The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2017-10-19 15:27:11

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

kozhamseitov s. kazakh elining kindik mekeni

Қалада мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, арнаулы
орта оқу орындарының саны көбейді. Екі бірдей институт ашылды. Үш
ғылыми зерттеу, жобалау институттары жұмыс істей бастады. Облыстық
мемлекеттік филармония өзіне тән мазмұнды, әрі көркем бағдарламасымен
танылды. Өзбекөлі Жәнібеков өз қолымен құрған Торғайдың Серке
Қожамқүлов атындағы сазды-драмалық театры толық құрамымен көшіп
келді. Металлургтер қаласы жоғары білімнің, мәдениеттің һәм өнердің
қасиетті ұясына айналды.

Жезқазған көп ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің қаласы ретінде
қалыптасты. Қала тұрғындарында менмен мінез жоқ, қарапайым, бауырмал.
Сыртқары жерде атын білмесе де бірін-бірі жүзінен танып, шұрқырап
кездесіп, құшақтасып жатады.

Жезқазғанда қазір қыс.
Қала тұрғындарының қолындағы мал ірі қарадан - 6171, жылқыдан -
1515, қой-ешкіден 16344 бас болды немесе барлық дәрежедегі
шаруашылықтардағы 1995 жылғы малдан ірі қара 60 процент, жылқы -
1,3 есе, қой-ешкі 4 есе артық болды.
- Әйтеуір, тоқшылық. Барға береке берсін, - дейді қариялар.
Жылу қыркүйектің өзінде барлық үйлерге берілді. Әрбір шаршы
метрге берілетін жылудың бағасы 23 теңге 35 тиын немесе 1997 жылмен
салыстырғанда 58 тиынға, сол сияқты ыстық су бір кісіге 93 теңге 9 тиын
немесе 15 теңге 81 тиынға, электр қуатының әрбір киловаты 3 теңге 62 тиын
немесе 18 тиынға арзандады. Бізде еліміздегі ең төменгі тарифтік баға.
Қала алаңдары мен көшелеріне көз жіберейікші. Тұрғын үйлерді
үш жағынан қолдан орнатқан орман қоршап тұр. Жазда гүлзарлар көздің
жауын алады. Өтпелі кезеңде саяжайлар аман қалды.
Қала тазалығына Президент Нұрсұлтан Назарбаев ризашылық
білдіріп жүр. Мемлекетіміз Төуелсіздігін жариялағалы мысшылар
өлкесінде Елбасы он бір рет атбасын бұрған екен. Нарыққа өтпелі кезеңде
Жезқазғанның жұлдызын жоғары көтеріп, бағын ашқан да Президент
екенін ел біледі. Оның мәнісі бар. Өткен ғасырдың 90-жылдарының
басында «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы нарықтың шабысына
ілеспей, бүгіжектеп, тосылып қалды. Сәтбаевтағы шахталардың кен
тасқыны саябырсып, балқытылған мыс көлемі төмендеп кетті. Бұл бүкіл

Жезқазған өңірінің өсіп-өркендеуіне, халқының тұрмыс жайына кері әсерін
тигізе бастаған. Оның «емін» Нұрсұлтан Әбішұлы дәл тапты. Кәсіпорынды
басқаруға әлемге аты жайылған атақты алпауыт Оңтүстік кореялық
«Самсунг» компаниясын шақырды. Шаруа оңынан оралып, жұмыс сәтті
жүріп кетті. Өнімнің көлемі үлғайып, сапасы жақсарды.

Кенші, металлургтердің көңілі орнығып табысы көтеріле бастады.
Бюджетке түсім бірнеше еселеніп, қазынаны қалыңдатып тастады.

Өмір жезқазғандық өндірісті ұйымдастырушылардың, инженер-
техниктердің, жұмысшылардың кәсіптік, творчестволық және
жасампаздық әлеуеті шетелдік мамандардан кем емес екенін дәлелдеді.

Жезказғанда кен өндірудің сындарлы, жоғары өнімді озық
технологиясы қалыптасты. Оның алғашқы ғылыми-практикалық негізін
Виктор Гурба, болашақ академик Өмірхан Байқоңыров қалады. Кейін
ірі өндіріс ұйымдастырушылары Мүхит Бөпежанов, Ғазиз Омаров, кен
инженерлері Руслан Юн, Марат Жаркенов, Әсер Иманғалиев, Ермек
Сапақов, Мұхамеджан Әуезов, Бақытжан Қошымов, Қайсар Телешов, тағы
басқалар үлес қосты. Осы тақырыпта жиырмаға жуық кен инженерлері
докторлық, қырықтан астам кісі кандидаттық диссертациялар қорғады.
Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, бұрынғы Жезқазған
тау-кен технологиясы институтын, Қарағанды мемлекеттік политехникалық
институтының жергілікті бөлімшесін бірнеше мыңдаған тау-кен
инженерлері бітірді.

Қаламызда кәсіпкерлік қанатын кеңге жайып, дамудың даңғыл жолына
түсті. Биылғы жылдың басында 1997 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп
гұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 5 есе өсіп 3533-ке жетті. Онда
экономикалық белсенді қала тұрғындарының әрбір алтыншысы еңбек
етеді. Орта және шағын бизнес кәсіпорындары биыл алты айда жергілікті
бюджетке 484,5 млн. теңге түсірді.

Тұрғын үй мәселесін шешуге ұмтылыс жасалып отыр. Қалада
өткен жылы 8386 шаршы метр, биыл 10 айдың өзінде 10300 шаршы
метр тұрғын үйді пайдалануға берді. Қаланың жартығасырлық тойы
қарсаңында үстіміздегі жылғы 1 қаңтарда кезекте тұрған барлық Ұлы Отан
соғысының ардагерлері, жесірлері пәтер алды. Президент бекіткен тұрғын
үй бағдарламасын іске асыру жағы қарастырылуда. Таяудағы үш жылда
45 мың шаршы метр үй салу жоспарлануда, бұл салыстырмалы кезеңмен

қарағанда екі еседей артық- Үй құрылысы алаңдарында 500 жаңа жұмыс
орны ашылады. Екінші дәрежедегі банктің ипотека несиелерін беруі
көбейіп келеді. Өсім проценті азайды.

Жезқазған облысы жабылғаннан кейін қалаға арнайы келген Президент
Нұрсұлтан Назарбаев университет, театр, филармония, кітапханалар,
аурухана, емханалар жабылмайтынын қадап айтты. Шынында да солай
болып отыр. Академик Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
классикалық үлгідегі оқу орыны болып табылады. Оның оқу-өндірістік
базасы, әсіресе, тау-кен өндірісі мамандықтары бойынша еліміздегі кез-
келген университеттен кем түспейді. «Қазақмыс» корпорациясы, тағы басқа
ірі тау-кен кәсіпорындары, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар
тарапынан біздің университетті бітірген кен инженерлеріне, бизнес пен
қаржы, білім мен құқық салалары мамандарына сұраныс күшті. Бірқатар
өзекті бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Университет ректоры, профессор Ж.Наурызбайдың көпжақты этномәдени
білім беру жөніндегі ғылыми мектебі ірі зерттеулерімен, көп этносты жас
мемлекетіміздің мүддесімен өзектестігімен, практикалық құндылығымен
еліміздегі ғылыми және практикалық көпшіліктің назарын аударып отыр.

Бәсекелестікке қабілетті ұлт болу ең алдымен замандастарымыздың
біліміне байланысты. № 8 , 26 орта мектеп-гимназияларының, қазақ-
түрік лицейінің, №7 мектеп-лицейі педагогикалық ұжымдары мен ата-
аналарының балаларға білім беру және өз бетімен еңбек етуге дайындау
бағытындағы жемісті жұмыстары назар аударарлық. Интернетті пайдалану
Елбасы берген нүсқаудың межесінен асып түсті. Орта мектеп бітірген
үздіктер Америка, Батыс Европа мемлекеттері университеттеріне гранттар
жеңіп ала бастады. Әзір олар көп емес. Бірақ, алғашқы қарлығаштар
қанатына ілесе көктем келетінін ұмытуға болмайды. Орта арнаулы және
кәсіби мектептердің беделі өсіп түр. Олар Президенттің 2004 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауына сай ертеңімізге бағытталған Мемлекеттік
білім бағдарламасын іске асыруға негіз болатыны күмөн туғызбайды.

Тәуелсіздік жылдары үлттық сана, рух, мөдениет пен өнер қайта
түледі. Алдымен, жезқазғандықтар жоқты іздеп, барды түгендеуге кірісті.
«Кіші Жібек жолымен» (Отырар - Ұлытау), Алтай - Дунай (Евразиялық),
Бұланты - 1998, Жезқазған - Таңбалынұра ғылыми тарихи-этнологиялык
экспедициялары ұйымдастырылды. Білеуті шайқасында шейіт болған

батырлар жерленген Қалмаққырылған тауының биігіне Ескерткіш белгі
орнатылды. Алаша хан, Жошы хан кесенелерін қалпына келтіру жөнінде
сонау жетпісінші жылдары басталған жұмыс ойдағыдай аяқталды. Серке
Қожамқұлов атындағы сазды-драма театры, филармония, қалалық мұрағат,
мұражай кешендері, кітапханалар үнемі ізденіс үстінде. Республикаға
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, режиссер Анатолий Крючковтың
жас көрермендер театры, Тәуіржан Рахаттың «Шашу» бишілер ансамблі,
Байқара Сәдуақасовтың ұлттық аспаптар оркестрі көпшіліктің сүйікті өнер
коллективтері деуге болады.

Жаны саудың - тәні сау. Қала халқының өсіп-өнуінде жаңа
тенденциялар пайда болды. Ең алдымен бала тууда қарама-қарсы
көрсеткіштер кері кетіп, өмір есігін ашқан бөбектер былтыр 2000
жылмен салыстырғанда 4 процентке көбейген. Кісілердің қайтыс болуы
салыстырмалы уақытта 10 процентке азайды. Қала халқы табиғи өсім
есебінен кобейе бастады.

Сонымен, қала тұрғындарының жағдайының жақсара бастағанының
арқасы өндірісіміз алға басып, дастарханымыз байып, көрпеміз ұлғайып
жатыр.

Қаламыз енді бірнеше күннен кейін өзінің жартығасырлық мерейтойын
атап өтеді. Қазақ халқы «Елу жылда - ел жаңа, жүз жылда - қазан» деген
ғой. Ондаған жыл миллиондаған тонна мысты мыс заводының көмейіне
тығумен келеміз. Өзгермейтін нәрсе, таусылмайтын кен жоқ. Жезқазған
мысының «түбі» көрініп қалды. Былтыр «Қазақмыс» корпорациясы
металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етудің 80 жылдық
бағдарламасын жариялады. Мұндай бағдарлама әлемдік практикада
бар-жоғын білмеймін. Сонда да бұл батыл жоспар. Бұл - бір. Екіншіден,
таяудағы бір-екі жылда Жезқазғанды басып Аралдың Сексеуіліне дейін
теміржол өтеді. Қызылордаға, Арқалыққа шойын жол төсеу кезегін күтіп
тұрған шаруалар. Ертең Жезқазған қым-қиғаш тартылған транспорт,
коммуникация жүйесінің орталық шаһары болғалы тұр. Мемлекеттік
индустриалдық-инновациялык даму стратегиясы қолымызда бар.

Ертең қаламыздың 100 жылдығын мерекелеген біздің балаларымыз,
немерелеріміз дәстүрлі мыс өндірумен қатар, принципті жаңаөндірістің
отаны Жезқазғанның жаңа келбетіне куө болатынына сенеміз.

(Сарыарқа» газеті, 2004 жылғы желтоқсан).

Екінші бөлім

БӘСЕКЕ ДӘУРЕН
СҮРГЕН ЖҮРТ



КЕН ҚАЗЫП, М Ы С ҚОРЫТҚАН БАБАЛАР

Ұлытауда тамаша ғажайып ескерткіш бар. Оны 1946 жылы Ә.Марғүлан
басқарған Орталық Қазақстан археологиялык экспедициясы зерттеген. Ол -
Ақмешіт әулие жерленген қорғанның үйіндісі. Немесе Этлидің сарайы деп
жазады зерттеуші. Этли Еділді орысшалап жазғандағы транскрипцияланған
үлгісі ғой деген ой келеді көпшілікке. Қорған төртбұрышты, 42 х 42
метр, іргесі қалыңдығы 30-40 сантиметр жалпақ гранит тастан қаланған.
Ескерткіш 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының шығарған
Қазақстанның археологиялық картасында 2057 санмен тіркелген.

Ғұндардың Ұлытауда болғанын бұдан басқа археологиялық қазбалар
да дәлелдеп отыр. Мәселен, археолог Ж. Құрманқұлов әлі зерттелмеген
ғұндардың бірнеше қорғандарын, оның ішіңде Айбас дарасындағы
қорғанды атайды. Қаракеңгір өзенінің бойында ғұңдар жерленген молалар
бар. Жезқазған мыс кенішінің Милықұдық ауданында табылған ат
әбзелінің күміс жалатқан бір бөлшегінде ғұндар өнерінің таңбасы бар дейді
ғалымдар. Теректіде, Байқоңыр, Сарлық, Бұланты өзендерінің жақпар тасқа
салынған суреттерден ғұндардың сарыны байқалады.

Біз Орталық Азияда ғұндардың билігі Мөдеден бастап 800-ге
жуық жылға созылғанын білеміз. Қытайдан жеңіліс тапқан солтүстік ғұн
тайпалары Тарбағатай тауынан асып қаңлылар билеушісінің шақыруымен , қаңлылар б
Балқаш пен Ұлытау тауларының арасындағы байтақ далаға орналасты.

Ғұн тайпаларының тау-кен, металлургияны дамытуға әсері болды.
Өйткені, олар қаңлы, үйсін тайпаларымен одақтаса отырып, Қытайдын
қаскүнемдік саясаты мен басқыншылық соғыстарына қарсы тынымсыз ат
үстінде, күрес, қорғаныс үстінде болды. Осы тайпалардың мәдениетінің
қабаттарында еңбек құралдары, қару-жарақтар, металдан және түрлі асыл
тастардан өрнектелген сәндік бұйымдар сақталған.

Жезқазғанды мекендеген алғашқы кен қазушылардың арғы аталары
жерленген қабірлерде тас бағаналардың тік орнатылуымен қатар мәйіттің
жанында тастан қашалып жасалған қайла, шапқы сияқты саймандар,
малахит, лазурит, таза мыс кесектері қойылған. Мұның өзі арқаның неолит
тайпалары үшін мыстың ритуалды маңызы болғанын көрсетеді.

Солардың бірі Сырдарияның темендегі сағасынан Жетісуға дейін
сайын далада өмір сүріп жатқан сақтарды біріктірген тайпалық одақ (III-ҮІІ

ғасырлар біздің жыл санауымызға дейінгі) Қазақстанда бірінші тайпалық
бірлестік болды. Бұл одаққа скифтер, массагеттер, даилар, каспийлер,
иссадондар енді. Олар мысты өлкемізде тау-кен кәсіпшілігімен, алтын, мыс
және басқа металлдар өндірумен шұғылданды.

Сактар түсті металлдармен қатар темір балқытуды меңгерді. Арбаны,
жүгенді, өмілдірікті ойлап тапты. Мыңғырған малдардың көптігі жағынан
ол заманда сақтарға жетер ел болмаған. Олар ата жұртқа сыймай, қонысты
кеңейтіп, Үндістанға, Таяу шығысқа, Кавказға үдере көшті.

Олардың орнын басқа тайпалар басты. XI ғасырдан бастап
Сырдарияның солтүстігіндегі жалпақ дала араб және парсы деректерінде
Дешті Қыпшақ деп аталған. Онда қыпшақтар, үйсіндер, алшындар,
қаңлылар, қоңыраттар, наймандар, арғындар, қимақтар өмір сүріп жатты.

Жезқазған металлургия мен қолөнершіліктің ірі орталығы болды.
Темір мен мыс өндіру Түрік қағанатының (VІ-ІХ), одан кейін оғыздардың,
қыпшақтардың және қаңлылардың (Х-ХІІ, ХІІІ-Х V ғ.ғ.) негізгі кәсібі болды.

Толассыз текетірес, соғыс темірден жасалған суық қаруды көптеп талап
етті. Жезқазғаннан қайқы қылыш, ұзын найзалар, қанжарлар, дулығалар
құятын әртүрлі қалып үлгілер табылды. Милықұдықтың археологиялық
материалдары күмістен, мыстан, қоладан, латуннан, қорғасыннан, темірден,
мырыштан, асыл тастардан көркем, әдемілік бұйымдары жасалғанын
көрсетеді. Жезқазғанда керамика заттары көзе, шығыр көзесі, құты, күбі,
керсен, жасыл және ақ түсті кеселер, т.б. өндірілген.

