The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-11-13 09:48:45

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

rahmetov sh.k. ken ondirisinin kaharmandary

Кен өндірісінің қаһармандары

гада №57 шахтаның екінші учаскесіндегі кенге бай 1 бис, 10 бис панельдерінде кен өндірді. Шпурлар-
ды бұрғылау «Максиматик» және «Миниматик» бұрғылау қондырғыларымен атқарылды. Кен өздігінен
жүретін «Катерпиллар» жүк тиегішімен МоАЗ ға тиеліп, тасылды. Бригада мүшелері өздігінен жүретін
кен өндіру техникасын жетік меңгеріп қана қоймай, оны үнемі түзік жағдайда ұстауға әдеттенді. Үжымда
орта есеппен бір адамға шаққанда сменалық өнім көлемі жоспардағы 50 текшеметрдің орнына 59 тек-
шеметрден айналды.Олар тәулігіне мың тоннадан астам кен өндіріп, «мыңшылар» қозғалысының бел
ортасында жүрді.

Николай Макаровтың бригадасы рудник, комбинат бойынша жүлделі орындарды бірнеше дүркін
жеңіп алса, республика түсті металлургия министрлігі кәсіпорындары арасында тұрақты түрде озат кол-
лектив атанды. Оның еңбектегі жетістіктері мен өнегелі ісі жоғары бағасын алды. ¥зақ жылғы кеншілік
қызметі үшін омырауына «Еңбек Қызыл Ту» орденін тақты. СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды. Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Бір кезде "летун" атанған бозбала жылдар өте келе есімі Одаққа танымал кенші атанды. Жаңа кен
өндіру техникасын игеріп қана қоймай, оның өнімділігін арттыруда қол жеткен табыстары үшін 1985 жылы
еліміздің ең жоғары наградасы «Ленин» орденімен марапатталды. Ол сол кездің өзінде өнегелі ұстаз
атанды. Александр Козлов, Мұхит Шәмшиев, Виктор Кириченко, Николай Дайнеко секілді шәкірттерін
мақтан тұтты. Олар да өндіріс озаттары атанып, еңбектері жоғары бағаланды, орден-медальдармен
марапатталды. Николай Дайнеко «мыңшылар» бригадасын басқарды.

Еңбекте озат болумен қатар Николай Иванович қоғамдық жұмыстардан да тыс қалып көрген емес.
Өнегелі өндіріс командирі қалалық партия комитетінің мүшесі ретінде де экономикалық әлеуметтік
саланың дамуына айтарлықтай ат салысты. Жастар тәрбиесіне басты көңіл бөлді. Бүгінде Николай Ива-
нович өндірістен қол үзген жоқ. Тау-кен жабдықтарын жөндеу зауытында қатардағы слесарь-жөндеуші
болып жұмыс істейді. Бірақ, кеншіліктің ауыр жолынан тайсалмай өтіп, талай еңбек асуларын алған
ардагердің кейінгі буын жастарға үйретері мол. Лауреат кеншінің өнегелі өмір жолы осындай.

Сәтбаев қаласы, желтоқсан 2005 жыл

150

Кен өндірісінің қаһармандары

ТАУ БАЛАСЫ ТАУҒА ҚАРАП ӨСЕДІ

Әбдіқадыр Бекматов... Бұл есім өткен
ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары

Жезқазған өңіріне кеңінен танымал бол-
ды. Ол Шығыс Жезқазған руднигінде за-

бойшылар бригадасын басқарды. Ерен
еңбегімен еліне танылған азаматпен об-

лыс орталығында өтетін талай-талай бас
қосуларда кездесіп, жүздесіп жүрдік.

-Мен,-дейтін сонда Әбдіқадыр, - жас-
тайымнан Тянь-Шянь тауларының мәңгі

мұзарт шыңдарына қарап өстім. Әрдайым
биік асуларға қол созып, арман құшағында

жүргенді ұнататын едім. Міне, сол арман асу-
лары мені қазақ даласына әкелді. Қойнауы

кенге толы Жезқазған өңірі мені бөтенсімей

қарсы алды, туысқан қазақ бауырларымның
Жезқазған облыстық партия конференциясының құшағы менің өміріме мол бақыт, шек-
делегаты Ә. Бекматовтың тележурналистке сухбат сіз құрмет сыйлады. Мен өз бақытымды

беріп тұрған сәті қарапайым еңбегіммен, қасымдағы қазақ,

орыс бауырларымның шексіз махаббаты-

нан тауып отырмын.
Шынында, оның бұл сөзінде жан бар еді. Әбдіқадыр өз елінде әртүрлі мамандықта жұмыс істеді.

Бірақ табылған жұмыстарды көңілі қош көрмеді. Алабұртқан жастық шақ, жастық романтика тағат тауып
бір орында отырып жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді.

Сонымен дәм-тұз тартып 1959 жылы Жезқазған руднигіне келіп,№51 шахтаға забойшының үйренушісі
болып жұмысқа қабылданды. Әрине, ол бұл кезде осы забойшы мамандығы оның бақытының, еңбек

жеңістерінің бастауы екенінен әлі хабарсыз еді. Жас жігіт жер астындағы соны жұмысқа белсене кірісіп
кетті. Забойда қандай мамандық болса соны меңгеруге тырысты. Ең ақырғысы кен тиеу техникасы бол-

са оны да Әбдіқадыр жете меңгеріп алды. Кешегі өз елінде Ортотакай құрылыс басқармасында жұмыс
істеген жылдары экскаватор машинисінің көмекшісі болғаны мұнда көп септігін тигізді. Өмір тәжірибесі
бар, еңбекте шыңдалған Әбдіқадырдың бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі- өз ісіне аса жауапкер-
шілікпен қарау, жұмысқа деген тыңғылықтылық, адамдармен тез тіл табыса кету. Оның бойына біткен
осы адами қасиеттер ол 1973 жылы бригада жетекшісі болып тағайындалғанда бригаданың жоғары
көрсеткіштерге жетуінде басты роль атқарды.

Бұл кез Жезқазған шахталарында өздігінен жүретін жаңа технологиялық жабдықтарды өндіріске

кеңінен енгізіп жатқан шақ болатын. Соның нәтижесінде комбинатта кен өндіру көлемі анағұрлым
артты. Бригада жаңалықтан тыс қалмады. Оның әрбір мүшесі жаңадан келген техникаларды жетік

меңгеріп, тиімді пайдалану жолдарын іздестірді. Әбдіқадыр бригадасында озық әдістерді үйрену үшін
арнайы әдістемелік сағаттар да өткізді. Ізденіс өз нәтижесін берді. Ол басқаратын ұжым тоғызыншы
бесжылдықтың жоспарын екі ай бұрын орындап шықты, бұл бригада үшін үлкен жетістік еді. Алғашқы
табыс кеншілерді жаңа жетістіктерге жетеледі. Олар өз мүмкіндіктерін есептей келіп, Шығыс Жезқазған
руднигінде кеңінен өріс алған «мыңшылар» қозғалысына қосылуды ұйғарды. «Келісіп пішкен тон келте
болмайды»демекші, ұжым болып келісіп, ақылдасып істеген шаруа өз нәтижесін бере бастады. Оныншы
бесжылдықтың алғашқы екі жыл төрт айында бригада 1 миллион тоннадан астам кен өндіріп, тәулігіне
орта есеппен 1420 тонна кен шығаруға қол жеткізді. Озат бригаданың жетекшісінің есімі жоғары мінбе-
лерден сөйлеген лауазым иелерінің аузына ілікті. Қарымды журналистер қауымы оның еңбек табыс-
тарын жедел оқырмандарына жеткізіп жатты. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығы
мен Германия Демократиялық Республикасының 30 жылдығын лайықты қарсы алу жолында кеңінен

өрістеген жарыс барысында Советтер Одағы мен ГДР мемлекеттері арасында достық көпірін нығайту
үшін «Металлургтердің достық поезы» ұйымдастырылды. Бұл шара аясында екі елдің металлургтері

мен кеншілері алма кезек екі елде болып, зауыттарда, шахталарда достық вахталарын өткізуі қажет
болатын. Осы «Достық поезы» құрамында Германияға барып қайтқаннан кейін де біз Әбдіқадырмен

кездесіп, алған әсерлерін айтып беруін өтінгенбіз. Сонда ол былай деген еді:

-Шығыстағы ақ басты Алатау мен Тянь-Шянь тауларының арасында орналасқан кішігірім қырғыз
ауылында туып-өскен мен үшін сонау батыстағы Европа елдерін аралап көру құрметіне ие болудың
өзі үлкен бақыт, бауырлас қазақ елінің менің еңбегімді зор бағалағаны деп есептеймін. Рахмет қазақ

151

Кен өндірісінің қаһармандары

туысқандарыма. Ал сапардан алған

әсерімде шек жоқ. Гитлер бастаған фа-

шистік Германияның кешегі Ұлы Отан

соғысындағы зұлымдығы уақыт өтсе де

естен кетер емес. Миллиондаған адам

қырғынға ұшырады. Оның салқыны жер

шарының түкпір-түкпіріне тимей қалған

жоқ. Ал, бүгінгі Германия адам танығысыз

өзгерген, экономикасы мен мәдениеті

қарыштап дамыған ел. Біз Фрайталь, Риза,

Хеннигсдорф, Бранденбург қалаларында

болдық. Оның металлургия заводтарын

аралап көріп, Мансфельд комбинатының

Тиомас-Мурер шахталарына түстік. Шахта

астында кен өндіру техникасында жұмыс

істедім. Тәжірибе алмастық.

Потсдам, Дрезден қалаларының тари- Ә. Бекматов Тиомас-Мурер шахтасында неміс кен-

хи, мәдени ескерткіштерімен таныстық, шілермен қатар тұрып бұрғылау станогында жұмыс

неміс архитектурасының туындыларын істеп, тәжірибе алмасты.

тамашаладық, ғажап дүниелер.

Міне, осындай өмірлік есте қалар

оқиғалар да бригада жетекшісінің еңбектегі құпшынысына арқау болды. Жаңа табыстарға жеткізді.

Ұжым мүшелері де, оның жетекшісі де марапатталудан кенде болған жоқ. Өндірісте қол жеткен жоғары

табыстары үшін Әбдіқадыр Бекматов 1981 жылы СССР Министрлер Советінің ғылым мен техника

саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Бұл жоғары атақ оны «болдым-толдым» де-

гізген жоқ. Қарапайым еңбек адамы комбинат басшылығының зор сеніміне еселі еңбекпен жауап берді.

Былайғы жерде де ол басқарған бригаданың табысы толастаған жоқ. Осындай еңбекқор, қарапайым,

бауырмал, абзал азаматтың да дүниеден озғанына үш жылдың жүзі болды, бірақ оның есімі мен жарқын

бейнесі ел есінде сақталып қалды.

Жезқазған-Сәтбаев, 2005 жыл.

152

Кен өндірісінің қаһармандары

ҚАРАТАУДЫҢ ҚЫРАНЫН, ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАРЫН КӨРІП ӨСКЕН АЗАМАТ

...Асылханға тән қасиеттердің бірі оның биік
патриоттық сезімі, өзгелерден оқшау тұрған

ұстамды мінезі мен еңбекке деген
ерекше қабілеті...

(Кеніш директоры О.Ешпановтың сөзінен)

Ұмытпасам алпысыншы жылдардың бас кезі болуы керек,
ертеңгілік оны—мұны жұмыстарды бітіріп, шахтадағы каби-
нетімде жұмыс қағаздарын қарап отырғам,—деп бастады
әңгімесін еңбек ардагері Нұртілеу Жоныстегі ағамыз. Есік
алдындағы хатшы қыз «сізге бір жігіт келіп тұр» деді. Ойымды
бөліп жіберсе де кіруіне рұқсат бердім.

- Сәлематсыз ба, деп ақжарқын, ашық жүзді, жұқалтаң кел-
ген сары жігіт кіріп келді. Есендік саулық сұрасқаннан кейін:

- Ағатай, мен Қаратау жағының жігіті едім, өзіңізге келдім,
ойым шахтаға жұмысқа тұру. Жұмыстың қандайы болса да
қашпаймын,—дейді.

Сөзі бұрыннан таныс адамдардың сөзіне ұқсайды.
Ашық. Бөтенситін түрі жоқ. Өте жылы сөйлейді. Іші
бауырыңа кіріп барады.

Бір сәт ойланып қалдым. Шахтаның жұмысы ауыр келеді.
Жаңа заманға лайықталған кен техникалары енді- енді келе
бастады. Ауыр жұмысты көтере алар ма екен? Атан түйені
жығатындай талай алып жігіттер келіп, шахтаның жұмысына
шыдамай кетіп қалғандарын да көргенбіз. Тым жұқалтаң екен.
Біздің жұмысқа шыдай алар ма екен?

- Ағатай, сіз ойланып қалдыңыз ғой, маған сенбей отырған
шығарсыз. Мен жұқалтаң болғанмен шымырмын. Армия
қатарында болғанмын. Ешқандай ауыр жұмысыңыздан қорықпаймын, деп сендіре сөйлеп тұр.
- Аты - жөнің кім?
- Атым Асылхан, фамилиям Әбдіраманов.
- Жақсы Асылхан, өтінішіңді әкел, осында забойшы боласың—дедім. Асылханмен мен ең алғаш рет
осылай танысқан едім. Біз Шығыс Жезқазған кенішінде жиырма жылға жуық уақыт бірге істедік. Бірге
істегенде ол забойда мен шахта бастығы, рудниктің бас инженері секілді басшы қызметтерде істедім.
Сол уақыттарда Асылханның еңбектегі ерлік істерін талай естідім, оның мәрттігіне сүйсіндім. Талай рет
шахта астынан еңбек жеңісімен оралғанда гүл шоқтарымен қарсы алдым. Міне, ол осындай жайсаң
жігіт, бір туар азамат еді.
Өмірден ерте озған Асылхан Әбдіраманов туралы алдыңғы буын ағалар пікірі осындай.
Тәжірибелі кенші Асылхан №57 шахта пайдалануға берілгенде алғашқылардың қатарында осы алып
шахтаға ауыстырылды. Ескі техникада істеп, кен өндірудің сыры мен қырын жетік меңгерген ол жаңа
шахтада да жемісті еңбек етті. Тоғызыншы бесжылдықтың қорытындысында Асылхан «Еңбек Қызыл
Ту» орденімен марапатталды.
Кезекті сменаға келген Асылханды шахта басшылары шұғыл шақыртқан екен. Есіктен кірген оған
директор жылы шырай берді.
Кел, кел. Мында отыр, деп алдындағы орындықты нұсқап жатыр. Кабинетте біраз адам бар екен.
Забойшы мұндай айрықша ілтипатқа алғашында қысылыңқырап қалса да, бірақ онысын сездірмей
орындыққа жинақы отырды да «не айтасыз» дегендей басшыға қарады.
Комплексті забойшылар бригадасын ұйымдастыруды ойластырдық. Соған жетекшілік етуді саған
жүктегелі отырмыз, деді кеніш басшысы бірден негізгі әңгімеге тура көшіп. Ол сонан соң комплексті
бригаданың құрылымына тоқталды. Зейін қоя тыңдаған кенші бұдан мына жайларды аңғарған еді. Бри-
гада мүшелерінің барлығы да аралас мамандықты игеруі тиіс. Мысалы, әр адам—забойшы, қопарушы,
кен тиеу техникасының машинисі немесе жөндеуші слесарь болып та жұмыс істей алуы керек. Сон-
дай-ақ, бригада бір мезгілде кен бұрғылау, қопару, оны тиеу жұмыстарын өздері атқарады, техниканы
жөндеп те үлгеруі керек. Осыған байланысты ол «комплексті» деп аталып отыр.
Асылхан әңгіме желісінің маңызын енді жете түсінгендей болды. Несі бар, көңілге қонымды іс. Ра-
сында забойшылар бригадасы бірыңғай бұрғылаумен айналысқанда жұмыс біржақты орындалып, кен

153

Кен өндірісінің қаһармандары

өндіру мен оны тиеудің арасында көп алшақтық туып жүр. Мына тәсілмен оны жоюға толық мүмкіндік
бары байқалады. Енді келесі істің бір ұшығы өзіне келіп тірелгенін жақсы сезінген ол аз кем ойланып
отырды да: «Бұл әдіс бір себептен дұрыс та болар», деп бағанадан бергі барлық ойын бір ақ ауыз сөзбен
түйіндеді. Осы жолы ол жаңа құрылмақ коллективке жетекшілік етуге келісімін беріп шыққан болатын.
Міне, бұдан былай қарай Асылхан алып шахтадағы комплексті бригадаға басшылық етіп, ұжымды
жаңаша еңбек етуге жұмылдырды. Бұл кезде кеніште «мыңшылар» қозғалысы қанатын кеңге жайған бо-
латын. Осы қозғалыстың бастауында байырғы жұмысшы, забойшылар бригадасының жетекшісі Роман
Петрович Расновский тұрды. Бригада бастамасының мағынасы тәулігіне мың тоннадан руда өндіру бол-
ды. Сол бастама дүниеге келген кезде оны Шығыс Жезқазған кенішінің Д.А.Исмаилов, Н.И.Макаров,
В.М.Мурзаев, А.Әбдіраманов, А.А Соловей, Г.Шарафутдинов, Н.Я.Кривов басқарған бригадалар қызу
қолдап, бастаманы іліп әкетті.

Жаңалық десе жаны құмар Асылхан Р.П.Расновскийдің бригадасының табысын үнемі назарда ұстап,
бригадаға өзі барып, кейде әріптестерін жіберіп, олардың жұмыс істеу барысымен, еңбекті ұйымдастыру
жайымен танысып тәжірибе алмасты.

Р.П. Расновскийдің жігіттері де өз жетістіктерінің сырымен бөлісті. Осындай пікір алмасу еңбек
өнімділігін арттыруға зор септігін тигізді. Бригада орталық скважинаның диаметрін 105 мм ге дейін
жеткізіп, оны призматикалық бұрғымен бұрғылауды кеніште бірінші болып қолданды. Бұл шпурларды
пайдаланудың коэффициентін 0,7 ден 0,95-ке дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Еңбекте тынымсыз жанның асыл қасиеттерінің бірі—оның бойындағы патриоттық сезім екенін
адам жанының зергері Далабай Ешпановтың да жақсы түсінгенін жоғарыда келтірілген үзіндіден
айқын байқауға болады. Кезінде Мәскеуге талай барып жүріп, СССР Түсті металлургия Министрі
П.Ф.Ломаконың қабылдауында үш рет болғанда министр еліміздің ірі-ірі кәсіпорындарынан келген өндіріс
озаттарының жағдайымен танысып, қажеттерін сұрағанда, Асылхан: «Маған жаңа үлгідегі бұрғылау ста-
ногін бергізуіңізді сұраймын»,—деген екен. Міне, нағыз патриотизм деп осыны айт. Әйтпесе, минис-
трден машина немесе жеке коттедж неге сұрамасқа. Ол міндетті түрде Асылханның тілегін орындар
еді ғой. Өзінің кәсіпорны десе ішкен асын жерге қоятын, жаны жайсаң осындай азаматтың бақилық
болғанына да отыз шақты жылдың шамасы болып қалды. Оның асыл бейнесі, атқарған жарқын істері
кейінгі ұрпақтардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Жезқазған Сәтбаев, 2005 жыл, қыркүйек.

154

Кен өндірісінің қаһармандары

БАТЫРМЕН БӘСЕКЕГЕ БАТЫЛ ТҮСКЕН ЖІГІТ

Жезқазған кен металлургия комбинатының Солтүстік
руднигінің экскаваторшылар бригадасының жетекшісі Андрей
Христианович Ротермельдің есімі өткен ғасырдың жетпісінші
жылдары кенді өлкеден де әрі асып, сонау Одаққа дейін та-
нылды. Совет Армиясы қатарындағы азаматтық борышын
өтегеннен кейін Жезқазғанға келіп, еңбекке араласқан Андрей
Христианович еңбек жолын экскаваторшының көмекшісі болып
бастады. Жасынан техникаға жаны құмар жас жігіт алғашқы
күннен темір тұлпардың тілін жетік меңгеруді алдына мақсат
етіп қойды. Экипаж жетекшісінің тапсырған шаруашылығын
ұқыпты орындауды дағдыға айналдырды. Техниканы уақтылы
қарап, ақауланған жерін жөндеп майлап отыруды үйренді.
Мұнда ол өзіне ұстаз санап, тәжірибесін үйренетін Рейн-
гард Пасс, Ғабдолла Молдағалиев сынды экскаваторшылар-
да баршылық еді. Оқи жүріп, солардың тәжірибесін көңілге
тоқи жүріп, экскаваторды басқаруды да жетік меңгеріп алды.
Соның нәтижесінде рудникке келген алғашқы қуатты ЭКГ—
8И экскаваторының біріне отыруды оған рудник басшылығы
сеніп тапсырды. Талапты жас басшылықтың сенімін ақтап,
алғашқы күннен техниканы толық қуатында пайдаланып, еңбек
өнімділігін арттырды. Ауыр салмақты БелАЗ автомашинала-
рына кен тиеу мерзімін қысқарту, олардың бос тұрып қалуын
болдырмау үшін көп жылғы жинақтаған тәжірибесін кеңінен
қолданды. Қайсар да қайратты жігіт жыл сайын социалистік жарыста үздік шығып, алдыңғы қатардан
көрінді. Озат экскаваторшы техниканы толық қуатында пайдалана отырып бір жылда бір жарым милли-
он текшеметрден астам тау жынысын тиеп жөнелтуді жыл сайынғы дағдыға айналдырды. «Қызыл Ту»
орденін омырауына тақты. Оған құрметті кенші атағы берілді. Сол кезде Қостанай облысындағы Рудный
кен байыту комбинатының экскаваторшысы, КПСС ХХІУ съезінің делегаты, Социалистік Еңбек Ері Ев-
гений Антошкин бесжылдыққа жасалған жеке жоспар бойынша еңбек өнімділігін арттыру жөнінде рес-
публикада жаңа бастама көтерген болатын. Андрей Христианович Ротермель атағынан қаймықпастан
Е.Антошкинді социалистік жарысқа шақырды. Қостанайда және Жезқазғанда екі экскаваторшының еңбек
бәсекесі ұйымдастырылды. Озаттардың екі жақты кездесулері, еңбек бәсекесін өз көзімізбен көріп, олар
туралы оқырмандарға, көрермендерге дер кезінде жеткізіп, хабардар етіп отырғанбыз.

Өмірінің қырық жылдан астамын кенді өлке өнеркәсібінің дамуына, кеншілер қаласының сәулеттеніп,
көріктенуіне арнаған атақты экскаваторшы Андрей Христианович бүгінде құрметті демалыста. Осы ма-
териалды дайындарда оның Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі үйінде болып
біраз әңгіме-дүкен құрдық.

Мен,—дейді еңбек ардагері, - өте
бақытты жанмын. Бақытымды бірінші-
ден еселі еңбектен таптым, абырой-
атақтан, құрметтеуден кенде болған
жоқпын, екіншіден менің бақытым
балаларым. Олар да бүгінде үй жай
болып кеткен. Немерелерім бар.
Үлкенім Сергей өзімнің мақтан тұтар
ізбасарыма айналып отыр. Ақши—
Спаский карьерінде экскаваторшы.
Ол да еңбек озаты. Экипажда бірге
істеген достарыммен, рудниктің жігіт-
терімен кездесіп тұрамыз. Жалпы
елімізде жағдай жаман емес. Әмәнда
осылай бола бергей.

Жезқазған -Сәтбаев, қазан.

155

Кен өндірісінің қаһармандары

АЛЫП МАШИНАНЫ ҰРШЫҚША ҮЙІРГЕН

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі. Алуан түрлі жеміс
ағаштарына көмкерілген кең аула. Рет-ретімен отырғызылып,
жақсы күтілген бақша өнімдері сәбіз, қияр, қызанақ, қауын-
қарбыздар, бәрі пісіп тұр, көздің жауын алады. Күздің келгені-
нен хабар берердей сарғыш тарта бастаған алма ағаштарының
бірен-саран жапырақтары баяу соққан желдің лебінен жерге
ұшып түсіп жатыр.

Ауладағы сәкіде Роман Михайлович екеуіміз әңгімелесіп
отырмыз. Еңбек ардагері әңгімесін әріден бастады.

-Қымбаттым, жер бетіндегі тіршілік атаулының жаратылы-
сы бірдей болатынын өзің де білесің. Көріп отырсың, мына
жапырақтар да түсе бастады. Бұл оның тіршілігінің соңғы
сәттері екені бізге де оған да аян. Былай қарасаң оның өмірі
қысқа сияқты, ал шын мәнінде оны жаратылыс солай жарат-
ты. Одан ол құтылып кете алмайды. Адам да сол сияқты.
Жаратушы маңдайына не жазды, соны көреді, қанша ғұмыр
берді- сонша жасайды. Ана ағаш та өмір сүру үшін өзінше
тырмысты. Адам да сол секілді. Өмір-күрес. Өткенге көз жі-
беріп ойлап отырсам, менің өмірім де тіршілік үшін күреспен
өтіпті. Жастық шағым да оңай болған жоқ. Мен Украинаның
батысындағы Иваново-Франковскі облысында туып-өстім. Сол
кездегі солақай саясаттың, Ұлы Отан соғысының қиян-кескі
ұрыстарының зардабын көріп, басымыздан өткеріп өстік. Коло-
миец қаласындағы училищеде білім алып, Львовтағы автомо-
биль зауытында жұмыс істедім. Осы жерден армия қатарына
алындым. Әскери тілмен айтқанда Солтүстіктегі Мончегорск, Оленоводск қалаларының «Қорғаныс
қабілетін» арттырдық. Алайда, шын мәнінде біз, әскерилер сол қалаларды салуға қатысқан тегін күш
болдық. Мәңгі мұз жағдайында құрылысты жүргізуге қажетті техника жоқ, ең қуатты деп саналатын ДТ
тракторлары мен ЗИС-375 автокөліктері. Мен сол ЗИС-те істедім. Қыста көз көрінбейтін апталап соғатын
боранға, жазда күн жылына аяқ алып жүргісіз батпаққа қарамастан жұмыс істедік. Сондай қиындықтарға
қарамастан автомашинамды күтіп ұстап, жұмысты жақсы істедім, сол үшін талай рет мақтау граматола-
рын алып, полк командирінің алғысына да ие болдым. Үшінші класты жүргізуші правосын алдым. Әскер
қатарындағы уақытымыз бітер шақта бір күні қалада жолдас жігітке кездестім.

-Роман, баяғы бізбен бірге училищеде оқыған Сергей Леоньтев бар емес пе, сол Жезқазғанда жұмыс
істейді.Уақытың біткесін бізге кел, пәтер береді, айлық та жаман емес,-деп шақырып жатыр. - Бірер
айда мен сол жаққа жүрем. Сен қалайсың, барасың ба?-деді. Сол жерде әлгі жолдасыммен Жезқазғанға
бірге баратын болып келістім.

Тағдырды қойсайшы, өмірі Жезқазғанды көрмек түгілі атын да естімеппін. Сонымен 1956 жылдың
тамызында Жезқазғанға келіп, 19 тамызда №42 шахта басқармасына Әбікен Мамаховтың қарамағына
жұмысқа тұрдым. Бас инженер Леоницкий, транспортты пайдалану бастығы Помин. Машина паркі онша
бай емес, бірақ МАЗ-205, ЯЗ-дар жаңа. Ең алғаш рет ЯЗ автомашинасына отырып, Карпиенский карь-
ерінен тау жынысын тасымалдағаным бүгінгідей көз алдымда. Армияда алған тәжірибем бар, маған
жаңа машинада жұмыс істеу жеңіл болды. Бар ынтаммен жұмысқа кірісіп кеттім. 1958 жылы Никольский
мен Карпиенский карьерлерінің негізінде Солтүстік руднигі құрылды. Осы кезде чехтардың «Шкода»
автосамосвалы мен американдық техникалар келе бастады. Кен қабаттарын бұрғылау қанатты-ұрғылау
бұрғылау станогымен жүргізілді. Ол уақыттарда кеніштерді отставкаға шыққан офицерлер басқаратын
және оларды жиі айырбастайтын. Біздің кеніште сондай офицерлердің бірі В.К.Звездинский кейінірек
Асатов С.Қ. директор болып тұрған кездерде жұмыс ұтымды ұйымдастырылып, жақсы жүрді. Кен беті
ашылған Никольский карьері рудаға бай болды. Уақыт өте ол тереңге кетіп, нәтижесінде алып Анненс-
кий шахтасы салынды.

Златоуст-Беловский карьерін өзіңіз талай көрдіңіз ғой, мен соның алғашқы қазығы қағылғанын көрген
адаммын. Солтүстік Жезқазған руднигінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істесем соның 30 жылға жуығы
Златоуст-Беловский карьерінде кен бетін аршу, кен тасымалдау жұмыстарында өтіпті. Осы кезде менің
өзім ғана ондаған миллион тонна кен жынысын тасымалдадым. Ең алғаш рет 1967-1968 жылдары
В.Ким директор болып тұрған кезде 27 тонналық бес БелАЗ ауыр салмақты автомашиналары келді.
Соның біріне мен отырдым. Еңбегімнің арқасында абыройсыз болған жоқпын. Үнемі еңбегім жоғары

156

Кен өндірісінің қаһармандары

бағаланып жүрді. Ең алғаш рет «Құрмет Белгісі» орденін осы жылдары омырауыма тақтым. Бұл еңбек
қарқынын еселеп арттыруыма ықпал етті. Белоруссияның ауыр салмақты автомобиль жасаушылары
БелАЗ-дардың механизмдерін жетілдірумен қатар олардың жүк тасымалдау салмағының артуын да
жетілдіре түсті. Соның нәтижесінде жетпісінші жылдардың басында 40 тонналық ауыр салмақты БезАЗ-
548 келе бастады.

