САҒЫНДЫҚ
ҚОЖАМСЕЙІТОВ
Қазақ елінің кіндік
мекені -
ЖЕЗҚАЗҒАН
Сағындық ҚОЖАМСЕЙІТОВ
Қ А З А Қ ЕЛІНІҢ
КІНДІК МЕКЕНІ -
ЖЕЗҚАЗҒАН
(ҰЛЫТАУДЫҢ БАС ҚАЛАСЫ)
Мақалалар, очерктер, зерттеулер
Алматы
«Классика» Ж Ш С
2014 жыл
УДК 908
ББК. 26.89
Қ56
ЖИНАҚ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ
60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Пікір жазган
Абат Үржанүлы ҮРЖАНОВ,
тарих гылымдарыиың кандидаты, доцент
Қ 56 Қожамсейітов С.
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КІНДІК МЕКЕНІ - ЖЕЗҚАЗҒАН. (Ұлытаудың бас қаласы).
/Очерктер, мақалалар, зерттеулер / Алматы: Сағындык Қожамсейітов -
«Классика», 2014. 256-бет
ISBN 978-601-80189-6-1
Журналист Сағындық Қожамсейітов көп жылдан бері Жезқазған-Ұлытау
өңірінің тарихын зерттеумен шұғылданып жүр. Қаламынан «Қарашаңырақ
Қарсақбай», «Тастар тілмашы», «Мыс магниткасы» кітаптары туды.
Бұл жолғы «Қазақ елінің кіндік мекені - Жезқазған» атты еңбегі Жезқазған
қаласының 60 жылдығына байланысты шығарылып отыр. Мұнда қала тарихы
Жезқазған - Ұлытау өңірінің табиғатымен, мәдени-әлеуметтік, экономикалық
өзгерістермен тығыз үштастырыла баяндалады. Тарихи-танымдық мақалаға
Алматы, Астана, Омбы мұрағаттарындағы сақталған құжаттар пайдаланыдды.
Жезқазған бүкіл адамзаттың мыс-қола мөдениетінің бесіктерінің бірі
болып табылады. Сондықтан Жезқазған мыс кенін игерудің шежіресі оқырман
үшін үлкен кызығушылық туғызары созсіз.
Жезқазған - Ұлытау өңірінің, Үлкен Жезқазғанның бүгінгісі мен ертеңгісі
туралы мақалалар, осы топырақта туған тұлғалар жайлы зерттеулер мен
очерктер тартымды шыққан.
Кітап жалпы оқырманға арналған.
У Д К 908
ББК. 26.89
I S B N 978-601-80189-6-1 © Жезқазған қаласынъң мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі ММжәне «Тілтану» ОӘО» КММ
© «Классика» ЖШС
КІРІСПЕ
Жезқазған еліміздегі түсті металлургияның ірі орталығы, байтақ
Ұлытау өңірінің бас қаласы болып табылады. Мыс кенін өндіру және өңдеу
біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4 мың жылдықта басталған. Өткен
ғасырда мұнда мыс кенінің орасан қоры ашылды, оның негізінде қуаты
жағынан әлемде екінші орын алатьін кен-металлургия комбинаты салынды.
Мыс өндірісінің алыбы еліміздің экономикасы мен қорғаныс қабілетін
нығайтуға қомақты үлес қосты. Ұлытаудың ұлы даласына игілікті өзгерістер
алып келді, өндіріс ауқымы жөне жаңа технологиялар адамдардың бәсеке
қабілеттілігі мен өмір сапасын жаңа биікке көтерді. Қазір «Қазақмыс»
корпорациясы мыс өндірісін тұрақты және серпінді дамыту жолдарын
белсенді іздестіріп, тауып, іске асырып жатыр.
Жезқазған қаласы бүкіл өңірді дамытудың қуатты өндіріс, технология
және қүрылыс орталығы есепті. Небәрі үш жылдың ішінде Сәтбаев
қаласының негізі қаланды. Жәйрем кен-байыту комбинаты, «Жомарт» мыс
кеніші пайдалануға берілді. Мыс қаласы кәсіпорындарының көмегімен
Ұлытау ауданыңда шөлейт жөне жартылай шөлейт аймақтарында
жайылымдарды суландыру жөнінде үлкен бағдарлама іске асырылды.
Электр желісі тартылды, жол салынды, осы заманғы телекоммуникация
жүйесі пайда болды, транзиттік мұнай тасымалдайтын ірі құбырлар жұмыс
істеп тұр.
Жезқазған-Бейнеу, Шұбаркөл-Арқалық темір жолдарының іске
қосылуына байланысты қазақ елінің кіндігіндегі қаланың рөлі мен маңызы
арта түскелі отыр. Әсіресе шөл жене жартылай шөлейт өңірдегі пайдалы
қазбаларды игеру қолға алынады. Түсті металлургия қәсіпорындары өндіріс
қалдықтарын қайта өңдеу басталады. Оңтүстік пен солтүстік арасында
қарым-қатынас, алыс-беріс күшейеді, жол бойындағы қалалар, кенттер,
ауылдар бейнесі өзгереді. Бірнеше мыңдаған жаңа жұмыс орындары
ашылады.
«Ұлытау-ел» туристік инвестициялық бағдарламасы іске асырылуда.
Ғылыми-зерттеу, техникалық-экономикалық негіздеу, жобалау істері
жүріп жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей,
Ұлытау «келешекте туризм орталығы болып, халқымыз тәу ететін қастерлі
жер болып қала береді».
Ұлытаудың табиғи бейнесін, ескерткіштерін сақтау, қоршаған ортаны
сауықтыру, су ресурстарын үнемі ұқсату бүгінгі ұрпақтың келешек
ұрпақтар алдындағы міндеті, әрі парызы болып табылады. Бұл жөнінде
кітапта баяндалған өңірдің табиғаты, жер-су, ескерткіштері туралы
пайымдары оқырман қауымға ой салады деп санаймыз.
Бірінші бөлім
БАЙСАЛ ОРДА
ҚОНҒАН ЖҰРТ
ҰЛТ КИЕСІ - ҰЛЫТАУ
Қазақ халқының қасиет тұтқан, аңыз-жырға қосқан, елдіктің
нышанындай қараған жерлердің бірі - Ұлытау аймағы. Ол - ұлан-байтақ
қазақ даласының түп кіндігі, географиялық орталығы. Сөзімізді тірілту
үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 22 тамыздағы
Ұлытау төріндегі сұхбатынан мына жолдарды келтіргім келіп отыр.
«Ұлытау өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні
бар. Қазақ даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасіиетті жерлер
табылады... Дегенмен Ұлытаудың орыны бір басқа».
Қазақ елі алып Евразия қүрлығының тең ортасын ойып алып иеленіп
отырғанын ескерсек, онда мысшылар шаһары Жезқазған, жалпы Ұлытау -
Жезқазған өңірі бүкіл Ұлы даланың кіндігі, тірек нүктесі екенін білеміз.
Ұлытау қатпарлы жүйесі Үлкен Қаратаумен жалғасып, 1500
километрге қүлаш жайып жатқан Сарыарқа дөндерінің негізгі ұстыны
болып табылатын геологиялық құрьлым. Ол Сібір жазығын Бетпакдаладан
бөліп, Орал мен Алтай таулары жүйесін қол ұстастырып, табыстырып тұр.
Бұрынғы ғылыми кітаптарда «Қырғыздың таулы аймағы», «Арал - Ертіс
суларын айыратын дөң» деп аталған.
Ұлытаудан бастау алатын Үлкен және Бала Терісаққан өзендері
солтүстік -батысқа құлай ағып, Обь өзенінің сағасына қосылады. Қаракеңгір
және Сарыкеңгір, Жезді, Жылаңды өзендері Сарысуға құяды. Сарыторғай,
Қараторғай, Жыланшық, Саба, Дулығалы өзендері Торғайға қосылып,
еліміздің батысындағы көлдерін кемеріне келтіріп суға қарық етеді.
Ұлытауда сонау Шыңғысхан заманында Төлебидің бабасы Майқы
би бүкіл алаш баласына енші бөлген деген аңыз бар. Сонда Ұлытау алаш
жұртына ортақ жазғы орда болып белгіленген. Дешті Қыпшақ даласында
түркі тайпаларының тобы қазақ болып бірігіп, бір ту астына жиналып, енші
алысқаны туралы таңбалар қасиетгі таудың төрінде Таңбалы тасбұлақта әлі
тұр.
Қ.И.Сәтбаев өзінің «Доисторические памятники в Джезказганском
районе» атты мақаласында былай деп жазды: «Показателем значения гор
Ұлытау как древнего политического центра казахов является тот факт, что
от Улутауских гор расходились некогда территории всех основных племен,
составлявших народность «казах». Существование древнего политического
центра казахов в Улутау подтверждается также имеющимся в этом районе
памятниками материальной культуры».
Көкшетау мен Ұлытау, Ордабасы,
Бірлік үшін тіл жетпес зор бағасы.
Үшеуінің Ұлытау төрінде тұр,
Елдің көне саяси астанасы, -
деп белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ақын Кәкімбек Салықов осы
өлең жолдарында көркем сөзбен кестелеп, аз сөзбен үлкен ойды білдіріп
тұр ғой.
Орыстың ұлы ғалымы Петр Николаевич Савицкий Л.Н. Гумилевке
жазған хатында айтқанындай, Ұлытау сан алуан замандардан бері жалпы
даму, этноөркендеу ғана емес, ешпес із қаддырған «даналардың жері»
атанды.
Ұлытау өңірінде Жошы ордасының орнауы, Шыңғыс тұқымының
Евразиялық саясатында ыңғайлы орталық болуы бұл өңірдің даңқын
шығарып, мөртебесін паш етті. XIII ғасырдан Кендіртау енді Дешті
Қыпшақтың орталығы Үлытауға айналды. Ол бірнеше жүздеген жылдар
түркі-моңғол кешпенділерінің хандары, батырлары, ақсүйектері, дегдар
топтары мекен қылған саяси-медени орталығы болды. Қазақ хандарының,
атақты тайпа көсемдерінің мүрдесі жерленген пантеон да осы жерде.
Жошы күмбезінің төңірегіндегі қорымдарда үш жүздің іргелі нығыз
тайпалары мен руларының белгілері бар. Ел қамын жеген ер Едігенің Еділ-
Елек бойынан мөңгілік тыныс таппай Ұлытаудың үшар басына жерленуінде
де үлкен мән-маңыз жатыр.
Ұлытау баурайынан киіз туырлықты, ағаш уыкты елдің қалың қолын
бастап Жошы ханның ұлы Бату 1235 жылы Европаға «жеті жылдық» соғысқа
тәуекел етіп аттанған. Қазақ даласының кіндік өңірінде 13-ғасырдың 1-ші
жартысында Ақ Орда билеушісі Орыс хан, Алтын Орда билеушілері Едіге
мен Тоқтамыс болған.
Алаш жүртының негізін қалаушы, өрі билеушісі Алаша ханнын
сөулетті, өрі айбынды күмбезі Кеңгір ө з е н і н і ң жағасында асқақ т ұ р .Қ а з а қ
хандығын құрып, тізгінді қолға алған Керей мен Жәнібек хандар Ұлытауды
жайлады. Үш жүз өкілдері Ұлытауда Тәукені ақ киізге көтеріп, хан сайлаған.
Ұлытаудың түстік бөктерінде «Хантөбе» дейтін жерде өткен XIX ғасырдың
30-жылдары қазақтың соңғы ханы Кенесары батырды Орта жүздің баласы
басы арғын Шеген би болып хан көтерген.
Қасқа жолдың иесі Қасым хан, кейін Абылай хан алты ай жазда
ордасын Ұлытауға тігіп, қазақ елінің төрт қүбыласынан туған мәселелерді
қарап, сараптап, июін қандырып, не шиеленісін тарқатып отырған. Белгілі
орыс капитаны Н.Рычков өзін 1771 жылы Нұралы хан Ұлытау тауының
баурайындағы жазғы ордасында қабылдағанын өз күнделіктерінде жазып
қалдырған.
Томарис, Еділ, ер Едіге, Шыңғысхан, Жошыхан, Кетбұқа, Барақ,
Көшім, Әбілқайыр, Ақжол, Қазыбек, Төле, Әйтеке, Бөгенбай, Қабанбай,
Шақшақ Жәнібек сияқты тағы басқа ұлы тұлғалардың өмір жолы
Ұлытаумен байланысты.
Ұлытау иісі қазаққа ортақ.
Соның бірі ел есінде «қайың сауған» атанған, 1723-1725 жылдардағы
қалмақтардың шапқыншылығында анық байқалды. Түркістан мен
Ташкентті қол астына алған қалмақ әскері жеңіліп, жөнкіле қашқан
қазақтарды өкшелей қуып, Ұлытауға бет түзеді. Қазақтар алдында өлім,
одан жаманы бодандық, не өмір, қазақ мемлекетін сақтап қалу, екінің бірін
тандау міндеті түрды. Ел ширықты, намыс ойнады, аруақтап арқаланып,
Шұбартеңізда жауға қарсы соғыс ашгы. Женді.
Сөйтіп Евразиялық көшпенділердің екі жолбарысы 1727 жылы
Ұлытаудың қақпасы Білеуті-Бұланты өңірінде кең жазықта өліспей бітіспес
айқасқа шықты. Қазақтар қалмақтарды қынадай қырып, даланы жосадай
қаңға бояды. Жаудың аман қалған азғана бөлігі бассауғалап кетті.
Ұлытау аман қалды, біз де аманбыз, «алла, тәубә» деді үлкен-кіші.
Бұланты-Білеуті жеңісінен кейін қазақтар қалмақтармен 33 жыл
соғысты. Жоңғар басқыншыларына тойтарыс берудің бүгей-шігесі Ұлытау
өңірінде үш жүз өкілі қатысқан 3 жиында (1710 жылы Қарақүмда, 1729
жылы Арғанатының Балбұлағында, 1752 жылы Ұлытауда) талқыға түсті.
Балбұлақтағы жиынға Әбілмансүр, кейін Абылайхан бес қаруын асынып,
жал-құйрығы сүзілген, ұзындығы есік пен төрдей сары атқа мығым мініп
келеді. Бірнеше күн кеңестен кейін жер қайысқан мың-мың қазақ жасақтары
алдында Ақтамберді жырау атақты «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын
жүрек түбіндегі сарысуын шығарып, мына жолдарды тасқындатып,
жалындатып, ақ алмастай ақтарып тастады:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екенбіз,
Күдеріден бау тағып,
Камқапты киер ме екенбіз?!
Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ең бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!
Үшы-қиыры жоқ ұлан даланың дәл ортасынан орын тепкен Атажұрт,
Анажұрт, Данажұрт Ұлытау сонымен қатар, қазақтың қара қазанын
бүлкілдеткен береке-игіліктің, несібе-ырызықтың қайырлы құт-мекені.
Ерте заманда жаз түсімен қазақтар мыңғырған малын айдап
Ұлытаудың баурайына ағылады. Батыстан да, Оңтүстіктен де, Солтүстіктен
де, Шығыстан да келеді. Қазақ еліміздің төрт қүбыласынан жиылған соң ақ
шаңқан киіз үйлерін тігеді, ат шаптырып, той жасайды. Осы жерде ұлдарын
үйлендіреді, қыздарын ұзатады, бірі мен бірі қүда болып тарасады. Осының
өзі ұланғайыр даладағы қазақтардың мәдениетіне, тілінің тазалығына,
диалектілерімен шүбарланбауына, салт-дөстүрлердің бірыңғайлығына
әсер жасады. Былайша айтқанда, қазақ ұлтының генетикалық корын
қалыптастырды. Орыс патшасы билікті қолына алғанша Ұлытау қазақ
баласының ортақ меншігі болып есептелген. Мұндай мәдени-әлеуметтік
ортада өмір сүрген ұлытаулықтардың кеңпейіл мінезі, бар қазақты
бауырына тартуы, елге, жерге ыстық сүйіспеншілігі сүтпен дарыған ізгі
қасиеттер деуге болады.
Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының негізігі тармақтарының бірі
«Сарысу» немесе «Мыс жолы» өткен. VI - XVI ғасырлардағы Орталык
Қазақстан, соның ішінде Ұлытау өңірі биік мәдени деңгейде дамыған,
қалалық тұрмысты көшпелі мал шаруашылығымен келісті байланыстырған,
үлкен сауда арнасын қамтамасыз еткен, шалқыған өркениетті туғызған.
Араб географы Әбілғазының жазбаларында Ұлытау мен Кішітауда
орналасқан Мыс кешштері VIII - X ғасырларда оғыз-қыпшақтардың
Ыстықкөл, Алмалық, Сайрам жөне Қаратау сияқты Евразияға танымал
елді мекендерінің бірі болды деп керсетілген. Жезқазғанда тазартылмаған
күмістің төрттен бірі өндірілген, мыс, қорғасын, қалайы, алтын қорытқан.
Ташкенттің саудагерлері өкелген товарларын металдарға айырбастап,
мысты, күмісті барлық алыс жөне жақын шет елдерге тасымалдаған.4
Судай ағып, дариядай тасыған керуен легі XV ғасырдың ортасында
саябырысып, бірте-бірте тоқтап қалды. Европалықтар теңіз жолын игерді,
шаруашылық-әлеуметтік жаңа жүйеге көше бастады. Европа мен Азияның
басын қосып, береке кіргізіп, байлыққа тұғыр болған ұлы жол бос қалды.
Сауда тоқтаған соң қалалар азды-тозды. Жүз жылдың ішінде Орта Азия
жау шауып кеткеннен бетер құлдырап, тек топырақ үйінділеріне айналды.
Ұлытау - қазақ елінің киесі.
Осы тарихи сәтте саяси сахнаға қазақ хандығы шықты. Қазақ хандары
ұлттық мемлекетіміздің саяси тәуелсіздігін кеңейту, елдің аумақтық жәй-
күйін қалпына келтіру үшін күресті. Оның аса бір мәндісі, әрі қажеттісі
Сыр бойындағы қалаларды қарамағына алу болатын.
Сонау сақ заманында елбасылары қоныс еткен Ұлытау, ғүндардың
жақсылары мен жайсандары тәуап еткен Ұлытау, тоқсан екі баулы қыпшаққа
алтын жұрт болған Ұлытау барлық сырды ішіне түйген. Қазақтардың небір
орасан жеңістерінің, тарыдай шашылып жауға жем болған кездерінің,
Төуке хан кезінде кең далада береке-байлыққа малшынып, қой үстінде
торғай жүмыртқалаған замандағы сәнді тіршіліктің куәсі.
Ұлытау қазақ елінің құты, көз тұндырған көркі бар, ежелгі табиғат
тылсымдарының бірі деуге болады.
Оны Шамбала, Иерусалим, Қойлас, т.б. сияқты әлемдік рухани
күштер орталығы деп айтады. Бүкілдүниежүзілік топан су қаптағанда тек
Гималай мен Тибет шындары, Гобидің биік қыраттары су бетінде қылтиып
тұрған. Ұлытау тау жынысының гранит, базальттан тұрғаны арқасында
аман қалған.
Ұлытаудың үшар биігінде, үңгірлерде энергия ағыны, ерекше
ауа байқалады. Желдің соғуы да бөлек. Ол жоғарыдан төмен ұрып, ауа
құйынша үйіріліп, биіктен жерге бағытталған. Таудан соққан қоңыр
салқын, хош исті, күмістей ауа жаратқанның халқына ең қымбат сыйы
тәрізді. Тау беткейіндегі мәңгі жасыл аршалар жылжып бара жатқандай
көрінеді. Ақ қайындар мың бұралып, иіліп билеген ақ балтыр қыздарға
ұқсайды. Таудың басында ауаны кеудеңді керіп жұта бересің, көзіңнің
көруі де жақсарады, даусың саңқ-саңқ алысқа жетеді, ойың да жаңаша
серпіліп, ап-анық болады.
Халык аузында иранша Заратуштра (түрікше - Зердеш, грекше -
Зороастр) бала кезінде Ұлытау үңгірлердің бірінде ұйықтап жатқаңда
белгісіз күш оны орнынан көтеріп, шыңдардың ең биігіне жеткізген деген
аңыз бар. Ол енді өзіне келе бергенде қараңғы түн қарс айырылып, төңірек
әппақ күндізгідей жайнап тұрды. Шуақты нұр Сарыарқаның ортасында
шөккен нардай жатқан тұтас тауды бұрын-соңғыда болмаған сөзбен айтып
жеткізгісіз алтын шүғылалы сөулемен шомытты. Осы сәтте шуақ нұрына
малынған қасиетті бала құдыреті күшті алланың нұр сипатын көреді.
Жаратқан ием Зәрдешке адам баласын жақсылық, тек қана жақсылыққа
бастауды жүктеп, аян береді.
Таудың ең биігінде Ақмешіт өулиенің бейіті бар. Құлаған ескі
монастырдың немесе Этли монастырының орны жатыр. Бір ғажайыбы
үй орнындай үңгір кісіге жайлы, жылдың төрт мезгілінде бірқалыпты
температураны ұстап тұрады. Бұл жерге тәу етуге ағылған адамдар қысы-
жазы тыным алмайды.
Ұлытауға Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы 15 кыркүйекте
келді.
- Еліміз тәуелсіз болып, өз туымызды, әнұранымызды бекітіп
жатырмыз. Құдайға шүкір, жүз елуден артық мемлекет Қазақстанды, қазақ
ұлтын танып, қанатымыз кеңінен жайылып, елдігімізді білдіріп жатырмыз.
Ә дегенде шашылып жатқан қазактың басын құрау үшін бүкіл дүние жүзі
қазақтарының қүрылтайын өткіздік. Өздеріңіздер білесіздер, құрметтеп
мені сол қүрылтайдың басшысы етіп сайлаған болатын. Содан бері мінеки,
біраз уақыт өтті, амандық болса биыл төуелсіздіктің екінші жылын атап
өтеміз, - деп бастады сөзін ол Ұлытаудың баурайында, мыңдаған адам
қатынасқан үлкен жиында.
Ол кезде тарихты талдап, таласып жататын уақыт жоқ болатын.
Барлық пейіл-ықылас, назар тәуелсіздікті тұғырлы етуге аударылған.
"Саяси тәуелсіздігіміз бар, енді аяғымыздан нық тұрып нағыз төуелсіз
мемлекет болуға біраз жылдар керек. Біраз еңбек керек. Асығып-саспау
керек», деп әңгімесін бір түйіндеді.
Ал,оның кілті бірлікте, халықтың топтасқандығында, біртұтастығында
болатын. Өйткені, көп ұлттың өкілдері бар мемлекет, олар халықтың басым
көпшілігін құрайды. Сондықтан да дүние жүзі қазақтарының құрылтайында
осынау даланың төсіндегі көне де қасиетті Ұлытауда Бірлік монументін
орнату жөнінде бәтуа жасалған.
Президент монумент орнатылған белгітас жанында тұрып мынадай
маңызды мәлімдеме жасады: «Біз баяғы өткен ғасырдағы, оның ар
жағындағыдай ру-руға бөлініп, жүз-жүзге бөлініп, әр ауыл өз батырын
сайлаған пәледен құтылуымыз керек. Еддің басы бірікпесе, быт-шыт
болып кетеміз. Онда көлденең көк атты келеді де басқара береді. Солай
болған. Менің замаңдастарым, үлкен ағалар мен аталарымыз ұрпақты
тәрбиелегенде бірлікке, Отанын сүюге, халықты сүюге, халыққа аянбай
қызмет етуге тербиелеуі керек.
Содан бері жиырма бір жыл етті. Арасында Елбасы 1994 жылғы
3 қарашада Жезді кентіндегі тау-кен жөне мыс балқыту ісі тарихының
мұражайында болды. Шамасы осы сапар Теміртау заводында еңбек жолын
бастап, болат балқытқан даңғайыр металлургтің ішкі рухани қажеттілігінен
болар. Мұражай жәдігерлерімен байыпты-байсалды түрде бір сағаттан аса
танысқан. Президент көне замандағы қарабайыр пеште мыс балқымасын
алды, одан балға құйып шығарды. Бұл жеңіл-желпі атқарылатын шаруа
емес екен. Ол аса ықтияттылықты, ептілікті, оның үстіне білек күшін де
талап ететін еді. Несін айтасыз, Елбасы ерледі.
Президент ризалық сезімін қағазға жазып кетті. Ағылған ойдың түйіні
«қазақ елінің өндіріс атасы болып саналатын Жезді өңірінің тарихы келер
ұрпақтың есінде сақталуы керек» деген арнаға тоғысты. Қазір аталған
мұражай еліміздегі аса маңызды тарихи-мәдени кешеннің бірі екен атап
өтуге тиіспіз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заманынан бұрынғыны болжайтын
көреген, прагматик, сөзі мен ісі біртүтас ерекше тұлға. Оған ширек ғасыр
куа болып келеміз. Осы жылдар ішінде еліміздің кісі танымастай жаңа
бейнесі қалыптасты. Халықаралық қауымдастықтың жуан ортасынан асып,
төріне ұмытылып орын алдық. Қазақ елін құрлық пен мұхиттағы барлық
халық біледі, оның ой-толғанысы алып мемлекеттердің көшбасшылары
үшін де ұтқыр әрі салмақты болып отыр, қазақтың даусы ең биік мәртебелі
мінберлерден естіледі.
Жаңа тірліктің көрінісі ретінде бір мысал. Елбасы тоқсаныншы
жылдардың басында Жезқазғанда болғанда кеңшарларды таратып
жекешелендіруге нұсқау берді. Республикада бірінші рет ұлытаулықтар
тараған кеңшарлардың төрт түлек малына, қора-қопсысына, жайылымы
мен пішендіктеріне, техникасы мен егістіктеріне ие болды.
Соңғы жолы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытауға көңілді келді. Азғана
уақыт бұрын Жезқазған-Бейнеу, Шұбаркөл-Арқалық теміржолдарында жүк
тасымалдауды бастауға старт берген. Бұл әнім бұрынғы әннен өзгешелек
деп ақын айтпақшы, бұл жол кеңес кезінде қалыптасқан қасаң төртіппен
тек оңтүстіктен солтүстікке қарай бет түзеген жоқ, керісінше шығыстан
батысқа бет алды. Ел ішінде жол пайда болды, аймақтардың өзара қарым-
қатынасқа түсуге мүмкіндік туды. Жезқазған Бейнеумен байланысты,
транзиттік жүк тасымалы 21 миллион тоннадан астам болады деп отыр.
Жезқазған Арқалықпен темір жол қатынасын орнатты. Сайып келгенде,
академик Қаныш Сәтбаев армандаған жаңа темір жол Үлкен Жезқазғанның
орбитасына, Торғай даласының оңтүстік-шығыс бөлегін тартуға
жағдай жасайды. Әрірек Аралдың шығысындағы минералдық және жер
ресуртарына, мұнай, газ, қорғасын, мырыш, тағы басқа кен байлықтарына
қол жеткелі тұр.
Басы ашық басқа игіліктердің бір-екеуін айтайын. Жер астындағы
мыс алынып, жері құзданып құлап, ел кешіп, елегізіп отырған Жезқазған
кенішіндегі жеті мыңдай жан екі-үш жылда Сәтбаев қаласына көшіріледі.
Отыз-қырық жьл тұрған ескі үйлерінен көшкен ағайындарға бірнеше
белмелі сыры кеппеген коттеждер, қалауына қарай көп қабатты үйлерден
зәңгірлеген пөтерлер беріліп жатыр. Енді жер астындағы металға бай кен
қопарылып алына бастайды.
Жезқазған мен Ұлытау арасындағы асфальт жол жөндеуден етті.
Сапасы қандай десейші, аудан орталығының ажары кіріп қалды.
Елбасы Ұлытау баурайында Әулиебұлақ түбінде сұхбат берді.
Ой түбінде жатқан кемел ақыл, сөз маржаны қалқып су бетіне шықты.
Жастардың ел тарихын білуі, дін, тіл, Евроодақ мәселелері, Украина
төңірегіндегі теке-тірес жайлы көңілдегісін ақтарып тастады. Айтылған
әңгіменің басты түйіні-ел экономикасын көтеру, халықтың жақсы тұрмысын,
көңіл-күйін қолдау, жұбымызды жазбай Мәңгілік Елдің тұғырын мықтап,
қабырғасын биіктетіп нығайта беру болмақ. Елбасы тарих мөселелерімен
тарихшылар шұғылдансын деп жүр. Бүгін беріміз тарихшы болып кеткен
сияқтымыз. Басқа да шаруалар шаш-етектен.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау келешекте туризм орталығы болып,
халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болады деп үлкен сеніммен айтты.
Мемлекеттік тапсырыспен қазақ географиялық қоғамының үлкен
ғылыми-зерттеу экспедициясы жұмыс істеп жатыр .
Сөз артынан іс келді.
Бүкіл қазақ елі сияқты Жезқазған - Ұлытау өңірі соны өзгерістердің
қарсаңыңда тұр. Еңді мысшылар қаласы тоқсан жолдың торабындағы қала
болады. Экономикасы әртараптандырылады, бұрын қиялымыздың қанаты
жетпеген жаңа өндірістер, жаңа салалар пайда болады. Адам капиталын
дамуға, адамдардың өмір сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер туғалы
отыр.
Біз бәрінің тезірек болғанын тәуір көреміз. Ол - аспаннан түсетін
құймақ емес. Ол күндерді жақындату барлығымыздан әлемдік үлгідегі ой-
әрекетті, өнімді еңбекті, намыс пен рух биіктігін талап етеді.
Ұлытаудың төріндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сүхбаты
мәңгілік елдің әрбір азаматына келешектің жолын керсетті, әрқайсымыздың
орнымызды айқындап берді, мәдени-рухани өміріміздің басымдылықтарын
атап айтты.
Жүк иығымыздан түскендей. Келешегіміз кәміл. Ел іске кірісті.
Нәтижесі күткендей қомақты болатынына сенеміз.
ЖЕЗҚАЗҒАН - Ұ Л Ы Т А У ӨҢІРІ
Географиялык, очерк
Жастармен кездесулердің бірінде қарапайым қызметкер қыз Жезқазған
- Үлытау өңірі, оны географиялық орыны, ежелгі тарихы туралы сұрақ қойды.
Білгенімізше жауап бердім. Осы бір жәйіт, өңірдің географиясы, тарихы,
бүгінгісі жөне ертеңі туралы шымшымдап баяндап беруге себеп болды. Өйткені
әлі күнге дейін еліміздің бұл маңызды аймағының географиясы зерттелініп,
жеке ғылыми кітап болып (Ф.Темереева мен С.Нүрсейітовтің «Жезқазған
облысының географиясы» (1994) деген еңбегінен басқа) шықпағаны өкінішті-
ақ.
Ақиқатына келсек, «географиялық орын» деген үғымның өзі бойына көп
мағлұматты сыйдырып түр. Ол өңірдің еліміздің қай бөлігіңде орналасқанын
қандай әкімшілік аудандармен шектесетінін, қаңдай материктің қандай
пүшпағынан орын теуіп, жер бетінде қандай климаттық белдеу мен табиғат
өлкесіне кіретінін хабар беріп тұрады.