Жергілікті археолог Н. В. Валукинский 1948 жылы Милықұдықта
қазба жұмыстарын жүргізген кезімде үлкен апан құдықты айнала
орналасқан 15 темір қорытатын пештер таптым, олар «тұтас завод аймағын
құрайды» деп жазды. Бүл жәдігерлерді Жошы ұлысының, Алтынорданың
дәуіріне жатқызуға болады. Жезқазғанның маңайында 400-ден астам кен
өндірген орындар картаға енгізілген.

Жезқазған көне және орта ғасырларда кен шығарудың, қорытудың,
өңдеудің ірі орталығы болғанын жоғарыда айттық. Мұнда ондаған мын
қара жұмыскерлер, шеберлер (әр дәуірдің молалары дәлел) тұрған.
Бұл жерде әртүрлі кәсіптер тоғысып жатушы еді. Қыштан зат жасау,
темірден қажетті нөрселер дайындау, тас қашау, фаянс және тақта өндірісі.
Шеберханаларда жеке адамдар емес, ұста, тас қашаушылар, зергерлер, т.б.

бірнеше шеберлер тобы жұмыс істейді. Кен қазушылар саны да көп болды.
Осыдан болса керек көне Жезқазғанда қорған (сарай) тәрізді ірі қоғамдық
ғимараттар болмаған. Әбілғазының кітаптарында атап көрсетілгеніндей,
байлар мен ірі билік иелері Ұлытау мен Арғанатының ауасы алтындай таза,
көркемдігі көз тойдыратын, бүлдірген, қарақат, жидек ауызды үйіретін
жұмақтай сұлу жайлы баурайларында тұрған. Солдардың тілсіз куәгерлері
болып қамалдардың, қыстаулардың, бірінен бірі өткен кесенелердің
қалдығы жатыр.

Моңғолдар жаулап алғаннан кейін XIII ғасырдың ортасында Дешті
Қыпшақта мал шаруашылығы, тау-кен ісі, егіншілік қайта жаңғырып,
дами бастады. Сырдария, Талас, Шу қалалары арқылы қыпшақ даласынан
Еуропаға және Азияға керуен жолдары өтті. Керуен жолдары қалалардың
үлкен сауда орталықтарына айналуына қолайлы болды.

Дешті қыпшақ даласының, Ұлытаудың, Жезқазғанның даңқы
Шыңғысханның құлағына жеткен болуы керек. Жаушылық, басқыншылық
саясаты арындап тұрған мезгілі еді. Бірнеше жүздеген мың жасақтары
болды, оларды қаруландыру керек, ат әбзелімен қамтамасыз ету керек.
Олай болса, ұлы қаған Ұлытау өңірін қиратып бүлдірмей, халқын қырып,
қан сасытпай алудың жолын қарастырған сияқты. Бұл жөнінде кейінгі
жазбаларымда айтып кетермін.

Сөз орайы келгенде елімізге белгілі философ-ғалым, қайраткер,
академик Ғарифолла Есімнің мына жазғандары біздің ой-толғауларымызға
үйлесіп түр. Ол былай дейді: «Шынғысхан кім? Сөзсіз ақыдды, көреген
адам, шебер қолбасшы. Әскерге не керек, қару қажет. Осы сәтте ойыма
Жезқазған орала кетті. Бұл жерде не көп, жез көп. Жез деген не? Ол
алтыннан кейін, тіпті оның орнына жүретін металл. Құнды металл. Байлық.
Шыңғыс ханға кажетті байлық.

Жүз мыңдаған қалың әскерді жебе, найза, қалқандарын жезбен
жабдықтап, әдемі әшекейлігін былай қойғанда, жарқ-жұрқ етіп айбын
беретін жауынгердің сауыт-саймандарын жарақтау ісі Жезқазған
аймағында мүмкін болған. Мұндай бай өлке қайда бар... Бұл мәселенің
әскерді жарақтауға байланысты, екінші жағы, жез өндіру империяға
қажетті байлық көзі болған.

Міне, сондықтан Жошы ұлысының орталығын Ұлытаудан таңдаған.
Жошы ұлысының астанасы Жезқазғанға 65 шақырым жердегі бүкіл
Евразияға аты әйгілі Орда Базар қаласы болған. Қала Жошыхан кесенесінің
тап қазір жанында үйінді болып жатыр.

БАҒАНАЛЫЛАР

Бағаналы-балталы тайпасы Ұлытауға қашан келді?
Әртүрлі пікір, әртүрлі ой толғам бар.
Наймандар ерте заманда той жасағанда «Көк бұқаны» сойып, елдің
қуаныш көңілін көкке аспандатқан. «Көк бүқа» күйін орындап, адамның
сезімін жылытып, қанын қыздырып, шат-шадыман қуанышқа бөлеген.
Алтай жерінде үлкен ас болып, оған найман, керей, уақ, меркіттің
жақсы-жайсаңдары бас қосыпты. «Көк бұқалар» топ-тобымен жеткізіліп,
үсті-үстіне сойылып жатыпты. Бірақ, табақ тартқанда көк бұқаның бір
мүшесі найманның іргелі бір атасы балталы-бағаналыға жетпей қалады.
Оған өкпелеген елдің басшылары халқын ертіп, Алтайды тастап, Орталық
Қазақстанға көшіп келеді. Бұл аңызды бірінші болып жазып алған
Г.Н.Потанин екен. Деректерге қарағанда оқиға шындыққа сәйкес келеді.
Шынғысхан басқыншьшығының қарсаңында Қарақұмда бақандар
(бағаналылар) тұрған, наймандардың біразы Қытайға жақын аймақтарда
тұрады екен, бір бөлігі ғұндармен бірге батысқа кетіп қалған.
Моңғолдардың ұлы қағаны Шыңғысхан жер дүниені жаулап ала
бастады. Өмірге келген жаңа мемлекеттің қабырғасы қатып, бұғанасы
бекіген кез болса керек.
Шыңғысхан әмір етіп, қарауындағы халқын ортаға салады. Шешесіне,
балалары мен бауырларына халқын бөліп береді. Бұл жөнінде «Моңғолдың
құпия шежіресінде Шыңғыс хан айтты деген мынандай деректі тілге тиек ете

кеткеңді артык санамадық. «Елді құрастырғанда қысылып-қымтырылған
шешем болатын. Ұлдарымның үлкені Жошы ғой. Бауырларымның кішісі
Отшы еді»,- деп шешесі мен Отшы екеуіне бір түмен адам, Жошыға тоғыз
мың адам берген.

Моңғолдың құпия шежіресінің 243 бабында Шыңғысхан былай
сөйлейді. «Мен шешей мен Отшы екеуіне бір түмен адам және ... төрт
ноянды бұйырып бердім. Жошыға Құнан, Мөнке мүнгүір, Кеті үтдеуін
бұйырып бердім». Осылай басқа балаларына да нояндарды бұйырып береді.
Бұл 2007 жылдардың шамасы болса керек.

Кеті (Кетбұқа) жөнінде осының алдында ғана мақалада ақпарат алған
боларсыздар. Ол Жошы Сібірдің «орман халықтарын» бағындырғанда
бірге болған, ондағы жол көрсетуші Бұқа, бабамыз Кетбұқа екені күмән
туғызбайды. Жошының оң қол әскерлерін алып, елдің шетіне келгенде
ойрат, бұриат барғы, ұрсуыт, қапқанас, қаққыс, қарғыз нояндары қолын
қусырып, басын иіп қарсы алады, ешбір қарсылықсыз беріледі. Жошы
қыз беріп, қыз алып, бұл елмен құдандалы жек-жат болып, тапсырманы
толық орындап оралады. Шыңғыс қаған Жошыға «Ұлдарымның үлкені
сен үйден алғаш рет шығып, жолың құтты болып, бақытты орман жұртын
бағындырып келдің. Осы бұқараларды саған бердім»,- деп әмір етеді.

Шыңғысхан 1216 жылы қыпшақ даласына көшіп кеткен меркіттерді
біржола талқандауға Жошыны өскерімен аттандырады. Ырғыз-торғай
өңірінде қашқан меркіттерді жойып, еліне бетін бұрған Жошы әскері
1216 жылы қыпшақтарға бара жатқан өзінен екі есе көп Хорезм шахы
Мүхаммедтің әскерімен кездейсоқ кездесіп қалады. Табанда соғыс ашады.
Күш тең түседі. Осы соғысқа тарихшылар моңғол шапқыншыларының Орта
Азия мен Европаны жаулап алу жорығының беташары деп баға береді.

Жорықтар және соғыс қимылы жалғаса берді, 1218 жылы
жошылықтар Енисей қырғыздарын тізе бүктірді, Сырдарияның бойындағы
Сығанақ, Яникент қалаларын бағындырды. 1221 жылы Үргеніш қаласын
алған Жошының әскери қолы кыпшақгардың қарсылығын басып-жаншып,
Аралдың солтүстік шығысында белсенді соғыс қимылдарын жүргізді.
1218-1224 жылдардағы соғыс науқаны кезіндегі Қазақстан мен Орта Азия
моңғол империясының құрамына кірді.

Шыңғысхан Хорезмді алғаннан кейін көзі тірісінде қоластындағы
жерді төрт ұлына бөліп берді. Үлкен ұлы Жошыға қыпшақ даласын,
Шағатайға - Жетісу мен Түркістан өңірін, Үгедейге - Шығыс Түркістаннан
шығысқа қарайғы жерлерді, ал Төлеге моңғол қонысын еншіге берген.

Шыңғысхан Жошыға төрт мыңдық немесе төрт мың әскер берді деген
әңгіме бар. Бұл, үлкен есеппен алғанда, ештеңе айтпайды. Өйткені, әскердің
баратын жері, мақсаты және ұлтына қарай оның құрамы қалыптастырылды.
Оған ірі тайпалар найман, меркіт, татар, қыпшақ, қаңлы, курд, түркімен,
басқа да этникалық топ өкілдері белгілі бір мөлшерде ғана берілді. Олардың
басшыларының көпшілігі Моңғолияның майда тайпаларынан шыққандар,
ал Жошы ұлысында кингигтер мен хушиндер болған.

Жошымен бірге Ұлытауға Кетбұқа ноян да келді. Кетбұқаға еріп осы
көшпен бағаналы-балталылар жетті. 1227 жылы Шыңғыс ханға Жошының
өлімін естірткен Кетбұқа ноян елге оралмай, Қарақорымда қызметте қалып
қойды.

Қасиетті Ұлытау баурайына балталы-бағаналылар нешінші рет
келді? Бізге бір анығы, Шыңғыс ханның әскері Таян ханның әскерін
қырып, өзін өлтірген соң Күшілік сұлтан Алтайдан асып, оның жалғасы
Ұлытауға жетеді. Жергілікті тұрғындардан әскер жинап, онда қашып келіп
жасырынған Таян ханның әскерінің тамтығын қосып алады, сөйтіп Жетісу
қайдасың деп Алатауды алға ұстап тартады.

Бағаналы-балталылар аддында сын кезең тұрды. 1253 жылы Онан
өзенінің жағасында Моңғоддың құрылтайы етіп, онда ұлы қағандыққа
Мөңке сайланады. Сол құрылтайда Қытай мен Ирусалимдегі соғысты
аяқтау туралы шешім қабылданады. Таяу Шығысқа Құлағу аттанатын
болды. Штаб бастығы қызметіне Кетбұқа тағайындалды. Ол қарауындағы
әскердің негізін өз қандастарының есебінен қалыптастырады. Соғыс
Кетбұқа үшін сәтсіз аяқталып, өзі Сирияның ұрыс даласында опат болды.

Енді бағаналы-балталылардың үшғасырлық тар жол басып, тайғақ
кешуі басталды. Бағаналы-балталылардың біразы соғыста шығын болды,
біразы басқа тайпаларға қосылып кетті, біразы Ұлытауға жетуге белді
бекем буды. Ел тозып құрып кету алдында тұрғандар араларынан атойлап
кершолақ атты Ер Шоштан шықты. Кершолақ атымен шапқылап жүріп
батыр бауырларының бір бөлігінің басын қосты. Тілі жат, түрі басқа талай

тайпалардың теперішіне шыдай жүріп, көшті тоқтатпай Ұлытауға оралды
(Қ.Ахметов пен Р.Бекетов). Шоштан батырдың ерлігіне халықтың ықылас-
ырзалығының көрінісіндей Жезқазған қаласында көшелердің біріне
батырдың есімі берілген.

XVIII ғасырдың аяғында бағаналылар жеті мың шаңырақ, балталылар
төрт мың шаңырақ болды. Олар Қаратауды, Шу, Сарысу, Торғай өзендерінің
бойын қыстап жайлады. Мал саны көбейіп, адам басы өсті. XIX ғасырдың
басында Ұлытауға және оның баурайына түпкілікті орналасты. Бағаналылар
сол заманда аса бай тайпалардың бірі болатын. Шаңырақ басына шаққанда,
түйелерді қоспағанда жүз қарадан келетін.

Бағаналы, балталы тайпаларының көне тарихы елі де терендете
зерттеп зерделуді талап етеді.

КЕТБҰҚА2

Кетбұқа - (шамамен 1180-85 ж. Найман қандығы - 3.09.1260 ж. Каир)
-жырау, күйші, аңыз кейіпкер, Шыңғыс қағанның әскерінің мыңдық нояны.
Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды. Сол
кезеңде халық арасыңда кеңінен таралса да, Кетбұқа жыраудың басқа
рухани мұрасы, әдеби шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол
қарапайым халықтың өмірін, өзекті мәселелерін жыр жолдарымен беруге
ұмтылды, сондықтан да халық оны «Ұлы жырау» деп атап кетті.

Кетбұқа сөз өнерінің дамуына да өзіндік үлес қосты. Ол көптеген қазақ
жырауларының шығармашылығы мен стильне игі ықпал етті. Мәселен,
ХV-ХVІ ғасырлар шегінде өмір сүрген Доспамбет жырау бір толғауында:
«Кетбұқадай билерден, кеңес сұрар күн қайда?!» - деп жырлайды, оның
шығармаларымен таныс екендігін білдіреді. Орта жүз құрамындағы
найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. Халық аңыздары мен
өлеңдерінде ол халық қамқоршысы мен даланың дана биі бейнесінде
сипатталған. Кетбұқа жырау туралы аңыздар қырғыз фольклорында да
кездеседі. Кетбұканы жыршы ретінде ғана емес, қолбасшы ретінде де көп

Бұл мақала М.Сейтжановпен бірлесе отырып жазылған.

сипатталған. Ортағасырлық деректерге сүйенсек Шыңғыс қаған, оның
үлкен ұлы Жошы хан және Кетбұқаның үшеуі бірге айтылады.Бұл тарихи
тұлғалардың тағдырлары тығыз байланысты. Шыңғыс қағанға Жошы
қайтыс болғаны туралы қара хабарды жеткізу Кетіге міндеттелді. Оның
себебін біз «Маңғол құпия шежіресі» атты тарихи дерек көзінен табамыз.

1204 жылы Найман қандығы Темірші (Темучин) қанның әскерінен
жеңіліп, бір бөлігі Күшлік қанмен Жетісуге қашып, бір бөлігі Теміршінің
әскерінің құрамына енеді.1206 жылы Теміршіні Шыңғыс қаған қылып
сайлағаннан кейін маңқол әскерін жасақтау кезінде мындық нояндары
тағайындалады. Барлығы 95 кісі болған нояндардың 51-шісі болып
найман елінің бағаналы және балталы руларын басқарған Кеті (Хэтэ)
көрсетіледі. Өкінішке орай біз ноянның жасы нешеде екенін нақты белгілей
алмаймыз,демек ол Теміршінің емес Жошының замандасы болуы мүмкін.

«Қоян жылы (1207 ж) Жошы оң қол әскерлерін алып, орман жұртын
жаулауға аттанғанда, Бұқа жолбасшы болады» делінген. Бұл жердегі Бұқа
деген кейіпкер Кеті болуы әбден мүмкін. Оның есімі жазылмаған себебі
Бұқа лауазымын енді алған кезі болуы тиіс. Келесі мәлімет 243-ші тармақта
кездеседі. Бұл жерде былай делінген: «Мен шешей мен Отшы екеуіне түмен
адам және Күші, Көкеш, Жүнсо, Арғысын деген төрт ноянды бұйырып
бердім. Жошыға Құнан Мөңке, Мүңгуірт, Кеті үшеуін бұйырып бердім»
- деп әмір етеді Шыңғыс қаған. Осыған қарағанда бұл үш ноян Жошының
қауіпсіздігіне бастарымен жауап беретін болғанын кореміз. Сондықтан,
Жошы қаза тапқанын Дүние әміріне хабарлау жауапты адамдардың біріне,
яғни Кетбұқаға жүктелген.

