Кен өндірісінің қаһармандары
ЖАПЫРАҚ ЖАЙҒАН ҰРПАҚ
Баспасөз беттерін ақтарып отырғанымда өлкетанушы
Сүтемген Бүкіровтың 1966 жылдың мамыр айында «Джез-
казганский рабочий» газетінде жарияланған «Қаражардағы
шайқас» деген мақаласы көзіме түсті. Мақала Қазақстандағы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің елу жылдығына арна-
лыпты. Онда автор Торғайдан бастау алған Аманкелді Иманов
бастаған көтерілістен Жезқазған өңірінің Қаратабан кедейлері
де тыс қалмағанын айта келіп, Жезқазған іргесіндегі Қаражарда
жергілікті тұрғындар жасағының өздерінен күші әлдеқайда ба-
сым патша әскеріне қарсы тұрғанын баяндаған. Сол қанды
оқиғаның куәгері болған Жарасбай Ұстабаевтың естелік сөзін
келтіріпті.
«Бақайшағына дейін қаруланған әскер қолшоқпармен, пілте
мылтықпен өздеріне қарсы тұрған қазақтарды қырып салды.
Аяушылық деген болған жоқ. Сол кезде менің жасым жиырмаға
да толмаған кезім болатын. Біреудің жалғызы едім. Егер Аман-
келді бастаған қазақтар патша жарлығына қарсы тұрмағанда
мүмкін менде әскерге алынып, бірінші дүниежүзілік соғыстың
шылауында кете барар ма едім, қайтер едім. Құдайға шүкір
бүгінде мен де жетілдім. Төрт ұлым бар. Барлығы да кеншілік
мамандықты меңгерген. Қаражардағы өзім көзіммен көрген
қанды қырғынды жиі еске алып, оларға әңгімелеп отырамын. Ата-бабаларымыз өз өмірлеріне төнген
қауіпке қарамастан ұрпағының болашағы, бақытты өмірі үшін жазықсыз қан төкті»,- деп еске алыпты
Жарасбай ақсақал.
Тарихи деректерге және сол қариялардың көзін көрген кейінгі ұрпақ өкілдерінің әңгімесіне сүйенсек
дүниені дүр сілкіндірген Қазан төңкерісінен кейін елде болған оң өзгерістерді Жәкең жүрегімен қабылдап,
жаңа қоғам орнату дәуірінде белсенділік танытқан екен. Рудник шахталарында кен қазған. Кейін
геологиялық барлау партиясында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қарамағында бес жылдай еңбек ет-
кен. Осы жылдар ішінде өзінің бауырмалдығымен, көпшілдігімен ерекшеленетін жас геолог Қанекең
жергілікті халықпен етене араласып кетеді. Жәкеңнің жасының үлкендігіне қарамастан дос болады, ағә
санайды. Бұл жөнінде Жәкеңнің немересі Аспандияр былай деп еске алады:
-Атам мен орта мектепті бітірер жылы қайтыс болды. Ол өзінің немерелерінің алды болғасын ба,
әйтеуір мені және менен кейінгі інілерім Данияр, Ескендір, Алиярларды жақсы көріп, еркелететін. Ол
бізге қазақтың біртуар азаматы Сәтбаев жайлы жиі әңгімелеп, екеуінің арасындағыдостықты мақтаныш
сезіммен айтып отыратын.
-Балалар, сендер түкті де көрген жоқсыңдар-деп бастайтын атам әңгімесін. Мына біз жайлаған
өзеннің бойы қаптаған ел болатын. өзеннің қамысына ат бойламайтын. Жаз айларында қаз-қатар киіз
үйлер тігілетін.(Жарасбай атамның алты қанат киіз үйін соңғы кездерде Наурыз мейрамдарында, басқада
салтанаттарда тігіп жүрдік. Шаңырағы үлкен, керегелері кең, уықтары ұзын болатын.) Бие байланатын.
Жезқазған өңірінде барлау жұмыстарын жүргізгенде Қаныш:-қажының ауылына, Жарасбай ауылына ба-
рам-деп біздің үйге түсуші еді. Оның қолы бос бола бермейтін. Қаныш табиғаттың құбылысын, жер бе-
дерін, шөптің шығымын, ең әрі кеткенде оттағы тезектің қалай жанып жатқанына дейін байқап отыратын.
-Жәке, мына тезектің қалай жанып жатқанын байқап отырсыз ба, түтіні көгілдір, бұл дегеніңіз осы
шөп өскен жерде мыс бар деген сөз. Малдарыңыз негізінен қай жаққа жайылушы еді-деп, малдың
жайылымына дейін сұрап отыратын.
Атамның балаларынан бастап кейінгі немере, шөберелеріне дейін кенші болуына тікелей Қаныш
Сәтбаевтың ықпалы болғаны сөзсіз. Сәтбаев:
- Жәке, болашақ өндірісте, келешекте бұл өңір адам танығысыз өзгереді. Балаларыңды өндіріске
бер, оқыт.-дейді екен.
Жезді мыс балқыту және тарихи өлкетану мұражайының директоры Мәкен Төрегелдин былай деп
еске алады:
-Жездінің Сарысуға құяр саласы «Бала Жезді» өзені деп аталады. Өзен бойын сонау ерте кездерде
негізінен Найманның жанғабыл, сапақ, өтеу, тоғызауыл, қайдауыл руларының ұрпақтары жайлаған.
Соның бойында Жезқазған қаласының батыс жақ өкпе тұсында «Жарасбай көңі» деген қыстақтың орны
бар. Сол қыстақты жайлаған Ұстабайдың Жарасбайы бастаған ауылдың атқамінерлері осы өңірде «Та-
50
Кен өндірісінің қаһармандары
лап» колхозын ұйымдастырған. Жезқазған өндірісін мал өнімдерімен қамтамасыз етіп отырды. Ауыл
еңбеккерлерінің ерен еңбегі ұлы Отан соғысы кезінде ерекше болды. Өздері жемеседе ет-майын, құрт-
ірімшігін, сүтін кеншілер аузына тосты, әйелдер жүннен, түбіттен биялай-шұлық, жеңіл күртешелер
тоқып қызыл Армия жауынгерлеріне жіберіп жатты..
Жарасбайдың Жезқазған геологиялық партиясында бухгалтер болып ұзақ жыл қызмет істеген
Рүстем деген баласымен жасымыз шамалас болды, қатар жүріп, сыйлас болдық. Жәкең ағамыз орта
бойлы, шымыр денелі кісі болатын. Палуан болған - дегенді еститінбіз. Бірақ, оның күрескенін көрген
емес едім, соның сәті Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін түсті. Соғыс жеңіспен аяқталып, халықтың
көңілі көтеріліп тұрған кез болатын. Той жиі болатын. Сондай бір үлкен тойдың үстінде жұртшылық
жезқазғандық кенші Тұрғынбай Дүрментаевты кеншілер атынан күреске шығарып:
-Бас бәйгені біздің Тұрғынбайға беріңдер, оны жығатын бұл жерде адам жоқ, - деп даурығысты. Ол
орынды да еді. Өйткені Тұрғынбай кен тиелген вагонеткаларды итеріп, алып күшімен танылған жан еді.
Орта бойлы, кең кеуделі, алпамсадай Тұрекең де өзіне сенген болуы керек:
-Араларыңда Атбасар жәрмеңкесінде түйе палуан атанған Жарасбай бар көрінеді. Шықсын бері, ол
түйе палуан болса мен тас палуанмын,-деп лепіреді.
«Күш атасын танымас» деген емес пе, осы белдесуде Жарасбай жеңіске жетіп, бас палуан атанып
еді. Осыдан былай қарай Тұрғынбай да күреске шығуын қойыпты.
-Менің №8 шахтаның теменгі жағындағы тастан қаланған жатаған үйге келін болып түскеніме биыл
53 жыл толып отыр,-деп бастады Камал бәйбіше атасы туралы әңгімесін. — Атамыз тамаша адам еді.
Ел сыйлайтын, заманында болған адам. Төртінші километрден 1957 жылы үй салып алдық. «Бала-
ларым жетілді» деп жұмысты сол жылы тастады. Пенсия да алған жоқ. Келіндерін жанындай жақсы
көретін. Оның әкесі (Ұстабайды айтады) діндар адам болған көрінеді. 37 жасында Мекеге қажылыққа
барып, қайтып келе жатқан жолда қайтыс болады. Атамыз атадан қалған жалғыз тұяқ болғандықтан
үлкен атамыздың көзін көрген ауыл қариялары:
-Жарасбайдың жасы ұзақ болсын,-деп бата береді екен. -Сол көптің батасы қабыл болған шығар,
атамыз жүз жасамағанмен 75 жасқа келгенде қайтыс болды. Бүгінде жалғыздан(Жарасбайдан) қалған
төрт ұлдан тараған ұрпақ бір тайпа елге айналып отыр,-деп құдайға шүкіршілік етеді Жарасбайдың
келіндері Тұрсынай, Камал, Манаттар.
Жарасбайдың отбасы жайлы ауылдастары:
-Кемпірі мен өзінен басқаның бәрі кенші,-деп отыратын. -Ол рас-тын. Оның Рүстемнен басқа ұлдары
мен келіндері «Кресто-Запад» шахтасында еңбек етті. Шәмші дәрі қоймасында қоймашы болды. Жұмыс
істей жүріп кешкі мектепте оқыды. Шахта астына келген жаңа техниканы меңгеруде жоғары ынталылық
танытып, экскаватор руліне отырып, кен тиеді. Үздік экскаваторшы да атанды. Рудниктегі тау - кен
техникумын бітірген соң Шәмшіні шахта басшылығы кен тиеу учаскесінің бастығы етіп тағайындайды.
Шахтаның кәсіподақ комитетінің мүшесі ретінде жұмысшылардың тұрмыстық жағдайына, асхана
жұмысына бақылау жүргізіп, кемшіліктерді болдырмауға күш салды. Жұбайы Камал да осы шахтада
ұзақ жыл лампашы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.
Арыстан «Кресто-Западта» дәрі аттырушы болды. Кен қоры таусылып, шахта жабылғаннан кейін
№44, №45 шахталарда забойшы болды. Ол да тау-кен техникумында оқып, білімін жетілдірді. Социа-
листік Еңбек Ері Қазымхан Кентаевпен қатар тау-кен шебері болып жұмыс істеді. Шахта астында жыл-
дар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесін забойшылар учаскесін басқаруда жете қолдана білді. Соның
нәтижесінде учаске социалистік жарыста мемлекеттік жоспарды асыра орындап, үнемі алғы шептен
көрініп жүрді. Талай рет комбинаттың Мақтау Грамоталарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға
ие болды.
Ағаларының жолын қуып «Южныйға» келген Өкпар да «Кресто-Западта» еңбек жолын забойшы бо-
лып бастады. Ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Өкбар бүгінде зейнеткер. Сегіз баланың әкесі. Соларды жет-
кізіп, оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды, енді мәуелі бақтың жемісін теріп жеп, қызығын қызықтап
отырған жайы бар.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, бүгінде «Қазақмыс» корпорациясының бір ғана Оңтүстік Жезқазған
кенішінде Жарасбаевтар әулетінен еңбек етіп жүргендер саны оннан асып жығылады. Жамһор,
Дәулетияр, Сағдат, Бағдат, Азамат, Саматтар тікелей кен өндірісімен айналысып жүрсе, Аспандияр,
Данияр, Алиярлар әртурлі жоғары басшылық қызметтерде жемісті еңбек етіп жүр. Жарасбай әулетінің
ендігі бір буыны, шөберелерінің де алды жетіліп жезқазғандық кеншілер қауымына қосылды. Жоғары
оқу орнын бітірген Темірлан мен Алмаз жер астында кен өндіру учаскелерін басқарса Медет болашақ
кенші, бүгінде Оңтүстік кенішінде өндірістік тәжірибеде жүр.
«Батаменен ер көгерер» демекші, жастайынан бата алып өскен Ұстабайдың жалғызы Жарасбайдан
өркен жайған ұрпақтар шеруі одан әрі өсіп-өніп, аталар дәстүрін жемісті жалғастыра бермек.
Жезқазған қаласы, мамыр, 2006 жыл.
51
Кен өндірісінің қаһармандары
АСЫЛ БЕЙНЕҢ ҰРПАҚТАРДЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА, ЕСІМІҢ ЕЛ ЕСІНДЕ
Есімі Жезқазған өңірінен шарықтап шығып, сонау Мәскеу
төрінен бүкіл елге жайылған, ел тарихыңа алтын әріппен
жазылған атақты кенші Тұрғынбай ақсақалмен ең алғаш рет
ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығын атап
өтуге арналған Жезқазған поселкесіндегі Кеншілер Мәдениет
сарайында өткен салтанатта танысқан едім. Омыраулары ор-
дендер мен медальдарға толы еңбек және соғыс ардагерлері
алдыңғы қатарларда қаз қатар тізіліп отырғанда залдың іші
ерекше нұрға бөленіп, өтіп жатқан сән-салтанаттың шырайын
аша түсетін. Жастар да күнде көріп жүрген қарттарының осал
еместігін көріп бір марқайып қалатын, кеудесін ардагерлерге
деген мақтаныш сезімі кернейтін. Осындай жағдайды сол кез-
десуге барған біз де басымыздан өткеріп едік.
Салтанатта құттықтау сөз сөйлеген палуан денелі, «Ленин»
орденді кенші Тұрғынбай Дүрментаев:
-Құрметті қауым,-деп бастады сөзін, -кешегі тар заманда
мен 14 жасымнан байдың малын бақтым. Бір жасқа да толмай
жатып әкеден жетім қалдым. Шешем Әдеп мені жеткізем деп
ағылшындар салдырған №1 шахтаға сорттаушы болып орна-
ласты. Сол уақыттағы шахталардың да келбеті адам жанын
түршіктіретіндей көріксіз еді. Келімсектер жұмысшылардың
жағдайын ойлаған жоқ, олардың мақсаты неғұрлым аз
шығынмен көп өнім өндіріп, мол пайда табу болатын. Шахтадағы жұмыстардың бәрі қолмен атқарылды.
Техника жоқ. Коперлары ағаштан салынған, өте саяз, забойлары тар шахталарда күн көріс үшін жер-
гілікті халық қабырғасын қайыстырып еңбек етті. Тапқандары күнделікті күнкөрісінен де артылмады.
Совет үкіметі келмегенде қазіргідей заманға жетер ме едік? Қазіргі жастар бақытты. Сендер жұмыс істеп
жүрген шахталарды ағылшын шахталарымен салыстыруға бола ма? Болмайды. Арасы жер мен көктей.
Менің де ағылшындар салдырған шахталарда жұмыс істеуіме тура келді. Өмір қиындығы мені жастай
соған баруға мәжбүр етті.
Иә, орденді қарияның айтып тұрғаны өзінің көзімен көрген, басынан өткерген жәйттар, өмір шындығы
еді. Тұрекең 1927 жылы ең алғаш рет Жезқазған руднигіне келіп, еңбек жолын бастаған екен. Ауыр
күрекпен вагондарға кен жынысын тиеді. Шаршау-шалдығудың не екенін білмеді. Жұмысты істегенде
жапырып жіберетін. Сонысы үшін де балаң жігіттің жұмысқа деген ынтасын байқаған әріптестері оны
«палуан» деп атап кетеді, бірде шахта бастығы өзіне шақырып алып:
-Қазір ел басына қаралы күн туған шақ, кен өндіруді арттыруымыз керек, Тұрғынбай сен кенші болсаң
қайтеді-деді.
Шынында да қазіргідей қиын-қыстау күндері өзінің орны кеншілер арасында, забойда екенін түсінген
ол еш ойланбастан келісімін берді.
Сөйтіп, Тұрекең Ұлы Отан соғысының ең қиын тұсында 1943 жылы кеншілікке ауысып еді. Бұл
Б.Аймаханов, З.Биболатов, А.Сафиндердің рекордшы кенші атанып, есімі елге тараған кез болатын. Ол
шахтада проходкашы да, қопарушы да, откатчик те болды. Бір сәт дамыл таппай жұмыс істеді.
-Мені енді әріптестерім «палуан» емес «экскаватор» деп атайтын болды,-деп еске алатын сол кезді
қарт кенші.
Жезқазғандық кеншілер тылда да жанқиярлықпен еңбек етті. Олардың соғыс кезіндегі осы еңбегі
жоғары бағаланып, Жезқазған кен руда басқармасына бірнеше дүркін СССР Қорғаныс Комитетінің
ауыспалы Қызыл Туы табыс етілді, кейіннен ол комбинатқа мәңгі сақтауға қалдырылды. Мұнда кенші
Т.Дүрментаевтың да қосқан үлесі мол еді. Соғыс кезінде қарапайым еңбек адамы «Еңбек Қызыл Ту»
орденімен марапатталды. Көп ұзамай майталман еңбеккердің кеудесінде «1941-1945 жылдардағы ерен
еңбегі үшін» медалі сәуле шашты.
-Есте қалған сәтіңізді еске түсіріңізші.-дегенімізде, Тұрекең көп ойланбай:
-Мен 1954 жылдың 5 мамырын есімде жақсы сақтап қалдым. Бұл күні сонау еліміздің астанасы
Мәскеуден қуанышты хабар жетті. Кешегі қойшы, бүгінгі кеншінің еңбегі зор бағаланып, еліміздің ең
жоғарғы наградасы «Ленин» орденімен марапатталыпты. Мен үшін бұдан артық не керек, еңбегім
ақталды деген осы емес пе?
Жезқазғандық атақты кенші Тұрғынбай Дүрментаевтың металлургия өнеркәсібі саласындағы ұзақ та
жемісті еңбегі осылай атап өтілді.
52
Кен өндірісінің қаһармандары
Салтанаттағы сөзін атақты кенші былай аяқтаған еді:
-Мен бәріне де ризамын. Кеніштердегі шахталар өсіп келеді, қуатты техникалармен кен өндірілуде, ең
бастысы жастардың өсуі мені қатты қуантады. Біздің лайықты ізбасарларымыздың өсіп келе жатқанына
мақтанамыз. Кешегі тақыр боп жатқан Досқана құдығының маңайында кеншілер поселкесі Никольский,
Кеңгір өзені жағалауында металлургтер мен байытушылар қаласы Жезқазған бой көтеріп, қанатын кеңге
жайып келеді. Өзгеріс көп. Соның бәрі менің көз алдымда өтіп жатыр. Бұған қалай қуанбассың.
Ардагер ағамыздың арамыздан кеткеніне де біршама уақыт болды. Кеншілер қаласының бір көшесіне
еңбектегі ерлігімен еліне танылған атақты кеншінің есімі берілген. Бұл оның есімін ұрпақтарының
ұмытпайтындығының айқын белгісі.
Сәтбаев қаласы, сәуір, 2005 жыл.
53
Кен өндірісінің қаһармандары
КӨЗІ ЖОҚ БОЛСА ДА КӨҢІЛДЕ ҚАЛДЫ
Сәтбаев қаласының көрікті көшелерінің бірі Павел Шаталюктің есімімен аталған. Ол ¥лы Отан
соғысының отты жылдарында Жезқазған шахталарында еңбек дүбірін қыздырып, кен бұлағын ағызған
шахтерлердің бірі ретінде жезқазғандықтардың есінде қалыпты. Көзі жоқ болса да көңілде қалып, еске
алып, атын мәңгі есте сақтау мақсатында көшеге беріп жатқанның өзі оған көрсетіліп отырған зор
құрмет екенін жақсы түсінеміз. Мен өз басым оның атақты кенші болғанын білемін, бірақ осыдан басқа
ешқандай мағлұматым жоқ. Соның орнын толтыру үшін соғыс кезінде Жезқазған—Қарсақбай өңірінде
шыққан басылымдарды ақтарып, П.Шаталюк туралы да мағлұматтар іздестірдім. Құдай оң жолын бер-
генде ондай материалдар жоқ емес екен.Соларды басшылыққа алып, кейінгі жас ұрпаққа Украина шах-
тері П.Шаталюктің өмірі мен еңбек жолынан толығырақ мағлұмат беру мақсатында осы материалды
жазып отырмын.
Павло Шаталюктің жастық шағы да онша жанға жайлы бола қойған жоқ. Жұмысқа ерте аралас-
ты. Еңбек жолы Донецкінің көмір шахталарында басталды. Алғашқы бесжылдықтар кезінде еліміздің
өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы жолға қойылып, жұмыста жаңа бір леп пайда болған кез тін.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын жаңа патриоттық бастамалар бой көтеріп, ол
еңбек өнімділігін арттыруға, жаңа жетістіктерге жетуге бағытталды. Жас та болса комсомол мүшесі
Павло осындай тың бастамалардың бастауында жүріп, өндірістік тапсырмаларды орындауда алдыңғы
қатардан көрінді.
Ашық аспанды бір күнде қара бұлт торлады. Жарияламай соғыс ашқан неміс басқыншылары
батыстағы Белоруссия, Украина қалаларын бірінен кейін бірін басып алды. Осындай қиын-қыстау
күндері жау қолында қалған ірі өнеркәсіп орындарының тәжірибелі жұмысшылары майданға бірінші ке-
зектегі өнімдерді өндіретін Қазақстанның кәсіпорындарына жіберілді.
Қарсақбайда жарық көрген «За медь» газетінің 1944 жылдың қаңтар айындағы санында газет тілшісі-
мен сұхбатында П.Шаталюк өзінің кенді өлкеге келуі жайлы және шахта астында өнім өндіру тәжірибесі
туралы ой бөлісіпті. Атақты кеншінің сөзінен үзінді беруді жөн көрдім.
...Осыдан екі жыл бұрын тағдыр мені туған Украинамнан алыстағы Жезқазған даласына алып келді.
Әрбір саналы адам секілді Отан басына қауіп төнгенде мен де майдан даласында болғанды жөн көрдім,
менің ағам және құрдастарымның бәрі бірінші күннен соғысқа аттанды.Ал мені елдің түкпіріне жіберді.
Бұл ешқандай әділеттікке жатпайтын жағдай еді.Қанша сұрансамда болмады.Әскери комиссариаттағылар:
«Сенің тылдағы жұмысыңның өзі майдан даласындағы ұрыстардан кем болмайды. Отанға қауіп төніп
тұрғанда сен өндіретін Жезқазғанның шикізаты жауға оқ болып атылады. Осының маңыздылығын
жете ұққаныңыз жөн»,—деді. Оны талдап-талқылап жататын уақыт жоқ. Жұмысқа кірісіп кеттім. Мен
көмір өндіретін шахтада істедім, кен өндіруден көмір өндіру жеңілірек. Мұнда істеген уақытымда біраз
тәжірибе жинақтап қалдым. Көмір шахтасындағы және бүгінгі кен өндірудегі әдістерімді саралай келген-
де жинақтаған тәжірибемді әріптестеріме керек болып қалар деген оймен ортаға салғанды жөн көрдім.
Біздің жұмыста қара күшке салуға болмайды. Шпурларды бұрғылағанда соңынан оны аттырғанда
жоғары тиімділікке қол жеткізетіндей етіп орналастыру қажет. Ең бастысы бар ынта-жігерінді өзің
ұнатқан жұмысқа жұмсап, баспен жұмыс істеу керек. Кейбір бұрғышылар өзінің перфораторын тізесі-
не қойып бұрғылайды. Ал, кейбіреулер иыққа тіреп тұрып істейді. Мұндай жағдайда машина жұмыс
істеген кезде шахтер еріксіз екі жаққа шайқалып, теңселіп тұрады. Бұл өте тиімсіз әдіс, перфораторды
арнайы жасалған рычагқа қойған дұрыс және өзің тақтайдың үстінде тұрып жұмыс істесең бұрғылау бір
ырғақпен, тез әрі жеңіл жүреді.
Ал.шпурларды бұрғылағанда соңынан оны аттырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізетіндей етіп орна-
ластыру қажет. Шпурларды аз бұрғылап, көп руда қопаруға тырысамын. Шпурлар ұзын болса соғұрлым
жақсы болады. Жұмысты бірқалыпты істеуге тырысу керек, кейбіреулер жанталасып бүгін біршама кен-
ді қопарып тастайды да ертең қарап тұрады. Бұл дұрыс емес. Кейбіреулер руданы төменнен жоғары
қарай алады, мұндай жағдайда жоғарғы қабаттағы руданы алу қиындық келтіреді әрі қауіпті болады.
Мен әдетте, төменнен жоғары қарай камера бойын бойлай баспалдақ жасап, руданы жоғарыдан төмен
қарай құлатам. Қазір менің забойымда осындай әдіспен құлатылған тау-тау руда жатыр...
Бұрғышы Павел Шаталюк бір өзі екі адамның жұмысын атқарып, әріптестері арасында құрметке
бөленді. Және оның жоспарды 180 проценттен кем орындаған кезі болған емес. Жоспардан тыс
өндірілген өнім үшін төленетін еңбекақыны рудник кеншілері атынан құрылған «Отан қорғау» қорына
қосып жүрді. Ол өзінің ағасына жауды жеңуге осылай үлес қосқанын әрқашан мақтан ететін.
Отан және майдандағы жауынгерлер Шаталюкке өкпелі емес. Ол 1944 жылдың 1 қаңтарына дейін екі
жылдың өндірістік жоспарын орындады. Сөйтіп, ол өзі үшін де, майдан шебіндегі ағасы үшін де осылай
еселі еңбек етті, деп жазды газет.
Ұлы жеңіс осындай қарапайым еңбек адамдарының да тылдағы қаһармандық еңбегінің арқасында
келген еді.
Жезқазган, 2005 жыл, қазан.
54
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН АРДАГЕР КЕНШІ
«Қазақмыс» корпорациясының Н.В.Валукинский атындағы
мұражай-көрме кешенінде тарихи мәні мен мағынасы өте
зор экспонаттар мен құнды материалдардың қоры мол.
Жезқазған кен-металлургия комбинатының, оған қарасты
кәсіпорындардың тарихы, еңбек адамдары туралы іздегеніңнің
бәрін табасың. Бұл ұжымның ұзақ жылғы ізденісінің, өз ісіне
шынайы берілгендігінің айқын дәлелі болып табылады. Мен де
ісім түсіп осында келдім. Сонау қырқыншы жылдардың басын-
да Жезқазған кеніштерінде экскаваторшы болып жұмыс істе-
ген, еңбегінің арқасында омырауына «Ленин» орденін таққан
ардагер кенші Ғабдолла Молдағалиев туралы мағлұмат керек
болды. Мұражай қызметкерлері сөз айтпай Ғабекеңнің суретінің
көшірмесін, тағы басқа да мағлұматтарды қолыма берді. Риза
болып мен кеттім. Сонымен мен іздеген Ғабдолла кім? Енді
соған тоқталайын.
1939 жылдың қоңыр күзі. Ертеңгі шықтың салмағына шыдай
алмаған сарғайған жапырақтар жерге судырап түсіп жатыр.
Ағаш егілген тротуарлар бойы сары кілем төсеп тастағандай,
аяқ асты да мамық төсеп тастағандай жұп-жұмсақ. Аспанды
торлаған қара қошқыл көшпелі бұлт әлгінде ғана бүркеп өткен.
Жолдың тозаңы басылып, жауған жауынның исі аңқып тұр.
Өй дейтін жерде көзге оғаштау көрінетін кескінсіз салынған оншақты үй қарайып көрінеді. Сол үйлердің
шет жағында шағын көмекші электр станциясы орналасқан. Ымырт жабыла сол үйден мұрнының үсті
қара май, жұпыны жұмыс киімді ұзын бойлы, тік жүрісті жас жігіт шығып ілгері қарай жүрді. Ол кейін
қалған станцияға қимастық кейіппен ауық-ауық қарай береді.
-Бұ қайсың-ей, Ғабдошпысың? Жаным-ау, айдың-күннің аманында қайдағы өрттің жалынына тап
болып жүрсің?-деп қарт ана баласын емірене иіскеп сүйіп қарсы алды.
-Апа, айтып едім ғой, экскаватор машинисі боламын деп, ұмытып қалғаның ба? Бүгін еңбек
табалдырығынан бірінші рет аттап, тұңғыш рет еңбекке араластым.
-Көкесі-ай, не дейді,-деп анасы қатуланып, -мұны таста, малмандай қара май болып не көрінді, мал
бағып та күн көрерміз.
-Жоқ, апа, айта көрмеңіз. Мен жаңа мамандықты игерем. Мына экскаваторды мен секілді жастар
игеріп, жер астының ен байлығын халық игілігіне жаратпағанда кім жаратады? Тәуекел еттім.
-Мына түріңнен шошып кетіп айтқаным ғой, айналайын, аман бол, талабыңа нұр жаусын. Анасының
соңғы сөзі осы болды. Бұл Ғабекеңнің алғашқы еңбек күнін бейнелеген бір сәт қана еді.
Міне, содан бері де ширек ғасырдың жүзі болыпты. Кешегі май-май болып үйіне келген балаң жігіт
Ғабдолла Молдағалиев бүгінде жігіт ағасы. Алып экскаваторды ұршықша үйіретін бесаспап маман.
Ең алғаш жұмысқа тұрған кездегі Жезқазғанның кен өндіру техникалары да өте қарапайым еді,
өзі отырған экскаваторы болса будың күшімен жұмыс істейтін.Ол экскаваторшының көмекшісі әрі
экскаватордың бу қазандығына от жағатын кочегар болды. Кейін техника руліне отырды. Сол техниканың
өзімен төрт жыл жұмыс істеп, алғашында Клубный, онан кейін кішкене Златоуст карьерлерінің кенін
қазысты. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында әріптестерімен бірге кен өндіруді еселеп арттырып,
қанқұйлы жауды жеңуге лайықты үлесін қосты.
Соғыстан кейін өндіріске келген шетелдік техникалардың алғашқысы «Шкода» экскаваторы болды.
Онда да Ғабекең жұмыс істеді. Ол экскаватордың ерекшелігі-мойнының ұзындығында еді. Карьерде
қорықпай-ақ қауіпсіз жұмыс істеуге болатын.
Бүгінде электр тоғының күшімен қимылға келетін өнімді алып техникаң мынау. Алғашқыда жаңа
техниканың тетігін бірден игеріп кету оңайға соқпады, механизмдерінің «тілін» білетін мамандар жет-
кіліксіз болды. Оның үстіне әлде қалай экскаватор жөндеуге тұрғанда механизмнің ауыр бөлшектерін
көтеретін арнаулы крандар жоқ.болғандықтан кендір жіп арқанмен көтеріп, алып-салу екі алақанды
пышақтай тілді. Бәрінен осы қиын болды. Карьердің былайғы жұмысшылары көрген мұндай қиындықтан
Ғабдолла да сырт қалған жоқ. Сол күп болып іскен қолға қарамастан экскаватор бөлшектерін құрастырып,
аяғына тік тұрғызып, жастық жалынмен еңбек дүбірін қыздырды.