Жезқазған-Үлытау өңірі жайлы сан қырлы жөне негізі берік тұңғыш
ғылыми пікір айтқан академик Қаныш Имантайүлы Сөтбаев еді. «Жезқазған-
Ұлытау аймағы Қазақстанның тұтастай аумағының нақ геометриялық ортасына
орналасқан. Ол бұрын геологтар зерттеген табиғи-тарихи шекарасында 100 м ы ң
шаршы километрге жуық алқапты алып жатыр, немесе Кавказдағы Армения
мен Грузия одақтық республикаларының аумағын қоса алғаңда асып түседі», -
деп бастады ол басты баяндаманы 1961 жылы наурыз-сәуірде өткен Қазақ ССР-
інің Ғылым Академиясының, республика Геология жөне жер қойнауын қорғау
министрлігінің, Қарағаңды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған
кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясында.
Өңір Сарыарқаның ұсақ шоқылы аласа таулар аймағы мен тұран
жазығының солтүстігінен орын тепкен. Осындай қос алып физикалық-
географиялық кеңістікті кесіп өтіп, Сарысу өзені ағып жатыр. Оның сол
жақ ендігі Ұлыбритания аралының оңтүстіктегі еңдігімен орайлас өтсе, ал
оңтүстіктегі ендігі Жерорта және Қара теңіздері жағалауларының ендігіне түп-
тура келеді.
Жезқазған өңірінің солтүстік шеткі нүктесі Арғанаты тауының сол
бетіндегі Қаптыадыр биік шоқысына тіреліп отыр. Оңтүстік шеткі нүктесі
Мойынқұм шөлінің оңтүстігіндегі Көкпекті-Қызылқақ ойпаңында, батыстағы
шеткі нүкте Арал теңізі маңайындағы Қарақұмның Жанқабыл тауына, ал
күн шығыстағы шеткі нүктесі Жаңаарқа ауданындағы Қабыршықты көл мен
Көкзеңгір тауына жетіп жығылады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай сапар шексек
495 километр, батыстан шығысқа қарай 614 километр қашықтықты жүріп өтеді
екенбіз.
Өңір аумағының жалпы шекарасы тұтастай құрлық арқылы. Өңір қазақ
елінің 6 облысымен шекаралас. Олар мыналар, солтүстікте Қостанай, Ақмола
облыстарымен малы аралас, қойы қоралас шектесіп жатыр. Егер шекара
бойымен жолға шықсаң, алдымен Тегене өзенінің аңғарымен жылжып,
Сазанбай, Түрме Ұсақ шоқыларын көктей өтіп, Қайдауыл, Жыланшық
жазықтарын жағалай жүреміз. Қаптыадыр, Сарысу-Теңіз қыраттарымен жылжи
келе, Жорға тауларына бас тірейміз.
Оңтүстіктегі шекарамыз Бетпақтың шөлін солтүстікке қарай кесіп өтіп,
Сарысу өзенінің аңғарына жетіп тоқтайды. Сарысудан ілгері қарай Мойынқұм.
Арысқұм шөлдері мен Мыңбұлақ ойысын басып өтіп Аралдың Қарақұмына
жетеді. Осы кеңістіктің арғы бетінде Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстары бар.
Батыста Ақтөбе облысымен аралығындағы шекара сызығы Жақсыкелді
көлінің батыс жағынан бастау алып, әрі Жынғылды өзенінің аңғарына дейінгі
Сортанды құм төбені, бұйраттарды басып жүреді.
Шығысында Жаңаарқа ауданымен шекара Қызылжар арасынан жүріп
жатыр. Жері, топырағы, ауа райы ұқсап тұр.
Сөзімді тірілту үшін 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналының № 5 , 6
сандарында жарияланған мақаласында геолог Қ.Сәтбаев былай деп жазды:
«Қарсақбай ауданынын ішіне бұрынғы елді мекендерінің үстіне жаңадан
Торғай уезінен Қызылжыңғыл мен Қайдауыл болыстарын, Ақмола уезінен
«Сарысу» болысын қосу керек. Өйткені, соңғы 3 болыстардың жері Қарсақбай
мен Жалғас, және де олардағы шаруашылық реңктері Қарсақбай ауданымен
бірдей.
Ұлытау-Жезқазған өңірінің бас қаласы Жезқазған. О н ы ң іргесі 1936 жылы
қыркүйекте қаланған. Қала мөртебесіне 1954 жылы 20 желтоқсанда ие бодды.
Ол теңіз бетінен 420-450 метр биікте түр. Ауадағы оттегі өлкеміздегі орта
көрсеткіштен бір пайыз төмен. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары мыс қорыту
заводының техникалық жобасын жасағаңца ауада оттегінің аздығынан металды
пісірудің қосымша шаралары қарастырылған. Биыл қала өзінің 60 жылдығын
атап өтті.
Қаланың салыну, даму және кемелдену тарихында толықтай Жезқазған-
Үлытау өңірінің орыны ерекше. Ш ө л жене шөлейт аймақта каланың пайда
болуы өңірдің дамуына серпін берді, ал өңір жаңа өңдіріс ошағының
жұмысшылар, инженер-техниктерге сұранысын қанағаттандырудың бір көзі
болды. Қаланың ет, сүт, овощ, бақша өнімдеріне қажетін өтеу жылдан- жылға
артып отырды. Металлургия жөне құрылыс индустриясы жергілікті қазба
өнімдерімен қамтамасыз етті. Сондықтан Жезқазғанға байланысты әңгімені
өңірдің географиялық орыны, топырағы, ауа-райы, су ресурстары, т.б. өмірлік
мәселелерді тереңінен қозғап, баяндаумен өргенді жөн көрдім.
Өңіріміздің зерттелу тарихы
Өткен ғасырдың басында геологтар Жезқазғанның көне
металлургияның, көне орталықтарының маңызды бірі екенін дәлелдеп
берді. Ұлытау жене Жезқазған қойнауларының білгірі әрі зерттеушісі
академик Қаныш Сәтбаев бірнеше мақалалар жазды. Оның Жезқазған көне
металлургияның орталығы деген болжамын екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі археологиялық қазбалар толық бекітті.
Жезқазған кенішінің оңтүстік шығысында бір километр
қашықтықтағы Милықұдық қалашығы негізгі зерттеу объектісі болды.
Милықұдықта мәдениет қаптарларының күшті жынысы сақталған. Ол
сонау қола дөуірінен кейінгі орта ғасыр арасында адамдардың кен шығару,
мыс, қалайы, темір, алтын, күміс қорытуы және өндеуі хақында қүнды
мәліметтер береді. Жезқазғанның ертеде кен өндірген және жинақтаған
үйінділері аса үлкен.
Қ.И.Сәтбаев былай деп жазды: «В районе Жезказгана много
памятников, связанных с добычей и плавкой медных руд в медно-бронзовый
период развития человечества. Наиболее выразителен в этом отношении
сам Джезказган, где окисленных медных руды в древности добывались
в огромных размерах, отдельные выработки (разносы) в Джезказгане
достигали 750 м в длину, 50 м в ширину и 6-8 метров в глубину».
Мысты аймақ туралы деректерді көне дүние жазбаларынан білеміз.
Мыс өндіруде баяғы замандағы Қазақстанды мекендеген скифтердің,
оның құрамдас бөлектері аргипейлердің, аримастардың, грифтердің,
исседондардың, сақтардың, массагеттердің рөлі ерекше. Герадоттың
жазбаларында «Арқа жерінде массагеттер мен сақтар өмір сүрген, массагет
елі мыс пен алтынға бай, жасақшылардың барлық құрал - саймандары
мыстан жасалған. Олардың қару - жарақтары, дулығасы, сауыты алтынмен
апталып әшекейленген» деп көрсетеді.
Геолог С.Х. Боллдың есебі бойынша Жезқазғанда миллион тоннада
артық тотыққан бай кен өндірілген, оның ішінде бірнеше ондаған мың
т о н н а мыс бар екен. Бұл деректі мамандар Жезқазғаңда мыс кенін өндіру
бірнеше ғасырлар бойы жүргізілгенінің нәтижесі деп бағалайды.
Жез (мыс) деген үғымның өзі ғылыми ортада қызығушылық туғызған.
Қазақ тілінде, баска түрік тілдерінде, тіпті ерте дүние тілдері санскритте,
көне грек, латын, гот тілдерінде мыс деген мағынаны білдіреді.
Әуелде гректер мысты оны өңдеудің асқан шебері есімімен сһаgkоs
деп атаған, кейінірек Азия скрифтерінің сауда-саттық байланысының
нәтижесінде жаңа ұғым пайда болды. Гректер мысты ез деп атады. Бұл көне
кыпшақ тіліндегі ұғыммен үндесіп жатыр.
Біздің дәуірімізге дейінгі 57-жылы римдіктер Кипрді жаулап алды.
Одан кейін де жез сөзі қолданыста болды. Уақыт өткен соң ол купрум сөзімен
қатар қолданылады. Жез сөзі ең сонғы рет Плинияның шығармаларында
да қолданыста болған. Ал, ІІІ-ІУ ғасырдан бастап римдіктер тек сиргаш
(купрум) мыстың баламасы ретінде пайдаланатын болған.
Жез сөзі өте ерте заманда, тас дөуірінен бұрын да қолданыста болған.
Археологиялық зерттеулер кен өндіру энеолит дөуірінде немесе біздің
дәуірімізден бұрыңғы төртінші-үшінші мың жылдықтарда басталғанын
анықтады. Мұның өзінен қола мәдениеті мен неолит мәдениетінің тығыз
байланысын байқатады. Бұдан Жезқазған мыс кен орыныңда мыс өндіру
осыдан 6 мыңға жуық жыл бұрын жүріп жатты деген қорытынды жасауға
болады.
Бұл ежелгі өңірдің жер-су аттарында көрініс тапқан. Солардың
кейбіреулерін келтірейік. Жезді (мысқа бай өзен), Жезқазған (мыс кенін
қазған), Қазан (сынған кен қорытқанда қазан атылған), Қалайы қазған
(Бетпақдаланың сол жағында, қалайы кенін өндірген), Кенгір (қазыналы
өзен), Қорғасын тау (қорғасын кен орны), т.б.
Жезқазған деген атаудың шығу тегі мыс шығару және өңдеу атам
заманнан қолға алынғанын көрсетеді. Көне заман халықтарының тілінде
жез (Jes) терминінің кең таралуының өзі мыстың маңызды мәдени және
экономикалық мәнін, оның Европа және Азия халықтары арасында басты
сауда бұйымы болғанын дәлелдеп тұр.
Араб географы Аль-Идриси огуздар мен қыпшақтар елін сипаттай
отырып, оларда мыс және күміс кеніштері көп екеніне тоқталады. Ол
былай деп сөз сабақтайды: «Огуз елі игілікке толы, оның тұрғыңдары
бай. Олардың жері тазартылмаған күмістің төрттен бірін береді екен. Бұл
кеніштерде көп металл өндіріледі. Шаштың (Ташкеннің) саудагерлері оған
айырбасқа заттарын апарады, қолма - қол мыс, күміс, т.б тауарлар тиелген
көп түйе сатып алып, оны аяқ жететін барлық елдерге шығарады».
Әл-Идрисидің пайымдауынша, әлгі кеніштер Шаштың солтүстігінде
18 - күндік қашықтағы оғыздар мен қыпшақтар елінде орналасқан.
Академик Әлкей Марғүланның есебінше, түйе керуені күніне 40 шақырым
жүріп отырса, 700 километр қашықтағы Жезқазған мыс кен орыны болып
шығады екен.
Фирдоусидің Шахнамесінде тұрандықтар көсемі Афрасиабтың
өлтірілген жері Бухараның маңындағы аты аңыз «мыс сарайы» (Диз - и
руин) туралы баяңдайды. «Мыс сарайы» өзінің аты мен орналасқан жеріне
орай көне кеніш Жезқазғанға тура келіп түр. Мыс сарайының (Диз - и руин)
орналасқан мекен-жай туралы Махмуд Қашқаридің (ХІғ) анықтамасы да
осындай.
Әбілқазының айтуынша, мыс кеніші Жезқазған, Ұлытау жөне Кішітау
тауларына орналасқан, VІІІ-Х ғасырларда ол Ыстықкөл, Алмалық, Сайрам,
Қарашық биігі (Қаратау) сияқты оғыз - қыпшақтардың көрнекті жерлерінің
бірі болған.
Біздің дәуіріміздің X ғасырында өмір сүрген араб ғалымы Гардизи
Орталық Қазақстанда қарлұқтар тұрып жатқанын жазған. Ол осы өлкені
Сырдария бойындағы Янгикенттен Ертіске бара жатқан сапарында басып
өткен. Ол еңбектерінде Сарысу бойы, Қанғыр (Кенгір), Қанғыртат (Ұлытау)
арқылы өтетін керуен жолының табиғатына сипаттама берген. Ел осы
жолды Гарзиди жолы (кейін Сарысу керуен жолы) деп атап кеткен.
Католик дінінің аса жоғары лауазымды тұлғасы (папа) IV Инокентий
1246 жылы Жиованни дель Карпиниді моңғол мемлекетіне сапарға
аттаңдырған. Ол Римнің діни басқармасының жолдауымен Алмания,
Испанияда болған тәжірибелі елші еді. Сондықтан да моңғолдардың ел
аймағын, қуатын, болашақ іс әрекеттерінің бағыт - бағдарламасын барлап
келу міндетін жүктеді. Ол Монғол мемлекетінің астанасы Қарақорымға
Еділ өзенін жағалап, Орал тауының сыртымен, Орталық Қазақстан,
Алакөл, Тарбағатай арқылы сапар шеккен. Ол өзінің «Монғол тарихы» атты
еңбегінде «түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малдары өте көп, тіпті олардай ат
келігі мол ешбір ел жоқ шығар деп ойлаймыз. Ал шошқа жөне де басқа мал
тұқымдастар жоқ» деп жазды.
Оның артынша Француз королі IX Людовиг Монғол жеріне өзінің
ең жақын танысы Гильом де Рубрук деген монах бастаған (1253 жылы)
елшілерді аттаңдырды. Олар араға жыл салып әрең 1254 жылдың сәуірінде
Қарақорым қаласына жетеді. Келер жолда Еділден Ұлытауға келіп, содан
аттың басын оңтүстікке бұрып Шуға барып, одан әрі Іле арқылы Алтайға
барып, Қарақорымға атбасын тірейді. Монғолдың ұлы ханы Мөнкенің
қабылдауында болады. Негізгі мақсаты француз королі IX Людовиктің
монғолдар арасында шырмақ (крест) дінін насихаттау жөніндегі мәселесін
баяндап берген. Рубрук 1253-1255 жылдардағы есеп хатын (жол күңделігін)
бір жыл дегенде тәмамдап, корольге тапсырған. Рубруктың Шығысқа
сапарының есеп күнделігі монғолдардың тарихы жайлы ғана емес, сол
кездегі жаграпиялық маңыздылығы жағынан да ерекше маңызды болған.
Бетпақпен шекаралас Балхаштың солтүстігімен өткен ол күнделігіне «осы
аралықта қабірден басқа бірде - бір құрылыстың сілемін жолықтырмадық»
деп түртіп кетіпті. Шамасы монғолдардың шапқыншылығынан кейін
құлазып қалған қыпшақ даласы болар. «Мысық сияқты ұзын құйрықты,
құйрығының ұшында ақ, қара қылшығы бар қояндар да к ө п , мен онда бұғы
көрмедім, ақ қоян кездестірдім, жирен киік көп көрінеді. Жабайы есек
(құлан) үйірімен жүреді... Құлжа деген өте үлкен мүйізді, дәл қой сияқты
денелі жануар бар»,-деп жануарлар дүниесі туралы өте құнды дерек береді.