1216 жылы Қытайға қарсы соғысын аяқтаған соң Шыңғыс қаған
Жошыны батысқа қашқан меркіттерді тас-талқандау ету ісін аяғына дейін
жеткізуді бұйырады. Бұл шара Жошының адалдығын тексеруге бағытталған
болуы тиіс. Өйткені оны меркіттің қоқсығы деп, әсіресе Шағатай
мойынсынбайтын. Жошымен меркіттердің әскерлері Ырғыз өзенінің
бойында кездесіп шайқасқаннан кейін меркіттер жан-жаққа қашады. Осы
шайқаста Кетбұқаның алдыңғы қатарында жүруі әбден мүмкін. Оның
дәлелін іздеу тарихи маңызды шара.

1224 жылы Шыңғыс қаған сартауылын жаулап алып шығысқа
аттанғанда, Жошы Қыпшақта қалып өз ұлысының шаруаларын ретке

келтірумен айналысады. Ұлытауға көк туын тігіп, Ордасын Қаракеңгірдің
бойына орналастырып, оның қауіпсіздігін Кетінің сенімді бағаналы-
балталы гвардиясына жүктейді. Бағаналылар Ұлытаудың оңтүстігіне, ал
балталылар солтүстігіне қоныстанады.

Жүбайнидың айтуы бойынша Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай
жатқан кең даланы алып, Жетісудегі Қаялық пен Хорезмнен бастап Сақсын
мен Бұлғарға және маңғол аттарының тұяғы тиген жерлерге дейін жеткен.

XV ғасырда жазылған «Шаджарат ал-атрақ»(Түркі шежіресі) атты
еңбегінде Ордаға жақын уәзірлерінің бірі Ұлық Жыршының Шыңғыс
қағанға Жошының өлімі туралы қара хабарды жеткізгені туралы
айттылады. Ұлық Жыршы мен Кетбұқа бір адам екенін кейбір зерттеушілер
шегелеп айтады.Олай болса қара хабарды жеткізген Кетбұқа екені айдан
анық. Бұл кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша Жошы
хан құлан аулап жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс
қағанға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұқа жырау:
«Қаған ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?», «Түп-тамырымен
қопарылған ағашты орнына кім қондырар?» - деген сауалдар қою арқылы
әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін
«Ақсақ құлан - Жошы хан» күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй
тартылып біткен соң, қаһарына мінген қаған Кетбұқа жырауды жазалауға
шешім қабылдайды. Алайда, қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен,
сол домбыраға ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның
беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Бұдан домбыра
іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні күшейе жаңғырып, көркейе
түсті. Кетібұқаның «Ақсақ құлан - Жошы хан» күйі мен оның орындалуы
алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Оны естіген Шыңғыс қаған
түркі тілінде жыр айтады:

Құлын алған құландай құлынымнан айырылдым,
Айрылысқан аққудай ер ұлымнан айырылдым.
Бұл сөздер айтылғаннан соң ордадағы бүкіл әмірлер мен нояңдар
көңіл айтып дауыстай бастапты.
Осы тарих көзінен тағы бір жаңалықты байқауға болады. Бұл жерде
Ұлық Жыршы Шыңғыс Ордасының, яғни Қарақорымның уәзірі болып
көрсетіледі. Соған қарағанда бұл Жыршы Жошы ұлысында болып жатқан

жағдайларды қадағалап Шыңғыс қағанға жеткізу істері бойынша жауапты
уәзір болуы тиіс. Жошының көзі тірісінде Қарақорымнан алшақтап,
егемендікке бой алу шараларына Кетбұқаның көзқарасы да зерттеуді
талап етеді.

Кетбұқаның ерекше қадірленген әскери абыройы Еуропаға жасалған
жорықта тағы бір асқақтады. Әскери жасақтарды Ұлытауда дайындау іс
шараларынан бастап Русь жерін жаулап Андриатикаға жеткенге дейін
Кеті жауапты болғаны мәлім. Кетбұқаның Құлағумен бірге Батыс Азияға
аттанған жорығы туралы Л.Н.Гумилевтың «Черная легенда» атты
еңбегінде былай деп жазылған: «Жасақ жүретін жолдардағы мал
жайылымдарын таптатпау үшін бұл жерлердегі көшпелі елдерге басқа
қоныстар берілді. Өткел бермес өзендерге қалқыма көпірлер салынды.
Ұзақ жолда бұзылмайтын азық-түлік дайндалып, Қытайдан қамал бұзатын
қарулар жасайтын көптеген мамандар алдырылды. Асықпай қозғалған
жасақ 1256 жылдың қаңтар айында ғана Әмударияның сол жағасына өтті.
Әйтсе де, олар 1256 жылдың соңына қарай исмаилиттердің Ирандағы
барлық қамалдарын жойып, 1257 жылдың ақпанында Бағдатты алды».

Осы сәтті жорықтан кейін Кетбүқа Сирияның әміршісі болып
тағайындалады.

1259 жылы Мөңке қағанның қайтыс болғанын естіген Құлағу
Карақорымға аттанады. Ал Кетбұқа өзінің бағаналы-балталы елімен
Сирияда қалады. Келесі 1260 жылының 3 қырқүйегінде Кетбұқа Мәмлүк
елінің қолбасшысы Қүтіздің қолына түсіп қаза табады. Оның өлімі туралы
тарихшылар көп мәлімет қалдырған.

ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ
ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ БЕТБҰРЫС К Е З Е Ң

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің шежіресін зерделеп, ауық-
ауық жалпы тарих, жеке оқиғалар тұрғысында да өзінің көңілге қонатын
салмақты пікірлерін білдіріп жүр. 1998 жылы Ақтөбе облысын.аралап
жүргенде Президент орыс ұлты мен мемлекетінің тағдыры үшін Полтава,
Куликово, Бородино түбіндегі орыс жасақтарының жеңісі қандай
маңызды болса, қазақ халқы мен мемлекеті үшін Бұланты-Білеуті
бойындағы жеңіс сондай болды деп қадап айтты. «Тарих толқынында»
атты кітабында ол: «Төле, Қазыбек және Әйтекелердің күш салуымен
халық Бұланты өзенінің бойында қасақана жауға қарсы шешуші ұрысқа
жиналды», - деп жазды. Елбасы «Алматы-Бішкек» тасжолының бойында
жоңғар басқыншыларын күл-талқан еткен қазақ халқының Аңырақайдағы
жеңісі құрметіне койылған ескерткішті ашарда Бұланты-Білеуті шайқасы
батырларын еске алды. «Балаларымыз тұрмақ, тіпті өзіміз де бұл сынды
халқымыздың қаһармандық кезеңін, қазақ халқының рухы аруақтанып,
аспанға көтерілген тарихи жарқын сәтін жете білмейміз»,- деп көрсетті
Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы өмір шындығын қаз-қалпында айтып отыр. Бірақ
Бұланты-Білеуті шайқасының 275 жылдығында біздің академиктеріміз,
ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз жұмған аузын ашқан жоқ.

Ғылыми журналдарда, мерзімді баспасөзде жөнді мақала да
басылмады. Біз олқылықтарды толтырмасақ та тәуелсіздік жолында
жан алып, жан берген қазақ хандарының, билерінің, батырларының,
жасақтарының аруағы риза болсын деп, қолға қалам алдық.

«Қайың сауған» деп аталған 1723 жылғы қырғын ел есінде қалған.
Тек бос көгені мен жүгені ғана бар малсыз ел таужүмырды талшық етіп
теңселіп отырған сарша тамызда жоңғарлардың сегіз түмен (80 мың) қолы
қарақұрттай қаптады. Ең аяғы екі-үш жылда Ташкент, Түркістан, Сайрам
сияқты қалалар жау қолына көшті. Ұлы жүз өрісі Жиделі Байсынға, берісі
Қоқан төңірегіне, Орта жүз Бұқараға асты, кіші жүз Хиуаны төңіректеп
босып кетті. Дәл осы мезгілдегі қазақ жұртының көңіл-күйін батыр жырау
Ақтамберлі: «Дұшпаннан көрген қорлығым, сарысу болды жүрекке», -
деп күйіне бейнелейді. Тарихшы Ж.Артықбаев жазғандай «Көшкен елдің
ең бір намысқой, жаны сірі бөлігі Бетпақты кесіп өтіп, Ұлытауға тоқтады».

Ұлытау - ұшы-қиыры жоқ қазақ даласының кіндігі, географиялық
орталығы екені ақиқат. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қосылып
жатқан қырлы-қыратты елдің маңызды бұл орталық торабы Сібір мен
Алтай таулары жүйесін жалғастырып тұрады. Орталық Қазақстанның
түстікке де, шөл далаға да (Кеңгір), солтүстік және солтүстік-батысқа Объ
өзенінің аңғарына (Бала Терісаққан, Үлкен Терісаққан), Не Солтүстік-
батыс Қазақстандағы ақпайтын көлдерге құятын өзендер (Қараторғай,
Сарыторғай, Жыланшық) Ұлытау жоталарынан бастау алады. ХҮІІ ғасыр
аяғындағы орыс картасында Ұлытау, Кішітау, Сарысу өзені ірі әріппен:
Киргиз-Қазақ, Қазақстана деп жазылған. Ұлытауды төңірегімен қолына
алғандар бүкіл Орталық Қазақстанды билеген. Ұлытау қазақтардың
көне саяси орталығы болғанын бұл ауданның дүниелік мәдениетінің
ескерткіштер дәлелдейді деп жазды академик Қ.Сәтбаев. Сондықтан да
басқыншылар Ұлытауды басып алуға жанталасты.

Осы жерде кейбір тарихи мәліметтерді баяндай кетейік. 1635
жылы өзінің тол мемлекетін қүрған моңғол тілдес кошпенді ойраттар
(жоңғарлар), наймандарды Бұланты - Білеуті өзендерінің арасынан өңірдің
батыс және солтүстік батысына қарай қуып тастаған. Ойрат иелігіндегі
жерлер шекарасы Ұлытаудың оңтүстіктегі ұсақ шоқылары мен Сарысу
өзеніне дейінгі аймақты алып жатты. Орынбордың сөзі уөлі тарихшысы
П.И.Рычков 1744 жылы Сарысу өзені 130 жыл бойы қазақтар мен жоңғар
тайпаларының арасын бөліп тұрған табиғи шекара болып табылады деп
жазды.

Сарысу өзенінің орталық және төменгі сағаларына XVII ғасырдьң
ортасы мен XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың қарауыл бекеттерінің
тұтастай жүйесі орналасты. Олардың Қалмақтепе, Қалмаққорған,
Қалмақжатқан, Қарауылтобе, Қарауылшоқы, Қарауылтау сияқты жер
аттары да дәлелдеп түр. Қарауыл бекеттері басты, тұрақты және көшпелі
қарауылдар деп аталды. Басты қарауыл бекеттері тұрақты болды, оған 500
бен 5000-ның арасында тұрақты әскер бекітідді. Мәселен, Қалмақтепеге
орналастырылған бақьглау бекетінің төбесі дәу тас плиталармен жабьшған,
үш биіктік дәрежеде қарауылшылардың орны бар, олар Білеутіге
бағытталған қозғалыстардың барлығын жіті бақылап отырған. Жоңғар
басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ жасақтары Білеуті
өңіріндегі шайқаста күйретіп соққы беріп, жауды жаусатып салғаннан

кейін ол жердің кейбіреулері Қалмаққырылған, Қалмақшыңғырған
сияқты аттарға ие болды. Олардың бірқатары «Қазақстан Республикасы
географиялық атаулардың каталогы» атты көп томды анықтама -
ақпараттық жинақтарына (Алматы, 2004-2008 жылдар) енді. Енді негізгі
әңгімемізге оралайық.

Бұл кезде жеңілістен рухы түсіп, беті қайтпаған қазақтар есін жиып,
қайта шабуылды бастауға бекінді. 1726 жылы Ордабасында Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би, үш жүздің хандары, сұлтандар, қолбасшылар,
батырлар бас қосты. Онда жоңгар басқыншыларына бүкіл ел болып
соққы беру туралы бірауыздан бәтуа жасалды. Біріккен қазақ
жасақтарының қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды.

Қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларына алғашқы ірі
шабуылы Ұлытаудың қақпасы есепті Бұланты-Білеуті өңірінде басталды.
Ең бастысы оған алаш елінің бар өңірінен сарбаздар келді. Соғысқа Ұлы
жүзден 7 мың, Орта жүзден 10 мың, Кіші жүзден 10 мың әскер қатысты
(Қазақ Совет энциклопедиясы, 6-том, 448 бет). Басқа деректерде қазак
қолының саны 44 мың адам болды деп көрсетіледі.

Бұланты шайқасына Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, барлық хандар,
белгілі батырлар, билер қатысты. Сеңкібай, Шойбек, Наурызбай басқарған
Ұлы жүздің әскері Қаратауды асып, Сарысуды бойлап суыт жетті. Орта
жүздің Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Шұбартулы Жаулыбай
басқарған әскер қосындары Қорғалжыннан, Қарқаралыдан, Торғайдан,
Ұлытаудан құлады. Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз жасақтары Ырғыз
жағынан келді.

Әбілқайыр хан Шақшақ Жәнібектің жасақтарымен тізе қоса
отырып, Шұбартеңізге табан тіреп, ұзақ жорықтан кейін тыным алып
жатқан жоңғарлардың басына әңгір таяқ ойнатты. Жау жағы есін жиып,
қайрат көрсетуге шамасы келмей, бірден аттың басын кері бұрып,
Білеутіге шегінген еді. Дәл сол соғыста Кіші жүз Жақайым руының
төбе биі Байжанның 17 жасар үлы Сартай бастаған мың бала жау
шебіне кіріп, тұңғыш рет әскери мектептен өткен. «Бұл елдің жігіттері
жоқ па?» - деп сұраған ағайындарына иманды болғыр би бабамыз: «Бар
ғой... әне Бақтыбай мен Пұсырман шектінің туын жығар деймісің? Бірақ
қазақ анау ауылға тиген жау ертең біздің ауылға да ұрандап жетер деп
ойламай ма? Балалар үшін соғыс ойын сияқты, ал жігіттер былай шыға

бере-ақ үйде қалған келіншектерін, бала-шағасын сағынып, т ү н жамылып
қашып кетеді. Соғыс ұзаққа созылатын түрі бар. Бүгін 15-тегілер енді
бес жылдан кейін 20-ға шығады.... Бір өзі он адамға татитын жаужүрек
қыранға айналады», - деп жауап береді.

Шынында да аузы дуалы би айтқандай, осы балалар елге бес жылдан
кейін оралады. Соғысқа агтанған Жылқыайлар, Жылқыасан, Төркінбайлар
20 жасқа шығып, кейін атақты батырлар санатына қосылады, ал Сартай
үйсін Төле биден бата алып, кейін бір тайпа елдің ұранына айналады.
Жоңғар-қазақ соғысында Сартай бастаған 1000 баланың сол Отан соғысына
қатысуы халқымыздың рухының бір көрінісі, жастарды түрікшілдікке,
мемлекетшілдікке, отаншылдыққа тәрбиелеудің жанды мысалы болып
табылады. Осыған байланысты қазақтың аяулы азаматтарының бірі
Заманбек Нұрқаділовтің қолдауымен Алматы облысында жасөспірімдер
арасында мың бала қозғалысының өріс алғанына қуанып қалып едік, кейін
басшылардың ауыс-түйісінің салқыны тиді ме, қожырап бара жатқанын
естіп отырмыз. Алпамыстай күн сайын өсіп, қуаты тасып, сән-салтанаты
асып отырған Астанада жас қыршын мың баланың аруағына құрметіміздің
белгісі ретінде үлкен монумент орнату бүгінгі күннің тәртібінде тұр. Ал
грузиндер Тбилисиді басып кірген парсы әскерлерін тоқтатып, түгелдей
шейіт болған 100-ге тарта бозбала боздақтарға ескерткішті нақ патша
сарайы тұрған етектегі Кура өзенінің жағасына орнатқан.

Жоңғарлармен алғашқы қақтығыс Қарағайлы өзенінің Білеутіге
құяр сағасында болды. Кілең сәйгүлік әрі қарулы аттарға мінген қазак
сарбаздары жауды найзаға алып, садақ оғына байлап, қылышпен турап
зәресін алды. Олар Білеуті мен Бұланты өзендерінің арасындағы Қарасиыр
қыратының (кейбір деректер бойынша Қарасире, моңғолша «жота» деген
сөз) маңайына ұйлығып топталғанда жан-жағынан «Бақтияр», «Ақжол»,
«Қаптағай», «Қарабура» деп ұрандаған қазақтар лап қойды.

