The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-10-19 15:27:11

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

көшпелі халық мықты болды. Олар жоғарыда келтірілген өзендер
бойындағы және маңайындағы қалаларды сақтау үшін жанкешті соғыстар
жүргізді. Оңтүстіктен Солтүстікке қарай тамырланған сауда керуені
жолдары Ұлытау баурайын кесіп, батысқа көш түзеген Ұлы Жібек
жолының тармақтары болатын. Хан жолы, Сарысу, «Мыс жолы» тәрізді
жолдар күні бүгінге дейін ұмтылған жоқ.

Қазақстан Ресей бодандығына кіргеннен кейін қырдағы алауыздық
пен қақтығыстар бәсеңсіді де құрылыс саласы жандана бастады. XIX
ғасырда құрылыс қарқынды дамыды деуге болады. Мұсылман мектеп
медреселері, мешіттер салынып жатты. Қаракеңгір бойында Ерденнің
көк үйі, Ұлытаудың батыс бөктерінде Мырзамсейіттің, Сарысу құмында
Аймырза Бәтештің, тағы басқалардың қызыл үйлері сәнімен, салтанатымен
көз тартқан Кішітауда Меңей қажының күмбезді кесенесі, Шеңбер
ауылдық округінің аумағындағы адамды зороастризм салтымен жерлеуге
лайықталған Махат сағанасы салынды. Мұндай сағаналар Ұлытау өңірінде
оннан астам. Түркістаннан оқып келген Сералы Еламанұлы салған Дүзеннің
кесенесі Алашахан кесенесінің кішірейтілген көшірмесі тәрізді.

1935 жылы тамызда Ұлытаудың батыс бөктеріндегі Алтыншоқыдан
болашақ академик Қаныш Сәтбаев жазуы бар қаратас сынығын тапты.
Таста екі тілде жазу бар. Оның үш жолы - арабша, сегіз жолы - шағатай
тілінде. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж ғалымдарының тәржімесінде
шағатай тіліндегі мәтін былай беріледі: «Жеті жүз тоқсан үшінші жылдың
жазы, қой жылы көктемнің ортаңғы айы (1391 жылдың 6 сәуірі), Тұран
сұлтаны Темір бек ислам діні үшін үш жүз мың әскерімен бұлғар ханы
Тоқтамыс ханға қарсы аттаңды. Осы жерге жетіп, ескерткіш болуы үшін ол
осы қорғанды тұрғызды. Алла беріп, жаратушы әділ төрелігін жүргізсін».

«Зафар нама» - «Жеңіс кітабы» атты шығармасында Шараф Әд-дин
Әли Йезди Ақсақ Темірдің Дешті қыпшаққа жасаған жорығының осы бір
сәтін былай суреттейді:

«Айдың (15.VI ) 21-і Аталған сәрсенбісінде олар Қыпшақтау дейтін
атақты тауға жетті және одан көшіп, 2 түннен кейін екі жұмада Ұлытау
дейтін жерге барып тоқтады. Сол даланы көз қуанып көру үшін Темір
таудың басына шықты; бүкіл жазық дала көкпеңбек болып жатты. Ол сол
күні сонда болып, (сонан соң) сол жерге мұнара тәрізді биік белгі орнатуға

жауынгерлерге тас әкелу үшін жарлық берді. Шебер тас қалаушылар сол
кездің белгісі қалу үшін тасқа сол күннің уақытын қашап жазды».

Ал жазуы бар тасқа келсек, ол Санкт-Петербургтағы Эрмитажда «кат
195. Темір аты жазылған тас. Алтынорда. 1391» деген кодпен сақтаулы
тұр. Оның екі көшірмесі жасалған, оның бірі - Алыншоқыда, екіншісі
- Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының Қ. Сәтбаев атындағы
тарихи-өндірістік мұражайында. Оның тек символикалық көшірме екенін
айтуымыз керек, түптеп келгенде, тастың түпнұсқасының формасы, түрі
және фактурасы бойынша ерекше өзгерістер бар.

Алашахан кесенесі жайлы орта ғасырға қатысты жазбаларда
ешқандай дерек кездеспеген. Ол жайындағы мәліметтерді XIX ғасырдағы
ресейлік зерттеушілер, саяхатшылар, әскерилер берді. Мысалға 1868
жылы жарық көрген Н. И. Красовскийдің баяндауында мынандай жолдар
бар. «Облыстық ескерткіш ішіндегі ең тамаша бұл ескерткіш өте ертеде
тұрғызылған. Оңтүстік-батыс дала тұрғындарының айтуына қарағанда, бұл
жер бүкіл қырғыз(қазақ) халқының көсемі Алаша ханның моласы көрінеді.
Бейітті, шындығында, осындағы көшпенділердің барлығы да айрықша
қадірлейді, алыста тұратын қырғыздар мұнда тәу ету немесе құрбандық
әкеп шалмақ түгілі мұндай ескерткіш бар екенін де білмейді».

Ортағасырлық кесенелердің санатында Сарыарқада ең жақсы
сақталған Алашахан кесенесі болып табылады. Бұрын сайын далада мұндай
зор және ұлы ғимарат болмаған. Ғалымдар оның Алтын Орда дәуіріндегі
мемориалды-діни сәулет өнері негізінен ауытқып, одан бұрынғы, өте көне
үлгіде салынғаны туралы тұжырым жасайды.

Кесене табалдырығынан аттап ішке кірсең, саф ауа, үлкен кеңістікке
енгендей рахатқа бөленеді. Алғашқы мезетте-ақ жоғарыдағы шошақ сүйір
арқалы-текше әуен ырғағындай, жанынды баурап құшағына алады. Онда
шілденің аптап ыстығының өзінде қоңыр салқын болып тұрады. Айнала
орала жүріп, жоғары беттейтін галерея кесененің күмбезінің үстіне жетектеп
алып барады. Жоғарыдан өң мен түстің арасындай өте ғажайып көрініс елес
береді. Көшіп бара жатқан ақ шулан бұлттардың көлеңкесі түскен ұшы-
қыры жоқ байтақ, сүмбіл талдардың арасынан ағып жатқан өзен, өзеннің
арғы бетіндегі төбелер алақаныңа келіп қонғандай болады.

Ал, Жезқазғанда саяси-әкімшілік, мәдени орталық алаң-Алаш

алаңынан басталған даңғыл Алаша хан атымен аталған. Қаланық алпыс
жылдығы қарсаңында осы алаңда Тәуелсіздік монументінің құрылысы
басталды.

Қазақстан сәулет өнерінің ең көрнекілерінің бірі Жошы хан кесенесі
болып есептеледі. Арқа өңірінде басқа кесенелерге ұқсамайды, күйген
кірпіштен қаланған, ескерткіште бір емес екі күмбез орнатылған. Кесене
іші сәндік ою-өрнектермен безендірілмеген, қабырғалардың бүйірінен
орнатылған орташа екі терезеден күмбезге дейін жарық түседі.

XV ғ. «Шаджарад Әл-атрактың» («Түркілер шежіресі») авторы тұңғыш
баласының өлімін астарлап жеткізген Ұлық жыршы Кетбұқаға Шыңғыс
хан өзінің мұң-қайғысын былай тебіреніп жеткізеді: «Көзіңнен саулап жас
ақты, жүрегің мұңға толды ма? Сенің шешендігің жүрегімді елжіретті,
Жошым опат болды ма?».. Тамаша сөздер. Бүл жерде Жошының өлімінен
гөрі өлген жері, мәңгілік тыныс тапқан жері Ұлытауға назар аудару керек.

Жошының опат болған жері дәл осы Ұлытау екенін аңыздар да, халық
жады да, кесененің өзі де айтады.

Археолог Ә.Марғүланның басшылығымен Жошы хан кесенесінін
сағанасын ашу кезінде еденнің астынан темір шеге қағылған ағаш табыт
пен бір қолы жоқ адам қанқасының қаддығы табылған. Марқұм киімімен
жерленген. Сағанада бұлармен қатар түйенің бас сүйегі, тері үзігі, мата
мен басқа заттардың жұрнағы табылды. Жошының өлімі туралы жазба
мағлүматтарды, аңыз деректерін таддай отырып, Ә.Марғұлан кесене
1228 жылы салынған және онда Жошы ханның өзі жерленген деген
қорытындыға кедді. Алайда, кейбір зерттеуші ғалымдар Алтын Орда ислам
дінін ресми қабылдағаннан бұрын монғол хандары мен ақсүйектеріне
исламдык мемориалды-діни сөулет орнату мүмкін емес деген пікір
айтады. Жылдар етті. Көп нәрсенің беті ашыдды. Ескерткіштің бүрынғы
шесюн-келбеті уақыт өсерімен бірқатар өзгеріске үшырады. Жошы хан
кесенесіне жақындау жердін шикі кірпіштен тұратын бекініссіз қоныстың
үйіндісі зерттелді. Археолог Ж.Смайыловтың т о п ш ы л ш а у ы н ш а , қоныс пен
ортағасырлык мола Жошы Үлысы кезіндегі бірынғай кешен және де ол
алгаш Бату ханның, кейін Орда Еженнің жөне оның үрпақтарының, ал,
XV ғ. көпшенді өзбектер мемлекетінің негізін қалаған Әбілқайырдың
ордасы болған Орда Базар қаласы осы.

Кесененің өзін ғылыми зерттеу ол ұзақ уақытта ең кезеңде
тұрғызылғанын, сол арада бірнеше жөнделгенін көрсетті. Кесене алғашқыда
бір ғана портал мен күмбезден тұрса, екінші кезеңде қабырғасының үстіне
тағы да он үш қатар кірпіш қаланып, бұрынғы күмбездің ішіне тағы бір
қырлы «жұлдызды» күмбез барабаны орнатылған. Күмбез де, барабан да
кереметтей әдемі, мөлдір, ашық көк плиткамен қапталған. Ондай плиткалар
Орталық Қазақстанда кездеспейтін еді.

Археолог Ж.Смайыловтың пікірі бойынша, Жошы хан кесенесінің
бірінші кезегі Алтын Орданы билеген Орыс хан тұсында яғни, XIV ғ.
салынды. Екінші кезең сәулет-құрылыстың құрылымы және ерекшелігіне
қарай талдағанда, бұл Ақсақ Темір билік еткен уақытына тура келуі мүмкін.
Сондай-ақ Ж.Смайылов XV ғасырда көшпелі өзбек мемлекетінің негізін
қалаған, Ұлытауда Орда құрып, Темір әулетімен күрескен Әбілқайыр
ханньң билік құрған уақытына жатуы мүмкін.

Теректі өулие діни кешені Ұлытау таулары Теректі қыратынын
жартасты шоқысының оңтүстік шетінде. Бастау бұлақтарының молдығы,
әулие бабалардың зираты, жартас суреттері мұнда келушілерді ынтықтыра
түсетіні анық. Осынау сыры мол жердің ғажайьп ерекшеліктері жайлы
ғылыми қауымды тұңғыш яғни 1998 жылы құлағдар еткен ғалым
Ә. X. Марғүлан еді. 1996-1998 жылдары осында қола дәуіріндегі қорғандарда
қазба жүргізілді. Петрогрифтер құжатталды. Бүгінгі күнде ескерткіште
27 қақпақ тас бетіне жайғасқан 300-ге жуық петроглифтер сақтаулы
тұр. Петроглифтердің эстетикалық күш-қуаты мен тартымдылығы онын
жоғарғы сапада жасалуы және жергілікті табиғатпен үйлесіп біте қайнасып
кеткенінде деп ойлаймыз.

Петроглифтердің жоғарыда айтқандай саны да көп, тақырыптық
тұрғысынан да барьшша алуан түрлі. Бейнеленетін жануарлардың басым
көпшілігі жылқылар болса, айыр өркешті түйелер, екі өгіз, бұғы, құс
(дуадақ) бейнесі де бар. Қос айғырдың шайқасқан композициясы Кангджа-
Шимендзыдағы ШҰҰА, КХР, осыдан айнымайтын композицияны көз
алдыңа келтіреді. Теректідегі петроглифтер басым көпшілігі кекіл секілді
тұмсығына дейін түсіп тұратын үлкен жалы бар жылқылар. Бұл ерекшелік
б.з.д. 1700-1500 жж. Сейма-Турбиноның көркемдік металлопластикасымен
белгілі бір стильдік байланыс бар екендігін көрсетеді.

Қола дәуірінің өзге де дәстүрлерімен бірге Сейма-Турбино стилін
Теректі әулиеден 200 шақырым жерде жатқан Байқоңыр кешендерінің,
сирек те болса Шу-Іле таулы өңірлерінен табуға болады.

Жезқазған - Ұлытау өңірінде Теректі әулие археологиялық кешені
қоныстарының, қорымдары мен петроглифтерінің түп иесі болатын
тайпалардың, яғни қолының икемі бар металлургтер мен жауынгерлердің
пайда болуы орманды-далалық қауымдардың Орта Азияның (Орал мен
Орталық Қазақстанның) мысты-қалайылы кен орындарын игеріп, металл
саудасына араласқанын дәлелдейді. Сібірлік осы қауым Тобыл және Есіл
бойымен ілгерілей отырып, Ұлытауға дейін жеткен.

Жезқазған - Ұлытау аймағында теңі жоқ тылсым табиғаттың
төл тумасы табиғат ескерткіштері көптеп ұшырасады. Тікелей таудың
баурайын аралап бір шығайық. Әулиетау, Шайтан көл, Бақатас, одан әрі
Тамды өзеніндегі каньон, Құркөлдегі құс базары, Жетіқоңыр оазисі, тағы
басқалар.

Республика Үкіметінің шешімімен 10 ескерткішке республикалық
дәрежедегі ескерткіш мәртебесі берілген. Олар Болған Ана кесенесі
(ХП-ХШғ.), Басқамыр қалашығы (IХ-ХІІғ.), Махат кесенесі (1923ж),
Аяққамыр кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.), Алаша хан кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.), Жошы
хан кесенесі (XIII ғ. 1-жартысы), Дүзен кесенесі (Шебер Еламан Сералы.
1863-1866 жж), Домбауыл салт-жоралғы құрылысы (VІІІ-IХ ғ.), Лабақ
кесенесі (XIX ғасыр), Кетебай кесенесі (1898 ж).

Осылардың ішіңде Алаша хан, Жошы хан кесенесінің бірін ЮНЕСКО-
ның әлемдік маңызды ескерткіштер тізіміне енгізу жөнінде ғылыми-зерттеу,
ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қазірден бастау қажет шығар.

Үлытау баурайында, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында 400-ге тарта
мәдениет, тарихи, сөулет ескерткіштері тізімге алынған. Олардың біразы
жауын, жел т.б. табиғат әсерімен бүлініп, күйреп, үйінді болып қалған.
Онда корсоқыр, надан адамдардың да тоғышарлық қолтаңбалары бар.
Ресей патшалық әкімшілігі Екатерина II патшайымның дәуірінен бастап
қазақ жеріңцегі ескерткіштерді мақсатты түрде қиратып жоюды жүргізді.
Мысалы, Сарысуға Кеңгір келіп қүятын Қаражар мүйісіндегі бекініс 1832
жылы генерал Броневскийдің бұйрығымен жер бетінен құртылып жібереді.
Бұл әрекеттің астарында ресейлік реакцияшыл топтар қазақтардың

отырықшылығын көрсететін белгілердің барлығын (ескерткіштер,
бекіністер, қыстаулар) құртып, оларды мәңгілік көшпенділерге
айналдыруды көкседі.

Тарих, мәдениет, сұңғат және табиғат ескерткіштерін қорғау, қалпына
келтіру, оларды қазақстандықтардың ұлтгық санасын жаңғыртуға, ұлттық
рух пен намысты оятуға пайдалану ізгілікті жауапты парызымыз болып
табылады. Осы орайда «Ұлытау» ұлттық республикалық тарих, мәдениет
және табиғат екерткіштерінің мұражай-қорығы, Жезді тау-кен және
балқыту ісі тарихы мұражайы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы
біраз жұмыстар жүргізіп жатыр. Әрине, оның ауқымы мен белсенділігі әлі
де ширатуды талап етеді. Сондай-ақ Ұлытау ауданында Ұлытау ұлттық
паркін құру - кешіктіруді көтермейтін, пісуі жеткен маңызды іс.

АКАДЕМИКТІ АЯҚТАНДЫРҒАН АЙМАҚ

Бүл бөлімді Қаныш Имантайұлының мына сөздерімен бастаған дұрыс
деп ойлаймын. «Менің өмірімнің ең жарқын жылдары (астын сызған мен
С.Қожамсейітов) Жезқазғанмен тығыз байланысты, осы ғажайып өңірде
жүргізген зерттеулерім, мені, қатардағы инженер-геологты академик
қылып шығарды. КСРО Жоғарғы Кеңесіне өздерінің өкілетті уәкілі етіп
мені жіберген жаңадан құрылған Жезқазған округі сайлаушылары екенін
сезіну мен үшін үлкен ғанибет», - деп ерекше жылы сезіммен, ағынан
жарылып, қүрметпен жазды ол.