Әлемдік аты мешһүр Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед Бирунидің
(4.10.973- 1050ж) географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі
айтылған, материктердің өзара орналасуы, бір - біріне жалғасу реті картаға
салынып көрсетілген. Шығармаларында оғыздардың Ұлытау тауының
етегіне дейін таралғанын хабарлайды. Сарысу өзенінің географиялық
орыны турасында дұрыс пікір білдіреді. Сонымен бірге Ұлытаудың
баурайында Монкүр деген кел бар деп жазған. Егер арабтардың оңтүстік
батыс жағынан жолаушылап жететінін ескерсек, оның Шұбартеңіз көлі
екенін байқауға болады.
Ұлытау - Жезқазған өңірінде оғыздар мен ерте қыпшақтардың (VI-
ІХғ.ғ.), монғолдарға дейін (Х-ХІІ ғ.ғ.), монғолдар кезі (ХШ-ХV ғ.ғ.) және
қазақ хандығының қалыптасқан кезеңінің (ХV-ХVПІғ.ғ) ескерткіштері
сақталған. Бұл жерде айтып кетерлігі монғол шапқыншылығы кезінде
аттың тұяғы тиген барлық қалалар қиратылып, жермен жексен болған.
Ал, Жезқазған мыс кеніштері жөнінде былай деуге болмайды. Мұнда
мыс кеніштері толық сақталған, жұмыс істеп тұрған. Бұл жөнінде алда
айтатын боламыз. Орталық Қазақстанда алпыстан астам нығайтылған
қорған (орда) және тұрақтар (қыстаулар) табылғанын айтады академик
Ә.Марғұлан. Оның қайсысы қай жерде десек, оннан астамы Сарысу
бойында (Қараағаш, Мәулемберді, Қарасақал, Жұбан ана, Қайып ата,
Талмас ата, Айтболат, Төртқұлақ қорған, Жаман қорған, Белен ана, Ата
тегі ж.б. Оны Кеңгір езенінің аңғарында, төртеуі Жезді өзенінің сағасында
(Басқамыр, Аяққамыр, Талдысай, Жезқазған), оны Ұлытаудың баурайында,
біреуі Жетіқоңыр құмында (Талдыкент).
Осы есептің өзі Орталық Қазақстандағы 60-тан астам қорғанның
(орданың), тұрақтың (қыстаудың) 33-і Ұлытау баурайында екенін көрсетеді.
Ұлытау өңірінің елді мекендері 1375 жылы құрастырылған әлемнің
каталон картасында, ағайынды Пицигани картасында (1367 ж.) және Фра
Маура картасында (1459ж) кездеседі. Мысалы Фра Мауро картасында
кішкене көлге (Телкөл) құятын Сарысу өзені бейнеленген. Онда тау
қатпарында салынған суреттер бар, олар Сарысудың төменгі ағысындағы
Таңбалынұрадағы көріністерден аумайды (13).
Ресей патшасының қалауымен Қыдырғали Жалаири «Жами-ат-
тауарих» («Жылнамалар жинағы») деген кітап жазған.
«... Орталық Қазақстан жерінде Ортағ (Ортау), Қартағ (Ұлытау)
таулары Бетпақдаланың солтүстігіне орналасқан. Осы таулардың
баурайында Абуджа ханның жайылымы жатыр. Онда Анджатам деген
ортағасырлақ қала болған» деп ақпарат береді.
Қазақ жері туралы жинақталған мәліметтер Ресейде шығарылған
«Үлкен сызба кітабында (1627 ж.) көрініс табады. Кітаптың картасында
Ұлытау, Сарысу бойы, Қаратауға дейін сипатталады. Ұлытаудың
орыс жұртының жазбаларына ілінуі осы кітаптан басталған сынайлы.
«Ұлытаудан үш өзен шығады, үшеуінің де аты біреу Кендерлик. Бұлардың
екеуі өзара қосылған соң Сырдарияға құяды, ал үшіншісі Сарысуға...» деп
түсінік береді «Үлкен сызба кітабы». Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері
бірігіп Кеңгір деп аталып, оң бүйірден Жезді өзені сырғып ағып қосылып,
Сарысуға жамырап келіп құяды. Ал, Сырға құйған өзенді ешкім білмейді.
Бетпақтан дамылсыз соққан аңызақ, толассыз сусып жылжыған құмы жер
бедерін, табиғатын өзгерткенін білеміз. Ол әлі жалғасуда, бәлкім өзеннің
арнасын құм басып, қу далаға айналып, жоқ болып кеткен болар.
XVII ғасырда орыс дипломаттары мен мамандарының «Қазақ
ордасына» жөне Орта Азия хандықтарына сапары жиелей түсті. Жайык
сыртындағы дала туралы мәліметтер жинақталып, «Чертеж всей земли
безводной и мало - проходной каменной степи» («Бүкіл жері сусыз,
өтуге қиын тастақты дала чертежы») тақырыппен жаңа кітап (1697ж)
жарық көрген. Бұл туынды С. Ремезов жазған «Чертежная книга
Сибири» («Сібірдің чертеж кітабы») деген тақырыппен орыстың тұңғыш
географиялық атласының құрамына кірген. («Бүкіл жері сусыз, өтуге
қиын тастақты дала чертежында» Бетпақдала, Торғай, Сарысу өзендерінің
алаптары дұрыс көрсетіледі. Жер бетінде үйінділері ғана қалған өткен
дәуірдің қалалары мен жеке ғимараттары аталады. Торғайға құятын
Қаратал өзанінің оң жағындағы «Қақырыған қала» (Хан ордасы), Сарысуға
Киндерь (Киндерлик) құятын тұста болған ана мешіті, оның оң жағындағы
Талмас ата мешіті, ал, оңтүстікке қарай аты жоқ мешіт белгіленген.
Ескерткіштермен қатар С. Ремезовтың картасында Аюке мен Рабдан
арасындағы Бетпақтың солтүстігімен өтетін Үлкен Қалмақ көш жолы (1676-
1724 ж.ж.), Сібірді Сырдария төңірегіңдегі қаламен байланыстыратын
Сауран жолы нүкте сызықпен жазылады.
С. Ремезовтың еңбегіне еңгізілген Ф. Любимович-Скибиннің Тәуке
ханның ордасы Түркістанға барған жолы (1694ж) қазақтың ұсақ шоқьшы
аймағындағы Сарысуды жағалай, Шу, Қаратауды кесіп жеткен болатын.
Елші «жол бойында суы аз, құрғап қалатын өзендер бар. Жолдың батысында
Сарыкопа, ал, шығысында Теңіз көлдері бар.» Ұлытаудың тасты Сілемінің
биіктігі 1133 м. Бетпақдаланың батысында құмды шөлдер көп» деп дерек
беріпті. Ф. Любимович-Скибин Сарысу алабы жайлы біраз мәлімет
келтіреді. Ақиқатын айтсақ, Ұлытаудың биіктігін тұңғыш дәл анықтаған
осы зерттуші. «Құмдарда қалың соксоул (сексеул) ағаштары өседі, басқа
ағаштар жоқ» деп өңірдің өсімдіктер дүниесіне назар аударыпты.
Ұлытау өңіріне XVIII ғасырдың 70 жылдары болған Николай
Петрович Рычков генерал фон Траунбергтің жазалау экспедициясының
құрамында 1791 жылдың 12 мамырында Жезқазғанға тоқтайды. Сол күні
мына жазуларды күнделігіне түсіріпті: «Ұлытаудан бастау алатын үлкен-
үлкен өзендер мыналар: Ұлы Қарағай (Қарағанды өзені болар), Жыланшық,
Кеңгір, Сарыкеңгір, Жездікеңгір. Мұнда осы елдің ежелгі тұрғыңдары
қазып алып пайдаланатын мыс кен орыңдары өте көп; бұған қоса алтын мен
күміс кендерінің белгілері де бар. Кеңгірлер әр тұстан ағып шыққанымен,
бара-бара бір арнаға тоғысып, Сарысу өзеніне қосылады. Осы тоғысқан
өзендердің сағасында адам танданғандай қираған кала жұрты бар... Мұнда
тастан қаланған ежелгі ғимараттың қирап біткен сұлбалары және басқа да
көптеген қалдықтары күні бүгінге дейін толып жатыр. Ежелден келе жатқан
аңыздарға қарағанда бұл жерде Шыңғысхан ұрпақтарының астана қаласы
болған деседі, ал олардың бүл елді түгел билеп түрғаны белгілі».
Кезінде Ақорда Селенга өзенінен Орал тауларына дейінгі орасан
аумақта көсіліп жатты. Ақорданың билеуші қазақ сұлтандарының
бастауыңда тұрған Жошының ұлы Орда-Ежен еді. Үш жерде резиденциясы
болды. Онық бірі Шыңғыстаудың баурайында, Ертістен 80 километр
жерде, негізін наймандармен, керейттермен соғыста жеңіске жеткен
Шыңғысхан өзі қалаған. Осында хан болып жарияланған. Орда-Еженнің
жазғы резиденциясы Алакөлден қашық емес Эмел өзенінің бойындағы
Алақамақты болды. Оның ставкасында 1246 жылы Плано Карпини болды
және сипаттап жазды. Орда-Ежен Ақорданы Кеңгір өзенінің жағасындағы
Жошының ескі жұртынан отырып басқарды. Археолог Ж. В. Смаилов Ақ
орданың Сарыарқадағы астанасы Орда базар болуы әбден мүмкін деген
пікір білдіреді.
Ресей мемлекеті ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ жерін, оның ішінде
Сарыарқаның жер көлемінжан-жақты есепке алып, геодезиялық съемкалар
жасап, картаға енгізумен бірге жер бетіндегі биіктіктерді өлшеп, пайдалы
қазбалар жөніндегі мәліметтер жинады. Осы мақсатпен өңірімізде
зерттеушілер П. Шангин (1816 ж.), Н. Потанин (1830 ж.), Г. Фонгенс (1825-
1844 ж.ж.), А. Шренк (1840-1843 ж.ж.) болғаны белгілі. Ал, орыс география
қоғамы Сібір бөлімінің жоспарына сәйкес Ю. Шмидт (1834-1893 ж.ж.)
астрономиялық және гипеоматриялық (биіктіктерді өлшеу) анықтауларды
іске асырған. Ол - Бетпақдаланың тұңғыш физикалық, географиялық
сипаттамасын жазған ғалым. Сол кездің өзінде «Қоңыр» құмдарының
(бекіген құмдарға байланысты) малдың өсіп, тұяқ санының көбейгенінен
біртіндеп сусымалы, көшпелі құмға айналып бара жатқанын аңғарған.
Ұлытаудың қарағайлы-қайыңды ағаштарын Ұлытау бекінісіндегі орыс-
казак әскерлерінің аяусыз кесіп жатқанына куә болған. Ағаштар кесіліп,
орман сиресе таудан бастау алатын өзендердің суы азайып кететінін
ескерткен.
XIX ғасырдағы қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов 1862 жылы Ұлытау
өңірінде болған. Оның бұл сапарын Атбасар дуанының аға сұлтандығына
таласқан кезімен байланыстыруға болады. Сайлау додасына қатысумен
қатар өңірдің тарихи сәулеттік ескерткіштермен, табиғатымен танысқан.
Мысалы Оразымбет батыр туралы жазбалары, исламға дейінгі сәулет үлгісі
Жұбан ана, Айболат (VІІІғ.д.), Болған ана кесенелері жайлы суреттемелері
бағалы ғылыми құжат болып табылады. «...Глухой степи, около Улытау, на
Кенгирах множество могил, удивляющих своим устройством: Камыр-хан,
Алача-хан Домбаул (аулие), Болган-ана... », - деп жазады ол (17).
Беріде Ресейдің геология комитеті мен шаруалардың қоныс
аудару комитеті Орталық Қазақстанға, оның ішінде Ұлытау өңіріне топ-
тобымен экспедициялар аттандырды. Оларға пайдалы кен орындарын,
орыс шаруаларының келешекте орналасатын қолайлы қоныс-тұрақтарын
анықтау жүктелді. Сарысу, Кенгір, Жыланшық өзендерінің аңғарларындағы
топырақты зерттеп, дәнді дақыл, көкөніс, бау-бақша егетін жерлерді есепке
түсірді. Кәсіптік маңызды түз аңдары, балық, құстар түр-түрімен назардан
тыс қалмады. Қарсақбай аумағында пайдалы қазбалар бағдарланды. Кен
орындарының өнеркөсіптік мәні-жайы анықталды. Ағылшын геологы X.
Болл Жезқазған кен орындағы мыстың қоры жөне одан металл алу жағын
қарастырды.
Ұлытау өңірінің бай минералдық ресурстарын зерттеп игеруде
академик Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың орыны мен еңбегі ерекше.
Жезқазған оның есімімен біртұтас және бірінен бірін ажырауға болмайды.
Оның әріптесі ғылым докторы профессор В.С.Коптев-Дворников
ұлы ғалымның әлемге қалдырған баға жеткізгісіз үш игілігінің бірі
Үлкен Жезқазған деп атап көрсетті. Институтты жаңа ғана бітірген жас
геолог-инженер алғашқы үш жыл бойы Жезқазған, Өспен және басқа
мыс кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізіп, қыста Москвада
«Атбасцветмет» тресінің басқармасында зерттеу және жүйелеу
жұмыстарымен шұғылданды. 1927 жылы өзінің геологиялық зерттеулерін
қорытып, Қазақстан Үкіметі мен СССР ХШОС металдар басқармасына
хат дайындап, Жезқазған мыс қорының әлеуеті жағынан одақтағы барлық
мысты аудаңдардан асып түсетін кенді провинция екені жөнінде батыл,
негізі мықты, салмақты пікір білдірді.
Қ. И. Сәтбаев Мәскеудің, Алматының, т.б. ғылыми орталықтардың
саналуан бағыттағы ғалымдарын, маман зерттеушілерін шақырып, ішкі су
көздерін, топырағы мен өсімдіктерін зерделеуге жұмылдырды. Олардың
ішінде Н. Г. Кассин, М. П. Русаков, А. Л. Яншин, Ф. В. Чухров, Р.О.
Борукаев, Ө. Оспанов сияқты аты белгілі ірі тұлғалар болды.
Ұлытау аймағы
Қаныш Сәтбаев «Социалистік Қазақстан» газетінің 1935 жылы
қазанның 9 - ы күнгі санында «Ұлытау аймағы» атты тақырыппен үлкен
мақала жариялады. Бірге оқиық.
«Қарсақбай мыс заводының солтүстік жағында 120 километр
жерде Ұлытау дейтіін т ауу бар.. Бұұлл ттаауу өөззінініің биіктіігі жағынан
да, алып тұрған жер көлемі жағынан да Оңтүсік шығыс жақтан
Солтүстіік батысс жааққққаа ққааррай мыңндаған километр жерге созылатын
«Сарыарқа» дөңдерінің негізгі кіндіігіі б ооллы п еессееп ттеледі. «Сарыарқа»
мидай жазық Сібір даласы мен Бетпақ шөл даласын айырады. Орал
таулары мен Алтай тауларын бір-біріне жалғастырады. «Сарыарқа»
бұрынғы ғылым кіітаптарыннддаа «Қырғғы зздды ңң ттааууллы аймаағғы »»,, «Арал -
Ертіс суларын айыратын дөң» деп аталған. Жергілікті қазақ елі бұл
дөңдерге «Сарыарқа» деп ат қойған, бұлай атауы дұрыс-ақ. Өйткені,
бұл дөңдеср Батыс-Сіібіір даласыи Оңтүүсстті іккттіің ыстық желіінен қорғап,
ауыл шаруашылығғы үүшіін жақссы жағдай туғызады.