Айлакерлігі мен әскери тапқырлығы жағынан қазақтар
қарсыластарынан асып түскен. Екі-үш күнге созылған батырлардың
жекпе-жегі, «ай қораланды», «қоян қашты», «жауды отпен ойрандау»,
«қарсыластарын өзімен өзін соғыстыру» әдістері сәтті қолданылған.
«Бұланты Білеуті өзендері жағасында және Қарасиыр деген жерде
қалмақтар толықтай жеңіліс тапты» - деп жазды Мұхамеджан Тынышпаев.
Ел сол қаратөбені Қалмаққырылған деп атап кетті. Оның үшар биігіне

соғыста шейіт болған ерлердің денесі жерленді, басына тас орнатып, әр ру
өз таңбаларын басты. Осы пікірімізді ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Тәтіқара
ақынның мына өлең жолдары дәлелдеп, бекіте түседі.

Қамыстың басы майда түбі сайда,
Жәнібек Шақшақүлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сабыр менен Дулаттағы,
Деріпселі, Маңдайды айт қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,
Найзасының үшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт.
Жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңіп, омыртқасын омырған
Бұлантыдағы жеңіске Ұлытау жұрты қомақты үлес қосты. Ұлытау
баурайында бірнеше ұста дүкендері көрікті қыздырды, қылыш, найза,
айбалта соқты, садақ, жебе сауыт жасады (Қазақстан тарихы 2000 ж,
141-бет). 97 жастағы қыпшак Өмірзақ Бектүрсынов шежірешінің
айтуынша, қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, шақшақ Жәнібек,
сіргелі қара Тілеуке, қарақалпақ Құлшыбек, шапырашты Наурызбай
сияқты тарихтан мәлім батырларымен қатар қыпшақ Тілеулі, Түйте,
Алқалы, Төлек, Тулақ, Сағындық, Оразымбет (Оразай), Қүттымбет,
Айбас, Шұбартулы Жаулыбай төрізді жанкешті сайып қырандар
басқыншылардың үрейін алып, талайының басын қағып, қанын ағызды.
Мөселен, мыңбасы Жаулыбай жоңғарлардың зеңбірегін қалай құртқанын
жүрт жыр қылып айтады. Ол жөне екі баласы Қарабек пен Садыбек
Аңырақайдағы шайқасқа қатысқан. Бүлар жөнінде аңыз-өңгімелер,
жыр-дастандар, жеке зерттеулер жеткілікті. Өкінішке қарай, олардың
жауынгерлік қызметі ғылыми сарапқа түсіп ел тарихында өздерінің
лайықты бағаларын алмай келеді.
Бүлантыдан кейін қазақтар қалмақтармен 33 жыл бойы соғысты.
1760-1761 жылдары қазақ-қалмақ арасында бітімгершілік келіссөзі
жүрді. Соңында өйгілі Қандыжап келісім-шартына қол қойылды Бұдан

кейін екі жақтан көп адам шейіт болған «Қалмаққырылғанға», «Алқакөл
сұламаға» (Анырақайға) барып, аруаққа бас иіп, қару-жарақтарын
сындырып, жазықсыз қаза тапқан бейкүнә бабаларын еске алды («Қазақ
Совет энциклопедиясы», 6 том, 448-бет).

Жауынгершілік жылдары ат үстінде түн қатып, мемлекетіміздін
тәуелсіздігі үшін арыстанша алысып, жолбарысша жұлысқан жауынгер
бабаларымыздың алдындағы парызын әр ұрпақ өзінше өтеп келеді. Соның
бір дәлелі 1998 жылы Жезқазған қаласының әкімі Ж.Ибаділдин «Бұланты
шайқасы - 1998» тарихи-этнографиялық ғылыми экспедициясын
ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді. Оны ғылыми-көпшілік, өндірістік
ұжымдар қызу қолдады. Экспедицияға ғылыми басшылықты Е.Бекетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Ө.Байқоңыров
атындағы Жезқазған университетінің тарих кафедралары (ғылым
докторы ЖАртықбаев, ғылым кандидаты АУржанов) басшылық етті.
Экспедиция құрамында ғалымдар, жазушылар, журналистер, мұрағат
және мұражай қызметкерлері, өлкетанушылар, суретші, фотограф,
құсбегі, аңшылар болды. Олар құммен, Бетпақтың шөлімен, шоқалақ дала
жолымен 1550 шақырым жүріп өтті. Қалмаққырылған жотасының биігіне
граниттен ескерткіш белгі орнатты. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жер-
су аттарының шығу тегін зерттеумен қатар осы өңірдің жануарлар және
өсімдіктер әлемі жазбаға түсті. Экспедиция жұмысының қорытындысы
ретінде «Бұланты шайқасы» атты жинақ жарық көрді.

Әрине тындырылған іс осы бағыттағы кешенді ғылыми-зерттеу
жұмысының тек алғашқы кіріспесі ғана. Мысалы, Бұланты-Білеуті-
Шұбартеңіз шайқасы болған уақыт әлі нақтыланып, бір ізге түскен
жоқ. «Қазақ ССР тарихы» кітабы - 1728 жылды, «История Республики
Казахстан» оқулығы - 1726 жылды, «Қазақстан тарихы» журналы -
1728 жылдың көктемін», «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» - 1727
жылды меңзейді. Қазақ - жоңғар шайқасының негізгі соғыс атыраптары,
шабуылдың өрістеу бағыты, әскери қимыл тактикасы тереңірек
пайымдауды талап етеді.

Бұланты-Білеутідегі жеңістен кейін қалың қазақтың көңілі асқақ
еді. Рухани жан - дүниесі қайта түлеген. Кеше бастан ұшқан бақ қайта
оралған. Олар Ұлы Отан соғысындағы шешуші сәт Аңырақай шайқасына
жеңіс туларын толқындатып, қатарын бұзбай, өз күш-қуатына нық
сеніммен аттанды.

~Ч5) 122 (&Г

Аңырақайда жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңді, зар еңіретіп,
күшін қайырды. Біртұтас қазақ мемлекетінің тамырына қан жүрді....

Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының батырлары
Шұбар тулы Жаулыбай батыр ш а м а м е н (1697-1760)-найман ,
бағаналы руының Сары-Сарғалдақ, Тәңірберлі бұтағынан. Жаулыбайдың
әкесі Өтеген де елге сыйлы, батыр кісі болған. Қазақ елінің шығысы
мен оңтүстік өлкесін жаулап алған жоңғар басқыншылары 1728 жылы
Ұлытауға шабуыл жасауға әзірленеді. Осы мақсатпен әскер басы Септен
20 мың қолмен Телікөлге келіп, соғысқа дайындалады. Қалмақ әскерінің
қатары үсті-үстіне толықтырыла береді. Үш жүздің біріккен жасағын
басқару Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен қанжығалы Бөгенбайға
тапсырылды. Бұлантының жоғарғы ағысы (Қарасиыр, Білеуті) теріскейінде
болатын шайқасты Жаулыбайға тапсырды. Бұл шайқасқа бағаналынын
батырлары: Барлыбай, Төлек, Сарғалдық, Шәлтекеден Мыңжылқы мен
Мыңбай, Сағындық батырлар және арғын атадан Бостан, Жауғашты,
Биғаш батырлар, қыпшақтан Тілеулі батыр қатынасады. Жәнібек пен
Жаулыбай бұл ұрыста жаудың бір шетінен шабуыл жасап, қаша жүріп
соғыс сала отырып, қарсыластың шоғырланған күшін бөлшектеп, майдан
алаңынан ұзатып әкетіп, әлсіретіп, әр жерде қоршауға алып, жеңіске
жетеді. Жаулыбай батыр 1747 жылдың жазында Барақ сұлтанның ұлы
Ескендірді Орынборға, губернатор И. Неплюевке, одан әрі Петербургке
апарған елшіліктің құрамында болған.
Әдеб.: Абылай хан. Өмірі мен қызметіне байланысты құжаттар мен
материалдар. - Астана, 2005. - 162-бет.; Қараганды. Қараганды облысы.
Энциклопедия. - Алматы: 2006. - 250 бет.
Сағындық батыр 1704 жылы Ұлытау өңірінде дүниеге келген.
Қазақ-Жоңғар шапқыншылығына 17 жасынан бастап араласып, 62 жасына
дейін Шақшақ Жөнібектің айтулы батырларының бірі болған. Ол ұрыстар
мен жекпе-жектерде үнемі жолы болып жеңіске жетіп отыратындықтан,
Шақшақ Жәнібек оны «Жолды қарт» атап кеткен. Сағындық батыр 1727
жылы Бұланты - Білеуті - Шұбартеңіз шайқастарында ерекше көзге түскен.
Батыр 1779 жылы дүние салып, батырдың өз аманаты бойынша Бала
Жездідегі Зортөбе деген жерге жерленген. Сағыңдық батыр туралы халық
ақыны Болман Қожабайүлы былай деп жырлаған:

Атамыз Сағындықтан кімдер асқан,
Егескен дұшпандардың сұлқын басқан.
Елінді жау шапқанда атам шығып,
Жылаған көңіліміздің зарын басқан.
Әдебиет: Жезқазған энциклопедиялық анықтамасы. - Алматы:
Эверо, 2004.
Балталы Оразымбет батыр өзінің ерекше ептілігімен және
жылдамдығымен атақты болған. Бағаналы батыр Баянбай өзінін
Оразымбетпен бірге қалмақты шабуға барғанын айтады: бір түні олар 8
үйден тұратын қалмақтың ауылына келіп, шауып алуды ойлайды. Баянбай
батыр екі үйді шапқанша, Оразымбет батыр қалған үйлерді шапқанын
айтады. Ол екі есе олжа алады.
Әдебиет: Шоқан Уәлиханов. Көптомдыц шығармалар жинагы,
бірінші том. Алматы, Толагай-групп, 2011.
ТІЛЕУЛІ Әбдірахманүлы (т.-е.ж.б.) - жоңғар шапқыншылығына
қарсы күресте қол бастаған батыр. Орта жүздің қара қыпшақ тайпасының
үзын тармағынан шыққан.Үш жүздің 1710 ж. Қарақұмдағы халық
құрылтайына, 1723 ж. Талас өзені бойында жоңғарлармен болған
шайқасқа, сондай-ақ Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарына қатысқан.
Бөгембай, Саурық, Тайлақ,т.б. батырлармен бірге Әбілқайыр ханға жасақ
ұйымдастыруға көмектесті. Жәнібек тархан мен тама Есет батырлармен
жолдас болып, қазақ елінің Ресейге қосылуын рәсімдеген құжатқа Тілеулі
мен оның баласы Нияз би де қолын қойған.Тілеулі Ақтөбе қаласынан
18 км жердегі Бестамақ деген елді мекенінде тама Есет батырдың жанына
жерленген. Ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынұлы 1916 жылғы ұлт-азаттык
көтеріліс басшыларының бірі болды. Қазіргі ұрпақтары Қарағанды,
Қостанай, Қызылорда облыстарында, Ресейдің Новосібір облысында
тұрады. Тілеулі жайында ел ішіндегі аңыз әңгімелер мол сақталған.
Сондай-ақ тарихшылар М.Қозыбаев пен З.Байдосовтың зерттеу
мақалаларында, зерттеуші М.Сүлейменовтың «Әбдіғаппар хан»
атты кітабында, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Жазушы
Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» (1984), Қ.Сәрсекеевтің «Смута» (1988)
романдарында, «Шақшақ Жәнібек батыр» кітабында Тілеулі туралы
мағлүматтар келтірілген.
Ш. Рахметов, Ж. Ерманов, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы,
9-том, Алматы, 2007.

Үшінші бөлім

БАҒАНАЛЫНЫҢ ТӨРТ БОСАҒАСЫ

((,аза$елінщкіндік мекені — ЖЕЗ&АЗҒАН ,. —У^/^Л

ТӨРТ БОСАҒА ҚАЛАИ ҚҰРЫЛДЫ?

Бағаналының төрт босағасы Қадір, Сандыбай, Бабыр, Шегір - бірі би,
бірі батыр, бірі әулие, бірі ділмар шешен. Олар ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың
белортасында өмір сүрген. Бұл қазақ қауымының өміріндегі құбылмалы,
қиын және қасіретті кезең еді.

Төрт босағаны туғызған қоғам туралы аз ғана баян жасасақ, елдің
саяси-әлеуметтік, шаруашылық жәйі қандай күйде еді, ортасы туралы не
білеміз, - тақырыпта аз ғана әңгіме.

Олардың тұлға ретінде қалыптасу, өсу, кемелдену шақтары
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын іске асыру бағытындағы бірегей
қадамдарымен тұстас келді. XIX ғасырдың басында қазақтың кең
даласының басым бөлігі империя қарауына өтті. Абылай өмірден
озғаннан кейін (1781 жылы) 1815 жылы Орта жүздің екінші ханы болып
тағайындалған Барақтың ұрпағы Бөкей 1817 жылы қайтыс болды.
Осы ханнан кейін патша үкіметі Орта жүзде елді басқарудың бұл жүйесін
жойды.

Осы тұста 1822 жылы М. Сперанский жасаған «Сибирь қазақтары
туралы устав» іске енгізілді. Ол бойынша бүкіл Орта жүз сегіз сыртқы
округке бөлініп, оның жоғары органы округтік приказ басқаратын
болды. Устав бойынша 50-70 шаңырақ ауылды, 10-12 ауыл бір болысты,
15-20 болыс бір округті құрайтын болды. Ауылдарды үш жылға сайланған
старшина, болысты - болыс басқарушысы, округті - болыс басқарушылары
сайлайтын аға сұлтан басқаратын тәртіп орнатылды.

Сот істері қылмыстық және ақыл істер болып екіге жіктеліп,
мемлекетке опасыздық жасау, өкімет орындарына бағынбау, кісі өлтіру,
барымта сияқты істер билер қарауынан алынды. Ресей империясының
жалпы заңдары негізінде оларды қарау округтік приказдар сотының
құзырына берілді. Тек шағын қылмыстық және ақыл істер бұрынғысынша
билердің қарауында қалдырылды.

Ақ патшаның енгізген бұл жаңалықтары алды орта жастан асқан, арты
орда бұзар 30-40-ты еңсерген ел ағаларына шаншудай қадалды. Кейбір
замандастары «орыс ойына келгенін істейді» деп жұмсарта айтқанымен
оның артында әбжыланның қазақ мемлекетін талғамай бір-ақ жұтуының
аңсары, жаман айлакер саясаты тұр еді. Оның үстіне ХVІ-ХVІІ ғасырларда

атамекені Ұлытауға бет түзеген балталы-бағаналы тайпаларының біразы
кезекті оралысында көздеген жеріне жетіп, тұрақты қоныс теппеген.

«Қазақ жерінің тарихы» атты еңбегінде тарих ғылымдарының
докторы Марат Сәбитүлы Мұқанов «XVII ғасырдың ақырындағы қазақ
тайпаларының орналасуы» деген тақырыппен арнаулы бөлім берген. Онда
бағаналының жер қоныстары туралы деректер бар. Мәтінін толық келтіріп
отырмын. «Найман тайпасының 900 отбасына дейін жететін бағаналы руы
жазда Ешімнің бас жағын жайлап, қыста Торғай маңын, Ақкөл жағасын,
Жыланшық өзенінің сағасын тұрақ етті. Осы рудың 6000 отбасына дейін
жететін 12 атасы жазда Торғай, Ешім өзендерінің бас жағын, Ұлытау мен
Кішітауды және Мұрын, Тарағай, Сандық және Қысқан шатқалдарын
жайлады, - деп одан әрі былай жалғастырды зерттеуші. - Олар Қарақұмда
Қараөзек және Сырдария өзендерінің бойын, Қарабурыл, Қармақшы
зираттарының маңайын, Ақсауыл шатқалдарын қыстады».

Осының дәлеліндей, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған
университетінің профессоры Ө.Жәлелов «Құтан баба» атты мақаласында
оның XIX ғасырда қазіргі Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Аққұм елді
мекенінде, дәрігер З.Жанысбаев бабасы Сағындық батырдың Қостанай
облысы Аманкелді ауданы «Родник» ауылынан қашық емес жерде қайтыс
болғанын әңгімелейді.

