Осы жерде Президент сөйлеген мінбе мен отырған жұмсақ
орындығының астына оймақтай қарасы жоқ, ақ шатырдай киіз төселгенін
аңғарып қалдым.
Республика Сарайының іргесінде әруаққа арналып құрбандыкка
ақсарбас шалынды. {Бүлар 2006 жылы Алматыдагы ЖШС «Жедел
баспаханасынан» шыққан Желтоқсан-86 топтамалар жинағының орыс
тіліндегі 8-томнан алынды.)
Біз отырған қатардағылар 1986 жылы желтоқсанда Алматы көшесінде
бой көрсетуге қатысып, қазақ елінің намысы үшін күші тең болмаса да
тоталитарлық жүйемен айқасқа түскен қыз - жігіттер екен. Әнеу бір
жиырмадан жаңа асқан жас арудың шашына қылаулап ақ түсіпті, онан екі
адамнан кейін отырған өңі қуарған жүдеу жас бозбала күрк-күрк жөтеледі.
Бірақ, бәрі ақ түйенің қарны жарылғанына мәз, Нүрекеңнің сөзіне дамыл-
дамыл дуылдап қол соғып, көңілді отыр. Осы мезгіл менің көз алдыма
Жезқазғандағы желтоқсан күндері орала берді, мен оны қағазға түсірем деп
бекіндім, бірақ сәті желтоқсан оқиғасынан 12 жыл өткен соң түсіп отыр.
Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы Н.Г.Давыдов таяуда Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің Пленумы болатынын айтты. Орталық Комитеттін
тізгінін мен ес білгелі ұстап келе жатқан, бүкіл республикамыздың бетке
ұстар біртуар азаматы Дінмүхамед Ахметұлы Қонаев жасы ұлғаюына
байланысты қызметтен босатуды сұрап өтініш жасапты. Неге екенін
білмеймін, - бұл хабар көңіліме сәл-пәл кірбің салғандай болды.
Одан әрі бірінші хатшы Қазақстандағы саяси-экономикалык
және әлеуметтік әл-ахуалды тәптіштеп кетті. Оның айтуына қарағанда,
респуликамызда феодалдық-патриархалдык қоғам сарқыншақтары,
жершілдік, ұлтшылдық, діншілдік белең алған. Басшы кадрларды іріктегенде
халықтың ұлттық, сандық және сапалық құрамы ескерілмейді. Бірінші
басшылардың басым көпшілігі кімдер? Қазақтар. Жоғарғы оқу орындарына
бірінші кезекте кімдер қабылданады? Әрине, қазақ балалары. Көпшілігі
далада туып-өскен. Олар елде басқа ұлт өкілдерімен араласпаған, орыс
тілін білмейді, өздерін оқшау ұстайды, халықтың ұлттық жіктелуіне әкеліп
соғады. Қалада көпшілігі білім алмайды, үйреншікті әдеті маскүнемдікпен
шұғылданады, нашақорлыққа, жезөкшелікке салынады.
Бұл жөнінде Қазақстан Компартиясының XVI съезінде Орталык
Комитеттің хатшысы Зақаш Камалиденов нақты деректермен бекітіп,
себептерін терең талдап, сын көзбен айтып берді ғой, - деді де алдында
жатқан облыстық статистика басқармасының ақпарларын ақтарып кетті.
Әңгіме осымен тәмөмдалған.
Насихат және үгіт бөлімінің қағазы көп қой. Баяндамалар
дайындаймыз, лекциялар жазамыз, көпшілік алдына шығатын сөздерінің
мәтінін де жасап береміз. Сол шақта бөлімде Өмірбек Қалымбетов деген
жігіт лектор болып жұмыс істеді. Өзінің Ресейдің беделді бір жоғарғы
оқу орнын аяқтап, экономист-ұйымдастырушы деген диплом алып келген
беті еді. Небәрі 26 жаста. Алғыр. Саяси экономия, философия, аграрлық
саясат теңірегінде ағып түр, аддына жан салмайды. Қазақ мемлекеттік
университетінің аспирантурасына сырттай түсіп үлгерген. Кейде тапсырма
бергенде «обком хатшылары, бюро мүшелері миғүла бишаралар ма?
Мәтіңді оқып беруден қалай ұялмайды?» - деп жастық қызбалыққа салып,
айтып тастаушы еді. «Байқап сөйле, ақ үйдің қабырғалары да қалқан
құлақ», - деп тәжірибелі қызметкерлер қамқорлық білдіріп жататын.
Осылай арада біраз күн өтіп кетті. Шамасы желтоқсанның 16-шы
жұлдызы -ау деймін. Облыс басшылары Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің кезектен тыс Пленумына қатысу үшін Алматыға бір күн
бұрын ұшып кетті. Гу-гу әңгіме. Барлығы Қонаевтан кейін билік басына
кім келмек? - соны әңгімелейді. Камалиденов, Назарбаев, Демиденко,
Коркин, Әуелбеков, Асқаров, Мирошхин, тағы басқалар. Көптің арасыңда
Жезқазғаннан шыққан, Қарақалпақ обкомының бірінші хатшысы
КСалықовтың атын естіп қалдық.
Ертеңіне таңертең лифтіден обкомның ұйымдық-партиялық бөлімінің
меңгерушісі Петр Белоусовты кездестірдім. Сидаң ұзын бойлы, қасқа бас,
көз әйнек тағатын орыс жігіт еді. Негізі жуас, қақаң-соқаңмен ісі жоқ,
«үлкендердің» ығымен нұсқаушы, кейін бөлім меңгерушісінің орынбасары
болып жүмыс істеген.
Ол: - Сонымен Димаш Ахметовичтің орнына кім болатын болды?
Хабарыңыз барма? - деді бірнәрседен қорыққандай, жан-жағына жалтақтай
қарап.
- Білмедім, - дедім.
- Менің естуім, -дейді ақырын дауыспен көз әйнегімен төңірегін
бір сүзіп өтіп, Колбин. Қазіргі СОКП Ульяновскі облыстық комитетінің
бірінші хатшысы. Бұрынырақ Грузияда Шеварнадземен қол ұстасып,
қатар қызмет атқарған. Оны жетегіне алған СОКП Орталық Комитетінің
хатшысы Г.П.Разумовскийдің ұшағы осы сәтте ұшып келеді. Еңді екі
сағаттан кейін астана әуежайына қонып қалар.
Лифті лезде сегізінші қабатқа көтеріп, мен кабинетіме кеттім.
Радио «Социалистік Қазақстан» газетіне шолу беріп жатты. Республика
басшыларының бірінің аты-жөнін жекелеп айтқан жоқ. Телефон шылдыр
етті. Көтерсем, манағы Петр Белоусов екен. Сағат кешкі жеті-сегізге таман
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімдеріне
байланысты коммунистердің, жұмысшылардың, ардагерлердің пікірін
зерттеп, жинақтау қажет екендігін айтты.
Пленум өтті. Д. Қонаевтың өтініші қанағаттандырылды. Геннадий
Васильевич Колбин Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
секретары және Бюро мүшесі болып бірауыздан сайланғаны жөнінде
ҚазТАГ таратқан ресми хабарды және өмірбаянын оқыдық.
Өмірбаяныңда алып-ұшып тұрған ештеңе байқалмайды. Енді 4 ай
17 күннен кейін алпыстың асқарына шығып, ар жағынан зейнеткерлік қол
бұлғап тұр. 28 жасында Орал политехникалық институтын сырттан оқып
бітірген. Өндіріс саласындағы мансабы бас инженердің орынбасарынан
жоғары көтерілмепті. 1959 жылы Нижний Тагил металлургиялық
заводының партия хатшысы болып сайланған соң айдарынан жел есіп, тасы
өрге домалай берген.
Жаңа Біріншінің өмірбаянын оқыған соң Жезқазған қалалық
партия комитетін көп жыл басқарған облыстық «Полиграфия» өндірістік
бірлестігінің бас директоры Ошақбай Асылбеков ағамыз «шалапты шайқап,
бөтен елге басшы болам дегеннен гөрі апырымдап алпысқа келіп, еңбектің
зейнетін көруге келіп қалған екен» -деп еді, біз Димекеңнен бір мүшел кіші
ғой. Әлі бозбала емес пе, бар болашағы алдында, - деп өзілдеп күлгенбіз.
(М 6. Республика облыстарында1986 жылгы 18 желтоқсандагы
жағдай туралы.1
Жезқазган облысы.
Жагдай бірқалыпты. Басшылар белсенді әйелдер жиналысына
қатысып отыр. ҚК Ортальщ комитеті партия-уйымдық бөлімі
20-бет.)
Алматыдан оралған облыстық партия комитетінің Бірінші хатшысына
желтоқсанның 18-ші жұлдызында жұмыс аяғына таман кешкілік
кірдім. Көңілі қобалжулы ма, қалай, біресе вертушкаға, біресе тікелей
телефонды көтеріп, ішкі істер басқармасының, мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің Жезқазған облысы бойынша басқармасының, облыстық әскери
комиссариаттың, облыстық прокуратураның басшыларын шақырып жатты.
Әдетте облыстағы мөртебесі ең жоғары бұл ұлыққа кісілерді не көмекшісі,
не бөлім бастықтары шақырушы еді. Әрине, кезінде тап басып, мен берген
жоқпын. Аларған қағаздарыма көзәйнегінің астынан көзін сүзе отырып,
оқымай, қалам тигізбей, дәу саусақтарымен парақтап шықты да, қол қойып
берді.
Кешкілік Москва, Алматы теледидарларының бағдарламаларын
көреміз. Республика ақпарат көздерінен ешқандай жаңалық естімедік. Ал,
Москва теледидарының дикторы «Алматыдан хабар» деген шағын хабарды
шапшаң оқып өтті. Толық ой толғап, терең түсіне алмадым. Алайда ұққаным
Алматыда тыныштық жоқ сияқты, нашақорлар, маскүнемдер, басбұзарлар
қаптап кеткен. Артынша радиоқабылдағыштың құлағын бұрап отырып,
«Маякты» тауып алдым. Сайрап түр. Қазақша аудармасын келтірейін.
«Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер
арандатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған пленумының шешіміне
наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға
жат басқа да адамдар пайдаланып, право тәртібінің өкілдері жөнінде
қарсы әрекеттер жасады, сондай-ақ бір азық-түлік магазинін, жекеменшік
автомобильдерді өртеді. Қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын
әрекеттер жасады.
Заводтарда, фабрикаларда, жоғары оқу орындарында, басқа да еңбек
коллективтерінде болып өткен жиналыстар, сондай-ақ қала мен аудандык
партия және комсомол активтері Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті Пленумының шешімдерін мақұлдады және оқушылар, жастар
тобының ешқаңдай негізсіз іс-әрекеттерін айыптап, бұзақыларға батыл
шаралар қолданылуын, қалада қатаң тәртіп орнатылуын жақтады. Осы
бағытта қолданылып жатқан іс-қимылдарды еңбекщілер қолдауда. Олар
партия және Совет оргаңдарының жүргізіп жатқан шараларына белсене
қатысуда. Барлық кәсіпорыңдар, мекемелер, оқу орындары, магазиндер,
тұрмыстық қызмет, қалалық транспорт қалыпты жұмыс істеуде».
Содан бері біраз жыл өтті. Болары болды, бояуы сінді. Ақ-қарасы
айырылды. Қалың халық, коммунистер, ел басшылары есеңгіреп барып
оянып, есін жиған сияқты. Желтоқсан көтерілісіне байланысты таратылған
ресми ақпараттар басынан аяғына дейін ылғи өтірік болып шықты,
Орталық, өлкелік және облыстық партия комитеттері насихат және
үгіт бөлімдері меңгерушілерімен кездескенде Канада мемлекетіндегі
елшілік қызметтен шақырылып, Орталық партия комитеті насихат бөлімі
меңгерушісінің орынбасарлығына тағайыңдалған Н.А.Яковлев «партиялық
насихатшы сөзі халық құлағына жеткенше көкшіл жалынға оранып,
көмірге айналып бітеді» - деген болатын. Біз оны сан-саққа жүгіртіп, әр
түрлі пікірде қабылдадық, кейін бұл кісінің компартия билігі мен совет
өкіметін қан шығармай бейбіт құлатудың ішмерез идеологы болғанын
білдік. Бірақ, оның сөзінде шындықтың ұшқыны бар екенін сол кезде-ак
іштей сезінетінбіз.
Алматы оқиғаларына байланысты акамедик Манаш Қозыбаевтың
зерттеулерінен бірнеше деректер мен тұжырымдар келтірейін. «Желтоқсан
1986 - халықтың жас ұрпағының ұлттық қозғалысы. Ол айдарына қарғыс
таңба басылған М.Г.Горбачевтің «Қайта құру» бағдарламасын шын
мәнісіндегі жаңғырту заманасы деп алданған ұлттың жас өкіддері
еді». Американдық Хельсинск тобының есебіне қарағанда наразылық
жасаушылар қатары 30 мыңға жетіпті. Оларға қарсы қойылған
жазалаушылар 50 мың әскерден, 20 мың милиционерден, 16 мың
жасақшыдан құрылыпты. Жазалаушылар қолына 8500-ге тарта көтерілісші
түсті, 99 адам сотқа тартылып, екеуі өлім жазасына кесілген.
Бір қызығы, облыстық партия комитетінің насихат қызметін
жүргізіп отырған мен бұдан бейхабар едім. Ауа райына байланысты деген
желеумен ұшақ қатынасы тоқтағанына екі-үш күн болған. Телефонымыз
да үнсіз мелшиіп қалды. 17-ші желтоқсан күні поезға мінген жолаушылар
Жезқазғанға 19-шы желтоқсанда келіп бір-ақ үзеңгі ағытады.
Әңгіме ұшығын жұмыс аяқталып, жүріс-тұрыс тынышталған соң
кабинетіне шақырған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
Н.Давыдов шығарды.
- Алматыда бұзақылар, нашақорлар, арамтамақтар тәртіпсіз қимыл
жасауда. Жастардың аз ғана бөлігін соңына ертіп алған сияқты. Сол
дерт біздің студент жастарымыз арасына тарап кетпесін, - деп қаттырак
нығырлады. Содан соң жұмыстың мынадай реті белгіленді.
Мен кештете Қарағанды политехникалық институты жергілікті
филиалының жатақханасына барамын. Қасымда қалалық партия комитетінің
екінші секретары Л.Захарова болады. Педагогикалық институттың
жатақханасын ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі Қ.Мәдиев
аралап шығады деп ұйғарылды. Міндетіміз - студенттер тарапынан
жағымсыз қарекет, сезікті әрекеттер байқалса, шұғыл шаралар колдану
болмақ.
Кешкі ас-судан соң филиалдың директоры Ниязғали Жайсаңбаевпен
хабарластым. Қашанда тас-түйін жүретін, етек-жеңі жинақы, етінің
тірлігімен жоғары білімі алып, ғалым және ұстаздық жолын таңдаған жігіт
еді. Филиалды басқарғанына үш жыл болған.
- Жеті күн қараңғысында бұл суыт жүрісіміз қалай? -деп сұрады ол
бірден.
Уақыт тығыз, обком басшыллығына студенттердің тұрмыс-жайы
жөнінде баян хат жазуым керек еді, - дедім. Студенттер жатақханасын
түнгі он бірден кете аралап шықтық. Ешкім ұйықтамапты. Бөлмелер ұядай
жылы екен. Үстел үстінде оқулықтар, анықтамалық жинақтар, дәптерлер.
Бірінші курс студенттерінің бір тобы ауылдан қалта келіп, соғымнан
сыбаға ауыз тиіп, ептеп шарап ішіп, қызулау отыр екен. Бізден қысылып
қалды. Мен кәнігі студенттердің қысқы семестрге қызу дайындық жасап
жатқан қарекетін байқадым. Тұрмыс-халіне байланысты реніш, не ұсыныс
білдірген жоқ. Алматыдағы оқиғалардан бейхабар тәрізді. Тек біраз
бөлмелерде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің желтоқсан
пленумы жөнінде ақпарат хабар басылған республикалық жастар газеттері
«Лениншіл жас», «Ленинская смена» жатыр екен. Ол кезде студенттер,
мектеп оқушылары міндетті түрде бір газетке жазылады ғой. Сөкеттігі жоқ.
Тек екі бөлмеде газет бетіне басылған В.Г.Колбиннің суретіне сия қалам
жүргізіп, көзін оймыштап тастапты. Қолы қарап отырмайтындардың бұрын
да дәптерін мақсат-мағынасыз шимайлап, газет және журнал суреттерін
әлеміштеп тастайтын дағдысы болатын. Басқа назар аударарлық ештеңе
байқалмайды.
-Бізде Алматыдағыдай болмайды. Нашақор, бұзақылар жоқ, - деді
директор сөз тартып.
- Біздің тілегіміз де сол ғой.
- Сонда да Қазақстан сияқты үлкен республиканың басшысын сырттан
жіберуі намысқа тиеді. 800 мың коммунист ішінен Бірінші хатшыны
таңдауға болатын шығар, - деді ол.
- Бұл - партияның ішкі жұмысы. Орталық Комитет шешсе, ол
талқылануға салынбайды. Демократиялық централизм осы, - дедім қош
айтысып жатып.
Ертеңіне, 19 желтоқсанда таңертеңгілік күн шаңытып тұрды. Аяз
құлақты шымшылайды. Екі көзі жылтырап, қабағы қырауланып, ширақ
басып, жұмысқа келе жатқандар бұлыңғыр бірдеңе көтеріп келе жатқан
сиқырлы күш иесіне ұқсайды.
Обком ғимаратының бірінші қабатында педагогикалық институттың
ректоры Мекен Бектүров пен политехникалық институт филиалының
директоры Ниязғали Жайсаңбаевты жолықтырдым.
Мәкең әдеттегіше сөзінің жартысын жұтып сөйлеп, жағдайды
түсіңдірді. Таңертең кеңсеге, аудиторияларға студенттердің көпшілігі
кірмеген. Қолдарында ұран плакаттар. Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті желтоқсан пленумының шешімдеріне келіспейтінін білдіріп,
көшеге шеруге шығамыз дейді. Ұран-плакаттарды оқымаған, олар сырттан
дайындалып әкелінген деген сарында пікірін білдірді.
Студенттердің қабағы қатулы. Пединституттың тобына қосылуға
келе жатыр. Шамасы, екі институт студент өкілдері кездесіп, осылай
бәтуаласқан. Қаланың орталық Ленин алаңына шықпақ. Тіл тигізіп, күш
көрсетсек, ашу арнасынан асып, от шығып кетуі мүмкін, - дейді филалдың
директоры Н. Жайсаңбаев.