Қарсақбай, Жезқазған геолог Қаныш Сәтбаев есімімен біртұтас
және бірінен бірін ажыратуға болмайды. Оның әріптесі, ғылым докторы,
профессор В.С.Коптев-Дворников ұлы ғалымның әлемге үш түрлі ұлы
игілікті - Жезқазғанды, Қазақстанның Ғылым Ақадемиясын, Геологиялық
Ғылымдар Институтын қалдырғанын атап көрсетгі.

Ғалымның шәкірті, геологтардың орта толқынының өкілі академик
Ш.Есенов 1969 жылы «Жыл артынан жыл өтер, уақыт керуені тоқтаусыз
ілгері аса берер. Қаныш Имантайұлының ардақты есімі болса, талай-талай
ұрпақтың жадында сақталар да, жатталар. Қазақ халқының ұлы перзентіне
деген махаббаты еш уақытта суымайды!...» деп тебірене жазған-ды.

Қаныш Имантайұлының өмірден озған, 1964 жылдан бері 50 жыл өтсе
де, оған деген халықтың сүйіспеншілігіне қылау түскен жоқ, қайта арта
түсті. 1990 жылы Жезқазғанмен қанаттас кеншілер қаласына Қ.Сәтбаевтың
аты берілді. Жезқазғанның орталық алаңына ұльі ғалымға сәтті жасалған
асқақ та әдемі монумент орнатылды. №7 мектеп-лицейге академиктің есімі
берілді және мұражайы есігін айқара ашты.

Жезқазған университетінің профессор-оқытушылар, студенттерінің
бастамасымен Қ.Сәтбаевтың туған күні 12 сәуір мыс қаласының
түрғындары асыға күтетін, жүрекке жақын, көңілге көктем ұялататын сүйікті
мерекелердің бірі болды деуге әбден жөні бар. Бұл күні жезқазғандықтар
академик атындағы алаңға жиналады, салтанатты митинг өтіп, гүлшоқтарын
қояды, арты әуезді әнге, күмбірлеген күйге жалғасады.

Халықтың осынша құрметі - есіл елдің ерен еңбегіне, текті азаматтың
адами қасиетіне, қалың шиырдан тура жол тапқан ғалымның ақыл-ойына
бағасы және алмастай жарыраған махаббаты.

Енді әңгімені алғашқы әрпінен бастағанды дұрыс болар деп ойлаймыз.
XIX ғасырда Қазақстанның экономикалық-географиялық
аудандарының ішінде табиғат байлықтарының молдығы жағынан ерекше
орын алатын Атбасар уезіне Ресей және шетел өнеркәсіп капиталы дендеп
еңді. Біздің Жезқазғаңда Тасқұдық мыс кеніші Атбасар орыс акционерлік
қоғамына, екінші бөлегі Атбасар мыс ошақтары акционерлік қоғамына
қарады. Екі кеніш іргелес, қойындасып, бір кісінің денесіндей біртұтас
жатыр. Тасқұдық кенішінің қожайындары баяу қимылдап, геологиялық
барлау жұмыстарын енді аяқтап жатқанда Жезқазған кенішіндегілер барлау
жұмысын кеніш құрылысымен қатар ширақ жүргізіп, жеті шахта кен
өндіруге сақадай сай тұрды.
Ағылшындар 1907-1915 жыддары Жезқазғанда 60 десятина аймақта
тереңдігі орта есеппен 60 қума метр 135 скважина бұрады. Табылған мыс
кені жоспарланған заводты 12 жыл шикізатпен камтамасыз ете алатын.
Кендегі мыс 10-13 пайыз болатын. Олар бұдан әрі геологиялық барлауды
жүргізу ақшаны ысырып ету деп ойлады.
Осымен қатар, Байқоңырдан тас көмір іздестірілді. Ағылшындарға
жанар тас жөнінде мәлімет берген жергілікті Бабас руынан шыққан
Жақып деген ақсақал екен. Шағын шаруашылығы бар кісі көрінеді. Мал
атаулыдан көкшолақ аты, бір бұзаулы сиыры, жеті-сегіз қой-ешкісі болған.
Ағылшындар көмір іздеп жүр деген қауесет құлағына жеткен Жақып кесек
жанар тасты шүберекке орап, жер қазып жүрген орыстарға береді. Көп
ұзамай ағылшындардың біреуі қасына шала-пұла қазақ тілін білетін орыс
мұжығын ертіп, оны әдиілеп іздеп келеді. Жақаң кездескен күні оларды
Байқоңыр өзеніне ертіп барып, «жанатын» тастардың үстінен түсірген.
Қазақ даласынан дүние іздеген шетелдіктер олжасыз болған жоқ. Өздеріне
алған шағын участоктан 92320400 пұт көмір табылды. Үлкенді-кішілі 7
шахтада көмір өндіретіндей жағдай жасалды.
Томск политехникалық Институтының түлегі 27 жастағы инженер-
геолог Қаныш Сөтбаев Қазақ өлкелік автономиялық республикасы
басшыларының батасымен «Атбасцветмет» тресінің бас геологы, басқарма
мүшесі болып тағайықдалғанда мысты өлке қазынасын көзден таса
құшағына алып жатқанды. Ол алғашқы үш жыл бойы Жезқазған, Өспен
және басқа мыс кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізіп, қыста

Москвада «Атбасцветмет» тресі басқармасының жанында зерттеу және
жүйелеу жұмыстарымен шұғылданды1.

Ол жылдары КСРО-да бір ғана геологиялық барлау мекемесі
Геологиялық комитеті (геолком) болатын, оның өзі Ленинградта орналасқан
және қарауында азғана геологтар мен бұрғылаушылар бар еді. Алғашқы
жылдары «Атбасцветмет» тресімен жасалған келісім-шартқа,. сәйкес
Жезқазғанда геологиялық барлау жұмыстары Геолком күшімен атқарылды.
Барлау жұмысының қарқыны тасбақаның қадамынан төмен болды, 1927
жылы бір бұрғы станогы, 1928 жылы 2 станок тек жазда ғана жұмыс істеді.

Қаныш Сәтбаев 1952 жылы 20 қаңтарда КПСС Орталық Комитетінің
Бас секретары И.В.Сталиннің атына жазған хатында сол шақты былай
көрсетті: «Результаты своих геологических наблюдений я уже в 1927 году
представил в виде обоснованной докладной записки в Правительство
Казахстана и вГлавметаллВСНХСССР...я пытался доказать тогда, что
Джезказган является одной из крупных по потенциальным запасам недр
медных провинций мира, далеко превосходящей все медно-рудные районы
СССР».

Қ.И.Сәтбаевтің терең білімі, саралау қабілеті, ішкі түйсігі, нақты
корытындылары замандастары үшін Жюль-Верннен асып түсетін. Міне,

1 Басқарма мүшесі Қ. И. Сәтбаевтың міндеттері туралы

«Атбасартүстіметалдар» тресі басқармасы мәжілісінің №7/54

ХАТТАМАСЫ

1927 жыл 8 ақпан

Қатысқандар: Басқарма төрағасы К. И. Бронзос,

Басқарма мүшелері: Л. И. Игнатьев, Қ. И. Сәтбаев,

Заңгер-кеңесші Н. А. Изразцов.

Төраға: К. И. Бронзос

Хатшы: Н. А. Изразцов.

Тыңдалды:

Басқарма мүшесі Қ И. Сәтбаевтың шұғылданатын жұмыс көлемін анықтау

Қаулы етеді:

Қ. И. Сөтбаевқа а) тау-кен және геология мәселелерінің техникалық жағына,

ә) еңбек экономикасы мен қазақ жұмысшыларының тұрмысына қатысты мәселелер,

олардың мамандығын, жалпы және кәсіптік-техникалық оқытуға және т.б. басшылық ету

жүктелсін.

Басқарма төрағасы: К.И.Бронзос

Басқарма мүшелері: Л.И.Игнатьев, Қ.И.Сәтбаев.

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, к-2057, т-3, іс 3 1 , бет-1.

қараңыз. 1927 жылы «Жезқазған аймағы кен байлығының бәйгесінде
келешекте Орал түгіл Америкадағы атақты мыс кеніштерінің бір
қыдырауынан озып шығуы болымды нәрсе» деп атап көрсетті. 1928 жылы
ол Жезқазғанның жер астындағы мыс қоры кем есептегенде 1 миллион
тонна металл болады деп жазды. Осы Жезқазған мыс кенінің негізінде
бірінші бесжылдықта Одақтағы ең ірі жылдық қуаты 30-40 мың тонна мыс
балқытатын комбинат салуды ұсынды. Осы жылдары жобаланып, құрылысы
жедел жүріп жатқан Богомоловский мыс комбинатының өңдірістік қуаты
небәрі алты мың тонна мыс еді.

Дәл осы тұста Жезқазғанды зерттеушілердің бірі геолкомитеттің
басшысы профессор Катульский ағылшындар тапқан мысты қосып,
«көтеріп айтқанда осы күнге дейін белгілі металл қоры екі есе өсуі ықтимал»
деп ойын аз сөзбен жария етті.

Оның жағында басқа да себептер бар еді.
Білікті барлау мамандары жоқ. Тұрмыс жағдайы өте ауыр. Бұрғылау
техникасын басқа жақтан әкелуге тура келеді.
Шиеленісті тарқатуға ВСНХ-ның кен-металлургия секторының
шамасы келмеді. Арада біршама уақыт өткен соң әңгімеге Қазақстан
Үкіметі араласты. Бұл болса әңгіме төркінін жаңа бағытқа бұрған.
Жезқазған тек Қарсақбай заводының, оның шағын геологиялық
бөлімінің мүдделі кен орыны емес, ол бүкіл Қазақстан зор үмітпен қарап
отырған кен ауданы. Сондықтан автономиялық республиканың өкілдігінің
жәрдемімен Қ.Сәтбаев КСРО Мемлекеттік Жоспарлау комитетінің
төрағасы академик Г. М. Кржижановскийдің қабылдауында болды.
Сонау Ұлытаудан келген геологтың суы аз, салмағы ауыр, ғылыми
негізделген, дәлелді әңгімесі кеңес мемлекетінің көрнекті қайраткерін
бірден иландырды.
Жөнсіз сөзді тоқтатып, кен барлауды жезқазғандықтардың өзіне
жүктеуге нұсқау берді. Жезқазғандағы кен-барлау жұмыстарының
бесжылдық жоспары Қ.Сәтбаевтың вариантында қабылданды, ол 1930
жылы бұрғылау станоктарының санын 15-ке, ал одан кейінгі жылда 20-ға
жеткізуді көздеді.
1929 жылы ақпанда «Атбасцветмет» тресінің басқармасы алқалық
басқару түрі ретінде таратылды. Оның орнына жеке басқару жүйесі

енгізілді. Трест басқармасының жұмыс орыны Қарсақбай комбинаты деп
белгіленді.

Көп ұзамай Қарсақбай мыс комбинаты мен «Атбасартүстіметаддар»
тресі біріктіріліп, Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты қүрылды. Трестің
басшьшары, инженер-техниктері жартылай шөлейт арқаға көшуге келгенде
әртүрлі сылтау айтып, қиян далаға барудан бас тартып, Москвада қалып
қойды. Ал, Қаныш Имантайүлы ысылған маман, әрі масштабы үлкенірек,
болашағы бар кадр ретінде одақтың және республиканың астаналарынан
айлығы көп, жұмысы жанға жайлы қызмет үсынылса да Қарсақбайды
қалады. Ол 1929 жылғы 29 сәуірде Қарсақбай комбинатының геологиялық
барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Комбинаттың геологиялық болімі Қазақстандағы осы тектес
кәсіпорынның алғашқысы еді. Ол трестегі сияқты өзінің дербес ұйымдық
құрылымын сақтады. Тағы бір мұның ерекшілігі оның жұмыс істеу тәсілінің
түпқазығы геологиялық барлау жұмыстарын кешенді жүргізді. Геологтар
мыс та, флюстер де, құрылыс материалдарын да, технологиялық және ауыз
су да іздеді, көмір, темір, алтынның, басқа металдардың қорын тапты.

Қаныш Сәтбаевтың осы аймаққа алғашқы келісін бұрынғы кіреші,
керуен артелінің жетекшісі Шенеу Далабаев былай суреттеген:

«Қанышты мен алғаш рет Жосалыда, кіре қағазын алайын деп кеңсеге
барғанда көрдім. Бейтаныс қазақ жігіті сыпайы амандасты да керуеніме
сұранды. Тегін адам емесін киімінен танып тұрдым. Сөйтсе де қазақтың
қытымырлығына салып:

— Біздің жақтан не жоғалтып жүрсің, шырақ? - деп тиісе тіл қаттым.
— Жүмыс бабымен, отағасы. Москвадан келеміз.
— Неше айға?
— Сірө, біржола, жолсерікке аласыз ба? - деп жымиды тағы да.
— Аламын, тек орта жолдан қашып кетпесең. Ондай серілерден де
құр емеспіз, құдайға шүкір. Маманбыз деп қалпақтарын шекесіне көтере
киіп кісімсіп келе жатады... Сосын бір күн іздесең - өзі түгілі ізін де таппай
қаласың. Біреудің қалпағы біздің үйде былтырдан жатыр...»6
Сол жас инженер-геолог Қаныш Имантайүлы Жезқазған-Ұлытау
өңірін бір шарлап шығып, шаршаса да шабытты оралды. Қарсақбай -
Үлкен Жезқазғанға апаратын сара жолдың бір баспалдағы ғана, - деді ол.

«Цветные металлы» журналының 1932 жылғы №9 санында жарияланған
«Ресурсы Жезказганского района» атты мақаласында Үлкен Жезқазған
ұғымын тұңғыш қолданды.

Арқадағы ел аузында Қарсақбай комбинаты Қаныш жүрегіне берік
ұялаған «Үлкен Жезқазған» деген қанатты сөзбен әрдайым қатар айтылып
жүретін болды. «Үлкен Жезқазған» ұғымы оны үнемі жанқиярлық еңбекке,
жеңіліп беріспеске, қажырлы күреске бастады. Үлкен Жезқазғанның нұрлы
келешегін меңзеген Қаныш Сәтбаевтың ғылыми болжамы Жезқазғанның
қазыналы жеріне бірінші бұрғы салған Қарсақбай кен барлау бөлімі
ұжымының, бүкіл аймақ тұрғындарының да ой-санасын төңқеріп тастады.

Қарсақбайға келген комбинаттың жаңадан құрылған геологиялық
барлау бөлімінің бастығы бірінші кезекте аудан тұрғындарының есебінен
барлау кадрларын дайындауға кірісті. Комбинат жұмыс істеп жатқан
және болашағы аса зор индустриялық кәсіпорын еді. Оған Ақмола және
Петропавловск облыстарынан бұрынғы батрактар, таяу аймақтағы
шаруалар ағылып келіп жатты. Міне осылардың ішінен мысты өлкенің
геологиялық барлау қызметінің пионерлері тандалып алынды. Оларды
оқытуға инженерлер, техниктер, Москва төңірегінен уақытша арнайы
шақырылған бұрғылаушы шеберлер, Москва тау-кен академиясының
студенттері тартылды.

Бүрғылаушы бригадалардың құрамы екі есе көбейтілді, олардың тең
жартысы жергілікті жастардан дайындалған жұмысшы-практиктер болды.
Сондықтан да сауатсыздықты жою, шала сауаттылар үйірмесінен бастап,
бұрғылаушы шеберлер, коллекторлар, лаборанттар, жөндеушілер, басқа
да мамандық иелерін дайындау өте игілікті нәтижелер берді. Жергілікті
тұрғындар жаңа өндірістік мамандықтарды шын ықыласпен және табанды
меңгерді. Бұрғылаушы шеберлер қызметін майлы ішектей айналдырған,
геологиялық барлау ісінің тұтқасын сенімді ұстаған, Үлкен Жезқазған
үшін айқаста жеңістер қызығын бірге тойлап, қиындықтар мен шегінген
уақыттарда ащының дәмін бірге татқан Қ.Сәтбаевтың достары көп болды.

Қаныш Сәтбаев Жезқазған бұрғылау партиясының бастығы Александр
Дмитриевич Никитин жайлы өте жылы лебізбен жазады. Ол жұмысты аға
бұрғылау жұмыскері ретінде бастап, өндірістен қол үзбей бұрғышылар
курсында жанын салып оқыды. Шаруасы оңынан дөңгеленді. Әуелі ауысым

шебері болып тағайындалды, іле аға бұрғылау шеберлігіне көтерілді, ал
1933 жылдан Жезқазғандағы бұрғылау партиясы бастығының тізгінін
қолына алған. Өзінің бұрғылау ісіне берілгендігімен, тапқырлығымен және
кісіге жақындығымен мысты өңірде бұрғылау ісін жолға қойған.