Ұлытаудың алып тұрған жер көлемі 2 0 0 шаршы километрден
кем емес. Таудың Оңтүстік және Батыс жақтары тік, жар болып келеді.
Ұлытау жүйесііндеггіі кейбір таулардың биіктігі тегіс жердің бетінен
алып өлшегенде 7 5 0 метрге ж еттееддіі;; ккееййббірр таулааррдың биіктігі бұдан да
асып кетеді. Тауда қкұүз-жарлар, жартастаарр көп болғандықтан, мұндай
биікке шығғу өте қиын ттииееддіі.. ҰҮлытаудың биіктігі теңіз суының бетін
алып өөллш ееггееннддее 1115500--1200 метрге жетеді.
Таудың нәсілі граниттан жаралған. Сондықтан, оның төңірегіңнде
өзен сулары болсын, жердіің астындағы су болсын тұщы болады. Кеңгір
өзені таудан жылжып ағып, Оңтүстіктегі Бетпақ шөлге қарай кетеді.
Үлкен, Бала Терісаққан өзендері солтүсттіік пен батысқа қарай ағып,
Обь өзеснінің саласына қарай асады.. Қаара,, Саарр ыттооррғғай,, Ж ыллааншық
өзендері Ұлытаудан басталып, Солтүстік, Батыс Қазақстандағы
көлдерге құяды. Бұл өзендердің суы тұщы болады; ішінде жайын,
сазан, шортан сияқты балықтар көп болады. Олардың төңірегіндегі
сай-салаларға таалл,, қ қаамыс сияқты өсімдіктее р мен ағаштар көп шығады.
Кейбір жерлерде өзендер тааууддың ттүүййісісіпіп ккееллггее н араларынан өтіп,
тамаша әдемі көрініістер береді. Ө зеендее рддіің е кіі ж ағғында қара топырақ
көп болғандықтан, көк майса шөптер кілемнің түгіндей болып,
түрленіп жатады, тоғайлар да көп кездеседі.
Бұрынғы уақытта Ұлытау Қазақстанның саяси өмірінің
орталығы болған. Қазақтың Алаш (Ақназар), Абылай, Кенесары
сияқты атақтары хандары Ұлытауды мекен еткен. Бұған таудың
жаратылыс жағынан өте әдемі, және Қазақстанның географиялық
орталығында болуы себеп болған. Ұлытаудың саяси-экономикалық
маңызын орыс отаршылары да білген. Олар өткен ғасырдың
30-жылынаи бастап тауды табандап мекен етуге тырысқан, әскерлерін
әкеліп орналастырған. Бірақ жергілікті қазақ елі соларға шабуыл
жасап, тыныштық бермеген.
Қазірде Кеңестер одағының шаруашылығы қаулап өсіп,
Қазақстанда социалдық құрылыс өркендеумен қатар, Ұлытау өндіріс
жағынан үлкен маңызды орынның бірі болып отыр. Осы күні бұл
таудың төңірегінен орасан көп мыс, темір, марганец, алтын, қорғасын,
көмір байлықтары табылып отыр.
Ауа райы
Өңірдің ауа райы шұғыл континентальды, қырда қар негізінен
аз түседі, суық, жазы құрғақ ыстық, жылдық және тәуліктік ауаның
температурасы ауытқып тұрады. Өйткені Ұлытау Сібірдің сақылдаған аязы
мен Орта Азияның аптап ыстығы бетпе-бет тоғысып тұратын аймақ. Мұнда
жаз айларында температура +22 градус болса, қыста осы көрсеткіш -22
градусқа тең келеді. Қыста ең суық ай - қаңтар, ақпан, орташа температура
-14 -16 градус болғанымен ең төменгі температурада сынап бағанасы
-42 -50 градусқа дейін түседі. Жазда ең ыстық айлар - шілде мен тамыз.
Ағылшындардың 1913 - 1917 жыддардың ішіндегі бақылаулары бойынша
шілдеде температура 1913 жылы +45 градусқа, 1914 жылы +43,5 градусқа,
1915 жылы +44 градусқа жеткен екен.
Тұрғындардың есебіне қарағанда, аймақтағы жауын-шашын жаздың
бастапқы шенінде, не күзде болады. Таулы қыратты бөлегінде және
солтүстікке қарай жылдық ылғал мөлшері анағұрлым артады, 200 -250 мм-
ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жері - Ұлытау тауының баурайы,
ылғалдың мөлшері - 300 - 350 мм.
Шілдеде жаңбыр жаумай, ауа райы ашық тымырсық күйде сақталады.
Соғатын желдің бағыты оңтүстіктен, немесе оңтүстік батыстан. Желдің
жылдамдығы секуңдына 3 - 5 метрге жетеді. Аңызақ желдер соққаңда ауаның
құрғақтығы күшейеді, секундына 15м, кейде одан асып, жел ішін тартып
жиі соғады. Жерден топырақ, құм, шаң-тозаң атаулы аспанға көтеріліп, көз
көрінбейтін құм бораны түрады. Мұндай құбылыстар Жезқазған, Сәтбаев
қалаларында, Қарсақбай кентіңде жиі байқалады. Аңызықтың аяғы
қуаңшылыққа алып барады, жазық далаларға, өсімдіктер әлеміне зардабын
тигізеді. Кең көсілген дала сарғылт тартып, өсімдіктердің біразы қурап,
төңірек шөлдік сипат алады.
Өңірдің оңтүстігі мен батысыңдағы құмдарға жаңбыр мен қар аз
гүседі. Арал маңайы мен Жетіқоңыр құмдарына түсетін ылғал 80 мм
шамасында. Оның өзі жаздың ыстық айларында өсімдіктердің тамырларын
нәрлендірмей, тез буланып, біраз бөлегі ұшып кетеді. Аймақта орташа
салыстырмалы ылғалдық 55-60 пайыз болса, шілдеде бұл небәрі 35-40
пайыздың маңайында болады.
Ауа райының қалыптасуына күн сәулесінің әсері зор екені белгілі.
Ұлытау өңірі қоңыржай белдеудің түстігінде болғандықтан күн сөулесі
молынан түседі. Бұлтты күндер көп емес. Ауаның жылы кезінің орташа
температурасы 0-ден жоғары болатын күндер 198 - 223 күн аралығында
болып жұр, ал ауаның аязсыз кезеңі 90 - 170, топырақтікі - 70 - 160 күн
аралығында болып жұр. Жарқыраған ашық күндердің көп болуы егін,
бау-бақша шаруашылығы өнімдерінің дәмділігіне, толық пісуіне оң есер
жасайды. Сонымен бірге күн сәулесін электр энергиясын алуға пайдалану
өңірде үлкен шаруашылық және әлеуметтік міндеттерді шешуге мүмкіндік
туғызады.
Қар қарашаның 30-ына қарай жер бетін толық жабады, ал, наурыздың
- 23 дейін телім-телім болып ериді, сонда жер бетінде қар 120 күн жатады
екен. Тоңның орташа тереңдігі 30-40 сантиметрден қыс аязды болған
жылдары 1,2 метрге жетеді. Өңір тұрғындарының айтуынша құмның
терістікке қарай жылуына және Аралдан сортаңды тозаңның дауылмен
тарауына байланысты тоңның жұқара бастағаны белгілі болып тұр.
Көктемгі ауа-райы өте құбылмалы. Кей жылдары қар тез еріп, өзендер
күрт тасиды. ХІХғасырдың 80-жылдары Шу бойынан, Жетіқоңырдан
(47-параллель) жазғы жайлауға көшкен бабаларымыз Сарысудың тез
көтерілген суынан қорқып, аялдап қалғанда қыстай көкпек пен жусан жеп
дымы құрыған жылқылар өз беттерімен суға түсіп, кейбіреулерін толқын
түбіне тартып әкетсе де көпшілігі алға ұмытылып, екінші жағаға шығады.
Ұлытау аймағында сәуір-мамыр айларында және қыркүйек-қазан
айларында анда-санда солтүстіктен арктикалық ауа дендеп еніп тұрады.
Осындай тәуліктерде үсік, қарлы боран жиі қайталанып, егіншілікке, бау-
бақшаға, мал шаруашылығына зардабын тигізеді. Мәселен 1964 жылы
қыркүйектің соңғы жұлдызында қарлы бораннан, Жезді ауданының
кеңшарларында жаңа қырқылған 60 мыңдай қозылар мен қойлар опат
болды.
Қарсақбайдағы метеостанцияның және оған жапсарлас
метеостанциялардың бақылауларын қоса алғанда он жыл (1925-1935 жыл)
ішіндегі орташа ылғал 150 мм, қыс айларында 46,9 мм болған. Ал кейінгі
бақылаулар бойынша жылдық орташа ылғал 208 мм, ал қыста 102 мм
болды.
Қ.И.Сәтбаевтың пікірінше, ауа райының соңғы жылдардағы
болмысының жылылыққа, дымқылдыққа, жайлылыққа қарай бет алғаны
сезіледі.
Өңірде жылу тарату жүйесін салуды жоспарлағанда сыртқы ауаның
орташа температурасы - 32 градус, жылыту маусымы 212 күн деп
есептеледі.
Су қорлары
Қазақ жерінің кіндігіндегі, құрлықтың нақ ортасындағы Жезқазған
- Ұлытау өңірінің ішкі суы тұйық. Оның табиғи-тарихи жағдайы
гидрографиялық жүйесінің бірсыдырғы дамуына әсер еткен. Тек суы жазғы
анызақта буланып ұшып тартылып, кесіліп қалса да Ұлытаудан бастау
алатын өзендер жүз шамалы.
Терісаққан өзені ғана солтүстік мұзды мұхитына құятын өзеннің
саласы болып табылады. Ол басын өңірдің солтүстік батысындағы
Желдіадыр тауларынан сабақтайды. Бұл өзеннің біздің жерімізден тек
жоғары ағысы ғана өтеді. Оның орта жөне төменгі сағасы Ақмола, Қостанай
облыстарының жерімен жүреді.
Өзен аласа таулар мен шоқылар арасынан жарып өткендіктен аңғары
тар, тік шатқалды. Өзеннің Теңіз-Қорғалжын ойпатынан аса бере аңғары
кеңеиді. Балатерісаққанның Терісаққанға құйылысында өзеннің жалпы
ені 30 километрге жетеді. Терісаққан тұла бойында көзді бұлақтардан н ә р
алып отырады. Өзеннің жалпы ұзындығы 279 км, су жинайтын алабы 20000
шаршы шақырым. Арасында шоқ-шоқ тоғай желек жайып өскен. Оның су
қорын сақтаудағы және тұрақтандырудағы орыны айтарлықтай.
Ұлытаудың оңтүстік-батысынан басталатын үлкенді-кішілі өзендер
түгелдей Арал алабына жатады. Таудың биік шатқаларынан құлап түскен
өзендерді тау жоталары өз бойымен кесектеп бөліп, басқаларға қостырмай,
жеке дара саламен ағызады. Қараторғай өзені Жақсы Арғанатыдан құлайды,
оған Қайыңды, Жалдама Торғай, Сабасалды Торғай, Қарынсалды Торғай,
Ашудасты Торғай, Ақтасты Торғай, Жоғары Жыланшық, Шығырлы
өзендері қосылады. Қараторғайдың негізі арнасы Көкталдың бастауы
Арғанатының Ақшоқысынан. Оған Балға өзені құяды, одан төменірек
Аралбай өзені қосылады, осы жерден жоғарыдан құлаған өзен Қараторғай
атына ие болады. Торғай ерте заманда Арал теңізіне құйған.
Торғай өзенінің алабына Ұлытаудың жалғасы Қарсақбай
қыраттарынан ағып шығатын Ұлы Жыланшық, Байқоңыр, Бұланты,
Білеуті, Қияқты, Қимықы, Жимықы, Қалмақ Қырылған, Қумола өзеңдері
жатады. Олар қар суымен ғана толады. Олар Арал теңізіне қарай-қарай бет
алып аққанымен оған жетпей Арысқұм, Мойынқұмға кездесіп, құмға сіңіп
жоқ болады.
Ұлытау өңірін жарып Сарысу өзенінің орта ағысы өтеді. Оның жалпы
ұзындығы 671км, бассейннің көлемі 81600 шаршы км, өзеннің бас жағының
саласы тар болса, төменгі жағы 5-10 к м . Негізі қоры қар суынан түзеледі.
Өзеннің бастау және аяқ бөлегі шілде-қаңтар айларында құрғап ойдым-
ойдым қарасу болып қалады.
Сарысуға таудан аққан Кеңгір, Жезді, Боқтықарын, тағы басқа
өзендер келіп құяды. Оның ішіндегі ең ірісі - Кеңгір өзені. Ұзындығы 295
км. су жиналатын алабы 18400 шаршы километр. Кеңгір өзені Ұлытаудың
солтүстігіндегі Арғанаты тауындағы бұлақтар мен көлдерден басталып,
Қаражардың тұсында Сарысуға қосылады. Отыз төрт салалы Кеңгірдің
су алатын өзендерінің бастылары Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері, т.б.
Аңғары кең, жағасы тік жарлы. Өзен деңгейі көктемде еріген қар суымен
көтеріледі. Ғалымдардың болжауынша Қаракеңгір өзенінің сағасының
кеңдігі өткен дәуірде 22-25 километр дейін жеткен.
Сонымен Ұлытаудан басын алатын өзендер үш бірдей су алабына
(Сібір, Торғай, Арал) қорек болып жетіп, тіршілік атаулының көзі болып
отыр.
Өңірде жер асты суларының үлкен қоры бар, олар - тұщы ауыз судың
көзі. Жер асты сулары әрқилы тереңдікте жатыр. Қазірдің өзінде көлемді
артезиан алаптарға (жер асты сулары) геологиялық барлау жүргізіліп, қоры,
суының сапасы анықталды.
Әрине, жер астындағы су байлығы атмосфералық жауын - шашын
және өзен суларына байланысты. Бұл жер бетіне таяу, төрттік дәуірдің құм
- сазды шөгінді жыныстарының астына орналасқан. Оны ғылымда еспе су
дейді. Оның деңгейі қар қалың, ылғал, жауын-шашын көп болса, көтеріліп,
қорының да өсімі болады. Қуаңшылық жыддары деңгейі құлап, тартылып
қалады.
Жезқазған - Ұлытау аймағында бұдан тыс 35 жер астындағы су
алабына геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген. Су жетеді. Қорлар
жөніндегі жоғарғы комиссия бекіткен қор 1953 жылы секундына 2,6 текше
метр, жылына 81,6 текше метр болса, 1967 жылы бекіткен қор тиісінше
секундына 4,7 текше метр және жылына 148,2 млн. текше метр болды
немесе 1,7 есе өсті деген сөз.
Мен 1967 жылы жарық көрген «Тастар тілмашы» кітабымда бұл
оқиғаны былай суреттеппін.
«Елуінші жыддардағы оқиға әркімнің-ақ есіңде. Бетпақтың шөліне
орналасқан мыс алыбы суды көп қажет етті. Ғылыми сессияларда, партия
жиналыстарында, шаруашылық кеңестерде қызу жарыссөз жүріп жатты.
Батыл ойлы ғалымдар Ертістің арнасын Сарысуға қосып, Кеңгірге
жалғаудың жоспарын ұсынды.
Суды тұщыландыратын атом қондырғысын салу турасыңда
оптимистік ұсыныстар айтылды.
Бүгінде Жезқазған сулы өңір деп аталады. Картаға қарасақ, бастауыш
кластан көңілімізде ұялаған келдің шартты белгісі көгіддір бояу көрінбейді.
Ақтаңдақ сарғыш бояулар.