Сол бетте облыстық партия комитетінің идеология мәселелері
жөніндегі хатшысы Сырым Сапарғалиевтің кабинетіне келдік. Ол бірінші
хатшы Н. Давыдовпен сөйлесті. Шамасы, бәрімізді шақырған болған керек,
оныншы қабатқа көтерілдік. Бірінші хатшы ешкімге ұзын мәжіліс үстеліне
көгендей тізіліп, жағалай қойылған орындықтарды ұсынбады. Түрегеліп
тұрып тілдесті. М ә н жайды ректорлар баян етті. Өзіне біздің алдымызда
облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Р. Қайдаров телефон соғып,
хабардар еткен екен. Шешім шапшаң қабылданды. Мен, ғылым және оқу
орындары бөлімінің меңгерушісі, ректорлар шеруге қатынасқан студенттер
арасына барып, үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізетін болдық.
(№ 13. Республика облыстарындагы жағдай туралы. 1986 жылғы
желтоқсандагы 22.00. сағатқа.
Жезқазған облысы.
Бүгін таңертең педагогикалың институттың студенттері 300
адам облыстық партия комитетінің ғимаратына бару ушін Ленин
көшесіне шықты. Олармен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін партия
және құқық қ о р ғ а у органдарының қ ы з м е т к е р л е р і ж і б е р і л д і . Нәтижесінде
олар тарап кетті, 100 адам ұсталды. ҚК О р т а л ы қ комитеті партия-
ұйымдық бөлімі 61 - бет.)
Сағатқа қарасам, онға 25 минут қалыпты. Кезекші жеңіл машинаны
шақырып, терезеден алаңға қарадым. Бірен-саран адамнан басқа ешкім
көрінбейді. Біз келгенде студенттер Ленин бақ жолымен төмен түсіп,
Некрасов көшесімен ағып, Абай көшесінің қиылысында тоқтапты. Олар
бірыңғай қазақтар емес, ішінде басқа ұлт өкілдері де жүр.
Сегіз -тоғыз студент бойжеткен көтерген ұрандарын тастамапты.
Әлі көз алдымда. Олар - «Пусть восторжествует ленинская национальная
политика», «К единству нации через самоопределение», «Каждой нации
руководителя своей нации», «Всеобщее обсуждение кандидатуры
руководителя ЦК КП Казахстана» деген бейкүнә сөздер еді.
Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Р. Қайдаров қолында
дыбыс күшейткіш мегафон, шерушілер алдында сөйлесіп тұр.
«Бауырларым, - дейді ол, - занды бұзып тұрсындар. Автотранспорт
жүрісіне бөгет жасадындар. Бұл үшін әкімшілік жауапқа тартылады,
айып салынады. Лозунгтер мен транспаранттардағы тілектерің тиісті
орындардың құлағына жетер? Тараңыздар. Немесе мына автобустарға
мініңіздер. Түсінік беретін жерге алып барамыз».
Соңғы сөз жастарға майдай жақты. Топырлап қатар қойылған екі
автобусқа міне бастады. Қалғаңдарының қатары сейіліп, екі-үштен тарап
кетті.
Шерушілердің жол бағыты жөнінде әр түрлі айтылып жүрді. Қайсыбір
Алматыдан келген идеология саласының қызметкерлері студенттер
әуелден Некрасов көшесі арқылы жүріп, құрылыс техникумының
оқушыларын, сонан соң жастар көшесіне түсіп, медицина, педагогикалық
училищелерінің балаларын қосып алып, байыту фабрикасын жанай өтіп,
мыс балқыту заводына бас тіремек болған деген болжам айтады. Ондағысы
қатарына Қарсақбайдан жақында көшіп келген қазақ металлургтерін,
байытушыларын, мектеп мұғалімдерін тарту болды-мыс.
Шынтуайтында, кейін белгілі болғандай, олар облыстық партия
комитеті ғимаратының алдындағы орталық алаңға жиналуды жоспарлаған.
Расында, шыныққан көп ұлтты жұмысшылар қауымының едәуір бөлігі
Г.В. Колбиннің ұясына безген шүрегей үйректей Қазақстан сияқты алыпқа
партиялық әмірші болып тағайындалуын мақұл көрмегенін білеміз. Сын
сағатта өндіріс басшылары сабырлықтың, ақылдықтың, ерік-жігердің
үлгісін көрсетті. Төлеген Әбдірахманов, Қабжан Күсенов, Марат Жаркенов
тәрізді азаматтар ұжым мүшелерін арандатушылардан аулақ ұстап, беделі
мен ауыздарының дуасы арқылы қызбалыққа жібермей, өндірістің ырғақты
жұмысын қамтамасыз етті.
Автобусқа мінген студенттер қалалық ішкі істер бөлімі мен өрттер
қорғау бөлімшесінің Ленин бөлмелеріне жеткізілді. Маған өрттен қорғау
бөлімшесіндегі студенттермен кездесу жүктелген еді. Сұхбатты әрбір совет
азаматының конституциялық құқықтары туралы әңгімеден бастадым.
КСРО Конститутциясының 50-бабы азаматтардың сөз, баспасөз, жиналыс,
көшедегі шерулер мен демонстрациялар бостандығына кепілдік береді.
Бізде әрбір азамат мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың
жұмысын сынай да, ұсыныс бере де алады. Сынағаны үшін кісілерді
қудалауға тыйым салынган. Сіздердің мемлекет, жалпы партиялық
мәселелер жөнінде пікір білдіруге тырысқандарыңыз білім дәрежелеріңіз
бен саяси белсеңділіктеріңіздің өскендігін көрсетеді. Балалар шерулер
мен демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі мен тетігі жөніндегі
түсініктерімді жақсы қабылдады. Бәрінің де аузын ашса, аржағында көмейі
көрініп түр, жаман пиғыл не арамдық байқалмайды. Маған сұрақ қарша
жауып кетті, кейбір есте қалғандары төмендегідей;
«Аға, бізде орыс қысының мейрамы өтеді. Сонда орыс, қазақ, украин
қыстары бола ма?»
«Жиналыстар неге орыс тілінде өтеді. Бір орыс болмаса да орысша
сөйлейміз. Қазақ тілінің несі кем?»
«Институттарда сабақты қазақша жүргізуге бола ма?»
«Техникалық жоғары оқу орындары үшін қазак тілінде оқулыктар
неге жоқ?»
«Октябрь революциясынан бұрын қазақтың небәрі екі проценті
сауатты болған дейсіздер. Ал, менің әжем айтады: кедейден шықтық, бірақ
аталарың, оның туыстары арабша хат таныды. Содан кімге сенеміз?»
«Қонаевтың орнына қазақстандык бір бастықты, орыс болсын неге
сайламайды?»
«Қазақтар кеп қабатты үйдің неге бірінші немесе бесінші қабатында
тұрады?»
«Коттеджде тұратындар негізі орыс ұлтының өкілдері. От басында
бала-шағалары да аз. Керісінше, көп балалы қазақтар көп қабатты үйлерде
екі-үш бөлмелі пөтерде отыр. Неге бұлай?»
«Орыстар ұлы халық дейміз. Сонда қазақтар қандай халық?»
Барлық сұрақтарға 25-30 минутта жауап бердім. Қосымша сауалдар
болмады. Студент қыз-жігіттерді үйлеріне таратып жібердім.
Сағат он екіге таман облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Рүстем Қайдаровтың кабинетіне келіп кірдім. Онда облыстық партия
комитетінің хатшысы С. Сапарғалиев отыр екен. Кенет «ВЧ» телефонының
аппараты зарлап қоя берді. Рүстекең трубканы көтерді де Одақтық Ішкі
Істер министрінің орынбасары Б.И.Елисов жағдайды баян етуді талап
етіп түр деді де бес-алты сөйлеммен хал-ақуалды жеткізді. Баянның ұзын
ырғасы мынадай:
-Жолдас генерал! Жағдай бір қалыпты. Ел тыныш. Бүгін шеруге облыс
орталығының жоғары оқу орындарының студенттері шығып еді. Шеру
ұйымдастырудың тәртібі түсіндірілгеннен кейін олар тарап кетті. Небәрі
бір шақырымға жетер жетпес жол жүрді. Қазір қаламызда жолаушылар
транспортының жүрісі ырғақты қалпына түсті, деді ол.
Телефонның екінші жағынан шеруді ұйымдастырушы кім, ұстадыңдар
ма, материалдық шығын бар ма, - деп жекелеп сұрады.
- Шамасы шеру ойластырылып, нақты дайындалмаған сияқты.
Жастардың қызбалығынан туған. Басшылар бар деп айту қиын. Шеруге
қатысушылардан гөрі оны қызық көріп, ілескен, жалпы қараны көбейткен,
жолбике қала тұрғындары көп болды, - деп подполковниктің тіл қатуы мұң
екен, арғы жағындағы генерал қоштаспастан трубканы қоя салды.
- Менің хабарыма генералдың көңілі толмай қалды-ау, деді ол жаймен,
көңілсіз езуіне күлкі үйіріліп.
Бұл жігіт Жезқазғанда қызметке кіріскелі бір жылдан жаңа асса да,
білімділігімен, алып қашпасы жоқ байсалды ісімен, мейірімділігімен көпке
танылып, абыройға ие болған еді. Мінезге бай, кішіпейіл, өзі екі тілде
бірдей жап-жатық. Қазақ тілі десе, жанын беріп тұрады. Өнерсүйгіш, әнге
құмар, ақындар айтысынан қалмайды. Жастарға демеушілік жасап, қолдан
келетін көмегін аямай жүрді. Ұлт кадрларының дарынымен, біліктілігімен,
адалдығымен жеке дараланғаны Рүстекең көзінен қағыс қалмады, шені
мен қызметін алып жатты. Өзі де елмен бірге есейді, білім, тәжірибесін
құнарландырды. Подполковниктен генерал-майор дәрежесіне дейін өсті.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің орынбасары болып
тағайындалды.
Жезқазғандағы студенттердің шеруі әр түрлі алып қашпа әңгіме,
лақап туғызды. Қалада мыңдаған студенттер көшеге шығыпты, оларға ішкі
істер жүйесінің қызметкерлері ит қосып, кейбіреулерін соққыға жығыпты.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі және бостандығы үшін жүздеген студент
қыз-жігіттер ауыр жарақаттар алған- мыс. Мұндай қауесетгі халық құлақ
түріп тыңдап отырды.
Мәскеудің қазақ халқы мен елін жан құрлы елемегені, республика
өмірі мен дәстүрінен бейхабар Г.В.Колбинді бірінші хатшы етіп отырғыза
салуы кімнің болсын намысын оятып, жанын қинаған сияқты. Халық
толқып тұрды. Саналы қазақ атқамінерлі, зиялы қауым, басшы азаматтар
сақ, әрі жедел қимыл жасады. Барлық өткір сұрақтарға ашық жауап берілді,
өсек-аяң, ерілме әңгімелер табанда әшекерленді. Әртүрлі ұлт өкілдері
арасына жік салынбады.
(№ 14. Республика облыстарындағы жағдай туралы 1986 жылғы
/19 желтоқсандағы 18.00. сағатқа.
Жезқазған облысы 14.20. О б л ы с т ы қ партия комитетінің алдында
70 шамалы педагогикалың институт пен Қараганды политехникалық.
институты бөлімшесінің студенттері жиналды. Олармен әңгіме
өткізілді Олар тарап кетті Қазір жағдай бірқалыпты. ҚК Орталық
комитеті партия-ұйымдық бөлімі. 64 -бет.)
Сол 19 желтоқсан күні түстен кейін Жезқазған калалық партия
комитетінің мәжіліс залына кәсіпорын, мекеме, ұйым жетекшілері,
облыстық басқармалардың, бөлімдердің, комитеттердің басшылары.
соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, медицина және білім
салаларының айтулы қызметкерлері шақырылды. Туып отырған тосын
жайларға түсінік берді. Осындай екіталай шақта еңбек ұжымдарында болу.
оның басшыларына қолғабыс беру, адамдардың көтеріңкі қоғамдык-саяси
белсенділігін қамтамасыз ету, күш-жігерді сол мезгілдің кезек күттірмейтін
мәселелерін шешуге бағыттау ұсынылды.
Осы шақта Жезқазған, Балқаш, Қаражал қалалық, Жанаарка.
Ақадыр, Ұлытау, Жезді, Ақтоғай аудандық партия комитеттерінін бірінш:
хатшылары Э.Сүлейменов, Ж.Әбуғалиев, Е.Шапошников, С.Әбішев,
И.Колбасин, С.Дүйсенбеков, Қ.Медиев, С.Тоқметов сынды ел ағалары
жоғары саяси дайындықтың, үлкен парасаттылық пен айтқан сөздері жерде
қалмайтын үлкен абыройын көрсетті.
Түстен кейін обком қызметкерлері тағы дүрлігіп қалды. Сағат үштерде
обком хатшысы Сырым Сапарғалиев бір топ аппарат қызметкерлерін.
облыстық басқармалар мен бөлім басшыларын жинап, шағын кеңес жасады
Педагогикалық институт партия ұйымынан хабар түсіпті. Студент қыздар
орталық Ленин алаңына жиналуға уәде жасаған.
Жаны бар сөз екені байқалып тұр. «Балалар әлемі», «Алтын» дүкені,
облыстық ұйымдар ғимараты, саяси-ағарту үйі, «Жезқазғангорсельпроект»
жобалау институты, Ленин, Бейбітшілік бақ жолдарындағы автобус
аялдамаларында 8 - 9 дан 1 5 - 2 0 топ уыздай студент бойжеткендер жүрді.
Жүздері қатулы. Жан-жақтан жиналып, Ленин ескерткішінің жанына
тоғысқанда қарасы көбейіп шыға келеді. Мұғалімдер, милиционерлер кеңес
беріп, түсінік жасап, жалынғандай сөзін айтқанда ғана шегініп кетеді.
Мен де сыртқа шықтым. Алтайы түлкі жағалы пальто киген, басында
да қыр түлкісінен малақай бар-ау деймін, сұңғақ бойлы жас кыз маған
қарсы жүрді.
- Аға, көсеміміз Ленин ескерткіші жанынан көңілімізді кернеген бір
сөзді айтуға бола ма? - деді әңгімені қысқа қайырып. Дауысы әбес қатты
шыққанына ұялды ма ол көзін аударып, орталық алаңға қарап қалды.
- Бұл жергілікті атқарушы үкімет орыны шешетін мөселе, деп жауап
бердім. Митинг, шерулер, жиналыстар өткізу тәртібі туралы білетінімді
талдап айтқан сияқтымын. Жастар ондай заңмен белгіленген тәртіп бар
екенін білмейтін болып шықты, аузын ашып, таңдайын қағып қалды.
Там-түмдап Алматыдағы жағдайдан хабардар еттім. Әрине, ресми
насихат тілімен алаңға шыққандарды шылғи бұзақылар деп түсіндірдім.
Оларға қарсы әскер жұмсалғанын, тобыр қарудың күшімен жуасытылғанын
айттым. Қыздар аязда тонды ма, жоқ таң білінгелі дамыл таппай шаршады
ма, әлде өкімет қаһарынан қорықты ма, әйтеуір жапатармағай тарап кетті.
Жалпы, желтоқсан оқиғасының мән-жайына кейін қандық. Уақыттың
өзгергенін, заманынның өзгеріп келе жатқанын, өзіміздің де өзгере
бастағанымызды аңғардық. Желтоқсан оқиғасы ұлттық сана-сезімнің қалғи
бастап, қайта селк етіп оянғанын, тарих та сол дүмпуден жүкті болғандай,
толғақ қыса бастағанын танытқан еді.
Қым-қуыт тарихи оқиғалар тоғысында қазақ қыздарының еркі мен
намысқойлығы ерекше болды. Бірін бастап, екіншісіне кетемін. Біраз жыл
облыстық партия комитетінің хатшысы Жылқыбай Аралбаевпен бірге
қызмет атқардым. Жетім өскен, өзіне сенген көкжал, танысаң адайыңмын,
танымасаң қүдайыңмын деп түрған Каспий өңірінің жігіті болатын. Бірде
Жықаң ешбір себепсіз «қазақ қыздары мен әйелдері бәлекет қой, жүректі,
өңшең батырлар, қорықпайды, талай мыңдаған шақырым бейтаныс жұртқа
сүйгенінің жетегіне еріп, тарта береді», деп айтып қалған-ды.
Желтоқсан күндері осы пікір есіме жиі түсе берді. Студенттер шеруінде
алдыңғы қатарда қазақ қыздары жүрді. Олар ұрандар мен үн-парақтардың
біразын көтеріп шықты. Ресми орындар өкілдерімен кездескенде суырлып
шығып сұрақ қоятындардың, пікірін білдіретіңдердің басым көпшілігі
қаракөз қарындастар болатын. Кейде мұрты енді тебіндеп келе жатқан заты
момын бозбалалардың мұрнының боғын тартқыштап, бәтеңкесінің басына
қарағыштай беретінін де байқағанбыз.
Облыстық партия комитеті бюросы үстіңде шеруге қатысқандардың
саны жөнінде облыстық ішкі істер басқармасының бастығы подполковник
Қайдаров мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жезқазған облысы
бойынша басқарма бастығы полковник Быжыбаев сөзге келіп қалды.
Өз хабарламасында Р.Қайдаров шеруге қатысушылардың саны 600-
650 адам деп атап көрсетті.
«Бұл қалай, біздің есебіміше 300 адам ғой» деді Б.Быжыбаев.
«Әрине, біздің цифріміз негізсіз емес. Түсірілген суреттерді қарадық.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің көргендері бар» деп Р.Қайдаров
сөзін нығыздап жалғастыра бергенде Б.Быжыбаев «Сіздікі дұрыс шығар.
Бірақ, орталықпен 300-ге келістік» деп қалды.
Обкомның бірінші хатшысы да шеруге қатысушылардың санын
азайтып көрсеткенін дұрыс көрді. Өйткені Алматыдағы желтоқсан
көтерілісін жергілікті жерлерде куатты қолдаушыларды көбейтіп көрсету
сол кездегі саясатқа да тура болмайтын. Бұған мүдделі жоғарғы органдардан
тиісті нұсқау түскені байқалып тұрды.
Біз бала кезімізде «Қобылданды», «Алпамыс», «Қыз Жібек»,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» эпостарын жаттап өстік. Құртқа,
Гүлбаршын, Жібек, Баян, Ақжүніс сынды сұлулар жайлы жырларды
ішімізді тартып, қызыға, қүлшына оқушы едік. Тісінің бәрі түсіп, аузы
апандай опырайған, бетін аңызақ жел шалған егін даласындай әжім
қаптаған, «ойбай, белім» деп орнынан қираландай көтеріп, таң атып,
күн батқанша үй шаруашылығымен күйбендеген әжелерімізді кезінде
аңыздағы арулардай қалай болды екен деп ойлайтынбыз. Бірақ, балалық
шақта олардың қазан төңкерісінің теперішін, рухани қарақшылықтың
тозағын, аштықтың азабын, Ұлы Отан соғысында талайлары бауыр еті
боздағы мен қосағынан айырылғанын білмеппіз.