Отызыншы жылдардың өзінде Саид Нагимович Сейфуллинның есімі
бөлімнің байырғы еңбекшілері қатарында айтылып жүрді. Москва тау-кен
академиясының шәкірті 1929 жылы мамырдан күз түскенше Байқоңыр
партиясыңда коллектор болып істеді, сол жылы күзде Жезқазғанға аға
коллектор болып ауыстырылды. 1930 жылы Болаттам геологиялық-
барлау партиясының бастығы болып тағайындалып, алдына қойылған
заводты жергілікті пиритпен қамтамасыз ету міндетін ойдағыдай шешті.
Бір маусымда 100 мың тонна пирит тапты жөне ол сапасы жағынан
бұрын пайдаланып жүрген Орал пириттерінен асып түсті. Тек 1931 жылы
Москваға оралып, 1932 жылы көктемде геологиялық-барлау институтында
оқуын аяқтады. Ол сүйген Жезқазғанына қайта оралды.

Қарсақбай комбинатының геологиялық-барлау бөлімінде
Г.И.Бабаилов 1929 жылы алғашқыда аға бұрғылау шебері, сосын
Жезқазған бұрғылау партиясының техникалық жетекшісі болып
нәтижелі еңбек етті. Ол Курск магнит аномалиясында барлау ісімен
шұғылданған швед инженері Требуштың оқушысы еді. Өзінің практикалык
тәжірибесін, білімін Жезқазғанда бұрғылау ісін жаңа дәрежеге көтеруге
кеңінен пайдаланды. Жезқазғандағы бұрғышылар сол кезде түгелдей
Г.И. Бабаиловтың өндіріс мектебінен өтті.

Г.И.Бабаиловтың белгілі оқушыларының бірі Халық Темірбаев
болатын. Олардың ағайындары Кеңгір бойында азын-аулақ мал бағып,
егін салып, өнімімен жан асыраған адамдар еді. 1923 жылы салған егін
шыкпай қалды. Күнкеріске үміті қалмағандар ауа көшіп, Сорқүдыққа
келіп, солардың бірі жас жігіт 1930 жылы 15 мамырда геологиялық-
барлау партиясына кіші жұмыскер болып жұмысқа орналасты. Жұмыстың
қыры-сырын үзбей үйренді. Отызыншы жылдардың қысында кәнігі орыс
жұмысшылары еліне қайта бастағанда Қ.Сәтбаевтың ақылымен олардың іс-
әрекетін қадағалап жүрген қазақ жұмысшылары бір-бір станоққа ие болып
тұра қалды. Соның бірі Халық Темірбаев тереңдетіп бұрғылау станогына
аға шебердің міндетін атқаруға кірісті.

Ал, Егізек Байсалбаев комбинаттың геологиялық бөлімі ашылғанда
кіші жұмыскер болып еңбек етті. Жұмыс процессінде білімі толығып,
біліктілігі артты, шынығып шыңдалды. Отызыншы жылдары Жезқазғанда
даңқы асқан аға бұрғылау шеберлерінің бірі болды. Ол пайдаланудан қалған
алмаз ұнтақтары мен қиыршықтарын (салмағы 0,1-0,2 карат) бұрғылауға
ұқсатуды өңдіріске енгізген жаңашылардың қатарынан табылды. Сөйтіп,
Оралдағы комбинаттар мен Жезқазғанның қажетін өтеген алмаз ұнтақтар
геология-барлау бөліміне жеткізіліп беріліп, оны пайдалану еңбек
өнімділігін арттырудың үлкен мүмкіндігін ашты.

Бұрғылаудың аға шебері Есілбай Бекенесов басқа қырынан көрінді.
1936 жылы «Жер қойнауын барлау» деген журналда Донбасста кенді ірі
зарядтармен бұрғылау әдісі турасында кішкене хабар басылды. Осы әдісті
Е.Бекенесов басқаратын бұрғышылар қауымы тұңғыш рет қолданьп,
тәжірибе жұмыстарын жүргізді. Кейін оны барлық бұрғы станоктары
қолданысқа қабылдады, бұрғылау жұмысында еңбек өнімділігін 25 пайыз
арттыруға мүмкіндік тудырылды.

Кен барлаушылар арасынан ең бірінші «Еңбектегі ерлігі үшін»
медальмен марапатталған Мырзабек Тұңғышбаев геологиялық-барлау
конторына 1932 жылы 17 маусымда кіші жұмыскер болып кірген
болатын. Білімі шала, мамандығы жоқ еді. Бірақ, талапты, іздемпаз жас
тез бұрғылаушы шебер дәрежесіне ие болды. 1938 жылы ол №8 бұрғылау
станогының аға бұрғылаушы шеберлігіне жоғарлатылды. Содан бері жұмыс
тапсырмасын ай сайын 200 пайызға дейін орындап жүрді.

ҚанышИмантайұлының жұбайы геолог ТаисаАлексеевнаКошкинаның
еңбегі ерекше бөліп айтуға болады. Ол комбинаттың геологиялық-барлау
бөлімінде 1929 жылдан еңбек етті. Әуелі камералдық материалды өндеп
зерттеумен шұғылданды, 1932 жылдан геолог-минерограф ретінде 5000
астам шлифтерді микроскоппен қарап шықты. Жезқазған мен Жезқазған
ауданының кен орындарындағы кендердің материалдық құрамы жайлы бай
материал жинады. Т.А.Кошкина Жезқазған кеніндегі марказит, теннантит
және басқа материалдардың бар екенін тұңғыш анықтады.

» Жезқазғанның тағдырымен біте-қайнасып, өзін бірге санап, келешегі
үшін күрескендер арасында Дүзен Үншібаевты, Ахмедия Төлекбаевты,
Өтепберген Битабаровты, Тимофей Зверинцевты, Қожамсейіт Батырбаевты,

Павел Васильевич Прокофьевты, С.А.Рожновты, Әлжаппар Сүлейменовты,

С.Сағындыковты, тағы басқаларды атауға болады.

Алғашқы сәттен геологиялық бұрғылау ісін рационализациялауға

және арзандатуға инженер-техниктердің, геологтардың, маңдайалды

жұмысшылардың күш-жігері бағытталды. Станоктарға су

автомашиналармен тасыла бастады, бұрғылау станоктарына ағаш қостар

емес, киіз үйлердің пайдаланылуы шығындарды, көш-қонға кететін уақыты

3 пайызға азайтты.

Двигатель астына төселетін ағаш тақтайларды жұмыс басында

дайындалатын цемент плиталар алмастырды. 100 метр тереңге бұрғы

салу үшін тәжірибе ретінде алмас үгінділері қолданылса, бірте-бірте оны

көпшілік бұрғышылар игеріп алды. Геология барлау бөлімі өз автогаражын,

мииникалық цехын, жөндеу участоктарын, тағы басқа өндіріске қажетті

қызмет түрлерін қалыптастырды. Ғылыми-зерттеу буындары өндіріске

жақындатылды. Химиялық, минералографиялық, метрографиялық

лабораториялар, геологиялық материалдарды микроскоппен талдауға аса

қажетті шлифтер дайындайтын шеберхана ашылды.

«К.Сәтбаевтың мектебін бітірдім», -
дейді құрылыс ардагері Асқар Шынтөрінов

Қаныш аға халқының, партияның адал ұлы екеніне, заманының
үлкен ғалымдарының бірі екеніне ешкімнің дауы жоқ болар. Ал
енді, осы қасиеттерімен бірге ол кісінің парасаты мол, ақыл-ойы
кең, кішіпейіл, адамға деген қамқорлығын еске алсақ, ол кісінің аса
қадірменді аға екені сөзсіз.

Мен жасым 60-қа айналған, Жезқазған қаласының байырғы,
яғни 1928 жылдан бергі тұрғындарының бірімін. Қ а н ы ш ағаймен көп
кездесіп, әңгіме кеңестерін тыңдап, қолынан дәм де таттым. Ол кісінің
адамгершілігінің бір өзгешелігі сол, адаммен жас, кәрі не болмаса
жұмыскер, иә қызметкер деп қарамай барлығымен бір қалыпта,
жайдары көңілмен әңгімелесіп, амаңдасар еді. Халықтың сүйікті ұлы
Қаныштай ағаны орынды сөзбен суреттеп мақтау менің қолымнан
келмейтін іс. Сондықтан өз басыма байланысты бар болғаны бір-екі
жағдайды айтып берейін. 1929 ж ы л д ы ң басталғанына к ө п болған ж о қ .
Бір күні кластан мені, Тұңғышбаев Рахымбек пен Қожабеков Мұратты
мектептің директоры шақырып жатыр дегенсін келсек, кабинетте
директорымыз Малый, оқу ісін басқарушы Асанов Жүсіп, тағы бізге
бейтаныс шашын қайырып, галстук байлаған бір қазақ жігіті отыр
екен. Ол кезде Жезқазған руднигінде бары бір мектеп, онда орыс-қазақ
балалары аралас о қ и т ы н . Малый жолдас әлгі бейтаныс кісімен бізді
таныстырып, ол кісінің мектепке Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың
арнаулы жіберген уәкілі екенін айтты. Қателеспесем Алтайбаев Оспан
болу керек, есеп қызметкері екен, кейін бізге сабақ та берді. Сол
кездегі қазақ арасынан сирек кездесетін нәрселер: жақсы киіну, шаш
қойып, галстук тағу бұл кісіде түгел табылды. Соған қарағанда үлкен
бастық болар деп ойлағанбыз. Ол кезде өндіріс орындарында, әсіресе
жұмыскерлермен есеп-қисап айыру орындарында (бухгалтерияда)
іс ана тілінде, яғни қазақша жүргізілетін. Жасыратыны жоқ ол кезде
жұмыскердің көпшілігі қазақ, олар орыс тілін қойып өз тілдерінде
сауатын жаңа ашып келе жатқан кез болатын. Ал орыс жолдастарды
алатын болсақ, олар қазақ тілінде түсінбейтін. И ә , сол кезде қазақ

тілін аздап болса да үйреніп білгені үшін орыс қызметкерлеріне
жылдық жалақысына 1 0 % мөлшерінде қосымша ақша төленетін
еді. Контор қызметтерінде қазақ жігіттері жоқтың есебінде болатын.
Сол жылдары Рудникте шахтерлерден гөрі кен байлығын барлау-
зерттеу жұмысындағы жұмыскерлер көп болатын. Қаныш ағай қазақ
жігіттерінен есеп қызметкерлерін дайындауға шешім алып, алты
айлық курс ашатын болды. Міне, енді сол курста оқу үшін аздап
та болса орыс тілінен хабары бар адамдар іздестіріп, мүмкін болса
мектептен бірнеше бала беруді сұрапты. Манағы бейтаныс жігіт осы
шаруамен келіп отыр екен.

Ал енді ол кездегі біздің білетін орысшамыздың жайы тек
қана аздап ауызша сөйлеу ғана еді. Айтқан сөзіміздің мағынасын
еркін түсіне білмеуші едік. Менің осы он-он бес ауыз орысша сөзді
үйренуімнің өзінше тарихы болатын. Ол өзінше бір әңгіме. Сәті түссе
оны да жазармын.

Көп ұзамай Қаныш ағайдың тікелей басшылығымен ашылған
курста оқи бастадық. Үлкеніміз-кішіміз бар курста 40-50 адам оқимыз.
Оқушылардың алды 40-45 жаста. Ең жасы біздер 14-15 жастамыз.
Айына 60 сом ақша, 8 килограмм ұн береді. Сабақ орыс тілінде өтіледі.
Бізге переводчик болып Жаманбаланың Тұрсынбегі деген кісі істеді.
Жас шамасы 50-ге келіп қалған бұл кісі де көп оқыған адам емес екен.
Бірақта Атбасар қаласында көп жылдар бойы орыс тілін, әсіресе ауыз
сөзін жақсы үйренген екен.

Сонымен курсты аяқтап, Рахымбек екеуіміз «конторщик» деген
мамандық алып, 1930 жылдың жазында Қияқты өзенінің бойында
көмір қорын іздеп жатқан ГРП-нің бөлімшесіне қызметке келіп те
қалдық. Әрине, бұл курстан жоғары, орта білім алғанымыз жоқ.
Бірақ та бұл курста оқығанымыздың біздің болашақ өмірімізге, еңбек
майданына ерте араласуымызға, өмірден сабақ алып, үйренуімізге көп
әссрі тигені сөзсіз. Сондықтан да менің Сәтбаевтің мектебін бітірдім
деп мақтануымның себебі осында.

Қаныш ағаның осы қысқы мерзімді курсынан тәлім-тәрбие алып
шыққан жігіттердің көпшілігі кейінде жақсы қызметкер болып, әркім
әлінше Отанға пайдасын тигізіп, адал өмір сүріп жүргені мәлім. Көп
жылдар бойына мұғалім болып Қожабеков Мұрат, 30 жылдан астам

жоспарлау бөлімінде істеп, кейінгі біраз жылдарда оның бастығы
болған марқұм Тұнғышбаев Рақымбек, тағы басқалар бар. Міне
адамға деген мың алуан қамқорлығының тек бір ғана жайын сөз
етіп отырмыз. Ал егер Жезқазған, Ұлытау, Қарсақбай мен Байқоңыр
аймағының тұрғыңдарын түгел сөйлетсек, Қаныш ағай туралы көп
жылдар бойына таусылмас әңгіме айтуға болар еді.

1934 жылдың жазы. Досым Әбей Бегаев екеуіміз рудникте горный
цехта істейміз. Мен табельшик, Әбей хронометражист. Екеуіміздің
де айлық-жалақымыз сол кездегі ақшамен 60 сом мөлшерінде.
Жалақыны азсынып, айлығы молдау басқа бір жерге ауыссақ деген
ойымыз барды.

Бір күні Қарсақбайдан Қаныш келгенін естіп Әбей екеуіміз
арызбен алдына келіп, шаруа-жағдайымызды айттық. Бізді әбден
тыңдап болғаннан кейін семья жағдайымызды айттық. Өздеріңнен
басқа семьяларыңда кімдер жұмыс істейді, рудникте кімдерің бар, туыс-
туғандарың ауылда ма, кайда, кешегі 1932-1933 жылғы күйзелістен
қалай, аман шықты ма деген жағдайларды түгел сұрады. Біз болсақ
өзіміздің ата-ана, туыс туғандарымыздың 1932-1933 жылдары бастан
кешкен қиындықтарын, халыққа оңай болмағанын білгенімізше
айтып бердік. Сол бір жылдары болған қиыншылық халыққа оңай
соқпағаны мәлім ғой. 1932 жылдың күз бен қыс айларында аштықтың
әсерімен араласқан науқастан менің екі інім, екі қарындасым қайтыс
болды. Әбей әке-шешесінен ерте айрылған жетім еді. Ағайындарының
қолында өскенін айтып, баяңдап берді. Тағы да бізді тыңдап болғаннан
кейін, ойланып біраз отырып, сонан кейін былай деді; «Балалар,
мен сендерге жұмыс тауып берем ғой, ал біздің жұмысымыз сыртта,
рудниктен алыста екенін білесіңдер. Олай болса менің сендерге берер
ақыл-кеңесім мынау: осы жұмыстарыңда істей беріңдер, істей жүріп
оқитын болыңдар және бір мамандыққа үйреніп, оны жақсы біліп
істеуге тырысыңдар, ақшаға қызықпай, маман болуға қызығыңдар»
деді. Екінші бір айтарым: қазақта мынадай бір мақал бар «алыстан
арбалағанша, жақыннан дорбала» деген. Сендер сыртқа барып 20-30
сом артық жалақы тапқанмен оның берекесі үйінде отырып алған аз
ақшаңнан пайдалы болмайды деді.

Міне, Қаныш ағанын адал ақыл кеңесі мен біздің болашағымыз
туралы айтқан қамқорлық сөзі әлі естен шықпай келеді. Осы ақылдың
әсері тиген болар, мен Рудникте 16 жыл істеп, құрылысқа ауыстым.
Ал Әбей марқұм барлық өмірін рудникте, кейін комбинаттың
системасында өткізді.

Қаныштай дана ағайдың жарқын жүзі мен бейнесі, ақылы мен
кеңесі менің жүрегімде мәңгілік сақталмақ. Ол кісіден үйренген
өнегеміз бен білгенімізді, өмірден алған азды-көпті тәжірибені жас
ұрпақтарға айтып, әңгіме кеңес құруға, әрдайым жалықпай ортаға
салуға эзірмін..

Жезқазған бұрғылау партиясында бесжылдық тапсырманы асыра
орындаған еңбек озаттарына тегін түстік тағам талондары берілді.
Сақырлаған болыскей самауырды ортаға алып, кең отырып әртүрлі
ұлт өкілдері әңгіме-дүкен құратын. Көркем өнерпаздардың думанды
қыздыртқан интернационалдық ойын-сауықтары әсерлі шығып жүрді.
Көпшілік-тәрбие жұмысының ұйтқысы және жанға жақын жақсы істердің
бастамашысы геолог Қаныш Сәтбаевтың өзі болды.