«Ізгі досы көпті жау да ала алмайды» дегендей, үйренетін тәжірибелі достары көп болды. Солар-
дан үйренгені өміріне азық болып келеді, оның үстіне өзінің де еті тірі. Әрқашанда техника тілін жетік
білуге құмар болды. Оның сырласы, ұстазы экипаж жетекшісі Рейнгардт Александрович Пасстың есімі
55
Кен өндірісінің қаһармандары
Солтүстік Жезқазған руднигінде зор құрметке бөленді. Ол шебер экскаваторшы, ұйымдастыру қабілеті
жоғары командир бола білді. Қалың тау жынысы астындағы шағын руда қабаттарын араластыра оты-
рып, руданы қопарылған басқа қажетсіз топырақтан бөліп алып тастаудың жаңа технологиясын ойлап
тауып, жүзеге асырған, экскаваторды механизм күшімен майлауды рудникте бірінші болып енгізген озат
ойшыл, жаңашыл азамат. Осындай азаматтарға қарап өскен Ғабекең экскаватодың бос тұрып қалуын
болдырмау, ақауларды дер кезінде сезіп, оны іс үстінде жоюдың, қауырт іс үстінде қолбайлау болатын
қосалқы жұмыстарды қысқартудың, еңбек ұйымдастыруды жақсартудың талай-талай әдіс-тәсілдерін
жете үйренді және осы білгендерін кейінгі жастарға үйретіп ұстаздық етті, өнегелі тәлімгер болды. Экс-
каваторда істеген ұзақ жылдарда одан үйренген жастар көп.Соның бірі Бәкібай Балғынбаев. Жайдары
мінезді, ширақ қимылды Бәкібайда еңбекте ұстазынан кем түскен жоқ. Үнемі озаттар қатарынан көрінді.
Жанқиярлық қажырлы еңбегі, алғыр ой-парасаты сауаты аз, қарапайым Ғабекең секілді жұмысшыны
техниканы жетік меңгерген алдыңғы саптағы маман жұмысшы дәрежесіне дейін көтерді, абырой-атаққа
бөледі. Оның адал еңбегін үкімет жоғары бағалап «Ленин» орденімен наградтады. Ғабдолла ел таныған,
халық сыйлаған құрметті адам дәрежесіне дейін өсті. Өскені емей немене, ол 1952 жылы қалалық Со-
ветке, содан кейінгі жылдары үш рет Қарағанды облыстық Советіне депутат болып сайланды. Міне,
оқымаса да өзін-өзі саналы өмірге тәрбилеп, еңбектен бақытын тауып, табыс биігінен көріне білген аза-
мат Ғабдолла Молдағалиевтің осындай өнегелі еңбек жолы ұрпақтарына үлгі болары сөзсіз.
Жезқазған қаласы, 2005 жыл, қыркүйек.
56
Кен өндірісінің қаһармандары
ҚОС ОРДЕНДІ АРДАГЕР
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Жезқазған өңірін кеңінен
барлап, мол кен көзін ашуы нәтижесінде оны игеруге үкімет
те көңіл бөле бастады. Соның нәтижесінде отызыншы
жылдардың басында ағылшындардан қалған ескі шахталар
қалпына келтіріліп, жаңадан шахталар ашыла бастады. Онда
жұмысшы қолы жетіспеді. Осы кезде ен даланы жайлап жатқан
ауыл-ауылдағы қарапайым халықты өндіріске тарту кең қанат
жайды. Жезқазған шахталарына Мұқантай да алғашқылардың
легінде келген болатын. Өмірі шахта, өндіріс дегенді көрмеген
қазақтарға жер астының жұмысы өте қиын болды. Қайламен,
балғамен, сүйменмен тұтас жатқан көк тасты қопару оңайға
түспеді. Оның да ығытын білу керек. Бұрыннан істеп келе
жатқан орыс инженерлері болса: «Қазақтардың қолынан түк
келмейді, олар мұндай жұмысты істей алмайды», - деп бай-
балам салды. Алғашқы уақытта расында да жағдай осылай
еді. Қазақта «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен
боласың» деген жақсы бір мақал бар. Сол айтпақшы, келе-
келе қазақтар да өздеріне жат жұмысты игеріп, меңгеріп кет-
ті. Мұқантай Мақсұтов алғашында забойлардан руданы қырға
шанамен тасып шығарушы болып еңбек етті. Құдай берген
қара күштің арқасында бұл жұмысты абыроймен атқарды.
Кейін дәрі аттырушы, забойшы мамандықтарын игеріп, жер
астында кен өндірумен айналысты. Жылдар өте келе кеше-
гі қой соңында жүрген даланың қара қазағы кеншіліктің қыр-
сырын жете меңгеріп, мол тәжірибе жинақтады, еңбекте зор
табыстарға жетті. Мұқантайдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегі ерен еді. Атақты кеншілер
Б.Аймаханов, З.Биболатов, А.Сафиндер бастаған озаттар көшінің сапында болды. Атағы Жезқазған
өңірінен шығып, республикаға, Одаққа танылды. Танылғаны емей немене ол Еңбек Қызыл Ту, Ленин
ордендерімен наградталды. Құрметті кенші атанды. «Покро» шахтасының айтулы кеншісін Жезқазған
қаласының еңбеккерлері қалалық Советке депутат етіп сайлап, зор сенім көрсетті. Жер астында қара
таспен алысып, шыңдалған Мұқаң қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытты.Уақытпен санаспай
сайлаушыларының тапсырған аманатын абыроймен орындап, құрметке бөленді. Міне, кешегі қиын-
қыстау күндерде жер қойнауынан алтынға бергісіз шикізат өндіріп, Отан қуатының артуына өзіндік үлес
қосқан орденді азамат Мұқантай Мақсұтов ағамыздың еңбек жолы осындай еді.
Жезқазған-Сәтбаев, 2005 жыл, қыркүйек.
57
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕРЕН ЕҢБЕКПЕН ТАНЫЛҒАН КӨМІРШІ ӘРІ КЕНШІ
Кеншілер арасында кеңінен танымал, үлкен жүректі, шебер
басшы, білікті инженер бүгінде құрметті демалыста отырған
Қонақбай Сейтмағанбетов ақсақалды Жезқазған кен өндірісінің
шежірешісі деп толық айтуға болады.Жоғарғы оқу орнының жол-
дамасымен 1953 жылы Жезқазған руднигіне келіп, еңбек жолын
кеншілік мамандықтан бастағанда оның жасы әлі екі мүшелге
де толмаған кезі болатын. Кен басқармасының №44, №31,
№42 №57 шахталарында шебер, ауысым бастығы, шахтаның
бас инженері, директоры секілді қызметтер баспалдағынан
өтті. Кенді өңірде оның білмейтін, танымайтын адамы жоқ.
Осы кітапқа материал дайындау барысында онымен кездесіп,
біраз сұхбаттасқанбыз. Сол әңгіме үстінде талай-талай еңбек
ардагерлерінің есімі еске алынды. Соның бірі Құлмағанбет Рах-
метов туралы ол былай деген еді:
-Құлекең Жезқазған руднигіне менің алдымда ғана Байқоңыр
көмір кенішінен келіпті. Отыз жылға жуық уақыт осы өңірдің
өндірісіне, тіршілік-тұрмысына қажетті көмір берген Байқоңыр
шахталарының қоры азайып, көмір өндіру тиімсіз болғандықтан
кеніш жабылған екен. Кеніштің бастығы Ғабдолла Смайылов
бастап көшіп келген байқоңырлықтардың өтініші бойынша олар
өздері қалаған шахталарға жұмысқа орналасты. Құлмағанбет
№42 шахтаға жіберіліпті. Әртүрлі жиналыстарда, мерекелік салтанаттарда сол кезде Құлекеңнің есімі
жиі естіліп жүрді. Мен онымен бетпе-бет 1958 жылы ғана кездестім. Осы кезде мен №31 шахтада бастық
болып жүрген кезім еді. Аяқ астынан комбинат директоры В.В.Гурбаның артта қалып келе жатқан №42
шахтаға бастық етіп жібермесі бар емес пе? Келдім. Жұмыс барысымен таныстым. Жағдай қиын. Жос-
пар орындалмайды. Себебін анықтауға кірістім. Ол үшін жер астына түсіп, ондағы еңбек етіп жатқан
жұмысшылармен кездесу қажет. Горизонттан-горизонтқа түсіп, күн демей, түн демей бригадаларды ара-
лап, кеншілердің жағдайымен таныстым. 175-ші горизонттағы кен өндіріп жатқан бесінші забойға келсем
басқа забойдағыдай емес тым-тырыс, бұрғылау станогы тоқтап тұр. Сөйтсем, бұрғылау кареткасы істен
шығыпты. Жөндеушілер ана жер, мына жерін шұқылап ештеме шығара алмай жатыр. Маңдайларынан
тер бұршақтап аққан. Анадай жерде забойдың төбесін қауіпсіздік сүйменімен шұқылап жүрген бір кенші
мені көріп, маған қарай жүрді. Бойшаң, жұқалтаңдау келген, атжақты, сары кісі екен, келе сәлем берді.
Мені тани кетті.
-Қонақбай шырағым, мына техниканы жүргізу қиын болып тұр. Жұмыс істегенімізден тұруымыз көп.
Ақауын тапқанша көп уақыт өтіп кетеді. Жоспардың орындалмауы да осы себептен. Бір-екі көргеннен
жөндеуші толып жатқан тетіктердің қайсысынан кінәрат болып тұрғанын меңгере алмайды да ғой,
сондықтан жөндеушілерге техника тілін үйрету керек шығар,-деді.
Байқаймын, жігіт ағасы жасына келген кенші жұмыстың жүрмей тұрғанына ызалы секілді. Жағдай
белгілі болды. Жер астына жаңадан келе бастаған техниканы жаппай меңгеру керек. Жоспардың
орындалмауының басты себебі осы деген ой миымды осқылап өтті. Әлгі кеншіні сабырлылыққа шақырып,
аты-жөнін сұрадым. Сөйтсем, есімін талай естіген байқоңырлық көмірші Құлмағанбет Рахметов осы
екен. Кенші ағамыздың пікірін жүзеге асыру мақсатында шахтаның әрбір учаскесінде кен техникасын
үйрету үшін курстар ұйымдастырылды. Кейін шахтада жоспар да орындалатын болды. Сол кездің өзінде
әлгі ағамыз «Еңбек Қызыл Ту» және «Ленин» ордендерімен наградталған өндіріс озаты еді. Сол ардагер
туралы соңғы кезде естілмей кетті. Кітапқа кіргізетін адамыңыздың нағыз өзі сол кісі болуы керек.
Байқоңыр кенішінің тарихы әріден басталады және Жезқазған кен орнының ашылуымен тығыз бай-
ланыста дамиды. Жезқазғанның кенге бай екендігіне көзі жеткен орыс купецтері осы ен байлықты жер-
гілікті байлардан сатып алғанымен ештеңе өндіре алмағасын оны ағылшындарға сатқаны бізге тарих-
тан мәлім. Сонау мұхит сыртында жатқан капиталистер жер шалғайлығына қарамастан өткен ғасырдың
басында жедел іске кірісіп, Жосалыдан Қарсақбайға теміржол тартып, зауыт салуды жоспарлайды.
Қиыр шетте жатқан өлкенің кен қорын анықтау мақсатында зерттеу жүргізеді. Салынатын болашақ
зауытты жүргізу үшін көмір ауадай қажет екенін жақсы түсінген олар бұл бағыттағы жұмыстарды да
қоса атқарады. Нәтижесінде Байқоңыр өзенінің шығыс жақ жағалауынан көмірдің мол қоры табылады.
Жезқазған руднигінде кен өндіру басталысымен Байқоңырда шағын шахта салынып, көмір қазылады.
58
Кен өндірісінің қаһармандары
Маңайда жатқан ауылдардан келген кедейлер күнкөріс үшін азын-аулақ тиын тебенге жалданып,
ағылшындарға жұмыс істейді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Ә.Өмірәлиннің «Арқада туған алып» кітабы-
нан мына бір үзіндіні келтірейік.
...Патша үкіметінің арнаулы рұқсатын алған шетелдік қанаушылар тіпті 12-14 жастағы балалар мен
әйелдерді де жұмысқа жалдап, бұл өлкедегі еңбекші халықтың барлық топтарының қанын осылайша,
шімірікпестен, емін-еркін сорған еді.
-Суырдың ініндей үңірейген, еңкейіп жүрмесе төбесі тірелетін тар да лас шахталардан кен өндірген,
көмір шығарған жұмысшылар күніне 12-14 сағат жұмыс істеп, есінен танып шыққанда алатын айлық
жалақысы үй-ішінің жалап-жұқтап ішуіне де жетпей жататын. Ағылшындар Байқоңыр шахталарында
қазылған көмірді ат күшімен айналатын шығыр арқылы жер бетіне шығаратын. Сонда жұмыс аты 8 сағат
істеп дем алса, ал біздер 12 сағаттан кейін ғана тыныстайтын едік,-дейді сол заманның куәгері болған
көнекөз қариялар...
Қазан төңкерісінен кейін ғана жағдай біршама жақсарады. Жұмысшыларға әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайлар туғызыла бастайды. Бірақ, шахтадағы жағдай әлі де болса қиын күйінде қалып қойды.
Техника жоқтың қасы. Құлмағанбет №1 шахтада бекітуші болып еңбек жолын бастады. Көмір қабаты
сусымалы келеді, сондықтан бекітушілер бригадасы қауіп-қатерге қармастан күндіз-түні тыным тап-
пай жеті қат жер астында шахта қабырғасын бекіту, жаңадан ашылған горизонттардың қабырғасын
тұрғызу, ағаштан ствол салу секілді жұмыстармен айналысты. Кейін Құлекең бұрғышы мамандығын
меңгеріп, №4, №20 шахталарда көмір өндірді. Мұқан Үлкенбаев, Айтмағанбет Сейілов, Бортан Ера-
линов, ағайынды Дәуренбек, Ізмағанбет Жандарбековтермен қатар тұрып жұмыс істеді. Стахановтық
қозғалыс кезінде сменалық жоспарын бес-алты есеге дейін артығымен орындап жаңа бастаманы
қолдаушылардың бірі болды.
Соғыс... Дүниежүзін астан-кестең қылған алапат соғыс бейбітжатқан елдің басына қатері мен қауіпін
ала келді. Бейбіт күндерде Жезқазған кәсіпорындары үшін қажетінше жіберіліп тұрған Қарағандының
көмірінің көлемі соғыс басталысымен күрт азайып, ол тек қана Қарсақбай зауытының металлургия це-
хына арнайы жіберіле бастады.
Осыған байланысты байқоңырлық көміршілердің алдына Қарсақбай, Жезқазған кәсіпорындарын,
6 мың киловаттық Қарсақбай су электр станциясын көмірмен, үш поселкенің тұрғындарын отынмен
қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Байқоңыр кені партия комитетінің хатшысы болған, республикалық
дәрежедегі дербес зейнеткер Аллаяр Тәлкенов Жеңістің 40 жылдығы қарсаңында «Жезқазған туы»
газетінің тілшісіне берген сұхбатында байқоңырлықтардың жанқиярлық ерен еңбектеріне былай деп
баға беріпті:
...Байқоңырлық көміршілер соғыс кезінде алдарына қойылған зор міндетті абыроймен орындап
шықты. Тасқындаған халық жігері нендей қиындықтар болса да жеңіп шығатынына біздің көзімізді жет-
кізді.Көмірді көп өндіру күресінің көш басында бұрынғысынша байырғы кеншілер, стахановшылар бол-
ды. Тәжірибелі бұрғышылар Тәжі Тоқыров, Қалтай Дәндіров, Құлмағанбет Рахметов, Үдербай Мақышев
және тағы басқада ондаған көміршілер өздерінің сменалық тапсырмаларын екі-үш есе асыра орындап
отырды. Олардың арасында тапсырма орындалмаса кейде екінші сменаға қалу дәстүрі қалыптасты.
Көміршілердің жанқиярлық еңбегі арқасында тәулігіне 500 тоннадан астам көмір өндіруге қол жетті.
Оны теміржол вагонына тиеп, рудникке жөнелту жұмысы жіті ұйымдастырылып отырды. Байқоңыр
көміршілері соғыстың өн бойында жоспарларын асыра орындап, ұлы жеңіске осылайша елеулі үлес
қосты...
Сол бір қиын-қыстау күндерде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Құлмағанбет Рахметовтың еңбегі
жоғары бағаланып, 1949 жылы Еңбек Қызыл Ту, жиырма жылдан астам көмір өндірісінде еңбек етіп,
жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз еткені үшін 1951 жылы «Ленин» орденімен наград-
талды.
Көмірші ардагер Жезқазған кенішінде де забойшы болып, жемісті еңбекті одан әрі жалғастырды.
«Жасым ұлғайды» деп ауыр жұмыстан тартынбай еңбек етті. Жастардың ақылшы ұстазы болды, оларды
мемлекеттік жоспарды ойдағыдай орындауға жұмылдыра білді. Бүгінгі атағы жер жүзіне мәшһүр болған
Жезқазған кен өндірісінің өсіп-өркендеуіне Құлмағанбет Рахметов секілді ардақты ағаларымыздың
қосқан үлестері ұшан теңіз. Олардың өнегелі еңбек жолдары ешқашанда ұмытылмақ емес.
Жезқазған қаласы, сәуір, 2006 жыл.
59
Кен өндірісінің қаһармандары
МЫС БҰЛАҒЫН АҒЫЗҒАН АРДАГЕР
Қазан төңкерісі қиыр шетте жатқан Жезқазған өңіріне де соны
серпіліс әкелді. Ағылшындар бастап салып, құрылысы аяқталмай
қалған Қарсақбай мыс қорыту зауытының қолға алынуы да соның
бір айқын айғағы болды. «Совет үкіметі Қарсақбай кәсіпорындарын
қайтадан жүргізетін болыпты; жаңадан зауыт орнайтын көрінеді»,-
деген хабар осы өңірді жайлап отырған елдің ішіне жедел тарап,
халықты шексіз қуанышқа бөледі. Азат еңбекті аңсап жүрген жал-
шылар мен малшылар, тігерге тұяғы жоқ кедейлер жан-жақтан
зауытқа келе бастады. Сол алғашқы лекте келіп, зауытқа қара
жұмысшы болып орналасқанда Мұзапар Жүсіпов небәрі 15 жаста
болатын. Құрылысы күн санап қанатын кеңге жая бастаған зауыт
алаңында жас та болса бала атқаратын жұмыстар жеткілікті-тін.
Өзі секілді ауылдың қара домалақтарымен қатар жүріп, кірпіш тасу,
су әкелу, лай жасау секілді жұмыстарды атқарып, буыны қатайды,
тындырымды жұмысымен көзге ілікті. Зауыт құрылысы аяқталар
шақта оған қажетті мамандықтағы жұмысшыларды даярлау
қолға алынды. Ол үшін жұмысшылар топ-тобымен Ресейдің ішкі
жағындағы зауыттарға жіберіліп жатты.
1928 жыл. 19 қазан. Бұл күн Қарсақбайлықтардың есінде мәңгі
сақталып қалды. Еркіндікке қолы жеткен халықтың өз күшімен
Сарыарқа төрінде салынған алғашқы өнеркәсіп орны тұңғыш рет
қара мыс берді. Осы оқиғаға байланысты зауытта үлкен митинг
болды. Алматыдан, өлкелік партия комитеті мен ҚАССР үкіметі
атынан келген ҚАССР Атқару Комитеті Председателінің орынба-
сары Әліби Жанкелдин митингіде Қарсақбай комбинаты еңбекшілерінің бұл тамаша өндірістік жеңісін
жоғары бағалап былай деді:
- Өндірістік қалалардан жүздеген километр алыста жатқан, құлазыған шөл далада, күрделі құрылыс
материалдарын таситын өзіндік транспорт құралы болмаса да, таңғажайып қысқа мерзімде, небәрі екі
жарым жыл ішінде Қарсақбай комбинаты сияқты алыпты ойдағыдай салып бітірген жұмысшылар мен
инженер-техниктердің еңбегі тарих бетіне алтын әріппен жазылатын болады...
Митингіге қатысушы қарсақбайлық еңбекшілер атынан Мәскеуге, М.И.Калининнің атына қуанышты
телеграмма жолданды. Онда қарсақбайлық мысшылар жаңа кәсіпорынның өндірістік қуатын шұғыл
игеріп, Отанға Қарсақбай мысын көптеп беру жөнінде партия мен үкіметке уәде берді. (Ә.Өмірәлин.
Арқада туған алып.)
Шарпу пешінің іргетасын қаласқан Мұзекең Ұлытау өңірінде болған ең алғашқы осы еңбек
салтанатының куәгері болған еді.
Зауытта Мұзекең фурмашы мамандығын үйренді. Пештегі мыстың тез балқуы үшін фурмашы оған
арнайы құбырмен келіп тұрған оттегін береді, балқыманы ұзын сүйменмен араластырып тұрады. Бұл өте
ұқыптылықты қажет ететін жұмыс болатын. Ынталы жас өзінің жұмысын жете меңгеріп, мінсіз атқаратын
дәрежеге жетті. Өзімен қатар жұмыс істеп жатқан балқытушылардың да іс-қимылынан көз алмайды.
Конвертордағы мыстың балқу мерзімі, оны қашан құю керек, бетіне шыққан қожды қалқу секілді процес-
тер ол үшін өте бір құпия жұмыс. Әріптестері болса соның бәрін игеріп алған, ыждаһатты атқарады. Мыс
балқымасын алып, от жалынды мамандық иесі атануды армандаған балаң жігіт көп ұзамай бұған дейін
Свердловскінің мыс қорыту зауыттарында ондаған жылдар бойы жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған
Юмашев және Сальников деген балқытушы жігіттерге шәкірт болып бекітілді. Ол мыс қорытудың сыры
мен қырын үйренумен бірге әлгі достарынан орысша сөйлесуді де үйренді. Тілалғыш, ынта-жігері зор
бала балқытушы жігіттерге де ұнады.
Жылдар өте келе Мұзапар Жүсіповке баяғы өзіне сыры беймәлім көрінген балқу кезіндегі процестер
енді құпия болудан қалды. Ол шарпу пешінде қысқа мерзімде мыс балқымасын алуды шебер меңгеріп,
тәжірибелі балқытушылар қатарына қосылды. Қарсақбай мысы алғаш алынғаннан кейін тура он жыл
өткенде еңбек бәсекесінде қол жеткен жоғары көрсеткіштері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен ма-
рапатталды. Қарапайым еңбек адамы жоғары награданы Отанымыздың астанасы Мәскеу қаласында
бүкілодақтық ақсақал М.И.Калининнің өз қолынан алды. Бұл награда жас жігіттің қиялына қанат бітіріп,
шабытына шабыт қосты. Ол жастық жігермен еңбек етіп, өндірістік жоспарды орындап қана қойған жоқ,
қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатын болды. 1939 жылы сайлаушылар Мұзапар Жүсіповты №56
Қарсақбай сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық Советіне депутат етіп сайлады. Депутат ретінде
60
Кен өндірісінің қаһармандары
ол поселкенің әлеуметтік дамуына, тұрғындардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына зор ықпал етті.
Поселкеде тұрғын үй мәселесі өте ауыр болды. Металлургтер және басқада ауыр мамандықта жұмыс
істейтін зауыт жұмысшылары пәтер алу кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрды. Сайлаушылардың басты
аманаты ретінде осы мәселені шешуде Мұзапар Жүсіпов белсенділік танытты. Бұл мәселені облыстық
Советтің сессиясының мінбесінен облыс және Жезқазған комбинаты басшыларының алдына қойды.
Міне, бұдан кейін поселкеде тұрғын үй, мәдени ошақтар құрылысын салу біршама жақсарды. Өз күшімен
үй салам деушілерге көмек те көрсетіле бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жезқазған мысына деген сұраныс артты, зауытта жұмысшы қолы
жетіспеді. Соған қарамастан Қарсақбай зауытында соғыс басталғаннан кейінгі алғашқы үш айда ших-
та балқыту көрсеткіші 46,6 процентке, кен өндеу 19, концентрат өңдеу 39,5% өсті. Дана Қошқарбаев,
Қозыкен Жанпейісов, Мұзапар Жүсіпов, Байқас Мәмбетов, Кәмен Сейтенов және тағы басқа да
металлургтердің қатарынан екі-үш тәулік бойы балқыту пеші жанында тұрып, цехтан шықпай жұмыс
істеген кездері болды.
Қарсақбайлық балқытушылардың осындай жанқиярлық еңбегін көрген көнекөз қариялар:
-Сол кездегі мысшылардың төзімділігіне қайран қалатын едік. Азын-аулақ іш жылытар астарын ішер-
ішпестен-ақ жанталасып жұмысқа кірісіп кететін. Шаршап-шалдыққанына қарамай екі ауысым бойы жұмыс
істейтін кездері болатын. Пештің ыстығына әлгілердің үстіндегі жұмыс киімдері де шыдамай тұтанып
жататын, қазіргідей желдеткіш жоқтықтан цехтың іші көз көрінбейтін газ болатын, көзіңді аштырмайды.
Жұмыс аяғына қарай енді әлсіреп құлайтын шығар-деп ойлайсың, бірақ, балқыма құюға дайын болғанда
әлгілерге аяқ астынан күш бітіп, жанданып кететін. Біз соған таңқалатынбыз-деп еске алатын.
Қырғын соғыс жүріп жатқан кезде металлургтердің күшімен бір жарым айда Қарсақбай зауытында
тағы бір шарпу пеші салынып, іске қосылды. Бұл адам айтып жеткізе алмайтын ерлік еді. Мұнан былай
қарай мыс өндіру бұрынғыдан да еселеп артты.
Сол бір шақ өте бір ауыр, елдің елдігіне, ер басына ауыр сын болған кезең еді. Майданда жауынгер-
лер өмір үшін, жеңіс үшін, Отанның бостандығы жолында жан аямай арпалысып жатса, тыл еңбеккерлері
өздерінің жанқиярлық еңбектерімен сол жеңісті жақындатуға күш салды. Олар балқытқан мыс, өндірген
кен жауға оқ болып атылды.
Мұзекеңнің Жезқазғанда тұратын қызы, Қазақ ССР- на еңбегі сіңген мұғалім, зейнеткер Нұрасила
Мұзапарқызы былай дейді:
-Менің әкем Мұзапар Қарсақбай мыс қорыту зауытында 30 жылдан астам уақыт балқытушы болып
еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, омырауына «Ленин»
және «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен бірнеше медальдар тақты. Әрине, бұл наградалар өзінен өзі
келе қалған жоқ. Қарсақбай зауытын біз еліміздегі алғашқы кәсіпорын болған соң мақтан тұтамыз. Алай-
да, сол алғашқы зауытта жұмыс істеу өте ауыр болатын. Әкемнің жұмыстан қатты шаршап келетінін жиі
көретінмін. Мен ес білген кезде зауыттың ішкі жағдайын, мысты қалай алатындықтарын, мыс балқыту
технологиясының ескілігін әңгімелеп отыратын. Кейін жоғары кластарға барғанда зауытқа экскурсияға
да барып жүрдік. Сонда мыс балқыту цехында сегіз сағат жұмыс істемек түгілі, оның жұмысымен
танысуға барған бес- он минутта тұншықтырған, көзіңді қарыған газдан әрең шыдайтынбыз. Осын-
дай ауыр жағдайда істеп жүрген балқытушыларды біз батырларға теңейтінбіз. Олардың бейнесі мек-
теп шәкірттерінің талайының шығармаларына арқау да болғаны есімде. Әкем еңбегінің арқасында ел
құрметіне бөленді. Қарсақбай поселкесі мен Жезқазған қалаларының көшелеріне есімі берілді. Құдайға
шүкір, әкем ұрпақсыз емес. Жезді кен басқармасында ұзақ жыл инженерлік қызмет атқарған бауырым
Нұридден бүгінде зейнеткер. Ардагер металлургтің немерелері Ерлан, Жасұлан, Өмірлан, Жанарлар
атасының жолын қуып, «Қазақмыс» корпорациясында жемісті еңбек етіп жүр.
Ия, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының, КСРО
Түсті металлургия министрлігінің Құрмет Грамоталарымен бірнеше дүркін наградталған балқытушы
Мұзапар Жүсіповтың ерен еңбегі кезінде кейінгі ұрпақтар арасында кеңінен насихатталып, үлгі ретін-
де ұсынылып отырды. Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының әкімшілігі, пар-
тия, кәсіподақ, комсомол комитеттері озат металлургтерді марапаттау үшін М.Жүсіпов атындағы
сыйлық тағайындады.
Мұзапар ақсақал қартайғанына қарамастан ұлғайған шағында қоғамдық жұмыстардың бел ортасын-
да жүрді. Қарсақбай, Жезқазған қалаларының мектеп оқушыларымен, жастарымен жиі кездесіп, аға
буын өкілдерінің, Қарсақбай металлургтерінің өнегелі өмір жолын, ерлік істерін әңгімесіне арқау ететін.
Қарсақбай мыс қорыту зауытында алғашқы балқыманың алынуының 50 жылдығына орай 1978 жылдың
19 қазанында Жезқазған мыс қорыту зауытында өткен мерекелік балқымаға қатысты. Сарыарқа төсінде
дүниеге келген алып металлургия зауытының мұнтаздай цехтарын аралап көрді, онда орнатыпған жаңа
технологиялық жабдықтардың жұмысымен танысты. Осы кезде Мұзекеңнің жүзінен ерекше бір қуаныш,
шаттық сезімі нұрын төгіп тұрды.
Осы салтанатта ол шабыттана сөйлеп, былай деген еді:
61
Кен өндірісінің қаһармандары
-Осыдан 50 жыл бұрын іске қосылған Қарсақбай мыс қорыту зауыты елімізге бейбітшілік мақсатта
адам айтқысыз мөлшерде металл берді, ал кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында оның конвертерінде
балқытылған мыс жауға оқ болып атылды. Менің жасым қазір 70-тен асып кетті, бірақ бүгін мен сен-
дерді көріп, жасарып тұрмын. Жастық шағым есіме түсіп тұр. Мен ең алғаш рет мыс балқытқанда ең
қиын кезең болатын. Жабдықтар жеткіліксіз еді әрі қазіргідей емес қарапайым болатын, оның үстіне
тойып тамақ та ішпедік. Солай бола тұрса да біз көп ұлтты халық өкілдері бір ананың баласындай
ұйымдасып жұмыс істедік, бар мақсатымыз Отанға мысты көп беріп, зауытты елдегі алдыңғы қатарлы
кәсіпорындардың қатарына қосу болды. Сіздер, жастар аға буынның ерлік істерін, жақсы дәстүрлерін
ұмытпаңдар, Отанымыздың гүлдене беруі жолында жемісті еңбекті жалғастыра беріңдер.