Жаңа техниканы жақсы меңгеру үшін рудник басшылығы алғашында бір топ жүргізушіні Белоруссияға,
зауытқа тәжірибе алмасуға жіберді. Техниканы меңгеруге зор ынта қойылғандығы сондай зауыттың
өкілдері рудникке келіп, бізбен қатар жүріп, БелАЗ-дардың механизмдерінің ауыр жұмыс жағдайында
және табиғаты қатаң Жезқазғанда қапай жұмыс істейтінін бақылап, тексерді. Бұрынғы машиналарда
сегіз сағат жұмыс істегенде шаршап, қалжырап шығатынсың. Ашық тау-кен өнеркәсібіне арналған бұл
машинаны басқару өте жеңіл болды. Үршықша үйіріледі. Шаршау дегенді білмейсің. Жүргізіп отырғанда
рахаттанып, ләззат аласың. Жаңа БелАЗ-дың ең осал жері жүк көтеретін механизмі болды. 40 тонна
руданы көтеру оңай шаруа емес. Жүк тиелген қорапты көтеретін көтергіштің май жүретін құбырлары тез
қызып, жарылып кететін. Бірде менде, машина да өртеніп кете жаздаған жағдай болды. Жаздың күні
болатын. Күн ыстық. Руда тиеп алып, төгіндіге келіп түсіру үшін көтере бастағанда әлгі май құбырлары
жарылып, май жана бастады. Жалмажан сөндірем дегенде үстімдегі май киімге от тиіп кетіп киімім жана
бастады. Сасып қалдым. Келесі келген машинадағы жүргізушілер келіп көмектеспегенде жағдай өте
қиын еді. Мұның бәрін зауыт өкілі көрді. Кейін көтергіш механизм зауытта жетілдіріліп, проблема дегенді
білмейтін болдық.

Еңбек ардагері Роман Михайлович Гаевой өзімен бірге істеген әріптестерін де жылы сезіммен
еске алды.

-Мен алғаш рет Жезқазғанға келіп, жұмысқа тұрып, кен тасымалдай бастағанда Рейнгард Пасс
экскаваторшының көмекшісі болып жұмыс істейтін. Кейін экскаваторға отырып, атағы озат экскватор-
шы ретінде Одаққа танымал болды. Қазір Германияда тұрып жатыр. Жастық шағы өткен Жезқазғанды
ұмытпайды, екі-үш жылда бір келіп тұрады. Атақты экскаваторшылардың бірі С.Недопольский де рудник-
те ұзақ жыл жұмыс істеп, былтыр ғана экскаваторды тастап зейнеткерлікке шықты. Менімен бір машина-
да жұмыс істеген Иван Павлович Лесовский мен Иван Семенович Жук техника тілін жетік меңгерген жігіт-
тер еді. Оларда жақсы жұмыс істеді, еңбектері жоғары бағаланып, ордендер мен медальдарға ие болды.
өкінішке орай екеуі де арамызда жоқ. Мерзімінен бұрын о дүниелік болып кетті.Роман Михайлович Га-
евой рудниктің кейінгі буын жастарына ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, өмірлік тәжірибесін үйретуден
жалықпады. Соның нәтижесінде қуатты БелАЗ автомашиналары сенімді қолдарға тапсырылды.

«Еңбек ардагері», III дәрежелі «Даңқ» және «Октябрь Революциясы» ордендерінің иегері, Қазақ ССР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роман Гаевой Итауыз, Қыпшақбай кен орындарынан ең бірінші бо-
лып тау жыныстарын тасымалдау құрметіне ие болды. Ол мұны мақтан тұтады.

Демалысқа шықса да рудник басшылығы Роман Михайловичті естерінен шығармайды. Оның
өмірлік бай тәжірибесін, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігін жоғары бағалап, қалада, рудникте өтетін
қоғамдық мәдени шаралардан қалдырмайды.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, қараша.

і

157

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕҢБЕКТІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет істеген
кезімізде Жезқазған кеніштерінде еңбек ететін ағайынды Маха-
новтармен жүзтаныс болдық.Олар еңбек ететін кәсіпорындарда
болып, талай интервью де алдық. Махановтардың кенді өңірге
келуі де бір тарих. Оған жол ашқан осы әулеттің ең үлкені
Пәшанай болатын. Ол алпысыншы жылдардың бас кезінде Ал-
маты тау-кен институтын инженер-механик мамандығы бойын-
ша бітіріп, жолдамамен кенді өлкеге келген еді. Жас маман
№42 шахтаның транспорт учаскесіне жөндеуші-слесарь болып
қзбылданды. Жұмысқа белсене кіріскен жас жігіт кен өндіру
жоспарының орындалуы алып техникалардың жұмысына ті-
келей байланысты екенін жақсы түсінді. Сондықтан өндіріске
жаңадан келіп жатқан кен техникасының тілін жетік меңгеруді
алдына басты мақсат етіп қойды. Жоғары оқу орнында апған
білімді өмірлік тәжірибемен ұштастыра білді. Техниканың істен
шығып тұрып қалуын барынша азайтуға, ақауын тез анықтап,
іске қосуға тырысты. Жас жігіттің іскерлігін, жұмысқа деген
ынтасын байқаған шахта басшылығы көп ұзамай Пәшанайды
мастерлікке ауыстырып, соңынан техника жөндеу учаскесіне
бастық етіп тағайындады. Кеншілер поселкесінен үй алып,
отау құрды. Міне, осы кезде жоғары оқу орнын тағы бір Маха-
нов бітіріп келді. Ол-Дүйсенбай болатын.

Дүйсенбай жаңадан пайдалануға берілген №55 шахтаның
желдеткіш учаскесін басқарды. Көп ұзамай ағайынды жігіттер өздерінің соңдарына ерген інілері Жаңабай
мен Асқарды да қасына алды. Жаңабай Солтүстік Жезқазған руднигіне экскаваторшының көмекшісі,
Асқар «Покро» шахтасы жанындағы жөндеу-механикалық цехына слесарь болып жұмысқа орналас-
ты. Олардың басшысы, ақылшысы Пәшанай болса, інілері де оның айтқанынан шықпады. Уақыт өте
Пәшанай інілерін үйлендіріп, дүрілдетіп той жасады. Бүгінде ағайынды Махановтар әулеті тамырын
жайған мәуелі бәйтерек секілді, жеке-жеке бір-бір ауыл болып кеткен.

Жуырда осы әулеттің ең кішісі Асқардың үйінде болдым. Баяғы Солтүстік Жезқазған руднигінде
экскаваторшының көмекшісі болған Жаңабайдың зайыбы Құрбанкүл жеңгесі Астанадан қонаққа келіп
жатыр екен. Танысып-білістік.

-Менде комбинат саласында қырық жылға тақау жұмыс істедім. Оңтүстік Жезқазған руднигінің еңбек
және жалақы бөлімінде есепші болдым. Қазір Астанада тұрамыз. Жаңабай отыз жылдан астам Солтүстік
руднигінде экскаваторшы болып жұмыс істеді. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Зейнет-
кер. Балаларымыз жоғары білімді. Әртүрлі салада қызмет істейді. Солар шақырғасын Астанаға көштік.
Қанша дегенмен жастық шағымыз өткен, еңбек етіп, есейген Жезқазғанның орны бізге бөлек. Жылына
бір рет келмесек елегізіп отырамыз.-дейді сөз арасында Құрбанкүл.

Иә, Махановтар әулетінің кішісі Асқар өжет болып өсті. Сол өжеттіктің арқасы да шығар еңбек жолы
сәтті басталды. Тарихы әріден басталатын, білікті де тәжірибелі мамандар көптеп істейтін «Покро»
шахтасы жанындағы комбинаттың жөндеу-механикалық цехында слесарь болып еңбек жолы басталды.
Техника жөндеуде жинақталған тәжірибе №31 шахтада забойшылар бригадасының құрамында слесарь
болып жұмыс істегенде кәдеге асты. Оның темірден түйін түйетін шеберлігіне жігіттер тәнті болды. Аз
ғана уақытта ұжымның құрметіне бөленіп, басшылықтан алғыстар да алды.

Мұнан кейін 1971 жылдың шілде айынан бастап Асқардың еңбек жолы Жезқазған шахтапроходка
тресінің №3 басқармасында жалғасын тапты. Тәжірибелі жігітті мұндағы басшылар сөз айтпай күрделі
жабдықтарды монтаждау слесарі етіп жұмысқа қабылдады.

-Мен ең алғаш рет жаңадан салынып жатқан №65 шахтадағы жұмыс орныма келіп, бригадир
атқарылар жұмыстармен таныстырғанда, оның ауқымына, күрделілігіне таңданғаным сондай бұрынғы
атқарған жұмыстарым маған ойыншық тәрізді болып көрінді. Сонымен жұмысқа кірісіп кеттім. Шынында
да жұмыс күрделі екен. Шахтаның тік оқпанын, ондағы ең күрделі коммуникацияларды монтаждауды біз
атқарамыз. Жер астына түскенде байқаған боларсыздар шахта оқпаны, алып кен техникалары жүрген
штректер, толып жатқан су, ауа құбырлары, электр коммуникациялары шахта салушылардың тыным-
сыз еңбегінің нәтижесі. Олар кеншілерге осының бәрін дайындап, кен көзіне жол ашады. Сондықтан да
болар шахта салушыларды «алғашқы жүріп өтушілер» немесе «апғашқы жол салушылар» деп орынды
атайды. Мен осы жұмыста 30 жыл бір орында қозғалмастан жұмыс істедім. Абыройсыз болған жоқпын,-
дейді еңбек ардагері.

158

Кен өндірісінің қаһармандары

Расында Асқар мақтаудан да, марапатталудан да кенде болған жоқ. Жас келсе іске-демекші,
А.Маханов екі жылдан кейін бригада жетекшілігіне тағайындалды. Коммунистік партия қатарына өтті.
Жас коммунист ретінде ол басқаратын бригадаға ең жауапты учаскелерде жұмыс істеу тапсырылатын.
Бұл әрине, басшылардың Асқарға деген зор сенімінің нәтижесі еді. Ол мұны абыроймен ақтай білді.

Әңгіме арасында:
-Асеке-ау, жұмыстың бәрі қиындықсыз, жып-жылмағай болып жүре берді ме, еске түсіретін елеулі
оқиға болған жоқ па?-дегенімізде, Асқар біршама ойланып алып:
-Неге болмасын, болды. Жұмыс өте ауыр болды. Бірақ басшылардың еңбекті шебер
ұйымдастыруының, жұмысшыларға жағдай туғызуының нәтижесінде жұмыс та жақсы жүрді.
1977 жылы мынандай бір жағдай болды. Біздің басқарманың екі бригадасы, яғни менің және
А.И.Михалютаның монтажшылар бригадасы №65 шахтаның Ю-2 және Ю-3 панельдерінде ауа
құбырларын жүргізіп жатқан болатынбыз. Тапсырма аса күрделі. А.Михалютаның бригадасы ауа
құбырларын тартуды №65 шахтаның бас оқпанынан, ал менің бригадам №62 шахтадан бастады. Екі
бригада орталық панельде түйісуі керек. Уақыт тығыз. Екі бригада да екі сменада жұмыс істейді. Жұмыс
қызу. Бірақ осы кезде бізге қатты кедергі келтірген бір жағдай болды. Екінші ауысымдағы жұмыстың
орындалысын байқасам өте нашар. Тапсырма орындалмайды. Монтажшылардың жетекшісінен сұрасам
«газдан жұмыс істей алмай жатырмыз» дейді. Мұны алғашында білмедік.

Сөйтсек, забойлардағы газды шығару №62 шахтаның желдеткіш панельдері арқылы жүргізілетін.
Екінші ауысымдағы монтажшылар құбырларды монтаждайын десе екі ауысым арасында жүргізілген
қопарылыстан пайда болған газдан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болады екен, біраз уақыт жоғалтады.
Содан тапсырма орындалмайды. Мұны қалай ретке келтіруге болады? Ең бастысы ол үшін еңбекті қайта
ұйымдастыру қажет деп ойладым. Шешім біреу-ақ, бригада бір сменада жұмыс істеуі керек. Ойымды
басшыларға білдіріп едім, олар келіспеді.

—Екі смена қалыптасқан дәстүр, оны бұзуға болмайды,-десті. Сонымен бұл мәселе шешілмей қалды.
Абырой болғанда ертеңіне шахтаға бір жұмыстарымен трест партия ұйымының хатшысы Арон Қазтаев
келе қалды. Оған мен орын алған жағдайды айттым. Менің әңгімемді үндемей тыңдаған ол:

-Асқар, ертеңнен бастап монтажшыларды бір ауысымға қойыңдар, бірақ жұмысты ұтымды
ұйымдастырыңдар, еңбектің өнімділігіне көңіл аударыңдар,-деді. Білікті маман, трест басшылығының
бірінің қолдауына ие болғаннан кейін бір сменаға шығып, қызу еңбекке кірісіп кеттік. Соның нәтижесінде
бір айда 450 метр ауа құбыры монтаждалды. Бұл жер асты жағдайында атқарылған ең жоғарғы
көрсеткіш.

Өз ісінің білікті маманы, шебер ұйымдастырушысы Асқар бригада монтажшыларының жұмысын
ұтымды ұйымдастыра білді. Айдан-айға еңбек табысы молайып, бригада еңбек бәсекесінде алдыңғы
саптан көрінді, ал оның жетекшісі Асқар Маханов «Еңбек Қызыл Ту» орденін омырауына тақты. Награда
жас жігітті еңбекке бұрынғыдан да жігерлендіре түсті. Бригаданың жетістігі қатал тәртіпке, оның әрбір
мүшесінің кәсіби жоғары шеберлігіне негізделді. Жұмыс күнінің әрбір минутын ұтымды ұйымдастыру,
бос тұру уақытын мейлінше азайту жоғары табыстарға жетелейтінін монтажшылар жақсы түсінді.

Бригада жетекшісі жүргізген мына табыстар шежіресіне көз салайықшы:
-тоғызыншы бесжылдыққа белгіленген тапсырма төрт жыл екі айда орындалды, 911 мың сомның
құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.
-коллективте еңбек өнімділігі 48,9 % артты.
-бесжылдықтың өткен төрт жылында монтажшылар бригадасы бес дүркін республикалық жарыста
жеңімпаз болды.
-монтажшылар «Бесжылдықта-алты жылдық жоспар» бастамасымен еңбек етуде.
Асқар басқармадағы осындай игі бастамалардың ұйтқысы бола білді.
-Совет дәуірінде жанын салып еңбек еткен адам марапатталудан кенде қалмайтын. Омырауына
орден-медаль тағатын, ақшалай сыйлық алатын, курорт-санаторийлерге жолдама берілетін,-деп Асқар
әңгімесін одан әрі жалғастырды.
1979 жылы Германия Демократиялық Республикасының 30 жылдығын атап өту тойына қатысуымыз
ерекше есте қалды. Қазақстаннан жасақталған делегация құрамында сол елге барып қайттым. Сапардан
алған әсерім мәңгілік естен кетпейтіндей болып қалды. Зауыт-фабрикаларын, кен өндіру орындарын
аралап-көріп, жұмысшылардың тұрмыс-тіршілігімен таныстық. Заксенхаузен, Бухенвальд лагерьлерін-
де болып, фашистердің аюандық істерінің куәсін көзімізбен көрдік. Жантүршігерлік жағдай.

Кешегі Кеңестік дәуірде №3 шахтапроходка басқармасының бастығы болған, бүгінде құрметті
демалыстағы еңбек ардагері Қадірбек Аққошқаров ақсақал былай дейді:

-Асқардың есімі кезінде біздің басқарма, бүкіл трест, қала берді облыс жұртшылығына ғана танылып
қойған жоқ, бүкіл республикаға аты шықты. Елің құрметтесе, ол бақыт емес пе? Ол мұндай бақытқа
бір күнде жеткен жоқ. Оның саналы ғұмыры шахтапроходка тресінде өтті. Бақытының бастауы №65
шахтаны іске қосудың қиын кезеңдерінде басталған еді. Сонда ол өз еңбегімен көп абыройға бөленді.

159

Кен өндірісінің қаһармандары

Ұйымдастыру қабілетін байқап біз оны бригадир етіп тағайындадық. Қателеспеппіз. Сенімімізді ақтады.
Оны кейін еңбегімен жақсы дәлелдеп шықты. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына
ие болды. Халқы оған зор сенім көрсетіп, №165 Кеншілер сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы
Советіне депутат етіп сайлады. Есімі республиканың еңбек озаттарының Алтын кітабына жазылды.
Еңбегіне қарай өнбегі,- деген осы да.

Иә, еңбегі жанып, еліне танылған, зор құрметке бөленген азамат:
-Осы құрметте бірге істеген жігіттерімнің үлесі зор деп мақтанышпен айтады әңгіме арасында. -
Ермұқан Жәндарбеков, Жақсылық Ықсанов, Әбілхан Көңілбаев, Валерий Рыбалко, Иван Вотчель, Вла-
димир Узляков, тағы басқалар. Бұлар мен басқарған бригаданың маңдай алды жігіттері. Еңбеккер, жаны
жайсаң жандар. Бригаданың қол жеткен табыстары да, менің марапатталуым да, атақ-абыройға ие бо-
луым да осы жігіттердің арқасы.
-Шәке, ұмытып барады екенмін ғой, менің табыстарымда, Асқар, Асқар болып асқақтап атының еліне
танылуында отыз жылдан астам өмірдің ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан қосағым Бақжамалдың
орны ерекше. Оны айтпай кетуге болмайды. Ол менің ошағымның алтын қазығы, бақ-берекесі. Бақжамал
да жұмыс істеді. №45 шахтада маркшейдер бөлімінде аға съемщик болды. Жұмыс істей жүріп, өмірге
Жанар, Арман деген екі нәресте әкелді. Соларды тәрбиелеп, оқытып шығарған анасы десем артық
айтқандық деп ойлап қалмаңыз. Өйткені, мен күндіз-түні жұмыста болам. Жұмыстан босасам қоғамдық
жұмыстар бар. Оның сыртында үнемі іссапарда жүрдім. Бір дамыл таппадым ғой. Балаларыма қарауға
да уақытым болмайтын. Айтпақшы, біздің үйде екі депутат болдық. Бақжамал да қалалық Советке одан
облыстық Советке депутат болды. Халық қалаулысы ретінде кеншілер қаласының өркендеуіне лайықты
үлесін қосты. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Бәріне үлгіретін. Мен оған таңқалатынмын.
Бүгінде зейнеткер. Ал Жанарымыз бен Арманымыз үлкен азамат болып өсті. Екеуі де жоғары білімді
маман. Үйлі-баранды. Бала деген ата-ананың бақыты емес пе? Немерелеріміз келгенде ортамыз бір
толып қалады.
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері, бұрынғы
Октябрьдің 60 жылдығы атындағы Жезқазған шахтапроходка тресінің (Қазір Социалистік Еңбек Ері
Ғазиз Омаров атында) монтажшылар бригадасының бригадирі Асқар Маханов ширек ғасыр монта-
жшылар ұжымын басқарды. Бүгінде өзі отыз жылдан астам еңбек еткен №3 басқармада телім бастығы
болып жұмыс істейді.Ұзақ жылдар бойы жинақтаған өндірістік тәжірибе де керексіз болып қалған жоқ.
Әлі де болса корпорация басшылығы оған аса күрдепі де жауапты жұмыстарды атқаруға тапсырыс
беріп, зор сенім артып отырады. Бақытын еңбектен тапқан азаматтың өнегелі өмір жолы келер ұрпаққа
үлгі боларлықтай жарқын өмір.

Сәтбаев.қ. Жезқазған, тамыз, 2005 жыл

160

Кен өндірісінің қаһармандары

АРҚА ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛЫП, КЕН ҚАЗДЫ

Алты ай жазда Брониславты Сәтбаев қаласының И.Панин
көшесіндегі үйінен қанша іздеп барсам да кездестіре алмадым.
Бірде қала аралап кетеді, енді бірде барсам «Спутниктегі» са-
яжайына кетіп қалады. Жуырда қыс түсті, «Броня енді қайда
кетер дейсің, үйінде шығар»,-деп тағы да телефон шалсам,
айтқанымдай-ақ үйінде екен, дәл үстінен түстім. Кездесу жөнінде
келісіп, жедел Сәтбаевқа тартып кеттім.

Батыс Жезқазған кенішінің атақты кеншісі болған Бронислав
Марцинкевичуспен жұмыс бабынан бүрыннан таныспыз. Жеті қат
жер астындағы жұмыс орнында талай кездесіп, интервью алып,
оның еңбек жеңістері жайлы көгілдір экраннан көрермендерді ха-
бардар еткенбіз. Міне, сол Бронямызды (достары солай атап кет-
кен) үй жағдайында көріп отырмыз. Жасы келіп жұқарғаны бол-
маса, баяғы орта бойлы, денелі қалпы. Онша өзгере қоймаған.
Шамалы уақыт амандық-саулық сұрасқаннан кейін іздеп келген
негізгі тақырыбымызға көштік.

- Журналист ағайындар менің тарихымды жақсы біледі.
Кешегі артта қалған жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы
жылдарының басында мен Белоруссияның Волковец қаласында
Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп жүргем. Истре-
битель полкында байланысшылар взводындамын. Біздің басты
міндетіміз-әскери самолеттердің ұшуын, қонуын локатор арқылы
қадағалап, бағыт-бағдар беріп отыру. Уақытымыз аяқталар
шақта полк командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары бәрімізді жедел жинап алып:
- Жауынгерлер, сендердің Отан алдындағы борыштарыңды өтеулеріңе жарты жылдан астам уақыт
қалды. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа зауыттар салынып, ірі кен орындары ашылып жатыр.
Соларға қол күші жетіспейді. Араларыңда соларға барып, бейбіт еңбекке араласамыз дегендеріңіз
болса Армиядан жарты жыл бұрын босатамыз, комсомолдық жолдамамен алып құрылыстарға жібе-
реміз. Ойланыңдар. Талапкерлер болса саяси бөлімге хабарласыңдар,—деді. Жиналыс бітті. Жаспыз.
Комсомолдық жолдама деген сөздің өзі біздің жүрегімізді толқытып жіберді. Патриоттық сезімімізді оят-
ты. Кешегі Павел Корчагин, Зоя Космодемьянская, Олег Кошевой бастаған жас гвардияшылар ком-
сомолдар емес пе еді? Отан шақырса, біз неге тартынуымыз керек. Жастар, оның ішінде біз секілді
комсомолдар алғы шептен көрінуі тиіс емес пе? Ертеңіне саяси бөлімге барып мені Қазақстанға жі-
берулерін өтіндім. Дайындық қысқа болды. Оншақты жігіт жедел жиналып жолға шықтық. Минскіде әр
жерден келген кешегі солдаттарды, басқада тілек білдіруші жастарды Республиканың Орталық комсо-
мол Комитетінің өкілдері қарсы алып, арнайы эшалонға отырғызып салтанатты түрде шығарып сал-
ды. Сонымен бірер аптадай жол жүріп Қарағандыға келгенде жастарды облыстың әр жеріне бөліп-
бөліп жіберді. Мен Жезқазғанға жіберілдім. Бұрын атын естімеген жерім. Жігіттерде карта бар соған
қараймыз. Жезқазған деген атауды іздеп таппадық. Сонымен не керек Никольскийден бірақ шықтық.
Қала жоқ. Дала. Бүгінгі қалаға кіре берістегі жолдың бойындағы екі қабатты ағаш үйлер бой көтерген.
Басқа көз тоқтатар ештеңе көрінбейді. «Никольскийстрой» тресінің №3 құрылыс басқармасы құрамында
қала құрылысын салуға кірісіп кеттік. Сол жылдары біздің монтажшылар бригадасы Никольскийде он
бір, Жезқазғанда төрт ірі блокты үй тұрғыздық. Осы қалада өмірлік қосағымды, сүйікті жарымды тап-
тым. Алғашқы баламыз дүниеге келді. Әйел баламен отырып қалды. Оларды асырау керек. Құрылыста
жұмыс ауыр болғанмен ақша аз. Қой, бұлай болмас деп «Покро» шахтасына жұмысқа ауыстым. Менің
кеншілік жолым Н.Гигматуллиннің забойшылар бригадасында басталды. Забойшының үйренушісімін.
Бригада жігіттері ұйымшыл. Мені жақсы қабылдады.

-Атыңа затың сай болса жарайды,—деп тілектерін де білдіріп жатыр. Учаске бастығы Николай
Иванович Виноградов деген жігіт. Іскер, жұмыстың ығытын білетін жақсы маман. Ескі техникамен
кен өндіретін бригада құрамында төрт жыл жұмыс істедім. Бригада үнемі жоспарын орындап жүрді.
Тәжірибе жинақтадым. Абыройсыз болған жоқпын. Жұмыстың ауырынан жалтарып, жалтақтап көрген
жоқпын. Жігіттер жұмысыма риза. Жанымызда №55 алып шахта пайдалануға беріліп, жұмыс істеп
жатқан кез болатын. Техника жаңа. Оны игеріп, өндірістік жоспарды орындау үшін тәжірибелі кеншілер
керек. Н.И.Виноградовты жаңа шахтаға ауыстырды. Ол ең сенімді, тәжірибелі деген жігіттерді өзімен
бірге баруға шақырды. Алыпта СБУ-2М бұрғылау кареткасы, кен тиейтін катерпиллар, тасымалдайтын
МОАЗ-дар жұмыс істеді. Әрине, алғашқыда осы алыптармен жұмыс істеу оңайға түскен жоқ. Техниканың
тілін білетін мамандар жетіспеді. Білетіндері келіп жөндеп бергенше көп уақытымыз босқа кететін күндер
де болды. Уақыт өте келе техниканы ауыздықтадық-ау, әйтеуір. Екі жылдан кейін мен бригадир болып

161

Кен өндірісінің қаһармандары

тағайындалдым. Міне, содан зейнеткерлікке шыққанша 23 жыл бойы бір жерде тұрақты жұмыс істедім.
Бригададағы Виктор Чернышев, ағайынды Василий және Владимир Каблай, Михайл Коробченко, Борис
Бабич, Владимир Брехт, Николай Онищенколармен қоян-қолтық жұмыс істедім. Олардың біразын өзім
кеншілікке тәрбилеп-үйретіп шығарған жігіттер.Жасымыз шамалас болды. Ұйымшыл болдық. Өндірістік
жоспарды үнемі асыра орындап отырдық.

1970 жылы комсомол-жастар бригадасының жетекшісі, жастар ұстазы ретінде комсомолдық жол-
дамамен Мәскеуде өткен Бүкілодақтық слетке қатыстым. Отанымыздың астанасында болған күндер
менің есімде мәңгі сақталып қалды және шабытыма шабыт қосты. Келгесін жігіттерге көрген-білгенімнің
бәрін айттым. «Жұмысты жақсы істесеңдер сендер де зор марапаттауға ие боласыңдар»,-деп насихат
жұмыстарын жүргіздім.

Ең алғаш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденін 1971 жылы алдым. Осы кезде қиындықтар да болмай қалған
жоқ. Соның бірі әлі есімде. Сол жылдың орта кезінде 345-ші горизонттағы біздің бригада істеп жатқан
лаваның төбесі құлап, бізге жұмыс істейтін жұмыс орны болмай қалды. Құдай сақтағанда адам өлімі
болған жоқ. Төбе түнде құлапты. Біз келсек жұмыс орнымыз бітеліп қалыпты. Бірер ескілеу техника
қоса кетіпті. Егер мына жағдай күндіз болғанда қандай қайғылы оқиға болар еді деген ой келгенде
қорыққанымнан төбе шашым тік тұрды. Құдай бізді қатты сақтапты. Келесі горизонттан жаңа забой ашып,
жұмыс ырғағына келгенше біраз уақыт өтіп кетті. Сондай кедергінің салдарынан үшінші тоқсаннның жос-
парын орындай алмай қалдық.

Жетпісінші жылдардың басында Шығыс Жезқазған кенішінің забойшылар бригадасының жетек-
шісі Роман Расновский: «Тәулігіне 1000 тонна руда өндірейік»,-деп комбинат кеншілері арасында тың
бастама көтерді. Қолымызда жаңа қуатты алып техника, жұмыс орны бар, жағдай жасалған. Осындай
мүмкіндік болып тұрғанда, коммунист ретінде менің де соны жаңалықтан бас тартуым дұрыс болмас деп
ойладым. Ертеңіне жұмысқа келгенде жігіттермен ақылдастым. Олар да қарсы болған жоқ. Парткомға
соғып жағдайды түсіндірдім. Сөйтіп, Батыс Жезқазған кенішінде Р.Расновскийдің бастамасын бірінші
болып менің бригадам қолдады. Кейін кеніште «мыңшылар» қатары көбейді.

Техниканың соңғы жетістіктерімен жарақтанған шахталарда кен өндіру жылдан-жылға арта түсті.
Бұған біздің бригада қосқан үлес өз алдына бір төбе болды. Жігіттер де ордендермен-медальдармен
марапатталып жатты. Менің шәкіртім Николай Онищенко жеке бригада ұйымдастырып, бөлек шықты.
Оған мен қатты қуандым. Кейін Николайдың бригадасы да тәулігіне мың тоннадан руда өндіріп, социа-
листік жарыс көшінде алдыңғы саптан көрінді.

Совет Одағы тұсында озық әдістерді насихаттауға аса зор көңіл бөлінетін.Олүшінсалалас кәсіпорындардың
озат жұмысшылары бір-біріне тәжірибе алмасуға жіберілетін. Осындай мақсатта Жезқазғанның бір топ
кеншілері Ащысай полиметалл комбинатында болып, ондағы жұмыс жағдайымен, кеншілердің кен өндіру
тәжірибесімен таныстық, өзіміздегі қолданылып жүрген озық әдістерді ортаға салдық.

Жаңа техниканы игеріп, кен өндіруде бесжылдық жоспарларды ойдағыдай орындауда қол жеткен
жетістіктерім үшін 1977 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандым. Менің есімім
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алтын Құрмет кітабына жазылды. Келер жылы үшінші
дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталдым.

Ия, өзіне бейтаныс Жезқазған Бронислав Марцинкевичусты еселі еңбегінің арқасында осылай
құрметке бөледі. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Рудник кәсіподақ комитетінің мүшесі
ретінде кеншілердің тұрмыс-жағдайына байланысты туындаған проблемаларды шешуге атсалысты.

- Бірде мынандай бір жағдай болды,-деп еске алады Бронислав. - Жұмысшыларды арнайы жұмыс
киімімен жабдықтау, оларды уақтылы жуып тұру, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, мұның
өзі сырт қараған адамға онша маңызды шаруа емес, жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бірақ, кеншілердің
арнайы жұмыс киімдерінің бүтін болуы, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы өте маңызды ша-
руа. Осылармен рудник уақтылы жабдықталмай қалды. Сол үшін де менің комбинаттың материалдық-
техникалық жабдықтау бөлімінде болып, біраз айқай-шумен бұл мәселені оң шешуіме тура келді.

- Біздің мектепті Батыс Жезқазған руднигі шефтік қамқорлыққа алған болатын. Бұл дегеніңіз
қыруар жұмыс еді. Мектепті жыл сайын ағымдағы немесе күрделі жөндеуден өткізу осы рудниктің ті-
келей құзырында болды. Рудниктің еңбек озаттары сыныптарға жеке қамқорлық жасады. Бронислав
Антонович 5—6 кластарға өндірістік жетекші болды. Кездесулер өткізіп тұрды. Әңгімесінің тақырыбы
қызықты болатын,—дейді, сол бір мазасыз да қызықты кезеңді жылы еске алып, қаладағы №4 мектептің
басқарушысы Мая Дәкәрімқызы.