Неге екенін қайдам, желтоқсаңда Жезқазғанның орталық алаңында
студент қазақ қыздарын көргенде Естемес батырдың Құртқаға айтқан мына
жыры тіліме орала берді:
Үйдемісің қыз Құртқа,
Түздемісің қыз Құртқа,
Әйел болдың амал жоқ,
Еркек болсаң егерде,
Болар ең тұтқа бір жұртқа.
Шындығына келсек, Алматыдағы желтоқсан оқиғалары жөнінде хабар
там-түм, біржақты берілді. Мәселен, тіпті облыстық партия комитетінің
идеология мәселелері жөніндегі хатшысы құлаққа ұрған танадай ештеңеден
, мәліметсіз кабинетінде отыра берген. Обком секретары С.Сапарғалиев
1986 жылғы желтоқсанның 21 жұлдызында өткен Жезқазған педагогикалық
институтының партия ұйымының жиналысында «бізге желтоқсан оқиғасы
жөнінде ресми ешқандай дерек түскен жоқ» деп ашық мойындады.
Желтоқсанның 19-шы жұлдызы күні сағат 16-да облыстық партия
комитеті бюросының кезектен тыс мәжілісі болды. Онда облыстық ішкі
істер басқармасының бастығы Р. Қайдаров хабарлама жасады. Сол күні
ертеңгілік 9 сағат 10 минутта педагогикалық институт пен Қарағанды
политехникалық институтының жергілікті филиалының 600-ден астам
студенті Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті V пленумының
шешіміне наразылық білдіріп, көшеге шықты. Политехникалық институт
филиалы студенттері 8 сағат 30 минутта педагогикалық институтының бас
ғимаратына жеткен. Құқық қорғау орындарының қызметкерлері шеруге
қатысушы 60 студентті үстап, тиісті зерттеу және түсінік жұмыстарын
жүргізген. Олардың 53-і комсомол мүшелері екен, 45-і жатақханаларда
тұрады.
Облыстық партия комитетінің бюросы жағдайды қалпына келтіру
және құқық тәртібін бұзуға жол бермеу үшін институт ректорлары
М.Бектүров пен Н.Жайсаңбаевқа батыл шара қолдануды, екі-үш күн
ішінде шеруге қатысқан әрбір студенттің кінесін нақты анықтауды
тапсырды. Облыстық ішкі істер басқармасы мен облыстық прокурор жеке
құрамды тұтас та екі ауысымдық жұмысқа көшіруге, барлық аса маңызды
объектілерді күзетуді күшейтуге, студенттер мен жұмысшы жастар
тұратын жатақханаларды айрықша бақылауға алуға міндетті болды. Әрбір
жатақханаға милиция, прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің
қызметкерлері орналастырылды. Түн бойына халық жасақшыларынын
кезекшілігі ұйымдастырылды.
Желтоқсанның жиырмасыншы жұлдызында Алматыдан бір топ
өкіл сау ете қалды. Олардың ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің инспекторы В.Криворучко, насихат және үгіт бөлімінің
лекторы А.Коршунов, тағы басқа жауапты шенеуніктер бар еді. Келіп, іске
араласуы мүң екен, ұйымдастыру және саяси-көпшілік жұмыстарынын
үлкен дөңгелегі қаттырақ айналып, зырылдап кетті. Барлық кәсіпорындарда,
мекемелерде, ұйымдарда ашық партия жиналыстары, комсомол
ұйымдарының, еңбек ұжымдарының жиындары жедел өтіп жатты.
Желтоқсанның 25-ші жұлдызында кеңейтілген бюро мәжілісінде обкомның
бірінші хатшысы Н.Давыдов «ашық партия жиналыстарына 113542 кісі,
оның ішінде 21881 коммунист қатысты. Коммунистер, жүмысшылар, зиялы
қауым өкілдері, жастар Г.В.Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті V Пленумының шешімін бір ауыздан мақұлдады. Олар Алматы
қаласындағы бұзық, арамтамақ және де қоғамға жат жандардың қатарына
жас қыз-жігіттерді қосып алып жасаған жексұрын қылмысты әрекеттерін
және Жезқазған қаласындағы студент және оқушы жастар арасындағы
жағымсыз істер көрінісін айыптаған», - деп мәлімдеді.
Облыстық партия комитетінің бюросы КПСС Орталық Комитетінін
1986 жылғы 18-ші желтоқсанда қабылдаған «Алматыдағы жағдайға
байланысты іс-шараларын бекітті. Қабылдаған шешімде Жаңа жыл
мерекесі күндері партия, совет, кәсіподақ, комсомол қызметкерлері, ұжым
басшылары үшін жұмыс күні деп жарряланды. Барлық мекемелерде,
ұжымдарда, кәсіпорындарда күн ұзақты кезекшілік ұйымдастырылатын
болды. Жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мерзімнен
тыс қысқы демалысқа жіберіліп, олардың облыс орталығынан тыс жерде
тұратындарының қаладан кезінде кетуін қадағалау да ұмыт қалмады.
Жезқазғандағы 19-шы желтоқсан оқиғасынан кейін саяси-көпшілік
және ұйымдастыру жұмыстарының орталығы екі институт студентгері
арасына ауды. Мәселен, желтоқсанның 21 жұлдызында политехникалык
және педагогикалық институттарда ашық партия жиналысы өтті. Оларға
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкерлері
В.Криворучко мен А.Коршунов қатысты.
Желтоқсанның 25-ші және ақпанның 5-ші жұлдызыңда Жезказған
педагогикалық институты комсомол комитетінің мәжілісінде комсомол
мүшелерінің жеке басының ісі қаралды. Негізгі кінә - шеруге неге қатыскан.
ұлтшыл топқа қалайша соққы бермеді, жасырын дайындалған шеруді біле
гұра неге тиісті орындарға хабарламаған. Осыны талдай келіп, комсомш
комитеті саяси көрсоқырлығы үшін жастар ұйымының 63 мүшесіне есеп
карточкасына жазып, қатаң сөгіс жариялады.
Қарағанды политехникалық институтының филиалында да осынлай
науқан ұйымдастырылғанымен филиал әкімшілігі мен партия ұйымынын
хатшысы Г.Жөкенов, профессор оқытушылар, студенттер байсалдылык
танытты. Жүрегі қазағым, елім деп соққан мұғалімдер шыр-пыр болып ара
түсті.
Міне, біздің аддымызда 1986-ж автомобиль транспорты
тобының комсомол ұйымы жиналысының хаттамасы жатыр. Жиналыс
Жезқазғандағы шеруден кейін қызуы қайтпай тұрғанда жедел өткізіліп.
онда топтың старостасы Б.Нұрышевтың жеке ісі қаралған. Сонда куратор
мұғалім А.К.Жамиева шәкіртіне жағымды мінездеме беріп, барынша
жақсы жақтарын сипаттап берген. Тек қалалық комсомол комитеті бюросы
мүшесінің талабымен комсомол жиналысы Б.Нұрышевқа хаттама бетінде
сөгіс беріп, институттан шығаруға қаулы алған.
Өндірістік-азаматтық құрылыс факультеті 85-п тобының комсомол
жиналысында Г.Мырзабаеваның жеке ісі қаралғанда комсомол мүшесі
Сақбаева сырттан қысым жасалғанда былай деп пікірін ашып айтты. «Мен
түсінбей тұрмын, сіздер бізге өз пікірлеріңізді күшпен таңғыларыңыз келе
ме? Біз бұл қыз бала комсомолдан шығаратындай қылмыс жасаған жоқ
деп есептейміз. Мен оның комсомолдық жеке ісіне жазып, қатаң сөгіс
жариялауды жақтаймын... Егер жатақханада тұрсам мен де балалармен
бірге болар едім»,- деді ол. Сөйтіп Г.Мырзабаева комсомолдық жазамен
студенттер қатарында қалды.
Ал, өндірістік-азаматтық құрылыс факультеті 84-ж тобының
комсомол жиналысында студенттер Сатанов, Оңтарбаев замандасы студент
Тілеуқабыловты жақсы жолдас ретінде жоғары көтермелеп, шеруге қатысуы
кездейсоқ оқиға дей келіп, оған хаттама бетінде жай сөгіс жариялануына
себін тигізді.
Дегенмен, Жезқазған филалында біраз комсомол мүшелері қатаң
жазаға тартылды. Қолда бар қүжаттарды қарасақ, олар мына төмендегі
қыз-жігіттер: автомобиль транспорты факультетінен Жақыпов, Қасенов
К., өңдірістік азаматтық құрылыс факультетінен: Башанов М., транспорт
коммуникация факультетінен Ибраев М.
Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан студенттер оқу орыңдарына
шығарылды. Жезқазған қаласындағы бой көрсетуден кейін бір жеті өтпей
Жезқазған педагогикалық институтының сурет-графика факультетінін
екінші курс студенті Абдрахманов Саха, дайындық бөлімшесінін
тыңдаушылары Исмаилова Бақыт, Шакенова Қасиет студенттік өмірмен
қоштасты.
(М 33. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің
ҚКП Орталық Комитетіне хабарламасьи М 18/334, 1986 жылгы
24 - желтоқсан.
23 желтоқсанда Алматыда Республиканың басқа
облыстарында жағдайдың одан әрі қалпына түсу процессі жалғасты.
Жезқазғанда қолданылған шаралардың арқасында қоғамға жат
мақсатпен жастардың топтасуын және 19 желтоқсанда көшеге
шыгуына дем беріп, уйымдастырғандар педагогикалық институттың
студенттері Р.Дәуренбеков, М.Қасымбеков және СА.Тапин болып
шықты. Олар тиісті түсініктерін берди 116 - бет.)
Жезқазған педагогикалық институты бойынша 1987 жылғы каңтар
айының өзінде ректордың № 1, 2, 3, 4 бұйрықтарымен филология
факультетінің студенттері Р.Дәуренбекова, Ж.Саққұлақов, С.Тапин.
М.С.Қасембеков оқу орнынан шығарылды.
Қаңтардың 6-шы жұлдызында Қарағанды политехникалық институты
Жезқазғандағы филиалының директоры «Қоғамдық тәртіптің бұзылуы
туралы» бұйрыққа қол қойды. Интернационалдық достықты бұрмалап.
патриоттық борышын орындамағаны үшін деген желеумен автомобиль
факультетінің екінші курс студенті жатақханадағы студенттер советінің
төрағасы Марат Ақжігітов, комсомол жасақшыларының команднрі
Нұрпейіс Исмаиловтар институттан шығарылды. Әрине, оның жаңғырығы
оқушьглар қауымы арасында елеусіз қалмаған. Сол күні түнгі сағат онда
жатақхананың 522-ші бөлмесінде топ студенттері жиналып, оларды оқу
орнында қалдыру жөнінде облыстық партия комитетіне хат дайындады.
Содан 3 күн өткен соң хатты ұйымдастырушылар деп табылған Нұржан
Жамауов, Рахия Ысқақовалар да оқудан шығарылды.
Қорытындысында 11 студент комсомол қатарынан шығарылып.
институттан шығарылды. 146 комсомол мүшесіне саяси солқылыктығы
және наразылық шеруіне қатысқаны бетіне басылып, ВЛКСМ мүшесінін
есеп карточкасына жазылып, қатаң сөгіс жарияланды.
Студенттердің арасында саяси-идеялық және интернационалдық
тәрбие жұмысының нашарлығына кінәлі 58 институт басшылары мен
оқытушылары қатаң жазаланды, оның ішінде 16 КПСС мүшесіне партиялық
жаза берілді.
Жезқазған педагогикалық институтының ректоры М.Бектұровтың.
Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы бөлімшесінің
директоры Н.Жайсаңбаевтың жеке істерін қалалық партия комитетінін
бюросында жан-жақты талқыланып қатаң талаптар қойылды және КПСС
мүшесінің есеп карточкасына жазылып қатаң сөгіс жарияланды.
Сонда да политехникалық институттан қуылған студенттері мұнымен
қатар 1986 жылғы желтоқсан аласапыранының ортасында болған Жезказған
қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің бірде-бірі қылмыстық
немесе әкімшілік жауапқа тартылмағанын айтуға тиіспіз.
Бұрыңғы облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
отставкадағы полковник Аманбек Мұқатаевтың айтуынша, сол кезде
жиналған том-том түсініктер мен жасалған хаттамалар жоғарыдағылардың
нұсқауымен жойылып жіберілген. Мәселен, «Слиток» әдебиет бірлестігінің
мүшесі А.Шайхина 1991 жылғы желтоқсанда «Джезказганская правда»
газетіне М.Ақжігітов, Н.Жамауов 1987 жылғы тамызда, ал, Р.Ыскақова
1988 жылғы қаңтарда институтқа қайта қабылданғанын хабарлады. Олар
1990-1992 жылдары институтты бітіріп, білікті маман дипломын алған.
Осындай мысалды Жезқазған педогогикалық институтынан да
келтіруге болады.
(М 1 9 . Республика обыстарындағы жағдай туралы 1986 жылғы
20 -желтоқсандагы 22.00. сағатқа.
Жезқазған облысы
20 желтоқсанда 19.00 сағатта Жезқазган кен-металлургия
комбинатының әйелдер жатақханасынан жұмыскер қыз-келіншектерді
таңертең 9.00 сағатта Ленин көшесіндегі тұрмыстық қызмет үйінің
алдында жиналуга шақырған үнқағаз табылды. 60 адам, оның ішінде
32 В Л К С М мушесі ұсталды. Б а р л ы ғ ы босатылып жіберілді. Еңбек
ұжымдарында ашық партия жиналыстары өтіп ж а т ы р . КК Орталық
комитеті партия-ұйымдық бөлімі. 82 - б е т . )
Студенттер мен жастардың желтоқсандағы бой көрсетулерін
жұртшылықтың біраз бөлегі бүйрегі бұрып, жылы қабылдады. Обкомның
бірінші секретары Н. Давыдов облыстық партия комитетінің 1987 жылғы
қаңтардың 11 -жұлдызында өткен пленумында мәлімдегеніндей, «Жезқазған
педагогикалық институтында желтоқсанның 19-жұлдызында сурет және
графика факультетінің деканы А.Есіркегенов белгісіз бір бойжеткен қыздың
өтінішімен екі топ студенттерді сабақтан босатып жіберген. Олар сол бетте
көшеге шығып, бойкөрсетушілер қатарына барып қосылған. Тіпті жоғары
оқу орындары мұғалімдері арасында Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің V Пленумы бірінші хатшылыққа орыс сайлады, қазақтар қайда
деген күмәнді сұрақ туған. Оны өз орталарында да әңгіме еткен».
Балқаш қаласында қазақ жастарының кейбір бөлегі Алматыдағы
соңғы оқиғаны қолдап, «ұлтшылдық» делебені қоздыратын сөздер айтқан.
Оның көрінісі, әсіресе оқушылар мен зиялы қауым ішінен кездескен.
(М 27. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Қ К П
Орталың Комитетіне хабарламасы. Алматы қ а л а с ы мен р е с п у б л и к а н ы ң
облыстарындагы жағдай туралы хабарлама, М 18/331, 1 9 8 6 жылғы
23 - желтоқсан.
19-20 желтоқсанда Жезқазған, Қарағанды, Жамбыл ж ә н е
Семипалатинскіде қоғамга ж а т мақсат көздеген ж а с т а р топтарының
көрсетілген қалалардың орталық көшелерінің шығуға ұмтылысының
алды алынды. Жағдай бірте-бірте қалпына түсіп келе жатқанымен
сипатталады. 37-бет).
Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына байланысты
Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газеті Жәйрем кентінен Айтқожа
Әбдірахманұлының мақаласын жариялады. Мақалада «Жәйремдегі шеру
осылай ұйымдастырылды» деп айдар тағып, қосымша «бірақ, сатқындық
салдарынан ойымыз түгел жүзеге аспады» деп анықтама жасаған.
Ақиқатында, желтоқсанның 23 жұлдызында Мәдениет сарайындағы
алаңға отыз шақты кісі жиналған. Шеру ұйымдастырушылар қатарынан
опасыздар шығып, оның жоба-жоспарын алдын-ала милицияға хабарлап,
сырлас достарын алдап тұзаққа түсірді. Сонда да, ар-намысты бәрінен
биік қойып, бойкөрсетушілерге жанашырлықпен, түсіністікпен қараған
жүрегі үлкен, рухы биік азаматтар да табылды. Соның бірегейі Жәйрем кен
байыту комбинатының бас директоры, иманды болғыр Садық Асатовтың
есімін ұмытпай айта жүру замаңдастарының парызы ғой деп ойлаймын.
Ол кісі кәсіпорын партия комитетінің хатшысы Р.Ищенконың шеруге
қатысқандарға ең қатаң жаза қолдану керек деген ұсынысын жіңішкелеп
әкеп, жігіттерді өз өтініштері бойынша жұмыстан босатып жіберген.
Мәскеудің қабағы қатып, қылышынан қан тамып тұрғанда мұндай шешімді
жүректінің жүректісі, азаматтың абзалы ғана қабылдар еді.
Сәкеңе 42 жасында құмы сусып, ақ селеуі желкілдеген мекиен далада
алғашқы қазығы қағылған Жәйрем кенішін басқару тапсырылған болатын.
Кеніш бүкілодақтық директивалық құрылыс деп жарияланды. Бас-аяғы
жеті-сегіз жылда жалпы халқы 10 мыннаң асатын, тұрмысқа қажетті
жағдай түгел дерлік бар қалашық орнады. Шойын және асфальт жолдары
тартылды, аэропорт салынып, жұмыс істей бастады, тәжірибелік байыту
фабрикасы пайдалануға берілді. Кеніш түсті металл кенін шығаруды
жеделдете үстемелеп, екі миллион тоннадан асырып жіберді.
Комбинаг директоры апталап, айлап Мәскеуде жүрді. Одақтық
министрліктердің есігін қағып, үкіметтің мазасын алып, талай
шенеуніктердің шамына тиген. Бетті де алғыр болатын. Министрлік
Алматыда бар, бірақ, кілт Орталық қолында ғой, - дейтін кейде шүйіркелесе
қалғанымызда.
Түсі суық болса да елдің жағдайы, жастар туралы, болашақ жөнінде
сөз қозғалса, жүзі жадырап, түйдектеліп, өзін толғантқан ойларын айтып
тастаушы еді. Желтоқсан оқиғасын жақсы ырымға жорып, қазақ мемлекеті
тарихының жаңа парағындай таныған-ды. Марқұм өмірінің соңғы күндері
қойын кітапшасына мына жолдарды тегін қалдырмаса керек.
Тобында жүрдім жақсының,
Кездер де болды толқыған.
Арайлап атты алтын күн,
Тұншыққан түннің артынан, -
деп кеудесін қарс айыра жыр толғаған қызыл директор, ақын Садық Асатов.
Садық ағасы тәрізді желтоқсанның дауылды күндері Жезқазғанда
есімі ел аузынан түспеген бір қазақ келіншегі болды. Ол облыстық ішкі
істер басқармасының кадрлар бөлімінде аға инспектор болып істейді екен.