Бодандық шырмауына түскен кең байтақ дала төсін арғымақпен
шарлаған қазақтарға жаңа басқару жүйесі жезтырнағын батыра бастады.
Сабан сақал, шегір көз жатжұрттықтар өкіметті толығымен қолға ала алмай,
ал, хандық билік құлап қалған шақта бағаналы-балталы елінің басына
түскен ауыртпалық аз болған жоқ. Жоңғар, қоқан, хиуа, түрікпен қарулы
жасақтарының шабуылы, жер дауы, барымта өршіп кетті. Жолды қарау,
керуендерді қорғау, шегірткедей қаптаған орыс шенеуніктеріне ылау беру
берекесі кеткен қазақ ауылдарына қосымша ауыртпалық болып жабысты.

Шүкіршілік, бағаналылардың бетіне қарайтын, сөзіне үйыйтын
бауыры, қарадан шыққан хан, батыр Барлыбай бар еді. Абылайдың
дүниеден өткен жылы, енді не болар екен деп халықтың ала көңіл отырған
кезі. Ұлытау өңіріндегі қоңырат, шөмекей, найман тайпаларының беделді
батыр-билері бағаналы қарабала Барлыбайды ақ киізге көтеріп, бірауыздан
хан сайлаған.

Бұл сындарлы шақтағы халық таңдауын аты аңыз сегіз сері Баһрамұлы
былай жырға қосады:

«...Өтіпті бізден бұрын ер Барлыбай,
Алашқа аты шыққан Алатаудай.
Найман, қоңырат, шөмекей Барлыбайды,
Ақ киізге көтеріп хан сайлаған,
Басқаға болмайық деп құл мен малай,
Жанында мың жеті жүз сексен бірдің».
Осындай ұлан-асыр ел мен жерге билік жүргізу үшін Барлыбай ханға
адасқанға жол сілтап, зорлық-зомбылыққа жаза қолданып, тізгінді тарта
да білетін, еркіне жібере де алатын ықпалды көмекшілер керек еді. Көш
үстіндегі ағайынды ажыратып алмай, тас-түйін бірлікте ұстау үшін де
оларға аса зәру болатын.
Бұған байланысты қазақ қоғамында бағыт ұстар істер көп болатын.
Соның бірі - Алтайды мекендеген Абақ керей руынан тарағандар
орталарынан шыққан елге ырықты, сөзге ұйытқы, сыртқа айбарлы төрт
бидің жылы құшағыңда, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болған.
Аға сұлтан Құнанбай Абақ керейіне барған сапарын еске алганда: «Қытайға
қараған Абақ керей баласы 15 мың түтіннен асып, дәулеттері шалқып, елі
өсіп, кегін жоқтар ұл туып, дауын сөйлер би туып, бақ қонған елге айналған,
түбі біздің қазақтың бір тиянағы солар болар» депті.
«Жұлдыз» журналының 1998 жылғы 3 санында жарияланған «Өр
Алтай шежіресі» атты мақаладан үзінді келтірейін:
«Төрт бидің сайлануы». ...Ел басылары Буыршындағы Калутон
жазығына үй тігіп, құрылтай ашады. Құрылтайды төре Ажы гүң өзі
басқарады да, абақтың он екі руынан түгел өкіл қатынасады. Алтайдын
алты ел ұранқайы мен торғауыт уаңы, көршілес қазақ руларының төрелері
келеді. Құрылтай кеңесі кезінде қарақас, молқы, ителгі, сарбас, шеруші,
құлтай, болар, меркіт тектес елдің ру басылары би болып сайланудан
бас тартады. Мұның себебі жәдік пен жентекей көп, әрі жуан атанын
тұқымдары болғандықтан, төренің де билігін тыңдамайтын, кесіміне ырық
бермейтін еді. Ендігі жерде олар төрт бидің бәрін өздерінің осы екі руынан
іздейді. Жәдік баласынан жәнтекей руының түтін саны мол болғанымен,

төрт орынның үшеуін алып кетуге толымдылығы жетпейді. Сондықтан
жәдіктен екі, жәнтекейден екі би сайлау ұйғарылады. Жәдік балалары Төрт
Мәлік, Сегіз Жанат болып екі руға бөлініп, үзеңгі қағысып, тең өсіп келе
жатқан ел болғандықтан, сайланатын екі бидің толымдылығын іздегенде
Сегіз Жанаттың біреуі - Байқазанның ұрпағы бірден ауызға ілініп, талассыз
сайланады. Ал, Төрт Мәлік баласына келгенде туысының біліктілік
жағынан ең күштісі Байқара болғандықтан, атақты батыр Қуаңдықтын
ұрпағы Құлыбек сайланды. Жәнтеке руынан сайланатын екі биге келгенде,
Үш жәнтекейдің өскен ұрпақтары Сәменбеттің балалары еді. Сәменбет
ісіне де Есентай тұқымы өте ырықты болатын. Ажының ойы да солардан
бір қолқанат ұстау еді. Алдынан жау қашқан батыр да, жұртқа сөзі өтімді
салауатты би де, теріс азу тентек те солардан шығатын. Сонда Жәнтекей
баласынан толымды Көкен болады. Бұл кезде елуді алқымдап қалған Көкен
қол бастаған батыр, ел басқарған дара би екен. Енді бір орынды атасының
жуандығымен, туысының көптігімен Тапан алады... Төрт би өзіне қарасты
халықты өзі басқарып, кішігірім жүмыстарды төреге бармай-ақ, төрт бидін
алдында шешіліп кете береді». Бүл бір.

Халқымыздың дөстүр салтында басқа елдің руларымен қарым-
қатынасында бір атадан немесе анадан туған ұрпақтарды біріктіру
мақсатында жаңа атау қабылдаған. Мысал келтірейін, «Бес Мейрам»,
«Жеті Момын», «Төрт Қаракесек». Бұның негізінде тек қанның бірлігі,
туысқан сезім жатқан жоқ, ең бастысы - шаруашылық-әлеуметтік, қажетіне
қарай саяси-әскери одақ болуға бағытталса керек. Шағын рулардың
неғұрлым ірілеріне бірігуі ғана жайылым, су, қыстақ, қолайлы тұрғын жай
үшін тартыста ұпайы үлкен болуына септігін тигізеді.

Үлкенді-кішілі рулардың бір тудың астына жиылуы, одақ-бірлестік
құруы жоңғарларды қуғаннан кейін XVII ғасырдың бірінші жартысында
жиі кездесті. Арғынның Төртуыл одағының пайда болуы дәл осы уақытқа
келеді. Жаугершілікте Сырдария жағасына қашып-пысып жеткен елді
көштің басын Орталық Қазақстанға бұрды. Алғашқыда «Төртуыл» ру
одағы ежелгі заманда құрылғанына күмәнданбаймыз. Мұны ғалымдар
М.Алпысбаев, В.Ушинский еңбектері ғылыми негіздеп, себеп-салдарын
жіктепбереді.

Өткен ғасырда Терісаққан, Шеңберді қоныстанған ағайыңдар

«Төртуылға жататын арғынбыз» дейтін. Олар 1822 жылы «Төртуыл»
болысы, 1832 жылдан бастап «Қырғыз-төртуыл» болысы болып атанған.

Бағаналының Төртбосағасының құрылуы да рубасыларының,
билердің талкылау-таразылау сарабынан өтті. Алдымен ақылшы билердің
саны қанша болу қажет, олар қалай іріктеледі, жеке ру емес, тайпалық және
тайпааралық даулы мәселелер қалай шешіледі, бұлардың барлығы көпті
көрген ақсақалдар мен игі жақсылардың талқылауына түседі. Екшелей келе
ой шығыстық таным бойынша төрттікке тоқтайды. Оның мәнісі мынандай:
Алла Тағалада төрт мүхараб періште болған. Мұхамед Пайғамбарға төрт
қала жар болған, төрт шадияры болған, ислам дінінде төрт мазһаб болған,
әлем кеңістігі шығыс-батыс, оңтүстік-солтүстік төрт тарапқа бөлінген.
Бұрынғы патшалар мен хаңдар төрт уәзір ұстаған. Оның сыртында қазақта
төрт түлік мал, төрт арыс деген сөз тізбектері болған. Сонымен, дүние
танымы төрттік санға кеп тоқталады. Төрт би сайлау көптің мақұлдауымен
шешіледі.

Сайланатын билерге де төрт талап қойылды. Олар біріншіден, елдің
қыстауы мен жаз жайлауын кеңейтіп, жаңадан жер әперген кісі болуға
тиісті, екіншіден, ел басқарып, көпті сөзіне ұйытқан адам болуы керек,
үшіншіден, әрісі Үш жүз бас қосқан, берісі көрші ағайындармен жиынға
қатысып, суырылып шығып сөз бастаған әділ билік айтқан би болуы шарт,
төртіншіден руы өсіп-өнген, бедедді, ұран тасталса, бір ту астына жиналар
сайыпқыран жігіттері көп, қол бастайтын жүректі адам болуы керек.

Жауғашты Кәдір бидің алға түсер жосық-жөнінің себебі бар. Оның
шыққан Сары-сарғалдақ тайпасының адамдарының бүкіл бағаналы елінің
ширегіндей еді. Олардың ішінен Барлыбай хан, Шұбартулы Жаулыбай
батыр, Оразымбет батыр, т.б. шыққан. Жері Қоқан, Хиуа, Түрікпен
шапқыншыларының өтінде орналасқан. Кеше Әбілқайыр ханды өлтіріп,
Алатауды жағалап жоңғар қонтайшысын сағалаған Барақ сұлтан әділ үкім
шығарса, осылар болар деп үш бидің қатарында атаған найман Өтебай
Кәдір бидің атасы еді.

Сандыбай батыр алғашқылар қатарында аталды. Жоңғарлармен,
қоқандармен, хиуалықтармен шайқаста ерекше аты шыққан түкті жүрек,
құрыш білек, алдаспан батыр. Қалың жырық, қуат, қоқан руларының бетке
ұстар ел ағасы.

Қызылтаз, ибеске, жұртшы ағайындарынан жылкелді Бабыр би, ақтаз
Сейіт, бадана жұртынан Шалабай Шегір би сайланды. Төбе би орнын Кәдір
би алды. Төрт биді бағаналы елінің төрт босағасы деп атады. Бірліктің,
берекенің, бауырластықтың мәйегі сырттан кез алартқандарға айбын,
Ұлытау өңірінің тұрғындарына қорған болды. Балталы-бағаналыларынын
қонысы кеңіп, іргесі бекіп, ел өркен жайып, дәулеті кемелдене берді.

ҚАРАБАЛА ҚАДІР БИ

Бағаналы елінің төрт босағасының бірі, әрі бас биі - Қарабала Қадір
би. Оның билік құрған уақыты сары орыстың сайын далада еркін жүрген
қазақты жүген-бұғалықтап, бетін бері қайтарған кезі еді. Бара-бара Ресейге
бодандықка жығып, закон, положение шығарып, халықты ашса алақанында,
жұмса жұмылдырығында ұстап, тізені батыра түскен.

Қадір бидің ұлы атасы Өтебай би бала жасынан есімі елге аңыз
асылдардың бірі. Халық аузында мынадай әңгіме бар: бір аста беделді
кісінің мініп келген аты өзіндей абыройлы азаматтың жалғыз баласын
теуіп өлтіреді. Қүн дауы бірте-бірте теке тіреске, төбелеске, барымтаға
жалғасады, таусылмайтын айтысқа айналады. Сонда билердің кезекті
тергеу кеңесіне қатысып, үнсіз отырған қатпа қара бала:

- Дат! Ауызы дуалы ақсақалдар, егер ұлықсат болса, ұзақ жыл
сүрленген даудың билігін мен айтайын, - деп қалған. Сөз береді.

- Айтсам, - деп нық сөйлеген бала, - қаза болған жас түлек бүгін
тірі болса, айтулы жігіттердің бірі болар еді. Бұл жағдайда оның атпал
азаматтық толық құны болады. Ал, құныкер аткермесі бола тұра кіріп-
шығатындардың жолына, ойын баласының жиылған жеріне жақын киіз
үйдің белдеуіне атын байласа, айыпты - толық құнын төлесін. Егер кермеге
байланып, ат баланы теуіп өлтірсе, жарты құн, ал, бала сонша аттың ішінен
асау атқа тиісіп қаза болса, ол құнсыз. Оны ол жерге ажал айдап барды,

құнды ажалдан сұрау керек, - деп билігін айтыпты. Құн даулаушы жақтың
бас биі баланың сөзіне тоқтапты. Сол сәттен бастап Өтебай ныспылы
жасөспірім Қара бала атын иеленіп, кейін бүкіл жауғашты елі бір ғана
атаумен Қарабала атанып кетіпті.

Өтсубай би - үш жүзге танымал, қара қылды қақ жарған, аузы дуалы,
сөзі уәлі еп ағасы. 1748 жылдың тамыз айында Барақ сұ лтан Әбілқайыр
ханды өлтіріп, қолына қарайтын елмен орта жүзге қарай үдере көшкенде,
жол үстінде қаз дауысты Қазыбек көлденең тұрып, «Ханыңды қалай
өлтірсең, халқынды қынадай қырарсың. ...Сылтауратып сытыла алмайсың,
бұлталақтап құтыла алмайсың...» деп келіп билер сотына мойын ұсынуға
мәжбүр еткен» деген сөз бар

Барақ сұлтан Қазбек бидің айтқанына еріксіз көнген. Ол өзінің ісін
қарайтын билерді де өзі таңдаған. Олар - алшын төртқара Қаратоқа би,
қаракесек қожаналы Мәмбет би, найман бағаналы Өтеубай би. Ел аузында
сақталған бұл мағлұматтар жазба деректерде тиянақталады. Барақ сұлтан
«аталған билер Әбілхайыр ханды өлтіргенім үшін мені жазыкты деп
санаса, олардың еркіне бағынамын. Таразы басына салып, бүкіл байлық -
мүкәммәлімді бір басына, шыбын жанымды бір басына тартып, малым мен
жерімді алам десе де, басымды алам десе де кесім солардікі болсын» деп
сөзін айтқан. Нәтижесінде билер соты Барақты ақтаған.

Күшік хан мен Барақ сұлтанның 1735 жылы 20 желтоқсанда
А.Тевкеловке жазған хатында Ресей патшасының ұлы мәртебесіне тағзым
өтетінін хабарлаған. Бұл пікірді Орта жүздің жақсылары мен жайсаңдары
Қаракерей Қабанбай батыр, Қармақты би, Ақшора бай, Тілеуімбет би,
Шерубай би, Теңаяқ би, Бақыл бай, Терістаңбалы Жарылғап батыр, Үсен
би, т.б, қатарыңда Өтебай би қолдайтыны баяндалған.

«Ата көрген оқ жонар» деген ғой қазақ атам. Өтебайдың ұлы
Түрікменбай бала жасынан тұлпар мініп, садақ атып, күреске түсіп, кез-
келген барымташыны найзасының сабымен аударып түсіретін қарулы
жігіт екен. Мал-жан қамын ойлаған бағаналылар Қаратау мен Ұлытаудың
арасын сартап жолға айналдырып, Торғайды бойлап Ырғызға жеткен,
Қорғалжынды жайлап, Есілді бойлап Қалмақкөл, Салқынкөлге тоқтап,
жүгін түсірген. Олар қолда ойнаған сыныптай Сібір, Батыс Сібір
губернаторларының құрығына ілікпеген. Ол кезде көзі ашық, көкірегі ояу,

шешен айбынды Түрікменбай сияқты жақсылар ел бастаған. Орынбор
әскери губернаторы Волконскийдің тыңшысы Көбік Шүкірәліүлының
1803 жылы дайындаған деректерінде мынадай жолдар бар. «Бағаналы
Найманның он екі атасы, алты мыңға тарта түндігі бар, Торғай, Есіл
өзендерінің бойын, Ұлытау мен Кішітауды, Мұрын, Тарағай, Сандықкескен
деген жерлерді жайлап, қыс түсе Қараөзек өзенін бойлап, Қарақұм арқылы
Сырдарияға қарай ойысады. Ақшағьш және Қуаң бойындағы Қарабадал,
Қармақшы молаларының төңірегін қыстайды, Түрікменбай би және Тулақ
батыр (Сандыбайдың әкесі Төлек батырдың інісі) есімді басшьлары бар»

Түрікменбайдан әрқайсысы біртөбе, ақылы асқан, айдарынан жел
ескен Арзықүл, Қадір, Қазыбай атты үш ұл туады. Үшеуі жастайынан
еліне қалтқысыз қызмет етіп, қиыннан қисынын тауып жүрген еді. Енді
өңгімеміз солардың бірі Қадір би туралы болып отыр. Зерттеуші Қобыланды
Тасқынбайұлы Аппазовтың бағамдауынша, ол 1770 жыддары дүниеге келіп
1855 жылы 85 жасықда өмірден озған.