Сонау қиыр Батыстағы Белоруссия жерінен келіп, Арқа өңірін көркейтуге атсалысқан құрыш қолды
құрылысшы, жеті қат жер астынан кен байлығын өндіруге қатысып ел байлығына лайықты үлес қосқан
Бронислав Марцинкевичус өзінің қырық жылдан астам еңбек жолында талай ұлттардың өкілдерімен
қатар тұрып жұмыс істеді, ел ішіндегі достықты, ынтымақтастықты нығайтуға белсене қатысты. Оның
бұл еңбегі де үкімет тарапынан жоғары бағаланып 1986 жылы «Халықтар Достығы» орденімен марапат-
талды. Қазір майталман кенші құрметті демалыста. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы ретінде әлі де
болса қоғамдық-көпшілік жұмыстардан қол үзіп көрген жоқ.

Сәтбаев қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.

162

Кен өндірісінің қаһармандары

ЖАЛЫНДАҒАН ЖАС ЖІГІТ ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН ІСТЕРГЕ БАСТАҒАН ЕДІ

Ерзақтың еңбек жолы Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45
шахтасында басталды. Орта мектепті жаңа ғана бітіріп кел-
ген оның мамандығы да болмаған еді. Алайда осы жерде
бұрыннан істеп келе жатқан тәжірибелі забойшы, озат кен-
шілер бригадасының жетекшісі Қазымхан Кентаев өз бригада-
сына алды. Ағаштың жас шыбығын отырғызғаннан кейін оның
түзу де сымбатты болып өсуі күтімге байланысты емес пе? Өзі
бригадир болса да қолынан перфораторы түспейтін ол:

-Кен қабатының құрылысы алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан оған бұрғы салудың да әдісін білу керек. Қалың
қабатты тікелей бұрғылауға уақыт көп кетеді, тас қанша қалың
болса да ара-арасында жігі болады, жіті қараған адам оны
біледі. Міне, бұрғыны сонда салсаң уақыттан ұтасың.-дейтін
ол. Өмірде көргенімен көңіліне түйгені мол Қазымхан ауылдан
келген қазақи мінезді жас баланы қамқорлығына алып, осылай
кеншілік мамандықтың қыры мен сырын үзбей үйретті.

Уақыт өте келе Ерзақ та өзінің ұғымды, жұмысқа тынды-
рымды шәкірт екенін көрсетті. Кейін Ерзақ Аппазов озаттар
қатарына қосылғанда журналистер:

-Шәкіртіңізге кеншілік мамандықты Қазеке.қалай үйреттіңіз?-
деп талай сұрақ қойған. Сонда атақты кенші:

-Жұмысқа тұрғаннан кейін бірер апта өткесін Ерзақ маған:
-Ағатай бүгін мен бұрғылайыншы,-деді. Жұмыс қанша
қауырт болса да жас баланың көңілін қимадым. Перфоратор-
ды қолына ұстата салдым. Сондағы оның ішкі толқынысы қызыл шырайлы жүзінен айқын сезіліп тұрды.
Бала көңіл айтуын айтып қалса да:
-Ойпырмай, істей алмай ұятқа қалып беті қайтып қала ма?-деп менде тыпыршыдым.
Қолына перфораторды алғаннан кейін сәл тоқтап, жан- жағына қаранды, ауа келетін тетіктерді
мұқият қарап шықты. Алшаңдай басып забойға кірді. Аспай-саспай жұмысқа кірісіп кетті. Қимылы кәнігі
кеншінікі. Көңілім тыншыды. Өзім басқа жұмыстармен айналысып кеттім. Ерзақ алғаш рет өз бетімен
жұмыс істеген күні жоспар 15 пайызға асыра орындалды. Оны бұл жеңісімен бәріміз қуана құттықтадық.
Болашақ атақты кеншінің алғашқы аяқ алысы осылай басталған еді,-дейтін.
Жылдан-жылға Ерзақтың тәжірибесі молайды, есімі озат кеншілер қатарында аталатын болды. Жас
жігіт шахтадағы қоғамдық жұмысқа да белсене қатысты. Комсомол комитетінің бюро мүшесі ретінде
жастар арасындағы социалистік жарысты дамыту шараларын жасап, оны жүзеге асыруға атсалысты.
Қалалық, облыстық комсомол конференцияларының делегаты болды. Оның іскерлігін, жастар арасын-
да беделінің жоғары екенін байқаған шахта басшылығы, партия ұйымы Ерзаққа комсомол-жастардың
кеншілер бригадасын құруға ұсыныс жасады. Бұл сол кезде өмірге келіп жатқан тың бастама болатын.
Басшылар: «Сен жассың, тәжірибең жетеді. Қиындықпен жалғыз қалдырмаймыз, көмектесеміз,
үйретеміз»,-деді. Жағдайды саралап, ойланып-толғанып жас жігіт келісімін берді. Бригадаға шахтадағы
жас кеншілер топтастырылды. Тәртіп бар жерде жоспардың да орындалатынын жақсы түсінген брига-
дир бірінші кезекке тәртіпті қойды. Оны бригаданың әрбір мүшесінен талап етті. Ылғи сайдың тасындай
іскер, ұйымшыл жігіттерден жасақталған комсомол-жастар бригадасы алғашқы күннен қарқынды еңбек
етті. Еңбек Ері Қазымхан Кентаевтың мектебінен өткен Е.Аппазов басқарған бригада еңбек дүбірін
қыздырып, комбинаттағы жастар коллективтері арасындағы социалистік жарыста үнемі жеңімпаз ата-
натын болды. Бригада жетекшісі еңбек «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Қалалық Советке депу-
тат болып сайланды. Ерзақ басқаратын забойшылар комсомол-жастар бригадасының есімі республика
жастары арасында құрметпен аталатын болды. Оның жетекшісінің есімі Қазақстан Республикасының
Алтын Құрмет кітабына жазылды.

Атақты кенші, жалындаған жастық жігермен жастардың ұйтқысы бола білген Ерзақ та бұл дүниеден
өтті. Кен өндірісі майталманының жарқын бейнесі ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.

Жезқазған - Сәтбаев, ақпан 2007 жыл.

163

Кен өндірісінің қаһармандары
ЕН БАЙЛЫҚҚА ТЫҢНАН ЖОЛ САЛҒАН ТАРЛАН

1963 жылы біздің кенді өлкеге келген Дмитрий Поликарпович Вахрушев қырық жылдан астам өмірін
Жезқазған кен-металлургия комбинатының Солтүстік Жезқазған руднигінде өткізді. Ең алғаш рет жас
жігіт бұрғылаушының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған кездерде карьерде аз өнімді СЭ-3, ЭКГ-4
экскаваторлары, МАЗ-525 самосвалдары және ұрып бұрғылайтын қанатты-бұрғылау станоктары жұмыс
істеді. Әрине, алғашқы уақыттарда кен өндіру техникалары дамымаған шақта бұлар да жоқтан тәуір-
тін. Уақыт өте келе олардың орнын жаңа техника басты. Мәселен, ол еңбек еткен СБШ-250 бұрғылау
станогы Одақтағы ең үздік кен өндіру техникасы еді. Ол бүгінде де дүниежүзіндегі озық технологиялар
қатарынан лайықты орын алуда. Осы жылдар ішінде Дмитрий Поликарпович Вахрушев басқаратын
бұрғылаушылар еңбек ететін Златоуст-Беловский карьері түбіне көз жетпейтін терең шыңырау құдыққа
айналды. Ал, ен байлықты игеруге жол салушылар болса жаңа техниканы толық қуатында пайдала-
на отырып, жыл сайын еңбек өнімділігін еселеп арттырды. Сегізінші бесжылдықтың жоспарын 1970
жылдың қазан айында орындап, Жезқазған жағдайында СБШ-250 бұрғылау станогымен ең жоғарғы
көрсеткіштерге жетуге болатынын дәлелдеді. Бұл көрсеткішті місе тұтпаған озат ұжым келер жылы 54
372 метр скважина бұрғылап, СССР түсті металлургия өнеркәсібі саласында тамаша еңбек жеңісіне
жетті. Бригада жетекшісі Дмитрий Вахрушев «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Бұдан кейінгі
жылдары да бұрғылаушылар қол жеткен табысты одан әрі еселеп арттырып, социалистік жарыстың
көшбасшылары бола білді. Кейіннен Итауыз кен орнын игеруде де бригада жылдар бойы жинақтаған
мол тәжірибесін кеңінен пайдаланып, еңбекте зор табыстарға жетіп отырды. Бүгінде атақты бригадирдің
өз мамандығына үйретіп шығарған ондаған жас бұрғышылар комбинат саласында жемісті еңбекті одан
әрі жалғастыруда.

164

Кен өндірісінің қаһармандары

"ЖАМАН АЙБАТ" ҚАНЫШТЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ, МЕН ОНЫ ЖАРЫҚҚА
ШЫҒАРУШЫМЫН

Көненің көзі, алдыңғы буын ағалармен кездесіп, бір сәт
әңгіме-дүкен құрудың өзі бір ғанибет емес пе? Жуырда
өңірімізге танымал, саналы ғұмырын геологияға арнаған еңбек
ардагері Мәлік Омарұлымен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.
Қашанғы үлкенді сыйлау әдетімізбен Мәкеңе сәлем беріп, хал-
ақуалын сұрап жатырмыз. Жайдары мінезді Мәкең де өзінің
сырлас, жақын інілерінің бірі келгендей қуанып, әңгіме тиегін
ағытып жіберді.

-Біздің балалық шағымыз Жезқазған кен өндірісінің ашы-
пып, елімізге қажетті өнім бере бастаған сәтімен сәйкес ке-
леді. Менің әкем Омар осы өңірге танымәл азамат еді. Өзінің
қарапайымдылығымен, кішіпейілдігімен, көпшілдігімен ерек-
шеленетін. Оған сәлем беріп, біздің үйден су ауыз тимейтін
жандар кемде-кем еді. Балалық бал дәурен шағымда жас та
болсам әкемнің қадірменді болған қонақтарының бірі Қаныш
Сәтбаевты да көріп, әңгімесін тыңдаған адаммын.

-Бұл өңірде мол кен қоры бар. Болашақ Ұлытауда. Ке-
лешекте осы аймақта үлкен қапа салынады ,- дейтін ол
көрегендікпен. Мойнынан асып алған кенеп қалтасы мен
қолынан балғасы бір түспейтін жылы жүзді азаматты ауыл
балалары асыға күтуші едік. Оған тау-тастың арасында
ойдым-ойдым үюлі тас обалар мен қорғандарды да өзімізше
жаңалық ашқандай бопып көрсететінбіз. Мұның балалық
екенін ол уақыттарда біздер білмеппіз де ғой. Өмірдегі өзгерістер мен соғыс салған қиыншылықтар
бізді тез есейтті, ер жеткізді. Қаныштың: «Орыстың Обручев деген үлкен оқымыстысы бар. Сол ай-
татын: «адам өзінің туған жерінің қойнауында не жатқанын білуі керек» деп. Оны білу үшін көп оқып,
іздену қажет»,-деген сөзі күні бүгінгідей құпағымнан кетпейді. Орта мектепті бітірген Жезқазған
аумағындағы өрендердің көбінің геолог мамандығын таңдауына Қаныштың осы сөзі арқау болды
десем қателеспеймін. Соның бірі өзіммін. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғына қарай Қазақ
тау-кен металлургия институтын бітіргеннен кейінгі саналы ғұмырым туған жердің қойнауындағы
байлықтың көзін ашуға арналды.

Жетпістің асқар шыңына көтерілген, қазақ геологиясының біздің өңірдегі көрнекті өкілдерінің бірі Мәлік
Омарұлы өмірдің сан түрлі қиыншылықтарын басынан өткерген жан. Аяғының кемістігін сылтау етіп: «Сен
геолог бола алмайсың, басқа жұмысқа ауыс»,-дегендер де болған. Өзінің өжеттігі, еңбекқорлығы, өзі
таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілік еңбек жолында жібек тін болып тартылды. Кеміс аяқпен де жүріп,
барлаушы болуға болатынын дәлелдеді. Мәкең құр сөздің адамы емес, еңбектің адамы екенін «Октябрь
Революциясы» орденді Жезқазған геологиялық кен барлау экспедициясының басшылығы 1989 жылы КСРО
геология министрі Е.А.Козловскийге жолдаған мына бір құжатта келтірілген мағлұматтар айқындай түседі.
Оқырманға түсінікті болуы үшін құжат мәтінін өзгертпестен түп нұсқасында беруді жөн көрдік.

Министру геологии СССР
профессору Е.А.Козловскому

Товарищ Омаров М.О. после окончания Казахского горно-металлургического института в 1958 году
приехал в Джезказганскую ГРЭ, где прошел всю иерархию инженерной должности приобретая опыт,
квалификацию и в начале 1979 года выдвинут на должность главного инженера экспедиции.

С его участием проведен большой объем поисковых и геологогразведочных работ по выявлению
различных полезных ископаемых Джезказганского промышленного района. Он является одним из авто-
ров генерального подсчета запасов по Джезказганскому месторождению (1965 г.).Он умело руководит
и принимает непосредственное участие в разведке и передаче промышленности месторождений мар-
ганца, меди, голубого асбеста, редких металлов, по изысканию водоснабжения центральных усадеб и
обводнения пастбищ.

В настоящее время под его непосредственным руководством организована и развивается предвари-
тельная разведка перспективного медного месторождения Джезказганского типа Жаман-Айбат.

Товарищ Омаров Малик Омәрович, добросовестно относится к труду, настойчиво и целеустремлен-
но внедряет новую технику и прогрессивную технологию, является автором и руководителем по внед-

165

Кен өндірісінің қаһармандары

рению нового хозяйственного механизма в геологии на базе внедрения научно-технического прогресса.
По внедрению новой техники и технологии Джезказганская ГРЭ занимает ведущее место в Казахстане,
а по внедрению ССК-59 одно из ведущих мест в стране. Четыре бригады экспедиции работающие ком-
плексом ССК-59 в 1988 году перешли рубеж 12 тысяч погонных метров, при средней категории 8,5 и
средней глубине 675 погонных метров.

Ия, бұл құжат Мәкеңнің «Жаман Айбат» кен орнын зерттеу мен оның қорын анықтаумен ерте кезден-
ақ айналысқанын тағы бір айқындай түседі.Әңгіме мұнан әрі өз жалғасын былай тапты:

-Бұл бағытта Қаныш кен қоры барын ашқан. Бірақ оны түбегейлі зерттеп, дәлелдеуге уақыты
жетпей кеткен. Ал, жергілікті жердегі геология саласын басқарып отырған басшылар мемлекеттік
жоспарды, министрліктегілердің тапсырмасын сылтау етіп «Жаман Айбатқа» бұрғы салуға қарсы
болып-ақ бақты. Есесіне, бұрғылау жұмыстары Арқалық-Торғай өңірінде жүргізілді. Бұл өңірден кеннің
мол қорын табамыз деп дәмеленді. Ал, Сәтбаевтың ол жақта жерасты байлығы жоқтығына көзі
жетіп кеткен.

Экспедицияның сол кездегі бас инженері Еркеш Есентаевқа да «Жаман Айбатқа» бұрғы салу
жөнінде талай айттым. Ондағы ойым ол бас инженер ғой қолынан бірдеңе келер деген ниет еді.
Алайда, ол да ештеңе істей алмады. 1974 жылы Жезқазған өңірінің кен байлығын зерттеудің 15
жылдық бағдарламасын жасау жөнінде жоғары жақтан қатынас қағаз келді. Ол уақытта басшымыз
іссапарға кеткен болатын. Сондықтан бас геолог Струтинский және басқаларға келер жылдан бас-
тап «Жаман Айбатқа» бұрғы салуды жоспарға кіргізу керектігін айтып, бір пункт қостырдым. Даму
жоспарына Василий Ивановичтің қол қойғанына қарамастан бұл жұмыс бәрібір аяқсыз қалды.

Мұның сәті тек 1980 жылы түсті. Мен ол уақытта бас инженермін. Көктемге салым басшымыз
Шахмардан Есеновпен екеуі Қытайға он бес күндік іссапарға кетті. Сол сәтті пайдаланып мен «Жа-
ман Айбатқа» бұрғы салуды ойладым. №15және №5 станоктарды дайындаттым. Жедел бір бұрғы
станогін арнайы жабдықталған машинаға тиеп, Сарысу өзенінің тасып жатқанына қарамай
жолға шықтық. Ол уақытта қазіргі көпір жоқ, өзеннен өтерде көп қиыншылық көрдік. Абырой
болғанда совхоздың К-700 тракторы келе қалып, сол бізді әржаққа өткізіп жіберді. «Жаман Айбатқа»
жақын жердегі бір белге көтеріле бергенде көздеген жерімізге 700-800 метр жер қалғанда машина-
мыз бұзылып қалсын. Оны жөндеуге уақыт керек. Нар тәуекелге барып, сол алғашқы тоқтаған жер-
ге станокты орнаттырып, ол жұмысқа кіріскесін екіншісіне кеттім. Сөйтсем, ол бұзылып қалыпты.
Іссапардан оралған Штифанов оны Арқалыққа жіберттірді. «Жаман Айбатта» бірақ станок қана
істеді. Бұрғышылардың тынымсыз еңбек етуінің нәтижесінде сол жазда 700 метр тереңдіктен мыс
шықты. Кейін экспедиция басшылығы өзгеріп Мәдениет Асанов келгенде:

-Мәке, «Жаман Айбатқа» қанша станок саламын десеңіз өзіңіз біліңіз. Біз болашаққа жұмыс істе-
уіміз керек-деді. «Іздегенге сұраған» демекші, менің де тілеп жүргенім сол еді. Бірден бес станок
қойғыздым. Соның жемісін қазір ел көріп отырган жоқ па?

Бүгінде қатар жүрген жігіттер:
-«Жаман Айбатты» ашқан сіз ғой. Сіз табандылық көрсетпесеңіз бұл кен орны әлі де жата бе-
рер еді,-деп жатады. Кім қошаметтегенді жек көрсін. Бірақ, мен оған тасымаймын. «Жаман Айбат-
ты» ашқан Сәтбаев. Мен оның көрсетіп кеткен қазынасын жарыққа шығарушымын. Барлық еңбек
Қанекеңдікі деп уәж айтам. Бір өкініштісі, қазір бізде авторлық куәлік беретін бұрынғыдай мекеме
жоқ.. Ол болса жаңа кен орнының авторлары Қ.Сәтбаев, М.Омаров, В.Скирда және А,Одинцов деп
жаздырар едім.

«Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі
кеңесшісі қызметіне кіріскеніне шамалы уақыт болса да Мәкең біраз шаруа атқарыпты. Соның ең
бастысы әрі осы өндірісті өңірдің болашағына ауадай қажет шикізат қорының жаңа кен орындарын
зерттеу. Бұл бағытта білікті геологтың ұстанып отырған бағыты алдағы уақыттарда Жезқазған
аумағындағы бес ірі және ұсәқ 400-ге жуық кен орнына бұрғы салып, оның қорын анықтау

-Бұл бағыттағы жұмыстарды атқару үшін ең алдымен барлау жұмыстарын жүргізетін маман кад-
рлар даярлау керек-дейді ол. Онымен бұрын Жезқазған Кен-металлургия комбинаты тұрақты түрде
айналысып келді. В.В.Гурба барлаушыларға пәтер бөлгізіп, тұрмыстық жағдай туғызып тұрғаны әлі
есімізде. Осы іскер басшы, өндірістің шебер ұйымдастырушысы кеткеннен кейін біздің салаға маман-
дар даярлайтын Жезқазган руднигіндегі техникум, училище секілді оқу орындары жабылып қалды.
Кеңес үкіметі кезінде Одаққа танымал болған экспедицияның бүгінде жұрнағы ғана қалған. Жаз ай-
ларында 50-60 станок барлау жұмыстарымен айналысатын. Бүгінде оның саны 20-дан сәл-пәл ғана
асады. Оның өзі Ақтоғай, Нұрқазған жақта. Онда істейтін жұмысшылардың еңбекақысының деңгейі
де төмен. Осы бағыттағы ұсыныстармен жуырда «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен
кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Елінің, жерінің, ең бастысы болашақ ұрпақтың қамын ойлайтын Мәкең секілді жанашыр маманның
ойлаған жоспарының орындалуына сәттілік тілейміз.

Жезқазған, наурыз, 2007 жыл.

166

Кен өндірісінің қаһармандары

Суретте:
Қамбар Жалмағанбетов Байқоңыр көмір шахтасын-
да 1935 жылдан дәрі аттырушы, жер астынан шанамен
көмір тасушы(санщик) болып жұмыс істеген. Соғыс кезін-
дегі жанқиярлық еңбегі үшін ол 1949 жылы «Еңбекте үздік»
шыққаны үшін медалімен марапатталды. Елуінші жылдардың
басында Байқоңыр көмір кеніші жабылғанда Жезқазған тау-кен
комбинатына ауыстырылады. Мұнда ол «Покро-Центральная»
шахтасына ауысым бастығы болып тағайындалады. Небір
қиын кезеңде ауыр жағдайда жұмыс істеген бұрынғы көмірші
жаңа орында да жұмысты абыройлы атқарып 1964 жылы зей-
неткерлікке шыққанша істейді.

Суретте:
Байқоңыр көмір кенішінің тағы бір өкілі Бақия Жапаров. Ол
шахтадағы ең қауіпті жұмыста істеді. Жастайынан қолына бал-
та ұстап, жер астында забойларда тіреулер орнатты. Забойда
кен өндірушінің қауіпсіз жұмыс істеуі балташылардың сапалы
жұмысына байланысты. Өз ісіне мұқият қараған қарапайым еңбек
адамы шахта басшылығынан талай рет алғыста алады. Тәжірибелі
балташы 1951 жылы Жезқазған кен орнына ауысып, «Покро» шах-
тасына бұрынғы мамандығы бойынша орналасады. Бұл жерде ол
шахталардың жүк көтеру стволдарын тұрғызумен, жөндеумен ай-
налысты.

Суретте:
Көпен Ермағанбетұлы бұрынғы Ақмола облысында туып-
өссе де саналы ғұмыры Жезқазған жерінде өтті. 1948 жылы
Қазақ металлургия институтының тау-кен факультетін бітіріп,
Жезқазған тау-кен комбинатына жолдамамен келген жас
маманның еңбек жолы №44 шахтада учаске шеберінен баста-
лады. Теориялық жағынан мықты қаруланған тау-кен инженері
уақыт өте келе тәжірибе де жинақтайды. Іскерлік танытады.
Міне, бұдан былай Көпен Қоштаев №44, №45 шахталардың
бас инженері, №57 шахтаның тау-кен ауданының бастығы,
«Покро» шахтасының бастығы қызметтерінде істейді.

167

Кен өндірісінің қаһармандары

Суретте:
Жолтай Тоқбергенов Жезқазған шахтапроходка тресі
ардагерлерінің бірі. Қазақ политехникалық институтын инже-
нер-энергетик мамандығы бойынша бітірген Жолтай Жезқазған
шахталарын электр қуатымен жабдықтауда зор еңбек сіңірген
азамат. Ол ұзақ жыл шахтапроходка тресінде бас инженер
болып қызмет істеді.Кенді өлкеде жаңа алып шахталардың
дүниеге келуіне зор үлес қосты.

Суретте:
Қаракеңгір өзені бойындағы ауылда
дүниеге келген Қосетов Ілияс ашаршылықтың
дәмін ерте татты. Күнкөріс үшін Жезқазған
руднигіне сапар шекті. Мұнда ол шахтада
кен тиеуші болып еңбек жолын бастайды.
Кейін жер бетіне шығып, құрылыста істе-
ген. Соғыс басталғанда қолына қару алып
майданға аттанады. Толарсақтан қан кешіп
жүріп, талай шайқастарға қатысады. Ілияс
соғысты фашизмнің соңғы тірегі Берлинде
аяқтайды. Елге аман-есен оралғаннан кейін
Ташкентегі мұғалімдер даярлайтын учили-
щені бітіріп, туған ауылында өмірінің соңына
дейін ұстаздық еткен.

168

Мына қым-қуыт өмірде кейінгі ұрпаққа өнегелі өмірі үлгі бо-
лып қалған жандардың бірі-Дүйсектің Әубәкірі. Өткен ғасырдың
басында Ұлытау тауының баурайындағы төртінші ауылда
дүниеге келген Әубәкір 10 жасынан байдың қойын бақты. Бұл
мазасыз жұмыстан Кеңес үкіметі құтқарды. Оның алғашқы
жылдарында-ақ байларға қызмет істеген балаң жігіттің білім
алуға жолы ашылды. Мұнан кейін Жезқазған руднигінде су
тасушы, пешші, балғашы, электр станциясының слесарі секіл-
ді жұмыстар атқарды. Әукеңнің 1927-1936 жылдары №11-12
шахтада кен тасымалдаушы болып жұмыс істегенін, қайратты
да еңбекқор жігіттің стахановшы атанғанын тұстастары жылы
лебізбен еске алатын. Мектеп табылдырығын аттап, шамалы
болса да хат танитын Ө.Дүйсеков кен басқармасының жол-
дамасымен Алматыға коммунистік жоғары мектепке оқуға жі-
беріледі. Мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін ол Қостанай
облысының Федоровка ауданының Молотов атындағы астық
совхозы партия комитетінің, кейін Жетіқара аудандық партия
комитетінің хатшысы болады. Ол осы қызметте жүргенде Ұлы
Отан соғысы басталады. Әубәкір Дүйсекұлы алғашқылардың
қатарында Отанын басқыншы жаудан азат етуге аттанады.

Мұнан әрі Жезқазған ғылыми-зерттеу институтында ұзақ жыл-
дар инженер-конструктор болып қызмет істеп, бүгінде зейнет-
керлікке шыққан Ө.Дүйсековтың қызы Мәрия Әубәкірқызының
естелігін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.

ҒАЖАП МІНЕЗДІ ЖАН ЕДІ

Менің әкем тамаша, ашық мінезді, көпшіл, қайырымды адам болатын. Оның бұл мінезіне жастайынан
еңбекке араласып, көппен бірге ауыр жұмыс істегені де әсер етпей қалған жоқ деп ойлаймын. Біреуге
көмектесуге, қол ұшын беруге дайын тұратын. Алматыда коммунистік жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін
ол қызмет бабында Қостанай облысына жіберіледі. Астық совхозының, аудандық партия комитетінің
хатшысы болып жүргенде соғыс басталып, алғашқылардың қатарында майданға аттанады.

Тәжірибелі партия қызметкері соғыс жылдарында взводтың, ротаның саяси жетекшісі, автоматшы-
лар взводының командирі болып, шайқастарда қаһармандықтың үлгісін көрсетеді. Ерекше тапсырманы
орындауға Қытайға жіберіледі. Қызыл Армияның аға лейтенанты сол ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз»,
екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», III дәрежелі «Богдан Хмельницкий» ордендерімен, «Германияны
жеңгені үшін» медалімен марапатталған еді.

1946 жылы елге оралған майдангерді коммунистер келген
бетте «Казмедьстрой» тресі партия ұйымының хатшылығына
сайлайды. Ол Үлкен Жезқазған құрылысында жаңадан
ұйымдастырылған құрамында 100 коммунисі бар алғашқы пар-
тия ұйымының хатшысы болды.

Ол бір қарағанда айбынды, қатал болып көрінетін. Бұл мі-
незі сол кездегі жағдайға да байланысты болған шығар. Се-
бебі соғыстан кейін кеніштегі ахуал өте ауыр болатын. Ыстық
топырағын басып жүруге де мүмкін емес күнге күйген құлазыған
дала, тірі жан күндіз далаға шықпауға тырысатын. Оншақты
барақ. Осындай көріксіз далада есесіне сым қоршаумен
қоршалған, биік бағанаға жарық түсіргіштер орнатылған зо-
надан басқа адамның назарына ілігетін ештеме жоқ еді.
Үстеріне қара күпәйке киген тұтқындар колонналарының тіз-
бегі, оның екі жағында қолдарында автоматтары, жетегінде
иттері бар күзетші-солдаттар, міне, бала кезімде көрген осы
бір көңіл құлазытар көрініс ешқашан естен кетер емес. Ерік-
ті жұмысшылар жетіспейтін, сондықтан қаланың алғашқы
құрылысшылары осы тұтқындар еді. Жағдай қиын болса да
құлазығын далада Қазақстан Магниткасының орталығы қысқа
мерзімде бой көтеруі қажет болды. Үкімет алға қойған міндет-
терді орындау үшін қатаң тәртіп пен талап ауадай керек еді.

169

Кен өндірісінің қаһармандары

Осындай жағдайда қызмет істеген әкемнен халық қорқатын әрі сыйлайтын. Бұл сол кездегі басшы
қызметтегілердің бәрінің де басында бар жағдай болатын. Жезқазған ертеден- ақ көп ұлттың мекеніне
айналған жер. Әкем қай ұлттың өкілі болса да алаламайтын, оның мұң-мұқтажына қарайласуға, қолдан
келгенше көмек көрсетуге тырысатын. Оның қойын кітапшасында мына бір афоризм жазылып қалыпты:
«Біреулер-басшы, екіншілер-орындаушылар. Қатаң тәртіп және өзара талапшылдық, сыйластық және
сенім, бірақ ешқандай да жағымпаздыққа, жарамсақтануға жол жоқ. Таласуға, сынауға бола ма? Болады.
Бірақ партиялық, жолдастық тұрғыдан. Ешқандай өкпесіз, алауыздықсыз, «ашық». Қандай дана сөздер.
Осыған қарап-ақ оның қандай адам болғанын білуге, іс-қимылын бағалауға болады емес пе? Кейін зей-
неткерлікке шыққан кезінде кеңілді бір отырыстың үстінде сол кезде жаппай орын алған репрессияға
қалай ұшырай жаздағанын еске алып еді.