Қызмет бөлмесінің бір бұрышындағы жұмыс үстеліне мығым отырып,
қағаз сапырған қарапайым кеңсе қызметкері еді. Желтоқсанның 19-шы
жұлдызында облыстық ішкі істер басқармасының кеңсесінің алдынан
қарасы үлкен студенттер тобы өтіп бара жатқанда бір әдепсіз «ұлы халық»
өкілі әріптесінің шымбайына батқан сөз айтпаса... Қаршадай қазақ қызы
ұлтын қорлап, өшпенділікпен айтқан бейпіл ауызға ешбір бұлтақсыз,
тура, салиқалы жауап бергенді. Бұл әңгіменің мззмұны бірнеше минуттан
кейін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық басқармасына және
облыстық партия комитетіне мәлім болды. Сол күні Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің тергеушісі милиция қызметкерінің «ұлтшылдық» әрекетін ізін
суытпай, шұғыл тексеруге кірісті.
Коммунист келіншектің жеке ісі партия жиналысында талқыланды.
Арасына күн салмай қалалық партия комитетінің бюросы қарады. Оған
партиялық есеп карточкасына жазылып, қатаң сөгіс жарияланып, Ішкі Істер
Министрлігі саласынан жұмыстан босату ұйғарылды.
Тумасынан жалғандыққа жаны қас, көзі карақты, білімді және
өжет келіншек алты ай бойы арызданып, үлкенді-кішілі өкілетті партия
органдарында болып, ақыры шырылдап жүріп шындықтың шегіне жетті-
ау. Кейінірек бұрынғы Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасының
секретариатын басқарды. Подполковник шенін алды. Екі ұл тәрбиелеп
өсірген ынтымағы жарасқан семьяның анасы, берекелі дастарқан, оттан
түспейтін ошақ иесі. Ол Жанат Елубайқызы Нұрмағанбетова еді.
Жуырда архив қызметкерлерімен кездескенде Жанат: Ешқандай
ерекше ерлік жасаған жоқпын. Ұлтыма қорлық ноқтасын кигізген сасық
кеудеге істің мәнісін түсіндірдім. Менің орнымда сіздер де осылай жасар
едіңіздер, - деді ол шын көңілден қарапайым қалыппен Ал, желтоқсанның
суыт күндері оқалы погон таққан жігіттердің ұлтын масқаралап
қыз-жігіттерін қанға бояп жатқанда қол ұшын бермек түгел, бір ауыз сөз
айтуға ерік-жігері жетпегені шындық қой.
Жезқазған шахтапроходкалау тресінің № 3 шахта құрылысы
басқармасының проходчигі Марат Шекербековтың басынан кешкені
барлығынан асып түсті. Түрмеге жабылды. Ұзақ тергеуден өтті.
Сотталды. Не үшін? Кімге қандай қиянат жасады? Істің мәнісі мынадай.
Желтоқсанның санаулы күндері мен түндерінде мыңдаған жылға мазмұн
боларлық елеулі құбылыстар өрістеді ғой. Алматыда құр қол халыққа
қараулы күш бағытталганнан кейін Горбачевтің қайта құру саясаты тек
жалаң жарнама екені анық байқалды. Оқиғаға тікелей қатысушыларға ғана
емес, бүкіл қазақ халқына қоқан-лоққы, қуғын басталды, ұлттық сезім
мен намыс қолжаулыққа айналды. Кеудесінде шыбын жаны, ар-ожданы,
намысы бар Марат бұған қолынан келгенше қарекет жасауға шешті. Сөйтіп
1987 жылдың бірінші қаңтарынан екісіне қараған түні Жезқазған Руднигі
қалашығындағы біраз әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға «Колбинге
өлім келсін! Қазақтар жасасын!» -деген сөздерді биіктігі 1-1,5 метр етіп,
бадырайтып жазған. Түн жамылып орындаған шаруасын ешкімнен
жасырмады, жатақханада бірге тұратын жолдастарына бүкпесіз айтып берді.
Тергеу басталды. Тергеушілердің берген негізгі сұрақтарына Мараттың
жауабы да ешбір жалтақсыз және нақты болды. 1987 жылғы қаңтардың
12-ші жұлдызындағы прокурордың тергеу протоколы алдымызда жатыр.
Прокурор: қоғамдық ғимараттардың қабырғасына бұл сөздерді не
мақсатпен жаздыңыз?
М. Шекербеков: Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
бірінші секретарлығына қазақ емес, орыс сайлағаны ұлттық сезіміме жаман
әсер етті. Соның әсерімен жаздым. Мен ойладым - жазғандарымды ел
оқиды, олар басшылар орыстан емес, тек қазақтан болсын деген пікірімді
қолдайды.
Прокурор: Сіз басшылық жұмысқа қазақ емес, орыс сайланғанына
неге ырза емессіз? Әлде осы өзгерістер Сіздің құқыңызға нұсқан келтіре
ме?
М. Шекербеков: Меніңше Қазақстанда бұл қызметке қазақ ұлтының
бір өкілін табуға болады ғой. Бұл менің намысыма тиді. Сондықтан осы
сөздерді жаздым.
Прокурор: Мүмкін сізге бұл ұрандарды жазу жөнінде біреу кеңес
берген шығар. Соны айтыңызшы.
М. Шекербеков: Ешкім ұран жазу жөнінде кеңес берген жоқ. Мен
тікелей өз инициативаммен жаздым...»
Тергеушілер қайткен күнде М.Шекербековті соттатып, түрмеге
отырғызуды мақсат еткені бесенеден белгілі болды. Ертеректе жатақханада
тұратын бір әріптесін жағынан тартып жібергені бар екен. Соны
естелік тереңінен тауып алып, бұзақылық деп әспеттеп, қайта тірілтті.
Жатақхананың дәлізінен тауып алған сырды сұғанақтық деп тауып, ҚазССР
қылмысты істер жөніндегі Кодексінің белгілі статьясының бабымен
дәйектейді.
М.Шекербековтің қылмысты ісіне байланысты сарапшылар
комиссиясы құрылып, оған мысты өңірдің танымал қоғам танушы
ғалымдары тартылды. Сарапшылар жұмысқа ақпанның екінші жұлдызында
кірісіп тиісті қорытынды құжатты дайын етті. Орыс тілінде жазылған толық
мәтінін келтіріп отырмыз.
«Ознакомившись с материалами уголовного дела гр. Шекербекова М.,
экспертная комиссия в составе вышеуказанных лиц пришла к следующим
заключениям:
Тексты написанные гр. Шекербековым М. на общественных зданиях
пос. Джезказган, мы считаем, что к лозунгам не относятся, так как за
лозунгами стоят определенные политические силы или группы, а не пьяный
субъект. Однако комиссия отмечает, что тексты, написанные Шекербековым
по своей сущности являются проявлением национализма. При этом ясно
вырисовывается национальная ограниченность и кичливость данных
призывов. По своей политической направленности и по содержанию,
действий гр. Шекербекова фактически являются стремлением к разжиганию
вражды, розни и недоверия между различными национальностями».
Жинақталған тергеу құжаттары жөне сарапшылардың пайымы
М.Шекербековтің әрекеті ұлттар мен нәсілдер арасында алауыздықты
қоздыруға бағытталған деп айыптау қорытындысын дайындауға негіз
болды. Ол облыстық сот коллегия мүшесінің оң жамбасына келіп, Марат
Шекербековті Қазақ ССР қылмыстық істер Кодексінің 60-шы статьясы
бойынша айыпты деп тауып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім
етті.
Күн артынан күн, айт артынан ай отті. М.Шекербеков қолымен
істегенін қылша мойнымен көтеретіні айтып, тек қылмысына қарай
әділ жаза берілуін сұрап құқық қорғау және сот орындарына арыздана
берді. Ақыры Қазақ ССР прокуратурасы Мараттың ісін қайта зерттеді.
Куәлар Спицын, Рысбеков, Авдеев, Гусеинов, Тушенов, тағы басқалар
Шекербековтың жазбалары мен әңгімесі ұлттар арасында араздықты және
келіспушілікті қоздыруға бағытталмағанын айғақтады. Тек бір ғана куә
Винуров қана қабырғалардағы жазуларды қазақтар мен орыстар арасына
жік салуға және араздықты қоздыруға шақырған ұран деп қабылдағанын
айтты.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының философия және право институты
М.Шекербековтың қылмысты ісіне байланысты мынадай сараптама берді:
ЗАКЛЮЧЕНИЕ
по уголовному делу в отношении Шекербекова М.Ж. осужденного по
статье 60 УК Казахской ССР.
Ознакомившись с материалами уголовного дела № 120107 в
отношении Шекербекова М.Ж., осужденного Джезказганским областным
судом 14 апреля 1987 года по ст. 60 УК КазССР к 2 годам 6 месяцам лишения
свободы, отдел уголовного права и криминологии института философии и
права АН КазССР пришел к выводу, что в действиях Шекербекова М.Ж.
состава преступления, предусмотренного ст. 60 УК Казахской ССР, не
имеется. Исполненные им подписи «Смерты Колбину! Да здравствуют
казахи!» и т.п. по своему содержанию не является националистическим и
не направлены на возбуждение национальной чести и достоинства граждан,
поскольку адресованы конкретному лицу без упоминания национальности.
Квалификация действий Шекербекова М.Ж. следствием и судом, на
наш взгляд является расширительным толкованием депозиции ст. 60 УК
КазССР.
4 апреля 1991 года»
Қазак ССР прокуратурасы Жезқазған облыстық сотының 1987
жылғы 14 сәуірдегі үкіміне байланысты қарсылық білдірді. Прокуратура
қарсылығы С.Д.Дулатбековтың төрағалық етуімен Қазақ ССР Жоғарғы
сотының қылмысты істер жөніндегі сот алқасында 1991 жылғы 14 сәуірде
қаралып, Марат Шекербековтің кінәлі емес екені анықталды және толық
ақталды. Ол нақақтан нақақ 831 күн отырды. Облыстық сот 1992 жылғы
қазанның 9-шы жұлдызындағы шешімімен осы уақыт ішіндегі жалақысын
және басқа қаржылай шығындарын өндіріп берді. Ақыры аққа құдай жак
дегендей Марат Шекербеков толық ақталды. Қазір Оңтүстік Қазақстан
облысында қызмет атқарып жүр.
***
Желтоқсан көтерілісінен кейін Г.В.Колбин бастаған Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті ер-тоқымы мойнына кетіп өзінен өзі
мөңкіген аттың кебін киіп, бір жұмысты бастап, екіншісін тастап қызылмай
қиналыс қаракетке көшті. Толып жатқан комиссиялар, кеңестер, жұмысшы
топтары құрылды. Мәселен Алматыға жолымыз түссе, обкомның
хатшылары қолымызға шағын хабарлама ұстатып, тағы екі үш комиссияның
мәжілісіне қатысып келуді тапсыратын.
Қаңтардың 19-шы жұлдызы күні жұрт аяғы сиреп, сағат тілі алтыны
алқымдап, енді үйге қайтам деп қопандап отырғанда үшінші хатшымен
тікелей байланыс телефон шырылдап қоя берді. Көтерсем, обком хатшысы
С.Сапарғалиев екен, ертең Орталық Комитетте кеңес болатынын, соған
қатысу маған тапсырылғанын айтты. Сасқанымнан маған сөз берсе, не
істеймін деп едім, хатшым жаңа бастық бір өзі ғана сөйлеп, жиналыстың
кіріспесін де, баяндамасын да, жарыссөзін де өзі атқаратын көрінеді деп
қалды.
Екі сағаттан кейін әуежайға келіп, түнгі рейстердің бірімен астанаға
жеттім. Ертенмен Орталық Комитеттің насихат және үгіт бөлімінің
меңгерушісі А. Устиновтан істің жайын біліп, алтыншы қабаттағы мәжіліс
залына көтерілдім. Орталық Комитеттің ұлттық және ұлтаралық қатынастар
жөніндегі комиссияның отырысына шақырылғандар жиналып болды-ау
дегенде төрдегі есік ашылып, ішке Г.В.Колбин мен комиссия төрағасы
Орталық Комитет хатшысы Камалиденов 3. келді. Айтқандай, комиссия
төрағасы бірінші хатшыға сөз берді.
Коммунистік партияның ұлттық қатынастар саласындағы өзгертуші
жұмысының арқасында, - деді ол қолындағы қағаздан көз алмай, -
сапа тұрғысынан алғанда жаңа әлеуметтік және интернационалдық
қауымдастыққа қол жетті. Экономикалық мүдделерін, идеология және
саяси мақсаттардың бірлігі құрыштай совет халқы қалыптасты. Алайда
болып жатқан ұлттық процестерде проблема жоқ деп санау қате болар
еді. Мәселелерді, кейде өте күрделі мәселелерді, өмірдің өзі қойып отыр,
сондықтан олар аса мұқият назар аударуды, кемеңгер, байыпты шешімдер
қабылдауды талап етеді.
Г.В.Колбин ұзақ сөйледі. Тыңдаушыларын жалықтырып барып,
мінбеден түсті. Сұрақ, пікір айтам деушілер болған жоқ. Комиссия мүшелері
өзара міндет бөлісті, оның сол жылдың бірінші жартысына арналған жұмыс
жоспары бекітілді, насихат және үгіт бөлімі ұлттық қатынастар секторы
қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Осы арада комиссия мүшесі, Қазақ ССР-інің Сыртқы істер министрі,
марқұм М.Есеналиев бір-екі ауыз пікірім бар деп орнынан түрегелді.
«Немене, жұмыс бабында шешуге болмай ма?» деп комиссия төрағасы күңк
етті де жүзінен жылылық тайып, сұрланып, сазара қалып, Г.В.Колбиннің
құлағын алақанымен қалқалап, бірдеңелер айттып жатты.
- Қазақ балалары жоғары оқу орындарына көп қабылданады деп,
процентке шағып, кедергілер жасау әділеттілікке жатпайды, -деді М.И.
Есеналиев, байсалды қалыппен. - Өйткені, олардың басқалардай Москва,
Ленинград, Свердловск, Киев, Минск тағы басқа қалаларда оқу мүмкіндігі
жоққа тән. Біздің комиссиямыз шындықтың шегіне жетіп, уақытты
асықтырмай, байсалды пікірін білдіретін шығар.
Менің айтайын дегенім бұл емес, бүгінгі «Правдада» жарияланған
Г.Дильдяевтің «Құлағы бар вагондар» атты шағын мақаласы жайлы еді,-
деп сөзін одан әрі жалғастырды. Өзі кішкентай болғанмен үйдей пөле
келтіруі мүмкін. «Пиджак пен төбетейке кигендер келеді. Олардан қандай
жұмыскер шығады... Құлағын үсіткен оңтүстіктен келгендерді аяйсың,
бірақ, тазаланбаған вагондар азаймай отыр», - деп қорытынды жасайды
газеттің меншікті тілшісі. Ұлтты кемістіп, сезімін қорлауға болмайды. Бұл
мәселе де біздің комиссия қолға алатын шаруалардың бірі деп ойлаймын, -
деп шешен Г.Колбиннің бетіне қарады.
Бірінші хатшы төралқа үстеліне екі шынашағын жая қонып,
алақандарымен жағын тіреп, мандайынның қыртыстары қалыңдап, қалын
ойда отырғанды. М.Есенөлиев бетіне қарағанда ештеңені бағдарлай алмай,
есеңгіреген сияқты қалып білдіріп еді, тісқаққан А.Устинов «дұрыс пікір,
ескеруге тұрады, бірақ көрінген әлеуметтік шаруашылық жайды ұлт
мәселесіне тіркеуге болмайды» деп іліп әкетті.
Комиссия мәжілісі аяқталды. Сол күні маскүнемдік, нашақорлықпен
күресу жөніндегі комиссияның жұмысына жол-жөнекей қатысып, кеште
елге қарай ұшаққа отырдым. Алматының өуежайында «Тұрғын үй - 91»
жұмысшы тобының отырысына қатысқан обком хатшысы Л.Иванченковты,
кадрлармен жұмыс жөніндегі комиссияға есеп берген обкомның ұйымдық
-партиялық бөлімінің меңгерушісі П.Белоусовты кездестірдім.
Желтоқсандағы бой көрсетудің «себебі» асығыс іздестіріле бастады.
Жағдайды сараптап, кемшіліктердің бетін ашуда партия комитеттері бірінен
бірі асып түсті. Небәрі екі-үш айда Жезқазған облыстық партия комитетінің
екі пленумы өтіп, бірсыпыра тұжырымдар жасалып, іле ұйымдастыру
мәселесі жеделқабыл шешіліп жатты. Шу туғызған бір кемшілік-басшы
кадрлардың ұлттық құрамындағы «өрескел» қайшылықтар болды. Мысалы
облыс халқының ішінде қазақтар 43,6 процент, орыстар 38,7 украиндер -
6,8 процент екен. Ал облыстық партия комитетінің номенклатурасындағы
кадрлар ішінде олардың үлес салмағы тиісінше 61,3 процент, 24,7 процент,
5,3 процент болды. Қалалық, аудандық партия комитеттері хатшыларының
60,6 проценті, қалалық, аудандық атқару комитеттері төрағаларының
58,3 проценті, оның орынбасарларының 71,4 проценті, ауылдық кеңес
атқару комитет төрағаларының 86,9 проценті қазақтар болды. Кейбір
аудандық партия комитеттерінің аппараты тек қазақ ұлты өкілдері есебінен
жасақталған. Бұл бағытта Қаражал қалалық, Жезді, Жаңаарқа, Шет
аудандық партия комитеттері қатты сынға алынды. Ал, Жәйрем кен-байыту
комбинатында 31 ұлттық өкілдері еңбек етеді, оның ішінде 40,2 проценті
ғана жергілікті ұлт өкілдері, ал комбинат пен оның бөлімше басшылары
арасында олар тіпті жетпіс проценттен асып кеткен. Облысымызда
ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қызмет бөлісу зиянды ерекеті соңғы
жылдары әбден жайлап алған деп айып тағылды. Сез болып табьшады деп
«бағалаңцы». Сол сол-ақ екен, үйымдастыру мәселелері қолға алынып
облыста кадрлардың үлкен сапырлысы қарқын алды.
Енді еңбек ұжымдарының ұлттық құрамы да терең зерттелді.
Никольский қалалық партия комитетінің басшылығы қалалық ішкі істер
бөлімі қызметкерлерінің 68 проценті, байланыс кәсіпорны автомобиль
шаруашылығында 65 проценті қазақ екеніне аландаушылық білдірді.
Мәдени-ағарту училищесінің бірінші курсына қабылданған оқушылардың
108-і түгелдей, № 8 орта кәсіптік-техникалық училищесінің 27 тобына
қабылданғандар толықтай қазақтар еді. Біразының басшылары қазақ
азаматтары болатын. Олар кадрларды және окушыларды жергілікшілдік,
жекжаттық, жеке өзіне берілгендік белгісі бойынша іріктеп алған деп
орынсыз қудталанды. Барлық жерде бригада, звено, участоктан бастап
халықтың ұлттық құрамына сөйкес қалыптастыру қолға алынды.
Жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің ұлттық
құрамын жетілдірудің неше түрлі айла-шарғылары қолданылады. Оның
негізгі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде қайнап шыққан
«Абитуриент-87» бағдарламасы еді. Бағдарламада абитуриенттердің 60-70
процентін еңбекте шыңдалған жастармен толықтыру міндеті қойылды. Сол
жылы орта мектеп бітірген жасөспірім қыз-жігіттерге өздерінің өмірбаянын
тікелей қол жұмысынан бастау ұсынылды. Орта мектеп бітірушілердін
қалалық, аудандық слеттері өтті. Бастамалар жасалып, толып жатқан
үндеулер қабылданды. Шопан ата таяғын баласына тапсыру дәстүрі
қайта тірілді. Қой бағатын комсомол-жастар бригадалары жаңа серпінмен
саңырау құлақша қаптап кетті. Жүргізілген ұйымдастыру, көпшілік-
түсінік, көтермелеу шаралары өз «жемісін» берді. 1987 жылы жоғары оқу
орындарына түсу үшін ауылды жерден орта мектеп бітірген жастар өте
аз келді. Әсіресе, Ақтоғай, Ұлытау, Жезді аудандары ерекше көзге түсті.
Ауылдарда түгел дерлік қазақтар тұратынын ескерсек, олардың балалары
аттестатпен ауылда қалып, мұның өзі студенттердің ұлттық құрамына
«жақсартуға» қолайлы жағдай туғызды.
Жезқазған облысында атқарылып жатқан осындай жұмыстарды
Мәскеу тікелей қадағалап отырды. Насихат бөлімінен телефон қоңырауы
да жиі соғылатын болды. Маусым айында насихат бөлімінің нұсқаушысы
Анатолий Пискунов келді.
Орталық Комитет қызметкерлері маған жалпы жақсы әсер қалдырды.
Жасы қырыққа тақаған жігіт екен. Мәскеуге қызметке Қырым облыстық
партия комитетінің насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары
болып жұмыс істеп жүргенде шақырылған. Жоғарғы партиялық білімі
бар. Ноғайлар арасында болған. Түркі тіліне байланысты төбесі «жарық»
сияқты, қазақша өзара сөйлескенде бірдеңе түсініп қалатын тәрізді секем
алдым. Көп тыңдайды, аз сөйлейді, көлгірсіп онды-солды ақыл айтпайды.
Қойын дәптеріне естіген - білгенін шимайлап жаза береді. Философия,
социология, нақты экономика, тарих әдебиет тақырыптарына бөгелмей
пікір толғай алады. Жуырда М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының
бірінші кітабын оқып шығыпты, қазақтың тұрмыс-салт мәселелеріне ойыса
береді.
А.Пискунов обкомның бірінші хатшысы Н.Давыдовпен, идеология
жөніндегі хатшысы С.Сапарғалиевпен ұзақ кеңесті. Насихат және үгіт
бөлімі қызметкерлерімен тілдесті. Сосын іссапарының жоспарын ұсынды.
Ол Шет ауданы, Орджоникидзе кеңшары, Шет мамандандырьшған ауыл
шаруашылығы бірлестігі, Жарық теміржол станциясы, Жезқазған мыс
заводы, Сарыкеңгір кеңшары, Алашахан, Жошыхан кесенелеріне жолсерік
ретінде мені ертті.
- СОКП Орталық Комитетінің Қазақстандағы әл-ахуал жөніндегі
қаулысының жобасы дайын. Таяуда Саяси Бюроның талқылауына
ұсынамыз. Егор Кузьмич Лигачевтің оң батасын алдық. Енді маңызды
партиялық құжаттың кейбір тұжырымдамалары мен ұсыныстарының өмірге
сәйкестігін және қоғамдық пікірді зерттегелі келдік. Қаулының соңғы
редакциясын жасағаңда ескеретін боламыз, - деді ол машинамыз қаладан
шығып, жаңадан салынған Жезқазған-Қарағанды трассасына шыққанда.
Орталық Комитет қызметкері Шет ауданындағы жағдайдан жан-жақты
хабардар болып шықты. Жуырда ғана аупарткомның бірінші хатшылығына
ел ортасынан өз еңбегімен өсіп шыққан, ауыл өмірін жетік білетін
инженер-механик, жас болса да басқару өнерінен де хабардар Сағынбай
Медеубаев сайланған еді. Бұрынғы бірінші хатшы басшылық етудегі
және жеке басындағы өрескел кемшіліктері үшін жұмыстан босатылып,
партия қатарынан шығарылғанды. Аудандық мамандандырылған ауыл
шаруашылығы бірлестігінің директоры, бірқатар бөлімше басшылары
қылмысты жауапқа тартылған. Өткен жылы аудан тұтастай ет дайындаудың,
10 кеңшар сүт сатудың жоспарын орындамаған болатын.
Мәскеудің өкілі аудан шаруашылықтарын ешқандай айғай шусыз,
шапшаң аралап шықты. Шет аудаңдық ауыл шаруашылық бірлестігінің
Жаңа жұрттағы орталық мекен-жайы, шағын мейманханасы және
дәмханасы ұнап қалды. Кешкілік асты осында ішетін болдық. Айтқандай,
күн бата жуынып-шайынып, дем тартылатын бөлмеге келіп, дөңгелек
үстелді жағалай жайғастық. Алдымызға сырлы табаққа үймелеп салған,
былбырап піскен бағлан еті келді. Жеке тарелкадағы бағыланның басы
Орталықтың өкіліне ұсынылды.
Өкіл алдына қойылған басқа үңіле қарап, біраз үн-түнсіз отырып
қалды. Үнсіздікті аупарткомның бірінші хатшысы бұзды. Алыстан келген
сыйлы қонаққа бас ұсыну ұлттық салтымыз. Ауыз тиіңіз, - дейді ол. Өкіл
қапелімде сыздап барып, артынша еріксіз езу тартып: - Бұл мемлекеттің
қойы шығар. Биыл Қазақстанда қой түлегі жүздеген мыңға азайып кетті.
Келген қонаққа бас қоя берсек, тігерге тұяқ қалмас, - деп басты шетке
итеріп қойды.
Ертеңіне Нұраның бойындағы Қарашор Сеңкібай батырдың бейітіне
бардық. Кеңес билігі тұсында қазақтардың шетел шапқыншыларымен
азаттық айқастары жайлы тіс жарып, терең айтыла бермейтін. Тек, бір әңгіме
үстіңде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қалкен Макенбаевтан
қазақ-жоңғар шайқасындағы Қарашор Сеңкібайдың батырлығы жайлы
естігенім бар еді. Міне, енді сол батыр бабамыздың аруағын ардақ тұтып,
қазіргі түрмеде отырған бірлестік директоры Дулат Смайылов өзі бас
болып, елді ұйымдастырып, қызыл кірпіштен, төрт құлақты там тұрғызып,
құлпы тас қойған. Дастарқан жайып, батыр аруағына құран бағыштапты.
Мән-жайды жасырмастан айттық. Анатолий Степанович бізді
түсіністікпен қабылдады. Бірақ, сапардан оралып, Жезқазған қаласына кіре
берісте СОКП Орталық Комитетінің исламмен күресті күшейту туралы
қаулысының орындалу жайы туралы өзінің әсерлерімен бөлісті.
Расында, бұл қаулының шыққанына екі жылдай болған. Онда ислам
дінінің өрісі кеңіп, шығыс халықтарының кейбір топтарының арасына
біртіндеп тарай бастағаны айтылған. Оның бір себебі идеологиялык
бүлдіру әрекетінің нәтижесі, екінші себебі ауыл тұрғындарының тұрмыс
мәдениетінің төмендігі деп түсіндірілді. Қаулыны орындау бағытында
партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдары, жергілікті атқару комитеттері
бірқатар шаралар аткарып жатқан. Жуырда осы тақырыпта обком
хатшыларының мәжілісінде Ақтоғай ауданы «Жәмші» совхозының партия
комитеті мен дирекциясының есебі тыңдалғанын айттым. Өйткені совхоз
облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі еді. Халқының
жартысынан астамы алпысыншы жылдардың аяғында туған, кілең жалпы
орта білімді жастар. Бүгінгі үлгіге сай орта мектебі, балалар бақшасы,
сауда кешені, тұрмыстық қызмет кәсіпорыны, моншасы, тұрғын жайлары
бар орталық усадьбасы бой көтерген. Өндірістік көрсеткіштері бірыңғай
жоғарылап, жұмсалған әр тиынның қайтарымы көбейіп келе жатқан. Сонда
да қоғамдық пікір зерттегенде жастар әр ауылда молда болуын жақтапты,
мәйіт ислам рәсімімен қойылып, құлпытасына жарты ай белгісі ойылады
екен. Зейнеткерлікке шыққан коммунист қариялардың біразы намазға
жығылған. Ашылған кемшіліктер қатты сыналып, оны түзетудің жолдары
белгіленді деп тоқтадым. Сол мезетте ойыма болған бір оқиға түсті.
Сағат алтыны ұрып кетсе де қозғалмай обком хатшыларының ұсыныс-
ескертпелеріне орай секретариат қаулысын қарап отырғанда «Жәмші»
совхозының директоры Қауаз Мұқажанов есікті ашты. Әуелі ертең елге
қайтатынын, мәжілісте көтерілген кейбір мәселелерді облаткомда шешіп
алғанын айтты да көңілінде тұрған түйткілді жайып салды.
-Саяси-тәрбие жұмысы көздегеніне жетпей түр. Тым қасаң: адам
жанына н ә р бермейді, партия да қалың бұқарадан алыстап барады, - деді ол.
Мен де күдік үйіріліп, ойланып қалдым.
-Мәнісі бар, - деді директор - Қазір «молданың айтқанын істе, істегенін
істеме» дегенді үлкенді-кішілі партия, кеңес басшыларына айтуға болады.
Ауыл адамдары періштені жерден іздеп, Маркс, Энгельс, Ленинге, партияға,
Политбюро мүшелеріне сеніп келсе, енді қалғаны жалғыз Алла екеніне көзі
жеткендей. Атеистік насихат қазір әлеуметтік мәселелерді шешумен қанша
біріктіріліп қаралса да оның ішкі күш-қуаты, кісіні иландыру әдісі өзін
сарқып тауысты.
Қауазбен өткен-кеткен, толғантқан әр түрлі жайларды айтып, біраз
отырдық. Маған оны 1975 жылы әріптесім, обкомның лекторы Қайырбек
Садуақасов таныстырған еді. Сол жолы ол Олжас Сүлейменовтың баспадан
жаңа шыққан «Азия» кітабы туралы ерекше кесек пікірін білдіріп, Мәскеу
баспасөзіндегі кітап төңірегіндегі айқай-шуды жіліктеп, өз дәйектерін
баяндап берген. Ауылда жүрсе де кейбіреулердей ішкенге мас, жегенге
тоқ болмай, кітап арқылы мәдени әлеуметтік, экономикалық, рухани-
философиялық ойдың қанатынан түспей, өрелі жайлар туралы да тың пікір
білдірген еді. Кейін біте қайнап, жете араласпасақ та кездескенде жылы
тартып, түзу амандасып жататынбыз.
Жезқазғанға келген күннің ертеңінде СОКП Орталық Комитетінің
нұсқаушысы А.Пискунов Мәскеуге ұшаққа отырды. Біз күйттеген
шаруашылығымыз төңірегінде күйбендеп, күн өткізіп жаттық. Орталык
Комитеттің көптен қаузаған Қазақстан жайлы қаулысы қабылданғаны
жөнінде хабар да жетті.
Одақтық, республикалық және жергілікті баспасөзде бір мезгілде
жарияланған қаулының негізгі өзегі: «Қазақ республикалық партия
ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие
беру жөніндегі жұмысы туралы» деген тақырыбынан көрініп түр. Қаулы
былай деп басталады. «Қазақ ССР-і Совет өкіметі жылдарында барлық
туысқан халықтардың жан-жақты көмегімен экономикалық, әлеуметтік
және рухани дамуда айтарлықтай табыстарға жетті. Қазір республика ірі
индустриялық-аграрлық аймақ болып табылады». Оқыған сайын одан әрі
қаулының сөз саптуы күрт өзгеріп, мақамы да қаһарлана түседі. «70-80
жылдардың шегінде еліміздің біртұтас халық шаруашылық комплексіне
Қазақстанның қосатын үлесі оның өсе түскен экономикалық және ғылыми
потенциялына барған сайын көбірек сай келмейтін бола бастады. Тоқырау
құбылыстары халық шаруашылық салаларының барлық салаларын және
қоғамдық -саяси өмірді қамтыды».
Ұлтаралық мәселелерден аулақ аса нәзік саяси жағдайда Кеңес
Одағының басшылары қарапайым адамдардың пікірін есепке алудан аулақ
тұрды. Тіпті адамның сана-сезімін идеологиялық жүгенмен ауыздықтауға
тырысты. Сайып келгенде, бұл ұлттық қызбалықты өршітуге, адам
кұқықтарының бұрмалануына асаулықтың белең алуына әсер етті. Орталық
өзінің дөрекі және ебедейсіз ісін ақтау үшін «қазақ ұлтшылдығы» картасын
ойнауға кірісті.
Біздің облыс басшыларының мандайына шөгірдей қадалған қаулыда
бір тұжырым бар екен, құлақ салыңыз. «Аталған бұрмалаушылықтар,
сондай-ақ кейбір ұлттық топтардың мұқтаждары мен талап -тілектерін
ескермеу, ол халықтың бір бөлігі республикадан, әсіресе Гурьев, Жезқазған,
Қызылорда, Семей, Целиноград облыстарынан кетіп қалуына соқтырды»,-
деп шегелеп тастапты.
Қаулыда Г.Колбин бастаған республиканың жаңа басшылығына
соңғы уақытта республикада жағдайды сауықтыру және реттілікті қалпына
келтіру жөніңде жұмыс жүргізіліп жатыр деп жылы емеурін білдіріледі де,
артынша «бірақ ол өлі де қажетті құлаш пен тереңдікке ие болған жоқ, оған
республикалық партия ұйымының барлық буындары белсене қосылған
жоқ» деп таразы басын теңестіріле салған.
Қаулының суық, әрі әзөзіл мақамы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің жаңа Бірінші хатшысы Г.Колбин марқұмның арқасына аяздай
тиген. Шілдеде, тамызда, қыркүйекте нөкерлерін қаптатып, Жезқазғанға
келіп кетті. 1987 жылғы тамыз айының ортасында Г.Колбин облысқа
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауылшаруашылық, сауда
және тұрмыстық қызмет бөлімдерінің меңгерушілері И.В.Цветков
пен С.Қ.Ерденов, Қазақ ССР тұтыну одағы басқармасының төрағасы
Ө.С.Сәрсеновті ертіп келді. Әділін айтсақ, елдің жай-күйіне байланысты
біраз шаруаға дем де берді. Жезқазған қаласының солтүстік батысында
бақ егетін үлкен учаскесі, ыстық-суық суы, электр жарығы бар, көшесі
асфальтталған бір қабатты сәнді коттедждер пайда болды. Қазір 4-5 мын
халық тұрады. Саяжайлар да жайнап сала берді. Автобус қатынасы реттелді,
билет бағасы қалтасы жұқалардың қауқарына қарай төмендетілді, жол
және электр желісі тартыдды. Кеше нарық заманы туып, совхоздар құлап,
азғана уақыт сөрелер бос қалып, ақша сабанға айналғанда біраз көп балалы
және кірісі аз жанұялар, бүгін жұмыссыздар отбасы қажетін айтырып отыр.
Кейбір зейнеткерлер қысы-жазы саяжайда тұрып, мал бағады, сиырдың сүті
мен етін базарға шығарады. Сонда да жаңа хатшының елдің әдет-ғұрпынан,
салт-дәстүрінен, табиғат-жер ерекшелігінен таза бейхабар екені көрініп
тұрды.
Бірде ол одақтық қорға, Москва, Ленинградқа облыста дайындалатын
еттің едәуір бөлігі жөнелтетіні жөнінде ұзын сонар әңгіме қозғады. Оның
үстіне мысты өңірге орналасқан әскери бөлімшелерді мал шаруашылығы
өнімдерімен қамтамасыз ету де мойынымыздағы қамыт екен. Тұйықтан
жол таппай дағдарған ішкі жан күйзелісі бар тәрізді. Кенет жерден жеті
қоян тапқандай көзі жайнап шыға келді.
- Малдың сирағына дейін шауып, ішек-қарының бөлшектеп, сорпа
шығар өнім жасау керек. Жыл соңына дейін тапсырылатын малдың сойыс
салмағы әрбір от басына орта есеппен 50 кг-нан келеді. Жетіп жатыр ғой,
- деді ол.
Отырған қазақ жігіттері орнынан қозғалып, күңкіл-сүңкіл құлаққа
шалынып қалды. Металлург-кеншілер ақы адал ақшасына ірі мал, көбіне
жылқы сатып алып, есігінің алдына қазысын жарқыратып сойып жатпаса,
көңілі қашаннан қонылтақсып тұрады емес пе?!
Хатшының кейінгі әңгімесі одан да сорақы болып шықты. - Осында
аңшылар мен балықшылар қоғамы облыстық басқармасының бастығы
бар ма? - деп обком хатшыларына қарады. - Бар, - дегенше залдың соңғы
жағынан Рахымбай Жұматаев ағамыз көтерілді. Ол облыс жұртшылығына
аты мәлім, белгілі жақсылардың бірі болатын. Облыс ашылғаннан кейін
үзбей облтелерадиокомитетті басқарған. Сол кезде республикамызда
бірінші болып түрлі-түсті телехабар беруге көштік. Қарағанды-Жезқазған-
Жезді, Қарағанды-Жарық-Ақадыр-Балқаш радиорелі байланыс желісі
тартылды. Рахаң зейнеткерлікке шыққанда облыс басшылығы аз да болса
ермек қылсын деп ақшылар мен балықшылар қоғамына басшылық етуді
ұсынған.
- Мен Ұлытаудан оралдым. Жігіттер құсы жыртылып айрылатын
көлдер көп деп айтты. Сіз былай істеңіз. Аңшылар атып алған 30 қаздың
10-ын өзі алсын, 20-сын мемлекетке өткізсін. Азық-түлік ресурстарын
молайту үшін аңшылық шаруашылығын тиімдірек пайдалану керек, - деді
Г.В.Колбин.
- Әй, қайдам. Бізде құс оншама көп емес. Кәнігі аңшыларымыздың
өзі күзде 2-3 қаз атып түсірсе, алты ай қыстағы әңгімесі сол болады, - деді
қашаннан өтірікке икемі жоқ Рахаң ағынан ашылып. Қоштаушы күткендей
залда сол жақ қанатта отырған «қасқыр, киік, балық» десе қолындағы асын
жерге қоятын кеніш басшыларына қарап еді, олар біріншінің тегеуріне
шыдамай мойнына су кетіп мөлиіп отырып қалды.