Қадір жасында Қарнаққа барып білім алғанға ұқсайды. Шариғат
жолын жақсы біліп, қазақ хандарының жарғыларынан, Ресей мемлекетінің
заңдары мен нұсқауларынан мол хабары болған. Жастайынан төрт түліктің
төресі жылқы баққан. Ауылдарының тұрмыс-халі, қарым-қатынасы, жан
сақтаудың амал-тәсілдері көз аддында өткен. Барымталанған малдың
бағытын тұяғы тиген шөпке қарап анықтайды екен. Жапан түздің аңдары мен
құстарының өзіндік ерекшелігін, өмір сүру дағдысын, тіпті, жабайылардың
өзара қарым-қатынасын, қалыптасқан тәртібін тарқата алған.

Мұның бәрі - қарауға түскен істі дұрыс тергеп, тиянақты да дәйекті
түйін жасауға көмектесетін шарттар. Осыны соғып алған қырдың алтайы
түлкісін дауламақ болған екі жақтың мына дауын қарағанда қаперге
алғанын уәждерінен аңғаруға болады. Мезгіл қыс айы болса керек.
Ауылдың қарасы көрінетін жерде мал бағып жүрген шопан белгісіз кісі
қып-қызыл алтайы түлкіні соғып алғанын көреді. Аң қызығы ғажап қой.
Малшы жалма-жан атын қамшылап жетіп келеді. Жетсе, өрттей қызыл дәу
гүлкіні қанжығасына байлап, аттанғалы жатыр екен.

- Қанжығаң майлана берсін! Бірақ, ата жолы, олжа қайда, - деп дүрсе
қоя береді. Анау:

- Айтсын, - деп жүре беріпті.

Ақыры бәтуа жасап, бітімге келе алмаған екі жігіт Қадір бидің аддына
келеді. Әулие би екі жақты мұқият тыңдап алып, төмендегідей шешім
айтыпты. Түлкі ұрғашы болса, мына түлкі жетілсін, жүні өссін деп сырттан
бағып жүрген бақташы жігітке тиесілі болсын. Себебі, ұрғашы түлкі
күшіктерін тастап кетпейді, інін бағады. Егер еркек болса, атын зорықтьфып
жүріп соғып алған жігіттікі.

Сөйтіп түлкі үрғашы болып, інін бақылап, қарауылдап жүрген жігітке
бұйырыпты. Қадір би осындай тапқыр кісі екен. Екі жақ та аталы сөзге
тоқтап өз бетімен кетіпті.

Өңірімізге аты белгілі азамат Мөрлібек Мұратбаев өзінің «Мезгіл
пернесі» атты өмірбаяңдық эссесінде Қадір би қараған жастар тағдырына
байланысты бір оқиғаны баяндайды. Бағаналылардың игі жақсылары мен
жайсаңдары бас қосқан бір отырыста иіліп рүхсат сұрап, үйге бір жас жігіт
пен жас қыз имене кіре береді. Олар босағадан аттаған сәтте жүздерін төмен
салып, тізе бүтіп отырады.

Мына көрініске іш тартқан кейбіреулер қозғалақтай бастағаңда, би
бабамыз жөткіріңкеп:

- Жау алдыңда бас ию - қасірет, үлкендер алдында бас ию - ізет.
Үлкендерден рұхсат, айтарларың болса, айтып қалыңдар, - деп соза әндете
сөйлейді.

Оны күтіп отырған қыз жанарын жалт еткізіп төрге қарайды да
қайтадан төменге қарайды. Сосын қамыңқы үнмен:

- Әкемді жұрт сыйлайды,
Қызының жаны оны қинайды.
Бой жету қызға дерт екен,
Ғашықтық жанған от екен.
... Қырғиым келіп қамалымды алды, ,
Осыдан кейін басым дауға қалды, -
деп жігітке қарай иегін қаға:
- Құда түс десем кедеймін дейді.
Айтыңыздаршы бізді кім жебейді?! - деп өксіп-өксіп, ағыл-тегіл
жылап жібереді. Жағдайды түсінген Қадір би сұсты қабақпен жігітке
шүйліге «жігіт алмас қылыштай қылпып тұрса ғана жігіт. Айттырып ала
алмайтының бар жас қалқаның басын дауға салғаның қалай? Жағдайыңды

айт та жолынды тап. Не жазаңды алып, сорыңды қап!», - дейді өктем
дауыспен.

Алайда жігіт аспайды-саспайды. Шарт отырған күйі алға ұмсына
береді.

- Қияннан құйылар сұңқарың болайын,
Бәйгені бастар тұлпарың болайын.
Көгімді жаям - көпшілік демесе,
Жабыға жан бітер әруағым жебесе.
Қауқарым ғапыл қалың беретін,
Езің мен емес, бір-ақ күнде өлетін.
Қыздың күнөсі үшін құлдарың болайын
Қаласаңдар, ерге сүйрер ұлдарың болайын, - дейді.
Жігіт те қайсар мінез, күш-жігер барын түсінген би екі мұңлықтың
тағдырына ара түсуді ойлап, дереу қыздың әкесін жиынға шақырып
алады. Қалыңын алып, осы уақытқа дейін қызын теңіне ұзатпағаны үшін
қырық жетінің жарымын өзің төлейсің, ел деп келген соң жарымын біз
төлейік. Сөйтіп арамызды тағы бір шаңырақпен толықтырайық деп сөзін
тәмамдапты. Отырғандар бидің әділ де тиімді шешімін қауым болып хош
керіпті.
Бидің асыл мүраты бағаналылардың ауыз бірлігін, бауырластығын,
берекесін сақтау болды. Болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының,
билердің орыстың сайқал сөзіне сеніп, жылтырақты мол алып, елден
алыстап, көптің мұң-мұқтажың тәрк етуін болдырмауға бәрін істеді.
Ресейдің амал-айласы жеткілікті, ешқайда кете алмадық. Бір ғасыр
дерлік бұрын Телек атамыздың (Ерденнің атасы), Өтебай бидің (Қадыр
бидің атасы) Ресейге бодан болуға мойын ұсынуы тегін болмаған. Бір
күн екіншісіне ұқсамайтын заман туды. XVIII ғасырдың аяғына қарай
қазақтардың дені Ресей империясының қол астына кірді. Облыстар,
уездер, болыстық өкімшіліктері құрылды. Ұлан-асыр даланы түлпарының
тұяғымен дүбірлетіп, бірде батыстан, бірде сібірден, бірде оңтүстікте бой
көрсетіп жүрген бағаналылардың аяғына түсау салынатын кез таяғаны
байқалды.
Қадір би, ақсақалдар қауымы, естияр азаматтар Торғай даласын,
Қаратау баурайын, Сыр бойын тастап, енді ата мекені Ұлытауға бет бұрды.

Осыған сай, Көкшетау приказының заседателі Г. Редькин округ аумағына
енген бағаналы болыстарының қарауындағы ауылды, адамды, малдарды
түстеп, түгендеді. Барлық ауыл саны - 47, киіз үй - 2751, еркек, әйел -
17167 кісі болып шықты. Қолдарында 19209 жылқы, 248 ірі қара, 98132
қой және 8594 түйе бар екен. Барлығы 4 болысқа біріккен. Бірінші кезекте
1840 жылы 4 желтоқсанда титулды кеңесші Г.Редькин бағаналы жөне,ілесе
келген қыишақ болысының қазақтарынан екінші рет Ресей бодандығына
кіргені жөнінде ант қабылдады. Билер Ерден Сандыбаев, Бабыр Бөкеншин,
Уәйіс Байжанов, Қостангелді Қазыбаев болыс басшылары болып сайланды.
Олар да империяға қалтқысыз қызмет ету жөніңде ант берді.

Жер бөліске салыныпты. А.Сейдімбет ел аузыңда сақталған әңгімеге
сүйеніп, былай деп баян етеді. «Билікті Қадір биге жүктеген екен, алайда ол
ағайынның көңіліне қарап, «Өздерің бөле берсеңдерші» депті, сонда Шегір
отырып «Екі Кеңгірді Сарғалдақ пен Жырық алсын (мүнысы Қаракеңгір мен
Сарыкенгірді Ерден, Қадір алсын дегені, екі Жездіні Ибеске мен Жұртшы
алсын (мұнысы үлкен Жезді мен Бала Жездіні Бабыр елі алсын дегені),
Ырғайлы мен Байқоңыр өзенін Ақтазға беріңдер (мұнысы өзін айтқаны)
дейді, соңда Қадір би: «оу, боз жорға-ау (Шегірді осылай дейді екен) мұның
не?» - дейді. Бұған Шегір: «Қалағаныңды өзің ал, тастағаныңды ініне бер»,
- деп жауап беріпті. Осымен бітімге келіп, келісіммен тарасып еді.

Ағайын-туыстардың Ұлытау баурайына ағыны тоқтамайды. 1842
жылдың 15 маусымында билер Есен Әуезов, Манасып Маманов, Есенбек
Аманбаев, Қаскен Төленбаев жөне Біргебай Құлтаев бастаған 500 үй
бағаналы Көкшетау округіне есепке алынып, Ресейдің бодандығына
екінші рет ант-су ішті. Присяжный параққа қолдарын қойды. 1843 жылғы
желтоқсан айында тағы 247 шаңырақ далалық қазақтар көшіп келді.
Олардың бағаналы болыстарына қатыстығын старшыңдар мен билер жеке-
жеке анықтап, Батыс Сібір губерниясына қатысы жоқ екендігін делелденген
соң олар Көкшетау округінің тізіміне еніп, екінші рет Ресейдің бодаңдығына
адалдығы туралы ант берді. Көш там-тұмдап келіп жатты. Сөйтіп, бағаналы
болыстарыңдағы түңдік саны, адам көбейтіп, дөулеті аса берген.

Қадір би ағайын-туыстарын, бауырларын адалдыққа үйреткен.
Күштінің жамбасына, зымиянның шайтаңдығына, үрының алдауына түсіп,
қиянат шеккеңдер алдынан құр қол қайтпайды екен. «Ұрлықпен келген

малдың қайыры жоқ» деп отырған. Өзінің зерттеулерінде Қобыланды
Аппазов мынандай дерек келтіреді. 1845 жылы қыста қар қалың, боран көз
аштырмай, ақшұнақ аяз күшіне мініп тұрыпты. Ақпан айларының бірінде
Би Сарысу бойын ұзын-сонар көп жылқы қаптап кетті деген хабар алады.

Дереу ауылнайларды, сөз ұстататын ақсақалдарды, ауыл билерін
алдына шақырады. «Сөз қысқа, - дейді би ата. - Таңбасына қарасақ,
жылқылар атығай-қарауыл ағайындардың малы сияқты. Жылқылар өз
малымыздың сүрлеуімен Құмқоңыр, Шу жағына, Қаратау жайылымдарына
айдалсын, кісінің бір малына қиянат жасап, жұрт алдында қарабет
болмауымыз керек...». Қадыр бидің сөзінен бөлек кететін ешкім жоқ.
Байлар мен жылқышылар жылқыны аман-есен қыстан алып шығады.
Жазға салым арғын ағайындар түн қатып жүріп, жауғашты еліне келгенде
құлындары жыл өткізіп тай болып, биелерінің соңынан құлыны еріп,
қыста қысылмаған құнан, байталдары жалдары шоқтықтай шауып жүреді.
Санағанда жылқы саны 15 мыңнан асыпты. «Жоғалды, өлді деген малымыз
аман-есен екен. Бұл бірлігі бұзылмаған, дастарханына адал ас қойған, Қадір
бидей кемеңгерлерді пір тұтқан кісілердің қолынан келеді», - депті арғын
атығай-қарауылдың игі жақсылары риза болып.

Сөзді сөз түртеді. Алпысыншы жылдардың аяғына таман жазда
облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакторының орынбасары
Бейсек Исабеков екеуміз «Сарысу» асыл тұқымды қой заводын аралап
жүргенбіз, жанымызда завод директоры Иса Боранбаев бар. Бір кеште
Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы туралы әңгіме туындап кетті. Балағы
қан Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдамендин туралы
бір орта жастағы жігіт осыдан алыс емес қырдың астында Қадір әкеміз
оның жонынан таспалық қайыс тіліп алған демесі бар ма?! Сол кезде
алпысты алқымдаған көзі қарақты Бейсекең «Ол қалай болған, айтшы»
деп қолқа салды. Ол атасының аузынан естіген сөз екен, жарытып ештеңе
айтпады. Содан біраз уақыт өтті. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Орталық
мемлекеттік мұрағатында жұмыс істеп жүріп, болыс басқарушысының
бастауымен бағаналылардың Ақмола округінің аға сұлтаны подполковник
Қоңырқұлжаға шабуыл жасағаны туралы іске кездестім. Арызды аға
сұлтанның өзі жазады. Өйткені, 1845 жылдан бері бағаналылармен арада
9 кісінің өлімі және Едыгин бидің 250 жылқысын барымталап әкеткені

жайлы дау бітпей, бірде өршіп, бірде басылып келеді. Орыс ұлықтары
кезінде Ерден Сандыбаевқа бұл істі билер кеңесінде қарап, анық-қанығына
жетіп, шешуді тапсырады. Алайда, Қоңырқұлжа Ақмола округінің билер
кеңесіне қаратып, өлген кісілердің құнын өндіру жөнінде шешім алдырады.
Оған екінші жақ Көкшетау округінің тұрғындары көнбейді. Енді шешімді
орындатуды Ақмола округінің аға сұлтаны Қ. Құдаймендин өз қолына
алып, жаныңда болыс басқарушыларын, казактарды, билерді ертіп, үлкен
топпен 1847 жылы 13 шілдеде Қадір би Түрікменбаевтың ауылына қонады.
Алдын-ала хабар берілсе де Қостанкелді Қазыбаев, Уәйіс Байжанов, Ерден
Сандыбаев келмейді. 14 шілдеде жиынып-түйініп, Қадірдің ауылынан
аттанып, қыр асқан соң Қоңырқұлжаның тобына алдында Қарабала -
Төртқара - Сарғалдақ болысының басқарушысы Қостанкелді Қазыбаевтың
өзі, Құдайқұл, Сарыбай, Шыныбай Кәдіровтер, Айрамбай Құлшықов
Байқожа, Бұқа Қазыбаевтар, Таймас Дауытбаев, Байжарық Нартайлақов,
тағы басқа қолдарында қылыш, сойыл дүрсе қоя береді. Ұрып-соғып,
киімдерін жыртып көпшілігін көкала қойдай етіп сабап, лезде көзден ғайып
болады. Осыған байланысты шағыммен келген аға сұлтанға Омбыдағы
орыс ұлығы «Бұл ісіңіз заңсыз, басқа округтің ісіне араласуыңыз қателік»
деп қырын қарайды. Сібір қазақтарын басқару жөніндегі Көкшетау
облыстық ведомствоның кеңесі 1845 жылғы Ақмола округі билер кеңесі
ұйғарымыңың күшін жояды. Енді бұл істі белгіленген тәртіп бойынша
орыс соты қарайтын болады. Сот шығындарын көтеру бастамашыл жаққа
жүктеледі. Абыройсыз істің ортасында жүрген Қ.Құдаймендин біраз
жылдан кейін қызметінен кетті.

Қадір би ұйғарымында ешкімге бұрмай, тура шешім қабылдап
отырған. Бәйбішесі де бағаналының ішіндегі рулардың бірінен еді. Сонда
да артында «менде қатын бар да, қайын жоқ» деген сөз қалған. Онысы
бәріміздің таңбамыз - бақан, бір атаның балаларымыз, бауырлармыз,
басынан намыс асырмаған кешегі Кетбұқаның ұрпағымыз дегені.
Аузымен құс тістеген, қазақтың жалпақ даласын алшақ басқан аға сұлтан
Қоңырқұлжаны масқаралап елден қууды Қадір бидің тікелей қатысымен
іске асырылғаны күмән туғызбайды.

Бағаналы болыстарында XIX ғ. ортасында жер жайының мәселесі
өткір тұрды. Оның әртүрлі себептері бар. 1843 жылы патша қазақ жерінде

8-дуан орталығы болады деп жобалаған Ұлытау станицасының құрылысы
басталып, оған бір полк әскер, казак шаруалары келіп орналасты. Бұлардың
шаруашылық қажетіне Қарағанды сайдың бойындағы шөбі қалың аймақ,
бұрынғы Жанғабыл бүгінгі Тынымбай өзені, Ұлытаудың шығыс жақ
тұмсығының солтүстік батыс беткейінің бөлігі (Бесімнің бес саласы немесе
Қызылтау дарасы) берілді.