1933 жылы Жезқазғанның геологиялық барлаушыларының қатарында
700-ден астам кісі еңбек етті.

Сөйтіп, 1929 жылдың өзінде 4 бұрғы станогы жазғы маусымда ғана
емес. жьш бойына тоқтаусыз жұмыс істесе, 1930 жылы - 10 станок, 1931
жылы - 15, 1932 жылы - 20 станок жұмыс істеді. Комбинаттың отын көзі
Байқоңыр және Қияқтыда көмір корын барлауға 7 бұрғылау станоктары
пайдаланылды.

Одан әрі 2 жыл ішінде немесе 1931 жылдың аяғына қарай
Жезказғанның кендегі мыс қоры 2 млн, ал 1934 жылы 3 млн тоннадан асты.
Оны корлар жөніндегі КСРО Орталық Мемлекеттік Комиссиясы бекітті.
Мыс қоры жағынан Жезқазған КСРО-да бірінші орын алуымен қатар оның
мыс кенін өңдеудің қарапайымдылығына және балқытылатын мыстың
арзандығына ғалымдардың көзі жеткендей болған еді.

Алайда 1933 жылы Жезқазған кен барлаушыларының басына тағы
қара бұлт үйірілді, қызу еңбегі су сепкендей басылды, осы мақсатқа
күрделі қаржы бірнеше есе аз бөлінді. Өкінішке қарай 1934 жылы да өзгеріс

болмады. Қаныш Имантайұлы геологтардың қызметін басқаларға ұсынды.
«Золоторазведка» тресі алтын қорын, ГГРУ-дің көмір институты Қияқты
көмір ошағын, «Лаксырье» тресінен сыр жасау үшін Жезқазғанның тотыққан
мыс кенін барлауға тапсырыстар алды. Осылар және «Главцветметтің»
бөлген 300-400 мың сомы барлау бөлімінің білікті және іске жауапты
бөлегін, негізгі материалдық-техникалық базасын сақтап қалуға мүмкіндік
берді. Сол сындарлы сәтте Қаныш Сәтбаевтың жанынан табылған, тірек
болған бірқатар азаматтардың есімін жоғарыда атадық.

Жезқазғанның геологиялық барлау қызметінің жұлдызы 1934
жылы 10-15 қараша күндері КСРО Ғылым академиясы Қазақстандық
базасының ғылыми сессиясынан кейін қайта жанды. Онда Үлкен Алтай
мен Үлкен Жезқазғанның өндіріс күштерін дамыту туралы мәселе қаралды.
Үлкен Жезқазғанға байланысты негізгі баяндаманы Қаныш Сөтбаев,
Жезқазғанның кендік және структуралық аймақтары туралы Қарсақбай
комбинатының аудандық геологы Сергей Бөкейханов, Жезқазған кенін
қорыту тәжірбиесі жөнінде Қарсақбай комбинатының бас инженері
Иван Стригин баяндамалар жасады. Пайдалы қазбалар секциясының
отырысы академик В.А.Обручевтың қатысуымен өтті. Оған академик
А.П.Архангельский төрағалық етті. Мәжілісте 250-ден астам адам мінбеге
көтерілді.

Сессия соңғы күні қабылдаған қаулысында Жезқазған кенінін
орасан мол қорын игеруге Қарсақбай заводы мүлдем жарамсыз, сол
себепте еліміздің мысқа ділгірлігін тезарада қанағаттандыру үшін үшінші
бесжылдықта Үлкен Жезқазған мыс қорыту комбинатын тыңнан салу
керек деп қадап көрсетті. Осы бір құжатта Жезқазғанның болашағын
түпкілікті шешуге арналған бір ұсыныс бар еді. «Бұл ауданды тезірек игеру
үшін, - деп жазылған онда, - Жезқазған-Балқаш-Қарағанды темір жолын
салу керек». Сайып келгенде КСРО Ғылым Академиясы Қазақстандық
базасының сессиясы жезқазғандықтардың ойынан асып түсті, кептеген
мәселелердің алдын орап, нақты ғылыми шешімін берді. Ғылыми сессияда
сарапқа түскен Жезқазғанның ситуациялық картасы жарияланды, оның сіз
бен біз үшін әлі актуальділігі кеміген жоқ.

Жезқазған мыс кенімен жұмыс істейтін завод қайда салынуы керек?
Ғалымдар бұл сұраққа да жауап берді. Өйткені, Москваның ұсынуымен
ВК(б)П қазақ өлкелік комитеті 1930 жылғы 25-26 қарашада қабылдаған

қаулысында оны Нұраның басында салу керек деген байламға келген.
Теміржол да осы жерден басталып Жезқазғанға жеткізілмек еді.

Ғылым Академиясының қаулысы қолына тиген соң Қаныш Сәтбаев
КСРО Ауыр өнеркөсіп Халық комиссары Серго Орджоникидзенің
қабылдауына болудың мүмкіндігін қарады. Москва тау-кен академиясының
профессоры В.А.Ванюковтың арағайындық етуімен мұның қисыны
1934 жылдың 31 желтоқсаны күні кешкі сағат 8-ге түсті. Нарком Үлкен
Жезқазған мәселесі бойынша оң пікір білдірді. Енді «Главцветметтегі»
Жезқазғанда геологиялық барлау жұмысын қаржыландыруды тоқтатамыз
дегеңдердің жағы қарысты. 1935 жылға Қаныш Имантайұлы сұраған
қаржы толық көлемінде бөлінді.

1935 жылдың қаңтарында Серго Орджоникидзе ВКП (б) Орталық
Комитетіне «Жезқазған мыс кенін жеделдету қажеттігі туралы» ой
пікірлерін жолдады.

ВЦИК-тің кезекті сессиясыңда (1935 жылғы наурыз) Серго
Орджоникидзе «...жуық арада біз Үлкен Жезқазған комбинатының
құрылысын бастаймыз. Онда қуаты орасан зор мыс көмбелері бар. Бұл
кендер Орталық Қазақстанның қиян шетінде, темір жолдан шалғай
орналасқан. Сондықтан да Қарағандыдан Жезқазғанға тартылатын
теміржол құрылысын барынша жеделдете жүргізу керек...» деп мелімдеген
еді.

Ауыр өнеркәсіп командиры 1936 жылғы 25 наурызда Жезқазған мыс
қорыту комбинатының құрылысын бастау туралы бұйрыққа қол қойды.
Болашақ мыс комбинатының жылдық қуаты 200 мың тонна мыс деп
белгіленді. Бұл сол кезде бүкіл жер шарында өндірілетін мыстың сегізден
бір бөлігі еді. Бұл цифр орасан зор істің бетін ашып тұр. Үлкен Жезқазған
толық пайдалануға қосылғанда Европаның (КСРО-ны қоспағанда) барлық
заводтары 1935 жылы балқытқан мыстан 32,5% артық металл береді
екен. Немесе комбинаттың жылдық дайын өнімі 1935 жылы Америкада
өндірілген мыстың жартысынан асып түседі, ол қуаты жағынан осы
континенттердегі ірі мыс балқытатын кәсіпорыңдардың бәрін артқа
калдырады.

Үлкен Жезқазғанның өндіріс буындары жайлы Қ.Сәтбаев
жалпы халыққа үғынықты тілмен, кісінің санасын билерлік әсерлі,
жұмылдырушылық күші бар мақалаларды аудандық газеттерде жиі
жариялап тұрды.

Мәселен, кеніштер он екі айда 14,6 млн. тонна мыс кенін өндіреді.
Бұл еліміз кара металлургиясының алыбы Магнитогоркіге беретін темір
рудасынан 1,5-2 есе асып түсетін-ді. Күн сайын байыту фабрикасына 45000
тонна (Қарсақбай байыту фабрикасының тәуліктің куаты 550-600 тонна)
мыс кені жөнелтіліп отырады.

Болашақ байыту фабрикасы ғимаратының көлемі 1 млн. 120 мың
текше метр. Жыл сайын құрамында 25-30% мыс бар 853 мың тонна
концентрат өңдеп шығарады. Көрнекілік үшін байыту фабрикасының
тек үгітіп, ұсақтау бөлімшесіне болат шарлар күн сайын салмағының 65
тоннасын жоғалтатынын айтсақ та жеткілікті.

Жылу-электр орталығында жалпы қуаты 200000 квт төрт
турбогенератор орнатылады.

1936 жылы комбинат салынатын жерде іздестіру, зерттеу және
жобалау жұмыстарын жүргізу үшін 2 млн. сом бөлінді.

«Главцветмет» болашақ комбинат орналасатын аланды таңдап
анықтау үшін сәуірдің екінші жартысында Қарсақбайға арнаулы комиссия
жіберетін болды.

Кеңес Үкіметі станция Нілді-Жезқазған теміржолын салу жөнінде
қаулы қабылдады. 1936 жылы теміржол құрылысына мақсатты 20 млн.
сом бөлінді. Бұған дейін КСРО Жол қатынасы Наркомының мамандары
трасса өтетін маршрутты, кейбір жобалық-сметалық құжаттарды дайындап
қойған еді.

Мыс қоры жағынан әлемде теңдесі жоқ Үлкен Жезқазғанды заман
талабына сай игеру мәселелерін Серго Орджоникидзе батыл қойып,
даналықпен осындай шешім қабылдады.

Үлкен Жезқазғанға қатысты Мәскеуде Серго Орджоникидзе
қабылдаған шешімдер арқа өңірін дүр сілкіндірді. Ел мәз-мәйрам,
қуаныш құшағында. Күдік бұлты сейіліп, көпшіліктің қазыналы жердің
келешегіне сенімі жарқырай түсті. Қарсақбайлықтардың бас ақыны Тайжан
Қалмағанбетов «Сүйікті Серго» толғауын шығарды. Бұл кез Тайжекеңнің
атақ-даңқы Қазақстан шекарасынан асып, Одаққа тараған шағы болатын.
Жамбыл, Кенен, Қалилар жол бастап, Мәскеудегі қазақ өнері мен
мәдениетінің он күндігіне қатысқан. Өлеңдері, жыр-толғаулары орталық
басылымдар «Правда», «Известия» газеттерінде жарияланып, жер шарын
аралап кетті. Енді сөзді Тайжекеңнің өзіне берейік.

Біздің жер қу шөл еді, курап жатқан,
Құм борап, қасқыр ұлып, шулап жатқан.
Жапалақ ұшпайтұғын жапан дала,
Кебетін түкірігің аңызақтан.
Жалаңаш, жалаң аяқ, үсте шекпен,
Бар қару қолымдағы ауыр кепкен.
Қопарып қара жерді, көрдей қазып,
Қиналып қара жерде еңбек еткен.
Қайырсыз алғандары опа бермей,
Зарығып жылауменен қапа шеккен.
Бір күні көзімді ашсам, жоғалды түн,
Жаз бопты маужыраған күлімдеп күн.
Бұрынғы шаңы шыққан мидай дала,
Ақынмен тілдеседі, береді үн.
Керемет көктен түскен шырақтай-ақ,
Жылжып жүр машиналар нешелер мың.
Комбайн құм теңізде қалыктайды,
Апырым-ау нұрын төккен халыққа кім?
Кім екен Сарыарқаны жандандарған?
Кім екен жердің кенін жарқыратқан?
Кім екен ен байлықтың көзін ашқан?
Мөлдіреп мұнай тасып, аспанға атқан.
Кім екен Алтай тауын талмай қазып,
Тереңде шөгіп жатқан кенін тапқан?
Кім екен қуанышты күн қыздырып,
Жасартқан Сарыарқаны сарғылт тартқан?
Кім екен ақын Тайжан немересін,
Оқытып инженерлік білім беріп,
Басшы ғып Жезқазғанға сүйеу берген?
Кім екен Балқаш көлін иемденген,
Аққудайын жүздірткен кемелерін?
Бәріне соның дархан кенел елім.
Біледі ол адамды ақын Тайжан,
Ол сүйікті Серго, адал, ақжарқын жан.

С.Орджоникидзе қайтыс болған соң КСРО Жол қатынастары
Наркомы Л.М.Кагановичке ауыр өнеркәсіп наркомы міндетін қоса атқару
тапсырылды. 1938 жылы каңтарда Қаныш Имантайұлы Наркомнан
баяндама жасау үшін Москваға тез жет деген шақыру алды. Осындай
шақыруды Жезқазған (ол кезде Қарсақбай комбинаты осылай аталған)
комбинатының директоры Виталий Степанович Гулин де алды. Ол
комбинат директоры болып 1935 жылғы 19 шіілдеде тағайындалған.
Тәжірибелі өндіріс командирлерінің бірі. Оның басшылығымен Кыштым,
Карабаш, Калата мыс заводтары қалпына келтірілген. Соңғы жылдары
Москвада қызмет еткен. «Госпромцветтің» бастығы, КСРО Бүкілодақтык
халық шаруашылығы Кеңесінің түсті металлдар бөлімінің жетекшісі болды.
Комбинат жұмысын жақсартуға едәуір еңбек сіңірді.

Қанды 1938 жылы В.С.Гулиннің тағдырына дерт болып жабысты.
Оны Серебровский мен Шахмұратов оңшыл-тродкистік ұйымға тартқан
және «Главцветзолото» мен Қарсақбай комбинатында бүлдіру жұмыстарын
жүргізуді тапсырған» деген жалған айыппен әскери трибуналмен 1939
жылы 29 шілдеде өлім жазасына кескен. Артынан бұл 15 жыл бостандығын
айырумен айырбасталды. Өмірінің соңында Магадаңда тері илейтін заводта
өндіріс шебері, «Дальстройда» байытушы-инженер болып істеген.

Бірақ, оның Үлкен Жезқазғанға байланысты айырықша көзқарасы
болды.

Екеуі Москваның шақыруымен жедел жолға шықты. Ауырөнеркәсіп
наркомы оларды келген бетте үзаққа созбай жаңадан құрылған
«Главмедьтің» басшыларымен бірге қабыддады. Ол Қ.Сәтбаевтың
Жезқазғанның минералдық байлықтары, марқүм Сергоның бұйрығы, оны
іске асырудағы әртүрлі кедергілер туралы хабарламасын зейін қойып
тындады. Лазарь Моисеевич «Біз Үлкен Жезқазғанды кезекпен саламыз.
Оның қуатын Серго Орджоникидзе бұрынғыда көрсеткен қуатына әуелі 25
мың тонналық бірінші секциясын саламыз, сосын екіншісін, тағы тағылар.
Осылай игеру жеңіл жөне КСРО халқы үшін тиімді. Үлкен Жезқазғанның
қүрылысымен бірге Қарсақбай комбинатының өндірісін қайта қүрып, онын
қуатын екі есе арттыру керек деп қысқа қайырды». «Главмедьтің» жаңадан
іске кіріскен бастығы ПА.Захаровқа бір апта ішінде бұйрықтың жобасын
дайыңдап, Наркомға қол қоюға беруді нақтылап айтты.

«Главмедьте» бір жеті тез өтті. Бірқатар негізгі мәселелер жөнінде
Қаныш Имантайұлы мен Гулиннің пікірі мен кезқарасы қарама-қарсы
болды. Гулин Үлкен Жезқазғанның келешегіне сенбеді. Геологиялық
барлау жұмысын өрістетуге іштей қарсы болды.

«Главмедьтің» жаңа бастығы Захаров солқылдақтық жасады,
өз шешімін кесіп айтпады, олардың қарама-қайшы пікірлерін Халық
Комиссарының қарауына ұсыну жөн деп тапты. Тағайындалған сағатта
мәселеге қатысты кісілер Нарком кабинетінде болды. П. А. Захаровтың,
Қ. Сәтбаевтың, В. С. Гулиннің қысқаша баяндамаларын ынтамен тындап,
Лазарь Моисеевич: «Жезқазғанның жоғын жоқтаушы геолог Сәтбаевқа
біз сенеміз. Оның ұсынысы қабылданады. Ал, саған Гулин, Жезказған
жөніндегі менің бүйрығымды ешбір бұлталақсыз және толық орындауды
міндеттеймін» деп пікір таласты бітірді.

Халық Комиссарының кабинетінен Қаныш Имантайұлы ерекше
көтеріңкі көңілмен, қуанышты шықты. Үлкен Жезқазғанның дамуынын
жарық та даңғыл жолы алда сайрап жатты.

Осы кезең еліміздің, зиялылардың ірі өндіріс
ұйымдастырушыларының, қатардағы еңбеккерлердің тағдырында
екіталай күн туған, қатерлі аса ауыр уақыт болатын. Қ.Сәтбаевтың
армандас, алысқа құлаш сермеген абзал достары мен ағайын-туыстары
халық жауы деген лағнет қамытын киіп, каторга мен түрменің ащы дәмін
татып жатты. Қарсақбайдың прокурорына екі рет Қаныш Имантайұлын
камауға алу жөнінде нұсқау түскен. Алланың жазғаны, мысты өлкенің
бағы да болар, ол кездейсоқ жайлардың себебінен НКВД-нің құрығынан
кұтылып кеткен.