Ол өте қарапайым, көңілді, жайдары адам болатын. Ол сол кездегі өзі қызмет еткен партия мен Совет
үкіметіне құдайдай-ақ сенді, соған адал қызмет етті. «Жезқазғанның болашағы алда»,-деп сеніммен ай-
тып отыратын.Оның олай айтуына әкемнің бірнеше рет Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен кездесуі, үлкен
ғалым адамның айтқан әңгімелері себеп болды. Қызмет істеп жүргенде Одақтың басқа жерлерінен ар-
найы шақырылған жастарды жігерлендіре білді, болашаққа сеніммен қарауға үйретті. Алғашқылардың
қатарында Жезқазғанға келіп, ұзақ жылдар бойы Жезқазған ғылыми-зерттеу институтында кадр бөлімін
басқарған еңбек ардагері Анна Исидоровна Мордвинова әкем туралы былай деп еске алатын:

-Әубәкір Дүйсекович жастарды біздің қалаға шақырғанда: -Жол бойы өскен алма ағаштары, келе
жатып-ақ алманы үзіп алып жей бересің.-дейтін. Жезқазғанға келген жастар құлазыған даланы көріп
көңілі пәс болып:

- Анадағы айтқан алмаңыз қайда?-дегенде, Әбекең жымия күліп:
-Ия, ол қазір жоқ, келешекте оны өздерің отырғызасыңдар,-деп сеніммен айтатын. Алғашқы
келгендердің көбі өздерінің еселі еңбегімен қаланың көркеюіне үлес қосты. Қазір Жезқазғанда өспейтін,
жеміс бермейтін ағаш түрі жоқ десе де болады. Әкемнің айтқаны келді.
Мен әкеммен сол кезде қызметтес болған, Жезқазған қаласын салушылардың алғашқы легінің
өкілдері Асқар Шынтөриновты, Кәкімбек Сексенбаевты, Жүсіп Мащановты, Сапабек Мырзатовты,
Ошақбай Асылбековты, Шайхыслам Аймышевты, Ғазиз Омаровты және тағы басқада азаматтарды
жақсы білемін. Олардың бірқатары әкемнен жасы кіші болатын, соған қарамастан ақылды, оқыған
білімді адамдар еді.
Әкем балаларын да жақсы тәрбиеледі. Ол армандағандай балалары, немерелері мен шөберелері
жоғары білім алды, көбі «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарында жемісті еңбек етіп, тәуелсіз
Қазақстанның гүлденуіне қомақты үлес қосып жүр. Бұл әкем Әубәкір Дүйсекұлы сепкен дәнінің өнім
бере бастағанының айқын дәлелі.

Мәрия Әубәкірқызы, зейнеткер.
Жезқазган қаласы, 11 сәуір 2007 жыл.

Суреттерде: Аға лейтенант Ө.Дүйсеков майдандас
досымен. 24.05.1945 ж. Германия. Барта қаласы.

Ө.Дуйсеков бейбіт күндерде.

170

Кен өндірісінің қаһармандары

СЫРДА ТУЫП, ҚЫРДА ӨСКЕН АЗАМАТТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ

Осы кітапқа материалдар дайындау барысында кездесіп,
сұбхаттасқан кейіпкерлеріммен болған әңгімеден байқағаным
олардың әрқайсысының өмір жолы жайлы бір-бір роман жазуға
болатын жандар. Әрқайсысының мінезі қалай әртүрлі болса
тағдыры да, өмір жолдары да әр қилы.

Солардың бірі-Әуезхан Мүсілімов. Ата-бабасы осы өңірдің
тумасы. Ақжарқын, ашық мінезді жан екен. Бұрыннан таныс
адамдай қарсы алып, амандық-саулық сұрап жатыр. Мен
келген шаруамды айтқаннан кейін-бұларың дұрыс шаруа
екен. Қазақтың басына нәубат жылдар болған отызыншы,
қырқыншы жылдары қазақтың өрімдей-өрімдей талай жаста-
ры шахталарға жұмысқа орналасып, ұзақ уақыт істемей жатып
жұмыстың әрі тұрмыстың аүыртпалығынан селикоз аурүына
шалдықты. Соның көбі елуге, алпысқа толмай-ақ бақилық бо-
лып кеткен жоқ емес пе?

Мен 1956 жылдың қазан айында №42 шахтаға забойшы бо-
лып жұмысқа орналасқанда ардагер кеншілердің кейбіреулері-
мен қатар тұрып жұмыс істедім. Көбі аурушаң болатын, сөйтіп
жүріп ауруын жасыратын. Оның себебі де бар-тын. Олардың
бәріне бірдей жеңіл жұмыс табыла бермейді, көбін «ауыр
жұмысқа жарамайсың, бізде жеңіл жұмыс жоқ» деп жұмыстан
шығарып жібергендерін көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік.
Бәрінің де семьясы бар, балалы-шағалы, соларды асырау ке-
рек. Жер бетінде олар істей қоятын жұмыс жоқ. Міне, осылай-
ша жұмыстан шыққандардың қиналып жүргенін талай көрдік.
Ең болмағанда солардың есімдері кітапта қалсын. Әруақтары риза болсын,-деп Әуезхан ризашылық
сезімін білдіріп жатыр.

Мұнан әрі әңгіменің басын Әукеңнің өзіне бұрдық. Сыр бойында туып өссе де, еңбекте Жезқазған
кеніштерінде шыныққан Әукеңнің өмірден көргені мен түйгені көп екен. Кейбіреулердей өзімен бірге
істеген әріптестерінің есімдерін, аты-жөндерін ұмытып та қалмапты. Қашан, қай жерде не болғанына
дейін мүдірмей әңгімесіне арқау етті.

-Мен жоғарыда айттым ғой, 1956 жылы №42 шахтаға забойшы болып жұмысқа тұрғанда оң-солым-
ды таныған азамат едім. Олай дейтінім Сырдария ауданының «Бірінші Май» колхозының Орджоникид-
зе атындағы орта мектебінің жетінші класын бітіргеннен кейін Қызылордадағы ауыл шаруашылығына
қажетті механизаторлар дайындайтын училищеде оқып, тракторист мамандығын алып, туған ауы-
лымда тракторист болып шамалы уақыт болса да жұмыс істеп келгенмін. Тәжірибем бар. Оның үстіне
шахталардың негізгі жұмысшылары түрмеде отырғандар үкіметтің арнайы Указымен босатыла бастаған
шақ. Шахта бастығы ол кезде Далабай Ешпанов өтінішіме сөз айтпай қол қойды. Шахтаның бас инже-
нері Абшеханов деген лезгин жігіті болды. Мен Николай Николаевич Шестопаловтың учаскесіне жі-
берілдім. Ол біздің поселкедегі түрмеде отырған екен. Үндемейді. Артық сөз айтпайды. Сол уақыттарда
оның жасы отызға да толмаған кезі. Жастай сотталған, не үшін отырғанын өзі де білмейді. Босанғаннан
кейін «Тасқұдық» академиясында арнайы курстан өтіп, жоғары қызметке тағайындалған. Адамгершілігі
мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, кен өндірудің қыр-сырын жетік меңгерген жігіт. Жылқайдаров Асан,
Мәмкенов Базыл ауысым шеберлері болды. Біздің бригаданы түрмеден босап шыққан түркімен жігіті
Атақанов басқарды. Ол бірер жыл жұмыс істеп, ақша тапқасын еліне кетті. Забойда кен өндірушілердің
дені саяси тұтқындар. Оларды конвой таңертең жұмысқа айдап әкеліп шахтаның астына түсіреді, кешке
түгендеп айдап әкетеді. Негізінен бізді кенші мамандығына өздерін бостандыққа шығаратын Указды
күтіп жатқан Ораз Есболаев, Серік Әубәкіров секілді жігіттер үйретті. Мен жұмысқа келген уақыттарда
кен қабатын бұрғылау құрғақтай жүргізіледі екен. 1957 жылдан бастап өндіріске ПР-30 бұрғылау станогі
келді. Екі шлангасы бар. Бірімен су, екіншісімен ауа келеді. Бұрынғыдай емес шаң онша көтерілмейтін
болды. Жанталасып жүріп, әлгі бұрғыланып жатқан кен қабатына су шашып тұрған шланганы лақтырып
жіберіп, өзіміздің үйренген құрғақтай бұрғылау әдісіне көшіп кеткен кездеріміз де болды-ау. Оның
денсаулыққа зиян екенін жас уақытта еледік пе, зардабын кейін шегіп жүрміз ғой. Біздің арамызда са-
яси тұтқын ретінде отырған Иван Иванович Горошко деген украин жігіті жұмыс істеді. Указдан кейін
бостандыққа шығып, еліне барам деп кеткен. Бір айға жетер-жетпесте қайтып келді. «Менің Отаным
Қазақстан, енді ол жаққа бармаймын»,-деді. Сөйтсе, еліне барған жерде жергілікті халық-бұл жерден 24

171

Кен өндірісінің қаһармандары

сағаттың ішінде көзіңді жоғалт-деп қуып жіберіпті. Өзі не үшін екенін айтпайды. Соған қарағанда шама-
сы істеген қылығы елден қууға тұрарлықтай болған-ау деп ойладық. Өле-өлгенше осында тұрды.

Атақанов еліне кеткеннен кейін бригаданы Әнуарбек Алтаев басқарды. 1959 жылы біздің бри-
гада комсомол-жастар бригадасы болып құрылды. Жастарға сенім артылды. Жұмысты да жапы-
ра істедік. Бригадирімізге жылдың жұмыс қорытындысы бойынша «Еңбекте үздік шыққаны үшін»
медалі тапсырылды, бірнеше жас кенші облыстық, қалалық комсомол комитеттерінің Грамота-
ларымен марапатталды.

1960 жылы шахтаның кен өндіру жоспары көбейтілді, соған байланысты әр бригадаға берілген жұмыс
көлемі ұлғайды. Осы кезде Николай Николаевич Шестопаловтың ұсынысы бойынша мені жаңадан
құрылған бригадаға жетекші етіп тағайындады. Бригада мүшелері кілең жастар. Евгений Ревулич, Ни-
колай Залманис, Николай Федотов, Владимир Григорьев, Талғат Ахмедов, Михаил Петров, Николай
Афанасьев деген жігіттердің есімін жылы сезіммен еске аламын. Шетінен еңбекқор, тапсырманы екі
етпей орындайтын еді. Әр ұлттың өкілдерінен құрылған бригадамыз ұйымшыл болды. Жоспарды үнемі
асыра орындап отырдық. Демалыс уақыттарында табиғат аясына барып, балық аулап, спорт ойында-
рын ойнап дем алушы едік.

Сол уақыттарда арамызда бізге дейін забойшы болып жұмыс істеген Қоңыров Ібірахым деген кісі
болды. Өте тәжірибелі маман болатын. Ібірахымнан көп нәрсе үйрендік. Зейнеткерлікке жетпей 49 жа-
сында аурудан қайтыс болды. Бірге жұмыс істеген Сағымбай Алданазаров туралы айтпай кетуге болмас.
Жұмысты жақсы істеді, сол үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Өзі Қостанай жағының
тумасы болатын. Кейіннен еліне кетіп, сол жақта әртүрлі қызмет атқарды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің
депутаты болды.

Біздің шахтада менің бригадаммен қатар Тұрман Танабаевтың, Роман Расновскийдің забойшылар
бригадалары жұмыс істеді. Біз үнемі озаттар қатарынан көрініп, еңбек көрігін қыздырып, социалистік
жарыстың алдында болдық. Шахта аумағындағы қол жетер жердің кені түгел алынғасын №42 шахта
жабылып, осы кезде пайдалануға берілген №57 шахтаға ауыстық.

Жаңа кен өндіру техникаларымен жарақтанған алып шахтаның атына заты сай екен. Жетіқат жер
астында жап-жарық, арнайы құбырлармен таза ауа, шаң басуға арналған су желісі келіп тұр. Іші құрғақ.
Забойдың ішінде қуатты техникалар еркін жүреді.СБУ-2, СБУ-2М бұрғылау станоктары жұмысты көп
жеңілдетті. Кен жынысы электровоздармен тасылады. Осында ауысқаннан кейін бригада ықшамдалды,
құрамы жаңарды. Қайырбеков Мырзат, Сыздықов Жолдасбек, Асадуллин Асхат, Талғат Ахмедовтар
бұрғылау станогінде істеді. Борис Жиров, Анатолий Кноль, Владимир Карнаухов кен тиейтін экскава-
торды меңгеріп, өнімді жұмыс істеуге қол жеткізді. Жаңа шахтаға келіп, жаңаша еңбек етуді үйренген
Роман Расновский «мыңшылар» қозғалысының бастамашысы болды. Тың бастаманы бірінші болып
мен бастаған бригада ұжымы да қолдап, тәулігіне мың тоннаға дейін кен өндіріп жүрдік.

Еңбек ардагері Әуезхан Мүсілімов Жезқазған кеніштерінде істеген отыз жылдан астам уақытта ерен
еңбегімен ел аузына ілікті. Өндірістің шебер ұйымдастырушысы, озат кенші Әукеңді сол уақыттарда
кеніш директорлары болған Далабай Ешпанов, Қонақбай Сейтмағанбетов, шахта басқарған Нұртілеу
Жүнісов, Әнуарбек Аманов, учаске бастықтары Аманжол Шамелханов, Николай Шестопалов, Өмірбек
Шегірбаев секілді басшылар зор құрметтейтін. Шығыс Жезқазған кенішінің, оны басқарған азаматтардың
есімі осы Әукең секілді еңбеккер жандардың қажырлы еңбегінің арқасында еліне танылды. Майталман
кенші де марапатталудан кенде болған жоқ. Омырауына «Еңбек Қызыл Ту» орденін тақты. Сан мәрте
Мақтау Грамоталарымен марапатталып, алғыстар алды. Еңбек түбі - зейнет деген осы.

Сәтбаев қаласы, сәуір 2005 жыл.

172

Кен өндірісінің қаһармандары

ШАХТЕР ДАҢҚЫ БЕЛПСІНІҢ ТОЛЫҚ ИЕГЕРІ

1954 жылы «Петро» шахтасында табельші болып еңбек жо-
лын бастаған Төкеңнің өмірінің 36 жылы жер асты байлығы-мыс
кенін өндірумен айналысуға арналған екен. Ұлытау ауданына
қарасты «Қараадыр» колхозында дүниеге келген Төлеубай
бұған дейін туған ауылында жас та болса шөп шабу, мал
бағу секілді жұмыстардың бел ортасында жүрген өзінің өмір
жолының аяқ астынан бұлай өзгерерін ойламапты да. Соғыстан
кейінгі жылдар. Колхозда жағдай жоқ. Тапқан-таянғанның бәрі
үкіметке кетеді. Ет салығы, жүн салығы, қолыңдағы жалғыз
сиырыңның өзінен май жинап орталыққа өткізесің.

Жуырда ғана әкесі қайтыс болып, бір жанұяның үлкені бо-
лып қалған Төлеутай анасымен екеуі әрі ақылдасып, бері
ақылдасып қалаға көшуге бел байлады. Аяқ астынан үдере
көшкен олар Жезқазған поселкесіне келгенде тұрарға баспана-
сы да болмады. Кім көрінгеннің үйін жалдап тұрып жатты.

Ол уақыттарда шахталарда адам қолы жетіспейді,
бұрынғы жұмысшы күші болып келген түрмеде отырған са-
яси тұтқындардың алды бостандыққа шығып, кетіп жатқан
кез. Төлеубай Садуақасов «Петро» шахтасына жұмысқа
тұрды. Жасы он алтыға әлі толмаған жас бала табельші бо-
лып қабылданды. Жас та болса өз ісіне тыңғылықты, мығым
Төлеубай забойларға түсіп, кеншілер өндірген мыс рудасының
есебін алады. Шахтада толып жатқан забой бар, таңертең
түскеннен ауысым аяқталғанша соның бірінен екіншісіне жүгіріп
жүргені. Көкірегі ояу балаң жігіт: «Бұлай қашаңғы жүгірем,
онанда тұрақты бір жұмысқа тұрайын»,-деген шешімге келіп, «Покро» шахтасына монтажшы-элект-
рослесарь болып ауысып кетті. Бұл жұмыс өте күрделі әрі жауапты жұмыс. Шахтаның астында жұмыс
істеп тұрған барлық техниканы электр қуатымен жабдықтайды, жаңа забойларға электр желісін тарта-
ды, бұзылғаны болса жөндейді. Міне, осындай қым-қуыт жұмыстарда істеген Төкең ер жетіп, есейді.
Жұмыста абыройсыз болған жоқ. Армия қатарына алынып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп
келген ол бірер жылдан кейін жаңадан салынған №55 алып шахтаға забойшылар бригадасына ауысты.
Бұрынғы өзі істеген шахталар жабылды. Мына шахта тегіннен-тегін алып атанбаған екен. Забойлары
кең, электр жарығы жарқырап тұр, желдеткіштер тұрақты жұмыс істеп, іштегі шаң -тозаңды, двигатель-
дерден шығатын газды сыртқа шығаруда. Жаңа СБУ-2 кен бұрғылау станогы забойшы жұмысын көп
жеңілдеткен, еңбек өнімділігі де артқан. Қуатты кен тиеу машинасы катерпиллар қопарылған кен жы-
нысын өздігінен жүретін МОАЗ самосвалдарына тиеп жөнелтіп жатыр. Олар болса әлгі кен рудасын
жер бетіне кен шығаратын стволға толассыз тасымалдауда. Осында еңбек етіп жатқан кенші жігіттердің
іс-қимылына еріксіз сүйсінесің. Төлеутайдың комплексті бригадасында жиырманың үстінде адам бар.
Оның құрамына әртүрлі мамандықтың иелері біріктірілген. Кен қабатын бұрғылаушылар, забойшы-таза-
лаушылар, жөндеуші-слесарьлар, аттырушылар, әлгі техника құлағында ойнап жүрген машинист жігіт-
тер де бригада құрамында. Бригада жетекшісі Төлеубай Садуақасов өзінің шебер ұйымдастырушы, кен
өндірісінің білікті маманы екенін жұмыс барысында көрсете білді. Адамгершілігі мол азамат бригаданың
әрбір мүшесінің жағдайын жете біліп, оларға туындаған проблемаларын шешуге жәрдемдесіп отырды.
Шахта, рудник басшылары алдында бригаданың намысын, мұң-мұқтажын қорғай білді. Міне, сол үшін
де оны әріптестері өте зор құрметтеді. Құрметтеп қойған жоқ, ең бастысы өндірістік жоспардың орын-
далуына бар күш-жігерлерін жұмсап, ұйымшылдықпен еңбек етті. Соның нәтижесінде бригада шахтада
ғана озат атанып қойған жоқ, КСРО түсті металлургия Министрлігі саласы кәсіпорындары бригадалары
арасында да жеңімпаз атанды.

Төлеубай еңбек жолын қатардағы забойшы болып бастаған жылдары жоғары өндірістік көрсеткіштерге
жеткені үшін ең алғаш рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталса, кейіннен III дәрежелі «Еңбек
Даңқы» орденін омырауына тақты. Көп ұлтты бригаданы басқарып, халықтар арасындағы достықты
нығайтқаны, өндірістік жоспардың орындалуын қамтамасыз еткені үшін «Октябрь Революциясы» ордені
оған орынды берілді.

-Төлеубай Садуақасов еңбек десе жанып тұратын, ол уәдеге берік болатын. Жоспарды қай уақытта
орындауға міндеттенсе, сол мерзімге орындап шығатын. Жігіттердің қамын көп ойлайтын. Қоғамдық
жұмыстарға көп араласты. Озат бригадир Қазақстан Коммунистік партиясының 17 съезіне делегат бо-

Кен өндірісінің қаһармандары

лып қатысты. Бұл дегеніңіз ол уақытта қарапайым жұмысшыға көрсетілер құрметтің ең үлкені болатын.
Ол орталық тексеру комиссиясының мүшесі болды. Сәтбаев, Жезқазған қалалары атқару комитеттері
Советінің депутаты болып, қалалардың дамуына өзіндік үлес қосты. Төкең Алматыда немесе Мәскеуде
жүрсе де бригадасын ойлайтын. Барған жерінен телефон шалып, қалдерін біліп отыратын. Ол жақтан
бригададағы жігіттерге деп ең құрып кеткенде ескерткішке спорт бас киімін-шапочка алып жататын,-дей-
ді ол туралы, кезінде Батыс Жезқазған кенішінде партия комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен
кәсіподақ комитетінің төрағасы болған зейнеткер Мақсұм Әшенов.

Жезқазған кеніштеріндегі жанқиярлық еңбегімен Отан байлығын арттыру жолында қырық жылға жуық
еселі еңбек еткен Төкең ағамыздың еңбегі әрқашанда зор бағаланып, құрметке бөленді.

Батыс Жезқазған кенішінің забойшылар бригадасының жетекшісі Төлеубай Садуақасовтың есімі
Қазақстанның еңбек озаттарының есімі енгізілетін республикалық Алтын Құрмет кітабына да жазылды.

-Осы жылдарда омырауыма орден, медальдар тақтым, оның сыртында толып жатқан Мақтау Гра-
моталарым бар. Ал маған ең жақыны, орны бөлегі «Шахтер Даңқы» Белгісі. Мен оның толық иегерімін.
Кеңес Одағы кезінде бұл Белгінің толық иегерлері Социалистік Еңбек Ері атағын алғандармен дәрежесі
тең болады деуші еді. Қайткен күнде де бұл менің еңбегімнің бағаланғанының айқын белгісі. Біз ол
уақыттарда орден-медаль үшін еңбек еткен жоқпыз. Өз ісімізге адал болуға, жоспарымызды орындауға
тырыстық. Еліме адал еңбек еттім -деп ұрпақтарым алдында мақтана аламын. Олар да еліне біз
сияқты қызмет етсе тәуелсіз Қазақстан одан әрі көркейер еді. Ел көркейсе халықтың да тұрмыс-ахуалы
жақсарары сөзсіз,-дейді зейнеткер кенші Төлеубай Садуақасов.

Сәтбаев қаласы, маусым, 2005 жыл.

174

Кен өндірісінің қаһармандары (

ҚОЙЫН ДӘПТЕР ШЕРТКЕН СЫР

Жезқазған қалалық кейіннен облыстық телевизия студи-
ясында қызмет істеген 30 жыл ішінде мен бармаған, аралап
көрмеген, ондағы еңбек тынысымен, адамдарымен танысып
көрмеген бұл өңірде бірде-бір кәсіпорын, бірде-бір совхоз жоқ
деп айтсам өтірік болмас. Әріптес журналист ағайындардың
газет бетіне шыққан шағын мақаласынан кейін немесе теле-
экраннан жарқ етіп көрінген бейнематериалдан кейін елеусіз
қалып келе жатқан талай еңбек адамының есімі еліне танылған
еді. Сол кездерде жүргізіп отырған қойын дәптерімнің бірін
парақтап отырсам, еселі еңбегімен еліне танылған, бүгінде сол
еңбегінің зейнетін көріп отырған Зейнеп Әбілбековамен болған
кездесуден мағлұмат кездесе кетті. Орайы келген шаруаның
орала кеткеніне қатты қуандым.

Бұл 1980-1981 жылдар болатын. Бірде Батыс Жезқазған
кенішінің еңбек және жалақы бөліміне телефон шалып, теледи-
дардан берілетін күнделікті жаңалықтан беру үшін озаттардың
атын сұрасам осы бөлімнің қызметкері Тамара Семеновна Ла-
зарь көп еңбек озаттарының қатарында Зейнеп Әбілбекованың
есімін атады. Жалма-жан:

-Тамара Семеновна-Зейнеп Әбілбекованы бірінші рет
естідік қой, соны фамилия, кім болып істейді?- деп едік.

-Оныңыз рас, Зейнеп-коммунист. Еңбек озаты. Қала комму-
нистері кеше өткен конференцияда оны КПСС-тің ХХУІ съезіне делегат етіп сайлады. Бізде кен көтеру
машинасының машинисі болып істейді.Танысамыз десеңіз дер келіңіздер.-деді телефонның әр жағынан
Тамара Семеновна, біздің штаттан тыс тілшіміз. Иә, ол уақытта бізбен хабарласып, кеніштердің, басқада
кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығының еңбек тынысы жайлы жағымды хабарлар беріп тұратын
азаматтарды біз солай атайтынбыз. Олар біздің белсенді көмекшілеріміз болды. Тамара Семеновна
солардың бірі еді.

Мұндай елеулі оқиғаны аяқсыз қалдыруға болмайды. Сонымен жедел түрде киноға түсіру тобын
құрастырып, ертеңіне делегат қызбен танысуға Батыс Жезқазған кенішіне жол тарттық.

Делегат қыз №31 шахта коперінің шағын бөлмесінде отырады екен. Бізді ертіп келген шахта
кәсіподақ комитетінің төрағасы: «Сіздердің іздеп келген қыздарыңыз»,-деп бидай өңді, жұқалау кел-
ген, жылы жүзді келіншекпен таныстырды. Зейнеп Әбдіғамиқызы. Алдарыңыздағы басқару пульті
Зейнептің жұмыс орны.

Жеті қат жер астында өндірілген кенді жоғарыға көтеру оңай жұмыс емес. Кен тиелген клет жуан
тростармен жоғары көтеріліп, кен вагондарға тиеледі. Трос біріне айнала оратылып, екіншісінен
тарқатылып жатқан дәу-дәу барабандарда тыным жоқ, шыр айналып тұр. Бұл кеніште жұмыстың қызу
жүріп жатқанының белгісі. Оның қозғалысын ретке келтіріп, басқару пультіндегі толып жатқан кнопка-
ларды алма-кезек іске қосып, Зейнеп отыр. Бізге мына нәзік келіншек өзінің осы қимылымен-ақ күніне
жүздеген тонна мысты қыр бетіне шығарып жатқанын сезбейтін де сияқты көрінді.

Мен Зейнеппен алғаш рет осылай танысқан едім. Кейіннен онымен және жұбайы, танымал кен
инженері Өмірбек Мақатұлымен етене араласып кеттік. Екеуі де бір тамаша жандар. Көпшіл. Адам
жатырқауды білмейді. Еңбекқор. Оның үстіне екеуі де ақынжанды адамдар. Өлең шығарады. Сыншы
өздері. Жазғандарын бір-біріне оқып береді, екіншісіне ұнаса ғана халыққа жария етеді. Өмірде қос
аққудай қосарлана жүзіп келе жатқан Өмекең мен Зекең ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немере
сүйіп мейірін қандырған бақытты ата мен әже.

Осы «ақ жаулықты» әженің өмір жолы да кейінгі жастарға өнеге боларлық. Оқып көріңіз.

3. Әбілбекова,
« Құрмет Белгісі» орденінің,
«Үздік еңбегі үшін» медалінің

иегері, зейнеткер.

-Менің нағашым Байман 19 бен 31 аралығындағы жастарды соғысқа алу жөнінде 1916 жылы
шыққан патша жарлығына қарсы халық көтерілісін ұйымдастырған Аманкелді батырдың ұстасы болған,
сарбаздардың қару-жарағын жасаған белгілі кісі. Он саусағынан өнері тамған жан еді. Бұл өңірде, оның

175

Кен өндірісінің қаһармандары

ішінде Қарсақбайда Байман ұстаны білмейтіндер кемде-кем. Оның күмістен соққан білезік-сақиналары,
ат әбзелдері әсемдігімен көздің жауын алатын. Ол кезде қазіргідей емес алтын бұйымдардың қат кезі,
қыз ұзатқанда, басқа да той-томалақтарда мұндай бұйымдарға тапсырыс көп түсетін. Мен нағашы
атамның үрме көрігін, ол жасаған әшекей заттарды көріп өстім.

«Мынаны Байман ұста жасап еді»,- деп әжейлер қолдарындағы сақиналары мен білезік, сырғаларын
бір-біріне көрсетіп, мақтанып отырғанда, атамның іскерлігіне, өнеріне қызығатынмын. Әлгідей әңгіме
естігенде:«Ол-менің атам»,-деп қалуға шақ тұратынмын. Мен сол атамның бауырында өстім. Фами-
лиям да Байманова болды. Оның да өзіндік сыры бар. Бұл кешегі сұрапыл соғыстың халыққа әкелген
трагедиясының куәсіндей менің есімде қалды. Байман менің шешем Ақжібектің әкесі. Оның менің анам-
мен бірге туған Базарбай деген баласы болған. Жасынан зерек, өнерге бейім Базарбай «комсомолға
өтем» деп жасын үлкейттіріп жаздырған. Соның зардабын кешегі миллиондаған адамның өмірін қиған
соғыста шекті. Оң-солын танып үлгермеген бозбала жасы кіші болсада өзінен үлкендермен соғысқа ат-
танып, артынан қара қағаз келді. Баласының қайғысынан отырып қалған әкесі мен шешесін көрген анам
оларға серік болсын деп мені Байман атамның атына жаздырып, бала ғып береді. Бесінші класқа дейін
менің фамилиям Байманова болды. Сосын оны тағы өзгертуге тура келді. Бұл жолы анам Ақжібектің
өзінің басына қара бұлт төнген еді. Әкем Әбдіғами соғыста опат болғаннан кейін «Әскер жесірі» ретінде
жәрдемақы алуы қажет болды да мен кайтадан өз әкемнің атына көштім. Мен көрген соғыс тауқыметінің
бірі осындай.

Еңбекке ерте араластым. 1957 жылы токарьдің көмекшісі болып жұмысқа қабылданып, еңбек жолым
басталды. Содан 37 жыл еңбек еттім. Оның дені Батыс Жезқазған кенішінің №31 және №55 шахта-
ларында өтті. Менің өмірлік серігім Өмірбектің әкелері, ағаларының үлкен бір тобы кешегі 30-шы 40-
шы жылдарда Жезқазған шахталарында кен қопарып, өздерінің адал еңбек етулерінің арқасында еліне
сыйлы болып «кенші қырғыздар» әулеті атаныпты. Олар да осы кеніште еңбек еткен. Мен сол атақты
аталарымның ізбасары секілді болдым. Сол уақыттарда жер астынан сағатына жүздеген тонна руданы
жер бетіне шығарамыз. Ал әлгі менің аталарым қолмен жұмыс істеп, бейнеттеніп жүріп тәулігіне ондаған
тонна ғана өнімді әрең шығарыпты. Оның өзін қолмен. Қандай бейнет десеңізші! Мен олар секілді шах-
та астына түскен жоқпын. Олар секілді шаң жұтып селикоз алған жоқпын. Бірақ, адал еңбек еттім. Кен
көтеру машинасының машинисі болдым. Құдайға шүкір, жұмыста абыройсыз болған жоқпын. Партия
қатарына өттім. «Үздік еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталдым. Еңбегі жан-
ды деген осы емес пе?