Ағайындары ішінде ұлтарақтай жер жоқтықтан болыс Уәйіс
туыстарымен Терісаққанда отырды. Болыс Бабыр Бөкіншінің ауылы шекара
сызығы жүргенде Батыс Сібір жағында қалып, енді елге көшу міндеті тұрды.
Одан ежелгі мекеніне ауылымен қайта орналасуға губернатордың батасын
алған бұрынғы Кенесары ханның сардары Жанайдар батыр ата қонысы
Терісаққан жағын толық босатылуын біраз күтіп қалады. Хоружий Ерден
Сандыбаев ауылымен Орынбор губерниясының Торғай жағында жүргенде
оған үкімет бекітіп берген Қаракеңгір өзенінің жағасындағы қонысын
Қарабала - Төртқара - Сарғалдақ болысындағы ағайындар иемденіп алған.

«Мал ашуы - жан ашуы» деген ғой. Ағайындар арасында мал
қыстақтары үшін қырғи-қабақ, ұрыс-керіс, төбелес жиіледі. Жоғарғы
патшаға дейін шағым үздіксіз жөнелтіліп жатты. Бұл түйіні қиын, шиеле-
ніскен мәселеге шекаралық басқарманың қызметін атқарушы генерал-
майор Клейст араласып, 1852 жылғы мамырда №1415 құжатпен Көкшетау
округінің аға сұлтаны майор Габбасовқа тікелей өзі жағдайды анықтап,
екі жақты риза ететін шешім қабылдауды нықтап тапсырды. Жағдайды
зерттеуге және ұсыныс дайындауға Көкшетау округі приказының заседателі
Мельников, қазақтар атынан сайланған заседатель Көбен Марқабаев,
кейін сырқаттанып қалған күндері оның орнына Ерден Қостанов қатысты.
Әрбір ауыл бойынша рубасылары, старшындар, билер шақырылды. Киіз
үй, адам және мал саны салмақталып, қыстақтың шөбі мен тебіні нақты
анықталды, сосын округтен келген өкілдер, болыс басқарушылары,
рубасылар, старшындар, билер актіге қол қойды. Қорытындысында Ерден
Сандыбаевтың Қаракеңгір өзенінің табанындағы жері өзіне қайтарылып
берілді. Ұлытау станицасындағы казак әскерінің пайдалануына
байланысты Дүзен Саңдыбаевтың атасы шағыр Майлыбай байдың ауылы
Қарағандысайдан көшеді. Қарабала - Төртқара - Сарғалдақ болысының
жері солтүстігінде Ақмая-Керетастан бастап, оңтүстігінде Кеңгір өзенінің

Сарысуға кұяр сағасы Қаражардан бастап белгіленеді. Сарысу бойына 1856
жылы қоныс аударған бағаналыларды Қаратау қазақтарының барымта-
боспасынан қорғау үшін казактар әскерінің Ұлытаудағы отряды (командирі
есаул Ряпасов) жіберілді. Ақмола облыстық басқармасының 1856 жылғы
13 тамыздағы №3027 құжатында баяндалған қорытындыларын генерал-
губернатор мақұлдады.

Оншақты жыл бауыр басып қалған ағайындардың Ұлытаудан көшуі
оңай болған жоқ. Тұрақты мекені жоқ сырттағы туыстардың мүддесі де
кейінге қалдыруды көтермеді. Қадір би екі оттың арасында қалды. Бірақ,
би бағаналылардың ертеңін ойлады. Тік көтерілген елді сабырлылыққа,
уақытша қиындықта шу шығармауға, бір-біріне өкпелеп пышырап
кетпеуге шақырды. Өйткені, Жер қалтадағы алтын сияқты. Бағасы, саны
өспейді. Көбеймесе, кемімейді. Жер көлемін ұлғайту көптің игілігі. Ұтпаса,
ұтылмайды. Солай болды да. Сарысудың екі бетін иеленген, Қаратау
баурайы мен Шу бойын қоныстанған Қарабала - Төртқара - Сарғалдақ
болысының қарауындағьлар шаруасын тез түзеді. Төрт түлік мал көбейді,
бас та өсті. Кешегі бір болыс ішінен XIX ғ. соңында тағы бір болыс бөлініп
шықгы.

Қадір би әріден ойлады. Ресей патшасының құрығына іліккен
бағаналылықтардың біркісідей тас-түйін болуын жақтады. Бірлік болғанда
ғана елдің жағдайы жақсы, көңілі көтеріңкі, абыройы жоғары болатынын
көрсетті. Іргесі бүтін ел патша үкіметі құлаған 1916 жылы қырық мың
кісісі бар Қазақстандағы ең үлкен хандық Бағаналы хандығын құрды.
Сөйтіп, ағайындарды көшпелі кезеңнің қиындығынан, ұры-қарылардың
қысымынан сақтады. Ел төрт түлігін бағьш, диқандыққа үйреніп, малын
бидай, тары, тағы басқа керегіне айырбастап, әдетінше күн көріп, өмір
сүрді.

Бағаналылықтар туысы жоқ тура би Қадірді құрмет тұтты. Орыс
патшалығының өзі 1840 жылы Анна лентасына тағылған алтын медальмен
марапаттады. XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көсемі хан
Кенесары Қадір биге өзін қолдағаны және көмегі үшін желмаяны сыйға
жіберген.

Ақиқаттан басқа алғаны, шындықтан басқа байлығы, қазақтан басқа
бауыры жоқ Қадір бидің соңғы жылдары мен күндері елеусіз етті.

Ақселеу Сейдімбек былай жазды: «Кейін Қадір биге Ерден өктемдік
көрсетіп Қадір би Сарысу бойына, тамаларға қарай ығысқан. Сол маңдағы
Қара Жыландыны қоныс еткен. Мұны көріп отырған Бабыр мен Шегір
«елге үят болар, шеттеп, шашырамайық» деген екен. Қадір би тоқтамапты,
бидің бейіті сол Қара Жыландыда.

Сөз соңында айтарым, ел қамын жеген ірі тұлға атақты би
Қадір Түрікменбаевтың есімін мәңгілікке қалдыру - бүгінгі ұрпақтың
парызы. Алғашқы қадам ретінде Жезқазған көшелерінің біріне бидің атын
берсек. Келесі қадам көпшіліктің, бидің ұрпақтарының бастамасымен және
қолдауымен жалғаса берер.

САНДЫБАЙ БАТЫР

XIX және XX ғасырлардың тоғысында төрт босағаның жасы үлкені
Саңдыбай батыр еді. Ол әкесі Төлек те, өзі де иісі қазақ әлеміне белгілі
батыр болған. Батыр 1740 жылы өмірге келген. 75 жасқа келген шағында
1815 жылы өмірден озыпты.

Сандыбай батырдың бүкіл өмірі ат үстінде өтті деуге болады. Ол он
бес жасында қалмақ батыры Нұртаймен жекпе-жекте жеңіске жетті. Күш-
қайраты, әдіскерлігі, рухы биік болған батыр есімі сол кездің өзінде қазақ
байтағының төрт бұрышына жетті.

Жоңғар басқыншыларына аттанған бір жорыкта жасөспірім ата-
анасына айтпай қосын сабына қосылып, көппен бірге аттанып кеткен.
Баласының балғындығын, бұғанасының толық қатпағанын, жастығын
ойлаған Төлек батыр күн-түн жүріп, артынан қуып жетеді. Баласына «қайт»
дейді, жас Сандыбай қайтпай отырып алады. Баласының жүзіне қарап, күні-
түні жылқы бағып, ескери ойын ойнап, бұлшық еттері кесек-кесек ойнаған
жігіт екенін көреді. Екі көзі шоқтай жалт-жұлт от шашып тұр. Намысты

қолдан бермейтін айбынды түрі бар. Ұлына риза болған батыр «балам,
болмадың ғой, аттан түс, отыр, қолыңды жай, батамды берейін» депті. Сол
батаның бүгінге жеткен мазмұны мынандай:

Балам, жауға бармас болар,
Барса, жаудан қайтпас болар.
Балам, жау қолына түспес болар,
Түссе де шынын айтпас болар.
Балам, жаудан өлмес болар,
Өлсе де адамгершілік арын бермес болар.
Балам, амандығынды Тәңірге тапсырдым,
Адамшылығынды өзіңе тапсырдым!
Көзіне қан толып, тұлпарына мініп, құйындатып жеткен Сандыбай
мұздай қаруланған шеп құрып, қарама-қарсы түнеріп тұрған қазақ, жоңғар
жасақтарының үстінен түседі.
Жоңғар қолбасшысы «хас батырлардың жекпе-жегіне шыға аласыңдар
ма?» деп бір жағы өктем, бір жағы кекесін үн тастайды. Жекпе-жектің талай
ғасыр сыннан өткен шарты қай батыр жеңіске жетеді, сол жақтың өскерінің
мерейі үстем болады.
Басқыншылар Нұртай батырды шығарады. Талай жекпе-жекте бағын
сынаған, алып денелі, жіліншіктері тоқпактай, жалпақ бет, қызыл көз
бәле көрінеді. Қазақтар жағы тайсақтап, кідіріңкіреп қалады. Жоңғарлар
масайрап, кернейлетіп, дабылдатып, әуейлеп, айғайлай бастайды.
Басынған жаудың қоқайын көрген жас арыстан Сандыбай шыдай
алмайды. Қаттырақ адымдап келіп, хан алдына тізесін бүгіп: «маған рұхсат
етіңіз», - дейді. Мұрты тебіндеп, булығып өскен жүректі жігітті хан жекпе-
жекке жібермейді. Тағы күтеді. Ешкім суырылып шыкпайды. Хан алдына
жас Сандыбай қайта келеді. Сүңғыла хан нартәуекелге бел буып, салалы
саусақтарын жайып жібереді де «Ал, жас батыр, мерейің үстем болсын! Ер
Қаптағай бабамыздың аруағы қолдасын!» деп батасын береді.
Сап түзеген сарбаздар мен жасақтар «Қаптағай! Қаптағай!» деп
ұрандатып, сайын даланы басына кетереді. Тау күңіреніп, азан-қазан
болады. Екі көзі оттай жанған жас батыр оқтай атылып, менменсіген
жоңғар батырының аддына жетіп барады. Осыдан жүрегі секем алған,
жоңғар Нұртай именіңкіреп, тосыла береді де айқасқа кірісіп кетеді. Қанша

дегенмен Сандыбай жас емес пе, оны біраз уақыт қыспаққа алып, сілікпесін
шығарып, қос өкпесінен демалып, демігіп, қажыған қарсыласының жүрек
тұсынан найзасын бойлата сұғып жібереді. Көукиген жау жерге сұлап
түседі. Дереу жоңғар батырының басын кесіп алып, ханның алдына
тастайды. Жау шегінеді.

Сонда хан Сандыбайдың арқасынан қағып, ризалығын білдіріп, былай
депті:

- Үраның бабаң ер Қаптағай болса, сен оны ақтадың. Енді ұранын да.
атың да Батыр Сандыбай болсын.

Осылай бағаналылардың ұраны Ер Қаптағаймен қатар батыр
Сандыбай болған. Батыр Сандыбайдың аты таумен жаңғырығып ел аралап,
шартарапты шарлап кетеді. Оны көрмеген ақындар жырға қосады. Қиял
құшағына беріліп, өртүрлі шытырман оқиғаның кейіпкері етеді. Соньың бірі
- республикамызға белгілі Қазақстанның халық ақыны Көкен Шөкеевтен
белгілі музыка зерттеуші Талиға Бекқожина жазып алған «Ер Сандыбай
туралы» қисса, одан үзінді «Даланың назды саздары» атты кітабында
(Алматы, «Өнер» баспасы, 1996 ж.) жарық көрді.

Оның қысқаша мазмұны мынандай. Ауыл маңында кісі жегіш бір
албасты пайда болады. Адамға да, малға да қауіп төндіреді. Ел бас қосып,
оған әлі жететін деген Сандыбай батырды шақырып, албастыны өлтіріп
тастауды жалынып сұрайды. Батыр келіседі, әрі оқиға былай өрбиді:

Қария болжау қиын алдағы істі,
Қатерлі тажал екен, қалпы күшті.
Адамнан туып өсіп, етін жеген,
Бір құдай, аруақтар берсе жәрдем,
Көрейін мен күзетіп бүгін кешті.

Жар болсын, ата-баба ер Қаптағай,
Оңдалмас менің жағым сіз жоқтамай.
Әуелі жазу бар ғой ер басында,
Кім өтер бұл дүниеде бір тоқтамай
Тәуекел, не болса да, буды белді,
Деп сөзді беріп қалды Ер Сандыбай...

Кез тұмсық, кұлаш құлақ, мойны жуан,
Ешбір жан шығар емес, батыл оған.
Көзге ілмейді алдындағы Сандыбайды,
Сұғынып келе жатты елге таман.
Ауылға келтірмеймін малғұнды деп
Ақырып ер Сандыбай ашты майдан...

Сандекем бұл дүниеге жаралғанда
Көрген жоқ дәл осындай алпамсаны
Ақырып, айбат шегіп тұра ұмтылды,
Тіспен тістеп, қолыменен ұстағалы.
Екеуі бұрқ-сарқ етіп айқас
Долының түсті қолға қос құлағы.

Сандекем, ұстап дәудің қос құлағын,
Ақырып екі жаққа тастап жағын.
Қотанға алып келді дірдектетіп
Көгенге әкелгендей қозылағын...

Көзі тірісінде қиссаның аңыз кейіпкері болған Сандыбай бабасы
жайлы бүгінде тоқсаннан асқан абыз Қойшыбек Тоқтамысов былай дейді:

«Сандекеңнің бірінші әйелі Әппақтан Дүзен, Кеңесбай, Шүрте,
екінші әйелі Туғанайдан Ерден, Берден, Байұлы, ал, жеңгелей алған әйелі
Құндызайдан Кеңпейіл туады. Әппақ жәй жердің қызы болмаған. Ол
Барлыбай ханның немересі. Бегзада жерден тәрбие алғандығынан шығар,
ақылдан, парасаттан кенде болмаған. Бір күні Әппақ көптен мазалаған ойын
ортаға салып: «Батырым, саған батыр ұл керек» дейді. Содан өзі таңдап, өзі
бас құда боп, қыпшақ Жәуке батырдың ай мен күндей Туғанай деген қызын
алып береді. «Әппақ айтса адаспайды» дейді екен осыдан кейін Сандакең.

Сандакең кешке қарай төбеде отырып, балаларына ерлік хақында,
әкесі Төлек жайында әңгіме-сыр шертеді екен. Ел ішінде мынандай
әңгіме бар. Бірде төбе басында отырған Сандакең жанындағы балаларына
«қайсысың маған тартқан екенсің, соны білейін» деп қанжарды жерге
қадайды. Қанжардың жүзі жоғарыда болады да, сабы жерге қадалады.

Шарт бойынша әкеге тартқандары осы қанжардың үстіне құлауы тиіс.
Балалары кетіп бара жатқанда Сандакең қанжардың орнына қурай қадай
салады. Бірінші үлкен ұлы Дүзенді шақырады. Ол арсалаңдап жүгіріп
келіп қанжарға жетпей құлайды. Екіншісі Кеңесбай ол да сүрініп-қабынып
қанжардың жанына гүрс ете қалады. Үшіншісі, Ерден екпіндей келіп
қанжардың үстіне құлайды. Сандакең балаларын осылай бір сынақтан
өткізіпті.

Сандыбай батырдың аты еліміз тарихында мәңгілік жазылып қалды.
«Төрт босағаның» бірі болу топтан озған ақылманның, жауын жер еткен
батырдың, көп мүддесі үшін жанын шүберекке түйген нағыз қайраткердің
қолынан келеді. Сандыбай бабамыз нақ осындай еді.

Бірде Сандыбай мен арғын Орынбай би (Жанайдардың әкесі) бір
жақтан келе жатып, Терісаққан өзенінің жағасындағы жазыққа тоқтап
аз ғана аялдайды. Кейбіреулер бұл оқиғаға бесіктен белі шықпаған сәби
Жанайдарды қатыстырады. Бұл - қате пікір. Одан гөрі қатарласы, көршісі,
пікірлесі Орынбай би деген дұрыс шығар. Бала кезімізде ақсақалдар
былай дейтін. «Еңді Орынбай мен Жанайдар екеуі сол жердегі адырдың
үстіне шығып, біраз әңгімеге ерік береді. Созалақталып, көтеріле бергенде
Сандакең: «Әй, Орынбай, осы екеуіміздің біріміз жататын жер осы емес
пе?», - депті.

