпешіне» ерте ұрынған жасөспірім Кәрекең бұғанасы бекіп,
буыны қатаю сәті қиын кезеңдердің «үсігіне» шалдықты. Ұжымдастыру, ашаршылық, соғыс жылдарының
ызғары сәби жанын, бала жүрегін жаншып жіберер ме еді, әлде қайтер еді? Егер ол жедел есею жолын-
да, зыр жүгіріп, еңбекке ерте араласпаса. Егер ол колхоздың өгіз арбасын аяңдатып, ауыл-аймактың
бар қара жұмысына құлшына кіріспесе? Еңбекке деген ұмтылыс пен құлшыныс сол жылдардан бастау
алған болатын. Байқоңыр көмір кенішінде шамалы уақыт істегені де бар. Ол кезде қай салада болса
да жұмыс қолмен, білектің күшімен атқарылды емес пе? Көмір шахталарындағы жұмыс істеген езінің
ауылдастарының еңбегінің ауырлығын көзбен көріп, көңілмен сезінді.
1954 жыл. Кәрбоздың да еміріне езгеріс әкелді. Тозығы жеткен, көмірі сарқылған Байқоңыр көмір
кеніші жабылып, ондағы жұмысшылар Рудникке көше бастады. Олардан қалмай Кәрбоз да көшті. Осы
уақыт жергілікті халық өкілдерінің шахталарға енді-енді келе бастаған кез болатын. Олардың саны ете аз
еді. Мұнымен қоса Одақтық үкімет басына келген Н.Хрущев өзімен бірге «жылымық» саясатты ала келді.
Түрмедегі саяси тұтқындар босатыла бастады. Ал, Жезқазған шахталарындағы негізгі жұмыс күші солар
болатын. Соның салдарынан шахталарда адам күші жетіспейтін жағдай туындаған еді. Міне, осындай
кезде палуан денелі жас жігітті «Покро» шахтасының басшылығы құшақ жая қарсы алды. Забойшының
көмекшісі болып орналасты. Бұл соғыс уақытында кен өндіруден бүкілодақтық рекордтар мектебіне
айналған шахта болатын. Атақты Балмұқан Аймақанов, Зейнолла Биболатов, Арыстан Ақшаловтар
осы шахтаның тарландары, рекордтар иесі еді. Олар өздерінің ерен еңбектерімен мыс бұлағын селдей
ағызды. Солардың ізін басқан мұнда тәжірибелі кеншілер жеткілікті. Кәрбоз келген беттен кен қабатын
бұрғылаудың, оны аттырудың қыр-сырын жетік меңгеруге тырысты, солардан үйренді. Забойдағы ең
күрделі жұмыс та осы. Қат-қат болып жатқан руданы молынан қопару соған байланысты. Шпурға дәріні
қажетті мөлшерде салып, руданы молынан аударсаң мыс бұлағы ақты дей бер. Бұл дегенің жоспар асы-
ра орындалады деген сез. Жас кенші үлкендердің өнегелі істерін өзінің еңбек жолына қару етті. Алғашқы
жылдары ПР-30 бұрғысы оның жаужарағы болды. Салмағы жиырма келіге жуық келетін бұрғыны ауысым
бойы ұстап тұрып бұрғылау дегенің анау-мынау жігіттің қолынан келе бермейтін шаруа. Құдай берген
күштің арқасында К.Жансейітов бұрғыны ұршықша үйірді. Шаршау-шалдығу дегенді білмеді. Шаршаса
да сыр бермеді. Бұл шынайы қайраттылықтың, оның бойына біткен жігер мен табандылыктың арқасы
болатын. Оны танымайтындар:

-Мына жігіттің қимылы ерен екен. Бұлай істей берсе беті қайтып қалады ғой,-деп жанашырлық біл-
діретін. Ал оны білетіндер болса:

-Байқоңырлықтар жұмысқа мықты келеді, анау-мынауға беріле қоймайды, бұл да солардың
өкілінен ғой, қайратты, алып күштің иесі. Жұмысты ерекше шабытпен істейді. Іс-қимылы еріксіз
сүйсіндіреді,-дейтін.

Шахта, учаске басшылары жас жігіттің жұмыстағы осындай іс-қимылын, еңбектегі жетістіктерін
байқамай қалған жоқ. Көрді. Оған сенім артып бригадаға жетекші етіп қойды. Міне, осы кезде кенші

140

Кен өндірісінің қаһармандары

Кәрбоз тағы бір қырынан көріне білді. Ол-оның ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығы еді. Өзіне
басшылық тарапынан артылған сенімді, бригада мүшелері алдындағы жауапкершілікті жете сезінді. Осы

кезде «Покродағы» жемісті еңбек жаңадан пайдалануға берілген №55 алып шахтада одан әрі жалғасты.
Өндіріске келген жаңа кен техникаларын апғашқы игергендердің бірі де Кәрекең болды. Ол бригаданың
жұмысын ұтымды ұйымдастырумен бірге, «мен жетекшімін» деп қарап тұрмай, әріптестерімен қатар
тұрып жұмыс істеді. Еңбектес достарын қатты сыйлады. Осындай ұйымшылдықтың арқасында
К.Жансейітовтың бригадасы тек учаскеде ғана емес шахта, рудник бойынша алдыңғы қатарға шықты.
Келе-келе комбинат бойынша социалистік жарыста биік тұғырдан көрініп, оның суреті Жезқазған
қаласындағы комбинаттың құрмет тақтасынан берік орын алды. Төккен маңдай тердің, адал еңбектің
арқасында Кәрбоз сый-құрметке ие болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен ма-
рапатталды. Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген кеншісі атағы берілді. Сегізінші бесжылдықтың балғасын
дүрсілдете соғып, бесжылдықтың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындаған бригаданың жетекшісі
Одақтағы ең жоғарғы награда «Ленин» орденін омырауына тақты. Ол кейін де осы жоғары наградаға
лайық еңбек етті. Басшылықтың сенімін ақтай білді. Шет елдерге де туристік сапармен барып, тамаша-
лап қайтты.

-Менің мұндай құрметке ие болуым әрине, жалғыз менің өзімнің еңбегім емес, бұл әріптестерімнің
арқасы. Бригадада менен артық болмаса кем істемейтін Хамит Қабылов, Нақып Елтаев, Василий Дробот
секілді жігіттер болды. Соларға әрқашан арқа сүйеп отырдым. Менің жоқтығымды білдірмейтін, қайта
мен жоқта жоспарды асыра орындауға күш салатын. Олардың да еңбегі елеусіз қалған жоқ. Нақып «Ок-
тябрь революциясы» орденімен марапатталды, Василий болса «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің
иегері атанды,-деп жігіттерін мадақтап отыратын Кәрекең.