Менің өмірімнің бір есте қаларлық шуақты сәттерінің бірі-Сәтбаев қаласы коммунистерінің аты-
нан 1981 жылы КПСС ХХУІ съезіне делегат болып қатысуым деп есептеймін. Бұл қарапайым қазақ
қызына көрсетілген зор құрмет еді. Қазір арамызда «өткенді көксейсіңдер» дейтіндер де кездесіп
қалады. Көксемегенде ше? Атақты Байман ұстаның, кешегі қырғын соғыста қыршын кеткен жауынгер
Әбдіғамидің қызына мұндай құрмет көрсету сол кезде ғана мүмкін болатын жағдай еді. Қазір Мәскеуге
жіберіп, марапаттамақ түгілі еңбегі дұрыс бағаланбай жүргендер мен тапқаны бала-шағасын асырауға
жетпей жүрген аяқ-қолы балғадай жігіттер қаншама. Күні кеше ғана теледидардан беріп, баспасөзге жа-
рияланды-Қазақстанда 2,5 млн. халық бейшаралық күн кешуде көрінеді. Бұл не деген сұмдық? Біздегі-
дей байлық бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің көпшілігінде жоқ. Осыны естігенде төбе шашың тік тұрады.
Бұл деген «жаңа қазақтармыз» деп жүргендердің көрсоқырлығының, тек өз қалтасын ойлайтындығының
нәтижесі деп білемін.

Ия, сонымен Мәскеудегі Кремльдің Съездер Сарайынан бір-ақ шықтым. Сол кездегі менің
қуанышымда шек жоқ еді. Съезд жұмысын былай қойғанда оған жан-жақтан келген небір ғұлама
ғалымдармен, ақын-жазушылармен, атақты адамдармен жүздестім. Мен авар ақыны Расул
Гамзатовтың өлеңдерін сүйіп оқимын. Сол жерде есімі дүниежүзіне мәшһүр ақынмен тілдесудің сәті
түсті. Қол таңбасын алдым. Оны көздің қарашығындай қастерлеп, сақтап жүрген жәй бар. Әжелеп кел-
генде немерелерім мен шөберелеріме көрсетіп отыратын ең қадірлі нәрсемнің бірі сол. Съезд күндері
оған қатысушылар әртүрлі мәдени шараларға қатысты. Біз Жезқазған облысынан барған сегіз делегат
«Жұлдызды қалашықта» болдық. Ғарыш айлағына сапарынан кейін Жезқазғанға келіп қонған, біздің
жердің дәмін-суын татқан космонавтар бізді ерекше бір құрметтеп, алыстан туысқандары келгендей бо-
лып қарсы алды. Ол орынды да еді. Герман Титов, Владимир Шаталов, Андриян Николаев, Петр Климук,
Валентина Терешковалар Жезқазған қаласының құрметті азаматтары, Сейфуллин бақ жолы бойында
космонавтарға арналған аллеяда олардың суреттері ілулі тұратын. Өздерін жезқазғандықтармыз деп
есептейді. Жылышырайлы кездесуде ұзақ әңгіме болды. Олардың әрқайсысы ғарышқа ұшу кезіндегі
өздері алған әсерді, қонған кездегі ауа қысымынан пайда болатын қиын сәттерді еске түсіріп, әңгімелеп
берді. Космоста да жуынатындарын, моншаға түсетіндерін айтты, бірақ, ол жердегідей су шашып-төгіп
жұмсалмайды, арнайы порошоктар жұмсалады екен. Ал ішетін тамақтарын айтқанда таң-тамаша
қалдық. Жер алмасын, салмағы болмасын деп ғарышкерлерге арнайы медициналық тамақ дайында-
лады. Олардың бір ай ішетін тамағы әйелдердің қол сөмкесінің ішіне сыйып кететін көрінеді. Ол да тіс

176

Кен өндірісінің қаһармандары

пастасы сияқты тамақтар. Алайда, калориясы өте жоғары. Космосқа ұшуға дайындау залында болдық.
Оларды қалай дайындайтынын, киетін киімдерін көрдік. Бәрі тамаша болды. Міне, сол космонавтар
Жезқазған қаласының орталығына отырғызған жасыл өскіндер бүгінде зәулім бәйтерекке айналған. Әр
ағашты қай космонавт, қай уақытта отырғызғаны оның алдында жазулы тұратын. Бұл бір ұрпақтың та-
рихы еді. Өкінішке, орай «жаңаша» жұмыс істеген қала басшылығы сол тақтайшаларды, космонавтар
аллеясын мүлдем құртып жіберді.

Съезд жүріп жатқан күндері мен күтпеген тағы бір үлкен қуаныш болды. Балам Марат ол кезде
Қызыл Тулы Солтүстік флотта Отан алдындағы борышын өтеп жүрген болатын. Бір күні сол ұлыммен
сөйлесудің сәті түсті. Оны «На страже Заполярья» газетінің тілшісі ұйымдастырды. Мені тауып алып:

-Сіз делегатсыз, балаңыз да корабльдегі үздік аға матрос, мен сіздерді сөйлестірейін,- деп, ба-
лам екеуімізді телефонмен тілдестірді. Менің қуанышымда шек жоқ. Алыста жүрген баласын қай ана
сағынбайды дейсің, сағынып жүр едім, қуанып қалдым. Әлгі журналист осы жөнінде кейін газетіне
мақала жариялап, газеттің бір данасын балама салып жіберіпті.

Ол кезде қаламыз жас. Бәлендей көп мәдени ошақтар да жоқ болатын. Қалалық партия комитетінің
бірінші хатшысы Николай Гаврилович Шустов мен съезге кетерде кездесіп, сонда маған:

- Зейнеп, сен қала коммунистерінің атынан бара жатырсың. Ертең Мәскеуге барғанда делегаттар-
ды СССР Түсті металлургия Министрі П.Ломако қабылдайды. Сендер сегізінші март қарсаңында бара
жатырсыңдар, сондықтан әйелдерге көбірек көңіл бөледі. Министр бәріңнен қандай өтініштерің бар?
-деп сұрайды. - Сонда сен мүмкіндікті пайдаланып, қалаға монша, балалар бақшасы қажет екенін жет-
кіз,-деді. Сонымен Николай Гаврилович айтқандай болды. Менің айтқандарымды Министр түсіністікпен
қабылдады. Қазақ ССР Түсті металлургия Министрі С. Тәкежановқа: - Жезқазған Кен-металлур-
гия комбинатының басшылығына тапсырамын, -деді. Кейін Сәтбаев қаласында моншаның іргетасы
қаланды, балабақша салынды. Сөйтіп, қаламыздың көркеюіне менде осылайша үлес қосқан едім.

Мен қазіргі елбасымызды сонау Теміртау қаласында комсомолда қызмет істеп жүрген кезінен
білемін. Сол кезде менің отбасыма байланысты бір түйінді шаруаны шешуге үлкен көмек көрсеткені
әлі есімде. ХХУІ съезд жүріп жатқан кезде Нұрекең Қазақстан Компартиясының секретары болатын.
Съездер Сарайының мәжіліс залына рұқсат қағазымен кіргізетін. Кезекте тұрғанбыз. Алдымда тұрған
кісілердің бірінің қолындағы қағазынан «Нұрсұлтан Назарбаев» деген жазуды көріп қалып, қасына жет-
кенше асықтым. Баяғы Теміртауда көргеннен бері арада біршама жылдар өтіп кеткеніне қарамастан
мені бірден таныды.

Белгіленген орнымызға жеткенше жағдайымды, үй-жайымды сұрап, өзінің Сара Алпысқызымен бір-
ге келгенін айтып, қонақ үйдегі адресін беріп, ескі достардай қауқылдастық та қалдық.

Мен осындай абзал адамдармен таныс болғанымды, жүзбе-жүз кездесіп әңгімелескенімді мақтан
тұтамын, бүгінде немерелеріме сол кездесулер жайлы әңгімелеп беріп отырамын. Менің өмірім оларға
өнеге боларлықтай жол екені даусыз деп ойлаймын.

Сәтбаев қаласы, 2005 жып, наурыз.

177

Кен өндірісінің қаһармандары

КЕН ҚОПАРҒАН ӘНУАРБЕК

Жезқазған өңіріне есімі кеңінен танымал кенші Сағи
Төлепбергенов туралы материал дайындау кезінде ол кісімен
кездесіп, сұхбаттасқанда біраз әңгіме шертіскенбіз. Әңгіме
үстінде өзімен бірге істеген жігіттер туралы да еске түсіріп еді.
Кетерімде ол өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта кезін-
де ең алғаш рет шахтаға жұмысқа тұрғанда Әнуарбек Алтаев
деген жігітпен бірге жұмыс істегенін айтты.

№42 шахтаға екеуіміз қатар келдік. Сондықтан да бо-
лар достасып кеттік. Ауылдың баласы еді. Одан сондай бір
биязылық, ұяңдық сезіліп тұратын. Бірақ, еңбек десе жанын
салып істейтін қарулы жігіт болатын.Ұзақ жыл қатар жұмыс
істедік. Екеуміз екі бригаданы басқардық. Еңбекте бәсекелес,
өмірде дос болдық. Сол жігіт қазір ауру. Ауруды шахтадан тап-
ты. Соған соққаныңыз да жөн болар, деп ұсыныс айтты.

Содан сұрастыра жүріп алғашқы құрылысшылар көшесі
бойындағы бес қабатты үйде тұрып жатқан Ә. Алтаевтың үйін
тауып алдым. Пәтері бесінші қабатта екен. Күн ыстық, ырсыл-
дап әрең көтерілдім. Ортадағы бөлмеде диван үстінде жатқан
жігіт ағасына сәлем бердім. Сөз жоқ. Бетіме қарай береді. Ау-
зын жыбырлатқандай болды. Бұл сәлемдескені екенін түсіндім.
Келген шаруамды айтып жатырмын. Шала еститін секілді,.
әлгінде келгенде танысқан Әбекеңнің әйелі Сара екеуміздің арамызда бәйек болып, түсіндіріп жатыр.
Содан бар шаруа Сара жеңешеміз арқылы бітетінін біліп, көңілімізді солай қарай аудардық.

Әнуарбектің төсек тартып жатқанына біраз уақыт болды. Миының оң жақ бөлігіне қан құйылған. 29
жыл 4 ай жер астында жұмыс істеді. Кезінде істеген ауыр жұмыстың зардабын бүгін тартып жатыр.
Орден-медальдар алған, оның пайдасын да көріп отырған жоқ. Бесінші қабатта тұрамыз. Төмен қарай
түсіп, бір мезгіл даланың ауасын жұтуға да шамасы келмейді. Төменгі қабаттан пәтер сұрап комбинатта
бармаған тесігім жоқ. Көбі құр сөзбен шығарып салады. Орденді кеншіңіздің жайы осы, қарағым, -деп
Әбекеңнің бәйбішесі Сара жағдайды сәт қағымда түсіндіріп берді.

Мен Әнуарбектің еңбек кітапшасымен және басқада құжаттарымен танысуды жөн көрдім. Қарап
отырмын. Мұнан біраз мағлұмат алатын түрім бар. Бірақ, еңбек ардагерінің тұтастай еңбек жолымен
оқырмандарды таныстыруға бұл аздық етеді. Ол үшін іздену керек болды. Оның жауабын Алматыдағы
көпшілік кітапхана қорындағы газет беттерінен таптым. «Жезқазған жұмысшысы» газетінің 1961 жылы
жарық көрген санын аударыстырып отырып, жергілікті тілшінің «Кен қопарған Әнуарбек» деген мақаласын
тауып алдым. Әнуарбектің еңбек жолын және оның жас кезінде қалай жұмыс істегенін газетте берілген
мақаладан айқын көруге болады. Сондықтан сол мақаладан үзінді келтіруді жөн деп таптым.

...Забой! Еңбектің бір қызу қайнаған шағы. Камера, арбиған құз, жар тастары тау шатқалына ұқсайды.
Тау тау болып үйілген кеннен аяқ алып жүруге болмайтын сияқты.

Осы асау табиғатпен бір топ кенші сайысқа түскендей каскаларын баса киіп, болат бұрғыларын асау
шатқалға өршелене қадай түседі.Бәрінің де жүзінде бақыт нұры ойнайды.

Бұл Әнуарбек Алтаев басқаратын комсомол жастар бригадасының қарқынды еңбек етіп жатқан кезі
болатын. Бұларды қазір Жезқазған жұртшылығы тегіс біледі. Оларды еңбек даңқты етті, халық алдында
құрметке бөледі. Ал осыдан бес жыл бұрын Әнуарбек Алтаев туралы ешкім ештеңе білмейтін ді. 1956
жылдың күзінде Армия қатарындағы қызметін өтеп қайтқан Әнуарбек №42 шахтаға келіп жұмысқа орна-
ласты. Ол өмір жолын кеншіліктен бастауды қалады.

Әнуардың шахтаға алғаш түскені әлі есінде. Мұндағының бәрі ерекше түрге бөленіп нұр жайнап тұр.
Жер астында күн жоқ. Бірақ Ильич шамы күн нұрындай жайнайды.

Айнала қызу еңбек, ерсілі қарсылы ағылған кен составтары. Забойлардан жер сілкінте гүрілдеген
болат бұрғының дауысы шығады. Сол күні Әнуарбек үйіне өте қуанышты күйде қайтты. Бірақ кенші болу
оңай емес екенін, ол үшін шыдам, қайтпас жігер керек екенін түсінген еді.

Міне, осыны жете түсінген Әнуарбек белді бекем буып, білімін жетілдіруге, қосалқы мамандықтарды
меңгеруге ұйғарды. Көп ұзамай бұрғышы мамандығын меңгеріп алды. Күндер жылжып өтіп жатты. Әрбір
күн Әнуарбекке талап пен еңбек үлесін тартып отырды. Табандылықпен еңбек етудің арқасында жолдас-
тары арасында беделі арта түсті. Осы кезде комсомол—жастар бригадасын ұйымдастыру пікірі туып,
жас кеншілер бұл бастаманы қуанышпен қарсы алып, Әнуарбек Алтаевты бригадир етіп сайлады.

Бригаданың құрамына Афанасьев, Велдин, Лучин, Кәрімжанов, Козлов, скрепершілер: Сухих, Па-
сечник, Петров секілді еңбеккер, жалындаған жас, еңбекте сыналған жігіттер кірді. Бригада құрылды.

178

Кен өндірісінің қаһармандары

Алайда, сол бригаданы басқарып жұмыс істете білу де үлкен өнер емес пе? Осы жағы Әнуарбекті көп
ойландырды. Адам баласы асау өзенді де, долы теңізді де бағындырып, өз игілігіне жаратып отырған
жоқ па? Олай болса ең бастысы бригадаға қажырлы еңбек, болаттай тәртіп, ұйымшылдық керек. Мұны
Әнуарбек жақсы түсінді. Осы бағытта жұмыс істеді.

Бұл 1959 жыл болатын. Осы екі жылда бригада қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткермеді
десеңізші. Қаншама камералар қопарылып, қаншама руда Отанға тарту етілді. Өңкей сом білекті жас
жігіттердің жойқын қимылы жер сілкінерліктей еді. Олардың қарқыны күн санап емес сағат санап өсіп
отырды. Әр нәрсенің жемісін уақыт көрсетеді, көп ұзамай жастар бригадасының еңбек табыстары
құлаққа ілініп, көзге көріне бастады, тіпті, шахта бойынша алға шығып бара жатқаны байқалды...

Журналист Ә.Алтаевтың бригадасының құрылғандағы алғашқы кезеңдегі аяқ алысын осылай баян-
дайды. Қаз тұрып, қалыптасып мол тәжірибе жинақтаған комсомол жастар бригадасы мұнан былайғы
жерде шахта, рудник бойынша еңбек бәсекесінде үнемі алдыңғы саптан көрініп жүрді. Алғашқыда ескі
техникада жұмыс істеген кеншілер кейін №51 шахтаға ауысып, жаңа техниканы игере бастады. Бұл
кездегі олардың еңбек тынысы ерен еді. Еңбек көрігін қыздыра білген бригада жетекшісі 1966 жылы
«Еңбекте үздік шыққаны үшін», одан кейін «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» толуы мерекесіне орай
шығарылған медалімен марапатталды. 1987 жылы зейнеткерлікке шықты.

Аға буынның өкілі, еңбек ардагері Әнуарбек Алтаевтың ендігі бар демеуі баласы Алматтың әкеден
балаға мирас болып қалған кеншілік мамандықты сәтті жалғастырып келе жатқаны. Соған шүкіршілік
етеді. Ең алғашқы еңбек жолын әкесі еңбек еткен шахтада бастаған ол бүгінде Шығыс Жезқазған
кенішінің №57 шахтасында забойшы болып еңбек етеді. Алматтың да кенші мамандығын меңгергеніне
ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Жас кенші Алмат Алтаевқа әр күнің сәтті, еңбегің жемісті бол-
сын-дейміз.

Жезқазғән-Сәтбаев, шілде, 2005 жыл.

179

Кен өндірісінің қаһармандары

ЖЕР АСТЫНДА ЕҢБЕК ДҮБІРІН ҚЫЗДЫРҒАН АҒАЙЫНДЫ КЕНШІЛЕР

Қарсы алдымда жезқазғандық кеншілердің
өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы
үлкен бір әулетінің өкілдері отыр. Бұлар кезінде
Шығыс Жезқазған кенішінде еңбек етіп, қажырлы
еңбегімен жас та болса еліне танылған азамат-
тар-Шамған, Құрманғазы, Мырзахан, Төлеубек
Жәнділдиновтер. Кезінде осы жас кеншілердің
жоғары еңбек табыстары туралы жедел хабар-
лар теледидар экранынан, радиодан, осы өңірде
шығатын баспасөз беттерінен түспейтін. Олар ту-
ралы журналистер көсіле талай-талай очерктер
мен мақалалар да жазды.

-Біздің жезқазғандық кеншілер қатарына
қосылуымыздың да өзіндік тарихы бар,-деп бас-
тады әңгімесін Жәнділдиновтер әулетінің бүгінгі
үлкені Шамған. Үлкендер айтып отыратын, Кеңес
үкіметі орнағанға дейін Төленді атамыздың Еділбай, Жансақал, Әрібай, Байбосынынан тараған кейінгі
ұрпақтары қуатты тұрыпты. Әрине, ол байлықтың негізі әріден қаланған ғой. Байлардың ұрпақтары жаңа
үкімет орнағаннан кейін қуғын-сүргінге ұшырады. Алды сонау Оңтүстік өңірлерге жедел көшіп кетуге
мәжбүр болады. Солардың қатарында мына Құрманғазының әкесі, менің ағам Мұхамбетжан да бар
еді. Ағамыз онда барғанда Ащысай полиметалл комбинатында біраз жыл бұрғышы болып жұмыс істеп,
елге қайтадан Ұлы Отан соғысының алдында оралып, өзі істеген мамандығы бойынша «Кресто-Запад»
шахтасына жұмысқа тұрады. Содан дүниені дүр сілкіндірген қырғын соғыс басталып, ол 1942 жылы
әскер қатарына алынады. Жауынгер жолы Сталинград майданында басталып, немістің Эльба өзені
жағалауында аяқталады, елге соғыс біткен жылдың күзінде бір-ақ оралады. Жәнділдиновтер әулетінің
кеншілік мамандығының бастауына жол ашып берген сол майдангер ағамыз болатын. Бірақ ағамыз
шахтадағы еңбек жолын денсаулығына байланысты одан әрі жалғастыра алмады. Жер бетінде жеңіл
жұмыс істеуге ауысты. Менің әкем Оңдыбай еліне кеңінен танымал болған сыйлы азамат Ө.Мамахов
ағамыздың қарамағында комбинат саласында ұзақ жыл шофер болып жұмыс істеді.

Арада уақыт салып Жезқазған шахталарына Жәнділдиновтердің жаңа буыны жұмысқа тұра бастады.
1967 жылы поселкедегі №7 мектепті ойдағыдай тәмамдаған Шамған Жәнділдинов жөндеу-механикалық
цехтың табалдырығын аттады. Мұнда ол тәжірибелі бригадир Владимир Иващенконың қарамағына сле-
сарь болып орналасты. Көп ұлтты бригада мүшелері кеше ғана мектеп бітірген жас баланы бөтенсімей
қарсы алып, қолдарынан келгенше көмегін аямай, оның мамандықты тез меңгеріп кетуіне жәрдемдесті.
Механикалық цехтың атқаратын жұмысы ауқымды еді. Поселкеде жыл сайын бой көтеріп жатқан
жаңа шахталардың желдеткіш желілеріне арналған құбырлар, коперларға қажетті жабдықтар дайын-
дайды. Жастайынан еңбекке ерте араласып өскен Шамған да өзінің сергектігімен, ұғымталдығымен
әріптестерінің көңілінен шыға білді. Өзіне тапсырылған жұмыстарды сапалы әрі уақытында орындауды
әдетке айналдырып, ұжымның құрметіне бөленді.

Уақыт өте келе әскер қатарына шақырылған Ш.Жәнділдинов Отан алдындағы борышын
Түркіменстанның Небитдаг қаласында өткізді. Қатардағы жауынгерден кіші командир дәрежесіне
дейін көтерілді.

Елге қайтып оралғаннан кейін армия қатарында шынығып, есейген жігітті баяғы механикалық
цехтағы өзінің ұжымы құшақ жая қарсы алды. Осы кезде Шығыс Жезқазған кенішінде №57 алып шахта
пайдалануға берілген еді. Жаңа кәсіпорынға білікті мамандар ауадай қажет болды. Шамған көп ойлан-
бай екі-үш әріптестерімен бірге жаңа шахтаға ауысты.

-Шахталардың забойлары тар, шаң-тозаңнан көз ашпайсың, өте қауіпті, төбеден кез-келген
уақытта тас түсіп кетіп талайлар опат болған деген сөздерді бұған дейін талай естігенбіз,-деп әңгімесін
жалғастырды кенші жігіт. Жұмысқа тұруын тұрсам да-ертең Л.Шремфтің ауысымына шығасың-дегенде
қатты жүрексіндім. Таңертең шахтаға келіп жұрт қатарлы киімімді ауыстырып, шамымды алып, көппен
бірге клетке келдім. Кеншілер әзілдесіп-қалжыңдасып, шүпірлеп клетке отырып алды. Бір уақытта төмен
қарай зулай жөнелдік. Қанша зулағанымызды білмеймін бір кезде әйтеуір келіп тоқтадық. Содан әрі
қарай шамалы жер жаяу жүрдік. Қорқақтап келем. Жан-жағыма жалтақтап қарай берем. Бір байқағаным
забойлары тар, шаң-тозаң болады дегеннің біреуі де шындыққа жанаспайтын секілді. Қайта керісін-
ше. Забойлардың кеңдігі сондай, ішінде әртүрлі техника толып жүр. Бірі кен тиеп жатса, екіншісі оны
басқа жаққа алып кетіп жатыр. Ауасы таза. Су жоқ. Желдеткіштер істеп тұр. Үш күннен кейін дозаққа да

180

Кен өндірісінің қаһармандары

үйренеді,-демекші шамалы уақытта үйреніп кеттім. Забойшы болу оңай жұмыс емес екен. Жұмыста
ақ тер, көк терің шығады. Жанталас. 160-шы горизонттағы мен істеген №3 учаскеде Владимир Нико-
лаевич Малышев, көрші №4 учаскеде Жоламан Досжанов бастық болды. Ол уақытта кеншілер ара-
сында социалистік жарыс кеңінен өрістеп, еңбек бәсекесінің қызып тұрған шағы болатын. Бригадамыз
ұйымшыл. Менде кенші жігіттерден қалыспаймын, айтқандарын екі етпеймін. Тез орындауға тырысам.
Оным әсіресе, басшыларыма қатты ұнайды. Бірге істеген Мұхит Асылбеков, Владимир Святкин, Сайлау
Сарбасовтар да тәжірибелі кеншілер, олардан да кен өндірудің біраз қыр-сырын үйреніп алдым.

Еңбекқор жігіттің тынымсыз еңбегі елеусіз қалған жоқ, суреті комбинаттың құрмет тақтасына ілін-
ді. Бұл Шамғанға қуат берді. Тәжірибесі молайды, уақыт өте келе оған жеке бригаданы басқару тап-
сырылды. Александр Борисович Юн басқаратын учаскеде Тобылжан Табысов, Шамған Жәнділдинов,
Әбдіқадыр Тұрсынбаевтың забойшылар бригадалары еңбекті ұйымдастырудың тамаша үлгісін көрсетіп,
рудник бойынша еңбек бәсекесінде алдарына жан салмай ұзақ уақыт жарыс көшін бастап келді. Роман
Расновскийдің бастамасымен өмірге келген «мыңшылар» қозғалысы сол кезде кен өндіру көлемінің
едәуір артуына септігін тигізді. Шамған Жәнділдиновтың бригадасы да көп ұзамай мыңшылар сапы-
на қосылды. Забойшылар жетекшісі омырауына «Құрмет Белгісі» орденін тақты, еңбегінің зейнетін ең
алғаш рет ол осылай көрді.

-Ағамыз осылай еңбек қарқынын толассыз тасқындатып жүргенде мен Армия қатарында болатын-
мын,-деп әңгімеге араласты Құрманғазы Жәнділдинов, Солтүстіктегі Североморск қаласында теңіз
авиациясының жердегі базасында әскери борышымды өтедім. Армияға дейін Солтүстік Жезқазған
кенішінде слесарь болып жұмыс істеген маған техника тілі жақындау болды. Әуежайға қонған само-
леттер, басқада техникалардың ақауын жөндеу біздің мойнымызда. Техниканың неше түрін көрдім,
жөндеуге қатыстым. Тәжірибем молайды. Елге жақсы маман болып оралдым.

Поселкедегі атақты Сейфуллин көшесінде тұрдық. Ең алғашқы алып шахталардың бірі біздің
жанымыздағы №57 шахта менің көзімнің алдында салынды. Құрылыс жүріп жатқанда оның маңайында
талай ойнағанбыз. Зәулім копер көтерілгенде біздің бала көңіліміз сонда барып кенші болуды арман-
дайтын. Сол арманым жетеледі ме, әлде ағам Шамғанның алып шахтаның ішін мақтап суреттегені әсер
етті ме, әскерден келген соң бірер апта демалғасын №57 шахтаға бардым. Жұмысқа тұрғым келетінін
айтып едім, еңбек кітапшамды және үстімдегі теңізші формасын көргесін бе шахта басшылығы сөз
айтқан жоқ, өтінішіме қол қойып берді. Адам Соловейдің «мыңшылар» бригадасында шахтадағы еңбек
жолым басталды. Кейін Тобылжан Табысовтың комсомол-жастар бригадасына ауыстырды, бригада
комсоргі болдым.

Теңізші жігіт мұнда да абыройсыз болған жоқ. Өзінің еңбекқорлығы арқасында көзге түсті, жастар-
ды ұйымдастырып, еңбек көрігін қыздыра түсті. Құрманғазының басқаруымен жас забойшылар әртүрлі
мәдени шараларға қатысып, қала өмірінде зор белсенділік танытты. Комсорг жігіт сол жылдары екі рет
қалалық Кеңестің депутаты болып сайланды.

Мұнан кейін ағайынды екі жігіттің қатары інілері Мырзахан, Төлеубектермен толысты. Сол кездерде
кеніштің директоры болған Руслан Борисович Юн ағайынды жігіттерді өзіне шақырып алып, еңбектеріне
ризашылығын білдіре келіп сөзінің соңында:

-Бізде мынандай бір ұсыныс болып тұр, сендер жассыңдар, бірің коммунист енді бірің комсомол
мүшесісіңдер, ағайындылар бригадасын құрсаңдар, қалай қарайсыңдар, қорқақтамаңдар, көмектесеміз,-
деп сендіре айтты. Басшының өзі зор сенім артып отырса, қалай қарсы болады. Ағайындылар келісті,
сөйтіп 1986 жылы ағайынды Жәңділдиновтердің бригадасы дүниеге келді. Ағайынды жігіттердің ара-
сынан барлық қажетті мамандықтардың иесі табылды. Мысалы, Құрманғазы бұрғышы, әрі слесарь,
Шамған забойшы, Мырзахан катерпиллар жүргізіп, кен тасымалдады, Төлеубек проходкашы болды.
Кеніш директорының ұйымдастыруымен сол кезде техниканы жөндеп- дайындау блогы құрылды. Оның
басты мақсаты жер астындағы бригадаларға бекітіліп берілген техникаларды жөндеуге уақыт беру бо-
латын. Тың әдісті кеңінен қолдана білген ағайындылар бригадасының еңбек өнімділігі де еселеп артты.
Бұл әдіс өзін ақтады, бүгінде де жер астында кеңінен қолданылып өміршеңдігін көрсетті.

Ұйымдаса жұмыс істеген озат еңбеккерлерге кеніш басшылығы да ризашылық сезімдерін білдіріп,
ерен еңбектерін жоғары бағалап отырды, біріне сәнді коттедж берсе, енді біріне жеңіл автомашинаның
кілтін тапсырды. Ағайынды Жәнділдиновтер бригадасы кешегі Кеңес үкіметі аяқ астынан құлаған сәтке
дейін жемісті еңбек етті. Олардың жалындаған жастық шақтағы ерен еңбектері, қоғамдық жұмыстардағы
белсенді істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалары хақ.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, сәуір.

181

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ҚАЙТАРЫМЫ

... Ыңғай жетім бір ауылда бірге өстік,
Сөйлеспедік, жанарменен тілдестік.
Бүтін нанды бөліп жедік бәріміз,
Бір егізге бірнешеміз мінгестік.

Солдаттардың үш бұрышты хаттарын,
Қайта-қайта ежеледім, жаттадым.
Көрдім талай жауынгердің жесірі,
Сол хаттарды көкірегіне басқанын.

Сонда оның жанарынан жас тамып,
Жаутаңдайтын жан-жағына жасқанып.
Енді бір сәт буып алып аш белін,
Кететұғын шаруасын басқарып.

Ақтап алып тарысы мен арпасын,
Қол диірменге салып соны тартатын.
Таң біліне шығырына кететін,
Мейлі ол шаршамасын, шаршасын...

Жерлес ақынымыз, бауырым
Кебейсін Еңсебаевтың «Мен соғысты
көрген жоқпын...» деп аталатын
балладасының жоғарыда келтірілген
жолдары кекірегімде бір оқығаннан
жатталып қалды. Осы өлең
арналған көп жетімдердің бірі мен
едім. Ал майдангер жауынгерлердің
жесірінің бірі менің анам Ұмсынған
болатын. Өлеңде суреттелген сол
жесірлердің басынан өткерген бей-
неті мен өмір тауқыметін мен жас-
тайымнан көріп өстім. «Көріп өстім»
деу жай ғана айтыла салған сөз
болар, отызға да толмай жатып,
өмірлік қосағы Әбікенді майданға
шығарып салып, көп ұзамай қара қағаз алған қайран анамның талай түндерді көз ілмей уһлеп шығатын
сәттерін жиі байқайтынмын. Жан жары Әбікеннің «отын өшірмеймін, артында қалған екі-үш баласын
жетімсіретпеймін, ел қатарына қосамын» деп жан анам Сталин колхозының сиырын да сауды, егінін
де екті, тарысы мен бидайын да түйді. Кейін Жезқазған поселкесінің ет комбинатында да жұмыс іс-
теді. Осылардың бәрін көре жүре мен ерте есейдім. Негізінде жастайынан өмір тепершігін көп керіп
өскен бала өмірге бейім болады, қиыншылықтарға қайыспайды, өмірдің небір жақсылығын бойыма
сіңірсем деген құлшыныс пайда болады. Қайтсем анамның басына түскен ауыртпалықты жеңілдетем
деп жұмысқа да ерте араластым.