Сандакең жаз жайлауда өмірден озады. Денесін Ұлытауға алып келе
жатқанда Орынбай би тірі екен. Ол үзеңгілес досының қазасына қатты
қайғырып отырғанда сол баяғы әңгіме есіне түсіп «ау, ауыл ақсақалдары
осындай Сандыбайдың айтқан сөзі бар. Арғын ағасы десеңіздер біз ақтап,
арулап қоялық» деп сөз тастайды. Ағайын туыстары оның сөзіне құлақ
асқан. Сөйтіп, арғын ата балалары Сандакеңді сол биікке жерлеп, жақсылап
там салыпты. Уақыт теперішіне шыдамай там құлаған. 2000 жылы
Сандакеңнің ұрпағы дүйім жұрттың қолдауымен там орнына батырдың
дулығасына ұқсас күмбез тұрғызды. Сол адыр бүгінде Сандыбай тауы деп
аталады. Биіктігі теңіз бетінен 543 метр екен. Ұлытау ауданы Терісаққан
ауылының оңтүстігінде 17 км жерде орналасқан.

ШЕГІР БИ

Жазушы Аппаз Қаражігітов «Аңыздар биігі» атты өмірбаяндық
кітабында Шегір би тұлғасына әдейілеп тоқталып, сөз маржанын тізіп,
әсерлеп баяндап береді. Осы мақаланың беташары ретінде содан бір үзік
келтіргелі отырмын.

- Әне, кие аунаған, кие түнеген жер! Сенің Ұлытауың да қазақ үшін,
Қазықұрт тауы да қазақ үшін. Жаңа ғана өзің айтқан жоңғар қалмақтарына
жанын шүберекке түйіп лап қойған қазақ батырларының әруақ тамыры,
құдырет қуат күші сонда жатыр! Ұлытау - елдіктің ақ ордасы! Енші алар
алтын босаға! Өй, сен өзің, өлең, қисса жазып, әңгіме теріп туған жердің
қасиетін парақтап жүр ме десем, бос әндетіп кеткеннен саумысың. Болмаса
мына қырдың астындағы таңбалы Нұраға баршы. Ұлытаудың табаны ғой
ол! Атаң үш жүздің баласы енші алып, таңба бөліскен Меккең ә н е ! Бәтуа
босағасы. Ал, сол жерден бата бөлісіп, ант алысқан елдің бір бұтағы біз
- Бағаналы елі. Содан бері төрт босаға атанып іргең шайқалмай келеді.
Сен білмеуші ме едің Шегір бабаңның бір көзін қысып алып, «Уәй, мына
малың мыңғырып, жеріңе сыймай барады, іргең іргеңе жабысып, қадамың
қысқарып кетті. Қонысыңды бөліп беремін. Жайлауыңды жазайын» деп үш
бауыры Қадір, Бабыр, Сандыбайға сөз салатын. Бәрі дуылдаса күліп:

- Сол жер бөлісінде болып па едің? Сен де бояушы бояушы дегенге
сақалын бояпты дегендей, - деп еді Иманәлі ұзын мойнын созып, сойдак
тісін көрсете қарқылдап:

- Қыран құс биік жартас құз тауды сығалайды, ақылды басты кемел
ой саялайды, - деп берін топшылап тағы бір қағып етті.

- Әдемі айтты, жеткізіп кетті санаңа... - деді ағам Иманәлінің тапқыр
сөзіне тәнтілік танытып, - Осының сөзін бөлмей тыңдайықшы. Бұлақтың
көзі жаңа ашылып келеді, - деп басқаларға басу айтты.

- Ж ә , дуылдамандар. Сол Шегір үлкеніміз - Кәдір аға деп қошемет
сөзін ағасынан бастап, құдай жаратқан Ұлытаудың шығыс жақ етегі
күркіреп аққан бұлағы бұлаңдаған, толқыңды өзені көк шұға жамылған,
құламалы Қарағандысайды сіз иеленіңіз. Бапама (Бабырды Бапа дейді
екен) осы таудың батыс беті. Ал, Сандыбайға, ұрпағына теріскейі, өзіме
оңтүстік шығысы тиесілі болсын. Дуалы ауыз Кершолақ атты Ер Шоштан

бабамыз: «баса білсең жерің, міне, баға білсең, елің міне» деп бізге осы
майы бетіне шыққан жерді, байлық ырысы Ніл дариясындай тасыған елді
мұраға қалдырып кеткен екен. Сол ұлы әруақ бәрімізді жебеп қолдай
берсін, әумин, - деп бата жасапты.

Басқалары да оны бір кісідей мақұддап, бидің батасын қабыл алады.
«Жерді жаратуын құдай жаратты, бөлуін Шегір бөлді» дейтіні сондықтан».

Біздің пайымдауызша бұл батаны бағаналылар Ұлытауға жаппай
көшіп келіп, қоныстарын белгілей бастаған 1840 жылдары берген болуы
керек.

Шегір бабамыздан даналық ойдың небір інжу-маржандары қалған.
«Бірің толқын, бірің жар, бірің тайлақ, бірі нар, бір-бірінді ұғыңдар». Осы
философиялық ой-толғамда қанша мағына, өмірден алған тағылым, кейінгі
ұрпаққа нұсқап жатыр! Біздің «Береке-бірлік - табыстың, әділдік, арың -
намысың» деген толғамы бүгінгі ұрпақ үшін өзектілігін, маңыздылығын
жоғалтқан жоқ.

Шалабайұлы Шегір би адуынды, сөйлесе әдіддіктен аумайтын, көбіне
тұспалдап, сөздің түбінен түсіретін кісі екен.

Қапылыста нетүрлі оқиғалар болып жатады ғой. Шашын алып
отырған ағайындарының бірінің қолындағы өткір ұстара аңдаусызда бидің
бір көзінің қарашағына тиіп кеткен. Бұл ағайындар арасыңда ашу-ыза
туғызып, оны қатаң жазаға тартуды талап етеді. Оларға Шегір би былай
деп жауап қайырыпты. «Өлсе құны жоқ, сатса пұлы жоқ момын ғой. Мен
кешірдім. Енді сөзді қойындар», - депті. Би сөзін екі етпейтін туыстар
қайтып осы жағдайға оралмаған.

Ұлы Әбайділда екесі Шегір би сияқты әділ, ойын жамап-жасқамай
тура айтатын бетті жігіт болып өсіпті. Әулет дәстүрі, отбасы тәрбиесі,
ортасы, керген-білгеніне қарай бүкіл елдің қамын ойлаған текті тұлға
болып өсіпті. Отыз бір жасында 1858 жылы Ақтаз-Бадана-Сейіт болысының
басқарушысы болып сайланған.

Тізгінді Ұлытау өңірі тұрғындары игілікті ісіне тәнті болып,
үлкенді-кіші аддында басын иген, 28 жыл үздіксіз болыс болған Уәйіс
Байжанұлының қолынан алған.

1868 жылғы 21 қазанда Александр II патша «Далалық облыстарды
басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. Патша өмірімен қазак
сахарасындағы аға сұлтандар билігі жойылып, қазақтың барлық жері Ресей
империясының меншігі деп жарияланды. Таратылған округтер орнын орыс
әкімдері басқаратын ояздар басты. Әрбір оязда қазақы дауларды қарайтын
билер тағайындалған. Әбайділда осылай ояздық төбе би қызметін атқарады.

Әбайділда жолаушылап жүргенде Шегір би қайтыс болған. Әбайділда
келген соң әкесінің өміріндегі соңғы сәтіне куө болғандардан «әкем не
деді?» деп сұраса, дем тапсырарда марқұм үш саусағын көрсетті», - депті.
Сол сөзге де, іске де шапшаң Әбайділда «Үш жүздің басын қосып ас бер»
леген екен ғой дейді.

Кішітаудың баурайыңда Әбайділда үш жүзді шақырып, ас берген.
Жұмсалатын 100 бас жылқыны жеке өзі бөліп шығарып, құйрығын күзеп,
жайылымға жіберген. Аста бәйгеден алға шығып, бірінші болып қоныстас
Қыпшақ Жылтай деген кісінің аты келеді. Сонда Әбайділда «Шіркін-ай,
бәйге көт пен көпшіктің астында, ошақ басында қалды-ау, Ұлы жүз бен
Кіші жүздің бірінің алғаны дұрыс еді», - деп кейіс білдіріпті.

Әулиелер қорымы Обалыда. Шегір биге кызыл кірпіштен кесене
тұрғызылды. Көргендердің айтуынша, кесене Алаша хан мен Дүзеннің
кесенелерінің кішірейтілген көшірмесі сияқты. Шегірдің ұлдары Әбайділда
мен Қамбардың, немересі Темірбектің, шөбересі Сейітжанның бейіттері де
осында. Шегірдің кесенесін ақтаз болатшы руынан шыққан Қараменденің
баласы Сатыпалды есімді шебер салған. Әбайділда жұмысқа кірісер
алдында Сатыпалдыға бір үйір кысырақ беріп тұрып, «Бұл саған деген
беташар сыйым ғана. Себебі, бұл өңірге мұндай құрылыс түскен емес», -
деген көрінеді.

БАБЫР БИ

Бағаналы Бабыр бидің туған аймағы, кіндік қаны тамған жер жазба
деректе көрсетілмеген. Шежіре ақтарып, ғасырлар тұңғиығына көз
жіберсек, оның арғы тегі өкіреш найман Белгібайдың өнікті бір бұтағы
сүгіршінің ұрпағы екенін бағдарлаймыз.

Бағаналының алтыншы ұрпағы Қожастаң пейілі кең, көңілі ақ,
намысқой төрт ұл дүниеге келген. Олар - жұртшы, қоқан, жырық, үлкені -
ибеске. Ибескеден Жылкелді, одан Бектемір, Бектемірден Бабырдың әкесі
Бөкенші өрбиді.

Бектемірдің үлкен баласы Бөкенші «еркелетіп қойған аты Бөкенбай»
1750 жылы туса керек. Оны алыс-жақындағы ағайындар ылғи Бөкенбай
дейді. Басына бақ қонып, байлыққа кенелген екен. Ауылы адамға, өрісі
гөрттүлік малға (жылқы, ірі қара, қой, ешкі, түйе) толы, қара суы қатықтай
ұйыған, қол қайыры мол байлардың бірі болған. Бөкенбайдың жігіт болып,
ел аузына ілігіп қалған шағында бес қаруын асынған дулығалы, қара
сақалды, алып денелі қарт ат басын тіреп, аяқ суытуға аялдайды. «Құдайы
қонағым болып келдіңіз, қадірлі мейман боласыз» деп ол қол қусырып
қарсы алған, тайын сойып, аттанар сәтте сый-сияпат жасаған.

Жайылып төсек, иіліп жастық болған қызметіне риза болды ма, әлде
иманды байдың іші шуақты шаңырағы әсер етті ме, қонақ ішін тарқатып,
біраз әңгіме айтады. Бөкенбайды жанына шақырып, былай дейді:

«Қотаның қойға, жайлауың жылқыға, қыратың түйеге, ойпатың
сиырға толы екен. Шаруа қамындағы жігіттер көңілді көрінді, шамасы
отбасының түтіні көк биігіне тік көтеріліп жатыр-ау. Тек, жетпейтін бір
нәрсе бар, - депті.

- Ол, не дейді? - Бөкенбай бай.
- Мыңғытқан малыңа, жауқазындай жайнаған жандарыңа ие болар үл
жоқ екен, - дейді жолаушы.
Бөкенбай сәл ойланып, үнсіз қалады.
Сонда қарт жолаушы: «Сен менімен еріп жүр, мен саған кіші жүз
Жалмырза батырдың оң жақта отырған бойжеткен қызын алып беремін»,
- депті.

Бай келіседі. Қыдыр болған қонағы Бөкенбайды ертіп барып,
Жалмырза батырдың Кермеқас деген қызына құда түседі. Жаңа келін
майлыаяқ, әрі маңғаз болып кездеседі. Көкірегінің көзі бар қарт қонақ
айтқандай, Жалмырза батырдың қызынан Бабыр, Манат, Құлық, Нұр деген
арыстандай айға шапқан айдарлы төрт ұлы туған.

Бөкенбай XVIII ғасырдың басында көштің алдында Ұлытауға келген.
Үрім-бұтағын Ұлытаудың батыс беткейін қапталдата Жетіқыз өзенінен
жоғарыға қарай орналастырған. Мұнда қар бір ай кеш түсіп, екі ай ерте
кетеді екен. Бір бөлегі Ұлытаудың баурайын, қалғаны Сарлықтың оңы-солы
былқылдаған бұлақтарын, Қаратал, Кененбай, Жетіқыз өзенінің бойын
қоныс етіпті. Бабырдың өзі қоныс еткен Жетіқыз жері оған, бауырлары
мен балаларына әкесінен, атасы Бөкеншіден мирас болып қалғанын болыс
басқарушылары Ерден Сандыбаев, Уәйіс Байжанов және де 12 билер мен
ауыл старшындары 1851 жылғы 17 тамызда қол қойған құжат анықтап тұр.

Бөкенбайұлы Бабыр жастайынан ел көзіне іліккен. Өз заманында
Ресей әкімшілігіне ықпалы бар белгілі би, батыр әулие болған. Ол Бағаналы
еліндегі төрт болыстың бірі - Қызылтаз - Ибеске - Жұртшы болысын
26 жыл басқарған.

Біздің қолымызда 1852, 1855, 1856 жылдары патша әкімшілігінің
жергілікті қызметкерлері толтырған Бабыр Бөкеншиннің қызмет бабының
тізімі бар. Солардың 1856 жылы толтырған тізімін толық келтіруді жөн
көрдік.

«- Қызмет дәрежесі, өз аты, әкесінің аты, фамилиясы, атқаратын
қызметі, жасы, діни сенімі, ерекше белгісі және жалақысы.

- Би Бабыр Бөкеншин Қызылтаз-Ибеске-Жұртшы болысының
басқарушысы, 74 жаста, Мұхаммед діни сенімі, ерекше белгілері жоқ.
Жалақы - 42 сом 52,5 тиын.

- Қай ортадан шыққан?
- Қырғыз балаларынан.
- Меншікті мекен-жайы бар ма?
-Жоқ.
- Оқу орнында ғылымның толық курсын алған? Қызметке қашан
кірісті, қандай мәртебесі болды, қандай қызметті қайда атқарды? Қызмет

бабында айрықша қабілеті және артықшылығы болды ма? Қызмет бабында
қызмет дәрежесінің өскенінен басқа қашан және немен марапатталған?
Бұдан басқа сотты немесе тергеуде болса, ақталған ба, әлде кінәсіз деп
табылған ба, табылмаса қашан және не үшін сотқа тапсырылған, іс немен
бітті?

- Оқу орындарында болмаған. Халық таңдауына сәйкес 1840
жылы 4 желтоқсанда Қызылтаз-Ибеске-Жұртшы болысынын
басқарушысы болып сайланған. 1854 жылы 15 желтоқсанда қызметті
мінсіз атқарғаны және үкіметке берілгені үшін корпус командирі
құрметті кафтанмен марапаттаған.

Сібір облысы соғыс губернаторының 1856 жылдың
14 қаңтарындағы Кокшетау приказына № 7 8 жолдамасында
қарамағындағы қырғыздардан алым-салықты нәтижелі жинағаны
үшін Бабыр Бөкеншинге алғыс жарияланғаны хабарланды.

- Жауға қарсы жорықтарға, айқастарға қатысқан ба? Қатысқан
уақыты? Қызмет дәрежесін көтеруге бола ма? Болмаса, себебі қандай?
Қабілеті? Еңбек демалысында қашан және нақты қай уақытта болған? Одан
уақытында оралды ма, егер кешіксе, ол қай уақытта оралған? Кешіккен
себебі негізі бар деп табылды ма?

- Болмаған.
- Қызмет дәрежесінің көтерілуіне немесе басқа себепке байланысты
отставкада болған ба? Болмаса қашан, нақты қай уақытта?
- Болмаған.
- Үйленген бе, бойдақ па, кімге үйленген, балалары бар ма, болса,
олар қай күні, қай айда және қай жылы туған, қазір қайда тұрады, діни
сенімдері қандай?
- Жеті қырғыз қызына үйленген. Балалары бар. Ұлдары Көл
- 46 жаста, Жылқайдар - 41 жаста, Шолақ - 36 жаста, Ақкөтбай -
28 жаста, Тоқсейіт - 17 жаста, Байсейіт - 11 жаста, Баймағанбет -
9 жаста, Ерсейіт - 5 жаста, Маджад - 4 жаста, Қожамсейіт - 2 жаста,
қыздары Өлмес - 17 жаста, Баталы 13 жаста. Әйелдері мен балалары
әкесімен бірге тұрады. Мұхаммед діні сенімінде.
Заседатель В.Ковалев.
Заседатель В.Петров.
Хатшы үшін Буевич».


Click to View FlipBook Version