Міне, сол Кәрекең бүгінде біздің арамызда жоқ, сұм ажалдың айқара ашылған құшағына еніп, кете

барды. Бірақ мол адамгершілік пен азаматтық иесі, қажыр-қайратымен елін тамсандырып, еңбегімен
елінің құрметіне бөленген жан артына өлместей із қалдырды. Кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай өнегелі

ісі қалды. Ең әрісі оның ісін одан әрі сәтті жалғастырып келе жатқан баласы Жақсыбай, оның соңынан
ерген ұрпағы қалды. Өмір осылай жалғасып келеді.

Жақсыбай демекші, «әке көрген оқ жонады» демекші, Жақсыбай да жастайынан еңбекке аралас-
ты. Әкесінің жолын қуып, оның ақ тілеуімен Батыс Жезқазған руднигіне, алып шахтаға кенші болып

орналасты. Жуырда ғана Армия қатарынан оралған Жақсыбай осындағы Виктор Михайлович Сергий
басқаратын бригадаға қабылданды. Бұл бригада да кеніштегі алдыңғы қатарлы ұжымдардың санатын-

да еді. Оның да өзіндік жинақтаған мол тәжірибесі, ерен еңбегімен атағы шыққан азаматтары бар кол-
лектив еді. Алғашқы келген күннен Жақсыбай да өзін оң қырынан таныта білді. Қандай жұмыс болса да

тартынбады. Жанын сала істеді. Әкесі де жұмыстан оралған баласына ақыл-кеңесін айтып:

-Балам, кеншілер дегеніңіз еңбекке адал жандар, олар қулық-сұмдықты білмейді, ал жұмыстан
жалтақтап, қашқақтағандарды бірден сезеді және бұдан былай ондай адамдар ол ұжымда істей алмай-

ды. Сондықтан әрқашанда достарыңа адал бол,-деп отыратын.

Өзі де отыз жылдан астам кенші болып еңбек етсе де Жақсыбай әкенің айтқан ақылын ешқашанда
ұмытқан емес.

-Әкемнің өнегелі өмірі менің өмір жолымда сәуле шашып тұрған жарық жұлдыз болды. Кенші

жұмысы асығып, аптығуды сүймейді. Забойға келгенде ең алдымен штректің ішін абайлап қарап алу
керек. Штрек төбесін қанша қауіпсіздендірдім дегенмен мыңдаған тонна массаны ұстап тұру оңай ма,

бір жері болмаса бір жері отырады, одан көлемі шамалы болса да тас опырылып түсуі мүмкін. Кеше
мықтап бекітіп кеттім -деуге болмайды, осындайдан сақ болған жөн-мұны қауіпсіздік техникасы дей-

ді. Көп жағдайда кеншілер осыны
ұмытып кетіп жатады. Оның аяғы
қайғылы оқиғаға әкеп соғады. «Құдай .
сақтансаң сақтайды» деген бар. Бұл
да әкенің өмір тәжірибесінен алынған
жәйттар.-дейді Жақсыбай.

Құрамында Д.Қазанбаев,

Ю.Истомин, В.Шпак, М.Қарабатыров,

секілді атпал азаматтар бар комсо-

мол-жастар бригадасын басқарған

жылдары Жақсыбай жұмысты

әрқашан ұтымды ұйымдастырып

отырды. Соның нәтижесінде ол

басқарған бригада өндірістік жос-

парды үнемі асыра орындап, рудник

одан қалды комбинат бойынша со-

циалистік жарыстың алдыңғы шебі-

141

Кен өндірісінің қаһармандары

нен ұдайы көрініп жүрді. Үшінші, екінші дәрежелі Кенші Даңқы белгісінің иегері Жақсыбай Кәрбозұлы
жаңа кен өндіру техникасын жете меңгеріп, өндіріске енгізгені үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына
ие болды.Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, депутат болып қаланың экономикалық-әлеуметтік
салаларының дамуына елеулі үлес те қосты. Әкелі-балалы Кәрбоз бен Жақсыбайдың Жезқазған Кен-
металлургия комбинатының жерасты шахталарында бір ғасырға жуық уақыт еңбек еткенде атқарған
жарқын істері осындай. Жансейітовтер әулеті туралы материалды жерлесіміз, ақын Мұса Тілеуовтың
мына бір өлең шумақтарымен аяқтағанды жөн көрдік.

...Жақсы болу-бар адамның тілегі,
Жақсыбайды жақсы деп жұрт біледі.
Кәрі кенші Кәрбоз қарт әкесі,
Әке, бала -бір кеніштің түлегі.

Әке «Ленин» орденіне иегер,
Ұл-депутат мақтануға сияды ер.
Әке, бала - бір кеніштің ерлері,
Екеуін де жақсы көріп сүйеді ел.

Жезқазған-Сәт6аев,2005жып, тамыз.