Мұзекеңнің сол жолғы зауытты аралауы, басқару пульті түймесін басып, конвертерден мыс ағызуы
өзінің сүйікті мамандығымен ең соңғы рет қауышуы болды. Елінің сүйікті азаматы 1980 жылы 75 жасын-
да ұзаққа созылған науқастан дүние салды.
Жезқазған қаласы, сәуір 2006 ж.
62
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕПНІҢ АРҚАСЫНДА ЕЛІ Қ¥РМЕТТЕДІ
Қарсақбай... Ұлытау өңіріндегі аты әлемге әйгілі осы бір
шағын ғана елді мекен жылдар өте келе Қазақстан түсті
металлургиясының қара шаңырағына айналды емес пе? Осы
қара шаңырақта қазақтың тұңғыш жұмысшы табы қалыптасты.
Қарсақбай мыс зауытында еңбек етіп, ерен еңбегімен Одақ
көлеміне танылған, есімі еліміздің тарихына алтын әріптермен
жазылған ардагер металлургтердің дені өкінішке орай бүгін ара-
мызда жоқ.
Артына өшпестей із қалдырған сол абзал жанды
ағаларымыздың өкілдерінің бірі Қозыкен Жанпейісов болатын.
Қозыкең туралы Жезқазған кен-металлургия комбинатының
тарихи-өлке тану музейінің директоры Сүтемген Бүкіров 1969
жылы «Джезказганский рабочий» газетіне берген мақаласында
былай деп жазыпты:
...Қозыкен «Алғабас» колхозында дүниеге келген. Ол Ок-
тябрь революциясынан кейінгі кезеңде ел өмірінде болған соны
өзгерістердің бел ортасында жүрді. Жаны жаңалыққа құмар
Қозыкен ауылда комсомол қатарына өтеді. 1925 жылы комсомол
ячейкасының мүшесі ретінде Қарсақбайға келеді. Құрылысы енді
ғана басталғалы жатқан заүытқа кара жүмысқа түрып, болашақ
зауыттың құрылысына тікелей қатысады. Кейін зауытта алғашқы мыс балқымасы алынған салтанат-
ты митингіге жастар өкілі және комячейканың мүшесі ретінде қатысты. Қарсақбай зауытының алғашқы
директоры, Қызыл Преснядан келген революционер Иван Васильевич Деевпен талай рет бетпе-бет
кездесіп, жастар проблемасы жөнінде пікір алмасты.
Кейін ол зауыттағы ең ауыр балқыту цехына фурмашы болып жұмысқа тұрады. Жаңа кәсіпорында
алғашқы мыс балқымасын алған балқытушы Тихон Михайлович Казазаев оның ұстазы болған. Қозыкенге
балқытушы мамандығының қыр-сырын жалықпай үйретеді...
Ия, тәжірибелі металлургтер Матвей Иванович Кузнецов, Емельян Дмитриевич Гетман, Иван
Прутков, Семен Емельянович Заикиндерден ол көп нәрсе үйренді. Олар үйретуден, көмектесуден
жалықпады. Ал жас жігіт болса бар ынта-жігерімен әртүрлі жабдықтарда жұмыс істеуге машықтанды.
Конвертер пешінде қара мысты жедел балқыту тәсілін жете меңгерді. Кейін ағайынды Әбілқайыр және
Құсайын Ниязовтармен, Сыздық Боранбаевпен, Әбілғазы Баймағанбетовпен, Хамза Байзақовпен және
басқада металлургтермен қатар тұрып жұмыс істеді. Тәжірибесі молайды. Ұлы Отан соғысы алдында
Қозекең белсенді комсомол, еңбек озаты ретінде Ленин партиясы қатарына қабылданды. Жас комму-
нист балқытушылық кәсіпті ойдағыдай меңгерумен қатар қоғамдық-саяси істерге де белсене қатысты.
Зауыт партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланды. Бірнеше
рет аудандық партия конференциясына делегат болып қатысты.
Соғыстың алғашқы күндерінде
Қарсақбайда өткен митингі-
де металлургтер неміс-фашист
басқыншыларына лағынет айта
отырып, өздерінің барлық күш-
жігерін, қажыр-қайратын мыс
қорытуды еселеп арттыруға
жұмсайтындықтарына уәде берді.
Олар өздерін соғыс аяқталғанша
майдан даласындағы жауынгер-
лер қатарына қойды. Металлургия
цехында қатаң тәртіп орнатылды.
Бейбіт кездегі мемлекеттік жоспар-
ды қайта қарап, көтеріңкі міндетте-
ме алды. Сменадағы металлургтер
мөлшерлі мыс балқыту жоспарын
орындамай цехтан кетпейтін болды.
Басқа әріптестері секілді Қозыкен
Жанпейісов те тылдағы ең жауапты
63
Кен өндірісінің қаһармандары
учаске металлургия цехында броньмен қалдырылды. Аянбай еңбек етті. 1928 жыпы Қарсақбай зауы-
тында тұңғыш рет мыс алынғанда көрермен ретінде митингіге қатысқан Қозекең қарсақбайлықтар 1943
жылдың қыркүйек айында екінші шарпу пешінің құрылысын салып бітіріп, іске қосқанда жаңа пеште
бірінші рет балқыма алу құрметіне ие болды. Бұл пештің іске қосылуымен Қарсақбай мыс қорыту зауы-
ты Отан тапсырмасын бұлжытпай орындаушы екпінді кәсіпорындар қатарына қосылды.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жасалған құжаттар өзінің құндылығымен бағаланады. Ме-
таллургия цехының бастығы мен партия ұйымы хатшысы берген мына бір құжатты оқып көрелік.
...Қозыкен Жанпейісов жолдас металлургия цехында конвертерші болып жұмыс істейді. Осы цехта
жұмыс істеген уақытта оп өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білді, жұмысқа адал, өте еңбекқор. Озат
стахановшы. Ай сайын жоспарын 112-115% орындап отырады. Өзінің стахановтық жұмысы үшін ол зат-
тай және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ол еңбек ететін смена жастар үшін стахановшылар
мектебі болып табылады. ВКП/б мүшесі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады...
Қозекең 1946 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін СССР Жоғарғы Советі
Президиумының Указымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталады. Соғыс аякталып, ел бейбіт еңбек
жағдайына көшкенде де қарсақбайлық металлургтер ерен еңбегін одан әрі жалғастырды. Небір қиын-
қыстау күндерді бастан өткеріп, мол тәжірибе жинақтаған конверторшы Қозыкен де бұрынғыша метал-
лургтер арасында жоғары табыстар биігінен көрініп жүрді. Еңбегінің жанғаны емес пе, зауыттың ең ауыр
цехында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халық шаруашылығының металлургия саласын дамытуға
қомақты үлес қосқаны үшін Қ.Жанпейісов "Еңбек Қызыл Ту" және "Ленин" ордендерімен марапатталды.
Осы материалды дайындау барысында Қозекеңнің еңбек жолы туралы материалдарды
мұрағаттардан, мұражайдан көп іздестірдім. Сәтбаев қаласында тұратын бәйбішесі Сәлимамен кез-
дестім. Кейуана сексеннің бесеуіне келсе де әңгімесі ширақ екен.
-Мен отағасыммен 40 жыл өмір сүрдім. Ақкөңіл жан еді. Жұмысқа беріліп істейтін, еңбекқор бо-
латын. Облыстық, аудандық Советтерге депутат болып, біраз қоғамдық жұмыстар атқарды. Халқына
мінсіз қызмет етті. Сондықтан шығар, кете-кеткенше құрметтен кенде болған жоқ. Комбинат басшылығы
1975 жылы Сәтбаев қаласынан коттедж үй берді. Атын кейінгі ұрпақ ұмытпасын деп есімін қаланың
бір көшесіне берді. «Өзімнің оқуға мүмкіндігім болмай қалды. Балаларым оқысын»,-деп, балаларын
оқытты. Бақытым шахтада инженер еді, селикоздан қайтыс болды. Бақберген 17 жыл Батыс Жезқазған
кенішінде забойшы болды. Еңбек озаты еді. Өкінішке орай бүгінде мүгедек, отырып қалды. Қыздарым
әртүрлі салада еңбек етіп жатыр. Немерелердің күміс күлкісін медет тұтып отырған жай бар,-деп сөзін
аяқтады кейуана.
Жезқазған, сәуір, 2006 жыл.
64
Кен өндірісінің қаһармандары
КРАН МАШИНИСІ МАМАНДЫҒЫН АЛҒАШ МЕҢГЕРГЕН ЖІГІТ
Қарсақбай мыс қорыту зауытының тарихына аты алтын
әріппен жазылып, есімі ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан
жандардың бірі-Байқас Мәмбетов.
Байқас Ұлытау, Арғанаты тауларының ортасында
солтүстіктен оңтүстік шығысқа қарай сылаңдай ағып жатқан
кең арналы Қаракеңгір өзенінің бойындағы табиғаты бай,
шөбі мол иіріміне орналасқан бес-алты үйден тұратын
шағын қыстақта өткен ғасырдың басында дүниеге кел-
ді. Жастайынан мал соңында өскен ауыл баласының
өміріне қазан төңкерісі өзгеріс әкелмей қойған жоқ. Сол
кезде: «Қарсақбайда зауыт салынып жатыр, Рудникте мыс
өндіріледі, еңбегіңе қарай ақша да береді екен»,-деген соңғы
жаңалықтар ауыл қазақтарының құлағына жеткен жағымды
жаңалыктар еді. Бұған сол өңірде елеңдемей қалған жан бол-
мады. Соның бірі Байқас еді. Ол бірден Қарсақбай шаһарына
бет түзеді. Таза ауада, қой соңында өскен шымыр денелі жас
жігітті зауыт басшылығы сөз айтпай қатардағы жұмысшы
етіп қабылдады. Екі қолға бір күрек табылғанына қуанған
ол тапсырылған жұмыстарды бұлжытпай орындап отырды.
Үлгілі тәртібімен, өзіне жүктелген жұмыстарды ықтиятты
орындаумен көзге түсті. Зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін
басшылар өз жұмысына тиянақты Байқасты кен ұнтақтау це-
хына ұнтақтаушы, артынан іле-шала аға ұнтақтаушы мамандығына ауыстырады. Жезқазған шахталары-
нан келген руданы ұнтақтап, металлургия цехын концентратпен толассыз қамтамасыз етіп отыратын цех
жұмысы өте ауыр еді. Цех іші шаң-тозаң, желдеткіш жоқ. Жұмысшылар осындай қиын да ауыр жағдайда
жұмыс істеді. Ұнтақтаушы немесе аға ұнтақтаушы болсын бәрібір бәрінің атқаратыны бір жұмыс. Байқас
аға ұнтақтаушы болғалы жұмысы көбейді, жауапкершілік артты. Бірақ, ол сол қиындықтарға төзіп,
қажырлылықпен еңбек етті. Смена шеберінің сенімді көмекшісіне айналды, олар жұмысты ұтымды
ұйымдастырып, дұрыс жолға қоя білді. Соның нәтижесінде жоспар да үнемі ойдағыдай орындалып
отырды. Зауытта жұмыс істеп тұрған алуан түрлі техника бар. Көбі шетелдікі. Оны басқаратын маман
кадрлар жетіспейді. Осы тығырықтан шығу үшін зауыт жанынан техника тілін үйрететін арнайы курс
ашылып, оған техника тілін меңгеруге жастар шақырылды. Байқас ойланбастан әлгі курсқа жазылды.
Жұмыс істей жүріп, курста алты ай оқып, ойдағыдай бітіріп, кран машинисі болып шықты. Оқу біткен-
нен кейін Қарсақбай өңірінде қазақтан шыққан тұңғыш краншы Байқас Мәмбетов металлургия цехы-
на жіберілді. Аспалы кранға отырды. Бірнеше ондаған метр биіктікте отырып, шөмішпен қалыпқа мыс
құю оңай жұмыс емес екенін кранды басқару тетігіне отырғанда-ақ сезді. Көп ізденді. Әріптестерінің
іс-қимылын жіті қадағалап, айтқандарын екі етпей орындауға тырысты. Ол жұмыс аяқталғаннан кейін
де қалып, өз еркімен жұмыс істеді. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, Байекең уақыт өте келе мол
тәжірибе жинақтады. Кранды еркін басқаратын дәрежеге жетті.
Өңірімізге танымал қарт журналист Әбілқасен Өмірәлин өзінің «Арқада туған алып» деген кітабында
еңбек ардагері Байқас Мәмбетов туралы былай деп жазған екен:
...Металлургия цехы жұмыс істей бастаған алғашқы жылдары пеш мұржасының қысқалығынан және
желдеткіш жүйесі нашар істегендіктен жиналған газ көп реттерде цех төбесіне қарай ойысатын. Осыған
қарамастан аузы-мұрнын тұмшалап орап алған, шаркез денелі, ашаң жігіт басқарған аспалы кран
тұнған газ үстінде көл ортасындағы жеңіл қайықтай ойнақшып жүретін. Осы краншы жігіттің еңбектес
достары:«Газ төресі» төбеңде жүр, абайлаңдар»,-деп әзілдейтін. Бұл жылжымалы аспалы кранның
машинисі Байқас Мәмбетов еді.
Соғыстан кейінгі жылдары ғана пеш мұржасы жүз метрден аса ұзартылып, цех іші газдан біршама
тазартылды. Ал Байекең болса ешбір қиыншылыққа қарамастан отыз жыл бойы бір орында тапжылмай
жұмыс істеп шықты.
-Газ бен оттың ортасында 30 жыл жүрсем де басым ауырып, балтырым сыздаған адам емеспін, бір
күнге де бюллетень алып көрген жоқпын.-дейді Байқас қария...
Қарсақбайлық аға буын өкілдерінің осындай ерлік істеріне қалай сүйсінбеске. Ерлік-дейтінім, сол
зауыттың шарпу пеші тұрған металлургия цехында Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінің тілшісі
ретінде мен де өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяқ кезінде бірнеше рет болғам. Қолқаңды
жарған, көзіңді қарыған газдан сегіз сағат жұмыс істемек түгілі үш-төрт минут тұрып, газет мақаласына
65
Кен өндірісінің қаһармандары
кейіпкер металлургпен сұхбаттасуға да шамам келмей тұншығып, атып шыққаным бүгінгідей көз ал-
дымда. Ал Байқас қария болса сол көк түтіннің бел ортасында отыз жыл еңбек етті. Кешегі даланың
қарапайым малшы қазағы өмірі ата-бабасы естіп-білмеген краншы мамандығын меңгерді. «Стаханов-
шы» атанды. Соғыс жылдарында мыс бұлағын толассыз ағызды. Оның осындай ұзақ жылғы ерен еңбегі
жоғары бағаланып, омырауына «Ленин» және «Еңбек қызыл Ту» ордендері тағылды. Сол жылдарда
ол талай шәкіртке ұстаз болып, өзіне лайықты ізбасарлар даярлады. Оның осы ерлікке бергісіз ісіне
қызығып, Қарсақбай зауытында кран машинисі болған, бүгінде зейнеткерлікке шыққан талай ардагерлер
бүгінде арамызда жүр. Соның бірі Таубай Ысқақов:
-Мен Байқас Мәмбетовтың мектебінен өткен жанмын. Еңбек жолымды Қарсақбай зауытында кран-
шы болып бастап, Жезқазғанда салынған мыс алыбында жиырма жылдан астам жемісті еңбек еттім.
Байекең деген кісі адамгершілігі мол, қарапайым жан еді. Оның шәкірті болғанымды мен мақтан ет-
тім,-дейді.
Еселі еңбегімен ел есінде қалған Байқас Мәмбетовты жылдар өтсе де ұрпақтары жылы шыраймен
осылай еске алады. Мұның өзі бір ғанибет емес пе?
Сөз соңында Байқас ақсақалдың стахановшылар қозғалысының елу жылдығы қарсаңында «Жезқазған
туы» газетінің тілшісіне берген сұхбатынан мына бір үзіндіні келтіре кетейін.
... Зауыттағы қысқа курста оқыдым. Ең бастысы техниканы жақсы меңгеріп, оны жанымдай сүйіп
өттім. Жастардың ұстазы болдым. Еңбек екпіндісі болдым. Мерекелерде үнемі бағалы сыйлықтар алып
жүрдім. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстым, жиналыстарда кемшіліктердің бетін ашып айтатын-
мын. Сонымнан кейде басшыларға жақпай да қалған кездерім болды.
Біз, қарсақбайлықтар, әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлықпен еңбек еттік. Мұзапар Жүсіпов,
Кәмен Сейтенов, Тихон Михайлович Казазаев және тағы басқалар «тыл гвардеецтері» атанды.
Бүгінде бізді лайықты жас буын айырбастады, оған біз шын жүректен қуаныштымыз...
Жезқазган қаласы, сәуір, 2006 жыл.
66
Кен өндірісінің қаһармандары
ӨМІР ЖОЛЫ АБЫРОЙЛЫ БОЛҒАН ТАУ-КЕН ШЕБЕРІ
Журналист ағайынның жүрмейтін жері жоқ. Біз кезінде атақты кенші Рахымбек Жанжігітовтың да
үйінде болғанбыз. Ағамыз кетсе де бүгінде оның орнында шырағын сөндірмей баласы Рымбек отыр.
Жолымыз түсіп мұнда тағы келдік.
Шаруамыздың жайын естігеннен кейін Рымбек отбасының сурет альбомын, Рахаң туралы кезін-
де баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардың қиындылары мен құжаттарын алдымызға жайып
тастады. Альбомды ақтарып отырып осында жарияланып отырған мына бір сурет көзіме оттай басыл-
ды. Сурет өткен ғасырдың жетпісінші жылдары түсірілгенге ұқсайды. Өйткені ортада отырған Иманжан
Жылқайдаров ақсақал ол уақытта әлі арамызда жүрген-тін. Ол елімізге есімі белгілі аудармашы, пар-
сытанушы әрі ақын еді. Баубек Бұлқышевтың досы, жастай қыршын кеткен ұлытаулық жазушы Мұқан
Иманжановтың әкесі. Бұл суреттің тағы бір құндылығы -мен іздеп жүрген бір топ "Ленин" орденді кеншілер
бейнесінің бір суреттен табылуы еді. Артта түрегеп тұрғандардың оң жағындағысы Солтүстік Жезқазған
кенішінің "Ленин" орденді кеншісі Ғабдолла Молдағалиев екенін бірден тани кеттім, өйткені, ол туралы
осы кітапқа материал жазып та қойғанмын. Қолымда суреті де бар. Ал оның сол жағында тұрған "Ленин"
орденді азаматты Рымбек те мен де тани алмадық. Оның кім екенін көз көрген қариялардан сұрастырып
табуға сенімдімін.
Суреттегі төменгі қатарда сол жақтан бірінші отырған «Ленин» орденді, атақты кенші ағамыз Рахаңды
бұрыннан білемін. Осы өңірдің небір атақты азаматтары дүниеге келген қасиетті Ұлытау жерінде туып-
өскен. Жаңа үкімет келгеннен кейін кедей балалары да ел қатарына қосылып оқитын, білім алатын
жағдайға келді емес пе? Қазақ жастарын оқытып, тәрбилеуде Қарсақбайдағы ФЗО мектебі үлкен рөл
атқарғаны баршаға аян. Елімізге есімі кеңінен танымал болған атақты адамдар Рақымжан Қошқарбаев,
Баубек Бұлқышев, Өмірхан Байқоңыров, Қабыл Үсенбаев, Мәлік Жақсылықов, Смайыл Шалдыбаев
тағы басқалар осы училищенің түлектері еді. Рахаң да жастай соған алынды, оқып - білім алды. Мұнан
кейін оның еңбек жолы Жезқазған кеніштерінде одан әрі жалғасты.
- Өй балалар, сендер не білесіңдер. Біздің көргеннің оннан бірін де көрген жоқсындар ғой,—деп
бастайтын жастармен әңгімесін қарт кенші. Бүгінде біздің Жезқазған өңірі адам танығысыз өзгеріп кет-
ті. Рудниктегі баяғы ағылшындардан қалған 5-6 шахтаның орнына көз алдымда ондаған шахта бой
көтерді. Бұлардың ішінде №55 және №57 алып шахталардың алар орны өз алдына бір төбе. Жер асты-
на келген алуан түрлі техникада қисап жоқ, ал оның қуатын айтсайшы. Баяғыда біз жер астында істеп
жүргенде қаруымыз әлсіз бірнеше қол перфораторы мен қайла, күрек болатын. Вагонеткаларды қолмен
тиеп, қолмен итеретінбіз. Адам күші де өте аз еді. Желдеткіштің жоқтығынан тозаң кенші өкпесін қауып,
селикоз ауруына шалдығатын, забойдағы жұмыс орнына керосин, карбид шамдары жарық түсіретін.
Бұрғышы күніне 80—90 сантиметр кен қабатын бұрғыласа соның өзі рекорд болып есептелетін. Бүгінгі
жағдайды қарашы. Мына мен еңбек етіп жүрген ашық карьерлерде әр бұрғышы күніне 25—30 метр шпур
Кен өндірісінің қаһармандары
бұрғылайды.Елуінші жылдардың ортасында кен өндірісіне қуатты техника келді. Бұрғышылардың оны
жетік меңгеруінің нәтижесінде еңбек өнімділігі жүз еселеп артты.
Жастай еңбекке араласқан Рахаң шахта астында бұрғышы да, дәрі аттырушы да, откатчик те болып
ондаған жылдар бойы жұмыс істеді. Ол өзі атқарған мамандықтарын жақсы меңгеруге тырысты. Соғыс
кезінде өнімді еңбек етіп, Отан қорғау қорына да лайықты үлесін қосты. Бұл еңбегі де елеусіз қалған
жоқ. 1941-1945 жылдардағы ерен еңбегі жоғары бағаланып "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапат-
талды.
Ел бейбіт еңбекке көшті. Рахаң рудниктегі басшы мамандар даярлайтын арнайы курста дайындықтан
өтіп, білімін жетілдірді, 1 класты тау-кен шебері атанды. Еңбекте шыныққан, мол тәжірибе жинақтаған
кенші кешегі өзі вагон итеріп, кен қабатын қопарған шахтада ауысым бастығы болып қызмет істеді.
Жасы ұлғайған шақта Рахаң жер бетіне шықты. Кен өндірудің әдісін жетік меңгерген, іскер басшы
елуінші жылдардың басында кеншілер поселкесінің іргесіндегі Никольский ашық жұмыстар кен карьері-
не бастық болып тағайындалды. Кен өндіру әдісі, техника түрлері де жер астындағыдай емес, өзгеше,
жаңа орында жұмысты игеріп кеткенше көп ізденіп, еңбектенуге тура келді. Ашық карьерде ең алдымен
кен қабатының бетіндегі бос жыныс алынады. Сосын барып кен қабаты бұрғыланып, аттырылады. Оның
өзінде өндіріске қажетті рудаға жеткенше қаншама тер төгіледі. Миллиондаған текшеметр тау жынысы
арнайы төгіндіге тасылады. Анненский, Златоуст-Беловский, Карпиенский карьерлерінің сыртындағы
тау-тау болып үйілген үйінділер сол қажетсіз тау жыныстары. Ол уақыттарда жеті тонналық самосвал-
дар, қанатты-ұрғылау станоктары, шағын шөмішті экскаваторлар жұмыс істеді. Ашық кен жұмыстары ка-
рьеріндегі негізгі көрсеткіштер-кен бетін аршу, бұрғылау және еңбек өнімділігі болып табылады. Бұлар
бір-бірімен тығыз байланысты. Осының ішіндегі ең күрделісі әрі уақытты көп алатыны кен бетін аршу
жұмыстары. Бұл жұмыста кестеден қалып қойсаң басқада көрсеткіштер орындалмай қалады.Сондықтан
оған бірінші кезекте зор мән беріледі.
Өндірістік жоспардың орындалуы жұмысшының тұрмыс-жағдайының, көңіл-күйінің жақсы болуына
да тікелей байланысты екенін өзі де кенші болған Рахаң жақсы біледі. Жаңа орында осыларға аса
көңіл аударды. Карьерде экскаватор, бұрғылау станоктары, кен тасымалдау техникаларымен қатар
кен тасымалдайтын теміржол техникасы да болды. Оларға кен қабаты аттырылған карьердің әрбір
деңгейінде жаңа теміржол салынды. Міне, осындай қыруар техниканың толық қуатында жұмыс істеуін
қадағалап, жағдай туғызады. Рахаңның ұйымдастыруымен кеншілер атқарған мына бір жұмысты көз
алдымызға елестетейікші. Карьердің жаңа деңгейінде бұрғышылар бұрғылаған 7 метрден 12 метрге
дейінгі тереңдіктегі 200-ден астам шпурға алты тоннадан астам аммонал толтырылып аттырылды.
Қуатты жарылыстан кейін мыңдаған шаршы метр кен беті ашылды. Енді бірер ай бойы байыту фаб-
рикасына кен толассыз тасымалданатын болады. Осындай ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде
карьерде еңбек өнімділігі артып, айлық, жылдық жоспарлар үнемі асыра орындалып отырды. Әр кез-
де кенішті басқарған В.Звездинский, С.Асатовтар өмірлік мол тәжірибесі бар еңбек ардагерімен үнемі
санасып отыратын. Ашық-кен жұмыстары карьері ұжымының өндірістік жоспарды тұрақты орындауын
қамтамасыз еткені үшін оның жетекшісі Рахымбек Жанжігітов 1967 жылы «Ленин» орденімен наград-
талды.
Рахаң өндірістің білікті жетекшісі болумен бірге қоғамдық жұмыстардың да белсендісі болды.Ол
Сәтбаев қаласының көркеюіне, қанатын кеңге жаюына, экономикасының дамуына зор үлес қосты. Ком-
мунист басшы кәсіпорын партбюросының мүшесі ретінде өндірісті дамыту мәселелеріне белсенді ара-
ласып, соны пікірлер мен ұсыныстарды өмірге енгізді. Қалалық, облыстық партия конференцияларына
делегат болып қатысты. Елу жылға жуық саналы өмірі Жезқазғанның кен металлургия өндірісімен тіке-
лей байланыста болған, қажыр-қайратын оның өркендеуіне аямай жұмсаған еңбек ардагері, Жезқазған,
Сәтбаев қалаларының құрметті Азаматы Рахымбек Жанжігітовтың есімі ұмытылмақ емес.
Сәтбаев қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.
68
Кен өндірісінің қаһармандары
КЕНШІ ӘРІ ЖЫРШЫ АҒА ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР
Жезқазғандық еңбек ардагерлері жайлы материалдар
іздестіру барысында атақты кенші әрі жыршы Әбдіраман
Бөпейұлының баласы Жеңіс мырзамен хабарласып, қаншама
кездесулер белгілегенмен екеуара отырып тілдесудің бір сәті
түспеді. Бірнеше рет барып жүріп, кеншілер қаласындағы
үйінен Әбекеңнің суретін ғана алуға мүмкіндік туды. Атақты
кенші туралы кітапқа материал енгізбеуді ыңғайсыз көріп,
әріптесіміз журналист Абдолла Дастановтың «Шарайна» га-
зетінде жарияланған материалын пайдалануды жөн көрдім.
Оған әріптесім ренжімес деп ойлаймын.„
...Оның балалық шағы аласапыран шаққа тап келді. Ақтар
мен қызылдардың қырқысы, таптар тартысы, кәмпеске тәрізді
дүрбелеңге толы жылдар бала болса да оның жадында
өзінің өшпестей ізін қалдырып кеткен-ді. Әсіресе, 1931-1932
жылдардағы ашаршылық апатының елге тигізген зобалаңын
ол өмірі ұмыта алған жоқ. «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» Ел ішін жайлаған ала-
пат алқымнан алып, жұрттың алды ашаршылық құрбандығына айнала бастады. Өзегін жалғау үшін
жұртшылық нені талғажау етпеді дейсіз? «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» демекші, еңселі
ақ ордалар тігулі қалпында қаңырап бос қалды. Ел босқыншылыққа ұшырады.Әбдіраманның үй-іші де
көпшілікке ілесіп өзбек жеріне ауды. Сол бір запыран құстырған зұлматты шақтарды ол өлең тіліне бы-
лайша түсіріп еді:
Дариға кейін қалдың ата-мекен, Абайлап, жан-жағыңа көзіңді сал,
Бұйырған пенде дәмін татады екен. Мекенің, туып-өскен қайда жерің?
Бір жүрген құрбы-құрдас еске түссе, Япырым-ау, қалай болды, мына заман?!
Қайғысы қабырғаңа батады екен. Ұл - атадан айырылды, қыз—анадан.
Қазағым, қасіретті қайран елім, Баланың баласына айтып кетер,
Бекініп, тәуекел деп байла белің. Көзімен бұл қайғыны көрген адам.
Ашаршылықтың беті қайтып, жағдай сәл түзеле бастаған шақта Әбекеңдер Сыр бойында ұзақ
тұрақтамай елге оралды. Бұл кез—Қарсақбайдың даңқы дүрілдеп, Жезқазған кен өндірісін иге-
ру мақсатында жер-жерден жұмыс күштері тартылып, кенді өлкеге ағылып келіп жатқан уақыт-тын.
Солардың бірі болып шахтаға жұмыс істеуге келген Әбдіраман Бөпейұлының жасы сол кезде небәрі он
жеті жаста-ақ еді. Содан былайғы өмірі кен өндірісімен кіндіктескен Әбекең 1979 жылы зейнеткерлікке
шыққаннан кейін де кеншілер өмірінен қол үзген жоқ. Көргені мен түйгені мол қарт кенші кейінгі жастарға
ақыл-кеңес беруден еш жалықпады.
Иә, ол Жезқазған шахталарында істеген жылдар ауыр кезең ретінде оның есінде қалды. Шахтада кен
өндіру әдісі жетілдірілмеген, қарапайым еді. Барлық жұмыс қолмен атқарылатын. Сөйтіп жүріп, рекордтық
көрсеткіштерге де ұмтылған жоқ па Жезқазған кеншілері?! Оған Ұлы Отан соғысының отқа оранған төрт
жылы кеп қосылды. Ол қатардағы кенші де, орта буын қызметкер де атанып, ұжымға басшылық та етті.
Кейіннен «Тасқұдық академиясы» аталып кеткен курста оқып «газомотор» машинисі мамандығын алды.
№31-32 шахталарда қопарушы болып жүрген көзі ашық Әбекеңе шахта басшылығы учаске басқаруды
тапсырды, көп ұзамай 1945 жылдың басында шахтаға ауысым бастығы етіп жіберді. Қарапайым кен-
шіліктен көтерілген Әбекең кен қопарудың, бұрғылаудың, аттырудың жайын жақсы білетін, кеншінің
жағдайын жете түсінді. Осында істейтіндер ең «қиын контингент» болатын. Бұл дегеніңіз кеншілердің
басым бөлігі «халық жаулары» атанып, сотталғандар еді. Соған қарамастан ол ұжымды іскерлікпен
басқара білді. Басшы мен кенші арасында түсіністік болған жағдайда жоспар да ойдағыдай орындалып
отырды. Обалы нешік, Әбдіраман өзіне жүктелген міндетті абыроймен ақтай білді. Іскер басшы соғыс
біткеннен кейін араға бірер жыл салып №32 одан кейін №39 шахтаға бастық болып тағайындалды.