- Дұрыс ұсыныс. Зерттеп, іс-шара жасаймыз, - деді аузынан жұлып
алғандай төрде отырған кәрі тарлан облыс бірінші басшыларының бірі істің
насырға шауып кетуінің бетін алып.
Кеңес ұрыс -талассыз мамыржай, бейбіт қалыпта аяқталды.
Айдан айға шаруа кері есіліп, қоғамдық ахуал өзгере берді. Үлкен
одақтық республикадағы жағдайды күнделікті қадағалап қолында тізгінді
мықтап ұстап отыруға Г.В.Колбиннің жеке басының беделі, сөзінің
дуалылығы және ақыл-ой, білім жағы тұралап тұрғаны көрініп қалды.
Мәскеу оны іле Одақтың халықтың бақылау комитетіне төраға етіп
тағайыңдап, кері шақырып алды.
1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне Бірінші
хатшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Н.Назарбаев кен байтақ қазақ даласында тұратын ұлттар мен
ұлыстардың достығын, қимыл бірлігін, көршілік қарым-қатынас нығайтып,
бекемдей түсуге айрықша күш-жігер жұмсады.
Осы жылдары Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне,
сонымен қатар КПСС Орталық Комитетіне қазақ халқын тәкаппар,
астамшыл, ұлтшыл, ал қазақ елі одақтың мойнына асылған масыл деген
айыптаумен келіспеушіліктерін білдірген еңбекшілердің, жастардың,
өнер, әдебиет, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің хаттары ағылып
келіп жатты. Осы мәселелер жиналыстарда, кездесулерде және баспасөз
беттерінде өткір қойылды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті, Республика Жоғарғы
Кеңесінің сессиясында арнаулы қаулы-қарарлар қабылдап, КПСС
Орталық Комитеті Саяси Бюросының белгілі қаулысына өз бағалары мен
көзқарастарын баян етті.
Нәтижесінде әділет қалпына келтіріліп, 1990 жылдың басынан қазақ
халқынан ұлтшьш деген масқара атақ алынып тасталды.
КПСС Орталық Комитетінің сөзін қайтып алып, тәубесіне келуін
еліміздің жұртшылығы, барлық қазақстандықтар қанағаттанғандық және
зор мақтаныш сезіммен қарсы алды.
***
Осы шағын жазбалардың етек-жеңін жинап, аяқтауға мезгіл жеткен
сияқты. Жаңа ғана Астанадағы Конгресс-холлда өткен республиканын
тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілістен тікелей телерепортажды
көрдім. Тәуелсіздігімізге жеті жыл толыпты.
«Бүгінгідей торқалы тойымыздың тұсында жүріп өткен жолымызға
ой көзімен шолу жасар болсақ, әуелі сөзбен жарияланған тәуелсіздігімізді
кейін іспен баянды ете білгенімізді, осы жеті жылда бері қойғанда жетпіс
жылға барабар сапар шегіп тастағанымызды бағамдаймыз», - деген еді
Президент Н.Ә.Назарбаев.
Халқымыздың ғасырлар бойы тәңірге жалынып, азаттық үшін
арпалысқан сан ғасырлар бойғы асыл арманы жүзеге асты.
Тәуелсіздік тұғыры берік те мәңгілікке қаланды. Саяси және
экономикалық ахуал түбегейлі өзгерді.
Адамдар да өзгерді, жандары жаңарып, санасы сараланды. Жасықтық
пен именшектік қатпарынан намыс оты найзағайдай жарқылдап, діл
кемелдігі мен рух биіктігі бой көрсетті.
Көгілдір аспан төбесі сөгіліп, көне күмбездерге көңіл бөліп, көк
Тәңірісін тәу ету үрдісі қайта оянды. Ар-ожданымыздың иманжапырағы
қаулап жайқалып келеді. Енді көне дүниелерімізді сараптан өткізіп, санап
түгендеуге бел буып, бекем кірісіп кеттік.
Соның бір көрінісі 1998 жылы Жезқазған-Білеуті-Қалмаққырылған-
Бұланты-Шұбартеңіз-Ұлытау маршруты бойынша ғылыми тарихи-
этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Мақсаты 18 ғасыр басында
Отан соғысы сипатын алған қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы
шайқасында Білеуті-Бұланты бойындағы талқандауы алғашқы жеңісінің
тарихы туралы деректер жинау еді. Шынында бұл айқас орыстар үшін
Куликово, Полтава, Сталинград шайқасы қандай маңызды болса, жеңіске
жетуі қазақ халқы және оның мемлекетінің тәуелсіздігі үшін сондай
маңызды болатын.
Осы сапарда көнекөз қариялар аузынан қазақтарды ақтабан
шұбырындыға ұшыратып, алқакөлде сүлатқан, мейманасы тасыған
өркөкірек жоңғар басқыншыларына бірінші шабуылға шыққан мың бала
жасағы туралы естіген едік. Істің жайы былай болған. 1726 жылы Жақайым
руының төбе биі Байжан жоңғарлармен шайқасқа шыққан батырларға
өзінің 17 жасар ұлы Сартай бастаған мың баланы ертеді. Барлығы да
өрімдей 14-17 жас арасыдағы балғын бозбалалар екен. Сонда көпшілік
одан: Мұның калай, би аға? Бұл елдің қабырғасы қатып, бұғанасы бекіген,
қабыландай қайратты, жолбарыстай айбатты жігіттері жоқ па?—деп сүрақ
қояды. Байжан би: «Бар ғой. Ерсіз ел бола ма? Әне Бақтыбай мен Пұсырман
шектінің туын жығар деймісің. Балалар үшін соғыс ойын сияқты, ал
жігіттер былай шыға бере-ақ кейінгі қалған келіншектері мен бала-шағасын
сағынып, түн жамылып кетіп қалады. Соғыстың ұзаққа созылатын түрі бар
ғой. Бүгін 15-тегілер енді бес жылдан кейін 20-ға шығады. Сонда Шақшақ
Жөнібек бір өзі 10 адамға татитын жүрегі түкті, қандыбалық, қаһарман
батырлаға ие болмай ма? - деп жауап беріпті.
Шынында да, Төбе би айтқандай, осы балалар елге бес жылда кейін
оралады. Соғыстан аттанған Жылқыайдар, Жарылқасын, Төркінбайлар 20
жасқа шығып, кейін атақты батырларға, ал Сартай үйсін Төле биден бсх
алып, бір тайпа елдің үранына айналыпты.
Осы мың баланың отан сүйгіштік және жауынгерлік рухы 1986 жылы
желтоқсанның 16,17,18,19 күндері Алматы және басқа калаларымызлыш
көшесіне шығып, бостандықтың бұйдасына ұмтылыс жасап, тәуелсіздік
аңсаған талабын білдірген өжет жастарымыздың ерен бұлкынысынан
жалғасын тапқандай. Олардың көпшілігі қазір де арамызда жүр. Бір
қызығы, кеудемсоқтығы жоқ, аз сөйлейді, есілдерті - халкымыздың
бірлік бәсекесі артып мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайта берсек дейді
Әрқайсысы өз орнында -жұмысшы болсын, инженер болсын, кызметтар.
кәсіпкер болсын бірліктің мызғымас қазығындай, ақыл-ой, қ и м ы л - а с а п
жемісі Отанымыздың ортақ қазыналы қазанына қүйылып жатыр. Бірте-
бірте Семей семинариясының шәкірттері Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар
Әуезов жазған ағайындарымыздың мінездеріндегі «...тілі айтканды қолы
қылмайтын-тұрақсыздық ұйымсыздық, басынан аспайтын өзімшілдік.
ездік» мысқалдап шығып, сауыға бастаған беті байқалады. Қазак ұлтыныи
тұтастығы мен рухының биіктей түсуі келешегіміздің барлығы. баска
қонған бақыттың баяндылығы, мемлекеттің мөңгілігінің кепілі емес ис
ағайын?! Желтоқсандықтар жазған Төу елсіздік өліппесі, ызғарлы желтошзш
күндерінің мектебі осыған шақырады.
ҚАРСАҚБАЙДАН ШЫҚҚАН КОМИССАР
Қарсақбай аудандық «За медь» газеті 1938 жылғы 27 тамызда
«Байқоңыр көмір ошағының бұрынғы жұмыскері Шопан Қонысбаев Қазақж
ССР сауда халық комиссары болып тағайындалды» деп хабарлады.
Шопан кисе киімге, жесе асқа жарымаған, қолы кысқа жарлы балаоі
еді. Ата-анасы күні-түні бай малының соңында күн кешкен. Тапкан табысы
шиетгей баласының күн көрісіне тақыл-тұқьш жететін. Апта бойы балалардың
тісі қызылға тимеуші еді. Жалғыз сиырдың сүтін шалаптап, көжеге қатық
жасап, әйтеуір талғажау ететін.
Осындай тіршілік тауқыметін шеккен Қонысбай ұлының атын Шопан
қойыпты. «Қойшы болса, қарны аш болмас» деп ойласа керек ол.
Жас бала жетіге жетпей қозыбағар аттанған. Қумоланың шаңы шыққан,
шілде күні шеке шыжғырған шөлейт даласы. Қозыны таңғы салқынмен
қапталдата қырға айдаса, күн төбеге жеткенде Дүйсенбай өзенін сағалап,
көлеңке қуатын. Бір күні Қарасудың жағасыңдағы көгалға қисадіған бала
ұйықтап қалыпты. Қозылар шөлдеп, қара көрсетпей, шығаңдап ұзап кеткен.
Шопан бұзаутіс бай қамшысының соққысынан шошып оянды. Бейне
кісі қолына емес, қорқау қасқьф қыспағына түскендей. Денесі тітіреп кетті.
Ауылға емес, Қарсақбайға қашты.
Қарсақбай еңді-енді жаңдана бастаған. Зауыт цехтарының қабырғасы
көтеріліп, кара көрсеткен-ді. Байқоңырдың көміріне тар табан шойын жол
салынып жатты. Құба жонда құрылыс қызу еді. Мұңда Шопанның үлкен
ағасы тас қалаушы болып істейтін. Ауылдан безген інісін паналатты.
Жұмысшылар қауымы бала жігітті жатырқамай қабылдады. Сауат
ашу мектебіне оқуға тартты. Жұмысшы кәсібіне баулыды. Еті тірі, зерек,
тындырымды жігіт көпке ұнады.
Ол 1925 жылы Байқоңыр көмір ошағының басқармасына хат тасушы
болып жұмысқа орналасты. Комсомол қатарына өтті. Шахтада жүргенде
таразышының міндетін атқарды. «Асау ат жеккен көмір тиеген арбаны
таразыға бұрып әкелгенше ол оқулықтың бірнеше жолын қарап үлгеретін.
Шопан білімді талмай, тірнектей жинады», - деп жазды «Казахстанская
правда» ол туралы.
Еңбекте берекелі, көзі ашық, қарапайым жігітті шахталық көміршілер
кәсіподақ комитетінің председателіне сайлады. 1929 жылы Шопан
Москвадағы кәсіподақтар қозғалысы орталық мектебіне оқуға түсті.
Мектеп бітірісімен, кәсіподақ ұйымдарында басшы қызметтер атқарды. Ол
Ащысайдың полиметалл кенін игеруге қатысты. Балқаштың құрылысының
бел ортасьшда жүрді. Риддерде еңбек етті. 1932 жылы сәуірде ВКП (б)
мүшелігіне қабылдады.
1934 жылы Қазақстан өлкелік партия комитеті жігерлі, жас коммунисті
республика астанасына қызметке шақырды. Кешегі қозышы, көміршіден
көтерілген жігіт Алматы қалалық Совет атқару комитеті председателінін
орынбасары болып сайланды. Ал, 1937 жылы оның председательдігіне
жоғарылатылды. Алматылықтар бірінші сайлауда оны СССР Жоғарғы
Советіне депутат етіп бірауыздан сайланды.
Әр күні ғасырға бергісіз жыддар еді бұл. Жаңа заман құрушылар
еңбекте, қоғамдық болмыста ұлы жеңістермен әлемді жаңғыртып жатты. Ел
ер жетті, елмен қатар ер де өсті. 1936 жылы қабылданған ССР Конституциясы
бойынша Қазақстан одақтас республикаға айнадды. Жаңа республиканың
тұңғыш сауда халық комиссары болып Шопан тағайындалды.
Біз архив қазынасын ақтарып отырып, Қазақ ССР сауда халық
комиссариаты қызметкерлерінің тізімін кездестірдік. Сарғыш тартқан,
сөзге келте, кеңсе қағазы. Бірінші жолда Шопан Қонысбаевтың фамилиясы
көзімізге оттай басылды. Атқаратын қызметі-халық комиссары, білімі
бастауыш қана деп жазылған.
- Білімі аз болса да Шопан өмір төжірбиесін топтай білетін, киындықтан
қорықпайтын, уытты, іскер жігіт еді, - деп оны еске түсіреді қазір еңбектес
жолдастары.
Бұдан кейін жұмысшыдан шыкқан комиссар өмірі Москвамен
байланысты. Әуелі арнаулы окуға жіберілген ол СССР Сауда халык
комиссариатының аппаратыңда жауапты жұмысқа қалдырылды. Осында
жүргенде елге, ерге сын болған Ұлы Отан соғысы басталды.
Қызмет бабы бойынша оны әскер қатарына шакыруға болмайтын.
Бірақ, Шопан өз орнын кескілескен қан майданның алдыңғы шебі деп түсінді.
«Жетімді жебеген, жесірді теңеген, кедейдің қолын ұзартқан Отан басына
қауіп төнді. Мен - Совет азаматымын. Отанды қарумен қорғауға тиіспін»,
- деді ол. Әскери комиссариат оның майдан шебіндегі әскери бөлімшеге
жіберуін сұраған өтінішін қанағаттандырды.
Міне, алдымызда «Правда» газетінің 1941 жылғы 5 желтоқсандағы
номірі жатыр. Онда СССР Жоғарғы Советінің депутаты аға саяси жетекші
Ш.Қонысбаевтың көлемді мақаласы жарияланған. Мақала тақырыбы-
«Соңғы гитлершілді құртқанша, күресуіміз керек» деп айбарлы тұр.
«Бұл айуандар туралы сөз қысқа, фашистер жыртқыш жалмауыздар.
Сұрқиялылығында шек жоқ. Барып тұрған қанішерлер...» - деп жазды
ол. Кеудесін кек кернеген комиссар баскыншылардың қылмысын ашулы
әшкереледі.
«Біз балаларымызды найзаға шаншып, әке-шешемізді бауыздап, әйел-
қарындастарымызды қорлаған Гитлерді ешқашан кешірмейміз. Кешірім жок,
Кек аламыз, кегімізді жібермейміз...
Т.қаласы (әңгіме Торжке қаласы жайлы еді) -ежелден бейбіт орыс
қаласы. Мұнда Пушкин болған. Адамдар қаннен-қаперсіз тыныштықта өмір
сүрді...
Біз қала кешелерін аралап өттік. Гитлершілер қылмысын ғасырлар
бойы кешіруге бола ма екен! Үйлер ортасында топырақ үйіндісі. Көшелер
мен аландардың күлі қалған. Бұл жерде оқ кезейтін соғыс обьектісі, әскери
бөлімше жоқ еді. Бірақ, фашист құзғындары бейбіт елді ойраңдаудан
шіміріккенжоқ қой!
Алдымызда қаны суымаған жұмыешы Кузнецованың мәйіті жатыр.
Әне, басы мылжа-мылжа болған ақсақал сүйегі. Жанында үш балапан
сәбидің өлігі. Жұмысшы Мария Лебедева. Фашистер оның үйін қиратты, екі
баласын өлтірді, үлкен кісілерін өртеп жіберді.
Соңғы демімізге дейін айқасуымыз керек, қасиетті жеріміздегі соңғы
гитлершілді жойып жібергенше, күресуіміз керек, - деп аяқтайды Шопан
мақаласын.
1942 жылдың 19 қаңтары. Шыңылтыр аяз бетті қарып, қалшылдап
тұр. Далада жаяу борасын. Үлкен дауыл қарсаңыңда жел тынып, дала ішін
тартып тұрады ғой. Сол тәрізді. Жер солқылдатқан зеңбіректер гүрсілі, ауыр
бомбордировщик гүрілі естілмейді. Солдат жертөлесіңде пілте шамның
жарығымен ызалы комиссар хат жазып отыр.
«Қымбатгы Нұргүл! Менің аяулы қыздарым! Хаттарыңды алдым.
Куанып қалдым. Мен де аман, денсаулығым жақсы. Әскери тіршілікке
үйреніп алдым. Айналаңнан оқ ысқырығы толастамайды, миналар жарылып
жатады. Бірақ, қорқынышты емес. Мен өзіме жүктелген міндетгі абыроймен
атқаруға аянбай күш салып жүрмін. Полкта мені бәрі сыйлайды, сөзімді
екі етпейді. Соңғы күндері жауынгерлерді бастап үш рет атакаға шықтым.
Тапсырма ойдағыдай орындалды. Тағы бір үлкен қуанышым, мені Қызыл Ту
орденімен наградтап, әскери дәрежемді көтергені жөнінде хабар алдым. Біз
фашист сілімтіктерді сөзсіз жеңеміз. Мен жөнінде қам жемеңдер. Папа»
Бұл Шопанның соңғы хаты еді. Ертеңінде Шуников деревнясының
түбінде айқас басталды. Қызыл Армиядан соққы жеп, есеңгіреген неміс-
фашистері аянған жоқ. Әуеден де, жерден де шабуыдды өрістетті. «Ржев
біздікі болуы тиіс. Ржев - біз үшін трамплин. Біз одан Москваға секіріп
түсеміз» деп жазды бас штабқа гитлершіл бір генерал.
Совет жауьшгерлері алдына Ржевті қорғап қалу міндеті қойылды. Қала
қолдан қолға етгі. Осы кезенде өскери белімшелердегі саяси жұмысқа үлкен
маңыз берілді. Полк комиссары Шопан Қонысбаев жоғары саяси сенімнің,
Отанына берілгендіктің, солдат сертіне адалдыктың үлгісін көрсетгі де.
Сол бір айқаста журналист Павел Грабор Воронеж облыстық
«Коммуна» газетіне былай суреттеме жазды:
«Осы күні гитлершілердің неше атакасына тойтарыс берілгенін
айту киын... Біздің жауынгерлеріміз өліспей беріспеді. Жаудың ажал отын
сепкен қалың қолына кайыспай қарсы тұрды. Минометшілер арасында
жүрген Қонысбаев бір минометтің үні өшіп қалғанын аңғарды. Дереу оған
жүгіріп барды. Барса, расчет командирінің жау оғынан опат болғанын көрді
Табанда расчет командирінің орнын басты. Мерген көздеп, минаны жауына
жаңбырша жаудырды. Кенет оның үстіне жаудың снаряды түсіп, жарылды-
Қонысбаев тәлтіректеп барып құлады. Солдаттар, санитарлар жүгіріп
жетті. Комиссардың жанын сақтап калу қиын еді. Ол соңғы к ү ш і н ж и н а п
көзін ашты да «мені қалдырындар, уақыт күтпейді... Жексұрындарды аямай
соғындар. Қош, Отаным!» деген сөздерді әлсіреп әрең айтты.