Жезқазғанның шырағын маздатып жаққан, оның көз тұндырар
казынасының кілтін тауып, халыққа берген адамның еңбегін ғылыми
жұртшылық, Партия мен Үкімет жоғары бағалады. 1940 жылы қарашада
Жезқазған-Ұлытау өңірінің жерасты байлықтарын зерттеудегі ерен еңбегі
үшін және Қазақ ССР-інің 20 жылдығына байланысты Қ.Сәтбаев Ленин
орденімен марапатталды. Екі жылдан кейін Бүкілодақтық аттестациялық
комиссияның шешімі бойынша геология-минерология ғылымдарының
докторы ғылыми атағы берілді. «Жезқазған аудандағы кен орындары»
ғылыми еңбегі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы тапсырылды.

«Біздің мақтанышымыз — К. Сәтбаев», -
дейді мемлекет және қоғам кайраткері Зәуре Омарова

Зэуре Сәдуақасқызы Омарова 1924 жылы Қарсақбайдан
бірнеше километр Дүйсенбай өзенінің бойында туған. 1943 жылы
Қарсақбай орта мектебін, 1948 жылы 23-маусымда Украинада Артем
Сергеев атындағы Днепропетровск тау-кен институтын бітірген.
Тау-кен инженері еңбек жолын Қарағанды көмір ошағындағы 20-бис
шахтасында экономистік қызметтен бастаған. Қазақ ССР Министрлер
Кеңесі Төрағасының орынбасары, Алматы өнеркәсіп облаткомының
төрағасы, 14 жыл республикамыздың халықты әлеуметтік қорғау
министрі болды. Екі мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып
сайланған, 2004 жылғы 28-қарашада тәуелсіз Қазақстанның ең
жоғарғы наградасы «Отан» орденімен марапатталған.

З.Сәдуақасқызы былай деп жазады: «Орыс мектебінің
10-сыныбын аяқтар қарсаңында үй-іші болып мені оқуды институтта
әрі жалғастырады, Қ.И.Сәтбаев сияқты инженер-геолог болады деп
шешті. Осыны көп уақыт бойы әкем де құлағыма құйып жүрген
болатын.

Мұның мәнісі Қ.Сәтбаев отбасымен, бала-шағасымен Үлкен
Жезқазғанды барлап болғанша 12 жыл Қарсақбайда тұрған. Оны
Қарсақбайдың барлық тұрғындары, жұмысшылар, оның ішінде менің
әкем танитын.

Сәтбаевтар біздің мектебімізге жақын тұрды. Біздің көретініміз, ол
үйден көп бала оқуға келетін. Олар орыс бөлімшесінде оқитын. Кейін
білдік, өз балаларымен қатар оның ағайын-туыстарының балалары да
оқып жүр екен...

Сәтбаевтың отбасы демалуға көлге, паркке барғанда біздің үйдің
жанынан өтетін. Біз балалар жолдан күтіп түрамыз, қызыға қараймыз.
Олармен бірге әрдайым кішкентай екі қыз баласы жүреді. Қаныш
Имантайұлы мен Таисия Алексеевна екеуі де бізге өте сұлу кісілер
болып көрінетін. Біз, балалар, оларға ұялмастан тесіліп қызыға қарап
тұратынбыз.

Бір күні жұмыстан оралған әкем Қ.Сәтбаевтың Ленин орденімен
марапатталғанын қуанышпен жеткізді. Біз бәріміз бұған қатты
қуандық. Бұл хабар көптің ауызында жүрді. Бұл уақытта бүкіл халық
үлкен елдің мүддесімен өмір сүретін. Біздің бәріміз челюскиншілер,
алысқа ұшқан авиаторлар үшін қатты мазасыздандық. Қ.Сәтбаевтың
осы орденін бүкіл еліміздің, жасалып жатқан жаңа тарихтың, біздің
барлығымыздың еңбегімізді атап өткендей қабылдадық.

Көп ұзамай асыға күткен орденді Сәтбаев алды. Бұл бірінші
мамыр мерекесінің қарсаңы болатын. Біздің поселкенің шеруге
шыққан еңбеккерлерінің алдында Қаныш Имантайұлы бастаған
геологиялық-барлау партиясының жұмысшылары, оларға ілесе завод
басқармасы мен металлургтер, мектеп оқушылары, тағы басқалар
тұрды. Бесінші сынып оқушылары біз Сәтбаевтың кеудесіндегі Ленин
орденін жақын көруге тырысамыз. Шерушілер қозғалған жоқ, парад
басталмаған, біз Сәтбаевты қоршап алдық. Кейбір балалардың бойы
қып-қысқа. Сонда Қаныш аға оларды көтеріп алады. Осылай біз
Ленин орденін көзімізбен көрдік. Біз бұған шексіз қуандық, үйде және
бірінші кездескен адамға алғашкы алған әсерлерімізді жеткізумен
болдық. Оның маңызы біз үшін Турксібтің бірінші паровозын қарсы
алған құрылысшылар мен дала түрғындарының қуанышынан артық
болмаса, кем еместей көрінді. Армандар туған жерде осылай іске асты.

З.ОМАРОВА.
(«Истоки», Алматы, Өлке баспасы, 2006 жыл, 21-22 беттер).

1940 жылдың аяғында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Қаныш Сәтбаевты КСРО Ғылым
Академиясы Қазақстан бөлімшесі геология институтының директорлығына
шақырды. Жезқазғанды тастап көшу оңай болған жоқ. Барлық
шаруашылықты реттеп кету үшін бөлімше басшыларынан сұрап алған үш
ай да бітті. Енді Алматыға көшетін мезгіл туды.

«Мен Жезқазғанда көпжылдық еңбек өтелі бар геологтар басқарған
ұйымшыл және әлеуетті геологиялық барлаушылар ұжымын қалдырдым,
- деп жазды Қ.Сәтбаев 1952 жылы 20 қаңтарда, - Қазыналы аймақтың
барланған мыс қоры сол кездің өзінде 5 млн тоннадан асты. Жылдан жылға

қарқын қосқан геологиялық барлаушыларға жерасты байлығын зерттеуге
кешенді қарау керек болады.

Жезқазған-Ұлытау ауданының шегінде қорғасынның, марганецтің,
темірдің, көмірдің, флюстердің, Үлкен Жезқазғанның құрылысына
пайдалануға керекті құрылыс материалдарының (гипс, извест, доломит,
балшық, құм, қиыршық тас) елеулі қоры табылды.

Геология барлау қызметінің жаныңда минералографиялық,
петрографиялық, микрофото, аналитикалық химия, топырақ, құрылыс
материалдарын, тағы басқаларды талдайтын зертханалар, шеберханалар
бар, қуатты ғылыми-зерттеу секторы жұмыс істеп жатты. Геологиялық
мұражай ашылды... жеткілікті ірі ғылыми кітапхана қалыптасты...».

Жезқазған мыс қоры жағынан Кеңес Одағында бірінші, дүниежүзінде
Америкадағы Чуквикаматадан кейін екінші орын алды. Геологиялық
барлау жұмыстарына 15 жылда 8 млн. қаржы жұмсалды. Нақтыласақ,
табылған әрбір тонна мысқа орта есеппен 1 сом 80 тиын жұмсалды деген
сөз. Мұны КСРО Үкіметі жанындағы пайдалы қазбалар жөніндегі Орталық
Комиссия «геологиялық барлау қызметі саласындағы теңдесі жоқ жетістік»
деп бағалады.

Бұнымен қатар одақтық жоғарғы орындарда Қазақстанда қара
металлургия комбинатын салу мәселесі тұңғыш талқыға түсті. Оның
басты және бірден-бір шикізат базасы Қ.Сәтбаев зерттеген Қарсақбай,
Атасу темір кен өңірлері болатын. ВКП(б) XVIII съезі олардың өндірістік
маңызын анықтау жұмысын үшінші бесжылдықта аяқтау керек деп
директива берді. Геологтар бұл міндетті абыройлы орындады. Қазақстанда
барланған барлық темір қорының 66,3% Қарсақбай темір кен орындарына,
10% Атасуға тиесілі болды.

1940 жылғы 2-9 шілдеде геолог Қ.Сәтбаев Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетіне республикамызда қара металлургия комбинатын салу
жөнінде жан-жақты негізделген жазбаша ұсынысын жолдады. Ұсыныс
қолдау тапты. Ол КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінде де қаралып, тиісті
жарлық шықты. Одақтық Геология және Қара металлургия жөніндегі
орталық органдар геологиялық-барлау жұмыстарын өрістеуге және Қазақ
металлургиялық заводының жобасын жасауға кірісті. 1944 жылғы 31
желтоқсанда республикамыздағы тұңғыш қара металлургия кәсіпорыны

пайдалануға беріліп, бірінші болат балқымасы алынды. Бірақ, соғыстан
кейінгі жылдары республикамызда аса ірі темір кен орындарының
ашылуына орай Қарсақбай темір кеніне әлі ділгірлік туған жоқ.

Геологиялық кен барлау жұмыстармен шұғылдана жүріп, Қаныш
Сәтбаев қазақ халқының даму тарихына, тұрмысына, мәдениетіне ден
қойды. Оның «Доисторические памятники в Джезказганском районе»,
«Қарсақбай ауданының күйі», «Қарсақбай ауданының келешегі»,
«Ұлытау аймағы», «Древняя культура Центрального Казахстана», тағы
басқа мақалалары және жарияланбаған «Некоторые археологические
данные в пределах Джезказганского района» қолжазбасы ғылыми және
танымдық зор маңызы бар еңбектер екенін ғылыми орта мойындаған. Ол
Ұлытау, Арғанаты тауларының қойынынан және төңірегінен, Торғайдың
бас жағынан көптеген ескерткіштер тауып зерттеді. Соның бірі - Ұлытау
бауырындағы Алтыншоқыда 1391 жылы Дешті Қыпшаққа жорығы кезінде
Әмір Темір қалдырған жазуы бар тақта тас. Қ. Сәтбаев қалдырған ғылыми
мұралар бүгінде «Ұлытау» ұлттық республикалық мәдениет және табиғат
ескерткіштері мұражай-қорығын, Жезді кентіндегі облыстық тау-кен және
балқыту ісі тарихының мұражайын құруға негіз болды.

Жезқазғанның геологиялық қызметінің жетекшісі, әрі бас геологы
Қаныш Имантайұлының 15 жылдық қиындыққа толы дамылсыз
әрекеттерінің кейбір нәтижелері осы еді. Аянған жоқ. Бәрін берді. Геолог
Қаныш Сәтбаевтың бір құдыреті Үлкен Жезқазғанның тұсауын кесіп, үлкен
өмірге қолынан аттандырды.

Өзінің орнына Василий Иванович Штифановты қалдырды. Жас
инженер-геолог Қанышпен бірге келіп, мысты өлкені барлауды бастаған
сақа мамандар бар. Бірақ, жаңа бастықты олардан ерекшелейтіні -
алымдылығы, ададдығы, жігерлілігі, жұмысқа берілгендігі. Қаныш Сәтбаев
жаңылған жоқ. Василий Иванович кен-барлау жұмысын көңілдегідей
ұйымдастыра білді. Дәстүр жалғасты. Жезқазған кен-барлау экспедициясы
отызыншы жылдары Одақта өз өріптестері арасында ойып алған төрдегі
орнынан төмен түскен жоқ. Экспедиция өндірістік жоспарларды үнемі
асыра орындап келді. Ерлік еңбегі үшін Василий Иванович Штифановқа
Социалистік Еңбек Ері құрметі атағы берілді.

Сәтбаевтар отбасы Қарсақбаймен қимастай қоштасты. Бұл қонысы

қырық шілтен Қыдыр бабам қолдаған құтты мекен болды. Міне, Қаныштың
отбасы тұрған бұрынғы ағылшын басқарушысы Бельдонға арнап салынған
ақ үй.

Бұл үйде сүйікті балалары өмір есігін ашты. Ғалымның ұлы еңбектері
дүниеге келген осы киелі шаңырақта аты Кеңес Одағына мәлім көптеген
зиялы тұлғалар бас қосты. Талай үзеңгіліс геологтар, елдің ауызы дуалы
ақсақалдары, белгілі мамандар, қарапайым жұмысшылар дәм татты.
Қаныштың үйінде бос кереуеттер тұратын. Кешкілікте отағасының
шақыруымен алыстағы экспедициядан келген геологтар, лаборанттар,
бұрғышылар, тіпті таяу ауылдың тұрғындары келіп, шаруаларын бітіргенше
қона жататын. Түстікте Қаныш жалғыз келген күн болмаған екен. Алыс
аймактан іс-шарамен келген немесе дәрігерге көрінуге келген әйтпесе
жеке өтінішімен Қанекеңе соқса, оларды өзімен бірге ерте келеді екен.
Қ.Сәтбаевтың достарының кейбіреулерін атасақ, темірден түйін түйген
ұста Байман Алтыаяқов, колхоз құрылысының ардагерлері Тай Тілегенов,
Әбілқасым Наурызбаев, ислам өркениетінің көрнекті өкілі Балмағанбет
Балқыбаев (Сарымолда), жер жағдайына жетік Маман Жанұзақов, Күзеубай
Жидебаев, тағы басқалар.

Қанекең бір келгенде Маман киіз үйдің төріндегі кебежені ашып, одан
әртүрлі рендегі тастарды алып, көптен күткен қонағы Қаныштың алдына
қойды.

- Мынаған қара. Бұл самородный мыс қой. Қайдан таптыңыз, аға?
- Түйетаудың етегінен. Оны Санька Белов шұқып көрген, содан сәл
жоғары.
- Бұлақтың түбінен бе?
- И ә , и ә . Бұлақтың түбінен. Сәл қыстауға қарай.
Қ.Сәтбаев картасын алды, тастың тағы бір ерекшеліктерін сұрап,
жазып отырды.
- Мына тас ше? - деді Маман ақсақал.
- Ол сырты жылтыр болғанымен ішінде пайдалы түк жоқ. Адамдар
ғана емес, тас та алдайды.
. - Мынау ше? - деді үй иесі көгілдір түсті тасты шығарып. - Бұл мыс!
- Жоқ, мыс емес. Бұл бізге өте қажет тас. Гипс.
Келесі жылы жазда геологиялық барлау партиясы Жезқазған

кенішінің оңтүстік батысыңдағы 44 километр осы көгілдір тас шыққан
жерде палаткаларын тікті. Артынша бұрғы станоктары жұмыс істей бастады.
1 9 4 1 жылы қазанның 1 0 - ы күні Қанекең әріптестеріне хат жолдап Маман
гипс кенінің қорын мемлекеттік комиссия бекітуге дайыңдауды тапсырды.
Геологиялық барлау гипс қоры 4 млн. 223 мың тонна деп тиянақтады. Оны
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы арнаулы комиссия бекітті.

Геологиялық картада Маман гипс кен ошағы пайда болды.
Маман ақсақалмен, басқа да Жезқазғанда тұратын ақсақалдармен
Қанекең өмірінің соңына дейін байланысын үзген жоқ.
Қаныш Сәтбаевтың зайыбы Таисия Алексеевна Кошкина-Сөтбаева өз
естелігінде былай деп жазады:
«...Жезқазғанмен біржола қоштасып, баяғыда келген ізімізбен
Жосалы станцшсына аттанып кеттік...
Қимас Жезқазған, қасиетті Ұлытау — бізге жайлы босага болган,
алтын ұя, қадірлі өлке артта, қалып барады. «Қош бол, қазыналы кең дала!
Қош болыңдар, бірге туган туыстай бауырласып кеткен қадірлі кенші,
барлаушы достар, мейірбан ел! - дейміз қимас көңілмен артымызға егіле
қарап. - Біз сеннен сағат сайын қашықтап барамыз. Саған енді сағынып,
шаруамен ғана келетін боламыз!
Бір кезде осы өңірден тезірек кетпек болған ниетім, сол күнде ерімнің
мені жұбатып «Сен әлі бұл жермен жылап қоштасасың!» деген сөздері
есіме түсіп, көзімнен мөлт-мөлт төгілген жасқа ие бола алмай егіліп
отырмын. Көз ұшында бұлдыраған Ұлытау жотасына әлсін-әлсін қиыла
қараймын...».
Қаныш Имантайұлының ғылым саласыңдағы еңбегі жемісті болды.
Қазақстанның Ғылым академиясын ұйымдастырды, оның тұңғыш
президенті болып сайланды. Геология саласыңдағы ұшан-теңіз білімін
практикалық маңызы орасан ғылыми-зерттеу жұмыстарын, табиғи
ұйымдастырушылық дарынын Одақтың ғалымдары мойындады. 1946
жылы КСРО Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Ұлы
ғалымның басшылығымен геология ғылымдары институтының ғалымдары
нақты фактілерді тыңғылықты қорыту арқылы тау-кен орындарының пайда
болу кезеңдері мен олардың орналасу зандылықтары жайлы байсалды бол-
жам жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам

картасын жасап шықты. Теориялық және өндірістік маңызы зор бұл еңбек
үшін Қ.Сәтбаев пен оның әріптестеріне бірден-бір мәртебелі сыйлық
Лениндік сыйлық берілді.