Қазақтың атақты ақындарының бірі Бүркіт Ысқақов сол жылдары «халық жауы» атанып, «жазасын»
Жезқазған шахталарында өтеген жандардың арасында болған екен. Заманның сол бір қиын-қыстау
күндеріне қарамастан Әбекеңнің өзі де:
- Бүркіттің саусағын қимылдатпаймын ,-деп оған ауыр жұмыс істетпепті. Бүркіт те:
- Әбеке, осы жақсылығыңызды өле-өлгенше ұмытпаспын, - деген екен. Қазақтың арқалы ақынының
уәдесінде тұрғаны емес пе, жариялылық туып, ақтаңдақтар айтыла бастаған тұста республикалық «Қазақ
әдебиеті» газетінде сол ауыр жылдар туралы жарияланған мақаласында Әбдіраман Бөпейұлының
есімін өте-мөте сүйіспеншілікпен былай деп еске алады.
69
Кен өндірісінің қаһармандары
...Шахтаның бастығы болған Әбдіраман Бөпейұлы деген азаматтың адамгершілік парасаты мол бо-
латын. Жақсы кісілерге жолықсаң жаның жадырап сала береді емес пе? Әбекең де сондай жандардың
бірі еді. Әсіресе, өзің істі болып жүргенде, сенің жаныңды түсінуге екінің бірі мойын бұра бермей-
ді. Ал, Ә.Бөпейұлы бізбен емін-еркін әңгімелесіп, «уақытша қиындық қой, қателік түзелуге тиіс» деп
қайраттандырып отыратын...
Осы жолдардан-ақ, Ә.Бөпейұлының азаматтық келбетін айтпай тануға болады емес пе?
Еңбек еленбей қалған жоқ. Ә.Бөпейұлы Жезқазған өңірінде алғашқылардың бірі болып 1953 жылғы
16 сәуірде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл кезде ол №45 шахтада учаске бастығының
көмекшісі болып қызмет атқаратын.Ал, осы шахтада тау-кен шебері болып жүрген 1966 жылғы 22 ма-
мырда ол сол тұста еліміздің ең жоғары наградасы "Ленин" орденін кеудесіне тақты. Еңбектің еленгені,
бақыттың жанғаны деген осы емес пе? Төккен тер кеудеге келіп орден-медаль болып сыңғыр қақты.
Әбекең кенші мамандығын, жалпы кеншілер қауымын мақтаныш ететін, шамасы келгенше олардың
өмірін өз өлең-жырларының арқауы ететін. Сондай өлеңдерінің бірінде ол былай деп жырлапты:
Жезқазған мыс ордасы даңқы кеткен,
Табысы жер жүзіне түгел жеткен.
Сарқылмас сары алтынның көзін ашып,
Қаныш қой оның атын әйгілі еткен.
Теңіздей толқып жатыр толған байлық
Байлыққа мақтансақ біз болған ба айып?
Еңбектің ері—дейміз - әрбір кенші,
Бұл сөзден басқа сөзді қолданбайық.
Бөгет не мол байлықты алмайтұғын,
Талқандап тауды бұзып бармайтұғын.
Қайдасың, Жезқазғанның батырлары,
Жарыста алдына жан салмайтұғын—деп, кенді өлкесін, оның ерлерін мақтан тұтып, табыс тайқазанын
тасыта түсуге өлеңмен дем беріп отыратын.
Әбекең сексенге иек арта өмірден озды. Ол халқының -Азат, елінің—Егемен болғанын көзімен көрді,
көңілімен қуанды. Ел тәуелсіздігінің Көк байрағы көгімізде желбірегенін көрген Әбекең көппен бірге
қосыла қуанып қана қоймай, шаттығын жыр тіліне айналдырып:
Ұмытып кеткен едік тілімізді,
Тілменен қоса ұмытып дінімізді.
Қазақша бала оқытқан, мешіт ашқан,
Қуантты-ау, Тәуелсіздік елімізді—деп, елді еркіндікке жетелеген жақсылықтың алғашқы жылы леп-
терін өлеңмен өрнектеп те кетті.
Әбекең есімі қазақ халқына кеңінен танымал жыршы, термеші, айтыскер ақын Шынболат Ділдебаев-
пен айырылмастай дос болған жандар. Ол өмірдегі де, өнердегі де ағасы дүниеден өткенде оған деген
сағынышын «Іздеймін сені, жан аға» деген толғауына сыйдырған екен.Осы толғауында ол:
Келсем де қанша бетімнен ешбір қақпаған,
Жүйрігім едің суырыла шапқан ақтабан.
Таба алмай үйден, отырмын үнсіз мұңайып.
Ғайып боп бүгін кеткенсің қайда, жақсы ағам?!
Білемін анық, өткен күн қайтып келмейді.
Көз жұмсақ болды, апарып көрге жерлейді.
Кеттіңіз Сіз де, кетеміз біз де, бұл - шындық,
Ұлылық пен зұлымдық бірақ өлмейді.
Өлмейді және төгілте тартқан күйлерің,
Тап-таза аппақ жүрекпен елге сыйлы едің.
Елге айтып кеткен әзіл мен қалжың, ән-жырың,
Өлмейді мәңгі, сол болды менің түйгенім—дей келе, қадірлі ағасын «Қара аспан түссе көтеретұғын
нар едің» - деп әспеттейді.
Шынында, Әбдіраман Бөпейұлы Жезқазған өндірісінің бастауында болған алыптардың шоғырынан
болатын.Ол осы өңірмен бірге өсіп, бірге жасасты. Кенші әрі сол өлкенің жыршысына айнала білген
Әбекеңнің есімі қала тарихына алтын әріптермен мәңгілікке жазылып қалды. Бүгінгі және болашақ ұрпақ
өз өлкесінің тарихына үңілсе Әбдіраман Бөпейұлына соқпай кетуі мүмкін емес. Өйткені, ол осы өлкені
әлемге танытқан Қаныштардың қасиетті істерін одан әрі жалғап, бүгінге жеткізіп кеткендердің бірі.
70
Кен өндірісінің қаһармандары
МАЙДАНДА ДА, ЕҢБЕКТЕ ДЕ АЛҒЫ ШЕПТЕ БОЛДЫ
Мақаланың басты кейіпкері болғалы отырған Мүсілім
ағамызбен жүзтаныс болдық. Талай-талай мерекелік шараларға
қатысқанын көрдім, сонда зор денелі ағамыздың кең кеудесі-
нен орын алған орден-медальдар сәуле шашып, әрі майдан-
гер, әрі еңбеккер жанның қандай жолдан өткенін, кең де жазық
маңдайы, ашық-жарқын жүзі, нұрлы көзі оның қандай адам
екенін айтпай-ақ паш етіп тұратын.
Осы материалды дайындау барысында 1960 жылы
Жезқазған қаласында жарық көріп тұрған «Жезқазған
жұмысшысы» газетінде «Өндіріс командирі» деген айдармен
жарияланған кенді өлкеге есімі кеңінен танымал, елінің айтулы
азаматы Яхия Асатовтың мақаласын оқып шықтым. Материал
кейіпкері Мүсілім Нұрышев екен. Оқи отырып, ардагердің өмір
жолы жайлы көп дерек алдым.
Қарт Ұлытау тауларынан бастау алатын Қаракеңгір өзені
бойы шұрайлы келеді. Октябрь революциясына дейін өзен
бойын жағалай ел отыратын. Әр жер, әр жерге салынған
жатаған үйлер онда тұратын халықтың тұрмыс-жағдайынан
хабардар бергендей еді. Жұпыны тіршілік. Азын аулақ малын
күйттеп, қорек етіп отырған ел. Міне, Мүсекең де осы елдің ортасында дүниеге келіп, кіндік қаны осы
жерге тамды.
Ол уақыттағы жағдай белгілі емес пе, шамасы келетіндер баласын оқу үшін ауыл молдасына бе-
реді, шамасы келмейтіндер қозы-лақтың соңына салады. Мүсекең де жеті жасында молданың ал-
дын көрді. Кейінірек жаңа үкімет балалардың оқуын қолға алған кезде әкесі Қарсақбайға алып барып,
жамағайындарының үйіне жатқызып, мектепке берді. Молданың оқуындай емес, мына мұғалімдердің
беретін дәрісі адамға түсінікті әрі қызғылықты. Шәкірт ынтамен оқыды.
Жасы келіп қалған бозбала әскер қатарына алынған тұста халықаралық жағдайдың шиеленісіп, Со-
вет Одағына шығыста жапон милитаристері, солтүстікте ақ финдер дөң айбат көрсетіп тұрған кез-тін.
Финдермен соғыс қысқа болды. Солай болса да атқыштар дивизиясының құрамында қатардағы жауын-
гер ретінде соғысқа енген кешегі балаң жігіт Мүсілім Нұрышев қазіргі заманғы соғыстың қандай болаты-
нын ең алғаш рет көзімен көріп, көңілімен тоқыды. Өзі тікелей бел ортасында жүрді. Ашынған жауды сен
өлтірмесең ол сенің көзіңді қас қағым сәтте жойып жіберетінін осы жолы түсінді. Жан алысып, жан бері-
сетін қанды майдан осындай болады екен. Кезекті бір ұрыста қарамағындағы жауынгерлерін шабуылға
шығарам деп тұра ұмтылғанда кіші командир жараланып госпитальға түсті. Шетел капиталистерінің
қолдауымен соғыс ашқан ақ финдер Совет жауынгерлерінің соққысына төтеп бере алмай қысқа мерзім-
де тізе бүгуге мәжбүр болды. Жаудың жеңілгенін ол сол жерде жатып естіді.
Бейбітшілік. Ашық аспан. Қандай тамаша сөздер. Оның қадір-қасиетін Мүсілім сол кезде жақсы сезін-
ді. Жеңіл жарақаттан жазылып, туған елге оралды.
Қарсақбайдағы темір жол станциясына кезекші болып жұмысқа тұрды. Бейбіт еңбек басталды.
Жас жігіт өмірлік қосағын тапты. Алайда, ел тыныштығын кенеттен басталған соғыс тағы бұзды. Жас
жұбайлар Мүсілім мен Мәриямкүл бір-бірін қимай қоштасты. Міне, осыдан былай қарай ұзаққа созылған
жауынгер жолы басталды.
Мүсілім Нұрышев кескілескен қырғын соғыс жүріп жатқан ең ауыр Ленинград, Волхов майдандарында
жаумен ең алғаш рет шайқасқа кірісті. Мұнан әрі жауынгер жолы туысқан Белоруссия жерінде жалғасты.
Минск, Гомель қалаларын азат етуге қатысты. Совет армиясының қуатты тегеурініне төтеп бере алмай
ел шекарасынан әрі асқан жау Варшава түбінде күшті қорғанысқа көшті. Қырғын соғыс аптаға созылды.
Екі жақтан да адам шығыны көп болды. Сан мыңдаған жауынгерлер қырылып, көптеген техника шайқас
даласында қалды. Мүсілім де талай-талай жауынгер әріптестерінен айырылды. Өзі де осы шайқаста
жараланып госпитальға түсті. Поляк астанасы үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін ол үшінші
дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Жазылып шыққаннан кейін қайтадан өзінің атқыштар ди-
визиясына оралды. Бұл кезде дивизия Кенигсберг қамалын қоршап тұрған болатын. Берілмес қамалға
айналған қорғанның Совет жауынгерлеріне бет қаратпай оқ төгіп тұрған дзотын жою қызыл әскердің
кіші командирі, сержант Мүсілім Нұрышевке тапсырылды. Осыған дейін де жаудың талай дзоттарын
қиратып, окоптарына тосыннан тап беріп, басып алуға дағдыланған айлакер командир бұл жолы да
жоғары абырой биігінен көріне білді. Жіті қимылдап, оқ шашып тұрған дзотқа граната лақтырып жіберген
сәтте жаудың пулеметінің үні өшті. Қас - қағым сәттегі жаудың дағдарысын пайдаланған жауынгерлер
71
Кен өндірісінің қаһармандары
жаудың алғы шебіндегі окоптарға «уралап» басып та кірген еді. Көп ұзамай қамал біздің жауынгерлердің
қолына көшті. Жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындап, талай жауынгерді өлімнен алып қалған
Мүсілім Нұрышевты қарулас достары осы жолы екінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атануымен
құттықтап жатты. Қазақстандық жауынгер көптен күткен Ұлы Жеңіс күнін Берлин түбінде қарсы алды.
«Қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі»,-дейді дана халқымыз. Екі бірдей соғыстың қанды жолы-
нан Мүсілім елге аман-есен оралды.
Келген бетте еңбек майданына араласып кетті. №31 шахтада қатардағы қопарушы болып еңбек
жолын бастады. Омырауы ордендер мен медальдарға толы, өмірлік тәжірибесі мол майдангер жігітті
шахта басшылығы да қатардағы кеншілікте көп ұстамады. Рудниктегі тау-кен шеберлерін дайындай-
тын арнайы курсқа оқуға жіберді. Оны бітіргеннен кейін еңбек жолы басталған шахтада учаске, шах-
та бастығы болып еңбек етті. Еңбекті ұтымды ұйымдастыруда, коллективті жоспарлы тапсырмаларды
уақтылы орындауға жұмылдыруда оның әскери тәртібі мен тәжірибесі зор ықпал етті. Мүсекең Шығыс
Жезқазған кенішінің №42 шахтасында ұзақ жылдар шахта бастығы болып қызмет істеді. Қырық жылға
жуық уақытта кен өндіріп, молшылық көзін жасауда аянбай еңбек еткен ардагердің еңбек майданындағы
ерен еңбегі де еленбей қалған жоқ. Оныншы бесжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындауды
қамтамасыз еткені үшін «Еңбек қызыл Ту» орденімен, одан кейінгі жылдары «Ерен еңбегі үшін» ме-
далімен, әртүрлі жоғары дәрежедегі Мақтау Грамоталарымен марапатталды. Ауыр жұмыстар атқарып
жүріп, қоғамдық жұмыстардан да тысқары қалып көрген жоқ. Майданда да, еңбекте де алдыңғы саптан
көрінген ардагердің өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Сәтбаев қаласы, желтоқсан, 2005 жыл.
72
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНҒАН Қ¥РМЕТТІ КЕНШІ
Кеншілер туралы кітапқа материалдар дайындауда маған
көп көмегі тиіп, бағыт-бағдар берген, менің тауып әкелген
суреттерімдегі азаматтардың кімдер екенін танып-айыруға
жәрдемдескен Жезқазған кен-металлургия комбинатында
еңбек жолын сонау соғыс жылдары бастап, зейнеткерлікке
шыққанша комбинаттың кадр бөлімінде қызмет істеген еңбек
ардагері Байбосынов Шермұханбет ақсақал мен Жезқазған
шахтапроходка тресінде геолог, партия комитетінің хатшы-
сы, кейіннен Сәтбаев қаласының Совет, партия органдарын-
да жоғары лауазымды қызметтер атқарған Мұзараф Ақанов
ағамыздың зор көмегі тиді. Мен оларға ай*сайын соғып тұрдым.
Тыңнан іздестіріп тауып әкелген материалдарымды көріп бір
қуанса, өздерінің жастық шақтарында бір поселкеде тұрып, бір
кәсіпорында еңбек еткен азаматтардың бейнесін көріп балаша
тағы қуанатын.
Сейіт Жездібаев. Осы бір есім «Қызыл кенші», «Жезқазған
жұмысшысы» газеттерінде жарияланған материалдарда жиі
кездесті. Озат кенші де болыпты. Өзім танитын бірер еңбеқ
ардагерінен сұрастырып едім, ондай адамды білмейтін болып
шықты. Сол себепті ол туралы кейінгі уақыттарда сөз қозғауды
да қойғам. Соңғы рет Рахымбек Жанжігітов туралы материал жинастырып жүргенімде Рахаңның
балаларының альбомынан бір тарихи сурет ұшыраса кетті. Олай дейтінім онда елімізге кеңінен таны-
мал Иманжан Жылқайдаров ақсақал, "Ленин" ордендерінің иегерлері Р.Жанжігітов пен Ғ.Молдағалиев
және тағы бір "Ленин" орденді азамат бейнеленіпті. Оны мен танымаймын. Сол суретті қолыма алып
Шерекеңе келдім. Суретті көрсеттім. Ол онда бейнеленген адамдардың бәрін тани кетті. Жаңағы мен
танымайтын кісі Жездібаев деген кенші екен. Омырауында "Ленин" ордені жарқырайды. Шерекең оны
маған Құсан деп таныстырып, Сәтбаев қаласында оның баласы тұратынын да айтты. Содан қалаға келе
сала іздеу салдым. Сұрастыра жүріп әлгі кісінің есімі Құсан емес Сейіт екенін білдім. Менің жоғарыда
газеттерде есімін кездестірген Сейіт Жездібаевым болып шықты. Сейіттің қызы Светаны да тауып ал-
дым. Светаны бұрыннан танитынмын. Ол маған әкесінің суреті мен әкесі туралы білетін мағлұматтарын
ертеңіне-ақ жазып әкеліп берді.
Төмендегі материал бұрнағы жылдардағы газеттерде жарияланған мақалалар және Света Сейітқызы
әкеп берген қолжазба негізінде дайындалды.
Сейіттің азан шақырып қойған есімі шын мәнінде Әбдіқұсан екен. Әлгі Шерекеңнің айтқаны бір жағынан
дұрыс та екен. Секең Қазан төңкерісінен алты-ақ жыл бұрын мына іргедегі Бала Жезді бойындағы
Қызыл Үй қыстағында дүниеге келіпті. Сол кездегі қазақ халқының халін бүкіл Омбы губерниясын билеп-
төстеген Дала генерал-губернаторы былай деп суреттейді: «Малы жұтқа ұшыраған қазақтар күнелту
жағдайынан айрылып қалады да, тентіренді күйге түседі. Олар Колба өзенінің бойындағы алтын кенінің
орны мен Алтай өңіріндегі кен өндірістеріне тарап жүріп күндік жұмысқа жалданады. Шөп шабу, жинау
маусымдары кезінде осы тентіренді қазақтар Томск губерниясында қоныс тепкен поселкелерге тарап
кетеді.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қауырт кездерінде поселок жұртшылығы қазақтардың тегін
еңбегіне бір жарып қалады...»(Қазақ ССР Мемлекеттік орталық архиві, 299 іс,14 бет.)
Шынында да қазақтардың денінің жағдайы осыған пара-пар еді. Кедейшіліктің сазайын тартқан
Сейіттің ата-анасы да күнкөріс үшін өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Атбасар жаққа көшіп ке-
теді.Онда біреудің малын бағып, жазда орыс купецтерінің бау-бақшаларын суарып күн кереді.1931 жыл-
дары—Жезқазған руднигінде шахталар ашылып жатыр, күнкөрістік ақша табуға болады екен- деген
әңгіме ұзынқұлақтан Атбасар жаққа да жетеді. Заманның тарын кезі. Мұндай хабарды естігесін таудың
біраз наймандары қайтадан елге бет түзейді.
Тепсе темір үзетін ағайынды жігіттер Рақымжан, Абасан, Сейіт келген бетте шахтаға жұмысқа
тұрады. Ол уақыттарда қазақтарда туу туралы куәлік деген жоқ, бірақ жедел түрде жұмысқа тұру керек
болғандықтан лажсыздан ағайынды үш жігіттің бірі -(Әбдіқұсан азан шақырып қойған аты) Сейіт Жезді-
баев, қалған екеуі Есеновтер болып жазылып кете барады.
Сейіт өзінің еңбек жолын №12 шахтада откатчик болып бастайды. Жұмыс ауыр. Соған қарамастан
өзіне тапсырылған жұмысты жан-тәнімен атқарып көпшіліктің назарына ілігеді. Кейін бұрғышы
мамандығын игеріп кен өндірушілер қатарына қосылады.
73
Кен өндірісінің қаһармандары
1935 жылдың 19 желтоқсанында Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп орындары
стахановшыларының слеті өткізілген еді. Оған Қарсақбай комбинаты жұмысшылары атынан жаңашыл,
озат кенші Зияда Түсіпбаев та қатысады. Осы слеттің ашылу құрметіне екпінді еңбек вахтасына тұрған
жезқазғандық кеншілер кен өндіру қарқынын еселеп арттырады. Өйгелов, Байкенеев, Рақымжан,Абасан
Есеновтер, Мусин, Байғабылов, Жездібаев, Сайдалиев, Тұрлыбековтер жоғары көрсеткіштерге жетіп, бұған
дейін есімі Одақ көлеміне танымал болып қалған стахановшы кеншілердің қатарына қосылады. Кешегі ел
басына қаралы күн туған ұлы Отан соғысы жылдарында Сейіт броньмен шахтада қалып, бұрғышылар
бригадасына жетекшілік етеді. Ағалары Рақымжан мен Абасан соғысқа аттанады. Алайда, ол екеуіне де
жеңіс тойын тойлау бұйырмай майдан даласында, қанішер жаумен арпалыста мерт болады.
Сейіттің еңбек кітапшасында оның еңбек майданындағы жоғары көрсеткіштері үшін алған сый-сы-
япаттары жазылған. Оқып көрелік: 1931 жыл 7 қараша -костюм, 1932 жыл 17 қаңтар—етік, 1934 жыл
7 қараша -10 метр мата, міне, осылай жалғасып кете береді. Соғыс уақытындағы қажырлы еңбегі де
"Ерен еңбегі үшін" медалімен атагі өтіліпті. Соғыс аяқталар шақта шахтаға қажетті мамандар даярлау
үшін Сейіт поселкедегі ФЗО-ға оқытушы болып ауыстырылады. Ол енді өмірлік тәжірибесін жастарға
үйретеді. Ұстаз атанады.
Қанша дегенмен оқуының аздығын сезінген атақты кенші елуінші жылдардың басында Свердловскі-
дегі политехникалық институттың жанынан ашылған бір жылдық курсқа өзі сұранып оқуға барады. Елге
қайтып келгеннен кейін Секең Солтүстік Жезқазған руднигіне қарасты Анненский карьерінде кен мас-
тері болып 1973 жылға дейін жұмыс істейді. Өндіріске жаңа техниканы енгізу, оның өнімділігін арттыру
бағытында жемісті еңбек етеді. Карьерде жоспар үнемі асыра орындалып отырды. Комбинат жүйесіндегі
ұзақ жылғы еңбегі, өндірістік жоспарды орындауды қамтамасыз еткені үшін Сейіт Жездібаев «Ленин»
орденімен наградталады. Рақымбек, Ғабдолла, Сейіт бір кеніштің еңбеккерлері, әріптестер, жылдар
бойы қатар тұрып еңбек еткен ескі достар. Рақымбек Жанжігітовтың үйінен табылған суреттегі «Ленин»
орденді үш бірдей жігіттің бір жерден табылуының сыры да осында екен.
Жезқазган, қаңтар, 2006 жыл.
74
Кен өндірісінің қаһармандары
ОТЫЗ БЕС ЖЫЛ ӨМІРІН КЕН ӨНДІРУГЕ АРНАҒАН МАЙДАНГЕР
Осы кітапқа материалдар іздестіру барысында тағдыры
қилы қилы адамдарды кездестірдім. Олардың ішінде ең ауыр
кезеңді бастан өткергендер өткен ғасырдың жиырмасыншы—
отызыншы жылдарында дүниеге келгендер болыпты және дені
бүгінде арамыздан бақилыққа кетіп те үлгеріпті. Иә, сол бір кез
біздің аталарымыз-ағаларымыз үшін ең бір ауыр кезең болғаны
тарихтан да белгілі. Аласапыран дәуірдің қиыншылығын бастан
өткерген, сол қиындыққа қайыспай қара нардай қарсы тұра біл-
ген жандардың бірі -Нұрғали Мұқанбетжанұлы Бекенов еді.
Нұрғали жастайынан дүниенің тарыншылығын көріп өсті.
Күнкөрістің қамы үшін әкесі Мұқанбетжан Жезқазған шах-
таларында жұмыс істеді. Бала Нұрғали шахта жұмысының
қиындығын өзге жұрттан естіген жок,, өз көзімен көрді. Таңертең
ертемен жұмысқа кететін әкесінің кешке қарай жұмыстан
шаршағандықтан титықтап әрең жететінін талай көрген.
Сондағы оның түрін көрсең адам шошырлықтай болатын, бет-
аузы шаңнан көрінбейтін, анау екі шұңқырдағы көз жанары жы-
лтырап қана көрінетін. Мұндай жағдай сол уақытта Жезқазған
шахталарында жұмыс істеген жұмысшылардың бәрінің де ба-
сынан өткерген жәйт еді.
Осы тұста қазақ халқын қойдай қырған ашаршылықта ше-
шесінен айырылған бала Нұрғалидің бұдан былайғы жағдайы
бұрынғыдан да қиындай түсті. Өмір тауқыметін бір адамдай
ақ бастан өткерген Мұқанбетжан баласын қанша қимаса да өзі тәрбиелей алмайтынын біліп: «Үкімет
өлтірмес, тірі болса бір жерден шығар»,- деп балалар үйіне беруге мәжбүр болады. Сол жылдары
Жамбыл облысының Высокое елді мекеніндегі балалар үйі Нұрғали секілді талай баланың екінші үйіне
айналған еді. Шынында мұнда жағдай басқаша еді. Жан—жақтан жиналған жетім балаларға жағдай
жасалды. Оқытты. Көктем шыға колхоздарға апарып ауыл шаруашылық жұмыстарына қатыстырады.
Күзде жуа, картоп жинайды. Егін орағынан кейін балалардың масақ та терген кездері болды. Бұл бір
жағынан еңбекке баулу болса, екіншіден әлгі шаруашылықтар балалардың еңбегі деп балалар үйіне
картоп, жуа, бидай бөлетін.
Осы жерде мұрағат қорынан табылған Нұрғали Мұқанбетжанұлының 1964 жылы өз қолымен жазған
құжаттан мына бір үзіндіні назарларыңызға ұсынайын:
Мені әкем 1938 жылы балалар үйінен елге алып қайтты. Жезқазғанға келгеннен кейін мектепте оқып
8 кластық білім алдым.
Ия, осы кезде ел басына тағы бір қатерлі бұлт төнген еді. Дүниенің апшысын қуырып, Батыс Евро-
па елдерін жалмауыздай жалмап алған фашистік Германия Совет еліне тұтқиылдан шабуыл жасады.
Жаудың беті қатты. Алғашқы бетте ақ батыстағы талай қалалар мен елді мекендер жаудың қол астында
қалды. Қарқыны қатты жау күзге қарай Москва түбінде тұрды. Жезқазған шахталары соғыс жағдайына
көшірілді. Мектептегі оқудыңда мәні кетті.
1942 жылдың күзінде Нұрғали басқа кластастарымен бірге әскер қатарына алынды. Он сегіз жасар
бозбаланың жауынгерлік жолы Воронеждегі одан кейін Москва қаласындағы радистер дайындайтын
мектепте жалғасты. Жоғары класты радист атағын алып шыққан Нұрғали 1944 жылдың мамыр айында
маршал И.Х.Баграмян қолбасшылық ететін Бірінші Прибалтика майданының құрамында №716 жеке
дивизионның байланысшылар бөлімінің командирі болып соғысқа кірді. Жауға ажал оғын жасындай
төгетін атақты «Катюша» минометі қондырғысының дивизиямен байланысын қамтамасыз ететін бұл ди-
визион туысқан Белоруссия жерінде, Польша мен Венгрияда талай шайқастарға қатысып, байланысты
мүдіріссіз қамтамасыз етіп отырды. Нұрғали үшін неміс басқыншыларымен болған соғыс Кенигсберг
қаласында аяқталды. Көптен күткен бейбітшілік орнап, жауынгерлер енді елге қайтамыз деп тұрғанда
Нұрғалидің дивизионы басқа әскери құраманың сапында қиыр Шығысқа аттандырылды. Жапон мили-
таристерімен шайқас өте қысқа мерзімде Совет жауынгерлерінің жеңісімен аяқталды. Бірақ, еліміздің
Батысындағы және қиыр Шығысындағы екі бірдей соғысқа қатысқан гвардеец байланысшы туған елге
соғыс біткесін үш жылдан кейін оралды. Оның қан майдандағы ерлігі Бас қолбасшы И.В.Сталиннің
Алғыс Хатымен атап өтілді және «Кенигсбергті азат еткені үшін», 1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысында «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталды.
Жауынгер Нұрғали Бекенов аман-есен елге оралып, бейбіт еңбекке 1948 жылдың ақпан айында ара-
ласты. Ең алғаш Жезқазған комбинатының «Покро 15» шахтасына электромонтер болып орналасқан ол
75
Кен өндірісінің қаһармандары
көп ұзамай дәрі аттырушы болып ауысады. Бұл шахта астындағы ең жауапты да қауіпті жұмыстардың
бірі болатын. Дәрі аттырушы бұрғыланған шпурларға дәріні қалай болса солай құя салмайды. Оның
да өз реті бар. Дәрі бұрғыланған тау жынысының қалыңдығына қарай шпурға мөлшерлеп салынады.
Оның мөлшері аз болса жарылған кезде қуаты кеміп, қопарылатын кен мөлшері де аз болады.Ал бұл
бұрғышының еңбегі зая кетті деген сөз. Аттырушы қанша шпурға дәрі салды, қаншасы атылды соны
мұқият санап отыруы қажет. Кейде шпурға салынған дәрі атылмай қалуы да мүмкін. Мұның аңдысын
аңдып, жіберілген қателікті өте сақтық жағдайда түзеу қажет. Сапер өмірінде бірақ рет қателеседі де-
мекші, дәрі аттырушы да бір-ақ рет қателесетінін жете түсініп, өз ісіне аса жауапкершілікпен қараған
Нұрекең он жыл бойы осы жауапты жұмысты мінсіз атқарды. Ол жұмыс істей жүріп, білімін жоғарылатуға
ұмтылды. Халық арасында «Тасқұдық академиясы» деп аталып кеткен комбинат жанындағы тау—кен
кәсіпорындарына арналған кіші басшы қызметкерлер даярлайтын арнайы курста оқыған оны шах-
та басшылығы 1958 жылдың желтоқсан айында тау—кен шебері қызметіне ауыстырады. Ұлы Отан
соғысының отты жылдарында әскери тәртіпке, ұжымды басқаруға үйренген Нұрекең жаңа жұмыста да
шебер ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Ол басқарған учаске үнемі еңбек бәсекесінде алда бо-
лып, шахтаның жалпы комбинат бойынша жарыста алдыңғы қатардан көрінуіне лайықты үлесін қосады.