142

Кен өндірісінің қаһармандары

ІСІНЕ БЕРІК, ДОСҚА АДАЛ БОЛАТЫН

Кешегі Кеңестік дәуірде ықылым заманнан тұл жатқан кен-
ді өлкеде социалистік ауыл-селоның, сәулетті қалалардың
бой көтеріп, өсіп-өркендеуіне, өндірісінің қарыштап ілгері да-
муына Советтер Одағының құрамындағы республикалардың
көптеген ұлттарының өкілдері өз үлестерін қосты. Жәй қосып
қана қойған жоқ, әрбір атқарған ісіне жанашырлықпен қарап,
маңдай терін төге жүріп, жанқиярлықпен еңбек етті. Сондай аб-
зал азаматтардың бірі, кенді өлкеде айшықты ізі қалған жаны
жайсаң, бауырмал, қарапайым азамат Сулейман Аббасович
Гасанов еді. Әзербайжанның Кировобад қаласында туып-
өскенімен оның барлық саналы ғұмыры Жезқазған өңірімен біте-
қайнасып кетті.Таулы аймақтың ұланы Сулейман жастайынан
алып жақпар-жақпар таулар мен қыртыс-қыртыс қыраттардың
қойнауында нендей сыр барлығына құмартып өсті. Соны білсем
деген құштарлық Кировобад өндіріс техникумын бітіргеннен
кейін 18 жасар бозбаланы Тбилисидегі С.М.Киров атындағы
индустриалды институтқа алып келді. Бұл 1931 жыл болатын.
Институтты тау-кен инженері мамандығы бойынша ойдағыдай
бітірген жас маманға Қазақстанға, оның ішінде сол кезде бүкіл
ел боп салып жатқан Балқаш комбинатына жолдама берілді.
Тау-кен өндірісінде маман кадрлардың тапшы уақыты. Дип-
ломды жас жігітке зор сенім артылып, келген бетте Қоңырат
руднигіне ауысым бастығы болып жіберілді. Институтта алған білімін енді өндірісте кеңінен қолдануға
болады. Бала қиялында жылдар бойы қалыптасып қалған жеті қат жер астының сырын ашуға мүмкіндік
туғанына қуанған жас инженер жұмысқа белсене кірісіп кетті. Өзіне сеніп тапсырылған учаскелердің
бәрінде де шебер ұйымдастырушылық қабілетімен көрініп, ұжымды жемісті еңбек етуге жұмылдырып,
өндірістік жоспарларды ойдағыдай орындауды қамтамасыз етіп отырды. Мұнан кейін ол ауысым ин-
женері, қопару цехының бастығы секілді қызметтік жолдардан өтті. Буыны қатайып, тәжірибесі молая
түсті. Бірақ, ол кездегі тәртіп бойынша жоғары оқу орнын бітіргеніңе қарамастан сен міндетті түрде
Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы борышты міндетіңді өтеуің қажет. Міне, осындай себептен
Сулейман Аббасович 1941 жылы сәуір айында әскер қатарына алынады. Солдат жолы Белоруссия
әскери округінің 28-ші Жеке инженерлік полкының құрамында қатардағы саперліктен басталады. Бұл
кезде енді-енді әскери өмірге бейімделіп келе жатқан жауынгерлер шамалы уақытта нағыз қанішер жа-
умен айқасқа кірісерінен әлі бейхабар еді.

1941 жыл. 22 маусым. Күндіз-түні әскери дайындықтың қамымен жүрген қызыл әскерлер әп-сәтте-
ақ қырғын соғыстың ортасында қалды. Жауынгер Гасановтың жолы өте ауыр болды. Ол қызмет ететін
инженерлік полк Батыс Майданының құрамына енетін. Ал, сол кездегі бұл Майданның басына төнген
қауіп өте ауыр болатын. Оның құрамындағы жекелеген дивизиялар жау қоршауында қалып, қиян-кескі
ұрыстар сала отырып, жау қоршауынан шықты. Осындай қиын кезеңді Сулейман Аббасович та бастан
өткерді. Бейбіт күндерде қопарғыш заттармен жұмыс істеуді үйренген сапер-жауынгер Сулейман май-
дан даласында үнемі алдыңғы шепте жүрді. Шегініс пен жеңілістің ащы дәмін татқан алғашқы айларда
көпірлерге және басқада тосқауылдарға мина қойып, жау әскерінің шабуылына, танктері мен басқада
техникаларының жедел алға жылжуына кедергілер жасап отырды. Жедел жылжып келе жатқан жауға
қарсы мина торлары жасалып жатқанымен тағы да бір елді мекен артта қалатыны еске түскенде са-
перлар қатты қиналатын. Мәскеу түбінде фашистік Германияның айдаһардай атылған Армиясына бер-
ген алғашқы соққысынан кейін Совет жауынгерлерінің мерейі үстем болып, жау ел территориясында
жеңіліске ұшырай бастады. Міне, осы жеңіс шеруі басталған шақта Сулейман Аббасович басқарған са-
перлар взводы жаудың алдыңғы шебін миналардан тазартып, жаяу әскерге, танктер мен артиллерияға,
миномет бөлімшелеріне жол ашты.

Жауынгер С.Гасанов 1942 жылдың наурыз айында Батыс Майданының инженерлік әскері бас штабы
жанындағы кіші командирлер даярлайтын арнайы мектебіне оқуға жіберіледі. Мектепте алты ай оқып, кіші
лейтенант атағын алып шыққан Сулейман өзінің полкына қайта оралады. Бөлім, взвод командирі болды.
Ұлы Отан соғысының қан майданында көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», екінші дәрежелі
«Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін», «Фашистік Германияны жеңгені
үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталды. Соғыстың ең бір қиын сәттерінде Ле-
нин партиясы қатарына қабылданды. Клайпеда қаласын азат етуге қатысқандағы ерлігі КСРО қорғаныс
Күштері Бас қолбасшысының Алғыс хатымен атап өтілді. Совет жауынгерлері Батыста зұлым жауды

143

Кен өндірісінің қаһармандары

жеңгенімен Шығыста Жапон самурайлары елімізге қатер төндіріп тұр еді. Енді Қызыл Армияның барлық
күші Шығысқа аттанды. Оның құрамында Сулейман Аббасович Гасанов қызмет ететін инженерлік полк та
болды. Жапон самурайларымен соғыс қысқа мерзімде Совет Армиясының жеңісімен аяқталды.

Кеудесі ордендер мен медальдарға толы майдангер жігіт бейбіт еңбекке 1946 жылдың ақпан айында
қайта оралды. Оған жолдама Жезқазған комбинатына берілді. Кенді өлкедегі еңбек жолы ашық тау-
кен жұмыстары учаскесінің бастығынан басталды. Мұнан кейін комбинатта әртүрлі басшы қызметтерде
істеді. 1952 жылы «Кресто-Запад» шахтасына бастық болып ауыстырылды. Бұл жұмыста ол ұзақ жыл
жемісті еңбек етті. Сөзіміз дәлелді болуы үшін сол уақыттарда жарық көріп тұрған баспасөз беттерін
ақтарып көрейік.

Қарсақбай аудандық «Қызыл кенші» газетінің 1954 жылдың мамыр айындағы №34 санында
жарияланған мына материалда:

... Кешегі майдангер, бүгінгі кенші, инженер С.Гасановтың «Кресто-Запад» шахтасына бастық бо-
лып тағайындалғанына шамалы уақыт болса да оның жұмысты шебер ұйымдастыруының арқасында
коллектив мыс комбинаты бойынша социалистік жарыста алдыңғы шептен көрініп келеді. Ұлы Жеңіс
күні қарсаңындағы екпінді вахтаның әр күнінде кеншілер байыту фабрикасына жоспардан тыс жүздеген
тонна руда жөнелтті. Сөйтіп, айлық жоспарды 103,2% орындап шықты... делінген.