- Енді мына картаға қаралық, - дейді экспедицияның (Жезқазған)
бас гидрогеологы М.Хордыкайнен 1967 жылы кездескен де. Ғажап! Сенгің
келмейді. Жезқазғанға қатарласа Балхаштай бір жерасты көл жатыр.
Гидрогеологттар Айдос-Үйдос, Қожамсейіт, Жанай дарияларын барлады.
Олар секунд сайын 4,3 текше метр су бере алады. Қаракеңгір мен Сарыкеңгір
өзендерінің қақ ортасында Қотыржал, Тайыншаадыр, Қызыладыр төбелері
үлкен теңіздің қақпақтары екен. Суы қаңдай. Ешқандай химиялық
қосындының қажеті жоқ. Бұл мысты өлкеде су проблемасы шешілді деген
сөз.
Артезиан суы негізінен тұщы, бөтен дәмі жоқ немесе аз минералданған.
Ауыз суы ретінде. Қазір Жезқазған өңіріңде 70-75 млн. текше жер асты
суын ішуге, мал суаруға, егіншілікке, ауыр индустрия кәсіпорындарының
техникалық қажеттеріне пайдаланылып отыр. Бұл пайдалануға рұхсат
етілген мүмкіндіктің 9-10 пайызын қүрайды.
Жер үсті және асты суын ауыл шаруашалағын өркендетуге бағыттауда
Үлытау (бүрынғы Жезді және Үлытау) аудандары алда жүрді. Оның жолын
ашқан гидрогеологтар.
Үлытау баурайында шашылған күміс теңгедей келдер көп болған.
Шүбартеңіз, Қарақойын, Сөмен, Барақкол, Ашыкел, Дәнсары, Қүркол,
Обалы, Бозбайтал, Бүршақтыкол, Кішкене көл, Тоғызбай, Ағатай, т.б.
Көлдердің ең үлкені Шұбар теңіз 125 шаршы километр жерде жайылып
жатыр, үзындығы 24,5, ені 5,1 шақырым, одан кейін Қарақойын түзды колі
түр, ол үзындығы 16,3 шақьфым, ені 4,5 шақырым, айдыны барлығы 72,5
шаршы километрді алады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысы
кезінде пайда болған келдер Барақкол, Қоскел. Жалпы айдыны бір шаршы
километрден асатын келдер саны отыздан асады.
Байқап отырғанымыздай, өңірдің солтүстік - батысындағы таулы
қыратты, үсақ шоқылы аймағындағы колдер жиі байқалады. Оңтүстік,
жартылай шөлейт және шелейт аймаққа, шелге беттеген сайын табиғи су
қоймалары күрт азаяды. Шелейт аймақты 6 , 5 мың шаршы километрге бір
келден келсе, шел аймақта 10 мың шаршы километрге тек бір келден келеді.
Өйткені, оның себебі белгілі. Бетпақтың даласына қарай қуаңшылық белең
алып, ыстық ауа деміңді тарылтады.
Ірі өзеннің арнасының құрғап, бөлініп қалған кезінде аңғарлы көлдер
пайда болады. Осындай көлдер «Сарысу» өзенінің сағасына бірқатар
аймақта жазық, асты сазды, дымқыл, құмдауыт жыныстардан қалыптасқан
эолды (дефляциялық) көлдердің өзі бір бөлек. Шөлейт, шөл жағдайыңда
аңызақ желдің буландыру әрекеті қатты. Осылай дүниеге келген ойыстарда,
шағын ойпаңдарда қар суы жиналып, көлдер құрайды. Жаздың ортасында
суы тартыльш, кебіртеңге, қалың сорға айналады. Бұл сияқты көлдер құм
бұйраттарының, бетпақтың даласында жиірек ұшырасады.
Қайдауыл, Жыланшық және түстік Торғай жазықтарында ғылымда
суффозиялық деп аталатын жолмен пайда болған көлдер де бар. Олардың су
жиналатын шұңқырлары шөгінді тау жыныстарының ылғалға бөгіп, шөгіп
қалған болмысында түзеледі, Көктемде қар суына молығып, шұңқырлар
суға толғанымен жазда суы буланып, орнына қалың шөп өседі. Жергілікті
халық оны бидайық деп атайды, ораққа келсе шауып алады.
Су қоймалары
Жезқазған - Ұлытау өңірінде қолдан салынған су қоймалары көп,
жалпы саны 100-ден асады. Тарихи деректера тұрғындар суармалы
егіншілікпен ХП-ХІІІ ғасырларда шұғылданғанын көрсетеді. Қазірде тоғыз
ірі су қоймасы бар. Олардың сипаттамасы мынадай:
Қалаларды, өнеркәсіп орындарын, бау-бақша, егін жайларын, мал
шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде, жасанды су коймаларының
орыны мен мәні үлкен. О л а р д ы ң жағаларына балалардың демалыс лагері,
сауықтыру, демалыс орындар, спорт мекемелері орналасқан.
Суды өнеркөсіп ішінде көп жұмсайтын жылу-электр орталықтары.
«Жезқазған облысының географиясы» атты кітапта мынадай деректер
келтірілген. «Жылу-электр станцияларында 1 КВт энергия өндіру үшін 3
литр су қажет. Жезқазған жылу-электр орталығы жылына 6 млн. текше
метр су жүмсайды. Ауыл шаруашылығының суға деген сұранысы да к ө п .
1 тонна құрғақ өсімдік массасын алу үшін 800-2000 литр су жұмсалады.
Мал шаруашылығында су малды суаруға, қора-жайлардың санитарлық
гигиеналық жағдайын сақтау үшін жұмсалады. Мамандардың пікірінше
1 кг. ет өндіруге 20 мың. литр су керек екен. Тұрмыстық-коммуналдык
шаруашалық пен ауыз суға деген сұраныс ауылға қарағанда қалаларда өте
жоғары. Мысалы Жезқазған, Сөтбаев қалаларының әрбір тұрғыны тәулігіне
750-850 литр су тұтынса, ауыл тұрғыны небәрі 54-60 литр су жұмсайды.
Өңір тұрғындарының басым көпшілігі ауылда емес қалаларда тұратынын
ескерсек, қаншама су керек екені өзінен өзі түсінікті шығар.
Суды тиімді пайдалану жолында шаралар жігерсіз, өте баяу іске
асырылуда. Су қорының тапшылығы үздіксіз өсуіне бәрінен бұрын оның
ластануы қатты әсер етіп отыр. Ауылдарда мал шаруашылығы кешеңдері
өзен арналарына тым жақын немесе өзенге құятын сайлардың бойына
орналасқан. Өзендер бойында ауыдды жерде өзендерді санитарлық қорғау
алқаптары шектеліп нақты белгіленбеген. Сондықтан да, мал қораларынан
шыққан қалдықтар, мал дәрігерлік мақсатқа пайдаланылған лас су өзендерге
құйылып жатыр. Келеңсіз жағдайлар шаруалардың жекеменшілігіне берілген
жерлерде жиі кездеседі. Тиісті мемлекеттің орындардың рұқсатынсыз өзен
мен көлдер жағалауларында шаруашылық ғимараттарды, шағын құрылыс
кешендерін тұрғызу, өзен мен сайларда «қажетті» тоғандар, бөгеттер,
бөгендер тұрғызу етек алуда. Су қорын пайдалануды экономикалық реттеу
тетіктері енгізілмей келеді. Суды өндірісте пайдаланудың тұйық айналымы
барлық объектілерде толық енгізілмеген. Шет елдерде үлкен жетістіктерге
жеткізіп отырған егінде, көкөніс плантацияларында жаңбырлата суару
немесе есімдік тамырларына суды тікелей беретін еврей мемлекетінің әлем
мойндаған тиімді әдісі бірді-екілі шағын теплицалардан басқа жерлерде
қолданылмай отырғаны баршаға мәлім.
Кеңгір өзенінің суын реттеу, оған қүятын сай-салаларға оңды-
солды бөгеттер, бөгендер салу, оның қоры мен ағынына кедергі болып
отыр. Өзеннің Кеңгір жасанды көлінен төмен жағы ауыр металдардың,
мыс, қорғасын, т.б. металдардың қосындыларымен ластанған. Жезқазған
кеніші шахталары мен карьерлерінің улы суы біраз жылдардан бері
Жезді тоғанына келіп құйылып жатыр. Өңір өзен суларының ластануына
Қарсақбай металлургиялық заводының, бұрыңғы Жезді марганец, Ақтас
кварц кенішінің әсері болды, болып та жатыр.
Жоғарыда айтқан уландыратын металдардан, химиялык
қосындылардан басқа жерімізге Байқоңырдан ұшқан ракеталар
отындарының ыдыраған өнімдерінен пайда болған заттардан да зиян келіп
жатыр. 1957-2010 жылдары космодромнан, 1298 тасығыш ракета ұшырылған
екен. Оның 125-сі жартылай нәтижелі, 81-і апатты болған, «Протон»
тасығыш ракеталарының бірінші сатысы Ұлытау ауданының аумағындағы
№ 148,15,25 аудандарға құлайды. Ракета сатысы құлайтын №148 ауданның
көлемі 1167000 гектар, № 15,25 аудандардың көлемі 160 мың гектар.
1961-2004 жылдары соңғы екі алаңға ұшырылған «Протонның» 224
алғашқы сатылары түскен. Ал № 27, 30, 7 1 , 45, 46 алаңдарға 400-ден астам
«Союз», «Циклон», «Энергия», ракеталарының сатылары, «Протонның»
370 екінші сатысы, оның сыртында №148 ауданға «Протонның» 48 бірінші
сатысы, 370 екінші сатысы, барлығы «Протонның» 1060 сатылары құлаған.
Ракеталардың апатқа ұшырағаны кездесті. 2007 жылғы 6 қыркүйекте
«Протон-М» тасығыш ракетасы «С.Кенжеғүлов», «С.Оразбеков»
«С.Татағұлов» шаруа қожалықтарының аумағьша апатты жағдайда құлады.
«Казмеханобрдың», Ресейдің «Мотор» конструкторлық бюросының,
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің бірлесіп
жүргізген зерттеулерінің арқасында Ұлытау ауданында 16 жыл бүрын
ракета сатысы құлаған жерде гептилдің шоғырлануы шекті мөлшерден
1-3 есе к ө п болғаны анықталды. Жетпісінші жылдардың ортасында
тасығыш ракета Ұлытауға құлап алапат болған, жүздеген тонна пішен,
мыңдаған гектар тауда өсетін аса бағалы ағаш түрлері, жайылым өртенді.
Өртті сөндіру бір айдан астамға созыдды.
Ж е р бедері, топырағы
Жезқазған - Ұлытау өңірінің жер бедері өте күрделі. Жер көлемінің
бірсыдырғы үлкендігі, геологиялық даму тарихы және құрьлымының
саналуандығы бұл аймақтың жер бетіне әсер етті. Кембрийге дейін және
палеозойдың басыңда суы таяз шалқыған теңіздің табаны болатын. Осы
теңіз айдынынан Ұлытау антиклорийі Арал тәрізді көтеріліп келе жатты.
Палеозой заманының алғашқы кезеңінде каледон тау түзелу процесі
етек адды. Дәл осы уақытта магмалық және жанартаулық жыныстары
кернесінен асып аспанға атқылады. Жаппай дөңестену кезінде Ұлытау,
Сарысу, Теңіз қыраттары пайда болды. Дөңестенумен қатар жер
қыртысының төмен иілуі, ойпаттар мен ойыстар, жазықтар қалыптасуы
өрістеді.
Палеогеннің басында Тұран ойпатынан су көтеріліп, Бетпақдаланың
батысын, Арал маңы Қарақүмы мен Арыс құмын шая басгады. Ауа райы
жұмсарды, ылғал молайды, таулар мен шоқылар аласарып, тас жыныстар
үгіліп, ойпаттар мен еңістерге шөгіп, бетін тегістеп, жазықтықтарға
айналып жатты. Теңіз суы Сарысу өзенінің аңғарына дейін көтерілді.
Кайнозойдың неоген кезеңінен бастап жаңа тектоникалық
қозғалыстың ықпалымен жер бедері көтерілді.
Каледондық Ұлытауға қарағанда оның шығысындағы герциндік
таулар 1000 метрге дейін биіктеді.
Жезқазған-Ұлытау өңірінде топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесінің
географиялық орналасып өркендеуіңде өзара тығыз байланысты заңдылық
бар екен, және де ол солтүстіктен оңтүстік бағытта ендік бойында өзгеріске
ұшырап отырады. Себебі ауа температурасы жоғарылап, ыстық ендеп,
ылғал азая береді.
Аласа таулардың баурайында жөне шоқтығы көтерілген сайын ьлғал
биіктікке қарай өзгеріп отырады. Осыған тығыз байланысты топырақ пен
өсімдік жағдайында түрлену туындайды. Аласа таулардың баурайында ш о қ -
шоқ қайың, терек, орман-тоғайлы кешендер бар. Еліміздің терістігіндегі
жабайы дала өсімдіктері, өзен, тау аңғарлары мен өңірімізге еркін кіріп, жаз
айларында бүршік атып жайқалып түрады.
Жезқазған-Ұлытау өңірінде мынадай ішкі аймақтық-табиғи аудандар
бөлініп шығады: 1) өңірдің батыс шетіндегі Қарақұм шөлді құм ауданы;
2) терістіктегі сортаң буырыл топырақты ұсақ шоқылы жазыңдар;
3) Сарысу шелейт құмы; 4) сұрғылт топырақты Бетпакдала жазықты
ауданы.
Жылдан-жылғы өңірдің топырақ жамылғысы біртіндеп азып, азайып
барады. Арал теңізінің ақтақыр түбінен ұшқан тұзды тозар Ұлытау
ауданының онтүстігінің біраз жерін басып алды. Құмда қыста қататын
тоңның қалыңдығы жұқарып бара жатыр. Сондықтан да Ұлытау ауданының
Жезді жақ бөлігі Арал апатының аддындағы өңір деп табыдды.
Өкінішке қарай, оның алдын алу үшін шаралар қолданылып жатқан
жоқ. Жетіқоңыр, Баршақүм, Жіңішке құмдардың кейбір бөлегінде
Саңдар құмынан айрылып, жалаңаштанып қалған. Жуырда Қызылжар
станциясының тұрғындарымен кездескен жігіттер құм көшкіні бірте-
бірте темір жолдан өтіп, Арқанының жерін басып кетуі мүмкін-ау деген
аландаушылық біддірді.
Жер қорының кемуіне антропогендік әрекеттен, түсіндіріп айтсақ,
адамдардың шаруашылық қызметінен зор зиян келіп жүр. Мысалы, ашық
әдіспен кен өндіргенде тау-тау пайдасыз породалар (тас үйінділері) қалады.
Қазір Ұлытау ауданында бірнеше ірілі-ұсақты фирма жер қазып, кен
өндіріп, оны автокөлікпен тасып жатыр. Жезқазған-Қызылорда жолымен
келген бір жолаушы Көкалажар тұсында жол бойының сол қапталында орта
есеппен 1 километр жерде екі мыңнан астам пластикалық бөтелке санаған.
Даладағы есепсіз автокөлік жолдары жүйесі де сирек өсімдік жамьлғыларын
таптап, көз алдымызда техногендік үлкенді-кішілі тақырлар пайда болуда.
«К-700» тракторлары, жүк тиеген КамАЗ-дар, шөпті сырғымен тасып
маялау, өсімдік жамылғысын 10-15 жылға істен шығарып тастайды екен.
Фермерлер ауылдарында болғанда олардың көпшілігі көшкенде баяғы ата-
бабаларымыздай, аналарымыздай жер ошақ орындарын көміп, сыртқа
тасталған қоңыстарды өзенге құятын сай-салалардан сыртқа тасып, бетін
топырақпен жауып тастамайды.