Бұл жөнінде жарияланған материалдар сол кезде жарық көрген қалалық басылымдарда баршылық
екенін көзімізбен көріп, көңілімізбен тоқыдық. Батыс руднигі «Покро» шахтасының тау—кен шебері
Нұрғали Мұқанбетжанұлы еңбектегі жоғары жетістіктері үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының
1966 жылғы 9 маусымдағы Указымен «Құрмет Белгісі» орденімен наградталды. Кешегі жауынгер, бүгінгі
еңбек озаты Нұрекеңнің еңбегі осылай лайықты бағасын алды. Талай қилы қилы ауыр кезеңдерді бас-
тан өткерген Нұрғали Бекенов 35 жыл өмірін Жезқазған кен металлургия комбинатында Сарыарқаның
сары алтыны саналатын мыс рудасын молынан өндіруге арнады.
Менде еңбек жолымды кеншіліктен бастағам,—дейді бүгінде комбинаттың арнайы мамандандырылған
жөндеу басқармасында еңбек ететін Нұрекеңнің үлкен ұлы Ибрагим. — Жасы елуге жақындағанда әкем
жиі ауыратын болды. №55, №57 алып шахталарды, ондағы өздігінен жүретін кен өндіру техникаларын,
шахта астындағы кең забойларды, келіп тұрған таза ауаны көрген әкем бізге қызыға қарайтын.
-Мынандай жағдайда, мынандай техникамен жұмыс істейтін сендер бақыттысыңдар. Біз көрген
қиыншылықты адам баласының басына бермесін. Кешегі кезде шахта астында жұтқан тозаң ғой менің діңкемді
құртып бара жатқан,—деп өткенді өкінішпен еске алатын. Ол 59 жасында селикоздан қайтыс болды.
Жезқазған - Сәтбаев, шілде 2006 жыл.
76
Кен өндірісінің қаһармандары
ӨНДІРІСТІҢ ШЕБЕР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Өзің көріп, тілдеспеген кейіпкерің туралы жазу журна-
листикадағы ең қиын жұмыстың бірі. Осындай қиналысқа
Сүтен ағамыз туралы материал жазу барысында кездестім.
Ол кісі туралы көп естігеніммен көрген адамым емес. Кенші
болғанын білем. Жезқазған қаласында Сүтен Қазанбаевтың
атында көше бар. Көрдім-білдім деген ауызекі сөздер көлемді
материал жазуға тапшылық етеді. Үлкендерден сұрастырып
жүріп Сүтекеңнің балалары осы қалада қызмет істейтінін де
білдім. Үлкені Мұратпен хабарласып, жайымды айттым. Ол екі
сөзге келмей әкесі туралы қолында бар мағлұматтарды маған
жеткізіп берді. Мұнан кейін де көп іздендім. Өткен ғасырдың
қырқыншы—елуінші жылдары осы өңірде жарық көрген
«Қызыл кенші», «За медь», «Жезқазған жұмысшысы» секілді
басылымдарда Сүтен Қазанбаев туралы жарияланған мате-
риалдармен таныстым. Ондай материалдар баршылық екен,
қатты қуандым.
«Қызыл кенші» газетінің 1950 жылдың ақпан айында
шыққан санында жарияланған мына бір мақаладан үзінді кел-
тіруді жөн көрдім:
...Мен 1948 жылдан бері Жезқазған руднигіндегі №34
шахтаның басқарушысы болып істеп келемін. Содан бері бұл
шахта коллективі өндірістік жоспарларын үздіксіз асыра орын-
дап, рудник көлемінде алда келеді.
Шахтаның өндірістік жоспарларын бір қалыпта орындауы—шахта коллективінің ұйымдасып жұмыс
істеуіне байланысты. Біздің шахтаның коллективі әр уақытта жұмысқа кіріспес бұрын алда тұрған мін-
детті орындау жолында іс жоспарларын жасап, көпшіліктің талқысына саламыз. Осымен қатар жоспарға
сәйкес шахтерлер кен орнын дайындау және проходканы өту жылдамдығын арттыру әдісін іздестіру,
өндіріс өнімінің өзіне түсер бағасын төмендету, еңбек өнімділігін еселеп арттыру, қаржының айналымын
тездету, шахта механизмінің қуатын дұрыс пайдалану жөнінде сменамен смена, бригадамен бригада
және жеке шахтерлер өзара социалистік жарысқа түсіп, көтеріңкі міндеттемелер алады. Сол сияқты
шахтаның шаруашылық басшылары алдына жұмыс орнын жұмыс құралдарымен уақтылы жабдықтау,
шахтаны механизмдермен және электр қуатымен, қысылған ауамен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде
талаптар қойылады.
Біз, әр басшы, тау кен шеберлері, смена бастықтары жұмысшылардың осы талаптарын орындап,
олардың арасында социалистік жарыстың кең қанат жаюына жағдай туғызамыз. Шахтамызда қабырға
газеті шығарылып, көрсеткіш тақталарға коллективтің әр тәуліктегі еңбек көрсеткіші жазылып, күнбе-
күн жаңартылып отырылады. Міне, осындай жедел шара қолданудың нәтижесінде шахтамызда еңбек
тәртібі жақсарды, механизмдерді пайдалану көрсеткіші жоғарылады...
Міне, №34 шахтаның бастығы Сүтен Қазанбаев өз коллективінде социалистік жарысты өрістету
шараларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы осылай әңгімелепті.
Кеңгір өзені бойындағы Түйемойнақ елді мекенінде дүниеге келген Сүтекеңнің де өмір жолының
бұралаңы мен бұлтарысы көп болыпты. Еңбек жолы Қарсақбайда бастау алып, кейіннен Жезқазған
руднигінде одан әрі жалғасын тауыпты. Ең алғаш рет электр жарығын рудник тұрғындары отызын-
шы жылдардың басында көрді. Сол жарықты берген станцияға жұмысшы болып қазақтан ең алғаш
орналасқан да Сүтен болды. Жаңа- жаңа бой көтеріп келе жатқан Жезқазған шахталарына адам қолы
жетіспейтін. Осы өңірдің проблемаларын жетік білетін жас геолог Қаныш Имантайұлы өндіріске қазақ
жастарын, жергілікті халық өкілдерін көптеп тарту мәселесін күн тәртібіне үнемі қойып отырды. Рудник
басшыларына да осы мәселені назарда ұстауды қатты тапсыратын. Осындай жылы хабарды естіген
Сүтен электр станциясындағы жұмысын тастап, шахтаға ауысады.
Бұл 1935 жыл болатын. Шахта жұмысының қиындығына қарамастан өзі тіленіп келген жас жігітті онда
істеп жүрген байырғы шахтерлер жылы қарсы алып, кеншілік мамандықтың қыры мен сырын үйретіп
отырды. Білуге құштар жас көп ұзамай забойшы болып, кен қопару жұмысымен байырғы жұмысшы
секілді қорықпай, жүрексінбей айналысатын болды. Сол кезде елімізде көмір өндіруде Бүкілодақтық
рекорд жасаған донбастық шахтер Алексей Стахановтың атын алған стахановшылар қозғалысы кеңінен
қанат жайған болатын. Сонау түкпірде жатқан Жезқазған кеншілері де бұл қозғалысқа белсенді түрде
қатысып, жақсы көрсеткіштерге жете бастады. Өте іскер, алғыр, қысқа мерзімде мол тәжірибе жинақтаған
Сүтекең де еңбек өнімділігін күн санап арттырып, стахановшылар қатарына қосылды.
77
Кен өндірісінің қаһармандары
Көпті көрген көнекөз қариялардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбсәмет Тәжбенов: «Мен
қырқыншы жылдары Жезқазған шахталарында жұмыс істеген талай кеншілерді көрдім,—деп сонау арт-
та қалған жастық шақты еске алады. - Олардың біразы менің ағам Жүніспен дос еді, бір-біріне арала-
сып, қатысып тұратын. Ал Сүтен болса Жүніспен екеуі шахтаға қатар келді. Сондықтан болса керек екеуі
жақсы дос болып кетті. Ал, әріптестері Сүтекеңді «оқымағандардың ішіндегі зерегі» дегендерін талай
естідім, стахановшы деп мадақтап отыратындары да дәл бүгінгідей есімде».
Сүтен Қазанбаев Рудникте комбинат ашқан шахталарға қажетті маман кадрлар даярлайтын арнайы
курста оқып, оны бітіргеннен кейін №31 шахтада тау кен мастері болып жұмыс істейді. Соғыс кезінде
Бүкілодақтық рекордтарға қол жеткізіп, Жезқазған кенін толассыз өндірген атақты кеншілер Балмұқан
Аймаханов, Ахметғали Сафин, Павел Шаталюк, Илья Панин, Зейнолла Биболатовтармен қатар еңбек
етіп, бүгінде Н.В.Валукинский атындағы мұражай—көрме кешенінде сақтаулы тұрған СССР Мемлекет-
тік қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын комбинаттың 16 рет жеңіп алуына қомақты үлес қосты.
Сол кезде жарық көрген «Қызыл кенші» газетінің кезекті бір санында «№34 шахтаның
маңдайалдыларына сөз береміз» айдарымен №34 шахтаның бастығы Сүтен Қазанбаев, шахтаның
руда көтеру машинасының машинисі М.Мұқанова, механик И.Наливайко, шахтаның ауысым бастығы
М.Кониндерге сөз берілген.
...Мен басқаратын «Покро» кен басқармасына қарайтын №34 шахтаның ұжымы соңғы екі жылдан
бері рудник шахталары арасында жеңімпаз атанып келеді. Шахтадағы барлық кеншілер материалды
үнемдеп жұмсап, өнімді еңбек етуге ұмтылуда. Биылғы жылдың алты айында ғана 120 мың сом қаржы
үнемдеуге қол жетті. Осы үнемделген қаржымен шахта үш-төрт күн жұмыс істей алады. Осы уақыттарда
дәрі аттырушы Сейітов, крепильщик Коваль, слесарьлар Мизамбаев, Қоқанов, Жүнісбеков және тағы
басқалар ерен еңбектерімен көзге түсіп келеді. Бүгінде Қазақстан Республикасының 30 жылдық мере-
кесін лайықты қарсы алу жолында кеңінен өрістеген социалистік жарыстағы толымды табыстарымыз
біздің ұжымның республикамыздың мерейлі мерекесін лайықты қарсы аларына сенімімізді арттыра
түсті,—депті өз сөзінде шахта бастығы Сүтен Қазанбаев.
Шахта механигі Геннадий Наливайко өзінің газет бетіндегі сөзін былай деп жалғастырыпты:
№34 шахта рудниктегі ең ұсақ шахталардың қатарына жатады. Солай болса да оның атқарар жұмысы
қомақты. Шахтада кеншілер жұмысын механикаландыру бағытында соңғы кезде біршама жұмыстар
атқарылды. Қазір шахтада он тарту—көтеру лебедкасы жұмыс істейді. Штректерден кен тасымалдау
да жолға қойылған. Механика қызметі кеншілердің жұмысын жеңілдету, қолда бар техниканы толық
қуатында пайдалану бағытында тындырымды жұмыстар атқарып келеді...
Озаттардың сөзінен байқағанымыз шахта ұжымы ұйымшыл, мемлекеттік жоспарды орындауды
өздерінің басты борышы санайтынын байқадық. Ұжымның осындай «бір жеңнен қол шығарып» жұмыс
істеуі әрине, оның басшысы Сүтен Қазанбаевтың іскерлігін, коллективпен тіл табыса жұмыс істей алаты-
нын айқындай түседі. Сүтекең жастар тәрбиесіне де көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеген жастардың үлкен
бір тобы бүгінде арамызда жүр. Олар Жәлел Қалмағанбетов, Нығмет Ілиясов, Зейнолла Мақышев тағы
басқалар. Ал шахта құрылысының білгір маманы, Социалистік Еңбек Ері Ғазиз Омаров ағамыз болса
жоғары оқу орнында оқып жүргенде Сүтекеңнің шахтасында өндірістік тәжірибеден өтіп, ағаның аялы
қамқорлығында болған.
—Мен,—дейді Қазақ ССР на еңбегі сіңген дәрігер, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Өмірбек
Мұқанов: Сүтен ақсақалмен Холмецкий көшесінде көрші тұрдым. Ұзақ жылғы көршілік қарым—қатынас
барысында көңілге түйгенім—Сүтен ағай іскер басшы ғана емес, қарапайым адами қасиеттерімен де
айрықшаланатын жан еді. Қайырымдылығы мен кішіпейілділігі, ізгілігі мен парасаты зор болатын. Ол
кен өндірісінің басшысы ретінде ғана емес, қоғамдық жұмыстар саласында да қайрат танытқан азамат.
Еңбек демалысында жүрсе де ардагер ағамыз қалалық Совет атқару комитетінің, қалалық партия және
бақылау комитеттерінің мүшесі ретінде көптеген игі істерге ұйтқы болды.
Сонау Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Жезқазған шахталарында жемісті еңбек етіп, кен-
шілер ұжымын толымды еңбекке жұмылдыра білген ардагер ағамыз Сүтен Қазанбаев СССР Жоғарғы
Советі Президиумының Указымен 1953 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, кейінгі жылдары екі мәрте
«Құрмет Белгісі» орденімен наградталды. Мұнымен қоса өндірістің шебер ұйымдастырушысының еңбегі
Қазақ ССР Министрлер Советінің, Қазақстан Түсті металлургия Министрлігінің Құрмет Грамоталары-
мен атап өтілді. Ардагер ағаның жарқын бейнесін ұрпақтары есінде мәңгі сақтау мақсатында Жезқазған
қаласының 91 орамындағы бір көшеге оның есімі берілген.
Жезқазган, қыркүйек, 2006 жыл.
78
і
Кен өндірісінің қаһармандары
КӨМІР ӨНДІРІП, КЕН ҚАЗҒАН ¥ЛЫТАУДЫҢ ӨРЕНІ
Біздің әңгімемізге арқау болғалы отырған кейіпкеріміз
Қойшығара Досетовпен өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарының аяғында Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінің
тілшісі болып қызмет істеп жүрген кезімде талай кездесіп, тіл-
дескен болатынмын. Қойшекең ол кезде Жезді марганец-кен
басқармасының №6 шахтасында проходкашы болып жұмыс іс-
тейтін. Орта бойлы, шағын денелі, қызыл шырайлы, жылы жүзді
ағамыз кейде редакциямызға өзі келіп: «Жігіттер, әдейі өздеріңе
сәлем берейін деп келдім. Жаңалықтың жаршысысыңдар ғой,
қане, не жаңалық бар?»-деп бізді әңгімеге тартатын. Сылтау
таба алмай отырған Әбекең, Сәбең, Рымкештер талай әңгіменің
тиегін ағытатын. Бірде Қойшекең туралы мақала жазуға редак-
циядан тапсырма алдым. Кен басқармасына келіп, кәсіподақ
комитетінің төрағасы Мүзәр Шәлтіковпен тілдестім. Қ. Досетов
туралы материал дайындауға тапсырыс алғанымды айттым.Ол
кісі жолықтыруға уәде берді. Жұмыстан қолы босаған сәтінде
мені машинамен поселке шетіндегі шахтаға алып келді. Сол
жерде шахта астына түскелі тұрған Қойшекеңмен жүздесудің
сәті түскен еді.
Қойшығара Досетов те өзінің тұстастары секілді еңбекке
ерте араласты. Ұлытаудың бергі бетінде ұйымдастырылған
«Айыртау» колхозының малын бағысты, шөбін шабысты.
Ер жетіп келе жатқан шағында ұлы Отан соғысы басталды.
Әскер жасына жеткендер жаппай майданға аттандырылып жатқанда Қойшығара арнайы жолдамамен
Қарағанды қаласына жіберіледі. 1941 жылдың желтоқсан айында Майқұдықтағы көмір шахтасының ас-
тына түсіп, жұмысқа кіріскенде ол 16 жасқа енді ғана толған еді. Соғыс кезі. Сенің жастығыңа ешкім
қарамайды. Үлкенге де, кішіге де талап бірдей, тәртіп қатал. Шахтадағы жас көміршілер майданға кетіп,
кілең ересек адамдар қалған. Зейнеткерлікте отырғандар да шахта астында жұмыс істеуге қайта тар-
тылды. Жеті қат жер астында тәжірибелі шахтерлермен қатар жүріп Қарағандының қара алтынын мо-
лынан өндірді. Тәжірибе жинақтады. Қаһарлы соғыс жылдарындағы жемісті еңбегі «Ерен еңбегі үшін»
медалімен атап өтілді.
Туған жерге 1948 жылы оралған Қ.Досетов келген бетте Жезді кен басқармасының №6 шахтасына
су сору машинасының машинисі болып орналасты, кейіннен осы кәсіпорында ұзақ жыл кенші болып
еңбек етті. Өзіне жақындау кенші мамандығында жұмыс істеген кезде Қарағанды көмір шахталарын-
да жинақтаған мол тәжірибе септігін тигізді. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлықпен еңбек
еткен жезділік ардагерлердің жақсы дәстүрлерін одан әрі жалғастырып, өндіріс озаты атанды. Жезді
ауданының экономикасын дамытуға қосқан зор еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып Қойшығара
Досетов 1971 жылы «Ленин» орденімен наградталды.
Өмірден көргені мен түйгені мол Қойшекең мектеп оқушыларымен жиі кездесетін. Оларға Қаныш
Имантайұлы Сәтбаевтың көрегендігінің арқасында Ұлы Отан соғысы тұсында қысқа мерзімде дүниеге
келген Жезді кен орнының ашылу тарихы, кеншілердің ерлікке толы еңбек жолы туралы әңгімелеуші еді.
Ара-арасында өзінің аяқ астынан қалай көмірші болғаны жайлы да сыр шертетін.
Майталман еңбеккерге 1976 жылы КСРО қара металлургия Министрлігі жұмысшылары кәсіподағы
Орталық Комитеті Президиумының қаулысымен «Құрметті кенші» атағы берілді және сол жылы омыра-
уына үшінші дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісін тақты.
Саналы ғұмырын Отанына қызмет етумен өткізген халқының сүйікті ұлының, Ұлытаудың өренінің
жарқын істері ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып қала берері сөзсіз.
Жезқазған қаласы, сәуір, 2006 жыл.
79
Кен өндірісінің қаһармандары
МАЙТАЛМАН КЕНШІ, ЖАСТАР ¥СТАЗЫ
Жезді марганец-кен басқармасының тарихында Арыстанбай
Әлібаевтың алар орны бөлек. Алапат соғыс аяқталып, ел бей-
біт еңбекке көшкен шақта ол осы кәсіпорынға бұрғышы болып
орналасты. Бұл негізі Ұлы Отан соғысының отты жылдарын-
да қаланған кәсіпорын болатын. Оны 1942 жылғы қаңтардың
қақаған аязында, жапан далада жанқиярлықпен еңбек етіп,
38 күнде салып, еліміздің металлургия зауыттарына ауадай
қажетті стратегиялық марганец шикізатын берген ардагер-
лер ерлігін осында жұмыс істейтін көнекөз қариялардан естіп
қаныққан болатын. Олардың көбі сол адам сенгісіз арпалысты
күндерді өз көздерімен көріп, марганец үшін шайқастың орта-
сында жүрген жандар еді, әңгімелері де өте қызықты болатын.
Қазылған стволды қар басып қалмау үшін үстіне палат-
ка тігілетін. Өте ауыр жағдайда жүріп 1943 жылы бұрғышы
А.Н.Грипас өз жұмыс орнында жоғары еңбеккөрсеткішіне жетуге,
рекордтық жоғары өнім беруге бастама көтерді. Сол жылдың 2
сәуірінде ол 245 метр шпур қазып, өзінің күндік тапсырмасын 840
процентке орындады. Мұнан кейін көп уақыт өтпей А.Н.Грипас
стахановшылардың слетінде Жезқазған кен басқармасының
атақты кеншісі Б.Аймұхановпен кездесіп, онымен социалистік
жарысқа түсті. Кен өндірісінің екі тарланы соғыс жылдары үнемі
рекордтық өнім беру жөніндегі уәделерінде тұрды,-деп еске
алатын сол бір қиын-қыстау күндерді жезділік кеншілер.
Байырғы жұмысшылардың өкілдері проходкашылар М.Баймағанбетов, М.Қыстаубаев, бұрғышы
С.Сейткеновтер қанаты қатая қоймаған, ауылдан жаңа келген жас баланы қамқорлықтарына алып,
еңбекке баулыды. Бұрғышы мамандығын жете меңгеруіне көмектесті.
-Ертең біздің орнымызды осы басады,-деп оған зор сенім артып сөйлейтін еңбек майталмандары.
Шынында да дуалы ауыз қариялардың айтқаны келіп, Арыстанбек уақыт өте келе еңбекте шынығып,
тәжірибе жинақтап, бұрғы станогымен еркін жұмыс істейтін болды. Айлық-тоқсандық жоспарларды 110-
115 процентке дейін орындайтын дәрежеге жетті. Уақыт- не деген жылдам десеңізші!. Арыстекең еңбек
жолын бастағалы да 30 жылдан асып кетіпті. Осы жылдарда ол талай-талай еңбек белестерінен өтті.
Еңбек жолын алғашқы бастаған жылдары өзіне сенім арта сөйлеген қарт кеншілердің сенімін ақтады.
Жезді марганец-кен басқармасының №6 шахтасының жұлдызы атанды. Жоғары еңбек көрсеткіштері
орынды бағаланды. 1959 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ленин партиясы қатарына
өтті. Коммунист бұрғышыға деген сенім арта түсті. Осы жылдары кәсіпорында комплексті бригада-
лар құру бастамасы дүниеге келді. Шахта басшылығы Арыстанбай Әлібаевпен ақылдасып, оны жаңа
құрылған бригадаға жетекші етіп тағайындады. Арыстекең өмірлік бай тәжірибесін бригаданы басқарған
кезде жан-жақты қолданды. Ұжымда істейтін 25 кеншінің әрқайсысының қосымша мамандық меңгеруіне
басты назар аударды. Аралас мамандыққа үйрететін оқулар ұйымдастырды. Бұл оң нәтижесін берді.
Жетпісінші жылдары Арыстанбай Әлібаевтың комсомол-жастар кеншілер бригадасы үнемі жоспарды
асыра орындап, «Жезді жұлдыздары» атанды. Жастардың өнегелі ұстазы марганец өндірісінде қол жет-
кен табыстары үшін Отанымыздың ең жоғары наградасы «Ленин» орденімен марапатталды. Омыра-
уына үшінші дәрежелі үш «Шахтер Даңқы» белгісі қадалды. Есімі еңбек озаттарының республикалық
«Алтын Құрмет» кітабына жазылды.
Еңбек майталманы осы жылдар ішінде қоғамдық жұмыстардан да тысқары қалып көрген жоқ.
Кәсіподақтардың Мәскеуде өткен XI съезіне делегат болып қатысты. Жезді аудандық Советіне бірне-
ше рет сайланған халық өкілі ретінде ауданның экономикасының, әлеуметтік салаларының дамуына
лайықты үлесін қосты.
Жастар ұстазы, адамгершілігі мол еңбек адамы Арыстанбай Әлібаевтың арамыздан кеткеніне де
оншақты жылдың шамасы болып қалды. Ол ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Жезді кен басқармасының
кәсіпорындары жабылған. Алайда, А.Әлібаев секілді ардагерлердің есімі Жезді тарихына алтын әріппен
жазылып қалғаны өмір шындығы.
Жезқазган қаласы, сәуір, 2006 жыл.
80
Кен өндірісінің қаһармандары
Кеншілер туралы кітапты жазуға дайындалу барысында Сәтбаев, Жезқазған қалалары мен осы
өңірдегі елді мекендердің көптеген тұрғындарымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті. Ондағы ең басты
тақырыбымыз-Жезқазған поселкесінде өткен ғасырдың 30-40 жылдарында шахталарда жұмыс істе-
ген еңбек ардагерлері, сол кездегі поселкенің келбеті мен мәдениеті.
Кешегі сұрапыл соғыс жылдарында жезқазғандықтар өндірген мыс жауға оқ болып атылды. Сол
кезде шахта астындағы ауыр жағдайға қарамастан кеншілер рекордтық көрсеткіштерге жетті. Соғыстан
кейінгі жылдарда жаңадан шахталар салынып, жер астына жаңа кен техникалары келе бастады. Осы
кезде жаңа технологиямен кен өндірген кеншілердің жаңа буыны өндіріске келді. Жезқазған кенін есе-
леп өндірді. Жанқиярлықпен еңбек етіп есімі еліміздің тарихына алтын әріппен жазылды. Олар кім-
дер еді? Қажыр-қайратын, күш-жігерін жер асты байлығын игеруге жұмсаған сол абзал жандардың
ұрпақтары, жора-жолдастары, бірге қызметтес болған әріптестері естеліктерін ортаға салған еді.
Осындай бір кездесуде Мұзараф Ақанов ағамыз өз сөзінде: «Сол кездерде кеншілер арасында «кенші
қырғыздар әулеті» деген сөз тіркесі жиі естілетін. Ол орынды да еді. Өйткені, Жезқазған шахталарында
арамыздағы қырғыздың «Жаңбыршы» руының ірі-ірі оншақты азаматы істейтін. Сол уақытта жұмыстың
бәрі қолмен атқарылатын-ды: кен тиеу, кен түсіру секілді ауыр жұмысты әлгі жігіттер жапырып жібе-
ретін. Солардың ішіндегі оқыған, оң-солын танитын басшысы Төлен Сартов болды. Әлгілердің бәріне
ұйытқы болып, жұмысқа тартқан да сол кісі болатын. Кітабыңда сол кісі туралы материал болса дұрыс
болар еді, әруақтар риза болсын»,-деді. Ағамыз кімге хабарласу керек екенін де айтты.
Сөйтсем, ол өзім бұрыннан білетін, дәмдес-тұздас болып жүрген, ұзақ жылдар бойы Жезқазған кені-
штерінде еңбек етіп, қазір құрметті демалыста отырған Өмірбек Сартов екен. Жедел хабарласып, «кен-
ші қырғыздар» әулеті туралы естелік жазып беруін өтіндім.
-Әруақтарды еске алып, тірілту кейінгі ұрпақтың парызы, бастамаңыз дұрыс екен, сәттілік тілеймін.
Естелік жуық арада дайын болады,-деген бірауыз сөзіне риза болып мен кеттім. Көп ұзамай хабарлас-
тым. Естелік дайын екен. Қаз қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз.
81
Кен өндірісінің қаһармандары
КЕНШІ ҚЫРҒЫЗДАР Өмірбек Сартов,
Тау-кен инженері, зейнеткер.
Естелік
Ол кезде біздің үй «Қызыл әскер» колхозының Апақай
бөлімшесінде тұратын. Шаруа күйттеген ел ерте көктемде мал
жайымен Сарысу өзеніне құлайды да, күз аяқтала құмның ішін-
дегі қыстауларға көшетін. Ферма орталықтарында мектеп жоқ.
Шопан балалары оқу жылы басталар алдында қалаға қарай
шұбыратын. Әркім туыс-туғандарын сағалап, балаларын орна-
ластыратын.Сондай жағдай менің басыма да туды.
Қазақтар Жезқазған поселкесін «Рудник», кәсіпорны енді-
енді бой көтеріп келе жатқан Жезқазғанды «зауыт» деп атай-
тын. Сол Рудниктегі көкем Төленнің үйіне 1949 жылдың тамыз
айының орта шенінде түн ішінде келгенім осы күнге дейін есім-
нен кетпейді. Біздің мінген көлігіміз шөп артқан «сеновоз» ма-
шинасы болатын. Сықап тиелген көк шөп.Екі жерден ұзынынан
бөрене тасталып, оның екі жақ басы арқанмен қатты тартылып
байланған. Немере ағам Ғабдолла екеуіміз ауылдан шықпай
жатып-ақ шөптің үстін шұқырлап, жайғасып орналасып алдық.
Бұл біз үшін қызық. Шөптің үсті рахат, тербетілген бесік сияқты.
Бізге аспанда қалықтап ұшып бара жатқан ала бұлттар ғана
көрінеді. Бұрқыраған көк шөптің иісін тәмпіш мұрынымен ра-
хаттана тартып, Ғабекең өзінше әңгіме айтады. Оның ұзын-со-
нар әңгімесін тыңдап жатып қалай көзім ілініп кеткенін де біл-
мей қалдым.
Қанша ұйықтағанымыз белгісіз. Бір уақытта: «Бұғыңдар,
бұғыңдар, зауытқа келдік»,-деген дауыстан оянып кетіп, ба-
сымды көтерсем, аспандағы жұлдыздар жерге түсіп, айнала-
мызда жымың қағып тұрғандай әсерде қалдым. Кабинадағылардың әлгі «бұғыңдар» дегені, электр тогі
жүретін сымдардың астынан өтерде шөптің үстіндегі бізді сақтандырғаны екен. Ол нендей сым, тоқ
деген не, оны біліп жатқан біз жоқ.«Бұқ» деді, бұқтық.
Бала көңіліме қатты әсер еткен Рудниктің сол түнгі көрінісі осы күнге дейін көз алдымнан кетпейді.
Мен үшін сол Рудниктен үлкен қала, сол Рудниктен үлкен елді мекен болмайтын сияқты көрінетін. Менің
балалық шағым түгелдей сол Рудник поселкесінде өтті.Төлен көкемнің, Әлия жеңгеміздің баласындай
болып өстім.
1949-1959 жылдар аралығында №7 қазақ орта мектебінде білім алдым. Бірінші кластан төртінші
класқа дейін әріп үйретіп, оң -солымызды танытқан, Туғанай десе, туған айдай, келбеті келіскен,
жүзінен жылылық есіп тұратын, аяулы ұстазымды балалық сезіммен еске аламын. Ал, енді күні кешеге
дейін ортамызда жүрген Хакима Тайырқызы апайымыз бір төбе еді ғой. 9-10 кластарда математика-
дан сабақ берсе, әрі мектептің директоры болатын. Оны ұстаздар да, оқушылар да қатты сыйлайтын.
Басқа мұғалімдерден мінез - құлқымен, жан сұлулығымен, тән сұлулығымен ерекшеленіп тұратын. Көп
сөйлемейтін, турасын бірақ айтатын.Ешкімді алаламайтын, білімін үлгіріміне қарай бағалайтын. Өзінің
қажыр-қайратын Ұлытау - Жезқазған өңірінің балаларына білім беруге жұмсады. Еңбегінің жемісін көріп
кетті, жаныңыз жәннатта болсын, аяулы ұстаз!
Еңбек жолым «Петроцентр» шахтасынан басталды. Экскаватор машинисінің көмекшісі болдым. Ол
кезде жұмыстың қиындығына қарамай шахтада жұмыс істеу үлкен дәреже болатын. Мақтанатынбыз.