«Жезқазған жұмысшысы» газетінің 1965 жылғы қараша айындағы санында «Кеншілер алда келеді»
айдарымен С.А.Гасанов басқаратын шахта ұжымының табыстары жайлы жарияланған материалды
оқып көрелік.

...Жезқазған кен-металлургия комбинаты коллективтері арасында алғашқылардың қатарында ком-
мунистік еңбек қозғалысына қосылған «Кресто-Запад» шахтасының кеншілері айтарлықтай табыстарға
қол жеткізді. Жеті жылдық жоспар алты жыл үш айда, яғни 1965 жылдың 8 сәуіріне орындалды. Осы жыл-
дарда шахтада жұмыс істеуші әрбір кеншінің еңбек өнімділігі 53 процент артты. Бір тонна кен өндіруге
жұмсалатын шығын жоспардағыдан 5,3 процентке азайды.

Жеті жылдықта 5 комплексті бригадаға және 69 жұмысшыға «Коммунистік еңбек коллективі» жоғары
атағы берілді.

-Мұндай жоғары табыстарға жетуіміздің басты себебі.-депті тілшіге берген сұхбатында шахта
бастығы С.А.Гасанов,-кеншілер арасындағы социалистік жарыстың дұрыс ұйымдастырылуында. Екін-
шіден, шахтаның басшысы, кәсіподақ комитеті, инженер-техник қызметкерлер жұмысшыларға барлық
мүмкіндіктерді жасауға күш жұмсайды. Атап айтқанда, олардың жұмысқа қатынау, жұмыс орнындағы
асхана жұмысын дұрыс жолға қою, тұрмыстық жағдай жасау мәселелеріне зор көңіл бөлеміз. Жұмыс
өнімділігінің артуына жаңа жоспарлау жүйесіне көшу мен экономикалық ынталандыру да оң әсерін тигі-
зуде. Бүгінде шахтерлердің айлық жалақысы 6% өсті...

Кешегі майдангер еңбек майданында да өзінің іскерлігі, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығы
арқасында коллективті алға қойған мақсатты орындауға шебер жұмылдыра білді. Жұмысшылармен тіл
табыса жұмыс істеуінің арқасында ұжым жоғары көрсеткіштерге жетіп, комбинат бойынша социалистік
жарыстың көшін бастап отырды.

Цифрларға көз жүгіртсек шахтаның табыстары жылдан-жылға өсіп отырғанын көреміз. Мәселен, 1968
жылдың жоспарын «Кресто-Запад» шахтасының ұжымы 105,5% орындапты. Шахтада жүргізілген инже-
нерлік-ұйымдық-техникалық шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде кәсіпорынның тиімділігі үнемі
артқан. Шахта басшылығының жұмысшылардың, инженер-техник қызметкерлердің білімін жетілдіруге
басты көңіл бөлгені байқалады. Шахта жанынан ұйымдастырылған арнайы курста бір жылда ғана 67 дәрі
аттырушы, бұрғышы, сырмашы және тағы басқада мамандықтың иелері оқып-білімін жетілдірген.

Кен өндірісінің білікті де іскер жетекшісі металлургия өндірісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін 1961
жылы КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен «Ленин» орденімен марапатталды.

-Менің әкем өте қарапайым адам болды. Ешкімді бөтенсімейтін. Оған қазақ та, орыс та дос еді. Де-
малыс, мерекелерде біздің үй қонақсыз болмайтын. Ауылдық жерлерден де дос тапты ғой. Оларға анда-
санда машинамызбен барып тұратынбыз,-деп еске алады С.А.Гасановтың қызы Сәтбаев қаласындағы
мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Лейли Сулеймановна. Ол тынымсыз жан болатын. Бос
уақыты болмайтын, жұмыс өз алдына, оның сыртында қаншама қоғамдық жұмыстар атқаратын. Зей-
неткерлікке шыққанша поселкелік, қалалық Советтерге бірнеше дүркін депутат болып сайланды. Де-
путат ретінде тұрғындардың мұң-мұқтажын орындауға белсене кірісіп кететін, оны өзінің шаруасындай
жанашырлықпен орындайтын.

Сулейман Аббасович Гасановтың бүкіл саналы ғұмыры Жезқазған жерінде өтті, осы жерге терең
тамыр жайды. Оның Гасан, Фатали, Лейли, Гюльшан деген балалары Жезқазған поселкесінде дүниеге
келді. Өмірге қанат қақты. Қайда жүрсе де олар кіндік қаны тамған жерін ұмытпақ емес. Майдангер әрі
еңбеккер жан Сулейман Аббасовичтың жарқын бейнесі болашақ ұрпақтар үшін шынайы достықтың бел-
гісіндей сәуле шашып тұрары айқын.

Жезқазған поселкесі, наурыз 2006 жыл.

144

I

Кен өндірісінің қаһармандары
ЖАҢАШЫЛ БРИГАДИР

Жаңа технологияларды өндіріске кеңінен енгізу, рудниктердің барлық шахталарында бригадалық
әдіспен жұмыс істеу нәтижесінде Жезқазған кен-металлургия комбинаты оныншы, он бірінші
бесжылдықтарда ырғақты жұмыс істеп, Бүкілодақтық социалистік жарыста КПСС Орталық Комитетінің,
СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС пен ВЛКСМ Орталық Комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын үш жыл
қатарынан жеңіп алды.

Комбинаттың қол жеткен табысына тоғызыншы бесжылдықта бастау алған «мыңшылар» қозғалысы
қомақты үлес қосты. Оның бастауында Шығыс Жезқазған руднигінің №57 шахтасының тәжірибелі
жұмысшысы, жаңа алып шахта жағдайыида сыннан өткен забойшылар бригадасының бригадирі Ро-
ман Петрович Расновский тұрды. Бригада өз мүмкіндіктерін есептей келіп, өздігінен жүретін кен өндіру
техникаларының еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өз жоспарын жасады. Жоспар ЭП—1 экскавато-
рын, бұрғылау машиналарын, дизельді автосамосвалдарды пайдалана отырып тәулігіне мың тоннадан
кен өндіруге болатынын көрсетті. Көп ізденістің нәтижесінде «мыңшыпар» қозғапысы осылай дүниеге
келді. Кейін бұл оның бастамасын қызу қолдаған ондаған бригаданың күнделікті нормасына айналды.

Оныншы, он бірінші бесжылдықтар жылында мыңшылар бригадасы қабылдаған социалистік міндет-
темелерін асыра орындап жүрді. Оның жетекшісі, мыңшылар қозғалысының инициаторы Р.Расновский
«Ленин» орденімен наградталды.