Еңбек жолым Жезқазған руднигіндегі жөндеу-механикалық шеберханасында басталды. Шебер-
хана «Покро» шахтасының жанына орналасқан. Мұнда поселкедегі барлық шахталардағы, басқада
кәсіпорындардағы жұмыс істеп тұрған жабдықтарға, сан алуан механизмдерге қажетті қосалқы бөлшектер
дайындалады. Тапсырыс көп. Бастығымыз Жәркен Баймұқанов деген кісі майдангер, елге сыйлы
азамат еді. Әкемнің соғыста қаза болғанынан хабардар Жәкең ағамыз мені жұмысқа қабылдағаннан
қамқорлығына алып, токарь әрі фрезерші мамандығын тез меңгеріп кетуіме көп септігін тигізді.

Ең алғаш рет жұмыс істеп тапқан тиын-тебенімді үйге әкелгенде анамның қуанышында шек болған жоқ.
-Айналайын, құлыным-ау, ер жетті,-деген осы. - Ағаң екеуің (Жаңаберген) бір-біріңе сүйеу болыңдар.
Әкелеріңнің әруағы маған риза шығар, сендерді жеткізген,-деп көзіне жас та алып алды. Көршілес абы-
сындарын шақырып шәй да берді.
Міне, содан бері де талай-талай заман өтті. Кешегі бізді жеткіземін деп құрақ ұшқан шүйкедей сары
кемпірдің де бұл дүниемен қоштасып, бақидағы жан жарымен табысқанына да жиырма жылдың жүзі

Кен өндірісінің қаһармандары

болды. Құдайға шүкір, Әбікеннің соңында қалған біздер жетіліп, ұлымызды ұяға, қызымызды қияға
қондырып, немере сүйіп бақытты күн кешіп жатқан жай бар. Кешегі қырғын соғыста қыршын кеткен
әкеміздің ошағының отының сөнбегеніне тәубешілік етеміз. Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай, ешкімнен кем қылмай өсірген анамызға деген алғысымызда шек жоқ. «Топырағың торқа
болсын, жаның жәннатта болсын, анашым»,- деп әрқашан құран бағыштап отырамын.

Менің өмірімдегі ең бір есте қаларлық елеулі кезеңдердің бірі Отан алдындағы борышымды өтеген 3
жыл деп есептеймін. Революция бесігі атанған, Нева жағалауындағы Ленинград қаласы тарихи-мәдени
ескерткіштерге бай, сәнді, халқы өте мәдениетті еліміздегі ірі қалалардың бірі болатын. Оны көрген де,
көрмеген де арманда. Мен осы қалада әскер қатарында болдым. Осы үш жылдың ішінде Ленинградтың
мен барып көрмеген, араламаған бірде-бір мәдени ошағы қалған жоқ десем өтірікші болмаспын.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Түркістанға қайтарылған тарихи алып қазанды мен Эрмитаждан
көріп, тамашаладым. Қазіргі жастар секілді әскерге барудан қашсам, мен Ленинградты өмірімде көрмес
те едім.

Өткенге көз жүгіртіп отырсам өмірімнің 45 жылын Жезқазған Кен-металлургия комбинатының
кәсіпорындарында, оның ішінде 35 жыл 3 айын жер астында өткізіппін. Шығыс Жезқазған кенішінің №57
алып шахтасында мен еңбек еткен жылдары шахтаның астына қуатты, жаңа кен өндіру техникала-
ры ЭП-1 экскаваторы, СБУ-2К бұрғылау кареткасы, фораматиктер, катерпилларлер, кен тасымалдай-
тын МоАЗ-дар келді. Мұндай қуатты көп техниканы көргенде бұрын шағын шахталарда қол күшімен
жұмыс істеп, соңғы кезде осында ауысқан ардагер кеншілердің есі шыға таңқалатын. Ескі шахталарда
кен өндіру, оны тиеп-тасымалдау қолмен атқарылатынын, өздерінің өмірлерінің қиын-қыстау кезеңде
өткенін өкінішпен еске алып, көрген қорлыктарын жыр қылып айтатын байырғы кеншілер. Расында
да жаңа техникалар «алып» аталатын шахтаның атына сай еді. Мен сол техникаларды жөндеуші-
слесарь болып жұмыс істедім. «Покро» шахтасының жөндеу-механикалық шеберханасында алған
тәжірибем мұнда кәдеге асты. Жұмысқа деген ынта-жігерімді, техника тілін жетік білетінімді байқаған
шахта басшылығы жөндеушілер бригадасына жетекші етіп тағайындады. Бұрын тапсырылған жұмысты
орындаумен шектелсең, енді жұмыс ауқымы көбейді. Бригаданың барлық мүшесі үшін жауап бересің.
Жаңадан келген техникалардың тілін жұмысшылар білмейтін. Оны оқып-зерттеп, үйрену керек бол-
ды. Комбинаттың жанынан ұйымдастырыпған арнайы курстарға жөндеушілерді кезек-кезегімен оқуға
жіберіп алдық. Өзімнің де оқуыма тура келді. Жауапкершілік артты. Бұзылып қалған машиналардың
ақауының неден болғанын анықтайсың, жөндеушілер тағайындайсың, қосалқы бөлшектерге тапсырыс
бересің. Мұның бәрі тынымсыз еңбекті қажет етеді. Осы жұмыста мен жиырма бес жыл істедім. Абырой-
сыз болған жоқпын. Кейіннен «Анненский» шахтасы пайдалануға берілген кезде жаңа кен орнын игеру
үшін Шығыс Жезқазған кенішінен және басқада кәсіпорындардан тәжірибелі кеншілер, жөндеушілер
және тағы басқа да мамандықтардың иелері тартылды. Солардың қатарында мен де жаңа шахтаға
ауыстырылдым. Еңбегім елеусіз қалған жоқ. Талай-талай мақтау сөздер де естіп, бағалы сыйлықтар да
алдым. Зейнеткерлікке шыққанда шахта басшылығы маған «Жигули» жеңіл машинасын сыйға тартты.
Бұл менің комбинат саласында 45 жыл еңбек етіп, төккен маңдай терімнің қайтарымы деп ойлаймын.
Еңбегімді бағалаған шахта, комбинат басшыларына алғыстан басқа айтарым жоқ.

Сөз соңында айтарым, бүгіндегі менің ізбасарым Маратым Солтүстік Жезқазған кенішінде СБШ-250
бұрғылау машинасында жұмыс істейді. «Әке көрген оқ жонар»демекші оның да аяқ алысы жаман емес.
Жұмыста абыройлы. Соған тәубешілік етемін.

Жұбайым Әтір баяғы мен еңбек жолымды токарь болып бастаған «Покро» шахтасының жөндеу-
механикалық шеберханасында фрезерші болып ұзақ жылдар еңбек етті, бүгінде зейнеткер. Келіні Айна
дүниеге әкелген Олжас, Елжас атты немерелерін тәрбиелеп, солардың қызығын қызықтап отырған
жайы бар. Ұлы Отан соғысының қан майданынан оралмай қалған Әбікен майдангердің, боздағын өмір
бойы күтумен көз жұмған жауынгердің жесірі, ардақты ана Ұмсынғанның бір бұтағынан тараған бүгінгі
ұрпақтар осылар.

Аманкелді Әбікенұлы,
Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, сәуір.

183

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЗАБОЙДАН БАСТАУ АЛЫП, ҒЫЛЫМ ШЫҢЫНА
КӨТЕРІЛГЕН АЗАМАТ

Кенді өлкеміздің өркендеп өсуіне, жер
қойнауында ғасырлар бойы тылсым жатқан
байлықты игеруіне өзіндік үлес қосқан
жезқазғандықтардың қатарынан өзінің
лайықты орнын алған азаматтардың бірі-
техника ғылымдарының докторы Марат
Іскендірұлы Жәркенов. Мәкең туралы мате-
риал дайындау барысында менің көз алдыма
сонау елуінші жылдардың орта тұсында №8
қазақ орта мектебінің төменгі кластарында
оқып жүрген кезім келді.

Сол кезде Ораз Бекбауов, Түлкібай
Әубәкіров, Айса Әбдірахманов, Әлденбек
Жанмайылов, Марат, Майдан Жәркеновтер,
Таня Ахметова, Айша Аппазова, Совет
Жақсыбаев секілді жоғарғы класс оқушылары
оқуда үздік болумен қатар мектепте, қала көлемінде өтетін түрлі спорттық ойындарға қатысып, жүлделі
орындарды жеңіп алып, қаладағы жалғыз қазақ мектебінің мәртебесін бір көтеріп тастайтын. Оларға
табақтай-табақтай мақтау грамоталары салтанатты жағдайда тапсырылғанда төменгі класта оқитын
біздер қызыға қарайтынбыз. Оларды Солтүстік полюске сапарға аттанған челюскиншілерден бірде-бір
кем көрмейтінбіз. Біз соларға қарап өстік, жақсы оқуға, спортшы болуға ұмтылдық.

Жас бүлдіршін кезімізде біздің мақтанымызға айналған Мәкең кейіннен Жезқазған Кен-металлугия
комбинаты саласында жауапты қызметтер атқарды. Қызмет бабында талай-талай кездесулерде жүздесіп
те жүрдік. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында Мәкеңмен, күміс көмей Күләш жеңгемізбен Жезқазған
қаласының 92 орамында көрші тұрып, дәмдес те болдық. Осы кезде байқағаным Мәкең мақтауды да
мақтануды да жаны сүймейтін жан екен. «Ұлық болсаң кішік бол» дейді дана халқымыз. Оның бойы-
нан осы бір асыл қасиет үнемі сезіліп тұратын. Марат Іскендірұлы еліміздің металлургия саласына,
ғылымына қомақты үлес қосқан ірі тұлға. Солай бола тұрса да ол қарапайым, биязы мінезді жан.

Бүгінде осы ардақты азамат Алматы қаласында тұрады. Қазақтың Ұлттық Техникалық Университетін-
де сабақ береді, профессор. Телефон шалып, амандық-саулық сұрасып тұрамыз.

Кешегі өткен қилы заманда, кен өндіру техникасы жоқ кезде қара күшпен кен өндірген, қиын болса
да жан-тәнімен еңбек етіп, Балқаштың, Оралдың зауыттарына кен керуенін толассыз жөнелтіп отырған
жезқазғандық кеншілердің аға буын өкілдері жайлы кітап жазу үстінде екенімізді, сол кітапқа өзі туралы
да материалды кіргізу ойымызда бар екендігін айтқанымызда Мәкең рахметін айта отырып, келісімін
берді. Өзі техникалық университетте сабақ берумен қатар ғылым жолын қуған болашақ ғалымдарға
жетекшілік етеді екен.

-Менің Жезқазған университетінің оқытушысы Қарлығаш Шынбергенова деген аспирантым бар
соған хабарласуыңа болады және «Өткен күннің белгісі» деген атпен жарық көрген ғұмырбаяндық ой
толғаулар жинағымды басшылыққа алғаның дұрыс болар,- деді. Келістім. Өйткені, Мәкең бұл кітабының
бір данасын 1999 жылдың 15 қарашасында өзі келіп, біздің жанұямызға табыс еткен еді. Одан бері кітап-
ты бірнеше қайтара оқып шыққам. Кітаптың тілі жеңіл, қызыға оқисың, ондағы баяндалатын жағдайдың
бәрі өзіміздің Жезқазған кеніштері мен өнеркәсіп орындары жайлы, оның алтынға бергісіз тамаша адам-
дары туралы.

-Менің кіндік қанымның тамған жері-көлдері көздің жасындай мөлдіреген Қорғалжын.
Балалық шағым Есілдің жағасында, Шайтанкөлдің сағасында, Сарыарқаның сайын даласын-
да өткен.
Қарқаралы басындағы жалғыз аршаның қасиетін ұғынып, қарт Ұлытаудың ұларының үнін жүрегіме
жаттап өскен ұл едім.
Ал, арманымды алысқа самғатып, қиялыма қанат байлаған, ұл-қызымның кіндігін кескен, жаным-
ды Жезкиіктің дүбірімен әлдилеп, Кеңгірдің толқынымен тербеткен, бақытымның бесігі-Жезқазған,- деп
толғанады ғұмырнамалық шығармасында ағамыз өзінің жастық шағы өткен, бақытының бастауына тірек
болған туған жер жайлы.
-Жезқазғандағы №8 қазақ орта мектебін бітірген менің арманымның айғағы, тағдырымның таңдауы-
тау-кен инженері болуға түсті. Мамандық қалауыма әкем де, анам да, туыстар да араласқан жоқ,-деп
еске алады Мәкең, өзінің мамандық таңдауы жайлы.

Кен өндірісінің қаһармандары

Ия,Ұлытау ұланы, Жезқазған жігіті, Сарыарқаның саңлағы болуды армандаған баланың басқадай
шешім қабылдауы мүмкін емес те еді.

Сөйтіп, арман қуған балаң жігіт асқаралы Алатауға бет түзеді. Қазақтың кен металлургия институтының
тау-кен инженерлерін даярлайтын факультетіне құжаттарын тапсырды. Мектепті күміс медальмен бітір-
ген ол үшін емтихан барлық сабақтардан әңгімелесу түрінде өтіп, оқытушылардың жақсы бағасына ие
болып, студент атанды. Уақыт деген жылдам емес пе? Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін сту-
денттік шақ та артта қалып, қолына қызыл диплом алған тау-кен инженері Марат Ісендірұлы Жәркенов
Жезқазғанға қайтып оралды.

Жас маманның кенді өңірдегі алғашқы еңбек жолы №45 шахтада техника қауіпсіздігі жөніндегі тау-кен
шебері қызметінен басталды. Біршама уақыттан кейін Шығыс Жезқазған кеніші жобалау-конструкторлық
бюросының бастығы қызметіне жоғарылатылды. Ол үшін Жезқазған өндіріс орындарында, кеніштерінде
институт бітіргеннен кейін жұмыс істеген 7-8 жыл нағыз шыңдалу кезеңі болды.

1970 жылы Жезқазғанда ашылған түсті металлургияның комплексті ғылыми-зерттеу-жобалау
институтының қабырғасына жұмысқа келген жаңалық атаулыға, ғылымға құштар талай-талай жас
маманның бағы жанды. Олар өндірісте алған тәжірибелерін ғылымда ұштастырды. Қажымай-талмай
ізденіп, көп еңбектенудің арқасында соны тақырыптарда еңбектер жазып, көбі ғылыми атақтарға ие
болды. Институт құрылған алғашқы бес жылдың өзінде ғана 20-ға жуық инженер диссертация қорғап,
ғылым кандидаты дәрежесін алды. Марат та осы институтта ашық кен орындары мәселелерін зерттей-
тін лабораторияның меңгерушісі болып еңбек жолын одан әрі жалғастырды. Оның ғылым жолына барар
жолы осында бастау алды.

Ол жылдары Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты, Сәтбаев қаласындағы үшінші байыту фабрикасы
әлі салынбаған кез. Сондықтан комбинаттың негізгі өнімі-мыс концентраты ғана болатын, оны балқытып
таза мыс шығару үшін Балқаштың, Оралдың мыс зауыттарына жіберілетін. Ал құрамында қорғасыны,
мырышы, мысы бар полиметалдық кендер, оларды байытатын арнайы фабриканың болмағандығынан
өндірілмейтін. Кейде мыс рудаларына қосылып кетіп, оның құрамындағы қорғасын мен мырыш Жезқазған
байыту фабрикасының қоқыс қалдықтарымен сыртқа кетіп шығын болатын. Бұл Жезқазған кендерін
комплексті пайдаланудың дүниежүзілік деңгейден көп төмендігінің тағы бір дәлелі еді.

Жезқазған кеншілерінің алдында тұрған тағы бір үлкен мәселе-жер асты кенін қалдықсыз өндіру
және олардың жұмыс процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Кеніштерде Мәскеудің, Алматының ғылыми-жобалау институттары мамандарының ұсыныстары
бойынша кен қабаттарын жерасты кеңістігінде ашық тазалау әдістерімен өндіру жобалары пайдаланыл-
ды. Осы кезде кені алынған жерасты қуыстарды үстінен басып тұрған тау жыныстарының қысымынан
ұстап тұру үшін кеннен тіректер қалдырылды. Сол тіректердің диаметрі шахтаның терең қабаттарында
8-10 метрге дейін барады. Сондыктан жер астында қалдырылған әлгіндей тіректерде кеннің жалпы
көлемінің 20-25 пайызына дейінгі мөлшері шығынға жатқызылды.

Мұнымен қоса көптеген зерттеулер мен бақылауларға қарағанда жер астында қалдырылған кен тіре-
улері уақыт өткен сайын өзінің беріктігін жоғалтатынын көрсетті.

Осындай жағдайда кеннің шығынын азайту жолын қарастыру, жер астындағы жұмыс істеп жүрген
кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жезқазғанда жұмыс істеп жүрген кен инженерлерінің алдын-
да тұрған үлкен ғылыми-техникалық мәселе, шешімін күткен түйінді іс еді. Институт ғалымдары бұл
бағытта да жемісті еңбек етті. Кейінгі кездерде кеңінен қолданылып жүрген жерасты қуыстарын толтыру
әдісі сондай ізденістің нәтижесі болатын.

-Кен өндіруде бұрғылау-аттыру әдістері ықылым заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Бұл
жарылғыш заттардың энергиясын пайдалану арқылы атқарылатын іс. Адамзат баласы бүгінге дейін
бұдан басқа ешқандай әдіс ойлап тапқан жоқ. Жарылғыш заттардың энергиясын қалай пайдалану керек?
Тау жыныстары әр жерде әртүрлі. Тіпті аралары өте жақын аралықтың өзінде солай. Лабораториялық
жағдайда зерттеу, іздену жұмыстарының нәтижесінде атылғыш заттардың жаңа құрамын ойлап таптық.
Оны Златоуст-Беловский және Ақши-Спаский кеніштерінде сынақтан өткізіп, өндіріске енгіздік. Бұл сол
кездегі Кеңестер Одағы бойынша үлкен жаңалық еді. Оның жұмыс принципі мынаған құрылды: атылғыш
заттардың ішіне полимерлік материалдан қосынды қосады, оны пенополистирол, яғни көпіршік полисти-
рол деп атайды, тап соны түйіршіктелген қалпында атылғыш затқа қосса дәрінің күші өзгереді, кейбір
жағдайда көбейеді де, кейбір жағдайда азаяды. Міне, осы жағдайды біз қопарылыс кезінде ұтымды
пайдалана білдік,-деп еске алады осы бір өзіне жақын ғылыми жаңалық туралы Марат Ескендірұлы.

Кейіннен Мәкең осыны негізге ала отырып «Ашық кен өндірудегі ұңғылық зарядтардың тиімділігін
арттыру» деген тақырыпта еңбек жазып, оны Алматыда қорғап, техника ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесіне ие болды.

-Мен-дейді Марат Ескендірұлы, жалынды жастық шақтың сол бір шуақты күндерін жылы лебізбен
еске алып,- институттың алғашқы директоры Жанәлі Сағитов, оның ғылыми жұмыстар жөніндегі орын-
басары Өсер Иманғалиұлы, лаборатория қызметкерлері Мырзатай Қосыбаев, Леонид Лукер, Тамара
Богатырева, Ескендір Бекетаев, Перне Абдуллаева, Мұхамбет Сатов секілді өндірісте шыңдалған, мол
тәжірибе жинақтаған, ізденімпаз, білікті инженерлермен қызмет істедім. Солармен бірлесе отырып, сол

185

Кен өндірісінің қаһармандары

жылдары ғылыми-техникалық өнім деп аталатын адам ойының жетістігінен туындайтын өнертапқыштық
жаңалықтардың талайын өмірге әкелдік, өндіріске енгіздік.

Марат Жәркенов 1981 жылы өзі негізін қаласқан ғылыми-зерттеу жобалау институты директорының
орынбасары, бас инженері, кейінірек директоры болып қызмет атқарды. Ол институттағы озық ойдың
иелері зерттеп тапқан жаңалықтарымен берісі қазақ, қырғыз, әрісі Ресей ғалымдарына дейін танылуына,
жаңалық атаулының жарқырай көрінуіне зор үлес қосты. Осы аймақта жүргізілген ғылыми-зерттеулердің
нәтижесінде 10 адам ғылым докторы, 50-ге жуық адам ғылым кандидаты дәрежесіне ие болыпты.
Тиімділігі жоғары жобаларды өндіріске енгізгені үшін жиырмадан астам ғалым-инженерлер Мемлекеттік
сыйлықтардың лауреаты атанды.

Ғылым мен еңбекті ұштастыра жүргізіп, мол тәжірибе жинақтаған Марат Іскендірұлы сексенінші
жылдардың аяғында «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас инженері, сол кезде
аты ай сайын өзгеріске ұшырауына байланысты шамалы уақыттан кейін «Жезқазғантүстіметалл» ак-
ционерлік қоғамы деп аталған кәсіпорынның бірінші вице-президенті, техникалық директоры ретінде
көптеген шет мемлекеттерде, атап айтқанда Америкада, Германияда, Финляндияда, Англияда, Швеци-
яда және тағы басқа да көптеген мемлекеттердің өндіріс орындарында болып, озық үлгідегі технологи-
ясымен, өздігінен жүретін кен өндіру қондырғыларын дайындайтын кәсіпорындарымен, оны өндірісте
қолдану әдістерімен жете танысып қайтты.

Жезқазғандағы «Казкат» ширатпа сым шығару кәсіпорны Америка Құрама Штаттарының «Саутваер»
фирмасымен келісім-шарт жасасу нәтижесінде дүниеге келген кәсіпорын еді. Мәкең осы кәсіпорынды
жобалау және салу жұмыстары кезінде қым-қуыт жұмыстардың бел ортасында жүрді. «Казкат» 1994
жылдың 4 қарашасында пайдалануға берілді. Бүгінде халық шаруашылығына қажетті өнім шығарумен
табысты айналысып келеді.

Ғылымда даңғыл жол жоқ, ең ауыр да соқпақты жол ғылымда. Оның шыңына өмір бойы ізденісте болған
адам ғана жетеді. Марат Ескендірұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған жан. «Пайдалы қазба
байлықтарын құранды әдіспен игеру кезінде карьерлерде аттыру жұмыстарын жүргізудің жаңа техноло-
гиясы» деген тақырыпта қорғалған докторлық диссертация сол ізденістің, ғылым мен өндірісті ұштастыра
жүріп қажымай-талмай еңбек етудің нәтижесіңде дүниеге келген еңбектің жемісі болатын. Бұл ғылыми
еңбектегі көптеген ұсыныстар Жезқазған кеніштерінде кеңінен пайдаланылды. Атылғыш заттардың
тығыздығын басқаруға қол жеткізудің нәтижесінде кен қабаттарының өне бойында атылғыш заттардың
энергиясы тең бөлінетіндей мүмкіндік туды. Ол тау жыныстарын атқан кезде оны ұнтақтауға жарылыстың
энергиясының өзін толығымен пайдалануға болатын жағдайға келді. Олар экономикалық жағынан да
тиімді болды. Жаңа технологиялық әдіс атылғыш заттарды 20-30 пайызға дейін үнемдеуге әсерін тигізді,
сол секілді 1991 жылғы деңгеймен есептегенде өндіріске жылына 4,5 миллион сом таза пайда келтірді.

Шағын ғана мақалада кен-инженері, ірі өндіріс басшысы, ғалым Марат Ескендірұлының бүкіл ғұмыр
жолын толық айтып беру мүмкін емес, оны біз алдымызға мақсат етіп те қойған жоқпыз. Бірақ, Жезқазған
өңірінде қырық жылға жуық уақыт еңбек етіп, Сарыарқа жерінде ұмытылмас ізі қалған атпал азаматтың
өнеге боларлықтай игі істерінен шағын үзіндіні кейінгі ұрпаққа ұсынып отырмыз.

Ш.Рахметов,
Жезқазган қаласы, 2005 жыл, мамыр.

Р.S. Осы жылдың тамыз айында Алматы қаласында болған кезімде Марат Ескендірұлына теле-
фон шалып, Қазақ Ұлттық техникалық университетіндегі кабинетінде кездестік. Өзі туралы жазылған
материалмен таныстырдым. Материал сырттай жазылған болсада өзінің ойынан шыққанын айтып,
ризашылығын білдірді. Біраз әңгімелестік. « Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»-дейді қазағым.
Мәкең тынымсыз жан екен. Оңтүстік астанаға барғалы да біраз шаруашылықтың бетін қайтарыпты.
Қазақ Ұлттық техникалық университеті және Ұлттық Ғылым Академиясының Д.А.Қонаев атындағы
тау-кен ісі жөніндегі институты жанындағы докторлық диссертация жөніндегі диссертациялық кеңестің
мүшесі. Профессор М.І.Жәркеновтың жетекшілік етуімен бес ғылым кандидаты және екі техникалық
ғылымдардың докторы дайындалыпты.

Соңғы кездің өзінде ғана Мәкеңнің ғылыми мәні аса зор, өмірлік тәжірибеге байланыстырыла жазылған
80-нен астам мақалалары, брошюралары, кітаптары жарық көрді. Мәкең: «Тәуелсіз мемлекетіміздің
ірге тасының мықты болуы -тілімізге тікелей байланысты»,-дей келе осы бағытта үлкен жұмыстар
атқарып келе жатқан азамат. Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған бір-
неше әдістемелік оқу құралдарын, қазақша-орысша, орысша-қазақша тау-кен терминологиялық сөздігін
дайындап, бастырды. «Жерасты ғимараттарының механикасы және бекітпелердің конструкциялары»
және «Метрополитен нысандары құрылысының технологиясы» атты оқулық кітаптарының студенттерге
білімді қазақ тілінде беру бағытында атқарылып жатқан шаралардың ең маңыздыларының қатарынан
өзінің лайықты орнын алған аса құнды ғылыми еңбек болып табылады.

Мәкеңнің тау-кен ісінің тиімділігін арттыру бағытында жүргізген проблемалық жұмыстары кезін-
де тиісті бағаланып, оған Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты атағы
берілген болатын. Сөз соңында елінің тау-кен өндірісінің дамуына зор үлес қосқан абзал азаматтың
Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар Академиясының академик мүшесі екенін айта кету де
жөн болар.

186

Кен өндірісінің қаһармандары

X. Көшеков,

Ғылым мен техника саласындағы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

техника ғылымдарының кандидаты, зейнеткер

ӨЗІМ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ

XVIII ғасырда Исатай Тайманов бастаған шаруалар
көтерілісіне қатысқан дауылпаз ақын Махамбет Өтемісовтың:

...Мен, мен, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім,
Исатайдың барында,
Екі тарлан бөрі едім,
-деген өлең жолдарын жас кезімізде жаттап алып, ерекше
бір шабытпен, жігерлене айтатын едік. Бұл өлеңді айтқанда
бойыңа патриоттық сезім ұялайтын, кеудеңде шаруалар
көтерілісін жауыздықпен басқан патша әскерлеріне деген ыза,
кек пайда болатын. Нарын құмындағы сол тарихи көтерілістің
орталығына айналған Орда менің кіндік қаным тамып, бал
дәурен балалық шағым өткен елді мекен.

Отызыншы жылдары дүниеге келген менің тұстастарымның
барлығының өмір жолы бір қалыптан шыққандай ғой. Мек-
теп қабырғасында жүргенде қырғын соғыс басталды. Біздің
көргеніміз соғыстан келген қара қағаздар, жалғызынан
айырылған аналардың жоқтауы, жесірлердің көз жасы. Сабақ
дейтін сабақ та жоқ. Қол босай қалса ауылдың әйелдері мен
қарттарына қосылып мал бағамыз, шөп дайындаймыз. Негізі
мен мектепте жақсы оқыдым. Орда мектебінің тарихында мек-
тепті күміс медальмен тұңғыш бітірген оқушы мен болдым. Мектеп қабырғасында жүргенде қоғамдық
жұмыстарға белсене қатысып, пионер, комсомол ұйымдарын басқардым. Мектеп бітірер жылы ком-
мунистік партияның қатарына өттім. 1949 жылы соғыс жылдарында тылда қажырлы еңбегімен көзге
түскен еңбек майталмандарының үлкен бір тобы үкімет наградаларымен марапатталды. Қоғамдық
жұмыстардағы белсенділігім, соғыс кезіндегі ауылдағы еңбегімді бағалағандары болуы керек маған да
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Сөйтіп, Орда
елді мекені өңірінде балалар арасында мен «тыл ардагері» атандым.

Ұлытау баурайындағы Жезқазған жеріне мен 1954 жылы Алматыдағы қазақтың тау-кен институтын
кен инженері мамандығы бойынша бітіргеннен кейін келдім.

Мен келген жылдары үкіметтің арнайы шыққан қаулысына сәйкес Жезқазғанда кен өндіру қарқынын
арттыруға бағытталған шаралар жоспарланып, жаңа шахталар салуға, кен орындарын ашуға, кен
өндірудің ескі әдістерін өзгертуге, жаңа кен өндіру техникаларын өндіріске кеңінен енгізуге бетбұрыс жа-
салып жатқан шақ екен. Қуатты алып №55, №57 шахталардың негізі мен келгеннен кейін қалана баста-
ды. Жер бетінде «Злотоуст-Беловский» ашық карьерінде қызу еңбек басталып кетті. Өмірі өндіріс, шах-
та дегенді көрмеген, оқуды жаңа бітіріп келген мен үшін Жезқазған кеніштеріндегі қарбалас жұмыстар
өте қызық болып көрінді, еркімнен тыс өзіне еліктіріп әкетті.