Шахтамыздың бастығы.Кәкімбек Салықов ағамызша айтсақ, әйгілі «Тасқұдық» академиясының
«академиктерінің» бірі-Оразбек Дүйсенбаев ағай еді.
1962 жылдың мамыр айының ішінде Орекең кабинетіне шақырып алып: «Май - май болып жүре
бересің бе?» -деп қабағын шытып, маған бір-екі парақ қағазды ұсына берді. Сөйтсем, бұл, комбинаттың
оқуға берген жолдамасы екен. Содан Алматыға кетіп, оқуға түстім. Кен инженері болуыма Орекеңдей
ағамыздың шапағаты тигенін несіне жасырайын. Соз кезде шахтаның бас инженері Халел Көшеков
болды. Екеуі де іскер, білікті инженерлер болатын. Шахтамыз кен өндіру жоспарын үнемі асыра орын-
дап отыратын.Халекең ағайдың да мысты өңірімізге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, бөлек әңгімеге арқау
боларлық тұлға.
82
Кен өндірісінің қаһармандары
1967 жылы Қазақ политехникалық институтын «кен инженері» мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп
келіп, №45 шахтаға кен шебері болып жұмысқа орналастым. Институттағы дәріс берген ұстаздарыма
шәкірттік алғысымды айта отырып, Өмірхан Аймағанбетұпы Байқоңыровтың әруағына басымды иемін.
Бұл ағамыз Жезқазған өңірінің тумасы екенін, Жезқазған шахталарында жұмыс істегенін жақсы білетін-
біз. Жезқазғандықтарды,қарсақбайлықтарды жанындай жақсы көрді. Оларға қамқор болып, ақыл-кеңесін
айтып жүретін.
-Сендерге зор сенім артамыз, Жезқазғанның болашағы үлкен. Кен қоры мол. Соны сендер игерулерің
керек. Сендер бақытты жансыңдар. Мына институт, аудиториялар, білікті ұстаздар, біздің уақытымызда
осының бірі болған жоқ. Қиын жағдайда оқыдық. Өмірден үйрендік. Сондықтан оқуды жақсы оқып, кен
өндірудің қыры мен сырын жетік меңгеріп алыңдар, - деп отыратын.
Әңгіме бір әулеттің тыныс-тіршілігі болған соң атадан балаға мирас болып келе жатқан бас шежіреміз
не айтады екен соған тоқталмай кете алмаймын.
-Біздің арғы атамыз Сырымбет, ұлты қырғыз, руы -Жаңбыршы, ерте кезде Тәшкенттің маңындағы
«Той тебе» деген жерде қырғыз-қазақ арасында туып-ескен екен. Жас кезінде болашақ Абылай ханмен
бірге есіп, талай қиындық, тауқыметтерді көреді. Кейіннен Абылайдың қол бастаған батыры болады.
«Сырымбеттен- Баян, Бат туған», -деп Телен көөем шежіресінде жазып қалдырыпты. Ата- бабаларыма
деген мақтаныш сезімімді елең жолдарымен көмкерсем, ол былай болар еді:
Абылайдың батыры,
Темір үзген тепкісі.
Ұлы бабам Сырымбет,
Қырғыз-қазақ тектісі.
Сырымбеттен туыпты,
Баян, Баттай берендер.
Бабамызды жырласам,
Көңіл өсіп көлеңдер.
Тектілердің ұрпағы,
Кешегі өткен ерендер.
Елді аузына қаратқан,
Боранбай мен Төлендер...
Соңына ерген солардың,
Аяғандай өрендер.
Артта қалған біздерді,
Әруақтар жебеңдер!
Сырымбет тауы-Сырымбет атамыздың құрметіне аталса керек. Сол Көкше өңірінде Баян, Бат деген
көлдер де бар-депті Төлен көкем. Баттан Есілбай, Бүтінбай... туады. Осы Есілбай мен Бүтінбайдың
ұрпақтары Есілдің бойын жайлап, Шудың бойын қыстап, көшіп-қонып жүретінін,жүз жасаған Мәрия әжеміз
жыр ғып айтып отырушы еді. Бабаларымыз бертін келе Ұлытау-Жезқазған өңіріне тұрақтап, Бағаналы
- Балталымен төсекте бас, төскейде малы қосылып, қанша қазақтанса да бізді «қырғыз», - дейді.
Бүгінде шөбереміз, неменеміз,
Қазақтың қыздарымен көгереміз.
Өңірде құтты қоныс Ұлытаудай,
Кеңейіп келе жатыр керегеміз-деп шежірені қайырып,
басты тақырыпқа көшейін.
Ұлытау - Жезқазған аймағында көшіп - қонып жүрген қазақтар 1913 жылдан бастап болашақ өндіріс
ошақтары Жезқазған кеніштеріне, Қарсақбай мен Байқоңырға келіп, күнкөріс үшін ағылшындарға жал-
данып, жұмыс істегені тарихтан белгілі.
Осынау Ұлытау баурайындағы ұлы дүбірге Есілбай мен Бүтінбайдың ұрпақтары елеңдемей қалған
жоқ. Олар 1913-1918 жылдарда ағылшындарға жалданып, Жезқазған кеніштерінде кен өндіруге,
Қарсақбай мен Жезқазғанның арасына теміржол салуға, түйесі барлар сонау Жосалыдан, Атбасардан
жүк тасуға атсалысты.
Ал, 1925 - 1828 жылдардан бастап Есілбай-Бүтінбайдың шөберелері-менің әкелерімнің Жезқазған
кеніштерінде еңбек еткенін көз көргендер айтып отыратын. Кешегі ашаршылық, одан кейінгі 1937
жылдың зұлматынан аман-сау қалған біздің ұрпақтың жастау буыны Жезқазған кенішіне шоғырланып,
«кенші.қырғыздар әулетінің» қалыптасуына жол салды.
Сөйтіп, Жезқазғанның «көк тасынан» несібелерін тапқан алдыңғы толқын әкелеріміз: Атанбай, Ораз,
Дәуренбек, Орманбек, Жұмабек, Аяғанбек Тұқышевтар, Тәжібай, Оразалы, Мақсым, Мақат, Төлеген,
83
Кен өндірісінің қаһармандары
Төлен Сартовтар, Сатай, Асқар, Әбдірахман,.Жұмабай, Базарқұл, 50-ші жылдары келіп қосылған
Жайсаң, Арыстанбек, Ермекбайлар еді. Алдыңғы толқынның сарқыты Боранбайдың Хамитбегі туралы
кейінірек тоқталамын.
Осы жерде мына бір деректі келтіре кетейін. Жұмабай мен Базарқұл әкелеріміз Қаныш Сәтбаев
құрған кен-барлау партиясында Жұмекең қатардағы жұмыскер, ал Базекең бұрғылау шебері болып
жұмыс істеген. Базарқұл өте еңбекқор, жұмысты ұтымды ұйымдастыра білуінің арқасында Қанекеңнің,
В.И.Штифановтың, Ш.Есеновтың көзіне түсіп, осы кісілермен сыйлас болып, өлгенше қатысып тұрыпты.
Василий Иванович Базекеңді талай рет Алматыға кен барлау партиясының шаруасымен (Қанекеңе)
іссапарға жіберген. Ол туралы Базекеңнің көзкөрген достары, 80-нен асқан бәйбішесі Ағия шешей де
айтып отыратын. Өкініштісі, Қанекең туралы естеліктерде біздің ауылдың біраз шалдарының есімдері
аталған, бірақ Базарқұлдың есімін кездестіре алмадым. Әйтпесе, кешегі уақыттарда ғұлама геолог
Қанекең ағамызбен бірге істегендер ол туралы «бірге істеп едік, көріп едік, дос едік», -деп естеліктерін
айтып жатқанда, шын мәнінде геология саласының үш бірдей алыптарымен дәмдес-тұздас болған, ара-
ласып тұрған Базекең үндемей қалған. Бұл да оның қарапайымдылығынан ба деп ойлаймын.
Осы әкелеріміздің тікелей ұрпақтарының өзі кеншілер әулетінің дәстүрін Жезқазған кеніштерінде
лайықты жалғастырып, бүгінде зейнеткерлікке шығып отырғанына таңданбаңыз. Орайы келген соң
олардың да аттарын атап өтейін: Мақсымның Советі-тау-кен инженері, Тәжібайдың Ғабдолласы-
электровоз машинисі, Оразалының Тұрары-инженер-энергетик, Оспанның Түрікпені-тау-кен шебері,
Мақаттың Өмірбегі-тау-кен инженері, Хамитбектің Тоқсанбесі-инженер-технолог. Осы орта буынның
әрқайсысы Жезқазғанның өркендеуіне, өсуіне 35-40 жылдан еңбек етіпті, «кеншілер әулеті» деген
дәстүрді одан әрі жалғапты. «Кенші қырғыздар әулеті» дәстүрін бізден кейінгі тау-кен инженері болып іс-
тейтін Хамитбектің әсері бастап, Төленнің техник-геолог Досқожасы, тау-кен инженері -Алмасы қоштап
жаңа толқын еңбек етіп, ата дәстүрді одан әрі жалғастыруда.
Жоғарыда аты аталған кенші әкелеріміздің біразын көрдім. Шетінен өкпе ауруына (селикоз) шалдыққан
аурушаң болатын. Солардың көбі 35-40 жаста, ең әрі кеткені 50-дің шамасында қайтыс болған еді.
Кенші әкелерімнің көзін көрген немере ағам Хамитбек Боранбаев алпысыншы жылдарға дейін
дәрі аттырушы болып кеніштерде жұмыс істеді. Ағалары көрмеген сый-құрметті сол ағамыз ғана көріп
кетті.«Құрметті кенші» атанды,«Еңбек ҚызылТу» орденімен және тағы басқа да толып жатқан медаль-
дармен, Мақтау Грамоталарымен марапатталды. Бүгінде сол Хамаң ағамыздың жолын қуып, қызы
Бәтима «Қазақмыс» корпорациясында инженер-экономист болып жемісті еңбек етіп жүр.
«Халық айтса, қалт айтпайды»,- дейді қазақ. Береке- бірлігіміздің арқасында, бір-бірінің қолтығынан
демеп, қол ұшын беріп өсуінің арқасында әулетіміз бүгінде бір тайпа елге айналды. Кешегі қиын-қыстау
күндері бір үйдің баласындай ағылшындардың казармасының бір бөлмесінде 3-4 отбасы тұрып, абысын-
ажындар бір үйдің қыздарындай тату-тәтті өмір кешкендерін шешелеріміз айтып отыратын. Әкелеріміз,
шешелеріміз (Советтің шешесі Күлтай шахтада стеролочница, трамбовщица болған) қарапайым
еңбектерінің, береке-бірліктерінің арқасында ел аузына ілігіп, «кенші қырғыздар» әулеті атаныпты.
Жуырда бір ініміздің баласы үйленіп, сол той үстінде сөз алған еліміздің қадірлі азаматтарының бірі
Жәлел Шубайұлы Қалмағанбетов ағамыз: «Бүгінгі той қырғыздардың тойы екен, құтты болсын! Бұлар
«кенші қырғыздар» әулетінен ғой. Сартовтарды, Тұқышевтарды, Боранбаевтарды өте жақсы білемін.
Еңбекқор жандар еді, соның арқасында еліне қадірлі болды»,- дегенде көңіліміз бір марқайып қалған еді.
Қырғыздар әулетіне деген қамқорлықты, жанашырлықты кезінде біз қаламыздың басшысы болған,
қадірлі ағамыз Мұзараф Ақановтан да жақсы сезінетінбіз. Мұзекең менің Совет ағаммен бірге оқып,
балалық бал дәуренді бірге өткізген. Оның үстіне біздің әкелеріміздің көбісін көрді. Әсіресе, Төлен
көкемнен көп мағлұмат алғаны шындық, әңгімелерін ұзақ отырып тыңдайтын. Төлен көкем әңгімешіл,
шежірені жақсы білетін. Мұзарафты көкем де, жеңешем Әсия да жақсы көретін.
Ия, сонымен 1949 жылы Рудникке қалай келгенім естеріңізде болар. Төлен көкемнің үйі осы күнгі
Жезқазған поселкесіндегі милиция ғимаратының тура алдында, Жамбыл көшесінде екен. Төменгі
жақтағы музейден бастап, сонау кен барлау партиясының ғимаратына дейінгі аралықта бір-біріне жа-
быстырыла салынған жатаған үйлер. Кейбір үйлердің терезелері төбесінде. Төлен көкемнің үйі жаңа
салынған үйде, еңсесі биіктеу. Біздің осындағы туыстарымыздың барлығы дерлік осы Жамбыл көшесінде
тұрады екен. 1949 -1950 жылдары қатары сиреген (селикоздан, соғыстан өлгендері бар, колхозға кет-
кендері бар) «кенші қырғыздар» әулетінің бас көтерері Төлен көкем болып қалыпты. Мұның бәрін әрине,
мен кейін түсіндім.
Төлен көкемнің де өмір жолы оңай болмапты. Ол да еңбекке ерте араласып, 1928 - 1930 жылда-
ры Жезқазған кеніштерінде откатчик болады, соңынан Қарсақбай мыс зауытына ауысып, әртүрлі қара
жұмыстар атқарады. Комсомолға, партияға өтіп, рабфакта оқыпты. Соғыстың алдында оны Павлодардағы
«Майқайыңалтын» руднигіне жібереді. Сонда жүргенде 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, броне-
84
Кен өндірісінің қаһармандары
танк әскерінің сапында соғысқа қатысып, елге 1947 жылы аға лейтенант шенінде оралған, қазақтың
Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевпен майданда бірге болыпты. Екеуінің бірге отырып түскен суретін
Есқожа екеуіміз (Төлен көкемнің ұлы) Алматыда оқып жүргенде Мұзафарға апарып бергеніміз есімде.
Майданда көкеммен бірге болған Иван Николаевич Мирошников деген орыс жігіті(көкемнен 10 жас кіші)
оны іздеп келіп, араласып-құраласып тұрды, кейіннен туысымыздай болып кетті.Татьяна деген қызы
Оңтүстік кенішінде маркшейдер болып істеді.
Мен келгенде Төлен көкем ФЗО-ның директоры екен. Погоны жоқ офицер кителімен жүретін, онысы
өзіне тамаша жарасатын. Сұңғақ бойлы, артық ешқандай еті жоқ, келбеті келіскен, сымбатты, нағыз
әскери тәртіптің адамы еді. Шашы қап-қара, қайратты, артына қайырғанмен тікірейіп, жатпайтын.
Таза жүріп, таза тұруды, киген киіміңді күтіп ұстауды, тіс жуатын, аяқ-киім тазалайтын щеткалар бо-
латынын сол көкемізден көріп, үйреніп өстік.
Елуінші жылдардың басында жаңа шахталар салына бастады. Соның алғашқыларының бірі қазіргі
№45 шахта болатын. Көкем Жезқазған кен басқармасының шақыруымен сонда ауысым бастығы, кейін-
нен телім бастығы қызметін атқарды.Шахта іске қосылғанда оның алғашқы директоры Рүстем Дәуітов,
партком хатшысы Төлен Сартов болды.
Ол кезде кеншілер жұмысқа жаяу барып, жаяу қайтатын.Төлен көкемнің қыстың күндерінің аязына,
соғып тұрған боранына қарамастан, түн ішінде жұмысқа жаяу кетіп бара жатып: «Есікті жауып алыңдар»,
- дейтін. Осы қоңыр дауысты кейде бүгінгідей сезінетін сәттерім болады.
Төлен көкем 1958 жылы Жезқазған кен басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайлан-
ды. Сол жылдары лагерьден бостандыққа шыққандар жұмысқа тұрып, жоспар орындау артады, еңбекке
ақы төлеу де біраз өзгерістерге ұшырайды. Қаражат үнемделеді. Үнемделген қаражаттың бір бөлігі кен-
ші қауымына, басқада жұмыскерлерге материалдық көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл мәселе кәсіподақ
комитетінің қатысуымен шешіледі. Мұндай жағдайда Төлен көкем жауапкершілікті терең сезініп, әділ
принциптеріне сүйене отырып, адал еңбектің майталмандарына ұлтына қарамай кәсіподақ комитетінің
шешімімен көмегін аямаған көрінеді. Жақсының жақсылығы ешқашанда ұмытылмайды емес пе, сол
көкемнің өздеріне істеген жақсылықтарын жетпісінші жылдары менің қарамағымда істеген ардагер кен-
шілер айтып отыратын. Көкем білімін үнемі жетілдіріп отыратын. Соңғы рет Мәскеуде кәсіподақтардың
бүкілодақтық курсында оқыды.
Осындай адал, принципшіл азамат кәсіподақтың екінші сайлауына жетпей, 1961 жылы басқа
жұмысқа ауысып кетуге мәжбүр болады. Оның басты себебі мынада еді. №44 шахтаның бір телімінің
проходкашылары жабылған нарядқа, жұмыскерлерге көрсетілетін әлеуметтік жағдайларға көңілдері
толмай жұмысқа жаппай шықпай, қарсылық көрсетіпті. Бұл дегенің ол уақытта үлкен «ЧП» болатын.
Мәскеуден, Алматыдан комиссия келіпті және басқа да органдардың (қандай екені айтпаса да түсінікті
ғой) адамдары қаптап кетіпті. Комиссия шешімі бойынша Жезқазған кен басқармасының бастығы Мұхит
Бөпежановтан бастап, Төлен Сартов және басқада көптеген лауазымды адамдар кінәлі болып, оларға
зияны тиетін болады. Содан комиссияның бір отырысында Төлен көкем бар кінәні өз мойнына ала-
ды. Сөйтіп, ол өзін «оққа» байлап, өзімен бірге істеп жүрген лауазымы бар, келешегінен үміт күттіретін
үлкенді - кішілі достарын жазалаудан құтқарып қалады. Міне, менің Төлен көкем адамгершілігі мол,
досқа адал, еліне сыйлы осындай абзал жан еді. Ең соңғы жұмыс істеген жері №42 шахта болатын. Ол
сол жерде директордың (Қонақбай Сейтмағанбетов) шаруашылық жөніндегі орынбасары болып, қызмет
істеп жүргенде жол апатына ұшырап, содан жазыла алмай ұзақ ауырып, 1972 жылы дүние салды.
«Әкең өлсе де әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деген жақсы бір мақал бар қазақта. Бүгінде ара-
мызда жүрген көкеммен қызметтес болған, сыйлас болған, інісіндей болып кеткен Ілияс Есетов, Қонақбай
Сейтмағанбетов, Жәлел Қалмағанбетов, Нұртілеу Жүнісов, Әбушахман Нысанбаев, Халел Көшеков,
Мұзараф Ақанов секілді ағаларымызды көргенде Төлен көкемді көргендей қуанамын.
Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, ақпан.
85
Кен өндірісінің қаһармандары
ШЕРАҒАҢ ШЕРТКЕН СЫР
Мен Шерағаңды сонау өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарының ортасынан білемін. Ол кеншілер поселкесінің
«Шанхай» деп аталатын бөлігіндегі Сәкен Сейфуллин
көшесінде тұрды. Ең алғашқылардың бірі болып, жүйткіген
«ГАЗ-21» Волгасын мінген де біздің Шерағаң болды. «Покро»
шахтасында кен шебері болып еңбек ететін. Сол уақыттарда
Төленді атаның Жәнділдә, Әбушахман, Байбосын, Баймағанбет
ұрпақтарының біраз үйі кеніштерден шыққан жақпар-жақпар
тастардан қаланған жатаған, өздері салып алған үйлерде
тұратын. Заманында ол үйлерге де халықтың қолы әрең жет-
ті емес пе? Шерағаң сол әулеттің бас көтерері ретінде кейінгі
жастарға ағалық ақылын айтып, басшылық жасап отыратын.
Бүгінде жасы сексенге тақап қалса да Шерағаң ағамыз әлі де
сол бәз-баяғы қалпында, әулетінің ортасында. Әке-шешелерінің
көзін көрген қадірменді ақсақалды іні-қарындастары алтынның
сынығындай сақтап, зор құрметтейді. Екі ғасырдың куәгері
Шерағаң тұнып тұрған шежіре дерсің. Кешегі Кеңес дәуірінде
елдегі көптеген өзгерістерді, халық басына төнген қауіп-қатерді,
қуғын-сүргін заманды өз көзімен көрген көнекөз қария.
Келіні Нұргүл құйған қою шайды рахаттана отырып ішіп,
әңгіменің бұлағын ағызар еді. Тек ол кісі айтар әңгімеге бағыт
-бағдар бере біл.
-Менің бабаларымның атажұрты Жезқазған поселкесінен
50 шақырым жердегі «Қызылжар». Жері құнарлы. Көктем - жаз айларында жайлауға шыққан ел бір
рахатқа бөленетін. Кіндік қаным сол топыраққа тамды, балалық балғын шағым сонда өтті. Бастауын
сонау Ұлытау тауларының сілемдерінен алатын Қаракеңгір өзені ауыл іргесінен өтеді. Жаз айларында
ауыл балаларының көп уақыты сол жағалауда суға шомылу, балық аулаумен кететін. Мына Жезқазған
қаласы тұрған жер «Наушабай» деп аталатын. Онда дені Бекболат атаның ұрпақтары тұратын. Кейіннен
Жезқазғанда өндіріс орындары кең қанат жая бастағанда «Наушабайды» басып өтетін Кеңгір өзенінің
осы жері бөгеліп, бүгінгі су қоймасы дүниеге келген еді. Жезқазғанда ағылшындар салған шахталар
болатын. Ауыл адамдарының біразы соған жұмысқа тұрып, көшіп кетті. Біз «қалаға барамыз» деп,
Жезқазғанға кезінде ағылшындар Спасскіге кен тасымалдаған қара жолмен «Досқана» құдығының
үстінен өтетінбіз. Ол сәтбаевтықтардың қазіргі саяжайы тұрған жер.
Кеңес үкіметі бірден қаз тұрып кеткен жоқ. Жас балаша біраз тапырақтады. Ауыл шаруашылығында
ячейка, артель ұйымдастырылды, шамалы уақытта «ол тиімсіз екен»деп «ТОЗ» серіктестігі құрылды.
Ең соңында шаруалар колхозға бірігіп тынды. Алғашқы «ячейка» құрылғанда Жаманұлы Жүніс деген
кісі жалғыз түйесін ортаға салыпты. Бейсен Өмірбаев деген кісінің кер өгізі бар еді, соны әкелді. Кейін
сол бір қиын заманды еске түсіргенде Әрібайдың Баймағанбеті деген ағамыз: «Бірік», -дегесін дұрыстап
бірігу керек болды, елге үкіметтің саясатын түсіндіріп, насихат жұмыстарын да жүргізуге тура келді,70
үйдің басы біріктірілді. Жалғыз түйе, жалғыз өгізбен құрылған жаңа іс біртіндеп алға басты. Біртіндеп
ұсақ малдардың да басы құралып, кәдімгідей отар шығаратын жағдайға келіп едік, - деп отыратын.
Біздің үй де поселкеге көшіп келді. Мен мектепке барам. Досмағанбетов, Атанаев Әлиасқар деген
мұғалімдеріміз болды. Мен мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Ол кезде пионер, ком-
сомол ұйымдарының белсенді жұмыс істеп тұрған кезі. Бүгінде сол кездегі жағдайды саралап, еске
түсіріп отырсам біз соғыстың ызғарын ерте сезініппіз ғой. Аула-аулада ит ұлып жататын. Мұны үлкендер
жақсылыққа жорымайтын. Бір сұмдық болады-ау деп отыратын. Отызыншы жылдардың аяғына қарай
поселкеге жер аударылған кәрістер келді. Ал, соғыс басталған жылы күзде поляктарды әкелді. Келесі
жылы көктемге салым оларды қайтадан басқа жаққа қоныс аударып, орнына қойдай айдап немістерді
жеткізді, артынша шешендер де шаң берді. Жер аударылғандардың жағдайы да мәз емес еді. Ерекше
тізімде тұрады. Олай -былай сыртқа шығармайды. Милицияға белгі соқтырып отырады. Тұтқын немістер
шахталарда жұмыс істеді. Бұлардың бәрін біз көзімізбен көріп, көңілімізбен тоқып жүрдік. Бұлардың бәрін
жақсы білетінімнің бір себебі өзіммен бірінші кластан бірге оқып келе жатқан Атабақ Омарұлы Арыстанов
екеүімізді комсомолсыңдар деп үйперді аралаүға жіберетін. Біз қоныс аударылған тұрғындардың санын
жазып әкелетінбіз, класс жетекшіміз әлгі тізімді поселкелік Кеңеске беретін. Соғыстағы жағдайдың мәз
еместігін халыктың қатулы қабағынан танитынбыз. Жұмысшылар шахталардан күндіз-түні шықпайды.
Бар ниет, бар күш мысты көп беріп, жеңіс күнін жақындату болды.
86
Кен өндірісінің қаһармандары
1942 жылдың көктем айы болатын, бір күні мектептің оқушыларын екінші қабатқа шақырып жатыр
деген соң, жүгіріп сонда барсақ, жоғарғы кластың балалары сапқа тұрып қалыпты. Бір жақ шетінен бізде
тұра қалдық. Мектеп директоры И.Ысқақов Қарсақбай ауданының әскери комиссары, аға лейтенант
Куготты, поселкелік кеңестің төрағасы А.Бейпіловты және әскери есеп жүргізуші Ж.Жазылбековты ертіп
келді. Сол жерде әлгілер сапта тұрған балалардың ішінен бойы ұзындарын іріктеп алып, әскерге алы-
натынын жария етті. Қ.Ерназаров, Т.Мүсілімов, Ф.Федоров, И.Жақыпов, С.Мажиров, Байтоқов, П.Панин
сияқты бас-аяғы жиырманың үстіндегі балаларды майданға жіберді. Оң-солын танып үлгірмеген сол
бозбалалардың бірде-біреуі соғыстан елге оралмады. Міне, біз көрген тағы бір трагедия осы еді.
Сол жылдың көктеміне қарай мектепте оқушылар саны азая бастады. Әскерге жасы жетпеген
ұлдарды және қыз балаларды ФЗО-ға ала бастады. Әр класта төрт-бес баладан қалды. Мұғалімдер бір-
неше кластың оқушыларын жинап бір класқа отырғызып оқытты. Сөйтіп, осындай жағдайда оқу жылын
да әупірімдеп аяқтадық.
Жазда ФЗО-ға барасың деп мені де Қарсақбайға шақыртты. Содан Жезді ауылдық Кеңесінің хатшы-
сы етіп жіберді. Жезді ауылдық Кеңесіне «Қызыл әскер», «Екпінді», «Талап» колхоздары қарайтын. Осы
күнгі «Талап» сол колхоздың өзі.
1944 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Златоуст» шахтасына ауысым бастығы болып орналастым.
Бұл шахта «Покро» шахта басқармасына қарайтын. Басқарманың құрамына №12, 14, 15, «Петрохолм»
және «Покро» шахталары енетін. Бастығы Г.М,Кочемасов, бас инженері М.К.Бөпежанов, еңбек бөлімінің
бастығы Қ. Балмағанбетов деген кісілер болатын.
«Златоуст» шахтасының бастығы Әлібай Қуанышов деген кісі екен. Оқығаны аз демесе, жұмысты өте
жақсы біледі, басқаруға өте ыңғайлы. Соның жұмысты шебер ұйымдастыруының арқасы да болар шах-
та ай сайын жоспарды асыра орындап отырды. Мыс басқармасы директорынан алғыс, ақшалай сыйлық
алып тұратын. Оны озаттарға бөлетін.
Шахтада істейтін жұмыскерлердің жұмысы ауыр болатын. Қазіргідей техника жоқ. Шахтаның астын-
да жарық жоқ. Шаң-тозаңнан көз аштырмайтын. Сондай жағдайда жүріп те олар отты жылдарда еңбек
көрігін қыздырып, жоспарды асыра орындап жүрді. Солардың жұмыстан шыққандағы түрін көрсең, адам
шошырлықтай болатын. Ешқайсысын танымайсың. Керек адамыңды дауысынан ғана танып алатынсың.
Сол түрімен, сол киімімен қыс демей, жаз демей үйлеріне жаяу баратын. Халық соның бәріне қалай ғана
шыдап, төзді екен деп қазір ойлап отырам. Бұрғылау құрғақ жүргізілді. Көбі селикоз болып ауырды, 40
- 50 жастан аспай о дүниелік болып кеткендері қаншама. Солардың ішінде есімде аттары қалғандары
атақты бұрғышылар Таутанов, Жездібаев, Қамбар, Әлімбай деген жігіттер. Үкімет олардың селикоз
екенін де жасырды ғой. Ауырғандарын «туберкулезсің» деп жұмыстан да шығарып жіберген кездер
болды. Топырақтарың торқа болсын деп, іштей тілек тілеп отырамын әрқашанда.
Әлгі шахта бастығы Әлібай Қуанышовтың адамгершілік қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін
емес еді. Еш уақытта жұмысқа кешігіп келгендерді «прогул жасадыңдар» деп соттатқан емес. Қазір
ойлаймын, сол кезде заңнан қорықпаған ба деп. Заң қатаң болатын. Тікенек сымның әр жағында
отырғандарда ешқандай да құқық болмады. Соғыс жағдайында жұмыс істеді. «Заңнан» деп отырғаным
соғыс уақытында соғыс тәртібі жәй, жергілікті халықтан алынған жұмыскерлерге де қатысты болды.
Жұмыскерлер әр күні жұмысқа 15-20 минут қалып келетін болса, соны тәбілшілер 1 сағатқа жеткенше
жинай береді. Бір сағатқа толғанда ол адамды сотқа береді.Сот айлығынан бірнеше ай бойы процент-
теп ұстауға үкім шығарады, бұл ең жеңіл жаза, немесе, заңның арнайы бабы бар, сол бойынша түрмеге
айдап жібереді.
№ 39 шахтаның бастығы Зейнолла Биболатов, №41 шахтаның бастығы Әбдуахит Сәтов, №14
шахтаның бастығы С.Қазанбаев та еш адамды жұмыстан қалдың деп соттатқан емес.
Комбинаттың кәсіподақ конференциясында Зейнолла Биболатовтың:«Жұмыскерлерді жұмысқа
кешігіп келгені үшін сотқа беру дұрыс емес, ол үшін әуелі оларға жағдай жасаған жөн. Бүгінде оларға
кәсіподақтан және әкімшіліктен ешбір жағдай жасалмайды. Мысалы, үйлерінде жарық жоқ, жанып-сөніп
мазаларын алады. Ешқайсысында сағат деген жоқ. Ал, сенгені «гудок» десең, уақыт білдіретін олар да бір-
де істеп, бірде істемейді. Осыларды жөнге келтіріп, сосын барып, «жұмысқа неге кешігесің?» деп сұрауға
болады»,-деген сөзі әлі есімде. -Осыны айтқаным үшін басым кетеді-ау,-деп қорықпаған, қиыншылық
заманда жұмыскерлердің қамын ойлаған нағыз нар, кеңпейіл, дархан азаматтар еді ғой олар.