Р. П. Рысновский оң жақта әріптестерімен бірге.

145

Кен өндірісінің қаһармандары

ӨР КЕУДЕЛІ ЖАЛЫН ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ

Кезінде еселі еңбегімен әріптес кеншілер арасынан оза шауып жарыс көшін бастаған, талай-талай
телевизиялық әңгімелеріміз бен хабарларымыздың кейіпкері болған Батыс Жезқазған кенішінің май-
талман кеншісі Әбдіқадір Айтуаров ағамыздың Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде
орналасқан коттеджін табу маған онша қиынға соққан жоқ. Жобалап келген бетте көшеде ойнап жүрген
бір-екі баладан:

-Әбдіқадір деген ағаларыңды білесіңдер ме, қайда тұрады?-деп сұрап үлгергенше болғам жоқ, жасы
он-он бірлер шамасындағы, дөңгелек жүзді, көзі күлімдеп тұрған қара домалақ бала:

-Аға, біз ол кісіні жақсы білеміз, ол кісі жұмыс істеп жүргенде мектебімізде талай кездесулерге
шақырғанбыз. Омырауы толған ордендер мен медальдар. Озат кенші,-деп заулатып ала жөнелді. Ша-
масы әлгі менің: «Әбдіқадірді білесіңдер ме?»-деген сұрағыма намыстанып қалған болуы керек, жүзінде
реніш белгісі байқала ма, қалай?

- Анау бұрышта тұрған үй,-деді де теріс айналып кетіп, қолындағы ала добын ұршықша үйіріп, екі
аяғымен қақпақылға алып, тепкілей жөнелді. Өзім де спортқа жақындау болғандықтан да болар мына
қара домалақтың қақпақылына сүйсіне қарап қалғанымды байқамай, бір сәт тұрып қалыппын.

Іздеп келген кенші ағамыз үйінде екен. Бірден тани кетті. Ағамыздың қарапайым, мақтануды жаны
сүймейтінін біз бұрыннан білетіндіктен әңгімені күнделікті ел жаңалықтарынан, ауа райынан бастап,
біртіндеп келген шаруамызға көштік. Кезінде біз көрген өр кеуделі, палуан денелі жігіт ағасы бүгінде
көп ысылған. Жастайынан көрген ауыр бейнеттің, шахта астындағы жанталас жұмыстың салдарынан
денсаулық та нашарлаған. Журналистика саласында отыз жылдан астам еңбек еткен жылдары та-
лай-талай еңбек адамдарымен кездесіп, өмір тарихы жайлы сыр шертісіп, әңгімелескенде Әбекеңнің
өміріндей ауыр өмір жолын естіп көрмеппін. Сонымен мен естіген Әбекеңнің өмір тарихына бір сәт
назар аударалық.

-Айналайын Шәке, ананы қарашы,-деп ол менің назарымды қабырғада ілулі тұрған костюміне
аударды. Костюмнің омырауы толған орден-медальдар. Мен алғашында түсінбей қалдым. «Не айтар
екен?»- деп.бетіне қарадым.

-Мен ана самсаған темірлер үшін еңбек еткен жоқпын. Оны өздері берді. Менікі-әлгі мақалда айты-
латын «жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіредінің» кері ғой. Мен ешқашанда орден үшін, мақтау
сөз үшін жұмыс істеген жан емеспін. Өзіме тапсырылған жұмысты тиянақты орындау әрқашанда менің
басты мақсатым. Менде артымнан жаман сөз ермесе екен деген бір ғана ой болады. Соны орындау
үшін жанымды саламын.

Үнсіздік. Ол ойланып қалды. Бір сәт көзінің алдынан өзінің балалық шағын кино лентасындай зыр
еткізіп- өткізіп алды-ау деймін, түсі өзгеріп, қатты қиналған сыңай байқатты. Сәл-пәл үнсіздіктен кейін
Әбекең әңгімесін одан әрі жалғастырды.

-Мен балалық шақтың не екенін білмей өстім. «Айналайын» деген жылы сөз естіген жан емеспін.
Менің әкем Әбдіғали да отызыншы жылдарда Жезқазғанның №1 шахтасында жұмыс істепті. Ауыл-
дан шықса да көзі қарақты жанды шахта басшылары Оралдың тау-кен кәсіпорындарына тәжірибе
алмасуға жібереді. Ол орыстармен бірге шахталардың астына түседі, арнайы курстарда оқып, кеншілік
мамандыктың қыр-сырын меңгереді. Елге келгеннен кейін атақты кенші Тұрғынбай Дүрментаевпен бірге
жұмыс істеген екен. Кейін мен ес біліп, ел қатарына қосылған кезде Тұрғынбай ағамыз:

-Әбдіқадір, сенің әкеңмен біраз уақыт бірге істедік қой. Қайырымды, жақсы адам еді, еңбек десе жа-
нып тұратын. Шахтада қайтыс болды,-деп еске алатын.

Иә, ол мен туғаннан кейін бір жылдан соң шахтада болған апаттан қайтыс болады. Сондықтан да
мен әкенің аялы алақанының не екенін де сезбей өстім. Мына Жезді өзенінің бойындағы Талдысай-
дан әріректе жеті-сегіз шақырым жерде «Коммуна» деген колхоз болды. Орталығы «Стандарт» деген
қыстақ. Соғыс уақытында сонда ел егін егіп, Отан қамбасына астық құйыпты. Біз баламыз бидай, тары,
сұлы, арпаны шегіртке мен торғайдан қорғаймыз. Сол «Стандарттан» 8-9 жасымда нағашы апам сиыр
жеккен арбамен Жезқазған руднигіне әкелгені көз алдымда бүгінгідей жатталып қалыпты.

Поселкеде де жағдай жоқ. Нан карточкамен беріледі. Түннің бір уағынан дүкенге барып кезекке
тұрам. Таңертең дүкен 8-де ашылғанда халық ішке лап қояды. Бізді бала-деп аяп жатқан ешкім жоқ.
Қабырғаңды күтірлетіп, басып-жаншып өтеді. Кейін менде қуландым. Кезекте тұрғандардың аяғының
арасынан өтіп кетіп, дүкеншінің алдынан бірақ шығатын болдым. Ес білгеннен өз күнімді өзім көрдім.
Жаз айларында «Весовой» поселкесінің әр жағындағы қоймаларда жұмыс істеймін. Арзан жұмысшы
күші болғандықтан шығар, кішкентайлығыма қарамайды, көмір, ағаш түсіртеді. Оның бер жағында нан
зауыты болды, кейде сонда ұн тасимын.