Бүкіл қарсақбайлықтар өздерінің үлкен шаңырағы деп құрмет тұтқан
Сәтбаев тұрған үй 1969 жылы сәуірде Қ.И.Сәтбаевтың 70 жылдық тойы
қарсаңында ғалымның мұражай-үйіне айналды. Жәдігерлер кішігірім
6 залда белгілі тақырыппен жүйелі орналасқан. Қ.И.Сәтбаевтың жеке
мұрағатынан алынған құжаттар мұражай қорының баға жетпес ең басты
байлығы болып есептелді. Олардың көпшілігі түпнұсқа және ғалымның
қаламынан туған құндылықтар.

Мұражайды аралағанда Жезқазғанның жер асты табиғи байлығы,
өндірістің өткен тарихы, қолжазбалар, минералдар, ғалымның туындылары,
ол жайлы өдебиеттер және дүркінді баспасөз материалдары туралы толық
мағлүмат аласыз. Қаныш ағаның киім-кешектері, тұрмыста пайдаланған
бұйымдар қаз қалпында сақталған.

«Алғашқы көргенде бұл заттардың иесі өмірде бар, ортамызда
жүрген адамдай, қазір кіріп келетіндей сезімде боласың. Оның өз қолымен
отырғызған көшеттердің аспанмен таласқан саялы баққа айналғанын
көргенде ғана арада жетпіс жылдай уақыт өткенін еріксіз мойыңдайсың»,
- деп жазды Қаныш Сәтбаевтың шәкірті, майдангер, Жезді кентіндегі
облыстық тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайын ұйымдастырушы
және ұзақ уақыт басқарған Мәкен Терегелдин.

Қаныш Сәтбаев өзіне 15 жыл шуақты шаңырақ, құт мекен болған
Қарсақбайдағы туған үйіне реті келсе соғып кетеді екен. Алпысыншы
жылдары ол үйде Қарсақбай заводының директоры Төлеген Әбдірахманов
тұрды. Қанекеңнің бір келісін ол былай әңгімелейді:

- Қанекең үстіне көбінесе сұр түсті костюм-шалбар киіп жүретін, зор
денелі, әдемі келген сұлу адам еді. Бірнеше рет жүздестім, айтқан сөздерін
тыңдадым. Сейдіқали Оспанов деген аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы бірде мені шақырып алып, «Алматыдан Қанекең келіпті, бұрын
тұрған үйін көргісі келеді екен. Соған дайын бол, — деді. Ол кезде Қанекең
тұрған үйде біз тұратынбыз. Қатты қысылдым. Жанымыз қалмай күттік.
Үлкен кісі машинадан түскен соң үйге «Ассалаумағалейкум!» деп еркін
кіріп келді. Асығыс екен, нан ауыз тиді. Сонан соң үй ауласына шығып,

алденені тінте қарады да: «Мен отырғызған үш ағашым бар еді, екеуі бар
екен, біреуі жоқ қой», - деді сабырлы қалыппен. Басымыз салбырап тұрып
қалдық. Бір жағынан ұлы адамның есте сақтау кабілетінің мықтылығына
таңданыс білдіріп едік-ау сонда, -деп сөзін аяқтайды Төкең бұрын біз
есгімеген, еш жерден оқымаған бір жайды алдымызға көлденең тартып.

Қанекеңнің жарқын бейнесі карсақбайлықтар, жезқазғандықтар
үшін нұрлы жолды меңзеп тұрган жарық жұлдыз сияқты.
Қаныш Имантайұлының 50 жасқа келген мерейтойы кең көлемде
салтанатпен атап өтілді. 1949 жылы сәуірде ұлы ғалымды құттықтауға
Қарсақбайда бірге жұмыс істеген үзеңгілестері келді.

Қаныш Имантайұлы Үлкен Жезқазғанның құрылысы қанат жайып,
жер байлығының кешенді пайдаланылуын үнемі назарда ұстап отырды.
Академиктің бастамасымен 1958 жылы қарашада Қарағанды қаласында
Қазақ ССР Ғылым Академиясының және Қарағанды экономикалық
әкімшілік ауданы Халық Шаруашылығы Кеңесінің біріккен ғылыми
сессиясында Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін дамытудың
мәселелері қаралды. Ғылыми сессия бұл өңірде халық шаруашылығын
дамыту ең алдымен өндіріске ғылым мен техника жаңалықтарын кеңінен
енгізуге, еңбек өнімділігі мен ауыр еңбек процесстерін механикаландыруға
және автоматтандыруға негізделуі керек деген ұйғарымға келді.
Республикамызда ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық
жұмыстарының кеніштердің даму қарқынынан едәуір артта қалғаны атап
көрсетілді.

Ғылыми сессияның шешімдері Жезқазған кен-металлургия
комбинатының өндірістік және ғылыми базасын дамытуға жаңа серпін
берді. Кешенді ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институты
«ЖезказганНИПИцветмет» өмірге келді. Мыс кеніштерінде жер астында
кен өндіретін өздігінен жүретін машиналардың, қондырғылардың және
станоктардың 120 типі сынақтан өтті. Өздігінен жүретін тау-кен техникасын
өндіріске барыншы қарқынды енгізу жалпы мыс кенін өндіруді шұғыл
арттыруға және әрбір забой жұмысшысына шаққанда еңбек өнімділігін
бір ауысымда 5-6.7м3 жеткізуге жол ашты. Бұл бүкілодақтық салалық
көрсеткіштен 2,5-3 есе артық болатын.

Мысты өлкенің өндіргіш күштерін дамытудың мәселелері Жезқазғанда

1961 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының, Геология министрлігінің
және басқа мүдделі орындардың біріккен сессиясында жан-жақты
талданды. Осы үлкен мәслихатқа одақтың және республиканың жүзден
астам жетекші ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық ұйымдардың
қатысуы оның аса жоғары ғылыми-техникалық дәрежесін көрсетіп берді.
Сессияның мінбесінен Қ.И.Сәтбаев былай деді: «В погоне за выборочной
добычей богатой руды мы теряем в Жезказгане более одной пятой
части его медных запасов... Надо бы узаконить и добычу руды с малым
содержанием меди, иначе положение Жезказгана резко осложнится». Бұл
жан-жақты таразыланған, ғылыми негізі берік тұжырымдардың ақиқатын
бүгінгі «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік
бірлестігінің жай-күйі дәлелдеп отыр.

Үлкен Жезқазғанның қамын ойлаған Қаныш Имантайұлының теңдесі
жоқ, маңызы өте зор жобаларының бірі Ертіс-Қарағанды-Жезқазған
каналының құрылысы еді. Ол жөнінде билікте, ғылыми ортада, жалпы
қоғамда біріңғай пікір болмады. Бұған бір мысал Қазақ ССР Ғылым
Академиясының академигі, белгілі гидрогеолог У.М.Ахмедсафин
«Казахстанская правдада» «Иә, Орталық Қазақстанда су бар» деген
тақырыппен көлемді мақала жариялады. Тақырыбы атойлап тұрғандай
онда автор Ертістен канал тартудың қажеті жоқ деген көзқарасын
көпшілікке жария етті.

Қаныш Имантайұлы канал төңірегіңдегі әр алуан кереғар ойларды
заңды құбылыс ретінде қабылдады. Ол Ертістің суын Орталық Қазақстанға,
Жезқазғанға жеткізудің аса қажеттігіне тек жоғарғы билік бассшыларының
ғана емес, сонымен орайластыра өз әріптестерінің де, практиктердің де
көзін жеткізу үшін үлкен жұмыс атқарды. Оған мәртебелі мінбелердің,
ғылыми мәжілістердің, еңбек ұжымдарындағы жиындардың, тіпті жеке
тұлғалармен кездесудің мүмкіндігін пайдаланды.

Бүл жерде Қ.И.Сәтбаев зерттелген жерасты суларының типтерін,
табылған және ғылыми сараланып болжалап отырған мүмкін су қорларын
жан-жақты қарастырып, оның Орталық Қазақстанның қауырт дамып келе
жатқан көп салалы қуатты ауыр өнеркөсібін қамтамасыз ете алмайтынын
дәлелдеп берді. Көптің бетін бұрды.

Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1970 жылы Қарағандыға жетіп,
іске қосылды. Енді оны сусап отырған Үлкен Жезқазғанға жеткізу міндеті
тұрды. 1972 жылы Қарағанды-Жезқазған каналының сыртқы кешенінің
негізгі құрылымдарын тұрғызу басталды. Ертіс-Жезқазған каналының
жиынтық ұзындығы 1037 километр деп анықталды.

1973 жылғы 28 ақпанда Жезқазған облысының құрылуына байланысты
партия активінің жиналысында сөйлеген СОКП Орталық Комитеті Саяси
Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші
хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев жаңадан жасақталған облыстық
партия комитеті мен облыстық атқару комитеті басшыларының міндеті
таяудағы 7-8 жылда Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналының құрылысын
толық аяқтау деп қадап тапсырды.

Облыс 24 жыл емір сүрді. Канал Жаңаарқа ауданының Ақтасты
су қоймасына бас тіреп, одан Жәйремге жетті. Өкінішке қарай жаңадан
гұрғызылып жатқан кен-байыту комбинатында суды пайдаланудың ішкі
жүйесі салынбаған еді. Алайда бұдан әрі канал құрылысы жүргізілмеді,
жұмыс тоқтады.

Жезқазған аймағы бүгінде ауыз және технологиялық суға зәру. Тау-
кен және металлургия өндірісі тұралап тұр. Бүгінде дәстүрлі емес жаңа
өндіріс салаларын жасауға бағытталған индустриалдық-инновациялык
бағдарламалар байқалмайды.

Қалай болғанда да Қарсақбайдан қанаттанып, қияға ұшқан қыран
Қаныш Сәтбаевтың өзіне орнатқан төртінші ұлы ескерткіші Ертіс-
Қарағанды каналы деп айтуға болады. Оның игілігін Орталық Қазақстанның
жүздеген мың түрғыны керіп отыр. Су үлкен игілік, өмір нәрі, тіршілік көзі
ғой.

ҮЛКЕН ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ
САЛЫНУ ТАРИХЫНАН

Жезқазған өнеркөсіп аймағы Қарағанды облысы аумағының үштен
біріне жуығын алып жатқаны жақсы мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі V
ғасырда өмір сүрген Геродот осы өңірде тұрған массагет тайпалары мыс
пен алтынға бай болғанын өз еңбектерінде екпін түсіре атап көрсеткен.
«Шахнамеде» Фердоуси оны мыс сарайы деп жырға қосады. Александр
Пушкин де жинаған деректерінде Ұлытау төңірегіңде пайдалы қазбалар бар
деп көрсетіп кеткен.

Қарағанды облысы қазіргі аумағында қалыптасқан 1936 жылы
Жезқазғанның аты шығып Қазақстанға, әрісі Одаққа жақсы мәлім
болған кезі еді. 1925 жылы 10-маусымда Еңбек және Қорғаныс Кеңесі
Жезқазған өндіріс ауданы женінде қаулы қабылдады. Оны орыңдау
мақсатында одақтық «Атбасцветмет» тресі ұйымдастырылды. Жаңа
кәсіпорынның кезек күттірмейтін міндеті Қарсақбай мыс зауытының
құрылысын жеделдетіп, тезірек мыс балқымасын алу болды. 1928
жылы 7 қарашада зауыт іске қосылды. 1929 жылы 2447 тонна қара мыс
кррытты. Бұл Совет Одағында қорытылған мыстың 12 пайызға жуығы еді.
Сол жылы «Атбасцветмет» тресі Қарсақбай комбинаты болып қайта
қүрылды.

5 жылдан кейін 1934 жылы қарашада Жезқазған мыс кен орынын
игерудің нақты шаралары КСРО Ғылым Академиясының Қазақ
белімшесінде талқыланды. Оның жұмысына әлемдік аты бар ғалымдар,
Қазақстан үкіметінің басшы қызметкерлері, Қаныш Сәтбаев бастаған
Қарсақбай мемлекетгік мыс комбинатының инженер-техниктері қатысты.
Осы сапарда Қ.Сәтбаев ауыр ө неркесіп командиры Серго Орджоникидзенін
қабылдауында болды.

1936 жьглы 25 наурызда С.Орджоникидзе «Жезқазған мыс қорыту
комбинатының құрылысы туралы» бұйрыққа қол қойды. Орталық
«За индустриализацию» газеті 1936 жылы 3-сәуірдегі санында болашақ
Жезқазған мыс комбинатының сандық және сапалық сипаттамасын
жариялады. Комбинат құрамында жылына 13-14 млн. тонна мыс кенін
шығаратын тау-кен кәсіпорыны, тәулігіне 40 мың тонна кен өндейтін
байыту фабрикасы болады. Салынатын мыс зауытының жылдық онімі 200

мың тонна металл болмақ. Жылу-электр орталығының жобалық қуаты 150
мың киловатт болып бекітілген. Комбинат және болашақ қала шамамен
жылына 42-45 млн. текше метр су пайдаланады. Бұл Совет Одағының
астанасы Москваның жыддық пайдаланатын суынан едеуір асып түседі
екен.

Бетпақдаланың шетінде басталған түсті металлургия магниткасының
құрылысын жаңа облыстың партия, Совет, шаруашылық орындары,
қоғамдық ұйымдары айырықша назарда ұстады. Алдымен Қарсақбай
ауданы партия ұйымына басшылыққа әр кезенде тәжірибелі, іскер,
талантты ұйымдастырупшлар Телеляев, Юровский, Полымбетов сияқты
коммунистерді жіберді. Еңбекшілер арасыңдағы саяси-ұйымдастыру,
мәдени-көпшілік жұмыстарының түрлері мен әдістері, мазмүны
жетілдірідді. Орталықтан келген кадрлармен қатар жергілікті тұрғындар
есебінен бірнеше жүздеген металлургтер, құрылысшылар, кеншілер,
өңдіріс шеберлері дайындалды.

Металлургтер қаласының алғашқы қазығы - Кеңгір өзенінің төменгі
сағасыңдағы Наушабай жайлауыңда қағылды. Көп ұзамай құрылыс
жүргізетін мердігерлік «Джезказганстрой» құрылыс тресі құрылды,
кейін ол жабылып, Жезқазғанның қүрылысымен «Казмедьстрой» тресі
айналысты. 1937 жылы қазанда Недді-Жезқазған теміржолы уақытша
схема бойынша пайдалануға берілді. Қүрылысшылар күші № 3 1 , 32
шахталарының проходқалау жұмыстарына, уақытша бөгеттің, уақытша
электр станциясының, түрғын үйлер, мәдени-түрмыстық объектілер
құрылысына топтастырыдды.

Үлкен Жезқазғанда тұрғын үйлер құрылысы қанат жайып, халық
саны өсе бастады. 1936 жылы тамызда мұнда 3207 адам тұрды. 1940 жылы
уақытша бөгет салынып бітті. Осы жылдың соңында орталығы Үлкен
Жезқазған болып табылатын поселкелік жүмысшы кеңесін сайлау жөнінде
облыстық атқару комитеті шешім қабылдады. 1941 жылы 23-мамырда
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Үлкен Жезқазған елді мекенін
жұмысшы қалашықтары қатарына жатқызу жөнінде жарлық шығарды.

Жезқазған шахталарында кен өндіру 1940 жылмен салыстырғанда
1942 жылы 4 есе, 1943 жылы 5 есе, ал 1950 жылы -17 есе көбейді. Жезқазған
мыс кенімен Балқаштың, Оралдың зауыттарын камтамасыз етті. Мысалы,

Жезқазған комбинатының директоры Т.Ф. Харламов Жезқазған аудандық
«За медь» газетінде жарияланган мақаласында өндірілген мыс кенінің 75
пайызы Балқашқа жөнелтілетінін мәлімдеді.

1946 жылы соғыс жылдары тоқтап қалған шахталар құрылысы қайта
басталды. 1939 жылдан 1946 жылдың шілдесіне дейін Үлкен Жезқазган
құрылысына бөлінген 700 млн. сомның 160 млн. сомы, немесе 20 пайыздан
астамы игерілген еді.