-Шераға, сіз кешегі Ұлы Отан соғысының қан майданын да көрдіңіз. Әрине, біз оны қызық бір оқиға
ретінде сұрап отырған жоқпыз. Ондайдан бетін аулақ қылсын. Толарсақтан қан кешіп жүріп елін басқыншы
жаудан қорғаған ерлердің қаһармандығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болады, жас ұрпақты солардың Отан
сүйгіштігі рухында тәрбиелеу керек-деген ойдан туған сұрақ,-деп түсініңіз.
-Бұл сұрағың орынды. Отан от басынан басталады. Біз жастарды Отанын кешегі Бауыржандардай
сүюге тәрбиелеуіміз қажет. Егеменді елміз. Кеше ғана ел шекарасы белгіленді. Оны мықты ұстап тұруға
нағыз қайсар, қайратты, Отанын жанындай сүйетін азамат керек. Міне, біздің Отан соғысы кезіндегі ер-
лігіміз соған үлгі боларлық іс екенін кейінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.
87
Кен өндірісінің қаһармандары
Мені әскер қатарына 1944 жылдың қараша айының басында шақырды. Бұл кез Совет Армиясының
Шығыс Еуропа елдерін фашистік басқыншылардан азат ету шеруі жүріп жатқан кез болатын. Майданда
да, елде де халықтың еңсесі көтеріліп, жеңісті тағатсыз күткен шақ еді. Біз Новосибирск қаласындағы
кіші командирлер даярлайтын мектепке бір ай шамасында әрең жеттік. Қысқа мерзімдік курста үш
ай даярлағаннан кейін батысқа қайтадан жол тарттық. 1945 жылдың үшінші наурызында Беларус
майданының 262 дивизиясы құрамында автоматшылар ротасы командирінің орынбасары болып
алғашқы ұрысқа қатыстым. Соғыс дегенді кейінгі ұрпаққа құдай көрсетпесін. Жау ұясына тақаған сай-
ын қарсылықты күшейте түсті. Әрбір елді мекен, қала, тіпті, ойдым-ойдым орман-тоғай үшін де кес-
кілескен ұрыс болды. Бомбалаудың неше атасын көрдік. Миналар, снарядтар ысқырып төбеңнен ұшып
жатқанда жаның мұрныңның ұшына келеді. Кірерге тесік таппай қаласың. Қазақта «қырық жыл қырғын
болсада ажалды өледі» деген нақыл сөз бар. Ол шындық. Көз алдымызда бомбаланып, астаң-кестеңі
шыққан жерде жан адам қалмаған шығар деп ойласаң, бір кезде -Отан үшін, Сталин үшін, алға! -деп
ұран салып, айқайлап, алға тұра ұмтылып бара жатқан талай жауынгерлерді көрдік. Взвод командирі
Құрбанов деген түркімен жігіті болды. Біз шетімізден жас болдық, албырт едік. Біздің тірі қалғанымыз сол
командиріміздің арқасы деп сеніммен айтуға болады. Себебі, ол: «Соғыс аяқталуға жақындады көзсіз
батырлықтың керегі жоқ, сендерді аман алып қалу командир ретінде менің азаматтық борышым әрі мін-
детім»,-деп біздің ұрыста көзсіз батырлыққа бармауымызды өтінетін. Ұрымтал жерден ұруды үйретті.
Көптен күткен жеңісті Рейн өзенінен өткенде қарсы алдық. Мұнан кейін дивизиямызды Батыс Украи-
на ормандарына тығылған бандаларды жоюға жіберді. Сол жерден басқа бөлімшелердің құрамында
Алматыға келдік.
Елге 1948 жылдың желтоқсанында қайтып оралып, бейбіт еңбекке араластым. Соғыстан кейінгі
еңбек жолым комбинаттың «Покро» шахтасында жалғасты. Еңбек бөлімінің экономисі, кейін тау-кен
нормалушысы қызметтерін атқардым. Сол кезде Д.Ахметов, Б.Аманқұлов, В.Иванцов деген азаматтар-
мен еңбектес болдым. Бастығымыз Р.Тоқсынов деген кісі болды. Қазір ол еңбек демалысында, бала-
шағасының ортасында жүріп жатыр. Соғыстан кейін жер астында да, жер бетінде де 8 сағаттық жұмыс
күніне көштік. Бізде ЭТКС-деген жоқ. Нормалаушылар шахтаға түсіп, дайындалған өнімді қолма-қол
өлшеп, есептеп, келесі күні нарядты жауып жатушы еді. Ол уақытта шахталарда бас бостандығынан
айырылғандар істейтін. Алты күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін «Покро» шахтасында бір
мыңға жуық сотталғандар жұмыс істейтін. Сондай жағдайда қандай жұмыстар ауқымы атқарылып жата-
тынын айтып жатудың өзі артық.
1949-1950 жылдары Совнаркомның қаулысы бойынша шахтерлер арнайы тігілген киімдерге көшті,
киімдер бізге қатты ұнайтын. Қаулыға байланысты шахтер бір жерде үш жылға дейін істесе «Еңбекте
үздік шыққаны үшін», ал үш жылдан бес жылға дейін істесе «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, бес жыл-
дан он жылға дейін істесе «Құрмет белгісі» орденімен, ал он жылдан он бес жылға дейін істесе «Еңбек
Қызыл Ту» орденімен, он бес жылдан жиырма жылға дейін істесе «Ленин» орденімен марапатталатын.
Осы қаулыға сәйкес төрт адам, Қ.Махамбетов, ТДүрментаев, П.И.Панин, О.Жабағынов «Ленин» ордені-
мен марапатталды.
«Покро» шахтасында жиырма жылдан астам уақыт жер асты тау-кен шебері, учаске бастығының
орынбасары, қопарушы болып жұмыс істеп, 1973 жылы комбинаттың кадрлар бөлімі бастығының
орынбасары, кеніштік кадрлар бөлімінің бастығы болып қызмет еттім. Қай салада болмасын өндірісті
дамытуға өзіндік үлес қостым. Орайы келгенде айта кетейін комбинаттың кадрлар бөлімін ширек ғасырға
жуық Шайқысылам Аймышев деген кісі басқарды. Ол кезінде Қарсақбай аудандық партия комитетінде
нұсқаушы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Шәкең өте сезімтал, аса ұқыпты
және өте зерек басшы еді. Мен сол кісінің қарамағында он бес жылдай жұмыс істедім. Адам баласына
дауыс көтермейтін. Жас мамандарды тәрбилеуге өте зор мән беріп, олармен жиі кездесіп тұратын.
Басшы қызметке резерв дайындауға да қатты көңіл бөлетін. Әлі есімде, сексенінші жылдардың басын-
да сол кісінің ұсынысымен Руслан Борисович Юн комбинаттың директорлығы мен бас инженерлігіне
резервке қойылды. Көптің арасынан оған соншалықты көңілі неге құлағанын қазір біліп жатырмыз ғой.
Мен өз басым талай басшының тәрбиесін көрдім, алайда Шәкеңдей орнықты, бір сөзді, берген уәдені
құран сөзіндей қабылдайтын адамды кездестірмеппін.
Өз басым «Покро» шахта басқармасында жұмыс істеп жүргенде жиырма шақты бастықтармен
еңбектес болдым. Солардың ішінде В.Г.Игнатов, М.К.Бөпежанов, К.Салықов, Б.Сейсенбеков, К.Шакиров
сияқты азаматтардың іскерлігі, ұжым басқару әдістері ерекше еді. Оларға сол кездің өзінде жұмыскерлер
дән риза болатын еді. Қазір осындай басшы азаматтардың орны ойсырап тұрғандай сезіледі маған.
Шермұханбет ақсақал зайыбы Бибігүл екеуі алты бала өсіріп-тәрбилеген өнегелі отбасының иесі.
Ұлдары Мұхамбетәлі мен Ерланы әке жолын қуып кенші болды. Ал қыздары Мәрияш, Жұмакүл, Ақерке
жоғары білімді ұстаздар. Шерағаң олардан жеті немере көріп отырған бақытты ата. Тек қана көңілге қаяу
түсіретіні алпыс жылға жуық бірге өмір сүріп, өмірдің ыстық-суығын бірге көрген қосағы Бибігүлдің бала-
лары мен немерелерінің қызығын көре алмай, ортамыздан ерте озғаны. Шерағаң: «Өмірге өкпем жоқ,
88
Кен өндірісінің қаһармандары
қанша қиыншылықты бастан өткерсем де өткенге ризамын, кешегі қырғын соғыста бір уыс топырақтың
астында қалып, қаншама боздақ хабар-ошарсыз кетті, аяқ-қолдарынан айырылып, тек адам санатында
қалғандар да болды ғой. Құдайға тәуба, жараландық, бірақ аман-есен елге оралдық»,-деп шүкіршілік
етіп отырады.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Беларусь республикасының Президенті Александр Лукашен-
кодан келген мына бір құттықтау хатта былай деп жазылыпты:
-Біз майдангерлердің, партизандардың, жау тылында қалып астыртын шайқас жүргізгендердің және
тыл еңбеккерлерінің-қанқұйлы жауға қарсы бірлесе күреске шыққан көптеген ұлттардың ұл-қыздарының
ерлігі, табандылығы мен күшті рухының алдында басымызды иеміз.
Қырғын соғыспен келген бейбітшілік пен бақытқа, әрбір жаңа туған күнді қуана қарсы алуға мүмкіндік
жасағаныңыз үшін белорус халқы Сізге әрқашанда ризашылық сезімін білдіреді.
Сізге зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй, сәттілік, туысқандарыңыз бен жақындарыңыздың шынайы
қамқорлығына бөлене беруіңізге тілектестік білдіремін.
Міне, бұп ешкімнің де, ештеңенің де ұмытыпмайтынының тағы бір айқын дәлелі.
Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, ақпан.
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕКТЕ ЕСЕЙІП, МАЙДАНДА ШЫҢДАЛҒАН АРДАГЕР
Жезқазған кен орнын игеру кезінде оның бастауында тұрған
ардагерлердің бастан кешкен қиыншылықтарын, техника жоқта
екі қолдың күшімен елдің өнеркәсіп орындарын өте қажетті
шикізатпен қамтамасыз еткен ерліктерін кейінгі ұрпаққа қаз
қалпында жеткізіп, үлгі-өнеге ретінде ұсыну үшін кітап әзірлеу
жөніндегі ұсынысымыздың дұрыс екендігін жуырда майдангер
әрі еңбеккер Әбсамат Тәжбеновпен болған жылы жүзді кезде-
суден кейін тағы сезіндік.
Ардагер: «Қолға алған істеріңіздің сәтті болуына тілектес-
пін. Шын мәнінде ескі шахталарда, техника жоқта жұмыс істе-
ген олардікі «көз қорқақ, қол батырдың» кері еді ғой. Солардың
арасында Жүніс Тәжбенов деген менің ағам да шахтада жұмыс
істеді. Оның көрген қорлығын адам баласының басына бер-
месін. «Халық жауының баласы» болып ту Магаданға дейін
барып та қайтты ғой. Кейіннен жетпісінші жылдардың басында
селикоздан қайтыс болды. Маңдай терін төгіп жұмыс істегенде-
гі тапқаны селикоз болды. Ал үкімет тарапынан не қызық көрді.
Ештеңе де көрген жоқ. Айналайын-ай, сол ағамның да есімін
кіргізші кітабыңа, мен суретін тауып берейін, ең болмағанда
ұрпақтары суретін көріп отырсын, әруақ риза болсын»,-деп
көзіне жас алғанда, өте қатты толқып кеттім.
Бұрыннан етене араласпай жүз таныс болсақ та Әбекең
ақсақалмен әңгімеміз бірден жарасып кетті.
Оның кіндік қаны тамған жер қасиетті Ұлытау жеріндегі
Қаракеңгір өзені бойындағы Қарашоқы қыстағы екен. Өткен
ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында дүниеге
келген Әбекең әкеден жастай жетім қалып, өмірдің небір асау толқындарына кездессе де оған өзінің
қажыр-қайратын қарсы қоя білген жан. Бірақ, ел ішіндегі жандайшап, әпербақандар салған жүрек жара-
сы оңайлықпен жазыла қоймасын жас бала сол уақытта-ақ сезінген.
Ел ішінде отырып-ақ, әкесі Тәжбен «халық жауының» ұрпағы деген ат тағылып, жер аударылды. Шы-
нында да бұлар кешегі өткен дәуірде есімі бүкіл қазақ даласына кеңінен мағлұм Сандыбайдың ұрпағы
болатын. Әкесі ұсталып кеткенде кейінгі қалған балалары «халық жауының» баласы болып, көзтүрткі
болды. Әкесімен күні кеше ғана тең жүрген, бірі ағалап, бірі көкелеп жүрген ауылдастары да сап тиылды,
қатынасуды да қойды. Қорқады. Тәжбеннің балаларының, туыстарының маңдайынан сипайтын адам
да кездеспеді. Сипамақ түгілі ағасы Жүніс он жылға сотталып, қиыр Шығыстағы Магаданға айдалып
кете барды. «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген емес пе, Иранда елшілік корпуста қызмет істейтін
Әбдірәшит Сүйінбаев деген туысы Жүністі Магаданға іздеп барып, ағаш кесіп жүрген жерінен елге аман-
есен алып келді. Есін жиғасын Жүніс №15 шахтада атақты кеншілер Зейнолла Биболатовпен, Ахмет
Сафиндермен бірге жұмыс істеді. Ол уақыттарда Сүтен Қазанбаев механик, Ордабай Исаев шахтада
есепші болатын. «Халық жауы» болып Магаданда көрген қорлық, шахталардағы ауыр жұмыстан алған
селикоз оның өмірін қысқа қылды. «Соңында қалған ұрпағы бар, соған тәуба»,-дейді бауырлары.
Жетімдіктің небір тауқыметін бастан кеше жүріп Әбсамат Жезқазған поселкесіндегі геологиялық бар-
лау партиясында өзінің еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады.
-Қазіргі №73, №75 алып шахталар бой көтерген аумақтарда ол кезде барлау партиясының бұрғылау
станоктары тұратын. Мен солардың арасында бұрғылау станоктарына қажетті қосалқы бөлшектерді
тасумен айналыстым. Аты осы өңірге белгілі Сарымолда деген кісімен бірге істедім. Жасы елуден асып
кеткен кезі. Ол жаңағы бұрғылау станоктарына арбамен су тасиды. Қ.Сәтбаев пен В.И.Штифановтар
оны жақсы көретін. Силайтындығы сондай Қанекең машинасынан анау жақтан түсіп келіп, Сарымолдаға
сәлем беретін. Екеуі ылғи оңаша сөйлесетін.
Міне, осылайша еңбек етіп жүргенімізде ашық аспанды бұлт торлады. Жау тұтқиылдан елімізге ша-
буыл жасады. Бейбіт еңбек соғыс жағдайына бейімделді. Бұрынғы мамыра жай заман қалып, халықты
үрей басты. Шахта, зауыттарда істейтін ер адамдар соғысқа алынды. Бір күні әскери комиссариаттан
маған да шақыру қағазы келді .Ертеңіне жұмысқа келген Сарымолда ақсақал:
- Әй, Әбсамат мен түнде түс көрдім. Бұл соғыстан сен аман-есен елге ораласың. Абыройлы боласың, - деді.
- Дуалы ауызды кісінің айтқан сөзіне мен қуанып, марқайып қалдым-деді сол бір қысылтаяң кезеңді
еске алған Әбекең.
Жастай еңбекке араласқандықтан ол шымыр болып өсті. Алып тұлғалы азаматтың осы бір қасиеті
кешегі ел басына қаралы күн туған, ер азамат егігімен қан кешкен әлапат кезеңде оған мінсіз қызмет
етті. Соның арқасында жаумен бетпе-бет келген талай-талай қанды шайқастарда жеңіп шығып, жан
сақтап қалып отырды. Сол бір қиын-қыстау күндерді еске түсіру Әбекең үшін де оңай шаруа емес екені,
оның жанарынан, бетіне түскен мұң торынан айқын сезіліп тұрды. Әңгіме одан әрі жалғасты.
90
Кен өндірісінің қаһармандары
...Сталинград майданы... Менің соғыс жылдарындағы жорық жолдарым аса жоғары стратегиялық
маңызы бар осы майданнан басталды. Ұлы көсем атындағы Волга бойындағы қаланы жауға бермеу
мақсатында мұнда қаншама күш шоғырланды десеңізші. 1942 жылдың ақпан айында Сталинград
қоршаудан босап, жауды шегіндіріп, түре қуғанда есте қаларлықтай оқиға болды.
-Қазақстаннан артистер келіпті, штабқа шақырып жатыр,-деген хабар майдангерлер арасына жедел
тарап кетті. Әрбір полктан, ротадан жауынгерлер дивизия штабына жедел түрде жеткізілді. Олардың
арасында мен де бармын. Сол жерде қолбасшы К.К.Ракосовскийдің жанында тұрып қазақтың жезтаңдай
әншісі Роза Бағланованың әнін тыңдадым. Атақты қолбасшыны да, Розаны да тұңғыш көруіміз. Бұл жа-
уынгерлерді жігерлендіріп, қайраттандырды.
Кеңес Одағы тұсында коммунистік партияның Орталық Комитетінің Бас хатшысы болған Леонид
Ильич Брежнев Саяси бөлімін басқарған атақты 18 Армияның құрамында Кавказ жерінде соғыстым.
Атақты Брест қамалын жаудан азат етуге қатыстым.
Брест демекші, 1941 жылы жаудың Совет еліне жорығы басталғанда ең алғашқы соққыны өзіне
қабылдап, бірнеше ай бойы басқыншыларға берілмеген атақты Брест қамалына осыдан оншақты жыл
бұрын Трусковец курортында демалып жатқанда барып, әйелім Жадыраға көрсеттім. Баяғы тас-талқаны
шыққан қамалдың орнына тамаша әсем қала бой көтерген. Адам танығысыз өзгерген. Кейінгі ұрпақ
көрсін деп қамалдың біраз жері жөнделмей, баяғы қаз қалпында қалдырылған.
Жорық жолдарында гвардия-жауынгер Әбсамат Тәжбеновтың қолынан «Максим» пулеметі бірде-
бір рет түскен жоқ. Жаумен бетпе-бет кездесулерде құдайдың берген қуатының арқасында тайсалмай
қимылдап, талай шайқастарда жеңіске жетті. Майдандық «За Родину» газетінің бір санында жарияланған
мақалада Әбекеңнің бір ұрыста көрсеткен ерлігі жайлы былай деп жазылыпты:
...Алғашқы шабуылда-ақ Тәжбенов ерекше көзге түсті. Ол өзінің «максимімен» жаудың төрт шабуы-
лын тойтарды. Гранатамен жаудың қоймасын жойып жіберді. Бетпе-бет келген ұрыста екі фрицті өлтіріп,
біреуін тұтқынға алды.
Осы шайқастан кейін ол коммунистік партия қатарына қабылданды. Енді ол коммунист ретінде жаумен
шайқаста ең қауіпті жерде жүретін болды. Тағы бір шайқаста ержүрек жауынгер үш бірдей немісті тұтқынға
алған. Осы ерлігі мен батылдығы үшін Әбсамат Тәжбенов « Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
18 - ші Армияның 38-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің қатысуымен Керчь түбегіндегі Лозовой
станциясын басқыншы жаудан тазарту үшін кескілескен шайқас болды. Түбекті алынбас қамалға ай-
налдырып үлгерген немістер әрбір тұрғын үй, станция маңындағы басқада объектілер үшін жан аямай
айқасып бақты. Коммунист Ә.Тәжбенов осы айқаста да алдыңғы шепте болды. Таң біліне станция Кеңес
жауынгерлерінің қолына көшті. Талай жауынгердің омырауына ордендер мен медальдар тағылды. Осы
жерде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Әбсаматқа жауынгерлік екінші «Қызыл Жұлдыз» ордені табыс
етілді. Ал дивизияға гвардиялық Лозовой атағы берілді.
Майдангердің елді жаудан азат ету жорығы одан әрі Польша, Венгрия жерінде жалғасты. Қанды
қырғында ол бірнеше рет жеңіл жарақат алды, алайда емдеу мекемелерінен шыққаннан кейін өзінің
жауынгер достарының арасына қайтып оралып отырды. Көптен күткен жеңіс күнін Әбекең Берлинде
қарсы алды.
-Төрт жыл бойы күндіз-түні тарсыл-гүрсілге үйренген адамға соғыс аяқталғанда бейбіт өмірге үйрену
де қиын болады екен. Түнде талай рет шошып оянып, ұшып тұрған кездерім әлі есімде. Қызыл Армияның
жауынгерлері қалада тәртіп орнатуға қалдырылды. Мені де Берлиннің бір шағын ауданына комендант
етіп қойды. Елге бір жылдан кейін оралдым. Теміржол әлі қалпына келтірілмегендіктен Берлиннен
майдандас досым Камали Дүйсенбеков (Шет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы)екеуіміз
Варшаваға дейін жаяу келдік. Оған біз ешқандай да шаршап-шалдыққан жоқпыз. Қырғын соғыстан аман
қалғасын ол не тәйірі. Алда туған ел бар, бейбіт өмір тұр. Біздің мақсатымыз тек соған жету болды,-деп
еске алады, сол бір шуақты күндерді Әбекең.
Омырауында қос қызыл Жұлдыз жарқырап, сәуле шашып тұрған, алып тұлғалы жауынгерді «Кресто-
Запад» шахтасына қуана-қуана қарсы алды. Учаске бастықтары Юрий Николаевич Исаков, Сулейман
Аппасович Гасанов, маркшейдер Ібін Құсайынов, ағайынды кеншілер Шәмші, Арыстан Жарасбаевтар
кенші мамандығының қыр-сырын үйретіп, майдангердің бейбіт еңбекке етене араласуына жәрдемдесті.
Жауынгер каскасын кенші каскасына айырбастаған Әбекең зейнеткерлікке шыққанша кенші атағына кір
келтірмей №44, №45, №65 шахталарда жемісті еңбек етті. Еңбек майданында да абырой - беделге ие
болып, сый - құрметке бөленді.
Әбекең КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.И.Рыжковтың Жезқазған кеніштеріне келген бір
сапарында УАЗ автомашинасын мінгісі келетінін айтып өтініш етіп еді, көп ұзамай майдангердің тілегі
орындалды. Зауыттан Әбекеңнің атына УАЗ-469 автомашинасы жіберілді.
Жасы сексеннен асқан Әбсамат Тәжбенов құдай қосқан қосағы Жадыра екеуі өнегелі ұрпақ өсіріп,
бүгінде немере шөберелердің қызығын көріп отырған бақытты жандар.
-Кешегі қырғын соғыстың бел ортасында жүргенде елге аман оралып, балалы-шағалы боламын,
қызық-думанды өмірді бастан өткеремін-ау деген ой менде болмайтын. Бар мақсат-тілегіміз жауды жеңу
болды. Марқұм, топырағың торқа болғыр Сарымолданың айтқаны келді. Сонау қиын-қыстау күндері
көрген қиыншылықтарым ұмыт болды. Бұл күніме тәуба ,-дейді қарт жауынгер, абыройлы зейнеткер
кенші Әбекең.
Сәтбаев қаласы, 2005 жыл, маусым.
91
Кен өндірісінің қаһармандары
ӨМІР ЖОЛЫН ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІМЕН КӨМКЕРДІ
Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы
көшеде тұратын Зейнелғабденнің үйіне келгенімізде бізді ар-
дагер ағамыз Таңатар Мықтыбаевтың келіні Света жылы шы-
раймен қарсы алды. Төрден орын ұсынып жатыр. Ағамыздың
тәрбиесін көргені Светаның іс-қимылынан, сөз сөйлеуінен,
биязы мінезінен айқын сезіліп тұр. Келген шаруамызды
сұрастырып жатыр.
-Зекең (Светаның жұбайы, Таңатар ағамыздың бала-
сы) қазір жұмыста. Демалыс күні болсада ол кісінің қолы тие
бермейді. Шама-шарқым келгенше атам туралы мен айтып
көрейін, мүмкін кәдеңізге жарап қалар. Атам тамаша адам еді.
Енем ерте қайтыс болды, мені атам тәрбиеледі десе де бола-
ды. Өмірі ренжіп, қабағын шыту дегенді білмейтін. Ол кісінің
арамыздан кеткеніне де он екі жылдың жүзі болды. Кейде «ба-
лам-ай» деген мейірім төгіп тұратын үні еске түскенде жүрегім
елжіреп кетеді. Жарқын бейнесін сағынамыз. Кете-кеткенше
ауырып, төсек тартып ұзақ жатып көрген емес. Еңбек пен май-
дан даласында шыныққан жан ғой, шымыр еді.
Ия, біз талай-талай жиындарда, ардагерлермен бас
қосуда жүздесіп, әңгімелесетін Тәкеңіміз шынында да
жұқалтаң болғанымен шымыр жан еді. Талап колхозында жеті
кластық білім алған Тәкеңді еңбек ерте есейтті. Еңбек жолын
Жезқазған руднигіндегі электр станциясының механикалық
цехында жөндеуші-слесарь болып бастаған ол өмір бойы осы
мамандықтың өмірінің арқауы боларын сезген де жоқ болатын.
Ұстаздарынан өнегелі тәрбие алған жас жігіт еңбек жолының
алғашқы сәттерінің өзінде-ақ техникаға деген ынта-жігерімен көзге түсіп, цех басшылығы тарапынан та-
лай рет мақтау сөз естіген, алғыс алған. Мұның бәрін ардагердің еңбек кітапшасынан айқын көруге бола-
ды. Еңбексүйгіштігі, техникаға деген құмарлығы Тәкеңнің қызмет бабында өсуіне кең жол ашты. Жас жігіт
поселкедегі компрессор цехына ауысым шебері болып ауысады, партия қатарына өтеді, көп ұзамай осы
цехтың бастығы болып тағайындалады. Коммунист Таңатар Мықтыбаевты Қарсақбай аудандық партия
комитеті Байқоңыр көмір кенішіне партия комитетінің хатшысы етіп жібереді. Мұнда ол партияның сол
кездегі саясатын көміршілер арасында кеңінен жүргізуге, халық шаруашылығына қажетті отынды көптеп
өндіруге жұмылдыруға, бұқаралық-көпшілік жұмыстарды жандандыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Бейбіт еңбек кенеттен басталған соғыс жағдайына көшірілді. Коммунист ретінде Тәкеңнің жұмысы
бұрынғыдан да ауырлай түсті. Көмір өндіру еселеп арттырылды. Ер адамдар майданға алынуда. Жұмыс
қолы жетіспейді. Міне, осындай жағдайда ол өзі де бірнеше рет майданға жіберулерін өтініп, аудандық
әскери комиссариатқа, аудандық партия комитетіне арызданды.
Оның бұл өтініші тек 1941 жылдың аяғына қарай ғана қанағаттандырылды. Сол кездегі ең ауыр
Сталинград майданынан бірақ шықты. Бейбіт күндерде техника құлағында ойнаған Тәкең Оңтүстік
майданның Саратов қаласындағы танкистер даярлайтын училищесіне жіберіліп, онда үш ай оқығаннан
кейін механик-жүргізуші болып шығады. Алғашында КВ, ИВ соңынан Т-34 танктерін басқарып, талай рет
жау шебін талқандауға қатысады. Сталинградты жаудан азат етудегі ерлігі майдандық газет беттерін-
де де жарияланды. Техниканың аты техника, кейде танкінің ана жері не мына жері істен шығып қалса,
ісмер адам өзі жөндей қояды. Сондай кезде өзін техника тетіктерімен таныстырған, оны жөндеудің
сырын үйреткен алғашқы ұстаздарына деген алғысын іштей қайталап жүретін. Бірінші Армияның 4-ші
гвардиялық 152-ші танк полкының құрамында атақты Курск доғасында болған кескілескен шайқасқа
қатысты. Туысқан Украина, Белорусия жерлерін жаудан азат етуде өзінің темір тұлпарымен жанқиярлық
ерліктер көрсетті. Бреславль қаласы үшін шайқаста оң қолынан жеңіл жарақат та алды. Бірақ, әскери
госпитальда ем-домын алып өзінің бөлімшесіне қайта оралды. Соғыс аяқталар шақта ауыр жараланба-
са болды жауынгерлер әскери госпитальға түспеуге тырысатын, өйткені олардың бар арман-мақсаты
қанқұйлы жауды өз жерінде тұншықтыру, Ұлы Жеңіс күнін көзбен көру болатын.
Жаумен шайқастағы ерлігі мен қаһармандығы үшін ол жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» және екінші
дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, Сталинградты қорғағаны үшін, Германияны жеңгені үшін және
тағы басқада медальдармен марапатталды. Майдангердің жорық жолы 1945 жылдың 9 мамырында
Австрияның Санфенталь қаласында аяқталды.
92
Кен өндірісінің қаһармандары
Елге гвардия аға лейтенанты шенінде аман-есен оралған танкист Т.Мықтыбаев Жезқазған кен-ме-
таллургия комбинатында еңбек жолын одан әрі жалғастырды. Не дегенмен бейбіт еңбекке, халқың
үшін қызмет етуге не жетсін?! Кешегі жауынгер бейбіт еңбекте де белсенділік танытты. 1953 жылы
Жезқазған жылу-электр орталығы салына бастағанда, осы кәсіпорын бастығының орынбасары ретінде
оның құрылысының жедел жүргізілуіне, аса маңызды объектінің қысқа мерзімде пайдалануға берілуіне
үлес қосты.
Іскер басшы, білікті маманның мұнан былайғы өмір жолы Жезқазған поселкесіндегі компрессор це-
хымен тікелей байланысты болды. Ұзақ жыл осы кәсіпорынның бастығы, кейін механигі, бас механигі
болып қызмет істеді. Сол уақыттарда бірге істеген электр станциясының бастығы А.Вдовин, механик
С.Әлменов, балғашы Дүйсеков, Василий Шипилов, электрослесарь Асанхан Егізтаев, Бірназар Ерна-
заров, машинист Оспан Сансызбаев, Бимағұл Анарқұлов, Қоблан Құсайынов, машинист Сыздықов,
слесарь Маинов, машинистің көмекшісі Рымарь секілді әріптестерінің есімін қойын дәптеріне жазып
қалдыруы оның ұқыптылығының айқын дәлелі.
-Мен сол уақыттарда Жезқазған кен басқармасында кадр бөлімін басқаратынмын, сонда Таңатар ту-
ралы жылы лебіздерді жиі еститінбіз. Майдангер әрі еңбек ардагері қандай қызметте істемесін, уақытпен
санаспай жұмысқа беріліп істейтін, өндірістік проблемаларды әрқашанда бірінші қатарға қоятын және
оны жедел шешуге ұжымды жұмылдыра білетін. Сондықтанда ол басқаратын учаске әрқашанда еңбек
биігінен көрініп.социалистік жарыста алдыңғы қатардан көрінетін.-дейді Т.Мықтыбаев туралы көзкөрген
жерлесі, соғыс және еңбек ардагері Шермұханбет Байбосынов.