Қазіргі №57 шахтаның орнында ол уақыттарда сырты қамыспен қоршалған екі бұрғылау станогі
тұратын. 9-10 кластарда оқып жүрген кезімде сол станоктарда істеудің де сәті түсті. Оқу бітер бітпестен

146

Кен өндірісінің қаһармандары

осында келем. Көмекші жұмысшы етіп алады. Бұл жұмысым қоймалардағы жүк тасымалдаудан бір-
шама жеңілдеу болды. Адам жетіспейді, екі станокта үш адам істейміз. Бүрғылаушы мастеріміз Мұса
Нұрымов, бұрғышы Қуанбек Баймағанбетов деген кісілер болды. Жұмысты бар ынта-жігерімен істей-
ді. Біз сол уақытта қабырғасы қалың құбырларды 450-550 метр тереңдікке дейін сіңіріп, сынама алып
жүрдік. Бұрғылау әдісімен жер астынан алынған сынаманы Мұса маған көрсетіп тұрып:

-Бала, мына қарасайшы, мынау бізге қажетті мыс деген болады. Тұрған жеріміздің асты жатқан мол
байлық. Көп ұзамай осы жерге шахта салынады. Жұмысты тездетейік. Мына байлықты тезірек халық
игілігіне жарату қажет,-деп кәдімгі шахтаны өзі салатындай сендіре айтатын еді. Расында кейіннен осы
жерге шахта салынып бой көтерді емес пе?

Мен не көрмедім? Оныншы класта оқып жүргенде бір жылдың ішінде он екі үйде жаттым. Қанша
қиындық көрсем де оқуға деген ынтам жоғары болды. Математикамен, физикамен жақсы достасып
кеттім. Қарсақбай интернатында да жатып оқыдым. Сонда оқыған жылы Әбдірахметов Жанәлі деген
баламен бірге жатқам, мектепті бітірген жылы екеуіміз ештеңеге де қарамастан Новосибирскінің ауыл
шаруашылығы институтына оқуға түсеміз деп тартып отырдық. Емтихан тапсыруын талсырғанмен кон-
курстан өте алмай, сол бағаларымызбен құрылыс техникумының механика факультетіне оқуға түсіп кет-
тік. Жезқазған өңірінен осы жаққа Шериаздан Әбішев пен Қазкен Пазыловтар электротехникалық байла-
ныс институтына оқуға түсеміз деп кеткен екен (кейіннен екеуі де Қазақстан Республикасының байланыс
саласында жоғарғы лауазымды қызметтер атқарды). Олар да оқуға түсіпті, бір-бірімізді тауып алып, оқу
біткенше жұбымыз жазылмай жүрдік. Бірінші күннен спортпен шұғылдандық. Мен классикалық күрес,
Жанәлі бокс секциясына бардық. Екеуіміз де оқуды жақсы оқыдық. Спорттағы жетістігіміз де жақсы.
Қала, облыс чемпионы атағын жеңіп алдық. Бір өкініштісі бірде Жанәлі жаттығудан кейін мұздай су ішіп
қойып, кенеттен қайтыс болды.

Шериаздан мен Қазкендердің артынан ақша келеді, маған ақша салатын ешкім жоқ. Содан баяғы
кәсібіме қайта кірістім. Қол босаған уақыттарда теміржол вокзалына, қоймаларға барып жүк түсіріп,
ақша табам. Еңбек түбі-зейнет емес пе, жағдайымды біршама жақсартып алдым. Оқу бітерде Новоси-
бирскіде қал-деген ұсыныс болды. Бірақ оған келіспедім. Мақсатым елге жету болды.

Қарағанды автотресіне жолдама берді. Трест үлкен. Ірі-ірі автобазалары бар. Машина паркі де
біршама жаңа. Жұмыс істеген адамға жаман болмайтын секілді. Қызмет бабында өсуге де болады.
Ақылдасатын ешкім жоқ. Ойым сонда қалу. Сөйтіп жүргенде: «Шешең ауру, елге қайт»,-деген хабар
алдым. Жазған құлда жазық бар ма Жезқазған поселкесіне келуге тура келді.

Комсомол поселкесіндегі №1 автобазаға механик болып орналастым. Сол жылдың күзінде Армияға
алындым. Менімен қатар алынған жігіттерді Кеңестер Одағының түкпір-түкпіріне жіберді. Мен мына ірге-
дегі Төретамнан бірақ шықтым. Ол кезде космосты игерудің дәуірлеп тұрған заманы. Талай-талай сәтсіз
ұшырулар да болды. Соның ішіндегі ең ауыры генерал Л.Неделин бастаған 75 адамның бір сәтте опат
болуы болды. Олардың сүйектерін жинап алу мүмкін болмағандықтан барлығы бір жерге, бауырлас-
тар қабіріне қойылды. Кейіннен ол жерге үлкен ескерткіш орнатылды. Мұның бәрі құпия. Төретамның
аты да аталмайды, «9-я площадка» дейді. Мен сол жерде 3 жылға жуық уақыт бойы Отан алдындағы
азаматтық борышымды өтедім.

Әбдіқадір әскер қатарында құрылысшылар ротасында бригадир болды. Оның бригадасының қызметі
құрылысы қауырт жүріп жатқан әскери объектілерде жұмыс істейтін әртүрлі техниканың ақаусыз жұмыс
істеуін қамтамасыз ету. Бос уақыттарда солдаттарды классикалық күрестен спорт секциясына тар-
тып, жаттықтырды. Ротада орын алған кейбір келеңсіз жағдайларды-мерзімі аяқталып келе жатқан
солдаттардың әскерге жаңа алынған солдаттарға көрсететін зәбірін(дедовщина) қойғызды. Сөйтіп ол
жауынгерлер арасында құрметке бөленді.

Әскерден оралғаннан кейін Жезқазғандағы «Казмедьстрой» тресіне қарасты механикаландырылған
жұмыстар басқармасында, «Спецстрой» құрылыс мекемесіндежұмыс істеді. Бүгінде Сәтбаев, Жезқазған
қалалары тұрғындарының ішіп отырған ауыз суын сонау Қарабұлақтан тартқан да Әбдіқадір Айтуаровтың
монтаждаушы жігіттері болатын.

1965 жыл Әбекеңнің өміріне соны өзгеріс әкелді. Ол мамандығын ауыстырып, Батыс Жезқазған
кенішінің №55 шахтасына электрослесарь болып жұмысқа тұрды.