Оңтүстік Жезқазған кенішінде ауысым бастығы болып жүргенімде жер астында забойда жүрген ар-
наулы контингент(тұтқында болғандар) жұмыскерлер Совет Армиясы қатарынан келген жастармен,
жергілікті тұрғындармен алмастырылды. Бұл өндірісті көптеген қиындықтарға тіреді, еңбек өнімділігінің
төмендеуіне әкеп соқты. Оған кедергі болған ең басты фактор, жаңадан келген жұмысшылар тәжірибесіз
еді. Инженер-техник қызметкерлердің күшімен жедел шаралар жүзеге асырылды. Жұмысшылар өздері
істейтін кәсіби мамандықтарына оқытылды, комбинаттың жанынан арнайы курстар ашылды. Бұл көп
ұзамай оң нәтижесін берді. Жастардың арасынан да өздерінің мамандықтары бойынша жоспарды асы-
ра орындайтын озаттар шыға бастады. Сол кезде Жезқазған кеншілері арасынан тұңғыш рет Әубәкір
Құсайынов пен Қазымхан Кентаев үкіметіміздің ең жоғары наградасы - "Ленин" орденімен марапат-
талып, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі Еңбек Ері де мен басқаратын №44 шахтада жұмыс
істеді, олардың осындай үлкен атаққа ие болуына азда болса менің де қосқан үлесім болды ғой деген
мақтаныш сезім бойымды еріксіз билейді.

Алпысыншы жылдары Жезқазған кеніштерінде кен өндіру жұмыстарында тағы бір соны серпін кең
қанат жайды. Ол-кен өндіру технологиясын жетілдіру, өздігінен жүретін қуатты кен тиеу, бұрғылау техни-

Кен өндірісінің қаһармандары

каларын жер астына көптеп түсіру болды. Оны жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары да қатар
жүргізілуге тиіс болды. Осыған байланысты бұған дейін жұмыс істеп тұрған Жезқазған жобалау институ-
ты-Жезқазған кешенді жобалау және ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Оның жұмысын
жандандыру мақсатында Жезқазған кеніштерінен тәжірибелі мамандар қызметке жіберілді. Солардың
қатарында мен де институтқа кен өндіру лабораториясының меңгерушісі болып қызметке келдім. Кел-
ген бетте лаборатория ұжымының алдына кеніштердегі кені алынған қуыстарды толтыру жолдарын
қарастырып, әдісін табу тапсырылды. Жауапты жұмыс. Өйткені ондаған жылдар бойы жеті қат жер ас-
тында жатқан кені алынып, қуыстанып қалған ескі забойлар уақыт өте келе ойылып ортасына түсіп,
сыр бере бастады. Ал Жезқазған поселкесінің, оның маңындағы кішігірім елді мекендердің барлығының
асты дерлік қуыс. Тұрғындардың өміріне қауіпті екені айдан анық. Қуыстарды қайтсе толтыруға бола-
ды, немен толтырған дұрыс. Біздің алдымызда осындай күрделі мәселе тұрды. Жұмысымызды сол
кездегі Одақтағы Норильск, Кривой-Рог және тағы басқада ең ірі кен орындарындағы осы бағытта
атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан бастағаннан кейін бұл жұмысты Москваның «Гипроцвет-
мет», Ленинградтың «Гипроцемент», Свердловскінің «Унипромедь», Алматыдағы кен институты және
«Казмеханобр» секілді институттармен бірлесе жүргізуге шешім қабылдап, олармен еңбек шарттарын
жасастық. Бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде қуыстарды толтыратын қоспаларды дайындау үшін 1974
жылдың күзінде Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасының жанынан қоспалар даярлайтын арнайы
өндіріс орны салынып, іске қосылды. Кейін олар «Анненский», «Южная» және №65 шахталарының жа-
нынан бой көтерді. Сексенінші жылдары олардың қоспа дайындайтын қуаты жылына 1 миллион 200 мың
текшеметрге дейін жеткізілді, бұл сонау 1974 жылғы көрсеткіштен 8 есе артық еді. Осы технологияны
өндіріске енгізу нәтижесінде кені алынған жер қабатының кенеттен құлап кетуі азайды, өндіріс тиімділігі
артты. Біздің бұл еңбегіміз Қазақстан Үкіметі тарапынан жоғары бағаланды. Комбинаттың инженер-тех-
ник қызметкерлерінің үлкен бір тобы 1991 жылы ғылым мен техника саласындағы осындай зор жетістік-
тері үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Марапатталғандар арасында менің де болуым осы
саладағы жылдар бойғы ізденісімнің зая кетпегені деп ойлаймын. Бұл мен үшін зор мақтаныш. Ал жаңа
әдіс өзінің өміршеңдігін күні бүгінге дейін көрсетіп келеді, кеніштерде кеңінен қолданылуда.

Мен Оңтүстік кенішінің №44 шахтасының ұжымын басқарып жүргенде кен өндіру технология-

сын жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру және тағы басқада бағыттарда ғылыми тұрғыда көп ізденіп,
көп еңбектендім. Шаршамай-шалдықпай ізденудің арқасында алпысыншы жылдардың аяқ кезінде

«Жезқазған кен орнындағы флексуралық қабаттардан руда өндірудің тиімді әдістері» деген тақырыпта
Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғадым. Қорғау табысты аяқталды.

Кенді өлкеде жарты ғасырдан астам еңбек етіп, жер асты байлығын ел игілігіне жаратуға барымша ат-

салыстым, шаршағаныма да, шалдыққаныма да қараған жоқпын. Кейбіреулер сияқты жоғары лауазым-
ды қызметтерге де ұмтылмадым. Өз өмірімде ондай шақырыстардың талайын бастан өткеріппін, соның

біреуі де мені қызықтырмапты. Оған бүгінде өкінбеймін де. Кенді өлкеге жастай келдім. Бақытымды
осында таптым. Жезқазғанға деген ыстық ықыласымды ақын болмасам да мына бір ойға оралған

шумақпен аяқтағанды жөн көрдім:

Өткердім бастан талай кезеңдерді,

Еңбекпенен есейдім, алға ұмтылдым.

Өкпем жоқ, өткен мұнда күндеріме,

Өсірген, адам еткен кенді өлкеме !

Сәтбаев қаласы,
Наурыз, 2005 жыл.

Автордан:
Халел Көшекұлы осы естелікті жазып беруін өтіне барғанымда:
-Шәке, мына бір суреттегі кісілерді танисыз ба? -деп маған өзінің отбасы альбомынан бір суретті
көрсетті. Сөйтсем, мен Жезқазған телевизия студиясында диктор болып жүрген кезде студияның пави-
льонында Халекеңмен сұхбаттасып отырғанда түсірілген сурет екен. Екеуіміз де осыдан отыз жылдан
астам уақыт бұрын түсірілген бейнемізді көріп бір марқайып қалдық.

Халекең өте биязы, дауысын қатты көтеріп сөйлемейтін салмақты азамат екен. Тыңдап отырсаң осы
өңірде біраз қызметтер атқарыпты. Соның бәрін мақтаныш үшін айтып отырған жоқ.

-Өмірде көпті көрдім, елдің бірқатар сыйлы азаматтарымен қызметтес болдым, абыройсыз болған
жоқпын, осының бәрін кейінгі ұрпағыма үлгі етіп айтып отырамын.-дейді ол.

Халекеңнің қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүруі сонау институт қабырғасында оқып жүрген кез-
ден бастау алыпты. Тау-кен факультеті оқытушылары мен студенттерінің біріккен партия ұйымының
хатшысы болыпты. Жезқазғанға келгенде коммунистер оны №44 шахта партбюросының мүшелігіне
сайлапты. Жас коммунист, іскер басшы Халел Көшековты 1958 жылы Қарағанды облыстық партия ко-
митеті Жезқазған қалалық партия комитетінің екінші хатшысы етіп бекіткенде кенші Халекеңнің жұмысы

188

Кен өндірісінің қаһармандары

бұрынғыдан да көбейіп, тынымсыз сағаттар басталады. Екінші хатшының міндеті өндіріс, құрылыс, сауда
мәселелерімен айналысу. Бұл бағыттағы жұмыстар ауқымы ұшан-теңіз болатын. Ол уақытта қазіргідей
қала жоқ. Халқы да аз. Бірақ кен өндіруді еселеп арттыру міндеті қойылғаннан кейін Жезқазғанда құрылыс
қарқын ала бастады. Жезқазған қалалық партия комитетіне қарайтын Никольский, Рудник, Весовая елді
мекендерінің бәрінде тұрғын үй құрылысы жедел жүріп жатқан кез, оның сыртында №55, № 57 алып
шахталар, Жезқазғандағы жылу-электр орталығының төртінші қазандығы, үшінші турбинасы салынуда.

-Сол кезде шаршау дегенді білмеппіз. Күндіз-түні бір дамыл жоқ. Мен барлаушылардың да,
теміржолшылардың да, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің де жұмысымен таныстым. Сол тұстағы
партия, Совет органдарын басқарған басшылардың тынымсыз еңбегі арқасында қалаларымыз тез
қанатын кеңге жайып, көрікті елді мекенге айналған жоқ па? -деп еске алады еңбек ардагері сол бір
тынымсыз еңбекпен өткен шақтарын.

Халекеңнің жұбайы Халима Ахметқызы Артығалиева өмірге төрт бала әкелген қадірлі ана.
Балаларының үлкені сәулетші, бірі кен инженері, бірі құрылысшы, кенжесі дәрігер. Бәрі де өнегелі от
басының иелері. Халима апамыз Жезқазған поселкесіндегі №7 қазақ орта мектебінде ұзақ жылдар
ұстаздық етті. Мектеп ұжымын басқарды. Оның алдынан дәріс алған шәкірттері бүгінде еліміздің халық
шаруашылығы салаларында, басшы қызметтерде жемісті еңбек етіп жүр. Ұстаздың бала тәрбиесіндегі
қол жеткен табыстары атаусыз қалған жоқ, оған Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі атағы берілді.
Бүгінде ортамызда жоқ болса да білікті ұстаз, мейірімді ана Халима Ахметқызының жарқын бейнесі
оның әріптестерінің, жақындарының, жерлестерінің жүрегінде сақтаулы. Сәтбаев қаласының сәулетті
көшелерінің біріне кезінде Сәтбаев қаласының, Жезқазған поселкесінің бірнеше дүркін депутаты болып
сайланған ардақты ұстаздың, бала тәрбиесінің зергері Х.Артығалиеваның есімі берілген.

189

Кен өндірісінің қаһармандары

ҚОРҒАЛМАЙ ҚАЛҒАН ДИССЕРТАЦИЯ

Кешегі Кеңестік дәуірде

Қазақстанды «достықтың Отаны»

деп атайтын. Ол орынды да еді.

Өйткені, Қазақстанда бірі қуылып,

бірі жер аударылып, енді бірі кешегі

қырғын соғыс салған лаңнан елдің

батыс аудандарынан зауыт-фабри-

каларымен, мәдени ошақтарымен

көшіп келген, тағы бірі тыңайған

жерлерді игеру бастамасы кезінде

арнайы жолдамамен, енді бірі өзінің

жүрек қалауымен романтика іздеп

келген жүзден астам ұлттар мен

ұлыстардың сан мындаған өкілдері

тұрып, бір жеңнен қол, бір жағадан

бас шығарып еңбек етіп, елімізді

өркендетіп-көркейтуге, сәулеті мен сән-салтанаты жарасқан елдердің қатарына қосуға зор үлес қосты.

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын қатар тұрып еңбек етіп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің

жүзінен, күнделікті тіршілігінен бірлік пен достықтың шынайы белгісі айқын сезілетін.

Жезқазған болса сол «достық Отанының» бір тармағы секілді болып көрінетін маған. Қарт Ұлытау

тауларының сілемдерінде жатқан болашақҮлкен Жезқазған өзінің бастауын сонау отызыншы жылдардың

басынан алған еді. Бұл өңірге жан бітіріп, жеті қат жер астындағы байлықты халық игілігіне жаратуға бас-

тамашы болған еліміздің біртуар азаматы, геолог Қаныш Имантайұлы болды. Қаныш Жезқазған өңіріне

алғаш рет бұрғы салғанда оның жанында жұмыс істегендердің құрамы да көп ұлтты болатын. Мен де

ауысым шебері, учаске, шахта бастығы және басқада қызметтерде жүргенде көп ұлттың өкілдерімен

қатар тұрып, сыйластықпен еңбек еттім.

Менің тура елу жыл өмірім Үлкен Жезқазған кен орындарын игеріп, халық игілігіне жаратуға арналды.

Жоғары оқу орнында алған білімімді, өмір тәжірибемді осы жолда сарқа пайдаландым. Оны мен мақтан

етемін. Абыройсыз болған жоқпын. Еңбек жолымның басталғанына жарты ғасыр толғанда Кен-метал-

лургия комбинаты мен корпорация басшылығы сый-сияпат көрсетіп, құрметпен зейнеткерлікке шығарып

салды. Қазір еңбек демалысындамын. Біз орден-медаль үшін еңбек еткен жоқпыз. Барлық күш-жігеріміз-

ді, білімімізді халық шаруашылығын дамытуға, елді көркейтуге жұмсадық. Адам өмірде сан алуан бел-

белестерден өтеді. Оның жол бермес асуы мен қия шыңдары да, жанға жайлы жазығы да болады екен.

Менің жолымда соның бәрі кездесті. Енді соған тоқталайын.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында дүниеге келген мен қатарлы құрбы-құрдастарымның ба-

сынан небір қиыншылықтар, тар жол, тайғақ кешулер өтті емес пе? Біздер бала болып ойнамадық та,

көргеніміз жоқшылық, соғыс, таршылық болыпты. Кешегі қарғыс атқыр соғыс талайымыздың басымызға

жетімдіктің тауқыметін ерте тарттырды ғой. Меніңде әкем 1942 жылы майданға аттанып, сұрқия жаумен

шайқаста Сталинград түбінде қаза тапты. Қара қағаз алдық. Анам жастайынан жесірліктің ащы дәмін

татса да, тірнектеп жүріп мені оқытты. Мен ауылда туып, мектеп табалдырығын ауылда аттадым. Кейін-

нен жоғары кластарға барғанда Ақтөбедегі №6 мектепте интернатта жатып оқыдым. Оқулықтардың

аздығына, оқушыға керек дәптер, қалам-сия секілді әбзелдердің тапшылығына қарамастан жақсы оқуға

тырыстық. Өйткені, бізді соғыс ерте есейткен еді. Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырғаным, біздің қалай

өсіп-жетілгенімізді кейінгі ұрлақ білсін, ғибрат алсын деген ниеттен туып отырған жай. Қазір «не кием, не

ішем» деп уайымдамайтын, ертеңін ойламайтын, әкенің тапқанына мәз болып, шалқып-тасып жүрген

жастар арамызда қаншама. Құдай ертеңін ойламайтын ұрпақтан сақтасын.

Біздің кезімізде үкіметтің балаға деген қамқорлығы ерекше болатын. Сол қамқорлықтың арқасында

қаншама қазақтың қара домалақ баласы білім іздеп, ірі қалаларды сағалап жүріп жоғары оқу орындарына

түсті. Кейін солардың арасынан небір ғалымдар, профессорлар, атақты дәрігерлер, өнер қайраткерлері,

ел басқарған азаматтар шықты. Сондай қамқорлықтың бірі үкіметтің 1948-1949 оқу жылынан бастап

біздің республикамыздан тыс жоғары оқу орындары абитуриент қабылдауды Қазақстанның қалаларында

өткізсін деген қаулысы еді. Бұл оқуға түсем деп талпынушы жастарға көп жеңілдік болды. Тарыншылық,

нанға ақша таба алмай отырған заманда кім Мәскеуге, Ленинградқа барып оқыр еді? Қаулыға сәйкес

мектепті 1949 жылы бітірушілер арасынан Мәскеудің, Ленинградтың институттарына емтихан тапсыру

үшін үздік оқушылар таңдалды. Тізімге Ақтөбе қаласынан интернатта оқып жатқан Нығымет Ілиясов пен

мен іліктім. Екеуміз де бір мектептің түлегіміз. Оқуды жақсы бітірдік. Мәскеудің болат және қорытпалар

190

Кен өндірісінің қаһармандары

институтына түсушілер емтиханды Алматы университетінде тамыздың 1 жұлдызынан бастап тапсыра-
ды екен. Емтихан орысша қабылданады. Мен мектепті қазақша бітіргем, оның денінде ауылда оқыдым.
Орысшаға шорқақтаумын. Соның орнын толтыру мақсатында емтихан тапсыратын сабақтарға дайын-
далу үшін қажетті орысша кітаптарды тауып алып, жедел ауылға жүріп кеттім. Жаздай дайындалдым.
Уақытым болғанда маған жол қаражаты тағы проблема болды. Шешем мен ауылдық мектепте мұғалім
болып істейтін, Ұлы Отан соғысының мүгедегі туған ағам Арыстан екеуі көрші-қолаңнан, туған-туыстар-
дан жылу жинағандай сұрастырып жүріп 570 сомды әрең тауып берді. Ақшам аз. Шешем марқұм соны
сезді ме бір шелек түйілген тары, 2 бүйен сарымай, жарты қапшықтай бауырсақты қолыма ұстатты,
оның үстіне бір чемодан кітап. Артынып-тартынып Ақтөбеге де келдік. Ол кезде билет алу да қиын.
Ағам облыстық білім басқармасына барып әрең дегенде 7 тамызға билет алды. Төрт-бес күн жүріп
Алматыға келдік. Содан сұрастырып жүріп Совет көшесіндегі университеттің қабылдау комиссиясына
келсем комиссияның төрағасы:

-Оу, балақай, мұның не, неге сонша кешіктің?(менің қандай қиындықпен жеткенімді қайдан білсін)
Мәскеудің институтына емтихан тапсырып үлгермейсің, соңғы емтихан 18 тамызда,қабылданғандар 22
тамыз күні жүреді, сен үлгермейсің, екіншіден, ол институтқа орын жоқ, бүгін келмегеніңде құжаттарыңды
қайтарғалы отыр едік,-деді.

-Осындағы институттардың біріне емтихан тапсыр, университетте, педагогика, ауыл шаруашылығы
институттарында орын бар ,-деп ақыл берді.

-Күніне бір емтихан тапсырам, үлгерем, Мәскеу институтына орын жоқ болса Ленинградтың тау-кен
институтында орын болса соған жазыңыз,- деп тұрып алдым, көнбедім. Абырой болғанда онда орын
бар екен, бір жетінің ішінде барлық сабақтан емтиханды «төрт» пен «беске» тапсырып шықтым. Қазір
ойлаймын, сол кезде мен қайсарлық танытпасам Ленинградты көру қайда маған.

Ағам мен шешем берген тиын-тебеннің дені жол пұлға, затымның көптігі үшін поезда төлеген
айыппұлға жұмсалған болатын. Жейтінім баяғы шешемнің қапшыққа салып берген сары майы мен
бауырсағы, асханадан бр мезгіл бидай ботқасын жеймін. Қырсыққанда қымыран иленеді емес пе, сөйтіп
үнемдеп жүргенде троллейбуста біреу жүз сомымды қалтамнан ұрлап кетіпті. Ақша жоқ. Ленинградқа
қалай жетем? Қаншама қиындық көрсем де жылау дегенді білмейтін жан едім, ең алғаш рет көзіме
жасты сол жерде алдым. Ұрыға да ішімнен лағнет айтып жатырмын. Одан не пайда? Сөйтсем, мұндай
жағдай басқа да балалардың басында бар екен. Олардың да ақшалары таусылған. Шетімізден кілең
жетімдерміз. Содан оншақты бала Қазақ ССР Министрлер Советінің төрағасы Оңдасыновқа бармақшы
болдық, бірақ, оған бізді кіргізбей, Ленин проспектісіндегі оқу ағарту министрлігіне барыңдар деп сіл-
теп жіберді. Мұнда бізді жылы қабылдады. Барлық жағдайды жасады. Жолымызға билет алып берді,
тамақтарыңа деп 308 сомнан қолымызға ақша ұстатты. Сөйтіп аяқ астынан байып шыға келдік. Міне,
үкіметтің осындай аялы қамқорлығы арқасында мен Ленинград тау-кен институтын 1954 жылы кен ин-
женері мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

Ең алғаш рет мен Жезқазғанды 1953 жылы жаз айында көрдім. Ленинград тау-кен институтының
төртінші курс студентімін. Сонау шалғайдағы Ленинградтан Жезқазған мыс комбинатына өндірістік
тәжірибеден өтуге келдім. Жол шалғай, жету де оңай болған жоқ. Қазіргі Жезқазған поселкесі кішігірім
елді мекен, сүреңсіз. Поселкенің шет жақтарының бәрінде шахталардың коперлары мен мұндалап тұр.
Олардың көбісінің қаңқасы ағаштардан жасалған. Мені студенттігіме қарамай №42 шахтаға кен шебері
етіп жіберді. Алғашында: «Бұл қалай, менің тәжірибем жоқ, өзім үйренуге келген жоқпын ба, мен кімге,
не үйреткендеймін, ұжымды басқара аламын ба?»-деп қобалжыдым. Сөйтсем, мүнда инженер-техник
кадрлар жетіспейді екен, олар жетіспегеннен кейін жұмыс істеп жүрген мамандарды демалысқа жіберу
де проблема. Сол себепті тәжірибе алмасуға келген студенттерді басшы қызметтерге қойып, кадрлар-
ды көптеп демалысқа жіберіп алады екен. Бұл студенттерге де тиімсіз емес, 1-2 ай жұмыс істеп, айлық
алып студенттің «тесік қалтасы» бір жамалып қалады және тағы бір тиімдісі, бірден инженер-техник
қызметіне орналасып, тәжірибе жинақтайсың. Жалпы менің Жезқазғанға келуіме үш себеп болды. Оның
үшеуі де балалық көңілден туған себеп емес, орнықты, ойланып істелген шаруа-тын. Оның бірінші се-
бебі мынау еді.

Бірде Павел Иванович Панасенко деген учаске бастығынан тапсырма алып жатқанымда Ғазиз Ома-
ров келді. Ең алғаш рет көруім. Әлгі бастығым мені Ғазиз ағаға таныстырды. Сөйтсем ол шахта бастығы
екен. Ол да шүйіркелесіп, менің жағдайымды, оқуымды сұрап жатыр.

-Бізде маман кадрлар жетіспейді, дені «Тасқұдық академиясын» бітіргендер (шахталарға кадрлар
дайындайтын 6 айлық курсты солай атап кеткен). Сендер, Мәскеуде, Ленинградта оқып жатқан жігіттер
оқу біткеннен кейін елге келулерің керек, мұнда жұмыс ауқымы жетеді, ал, ұлттық кадрлар жетіспейді.
Сен осы шахтаға қайтып орал,-деді. Сеніммен айтты. Міне, менің Жезқазғанға келуіме ағаның осы сөзі
бір себеп болды.

Екіншісіне, бір жарым айдай шахтаның астында бірге өндірістік тәжірибеде болған, нормалаушы бо-
лып жұмыс істеген Жұматай Әбдіқалықов деген жігіт себепші болды. Екеуіміз достасып кеттік. Институтқа
қайтарда ол:

191

Кен өндірісінің қаһармандары

- Нұртілеу, сен шын дос болатын болсаң институт бітірген соң осында кел. Өзің көрдің ғой, мұнда
жұмыс істеу қызық. Келешекте үлкен-үлкен шахталар салынады. Болашағы да зор,-деп қиыла өтінді.

Соңғысына себеп болған Ленинград тау-кен институтының түлегі, жерлесім, бір мектептің түлегі
Нығмет Ілиясов еді. Екеуіміз мектеп қабырғасынан бірге келе жатырмыз, интернаттың қара нанын бөліп
жедік, оқуға бірге түстік. Тек ол болашақ металлург. Соңғы оншақты жылдан бері жұбымыз жазылмай
келе жатқан біздер енді оқу бітіргенде қалай ажырасамыз. Ол Қарсақбайға, мен Жезқазғанға келетін
болып уәделестік. Сол уәдеде тұрып біз 1954 жылы Жезқазғанға қайтып оралдық. Міне, содан бері де
жарты ғасырдан астам уақыт өтіп кетіпті.

Біз келген жылдары қазіргі Сәтбаев қаласының орны да жок еді. Қаланың негізі 1956 жылдан бастап
қаланды. Алғашқы кезде мұнда ағаштан екі қабатты үйлер көптеп салына бастады. Халықта баспана
жоқ, қолына әлгі үйлер тисе соның өзін патша сарайына кіргендей сезінетін. Халықтың дені Рудник деп
аталатын кеншілер поселкесінде тұрды. Оның мәдениет үйі, спорт алаңы, мектептері, бірнеше дүкені
болды.

Мен Ғазиз Омарұлына берген уәдем бойынша №42 шахтаға келіп, кен шебері болып орналас-
тым. Кен қабаты қол перфораторымен (ПР-ЗО)бұрғыланады. Аттырылған кен ысырма шығырмен кен
құдығына түсіріледі. Жалпы штректерден кен вагонеткаларға тиеліп электровоздармен тасылатын. Бұл
жұмыстардың бәрі осыдан 5-10 жыл бұрынырақта қолдың күшімен атқарылыпты. Беріректе -өздігінен
жүретін кен бұрғылау кареткасы(СБУг2К), миниматик, фораматиктер, кен тиеу машиналары-ЭП-1 экс-
каваторы, ЛК, катарпиллер, кен тасымалдайтын-МОАЗ және тағы басқада жаңа техникалар келді. Мен
осы шахтада 23 жыл жұмыс істедім. қызметтің бір сатысын да аттап өткен жоқпын. Ең соңында шахта
бастығы болып жүргенде Шығыс Жезқазған кенішінің бас инженері қызметіне дейін көтерілдім.

Жер астында жүргенде қол жұмысын мейлінше азайту жолында жұмыс істедік. Ол уақыттарда
өнертапқыштар мен рационализаторлар ұсынған бірде-бір жаңалық назардан тыс қалмайтын. Міндетті
түрде техникалық кеңесте қаралып, ол ұсыныс тиімді әрі оң нәтиже беретіндей болса өндіріске енгізетін-
біз. Бұл бағытта мен де көп ізденуші едім. Шахталардың қай-қайсысында болсын жер асты қабаттарында
негізгі кен өндіру горизонттарынан төменде қалыңдығы шамамен 20-30 метрге дейін болатын онша
қалың емес, бірақ мысқа бай қаттар болады. Мәселен, №42 шахтаның 277-ші тасымалдау горизон-
тынан төменде қалыңдығы 20 метрдей, жалпы қоры 123 340 тонна, құрамында 5,44% мысы бар кен
қабаты жатты. Міне, осындай байлықты игермей қалай тастап кетесің және оны қазып алып жоғарыға
шығару үшін арнайы штрек жасап, техника түсіру тиімсіз. Ал мұндай ерекшеленген мыс қабаттары ескі
техникамен кен өндіретін басқа да шахталарда кездеседі. Оны алудың жолы қандай? Бұл бағытта көп
іздендім. Соның нәтижесінде төменгі қабаттардан кенді 200-300 көлбеу орнатылған конвейермен қырға
шығаруға бағытталған ұсыныс енгіздім. Жер асты кенін мұндай әдіспен алу Жезқазған түгілі сол кездегі
бүкіл Совет Одағының кен орындарының ешқайсысында да жоқ болатын. Жезқазған шахталарында
жаңа кен өндіру техникаларының үлес салмағы арта түскен еді, әртүрлі машиналар мен механизмдердің
забойдың ішінде жүріп-тұруы үшін үлкен аумақ қажет болды, қыруар дизельді техника жұмыс істеген кез-
де одан шығатын газ забой маңындағы аумақта жинақталып қауіп төндірсе, екіншіден газдан бөлінетін
зиянды уытты заттар адам өміріне аса қауіпті еді. Жинақталған газды тазарту және залалсыздандыру
үшін қолданылатын сенімді құралдардың жоқтығы үлкен проблема туғызды. Міне, осы проблемалар-
ды шешудің ең тиімді жолы мен ұсынған көлбеу конвейерді өндіріске тезірек енгізу болып табылды.
1973 жылдың наурыз айында Жезқазған Кен-металлургия комбинатының техникалық кеңесінде КФР-1
конвейерін жұмыс жағдайында №42 шахтаның Кресто-8-і қатында жатқан кен қабатында негізгі 277
горизонттан 20 метр тереңдікте жатқан кенді алу кезінде сынақтан өткізуге шешім қабылданды. КФР-і
конвейері 1973 жылдың қараша айында орна-
тылып, оның көмегімен 1974 -1975 жылдары
125 мың тонна кен өндірілді. Сөйтіп, конвейер
өзінің өміршеңдігін, экономикалық тиімділігін
дәлелдеген еді. Сол жылдары Академик Ө.А.
Байқоңыров кенішімізге Свердловскінің бір
топ ғалымдарын бастап келіп, конвейердің
жұмысымен танысты. Ғалымдар оның
жұмысын жоғары бағалады. Осы кен өндіру
технологиясының жаңа әдісін негізге ала оты-
рып «№42 шахтаның 277-ші горизонтының
Кресто 8-і ерекшеленген қатында орналасқан
жоғары сапалы кенді 25-300 көлбеу жағдайда
КФР-і конвейерімен өндіру» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғау үшін жұмыс
істедім. Ұзақ жыл іздендім, жұмыстың негіз-

192

Кен өндірісінің қаһармандары

гі бөлімдері дайын болды. Ғылыми жетекшім Қазақ ССР Ғылым Академиясының Академигі, техника
ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыров еді.

Сол кезде шахта бастығынан мені Шығыс Жезқазған кенішінің бас инженерлігіне ауыстырды. Мен
Қарағанды зауыттарына тапсырыс беріп, 600 метр көлбеу конвейер жасаттырдым.

1983 жылдың желтоқсанында облыстық партия комитетінің өнеркәсіп жөніндегі хатшысы
А.С.Полтавский шақырып алып:

-Ақшатау кен байыту комбинатының Жамбыл руднигінде өндірістік жоспар орындалмай жатыр, бұл
дегеніңіз облыс бойынша бесжылдық жоспар орындалмай қалады деген сөз. Сол рудникке сізді дирек-
тор етіп жібергелі отырмыз, біздің шешіміміз осы,-деді. Мен кандидаттық диссертация қорғауға дайын-
далып жатқанымды, Алматыға жүргелі тұрғанымды айтып едім, оған көнбеді.

- Бірер жыл істеп кел, сосын жібереміз,- болды сөздің тоқетері. Партия айтты, бітті. Жамбыл руд-
нигінде екі жылдың шамасындай жұмыс істедім. Жоспар орындалды. Алайда кандидаттық диссертация
қорғалмай қалды. Ғылыми жетекшім Өмірхан Аймағанбетұлы қайтыс болды. Барлық шаруаны қайтадан
істеп, ғылыми жетекші іздеу керек болды. Жұмыстан да қол тие бермеді. Сөйтіп жүргенде уақыт өтіп
кетті. Өмірімдегі орны толмас өкінішімнің бірі де, бірегейі де осы.

«Доссыз адам тамырсыз ағашпен тең» дейді халқымыз. Мен өзімді бақытты санаймын. Сенімді до-
старым көп. Бірақ, уақыт деген өз дегенін істеп, олардың да қатарын сиретіп барады.