Соғыста ерлерше қаза тапқан депутат комиссардың денесін Үлкен жерге
жіберу үшін майдангер жолдастары үш күн самолет күтті. Бірак, қоршаудан
шығу жөнінде бұйрық алды. Шопан Қонысбаевты Монгалова станциясынын
гүбінде жерлеу ұйғарылды...
Жерлеуден екі күн бұрын осы полк командирі Рудан әскери тілші.
жазушы Александр Фадеевпен әңгімелесіп отырды. Оған алпыстар
шамасыңдағы орта бойлы ақсақал келді.
- Жоддас майор! - деді ол қамқор үнмен, - Бұлай болмасын. Көлік бер,
тақгай әкелейін. Табыт жасаймын. Депутатты бұлай жерлеуге болмайды.
Қатар отырған жазушы А.Фадеев қатты тебіреніп, бұл сөздерді
дөптеріне шапшаң жазып адды. Бір жетіден соң әлгі аксақал жазалаушылар
қолынан қазаға ұшырады. Оны партизандармен байласқаны, совет әскеріне
көмектескені және комиссарға табыт жасап бергені үшін фашистер дарға
асты.
Жыртқыштар Қонысбаевтың қабіріндегі белгі тақтайшаны құртып
жіберді. Тек, көп жыл өткен сон фотосурет бойынша оны тауып алу мүмкін
болды. Бұл майданда отан үшін жанын берген комиссар, қазак халкының
адал ұлы Шопан Қонысбаевтың ескерткішін еске түсіруге көмектесті. І956
жылы онық сүйегі туысқандар қабіріне әкеліп жерленді...»
Алматы көшелерін аралап жүрмін. Алатаумен таласқан әсем кварталдар
Көгал, жасыл желек. Қала торғын жамылған аруға ұқсайды. Танданасың
мақтан етесің. Отызыншы жылдары қаланың Совет атқару комитетінің
председателі Ш.Қонысбаев көз алдыңа келеді.
Міне, Жезқазган. Оны еліміз түсті металлургиясының магниткасы деп
орынды атайды. Жыл сайын емес, өмірдегі Алпамыс батырдай күн сайын,
сағат сайын өсіп барады.
Жезқазғанның алғашқы қадамы Байқоңырдан басталған еді. Совет
өкіметі тұсында Атбасар мыс кәсіпшілігінің бірінші өнім берген кәсіпорыны
Байқоңырдың көмірі Жезқазғанның, Қарсақбайдың электр станциясын
жүргізді, насостар шахтаның суын сыртқа тартты, мыс заводының оты
лаулады. Байқоңырды іске қосуда алдыңғылардың легінде де Шопан
Қонысбаев жүрді.
Сол Шопан кешегі Ұлы Отан соғысыңца ерлікпен қаза тапты. Ерлік
ескірмейді. Әкелер ерлігі келешек ұрпақтың рухани қымбат қазынасы болып
қала береді.
МУЗЕЙ АТА
Сүтемген Тақабайүлы Бүкіровтің Ұлытау-Жезқазған өңіріңде
бармаған жері, баспаған тауы жоқ шығар. Аймақтың көнекөз шежіреші
ақсақаддарымен, аты кең тараған игі жақсылар ұрпақтарымен арнайы барып
кездесіп жүрді. Өмірден өткен өнер және әдебиет қайраткерлері жайлы
мағлұматгар жинады, шығармаларын іздестірді, баспа, газет, журнал арқылы
жарыққа шығарды. Тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді
зерттеу, қалпына келтіру және сақтау жөніңдегі еңбегін ұмытуға болмайды.
Осы тынымсыз да еңбекқор, көпке танымал және сыйлы кісі өмірбаянын бір
параққа сыйғызып, қысқа жазыпты. Соның орнын толтыралық деген ниетпен
біз де қолға калам аддық.
Сүтемген Тақабайүлы 1 9 2 1 жылғы мамырдың 8 - і күні қазіргі Кеңгір су
қоймасының астында қалған Бекболат елінің қонысы - Наушабайда дүниеге
келіпті.
Бұл мезгіл қазан төңкерісінің дүмпуі Сарысу болысына жеткенімен
Кеңес өкіметі керегесін жайып, күшіне толық еңбеген шағы еді. 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысы бұрқ етісімен осы жылдың тамызында Бағаналы
хандығы жарияланды. Хан тағына бұрынғы аға сұлтан Ерденнің бауыры,
Дүзеннің немересі Хасен Сандыбаев отырды. Жаңа өкімет билікті толық
қолға алмаған өлара тұста бұл хандық елдің басын біріктіруді, кездейсоқ
қорқаулардан халқын қорғауды, товар алмасуды ұйымдастырды. 1919 жылғы
желтоқсанда хандық тарағаннан кейін оның құрамында болған 10 болысты
біріктірген көшпелі Бағаналы ауданының құрығы да Бекболат ауылына жете
бермеді.
Ел 25-26 жылдарға дейін алыс төңіректегі тірліктен аулақ, өз заңымен,
марғау өмір сүріп жатты. Тақабайдың ұлдары аздап егін салды, мал бақты,
жазда биенің қымызын, сиырдың сүтін қорек етті. Қолдағы малы кысқы
соғымға, жаздық «қызылға» жетіп артылатын. Ауыл ақсакалдарынын, еті
тірі жігіттердің әңгімесі кешегі қызығы көп ауыл, қауым болған көшпелілер
өмірі, ту көтеріп ел бастаған батырлар, қиыннан сөз сабақтап, тығырыкқа
тірелгенде жөнін айтқан ауызы дуалы марқасқалар, әнші, күйші, жыршы-
ақыңдар туралы еді. Үлкендер ортасына үйір Сүтемген ойлы, зерделі
құймақүлақ бала болып өсті.
Сүтемгендер енді қыбыр-жыбыр жүргелі жатқан Жезқазған кенішіне
көшіп келгенде алғашқы рет кеңес өкіметінің есебіне ілікті. Оның әкесінің
шын аты-жені Әбубөкір Тақабаев екен. Тек, жұмыс жасап жатқанда бір
саусағы жараланып, кейіннен сіңірі тартылып, бүгіліп біткен. Осыған
қарап құрдастары ма, жеңгелері ме, калжындап Бүкір атап кеткен. Осы есім
жергілікті өкімет орындарының өкілдері есеп алғанда кітапқа осылай түскен.
Бұл күнде атамекені Жезқазғанда Бүкіровтердің ордалы әулеті бақуатты
тұрып жатыр.
Сүтемген мектепте жақсы оқыды. Әсіресе, тарих-шежіреге, өлең-
жырларға құмар болатын. Ептеп өлең шығарып, әңгіме де жазып жүрді.
Пионер-комсомол ұйымдарының белсендісі болды. Оқуда озат, тәртіпті және
қоғамшыл бозбала кәмелеттік аттестат алысымен өзі оқыған мектептің аға
пионер жетекшісі болып тағайындалды.
Бір жылдан кейін Қарсақбай аудандық «Қызыл кенші» газетшін
редакторы Әбілқасен Әміралин редакцияға қызметке шақырды. Бұл жылдар
Сүтемген үшін оқу, шындалу және есею жылдары болды. Қолыңда қаламы
мен жазу кітапшасы бар биязы мінезді, қағылез, қараторы жігіт теміржол
бойында, шахта забойларында, мыс балқыту зауытының цехтарыңда
жұмысшылармен жиі кездесетін. Оның ойлы мақалалары, репортаждары,
шағын заметкалары газет оқырмандарын бір серпілтіп тастайтын.
Ол өз заманының баласы еді. Коммунистік партияны, оның көсемдерін
бүкіл адамзат баласының ақылманы деп таныды. Бүкіл адамзаттың сөулетті
болашағы коммунизм идеалына жан-тәнімен сенді. Отаны Совет Одағын,
Советтік Қазакстаңды, ез Жезқазғанын, балалық шақ куәгері, кез аддыңца
Кеңгір су қоймасының тереңіңде бұлдыраған Наушабайды жүрек сезімімен
терең сүйді. Соңдықтан болса керек, соғыс басталғаннан кейін екі күннен соң
облыстық «Қарағанды комсомолы» газетінде оның мынадай жыр жолдары
жарық көрді:
Өлең жауға батыл атылған оқ,
Әр сөзі шошындырған снаряд боп.
Жазылған бір сөйлемі қатарласып,
Бір полк жауға ұмтылса қылатын жоқ.
Өлеңім зор майданда атой салып,
Атыңдай Аманкелді, ер Чапаев.
Зор дауыс дауылпаздай жаңғырығып,
Шыңға өрлеп, түйдектеле үрандасып.
Өлеңім жай оғындай жанатындай,
Зымырап үшқан қүстың қанатындай.
Сөзімнің әрбіреуі жауға зілді
Ойранды ордасына салатындай.
Өкінішке орай, Сүтемген Тақабайүлының төлтума өлең-жырлары
сақталмаған, екі-үшеуі ғана колымызға тиді.
Ол 1947 жылы «Казмедьстрой» құрылыс-монтаж тресіне жүмысқа
жіберіледі. Онда құрастырмалы темір-бетон зауытында цех шебері, технолог,
бастық болып істеген. Трест партия комитеті хатшысының орынбасары
болып бірнеше мәрте сайланды.
1969 жылы Қ.И.Сөтбаев атындағы Ленин орденді Жезқазған кен-
металлургия комбинатының тарихи-өндірістік мұражайын ұйымдастыру
жөнінде мәселе көтереді. Бұл ұсыныс кенші, металлургтер, инженертехниктер
кауымына қатты ұнады. Оны іске асыру жөнінде сөз болғанда директорлыққа
таңдау Сүтемген Тақабайүлының өзіне түсті. Сонымен, бұдан кейінгі өмірі
мұражайлар қызметімен, туған өңір тарихымен, әдебиет пен өнер шежіресін
жан-жақты зерттеп, сараптап-саралаумен байланысты болды.
Сүтемгеннің өмірлік бағыт-бағдарын геолог-академик Қаныш Сәтбаев
анықтап берді деуге болады. Бірінші рет оны оныншы класс оқитын жас
өспірім 1935 жылы маусымның мамыражай күндерінің біріңде Наушабайда
көрді. Ауыл ақсақалы Әбдірахманның үйінде бір дастарханда дәмдес болып
әңгімесін тындады.
Одан кейін 1940 жылы жазғытұрым облыстық «Советтік Қарағанды»
газетінің қызметкері Қали Садықовтың «Қызыл кенші» редакциясына
ҚСәтбаевтың бірнеше бума қағаздарын әкелгені бар. Ертегідей ғажайып
үлкен Жезқазғанның болашағына ғашық жас қаламгер С.Бүкіров 1925
жылдан бері Қаныш жазған мақалалар мен ғылыми еңбектерін қызыға да
қуанышпен оқыған. Үлкен Жезқазған - еліміз түсті металлургиясының
магниткасы деген қолмен ұстатқандай көріпкел геолог тұжырымы Кенгір
бойында дүниеге келген жас жігіттің жанын баурап алды.
1946 жылы жаңадан бой көтерген Үлкен Жезқазған қалашығында
СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидат, ел мақтаған Каныш
ағамен кездесу ағаш өңдеу заводының кұрастырылмалы ағаш бұйымдары
цехының сол кездегі ең кең ғимаратында өтті. Халық көп жнналды. елге
сыйлы сайлаушылар мінбеге көтерілді, сұрақтар да аз қойылмады. Соның бірі
жас сайлаушы Сүтемген Бүкіров те кысыла-қымтырыла, толғана-тебірене.
ерекше жылы, әдемі сөйледі. Өзінің жауап сөзінде Қ. Сәтбаев жұрттың
соңынан сөз алған жас жігіттің сөзі ерекше пафосқа толы, мәнді шықты деп
лебіз білдірді де, Жезқазғанда алып мыс зауытын осындай кайратты. жігері
тасыған, болашағына сенімді жас жігіттер, өз балаларыңыз тұрғызады леп қой
көздерін залға төңкере карап, бір шолып, ырза көңілмен аяқтады. Ел орнынаи
көтеріліп, ду кол шапалақтап, «Совет өкіметі жасасын!», «Большевиктер
партиясы жасасын!», «Қаныш жасасын!» деп тұрып алды,
Жылдар өтті. Үлкен Жезқазған құрылысының бірінші кезегі аяқталған
1954 жылы желтоксанның 20-шы жұлдызында Қазақстан картасында жаңа
қала - Жезқазған қаласы дүниеге келді. Еліміздің түсті металлургиясы
Магниткасының қүрылысында кешегі жас жігіттердің буыны бекіп. канаты
қатты, ақылы толып, техникалык білімі артты. Сүтемген де өндірестен
кол үзбей техникалық курстарға барды, семинарларға қатысты. кұрылыс
техникумының кешкі бөлімшесін бітіріп, техник-технолог мамандығьн алды
Ол 1961 жылы көктемде Қ.Сәтбаевтың басшылығымен Жезқазғанда ө т к е н
Қазак ССР Ғылым Академиясының көшпелі Біріккен ғылыми сессиясында
жарыс сөзге шығып, Маман төбедегі гипстің мол қоры жөнінде деректер
соны құрылыс қажетіне пайдалану жөнінде пікір айтты. Оның бұл ұ с ы н ы с ы
Біріккен сессия қабылдаған қаулыға енгізілген.
Сүтемген Такабайүлы 1939 жылы Қарсақбай аудандык Советінің
депутаты Қаныш Сәтбаев жөнінде тұңғыш мақаласын жариялаған. Сонан
бері жүзден астам мақала, очерктер жазыпты. Ғалымның тутаныва 91
жыл толуы құрметіне «Біздің Қаныш Имантайұлы» деген такырыппен
жезказғандықтардың естеліктер жинағын қүрастырған. Белгісіз себеппен
жинақ жарық көрмей қалыпты, қолжазбаның қайда екені де беймәлім. қазір
мұрағатшылар іздеу салып жатыр.
Бұл кісі туған жерінің әрбір тасын, әрбір бұрауын пір тұтып, тарихи және
мәдени мәні бар археологиялық, архитектуралық және табиғат ескерткіштерін
зерттеп, оның сақталуына жанұшыра араласып жүрді. Мен біраз жыл тарихи
және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі республикалык коғамның
Жезқазған облыстық бөлімшесінің терағасы болдым. Оның басқарма мүшесі:
ретінде беретін ұсынысы қонымды, пікірі оңтайлы, еңбегі адал еді. Ол
қоғам көмегімен Шоқан Уәлиханов жүріп өткен маршрут (1990) бойынша,
Байқоңыр өзенінің екі жарқабағында салынған суреттерді зерттеуге (1976),
Таңбалынұрбұлаққа (1991), Арғанаты (1972) бойына экспедициялар
ұйымдастырды. Әдетте Алматыдан Жезқазғанға сапарға шыққан академик
Әлкей Марғүлан атамыз ат басын Сүтекеңнің үйіне, не мұражайға тірейтін.
Ол кейде академикпен ере шығып, ескі қорғандарды, мазарларды қазуға
қатысты, ескерткіштерге сипаттама дайындап, оның төлқұжатын жасауға
деректер жинады.
Сүтекең жергілікті баспадан «Жезқазғаңдағы тарихи-археологиялык
ескерткіштер», «Жезқазған мешіттері» атгы кіташпалар шығарды.
Жезқазғандағы туристік маршруттардың тұңғыш картасын жасағанда
кеңесшісі болды. «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз», «Білім және еңбек»,
«Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Орталық Қазақстан», «Жезқазған
туы» газеттеріне көптеген мақалалар жазды. Олардың барлығы тарихи және
мәдениет ескерткіштерін қорғауға және сол кезде ояна бастаған ұлттык
сананы қалыптастыруға әсері көп болды.
Оның Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихын зерттеудегі еңбегі көңіл
толарлық. Халық батыры Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
осы өңірде бастау алды, бүкіл қазақ даласына тарады, кіндік Азияны дүр
сілкіндірді. Патша жазалаушыларымен қиян-кескі ұрыс Қаражар, Дүйсенбай,
Бөріойнақ бойында болды. Сол кездерде Сүтекең Ұлытау, Жезқазған
төңірегіңде болған көтерілістерге қару алып, сапқа тұрып, қанын төккен
көзі тірі ондаған адаммен кездесіп, естеліктерін жазып алған. Жаңабай
Ниязбеков, Жақсыбай Құлажанов сынды сауатты, соғыс өнерінен хабары
бар, қол бастаған жігіттердің ерлік істері жайлы очерктерін жариялады.
«Сабырдың бір сапары», «Аманкелдінің ұстасы», «Бірінші болатком»,
«Абықай көріпкел» атты мақалаларыңда ұлт-азаттық қозғалысының осы
төңіректегі өріс алуы нақты деректермен дәйектелген. Сексенінші жылдары
Сүтекеңнің бастауымен Қаражар шайқасы болған жерде ескерткіш тақта
орнатылып, онда жазалаушылармен айқаста шейіт болған 17 сарбаздың аты-
жөні жазылып қойылды.
Сүтемген Тақабайұлы Жезқазған мыс кенішін игеру шежіресінін
құнды беттерін қағазға түсірді. Жезқазған кен-металлургия комбинатыңда
озық өндірістік тәжірибенің одақ таныған көп ұлтты мектебі болды. Мысты
өлкеде қатардағы ауыл шаруасынан, жұмыскерден бірнеше жүздеген білікті
де білімді, жан-дүниесі таза, адамгершілігі мол асыл азаматтар шындалды.
Олар - шахта бастығы Ысқақ Анарқүлов, Өмірхан Байқоңыров, Оразбек
Дүйсенбаев, бұрғышьшар Зейнулла Биболатов, Павел Шаталюк, Баймақан
Аймаханов, этнограф, суретші Николай Валукинский, металлурггер Козлов
Саринов, Мүзапар Жүсіпов, шофер Қасымсейіт Батырбаев, құрылысшы
Михаил Раковский, геолог Василий Штифанов, тағы да басқалар
Айранбайдың Омарының, Баймағанбеттің Дембергенінің, Илья Паниннің
әулеті аймақта аңызға айналған. Сүтекең осындай рухы биік, отаншыл,
бауырмал жерлестерінің галереясын жасап шықты,
Сүтекең жасөспірім, бозбала кезінде өлеңдер шығарған. Әнгіме
жанрына қалам тартқан. Жастайынан көңілі ақ, жүзі жарқын, а к ы н ж а н д ы
болды. Ақын-жыршылар өмірі мен шығармаларын көп зерттеді. Сонын бірі
- Тайжан акьш."Тайжан бір кезде арқаның гүлі, әсем сөздің зергері болып
еді. Тайжан өз халқының мойнына түскен зор ауыртпалыкты халыкпен бірге
көтеріскен, сол халықтың ортасынан жарып шыққан ділмар жан болып өтті".