-Жұмысты ауыстыру да маған оңай болған жоқ, сол үшін сонау техникум қабырғасында жүргенде
өткен Ленин партиясы қатарынан да кетуге мәжбүр болдым. «Сананы тұрмыс билейді» деген емес пе,
балалы -шағалы болдым. Құрылыста айлық жоқ, тұратын жөні түзу үй де бермеді. Қатты қиналдым,
орын ауыстыруға тура келді,-дейді қиыншылық кезді еске алып, еңбек ардагері.

Әбекең әңгіме арасында Шериаздан Әбішевтің адамгершілігі, досқа деген адалдығы туралы мына
бір жәйтті сондай бір қимастық көңілмен, жастай кеткен қайран азаматтың қайырымдылығына деген
ризашылық сезіммен еске түсірген еді.

-Менің әскерден келген бетім, механикаландырылған жұмыстар басқармасында істеймін. Үй жоқ.
Соның алдында ғана үйленгем. Әйелім Рудникте. Мен Жезқазғанда. Бір күні көңілім бей-жай күйде

147

Кен өндірісінің қаһармандары

келе жатсам қарсы алдымнан Шериаздан шыға келді. Ескі достармыз. Қауқылдасып, амандық-саулық
сұрасып жатырмыз. Бір кезде менің көңілсіз күйімді байқап қалған Шериаздан:

-Оу, саған не болды. Кеше ғана үйлендің. Сенен бақытты адам жоқ шығар десем өзің көңілсізсің ғой.
Не боп қалды, айтшы,-деді. Мен жағдайымды айттым. - Ой, тәйір-ай, сол да сөз болып па, мә, мына
кілтті ал, Балқаш көшесіндегі менің бір бөлмелі үйімде тұратын боласың,-деп қолындағы кілтті ұстата
салды. Шериазданның қалалық байланыс мекемесінде бас инженер болып істейтін кезі-тін. Сөйтіп, сол
досымның үйінде әйелім Төкен екеуіміз үй алғанша тұрғанымыз бар. Кейін екі-үш жылдың шамасында
маған Весовойдан үй бергенде Шериазданның мен үшін қуанғандағы асыл бейнесі көз алдымнан осы
күнге дейін кетпейді.

Менің отыз жыл өмірім Батыс Жезқазған кенішінде кен өндірумен өтті. Алғашында кен өндіру
техникаларының электр жабдықтарын жөндеуші электрослесарь болып орналастым. Жер астында
өзіміздің Одақта шыққан техникалармен қатар шетелдік техникалар да болды. Мені сонда таңқалдырғаны
шетелдік техникалардың сапасының жоғарылығы. «Джой» деген американдық кен тиеу машинасы бол-
ды. Сапасы өте жоғары. Жыланбауыр шынжыр табаны ұзақ пайдаланғандықтан қалыңдығы пышақтың
қырындай болып қалды, бірақ соған қарамастан мықтылығы сондай, біз оны кесіп ала алмадық. Бірер
жылдан кейін кен тиеу машинасы «Катерпилларға» ауысып, кете-кеткенше содан түскен жоқпын.

Әбекең осы жылдар ішінде С.Асатовтың. А.Шегірбаевтың, Р.Төлеубаевтың кеніш директоры болғанын,
олардың адамгершілігі мол, талантты, іскер басшы болғаны жайлы, жұмысшыларға деген қамқорлығы
туралы әңгіме үстінде тебірене еске алды.

-№55 шахтада Садық Қасымұлы Асатовтың ұйымдастыруымен кеніш өмірінде талай-талай
жаңалықтар болды. Кеншілерге арналып сауна салынды, асхана ашылып, кеншілердің жер астында да
тамақтануы ұйымдастырылды. Арнайы автобуспен жұмысқа баратын болдық.

Ғарышкерлердің талайының космосқа ұшуының тірі куәгерімін. Космонавтарды ұшуға дайындау
қандай қиын болса, оларды ғарыш әлеміне сапарға апаратын ұшу аппараттарын даярлау және оны
кеңістікке ұшыру одан мың есе қиын шаруа ғой. Әскерде жүргенде сол қым-қуыт шаруалардың бел орта-
сында жүрдім. Кейіннен «Союз-13» кораблінің экипажы, ғарышкерлер В.Лебедевпен және П.Климукпен
Жезқазған жерінде болған кездесу мен үшін үлкен қуанышты сәт болды. Мен ұшу аппараттарының
қалай даярланатынын, жалпы космодромдағы жағдайды қолмен қойғандай қылып әңгімелегенде әлгі
екеуі бауырларын көргендей қуанды.

Мен үшін тағы бір есте қалатын жағдай, жетпісінші жылдары қазақтың атақты ақыны Сырбай Мәуленов
және жазушы Мұхамбетжан Қаратаев ағаларымызбен жеті қат жер астында кездесуім болды. Ақын-жа-
зушы дегендерің аңқау, қияли жандар болып келеді ғой. Олар да ту Алматыдан «алып шахтаны көреміз,
оның озаттарымен танысамыз» деп келіпті. Сол уақыттарда менің де озаттар қатарына ілігіп қалған
кезім болатын, менен интервью алды. Барлық жағдайды тәптіштеп сұрап, біраз уақытымды алғаны бар
емес пе? Кейіннен сол материал «Жұлдыз» журналына шықты.

Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы біздің шахтаға келгенде кеншілермен кез-
десу өткізді. Сол кездесуде мен өзімнің жұмысым, әріптестерім, шахтаның экономикалық көрсеткіштері
туралы әңгімелеп бердім, соңынан ескерткішке суретке түстік. Бұл да бір менің есімде мәңгі қалатын
елеулі оқиғалардың бірі.

Жастайынан темір тұлпардың құлағында ойнаған Әбдіқадір Айтуаров кен тиеу машинасын да
ұршықша үйірді. Дер кезінде тетіктерін майлап, қажетті кезінде қосалқы бөлшектерін айырбастап
отырудың нәтижесінде оның машинасы ақауланып ұзақ тұрып көрмепті. Міне, осынысы үшін де брига-
далас әріптестері де, шахта басшылары да оны зор құрметтейтін. Еңбегі де ескерусіз қалған жоқ. Оның
омырауында бүгінде сәуле шашып тұрған « Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі 1971 жылы, « Еңбек
Қызыл Ту» ордені 1974 жылы, « Октябрь Революциясы» ордені 1981 жылы кеудесіне тағылған еді. Шах-
та басшылығы озат кеншінің еңбектегі зор жетістіктерін бағалап Сәтбаев қаласынан жеке коттедж берді.
Қарапайым еңбек адамының еңбегі жанды деген осы да.