Сол достарымның бірі-Жолдасбек Жақыпбеков. Ол Ақмола облысының тумасы. Алматы
политехникалық институтын 1956 жылы бітірді. Ол екеуміздің таныстығымыз аяқ астынан болды. 1954
жылы ақпан айында Ленинградтан Текелі руднигіне диплом қорғау алдындағы тәжірибеден өтуге кел-
дім. Осында Алматы политехникалық институтының төртінші курс студенті Төлеш Ысқақовпен тәжірибе
аяқталғанша бірге болып, Алматыға бірге келдік. Студенттердің «тесік» қалтасының толатын бір кезі
осы тәжірибе кезі ғой, екеумізде де ақша бар. Үйдегілерге сәлем-сауқат алдық. Сатып алған заттары-
мызды әрі жүргелі тұрған менің жолымды жумақ болып, ресторанға барып отыруға келістік.

-Екеуден-екеу отырамыз ба, бір жолдасыңды алып шықсайшы ,-деп ұсыныс білдіріп едім ,

Төлеш те келісе кетті. Шамалы уақытта жатақханадан бір жігітті ертіп шықты. Таныстық. Есімі Жолдас-

бек. Осы институттың кен факультетінің студенті екен. Біраз отырыстан кейін Төлеш пен Жолдасбек

мені поезға шығарып салды. Олармен кәдімгі ескі достардай құшақтасып ажырастық.

Арада бірер жыл өтті. Мен Шығыс кенішінде істеймін. Бір күні жұбайым Әмина екеуіміз дүкен жаққа
бардық. Ол ішке кіріп кетті, мен сыртта қалдым. Жан-жағыма қарап тұрсам жолдың әржақ бетінде
баяғы Жолдасбегім келе жатыр. Оны көргенде туған бауырымды көргендей қуаныппын, жүгіріп барып
құшақтасып, опыр-топыр болып жатқанда сыртқа шыққан әйелім, менің бір кавказдықпен (Жолдасбектің
түрі шынында тау халқына ұқсайтын) жұлқысып жатқанымды көріп, төбелесіп жатыр деп ойлап, жүгіріп
келіп, арашаға түссін. Жағдайды түсінген соң бәріміз қосыла күлдік. Жолдасбек те №42 шахтаға тау-
кен шебері болып орналасыпты. Әйелі Үмітжан екеуі Весовая поселкесінде тұрады екен. Бір-бірімізді
қонаққа шақырысып, араласып кеттік. Міне, осыдан былай қарай екеуіміздің жұбымыз жазылған жоқ.
Қайырымсыз ажалдың Жолдасбекті арамыздан алып кеткеніне де жиырма жылдан асып кетті. Адал
дос, білікті инженер Жезқазған кен орнын игеріп, халық игілігіне жаратуда аянбай тер төкті. Оның жарқын
бейнесі достарының есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Сәтбаев қаласының бір көшесіне Жолдасбектің
есімінің берілуінің өзі осыны айғақтай түспей ме?

Осындайда:
Достар, достар жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз,- деген өлең шумақтары еріксіз ойға оралады. Әбжақан, Байзақ, Садық,
Балғабай, Айтжан, Темірбек, Қыйсым... Міне, достар тізімін осылай жалғастыра беруге болады. Олар
өмірден ерте озды. Арттарында ұрпақтары қалғанына шүкіршілік етеміз. Құдайға тәуба дейміз.

Есіме Дәкең, Далабай Ешпанов ағамыздың орынды айтылған бір ақылы түсіп отыр. Ақылдан гөрі
өсиетке көбірек ұқсайды. Дәкең кеніштің директоры, Кен-металлургия комбинатының бас инженері бо-
лып көп жылдар қызмет етті. Қазір ол да арамызда жоқ.

Сол Дәкең Шығыс Жезқазған кенішінің директоры болып тұрғанда, бірде мені қызметімнен
жоғарылатарда, ұмытпасам шахтаның бас инженері боларда болуы керек, маған былай деп өсиет айт-
ты:

-Нұртілеу, сен забойларды аралап жүргенде еңбек процесінде еңбек тәртібін, қауіпсіздік ере-
жесін бұзып жұмыс істеп жатқан адамды көре тұра, көрмегендей болып өте шықсаң ол үлкен қылмыс
жасағаның, ол бір, екінші, біреуді еңбек тәртібін немесе техника қауіпсіздігін бұзғаны үшін және тағы сол
сияқты басқада жағдайда жазаласаң, сен өзіңді сол жаза алып тұрған адамның орнына қойып көр, ой-
лан, жазаны әділ беріп жатырмын ба?-деп. Бұл ешқашанда ұмытылмайтын өсиет. Дәкеңнің осы өсиетін
өмір бойы жадымда ұстап, бірде-бір рет бұзып көрген жоқпын.

Інімдей болып, дос болып кеткен тағы бір әріптесім, ұлты қырғыз Әбдіқадыр Бекматов болатын. Оны-
мен де ағайындай араласып кеттік.

193

Кен өндірісінің қаһармандары

Әбдіқадыр біздің шахтада бұрғышы болып ескі технологияда (ПР-ЗОК) жұмыс істейтін. Учаскені ара-
лап жүріп соның забойына келсем, забойдың қабырғасында 1,5 метрдей биіктіктегі іліктастың(заколдың)
жанында Әбдіқадыр шпур бұрғылап жатыр. Жұмысын тоқтатып, іліктасты қауіпсіздендіруші құралмен
құлатып едім, өзі төбеде әрең ілігіп тұрған іліктас төменге қарай опырыла құласын.

-Көрдің бе, мына іліктас аяғыңа құласа аяқсыз қалғаның емес пе, тіпті, тірі қалуың да екі талай
ғой,-деп ұрсып жатырмын. Техника қауіпсіздігін сақтамағаны үшін бұйрық шығарып, сыйақысын кестім.
Содан Әбдіқадырым бірер жеті маған қарамай, менімен амандаспай жүрді. Ақылды жігіт екен. Шамалы
уақыттан кейін кабинетіме келіп:

-Мен расында қате жіберіппін. Осы аман жүргенім сіздің арқаңыз екенін кейін түсіндім, енді мұндай
жағдай қайталанбайды,-деп уәде беріп, кешірім сұрады. Өзі де еңбекқор жігіт еді, кейіннен бригада
басқарды, еңбегі жанып СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.Отбасыларымыз араласып,
бауырласып кеттік. Бас қосуларда мен оны достарыма ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын»
эпикалық поэмасынан:

...Мен қазақпын, ол қырғыз, туысқаным,
Бірге тартқан, тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз, бір қыз бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын -деген үзіндіні оқып, аты Әбдіқадыр, 40 жылдан астам еңбек жолы
Жезқазғанда өткен қырғыз бауырымыз,-деп таныстыратын едім марқұмды. Оның да бақилық болып
кеткеніне екі-үш жылдың шамасы болды.
Шағын ғана қолжазбада бүкіл өміріңді, елу жылдық еңбек жолыңда кездескен небір қиындықтар мен
есте қалар жәйттардың бәріне тоқталу мүмкін емес. Менің алдыма қойылған міндет-еңбек жолым, ең
жақын деген достарым, әріптестерім туралы шағын ғана естелік жазу еді, оны қал-қадерімнің жеткенін-
ше орындауға тырыстым. Қазір жасым жетпістен асып, сексенге қарай аяқ басты. Екі ғасырдың куәсімін.
Небір саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандарды да, мамыражай заманды да көрдім. Еліміз тәуелсіздік
алды. Кейінгі ұрпақ осы бабалар аңсаған тәуелсіздікті берік сақтасын, бақытымыз баянды болып, аспа-
нымыз әркез ашық болсын.

Н. X. Жоныстегі
Тау - кен инженері, зейнеткер,
Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.
Сәтбаев қаласы, наурыз 2005 жыл.

194

Кен өндірісінің қаһармандары

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ҚҮРМЕТКЕ БӨЛЕДІ, БІРАҚ ...

Сағи Төлепбергеновтың есімі кеншілер қаласы Сәтбаевта
құрметпен аталады. Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісін-
ші жылдары №51 шахтада бригада жетекшісі болған озат
кеншінің суреті баспасөз бетінен түспейтін. Отыз жыл өмірі,
бойындағы жалын атқан қуаты жеті қат жер астынан кен
өндіруге бағышталыпты. Оның еселі еңбегін ұмытпай, есте
сақтаған Шығыс Жезқазған кенішінің басшылығы 2001 жылы
Сәтбаев қаласы Мәслихатына арнайы хатпен шығып, Сағи
Төлепбергеновке қаланың құрметті азаматы атағын алып
беріпті. Еңбегінің еленгеніне марқайып отыр. Сәкеңмен ұзақ
әңгімелестік. Ол әңгімесін әріден бастады.

-Ең алғаш еңбек жолым басталғанда 17 жаста едім. №51
шахтаға забойшыға үйренуші болып орналастым. Шахтаны
сыртынан көргенім болмаса жер астына түсуім бірінші рет.
Клетпен астына түстік. Асты адамға онша ыңғайлы да емес
сияқты көрінді маған алғашқыда. Штрек деген кені алынған
ұзына бойы кең қуыспен жүріп келеміз. Өр жерде бір электр
шамы сығыраяды. Онша жарық беріп тұрғаны да шамалы.
Әрқайсысымыздың өзіміздің шамымыз бар. Әйтеуір аяқтың
асты көрінеді. Біраз жүргеннен кейін алдымыздағы қуыс
кеңейіп сала берді. Алдымда келе жатқан жігіттер тоқтай-
тоқтай қалды.

-Бала, мынау забой біздің жұмыс орнымыз. Осы жер-
де жұмыс істейміз,- деп жатыр біреуі. -Анау бұрғылау станогі. Мынау скрепермен қопарылған кенді
сырғытып бері қарай алып, кен тасымалдау вагонеткаларына жақындатамыз.

Маған айтқандағысы. Оның кім екенін кейін білдім. Менің бригадирім Иван Полишкас деген
кісі екен.

-«Құдай сақтансаң сақтайды»,-деген сөзді естуің бар ма?
-Естігем.
-Олай болса өте сақ бол. Төбені қауіпсіздік үшін бекітуіндей бекітеді-ақ, бірақ кейде оқыстан тас құлап
жатады. Төбеден құлаған шамалы тастың өзі бетін аулақ қылсын ауыр жарақаттануға әкеп соғады. Мына
жігіттердің бәрі забойшы, скреперші, бұрғышы мамандығын жетік меңгерген және мынау сенікі, мынау менікі
демей жұмысты бөлмей істеп кете береміз. Одан уақыт ұтамыз. Коллективтің ұйымшылдығы артады.
Алғашқы ұстазым осылай деп ақылын айтқаннан кейін жұмысқа кірісіп кеттік. Екі ай шамасында
үйренуші болып жүрдім де артынан бұрғылау станогіне тұрып, кен қабатын бұрғылап, бригаданың толық
қанды мүшесіне айналдым. Станогіміз ПР-30 деп аталады. Әжептәуір салмағы бар. Бұрғы минутына
3000 айналым жылдамдықпен айналғанда анау -мынау жігіттің ұстап тұруы да екіталай. Оның үстіне
тас та оңайлықпен тесіле қоймайды. Мол тәжірибе жинақтағандар ғана жұмыстың ебін тауып істейді.
Соңынан ПР-ЗОК деген жаңа бұрғылау станогі келді. Оныңайналымы минутына 1700. Азда болса жанға
жайлылау. Бұрынғыдай емес, секіріп тұрған жоқ және мұның тағы бір ерекшелігі мұнда екі шланга бо-
лады. Бірімен бұрғыны айналдыратын ауа келсе, екіншісімен көтерілген шаңды басатын су келеді. Осы
кезде бұрғылау станогінің дарылдаған дыбысын басатын құлаққа киюге арналған құлаққап (наушник)
берді. Жас шағым ғой. Жұмысқа бар ынта-жігеріммен кірісіп кеттім. «Жоспар орындаймыз» деп жанта-
ласып жүргенде әлгі су беріп тұратын түтікті қосуды да, құлаққапты киюді де ұмытып кетеміз. Ол кезде
селикоз боламыз немесе селкілдек ауруға шалдығамыз деген кімнің ойында болды десейші(мұның бәрі
кәсіби ауруларға жатады). Менің бригадирім Иван (өзінің аты қиын болған соң кеншілердің қойып алған
аты көрінеді) сонау соғыс жылдарынан бері істеп келе жатқан адам екен, ұлты литван. Осында саяси
тұтқын ретінде отырған. Үкімет басына Н.С.Хрущев келгеннен кейінгі оң саясаттың арқасында босап,
еркіндікке шыққан. Енді мүлдем босау жөніндегі үкімет Жарлығын күтіп жүрген беті екен.

1958 жылы №51 шахтада тәжірибелік жұмыстар атқару үшін арнайы учаске ұйымдастырылды. Бұл
сол кездегі Кеңестер Одағы бойынша ұйымдастырылған алғашқы учаске еді. Өздігінен жүретін бұрғылау
кареткасы, экскаватор және кен тасымалдайтын электросамосвал жер астына түсірілді. Жаңа кен өндіру
технологиясын жұмыс үстінде көру үшін 1959 жылы КСРО Түсті металлургия Министрі Петр Фадеевич
Ломако біздің шахтаға, оның ішінде біздің тәжірибелік учаскемізге келетін болды. Министр келді. Бірақ
көп болған жоқ. Шамалы уақыт жағдаймен танысты да шығып кетті.

Сол қас- қағым сәтте мынандай бір есте қаларлықтай оқиға болды.

195

Кен өндірісінің қаһармандары

Министрді комбинат басшылары, кеніш директоры және тағы басқа да толып жатқан адамдар ер-
тіп келген болатын. Забойға кірген бетте бұрғылау станогінің жанында тұрған біздің бригадиріміз Иван
Полишкасқа П.Ф.Ломако:

-Иван, ты еще живой?- дегенде маңайындағылар таң қалысты.
Біздің шал да қарап тұрмай:
-Живой, живой Петр Фадеевич, вы еще не забыли работать на такой?-деп ПР-ЗОК бұрғылау станогін
қолына ұстата салды.
-Ты, Иван не мудри, замени иголку,-деді министр.
-Я этого и хотел,-деп Иван Полишкас бұрғының ескі инесін сол жерде жаңаға айырбастады.
Министр мен қарапайым бұрғышының арасындағы осы диалогты бәріміз де түсінбей қалдық. Еке-
уі бірін-бірі бұрыннан біледі екен. Бірақ қандай жағдайда білетінін Иван кете-кеткенше айтпады. Ол
уақытта аузыңды артық ашып қойсаң да басыңа сор болып тиетін еді ғой, сондықтан шығар деп ойладық

та, біз оны одан әрі қазбалап
сұрамадық та. Ал «иголка» деп
тұрғаны, бұрғының басында бола-
тын ине. Ол егер зауытта жасал-
май қолдан жасалса дұрыс істе-
мей, су кетіп, бұрғы қатып қалады
екен. Ол екеуінің бір-біріне айтып
тұрғаны осы екен.

Бригадамызда Николай Крав-
ченко, Сәбит Ниязбеков, Василий
Леонов, Владимир Микин, Вла-
дислав Бурлай, Михайл Стариков,
Василий Коваль, Михайл Мат-
веев деген жігіттер жұмыс істеді.
Өте тәжірибелі еңбеккерлер еді.
Жұмысты да жапырып істейтін.
Иван Полишкас босап еліне кетті.
Владимир Микин балалар үйінде
тәрбиеленген жігіт болатын. Осында отырған, босағаннан кейін Жезқазғанда қалды. Жер астында өте
қиын жағдайда жұмыс істеген. Оның тұсында жұмыс жағдайы біздікінен де сорақы болыпты. Бәрі қолмен
атқарылады. Соның салдарынан болғаны ғой, мен келгеннен кейін екі жыл өткенде кәсіби дірілдек ау-
руына шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып жер бетіне жеңіл жұмысқа шығарылды. Мен бригадир бол-
дым. Жауапкершілік артты. Жұмысты ұтымды ұйымдастырудың арқасында жоспарды да үнемі асыра
орындап отырдық.Еңбегіміз бағаланып бесжылдықтар қорытындысы бойынша орден, медальдармен
марапатталдық. Мен 1974 жылы «Құрмет белгісі» орденін алдым.

Жер астына техника келгесін кен өндіру әдісі де жетілдіріле бастады. Біздің шахтада жаңа техни-
каларды сынақтан өткізу одан әрі жалғасты. Сондықтан да №51 шахта түбегейлі өзгеріске ұшыраған
кен өндіру технологиясының жобалау-конструкторлық зерттеулерінің шешімін жүзеге асыратын жерас-
ты лабораториясына айналды. Елдегі түсті металлургия кәсіпорындары арасында бірінші болып бізде
кен өндірудің әртүрлі камералық-бағаналық әдісі қолданылды. Ол үшін өнімді кен өндіру техникалары
кеңінен пайдаланылды. Атап айтқанда, бізде американдық «Джой» фирмасының, Швецияның «Атлас-
Копко», ағылшындардың «Клаймас» фирмаларының бұрғылау станоктары сынақтан өткізілді. Шетелдік
техникалардың кен өндіруде қолданылуын көру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.А.Косыгин
келді. Мәскеулік қонақты штрек қабырғаларын әктеп, тақтайдан еден төсеп қарсы алдық.

Жалпы жаңа кен техникасын өндіріске енгізуде біз алғашқы «қарлығаштар» болдық. Кеніш, шахта
басшылары жаңа техникамен тікелей жұмыс істеп жүрген біздердің пікірімізбен санасатын, тәжірибе
алмасуға басқа шахталардан кеншілер жіберетін. Тоғызыншы бесжылдықтың жоспарын бір жылға
жуық уақыт бұрын орындағанымыз үшін мен үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттал-
дым. Қалалық Советтің депутаты болып сайландым, халық сотының заседателі ретінде талай рет сот
мәжілісіне де қатыстым. «Еңбегіне қарай-зейнеті» дейді ғой. Жалпы еңбек еткен жылдары құрметтен
кенде болған жоқпын. Ол үшін басшыларыма деген алғысымда шек жоқ.

Бірақ... қайтейін денсаулық жоқ. Оны ешқандай ақшамен де, құрметпен де бағалай алмайды екенсің.
Соның бәрін жинағанда бір денсаулыққа жетпейді екен.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, мамыр.

196

Кен өндірісінің қаһармандары

КЕНДІ ӨЛКЕ ЖАСТЫҒЫМНЫҢ КУӘСІ

Қонақбай Сейтмағанбетов, еңбек ардагері,
Октябрь Революциясы орденінің иегері.

Жарты ғасыр. Бір адамның ғұмыры.
Менің қазақ мемлекеттік кен металлургия
институтын бітіріп, арнайы жолдамамен
Жезқазғанға келіп, кенді өлкемен алғаш
қауышқаныма да осыншама уақыт болып-
ты. Кіндік қаным тамбағанымен Жезқазған
мен үшін өте қымбат.

...Жезқазған -жырақ кетсем сағынамын,
Сылбыр басып таянар жаныма мұң.
Санамды сиқырлаған сағыныштан,
Топырағыңды басқан соң арылармын,
деп ақын жырлағандай Жезқазғанды
шамалы уақыт көрмесем шын мәнінде
сағынамын. Оған жеткенше асығамын.
Ол орынды да. 45 жыл саналы ғұмырым
Жезқазған кен металлургия комбинатының
шахталарында өтіпті. Өмірімнің ең бір жарқын беттері Жезқазған жерінде, кенді өлкенің асыл да ардақты
азаматтарының ортасында жазылды. Халықтың сый құрметінен де кенде болған жоқпын. Үлкенге ина-
батты іні, кішіге ақыл қосар аға бола білдім. Кеншілер қаласында өмірге нәрестелеріміз келіп, бүгінде
олар да өз семьяларын құрып, жапырақ жаюда. Есейдік. Қазір құрметті демалыстамын. Қол бос. Осындай
кезде өткен кеткенді саралауға да уақыт жетеді, сонау балалық шақ, балдәурен кездегі бастан өткерген
оқиғалар да көз алдыңнан кино лентасындай өтіп жатады. Небір ұмыт болған жайлар еске түседі.

Соның ішінде жұбайым Сәуия екеуміздің тұңғыш рет Жезқазған жерін аяғымызбен басқанымыз
бүгінгідей көз алдыма ап-анық келеді.

1953 жылдың шілдесі болатын. Жаспыз. Сәуия екеуміздің қолымызда екі диплом. Арманымыз тезірек
жұмысқа кірісу. Албырт шақ қой.

Қарақтарым-ау, жұмыс қайда қашар дейсіңдер, көздеріңнің майын тауысып оқыдыңдар, енді аз кем
дем алсаңдаршы, деген әке шешемнің қамқорлық сөзін де тыңдамастан шамалы уақыттан кейін ауыл-
дан жолға шықтық. Жол алыс. Ырғыздан Жезқазғанға жету үшін ең алдымен Жосалыға жету керек.
Бірде ат арбамен, бірде машинамен жүріп Жосалыға да жеттік. Онда келіп жергілікті тұрғындардан
Жезқазғанға қалай жетудің жөнін сұрасақ:

Арнайы көлік жоқ, кез келген машинаға сұрансаң алып кетеді, деді олар. Жарты күндей күттік. Бір
кезде Қызылорда жақтан бір машина заулап келіп, қол көтерген біздің жанымызға тоқтай қалды. Жөн
сұрадық. Жезқазғанға кетіп барады екен. Бізді ала кетуін өтіндік. Жолымыз болды. Жүргізуші ақжарқын,
аңқылдақ жігіт екен. Сөз айтқан жоқ:

-Отырыңдар, кеттік ,- деді. Жолда ұзақ жүріп Рудникке де келіп жеттік. Сұрықсыз шағын поселке.
Поселкенің ішінде, шетін ала шахталардың коперлері көрінеді, қазіргідей биік емес, шағын, ағаштан
жасалған. Танысымыз да, жора-жолдас та жоқ. Қайда барарымды шеше алмай, әуелі кен басқармасына
бардым. Дәлізде алғашқы кездескен иман жүзді қазаққа сәлем беріп, жайымды айттым.

- Қарағым, шаң басқан түріңмен бүгін бастыққа бармай ақ қой. Жуынып, шайын.Тынығып ертең
барарсың. Үйге жүріңдер, - деп өзі алға түсті.

- Аға, құрметіңізге рахмет, сіздердей жігіт ағаларының жастарға қамқор қолын ұсынатынын екібастан
білеміз. Өзіңізді таныстырсаңыз, - деймін.

- Қазақпын. Сендердей іні-қарындастарым, балаларым бар.Олар да оқу бітіріп, басқа қалаларда жүр.
Танымайтын жерге барғанда олардың халі де дәл өзіңдікіндей, - деді де қойды.

Ағамыз Рудниктегі құрметті азаматтардың бірі, осындағы «Петро» шахтасының бастығы Оразбек
Дүйсенбаев екенін бірден айтқан жоқ. Сыпайы, бауырмал кісі екен. Өз үйімізге келгендей болып, жуы-
нып-шайынып, дем алып, рахаттанып қалдық. Оның Оразбек екенін ертеңіне ғана білдім.

Сол жылдары комбинатта оқу бітірген маман кадрлар, инженерлер аз еді. Жұмысшы күші де жетіс-
пейтін. Шахтадағы басшы қызметтегілердің дені практиктер болатын. №44 шахтада кен шебері болып 24
жаста менің еңбек жолым басталды. Жұбайым мектепке орналасты. Институтта алған білімді өндіріске
тікелей араласып, еңбекпен ұштастырып, тәжірибе жинақтай бастадым. Жалындаған жастық шақ. Күн
демей, түн демей шахта астындамыз. Уақытпен санаспаймыз.

197

Кен өндірісінің қаһармандары

1957 жыл болатын. Мен ол кезде өзім еңбек жолым басталған шахтада бас инженер едім. Бір күні
кен басқармасының бастығы Мұхит Бөпежанов «шақырып жатыр» дегесін кен басқармасына бардым.
Қабылдау бөлмесінде отырған қыз:

Бастық сізді күтіп отыр, кіре беріңіз ,-деді.
Өзім де:
- Не бүлдіріп тастадым,—деп қобалжыңқырап отыр едім, хатшы қыздың:
- Кіріңіз,- дегенін естігенде, сасып қалдым. Бірақ есімді тез жинап, ішке кірдім. Мен кірісімен Мұхаң
ағамыз орнынан балаша үшып түрды. Сәлемдесіп жатырмыз. Жағдайымды сұрады.
Сосын:
Батырым, 31 шахтаға бастық болып барасың. Онда кен көзі бай болғанымен шахтаның жұмысы
жүрмей, өнім аз болып тұр. Жедел үшінші горизонтты дайындап, кен өндіруді арттыру қажет!
Бастық менің барар бармасымды сұраған да жоқ. Тапсырма бере сөйледі. Бұл дегенің менің басқа
шахтаға бастық болып баруым түбегейлі шешілген мәселе екенін сездім. Сенім артып, «бар» деп
отырғанда не істеймін? Айтар сөз жоқ. Жұмсаған жерге тартып отырдым.
Барған бетте инженерлермен, учаске бастықтарымен ақылдасып, атқарар жұмысымыздың жоспа-
рын жасап, жаппай жұмылып жұмысқа кірісіп кеттік. Қауырт жұмыс істеудің нәтижесінде жаңа горизонт-
ты жарты жылда іске қостық. Кен өндіру төрт есеге көбейді. Бұл алғашқы еңбек жеңісіме қатты қуандым.
Оның үстіне Мұхит Құлжанұлының сенімін ақтағаныма ерекше шаттандым.
Шахта жұмысы бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр. Жоспарлы тапсырма уақтылы орындалуда,
абыройсыз емеспіз. 1958 жылдың мамыр айы болатын. Кезекті еңбек демалысына шығып, бала-
шағамызбен елге барып дем алып, аунап қунап қайтамыз ғой деп жоспарлап отырғанбыз. Енді
жүрмекші болып отырғанда:
Комбинат директоры В.В. Гурбаға тез жетсін ,-деп комбинаттан телефон соқты.
Мұнда келгенімде де сөз қысқа болды:
Жігітім, білесің бе, 42 ші шахтада кен өндіру көлемі күрт азайып тұр. Жаңадан 220 шы горизонтты
іске қосу кезекте тұрған басты шара. Демалысқа кейін барарсың, 42 ге бастық етіп тағайындадым,
деп Виктор Васильевич бұйрықты қолыма ұстата берді. «Жазған құлда жазық бар ма», ертеңіне 42-ші
шахтаға келдім.

Жаңа жұмыс орнында жұмыс күрделі. Жұмысшы қолы жетіспейді. Шахтада бұрын істеген саяси
тұтқындар кетіп жатыр. Сол жылы жақын маңдағы ауылдардан, елді мекендерден жергілікті жердің
жастарын жинап, кенші мамандарын дайындадым. Инженер техниктермен, байырғы кеншілермен бір

Кен өндірісінің қаһармандары

жеңнен қол шығарып, ұйымдасып жұмыс істеп, 220 шы горизонтты мерзімінде дайындап, кен өндірудің
жылдық жоспарын орындап шықтық. Шахта комбинат бойынша еңбек бәсекесінде алдыңғылар қатарына
қосылды. Елуінші жылдардың аяғына қарай алпысыншы жылдардың бас кезінде рудник шахталарын-
да өздігінен жүретін кен өндіру техникалары енгізіле бастады. Осы кезден бастап комбинатта еңбек
өнімділігі артып, жұлдызы оңынан туды. Бұрынғы өлшем түкке жарамай қалды. Кен өндірушілер ара-
сында социалистік жарыс кең өріс алып, комбинаттағы еңбек дүбірі бүкіл Одаққа естіле бастады. Комби-
нат шахталарды өзара біріктіріп, топтастырып рудниктер құрды. Жаңадан салынып пайдалануға беріл-
ген №57 алып шахтаға №42 мен №51 шахталар қосылып Шығыс Жезқазған руднигі құрылды. Оның
директоры болып Далабай Ешпанов тағайындалды. Мен рудниктің алғашқы бас инженері, кейіннен
директоры міндетін атқардым. Алып шахтада кен өндіру тұтастай өздігінен жүретін жаңа техникамен
атқарылды. Біздің рудник жаңа техниканы сынақтан өткізіп, өндіріске енгізуде тәжірибе орталығына ай-
налды. 1970 жылы озат кеншілер бригадасын басқаратын бригадир Роман Расновскийдің бастамасы-
мен рудникте «мыңшылар» қозғалысы дүниеге келді. Бұл дегеніңіз забойшылар бригадасы тәулігіне
1000 тонна кен өндіреді деген сөз. Кейіннен бұл бастаманы Жезқазған кен металлургия комбинатының
барлық кеніштерінің забойшылары қызу қолдады. Еңбек өнімділігінің артуына бұл озық тәжірибе оң
ықпал жасады. Бригадалық әдіс те кең өріс алды. СБУ 2 бұрғылау станогының құлағында ойнайтын
забойшылар бригадасының жетекшісі Тұрман Танабаевтың оң тәжірибесі кеніш шахталарына кеңінен
тарады. Бұл әдіс бойынша забойшылар, кен қопарушылар, проходкашылар бір бригадаға біріктіріледі.
Бригаданың әрбір мүшесі қосалқы мамаңдықты жете меңгереді, бірі жоқ болса бірі оның орнына тұрып
жұмыс істей береді. Бұл әдіс те жұмыс барысында өзінің өміршеңдігін көрсетті.

Бір кезде көзге қораш көрінген Рудникте мәдени ошақтар, мектептер салынып, поселке
көгалдандырылды, көшелер асфальтталды. Рудникке жақын жерден қанаттас Сәтбаев ( Никольский)
қаласы бой көтерді. Әсем ғимараттар салынды. Екі елді мекеннің де өсіп өркендеуіне, қанатын жаюына
қала тұрғыны ретінде белсене қатыстық. Сарыарқаның сайын даласында бой көтерген әсем қаланы аға
буынның кейінгі ұрпаққа қалдырар мұрасы деп айтуға әбден болады.

Жәйрем комбинатының дүниеге келуіне де елеулі үлес қосқанымды мақтан етемін. Жылдар белесінен
артқа көз тастасам ел байлығының еселеп артуына мен де өзімнің қал-қадерімше үлесімді қосыппын.
Еңбегім де бағаланып, сый сияпаттардан кенде болған жоқпын. «Октябрь Революциясы» орденімен
марапатталдым. Біз бастаған игі істерді одан әрі жалғастыратын ұрпағымның өсіп келе жатқанына
тәубешілік етемін.

Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, тамыз.

199


Click to View FlipBook Version