Тәкең басқарған компрессор цехының атқарған рөлі өте зор болды. Цех Жезқазған руднигі
алаңында қанша шахта болса соның бәрінің жер астындағы забойларын, штректерін қажетті отте-
гі ауасымен қамтамасыз етеді. Қуатты желдеткіштердің, ауа жүретін желілердің ақаусыз, ырғақты
жұмысы цех ұжымының тындырымды жұмысына тікелей байланысты. Техника тілін жетік білетін Тәкең
кәсіпорындағы жабдықтарды жетілдіруге, өндіріске жаңалық ұсыныстар енгізуге құмар болды. Оның бар
мақсаты жұмыс процесін жеңілдетіп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу. Қажымай-талмай ізденудің
нәтижесінде ол өндіріске көптеген өнертапқыштық жаңалықтар енгізді. КСРО рационализаторлары мен
өнертапқыштары ғылыми-техникалық қоғамының түсті металлургия саласы бойынша мүшесі болуы
міне, осының айқын айғағы.
Светамен әңгімеміз ұзаққа созылды. Бірақ таусылар түрі жоқ.
-Атам 1985 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тыным тауып үйде отырған жоқ. Соңғы сапарға
кеткенше өзінің ұжымы- компрессор цехымен байланысты үзген жоқ. Цехты бүгінде басқарып отырған
Нағызхан Сатов іскер басшы, атамның өзі тәрбиелеп шығарған шәкірті. Цехқа барып келгенде атам оның
ісіне, жұмысына риза болып отыратын. Ұжымның еңбек табысына әжептәуір марқайып қалатын. Ол кісі
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан адам. Қалалық, поселкелік Советтердің депутаты болды. Мектеп
оқушылары оны кездесулерге жиі шақыратын. Не дегенмен менің атамның өмірі, еңбек жолы мақтануға
тұрарлық өмір, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық өмір екенінде сөз жоқ,-дейді Света Жаншақызы.
Ия, қазақта «ат тұяғын тай басар» деген жақсы мақал бар. Тәкең өмірден озса да оның отын
өшірмей, өнегелі өмірінен үлгі алып, берекелі жанұяның басшысы болып отырған, еңбекте есейген ұлы
Зейнелғабден бар.
Еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішінде қатардағы забойшыдан бастаған ол бүгінде тау-кен ше-
бері болып жұмыс істейді. Оның мұнда істегеніне де отыз жылдың жүзі болыпты. Кенші әкенің жемісті
еңбек жолын кешегі майдангер Таңатар Мықтыбаевтың немерелері, кен мамандары Асқар мен Рүстем
Зейнелғабденұлдары одан әрі сәтті жалғастырып келеді.
Сәтбаев қаласы, маусым, 2005 жыл.
93
Кен өндірісінің қаһармандары
ЕҢБЕК ЖОЛЫ АЩЫСАЙДАН БАСТАУ АЛҒАН КЕНШІ
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғында
сырқаттанып облыстық партия комитетінің партия-шаруашыл ық
қызметкерлері емделетін (партхозактив) ауруханаға түстім.
Сол жерде Жезқазған кен-металлургия комбинатында бас
бухгалтер болып қызмет істейтін, елімізге танымал ағамыз
Ордабай Достайұлы Исаевпен бірге бір палатада жаттым.
Бұрыннан таныспыз. Ағамыз әңгімеге шебер. Мен дайындаған
қою шайды баппен ішіп отырып, небір әңгіменің майын тамыза
әңгімелегенде уақыттың да қалай өткенін білмей қалатынбыз.
Бірде ағамыз:
-Шәке, сен елді- жерді көп аралайтындардың бірісің ғой,
оңтүстікте, Түркістан жақта болып көрдің бе?
-Шымкентте болдым, ал Түркістан жаққа барудың сәті әзір
түсе қойған жоқ ,-дедім.
-Олай болса тыңда. Сол Ахмет Яссауи бабамыз жатқан
Түркістан өңірінде «Найманның арығы» деген арық бар.
Ол өзі сонау патшалық Россияның тұсында, генерал
Черняевтің тұсында салынған. Ал оның «Найманның
арығы» деп аталуының себебі мынау,- деп ұзын сонар
әңгімеге кірісіп кетті.
-Сол дәуірде мына Сарысу бойын қарабала, шағыр
жайлаған. Қатар жатқан ел. Қарабаланың Арыстанбай деген
ажарлы, көрікті, сері жігіті ауыл-ауылды аралап ойын-сауық құрып жүргенде сол жердегі өзі қатарлас
бір сұлу қызбен танысып, соған ғашық болып қалады. Екеуі де ру сұраспайды. Оңаша кездесіп жүріп
жақындасып, қыз жүкті болып қалады. Сөйтсе, бұның екеуі де бір рудан болып шығады. Жастардың бұл
істерін сезген үлкендер:
- Бұл не деген сұмдық, сүйекке таңба салды, екеуін де құрту керек,-деген шешімге келеді. Мұны есті-
ген достары Арыстанбайға жағдайды түсіндіріп:
- Ауыл ақсақалдарының беті жаман, олар екеуіңнің де көзіңді жояды, сендер бүгін түннен қалмай
бұл жақтан кетіңдер,-деп кеңес береді. Амалы таусылған екі жас екі атқа отырып, бір түннің ішінде ізім-
қайым жоқ болады. Аман-есен Түркістан өңіріне жеткен Арыстанбай сол жаққа тұрақтап қалады. Өзі сері,
өзі еңбекқор жігіт ел арасына тез сіңісіп кетеді. Қолынан іс келетін Арыстанбай елді жинап арық қазып,
сол маңды суландырады.Су келген жер белгілі емес пе, егін салынады, бау-бақша егіледі, ажары кіріп,
кекмайсаға айналады. Уақыт ете келе арық бойына ел қоныстана бастайды. Елі үшін осылай қызмет ет-
кен Арыстанбайға сол еңірдің генерал-губернаторы Черняев шен-шекпен сыйлапты. Сол арықтың аты
кейіннен «Найман арығы», «Арыстанбай арығы» деген атпен халық арасына тарап кеткен екен.
Ағамыздың осы әңгімесі Сәтбаев қаласында тұратын Жамбыл Жәкеевпен кездесіп, оның
Арыстанбайдың шебересі екенін естігенде есіме түсіп еді.
Аты аңызға айналған Арыстекеңнің ұрпақтары бүгінде Сәтбаев қаласында тұрып жатыр. Өсіп-өнген,
бір рулы елге айналған.
Арыстанбай ұрпағының елге қайтуы да бір тарих. Оңтүстікте тұрақтап қалған Арыстанбайдың артын-
да Жәкей деген бала қалады. Жәкейден туған алты ұл кешегі аумалы-төкпелі кезеңде байдың баласы
ретінде қудалауға ұшырайды. Ащысай полиметал комбинатында дәрі аттырушы болып жұмыс істеп
жүрген Сламбектің өзін жаңа үкімет алты ай түрмеде ұстаған. Бар тағатын кінәсі-сен байдың баласысың,
халық жауысың. Кіммен сыбайлассың? Күндіз-түні дем алдырмастан қайта-қайта сұрайтындары осы.
Сөйтіп күні итқорлықпен өтіп жатқанда орыс досының арқасында Сламбек түрмеден қашып шығып, елге
оралады. Жезқазған шахтасына жұмысқа тұрады. Бұрыннан тәжірибесі бар кенші келген бетте еңбекке
белсене араласып, еңбек көрігін қыздыра түседі.
Көп ұзамай дүниені дүр сілкіндірген алапат соғыс та басталып кетті. Соғыстың қызып тұрған кезін-
де жезқазғандық кеншілер алдына халық шаруашылығына ауадай қажет мысты өндіруді еселеп арт-
тыру міндеті қойылды, сондықтан тәжірибелі кеншілер броньмен шахтада қалдырылды. Солардың
қатарында №15 шахтада дәрі аттырушы болып еңбек етіп жүрген Сламбек те бар еді. Оның үстіне
шахта басшылығы тәжірибелі жұмысшыдан айырылғысы да келмеді.
Қарт кеншінің баласы Жамбып әңгімесін былай деп жапғастырды:
-Әкем: «Соғыс жылдарында жұмыс ауыр, тәртіп қатал болды. Жұмыс кестесі соғыс жағдайына
көшірілді. Уақытпен санаспай үш сменге дейін істеген кездеріміз болды. Кейде жұмыстан шаршап өлейін
94
Кен өндірісінің қаһармандары
деп келе жатқаныңда артыңнан қуып келіп, «шахтаға жұмысқа шақырып жатыр» деп алып кететін де кез-
дер кездесті»,-деп отыратын.
Шығыс Жезқазған кенішінде еңбек және жалақы бөлімінің бастығы болған Жаңабай Сүтемгенов де-
ген ағамыз:
-Сәкең, ұзын бойлы, денелі болатын. Қарулы еді. Жұмысты беріліп қатты істейтін,-деп оның
еңбекқорлығын суреттей келіп, -сен әкеңе тартқансың - дейтін. Әкемді өзім де көрдім, шынында жаңағы
ағам суреттегендей зор денелі кісі еді. Одан қалған балалары ағайынды Адырбек, Өмірбек, Рүстембек
Жезқазған комбинатының шахталарында жұмыс істеді. Адырбек №55 шахтада электровоз машинасын-
да машинист, Өмірбек жүк көтеру стволында, ал Рүстембек Аненский кенішінде электрослесарь болып
жұмыс істеді. Қазір үшеуі де зейнеткерлікке шыққан. Ал мен болсам қаладағы жас техниктер станция-
сында еңбек еттім, қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін.
Сонау өткен ғасырларда өзінің іскерлігімен, еңбекқорлығымен еліне аянбай қызмет етіп, аты аңызға
айналған Арыстанбайдың ұрпағы Сламбектің соғыс кезіндегі ерен еңбегі арқасында ел аузында есімі
қалды. Оның жемісті еңбегі елеусіз қалған жоқ, орден-медальдармен марапатталды. Менің қолымда
Сламбек Жәкеевтің түсті металлургия жұмысшылары кәсіпшілер Одағының кәсіподақ билеті. Ол 24
жасында Ащысай полиметалл комбинатында дәрі аттырушы болып жұмыс істеп жүргенде кәсіподақ
мүшелігіне өтіпті. Құжат Слекеңнің жас кезінен өндіріске араласқанын айқындай түседі.
Жезқазған - Сәтбаев, ақпан 2005 жып
95
Кен өндірісінің қаһармандары
ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА
«Қарадан шығып хан болған» демекші,
Жезқазған өңірінде кен өндірісін дамытуға
лайықты үлесін қосқан елімізге кеңінен та-
нымал азамат Оразбек Дүйсенбаев жоғарғы
оқу орнын бітірмесе де, өзінің етінің тірілігі
арқасында ат айдаушыдан «Покро-Централь-
ная» шахтасының бастығына дейін көтерілген
жан.
Жезқазған ауылдық Советінің Талап кол-
хозында дүниеге келген Орекең жастайынан
малдың соңында жүріп ер жетті. Ауылдастары-
мен бірге жаңа үкімет орнатқан қазаққа беймәлім
құрылыстың қалыптасу кезеңінің ауыртпалығын
бастан өткерді.
Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске
қосылғаннан кейін Жезқазған шахталарында
кен өндіру көлемі артты. Осыған байланысты өндіріске жұмысшы қолы қажет болды. «Жұмысқа алып
жатыр екен» деген сөз ауыл-ауылға тарап кетті. Жан-жақтан ауыл тұрғындары өндіріске келе бастады.
Солардың қатарында Орекең де Жезқазғанға жол тартты.
Бұл 1928 жыл болатын. Алғашында ол кен басқармасында ат арбамен су, көмір тасушы болып жұмыс
істеді. Кейіннен тау-кен жабдықтарын жендеу цехына жөндеуші слесарь болып ауысты. Осы мамандықта
жеті жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген кезеңде оның еңбекке деген көзқарасы қалыптасты. Буы-
ны бекіп, өмір тәжірибесі молайды. Жас жігіттің техникаға деген ынта-жігерін байқаған басшылар оны
№15 шахтаға механик етіп ауыстырады. Ол уақыттарда жерасты шахталарында техника да жоқтың
қасы-тұғын. Алайда, қолда бар сол азын-аулақ техниканың өзін жөндеп, тиімді пайдалану қажет болды
Ұлы Отан соғысы басталды. Қолына кару алуға жарайтын азаматтардың барлығы да майданға аттан-
ды. Мыс кені де стратегиялық маңызды шикізат болып табылатындықтан Жезқазған кен өндірісіне өте
зор мән беріліп, онда жұмыс істейтін шахтерлердің дені броньмен өз жұмыс орындарында қалдырылды.
Бұл кезде №15 шахтаның бастығы болып жұмыс істеп жүрген Орекең:
-Бүгінгідей Отан басына қауіп төнген қиын-қыстау күндері менің орным майданда, соғысқа
жіберулеріңді сұраймын.-дегеніне, кен басқармасының басшылары мен әскери комиссариаттағылар:
-Сіз осында керексіз, кен өндірісі екінші майдан, алда-жалда қажет болып бара жатсаңыз өзіміз де
жібереміз,-деп оны үзілді-кесілді тиып тастады.
Қолымда «Қызыл кенші» газетінің ел басына қатер төнген отты жылдарда шыққан, сарғая бастаған
саны. Газеттің бірінші бетінде үлкен әріптермен терілген «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін»
деген айдармен берілген материалдар топтамасында Жезқазған кеніші еңбеккерлерінің еңбек тынысы
жайлы қысқа-қысқа хабарлар жарияланыпты. Оның бірінде Қарсақбай металлургтерінің еңбек жеңісі
баяндалса, екіншісінде покролықтардың, одан кейінгісінде №15 шахтаның кен өндіруде қол жеткен
жетістіктері жайлы тілші қуана хабарлаған: «Коммунист Оразбек Дүйсенбаев іскер басшы,-депті мұнан
әрі тілші мақаласында.- Ол басқаратын №15 шахта кеншілері кен қабатына бұрғыны тереңдете салу
әдісін жетік меңгерудің нәтижесінде соңғы кездерде кенді мол қопаруға қол жеткізіп келеді. Уақытпен
санаспай еңбек ету бұл шахтаның кеншілері үшін дағдыға айналған. Еңбек вахтасында С.Жәкеев, Ж.
Тәжбенов және тағы басқа да кеншілер сменалық жоспарларын 110-115 процентке орындап, жоғары
еңбек көрсеткіштеріне жетіп келеді...»
Орекең өзінің білімін жетілдіруге зор мән берген. Сондықтан болса керек ол Жезқазған мыс комби-
наты жанынан ашылған тау-кен кәсіпорындарына ауадай қажет мамандар даярлайтын курста оқиды.
Оның осы оқу орнында қандай білім алғанын дәлелдейтін құжат та бар. Сөзіміз дәлелді болуы үшін
құжатты орыс тіліндегі мәтінін өзгертпестен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
96
Кен өндірісінің қаһармандары
СВИДЕТЕЛЬСТВО
Выдано гр. Дюсембаеву О. в том, что он окончил краткосрочные курсы практиков Начальником шахт
и смен на право ведения горных работ при Джезказганском Медькомбинате по 120 часовому учебному
плану теоретического обучения и сдал экзамены по дисциплинам, предусмотренным учебным планом,
со следующими оценками:
1 .Горное дело-(50 час) - 5 (отлично).
2.Техника безопасности (30 час) - 5 (отлично).
З.Экономика производства(30 час) -5 (отлично).
4.Горно-спасательное дело(10 час) - 5 (отлично).
б.Механизация горных работ(10 часов) -5 (отлично).
На основании решения квалификационной комиссии от 29 декабря 1945 года гр. Дюсембаеву Ораз-
беку представлено право ведения горных работ.
Директор ДМК Харламов
Зав.Тех. учеб. курсом Малай
Мұнан кейін Оразбек Дүйсенбаев «.Покро-Центральная» шахтасының бастығы болып тағайындалады.
Іскер де қабілетті басшы мұнда да жұмысты жақсы ұйымдастырып, ұжым кеншілері жоғары еңбек
көрсеткіштеріне жетеді. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында тылда кен өндіру жұмыстарын жолға
қойып, жоғары еңбек көрсеткіштеріне жеткен Орекең «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградтала-
ды.
Оған шахта партия ұйымы хатшысының 1948 жылы берген мінездемесінде былай делінген:
...О.Дүйсенбаев жолдас 20 жылдан бері кен басқармасында жұмыс істейді. Өз ісіне жан-тәнімен
берілген өндірісші-большевик қызметте үнемі өсумен келеді. Арбашы болып еңбек жолын бастаған ол
кейін слесарь, шахта механигі болды, 1944 жылдан «Покро- Центр.» шахтасының бастығы. Жұмысын
жақсы атқарады, тиянақты. Жігерлі және тәжірибелі басшы ретінде шахтаның өндірістік қуатын артты-
руда жоғары көрсеткіштерге жетті. «Покро- Центр.» шахтасы 1947 жылдың және 1948 жылдың бірінші
жартысының өндірістік жоспарын асыра орындады. Қарамағындағы қызметкерлер мен жұмысшылар
арасында беделі жоғары...
Өндірістің шебер ұйымдастырушысы соғыс аяқталып, ел бейбіт еңбекке көшкен жылдарда «Еңбек
Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Елуінші жылдары оқу бітіріп келіп, онымен қатар тұрып жұмыс
істеген Халел Көшеков, Нұртілеу Жоныстегі, Әбушахман Нысанбаев және тағы басқа да жас буын ин-
женерлер Орекеңнің жоғары адамгершілік қасиетін, өздеріне алғашқы уақыттарда білікті ұстаз бола біл-
генін ризашылық сезіммен еске алады
Ол елуінші жылдардың орта кезінде жер астына түскен алғашқы жаңа кен өндіру техникаларын
сынақтан өткізуге қатысты. Жезқазған өңірінде бой көтерген алып №57 шахтаны да, онда істеген қуатты
техникаларды да көрді. Шығыс Жезқазған кеніші директорының орынбасары қызметін атқарды. Зей-
неткерлікке шыққаннан соң №42, №51 шахталардың бастығының орынбасары қызметін атқарды. Қай
қызметте болмасын Орекең өзінің өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуден жалыққан емес. Оның
жарқын бейнесі шәкірттерінің есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Жезқазған, наурыз, 2006 жыл.
97
Кен өндірісінің қаһармандары
ӘКЕЛІ - БАЛАЛЫ ӘШЕНОВТЕР ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ӘРҚ ИЛЫ Т А Ғ Д Ы Р
Менің алдымда екі адамның өз қолдарымен жазылған
өмірбаяндық мағлұмат жатыр. Ертеректе жазылғандықтан бірі
уақыт өте келе сарғыш тарта бастаған, екіншісі әппақ ақ қағазға
әдемі де әсем әріптермен көмкеріле түсірілген. Оқып отырмын.
Бір үйдегі екі адамның өмірі мен еңбек жолы әртүрлі жағдайда
өткен. Әңгімеміздің тақырыбына арқау болғалы отырған әкелі-
балалы Әбдірахман, Мақсұм Әшеновтерді мен жас кезімнен
білемін. Олар Жезқазған поселкесіндегі Жамбыл көшесінің
бойындағы екі қабатты №14 үйде менің ағам Жұматаймен
көрші тұрды.
Әбдірахман ұзын бойлы, жұқалтаң, бидай еңді кісі болатын.
Мен көрген кезде ол шахтада істейтін. Түс ауа, кейде кешкісін,
қараңғы түсе үстінде күпәйке жұмысқа кетіп бара жататын. Үй
маңында ойнап жүрген бала, біздерді еріксіз сөйлетіп, күлдіріп,
маңдайымыздан сипап тұрып: «Ой, біздің аулада қандай та-
маша жігіттер өсіп келеді, айналайындар, болашақ сендердікі,
жақсы оқыңдар»,-дейтін. Марқайып қалатынбыз. Онысына ол
кезде онша мән де бермейтінбіз. Сейтсек, өмірде талай-талай
тепершікті басынан өткерген оп болашаққа сеніммен қарайды
екен ғой. Өзі көрген қиыншылықтарды кейінгі ұрпақ көрмесін
деген зор тілек екен.
Әбекеңнің өмір жолы өте қиын жағдайда етті. Жастайынан
анасы қайтыс болып жетім қалды. Күнкөріс үшін әкесі Әшен
Байқоңыр өңіріндегі байдың қойын бақты. Әбдірахман болса
күндіз-түні әкесінің жанында жүріп, қолқабыс тигізді. Кейін қойшының құрығын қолына алып, езі бір отар
иесі атанды. Жыл бойы қысы-жазы аптап ыстықта, қақаған аяздарда қой соңында жүрді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін сауатсыздықпен күрес басталды. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге
дейін хат тануы керек болды. Міне, осы науқан тұсында Байқоңырдағы орталау мектептің табалдырығын
аттағанда ол он жеті жаста болатын. Екі жыл партада отырып, хат тануға шамасы келгеннен кейін көмір
шахтасына жұмысқа тұрды. Алғашында ананы алып кел, мынаны алып бар сияқты жұмыстарда жүрді.
Жұмыстың бәрі қолмен атқарылады. Көмір қайламен қазылады. Бертін келе жас жігіт шахта астында
өндірілген көмірді сыртқа таситын болды, яғни «саншік» мамандығын алды. Бұл сонда істейтін байырғы
жұмысшылар қойған ат. Көмір тиелген шанаға атша жегіліп жетіқат жер астынан қырға көмір тасиды.
Шахта астындағы штректердің кейбір жерлеріне кісі бойламайды. Ондай жерлерден шананы еңбектеп
сүйретесің. Жұмыс өте ауыр. Екі иық арқан қажап жауыр болды. Оның қиналғанын көрген тәжірибелі
«саншік» Қозыбақ Әбішев бұл жұмыстың құпиясымен бөлісті, әдісін алғасын жұмыста жеңілдеді. 3-
4 жыл істегеннен кейін «көзі ашық» оны шахта басшылығы «замерщик» етіп ауыстырды. Ол өзінің
ұқыптылығымен, тындырымдылығымен көзге түсті. Соның нәтижесінде Алматыдағы республикалық са-
уда өнеркәсібі Халық Комиссарлар Советі жанындағы жұмысшыларды жабдықтау жөніндегі өлкелік оқу
комбинатына оқуға жіберілді. Оқуды аяқтағаннан кейін Қарсақбай аудандық атқару комитетінде сауда
бөлімін басқарды, ауданның ірі сауда орындарында меңгеруші болып қызмет істеді.
-Менің әкем екі рет нақақтан-нақақ сотталған адам. Бірінде Аманкелді колхозының төрағасы болып
істеп жүргенде біреулердің «ішіп қойды, жеп қойды» деген жаласымен бес жылға сотталып, артынан бір
жылдан кейін Орта Азия әскери трибуналының шешімімен ақталып шықты. Отырып келгеннен кейін оны
қайтадан Қарсақбай аудандық атқару комитетінің сауда белімінің меңгерушісі етіп тағайындайды. Екінші
рет Байқоңыр колхозының төрағасы болып жүргенде сотталып, Теректідегі түрмеде екі жыл отырғаннан
кейін тағы да ақталып елге оралды. Бұл дегеніңіз сол кездегі сот жүйесінің дәрменсіздігі, адам тағдырын
ашықтан-ашық тәлкек еткендік. Оның ақталуы еліне, халқына адал қызмет еткендігінің айқын дәлелі
еді. Бірақ, әкем сол жазықсыз сотталудың салдарынан көп қиыншылықтар көрді, адамгершілік арының
аяққа тапталуынан ұзақ уақытқа дейін есін жия апмай жүрді, сондықтанда болар ұсыныпған жоғары
лауазымдық қызметтерге бармастан Жезқазған поселкесіне көшіп келіп, «Петро-Центральная» шахта-
сына жұмысқа тұрды, - дейді Мақсұм Әбдірахманұлы.
Әбекең өмірде қанша қиыншылық көрсе де, жастық шағы жазықсыз өмір тәлкегіне ұшыраса да мойы-
мады, оған қажыр-қайратын қарсы қоя білді. Қанша адал қызмет істесе де өзіне абырой әпермеген
қызметке қайтып оралмады. Жезқазған шахталарында еңбек жолын экскаваторшының көмекшісі, кезек-
ші слесарь мамандықтары бойынша одан әрі жалғастырып, кен өндіру көлемінің артуына айтарлықтай
98
Кен өндірісінің қаһармандары
үлес қосты. Оның соғыс жылдарындағы жемісті еңбегі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезін-
дегі еселі еңбегі үшін» медалімен марапатталды, бейбіт еңбектегі жетістіктері мақтау Грамоталарымен,
бағалы сыйлықтармен, алғыстармен атап өтілді.
Қиын-қыстау күндері бірге болған өмірлік қосағы Кәделі екеуі бір ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бұл
жанұяда бала тәрбиесінің орны бөлек болды. Заманның тарыншылығынан өзі оқи алмаған Әбекең бала-
ларын оқытуға, жоғары білім беруге ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе, тұңғышы Мақсұмға зор сенім артты.
Мақсұм болса жастайынан оқуға зерек болды. Әкенің қызмет бабымен онда-мұнда көшуі нәтижесінде
Мақсұмның талай мектепте дәріс алуына тура келді. Ең соңында Жезқазған поселкесіндегі №7 қазақ
орта мектебіне тұрақтап, онжылдық білімді осында алып шықты. Бұл оқу ордасының ұжымы сапалы
білім берумен қатар шәкірттерін болашақ мамандық таңдай білуге де баули білетін тәжірибелі ұстаздар
болатын. Олардың бала көңіліне сепкен дәні де нәтижелі өнім берді.
-Тар заманда, қиыншылық уақытта өскендіктенде болар біздің оқуға деген құштарлығымыз ерек-
ше болатын, сана-сезіміміз де ерте оянды. Арманшыл, қиялшыл болып өстік, - дейді Мақсұм Әшенов
балалық шақ балдәурен кезді жылы сезіммен еске алып. Сол бір кезде Жезқазған кенімен, Қарсақбай
мысымен Одаққа аты кеңінен танымал болып тұрған шақ болатын. Оның атының әйгілі болуы Қаныш
ағамыздың арқасы екенін, жас геологтың оқу бітіріп, осы өңірге келген отызыншы жылдарда көрген
қиыншылықтарын ұстаздарымыз жыр қылып айтатын. Бізге Қаныш ағамыз жол сілтеуші жарық жұлдыз
болды, біз сол секілді геолог болуды армандадық. Мектеп бітірген жылы төрт жігіт— Мұзараф Аханов,
Мәлік Омаров, Е.Арқаев және мен әсем қала Алматыға жол тарттық. Әйтеуір, мектеп қабырғасында
алған сапалы біліміміздің арқасында төртеуміз де политехникалық институттың геологиялық барлау
факультетіне оқуға түстік. Арманымыз орындалды. Кейін менің әлгі курстас достарым комбинаттың тау-
кен кәсіпорындарында ұзақ жылдар жемісті еңбек етті.
Иә, Әбдірахманның өміріндей емес баласы Мақсұмның өмірі мен еңбек жолы сәтті басталды. Жоғарғы
оқу орнын өзі таңдаған мамандық бойынша тәмамдап, Жезқазған кен барлау экспедициясында коллек-
тор болып бір жыл жұмыс істеді. Тәжірибе жинақтады. Қаныш Сәтбаевтың сенімді серігі, білікті геолог
Василий Иванович Штифанов басқаратын барлаушылар ұжымы жас маманның институт қабырғасында
алған білімін жер қойнауын барлауда кеңінен қолдануына мүмкіндік туғызды. М.Әшеновтың Байқоңыр,
қумола іздестіру партияларын басқарып Ұлытау өңірінде араламаған жері қалмады. Жүздеген шақырым
жерді жаяу жүріп өтті. Қ.Сәтбаевтың көрегендікпен айтқан сөздері өмір шындығы екеніне көзі жетті. Шын
мәнінде Жезқазған еңірінің жер қойнауы мысқа ғана емес, басқада толып жатқан бағалы минералдарға
бай екен. Мәселен, Байқоңыр мен Қарсақбай маңында фосфорит кені бар, оның қоры 10 миллион тонна-
дай. Бұрынғы Байқоңыр совхозының аумағынан боксит, Айыртау шатқалынан -алтын, Ақтастан-жоғары
сапалы хрусталь табылды. Бұл Менделеев таблицасындағы элементтердің барлығы да Жезқазғанның
жер асты қойнауынан табылады деген қағиданы тағы да бір дәлелдей түседі. Әттең осы байлықты
игеріп, халық шаруашылығында кәдеге асыратын ендірістің жоқтығы өкінішті-ақ.
Бүгінде жетпіске келіп, мерейтойын балалары, немерелері мен шөберелері арасында тойлап отырған
Мақаң қырық жылдан астам өмірін геологиялық жұмысқа арнапты. Батыс, Оңтүстік, Шығыс Жезқазған
кеніштерінде геолог, аға геолог, бас геолог болып ұзақ жылдар еңбек етті. Жезқазғанда ол түспеген
шахта, араламаған штрек-забой жоқ десек те болады. Жер
қойнауының сырын өте жақсы сезінетін білікті маман. №57,
№65 алып шахталардың құрылысына қатысты. Кейіннен №65
шахтада бірнеше жыл бас геолог болып қызмет істеді.
Мақсұм Әбдірахманұлы еңбек жолында қоғамдық
жұмыстардан да бас тартып көрген емес. Олардың бел ор-
тасында жүрді. Батыс Жезқазған кеніші кәсіподақ комитетінің
төрағасы болып сайланған жылдары кеншілердің тұрмыстық-
әлеуметтік жағдайларын жақсарту, мәдени шараларды
ұйымдастыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға белсене
қатысты. Оңтүстік кеніші партия комитеті хатшысының орынба-
сары қызметін де абыройлы атқарды.
Ол осы жылдарда қызметтес болған, елімізге есімі кеңінен
танымал Рүстем Дәуітов, Садық Асатов, Жақыпбек Жолдас-
беков, Р.Б.Юн, Д.О.Ешпанов және тағы басқада азаматтар ту-
ралы, кеніштердің даму жолдары жайлы әңгімелеуді ұнатады.
Әсіресе, оған Рүстем Дәуітұлының адамгершілігі, биязы мінезі,
іскерлігі қатты ұнайтын. Ол Оңтүстік кеніштің алғашқы дирек-
торы болатын. Сол кезде техниканың ендіріске жаңадан келе
бастаған кезі, жоспар өнебойы орындала бермейді. Сондай
қиын кездің өзінде Рүстем Дәуітов қызбалыққа салынбай, кез-
99