Өмірінің жалғасы балалары-Гүлнәр, Гүлзира, Қанат, Аяз, Жан корпорация саласында еңбек етеді.
Қанаттың әкесінің «Катерпилларында» жұмыс істегеніне жиырма шақты жылдай болып қалды. Ол да
еңбек озаты. Елдосы ғана оңтүстік астанада фирмада, жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Өр кеуде, палуан денелі, лапылдаған жалын жүректі азамат, майталман кенші Әбдіқадір Айтуғанов
шерткен сыр осындай.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, мамыр.

148

Кен өндірісінің қаһармандары

ЛАУРЕАТ

Әскери борышын Молдаван ССР-нің Тирасполь қаласында
өтеп, ұлының абыроймен елге оралуы Екатерина Васильев-
наны шексіз қуанышқа бөледі. Бірақ... Арада шамалы уақыт
өткенде туысқандарының бас қосқан келесі бір жиынында
Николайдың айтқан сөздері оған оншалықты ұнай қойған жоқ.
Баласы осы жолы Қазақстандағы Жезқазған деген қалаға ба-
рып, шахтада жұмыс істеймін деген шешім қабылдағанын ше-
шесіне тура айтып салды.

Өмірі Жезқазған деген қаланы көрмек түгілі оның қайда
екенін естіп-білмеген Екатерина Васильевна ұлын жырақ жібе-
руге қимай, аналық сезіммен наразылық білдіре үн қатты.

Коля, мұның қалай? Өзіңнің ата-бабаларың барша ғұмырын
өткізген, топырағына кіндік қаның тамған туған жеріңнен ке-
темін дегенің не сөз? Сенің әкең осы жерде өмір бақи еңбек
етті. Ұлы Отан соғысы басталғанда ел қорғауға аттанды. Май-
дан даласында қаза тапты. Енді сол әкеңнің орнын жоқтатпай,
елде болғаның жөн емес пе?

Анасының сөзін ағалары да құптады. Бірақ жастайынан
бірбеткей болып өскен Николай осы жолы анасын да, туған
туысқандарын да айтқанына көндіріп шықты.

Өзіне беймәлім Жезқазанға келіп, жиырма бестегі жас жігіт
өзі қалаған жер асты жұмысына құлшына кірісіп кетті. Әуелде
- ол №51 шахтадағы забойшылар бригадасына үйренуші
болып орналасты. Шахта жұмысынан хабарсыз жас жігітке ең алдымен еңбектес әріптестері қол
ұшын берген еді. Әсіресе, звено жетекшісі Федор Михайлович Суркан оның кеншілік мамандығын
меңгеруіне көп қамқорлық жасай білді. Бір забойда еңбек еткен әріптесі, тәжірибелі Николай Мар-
кушин де оның іске деген ынта жігерін бірден танып, қолынан келген жақсылығын аяп қалған жоқ.
Міне, осындай аға жұмысшылардың қамқорлығы арқасында ол кен өндіру ісіне тез жетіліп, озат
кеншілердің қатарына қосылды.

№51 шахтада жұмыс істеген алты жылдың әр күні Николай Ивановичтің есінде жатталып қалған.
Өйткені ол нақ осында тұңғыш рет қызығы мен қиындығы мол кеншілік мамандықты меңгерді. Дәл осы
шахтада жүріп, жаңа технологияны өдіріске енгізуге белсене қатысты. .Жоғары көрсеткіштерге жетті.

-Сол кездегі шахта директоры,-деп еске алады Николай Иванович, өзінің алғаш рет шахтаға жұмысқа
тұрғанын еске алып, - Жанәлі Сағитов мені жұмысқа алғысы келмеді.

-Сен өзің тұрақсыз, "летун" жігіт шығарсың. Бізге дейін де бірнеше жұмыс орнын ауыстырыпсың. Біз-
де жұмыс өте ауыр. Ертеңгі күні бұдан да кетерсің. Сондықтан жігітім әуре болып қайтесің, басқа жұмыс
тауып ал,-деді.

Директордың "летун" деген сөзі жаныма қатты батып кетті. Сол жерде жатып тұрып жалындым. «Мен
енді бұл орыннан ешқайда кетпеймін»,-деп уәде де бердім. Не керек, Сағитовты көндірдім. Міне, со-
дан зейнеткерлікке шыққанша Шығыс Жезқазған руднигі менің тұрақты жұмыс орным болды. Барлық
жетістіктерім мен қуанышым сол кенішпен байланысты өтті.

Ал, бұдан кейін арада аз уақыт өткенде жаңа №57 шахта іске қосылған сын сағаттарда оның өндірістік
қуаттарын толық игеру мақсатымен тәжірибелі кеншінің бірі ретінде Н.И.Макаров жаңа алып шахтаға
жұмысқа жіберілді. Жаңа техникада Алексей Афанасьевич Поротиков бригадир болатын Николай содан
көп нәрсе үйренді.

Тарихи тоғызыншы бесжылдықтың соңғы жылдарында рудник кеншілері жоспарды тұрақты орында-
май, артта қалуды жиілетті. Бұл кезде оның бригадасы озаттар қатарында болатын. Рудниктің, жекеле-
ген бригадалардың жоспарды орындамай артта қалып келе жатқаны оны қатты ойландыратын. Оның ең
басты себебі қыдырымпаздық, жатып ішерлік, жұмысқа немқұрайлы қарау факторлары екенін күнделікті
көріп, көңіліне тоқып жүрді.Бұл пікірін партия комитетінде, кәсіподақ жиналысында ортаға салды. Көп
ойланып, көп толғанғаннан кейін «Ең алдымен тәртіп керек» деген тақырыпта баспасөзге мақала жаз-
ды. Онда ол еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады, тәртіпті қалай қатайту қажет және тағы басқа да
мәселелерді көтерді. Озат еңбеккердің бастауы комбинат, облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты.

Н.Макаров құр сөздің адамы емес. Ол еңбектің адамы. Өндірісті шебер ұйымдастыра білетін шебер
де қабілетті басшы. Мәселен, ол басқаратын бригада кен өндірудің 1976 жылғы жоспарын 105,2 про-
центке орындаса, 1977 жылды 101,6 процент, 1978 жылды 101,1 процент көрсеткішпен аяктады. Бри-

149


Click to View FlipBook Version