Ойланатын жайлар. Оның нөубетін келешек ұрпақтарымыз көретіні
анық. Енді қалада болсақ та, ауылда болсақ та ойланатын кез келді. Бүгінгі
марғау тіршілік ертең опық жегізе көрмесін, ағайын!
Өсімдіктер дүниесі
Қазақтың ұсақ шоқьлығының Ұлытаулық бөлігінде де өсімдіктер
дүниесі даладан шөлге өтпелі сипатына ие. Ботаник ғалымдардың
зерттеулері тауда 970 түрлі өсімдіктің бар екенін көрсетеді, оның 272
түрінде дәрілік қасиеті бар.
Аймақтың алабында дала мен шөл өсімдіктерінің араласуынан
олардың шөлейт түрлері дамыған. Құрғақ далаға қарағанда өсімдіктер
жамылғысы сирек. Маусымдық өзгеріс көзге ұрьп тұр. Ерте көктемде,
топырақтың ылғалды кезінде ағаш, бұта, шөптесін, гүлдер, т.б. гүлдеп
жайнап тұрады. Шілдеге қарай селдіреп қурайды. Күзге таман ыстық
қайтып, жаңбыр қайта жауғанда, біраз өсімдіктер көгеріп, қайта көтеріліп
шығады. Ылғалдың аз болуына байланысты өсімдіктер дымқылды
«үнемдеп жүмсауға бейімделген». Тамыры тереңде жатыр, жапырақтары
жалпақ емес өдемілеп кескен таспа тәрізді жіңішке немесе тікенекті келеді.
Бетпақдала оңтүстікке қарай ендеген соң топырақтың жамылғысы
күрделіленіп, өсімдік түрі топырақ түріне қарай қалыптасады. Сортаң
қоңыр топырақты жерлерде шала бұталар сарсазан, қарабарақ, тебесорақ,
ақсора, сораң шөп түрлері өседі. Жыңғыл (тармақ жаңғыл, борық жыңғыл,
тікен түкті жыңғыл) қопалары кездеседі. Құмды шөлдің кейбір бөлегінде
сексеуіл, жүзгін, құм қарағаны, теріскен, құм бидайығы, құм сұлысы, құм
тарысы, селеу, құм қияқшасы, атқұлақ, жусан, айрауық, жатаған және
ақ елең кең тараған. Өзен жаймаларыңда шырма.уық аралас тал, жиде
тоғайлары алмасып кездесіп қалады. Ботаник ғалым Загряжский Шу және
Сырдың маңындағы қазақ шаруалары жылқыға азық боларлық өсімдіктің
31 түрін, қойға байланысты 65 түрін, түйеге қажетті 17 түрін, ірі қара үшін
9 түрін ерекше бөліп атағанын жазды. А. А.Диваевтың мәліметі бойынша
түйеге тамақ өсімдіктің 31 сорты бар екен.
Ұлытауға қарай жер реңі ажарланып, ауа райының қуаңдығы азаяды.
Арша таудың беткейлеріне өрмелеп, жатаған күйінде еседі, қысы-жазы
бірдей көзді тартып жап-жасьл болып тұрады. Тауларда өсімдіктердің
биіктік белдеулері қалыптасқан. Таудың орта кетеріңкі алабын бозды-
бетегелі, жусанды, тастақты кеңістік алып жатыр, онда қараған, тобылғы
бұталарының қалыңдары мен тоғайлары бар. Беткейлердің етек жағын
кесіп етсеңіз, әрірек тау аңғарларында қайың, көк терек, терек, мойьл, тал,
долана бой көтерген. Олар жергілікті табиғатта маңызды қорғаушылық,
қызмет атқарады деуге болады. Яғни топырақты шайылудан қорғау,
ылғалды сақтау сияқты іске септері бар. Сонымен қатар жабайы аңдар мен
құстардың, көптеген жәндіктердің тіршілік ортасы.
Таудың қойнауына тереңдеп енген сайын сұлулық пен әсемдіқке куә
боласыз. Алыстан мұнаратқан тау биіктері, қарасаң бас айналатын күз-
шатқалдар, ойдым-ойдым алқапта қыздай сызылған ақ қайыңдар, тұнып
тұрған бүлдіргеннің бірнеше атасы, карақат, қүлпынай, итмұрын, тағы
басқалар, мен мұндалап мөлдіреп тұрады. Бастауын Ұлытаудан алып,
қайнап шығып жатқан мың бұлақ бар деуші еді ақын, шежіреші, бірқатар
шығыс тілдерінің білгірі Иманжан Жылқайдаров.
Ал, Ақ мешіт әулиенің ауыл жақ бетіндегі ақ қайың шоғырының
түбіндегі сылдырап ағып жатқан балбүлақтың суын ілелі кісілер шелектеп
алып, емге ішеді, ол толып жатқан ыстық-суықты ауруларға бірден-бір дауа
дейді. Ұлытаудың үстінен үшқан ұшқыштар мамыр-маусым айларында
шаң-құздардың биігінен жалтырап жатқан көлдер тізбегін көреді екен.
Соның бірін 2009 жылы жезқазғандық инженер Тұрмүқанбет Ысмағүлов
бастаған өлкетанушылар таудың солтүстік-шығыс беткейінен тапты. Жан-
жағы қалың құз, қамыс өскен, тау сутасындай күнге шағылысқан алақандай
көл табиғаттың жасампаздық құдіретін көрсетеді.
Мына қызық деректерге қараңыз, Қаракеңгір бойынданғы сүмбіл боз
талдар күнмен таласып 7 - 8 метрге дейін өседі екен, жуандығы батырдың
білегіндей оны бабаларымыз найзаның сабына пайдаланған. Кейін күтімі
кетіп, бұрынғы қасиетінен айырылғанның езіңде өткен ғасырдың соңында
республиканың өр түпкірінен киіз үй жасаушылар келіп, Қаракеңгір
талдарын алтындай қалап сатып алып, «КамАЗ»-бен тасып жүреді.
Ал, Ұлытаудың баурайындағы қарандызды Ақсақ Темірдің әскері
қоржынына салып жүріп, лай суды аты ішпегенде оның бір түйірін
тастап жібереді екен. Себебі, лезде судың дәмін кіргізіп, жағымсыз
микроорганизмдерді құртып жіберетін қасиеті болған.
Атақты парсы тарихшы Әбу Саид Гардизи XI ғасырда жазған «Заин-
әл-ахбар» («Баяндау көркі») еңбегінде Ұлытау өңірінің табиғаты және
өсімдік жамылғысы жайлы бағалы деректер қалдырған. Автор Ертістен
Сібір даласы мен Алтай тауларына дейінгі орасан кеңістікті мекен еткен
түркі тайпаларының бірі қимақтарға апаратын жол көрсеткіші көрсетілген.
Ғалым былай деп баян етеді: «Қимақтарға шығатын жол жайлы айтсақ,
әулие Фарабтан (сол уақытта Отырар осылай деп аталған) жаңа қонысқа
барасың; сол жаңа қоныстан (Отырардың маңайындағы сауда орталығы
Кедер) қимақ еліне қарай жүргенде, жолда өзен кездеседі, одан өткен соң
алдыңнан бұйра-бұйра құм шығады; түркілер оны Уюкман (Мойынқұм)
деп атайды. Әрі қарай Сокук (Сарысу) өзеніне жетесін, одан өткеннен
кейін түзды сорларды басып өтесін. Әрі қарай Кендіртағы (Ұлытау) тауы
басталады. Жолаушылар өзен жағалай өскен қалың шөп, жайқалған ну
тоғайдың ішімен жүріп отырып биік тауға, өзеннің бастауына жетеді.
Осылай тар шатқалдағы жолмен тау басына көтеріледі. Сол Кендіртағы
тауынан шығып, Асус (Есіл) өзеніне тіреледі. Осы Асус өзеніне дейінгі
бескүндік жолда қалың ағаштың көлеңкелері адамға күн түсірмейді».
Ұлытау өңірінің елеулі бөлігін Бетпакдала алып жатыр. Оның өсімдік
дүниесі, жер суы, шаруа жайы туралы 1897 жылы қарашасында Ресейдің
«Исторический вестник» деген журналында П. П. Шубинскийдің аңыз-
әфсанасы басылған. Оны «Дала уалаяты газеті» қазақшалап, мәтінін толық
жариялады. Содан бір үздік сыр.
Бетпакдала һэм оның, турасынан
бұрынғыдан калған с ө з
Өткен жазда патшалық мүлікті, һәм егін шарусын билейтін
министерствода Сырдария мен Амудария арасындағы Бетпақ далаға
арықпенен су жіберіп, суарып, егін егіп, қала салып, халыктың
пайдалануына болатыи қылуға болмас па екен, - деп соны кеңеске
алған еді. Бетпақдалаға барып, жерінінің анық жайын үйреніп келген
кісі болмаған соң ешбір бүл турада кесім қыла алмады, бірак Түркістан
уалаятына өдейілеп бір кісі жіберілді, ондағы жердің жайын түзетіп
түратын боліміне.
Бетпақдаладай үлкен араны суарып, жайлы жер қылғаны
Жалғыз Түркістан уалаятына емес, бүтіл Р о с с и я шаруасына да үлкен
керекті жұмыс. Бетпақ даланың жері егінге аса әйбат, һәм үлкендігі
нешеме он миллион десятина болса керек.
1897 ж ы л ы ноябрьдегі ш ы қ қ а н «Исторический вестник» деген
журналда Бетпақдала турасынан Шубинскийдің бүрыннан қалған
әңгіме-шежіре сөзі басылған.
Бұл күнде адам тұра алмайтын Бетпақдала аталған. Ұшқан құс,
жүгірген аң жоқ, ку дала болып жатады жылдың көп уақытында,
айналаның бәрі күннен күйіп кеткен, күл сықылды жер көрінеді
көзіңе. Баялыш пенен сексеуілден басқа дәнеме жоқ.
Не ағаш, не шөп жоқ. Жан-жақтыц бәрінде ештеңе көрінбейді.
Жалғыз-ақ анда-мұнда қазылған құдық жатыр.
Жазғытұрым жаңбыр уақыты болғанда біраз уақыт Бетпакдала
көгеріп, гүлденіп тұрады. Неше түрлі гүл ш а ш қ а н кілем с ы қ ы л д а н ы п ,
қаулаған түрлі қалың жапырақтар күннен күйіп жалаңаш топырақты
жабады. Орта Азияның жан-жақты сансыз құстар қалың шөпке
ұялап, баласын шығаруға келеді. Көршілес қырдан маралдар, киік,
кұландар да құлайды соны отқа, жақындағы қамыстан жолбарыс та
шығып, қанды жорыққа аттанып тұрады, Бетпақдалаға. Бүлардың
артынан көшпелі қазақтар, өзбектер, малыменен кең жайлауға келіп,
құдық-құдыққа қонады, тарап-тарап. Олар келген соң, ұлы бұйымға
артүрлі пұл беретін саудагерлер де келеді. Әншейінде жан болмайтын
Бетпакдала меймандос кең болып кетеді сол уақытта.
Апрельдің басында онда жаңбыр аз жауа бастайды. Күн ысиды.
Дым азаяды, жер кеуіп, шөп қурап сола бастайды. Апрельдің аяғында
Бстпақ даланың түрі кетіп, тағы біраздан соң құп-қу, тірі жан жоқ, елсіз
шел болып қалады. Құдық суалған, шөбі күйген күннен, ауасы дем ала
алатын емес ыстық. Өлгелі жатқан Бетпакдаланы тастап, жанның бәрі
кашады екен онан. Бүйі, қарақұрт, жылан, ондағы жандыда бары осы,
һәм кұрғак жел сейіл қылады.
Бетпақдала бұрын ондай емес еді, бұрынғыдан қалған сөз бар.
Бетпақ ерте заманда ондай емес еді. Онда тұратын халык көп болған.
Жері сондай жайлы егін болып, Орта Азияның бәрін соның егіні
асырап тұрып еді деген. Айтқандарының рас екені осы күні білінді.
Онда бұрынғы заманда салынған шаһарлардың орындары табылған
және де ғұламалар айтады, сол, бұрыннан қалған белгілер аса ерте
замандікі екен, Ғайса пайғамбар тумай тұрғандағы у а қ ы т т а қ а л ғ а н екен.
Геродот деген бір шежіре жазған кісініи айтуынша, Ғайса
пайғамбардан алты жүз жылдай бұрын Батпақдала парсы жұртының
14-ші, һәм 16-шы сатрабы (сатрап-парсыша губерния, не облыс деген
сөз) болып, жылында Дарий Кистасыпқа (парсы жұртының сол
уақыттағы патшасы) тоғыз жүз талант (бір талант-мың жарымдай
теңге тұратын бұрынғы грек жүртының ақшасы) төлеп түрады
екен. Ғайса пайғамбардан төрт жүз жыл бүрын Бетпақдалада Грико-
Бахтрический деген бір патшалы халық болып 125-ші жылға шейін-
ақ түрып, оны скиф деген бір халық шапқан патшалығын бұзып.
Төрт жүз жыл кезіңде халық бір үлкен қозғалған, Азиядан Европаға
қарай ауып, жолдағы жолыққан жұртты кырып-жойды. Сол уақытта
Бетпақдаладағы халықтың рет түзеткен патшалық низамы да болмай,
патшалықтың жері де белгілі болмаған. Жерінің ыңғайы солай болып
үріккен, не ауған халықтың екпіні Бетпақ даладағы жұртқа тиіп,
шауып, мұнда біраз тынығып алып, ілгері жөнелетін болған. Сондай
қанша ойран шапқыншылықты көрсе де араб жұрты өзіне қаратқанда
(672-ші жылдан 874 жылға шейін) Бетпақ дала онда шөл емес екен,
егін, һәм халқы көп, не түрлі шаруаның бәрі бар екен. Ол күнде
Сырдариядан үш арық, Амудариядан бір арық қазып, Бетпақ пенен
Қызылқұмнан өткізе жүргізген екен, һәм ол арыктардан тараулатып
кішкентай арықтарды жан-жаққа әкеткен екен. («Дала уалаятының»
газеті, әдеби нұсқалар, Алматы, «Ғылым» 1990,538-539 беттер).
Жануарлар дүнвесі
Ұлытау - Жезқазған өңірінде жүзден астам сүтқоректі, 250-ге
тарта құс, 50-ден астам балық түрлері тіршілік етеді. Жер бедерінде
табиғи тосқауыл болмағандықтан жануарлар көршілес аймақтан келіп
кетіп жүреді. Осыдан 7-8 жыл бұрын Сібір даласын қалың өрт басқанда
Сәтбаев қаласының байырғы тұрғыны инженер Яхия Асатов Кішітаудың
баурайында бұзауын ерткен бұғының аналығын және бұқасын көргенін
айтады. Адамнан үрікпей, біраз уақыт жайылып жүреді. «Мылтықтың
шүріппесін басуға қолым бармады, жапан далада пайда болған жаңа
көріністі тамашалай бергім келді» - дейді аңшы ағамыз.
Ертеректе Ұлытау даласын бұлан, мүйізтұмсық, жабайы қодас
сиыры, сілеусін, арқар, қүлан сияқты жануарлар мекен еткен. Құланның
мың бастан астам табыны Ұлытау мен Бетпақдала арасындағы алқапты
1880 жылға дейін тіршілік еткені жөнінде деректер бар. Арқар беріректе
көзден жоғалды. Біз 1947 жылы Ұлытаудың батыс бөліктеріндегі Құба
қыстағын қыстадық. Алтыдағы баламын. Таудың 200-300 метр биіктіктегі
қақпақтастан 3 - 4 арқар күнде сәске түсте ауылға қызықтап үңіліп қарап
тұрушы еді. Ғажап сурет болатын. Айғайласақ лезде топталып, өткелден
өткен адамдар сияқты тастан тасқа секіріп, көзден ғайып болатын.