- деп бастайды автор зерттеу еңбегін. Одан кейін Тайжанмен бірге Еділ-
Жайықта, Семей, Қарқаралыда болады, Сырды өрлеп, Қаратауға барады.
Алтайды айналып, Көкшетауға токтайды. Тайжанның өмір жолын бірінші
рет баян етеді. Тайжан Нартай, Үмбетәлі, Орынбай, Қазанғап, Керімбай.
Болман сынды ақындармен айтысқан. Нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберіп, табан
астында айта қаларлықтай туыңды беретін ақындардан біз Жамбылды, одан
соң Иса Байзақовты білуші едік ол кезде. Міне, осы екеуінің суырып салма
шеберлігіне Тайжан Қалмағанбетовтің де теңесе алатынын дәлелдеп берген,
Белгілі қазақ музыкасының зерттеушісі А.В.Затаевич Тайжанның "Агагу"
әні Үкілі Ыбырайдың «Гаккуімен» сарындас сұлу, үні бай, көңілге әсерлі
деп бағалап, «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына оның үш әнін енгізген.
Сүтекең Тайжанның өлеңдерін жалықпай жинастырып, 1973 жылы оны жеке
кітап етіп басып шығаруға жетекші еңбек сіңірді.
Тағы бір «өліні тірілтіп», кейінгі ұрпағымен таныстырған еңбегі
- «Қайран Тәшібай» атты очеркі. Тәшібай Әлмұхамбетов 1910 жылы
Қостанай облысының Жанкелдин ауданында туған. Қазақ педагогикалық
институтының әдебиет факультетінде оқып жүргенде Сәкен, Ілияс,
Бейімбеттерден дәріс алып, өлендерін тындайтын. 1938 жылы Алматыда
шыққан жас ақын-жазушылардың «Жастық дауысы» атты жинағында
оның «Мен сүйемін», «Құрбылар» әңгімелері басылған. 1941 жылы
маусымның 1 9 - ы күні «Қарағанды комсомолы» газетінде оқушы Қойшыбек
Тоқтамысовтың «Әдебиет үйірмесі» деген қысқаша хабары жарияланған,
Онда үйірме жұмысын жандандыруда мұғалім Т.Әлмұханбетовтың көп
еңбегі, оның көмегімен сәуірде жас әдебиетшілердің шығармаларынан
құрылған «Жұлдыз жарығы» атты қолжазба журналы шыққаны мәлім етілді,
Сүтекең Мәскеуде В.И.Ленин атындағы мемлекеттік кітапханада жұмыс
істегенде ақынның 1936 жылдан соғысқа дейінгі екі аралық өндіріп жазған
кезеңі екенін байқаған. Сол Тәшібайдың біраз өлеңдері мен жырларын ол
Қазақстан жазушылар одағына тапсырған. Кейін олар акынның өлеңдер
жинағына енгізілді.
1993 жылы «Жұлдыз» журналының 3-ші санында «Ұсталып Бидаш
кетті» мақаласы жарық көрді. Онда ақын Қожабай Тоқсанбайұлының ел
аузынан жазып алған толғауы берілген. Бидаш туыстық жағынан Аманкелді
Имановтың жұбайы Балымға ағайын болып келеді, келін болып түскен елі
Ибеске, Мәйгелдіден тарайтын Қайдауыл руы. Өзі ер мінезді, ақылға кемел,
кайратты болған. Үлкен-кіші алдына келіп, ақыл алған, дау-шарда билігіне
жүгініп, қара қылды қақ жарғандай әділ шешіміне ырзалықпен тарқасқан,
жақын-жуық, қонысы бір арғын, қыпшақ, тама руының бас көтерерлері
«болыс әже» атап кеткен. Сол Бидаш бір қансорғыш, жемқор орыс көпесінің
ажалына жазықсыз жалалы болып, оны түрмеге жапқан. Қожабай ақын «бұл
күнде жаман қалып, жақсы азайып», «тар есік, тар тесікте Бидаш отыр» деп,
одан әрі «айтарға жынысы» әйел десеңдағы, емес пе бес болыстың тиянағы»
деп бағасын береді. Бұдан әрі:
«Темірден айналамыз тар болып түр,
Ақ берен салса қайран қия алмас па?
Ат арып, жейде кірлеп, азып-тоздық,
Осыған бас адамдар ұялмас па? -
деп Бидашты түрмеден босатып алуға қам жасамай, бейқам отырған елдің
игі-жақсыларын, би-болыстарды сынға алады. Ақьш сөзі жанына жетіп,
намысына тиген Бұзау болыс Бидашты түрмеден босатып алған.
Ал, жезділік Нүрғали Итембаев, Қапатай Райымбеков, қаракеңгірлік
Айтпай Досжанұлы, қарсақпайлық Қожабай Тоқсамбайұлы, Болман
Қожабаев, ұлытаулық Нияз Ожанов, сарысулық Назымбек Әбішев және
басқаларына байланысты жинаған өлең-жырлары, естеліктері, мақалалары өз
алдына бір әңгіме.
Асыл азамат бұл дүниеде байлықтың үш түріне ие болды ғой деп
ойлаймын. Олар - бала-шағасы, өмірінің үлкен мазмүны болған тарихи-
өлкетанушылық қаракеті, үлкен кітапханасы. Мал жинап, боқ дүниеге әуес
болмаған. Керісінше алыста жатса да Алматы, Қарағандыдағы ғалымдармен,
ақын-жазушылармен игі-жақсылармен қарым-қатынаста, рухани байланыста
болған. Мұрағаттағы оның құжаттары ішінен академиктер С.Мұқанов,
М.Қаратаев, Ә.Марғұлан, Ө.Байқоңыров, Е.Бөкетов және басқалардың өте
қызықты да құнды хаттарын көресің. Дүкенге жаңа кітап түссе, табанда
сатып алып, рецензия, пікірлерін жазып отырған. Қарағанды облыстық
«Орталық Қазақстан» газетінің 1970 жылғы мамырдың 24-күніндегі санында
Сүтекеңнің «Хамиттің тұнғыш жинағы» атты мақаласы басылған екен.
Жинақ авторы Жезді ауданы «Жетіқоңыр» совхозының бұрынғы шопаны
Хамит Балшабеков газет қолында, қуанышы қойнына сыймай аудандық
партия комитетіне жүгіріп келді. Бәріміз оқыдық. Оқушы қауым тұңғыш
бұл туындыны құптарлығы хақ, күн нұрының күнге шағылысуын «сәбиін
сүйген анаға» теңеуі әдемі-ақ деген сөз тіркестері ақынның шабытына шабыт
қосып, қанат байлап жіберді. Әр кезде ақын Кәкімбек Салықовтың «Сыр»
өлендер жинағына, Жекен Жұмақановтың «Мен - жұмысшымын» хикаятына,
журналист Әбілқасен Әмірәлиннің «Арқада туған алып» атты естелік
кітабына, тағы басқаларға жазған рецензияларын окыдық.
Мұражай қызметкерлері Сүтекенді «Музей ата» деп құрметпен еске
түсіреді. Оның мәнісі бар. Ол Жезқазған кен-металлургия комбинатының
тарихи-өндірістік мұражайын ұйымдастырды. Жезқазған облыстық
тарихи-өлкетану музейінің тұңғыш директоры болып тағайындалды. «ИЛ-
18» ұшагының бортында космонавтика мұражайын ашты. Қарсақбай
қалашығындағы академик Қ.Сәтбаев мұражайын ұйымдастыруға бастама
жасады. Әрине, айтуға оңай, істегенге қиын. Мұражай... Латыншадан
қазақшаласақ, ол «муза храмы» немесе «табиғат храмы» деген мағынаны
білдіреді екен. Небәрі 2 - 3 жылдың ішінде комбинат мұражайына екі мыңнан
астам жедігер жинақталған, 12 тақырыптық экспозиция жасақталған.
Ал, космонавтика мұражайына Сүтекең космонавтар киетін скафандрды,
олардың космоста ішкен тюбиктегі түрлі тамақтарын, бірсыпыра
қолданған құралдарын, төске тағатын белгілерді Жұлдызды қалашықтан
дорбалап тасыды. Комбинат мұражайына жиналған минералдар үлгілері,
археологиялық жөдігерлер, елге танымал атақты азаматтардың жеке заттары
жаңадан шаңырак көтерген облыстық тарихи-өлкетану, академик Қ.Сетбаев
мүражайларынын кәдесіне жарады.
Сүтекеңнің осы еңбегін замандасы, қарт ақын марқүм Нүрасила
Бөрменбаева апамыз суреткер көзімен, ақын тілімен дөл бейнелепті. Оқып
көрейік:
Сол кісіге әркімдер-ақ танданады тамсанып,
Бір тынымсыз жұмысына жүргені деп жан салып.
Елімізде ол бармаған қала менен дала жоқ,
Ол музейге экспонат жыды дейсің қаншалық.
Өткен өмір, жан-жануар іздестіріп бейнесін,
Сол кездегі киген адам сауыт, шапан, жейдесін.
Талай-талай адамдармен таныстырып жатқанда,
Жақыныңдай жанға жуық кездеседі кейде-есім.
Аймағымыздағы талантты жайсандар мен жамбоздарды, өндірісті,
ғьшымды, мәдениетті дамытуға еңбек сіңірген нүрлы ақьш, қайратты
майталмандарды, азаттық, бостандық және Отан үшін шейіт болған
боздақтарды есте қалдыру Сүтемген Бүкіров қызметінің бір саласы болып
табылды. Ол Үлы Отан соғысы жылдарында опат болғандарды іздестіруді
сонау жетпісінші жылдары бастады. Отан қорғау жолында қүрбан
болғандарға ескерткіш - «Боздақтар» кітабының Жезказған облыстык
жүмысшы тобының қызметіне жетекшілік етті. Бірнеше ондаған атақты
жерлестеріміздің атын мәңгілікке қалдыру жөнінде ұсыныс жасап, негіздеп
берді. Оның ұсынысымен 1975 жылы Никольский (қазіргі Сәтбаев)
қаласының Совет атқару комитетінің сол кездегі төрағасы Тұрмүқанбет
Ысмағұловтың пәрменді қолдауымен ақын Баубек Бұлқышевтың есімі
орталықтанған қалалық кітапханаға берілді. 1980-90 жылдары Жезқазған,
Сәтбаев қалаларында 27 көше жерлестеріміздің атымен аталды.
Сүтекең белсеңді тілші бодды, отыз жылдай облыстық соттың
заседателі жауапты міңдетін атқарды, алты мәрте қалалық кеңестің депутаты
болып сайланды. Құжаттар қиянатқа қарсы, әдіддік жолында күрескер
болғанын танытады. Халқының тарихи санасы және игілігі үшін еңбек
етті. Оның жүрегі қазағым деп соқты. Мұсылмандыққа берік еді, ділі ұлт
менталитетінің қазығы болды. Заман тар, қол қысқа 1955 жылы анасы Рахия
бақидан өткенде мұсылмаңдық дәстүрмен жерлеген екен. Қайсыбір қырағы
партия сарбаздары ши жүгіртіп, домалақ арызды айдағанда қалалық партия
комитетіне берген түсінігінде бұлтақтамай «бұл менің парызым» деп ашып
жазған. Діни сенім әркімнің өз ісі деп түсінді. Бағаналыдан Меккеге барған
қажыларды зерттеді, мешіт-медреселерді анықтады, мақалалар жазды.
Сүтекең «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек
ардагері» медальдарымен марапатталған. Одақтық ғарышкерлік орталық,
түсті металлургия министрлігі, металлургия жұмысшылары мен
қызметкерлері кәсіподағының комитеті, комсомолдың Орталық Комитеті
еңбегін елеп, тиісті көтермелеу шараларын жасап отырған. Республикалық
және Жезқазған облыстық мемлекеттік басқару орындары, қоғамдык
ұйымдар талай рет марапат грамоталарын тапсырған. 1993 жылы мамырда
ғылымды, білімді және мәдениетті дамыту жөніндегі Жезқазған облыстык
«Парыз» қоры басқармасының Әлихан Бөкейханов атындағы жүлделі
сыйлығының иегері болған. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.
Бүгінде Сүтекең шаңырағы қаламыздағы белгілі, үлкен үйлердің бірі.
Жарты ғасырдан астам бүтіннің екі жартысы болып сәнді өмір сүрген құдай
қосқан жары Шаруза апай отағасының орнын жоқтатпай, аруағын ардак
тұтып, отбасын көңірсітіп отыр. Қызы Гүлнаш та сағынған сәттерде әкесінің
мұрағатқа тапсырған құжаттарын оқиды, сағынған әкесімен тілдескеңдей,
сырласқандай болады. Үйлі-бараңды, балалы-шағалы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Академик Сатпаев. Из писем и заметок, Алматы, «Атамұра», 1998 г.
2. Акимбеков Султан, История степей: феномен государства Чингисхана в
истории Евразии, Алматы, 2011 г.
3. Альжаппаров Казбек, Наш след в истории, Кустанай, 2009г.
4. Артықбаев Ж.О., Қазақстан тарихы, Астана «Фолиант», 2000ж.
5. Аршабеков Т.Т., Жұмабеков А.А. Төлеуов Т.С. Ұлытау-Нұра өңірлерінің
тарихи-мәдени ескерткіштері, Қарағанды, 2007 ж.
6. Ауыл шаруашылығын өркендету жөніндегі ұсыныстар, Жезқазған облысы,
Қайнар, 1982 ж.
7. Ахметов Қуаныш, Ұлы даланың Ұлытауы. Екінші кітап, Омбы, 2001 ж.
8. Ахметов Қуаныш, Ұлытаудың Ұлы даласы, Бірінші кітап, Омбы 1999 ж.
9. Әбдіғали Берік. Арғын Төртуыл тарихынан, Алматы, Қазақақпарат, 2007 ж.
9. Әбілғазы. Түрік шежіресі, Алматы, Ана тілі, 1992 ж.
10. Әмірқызы Клара, Ауылым-ата мекенім. Акмола облыстық «Аққүс»
бірлестігі, Ақмола, 2007 ж.
11. Баргольд В.В. Образование империи Чингисхана, соч.,т.5, Москва, 1963 г.
12. Бейбарыс Сұлтан, жинақ, Алматы, «Арыс», 2004 ж.
13. Бекетов Рустем, Естігендер мен естегілер, Жезқазған, Полиграфия - Ермүра,
2009 ж,
14. Бес ғасыр жырлайды, 1-том Алматы, «Жазушы», 1989 ж.
15. Бичурин (Иакинф) И.А. Орта Азияны мекендеген халықтардың көне
замаңғы тарихы, Астана, «Фолиант», 2011 ж.
16. Большой Жезказган, изд. АН КазССР Алматы, 1961 г.
17. Бұлқышев Баубек, Заман біздікі, Алматы, Жалын, 1990 ж.
18. Весь Казахстан. Справочная книга, Алматы-Ленинград.1931г.
19. Государственный каталог географических названий Республика Казахстан,
Қарағанды облысы, т.6, Алматы, 2006 жыл
20. Гумилев Лев. Қиял патшылығын іздеу, Алматы, Балауса, 1992ж.
21. Домбай Нұрперзент. Елбасы және ел, Алматы, «Жедел басу баспаханасы»
Ж Ш С , 2003 ж.
22. Ежелгі Қазақстан тарихы, Алматы, «Аруна», 2006 ж.
23. Жезқазған, Табысты жылдар тарихынан баян, Алматы, «Классика», 2014 ж.
24. Жубатов Ж. Система критериев экономической устойчивости территории
Республики Казахстан к воздействию ракетно-космической деятельности,
Алматы, 2008 г.
25. Жылкелді ұрпақтарының шежіресі, Жезқазған, 2002 ж.
26. Ирмуханов Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках, Алматы,
«Өлке», 2006 г.
27. История Казахстана в документах и материалах. Алматы, LЕМ, 2011 ж.
28. Калугин С.К. Подъемные годы Жезказган-Улутауского района Центрального
Казахстана, Алматы, Наука, 1967 г.
29. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У., Қазақстан тарихы, Алматы кітап, 2007 ж.
30. Касенов Болатбек, Абылай хан говорит из архива Омск
31. Кинаятұлы Зардыхан, Шынғысхан және қазақ мемлекеті, Алматы, 2010 ж.
32. Книга по Б о л н о м у чертежу (под. ред. К.Н. Сербиной, М-Л)1950 г.
33. Кузнецов Л.О. О надписи на камне «Таңбалытас» в пустыне Бетпақдала
в Атбарском уезде Акмолинской губернии (записки Семипалатинского
подотдела ЗСОРГО, выпуск 16) Семипалатинск, 1927 г.
34. Қазақстан тарихы туралы Монғол деректемелері, 1 , 2 том, Алматы, Дайк-
пресс, 2005 ж.
35. Қазақтың ханы Абылай, өмірі мен қызметі байланысты құжаттар мен
материалдар, 1 - ш і және 2 - ш і томдар, Алматы, «Ел-шежіре», 2011 ж.
36. Қаражігітов А. Абыздар биігі, Астана, Сарыарқа, 2001 ж.
37. Марғұлан Ә. X. Шығармалары, Томдар 5,8,11,13,14 Алматы 2008-2012 ж.
38. Монғолдың қүпия шежіресі, Алматы, «Өнер», 2009 ж.
39. Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов среднего жуза,
Алматы, «Наука», 1974 г.
40. Мысты өңір газеті (Жезқазған), 2014 жылғы қырқүйек
4 1 . Назарбаев Нұрсұлтан. Тарих толқынында, Алматы, Атамұра, 1999 ж.
42. Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы 22-тамызда Ұлытау
баурайында берген сұхбаты, «Сарыарқа» газеті, 2014 жылғы 31 тамыз
43. Ос Сон история монголов, т . 1 , ОГИЗ, Иркутск, 1937 г
44. От Алтая до Каспия. Атлас памытников и достопримечательносте природы,
истории и культуры Казахстана. Алматы, 2010 г.
45. Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания , легенды и сказки.
1917 г.
46. Рахимбекова З.М., Серебрянная нить поколений, Караганда, 2001 г.
47. Региональные проблемы геоэкологии Центрального Казахстана. Жезказган,
2000 г.
48. Роль номадов евразийских степей в развитии мирового военного искусства.
Сборник материалов научно-практической конференции, Алматы, изд.
LЕМ,2010г.
49. Рашид Ад-дин, Соб.соч., т. 2,3,4.
50. Рычков П . И . Топография Оренбургской губернии. Изд. 3-е. Уфа, 1999 г.
51. Сатпаев Каныш, Избранные статьи, Алматы, 2011 ж.
52. Сәтбаев Қаныш. Қазақстан менің отаным, Алматы, Ғылым, 1999 ж.
53. Сәтбаев Қ а н ы ш . Собрание трудов, Алматы, Ғылым, 1998 ж.
54. Сәтбаев Қаныш, Значение Джезказгана и задачи сессий, Большой
Джезказган, Алматы, Наука, 1961 г.