1952 жылы Кеңгір жағасында 15400 адам тұрды. Тұрғын үй қоры 66500
шаршы метрге жетті, оларға жылу, су, канализация құбырлары тартылды.
Тәжірибелік гидрометаллургия зауыты, кірпіш, шлакоблок шығаратын
және ағаш өңдейтін өндірістер, темір жол станциясы, депо жұмыс істеп
тұрды. Осы жылы жылу-электр орталығы, № 42, 44, «Покро», 1953 жылы
- № 45, 51 шахталар, 1954 жылы - байыту фабрикасының үш секциясы
пайдалануға берілді.

1954 жылы 20 желтоксанда Жезқазған қаласы құрылды. Айту керек,
жаңа қала мыс кенін өндіруді арттыруға соны серпін берді. Біріншіден,
өндіріс кешенін басқаруды орталықтандыру түпкілікті шешімін тапты.
Қарағанды халық шаруашылық кеңесі Жезқазған мыс зауытының
негізінде кен-металлургия комбинатын құрып, оның құрамына Жезқазған
кен басқармасын, Қарсақбай мыс зауытын берді. Екіншіден, Совет
Одағының түкпір-түкпірінен комсомол жолдамасымен және ұйымдасқан
түрде іріктелген мыңдаған жұмыскерлер, жастар, инженер-техниктердің
келуі мүмкін болды. Оларды жаңа ортаға бейімдеу, жаңа кәсіпке үйрету
ұйымдастырылды. Құрылыс бұрын-соңды көріп білмеген қарқынға жетті.
Оған дөлел, Никольский қалашығының /қазіргі Сәтбаев қаласы/ алғашқы
қазығы 1955 жылы наурызда қағылды, сол жылы 100-ге тарта екі және үш
қабатты тұрғын үйлер салынып, үш мыңнан астам кісі жаңа қоныс тойын
тойлады. Ал келесі жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының
жарлығымен оған жұмысшы поселькесі мәртебесі берілді.

Бұрынғы Совет Одағы кеңістігінде бірінші рет жер астында өздігінен
жүретін техникамен кен өндіру Жезқазған кен-металлургия комбинатында
табысты іске асырылды. 1958 жылдың басында № 45 шахтаның
тежірибелік участогына алдымен экскаватор, сосын тоқпен жүретін кен
таситын автокелік, төрт перфораторлы бұрғылау каретасы түсірілген еді.

Өндірістік және тәжірибелік жағдайда жер астында кенді өздігінен жүретін
тау-кен техникасымен өндіру технологиясы жан-жақты сынақтан өтіп,
өмірге жолдама алды. Жеті жылдан кейін 1965 жылдың қыркүйегінде осы
технологияға негізделген алып № 55 шахта, екі жылдан кейін № 57 шахта
іске қосылды. Бұл сол кезде еліміз тау-кен өндірісіндегі төңкеріс болатын.
Тау-кен жұмысшылары орта есеппен бір ауысымда 6,72 текше метр кен
шығарды, бұл одақтық салалық орта көрсеткіштен 2,3 есе көп болатын.

1973 жылы 21-ақпанда Жезқазған мыс зауытының қара мыс
өндірісінің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Құрылысшылар,
монтажшылар және металлургтер иық тіресе отырып, орасан зор құрылыс-
монтаж жұмыстарын атқарды. Аз уақытта екі миллион текше метр жер
жұмыстары істелді, 120 мың текше метр тұтас және құрастырма темір
бетон, 34 мың тонна металлоконструкциялар орнатылды, 140 шақырым
жерасты коммуникациялары тартылып, мыңға жуық технологиялық және
электротехникалық жабдықтар мен агрегаттар тұғырына қондырылды.
Бірінші қара мыс балқымасын алу құрметіне В.М.Кимнің ауысымына, аға
конверторшы П.И.Валуев, М.И.Иванов, аға балқытушы Б.А.Малов, тағы
басқа өндіріс озаттары ие болды. «Бүл күні ауысымнан кейін ешкім үйіне
асықпады. Барлығы сувенир ретіңде қүйылған кара мыстың тақталарын
талап алып кетті», - деп жазды «Джезказганский рабочий» газеті 1973
жылғы 24 ақпандағы санында.

Қара мыс өндірісінің бірінші кезегінің жобалық қуаты рекордты
қысқа мерзімде үш ай ішінде игерілді. 1974 жылы 19 қарашада зауыттың
қара мыс өндірісінің екінші кезегі, яғни қара мыс өндірісінің толық кешені
іске қосылды. Бұл мыс балқытуды екі есе арттыруға жол ашты. Сөйтіп, 1974
жылғы 18 қараша кен өндіруден металл шығаруға дейінгі толық циклді
қамтитын Үлкен Жезқазғанның күрылысы аяқталып, барлық қуаттары
іске қосылған күн болып есептелді. Үлкен Жезқазғанның қүрылысының
аяқталуы бүкіл қазақ елінің елеулі табысы еді.

Қазір «Қазақмыс» корпорациясы» Ж Ш С дүние жүзінде мыс өндіруші
алпауыт ондықтың қатарына кіреді. Әлемдік рынокта акциясының қүны
12-13 есе өуелеп түр. Оның «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігі
жыл сайын бір миллиард доллардан астам товарлы өнімін шығарады.
25-26 миллион тонна мыс кенін жер бетіне шығарып жүр. 220-240 мың

тонна қара мыс балқытады. Шикізаттан 14 түрлі минерал айырылады.
Жезқазған мысы сапа үлгісі ретінде Лондон биржасында тіркелген. Бұл
мысты өлке жұмысшыларынын, инженер-техниктерінің, менеджерлерінің
үлкен интелектуалдық әлеуетін айғақтады.

Қ.И.Сәтбаев Үлкен Жезқазған Жезқазған-Ұлытау өңірі қазынасын
игерудің тек алғашқы буыны ғана деп жазды. «Джезказганский рабочий»
газетінің 1958 жылғы жаңажылдық санында «Мыс қаласының бүгіні мен
ертеңі» атты мақаласында Жезқазған-Арал теңізі темір жолын тездетіп салу
керек деп кесіп айтты. Ол Арқаның жүрек тұсындағы аймақтың жанданып,
қан жүгіруіне алып келетіні сөзсіз еді. Бұл көпжылғы ізденіс, тынымсыз
еңбекпен жеткен ғалымның ұраншылдықтан аулақ, асыл ойы болатын.

Оның алғашқы көрінісін 80 жыл бұрын жасалған Үлкен Жезқазғанды
тұрғызудан туындайтын аймақтың ситуациялық картасынан көріп отырмыз.
Әрине, одан бері көп жыл өтгі, талай су ақты, екі-үш ұрпақ алмасты.
Адам өзгерді, қоғам жаңарды. Экономикалық тірліктің тәңірісі нарық
қатынастарына көштік. Қазір Ұлытау өңірінде істеген 6 өндіріс ошағының
үшеуі (Қорғасын, Жезді, Ақтас) жабылған.

Облыста ауылдық аудандарда бір шаршы километрге бір адамнан
келеді, ал Ұлытау даласында қазір 8 шаршы километрге бір адамнан келеді.
Халық саны 1840 жылы 17167 кісі болған екен, ол бүгінмен салыстырғанда
1000 адамға артық. Сабыр Шәріпов төңкерістен бұрын Ұлытау даласыңда 40
мың кісі тұрғанын жазады. Ойланатын мәселе.

Ж Е З АТАСЫ - ЖЕЗҚАЗҒАН

1. БҰЛ - АРМАНДЫ АҚИҚАТҚА
АЙНАЛДЫРАТЫН К Е З Е Ң

Жезқазған қаласының 60 жылдығына

Еліміздің экономикалық қуатына, халқымыздың бірлігі мен
жасампаз күшіне, қазақстандықтардың жылдан-жылға үздіксіз
көтеріліп келе жаткан өмір сапасына әрқайсымыздың көзіміз жетуде.
Бүгінде қоғамда қызу қолдау тауып отырған Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2 0 5 0 : бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы ел халқының, әрбір отбасы
мен жеке азаматтың алдынан ертеңгі күннің жаңа көкжиектерін
ашып берді. Мұны Қазақстанның идеологиялық бас құжаты десек те
жарасады.

Біздің негізгі ұлттық идеямыз - «Мәңгілік Ел» идеясы. Оған апаратын
жол - Тәуелсіз Қазақстанды дамыта беру, Индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасы арқылы Отанымызды дамыған елдердің алғы шебіне
мықтап орнықтыру. Осы орайда, басты құндылықтарымыз - адам,
бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы және дәстүр,
болашаққа ұмтылыс болуы тиіс.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен
келешекті бағдарлауға, ертеңгі күннің өзіне болжам-жоспар жасауға аса мән
беріп, оны мемлекетті басқару практикасына табандылықпен және сәтті
енгізді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында «Қазақстан-2030»
Стратегиясы дүниеге келді. Бұл ауқымды бағдарламалық құжаттың
негізгі басымдықтары мерзімінен бұрын орындалды. Енді алдымызда
«Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттерін жүзеге асыру міндеті тұр.

Біз мемлекетімізде болашақты болжау және жоспарлау ғылымы, ойы
озық,іскер,кәсіпқой экономистер,инженер-менеджерлердің қалыптасқанын
көріп отырмыз. Олар кешегі Кремль қиялшыларына ұқсамайды. Олардың
ой-әрекетінің тамыры қазақ топырағында, әлемдік тәжірибеде, ақиқаттың
ақ жолында жатыр. Нақтылап айтсақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қазақстандықтарға өз қолымен өмір сапасын жаңа биікке көтеруге

көпжақтьі мүмкіндіктер панорамасын ұсынады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері кешегі қызыл империяның ұстанымы

толықтай өзгерді. Осыған орай халқымыздың санасы да жаңғырып жатыр.
Тарихымызды қайта зерделеудеміз. Ұлттық намыс оянды, кеше қара үзіп
кеткен рух қайта оралды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан
қазақ байтағының шырайлы да шұрайлы аймағы - Жезқазған - Ұлытау
өңірін дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Кезінде шетелден капитал,
озық менеджмент әкелді. Тау-кен өндірісі бойын жазып, даму жолына
түсті. Өңір тұрғындарының көңіл-күйі көтерілді. Жезқазған елімізде мыс
өндірісін қалпына келтірудің және дамытудың негізгі және аса қуатты
орталығына айналды. Тау-кен кәсіпорындары да кемелдене шарықтап,
дамыды.

Алайда, жер қойнауындағы металл қоры азайғанда, кеніштердің ғана
емес, тұтас өңірдің екі өкпесі қысылып, демігіп қалатыны да бар. Міне, осы
жағдай бұл күндері Жезқазғанның басына түсіп отырғандай. Тығырықтан
шығудың бірден-бір қысқа жолы - кен өндірудің және өңдеудің тиімді
технологиясын енгізу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен
Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік және
жекеменшік құрылымдар өңірдің мәселелерін шешуге көмек қолын созуда.

Жезқазғ андықтар өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарын әлі
ұмыта қойған жоқ. Бұрынғы кеңестік республикалар өз алдына отау
тігіп, Кеңестер Одағынан жаппай бөлініп шығып жатқан уақытта
бір-бірімен экономикалық байланыстар шорт үзілді. Бұрынғы
техника, қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май, т.б. өндірістік
сұранысты қамтамасыз етіп келген кәсіпорындар бет-бетімен кетті.
«Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы қожырап шоңқиып
қалды.

Президент Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1995 жылғы
маусым айында «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігін бес
жылға Оңтүстік Кореяның «Самсунг» компаниясының басқаруына
берді. Қысқа мерзімде 200 млн. доллардан аса инвестиция салып,
әртүрлі салалардағы қарызын өтеп, тоқтап қалуына жол бермеген
инвестор тау-кен және металлургия өндірісін дағдарыстан алып
шықты.

Бұрынғы Жсзқазған облысының 1996 жылғы 4 сәуірде өткен
а к т и в жиналысында «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының
басқарушысы В. С. Ким былай деді:

- Алты-жеті ай ішінде біздің басқаруымызбен жұмыс тиімділігін
ұлғайту барлық буындарда кен өндіруден бастап катод мысын
шығаруға дейінгі өндіріс қарқынын арттыру жөнінде елеулі ұмтылыс
жасалды. 1995-1996 жылдың жоспары бойынша кен өндіруді 7 7 % ,
концентрат өндіруді 2 6 % , катод мысын өндіруді 4 5 % ұлғайтуды
жоспарлап отырмыз. Егер біз 1995 жылғы мамыр мен 1996 жылғы
наурыздағы көрсеткіштерімізді салыстырар болсақ, мынандай
нәтижелер шығады: кен өндірудіц өсімі - 6 3 % , концентраттағы мыс -
6 4 % , катод мысы - 9 0 % . Бұл цифрлардың артында не тұр?

Мамыр айында біздің негізгі көрсеткішіміз - катод мысы 9,7
мың тонна болса, маусымда небәрі - 9,6 мың тонна болды. Желтоқсан
айынан бастап өндіріс тұрақтана бастады және катод мысы қаңтарда -
16, ақпанда - 15,1, наурызда 18,5 мың тоннаға жетті.

В.С.Ким сөз арасында батыс менеджментінің кәсіпорынға не
әкелетінін айта кетті. Ол - пайда ала отырып, оны бірінші кезекте
өндіріске, бұдан әрі әлеуметтік салаға инвестициялау, әлеуметтік
фактор арқылы өндіріс деңгейін көтеру және басқару.

1997 жылдың көктемінде бұрынғы «Жезқазғантүстіметалл»
акционерлік қоғамының атауы «Қазақмыс» корпорациясы деп
өзгертілді. Енді корпорация құрамына «Балқаштүстіметалл»
өндірістік бірлестігі енді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев инвесторлар
жұмыс істеген бір жылда (маусым 1995 - сәуір 1996 ж.) «Самсунг»
компаниясы 150 млн. доллар салғанын, ал, 1996 жылға арналған
экономикалық бағдарламада тағы да 60 миллион доллар инвестиция
салатынын, соның өзінде де өз пайдасынан алынатын инвестицияны
межелеп отырғанын атап көрсетті.

Сүйсіне айтуға болады, 2013 жылдың аяғында Үкімет
саралауынан өтіп, толықтырылып, Жезқазған, Сәтбаев қалалары
мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың жаңа
деңгейдегі бағдарламасы дүниеге келді. Тоқтап тұрған мыс балқыту
заводы қайта жұмысын бастады. «Казгеология» АҚ, «Қазақмыс»

компаниясы Жезқазған өңірінде геологиялық кен барлау жұмыстарын
қарқынды әрі кең көлемде жүргізгелі отыр. Түпкі нәтиже жұмыс істеп
тұрған тау-кен кәсіпорындарының ғұмырын берісі 50 жылға, әрі одан
көп жылдарға созу болып табылады. Жезқазғанда мыс балқытуды
жалғастыра отырып, мыс айырудың гидрометаллургиялық тәсілін
өндірістік-тәжірибелік участокте сынактан өткізу көзделіп отыр. Сәті
түссе, экономикалық тиімділігі жоғары мұндай кәсіпорын 2018 жылы
іске қосылмақшы. Сонымен қатар, қалдықтар қоймасына жиналып
қалған кедей шикізаттың бір бөлегі 8 0 0 млн. тонна қышқылды кенді
өңдейтін байыту фабрикасы салынбақ.

Сөйтіп, Жезқазғанның екінші тынысы ашылғалы тұр. Тау-кен
және металлургия саласында да алдан күтіп тұрған елімізге қуат, бізге
ырыс-құт болатын жаңа жобалар өмірге келетініне сенеміз.

Дуалы ауыздардың айтуы бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақ елінің
ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болғалы түр. Жезқазғанның
қайта жаңғыруы осы сәулелі кезеңмен тұстас келіп отыр. Мемлекет мүддесі
жер қойнындағы сирек және шашыраңқы металдарды өңдірудің қарқынын
арттыруды талап етеді. Оны пайдалана отырып, өскелең электроника, лазер
техникасы, коммуникациялық және медициналық құралдар жасау сияқты
салаларды дамытуға болады. XXI ғасырда сирек металдарды өндіру және
өндірісте қолдану елдердің ғылымы мен технологиясы даму дәрежесінің
өлшемі болып табылады. Бұл жағынан Жезқазған жерін Алла кемде
қылмапты.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары кен-металлургия комбинатының
жылдық кірісінде ілеспе және сирек металдардың үлесі 30 пайыздан артық
болатын. Содан бергі кезеңде көптеген сирек және шашыраңқы металды
айырып өндірудің технологиясы жасалды. Кезінде кеңес ғалымдарының
XXI ғасырда оларды сатудан келетін табыс бүкіл мыстан түсетін табыстан
асып түседі деген болжауларын оқушы едік. Сирек және шашыраңқы
металдардың заманы туды.

Сонымен қатар, жақында пайдалануға берілген Жезқазған - Сексеуіл
- Бейнеу теміржолы Жезқазғанды тұйықтан шығарып, тоғыз жолдың
торабы тоғысқан қалаға айналдырды. Еңді шаһар ірі өнеркөсіп орталығы
болып қала береді.