1891 жылдың аяғында Омбы қаласына Александа III патшаның баласы
Николай Александрович ханзада келеді. Оның құрметіне салтанатқа қазақ
даласының болыс басқарушылары, билер, беделді ақсақалдар шақырылған.
Сол жиында Сарысу болысының басқарушысы Қалманбай Байдәулетов
жолбарыс терісін сыйға тартыпты. Терісіне бола қырып-жоюдан Сарысудың
қалың қамыс нуындағы өрген жолбарыс, сілеусін биологиялық түр ретінде
қайта келместей болып түпкілікті жойылды.
Кеше ғана арқа аймағында жыртылып айырылатын киіктер де, көңілге
медет болатын тұқымы бар, құрып кетудің алдында тұрды. Мемлекеттің
тікелей қамқорлығы және оны заңсыз аулаушылармен ымырасыз күресі
нәтижесінде киіктер тобы Ұлытау, Кішітау, Арғанаты баурайларынан
Сарысу, Кенгір, Жыланшық, Дулығалы өзендерінің төңірегінен жиі көрініп
қалып жүр.
Жезқазған - Ұлытау өңірінің сайын даласынан қарқұйрықты,
борсықты, қасқырды, түлкіні, қарсақты, жабайы мысықты, шошқаны,
ақ қоянды, қара қоянды, күзенді, суырды, зорманды кездестіреміз. Барақ
көлінің жағалауына жанаттар жіберіліп, олар тез жерсініп, 7 - 8 жылда саны
кәсіптік аулауға дейін жеткен.
Республикамызда ғалымдардың ұсынысы бойынша жоғалып кету
қаупі төніп түрған аңдардың 19 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Олардың
ішінде: қарақүйрық, арқар, елік, құлан, сілеусін, сусар, үш башайлы
ергежейлі қосаяқ, атжалман, бесбашайлы қосаяқ, шұбар күзен т.б. бар.
Ал, Ұлытау өңіріндегі құстар туралы Қамыстыкөл Халықаралық
Рамсар конвенциясына енген республикамыздағы төрт құс жолының
бірінде орналасқан, әлемдіқ және ұлтгық маңызы бар су айдындарының
бірі. Оңтүстіктен ұшып келе жатқан суға жүзгіш қанаттылар мұңда
тыныс жасайды, кейде ұя салып, жайлап қалады. Ал, Құркөлде Қазақстан
Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген 3500-4000 қоқиқаз балапан
басып шығарады екен.
Алайда оны иелігіне алған «Қазақмыс» корпорациясы оның айналасын
терең ор етіп бұрқыратып қазып тастады, ол қамыстың өсуіне әсер етті.
Кезегімен бұрнағы жылы қоқиқаздар бұл жерге тоқтамай, ілгері ұшып
кетті. Сол сияқты Барақкөл, Қоскөл, Бозбайтал, Ащыкөл, Кішкенекөл де
табиғаттың ерекше туынысы еді, көктемде құсы мен көгі көздің жауын
алып, нағыз құс базарына ұқсап тұратын. Бірақ, шаруа қожалықтарының
қарауындағы, көлдердің қоғасы мен қамысын, өлең шөбін өртеп, егісті
жағалауға сұғына кіріп жыртып, судың деңгейінің түсуіне және бейкүнә
құстардың берекесін алуға себеп болып жүр. Тұқымы азайып, тіршілігі
қияметке айналып бара жатқан қоқиқаздың, жорға дуадақтың, безгелдектің,
ақбас тырнаның, ақбауыр буылдырықтың, аққүйрық қызғыштың, ақ
тырнаның, жұқатұмсық жылқышының, жылан бүркіттің, қараләйліктің,
сабаншының, сұңқылдақ аққудың, тарғақтың, ұзынқұйрық ақиықтың
кешегі киелі де қасиетті құс ұлардың тағдырын кимесіне кім кепіл бола
алады?!
Ұлар демекші Ұлытаудың нышаны осы құсты табиғаты ұқсас
Алтай, Тянь-Шань, Алатаудың солтүстігіне әкеліп, жерсіндіруді неге
ойламаймыз?!
Бұл өңірде тау шекіддегі, жартас сұлыкеші, саңырау құр, сарыторғай
кездеседі. Көлдерінде, үлкен өзен айдындарында қоңырқаз, үйрек,
қасқалдақ, аққу, бізқұйрық, шағала сияқты құстар үя салып, жұмыртқасын
басып, балапандарын өргізеді. Далалық жазықта, жатаған қыраттарда,
шөл және шөлейт жерлерде дала қыраны, құзғын, ақсары, дала құладыны,
бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар, бозторғай, тасторғай, ақ қанат
торғай сияқты ұсақ құстар жиі ұшырасады.
Өңірдің тартылып қалмайтын көлдерінде, айдыны үлкен, суы терең
қарасуларында сазан, алабұға, ақбалық, шортан, құлтаба, жайын балықтар
ауланады.
Қазіргі кезде өмір сүрген ортамыздағы тепе-теңдікті табиғат қазынасы
мен көркемдігін сақтау қүн тәртібіне өткір қойылды.
Пайдалы қазбалары
Жезқазған - Ұлытау өңірі жерінің қойнауы пайдалы қазбаларға өте
бай. Мұның себебі кең байтақ даланың көлемінде ғана емес, онымен қатар
жердің геологиялық түзілуіне сабақтасады. Өлкемізде әлемге мәшһүр
мыс кеніші біздің жыл санауымыздан табаны күректей 40-30 ғасыр уақыт
бұрын істеп тұрған. Қола дәуірінде мыстан басқа алтын, күміс, қалайы
қорытылып, өнделгені жайлы деректерден бек хабардармыз. Бұл жөнінде
очерктің жоғары беттерінде хабарладық.
Ежелгі Ұлытау жері мыстың байлығы жөніңде әлемдегі ең ірі тау-
кен орны болып табылады. Қарсақбай мыс балқыту заводы іске қосылған
күнінен бастап есептесек, Жезқазғанда жер бетіне бір миллиард тоннадан
астам мыс кені жер бетіне шығарылған. Жезқазған төңірегінен қазылып
алынған кеннің құрамында 20 түрлі бағалы, сирек және шашыранды
металл кездеседі. Олар - алтын, күміс, рений, кадмий, висмут, кобальт,
теллур, платина, селена, т.б. Қ.И.Сәтбаев 300-ден астам жер мыс іздеуге
перспективалы деген екен. Соңғы 5-6 жылда мыс кенінің Жыланды
тобында, Қарашошақ, Итауыз, Сарыоба орыңдарында мыс қоры көбейді.
Үкімет бекіткен бағдарлама бойынша геологиялық барлау жүргізу
мемлекет тарапынан да, «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан да белсенді
жүргізілетін болады.
Жезқазғанның оңтүстігіңдегі «Жомарт» кенішінде өндірілген кеннің
құрамында мыс салыстырмалы кеп, оңы өндіру жыл сайын артып келеді.
Ұлытау аймағында қара металдардың шоғырланған жері Қарсақбай
алабы болып табылады. Оған Балбырауын, Керегетас, Сазтөбе, Жетіқыз,
Найзатас, кен орындары жатады. Бұның барлығын Қ.И.Сәтбаев Ұлы
Отан соғысына дейін ашқан. Кейініректе Қарсақбайдың түстігінен жаңа
темір кен орыны ашылды. Алғашқы барлау нәтижелері оның қоры 8-10
млрд. тонна болады деген болжам жасауға негіз болады. Біз бұл байламды
жарияланған дерек көздерін негізге алып айтып отырмыз. Бұл - алып
темір ошақтарының бірі болады деген сөз. Кезінде Қарсақбай, не Атасу
темір кен орыны базасында қара металлургия көсіпорынын салу күн
төртібіне қойылған еді. Бірақ, Қостанай облысында Соколов-Сарыбай
магнит аномалиясының ашылуы, жедел кен-байыту комбинатының іске
қосылуы Теміртау металлургия заводы мен Магнитогорск металлургия
комбинатының шикізатқа деген сұранысын толық қамтамасыз ететін
болды.
Металлсыз пайдалы қазбалар тобына жататын асбестің қоры жағынан
өңіріміз республикада екінші орын алады. Оның Ешкіөлмес, Қарсақбай
қыратындағы өндірістік маңызды барланған қоры 10 млн. тоннаға жуық.
Сонымен қатар, Қумола, Шайтантас, Айыртау, Дүйсенбай кен орыңцары
есепке алынып, мемлекет қорына енген.
Үлкен Жезқазғанның салынуына байланысты геологтар оны
жергілікті қүрылыс материалдарымен ірі көлемде қамтамасыз етті. Мыс
қаласы Жезқазғанның және Жезді кентінің маңайында әктас, Сөтбаев
қаласының төңірегінен және Сарысу өзені алқабынан қиыршық (кварцті)
құм, Теректі станциясы қасынан гранит табылды.
Жанатын пайдалы қазбалардың қатарында көмір XIX ғасырдың
басында Байқоңыр мен Қияқтыдан табылып, оны өндірісте пайдалану
жағы қарастырылды. Оны тауып, көмір іздеп жүрген ағылшын геологтарға
көрсеткен бабас руынан шыққан қарапайым шаруа Жақып. Бұл жөнінде
деректі өзінің «Гүлденген өңір» атты кітабында жерлесіміз инженер Жетпіс
Дүйсекеев жазды.
Байқоңырдың қоңыр көмірі 1892-1910 жылдар арасында Железновтың
қорғасын зауытына (Ұлытау ауданының Шеңбер ауылы), Қарсақбай
мемлекеттік мыс қорыту заводыңда 1912-1918, 1928-1937, 1941-1961
жылдарда негізгі отын ретінде пайдаланылды. Қияқты қоңыр көмір ошағын
Қ. Сәтбаев басқарған геологтар 30-жылдары зерттеп, оның жалпы қоры 100
миллион тоннадан асып түсетінін анықтады. Қазір жеке көсіпкерлердің
бастамасымен Қияқты қоңыр көмір кен орыны шамалап игеріліп жатыр.
Олар Ұлытау ауданы тұрғындарынық бір бөлігінің көмірге қажетін өтейді.
Негізі бүл жердің көмірі пластмасс, жасанды талшықтар және органикалық
химия өнімдерін шығару үшін тиімді шикізат болып табылады.
Жезқазған - Үлытау аймағында мұнай мен газ қоры Ұлытау
ауданының аумағындағы Құмкөлден ашылды. Ол Қызылорда облысы
мұнайшыларының күшімен игерілуде. Шығарылатын мұнай Құмкөл -
Қарақойын - Сарысу - Атасу мұнай құбыры арқылы Павлодар - Шымкент
және Атасу - Алашань-коу магистралды мұнай айдау жүйесіне жалғанган.
Өңірде мүнай мен газға перспективалы деген жер бар.
Қумолада родуситгің (көгілдір асбестің) өядірістік маңызды қоры
барланып, оны тиісті орындар есепке алған. Айту керек, родусит к е ң -
байтақ Евразия кеңістігінде тек қана Ұлытаудан табылып отыр. Өткен
ғасырдың 80-90-жылдары осы шикізатқа негізделген Қумола кен-байыту
комбинатының құрылысы басталып, жұмыстың басым көпшілігі еңсерілді.
Комбинат әне-міне іс қосылады деп отырғанда, одақ тарап, минералды
тұтынушылар табылмай, құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталмай
қалды.
Ақтаста пьезокварц пен тау хрусталі сияқты әлемде аса сирек
кездесетін кен орыны бар.
Табиғат, тарихи жэне мэдени ескерткіштер
Жоғарыда Ұлытау жерінің табиғи сұлулығын, суда жүретін
құстардың күре жолында орналасқанын, сирек кездесетін жануарлар
әлемі мен өсімдіктерін айттық. Осы бір жер жаннаты әлімсақтан адам
баласын өзіне тартты. Жезқазған - Ұлытаудың мәдени болмысы аса
бай мазмүнға ие және көптеген табиғат, тарих, медениет, археология
ескерткіштерін бойына сыйдырып тұр. Олар әртүлі сипатта және өртүрлі
кезеңдердің туындылары, бірақ тас ғасырынан бастап бүгінгі дейінгі
уақыт арасын жалғастырады. Жезді өзенінің жағасындағы Обалысай
тұрағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстзры аса көне дүниенің
бағзы палеолит дәуірінің шеберханасын анықтады. Жетіқоңыр
құмдарынан тас құрал-саймандары мен қару-жарақтарының сан алуан
түрі (қырғыштар, нуклеустар, пышақтар, тескіштер, найза үштары)
табылды. Таддысай мен Жезді өзенінің қиылысындағы Тоқтауыл
тұрағындағы қазба жұмыстары тұтас шеберхананың үстінен түсірді. Оның
көлемі 100 шаршы метр, онан ерте заман адамдарының қолынан шыққан
10 мыңға жуық тас бұйымдары есепке алынды.
Қола дәуірінің маңызды ескеркіштеріне көне замандағы кеніштер
жатады, оны зерттеушілер мұнда бірнеше жүз мыңдап кен өндірілгенін
есептеп шығарды. Жезқазғанда қопарылған кен бірінші кезеңде
байытылып, кейін металлургиялық пештерде қорытылған. Оның өнімдерін
жергілікті халық тек тұрмыстық қажеттілікті өтеуге ғана пайдаланбаған,
оны Европаға, Таяу Шығыс елдеріне, Қара теңіздің арғы бетіне сатуға
шығарған.
Ұлытау - Жезқазған өңірінде ерте темір дөуіріндегі қорғаңдар
жиі кездеседі. Олар - мұртты қорғандар. Өрезайыр мен Жанайдар
қорғандарынан барып, ойлы көзбен қараған адам көп нәрсеге қанығады.
Алтын Орда кезінде Жезқазған - Ұлыыу аймағы хандарды
жерлеу пантеонына айналған, күйдірілген қызыл кірпіштен кесенелер
тұрғызылған, күмбездері көк шынымен апталған. Жошы ханның, Жұбан
ананың көп қырлы барабан тәрізді кесенелері осы күнге дейін сақталған.
Олардың сымбаттылығы, қабырғаларының қалану әдісі, әшекейлі ою-
өрнектері кісіні тәнті етеді.
Алаша ханның әлі сыры ашылмаған, сөулетті де жұмбақ кесенесі
жөнінде әңгіме бөлек. Ескерткіштің атауы халық аузындағы аты аңыз
Алашахан тұлғасымен байланысты. Алайда, тарихи деректер, аңыз-
өфсаналар ескерткіштердің қашан салынғанын дәйекті анықтауға
мүмкіндік бермейді. Оның сыртында «Шараф-нама - ий-шахи» тарих
шежіресін жазған Хафиз Ұлытаудағы әскери жорықтармен байланысты
(1582 ж.), оқиғаларды баяндай келе осы өңірдегі барлық ескерткіштерді
тізіп өтсе де, алайда Алашахан сияқты әдемі, көрнекті және зор кесенені
ауызға алмайды, ал ол Жошы кесенесінен небөрі 30 шақырым қашықтықта
ғой. Оның үстіне, Баба сұлтанның соңына түскен әскер осы жердің
әрбір бұтасын аралап, тіміскілеп шыққанда да Алашахан мазары ұқыпты
шежірешінің қаламына ілінбей қалғаны түсініксіз. Ол ғалымдарымыздың
болашақта шешетін мәселелерінің бірі, әрі күрделісі деп ойлаймыз.
Ұлытау стратегиялық жағынан маңызды дед есептелген Жайық пен
Сырдарияның арасында орналасқан. Осы жерде табан тіреп орныққан