Жезқазған - Бейнеу теміржолының алғашқы түйісуі 2013 жылғы
желтоқсанның 1 6 - ш ы жұлдызында болды. Қыс айының қақаған
тұсы ғой. Ұлытау ауданының «Қарақүм» ауылдық округіне поезбен
барасыңдар дегенге әжептәуір жүрексініп қалдық. Ұлытау өңіріне есімі
мәлім ғалым-зоотехник Қадір Үңгітбаев бар мұздай киініп, тіркелген
алты вагонның біріне орналастық. Шәй-пәй ішкен соң, ұйықтап
қалдық. Таң қылаң бергенде біздің жолбасшымыз «Қазақстан Темір
жолы» Қарағанды бөлімшесі бастығының орынбасары Мақсұт қажы
Шәкенов оятып жатыр. «Қоскөл станциясына келдік. Жуынып-
шайынып алайық. Е к і сағаттан кейін теміржолдың түйісу салтанатына
қатысамыз», - дейді ол.

Сағат онда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының
вице-президенті өзінің жеке поезымен жетті. Қызылорда, Қостанай,
Қарағанды теміржол бөлімшелерінің басшылары арнайы шақырумен
келіпті. Бұл жолы әдеттегідей жиналыс, құттықтау, көтерме сөз
болған жок. «Жол жөндеуші» ЖШС компаниясының басшысы Рүстем
Молдағүловтың қолын сермеп, айтқаннын ұғып, әп-сәтте Жезқазған
мен Сексеуілден жеткен темір жолға бір балдақ жол түсіп екеуі
байланысты. Бұл Жезқазған - Сексеу і л - Бейнеу темір жолында жұмыс
қозғалысы басталды деген сөз.

2014 жылғы 22 тамыз күні Жезқазған - Бейнеу, Арқалық -
Шұбаркөл темір жолдарына Президент Н.Назарбаевтың рұхсатымен
жүк поездары жолға шықты. Күші кемелденіп, мүмкіндігі артқан Азия
мен кәріқұрлық Европа құшақтасты. Нақтылап айтсақ, Қытайдан
Европаға жүк жіберу және Европадан Қытайға жүк тасу уақыты
транзиттік дәліздің қазақстандық участогына үш есе кемиді. Жезқазған
мен Арқалық арасында теміржол қатынасы орнады.

Жезқазған - Сексеуіл теміржолының бойында 18 разъезд,
7 станция салынып, Жезқазғанда теміржол вокзалы қайта
құрылымдалады. Мүмкін теміржолға байланысты өнім беретін
жаңа заводтар пайда болар. Бізге белгілісі металлургтер қаласының
теміржол қызметтерінде 3 мыңдай жұмысшы, инженер-техниктер
жұмыс істейтіні белгілі болып отыр.

Құрылыс жұмысы қиын жағдайда жүрді. Бір ғана мысал,

қаламыздың іргесіндегі Жезді өзенінің үстінен түскен көпір тек жаңа
темір жолдың өн бойындағы ғана емес, Қарағанды облысындағы ең
үлкен көпір болып саналады. Оның ұзындығы 144, ал биіктігі - 27 метр.
Сондай-ақ, Жезқазған - Ұлытау аумағын кесіп өтетін Шаттыбассай,
Қумола да талапқа сай техникалық жаңа үлгідегі көпірлер болып
есептелетіні дау туғызбайды.

Ғасыр жолының маңызы мен мәні міне, осындай.
Ұлытау ауданының аумағындағы Шұбаркөлден Аркалыққа
тартылған теміржол өңірдің солтүстік-шығысын әлдеңдіріп, мыңдаған
ауыл адамдарына игілік алып бермек. Бұған қоса, келесі жылы Қызылорда
- Жезқазған автокөлік тасжолын қалпына келтіру басталғалы отыр. Сосын
ол тақтайдай тегіс қалпымен Ұлытаудан асып, әрі Арқалыққа жетіп,
Петропавлға мандайын тірейді. Бұлар бірнеше мыңдаған кісіге жұмыс
беретіні өз алдына, оған қоса, жолдар бойында сервис пайда болады,
сұранысқа қарай азық-түлік өндіретін фермалар, болашағы жарқын жаңа
елді мекендер өмірге келеді. Әсіресе, жолдың жоқтығынан екі қолы
байланып отырған инвесторларға жақсы мүмкіңдіктер туады.
Облыс әкімдігі орталық органдармен тізе қосып, ірі компанияға
біржақты байланған қала экономикасын әртараптандыруға бағытталған
кешенді іс атқаруға бастамашы болды. Бүгінге дейін Жезқазғанда шағын
және орта бизнестің үлес салмағы қаланың жалпы өндіріс көлемінде 4
пайыз ғана екен. Резерв көздері бар. Солардың бір-екеуі жөнінде айтсақ,
жалпы аумағы 70 млн. текше метр су сыйғызатын Жезді жасанды су
қоймасын сауықтырып, ирригация жүйесін қалпына келтірсе, сусырап
жатқан суармалы 3 мың гектар жерге кекөніс, тіпті, техникалық дақылдар
өсіруге болады.
Немесе құрылыс индустриясын жолға қою Жезқазған, Сәтбаев
қалаларында құрылыстың сапасы мен өзіңдік құнына оң әсер ететініне
шүбә келтірмейміз.
Жоғары, кәсіптік және жалпы орта білімді жетілдіріп, дәрежесін
арттыруға бағытталған қадамдар кісі қуантарлық. Жолдауда қарастырылған
келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттің мойнына
алуы биылғы оқу жылының өзінде-ақ жаңадан құрылған тау-кен және
металлургиялық, құрылыс және сервис колледждерінің қызметінің оңға
басуына жағдай туғызады.

Әрине, тұтас қаланың экономикасын жаңғырту көп уақытты және
қаржыны қажет етеді. Тек мыс қорыту зауытын гидрометаллургиялық
әдіспен металл айыру технологиясына көшіру үшін екі жылдан астам
уақыт керек екен. Адам өмірімен өлшегенде бұл аз уақыт емес. Компания
тарапынан металлургтердің орташа еңбекақысын сақтау және жұмысқа
орналастыру шаралары жалғасуда. Мыс қаласының тұрғындары уақытша
қиындыққа төтеп беріп, сабырлылықтың үлгісін танытуда. Сонымен бірге,
2013 жылы 206 млрд. 551 млн. теңгенің жалпы өнеркәсіп өнімі шығарылды,
құрылыста күрделі қаржыны игеру 3,7 есе көбейді. Орташа еңбекақы өсті.

Қала әкімдігі болашақтың шаруаларымен қоса, жұртшылықты
толғандырған өмірлік түйткілдерді жедел іскерлікпен шешіп жатыр.
Шаһарды адамдардың табиғи болмысына үйлестіре абаттандыру қолға
алынды. Тек, орталық көшелер мен алаңдар ғана емес, оралымдар ішіндегі
тазалық, жарық, жолды реттеу, балалардың ойын алаңдарын жасау көпшілік
қолдауына ие болуда.

Жезқазғандықтар Елбасына сенеді. Халық негізінен кешуге
елеңдемей, орнықты отыр. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке
сүйенсек, қаламызда 88 836 адам тұрған, сол жылдың аяғында тұрғындар
саны 89 049 болып, сәл де болса артыпты.

Мысты өлкенің келешегіне байланысты күмән туып, көңіл
күпті болғанымен қала тұрғындарының өмір сапасында оң өзгерістер
бар. 2 0 1 3 жылы қаламызда туған балалар саны 2004 жылмен
салыстырғанда 30 пайызға өсті. Тұрғындардың өлім-жітімі 11 пайызға
азайды. Алатын орташа жалақы, зейнетақы, әлеуметтік көмектер
артып келеді. Көші-қон саласы тұтастай алғанда теріс болғанымен
2013 жылы қаладан кеткендер саны 3 9 , 5 % азайды. Бұлар біраз
ойға жетелейді. Бірақ, басты тұжырым қаланың басым көпшілігі
қаланың келешегіне сенеді, балаларының болашағын қайта түлеген
Жезқазғанмен байланыстырады.

Қазақ жерінің кіндігіндегі киелі де құтты мекеннің қайта түлеп,
еліміздің экономикалық және рухани-мәдени әлеуетіне үлесін қоса түсеріне
күмәніміз жоқ. Қорыта айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
Жолдауы кеше арман болған біраз мәселелер, ертең шынайы ақиқатқа
айналатынына тағы бір көзімізді жеткізіп отыр.

2. АРКАНЫҢ АЛТЫН АЛҚАСЫ

Жезқазған қаласының 50 жылдығына

Мен Үлкен Жезқазған қалашығын 1949 жылдың жазында көрдім.
Әжем ағайын-туыстарға, төркіндеріне барып қайтуға ерте көктемнен
дайындалды. Мен де баратын болдым. Алдағы сапар жөнінде айтып
ем, қалада оқитын Ермек үрей шақыратын әңгімелер айтты. Рудникте
«қарамысық» дегендер болады екен, мияулап келіп «сипанский» тонап
кетеді. Кеңгір қалашығында қара лақтар секіріп маңырап жүріп, лезде
адамға айналады, кісіні оңай пышақтап жүре береді-мыс. Сол Үлкен
Жезқазғанға біз шілдеде аман-есен жеттік. Осы жерде бір айдай болдық. Ат
жеккен қорапты арбамен бірінші ауылға барғанымыз есімде. Бізбен қатар
балалар ара-кідік кездеседі. Ересек кісілер к ө п . Адамдар топ-топ строймен
жүреді, алды-артынан бір-бір мылтықты адам, екі бүйірінен мылтықты
екі адам еріп жүреді. Сөйтсем, олар сотталғандар болып шықты. Құрылыс
салады. Бұл кез бүгінгі Жезқазған қаласының ана кұрсағында дамып,
сұлбасы көрініп, бейнесі қалыптаса бастаған кезі екен.

Одақтық «За индустрализацию» газеті 1936 жылғы 3 көкектегі
санында болашақ Жезқазған мыс комбинатының сандық және сапалық
сипаттамасын жариялады. Комбинат құрамында жылына 13-14 млн. тонна
мыс кенін өндіретін кеніш, тәулігіне 40 мың тонна кен өңдейтін байыту
фабрикасы болады. Салынатын мыс заводының жыддық өнімі 200 мын
тонна металл болмақ. Жылу-электр орталығының жобалық қуаты 150 мың
киловатт болып бекітілген. Комбинат шамамен жылына 42-45 млн. текше
метр су пайдаланады. Бұл Кеңес Одағының астанасы Москваның жылдық
тұтынатын суынан едәуір асып түседі екен.

Осы жылы 14 мамырда «Главцветметтің» арнаулы комиссиясы
болашақ қаланың орнына таңдау жасады. Көп ұзамай құрылыс жүргізетін
мердігерлік ұйым «Джезказганстрой» құрылыс тресі құрылды. Қаланын
алғашқы қазығы Кеңгір өзенінің төменгі сағасының оң бетіндегі Наушабай
жайлауына қағылды. 1937 жылы қазанда Нілді - Жезқазған теміржолы
уақытша схема бойынша пайдалануға берілді. Құрылысшылар күші
уақытша бөгетті, №31және №32 шахталардың тау-кен проходкалау
жұмыстарына, тұрғын үй салуға топтастырылды.

Жезқазған ауткомы 1939 жылы Үлкен Жезқазған поселкелік кеңесін
ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. 1941 жылы 23 мамырда Қазақ ССР
Жоғарғы Советінің Президиумы Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы
Үлкен Жезқазған елді мекенін жұмысшы қалашықтары қатарына жатқызу
туралы Жарлық шығарды. Оған он жыл республикамыздағы ең жоғары
өкімет билігін басқарған жерлесіміз Әбсамат Қазақбаев қол қойған еді.

1940 жылы 3 қаңтарда Үлкен Жезқазған қалашығы атқару комитетінің
тұңғыш төрағасы болып Назымбек Ахметов сайлаңды. Ол кезде жалындап
тұрған жас еді. Теміржол құрылысынан келген.

1940 жылы уақытша бөгет салынып бітті.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің
шешімімен Жезқазғанға жұмысқа 11 мыңнан астам адам келді. Олардың
ішінде инженер-техниктер, білікті жұмысшылармен қатар еңбек әскерінің
(трудармия) мүшелері, тіпті, соғыс тұтқындары, сотталғандар болды.
Жезқазған шахталарында кен өндіру 1940 жылмен салыстырғанда
1942жылы4есе, 1943жылы 5есе,ал, 1950жылы-17есе көбейді.Жезқазған
мыс кенімен Балқаштың, Оралдың бір қатар заводтарын қамтамасыз
етті. Мысалы, Балқашта балқытылған мыстың 45 проценті Жезқазғаннан
жеткізілген мыс кенінен айырылып алынды.
Миллиондаған тонна мыс кенін сыртқары заводтарға тасымалдау
Жезқазған теміржолшыларының мойнына түсті. Олар сағаттың тіліндей
біркелкі, әрі іркіліссіз жұмыс істеді.
1942 жылы тоқтап қалған шахталар құрылысы қайта басталды. 1939
жылдан 1946 жылдың 1 шілдесіне дейін Үлкен Жезқазған құрылысына
бөлінген 700 млн. сомның 160 млн. игерілді. 1947 жылы іс-сапармен
келген СССР Министрлер Кеңесі Председателінің орынбасары А.Микоян
көпқабатты үйлер салумен әуестенбей, коттедждер тұрғызуға, ағаш егуге,
қаланы көгалдандыруға назар аударды.
1949 жылдан бастап Үлкен Жезқазған қалашығын қалаға айналдыру
жөнінде мәселе көтеріле бастады.
Тәжірибелік гидрометаллургия заводы, кірпіш, шлакоблок және ағаш
өңдейтін заводтар, қуатты дизель электростанциясы, теміржол станциясы,
депо және №18 жол дистанцясы жұмыс істеп тұрды. Осы жылы Жезқазған
жылу-электр орталығы, № 42, 44, «Покро», 1953 жылы № 45, 51 шахталар,
1954 жылы байыту фабрикасының үш секциясы салынып бітті.

1954 жылдың 20 желтоқсанында Жезқазған қаласының құрылуы
Үлкен Жезқазған мыс кенін өндіруді арттыруға соны серпіліс берді.
Біріншіден, өндіріс кешенін басқаруды орталықтандыру түпкіліті шешімін
тапты. Жезқазған мыс заводының негізінде кен-металлургия комбинаты
құрылып, оның құрамына Жезқазған кен басқармасы, Қарсақбай мыс
заводы берілді. Екіншіден, Кеңес Одағының барлық түпкірінен комсомол
жолдамасымен және ұйымдасқан түрде іріктелген мыңдаған жұмысшылар,
жастар, инженер-техниктер келуі мүмкін болды. Үшіншіден, қала
құрылысы қарқынды жүре бастады. Құрылыстың бұрын болып көрмеген
қарқынын сипаттайтын бір мысал, Никольский қалашығының (қазіргі
Сәтбаев қаласы) алғашқы қазығы 1955 жылы наурызда қағылды. Сол жылы
үш мыңнан астам адам қоныс тойын тойлады, ал, келесі жылы Қазақ ССР-і
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен оған жұмысшы қалашығы
мәртебесі берілді.

Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіне бірінші рет жер астында өздігінен
жүретін техникамен кен өндіру кен-металлургия комбинатында табысты
іске асырылды. 1958 жылдың басында № 45 шахтаның тәжірибелік
участогына алдымен «ЭП-1» экскаваторы, сосын токпен жүретін жүк
аударғыш машина және төрт перфораторлы бұрғылау каретасы түсірілген
еді. Жеті жылдан кейін 1965 жылдың қыркүйегінде осы технологияға
негізделген мысты өлке тарихыңдағы ең алып №55 шахта іске қосылды.
Бұл тау-кен өндірісіндегі төңкеріс еді.

Қала жаңадан құрылған аттас облыстың әкімшілік орталығы болып
белгіленді. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР
Министрлер Кеңесі «Жезқазғанды дамытудың шаралары туралы» Қаулы
қабылдады. Кешегі металлургтер мекені ретінде қалыптасқан қаланы
қайта құру жүзеге асырыдды, көшелері кеңейтілді, айналып өтетін және
айрық жолдар салынды. Гүлзарлар, әдемі алаңдар, скверлер пайда болды.
Коммуникация жүйесі барлық бағытта жетілдірілді.

Қаламен қатар өндіріс, білім, ғылым және мәдениет дамыды. Кен
өндіруден металл шығаруға дейінгі толық циклды қамтитын Жезқазған
кен-металлургия комбинатының барлық қуаттары іске қосылды. Қала
бұрынғы Жезқазған облысының жалпы өнеркәсіп өнімінің жартысынан
астамын беріп тұрды.


Click to View FlipBook Version